TELEGEI

Home

Ашылмаған аралдар

Жанболат Аупбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ашылмаған аралдар

Авторлық анықтама. Осы мақала жарыққа шыққанан кейін шет елдерде тағы да екі қазақ генералының бар екені мəлім болды. Оның біріншісі, журналист Серік Жұмабекұлы барып жолыққан ҚХР-дағы Шыңжаң əскери округы Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Жəрке атты қандасымыз. Ал екіншісі, əріптесіміз Бекен Қайрат хабарлаған əскери ғылымдардың докторы, МХР Ұлы хуралының депутаты, генерал-майор Жекей

Жанболат ƏЛИХАНҰЛЫ (Аупбаев)

АШЫЛМАҒАН

АРАЛДАР

АЛМАТЫ

«ҚАЗАҚСТАН»

ББК 84 Қаз 7-4

А 91

Бұл кітап Қазақстан Республикасы Мəдениет
жəне Ақпарат министрлігінің əлеуметтік
маңызды əдебиет тізіміне енгізілген
Жанболат Əлиханұлы (АУПБАЕВ).

А 91 Ашылмаған аралдар: - Алматы: «Қазақстан», 2008. - 376 б.

ІSBN 9665-10-078-0

ББК 84 Қаз 7-4

А 4702250201-13

00(05)-08

© «Қазақстан» 2008

ІSBN 9665-10-078-0

© Əлиханұлы Ж., 2008

ТАСАДА ҚАЛҒАН ТАҒДЫРЛАР

(Алғысөз орнына)
Журналист Жанболат Аупбаевтың жазғандарын көптен
оқып жүрген адамдардың бірімін. Өзі де, қаламынан
шыққан дүниелері де қарапайым əрі табиғилығымен көзге

жылы ұшырайтын. Кейіпкерлері бір қарағанда дүниені дүр
сілкіндіріп тұрғандар емес, көптің назарынан тыс қалған
тағдырлар секілденетін еді. Заманындағы заңғарларды су-
реттеген Плутарх пен Стендальдың азуы алты қарыс ай-

баттыларымен салыстыра алмайсың. М.Горькийдің қаз-
қалпында бейнелеген жоталарына да жуықтамайды, кілең
елеусіз қалған есімдер.
Анығында заңғарларды өзің іздемейсің ғой. Олардың

қара жерді қақ жарған атақ-даңқы сені еліктіреді.
Сөйтіп індетіп табады. Іздемеген күнде «заманға жаман
күйлейді, замана оны илейді». Бағзыдан солай. Бір қанығы:
«алыптардың» айтпасыңа болмайтындары мен айтпасыңа

қойғызбайтындары бар. Өткен дəуірлердің жаңғырығын
бізге
жеткізген
қабырғалы

қаламгерлердің
назарына
солардың алғашқылары көбірек ілікті. Бəлкім кейінгілері де
аз жазылмаған шығар. Оған енді сарапшы уақыт куə.

Атағы атан түйеге жүк болған солардың көбінің заманына
дəурені жүргенімен, мəңгілік өмірдің алдында қауқарсыз екен.
Мəңгілік өмір халықты мəңгілікке бастайтын қарапайым да
табиғи ой-əрекетті қадірлейді. Жасандылыққа жаны қас ол

сонысымен құдіретті, сонысымен жасампаз. Əлімсақтан
қаншама дауылпаз ұрандар мен даңғаза жырлар жарапа-
зандалмады дейсіз. Ал халық олардан жалығып, өзіне етене
жақын назқоңырлар мен жайқоңырларды жанына жақын

тартумен келеді.
Жанболаттың «Ашылмаған аралдар» кітабына кірген
дүниелерінің кейіпкерлері маған əуені де, сөзі де елдің ет-
жүрегінен өрілген, саумал самалдай жайлы сол наз қоңырлар

мен жайқоңырлар секілді жылы шырайланады. Бұған дəлел

ретіндегі айтар əңгімемді ондағы «SOS белгісі» деп атала-
тын туындыдан алған əсерімді баяндаудан бастайын.
1969 жыл. Павлодар қаласында «Жас ұлан» ұйымы
құрылады. Ұйым халыққа таратқан үнпарақтағы жол-

дар: «Сендер қазақ деген ұлы халықсыңдар! Ғасырлар бойы
еркіндік іздеп, қаратүнек қанды жылдарда бақыт аңсаған
елсіңдер!» - деп басталады. Мақсаты – 1954 жылғы əйгілі
«тың игеру» науқанымен бірге өршіген орыстандыру сая-

сатына қарсы күресу, демографиялық жəне рухани отар-
лауды тоқтату. Қазақстанның орталық жəне солтүстік
өңірлерінде үсті-үстіне жабылып жатқан қазақ мектептері,
ұлт тілінің күресінге лақтырылуы, иман мен ибадан ада

келімсек тобырдың тұрмыстағы озбырлығы тудырған на-
мыс осындай батыл қадамға қайрап салған.
Кеуделерін қыз-қыз қайнаған ұлттық кек кернеген бұлар
кімдер еді? Небəрі 15 жастағы мектеп оқушылары бола-

тын. Жетекшілері Павлодардағы № 3 қазақ интернатының
шəкірті – Арман Қаниев.
Автордың бұл туындысынан тағы бір білгеніміз, осы
ұйым жайлы алғаш рет 90-шы жылдардың басында «Халық

кеңесі» газетіне журналист Ғалымбек Жұматов шағын
мақала жазыпты. Арманды содан кейін бүкіл Қазақстанда
іздеген адам – Жанболат. Басқа ақсақал, қарасақалдардың
бəрі тым-тырыс. Неге?

Мені қинағаны осы сауал. Ұлттық ерліктің үлкен-кішісі
жоқ. Қаһармандық бағасын алуы үшін құрбандықтар
міндетті емес қой. Сусыма сөзге келгенде желіге жөнеліп,
желдей есетін мыңдардың жүрегі дауаламаған азаматтыққа

бесіктен белі жаңа ғана шыққан жеткіншектердің ба-
руы бүкіл қоғамды елең еткізуі керек еді. Жоқ, олай емес.
Осы күнге дейін Арман Қаниев туралы білгендер де ештеңе
білмейді, білмегендер де ештеңе сезбейді. Тəуелсіздік той-

лары оның қанаты күйген қарлығаштары Армандарсыз
өтіп жатыр. Бəлкім сол тойлардың алдыңғы қатарында
кезінде Армандарға тарпа бас салып: «Егер маған билік
берсе, Сталин заманындағыдай бұл балаларды ата-анасы-

мен қосып қойып, өз қолыммен атар едім», – деген физика
пəнінің мұғалімі Омаровтар қасқайып отыратын болар. Оған
күмəніміз жоқ. Кітап авторы сөз орайында орынды айтып
өтетініндей: «Осы күні жалған ақсақал «күрескерлер» мен

қарт «қаһармандар» көбейіп кетті ғой». Оларға сенсеңіз,
Компартияға құлдық ұрып жүріп-ақ бүгінгі егемендіктің
«негізін қалап», тəуелсіздік үшін қасық қаны қалғанша
«шайқасқан». Сондықтан да олар қайдағы бір Армандарды

мойындамайды. Мойындаса, «күрескерлігіне» дақ түседі.
Қоғамда қоразданып жүре алмай қалады. Оның үстіне Ар-
мандарды кезінде алқымнан алған қылмыстары жəне бар.
Армандар ардақталып кетсе, əлгі күнəлары ашылып қалуы

мүмкін. Масқара ғой.
Мұндайлардың шет жағасын өзіміз де көріп, естігенбіз.
1979 жылы Целиноград қаласында Орталық Қазақстанда
неміс автономиясын құруға қарсы ереуілге шыққан жастар-

ды міндетті түрде қатаң жазалау керек деп қайта-қайта
мəселе көтерген қандасымыз есімізде. Лауазым иесі ретінде
коммунистік қаны қызып кеткен шығар. Оған күмəніміз жоқ,
тек сондайлардың ел еркіндігін алып болған соң ұлттық қаны

ойнап шыға келгеніне екі дүниеде сене алмаймыз. Қайран
Абайды көкіректе күрсіндіріп: «Алашқа іші жау боп сыр-
ты күлмек, Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек», – деп
күйзелеміз де тынамыз.

Ал Армандарды, 15 жасар қаһармандарын іздеген қоғам
əлі жоқ. Іздетем, сол бір отты, жігерлі көкөрімдердің
ерлігін есте қалдырамын деп Ертіс бойын шарлаған Жан-
болат бар. Өйткені оның ойында да, санасында да ұлт үшін

ерте есейген, бозбала шағынан тоталитарлық режимнің
қысымына ұшыраған, келешегі келте қайырылған қайран
азаматтар тұр. Автордың кеудесінде солардың бір кездері
тəуелсіздік үшін күресіп, ал тəуелсіздіккке қолымыз жет-

кен ақжарылқап кезде қалтарыста қалғанына қиналған,
таңырқаған, көлеңкеленген көңілі бар. Ол «SOS белгісін»
бергісі келеді. Тəуелсіздік үшін тəуелсіздік жоқ кезде күрескен
шын қаһармандардың еркін елге: «Таң қалмаңыздар. Біздейлер

де болған!» – деген сəлемін жеткізгісі келеді.
Жанболаттың
жазбаларында
тəуелсіздік

үшін
тоталитарлық жүйе заманында теперіш көргендер тағы
да бар екен. Іздеп жүріп тапқан ғой. Бірақ қазіргі кең
замандағыдай «сансыз» емес, ол кезде олар санаулы ғана бо-

лыпты. Солардың бірі кітаптағы «Əуезов – Əуезовтің ұлы»
дүниесі мен «Диссидент» туындысы. Алдыңғы мақаладағы
объект – «Жас тұлпар» ұйымынан бүгінде ел жақсы хабар-
дар. Өйткені, оны 70-80-ші жылдардағы жастар 60-шы

жылдардағы студент ағаларынан бір кісідей естіп, білген.
Оның үстіне тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ
баспасөзі бұл тақырыпты жамырай жазған. Сол кездері

«Халық кеңесі» газетінде істейтін Жанболат та одан тыс
қалмапты. Тағдырлы тақырыпқа тəуекел деп талаптанған
екен. Жаман болмапты. Із қалыпты. Жақсы із.
Енді бұрын жазылмаған тың тақырып – «Диссидент-

ке» келейік. Оның кейіпкері – Кəмел Жүнісов. Ұлт мүддесін
жоқтаудың соңы немен тынарын біле тұра басын бəйгеге
тіккен осы азамат жайлы жазылған еңбекті оқып отырғанда
ойға өткен күндер оралған.

1963 жылдың жазы еді. Қарағанды қаласындағы
политехникалық институтқа оқуға түсуге жүргелі жатыр-
мын. Буынып-түйініп болған соң əкей əңгімеге шақырды.

– Қалаға барған соң абайлап жүр, – деді де қалтасынан

бүктелген қағазды алып қолыма ұстатты. – Оқы.
Көз жүгіртіп шықтым да ішімнен қайта оқи бастадым.
Түсініксіз бірдеңелер. «Қазақ тілі жоғалып барады, орыстар
көбейіп кетті, тың игеру отарлаудың жаңа түрі», – деген

секілді бұрын-соңды естімеген тосын ойлар.

– Не ұқтың? – деді əкей.

– Ештеңе.

– Қарағандыда «Есеп» деген партия құрылыпты.

Ұйымдастырғандар сонау 37-де атылып кеткендердің бала-
лары көрінеді. Əкелері үшін үкіметпен есеп айырыспақ болған.
Былтыр біразы ұсталып, түгел сотталыпты, - деп күрсініп
қойды əкей. – Аман қалғандары да бар сияқты. Сен бара

жатқан институт студенттерінің арасында жақтастары
табылып қалуы мүмкін. Солардың сыбыр-күбіріне елігіп
жүрме.
Əлгі қағаздан да, əкейдің сөзінен де сескене қоярлық

қатерді сезіне қоймаған мен «37» дегеннен ғана бірдеңе
түсінгендей болғам. Көз алдыма мектептегі «СССР тарихы-
нан» оқыған халық жаулары елестеді. Троцкийшілер, Буха-
рин, Алашорда ...

– Байғұстардың көбі айдалып кетіпті, – деді əкей. –

Мұндайда сезіктілерді іздейді емес пе. Əйгілі «37-де» менің
туған ағам мен үш бірдей жақын ағайынымыз Қарағандыдағы
«Карлагта» қамалған. Үшеуі де сол жерде атылды. Содан
ғой, анада ауданға шақыртып, «Есеп» партиясы жайлы

сұрап біраз мазалады. Саған мұны айтпай тұра алмадым.
Егер əлгіндей əңгімеге іліксең, кешегі халық жауларының
тұқымы ретінде аямайды.
Енді-енді əлденені аңғара бастағандаймын. «Ақтау» де-

ген іргелі совхоздағы білдей мектеп-интернаттың дирек-
торы қызметіндегі əкей соңғы уақытта аудан орталығына
жиілетіп екі-үш рет барып қайтқан. «Қызметінен алатын
болыпты», – деген қаңқу сөз де шығып жүрген.

– Ал жолың болсын, – деді ол орнынан тұрып. – Айтылған

сөз екеуміздің арамызда қалсын.
Сол «Есеп» партиясы жайлы міне, Жанболаттың
очеркінен оқып отырмын. Маған жұмбақ күйінде қалған
осы оқиға жайлы баянды əуелі асыға қарап шығып, соңынан

қайта үңілдім. Жасырын ұйым 1960 жылы құрылыпты. Аз
ғана уақытта Орталық Қазақстандағы оқу орындарын
қамтып үлгерген. Мақсаты – 63-тің жазында əкей қолыма
ұстатқан қағазда айтылғандай: орысша газет-журналдар

мен кітаптардың көп тиражбен басылуы түптің түбінде
қазақ тілі мен мəдениетінің жоғалуына əкеп соқпақ, ұлттық
кадрларды басшылыққа тарту принциптері бұрмалануда,
Тың өлкесін құру қазақ халқына тиімді емес, бұл күндердің

күнінде солтүстік облыстарды РСФСР-ға қосудың амалы.
Көңіл бірде қиырды, бірде қиянды шарлады. Жасырын
ұйым таратқан үнпарақтар республиканың біраз өңіріне
жеткен-ау. Əкей көрсеткен қағаз соның бірі болар. Ол кісінің

қолына қалай түсті екен? Осылай бір толғанасың да сол
кездегі өрімдей жастардың осыншалық терең ойлап, батыл
əрекет етуіне қайран қаласың. Ұйымды құрған кезде оның
жетекшілері Зейнолла Игіліков -23, ал Кəмел Жүнісов -21 жа-

ста ғана екен.
Жиырмасыншы
ғасырда
саяси-рухани

майданға
шыққандардың бəрі дерлік кілең жас буын болуында қандай та-
рихи - əлеуметтік заңдылық бар екенін пайымдағымыз келді.
Атақты Алашорданың көсемдері болса, 30-дың төңірегінде.

Мəскеудегі «Жас тұлпардың» жетекшілері Мұрат Əуезов
пен Болатхан Тайжанов жəне Сəбетқазы Ақатаев 22-25-
те, Павлодардағы «Жас ұланды» құрған Арман Қаниев
15-те, 79-дың жазында Ақмолада елім-жерім деп басын

бəйгеге тіккендер мен 86-дағы Алматыда болған желтоқсан
сапындағылар 18-20-лардағы көкөрім студенттер болатын.
Сондай-ақ 90-шы жылдары республика өңірлерінде жағалай
шаңырақ көтерген қазақ тілі қоғамдарының көш басында да:

«Менің атым – 25!» – деп жалындаған жастар жүрді.
Мұстафа Шоқай «Ұлттық зиялы» атты мақаласында
неміс философы Канттың халық пен ұлт жөніндегі
тұжырымдарын келтіреді. Канттың түйіндеуінше халық

бірін бірі жəне өзін өзі басқара алмайтын, басқалардың

басқаруында ғана болатын тобырлар. Ұлт – басқаларға
тəуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие жəне өзінің
бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы. Философияның
тұжырымдауынша халық – объект, ұлт – субъект.

Қазақтың көрнекті қайраткері осы байламға сүйене
отырып бұл қағиданы одан əрі былай байытады: «Халықты
ұлт деңгейіне көтеру, яғни оны жат үстемдіктің тепкісінен
құтқарып өз мекемелеріне ие, тəуелсіз бір жеке тұлғаға ай-

налдыру сынды негізгі мақсатқа жету үшін ұлттық зиялы
қауым мен ол өзі тəн болып отырған халық бұқарасы арасын-
да бір ортақ сана болуға тиіс. Міне, осы сананы айқындау,
яғни халық тілегін дұрыс жəне анық бір формаға келтіріп,

аталған мақсатқа жету үшін іс пен əрекет бағдарламасын
жасау – зиялылардың міндеті».
Өткен ғасырлардың бəрінде ұлттық есті қауым мен
туған халқының арасында белгілі мүддеге арналған ортақ

сана ұдайы болып тұрды. Қазтуған, Доспамбет, Махамбет
заманында да, Абылай тұсында да, Ахмет Байтұрсынов,
Əлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай кезеңінде де солай-тын.
Ал осы ұлттық сананың бірде жеңіп, бірде күйреуінің түрлі

себептері бар.
Ұлттық сана дəуірлесе, оны есті атаулының бəрі қолдады
жəне жанын салып қорғады. Бұл Абылай заманына тəн.
Ұлттық сана күйресе, оны ел зиялыларының белгілі тобы

ардақтап, өзге шоғыры қасқырша талады. Бұл Алашорда мен
Мұрат Əуезов, Сəбетқазы Ақатаев, Арман Қаниев, Зейнолла
Игіліков, Кəмел Жүнісов кезеңіне тəн.
Ұлттық сана ақсақал, қарасақалдар мен қоғамда орны бар

тісқаққандар арқылы емес, көкөрім жастардың ерік-жігері
арқылы буырқанса, ұлттың рухани жікке айқын бөлінгендігі,
саналық тұтастықтан айрылғаны. Ұлттың бүгінгі жəне
ертеңгі тағдырын жеке мүддеге қиналмай құрбан ететін

сатқындық психологиясының етек ала бастағандығы. Зи-
ялы қауымның басым бөлігінің ұлттан бөлініп қалуы,
ұлтжандылардың аздығы, ұлтсыздардың көптігі.
Мұндай жағдайда, ұлт зиялылары өз ішінен ірігенде

ұлттық сана намысы – нартəуекел, қаны таза, көкірегі ояу
жастардың жүрегінде жаңғырығады. Қадам басқан сай-
ын күдігі ұлардай шулайтын, тегінен жеріген, тарихына
тепсінген, ішінде пайда қай жақтан деген құлтасы бар зи-

ялылар шоғыры ұлттық дертке айналғанда, сол дертке дауа
іздеген ел кекті жас ұрпағының жігерін қайрайды. Ұлттық
сана осылай жанығады.
Иə, ұлттың басқа амалы қалмаса қайтпек. Ал ұлтсыздар

ұлтшылдықтың бой көтеруі қоғамның ұлтсызданғанынан
екенін ойлағысы келмейді. Ұлтжандылық олар үшін сана-
дан да, қоғамнан да тыс қылмыс қана. Қылмыс болған соң
əшкерелеу керек, жазалау керек, отырса опақ, тұрса сопақ

етіп мансұқтау қажет...
Бұл өзіміздің де басымыздан өткен. 90-шы жылдарда ре-
спубликада алғаш рет қазақ тілі қоғамын құрып, ұлттық
балабақшалар мен сыныптарды, жоғары оқу орындарын-

да қазақ бөлімдерін көбейтіп, Ақмоланың байырғы атын
қайтарғанда, ұлтшыл деген атақты жағалай таңғандар аз
болмаған. Сотқа да берген, қаһарланған, қаралаған.
Зейнолла Игіліков пен Кəмел Жүнісов Қазақ КСР

Қылмыстық кодексінің 56-бабының 1-тармағы мен 58-
бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырыла-
ды. Этаптан этап қуып жүріп қияндағы саяси тұтқындар
лагері – Потьмадан бір-ақ шығады. Бар-жоғы 20-дағы жа-

стар үшін бұл ауыр соққы еді. Басбұзарлық, ессіздік үшін
емес, елінің бүгінін түгендегені үшін итжеккенде қорлық
көру азаптың азабы болатын.
Потьмадағы лагерьде Құнанбай Бейсенұлы деген қария

жатады сол кезде. Алашорда үкіметіне іші жылып, үйір-
үйір мініс көлігін берген ол əуелі Сібірге айдалып, кейін осын-
да тұрақтаған. 37 жыл бойы тұтқын болған. Туған жері
Ақмола облысындағы Жолымбет елді мекені екен.

Кəмел көрген саяси тұтқынның бірі Құлмағамбетов де-
ген жігіт. Алаштың Тоқтар есімді тағы бір азаматы да
ұлтшылдығынан запа шегіп осында жазасын өтеп жатқан
болып шықты.

Бұлардың бəрі ұлт тəуелсіздігін аңсады, сол үшін соққыға
жығылды, ар-намысы тапталды. Қамаудан шыққан соң
да көзтүрткі болды. Ел өз тізгінін өзі ұстаған тұста да
егемендікке емін-еркін еркелей алған жоқ.

Тағы да: «Неге?» – деген сұрақ кес-кестейді.
Бұл сауалға азын-аулақ жауап бергендейміз. Оның көл-
көсір себебі қоғамның тереңінде. Ал қоғам дертінен əлі
айыға қойған жоқ. Себебі, ауру батпандап кіріп, мысқалдап

шығады.
Асылында дəуірі жазбай таныған шын ардақтылар көп
емес. Заманындағы бай-патша, қолбасшы, игі жақсылардың
өмірбаянын жалықпай жазып қалдырған Плутарх та ғұмыр

кешкен уақытының сүйікті құлы бола салған жоқ. Ұлы

адамдардың қатарына ол Қайта өрлеу дəуірінде қосылды.
Бұл тұста адамның ел алдындағы жеке ерлігі, дара қасиеті
дəріптелген еді. Атақты дерекнамашы Ағарту заманы мен
Француз революциясы кезеңінде жəне бір ардақталған. Ол

шақта азаматтық парасат бəрінен жоғары қойылған еді.
Бəлкім
бізге
адамның

ұлттық
қаһармандығы
мадақталатын қайта жаңғыру кезеңі қажет шығар. Жетпіс
жыл бойы жалған ұрандар мен жалған қаһармандардан

шаршаған ел дүр сілкініп алуы керек-ақ қой.
Жанболат
тапқан,
тасада

қалған
тағдырларды
елжіремей,
еміренбей

əңгімелей
алмайсың.
Олардың
əрқайсысы қазақ жұрты бастан кешірген қиын тағдырдың

бір-бір бөлшегі.
1887 жылы Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген
соң, Мəскеудегі Александровск əскери училищесін тауысып,
Орта Азиядағы 2-ші Түркістан бригадасына қызметке кел-

ген қазақ ұланы Оспан Көбеевтің ғұмыр дерегі көшқұлаш
романға арқау боларлықтай. Осекең содан бастап кілең қып-
қызыл оттың ішінде жүрген. 1904-1905 жылдары орыс-жа-
пон соғысына қатысады. Атақты Порт Артур шайқасында

жараланады. Жазыла сала майданға қайта кіреді. Ерен
ерлігі үшін офицерлік Георгиев кресімен марапатталған.
Патшалық Ресейдің басқа да қақтығыстарында көзге
түсіп, подполковник шенінде елге оралған жерлесіміз 1919

жылы күзде Мұстафа Шоқаймен кездеседі. Сөйтіп Алаш
ардақтысын Кетік (Форт-Шевченко) портынан эмиграцияға
кететін алыс сапарға шығарып салады. Мұны қызылдар
кешірмейді. Кейін, яғни, арада тура 10 жыл өткен соң осы

оқиғаны естеріне түсірген НКВД қадірменді қарияны Гурьев-
ке апарып атып тастайды.
Жанболаттың қаламы арқылы қалың қауыммен қауышқан
Ікей Мизамұлы да өзгеге ұқсамайтын өмір иесі. 21 жасында

батальон командирі болып, атақты Халхин-Гол шайқасында
ерекше ерлігімен танылған қаһарман қазақ жігіті ол –
Моңғолияның тұңғыш Халық Батырларының бірі. Жат жер-
де жүріп жан берген ұланды мұндай қадамға итермелеген не

нəрсе деген ой да қылаңытады санада. Ол намыс дер едік. Иə,
қазақы намыс!
Осы елде жүріп генерал-майор дəрежесіне көтерілген
ұшқыш Хамза Зайсанов тіптен ғажап тұлға. Біртуар

қазақтың нағыз өзі. Шет ел, жат жұртта жүріп
Моңғолия Əуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған
қандасымызға қалай мақтанбассыз, қалай таңданбассыз?!
Осындай жаужүрек жан өткен ғасырдың 50-ші жылда-

ры атажұртын аңсап Қазақстанға келгенде шенеуніктер
жылы шырай танытпапты. Қамыға-қамыға кері қайтыпты.
Жатқа жадағай, жақынға одағай бола салатын түсініксіз
мінезімізден түңілсе керек.

Саналы ғұмыры Қытайда өткен Хасен генералдың өмір
жолы бір кездері еріксіз шетел асқан қайран қазақтың
бүкіл трагедиясына тұнып тұр. Ханьсу елінің соңғы
императорларының бірі Фу-Э тақтан түскен 1910 жылы үдере

көшкен Ыбырайым қарияның ұрпағы талай қысылтаяңды
бастан өткереді. Оң-солын танып үлгермеген жеткіншек
қытай партизандарына қосылады. Қолбала болады. Барабан
соғып, кернейшілік қызмет атқарады. Жүрекжұтқан бар-

лаушы ретінде танылады. Ақыры 1936-1939 жылдары Мао-
Цзе-Дунның оққағары болады. Кейінгі өмірі өзінше бір үлкен
əңгіме.
«Ашылмаған аралдар» кітабындағы Жанболат толғаған

осындай күрделі тағдырлардың тəліміне тоқталсақ, мына
жайларды айтпай кете алмас едік.
Қазақ халқының жоғын жоқтағандардың жанкештілігіне,
қайсарлығына демеу болған ұлттық рух жайлы біз əлі

қабырғамыз қайысып тебірене алмай келеміз. Сол құдіреті
күшті рухты əлдекімдер əлдебір қияннан, алыс тарихтан
іздейді. Бүгінде айдың арғы бетін қопарушылар көп, ал өз
кезеңіміздің рухани қайнарларын философиялық негізде са-

раптаушылар жоқтың қасы. Ұлттық тəуелсіздікке деген 60-
шы жылдардағы ұмтылыс пен құлшыныс жайлы əлеуметтік
зерттеу барынша жұтаң. Тіпті айтылып, жазылып жүр де-
ген Желтоқсан көтерілісінің өзін соңғы уақытта оңдырмай

бəсеңсітіп алдық.
Осы олқылықтың орнын толтыру үшін бізге бүгінде не
істеу керек?
Ең алдымен Жанболат Аупбаев, басқа да ұлтжанды

қаламгерлер тауып жазған Арман Қаниев, Зейнолла Игіліков,
Кəмел Жүнісовтер құрған саяси ұйымдар, Мəскеудегі Мұрат
Əуезов жетекшілік еткен «Жас тұлпар», Ақмоладағы 1979
жылғы ереуіл туралы зерттеу мен 1986 жылғы Алматыдағы

Желтоқсан оқиғасының жаңа деректері орта мектептер
мен жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енуі тиіс.
Бұл осынау ерлікке барған жастардың қаһармандығы тарихи
жадымызда қалуы үшін де, қазақтың ұлттық рухы ешқашан

да жасымағанын паш ету үшін де қажет.
Талданып отырған еңбекпен танысқанда тоқтаған бай-
ламымыз осындай.
Жинақтың тілі барынша қарапайым. Кей сəт ойлайсың:

қандай күрделі тағдырлар əңгімеге өзек болған, бəлкім
толғана, тебірене жазылса дұрыс-ау дейсің. Алайда ав-
тор таңдаған баяндау тəсілі сол тағдырлардың өзіндей
қарапайым əрі түсінікті екенін пайымдап, ол ойыңнан

қайтасың. Себебі...
Орыстың көрнекті жазушысы В.Г.Короленконың «Исто-
рия моего современника» деректі еңбегін оқыған қаламгерлер:
«Кейіпкерлеріңнің бастан кешіргендері трагедиялық ғаламат

бір көркем шығарма жазуға сұранып-ақ тұр екен. Неге
очерк тілін таңдадың?» – десе керек. Жазушы оларға: «Рас,
байғұстардың көрмегені жоқ. Кездескен қиындықтары
боямалаусыз-ақ тебірентеді. Егер мен сол қиындықтарды

көркем тілмен кестелесем, ақиқат қалпынан айырылып
қалады ғой», – деп жауап беріпті. Ал қорланғандар мен қор
болғандардың жыршысы Ф.Достоевский болса: «Мына бір
өсиетімді есте сақтаңдар: ешбір оқиғаны ешбір қақтығыс-

шиеленісті ойдан шығармаңдар. Өмірдің өзінде не бар, соны
алыңдар. Өмір біздің ойдан шығаратындарымыздың бəрінен
де бай. Кəдімгі күнделікті өмірдің беретінін ешқандай ой-
қиял бере алмайды. Өмірді құрметтеңдер»,– дейді.

Жанболаттың кейіпкерлері кешкен өмірге де ою-өрнектің
қажеті жоқ. Олардың біразы дүниеге ешбір айғай-шусыз
келіп, өмірдегі ел қажетіне, ұлт мүддесіне байланысты
туған ерліктерінің атақ-даңқын саудаға салмай, мына фəни

жалғаннан қоңыраулатпай, қоңыр тірлік кешумен ат-
танды. Енді біразы қарапайым елдің қабырғасы қайысқан
кезде қаһарлы ғасырдың жанарына жасқанбай қарады да
азаматтық парызын арыстанша арпалысып адал атқарды.

Сөйтіп бүгінде қазанат қалпымен жаңа заман – нарықтағы
қиын тірлігіне қамықпай, қанағат деп жүріп жатыр. Со-
ларды тарих тасасынан алып шыққан қаламгерлердің де
ұлттың рухы алдында еңсесі биік. Ерлікті дəріптей білу, сол

ерлікті жасаумен бірдей.
Алдан СМАЙЫЛ,
жазушы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

АСТАНА.

Ґзгеге
ўќсамайтын
ґмір

ОН ЕКІ

ЖАСЫНДА

ОРДЕН АЛҒАН

Сəлеметсіз бе, апай!

– Хуш омадед!

Кездесудің алғашқы сəтіндегі осы бір сөздерден кейін мен
өзімді сəл-пəл еркін сезінгендей болдым. Қараймын, денесі
орта бойлыдан сəл қалқыңқы келген ол кісінің қимылы
тіптен ширақ. Шығыстық сөйлеу мəнері басым қоңыр үнінен

кішіпейілділіктің, адамды жатырқамайтын бауырмашылдық-
тың лебі еседі. Сырт көздің шағын уақыт аралығындағы
шамалап үлгерген сыншыл əсері қойсын ба! Дегенмен, дəл
қазіргі сəтте қарсы алдымызда отырған осы бір жанды өзіміз

білетін өмірбаянына қарап, енді баршын жасынан асты деудің
өзі қиын сияқты.

– Ғафу етіңіз, – деді сəл үнсіздіктен кейін ол. –

Жаңа бір əзірде ғана тəжік телевизиясының жастар
редакциясы осында телефон соққан еді... Орталық газеттердегі
маған қатысты əлдебір мақалалардың шыққан мерзімін
анықтап беруді сұрайды. Егер асықпасаңыз, сол шаруаны

реттеп тастаған соң əңгімелессек...

– Жарайды!

Жүрек лүп-лүп соғады. Менің қарсы алдымда есімі бүкіл
елімізге таныс даңқты адам отыр. Аз уақыттан соң ол дау-
ылпаз дəуіріміздің отызыншы жылдардағы жалын жігер жас
түлектері жайында əңгіме қозғамақ. Сонда бұл кісі кім дейсіз

ғой? Мамлакат Нахангова!
Оның есімі біздерге – əліппеден таныс деп айтуға əбден
болады. Бертін келе төртінші кластың “Ана тілі” кітабы
беттерінен, жас өспірімдерге арналған деректі əңгімелерден

ол жасаған ерлікке таңырқап та жүрдік. “Еліміздегі мектеп
оқушыларының арасында алғашқылардың бірі болып Ленин
орденін алған қыз!” “Бір күнде 102 килограмм мақта тер-
ген “кішкентай стахановшы”. Міне, осы сөздерді білетін біз

қара торы қағылез қыздың суреттерін пионер бөлмелерінің
қабырғаларынан бертінге дейін жиі ұшырататынбыз. Енді,
міне, арада көп жылдар өткен соң, алпысыншы жылдардағы
арманшыл жастардың бір өкілін тағдыр сол адаммен

кездестіру бақытына ие етіп отыр.

Мамлакат Нахангова, Коля Курмин, Барасби Хамгоков, Мамет Гасанов, Роза Шамжанова... Иə, бұл есімдер еш уақытта да ұмытылмақ емес. Олар советтік пионерия тарихында өздерінің елеулі еңбектерімен, өнегелі істерімен мəңгі өшпес із қалдырды ғой! Аталмыш жастар өкілдері сол кездегі жаппай аттаныс – социалистік құрылыстың нығайып, өркендеуіне мектеп табалдырығында жүріп үлес қосты. Менің ойымды үй иесінің үні үзді. – Сіздің маған қандай сұрақтар қоятыныңызды толық білмесем де, жалпы жобасын ептеп шамалайтын сияқтымын, – деді Мамлакат апай сəл күлімсірей түсіп. – Бірақ алдымен екеуміз бір нəрсеге келісіп алайық. Ол – тек қана шындықты жазу. Мəселен, жер басып жүрген 58 жылдық өмірімде мен М.И. Калинин, А. М. Горький, Н.А.Островский, Ə.Лахути сияқты адамдармен жүздескен жанмын. Совет делегациясының құрамында Мəкеңмен, сіздердің Мəлік Ғабдуллиндеріңізбен бір рет сапарлас та болдық. Басқаны былай қойғанда мен халқымыздың осы аяулы ұлдарының бойынан өзім байқаған абзал қасиеттер ұрпақтарымызға үлгі аларлықтай болып жетсе екен деймін. Келістік қой? – Келістік! ...Шағын бөлме. Шағын терезе. Əйнек сыртынан Айни көшесіндегі қала шуылы құмығып естіледі. Одан əріректе Памир мұнартады. Бүл менің жанарымдағы сурет. Ал ойымда, иə, ойымда осыдан қырық жыл бұрынғы Сталинабад (Душанбе) қаласының іргесіндегі Шахмансур қышлағының тіршілігі елес береді. Мамлакат онда небəрі алты жаста. Көп ештеңені түсінбейтін кезі. Айналадағы болып жатқан дүрбелеңге, қурайыштарын көздеріне баса киген басмашылардың ауыл тұрғындарына көрсетіп кететін қоқан-лоқысына ол тек қана сəби санасындағы “жақсы”, “жаман” деген сезіммен ғана қарайды. Бірақ мына бір қуанышты сəт оның есінде. Бұл 1933 жылдың жазы болатын. Файзабад пен Көкташ қышлағына кіре тасып жүрген əкесі бір күні үйге қуанып келді. Оның айтуынша, өзі сияқты диқандар колхозға кірген. Ол сол жерде орталықтан келген өкілмен сөйлесіпті. Ертеңнен бастап “Лахути” атындағы колхозға бұларды да мүшелікке қабылдамақ. Сол күннен бастап “колхоз” деген сөз олардың үйінде жиі естілді. Ата-анасының жүзінен шаттық лебі есіп, еңcесі көтерілді. Мамлакат тұңғыш рет мектепке барды. – Ол уақыт еліміздің алғашқы бесжылдықты төрт жылда орындап шыққан ерлік кезеңі еді, – дейді осы арада əңгіме иесі. – Шынын айтқанда, бүл алып құрылысқа тəн алапат қимыл болатын. Енді алда тағы бір үлкен міндет тұрды. Ол – 1933 жылы басталған екінші бесжылдықты да табыспен қорытындылап шығу еді. Бұл жоспар ауқымының кеңдігі сонша, еліміздің еңбеккерлері аталмыш мерзімнің ішінде 83 миллиард сомның қаржысын игеруі тиіс болды. Оны қалай, қайтіп жүзеге асыру керек дейсіз ғой? Адамдардың ынтажігерімен! Сол бір жылдарда донецкілік шахтер забойда құлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасады. Мұны іле-шала миллиондар қолдады. Ал мектеп оқушылары арасында елімізде болып жатқан осы жаңалықтар пионер дружинасының жиналыстарында кеңінен талқыланатын. 1934 жылдың көктемінде пионерлер мен жас өспірімдер арасында жас егіншілер, жас малшылар мен төл өсірушілер қозғалысы кеңінен өрістеді. Міне, осы бастамалар ізімен біздің “Лахути” колхозының Н. К. Крупская атындағы мектебінде мен де тұңғыш рет мақталық алқапта еңбек етуге тілек білдірдім. ...1935 жылдың күзі де келді. Колхоз кеңсесінің маңдайшасындағы репродуктор бүкіл қышлақ тұрғындарының құлағын елең еткізіп мынадай жаңалықты хабарлады: “Шахтер Алексей Стаханов бір сменада 102 тонна көмір қазып, əлемдік рекорд жасады!”. 102? 102?.. Сол күннен бастап осы бір цифр Мамлакаттың ойынан кетпей-ақ қойды. Ақыры ол мынаған бекінді. “Донецкілік рекорд иесінің сменалық нормасы 102 тонна көмір қазу болса, менің күндік көрсеткішім 102 килограмм мақта жинау болсын!”. Алғашқы күні ол өзінің күн сайын теріп жүрген 90 килограмынан 5 килограмм асып жығылды. Өкінішке қарай, бұдан кейінгі күндері өзі игерген осы белестен ары аса алмайақ қойды. Ақыры 102 деген цифрға да жетті-ау! Мамлакат қуанғанынан жылап жіберіп, жүйек жиегіне отыра кетті. – 1935 жылдың мақта жинау науқанындағы озат еңбегім үшін мен Тəжікстан өлкелік комсомол комитетінің грамотасына ие болдым, – деді осы арада сəл үзіліс жасаған Мамлакат апай. – Бұл награданы “Лахути” (қазіргі “Ленин жолы”) колхозының басқарма жиналысында өлкелік комсомол комитетінің сол кездегі бірінші секретары А. Герасимов өзі əкеліп табыс етті. Қолымдағы грамотаны көруге туыста-

рым сонау көршілес қышлақтардан ерінбей-жалықпай іздеп келгені əлі есімде. Бір жапырақ қағазды бəрі қолдан-қолға өткізіп қызыға қарайды. Қарайды да қасиетті зат ұстағандай таңырқайды. Ал колхоз председателі осы жиналыста өзге еңбек озаттарының қатарында маған кəдімгі шығыс кебісін сыйға тартты. Сыйлықтың бұл түрі қазіргі жастарға күлкілі болып көрінуі мүмкін, əрине. Бірақ ол кезде аяқ киім дегеніңіз біздің қышлақ, үшін өте қымбат зат еді. Иə, деймін мына əңгімеден соң мен іштей. – Уақыт неткен жүйрік еді, шіркін! Мынау қазіргі гүлденген республикада бір кездері қарапайым нəрсенің өзі қат болды дегенге кім сенер? Немесе осыдан қырық жыл бұрын бір қышлақта бір радио нүктесі бар еді дегенге кім иланар? Ал қазір ше? Мұнда бəрі де өзгерген. Республикада дербес Ғылым академиясы, бес жоғары оқу орны бар. Ал “Памир” тоңазытқыш заводы, Душанбе мақта-мата комбинатының өнімдері болса мемлекеттік Сапа белгісіне ие. Тəжікстан бұл күндері 49 шетелге жеңіл өнеркəсіп өнімдерін шығарады. Еліміздегі алып құрылыс, қуаты 2 миллион 700 мың киловатқа тең Нұрек ГЭС-і де осында ғой. Ертеңі ертегіге бергісіз бақытты қоғамның бір көрінісі деп осыны айтуға болар, сірə! – Күзгі жиын-терін аяқталған соң, республика басшылары мені Орта Азия мен Қазақстан колхозшыларының Москвада өтетін кеңесіне жіберді, – деді Мамлакат апай арада орнай қалған үнсіздікті бұзып. – Біз Москваға келгенде ноябрь айының аяқ шені еді. Қар жапалақтап жауып тұрды. Елді ойладым. Мынау қыста адамдар қалай өмір сүреді деймін ішімнен. Жолбасшымыз колхозшылар делегациясын метромен алып жүрді. Ол кезде Қырым алаңынан “Сокольники” станциясына дейінгі аралықта алғаш рет жер асты жолы пайдалануға берілген болатын. Біздер үшін мұның бəрі де таңсық, əрі қызық көрініс еді. – Үлкен кісілермен сонда жүздескен шығарсыз... – Иə... Ол менің өмірімдегі ең бір жарқын кезеңдер ғой! Кездесудің негізгі себепшісі тəжік əдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Əбілқасым Лахути болды. Сол жылдары Москвада тұрған ол делегаттар жатқан мейманханаға келіп, жазушылар А. М. Горький мен Н. А. Островскийдің бір топ колхозшыларды көргісі келетінін айтты. ...Арбат көшесін бойлай жүріп келеміз. Ескі үлгімен салынған екі қабат үйдің баспалдағын жайлап басып, сол жаққа бұрылғанымызда, бізді жауырыны еңкіш тартқан шалғы мұртты кісі қарсы алды. – “Стахановшы қызымыз” мынау ма? – деді ол бəрімізбен амандасьш болған соң. Гүрілдеген даусында қарттарға тəн қуақылық бар. – Иə, Алексей Максимович! – Жарап түрсың, балақай. – Қарт адам осы сөздерді айтты да бір ауық колхозшылармен əңгімелесіп кетті. Ол Орта Азиядағы жаңа өмірді, халықтың тұрмыс-тіршілігін қызыға сұрады. Диқандар оның сауалдарына жауап беруде. – Сіздер қазір ерлік кезеңді бастан кешіріп жатырсыздар, – деді Алексей Максимович сөзінің соңында. – Қараңыздаршы, он екі-он үш жасар мынау бүлдіршінді егіс даласында еңбек ет деп ешкім зорлаған жоқ қой! Бұлардың қазір ештеңені ойламайтын, алаңсыз балалық шағы емес пе? Бірақ ұлы өзгерістер дүмпуі бұларды да өзіне қызықтырып тарта бастаған. Демек, сіздерде, сіздердің аймақтарыңызда өрлеу бар. Ал саған айтарым, қызым, еңбек етумен бірге оқы. Көп оқы. Тағы да оқы! Осы бір сөздерді мен Николай Алексеевич Островскийдің де аузынан естідім. Біз барғанда жазушы сол кездегі Одақ комсомолы Орталық Комитеті секретарьларының бірі Александр Косаревпен əңгімелесу үстінде екен. – Рекорд иесі мына нəзік саусақтар мен құйтақан дай қос алақан ба? – деді ол қолымды қармап. – “Кішкентай стахановшымен” кездескеніме қуаныштымын! Біздің қоғамымыз сендердің энтузиазмдарыңнан тұрады. Осыны есте ұста, жолдас пионер!” ...Сол сəтте дыз етіп есік қоңырауы белгі берді. Үзілген əңгімеге ғафу өтінген үй иесі сыртқа беттеді де, аз-кем уақыттан соң кішкентай бүлдіршінді ертіп қайта оралды. – Немерем Мехередот, – деді Мамлакат апай. – Демалыс күні жалғызсыратпайын деп əжесін іздеп келген түрі. Сөйтті де сəбиді көрші бөлмеге ертіп əкетті. Мен терең ойда отырмын. Көз алдымнан əңгіме иесінің өзім білетін кейбір өмір жолдары елес берді. Соның бірі – Ұлы Октябрьдің 60 жылдық мерекесі қарсаңында орталық теледидардан көрсетілген “Біздің өмірбаян” атты көп сериялы документті фильм. …Кремльдегі қабылдау бөлмесі. Бүкілодақтық Атқару Комитетінің Председателі М. И. Калинин Москвада өткен

Орта Азия мен Қазақстан колхозшыларының кеңесіне
қатысушы бір топ еңбек иелеріне үкімет наградасын тап-
сырып жатыр. Мойындарына алқызыл галстук байлаған
үш мектеп оқушысына да кезек келді. Диктордың сөйлеп

тұрған даусынан біз бұл бүлдіршіндердің осы кеңеске
қатысушы делегаттар – тəжікстандық Мамлакат Нахангова,
өзбекстандық Ишан Қадыров пен Хавахан Атақұлова екенін
естиміз. Бүкілодақтық төраға Мамлакатқа Ленин, ал Ишан

мен Хаваханға “Құрмет Белгісі” орденін тапсырып, мейірбан
жүзбен игі тілектер айтуда.

– Апай, – дедім мен үй иесі қайтып оралған соң, – 1935

жылдан кейін өзіңізге үкімет наградасын тапсыр ған үлкен
адаммен қайта кездесудің сəті түсті ме?

– Болды. Ол 1942 жылы ғой, шырағым. Ұлы Отан

соғысының ауыр күндерінде майдандағы бөлімшелерге əр
республика өзінше азық-түлік эшелонын дайындады емес
пе. Тылдағы тəжік колхозшыларының үлесіне қоршауда
қалған Ленинград тиді. Ол кезде мен Тəжікстан комсомолы

Орталық Комитетінде қызмет істейтінмін. Бір күні республи-
ка Жоғарғы Советі Президиумының сол кездегі председателі
Монавар Шагадаев жолдас шақыртты. Бардым. Ол кісінің
сөзінен ұққаным, 12 августа майданға эшелон алып жүреді

екенбіз.
...Москваға келгенде азық-түлік поезының Ленинград
бағытына жылжуына темір жол басқармасы рұқсат бермей,
біздің өтінішімізден үзілді-кесілді бас тартты. Аталмыш

жерге тек автомашина керуенімен ғана баруға болады екен.
Бүкіл состав толы жүкті, оны жеткізетін көлікті кімнен алуға
болады? Бір-екі мекемеге кіріп едік, маңына жолатпады. Со-
сын, тəуекел деп Кремльге, Михаил Ивановичтың қабылдау

бөлмесіне тарттым.

– Кім келіп тұр деп айтайын,– деді кезекші секретарь.

– Мамлакат Нахангова... Тəжікстаннан деңіз.

– Кіріңіз!

Есікті жүрексіне аштым. Баяғы бөлме. Баяғы орындықтар.
Бəрі де сол қалпы... Тек үлкен кісіде ғана өзгеріс бар сияқты.
Қартайып кетіпті. Оның алғашқы сөзі: – Сен осында ма едің,
қызым, – болды.

– Иə, Михаил Иванович!

Сəлемдесіп болған соң келген шаруамды баяндадым.

– Көмектесуге болады. Көмектесеміз, – деді ол кісі

мені əбден тыңдап болып. – Тек менің сізге бір өтінішім бар.
Ол: “Бəрі де Отан үшін, бəрі де майдан үшін!” – деген ұранға
үн қосқан тəжік бауырларға рақмет! Елге осы сəлемімді
айтыңыз!

Үш күннен соң 20 жүк машинасы солтүстік батысқа бет
алды. Кабина ішінде келе жатқан біздер сол сəтте алыс ре-
спублика өкілдерінің өтінішіне сергек көңілмен қараған
Кремльдегі сезімтал қарт кісіге – Бүкілодақтық төрағаға

іштей алғыс айтуда едік.
...Біздің əңгімелескенімізге біраз уақыт өтті. Мамлакат
апайдың манадан бергі айтқан əрбір сөзі, əрбір пікірі менің
көз алдыма жаңа бір ерлік елестерін əкелгендей. Əйтсе де ол

кісіге қояр сауалдар əлі де баршылық еді.

– Апай, – дедім мен келесі бір сəтте. – Маналы бергі əңгіме

барысында біз сізден отызыншы жылдардағы пионер, комсо-
мол тарихының кейбір беймəлім жақтарынан, олар жүргізген
жұмыстардан мол мағлұмат алғандай болдық. Үстіміздегі
жыл – Ленин комсомолының 60 жылдық мерекесі ғой. Енде-

ше, Одақ комсомолиясының өз өміріңізге тікелей қатысты бір
сəтін айтып өтсеңіз...

– Комсомол – менің өмір мектебім. Комсомол мені оқытты,

өсірді, тəрбиеледі. Сондықтан да осы идеялық саяси шыңдалу
мектебіне мен əр уақытта лайық болуға тырыстым. Соның бірі

– 1945 жылы Лондонда өткен Жастардың Бүкіл дүниежүзілік

конференциясына қатысқан кезең.

– Бұл конференция қазіргі Жастар мен студенттердің

Бүкіл дүниежүзілік фестивалінің бұрынғы аты ғой.

– Иə, иə. Айтпақшы, Мəкеңмен, сіздердің Мəлік

Ғабдуллиндеріңізбен сол сапарда танысқанмын.
Əңгіме қайта жанданды

– Демократиялық жастардың дүниежүзілік федерация-

сын құрмақ болған бұл тұңғыш форумға біздің елден 75 адам
бардық. 1945 жылдың 27 октябрінде Шереметьево аэропор-
тынан ұшқан төрт “Дуглас” самолетінде 9 Совет Одағының
Батыры, подполковник М. Ғабдуллин, Эстония комсомолы

Орталық Комитетінің секретары А. Мери, ұшқыш Д. Глинка,
генерал Г. Бакланов жəне атақты биші О.Лепешинская, осы
күнгі белді ғалым Г. Ломидзе бар еді.
Конференция 29 октябрьде Лондондағы Альберт-холл

концерт залында ашылды. Оған дүниежүзіндегі 63 елден
437 делегат қатысты. Баяндамаларда, жарыссөздерде түрлі

пікірлер қақтығысы болды, əрине. Біреулер өз еліндегі
жоқшылықты айтса, енді біреулері жақыныңды жаныңдай
көр деп діни уағыз айтады. Бір таңғаларлығы мұнда күні
кеше ғана дүниежүзілік екінші соғыста қарабет болып

жеңілген фашизмді жақтаушылар да жоқ емес. Бомба үнінің
тынғанына бес ай болмай жатып, 50 миллион адам опат
болған зұлым кезеңді ұмыта бастағаны ма шынымен?! Олар-
дың даңғаза, дəйексіз əрекеттерін совет делегациясының

жетекшісі, ВЛКСМ Орталық, Комитетінің сол кездегі бі-
рін ші секретары Н. А. Михайлов конференция ашылғаннан
кейін үш күннен соң, 2 ноябрь күні сөйлеген сөзінде нақты
дəлелдермен айыптап, реакциялық пікірдің тас-талқанын

шығарды. “Фашизм дегеніміз, – деді ол өз сөзінде, – бүл бү-
кіл əлемге өзінің қарақшылық, тонаушылық, адамзатты
азап таушылық саясатымен масқара болған идеология. Өзі-
міз қатысып отырған конференцияда фашизмнің екінші дү-

ниежүзілік соғыстағы қылмысты əрекеттерін əшкерелемеу
деген сөз, ол – бейбітшілік сүйгіш елдердің алдына жасалған
сатқындық болып табылады”.
Найзағайдай жарқ еткен осы қуатты үнді одан кейін амери-

кан жастар делегациясының мүшесі Томмас Нейл, ағылшын
студенті Брюс Винсент қуаттап əкетті.
Конференцияның тамырын терең жаюы, болашақта оның
үлкен қозғаушы күшке айналуы үшін бұдан соң да біздерге,

совет делегациясына, көп жұмыс атқаруға тура келді. Оны
абыроймен орындадық та. Шетелдегі арандату топтары
Жастардың Бүкіл дүниежүзілік федерациясының жұмысын
ақсату үшін бар құйтырқыны жасап бақты. Соның бірі мынау

еді.

– Сіздер неге құдайсыздықты уағыздайсыздар, – деді

кезекті бір пікір алысу кезінде көзілдірікті жігіт. – Дінге неге
қарсысыздар?

– Бұған кінəлі өздеріңіз, ағылшындар ғой, – деп

жауап берді біздің делегацияның жетекшісі Николай
Александрович Михайлов.

– Неге? – деді дау иесі.

– Ағылшын Чарльз Дарвин “Түрлердің шығуы” деген

еңбек жазып, құдайсыздықты уағыздауға бірінші боп негіз
салды емес пе?..
Бұл жауапқа ел ду күлді, арандатушының үні өшті.
7 ноябрьдегі секция мəжілісінде Устав жобасы бекіді.

Онда Демократиялық жастардың Бүкіл дүниежүзілік феде-
рациясы деген аты айқындалды. Жастар форумының жақсы
өтіп, бұл ұйымның саяси жағынан бел алып нығаюына совет
делегациясының сіңірген еңбегі өте зор болды.

...Кеш. Ымырт үйіріліп келеді. Күні бойғы қозғалыстан
шаршаған қала көшелерінің қымқуыт тіршіліктен сəл са-
ябыр тапқан кезі бұл. Үй иесімен əңгімелесіп, қоштасып
шыққаныма біраз уақыт өтсе де менің ойымнан көкірегімде

ұялап қалған жылы əсер кетер емес. Осы қиялдың құшағында
қонақ үйге беттедім.
* * *
...Аэропортта тұрмын. Енді аз уақыттан соң самолет-

ке отырғызу да басталмақ. Əлденеге ойым кетіп, телефон-
автоматқа қол создым. “21078” деген сандарды теріп бола бер-
генде, ар жақтан таныс дауыс естілді.

– Апай...

– Қайтып барасың ғой, шамасы?

– Иə.

– Сау бол, қалқам. Айтпақшы, Мəлікке.., Ғабдуллинге

менен көп-көп сəлем айт.

– Кешіріңіз... Сіз, білмеуші ме едіңіз? Ол кісі...

– Сол сəтте телефон үні үзіліп кетті. Мен тілімді тістедім.

...Самолет пропеллері дүріл қақты. Салондағы жолау-
шылар болса тіпті бейқам. Тек мен ғана мазасызбын. Бəрі де
əдемі басталып, əдемі аяқталған кездесудің жаңағы бір сəттегі
оқиғасы ойымнан кетер емес. Бүлдірген өзім. “Қап!” – дедім.

Даусым шығып кетті. “Қап! Мəлік ағаның 1973 жылы қайтыс
болғанын бұл кісі естімеген екен ғой. Əтте ген-ай, ə… Қарт
адам мазасызданатын болды-ау енді...”
1977 жыл.

Авторлық анықтама. Кеңестік дəуірдегі аты
аңызға айналған бұл адаммен біз 1977 жылғы желтоқсан
айында Душанбеде кездескен едік. Мамлакат апай ол
кезде Тəжік мемлекеттік университетіндегі ағылшын

тілі кафедрасының меңгерушісі болатын. 1996 жылғы
мамырда Алматыдағы опера жəне балет театрында
ақын Олжас Сүлейменовтің 60 жылдық мерейтойы

өтті. Сол салтанатқа Душанбеден көрнекті тəжік
ақыны, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреа-
ты Момын Қанағаттың келіп қатысқаны бар. Үзіліс
аралығында біз құрметті қонаққа сəлем беріп, Мамла-

кат Нахангова туралы сұрағанымызда: “Ол аяулы жан
енді арамызда жоқ. 1992 жылы бақилыққа аттанған”,

– деп жауап берді.

ЖЕР –

ҒАРЫШ

ЖАҒАЛАУЫ

І 1979 жылдың 24 октябрінде астанамыз Алматыдағы “Қазақстан” қонақ үйінің астыңғы қабатында орналасқан баспасөз орталығы өзгеше бір қарбалас күйге түсті. Мұндай көрініс осыдан екі ай бұрын болғаны бар. Ол кез – совет-вьетнам жастарының ІV достық кездесуі болса, ендігі дүбір “Комсомольскоя правда” газетінің жүлдесі үшін Алматыда өтетін Бүкілодақтық ГТО жарысына əзірлік. Ұйымдастыру комиссиясының шешімімен баспасөз орталығына кезекшілік етуге бекітілген республикалық жастар газетінің қызметкерлері өз жұмыстарына қызу кірісіп кеткен болатын. Алғашқы күннің көп уақыты одақтас республикалардан келген журналистерді тізімге тіркеумен, қонақтарға анықтамалық бюллетеньдерді тапсырумен өтті. Осы міндеттерді орындаумен бірге олар бір нəрсеге ерекше елегізулі еді. Ол – ГТО жарысына екі мəрте Совет Одағының Батыры, авиация генерал-майоры космонавт-ұшқыш Алексей Архипович Леонов қатысады деген хабар. Көгілдір космос əлемінің тылсым таңғажайыптары мен құпия жұмбақтарын ашуда асқан ерлік пен батылдық көрсеткен жан бұл сапарында өткізілуге тиіс спорт бəсекесінің бас төрешісі міндетін атқармақ. “Космонавт Алматыға келіп те қойыпты. Бүгін кешке баспасөз орталығының ұйымдастыру шараларымен танысады екен”, – деген ауызекі əңгімеден хабардар болған біздер оны асыға күтуде едік. Мақсат – баспасөз конференциясы бола қалған жағдайда оған қатысу, космонавтқа сұрақтар қойып, оның лебізін тыңдау. Бірақ қонақ ол күні мұнда келмеді. Ертеңіне дүбірлі жарыс дүркірей басталды да, баспасөз орталығындағы араның ұясындай гу-гу етіп жүрген жұрт сонда кетті. Бұл жерде қалғанымыз – залдың əр түкпірінде отырған кезекшілер ғана. …Сағат күндізгі 12-ге таянғанда, кіре берістегі бөлмеден екі-үш адамның аяқ басқан дыбысы естілді. Олар жақындай бергенде, назарымыз ортадағы кісіге ауған еді. Суреттен көріп жүрген таныс бейне. “Сол, – дедік біз іштей. – Соның өзі!” – Сəлем, достар! Жұмсақ үнді ақжарқын жан осылай деп бəрімізбен қол алысты да, шеткерілеу тұрған телефонға беттеді. Космонавтың сөзінен Орталық стадионда болып, енді кросс өтіп жатқан Баум бағына кетіп бара жатқанын аңғардық. – Бəлкім, үлгеріп те қаларсыз. Мен сізді осы арадан күтейін онда, – деді ол өзі хабарласып отырған адамға. Сөйтті де орнынан ширақ көтеріліп, залдағы көрнекі құралдарды, информациялық бюллетеньдерді зер салып қарай бастады. Алексей Архипович Леоновтың мұнда біраз аялдайтынын білген екі-үш жігіт одан автограф алуға ыңғайланды. “Огонектың” 1975 жылғы июль номеріндегі “Союз” – “Аполлон” корабльдерінің түйісуін бейнелейтін суретті қыса ұстап біз де кезекке тұрдық. Ортасынан бүктелген журнал мұқабасының ішінде баспасөз конференциясында керек болып қалар деп əзірлеген сұрақтарымыз жəне бар. Ондағы ой – космос батырымен əңгімелессек деген өтінішімізді сездіру. Алдыңғы екі жігіттің открыткалар буклетіне қол қойып берген автограф иесі біз ұсынған “Огонек” мұқабасын аша берді де, жеңіл жымиды. Содан соң газеттің фирмалық бланкасына басылған сұрақтарды шолып өтіп, оның орта тұстағы екеуіне белгі соқты. – Уақыт аз, сұрақ көп, – деді əзілкеш қалпынан таймаған космонавт. – Егер мүмкіндігіңіз болса… – Дəл қазіргі мүмкіндік – 15 минут. Бəріне үлгере аламыз ба? Дегенмен мына екеуіне жауап беруге болады. Алексей Архиповичтің жауап беруге тоқталғаны төмендегілер еді. Оның біріншісі: “Сіз космонавтар арасында ашық космосқа шығу мүмкіндігіне ие болған жандардың алғашқысысыз. Бізді 1965 жылдың мартында “Восход-2” корбалі сапарындағы ғарыш кеңістігінен өзіңіз байқаған нəрселер көп қызықтырады?” – дейтін сұрақ та, екіншісі: “Союз” – “Аполлон” космос корабльдерінің түйісуі жəне ондағы халықаралық экипаж жұмысына тоқталсаңыз?” – деген өтініш болатын. …Космонавт алғашқы сұраққа жауап беріп отыр. – Оқиға 1965 жылдың 18 мартында, сағат (Москва уақытымен) 11-ден 30 минут өткенде болды, – деді Алек-

сей Архипович. – Люктен қалқып шыққан менің жанарыма ең алғаш ілінгені төмендегі күреңіткен Қара теңіз бен оның жағалауындағы аттың тағасындай боп иілген Кавказдың қарлы шыңдары болды. Жоғарыдан қарағанда осы аймақтағы Цемес бухтасы қақтаған күмістей созылып келіп, жанарға бір жарқ етті де, келесі сəтте оның жалғасы ұлудай шашылған Сочи санаторийлеріне қарай ойысты. “Восход-2” кораблінің жақтауынан ажырап, бойымды кеңістік əлеміне үйреткен соң, мен өзімді еркін сезіне бастадым. Жерден жүздеген шақырым биіктегі табан тірер бұдыры жоқ ғарыш мұхитында сағатына 30 мың километр жылдамдықпен зымыраған корабльден қалыспай, əуеде қалқып келе жатқан адамды көзге елестеткен жан болса, онда оны ертегінің кейіпкеріне балар ма еді, қайтер еді?! Бір қызығы, соншалық ұшқыр жүрісте маған ешбір кедергі, яки физикалық кері əсер ету заңдылығының белгілері білінбеді. Білінгені – жер рельефінің кірпік қаққан сайын арта қалып, ауысып отыруы еді. Жаңа ғана Қара теңізді көрсем, енді Еділ.., одан соң Орал тауларының үстінен өтіп бара жаттым. Біраздан кейін денемдегі скафандр мен корабльдегі люкті жалғастыратын серіппелі арқанды ұзарта отырып, кеме қабырғасынан алыс кеттім де түрлі жаттығулар жасауға кірістім. Турниктен айналғандай қимыл жасағанымда, жердегідей кедергілер тіптен сезілген жоқ. Бұл жаттығуларда су бетіндегі қалтқыдай, егер одан да дəлірек айтар болсақ – бөбектердің өзімізге таныс ойыншығы “Ванька-встанька” қимылындай жеңіл аунақшыдым да отырдым. Ғарыш кеңістігінде болған аз уақыттың ішінде тағы нендей жай есте қалды дейсіз ғой? Оған космостық ұшу сапарының жоспарында бар тапсырма – корабльдің сыртқы қабырғасындағы тəжірибе жүргізу үшін қойылған детальдарды бұзып, қайта құрастыру жұмысының жүзеге асқандығын айтуға болады. Анау-мынау кілтипанды жөндеп, ары қарай жүріп кете беретін жер бетіндегі техника иелерінің мүмкіндігін космос кеңістігінде де байқап көрсе деген қиялдың алғышарттары сол жолы жасалды деуге əбден негіз бар. Олай дейтінім – кеңістікте қалықтап келе жатқан мен жоғарыдағы жайға көз жеткізу үшін кеменің бүйіріндегі фотокамералардың жамылғысын сыпырдым да, содан аз уақыт өткен соң, объектив əйнектерінің қақпағын бұрап алдым. Мұны не істесем екен? Қажеті жоқ дүниені ғарыш кеңістігіне қалдырып кетсем ештеңе ете қоймас деп, фотоаппарат объективінің қақпағын алға қарай құлаштап лақтырдым. Кішкентай ғана бұл бөлшек бөтен жерді жатырқағандай алғашқыда менімен бірге жарысып отырды да, артынан біртіндеп кеңістікте қалықтап қала берді. …Ендігі əңгіме – космос бояулары жайында. Бірер сөзбен айтқанда, ол маған жердегі сəулелерге қарағанда неғұрлым ашық, спектрлі түске жақын шұғыласымен есте сақталып қалды. Ал жердің түн тұмшалаған жарты бөлегі – өзіміз көріп жүргендегіден де қараңғылау екен. ІІ Белинский көшесінің бұрылыс-бұрылысымен бұраңдаған автобус күзгі жаңбырдан кілкіген суды шашыратып келіп, Третьяков аялдамасына тоқтады. Бұл жерден енді Баум бағы да алыс емес. Онда ГТО-дан жарыс өтіп жатыр. Біз соған келеміз. Кеше космонавтпен арадағы əңгіме аяқталмай қалған еді. Алексей Архипович өзінің көбінесе осы арадағы спорт жарыстарының басы-қасында жүретінін ескертіп, келесі əңгімені сонда жалғастыруға мүмкіндік туып қалатынын айтқан болатын. …Космос батырымен арадағы əңгіме бұл жолы да ешбір шегініссіз, тура кешегідей, болған оқиғаны дəлме-дəл суреттеуден басталды. Сөз етіліп отырған тақырып – 1975 жылғы “Союз” – “Аполлон” халықаралық космос экипажының жұмысын ол былайша баяндап отыр. – 7 июльдің түнінде “Союз-19” бен “Аполлонның” ара қашықтығы 2150 шақырымға шендес келді. Ал ертеңгі сағат 11-де ол 1405 шақырымға жуықтады. Арада бес сағат өткенде, ғарыш кемелерінің екі арасы 370 шақырымға таянды да, экипаж мүшелері бір-бірімен ультра қысқа толқындағы радио байланысы арқылы хабарласа бастады. Жер шарын 35-ші рет айналып келе жатқанымызда, Валерий Кубасов орталыққа “Аполлон” мен біздің арамыздың жақындауына 48 миль қалғандығын баяндады. Космостық ұшуды басқару орталығы осы хабардан кейін корабльдердің бір-бірімен түйісуін іске асыруға рұқсат берді. …Міне, “Аполлон!” Ол телеэкранда бізге тіптен жақын-

ақ қалды. Бес… үш… бір метр… Содан соң корабль корпустарының жанасуы… Операция аяқтала бергенде, мен микрофонмен ағылшынша былай дедім: – Сəлем, Том! Көріп отырмын, люктер шебер қиюласты. Енді сіздермен төс түйістіру де алыс емес сияқты. – Рақмет, Алексей! – деді ар жақтан орысша тіл қатқан Стаффорд. – Сіздермен кездесуді қуана күтеміз. …Минут сайын ғарыш кеңістігіндегі космонавтар кездесуінің көптен күткен сəті жақындап келе жатты. – Абайлаңыз, төртінші люкті ашамыз… Содан соң үшінші люк, – деді Валерий. – Сізді түсіндім. Люк есігінен бірінші боп Стаффорд көрінді. Міне, ғарыштағы қол алысу! – Сəлем, Алексей! Сəлем Валерий! Жағдайларыңыз қалай? – Гиед ту си ю! (Сізді көргеніме қуаныштымын!) – деймін мен. – Бері өтіңіздер, – деді ол нақ бір Оклохомадағы өз үйінің табалдырығында күтіп тұрғандай жымия күліп. – Жо-жоқ, алдымен бізге келіңіздер, – дейді оған Валерий. Алғашқы күнді Стаффорд пен Слейтон бізде өткізді. Мұндағы жұмыс барысы СССР мен АҚШ-тың мемлекеттік жалауларын бір-бірімізге табыс етуден басталды да, оның соңы ғарыш кеңістігіндегі тұңғыш түйісу жөніндегі анықтама – халықаралық авиация спорт федерациясының куəлігіне қол қоюмен, биологиялық эксперименттерді жүргізу үшін пайдаланылатын приборлар алмасуымызбен аяқталды. …18 июль күні “Аполлон” салонына үш рет барып қайттым. Бұл кезде менің “Союз-19-дағы” орнымда Вэнс Бранд жұмыс істеді де, “Аполлондағы” қызметті Стаффорд, Слейтон үшеуміз бірігіп атқардық. Ал халықаралық космос экипажының одан кейінгі жағдайы, жерге қалай қонғаны ТАСС тілшілері мен орталық баспасөздегі ғылыми шолушылардың репортаждары арқылы бəріңізге белгілі болса керек. ІІІ Космонавт Алексей Архипович Леоновпен “Қазақстан” қонақ үйінің баспасөз орталығы залындағы жəне Баум бағындағы аз ғана уақыттық сұхбаттан кейін Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінде кездестік. Ол астанадағы мектеп оқушыларымен жүздесіп, бүлдіршіндердің сұрақтарына жауап берді. …Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің конференцзалындағы бұл кездесуде отырғандарды риза еткені – пионерлердің космонавтқа қойған тапқыр да тиянақты, əрі мəдениетті сауалдары еді. Біз – тыңдаушы, олар – сұрақ қоюшы. – Ғарышқа тұңғыш жол салған бірінші адам – Ю.А.Гагарин. Ол туралы көп жазылды, көп айтылды. Жəне ол болашақта да айтыла бермек, – деді Алексей Архипович № 1 космонавт туралы сауалға ойлана тіл қатып. – Дəл қазіргі əңгіме барысында менің оған алып-қосатын ой айтуым қиынырақ қой деймін. Өйткені, əлемдегі алғашқы батыр кім-кімге де жақсы таныс. Ал жақсы таныстықтың ар жағында сіздер білмейтін құпия қалмаса керек. Мен бүгін одан басқа, ғажап бір адамды айтсам деймін. Ол барлық космонавтардың ұстазы – Сергей Павлович Королев. Ол кісінің бір керемет қасиеті – космонавтар отрядына алынған ұшқыштармен, қатардағы инженер лермен уақыт тауып, еркін сөйлесе білетіндігі еді. Сергей Павлович Королев менің бағалауым бойынша, атомдық энергетиканың атасы Курчатовпен деңгейлес адам. Ол энтузиастарға ерекше үмітпен қарап, асқаралы мақсат жолында тəулігіне кейде 21-22 сағат бойы тапжылмай жұмыс істей алатын. – Космос пен Қазақстан бұл күнде ажырамас ұғымға айналды. Осы арада қазақстандық жерлес космонавтар туралы да айта кетсеңіз? – Оған ең алдымен В.Шаталовты айтар едім. Ол бүгінде космонавтарды даярлау жұмысына жетекшілік етеді. Екі мəрте Совет Одағының Батыры бұл жерлестеріңіз космосқа үш рет саяхат жасаған сайыпқыран. Сіздердің екінші бір ағаларыңыз В.Пацаев жайында айтпай кету тіптен де мүмкін емес. Оның ерекше бір қасиеті – еңбек десе ерінбейтіндігі, қарапайымдылығы еді. В.Жəнібеков жайында айтарым, бұл əріптесім жан-жақты білімді, техникалық жағынан өте сауатты, қызық адам, керемет іскер. Мысалы, космос корабліне қажетті шағын аппараттарды бөлшектеп, сол сəтте-ақ қайта құрастырып шыға алады. – Сіз суретшісіз ғой. Əрі космонавтар арасында ашық космосқа алғаш шыққандардың бірісіз. Галактикадағы бояулар космонавт-суретшінің қиялында қандай əсер қалдырды?

– Космостағы өзім көрген бояулар сурет салғанымда

маңызды “шикізаттардың” біріне айналды деуге болады. Ол
өзім қолға алған туындыға ойға ой, қиялға қиял қосуымен
қымбат. Əрбір туындының идеясын ойдағыдай шығаруда
космостағы көргендерім мені кейде демеп те жібергендей бо-

лады.

– Адам бойындағы асыл қасиеттер деп нені айтар едіңіз?

– Жас жігіттердің өз ісіне деген құштарлығы мен

табандылығы, ал қыздарға тəн əсемдік пен нəзіктік дер едім.

– Байқоңыр! Сіз бұған өз тарапыңыздан не қоса алар едіңіз?

– Сергей Павлович Королев: “Жер дегеніміз – ғарыштың

жағалауы. Сол жағалауда біздің космос гаваны – Байқоңыр
тұр”, – деген болатын. Осының өзі көп жайды аңғартпай ма?
Бұл сұраққа берер жауабым əзірше осы.
Космос қыраны Алексей Архипович Леоновтың 1979

жылдың күзінде Алматыға келген бір апталық сапарында
біздің қойын дəптерімізде қалған əсерлер, міне, осындай еді.
1979 жыл.
Авторлық анықтама. Оқырмандарды ғарышкер

Алексей Архипович Леоновтың сол уақыттан, яғни 1979
жылдан кейінгі жəне қазіргі өмірімен егжей-тегжейлі
таныстырып жату артық қой деп ойлаймыз. Себебі,
бұл кісі Мəскеудің “Россия”, “НТВ”, “ОРТ” теле-

арналары мен “Аргументы и факты”, “Комсомольская
правда” басылымдарында үзбей насихатталып келе
жатқан жан. Оның үстіне ол Қазақстан тəуелсіз ел
атанғалы бері де Алматы мен Байқоңырға, Астанаға

əлденеше рет келіп қайтты. Біздің бұл жерде айтайық
дегеніміз басқа нəрсе. Сіздер А.Леонов туралы осы
мақала тақырыбының астындағы суретке назар
аударыңыздаршы құрметті оқырман! Ғарышкер онда

қазақтың кішкентай бүлдіршін қызын көтеріп тұр
емес пе?! Міне, сол сəби қазіргі “Хабар” агенттігіндегі
“Бинго”
жəне

“Қазақ
тілін
үйренеміз”
атты

телебағдар ламаларды жүргізуші Толқын Жүнісбаева
/белгілі журналист Несіп Жүнісбаевтың қызы/ бола-
тын. Ал суретті “Лениншіл жастың” фототілшісі
Алашыбай Есмағамбетов түсіріп еді.

ҮНДЕСТІК

ЗАҢЫ

Əңгімені осы бəрімізге түсінікті қарапайым бір көріністен бастайық. Айталық сіз бен біз Алматыдағы халық қолөнері музейін тамашалап жүрміз делік. Мұндағы ғасырлар бəйгесінен озып келген экспонаттармен жеке-жеке танысқаныңызда ең алдымен олардың əрқайсысының өзіне ғана тəн сұлулығының, ұқсас дүние болса да бірін-бірі қайталамайтын, ерекшелігінің бар екендігін байқайсыз. Содан соң... иə, содан соң бұл туындылардың бойындағы əр өрнек, бедердің сол мүліктің сүйегін құрауға дəнекер болып, үйлесімділікпен жымдасып тұрғанына көз жеткізесіз. Əрине, бір көрген жан: “Мынау піспекті сонша əшекейлемесе сабадағы қымыз ашымай ма, қалай? ” – деп те ойлауы мүмкін. Бірақ, біле-білсек, бұл біздің халқымыздың бар нəрсені көрсетуге деген іңкəр жүрегінің қалауы екені анық. Өйткені уақыт ұршығында зыр айналған дəуір атты үлкен керуеннің бірде ылдиға, бірде өрге тартқан күрмеуі көп күрделі жолында дамып, шыңдалған қолөнер бабаларымыздың сүлулыққа, шеберлікке деген талғамын жоғарыдағыдай тапқырлықтармен тəрбиелеп отырған. Əр мүлікке иненің жасуындай болса да əсемдік дарытып, сол арқылы талайдың көзін қуантқан, көкірегіне көркемдік сезімін ұялатқан. Музейдегі түймеден бастап толып жатқан үй жиһаздарына дейінгі аралықтағы дүниелерді көргенде сіз міне, осыны ойлайсыз. Ойлайсыз да: “Тіл біліміндегі бір əріптің екіншісі болмаса оны өз дыбысына сай жоқтап, сөз мағынасы бұзылып тұратыны сияқты халық өнерінде де сондай “гармония”, “үйлесім”, “үндестік” деп аталып жүрген сабақтастық қажет екен-ау”,– деген шешімге келесіз. “Демек – дейміз біз енді осы арада,– өнердегі үндестік заңын, яғни аталмыш саладағы халық қабілетінің қайнарын ата-бабаларымыз қиялымен ғана емес, ісімен қоса игеріпті. Оны бүгінгі біз өзіміз қызықтап көріп жүрер биік деңгейге əкеліпті. Ал енді оның қазіргі таңдағы жалғасы қандай? ” Бұл сұраққа деген жауапты біз атақты қолөнер шебері, ұста, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Дəркенбай Шоқпарұлының ағаш, металл, былғары, сүйектен түйген еңбегінен анық табамыз. ...Ол бүгінде өзі айналысып жүрген осы мамандыққа қалай келгенін, оның қыр-сырына қашан құлай берілгенін білмейді жəне білгісі де келген емес. Егер оған дəл осындай сұрақ қоя қалса, сонда оның бұл салаға əсер еткен жай деп есіне алатыны мынадай үш нəрсе екені анық. Біріншісі, бес жасар бала кезіндегі қағаз бен қарындашқа деген үйірсектігі. Іле бойындағы маң дала... Қалың қау, қордалы миядан ысқырық тартқан жел өтінде бұлардың киіз үйі тұратын. Құлағы атқұлақтың жапырағына ұқсап салбыраған қара күшікпен ойнай-ойнай жалыққан балақан түс ауа өзіне ермек іздеп айналадағы табиғат көріністеріне көз салар еді. Сонда оның жанарынан: аспандағы бұлттар апасының тулаққа салып түткен жүніне ұқсап, көгілдір мұнар басқан төбешіктер шөккен түйе болып өтіп жататын. Əлгі көріністерді ол алғашында өзен жағасындағы құм бетіне шимайлап жүрді де келе-келе əкесінің қой санағында ғана қолға алар сия қарындашына үйірсектейтінді шығарды. Жоғалып қалмас үшін түбін кертіп, жіп байлаған əлгі бояу тұқылы сол сəттен бастап оған жаңа бір əлем ашты деуге болады. Себебі, қағаз бетіне айналасынан байқаған көріністерді түсіруге талпынған сəби саусақтары өзіне керек жұмысты жаңа тапқандай еді. Екінші бір есте қалған жай оның алтыншы класта оқып жүріп “ағаш жарғандағы ашқан жаңалығы” болатын. Ортасынан қақ айрылған қарағай дөңбегінің бір бөлігі соғылған соққының бəрін кері серпіп тұрып алды. Сөйтсе оны діңге бойлап енген үш бұтақ жібермей тұр екен. Əлгілерді темір сүйменнің ұшымен қағып түсірген Дəркенбай ағаш бетіндегі үңірейген бұтақ орындарының аузын арандай ашқан арыстанға ұқсап тұрғанын көріп таң қалды. Содан бастап ол айналадағы қиялмен қабылдаған көріністерді тек қағаз бетіндегі суретпен ғана емес, ағашпен де бейнелеп бедерлеуге болатынын аңғарған. Балалық шақтағы үшінші көкейге түйген нəрсесі, атасы Ахмет зергердің ұста дүкенінен алған өмір сабағы еді. Темірден түйін түйген қартқа көрік басысып жүріп ол мысты шекудің, күмісті созудың, жезге өрнек салудың талай құпияларын жадына ұстап қалған жайы бар. ...Арада жылдар өтеді. Бір кездері құм бетін шимайлап сурет салуға, ағаштан дойбы тасын жасап, тоғызқұмалақ тақтасын оюға, ұста дүкенінде апасына арнап самауыр

кернейін соғуға талпынған жас есейе келе Алматыдағы Көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Тырнақалды туындыларымен қалалық конкурсқа қатыса бастайды. Бірақ оның дəл бүгінгі біз білетіндей бесаспап шебер болып шығуына əлі де көп уақыт бар еді. Өйткені, алда ауылдағы мұғалімдік жұмысты атқарып жүріп Отан алдындағы міндетті əскери борышын өтеуге шақырылу, содан соң Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының сурет жəне сызу факультетіне оқуға түсіп, оны аяқтау міндеті тұрды. Дəркенбай міне, сол уақыттардың бəрінде де өзінің негізгі кəсібі суретшілікпен ғана шектеліп қоймай, мына төмендегідей жайларға ерекше көңіл бөліп жүрді. Ол – ағаш, металл, тері шикізаттарын өнер туындыларына пайдаланып көруге көз үйретіп, қол жаттықтыру, олардың халық шеберлері ғана білетін өзіне тəн ерекшеліктері мен құпияларын игеру болатын. Осы жерге келгенде өнердегі үндестік заңы деген ұғымның оның алдынан ең алғаш рет бой көрсеткені бар. Бұл Дəркенбайдың Қазақ КСР Мəдениет министрлігінің жанынан ашылған “Казмузреставрация” шеберханасына бас суретші болып қызметке орналасқан кезінде болған еді. Аталмыш мекеменің негізгі мақсаты – республикамыздағы ежелгі мəдени ескерткіштерді қалпына келтіру, халық арасындағы сирек қолөнер үлгілерін тауып, жандандыру екен. Байқап қараса, оңай жұмыс емес. Себебі, реставрация ол суретшілікті де, сəулетшілікті де, тіпті, ұста, зергерлікті де қажет ететін күрмеуі көп күрделі кəсіп түрі. Мысалы, жөндеуге тиіс ғимараттың əу бастағы негізін сақтау үшін оған өз заманына қажет заттың бəрі сай болып тұруы керек. Біреуі бар, біреуі жоқ болмай солардың бəрі жасалып, табылғанда ғана ол мəдепиет ескерткіші ойдағыдай болып шықпақ əрі елге сенімді көрінбек. Халық өнеріндегі үндестіктің яғни, олардағы өзара байланыс, үйлесімнің не екенін, өзінің балалық шақтан бергі тынымсыз ізденісінің ақыры қай жерге қажет болғанын ол міне, енді анық ұққандай еді. Осы арада: “Сонда бұл жігітіміз халық қолөнерінің бүгінгі таңдағы жұмысын жандандыруда, оны жалғастыруда нендей істерді игеріп, қандай жетістіктерге қол жеткізген?” – деген сұрақтың келері анық. Оған жауап дайын. Дəркенбай Шоқпарұлы суретшілігімен қоса ағаш, металл, тері, былғары, сүйек, мүйіз сияқты материалдардан түрлі өнер туындыларын жасауды меңгерген жан. Ол сол арқылы ертедегі халық шеберлерінің дəстүрін ұқыптылықпен жалғастырып келеді. Жас жігіт бұл бағытта табыс сыз емес. Оған оның 1975–1981 жылдар аралығындағы “Балуан”, “Қымыз сервизі”, “Айтыс”, “Асан қайғы” жəне күміспен қапталған “Белбеу” атты заттары республикалық, одақтық көрмелер мен Болгария, Румыния, Венгрия, Индия, Бирма сияқты елдердегі халықаралық байқауларға қойылғанын айтуға болады. Бұл бір. Екінші... Дəркенбайдың халық мұрасын қастерлеу жөніндегі атқарып жүрген жұмысы оның реставраторлық еңбегінен анық байқалады. Реставрация біздің топырағымызда жаңадан өркен жайған өнер десек, республикамызда оның көмегін күтіп тұрған мəдениет ескерткіштері тіптен көп.Сондықтан да Дəркенбай бас суретші болып қызмет еткен “Казмузреставрация” шеберханасы 1981–1984 жылдардағы тырнақалды тəжірибесін халқымыздың сəулет өнеріндегі ең сүбелі ескерткіші Қожа Ахмет Ясауи ғимаратын қайтадан қалпына келтіру жұмыстарына арнады. Сол кездері оның көкейінен ғасырлар сыйлаған сымбатты дүниеге “сия” тамызып алмасақ жарағаны-ау деген күдіктің күнбе-күн шықпағаны рас. Геометриялық жоспар бойынша əрбір залға қойылатын экспонаттар түпнұсқасындағы дəлдікпен қалпына келтірілді. Бүл жерде көпті көрген көнекөз ауыл ақсақалдарының ақылкеңестері де назардан тыс қалған жоң. Жұмыс байыппен жасалды. Сонан бергі аралықта Талдықорған облысының Жаркент қаласындағы “Уəлібай мешіті” өлкетану музейіне айналды. Сарқанттағы Черкасск бекінісінің тарихи мемориалдық музейі, көне Тараздың тарихи ескерткіштері, Жамбыл қаласындағы Қарахан мавзолейі, Алматыдағы “Қызыл таң” сауда орталығының кешені бүгінгі күні халық игілігіне айналып, келушілердің көңілінен шығып жатса, Дəркенбай бастаған реставраторлардың жеміссіз жұмыс істемегендігі. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің реставраторлық өнердегі тағы бір елеулі еңбегі оның ез шəкірттерімен бірге халқымыздың 20-ға жуық көне музыкалық аспаптарын қайтадан қалпына келтіріп, жасап шығаруы. – Алматыда халық аспаптар музейі ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ, – дейді Дəркенбай. – Біздің шеберхананың мамандары осы музейді жабдықтау жұмысына белсене атсалысып, біраз шаруа тындырған секілді. Атап айтқанда, осы өнер отауына қажет ағаш үйдің іші-сыртын безендіру, халық

арасынан жиналған аспаптарды оңдап, көнелерін жаңартып жасау, кезінде кең тарап, бүгінде ұмыт бола бастағандарын зерттеп, қалпына келтіру шараларымен шұғылдандық. Мұнда кейбір көне аспаптарды жаңғыртып жасауда қажетті əдебиеттер мен этнографиялық фотоматериалдар, деректі документтер аздығы, кейбір туындылардың жасалу технологиясы туралы мəліметтің жоқтығы, аспаптарды əзірлейтін шикізат тапшылығы көп қиындықтар туғызды. Десек те М.Күл менов, М. Сыпатаев, Қ. Егізбаев сияқты жігіттеріміз осы қиын жұмыста ерекше еңбек сіңіріп, үлкен табандылық көрсетті. – Сонда сіздер қалпына келтірілген музыкалық аспаптар нендей негізге сүйеніп жасалынады жəне оның жаңа түрлері қандай? – Оған алғашқы кезекте мыналарды, яғни сақпан, адырна, шың, кепшік, дұдыға жəне шартылдауықты айтуға болады,– дейді Дəркенбай. – Бұлар қандай негізге сүйеніп жасалады дегенге адырна аспабының өмірге келуін мысалға келтірсек те жеткілікті. Ағашқа ішек тағып, садақ тəрізді иілген бұл құралға этнограф С. Қасимановтың “Қазақ халқының қолөнері” деген кітабында: “Керуіш – музыка аспабы, ол садаққа ұқсайды, астында жастық ағашы бар. Оның ішегі кəдімгі шуда жіп болған. Керуішті адырна деп атаған. “Əкесіне баласы керуіш үйретіпті”,– деген сөз содан қалған”, – деп анықтама берілген. Бұл жайында Қазақ Кеңес Энциклопедиясының бірінші томында да қызық деректер бар. Оны ел ішінде “Бұғы сыбызғысы”, “Бұғы шақырғыш” деп те атапты. Осындай анықтамалармен таныса келе біз əлгілерден мынадай ой түйдік. Ол – мұның қазіргі арфа тектес музыка аспабының көне түрі екендігі. Өйткені Əл-Фараби еңбектеріне жүгінсек, онда ұлы ғұлама барлық ішекті аспаптардың шығу тегі садақ адырнасына байланысты деп топшылайды. “Музыка туралы трактат” атты еңбегінде данышпан философ түркі тілдес тайпалар арасында кезінде жеті ішекті арфа болғанын, кейіннен сол ішектер саны он үшке жеткенін жазады. Ал зерттеуші Т. С. Вызгонның “Орта Азияның музыка аспаптары” деген кітабында да атал мыш дүние туралы құнды деректер тағы бар. Бұл бағытта осетин халқының СанктПетербургтегі этнография музейінде сақталған аспаптары да бізге көп ой салды. Міне, жоғарыдағы еңбектермен танысып, олардағы мəліметтерді мұқият жинап, салыстырудың нəтижесінде ұлттық музыкамыздың көне түрі адырнаны өмірге қайта əкелдік. Дəркенбайдың əңгімесін тыңдап отырғанда, оның сақпан, шартылдауық сияқты аспап түрлерін қалай қалпына келтіргені де ойға оралады. Кішкентай кезінде бұлардың ауылындағы Алдамберді деген халық шебері оларға арнап зырылдауық, зымырауық, ортеке, сақпан сияқты ойын шықтар жасап береді екен. Дəркенбай 1986 жылы Венгрияға барған сапарында Будапешт этнография музейінен өзіне бала кезден жақсы таныс сондай бір “ойыншықты” кездестіреді. Сөйтсе біздегі сақпанға ұқсас ол зат мадьяр ларда музыкалық аспап ретінде қолданылады екен. Шебер осы бағытта ізденіп жүргенінде 1987 жылы Краков қала сында басылып шыққан “Поляк халық музыка аспаптары” атты кітаптан біздің сақпанымызға ұқсаған тағы бір аспаптың фотосуретін көреді. Бұларды ой елегінен өткіз генде сақпанның музыкалық аспапқа жататынына күмəн келтіруге болмайтын еді. Дəркенбайдың эксперимент түрінде əзірленген осы дүниесін “Сазген” ансамблінің əншісі М. Ысқақова қазір ұтымды пайдаланып жүр. – Шартылдауык, сияқты музыкалық аспапты да жасауымыз қызық,– дейді шебер сөз арасында. – О, баста мал соңында жүрген бақташы кең даланы жаңғыртып əн салғанда тізгіншылбырды немесе белдікті қос қабаттап ұстап, əн ырғағына сай шартылдата дыбыс шығарып отырыпты. Ол үшін қайысты қабаттай ұстаған қолдарының ара қашықтығын үнемі өзгертіп отырған. Көнекөз қария Ерғожаев Ахметтің айтуына қарағанда мұндай дүниені оған бала кезінде бабасы Абайылда жасап берген екен. Бұл жерде: “Белдік пен тізгін-шылбыр қалайша музыка аспабы бола алады? ”– деген сұрақтың тууы мүмкін. Оған біз мына бір түжырымымыз бен пікірімізді алға тартпақшымыз. Мысалы орыс халқының фольклорлық ансамбльдеріндегі частушка орындаушылар ағаш қасықтарды кеңінен қолда натынын əркім біледі. Ал өзбектің нақша деп аталатын халық мақамымен əн айтушылары дыбыстың жан-жаққа шашырап кетпеуі үшін фарфор тарелкаларын пайдалана ды. Шартылдауық сол сияқты халқымыздың өзінің қолынан жасап алған кəдуілгі қарапайым музыка аспабы. Дəркенбайдың халық музыка аспаптарын өмірге əкелудегі жұмыс əдісін талғам таразысына салғанда одан біз мынадай ой түйеріміз анық. Ол шебердің ел арасындағы қолөнерге қатысты нəрселердің бəріне мəн бергіштігі, көнекөз

қариялардан солардың бəрін жинап-теріп жүретіндігі. Сосын оларды тек жинап қана қоймай, реті келгенде əлгілерден ой өрбітіп, бұрынғы дəстүрлер сілемін бүгінгі күннің талабына сай үйлесімділікпен үндестіретіндігі. Оған оның кезінде халық арасында кең тараған, кейін ұмыт болып, бүл күндері өзінің заңды орнын тауып, ортамызға қосылған “Ортекенің” қайта тууын айтсақ та жеткілікті. – “Ортеке” – бар тұлғасы он бөлшектеп құралып, əр бөлшегі бір-біріне жіп арқылы түйіндеп жалғастырылған таутеке бейнесіндегі ағаш қуыршақ. Оны қимылға келтіретін ағаш тақтаға бекітілген қамыстың өзегіне кигізілген ағаш таяқша. Сол жіңішке таяқшаның төменгі басына жіп байлап, жіптің екінші ұшын қамыс буынының орта тұсындағы ойықтан өткізіп алып, оң қолдың саусағына іліп домбыра тартқанда, жіп қамыстың ішіндегі өзек таяқшаны қозғайды. Жіңішке таяқша “Ортекені” бірде жоғары көтеріп бірде төмен түсіріп қимылға келтіреді. “Ортеке қозғалған сайын оның аяқтары астындағы тақтайға (оны “майдан” деп атайды) тиіп, көрерменге күй ырға ғымен тақтайды теуіп, билеп тұрғандай əсер қал дырады. “Ортекені” бала күнімізде домбырашы атамыздан көріп қызықтағанбыз. Осыған ұқсас тағы бір ойыншық туралы деректі 68 жастағы еңбек ардагері, қарт журналист Мұстафа Ысмағұловтан да алдық. Ол кісінің айтуы бойынша, Исатай батырдың ағайыны Қараұлы Боғда деген күйші қолынан əртүрлі өнер тамған кісі болыпты. Үйіне Исатай қонақ болып келгенде, Боғда қатқан тулақтың үстіне ағаштан жасалған сегіз лақты күй ырғағымен билетіп, Исатай батырдың көңілін көтерген екен. Боғданың сол күйі “Сегіз лақ” деген атпен халыққа тараған. “Сегіз лақ” күйі домбырашы Мұрат Өскенбаевтың орындауында күйтабаққа жазылған. Көргендеріміз бен естігендерімізге сүйсіне отырып, халқымыздың дəстүрлі мəдениетінің үлгілерін жаңа заманға сай жалғастыру мақсатымен “Ортекенің” бірнеше нұсқасын жасап шықтық. Олар республикалық халық музыка аспаптары музейінің қорында сақтаулы. Осы музейдің жанындағы “Сазген атты фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің күйшісі Талас Əсемқұловтың орындауында қалың жұртшылық пен шет елдерден келген қонақтар “Ортеке” биін тамашалап та жүр. “Ортекені” зерттей келе түйгеніміз: халық арасында ерте кездерде-ақ қазіргі “қуыршақ театрының” алғашқы нұсқасы болғандығы еді. Мұқият зерттеп, іздесе оның əлі де талай түрін табуға болады деп ойлаймыз. ...Біз Дəркенбаймен əр уақытта кездесіп, əңгімелесіп жүреміз. Сондай бір сəттерде шебердің өз кəсібі жайындағы ішкі ой иірімдеріне үңілуге де талпынған жайымыз бар. Халық қолөнері, оны мұрат тұтқан шеберлер дəстүрі, өнердің келешегі мен бүгінгі сабақтастығы жайындағы оның өмірден түйген тұжырымы біздің байқауымызша былай екен. Қолөнері – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық творчествосының сарқылмас қайнар көзі, халық мəдениетінің айнасы. Ол – талай дəуірлер кезеңінен өтіп, түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дəстүрлі де қастерлі өнер. Кейіпкеріміздің айтуынша əр шебердің өзі сүйетін материалы, оны өңдеуде меңгерген өз тəсілі болады. Қазақ шеберлері көп қолданатын шикізаттарға ағаш, металл, былғары, тарамыс, қайыс, жүн, ши, қамыс, киіз, тас, сүйек, мүйіз жатады екен. Ал осы материалдарды өңдеп, əртүрлі бұйымдар жасау үшін олар қолданатын тəсілдер: ою, қашау, құю, шеку, нақыш салу, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иіру, бедерлеу, тігу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дəнекерлеу жəне құрсаулау болып кете береді. Қолөнері... Адам баласының əсемдікке, нəзіктікке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап, бедерлеудің, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады ол. Бұл арқылы біз үлкен рухани эстетикалық тəлім алып, өнер əлеміне қанат қағады екенбіз. Дəркенбайдың түсінігінде ол міне осындай. Шебер өзінің творчествосында бұл ұғымды кешегі мен бүгінгі дəстүрлерді мұқият жалғастырумен үндестіріп келеді. 1981 жыл. Авторлық анықтама. Оқырмандарды Дəркембай Шоқпарұлының бұдан кейінгі өмірінен қысқаша хабардар етер болсақ былай. Кейіпкеріміз 1982 жыл Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болды. 1985 жылы ол студенттер мен жастар дың Мəскеуде өткен Бүкілдүниежүзілік ХІІ фестиваліне қатысты. Шебер 1986-1995 жылдар аралығында “Казреставрация” мекемесі мен ре-

спублика Мəдениет министрлігінде бас сарапшы
жəне Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет
училищесінде жетекші жұмыста бола жүріп, творче-
стводан қол үзбей: “Ер-тұрман”, “Ою-өрнектер түрі”

секілді əрқайсысы оншақты түрлі заттан тұратын
кешенді туындыларды өмірге əкелді. Оның сондай-ақ
республикалық “Білім жəне еңбек”, “Арай” журнал-
дары мен “Ұлан” газетінде тəуелсіз жас Қазақ елінің

жеткіншектері үшін “Мирас”, “Зергер”, “Мұра” атты
айдарлар ашып, құдіретті халық қолөнерінің қыр-
сырлары туралы 150-ге жуық танымдық мақала жаза-
тыны да міне, осы кез. Мұнымен қатар кейіпкеріміздің

қаладағы
үйсіз-күйсіз
жүрген
талантты

қазақ
жастарының басып біріктіріп, Алматының іргесіндегі
Көкшоқыдан “Шеберлер ауылын” ұйымдастыруға
мұрындық болған еңбегін де ерекше атап айтуымыз

керек. Ал одан бергі кезеңде, яғни 1996-2005 жылдар
аралығында Дəркембай Шоқпарұлы панасыз балалар
үйлеріндегі өнерге бейімі бар оншақты жеткіншекті
өз қамқорлығына алып, олар үшін Алматы облысының

Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылынан “Ше-
берлер мектебін” ашты. Осы уақыт аралығында ол
еліміз баспаларынан “Өрім”, “Халқымыздың теріден
жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы”

атты кітаптарын шығарып, Т.Жүргенов атындағы
Өнер
академиясындағы
оқытушылық

жұмысын
жалғастыруға да уақыт таба білді.
…2006
жылдың

көктемі
еді.
Мерейтойлық
күнтізбеден Дəркембай ұстаның 25 мамыр күні 60

жасқа толатынын оқып білген біз атақты шеберді
“Егемен Қазақстанда” жақсылап көрсетіп беру
үшін журналист Қорғанбек Аманжолдың мақаласын
ерте бастан əзірлеп қойғанымыз бар. Бірақ…иə, бірақ

мерейтойға үш күн уақыт қалғанда хас таланттың
қайтыс болғанын естідік. Тағдырға не шара… Əрі-
бері ақылдасқан біз редакциядағы бұдан бір ай бұрын
дайындалып қойылған даталық мақаланы газетте сол

күйінде жариялаған жөн дестік. Тек материалдың
шекесіне əуел баста қойылған “Есімі елге елеулі” деген
айдарды “Тағзым” деп өзгертуге тура келгені қандай
өкінішті болды десеңізші…

ГАГАРИНДІ

ОҚЫТҚАН

ЖАҚЫПБЕК

Бұл 1981 жылы болған оқиға еді. Ол кезде мен “Лениншіл жас” газетінде жұмыс істейтінмін. Ақпанның аязды күндерінің бірінде терезе сыртындағы қыстың қыршаңқы аязына қарап қойып, редакцияға келген оқырман хаттарына шолу жасауға кіріскенім бар. Кенет көзім көк конверт ішінен шыққан шағын парақтағы төмендегідей сөйлем жолдарына түспесі бар ма?! Онда: “... 1954 – 1960 жылдар аралығында Орынбор авиация училищесінде оқытушы болған мен осы оқу орнының түлегі, тұңғыш космонавт Юрий Алексеевич Гагаринге сабақ бергенімді қазір жиі еске аламын. Жақыпбек Ысқақов. Целиноград қаласы”, – деп жазылыпты. Хат иесі бұдан кейін өзінің облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі болып қызмет істейтінін айтқан да, одан басқа бір параққа бұрынғы əскери жұмысын айғақтайтын құжатының көшірмесін, өмірбаяндық анықтамасын тіркепті. Хаттағы: “...Юрий Алексеевич Гагаринге сабақ бергенімді қазір жиі еске аламын”, – деген сөйлем маған сол сəтте, сол мезетте бойыма ток жүгіртіп өткендей əсер етті десем артық болмас. Жалмажан: “Бұл кісімен хабарласу керек екен. Міндетті түрде барып, жолығу қажет”,– деген шешім қабылдаттыруға негіз қалағандай болды да тұрды. Мəселенің мəн-жайына қаныққан редакторым Сейдахмет Бердіқұлов идеяға шоқ үрлегендей одан əрі жанып түскенін қайтерсіз. Содан аэропортқа келейін. Самолетке мінейін. Целиноград қаласына “əйт, шүу” деп жол тартайын. ... Міне, самолет салонындамын. Маңдайшадағы бір жанып, бір өшкен неон шамдарға самарқау көз тастаған менің көңілім мүлде басқа жақта. “Оңаша адамға ой-серік”, – дегендей: “Алдағы жүздесер адамым қандай жан? Іздеп барғаныма қарай ол кісі орнынан табыла ма, жоқ па? Əгімені неден бастап, немен аяқтау керек?” – деген сауалдарға жауап іздеп, іштей сонымен алысып келемін. Бірінің артынан бірі келген осындай ойдың жетегімен хат иесін бір уақ көз алдыма əкелемін. Сөйтем де онымен іштей сырласқандай боламын. Редакцияға жолдаған өмірбаяндық мəліметке қарағанда болашақ кейіпкеріміз өмірдің ыстық-суығын бір кісідей көрген жан сияқты. Олай дейтінім, Целиноград облы сының Қорғалжын ауданындағы Тайтөбе ауылында туып-өскен ол 1940 жылға дейін сондағы бастауыш мектепте мұғалім болыпты. Содан соң Қызыл Армия қатарына əскери борышын өтеуге шақырылып, Ұлы Отан соғы сының басынан аяғына дейін қатысқан. Хат мазмұнынан бұдан кейін аңғарғанымыз, 1945 жылдан бастап Жақыпбек Ысқақовтың ұзақ уақытқа əскери қызметте қалып қойғандығы. Алдымен Мəскеудегі, одан кейін Орта Азиядағы Түркстан əскери округіне қарасты Ташкент, Ашхабад, Кушка қалаларында орналасқан əскери бөлімдерде саяси жұмыста болып, 1951 жылы Ленинградтағы М.И.Калинин атындағы жоғары əскери педагогикалық академияға оқуға жіберілген. Оны бітіріп шыққан соң, Орынбордағы авиация училищесіне оқытушы болып келген. Болашақ кейіпкеріміз жайындағы білетін деректеріміз, əзірше, осы. Былай қарағанда, қолымыздағы бұл конверт біздегі “Өшпес даңқ” клубына Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен келіп жататын жүздеген естеліктердің бірі ғана. Хат иесінің əу бастағы мақсаты – соғыс жылдарындағы өз өмірінің кейбір сəттерін бүгінгі ұрпаққа айтып жеткізу болған сияқты. Автор соны қағаз бетіне түсіріп отырып, кейінгі қызметін біздің жолға шығуымызға себепші болған жоғарыдағы сөйлеммен түйген де қойған. Қызықты, керекті тақырыпты аңғармағанау, шамасы. Əйтпесе, оны неге жазбаған? Міне, жолсапар барысындағы туған осындай ойларға ерік беріп келе жатқанымда салондағы динамиктен: “Жолаушы азаматтар! Самолет Целиноград аэропортына қонуға бет алды. Сыртта температура 28 градус аяз”, – деген сөздер естілді. *** Түн өтіп, таң да атты. *** ... Облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы институтының оқу корпусы. Біз екінші қабаттағы кең де жарық бөлме

ішінде отырмыз. Сыртта ақпан айындағы қыстың соңғы демі шыңылтыр аяз шаңытады. – Əңгімені сіздің Орынбордағы авиация училищесінде қызмет атқарған жылдарыңыздан бастасақ... Алғашқы таныстық, білістіктен кейінгі орнай қалған үнсіздіктен соң мен Жақыпбек ағайға нақ осылай деп сұрақ қойдым. – Оған дейінгі жағдайды сөз етпей-ақ қоямыз ғой шамасы, – деді бұл сұраққа сəл-пəл дағдарып қалған кейіпкеріміз. Сөйтті де: “Ə, оны мен сіздерге жолдаған хатымда баяндаған едім-ау”, – деп есіне əлденені түсіргендей жинақылана отырды. Ол кісі сөйлеп отыр. Сөз желісінен таныс, бейтаныс оқиғалар елес бергендей. Соның бірі, Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын авиация училищесіне қатысты жай дер едік. Бұл оқу орнының даңқын кім білмейді дейсіз? Бəріміз де жақсы білеміз. Білетініміз – кезінде одан Валерий Чкалов, Михаил Громов, Андрей Юмашев, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский сияқты мұзбалақтар қанаттанып шықты емес пе? Ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында Орынбор авиация училищесінің даңқы аспанға шырқады десе де болады. Өйткені, одан əр жылдары тəлім-тəрбие алып шыққан ұшқыштардың ішінен 134 адам Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атаққа ие болды. Содан соң бұл білім ордасы елуінші жылдардың басында тұңғыш космонавт Ю.А.Гагаринге есік ашты. ... Ол кезде біздің қарсы алдымызда отырған мынау аға буын өкілі Жақыпбек ағай 32 жаста еді. Оның мұнда оқытушы болып келгеніне үш жылдай уақыт болған. – Енді сол жерден болашақ космонавты менің алғаш рет қалай көргенімді айтайын, – деді жоғарыдағы əңгімеден кейін сəл-пəл үзіліс жасаған Жақыпбек ағай: – Кезінде патшалық Ресей армиясы артиллеристерінің оқу үйі болған бес қабатты осы ғимаратта 1955 жылдың желтоқсанында жаңадан қабылданған жігіттерді іріктеу жұмысы жүріп жатты. – Бір адам мұнда келсін, – деп хабарлады кезекші офицер оқытушылардан алыстау тұрған жауынгерлерге. Біздің алдымызға қағылез жігіт келіп, əскери тəртіппен сəлем берді. – Жасыңыз? – Жиырма бірдемін, жолдас полковник! – Училищеге келгенге дейінгі өмір жолыңыз? – Мектеп партасы, кəсіптік-техникалық училище. Содан соң... аэроклуб. – Аты-жөніңіз? – Гагарин Юрий. – Ертедегі сенат мүшелерінің бірі, граф Гагаринмен фамилиялас болып шықтыңыз ба, қалай? – деді осы мезетте манадан бері үнсіз отырған училище директоры қуақылана жымиып. Ол кісінің ерекше бір қасиеті – курсанттармен танысу үстінде олардың аты-жөнін жаңағыдай əзіл-қалжың арқылы есіне ұмытпастай етіп ұстап қалатындығы еді. – Ұқсастық шығар. Атам, атамның атасы қара шаруалар. Естуімше, жұрт оларды деревнядан əрі аттап баспай, балташылықпен айналысқан шеберлер деседі. Сол қасиет əкейге де жұққан. Ол кісі ағаш түрлерін тақтайдың жаңқасы мен үгіндісінің иісінен-ақ таниды екен. – Қалжың ғой, жолдас курсант, қалжың. Жай айтамын. Келесі сұраққа жауап беріңіз. Міне, мен оны – болашақ космонавт Юрий Алексеевич Гагаринді алғаш осылай көрдім, осылай таныдым. Курсанттың аты-жөні, түр-тұлғасы училищеге қабылданар сəттегі жоғарыдағыдай əзілден кейін есімде мықтап қалып қойды. – Косманавтың Орынбор авиация училищесі қабырғасында өткен жылдары жайлы не айтар едіңіз? – Уақыт шіркін заулап өткенімен ол адамның өзі куəгер болған жайларын санадан жойып жібере алмайды ғой, – деді Жақыпбек аға бұл сұраққа да ойлана тіл қатып. – Юраны мен сол кездері өз қатарынан оқшау тұрған жан еді деп айта алмаймын. Өйткені, училище курсанттарының бəрі бір-біріне өте ұқсас, бірінің қимылын екіншісі толықтырып тұратын. Бəрі де əуеге көтерілуді, ұшуды, күміс қанат лайнерді тезірек тізгіндеуді армандайтын, көк зеңгір аспанды ерекше сүйетін. Бір сөзбен айтқанда энтузиазм дегеніміз оларға ортақ болатын. Дегенмен, мына бір жайлар есімде: оның түріне қарасаң əлжуаздау ғана бозбала сияқты еді. Алайда, бойындағы күш-қуаты, төзімділігі əріптестерінен асып түсетін. Əскери қызмет пен авиациялық оқу Гагаринге аса қиын соққан жоқ. Гимнастерка мен шинельді өте таза ұстайтын. Өйткені ол талай жылдар бойы жатақханада тұрып, əскери тəртіп болмаса

да белгілі бір ережемен күн кешкен-ді. Сондықтан курсант
Гагарин үшін солдаттық өмір, взвод коллективі, сапқа тұрып
рапорт беру, жорық əндері, тіпті таңертеңгілік “тұрыңдар” де-
ген кезекшінің қатқыл үні де жат емес-ті. Дене шынықтыру,

бөлмені жинастыру, казармадан асханаға барардағы қағида,
бəрі-бəрі оған ұнайтын.
... 1956 жылдың 8 қаңтары Орынбор авиация учили-
щесіндегі жас курсантар үшін, оның ішінде Гагарин үшін де

ұмытылмас сəтке айналды. Бұл күні Юра алғашқылардың
қатарында салтанатты жағдайда Отанға, халқына адал
болуға əскери ант берді. Училищеде оқып жүрген кезінде ол
бірде-бір рет тəртіп бұзып көрген емес. Барлық пəндер бой-

ынша өте жақсы оқыды. Алғашқы оқу жылынан кейін-ақ
əскери басшылық Юрий Гагаринге сержант атағын беріп, оқу
бөлімшесінің командирі етіп тағайындады. Ол теориялық
пəндерді ерекше сүйетін. Реактивті самолеттерде əскери

ұшқыш өнерін тез меңгеріп, алғашқылардың бірі болып өз
бетімен ұшуға рұқсат алды.
Училище əскери басшылығының оған офицерлік атақ
беруі туралы жазған мінездемесінде, оның бойындағы ұш-

қышқа қажет қасиеттер мен білімі, ұлы Отанына деген
сүйіспеншілігі атап көрсетілді. Ал Юрий Алексеевич Гага рин
содан кейін төрт жыл өткен соң тұңғыш космонавт атанып,
өзін барша əлемге паш еткенде ұстаздары шексіз қуанышқа

бөленді. Бірақ таңданған жоқ. Өйткені бұл солай болатын
жəне солай болуға тиіс заңдылық еді.

– Өз шəкіртіңіздің ғарышқа самғағанын қашан, қалай

естідіңіз?

– Орынбор авиация училищесіне сабақ берген жеті жылға

жуық уақыттан кейін мен Сызрань қаласындағы вертолет
ұшқыштарын даярлайтын училищеге ауысты рылдым. 1961
жылдың сəуір айындағы көктем күндерінің бірі болатын. Ой-
ымда ештеңе жоқ, қалыптасып қалған əдетпен таңертеңгілік

соңғы хабарды тыңдау үшін радио қабылдағыш құлағын бұрап
қалдым. Байқаймын, маңызды хабар беріліп жатқан сияқты.
Дыбыс күшейткіш тетікті одан əрмен бұрай түсіп, тыңдай
қалдым. Одан сол мезетте:“ Восток” космос кораблінің бор-

тында Кеңестік Социа листік Республикалар Одағының аза-
маты, авиация майоры Юрий Алексеевич Гагарин”, – деген
сөздер естілді.

– Космос кораблі несі? Бұл қай Гагарин? – деймін іштей: –

Шынымен сол ма? Сол болса ол лейтенант еді ғой?...
Таңертеңгілік жаңалықтардың соңын ала тыңдағаныма
өкінген мен енді оның екінші рет берілетін уақытын асыға
күттім. Тура екі сағат өткен соң қабырғадағы қара қобди тағы

да саңқылдай жөнелді. Сонда ғана барып бəрін түсінгендей
болдым. Көңілге ұялаған күдіктен де ештеңе қалған жоқ. Неге
дейсіз ғой?
Космос кораблі деп хабарланған сөз қазір біздің қай-

қайсымызға болсын етене таныс ұғым ғарыш кемелері де,
ондағы адам космонавтың эфирдегі қысқаша өмірбаянында
аталып өткен – 1955-1958 жылдары Орынбор авиация учи-
лищесінде оқыған өзіміздің бір кездегі Юра болып шықты.

Майор атағын ол ұшу сапарының алдында ғана алған екен.
... Айтылар əңгіме айтылып болған сияқты. Біз бір сəтке
үнсіз қалдық. Жақыпбек ағай маған барлай қарады да өз
жұмысына кірісіп кеткендей болды. Алдымен əлде бір

қағаздарды зер сала қарап шығып, содан соң телефонға қол
созды. Одан кейін кафедрадағы қызметкерлеріне тапсырма-
лар бере бастады. Осылайша жұмысқа қалай кірісіп кеткенін
өзі де байқамай қалды. Ол кісі үшін өткен күндер мен бүгінгі

күнделікті істер кезінде солай болған, солай болуға тиіс
қарапайым ғана еңбек ырғағы сияқты. Өйткені аға ұрпақ өкілі
бəріне салқынқандылықпен, салиқалықпен қарайтындай.
Тіршілік, өмір ағыны дегеніміз осы болар, сірə.

... Тағы да аэропорт. Тағы да самолет іші... Алматыға
қайтып келемін. Былай алып қарағанда əу бастағы алып
ұшқан көңіл енді орныққан сияқты. Өйткені іздеген адамым-
ды таптым, онымен жолықтым, əңгімелестім. Əй, бірақ ой

шіркін аяқталмайды екен. Енді, міне мені басқа бір нəрсе ма-
залайтын сияқты. Ол мынау еді.
Біз көп ретте өзімізбен қатар жүрген, өз дəуірімізде өмір
сүрген кейбір тағдыры қызық жандардың көңіл түкпіріне,

өмір иірімдеріне мəн бере бермейтін тəріздіміз. Тарих, оның
беттері жоғарыдағыдай адамдардың жұмыс барысындағы бір
сəттік оқиғасынан шағын сөйлем болып жазылмай ма? Олар
келе-келе сол тарих оқулығын құрайтыны анық. Соның бірі

өзіміз жоғарыда əңгіме еткен Жақыпбек ағайдың тұңғыш
космонавт Ю.А.Гагарин жайында айтқан ешбір əсірелеусіз
қарапайым естелігі. Бұл бір ғана адамның өмір жолы-
нан алынған жайлар. Ал мұндай тағдырлар бізде қаншама

десеңізші...
1981 жыл.

Авторлық анықтама. Содан бергі арада 17 жыл
өтіпті. Уақыт қандай жүйрік десеңізші шір кін!
Бұл кезеңде Қазақстан тəуелсіз ел атанды. Респуб-
ликамыздың астанасы Алматыдан Ақмолаға көшті.

Осы жолдардың авторының өмірінде де өзгерістер
болғаны анық. Ол Алатау етегіндегі елден Арқа
жеріне келіп, “Ақмола ақшамы” газетіне жұмысын
ауыстырып жатқан кезде “Хабар” агенттігінен (1998

жыл.11 сəуір, кешкі сағат 21.15) тұңғыш ғарышкер
Ю.А.Гагаринге сабақ берген ақмолалық Ж.Ысқақов ту-
ралы сюжет беріліп жатты. Мақала авторы бұдан
өзінің кейіпкерінің тірі екенін біліп, сау-сəлемет жүріп

жатқанына қуанды. Сөйтті де..., оның бұрынғы Монин
көшесіндегі өзі білетін пəтеріне баруға аттанды.

ДҮЛЕЙ

МҰХИТ.

ҚАМЫС

ҚАЙЫҚ.

АДАМДАР

– Алдағы жасақталып жатқан экспедицияңызға неге сізге бізден бір адам алмасқа? Норвег ғалымы Тур Хейердалдың Совет Одағына келген арнайы сапарындағы кездесуде СССР Ғылым академиясының сол кездегі президенті М. В. Келдыштың оған осылай деп сұрақ қойғаны бар. Бұл бір кездегі “Кон-Тики” бөрене салымен Перудан Туамотаға дейінгі мұхит аралығын 101 күн ішінде жүзіп өткен жиһангер теңізшінің енді “РА” жорығына əзірленіп жатқан кезі еді. Өзіне шексіз даңқ сыйлаған 1947 жылғы оқиғадан кейін ол тағы бір жанкешті іске бел буды. Ондағы мақсат – əр үлт өкілдерінен жасақталған интернационалдық экипаждың Солтүстік Африкадан Оңтүстік Америкаға дейінгі жүзу барысында кездесетін қиындықтарға қалай шыдайтынын байқау əрі ежелгі дəуір теңізшілерінің қарапайым көлігі – қамыс қайықтың төзімділігін сынау, мұхит жағалауларындағы археологиялықэтнографиялық ескерткіштерді зерттеу болатын. Академик М. В. Келдышпен арадағы ауызекі əңгімеде айтылған жоғарыдағы пікір Тур Хейердалға ой салмай қойған жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының жалауымен жүзетін “РА” экспедициясының экипажын жинақтау барысында ол бұған жеті адам керек деп тапты да, соның бірін Совет Одағынан алатынын хабарлап, СССР Ғылым академиясына хат жолдады. Осы орайда айта кетер бір қызықты жайт бар. Ол – қамыс қайық капитанының болашақ сапарға қатысушы əріптестерін іріктеу барысында əлгілердің əрқайсысының атқарар міндеттеріне сəйкес қабілетіне ерекше назар аударғандығы. Оны Ғылым академиясынан СССР Денсаулық сақтау министрлігіне келіп түскен жоғарыдағы хаттағы: “Бұрын экспедицияға қатысып жүрген, денсаулығы мықты, өзі ағылшын тілін жетік білетін, əзіл-қалжыңға шебер, ақ жарқын адам керек. Мамандығы дəрігер болсын”, – деген талаптарынан анық байқаймыз. Көп кешікпей ондай адам табылды да. Кім дейсіз ғой? Ол соның алдында ғана Антарктидадағы ғылыми-зерттеу станцияларының бірінен оралған жас дəрігер Юрий Александрович Сенкевич еді. Бұл есімді 1969 жылға дейін көп ешкім біле қоймаса, содан бергі кезеңдерде ол бізге “РА-1”, “РА-2” жəне “Тигрис” қамыс қайықтарымен саяхат жасаушы халықаралық экипаждың тұрақты мүшесі, “РА”-мен Атлант мұхиты арқылы” атты қызғылықты кітаптың авторы, Орталық телевизиядағы “Орбита” программасының “Киносаяхатшылар клубын” жүргізетін комментатор ретінде жақсы таныс. Юрий Александрович Сенкевич 1981 жылдың январында астанамыз Алматыда болып қайтты. Ғалым дəрі гердің мұнда келген басты жұмысы – совет альпинистерінің 1982 жылдың көктемінде Гималайдағы Эверест шыңына жасайтын жорығының алғашқы əзірліктеріне қатысу. Өйткені ол альпинистерге медициналық көмек көрсетуші топқа кіретін үміткер. ...Тұңғиық мүхит төсіне бір емес, үш рет саяхат жасаған жанмен біздің арадағы əңгімеміз “Медеу” қонақ үйінде басталды. – XX ғасырдағы теңізшілер тарихына үңілсек, Юрий Александрович, олардан біз “РА” жəне “Тигрис тен” басқа да “Колумбтар” саяхатына куəгер болар едік. Бұлардан сіздердің экспедицияларыңыздың қандай айыр ма шы лығы болды жəне алға қойған мақсаттарыңыз не еді? – Мұны түсіндіру үшін сіз бен біз өзімізді кітапха надағы газет тігінділерін ақтарып отырған жандардай сезінейік те, ондағы əр жылдары шыққан мынадай хабарларға көз жүгіртейік. “Қарт теңізші Френсис Чичестер жасының ұлғаюына қарамастан “Цыган – Мотылек” атты резеңке қайықпен жер шарын айналып шығуға бел байлады. Қазір ол мұхит толқындары мен арпалысқан жол үстінде”. (“Вокруг света”, № 5, 1973 ж.) “Доктор Альен Бомбар осыдан он бір ай бұрын бастаған Ат лант мұхиты үстіндегі жорығын таяуда аяқтайды. Бұл “мұхит арыстаны” Африкадан Америкаға дейінгі аралықты жалғыз өзі жүзіп өтіп келе жатқан біздің заманымыздағы бірден-бір саяхатшы”. (“Комсомольская правда” 23 июнь, 1976 ж.) Басқаны былай қойғанда осы екі мысалдың өзінен біз нені байқар едік? Байқайтынымыз сол ол – XX ғасыр “Колумб-

тары ның” қай-қайсысы болса да өздерінің жасаған саяхаттарында ондағы кездесетін күтпеген қиындықтарға, үрейге, аштық пен шөлге, табиғаттың дүлей күшіне адам баласының қалай шыдайтынын дəлелдеуге ұмтылу. Бұл энтузиастардың алдарына қойған мақсаттары бір есептен орындалған да сияқты. Өйткені, мұхит төсіндегі жеке-жеке жүзу барысында Ф. Чичестер де, А. Бомбар да белгіленген қашықтықтағы қиындықтардың бəрін жеңіп шықты емес пе?! Ал өздеріңізге аты белгілі “РА” жəне “Тигрис” қамыс қайықтарындағы коллективтік сапарға келетін болсақ, оның негізгі мақсаты ғылымның кейбір салаларындағы проблемаларды комплексті түрде зерттеу болды. Мəселен, география мамандары арасында мынандай болжам бар. Ол – ерте дəуір теңізшілері Христофор Колумбқа дейін де Африкадан Америкаға, Америкадан Европаға саяхат жасап, əлемдік цивилизацияның дамуына алғышарттар жасаған деген пікір. Бұдан навигация саласында: “Сонда ондай теңізшілер мұхит суын қандай көлікпен, қандай кемемен жүзіп өткен?” деген сұрақтың туары да сөзсіз. Оған қазіргі заманғы зерттелуге тиіс əр ұлт өкілдерінен құралған экипаждың табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұрудағы коллективтік əрекеті, психологиясы, мұхиттану ғылымындағы теңіз суларының ластану себептерін, метеорологиядағы ауа райы құбылыстарын салыстыру сияқты қадау-қадау тақырыптардың қосылары анық. “РА-1” мен “РА-2” экспедицияларының алға қойған мақсаты, міне, осы болды. Ал қорытындысы ше? Оны мына бір диалогпен жеткізгеніміз жөн ғой деймін. Сонда бəрі де түсінікті болмақ. ...Солтүстік Африкадан Оңтүстік Америкаға дейінгі мұхит үстіндегі он айлық сапар аяқталуға жақындап келе жат ты. Соңғы аялдама Барбадос портына таяп қалғаны мыз да, Тур Хейердал экипаж мүшелерін өзіне шақырды. Біз бəріміз сапқа тұрдық. Желкен діңгегіндегі Біріккен Ұлт тар Ұйымының жалауы желбіреген қайықтың тұмсы ғын да тұрған ол көздерінен ұшқын ата бізге былай деп сұрақ қойды. – Қамыс қайық “РА” шынымен мұхит көлігіне жарай ма екен? Осыған жауап беріңдерші. – Иə, – дедік біз бір ауыздан. Сөйттік те оның 2700 миль қашықтыққа сыр бермей шыдағанын мақтанышпен еске алдық. – Ертедегі ата-бабаларымыз осындай көлікпен Колумбтан бұрын да алыс жолға жүре алған ба? – Иə,– дедік біз тағы да. – Жүргенде қандай?! Бұлай деуімізге мұхит жағалауындағы аралдардан, архипелагтардан біздің ерте дəуір теңізшілерінің ізін танытатын белгілерді тапқанымыз жəне өзіміз мінген қамыс қайықтың қандай да болмасын дауылдарға төтеп беретініне деген берік сенімділігіміз еді. – “РА” бортындағы жеті ұлттың өкілі осы саяхат барысында өзара бірлескен туысқандық, достық жағдайда жұмыс істеудің үлгісін көрсете алды ма? – Иə, интернационалдық экипаж өзінің өміршеңдігін толық дəлелдеп берді! – дедік бəріміз соңғы сұраққа да жігерлі, салтанатты үнмен тіл қатып. Бұл ретте біздің көз алдымызға жетеуміздің арамыздағы өткен 305 күн ішіндегі достық, сыйластық, адамгершілік, терең түсінушілік сияқты асыл қасиеттердің жарқын мысалдары келген болатын. “РА-І” мен “РА-2” экспедицияларындағы коллективтік жұмыстың мақсатын, нəтижесін қарапайым түрдегі танымдық ұғыммен түсіндірер болсақ, ол, міне, осындай. – Сіздердің соңғы жорықтарыңыз “Тигристегі” алға қойған міндеттеріңіз де жоғарыдағы мəселелерді ежелгі шумер цивилизациясына орай дамытьш, жетілдіре түсу болғандығын біз жақсы білеміз. Алайда, бұл саяхат алдыңғы екі экспедицияға қарағанда тым ауыр əрі қиын болған сияқты. Оған не себеп? – Оған себеп болған нəрсе – біреу. Ол – соңғы он жылдықта белең алған Таяу Шығыстағы агрессиялық қатерлі жанжалдың құрлық үстіндегі ғана емес, со ны мен қатар су беті – мұхитқа да мазасыздық туғызуы. Неге дейсіз ғой? Табиғаттың дүлей күштерінің қандайымен болса да біздер, адамдар, онымен “түсінісе” алатын сияқтымыз. Оған алдыңғы екі саяхат – “РА-І”, “РА-2” экспедиция ларындағы “Одиссея оқиғалары” куə. Өйткені экипаж мүшелері ондағы дауылды, су тасқынын, қайықтың қирауын, бағыттан жаңылуды бəрінбəрін де жеңіп шықты емес пе? Табиғат тарапынан келер ондай қиындықтардың Үнді мұхитында да болатынын біз ескергенбіз. Бірақ, біз күткен, біз ойлаған қауіп мүлдем басқа жақтан келді. Ол – агрес сияшыл державалардың əлсіз мемлекеттердің қарамағындағы мұхит жағалауларына орналастырған əскери соғыс базалары мен су үстіндегі армадаларының бізге деген алакөздігі.

Мұны біз Бахрейн эмираты мен Оман сұлтандығында анық байқадық. Алты мың шақырымдық су жолында бізді ерекше мазасыздандырған мұхиттың тентек мінезі емес, агрессияшыл пиғылдағы отаршыл мемлекет əскерлерінің қыр көрсетуі болды. Бұрынғы “РА” сапарларында айналамызда шексіз-шетсіз мұхит суынан басқа ештеңе жоқ болса, ал Үнді мұхитында мүлдем олай емес. Айнала жүйткіген əскери соғыс теңіз кемелері... Олардың мұздай қару құрсанған кейпі тынысыңды тарылтқандай. Бахрейн, Оман елдерін басып өткен жолдарда міне біз осындай қиындықтарға кезіктік. Ал Пəкстан жағалауына жақындағанымызда олар бізді қабылдағысы келмейтінін мəлімдеді. Не істеу керек? Рация арқылы жан-жақтан көмек сұрадық. Бір күннен кейін тəуелсіздік алғанына көп уақыт бола қоймаған Джибути республикасы “Тигрис” экипажын өз портына қабылдайтынын айтты. Дегенмен біз бұл саяхатымызда өзіміздің зерттеп жүрген объектімізге қатысты жайлардан көптеген мағлұмат жинай білдік. Соның бірі – адамдар психологиясының қиын жағдайдағы сыннан өтуі болса, екіншісі осыдан бес мың жыл бұрынғы қос өзен аралығы – Евфрат, Тигр елдері мен Үнді, Египетте үлкен əрі маңызды теңіз сауда керуенінің тұрақты түрде қызмет еткендігі. Мұның өзі – ерте дəуірде мұхит жағалауындағы қай елдерде де болмасын навигация саласының күшті дамығандығын көрсетеді. Джибути республикасына келген соң, команда жетекшісі Тур Хейердал өзінің ойын бəріміздің ортамызға жайып салды. Ол – Таяу Шығыстағы агрессияның, арандатушы лықтың, басқыншылықтың өршуіне наразылық ретінде Бірік кен Ұлттар Ұйымының Бас секретары Курт Вальд хаимға хат жолдап, бейбіт кеме “Тигристі” өртеу туралы шешім еді. “Біз бүгін өзіміздің тəкаппар қайығымызды 1978 жылғы жер бетіндегі адамдардың аз ғана бөлігінің қолымен жасалған айуандықтарына наразылық ретінде өртемек шіміз, – делінді аталмыш хатта: – Өйткені “Тигрис” экипажы əлемдегі ең дамыған елдердің əскери самолеттері мен корабльдерінің қысымымен Қызыл теңізге кіре берісте амалсыз тоқтауға мəжбүр болды. Біз барлық индустриялы елдердің қарапайым азамат тарын күн сайынғы жаңалықтарға тақырып болып жарқылдап жататын кейбір қауіпті ойларға еліктемеуге шақырамыз. Себебі, адам қабілеті дамыған заманның өзінде цивилизациялы елдердің қолымен дүниеге келген қауіпті құралдар əлсіз мемлекеттерді қырып-жойьш жатыр. Біз осыған түсінбейміз, осыған келіспейміз”. Міне, көріп отырсыздар “Тигристі” өртеу əлемдегі соғыс өртін тұтандырушыларды айыптайтын наразылық факелі болып табылатын. Бұл өзі солай болды да. – жылдың кектемінде совет альпинистері Гималайдағы Эверест шыңына шабуыл жасамақ... Сонда осы экспедициядағы сіз арқалайтын жауапкершілік жүгі қандай? – Адам дегеніңіз қызық. Қай кезде, қай уақытта болсын олардың қиындыққа қарсы əрекет етіп жүргені. Соның бірі – өзіміз сөз етпек болып отырған Гималай жорығы. Қазір біз осы топтың құрамында Алматы маңында жаттығу өткізіп жүрміз. Мен мұнда экспедицияның медициналық жəне биологиялық зерттеу объектісіне басшылық жасамақпын. Оған қазір Москвадағы академик О.Г.Газенко жетекшілік ететін ғылымизерттеу институтының мамандары да тартылған. ...Менің өзімді Эверестке шығайын деп жүр екен деушілер қателеседі. Біздің қазіргі мақсатымыз, 1982 жылғы болатын жорыққа лайықты деген 12 адамды бүгінгі 26 үміткердің ішінен таңдап алуға көмектесу. Əрине, Эверестке дəрігер мамандығы бар альпинистің шығу-шықпауы жайлы мəселе əлі шешілген жоқ. Егер олай бола қалған жағдайда бұдан менің бас тартпасым анық. Ал қазіргі мақсат – альпинистерге деген жедел медициналық көмектің тиімді тəсілдерін игеру, жоғары калориялы тамақ рационын əзірлеу, дəрі-дəрмек рецептін таңдап бекітіп, зерттеу. – Сіздің негізгі мамандығыңыз дəрігер. Соған қарамастан түрлі экспедицияға жиі қатысып жүрсіз. Ал оған Орталық телевизиядағы “Киносаяхаттар клубын” қосалық. Міне, осылардың бəрі сіздің өзіңізді бір ғана саладағы тамаша қырыңыздан көрінуге кедергі жасап жүрген жоқ па? – Шынында да, мүндай өз-өзіңді “қырық пышақ” қып бөлу кейбір істің нəтижесіне əсерін тигізбей қоймайды. Бірақ амал не, бəрі керек сияқты. Мен жоғарыдағы сая хаттардың барлығына тек дəрігер ретінде қатыс тым. Ал “Киносаяхат тар клубы” болса, бұл да саяхат, шынымды айтсам, бұл менің екінші мамандығым болып алды. Ешқайсысын қия алмаймын, бəрі қымбат. Міне, сондықтан жоғарыдағы сұраққа жауап іздеуге тырыспаймын да.

– Ақыр сөз қозғадық қой, осы Орталық телевизиядағы өзіңіз жүргізетін хабар қалай даярланады? – “Киносаяхаттар клубының” апта сайын берілетін бір сағаттық хабарын даярлау ол – коллективті жұмыс. Бұл іске қатардағы операторлардан бастап ғалымдар, шетелдік тележурналистерге дейін тартылады. Ал маған артылар жауапкершілік жүгі – қызықты тақырып табу. Мысалы, мен қазір Эверестке шығуға дайындалып жатқан альпинистер жайлы хабар даярлап жүрмін. – Осы “Киносаяхаттар клубының” бір-бір хабарын неге одақтас республикаларға арнап отырмасқа? – Бұл идея бізде де болған кезінде. Бірақ ондай хабарлардың соншалықты сəтті шығатынына, уақытымен ұйымдастырылатынына күмəніміз болды. Өйткені бір сағатта бір республиканың тыныс-тіршілігі, ежелгі тарихи ескерткіш орындары, табиғат таңғажайыптары жайлы қамтып айтып беру мүмкін емес. Сондықтан да біз əр хабар барысында Отанымыздың кез-келген нүктесінен мүмкін болған бір сюжетті ғана алып əңгімелеп отыруды жөн көрдік. – Сіздің Тур Хейердал жетекшілік еткен халықаралық интернационалдық экспедицияға қалай қосылғаныңызды кітабыңыздан білеміз... – Менің оған алып-қосарым жоқ. – Тур Хейердалдың мақсаты белгілі. Ал бұл сапарға сізді жетелеген не? – Əрине, аталмыш саяхаттар барысында менің де өз мақсатым болды. Оны жоғарыда ептеп айтып кеттім. Бұл өз алдына. Ал ең бастысы, саяхатқа шығу дегеннің өзі адамға бақыт емес пе?! Прежевальский айтқан ғой: “Өмір саяхатқа шығуға болатындығымен-ақ тамаша емес пе!” – деп. Шынында, саяхатқа шығу, ел көру – баға жетпес бақыт. Ал ондай саяхаттың мақсаты болса, тіпті керемет. – Тур Хейердал сіз үшін кім? – Оны əкем дейін бе, ағам дейін бе, екі туыстықтың қайсысы тура келерін таңдай алмай-ақ қойдым. Бұған беретін жауабым – əйтеуір осы екі жақындықтың бірінің аясына сиятыны анық. Бұл адам – білімі ұшан-теңіз, ойы дариядай, түсінігі теңіздей, өмірге көзқарасының көкжиегі тым кең, бір сөзбен айтқанда, ғажайып жан. Оның ғылыми алымдылығын былай қойғанда, қарапайымдылығы, адамды бағалай білетін үлкен жүректі қасиеті, досқа адалдығы, көрген, білген жанды тебірентпеуі мүмкін емес. Ол өзінің əр қадамымен табиғаттың тылсымдарын ғана ашып жүрген жоқ, сонымен бірге адамдардың көңіл көкжиегін де кеңейтіп жүр. – Сіз біздің дəуіріміздің жетпісінші-сексенінші жылдарын дағы қандай кемшілікке төзбестік білдіріп, көңілім толмайды деп ойлайсыз? – Əрине, ең алдымен планетамыздың ластануына. Əдетте əркім өзінің атқарған ісінен əрі көзін ашып қарамайды да, осының кесірінен бізді қоршаған орта (су, орман, ауа, дала) күннен күнге ластана (өндіріс қалдықтарынан, түтіннен, газдан, т. б.) түсуде. Ал сайып келгенде содан зиян шегетін кімдер? Өзіміз, адамдар. Əрине, ең бастысы əлемде бейбітшіліктің болғаны керек. Бұл күндері қарасаң, бар жерде тұлымшағы желбіреп жүрген бүлдіршіндер. Олардың ертеңін бұлт баспасын. Бұл – бүкіл прогресшіл адамзаттың тілегі. Мен де сол мыңдардың бірімін. Олай болса, маған да бейбітшілік қажет. Оған жеткізетін адамдардың достығы. Мен қатысқан Тур Хейердал экспедициясының бір мақсаты кезінде осы болған. Біз əр елдің, əр ұлттың өкіліміз, бірақ бірге туғандай доспыз! – Юрий Александрович, сіз “РА”-мен Атлант мұхиты арқылы” деген кітабыңызда Тур Хейердалдың зайыбы Ивонның сіздерге жолығар қауіп-қатерді ойлап көзіне жас алғанын жазасыз. Ал өзіңіз осындай əрбір сапарға аттанарда семьяңызды, жақын адамдарыңызды қалай жұбатасыз? – “Аман-есен оралуға тырысамын!” – деген уəдемен. – Сіз қатысқан саяхаттардың серуен емес екені белгілі. Осындай ауыр сындарға қайыспай шыдау үшін арнайы даярлық қажет болар. Спортқа қатысыңыз қандай? – Əрине, даярлық қажет-ақ. Əсіресе дене күшінің жеткілікті болғаны керек дер едім мен. Бірақ мұнда спортшы болу міндет емес. Бұл қиындықтарға шыдау үшін ортанқол физкультурашы болу жеткілікті. Кезінде əр түрлі спорт түрімен (күрес, коньки, баскетбол, тау шаңғысы) шұғылданып көрсем де, мен ешқашан спортшы болуға ұмтылған емеспін. Мен – еліміздегі миллиондаған физкультурашының бірімін. – Саяхаттан, қызметтен қол босағанда немен шұғылданасыз? – Ондай кез... əй, жоқ-ау. Бола қалса, кітап оқимын,

жазамын. Əттең уақытым көп болса жазар едім. “Мені жаз”, “мені жаз”,– деп кеудемді түрткілеп жүрген тақырыптар көп-ақ! Соларды көпшілікке айтқым келеді. – Əңгімеңізге көп-көп рахмет. – Рахметті жүздеген мың оқырмандары бар газеттің атынан маған арнайы келіп отырған сіздерге, газет редакциясына менің айтқаным жөн болар. Мүмкін болса жастар газетінің оқырмандарына өз тілегімді қағазға түсіріп берсем. Сіздер жеткізесіздер ғой, ə?! – Əрине! Жазба дəптерінен бір парақты суырып алған Юрий Александрович өз тілегін жазды да астына қолтаңбасын қойып, тағы бірер сызықтарды шимақтады. Алғаш түсіне қоймағанмен, қолымызға алған соң бұл сызықтардың Тур Хейердал құраған топтың жүзген қамыс қайықтарының (РА) сұлбасы екендігін таныдық. Қазақ көрермен, оқырмандары үшін таныс-бейтаныс бұл кейіпкердің мұншама жылы көңіліне ризалығымызды білдірген біз Алатау баурайындағы “Медеу” қонақ үйінен тиесілі құрметімен аттанған қонақтардай көңілді шықтық. 1982 жыл Авторлық анықтама. Юрий Александрович Сенкевич 1982 жылдан кейін де Қазақстанға бірнеше рет келіп қайтты. Бұл оның бұрынғы “Орталық”, қазіргі “ОРТ” жəне “Россия” телеарналарындағы өзі тұрақты жүргізетін “Киносаяхаттар клубына” қатысты творчестволық іссапарлар еді. Осы хабарлары үшін есімі Гиннестің рекордтар кітабына кіріп, əлемнің 65 еліне табаны тиген қажымас күш-қайрат, ерекше қабылет иесі ол 2003 жылдың 25 қыркүйегінде Мəскеу қаласында дүниеден өтті. КАСКАДЕР

“Кинодағы қиын əдістер мен күрделі қимыл-əрекеттерді орындайтын мамандық иелері жайлы жазсаңыздар екен”,– деп басталатын оқушы хатын оқығанда, біздің ойымызға ең алдымен мынадай жайлардың оралғаны бар. Оның біріншісі – каскадер, оны кім қалай түсінеді деген сұраққа жауап іздеу де, екіншісі – туған топырағымызда, яғни біздің ұлттық кино өнерімізде өзі сондай мамандықты игерген, онымен шұғылданып жүрген жан бар ма деген əңгіменің басын ашып алу. Ал үшіншісі... иə, үшіншісі – жоғарыдағы жайларға əбден көз жеткізіп алған соң каскадерлердің қыр-сырына жете үңіліп, оның техникалық орындалу ерекшеліктеріне, бүгіні мен болашағына, проблемаларына кеңінен тоқталу. Міне, сонда ғана біз өзіміз əңгімелемек болып отырған тақырыбымызды толық игере алатын сияқтымыз. Олай болса, ең алдымен: “Каскадер... Оны кім қалай түсінеді?”– деген сұраққа жауап беріп көрелік. Бұл күнде “фильм” деген сөз “кітап” ұғымымен қатар аталып, ал “кино”– əдебиет жəне театрмен қоса бағаланатыны өздеріңізге жақсы мəлім. “Оныншы муза” атауына ие болған сол киноның қандай да болмасын бір детективтік туындыларына қарамаңыз, сіз одан адам таңғаларлық асау толқындарда арпалысып жүріп аман қалған, аузымен құс тістеген арғымақтарда тізгін ұшымен шауып келе жатып омақаса құлап қайта тұрған, құз-қия жақпартастардан шыңырауға ұшқан немесе қалқанына қауырсын құйрық жебелер кіршкірш қадалған жандарды көріп, жағаңызды ұстарыңыз анық. “Сонда бұл не?– дейсіз іштей.– Елес пе, жоқ əлде, шынымен солай орындалған нақты əрекет пе?” Иə, нақты əрекет. “Онда мұндай жүрек жұтқан тіршілікке барып жүрген кімдер?” Каскадерлер. Каскадер, каскадерлік мамандықтың бір қыры дегеніміз осы. Ол біздің табиғи түсінігімізде, қарапайым ұғымымызда ə дегеннен осындай жарқ-жұрқ еткен көріністерден бастау алады да, детективтік фильмдегі атқаратын функциясына келгенде тіптен түрленіп сала береді. Мəселен, бұл мамандықпен шұғылданып жүрген жан киноның шым-шытырық оқиғаларындағы іс-əрекетті орындаушы ғана емес, сонымен бірге ондағы сюжетті одан əрі дамытушы, реті келгенде толықтырушы, өзіндік ойы мен қиялы бар өнер иесі. Бірақ оның жасаған қимыл-қозғалысы фильм мазмұнынан алшақ кетпеуі тиіс, бəрі бір салада тоғысып жатуы қажет. Сонан соңғы сөз орайында айта кетер тағы бір жай, каскадер – тар ауқымдағы мамандықтың адамы емес. Олар көп нəрседен хабары бар, көп саланы меңгерген, эпизодтық рольдердің ретіне қарай шофер де, бессайысшы да, тіпті боксер, ат құлағында ойнайтын шабандоз да болып кете алатын “сегіз қырлы, бір сырлы жан. “Біздің кино өнерімізде сондай адамдар бар ма?” – деген сұрақ туады осы арада. Кəнеки, енді соған жауап беріп көрелікші... Сұрастыра, іздестіре келгенде ондай өнер иелері бар болып та шықты жəне олар бір емес, бірнешеу екен. Олармен əлденеше кездесіп, жүздескенімізде, бізге тəжірибесі мол əрі əсерлі əңгімесімен ұнағаны Тыныбек Танин дер едік. Кейіпкеріміздің өмір жолына үңілер болсақ, 1968 жылы Семей облысындағы Абай ауданының Қарауыл селосындағы орта мектепті бітірген соң, Отан алдындағы əскерлік міндетін өтеуге аттанған. Одан келісімен Алматыдағы цирк студиясына оқуға түсіп, содан кейін, “Қазақфильмге” жұмысқа шақырылады. Тыныбектің каскадерлікке бет бұрған кезі де нақ осы шақ. Мұны ол 1976-1981 жылдар аралығында Москвадағы ГИТИС-тің режиссерлік факультетінде оқып жүргенде одан əрі жалғастырып шыңдай түседі. Оны Тыныбектің күні бүгінге дейінгі сегіз жыл ішінде “Əли Баба мен қырық қарақшы” (Өзбекфильм), “Алатаудың күміс мүйізі” (Қазақфильм), “Мен – Тянь-Шань” (Қырғызфильм), “Даладағы қуғын” (Қазақфильм), “Бабек” (Азербайжанфильм), “Жаушы” (Қазақфильм) сияқты кино туындыларына арнайы шақырылып түсуінен, ондағы өте қиын қимылəрекеттерді ойдағыдай орындап шығуынан анық та айқын аңғаруға болады. – Осы саланы танып білуге, оған бет бұруға не нəрсе себеп болды дейсіз бе?– деді ол алғашқы бір əңгіме барысында сəл ойлана тіл қатып.– Шынымды айтсам, балалық шақтағы таласа-тармаса көретін көп кино бар ғой, сол киноның нақ өзі. Ауылға “Адам – амфибия” фильмі келгенде Ихтиандр болып суға секі-

ріп, өзен жарасынан шықпай қойдық. “Щорсты” көргенде ағаш қылышымызбен ақтың əскері деп айдар таққан алабота алқабын турап салдық. “Мамлюк” фильмінде, шіркін, атқа осылай шапсақ қой деп армандадық. Сол қиял, сол талпыныс ақыры осы мамандыққа алып келген жайы бар. – Каскадерге ең қажетті нəрсе не деп ойлайсың, Тыныбек? – Трюк жасай білу, оны шеберлікпен меңгеру, тіпті шырт ұйқыдан түртіп оятқанда, ойланбастан ойнап кете алатын деңгейге жету дер едім өз басым. – Трюкті біз қалай түсінеміз, сен оны өзің қалай бағалайсың? – Біз каскадерлер мұны картинаның мазмұнына əр беретін, əрі психологиялық əрекеттердің жібін ширататын творчестволық əдіс деп білеміз. Өйткені, қай кинода болмасын ондагы мақсат айқындылығы, іс-əрекеттің өткірлігі, қимыл-қозғалыстың дəлдігі осындай детальдарға байланысты емес пе? Сондықтан да ол сюжетті дамытудың бірден-бір тиімді тəсілі болып есептеледі. Трюк – идеялардың бір арнаға жүйеленіп келіп, көркемдікпен тоғысуы. Трюксіз шытырман оқиғалы фильмдердің өзі парақтары жыртылған кітапты еске салары анық. – Қалай каскадер болуға болады? – дейді кейбір жастар. Енді солардың сұрағына жауап беріп көрелікші... – Қиын сауал... Əйтсе де жауап беруге тура келеді. Бұл мамандыққа ең бірінші қажет нəрсе – батылдық, ептілік, сонымен бірге ақылдылық. Фильмдегі эпизодтық қиын көріністерді орындағанда онсыз ештеңе бітіре алмайсың. Қазір біздің киностудияға талап білдіріп келуші жастар өте көп. Əрине, біз олардың ешқайсысын бетінен қақпаймыз, қайта көмектесуге даяр тұрамыз. Жас жігіттерді əбден сынап, байқап, көңілден шыққан жағдайда ғана каскадерлер құрамына енгізіп үйрете бастаймыз. Бұл орайда бізге ең басты қажеттілік – олардың машина, мотоцикл жүргізуі, атқа отыруы, акробатикаға бейімділігінен басқа талаптанған кəсібіне өзінің төл жұмысындай ынталы көзқарастың болуы ерекше роль атқарады. Мұнда бəрі де қолымнан келеді деген менмендік пен астамшылыққа орын жоқ. Ол түптің түбінде сол адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырары анық. Жас талапкерлердің бізге келіп: “Шүбə келтірмеңіз, мен үйдің екінші не үшінші қабатынан кірпік қақпай секіріп кете аламын”,– деген мардымсыған сөзін ести қалсақ, онда мұндайларға күмəндана қарайтынымызды жасыра алмаймыз. Өйткені көп ретте ондай “батырлар” каскадер бола алмайды. Каскадерлік мамандықта үсақ-түйек деген нəрсенің өзіне салғырт əрі енжар қараушылық болмауға тиіс. Мəселен, адамдардың түрлі жағдайдағы жерге құлап түсуін алып көрелік. Аяғымыз тайып кеткенде немесе арықтан секіріп өтем дегенде біз осы дұрыс құлай аламыз ба? Жоқ. Меніңше, барлық адамдарды бала кезінен бастап дұрыс құлай білуге үйрету қажет, онда мертігу де он есе азайған болар еді. Мысалға мына сізді алайық, егер сондай жағдайға тап келіп қалсаңыз бүкіл денеңізді бастапқы қалыпқа келтіруге тырысып, тік тұруға талпынарыңыз анық. Соған қарамастан, бəрібір құлап қаласыз. Іс насырға шауып, аяғыңыз сынбасын деңіз... Ал мұндай жағдайда керісінше денені көтеруге тырыспай, қайта жеңіл құлауға “икемделсеңіз” қатердің ауылы тіптен қашықтай түсер еді. Түсіндіңіз бе? Онша түсінікті емес шығар... Дегенмен оны үйренуге болады. Мұны айтып отырғаным, каскадерлік мамандықтың əліппесі міне осындай детальдарга мəн беруден, оны игеруден басталады да, соңы адамдарға зақым келтірмей, сырт көз үшін нақ сондай етіп орындап шыға алатын бокс, дзюдо тəсілдеріне барынша тер төгумен бітеді. Кинодағы көріністердің көрермендерді сендіруі, көңіл деріне күдік қалдырмауы үшін күрес екеш күрестің өзіндегі ережелерді бұлжытпай сақтауға, содан хабардар болуға байланысты емес пе? Атқа мінемін деп үзеңгіге сол аяғың емес, оң аярыңды созып жатсаң онда не болғаның? Онда көңілі жүйрік, көзі қырағы бүгінгі көрермен сені еш уақытта да кешірмейді. Каскадерлік мамандықты игерудің тағы бір жолы – тапсырылған рольдің жағдайына қарай оның барлық ерекшеліктерін, заңын, дəстүрін бүге-шігесіне дейін жете білу дер едім. – Каскадерлер мен спортшылардың ара қатынасы... Олардың қабілеттері де осы мамандыққа жақын тұр емес пе? Каскадерлердің атқаратын іс-əрекетін спортшылар орындап шыққан жайттар болды ма?

– Мұндай жағдайлар болған жəне кездесіп те жүр. Айталық, біздің еліміздің бокстан тұңғыш чемпионы, кейіннен педагогика ғылымдарының докторы болган Константин Градополовты өнер сүйер қауым совет киносының алғашқы актерлерінің бірі ретінде бағалайды. Жиырмасыншы жылдардың аяқ кезінде кинорежиссер Лев Кулешов К. Градополов жаттығып жатқан спорт залына кездейсоқ, бас сұғып, оның жалт-жұлт еткен қимылқозғалысына таң қалады да, өзінің шеберханасына келіп кетуге шақырады. Алғашқы жаттығудың өзінде-ақ боксер фильмге қажет тамаша шеберлік көрсетіп, студиямен контракт жасасады. Сөйтіп ол 1927 жылы шыққан “Кружева” картинасында дебют жасаған. Совет киносында К. Градополов қалыптастырған дəстүр бүгін де өз жалғасын табуда. Алысқа бармай-ақ, “Бірінші қолғап иесі” фильмінде ешбір дублерсіз ойнаған Иван Пере верзневті еске алайықшы! Ал “Мексикандың” картина сындағы басты рольді ойнауға дайындала жүріп, Олег Стриженовтің бокс өнерін мұқият игергені соншалық, еліміз дегі құрама команданың жаттықтырушылары оны Олимпиада чемпиондары Г. Шатков, В. Енгибаряндармен бірге жаттығуға шақырып отырған. Тренерлер артистің кинодағыдан гөрі спорттағы болашағы зор болуы мүмкін еді деп санаған. Айта берсең мұндай мысалдар өте көп. – Еліміздің киностудияларында каскадерлік мамандықты жетік меңгерген деп кімдерді айта алар едің? – Бірінші кезекте менің əріптестерімнің бəрінің ойында “Одесса” киностудиясының каскадері Владимир Жариков тұрары анық. Негізгі мамандығы философ ол “XX ғасырдың қарақшылары”, “Тыңшы”, “Өлім аңғарындағы кездесу” сияқты картиналардан бастап, күні бүгінге дейін 22 фильмге түсіп үлгерді. Ол басқарған төрттік топ еліміздегі ең шебер əрі күшті каскадерлер болып есептеледі. Содан кейін “Қырғызфильм” киностудиясындағы батыл да өжет жігіт Үсен Құдайбергенов, өзіміздің “Қазақфильмдегі” Байкенже Белібаев еске түседі. Бұлар тек өз республикаларында ғана емес, басқа одақтас республикалардың киностудияларында да жақсы қырларымен көзге түсуде. Каскадер... Шытырман оқиғалы фильмдердегі қауіпті де қатерлі қимыл-əрекеттерді орындайтын батыл мамандық иелері олар. Қас қағым сəтте өте шығатын детальдарды өмірге келтіру үшін қандай қауіпті қимылдарға барады десеңізші бұл мамандық иелері. Осындай батыр да батыл, ержүрек жігіттердің біздің кино өнерімізде де болуы – қуанышты жағдай. 1982 жыл. Авторлық анықтама: Арада 8 жыл өтті. Бір күні “Қазақтелефильм” басшылары тарапынан осы жолдардың авторына бір өтініш білдірілді. Ол менің “Қажымұқан самолетінің ұшқышы” атты 1985 жылы “Лениншіл жаста” жарық көрген мақаламның негізінде деректі киносценарийді өмірге келтіру мəселесі еді. Ұсыныс қабыл алынып, тапсырманы келісім шарт бойынша орындап бергеніме де жылға жуық уақыт өткен. 1990 жылдың желтоқсан айында: “Қажымұқан мен Қажытай” атты деректі кинолента түсіріліп бітті. Сізді соның тұсаукесеріне шақырамыз”, – деген хабар алдым. “Фильмнің кинорежиссері кім?” – деп сұрадым сөз арасында телефондағы жігіттен. “Тыныбек Танин”, – деді ол. Содан көп кешікпей бір кездегі каскадер кейіпкеріммен “Қазақтелефильмнің” кинозалында кездескенім бар. “Иə, қазір кинорежиссермін, аға. Қажет деген жағдайда кинооператор да болып кетіп жүрген жайымыз бар, – деп жауап берді ол алғашқы аман-саулықтан кейінгі менің қойған сұрағыма. – Өйткені бүгінде жұлынып тұрған жиырмадағы жас кезіміз жоқ. Қазір денсаулық пен денеңдегі төрт мүшеңнің амандығын ойлайтын уақыт та келген сияқты. Кинодағы бір сəттік қиын да қатерлі трюкті жасаймын деп майып болсаң, содан соңғы тірлігіңе кім кепілдік береді? Отбасың мен бала-шағаңды кім асырайды? Дұрыс түсініңіз. Мен мұны мына заманға қарап айтып отырмын. Тыныбекпен одан кейін кездескенім жоқ. Ол кез еліміздегі егемендіктің елең-алаң тұсы-тын. Бəрімізге көп нəрсе түсініксіз, көп нəрсе мүлде жат еді. Нарық өмірге енді-енді енейін деп жатқан өтпелі кезеңнің өлара шағы болатын ол уақыт.

АНТАРКТИДАҒА

БАРҒАН

ДАНАБЕК

Əлемде алты құрлықтың бар екені бəрімізге жақсы белгілі.
Солардың бірі – мəңгілік мұздар мекені Антарктида дер едік.
Бізді табиғаты қатал, жердің түбі боп көрінетін осындай қиян
шетке де қандастарымыздың табаны тиіп, із қалдырғандығы

таңғалдырмай қоймайды. “Олар кімдер?”– дейсіздер ғой.
Айтайық. Біреуі аталмыш қүрылыққа 1969-1970 жылдары ба-
рып қайтқан ғалым Марат Мұсабаев та, екіншісі Антарктидаға
1981-1982 жылдары жолы түскен физик Данабек Бименов.

Ескерте кететін жəйт, Марат ағамыз туралы кезінде біздің
баспасөзде жеткілікті жазылған. Ал, Данабек жөнінде көп
ешкім ештеңе білмейді. Сондықтан төмендегі əңгімеміз осы
жігіт жайлы болмақ.

– 1980 жылдың көктемінде,– дейді Данабек,– өзім жұмыс

істейтін ҚазГУ-дің физика факультетіндегі кос мостық
сəулелерді вариациялау кафедрасына Мəскеуден өтініш келді.
Онда кеңестік жиырма алтыншы антаркти далық экспедицияға
Қазақстаннан бір маман керектігі айтылыпты. Бұған лайық

үміткерге қойылар талап біреу болып шықты. Антарктидаға
баратын маман космос сəулелерінің интенсивтілігін теңіз
деңгейінде жəне страто сферада өлшеуді барынша жетік білуі
керек екен. Бұл физик маған өте жақсы таныс, өзім оны ше-

бер меңгерген əдіс еді. Жұмыс барысында тек оны сол жердің
биогеогра фиялық жағдайына сəйкестендіріп құра білсең
болғаны. Физика-математика ғылымының докторы Евгений
Васи льевич Коломеец сияқты жанашыр ұстаз-жетекшімнің

маған үміт артқан жігерлі ақыл-кеңесінен соң тəуекел дедім
іштей. Сөйттім де осы сапарға баруға шындап бел будым.
Сол тəуекел, сол шешім оны 1980 жылдың шілде айын-
да Мəскеуге, одан Ленинградтағы Арктика жəне Антаркти-

да ғылыми-зерттеу институтына алып келгені бар. Одан соң
Мурманскідегі қатал ауа райына бейімделу, Ленинградтағы
техникалық аспаптарды меңгеру жөніндегі сынақтап өту, Ри-
гадагы жолға əзірлену жұмыстары басталды. Ақырында 1981

жылғы 24 қаңтарда “Эстония” кемесімен Оңтүстік полюске
аттанатын сəт те келіп жетті.
...Алда ұзақ жол жатты. Антарктидаға бару үшін олар

мінген теплоход Балтық теңізі мен Ла-Манш бұғазын, Бискай шығанағы мен Атлант мұхитын, одан əрі Оңтүстік Америка құрлығы жағалауы арқылы айсбергтер аймағының алғашқы бекеті Беллинсгаузен шығанағына ат басын тіреуі тиіс болды. Бүл – тəулікке шаққанда 70 күн мен түн, яғни 2 айдан астам уақыт деген сөз еді. Құрамында қазақстандық өкіл бар кеңестік жиырма алтыншы антарктидалық экспедиция өздері жүмыс істейтін “Мирный” станциясына 1981 жылғы 11 наурызда келіп жетті. – Антарктида құрылығына алғаш рет аяқ басқандағы мына бір жағдайлар менің əлі күнге дейін есімде,– дейді Данабек сөз арасында.– Оның біріншісі, кеме үстіндегі екі айлық жолдың əсерінен аяғымды игере алмай, мұз үстінде көпке дейін теңселіп жүруім. Бірақ бүл рефлекс ұзаққа созылған жоқ, мұхит толқындары қалыптастырған уақытша қиындық келе-келе өз-өзінен ұмыт болды. Екіншісі, траппен төмен түсіп келе жатқанымызда біздерді бірінші болып, осы өңірдің ежелгі “тұрғындары”–пингвиндердің сап түзей қарсы алуы. Үстеріне табиғаттың өзі “ақ көйлек, қара фрак” кигізген (қанаттары қара, төстері ақ) оларды Антарктиданың дипломат елшілері дерсің тіптен. Кейін байқадық, жүрістері маңғаз, əрі момын бұл жануарлар адамдарға тым үйірсек екен. Ғылыми-зерттеу станцияларында бірнеше рет қыстаған жандардың пікіріне қарағанда пингвин – мынау аппақ дүние, аппақ əлемдегі олардың бірден-бір жақын серігі, жақсы досы əрі “сырласы”. Себебі, табиғаты қатал мұз таулар мен қасат қарлы өлкеде бұл тіршілік иелері қалқиып отырған кейпімен, қолапайсыз қызық қимылымен адамдардың жалғыздығын ұмыттырады, бірсарынды өмір тіршілігінен аз да болса серпілтіп, сергітеді. Кейіпкеріміздің бұдан кейінгі əңгімесінен біз мынаны ұқтық. Антарктида – ұдайы аязды аймақ. Оның жағалауында қысты күндері 50, ал Оңтүстік полюске жақын жерлерде 88 градусқа дейін суық болып тұрады. Бұл өлкедегі жел екпіні жай күннің өзінде 15 метр/секундқа, ал дауыл кезінде 40 метр/секундқа дейін жетеді. Алтыншы құрлық тек қар мен мұздан ғана тұрады десек, онда қателескен болар едік. Мұнда су бетінен, мұздықтардан шығып тұрған жақпартастар да баршылық. Өлкенің био-географиялық жағдайын зерттейтін ғылыми орталық – құрастырмалы үйлер қауіпсіз болуы үшін, міне, осындай жерлерге салынады екен. – “Мирный” станциясында өзіңе қандай міндет жүктелді жəне оны қалай атқардым деп ойлайсың? – Менен бұрын мұнда Мəскеу мен Ленинградтан, Минскіден шақырылған 60 маман ихтиология, орнитология, гляциология жəне метеорология салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен. Олардың арасына алпыс бірінші болып қосылған маған Антарктидадағы космос сəулелерінің интенсивтілігін теңіз деңгейінде жəне стратосферада өлшеу міндеті тапсырылды. Бұл өзі тіптен қызық жұмыс, соның жетегінде жүріп күннің қалай өткенін байқамайтын да кездерің болады. Мəселен, аталмыш объектіні зерттеу үшін бізде РКИ (космос сəулелерін тіркеу) атты аппарат жасалынған. Оның құрылысы тіптен қарапайым. Жел екпіні бəсеңсіген күндері біз оған сутегі толтырылған шар байлаймыз да аспанға ұшырып, радиорубкадан хабар күтеміз. Біраз уақыттан кейін жерге Морзе əліппесіне ұқсас дыбыс та келе бастайды. Аппарат стратосфераның əр қабатына көтерілген сайын өзінің ол жерден “не байқағаны” жайлы есеп беріп отырады да, 30–40 шақырымдық əуе кеңістігіне барған соң батареясы таусылып, сеансты аяқтайды. Келесі күні оның жаңасын ұшырамыз... Тағы да хабар күтеміз. – Антарктидадағы кеңестік станция тұрғындарын отынмен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жағы бізге түсінікті. Себебі ол – Үлкен жерден қатынайтын жүк кемелерімен бірге барады. Ал ондағы ауыз су мəселесі қалай? Оны ұдайы тасып жеткізіп отыру қиын нəрсе ғой? – Айналасын мұхиттың тұзды сулары қоршап жатқан бұл құрлықтағы сіз айтқан проблема ол жерде бұрын болып көрмеген кім-кімді болмасын ойландыратын сауал. Бірақ естеріңізде болсын, Антарктида өзінің тұщы су қоры жағынан əлемдегі ең бай құрлық. Неге десеңіз кəдімгі мұздар ше, мұздар... Иə, қалыңдығы 400 метрге жететін мəңгілік тоң сол мұздар осы жердегі ауыз судың негізгі көзі болып табылады. Оны сондағы тұрғындарға дайындап беру үшін арнайы аппарат та ойлап табылған. Гидрологтар адам ізі түспеген, техника көп шиырламаған ойпат алаңды таңдап алады да өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген ток шəугімнің ішіндегі спираль сияқты сырты никельмен жалатылған үлкен темір құйманы электр желісіне қосады. Мұз үстінде жатқан құйма қыза-қыза келіп төңірегін кішігірім көлге айналды-

рады, еріген су арнайы насоспен станцияға жеткізіледі. Міне, сондықтан да Антарктида тұрғындары бұл мəселе жайында ешқашан бас ауыртып ойланып көрген емес. – Айсбергтер аймағындағы өзің байқаған табиғат ерекшеліктері жайында не айтар едің? – Есімде ерекше қалған бір нəрсе – ондағы қоршаған ортаның, əсіресе Антарктида ауасының шырышы бұзыл маған тазалығы. Біздің құрлыққа қарағанда ондағы күн сəулесі өте айқын. Күн шапағы ол жерге бозамықтанбай жəне əлсіремей керісінше бояуы ашық күйінде келіп жетеді. Содан соң ондағы айсбергтер ғана емес, сонымен бірге жай мұздардың мөлдірлігі мені қатты таңдантты. Табаныңмен басып тұрған кез-келген алаңның қарын жеңіңмен үйкеп жіберіп үңіле қалсаң, оның астындағы 15 метрге дейінгі нəрсенің бəрі мүз бетінде жатқандай ап-анық көрінеді. Осының бəрі қоршаған ортаның тазалығынан ғой деп ойладым іштей. ...Данабекпен арадағы əңгіме аяқталып келе жатты. Осы жерде ол маналы бергі сөздің соңғы түйініндей етіп мына бір шағын эпизодты айтып салғанда біз таң-тамаша қалдық. – 1981 жылдың 9 желтоқсаны күні,– деді кейіпкеріміз,– маған Мəскеуден радиограмма келді. Онда менің Антарктидадағы жұмыс мерзімімнің аяқталуына байланысты Беллинсгаузен шығанағынан шығатын “Башкирия” теплоходына мініп елге қайтуымның қажет екені айты лыпты. Қуанышта шек жоқ, бір ай өткен соң тікұшақпен мұхит жағасына келдім де бірден “Башкирия” теплоходына тарттым. Трапқа аяғым тие бергенде: – Əй, бала, сен осы қазақ емессің бе?– деп саңқ ете түскен дауыстан өңім не түсім екенін білмей селк ете түстім. “Дауыс қай жақтан естілді? ”– дейміп абдырап. – Мен сенен қазақпысың деп сұрап тұрмын... Қараймын, жанымда төртбақ келген теңізші формасындағы адам иығымнан қағып тұр. – Қазақпын, ағатай! – Кемеге көтеріле бер, алаңдама. Мен сені өзім тауып аламын. Айтқанындай ол кісі мені көп кешікпей өзі іздеп келді. Сөйтсем бүл ағай бізді алып келе жатқан жолаушылар кемесінде капитанның көмекшісі болып жұмыс істейді екен. – Аты-жөнім – Əлқуат Ерғалиев. Астраханьда тудым. Жиырма төрт жыл бойына Қара теңіз флотындағы кемелерде жұмыс істеп келемін. Үй-іш, бала-шаға бəріміз болып Одессада түрып жатқан жайымыз бар. Ал енді өзің бұл жақтан не іздеп жүрсің, қарағым? Мен жұмыс бабымен Антарктидада он ай болып, елге қайтып келе жатқанымды айттым. Содан Əлқуат аға екеуміздің арамыздағы əңгіме таусылсашы. Сөзіміз де, жұбымыз да Атлант, Жерорта теңізі мен Босфор бұғазы, одан Қара теңіздегі Одесса портына дейін жазылмай келіп, сол жерде қош айтыстық. ...Бұл Данабекпен 1982 жылдың күзінде болған əңгіме еді. Содан кейінгі біраз уақыт ішінде онымен қайта кездесудің сəті түспеді. 1985 жылы кейіпкерімізбен ойда жоқ жерде жүздесіп қалдым. Аман-саулықтан соң ол: – Тағы да барып қайтқанмын,– деді. – Қайда? – Антарктидаға. Сөйтсе əңгіме былай болған екен. Оның 1981 –1982 жылдардағы Оңтүстік полюс сапарының жұмыс қорытындыларын жақсы бағалаған мəскеулік ғалымдар Данабекке кейін тағы да жолдама беріпті. Сөйтіп ол 1983-1984 жылдары алтыншы құрлықтағы “Мирный” станциясында екінші рет барып жұмыс істеп қайтқан. Қазір Данабек Бименов Алматыда тұрады. Физика-математика ғылымдарының кандидаты деген атағы бар. ҚазМГ-де оқытушы боп еңбек етуде. 1982 жыл. Авторлық анықтама: Данабек Бименов ұзақ уақыт бойы ҚазГУ-дің физика факультетіндегі ионосфера кафедрасында оқытушы болды. 1998 жылдан бастап шетелдік Би-би-си радиосының Қазақстандағы тілшісі қызметін атқарады.

ЭВЕРЕСТ

ЭКСПЕДИЦИЯСЫ

– Кешке кездеселік!

Қысқа əрі тұжырымды бұл жауапты біз мана, Қазбекпен
телефон арқылы сөйлескенде естіген едік. Енді, міне, жұмыс
уақыты аяқтала бергенде, осы уəделі мерзімге де аз қалғанын
сезіп, жолға жинала бастадық.

“Одан бері де бір жыл өтіпті-ау?!”
Аяз буған Алматы көшелеріндегі автобус аялдамасына
келе жатып біздің ойымызға ең алдымен оралғаны осы сөз
болды. Иə, бір жыл… Артық-кемі жоқ осы уақыт аралығында

оларда, яғни Гималай экспедициясы мүшелері өмірінде талай
жаңалық, талай өзгеріс болғаны анық. Өйткені…
Алдымен жұртшылық газет бетінен: СССР Спорт
комитеті əлемдегі ең биік шың Эверестке шығуға совет

альпинистерінен команда жасақтауға шешім қабылдады”,–
деген хабарды оқыды. Одан соң орталық баспасөз беттерінде
оған қатысуға Москва, Ленинград жəне Алматы қалаларынан
жинаған 26 үміткердің дайындалып жатқаны айтылды.

Мұндағы мақсат – біреу. Ол – 1981 жылдың январь мен 1982
жылдың февралы аралығындағы сол альпинстердің ішінен
тек 12 адамды ғана іріктеп алып, сатылы сыннан сүрінбей
өткен жандарға Гималайға баруға жолдама беру.

Гималай!
Көк кіндігі, Жер шарындағы үшінші полюс атанған осы
бір алып тау сілемі ХХ ғасырдың басынан бері талай географ
ғалымдар мен жиһанкез саяхатшылардың аузынан түспей-

ақ келеді. Оларды ынтықтырған не нəрсе сонда? Жерінің
Жиделібайсындай байлығы ма, жоқ əлде көрсе көз сүрінетін
сұлу табиғатының əсемдігі ме? Олардың ешқайсысы да емес.
Байқасақ, ауа райы үнемі мұз шайнап, қар бүркіп тұратын бұл

тұнжыр таудың адам баласын өзіне тартар бір ғана қасиеті,
ерекшелігі бар екен. Ол – мұндағы əлем шатыры атауына ие
болған Эверест шыңының осында, осы жерде орын тепкендігі.
Адамзаттың өршіл ұрпақтары кезінде жердің ең биік

нүктесі саналатын бұл табиғат қамалын да алмай қойған жоқ.
1953 жылдың май айында оған, ең алдымен, жаңазеландиялық
ұшқыш Эдмунд Хиллари мен Үндістан азаматы Норгей

Тенцинг көтерілді. Содан бергі уақыт аралығында Эве-
рестке шықпақ болғар альпинистер саны арта түспесе, əсте
кеміген емес. Оны алғашқы рекордтан кейінгі 29 жыл ішінде
шыңның əр тұсынан таңдап алынған 7 маршрут бойынша

шабуыл жасаған Англия, АҚШ, Швейцария, ФРГ, Фран-
ция, Польша жəне бұлардан басқа да 9 елден жасақталған
экспедициялардағы 112 адамның ерлік қимылынан анық
аңғаруға болады. Статистикалық деректерге сүйенсек, 8848

метрлік бұл биіктікті екі реттен бағындырған жүрекжұтқандар
да бар. Олардың саны бесеу: шерптер – Н.Гомбу мен Пертемба,
жапон Ю.Като, Италия өкілі Р.Месснер, непалдық Анг Фу. Бір
қызығы – Эвересті бағындырған альпинистердің қатарында

əйелдердің де болғандығы. Мəселен, 1953-1981 жылдар
аралығында тибеттік Фантог, польшалық В.Руткевич, жапон
Ю.Табей жəне батысгермандық Х.Шмац осы шыңға шабуыл
барысында əйелдердің де небір ауыр сында ерлермен қатар

иық тіресе алатындықтарын дəлелдеді.
Десек те: “Осы шыңға ұмтылушылар сапарының бəрі
бірдей сəтті аяқтала берген бе?” – деген сұрақ тұрады көкейде.
Мүлде олай емес, жоғарыдағыдай жорықтардың жетістік,

жеңістерімен қатар өкінішпен аяқталған кездері де көп. Оған
өткен жылғы мына бір жағдайды – француз экспедициясы
мүшелерінің шыңды игеруге не бары 300 метр қалғанда,
ал жапон альпинистерінің өз мақсаттарына жетуіне тіптен

таяқ тастам жер – 98 метр қалғанда, кері қайтуын айтсақ та
жеткілікті. Мұның өзі тəкаппар тау мінезін, міне, осы бір
мысалдан-ақ байқай беріңіз деген сөз.
Жер шарының ең биік нүктесі саналатын Эверест шыңы…

Иə, оған енді үстіміздегі жылдың 5-25 май ара лықтарында со-
вет альпинистері қадам баспақ. Олар кімдер?
Алдымен экспедиция мүшелері деген сөзді анықтап
алалық. Өйткені оған қабылданар, яғни жолдамаға барар

жол командадағы үміткерлердің қай-қайсысына да болма-
сын оңай тиген жоқ. 1981 жылдың январь айындағы Алма-
ты маңайындағы алғашқы жаттығу, Москвадғы академик
О.Г.Газенко жетекшілік ететін медициналық ғылыми-зерттеу

иститутындағы көп сатылы сынақтан өту, сол жылдың
июль айындағы Памирдің Коммунизм шыңын қайта иге-
ру… Үміткерлер мұнымен қоса халықаралық альпинизм
ережесіндегі міндет-талаптардан, экспедицияға аса қажет

күрделі радиотехникалық аппараттардан толық мағлұмат
алып, сублимирлі тамақ рационын меңгеруден, медициналық
препараттарды пайдалану, жедел жəрдем көрсету түрлерінен
емтихан тапсыруы тиіс болды. Өткен жылдың октябрь ай-

ында жоғарыдағы дайындықтың ақырғы қорытындысы
жарияланғанда əу бастағы 50-ге жуық үміткерден ең алдымен
26, одан соң 12 адам алға суырылып шыға берді. Негізгі үш
шабуыл төрттігінен тұратын олар…

Бірінші топ: В.Иванов – жаттықтырушы /Москва/,
С.Бершов /Харьков/, С.Ефимов /Свердловск/, М.Туркевич /
Макеевка/.
Екінші топ: Э.Мысловский – жаттықтырушы /Мо-

сква,
Л.Трощиненко
/Ленинград/,
М.Черный

/Москва/,
В.Балыбердин /Ленинград/.
Үшінші топ: Е.Ильинский – жаттықтырушы, Қ.Уəлиев,
В.Хрищатый, В.Смирнов /бəрі де Алматыдан/. Сол аль-

пинистердің бірі – В.И.Ленин атындағы Қазақ поли-
техникалық институтының 1974 жылғы түлегі, қазір Қазақ
ССР Ғылым академиясының Сейсмология институтында
ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтін Қазбек Шəкімұлы

Уəлиевпен кездесіп əңгімелесуге асығып келемін.
* * *
Қазбектің: “Кешке кездесейік”, – деген жері Алматы
сыртындағы “Медеу” қонақ үйі еді. №6 автобустың ақырғы

аялдамасынан түскенімізде “рекордтар айдыны” бізді неон
шамдардың іңір қараңғылығын айқыш-ұйқыш тілгілеген
өткір де жарық сəулелерімен қарсы алды.
Қонақ үйге кешкі жаттығудан қайтып келе жатқан конькиші

жігіттермен бірге кірдік. Кірпік-қасын қырау шалған, жау-
ырындарынан бу бұрқыраған олардың бірі альпинистердің
қайда тұратындығы жайлы қойған сұрағыма сəл ойланып
тұрды да, оң жақтағы бөлмені нұсқады.

– Қазбек қазір келеді. Кіріп күте тұрыңыз, – деді есікті

ашқан бұйра бас жігіт. Сөйтті де өзі лып етіп сыртқа шығып
кетті.
Терезесі тауға қараған екі адамдық шағын бөлме. Іргеде
спортшыларға қажетті жылы киімдер, шумақ-шумақ арқан

жəне түрлі формадағы темір ілгешектер жатыр. Ал стол үстінде
ішек-қарны ақтарылған рация, жарым-жартылай құрасты-
рылған тағы бір аппарат, олардың чертеж-схемалары, “Ағыл-

шын-орыс тіліндегі қысқаша сөздік” тұр. Мына көріністі
көргендер: “Бұл жерде альпинистер емес, радиоəуесқой біреу
тұра ма, қалай өзі?” – деп таңданары анық еді.
Келесі бір сəтте біздің назарымыз альпинистердің қазіргі

таңда пайдаланып жүрген құрал-жабдықтары мен киімдерін
қызықтауға ауды. Олардың бəрі де жылы, жеңіл əрі ықшам.
Киімдердің қай-қайсысын алмаңыз, төзімді əрі сəнді тігілген.
Альпинистке ауырлық түсірер артық салмақтың бəрін елеп-

екшеп алып тастаған. Озық үлгідегі осындай мүліктерге қарап
Қазақстан альпинизмінің негізін салушы, республикамыздағы
ең биік мұзарт Хан Тəңірі шыңын бағындырушы Евге-
ний Николаевич Колокольниковтың айтқан мына бір сөзі

ойға оралды. “Отызыншы жылдардағы біздің жорыққа
алып шыққан заттарымызға, құрал-жабдықтарымыз бен
киімдерімізге қарасам, – деген еді Евгений Николаевич Хан
Тəңірінің бағындырылуының 50 жылдығындағы кездесуде,

– адам таңданарлық екен. Оның бəрі тіптен қарадүрсін. Қой

терісінен өзіміз тіккен ұйықтайтын қапшық, ұста дүкенінде
өз қолымызбен соққан арбиған темір ілгектер, қолапайсыз
жуан арқандар… Мұны қазіргі альпинистер көрсе, сөз жоқ,
күлер еді. Ауа райын біз жергілікті халықтан үйренген жора-

малдар арқылы болжайтынбыз”.
Осы ойдың жетегімен отырғанда, бөлме есігі қайта ашыл-
ды да ішке жұқалтаң ақсары жігіт келіп кірді. Іздеп келген
Қазбегіміз осы еді. Ол еліктің асығындай ықшам денелі жігіт.

Қимыл-қозғалысы жеңіл болғанмен, мінезі ұяң əрі салмақты.

– Мен өзім əскери адамның семьясында өмірге келдім, –

деді алғашқы сұраққа нақпа-нақ жауап беруге кіріскен ол. –
Туған жерім Балтық бойындағы Кронштадт қаласы. Кейін
əкем жасының ұлғаюына байланысты отставкаға шықты да,
үй-ішіміз Алматыға көшіп келді. 1969 жылы осы қаладағы

№ 113 орта мектепті бітірген соң, В.И.Ленин атындағы Қазақ
политехникалық институтына оқуға түстім. Бұл жоғары
оқу орнын 1974 жылы бітіргелі бері Қазақ ССР Ғылым
академиясының Сейсмология институтында жұмыс істеп

келемін. Əкем – Шəкім еңбек демалысында. Ал анам Раузаның
мамандығы кітапханашы. Əпкем Лариса оқытушы да, інім
Дəурен өзім білім алған политехникалық институттың соңғы
курсының студенті.

– Альпинизммен шұғылдануыңа нендей жайт себеп болды

жəне ондағы қол жеткізген жетістіктерің қандай?

– Бəрі де кездейсоқ басталды. Біздің қазақстандық

альпинистерді қазір Эверестке бастап апарар Ерванд Ильин-
ский ол кезде политехникалық институтта ашылған альпи-
низм секциясының жетекшісі болатын. 1972 жылы үшінші
курста оқып жүргенімде спорттың осы түрімен айналыстым

да, Алматы маңындағы шыңдарға жорыққа шығып жүрдік.
Одан команда еліміздегі спорт маман дарының назарын өзіне
аудара бастады да, жарыстарға үзбей қатысатын болды. Қазір,
ойлап отырсам, құрамында бес-алты ғана альпинист бар

біздің осы топ 1972-1981 жылдар аралығында биіктігі 4 мың
метрден 7 мың метрге дейінгі аралықтағы 52 шыңды қайта
бағындырып, еліміз бойынша үш рет жеңімпаз атаныпты.
Солардың ішіндегі ең үлкен жеңіс ол – Эверестке шығуға

берілген жолдама дер едім өз басым.
Осы араға келгенде біз Қазбекке: “Гималай экспедиция-
сына қатысатын қазақстандық альпинистер кімдер жəне олар
қандай мамандықтың адамдары деген сауал қойдық.

– Олар – топ жетекшісі Ерванд Ильинский, Вадим Смир-

нов, мен жəне жаңа өзіңіз осы бөлмеден көрген Валерий
Хрищатый. Біз бəріміз де инженерлерміз. Бұдан: “Тау асып,
тас басып кететін жандарға қайдағы инже нерлік? Олар өз
кеңселеріндегі, трестеріндегі жұмысын қашан, қай уақытта

істеп үлгереді?” – деген күдікті пікір тумаса керек. Жұмыстың
аты қашанда жұмыс, ол біздің ұғымымызда қай мезгілде де
болмасын бірінші кезекте тұрады. Тек бұл арада бəріне де
уақыт, бəріне де үлгеріп, үйлестіре білу керек. Біздің жігіттер,

міне, осы қағиданы ұстайды. Сон дықтан да олардың сөзі мен
ісінің арасында алшақтық жоқ.
Қазбек осылай деді де экспедиция мүшелерінің бірі
В.Хрищатый жайлы əңгімеге көшті. Оның айтуынша, Ва-

лерий өзі қызмет атқаратын Казгипроводхоз мекеме сіндегі
тəртіпті, коллективке сыйлы, қоғамдық жұмыстарға ынта-
лы мамандардың бірі екен. Өткен оныншы жəне үстіміздегі
он бірінші бесжылдықтың алғашқы жылының еңбек озаты

ретінде оның суреті Құрмет тақтасынан 1978 жылдан бері
бірде-бір рет түсіп көрмеген. Бұл жігерлі əрі ынталы жастың
бəріне уақыт таба білетінін көрсететін нақты дəлел.
Қазбектің келесі бір əңгімесінен біз мынаны ұқтық. Топ

жетекшісі Ерванд Ильинский шыңға өрмелеумен айналысқан
жиырма жыл ішінде Қызыл Тулы Орта Азия əскери округі
мен Қазақстан альпинизмін дамыту үшін жан-тəнімен

қызмет атқарған жан. Мінезі өте қарапайым, сөзден гөрі іске бейім ол əуесқой спортшыдан СССР-дің спорт шебері, Совет Одағындағы альпинизм жарысының екі мəрте чемпионы, СССР-дің еңбек сіңірген жаттықты рушы деген атаққа ие болған жан. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының түлегі оның өмірбаянында 1962-1981 жылдар аралығында игерген Швейцариядағы халықаралық альпиниаданың, интернационалдық отрядтың құрамындағы Коммунизм, итальян альпинистерімен бірге көтерілген Ленин шыңдарының ерлік жолдары бар. Жай уақытта музыканы, кітапты ерекше сүйетін Ерванд Ильинскийді альпинист достары былайғы сəтте оның сезімталдығы, табандылығы, ортақ істегі отқа түсер адалдығы үшін өте жақсы көреді. Алматыдағы космостанцияда көп жылдар бойы инженер болып қызмет атқаратын халықаралық дəрежедегі спорт шебері Вадим Анатольевич Смирновтың тəжірибесі мол жан. Ол командадағы əріптестеріне өзінің сабырлы мінезімен, қиын жағдайдан жол тауып кететін шеберлігімен ыстық. – Эверестке барар адамдар белгілі делік. Ал экспедицияның жабдықталу жағы қалай? – Бұған еліміздегі қарапайым тігінші, кондитерден бастап ірі медик ғалымдарға дейін ат салысты десек, тіптен қателеспес едік, – деді біздің қойған сұрағымызға сəл ойланып барып жауап қатқан Қазбек. – Мəселен, 1981 жылдың январында экспедицияны жабдықтауға байланысты мынадай күрделі міндеттер тұрды. Оның біріншісі – жолға алып жүргенде артық орын алмайтын, альпинистке кедергі тудырмайтын, калориясы жоғары əрі тез дайындалатын жаңа сублимирлі тамақтар комплексінің түрін табу да, екіншісі – адам денесін үсіктен, желден, күн сəулесінен қорғайтын кремдер, сондай-ақ аса биіктікте аяқ астынан ұстайтын тау ауруына қарсы қолданылатын препараттар, басқа да медициналық дəрі-дəрмектерді əзірлеу болатын. Ал үшінші бір ұйымдастыру жұмысы бұл альпинистерді жылы əрі жеңіл, сонымен бірге төзімді киімдермен, қоналқаға ықшам шатырлармен қамтамасыз ету еді. Осындай күрделі міндеттерді СССР Медицина Ғылым академиясы Тағам институтының /оның ішінде бұл ғылыми-зерттеу орталығына қарасты Қазақ филиалы да бар/, СССР Жеңіл өнеркəсіп министрлігі мамандарының қысқа мерзім ішінде ойдағыдай орындап шыққанын қуанышпен айтуға болады. Мысалы, Латвиядағы Рига радиотехниктері біздің экспедицияға “Ангара” атты қуатты радиостанция сыйласа, Молдавиядағы Кишинев консерві комбинаты “Союзспортобеспечение” бірлестігінің заказы мен сублимирлі жеміс тағамдарын əзірлеп берді. Москва дағы “Рот-фронт” фабрикасының кондитерлері альпинис терге шоколад, Львов фармацевтері медициналық препа рат тар жіберді. Қазір, міне, бүкіл экспедицияға қажет 8 тоннаға жуық жүктің бəрі дайын деуге болады. Ол өзіміздің самолет арқылы Непал астанасы Катмандуға жол тартады. Содан соң бұл жабдықтарды Гималайдағы халықаралық альпинистік база Лукла поселкесіне жеткізеді. Ол сондағы жергілікті авиаторлар көмегімен жүзеге асырылады. Қазбекпен бір сағаттай əңгімелестік. Əңгімеге арқау болған альпинизмнен бұрын жалпылама ғана хабарымыз болса, енді оның өзіндік құпияларына қалай берілгенімізді жасыра алмаймыз. Халқымыздың бір перзенті осы сирек кəсіпке бет бұрып, ел көріп, жер танып, достар тауыпты. Бəрінен де бұрын жолдама алғанын айтсайшы! Халқымыздың абыройын арттыратын оқиға емес пе бұл! – Тау дегеніміз не, Қазбек? – Тау ма , ол үлкен бір үй ғой. Оның есігінен аттаған адамға нан да ортақ, жан да ортақ. Тіпті ондағы дем алатын ауа да ортақ. Тау адамды шыңдайды, ерлікке, өрлікке тəрбиелейді, шыдамдылыққа үйретеді. Ол жерде сен шын досыңның кім екенін анық танып білесің. Бұлай дейтін себебім – адамдардың бүкіл болмысы, құпия сыры, тоқ етерін айтқанда, кімнің кім екендігі сондағы қиындықтарда ашылады. – Шыңдарға адам неге құмартады осы? – Себебі ол жер бетінде тұр. Жай тұрған жоқ, адамдармен бірге жасасып, көзге көріне өмір сүріп тұр. Ал көзге көрінген табиғат қамалын адам баласы неге алмасқа, неге игермеске! Əйтпесе онда ат басындай алтын жатпағаны сіз бен бізге жақсы мəлім емес пе? Əңгіме соңы, міне, осындай диалогпен аяқталып келе жатты. – Аман барып, сау қайт! – дедік біз оған халықтың жалпақ тілімен. – Көріскенше күн жақсы! – деді ол да жымиып. * * *

Арада екі айға жуық уақыт өтті. Дүниені дүр сілкінтіп
келіп, дүркіреп өткен 1 май мейрамынан тура екі күннен
соң…
Жастар газетінің редакциясындағы қарбалас жұмыстың

аяқталып қалған кезі болатын. Күні бойғы демікпе
тақырыптарға толы материалдарды жасалып жатқан беттерге
бір алып, бір салудан əбден шаршаған жігіттер бір ауық се-
кретариат бөлмесінде отырған.

Осы сəтте қарсы алдымыздағы телетайп бөлімшесімен
жалғастырылған пневмопочта түтігі ішін тартып гуілдей
жөнелді. Бұл: “Газетке шығуға тиіс шұғыл хабарларды кезек
күттірмей қабылдап ал!” деген белгі болатын.

ТАСС хабарына көз жүгірттік.
“Олар шыңға шықты!”
“… Шыңды бағындырды!!!”
“Оқиға қалай болды? Ұлы рекордқа қалай қол жетті?”

Эверестке шабуыл жасап, оны тамаша табыспен аяқтаған со-
вет альпинистерінің ерлік қимылынан телеграфтық стильдегі
қадау-қадау ТАСС хабарлары арқылы құлақтанған жұрт енді
ол жайында толығырақ мағлұмат алғысы келіп, редакцияға

жоғарыдағыдай сұрақтар негізінде хат боратқаны біздің əлі
күнге дейін есімізде. Бұндай өтінішті сол сəтте орындау оңай
шаруа емес болатын. Неге десеңіз, мəселе сол ерлік иелерінің
ол кезде бізден мыңдаған шақырым алыста болғандығында,

Отанымызға қайтып оралу үшін оларға кемінде əлі бір айға
жуық уақыт қажет екендігінде еді. Бірақ өтініштің аты
өтініш, оған жауап бермеуге болмайды. Сондықтан да біз
оның басқа жолдарын ойластырып, атап айтқанда, Эверест

ерлері елімізге келгеше экспедицияның шыңға шыққанына
дейінгі жəне шыққаннан кейінгі жағдайларын ара-тұра болса
да сөз еткен орталық телевизияның “Киносаяхат-шылар клу-
бы” хабарында, одақтық баспасөзде жарияланған фактілерді

бір арнаға жинақтап оқырмандар тілегін қанағаттандыруға
бел байладық. Сонымен…
Бірінші советтік Гималай экспедициясы 28 февраль күні
СССР астанасы Москвадан аттанып кетісімен, əлем олардың

əрбір қадамын қалт жібермей, қадағалап құлақ түрді де
отырды. Оны Катмандуға келіп түскен біздің альпинистерді
бірінші болып қарсы алған Непалдың туризм министрлігі
секретарының көмекшісі, дүние жүзі елдеріндегі Гималай

экспедицияларын үйлестіру басқармасының эксперті Шарма
Шалемдра Рагтың мына сөздерінен анық аңғаруға болады:

– Біз бұрын ешкім жүріп өтуге жүрегі дауаламаған көк

күмбезінің қиын да күрделі маршруттарын таңдап алған
сіздердің батыл шешімдеріңізді естіп қатты толқыдық.
Шыңға шабуылдың табыспен аяқталатынына алдын-ала
сенім білдіре отырып, мынаны ерекше атап айтқым келеді. Ол

– Эверестке бағындыратын жеңіс күндеріңіздің тек сіздердің

ғана қуаныштарыңыз емес, біздің непал халқының да ортақ
мерекесі болып тойланып, атап өтілетіндігі.
Əлем альпинистерінің жаңа маршрутқа мəн бергені сон-
ша, СССР спортшылары Катмандуға келіп түскен күні мұнда

Эвересті адамзат тарихында тұңғыш рет бағындырған қар
қабыланы Эдмунд Хиллари де қоса жетіп, ат басын тіреді.

– Мұндай батыл шешім мен өжет қадамға не айтуға бола-

ды, – деді ол. – Сіздер, өз мүмкіндіктеріңізді, сөз жоқ, дұрыс
есептегенсіздер. Өз басым совет альпинистерінің жанқиярлық
жорықтарын көптен бері үзбей қадағалап келемін. Сондағы
көңілге мықтап түйген нəрсем – дайындықтарыңыздың

өте жоғары деңгейде екендігі. Енді тек, бəріміз де ауа райы
оңынан туса екен, – деп тілейміз. Сонда сіздердің Жер-анаға
Эверестің биік нүктесінен қарайтын күндеріңіз де алыс емес.
Осы кездесу барысында Хиллариге: “Эверестке ша-

буыл жасаған сіздің кезіңіз бен бүгінгі күннің арасында
қандай айырмашылық бар деп ойлайсыз? – деген сұрақ та
қойылмай қалған жоқ. Оған атышулы “қар қабыланы”: “Егер
сіздерге біреу осыдан 30 жыл бұрынғы альпинистердің киімі

мен құрал-саймандары қазіргілердің қатарында жіп есу-
ге жарамайды, ал бүгінгі спортшылар бұл жағынан тамаша
сапалық қасиетке ие десе, өз мүмкіндіктеріңізді тым асыра
бағалап кетіп жүрмеңіздер. Себебі, шыңға шабуыл барысын-

да кездесер табиғаттың дүлей күшін жеңу үшін жылы киім,
ыңғайлы оттегі баллондары, темір тақа көмегіне сүйеніп
қою жеткіліксіз. Ондағы нағыз жеңіске жеткізетін нəрсе –
адамдардың бойындағы жігерлілік, төзімділік, тəуекелшілік,

қайсарлық жəне өзара достық, коллектившілдік қасиеттері.
Осыны мықтап есте ұстауларыңызды өтінемін”, – деді.
… Эверестке шабуыл жасау екі айға жуық уақыт созыл-
ды. Биіктіктегі орналасуға тиіс қоналқалық лагерьлер бірінен

кейін бірі өз деңгейлерін асырып жатты. Экспедиция өмірінде
Гималай романтикасының барлық белгілері – жергілікті
климатқа бейімделу, қодастар керуенімен жол жүру, май
шамның жарығымен отырып тамақтану – бəрі-бəрі де өз

ретімен болып жатты. Əсіресе, альпинистердің алыстағы
ата-анасына, үй-іштеріне жазған үшбу хаттарының жөні
ерекше болатын. Олардың кейбіреулері былай деп сыр шер-
тер еді: “Бізде күнделік жазатын, оны ұдайы тəптіштеп тол-

тырып отыратын уақыт жоқ. Сондықтан мына хатты сақтап
қойыңыздар. Бұл хабарларды Гималай дəптерінің беттері деп
білерсіздер”.
10 мартта бірінші советтік Гималай экспедициясының

жетекшісі,
физика-математика
ғылымдарының
докторы

Е.Тамм Москваға мынадай радиограмма жіберді: “Базалық
лагерьде жаттықтырушы А.Овчинников пен Э.Мыслов-
скийдің төрттік отряды негізгі міндеттерге орай іске кірісті.
Бізге жергілікті шерптерден жасақталған үш жүкші, бір бай-

ланыс офицері мен аспаз қызмет көрсетуде. Экспедицияның
жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында əзірге ешқандай
кідіріс болған жоқ. Алдағы уақытта да осындай қарқынмен
қимылдай береміз деген ойдамыз”.

Міне, шыңға шабуылдаушылардың барлығы осындай
салмақты іс-əрекетпен көрініп, сеніммен жұмыс істей білді.
Гималайды шайқассыз, қиындықсық алу оңай болған
жоқ. 23 мартта соққан қатерлі дауыл негізгі базадан 5600

метр биіктікке орналасқан бірінші лагерьдің шатырын
жығып кетті. Тəулігіне бір метр жылжыған Қхумбу мұздығы
болса,
альпинистердің

жартастарды
қуалай
жүргізген
жіптерін, ондағы қағылған қазықтар мен жасанды қар

баспалдақтарын жым-жылас жұтып жатты. Соған қарамастан
Э.Мысловскийдің тобы совет альпинистері бұрын ешқашан
көтеріліп көрмеген 7800 метрлік межеге жетіп, екінші
лагерьді сонда орнатуға шешім қабылдады. 12 апрельдің түс

мезгілінде алға қарай тағы да 150 метр жылжыған олар оттегі
баллондары мен азық-түлік қоймасына негізделген үшінші
лагерьдің шатырын құра бастады. Содан бір апта өткен соң
В.Иванов, С.Ефимов, С.Бершов жəне М.Туркевич игерген

8250 метр биіктікте төртінші лагерь, 29 апрельде 8500 мет-
рден орын тепкен бесінші лагерь құрылды.
Көптен күткен күн де келді.
Төменнен: “Шыңға!” деген дабыл естілді.

Жорық басталды!
Осы араға келгенде енді сəл тұра тұрыңыз, құрметті
оқырман! Өйткені сол сəттегі, сол кештегі, одан кейінгі
тəуліктердегі

қуанышты
хабарларды
шашыратып,
шайқалтпай өз мəнінде баяндау мақсатымен оқиға болған

жерден сол минут, сол сағатта беріліп отырған қысқа-қысқа
хабарлар мазмұнын сіздердің көз алдарыңыздан өткізбекпіз.
Катманду,
май.

Эверест
шыңы
бағындырылды!
Ленинградтық инженер В.Балыбердин мен москвалық

оқытушы Э.Мысловский Непал уақытымен 14 сағат 35 минут-
та /Москва уақытымен 12.50/ совет экспедициясынан бірінші
болып дүние жүзінің ең биік шыңына көтеріліп, сонымен
бірге бұрын адам жүріп өте алмайды деп есептеліп келген

маршрут – оңтүстік батыс қабырға арқылы жаңа жол ашты.
Бұл альпинистер бүкіл совет экспедициясының Эверестке
/8848 м/ екі айға жуық уақыт бойы жұмсаған күш-жігерін та-
быспен аяқтады.

26 апрель күні екі совет спортшысы Эверестің оңтүстік ба-
тыс қабырғасы арқылы жаңа маршрут салуды аяқтау жөнінде
тапсырма алып, базалық лагерьден шықты. Олар төртінші
лагерьге төрт күн дегенде жетті, əрқайсысының ұзындығы

45 метрлік он арқанды жүздеген метрге тартып, бесіші ла-
герьге қажетті жолды үш күн бойы салды. Шыңға өздеріне
жəне совет альпинистерінің басқа топтарына жол ашу үшін
қар жапалақтап жауып тұрған кезде де қас қарайғанға дейін

жұмыс істеді.
В.Балыбердин мен Э.Мысловский бесінші лагерьден /8500
метр биіктікте/ 6 сағат 10 минутта шықты. Олар шыңға сегіз
сағаттан астам уақыт бойы шабуыл жасап, онда 30 минут

болып, қар жауып тұрғанына қарамастан көптеген суреттер
түсірді.
Катманду, 5 май. Тағы да екі совет альпинисі біздің
планетамыздағы ең биік шың Эвересті бағындырды.

Харьковтік С.Бершов пен донецкілік М.Туркевич түнде
шыңға шабуыл жасады. Мұның өзі Эверестің басына шығу
тарихында бірегей оқиға болды.
Қиын ауа райы жағдайларында, болар-болмас ай сəулесі

түсіп тұрған күрделі маршрутпен ілгері жылжыған олар ерлік
пен батылдық танытты.
Сол күні телетайп лентасы бізге тағы бір қуанышты ха-
бар жеткізгені əлі есімізде. Онда 5 майдың түс кезінде Эве-

рестке совет альпинистері командасындағы тағы екі адамның

– москвалық инженер В.Иванов пен свердловскілік жігіт

С.Ефимовтың аман-есен көтеріліп, қайта түскені айтылған
еді. Байқаймыз, біздің алматылық альпинистерге де рұқсат
берілер сəт тіптен жақын қалған сияқты.

Катманду, 8 май. Алматылық Қазбек Уəлиев пен Валерий Хрищатый Эверестке шықты. Альпинистер бесінші лагерьден шабуылға жұма күні кешке шыққан болатын, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты кері оралуға мəжбүр болды. Екінші əрекетті олар дауылды жел біраз тыншыған кезде кешкісін жасады. Лагерьден олар 17.00 сағатта шығып, шыңға түн ортасында – 1.50 сағатта көтерілді. Қ.Уəлиев пен В.Хрищатый шыңға өте күрделі жағдайда шабуыл жасады. Синоптиктер Эверест маңы өте-мөте суытып, батыс бағыттағы желдің күрт күшею қаупін айтты. Биіктікте желдің жылдамдығы секундына 30-35 метр болуға тиіс еді. Алайда бұл болжам одан да асып түсіп, жел жылдамдығы секундына 40 метрге жетті. Инженер-сейсмолог Уəлиев пен топырақтанушы инженер Хрищатый шыңға шабуыл жасауға он бес сағат уақыт жұмсады. Шыңның басында олар он минуттай болып, онда оттегі баллонын жəне бірнеше сувенир қалдырды. Бұл болашақта келетіндер үшін заттай дəлелдер деуге болады. Əрине, Уəлиев пен Хрищатый шабуыл жасауға аз күш жұмсаған жоқ, қатты шаршады. Шыңды бағындырған бұл екі жігітті 8500 метр биіктіктегі бесінші лагерьде кездестірген Ерванд Ильинский мен Сергей Чепчев Эверестке көтерілу ниеттерінен бас тартып, жолдастарына көмектесіп, олармен бірге төмен түсті. Катманду. 10 май. Эверест шыңына тағы үш альпинист – москвалықтар Валерий Хомутов пен Владимир Пучков, алматылық Юрий Голодов шығып, бірінші советтік Гималай экспедициясына қатысушылар дүние жүзінің ең биік шыңына шабуылдауды жеңіспен аяқтады. Жоғарыда аттары аталған үш спортшыға ауа райы жағдайының нашарлауына қарамастан шыңға одан əрі көтерілуге рұқсат етілді. Өйткені, олар шыңның жақын іргесінде болатын. “Біздер, Эверестке шығуды 1982 жылғы 9 майда аяқтаған совет альпинистері, совет халқын, сондай-ақ фашизммен күрескен басқа елдердің халықтарын Жеңіс күнімен құттықтаймыз. Өзіміздің табысымызды біз осы ұлы мерекеге арнаймыз”, – деп хабарлады олар шыңнан радиотелефон арқылы. Эвересті шабуылдау аяқталды. Ең биік шыңға барлығы 11 совет альпинисі көтерілді. Эверестке түн ішінде шығудың екі əрекеті жасалды, мұның өзі дүние жүзілік альпинизм тарихында бұрын-соңды болмаған өзгеше рекорд болып табылады. … Шың бағындырылды! Қар бүркіп, мұз шайнаған “үшінші полюске” көтерілуші совет альпинистерінің жанқиярлық бұл ерлігіне əлем қол соқты. Қол соғып қана қоймай оған деген ойын ашық айтып, берер бағасын беріп те жатты. Солардың ішінде əсіресе өз уақытында Эверест сияқты бір-бір табиғат тылсымын игеруге жол ашқандардың пікірі ерекше еді. Кəне, енді солардың лебізін тыңдап көрелікші. Иван Папанин, 1937-1938 жылдардағы дүние жүзінде тұңғыш рет ұйымдастырылған Солтүстік полюс жылжымалы станциясының жетекшісі, атақты поляр зерттеушісі: – Бұрын-соңды ешкімнің аяғы тиіп көрмеген жаңа маршрутпен жүріп өткен бұл жандарды мен нағыз алтын адамдар дер едім. Қуаныштысы сол, біздің жігіттердегі гуманизмнің асыл қасиеттерін жинақтаған тамаша мінезқұлық пен коллектившілдіктің жарқын үлгісін танытқан өзара достық Эверестке осы кездесіп қалар-ау деп күтілген жағдайдан да артық сындарға төтеп берді. Бұл олардың өздері армандаған жеңістеріне қол жеткізді. Морис Эрцог, Гималайдың 8 мың метрлік Аннапурна шыңын əлем елдері арасында бірінші болып бағындырған француз экспедициясының жетекшісі: – Шың басына оның оңтүстік-батыс қабырғасымен көтерілу – альпинизм тарихына қосылған жаңа бет, жаңа шежіре. Совет альпинистерінің мына қадамы СССР-дегі осы спорт түрінің үлкен прогреспен үрдіс дамыған қуатты қарқынын көрсетеді. Қиындықты қақ жарып өткен бұл жорық – нағыз ерлік. Георгий Береговой, СССР-дің ұшқыш-космонавы, Ю.А.Гагарин атындағы космонавтарды даярлау орталығының бастығы: – Альпинистер Эверестке шығуға неге құмарта береді? – деген сөзді естіп қалғанда, менің ойыма біздің авиаторлар арасында жиі айтылатын шабуыл шебі атты термин бірден тілге оралатыны бар. Бұл – ұшқыш белгілі бір биіктікті алу, оған самғап шығу үшін, ең алдымен, ойша көз жіберіп соған орай əрекет жасап, қимылдау керек деген мағынаға меңзейді. Эвересті бағындыруға деген құштарлық та сол сияқты. Ол бұған талпынған адам өзінің жеке қабілетін, коллектившілдік қасиетін сонда кездескен қиындықтар арқылы шыңдап, танып

біледі деген сөз. Совет альпинистерінің қай-қайсысы болма-
сын бұл сыннан сыр бермей өткені бізге енді жақсы мəлім.
Өйткені Гималайдағы аталмыш шыңның жер шарындағы
қиын нүкте – Солтүстік жəне Оңтүстік полюстерді игерген-

нен кейін барып бағынғанын еске алсақ, біздің жігіттерге ол
жұмсақ мінез, жылы қабақ танытып, өз тізгінін оп-оңай бере
салмағаны анық. Қалай болғанда да олар ерледі! Өздерінің
шабуыл шебін дұрыс бағдарлауының нəтижесінде жеңіске

жетті.
* * *
Олар келе жатыр!
“Келе жатыр”, – деген хабарды естігенде біз Эве-

рест экспедициясының мүшелері – өз жерлестеріміздің
Алматыдағы ата-ана, семья, қызметтес жолдастарымен
əңгімелескен, телефон арқылы хабарласқан кездердегі ой-
пікірлерімізді жинақтауға отырған едік. Ондағы мақсат –

шырқау шыңды бағындырғандар қатарындағы Қазбек Уəлиев,
Валерий Хрищатый, Юрий Голодов пен шыңға шықпаса да
оның табысты аяқталуына үлкен үлес қосқан Ерванд Ильин-
ский жəне Сергей Чепчевтің былайғы өмірімен оқырмандарды

тағы да қосымша таныстыра кету болатын.
Алматылық альпинистер командасының тренері Ерванд
Тихонович Ильинский жайында біз осы əңгімеміздің басында
тоқталған едік. Десек те əлі де айтылмаған нəрсе баршылық

екен, оның үйіндегі кітап сөресінен біз болашақтағы өмір
жолына күрт өзгеріс, шұғыл бетбұрыс жасады деуге бола-
тын шағын өлеңдер жинағын ұшыраттық. Жұбайы Ната-
лья Петровнаның айтуына қарағанда, ол бұл бағытта қанша

талаптанғанымен ақын бола алмапты. Бірақ осы қасиет
оны журналист əрі мықты альпинист Сырым Күдеринмен
жақындастырған да, ақыры ол Ервандты мұзарттарға мойы-
май өрмелеуші мұзбалақ етіп шығарған.

Тəжікстанның Памир тауындағы Нүрек ГЭС-ін салар-
да тауешкі тұяғынан басқа тірі жан аттап баспаған жабайы
жар тастарға топографиялық зерттеу жұмысын жүргізу үшін
еліміз дегі альпинистерден жеке отряд жасақталғаны мəлім.

Олардың арасында Ерванд Ильинский де бар еді. Үш айға
созылған қиын да, қауіпті жұмыстарда ол екпінді еңбектің
үлгісін көрсете білді, құрылысшылардың өз адамына айна-
лып кетті.

– Егер Медеу мен Тұйықсу жақта кездейсоқ бір жағдай бо-

лып қалса, алдымен біздің пəтерге телефон соғылады, – дейді
Ервандтың жұбайы Наталья Петровна, – ондайда уақытпен
санасып жататын Ерик пе?

– Туристер тау басында қалып қойыпты. Олар жартасқа

шығарын шығып алып, төменге түсе алмай тұр. Көмек
сұрайды, – деп ол жолдорбасын иығына қағып салып жөнеп
береді.
Е.Ильинскийдің семьясы кіл спортшылар. Ұлы Сере-

жа су бассейнінен бір шықпайды. Ал əйелі шаңғы тебумен
шұғылданады.
Қазбек Уəлиев жайлы да қосымша айтар жайлар көп.
Республикамызға белгілі альпинист Б.Студенин Эверест

экспедициясына барар жолдағы соңғы сынақ – Коммунизм
шыңына өрмелеген сəттегі өзі куə болған жайды мысал етеді.
7 мың метрлік биіктіктің басына төрт жүз қадамдай қалғанда
жігіттер əбден қалжырап жол салуға қобалжи бастайды. Осы

сəтте ешкімнің жүрегі дауаламай тұрған көктасқа мысықша
өрмелеген Қазбек бір емес, үш арқанды қатар өріп шығады
да, іңір қараңғылығына қарамай шың басына тартып кетеді.
Күрделілігі жағынан Кузьминнің маршруты деп аталатын бұл

алтыншы категориялық жолды ол осылай игерген.

– Гималайға аттанар алдында кандидаттық минимум тап-

сырып кеткен. Келген соң қорғауға тиіс. Оның бұл асуды ала-
тынына сенеміз, – дейді қызметтес жолдастары.
Валерий Хрищатый туралы не айтуға болады? Анасы
Мария Александровнаның айтқан сөзінен ой түйер болсақ,

ол бала кезінде конькимен мəнерлеп сырғанауға, содан соң
жүзу бассейнінде малтуға əуестенген. Жетінші класта оқып
жүргенінде Қарабас тауына саяхатқа барамын деп адасып
кетіп, үй-ішін бір дүрліктіреді. Содан бастап анасы оны

өзімен бірге жазғы геологиялық экспедицияларға ертіп кетіп
жүретін болған. Альпинизмге деген құштарлық, міне, сол
кезден бастап оянады.
Юрий Голодов туралы əкесі Федор Григорьевич: “Оны

альпинист еткен табиғатқа деген шексіз құштарлық”, – деді
бізге. Сөйтті де: “Кішкентай күнінен бастап-ақ құстарға үйір-
тін. Археолог Шлиман жайында жазылған кітаптарды жа-
та-жастана оқитын. Каникул кездерінде төбе-төмпешіктерді

түртпектей қазып, қалтасын тоттанған темір қалдықтары мен
қыш сынықтарына сықай толтырып əкелетін. Үйге келген

соң біздерге ол бұл олжалардың сонау Шыңғысхан дəуірінен
қалған белгілер екенін дəлелдеуге кірісетін”, – деп жымия езу
тартты.
Федор Григорьевичтің бұдан кейінгі сөзінен аңғарғанымыз,

бірде оның баласы Юраны археологтар өздерімен ала кетеді
де ботқа пісіруші аспаз ғып тағайындап қояды. Юра бұл
міндетті жан-тəнімен атқарады. Сол жазда археологтардың
оны өкпелетіп алған жағдайлары да болыпты. Əңгіме: “Жүр

балақай, бізбен бірге балық аулас”, – деген сөзден шыққан.
Оған Юра: “Балықты ауламау керек, керісінше оларды көбейту
қажет”, – деп бұртиып отырып қалыпты. Табиғаттың зиян-
сыз тіршілік иелеріне деген қамқорлыққа толы балаң сезім

кейін оның өмірлік мамандығына айналған. Оны бұл күндегі
жігіт ағасы Юрий Голодовтың тоғандар мен көлдердегі балық
шаруашылығын өркендету жөніндегі ғылыми-зерттеу ин-
ституты лабораториясында еңбек етуінен анық аңғаруға бо-

лады. Ихтиологтың Қазақстанның Қарағанды жəне Өскемен
өңіріндегі өзен-көлдерде тұқы /карп/ балығын өсіруге бай-
ланысты жүргізілген ғылыми жұмыстары дүние жүзінің əр
түрлі елдерінде жақсы пікірлер туғызады.

Шыңдарға шығудағы, халық шаруашылығы міндет-
теріне байланысты экспедицияларға қатысудағы жетістік-
терін Юрий өзінің зайыбы Галинамен бөліседі, оны ихти-
олог ретіндегі əріптесі деуге де болады. Өйткені екеуі де

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
биология факультетін бітірген. Галина жолдасына ақыл-кеңес
беріп, қолынан келген көмегін аямайды, оның батыл ойларын
əр уақытта да қолдап отырады.

Эверестке шығуға деген ойын Юрий Голодов 1980 жылы
СССР чемпионатының кезекті алтын медалін жеңіп алып
дəлелдеген болатын. Сонда ол Орта Азия əскери округі
командасының құрамасында Коммунизм шыңының оңтүстік

қабырғасын ойдағыдай шабуылдаған еді. Содан кейін ол
қыста Іле Алатауының Комсомол шыңына, жазда Гималай
тактикасын қолданып тағы да Коммунизм шыңына шығып,
сынақтан өтті. Москвадағы мамандарды таңдандырғаны

– Юрий Голодов барокамерада оттегісіз белгіге дейін – 11

мың метрге көтерілді. Мұндай биіктікке дəрігерлер тіпті
космонавтарға да рұқсат етпеген болатын. Ғылыми-зерттеу
орталығында ол жəне москвалық Юрий Черный ғана есепті
уақыт ішінде шыңның төменгі іргесінен Эверестің ұшар ба-

сына дейін велоэргометр педалін айналдыра алды.
Бəрі де ойдағыдай келе жатқан сияқты еді, экспедицияға
қатысушылардың негізгі құрамы жарияланған кезде, тізімде
Голодовтың фамилиясы болмай шықты. Тек кейіннен ғана

Юрий өзінің əріптесі Сергей Чепчевпен бірге қосалқы
құрамға алынды, ол үшін жүрек тебірентерлік сəт деп, міне,
осы кезеңді айтуға болады.
Сергей Чепчев. Осыдан біраз жыл бұрын ұстазы,

республикаға белгілі альпинист Виктор Сидельников екеуі
орташа биіктік – Ұшпа шыңына көтерілгенде, ол үшін бұл
баға жетпес рекорд болып көрінген. Уақыт өте келе Сер-
гей одан да биік шыңдарға бой үйретіп, талай мұзарттарды

бағындырудың
нəтижесінде
еліміз
чемпионаттарында

жүлделі орындарға ие болды.
Алматылық альпинистер өз жорықтарын табыспен аяқтап,
елге жеңіспен оралып келе жатқан күндері біз оның жұбайы
Алла Зафаровнаға жолығып, Сергей жайында айтып беруді

өтіндік.

– Алдымен айтарым, үйде ол нағыз бесаспап, сегіз қырлы,

бір сырлы жан, – деді Алла. – Қолынан келмейтіні жоқ. Кітап
сөрелерін жасау, телевизор, көршілердің бұзылған сағаттарын
жөндеу – оның сүйікті ісі. Сонымен бірге ол бос уақытында
аңға шығуды, мотокросқа қатысуды, шаңғы тебуді өте жақсы

көреді.
Сергей Чепчев те В.И.Ленин атындағы Қазақ политех ни-
ка лық институтының түлегі. Жетісу геологиялық барлау экс-
пе дициясында инженер болып жұмыс істейді. Жаз кезінде

бригада мүшелері тау бөктеріне келіп зерттеу жүргізеді, ал
ол болса одан да жоғарыға, шырқау шыңдар басына шығуға
тіптен құштар-ақ.
Осыдан біраз жыл бұрын ол Прежевальский шыңын

бағындыру кезінде аяғын үсітіп алып, екі жылға жуық қатты
азап шегіп жүрді. Бірақ қайсар жан бəрін де жеңіп шықты,
жарыстардан қалмай жүріп, еліміз чемпионатында жеңімпаз
атанды.

* * *
Олар келді!
Келді! – деген хабардан соң біз көп кешікпей Қазақ ССР
Министрлер Советі жанындағы Физкультура жəне спорт

комитеті үйінде өтетін кездесуге жиналдық. Кездесуді ко-

митет председателі Аманша Ақпаев ашып, республика альпиниадасының шежіресіне жарқын бет болып қосылған Эверест ерлерінің табысын шын жүректен құттықтады. Бұдан кейін ол бірінші советтік Гималай экспедициясының мүшелері алматылық жігіттерге республикалық Физкультура жəне спорт комитетінің Құрмет грамоталарын табыс етті. Содан соң барып баспасөз қызметкерлерімен кездесу болды да, олармен жүздесудің сəті осы арада түсті. Алғашқы сұрақ бірінші советтік Гималай экспеди циясына қатысушы, Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы Ерванд Тихонович Ильинскийге қойылды. – Экспедицияның жұмыс барысында о баста жоспарлаған міндеттерінен ауытқыған сəттері бар ма? Ол қандай жағдайларға байланысты болды? – Əрине, ондай жағдай болды, оның бəрі ауа райының күрт өзгеруінің əсерінен. Соның ең бастысы деп мынаны айтуға болады. Əу баста біздер шыңға төрттіктер бойынша, яғни бір аттаныста төрт адамнан шабуыл жасауға тиіс едік. Амал қанша, жергілікті жердің ауа райы оған мүмкіндік бермеді де, тренерлер советі бастапқыда жоспарланған бұл əдістен бірден бас тартты. Оның орнына жорыққа екі адамнан шығуға шешім қабылданды. Меніңше, экспедицияның өн бойғы жұмыс барысында бұдан басқа ауытқу байқала қоймаған сияқты. – Эверестке бірінші болып Э.Мысловский мен В.Балыбердиннің шыққаны қазір бəрімізге жақсы мəлім. Осы арада нендей себептерге байланысты олар бəрінен бұрын шыңға көтерілуге рұқсат алды? – деген сұрақ туады. – Базалық лагерьдің кадасы қағылған күннен бастап, тиянақтылық пен ұқыптылықтың үлгісін көрсеткен, сонымен бірге эстафеталық деп айтуға болатын бірінен-бірі биік қосымша бес лагерьдің ең қиын екеуін орнатуға ерекше күшжігер жұмсаған Эдуард пен Володяның еңбегін лайықты деп ойлаймыз. Оның үстіне қоналқалық лагерьдің біреуі дайын болысымен, оны орнатқан альпинистер демалып тынығу үшін етекке беттесе, тың тұрған екінші топ одан да жоғарырақтағы басқа лагерьді даярлауға əрекеттеніп жасап жатты. Экспедиция жетекшісі Е.Тамм: “Ал аттаныңдар!” – деп бұйрық берген кезде, бірі жоғары, енді бірі төмен түсіп ауысып жатқан альпинистердің көш басында Э.Мысловский мен В.Балыбердин жүрді. Шырқау шыңға ең жақын тұрған кім? Əрине, солар. Ендеше ауа райы өзгеріп кетпей тұрғанда бұл мүмкіндікті қалай да пайдаланып қалу керек қой. Оларға, міне, сол себепті де шыңға бірінші болып шабуыл жасауға рұқсат етілді. Оның нəтижесі, сөз жоқ, ортақ қуанышқа айналды емес пе?! – Шыңға шабуыл – альпинистер үшін қашан да қауіпті əрі қатерлі. Кейбіреулерінің жергілікті климатқа бейімделе алмауы, уақытша ұстайтын тау ауруымен тымауратып қалуы кездеспей қалмайды. Экспедицияда сондай кездейсоқ жағдайлар болды ма? – Альпинизм – адам өміріне кепілдік бере алмайды. Мұнда қаншалықты сақ қимылдаймын дегенмен сəл нəрседен қателік жіберсең болды бақытсыздыққа ұшырап қалуың опоңай. Бір қуаныштысы, жауапкершілігі мол бұл сапарда бізде ондай оқиға болған жоқ деп айтуға толық негіз бар. Рас, өткен екі ай ішінде төрт-бес дəрігерлік көмек болып, нəтижесінде бəрі де жақсы аяқталды. Тамағына суық тиіп төртінші лагерьден төмен түскен Николай Черный, 7250 метр биіктікте тау ауруы ұстаған Вячеслав Онищенко мен Владимир Шопин, үшінші лагерьдің маңайындағы 15 метр биіктіктен қалың қарға құлап түскен Алексей Москальцевтер еді. Кейін бəрі де сауығып кетті. – Бірінші советтік Гималай экспедициясының жалпы жұмысына сіз өз басыңыз ризасыз ба? – Жаттықтырушы ретінде шексіз риза екендігімді сан мəрте қайталап айтуға бармын. Неге дейсіз ғой? Біріншіден, біздің жігіттерге еліміздің ең күшті деген альпинистерінен іріктеп алынған əрі Гималайды игеру жөнінде тұңғыш жасақталған экспедицияға мүше болу жөнінде үлкен сенім көрсетілді. Екіншіден, құрамаға кірген бесеуміздің үшеуі Эвересті бағындыру бақытына ие болды. Үшіншіден, Гималай экспедициясына деген үш жылғы дайындық, шыңды шабуылдаудағы көзбен көрген қиындық, оның басы-қасында жүрген маған тəжірибе жинақтарлық таптырмас мектеп қой?! Қайталап айтамын, экспедиция жұмысына, міне, сол себепті де ризамын. Ал спортшы ретінде көңілім толмайды. Оған себеп қиыннан қиысып келген жəне енді қайтып бола ма, болмай ма деген мүмкіндіктің бəрін қолдан шығарып алғандығыма қатты өкінемін. Ол – шыңға шыға алмағандығым. Мақсатқа жетуге толық жағдай да бар еді. Бірақ, мұндай сəтте өзіңнің жеке басыңнан гөрі коллектив мүддесі қымбат емес пе?

Тəртіптің аты – тəртіп, оған бағынбауға болмайды. Шыңға таяу қалғанда жетекшіміз біздерге биіктігі бағындырып төменге қиындықпен түсіп келе жатқан Қазбек пен Валерийге көмектесуге нұсқау берді. Біз мұны бұлжытпай орындадық. Бұдан кейінгі сұрақтарға Қазбек Уəлиев жауап берді. – Жергілікті халық – шерптер туралы түйген ойпікіріңіз… – Қалай деп айтуға болады… Бір есептен олар аңқау да момын халық. Бұл жандардың түсініктері де қызық жəне əртүрлі. Кəсіптері – дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген альпинистер экспедициясына жүкші болып қызмет көрсету. Жұмыс кезінде олар өз уəдесіне берік жəне өте адал. Біздің топта қызмет атқарған Наванг есімді шерптің бойынан өз басым осындай қасиеттерді байқадым. – Валерий Хрищатый екеуің шыңға қалай шықтыңдар? Соны өз аузыңнан егжей-тегжейлі естісек… – Ол екеуміз 6 май күні кешкісін 8500 метр биіктікке орналасқан ең соңғы 5 лагерьге жеттік. Валера осы нүктеге дейін оттегі баллонының көмегінсіз көтерілді. Шатыр тау шатқалының тегістеу жеріне тігіліпті. Қол созым жерде күн көзіне шағылысқан мұздақтар көрінеді. Екеуміз сол жерде Алматының қою шайын əзірлеп, құмарта іштік. Сол күнгі түн мен үшін тым тынымсыз болды. Бір қырымнан жайсыз жатқандықтан ба, əйтеуір, сол бүйірім шаншып шықты. Шатыр сыртындағы долы желдің екпіні еш басылмады. Ышқына соққан боран шатырдың керулі арқанын үзіп əкетуге шақ қалып тұрды. Таң ата бере жолға жиналдық. Шыңға шабуылды бастар сəтте қорғасын бұлттар қоюланып, айналаның бəрі өзгеріп шыға келді. Жел қайтадан күшейіп, аспаннан қиыршық қар жауа бастады. Тəуекелге бел буып, мəңгілік көк мұз құрсанған жартасқа қарай бет түзедік. Шаршағанымыз басылып, денеміздің тыңайғанын алғашқы 100 метрлік биіктікке қиналмай көтерілгенімізден анық аңғардық. Қимылы ширақ Валера кенет шың қабырғасын қапсыра құшақтаған күйі қозғалыссыз тұрып қалды. Жағдайды тез түсіне қойдым да қолымды сермеп жөн сұрап едім, ол жоғары қарап басын шайқады. Бұл оның мына қатал табиғаттың мінезімен санаспасқа болмайды деген белгісі еді. Долы желден ықтасын іздеп тұрған досым əлден уақытта шатыр жақты сілтеді. Бұдан əрі түк өнбесін байқаған біз төмен түсуге мəжбүр болдық. Амалсыздан екпіні күшті желдің дамыл табу сəтін күтуге тура келді. Осы кезде алғаш рет мен оттегі тапшылығын сездім. Баллоннан минутына 2 литр оттегі жұмсадық. Ал осы сəтте аяздың суықтығы 40 градустан асып кеткен еді. Шыңға кешкі сағат бестің шамасында қайтадан шабуыл жасай бастадық. Валера екеуміз əлемнің ең биік нүктесіне шығу үшін, яғни ең соңғы 348 метрді бағындыру үшін оның əрбір метріне 13 минуттан уақыт жұмсадық. 8 сағаттан астам уақыт өтті. Тіпті кейбір метрлер біз үшін бағынбайтындай болып көрінді. Ақыры шың басына түн ортасында, сағат тілі 1-ден 50 минут өткенін көрсеткенде көтерілдік. Онда бізге дейін болған жігіттердің ескерткіш сувенирлері мен қар басқан киноаппараттарын, сонан соң Совет елінің алқызыл жібек туын көрдік. Шынын айту керек, біз үшін бір-бірімізді құттықтап, құшақтасу деген болған жоқ. Себебі шың басына жеткенше əбден қалжырап, суық буып тастаған денеміз еркімізге көнбеді. Шың басы жайпақ, ені шамамен 1,5 ұзындығы 7 метрдей келеді екен. Онда 15 минут уақыт болып шұғыл қайтуға тура келді. – Əлемнің ең биік нүктесіне шыққанда, сіз шыңнан нендей ерекшелікті байқадыңыз? – Есімде қалғаны – жел екпінінің өте қатты екендігі, сонан соң етектегі таулар түсінің əдеттегіден де сұп-сұр болып жатуы. Тағы бір байқағаным, 8848 метр биіктіктегі оттегі мөлшерінің жердегіге қарағанда үш еседен астам кем екендігі. Өлшеуіш аппарат біз етекке түскенге дейін осыны көрсетіп тұрды. – Сіз жəне сіздің əріптестеріңіз сол екі айға жуық уақыт ішінде қанша салмақ жоғалтқандарын анықтады ма? – Əрине, бірақ əркімдікі əрқалай болып шықты. Мысалы, мен етекке түсіп өлшенгенімде, бұрынғы салмағымнан 5 килограмм кем шықтым. Ал Владимир Балыбердиннің жоғалтқаны 16 килограмм екен. Қалғандарынікі есімде жоқ. Кездесу аяқталып, жұрт орындарынан қозғала бастаған сəтте біз Қазбекке қарай беттедік. – Тапсырма орындалды. Жəне ол бір емес, екі өтініш болып шықты. Қам жемеңіздер, сіздердің сəлемдемелеріңіз қазір Эверестің басында жатыр,– деді ол бізге жымия күліп. Бұл арада Қазбектің не жайында айтып тұрғанын бірден түсіне қойдық. Қыстыгүні Медеудегі соңғы кездесуімізге біз оған

Тянь-Шаньның Хан Тəңірі шыңының етегінен алынған шағын қайрақтас сынығының бірін беріп, Эверестке шыға қалсаңыздар, сонда қоярсыздар деп өтініш білдірген едік. Кейін оған тағы бір тапсырма қосылыпты. Қазбек жұмыс істейтін Сейсмология институтындағы геология жəне минерология ғылымдарының докторы Абдрахман Козлоевич Курскеев өзінің Көкшетау даласынан алып келген, бұдан бір миллиард жыл бұрын пайда болған ежелгі қазақ жерінің бір түйіри эклогид – тау жынысын беріп, өтініш айтыпты. Қазбек соның екеуін де ұмытпаған, шың басына алып шыққан. – Рақмет, – дедік біз оған. Ол иығын көтерді де қойды. Сол сəтте көз алдымызға мыңдаған шақырым алыстағы мұз шайнап, қар бүркіп тұрған Эверест шыңының төбесінде жатқан Көкшетау даласының бір шөкім топырағы мен Алатаудың Хан Тəңірі іргесінен алынған қайрақтас сынығы келді. 1982 жыл. Авторлық анықтама. Қазбек Уəлиев 1982 жылғы советтік бірінші Гималай экспедициясынан оралғаннан кейін “Халықтар достығы” орденіне ие болды. 1985 жылы өзі жұмыс істейтін Сейсмология ғылымизерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады. Еліміз тəуелсіздік алған соң ол “Хантəңірі” туристік фирмасын құрып, Тянь-Шань тауы етегіндегі атақты Қарқара жайлауынан база ашты. Əр жылдың жаз маусымы кезінде жұмыс істейтін бұл лагерьдің тірлігі – Хан Тəңірі шыңын көруге құштар туристерден тапсырыс алып, оларды аптасына екі рет тікұшақпен сол жерге апарып қайту. ЫСТЫҚ НҮКТЕ

– Сіздердің мұндай жорыққа шығуларыңызға себеп болған

нəрсе не?
Осы бір сауалды біз өткен жылдың көктеміндегі
экспедицияның жолға жиналып жатқан кезінде оның
жетекшісі, Қазақ мемлекеттік физкультура институтындағы

спорттық медицина кафедрасының қызметкері Николай Ни-
колаевич Кондратенкоға қойғанымыз бар еді. Сырт қараған
адамға өзінен ұстамдылық пен төзімді ынта-жігердің ныша-
ны бірден білінетін, денесінде артық ет жоқ қаршыға көзді

қағылез жан сол кезде əр сөзіне есеп бере сөйлеп, былай деген
болатын.

– Оған асықпаңыз. Алдымен сапарға шығалық, шөлді

кесіп өтуге күш салалық. Жорық сəтті өткен жағдайда сіздің
бұл сұрағыңызға: “Оқиға қалай болды?” – деген тағы бір
қосымша сауал қосылары анық. Міне, сол кезде кеңінен оты-
рып əңгімелесуге болады. Ал, қазір оған жауап беру, дəл осы

тақырыпта сөз қозғау əлі ерте ғой деп ойлаймын.
Алғашқы кездесудегі əңгімеміз осылай аяқталған.
Содан кейін арада көптеген күндер… айлар өтіп жатты.
Аптапты жаздың бел ортасында газет беттерінен ТАСС-

тың “…Шөлге жорық басталды”, оның артынан көп ұзамай
“Шөл даланы кесіп өту табысты аяқталды” деген шағын ха-
барларын ұшыраттық. Сол сəттен бастап біздің санамызда:
“Экспедиция қалай басталды? Олар қандай маршруттармен

жүрді? Жорық қанша уақытқа созылды?” деген сияқты ойлар
қоздаған қойдай қайтадан туындап қоя берген. Бірақ ТАСС
хабарларын қаншалықты қадағалап оқығанымызбен ондағы
телеграфтық стильдегі қысқа сөйлемдер: “Жорыққа шықты,

аяқталды”, дегеннен басқа ештеңені айтпай ішімізді кептірді
де тұрды. Сөйтіп жүргенде ақыры олар Алматыға да оралды-
ау. Міне, сол кезде экспедиция жетекшісі Н.Н.Кондратенкоға
телефон соғып, көктемдегі уəдені есіне салдық. Николай

Николаевич бұл жолы бізбен кездесіп, əңгімелесуге бірден
келісімін берді.

– Əңгімені неден бастаймыз? – деді алғашқы аман-

саулықтан соң ол іскер де ширақ үнмен.
Бұл сұраққа біз көкейімізде көптен бері жүрген ойла-
рымызды лықсыта ақтарып айта бастадық. Соның алғашқысы

– “Адам жəне шөл” экспедициясының өмірге келуіне нендей

жайдың себеп болғандығы, оның қалай жасақталып құрыл-
ғандығы, алдарына қойған мақсаты жəне жорыққа байла-
нысты қандай дайындық жұмыстарының жүргізілгендігі еді.

– Мұны түсіндіру үшін, – деді жоғарыдағы сұрақтарға

сəл ойланып барып тіл қатқан Николай Николаевич: – Осы
жетпісінші-сексенінші жылдардың өзінде ғана норвег ғалымы
Тур Хейердал бастаған интернационалдық экипаждың
“РА”, “Тигрис” қамыс қайықтарымен Атлант мұхитын кесіп

өткендігін, София қаласының тұрғыны, болгарлық Папа-
зовтар семьясының моторлы қайықпен жер шарын айналып
шыққандығын еске алалық. Ал одан бері ше? Одан бері де
көптеген жанкешті жорықтар болды емес пе? Оған Дмитрий

Шпаро бастаған жеті жігіттің Шпицберген аралынан сонау
Солтүстік поляр шеңберіне дейінгі аралықты жаяу жүріп
өтуін, советтік бірінші Гималай экспедициясының Эвересті
бағындырған жаңа маршрутын айтсақ та жеткілікті.

Осы арада кім-кімнің де болмасын көкейіне мына-
дай сұрақтың оралары анық. Ол: “Ғылым мен техниканың
бүгінгідей дəуірлеп тұрған заманында двигательді кемемен
емес, қарабайыр қамыс қайықпен жүзген, ауа райы қатал

мұзды өлкеге “Атом” мұзжарғышымен емес, шаңғымен жаяу
жол шеккен қандай адамдар бұлар? Мұндай əрекеттерімен
не бітірмек, нені дəлелдемек?” – деген сауал. Шынында да,
бір қараған адамға бұл өзі сондай əсер қалдырмай ма?.. Бірақ

оның екінші жағын, яғни ХХ ғасыр “Колумбтарының” ал-
дарына қойған басқа мақсатын ұмытпауымыз керек. Ол –
қоршаған ортаның қиын да қатал нүктелеріне қадам басқан
жоғарыдағыдай жандардың қай-қайсысы болмасын ондағы

кездесетін экстремальды жағдай – күтпеген қиындықтарға,
үрейге, аштық пен шөлге, табиғаттың дүлей күшіне адам
баласының қалай шыдайтындығын дəлелдеуге ұмтылуы. Сол
арқылы күні ертең осындай нүктелер халық шаруашылығы

үшін игеріліп, ол жерлерде адамдар жұмыс істеуге тура кел-
ген кездерде маман, қызметшілерге ненің қажеттігін, қандай
жағдайға бейімделудің керектігін алдын-ала барлау. Тур Хей-
ердал, Дмитрий Шпаро сияқты энтузиастардың осы бағыттағы

алдарына қойған мақсаттары орындалды. Өйткені, олардың
экспедицияларындағы байқалған жəйттер, жинақталған

тəжірибелер, зерттеулер мен куə болған құбылыстар экстре-
мальды жағдайдағы адам психологиясының көптеген жаңа
қырларын ашты. Бұл қазір аталмыш саламен айналысушы
ғалымдарға үлкен көмек беруде.

–“Адам жəне шөл” экспедициясын құру жөніндегі идея

міне, осындай жайлардан туындап, бастау алды деуге бола-
ды, – дейді жоғарыдағы əңгімесін одан əрі жалғаған Нико-
лай Николаевич – Біздің осы арманымыз Дмитрий Шпаро
жігіттерінің Солтүстік поляр шеңберіне жасаған жорығынан

кейін тіпті ұлғая түсті. Өзіңіз ойлап көріңізші, жер шарын
былай қойғанда Отанымыздағы адам аяғы əлі аз барып, оны
игеруге қиындық тудырып жатқан нəрсе не деп айтар едіңіз?
Ол əрине шөл дала, сусыған құмды өлке емес пе?! Адам мен

техника оған ұдайы шабуыл жасауда, нəтижесінде оның шет
жақтары игеріліп гүлденуде. Десек те картадағы осынау ақ
таңдақ аймақтың ортасына жетіп, жанды өмір тіршілігін
орнату үшін біраз уақыт керек сияқты. Оның басты себебі –

құмдағы күрмеуі көп күрделі проблемалардың молдығында.
Олай болса оны неге зерттемеске, сол қиындықтарды өзге
экспедициялар тəрізді неге бастан өткеріп көрмеске? Алдағы
іске тəуекел етерде де, оған дайындалып жатқанда да біз міне,

осыны ойладық, осыған жауап іздедік.
…Шөл даланы кесіп өтушілер алдағы саяхатқа ұзақ
əзірленді деуге болады. Оны біз алматылық жігіттердің
Қызылқұм жорығына шықпас бұрын 1980 жылы Балқаш

бойындағы Тауқұм шөліне жасаған алғашқы саяхатынан
аңғарамыз. Мұнда олар бір нəрсеге анық көз жеткізіп қайтты;
шөл адамдарға оңайшылықпен бас иіп, бағына қоймайды екен.
Неге десеңіз осы жаттығу-жорықтың алғашқы күндерінде-

ақ экспедиция жетекшісі əрі дəрігер Н.Н.Кондратенко өз
жолдастарының жүзінен қатты қиналғанын, кейбіреулерінің
күн сəулесінен жарақат алып, аяқтарының жүруге жара-
май ойылып қалғанын байқады. Ынта-жігер мен намысқа

тырысқан əрекетке қарамастан жігіттердің бойында күн са-
нап əлсіздік белең алып, ыстықтары көтерілді. Сол аптада
термометр шкаласы палатка көлеңкесінің өзінде 47 градус
аптап болғанын көрсетіп тұрды. Сондықтан олар Тауқұм

жорығындағы бұл сапарларында əу бастағы белгіленген 100
шақырымдық жолдың небары 30 шақырымын ғана игеріп,
кері қайтуға мəжбүр болды.
Сəтсіздік ешкімді де жасыта алмады. Тауқұмға шабуыл

жасау бір айдан кейін қайта басталды. Екінші əрекетте олар
алдарына қойған мақсаттарын жарым-жартылай орындау
нəтижесіне қол жеткізді. Бірақ шөл дала бəрібір бағынбай
қалды…

Содан
соңғы
жаттығу-жорық
жылдың

көктемінде болған. Бұл жолы олар Жамбыл облысындағы
Мойынқұмды таңдап алды. Экспедиция мүшелері оған үлкен
дайындықпен келген еді. Өйткені соның алдындағы Балқаш
бойында мықтап қиналтқан қатал құм мінезі саяхатқа

қатысушы кім-кімді де болмасын шөлге бұрынғыдан да
салмақтырақ қарауға үйреткен болатын. Соның нəтижесінде
Мойынқұмды кесіп өту операциясы белгіленген уақыттан
ауытқымай, өз мерзімінде сəтті аяқталды. Міне, содан кейін

ғана олар əлемдегі ең ірі деген Атакама, Сахара, Калаха-
ри, Такла-Макан, Қарақұм шөлдерінен кейінгі орындағы
Қызылқұмға шабуыл жасауға болады, оны жаяу жүріп өтуге
күш-қуатымыз жетеді деген шешімге келді.

Николай Николаевичтің сөзіне қарағанда 1982 жылдың
15-20 май аралығында өткен Мойынқұм жорығы сол жылдың
июніндегі Қызылқұмға баратын экспедиция мүшелерінің
есімдерін анықтаған соңғы сынақ болған. Олар кімдер дейсіз

ғой. Айтайық. “Адам жəне шөл” операциясының жетекшісі
əрі дəрігері Николай Кондратенконың өзі, Алматы физкуль-
тура институтының жаттықтырушысы Вадим Журавлев, ин-
женер Гельмут Гегеле, электрик Владимир Волков, слесарь

Павел Богданов. Соңғы үшеуі Алматының əртүрлі заводта-
рында жұмыс істейді жəне осында тұрады.
…Бұрын ешкім тəуекел етіп көрмеген жорыққа бел
байлаған бес жігіт сапар басын Қызылордаға жақын жерден

бастады да саяхат соңында Қарақалпақ АССР-інің астанасы
Нөкістен шығуды көздеп, оңтүстік-батысқа бет алды. Осы
арада кім-кімнің де болмасын көкейіне: “Жорықтың алғашқы
күні қалай өтті? Қай маршруттармен жүрді? Өздерімен бірге

қандай жүк алды? Олар шөлде нені байқап көрді?” – деген
сияқты көптеген сұрақтардың туындары анық. Оған де-
ген жауапты біз Н.Н.Кондратенконың сол жорық жолында
толтырған күнделік беттерінен табамыз. Қане, енді соған бір

сəтке үңіліп көрелікші.
“…Біздің алдымызда Сырдария мен Əмудария өзендерінің
арасында созылып жатқан ұшы-қиырсыз аптап əлем жат-
ты. 44-47 градустық ыстықта 500 шақырымнан астам жерді

жүріп өту үшін осыдан бірнеше ғасыр бұрын Орта Азия мен

Қазақстанды байланыстырған, қазір мүлде ұмыт болған Ұлы
Жібек жолының бір соқпағын таңдап алдық”.
“Əрқайсымыздың иығымызда қазір 54 килограмдық
жүк бар. Оның дені резеңке қапшыққа толтырылған су

мен түйіршектелген ет, қант пен қатып қалмас үшін жұқа
пленкаға оралған нан еді. Осыдан 3 жыл бұрын Солтүстік по-
люске аттанған Шпаро жігіттері 51 килограмнан жүк алып
жүрсе, біздікі оларға қарағанда 3 килограмм ауырлау болып

тұр. Тəуекел, байқап көреміз де!”
“…Алғашқы апта өте қиын жағдайда өтті. Бұл түсінікті
де. Өйткені, ол бейтаныс ортаға бейімделгенше, оған көндігіп
үйренгенше байқалатын аклимитизациялық құбылыс қой.

Шыдау керек, күні ертең бəрі де өз орнына келеді”.
“…Жер-дүниені отқа орап қуырып тұрған неткен ап-
тап əлем бұл? Біз жүріп келе жатқалы бері термометр шка-
ласы күндіз 44-47 градусты көрсетсе, түнде 30-дан түспей

тұр. Шөлді басу үшін 800 грамм, бет шайып салқындау
үшін күніне 300 грамнан ғана су жұмсаймыз. Қиындықтан
құтқарып тұрған нəрсе 70-80 шақырым аралығында кездесіп
қалатын құдықтар мен скважиналар. Ондай жерге жеткенде

бір жасап, ойымызға экспедиция сəтті аяқталатын шығар де-
ген үміт оты ұялайды”.
Парақтарын күн жеп, сырты əбден ақжемденіп тозған
Н.Н.Кондратенконың күнделігі міне осылай деп сыр шертеді.

Иə, олар үшін шөл даланы кесіп өту оңай болған жоқ. Экс-
педиция мүшелерін əсіресе таусылмайтын жарақаттар, айсыз
түнде аттаған əрбір қауіпті қадам қинады. Айсыз түн демекші,
уақытты ұту үшін олар жорық жолын түнде де жалғастыруға

шешім қабылдаған болатын. Бірақ əу баста бір нəрсені
ескермегендеріне қатты өкінді. Ол – бұлардың саяхатқа шығу
мерзімінің ескі ай мен жаңа айдың тоғысар өлара сəтіне тап
келуі еді. Сондықтан да тастай қараңғы түнде жол жүру –

күндізгі ми қайнатар ыстықтан да ауыр болды.

– Жорықтың 18-ші күнінде, – дейді осы арада Николай

Николаевич: – Əмударияның сағасындағы шағын елді ме-
кенге жеттік. Бұл Қарақалпақстан астанасы Нөкіске жақын
орналасқан ауданның “Карл Маркс” деген колхозы екен.
Сол жерден мен экспедицияның сəтті өткендігі жайлы

Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетіне, Қазақ ССР Ғылым
академиясының жанындағы география секторына телеграм-
ма салдым да, қиын сапарда əбден қажыған жолдастарымды
ертіп Нөкіске бет алдым.

Адам жəне шөл… Алматылық бес жігіт аптап жаздың
бел ортасында əлемдегі ең ірі деген алты ыстық нүктенің
бірі – Сырдария мен Əмудария арасындағы 520 шақырымдық
Қызылқұмды кесіп өтті. Бұл ерекше жетістік дер едік біз.

Өйткені дүние жүзіндегі жалғыз ғана ғылыми-зерттеу
орталығы – Түркімен ССР Ғылым академиясында құрылған
Шөл жəне оның проблемалары институтының деректеріне
қарағанда бұрын құмды атпен, түйемен, автомобильмен жүріп

өткендер болған. Бірақ жаяулап, сыртқы əлемнің ешқандай
көмегінсіз кесіп өту – бұл ешкімнің де қолынан келмеген еді.
Алматылық энтузиастар жасаған саяхаттың құндылығы

– олардың жол жүрген кездерінде əртүрлі байқаулар жасап,

арнайы ғылыми программа бойынша дəрігерлік-биологиялық
зерттеулер жүргізуінде. Николай Кондратенконың келтірген
мысалдарына қарағанда олардың жүргізген зерттеулерінің
нəтижелері дəл бүгінде шөл даламен бетпе-бет қалған

адамдардың бұрынғы қалыптасқан бірнеше көзқарастарға
өзгеше қарауына мүмкіндік жасап отыр. Ерекше жағдайдағы
адамның тіршілік етуі мəселелерін зерттейтін көрнекті со-
вет маманы В.Г.Волович осы жорықтың жол қиындығымен

қоса, адамдардың суды аз қолданған жағдайдағы организм
қабілеті, шыдамдылығы проблемаларына көңіл толарлықтай
жауаптар əкелгенін жоғары бағалады.
Экспедиция мүшелерінің осы сапарда жүргізген тағы бір

зерттеуі ол – аптапты ыстық шөл жағдайындағы адамға қажет
медициналық дəрі-дəрмектердің, азық-түліктің бұзылып
кетпеуін қадағалау болды. Мəселен, біз аптека ларда са-
тылатын кейбір антибиотиктердің сыртындағы жазудан

оны бірқалыпты температурада сақтаудың, қараңғы жерге
қоюдың қажет екендігі жайлы ескертуді оқимыз. Ал мұндай
препараттар аңызақ шөл далада бұзылып кетпей ме, оның
шипалық əсері ыстық аптапта өзінің сапасын жоғалтып ал-

май ма деген сұрақтар кейінгі кездері ғалымдарды кəдімгідей
ойландырып жүр. Себебі құмды, байлық көзіне мол шөлді
халық шаруашылығы үшін игеруге барған адамдардың басы
ауырып, балтыры сыздамай тұрмайды ғой. Сондай сəттерде

дəрілер өзінің емдік қасиетін жоғалтып жатса одан не қайыр,
не үміт? Экспедиция мүшелері өздерімен бірге алып шыққан
антибиотиктерді міне осы тұрғыдан бақылап, ондағы ыстық
температураның əсерінен болған құбылыстарды жазып отыр-

ды. Нəтижесінде шөл жағдайындағы медициналық препа-

раттарда көптеген өзгерістердің болатындығы анықталды.
Болашақта фармацевтер Н.Кондратенконың жігіттері байқап
келген өзгерістердің жұмбағын шешу үшін жаңа бағытта
ізденіп, шөл дала жағдайына лайық дəрі-дəрмек жасауға

дайындық жүргізетін болады. Ал, аптапты ыстықтағы
азық-түліктердің
бұзылуып
кетпеуі

жөніндегі
зерттеу
қалай жүргізілді деген сұраққа келетін болсақ, экспедиция
мүшелерінің мынадай бағыттағы тапсырманы орындағанын

мəлімдемекпіз. Қызылқұмды кесіп өтер алдында оларға Жам-
был технологиялық институтының Алматыдағы филиалы
мамандары өмірге əкелген, сырты жұқа қабықпен қапталған
тоқаш нандарды алып жүріп, оның қатып не көгеріп кетпеуі

тапсырылған болатын. 18 күндік сапарда бұл тəжірибе өзін-
өзі ақтап шықты, тоқаш нандар сол бəз-баяғы қалпында, нау-
байханадан исі бұрқырап жаңа шыққан қалпындағыдай жұп-
жұмсақ күйінде сақталды. Осы арада: “Қаладағы азық-түлік

магазиндерінің сөрелеріне түсісімен үш-төрт сағат өтпей
жатып кеуіп кететін бөлкелерді алдағы уақытта технолог-
тар өмірге əкелген жаңа тəсіл – олардың сыртын кондитерлік
қоспасы бар жұқа қабықпен қаптап шығаруды жаппай

қолдануға болмас па?” – деген сұрақ келеді көкейге. Сонда
ысырапшылық аз болар еді.
“Адам жəне шөл” экспедициясы өздерінің алдарына
қойған жоғарыдағы қадау-қадау міндеттерінен басқа тағы

да көптеген жайлардың басын ашып қайтты. Соның негізгі
бір-екеуіне тоқталар болсақ, энтузиастардың сапар бары-
сында шөл даладағы ежелгі мəдениет ескерткіштеріне де
көңіл бөліп, оларды картаға түсіріп қайтуы. Бəріміз жақсы

білеміз, бағы замандардан қалған көне архитектуралық
мавзолейлер мен сардоптар, қорғандар қазіргі таңда адам
аяғы жетер далалы аймақтарда жақсы есепке алынған ғой.
Ал шөлдің қиян түкпіріндегі ежелгі ескерткіштер ше?..

Өкінішке қарай олар əлі зерттелмеген де, санаққа алынған
да жоқ. Николай Кондратенконың жігіттері міне, осы жайға
да байыптылықпен көңіл бөліп, Қызылқұмды кесіп өту
жорығында ондағы кездескен Шірікрабат, Құмқала сияқты

бір кездегі елді мекендердің орындарын тауып қайтты.
Сол жерлердің көрінісін бейнелейтін фотосуреттер алдағы
уақытта республи камыз дағы ежелгі ескерткіштерді қорғау
қоғамының қызмет керлерін, археолог ғалымдарды ойланды-

рар деген үміттеміз.

–Алдағы уақыттағы жоспарларыңыз қандай?

Бұл сұраққа Николай Николаевич былай деп жауап берді.

–Келешекте біз Түркіменстандағы Қарақұм шөліп кесіп

өтуді көздеп отырмыз. Оған деген əзірлік ойдағыдай жүруде.
Алматы үй құрылысы комбинатының спорт залында жетісіне
екі рет жаттығамыз. Сөз орайында айта кетер бір жəйт,
алдағы жорыққа əйелдер де баруға тілек білдіруде. Оны біздің

экспедицияға қатысуға қабылдауға өтініш берген жиырмаға
жуық талапкерлердің ішіндегі екі қыздың жаттығуға келіп
жүруінен анық аңғаруға болады. Көпшіліктен бір өтініш –
осындай жорыққа қазақ жастары да қатысса дейміз. Талап

біреу: тілек білдірген энтузиастардың жасы 25-тен аспауы ке-
рек. Жаттығу орнын жаңа ғана айтып кеттік, олар қай уақытта
болмасын бізге келіп жолығуларына болады.
…Николай Николаевичтің соңғы сөзінен біз мынаны

ұқтық. Ол – осы бір мазасыз жүрек иесінің тағы да тəуекелге
бел бууы. “Қарақұмды кесіп өту – Африкадағы Сахара шөлін
бағындырудан да қиын”, – деседі білетіндер. Мамандар аузы-
нан бұл сөз тектен-тек шығып отырған жоқ, олар мұны білген

соң айтады. Ал, қиын екен деп қарап отыруға тағы да бол-
майды. “Өмір – мүмкіндіктер кезеңі”, – десек, адам баласы
өз тағдырын əр істе сынап көруі тиіс қой. Өйткені тіршілік,
қозғалыс, бір орында марғау ғұмыр кешпей алға ұмтылу – са-

налы өмір иесі адамдарға ғана тəн қасиет. Күрмеуі көп күрделі
жайлардың түйінін шешу, қоршаған ортаның құпиясын ашу,
оны бағындыру міне, осындай тəуекелдерге тікелей байланы-
сты.

1983 жыл.
Авторлық анықтама. “Адам жəне шөл” экспеди-
циясы мүшелерінің бұдан кейінгі үлкен талпынысы ол

– 1985 жылғы Қарақұм жорығы болды. Ұзындығы 550

шақырымдық осы сапар туралы Н.Н.Кондратенко мен
Д.Е.Щетинин “Вечерняя Алматы” газетінің бірнеше
нөміріне мақала бергені есімізде. 1987 жылы “Қайнар”
баспасынан ол “Через Каракумы” деген атпен кітап

та болып шықты. Содан кейін бұл экспедиция туралы
ештеңе естімедік.

ЕЛШІ

1991 жыл. 16 желтоқсан. Осы күні кешкі сағат
17-ден 35 минөт өткенде Президент Н.Ə.Назарбаев
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуел-
сіздігі туралы” еліміздің Конституциялық Заңына

қол қойды. Ертесінде, яғни 17 желтоқсан күні
сағат 11-де бостан ел, азат жұрт болуымыздың
қуанышына орай Алматыдағы Орталық алаңда ми-
тинг болып өтті. Сан мың адам қатысқан осы жи-

ында тəуелсіз Қазақстанды əлем мемлекеттерінің
арасында бірінші болып бауырлас Түрік Респу-
бликасы танығаны жария етілді. Сол күні кешке
Қазақ елінің астанасына АҚШ-тың Мемлекеттік

хатшысы Джеймс Бейкер ұшып келіп, Президент
Н.Ə.Назарбаевпен
кездесуінде
Америка

Құрама
Штаттарының Қазақстан Республикасын тануы
туралы мəселе өз елінде күн тəртібіне қойылып
жатқанын мəлімдеді. Осылайша бізді дүние жүзінің

көптеген мемлекеттері бірінен соң бірі тез танып,
дипломатиялық байланыс орната бастады. Соның
нақты көрінісі 1992 жылдың ақпанында сол кездегі
Киров пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы бір

қабатты ағаш үйде ашылған Қазақстандағы АҚШ
елшілігі еді. Республикамызда бұрын ешқашан болып
көрмеген мұндай шетелдік дипкорпуспен танысу,
оны жазу журналист қауымына таңсық тақырып-

тын. Сол себепті де біз “Халық кеңесі” газеті аты-
нан АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне
өкілетті елшісі болып келген Уильям Хариссон Кор-
тниге кездесіп, əңгімелескен едік.

– Елші мырза! Егер сіз қарсы болмасаңыз əңгіме-

ңізді өзіңіздің өкілдікті ресми түрде таныстыратын
“визит карточ касынан” аз-кем хабардар етуден, яғни:
“Елшілік, соның ішінде Қазақстандағы АҚШ елшілігі
дегеніміз не?”– деген сауалға қысқаша анықтама беруден

бастасаңыз... Бұған қалай қарайсыз?

– Жақсы. Алдымен айтарым, елшілік деген ұғымға байланысты қазір ешқандай сірескен, қатып қалған қасаң ереже жоқ. Оған жүктелген міндеті мен атқаратын қызметіне қарай түрліше сипаттама беруге болады. Мəселен, дипломат менің ұғымымда елшілік дегеніміз бір мемлекеттің, екінші бір мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі. Оның қызметкерлері мүддесі, көзқарасы белгілі бір дəрежеде үйлесім тапқан, достық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа ұмтылған шетелдердің астаналарында орналасып, саяси-экономикалық байланыстарға алғышарттар жасайды. Сөйтіп олардың одан əрмен қарай өркен жаюына дəнекерлік рөл атқарады. Қазақстан мен АҚШ-тың арасында қазіргі таңда дəл осындай байланыстың негізі қаланып жатыр деп айтуға əбден болады. Оған алып келген басты нəрсе жаңадан тəуелсіздік алған Қазақстанның экономикалық тығырықтан тезірек шығуы үшін біздің іскер топтарымызбен бірлесіп қимылдауға ынта-ықылас танытуы əрі АҚШ-тың табиғи байлығы мол, болашағы зор, саяси-əлеуметтік ахуалы тұрақты сіздердің республикаңызбен өркениетті тұрғыда əріптестік қарымқатынас орнатуға ден қоюы. Есіңізге сала кетейін, соңғы бір жарым жыл ішінде американ бизнесмендері өкілдерінің Батыс Қазақстан кен орындарында болуы, Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа баруы, Джеймс Бейкердің Алматыға келіп қайтуы екі жақтың да ұтпаса ұтылмайтын əріптестік, іскерлік қа-дамдарына жол салып, негіз қалау болатын. Сол жүздесулер мен келіссөздер өз нəтижесін бере бастаған да сияқты. Мұның айқын бір белгісі деп 1992 жылдың ақпан айынан бастап Алматыдағы АҚШ елшілігінін, ашылып, жұмыс істей бастағанын айтуға болады. Біздің елшілігіміз өзіміздің пайымдауымызша Қазақстан астанасындағы қазіргі ашылып жатқан басқа мемлекеттердің өкілдіктерінің ішіндегі ең үлкені сияқты. Олай дейтінім, мұнда 22 адам жұмыс істейміз. Олардың 8-і кəсіби дипломаттар да 14-і аудармашы, іс жүргізуші, инженер-техник сияқты мамандықтың иелері. Сөз арасында айта кетейін, елшілігімізге осы Алматының өзінен, республиканың жергілікті ұлты – қазақтардан жұмысқа алған адамдарымыз да бар. Ағылшын тілін шебер меңгерген бұл қызметкерлеріміз өз істеріне ұқыпты, тиянақты. Мұндай қасиет бізге ұнайды. – Əңгіме барысында мынадай бір жайға да назар аудара кетелік. Айтыңызшы, АҚШ бүгінгі күнге дейін əлемнің қанша елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан жəне КСРО деп аталған біздің бұрынғы территориямыздағы қазіргі тəуелсіз республикаларда сіздің мемлекетіңіздің қанша елшілігі бар? – Қазіргі таңда АҚШ дүние жүзіндегі 130 елмен дипломатиялық байланыс жасайды. Ал, Евразияның тең жартысынан астамын алып жатқан бұрынғы КСРО-ға келсек кезінде жағдай былай болатын. Москвада елшілігіміз тұрды да, тағы да ірі деген бірді-екілі қалада, өкілдік, консулдық өмір сүрді. Енді қазіргі жағдай мүлде басқаша. Соңғы бір жылдың ішінде біз тəуелсіздік алған республикалардың бəрінде дерлік елшілік ашуға толық қол жеткіздік. Рас, Грузиядағы саяси жағдайдың ойнамалы мінез танытып тұрып алуы ондағы дипломатиялық байланысты жолға қоюды кешеуілдеткен еді. Таяуда оны да ретке келтірдік. Сөйтіп Тбилисиден де АҚШ елшілігі ашылды. – Қазақстан астанасы Алматы қаласындағы өзіңіз жетекшілік етіп отырған американ өкілдігінің басты мақсаты мен міндетін бізге қалай түсіндіріп, баяндап бере алар едіңіз? – Мен былай деп айтар едім: мақсат та, міндет те көп. Бір жағынан біз АҚШ-тың Қазақстан жөніндегі ұстанған бағытын қорғауға мүдделіміз. Ол экономикалық, гуманитарлық көмекті іс жүзінде жүзеге асыру, жаңадан жанданып келе жатқан байланыстарды үзіп алмай, оларды одан əрі жалғастырура дəнекер болу сияқты жұмыстармен сипатталады. Екінші жағынан біз Қазақстандағы саяси ахуал, қазіргі экономикалық реформа – нарықтық қатынастар мен жекешелендірудің алғашқы қадамдары, шетелдік фирмалар мен концерндердің аяқ алысы, тағы басқа да мəселелер жөнінде жер шарының арғы бетіндегі ел – өз үкіметімізді хабардар етіп отыра-мыз. Елшіліктің үшінші бір алдына қойған міндеті оның қызметкерлерінің республика атын иемденген халықтың ежелгі, қазіргі мəдениетімен, əдебие тімен, салт-дəстүрімен танысу үшін шығармашылык одақтарда, орталықтарда болып тұруы, көрнекті ғылым қайраткерлерімен, өнер шеберлерімен кездесулер ұйымдастыруы. Содан соң... иə, содан соң Қазақстандағы көптеген тілде шығатын газет-журналдардын, бəрі бірдей АҚШ-қа жете бермейді. Сондықтан біз мұндағы шыққан басылымдарды зер сала қарап отырып, өз еліміздің

саясатшы, лингвист, тарихшы, эколог ғалымдары мен мамандарына керек-ау деген материалдардан пікір жинақтап отырамыз. Бұл американ зиялыларына сіздердің республикаңызды жан-жақты танып білуіне көмектесері сөзсіз. Біздің елшілік қызметкерлерінің, жұмыс бағыттары қазірше міне осындай міндеттерді орындаудан тұрады. – Осы арада біздің газет оқырмандарын елші болып отырған мына сіздің өмір жолыңыздың қызықтырмай қоймайтынын да айта кеткім келеді. Сіз қалай елші болдыңыз? Өзіңіздің мамандығыңыз, бұған дейінгі атқарған қызметіңіз туралы сөз қозғасаңыз... – Менің негізгі мамандығым – экономист. Осы саладан жəне математикадан ғылым докторы деген атағым бар. Жасым – 48-де. Үйлі-барандымын. Зайыбым Паула екеуміз бір ұл, бір қыз тəрбиелеп отырмыз. Өмірімнің соңғы 20 жылын дипломатиялық жұмыспен тығыз байланыстырып келемін. Алматыдағы жаңа қызметке тағайындалғанға дейінгі атқарған жұмыстарымды қысқаша түрде былай баяндап беруте болады. Он екі жылға жуық Мəскеудегі АҚШ елшілігінде тұрып, жұмыс істедім. Содан соң Женеваға орын ауыстырып, ондағы біздің мемлекет өкілдігінің Европадағы ядролық қаруды шектеу жəне қарусыздану жөніндегі сарапшысы болдым. Кейін Бразилиядағы елшілікте жауапты қызмет атқардым да Рейганның президенттік билігі аяқталар кезде Вашингтонға оралып, Ақ үйде жұмыс істедім. Ал соңғы кезде дүние жүзінің Евразия бөлігіндегі КСРОның күйреп, коммунистік тəртіптің тасталқан болуы, оның бұғауындағы республикалардың тəуелсіздік алуы АҚШ-тың өз сыртқы саясатына басқаша, жаңа тұрғыдан қарауын талап етті. Соның əсерімен бұрынғы дипломатиялық қызметте болғандар елшілік жұмысқа қайтадан шақырыла бастады да менің Алматыға келіп қалған жайым бар. – Сіздің АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі болып тағайындалғаныңыздан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Осы мерзім ішінде біздің республикамыздың қай облыстарында болдыңыз жəне ол жерлерден нендей əсер алып қайттым деп ойлайсыз? – Жарты жыл дегеніңіз басқа ел, басқа жұрттан келген адам үшін онша көп уақыт емес. Соған қарамастан мен мұндағы Семей, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында болып үлгердім. Атақты Теңіз мұнай кенішін өз көзіммен барып көрдім. Осы сапарлардан алған əсерім мынадай: Қазақстанның ғажайып табиғатын, қайталанбас жер бедерін, бəрінен де байлық белгісі білініп тұратын шикізат қорын ештеңе, ешнəрсемен салыстыра алмайсың. Бірақ осы алтын көмбенің үстінде отырған оның жергілікті халқы əлемдік өркениетке іліккен соңғы 75 жылдан бері байымаған, ел қатарына қосылмаған. Неге? Мені міне осы жай ерекше таңдандырады əрі қатты ойландырады. Мұның бəрі республиканың жер үсті, жер асты казыналарын бұл біздің ұлттық байлығымыз деп қарамаудан туған анық. Бұдан былай мұндай мейірімсіздікке жол берілмеуі керек. Ол үшін реалистік экономика түзілуі шарт, біздің “Шеврон” сияқты компания лармен бірлескен кəсіпорындар қажет. Қазақстанның қайталанбас табиғаты мен қазба байлығын үнеммен, ұқыптылықпен пайдалануды жекеменшік секторлар арқылы жүзеге асырған жөн. Бұл бағытта АҚШ-тағы жинақталған экономикалық экология лық іс-тəжірибелер сіздерге көп көмек бере алады ғой деп ойлаймын. – Сіз қанша тілді білесіз? – Елшілік қызмет барысында орыс, украин жəне португал тілдерін меңгерген болатынмын. – Ал Шығыс халықтарының мəдениеті мен өнерінен, салт-дəстурінен хабарыңыз бар ма? Қазақ тілін үйренуге қалайсыз? – Шынымды айтайын, менін осы уақытқа дейінгі өмірім, атқарған жұмысым Европа елдерінің тіршілігімен тығыз байланысты болды да Шығысты танып-білуге мойын бұра алмадым. Ал тағдырдың жазуымен Қазақстан астанасына келгеннен соң өзімнің осы қателігімді қайткенде де түзетуге тура келіп тұр. Қазақ халқының мəдениетімен, өнерімен, дəстүр-салтымен танысуды бастап та кеттім. Жұмыстан қолым қалт еткенде астанадағы Орталық концерт залына барып өнер шеберлерініқ əндерін тыңдаймын, түсінбесем де теледидардағы қазақша хабарларды көруді əдетке айналдырдым, республикалық Көркемсурет галереясында болып жергілікті қылқалам шеберлерінің шығармашылық туындыларымен танысудамын. Мұның сыртында осы таяу уақыттан бері қазақ тілін үйренуді өзімнің алдыма басты бір міндет етіп қойдым. 1992 жылдың басында АҚШ-та Шығысты зерттеуші ғалымдар мен мамандардың қатысуымен сіздердің республикаңызды таныстыратын əрі күнделікті қолда-

нымдағы сөздерді үйрететін ағылшынша анықтамалық жарық көрді. Мұның біздің елшілік қызметкерлеріне айтарлықтай көмекші құрал болары анық. – Əңгімеңіздің соңында біздің республикамыздың оқырмандарына сіздің айтар пікіріңіз бен тілегіңіз болса оны да біле кеткеннің ешбір айыбы жоқ қой деп ойлаймын. – Əрине! (Елші осылай деді де Қазақстан жұртшылығына деген лебізі мен тілегін қағазға ағылшын тілінде былай деп түсіре бастады). “Республика азаматтарына алғашқы кезекте мынаны айтқым келеді. Таңданатын бір жай: шалғай, қиян шетте жатса да Қазақстан бүкіл əлемнін, назарына тез іліге бастады. Оның негізгі себебі төмендегідей жəйттерге байланысты ғой деп ойлаймын. Шетелдіктердің көзқарасы тұрғысынан Қазақстан өзінің теңдесі жоқ мұнайлы қойнаулары, уран қоры, алтыны жəне магнийімен тез арада өте маңызды елге айналмақ. Қазірдің өзінде Батыстың іскер топтары мұнда жанжақтан ағылып келіп жатыр. Сірə, көп ұзамай-ақ Алматы Иран мен Қытайға дейін созылып жатқан үлкен аймақтың іс орталығына айналатын болар. Елші ретінде мен сіздерге осыны естеріңізге салғым келеді. Екіншісі, республика тарихы жəне болашағы үшін тамаша сəт туды. Ол Қазақстанның, мұндағы жергілікті халықтың мəдениетін, дəстүрін, тілі мен дінін коммунистік идеологияның араласуынсыз өзінің қалауынша дамытуға еркіндік алуы. Мұндай дербестік, тəуелсіздік сіздердің республикаңыздың əлем мемлекеттерімен тең əріптес дəрежесінде байланыс орнатуына, ондағы түрлі халықтармен ешбір кедергісіз араласуына жол ашады. Тарихтың осы тамаша мүмкіндігін өз мəнінде пайдалануға күш салыңыздар. Уильям Хариссон Кортни”. 1992 жыл. Авторлық анықтама: Уильям Хариссон Кортни АҚШтан Қазақстанға келген тұңғыш елші еді. Ол бұл қызметте 1996 жылға дейін болды. Содан соң 1996-2007 жылдар аралығында аталмыш лауазымды Элизабет Джоунс, Джон Ордвей секілді дипломаттар атқарды. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы қазіргі Төтенше жəне өкілетті елшісі – Ричард Е.Хоугланд. ШАБЫТ ТРАЕКТОРИЯСЫ

Эрмитаждағы живопись шығармаларынан алған əдемі əсерін қағаз бетіне түсіре қоймақшы болғая А. И. Герцен үйіне келген соң бірден столға отырады. Бірақ канша еңбектенсе де ойы шашырап, өзі жазған сөйлемдерге өзі еш қанағаттанбайды. Ақыры орнынан тұрып кетіп: “Ж-о-қ. Суретті сөзбен айтып жеткізу киын екен. Оны тек... көзбен ғана көріп түсіну керек шығар, сірə”,– депті. Дəл осындай жағдай қызылордалық кылқалам шебері Қайырбай Зəкіровтің облыс орталығында өткен көрмесінде біздің басымызда да болғаны бар. Олай дейтініміз, зал қабырғаларындағы “Графика”, “Өлең”, “Живопись” деген ортақ тақырыпқа бағындырылған 60-қа жуық өнер туындыларының қай-қайсысы да алғашында көрермендерге бірден сыр аша қоймайды. Себебі, бұларда адам түсінігіне жеңіл сұлу пейзаж, əсем панорама немесе пластикалық өнер сəні – түрлі-түсті бояулар позасы онша көп емес. Керісінше, мұнда Евклид теориясына тəн меңзеу сызықтары мен кубизм ағымындағы шар, конус, куб секілді геометриялық денелердің өз тіршілігімізге бейімделген күрделі формалары басым. Бұған астрономиялық-географиялық əлем – жер мен ғарыш кеңістігін, біздіңше айтқанда, ұлы дала жəне Тəңірі көктің бөлшек-бөлшек силуэттерінен бастау алған жұмбақ деталдарды қосыңыз... Міне, сондықтан да натуралық көшірме немесе акаде миялық шарттылық шеңберіне сия бермейтін бұл шығар маларды түсіну үшін қай-қайсымызға да өзгеше бір сезім толқынысын бастан кешіру керек сияқты. Дұрыс түсініңіздер, құрметті оқырман, біз бүл жерде барлық жаңалықты тек Қайырбайға ғана теліп, жақсылық атаулыны бір соның басына үйіп-төгейік деп отырған жоқпыз. Мəселе – басқада. Ол оның күрмеуі көп күрделі жанр – графиканың бояуға тапшы, детальға бай қыр-сырын қалай игеріп, бұл саладағы бүгінгідей тамаша жетістікке қалай қол жеткізді деген сауалға жауап іздеуге тырысу. Осыны ойлағанда сонау алпысыншы жылдардағы “хрущевтік жылымық” кезінде елді өз туындыларындағы тосын шешім, тың үрдісімен елең еткізген Салихиддин Айтбаев, Мақым Қисамединов сынды суретшілер еске түседі. Олардың жаңашылдығы неде еді? Жұртшылық жақсы білетін болар, өнер үшін түрі – ұлттық, мазмұны – социалистік, бағыты – интернационалистік ұранын ұстанған кеңестік идеология ол кездері Батыстағы кубизм, конструктивизм жəне сюрреализм сияқты ағымдарға шошына қарайтын. Айтар ойын астарлап, тұспалдап жеткізеді демесе, Пабло Пикассо, Ренато Гуттузо сияқты саңлақ суретшілер жүріп өткен бұл жолдан үркетіндей, оны құбыжық көретіндей ештеңе жоқ еді. Қайта ол ағымдар қылқалам иелерін əлемдік өркениеттің озық үлгілері деңгейінде ойлауға үндейтін. Батыс сурет өнеріндегі осы мектепті біздегі тоталитарлық жүйе “буржуазиялық кертартпа бағыт” деп қанша мансұқтағанымен мəскеулік қылқалам шебері Э.Неизвестный, алматылық графиктер С.Айтбаев пен М.Қисаединов ол айыптауларға мойынсұнған жоқ. Олар аталмыш ағымдардан қажетті деген синтездік ньюанстарды бойла рына үнсіз сіңіре отырып, өз шығармаларына сыздықтата енгізу арқылы жаңа үрдіске жол ашты. Біздің кейіпкеріміз Қайырбай Зəкіров – сол тұлғалардың шəкірті əрі лайықты ізбасары. Ол міне, 25 жыл бойы аталмыш дəстүрді нағыз творчество өкіліне тəн интуициямен байыта дамытып, табандылықпен жалғастырып келеді. Осындай сабақтастықтан бастау алған жанкешті еңбектің нəтижесінде ол ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде ойлы, жүмбақ көрініске толы 100-ден астам картинадар сериясын өмірге əкелді. Бұлардың ішінде, əсіресе, “Арал туралы триптих”, “Базар жырау” кітабына иллюстрация”, “Түс көру”, “Ежелгі Жент қаласы туралы фрагменттер”, “Шыңғыс Айтматов шығармаларын оқығанда”, “Балалық шаққа саяхат”, “Дала. Тұлпар, Кеңістік” туындыларының орны бөлек. Аталмыш шығармаларды зер салып көрген кім-кім де болмасын оған əсте бейжай қарап, бейтарап қалмасы анық. Олар сол сəтте сан түрлі сезім толқынысын бастан кешіріп, сан қилы ой сілеміне берілері сөзсіз. Осы орайда көп көрерменнің бірі ретінде біз де сондай өз көңіл-күй əсерлерімізден туған пайымдауларымызды ортаға салуды жөн көріп отырмыз. Қайырбайдың шоқтығы биік дүниелерінің бірі, көп суреттен тұратын “Базар жырау” кітабына иллюстрация” сериясы. Біріншіден ол – графикалық туынды. Өнердің бұл

саласы жүрген жерде бояу түрлерінің шектеулі болатыны
белгілі. Демек, графикамен иллюстрация жасау өмірдің
мың сан құбылған таңғажайып əлемін тек екі түрдің – ақ
пен қараның шарпысуына көгендеу деген сөз. “Базар жы-

рау” сериясындағы детальдарға суретші осы тəсілмен келіп,
бояу тапшылығын ешкімге сездіртпейтін жоғары шеберлік
арқылы алып шыққан.
Екінші, көптеген қылқалам шеберлері кітап графи-

касындағы иллюстрацияларды жасау барысында алды-
мен сол шығарма авторының портретін салып, содан кейін
оның əдеби дүниесіндегі сюжеттерді бейнелеп, одан қала
берді көркем туындыны оқу барысындағы ұсақ-түйек еле-

стерден коллаж құрастырып ұсыну сияқты шиыр ізден
шыға алмайтын. Қайырбай ондай стилизацияға ұрынбаған.
Ол бұл жердегі өзінің басты міндеті ақын шығармаларына
өзек болған сол кездегі рухани өмірді кескіндеу, Базардың

жандүниесін ашатын тұстарды тап басып бейнелеу, жырау
идеалы – ізгілік нұрын суретпен сөйлету деп түсінген. Дұрыс
шешім. Дəл осындай тамаша идея бір кездері марқұм Мақым
Қисамединовтің 6 линогравюрадан тұратын “Махамбет”

графикасында жарқырай көрінген еді. Бұл туралы Əбекең –
Əбіш Кекілбаев сол уақытта: “Ол кітап графикасындағы ең
көп тараған əдіс – шығармада суреттеліп отырған жағдайға
сай иллюстрация жасауға да, не əдеби шығарманы оқи оты-

рып суретші көңілінде туған көркем ассоциацияларды бейне-
леп, өлең авторымен бəсекеге түсуге де ұрынбаған. Сондай-ақ
Мақым Қисаме динов Махамбетті бейнелейтін линогравюра-
ларында оның ақындығын бір бөлек, батырлығын бір бөлек,

азаматтық келбетін бір бөлек көрсетем деп бөліп-жарып жат-
пайды. Суретші күрескер ақын өмірінің кез-келген күнінде
кездесетін, күллі өмірінің мəні болған сəттерді тап басып
бейнелеуді мақсат тұтқан. Бұл кітап графикасында, əсіресе,

поэтикалық шығармалар иллюстрациясында аса сирек
ұшырасып жүрген соны мінез, соны шешім”,– деген болатын.
Ол Қайырбайда да солай. Қылқалам шебері “Бұқар жырау”
кітабына иллюстрация” серияларын осы сарындас, бірақ

өзіне тəн қолтаңба, өзінің фантазиясына лайық шешім арқылы
орындап шыққан. Ескерте кетейік, қасаң композиция, жаттан-
ды схематизмнен ада мұндай стиль кейіпкеріміздің тек осы
иллюстрациялық топтамаларында ғана кездесіп қоймайды.

Еркін де жаңаша ойлау машығына толы ондай сырлы
сызықтар мен буырқанған бояулар Қайырбайдың “Шыңғыс
Айтматов шығармаларын оқығанда”, “Ақын Иранбек Оразба-
ев өлеңдерінен туған ой” атты графикалық туындыларында

да молынан ұшырасады. Бұл қасиет нағыз таланттарға ғана
тəн кажыр-қайрат пен рухани қуат-күшті аңғартқандай.
Қылқалам шеберінің келесі біз сөз етпек болып отырған
“Ежелгі Жент қаласы туралы фрагменттер” топтамасы

да əп дегенде түсінуғе өте ауыр, жұмбақ туынды. Мұның
күрделілігі сонда, жұртшылық бұл картиналар сериясынан
орта ғасырдағы аруақ қонып, нар шөккен, “Жібек жолының”
шулы да дулы шаһары атанған кентті көре алмайды. Ондай

панорамалық полотноның орнында есте жоқ ескі замандағы
ғасырлар бəйгесінен бізге озып келіп жеткен қираған қамал
құландылары, қаңыраған керуенсарай қабырғалары, су шай-
ып, жел мүжіген күзет мұнаралары пішіндес қаңқалар тұр.

“Бұлардан не түсінуге болады?” – дейсің алғашында абдырап.
Содан соң барып суретшінің қарт Сейхун бойындағы аңыздар
қаласын жеке-жеке детальдар арқылы бейнелегенін ұғасың.
Иə, ежелгі көне кент- Жент қылқалам күдіретімен бізге өзінің

суға салса батпаған, отқа түссе күймеген тірі айғақ, нақты
заттық белгі – архитектуралық-археологиялық ескерткіш
үлгілері арқылы сөйлеп тұр. Көзге елестетіп көріңіз, қанқұйлы
шапқыншы жау ойранынан кейінгі жермен-жексен болып

қираған каладан не қалушы еді? Құлаған қорған... Төбесі ор-
тасына түсіп қираған үй... Қаңыраған көшелер мен желден
ысқырық тартқан мұржалар... Атамекен абыройы – туған
қаласы үшін бастарын өлімге тігіп, шейіт болған мың сан

боздақ... Сол сұрапыл кезеңдерден бергі ғасырларда уақыт
шаңына көміліп қалмай бізге аман жеткен жəдігерлерді об-
раз ретінде алған Қайырбай өз фрагменттерінде оларды бы-
лай тірілтеді. Женттегі археологиялык қазба жүмысы кезінде

табылған темір ошақ шеңбері қазақ жүртының киесі болып
саналатын шаңырақ та, ал оның үш бұты сол шаңырақты
көкке көтеріп тұрған үш сарбаз; жаңбыр жуып, жел мүжіген
керуен сарай: бағанасы – балбал; күнге қурап, құр қаңқасы

ғана қалған кұранды ер – алға қарай атылайын деп тұрған
дəуіт- шегіртке; шөп басып кеткен ор жиегіндегі тот басқан
қыпшақы қайқы қылыш – көзге түртсе көргісіз қараңғы
түндегі қияннан ілмиіп туып келе жатқан жартыкеш жіңішке

ай; қошқар мүйізді оюмен өрнектелген көне фасадтың
сынығы – жиырылып тұрған ұлу ретінде көрініс тапқан.

Ал, қос құлақты кыш құмыра ше? : Ол екі бүйірін таянып,
жоқтау айтып отырған қаралы əйелді көзге елестетеді. Айта
берсек мұндай мысал-теңеулер көп. Тіптен көп! Бұдан түйер
қорытынды: осы фрагменттердегі қосарлы деталь-образдар

бірігіп келіп, ежелгі Жент шаһарының жиынтық бейнесін
бергендей. Басқа көрермендер қалай ойлайды оны білмейміз,
ал біз өзіміз сөз етіп отырған жоғарыдағы картиналар серия-
сын осылай түсініп, осылай қабылдадық.

Кайырбайдың “Арал туралы триптих”, “Ақын Иран-бек
Оразбаевтың өлеңдерін оқығанда туған ой” туындыларының
да айтар ойы мол. Алдыңғы аталған шығармадағы
экологиялық апаттан тілім-тілім боп жарылып кеткен теңіз

табаны – қу тақыр тасбақаның кебір кабығын көзге елестетеді.
Сол тасбақа-тажал өзінің өлі қа батымен бірте-бірте адамдар
тіршілік етіп жатқан аймақты қусырып, қыспаққа ала тарыл-
тып келе жатыр. Арал трагедиясын қылқаламмен бұдан артық

қалай түсіндіріп айтуға болады? Ал, екінші картинадағы за-
мана желі шайқаған алып шынар мен түйе үстінен құлап бара
жатқан адам бейнелерін де терең ой құшағына берілмей көру
мүмкін емес. Əсіресе мұндағы оқыс мінез, тентек қылық

көрсете бермейтін көнтерілі қара нар силуэті... Осы бір мо-
мын жануарды қатты шамдандырып алған мынау бейбақтың
құйысқанға карай сыпырыла түсіп бара жатқанын көргенде
оны елдің мұң-мұқтажын елемей келіп, енді құрдымға

құлаған жайдақ басшылардың бірі ме деп қаласың. Сондай-
ақ, “Дала”. Тұлпар. Кеңістік” деп аталатын офорттағы
əдеттегі табиғи өлшемге көп сия бермейтін арғымақ ше?
Қараңғы түн, тар қапастан атылып шығып, арындай шапқан

бұл тұлпардың еркін екпіні көз алдымызға егемендік алған
еліміздің тəуелсіздігін елестеткендей.
“Шабыт поэзияда қандай керек болса, геометрияда да сон-
дай қажет”,– деген екен математик А. Лобачевский Дұрыс

айтылған сөз. Себебі, буырқанған бұла сезім мен кылт еткенді
қағып алатын кағілез қиял, жаныңды жеп жан таптырмайтын
жігерлі ізденіс болмаған жерде істеген ісіңнен береке көріп,
барқадар таппайсың.. Осы тұрғыдан алғанда біз суретші

Қайырбай Зəкіровтің шығармалары нағыз шамырқанған ша-
быттан туған толыққанды туындылар деп айтар едік. Оған
оның жоғарыдағы картиналары анық дəлел. Логикасы жүйрік
жандарға қылқалам шеберінің творчествосын түсіну қиын

емес. Кілтін тапқан адамға олар құдды бір өлең жолдары
сияқты үнсіз сөйлеп қоя береді.
Өлең жолдары демекші көрмеде суретші Қайырбай
Зəкіровтің

жиырмадан
астам
поэзиялық
туындыла-

ры да қойылған. Өзіне ғана тəн қоңыр үні бар бүл сазды
шумақтардан қылқалам иесінің əр жылдардағы көңіл-күй ау-
анын аңғарғандайсың. Мəселен:
Саққұлақ түн. Сауран маңы. Саналарда сары мұң,

Жұлдыздардың пейілдері: аумағындай тарының.
Қамал іші... қурайлардай семіп қалған үміттер.
Сараң айдың жарығы...
...Тілім-тілім тұнжыраған тұлғасына қарасаң,

Сары атандай Сауран биік: ал көңілі аласа,
Жетігеннің шанағында жеті ғасыр өксіді,
Табылмай-ақ алты алашта қарындасқа араша.
деген шумақтарды да толқымай, тебіренбей оқу мүмкін

емес. Тұнып тұрған теңеу мен образдарға толы бұл өлең жол-
дары оқырманға сөзбен салынған суреттей əсер қалдырады.
График – суретші Қайырбай Зəкіров... Ол ақын да. Сыр
сүлейлері Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Кете Жүсіп, Дүр

Оңғар, Нұртуған жыраулардың толғауларын түнді-түнге
ұрып жадуалдай жатқан айтатын термешілік өнері жəне бар.
Бұған оның зергерлік, реставраторлық, архитекторлық қырын
қосыңыз... Осындай тамаша қасиеттердің иесі, еңбекқор жан

ол бұл күндері творчество адамдары ғана түсінетін Евклид
кеңістігіндегі шабыт траекториясымен қалықтап келе жа-
тыр. Самғауың сəтті, жолың жемісті болсын ақкөңіл де аңғал,
ақжарқын Қайырбай дос!

1996 жыл.
Авторлық
анықтама.
Қайырбай

Зəкіровтің
өмірбаянында көп өзгеріс жоқ. Ол сау-сəлемет қазір
сол Қызылорда қаласында тұрып жатыр.

АҒА

Заулап өтіп бара жатқан уақыт-ай! Ойлап қарасам бұл
кісіні тұңғыш рет көріп, танысқаныма да биыл артық-кемі
жоқ жиырма бес жыл болады екен. Содан бері Сарбас ағамен
өмір жолы мені қайда түйістіріп, қайда тоқайластырмады

десеңізші… Көп. Тіптен көп. Солардың ішінде əсіресе
төмендегі үш оқиға есімнен кетпейді.
1969 жылдың жазы еді. Астаналық облыстың Нарынқол
селосындағы орта мектепті жаңадан бітірген кезім. Ойымда

КазГУ-дің журналистика факультетіне оқуға түссем деген
тəтті арман бар. Бірақ ауылда шөпшабыс басталып кетті де
шілде айы бойы жалғызілікті əкемнің шаруасының бір жағына
шығысып, қолқабыс тигізуге тура келді. Сөйтіп Алматыға ең

соңғы абитуриент болып əзер жеттім.
Шатақ документ қабылдар кезде басталды. “Газетке
шыққан мақалаларыңа дауымыз жоқ, – деді етжеңді кел-
ген комиссия төрағасы. –Гəп аудандық газеттің берген

мінездемесінде болып тұр. Мұнда мөр басылмапты балақай.
Сондықтан…”
Жігіт ағасы осылай деп документтерімді алдынан кері
ысырды.

Мына сөзді естігенде төбемнен жай түскендей болды.
“Бітті. Ауылға қайта барып, қағаздарымды жөндетіп ке-
луге енді кеш. Оқуға түсе алмайтын болдым-ау”, – деп
күбірледім ішімнен. “Не істеу керек?” Осылай əрі-сəрі күй

кешіп тұрғанымда, кенет көңіл түпкірімнен бір əлсіз сəуле
жылт ете түсті. Ол: “Облыстық “Жетісу” газетіне барып
көрсем қайтеді? Сондағы шыққан мақалаларымды көрсетіп,
мінездеме алуға болмас па екен?” – деген үміт оты еді. Осы

оймен Совет көшесі 50-ші үй қайдасың деп ал кеп іздейін.
Редакцияны кеш бата таптым. Ол КазГУ-дің бас корпу-
сынан онша алыс емес, Үкімет үйінің шығыс жағындағы
жерде болып шықты. Еңселі мекеменің екінші қабатына

көтерілгенімде жабық тұрған көп бөлмелердің ішінен ашық
тұрған бір есікті көрдім. Бұл машбюро екен.

–Жұмыс күні аяқталды ғой. Кештетіп кімді іздеп жүрсің

бауырым? – деді əлгі жерден шығып, өз бөлмесіне қарай бет-

теген орта бойлы ақсары кісі. Мен асығып-аптығып өз жай-
ымды баяндадым. “Ə, олай болса бері жүр”, – деді бейтаныс
адам. Сөйтті де өз бөлмесіне ертіп келіп, газет тігінділерін
ақтара бастады. Əлден уақытта қолына менің бес-алты

мақалам шыққан “Жетісуды” алып машбюроға қайта кетті.

–Міне, саған мінездеме жазып алып келдім балақай, – деді

ол кісі біраздан соң бөлмеге қайта келіп. – Ал мынау біздің
газетке шыққан мақалаларың. Осы екеуін апарып көрсетсең,
документтеріңді қабылдайды. Жолың болсын, бауырым!

–Рахмет, аға! Сіз… Сіз кім боласыз? – дедім шаруамның

тез біткеніне қуанып кеткен мен ол кісіге абдырай тіл қатып.

–Мен осы “Жетісу” газеті бас редакторының орынбаса-

рымын. Аты-жөнім – Сарбас Ақтаев, – деді бейтаныс жан
мінездемеме мөрді нығарлай басып жатып.
Аталмыш фамилияны естігенімде көз алдыма “Қапшағай
хикаясы” атты мақалалар сериясының авторы елестеді. Со-

дан кейін бұл кісінің біздің аудан өмірінен алып жазылған
“Өмілдірік”, “Оқан жəне жеті қыз” очерктерін есіме түсірдім.
“Сарбас Ақтаев деген журналист осы екен ғой”, – дедім
ішімнен. Сөйттім де бұл адамға айтатын алғысым мен

рахметімді жаудыраған жанарыммен ғана танытып, КазГУ-ге
қарай құстай ұштым.
…Арада арбаның дөңгелегіндей айналып жылдар өтті.
Бұл кезде бойым өсіп, ойым ержеткен мен “Лениншіл жаста”

жұмыс істеп жүрдім. Жастар газетінде қызықты сəттер көп
еді. Бірақ қиналған кездеріміз де аз емес болатын. Соның бірі
даңқты даталар мен дүбірлі мерекелер жақындады дегенше
арнаулы нөмірге жауапты біздердің өзге басылымдардағы

əріптестерімізбен əйт-шу деп телефон бəйгесіне жарысқа
түсіп, беделді деген публицистерге алдын ала хабарласу
арқылы тақырып беріп құда түсу дер едім.
Сондай бір қарбалас сəт күні бүгінге дейін есімде. 9 мамыр –

Жеңіс мерекесі үшін публицистикалық мақала жазып беремін
деген жазушы ағамыз уəдесін жұтты да арнаулы нөмір иелерін
жер соқтырып кетті. Бұған пұшайман болған біз енді ал кеп
жанұшыра жаңа автор іздейік. Байқаймыз, ешқайсысы бос

емес. Бəрі де жұмыс-басты. Қолы бостарының өзі уақыттың
тығыз екенін естісімен жалт беріп, өтінішімізден ат-тондарын
ала қашады. Осылай тауымыз шағылып отырғанда, есімізге
“Социалистік Қазақстан” газеті бас редакторының орынбаса-

ры болып істейтін Сарбас аға түсті. Өзі де газет қызметкері
емес пе? Қиналғанымызды түсінер, меселімізді қайтармай,
қолұшын берер, – деген оймен енді осы кісіге хабарласуға
тура келді.

–Жарайды, көлемі қанша? – деді телефон трубкасындағы

ақжарқын дауыс біздің өтінішімізден хабардар болған соң.

–Көп емес. 300 жол.

Сəкең күліп жіберді: – Осы əзірде ғана Қазақ Совет Эн-
циклопедиясынан бір жігіт қоңырау шалып еді, – деді сөзін
жалғап: – Сұрайтыны 850 əріптік мақала. 300 жол жəне 850
əріп. Атаулары қызық емес пе, ə?

Ауызекі əзілмен көңілімізді бір демдеген Сарбас аға
публицистикалық мақаланы келесі күннен қалдырмай жазып
беруге уəде етті. Айтқанындай солай болды да. “Уəде – құдай
сөзі”, – деген қағидаға берік азамат аға “Лениншіл жасқа”

қажетті мақаланы түнімен жанын жеп отырып жазып бітіріп,
таңертең қолымызға ұстатты да бізді қиындықтан құтқарып
жіберді.
Бұны қалай ұмытарсың?

…В.Г.Белинскийдің шығармаларында: “Халдің тағдырға
уақытша бойұсынатын кезі”, – деген астарлы сөз бар. Сон-
дай бір эмоциялық сезім 1991 жылы менің де басымнан
өткен сияқты. Ол кезде “Қазақстан коммунисі” журналын-

да жауапты хатшы болатынмын. Редакция қаражатының
кіріс-шығысын шығаратын бухгалтерлік есеп-қисап, басқа
да бықи-тықи кеңсе қағаздары творчестволық жұмыспен
шұғылдануға мүмкіндік бермей, еңсемді езіп жүрді. Оның

үстіне бюрократтық аппараттағы түрлі лауазым иелерінің
атынан мақала жазу, үкіметтің сұрқай да сүреңсіз қаулы-
қарарларын аудару əбден ерқашты етіп бітірген еді. Сондай
кезде баяғы “Лениншіл жастағы” республикамыздың о шеті

мен бұ шетін аттай желіп аралаған күндерімді аңсаймын.
Рюкзагымды арқама асып алып, Тянь-Шань тауларындағы
тағы аңдар тіршілігін зерттеген, Сілеті сілемдеріндегі сын-
тастарды суретке түсірген сəттерімді сағынамын. Осы көңіл-

күй ауаны ақыры кесімді бір шешімге бел байлатты. Ол

– кеңсе күзеткен шенеуніктік мына тірлікті тастап, коман-

дировкасы көп, жақсы дүние жазуға мүмкіндігі мол газет
жұмысына қайта оралу керек деген берік ұйғарым еді. Бұл
ойымды көп кешікпей жүзеге асырдым да. Журналдағы жау-
апты хатшылық жұмысты өз еркіммен тастап шығып, осыдан

бес жыл бұрын қимай қоштасып кеткен “Лениншіл жасқа”

қайта оралдым. Рахат! Еркін өмір. Өзіме ұнайтын, көңілім қалайтын тақырыптарға алаңсыз кірістім дейсіз… Бірақ бұл бостандығым ұзаққа бармады. Екі айдан кейін “Халық кеңесінің” бас редакторы болып істейтін Сарбас аға телефон соғады. –Ау, мұның қалай? –Не болып қалды? – деймін мен түк түсінбей. –Мұндай жұмыс бізде де бар еді ғой. Неге ақылдаспадың? Мен бұл мəселе өзімнің жеке ісім – жүрек қалауым екенін айттым. –Дегенмен асығыс шешім жасағансың, – деді Сəкең сөзімді асықпай тыңдап алып. – Бізге кел. Мұнда саған қазіргіңнен де еркінірек қимылдайтын қызмет бар. –Жоқ, болмайды. –Ендеше мен сен көнгенше осылай телефон соғып, мазаңды аламын да тұрамын. Бұл сөзді басында қалжың екен деп ойлағанмын. Сөйтсем олай емес, Сəкең күнде қоңырау шалып, ойынын шынға айналдыра бастады. Қатты қысылдым. Барайын десем: “Келді де кетті. Табанының бүрі жоқ неткен жан?” – дей ме деп жастар газетінің жігіттерінен ұяламын. Бармайын десем Сарбас аға:“Осы жасыма келгенше бір өтініш айтып көрмеп ем… Неге бəлсінесің сонша? Жер бетінде сенен басқа журналист жоқ деп ойлайсың ба?” – деген сөздерді айтып, шарт ете түсе ме деп ыңғайсызданамын. Өстіп жүргенде ол кісі тағы да телефон соғып: –Маған қояр қандай шартың бар? Мүмкін сен соны айта алмай, мен сұрамай жүрген шығармын, – деді. –Жоқ, Сəке. Ешқандай өтініш айтпаймын. Тек мені осы орнымнан қозғамаңызшы. –Тыңда ағайын, – деді енді осы жерге келгенде қатты ширыққан Сəкең. – Сенің жазудан басқа ойыңның жоқ екенін жақсы түсінемін. Бұл абыройлы іс, адам қызығарлық қасиет. Сондықтан оған кедергі келтіретін аудармаға араластырмаймын. Бір. Əкім, бастық, төрағалардың атынан мақала жаздырмаймын. Екі. Көңілің соқпаған тақырыптарға қыстамаймын. Үш. Бұдан артық не керек енді? Мына сөздерден кейін енді сылтауратудың да, уəж айтып қашқалақтаудың да қажеті жоқ екенін сездім. Сөйттім де тəуекел деп “Халық кеңесіне” бас редактордың творчестволық жұмыстарды үйлестіру жөніндегі орынбасары болып келдім. Алғашқы күннен бастап байқағаным, Сəкең айтқан сөзінде тұрды. Сөйтіп белгілі бір салаға маманданған менің табиғат құпиялары, сирек кəсіп иелері, таңғажайып тағдырлар жөніндегі тірлігімді жалғастыруға жағдай жасады. Ал өз кезегінде мен де аянбай жұмыс істеп, ол кісіге адал көмекші болуға тырыстым. Өздеріңіз байқап отырған шығарсыздар, құрметті оқырман, жоғарыдағы баяндалған жəйттер ол осы абзал азаматпен арадағы əр жылдардағы сырттай таныстықтан туған, сөйтіп көкейде ұмытылмастай болып қалып қойған жылы əсерлер. Ал онымен бірге қызметтес болған соңғы уақытта бұл кісінің жас кезінде Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мəуленов сияқты ағаларымыздың назарына іліккен ақын болғанын біліп, халқымыздың генеологиялық үрімбұтақ, зəузаттық түп-тұқиянын жадуалдай жатқа айтатын шежіреші, əлем əдебиетінің көрнекті өкілдері Сетон-Томпсон мен М.Шолохов, Р.Фраерман мен Мамин-Сибиряктың классикалық дүниелерін қазақ тілінде шебер сөйлеткен тəржімашы екендігін терең түсіндім. Мұның сыртында ол кісінің естіген нəрсесін ешуақытта ұмытпайтын ерекше қасиетіне, газеттің аннонс, аннотация, макет сияқты қара жұмыстарын ешкімге жүктемей-ақ отыра қалып өзі істейтін еңбекқорлығына тəнті болдым.Сəкеңнің сондай-ақ редакциядағы қым-қуыт, қарбалас тіршіліктің ара-арасында уақыт тауып қарамағындағы қызметкерлермен емін-жарқын əңгіме-дүкен құратыны да көңілге жылы сезім ұялатады. –Газет қызметкерлері, – дегені бар бірде Сарбас ағаның, – егер ол нағыз журналист болса өзінің де, өзгенің де алдына маңызды міндет, маңызды тақырып қоя білуі керек. Идея, бастама дегеніңіздің өзі ең алдымен редакция қызметкерінің тарапынан туындайды. Ал, редактордың міндеті – журналистің бойында творчестволық қызығушылық, ынта, иницитивашылдық, өзіне тапсырылған іске жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өмірлік мəні зор мəселелерге бағытбағдар беру. Бұл – бір. Екінші… Журналист өзі көтерген мəселе мен тақырыпты ешуақытта да аяқсыз қалдырмауы тиіс. Яғни ол газет бетіндегі жарық көрген пікірталас, проблемасының жарияланған сəтінен бастап, оның қалай қорытындыланатынын, қалай аяқталатынын ойлай бастауы қажет. Бір ай ма, жоқ əлде бір жыл ма өзінің қалам тартқан тақырыбы нəтиже бере алса – мəселені жеріне жеткізу деп міне, соны айтады.

Мəселені жеріне жеткізу… Мұның үлгі етіп айтар бір
мысалы біздің есімізде ғой. Алпысыншы жылдардың орта
тұсында осы Сəкең, Сарбас Ақтаев “Жетісу” газетіне Алматы
облысының Нарынқол ауданынан “Оқан жəне жеті қыз” деген

проблемалық мақала жазды. Оның көпшілік көкейінде көптен
жүрген тақырып екенін сол кездері кім білген? Мақала аты,
ондағы оқиға желісі соншалықты қарапайым болғандығына
қарамастан облыстық газет хат тасқынына көмілді де қалды.

Екпіні жарты жыл бойы бəсеңсімеген бұл пікірталас соңы ре-
дакция үшін қайталанбас жетістік – Алматы облыстық партия
комитетінің қаулысымен қорытындыланды. Содан кейін…
иə, содан кейін өзіміздің сөз етіп отырған кейіпкеріміздің

жетпісінші жылдардың аяғында “Социалистік Қазақстан”
газетінің тапсырмасымен Батыс Қазақстан өңіріне барып,
“Қандай кəсіп қадірлі” атты проблемалық мақала жазғаны
тағы бар. Нəтижесінде бұл материал да жұртшылық арасын-

да үлкен қоғамдық пікір туғызды. Артынан Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитетінің бюросы арнайы қаулы алды.
Журналистің мəселені жеріне жеткізуі деп міне, осыны айтуға
болар, сірə.

Бірде редакциядағы Сəкеңмен арадағы екеуара əңгімеде
терминдер, оған балама табудағы газет қызметкерлерінің
ұшқыр ойлары, аударма мен тəржімашылық өнер туралы тəп-
тəуір əңгіме қозғалғаны бар.

–Сен “рогатка” деген сөзд “айырсадақ” деп аударып-

сың. Қызық. Жаңа балама екен, – деді ол кісі қолындағы
екі газеттің біреуіне үңіліп отырып. –Ал, мұндағы “удар-
ная армия” тіркесін “тегеурінді армия” дегенінің де жаны
бар. Осы күнге дейін ол “екпінді армия” делініп келді ғой…

“Тегеурінді” сөзінің экспрессиясы бұрынғысынан анағұрлым
күштірек естіледі екен. Жарайсың!
Бұдан кейінгі əңгіме Сəкеңнің əр жылдардағы өзінің
тапқан баламалары төңірегіне қарай ойысты.

–Көп қой олар… Көп, – деді ол кісі. – Бірақ ел солардың

сенікі екенін біле бере ме? Жоқ. Қуанатыным, өзімнің тапқан
баламаларымды жұрттың жатсынбай қабылдап, өгейсітпей
айтып жүргендігінде. Мəселен “пляж” сөзін алайық.
Жетпісінші жылдардың бас кезінде Қапшағай теңізі пайда-

лануға берілгенде бұл атау астаналық баспасөз беттерінде
өте жиі қайталанып жүрді. Осыны “жағажай” деп көрсек
қалай болар екен деп ойладым да газетке жариялап жібердім.
Іле-шала ел оны өз сөзіндей көріп, жатырқамай айтып кетті.

Одан кейін “веранданы” “айван” деп тəржімалағаным есімде.
Содан соң анау орденнің, мынау орденнің кавалері деген
тіркестегі “кавалер” ұғымы көңіліме қонбай жүрді. Оны “ие-
гер” деп аудардым. Бұл сөз де тілімізге тез сіңіп кетті. Қазіргі

айтылып, жазылып жүрген “бағдарлама”, “айқын дама”,
“тұғырнама” баламаларын да баспасөзде мен бірінші болып
қолданған едім. Сондай-ақ “егемен” сөзін өмірге əкелгенімді
де ұмытпаймын. 1990 жылы Мəскеуге КСРО Жоғарғы Кеңесі

сессиясының жұмысына қатысуға бардым. Сол жерден теле-
фон арқылы хабар беріп отырып, “суверенді” сөзінің бала-
масын “егеменді” деп алдым. Содан көп кешікпей ол барлық
газеттерге тарап кетті.

Сəкеңмен “Халық кеңесінде” бірге істеген уақытта
байқағаным, қолға алған ісін тез бастап, тез бітіретіндігі.
Ол кісі творчестволық жұмыста да солай. Мəселен очерк не
мақала жазу керек болды ма, соны аяқтап шықпай орнынан

қозғалмайды. Содан болар Сəкең Н.Ановтың “Əн қанатында”
романын екі айда, В.Обручевтің “Жұмбақ жерін” бір жарым
айда”, Р.Фраерманның “Түз тағысы Динго” повесін 50 күнде,
Сетон-Томпсонның “Хайуа наттар əлемі” əңгімелер жинағын

45 күнде тəржімалап шыққан. Жəне ол осының бəрін жан
алып, жан беріскен күнделікті газет жұмысынан кейінгі
уақытта отырып жасаған. Үйренетін, үлгі-өнеге алатын жəйт
емес пе?

–Бүгінгі газет-журнал редакцияларында еңбек етіп жүрген

қаламдас інілеріңізге қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз? – деп
сұрағаным бар сол əңгімелесу кезінде Сəкеңнен.

–Нысаналы, нəтижелі жұмыс істесе екен деймін, – деген

сонда ол кісі қойылған сауалға сəл ойлана тіл қатып. – Ша-
шылып қалмаса екен. Олардың белгілі бір саланы ғана таңдап
алып, соған маманданғанын, соның шебері болғанын, сөйтіп
сол арқылы өз ісінің жемісін көргенін қалаймын. Мұны мен

текке айтып отырғаным жоқ. Мəселен партиялық газет-
терде қызмет еткен 25 жыл ішінде түрлі науқандарға арнап
əрқайсысы орта есеппен 5 беттен тұратын 120 басмақала
жазыппын. Бұл 600 бет деген сөз. Əділін айтшы, қазір сол

дүниелер кімге керек? Ешкімге де. Желге ұшқан еңбек… Ен-
деше журналистің науқандық жұмысты қуаламай, нысаналы
жұмыс істегені жөн. Не болса да ертең қажетке жарайтындай
етіп жазуға тырысқаны абзал.

1994 жыл.

Авторлық анықтама: Сарбас аға Ақтаев қазір
сол Алматы қаласында тұрады. Жасы 70-тен асса
да қарымды қаламгер қатардан қалмай “Қазақ
газеттері” акционерлік қоғамында кеңесші болып еңбек

етуде. Шығармашылық салада да табыссыз емес.
Соңғы жылдары Сəкең халқымыздың жарық жұлдызы
Шоқан Уəлихановтың мақалалары мен жолжазбала-
ры жəне хаттарынан тұратын 2 томға жуық еңбегі

мен Нобельдік сыйлықтың лауреаты Альбер Камюдің
бір томдық таңдамалы шығармаларын аударып бітіп,
өзінің “Ханзаданың қасіреті”, “Алтын қалам” атты
деректі төл туындыларын “Жібек жолы” баспасынан

шығарып оқырмандарға ұсынды.

ПРЕЗИДЕНТ

СЫЙЛЫҒЫНЫҢ

ЛАУРЕАТЫ

Қазір тəуелсіздік таңымен бірге өмірге келіп, тіршілігімізге берік еніп жатқан игі істер, жаңа үрдістер баршылық. Соның бірі əрі бірегейі Президентіміздің Бейбітшілік пен рухани татулық жөніндегі сыйлығы дер едік. Ол Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ұйғарымымен 1992 жылғы 3 қыркүйекте белгіленген болатын. Жыл бойы сарапқа салынып, тəуелсіздік күні табыс етілетін бұл сыйлықты берудегі басты мақсат – таяу шетелдер мен туған еліміздің мемлекеттік құрылымдарындағы, шығармашылық одақтарындағы, сондай-ақ ұлттық-мəдени орталықтар мен түрлі қоғамдық қозғалыстардағы республика халқының тыныштығын, рухани бірлігін сақтауға, ұлттар достығын нығайтуға ерекше үлес қосқан азаматтардың еңбегін бағалау. Сөйтіп сол арқылы оларға құрмет, қолдау көрсетіп отыру. Өзіміз сөз етіп отырған ынталандыру шарасымен алғашқы екі жылда 5 адам аталып өтілді. Бұлар: академик Мехлис Сүлейменов, жазушылар Дмитрий Снегин мен Герольд Бельгер, академик Салық Зиманов жəне Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының əкімі Анатолий Гужвин. Ал, 1994 жылғы 25 қазанда оған тағы да 2 азамат ие болды. Олар: Өзбекстан Республикасының өкілі, жазушы-аудармашы Насыр Фазылов пен қазақстандық орыс қаламгері Морис Симашко. Осы лауреаттардың ішінен өзіміз көрген, Алматыға келгенде арнайы іздеп барып жүздесіп, əңгімелескен Насыр ака Фазыловқа тоқталайық. Ол кім? Аталмыш сыйлыққа не үшін ие болды? Оның өмірін Қазақстанмен нендей жағдай байланыстырған? Кейіпкеріміздің айтуынша ұлты өзбек ол 1929 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің Жайылма елді мекенінде өмірге келген. Осында қазақ балаларымен бірге өсіп, Түркістан қаласындағы орта мектепте қазақша оқып ержеткен. Сондықтан да бұл кісі Қазақстанның бір пұшпағы – Қызылқұм өңірін өзінің кіндік кесіп, кір жуған туған жері, Отаны деп біледі. Сөз ретінде қарай айта кетелік, жалпы, біздің республикамыздың оңтүстік өңірінде көптеген өзбек зиялылары өмірге келген. Оған ақын-жазушылар: Ұйғынның – Меркеде, Міртемірдің – Иханда, Тұратулланың – Қазығұртта, Əділ Якубовтың – Қарнақта, Сүндетолла Анарбаевтың – Түркістанда туып, кейін Өзбекстанда тұрса да біздің елге деген сүйіспеншілігін жоғалтпағанын, сөйтіп ол іңкəр сезімдерін ғұмыр бойы аялай білгенін айтуға болады. Бұл пікірімізге олардың өз шығармаларындағы қазақ кейіпкерлерін салмақты сабыр иесі етіп көрсеткен сəттер мен қазақ ауылдарын жылы сезіммен суреттеген эпизодтар анық дəлел. Насыр ака Фазылов та, міне, сондай қаламгерлердің бірі. Қандай тақырыпты көтермесін, қандай нəрсе жазбасын оның шығармашылығында Қазақстан үнемі еске алынып отырылады. Жə, о бастағы əңгімемізге қайта оралайық. Кейіпкеріміз Түркістандағы орта мектепті бітірген соң 1949 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оны тəмəмдағаннан кейін “Гүлхан” журналында жауапты хатшы, “Еш гвардия” баспасында жетекші редактор, “Ғафур Ғұлам” баспасында бөлім меңгерушісі, “Шарқ юлдузи” журналында жауапты хатшы болып жұмыс істейді. Осы басылымдардағы 40 жылға жуық қызмет барысында ол қазақ əдебиетін өзбек оқырмандарына насихаттап, таныстыруды бір сəт те есінен шығармаған. Оған Насыр аканың өзінің жазушылық кəсібіне қоса тəржімашылықпен шұғылданғанын, онда да өмір бойы тек қазақ жазушыларының шығармаларын аударуды алдына басты мақсат етіп қойғанын атап айтуға болады. Дəлел керек пе? Айтайық. Насыр Фазыловтың біздің қаламгерлеріміздің туындыларын өзбек тіліне тəржімалаудағы тұңғыш талпынысы Орта Азия мемлекеттік университетінің қабырғасында жүрген кезде-ақ басталыпты. 1950 жылы ол драматург Шахмет Құсайыновтың “Нұрлы тас” пьесасын аударып бола бергенде, жазушы Сəбит Мұқановтың Алматыдан жаңа ғана жарық көрген “Өмір мектептері” романын ұшырастырып қалады. Оны оқып шыққан соң Насыр кітаптың өзіне қатты ұнағанын, рұхсат етсе аударуға дайын екенін айтып Сəбеңе хат жазады. Ғажабы сол, “Өмір мектептерінің” авторы студент жігіттің бұл өтінішіне сол кездің өзінде-ақ күдікпен емес, үлкен үміт, сеніммен қарай білген. Сөйткен де өзінің келісім беретінін хабарлап, тəржімашылық жолда оған сəт сапар тілеген. Сəбеңнің

осы сөзіне жігерленіп, қанаттанған жас творчество иесі “Өмір мектептерін” асқан ыждаһаттылықпен аударуға күш салады. Сөз ретіне қарай айта кетелік, шығарманың сəтті шыққанын мына бір фактілер айғақтаса керек. Ол – осы романға байланысты Өзбекстан мемлекеттік əдебиет баспасының көркемдік кеңесінде өткен талқылауда Айбек пен Ғафур Ғұлам сияқты сөз зергерлерінің кітап аудармасына оң қабақ танытып, жылы лебіз білдіргендігі. “Өмір мектептері” Насыр Фазыловтың тəржімасымен Ташкентте 1954 жылы жарыққа шықты. Міне, содан бері біздің кейіпкеріміздің творчествосы қазақ қаламгерлерінің тыныс-тіршілігімен етене қабысып, біте қайнасып кетті деуге болады. Оған Насыр аканың сол елуінші – алпысыншы жылдардағы Ғ.Мұстафиннің “Қарағанды”, Қ.Əбдіқадыровтың “Қажымұқан” Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне” шығармаларынан бастап, осы сексенінші жылдардың аяғына дейінгі Қ.Мұхамеджановтың “Біз періште емеспіз” Ш.Мұртазаның “Сталинге хат” драмаларын өзбек тілінде сөйлеткені дəлел. –Аударманы күнкөріс қамы деп ойлауға болмайды, – дейді Насыр ака. – Оны олай түсінетіндер қателеседі. Аударма – өнер. Бұл – жанкешті еңбек. Содан кейін… Иə, содан кейін мұны мен ел мен елдің арасындағы рухани байланыс, халық пен халықты жақындастыратын дəнекер, түбі бір түркі жұртының салт-дəстүрін сабақтастыратын алтын көпір деп білемін. –Сіздің өз бауырыңыз – қазақ қаламгерлерімен қарымқатынас орнатып, араласқаныңызға қанша уақыт болды? –Артық-кемі жоқ 40 жыл. –Осы мерзім ішінде қанша əріптесіңіздің шығармасын аудардыңыз? –32 қазақ жазушы-драматургының туындысын өзбек тіліне тəржімаладым. Соңғы бітірген шаруам – “Күміс керуен” жинағы. Онда Мұхтар аға Əуезовтен бастап Сайын Мұратбековке дейінгі 15 қаламгердің ең таңдаулы повестері мен əңгімелері топтастырылған. Қуаныштысы сол, өзбек оқырмандары бұл кітапты өте жақсы қабылдады. Енді қазір мен көлемі 12 баспа табақ “Қазақ ертегілерін” тəржімалау үстіндемін. Насыр ака Фазыловтың қазақ халқына деген жанашырлығы тек аударма мəселесімен ғана шектеліп қалмайды. Оны біз бұл кісінің Өзбекстандағы 1 миллион қазақ диаспорасының мəдени өмірін өркендету үшін сондағы қандас зиялыларымызбен бірлесе отырып əр жылдарғы атқарған түрлі ұйымдастырушылық жұмыстарынан да анық байқаймыз. Мəселен, сонау 1932 жылы екі ел арасындағы рухани байланыстың алғашқы қарлығашындай болып бір жақсы бастаманың жалт етіп бой көрсеткенін қазір көп ешкімнің біле бермеуі мүмкін. Ол аяулы ағаларымыз Сəкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтің тікелей атсалысуымен өмірге келген Өзбекстан Жазушылар одағының жанындағы қазақ қаламгерлерінің секциясы еді. Кейін іздеушісі, сұраушысы болмаған соң бұл творчестволық ұйым жабылып, мүлдем ұмыт қалған. Сексенінші жылдардың ортасында Насыр Фазылов пен Ташкентте тұратын бір топ қазақ зиялылары осы идеяны қайта жаңғыртып көтереді. Өзбекстан үкіметі бұл өтінішке түсіністікпен қараған. Соның нəтижесінде осы республикадағы Жазушылар одағында қазақ секциясы қайта құрылып, қазір оның мүшелері өзбек бауырларымен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Бұл бір деңіз. Содан кейін Өзбекстандағы 1 миллион қазаққа өз ана тілінде шығатын газет керек пе? Керек. Балаларын қазақша оқытатын мектеп, факультеттер қажет пе? Қажет. Телерадио хабарлары ше?.. Міне, тəуелсіздік таңымен бірге келген ұлттық рухани сілкініс тұсындағы осындай шетін мəселелерді айғай-шумен емес, ақылдылықпен шешуде Насыр Фазылов пен оның пікірлестерінің еңбегі зор дер едік біз. Соның арқасында соңғы жылдары Ташкентте республикалық “Нұрлы жол” атты қазақша газет шығып, Низами атындағы педагогика институтында қазақ факультеті ашылды. Бұған Өзбекстан мемлекеттік телерадио корпорациясындағы біздің ана тілімізде хабар беретін арнайы бағдарлама мен Ташкент қаласы жəне оның төңірегіндегі қазақша оқытатын 210 мектепті қосыңыз. Айтпақшы, Бұхара өңірінде де біздің тілімізде бір газет шығады екен. Жақсы хабар ма? Əрине! Көңілге қуаныш ұялататын игі істер ғой бұлар. –Біздің Өзбекстанда қанша қазақтың бар екенін жоғарыда айттым, – деді осы араға келгенде Насыр ака. Ал, Қазақстанда қанша өзбектің бар екенін білесіз бе? –350 мың. –Дұрыс айтасыз. Ендеше… –Ойыңызды түсіндім.

Мен əңгіме иесінің нені айтқалы келе жатқанын сезе
қойдым. Ол: “Сіздер де өз кезегінде біздің қандастары мыздың
өтініш-тілектерін ескеріп отырсаңыздар”, – деген құлаққағыс
еді. Шынында да бұл орынды базына сияқты. Өз басым біздің

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Сайрам ауданда-
рында 4-5 өзбек мектебі мен екі жергілікті газеттің бар екенін
анық білемін. Алдыңғы жылы Ихан селосына жолым түсіп
Міртемірдің мұражайын аралап көргенім бар. Бұдан басқа

ше?.. Есіме ештеңені түсіре алмадым. Демек, алдағы уақытта
біздің үкіметіміз бұл бағытта біраз ұйымдастыру шараларын
қолға алуы керек шығар, сірə.
Біз жоғарыдағы əңгімеміздің бір жерінде Насыр ака

Фазыловтың тек аудармашы ғана емес, үлкен жазушы екенін
де айтып өткен едік. Иə, ол өз еліне белгілі қаламгер, өз
жұртына танымал сөз зергері. Сұхбат барысында бұл кісінің
біздің қазақ оқырмандарына танылуының қалай екенін

сұрағанымызда оған өзінің ұстамды да тиянақты тəржімашы
Көбей Сейдеханов арқылы жол тапқанын ризашылықпен еске
алды. Насыр аканың айтуынша өзбек тілінің əуезді үні мен
нəзік иірімдерін терең түсінетін Көбекең оның қазақ тіліндегі

жалғыз аудармашысы екен. Осы кісінің еңбегімен Насыр
Фазыловтың “Жазушы” баспасынан 1966 жылы “Жасақшы
бала”, 1978 жылы “Жазғытұрым”, 1987 жылы “Түркістан
əуендері” атты повестер мен əңгімелер жинағы жарыққа

шығып, қазақ оқырмандарының рухани игілігіне айналыпты.
Енді мына ізгі ілтипатқа қараңыз! Өзбек əдебиеті өкілін басқа
республика оқырмандарына танытуға қосқан үлесі үшін
қазақ қаламгері Көбей Сейдахановқа 1987 жылы Өзбекстан

Жазушылар одағының Сергей Бородин атындағы сыйлығы
беріліпті. Ойлап қарасақ, біз үшін, міне, бұл да үйренерлік
өнеге, еске ұстарлық тəжірибе сияқты.

–Жер басып жүрген 66 жылдық осы ғұмырымда өз басым

туысқан екі халықтың көптеген ұлы адамдарымен дəмдес-
тұздас болдым, – деді əңгімесінің аяғында Насыр ака. – Олар

– Айбек пен Сəбит аға Мұқанов, Ғафур Ғұлам мен Əбекең,

Əбділда Тəжібаев, суретші Орал Таңсықбаев, ғалым Нəтай
Кенесарин… Осы тамаша адамдар туралы естелік жазсам
деймін. Жазамын да. Себебі бұл біздің ұрпақтарымызға ке-
рек, қажет дүние деп білемін.

Насыр ака осы сөздерді айтты да “Халық кеңесі” газетіне
қолтаңба жазып берді. Қоштасып, сыртқа шығып оқысам
онда мынадай сөздер жазылған екен: “Біздің бауырлас
халықтар арасында: “Кеңесіп пішкен тон келте болмас”, – де-

ген нақыл бар. Лайым халықпен кеңесетін бұл газеттің өмірі
ұзақ болғай. Насыр Фазылов”.
1994 жыл.
Авторлық анықтама. Насыр Фазылов бұл күндері

Ташкент қаласында сау-сəлемет жүріп жатыр.
Қазақстанда өтіп тұратын мəдени шараларға жиі
қатынасады. Мəселен ол 2005 жылғы 30 мамырда Ал-
матыда өткен Қазақстан Жазушылар одағының 70

жылдық мерейтойына Өзбекстан қаламгерлерінің де-
легациясын бастап келіп қайтты.

АБДЕЛЬ НАСЕР

МІНГЕН

АРҒЫМАҚ

1995 жылдың күзінде маған осыдан 14–15 жыл бұрынғы
жолсапарларда жүргізген қойын дəптерлерімді ақтарып, олар-
дан Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатындағы магнит
аномалиясын алғаш рет ашқан ұшқыш Сургутановтың Харь-

ков қаласындағы адресін іздеуіме тура келді. Уақыт табынан
сарғая бастаған блокноттарымды бірінен кейін бірін алып
парақтап отырмын. Бір кезде 1980 жылғы қоңыр мұқабалы
қойын дəптер бетінен: “Əбітхан Оразалиев, Луговой асыл

тұқымды жылқы зауытының атбегісі. Ол 1960 жылы Египет
жеріне барып, Біріккен Араб Республикасының Президенті
Гамаль Абдель Насерге Кеңес Одағы тарапынан сыйға
тартылған арғымақты табыс еткен жан”,– деген сөйлемдерді

ұшыратпасым бар ма? Міне, қызық! “Бұл деректі содан бері
қалай ұмытып кеткенмін, қалай ғана байқамай келгенмін?
Енді қайткенде де баруым керек, бұл кісіні міндетті түрде іздеп
табуым қажет”,– дедім ішімнен күбірлей сөйлеп. Сөйттім де

осы фактінің кезінде қойын дəптеріме түсуіне себепші болған
төмендегідей оқиғаны есіме алдым.
...1980 жылдың көктемі еді. Ол кездері “Лениншіл жас”
газетінде істейтін мен маршал Г. К. Жуковтың сонау 1945

жылғы Жеңіс парадында Қызыл алаңға мініп шыққан ақбоз
атының кейінгі тағдыры Қазақстанға келіп тіреледі дегенді
естіп, осы Луговой жылқы зауытында үш күнге жуық уақыт
жүргенім бар. Шаруашылық орталығы Көгершін селосын дағы

көнекөз қарттарды жинастырып сұраймын, кеңседегі елуінші
жылдарға қатысты құжаттарды ақтарыстырып көремін,
жылқы зауытының сол кездегі директоры Иван Афанасье-
вич Финькодан бастап барлық мамандармен əңгімелесемін...

Ақыры бəрі де рас болып шықты. Қалай дейсіз ғой?
1935 жылы бір топ түркімен шабандоздары Ашғабадтан
Мəскеуге дейінгі аралықты салт атпен жүріп өтуге бел бай-
лайды. Сапар сəтті аяқталғаннан кейін оларды маршал К. Е.

Ворошилов қабылдаған. Сонда түркімен жігіттері Кли мент
Ефремовичке Араб-Қазбек есімді ақалтеке арғымағын сыйға
тартады. Содан ол Мəскеу маңындағы Ке ңес Армиясының
Орталық спорт клубында ұйымдасты рылған түрлі жарыстарға

қатысып жүреді де 1945 жылы бұл арғымақты маршал Г.
К. Жуков Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына мініп шығады.
Ал, 1948 жылы Араб-Қазбек ай ғыры С. М. Буденныйдың
нұсқауымен Мəскеуден Қазақ стан дағы Жамбыл облысының

Луговой жылқы зауытына жіберіледі. Содан үш жыл өткен
соң... иə, үш жыл өткен соң бұл арғымақ “ғасыр пырағы”
атанған əйгілі Абсенттің əкесі атанады.
Осы деректерді тауып, керекті құжаттардың бəрін

алып, жолға жиналып жатқанымда Луговой жылқы зауы-
ты парткомының сол кездегі хатшысы Махан Иісбаев мы-
надай қызық əңгіменің ұштығын шығарды. “Біздің осы
шаруашылықта,– деді ол кісі,– Əбітхан Оразалиев деген

жылқышы бар. Алпысыншы жылдардың басында Египет-
ке барып, Гамаль Абдель Насерге Кеңес Одағы сыйлаған
арғымақты жеткізіп қайтқан. Қазір ол кісі ауылда жоқ,
таудағы қыстауда. Қажет деп тапсаң, қызығушылық білдірсең

жер аяғы кеңігенде кел. Жолықтырамын”.
Іздеп барған əу бастағы тақырыбым – маршал мінген
ақбоз ат туралы фактінің табылғанына малдандым ба, жоқ
əлде одан кейінгі қат-қабат жұмысбастылықтың салдары ма,

білмеймін, əйтеуір мен содан бері бұл деректі шынымен-ақ
ұмытыппын. Енді міне арада 15 жыл өткеннен кейін бəрін
де қайтадаы басынан бастауға тура келді. Алдымен: “Осын-
дай ақсақал бар ма, жоқ па? ”– деген мазмұнда Көгершін

ауылдық əкімшілігіне хат жазылды. Содан кейін редакцияда
өзіммен бірге жұмыс істейтін сол шаруашылықта туып-өскен
Қыдырəлі Қойтаев деген жігіт табылды да Əбітхан қартқа ау-
ызша сəлем айтылды. Сөйтіп бəрі реттелді-ау деген кезде Лу-

говой жылқы зауыты қайдасың деп жолға шықтық.
...Біз келгенде Əбітхан ақсақал кенже баласын үйлендіріп
болып, “уһ” деп есін жиып отырған беті екен. Үй иесі
жасы алпыстан жаңа асқан, орта бойлы, атжақты адам. Бір

байқағаным, ол кісі жүрген кезде аяқтарының екі жағына
салмақ сала теңселіп басады екен. Осыны көргенде мұндай
əдеттің теңізшілер мен жаяу жүруге онша дағдыланбаған
атты əскерлерде ғана болатыны есіме түсті.

– Елуінші жылдардың аяқ кезінде,– деп əңгімесін баста-

ды Əбекең алғашқы аман-саулықтан кейін,– біздің Луго-
вой жылқы зауытының атағы одақ көлемінде кеңінен таны-
ла бастады. Оған “ғасыр пырағы” атанған Абсенттің 1958
жылы Мəскеу спартакиадасында, 1960 жылы Рим Олим-

пиадасында алтын жүлдені жеңіп алғандығы себеп болған
еді. Содан бастап біздің жылқы зауытындағы ақалтеке, Дон
тұқымдас
арғымақтарды

республикалық,
Бүкілодақтық
халық
шаруашылығы

жетістіктері
көрмелеріне
апару
көбейді. Осындай байқаудың бірі 1960 жылы көктемге са-

лым Мəскеуде өтетін болды да оған зауыт директоры В. В.
Иванов менің баратынымды айтты. Міндетім – Бүкілодақтық
халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне өзіміздің Луго-
вой жылқы зауытынан апарылған екі арғымақты бағып, күту,

байқау аяқталғаннан кейін ауылға аман-есен алып қайту.
Көрмеге адамдар көп келеді. Олардың арасында қызық-
таушы жай көрермендерден басқа үкімет комиссия-ларының
мүшелері де баршылық. Байқаймын, бір күні со лар дың

ішіндегі Ауыл шаруашылығы министрінің орын басары
бастаған комиссия менің қос арғымағымның жа нына көп
келгіштеп кетті. Ертесінде, оның ертесінде де со лай болды.
Айналсоқтап шықпайды. Олар соңғы келгенінде ақалтеке

тұқымды Мастер деген сұлу мүсінді атымды көп айналдыр-
ды. Ақыры бір шешімге келгендей болып көңілді тарасты.
Арада екі-үш күн өткенде мен ауылдан, директорымыз
В.В.Ивановтан жеделхат алдым. Онда: “Халық шаруашылығы

жетістіктері көрмесінің павильон бастығына жолық. Ол
біздің аттарды бағып, күтуді басқа адамға тапсырады. Ал сен
өзің тезірек ауылға қайт”,– делініпті. Мəселенің мəн-жайын
Луговойға келген соң бір-ақ білдім. Сөйтсем, əлгі қайта-қайта

келгіштеп кеткен комиссия мүшелері зауыт директоры В.
В. Ивановпен телефон арқылы сөйлесіпті де: “Біз сіздердің
көрмеге əкелген Мастер деген арғымағыңызды Гамаль Аб-
дель Насерге сыйға тартсақ деген ниеттеміз. Бұл атты Еги-

петке жеткізетін адам керек. Ол қазақ болсын жəне ұлттық
киім киюі тиіс”,– деген өтініштерін айтыпты.
Содан жолға əзірленейін. Айналасы бір аптаның ішінде
оюлы ақ қалпақ та тігілді, оқалы зермен əдіптелген беш-

пет, шалбар да дайын болды. Қойшы... əйтеуір қайтадан
Мəскеуге аттандым. Мұнда мені Ауыл шаруашылығы
минисстрлігінің бір қызметкері күтіп алды да кеңсесіне апа-
рып, алдағы шетелдік сапарымның мəн-мақсатын ежіктеп

тұрып түсіндірді. Содан кейін ол менің Египетке жалғыз
бара жатпағанымды, өзіммен бірге Каирдегі ашылатын
халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне үш-төрт озат
малшының қоса аттанатынын айтты.

– Олар кімдер екен? – Аты-жөндері... дəл қазір есімде жоқ қарағым... Ұмытыппын. Білетінім, бұлардың үшеуі 9 асыл тұқымды сиырды күтуші сауыншы орыс келіншектері еді де біреуі Буденный тұқымды арғымақты баптаған Кубань даласының жылқышы казагы болатын. Міне, сол серіктеріммен бірге 1960 жылғы маусым айының орта шенінде бір вагонға малдарымыз тиелген, екінші вагонға өзіміз мінген жүк пойызымен Мəскеуден Одессаға қарай жүріп кеттік. Үш күннен соң Қара теңізге иек арттық. Сол жерде кемеге ауысып міндік те төрт күндей су бетімен жүзіп отырып, Александрия деген портқа келіп тоқтадық. Білетіндер: “Египет осы жерден басталады”,– десіп жатты. Мəскеуден алдын-ала хабарлаған болуы керек, портта бізді бір топ адам арнайы жүк машиналарымен қарсы алды. Жүріп кеттік. Ел астанасы – Каирге жақындағанымызда жолбасшы офицер бізді қала шетіндегі екі қабатты мейманханаға орналастырып, əрқайсымызға күтуші адам бөлінетінін, əкелген малдарымыздың 10 күн карантинге қойылатынын, содан кейін ипподромда халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі ашылатынын айтты да оған дейін осында алаңдамай демалып жата беруімізді өтінді. Салтанатты сəт те жақындап келе жатты. Көрме ашылатын күні таңертең қасында тілмашы бар үкімет адамы маған келіп, Президент Гамаль Абдель Насердің ипподромдағы халықаралық рəсімге қатысатындығын, сол жерде Кеңес Одағының сыйға жіберген арғымақ атьн та-быс ету жоспарланғанын айтты да мені машинаға отырғызып, атқорадағы Мастерді трейлерге тиеп орталыққа алып жүрді. Біз де қалай келіп жеттік, салтанатты жиын да солай басталып жүре берді. Мен жолбасшы араб офицердің нұсқауымен ипподром алаңына шықтым да қаз-қатар болып сап түзеген құрметті қарауылдардың арасымен Мастерді жетектеген күйі трибунаға қарай беттедім. Көріп келемін, бір мезетте қасында екі-үш адамы бар Президент те маған қарамақарсы жүрді. Арақашықтығымыз шамамен 10 метрдей тұсқа тақағанда жоғары шенді офицер саптан шығып, Гамаль Абдель Насерге рапорт берді. Ал диктор болса ипподром алаңын жаңғырықтыра араб, орыс, ағылшын тілдерінде бұл арғымақтың Египетке Кеңес Одағынан келген сый екенін хабарлады. Сол мезетте Президент жақындап келіп менімен күлімсірей амандасты. Содан кейін салалы саусақтарымен Мастердің жалын сипап, сəл ойланып тұрды да атты алып кетуге белгі берді. Ал өзі трибунаға беттеді. Осы кезде бөтен адамның жетегінде кетіп бара жатқан асыл текті арғымақтың арқырап тұрып кісінемесі бар ма? “Жануар-ай”...– дедім ішімнен. Сөйттім де жүрегім жұлынып кеткендей болып, жанарыма жас тола кері бұрылдым. – Елге қалай қайттыңыз? – Каирдегі халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі 2 айдан астам уақытқа созылды. Осы байқау біткенше Египет астанасында болдым. Ақыры көрме де аяқталды. Конкурс нəтижесі шығарылған кезде Кеңес Одағынан апарылған асыл тұқымды малдар бірінші орынға ие болды. Көрмеде Қытай Халық Республикасының павильонынан өрт шығып, жанып кеткені есімде. Байқау біткеннен соң 2 ай 15 күн дегенде мен самолетпен Мəскеуге қайттым. Луговойға келсем, Ауыл шаруашылығы министрлігі ескерткіш ретінде радиоқабылдағыш жіберіпті. Зауыт директоры 300 сом сыйлық берді. Бұдан 35 жыл бұрынғы аталмыш сапардың қысқаша тарихы міне, осындай қарағым. ...Əбекең осыны айтты да үнсіз қалды. Мен кеш батпай тұрғанда Жамбыл-Алматы қасқа жолына жетіп алайын деген оймен қайтуға жиналдым. 1994 жыл. Авторлық анықтама. Мақала республикалық “Халық кеңесі” газетіне жарияланғаннан кейін Египеттің Қазақстандағы елшілігінің қызметкерімен бұл дүниеге кəдімгідей қызығушылық танытып, бізбен əңгімелескені бар. Аталмыш материалға деген назар аударушылық сондай-ақ ҚР Президенті Əкімшілігінің тиісті бөлімдерінен де байқалып, олар Елбасының Египетке баратын алдағы ресми сапарларының бірінде керек болып қалар деген оймен редакциядан Гамаль Абдель Насерге сыйға тартылған арғымақтың суреті мен газет қиындысын сұратып алғаны да есімізде. Одан кейін ешқандай жаңалық болған жоқ.

КЕННЕДИМЕН

КЕЗДЕСКЕН

НҰРМАХАН

1975 жылдың қараша айы. “Лениншіл жастың” насихат
бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезім. Бір күні редакторы-
мыз Сейдахмет Бердіқұлов өзіне шақырып алды да бөлімге
бұрынғыдан мүлде басқа, жаңа міндет жүктелгелі отырғанын

айтты. Ол кісінің сөзіне қарағанда газеттегі халықаралық
тақырыпқа қатысты материалдарды беруде енді ТАСС пен
АПН тілшілеріне иек сүйеуді қою керек. Содан соң атал-
мыш салаға аты анадайдан айғайлап тұратын айдар ашып,

ал оған қатысты дүниелерді мүмкіндігінше өз республика-
мыздан шыққан МИД мамандарына жаздырту қажет. Мұны
естігенде: “Мүйізі қарағайдай одақтық шолушылардың
дап-дайын мақалалары тұрғанда... Қызық екен... Осы кісі-ақ

жоқ жерден жұмыс тауып...” – деп кіржиіп қалғанымыз бар.
Бірақ Сəкеңнің бұл бағыттағы сұңғыла ойын кейін ғана ба-
рып түсінгендей едік. Жоғарыдағы тапсырманың астарында:
“Бізде неге өзіміздің Боровик, Бовин секілді халықаралық

шолушыларымыз жоқ?... Қол қусырып қарап отыра бермей,
болмасақ та соларға ұқсап бағайық та,” – деген талпыныс
жатқан болатын.

Содан қойшы, сұлбасында жер шарының бедері
бар шағын штрихқа “360 меридиан” деген жаңа айдарды
айшықтай жазып, енді соның аясында апта сайын шығып
тұруға тиіс авторларды ал кеп іздейік. Ақыры ондай адамдар-

ды таптық та! Олар: кезінде Мəскеудегі халықаралық қарым-
қатынастар институтын бітіріп, содан Таяу Шығыстағы
дипломатиялық қызметтен оралған Сейіл Ділдəбеков пен
ҚазТАГ-тағы шетелдік жəне одақтық хабарларды тарату

жөніндегі бас редакцияның меңгерушісі Нұрмахан Оразбе-
ков болатын. Əрине, Нұрағаңды мен бұған дейін де кəнігі
журналист, білікті аудармашы ретінде сырттай жақсы
білетінмін. Себебі, алпысыншы жылдардың арманшыл жа-

стары біздер оның “Лениншіл жастағы” романтикалық
рухтағы мақалалары мен “Социалистік Қазақстандағы” са-
яси памфлеттерін құр жібермей оқып өстік қой. Ал, бірақ
жүзбе-жүз кездесіп əңгімелесуіміз, əріптес ретінде пікір алы-

сып сырласуымыз ол кісіні сол 1975 жылғы “360 меридиан”

айдарына авторлыққа тартудан басталды деп айтар едім. Міне, содан бергі ширек ғасырға жуық уақыт ішінде бірде қаламдас ағаның өмірбаянынан хабардар болсам, енді бірде творчестволық қабілет-қарымына, өзгеге көп ұқсамайтын азаматтық позициясы мен бай жұмыс тəжірибесіне куəгер болып келе жатқан жайым бар. Өмірбаян демекші... – Мен 1937 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аймағындағы Қандөз ауылында өмірге келіппін, – деген болатын ол кісі маған 1981 жылғы “ЛЖ”-ның 60 жылдық мерейтойындағы газет үшін жүргізілген сұхбатта. – Туған күнім – 2 желтоқсан. Мұны жақсы білетін себебім: “Сен Нияз Шараптың сайлауынан он күн бұрын дүниеге келгенсің”, – деп отыратын қарт əжем. Ол кісінің Нияз Шарап дегені КСРО Жоғарғы Кеңесінің Қазақстаннан сайланған алғашқы 52 депутатының бірі еді. Ал аталмыш сайлау 1937 жылғы 12 желтоқсанда өтті емес пе?! Демек əжем қателеспеген сияқты. Содан бес жасқа келгенімде анамнан айырылып, жетім қалдым. Бұл кезде əкей Батыстағы соғыста еді. 45-тің күзінде оқу жасына келіп, мектепке баратын кез де таянды. Бірақ мені оған апаратын ешкім болмады. Сондықтан Шорнақ селосындағы мектепке өзім бардым. Міне, сол жерден онжылдықты толық бітіріп шығып, 1955 жылы тың көтеруге аттанған жайым бар. Иə, Нұрағаңның романтика қуған ол комсомолдық жолдамасынан біз аз да болса хабардар едік. Өйткені сол 1981 жылдың қысында журналист Жарылқап Бейсенбаев екеуміз “ЛЖ”-ның 60 жылдық шежіре кітабын жасау үшін архивке отырғанбыз. Сонда аталмыш басылымның 1955 жылғы нөмірлерінің біріндегі “Мен де тыңға барамын!” деген тақырып астынан оныншы класс оқушысы, жап-жас Нұрмахан Оразбековтің суреті жарқ етіп шыға келген болатын. Хо-о-ш, содан ол алыс жолға дайындалсын. Ауылдан аттанарда “Заготскоттың” қойын бағатын əкесі отарын өріске өргізіп бара жатып оған бір-ақ ауыз сөз айтады. Ол: “Балам! Мен саған ризамын. Өйткені сен жақсы оқы, тыныш жүр, адам бол деген ақылымның бəрін орындадың. Сөйтіп атымды бəйгеден келтірдің. Енді менің жоғардағыдай ғақлияларым басқа жерге жүрмейді. Бұл нəзирияттарымның бəрі осы ауылда қалады. Сондықтан бұдан былай қарай өз ақылыңды өзіңе серік ет. Сонда қателеспейсің”, – деген өсиет еді. Міне, содан бергі уақыт ішінде Нұрағаң тек өз ақылымен жүріп, өз ойымен ғана өмір сүріп келеді. Дəлел керек пе? Айтайық. Өзі ғұмыр кешкен жылдар ішінде ол жанын жалдай жұмыс істеп жүріп журналистика атты күрмеуі көп күрделі салада асқан табандылықпен еңбек етті жəне оның барлық баспалдақтарынан сүрінбей өте білді. Олай дейтініміз, жоғарыда сөз болған комсомолдық жолдамамен СоколовСарыбай кен байыту комбинатының құрылысын салысуға қатысқан Нұрмахан Оразбеков екі жылдан соң ҚазГУ-дің журналистика факультетіне келіп оқуға түседі. Оқып жүріп “Лениншіл жаста” корректор, “Жетісуда” фототілші болып істейді. Университетті бітіретін жылы тағы да романтикаға беріледі де астанадағы орналасып қойған жұмысын тастап, Жезқазғанның шалғай түкпіріндегі аудандық газетке аттанады. Содан ол Алматыға үш жылдан соң қайта оралып, “Лениншіл жаста” бөлім меңгерушісі болады. “Социалистік Қазақстанда” жұмыс істеп, ҚазТАГ-та бас редакция меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарады. Осы сексенінші жылдардың аяғында оның Қарағанды облыстық газетіне бас редактор боп барып, одан қайтып келген соң үш тілде шығатын халықаралық “Қазақстан” апталық газетін ұйымдастырғаны тағы бар. Міне, мұның бəрін кəсіби журналист ол жұмыс пен қызметті ат ауыстырып мінумен бірдей көретін табанының бүрі жоқ тайғанақтығынан істеді ме? Жоқ. Олардың барлығын Нұрағаң өзінің ақылына салып шешіп, өз жүрек қалауы бойынша атқарды. Жалпы оның стихиясына мешел бала сияқты бір орында отырып қалу тіптен жат дер едік. Ол үнемі қимыл-қозғалыста болуға ұмтылды. Соның нəтижесінде ел көріп, жер таныды. Өмірлік бай тəжірибе жинақтады. Журналист ағамыз туралы сөз қозғағанда ойымызға мынадай жəйт те оралмай қоймайды. Ол оның сонау жетпісінші жылдардың басындағы АҚШ, Батыс Германияға барған сапарында сол кез үшін жабық тақырып болып саналатын дүниелерді жазуға деген талпынысы дер едік. Соның ішінде əсіресе екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түсіп қалып, кейін елге оралудан жасқанып шетте жүрген қандастарымыз жөнінде сөз қозғау асқан сақтықты қажет ететін. Рас, олар туралы ең алғаш рет 1959 жылы Австрия астанасы Венада өткен жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік ҮІ фестиваліне делегат боп қатысқан Əнуар Əлімжанов “Отансыз адам” атты мақала жазған еді. Содан кейін Мұхаң – Мұхтар Əуезов 1960

жылғы Америка сапарынан оралған соң кездесуге шақырған
интеллигенция өкілдері алдында: “АҚШ-та қазақтар бар
екен. Тағдыр тəлкегіне түскен оларды көрдім, əңгімелестім”,

– деп айтты деген сөз бар. Міне, сол нəрсе себеп болды ма,

жоқ əлде Монреальдағы “Экспо-67” көрмесіне қатысқан
артистер Б.Аюханов пен Н.Қаражігітовтің: “Біз де сондай
адамдарға жолықтық”, – деген сөзі əсер етті ме, əйтеуір
Нұрағаң 1970 жылғы АҚШ-қа барған тұңғыш сапарын-

да Нью-Йоркте тұратын қазақ бауырларымен кездесуге бел
байлайды. Нəтижесінде Колумбия университетінде библио-
граф болып жүрген қырғыз Құдайберген Алтай мен Бруклин
төңірегіндегі фабрикада қара жұмыс істейтін қазақ Күнтуған

Пазылбековті іздеп тауып, Алматыға келген соң “Лениншіл
жас” газеті арқылы елді олардың тағдырынан хабардар етеді.
Сөз ретіне қарай айта кетейін, кейін Нұрағаң бұл тақырыпты
одан əрі індете қазып, соғыс тұтқындарының шет елдегі

өмірі туралы іздестірулерін табанды түрде жалғастырумен
болды. Оған оның 1972 жылы Батыс Германияда өткен ХХ
Олимпиада ойындарына қатысуға барып, сондағы Мюн-
хен қаласында тұратын Абдолла Түсіпов, Қадес Қанатбаев

секілді қазақтармен кездескені, олар туралы “Социалистік
Қазақстан”, “Жетісу” газеттерінде мақалалар жазғаны анық
дəлел.
Біз бұны неге айтып, еске алып отырмыз. Сабақ, тағылым

болу үшін дер едік. Өйткені кезінде түрлі делегация, туристік
топ құрамымен шетелге шықан шенеуніктеріміздің арасында
жоғарыдағыдай қандастары мызбен кездесуден бойын аулақ
салып, олардан тұра қашқандар да аз болмаған. Көпке топырақ

шашып қайтеміз, əділін айтсақ репатрианттар жөнінде ізгілік,
адамгершілік танытқан жандардан да хабарымыз бар. Бірақ
ондай мысалдар тым сирек, иə... сирек. Мəселен атақты биші
Галина Уланованы алып қарайық. Ол кісі Канададағы орыс

диаспорасының өкілдерімен кездескенде: “Қай ел, қай жер-
де жүрсеңіздер де мен сіздерді өзімнің отандас тарым деп
білемін. Қандай жағдай болса да бір-біріміздің қандас, туыс
адамдар екендігімізді ұмытпаңыздар”, – деген жүрекжарды

сөзін айтқан. Ал қырғыздың белгілі өнер шебері Бүбісара
Бейшеналиева ше? Ол АҚШ-қа барған сапары кезінде арнайы
іздеп келіп жолыққан ағайындарына: “Өз елінде тұрмаған
қандастарымды мен отандастарым деп есептемеймін”,– деген

ауыр сөз айтқан да олардан сырт айналған. Қандай кереғар
фактілер десеңізші... Осындай жəйттерді еске алғанда журна-
лист Нұрмахан Оразбековтің сонау жетпісінші жылдардағы
сол бір ізденісін нағыз ізгілікті іс деп айтар едік.

Өзіміз сөз етіп отырған кейіпкеріміз туралы толғанғанда
оның ойға алған ісін орындамай қоймайтын табандылығы
жөніндегі үш мысал қайта-қайта көз алдыма келеді де тұрады.
Мұның біріншісі Нұрағаңның сол кездегі газет қызметкерлері

арасындағы сирек оқиға – АҚШ сенаторы Эдвард Кеннеди-
мен кездесуі де, екіншісі журналист-саяхатшы ретінде Ал-
маты-Будапешт қалалары аралығын “Москвич” машинасына
мініп жүріп өтуі. Ал, үшіншісі... Оны кейін айтамыз.

– 1978 жылы, – дейді ол кісі – астанамызда Бүкіл-

дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының конференция-
сы өтетін болып, оған сенатор Эдвард Кеннедидің келетіні
анықталды. Онымен 1970 жылы Вашингтонда кездескен едім.
Сол жүздесу есіме түсіп: “Интервью алсам қайтеді?” – деп ой-

ладым ішімнен. Сөйттім де: “Қонақ 6 қыркүйек күні таңертең
Даңқ мемориалына гүл шоғын қояды”, – дегенді естіп солай
қарай тарттым. Паркке кіру... өте қиын болды. Мəңгілік отқа
ешкімді маңайлатпады... Ақыры өткелектен өтіп барып де-

гендей... Кездестік-ау, əйтеуір. Сенатор өтінішімді ілтипатпен
тыңдап, саяси кеңесшісі Ян Калецкиге қарады. Ол оның ин-
тервью беруге 7 қыркүйек күні сағат 3-те ғана бос уақыты бо-
латынын айтты. Бірақ түнге қарай жағдайдың өзгеріп кеткенін

естідім. Маған белгіленген уақытта Эдвард Кеннедиді КСРО
Денсаулық сақтау министрі, конференция президенті Петров-
ский қабылдайтын болыпты. Енді не істеу керек? Ойланып
отырып оның 7 қыркүйектегі маршрутына көз жүгірттім. Бұл

күні ол астана іргесіндегі Мичурин кеңшарына барады екен.
Жүздесу мүмкіндігі сол жерде туып қалар деген үмітпен са-
лып ұрып əлгі шаруашылыққа келейін. Өкінішке қарай мұнда
да тілдесудің реті келмеді. Ендігі көмек тек Ян Калецкиде ғана

қалған сияқты. Ол өзінің уəдесін ұмытпағанын, сенатормен
аэропортта, жүрер алдында сөйлесіп қалудың мүмкіндігі бар
екенін айтты. Сол күні менімен бірге ТАСС-тың қызметкері
Э.Сутоцкая қоса жүрген болатын. Оның да тапсырмасы Эд-

вард Кеннедиден интервью алу. Ал ҚазТАГ-тың шетелдер
үшін республика хабарларын əзірлейтін редакциясының
меңгерушісі В.Ганжа аталмыш тапсырманың орындалуына
көмектесуге тиіс. Үшеуміз ақылдаса келіп аэропортқа ертерек

баруға ұйғардық. Онымыз дұрыс болған екен, сенатор қосшы-

қолаңдарымен машинадан келіп түсіп жатқанда, біздің оны
қақпа алдынан ұстап, əңгімелесуімізге тура келді. Міне, Эд-
вард Кеннедимен дəл сол жерде, ағаш көлеңкесінде тұрып
сұхбаттасқан едік.

Нұрағаңның ойға алған ісін орындамай қоймайтын қасиетін
дəлелдейтін бірінші мысалдың қысқаша тарихы міне осын-
дай. Ал, екіншісіне келер болсақ... Жетпісінші жылдардың
ортасында ғой деймін, “Комсомольская правданың” шо-

лушысы Василий Песков АҚШ-қа барады да “Правданың”
Вашингтондағы тілшісі Борис Стрельниковқа қызық идея
айтады. Ол бірі – жүргізуші, екіншісі – көмекші болып Аме-
риканы басынан аяғына дейін аралап шығу, сөйтіп əрқайсысы

машинаның өздері отырған жағындағы жол жиегінен көріп,
байқағандарын бір-біріне айтпай қағазға түсіріп, солардан
циклды мақалалар жазу жөніндегі ой еді. Б.Стерльников мұны
естігенде жанып түседі. Сөйтеді де В.Песковпен автокөлікке

отырып алып, аталмыш құрылықты қақ жарып өтетін ұзақ
жолға аттанады. Қос журналистің сол сапарынан туған ма-
териалдар сериясы кейін “Молодая гвардия” баспасынан
“Америка: налево и направо” деген атпен жеке кітап болып

шыққаны белгілі. Нұрағаңа осы нəрсе себеп болды ма, жоқ
əлде басқа бір творчестволық ойға берілді ме, əйтеуір бір күні
ұзынқұлақтардан бұл кісі Алматыдан Будапештке “Москвич”
машинасымен жол жүрмекші екен деп естідік. Хабар рас

болып шықты. Сөйтіп 1977 жылғы 12 шілдеде əлгі сапарға
тастүйін дайындалған біздің кейіпкеріміз қасына қызы
Гүлназды отырғызып алып, Қазақстаннан Венгрияға тартты
да кетті. Содан астанадан шығысымен Жамбыл, Шымкентті

артқа тастаған, Қызылордаға ат басын тіреп, Ақтөбеге аман
жеткен, одан Орал асып, Саратов, Воронеж, Белгородты ба-
сып өткен Нұрағаң 20 шілде күні мадьярлар елінің шекара-
сына жетіпті деп естідік. Ол аталмыш сапарға қалай шықты?

Жолда не көрді? Кімдерге жолықты? Будапеште не істеді?
Міне, мұның бəрін журналист ағамыз кейін Алматыға қайтып
оралған соң “Москвичпен” мадьярлар еліне сапар” деген жол-
жазбасында елге əдемілеп айтып берген еді.

Үшінші... Иə, үшінші бір мысал мынадай. 1988 жылғы
күзде Нұрағаң Алматыдағы жайлы да жұмсақ орнын та-
стап Қарағандыға барды да, сондағы “Орталық Қазақстан”
газетінің тізгінін қолына алды. Сол жерде бұл кісінің естен

кетпес екі ерлік жасағаны бар. Алғашқысы республикалық
6, облыстық 19 газеттің ішінде бірінші болып, басылым
атауларының “бісміллəсі” боп кеткен “Барлық елдердің про-
летарлары, бірігіңдер!” деген ұранды бір-ақ күнде алып

тастағандығы еді. Мұндайға көзі үйренбеген обком хатшы-
сы дызылдатып телефон соққанда редактор Нұрмахан Ораз-
беков: “Кешіріңіз, - деді еш саспастан. – Бұл ұранды сонау
1961 жылы-ақ алып тастау керек еді. Өйткені Н.С.Хрущев сол

кезде: “Партия дегеніміз – бүкілхалықтық ұйым”, – демеп пе
еді?! Олай болса қашанға дейін бір ғана пролетариат, бір ғана
жұмысшы табы біздің айымыз да, күніміз де болып басқасы
шетқақпай қала береді. Ренжімеңіз, біздікі дұрыс. Себебі, бел

алып келе жатқан демократия, жариялылық енді күні өткен
мұндай ұрандарға көнбейді”. Нұрағаңның айтқаны расқа
шықты. Оған өмірдегі кейінгі өзгерістер, сондағы аталмыш
ұранның республикалық газеттердің де шекесінен апыл-

ғұпыл алынып тасталғандығы анық дəлел.
Осыдан кейін əйгілі 1991 жыл келіп, Мəскеуде ГКЧП
оқиғасы бұрқ ете түскенде Нұрағаң ешкімге ұқсамайтын
тағы бір мінез танытты. Кейіпкеріміздің айтуынша оқиға бы-

лай болған. 19 тамыз күні таңертең ол өзі бас редактор боп
қызмет істейтін “Орталық Қазақстан” газеті редакциясы-
на келгенде радио Мəскеудегі ГКЧП-ны (ТЖМК) хабарлап
жатады. Ой безбеніне салып қарайды, əрекет дұрыс емес

сияқты. “Алғашқы əсер адамды алдамайды”, – деген инту-
ицияны өмірлік кредоға айналдырып өскен кəнігі журна-
лист санасында аздан соң:“Бұл – заңсыздық, бұл – демокра-
тияны тұншықтыру, бұл – дөрекі, жабайы түрде жасалған

мемлекеттік төңкеріс”, – деген сезім атой сала бастайды. Осы-
дан кейін ол тура түскі сағат 12-де редакция қызметкерлерін
лездемеге жинап алады да, өзінің ГКЧП-ға қарсы мақала
жазатынын, мұның түбі не болары белгісіз қауіпті қадам

екенін, сондықтан ертең газет өкімет тарапынан ыстық табаға
салынған қуырдақтай шыжғырылып жатса жауапкершілікті
тек өз мойнына алатынын мəлімдейді. Содан арада 2 сағат
өткен соң мақала жазылып бітеді де, 14.00-де ол “Бұл –

мемлекеттік төңкеріс” деген атпен баспаханаға жол тартып,
20 тамыздағы шыққалы жатқан нөмірге салынады.
Бұл журналист Нұрмахан Оразбековтың үлкен ерлігі еді.
Ойлап қарайықшы, саяси жағдай ұстараның жүзінде деп ай-

татын қыл үстінде тұрғанда, ертең не боладыны ешкім айта
алмай, басшылардың өзі əліптің артын баққан күйге түскенде,

кенет облыстық газеттің бір редакторы: “Бұл – заңсыз əрекет!”,

– деп қасқайып шыға келсе оны ерлік, батырлық демей не

дейміз?! Аталмыш материал кейін ГКЧП оқиғасы аяқталған
соң “Қазақ əдебиеті” газетінде көшіріліп басылды. Ел-жұрт
оны содан оқып, таңғалды. Жағасын ұстады,
... Осы мақаланы жазып отырғанда көз алдыма 1972

жылдың наурыз айындағы Қазақстан Жазушылар одағында
өткен əдеби жыл қорытындысының жиналысы келді. Сонда
төл поэзиямыз туралы баяндама жасаған Мұқағали Мақатаев
ағамыз “Гүлхайыр” атты өлеңдер жинағының авторына пікір

білдіре келіп: “Жүсіп Қыдыров – қазақ поэзиясының ауыр
артиллериясы”, – деген əдемі, жақсы теңеу айтқан еді. Осы
пікірді біз: “Нұрмахан Оразбеков – қазақ журналистикасының
ауыр артиллериясы” – деп қайталағымыз келеді. Өйткені

оған оның жоғарыдағы біз баян еткен істері айғақ. Оған бұл
кісінің шебер де бесаспап тəржімешілік жұмысы арқылы таяу
жəне алыс шетел қаламгерлерінің 5 роман, 2 повесін қазақ
тілінде сөйлеткені куə. Оған Нұрағаңның 40 жылдан астамғы

журналистік қызметінде АҚШ-та екі рет, ГФР-де екі рет, Вен-
грияда екі рет, ал Швейцарияда, Бельгияда, Сауд Аравиясын-
да, Иранда, Мысырда бір реттен болып, 6 кітаптың авторы
атанғаны толық дəлел.

1997 жыл.
Авторлық анықтама. Нұрмахан Оразбеков ағамыз
қазір “Қазақстан” баспасында директор. 2007 жылдың
желтоқсанында 70-ке толды. Əлі тың. Жігерлі. Өзінің

студенттік, одан бергі бүкіл саналы ғұмыры өтіп келе
жатқан Алматы қаласын жақсы көреді. Қазір осы
шаһарда еңбек етіп, тұрып жатыр.

ШАХМАТТАҒЫ

УФИМЦЕВ

ҚОРҒАНЫСЫ

Əңгімемізді төмендегі бір оқиғадан бастайын. 60-шы
жылдардың орта кезі еді. Əр нəрсеге құмар ауыл балала-
ры біздер сабақтан кейінгі бос уақытымызда лəңгі теуіп,
асық атып жүрдік. Содан кейін Пеле мен Гарринча боламыз

деп аяқдоп ойыны – футболдың соңына түскеніміз бар. Ке-
ле-келе оны да қойып, бүкіл қызық-шыжығымыз фотоап-
парат пен шахматқа қарай ауған еді. Сонда бізге бұл құпия
əлемнің əліпбиін үйретіп, жұмбағын шешуге көмектескен

екі кітап болды. Олар: Б.Тілекметовтың “Фотоəуесқойларға
көмекші құралы” мен Т.Сұлтанбековтың “Шахмат. Дойбы.
Тоғызқұмалақ” атты жинағы дер едім.
Сөз етейік деп отырған тақырыбымыз шахмат, оның

тағдыры қызық қазақстандық бір өкілі туралы болатындықтан
біз енді жоғарыдағы кітаптың алғашқысына емес, соңғысына
тоқталайық, құрметті оқырман. Міне, сонда: “Анатолий Гав-
рилович Уфимцев Қазақстанның 11 дүркін чемпионы. Ол –

əлемдік шахмат теориясына өзінің атымен аталатын қорғаныс
позициясын қалдырған адам”, – деген сөйлемдер бар еді.
Ашығын
айтайық,

аталмыш
сөздердің
тегін
емес

екенін сол кезде-ақ ішіміз сезетін. Бірақ толық мəн-жайын
білмей діңкелейтінбіз. Бірде осы жəйтті түсіндіріп беруді
мектебіміздегі шахмат үйірмесінің жетекшісі, математика
пəнінің мұғалімі Амантай Айтбаев ағайдан сұрағанымыз бар.

Оған ол кісі: “Шахмат əлемінде өзінің ғажайып қабілетімен
елді тəнті қылған чемпион, экс – чемпион, гросмейстерлер
көп, – деген. – Бірақ олардың арасында осы ойын түрінің те-
ориясына жаңалық əкеліп, үлес қосқан адамдар аз, саусақпен

санарлық десе де болады. Мəселен, шахматтағы қорғаныс
құрылымын алып қарайық. Бұл салада Алехин, сицили-
ян, француз, Каро-Кан, жаңа үнді позицияларымен қатар
жерлесіміз Уфимцевтің атындағы ойын өрнегі де құрметпен

аталады. Ендеше балалар... Осы бір фактінің өзінен-ақ ол
кісінің шахмат əлемінде ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы бар
деп түсінгеніміз жөн”.
Ауыл мұғалімі Амантай ағайдың осы сөзі содан ба-

стап шахматтағы қорғаныс позициясы авторының атын
кеудемізге берік орнықтырғандай еді. Уақытта тоқтау бар
ма.., басымыз дан балалы шақ та өткен. Студенттік кез де
келген. Бұл кезеңдерде біз ол кісінің Қостанай қаласында

тұратындығын білген жайымыз бар. Ал өз мамандығымыз
бойынша республикалық басылымдарға жұмысқа тұрып,
қызмет істей бастаған уақытымызда: “Журналистік сапармен
солтүстікке жол түсе қалса, атақты шахматшымен кездессек,

əңгімелессек”, – деген бір ойдың бүйірімізде болғаны жəне
анық.
Ақыры сондай жүздесудің сəті 1986 жылы ғана түсті.
Ол кезде мен “Қазақстан коммунисі” журналында бөлім

меңгерушісі болып жұмыс істеуші едім. Редакторымыз
Кəкімжан Қазыбаев Қостанай облысының Семиозер ауданына
барып, сондағы егін орағынан материал жазып қайтуға шұғыл
тапсырма берді. Əңгіменің тоқетері, баратын жеріме бардым.

Ондағы шаруамды тез бітірдім. Сөйттім де Қостанайдағы
қонақүйге келіп, “Жер мен тер” атты мақаламды жазып
бітірген соң, көкейімде жүрген ой – қарт шахматшыны
іздеуге кірістім. Облыстық спорт комитеті нұсқаушысының

берген телефоны бойынша қоңырау шалғанымда Анатолий
Гавриловичтің балық аулаудан жаңа ғана оралып отырған кезі
екен. Үйіне шақырды. Екеуміз сонда отырып əңгімелеспекке
уағдаластық.

... Күздің күні болатын. Сыртта жаңбыр сабалап, өкпек
жел екілене соғып тұрды. Ал біз Анатолий Гаврилович
екеуміз оның үйіндегі кең де жарық бөлмеде уақыт табынан
сарғайған құжаттар мен фотосуреттерді қарап, əңгіме-дүкен

құрып отырмыз.Міне, мынау алақандай қағазда “1927 жыл”
деген белгі тұр. Бұл кейіпкеріміздің өз өмірінде алған тұңғыш
марапат дипломы болып шықты. Анатолий Гаврилович ол
кезде бар-жоғы 12 ғана жаста екен. Соған қарамастан ол шах-

маттан Омбы қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер
арасындағы біріншілікте екінші орынды жеңіп алыпты.
Осыдан кейін біздің көзіміз альбомдағы шағын фотосуретке
түсті. Ондағы шахмат тақтасына үңіле қарап отырған секпіл

бет сары баланы: “Мынау мен ғой, – деп түсіндірді үй иесі
жайымен. – Бұл суретке Омбыдан кейінгі Новосибирскіде
өткен біріншілікте түскен едім. Ол 1928 жылы болатын. Онда
мен Сібір аймағындағы қалалар бойынша өтетін турнир-

ге қатысуға келдім. Жарыс тəртібіне қарай əрбір үміткер 10
партия ойнауға тиіс екен. Мен сол 10 бəсекенің бəрінде ұтып

шығып, бірінші орынды иелендім”.
Анатолий
Гаврилович
жоғарыдағы

сөздерді
айтып
отырғанда көзім ескі құжаттар жиналған папкадағы жарыс
таблицасына түсті. Анықтап қарағанымда бұл сонау 30-шы

жылдары өткен Бүкілодақтық турнир кестесі екен. Онда
сол кездегі 16 жасар біздің кейіпкеріміздің есімі В.Смыслов,
М.Стольберг, А.Долухановтың фамилияларымен иық тіресіп
қатар тұр.

– Мұндағы кейін əлемнің экс-чемпионы болған Василий

Смысловты кім білмейді? Оның есімімен елдің бəрі жақсы та-
ныс қой. Сондықтан оны тəптіштеп айтып жатпай-ақ қояйын,

– деді аталмыш таблицаға ден қоя үңіліп отырғанымды байқап

қалған үй иесі. – Ал Марк Стольберг Кеңес Одағындағы өсіп
келе жатқан талантты шахмат шеберлерінің бірі еді. Өкінішке
қарай ол Ұлы Отан соғысындағы шайқас даласынан қайтпады.
Мына тұрған Александр Долухановқа келер болсақ, кейін

бұл кісі елімізге əйгілі композиторға айналғаны өзіңе жақсы
мəлім. Міне, осы отандастарыммен бірге мен кезінде Горь-
кий қаласында өткен бірінші категориялы шахматшылардың
Бүкілодақтық турнирінде І-ші жəне 4-ші орын аралығына

дейінгі жүлделі орындарды бөліскен болатынмын.
... Осы сəтте фотоальбомнан тағы бір назар аударарлық
сурет шыға келді. Оған: “Ленинград, ВЦСПС-тің турнирі.
1938 жыл”, – деп жазылыпты. Суретте КСРО спорт шебері

В.Чеховер бейнеленген. Ол А.Уфимцевпен шахмат ойнап
отыр. Екеуінің алдындағы шаршы тақтадан позициялар
айқын көрінеді. Қарсыластарының əрқайсысы төрт-төрттен
жүріс жасаған. В.Чеховердің пешкалары d 4, е 4 f 4, ал фи-

гурасы с 3 бағытында тұрса, А.Уфимцевтің пешкалары d
6, е 6 жəне g 6, піл фигурасы g 7 алаңында тістесе жатып
алыпты. Бұл кейіннен белгілі болғанындай атақты Уфимцев
қорғанысының алғашқы варианты еді.

Осы арада: “Дебют қалай, не себептен туды?” – деген
сұрақтың ойға оралары анық. Оған былай деп жауап беруге
болады. Дəл сол кезде ме, жоқ одан сəл бұрынырақ па екен,
Э.Ласкер мен Р.Капабланка бұдан былай шахмат ойынының

үнемі итжығыс боп аяқталып отыратындығын алдын-ала
сəуегейлікпен болжаған-ды. Тіпті шахматтың бүге-шігесіне
дейін зерттелгені, кəсіби əдістердің ұңғыл-шұңғылы жете
талданып-талқыланғаны соншалықты, ендігі жерде ойынның

соңын итжығысқа əкеліп тіреуге мүмкіндіктің мол екендігін
де олар атап көрсеткен еді. Дегенмен, ойламаған жерден үш
ұйықтасаң түсіне кірмейтін “сыйдың” қылтиып шыға келгені
бар емес пе?! Əлде бір уыздай балаң жас шахматшы өзекті

де өзгеше ойын өрнегінің сарқылмас қайнарына пара-пар
жаңаша тынысты дебютті ойлап табады деп кім ойлаған. Ол –
Анатолий Уфимцев еді.

– Жартылай ашық жəне жабық ойын бастауының болашақ

құмарпазы бола отырып, – дейді Анатолий Гаврилович, –
1934 жылы-ақ əйгілі Ильф пен Петровтың басты кейіпкері
Остап Бендердің е2 – е4 тəрізді алғашқы жүрісіне жауап
ретінде қара фигуралар жағына əрі жабық, əрі нəзік жүйелі

қорғаныс əдісін тапқым келіп ойланғаным бар-ды. Мұндағы
негізгі ой нысаны анық болатын: қарсы шабуыл жасауға жəне
бүркемелі ойнақы соққылар беруге зор мүмкіндігі бар мықты
тəсілге қалайда қол жеткізу керек. Сондықтан да мен осы бір

“құпия” қаруымды екі жылдан астам уақыт бойы шыңдауыма
тура келді. Тіпті үйдегі шахмат столымда қара фигуралар
жағының d 6, g6 G 7 жүрісінен кейін туындайтын бағыттары
үнемі тігіліп тұратын. Ақыры 1938 жылы Ленинградтағы

Бүкілодақтық турнирде болашақ гросмейстр А.Котовқа қарсы
партияда өзімнің “құпия” қаруымды іске қосуды ұйғардым.
Сырт қарағанда қарсы бағыттағы, бірақ ешбір анықтамалықта
ұшыраспайтын менің бұл төтенше жүрісім, байқаймын,

қарсыласымды тығырыққа тіреуге айналды. Əрине əдепкіде
ол шахмат əлемінен өз бетінше сəл-пəл ғана хабары бар əлде
бір əпендеге кездестім деп ойлағаны сөзсіз еді. Бірақ, бір
қызығы сол, мұздай тео риямен қаруланып, “аяғын” аңдап

басып келе жатқан А.Ко товтың ақшаңқан фигуралары тақта
бетінде кенеттен абыр-сабыр күйге түсті де берекесі кете
тайғанақтап сала берді.
А.Котов пен А.Уфимцевтің арасындағы осы партия 1939

жылы “КСРО-дағы шахмат ойындары” атты журналда бас
төреші П.А.Романовскийдің түсініктемесімен жарияланып,
елдің назарын бірден өзіне аударды. Анатолий Гаврилович
сондағы тарихи жарияланымды күні бүгінге дейін өзінде

сақтап келіпті. Төменде біз сіздерге соны ұсынып отырмыз.
1.е4d6 Уфимцев алдыңғы бірнеше партияда ақпен де,
қарамен де, былайша айтқанда, тек қате деуге боларлық
бастапқы жүрістерді қалап алды. Оның бұл дебюттік экспе-

рименттері спорттық ойын түрі жағынан да, творчестволық
ізденіс тұрғысынан да өзін толық ақтады. Сөйтіп шахматшы-

ның осы партиялары дебют кезінен бастап-ақ қызықты жəне өзіндік ерекшелігі бар идеяларға толы болды. 2.d4 g6 Сс4. Піл фигурасының дебюттегі бұлайша орналасуы көп жағдайда ақтардың жүрісіне қолайсыздық туғызумен болатыны сөзсіз. 3. ... kd7 4.kf3 kb6? Бұл жүрістердің бəрі соны жəне қызықты. Ол біздің дебютке əуестенушілік ғасырымызда карлсбадтық, шевеннингендік жəне де басқа аты шығып жүрген жүйелерден бірде кем емес жəне мұның мəні солардың бəрінің идеялық байлығы мен мазмұнынан əлдеқайда асып түседі. 5. Cb 3 Cg 7 6. Kc 3 e6 7. Cg5 Ke 7 8. Fd2 h6 9. Cf4 g5 10. Ce3 Kg 11.h4 Бұл енді күмəнді жүріс. Бəрінен де жаманы пешканы баяғыдан белгілі таптаурынды əдетпен құрбан ету. 11... .. dh 12. 0-0-0Fe 7 13. Lh2 Король шебіндегі əлсіреген пешкалар тізбесіне шабуылды қаралар жағы жай ғана қорғаныспен емес, керісінше ортадағы күшті де қуатты ойын өрнегімен қарсы алады. 13. ... Cd7 14. LdhІ c5! 15. ... с4 жүрісінен кейін аз-кемі жоқ фигураны ұту қаупі төнеді. Тіпті де “таррешевтік” емес, тек “уфимцевтік” ат b6 – да өз жағдайында тəп-тəуір сенім туғызады. 15. ... Fd3 Lc8 16. Kd2. Ақтар жағының шабуылы үдегенімен тоқырауға мəжбүр. Сондықтан енді ақ ладья h2-де өзінің қысылтаяң жағдайда қалғанын сезеді. 16. ... Lg8 17. Dc dc 18.f4. Тақтада Ке 5 үлкен қауіп төндіруде. 18. ... Cd 4. Мұндағы басты вариант 19-шы жүріске алып келер С: d4 K : f4! 20. fe 3 cd 21. F: d4 L:c3. Қарап отырсаңыз тамаша, нақты əрі əдемі идея туындап келе жатқанын көруге болады. Осының негізінде қара фигуралар жағы ұтысқа ұмтылады. 19. Кс4 К: с4. 20. С: с4 ab! 21. А4 Ff 6. Шабуыл үдеген үстіне үдеп келеді. Уфимцев партияны нағыз шеберлікпен жүргізуде. Ақтар жағы бір пешкадан соң бір пешкасынан айрылып жатыр. Олардың шашырап кеткен қорғаныс белдеуін қайта құруға шамасы жоқ. Егер 22. 15 болса, онда Ке5, ал 22. Lhfі-ден соң С: е3 + 23. F : e3 F d4 болуы мүмкін. Ал бұл ақтар жағының жағдайын нашарлатады. 22. Ке С: b2 + 23. KpbІ Cd4 24. E5 Ff5 25. F: f5 ef 26. C:d4 cd 27. Cb Ce6 28. K:d4 Kpe 7 29. LfІ Lgd8 30. K:e6 31. Lh 3 Ld2. Тартыстың шешуші сəтін Уфимцев тамаша əрі жігерлі өткізумен болады. 32. LgІ Ld4 33. G 3 Lc3 34. Kpb2 Lg3 35. G6. L:g6 L:f4 37. L:e6 + Kpd7 40. Lf6 Lh7 41. Ce6 Le 7 42. L:f5 43. C: f5 L: e5 44. Cd3 Kpb6 45. Cc 4 Le 4. Міне осыдан кейін ақ фигуралар жағы тізе бүкті. Сөз ретіне қарай А.Г.Уфимцевтің Ұлы Отан соғысының алдында ойлап тапқан осы дебюті шахмат əлемінде 7 жыл бойы талқыланып, сараптан өткенін айта кеткеніміз жөн. Міне, содан кейін ғана барып 1945 жылы КСРО шахмат федерациясының Жоғары аттестациялық комиссиясы оны үлкен жаңалық деп бағалап, жерлесімізге арнайы атақ берді. Қазір шахматшылар, оның білгірлері бұл қорғаныс позициясын қалай бағалайды? Оған əлемдік шаршы тақта теоретиктерінің бірі Г.Фридштейннің пікірін келтірсек, соның өзі жеткілікті ғой деп ойлаймыз. Ол өзінің “Уфимцев қорғанысы” атты монографиясының алғысөзінде былай дейді: “Бүгінгі таңда бұл қорғаныс көпшілікке кеңінен мəшһүр сицилиян, француз, Алехин немесе Каро-Кан қорғаныстарының деңгейіне көтеріліп, өз алдына дамыған дебют деуге болады. Дегенмен бұл тəсілдің осыншама мəшһүрлікке ие болуын қалай түсінген жөн. Əрине, ол басқа көптеген тəсілдердей ұңғыл-шұңғыл зерттелген жоқ. Ол сонысымен де қызықтыратыны сөзсіз. Бұдан бөлек бұл құрылымның адуыны қатты ақ фигуралар жүрісінің өзін ə дегеннен-ақ құрдымға сүйрелей жөнелетін ойнақы тəсіл құруға мүмкіндік туғызатындығын айтсаңызшы! Сондықтан да осы ойын өрнегі қазіргі таңдағы стратегия ұғымына дөп келіп, күрделі жүйе құруға өте-мөте икемді деп атап айтуға болады”. 1998 жыл. Авторлық анықтама. Анатолий Уфимцев өзінің атақты қорғанысын өмірге келтіргеннен кейін 19461961 жылдар аралығында республика лық жарыстарға үзбей қатысып, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы болды.Содан кейін ол Қостанай облыстық жоспарлау комитетінде ұзақ уақыт қатардағы экономист болып жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Қазір ол кісі сол қалада тұрады. Жасы сексеннің бел ортасына келген жерлесіміздің өмір жолын кейінгі ұрпаққа қысқаша бір таныстырып өтуді өзіміздің парызымыз деп санадық.

“БІРІНШІ ПЕТР”

ФИЛЬМІНДЕГІ

ҚОЙЛЫБАЙ

1999 жылдың қаңтар айы еді. Қазақ радиосынан журна-
лист əріптесіміз Қанат Тəкебаев қоңырау шалды.

– “Ленфильм” киностудиясы түсірген “Бірінші Петр”

фильмі бар емес пе? – деді ол жөткірініп қойып. – Соның ти-
трында Қарсақбаев деген қандасымыздың фамилиясы тұр.
Егер бұл туындының 1937 жылы өмірге келгенін еске алсақ,
аталмыш адамның осы саладағы тұңғыш қазақ киноактері

болуы да ғажап емес сияқты.

– Фильмді қашан көрдің? Ол қай телеарнада жүріп жатыр?

– “Рахат ТВ”-да... Кеше көрсетілді. Бірақ біздің Болат

Түлкібаев деген режиссерімізде оның көшірме таспасы бар.
Қарсақбаевпен жақын туыс боп келетін ол өзіңмен кездессем,
құжаттарын көрсетсем дейді. Əңгімелесуге қалайсың?

– Келсін. Сөйлесейік.

Осы сөзді айтқан мен бөлмедегі кітап сөрелеріне қарай қол
созып, Қабыш Сирановтың “Кино туралы əңгіме” туынды-
сы мен Бауыржан Нөгербектің “Қазақстан киносы” еңбегіне
үңілдім. Ондағы мақсат фильм көшірмесін əкеле жатқан бей-

таныс жігіт келгенше қазақтың тұңғыш киноактерінің кім
екендігін анықтауға əрекет жасап көру еді.
Рас, бұл мəселеге жауап іздегенде, сөз жоқ, біздің ойымызға
бірінші болып 1938 жылы өмірге келген “Амангелді” фильмі

оралары анық. Былай алып қарағанда сондағы Елубай
Өмірзақов, Шара Жандарбекова, Қанабек Байсейітов, Қалибек
Қуанышбаевтарды қазақ киносының қарлығаштары деуге
əбден болатын сияқты. Бірақ..., иə, бірақ зерттеушілер Қабыш

Сиранов пен Бауыржан Нөгербектің еңбектеріндегі деректер-
ге қарағанда, сол “Амангелдіге” дейін де Қазақстанда “Вос-
токкино” тресі болып, олар “Түрксіб” (1927 ж.) секілді деректі-
хроникалық лента мен “Бүлік” (1928 ж.), “Дала əуендері” (1930

ж.) “Жұт” (1931 ж.), сияқты шағын көркемсуретті фильмдерді
түсірген. Осылардың ішіндегі “Дала əуендері” кинотуын-
дысында бір кездегі жалшы-батырақтан Кеңес өкіметінің
арқасында үлкен басшы дəрежесіне көтерілген мемлекет

қайраткерінің рөлінде Серке Қожамқұловтың, ал адуын
атқамінердің кейпінде ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтың

ойнағаны тарихқа ұмытылмастай боп жазылып қалған. Де-
мек бұдан: “1938 жылы экранға шыққан “Амангелдіге” дейін
де бізде киноактерлер болған, фильмге түскен”, – деген
қорытынды жасауға болады. Ал, 1937 жылғы екі сериялы

“Бірінші Петр” фильміне түскен қазақ Қарсақбаевқа келсек,
қолымыздағы кинозерттеушілер еңбектерінен ол туралы
ешқандай дерек таба алмадық. “Демек бұл тың тақырып,
ұмытылып барып табылғалы отырған жаңа есім”, – дедік

ішімізден.
... Өстіп отырғанда есік қоңырауы “дыз” етіп, үйге бейта-
ныс жігіт те келіп кірді. Қысқаша аман-саулықтан соң екеуміз
көшірме кассетаны көруге отырдық. Міне, фильмнің титры...

Ондағы князь Меньшиковты ойнаған актердің фамилиясынан
кейін: “Абдурахман – Николай Қарсақбаев”, – деген жазу жалт
ете түсті. Көңілімізге күдік кіргендей. Ол өзіміз сөз еткелі
отырған адам есімінің орысша екендігінен секем алған ой еді.

Бірақ соған қарамастан фильмді толық көріп шыққанымызда
мынадай жəйттерге көз жеткіздік. Мұндағы Абдурахман
Петр патшаның оң қолы, əйгілі ақ араб болып шықты. Оны
ойнаған Қарсақбаев фильмде 3-4 рет көрініс береді.

Алғашқы эпизод. Мұнда Петр патша əскери оқуға тартыл-
ған князь балаларынан емтихан алып тұр. Кезек денесі бол-
быр, жүріс-тұрысы марғау жас бекзадаға келгенде ол білігіне
емес, артындағы ілігіне сенетінін сездіріп қояды. Онысы пар-

та астында жасырынып жатып, қожайынына “суфлер” болған
денщик-шабарман Абдурахман еді. Мұны байқап қалған Петр
кінəліні құлағынан тартып тұрып ұстаған күйі тақтаға алып
келеді. Сөйтеді де: “Білгіш екеніңді көрейін, мына сұрақтарға

жауап берші. Ал, айта алмасаң менің қаһарыма ұшырайсың”,

– деп оны төпелеген сауалдың астына алады. Ғажабы сол,

сонда қарғадай ол қандай сұраққа болмасын қасқайып тұрып
жауап беріп, патша ағзамды таң қалдырады. Міне, содан ба-
стап араб Абдурахман санатқа ілігеді, Петрдің оң қолы бо-
лып, оның сенімді серігіне айналады.

Кинодағы екінші эпизодта Қарсақбаев ойнаған арабтың
той үстіндегі сəті бейнеленген. Петр патшаның мұрагер
ұлы өмірге келген осы шілдеханада ол сарай маңындағы
небір ығай мен сығайдың ортасында олармен тізе түйістіріп

қатар отыр. Ал, үшінші бір көріністе екінші рангалы ка-
питан Абдурахманның əйгілі орыс-швед соғысындағы
жаужүректігі бейнеленген. Балтық теңізіндегі басымдықты
сақтап қалу жолындағы жан алып, жан беріскен бұл ұрыста

орыс флотының қолбасшысы ауыр жараланып, шайқасқа
жетекшілік ету Абдурахманға жүктеледі. Ол бұл тапсырма-
ны асқан батылдықпен əрі ақылдылықпен атқарып, флотты
жеңіске жеткізеді. Сөйтіп бірінші Петрдің ыстық ілтипаты

мен зор құрметіне ие болады.

– Ал, бұл Қарсақбаев кім? – дедім мен кассетадағы фильм

көшірмесін көріп біткен соң Болатқа.

– Ол менің немере ағам, – деді танысым дипломаты-

нан əлдебір қағаздарды алып жатып. – Алматы облысының
Еңбекшіқазақ ауданындағы “Қазатком” ауылында Түлкібай,
Қарсақбай деген ағайынды кісілер болған. Түлкібайдан Жек-
сенбай туады. Одан мына мен. Ал, Қарсақбайдан жаңағы

“Бірінші Петр” фильміне түскен Қойлыбай. То есть... Нико-
лай.

– Түсінбедім... Ол оның жанама аты ма, жоқ əлде...

Жо-жоқ. Ағамыздың азан шақырып қойған есімі Қойлыбай.
“Казатком” ауылымен іргелес Маловодное елді мекеніндегі
мектепте оқып жүргенінде ондағы казак-орыс балалары
Қойлыбай көкемді: “Коля, Коля” – деп жүріп Николай атан-

дырып жіберіпті. Сенбейсіз бе?.. Мына құжаттарға қараңыз.
Ленинградқа оқуға аттанғанға дейінгі документтерінде ол
бірде Қойлыбай, екіншісінде Коля деп жазылып жүре берген.
... Құжаттарды қарап отырмын. Шынында да солай.

Енді өмірбаянына үңілсек... Ол 1916 жылы дүниеге келіпті.
1934 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтың орталық театр
училищесіне оқуға түседі. Ондағы актерлік бөлімде сол кездегі
өнер шеберлерінің бірі, білікті ұстаз В.В.Меркурьевтен дəріс

алады. Қойлыбай Қарсақбаев училищеде жақсы оқыған. Бұлай
деуімізге оның 1938 жылы аталмыш өнер ордасын бітірердегі
емтихандар: жалпы тарих, актер шеберлігі, дене тəрбиесі, əн
салу, би өнері, этюд жазу, ритмика сияқты 7 сынақты “5” де-

ген бағаға тапсырғаны негіз болғандай. Сондай-ақ училище
дирекциясы берген дипломдағы қосымша анықтамада оған
Мəскеудегі Бүкілодақтың кинематография институтына жол-
дама берілгендігі жазылған. Сөз арасында айта кетейік, біздің

ойымызша Қойлыбай Қарсақбаев “Бірінші Петр” фильміне
1936 жылы, студент кезінен бастап тартыла бастаған сияқты.
Өйткені бұл кинотуындының бірінші сериясы 1937, ал
екіншісі 1938 жылы шықты емес пе?

Туысы Болат Түлкібаевтың тірнектеп жүріп жиыстырған

құжаттарындағы
қалған
деректер
бізге

Қойлыбай
Қарсақбаевтың 1938-1939 жылдары Шымкенттегі қазіргі
Жұмат Шанин атындағы театрда жұмыс істегенін айтады.
Содан кейін ол Қызыл Армия қатарына шақырылып, міндетті

əскери борышын өтуге аттанған. Елге енді қайтайын деп
тұрғанда, Ұлы Отан соғысы басталады да 1942 жылы Белая
Церковь қаласы үшін болған шайқаста қаза табады.

– Қолдағы құжаттарға қарағанда Қойлыбай ағамыз

өнердегі өмірбаянын өте сəтті бастаған жан сияқты, – дедім
мен Болатқа. – Бірақ таланты мен творчестволық қабілетін
барынша ашып көрсетуіне тағдыр жазбапты. Ал аға буын ар-
тист, актерлер арасынан қазір бұл кісіні білетін адамдар бар

ма? Бар болса олар Қойлыбай Қарсақбаев туралы не дейді?

– Оған деген жауапты мына кассетадан табасыз, – деді Бо-

лат менің сауалыма. Сөйтті де қолыма шағын үнтаспа пла-
стинкасын беріп, диктофонды іске қосыңыз дегендей ыңғай
танытты... Тыңдап отырмын. Мұндағы дауыс, естелік айтып
отырған адам Қазақстанның халық артисі, танымал киноак-

триса Əмина Өмірзақова апай болып шықты.

– Мен Ленинградқа Қойлыбай Қарсақбаевтан жар-

ты жыл кейін бардым, – дейді ол кісі. – Орысшам шама-
лы. Үлкен қалаға үйрене қоймаған үркек кезім. Сондай
сəттерде Қойлыбай аға туғанымнан бірде кем емес таяны-
шым болған жан еді. Қиналсам, барып ақыл-кеңес сұраймын.

Бəлсінбейді, білгенінше айтып береді. Бірде емтихан алып
отырған ұстазымыз Меркурьев: “Үйің өртеніп жатыр делік.
Лапылдаған жалын ішінде кішкентай інің қалып қойған.
Осындай жағдайда не істер едің? Қане, соны сахнада адам

сенетіндей етіп көрсетіп берші”, – деді. Мен жөпелдемеде
ештеңе айта алмай, тосылып қалдым. “Бар, далаға шығып
ойланып кел”, – деді абыржығанымды байқаған оқытушым.
Дəлізде Қойлыбай аға жүр екен. “Оған несіне қиналасың,

– деді күліп. – Жақсылап тұрып жылап бер”. “Ай жоқ, шай

жоқ қалай жылаймын?” “Апаңды, ауылыңды сағындың ба?”.
“Иə”. Сол-сол-ақ екен жүйкем босап қоя берді. Көз алдыма
туған жер, туыстарым елестеп, боталаған күйі ішке ендім.
Аудиторияны азан-қазан қылып, ойбайға басқанымды көрген

емтихан алушы: “Міне... міне! Оқиғаның ішіне кірді де-
ген осы. Енді таптың сахналық шешімді”, – деп сынақшама
қарай қол созды. Қойлыбай аға мені бұдан кейін де көптеген
қиындықтардан құтқарып жүрді. Бірақ солардың ішіндегі

жоғарыдағы қарапайым, табиғи ақыл-кеңесі есімде мықтап
қалып қойды”.
... Осыдан 61 жыл бұрын өмірге келген “Бірінші Петр”
фильміне түсіп, ондағы соқталы рөлдің бірін ойнаған

Қойлыбай Қарсақбаевтың қысқаша өмір тарихы міне, осын-
дай құрметті оқырман. Оны біз қазақтың тұңғыш киноактері
еді деп жоқтан бар жасағалы отырғанымыз жоқ. Иə, ол ки-
ноактер. Тұңғыштардың, ізашарлардың бірі. Бұл қандасымыз

сонысымен де қадірлі, қымбатты. Осы бір аяулы жанды оның
ауылдастары, кинозерттеушілер біле ме? Жоқ. Ендеше бүгінгі
ұрпаққа Қойлыбай Қарсақбаевты таныстыру, білдіру үшін
отызыншы жылдары ол оқыған “Қазатком” ауылындағы мек-

теп қабырғасына ескерткіш тақта іліп, музей мүйісін ашса де-
ген ой бар. Аталмыш білім ұясына оның есімін беру де артық
етпейтін сияқты. Кинозерттеушілеріміз бұдан былай оның
атын өз кітаптарына кіргізуді ұмытпаса деген тілек тағы бар.

1999 жыл.
Авторлық анықтама: 2001 жылдың ақпан айында
Болаттан хат алдым. Онда ол немере ағасы Қойлыбай
Қарсақбаевқа арнап “Қазатком” елді мекеніндегі

орта мектептен мұражай ашуға қол жеткізгендерін
қуана баяндапты. “Астанадан Алматыға келген бір
сапарыңыңызда біздің ауылға соғуды ұмытпаңыз.
Жақын жер ғой. Қала іргесіне тиіп тұр. Міне, сонда

біз айтқан мұражай бар. Ондағы экспонаттардың
қатарына сіздің ағамыз туралы жазған мақалаңыз ен-
ген “Бізге беймəлім бейнелер” атты кітабыңызды да
қойдық. Келіңіз. Көріңіз”, – делініпті хатта.

Мақала газетке шыққанынан кейінгі Қойлыбай
Қарсақбаев туралы біз білетін жалғыз жаңалық осы.

БІЗ БІЛМЕЙТІН БЕЙНЕ 1989 жылғы 7 сəуір еді. Сол күні таңертең орталық баспасөз беттерінде: “Кеше кеңестік “Комсомолец” сүңгуір қайығы Солтүстік мұзды мұхиты аймағындағы Норвег теңізінде апатқа ұшырады, Оқиғаны анықтап, тексеру үшін үкімет комиссиясы құрылып, жұмыс істеуде”, – деген ТАССтың шағын хабары жарияланды. Бұл 1986 жылғы Чернобыль жарылысы мен 1988 жылғы Арзамастағы ғаламат өрттен кейінгі ауыр да қиын жағдай болатын. Содан көп кешікпей “Правда” газеті аталмыш қайықтағы оқиға жөнінде арнайы мақала берді. Ондағы деректерге қарағанда “Комсомолецте” 69 əскери адам болған. Сүңгуір қайықтағы 6 сағаттық өрт кезінде олардың 42-сі қаза тауып, 27-і тірі қалған. Газеттегі марқұм болғандар тізімін оқып отырып, олардың арасындағы бір адамның аты-жөніне айналсоқтай бергеніміз əлі есімізде. Ол: “Сүңгуір қайықтар құрамасы саяси бөлімінің бастығы, 1-ші рангалы капитан Талант Əмитжанұлы Бөріқұлақов”, – деген фамилия еді. “Қазақ па, жоқ əлде қырғыз ба? – дегенбіз іштей. – Іздестіріп көрсек қайтеді?”. Осындай оймен құлағымызды түрік ұстап жүргенімізде редакция кітапханасына келіп тұратын Қызылорда облыстық “Ленин жолы” газетінен жазушы Сейіл Боранбаевтың “Ерекше тағдырлы адам” (3.5.1989 ж.) атты мақаласын көріп қалдық. Бұл дүниесінде автор “Комсомолец” сүңгуір қайығындағы қайғылы оқиғада аты аталған Талант Бөріқұлақовтың қазақ екендігін, оның туған-туыстарының Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында тұратынын жазыпты. Өкінішке қарай автор осы мақаласын кейін еш жерге ұсынбады. Сондықтан өте қажет дерек бір облыстың шеңберінде қалып қойды да, Талант Бөріқұлақовтың өз қандасымыз екендігі жөніндегі хабар республика жұртшылығының құлағына жетпей қалды. Таяуда біз əріптесіміз Сейіл Боранбаевтың осыдан 10 жыл бұрын жазылған сол мақаласын архивімізден тауып алдық. Тауып алдық та, автордың аталмыш дүниесіндегі фактілерді екшеп, оқырмандарды белгісіз де беймəлім жан– Талант Бөріқұлақов өмірінен хабардар етуге ниет еттік.

Сонымен ол кім?
Қызылода облысының Қазалы ауданындағы “Фрунзе”
ұжымшарының тұрғыны Əмитжан Бөріқұлақов деген кісі
1942 жылы əскерге шақырылып, майданға аттанады. Ұлы

Отан соғысы аяқталған соң, өзі қызмет еткен құрамадағы
Клавдия атты медбикеге үйленеді де, Ресейдің солтүстігінде
қалып қояды. 1947 жылы бұлардың отбасында ұл бала өмірге
келеді. Ол өзіміз сөз етпек болып отырған Талант еді. 50-

ші жылдардың басында туған жерін сағынған Əмитжан
Бөріқұлақов Клавдия Николаевнаға елге оралсақ, сонда ба-
рып тұрсақ деген ойын айтады. Бірақ оған ол кісі келіспейді.
Сөйтеді де 3 жастағы Талантымен солтүстікте қалатынын ай-

тып, ерінің Қазақстанға қайтуына рұқсат береді.
Еліне келген соң Əмитжан ақсақал қайтадан үйлі-
баранды болады. Қызылорда педучилищесін бітіріп, Қазалы
ауданындағы “Фрунзе” ұжымшарында мұғалім, “Энгельс”

кеңшарында кеңсе қызметкері болып еңбек етеді. Осыдан
кейін “Өркендеу” кеңшарындағы кəсіподақ комитетінің
төрағасы қызметін атқарып жүріп, 1986 жылы өмірден озады.
Ал бұл уақыт аралығында солтүстікте қалған оның ұлы

Талант анасы Клавдия Николаевнаның қамқорлығымен
мектеп табалдырығын аттайды. Онжылдықты ойдағыдай
бітірген соң жоғары əскери-теңіз училищесіне оқуға түсіп,
Солтүстік флотта қызмет етуге жолдама алады. Қуаныштысы

сол, Əмитжан ақсақал осының бəрінен хабардар болып,
өмірінің соңына дейін алыстағы баласымен тығыз байланыс
жасап тұрған. Оған ол кісінің Талантпен хат алысып, ұлының
əскери оқу орнына түсер кезінде, үйленерінде Горький, Ле-

нинград қалаларына барып қайтқаны анық дəлел.
Өзінің 42 жылдық аз ғана ғұмырында Солтүстік флоттағы
сүңгуір қайықтар құрамасы саяси бөлімінің бастығы дəре-
жесіне дейін көтерілген 1-ші рангалы капитан қазақ Та-

лант Əмиитжанұлы Бөріқұлақовтың қысқаша өмір тари-
хы міне осындай, құрметті оқырман. Есте ұстайтын нəрсе,
оның адамгершілігі, өз ісін жетік білетін маман ретіндегі
қабілеті ту ралы кезінде, яғни қайғылы оқиғадан соң “Прав-

да” (15.4.1989 ж.), “Известия” (12.5.1989 ж.) газеттері жақсы
жазған. Қызылода облыстық əкімшілігі қызметкерлерінің
бізге берген дерегіне қарағанда, Таланттың туыстары, яғни
оның əкесі Əмитжан ақсақалдан тарайтын Базаралы, Талай-

лы, Балғазы, Марат атты замандастарымыз Қазалы ауданын-
да сау-сəлемет тұрып жатқан көрінеді. Олар осы мақаланы
оқыса редакцияға хат жазып, хабарласар деген үміттеміз.
Сонда Талант Бөріқұлақов туралы жаңа əңгіменің арқауы

ағытылары анық.
1999 жыл.
Авторлық анықтама: Өкінішке қарай бізге “Ком-
сомолец” сүңгуір қайығында қаза тапқан 1-ші рангалы

капитан Талант Бөріқұлақовтың Қазалыда тұратын
туыстарымен жүздесудің сəті түспеді. Іссапарға
рұқсат алу қаптаған науқандық жұмыстар кесірінен
үнемі кейінге шегеріле бергендіктен бұл тақырыпты

ақыры газетіміздің Қызылорда облысындағы меншікті
тілшісі Серік Пірназарға беруге тура келді. Ол бұл
тапсырманы ойдағыдай орындап шығып, нəтижесінде
“Қиырдағы қыран қазасы” атты материал “Еге-

мен Қазақстан” газетінің 2006 жылғы 20 сəуірдегі
нөмірінде жарық көрген жайы бар.

САРЫАРҚАНЫҢ

“СЕТОН-

ТОМПСОНЫ”

Дала. Қыс. Аяз. Қожыр-қо жыр қойтастардың ара сындағы
қарлауыт жол. Таңғы бұрқасын үріп тастаған онымен жүр-
генімізге де біраз уақыт болған. Бірақ алдымыз дағы қайқайып
жатқан құбажон қыраттар таусылар емес. Бір белестен соң…

бір белес. Шеті де, шегі де жеткіз бейтіндей көрінеді адамға.
Аудан орталығынан шыққалы бері əр əңгіменің басын
бір шалған біздер мəшиненің жайсыз жүрісінен кейін үнсіз
қалғанбыз. Тек жүргізуші жігіттің қимылында ғана дамыл

жоқ. Тарам-тарам дала жолдарының сұлбасын тапжылтпай
тап баса отырып, Газ-69-ды ұршықша үйіріп келеді. Ал, ай-
нала төңірек болса… шыркөбелек айналып, артта қалуда.
Дүние… тым-тырыс. Көкала аяздан көзін аша алмай тұрған

Арқаның айшықты белдері марғау тіршілікке бөгіп тұр.
Міне, жол тағы бір жолбарыс жонды жотадан асып түсті.
Осы мезетте мəшине рөлімен алысып келе жатқан жүргізуші
жігіт: “Əне, Тасқора!” – деп қуана дауыстап жіберді. Алға

көз тіккенімізде сырты аппақ жұмыртқадай боп əктелген,
еңселі əрі ауласы қардан тап-таза боп аршылған үш үй
көрінді. Жақындай келе байқадық, мамағашта ертоқымды
кертөбел ат тықыршып тұр. Қора жақта қасқырға салсаң да

қаймықпайтындай қауқары бар қарала төбет төңіректі басына
көтере үруде. Ал, қоршаудың күншуақ жақ бетіндегі тұғырда
дүр-дүр сілкіне шаңқылдаған шегір көзді қыран бүркіт отыр.
Осының бəрі қияндағы мына қыстаудың өзгеге көп ұқсай

бермейтін өмірінен бірден хабардар еткендей.

– “Азат” жеке шаруашылығының иесі Тілеуқабыл

Есенбекұлы, – деп таныстырды бізге жолбасшымыз,
жергілікті жазушы Кəмел Жүністегі ағамыз бəрімізбен қол
алыса амандасып жатқан өткір көзді, қаумет сақалды, шаруа
ыңғайына қарай ықшам киінген, денесі тіп-тік үй иесін. –

Өзінің бір басында бірнеше қасиеті бар жігіт бұл. Əрі фермер,
əрі кəсіпкер. Құсбегелік өнері жəне бар. Мұның сыртында ол
ер-тұрман жасап, өрім де өре алады. Ал, серілігіне келсек, бұл
қасиет бұған бабасы Мəди Бапиұлынан дарыған болуы керек.

– Солай ма? – дедік біз атақты əнші есімін естігенде оған

елең етіп.

– Ол… иə, ол енді басқа əңгіме, – деп ыңғайсыз дан-

ғандай болды үй иесі. – Жүріңіздер, ішке кірелік. Аяқ жазып,
демалыңыздар. Бар əңгімені міне, содан кейін айтармыз.
Ақ кірпіштен қаланған еңселі үйдің табалдырығын
аттадық. Арнайы үлгімен сызылып, жаңа жобамен салынған

ғимараттың шебер инженерлік шешіммен орындалғаны
соншалық, мұны қиян түпкір, құладүздегі мына Тасқора
дөңіне қимайтын дайсың. Өйткені, аудан орталығы – Ақсу-
Аюлының өзінде сирек кездесетін үй бұл. Бөлмелердегі

тазалық пен жылылық қандай?! Терезелерден молынан түскен
жарық пен күн шуағына бөленген жиһаздар қандай?! Оған
қонақтар отыратын залдағы экраны тұп-тұнық “Панасоник”
теледидары мен сондағы бір қабырғаны тұтас алып тұрған

табиғат, жан-жануар мен құстар əлемі туралы кітап сөрелерін
қосыңыз.
“Міне, нағыз фермер! Міне, қазіргі нарық заманындағы
қожалық иесі! Өз еңбегімен тапқан байлығын Қарынбайдай

тығып емес, тіршіліктегі игілігім деп Атымтай жомарттай
ұғып ұстау біздің қазақ шаруаларының да санасына жеткен
екен-ау. Бұған да шүкіршілік”, – дедік Тілеуқабылға риза
болған біз.

– Шаруашылық қашан, қалай құрылды дейсіз бе? – деді

үй иесі жайғасып отырғаннан кейінгі қойған менің алғашқы
сұрағыма. – 1991 жылы. Иə, ол кездегі бұл жұмысты тура
нөлден бастадым деп айтуыма болады. Неге десеңіз, мен сол
уақытқа дейін аудан орталығындағы айлық жалақыммен ғана

күн көретін бюджеттік мекемеде қызмет істеп келдім. Үйімнің
жанында бау-бақшалық жерім де болған жоқ. Жекешелендіру
басталғанда кеңшарлар мен ұжымшарлардағы елге берілген
пайға да, үлеске де ие бола алмадым. Себеп белгілі.

Шаруашылықта жұмыс істемегенмін. Сондықтан жерді де,
қажетті техника мен малды да, бəрі-бəрін сатып алуыма тура
келді. Оны астымдағы “Жигулиімді” МТЗ-50 тракторына ай-
ырбастау, үлестеріне ірі қара тиген жерлестерімнің малын

қыс бойы тегін бағып беріп, ақысына оның бұзауларын алу,
отбасымыздағы бұрыннан жинақтап жүрген қаражат қорын
тəуекел деп қожалық ісіне жұмсау, несие алу арқылы жүзеге
асыруға тура келді. Соның нəтижесінде Тасқора дөңіндегі

мына жер заңдастырылып, 30 тайынша, 25 қой, 1 трактор мен
1 шөп шабатын мəшиненің иесі атандым.

– Қожалықтың қаз тұруы барысында көптеген кедергілерге

де кездескен шығарсыз?

– Айтпаңыз. Өткен тоғыз жыл ішінде небір құқайды көрдік

қой. Басқасын былай қойғанда сол уақыттан бергі үлкенді-
кішілі бишігештермен бес рет соттасу, басбұзарлардың
шабындық жерімді екі мəрте өртеп кетуі есімнен кетер емес.
Өрт демекші… Былқылдақ деген сазды өзекте шағын тоғайым

бар еді. Бəрінен де соған обал болды. Соңғы от-жалында одан
ештеңе қалған жоқ. Осының бəрі бір қолымды екі ете ал-
май жүрген шаруа адамы менің жүйкеме қанша жүк түсірді
десеңізші. Бірақ бұған мен сынбадым. Мойымадым. Сөйттім

де сотты да, басбұзарларды да жеңіп шықтым. Ал, алдыда
тағы қандай қиындық күтіп тұр, оны енді бір Құдайдың өзі
біледі.

– Шаруашылығыңыздың қазіргі жағдайы қандай? Мына

үйіңіздегі жылу мен электр жарығы қайдан келіп тұр?
Тасқораның төңірегінде өзен-көл көрінбейді. Ауыз суды
қайдан алып, малды қалай суғарып жүрсіздер?

– Қожалықта қазір 70 ірі қара, 70 қой, 18 жылқы бар, –

деді бұл сауалымызға сəл ойланып барып жауап қатқан
Тілеуқабыл. – Ал, техниканы сұрасаңыз, оның саны биыл 3
трактор, 3 шөп шабатын косилка, 1 жүк, 1 жеңіл мəшинеге
жетті. Осылардың бəрін үйлестіретін – 12 адам. Бұлар – өзі

бақташы, өзі шалғышы, өзі мал дəрігері, өзі жұмысшы əрі
күзетші жандар. Оларға дəл осы біз отырған ғимарат секілді
етіп 2 үй салып бергенмін. Жалақыларын өз уақытында алып,
отбасыларымен міне, сонда тұрып жатыр.

Үйлеріміз бір орталықтан жылытылады. Айдаладағы
бұл неғылған жылу жүйесі деп ойламаңыз. Тоқ етерін
айтқанда, өзіміздің жеке бу қазандығымыз бар. Ал, электр
жарығына келсек, осыдан 15 шақырым жерден бізді КЕГОК-

қа қарайтын линия кесіп өтеді. Солардан арнайы рұқсат
алып, ақшасын төлеп, одан бермен қарайғы қашықтықтағы
орнатылып-тартылуға тиіс бағандар мен сым темірлерді де өз
қаражатымызға сатып алып, үйлеріміз бен қораларымызды

электр жарығымен қамтамасыз еткен жайымыз бар. Жаңа сіз
суды қайдан алатынымызды сұрадыңыз. Оны да өз күшімізбен
шештік дер едім. Иə, мұнда көзге көрініп тұрған өзен-көл жоқ.
Су – жеріміздің астында. Оны пайдалану үшін скважинамен

артезиан құдығын қазып, 70 метр жерден ылғал көзін таптық.
Моторлы сораппен сыртқа шығарылған ол ауыз суға да, мон-
ша мен бу қазандығы жəне мал суаруға да жетіп артылуда.
Осылардың бəрі мол-мол ақшадан тұрады. Тегінге түскен

ешқайсысы жоқ. Барлығын дерлік сол ақшаның күшімен жа-
сап жатырмыз.

– Ал, сіздерге ол қалай табылады? Жұмысшыларға ақы

беру… Мемлекетке салық төлеу… Қожалықтағы техникаларға
жанармай сатып алу… Айта берсек көп тіптен. Сонда дейміз-
ау, осыларға қажет қаржы көзін қалай тауып құрастырасыз?

– Қаражат өзіміз бағып отырған малдан жасалады. Оның

өнімін дұрыс ұқсатудан табылады. Сосын… Иə, сосын бар
нəрсені мүмкіндігінше үнемдей білуден пайда болады.
Мəселен, малды семіртіп сойып, базарға апарсаң ол ақша ма?
Ақша. Терісін рəсуа етпей, ұқыптап жинап, шикізат дайын-

дау мекемесіне өткізсең пайда ма? Пайда. Қойдың жүні ше?
Қып-қызыл табыстың көзі емес пе ол. Сауын сиырлардан
алынатын сүт, кілегей, айран, ірімшік ше? Биелердің қымызы
ше? Міне, солардан тиісінше өнім алдық делік. Енді оған екі

ортада жүретін ұқсатушы бола біл. Ісіңе ешкімді кірістірме.
Сондықтан да біздегі етке өткізетін малды соятын қасапшы,
қойды қырқатын қырықтықшы, айран, сүт, қымыз əзірлеуші,
оларды аудан, облыс орталығына таситын жүкші, базарға

шығаратын сатушы, бəрі-бəрі де сол өзіміздің 12 адам. Мұның
сыртында Ақсу-Аюлыда қожалығымыздың “Бүркітші” атты
кафесі бар. Ет-сүт өнімдеріміздің біразын сонда апарып, пайда
табамыз. Арада алыпсатар жүрсе береке бола ма? Сондықтан

шаруашылығымыз бен тұтынушыға дейінгі аралықтағы про-
цеске біз ешкімді кірістірмейміз. Делдалдарға жанымыз қас.
Табысымыздың ең басты бір сыры міне, осында.
…Осы мезетте сырттан бүркіт шаңқылдады. Оған елең ет-

кен біз терезеден сыртқа көз жібердік. Түс ауып барады екен.
Тұғыр үстіндегі қыран жел өтінде отыра-отыра жалыққан бо-
луы керек, қанатын сабалай мазасызданып тұр.

– Жүріңіздер, сыртқа шығалық. Менің сіздерге көрсететін

жəдігерлерім бар. Енді соған назар аударыңыздар, – деді
Тілеуқабыл.
Оның бізге көрсетейін дегені үш ертоқым екен. Байқаймыз,
бірінен-бірі өткен бұл көненің көздерінің əрқайсысының

өзіндік тарихы бар сияқты.

– Мынау орыс ері, – деді үй иесі шетте тұрған былғары

тысты, жатаған ертоқымды нұсқап. – 1902 жылы жасалған.
Цирк ойыншылары пайдаланып келіпті. Атқа да, адамға да
өте жайлы. Қарағандыдағы қара базардан көріп, сатып ал-
дым. Одан кейінгі тұрған құранды ер. Мұны маған осыдан екі

жыл бұрын Алматы облысының Райымбек ауданындағы қарт
құсбегі, қолөнер шебері Сəрсебек ақсақал сыйлаған. “Өзің
үшін жасадым. Ешкімге берме. Көзімдей көріп жүр”, – деп еді
марқұм. Ал, енді мына шеткі қазмойын ер атақты əнші Мəди

бабамыздан қалған жəдігер.
Мына сөзді естігенде аң-таң болып тұрып қалдық. Сөйттік
де оны алақанымызбен аялап, құдды бір қасиетті затқа тəу
еткендей сипалай бердік. Тілеуқабылдың айтуынша, бұл

ердің табылу тарихы былай болған екен. 1989 жылы оның
Нығметолла деген нағашысы Ақсу-Аюлыға мұны іздеп келеді
де қолына бір жəшікті ұстатады. Ішін ашып көрсе, көне ердің
шашылып қалған ағаштары болып шығады. Нағашысының

айтқан əңгімесіне қарағанда, ол кісі Абай қаласында тұратын
бір ақсақалға сəлем беруге барыпты. Жасы 80-нен асқан
əлгі қария кетерінде оған: “Сенің жиеніңді телевизордан
көрдім. Бүркіт салып жүр екен. Саятшы жігіт сияқты. Соған

мына сəлемдемемді бер. Бұл – Мəдидің ері еді. Мен мұны 50
жыл бойы сақтап келдім. Жалғыз қызымның қолына көшіп
келгелі бері жағдайым мəз емес. Оның балалары бұл ердің
қадір-қасиетін білмейді. Жиеніңе айт, жəдігерді жинастырып,

жөндеп алсын”, – депті. Содан бұл нағашысына рахмет айтып,
ер-тоқымды қалпына келтірген жайы бар екен.

– Мəдидің ері екеніне сенбей тұрсыз ба? – деді менің ойла-

нып қалғанымды көрген Тілеуқабыл. – Мұның атақты əншіден
қалған мұра екендігінде күмəн жоқ. Неге десеңіз, қазмойын
ерді тек серілер ғана мінеді. Оның алдыңғы қасындағы күміс
шегелерге назар аударыңызшы. О замандағы əнші-күйшілер

ертоқымын күмістетіп мінетін болған. Бұл дəулетті, бай
адамдікі емес. Себебі, ондай əулет иелері пайдаланатын
ерлердің екі қасы жалпақ, отыратын жері дүмді келеді. Ал,
мынау нағыз сал-серілер мінетін сыпа ер.

Тілеуқабылдың осы əңгімесінен кейін біз тұғырдағы
бүркіт жаққа қарай беттедік. Қыран бізді дүр-дүр сілкініп
қарсы алды.

– Мынауыңыз тау бүркіті ғой. Бұл қайдан жүр? – дедім

құстың күн көзін жабатындай түндіктей қанатына көз
жіберген мен.
Дұрыс айтасыз. Тянь-Шанның тастүлегі бұл, – деді қазақы
қазымырлыққа салынбай, тектілік танытқан Тілеуқабыл.

– Жоғарыда айттым ғой, соңғы сегіз жылда мен Алматы

облысының Райымбек ауданында тұратын Сəрсебек деген

ғажап адаммен дос болдым. Есімі Нарынқол, Кеген өңіріне белгілі бұл кісі керемет құсбегі еді жарықтық. 1995 жылы қараша айында қарияны осында шақырып əкеліп, Германия, Австриядан келген əуесқой саятшылармен бірге салбуырын өткіздік. Сонда шетелдіктер Сəрсебек ақсақалдың табиғи түйсігіне таңғалды. Қайтыс болатынынан екі жыл бұрын мені өзі тұрып жатқан Жалаңаш ауылына шақырды. Ел аралатып, жер көрсетті. Қайтарында өзі баптап ұстап отырған осы бүркітін берді. Мен мұны ол жақтан алып келгенде жеті жаста еді. Қазір тоғызға келді. Тегеуріні қатты, ашушаң құс өзі. Көзінің қиығы шалғанды қоймайды. Іліп түседі. Далада біраз жүріп, үйге қайта оралдық. Шай дайын болған екен. Дастарқан үстінде əңгіме қайта жалғасты. – Болашақ жоспарларыңыз қандай, – дедім мен Тілеуқабылға. – Шаруашылық тіршілігін жандандыру үшін тағы не істемекшісіз? Өзіңізді нендей жəйттер толғандырады деп ойлайсыз? – Менің шаруашылығым – менің мемлекетімнің кішкентай макеті сияқты, – деді ол жоғарыдағы сауалдарға ойлана тіл қатып. – Олай болса, мемлекеттің басындағы қиындық менің басымдағы да қиындық деп білемін. Сондықтан қожалығымда тəртіп, реттілік, ізденіс болуын қалаймын. Тоқмейілсушілік – енжарлық пен бойкүйездікке ұрындырады. Адамның іштей бір нəрсеге көңілі толмай жүргені дұрыс. Алға ұмтылудың бір кілті міне, сонда. Басқасын білмеймін, өз басым осы оймен тірлік кешіп, өмір сүрудемін. Келесі жылдан бастап біз мəселен, малмен ғана айналысып қоймай, көкөніс өсіруді де қолға алмақшымыз. Бұл ниетімізге қозғау салған көршілес Тағылы ауылындағы литван Иозанас Витаускастың тірлігі дер едім. Алпыс жастағы қарт үйінің жанынан 2 құдық қазып, бақшасындағы картобын сонымен суарған. Бір жылда 400 мың теңге пайда тапқан. Ал, ол жер тырмалап еңбектеніп жүргенде біздің ондағы қазақ жігіттері не істеген дейсіз ғой. Карта ойнап, арақ ішіп жатқан. Күз бен қыс келгенде сүмеңдеп Иозанастан кеусен сұраған. Ұят емес пе? Жалғыз литванға жалынатындай не күн туды екен бастарына? Одан да сол алпыстағы шал сияқты ақ тер, көк тер боп еңбектенбей ме?! Алдағы жылы қолға алсақ па деген тағы бір ісіміз ол осы аймақтағы емдік, шипалы шөптерді жинап, дəріханаларға өткізу. Содан соң… иə, содан соң Сарыарқаның осы бергі беткейінде туризм ісін дамытпақпыз. Оған лицензиямыз бар. Болашақта мұнда шетелден келген қонақтар жер көріп, құс салып, Шет өңірінің көрікті нүктелерімен танысатын болады. Біз оларды қоналқалық үймен, көлікпен, тамақпен қамтамасыз етіп пайда түсірмекшіміз. …Əңгімеміз аяқталды. Үй иесімен қоштасып, қайтуға жиналдық. Сыртқа шыға бергенімізде қарсы алдымыздан асай-мүсейін арқалаған бір топ тележурналистер ұшырасып қалды. Бұлар Германиядан Тілеуқабыл Есенбекұлын арнайы іздеп келген “АВС” телеарнасының қызметкерлері болып шықты. Топ жетекшісі, режиссер Улли Лахауэр ханымның айтуынша, оларда да “Саяхатшылар клубы” атты бағдарлама бар екен. Міне, соған бұлар біздің Тілеуқабыл туралы “Құсбегі” деген 45 минөттік сюжетті хабар түсіруге келіпті. Осының өзі Сарыарқаның Сетон-Томпсоны бұл жігіттің атының алысқа тарала бастағанын аңғартқандай. Сетон-Томпсон демекші… Көбімізге бұл есім жазушы Майн Ридтің “Жұмбақ салт атты” романындағы кейіпкер мен “Жануарлар əлемі” деген əйгілі кітаптың авторының аты ретінде таныс болса керек. Майн Рид романындағы СетонТомпсон құралайды көзге атқан аңшы, керемет із кесуші, ауа райын алдын-ала болжай білетін көріпкел ретінде танымал болса, “Жануарлар əлемі” туындысының иесі Сетон-Томпсон əрі фермер, əрі саяхатшы, əрі табиғат əлемінің білгірі ретінде таныс-тын. Осы екі Сетон-Томпсонды еске алғанда біздің Тілеуқабылдың одан несі кем деп ойладық іштей. Бұл да кəсіпкер, құсбегі, этнограф, табиғат жанашыры əрі ақынжанды азамат емес пе? …Күн батып барады. Ымырт қараңғылығы басқан даламен алға жылжып келеміз. Аласалау қырқадан асып түсіп, солтүстікке бағдар түзедік. Алдымыздан Ақсу-Аюлының жылт-жылт еткен шамдары əлсіз жарқырап көрінеді. Оның бер жағында ұшы-қиыры жоқ дала сұрықсыз да сұрқай тарта көсіліп жатыр. Ойымызға ақын Олжас Сүлейменовтың “Қайыңды дала” очеркіндегі: “Сол сұрықсыз да сұрқай дала ақыл көзімен қарасақ өте көркем əрі қымбат екен. Оған бірінші, екінші рет емес, үшінші рет көз тастағанымда ұлы дала ешқандай шулы, биік теңеуді керек қылмады. Өйткені, ол сенен таңғалып, таңдай қағуды емес, перзенттік махаббат пен өмірлік қамқорлықты күткен қасиетті Отаның екенін аңғартты”, – деген сөйлемдер оралды. Ал сол перзенттік

парызды осы далада өтеп жүрген кімдер? Ол жоғарыдағы
Тілеуқабыл Есенбекұлы сияқты шаруа иелері болса керек.
2000 жыл.
Авторлық

анықтама:
Фермер
Тілеуқабыл
Есенбекұлы қазірде де сол Қарағанды облысының Шет

ауданында өзіне тиісті тірлігін істеп жүріп жа-
тыр. 2006 жылы Астанадағы “Қараөткел” көрмесіне
қатысуға келіп, біздің редакциямызға да бас сұққаны
бар. Ойы – даладағы жел энергиясын пайдалану идея-

сы. “Осы пікіріме ақпараттық қолдау көрсетсеңіздер.
Ісіміз жүзеге асса, Сарыарқаның қойнау-қойнауында
қой бағып отырған қаншама қандастарымыз май-
шамнан құтылар еді”, – деді мазасыз жүрек иесі.

Біз Тілеуқабыл Есенбекұлының бұл ойын құптадық.
Сөйттік те осы мəселенің бүге-шігесін жақсы білетін
қарағандылық журналист Мағауия Сембайға тапсыр-
ма беріп, “Дон Кихот фермер” деген материалды га-

зетке жариялағанымыз бар.

ДИССИДЕНТ

Алдымен, құрметті оқырман, мен сіздерге өмірі өзгеге
ұқсай бермейтін осы бір жанмен кездейсоқ, мүлдем күтпеген
жерде танысқанымды айтайын. Баспасөзге жазылу науқанына
байланысты Қарағанды облысының Шет ауданына барған

едік. Сондағы оқырмандармен кездесуде ортаға дембел-
ше бойлы, қараторы өңді жігіт ағасы шығып сөз сөйледі.
Айтқан ойының орнықтылығына назар аударған біздің сол
сəтте: “Бұл кісі кім?” – деп сұраға ны мыз бар жанымыздағы

əкімшілік қызметкерлерінен. “Жазушы Кемел Жүнісов, – де-
ген олар. – Көп жыл осы Ақ су-Аюлыда мұғалім, одан кейін
мұражай қызметкрі болып жұмыс істеді. Қазір аудандық “За-
ман” газетінің редакторы”.

Өмір бойы ауылда тұрып еңбектенген қаламгердің аты-
жөнін естігенде ойымызға сарт етіп екі нəрсе оралды. Оның
біріншісі бұл кісінің əр жылдары “Жазушы”, “Жалын” баспа-
ларынан шыққан “Дос көңілі”, “Көне хикая”, “Көксеу” атты

кітаптары мен Қазақ теледидарында көрсетіліп жүрген “Тасқа
тұнған құпия”, “Шортанбай жырау”, “Кенесары жұртында”,
“Дойбы тас” телефильм дері сценарийінің авторы екендігі де,
ал екіншісі… Иə, екіншісі.. Кəмел Жүнісов атты жігерлі де

жалынды бозбаланың сонау 1960-1962 жылдары Қарағандыда
жасырын құрылған ЕСЕП /елін сүйген ерлер партиясы/ атты
ұйым жетекшілерінің бірі болғандығы еді.
… Содан не керек, баспасөзге жазылуға байланысты

кездесу аяқталған соң Кəмел ағамызға барып сəлем бердік.
Таныстық. Əңгіме барысында ол кісінің өткен өмірі мен твор-
чествосынан хабардар екенімізді айтып, мүмкін болса “ЕСЕП”
партиясы туралы, оның мүшелерінің кейінгі тағдыры жайлы

баяндап беруді өтіндік.

– Əңгіме түсінікті əрі сенімді болу үшін, – деді бізді ре-

дакция кеңсесіндегі кабинетіне ертіп келген Кəмекең, – мен
сізге бір құжатты көрсетейін. Соны асықпай отырып оқып
шығыңыз. Себебі, өзіңіздің білгіңіз келген жəйттің бəрі онда
жіпке тізгендей етіп баяндалған. Қалған сұрақта рыңызға,

міне, осы ресми құжаттан кейін жауап беруіме болады.
Осылай деген кейіпкеріміз қасындағы сейфтан жұқа ақ
папканы алды да көлемі оншақты беттік мəшіңкемен басылған
қағазды қолыма берді. Көз тоқтатып қарасам, бұл Қазақ КСР

Министрлер Кеңесі жанындағы Мемле кеттік қауіпсіздік
комитеті Қарағанды облыстық басқар масының осыдан 38
жыл бұрын жазған Айыптау қорытындысы екен. Оқи ба-
стадым. Онда 1960 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы

жоғары оқу орындарында “Жас қазақ” немесе “ЕСЕП” атты
жасырын ұйым бар деген сыбыстың таралғаны, қауіпсіздік
комитетінің қызметкер лері алғашында оның ұясының қайда
екенін таба алмаған дығы айтылады. Орган адамдары ақыры

екі жылдан соң барып қана олардың ізін шалған. Белгілі
болған сол уақыттан кейінгі бақылау мен қадағалаудан
соң 1962 жылғы 10 желтоқсанда ұйым жетекшісі Зейнолла
Игіліков, ал 14 желтоқсанда оның тағы бір басшысы Кəмел

Жүнісов ұсталған. Содан бастап оларға тергеу жүргізілген.
Нəтижесінде төмендегідей жəйттер анықталған.
“Айыпталушылардың əрекеті, – делінген қолымыздағы
құжатта, – былайша жіктеледі. Кеңес үкіметіне қарсы

көзқарастағы Зейнолла Игіліков 1961 жылдың қаңтарында
дəл осындай пиғылдағы Кəмел Жүнісовпен қоғамға қауіпті
қылмыстық байланыс орнатып, онымен əңгіме барысын-
да СОКП-ның лениндік ұлт саясатына жала жауып, Қазақ-

станда орысша газет-журналдар мен кітаптардың көп ти-
ражбен басылуы түптің түбінде қазақ тілі мен мəдение тінің
жоғалуына əкеп соғады деген. Сол жолғы əңгімеде ол респу-
бликада орыс коммунистерінің бел алып тұрғанын, ұлттық

кадрларды басшылыққа тарту принциптерінің бұрмаланып
жүргенін айта келіп, мысал ретінде Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің төрағасы Жұмабай Тəшеновтің орнынан алынғанын
келтірген. Осыдан кейін Игіліков Қазақстанда Тың өлкесін

құру қазақтарға тиімді емес екенін, уақыт өте келе солтүстік
облыстардың республика құрамынан бөлініп, Ресей Федера-
циясына қосылатын қаупін айтқан. Игіліковтің кеңеске қарсы
көзқарасын пікірлесі Жүнісов толығымен құптаған.

Сол жылы бұл екеуі осы тұрғыдағы Кеңес үкіметіне
қарсы пікірін Рымкеш Нұртазина, Саят Сəтбеков жəне Құрал
Қаппаровтармен əңгімесі кезінде де айтып қалған. Осыдан
соң 1961 жылдың наурызында Игіліков пен Жүнісов өздерінің

жоғарыдағы қауіпті идеяларын жазбаша түрде білдіруге
күш салып, республика жоғары оқу орындарында білім
алып жүрген қазақ жастарына таратуды көздеген. Мұндағы

мақсат олардың арасында социалистік қоғамымызға наразы
пиғылдағы өздерін қолдайтын жекелеген студенттер табыла-
ды деген ой болатын. Осы пікір жетегімен 1961 жылдың сəуір
айының екінші жартысында өзінің дем берушісі Жүнісовпен

келіскен уəде бойынша Игіліков “Жас қазақ” /”ЕСЕП”/
ұйымының атынан Кеңес үкіметіне қарсы ұлтшылдық
пиғылдағы жасырын құжатты жазған. Оны редакциялаған
Жүнісов хаттағы қамтылған мəселелерді толығымен құптаған.

Бұл құжатта СОКП-ны, оның ұлт саясатын айыптайтын
қауіпті ұрандардан басқа мыналар бар еді. Олар онда “Жас
қазақ” /”ЕСЕП”/ атты Кеңес үкіметіне қарсы құрылған ұйым
жұмысының жанданып келе жатқанын, оның жеке жарғысы

мен бағдарламасы барын, осының негізінде жоғары оқу
орындарындағы студенттерді кеңестік жүйеге наразы топ-
тар құруға, революциялық мерекелер күндерінде қоғамға
қарсы пиғылдағы парақшалар таратуға шақырғанын жазған.

Құжатқа Орталық комитет атынан құрамында, “Кек”, “На-
мыс”, “Самал”, “Сəуле”, “Қанжар” деген бүркеншік есімдер
қол қойған. Соның ішінде “Намыс” – Игіліковтің, ал “Самал”

– Жүнісовтің жасырын аттары болып отыр.

1961 жылдың 22 сəуірінде бұлар Шет аудандық
тұтунышалар одағында хатшы болып жұмыс істейтін Рымкеш
Нұртазинамен жақындықтарын пайдаланып, жоғарыдағы
құжатты жазу мəшіңкесіне 14 данамен көбейткен. Ал 1 мамыр-

да оның 10-ын Ақшатау кентіндегі поштамен Қазақстанның
түрлі жоғары оқу орындарына жолдаған. Мұны олар өздері
тұратын Ақсу-Аюлыға күдік келтірмейтіндей етіп із адасты-
ру үшін жасаған.

1961 жылдың жазында Жүнісов жазған ұлтшылдық
мазмұндағы Кеңес үкіметіне қарсы өлеңді Игіліков оқып
шығып, қуаттаған. Мəшіңкеге басылып, көбейтілген оның
астына “Самал” деген бүркеншік қол қойылған. Жүнісов

жазған бұл өлең содан көп кешікпей республиканың түрлі
өңіріне жол тартқан. Сөйтіп, Игіліков жасаған құжат,
Жүнісов жазған өлеңдердің мазмұнымен Орал, Қызылорда
педагогикалық институттарының, Алматы ауыл шаруа шы-

лығы институты мен С.М.Киров атындағы Қазақ мемле кеттік
университетінің көптеген студенттері танысқан.
Осындай идеологиялық жұмыс қазір айыпталушы бо-
лып отырған бұл екеудің тарапынан 1962 жылдың өн бой-

ында да жалғасын тапқан. Тұтқынға алынудан сəл бұрын

–1962 жылдың қарашасында Жүнісов өзінің пікірлестері

мен жақтастарының жігерін қайрауға бағытталған Кеңес
үкіметіне қатты қарсылық тұрғысындағы “Жолдастарға
ашық хат” деп аталатын үндеуін жазады. Онда ол ауыз дарына
қақпақ қоя алмай, антикеңестік топтың қызметін қауіп өтінде

қалдыратындармен тəрбие жұмысын жүргізудің қажет екенін
ескертеді.
… Жасырын құрылған ұйым жұмысының бұдан былайғы
уақытта бел алып кетпеуі мақсатында оның жетекшілері

Игіліков пен Жүнісов 1962 жылдың 10 жəне 14 желтоқсанында
құқық қорғау органдары тарапынан сақталынатын заңдық та-
лаптар ескеріле отырып, тұтқынға алынды. Үш жарым айға
созылған жауап алу кезінде олар Қазақ КСР Қылмыстық

істер кодексінің 56-бабының 1-тармағы мен 58-бабы бойын-
ша тағылған айыпқа байланысты өздерінің кінəларын толық
мойындады. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды
облыстық басқармасындағы тергеу бөлімінің аға тергеушісі,

капитан Мұқанов, 8 наурыз, 1963 жыл”.
№12 іс деп аталатын айыптау қорытындысы, міне, осылай
дейді. Оның соңғы бетінде жоғарыдағы аға тер геушіден басқа:
“Келісемін”, – деген ескертпемен Мемле кеттік қауіпсіздік

комитеті Қарағанды облыстық басқар масының бастығы, пол-
ковник Забабуровтың қолы тұр.

– Мұндағы Зейнолла Игіліков кім? Ол кісі қазір бар ма? –

дедім құжатты оқып болған мен Кəмекеңе барлай қарап.

– Ол 1937 жылы Қарағанды қаласында туған азамат еді, –

деді кейіпкерім менің бұл сұрағыма. – Балалық, бозбалалық
шағымыз осы Шет ауданында бірге өтті. 1959 жылдан бастап
Ақсу-Аюлы селосындағы №1 қазақ орта мектебінде мұғалім
болған. 1960-1962 жылдары “ЕСЕП” партиясы құрамында

бірлесіп қимыл жасағаннан кейін қолға түсіп қалдық емес
пе. Міне, содан соң 4 жылға сотталып, жазамызды РСФСР-
дің Орал тауындағы саяси тұтқындар лагерінде бірге өтедік.
Елге оралған соң ол да, мен де жергілікті бишігештер тара-

пынан көп қағажу көрдік. Сөйтіп жүріп ол жүрек ауруына
шалдықты да 1988 жылы қайтыс болды. Керемет қабілетті
жігіт еді марқұм.

– Өзіміз сөз етіп отырған жасырын ұйымды құрғанда

сіздер қанша жаста едіңіздер?
Ол кезде Зейнолла 23-те, ал мен 21-ден жаңа асқан бола-
тынмын.

– Ұйымға Қарағандыдағы қай жоғары оқу орнының

студенттері көбірек тартылды деп ойлайсыз? “ЕСЕП”
ұйымының қалада емес, алыстағы Ақсу-Аюлыда орнала суын
қалай түсінуге болады?

– Бізге облыс орталығындағы политехникалық инс-

титуттың студенттері ерекше іш тартып, айтарлықтай қол дау
көрсетті. Ал, жасырын ұйым ошағының ауылда орын тебуі
із жасырудың, орган адамдарын адастырудың амалы еді.
Сөз ретіне қарай ескерте кетейін, бұл тəсіл өзін-өзі ақтады

деп қазір ешбір бүкпесіз айта аламын. Өйткені, қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері бізді 1962 жылдың күзіне дейін
ауылда деп ойлаған жоқ, қаладан іздеумен əлек болып жатты.

– Үкіметке қарсы үндеулер мен ұран-парақшаларды елге

кімдер арқылы қалай тараттыңыздар?

– Біз дайындаған хаттарды облыс орталығындағы студент-

тер вокзалдағы түрлі бағытпен қозғалып жатқан пойыздарға
алып шығатын. Сөйтетін де оларды вагон тамбурларына іліп
не қалдырып, өздері келесі станса, разъезден түсіп қалатын.
Конверт сыртына адресі толтырылған үндеулер Алматыға

өз шаруасымен кетіп бара жатқан жолаушылардан да беріліп
жіберілетін. Өтініш бойынша олар оны пойыздан, ұшақтан
түскен бойда вокзал, əуежайдағы кез келген пошта жəшігіне та-
стай салатын. Содан бұл хаттар кəдімгі Алматыдан жіберілген

сияқты болып, астаналық пошта штемпелімен Семей Орал,
Қызылорда, Шымкент қалаларының жоғары оқу орында рына
жол тартатын. Осындай əдісті Қарағандыға жақын облыс
орталығы Целиноградқа да келіп пайдаланғанымыз бар.

– Ал, қолға қалай түсіп қалдыңыздар? Ұйымның əшкере

болу себебі неде деп ойлайсыз?

– Жас болдық. Əдіс-тəжірибеміз аз кем ғой… Көп нəрсені

ескермеппіз. Соның бірі мəселен, жазу мəшіңкесі дер едім.
Барлық мекемедегі бұл кеңсе құралы ол кезде КГБ-ның
тіркеуінде тұрады екен. Орган адамдары “ЕСЕП” партиясы
таратқан үндеулерді 1962 жылдан бастап ондағы мəшіңке

қарпіне қарап іздестіруді қолға алған. Сөйткен де күзге қарай
оның қайдан бастау алып жатқанын тапқан. Кейін тергеудегі
жауап алу кезінде олар бəрін алдымызға жайып салды емес
пе? Тырп еткізбейтін дəлелдер еді. Біз, міне, осылай ұсталып,

қолға түскенбіз.

– Құқық қорғау органдары сонда сіздердің əрекет теріңізді

қылмыстың қандай түріне жатқызып үкім шығарған еді?

– Атақты 58-бап қой. Оған қосымша ретінде мой нымызға

56-баптың І-тармағын қоса іліп жібергені тағы бар. Осы-
лайша 1963 жылғы мамырдың бас кезінде 4 жылға бас
бостандығымыздан айырылдық та солтүстікке этаппен
жөнелтіліп кете бардық. Алғашқы тоқтаған жеріміз Петро-

павл қаласындағы ақ түрме болды. Бұл кезінде Абы лай хан
салдырған ғимарат екен дейді білетіндер. Кеңес үкіметі
тұсында ол қамбаға, сосын абақтыға айналдырыпты. Біз,
міне, сонда айға жуық жаттық. Содан кейін Челябіге əкелді.

– Ол Горький қаласындағы сияқты саяси тұтқындар лагері

ғой, шамасы…

– Жо-жоқ. Үкіметке қарсы адамдардың мекені бұл емес,

Орал тауының түкпіріндегі Потьма деген жер екен. Көп
ұзамай оның да дəмін таттық. Осы жерде мен сізге бір қызық
оқиға айтайын. Зейнолла екеуміз қорыс батпақ үстіне төселген
солқылдақ ағаш жолды жатырқай басып, лагерьге келіп

кіргенімізде аулада кездескендердің қойған алғашқы сұрағы:
“Қай жақтан келдіңдер?” – болды. Жөн-жосығымызды білген
соң: Е-е… солай де… Айтпақшы сендердің мұнда бабайларың
бар, – деді. Бабайы кім десек, ол Құнанбай Бейсенұлы де-

ген қазақ шалы болып шықты. Ақмола өңіріндегі дəулетті
адамдардың бірі саналатын Құнекең Алашорда үкіметі
құрылғанда оны қуана қарсы алып, сондағы ұлттық əскери
жасақты мініс көлігі – үйір-үйір жылқымен қамтамасыз етеді.

Кейін большевиктер үкіметі бел алған отызыншы жылдардың
басында ұлтшылдарға қарсы алғашқы репрессия толқыны
жүрмей ме? Сонда ауылдағы қызылкөздер: “Алашқа ат бер-
ген Құнанбай”, – деп бұл кісіні сыртынан көрсетіп жібермей

ме? Содан есіл азамат 10 жылды арқалап Сібірге кетпей
ме? Кесімді мерзімін өтеген соң елдегі соғыс жағдайына
байланысты босатылмайсың деп үкімет бұл кісіні тағы 10
жыл ұстайды. Одан кейін де жібермей, ол саяси тұтқындар

лагерінің орын босатпас иесі атанады. Содан қойшы, біз кел-
генде Құнекең 33 жыл бойы Гулаг архипелагының ең стажы
көп тұрғыны болып отыр екен. Шошқа етін жемейтін, на-
мазын қалт жібермейтін, қолтоқпақтай ғана қарт өте ширақ

та жігерлі адам еді. Қанша қиындық көрсе де оның өмірі
таңғалдырмай қоймайтын.

– Сонда ол кісінің елде біреулері бар ма еді? Көңілі қаяу

қарт туған жерінен хат алып тұрды ма? Кейінгі тағдырынан
не хабарыңыз бар?

– Құнанбай ақсақал: “Ауылым Жолымбет руднигінің

маңайы”, – деп отыратын. Лагерьдегі жылына бір рет рұқсат
етілетін сəлемдемеге балалары жылқының қазысын салып,
оның ортасындағы қуысқа екі жиырма бес сомдық ты тығып
жіберуші еді. Оны аман-есен алған қарт сонда: “Үмбетім,

Кəрібайым!” – деп тебіренетін. Ұлдарының аттары-ау шамасы.
Өстіп жүргенде 1964 жылдың жазы да шықты. Ақсақалдың
лагерьден босануына бір жарым ай қалған. Бізді көршілес
лагерьге əкететін болды да Құнекеңмен қимай қоштастық.

Кейін ол кісі бостандыққа шығыпты деп естідік. Сонда оны
танитын түрлі ұлт өкілдерінің бəрі бір кісідей қуанған дейді.
Еліне аман жеткен болар, жарықтық.

– Потьмадағы сол саяси тұтқындар лагерінде тағы кім-

дер мен жолықтыңыз? Онда көзқарастары коммунистік идео-
логиямен үндеспеген қазақ ұлтының адамдары болды ма?

– Антон Олейник деген азамат есімде ерекше сақталып

қалды. Киевтен айдалып келген ол “Украин ұлтшылдар
ұйымы” көшбастаушыларының бірі еді. “Осы темір тордан
шықсам, шетелге кетемін”, – дейтін. Сөйтіп лагерьден төрт
рет қашты. Бесіншісінде ақыры қуғыншыларды көз жаздырып

кетті. Ал қазақтарға келсек… сол Потьмада Құлмағамбетов
деген жігітті кездестірдім. Балалар үйінде тəрбиеленген
жан екен. Саяси көзқарасы үшін 6 жылға кесіліпті. Ол да
жоғарыдағы украин жігіті сияқты: “Кесімді мерзімімді өтеп

болсам, СССР-де бір күн де тоқтамаймын. Шетелге кетемін”,

– дейтін. Кейін ол солай етіпті де. Бостандыққа шыққан соң

Мəскеуде хат жазысып тұратын еврей қызымен уақытша не-
кеге тұрған да Израильге рұқсат берген онымен Варшаваға
барған соң ажырасып, Кеңес үкіметінің құрған торынан
аман құтылып кеткен. Ол өте төзімді, бірбеткей азамет еді.

Көрші лагерьде сондай-ақ Тоқтар атты қазақ жігітінің бар
екенін еститінбіз. Бірақ бұл қандасымызбен кездесіп, сөйлесе
алмадық. Білетінім – осы.

– Елге қашан қайттыңыздар? Ауылға келген соң сіздерге

деген көзқарас қандай болды?

– Сот бізді 4 жылға бас бостандығымыздан айырғанын

жоғарыда айттым ғой. Міне, сол үкімді Зейнолла да, мен де
жыл, ай, күніне дейін толық өтеп шықтық. Тұтқынға 1962
жылдың жетоқсанында алынсақ, лагерьден 1966 жылдың
желтоқсанында босап шықтық. Азаптың көкесін ауылға кел-

ген соң көрдік. Саяси жағынан сенімсіз деп ел бізге жоламай-
ды. Ешкім жұмысқа алмайды. Алса да өткелектен өткізіп
барып қабылдайды. Бірақ соның өзінде көп тұрақтатпайды.
“Басқа жерге барғаның жөн шығар, шырақ”, – дейді мекеме

басшысы үш-төрт айдан кейін. Жұрт басқаша ойламас үшін
мен өзімді айтпай-ақ қояйын, сол кездегі Зейнолланың басы-
нан өткен жағдайын мысалға келтірейін. Оның əрең деген-
де мектептегі əскери дайындық сабағын жүргізетін мұғалім

болып орналасқаны есімде. Көп ұзамай аудандық оқу бөлімі
тарапынан: “Ойбай, ондай адамды қару-жарағы бар жерге
жолатуға болмайды. Себебі ол сотталған”, – деген сөз шықты
да бейшараны əлгі жұмыстан айдап шықты. Олардың сондағы

қару-жарақ деп отырғаны затворы жоқ жалғыз мылтық.
Онымен өзіңді атсаң да атылмайды. Содан ол жүріп-жүріп,
аудандық мəдениет үйіне тырнақ іліктіргені бар. Сол сол-ақ
екен, тағы бір пысықай бишігеш: “Саяси жағынан сенімсіз

мұндай адам сахнасы, микрофоны бар жерде жұмыс істеуге
тиіс емес. Өйткені ол клубқа жиналған халықтың алдында
теріс насихат жүргізіп, бірдеңе айтып қоюы мүмкін”, – деп
“қырағылық” танытып шыға келді. Сонымен қойшы, қайран

Зейнолла 20 жыл ішінде 12 рет жұмыс ауыстырып жүріп,
өмірден өтті ғой.
… Кəмекең осы сөздерді айтты да терең күрсінді. Мен
бұдан əрі кейіпкеріммен бұл тақырыпқа байланысты сұрақ

қойып, оны қазбалай беруге ыңғайсыздандым. Себебі, өткен
өмірді, əсіресе жоғарыдағыдай ауыр өмірді еске алу кімге
оңай дейсіз. Біздің əу бастағы мақсатымыз – темір құрсаулы
тоталитарлық жүйе тұсында да оған қарсы шыққан, жасы-

рын ұйым құрған, сол үшін ғұмырының көп бөлігін азап-
пен өткізген қазақ жігіттерінің болғанын ел білсін деген
ой еді. Өйткені қазір жалған ақсақал “күрескерлер” мен
жалған қарт “қаһармандар” көбейіп кетті ғой. Олардың

сөзіне сенсеңіз, өздері “райком”, “райисполком” болып-ақ
жүріп, бүгінгі тəуелсіздігіміз үшін шайқасты бұл кісілер со-
нау жетпісінші жылдары-ақ бастап жіберген сияқты. Бос сөз.
Себебі, өтірік айту бір басқа да, шындық бір басқа ғой. Өмірде

болған “ЕСЕП”, “Жас тұлпар” – қазіргі тəуелсіздігіміздің
қарлығаштары. Мақаланы, біз, міне, жұрт осыны білсін деген
оймен жазып отырмыз.
2001 жыл.

Авторлық анықтама: Жазушы Кəмел Жүнісов 2005
жылы зейнетке шықты. Соңғы 15 жылдан бері жазып
келе жатқан көлемді туындысы – “Құба белдер” три-
логиясын аяқтап, 2006 жылы Меккеге қажылыққа ба-

рып келді. Қазір сол ауылда, Қарағанды облысындағы
Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда тұрып жа-
тыр.

ДЕБЮТ

Жазушы Бердібек Соқпақ баев тың “Менің атым Қожа” атты повесін бұл күнде кім білмейді? Бəріміз де жақсы білеміз. Ал, сол шығарманың желісімен түсірілген осы аттас фильмді ше? Одан да хабарымыз мол. Балалық шақ атты ғажайып əлемнің баяны – аталмыш туындыны өз кітап сөрелерімізден ұшырастырғанда, сондай-ақ жоғарыда айтқан кинолентаны теледидардан көріп қалғанда есімізге бір сұрақтың орала беретіні бар. Ол: “Менің атым Қожа” фильміндегі басты рольде ойнаған Нұрлан Сегізбаев қайда? Оның 1963 жылғы сол сəтті дебютінен кейінгі өмір жолы қалай болды?” – деген сауал. Рас, оны біз жоғарыдағы фильм эк ранға шыққаннан кейін бір рет жүзбе-жүз көргеніміз бар. Бұл “Менің атым Қожа” кинолентасының Фран циядағы Канн қаласынан жүлде алып келгеннен біраз уақыттан соң Алматыда кездесуіміз еді. 1969 жылдың сол бір жазында Нұрлан Сегізбаев КазГУ-дегі журналистика факуль тетінің орыс бөліміне құжаттарын тапсырып, бізбен бірге абитуриент болып жүрді. Өкінішке қарай жолы болмады. Содан қайтып онымен жүздескен емеспіз. Бірақ, бəріміздің балалық шағымыздың жиынтық бейнесі іспетті кішкентай тентек қара Қожа туралы қай жерде болмасын əйтеуір бір сөз қозғала қалғанда кино əлемінде жалт етіп із қалдырған Нұрлан да есімізге түсіп, қайда жүр екен деп ойлайтынбыз. ...Міне, қызық! Таяуда оны Ас та на дағы Парламент үйінде жолықтырып қалдық. Бұл өзі мүлде күтпеген кездесу еді. Сөзіне қарағанда Нұрланның Алматыдан елордаға келгеніне көп болмаған. Депутаттарда шаруасы бар сияқты. Соларға жолығып, қажетті қағаздарына қол қойды рысымен кері қайтпақ. – Өзіңмен кездеспегенімізге міне, 32 жылдай уақыт болыпты, – дедім мен оның мұндағы келісінен хабардар болған соң. – Енді қайтіп мұндай жүздесудің сəті түсе ме, түспей ме… белгісіз. Сондықтан біздің, біз сияқты көптеген көрермендердің ойында жүрген сұрақтарға осы жерде жауап алып қалсақ деген ойым бар. Бұған қалай қарайсың? – Жарайды, – деді ол. – Жолығатын адамым келмей, босқа отырмын ғой. Уақыт өтсін. Əңгімелессек… əңгіме лесейік. – Олай болса алғашқы сұрақ мынадай. “Менің атым Қожа” фильмі экранға шыққанда жұрт сенің фамилияң ның ұқсастығына қарап айтты ма, жоқ əлде шынымен солай ма: “Нұрлан атақты футболшы Тимур Сегізбаевтың інісі екен”, – десіп жүрді. Осы рас па? – Иə, рас. Ол менің туған ағам болады. – Ата-анаң туралы да айта кетсең… Бұл кісілердің өзің дебют жасаған сала – кино өнеріне қатысы жоқ па еді? Отбасында неше бала болдыңдар? – Алдымен əкем туралы айтайын. Ол біз сөз етіп отырған сала емес, мүлде басқа мамандықтың иесі болатын. Алматының ежелгі, көнекөз тұрғындары Санжар Сегізбаев деген кəсіби заңгерді күні бүгінге дейін жақсы біледі. Біліп қана қоймай кішіпейіл, мəдениетті əрі қайырымды адам екенін айтып отырады. Міне, сол кісі менің əкем болатын. Кеңестік Қазақстаннан шыққан алғашқы заңгерлердің бірі ол сонау отызыншы жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінде жұмыс істепті. Содан соң Қырғыз КСР Жоғарғы сотының төрағасы болған. Осы қызметінде жүргенде репрессияға ілігіп, ақын Ааалы Тоқамбаев екеуі бір түрме, бір камерада отырған жəне кейін қатар ақталып шыққан. Əкей содан соң Алматыға келіп, 1956 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінде жұмыс істеді. Өмірінің соңында осында референт болып жүріп, 1972 жылы дүниеден қайтты. Ал, анам үй шаруасындағы адам еді. 14 құрсақ көтерген кісі. Соның 6-уын жер қойнына беріп, 8-імізді аман-есен тəрбиелеп өсірді де осыдан екі жыл бұрын бақилыққа аттанды. Есіме қазір түсіп отыр, өмірде көп бола бер мейтін мына ұқсастыққа қараңыз. Сол ғазиз анам Кеңсай зиратында “Менің атым Қожа” фильміндегі Қожаның шешесі боп ойнайтын Бикен Римовамен қатар жатыр. Туған анамның басына барған сайын Бикен апаның қабіріне де тəу етемін. Себебі, ол кісі менің кинодағы екінші анам ғой. – Ал киноға қалай түсіп жүрсің? – Мүлдем күтпеген жағдайда. №30 мектептің төртінші сыныбында оқитынмын. Бұл білім ұясы Ал матыдағы бұрынғы 8 март пен Комсомол көшелерінің қиылысында болатын. Оның ауласынан қарсы беттегі “Қазақфильм” анық көрініп тұрушы еді. Содан бір күні сол киностудиядан Мəлік Ибраев деген режиссердің көмекшісі келсін. Келсін де төртінші-

бесінші сынып оқушыларын сыртылдатып суретке түсіріп кетсін. Бір айдан соң қайта айналып соғып, мені қолымнан жетектеген күйі режиссер Абдолла Қарсақбаев ағамызға алып барсын. Киностудиядағы көркемдік кеңес жиналысына қатысып отырған ол кісінің маған айтқаны: осындай да осындай бір фильм түсірілуі керек. Сондағы қиқар, тентек, бірақ ақкөңіл де адал ауыл баласының роліне мен лайық екенмін. “Жер-жерден түсіріп əкелген 120-ға жуық фотоның ішінен көркемдік кеңесте сенің бейнең өтті. Кинода ойнайсың енді”, – дейді ынтықтырып. Мұндай ұсынысқа қай бала қызықпасын? Мен Абдолла ағаға бірден келісімімді бердім. – Фильм қай жерлерде түсірілді? – Болашақ киноға Алматы облысының іргесіндегі ауылдар таңдалып алынды. Атап айтқанда олар Талғардағы “Учхоз”, “Қызыл қайрат” елді мекендері мен Қаскелеңнің шеткі көшелері жəне Асыдағы шопандар тойы өтетін жайлау еді. Киностудия əкімшілігінің бұл жерлерге назар аударуы тегін емес-ті. Бірінші ден, мұндағы селолардың кескін-келбеті: “Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бəріміз!” –деген сол кездегі социалистік ұранға сай өте əдемі болса, екіншіден, табиғат фоны да сұлу, ал үшіншіден, кино түсіру алаңы Алматыға жақын болғандықтан ол басы артық шығынды көп қажет етпейтін. – “Менің атым Қожа” қанша уақытта түсіріліп бітті. Сол уақыттар ішінде сенің қиналған сəттерің болды ма? Болса ол нендей жəйттерге байланысты еді? – Режиссер Абдолла Қарсақбаев бұл фильмді 1962 жылдың сəуірінде бастады да қазан айының аяғында оны толық түсіріп бітті. Сол сегіз айдың ішінде менің есімде қандай жəйттер сақталып қалды дегенде ойыма төмендегі екі оқиға оралады. Оның біріншісі, кино түсіру алаңындағы жұмыс əбден қызған күндердің бірінде менің темекі тартамын деп ауырып қалуым. Естеріңізде ме, фильмде Сұлтан мен Қожа жайлауға кетіп бара жатып: “Жігіт болды деген міне, осы!” – деп бұрқыратып шылым шегеді емес пе?! Дəл сол эпизодты түсі рерде бұрын темекі дегенді мүлдем аузы ма алып көрмеген мен “При бой” ма, жоқ əлде “Бе ломор” ма, нақ қазір есімде жоқ, солардың біреуін қатты сорып жіберіп қақалып, ес-түссіз аттан ауып түстім. Содан тамақ батпай жүрегім айнып, жер-дүние көшіп бара жатқандай басым айна лып, екі-үш күн ауы рып жаттым. Ал, екін ші есте қалған жағ дай ды айтар болсам, ол менің осы киноға түсемін деп төртін шіден бесінші сынып қа өте алмай, екінші жылға қалып қоюым еді. Мектеп дирекция сы əу баста “Қазақ фильм” басшыла ры мен келіссе де, кейін менің сол жылғы наурыз, сəуір, мамыр жəне қыркүйек, қазан айла рындағы сабаққа қа тыс пағанымды ешбір ережеге сыйғыза ал май, əбден бас тары қатты. Ақырында төр тінші сыныпта қалып тын дым да сол кезде мектепті өзіммен бірге оқыған осы күн гі атақты əнші Əлібек Дінішевтен бір жыл кейін бітірдім. – Өзіміз сөз етіп отырған кинотуынды елге алғаш рет қашан, қай жерде көрсетілді? Фильмнің премьерасы өткізілген соң ондағы өз еңбегіңді қалай сезіндің жəне осы фильмді қазір көрермен ретінде қалай бағалайсың? Енді осылар жөнінде бір-екі ауыз сөз айтсаң. – 1963 жылғы ақпанда Алматы көшелеріне “Менің атым Қожа” фильмінің жарнамалары ілініп, оның “Қазақстан” кинотеатрында көрсеті летіні айтылды. Көп кешікпей сол тұңғыш қойылымға Кененбай Қо жабеков, Бикен Римова, Раиса Мұхамедиярова жəне мен бəріміз шақырылып, сценарий авторы Бер дібек Соқпақбаев, режиссер Абдолла Қарсақбаев болып ел алдына шықтық. Дуылдата соғылған шапалақ үні. Десте-десте боп шашылған гүл шоқтары. Бірінен бірі өткен мақтау сөз. Қазір ойлап қара сам, нағыз табыстан бас айналатын сəттер еді ол. Бірақ шынымды айтай тын, бұл кинолентаның керемет дүние екендігін төртінші сынып оқушысы мен сол кезде сезгенім жоқ. Оның тамаша, құнды туындылар қатарына жататындығын кейін ғана білдім. Аталмыш киноның мықты болып шығуы актерлерге ғана байланысты емес, жазушы Бердібек Соқпақбаев шығармасының нағыз халықтық кітап екендігінде, содан кейін Абдолла Қарсақбаевтың режиссурасында деп ұғу керек. Ал, енді: “Фильмді қазір көрермен ретінде қалай бағалайсың?” – деген сұрағыңа келейін. Бұған мен емес, уақыт өзі жауап беріп қойған сияқты. Олай дейтінім, біріншіден, “Менің атым Қожа” экранға шыққан соң төрт жылдан кейін Францияның Канн қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған көркемсуретті фильмдердің дүниежүзілік фестиваліне қатысып, онда қазақ киносы тари хында тұңғыш, ал Кеңес Одағы бойынша үшінші болып (“Иванның балалық шағы”, “Қоңырау соғылып тұр, есік ашыңдар!” ленталарынан кейін) халықаралық жүлдеге ие болды. Сөйтіп кішкентай тен-

тек қара Қожа телпегін аспанға атып Алматыға қуанышпен
оралды. Бұл табыс па? Табыс! Екіншіден, 1970-1978 жылдар
аралығында кеңестік Қазақстанның рухани өмірінде жақсы,
игілікті бір іс атқарылды. Ол 12 томдық энцик ло педиямыздың

жасалып, жарыққа шығуы еді. Басқа киноларды білмей мін,
біз сөз етіп отырған фильм міне, сол əмбебап еңбектің “Қазақ
КСР-і” томына кіріп, одан ойып тұрып өз орнын алды. Бұл оған
берілген баға ма? Баға! Үшіншіден, “Менің атым Қожаның”

экранға шыққанына 38 жылға жуық уақыт болыпты. Содан
бері ол тақырып жағынан “ескіріп” немесе көрермендерін
жалықтырып көрген емес. Егер олай болғанда бұл туынды
баяғыда-ақ прокаттан шығып қалмай ма? Фильмнің осындай

өмір шең дігін ескерген шығар деп ойлай мын, былтыр əлемдік
киноның 100 жыл дығында ЮНЕСКО-ның өнер жөніндегі
комитеті “Менің атым Қожаның” бір эпизодын алып, одан по-
шта маркасын жасап шығарды. Бұл жетістік пе? Жетістік!

– Осы жерде енді тоқталмай кетпейтін бір сұрақ бар. Ол:

“Мыңда ған көрерменді өзінің табиғи болмы сымен бірден ба-
урап алған Қожаны экранға жарқ еткізіп шығарған Нұрлан
Сегізбаев содан кейін кино əлемінде неге үн-түнсіз жоқ болып
көрінбей кетті?” – деген сауал. Шынында да мұның себебі

неде?

– Бұл енді… қиын сұрақ. Бірақ сонда да болса оған жау-

ап беріп көруге тырысайын. Кинодағы аталмыш дебютімнен
кейін жаңа рольдерде ойнауға қанша талаптанға ныммен сол
кездегі өмір ағысы мені одан əйтеуір бір себептермен үнемі
алыстатып əкетіп отырды. Мəселен, сегізінші сыныпта оқып

жүргенімде кинорежиссер Шəкен Айманов ақын Олжас
Сүлейменовтің сцеранийі бойынша түсірілуге тиіс “Атаме-
кен” фильміне шақырды. Бірақ оған əкем үзілді-кесілді қарсы
болып: “Мектепті бітіргеніңше ешқандай киноға түспейсің.

Сені тағы да бір сыныпта екі жыл оқытар жайым жоқ”, –
деп ешқандай уəжге көнбей қойды. Сөй тіп мен ол жолы бұл
ролімді көрші мектептің оқушысы, кейін ұйғырдың “Яшлық”
ансамбілінің жетекшісі болған əнші Мұрат Ах мадиевке

бердім. Содан кейін “Одесса” киносту диясының туын дысы
“Тайга неге үн қатпады?” фильмінде де дəл жоғары дағыдай
жағдай қайталанды. Онда тағы да Мұрат ойнады. Өстіп
жүргенде орта мектепті бітіріп, КазГУ-дің журфагына түсуге

ниет етіп едім…, жолым болмады. Өзің білесің, сол кездегі
тəртіп бойынша уақыт өткізбей жұмыс стажын жинау қажет
емес пе еді? Міне, осы оймен күз, қыс, көктем бойы “Ленин-
ская смена” газетінде жұмыс істедім де жаз шыға Өскемен нің

пединститутына барып оқуға түстім. Оны бітірген соң жол-
дамамен сондағы Катонқарағай ауданының орталығындағы
орыс мектебінде 1977 жылға дейін оқу ісінің меңгерушісі бо-
лып қызмет істедім. Одан романти ка ма, жастықтың желігі ме

білмеймін, келіншегім мен қызым Нэлли үшеуіміз Якутияның
Усть-Миль елді мекенінен бір-ақ шықтық. Көріп отырсың,
өмір міне, мені осылай түу бастағы хоббиімнен бірте-бірте
алыс татып, мүлдем басқа бір тіршілікке қарай əкете берді…,

əкете берді. Бірақ, қайда, қай жерде жүрсем де кино, оның
таңғажайып əлемі көңілімнің терең түкпірінде шымырлап
жататын да қоятын. Келе-келе ол ғажайып арманға, арман
емес-ау, таусыл май тын да бітпейтін белгісіз сағы ныш қа

ұласатын болды. Əрине, сол кезде мен енді қайтіп киноға
түсіп, “Аме рика ашатындай” рольдерде ойнай алмайтыным-
ды жақсы білдім жəне сездім. Өйткені, бұл уақытта жасым
отызға келіп, актерлік бейімділігім жоғалып, өзіме мүлде

жат бола бастаған еді. Бірақ аңсарым бəрібір сол кино түсіру
алаңына ауды да тұрды. “Қой, – дедім бір күні. – Осы уақытқа
дейін өзімді-өзім азаптаға ным жетер енді. Кинода ойнамасам
да бұдан былай оның төңірегінде жүрейін. Өстіп алаңдаған

көңіліме жұбаныш табайын. Əйтпесе екіұдай боп бұлай жүре
беру мені мүжіп жеп қоюы əбден мүмкін. Есімді жияйын”.
Сөйттім де 1982 жылы Якутиядан Мəскеуге келіп, ВГИК-
тің сценарий факультетіне құжаттарымды тап сырдым. Кон-

курста қабылдануға тиіс 52 үміткердің ішінен 2-ші боп өтіп,
кино тар ла ны Евгений Иоси фо вич Габриловичтің ше бер хана-
сына бөліндім. Міне, содан бастап көңі лім жай тапты. Атап
айтқанда, бір кездегі өзіме таныс əдеби орта, жаныма жақын

кино түсірушілер тіршілігі жан-дүниемді баурап алды да кетті.
Соның нəтиже сінде 1985 жылы жазушы Əбіш Кекілбаевтың
əң гімесі негізінде менің сценарийіммен ре жис сер Мұрат
Ахметовтің “Тас бақа ның шөбі” фильмі экранға шықты. Содан

соң режиссер Асқар Ба пышев тың 1987 жылы жарық көрген
“Диаг ноз” кинотуындысының сце на рийін жаздым. Бұдан соң
1989 жылы марқұм Халықбек Салықовтың “Триптих” атты
фильміне отырдым. Ең соңғы жұ мыстарымның бірі ре жиссер

Қал дыбай Əбе нов тің атақты желтоқсан оқиғасына байланы-
сты түсірген “Аллажар” көркемсуретті фильмінің сценарийі.
Оны əріптесім Александр Лапшин екеуміз бірігіп жаздық.

– Айтпақшы…, біз бір сұрақты ұмытып бара жатыр екенбіз. Осы “Менің атым Қожа” фильміндегі өзің ойнаған Қожадан басқа Сұлтан, Жанар, Жантас бейне лерін экранға шығарған балалар кімдер еді? Олардың кейінгі тағды рынан не хабарың бар? – Сұлтан сол кездегі Алматының Жұмысшы поселкесі деп аталатын бөлігінде тұратын Мəлік Көкенов еді. Ал, Жанардың ролін ойнаған Гуля Қорабаева мен Жантасты бейнелеген Ерік Құрмашев те алматылық мектеп оқушылары болатын. Мəлік Көкенов 1968 жылы КазГУ-ге түсті де университетті бітірген соң Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет істеп жүрді. Оның одан кейінгі тағдырынан хабарым жоқ. Гуля Қорабаева политехника институтының энергетика факультетінде оқыды. Қазір қайда екенін айта алмаймын. Ал, Ерік Құрмашевпен өзіміз түскен киноның премьерасы болған 1963 жылдың ақпанынан кейін қайтып кездескен жоқпын. Білмеймін. Олар жөнінде айтарым, міне, осы. Əңгіме аяқталды. Мен редакцияға қайтып келе мін. Ойымды енді мүлдем басқа бір сұрақ мазалай бастады. Ол: “Кинодағы алғашқы дебютін кəсіби актерлерден да артық жасап, көрер мен дердің ыстық ықыласына бөленген кей жандар кейін не себептен жоқ болып кетеді осы?” – деген сауал еді. Мысалы “Ленфильмнің” туындысы “Түз тағысы Динго” киносында Фильканы ойнаған Талас Өмірзақовты алайық. Немесе өзіміздің “Тақиялы періштедегі” Тайлақтың образын ашқан Əлімғазы Райымбековті еске түсірейік. Ал, “Көксерек” фильмінде бала Құрмаштың ролін өте сəтті шығарған Қамбар Уəлиев ше… Неге жалт етіп, жоқ болып кетті? Қазір қайда олар? Шынында қайда?!.. 2001 жыл. Авторлық анықтама: “Егемен Қазақстан” газетіне осы мақала шыққаннан кейін Нұрлан Сегізбаев көп адамдардың есіне түсіп, оны сұраушылар көбейді. Соның нəтижесінде “Рахат” телеарнасы кинодағы Қожа рөлінде ойнаған біздің кейіпкеріміз бен Жанар бейнесіндегі Гуля Қорабаева екеуін 43 жылдан кейін кездестірген хабар жасаса, Алматы қаласына əкім болып барған Иманғали Тасмағамбетов Нұрланға екі бөлмелі пəтер бергені есімізде. Газет тілшілері бұл күндері оған жиі-жиі барып сұхбат алуды көбейткен. 2008 жылдың күзінде Астанадағы кітап дүкендерінің бірінен кейіпкеріміздің орыс тілінде жазған “Ангелочек” атты кітабын да көріп қалдық. Жинақ ішіндегі авторды таныстырған анықтамада: “Нұрлан Сегізбаев қазір ƏлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіндегі телерадио кафедрасында оқытушы”, – деп жазылыпты.

ДИКТОР Тілдік қорымызда “тұң ғыш” деген сөз бар. “Түсіндірме сөздікте” оған “ең ал ғашқы”, “бірінші” деп анық та - ма берілген. Егер осы ұғым ды нақты өмірмен қабыс тырар болсақ, онда бұл тұң ғыш ұшқыш, ғарышкер неме се тұңғыш фотограф, альпи нист деген сияқты мамандық түрлеріне саяр еді. Ал, мұның өз кезегінде бізге сондай жан дарды білуге, іздеуге жетелері анық. Туған еліміздің ауқым-аясымен алып қарағанда жоғары дағыдай ізашарлардың біразы көбімізге белгілі де. Белгісіздері ше? Мəселен төл телевизиямыздағы тұңғыш қазақ дикторы дегенді алып қарайық. Иə, ол кім еді?! Қазір бар ма? Бар болса қайда? Мəселені жұмбақтамай, қиындатпай-ақ айтайық, ондай адам бар екен. Бар болғанда да алыста емес, ару қаламыз – Алматыда тұра тын болып шықты. Сонымен танысып қойыңыздар, көп жылдар бойы өзіміз өсіп, ержетіп, еңбек еткен сол шаһарда сау-сəлемет ғұмыр кешіп жатқан ол кісінің атыжөні – Лəзиза Аймашева! “Кез-келген адамның өмі рін де өзі ерекше қастерлейтін, жақсы көретін бір күн дері болады,– деп бастады апай əңгімесін. – Мен үшін сон дай күн ол – 8 наурыз. Неге дейсің ғой? Айтайын. Осы күні мен шыр етіп дү ниеге келіппін. Бұл қуаныш па? Қуаныш! Осы күн сонау ХХ ғасырдың алғашқы ши регінде біз сияқты əйел за ты ның халықаралық мейра мы болып жариялан ған екен. Ол мереке ме? Мереке! Бұл аз десеңіз, міне сол күні, яғни, 1958 жылдың 8 нау рызында мен жаңадан ғана құрылып, жұмыс істей бастаған Алматы телестудиясының дикторы болып тұңғыш рет көгілдір экранға шықтым. Бұл есте қаларлық оқиға ма? Оқиға! Міне, осындай үш сəтті жағ дайға байланысты өз басым 8 наурызды жақсы көріп, оны əр уақытта асыға күтемін. – Сонда қазіргі қазақ телевизиясының көрермен дерге алғаш рет хабар берген күні 8 наурыз болғаны ғой. – Иə. Дегенмен тарих үшін нақтылап айта кетейін, 6 наурызда біз елге ілеспе сөзбен Медеу мұз айдыны туралы шағын бір сюжет көрсеткеніміз бар. Бірақ бұл барлау, байқау

ретіндегі ха бар еді. Осыдан кейін жос парлы түрдегі нағыз твор чест волық жұмыс күні 8 наурызда жүзеге асы рылды. – Телевизияға диктор боп қалай келдіңіз? Бұрын сіз осы саланың маманы ма едіңіз, жоқ əлде… – Шынымды айтайын, бұл менің мүлде көрмеген, білмеген жұмысым еді. Студия, камера, микрофон деген сөздерді сол уақытқа дейін тіпті естімеппін де. Өйткені, мамандағым, атқа рып жүрген жұмысым басқа салаға қатысты еді. Алматы медицина институтын бі тір ген мен сол кезде орталық аптекада фармацевт-про визор болатынмын. 1958 жылғы қаңтар айының соңғы күндерінде міне, осы жерге екі кісі келіп кірді. Менімен қазақша сөйлескен олар: “Қыздарымыздың бəрі мына сіз секілді өз тілін жақсы білсе ғой, шіркін”, – деп мақтап, келесі күні мұнда қайтадан бас сұқты. Тағы да əңгіме лесті. Ақыры бір аптадан соң бұл екі кісі Алматыда Қазақстандағы тұңғыш телестудия ашыл ғалы жат қанын, соған диктор лыққа адам іздеп жүргендерін айтып, менен соған орай ұйымдастырылған кон курсқа қатысуымды сұрады. – Кешіріңіз, бұл кісілер кімдер еді? Олардың атыжөндері есіңізде жоқ па? – Неге есімде болмасын. Біреуі ақын Жаппар Өмірбеков болатын. Кейін білдім ғой, ол кезде бұл кісі сол жаңадан ұйым дасып жатқан телесту дия ның бас редакторы екен. Ал, жанындағы адам сол теле ха барлар тарату орталығының қызметкері Қадыр Дəуітов болып шықты. Жə…, енді жоғарыдағы əңгімеме қайта ора лайын. Мен олардың конкурс қа түсуге шақырған өтініште рінен ат-тонымды ала қаштым. Себебі, экранға шығу, телека мера алдында отырып текст оқу дегендеріңіз сол сəтте маған мүмкін еместей бір өте қиын ша руа бо лып көрінді. Сон дықтан да төселіп, бауыр басып кеткен фарма цевтік жұмы сымнан артық ештеңе жоқ деп ойладым. Бірақ… иə, бірақ со дан көп кешікпей мен өзіміздің аптека басқармасының бастығы Сəлкен Сұбханбердин ағамызға шақырылдым. Сəкең жоғары жақтан телефон соғылғанын, мем л екеттік маңы зы бар мұндай мəсе леден шет қалмай, сарап шылар комиссиясына барып шығуымның қажет екенін ескертті. – Ол конкурста сонда сіз дерге қандай талаптар қойылды? Үміткерлер көп болды ма? Байқаудан қалай өттіңіздер? – Дикторларды таңдап алу сынына 100-ге жуық адам жиналды. Дені – қыз-келін шектер. Жюри мүшелерінен есімде қалғаны: кейіннен республика кинематогра фисте рінің басшысы болған Ғалым жанова апамыз бен сол кездегі радио жəне телевизия хабарла ры жөніндегі мемлекеттік комитет тің төрағасы Əбілғазин. Қалған дары жадымда жоқ. Ұмытып пын. Міне, сол сарап шылардың үміткерлерге қойған талаптары: сүйкімді кескін-келбет, ұнамды қимыл-қозға лыс, əуезді дауыс, айтқан сөзді қағып алып, бірден жаттап алатын зеректік, байсал ды көзқарас еді. Мен жəне Нэлли Омарова, Зұлқия Жұма то ва үшеуміз міне, осы сынның бəрінен сүрінбей өттік. Сөйттік те, əрі режиссер, əрі техник, оның үстіне гримдеушімодельер Сəлима Естемесова апамыздың көмегімен студиядағы хабар оқу жаттығуына кірістік те кеттік. Содан 20 күн өткен соң көгілдір экранға шыққан жайымыз бар. – Өзіңіз сөз арасында айтып кеткен Нэлли Омарова мен Зұлқия Жұматова… Бұл кісілер кімдер? – Нэлли – орыс тіліндегі хабарларды оқитын диктор болатын. Зұлқия – қосалқы құрамдағы əріптесіміз-тін. Көп ұзамай ол Алматыдан кейін іле-шала ашылған Қарағанды телестудиясына диктор болып кетті. – Сіз жүргізген алғашқы хабарлар… Олардың мазмұны қандай еді? Телебағдарла малардың уақыт мөлшері, сипаты есіңізде ме? – 1958-1959 жылдардағы хабарларымыз екі сағаттан аспайтын. Сағат кешкі 19-да бас талып, 21-де аяқталатын оның 15 минөті ғана қазақша еді. Онда 10 минөт респуб лика жаңалықтарын айтатын быз да, жарты сағаттық орыс ша концерт тен соң балаларға суретті кітапша сияқты əдіспен 5 минөт ертегі оқып беретінбіз. Ал 1960-1961 жылдарға келген де телебағдарламамыз кешкі 19-дан түнгі 23-ке дейін ұза рып, қазақша хабарлар мен кон церт тер көлемі 1 сағат 20 минөтке дейін жетті. Соның бəрі бір ғана қазақша хабар оқитын маған жүктеліп, əрі диктор, əрі жүргізуші ретінде ес таппай жүретінмін. Рас, кейін марқұм Совет Масғұтов келіп, көмектесіп жүрді. Ой, ол бір ғажап жігіт еді ғой. – Бұл машақат көпке со зыл ды ма? Қазақ телеви зия сындағы бетбұрыс кезең жалпы қай кезден басталды деп ойлайсыз? – 1962 жылы бізге қазақ зиялыларына аты мəлім адам Кенжеболат Шалабаев басшы болып келді. Сол уақыттан бас тап ел мұндағы жұмыс үрдісі нің мүлдем басқаша сипат алға нының куəсі болды. Ол өзгеріс тер неден байқалды десе ңіз, мəселен

бірінші кезек те оны мекемеміздегі “радио жəне телевизия” деп бастала тын бұ рын ғы атауымызды “телеви зия жəне радио хабар лары жөнін дегі мемлекеттік комитет” деп өзгертуден, сөй тіп теле ви зияға ерекше мəн бе ріп, оны алғы орынға қоюдан көруге болатын. Содан кейін ол кісі телебағдар лама ларды беру уақытын таңғы сағат 9-дан түнгі 24-ке дейін ұзартуға қол жеткізді. Ал осы мерзім аралығындағы берілетін хабар, концерттердің қазақша сын да 50, орысшасын да 50 пайыз етіп бөл гізген осы Кен жекең болатын. Уақыт өтіп кет кен соң байқа маймыз, əйт песе бұл сол кездегі ең үлкен жеңіс еді. Жаңа басшының бұдан кейінгі жүзеге асырған тағы бір игі ісі ол телестудияға 13-14 дик торды қатар жұмысқа алып, оларды белгілі бір сала ға мамандан дыруға, сол арқы лы бағдарла малардың мазмұнын арттырып, сапасын көтеру ге ұмтылуы еді. Сөйтіп бұрын қа зақ редакция сында Совет Масғұтов екеуміз ғана болсақ, сол 1962 жылдан бастап қатарымыз Лəскер Сейітов, Мəриям Айымбетова, Қажы Қорғанов сияқты жастармен толыққаны бар. Орыс редак ция сына Всеволод Ивановтың да диктор боп алынуы сол кез. Қажы келе сала ауыл шаруашылығы тақырыбына дендей еніп кетті. Ал Лəскер өндіріс саласының қыр-сырын игеруге машық танды. Мəриям болса лирика лық хабарларды ұйым дастыруға бейім еді. Осыл айша 1962 жыл дың басында бізде өте жақсы бір творчестволық орта қалып тасты. – Ал, жұлдызды жылда рыңыз… Ол қашан туды? Жоқ, əлде ондай сəттер болған жоқ па? – Мұны самғау кездеріміз деп айтқанымыз дұрыс шығар, сірə. Иə, ондай күндер мен ай лар, жылдар болды. Неге болмасын?! Оған мен мəселен қа зақ телевизиясының 1965 жылы тұңғыш рет 5 сағаттық бағдар ламамен одақтық аренаға шыққанын, содан бастап жыл сайын 3 қазанда Мəскеуге ба рып, сол жерден тікелей хабар жүргізуді дəс түрге айналдырғаны мызды айтар едім. Соның ар қасында, яғни, орталық теле - визияның “Көгіл дір от” залын да Роза Бағла нова, Ермек Серкебаев, Сəбира Майқа нова, Бибігүл Төле генова сияқ ты өнер жұл дыздарымыз бен Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуаныш баев секілді ақсақалда рымыз бүкіл КСРО-ға насихат та лып жатты. Ондағы бағдарла ма ларды қазақ, орыс тілдерінде мен өзім жүргі зетінмін. Мəс кеуге əр барғанда 45-50 адам апарамыз. Олар əртүрлі ма мандықтың иелері-тін. Талап пен ізденіс тің нəтижесі болар, Орта Азия дағы бес респуб ликаның ішінде Қазақ станның еңсесі биік болып тұратын. Сөйтіп, біздің қазақ телеви зиясы 1965-1968 жылда ры бү кіл одаққа таныл ды. Жұлдыз ды сəт деп міне, осыны айтуыма болады. – Төл телевизиямызда диктор болып қай уақытқа дейін істедіңіз? – 1970 жылға дейін. – Содан соң кім бол дыңыз? Қазір кімсіз? – Дикторлық қызметті қой ғаннан соң сол телестудиядағы режиссура тобының же тек шісі болдым. “Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қыз меткері”, “КСРО-ның жоғары сыныпты мама ны” деген атақ тарымды ескерді-ау деймін, ұзақ жылдар бойы мұндағы басшылар мені дикторлар мен комментатор лардың біліктілігін байқау жөнін дегі комиссияның жетекшісі етіп сайлап отырды. Зейнеткерлікке шығардың алдында “Таң” телекана лының бас директоры қызметін атқардым. Соңғы жылдары телерадио корпорациясындағы көркемдік кеңестің мүшесі болдым. – Шəкірттеріңіз кім? От ба сыңызда өзіңіздің жо лыңыз ды қуған ұл-қыз дарыңыз болды ма? – Көркемдік кеңес тің мүшесі болып жүрген кездерімде жюри құ ра мындағы кейбір əріп тес терімнің үміт кер лерді олардың сыртқы сұлулығына ғана қарап, бағалайты нына көзім жетті. Иə, əдемі дик тор лар, əуезді де сазды дауыстары бар, келбетті коммента торлар болады. Бірақ камера алдына келгенде мұндай жан дардың көбінің өңі де, үні де өзгеріп шыға келетінін ұмытпаға нымыз жөн. Мен əр уақытта осыны есте ұстауға тырысамын. Соның нəтижесінде Қымбат Хангелдина, Светлана Коковинец, Сұңғат Сығай, Еркін Əбішев, Ұлбосын Есен бекова сияқты жастар дың болашағына дұрыс жол аштым-ау деп ойлай мын. Отбасында менің мамандығымды қуған ешкім болған жоқ. Жалғыз қызым Гүлмира ғылым жолымен кетті. Философия ғылымының докторы оның сурет өнеріне деген ықыласы ересен. Шағын ғана бизнесі бар ол қазір өзі ұйымдастырған “Ою” галаереясын ұстайды. – Кəсіби маман ретінде айтыңызшы, телевизияның қазіргі мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз? Диктор боп қызмет істеп келе жатқан ізбасар ларыңыздың бүгінгі таңдағы атқарып жатқан жұмыстарына айтар талап-тілектеріңіз жоқ па? – Қазір телевизиядағы тех никалық жарақтандыру дегеніңіз керемет! Біздің кезіміз дегі камералар ұсқынсыз да

қолапайсыз еді. Қарадүрсін жасалған олардан радиация көп
бөлінетіндіктен болар, кабинада ауа жетімсіздігі сезіліп,
хабар жүргізіп отырған біздердің аузымыз тез құрғап қала
беретін. Сондықтан кепкен ернімізді экранда тілімізбен жа-

лап қойып күлкіге қалмас үшін езуімізге тұз тығып алып,
сілекей безінен бөлінген сол сөлмен сөйлейтінбіз. Бұл сол
кез ге тəн бір ғана көңілсіз мы сал. Бұл күнде оның бірі де
жоқ. Барлығын компьютерлік техника өзі реттеп отырады.

Осындай неше түрлі автомат түймелерге толы ғажап студия-
да жұмыс істейтін ізбасарларым да алғыр, сүйкімді, жігерлі
жастар. Мен оларға ылғи да қызыға қараймын. Тек бұл жас
жігіттер мен қыздарға айтар тілегім – туған тіліміз теледи-

дар дан табиғи, жұмсақ, түсінікті оқылса деймін. Өйт кені,
көгілдір экрандағы теле ре портаждар мен жаңалықтар топ-
тамасында, концерттерді ха барлаған конферансье сөздерін де
тіл бұзылып барады. Текст сөй лемдері құлаққа қатқыл ес ті-

леді. Қағаздағы басылған қа ріптердей етіп айнытпай оқуға
ты рыспау керек. Үндестік заңы на қарай бағыт алған дұ рыс.
Сонда бəрі де табиғи си пат қа ие болмақ. Тілегім – осы.
2001 жыл.

Авторлық анықтама. Лəзиза Аймашева апай
Алматының ежелгі тұрғындарының бірі. Қазірде де ол
кісі осы шаһарда аман-есен тұрып жатыр.
“SOS” белгісі

Диссидент… Бұл “бөгде ойлы адам” деген ұғымды
білдіретін сөз. Екінші мағынасында оны көзқарасы қоғамдағы
мемлекеттік идеологиямен үйлеспей, ресми билікке қарсы
шығушы жан деп те айтуға болады. Олай дейтініміз, ХХ

ғасырдың 60-70-ші жылдарында Кеңес Одағындағы шектеулі
ой-пікір ұстанымына батыл қарсы шығып, наразы болған
А.Синявский мен И.Бродский секілді шығармашылық
иелеріне жоғарыдағыдай ат қойылып, елден аластатылғаны

біздің жақсы есімізде.
Осы орайда: “Сондай адамдар, соған ұқсас оқиғалар
кезінде өзіміздің Қазақстанда да болып па еді? Болса олар
кімдер?” – деген сұрақ та ойға оралмай қалмайды. Иə, бол-

ған. Олар, мəселен, Б.Ысқақов құрған 1952 жылғы “ЕСЕП”,
К.Жүнісов жетекшілік еткен 1962 жылғы “Жас қазақ”,
М.Əуезов ұйымдастырған 1965 жылғы “Жас тұлпар” жəне
А.Қаниев бастаған 1969 жылғы “Жас ұлан” ұйымдары дер

едік. Атап айтатын нəрсе, алғашқы үш қозғалыс туралы еліміз
тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде біршама айтылып та, жа-
зылып та келе жатқан сияқты. Ал, “Жас ұлан” жө нінде…
Иə, бұл ұйымға байланысты журналист Ғ.Жұматов тың 1992

жылы “Халық кеңесі” газетіне шыққан шағын мақаласынан
басқа көп ештеңені оқи қоймағанымыз анық.

– Жəне оған: “Бұл неге олай?” – деп ешкімді кінəлап,

жазғыруға да болмайды, – дейді “Жас ұланның” осыдан
33 жыл бұрынғы жетекшісі, ақын Арман Қаниев. – Себебі,
ол жөніндегі құжаттар қазір мұрағаттарда жоқ. Жойылып
жіберілген.

– А, солай ма?

Арман бұл күндері өзі туып-өскен Павлодар қаласын-
дағы “Казкрай” аймағында тұрады. Бұл жазушы Рамазан
Тоқтаров ағамыздың “Ертіс мұхитқа құяды” дилогия сындағы
суреттелетін атақты Кереку жатақтарының көне жұрты.

Кейіпкерімізбен міне, осындағы Иса Байзақов көшесінде
орын тепкен бəкене қоржын там – қазақы жерүйде əңгімелесіп
отырмыз.

– Оқиға қалай, неден бастау алып еді өзі? Қане, бəрін көз

алдыңа елестетіп, рет-ретімен айтшы, – деймін мен əңгіме
иесіне.

– 1954 жылы Қазақстанда əйгілі “тың эпопеясы” бастал-

ды емес пе? – деп бастады Арман əңгімесін. – Міне, соған
байланысты келімсектердің балаларына арналған орыс
мектептері жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ тай дүр ете
түсті. Ал ол айтты айтпады, қазақ жеткіншектерінің сол тілде

оқуына ықпал етпей қойған жоқ. Бұл орыс емес ұлттардың
жас ұрпақтары сана-сезімінен елдік, халық тық қасиеттерді
өшіріп, нигилистік көзқа расты орнықтыруға бағытталған
əрекеттің басы еді. Отаршыл саясаттың осындай озбырлығы

салдарынан 60-шы жылдары республикамыздың солтүстік
аймақтарын дағы қазақша оқитын балалар саны азайып, ана
тіліміздегі орта мектептердің жабылу құбылысы белең алды.
Ол кезде осы Павлодар облысының орталығында №3 қазақ

мектеп-интернаты бар болатын. Малшылардың балалары
мен жетімдер үшін деп 1962 жылы ашылған оның оқушылар
контингенті бір қалыпта тұрды. Егер мұндағы бөлінген
орын шектеулі болмаса, жер-жердегі ана тілінде оқу мүмкін-

дігінен айрылған қазақ балаларының есебінен осы мектеп-
интернаттағы қаракөзде ріміздің саны тіпті көбейе түсер еді.
Бірақ облыстық оқу бөлімі тарапынан оған рұқсат берілмеді.
Павлодардағы қазақ балабақшаларының болмауы, ұлт

тіліндегі мектептердің жабы луы, көше, дүкен, киноте-
атр атауларының орысша қойылуы… Осылардың бəрін өз
көзімізбен көріп, ішімізден сезіп жүрген №3 қазақ мектеп-
интернатының оқушылары біздер бұған қатты налып, намыс-

танатын быз. Оған “Қоғамтану” пəніндегі: “Отар елдер-
де ұлттық мектептер мен ауруханалар аз болады,” – деген
сөздер де шамдан дырып, ашындырғандай еді. “Иə, бас еркі-
міз жоқ жұртпыз. Отар болмағанда кім біз?”–дейтінбіз іштей.

Бұл 1969 жылдың күзі болатын. Ол уақыт Мəскеудегі қазақ
жастарының саяси ұйымы “Жас тұлпар дың” дүбірі əлі басыла
қоймаған кез еді.
Содан қойшы: “Қайтсек өзіміз сияқты жастардың ұлттық

сана-сезімін оятамыз, қайтсек азаттық туралы қоғамдық пікір
тудырып, ұлттық мүддемізге жоғарыдағы лардың назарын ау-
дарамыз?”–деген сауал бізге жасырын саяси ұйым құру ке-
рек деген ой туғызды. Осылайша 1969 жылдың қазан айында

негізі тоғызыншы сынып оқушыла ры нан тұратын “Жас ұлан”
ұйымы дүниеге келді. Тың игеру басталған 1954 жылы туған

біз бұл кезде 15 жаста ғана болатынбыз. Өзіміздің ұйым үшін
мұрат-мүдделерімізге сай келетін жарғы жасап қабылдадық.
Арнайы жоспарымыз да болды. Жетекші лігіне мен сай-
ландым. Содан көп кешікпей облыстағы ұлтжанды деген

жасөспірімдер ұйымымызға тартылып, жалпы санымыз 100-
ге жуықтап барып тоқтады. Мектеп-интернаттағы құрамы 6-7
оқушыдан тұратын біздің тобымыз “Жас ұланның” басшы ор-
ганы болып табылды.

– Сонда бұл ұйым үкіметке деген алғашқы қарсылық

жұмысын неден, нендей əрекеттен бастады деп айтар едің?

– Үнпарақ… Листовка жазып таратудан! Орысшылдықты

тоқтатып, орыстануға жаппай күрес жүргізуге шақырған оның
алғашқы сөйлемдері: “Сендер қазақ деген ұлы халықсыңдар!
Сендер ғасырлар бойы еркіндік іздеп, қаратүнек қанды жыл-
дарда бақыт аңсаған елсіңдер!” – деп басталатын. Міне, осы

үнпарақты 1969 жылғы желтоқсан айының соңында алдымен
облыс орталығындағы вокзал, бас пошта үйі сияқты жұрт көп
жүретін жерлерге жапсырып кеттік.

– Олар қалай дайындалған еді? Қолмен көшіріліп

көбейтілді ме, жоқ əлде…

– Машинкаға басылған болатын. Оны ұйымымыздың

мүшесі Сембай Құсайынов деген оқушы тапты. Оның əпкесі
Ермак қала сындағы халық сотында істейтін. Ол мекеме сол
күзде кездейсоқ болған өрттен жанып кетіп, ішінде жазу ма-
шинкасы бар қалған-құтқан кеңсе заттарын Сембайдың апайы

уақытша үйіне əкеліп қойыпты. Соны бір жексенбіде қыдырып
барған кезде көзі міз шалып қалған біздер: “Үнпарақты осы
машинкаға басып алуға болады екен-ау,”– деп ой түйгенбіз.
Ақыры солай еттік те.

– Одан кейін не істедіңдер? Алдарыңда тағы қандай мақсат

тұрды?

– Үнпарақтарды қала көшелеріне жапсырып болған кез ин-

тернат оқушы ларының қысқы каникулымен тұспа-тұс келген
еді. “Жас ұлан” мүшелері міне, осы мүмкіндікті де пайдаланып
қалғысы келді. Сөйтті де ауылдағы үйлеріне баруға қам жасап
жатқан ересек оқушыларға листовка беріп жіберуге де əрекет

жасады. Ондағы мақсат – үгіт-насихатымыз шалғайдағы
елді мекендерге де жетсін деген ой еді. Осыдан соң біздің
алдымыздағы тағы бір үлкен саяси шараға тыңғылықты түрде
дайындалу міндеті тұрды. Ол – еңбекшілердің халықаралық

ынтымақ күні – 1 Мамыр мерекесіндегі ше руге “Қазақ
мектептері мен балабақша ла ры ашылсын!” деген ұрандар ды
алып шығу туралы ой еді. Бірақ бұл мақсатты жүзеге асы руға
мем лекеттік қауіпсіз дік комитеті (КГБ) облыстық басқар ма-

сының қызметкер лері мүмкін дік бермеді. Олар 1970 жылдың
15 қаңтары күні бəрімізді ұстап, бірден тергеу ге алды.
Арман осы жерге келгенде ауыр күрсінді де ұзақ уақыт
үнсіз қалды. Содан соң қайтадан əңгімесін жалғады. Оның

айтуына қарағанда, мектеп оқушыларының жоғарыдағы
ісімен айналысу КГБ-ге оңайға соқпаса керек. Өйткені,
кəмелетке толмаған жасөспірімдерге саяси айып тағып,
істерін сотқа тапсыру дегеніңіз сол кездері КСРО-ға қарсы

лагерьде тұрған капиталистік мемлекеттер идеолог тарының
саяси шу көтеруіне өз қолдарымен жағдай тудыру болып та-
былар еді. Ал: “Бұл назар аударуға тұрмайтын жəйт екен,”–
деген сыңай танытып, істі дабырайтпай қысқарта салайық

десе, онда ол аталмыш органның өрескел саяси оқиғаға көз
жұмып қарауымен бірдей, тіпті ұлтшылдыққа жылы қабақ
танытуымен пара-пар əрекет сияқты болып көрінді. Оның
үстіне сол кездері кеңестік Қазақстанда екі бірдей үлкен дата:

В.И.Ленин нің 100 жылдығы мен Қазақ КСР-ының 50 жылдық
тойы жақындап келе жатқан-ды. Міне, осындай уақытта
“халықтар достығының планетасындағы” интернационализм
идеялары на “көлеңке” түсіретін тергеуді соза беруге болмай-

тын. Сондықтан КГБ қызметкерлері 1970 жылы қаңтарда
басталған істі жеделдете жүргізіп, наурыз айында аяқтайды
да, “Жас ұлан” мүшелерінің бұдан былайғы тағдырын шешуді
мектеп-интернаттың əкімшілігі мен қалалық комсомол

комитетіне тапсырып, одан əрі облыстық партия комитетінің
назарында ұстауға емеурін білдіреді.

– Сол-ақ, екен, – дейді əңгімесін қайта жалғаған Арман,

– мектепте алдымен біздің мəселемізді қараған педагогтар

кеңесі, ата-аналар жиналысы болды. Бұдан кейін сол кезге
тəн “сценарийлік” əшкерелеу əдісі бойынша мектеп-интер-
нат ұжымының, ондағы қоғамдық ұйымдардың жиыны өтіп,
іс-əрекетімізге баға беру қалалық комсомол комитетінің

бюросына келіп тірелді. Жоғарыдағы жиналыстарда не ай-
тылмады дейсіз?!.. Оларда жалпылама айыптау да, жеке ба-
сымызды даттау да, ұлтымызға тіл тигізіп, қорлау да…, бəрі-
бəрі де болды. Сондағы сөздер: “Халықтар достығына іріткі

салуды əрекет еткен арандатушылар! Баяғы феодалдық-
хандық дəуірді көксеушілер! Қазақстанның Ресейден бөлек

жеке ел болып өмір сүре алмайтынын ұқпаған жетесіздер!
Интернаттың тегін нанын жеп, империалис тердің сөзін
сөйлеген арамтамақтар!”– дегенге келіп саятын. Сұмдығы
сол, мектептегі физика пəнінің мұғалімі Омаровтың сөзі

бəрінікінен де асып түсті. Ол кісінің: “Егер маған билік берсе,
Сталин заманындағыдай бұл балаларды ата-анасымен қосып
қойып, өз қолыммен атар едім!” – деген үні құлағымда күні
бүгінге дейін жаңғырығып тұр.

Міне, №3 мектеп-интернатта өткен осы талқылаулардағы
ұсыныс-пікірлерді негізге ала отырып, мұндағы бастауыш
комсомол ұйымы төмендегідей ұйғарым жасады. Ол “Жас
ұланға” қатысқан оқушылардың бір тобын ВЛКСМ қатарынан

шығару да, екінші бір тобына есеп карточкасына жазылған
қатаң сөгіс беру жөніндегі шешім болатын. Оны 1970 жылдың
сəуір айында Павлодар қалалық комсомол комитетінің хат-
шысы Г.Зайченко төрағалық еткен бюро бекітті.

– Сондағы жазалау шараларына іліккен оқушылар… Олар

кімдер еді?

– Комсомол қатарынан шығарылғандар: мен өзім жəне

Рашид Бейсекеев, Айгүл Жүнісова, Гүлбаршын Əлиева бо-
латын. Ал, қатаң сөгіс алғандар Сембай Құсайынов, Болат
Кəкежанов, Алтын Махметова, Қайрат Қабылбеков, содан соң
атын ұмыттым…, Оспанов деген оқушы еді.

– “Жас ұлан” ұйымы мүшелеріне қолда нылған шара сол

айғай-шумен шектелді ме?

– Жоқ. Біздің алдымызда енді мектеп-интернат əкімшілігі

беретін жаза тұрды. Оны қалалық комсомол комитеті бюро-
сы шығарған шешімнен де асып түсті деп айтсам, қателесе
қоймаспын деп ойлаймын. Неге десеңіз, мектеп директо-
ры жоғарыдағы жағдайдан кейін көп кешікпей маған, Сем-

бай Құсайыновқа жəне комсомол қатарында жоқ оқушылар
Қайролла Кəженов пен мүгедек əрі жетім Саниял Мусинге өз
еркімізбен оқудан шығу жөнінде өтініш жазуға мəжбүр етті
де оқу үлгерімі жөніндегі табелімізге тəртібі “3” деген баға

қойып, интернат есігін тарс жапты.

– Қалай ойлайсың, “Жас ұлан” ұйымы ның сол дүмпуінен

соң қалада, облыс көлемінде біздің ұлты мыз дың мүддесін
көздеген тір ліктер байқалды ма? Жоқ əлде бұрынғы сірескен
мұз көбесі сөгілмей, сол күйінде қала берді ме?

– Біздің бұл əрекеті міз текке кетті деп айта алмай мын.

Оқиғадан кейін көп ке шік пей жергілікті билік орын дары Пав-
лодардағы бір бала бақ шада тұң ғыш рет қазақ тобын ашуға
бет бұрыс жасады. Мектеп жа сына дейінгі осы бүлдіршіндер
бөлімі уақыт өте келе “Ақбұ лақ” деп аталатын алғашқы қазақ

балабақшасына айналды. Мұны “Жас ұлан” ұйы мы жұмы сы-
ның жаңғы рығы деп қабылдаған жөн.
Біздің 1969 жылғы жел тоқсандағы талпыны сымызға та-
рих 1986 жылғы желтоқсан айында жауап берген сияқты.

Ал, ол көтеріліске қатыс қан желтоқсандық тардың Алматы
алаңындағы талап-тілегі 1991 жылғы Тəуелсіздік желтоқ-
санында орындалды деп білемін. Бірақ, сол желтоқсандардың
арасында қаншама тағдыр өшіп, қаншама жан тəлкекке

ұшырады десеңізші. Олай дейтінім…
Арманның сөзіне қарағанда, оған мектептен шығарылған
соң да тыныштық болмаған. Оқу табеліндегі тəртібі “3” де-
ген баға жас жеткін шекті басқа жердегі білім ұяларына ба-

рып онын шы сыныпты аяқтап шығуға мүмкіндік бермейді.
Осыдан кейін оның аттестат алсам, КазГУ-ге барып
филфакқа түссем, ақындық өнерді қуып, “Қазақстан пионері”,
“Лениншіл жас”, “Жалын” сияқты басылымдарға өлең дерім ді

жариялатсам деген аққанат арманы адыра қалады да 15 жасы-
нан бастап Май ауда нының Ақшиман кеңшарындағы МТС-
та механизатордың көмекшісі болады. Бұдан соң қалада қара
жұмыс істеп жүріп əскерге кетіп, одан оралғаннан кейін Пав-

лодар трактор зауытына жүк түсіруші боп орналасады. Осы
жылдар аралығындағы уақыттың бəрінде де оған күдікпен
қарау, шектеу бір тыйылмайды. Бұған оның кешкі мектепте
оқып, аттестат алуына кедергі келтіру, жергілікті газеттер мен

телерадио редакцияларына апарған өлең, мақалаларын түрлі
сылтау айтып кері қайтару сияқты үнсіз қарсылықтар анық
дəлел. Өстіп жүргенде 1982 жылы Павлодарда Қазақстан Жазу-
шылар одағы ұйымдастырған жас шығармашылық иелерінің

аймақтық семинар-кеңесі өтеді. Сонда Алматыдан осы шараға
қатысуға келген көрнекті ақын Жұмекен Нəжімеденовтің на-
зары жұмысшы жігіт Арман Қаниевке бірден ауады. Кеңес
жұмысы біткен соң қамқор жан оның өлеңдерін астанаға

алып қайтып, көп кешікпей өзінің алғысөзімен “Қазақ
əдебиетіне” жариялатады. Міне, осыдан кейін ғана оның
белгісіз күштердің белгісіз нұсқауымен тежеліп келген
авторлық құқы – баспасөзге жариялану жөніндегі шектеудің

шегесі босай бастайды. Соның нəтижесінде кейіпкеріміздің
поэзиялық туындылары 1983 жылы тарлан ақын Қуандық

Шаңғытбаевтың сəт сапар тілеуімен “Жалын” альманағына шығып, топтама өлеңдері 1984 жылы осы аттас баспадан жарық көрген “Қарлығаш” ұжымдық жинағына кіреді. Сондай-ақ оның Павлодар педагогикалық институтына оқуға түсіп, жоғары білімді маман атанатыны да сол кез. Міне, қайта құрудан кейінгі уақыттың өзі түзету енгізген осындай көзқарастар өзгерісінен соң ғана барып Арманның облыстық “Қызыл ту” газетінде, кейінірек облыстық телерадио компаниясында жұмыс істеуіне мүмкіндік туады. – Ал, сенің басқа құрбы-құрдастарың ше? “Жас ұлан” ұйымының өзге мүшелерін айта мын да… Олардың кейінгі тағдыры не болды? Енді осы жөнінде аз-кем əңгіме қозғасақ. – Алдымен, комсомолдан шығарылғаны мен мектепте қалдырылған, соның арқасында онжылдықты аманесен бітірген оқушылар туралы айтайын. Солардың бірі Гүлбаршын Əлиева еді. Ол Алматыға барып, шет тілдері институтына түскен. Аталмыш оқу орнын бітіретін 1975 жылы өндірістік тəжірибеден өту үшін Матай стансасына жіберіледі. Жас қыз сол жерде ауыл бұзақыларының қолына түсіп, қайғылы қазаға ұшырады. Одан кейінгі Рашид Бейсекеев болса Қарағанды кооператив институтын тəмамдаған-тын. Содан Май ауданына келіп еңбек жолын бастады. 1990 жылы осындағы Май кеңшарында жұмысшылар кооперативінің төрағасы боп жүріп қайтыс болды. Енді Айгүл Жүнісоваға келейік. Ол мектепті бітірген соң Ермак ауданындағы Потанин кеңшарына барып еңбекке араласқан. Сонда əр түрлі жұмыс істеп жүріп, 1994 жылы өмірден озды. Ал, мектептен шығарылған “Жас ұлан” ұйымы мүшелеріне келер болсақ, Сембай Құсайынов алдымен шоферлік курс бітірді. Сосын Ермактағы (қазіргі Ақсу – ред.) ферро сплав зауытына жұмысшы боп орналасты. Сөйтті де осы мамандықта біржолата қалып қойды. Қазір сонда, сол Ақсуда тұрады. Саниял Мусин – əрі жетім, əрі мүгедек бала еді. Мектептен шығарылған соң туысқандарын сағалап, Май ауданындағы Чапаев кеңшарына кеткен. Көпке дейін одан хабар-ошар болма ды. Таяуда естідім, қазір ол Семей қаласында тұрады екен. Қайролла Кəженов туралы мағ лұматым өте аз. Білетінім – ол қазір Екібастұз қаласында тұрады жəне сонда кенші боп жұмыс істейді. Арман осы сөздерді айтты да тағы үнсіз қалды. Мен де үнсізбін. Кейіпкеріміздің не ойлап отырғанын білмеймін, ал мені енді мүлде басқа сауалдар мазалай бастаған еді. Ол мəселен былайғы жұрттың: “Сөз-сөз, əңгіме-əңгіме ғой. Бірақ, “Жас ұлан” ұйымының өмірде болғандығы құжат жүзінде дəлелденген бе? Ресми орындар оқиғаға қандай баға берген? Осыны айтыңыздаршы,” – десе қалай жауап береміз деген ой-тын. Əрине, бұл мəселе жөніндегі іс-қағаз деректерінен біз мүлдем құралақан едік дейтіндей де жөніміз жоқ. Павлодарға келуге жиналған осы сапарымыз дан жарты жыл бұрын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, мемлекеттік Орталық архив пен өзіміз сөз етіп отырған облыстағы мұрағаттар департаментінің басшыларына арнайы хат жолдап, журналистік зерттеу жүргізгенбіз. Сонда редакцияға Павлодар облыстық мұрағаттар қорының директоры Л.В.Шевелева мен археограф О.В.Бобрешеваның қолдары қойылып жолданған хат назарымызды өзіне бірден аудартқан. Бұл хабарламада 1969 жылы осы жерде “Жас ұлан” атты ұйымның болғаны, оның мүшелері № 3 мектеп-интернат оқушы лары екендігі айтылып, оларға тиісті орындар тарапынан қандай шара, жаза қолданыл ғандығы архивтегі Қ.З.Т.7. І. 1296. Б.7, 12; І. 1360. Б. 181, 183, 185; Қ. 51. Т.2. І. 341. Б.43, 47; І. 334. Б.22-23. Қ.31. Т.1. І. 429. Б. 271, 273, 351 санды құжаттарға сілтеме жасай отырып баяндалған. Демек, облыстық бұл мұрағат қорында “Жас ұлан” ұйымын айғақтайтын негіздемелер бар деген сөз. Ал ҰҚК архиві не дейді? Енді соған келейік. “Сіздердің бізге жолдаған № 112 хаттарыңызға байланысты тиісті жұмыстар жүргізілді, – делінген аталмыш мекемеден редакцияға келген хабарламада. – Барынша көмектесу мақсатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық мұрағаты, ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің мұрағатына сұрау салынды. Өкінішке қарай, хатта айтылған мəселелерге байланысты құжаттар бұл мекемелерде сақталынбапты. Алдағы кезде біздегі мұрағаттарда бар басқа істер бойынша көмек көрсетуге əзір екендігімізді білдіреміз. Құрметпен: бөлім бастығы, полковник Б.Қаптағаев.” – Мұнда бір негіз бар болуы мүмкін, – деді жоғарыдағы хаттарға үңіліп отырған Арман. – Олай дейтінім, еліміз тəуелсіздік алған соң 1992 жылдың қыркүйек айында мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық басқармасының бастығы, генерал-майор Е.І.Мұсабаевқа кіріп, жағдайымды айттым. Сонда ол кісі қарамағындағы қызметкерлеріне тапсырма беріп, бұл істі анықтауға ерекше

мүдделілік танытқаны бар. Бірақ, сонда анықталғанындай
облыстық басқарма мұрағаттарындағы “Жас ұлан” ұйымының
ісі жойылып жіберіліпті.

– МҚК-нің (КГБ) кəмелет жасына жетпеген мектеп

оқушыларының ісімен айналысуға заң жүзінде құқықтары
жоқ еді. Жауапкершілікті өздері мойындарына алған ғой, –
деді тəуелсіз Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің гене-
ралы. Оның сөзін шындық деп білемін.

… Қылқандай өндір шағында “Жас ұлан” атты ұйым
құрып, тағдыры 15 жыл бойы тəлкекке түскен, бірақ соның
өзінде мойымай, кісілік келбетін сақтап қалған қайсар қазақ
жігіті Арман Қаниевтің өмір жолы міне, осындай. 1985 жыл-

дан бері де оның күрескерлік рухы бір сəтке бəсеңдеген
емес. Оған біздің кейіпкеріміздің 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасында жергілікті жастарды Павлодардағы орталық
алаңға шығаруға əрекеттенуі, 1989 жылдың ақпанындағы

“Невада-Семей” хабары естілгенде Орталық əмбебап дүкені
(ЦУМ) алдында тапжылмай тұрып 5 мыңға жуық қол жи-
науы, 1990 жылғы “Азат” қозғалысы өмірге келгенде оның
облыстық бөлімшесін құруға атсалы суы анық дəлел. Атақты

дала номады Жаяу Мұсаның жиеншары ол қазірде де сол бел-
сенді өмірлік бағдарынан жаңылған емес. Бұл күндері Арман
облыстық “Қазақ тілі” қоға мы ның “Ертіс дидары” газетінде
жұмыс істейді. “Жұмыс істейді…” – деу, əрине, айтуға ғана

оңай. Олай дейтін себебіміз, аталмыш басылымға əке-көке
деп демеуші іздейтін де, оны жанын жалдап жүріп шыға рып,
табанынан таусылып тарататын да бір өзі. Бұл оңай дейсіз бе?
Тіптен де оңай емес.

Арман – біздің замандасымыз. Бəріміз социализм,
коммунистік қоғам деп аталған бір уақыт, бір кезең, бір
дəуірдің перзентіміз. Оның бізден артықшылығы – өзі
өмір сүрген сол жүйедегі ұлтымыз үшін өте қатерлі дерт –

мəңгүрттік атты қауіпті құйтақандай балаң жүрегімен тым
ерте сезе білгендігі. Сөйтіп туған жерге, ана тілге, халықтық
дəстүрге нигилистік көзқарас дендеп ене бастаған елімізге:
“Есіңді жи!” – деген сарындағы сақтандыру дабылы – “SOS”

белгісін бергендігі. Əрине, өз əлінше, өз шама-шарқынша…
Ал, кейіпкеріміздің сол кездегі құрдастары біздер ше?
Өкінішке қарай… Сон дықтан да қазір кейбіреулеріміз: “Сол
кезден-ақ “күрескер” едік,” –деп көпіріп жүргендей емес,

ақын Ертай Ашықбаев айтқандай:
Мен Жоғарғы Кеңестің,
Депутаты емеспін.
Алып-ұшып Астанаға келгенде,

Машинамен қарсы алмайды мені ешкім.
Жазу-сызу маған қонған бақ-талап.
Дерсің бəлкім ал не жаздың мақтан-ақ.
Əттең, əкем “халық жауы” болмапты,

Жазар едім бір поэма ақтап ап.
Қозы бақтым, үйрек бақтым, қаз бақтым,
Ғашық болдым таптым содан аздап мұң.
Диссиденттік маған қайдан бұйырсын,

Үкіметке қарсы өлең жазбаппын.
Жаза қояр дерек таппай мүлде мен,
Қиналамын жиналыста үндемен.
Алматыдан ерте кетіп қалыппын,

Желтоқсанда танысқам жоқ түрмемен.
Брежнев асылзадам, құрметтім.
Сізді жəне Қонаевты үлгі еттім.
Өкілімін ду қол соққан дүрмектің,

Мен күріштің ішіндегі күрмекпін.
Жиналыста көбеңсиді көңілім.
Маған назар аудармайды көп інім.
Жарыссөзде айта қалар ерлігі,

Емге де жоқ айхой менің өмірім –
деген момақан ұрпақтың өкілі болғанымызды мойындауымыз
керек. Осы тұрғыдан алғанда Арманның жəне ол жетекшілік
еткен “Жас ұлан” ұйымы мүшелерінің сол кездегі іс-əре кеті

ересек ағаларымыздың да қолынан келме ген дара, өзгеше
тірлік болатын. Осыны ұмыт пайық.
2002 жыл.
Авторлық анықтама. Содан бергі уақытта Ар-

ман Қанидың өмірінде қандай өзгерістер болды
дейсіздер ғой. Айтайық. Жоғарыдағы материал газет-

ке жарияланғаннан кейін бір жылдан соң болу керек,
16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні қарсаңында Павлодар
облысының əкімі Қайрат Нұрпейісов оған үш бөлмелі
пəтер берген. 2006 жылы Қазақстан Жазушылар

одағына мүшелілікке қабылданған. Жергілікті баспа-
дан “Ар алдында”, “Тамшылар”, “Қызыл түнектегі
ақбұрқақ”, ал “ҚазАқпарат” баспасынан “Шындықпен
бетпе-бет” өлеңдер кітабының жарық көруі де

кейіпкеріміздің шығармашылық өміріндегі үлкен беле-
стер деп айта аламыз.

ШЫҢЖАҢДАҒЫ

ТҰҢҒЫШ

ҚАЗАҚ ФИЛЬМІ

Газетіміздің үстіміздегі жылғы 28 ақпанында ҚХР-да өмірге келген тұңғыш қазақ фильмі “ХасенЖəмила” туралы жазушы, драматург жəне киносценарист Бұқара Тышқанбаевтың мақаласы жарық көрген болатын. 1985 жылы өмірден озған қаламгердің архивінен зайыбы Сара Таңжарыққызының бізге тауып, əзірлеп берген ол естелігінде аталмыш кинотуындыны түсіруге нендей жəйт себеп болғандығы, сценарийдің қалай жазылып талқыланғандығы, бұл бастама ны Қытай үкіметі басшыларының бірі Чжоу-Энлайдың өзінің шын ниетімен қолдап, оған көмек көрсеткендігі туралы айтылған еді. Осы дүние жарық көргеннен кейін көп кешікпей редак цияға жиіжиі телефондар соғылып, хаттардың да көптеп келіп түскені бар. Оқырмандардың бізден сондағы сұрайтыны: “Ал сол фильмде ойнаған киноактерлер ше? Олар кімдер еді? Кейін бұл ағаларымыз бен əпкелеріміздің тағдыр ларының қалай болғандығы жөнінен хабарларыңыз жоқ па?” – деген сауалдар. Бұл сұрақтар бізге ой салмай қойған жоқ. “Шынында олар кімдер еді? – дегенбіз іштей. – Иə, кімдер? Іздеп көрсек қайтеді өздерін? Мəселен, 1956-1962 жылдарғы ұлы көш кезінде сол өнер адамдарының арасынан бергі бетке өткендерінің де бар болуы мүмкін-ау…” Жəмила-Фарида – Кеңес Одағының халық əртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.О.Əуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасының саңлағы Фарида Шəріпова бұрыннан белгілі болса, екіншісі Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық саз аспаптары мұражайының ғылыми қызметкері Абылай Түгелбаев дер едік. Назар аударыңыздар, құрметті оқырман, төменде біз осыдан 49 жыл бұрын түсірілген фильмде біреуі Жəмила, екіншісі Хасен атты бас кейіпкерлердің рөлін ойнаған өнер иелерінің айтқан əңгімесін беріп отырмыз. – Екеуіңізге бір сұрақ: “Хасен-Жəмила” фильміне түсуге шақырылғанға дейін қайда білім алып, не қызмет істеуші едіңіздер? Фарида ШƏРІПОВА: Туған жерім – Шəуешек қаласы. Жеті жа сымда сондағы Махмұд Қаш қари атындағы ұйғырқазақ мек те бінің табалдырығын аттадым. Аталмыш білім ұясын бітірген соң Үрімшідегі саяси курсқа қабылдандым. Ол Қытайдағы 1949 жылғы халықтық жаңа үкіметтің орнауына байланысты ашылған, елге соның жер реформасының мəн-жайын түсіндіруге арналған оқу түрі еді. Курс бітер кезде ко миссия менің сол Үрімшіде қала тынымды айтып, Шыңжаң үкіметі кеңсесіндегі аудар машылық жұ мысқа жіберді. Киноға түсуге шақырылардың алдында, міне, сонда қызмет істеп жүргенмін. Абылай ТҮГЕЛБАЕВ: Ал мен Құлжа іргесіндегі Қорғас өңірінің перзентімін. Сондағы Баяндай елді мекенінде атақты ұйғыр көпесі Мұсабаев салдырған ғажап мектеп болды. Оның мүдірі кезінде Ыстамбұлға барып оқыған, араб пен орыс тіліне өте жүйрік Əбдіқадыр Қасымұлы деген оқы мысты кісі еді. Аталмыш білім ұя сында дəріс алып, жоғарыдағыдай ғұлама адамнан тəлім-тəрбие көрген соң, 1946 жылы Құлжадағы гимназияға келіп түстім. Сонда жүргенде 1950 жылы мұнда ішкеріден атақты ұйғыр жазушысы Зия Сəмеди бастаған үкімет комиссиясы келе қалды. Ол кісі Іле, Текес сияқты шет аймақтағы ұлт жастары ішінен Үрімшідегі бюро кадрлары мектебіне адам іріктеп алуға шығыпты. Ұстаз дарым үміткерлердің қатарына мені де қосты. Сүрінбей өттім. Содан не керек, өзіміз сөз еткелі отырған киноға түсердің алдында менің жоғарыдағы саяси оқу орнын бітіріп, одан Тибетке аттанған мəдени-үгіт бригадасы ның құра мын да болып, енді ШҰАР мəде ниет министрінің орынбасары Бұқара Тышқанбаевтың ұйғары мымен, Үрімшідегі мемлекеттік ұлттар театрының репертуар бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезім болатын. – Жөн-ақ. Ал енді фильмге түсуге қалай шақырылдыңыздар? Ф.Ш.: Кездейсоқ! Бірде кезекші маған: “Үкімет басшысы Сəй фиддин Əзиз шақырып жатыр”, – деді. Тілмашпын ғой, аудар ма жасауға іздеген шығар деп барсам, мүлде басқа шаруа болып шықты. Ол кісінің сөзінен ұқ қаным, Шыңжаң өмірінде бұрын мүлде болмаған жаңа бір іс қолға алынбақшы екен. Бұл

ҚХР-дағы аз ұлттар туралы көркем суретті фильм түсіруге де-
ген ұмтылыс. Осы мақсатпен Шанхай кино студиясынан кел-
ген мамандар ұйымдастыру жұмыстарына кірісіп те кеткен
сияқты. “Үкімет үйіндегі кездесулерде тілмаш боп жүргенде

сен солардың көзіне түсіпсің. Киноға керек адам деп отыр.
Барғаның жөн шығар. Өйткені, бұл мемлекеттік мəселе,
қызым”, – деді Сəйфиддин ака. Сөйтіп “Хасен-Жəмила”
фильміне түсуге мен мүлдем күтпеген жерден қо сы лып,

жоғарыдағыдай əкімшілік бұйрық арқылы кездейсоқ кел-
генмін.
А.Т.: Фарида дұрыс айтады. Бұл киноға үміткерлер
іріктеуде конкурс деген болған жоқ. Жəне ол кездері оған

жағдай де кел мей тін. Фильмге керек адамдарды таңдаудағы
барлық сенім сце нарий авторы Бұқара Тышқанбаев пен режис-
сер Үю Гаңның интуи ция сына артылды. Ғажабы сол, олар бұл
істе қателескен жоқ. Екеуі нің Үрімшідегі оқу орын дарынан,

Шəуешек пен Құлжа да ғы мəдениет мекемелерінен жəне басқа
да шеткері жақтағы көр кем өнерпаздар үйірмелерінен тəуекел
деп жинап алып келген жігіттері мен қыздары (бұлардың
ішінде мемлекеттік ұлттар театрында істейтін мен де бармын)

кино түсіру кезіндегі барық қиындықтарға көніп, өздеріне
бекітіліп берілген рөлдерді жан-тəнімен ойнап, сол кездің та-
лабымен алып қарағанда тамаша орындап шықты.

– Олар кімдер еді?

Ф.Ш.: Фильмдегі басты кейіпкер лердің бірі ол Жəмиланың
əке-ше шесі ғой. Міне, сол кісілердің рөліне Үрім шідегі
мəдениет бөлімінің қыз меткері Əубəкір аға мен ШҰАР аймақ-
тық əйелдер бірлестігінің қызметкері Тұрар апа шақырылды.

Ал қатыгез де қарау Жүніс байды бейне леу ге Шыңжаңның
қырғыздар мекен дейтін Қызылсу ауданынан келген қомызшы
Баяқын Əлімбекұлы лайық деп табылды да оның өркөкірек
ұлы Патшабекті Үрімшідегі “Халық” бас пасының қызметкері,

ақын-драматург Қаусылқан Қозыбайұлы ойнады. Сондай-
ақ, аталмыш кинолентадағы Ха сеннің əкесі Бейсен қарт об-
разы Тар бағатай аймағының Толы ауда нындағы орта мек-
теп мұғалімі Мəлік Шипанға, прогресшіл көзқарастағы бай

Берді бейнесі негізгі мамандығы мал дəрігері болғанымен,
өнер десе ішкен асын жерге қоятын азамат Мəлік Жүнісұлына
жүктелгені есімде.
А.Т.: Қалған кейіпкерлер мына лар. Фильмде Хасенге өте

жақын жү ретін Серік деген ер көңілді жігіт пен Жəмиланың
құрбысы Күлəн атты қыз бар. Міне, солар Құлжа қала сы нан
келген журналист Зекен Мейір манұлы мен Тарбағатайдың
Толы ауданынан шақыртылған мұғалима Күлшəн есімді

бойжеткенге бекітіліп берілді. Енді гоминдань үкіметінің
адамдары туралы бірер сөз. Ондағы жалдамалы офицер
рөлін Алтайдың күйші жігіті Тайыр Белгібаев, қазақ ауыл-
дары арасындағы сол уақытша үкімет жансызының бейнесін

спортшы Айтжан Жазықбаев ойнады да экрандағы əскери
шайқастар мен түрме күзеті көріністеріне Манас қаласындағы
ҚХР армиясы тұрақты бөлімінің жауынгерлері қатысты.

– Əңгіме барысында мына бір жəйттерді де анықтай кет-

сек… Айтыңыздаршы, фильм Шыңжаңның қай жерле рінде
түсірілген еді?
Ф.Ш.: Киноға қажет табиғат фо нына Үрімші қаласынан
онша қашық емес Наньсаң таулары, содан соң Биянгу өзені

таңдап алынды. Бұл өзі міз сөз етіп отырған фильмнің сце-
нарий авторы əрі екінші режиссері Бұ қара Тышқанбаев
ағамыздың сөзі мен айтқанда: “Ол, біріншіден, жол қа-
тынасына өте-мөте қолайлы, екін шіден, қалың қарағайлы

шатқал, ай на ласы құнан шаптырым келетін теп сең жазық,
күміс моншақ себезгілеген сарқырамаларға толы өзен бойы
кино бъективке əдейі арнап жасал ғандай əсер қалдыратын.
Сол арадан алыстағы бүкіл Алтай, Боғда таулары, оның

етегіндегі құба шөл өте жақсы көрінетін”, – еді.
А.Т.: Иə, аталмыш аймақты жер гілікті қазақтар Ақтерек
жайлауы деп атайтын. Ол қазіргі шертпе күйдің шебері,
Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері Уəли Бекеновтің

аталарының қонысы еді. Осы жерге алты, сегіз, он екі қанатты
ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, оның іші көз жауын алатын ке-
ремет мүліктермен толтырылды. Уəлидің əкесі Оспан Мұқай
өз ауылында кино түсірілетін болған соң ештеңесін аямады.

Ағасының 100 жылқысын таңдап алып, оның 40-ын бізге
мініс көлігі ретінде берді де 60 биені қымыз ішіп тұрыңдар деп
желіге байлап тастады. Фильмдегі басты кейіпкер Хасеннің
астындағы атақты бəйге көк бар емес пе, міне, сол ат та əлгі

Мұқайдың маңдайына басқан жүйрігі болатын. Киноға керек
деген соң оны да қиналмай берді. Осының бəрі ол кісінің ұлт
намысын білгендігі, түсінгендігі болса керек.

– Кино түсіру кезінде түрлі жағ дай лардың болатыны

белгілі. Олардың бірі мəселен күтпеген жерден туған қиын-
дықтар мен кездейсоқ оқиғалар. “Хасен-Жəмила” фильмін

өмірге əкелу ба рысында сіздердің сондай жағ дайларды бастан
кешірген кездеріңіз болды ма?
Ф.Ш.: Болды. Алдымен қиналған кезімді айтайын. Кино-
лентада Хасен мен Жəмиланың елсіз тауда күн кешіп жүріп

сəбилі болатыны туралы көрініс бар. Ол нəресте осы фильм-
дегі Жəмиланың шешесінің рөліндегі Тұрар апаның 4-5 айлық
қызы еді. (Зырлап өтіп жатқан уақыт-ай… Ой лап қарасам бір
кездегі сол бесіктегі бөпенің өзі егер тірі болса қазір 50-ге

келді-ау!). Жə… Сценарий бой ынша мен міне, сол бөбекті ал-
дыма алып емізуім керек. Он сегіз жастағы бетім ашылмаған
ұялшақ кезім ғой. Намыстандым. “Ертең жұрт бұл киноны
көргенде қандай пікірде қалады? Омырауын ашып отырған

неткен көргенсіз қыз деп ғайбаттамай ма?” деген оймен
жаңағы эпизодтан ат-тонымды ала қаштым. Режиссер болса,
қоймайды. Жалынады. Ұрсады. Үгіттейді. Мен жылаймын.
Ақыры көндірді-ау əйтеуір. Кинодағы ең бір қиналған жерім,

міне, осы көрініске түсу азабы болды.
Енді кездейсоқ оқиға деген сауал ға мысал келтірейін. Осы
фильмде қос ғашықтың иен таудағы мекенін шолғыншылар
байқап қалады да Хасен мен Жəмиланың сонда апыл-ғұпыл

жиналып қашатыны бар. Осындай кезде мен мінген аттың
айылы дұрыс салынбады ма, жоқ əлде оның тартпасы үзіліп
кетті ме білмеймін, ертоқым ауып кетіп жерге оңбай құладым.
Содан қатты ауырып, кино түсіру жұмысы көпке дейін тоқтап

қалғаны бар. Сол оқиға күні бүгінге дейін есімнен кетпейді.
А.Т.: Фильмнің негізгі бөлігі біте бер генде қыс кеп қалды
да қалған жұмысты киностудияның Шан хай да ғы жабық пави-
льонында түсіруге тура келді. Осы жерде менің екі көзім шан-

шып ауырып, прожектор жары ғы на қарай алмайтын күтпеген
бір қиындыққа тап болдым. О баста онша мəн бермеп едім,
келе-келе шы нымен қауіптене тіндей жағдайға жеттім. Не
істеу керек? Жұмысы тоқтап қалған кинорежиссер шырыл-

дап жүріп көз дəрігерін ертіп əкелді. Қарт кісі екен, асықпай
қарап болды да жаңа сойған қойдың бауырын алғызып, соны
қайнап тұрған ыстық суға бір матырып алып жегізумен болды.
“Қаны шығып тұрған шикілі-пісілі дүние. Бірақ шыдайсың.

Менің тала бым осы”, – деді ол. Көндім. Бай қаймын, нəтиже
бар сияқты. Өйт кені, бір аптадан соң көзімнің піскілеп ауыр-
ғаны басылды, ал екінші жетіде кірпігімді ашып, жарыққа
еркін қарай бастадым. (Тіфə-тіфə, содан бері ол сырқат қайтіп

мені мазалаған жоқ). “Кино түсіру кезінде қиналған жеріңіз
болды ма?” деген сұрақты естігенде ойыма осы оқиға оралып
отыр.
Кездейсоқ, күтпеген жəйттер… Одан жол тауып шыға білу.

Иə, он дай жағдайлар да жадымда. Мысалы, мына Фариданың
Жəмиланы ойнағандағы қимыл-қозғалысына, кескін-келбеті
мен іс-əрекетіне жəне диалог сөздерін жаттаудағы зерек тігіне
мамандар көп кінə қоя ал май тын. Бірақ бір кемшілігі болды.

Қа ла ның қызы емес пе, атқа шаба ал май тын. Бұған қандай
айла табу ке рек? Ол қиындықтан бізді осы кино туындыдағы
эпизодтарға қатысып жүрген Тұрдықан Күрішбайқызы
деген келіншек құтқарды. Ол сонда не істеді дейсіз ғой?

Əрине, фильмдегі атқа мініп-түсіп немесе сол аттың үстінде
жайбарақат отырған Жəмила ны ойнайтын Фариданың өзі.
Ал алысқа қарай құйындатып шап қан дағы Жəмила ше? Ол –
Тұрдыхан. Дене бітімі Фаридаға ұқсас, нəзік, керемет күйші

осы келіншектің жұлқынып тұрған кер аттың үстінде жігіт-
тен де бетер тіп-тік күйдегі оты ры сына, жұлдыздай аққан
құйын ша бы сына қарап, бəріміз риза бола тынбыз.

– Өзіміз сөз етіп отырған көр кемсуретті фильмді түсіріп,

мемлекетке тапсыру қанша уақытқа созылды?
Ф.Ш.: Жылға же тер-жетпес мерзім ішінде…
А.Т.: Иə, бар-жоғы 11 айда бітті.

– Бұл ки но туын ды эк ранға шыққанда үкі мет, ел оны қалай

қа был дады?
Ф.Ш.: Ол кезде біз жаспыз ғой. Көп нəрсеге онша на-
зар ау да ра бер мей тін шағымыз. Қоғамдық пі кір жө нін дегі
аңғарымпаздығымыз да шама лы. Бірақ, “Хасен-Жəмила” шы-

ғар масының авторы, осы кино туын ды ның өкіл əкесі Бұқара
Тыш қанбаев аға мыздың айтуы бойынша, мəселе былай:
“Бəрі біткен соң фильмді Бей жіңге алып бардық. Ор талық
кино басқармасында қойылған оған осында Кеңес өкіметінен

шақырылған маман ретінде жұмыс істеп жүрген мəскеулік
режиссер де қатысты. Ол оны жоғары бағалады. “Монтажын-
да кейбір ол қы лықтар бар. Бірақ, бұл жалпы маз мұ нына нұқ-
сан келтіре алмайды”, – деді əлгі кісі.

Фильмді артынша сол Бейжіңдегі Қуйрынтан сарайында
Чжоу Энлай да көрді. Ол сеанс бітіп, залға жарық берілген
заматта-ақ ресмиетті күтпей: “Міне, бұл нағыз көркем фильм
болып шығыпты, музыкасы да жақсы. Тіпті ұлттық колориттің

берілуінің өзі адамды қалай сүйсіндіреді. Киноның өзін
көрмей, сырттай музыкасына құлақ салып тұрып-ақ Қытай

қазақтарының өмірі туралы фильм екенін аңғаруға болады.
Туынды саяси жағынан да ұтымды”, – деп құптады”.
А.Т.: Сөз ретіне қарай алдымен “Хасен-Жəмила” фильмін
көруге деген құштарлықтың Шыңжаңда ғана емес, ішкі

Қытайдың өзінде тіпті ерекше болғанын атап айтқым келеді.
Соның нəтижесінде мемлекет тара пы нан осы кинолентаға
кеткен шы ғын бір Шанхай қаласындағы кино тетрларда
көрсетілген сеанстардан түскен ақшамен үш-ақ айда өтеліп

шыға келді. Бұл аз десеңіз, қысқа мерзім ішінде оны 22 ел
сатып алып, фильмнің атақ-даңқын одан əрі аспандатып
əкеткені бар.

– “Хасен-Жəмила” кинотуындысы түсіріліп бітті. Сөйтіп

ол Шыңжаңдағы ел дің рухани игілігіне айнала бастады. Ал
сіздер ше? Өздеріңіздің содан кейін гі өмір жолдарыңыз қалай
қалыптасты?
Ф.Ш.: Аталмыш жұмыс аяқта лы сы мен, мен оның премье-

расын күт пей, кеңестік Қазақстанға өтуге əре кет ете баста-
дым. Өйткені, нақ сол кез де шетте жүрген қазақтар дың ата-
мекенге оралуына тұңғыш рет рұқсат берілген еді. Сөйтіп
1955 жылдың 30 мамыры күні алғашқы көшпен шека ра дан

өтіп, күзде Алматының Құр ман ғазы атындағы консерва-
тория сында жаңадан ғана ашылған актерлік факультетке
қабылдандым. Курс тас тарым Сəбит Оразбаев, Асанəлі Əші-
мов, Райымбек Сейтметов, Нүкетай Мышбае ва, Раушан

Əуезбаева секілді қазақ өнерінің осы күнгі жайсаңдары
мен жампоздары-тын. Бір қызығы, көрнекті жазушы Сай-
ын Мұратбеков пен атақты сатирик Оспанхан Əубəкіров те
алғашында біздің осы актерлік факультетте оқығаны бар.

Өстіп жүргенде, 1957 жылы мені Қазақстан Жазушы-
лар одағының төрағасы Ғабит Мүсірепов шақырып жатыр
деді. Бардым. Қабылдауында болғанымда ол кісі таяуда
өзінің Шыңжаңдағы қазақ жазушыларының тұңғыш съезіне

қатысуға барғанын айтты. Елге қайта ораларда ШҰАР
үкіметінің мəдениет министрі Ғабеңе аты-жөнімді айтып,
сол қызға осы сый лықты өз қолыңызбен тапсыр са ңыз деген
өтініш білдіріпті. “Біз сенің “Хасен – Жəмила” фильміне түс-

ке ніңді білмейді екенбіз, қарағым. Сол кино өзің мұнда оқып
жүргеніңде Бейжіңдегі Бүкілқытайлық өнер фестивалінде
үшінші орын алыпты да сені мына медальмен марапаттапты”,

– деп Ғабит Махмұдұлы шағын əрі əдемі қола белгіні кеудеме

тақты.
А.Т.: Фильм экранға шыққан соң елде демалыста жүрген
маған Бей жің нен шақыру қағазы келді. Онда ҚХР астанасын-
дағы киноактерлер даяр лайтын институтқа жолдама берілгені

айтылыпты. Сол жоғары оқу орнында 3 жыл оқып Шыңжаңға
қайтып келгенімде, мұнда ұлтшылдыққа қар сы күрес
науқаны басталды. Кү дік тілер тізіміне алын дым. Қуғындауға
ұшырадым. Ақыры қауіпті элемент қатарына жатқызылып,

Күнес қаласындағы болат қорыту зауытынан бір-ақ шықтым.
Жұмыс ауыр. Бостан дыққа шығудан үміт жоқ. Дегенмен ол
қапастан мені бір кездейсоқ жағдай құтқарды.
1959 жыл еді. Шыңжаңның Құл жа облысына Бейжіңнен

Мао Цзэдун ның ұлы жорық жылдарын да ғы жан досы,
аты аңызға айналған маршал Чжу-Де келетін болды. Ға-
жабы сол, ол кісі көптеген əс кери əндердің де авторы-тын.
Қарт қолбасшыны қарсы алушылар құрметті қо наққа ар-

нап жа са ған концерттік бағдар ла ма сы на, міне, оның сон-
дай шығармаларын да енгізіп, енді оны орындайтын əншіні
таба алмай қиналды дей сіз. Лагерь басшысы білетін дердің
нұсқауымен мені іздеп тапты. Сахнаға шығарды. Несіне ая-

найын, маршалдың өзім білетін “Аспаз” əнін шырқап кеп
бердім. Бұған алдыңғы қатарда отырған Чжу-Де де, қалалық
партия комитетінің хат шы сы да мəз болды. Сол “еңбе гім-
нің” арқасында айдауылдардың ді кеңдеуінен құтылдым.

Көп кешікпей еңбекпен түзеу лагерінен де босанып шықтым.
Шыққан бойда Құлжадағы ке ңес консулына барып құжат-
тарым ды жөндеттім. Ойым – Қазақстанға кету. 1961 жылы
ол арманыма да қол жетті. Шекарадан аман-есен өтіп, Семей

облысының Аякөз ауданына табан тіреген жайым бар.

– “Хасен-Жəмила” фильмінен кейін сіздер киноға түсуді

одан əрі жалғастырдыңыздар ма, жоқ əлде…
Ф.Ш.: Мен бұл кəсіпті біразға дейін жалғастырдым деп
айта аламын. Оған өзімнің кезінде “Қазақфильм” түсірген
“Торапта”, “Тұлпардың ізі”, “Қыз Жібек”, “Жорғаның

жүрісі” (“Мосфильм”), “Мүсілима”, “Қала қалқаны” атты
фильмдердегі Ғалия, Жауһаз, Кербез, Бүбіжан, Мүсілима,
Бақытгүл рөлдерінде ойнағаным анық дəлел.
А.Т.: Жоқ, мен киноактерлікті қайта жалғастыра алма-

дым. Қанша ұмтылып, талпынсам да оған өмірім нің бұралаң
соқпақтары еш жақын дат пай-ақ қойды. 1975 жылы жа зу шы
Қабдеш Жұмаділов “Қазақ əдебиетіне” мен туралы мақала
жазып, онда бір кездері арғы бет те талантымен, өнерімен

көзге тү сіп, кинода ойнаған адам қазір Ая көзде мұғалім
боп жүр, қа та ры мыз ға тартайық, қабілетін пай да ла найық
деп мəселе көтерді. Со ның дүмпуімен “Қазақ фильмге”
шақырылып, кеудемдегі үміт оты қайта жанғандай болған.

Бірақ кинорежиссерлер жөнді рөл бермеді, эпизодтық кад-
рлар мен жалпы көріністерге салды да қойды. Содан ол жерде
1981 жылға дейін жүрдім. Ақыры санда ғана бар, ал санатта
жоқ екендігіме көзім жеткен соң қазіргі жұмыс істеп жүрген

жерім – саз аспаптары мұражайына ауыстым да кеттім.

– Енді сіздер мына қорытынды сұраққа жауап берсеңіздер.

Ол осыдан 49 жыл бұрын дүниеге келген “Хасен-Жəмила”
фильмінде өздеріңізбен бірге киноға түсіп, негізгі рөлдерде
ойнаған өнер иелерімен кейін қайта кездесіп, жүздеудің
сəті түсті ме, олардың өмірінен, тұрмыс-тіршілігінен не

хабарларыңыз бар деген сауал.
Ф.Ш.: Кинода Хасеннің досы Серік боп ойнаған Зекен
аға Шыңжаңнан осы Қазақстанға 1955 жылы-ақ өтіп келген
сияқты. Өйткені Құрманғазы атындағы консер ва то рияда

оқып жүрді. Кейін Жамбыл обл ыс тық драма теа трын да істеді.
Одан соңғы тағ дырын білмей мін.
Өткен жылы осы біз дің академиялық драма театрында
Құрбан деген суретші жігіті міз қайтыс болды. Сол аза мат тың

қырқына жи нал ғанымызда маған бір иман жүзді бала келіп
амандасып, өзін Əу бə кір ағаның ұлымын деп таныс тырды.
Əбекең өзіміз əң гіме өзегіне ай нал дырып отыр ған фильм дегі
Жəмиланың əкесі Бей сен қарт ты бейнелеген кісі ғой. Жаңағы

бала ның сөзінен аңғар ғаным, Əубəкір аға Қытайдан өтіп кел-
геннен кейін Алматы облы сы на қоныс теуіп, ұзақ жылдар
бойы Дегерес жылқы зауытында кино механик боп жұмыс
істеген. Осы бертінде ғана дүниеден озыпты.

Менің білетінім міне, осы. Басқаларынан көп хабарым жоқ.
А.Т.: Кинодағы Жəмиланың шешесі рөліндегі Тұрар
Қытайдан Қазақстанға 1955 жылы өткен. Ұзынағашта
кітапханашы боп жұмыс істеген. Одан кейінгі тағ ды ры

белгісіз. Жүніс байдың бей не сін жасаған Баяқын Əлім бекұлы
Шыңжаңдағы ел арасында сазгер, өнер зерттеушісі ретінде
танылған. Кейін сондағы Күйтің қаласында қайтыс болыпты.
Патшабекті ойнаған Қаусылқан Қозыбайұлы да қазір өмірде

жоқ. Ол 1973 жылы Үрімшіде бақи лық қа аттанған. Берді
байдың рөлін дегі Мəлік Жүнісұлын Қытайдағы “мəдени
революцияның” құр баны деуге болады. Хунвейбиндер
қолынан қаза тапқан. Хасеннің əкесін бейнелеген Мəлік Ши-

пан да соқтықпалы жолға толы ғұмыр кешіп барып, əупіріммен
аман қалған сияқты. “Мəдени рево люция” кезінде ұзақ жыл
түрмеде отырған ол кейін ақталып, қазір Құлжа қаласындағы
халық шы ғар машылығы үйінде нұсқаушы-əдіскер боп жұмыс

істейді. Ал гоминдань үкіметінің офицерлері боп ойнайтын
Айтжан Жазықбаев пен Тайыр Белгібаевқа келсек, Айтекең
Қытайдан 1955 жылы Қазақстанға өтіп келіп Зайсанда қайтыс
болған да, Тəкең Шыңжаңда асқан күйшілігімен аты шығып,

ол да осы бертінде бақилыққа аттанған.
…Əңгіме аяқталды. Біз əсерлі де тартымды естеліктері
үшін сұхбат иелеріне рахметімізді айтып, олармен қимай
қоштастық. Содан кейін: “Теледидардан ара-тұра болса да

көрсетілетін, соңғы жылдары тіпті ұмытылып кеткен “Хасен-
Жəмила” фильмі қайда екен осы?” – деп ойладық. Оның жай-
жапсарын көп кешікпей бізге осы шығарманың авторы Бұқара
Тышқанбаевтың үйіндегі апамыз Сара Таңжарыққызы айтып

берді.
“Сендердің бала кездеріңдегі, яғни 60-шы жылдардағы
кинотеатрлардан көріп жүрген “Хасен-Жəмила” ол Бұқа ра-
ның 1957 жылы Алматыға Шың жаң мəдениет қайрат керлері

делегациясын бас тап келгенде “Қазақфильмге” сыйға əкеп
беріп кет кен бір данасы, – деді ол кісі. – Сол кинолента 60-70-
ші жылдары көрсетіле-көрсетіле əбден то зы ғы жетіп, 80-ші
жылдары тіпті ұмытылып кет ті десе де болады. 1992 жылы

Бұқара ағаларың ның 70 жылдығында осы жəйт ел есіне са-
лынып, оған іздеу жүргізілгені бар. Прокат, киностудия бас-
шыларының біріне бірі сырғытқан бос сөздерінен ештеңе
шықпаған соң жазушы Əкім Тарази Мəс кеумен хабарла-

сып, сондағы кино қорынан “Хасен-Жəмиланы” 3 дана етіп
көшіртіп əкелуге мұрындық болды. Соның біреуі қайтадан
“Қазақфильмге” өткізіліп, екіншісі Қазақ телевизиясының
сол кездегі “Алатау” каналы қорына берілген. Ал үшіншісі...

иə, үшіншісі жазушының туған жері – Алматы облысының
Ұйғыр ауданындағы Ақтам ауылының (Бұқара Тышқанбаев
1932 жылы Шыңжаңға өткенге дейін осы жердегі мек-
тепте оқыған – Ж.Ə.) клубында сақтаулы. Қаламгердің 70

жылдығында Алматыдағы шығармашылық одақ басшылары
осындай ұйғарымға келіп, оны сол ауылға əрі сый, əрі мұра
ретінде апарып берген”.
Сара апай осылай дейді. Демек бұл фильм бізде жоқ емес,

бар екен. Ендеше оны ара-тұра болса да теледидарда неге
көрсетіп тұрмасқа? Ол осы күнгі біздегі қаптап кеткен қатыгез
боевиктер мен сұрқай сериалдардан əлдеқайда пайдалы емес
пе?!

2003 жыл.
Авторлық анықтама. Осы мақала жарыққа
шыққаннан кейін бір жылдан соң редакцияның
Астанадағы офисіне жігіт ағасы телефон соқты.

Атын ұмытып отырмыз, міне сол кісі “Хасен-Жəмила”
фильміндегі құндақтаулы сəби болып киноға түскен
бес айлық нəрестенің 50-ге толғанын, қазір мектепте
мұғалима екенін айтты. Ол кісі Алматы облысының

Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында тұрады
екен. Мына хабарды естіген соң шұғыл түрде газеттің
Алматы
бөлімшесінің

меңгерушісі
Мейрамбек
Төлепбергенге тапсырма бердік. Арада үш күн өткен
соң əп-əдемі шағын мақала алдымызда жатты. 2004

жылдың наурыз айында “Егемен Қазақстанда” жарық
көрген ол материалдан оқырмандар хабардар шығар
деп ойлаймыз. Ал сұхбат иелеріне келсек, Фарида
Шəріпова апамыз аман-есен. 2006 жылы 70 жылдығы

М.Əуезов атындағы академиялық драма театрында
жақсы аталып өтті. Ал Абылай аға Түгелбаев... Ара-
мызда жоқ... Бақилыққа аттанған.
№ 37-ші

СКВАЖИНА

Бұл оқиға 1985 жылғы 24 маусымда басталып,
белең алған еді. Бірақ сол кездегі орталық алғашында
оны көп ешкімге дабыра етпеуге тырысты. Солай
болса да өрт бақылаудан шығып кетіп, жағдайды

жа сы рып-жабудың еш реті келмей қалды. Осыдан
бастап апатты алаудың ала пат екпіні одақтық үш
бірдей министрлікті қатты дүрліктіріп, ай мақ та-
ғы елді жан шошырлық күйге түсірді. Содан арада

апта.., ай өтті. Бұл уақытта Волгоград, Баку, Пол-
тава, Грозный қалалары мен өзіміздің Атырау жəне
Маңғыстаудан келген 600-ге жуық атпал азамат
апатпен ашық айқасқа түсіп, жан алып жан берісіп

жатты. Осы мерзім ішінде мұнда жіберілген түрлі
техникаларда да есеп жоқ-тын. Алайда скважина
са ғағындағы 1200 градустық от қызуы мен биіктігі
190 метрге шапшыған дүлей жалын бəрібір басылма-

ды. Айдаладағы алапат алаудың жарығы сол кездегі
түн ішінде 90 миль жерден анық көрініп тұратын
еді дейді оған куəгер болған мамандар қазір. Теңіз
төріндегі құба белдердің құй қа сын күйдіріп, оны құс

ұшпас, шөп шықпас өлі жерге айналдырған бұл та-
жалды ауыздықтау тек 1 жыл, 1 ай, 7 күннен кейін
ғана мүмкін болды.
Қалай? Қайтіп? Бұл сауалдарға деген жауап енді-

енді айтыла бастағандай. Оны сөз етіп қозғаушылар
1985-1986 жылдары №37-ші скважинада жұмыс
істеп, сондағы оқиғаның басы-қасында жүрген
мұнайшы мамандар дер едік. Иə, жылдар бойы жа-

сырылып келген жабық тақырыпты жария етуге
құқы бар жандар міне, солар, тек солар ғана болуы
керек. Өйткені бұл оқиғаны олардан басқа ешкім де
өз мəнінде толық айтып, түсіндіріп бере алмасы

анық.
Сондай жандардың бірін Мағауия Тəжіғараұлы
ШЫРДАБАЕВ деп айтуға болады. Ата-бабасынан
бері қарамай өндіруді кəсіп етіп, басынан бақайына

дейін мұнай иісі сіңген ол Теңіз кенішіндегі 400 күндік
өрт кезінде “Ембімұнай” бірлестігі бас директорының
орынбасары еді. Сол кездегі аласапыранда №37-
ші скважинадағы апатты ауыздықтау жөніндегі

штаб тың мүшесі болған, ал қазір “Ембіведьойл”
бірлескен кəсіпорнының Бас директоры қызметін
атқарып жүрген экономика ғылымдарының докто-
ры, Атырау облыстық мəслихатының депутаты

бұл кісімен ара дағы əңгімеміз оған мынадай сұрақ
қоюдан басталды.

– Мағауия Тəжіғараұлы, алдымен сіз бізге мына мəселе

жөнінде мағлұмат берсеңіз. №37-ші скважина дегеніміз не
өзі? Ол қандай нысан еді? Оның қазылып, иге рілуіне кімдер
мүдделі болды деп ойлайсыз?

– Көп адам білмейді, КСРО деген атақты елдің алып эконо-

микасы 70-ші жылдардың аяғында-ақ сыр беріп, оның түрлі
бағыттағы экономикалық көрсеткіш тері күрт төмендей баста-
ды. Əсіресе ол сол кездегі аса қажетті деп есептелетін азық-
түліктің жетіспеушілігі мен мұнай өнімінің жетімсіздігінен

анық байқалған еді. Осыған байланысты СОКП Орталық
Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі түрлі қаулылар
қабылдап, одақтас респуб ликалардан оның орындалуын
жанұшыра талап етіп жатты. Жағдай 80-ші жыл дардың ба-

сына келгенде тіпті ушығып кетті. Сөзіміз дəлелді болу үшін
бұған мынадай мысал келтірелік. Мұнайдың сол кездегі одақ
бойынша атағы дүрілдеп тұрған жері Батыс Сібір емес пе еді?!
Міне, 1982 жылдан бастап ондағы кəсіп шіліктер өздерінің ме-

желеген көрсеткіш терінен шыға алмай, алдымен 4, одан соң
7 миллион тонна кем өнім бере бастады. 1984 жылға келген-
де олар 10 миллион тонна мұнайға берешек болып қалып,
бұл бізден баратын құбырға тəуелді болып отырған Шығыс

Еуропадағы 6 социа листік мемлекетті у-шу қылды. Сол кез-
де ғой, КСРО Министрлер Кеңесі Төр ағасының орынбасары
Б.Е.Щербинаның Мəскеуде өткен үлкен жиында: “Мұнайға
мұқтаж дық сұмдық! Ендігі үміт – Каспий маңы ой патында.

Оны асты-үстіне келтіріп қазы ңыздар. Қопарыңыздар!
Қалайда мол мұнайға қол жеткізетін болайық. Орта лық қа
осылай қолұшын бермесеңіздер, онда біз құрыдық”, – деп
ышқынатыны. Міне, осыдан бастап Атырау даласындағы

Теңіз кенішіне шабуыл басталды дейсіз!.. Жер астындағы бұл

мұнай теңізі академик И.М.Губкиннің зерттеуінде одаққа бұ-
рын нан-ақ белгілі болатын. Бірақ ол Батыс Сібірдегідей жер
үстіне жақын емес, өте тереңде жатуы себепті игерілмей
келген-тін. Енді жан қысылғанда байлықтың 7 мың метрде

жат қаны мен кеніштің тұз күмбезі деп аталатын қыртысын
тесіп өту кезіндегі қауіпке жəне оның 25 пайызының күкірт-
ті сутегінен тұратын зияндылығына қарамастан тез əрі
шапшаң игеру қажет болды. Осы лай ша 1982 жылдан бастап

құрамында Вол го градтан шақырылған мамандары бар “При-
каспийбурнефть” өндірістік бірлес тігі мен біздің “Ембімұнай”
бірлестігінің адамдары Теңіз мұнай кенішін кең көлемде
терең детіп қазу жұмыстарын қолға алды. Соның нəтижесінде

1985 жылға дейін Волгоград бұрғышылары №№.1, 2, 3, 4, 5,
7, 9, 14-ші скважина лар ды ойдағыдай қазып шықса, біздің
атыраулық мамандарымыз да №№. 23, 19, 44, 38, 41, 36, 34-
ші ұңғыларды жоғары дəре жедегі тереңдікке жеткізуде жақсы

табыстарға қол жеткізді. Кезек №37-ші скважинаға келген.
Оған бұрғы салып қазу “Ембімұнай” бірлестігіндегі Балық-
шы барлау-бұрғылау басқармасына жүктелген еді…

– Апатқа қалай жол берілді. Өрттің алғашқы күндердегі

ауқымы мен оны ауыздықтауға байланысты атқарылған
жұмыстар туралы не айтар едіңіз?

– Бұл жерде сол кездегі КСРО Мұнай өнеркəсібі министрінің

бірінші орын ба сары В.И.Игревскийдің күнделігіне жүгін-
геніміз жөн шығар сірə. Валерий Ива нович осы оқиға
басталған күннен бастап Теңізге ұшып келіп, орын алған
жағдайға байланысты штаб бастығы ретінде түрлі шараларды

қолға алған адам. Сол кісінің сөзіне қарағанда 1985 жылғы ма-
усым айының 23-інен 24-іне қараған түнде бұрғышы-мастер
Ілес Оңайбаевтың бри га дасы вахта журналына жобалық
терең діктің 4467 метрге жеткенін, оның 4403 метрге дейінгі

бөлігі ережеге сəйкес цемент пен шегенделіп бекітілгенін
жазады. Ал ілеспе газдарды бұқтыру үшін ұңғыдан одан
əрі қарай жіберілген ерітінділер жер қабатының басқа бір
жарығына жол тапқандай əсер қалдырып, тұңғиыққа мүлдем

жұтылып кете берген. Не істеу керек? Осы жерде қандай
қағидаға сүйенгенін кім білсін, бас инженер Эдуард Черкасов
бүкіл құрал-жабдықты кері суырып, оны 3900 метрге дейін
көтеруге бұйрық береді. “Волго град НИИнефть” институты

ұсынған нұсқауда ешуақытта да бұлай етуге болмайтындығы
анық жазылған еді. Соны айтқан смена бастығы Асқар Ха-
телов бас инженердің алдында шыр-пыр болады. Бірақ анау
айтқанынан қайтпайды. Тəжікелесуден түк шықпасын білген

Асқар Эдуардқа ақыры: “Қол жүрген жерде бас жүреді.
Жабдықтарды көтер деген бұйрығыңызды қағазға жазба-
ша түсіріңіз”, – деп вахта журналын оның алды на қояды.
“Шешінген судан тайынбас”, – деген. Бас инженер енді екі

сөйлеуге арла нып, қолды қойып кеп жібереді. Содан не бол-
ған дейсіздер ғой. Құрал-жабдық кері суы рылғанда, бұрғымен
бұғып тұрған жер астын дағы газ гу етіп жоғары көтеріледі де
үйке ліс тен ысып кеткен құбыр демімен лезде жан шо шырлық

жалынға айналады. Өкініштісі, осын дай қауіпті залалсыз-
дандыратын жер үс тіндегі мұнара превенторын жабуға
мүмкіндік болмай, ол жартылай ашық күйі қалады.
Алғашқы күні ешкім ешқандай шешім қабылдай алмады.

Тек екінші тəулікте ғана В.А.Игревскийдің жетекшілігімен
арнайы штаб құрылып, төмендегідей шараларды жүзеге асы-
ру қажеттігі белгілі болды. Бірінші, мұндағы өртті жергілікті
күш көмегімен өшіру мүмкін емес. Сондықтан бұл жерге

еліміздің əр қиырынан осы салаға маманданған фонтаншылар
бригадаларын шақыру қажет. Екінші, апатты ауыздықтауға
ең керекті нəрсе су! Онсыз мұндағы жұрт ештеңе істей ал-
майды. Сондықтан жаз шыққалы бері аспаннан бір тамшы

жаңбыр тамбаған мына айтақырға су əкеліп, №37-ші скважи-
на маңайы оның мол қоры мен қамтамасыз етілуі тиіс. Үшінші,
мынадай сұмдық өртті өшіру бір апта немесе бір айдың шару-
асы емес. Оны ауыздықтауға ұзақ уақыт қажет. Ендеше бұл

тажалға көп адам күші мен мол техниканы шоғырландырып
алып барып кешенді түрде кірісу керек.
Бұлардың ішіндегі бірінші жəне екінші міндеттерді шешу
сол кездегі орталық үшін онша көп қиынға түскен жоқ. Себебі

ол бəрімізге белгілі кеңестік жүйеге тəн тікелей əкімшіл-
əміршілдік бұйрыққа байланысты орындалатын нəрсе ғой.
Бізді əуре-сарсаңға салғаны екінші міндет, яғни, қу меди-
ен дала дан су көзін тауып, оны өрт болып жатқан жерге

шұғыл жеткізу болды. Артезиан құды ғын қазуға бұрыннан
сызылып, хатталып-шотталған жоба-жоспар керек. Ақыл-
кеңес беретін гидрогеолог пен геофизик қажет. Аттың жалы,
түйенің қомында жүрген мы на дай қарбалыс шақта оларды

қайдан табар сың. Өстіп бас қатыра айқайласып жат қанбыз.
Сол уақытта көшпелі вагон үйшіктің көлеңкесінде қалғып
отырған күзетші қария: “Əй жігіттер! Көктемде теңіздің

суы көтеріліп, соның бір азы жайыла келе осы төңіректегі қазан шұң қырларға толып қалатыны бар. Мен білсем мына мосыағаш – репер тұрған төбеден 10 шақырымдай жердегі қолтықта биылдан қалған сондай бір тоспа болуы мүмкін. Соны барып көрің дерші”, – деп үзіле жаздаған үміт жібін жалғап жібергендей болды. Ақсақал дұрыс айтыпты. Нұсқаған жерді барып көрсек, айдын шалқар көл толқып жатыр! Қуанышымызда шек болмады. Содан іле-шала Төлеген Байзақов бастаған Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының 40 жігіті екі топқа бөлінді де дереу іске кірісіп кетті. Олардың алғашқы бөлігі жоғарыдағы көл мен №37-ші скважина арасына дейінгі 12 шақырым дық жерге арық қаза отырып құбыр тартуға кіріссе, қалған топ “Комацу” атты алып бульдозер тракторымен əрқайсысына 10 мың текше метр су сиятын екі айбар қазуды бас тады. Ақыры 3 тəулік ішінде құбыр төселіп бітіп əрі екі ортаға су айдайтын У-8-6 сорабы мен дизельді электр моторы қоса орнатылды. Ал содан он күн өткен соң 20 мың текше метр су сиятын екі қазаншұңқыр да қазылып бітті. Сөйтіп өрт сөндіретін фонтаншылар бригадасының рахметі мен сүйіспеншілігіне ие болдық. Олар алапат от қойнауына беттер алдында əуелі біз жасаған айбардан ша п шыған суға брезент желбегейлерін ұзақ малшындырып тұрып алатын. Содан соң барып тапсырманы орындауға аттанатын. Осылайша біз аз ғана уақыт ішінде адам мен оттың, от пен техниканың екі арасына судан шымылдық құрып үлгердік. – Еске түсіріп көріңізші. Біз сөз етіп отырған алапат өрттің адам шошырлық кезі деп оның қай айлардағы көрінісін айтар едіңіз? Жəне бір сауал: бұл тажалмен одақтық, республикалық деңгейдегі қандай мекемелер айналысып, олардан нендей көмек болды деп ойлайсыз? – Өрттің дес бермеген кезі деп 1985 жылдың шілдесі мен желтоқсаны аралығындағы 6 айды айтуға болады. Бұл кезеңде скважинаның фонтаншы мамандары мен арнаулы техникалар бара алады-ау деген бірінші белдеуі 140, одан кейінгі бөлігі 250 градус аптапқа жетсе, ал мұнараның нағыз кіндігіндегі от қызуы 1200 деген температура цифрынан түспей тұрып алды. Аспанға шапшыған алау болса ол əу бастағы 15-20 метрден 90, одан 140, ең соңында 190 метрге бір-ақ секірген жайы бар. Осындай дүлей күшті мүмкіндігінше тез ауыздықтау үшін сол кездегі орталық пен өз республикамыз ештеңесін аяп қалған жоқ əрине. Бізге жəрдемдесу үшін КСРО-ның 12 қаласынан іріктеп отырып жасақталған мынау деген 8 фонтаншылар бригадасы көмекке келіп, №37-ші скважинадағы өрт мəселесімен сол кездегі Геология, Мұнай жəне Орта машиналарды жасау, сондай-ақ Газ өнеркəсібі секілді төрт бірдей одақтық министрлік, оған қоса үш ғылыми-зерттеу институтындағы конструкторлық бюро лардың айналысқаны есімде. Қалыптасқан жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстарды Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің сол кездегі Төрағасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі тікелей бақылап, қажетті көмектің бəрін көрсетіп отырды. – Бұл ведомстволар мен мекемелер сонда өзіміз сөз етіп отырған апатты жағдайды жою үшін қандай шешім қабылдап, оған қарсы нендей əдіс қолдануды жөн деп шешкен еді? – Екі ұсыныс болды. Оның біріншісі өртті ядролық жарылыс жасау арқылы сөндіру де екіншісі, от бүркіп, жалын шашып жатқан №37-ші скважинаның аузын көлемі мен салмағы өте үлкен əрі ауыр гидроқон дыр ғы арқылы басып тастап барып превен тор ды жабуға қол жеткізу керек деген шешім еді. Бірінші ұсыныс бойынша өрт болып жатқан мұнай мұнарасының қос қапта лын дағы 800 метр жерден №100 жəне №101 деп аталатын жаңа скважиналарға бұрғы салдық. Мамандардың есебі бойынша əрқайсысы 16 градустық көлбеумен қазылатын бұл екі ұңғы уақыт өте келе №37-ші скважинаның жер астындағы өзегіне келіп түйісуі тиіс. Міне, сол кезде оларға ядролық заряд жіберіледі де Семей полигонындағыдай алапат жарылыс жасалып, одан қопарылған жүздеген тонна топы рақ өрт ошағын басып қалмақшы. Жарайды, ештеңеге бой бермей тұрған тажал осылай ауыздықталды делік. Ал оның залалы ше? Ертең атом жарылысынан кейін мұндағы мұнай бəрібір игерілмей тұрмайды ғой. Сонда одан пайда болған радиацияның мың сан рентгендік күлгін сəулесіне шомылған тұз асты қарамайының қауіптілігін қайда қоя мыз? Абырой болғанда бізді бұл тығы рықтан өмірде көп кездесе бермейтін бір кездей соқ тық құтқарды. Ол СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М.С.Горбачевтың сол жыл ғы 6 тамыздан бастап жер астында ядролық сы нақ жүргізуге тыйым салған бір жылдық мора ториі еді. Соның нəтижесінде Атырау даласындағы бұл атом жарылысы жүзеге аспай қалды. Бұл кезде өрт ошағын таудай алып темір қалпақпен басып қалып тұншықтыратын екінші əдіс – үлкен гидроқондырғы

жасау жұмысы қызу қолға алынып жатқан болатын. Оның
авторы Украинадан шақыртылған атақты өнертапқыш Леон
Михайлович Каль на еді. Құрылымы өте күрделі бұл дүниенің
негізі Грозныйда, ал оны жетілдіру жұмыс тары Гурьевтегі

Г.И.Петровский атындағы машина жасау зауытында жасалып
жатты.
Тамыз, қыркүйек, қазан… Уақыт зырлап өтуде. Міне,
қараша да келіп жетті. Лапылдай жанып жатқан алау бол-

са анау. Бізде дегбір жоқ. Ақыры ес кетіп, жан шықты де-
ген мезет – 5 ай өткенде ол да бітті-ау əйтеуір!… Бұл 1985
жылдың 31 желтоқсаны еді. Сол күні көлемі таудай алып
гидроқондырғы арнайы жасалған теміртабан жолмен №37-ші

скважина сағағына тақап əкелінді. Енді жайдақ платформа-
да тұрған оны əрқайсысы 100 тонналық 4 кран көтеріп алып,
от вулканының үстіне қондыруы керек. Сол мезетте оның
ішіндегі түрлі ерітіндіге толы жүздеген сұйық қапшықтар

жарылып, одан пайда болған көбіктер ұңғы аузына құйылады
да алау сыртын кəдуілгі қалпақ сияқты жасалған гидро-
қондырғы корпусы 700 атмосфералық қысыммен басып
қалады. Осы сəтті күтіп тұрған фонтаншылар бригадала-

ры бұл екі арада превентор мен колоннаны жымдастыратын
əрқайсысы жеңіл машинаның дөңгелегіндей 9 ірі болтты ар-
наулы техниканың көмегімен бұрап, гайкаларын қатайтып
үлгереді. Одан кейінгі кезек іске тас-түйін əзір боп тұрған

цементтеуші агрегат адамдарына келмек.
Əңгімені көп созып қайтейік, ақыры солай болды да. Бұл
31 желтоқсан күнгі кешкі сағат 17.30-дың кезі еді. Неше тəулік
бойы қайта-қайта айтылып, қайта-қайта пысықталған істің

тағдырын санаулы секундтар шешті де жіберді. Сөйтіп адуын
алауға бұғалық түсті. Енді ол бұрынғыдай аспанға шапшып,
ойнақ сала алмайды. Бұдан былайғы жерде “бөтелке ішіндегі
жын” алып гидроқон дырғы қалпағының қос бүйіріндегі ар-

найы тесіктен ғана көзі жылтырай дем шығарып жататын бо-
лады. Сөйтіп 193 күн дегенде өрттің алапат қарқыны қайтып,
одан кейінгі 207 күн ішінде ол бірте-бірде тұншықтырыла
отырып өшірілгені бар. Бұл 1986 жылдың 30 шілдесі еді.

– 400 күндік осы өрт кезінде талай оқыс оқиғалар болған

шығар…

– Иə. Ондай жəйттер өте көп.

– Солардың ішінде қайсысы есіңізде ерекше сақталып

қалды деп ойлайсыз?

– Екі оқиға… Сол екі оқиға əлі көз алдымнан кетпейді. Өрт

басталғаннан кейін бір айдан соң ғой деймін, штаб бас тығы
В.И.Игревскийдің жан дауысы шы ғып, тыпырлады да қалды.
Сөйтсек №37-ші скважина маңындағы жалынға оранған ва-
гон үйшікте геофизикалық приборлар сақ талған темір жəшік

қалып қойыпты. Оның ішінде радиоактивті зат – “Цезий-437”
капсулы бар екен. Бұл жөнінде бұ рын-соңды ешкімге тіс жа-
рып айтыл ма ған. Енді соны тауып, залалсыз дандыру керек.
Өйткені ол күлге айналып жанып, ауаға ұшып кетсе жақсы.

Ал радиация та ра татын тажал аяқ астында қа лып, күлгін
сəулесін сəт сайын төңі рек ке шашып, адам өміріне қауіп
төндіріп жатса ше? Қалай болғанда да енді оны таппай ты-
ныш тық жоқ. Үстілеріндегі зіл батпан ска фан дрдан белдері

бүгіліп кеткен фонтан шы лар бригадасының мүшелері жалын
іші нен əлгі пəлекетті ал кеп іздесін дейсіз. Осылайша үш күн
өтті. Төртінші… иə, төртінші күні олардың қолдарындағы
радиометр “Цезий-437” капсулын қапты-ау ақыры. Сөйтсе ол

темір жəшік сква жи на сағағынан 70 метрдей жердегі топы-
рақ астына 50 сантиметрдей кіріп кеткен екен. Қауіпті “олжа”
сол бойда арнаулы кон тейнерге салынып, тікұшақпен Гу-
рьев ма ңындағы радиоактивті заттарды сақ тайтын қоймаға

жөнелтілді. Осыдан кейін барып қана “уһ” деп жүрегіміздің
орнына түскені бар.
Есімнен кетпейтін екінші оқиға ол өзі міз сөз етіп
отырған алапат өртті ауыз дықтау кезіндегі бір айқаста

бізге көмекке келген Полтава фонтаншылар отряды ко ман-
дирінің көмекшісі Владимир Пав ло вич Бондаренконың
қайғылы қазаға ұшы рауы. Ол өте батыл əрі тəжірибесі мол
азамат еді. Бойы 2 метрге таяу еңгезердей жігіт-тін. Воло-

дя 29 қазан күні аждаһа аузына фонтаншылар тобын бастап
барып, тапсырманы орындағаннан кейін қайтуға бет алады.
“Бізді алға оздырып жіберіп, ар тымыздан жүру оның əдеті
еді”, – дейді жолдастары. Олар от арасынан шығып бір-бірін

түгендесе, командирдің көмекшісі жоқ. Топ ішінен бөлінген
екі адам іле-шала кері бұрылып, əріптесін іздейді. Сөйтсе ол
скважина сағағынан 8-10 метр жерде ұйпа-тұйпа болып жа-
тыр екен. Баяғы зор дененің орнында əншейін бүріскен бір

құр кеуек қана қалыпты. Қандай жағдайда, нендей себеппен
мерт болғаны түсініксіз. Өте жоғары от қызуы нан басы ай-
налып құлады ма, жоқ əлде сол мезетте қатты шаң борап,
топы рақ құйыны басталып еді, содан ба, ешкім білмейді.

Күйкентайдай болып күйген бір уыс мүрдені от арасынан
алып шығу оңай болған жоқ. Марқұмның денесі вагон үйшік
жанына əкелінген соң оған соңғы құрмет ретінде басымыз-
ды үнсіз идік те тікұшақпен Гурьевке жөнелттік. Ертесінде

достары оны өз еліне апарып жерлеу үшін Полтаваға алып
ұшты.

– Қалай ойлайсыз, осындай жойқын өрт бұрын əлемнің

мұнай-газ өндіретін кеніштерінде орын алған ба?

– Менің білуімше, адамзат баласы бұған дейін нақ осыған

ұқсас екі жағдайды бастан өткерген сияқты. Оның біріншісі,
нақты қай жыл екені есімде жоқ, ертеректе Газлиде болыпты.
Ашық аспан астындағы сойқан алау 100 күн бойы бой бер-
мей, мамандар ақыры оны ядролық жарылыс жасап өшірген.

Екінші оқиға 1961 жылы Алжир Сахарасында орын алған.
“Гиннестің рекордтар кітабында” оған: “Газ өндіретін кен
орындарындағы ең үлкен, ең бір алапат өрт Гасси-Туиль деген
жерде болған. Ол 1961 жылдың 13 қарашасынан 1962 жылдың

28 сəуіріне дейін жанған. Жалынының биіктігі 137 метрге
жеткен өртті АҚШ-тан шақыртыл ған маман Пол Адэр 245
кг. динамитті ақаулы ұңғыға бағыттау арқылы жарылыс жа-
сап сөндірген”, – деген анықтама берілген. Басқадай деректі

білмедім.
…Байырғы мұнайшы, кəсіби маман, білікті ғалым, зерделі
басшы Мағауия Тəжіғараұлы Шырдабаевтың жоғарыдағы
əңгімесін тыңдап отырғанымда есіме мына бір жəйт түсті.

1987 жылдың шілде айы еді. Гурьев облысында “Лениншіл
жас” газетінің күндері өтетін болды. Бұл шараға қатысуға жа-
стар басылымының бұрынғы қызметкері ретінде “Қазақстан
комму ни сі” журналында жұмыс істеп жүрген мен де

шақырылдым. Облыс орталығына келіп түскен соң құрамында
газет редакторы Уə ли хан Қалижанов, актер Досқан Жол жақ-
сы нов, ғалым Есбол Жамалбеков жəне жастар газетінің бөлім
меңгерушісі Өтеген Оралбаев бар бəрі міз тікұшақпен сол

кездері Венгрия ма ман дарының көмегімен жаңадан игеріліп
жатқан Теңіз кенішіне бағыт алдық. Орта жолға жеткенде
атышулы №37-ші сква жи на ға тоқтадық. Бұл кезде өрттің
аяқтал ға ны на бір жыл болған-тын. Бірақ оның сой қан іздері

əлі де өше қоймапты. Төңі рек ті жайлап алған күкірт иісі мен
құйқасы күйген жер қыртысы көз алдымызда тұнжырап жат-
ты. Скважинадан 200 метрдей жердегі иесіз қалған вагон
үйшікке келдік. Тікұшақ ұшқышы оның ар жағындағы сайда

тау төбе болып үйіліп жатқан 2 мыңға жуық тесіліп, күйіп
кеткен фонтаншылар скафандрын көрсетті. Осыдан-ақ алапат
өрттің қандай болғанын білуге болар еді.
Қайтарымда мен аяғымның астындағы 1200 градустық

температурадан
балқып
кеткен
керамикалық

топырақ
түйіршегі – обсиденді алып қалтама салдым. “Бұл оқиғаны
кім біледі?” – деп сұрадым сосын жолбасшыдан. “Қайтесіз
əуре болып. Бəрібір сізге оны жазғызбайды”, – деді ұшқыш.

№37-ші скважинадан алып қайтқан сол обсиден біздің үйдегі
кітап сөресінің жиегінде 20 жыл бойы тұрды. Ал биыл, 21-ші
жылға аяқ басқанда оның тарихын Мағауия Тəжіғараұлымен
кездесудің арқасында жазуға мүмкіндік туды. Бұған да

шүкіршілік.
2006 жыл.
Авторлық
анықтама:

Мағауия
Тəжіғараұлы
Шырдабаев бұрынғысынша сол Атырау қаласында
тұрады. Таяуда жергілікті баспадан “Ауғанстанда

өткен күндер” атты жинақ құрастырып шығарғанын
естідік. Онда 1972-1988 жылдары сол елге Кеңес
Одағынан барған қазақстандық мұнай мамандары ту-
ралы сөз болады екен. Ойлап қарасақ, енді ғана жазы-

лып жатқан ел тарихы үшін бұл да керек, қажет нəрсе
сияқты. Сол үшін де кейіпкерімізге іштей ризашылық
сезімімізді білдірдік.

Рухы
кїштілер

МАРШАЛ

МІНГЕН

АҚБОЗ АТ

1978 жылы “Жұлдыз” журналында белгілі жазушы
Сəуірбек Бақбергеновтің “Ат дүбірі” деген очеркі жария-
ланды. Автор мұнда ғасыр пырағы атанған Луговой жылқы
заводының төл перзенті əйгілі Абсент жайын тілге тиек ете

отырып, Қазақстандағы ат спортының хал-жағдайына кеңінен
тоқталған еді. Онда сонымен бірге халқымыздың ежелден
бергі айнымас серігі – жылқы түлігінің өміріне, тарихына
қатысты қызықты деректер де көптеп келтірілген болатын.

Солардың ішінде бізді əсіресе мына бір сөйлем жолдарының
жүрегімізді лүп еткізгені бар.
“… Көрермен жұртшылықтың көз алдына келер ме екен?
Мəселен, ең бірінші Жеңіс парады 1945 жылдың 24 июні күні

өтті. Москвада, Қызыл алаңда болған Жеңістің тұңғыш пара-
дын қабылдаған Совет Одағының төрт мəрте Батыры, маршал
Георгий Константинович Жуков еді. Ол кісі ақбоз атқа мініп
шықты. Сондағы ақбоз ат Араб, кəдімгі Абсенттің əкесі бола-

тын”.
Абсент… Абсент. Рим, Токио қалаларындағы ХVП, ХVІІІ
Олимпиада ойындарының жүлдегері, əлемнің төрт бұрышын
түгел аралап, он екі жыл бойы қатарынан алдыңғы топ-

тан көрінген ақылды арғымақты кім білмейді? Ол біздің
республикамыздың,
біздің
республикамыз

ғана
емес,
еліміздің ат спорты жөніндегі ары мен намысы болды ғой.
1956 жылдан 1970 жылға дейінгі аралықта бұл жануардың

дүркіреген атақ-даңқы болашақтан болашаққа аңыз болып
қалар əлі! Ал оның əкесі Араб айғырының Жеңіс парадына
қатысуы қызық екен…
Не керек, аталмыш очерктегі құпия жібінің ұшы қылтиып

шығып тұрған қысқа сөйлемдерді оқыған кезден бастап, біздің
ойымыздан осы бір факт кетпей-ақ қойды. Ақыры арада міне,
аттай екі жыл уақыт өткен соң Жамбылдағы Луговой жылқы
заводы қайдасың деп тартып отыруға тура келді. Өйткені…

Абсент – Луговойда өмірге келген. Құнан шыққанға
дейін осында бағып-күтіліп, əлем құрлықтарындағы түрлі
аламан бəйгелерге қатысқан бұл жануар 14 жылдан соң өз
атамекеніне қайта оралған. Олай болса оның ата-тегі жай-

ында завод музейінде нақты мəліметтер болуы тиіс қой.
… Оңашада келе жатқан адамға қашанда ой серік. Алма-
ты – Ташкент автобусы алдымыздағы аңырап жатқан асфальт
жолда үдемелі жылдамдық алған сайын, менің қиялым да сан

тарапқа самғауда. Олардың кейбіреулері – адам.., ат…, аттың
адамға деген ғасырлар бойғы адал қызметіне қатысты жайлар.
Мамандардың не деп түсіндіретінін қайдам, біздің
қарапайым ұғымымызда аттың адамға, қоғамға деген еңбегін

былайша бағалауға болатын сияқты. Ол – жылқы түлігінің ең
алдымен еңбек көлігі екендігі. Оған бұл тақырыпқа қатысты
арғы-бергі тарихтың бір ғана жарқын көрінісі – кешегі
Түркісіб шойын жолының құрылысын мысалға алуға болады.

Ұзындығы 1450 шақырымға созылған осы жанқиярлық істе
жылқы малы қазақтың алғашқы жұмысшы табымен бірге та-
уды бұзып, тасты басысты. Сол жылдардағы адал қызмет иесі
ол арғы шеті Семейден Жаңғызтөбе…, одан Аякөзге дейін

құлақ түбі тершіп кіре тасысты. Ал құрылыстың бергі беті
Шу, Шоқпар, Айнабұлақ аралығында сауырын ақкөбік жауып
топырақ жалдарын үюге қатысты.
Ат – армия күші. Біздің мұндай тұжырымға келуімізге

атты əскер тарихына қатысты төмендегідей фактілердің негіз
болуы. Олар – сонау жоңғар шапқыншылығындағы Жалаңтөс
баһадүр жігіттерінің Самарқаннан Орбұлаққа он күнде жет-
кен əбжілдігі, Европадағы жетіжылдық соғыс кезіндегі

пруссактардың құйындай ұйтқыған Зейдлиц кавалериясы,
француздардағы Мюрат атты əскерлерінің даңқы, Россиядағы
казак Платовтың жанкешті жорықтары жайындағы қызықты
деректер. Одан кейінгі Ұлы Отан соғысындағы генерал До-

ватор атты əскер корпусы…, генерал Белов жауынгерлерінің
Берлинге кіруі…, міне, мұның бəрі де жоғарыдағы өзіміз сөз
етіп отырған атқа, қасиетті түлік – жылқы малына қатысты
жəйттер.

“Демек, – дейміз біз осы арада – Ұлы Отан соғысының
сұрапыл күндеріндегі қиын-қыстау кезеңдерде біздің тылы-
мыздағы асыл тұқымды жылқы заводтарының үлкен роль
атқарғаны сөзсіз. Өйткені майдандағы кавалериялық корпу-

старды мініс көлігімен қамтамасыз ету, жорық жолдарындағы
зеңбіректерді тасымалдау, жауынгерлік кухня – асханалар
мен далалық почта жүктерін жеткізу сияқты жұмыстарда ат
əбден керек болған. Олай болса өзіміз бет алып келе жатқан

Луговой жылқы заводының Жеңіс күнін сол кездері бір табан болса да жақындатып, оған өзіндік үлес қосқандығы анық. Бұл жайтқа да зер салу керек екен-ау”. Осындай ойлардың жетегіне ерген мен автобустан Луговойға таңғы сағат жеті шамасында келіп түстім. Жол шетіндегі сілтеме қададан аңғаруымша, жылқы заводы бұл жерден онша алыс емес сияқты. Жаяулап жүре беруге тура келді. Ойланып келемін. Ойланып келе жатқан себебім – Абсенттің əкесі Арабтың Жеңіс парадына қалай, қашан барғандығы жəне оның өмірбаянының маған толық таныс емес екендігі. Көңілге демеу болар нəрсе – жазушының жоғарыда аты аталған шығармасындағы: “Сондағы ақбоз ат Араб, кəдімгі Абсенттің əкесі еді”, – деген жалғыз сөйлемнің санамда жаңғырығып тұрып алуы. Кім біледі ол жаққа бұл жануар мүмкін Луговой емес басқа жерден барған шығар. Соғыс кезінде біздің республикамызда Қарқара, Дегерес, Мұғаджар, Құланды жылқы заводтары жұмыс істеді ғой. Ал мұндай шаруашылықтар Сібір мен Орта Азияда қаншама еді десеңізші? Бірақ…, иə бірақ Жеңіс парадын қабылдаған маршал астындағы арғымақтың Ұлы Отан соғысынан кейінгі тағдыры əйтеуір осы заводпен байланысты болғаны анық. Олай деп айтуымызға Арабтың баласы Абсентің Ұлы Отан соғысынан кейінгі дəл осы заводта өмірге келуі. … Қырғыз Алатауының бір сілемі – Сұлутөр бектерінен алтынкүрек жел есіп тұр. Қыстың қош айтысар соңғы қары – құсқанатыдан қалған алашұбар үрінді төбе етегінде қыздың жиған жүгіндей ақшаңқан ауыл жатыр. Одан əріректегі қасқа жол бойымен бірде желіп, бірде шоқытып салт аттылар тобы салдыртып барады. Жылқышылар-ау шамасы. Олардың астындағы аяқтарын алшаң басып, ауыздықтарын қарш-қарш шайнаған көсем жүрісті сəйгүліктер дүбірін естігенде қазір ұмыт болған, бірақ бір кездері өзіңе етене таныс жайлар есіңе түсіп, жанарың жасаурағандай… … Шаруашылық директоры Иван Афанасьевич Финько, парторг Махан Есбаев жəне осы шаруашылықтағы кадрлар бөлімінің меңгерушісі Əлібек Баялиевтермен арадағы əңгіме Луговой жылқы заводының Ұлы Отан соғысы кезіндегі атқарған жұмыстары тақырыбы бойынша өрістеді. – Заводтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихын жақсы білетін адам – ол мын, Əлекең. Өйткені бұл кісі 1939 жылдан бері осы жерден таба аудармай жұмыс істеп келеді, – деді Иван Афанасьевич Финько. – Солай деңіз. Шаруашылықтағы кадрлар бөлімінің меңгерушісі Əлібек Баялиев ақсақалдың айтуына қарағанда Ұлы Отан соғысы жылдарында №97 Луговой жылқы заводы елеулі жұмыстар жүргізе білген. Ол сол кездегі мұндағы 150 еңбеккердің 112інің қару алып, майданға аттануын былай қойғанда, атпал азаматтардың орнын басқан қарт жылқышылардың Қызыл Армия бөлімшелеріне 1941 жылы – 390, 1942 жылы – 410, 1943 жылы – 370, 1944 жылы – 350, 1945 жылы – 287 жылқы беруді қамтамасыз еткен қажырлы қимылынан айқын көрінеді. – Бұл біздің жылқы заводының 1941-1945 жылдар аралығындағы қорғаныс мақсатына сəйкес атқарған жұмыстарының бір бөлігі ғана, – дейді Əлекең осы арада сəл үзіліс жасап. – Ал шаруашылықтағы сол кездері еңбек еткен адамдардың, мамандардың, өзіңе керек деп табылатын басқа мəліметтердің бəрін мына іс қағаздарынан табуына болады. Сөйтті де ол кісі маған сырты ақжемденіп тоза бастаған бір топ қағаз бумаларын алдыма қойды. – Қарап отырмын. Алғашқы беттерінде 1940, 1941, 1942… 1948 деп жазылған тігінділерден заводтың осыдан 38-40 жыл бұрынғы тыныс-тіршілігін толық көз алдыңа елестетуге болатын сияқты. Мұнда майданға, басқа шаруашылықтарға жөнелтілген жылқылардың санын куəлан дыратын іс қағаздары…, қолхат…, еңбекшілерді жұмысқа алу жайындағы бұйрықтармен бірге Ш.Жанғазин, А.Тол стунов, М.Потапов, А.Жұбанышев деген кісі аттары мен фамилиялары да əр жерден қылаң беруде. Байқап қарасақ бұлар 19381950 жылдардағы осында қызмет атқарған шаруашылық директорлары екен. Бір мезетте…, иə, бір мезетте мұқабасына 1950 жыл деп белгі соққан кіріс-шығыс қағаздарының жуан ортасына келгенімізде жүйкеміз солқ ете түскендей əсерде қалдық. Ол – Араб деген сөздің жанарымызға жасын отындай жалт етіп ілігуі еді. “… Москвадағы Орталық əскери спорт клубынан Жамбылдағы №49 жылқы заводына əкелінген Араб-Қазбек айғырын біздің шаруашылыққа жөнелтілуінің ерекше тездетілуіне назар аударылсын. Завод директоры В.В.Иванов. Декабрь 1950 жыл”. Шаруашылықтың тыныс-тіршілігіне орай беріліп жата-

тын кəдуілгі көп бұйрықтардың бірі – осы доку мент тің алдыартында пəлендей басы артық сөз жоқ. Елуінші жылдардың еңбекқор кеңсе қызметкері жоғарыдағы сөз дерді сия қарындашпен жазып отырғанда, оның тарихи дерекке айналарын сезбей, өзінің күнделікті толтыратын көп іс қағаздарының бірі деп қараған-ау шамасы. Əйтпесе кеңейтіңкіреп жазбас па еді?! Дегенмен дəл қазіргі сəтте осының өзі құнды еді. Құндысы сол – ол Араб – Қазбектің қайдан, қашан келгені жайында мəлімет бергендігінде. – Кешіріңіз. Мына бір бұйрықтың мазмұнын қалай түсінуге болады? – Қанеки, көрелік. Уақыт табынан сарғайған қағаз беттеріне көз жүгірткен Əлекең – Əлібек Баялиев аталмыш сөйлемдерді оқып болып аз-кем отырды да: “Бұл Жеңіс парадына маршал дардың маршалы мініп шыққан, кейін Семен Михайлович Буденныйдың бұйрығымен Жамбылдағы №49 заводқа жіберілген. Араб – Қазбек айғырына байланысты берілген нұсқау ғой”, – деді. – Буденный? Ол кісі сіздердің заводтарыңызды білген бе сонда? – Білгені өз алдына, 1948 жылы бізбен іргелес жаңағы заводқа келіп те кеткен. Абсенттің əкесі Арабтың Жамбыл өңі келуінің өзі сол сапарға тығыз байланысты жай. Бақсақ, əңгіме төркіні мынада екен. Соғысқа дейін жəне соғыстан кейін Жамбыл облысында екі жылқы шаруашылығы болған. Оның бірі осы Луговой да, екіншісі №49 завод. Соңғы шаруашылық қазір жоқ. Ол 1954 жылғы тың көтеру кезінде Луговоймен бірігіп кеткен. Совет Одағының маршалы С.М.Буденный 1948 жылы июнь айында Қазақстанға келген сапарында Жамбыл жеріндегі екі жылқы шаруашылығының бірі – №49 заводқа арнайы соғып аялдайды. Осында болған кезінде білікті маман көзге ұрып тұрған бір кемшілікті дөп басады. Ол – мұндағы асыл тұқымды айғырлардың тым аз екендігі еді. Маршал жанындағы адамдарға осыны ескерткен кезде завод қызметкерлері бұл іске Семен Михайловичтің өзі араласып, көмек көрсетсе қалай болар екен, онсыз мұны шешу тым қиынға соғады, деген ойларын айтады. Не керек сол жерде олар бір кездері маршал Г.К.Жуков мінген, кейін жасы келіп қалуына байланысты əскери ойындарға қатысудан босап, Москвадағы Орталық əскери-спорт клубында күтімде тұрған 18 жасар Араб – Қазбекті Жамбылдағы №49 жылқы заводына жіберуге шешім қабылдайды. Мұның өзі асыл текті айғырдан тұқым алып қалудың бірден-бір тиімді жолы еді. – Арабты Абсенттің əкесі деп атауымыздың негізгі төркіні осында – дейді завод директоры Иван Афанасьевич Финько. Енді бізге бəрі де түсінікті сияқты. Түсінікті болатыны, Араб – Қазбек айғыры Жамбылдағы №49 жылқы заводына келген соң көп ұзамай Луговойға ауыстырылған. Ауыстырылу себебі – аудан басшыларының тың жерлерді игеруге байланысты жылқы шаруашылықтарын бір жерге жинақтап, оның орнына жаңа астық совхоздарын ұйымдастырғандығында еді. Луговой жылқы заводының директоры В.В.Ивановтың сол кездері: “Москвадағы Орталық əскери-спорт клубынан Жамбылдағы №49 жылқы заводына əкелінген Араб-Казбек айғырын біздің шаруа шылыққа ауыстыруды тездетуге ерекше назар аударыл сын”, – деп өз мамандарына мазасыздана нұсқау беруі осы жағдайға байланысты болса керек. Бұл əрине орынды түрдегі мазасыздану еді. Өйткені, атағы айдай əлемге белгілі асыл текті арғымақтан қол созым жерде тұрып айырылып қалудың арты қаншалықты орын толмас өкініш екендігі кім-кімге де болмасын түсінікті ғой. Міне, осындай жағдайлардан кейін барып, Луговойға келген Араб-Казбек арада бір жыл өткен соң артынан бүкіл əлем шулаған ғасыр пырағының əкесі атанады. Ол – мал шаруашылығындағы ежелден қалыптасқан зоотехникалық ережеге сəйкес аты атасы Арабтың – А, шешесі – Баққараның – Б əріптерінен алынып қойылған құлын– Абсент болатын. … Завод директоры мен оның жанындағы мамандардың жоғарыдағы сөздерін тыңдап отырған менің ойыма осы арада мына бір жайлар келді. Соның бірі – өзім іздеп келген шаруа – маршал мінген ақбоз аттың Москвадан Қазақстанға қалай келгендігі жайлы мəселеден толық хабардар болсам, екіншісі – Араб – Казбектің енді Ұлы Отан соғысына дейінгі тағдыры, яғни оның Москваға қай жерден барғаны, Жеңіс парадына қатысу тарихы жайында туындаған сауалдарға жауап іздеуім еді. – Маналы бері əңгімеден мына жайға қаныққан даймын, Иван Афанасьевич, – дедім мен арадағы үнсіздікті бұзып. – Ол – Араб – Казбектің Ұлы Отан соғысынан кейінгі өмірбаянының біздің республикамызбен тығыз байланысты екендігі. Ал, оның ұлы Отан соғысына дейінгі тағдыры ше? Сіз осыны білесіз бе?

– Бұл сұраққа жауап бермес үшін сіз бен біз мына нəрсеге назар аударғанымыз жөн ғой деймін, – деді осы арада сөзге араласқан парторг Махан Есбаев: – 1977 жылы Ұлы Октябрьдің 60 жылдық мерекесі қарсаңында еліміздің теледидар экрандарында “Біздің өмірбаян” атты көпсе риялы деректі фильмнің жүргені есіңізде ме? – Иə, есімде. – Есіңізде болса, сол ленталардың отызыншы жылдарға қатысты бөлігі қандай оқиғалармен сипатталған? – ДнепроГЭС құрылысы…, Стахановшылар қозғалысы… Челюскиншілердің Солтүстік мұзды мұхитқа жорығы… Төрт советтік комсомол қыздың “Родина” самолетімен Москва – Владивосток аралығына қонбай ұшып, рекорд жасауы… – Мұның бəрі дұрыс. Ал, ақалтеке арғымақтарға мінген түркімен жігіттерінің Ашхабадтан Москваға тартқан шеруі ше? Парторгтың ойын енді ған түсінгендей болдым. Өйткені осы сəтте менің көз алдыма картина титрында “1935” деп жазылған деректі лентадағы мына бір эпизод елес беріп өткен еді. … Экранда – Еділ бойындағы қалмақ даласы. Онда жетегіне бір-бір ат алған шабандоздар арттарынан будақ-будақ шаң қалдырып, құйғытып келеді. Диктордың сөзінен біз олардың Ашхабадтан Москваға ақалтеке арғымақтарымен баруға бел буған түркімен жігіттері екенін естиміз. Міне, сол лентадан тағы бір көрініс. Бұл жолы олар Москвада. Ұзындығы 1400 шақырымдық жолды аман-есен жүріп өткен жігіттерді Климент Ефремович Ворошилов қабылдап тұр. Кездесу соңында түркмендік шабандоздар маршал алдынан ақбоз арғымақты арлы-берлі ойқастата алып өтті. Бұл олардың əскербасына деген сыйлық рəсімі еді. – Сондағы ақбоз осы біз əңгіме етіп отырған Араб па? – Иə, – дейді Махаң. Сөйтті де: – Қорғаныс комиссарына тарту етілген бұл жануар ол кезде бес жаста болған. Содан бастап ол Москвадағы Орталық əскери-спорт клубының қарамағына берілген. Ал он бес жасында Жеңіс парады кезінде маршал Г.К.Жуковтың тақымына тиген, – деген сөздерді қосып қойды. – Өз өмірімде мен Арабтың жоғарыдағыдай тарихи оқиғаларға қатысуын көзбен көрген екі адаммен жақсы таныс болдым, – дейді осы арада сөзге араласқан Иван Афанасьевич. – Оның біріншісі сонау елуінші жылдары Қазақтың зоотехникалық – малдəрігерлік институтында оқытушылық қызмет атқарған ұстазым Петр Александрович Карасев те, екіншісі, 1948-1961 жылдарға дейін осы Луговой жылқы заводының директоры міндетін атқарған Вениамин Вениаминович Иванов еді. Профессор П.А.Карасевтің Арабты жақсы білетіні, 1935 жылы түркімен жігіттерінің Ашхабад – Москва аралығындағы ақалтеке аттарының шабысқа шыдамдылығын сынау марафонында оған өзінің мал дəрігері ретінде қатысып, барлық оқиғаларға куəгер болғандығында. Ал, В.В.Ивановқа келер болсақ, Ұлы Отан соғысында генерал П.А.Беловтың атты əскер корпусында болған бұл Дон казагы С.М.Буденныйдың бұйрығымен Арабты Жеңіс парадына дайындаған бапкердің нақ өзі еді. Сол ат жайында сөз қозғалса болды екеуі де ішкен астарын жерге қоятын. Иван Афанасьевич Финьконың мына сөзін естіп отырғанда мен, қазір Кубаньдағы Краснодар жылқы заводының басшысы, бұрынғы Луговой шаруашылығының директоры Вениамин Ивановтың 1950 жылдың декабрін дегі Араб үшін неліктен мазасызданғанын енді түсінгендей болдым. – Араб жайында біздің білетініміз осы. Одан арғысы өзіңізге мəлім шығар, – деді отырғандар. Иə, одан арғысы белгілі еді. Белгілі болатыны… “… Сағат онға үш минут қалғанда мен атпен Спасск қақпасының алдында болдым. “Парад, тік тұр!”– деген команда анық естілді. Командадан соң ду қол шапалақтады. Сағат 10.00-ді соқты. Тілмен айтып жеткізу мүмкін емес: жүрек дүрсіл қағады… Атымды тебініп, Қызыл алаңға бет алдым. Төңіректі Глинканың “Даңқың артсын!” музыкасының құдіретті де салтанатты үні жайлады. Содан соң кенет тып-тыныш бола қалды да, парад қолбасшысы Совет Одағының маршалы К.К.Рокоссовскийдің сөздері ап-анық естілді. Ол да менен кем толқып тұрмаған болар. Оның рапорты менің бар назарымды аударып, сабырлы қалыпқа түсірді”. /Г.К.Жуков. “Естеліктер мен толғаныстар” 691-692-беттер/. * * * … Қайтып келемін.

* * *
… Аңырақай даласын артқа тастаған автобус Фрунзе
қаласынан өте бергенде алқынып қалғандай болды. Машина
моторының күрк-күрк еткен көксау жөтелінен Қордай асуы-

на таянғанымызды біліп, терезе əйнегінен сыртқа қарадым.
Көзіме төбешіктердегі бүркіт, бұғы бейнелері шалынды. Осы
сəтте ойыма жазушы Сəуірбек Бақбергеновтың “Ат дүбірі”
очеркіндегі: “Біздің республика кең де байтақ. Қазір оның

тамаша тас жолдары көп. Бір кезде атпен ғана аса алатын
қиын асуларды бұзып-жарып жолдар салынған. Сол жолдар-
мен жүріп келе жатқанда əр жерден арқардың, тау ешкінің,
бүркіттің, жыртқыш құстардың мүсіндері көрінеді. Бұл

не? Сұлулық па? Əлде символ ма? Сұлулық десең, олардың
ешқайсысы жылқыдан сұлу емес. Символ ма? Ненің симво-
лы? Егер, символ болса, онда ең алдымен ат тұруға тиісті емес
пе? Өйткені, осы күнгі сайрап жатқан жолдардың ең алғашқы

сүресін салған бүркіт те, жыртқыш құс та емес, аттың тұяғы
еді ғой? Ат басқан, ат асқан асулар жолдарда сұлу арғымақтың,
салт атты адамның, құлдыраңдаған құлынның мүсіндері
тұрса жараспай ма? Ол неге жоқ?” – деген сөйлемдері оралды.

“Иə,– деймін мен іштей” – Ол неге жоқ? Неге?..”
1980 жыл.
Авторлық анықтама. Біз білетін бір ақиқат:
Қазақ еліне Абсент секілді арғымақ сыйлаған Луговой

асыл тұқымды жылқы зауытының КСРО тарайтын
1991 жылға дейін атақ-даңқы дүркіреп тұрды. Со-
дан соң 1991-1999 жылдар аралығындағы нарықтық
экономиканың өтпелі, өлара кезеңінде шаруашылық өте

қиын, күрделі жағдайды басынан кешірді. 2000 жыл-
дан бастап еліміздегі қалталы бизнесмендердің бəйге
мен ат спортының басқа да түрлерін жандандыруы-
на байланысты зауыт бойын тіктеп, қайта көтеріле

бастаған сыңайлы. Өйткені мұндай бəсекелерде
сəйгүліктерге сұраныс туындайды ғой. Ал олар Луговой
жылқы зауытында екені анық. Демек бұл келешектегі
Абсент ұрпақтарының бағы деген сөз.

КЕШІГІП

ЖЕТКЕН

ДАҢҚ

Қашан, қанша уақыт ес-түссіз жатқанын білмейді. Білетіні
түн іші, көрдей қараңғылық тұмшалаған сол түн ішінде
мұның миы аузына түсердей боп шағып ауырып, ерні кеберси
шөлдеп жатқаны. Одан арғысы есінде жоқ. Бұлдыр бір дүние...

Өзіне өзі келе алмаған мен-зең халде жатып, талықсып кет-
кен...
Бұл жолы ол бетіне бүрки жауған жаңбыр тамшыларынан
есін жиды. Төңіректі сол баяғы қою қараңғылық əлі тұмшалап

тұр. Санасында əлсіз сəуле жарқ ете түсті ме қалай, ең алды-
мен аяғын қарманды. Содан соң оң қолымен жүрек тұсын
сипап өткен. Жандалбасалап жасаған осы қимылдан кейін:
“Мен тірі екенмін ғой”, – деді ішінен.

Иə, ол тірі еді.
...Таң алдында өзіне өзі тағы бір рет келгендей болды.
Байқағаны – түн түнегі сырылып барады екен. Жерде бозамық
сəулелер көбейе түсіпті.

“Мен қайда жатырмын?”.
Есін үшінші рет жиғанда барып оның ойына міне осы
сұрақ оралды. Оралған бетте орнынан тұруға əрекеттенген.
Бірақ жанына батқан аурудан сол мезетте-ақ жерге қайтадан

құлап түсті.
Ол жаралы болатын.
* * *
Прохоровка...

Курскідегі Прохоровка бұл. Орыс жерінің өзге елді
мекендерінен ешбір айырмашылығы жоқ осы деревня 1943
жылдың шілде айындағы ұлы шайқаста екі жаққа да ауадай
қажет отты нүктеге айналды. “Оны қорғау қажет, оған жау-

ды жібермеу керек!” Полк штабынан келген бұйрықтар осы-
лай дегенімен, біздің əскерлер мұнда фашистермен итжығыс
түсіп жатты. Шайқастың үшінші күніндегі түс мезгілінде сер-
жант Зиямат Құсанов басқаратын взводқа батальон командирі

мынадай нұсқау берді.

– Біз шегінеміз, жауынгерлер күш жинап, жаңа бекініске

орналасқанша сендер төтеп бересіңдер. Кешке дейін
шыдасаңдар онда тапсырма орындалды деп білеміз.
Бəрі де түсінікті. Бұл негізгі күшті қиын жағдайдан
құтқару үшін істелетін əскери тəсіл. Соғыс заңы осындай.

Оны Зиямат бұрын да Смоленск мен Витебскіде бір емес,
бірнеше рет көрген жəне кездестірген. “Қазір де солай болуы
тиіс, – деп ойлады сержант ішінен: – Басқаша болуы мүмкін
емес”. Сөйтті де жаңағы бұйрықты əдеттегі көп тапсырманың

бірі сияқты өте бір салқынқандылықпен қарсы алды.
Шайқас қалай болды? Бұлар оған қалай шыдады? Осы
бір сұрақты оған кейін көп адамдардың қойғаны бар. Оны
естігенде Зиямат тұнжырап кететін. Қалай болушы еді.

Негізгі күш шегінгеннен кейінгі үш сағат тып-тыныш өтті.
Содан соң... иə, содан соң нағыз қиямет пен азап күн ұясына
қона бере басталды. Алғашқы шабуылда он екі адам бірігіп
үш танкіні шоңқитты. Оларды қалқалап келе жатқан төрт

мотоцикл көпірден ұшып кеткен. Артынан дəл осындай
жағдай тағы бір рет қайталанды. Бұл жолы олар көпірдің кіре
берісіндегі кептеліп қалған самоходканы кері сүйреп əкетуге
тырысқан танкіні тура наводкамен тырапай астырды да өткел

іздеп безектеген мотоциклистерді қуалай оқ жаудырды.

– Енді қорқыныш жоқ, – деп ойлаған Зиямат жаңағы екі

шабуылдан кейін. – Фашистер бергі бетке өтер жолды өз
танкілерімен өздері бөгеді. Егер оған тағы да ұмтылып,
қираған техникаларын кері сүйреп тастамақ болып жатса,
онда көпірді мүлдем істен шығару керек.

Өзіне-өзі іштей осылай деген ол түс əлетінде шегініп кет-
кен негізгі күшті ойлады. Үш сағат тыныш өтті. Екі сағат
ұрыс болды. Сонда бұлардың осы жерде отырғанына бес
сағат. Мұның өзі біраз уакыт-ау. Батальон ендігі ұзап барып,

жаңа шепке орналасқан да шығар.
Осы сəтте күтпеген оқиға болды. Бұлардан жүз елу
қадамдай жердегі зеңбірек расчеті жақтан биіктігі төрт-бес
метрдей сұмдық алапат шаң-топырақ мұнарасы көтерілді

де артынша жер төсін ойып жібергендей гүрс еткен дыбыс
естілді. Байланысшы солдат пилоткасын жерге атып ұрды да
шашын жұлды.

– Бітті, – деді ол: –Жау оғы снаряд толы жəшікке

тиіп, біздің зеңбіректі төңкеріп кетті. Одан ешкім де тірі
қалған жоқ енді.
Фашистердің үшінші шабуылын тойтарғанда Зиямат бір
нəрсені анық байқап қалды. Ол – немістердің көпірден өтер

жолды бөгеп тұрған танктерін “Тигрмен” кері сүйреп əкетіп

бара жатқандығы еді. Ал, төртінші шабуылда біздің окопта небəрі төрт-бес адам ғана қалған болатын. – Жаяу əскерді бөліп тастау керек! Жаяу əскерді! – деп талап етті Зиямат қаруластарына. – Олар бергі бетке өтіп кетсе тойтарыс беріп, ұстап тұру қиын... Оның бұл сөзіне сол қанаттағы бір ғана пулеметшіден басқа ешкім үн қатпады. “Екеу-ақ қалғанымыз ба?” – деді ішінен. Сөйтті де үйінді топырақтан жасалған бөгеттен өтпекке кеудесін көтере берген танкіге қарсы ұмтылды. – Сержант... Сержантты қараңдар. Танкке беттеп бара жатыр! Зияматтың өз шебі жақтан естіген ең соңғы сөзі осы болды. “Біздің адамдар бар екен ғой əлі”. Содан кейін оның санасынан: көк төсіндегі шалқалай туған ай... “батальонның кеткеніне сегіз сағат болды-ау” деген бұлдыр бір елес жарқ етті де жоқ болды. Темір құрсанған жыртқыш пен адамның арасы. Оған он... бес метрдей ғана жер қалды. Гүрс еткен жарылыс... Будақтаған түтін... Танк үйінді топырақтан асып түсе бере солқ етіп тұрып қалды. …Содан бір күн өткен соң Зиямат Құсанов қызмет еткен 78-ші гвардиялық дивизияның Қызыл Тулы 228-ші полкына қарасты үшінші батальоны кешегі он екі жауынгерді тосқауылға қалдырып кеткен шепті жаудан қайтадан тартып алды. Олар келгенде позицияның ұйпа-тұйпасы шыққан еді. Танк табанымен мыжғыланып, қанға иленген топырақтан ештеңені айыру мүмкін емес болатын. Тек өзен жағасындағы қираған төрт танк, бір транспортер, сегіз мотоцикл мен оларды калқалап келе жатып оққа ұшқан он беске жуық фашистің өлігі тосқауылдағы он екі жауынгердің жаумен қалай арпалысқанын үнсіз айғақтап тұрды. Батальон командирі Константин Карпов шайқас алаңындағы ерлік іздерімен толық танысып болған соң сол күннің кешінде полк штабына екі пакет жөнелтті. Оның біріншісі – қаза тапқан жауынгерлердің семьясына жолданған естірту хаттары да, екіншісі батырларды Отан наградасына ұсыну жөніндегі полк басшыларына жолдаған өтініш болатын. Батальондағылар тосқауылға қалдырып кеткен он екі жауынгердің бəрі қаза тапты деп ойлады. * * * Бірақ олардың біреуі тірі еді. * * * Пулеметшілер взводының командирі Зиямат Құсановтың есі таң ата кірді. Гранатамен өзі жайратқан “Тигр” танкісі шынжыр табанын оның басына тірей тоқтапты. Шайқас алаңын арлы-берлі аралап жүрген неміс солдаттары сержанттың орнынан тұруға əрекеттеніп жатқан қимылын көріп, бронь қорапты транспортерге қарай сүйрелей жөнелді. Ол – тұтқын. ...Лагерьде жүргенде бəрін де еске түсірді. Қарап отырса үш жылғы майдан жолында өлім деген тажал мұның алдыартын үнемі орағытып жүріпті. Соның екеуі оның есінен ешуақытта кетпек емес. Смоленск түбінде болған ұрыста бір рет ауыр жараланса, кешегі Курск түбінде сондай жағдай екінші рет қайталанды. Ал неміс лагерінде оның күн сайын өліп-тірілуіне тура келді. Тұтқындағы біздің жауынгерлерді Батысқа қарай алып жүргенде немістер бұрын бұл біліп көрмеген сұмдықты бастады. Алғашында жолдағы колоннаға еріп жүре алмаған əрбір оныншы адамды атты. Бұл тоғызыншы болып аман қалып қойды. Келесі жолы əрбір бесінші адамға кезек келген. Ол үшінші болып қалып қойды. Ал, тағы бір жолғы жазалауда əрбір екінші адам оққа байланып жатқанда бұл бірінші болып тұр еді. Ажал оны төртінші рет айналып өткенде жиырма екі жасар жігіттің басындағы көмірдей қара шаштың тең жартысы ағарып шыға келді. Тұтқын тағдыры деген міне, осы. Мұндағы тіршілік тек ұстараның жүзіндегі үміт пен күдіктен тұрғандай. Оны Зиямат сонау жаз ортасындағы Курск түбінен бергі басталған азапты жолда анық көріп, білді. Өйткені, Батысқа қарай қозғалғанда колоннада төрт жүзге жуық адам бар еді. Содан бергі үш жарым айлық қанды жолдың соңғы бекеті Черногорияға иек артқанда ол бұл жерге тірі жеткен жүзге жуық қана жанның сұлбасын көрді. Соның бірі – өзі. * * * – Таста, таста деймін оны. Қаш өзің! Бұл қаша алмады. Қаша алмаған себебі, арыстай овчарканың мойнын мыти ұстаған қос қолы мүлде қарысып қалған еді.

– Қаш!

Дауыс қайта естілгенде тау етегіндегі лагерь жақтан
сирена ұлыды. Бұл қарағай дайындаушы тұтқындардың
айғай-ұйғайын естіп қалған неміс күзетшілерінің дабылы.
Олар мұнда келді дегенше, бəрінің де жарық дүниемен қош

айтысқаны. Зиямат осыны ойлағанда итті сүйрей-мүйрей алға
ұмтылғанын өзі де сезбей қалды. Бос əурешілік екен, жандал-
басалап жасаған жаңағы қимыл-күші оны төрт-бес қадамдай
ғана жерге апарды. Содан сон, тізесі дірілдей бүгіліп құлап

бара жатты.
Жоқ құламапты. Есін жиғанда өзін біреулердің көтеріп
келе жатқанын сезді. Ентіге дем алған дыбыстарынан
байқады, екі адам. “Бұлар кімдер?” – деп ойлады Зиямат.

Сөйтті де қапталдасып келе жатқан жанға көз салды. Қырғыз
жігіті Османов!

– Қане, танысалық, – деп қолын ұсынды демалып,

аяқ суытуға отырған сəтте мұны көтеріп келген ақсары
жігіт. Сөйтті де өзінін фамилиясын атады.

– Лейтенант Попов.

– Сержант Құсанов.

– Жүктелген тапсырманы батылдықпен орындадыңыз.

Алғыс жариялаймын!

– Күзетшінің қолын қаруға жеткізбей сұлаткан сізге де

рахмет! Əйтпегенде...
Оқиға былай болған еді. Неміс лагеріндегі тұтқыннан
қашу операциясы үш ай бойы əзірленді. Ақырғы шешім кеше
түнделетіп жетті. Байланысшының хабарлауынша операция

ертең қарағай дайындау алаңында жүзеге аспақшы. Зияматқа
жүктелген міндет – белгі берілген сəттен бастап, неміс
овчаркасының көзін жою. Сол мезетте дəл өзіндей екінші бір
адамдар тобы күзетшілерге лап қояды да, калған жиырма

сегіз тұтқын жан-жаққа бытырай қашады.
Белгі түс қайта берілді. Елден оқшаулау жүрген егде
танкист басындағы телпегін алып тұрып, үш рет тұншыға
жөтелгенде бұл күзетші жаққа көз тастады. Овчарка

қарғыбауындағы қайысты белдігіне мықтап қыстырған неміс
етігінің қонышынан қобызы ма, жоқ əлде қасығы ма əйтеуір
бірдеңені іздеуге кірісіпті. Ағаш түбірі үстіндегі консерві
қалбырына қарағанда тамақтанбақ сыңайы бар. Осы бір сəттің

нағыз ыңғайлы кезең екенін сезген Зиямат қарағай бұтағын
шоқиып отырған итке жіберіп кеп қалды. Сəл нəрсенің өзін
шам көретін хайуан оның бұл “əзілін” қалай кешірсін, еңкейіп
отырған иесін етпетінен түсірген бойы арс етіп алға атылды.

Атылған бетте мұны астына алып омақаса құлады. Содан
соң бой-бой боп айырылған кенеп жейде... Балтырдан аққан
қан... Ит тамағын қылқындыра ұстаған қол... Зияматтың одан
кейін есінде қалғаны – күзетшілерді басып қалған тұтқындар

тобындағы ақсары жігіттің бұған қаш деп айғай салуы еді.

– Сен қазір Сібір өзендеріндегі сал айдаушыларға

рахмет айт, – деді күзетшіден тартып алған автоматын
жүре тексеріп келе жатқан Попов. – Овчарка тамағындағы ка-
рысып калған қолыңды ажыратарда солардан көрген бір əдіс
ойға орала кетті.

– Қандай?

– Суық суға бір түсіп бір шығып жүретін сал айдау-

шыларда тырысқақ деген ауру жиі кездеседі. Ондай кез-
дерде əріптестері əлгі адамның жансызданған бұлшық
еттерін алақан қырымен салып-салып қалып ысқылағанда
қарға адым жер жүруге зар болып жатқан жан өз

аяғына өзі қалай мініп кеткенін байқамай да қалатын. Мана
саған да міне, соны қолдануға тура келді.

– Оны мен тіптен сезгенім жоқ.

…Түн. Тау іші... Тау ішінде көңілдерін үміт пен күдік
жайлаған үш адам келеді. Үміті – ажал аузынан аман
шыққандықтары да, күдігі – болашақ тағдырларын ойлап
мазасызданғандық. Жүрек шіркін сапардың сəтті болуын

тілеп дүрсіл қағады. Бірақ, иə, бірақ түптің түбінде бұлар дың
ішіндегі екеуіне осы Балқан тауынан топырақ бұйы ратынын,
ал біреуінің ғана араға көп уақыт салып барып өз Отанына
жететінін əзірше ешқайсысы да білмеуші еді.

* * *
Содан екі күн өткен соң олар болгар партизандарына келіп
қосылды.
* * *

– Тағы да жаралағанмын ба?

– Иə.

– Қашан?

– Осыдан бір жеті бұрын.

– Қайда жатырмын? – Қорықпаңыз, қауіпсіз жердесіз. Байқайды, таныс дауыс. Бірақ оған бұрылып қарауға шама жоқ. Өн бойын жайлаған əлсіздіктен болар, көз алдындағы дүние жел шайқаған қайықтай теңселіп тұр. Бұлдыр бір əлем. Содан кейін қайтадан талықсып кетті. – Мен қайдамын? Ертеңінде ол осы сұрақты төңірегіндегілерге тағы да қойды. – Сіз қазір Италиядағы қарсыласу қозғалысы майданының лагеріндегі госпитальдасыз. Мұнда одақтастар армиясы мен түрлі партизан құрамаларынан жараланған жауынгерлер жинақталған. Дауыс иесін таныды. Болгар партизан отрядының командирі Боян Михнев. – Мұнда қалай келдім? Зияматтың бұл сұрағына деген жауапты Боян оған үш күннен соң айтты. Ол сонда ғана бəрін есіне түсірді. ...“Болгарияның интернационалдық батальоны” құрамында жүрген сегіз ай ішінде бұлар қырыққа жуық операцияға қатысты. Осы шайқастарда мина қоюдың маманы Поповтың, пулеметті шайқай атудың шебері Османов пен мұның ерлігі партизан отрядына аңыз боп тарап кетті. Əскери өнер мен соғыс ісінен мүлдем хабарсыз, тек оккупацияның ауыр кезеңінде ғана қолдарына амалсыз қару алған кешегі Варна жұмысшылары мен Пловдив шаруаларынан жасақталған халық кекшілдері өздерінің қатарында жүрген үш совет жауынгерінің шайқас сайынғы қимылын жүрек жұтқандық деп бағалайтын. Сөйтіп жүргенде отыз бесінші əлде отыз алтыншы тапсырманы орындау кезінде болуы керек, лейтенант Попов оққа ұшты. Ал одан сəл уақыт өткен соң... ...Фашист минометтерінің таң алакеуімнен бері басталған тық-тық “жөтелі” партизандар бекінген шаршыдағы жерді тулақтай түтті деуге болады. Содан соң олардың жаяу əскерлері бұларға қарай лап қойды. Бірақ, есін жиып үлгерген халық кекшілдері дұшпанды сəл жақындатып алып, нөсер оқтың астына бір алып өткен. Таң атқалы бергі өңешінен от құсқан миномет үнінен кейін партизандардың атыс ұяларының ұйпа-тұйпасы шықты деп ойлаған немістер қатты қателескенін сонда ғана барып сезді. Алдыңғы қатарының жусап түскенін көріп кейін серпілді. Түс қайта жаудың үшінші шабуылы басталған сəтте Зияматты партизан отрядының командирі Боян Михнев өзіне шақырды. – Оқ-дəрі азайып барады. Енді бір шабуылға ғана төтеп бере алатын сияқтымыз, – деді ол жаудың атыс шебінен көз алмай тұрып. Сөйтті де Зияматқа бекіністен екі жүз метрдей жерде төңкеріліп жатқан немістердің станокты пулеметін нұсқады. – Алғашқы шабуыл кезінде осы пулеметтің қақалып барып үні өшкенін байқап қалып едім. Содан бері үнсіз тұр. Сірə, иелері оққа ұшқан болуы керек. Шайқас сəл саябыр тартқан мезетте оны алып келуді Османов екеуіңе тапсырамын,– деді. ...Қолайлы кезең де келді. Жанындағы жолдасына иек кағып үлгерген Зиямат окоп жиегіне лып етіп көтерілді де етекке қарай домалай жөнелді. Жүрек шіркін атша тулайды. Бір төбенің шаңын бір төбеге қосып желмен жарысқан бейбіт күндердегі балалық шағы болса, мына тұрған екі жүз метр жерге “е” дегенше екі-ақ аттап барар еді. Амал қанша, қазір ондай жағдай жоқ. Алды-артыңды ажал оғы тіміскілеп жүргенде бəрі сын. ...Қайтар жолда жау бұларды сезіп қалып арттарынан оқ жаудырды. Зілдей пулеметті бір иығымен демей алға жылжыған Зияматтың екі көзі Османовта. Ернін жымқыра тістеп алған серігі сыр берер емес. Ішектей шұбатылған оқ ленталарын беліне орап алып алға қарап ышқына жылжиды. Азапты жолдың көбін артта қалдырған қос жауынгер бекініске таяп қалғанда жау минометтерінің қауіпті “жөтелі” қайтадан басталды. “Бұлар шаршы бойынша атуға көшті”, – деп ойлады Зиямат. Сөйтті де ауадағы ысқыра зулаған снаряд үніне кұлақ тосты. “Мынау біздікі емес”. Оқ нысанаға жетпей түсті. “...Біздікі емес”. Асып барып жарылды. “Даусы əлсіз екен, бұл да тимейді”. Солай болды. “Бізге ажал алып келе жатқан қайсысы сонда?...” – Шаң тұманы сейілгенде орындарыңдағы топырақ үйіндісінен басқа ештеңені көре алмадық. Сендерді біз сол сəтте өлді деп ойладық. Өйткені дəл алдарыңа келіп түскен снарядтан ешкімнің де тірі қалуы мүмкін емес болатын. Бірақ шайқас алаңындағы оққа ұшқан партизандарды бір күннен соң жерлеуге барған біздің адамдар сені тауып əкелдік дегенде ішімнен жараланып, аласұра айғайлап

жатқан менің өзіме ес кіргендей болды. Топырақ үйіндісінің
астынан аршып алғанда көзіңді ашыпсың да, бүктетіліп
түсіпсің. Денеңде жан бар екенін партизандар сол қимыл
арқылы білген. Османов жоқ. Ол жер қойнында.

– Біз мұнда қалай келдік?

– Халықаралық Қызыл Крест қоғамы 1943 жылдың

жазынан бастап Италияның Торренто қаласы маңайынан ар-
найы госпиталь ашқан болатын, – деді даусы əлсірей шыққан
Боян: – Ондағы мақсат Франция, Югославия, Болгария жəне
Италияның өзіндегі фашистік тəртіптен азап шегіп, ауруға

ұшыраған жандарға дəрігерлік көмек көрсету. Бұл госпи-
таль 1944 жылдан бері қарсыласу майданындағы партизан
құрамалары мен одақтастар армиясының жаралыларын да
қабылдай бастады. Ел толқуынан іргесі шайқалған Муссоли-

ни үкіметі оған бата алмай отыр. Неге дейсің ғой? Біріншіден,
мұндағы фашистік тəртіптің құлайтын күні таяу, елді
мекендердің көп бөлігі қазір халық кекшілдерінің қолында.
Екіншіден, Қызыл Крест қоғамы ешқандай правоға қол сұғып,

не оны бұзып отырған жоқ. Ол өзінің халықаралық ережесінде
жазылған: “Бақытсыздыққа ұшыраған адамзат баласына
бірінші болып медициналық көмек көрсету, оларды ұлтына,
нəсіліне қарамай бірінші болып дəрігерлік қамқорлыққа алу”

девизімен жұмыс істеуде. Біз қазір міне, осы госпитальдамыз.
Боянның əңгімесінен кейінгі күндер ішінде Зиямат ойла-
нып жататын да қоятын болды. Ойланбағанда қайтеді, соғыс
басталғалы бергі өмір бұл үшін тіптен түсініксіз, тіптен

күрделі əрі қиын жағдайда өтіп келеді. Олай дейтіні, ел қатарлы
əскерге алынды, тəуекел деп шайқасқа кірді. Смоленскідегі
ұрыста бір қабырғасын садақаға берді. Запорожье далала-
рында ауыр контузияға ұшырады. Бұдан кейін Донбасс... Ал,

Курскідегі сойқан шабуылда фашистермен шекелесіп жүріп
тағы да ауыр жараланды. Сондағы өліп тірілгенінің бодауына
тағдыр басқаша сый тартты. Ол – тұтқындағы тоғыз айлық
азапты сапар еді. Ондай ауыр сəттерде мұның жалтақтап,

қорқақтап қалмағаны өзіне аян. Қиындық болды ма, болды.
Оған көнді ме, көнді. Бірақ өмірден күдер үзбеді. Бостандық,
еркіндік үшін шүберекке түйген шыбын жанымен ажалдың
аузын ұрды да, азаттық армиясына келіп қосылды. “Енді бəрі

де артта қалды, – деп ойлаған сонда ол. – Өмір болса біздің
армия Дунайдан да өтер, Болгарияға да келіп жетер”. Ұшқары
пікір-ай... Бұл шіркінде бет жоқ па дейсің кейде. Жүрер
жолыңды кесіп-пішпе деген халық даналығын қалай ұмытты

екен, мына қапақ бас. Отанға, жауынгер достарыма жақын
қалдым ба, жоқ па деп жүргенде тағдырдың енді Италиядан
бір-ақ шығарғанын қарасаңшы.

– Не істеу керек?

Байқайды бұл сұраққа əзірге жауап жоқ.

– Не істеу керек?

Жанын жей ойланады, күйзеледі, бірақ оған тағы да жауап
таба алмайды.

– Не істеймін енді?

Бұл жолы оған тағдырдың өзі көмекке келді.
...1945 жылдың наурыз айы. Шпилінде шетелдік жа-
лау желбіреген шағын жүк кемесі Одесса портына келіп
зəкір тастады. Одан ең алдымен трапты тарпылдата басқан

теңізшілер түсті. Содан кейін жүк тасушы жұмысшылар...
Ал ең соңында кеудесінде Қызыл Крест қоғамының белгісі
бар медицина қызметінің майоры бастаған бір топ адам
келе жатты. Бұлар екінші дүниежүзілік соғыста неміс

түтқынынан қашып шығып, кейін Франция, Югославия,
Болгария, Италиядағы партизан отрядтары құрамында фа-
шистермен қайта шайқасқан, ақырында халықаралық сарап-
шылар комиссиясының шешімімен елімізге қайтуға жолдама

алған совет жауынгерлері болатын. Олардың ішінде Зиямат
Құсанов та бар еді.
Отан ақ ниетті, адал жүректі ұлдарын ешқашан да
ұмытпайды екен. Апайтөстерін апатқа тосам деп отқа түскен

рухы күшті жандарды жат жерде қалдырмады. Тауып алды.
* * *

Арада жиырма сегіз жыл өтті.
* * *

– Ағай!

– О не қарағым?

– Мына мақаланы оқып көріңізші...

Мектептегі соңғы сабағын аяқтап болып, үйіне қайтуға
жиналып жатқан қарт ұстаз алдыңғы партадағы қыз бала
ұсынған журналды алды да, ондағы көк сиямен белгі соғылған
шағын хабарға көз салды.

“Құрметті редакция! – деп басталыпты алғашқы сөйлем. –
Мен Болгария Республикасының астанасы София қаласынан
хат жолдап отырмын. Біздер, яғни мұндағы бұрынғы пар-
тизандар кейінгі жылдары сіздердегі бір жақсы дəстүрдің

қалыптасқанын қуана құптаймыз. Ол Ұлы Отан соғысында
шайқасқан жауынгерлердің қарулас достарын баспасөз
арқылы іздестіріп табысып жататындығы. Осындай хабар-
ларды оқыған соң мен де өзімнің қандыкөйлек досымды таба

алар ма екенмін деп, Кеңес Одағында шығатын “Огни Болга-
рии” журналына мақала жіберіп отырмын.
...Оның аты Зиямат та, фамилиясы Құсанов болатын.
1944 жылдың басында неміс тұтқынынан қашып шыққан

кеңес сержанты біздің партизан отрядына келіп косылды.
Халық кекшілдерінің қатарында өткізген сегіз ай ішінде ол
батылдық пен қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсетті десек,
бұл тіптен артық айтқандык емес. Оған сол кездегі біздің от-

ряд мүшелерінің оны “Болгарияның Халық Батыры” атағына
ұсыну жөніндегі шешімінің орталық партизан штабын-
да күні бүгінге дейін сақталып келгені анық дəлел. Туған
республикамыздың неміс-фашист басқыншыларынан азат

етілуінің жиырма жылдық мерекесі қарсаңында табылған
бұл документ сіздер үшін де қуанышты хабар болар деп ой-
лаймын. Зиямат өз еліне аман жетуге тиіс. Себебі, соңғы рет
жараланған кезде ол қауіпсіз жерге жеткізілген болатын.

Сəлеммен, генерал-майор Боян Михнев”.

– Генералдың іздеген адамы сіз емессіз бе, ағай?

“Огни Болгарии” журналын қыса ұстаған қарт ұстаз
шəкірттерінің жамырай қойған сұрағына бірден жауап бере
алмады. Өйткені ойы он саққа жүгірген майдангердің санасы-
на осы сəтте: “Боян, сен шынымен сол Боянның өзісің бе?” –

деген сөздерге жауап іздеу сезімі енді-енді оянып келе жатқан
еді. Міне, тек сондай жағдайдан кейін ғана, арада біраз уақыт
еткен сон, барып:

– Иə, балалар, ол менмін, – деді даусы дірілдеп.

– Сіз бұны бұрын неғып айтпағансыз?

– Қалай айтамын?

Көңілі бұзылған қарт ұстаз жаңағы сөзді ішінен айтты.
“Қалай айтамын?” – деді ол тағы да ішінен үнсіз күбірлеп:
“Айтқан кезде ел түсінді ме?” Сөйтті де соғыстан кейінгі
өзі сияқты жандардың өткелектен өткен өмірін көз алды-

на елестетті. Бұл В.Г.Белинскийдің сөзіне сүйенгенде: “...
Хал дің тағдырға уақытша бойұсынған”, ал майдангер жазу-
шы К.Симоновтың пікірінше: “Фашистік тұтқында болған
адамдардың бəріне жөн-жосықсыз сенімсіздік туғызған ахуал

мен олардың трагедиялық проблемасы жөнінде қалыптасқан
жалпы көзқарасты бірден өзгерту оңай болмаған” кез еді.
Бірақ, мұндай жағдайдың көпке созыл мағаны сол кездегі
жұртқа жақсы аян. Десек те, ағат пікір уақыты өткен шақтың

өзінде осы Зиямат тағдырлас адамдарға сонау кезде болған
оқиғалар туралы жадында қалғанын еске алғызудың көп
күшке түсіп, психологиялық қиыншылықтар туғызғандығын
айтпай кетуге болмайды. Ауылдастарының ол жайында

ештеңе білмеуінің бір себебі осында еді.
“Сондағы оқиғаларға несіне ренжимін?” – деді жоғарыдағы
жайдың бəрін көз алдынан өткізіп болған майдангер: – Бəрі
де өтті, кетті. Соны ойлап не керек осы. Одан да балалардың

сұрағына жауап берейін. Соғыстағы бастан кешкен жағдайды
айтудың реті енді келіп тұрған жоқ па?!”
...Сол
күні

кеште
Шымкент
облысының
Сайрам

ауданындағы “Калинин” колхозының орта мектебіндегі
шеткі класс бөлмесінің шамы көпке дейін сөнбеді. Мек-
теп терезесінің жанындағы қара жолмен түнгі кинодан
қайтқан село тұрғындары ойлаған, бұл неғып əлі бітпеген

сабақ деп. Бірақ олар сол сəтте мұндағы оқушылардың
сабақ емес, сүйікті ұстаздары Зиямат Құсановтың Ұлы Отан
соғысындағы күрмеуі мен күрделі өмір жолын таңдана
тыңдап отырғанынан, күні ертең өз ауылдарына аңыз боп та-

рар үлкен жаңалықтың дəл қазір осы жерден жолдама алып
жатқанынан мүлдем хабарсыз еді.
* * *
“...Табылды! Ол қазір бейбіт еңбектің иесі!. (Бұл

Қазақстаннан Болгарияға сапар шеккен алғашқы хаттан
үзінді).
“Өте қуаныштымыз! Батырды генерал қонаққа шақырады.
Оны бізде Отан наградасы күтіп тұр”. (Ал, мынау Болгария-

дан Қазақстанға келген хаттың бастапқы сөйлемдері).
...Қызыл ізшілер бір-бірімен осылай хабарласып, екі
арадағы достық дəнекерін орната берді. Уақыт өте келе олар
көп жайға қанықты да. Өстіп жүргенде тағы да бір кездейсоқ

оқиғаның болғаны бар.

...Ұлы Отан соғысы мен қарсыласу қозғалысының май-
дандарында үш рет ауыр жараланып “өліп-тірілген” жəне
екі мəрте контузия алған Зиямат Құсановтың денсаулығын
бақылап жүрген дəрігерлер оны 1967 жылы мерзімінен бұрын

еңбек демалысына шығару жөнінде шешім қабылдады.
Мұндай жағдайда қажетті документтер талап етілетіні
белгілі. Осы мақсатпен əлеуметтік қамсыздандыру мекемесі
Зияматты ең алдымен аудандық əскери комиссариатқа

жіберді. Ондағылар: “Біз мұны жалғыз шеше алмаймыз”, – деп
облысқа сілтеді. Облыс Москваның Подольск қаласындағы
КСРО Қорғаныс министрлігі архивіне қатынас қағаз жолда-
ды. Міне, кызық! Арада арбаның дөңгелегіндей айналып ай,

одан кейін жыл өткенде Москвадан келген хабардан бүкіл
ауыл дүрлікті. Олар бұрын өз жерлестерінін кім екенін білмей
жүріпті. Зиямат Құсанов – Кеңес Одағының Батыры болып
шықты! Қалай? Бұл сұраққа деген жауапты ол Подольскіге

шақыртқанда анық білді.

– Сіздің взвод 1943 жылғы шілдеде негізгі күшті сақтап

қалу үшін үлкен ерлік көрсетіпті, – деді мұнымен мұқият
əңгімелескен ақбас генерал. – Біз үшін қуаныштысы, жан
алып, жан беріскен сол шайқастағы еңбектеріңіздің ескерусіз
қалмағандығы. Оны КСРО Қорғаныс министрлігінің архивінен

28 жылдан соң табылып отырған докуметтер дəлелдейді.
Бірақ мұнда: “Бəрі де қаза тапқан соң беріліп отыр”,– деп
баяндалған. Награданың өз кезінде табыс етілмеуінің бір
сыры осында жатыр, жолдас. Қазір анықталып отырғандай он

екі адамнан тірі қалған тек жалғыз сіз ғана екенсіз. Сондықтан
да енді Отан наградасын қабыл алуыңызды өтінемін!”.
Мына сөзді естігенде Зияматқа Прохоровкадағы сол бір
оқиға, батальон командирі Константин Карповтың: “Кеш-

ке дейін жауды өзеннен өткізбей ұстап тұрсаңдар, онда
тапсырманың орындалғаны деп білеміз”, – деген бұйрығы
дəл қазір айтылып тұрғандай болды. Одан кейін оның көз ал-
дына жаудың жалын құшқан танкілері мен мотоциклдері, өз

взводындағы сирей бастаған пулеметшілер қатары елестеді.
“Бізді ұмытпаған екенсің, рахмет саған комбат!” – деді жа-
нарынан жас саулаған майдангер сол сəтте қыстыға ауыр
күрсініп.

...Осы оқиғадан кейін арада төрт жыл өткен соң, яғни
1972 жылы Зиямат Құсановтың Болгар Халық Республика-
сына сапар шегуінің сəті түсті. Онда оған бұл елдің өзіміз
осы əңгіменің ортасында айтып өткен наградасы салтанатты

жағдайда табыс етілді.
* * *
Бұл күндері Шымкент облысындағы Сайрам ауданының
“Калинин” колхозында тұратын Қазақ ССР Халық ағарту

ісінің озаты, Кеңес Одағының Батыры, Болгар Халық
Республикасының құрметті азаматы Зиямат Құсанов жай-
лы əңгімеміздің соңын жоғарыдағы баяндалған жайлармен
де аяқтауға болар еді. Бірақ кейіпкерімізбен жүзбе-жүз əңгі-

мелесіп, онымен əлденеше рет хат жазысып, хабарлас қаннан
кейін ол кісінің айтқан мына бір өтінішін аяқсыз қалдырмауды
да жөн көрдік. Соңғы хатында Зиямат аға: “Менен көп адам-
дар соғыста хабарсыз кетіп, қалай аман-есен елге оралдыңыз,

награда сізге неге көп уақыттар бойы тапсырылмай келген?”

– деп сұрайды. Мақала жазыла қалған жағдайда мүмкін

болса соғыс заңындағы болатын осы жайды жұртшылыққа
түсініктірек етіп жеткізіп, оның себеп-салдарын нақты мы-
салдармен ашып көрсетсеңіздер”, – депті. Несі бар, бұл өте
орынды ескертілген тілек, орынды айтылған өтініш дер едік

біз. Сонымен алғашқы сұраққа жауап берелік.
Жазушы Василь Быковтың “Құлпытас” атты шығар-
масындағы мына бір оқиға естеріңізде ме? Ұлы Отан
соғысының ауыр күндерінде əскери тапсырманы батыл-

дықпен орындаған бөлімше жауынгерлерін былайғы қару-
ластары түгел қаза тапты деп ойлайды да олардың баста рына
белгі тұрғызып, жорық жолын əрі қарай жалғастырып кете
береді. Бірақ сол шайқаста тірі қалған бір жауынгер араға көп

уақыт салып əлгі жерге оралғанда обелийскідегі каза тапқан
жандар тізімінен өз фамилиясын оқып таң-тамаша қалады.
Оқырмандар осы арада: “Василь Быковтың жазғаны көркем
шығарма емес пе?” – деп дау айтуы əбден мүмкін. Бұлай

ойлау заңды десек те, мұнда бір шындықтың бары анық.
Себебі, жаңағыдай жағдай қазір өмірдің өзінен де көптеп кез-
десуде. Мəселен, Сəукең, өзіміздің майдангер жазушымыз
Сəуірбек Бақбергеновтің мынадай қызық фактіні айтқаны

бар. “Бұл күндері, – дейді жазушы. – Холм қаласында сонау
соғыс кездері ерлікпен шайқасып қаза тапқан 46 жауынгер-
ге арналған ескерткіш бар. Одан сіз Сыйқымбай Мамыров
деген адамның да аты-жөнін кездестіреріңіз анық. Бірақ ол

тірі, Жамбыл облысында тұрады. Таңғаларлығы сол, соғыс
жылдарының əр кезінде оның семьясына ол өлді деген суық
хабарға толы “қара қағаз” бір емес, үш рет келген. Майдангер-
ге бұл жай елге келгенде ғана мəлім болған”. Демек, – дейміз

біз енді осы арада,– соғыста хабарсыз кетіп өмірге қайта
оралған, елге аман-есен келген жандар кезінде көп болған.
Өзіміз əңгімелеп отырған Зиямат Құсанов та міне, солардың
бірі.

Енді награданың өз уақытында тапсырылмау жағдайына
келелік. Алпысыншы жылдардың бас кезінде “Комсомоль-
ская правда” газетінде оның арнаулы тілшісі Василий
Песковтың “Иван Назаровтың “Алтын жүлдызы” деген очеркі

жарық көрді. Бұл Зиямат тағдырлас ерлер есімін анықтаудың
басы еді. Иван Назаров та кезінде Кеңес Одағының Батыры
атағына ұсынылған. Бірақ оны ол он бес жылдан соң алған.
Осы тақырыпты одан əрі дамытар болсақ, бұл күндері біз

газет беттерінен ара-тұра болса да “Награда иесін тапты”
деген хабарларды ұшыратып қала тынымыз анық. Əлгілерді
сəт салып оқығанда бұлардың кезінде Отан солдаттарына
тапсырылмай қалған наградалар екенін аңғарар едік. Соның

нақты бір мысалы мынау. Осы очерк газетке басылуға дай-
ындалып жатқанда редакцияға Семей облысындағы ҚазТАГ
тілшісінен “Бұрынғы танкистің екі ордені” деген кызықты
хабар келіп түскені бар. Оқиға түсінікті болу үшін мақаланы

тұтас келтірелік: “Облыс орталығындағы Ленин аудандық
əскери комиссариатының өкілі Г.Е.Исаковқа бірден екі ор-
ден – Қызыл Жұлдыз жəне бірінші дəрежелі Отан соғысы
ордендерін тапсырды. Комсомолец Григорий Исаков армияға

1941 жылы шақырылған-ды. Майданда танк командирі бол-
ды. Венгрияны азат ету жолындағы шайқастардың бірінде ол
нысананы дəл көздеп, жаяу əскерлердің жотаны басып алуы-
на көмектесті. Сол кездегі көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі

үшін жауынгер Қызыл Жұлдыз орденімен наградталған
болатын. Бірақ ол оны алып үлгермеді, ауыр жараланып,
госпитальға түсті. Жарасы жазылғаннан кейін басқа бөлімге
кетті. Ал, награда иесінен адасып, архивке тапсырылды.

Белград ауданында кеңес əскерлері фашистердің қарсы
шабуылына тойтарыс беріп жатты. Гвардия кіші лейте нанты
Г.Исаковтың екі жау машинасын жойып жіберген экипажы
ерекше көзге түсті. Ол тағы да орденге ұсынылды, өкінішке

қарай бұл жарлық келген кезде ол бөлімде жоқ еді: тағы да
жараланып, тағы да госпитальға түскен болатын. Енді міне,
арада 40 жыл өткен соң екі награда да өз иесін тауып, ол арда-
герге салтанатты жағдайда тапсырылды”.

Жоғарыдағы мақала мазмұнынан көріп отырған болар-
сыздар, мұндай оқиғалардың негізгі себебі – ерлік көрсеткен
жауынгер награда келген кезде госпитальда немесе басқа
бөлімшелерге ауысып кетіп, штабтағылар оны өз уақытында

таба алмай қалуында. Жауапты адамдар награда иелерін
таба алмаған соң оны кейін туған-туысқандарына жібереміз
деп архивке жөнелтуге мəжбүр болған. Содан ол тізімдер іс
қағаздарының арасында басылып қала берген. Награданың

уақытынан кешігіп тапсырылуының басты себебі міне осын-
да. Зиямат Құсанов та солардың бірі.
Өмір... Ол үлкен жол. Үлкен, ұзақ бола тұра оның бұралаңы
да мол. Өмір жолы түзу сызықтан тұрмайды. Ол күрмеуі

көп күрделі бұрылыстарға толы. Біздіңше адам тағдыры
дегеніміздің өзі де осы болса керек.
1984 жыл.
Авторлық анықтама. Зиямат Құсанов 1986 жылы

қайтыс болды.

1942 жыл. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ.

ҚҰМҒА ҚҰЛАҒАН “ЮНКЕРС”

Төмендегі əңгімемізді бастамас бұрын, құрметті оқырман,
біз ең алдымен мына бір жайға тоқтала кетуді жөн көріп
отырмыз. Ол осы мақаланы жазуға кездейсоқ оқиғаның се-
беп болғандығы. 1981 жылдың ақпан айы еді. Сол кездері

“Лениншіл жас” газетінде жұмыс істейтін мен Орал облыстық
комсомол конференциясына қатысуға бардым. Сондағы деле-
гаттармен бірге қаладағы өлкетану музейіне бас сұққанымызда
“Ұлы Отан соғысы” атты үлкен залдағы бір стенд назарымыз-

ды аударды. Ол əйнектен жасалған витринадағы тот басқан
бір уыс темір-терсек болатын. Байыптап қараған жан болса,
бұлардың кейбіреуі нен латын əріптерін ептеп те болса оқып,
əлдебір шкала сызықтарын көре алар еді. Сөйтсек, ол 1942

жылдың күзінде Сталинград майданы жақтан Орал өңірін
бомба лау ға келген неміс ұшағының қалдығы екен. Оны
мұражай дағы дəл осы экспонатқа анықтама беріп тұрған:
“Мынау Батыс Қазақстандағы темір жол тораптарын істен

шығаруға əрекет жасаған “Юнкерс-88” əскери ұшағының
бөлшек тері. Оны біздің əуе қорғаушыларымыз Оралдан
батысқа таман орналасқан Ақжайық елді мекенінің “Есенсай”
ауылы үстінде атып түсірген”, – деген сөйлемнен оқып білдік.

Мұражайдағы екінші бір көңіл аударған нəрсеміз жас
мөлшері отыздардағы, əскери киімінің жағасында ұшқыш
белгісі бар жігіттің суреті болды. Портрет жанындағы тілдей
қағазда мынадай мəлімет тұр: “Кеңес Одағының Батыры

Д.В.Гудков. Ол 1942 жылғы 11 қыркүйекте Орал өңірінің ты-
лына өтіп кеткен фашист ұшағын тарандап құлатты”.
Басқасын былай қойғанда біз үшін осы екі деректің
өзінен-ақ көп ой түюге болатын. Өйткені ол көре білген

жанға көп жайды аңғартып тұрғандай еді. Содан не керек,
осы тақырыпқа байланысты туындаған пікірлер уақыт санап
бізге маза бермей-ақ қойды. Алматыға келген соң Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Партия та-

рихы институты мұра ғатынан төмендегідей деректі таптық.
Ол Ұлы Отан соғысы жыл дарында Орал облыстық НКВД-
сының бастығы болып қызмет атқарған, Орал өңіріндегі
неміс авиациясының əуе шабуылдарына қарсы операцияларға

тікелей жетекшілік еткен С.Бой коның естелігі еді. Міне, осы құжатты оқып көргеннен кейін барып, біз сол жылдардағы оқиғаларды көз алдымызға анық əрі толық елестеткендей болдық. “… Ұлы Отан соғысының екінші жылы бел ортасынан ауған кез еді, – дейді С.Бойко. – Сталинград түбіндегі шайқастың нағыз қызған күндерінде Орал қаласының тұрғындары онша көп аңғара қоймаған бір оқиға болып өтті. – Сізді НКВД-ының Зеленов аудандық бөлімі шақы рады, – деді маған телефонистка. Мен трубканы алдым. – Жаңа ғана станса үстінен неміс ұшағы ұшып өтті, – деп баяндады аудандық бөлім бастығы. – Бет алысы –Орал. – Сіз қателесіп тұрған жоқсыз ба? – дедім сеніңкіремей. – Мүмкін біздің ұшақ шығар? Сену қиын еді. Қанша дегенмен Сталинград бізден 400 шақырым қашық жатыр ғой. Ал немістер аэродромы болса тіпті əріде… – Жоқ, жолдас бастық, немістікі, төмен ұшты. Оның қанатынан фашистердің свастикалық кресі анық байқалады. Мен өз көзіммен көрдім… Осыдан кейін іле-шала кеңседегі ішкі жүйеге қосылған телефон безек қақты. – Тыңда! – деп гүр етті ар жақтан таныс дауыс. Бұл гарнизон бастығы, авиация генерал-майоры Кравцов еді. – Қазір біздің үстімізден шығысқа қарай “Юнкерс” ұшып өтті. Аэродромды суретке түсіріп алды ғой деймін. Осыдан кейін біз терең ойда қалдық. Германияның əуе күштерін Орал аудандары неге қызықтырды екен? Байыптап қарасақ, оның өзіндік себептері де бар болып шықты. “Юнкерстің” Еділ мен Жайық аралығындағы далалы алқаппен ұшпай, темір жол бойымен ілгерілеуі тегін емес. Оны сол жерлердегі разъездер мен стансалар, сондағы пойыздар қимылы қызықтырғаны даусыз. Жау Елек-Урбах-Астрахань темір жол желісінің жұмысына кедергі келтіру арқылы Сталин град майданын дағы жағдайды қиындатуды көздеген сияқты. “Юнкерстің” Орал өңіріне келіп қыр көрсетіп кетуінен кейін осыған ұқсас оқиғалар жиілей түсті. Жау ұшақтары бірде теміржолдарды бомбаласа, енді бірде диверсиялық əрекетке бейімделген парашютші десанттарды түсіре бастады. Көп ұзамай Орда мен Жəнібек аудандарындағы халық жасақшыларының шақырусыз келген қонақтармен қақтығысуы басталды. Бірде əуе диверсанттары Жаңақала жəне Фурманов аудандарымен шектескен жердегі кеңшарлардың бірінің қой фермасына бомба тастады. Таң алакеуімдегі тұманда неміс ұшқыштарына қой қоралары аэродром болып көрінсе керек. Содан кейін олар Жəнібек стансасында біраз нəрсені бүлдіріп кетті. Облыстық партия комитетінің тапсыруы бойынша мен сол кезде аудандық партия комитетінің кезекті мəжілісіне қатысып отырған болатынмын. Біз жиналысты жүргізіп жатқан кезде фашист ұшақтары ұшып келіп, темір жол стансасын үш рет бомбалады. Аудан орталығындағы үлкен ағаш диірмен көз алдымызда балауыз шам секілді лаулай жанып қоя бергені əлі есімде. Неміс авиациясы осындай үрейлендіру əрекеттері арқылы тыл еңбеккерлерінің моральдық рухын түсіруге тырысты. Орда жəне Жəнібек елді мекендерінің көптеген қарт тұрғындары жау ұшақтарынан қарша бораған листовкалардың дала жолдарында шашылып жатқанын əлі ұмыта қоймаған да болар. Бірақ гитлерлік диверсиялық орталықтың “Ресей жөніндегі мамандары” Қазақстанды… Əзірбайжаннан айыра алмайды екен. Олардың Орда жəне Жəнібек далаларына тастаған листовкалары əзірбайжан тілінде еді. Мұны фашистер кейін түсінді. Бірде қар жамылған аязды далада “алқызыл” гүлдер жамырап шыға келді. Шағын, жұмсақ картонмен қапталған түрлі-түсті мыңдаған қағаз құжаттар желмен ұшып жатты. Қызыл мұқабалы партбилет сияқты жасалған оны əрбір адамның “бұл кімнің документі” деген оймен жерден көтеріп алатынына фашистер сенімді еді. Оны қолына ұстаған адам оның ішіне үңіліп қарары анық. Ал онда… “ұлы Германияға” мойын ұсынуға шақырған сөздер жазылған болатын. Бір күні осындай “почтальон” ұшақ біздің истре бительге тап болып, аз уақыттық шайқастан соң ол тұмсығымен жер сүзе құлады”. Ұлы Отан соғысы жылдарында Орал облыстық НКВДсының бастығы болып қызмет атқарған С.Бойконың естелігі міне, осылай деп сыр шертеді. Сол кездегі оқиға лар дың тікелей куəгері болған бұл адамның жоғарыдағы келтірген деректеріне көз жүгірте отырып, мынадай шешім ге келдік. Ол – бір кездегі сұрапыл соғыстың лаңы тиіп, жалыны шарпыған майданның бергі бетіндегі Жəнібек, Орда аудандарына барсақ, сол жерлерді өз көзімізбен көріп, тұрғындармен əңгімелессек деген ой еді. Бұл өзі ақырында солай болды да.

1983 жылдың қыркүйегінде “Лениншіл жастың” сол кездегі Батыс Қазақстан облыс тары бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істейтін əріптесім Төлеген Берішбаев екеуміз Атырау аймағы арқылы Жəнібекке келіп табан тіредік. Арнайы іссапар жайымен танысқаннан кейін аудан басшылары осы адамдармен сөйлесіп көру керек деген тізімнің арасынан Қойбақ Биташев ақсақалға айрықша тоқтала берді. Біз келгенде Қойбақ қария үйінде екен. Аула ішінде амандасып, жөн сұрасқаннан кейін: “Е, ендеше бері жүріңдер”, – деп бізді үйге бастады. Сенекке енген бойда-ақ негізгі бөлмеге бұрылмай, бірден бұрышқа қарай тартты. Мұнысы несі дегендей біз состиып тұрып қалдық. Осыны аңғарған қарт: “Бері жақындаңдар”, – деп бізге ишарат етіп, іргеде тұрған жазу үстелінің жамылғысын жоғары көтерді. Көп тартпасы бар көнерген бұл мүлікті үй иесі: “Соғыс зардабының белгісін айғақтайтын ескерткіш”, – деп түсіндірді. Үңіліп қарап едік, үстелдің өн бойында күйіп, тесілмеген жер қалмаған. – Ұмытпасам, 1942 жылдың 3 қазаны болуы керек, – деді, Қойбақ ақсақал үйге кірген соң. – Жау ұшақтары біздің стансаға алғаш рет топталып ұшып келді. Бомбалау кезінде екі қойма өртеніп, жанармай тиелген цистерна составы жанып кетті. Маңайына түскен бір бомбаның əсерінен су айдайтын үлкен мұнара төрт жағынан бірдей зақымданды. Жұмысшылар оны ертесінде темір белдеумен төрт жерінен құрсаулап тастады. Вокзалдан түскен кезде көрген шығарсыздар, мұнара əлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Сол күні жұмыстың нағыз қызған шағында, шамамен түскі екілердің кезінде неміс ұшақтары тағы да пайда болып, бомба тастады. Одан ұшқан жарықшақтардан мастер Скромников, мектеп оқушылары Паршев, Наумовалар қаза болып, жұмысшы Капицин мен үй шаруасындағы Балахина деген əйел қатты жарақаттанды. Қазан айының аяқ шенінде мен аудандық партия комитетінің өкілі болып “Бірлік” жəне Энгельс ұжымшарларына кеткенмін. Ол жақтан 14 қарашада оралдым. Келсем, өзім жұмыс істейтін мекеменің кеңсесі жау ұшағы тастаған бомбадан қирап қалыпты. Жалма-жан бір-екі адам ертіп, кабинетімді іздей бастадым. Өйткені менің үстелімнің тартпасында аудандық қамсыздандыру бөлімінің бүкіл құжаттары сақтаулы-тұғын. Ақыры таптық. Көп зақымданбапты. Бірақ құжаттар темір жарықшақтардан күйіп, тесіліп қалыпты. Үлкенді-кішілі 11 жарықшақ тиген мына үстелді кейін де тастамадым. Ақыры 1970 жылы еңбек демалысына шыққанымда ескерткіш болсын деп өзіммен бірге ала кеттім. Жəнібек селосындағы Қойбақ ақсақалмен кездескеннен кейін Орда ауданына қарай бет алдық. Мұнда келгенімізде күтпеген кездесудің куəсі болдық. Ол осы жердегі мұражайдан 1942 жылдың 11 қыркүйегінде Орал аспанында жау ұшағын тарандап құлатқан Д.В.Гудковтың суретін қайта ұшырастырып, ержүрек ұшқыштың сол уақытқа дейін тірі, Мəскеуде тұратыны жайлы хабарды естуіміз еді. Оны анықтап, ерінбей-жалықпай іздеп тапқан осы Орда тарихиөлкетану музейінің ғылыми қызметкері Амантай Хамзин екен. – Ұшқыштың адресін тапқаннан соң Мəскеуге барып, Гудковпен кездесуге, онымен жүзбе-жүз отырып əңгімелесуге бел байладым, – дейді Амантай бізбен əңгімесінде. – Ақыры кездестім де. Ержүрек ұшқыштың сондағы айтқан əңгімесін мына дəптерден оқуыңызға болады. Əңгімесін күрт үзген мұражай қызметкері қолымызға сырты мұқият қапталған оқушы дəптерін ұстатты. – 1942 жылы қыркүйек айында, – деп бастапты ондағы өз естелігін Дмитрий Василевич Гудков, – біздің эскадрилья Орда өңіріндегі шағын аэродромға қоныс ауыстырды. 11 қыркүйек күні аға сержант Шлыков екеуіміз күзетте тұрдық. Бір мезетте командалық пункттен жасыл ракета атылды. Бұл ұшуға берілген белгі-тұғын. Аспанға мың метрдей көтерілгеннен кейін Палласовка стансасы жақтан келе жатқан жаудың барлаушы ұшағын көзім шалды. Мен жылдамдықты арттырып, оған жақындауға тырыстым. Жау ұшқышы қауіпті сезініп, төмендеуге көшті. Арақашықтық алыстай бастады. Шынымен құтылып кете ме деген ойға келдім де гашетканы басып, оқ бората бастадым. Біраздан соң патрондар да таусылды. Бір уақытта екі ара тіпті жақындап қалған еді. Қарсыласымды алдау үшін қашып кеткен сыңай таныттым. Жау менен адасып қалды. Ол мені жоғарыдан іздеп жүрді. Соны пайдаланып, “Юнкерстің” оң қанатының астынан шыға келдім де, бортты ЯК-1-дің тұмсығымен сүздім. Шка ладағы соңғы көрсеткіштер 5 мың метр биіктік пен сағатына 500 шақырым аларлық жылдамдық болатын. Осы цифрлар есімде мықтап қалып қойыпты. Сонан кейін не бол ға нын білмеймін. Бақыты ма орай кері серпіген қат ты соққыдан кабина дан ұшып кетіппін. Есім ді жисам төмен құлдилап келемін. Жерге екі

шақырымдай қалған да парашютімді ашып үлгердім. Көгілдір
кеңістікте тағы да аппақ екі күмбездің қалқып келе жатқанын
көргенімде жау ұшағының да құтылмағанын сездім.
Жерге түскен бойда Жəнібек əуе пос ты сынан полуторка

мəшинесі келіп, ВНОС-тың /аспан кеңістігін бақылау жө нін-
дегі байланыс қызметі/ аға лейтенанты құ жаттарымды тек-
сергеннен кейін гос пи тал ьға алып келді. Шындығында мен-
де көп жарақат жоқ еді. Есесіне мен осы жер де “Юнкерстің”

атқышын көрдім. Оның екі аяғын гипстеп тастапты. Кейін нен
Жəні бек стансасының шығыс бетіндегі 3 ша қырымдай жер-
ге құлаған жау ұша ғы ның қалдығын кездестірдік. Кабинада
штур ман мен екінші атқыштың өлігі жатты”.

… Иə, Ұлы Отан соғысы кезіндегі майданның бергі беті
саналатын Батыс Қазақстан өңірі Сталинградтағы алапат,
жойқын шайқас дүмпуінен сырт қалмаған. Оған жоғары дағы
біз келтірген деректер мен естеліктер, көзбен көрген айғақтар

анық дəлел. Сол сапарымызда қазақ даласына түскен бомба
іздерін Бөкей ордасындағы Шоңғай, Сайқын, Эльтон елді
мекендерінен де ұшыратқанбыз. Жергілікті халық, ондағы
өскелең ұрпақ буындары бұдан алпыс жылға жуық уақыт

бұрын болған бұл оқиғаларды жақсы біледі. Десек те, уақыт
өткен сайын мұны оқтын-оқтын еске салып тұрудың еш
артықтығы жоқ сияқты.
1983 жыл.

Авторлық анықтама. Бұл мақала ең алғаш
рет республикалық “Лениншіл жас” газетінде 1983
жылғы 15 қарашада жарияланған болатын. Содан
соң 2001 жылы 26 ақпанда “Егемен Қазақстанда”

толықтырылып қайта басылғаны бар. Содан бері Ба-
тыс Қазақстандағы соғыс ізі қалған Жəнібек, Орда ау-
дандарына бұқаралық ақпарат құралдары жақсы назар
аударып келеді. Жеңістің 50, 60 жылдығы қарсаңында

телерадио журналистері де бірнеше хабар жасады. Аз
да болса “Қазақстан тарихы” оқулығы беттеріне ену-
де. Қазірше соған шүкір дейміз де.

ҮШБҰРЫШТЫ

ҮШБУ ХАТ…

“…Біздің түтіннен аттанған төрт азаматтың соғыстан
тек жарымжан болып біреуі…, кенже ұлым ғана келді. Ал
қалған үшеуі…, олар оралмайды енді…”
Сағыныш сазы жүрегін шымырлатып, жанарына жас

ұялаған қарт ана осы бір сөзді күбірлей қайталап, сарғайған
хаттарды ақтарып отыр. Жүзінде терең əжімнің ізі бар.
Алдындағы қобдишадағы ұқыппен бүктелген қағаздарды
қолына алып, кеудесіне аялай басады. Уақыт табынан жиегі

жырымдалып, тозығы жете бастаған хаттар… Одан сыз
окоптың, оқ-дəрінің иісі аңқып тұрғандай.
Үшбұрышты үшбу хаттар… Журналистік жолсапардың
қай-қайсысында болмасын біз мұндай дүниелерді алғашында

көп кездестіріп жүрдік. Көп кездестіріп жүрсек те аттың
жалы, түйенің қомындағы қысқа уақыт олармен арнайы
шұғылданып, жете танысуға мүмкіндік бермеген еді. Бертін
келе байқасақ, əу бастағы əр ауыл, əр елді мекендегі сол

ескерткіштер тіптен азайып кетіпті. Содан соң ойға қалдық.
Ол – осыдан 40 жыл бұрын жазылған жауынгер хаттарының
енді аз уақыттан соң оқуға, қолға ұстауға мүлдем жарамсыз
болып тозып қалатынын ескеріп, жинастыруға деген талпы-

ныс болатын…

– Оқимын десең оқы. Көшіріп алуға көңілің кетсе оған да

рұқсат. Бірақ өзіңмен бірге алып кетуші болма қарағым.
Майдан даласынан хат жолдаған боздақтардың бүгінде
көздері тірі аналарымен, ағайын-туысқандарымен, балала-
рымен арадағы болған əңгімелерде бізге олардың ең алды-

мен қойған үлкен бір өтініші, міне, осы болды. Байыппен
бағдарлап қараған адамға мұның өзі тектен-тек айтыла салған
ескерту емес. Өйткені, елге оралмаған жауынгерлер хатта-
ры есіл азаматтардың ет-жақындары үшін сан жылдар бойы

сағынғанда сырласар, қамыққанда жыртық көңілді жамап,
бүтіндер дəнекер кілті болып келді. Сонау бір кездері қара
қағаз алған семьялардың бұдан былайғы үміті де, көңілге ме-
дет етер жұбанышы да осы бір үшбұрышты хаттар еді. Міне,

əрбір майдангер семьясы үшін бұлар сол себепті қымбат, сол
себепті қастерлі екен. Жоғарыдағыдай оқиғаның көбінен біз
жүре келе соны ұқтық, соны түсіндік.
“Қарағым Гүлфара, құлыным Жамаш. Біз кеше Алма-

тыдан поезға мініп, Батысқа қарай қозғалдық. Вокзал
басындағы кішкентай балаларды көргенде мен сен екеуіңді
ойлап, құдайдан дендеріңнің сау болуын тіледім. Əкелеріңнің
қолдарынан келгені əзірше осы”.

Біз жинастырған жауынгер хаттарының біреуі міне,
осылай деп басталады. Оны осыдан үш жыл бұрын Алма-
ты облысының Ұйғыр ауданының Шонжы селосындағы
тұрғыны Гүлфара Тезекбайқызынан алған едік.

“Қос құлыным Гүлфара, Жамаш. Менің сендерден басқа
кімім бар? Туған-туыс, аға-бауыр кезінде болған. Қазір олар
жоқ. Алыста. Арманым – аналарыңнан ерте қалған екеуіңді
оқытып, қатарларыңның алды ету еді. Соғыс сол үмітті

орындатпады. Отанға қауіп төнген соң ел қорғауға атта-
нып барамын. Тірі оралсам қиындықтың бəрі бір күндей де
болмайды, қарақтарым. Жақсы оқыңдар. Біреудің ала жібін
аттамаңдар. Адал болыңдар. Қайыр-хош”.

Отан солдаты Тезекбай Дəркенбаевтың, яғни хат иесінің
кезінде кім болғанын, соғысқа дейін оның қандай жұмыстар
атқарғанын біз білмейміз. Өйткені оны біледі-ау деген ер-
азаматтардың көбі майданнан оралмаған. Мұны 1941-1945 жыл-

дары қаза тапқан 234 адамға арнап /ішінде Т.Дəркенбаевтың
да фамилиясы бар/ орнатқан сол ауылдағы құлпытастан
анық аңғаруға болады. Бірақ бір нəрсе айқын. Ол Тезекбай
Дəркенбаевтың білімді де сауатты адам болғандығы. Содан

соң елін, Отанын, туған жерін шын жүрегімен сүйе білген
азамат екендігі. Оған оқығанда жанарыңа жас алғызатын мы-
нау хаттар куə. Майданнан елдегі ұлы мен қызына жолдаған
ойлы кейіптегі суреті куə.

“Сталинградқа жақын жерде тұрмыз. Командир шайқас
болады дейді. Бұл – Отан бұйрығы. Оған мен сендердің
бақыттарыңды қорғау үшін кіремін”.
Конверт сыртына “1943 жыл. 14 ноябрь” деп белгі

соғылған бұл хат орысша жазылыпты. Қағаз бетіне сия
қарындашпен түскен əріптер тізбегінен ешбір мін таба алмай-
мыз. Сөйлемдері маржандай тізіліп тұр.
Хаттар…хаттар. Сыртына дала почтасының белгілері

соғылған ыстық сəлемге толы оларды көргенде тебіренбей
қала алмайсың. Неге дейсіз ғой? Бір жапырақ қағазға не-

месе жауынгерлік листоктың ашық жерін қуалап асығыс
жазылған сөйлемдер. Оған сыз окоптың сарғыш іздерінің
табы түсіпті. Хат сырты, конверт аузы көкаяз нанның
күйігімен, сабынның қалдығымен желімделген. Ал, ішінде…

иə, ішінде жоғарыдағыдай жүрек тебірентерлік аманат сөздер
атой салып тұр. Соны көргенде, соны ойлағанда: “Отан сол-
даты Тезекбай Дəркенбаев, сенің есімің осы күнге дейін
белгісіз болып келгенімен, өзіңнің борышыңды, міндетіңді

адал атқарыпсың. Майдан даласынан жазған хаттарыңдағы
сезім ұшқындарынан біз соны ұқтық, соны айқын сездік.
Сондықтан сенің рухыңның алдында үнсіз бас иеміз”, –
дейсің іштей күбірлеп.

“Əке, есіңде ме? Майданға кетерде менің маңдайымнан
сүйіп тұрып: “Мə, құлыным, жоғалтпа,– деп бір тал
шашыңды жұлып беріп едің ғой. – Жоғалтпа, тығып қой.
Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен

Ер төстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін, – деп
едің ғой əке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым.
Қырық үшінші жылдың қысында өзіңді қатты сағынып, үй
сыртындағы төбеге барып шақпақ тұтаттым. Бір тал

шашың лып етіп жанып кетті, бірақ сен уəдеңде тұрмадың.
Көп күттім, алыста ғой, жете алмай жүрген шығар деп ой-
ладым. Бірақ сен келмедің… Сөйтіп сенің өзіңнен де, көзіңнен
де айрылдым, əке. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным,

майданнан жазған хаттарың ғана, иə, хаттарың”.
Балауса пəк көңіл-ай десеңші. “Менің əкем, менің
ағам, менің туысым жеңіспен елге аман оралса екен”, – де-
ген жүрекжарды арманға толы еді ғой тыл балаларының

көңілдері. Сол тілекпен, сол сезіммен олар сонау көк мұнар
көмген көгілдір жоннан ауылға құлап түсер қасқа жолға
қарайтын. Почташы шалдың хат қалтасына үмітпен, күдікпен
көз тігетін. Майдандағы көкесінен хабар алса төбесі көкке

жетіп қуанып, күніне əлденеше рет оқитын. Оқитын да тығып
қоятын. Бізге жеткен мына хаттар солардың, соғыс жылғы ба-
лалар еңбегінің арқасы.
“Аса

бағалы
əке-шешем,
бауырларым.
Барлығыңа

сағынышты сəлем жолдаймын. Ал енді менен амандық білмек
болсаңдар өз елімізді қорғау жолында Отан соғысы майданын-
да жүріп жатырмыз. Жаулар қарғыс атып қансырауда. Ста-
линградты босатып, неміс окупанттарын талқандағанымыз

үшін гвардия атағын алдық. Қазір гвардеецтерміз. Бізді
қаланы азат еткеніміз үшін киноға түсірген. Сталинград
туралы киноны көруге асығыңдар. Хош, хат күтемін. Қанаш.
12.3.43.”

Қанаш кім? Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан
ауданының Жарсу селосында тұратын қарындасы Камал
Сүлейменованың айтуынша ол 1940 жылы сол аудандағы
мұғалімдер даярлайтын училищені бітіріп, “Правда” жеті

жылдық мектебінде оқытушы болып қызмет істеген. 1942
жылдың 5 январында əскер қатарына шақырылып, Орел,
Псков қалаларын жаудан азат етіскен. Жауынгер барлаушы-
дан ең соңғы хабар 1945 жылдың 27 апрелінде келіпті. Со-

дан бір күн өткен соң ол жау ордасы – Берлинге 30 шақырым
қалғанда минадан опат болған.
“Ардақты аға, тəте! Сіздердің амандықта, жақсы еңбек
етіп, колхозшы массаның алдында үлгілі болуларыңызды

тілеп хат жазушы майдан жауынгері.
Кəріміз деп қажымай, өздеріңіздің тұрмыстарыңыз үшін,
Отаныңыз үшін колхоз жұмысын жеңіспен байланыстыр-
ғандарыңыз үшін қымбатты əке-шеше, алғыс айтамын.

Сағынышты хаттарыңызды ардақтаумен қарсы алушы
ұлдарың, Қанаш. 18.6.44.”
“Қымбатты туысқандарым! Майдан даласынан сансыз
сəлем жолдаймын. Менен амандық білмек болсаңыздар есен-

саумын. Жауды өз ініне тыға қуып бара жатырмыз. Фаши-
стерге күндіз-түні тыныштық бермейміз. Міне, ертең неміс
жеріне кіреміз. Дұшпаннан жылаған совет адамдары үшін
кек алуымызды аяқтаймыз.

Елдің мейірімді адамдары. Əзірше қайыр-хош боп
тұрыңыздар. Сіздерге сансыз сəлемімді арнаймын. Қанаш.
20.1.45”.
Жауынгер барлаушы Қанаш Сүлейменовтің хаттары міне,

бізге осылай деп сыр шертеді. Ондағы əрбір жолдан, əрбір
сөйлемнен елге, Отанға деген ыстық махаббат сезіледі.
Хаттар сыр шертеді, хаттар түрлі ойға жетелейді, хаттар
көкірегіңе жігер құяды. Əр хат ұлы көш – үлкен өмірдің бір

үзігі. Əр хат – жауынгер жүрегінің ақ параққа төгілген жан
сыры, оның аяулы арманы, кірбеңсіз көңілі, сарыла аңсаған
сағынышы, кір жуып, кіндік кескен туған жерін аңсауы.
“Қымбатты Нюся, менің сенен бір тілегім бар – қамықпа,

өз денсаулығыңды жəне біздің бөбектеріміздің денсаулығын
сақта, оны мəпелеп өсір. Өзінің халқын, Отанын жəне өз əкесін

сүйетіндей етіп тəрбиеле… Шексіз құшып сүйем. Сендерді
жан-тəнімен сүйетін: Саша. Папа” /Совет Одағының Баты-
ры А.Афанасьевтің 1943 жылғы 27 февральде жазған хаты/.
Міне, бұл адал жарға, аяулы ұлға деген сағыныш.

“Біз сіздерді ұмытқан жоқпыз, күндіз де, түнде де
ауыр сын сағаттар мен қуанышты жеңіс сəттерінде де
сіздер бізбен біргесіздер. Туған жердің мөлдір биік аспаны,
Қарқаралы мен Есілдің кең жазығы, Ертістің меруерт суы,

Алтайдың көкорай шалғыны, Алматының алма бақтары
көз алдымыздан бір кетпейді. /Оңтүстік майдандағы қазақ
жауынгерлері мен командирлерінің 1943 жылы 22 апрельде
елге жазған хатынан/.

Бұл туған ел, өскен жерге деген іңкəр көңіл.
“Достарым, Жеңістің ұлы туын қолға ұстап, сіздермен
құшақ жайып қосылатын күн қашық болмас… Жалынды
жүректеріңізбен жазып, хат салыңдар. /Капитан Абдолла

Шараповтың ЖенПИ-дің қыздарына 1945 жылы 6 февральда
жазған хатынан/.
Бұл құралай көз, қимас құрбыға деген наз. Мұндай
хаттарға түсініктеме жазудың өзі артық.

“…Сауатсыздық сорлатты ғой мені, арысым. Əйтпесе
ауылдағы бар жаңалықты соның ішіндегі ең үлкен жаңалық

– сен кеткенде іште қалған алты айлық Тұяқтың 41-дің

қысында қалай өмірге келгендігін айтып өзіңді қуантпас па
едім. Қолымнан келгені – көрші үйдегі Күлпəн қыздан күнде
кешкісін сабақ алып, жеті айда жеті қаріп таныдым.
Сөйттім де 42-нің аптапты жазында қолымдағы парақ

қағаздың сау жерін қалдырмай: “Бошантай, Бошантай, Бо-
шантай”, – деген бір ғана сөзбен көз жасыма шылап өзіңе
жөнелттім. Оны алдың ба, алмадың ба білмеймін. Ал мына
хатты МТС-тен май таситын Сəрсенбектің кенже баласы-

на жаздырып отырмын”.
Бұл тылдан барған хат. Ел арасынан оны да кездестіруге бо-
лады. Шайқаста қаза тапқан жауынгерлердің қарулас достары
оны жерлеген соң елге боздақтың өзіне тиесілі документтерді,

суреттерді жəне қойын кітапшасын қайтарғанда жан жары-
нан, туыстарынан, тылдағы басқа да жақындарынан барған
хаттар кері оралып отырған. Міне, мұндай жайлардың өзі де
жеке əңгіме етуге тұрарлық.

Үшбұрышты үшбу хаттар. Жылдар өтер, алайда осы-
нау қарапайым документтердің қадір-қасиеті ортая қояр ма
екен? Қарабайыр тілмен, бірақ шын жүректен жазылған бұл
жолдар біздің халқымыздың ерлігінің, оның Отан-анаға де-

ген ыстық ықыласының құдіретін, əрбір совет азаматының
табандылығы мен мейірімін паш етеді.
Үшбұрышты үшбу хаттар. Олардың қай-қайсысы да
небір сезім құпияларына толы. Бұлар жинақтала келе тарихқа

айналған кешегі ерлік беттерін жаңғыртқандай. Иə, бұл та-
рих, мəңгі көнермейтін, халық жүрегінде мəңгі өшпейтін та-
рих.
Өмір озып уақыт қанша алға ұмтылғанымен осынау хат

жолдарындағы сөздер адамдардың жүрегіндегі фашизмге де-
ген ашу-ызаны оятатыны, оны айыптайтын, əшкере лейтіні
анық. Бұл хаттар – адамзатты дүниежүзілік жаңа соғысқа
итермелеп отырған қараниет топтарға қатаң ескерту.

Ендеше жас дос, солдат хатын, жауынгер аманатын ұр-
пақтарымызға қарапайым тілмен айтып берер осы доку-
менттерді сақтауға, табуға, оны іздестіруге, жинастыруға
жұмылайық…

1984 жыл.
Авторлық анықтама. Ойдан ой туады ғой. Оқыр-
ман ның есіне салайық дегеніміз мынау. Ол 1985 жылы
Ұлы Жеңістің 40 жылдығына орай “Қазақстан” баспа-

сы нан “Письма из фронта” деген кітаптың жарық
көргендігі. Онда майданнан келген неше түрлі хат-
тар тұңғыш рет топтастырылып оқырман қауымға
ұсынылған еді.

ƏЛЕМДІ

ШАРЛАҒАН

СУРЕТ

Мені ол кісімен кездесуге, əңгімелесуге ынтықтырған
жазушы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Сергей Сергеевич
Смирновтың “Брест қамалы” кітабындағы шағын фото сурет
пен оған берілген мынадай анықтама еді. “1961 жылғы 25

маусымда – дейді автор. – Белоруссияда аты əйгілі қамалды
қорғаушылардың асқан ерлік көрсеткеніне жиырма жыл то-
луы мерекесі салтанатты жағдайда атап өтіліп, оның тірі
қалған қаһарман жауынгерлері Бресте бас қосты. Қарт май-

дангерлер бір кезде өздері шайқасқан дзоттар мен окоптарға
барды, қаза тапқан жолдастары рухына тағзым етіп, қираған
құландының үстіне гүл шоқтарын қойды. Мерекеге қатысқан
былайғы жұртқа ұрыстар туралы əңгімелеп берді. Дəл осы

кезде Белорус телеграфтық агенттігінің Минскіден келген
фототілшісі Михаил Ананьин кім-кімнің де болмасын жан
дүниесін толқытардай ғаламат сурет түсірді”.
Ол оны “Соғысқа лағынет” деп атапты. Енді осы фотоға

қарап, сəл ойланайықшы құрметті оқырман! Міне, Брест
қамалы. Қорған қабырғасының тас-талқан боп жарылып
қираған жеріндегі үлкен-үлкен бетон кесектер. Онда ауыр
күннің елестері есіне түсіп, сондағы қасірет пен қайғы бойын

билеп алып кеткендей бар денесімен жақпар тасқа сүйеніп,
маңдайына білегін төсеп бір адам тұр. Оның оң аяғы жоқ.
Қасында ескі окоп жиегіне сүйей салған балдақ көрінеді.
Бұл адам Владимир Иванович Фурсов. Ол аяғын қажаған

ағаш протезін тастап, балдағымен осы араға – бір кезде өзі
шайқасқа қатысқан жəне жау оғынан жараланып өмір-бақи
кемтар, мүгедек боп қалған жерге келген. Оның қатарында
ауыр күндерді есіне алып, мына тастарға ойлана қарап қалған

адамдар көрінеді. “Брест қамалы” кітабы авторының баянда-
уына қарағанда олар Фурсовпен бір полкта қызмет атқарған
Яков Коломиец – Жабинка қалашығынан келген қызметкер,
Павел Сиваков – Минскідегі құрылыс мекемесінің прорабы,

Тұрсын Қыдыров – Магадан облысынан келген жұмысшы
жəне Марк Пискун – Брест облысындағы колхоз төрағасы
екен.
Сөз орайында мына бір жайды айта кетелік. Аталмыш

фотода бейнеленген негізгі кейіпкер Владимир Иванович
Фурсов – біздің жерлесіміз. Ол 1941 жылдың 22 маусы-
мында Брест қамалының солтүстік – батыс бөлігіндегі
темір жол линиясының маңындағы ұрыстарға қатысқан.

Кейін фашистердің ірі калибрлі пулеметінен атылған оқ са-
нына тиіп жаралы боп тұтқынға түседі. Аяғынан айрылған
дəрменсіз жан содан кейінгі төрт жыл ішінде фашистердің
Бяла Подляскадағы, Замостьедегі, Торндағы лагерьлерінде

қисапсыз көп ауыртпалықтар көреді. Əйтсе де рухы күшті
Отан солдаты азаттық күніне аман жетіп, елімізге қайтып
оралады. Қазір Владимир Иванович астанамыз Алматыда
тұрады. Ол биология ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі.

– Сіз Ұлы Отан соғысының қайғылы да қасіретті ең

бірінші күнін өз көзіңізбен көрген жансыз. Сондағы оқиғалар
өзіңіздің есіңізде нендей жəйттер арқылы сақталып қалды?
Алматының жазғы жаймашуақ күндерінің біріндегі кез-
десуде мен ол кісіге нақ осылай деп сұрақ қойдым. Влади-

мир Иванович мұны естігенде қатты қиналды. Оны қарт
профессордың сол сəттегі алдымен маңдайына жиыры ла
қалған терең əжім іздерінен, сонан соң барып күреңіткен бет
əлпетінен анық аңғаруға болатын еді. Əйтсе де сұрақтың аты

сұрақ, оған жауап бермеуге болмайтынын білді ғой деймін,
əйгілі Брест қорғаушысы өткен күндер тізбегін көз алдынан
бір өткізіп алғандай ұзақ ойланды да күрмеуі көп күрделі
өмір жолы жайлы үзік-үзік естеліктер айта бастады.

...1941 жылдың маусымында Отан алдындағы əскери
міндетін өтеп жүрген 125-ші миномет полкының сержан-
ты Владимир Фурсовтың елге қайтуына тіптен аз уақыт
қалған болатын. Оның алыстағы Қазақстан астанасы Алма-

тыдан Батыс Белоруссия жеріне келгені кеше ғана сияқты
еді. Енді қарап отырса содан бергі үш жылға жуық уақыт
мұның өміріне көп із тастағандай, көп өзгеріс əкелгендей.
Олай дейтіні бұл кезең аралығында ол жаңа ел, жаңа жерді

көрді, өзіне көптеген достар тапты. Ақыры бойы өсіп, ойы
ержеткен азаматқа айналды. Бертін келе Владимир Фурсов
миномет батареясының үздік жауынгері ғана болып қоймай,
полк комсомол комитетінің секретары, қабырға газетінің

редакторы, волейбол командасының капитаны сияқты өзіне
тапсырылған қоғамдық жұмыстарды ұқыпты, əрі тиянақты
атқарып жүрді. Сондықтан да оны Брестегі өзі қатарлы жас
қызыл əскерлердің бəрі дерлік жақсы білетін əрі сыйлайтын.

– 21 маусымның кешінде,– дейді əңгіме иесі, – мен

полк
волейбол
командасының
ойыншыларын

жарыс
алдындағы жаттығудан өткіздім де, оларды киноға бастап
апардым. Фильм аяқталғаннан кейін жігітердің бəрі қа-
зармаға келіп, қалың ұйқы құшағына кетті. Ал мен үшін

жұмыс күні əлі аяқталған жоқ-тын. Түн ортасы болып
қалса да алдымда жауынгерлік парақшаның кезекті са-
нын шығару, оны қабырғаға ілу міндеті тұрды. Таң ата
бере солардың бəрін бітіріп төсегімде қисайғаным сол еді,

жер дүние ыңырана дірілдеп қоя берді. “Бұл не?” – деймін
іштей: “Əскери əзірлік жаттығуы ма, жоқ əлде кез-
дейсоқтан келген табиғат апаты ма?” Мұндайда ойланып
тұруға уақыт қайда, не де болса тəуекел деп жігіттерді

оятуға ұмтылдым.

– Соғыс... Соғыс басталды, – деді осы кезде есіктен

ентіге кіріп келген кезекші жауынгер. – Тұрыңдар!
Казармадан үйме-жүйме боп сыртқа шыға бергенімізде
дəл қарсы алдымыздан келіп бір нəрсе гүрс ете түсті. Снаряд
екен. Оның жан-жаққа зыңылдай ұшқан жарықшақтары біздің

жайдары да жігерлі жетекшіміз, командирдің саяси жұмыстар
жөніндегі орынбасары Петр Халезовті мұрттай ұшырды.
Не істерімізді білмей сасқалақтап тұрып қалдық. Төңірекке
қараймыз, бүкіл қамалды жарқылдаған от бен бұрқыраған

шаң басып кетіпті. Үйлер қирап, лаулай жанып жатыр. Бір
мезетте комендатура терезесі маңынан шала-шарпы киінген
қызыл əскерлер көрінді. Казармадағы баспалдақ істен шыққан
болуы керек, əлгілердің ешқайсысы сыртқа беттей алмады.

Ақыры олар үйдің екінші қабатынан өз төсектеріндегі матрац,
жастық атаулыны түгел жерге лақтырып, соның үстіне қарай
асығыс секіріп түсе бастады. Əлі де болса еш нəрсені байып-
тап үлгермеген, соғыс басталды дегенге мүлде сенбеген біз

соларға барып қосылуға бел байладық. Бірақ екі ортадағы
оқ нөсері ол ойымызды жүзеге асыртпады. Содан соң қару-
жарақ қойылған орталық парктегі миномет батареясына же-
туге асықтық. Оған іліксек жағдайдың бəрі анықталатындай,

мына алапат арсыл-гүрсілдің өзінде əлі кешігіп келмей жатқан
командиріміз сол жерде бізді тағатсыздана күтіп тұрғандай
болды да тұрды.
Миномет батареясына тез апаратын төте жолдың бірі

қамалдағы атқора қоршауынан асып түсу еді. Аз-кем

ақылдасқан соң бəріміз соған қарай зауладық. Ол жер-
ге келгенде нені көрдік дейсіз ғой? Сұмдық... Жаз кезіндегі
əскери тəртіп бойынша шекарашы аттары ашық қорадағы
мамағаштарда байлаулы күйінде қалдырылған екен. Кенет

оқ жауып кеткенде олардың кейбіреуі сол мезетте-ақ оққа
ұшқан, ал енді біреулері қарны ақтарылып, аяғы сынып ты-
пырлап жатыр. Жүгенін сыпырып, шылбырын үзген жиырма
шақты арғымақ қамал қорасындағы гүрсілдеген жарылы-

стан үрке қашып, қашан снаряд, бомба сынығы тиіп ұшып
түскенше ерсілі-қарсылы шапқылауда. Ақыры біз осынау
тілсіз жануарлардың таңқаларлық қимылын көріп қайран
қалдық. Уақыт өткен сайын аттар өлуге бас игендей. Енді олар

жұлқынуды, шылбырын үзіп қашуды, шұрқырай кісінеуді
былай қойып, гүрсілдеген жарылыстан аспанға түйдегімен
ұшқан топырақ пен қою түтін арасында тірсектері дірілдей,
бастарын төмен салып мөлиді де қалды. Жаудыраған жа-

нарларынан мөлдіреген жас жерге бұршақша домалап түсіп
жатқаны көрініп тұр. Иə, сол мезетте аттар өмірмен бей-
не бір қош айтысқандай шынымен жылады. Жануар екеш
жануардың да мұндай жағдайдағы қимылын көргенде біздің

денеміз тітіркеніп, жанымыз түршікті.
Осы кезде: “Сақтаныңдар!”–деген дауыс естілді. Жалт
қарадық. Бұл атқораның ар жағындағы қоршаудан асып
түсіп келе жатқан қатардағы жауынгер Аргамасов екен.

Гимнастеркасының дал-дұлы шығып, үсті-басын қан жапқан
ол үйінді топыраққа жете бере: “Трансформатор будкасының
ар жағында... немістер...” –деді де сылқ ете түсті. Сөйткенше
болған жоқ шолақ қоныш етік киген, жеңдерін білегіне

дейін түрінген жау солдаттары бізді басып қалды. Олар
қарусыз тұрғанымызды көріп беріледі деп ұқты ғой деймін,
оқ шығармады, жанымызға еркін келді. Осы күнге дейін ой-
лаймын, сол жүрекжұтқан қимылды кім бастады деп, əйтеуір

жігіттердің бəрі сонда көзсіз ғажап ерлікке барғанын қазір
еске алмай кете алмаймын. Жолдастарым құр қол болса да
қаймықпай жау тобына қарсы тап берді. Бəріміз мидай ара-
ласып кеттік. Жан алып, жан беріскен алыс-жұлыс бастал-

ды. Менің қолым лақтырған кірпіштен жүрелеп отыра кет-
кен фрицтің ту сыртына ілікті. Оны иығынан тартып қалып
шалқасынан түсірдім де, қылқындыра бастадым. Ол да мені
аяған жоқ. Өз кезегін жібермей құлақ шекемнен салып қалып,

көзімнің отын жарқ еткізді. Өстіп езгілесе берер ме едік
қайтар едік, егер біздің үстімізден бір топ қызыл əскерлер
келіп түспегенде. Бұлар кавалеристер екен. Атқорадағы
арғымақтарының аянышты халін көргеннен кейін жүген

ұстап жаяу қалғанын сезген олар шайқасқа бізден де бетер
ашына кірісті. Оны мен əлгілердің ұран салып айғайлаған
дауыстарынан, өзімді дендетіп əкетіп бара жатқан жүнді қол
фрицтің жауырын тұсын ала бере жарқ еткен қылыш жүзінен

анық байқап қалдым. Жау солдатының жан даусы шықты. Ме-
нен қолын босатқан ол көзі бозарған күйі жерге құлап түсті.
Адам жады, оның зердесі қандай мықты десеңізші. Мұны
мына əңгіме иесінің осыдан елу жыл бұрын болған жай-

ларды бүге-шігесіне дейін қалдырмай айтуынан, сондағы
оқиғаларды шатастырмай еске алуынан анық аңғарғандайсыз.
Иə, Брест үшін шайқас шынымен дəл солай болған. Өйткені
жау атқан оққа жер шыдамады, ойылып кетті, тас қорған

бөгет бола алмады, қақ айырылды. Бірақ, сондағы топан
сел, отты ағыста адамдар төтеп берді. Бұл құрғақ сөз емес.
Шындық. Оған көз жеткізу үшін төмендегі екі фактіге назар
аударып көрелік. Оның біріншісі кинорежиссер 3. Аграненко

түсірген “Мəңгі жасайтын гарнизон” атты фильм. Онда экран
бетінен тек 2-3 секунд қана көрініп өте шығатын кадр бар. Көз
алдымызға əуеден түсірілген Брест қамалы келеді. Қорғанның
іші-сыртындағы аймақтың бəрі жарылыстан қопарылып, қою

түтін аспанға атқылауда. Ол жер бейне бір бұрқылдай қайнап
жатқан от қазаны сияқты. Соны көргенде мұндағы бекіністен
ешкім тірі қалған жоқ шығар деп ойлағандайсыз. “Кино
кереметтерінің” талайынан хабары бар бүгінгі көрермендер

түгілі, көптеген өнер мамандарының өзі-ақ жоғарыдағы кад-
рларды кино-фокус санайды. Ал шынында мəселе мүлде
олай емес. Бұл гитлершіл оператордың 1941 жылдың 22 ма-
усымында Германия кинохроникасы “Вохеншау” апталығы

үшін самолеттен түсірген деректі кадры. Осы олжа (тро-
фей) лентаны көргенде Брест қорғаушыларының соғыстың
алғашқы күніндегі жағдайының аса қиын болғанын, соған
қарамастан бір адам кейін шегінбей шайқасқанын білесің,

сезесің. Міне, сол астан-кестең өмірдің ішінде, Ұлы Отан
соғысының алғашқы күніндегі алғашқы шайқас нүктесінде
біздің 4 мыңға жуық қазақстандық жерлестеріміз де жүрген.
Соның бірі өзіміз əңгіме етіп отырған осы Владимир Ивано-

вич Фурсов.
Енді екінші фактіні сөз етелік. Бұдан бірнеше жыл бұрын

шетелде Гитлердің əйгілі диверсанты, подполковник Отто
Скорценидің естеліктер кітабы шықты. Бұл соғыс қылмыскері
фашистік Германия талқандалғаннан кейін өзіне қауіпсіз
баспананы франколық Испаниядан тапқан болатын. Өзінің

естеліктерінде ол Брест қамалы туралы да айтуды ұмытпаған.
Демек, қандықол баскесер соғыс басталар алдында біздің ше-
кара өңіріндегі диверсияларға тікелей қатысқан болуы керек.
Бірақ бұл жөнінде ол жұмған аузын ашпайды. Оның есесіне

қамалды қорғаушы совет солдаттарының табандылығына
берген бағасы көңіл аударарлықтай. “Брест бекінісіндегі гар-
низон,– деп жазады кітап иесі, – бізбен арадағы шайқасты
соңғы патрондары, соңғы адамдары қалғанша жүргізе берді”.

Бұдан əрі Отто Скорцепи бірде жауып тұрған оқ астында
қамалдың үйме топырағына өрмелеп шыққанында казар-
ма арасындағы алаңдар неміс солдаттарының өлігіне толып
кеткенін өз көзімен көргенін айтады. Бұл не? Бұл естелік үшін

кел тірілген жай сөз бе? Жоқ. Ол жаудың Брест қаһарман-
дарының ерлігін мойындауы.

– 22 маусымның түс əлетінде есімізді жиғандай болдық.

Жүзге жуық жауынгер бір жерге топталдық та, жаудың
орталық казармаларға жасаған екі шабуылын тойтардық.
Міне, мен сол жерде ауыр жараландым. Оқ қалай тиді, мұны
қазір еске алу маған өте ауыр. Фашистердің ірі калибрлі

пулеметінен атылған ажал қорғасыны оң аяғымның күл-
талқанын шығарғанда есімнен танып қалыппын. Көзімді
ашсам Минск тас жолының бұрылысындағы бұта түбінде
жатыр екенмін. “Бұл жерге қалай келгенмін?”– деймін іштей.

Ақырында мұның жолдастарымның тірлігі екеніне көз
жеткіздім. Өйткені қызыл əскерлердің біреуі оқтаулы вин-
товканы басыма жастапты да, оның найзасының ұшына: “Біз
төңіректі барлауға аттандық. Қайтып ораламыз, қозғалма!” –

деген сөздер жазылған қағазды түйрей қыстырып кетіпті. Мен
оларды көп күттім. Келмеді. Тілім аузыма симай шөлдеген соң
жол жиегіндегі Муховец өзеніне қарай жылжуға бел байладым.
Жаныма батқан жарақаттан əлім құрып, көзім бүлдырады.

Жиі-жиі есімнен танып қала бердім. Бірақ алға қарай қозғалу
керек деген талабымды сонда да тоқтатпадым. Өстіп отырып
жол жиегіндегі қара бидай алқабына іліккенімде қаза тапқан
төрт-бес қызыл əскердің үстінен түстім. Бұлар менің жолда-

старым еді. Тас жолды кесіп өте береміз дегенде оққа үшқан
есіл ерлердің маған қайтып орала алмағанын сонда ғана ба-
рып түсіндім.
Əлден уақытта гүрілдеген мотор үні естілді. Басымды

көтере бердім де бұға қойдым. Минск тас жолының бойымен
фашист танкілері шұбап келеді екен. Көз қиығыммен қарап
қоямын, міне, мен жатқан жерден колоннаның алғашқы бөлегі
өтіп барады. Одан кейін зеңбірек сүйреткен бес-алты машина

көрінді. Кезек жаяу əскерлерге келгенде олардың біреуі жол
жиегіндегі қаза тапқан жолдастарымның денесін көріп тоқтай
қалды. Содан соң қасындағы еңгезердей фрицке əлдене деп
тіл қатты да бермен қарай жүрді. Мен қимылдамауға тыры-

стым. Ал жау солдаты болса гимнастеркалары қан-қан болып,
үстеріне шыбын үймелеген достарымның жансыз денесін ав-
томат оғымен сыдырта көміп өтейін дегендей қимыл таныт-
ты. “Өлдім”, – дедім ішімнен. Жоқ, олай болмады. Екі ойлы

болып тұрған ол ақырында бəрімізді бір-бір теуіп көрді де
кері бұрылды. Ажалдан аман қалған мына жағдайдан кейін
бүл төңіректе біздікілерден енді ешкімнің қалмағанын анық
сездім. Сондықтан тас жолға жоламай, қара бидай алқабының

арасына сіңіп кетуді жөн көрдім. Өкінішке қарай ұзаққа бара
алмадым, ауру жаныма батып, сандырақтай бастадым. Содан
соң талып қалдым.
…Есімді жиғанымда жүрегім зырқ ете түсті. Тұтқынға

түсіппін, лагерьде жатыр екенмін. Бір-екі күн өткеннен соң
білдім, арамызда қоршаудан шыға алмай қолға түскен біздің
Брест госпиталындағы дəрігерлер де бар болып шықты. Менің
өмірімді сақтап қалған міне, солар. Орнымнан қозғала алмай

əлсіреп, тіршілік атаулының бəрінен күдер үзіп жатқанымда,
хирург Иван Кузьмич Маховенко мен əскери фельдшер Надеж-
да Аркадьевна Шумская маған қол үшын берді. Медициналық
аспаптың, дəрі-дəрмектің жетімсіздігіне қарамастан тəуекелге

бел буған олар лагерьдің бір бұрышындағы сарайда менің оң
аяғымды кесіп тастап, денеме жайылған ісікті əрең тоқтатты.
Осылайша бір ажалдан аман қалдым. Бірақ мен оған
қуанғаным жоқ. Өйткені, алдымда одан да бетер азап күтіп

тұр еді. Ол – тұтқында өткен төрт жыл болатын. “Мұндай
қорлықты көргенше сол шайқаста неге өліп кетпедім екен?”–
дейтінмін кейде. Өстіп жүріп Бяла Подляскадағы концлагерь-
ге айдалдым. Онда бүкіл елді қырқай құлатқан сүзектен аман

қалдым. Одан кейін Замостьедегі тұтқындармен тағдырлас
болдым. Бұл жерде аштыққа төтеп бердім. 1945 жылы
Торндағы азап мекеніне келгенімізде шаруамыздың біткенін
сезіндік. Себебі мұнда жиналғандардың бəрі өңшең мүгедек,

кемтар жандар еді. Соғыс Германияға таянғанда біз ешкімге
керексіз болып қалдық та жаппай атылуға кетудің алдында
тұрдық. Фашистердің бұл бұйрығы бүгін-ертең жүзеге асады
деп отырғанда біздің əскерлер Торнға тұтқиылдан шабуыл

жасап, бəрімізді ажалдан аман алып қалды.
Кейіпкеріміз осы жерге келгенде бірауық үнсіз қалды. Со-
дан соң аз-кем ойланып отырып, əңгімесін қайтадан жалғады.
Одан біз мынаны ұқтық. Бостандық. Еркіндік. Бұл сөздер Вла-

димир Иванович Фурсовқа қымбат əрі қастерлі. Өйткені кеше
ғана ол өмірден күдер үзген жан болатын. Ал, бүгін тағдыр
оған басқаша көзқараспен қарай бастады. Тұтқыннан босады,
денсаулығының əлсіздігіне байланысты дəрігерлеріміздің

бақылауына алынды, ұзақ емделді. Жарты жылдан кейін по-
езбен елге қайтты. Жолда келе жатқанда өткен өміріне есеп
берді, болашақта не істеуім керек деген сауалға іштей жауап
іздеді.

Ол Қырғызстандағы Ыстықкөл маңында туып өскен еді.
Бала кезінде Тянь-Шань өңіріндегі құстар тіршілігіне қатты
қызығатын, ер жеткен соң орнитолог болсам деп армандай-
тын. Осы үміт жетегімен Алматыдағы Қазақ мемлекеттік

университетінің биология факультетіне келіп оқуға түсті.
Бірақ, бірінші курсты бітірген жылы əскер қатарына
шақырылды да Ұлы Отан соғысы басталғанда хабарсыз кетті.
“Енді барсам оқуға мені қайта қабылдай ма, қабылдаған күнде

мынадай денсаулықпен, мынадай ағаш аяқпен студенттік ор-
тада жүре аламын ба, жоқ па?”– деп толғанды ол жолда келе
жатып. Сол сəтте оның есіне концлагерьдегі көңілсіз жай
да оралмай қойған жоқ. Торн қаласындағы азап мекенінде

бұларға Баумбах деген қатыгез комендант тап келген бо-
латын. Бір күні оның тұтқындарға былай дегені бар: “Сен-
дер мүгедексіңдер, кемтарсыңдар. Оның үстіне қолға түсті,
тұтқынға берілді деген жаманаттарың тағы бар. Россияға

еңбекке жарамсыз, масыл адамдардың қажеті қанша? Ертең
елдеріңе барғанда халдеріңнің мүшкіл болатыны түсінікті.
Бұдан шығатын бір ғана жол бар. Ол – Россияға барған
күннің өзінде бізге қызмет ету, онда біздің нұсқауымызбен

диверсиялық жұмыстар жүргізу. Ал біз өз кезегінде сендерді
қаржымен қамтамасыз етіп тұрамыз. Ештеңеден тарықпай-
сыңдар”. Баумбах мұндай арам ойды тектен-тек айтқан жоқ-
ты. Ол Германияның екінші дүниежүзілік соғыста мықтап

ұтылғанын сезді, білді. Соның өзінде бұл фашист сілімтігі
қарамағындағы тұтқындарға Геббельстің улы насихатын əлі
де айтып қалуға, мүмкін болса олардың кейбіреуін тура жол-
дан тайдырып жіберуге тырысты. Владимир Иванович поез-

бен еліне қайтып келе жатқан жолда тисе – терекке, тимесе –
бұтаққа деген сол бір сөзді есіне түсірді. Есіне түсірді де қаны
қайнады. “Жоқ,– деді ол сонда өзіне-өзі.– Мен мүгедек те,
кемтар да емеспін. Оқу да, еңбек ету де қолымнан келеді əлі.

Туған елден, Отаннан аянатын ештеңем жоқ. Қалған өмірімді
міне, осы айтылған ойды орындап, дəлелдеп шығуға арнай-
мын.
Осындай берік шешімге бекінген кейіпкеріміз үйіне келер-

де күтпеген оқиғаға тап болды. Əдетте мұндай жайды жұрт
шындыққа мүлде жанаспайды деп ойлауы да ғажап емес.
Бірақ, өмір шіркіннің таңқаларлық, кейде тіпті өзің ойламаған
кездейсоқ оқиғаны алдыңа көлденең тарта қоятынын қалай

жоққа шығарарсың. Ол сонысымен қиын, сонысымен қызықты
емес пе?! Владимир Ивановичтің Қырғызстанда тұратын
анасы баласының Брест шайқасында хабар-ошарсыз кеткені
туралы 1941 жылдың өзінде-ақ қара қағаз алған еді. Содан

бері оны өлді деп есептейтін. Ирина шешей енді майдандағы
екінші ұлы, Владимирдің ағасы Георгийдің тілеуін тілеп
жүрді. Ол кісінің бұл үміті ақталды. Үлкен баласы Жеңіс
күніне аман жетті. Соңғы хатында Георгий сол аяғынан жа-

раланып госпитальда жатқанын, одан кейін поезға отырып
Фрунзеге (қазіргі Бішкек) бет алғанын хабарлаған еді. Мұны
естігенде Ирина шешейде ес қалмады. Туған-туысқандарын
аяғынан тік тұрғызып вокзалға қарай асықты. Дəл осы кезде

Владимир Иванович мінген поезд да Қырғызстан астанасына
таяп қалған еді. Ол тұтқыннан босап, Мəскеудегі дəрігерлерге
қаралып жатқанда менің тірі екенімді естісе шешем барлық
жұмысын былай қойып осында іздеп келер, əуре болар деп хат

жазбаған еді. “Біраз емделейін, ес жинап демалайын, аяғыма
протез жасатып берген соң үйге өзім-ақ барамын”,– деген
байламға келген болатын. Қызық болғанда ағайынды екеуі
мініп келе жатқан екі поезд Фрунзеге бірінің артынан бірі

келіп жетті. Перронға түскен бойда Владимир Иванович ана-
дай жердегі тұрған туған-туысқандарын көріп, қайран қалды.
“Менің келетінімді қайдан біліп қойды екен?”– деп дал болған
ол көп жыл бойы көрмеген анасына: “Ма-ма!”– деп ақсаңдай

ұмтылды. Ирина шешей дауыс шыққан жаққа жалт қарады
да боздап қоя берді. Міне, екеуі бір-бірін құшақтаған күйі

қосыла жылап тұр. “Гриша, жарығым!” – дейді анасы өксігін баса алмай: “Бауырың Володядан айрылдық қой... Хабарсыз кетті... Естисің бе, Георгий?” Владимир Иванович мына сөзге алғашында онша көп мəн берген жоқ. Бірақ, байқайды, шешесі оны құшақтап тұрып басқа баласының есімін – үлкен ағасы Георгийдің атын айтып тұр. Бұған таңырқаған ол: “Мама, мен сол хабарсыз кеткен Володяның нақ өзімін ғой”, – деді жəйімен. Қарт ана селк ете қалды. Ол ештеңені де ұға алмай тұрған тəрізді. Əлденеге үрейленгендей ұлының бетіне бажырая қарады. Сонан соң сұп-сұр боп көзін жұмды да перронға құлап түсті. Сөйтсе шешесі мұнда үлкен ұлын қарсы алуға келген екен. Владимир Иванович: “Мама!”– деп ұмтыл ғанда ол мұны Георгий екен деп қалыпты. Өйткені осы бір шүйкедей кемпірдің өз ұлдарын көрмегеніне бақандай бес жыл өткен еді, əрі бұл ағайынды екеуі бір-біріне өте ұқсас болатын. Ол кісі сонша жылдан бері хабар-ошарсыз кеткен Володясының ойда жоқта келіп қалатынын қайдан білсін?! Қуаныштан ешкім де өлмейді екен. Бір уақытта барып есін жиған шешесі ғайыптан пайда болған баласын қайтадан құшақтаған күйі ағыл-тегіл жылай бастады. Содан кейінгі жарты сағаттан соң Владимир Ивановичтің ағасы мінген поезд да келді. Бұл күн Фурсовтардың семьясы үшін ұмытылмастай болып есте қалды. ...Арада жылдар өтті. Аталмыш кезең ішінде біздің кейіпкеріміздің өмірінде көптеген өзгерістер болды. Соның басты-бастыларына тоқталар болсақ ол – Владимир Ивановичтің соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік универ-ситетінде оқуын қайтадан жалғастыруы, биология факультетін үздік бағамен бітіруі, аспирантураны ойдағы дай аяқтап, кандидаттық, докторлық диссертацияларын қорғауы. Былай қарағанда бұл айтуға ғана оңай, Ал, жоғарыдағы атқарылған істерге зер салып үңілсеңіз, ондағы алынған асулардың қай-қайсысы да болмасын өзі жарымжан, денсаулығы дімкəс адамға үлкен қиындыққа түскенін аңғарар едіңіз. Оған мына бір мысалды айтсақ да жеткілікті ғой деймін. Тың игерудің алғашқы жылдарында Владимир Ивановичтің биология факультетіндегі үшінші курс студенттеріне жетекші болып Қостанай облысына аттанғаны бар. Мұнда ол кісінің шəкірттеріне қажет құралсайман, азық-түлік іздеп, темір жол станциясы мен дала қосы аралығында көбірек жүріп-тұруына тура келді. Сондай бір шаруаны орындау барысында совхозға жүретін машина дан кешігіп, станция басында қалып қойды. Көз алдына студенттерге ертең өзі нұсқау беруге тиіс жұмыстар елестеді, мынау түнде олар бірдеңеге ұшырап қалмас па екен деген ой келді. Көңілі елегізіп тынбаған соң он екі шақырымнан астам жерге жаяу кете беруге бел байлады. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн еді. Айнала жым-жырт болатын. Бұл тыныштықты тек оның өзінің аяғын дағы протез сықыры ғана бұзғандай. Міне, үш... одан кейін бес..., тағы бір екі шақырым жер артта қалды. Осы кезде қатты сүрінді де етпетінен түсті... Сөйтсе аяғындағы проте зінің айылбасты қайыс белдігі шорт үзілген екен. Мұны көргенде не істерін білмей қатты күйінді. Ақыры ашуын ақылға жеңдіріп сəл отырды да алға қарай еңбектеп көруге бел байлады. Тілі аузына симай қатты шөлдеді, көзіне ащы тер құйылды. Соған қарамастан ол бір жамбасымен сырғанап, дала қосына қарай жылжи берді, жылжи берді. Есіне 1941 жылдың аптапты жазы түсті. Көз алдына төңірегін өрт шалған, масағын түтін ыстаған қара бидай алқабы келді. Сонда да дəл осындай күй кешпеп пе еді бұл? Бірақ ол кез бен қазіргі жағдайды қалай салыстырарсың? Онда төңірегіңді аңдыған жау, көңілің күдік пен үмітке күпті болатын. Ал қазір ше? Жо-жоқ, бұл қиындық түк емес. Тек менің бұлай еңбектеп келе жатқанымды шəкірттерім көрмесе екен, бейбіт күндегі адамдар мына əл-сіздігімді, мүгедек қимылымды сезбесе екен. Өзін-өзі қамшылаған осындай ой жетегімен ширыққан Владимир Иванович таң саз бере дала қосындағы студенттер шатырының шетіне ілігіп уһ деді. Сонда ол бүл кедергіні де алғанына, өмір жолында кездескен кезекті қиындықты жеңіп шыққанына көз жеткізді. – Белорус телеграфтық агенттігінің фототілшісі Михаил Ананьиннің “Соғысқа лағынет!” деп аталатын суретін бұл күндері бəріміз жақсы білеміз. Сол фотодағы бейнеленген негізгі кейіпкер сіз – өзіңізсіз. Ендеше оның туу тарихын, аталмыш суреттің қай жерде, қашан, қалай түсірілгенін айтып берсеңіз... – 1961 жылғы маусым айында,– деді Владимир Иванович, маған Белоруссиядан хат келді. Ондағы Ұлы Отан соғысының ардагерлер кеңесі мені Брест қамалын қаһармандықпен қорғаудың жиырма жылдық мерекесіне қатысуға шақырыпты. Бұл хабарды естігенде қатты толқыдым. Өйткені, 1941 жылдан кейін ол өңірді көрем деп ойлаған жоқ едім. Ақыры барып қайтуға бекіндім де Алма-

тыдан Минскіге, одан əрі Брестке тартып кеттім. Ондағы
жүрек толқытарлық кездесулер, өткізілген шаралар тіптен
көп-ақ. Ол əсерлерді тізе берсек əңгімеміз ұзарьш кете ме
деп ойлаймын. Сондықтан оның негізгісіне, əлгі сурет та-

рихына тоқталайын. 25 маусым күні алдын-ала белгіленген
күн тəртібіне орай біздер өзіміз шайқасқан Брест қамалын
түгел аралап шығуға аттандық. Қорғанның ішіне кіргенде,
ондағы қазармаларды көргенде жанымдағы майдангерлердің

бəрінің көңілі босап, көздеріне жас үйірілді. Кейбіреулері
тіптен ашықтан-ашық жылап келеді. Бұл өз-өзінен түсінікті
де еді. Себебі, осыдан жиырма жыл бұрын Отанымыздың əр
түкпірінен келген біздер міндетті əскери борышымызды өтеп

жаттық. Онда бəріміз тепсе темір үзетін жап-жас жігіттер
болатынбыз. Ертең елге қайтамыз деп жүрек түкпіріміздегі
асыл арманымызды аялап жүргенімізде соғыс басталды да,
біреуіміз ауыр жарадар болдық, екіншіміз тұтқынға түстік,

үшінші біреулеріміз қаза тауып, өмірмен мəңгілікке қош
айтысты. Енді міне, арада көп уақыт өткенде шаштарын ақ
қырау шалған, маңдайларына əжім іздері түскен, алапат
соғыс кесірінен түрлі ауруға ұшыраған үркердей топ мынау

астан-кестеңі шыққан үйінді топырақ арасынан өздерінің
жастық шақтарын іздегендей. Қамалдың қираған орны
оларға апайтөстерін апатқа тосып опат болған қандыкөйлек
достарының бейнесін елестеткендей. Мен достарымның сол

сəттегі көңілдерінің босап, жанарларына жас үйірілген сезім
толқынысын міне осылайша түсіндім, осылайша бағаладым.
Өстіп келе жатқанымда біреу иығыма қолын сал-
ды. Қарасам, жазушы Сергей Сергеевич Смирнов екен.

Байқаймын, өңінде мені аяғандық, күні бойғы жаяу жүріске
шыдай ма, жоқ па деген қиналғандық сезімі бар. Ол мұны
маған жасырмай айтты да.

– Алда əлі де үш-төрт шақырым жер жүруге тура келеді,

Владимир Иванович. Сіз сияқты денсаулығы дімкəс жандар-
ды ешкім сөкпес. Бармай-ақ қойсаңыз қайтеді?– деді наразы
үнмен.
Мына сөзді естігенде мен оның бетіне салмақпен байып-

тай қарадым. Сөйттім де, Сергей Сергеевичке: “Егер рұқсат
етсе, бұл қамалды бір емес, үш айналып өткен болар едім”,–
деп жауап бердім.
Ол үндемеді. Менің ішкі сезімімді ұққандай болды да,

басын шайқаған күйі үнсіз алға оза берді. Бірақ, жазушы өз
ескертуін тектен тек айтпапты. Оған түске тарта анық көз
жеткіздім. Неге десеңіз қираған қабырғалар мен снаряд ойып
кеткен апандардан асып түсу, топырақ үйінділерін айна-

лып өту маған оңай болған жоқ. Ағаш балдақ қолтығымды
удай ашыта қажап, жанымды шығарды. Осылайша топтың
соңында жиі-жиі қалып қоя бердім. Мұндайда адамның ой-
ына келмейтін нəрсе бар ма, жүйкем жұқарып, өзіме-өзім

қатты кейідім. “Денім сау болса ел қатары жайраңдап жүрмес
пе едім?”– дедім ішімнен. Сөйттім де: “Өмірбақи көрінгенге
көзтүрткі етіп қойған, мүгедектікке ұшыратқан қу соғыс-ай!”

– деп күйіне күбірледім өзіме-өзім. Өстіп келе жатқанымда

қамалдың солтүстік-батыс бөлігіндегі быт-шыты шыққан
бекініс орындарын көзім шалып қалды. Бұл жолдастарымның
көбі қаза тапқан, мен жаралы болып оң аяғымнан айрылған жер
еді. Оған жете бергенде өзімді-өзім тоқтата алмадым, көңілім

босады. Бетімді шытынай жарылған сұр тастарға басқан күйі
үнсіз егіліп қоя бердім. Осы бір қас- қағым сəтті фототілші
Михаил Ананьин қалт жібермей суретке түсіріп алыпты. Оны
мен ертесінде бір-ақ білдім. Брест облыстық газетіне шыққан

бұл туындысын автор “Соғысқа лағынет!” деп атапты. Кейін
ол “Бұл қайталануға тиіс емес!” деген атқа ие болды. Менің
ойымша соғысқа деген қарғысты, жеккөрушілікті сол суретте
бейнеленген біздермен бірге Михаил Ананьиннің өзі де ай-

тып тұрғандай. Өйткені ол да əскерде болған жауынгер, əрі
партизан, мен сияқты ол да жау оғынан ауыр жараланып, бір
аяғы жоқ мүгедек боп қалған.
Владимир Ивановичтің жоғарыдағы əңгімесінен кейін

менің ойыма аталмыш суретке байланысты мына бір жай-
лар оралды. Ол бұл туындының 1961 жылы Мəскеуде өткен
“Жетіжылдықтың қарышты қадамы” атты фотокөрмеде
бірінші дəрежелі дипломға ие болғандығы. Одан соң атал-

мыш сурет Венгрия астанасы Будапештегі халықаралык,
конкурста қола медальді, Поляк Журналистер одағының
тағайындаған Үлкен жүлде сыйлығын жеңіп алды.
Бұл бұл ма, 1962 жылы 14 шілдеде “Литературная газе-

та” “Соғысқа лағынет!” атты фотосуретті жариялап, Брест
қамалын қаһармандықпен қорғаушылардың ерлгін алғаш
шежіреге түсіруші С. Смирновтың баяндауымен сурет тари-
хы туралы мақала жазылды. Сол күндері Кремльдегі Съездер

сарайында Бейбітшілік жəне жаппай қарусыздану жөніндегі
Дүниежүзілік конгресс өтіп жатқан болатын. Конгресс де-
легаты, белгілі американ суретшісі Рокуэлл Кенттің атына
бұрынғы белорус партизаны, Ұлы Отан соғысының мүгедегі

Михаил Ананьиннен пакет келіп түсті.

“Қымбатты Рокуэлл Кент!– деп хат жолдапты М. Ананьин
атақты суретшіге. – Мен Сізге қарапайым сый ұсынамын. Ол
“Бұл қайталануға тиіс емес!” атты менің өзіме етене жақын
суретім. Мұның мəні меніңше, Сізге, жүрегі жер бетіндегі

халықтардың бақыты мен тыныштығы үшін соғатын адамға,
түсінікті болар деп ойлаймын... Мен осынау фотосуретке
Дүниежүзілік конгресс делегаттары қол қойып, оны жап-
пай қарусыздану мен бейбітшілік жөніндегі ұлы форумға

қатысушылардың жүрек жалынын Сіз өзіңізбен бірге
Америкаға ала кетуіңізді өте-мөте қалаймын”.

– Бұл өте қымбат сый,– деді Рокуэлл Кент “Литературная

газетаның” тілшісі Наум Марға. – Екі жыл бұрын мен Бре-
сте, сол қамалда аз уақытқа ғана болған едім. Сондағы менің
көргендерім жадымда мəңгі сақталады...
Көп кешікпей алыстағы Америка құрлығынан Қазақстан

астанасы Алматыға хат келді. Владимир Иванович одан
мынадай жүрек тебірентерлік жолдарды оқыды: “Вла-
димир Фурсов, қымбатты досым менің! Маған Михаил
Ананьин сыйлаған фотосуретте Сіз өзіңіз жанқиярлық

ерлікпен қорғаған қамалда, жаралы болған траншеяның
жанында тұрсыз. Сурет мені қатты толқытты... Сіз жəне
Сіздің жолдастарыңыз адамзат бақытын қорғау жолында
қаншалықты еңбек сіңіргендеріңізді білгендіктен, Сізге деген

шексіз алғысымды қалай жеткізерімді білмей ұяла отырып
мойындаймын. Сізге шексіз берілген Рокуэлл Кент”.
...Қазір Владимир Иванович біздің республикамызға
белгілі ғалымдардың бірі. Ол жүзге жуық ғылыми еңбектің

авторы. Соның ішінде оның орта мектепке, жоғары оқу орын-
дарына арнап жазған “Қазіргі заманғы биология негіздері”,
“Биология пəніне кіріспе” атты кітаптары оқушылар мен
студенттер үшін таптырмас дүниелердің бірі. Қазақ КСР

Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, професссор,
биология ғылымының докторы оның кеудесінде бүгінде
екі орден жарқырайды. Мұның біріншісі – ІІ дəрежелі Отан
соғысы орденін Владимир Иванович Бресті қорғағаны үшін

алса, екіншісі – Ленин орденін бейбіт кездегі ғылымға қосқан
еңбегі үшін иеленген.
1984 жыл.
Авторлық анықтама. Владимир Иванович Фурсов 1995

жылдың 17 қаңтары күні Алматы қаласында қайтыс болды.

ТУ ТІККЕН

Рақымжан Қошқарбаев! Иə, бүгінде рейхстаг қабырғасына
алғашқылардың бірі болып Жеңіс жалауын қадаған қаһарман
қазақ жауынгерінің есімін кім білмейді. Ол жайында талай
кітаптар шықты, өлең-поэмалар, очерктер жазылды. Дей

тұрсақ та аты аңызға айналған ардагер ағаның өмір жолы
түгел қағазға түсіп бітті деуден аулақпыз.
Рақымжан ағамен бір кездескенімізде, ол кісіден өмір
жолының сирек сөз болып жүрген жақтарынан əңгіме

қозғауын өтінген едік. Бұл əңгіме сол сұхбат үстінде жазып
алынған болатын.

– Балалық шағыңыз қалай өтті, аға?

– Мен Ақмола өңіріндегі Тельман елді мекенінде өмірге

келіппін. Бұрын оны Қырыққұдық деп атаған. Қазір мұнда
“Қазақстанның 40 жылдығы” атындағы совхоздың бригада-
сы бар. Балалық, жастық шағым осы аймақта өткендіктен бе,
менің көзіме оның əр бұтасы бүгінге дейін ыстық. Шешемнен

төрт жасымда жетім қалыппын. Анамды жоқтатпайын деп ой-
ласа керек, əкем бетімнен қақпай өсірді. Ол көп сөйлемейтін
кісі еді. Бірақ көңіл-қошы келгенде, кең көсіліп кететіні бар-
тын. Сондай бір əңгіме күні бүгінге дейін жадымда.

– Балам, мынау дала – сенің туған жерің, – деген болатын

əкем. – “Жекен – жерінде көгерер, ер – елінде көгерер”, – де-
ген екен аталарымыз. Осы сөздің жаны бар. Бұл жер мына
аптап ыстықтан шөбі қуаң тартып, көзге көркем көрінбей
жатқанымен құт-береке. Ертең сен де ержетесің. Сонда осы-

нау еліңнің басы болмасаң да, сайының тасы болуға тырыс,
балам.
Алайда мен балалық бал дəуренмен ерте қоштастым.
Төрт жасымда шешемнен айрылғаныммен, əкемнің мейірбан

көңілі арқасында жетімдік көрмей өсіп келе жатыр едім. 1937
жылдың қараңғы бір түнінде есікті сартылдата ұрып, қара
киімді үш адам үйге кірді. Содан соң əкемді тез киіндіріп
алып кетті. Бұдан басқа ештеңе есімде қалмапты. Менің

балалық шағымды сол бір сұрқай түн қоса ұрлап əкеткендей,
көңілім құлазып сала берді. Сөзімнің басында жас кезімдегі
бейкүнə көңілді сəттерімді айтып өттім ғой, ал сондағы ең
бір қорқынышты, жүрегімнің қан жылаған кезі əлгі көңілсіз

сурет еді, шырағым. Бұл оқиға қалай болды, əкемнен не үшін
айырылып қалдым, оған сол кезде нақты жауап таба алма-
дым. Ол тек кейін ғана белгілі болды.

– Өзіңіздің өміріңізде үлкен сын болған Ұлы Отан соғысын,

оның басталғанын қалай, қашан естідіңіз? Сол күн, сол сəт
есіңізде ме?

– Неге есімде болмасын, бəрі де көз алдымда ғой. Соғыс

басталған күні – жексенбі болатын. Сол күні біздің “Қосшы”
колхозының адамдары ерте тұрып, шабындыққа аттанды.
Шөп қалың, тура белуардан екен. Ат шалғының екі айналған
жері бір мая. Түске таяй бергенде, ауыл жақтағы қара жол-

дан шаң көрінді. Бізбен бірге жексенбілікке шыққан Нұрғали
деген мұғалімнің əйелі ай-күні жетіп отыр еді. Дəу де бол-
са сүйінші сұрағалы келе жатқан сол шығар, деп ойлады
пішеншілер. Салт атты Төлеубай қарт екен, өңі боп-боз боп

кетіпті.

– Ақсақал, не болды, жайшылық па? – деді жігіттердің бірі.

– Оу, жараңдар, соғыс басталды.

Сөйтті де ол кісі тақиясымен тершіген маңдайын сүртті.
Мына сөзді естігенде ел де, жер де ауыр күрсінгендей болды.
Бəрі де ат-арбасына үрпиісе мініп, ауылға қарай бет алды. Со-
дан айналасы бір аптаның ішінде ер-азаматтың бəрі майданға

аттанды. Ал күзге қарай, иə, күзге қарай біздің колхозға
алғашқы “қара қағаздар” келе бастады. Мен майданға жіберуді
өтініп, əскери комиссариатқа екі рет арыз бердім. Бірақ олар-
дан ешқандай жауап болмады. Келесі жылдың тамыз айында

ауылдағы темір ұстасы Өтегеннің Нұрымы мен маған шақыру
қағаз қатар келді. Жолға тез жиналдым. Тез жиналмайтын нем
бар, артымда қарайлайтын əкем де, шешем де жоқ. Туысымыз
Мұса қарттың үйіне бас сұғып, Əлиман əжемнің батасын ал-

дым. “Соңғы қарға тұяқ сенен де айырылдым-ау”, – деп зар
еңіреді ол кісі. Жарықтық-ай, десеңізші, “қырық жыл қырғын
болса да ажалды өледі” демекші, қарт ана менің майданнан
аман-есен келетінімді, бүгінгідей бақытты өмір сүретінімді

қайдан білсін…

– Өміріңізде ең бір қуанышты деген сəттер болды ма? Бол-

са, ол қандай оқиғаларға байланысты еді?
Мен өмірімде екі рет қатты қуандым, шырағым. Əскерге
алынғаннан кейін оншақты адамды Фрунзе қаласындағы
əскери училищеге оқуға жіберді. Солардың ішінде мен де бар

едім. Осы жерде бір жыл оқыдық. Сонда үлгілі тəртібіммен,
бұйрықты екі етпей орындайтын елгезектігіммен көзге
түстім. Міне, осыны бағалаған командирлерім маған партия
мүшелігіне кандидаттыққа өтуге кепілдеме берді. Сондағы

жалпы жиналыста өмірбаянымды бүге-шігесіне дейін, тіпті
əкемнің жағдайына дейін жасырмай толық айтып шықтым.
Сонда батальон парторгы Нұғыман Ғалымжанов: “Біз
партияға сенің əкеңді емес, өзіңді аламыз. Ал өзіңнің қандай

екеніңді жақсы білеміз”, – деді салмақпен. Осы сөз ұзақ
жыл бойы жадымда сақталып қалды. Кандидаттық карточ-
камды алғанымда, ерекше толқыдым, өмірімде ең бірінші
қуанғаным сол шығар, сірə. Сол жылғы октябрь айында тағы

да қатты қуандым. Бұл тіпті ерекше еді. Майданға аттанатын
күн тақау қалды деп жүргенімде, хабарсыз кеткен əкем мені
іздеп Фрунзеге келді. Сонау жылдары Тайтөбе балалар үйіне
қабылдану кезінде көп қиындық көріп жылағаным бар. Содан

кейін көз жасымды енді ешкімге көрсетпеспін деп бекінген
едім. Əкемді көргенімде өзімді-өзім тоқтата алмадым. Екеуміз
қалай құшақтасып көрістік десеңізші! “Құлыным, жалғыз
тұяғым!” – дейді ол кісі еңкілдей жылап. “Əке, əкетайым!”

– деймін мен де ішіме шемен боп қатқан запыранымды

ақтарып. Біздің жағдайымызды көрген училище бастығы шы-
дай алмады-ау деймін, мені бір күнге босатты. Сол жолы біз
көп сырластық. Сөйтсем, əкем əлдекімнің көрсетуі бойынша,
жаламен ұсталып кеткен екен. Ақырында бəрі анықталып,

ол кісінің кінəсы жоқ болған соң, халық жауы деген аттан
құтылып, біржола ақталып шығыпты. Шерімізді тарқатып
əңгімелесіп, ертесінде əкемді поезға шығарып салдым. Ол
жүрер алдында мені мейірлене сүйіп: “Жортқанда, жолың бол-

сын, балам! “Ер – елдің ық жағының қалқасы, жел жағының
панасы”, – деуші еді бұрынғылар. Сол еліңнің үмітін ақтар
ұлы бол, қарғашым!” – деп батасын берді. Өмірдегі екінші бір
қуанған сəтім, жан толқынысын бастан кешкен кезім сол 1943

жылдың күзіндегі əкеммен қайта қауышуым дер едім.

– 1945 жылғы 30 апрель күні рейхстаг қабырғасына жеңіс

туы тігілгені мəлім. Бұл жайында көп айтылып, көп жазылды.
Əйтсе де сол оқиға туралы өз аузыңыздан айтып берсеңіз?

– Күндізгі сағат 11-дің кезі еді. Берлиндегі “Гиммлер үйі”

көшесі орамында дұшпанға қарсы ұрыс жүргізіп жатқанбыз.
Осы кезде мені штабқа шақырды. “Біздің батальонға
рейхстагқа тігетін жеңіс жалауын жеткізу тапсырылды, –
деді командир маған қарап. – Оны апару үшін арнайы топ

құрылды. Соның құрамына сені қоссақ деп отырмыз. Бұл
ұсынысқа қалай қарайсың?”
Мен бұйрықты орындауға əзір екенімді айттым. “Олай
болса, – деді батальон командирі, – мына дүрбіні ал да, əне бір

тұстан өзің баратын жерді жақсылап барлап ал”. Мен дүрбіні
көзіме тақап, комбат меңзеген жаққа қарадым. “Иə, не көріп
тұрсың?” – деді ол. “Дəу киіз үйді көріп тұрмын”. Мына сөзге
штабтағылардың бəрі ду күлді. “Рейхстаг деген сол. Киіз үй

деп тұрғаның оның күмбезі”. Осы мезетте менімен бірге ба-
ратын жауынгерлер де жиналып қалды. Капитан Давыдов
бəрімізге сəт-сапар тіледі.
Біз жиналған үйдің терезесіне əйнек салмай, орны-

на кірпіш қалап қойған екен. Соның саңлауынан бұқпалап
сыртқа қарадым. Оқ нөсері сəл саябырлапты. Тудың кезде-
ме матасын қойныма тықтым да, алға қарай секіріп түстім.
Артымша үстіме келіп біреу құлады. “Кімсің?” – дедім оған

қарамастан. “Григорий Булатовпын”. “Басқа жігіттер қайда?”
“Сыртқа шыға алмай бөгеліп қалды”. Жер бауырлап алға
қарай жылжып келеміз. Алды-артымыз түтеген жоқ. Бір ме-
зетте сағатыма көз салдым.

Шыққанымызға біраз уақыт болып қалыпты, ал жүрген
жолымыз мандымай келеді. Не істеу керек? Осы сұрақ жа-
нымды жегідей жеп, алдыңғы жаққа ұзақ қарадым. Жолдың
ортасында снаряд жарықшағы шұрқ-шұрқ тескен күрке тұр.

Оған дейін ай тақыр алаң. Бірақ қайткенде де соған жету
керек. Мен бар жайды ойша есептедім, де қасымда жатқан
Булатовқа: “Ал, Гриша, ештеңеге қарамастан күркеге қарай
жүгірелік. Кеттік!” – дедім. Оқ жан-жағымыздан зуыл-

дап жатыр. Біз дедектеген күйі əлгі қалқаға келіп етпеттей
құладық. Содан соң жанымызды шүберекке түйіп бір орға
жеттік. Ондағы суды жалдап өтіп қуысқа тығылдық. Есіме
қойныма тығып алған тудың кездеме матасы түсті. Матаны

ептеп алдым да, сия қарындашпен шетіне: “674-ші атқыштар
полкы, лейтенант Қошқарбаев, қызыл əскер Булатов” деп жаз-
дым. Григорий: “Мұныңыз не?” – дегендей бетіме таңырқай
қарады. “Егер алда-жалда өліп кетсек, кейінгі жауынгерлер

бізді білсін”, – дедім оған. Жолдасым: “Түсіндім”, – дегендей
басын изеді.
Үш жүз метр жер. Осы қашықтықты біз алты сағат
бойы еңбектедік. Ақырында рейхстаг жақтан бораған оқ

сəл саябырлағандай болды. Көк түтін бе, көтерілген шаң
ба, алдымыз бұлыңғыр тұман болып кетті. Оның арасы-
нан фашистердің ордасы əрең көрінеді. Осы бір сəтті пай-
даланып жүгірсек, жау бізді рейхстагқа жеткенше көрмей

қалуы мүмкін еді. Тағы да: “Кеттік!” – дедім де, алға қарай
тұра ұмтылдым. Соңымнан Булатов та құстай ұшып келеді.
Рейхстагтың тепкішегіне табанымыз тиді-ау ақыры! Жау
бізді байқап қалып, оқтың астына алды. Əп-сəтте айналамыз

тарс-тұрс жарылған снаряд жарықшақтарына толып кетті.
Аман қалдық па дегендей екеуміз бір-бірімізге қарадық. Күле
береміз. Екеуміздің де көзімізде жас. Денемізде əлсіз діріл
бар. Бұл, шамасы, толқу, қуаныш сезімі болар. Демімізді ба-

сып, ес жиған соң Гриша екеуіміз бірлесіп жүріп, өзіміз алып
келген жалауды рейхстагтың бірінші қабатындағы қабырғаға
қададық. Содан аз уақыт өткен соң, артымыздан негізгі күш
те келіп жетті.

– Сол Григорий Булатов екеуіңіз тіккен жалаудың кейінгі

тағдыры не болды? Ол қазір бар ма? Бар болса, қай жерде
сақтаулы?

– 2 май күні рейхстаг түбінде демалып жатқан бізге өзіміздің

150-ші Идрицк дивизиялық газетінің тілшісі Василий Суббо-
тин келді. Ол командирден болған жайды тəптіштеп сұрап
алып, содан кейін менімен, Булатовпен сөйлесті. Қайтарында
біз тіккен жалауды көргісі келетінін айтты. Осыдан кейін ка-

питан Давыдов: “Енді ол туды рейхстаг қабырғасынан алса
да болады. Сен барып əкеле ғой”, – деп Булатовты жұмсады.
Сол заматта Григорий оны алып келді. Əлгі жерде тілші де,
жауынгерлер де жалауды асықпай көрді. Содан кейін олар

мұның əлі де рейхстаг қабырғасында тұра тұрғаны жөн деп
шешті.Бұл менің өзім тіккен туды соңғы рет көруім еді. Ал
оның одан кейінгі тағдырын білмеймін.

– Сіздің осы ерлігіңіз жайлы алғаш қалам тартқандар

кімдер еді?

– Біздің дивизиялық “Воин Родины” газетінің 1945

жылғы 3 майындағы санында мынандай шағын хабар жарық
көрді: “Отан өз ерлерінің есімін құрметпен атайды. Совет
қаһармандары – халықтың адал ұлдары. Олардың теңдессіз
ерлігі туралы кітаптар жазылады, əндер шығарылады. Олар

Гитлер ордасының шаңырағын ортасына түсіріп, рейхстаг
төбесіне жеңіс туын қадады. Батырлар есімін жадымызда
сақтайық: лейтенант Рақымжан Қошқарбаев, қызыл əскер
Григорий Булатов. Бұлармен тізе қоса шайқасқан басқа даңқты

жауынгерлердің есімдері: Провоторов, Лысенко, Орешко,
Бреховецкий, Сорокин. Батырлардың даңқы арта берсін!”.
Содан екі күн өткен соң, сол газетте əскери журналист
В.Субботиннің “Олар жеңіс туын қадады” деген көлемді

мақаласы шықты. Онда біздің бастан кешкен оқиғамыз түгел
жазылған еді. Ал 14 май күні атақты жазушы Борис Горбатов
іздеп келіп сөйлесті. Кейіннен оның мен туралы “Литератур-
ная газетада” материалы шықты. Онда былай делінген еді: “…

Расында да, біздің армиямыздың жауынгерлерін қырандарға
теңеуді доғаратын кез жетті. Менің көзімше… рейхстагқа
жеңіс жалауын тіккен қазақ Қошқарбаевпен қандай бүркіт
теңесе алады? Мұндай батырды көрсету үшін тіпті де басқаша

поэтикалық бейнелеу, басқа поэзия – социалистік реализм
поэзиясы керек…” Сондай-ақ “Правда” газетінің сол кездегі
тілшісі Мартын Мержановтың да мен жайында жазғанын еске
алмай кете алмаймын. Кейін ол өзінің “Бұл осылай болған”

атты кітабында біздің ерлігімізге қайта айналып соғып, жылы
пікірлер айтқаны бар.
Мұның бəрі соғыстың соңғы жылында болған жəйттер
ғой, шырағым. 1947 жылы əскерден босап, елге келдім.

Өзіме тиісті жұмысымды істеп жүріп жаттым. Сондағы таң
қалғаным өзіміздің қалам иелері арасынан: “Орталық газет-
тер жазып жатыр ғой, сол оқиға қалай болды? Біз де білейік”, –
деп сұраған бірде-бір жанды кездестірмедім. Өстіп жүргенде,

1949 жылы көктемде Москвадан Алматыға “Советтік
Қазақстан” киножурналын түсіру үшін атақты кинорежиссер,
Социалистік Еңбек Ері Роман Карменнің келмесі бар ма? Ол
кісі мені іздеп таба алмапты. Ақыры киножурналды түсіріп

болып Москваға қайтарында “Казахстанская правдаға” ин-
тервью берген. Сол газеттің 1949 жылғы 8 майдағы Роман
Карменмен сұхбатын оқыр болсақ, онда мынадай жолдар бар:
“…Біз бұрынғы майдангерлердің еңбектегі істеріне кеңірек

тоқталдық. Солардың бірі Қошқарбаев жолдаспен менің өте-
мөте қайта кездескім келеді. Қазір ол қайда? Менде қаһарман
жауынгерлердің рейхстагқа қызыл жалау тігіп жатқан сəтін
бейнелейтін кинокадрлар сақталған. Бұл 1945 жылдың сол

бір естен кетпес күні болған еді”. Содан арада он жылға
жуық уақыт өтті. Бұл Баукеңнің, Бауыржан Момышұлының
əскери қызметтен босап, Алматыға келген кезі еді. Бірде сол
кісі жазушылардың бір жиынында: “Бізде осындай адам бар.

Оны білмейсіңдер, көрмейсіңдер”, – деп əлдекімдерге қатты
кейіпті. Содан бір күні мені журналист, “Лениншіл жастың”
сол кездегі жауапты хатшысы Кəкімжан Қазыбаев іздеп келіп
сөйлесті. Кейін оның газеттің 1958 жылдың 20 февраль күнгі

санында “Рейхстагқа ту тіккен жігіт” деген көлемді очеркі ба-
сылды. Бұл республика баспасөзінде мен жайында шыққан
тұңғыш мақала еді.

– Ұлы Отан соғысынан кейін Берлинге, өзіңіз ту тіккен

рейхстагқа барудың сəті түсті ме?

– Мен онда екі рет болдым. 1965 жылдың 8 майы күні совет-

герман достық қоғамының шақыруымен Берлинге бардым.
Ондағы рейхстагты, Бранденбург қақпасын асықпай, жаяу
аралап көрдім. Сол сапарда мені Берлин – Кепенинг кеме жа-
сау заводына шақырды. Кəсіпорында жиын өтіп, онда цехтың

бригадирі Вилли Ротер өздерінде совет-герман достығы бри-
гадасы құрылғанын салтанатты түрде жария етті. Бұл брига-
даны совет жауынгері Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен
атау жөніндегі шешімді жиналғандар қол соғып, қызу қарсы

алды. Содан кейін 1970 жылғы 6 майда менің Берлинге екінші
рет жолым түсті. Ол да бір əсерлі кездесулерге толы сапар
болды. ГДР-дің Ұлттық Қорғаныс министрлігінде қызмет
істейтін генерал-лейтенант Оттомар Пехпен, біздің еліміздің

үлкен досы, жазушы Карл Кокошкомен əңгімелескенімізді
ешқашан ұмытпаймын.

– Архивіңізде өз жүрегіңізге жақын, өзіңіз етене жақсы

көретін документтер мен хаттар бар ма? Бар болса, ол қандай
дүниелер?

– Бұған СССР Қорғаныс министрлігінің архивіндегі

№1208 қорда сақталған документ пен 1963 жылы Москва-
дан шыққан “Ұлы Отан соғысы тарихының” бесінші томын
айтуға болады. Осы кітаптың 7-ші тарауындағы 283-ші бетте
“…Мұнда 674-ші атқыштар полкынан шыққан Р.Қощқарбаев

пен қатардағы жауынгер Г.П.Булатовтың жалаулары желбіреп
тұрды”, – деп жазылған. Осы сөйлемдер мен үшін аса қымбат.
Ал үйдегі жеке архивімдегі өзіме етене жақын екінші доку-
мент – белгілі қоғам қайраткері, марқұм Ілияс Омаровтың

мені 1970 жылы ұлы Жеңістің 25 жылдығымен құттықтап
жазған хаты. “Қалқам, Рақымжан! – делінген онда. – Ұлы Отан
соғысының жеңісіне ширек ғасыр толды. Бұл күні біз келешек
үшін құрбан боп кеткен көп азаматтардың аруағының алдын-

да басымызды иеміз, фашизмнің қанды ордасын талқандап,
шаңырағына советтік алқызыл ту тіккен ерлерімізді мақтан
етіп, құшақтап сүйеміз. Жас та болса ерлікке бас болған қас
батырларымыздың алдыңғы сапында сен тұрсың, Рақымжан!

Əңгіме атақта емес, адамзаттың бақытына қосқан үлесте
ғой. Сен бізге істеген ерлігіңнің адам баласы тарихынан орын
алған мəн-мазмұнымен қымбаттысың. Мерекең құтты бол-
сын, інім. Көп жаса. Үй ішіңе бақыт тілеймін.

Ағаң – Ілияс Омаров, Алматы, аурухана, 6 май, 1970 жыл”.
Міне, мен үшін ең қымбат хат, өзіме етене жақын нəрсе
осы, шырағым.
1984 жыл.

Авторлық анықтама. Рақымжан аға Қошқарбаев
туралы бұдан кейін де мен “Қазақстан коммунисі”
журналы мен “Халық кеңесі” газетінде жұмыс істеп
жүргенде 2 мақала жаздым. Бірақ сол материалдар-

дағы: “Рейхстаг қаһарманына батыр атағын беру
керек”, – деген мəселе жұртшылықтан кең қолдау
тапқанымен, билік тарапынан үнсіз қалды. Ал 1999
жылы... Иə, сол жылғы 1 қаңтарда “Егемен Қазақ-

станда” менің “Халық ала алмаған қамал” атты кө лем-
ді дүнием жарияланды. Онда қаһарман қандасымыз-
дың қайталанбас ерлігі 54 жылдан бері дау болып,
лайықты бағаланбай келе жатқаны, биыл, яғни 1999

жылғы 19 қазанда марқұмның туғанына 75 жыл
толатындығы, міне, осы датаға орай ағамызға “Халық
қаһарманы” атағы берілуге тиіс екендігі жеріне жет-
кізіле айтылған еді. Сол-ақ екен, жер-жерден редак-

цияға қолдау хаттар қаптады-ай дейсіз! Оларды “Иə,
Қошқарбаев қандай атаққа болса да əбден лайық”,
“Қашанғы атаусыз қалады?”, “Рақымжанға “Халық
қаһарманын” беру керек” деген ортақ тақырыптарға

топтап, айына арнайы кесте бойынша екі реттен
бердік те отырдық.
Əлі есімде, сол жылғы 4 сəуір күні Мемлекеттік
хат шы Əбекең, Əбіш Кекілбаевтың көмекшісі Тілек-

қабыл Боранғалиұлы редакцияға телефон соғып, “Еге-
мен Қазақстандағы” Рахаң туралы соңғы үш ай ішінде
шыққан материалдарды жинақтап жеткізіп беруді
өтінді. “Иə, сəт!” – дедік іштей. 5 мамыр күні Тілек-

қабыл тағы бір рет хабарласып: “Қошқарбаевтың

жа нындағы Григорий Булатов Ресейдің қай жерінен
еді? Сондай бір мəлімет керек болып тұр”, – деді.
“Вятканың орысы ғой, – дедік сақ еткізіп. – Соғыс-
тан оралған соң Ленинград пен Мəскеу аралығындағы

Кировск қалашығында тұрып, еңбек еткен”. Ал 7 ма-
мыр күні түскі сағат 12-лер шамасында редакцияға
тағы да тілеуіңді бергір Тілекқабыл алақайлай те-
лефон соғып, бізді Мемлекеттік хатшыға қосты.

Əбекең аман-саулықтан соң осы жаңа ғана Елбасының
кабинетінен
шыққанын,
Президент

Рақымжан
Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағын беру тура-
лы Жарлыққа қол қойғанын толқи тұрып айтты. Со-
дан соң Рахаңның елордада тұратын туыстарын іздеп

табуды, оларға “Қазақстан” телеарнасының кешкі
қорытынды жаңалықтарында оқылатын Жарлықтан
бір, бір жарым сағат бұрын осы қуанышты хабарды
жеткізуді тапсырып, газеттің 9 мамыр – Жеңіс күнгі

мейрамынан кейінгі нөміріне арнайы мақаланың қажет
екенін ескертті.
Кешкі сағат 19-да курьер “Егемен Қазақстан” ре-
дакциясына Елбасы Жарлығын жеткізді. Бұл құжат

“Ұлы Жеңістің ерекше оқиғасы” деген түсініктеме
мақаламен бірге газеттің ертеңге шығып бара
жатқан 8 мамыр күнгі нөміріне салынды. Ал оған дейін
біз тілші Нұрхан Мыңбай екеуміз Рахаңның Астанада

тұратын немере інісі Кəртай Мұсабеков пен əпкесі
Гүлшен Жұмағожинаны тауып, əңгімелесіп үлгерген
едік. Ол сұхбат 11 мамыр күні аға газетте “Халық
алған қамал” деген тақырыппен жарық көргені бар.

ҚАЖЫМҰҚАН

САМОЛЕТІНІҢ

ҰШҚЫШЫ

Атақты Қажымұқан балуанның Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің жинаған қаржысын əскери ұшақ жасату үшін жалпыхалықтық қорға қосқанын елдің бəрі жақсы біледі. Бұл туралы оқулықтар мен энциклопедияларда, жазушы С.Бақбергеновтің “Он үшінші ойыншы” кітабына кірген “Самолет қанша тұрады?” атты деректі əңгімесінде жеткілікті айтылған. Ал балуан қаржысына жасалған сол ұшақтың жүргізушісі Қажытай Шалабаев ше? Ол туралы біз не білеміз? Төмендегі мақала міне, сол ардагер ағаның өмір жолынан хабар береді ғой деп ойлаймыз. Қажекең қаржысына жасалған əскери ұшақты майдан даласында қабылдап алған ұшқыш Қажытай Шалабаевпен мен ең алғаш 1984 жылы қаңтарда Семей қаласында ақын Мерғали Ибраевтың таныстыруымен кездескен едім. Кейін 1989 жəне 1991 жылдары ол кісімен екінші жəне үшінш рет жүздесіп, “Қазақтелефильмнің” тапсырмасы бойынша кинорежиссер Тыныбек Танин екеуміз деректі фильм жасап шығардық. Есімде қалғаны – даңқты ұшқыштың үйі Семейдегі Ф.М.Достоевский мұрaжайының жанындағы былайғы ел “Рамазановтың үйі” деп атап кеткен төрт қабатты мекенжайдың шеткі подъезінде болатын. Қажытай ағаның ол кезде облыстық аэропорттағы істеп жүрген жұмысынан зейнеткерлікке жаңадан шыққан кезі еді. Өмірдің ыстықсуығынан өтіп ысылған, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, сыйлы ақсақал атанған ол кісінің əңгімелерінен бала лық шағы, соғыс жылдарындағы бастан өткер ген дері, Қажекең жіберген əскери ұшақты қа был дап алып, кейін атақты балуанмен қалай кез дескені жөнінде мен төмендегі жайларды ұқтым. Ол кісі 1922 жылы сол Семей қаласында ту ған. Бір жасқа келгенде əкесі көз жұмады да ана сы ның тəрбиелеуімен 7 жылдық мектепті бітіріп, содан соң былғары зауытында тері сұрыптаушы бо лып еңбек жолын бастайды. Осы жерде жүр ген де қазақ жастарынан ұшқыштар дайындау ке рек деген комсомолдық ұранмен 1940 жылы Ақ төбе қаласын дағы əскери əуе училищесіне жіберіледі. – Алғашқы оқу жылында көп нəрсені үйрендік, көп нəрсені меңгердік,– деген болатын сонда əңгіме иесі. – Сегіз ай ішінде жаттығу ұшағын бөлшектеп, оны қайтадан құрастыра алатын дəрежеге жеттік. Содан кейінгі екі айда парашютпен секіруге машықтандық. Жыл толғанда Ақтөбе аспанында темір сұңқармен қалықтадық. Оқуымызды бітіріп, тезірек бейбіт еңбекке араласқымыз келетін. Бірақ, бұл ойымыздың шырқын соғыс бұзды ғой. 1941 жылдың жаз, күз айларында жаттығу алаңындағы жұмысымыз қиындап кетті. Күніне 12-14 сағат оқимыз, аэродромнан шықпаймыз. Ақыры оқу бағдарламасы да бітіп, өзіммен бірге оқитын 70 курсанттың ішінен мен жəне тағы бес жігіт сарапшылар комиссиясының шешімімен Сол түстік Кавказдағы истребитель ұшқыштарын даярлайтын арнаулы мектепке жіберілдік. Тағы да оқу… Жаттығу… Содан қойшы, бұл жерден 1942 жылдың қысында Ленинград май да ны бағытындағы əуе армиясының 184-дивизиясындағы 701-ұшқыштар полкына жолдама алдық. – Қажымұқан бабамыз жасатқан ұшақ майданға қалай келді? Ол сізге не үшін жəне қандай жағдайға байланысты табыс етілген еді? – 1944 жылдың желтоқсанының аяғы болатын. Кезекті тапсырманы орындап, жертөлеге кірген бетіміз еді. Жолдастарым түнгі ұйқыға бас қойды. Мен ағаш сəкіде ары аунап, бері аунап мазасызданғаннан соң далаға темекі тартуға шықтым. Осы мезетте есік алдына “полуторка” машинасы келіп тоқтады. Одан түскен екі адам күзетшімен күңкілдесе сөйлесіп болған соң маған қарай беттеді. Аға лейтенант Шалабаевсыз ба? Сізді полк штабына алып кетуге келдік. Жиналыңыз,– деді біреуі. – Неге? – Бұйрық солай. Содан бір жарым сағат өткен соң мен полк штабына жетіп, полковник Семеновтің қабылдауында отырдым. – Қане, Шалабаев, биле! Саған ауылдағы атаң нан сыйлық келді. Ол кісі өз қаржысына əскери ұшақ жа сап, біздің армияға жіберіпті. Киімдеріңді ретке келтір, орденмедалыңды тақ,– деді командирім қуақылана күліп. – Түсінбей тұрмын, жолдас полковник. Маған сыйлық жіберген кім? Семейде тұратын жалғыз ше шемнен басқа ешкімім жоқ. Қайдағы, қандай ата ол?

– Ондай сөзді қой. Артыңда Қазақстан секілді елің барда сен қайдан жалғыз боласың? Одан да жолға дайындал. …Сол күні түстен кейін біздің полктан 15 шақырым жердегі дивизия штабының маңында үлкен митинг болды. Сөз алған командирдің бірі ел алдында тұрып, төмендегідей бұйрықты оқыды. “Күрестен əлемнің бірнеше дүркін чемпионы, бауырлас қазақ халқының батыр ұлы, есімі Отанымыздың мақтанышына айналған Қажымұқан Мұңайтпасовтың аталық тілегін Жоғарғы Бас қолбасшы қабыл алды. Оның өз қаржысына жасатқан əскери əуе машинасы бұйрық бойынша, армия дағы ең таң дау лы ұш қыш, аға лейтенант, даңқты балуанның жерлесі Қажытай Шала баев қа тапсырылады!” Мына сөзді есті ген де жүрегім аттай тулап қоя берді. Атым аталғанда буындарым сəл-пəл дірілдей мінбеге көтерілдім. Көрсе тіл ген сенімге рах мет айтып, тапсы рыл ғалы отырған əс кери машинаны əр дайым жауын гер лік дайындықта ұстау ға, Жеңіс күніне дейін оны кө зімнің қарашы ғындай сақтау ға уəде бердім. Содан соң аэро дром ға беттедік. Ұшу алаңының ортасына келгенде басқалардан оқшау тұр ған су жаңа ұшақты көзім шалды. “Қазан қа ла сы нан əкелінді, бұл жерде тұрғанына бүгін үшінші күн”,– деп түсінік берді аэродром коменданты. Сөйтті де əскери машина үстіндегі брезент жапқышты сы пыр ғанда оның бүйірінен бəріміз: “Летчику – казаху, от Хаджи-Мухана”,– деген жазуды оқыдық. – Қажекең жіберген осы əскери ұшақпен қанша əуе шайқасына қатыстыңыз? – Мен, қарағым, соғыс жылдарында аспанға 217 рет көтеріліп, түрлі əскери тапсырмалар мен опера ция ларды орындаған жанмын. Соның 70-ке жуығы өзі міз сөз етіп отырған осы əскери машинаның ен ші сіне тиеді. Берген сертке беріктік таныттым. Балуан ба баның маған берген ұшағы Жеңіс күніне аман-сау жетті. Осыдан кейін біз үй ие сінен аталмыш ұшақ тың кейінгі тағ ды ры, Қажытай аға ның осы темір қанат əуе кемесімен қай жер де қоштасқаны жəне оның Қажекеңмен қа лай кездескені туралы сұрадық. – Жеңіс күнінен кейін, – деп жауап бер ген болатын жо ға ры дағы сауалдарға ар да гер аға ойлана тіл қа тып,– демалысқа шық тық. Елге қай та мыз деп елегізіп жүр ген күндердің бірінде штабқа телеграмма келмесі бар ма? Онда менің Қажымұқан баба ұшағымен 1945 жылдың 24 маусымында Мəскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысуымның қажет екені айтылыпты. Мұны естіген эскадрилья жігіттері мені, менің темір қанат сұңқарымды жабылып жүріп жолға əзірледі. Бірақ 24 маусым күні ауа райы өте қолайсыз болып, аспанды бұлт қаптап тұрды да, Қызыл алаңдағы мерекеге əуе күштері ұшып шыға алмады. Оған өкінбеймін, себебі басшыларымыз біздерден, яғни ұшқыштардан шұғыл арада жеке колонна жасақтады да жаяу əскерлер сапына қосып жіберді. Сөйтіп, Жеңіс парадына да қатыстым. “Бұл ұшақпен қай жерде қоштастыңыз? – деген сауалыңа бір ғана сөзбен: “Керпач қаласында”,– деп жауап бере аламын. Иə, даңқты балуан жіберген əскери ұшақты мен сол қаладағы аэродромда қалдырдым. Ол Мəскеуден онша алыс емес елді мекен еді. Бұл 1945 жылдың тамыз айы болатын. Ал енді Қажекеңмен қалай кездескенімді айтайын. Əскерден қайтып, Алматыға келдім де Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады деп естіген Қажекеңе сəлем беруге ойым кетті. Елді, туған жерді, көп жыл көрмеген анамды қанша сағынсам да атағы аңыз болған жанға баруды өзімнің парызым деп білдім. Əлі күнге дейін көз алдымда, күздің күні еді, Темір стансасының маңайы болуы керек, Ақтөбе ауылына келдік. Балуан көрші бір колхозға жолаушылап кеткен екен, екі-үш күннен соң жүздестік. – Енді менің арманым жоқ, балам,– деді та ны сыпбіліскеннен кейін қайран Қажекең. – Ең бегім елім үшін деген жан едім. Шүкір, ол үмітім ақталды. Сағымды сындырмадың, рахмет, қарағым! Сол жолы қарт балуан екеуміз көп сөйлестік, көп əңгімелестік. Ол кісі менің Теміржан деген наға шым ды танитын болып шықты. Керекуден Семейге барып жүрген сапарларында “6 февраль” кеме сі нің матросы əлгі нағашыммен Қажекең талай жүздескен екен. Содан қойшы, қарт балуан бір жетіге дейін мені өзінің қасынан еш қайда жібермеді. Ақыры май даннан келе жатқанымды, анамды көптеп бері көрмегенімді естігеннен соң ғана барып батасын беріп, риза көңілмен шығарып салды. 1984-1991 жылдар аралығын да ғы үш кездесуде даңқты ұшқыш Қажытай Шалабаевтан мен міне, жоғарыдағыдай деректерге қа нық қан едім. Есімде қалған тағы бір жəйт, ардагер ағаның əулетімен ұшқыштар отбасынан тұра тын ды ғы болатын. Тұңғышы Ғазиз сол кез де “АН-2” ұшағының коман дирі,

одан кейінгі ұлы Талғат та солай, “АН-2” ұшағының ұш қы шы
болатын. Қызы Рəзия “ЯК-40” əуе кемесінде стюардесса еді.
Ал олардың бəрінің анасы, Қа жытай ағаның жұбайы Рəбиға
апай Семей аэропор тындағы жүк тасымалдау бөлімінің смена

бастығы-тын.
Қажытай ағамен соңғы рет 1991 жылғы желтоқсанда
хабарласқаным бар. Ол “Қазақтелефильмдегі” киноре жис сер
Тыныбек Танин екеуміздің “Қажымұқан мен Қажытай” атты

деректі киноның шыққандығын хабарлауым еді. Ол кісі бұған
рахмет айтып, ризашылығын білдірген.
1984 жыл.
Авторлық анықтама. 2005 жыл. 4 мамыр. Түстен

кейінгі уақыт еді. Редакцияға Семей өңіріндегі тілшіміз
Дəулет Сейсенұлы телефон соқты. Əріптесімізден
естіген хабарымыз: біздің кейіпкеріміз, атақты
ұшқыш, ардагер аға Қажытай Шалабаев қайтыс бо-

лыпты. “Семей қалалық əкімдігі осыған байланысты
“Егемен Қазақстанға” қазанама беруді сұрап отыр”,–
деді тілшіміз. Біз бұл өтінішті орындадық. Ол көңіл
айту мəтіні газеттің 5 мамыр күнгі нөмірінде жа-

рияланды. Сөйтіп, алғашқы қазақ ұшқыштарының
бірі, тағдыры таңғажайып жан өзі куəгер болған Ұлы
Жеңістің 60 жылдық мерекесін көре алмады. Оған
небəрі бес күн қалғанда көз жұмды.

“ДҮНИЕ ШЫР

АЙНАЛДЫ

ЖАНАРЫМНАН”

Осы əңгімені бастар алдында оған ең алғаш қозғау салып,
түрткі болған мына бір жай еріксіз еске түседі. 1980 жылдың
қаңтар айы еді. Ресейдегі Псков облысының Великие Луки
қаласында жас журналистердің Бүкілодақтық семинар-кеңесі

өтетін болды да, біз соған келдік. Ұлы Жеңістің 35 жылдығына
орай ұйымдастырылған бұл жиналыстың күн тəртібіндегі
мəселелері талқыланып болған соң, қалалык комсомол
комитеті семинар-кеңеске қатысушыларды өз төңірегіндегі

тарихи орындармен таныстыру шараларына көшті. Сондағы
ең алғаш бас сұққанымыз – Александр Матросов атындағы
комсомолдық əскери даңқ музейі еді. Аталмыш тəрбие
орнының нақ осы жерде жасақталып ашылуының өзіндік

сыры бар. Неге десеңіз, Ұлы Отан соғысы тарихындағы та-
лай тамаша ерліктің бəрінен асып түсетін, оққа тосылған от
жүрек аңызы міне осынау аймақта, Великие Луки қаласынан
70 шақырым жердегі Чернушки деревнясында өмірге кел-

ген болатын. Матросов есімі бұл жердегілерге сондықтан да
ыстық, сондықтан да қастерлі.
Ерлік қалай болды?
Бұл əрине бұрыннан айтылып, қойылып келе жатқан сұрақ.

Оның үстіне оған қажетті жауап қазір біздегі сол оқиғаны баян-
дайтын кітаптар мен естеліктерде, кинофильмдерде жеткілікті
айтылған. Десек те мына музейде олардан өзгешелеу, əлі де
болса ешкімнің назарына іліге қоймаған көптеген қызық де-

ректер бар сияқты. Санасында сəулесі бар жанның көре білген
көзіне олардьщ əрқайсысы-ақ мен мұндалап атой салып
тұрғандай. Соның алғашқысы ретінде: “Ұлы Отан соғысы
жылдарында Матросовқа дейін жау амбразурасын денесімен

жауып, шабуылға жол ашқан жауынгерлеріміз болды ма?”

– деген сауалға жауап берерлік фактілерді айтуға болар еді.

Экскурсоводтың сөз арасында келтіре кеткен мысалдары
мен қабырғаға көрнекі етіп жазылған архив мəліметтеріне
қарағанда жоғарыдағыдай ерлік үлгісі Кеңес Армиясының
əскери бөлімдерінде 1943 жылдың 23 ақпанынан көп уақыт

бұрын-ақ басталған екен. Соның ең алғашқысы кіші поли-
трук Александр Панкратовтың жанқиярлық ісі. 1941 жылдың
24 тамызында ол Новгород іргесіндегі Кириллов монастырі
үшін болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, до-

старынын, өмірін сақтап қалған. Міне, ерліктің түп тамыры
қайда жатыр?! Ал содан екі жыл өткен соң барып оны Алек-
сандр Матросов қайталаған. Бұл – бір.
Біздің екінші назар аударған нəрсеміз: “Ұрпаққа ұран

болған осы ұлы ерлікті қанша адам қайталаған? Солардың
нақты санын білуге болмас па екен?” – деген ой еді. Музей
залдарын аралай келе оған да жауап таптық. Зерттеуші маман-
дарымыз алғашында мұндай батырлықтың үлгісін көрсеткен

жандар 290 жауынгер деген шешімге келіпті. Уақыт өте
келе КСРО Қорғаныс министрлігінің архивінен тағы да 10
қаһарманның фамилиясы табылған. Ал қазір Матросовтың
ерлігін қайталаған Отан солдаттарының жалпы саны 318-ге

жетіп отыр. Содан кейін ерекше атап айтар тағы бір жай бар.
Ол жоғарыдағы қаһармандар ішінен іріктеп отырып əр ұлт
жауынгерлері туралы да жеке-жеке мəлімет алғандығымыз.
Əрине олар жайында бұрын естіген, оқыған жандар бар шығар.

Солай бола тұрса да барлық дерек бір жерге жинастырылған
бұл музейден оқырмандарға қажет екі нəрсені – өзіміздің
қазақ бауырларымыз бен есімдері əлі көп ешкімге таныс емес
социалистік елдер армиясы жауынгерлерінің аты-жөнін айта

кеткендіктің еш артықтығы жоқ сияқты. Себебі бұл бүгінгі
жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятады, оқырмандардың
бұрынғы түсінігіне түсінік қосып, оны одан əрі байытады
əрі Матросов ерлігінің жалпыхалықтық сипатқа қалай ие

болғандығына анық көз жеткізеді.
“...Ұлы Отан соғысы тарихында Александр Матросовтың
ерлігін 19 ұлттын, өкілі қайталап, өздерін өшпес даңқа
бөледі”.

“...Жау амбразурасының аузын кеудесімен жауып, оқ
нөсерін тоқтатқан қаһармандардың қатарында көптеген қазақ
ұландары да болды. Олар – Сұлтан Баймағамбетов, Боран
Нысанбаев, Жанғазы Молдағалиев, Сүндетқали Есқалиев,

Ақəділ Суханбаев, Жұман Қарақұлов жəне Сабалақ Оразали-
нов”.
“...Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқ кезі мен одан бергі
империалистік державалардың агрессиялық жанжалдарын

басу жолындағы күресте социалистік елдер армияларының
ішінен де матросовша ерлік көрсеткендер кездесті. Мəселен,
болгар Георгий Христов, югослав Никола Николов, корей

Кван Сун Бок пен вьетнам жігіті Чан-Кы агрессорлардың оқ нүктелерін денесімен бөгеді”. Деректер осылай деп сыр шертеді. Бірінен-бірі өткен тың да қызық фактілермен оқып танысып, керектісін жазып алдық-ау деп бола бергенімізде музей меңгерушісі Валентина Ивановна Зандер жиналған көпшілікке олардың ешқайсысы бұрын-соңды естіп білмеген таңғажайып оқиғаны айтты. – Сіздер Матросов ерлігін қайталаған Отан солдаттарының бəрі қаза тапты деп ойлайтын шығарсыздар? – деп бастады ол кісі өз ойын жұмбақтай сөйлеп. – Əрине,– дедік біз оған еш ойланбастан. – От бүркіп, өлім құсқан пулемет аузынан кім тірі қалушы еді? – Қателесесіздер! Оққа тосылған отжүрек иелерінің ішінде тірі қалған қаһармандарымыз да бар. – Қалай? – Оған мына жақтағы құжаттармен танысқанда көз жеткізесіздер. Осы сөздерді айтқан Валентина Ивановна бізді ең шеткі қабырғадағы стендке қарай бастап алып жүрді. Онда үштөрт адамның суреті тұр екен. Бəріміз жапырлай үңіліп қарап жатырмыз. Алғашқысының астына: “Кеңес Одағының Батыры Владимир Петрович Майборский. 1944 жылы Ивано-Франковский облысына қарасты Черемхов селосы үшін болған шайқаста жау амбразурасын кеудесімен жауып тірі қалған. Қазір ол Хмельницкий облысыньвд Белогор ауданындағы Зиньки селосында тұрады”,– деп жазылыпты. Одан кейін екінші болып Товье Райз есімді адамның суреті бəрімізге күлімсірей қарайды. Анықтама жазудан біз бұл кісінің Мəскеуде екенін білдік. Осы стендтен орын алған тағы бір адам – Петр Куликовтың тағдыры да жоғарыдағы қаһарман дарға өте ұқсас. Дзотты жою кезінде отыз жерден оқ тиіп қансыраған оны жолдастары өлдіге санаған. Бірақ дəрігерлер майдангерді ажал аузынан аман алып калыпты. Қазір ол Краснояр өлкесінде тұратын болып шықты. Енді мына қызыққа қараңыз! Жоғарыдағы жайларға асықпай зер салып келе жатып, рет санымен санағанда төртінші болып тұрған жанның суретіне көзіміз түскенде жүрегіміз солқ ете түскендей əсерде қалдық. Бізді таңғалдырған нəрсе – көпшілікке қасқая қараған шалғы мұртты, зор мүсінді қазақ шалы емес, оның жанындағы: “Сабалақ Оразалинов, 1944 жылдың 18 қарашасы күні Балтық жағалауындағы Саарема түбегінде А.Матросовтың ерлігін қайталаған қаһарман. Қазір ол Қазақ КСР-інің астанасы Алматыда еңбек етеді”, – деген түсініктеме жазу болды. “Бұл не ғажайып?” – дедік біз жоғарыдағы сөйлемдерді оқып бола беріп: “Шын ба, жоқ əлде өтірік пе? Мұны бұрын қалай білмегенбіз, естімегенбіз? Қаһарман тірі дейді. Алматыда тұрады, жұмыс істейді дейді. Ендеше осыдан барысымен белгісіз батырды іздестіріп, қалай болғанда да оған жолығу керек. Сонда бəрі де анықталмақ, белгілі болмақ”. Великие Луки қаласынан біз міне, осындай “олжамен” оралдық. Ол – сондағы Александр Матросов атындағы комсомолдық əскери даңқ музейінен бұрын өзімізге онша көп мəлім емес жайларға қанығып қана қоймай, сонымен бірге жау дзотын кеудесімен жауып тірі қалған қазақ жауынгерінің де аты-жөнін, қайда тұратынын білуіміз еді. Бірақ соның өзінде көңіл шіркін бір орнында тұрмайды, елегізеді, ойдан ой туындатады. Ұстараның жүзінде аунаған бір үміт пен бір күдікке толы сезімнің жетегінде жүру тіптен қиын екен. Кеудедегі қоздаған қойдай болып көбейіп, ұлғайған жоғарыдағыдай ойлар қолдағы деректі анықтағанша, оған іздеу салып кіріскенше бізге маза бермей-ақ қойды. Ақырында одан тек əлгі белгісіз батырды астанадағы Əуезов аудандык əскери комиссариатынан анықтап, солар берген үй телефонының нөмірі арқылы өзімен жеке сөйлесіп, кездесетін болып уəделескеннен кейін ғана арылдық. Кейіпкерімізбен кездесуге барардағы алғашкы сапарымыз əлі күнге дейін есімізде. Қаңтардын кыршаңқы аязы киғылық салып тұрған қыс күндерінің бірі еді. Өзінің өгіз аяң жүрісімен іш пыстырған 43-ші автобус қаланың ана шеті мен мына шетіне бір жарым сағаттай жол жүріп əзер жеттіау əйтеуір. Жұмағали Саин атындағы көшедегі қажетті аялдамадан түскен соң іздеп келе жатқан үйімізді табу онша қиынға түскен жок. Есікті етжеңді келген қарт ана ашып, азкем аңтарылып, кенет есіне əлденелерді түсіргендей болып: “Мана бір əзірде телефон соққан баламысың?”– деді. – Иə, апай. – Ойбу, қап... Босқа əуре болдың-ау шырағым. Əлгі отағасымыз, біздің үйдегі шалды айтам да, өзіңе уəде бе ріп кездесемін деп-ақ тосып отыр еді. Қырсыққанда кеш кі кезекшіліктегі адам ауырып қалыпты да, жұмыстағылар соның орнына оны қоярда-қоймай шақырып алып кетті.

– Атай қайда жұмыс істеуші еді?

– Күзетші. Екінші теміржол вокзалында. Сондағы

жүк қоймасын сұрасаң болды, бəрі айтып жөн сілтеп
жібереді.
...Арада екі сағаттай уақыт өтті. Біз бұл мезетте теміржол
вокзалына да жеттік, жүк қоймасын да таптық, ең бастысы

өзіміз іздеген адаммен де жолықтық. Енді, міне, ол кісімен
үкінің ұясындай күзетші будкасында электр шəугімдегі бұрқ-
сарқ қайнаған шайды ортаға алып, шүңкілдесе əңгімелесіп
отырмыз. “Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше”, –

дейді халқымыз. Сол сөз қарсы алдымыздағы алпамса
денелі, салдыр-күлдір сөзді, мəрт мінезді қартқа арналып
айтылғандай. Өйткені Сабалақ атай ешкімді жатырқамайтын,
аузын ашса, көмейі көрінетін аңқылдақ жан болып шықты.

Соның нəтижесінде кейіпкерімізбен тез тіл табыстық,
амандық-саулық сұрасқан алғашқы сөздерден кейін бірден
негізгі əңгіме желісіне көштік. Ол кісі – айтушы, біз –
тыңдаушы. Кəрі көкіректен күмбірлей шыққан үнге құлақ то-

самыз, көз алдымызға отызыншы жылдардағы өмір суреттері
келеді. Алыстағы Көксала өңірі... Шекара тынышсыз... Соған
қарамастан артельдік бірлестік құрып тырбанған шағын ауыл
адамдары... Бірақ оны бір түнде бандылар шауып кетті де

елдің тіршілігі мықтап тұралады. Не істеу керек? Есі кеткен
жұрт ашаршылық пен жұт қаупінен құтылу үшін теміржол
бойы – Түрксібті жағалауды жөн көрген. Сөйткен де Аякөз
бекетіне қарай үдере көшіп, дүрк көтерілген. Аспан мен жерді

отқа ораған аптапты жаз еді. Жаяу-жалпы шұбаған көпшілік
көңілсіз. Олар алдан соққан аңызақтан дымдары құрып, бір
жүріп, бір тоқтайды. Солардың соңында артына жалтақ-
жалтақ қараған жасөспірім келе жатты. Ол – он жастағы

Сабалақ есімді жетім бала болатьш.
Мына бір сəт оның мəңгі есінде. Оны ол кейін есейгенде
де ұмытқан жок. Қазір жасы жер ортасына келсе де жады-
нан сызып тастай алмайды. Көксаладан арып ашып жеткен

жұрт теміржол бойына іліккенде олардың ішіндегі панасыз
балаларды өкімет өз қамқорлығына алды. Оқытты, өсірді,
тəрбиеледі. Оларға бақытты балалық шақ енді басталған
сияқты болып көрінді. Ойлап қараса, бəрі де қызық, бəрі де

мұңсыз-қамсыз тіршілік. Дегенмен сонда Сабалақ əлі де көп
қиыншылықтарға кезігетінін, алдағы тағдырының талай өмір
талқысына түсетінін сезіп білді ме екен сірə? Əй, қайдам? Оны
дəл қазір тап басып айту қиын. Бірақ сол кездегі білетіні, көз

жеткізгені бір нəрсе еді. Ол – жастайынан жетім қалған өзін
енді қасиетті Отан ананың бауырына басып тартқандығы,
пансионаттан əке орнына əке, шеше орнына шеше боларлық
мінезімен мұның кеудесіне үміт отын ұялатқан жаны ізгі жан-

дарды тапқандығы. “Бұдан артық ештеңенің керегі жоқ,– деп
ойлайтын сонда ерте есейген бала көңілі. – Хат біліп, қара та-
нысам болды, қатарымнан қалмасам болды.” Өстіп жүріп оқу
бітірді. Өзіне қиын кезде пана болған пансионатпен қош айты-

сып, Аякөз депосына жұмысқа орналасты. Жарыс десе жанын
салатын əрі қандай жүмыс болмасын оның қабырғасын сын-
дыратын қажыр-қайратқа толы албырт кезі ғой, ештеңеден
жасқанбады, қорғалақтап бой тасаламады. Табиғат берген

бұла күшпен қиындық қайда болса сол жерден табылып, адал
еңбек етті.

– Егер соғыс болмағанда ғой....

Əңгіме иесі осы бір сөздерді өзегін өртерлік өкінішпен,
күйінішпен айтты. Иə, соғыс болмағанда Сабалақ өз
бақытын еңбектен табатын еді. Оған оның 1940 жылғы
жұмыс қорытындысы бойынша ел аузына ілігіп, стахаковшы

атанғаны анық дəлел. Ал, 1941 жылы...
Ұлы Отан соғысы басталғанда ол он жеті жаста болатын.
Репродуктордан: “22 маусым күні таңғы сағат 4-те... неміс-
фашист басқыншылары... біздің қасиетті шекарамызға”, де-

ген хабар сағат сайын қайталанып жатқанда жас жігіттің
денесі мұздады, буындары калтырап, көз алды тұманданды.
“Жетімдерге пана болған Отан-ана! Қиын кезде сен бізге
құшағыңды аштың, бауырыңа бастың. Ешкімнен кем қылмай

тəрбиелеп өсірдің, қатарға қостың. Өз қолымыз өз аузымызға
жеткенде сол қамқорлықтың өтеуін қайтарсақ, сеніміңнен
шықсақ деп талпынушы ек. Оны енді мына суық хабар бұзды.
Сын сағаты соққанда сонау кездегі ашаршылықтан аман

қалған жан сенің жолыңа садаға болсын”.
Осы оймен əскери комиссариатқа келген, өтініш берген.
“Көп ұзамай майданға жүрермін”, – деп те ойлаған. Бірақ ол
үміті ақталмады, хабарды бүгін-ертеңмен ұзақ күтуге тура

келді. “Бұл қалай?”– деп барғанында ондағылар: Жассың əлі”,–
деп бір қайтарды. Содан кейін: “Мұнда да жұмыс істейтін
адам керек, депода машинист мамандар жетіспей жатыр”,– деп
тағы уəж айтты. Ақыры 1942 жылғы қыс күндерінің бірінде

теміржолдағы аяздан сынған семафор əйнегін сала алмай

жатқан бұған вокзал кезекшісі келіп, əскери комиссариаттың шақыру қағазын табыс етті. – Менің соғысқа барар кезге дейінгі өмір жолымды сұрасаң осы, қарағым. Қарт майдангер жоғарыдағы сөздерді айтты да жанындағы бұрқ-сарқ қайнаған электр шəйнекке қол созды. Кесесіне шəй құйып алып ұзақ сораптады. Бұл мезетте біз: “Ал одан кейін ше?” – деген əуесқой сұраққа бой ұра жаздап барып əзер қалдық. Оны айтпаған себебіміз, əңгіме иесінің көз жанарынан: “Бұдан арғысы белгілі емес пе, соғысқа бардық, шайқасқа кірдік, “көппен көрген ұлы той” дегендей бар қиындыққа көндігіп жүріп жаттық”, – деген сөзді оқып аңғаруымыз еді. Майдангердің бет əлпетінен мұны сездік, білдік. Сөйтсек те бізді осы сəтте: “Ал, сол уақытта сіздің қазір бəрімізге белгілі болып отырған, батыл қадамға баруыңызға себеп болған, өзіңіз сияқты денесімен пулемет аузын жапқан Александр Матросов ерлігінен хабарыңыз болды ма?” – деген ой мазаламай қойған жоқ. – Соғыс кезінде,– деді бұған сəл кідіріп барып жауап қат қан Сабалақ атай. – Ерлік, оның түрлері сағат сайын жасалынып жататын. Соның бəрі бізге өз уақытына қарай хабарланатын, насихатталатын. Мəселен мен шайқас қа кірген 1942 жылы бізге көбінесе 50 танкіге қарсы шыққан 28 батырды мысалға алып жиі əңгіме өткізілетін. Содан аз уақыт өткен соң неміс тұтқынында сыр ашпаған Зоя Космедемьянскаяның ерлігі өмірге келді. Оққа тосылған от жүрек иесі – Александр Матросовтың патриоттық қимылын 1943 жылдың көктемінде естідік. Сондағы айтқан жауынгер жолдас тарымның пікірлері əлі күнге жадымнан шықпайды. Біреулері (олардың ішінде мен де бармын): “Батылды лықтың, жанкешті қаһармандықтың мұндай да түрі болады екен-ау”, – деп таңқалды. Екіншілері: “Қайдағы бір қаңғыған оқтан қаза тапқанша осылай істеген де дұрыс сияқты”, – деген пікірге келді. Несіне жасырайык, шырағым, адам болған соң əрқилы ойлы, ала-құла мінезді жандар да кездеседі ғой. Ондай пиғылдағылар жоғарыдағы хабарды естігенде: “Ал, сонда не бітті? Өлді де қалды. Соның бəрі жарық дүниенің бір күнгі қызығына жете ме? – дегенге дейін барды. Мұндай жандарды сол кезде: “Неге бүйтіп айттың?” – деп жазғыруға əбден болатын еді. Бірақ не үшін, өз ойын ашық айтқандығы үшін бе? Жоқ. Қайта оларды тəрбиелеу, Матросов ерлігінің түп-тамыры қайда жатқандығын дəлелдеу, сөйтіп барып пендешілік пиғылдағы болатын секемшілдік атты қауіпті ауруды сенім деген рухани ұлы күшпен алмастыру керек емес пе?! Командирлер мен саяси қызметкерлер жауынгерлермен өткізілген əңгімелерде бұл мəселеге міне, осы тұрғыдан келген болатын сонда. Осының нəтижесінде пулемет аузын денесімен жапқан жанның жанкешті қимылын бұрынғыдан да терең түсінгенбіз. – Сіздің сондай оқиға менің басымнан да өтуі мүмкін-ау, маған да тап келеді-ау деп ойлаған кездеріңіз болды ма? – Е, жоға. Бəрі де кездейсоқтықтан, тапсырманы орындау керек деген бұйрықтан басталды емес пе. – Енді соған тоқталсаңыз... – Сəл шыда, бала. Өзім де соны айтайын деп келе жатырмын. ...1944 жылдың 18 қарашасында Ленинград бағытындағы 482-ші атқыштар полкінің ефрейтор Сабалақ Оразалинов қызмет ететін 8-ші ротасы Балтық жағалауындағы Саарема түбегіне келіп орналасты. Бұл жер шабуылдаушы армиямыздың ең бір қиын шайқас шебі еді. Ағаш пен бұтасы жоқ жалаңаш жазық арқылы жалтаң жонға өту тіптен қиямет болатын. Атакаға көтерілген жауынгерлерге снаряд, пулемет оқтары жаңбырша жауып тұрды. Аға лейтенант Климовтың жауынгерлері жағдайдың өте ауыр екендігіне қарамастан алға жылжуға тырысты, шабуылды тоқтатпауға бекінді. Бірақ фашистердің өздеріне тұстас дзоты ешкімді де бас көтертпей қойды. Енді оны жоймай, ілгері қозғалудың өзі мүмкін болмай қалды. Міне, Сабалақ та, оның қарулас достары да көріп жатыр, командирдің бұйрығынан алға озған жауынгер жау пулеметіне жетпей оққа ұшты. Одан соң екіншісі кетті, орта жолдан асты-ау дегенде ол да қимылсыз қалды. Осы кезде рота командирі Климовтың өзін шақырып жатқанын естіді. – Ефрейтор Оразалинов! Амбразураны жою керек, – деді жүзі қап-қара боп түтігіп кеткен аға лейтенант окоптармен бұқпантайлап жеткен оған. Бəрі де түсінікті. Соғыстағы командир бұйрығы сөзбұйдаға салынбайды, талқыланбайды, тек орындалады. Сабалақ жағдайды айтпай-ақ біліп тұр, қалайда тəуекелге бел бууы керек. Өйткені жау пулеметі қаруластарының қатарын сəт санап сиретіп барады. Əйтеуір біреу өзін оққа байлап болса да амбразураның үнін өшіруге тиіс. Уақыт оздыру – өзіңді де, жолдастарыңды да ажалға берумен бірдей деген сөз.

– Не айтасың? – деді беліне екі гранатаны кысты-рып алға қарай жылжуға ыңғайланған Сабалаққа Климов. Командир үнінде шарасыздық, он екіде бір гүлі ашыл маған жиырма жасар жас жігітті қимағандық бар. – Тілегіңді, өтінішіңді айтсаңшы... – Ештеңе де айтпаймын, жолдас аға лейтенант! Жетіммін... Балалар үйінде өстім... Туған елімде жалғыз інім қалып еді... Егер олай-бұлай болып кетсем, соған хабар берерсіз. Осы сөздерді үзіп-үзіп сөйлеген Сабалақ командир қолына ішінде адрес жазылған қағазы бар гильзаны ұстатты. Байқайды, Климовтың ойы да онға бөлініп тұрған сияқты, не істерін білмегендей мұның иығына қолын салды. Шамасы, көңілін ауларлық жылы лебіз айтқысы келетін тəрізді. Бірақ айта алмады. Осыны сезген Сабалақтың жүрегі шым ете түсті де алға қарай сызып берді. Бұл еңбектеп келе жатқанда алдын-ала келісілген уəде бойынша арт жағынан жалған “ура” естілді. Біздің əскерлер шабуылға көтерілді екен деп ойлап калған жау пулеметшісі мұны нысанаға алғанды қойып, окоп жиегін сипай атты. Осы мүмкіндікті барынша пайдаланып қалуға тырысқан ол алға қарай құйын-перін боп зырқырады дейсің. “Оқ нөсері енді... енді маған... иə, маған бұрылды. Жау алданғанын сезіп қалды”,– деп келе жатып етбетінен түсті. Байқайды, жаңағы жүгірісте біраз жер ұтып тастаған сияқты. Демін басып бола бергенде жолдастары жағынан тағы да жалған “ура” естілді. Бірақ бұл жолы оған жау пулеметшісі алданбады, қайта Сабалақ жасырынған жерге оқ нөсерін шүмектетіп төкті де тұрды. “Не істеймін?” – деп ойлады ол: “Не істеймін? Неліктен шабуыл жеңіліске үшырамақ? Неліктен аяздан беттері домбығып кеткен анау жауынгер достарым фашист пулеметшісінің нысанасына айналмақ? Жоқ!” Өз арын өзі жазғырған жаңағыдай сауалдағы белгісіз бір күш сол сəтте орнынан ытқытып жіберді. Еңбектеу... Бой тасалау... Шұңқырдан шұңқырға секіру... Өстіп келе жатқанда сол жақ иығының, тыз ете түскенін, оқ тигенін сезді. Сонда ол: “Бұл ештеңе емес, оң қолға тимегеніне шүкір. Əйтпегенде гранатты қайтіп лақтырамын?” – деп ойлады ішінен. Көп ұзамады, қара саны қан қақсап қоя берді, денесіне екінші оқ кеп қадалды. Бұл Сабалақтын, амбразураға алғашқы гранатты лақтыру сəтімен тұспа-тұс келген еді. Мүлт жіберіпті. Оқ қайта борады. Жарақатының жанға батқанына қарамай соңғысын лақтырды. Гүрс еткен жарылыстан жау пулеметшісі жараланды ма, жоқ əлде есеңгіреп қалды ма дзоттың үні өшті. “Нысананы жойдым. Тапсырманы орындадым. Командир мұны білді ме екен?” – деп артына бұрылғанында атакаға көтерілген қаруластарының баудай түсіп қырылып жатқанын көріп өз көзіне өзі сенбеді. Сөйтсе, фашист пулеметшісіне қайтадан жан бітіп, амбразура аузы ажал оғын тағы да лақылдатып құса бастапты. “Бітті”, – деді сол сəтте қаны басына шапши көтерілген ол: “Гранат жоқ, бітті. Еңбек еш болды деген осы. Қайта оралып келгенше қай заман. Одан да...” Алғашқы екі жарақаттан əлсірегендік болар, басы айналып, жүрегі лоблыды. Көз алдына окоптағы бүкіл сенімі өзіне телініп отырған жауынгерлер елестеді. Жер бауырлап жатып, шешуші қадамды енді тек өзі ғана жасауға тиіс екенін ойлады. Ақыры бір шешімге келгендей болды. “Өстіп жатып өліп кетсем... Одан да... Тəуекел!..” Шайқалақтап тұра келгені есінде, оқ шашып жатқан ұяға қарай жанұшыра жүгіргені есінде, оны кеудесімен жаба құлағаны, денесін ыстық істік темірлердің піскілей кеміріп жей бастағаны да жадында. Ал одан арғысы... иə, одан арғысы бұлдыр бір дүние... Білмейді. – Шайқас алаңындағы көп өліктен айырмам жоқ менің тірі екенімді кім көрді? Жүрегімнің болар-болмас қана соғып жатқанын кім білді, тауып алған жандар мені госпитальға қалай əкелді? Мұның бəрінен хабарсызбын, тек дəрігерлердін, айтуынша кірпігім он бес күннен соң ғана қимылдапты, соны білемін. Медсестралар оның өзін де екі айдан кейін таскерең болған құлағыма айғайлап жатып əрең түсіндірді. Өйткені мен амбразураны жапқан кезде кеудеме келіп қадалған пулемет оқтарының етімді, сүйегімді талқандап, ондағы қан тамырларын қырқып, күйдіріп кеткендіктен, əрі жүйкеге көп күш түскендіктен адамға тəн есту, көру, тілдесу сияқты сезім мүшелерінің бəрінен айрылған едім. Дегенмен, көрер қызығымның көбі алда екен. Уақыт өте бəрі де біртіндеп өз орнына келе бастады. Бірақ бұл айтуға ғана жеңіл шырағым, ал ол дəрігерлер үшін оңайға түскен жоқ. Ақ желеңді абзал жандардың Ленинград, Мəскеу, Новосибирь госпитальдарындағы ажалға ара тұрған қимыл-əрекеттері маған екінші өмір сыйлады. Олардың түн ұйқысын төрт бөліп төккен терінің нəтижесінде алдымен құлағым еститін болды, содан кейін көзім көре бастады. Бір жыл өткенде барып

тұтығып болса да сөйлей алатын халге жеттім. Сол сияқты
сарыжамбас қылған төсек тұтқынынан босап, қаз-қаз басқан
сəбидей қабырға жағалап жүре бастаған қуанышты күн де
жадымда. Өйткені өзіме-өзім келіп, аяғымнан тік тұрған

кезім соғыс əлдеқашан бітіп, бүкіл ел Жеңіс мейрамының бір
жылдығын тойлап жатқан уақытпен тұспа-тұс келген еді.
...1946 жылғы күз күндерінің бірі болатын. Новосибирь
жақтан сар желіп келе жатқан жүк пойызы Рубцовск, Семей,

Жаңғызтөбені басып өтіп, Аякөз станциясына тоқтағанда одан
көнетоз гимнастеркалы жас жігіт түсті. Түсті де əлдекімді
тосқандай жан-жағына елегізе ұзақ көз тікті. Бірақ перрондағы
арлы-берлі сапырылысқан жұрттың арасынан мұны шыра-

мытып мойын бұрған да, оны күтіп алған да ешкім болған
жоқ. Осындай боларын бұл госпитальдан шығып, жолда келе
жатқанда-ақ білген, сезген. Сөйтсе де өзінің балалық шағы
өткен, оқып білім алған, еңбек жолын бастаған жерге табаны

тигенде əйтеуір бір жүзтаныс адамды кездестірсем, оны туған
əкемдей не ағамдай көріп құшақ жая көрісіп, мауқымды бас-
сам деп аңсауы заңды еді. Өкінішке орай дəл сол сəтте өзін
білетін ешкім кездеспеді. Сонда да болса деп вокзал басында

көп тұрды. Ақыры ол депо маңдайшасындағы “Аякөз” деген
сөзге көзі түскенде соны жүрегі дүрсілдеп тұрып оқып, соны
көңіліне медеу тұтты. “Армысың, атамекен, бармысың кешегі
менің балалар үйіндегі тағдырластарым! Мен міне, аман-

есен келдім!” – деп туған жерге іштей күбірлеп сəлем берді.
Сейтті де басқа барар, аялдар жерінің жоғын біліп, қаланың
Сергиополь жақ бөлігіндегі бір кездегі өзіне етене таныс депо
жұмысшылары тұратын бараққа тартты.

Көп ұзамай жұмысқа да шыққан, өзінің осыдан бес жыл
бұрынғы бейбіт кəсібіне қайтадан кіріскен. Бірақ күш-қайрат
деген бұрынғыдай болмай шықты, денсаулығы кəдімгідей-
ақ сыр бере бастады. Мұны деподағы адамдар да білді.

Байқайды, Сабалақ бұрынғы Сабалақ емес. Себебін сұрады.
Бұл 1944 жылдың қарашасында жау пулеметін кеудесімен
жапқанын, өлім аузынан қалғанын айтпады. Жасырды. Тек:
“Жараландым, сонда қан көп кетіп еді, денемдегі əлсіздік

соның əсерінен шығар”, – деді де қойды. Ел оған сенген, сон-
да да болса деп оңалып кеткенше жеңіл жұмыс істеуіне ақыл-
кеңес берген. Жас жігіт мұны қорлық, қатардан қалғандыққа
санаған, бірақ лаж жоқ көнуіне тура келген. Күндер... айлар

зулап етіп жатты. Ол енді деподағы жеңіл жұмысқа да жа-
рамай, жатып қалатынды шығарды. Осындай кезде күні
кешегі ешкімге де дес бермес қара күшінің қайда кеткенін
ойлап қатты күйінді, жасының отызға жетпей жатып жа-

рымжан болғанына капаланды. Өзін осынша мүгедек еткен
қу соғысқа лағынет айта жүріп дəрігерге барғанында: “Өмір
сүргің келсе ауыр жүк көтермейтін жеңіл қол жұмысы бар
мамандықты таңда, ауа райы жылы аймаққа көш, дəрігердің

ұдайы бақылауында болатын əскери госпиталь орналасқан
қалаға қоныс аудар, бізде ондай мүмкіндік жоқ”, – деген сөзді
естіді. “Бұл жерде қимайтын нем бар?” – деп ойлаған сонда
ол əлгі ақыл-кеңестен кейін: “Жер басып жүрсем екі қолға бір

жұмыс қай жерден болсын табылмай қоймас. Тəуекел. Көшсем
кешейін”. Сөйткен де жолдорбасын арқалап Алматыға карай
тартқан.
Бұл 1952 жылдың жазы еді. Астанаға келісімен шай өлшеу

зауытына жұмысқа орналасты. Көп кешікпей Ұлы Отан
соғысы мүгедектеріне арналған əскери госпиталь мұны ар-
найы комиссиядан өткізіп, тұрақты дəрігерлік бақылауға
алды. Үйленіп, бала-шағалы болды. Қысы жұмсақ, жазы

ыстық Алматының ауа райы оны уақыт санап ширата берді,
майдангер бұрынғыға қарағанда өзін сергек сезіне баста-
ды. Арада бес жыл өткенде бұрынғы жарақаттары көп
мазаламайтындығына қарап қатарға қосылғанын сезді.

Сабалақ ата астанадағы шай өлшеу зауытында жұмыс
істеген жылдары өзін нағыз еңбеккер ретінде танытты. Оған
оның осы ұжымда табан аудармай 25 жыл жұмыс істегенін,
сол уақыт ішінде қарт майдангердің суреті Құрмет тақтасынан

түспегенін айтсақ та жеткілікті. Зауыт еңбеккерлері осы
бір ақжарқын жанның сонау сұрапыл кезеңдегі ерлік ісін
білмейтін, əйтсе де оның бейбіт күндегі турашыл мінезін,
қажырлы қимылын ерекше бағалайтын. Сондықтан да

көп құрметіне бөленген от 1965-1969 жылдар аралығында
қатарынан екі рет Алматы қалалық Кеңесіне депутат болып
сайланды. 1973 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы
атанды. Қазір Сабалақ атай құрметті еңбек демалысында. Ол

8 ұл мен кыз өсіріп тəрбиелеп отырған үлгілі семья басшысы.
...Қарт майдангер басынан кешкен жайды айтып бітіргенде
түнгі сағат он бірге таяп қалған еді. Екеуара əңгімелесіп оты-
рып уақыттың қалай тез өткенін байқамай да қалыппыз.

Күзетші будкасының ішін құлаққа ұрған танадай тыныштық
жайлады. Біз бірауық өз ойымызбен өзіміз болып кеттік. Дəл

осы сəтте есіме жазушы Михаил Шолоховтың “Адам тағдыры”
атты əңгімесі түсті. Көз алдыма ондағы басты кейіпкер Иван
Соколовтың ауыр да азапты өмір жолы, соған қарамастан
оның қиындыққа бой ұсынбаған өршіл бейнесі елес берді.

Шартты түрде болса да ойша салыстырып көріңізші, құрметті
оқырман! Жазушының оптимистік қиялы сомдаған кітап
кейіпкері жəне өмірдегі белгісіз батыр...
Ойымды Сабалақ атаның үні үзді.

– Ал, қарағым, – деді ол кісі жөткірініп қойып, –

сен үйіңе қайт. Қаланың тəртібін білесің, енді кешіксең
жаяу қаласың. Сондықтан соңғы айналым жасап жат-
қан мына автобус, троллейбустардың біріне үлгер де
жетер жеріңе жетіп ал. Қөңіліңді күпті еткен сұрақтарың

болса онда ертең үйге кел, сол жерде отырып тағы
да əңгімелесейік. Жарай ма?

– Жарайды.

...Қайтып келемін. Троллейбус ішінде жүргінші аз.
Салондағы бос орындықтарға еркін жайғасқан олар: “Мінер
көлікке міндік. Енді асығыс жоқ”, – дегендей қамсыз отыр.
Тек мен ғана мазасызбын. Ойымда əлі де шешуі табылмаған

көп сұрақ тұрғандай. Рас, іздеген адамымызды таптық, оны
көзбе-көз көрдік, əңгімелестік. Мұнымен барлық іс бітті де-
уге бола ма? Жоқ. Басқасын былай қойғанда кез-келген жан
бізге: “Бұл ерліктің ұмыт болып келгендігі, неше жылдан бері

ескерілмеуі қалай?” – деп сауал қоя қалса оған не деп жауап бе-
рер едік. Одан кейін: “Осы ерлікті көрген, оған куəгер болған
біреу бар ма, сол шайқастағы өзіміз сөз етіп отырған оқиға
құжат жүзінде дəлелденген бе?”, – деген қосымша сұрақтың

да өз-өзінен туындары, бізден жауап талап етері анық. Бірақ
белгілі себеп болмаса Великие Луки қаласының музейіндегі
тірі қалған матросовшылар суреті, ондағы анықтама жазу-
лар жұртшылыққа тектен-тек көрсетілмейді ғой деген ой

жоғарыдағы пікірлерге қарсы шыққандай. Ақырында ертең
мен тағы да Сабалақ атайға баруға, ол кісіден осы жайларды
егжей-тегжейлі сұрауға бекіндім.
* * *

– Кеш жарык!

– Ешкің арық... Төрге қарай өте бер бала!

– Не істеп жатырсыз ақсақал?

– Ой, тəйірі-ай, доп үрлеп отырмын да.

Қарттың бұл жауабына күлкім келді. Осыны сезді ғой
деймін ақсақал ақтала сөйледі.

– Доп ойнайтын мен емес, əне, анау медальдардың

иесі. Мен тек оның жанкүйер көмекшісімін. Түсіндің бе?
Ол жаттығуға кеткенде спорт киімдерін, қажетті құрал-
жабдықтарын ықтияттап тұрып дайьшдап қоямын. Қазір де
соның қамымен отырмын.

Осы сəтте менің көзім қабырғадағы түрлі-түсті ленталарға
ілінген медальдарға, фотосуреттерге түсті. Оның көбінде
алматылық “Динамо” су добы командасының қарсыластар
қақпасына шабуылы, олардың жеңімпаздар тұғырында тұрған

қуанышты сəттері бейнеленіпті. “Спорт тақырыбындағы
мына суреттердің Сабалақ атай үйіне қаншалықты қатысы
бар?” – деп ойлағанмын. Сөйткенше болған жоқ, қабырғадағы
қаптаған фото арасынан “Динамо” су добы командасындағы

жалғыз қазақ жігіті, осы ұжымның белді ойыншысы,
халыкаралық дəрежедегі спорт шебері Асқар Оразалиновты
көріп қалдым.

– Бұл жігіт сіздің балаңыз екен ғой.

– Иə!

Өз перзентінің есімін көпшіліктің білетінін, құрмет-
тейтінін естігенде қарт əке көңілденіп сала берді. Ол кісінің
сөзінен спортшы ұлына деген мақтаныш, ризашылық лебі
сезілді. Өстіп отырып кешегі əңгімені қайтадан жалғас-

тыруды, ондағы көңілді күпті еткен сұрақтарға нақты жауап
алуды да ұмытқамыз жоқ.

– Оның бəрін мынадан табасың.

Сабалақ атай осылай деді де менің алдыма үлкен бір пап-
каны əкеліп қойды. Рет-ретімен жинастырылған құжаттарды
алып қарай бастадым. Байқаймын, олардың алғашқыларының
өзінен-ақ кешегі сауалдарға толық түсінік берерлік деректер

табыла бастағандай. Енді соларға сөз берелік.
Қатардағы қазақ жауынгерлерінің қиын сəтте көрсеткен
қаһармандық қимылын көрген қаруластары баршылық екен.
Соның бірі – қызыл əскер Алексей Кузнецов. Ол Отан солдаты

Жеңіс күнін көре алды ма, қазір, мынау жалпақ əлемде бар ма,
жоқ па білмейміз. Білетініміз – сол асыл азаматтың Сабалақ
Оразалиновтың ерлігін көзбен көріп, оны ізін суытпай 8-ші
армиялық газетке хабар етіп қалдырып кеткендігі. Уақыт та-

бынан сарғайған мақала сөйлемдері былай деп сыр шертеді.

“Екеуміз ротаға бір күнде келіп едік. Қиян-кескі шайқаста
онымен бірге болып көрмегенмен, көп ұзамай жауынгерлер
осы бір алып денелі, сұлу мұртты жігітті жақсы көріп кетті.
Ол қазақ халқының перзенті еді. Аты-жөні Сабалақ Оразали-

нов болатын. Бірақ рота оны адалдығына, елгезектігіне орай
біздің Розалиныч дейтін.
Комсомол мүшесі еді. Шешуші айқастың бірі болатын.
Біздің артиллерия Эстонияны жаудан азат етудің ақырғы

айқасын бастады. Зеңбіректер дұшпанды оқтың астына
алып жатқанда біз жау шебіне жақындап үлгердік. Рота
командирі Климов дүрбімен алға ұзақ көз тікті. Ақырында
ол қолын төмен түсірді де үстіндегі шинелін шеше баста-

ды. Бұл қимылды жауынгерлер түсіне қойды. Қазір шабу-
ыл басталмақ. Мен пулеметімді ыңғайлырақ етіп ұстадым.
Сол сəтте белгісіз бір күш алға итермелегендей болды. Оң
жағымнан да, сол жағымнан да өре тұра келген жолдастарым-

ды көрдім. Рота шабуылға шықты.
...Жау оғы жауынгерлерді жапырып жыға бастады.
Немістер уақыт өткен сайын беттетпеуге айналды. Жерге
жабысып көп жаттық. Кенет алдыңғы жақтан бір алып дене

қараң етті. Осы кезде мен анық көрдім: біздің Розалиныч
ұшып тұрды да тас кесектей болып жауып тұрған оққа қарсы
ұмтылды.
Жау пулеметі қақалып үнсіз қалды. Өз басым ештеңенің

байыбына бара алмай қалдым. Бір ғана түйсік көңілге ұялады:
Сабалақ Оразалинов жүздеген жауынгердің өмірін сақтап
қалды. Сол үшін жас жанын пида етті. Осы кезде үні өшкен
дзотқа алғашқылардың бірі болып жеткен сержант Дятков

болды. Ол батырдың денесіне еңкейе үңілді де айғай салды:

– Жолдастар! Немістер біздің Розалинычты өлтірді!

Азғындарды аямайык, алға!
Біз ыза кернеген жойқын кимылмен ілгері жаққа лап
қойдық. Рота жау шебін штурммен алды. Жауды алды- арты-
на қаратпай түре қуып жүре бердік. Қашан ақырғы фашисті

ашық теңізге айдап тастағанша тоқтамадық. Сол жолғы ша-
буыл жолының бəрінде біз келбетті де көңілді жас ұланды,
қазақ халқының, қайсар ұлы Сабалақ Оразалиновты есімізден
шығарған жоқпыз. Оны өзімізбен қатар басып келе жатқандай

сезіндік. Өйткені ол өмірін қиса да өшпес ерлік қалдырып
кетті. Қызыл əскер Алексей Кузнецов (8-ші армияның “Ле-
нинский путь” газеті, 6 желтоқсан, 1944 жыл)”.
Бұл – бір құжат. Екінші деректі Николай Кондратьев деген

жауынгер журналист қалдырған. Ол Сабалақ Оразалиновтың
ерлігін 1944 жылдың қарашасында өздерінің 131-ші атқыштар
дивизиясында шығып тұратын “За Отчизну” газетіне жазған
екен. Мақаланың мазмұны, болған оқиға біз өзіміз жоғарыда

сөз еткен 8-ші армиялық газеттегі Алексей Кузнецов
баяндаған жайға ұқсас. Сондықтан келесі дерекке сөз берелік.
Дзот аузын денесімен жауып тірі қалған кейіпкері-міздің
ерлігін дəлелдейтін үшінші құжат мынадай. 1944 жылғы

Эстония жеріндегі болған шайқасқа қатысушы, запастағы
генерал-майор Т. М. Зубов арада көп мезгіл өткен соң өзінің
қаруластарымен бірге қиян-кескі ұрыс өткен орын – Саарема
түбегінде болады. Сол жерде олар Александр Матросовтың

ерлігін кайталаған қазақ Сабалақ Оразалиновты еске түсіреді.
Т. М. Зубов сапардан оралысымен есімін кеп əлі ешкім
білмейтін ерлік иесі жайлы “Известия” газетіне хат жолдайды.
Ол мақала жарыққа шыққанда мұны Сабалақ атай кездейсоқ

көріп қалып оқиды да генералға өзінің тірі екенін, ауыр жа-
раланып, өлім аузынан қалғанын, қазір Алматы қаласында
тұратынын хабарлайды. Кейін “Известия” бұл тақырыпқа
қайта айнальш соққан. Т. М. Зубов пен С. Оразалиновтың бірін-

бірі іздеп тапкандығы жөнінде газет тілшісі Евгений Кригер
1965 жылдың 29 наурызында “Өлімнен де күштілер” атты
мақала жазған. Сол сол-ақ екен бұрынғы 8-ші армияның 131-
ші дивизиясындағы 482-ші полктьң ардагерлері жер-жерден

оған үн қосады, Алматыға хат жолдайды. Сабалақ атайды
Эстониядағы Саарема түбегіндегі орналасқан Каймыри ау-
данына кездесуге шақырады. Олар уақыт санап 1944 жылғы
шайқастағы өздерінің есінде қалған жайларымен батыр

ерлігін одан əрі тірілте, толықтыра түседі. Ондай естеліктер
көп. Соның ішінде екі адамның хаты ерекше сыр шертеді дер
едік біз. Оның бірі – 482-ші полктағы санитарлық взводтың
бұрынғы командирі, медициналық қызметтің отставкадағы

аға лейтенанты, пулемет аузын денесімен жапқан жауынгерге
ең алғаш көмек көрсеткен А. Афанасьева-Пушкова.
“Біздің шабуылдағы бөлімшелеріміз алға кеткен еді,– де-
ген Ленинград қаласында тұратын ол кісі өз естелігінде: – Мен

санитарлармен бірге фашистік дзотқа жақындап келдім. Міне
осы жерде біз дұшпан пулеметінің аузын өз денесімен жауып
құлап жатқан кеңес солдатын көрдік. Мен оған жүгіріп барып
басын сүйедім, сол жақ иығын ок шұрқ тесік қып паршалап

кетіпті. Сол аяғы қара санынан қақ бөлінген. Денесінің əр
жерінен қан шүмектеп ағып жатыр. Жүрегін тыңдадым, əлсіз
лүпіл естіледі. Мұны сезісімен апыл-ғұпыл жарасын байлап,
дəрі ектім де қасымдағы қыздарға: “Мына жауынгерді де-

реу санбатқа жеткізейік. Мүмкін құтқарып қалармыз дедім”.
А. Афанасьева-Пушкова осылай десе Ұлы Отан соғысының
ардагері, қазір “Лениздаттың” бас редакторы, жазушы Д.
Хренков: “Соғыс жылдары мен 8-ші армияның “Ленин ский

путь” газетінің редакциясында жұмыс істедім. Сол кезде 482-
ші полкта сізбен кездескен едік. Кейін 1944 жылы қарашада өз
газетімнің бетінде сізді “жерледім”. Ол кезде дивизиядағылар
дзоттың аузын денесімен жауып, жауынгерге жол ашқан

сізді қаза таптыға санады. Осылай деп дивизияның “За От-
чизну” газеті де мақала басты. Ол газетке сіз туралы менің
досым Николай Кондратьев жазған еді. Енді міне өзіңіздің
тірі екеніңізді “Известиядағы”, “Өлімнен де күштілер” деген

мақаладан оқып, естіп біліп хат жазып отырмын. Біз міндетті
түрде кездесуіміз керек. Еске алатын жəйттер көп. Кездесеміз,
ғажайып ерлік иесі”,– деп тебірене хат жолдайды.
Иə, көптен күткен күн де келді. 1981 жылы 5 мамырда

бір полкта қызмет еткен майдангерлер Эстонияда кездесті.
Онда айтылмаған сыр қалмады, каруластары Сабалақ атай-
ды ортаға алып көпке дейін жібермеді. Артынша 482-ші
полк ардагерлерінің бəрін Таллиндегі Бүкілодақтық “Зерде”

вахтасының ашылу салтанатына шақырды. Сол жерде қарт
майдангерлер өз батырын маршал И. X. Баграмянмен таны-
стырды. Бұрынғы Прибалтика майданы қолбасшыларынын
бірі болған ол кісі С. Оразалиновтың ерлігін естіп риза бол-

ды, қолын қысып тұрып оның ұзақ өмір сүруіне тілектестік
білдірді. Сөз орайында мынадай хабарды да айта кетейік. Ге-
нерал-майор Т. М. Зубов, майдангер Д. Хренков, тағы басқа да
көптеген жандардың белгісіз батыр ерлігін қалпына келтіру

жолындағы, оны іс жүзінде дəлелдеудегі ізденістері босқа
кетпеді. Бұған қосымша бұрынғы 131-ші дивизия ардагер-
лер Кеңесінің Подольскідегі КСРО Қорғаныс министрлігі
архивіне хат жолдап сұрау салуымен ол жерден С. Оразали-

нов жайында жаңа деректер табылды. Соның нəтижесінде
Ұлы Отан соғысындағы Қара теңізден Мурманскіге дейінгі
аралықтағы мыңдаған шақырымға созылған алып шайқас
театрының, жойқын ұрыс баталиясының шағын бір отты

нүктесінде жасалған ерлік көп уақыт өткен соң барып өмірден
өзінің лайықты орнын алды. Оны 1974 жылы Москвадан
шықкан “Ленин орденді Ленинград əскери округінің тари-
хы” кітабының 423-ші бетіндегі жəне 1941-1945 жылдардағы

Александр Матросов ерлігін қайталаған қаһармандардың
толық тізімін берген (мұнда ол 312-ші болып тұр) “Өшпес
ерлікке жасалған қадам” атты кітаптағы анықтамалардан
анық байқауға болады. Жоғарыдағы кітаптардын, екеуінде

де: “1944 жылдың 18 қарашасы күні 131-ші атқыштар
дивизиясының 482-ші полкіндегі 8-ротасыньщ ефрейторы,
20 жасар қазақ – комсомолец Сабалақ Оразалинов Саарема-
да өшпес ерлік жасады. Эстонияның Каймыри ауданына ба-

тальон шабуылға шыққанда жау пулеметі беттетпей қойды.
Аға лейтенант Климовтың ротасы қиын жағдайға килікті.
Осы кезде ефрейтор Сабалақ Оразалинов алға ұмтылып, екі
рет ауыр жараланды. Соған қарамастан ол шешуші қадам жа-

сады. Дзоттың аузын денесімен жауып, жауынгерлерге жол
ашты. Тірі қалды”,– делінген.
...Ол кісімен, яғни, кейіпкерімізбен кездесіп, жүздесіп,
əңгімелескеннен кейін де біраз уақыт өткен. Бір күні неге

екенін қайдам Сабалақ атайды тағы да көргім келіп кетті.
Жұмыстан шыққан соң кештетіп отырып екінші Ал-
маты вокзалына тарттым. Ақсақал сол баяғы орнында,
үкінің үясындай күзетші будкасының алдында отыр екен.

Қауқылдай амандасып қарсы алды. Екеуміз ананы-мынаны
сөз етіп көп əңгімелестік. Бір таңқалатыным – ол кісіні қашан,
қай жерде көрсең де сол қалпы, бəз-баяғы мінезі, сөзінен
аумайтындығы. Қарапайым, кішіпейіл. Ойында ғысын жа-

сырмайды, ашық айтып салады. Сөйтеді де қарсы алдыңда
қасқайып отыра береді. Осыны көргенде, сезгенде мен өткен
кездесуде естіген мына бір жайды есіме алдым. Бұдан он
жыл шамасы бұрын далада ойнап жүрген баласы Асқар үйге

жүгіріп келіп əкесіне: “Əке, елдің бəрі сені батыр дейді. Батыр
болсаң неге орденің, атағың жок. Ал, ана Валераның əкесінде
ол бар. Кеудесінде сықап тұр. Оны саған неге бермеген?– деп
сұрақ қояды. Мұны естіген Сабалақ атай ұлына сонда былай

деген: “Балам, саған менің орденім, атағым керек пе, жоқ əлде
мына мен, яғни алдыңда тірі жүрген əкең керек пе? Соғысқа
атымды шығарайын деп барғаным жоқ, елді, жерді қорғауға
бардым. Ерлік жасайын деп жасағаным жоқ, Отан алдындағы

парызымды өтедім, солдаттық міндет – бұйрықты орында-
дым. Ажалдан аман қалдым. Маған сол да жетеді. Мұны кім

қалай ойлайды, өздері білсін. Түсінікті ме енді саған балам?! ”
Қазір міне Сабалақ атайдың жанында отырған мен əке мен
бала арасында болған сол сөзді есіме алдым. Ал ол кісі бол-
са мұны сезер емес, сөз желісін басқа жақтан ағытып отыр.

Ой-қырға кезіп кеткен қиял тізгінін қайырып, кəрі көкіректен
күмбірлей шыққан үнге құлақ тосгым. “Тағдырға айтар
өкпем жоқ, – дейді қарт майдангер: – Шүкір, бəріне ризамын.
Құдайдан кезінде мен не тілемедім? Бəрін тіледім. Соның көбі

орындалды. Кейінгі арманым – артымда ұрпақ қалдыру еді.
Ол тілегіме де қол жеткіздім. Бұл күнде сегіз балам бар. Бəрін
өсірдім, оқыттым. Қазір олар өздері қалаған өмір-жолының
иелері. Үлкенім Мəуен – мұғалима. Қаладағы 112-ші мектепте

ағылшын тілінен сабақ береді. Одан кейінгі ұлым Дəурен –
жоғары білімді мал дəрігері. Казір ол Гурьев облысының Ембі
ауданында, қызмет істеп жүр. Сапарғалиым да мал дəрігері,
республикалық “Зооветснаб” мекемесінде жұмыс істейді.

Бейбітжан мен Қатанай техникум бітірді. Қаниша болса
астанадағы медицина институтының төртінші курс студенті.
Асқар – спортшы, “Динамо” су добы команда сының мүшесі”.
Ымырт үйіріліп келеді...

Вокзал жанынан қабырғасында “Алматы–Мəскеу” деген
жазуы бар жетінші пойыз желіп өтті...
...Оған назар аударып жатқан Сабалақ атай жоқ. Аякөз де-
посында істеген кезінде басынан өткен оқиға жайлы қызықты

бір əңгіме желісін бастады.
Мен кұлағым қалқайып тыңдап отырмын...
1984 жыл.
Авторлық анықтама. Сабалақ Оразалинов 1986

жылы тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.

ЖАНСЕБІЛ

Шу қаласының шеткі көшесі. Сиырын суатқа айдап бара жатқан қарт менің төңірекке тосырқай қарап келе жатқанымды көріп жөн сұрады. Ақсақалға өзім бұрын білмеген, көрмеген бірақ есіміне сыртынан жақсы таныс майдангермен жолықпақ ойымды айттым. – Ол Сыйқымбай деген кісі еді, ата. – Фамилиясы кім? – Мамыров. – Е, е … Жүріп келе жатқан бағытың дұрыс қарағым. Осы көшемен шығысқа қарай тарта берсең алдыңнан тіреуіш қойған телеграф бағанасы кездеседі. Содан кейінгі ағаш шарбақпен қоршалған үй – Сыйқымбайдікі. Мына сөзді естігенде жүрегім лүп ете түсті… “Шынымен табылғаны ма?” – дедім ішімнен: Осында тұратыны рас екен ғой! Мұның бəрі қалай оп-оңай шешіле қалды? Қасқағым сəттік осындай ойдан есімді тез жиып алған мен жол көрсетуші қартқа рахметімді айттым да алға қарай асығыс адымдай бердім. Біраз жүрген соң көңіліме қайтадан күдік кірді. “Оның үйі сол ма, жоқ сол емес пе?” – деймін күбірлеп: Іздеген адамым ол болмай мүлде басқа біреу болып шықса қайтемін? Осындай екі ұдай сезім ақыры қойын дəптерге қайтадан қол салғызды. Ойым – бөтен үйдің есігін қақпас бұрын өзімнің осы сапарға шығуыма себепкер болған құжат-фактілеріме тағы бір көз жіберіп, анықтап қарап алу. Оның біріншісі – Холм қаласындағы қызылізшілерден алдыртқан сурет. Онда ұшар басына Отан соғысы орденінің кескіні бейнеленген, одан кейін: “Біздің еліміздің тəуелсіздігі мен бостандығы үшін құрбан болған батырлардың даңқы мəңгі өшпесін!” – деген сөздер жазылған құлпытас көрініп тұр. Соның етегін ала бере: “Бұл жерде 1942 жылдың ақпанында Холм өңірін жаудан азат етуде ерлікпен қазаға ұшыраған жауынгерлер – Ленин, Қызыл Ту, Суворов орденді, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы дивизия батырлары жерленген”, – деген сөйлем көзге анық шалынады. Бұдан соң қаза тапқан қаһармандардың ұзақ тізімі басталған. Оның ішінде өзіміздің қазақ бауырларымыздан аты аңызға айналған политрук Р.Жанғожин мен қатардағы жауынгер С.Мамыровтың фамилиялары бар. Енді екінші құжатқа көз жіберіп көрелік. “Бұл күндері, – делінген мұнда: – Холм қаласында сонау Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен шайқасып қаза тапқан 46 қазақстандық жауынгерге арнап ескерткіш орнатылған. Одан сіз С.Мамыров деген адамның аты-жөнін кездестіреріңіз анық. Бірақ ол тірі, Жамбыл облысында тұрады. Таңқаларлығы сол, соғыс жылдарының əр кезінде оның семьясына “ол өлді” деген суық хабарға толы қара қағаз бір емес, үш рет келген. Майдангерге бұл жай елге келгенде ғана мəлім болған. Қазір ол бейбіт еңбектің иесі”. Менің іздеп келе жатқаным міне, осы кісі еді. Қарап отырсаңыз адам сенбес оқиға. Құлпытастағы қаза тапқандар арасындағы С.Мамыров деген фамилия жəне бұл майдангердің Холм түбінде тірі қалып мұндай жағдайдың оның басынан содан кейін де екі рет қайталануы. Сонда бұл не? Аңыз… Шындық… Бос сөз… Жоқ əлде… Мұны қалай түсінуге болады? Бірақ… иə, бірақ ең бастысы ол қазір өмірде тірі жүрген жан. Ендеше қасымыздағы тиіп тұрған мына үйіне іздеп бару керек, өзін жүзбе-жүз көру керек. Сөйтіп көп күндерден бері көңілді күпті еткен жоғарыдағы фактілердің анық-қанығына толық көз жеткізу қажет. Осындай ойға берік бекінген біз бейтаныс үйге қарай батылырақ адымдадық. Есікті алпыстарды алқымдап қалған қағылез қарт ісі ашып, ауызекі аман-саулықтан соң төрге озуымызды өтінді. Ортаңғы бөлмеге келіп кірдім. Бұл осы үйдің балаларының сабаққа дайындалатын орны болса керек, столға бойы жетер-жетпес болып мықшия жазу жазып отырған екі бүлдіршін есіктің ашылғанын көріп орындарынан тұрып кетті. Содан соң əдеппен келіп орындық ұсынды. Оған тізе бүге бергенімде қабырғадағы қос суретке көзім түспесі бар ма? Міне, қызық! Өзіміз жоғарыда айтып кеткен Холм іргесіндегі құлпытас бар ғой… Соның жалпы көрінісін үлкейтіп қамтыған сурет мұнда да тұр. Оның жанына жаңа ғана сəлем берген осы үйдегі қарттың бүгінгі бейбіт күндегі жеке фотосы қатарластырыла қойылған. Демек Сыйқымбай ақсақалдың осы кісі болғаны-ау шамасы. Əйтпесе мына суреттер бұл үйде нақ осылай орын теуіп тұрмас еді. Ойымыз алдамады. Содан аз уақыт өткен соң бөлмеге келіп

кіріп жөн сұраған ардагермен арадағы таныстық-білістік ба-
сталды. Одан кейін ұзын-сонар əңгіме өз желісін тапты. Біз –
тыңдаушы, ол кісі – айтушы. Сұхбат барысында төмендегідей
жайға көз жеткіздік.

* * *
1942 жылдың қаңтар айында қазақстандық 8-гвардиялық
дивизия Москва түбінен Солтүстік-Батыс майданындағы
Ильмень көліне қарай аттануға бұйрық алды.Ставка бұл

жерде Ұлы Отан соғысының тарихындағы тұңғыш ірі опе-
рацияны жүзеге асыруға мұқият дайындалып жатқан бола-
тын. Ол жаудың Демьяновск қаласы маңындағы топталған
70 мың адамдық ірі тобын қоршауға алып жойып жіберу

еді. Көптен күткен күн де жетті. Ақпанның бас кезінде
біздің 8-гвардиялық дивизия белгіленген бағыт бойынша
шабуылға шығып, Старая Русса мен Холм аралығындағы
елді мекендерде қиын ұрыстар жүргізе бастады. Сол жылғы

қызылшұнақ аязды айтпаңыз. Ат бауырын сызатын омбы
қар ауыр соғыс техникасы – артиллерияны алып жүріп
адым аштыруға мүмкіндік бермеді. Оның үстіне ойдым-ой-
дым орманға шашырай орналасқан деревнялардан кездейсоқ

бораған жау оқтары жалтаң жерде шеп құрған жауынгерлерді
жұлып əкетіп жатты. Панфиловшылар бұған қарап, іркіліп
қалған жоқ. Олар кездескен қиындықтардың бəрін жеңіп,
жанкештілікпен алға жылжи берді.

Осындай бір күндерде 1073-ші полктің Константин Федю-
нин жетекшілік ететін 3-ші батальонына Сутоки деревнясын
фашистерден азат ету міндеті жүктелді. Комбат іске кірісті.
Əу баста бəрі де дұрыс ойластырылған сияқты еді. Өкінішке

орай алғашқы екі шабуыл ол күткендегідей нəтиже бермеді.
Қызуқанды жігіттер нар тəуекелмен алға қарай тағы да ура-
лай ұмтылған. Бірақ деревнядағы əрбір үйдің терезе, ша-
тырынан сатырлай жауған оқ олардың қатарын селдіретіп

барып жерге жатқызуға мəжбүр етті. Не істеу керек? Осы
сұраққа жауап іздеген Константин Федюнин түс қайта өзіне
бағынышты командирлерімен ақылдасуға отырды. Бұл
басқосуда көптеген пікірлер айтылды. Оның ішінде дұрысы

да, бұрысы да баршылық еді. Ақырында олар осы батальон-
нан жаудың негізгі күшін өзіне қаратып алдаусырататын
шағын екпінді топты жасақтап, оны деревняның арғы жағына
жіберуге, сөйтіп тосыннан шабуыл жасауға келісті. Оған по-

литрук Рашид Жанғожин мен кіші лейтенант Дмитрий Вол-
гапкин бастаған он төрт жауынгер бөлінді де көп кешікпей
олар солтүстікті бетке ала жүріп кетті.
Екпінді топ орман ішімен аттың тағасы сияқты жол жа-

сап келіп шөп үйілген сарайға жақындағанда өздерінің Су-
токи деревнясының ту сыртынан шыққандарын сезінді. Са-
рай шамамен алғанда бұлардан жүз қадамдай еді. Ал оның
ар жағындағы жарты шақырым жерде жау бекінген елді

мекеннің ығы-жығы үйлері қарайып көрінеді. Осының бəрін
жіті көзбен шолып өткен Рашид бөлімше командирі Дмитрий-
ге алдымен шөп үйілген мынау қалқаға жетіп алуға кеңес
берді. Содан кейінгі жағдайды бара көре жатармыз, – деп

шешті екеуі. Сөйтті де əлгі сарайға барынша еппен, сыбдыр-
сыз жақындап келе бергендерінде, бəрінен бұрынырақ озып
кеткен ағайынды Базаевтардың үлкені Оспан ішкі жақтан
бірдеңені бақ еткізіп, өзі сыртқа атып шықты.

– Не болды? – деді ошарылып тұрып қалған қаруластары

оған.

– Сарайға білдірмей келіп кірсем пішенге көміліп ұйықтап

жатқан фашистің басы көрінеді. Қарақұсынан бір ұрып
қылжиттым да кейін қарай қаштым, – деді көзі атыздай
болған Оспан.
Мына сөзді естіген жауынгерлер сарайға лап қойды.

Олар ішке келгендерінде аткөпір боп шашылған шөпті, оның
орта тұсынан ойып тұрып жасаған қос ұяны көрді. Біреуінде
Оспан сұлатқан жау солдаты жатыр да екіншісі бос тұр. Бұған
күдіктенген жігіттер сарайдың астаң-кестеңін шығарып, одан

кейін далаға шығып қарап еді ешкімді көре алмады.

– Орман жақтан қауіптенген жау бұл араға күзет қойған

болып шықты. Жағдайды анықтағанша осы араға бекіне
тұрайық. Қане, іске кірісіңдер, – деді Дмитрий Волгап-
кин бөлімше жауынгерлеріне. Осылай деген ол пулеметші
Сыйқымбай Мамыровқа сарайдан жиырма қадамдай жердегі

маядан орын алуды, ал екінші пулеметші Николай Голодец-
кийге оң жақ шеттен қырманға бекінуді тəптіштей түсіндірді
де, қалғандарына сол аралықтарды жалғастыратын қарлы ор
қазуды бұйырды.

Он төрт жауынгер берілген тапсырманы орындап бола
бергенде деревнядан бері қарай қозғалған жалғыз жаяу
көрінді. Жақындағанында байқады, ол қолына термос ұстаған

жау солдаты екен. Бұларға сарайдағы екінші фрицтің қайда
екені енді белгілі болды. Біздің жауынгерлер дəл осы жерге
келердің алдында ол тамақ əкелу үшін деревняға кеткен-ау
шамасы. Осыны ойлаған олар бəрін де сығалай көріп жатыр.

Міне, суықтан сұрақ белгісі сияқты боп иіліп кеткен неміс
орта жолға келгенде термосын жерге қойып, қолын үрледі.
Денесін жылыту үшін арлы-берлі бүрсеңдей жүгіріп, билеп
алды. Содан соң сарайға жақындап келді де іштегі жолдасын

шақырды. Сезіктеніп тұр ма, қалай өзі? Ақыры орманнан бері
қарай жосылып түскен ізді көрді-ау деймін, сүріне-қабына
кейін бұрылып аспанға қарай екі-үш рет мылтық атып жіберді.
Ойда-жоқта болған мына оқиғаға бөлімше жауынгерлерінің

бəрі: “Қап!” – деп қатты күйінді. Бірақ қашып бара жатқан
жау солдатын мерген Шыныбек Аралбаевтың жалп еткізгенін
көрген олар енді не болар екен дегендей деревняға қайыра көз
тікті.

Мылтық даусынан кейін ығы-жығы үйлі шеткі көшеде
дүрбелең басталып, жиырма шақты солдат бері қарай жүрді.
Олар межелі жерге жақындай бергенде өздері қауіптенген са-
рай төңірегі мен оның артындағы тұнжыр орманды нысанаға

алып автоматтарын ұзақ дырылдатты. Бірақ бұл жақтан
күдік тудырарлықтай қарсы оқ атылмады. Осыны көрген жау
еркінірек қимылдауға көшті-ау деймін, бірде еңбектеп, бірде
тік жүріп қырман төңірегіне кеп қалды. Бұл кезде қаз-қатар

жатқан біздің жауынгерлер қос қапталдағы пулеметшілер
Сыйқымбай мен Николайға: Қайшылай атыңдар! деген ко-
мандир сөзін сыбырлай жеткізіп үлгерген еді. Сол-ақ екен
олар гашетканы басып қалып, оқ нөсерін екі жақтан сыдырта

төгіп келді де ортаңғы тұстан бір түйістіріп өтті. Одан кейін
олар өз секторларын жағалай атып қайтадан кері кетті де, оқ
селін ортаңғы тұстан тағы да біріктірді. Қуатты қолдағы бір
ашылып, бір жабылған өткір қайшының қимылын елестететін

осы əдістің құрсауына түскен жау солдаттары ның есі шықты.
Бəрі де бас көтере алмай жатып қалды. “Өз міндетімізді орын-
дап болдық-ау” – деп ойлаған пулеметшілер келесі кезекті
автоматшыларға берді. Олар политрук Рашид Жанғо жин нің:

“Алдарыңда жатқандардың бастарын көтертпе! Төбесі қылт
еткенін ат!” – деген бұйрығымен оқ шығарып жатты.
Арада жарты сағаттай уақыт өтті. Ағайынды Базаев-
тардың кішісі Елемес қашқан жаудың ең соңғысын орта жол-

дан аса бере сұлатқанында, деревнядан тағы бір үлкен топ
көрінді. Олар алдымен екіге жарылды, артынша қайта бірікті.
Содан соң қанатын кең жазып алға қарай андыздай ұмтылды.
Топтың соңында ауызбен тартатын қобызын үрлеп екі қыз

келеді. Бұлар өз жаралыларын мен мұндалап шақыратын жау
санитарлары. Қарсыластарының осы қимыл-қозғалысының
бəрін қалт жібермей қадағалаған Дмитрий Волгапкин бұл
жолы жауды да жаңағыдай еркінсітіп, иек астына дейін

əкелуге болмайтынын сезді. Өйткені күш тең емес. Егер
олар алғашқы оқ нөсеріне қарамай тұра ұмтылса сарайдағы
бұларды тапап кетері анық. Сондықтан алыстан атысуға,
жақындатпай шайқасуға күш салу керек. Бұл ойын политрук-

ке айтып еді, ол оны құптады.

– Дұрыс айтасың, – деді Рашид: – Мыналарды əлден

əурелей берсек, осында жеткенше өздері де əлсіреп шаршай-
ды. Беті қайтып, титықтаған ондай топпен шайқасу біз үшін
қорқынышты емес. Ендеше тезірек іске кіріселік.
… Міне, алғашқы залп. Он төрт жауынгер күтпеген жер-

ден гүрс еткізгенде қара киімділердің бесеуі орнынан тұрмай
қалды. Келесі атқан оқтары да зая кеткен жоқ, қар бетінде үш
фриц қалып қойды. Фашистердің еңбектей шабуыл жасауы-
на бұл жер əлі алыс еді. Бірақ олар оған қарамады, жалтаң

жердегі жұлып түсіп жатқан оқтан жансаулағап жамбастай
жылжуға көшті. Көптің аты – көп екен. Жаудың артқы бөлігі
қаруға кезек бергенде, алдыңғылары ыңғайлы жерге тырмы-
са қозғалады. Содан кейін олар оқ себелеткенде кейінгілері

бұлардың қатарына келіп қосылып алады. Өстіп келіп дүрк
көтерілмесі бар ма? Тырнадай тізіле жүгірген фашистерді
көргенде біздің жауынгерлер сасқалақтап қалды да ұрысты
қайтадан ұйымдастыруға ұмтылған Волгапкинге оқ тиді.

Қиын жағдай туды. Бөлімшеге жетекшілік етуді Рашид
Жанғожин өз қолына алды.

– Естеріңді жиыңдар! – деп айғай салды политрук

қаруластарына: – Көріп тұрсыңдар ма, олар кеп қалды. Енді
қимылдамасақ бəріміз де өлеміз, қырыламыз. Сондықтан…
Иə, сондықтан біздің жауынгерлер дəл осы сəтті абыржуды
ақылға жеңдіруі керек еді. Ақыры солай істеді де. Енді бол-

маса фашистердің күш алып кететініне көздері анық жеткен
олар беталды дүрлігісті қойып, оқты түйдектете атты. Арада
біраз уақыт өткенде жау солдаттары да іркілді-ау, бірақ қауіп
азайған жоқ.Неге десеңіз командир Волгапкин жараланып

саптан шықты. Қатардағы жауынгер Фроловтың қимылсыз

қалғаны анау. Сол қолына оқ тиген Синициннің де жағдайы мəз емес. Ал мына иек астындағы жау солдаттары не ойлап жатыр екен десейші? Бұлар өстіп жата бере ме, жоқ əлде алға қарай тағы да тұра ұмтыла ма? Əне, артқы қатардағы, екіүшеуі деревняға далбақтай жүгіріп барады. Олардың жаңа бір тың топты көмекке ертіп алып келмесіне кім кепіл. Осының бəрін ой елегінен өткізген Рашид тəуекел деп төмендегідей шешім қабылдауға бел байлады. Оның біріншісі – қатары сиреп қалған жауынгерлерді жұмылған жұдырықтай етіп бір жерге жинастыру да, екіншісі – пулеметшілер Сыйқымбай Мамыров пен Николай Голодцкийге сарай шатырына шығып, жауды сол жерден нысанаға алып атуға бұйрық беру болатын. Енді бізге шеп құрып шайқасудың керегі жоқ, – деді ішінен политрук: – Онда онсыз да аз қалған күшіміз шілдей тозып шашырап кетеді. Сондықтан жауды неде болса бірігіп қарсы алу керек”. Сарай шатырынан атыс секторының бəрі алақандағыдай анық көрінеді екен. Бұйрық бойыша осы жерге келіп орын тепкен қос пулеметші қыбырлай қозғалған қара киімділерге қарсы аяусыз оқ жаудырды дейсің. Оған Аралбаев бастаған автоматшылар қосылды. Жау кірерге тесік таппады, жансауғалап кері қашты. Фашистер сол бетімен кете берер ме еді қайтер еді, егер алдарынан тағы бір тың күш қарсы жолықпағанда. Деревнядан үшінші рет көмекке келген бұл топтың арасында тісқаққан тəжірибелілер мол болса керек, асықпады. Қашқан қаруластарын қайырып əкеп бұларға қайта қаптатты да өздері минометтен атуға көшті. Міне, ызылдай ұшқан алғашқы снаряд даусы… Бірақ, ол сарайға жетпеді, бар болғаны екі аралықтағы қарлы даланың ойран-топырын шығарды да қойды. Содан кейінгі жарылғыш доптар орманға қарай асып кетті. Осыны көрген политрук жағдайдың қиындағанын анық сезді. Мұны білісімен сол қолынан жараланғанына қарамай, жолдастарына оқ тасып көмектесіп жүрген Синицинді өзіне шақырды. – Бұл менің соңғы бұйрығым, – деді Рашид еңбектеп келген жауынгерге қысқа ғана тіл қатып: – Сен пулеметтер мен оқ дəріні тиеп əкелген сүйретпе шаналарды көрдің ғой? – Иə. Олар сарайдың арт жағында жатыр жолдас политрук. – Ендеше сонымен жаралыларды орманға қарай таси бер. Біз осында қаламыз. Өлсек те шегінбейміз. Тірі жетсеңдер қалай шайқасқанымызды айтарсыңдар. Қош. Сау бол! Қолын кері қарай сермеген Жанғожин оған қайтып қарамады. Мына сөзді естіп іші қан жылаған жауынгер тапсырманы орындауға кірісті. … Кеш түсіп, ымырт үйірілгенде барлығының да бойынан əл-дəрмен кетіп, қайрат қалмағандай еді. Соның өзінде шатырдан пулемет даусы шығады, сарай ішінен үш-төрт автомат үні құмығып естіледі. “Он алты адамнан қалғанымыз осы-ақ болдық-ау шамасы”. Политрук жаңағы ойды жалғастырып үлгермеді, миномет оқпанынан ұшқан жарылғыш доптардың бірі есік алдына келіп гүрс ете түсті. Одан соң тағы бір доп… Ол қораның жақтау тақтайы бекітілген діңгекті жұлып əкетті де, қаңсып тұрған қу ағаш лап етіп жана бастады. Фашистер өрттен қашып шыққандар болса қағып түсіреміз деп ойлады ма, оқ атпай үнсіз қалды. Бірақ сарай іші қоңырсыған ащы түтінге, тыныс тарылтып қақалдыратын ысқа қанша толғанымен сыртқа ешкім ұмтылған жоқ. Біздікілердің бəрі тістесіп жатып алды. Мұны көрген жау қайта көтерілді. Сонымен бір мезетте миномет те тық етіп атылып, оның жарылғыш добы Сыйқымбай мен Николай орналасқан шатырды ортасынан ойып түсірді. “Өлдім…” – деді біреу. “Оқ бітті. Гранатаны əкеліңдер!” – деген дауыс естілді екінші жақтан. Кімкімге айтып жатыр, мұны Рашид білмеді. Білетіні – өзінің де жараланғаны, көз алды бұлдырап оң иығының ауыр тартқандығы, соған қарамастан қараңдап кеп қалған жауды автоматтың соңғы дискасымен ұзақ атқандығы. Сол мезетте деревня жақтан қап-қара түнді тілгілеп қызыл, жасыл, ақ түсті үш ракета атылды. Фашистер сарайға ентелеуді қойып, кейін қарай жүгірді. – Батальон… Біздің батальон… Шабуылға шықты! Осы сөзді айтқан Василий Прошкин орнынан тұра берді де, табалдырыққа сүрініп құлап түсті. Мұны естіген Рашид көзін зорлағандай əрең ашты. Тұрайын деп қанша ұмтылса да болмады, кеудесі көтерілмей, денесін жер тарта берді. Сəлден соң тоны, пимасы қоңырси жанып жатқанын сезіп төс қалтасынан партия билетін алды да оны сығымдай ұстаған күйі алға жылжыды. – Иə, Елемес, мынаны ал! Оспан, Давид, Иван… Менен əл кетті. Документімді сақтаңдар, – деп қаруластарының атын атады ол. Бірақ бірде-бірі үн қатқан жоқ. Жау оғынан құлаған арыстар бірінің қанына бірі батып, көз жұмып бара жатқанды. Сондықтан да олар политрукке көмекке келе алмады.

… Сол күннің ертеңінде… иə, сол күннің ертеңінде Су-
токи деревнясын азат еткен батальон бұларды іздеп сарайға
келеді. Келеді де қарлы даладағы 50 метрден 400 метрге
дейінгі атыс секторында қырылған жаудың 40-қа жуық өлігін

көреді. Содан кейін олар осы фашистерді жер жастандырып
барып көз жұмған өздерінің қарулас достарының денесін
жинастырады. Түгі қалмай өртенген қораның алдында ақ
тоны бүрісе күйіп, қолына 3741424 санды партбилетін қыса

ұстаған Рашид Жанғозин жатыр еді. Осының бəрін өз көзімен
көрген комбат Федюнин жүрегі қан жылап отырып штабқа
екі пакет жөнелтеді. Оның біріншісі – батырларды Отан на-
градасына ұсыну жөніндегі хабарлама да, екіншісі – қаза

тапқан жауынгерлердің елдегі туысқандарына көңіл айтқан
естірту хат – “қара қағаз” болатын. Міне, осыдан кейін олар
құрбандарды жерлейді. Күйген сарай түбінен томпайып жас
қабырлар көтеріледі. Арада ай өтеді. Политрук қазақ жігітінің

жетекшілік етуіндегі 16 жауынгердің ерлігі бүкіл Батыс май-
данына аңыз боп тарайды. Мұны естіген аса көрнекті кеңес
ақыны Семен Кирсанов оқиға болған жерге келіп “Гварди-
яшы Жанғожин” деген өлең шығарады. “… Кеткенмен жау-

ып қан көзін, Алқымнан түтін қысқанмен, Шатырда батыр
Жанғозин, Алысып жатыр дұшпанмен. Барады ысып үй
де тым, Барады семіп нұр көзде. Сығымдап қызыл билетін,
Талықси берді бір кезде, – деп басталатын отты шумақтарға

толы ол өлең 8-гвардиялық дивизияның “За Родину!” атты
газетінде 1942 жылдың 15 наурызы күні жарыққа шығады.
Арада жиырма бес жыл өтеді. Подполковник Константин Фе-
дюнин Кеңес Одағының маршалы Голиковке хат жолдайды.

Онда ол 16 батырдың ерлігін баяндап, осыларға ескерткіш ор-
натып, оған Қорғаныс министрлігі қаражат бөлсе деп өтініш
айтады. Ақырында Холм қаласының іргесінен ақ мəрмер та-
сты құлпытас бой көтереді, оған қаза тапқан қаһармандардың

есімі қашап жазылады.
… Политрук Рашид Жанғожин дəл қазіргі сəтте, яғни 1942
жылғы 19 ақпанның суық түнінде мұның бірін де білмейтін.
Қансыраған ол партбилетін қолына қыса ұстаған күйі доста-

рын көмекке шақырып алға жылжи берді, жылжи берді. Ешкім
үн қатпаған соң: “Бəріміз де қырылғанымыз ба? Ішімізден бір
адам тірі қалмағаны ма?” – деген өкінішпен аһ ұра көз жұмды.
* * *

Бірақ мына кездейсоқтықты қараңыз!.. Сутоки деревнясы-
ның сыртынан келіп сарайға бекінген сол екпінді топтағы
16 адамнан 3 жауынгер тірі қалған еді. Олар Дмитрий Вол-
гапкин, Иван Синицин жəне Сыйқымбай Мамыров бола-

тын. “Жаралыларды орманға қарай таси бер”, – деген по-
литрук бұйрығынан кейін іске кіріскен Иван Синицин ең
əуелі Волгапкинді шанаға салды. Оны қауіпсіз жерге апарып
тастаған соң төбесі ортасына ойылып түскен сарай ішінен

киімі қоңырси жанып жатқан Сыйқымбай Мамыровты та-
уып алды. “Енді кімдер қалды екен? Мұнда қайтып келуге
тағы бір рет үлгерсем…” – деп ойлаған болатын Синицин
сонда. Өкінішке орай ол жоспары жүзеге аспады. Пулеметші

қазақ жігітін Волгапкиннің қасына əкеп тастап орманнан
шыға бергенінде сілейіп тұрып қалды. Бекіністің бəрі қып-
қызыл отқа оранған. Сарай, қырман төңірегі лаулап жанып
жатыр. Дəл қазіргі сəтте қораға беттеу де, ондағы адамдар-

ды құтқарам деп айту да мүмкін емес. Өйткені жандалбала-
сап барғаныңмен бəрібір ішке кіре алмайсың, оның үстіне ар
жақтан фашистер де қараңдап кеп қалған сияқты. “Бітті, – деді
мына сұмдықты көріп тұрса да жолдастарына қол ұшын бере

алмаған дəрменсіздігіне күйінген Синицин: – Бəрі де бітті.
Енді тек жаралыларды аман сақтауым керек, политруктың
соңғы сəлемін комбақа міндетті түрде айтуым қажет. Мұны
орындай алмасам мені ешкім кешірмейді”. Өз арын өзі іштей

осылай жазғырған ол ормандағы қос қаруласын сүйретпе
шанаға салып алды да алға қарай ілби қозғалып кетті.
Ет қызуымен байқамапты, былай шыға бере жүрісі ауыр-
лай бастады. Оқ тиген сол қолынан қайыр жоқ екенін кеш

түсе бере-ақ сезген болатын. Содан бері одан тоқтамай аққан
қан мұны оңдырмай əлсіретіп кеткен сияқты. Іске жарап келе
жатқаны оң иығы мен мойны. Сүйретпе шананың жібін сол
екеуіне кезек-кезек сала қыбырлап келеді. Түн ортасы ауғанда

есінен тана берді. Содан кейін селкілдеп тоңғанын сезді.
Ақырында шалқасынан құлап түсті де қимылсыз қалды.Əлден
уақытта өзіне-өзі келгендей болған. Соны сезісімен шана
жібін қолына алып алға қарай емпелеңдей ұмтылғанында

жаңағыдай жағдай тағы да қайталанды. Басы айналып, көзі
қарауытқан Синицин қаңғалақ қағып барып сүйретпе үстінде
ыңырсып жатқан қос қаруласы Дмитрий мен Сыйқымбайды
құшақтай құлады. Олар содан таң атқанша, шолғынға шыққан

көрші бөлімнің шаңғышылар взводы өздерін кездейсоқ көріп
тауып алғанша естері кіресілі-шығасылы боп жатты да қойды.
… Госпитальға əкелінген үш жауынгердің бірі Сыйқымбай
Мамыров бір аптадан соң барып көзін ашты. Аяғынан жара-

ланып денесін жартылай күйік шалған ол алғашында қайда
жатқанын білмеді. Білген күннің өзінде бұрын ауырып неме-
се жараланып көрмеген оған соғыс жағдайындағы дəрігерлер
тіршілігін бірден түсініп кету оңай емес-тін. Мəселен, соғысға

дейін ол кім еді? Жамбыл облысының Шу ауданындағы мал-
шы баласы болатын. Жеті-сегіз жасқа келгенше ештеңені
білмеді, шет жайлап, иен қонған бақташы əке-шешесінің ба-
уырында алаңсыз өсті. Содан соң Сарыбұлақ колхозындағы

жетіжылдық мектепке оқуға барды. Он алтыға тола
бергенінде соғыс басталды да əскер қатарына алынды. Міне,
содан бергі сегіз айлық майдан жолы бұл үшін тым күрделі
əрі қиын жағдайда өтіп келеді. Соның бірі – соңғы шайқас.

Онда ол тірі қаламын деп ойлады ма? Қайта тіршілікте татар
дəмі, көрер күні бар екен, кездейсоқ аман қалыпты. Енді міне,
есін жиып, көзін ашты. Жаралылармен тілге келіп, қабырға
жағалап жүре бастады. Бұл уақытта Сыйқымбай өзінің қаза

таптыға саналғанын, ауылдағы əке-шешесіне “қара қағаз”
жіберілгенін білмейтін. Бар ойы – сауығып шығу, қайтадан
қатарға қосылу болатын.
Ол госпитальда ұзақ емделді. Ақыры 1942 жылдың

күзінде жарасы əбден жазылған соң қайтадан майданға ат-
танды. Бұл біздің əскерлеріміздің қарсы шабуылға шығып,
жауды батысқа қарай тықсыра қуып бара жатқан кезі еді.
Нақ осы уақытта Беларусь майданының 132-атқыштар

дивизиясындағы 712-полкіне келген Сыйқымбай Мамыров
пулеметшілік ісіне қайтадан кірісті. Арада талай шайқастар
болды. 1943 жылғы Днепр өзенінен өтер тұста біздің
кейіпкеріміздің екінші рет “өліп-тірілуіне” тура келді. Ол

оқиғаны қысқаша баяндар болсақ былай: бөлімшенің ал-
дына арғы бетке бекіну міндеті қойылды. Қолдан жасалған
ағаш салмен өзеннен əупірімдеп жүзіп өткен олар жағалауға
келіп бекінгенде жау минометшілері тоқымдай жердің шаңын

аспанға қақты. Жауынгерлер бұған қарамады, кейін шегінбей
тістесіп жатып алды. Жан алып, жан беріскен айқаста үш ша-
буыл тойтарылды. Төртіншісінде фашистер тіптен жақын кеп
қалды. Бөлімшенің қоршауға алынып, қолға түсу қаупі төнді.

Осы мезетте командир телефон сымын жалғастырып жатқан
байланысшыға төмендегідей нұсқау берді. Ол жауды да,
өздерін де жоқ қылу үшін артқы жақтағы біздің артиллерия-
дан нақ осы жерге оқ атуды сұрау болатын. Өз жауынгерлерін

өлімге қию оңай ма, телефонистің əлгіндей өтінішін Днепрдің
бергі бетіндегі біздің негізгі күш бірден орындай қоймады.
Олар арғы жағалаудағыларға: “Шыдаңдар”, – деген жігер
берерлік нұсқаумен жауап қайырды. Бірақ болмады, жағдай

қиындай түсті. Міне, осыдан кейін ғана барып артиллеристер
өздеріне оқ жаудыруды қайта-қайта сұрап жатқан бөлімше
мен оларды қоршауға алған фашистерді төмпештеуге көшті.
Позицияның астан-кестеңі шықты. Бергі беттегілер сол сəтте

ол төңіректе ешкім де тірі қалмаған шығар деп ойлаған бола-
тын. Əйткенмен Днепрді кешіп өткен басқа бір рота əлгі жер-
ден ауыр контузия алып, мең-зең болып жатқан Сыйқымбай
Мамыровты тауып алды да оны өздерімен бірге ілестіріп ала

кетті. Кешке жақын өзеннен бұлардың батальоны да өткен.
Қаза тапқан қаруластарын көрген. Құрбандарды жерлеу
кезінде бір жауынгердің денесі табылмады. Ағаш салмен
жүзіп келе жатқанда оқ тиіп суға кетті ме, жоқ əлде снаряд

жауған шақта топыраққа көміліп мерт болды ма деген ойға
қалған олар Сыйқымбай Мамыровты өлдіге санады ма, елге
тағы да “қара қағаз” жіберді. Содан бір апта өткен соң жоғалған
жауынгер – ол табылып, өз батальонына қайтып оралмасы

бар ма?! Бұған достары шексіз қуанған. “Енді өлмейсің, жүз
жасайды екенсің”, – деп əзілдей таңданған. Бірақ, бұл мезет-
те суық хабарға толы “қара қағаз” оның ауылына барып та
қойған еді.

Тағдыр, өмір жолы дегенді қойсаңызшы... 1945 жылдың
көктемінде ол үшінші рет “өліп-тірілді”. Оқиғаның қалай
болғанын тəптіштеп айтсақ бұл өте ұзақ əңгіме. Дегенмен,
соның қысқаша көрінісі мынадай: Варшава түбіндегі орман.

Барлауға аттанған үш жауынгер. Олар кездейсоқ минаға түсіп
қалды. Екі солдат тіл тартпай кетті де, жарықшақ тиген біреуі
топырақ астында көміліп қалды. Рота бұларды таң атқанша
күтті. Қайтып оралмаған соң оларды қаза тапты не тұтқынға

түсті деп ойлаған командир əлгі барлаушыларды есепте
жоқтар тізіміне тіркеді де хабарсыз кетті... деп елге “қара
қағаз” жіберді.
Қуаныштысы сол – Сыйқымбай Мамыров мұндағы қатерлі

сыннан да аман қалды. Жаудан тазартылған аймақтағы
жараланғандар мен қаза тапқандарды жинастырып жүрген

арнаулы топ топырақтан аяғы ғана шығып жатқан оны та-
уып алғанда қансыраған ол ес-түссіз жатыр еді. Медицина
қызметкерлері оның қай құрамадан екенін білмеді. Жаралы
жан бір аптадан соң көзін ашып, тілге келгенде оның көрші

полктан екені анықталды.
Соғыс аяқталды. Төрт жылғы қанды жорықтың басын Мо-
сква түбінен бастап, аяғын Берлинде бітірген, сол жылдардағы
көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін кеудесіне ІІ жəне ІІІ

дəрежелі Даңқ ордені мен “Ерлігі үшін медалін” жарқырата
таққан қатардағы Отан солдаты Сыйқымбай Мамыров аман-
есен елге оралды. Ол ауылға келгенде бүкіл ауыл дүрлікті,
мұның тірі келгеніне сенбеді. Қолы қалтылдаған əкесі бала-

сына үш “қара қағаз” ұсынды. Сіздің балаңыз Отанымыздың
тəуелсіздігі мен бостандығы үшін…” – деп басталатын бұл
əскери хабарламада өзінің Москва түбінде, Днепрден өтерде
жəн Варшава маңындағы орманда қаза тапқаны айтылған

екен. Мұны көрген жерлестерінің неге дүрліккенін ол сонда
ғана барып түсінді.
Ұлы Отан соғысының ардагері Сыйқымбай Мамыров қазір
Шу қаласында тұрады. Елге оралып келісімен он жыл трак-

торшы болды, жиырма төрт жыл шоферлік жұмыс атқарды.
Құрметті еңбек демалысына шыққанына қарамастан қазір де
ол қатардан қалған жоқ. Шу қалалық жолаушылар таситын
автотранспорт кəсіпорнында бақылаушы болып еңбек етеді.

Үлгілі отбасы иесі, жеті баланың əкесі оның өмір жолы міне,
осындай.

1985 жыл.
Авторлық
анықтама.
Сыйқымбай

Мамыров
ақсақалмен арада 21 жыл өткен соң, 2006 жылы Аста-
нада кездестік. Қария бізді редакцияға өзі іздеп келді.
“Бір кездегі өзің көрген ұл-қыздар қазір ер жетіп,

үйлі-баранды болған. Екі-үшеуі осы елордада тұрады.
Сол себепті сонау Шу стансасынан мұнда жиі келіп
тұрамын. 1985 жылғы мен туралы жазған “Лениншіл
жастағы” мақалаң “Елім менің ертегі” деген кітабыңа

кірген екен. Соны əркімнен сұрастырып, ақыры таба
алмадым. Өзіңде бар болса, біреуін бер, қарағым.
Бұйымтайым осы”, – деді ақсақал. Біз кейіпкеріміздің
өтінішін орындадық. Оны алған, қария редакциядан

құдды бір астына ат мінгізіп, иығына шапан жауып
шығарып салғандай, риза кейіппен аттанды.

“НОРМАНДИЯ – НЕМАН”

АВИАЭСКАДРИЛЬЯСЫНДАҒЫ

ӨМІРТАЙ

“Ұлы
Отан
соғысы
жылдарында

француз
ұшқыштары нан жасақталған “Нормандия – Неман”
авиаэскадрильясы жауға қарсы ерлікпен шайқасып,
жанқиярлықтың үлгісін көрсетті”.

“Шетелдік осы құрамада қазақ жауынгері де бо-
лып, ол мүнда авиатехник ңызметін атқарды”.
Ашығын айтайық, жоғарыда келтіріліп отырған
сөйлемдердің алғашқысы түрлі деректі кітаптар

мен кинофильмдерде бар болғанымен, соңғысы
ешбір тарихи құжатта жоқ. Бүл бізге бірен-саран
көзкөрген адамдардың айтқан сөзінен жеткен хабар.
Таяуда ол толық анықталды да. Енді оқырмандарға

осы жəйтті түсінікті етіп баяндап бермекпіз. Бұл
үшін əңгімені: “Нормандия – Неман” қандай эска-
дрилья? ” – деген сауалға қысқаша жауап беруден ба-
стап, содан кейін оған қосылған қазақ жауынгерінің

тағдырын баянда ғанымыз жөн ғой деп ойлаймыз.
Міне, сонда ғана мəселеге анық көз жеткізуге болады.
* * *
АВИАЭСКАДРИЛЬЯ. 1939 жылғы 3 қыркүйекте Гит-

лер армиясы Польшаға опасыздықпен шабуыл жасап ба-
сып кіргенде, Англия мен Франция фашистік Германияға
соғыс жариялады. Бұл өзі адам түсінбес, сөз жүзінде қалған
шешім еді. Неге десеңіз, Польшаның бүрынғы “жанашыр-

лары” Германияға қоқан-лоқы көрсеткенімен, оған қарсы
əскери қимылдар жүргізбеді. Ақырында ол Польшаны
да, Францияны да Гитлердің жаулап алуымен аяқталды.
Мұндай дəрменсіздікке бүкіл ел наразы болды. Олар фран-

цуз əскерлерінің қолбасшысы, маршал Пэтгеннің жауға
шайқассыз берілгеніне қатты күйініп, жекелей тұрғыдағы
қарсыласу қозғалысы əдісіне көшті.
1941 жылғы 22 маусымда фашистік Германияның Кеңес

Одағына тұтқиылдан жасаған шабуылының ертеңінде фран-
цуз ұлттық іс-қимыл бірлігінің басшысы, генерал де Голль
Лондондағы КСРО елшісі К. Майскийге барып жолықты.
Онда ол ортақ жауды жеңу үшіп Қызыл Армияға француз

еріктілерінен жасақталған əскери бөлімдер керек емес пе екен
деген өтінішін айтты. Мұны Кеңес Одағының үкіметі құптады.
Соның нəтижесінде фашистік Германияға бағынудан бас тар-
тып, Францияға тəуелді Ливан жерінде жасырынып тұрған

“Нормандия” авиация эскадрилья сындағы 14 адам Тегеран
арқылы КСРО-ға ұшып шықты. Есте сақтайық, олардың
аты-жөндері мыналар: Ж.Тюлян, А.Литольф, Ж.Риссо,
А.Прециози, А.Познанский, Р.Дер виль, А.Дюран, М.Лефевр,

Р.Пуап, И.Бизьен, Д.Бегэн, М.Альберт жəне Н.Костэлэн еді.
Көріп отырсыздар, бұл аз ғана күш болатын. Алайда, соның
өзі жалпы жауға қарсы бірлескен күрестің үлкен айғағындай
еді. Ол туралы де Голльдің Мəскеудегі өкілі Гарро Кеңес

үкіметінің бас шыларына: “Мүмкін, бұл мұхит суының бір
тамшысындай ғана болар, бірақ барлық француз ұлтының
жүрегі өздеріпің КСРО халқымен жауға қарсы соғыстың осы
солдаттарымен бірге. Біздің адамдарымыздың майдан дала-

сында бауырласуы Франция үшін ғана емес, бүкіл Европа
үшін де аса маңызды”, – деп мəлімдеді.
Француз ұшқыштары Көңес Одағына келісімен, Мəскеу
іргесіндегі Иваново қаласына жіберіліп, “ЯК-1” самолеті-

мен жаттығу жасауға жолдама алды. Бұл жерде олар
ғажайып қабілеттіліктің үлгісін көрсетті, өздеріне бекітіліп
берілген əскери-əуе машиналарын тез арада меңгеріп кетті.
Оны мемлекеттік сынақтан сүрінбей өткен “Нормандия”

эскадрильясының 1943 жылдың 22 наурызында Калуга май-
данында тұрған 1-ші əуе армиясына келіп қосылып, содан
кейін көп кешікпей алғашқы əскери тапсырманы орындауы-
нан байқауға болады.

1943 жылғы сəуір айында бірнеше ауыр əуе шайқас-
тарынан кейін аталмыш эскадрилья авиация генерал-май-
оры, Кеңес Одағының Батыры Г.Захаров басқаратын 303-ші
истребитель дивизиясының қарамағына берілді. Міне со-

дан бастап олардың іс-қимылы осы құрамамен тікелей бай-
ланысты болып, Курск түбіндегі даңқты жолдан өтті. Бұл
шайқаста француз үшқыштары күніне əуеге 6–7 реттен
көтеріліп, фашистерге төпелете соққы берумен болды. Бірақ

соғыс шығынсыз болмайды ғой. Жау оғы уақыт санап “Нор-
мандия” эскадрильясының мүшелерін де өз жолдастарының
қатарынан əкетіп жатты. Олардың тұңғыш командирі майор

Ж. Тюлян Орел маңында қайғылы қазаға ұшырады. Бірақ
бұл оқиға оларды жасыта алмады, жаңа жетекші, өздерінің
отандасы майор П.Пуядтың басқаруымен фашистерге ауыр
соққылар берумен болды. Бүл мезетте Франциядан жаңа күш,

сон дағы еріктілерден жасақталған тың резерв те келіп жеткен
еді. Соның нəтижесінде 1943 жылғы шілдеде “Нормандия”
эскадрильясы авиация полкі болып қайта құрылды.
...1944 жылдың қазанында 3-ші Беларусь майданы жауға

қарсы жойқын шабуыл жасай отырып, Шығыс Пруссия
жеріне келіп ілікті. Осы шайқастарда 303-ші истребитель
дивизиясының құрамындағы “Нормандия” ұшқыштар полкі
өзін өшпес даңққа бөледі. 16 қазандағы бір күнгі шайқаста

француз қырандары өздерінен ешқандай шығын шығармай,
фашистердің 29 самолетін жойып жіберді. Сол күннің
ертеңіндегі 10 əскери əуе шабуылы кезінде “Нормандияның”
23 үшқышы жаудың 45 самолетін атып түсіріп, аэродромға

жеңіспен оралды. Ал 18 қазандағы əуе шайқасы олардың
даңқын одан да аскақтатып жіберді. Бұл күні 303-ші истреби-
тель дивизиясы аспанға 367 рет көтерілді. Соның ішіндегі 20
ұшу сапарында француздар қарсыластардың 34 қанатты соғыс

машинасын қиратып, жандырып жіберді. 1944 жылдың қазан-
қараша айларындагы “Нормандияның” жанқиярлық ерлігін
Кеңес Одағының əскери басшылары аса жоғары бағалады.
Ақырында КСРО Қарулы Күштері Бас қолбасшысының ар-

найы бұйрығымен бұл авиация полкіне “Нормандия – Неман”
деген атақ берілді.
Жеңіс күні жақындап келе жатты. 1945 жылғы 25 сəуірде
3-ші Беларусь майданының жауынгерлері Землянд жарты-

аралында тұрған фашистік Германияның Пиллау бекінісін
алды. Жаудың Шығыс Пруссиядағы осы соңғы тұрағы
жойылғаннан кейін, “Нормандия – Неман”” авиация полкі
Қызыл Армия алдында өздерінің одақтастық парызын қалай

атқарғандықтары туралы есеп берді. Олардың өз достарына
ұялмай, мақтаныш етуге толық құқы бар еді. Неге десеңіз,
француз сұңқарлары 1942-1945 жылдардағы майдан жолда-
рында аспанға 5000 рет көтеріліп, 869 əуе шайқасына қатысты.

Бұл мезетте олар жаудың 268 самолетін қиратып, жандырып
жіберді. Ұлы Отан соғысы аяқталғанда “Нормандия – Неман”
авиация полкінің туында КСРО елінің жоғары наградалары –
жауынгерлік Қызыл ту, Александр Невский ордендері жəне

Францияның “Құрметті легион”, “Азаттық Кресі” белгілері
жарқырап тұр еді. Бүл олардың ортақ жауды жеңудегі үш
жылғы жорықта аққан қаны мен төккен терінің жəне сондағы
көрсеткен жанқиярлық ерлігінің дəлелі болатын.

Қиын-қыстау кезеңде Қызыл Армияға көмекке келген
француз патриоттарының көбі Жеңіс күніне жете алмады. 42
ұшқыш жаумен болған алапат əуе шайқастарында қаза тап-
ты. Ал тірі қалған қаһармандарға үлкен құрмет көрсетілді.

Оған “Нормандия – Неман” авиация полкіндегі 96 ұшқыштың
КСРО-ның орден-медальдармен наградта луын, 4 адамның

– М.Альбер, Ж.Андре, Р. де ля Пуап, М. Лефеврдің Кеңес

Одағының Батыры деген құрметті атаққа ие болуын айтсақ
та жеткілікті.
...1945 жылдың 25 мамыры. Қызыл Армия ұшқыш тарының
өз достары – француз қырандарымен қоштаса тын күні жетті.

Міне, Шығыс Пруссиядағы Эльбинг аэродромы. Ұшу жолын-
да 40 “ЯК-3” самолеті қаз-қатар тізіліп тұр. Француздардың
дəстүрі бойынша жеңімпаз үйіне жауды жайпаған қаруымен
оралуға тиіс. Сондықтан да осы дəстүрді құрметтеген Кеңес

үкіметі “Нормандия – Неман” авиация полкіне соғыста
мінген, шайқаста жеңген самолеттерін басы бүтін сыйға тарт-
ты. Шамалыдан кейін француз ұшқыштары руліне отырғап
40 “ЯК-3” топ-тобымөн аспанға атыла көтеріліп, Парижге

қарай бағыт алды.
* * *
ӨМІРТАЙ. “Нормандия – Неман” авиаэскадильясын-
да қызмет еткеы қазақ жауынгері ... Ол кім? Бұл адамның

соғыстан кейінгі тағдыры не болды? Біз оны қашан естіп,
қалай таптық? Енді соған келейік, құрметті оқыран!
1975 жыл еді. 20–26 маусым аралығында Алматыда
“Франция – КСРО” достық қоғамының күндері өтетін болды.

Ондағы құрметті қонақтардың арасында бір кездегі “Нор-
мандия – Неман” авиация полкінің командирі, халықаралық
Лениндік сыйлықтың лауреаты П. Пуядтың да бар екенін естіп
білдік. 20 маусым да келіп жетті. Сол күні кешкі сағат 5-те

Қазақтың Абай атындағы опера жəне балет театрында өткен
салтанатты жиналыста қарт генерал кешегі Ұлы Отан соғысы
күндерінде жасақталған француз ұшқыштары эскадрилья-
сы қатарында қазақ жігітінің де болғанын айтып қалды. Біз

бұл хабарға елең ете түстік. Өстіп жүргенде 1985 жылдың

26 ақпанында “Казахстанская правда” газетінде оның Семей облысындағы меншікті тілшісі Л. Резниковтың “Ардагерлерге құрмет” деген шағын хабары жарияланды. Онда ол облыстық азаматтық авиация басқармасының Жеңістің 30 жылдық мерекесі қарсаңында жерлес қарт майдангер ұшқыштарды шақырып, құрмет көрсеткенін айта келіп: “Бұлардың арасында соғыс жылдарында Қажымұқан қаржысына жасалған самолеттің ұшқышы Қ.Шалабаев, “Нормандия – Неман” авиа эскадрильясында қызмет еткен техник Ө. Түсіпбаев та бар”,– деп жазды. Хош, сонымен ол кездері бізге бұл адамның фамилисы, қайдан екені, ең бастысы соғыстан тірі қайтып, сау-сəлемет жүріп жатқаны белгілі болған еді. Арада тағы да екі-үш жыл өтті. Бір күні республикамыздағы тұңғыш авиатор лар - дың бірі, “Аэронавтар айқасы” атты деректі кітаптың авторы Саид Жылқышев ақсақалмен редакциядағы əңгіме үстінде болашақ кейіпкеріміз туралы төмендегідей жəйтті естіп қалдық. Саид ағаның айтуынша біздің іздеп жүрген адамымыз Өміртай Түсіпбаев екен. Ол отызыншы жыл дарда авиацияға комсомолдық жолдамамен барған алғашқы қазақ жігіттерінің бірі. Ұлы Отан соғысы басталар қарсаңда бұл кісі Серпухов қаласындағы кіші авиация мамандарын даярлайтын арнаулы мектепті бітіріп, 27-ші истребитель полкында техник болған. 1943 жылы Өміртай Түсіпбаев фран цуз ұшқыштарына көмек көрсететін кеңес инже нер лері қатарында “Нормандия – Неман” авиаэскадрильясына жіберіледі. Содан ол 1945 жылғы мамыр айына дейін осы полкта болады. Кейін елге келген оралған соң Семей ауыл шаруашылығы авиациясы бөлімшесінде ұзақ жылдар бойы үзіліссіз жүмыс істеп, құрметті еңбек демалысына шыққан. 1990 жылы Өміртай ағаға қатысты деректердің бəрі жиналып болды. Енді Семейге барамыз, ол кісімен жүздесіп, əңгімелесеміз деп жүргенде қарт майдангердің қайтыс болғанын естідік. Қандай өкінішті... Бірақ, Жеңістің 50 жылдығы тұсында: “Өмекеңнің өзі болмағанымен шаңырағын ұстап отырған бəйбішесі бар ғой. Сол кісіге жолығайық. Балаларымен əңгімелесейік. Сөйтіп, жұртты кейіпкеріміздің өмірінен хабардар етейік”,– деген азаматтық парыз сезімі қайта оянды да жолға жиналдық. ...Семейлік журналист Сүйеубай Байқадиев екеуміз келгенде Өміртай ағаның жұбайы Минура əжей мен ұлы Жұмабай үйінде екен. Амандасып болып, шаруамызды айтқан соң Минура апа төргі бөлмеге беттеді де, ол жерден қоңыр қобдишаны алып келіп, стол үстіне қойды. Сөйтті де: “Қарай беріңдер қарақтарым. Аталарың ның бар доку менттері осы”,– деді көзі жасаурап. Қобдишадан алдымен 3 орден, 10 медаль жəне осы наградаларды растайтын куəліктер шықты. Одан кейінгі көргеніміз “Қызыл əскер кітапшасы” болды. Осыдан 52 жыл бұрын берілген бұл документті еппен ашып парақтап шыққанымызда одан мынадай мағлұматтар алдық: “Өміртай Түсіпбаев. 1917 жылы туған. Армия қатарына 1938 жылы Қазақ КСР-інің Семей қаласынан шақырылған. 4 кластық білімі бар. 1939 жылғы 23 ақпанда əскери ант қабылдады”. “Қызыл əскер кітапшасының” бұдан кейінгі беттеріне Өміртай Түсіпбаевтың моторист-авиатехпик екені, соғысқа 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысқаны, ал қазан айында Ленинград майданына қарасты аэродромдағы қойманы сақтап қалудағы қырағылығына орай “Жауын герлік ерлігі үшін” медалімеи наградталганы жазылған. Одан соңғы парақта аға сержант Өмекеңнің 1943 жылғы 23 шілде күні 303-ші истребитель дивизиясындағы 523-ші авиаполктің “Нормандия – Неман” авиаэскадрильясына жіберілгені туралы белгі бар. “Қызыл əскер кітапшасының” қалған беттері кейіпкеріміздің 1944 жылы “Қызыл жұлдыз” орденімен, 1945 жылы “Кенигсбергті азат еткені үшін” медалімен наградталғанынан хабар береді. Осы мағлұматтармен танысып болған соң қобдишаға тағы да қол салдық. Одан екі құжат шықты. Оның алғашқысы Өміртай ағаның елуінші жылдардың басында Семей облыстық азаматтық авиация басқармасына жұмысқа орналасқанынан хабар берсе, соңғысы қарт авиатехниктің зейнеткерлікке шығар кездегі жұмыс орнынан алған өндірістік мінездемесі екен. Бұдан біз оның алты бала тəрбиелеп өсіргенін, қыздары – Меңжамал мен Сəуле педагогтар, ұлдары – Əнуарбек пен Жүмабай əке жолын қуған авиатехниктер, ал тағы бір қызы мен ұлы – Ғалиманың аэропорт кезекшісі, Болаттың электрик болып жұмыс істейтінін білдік. – Өміртай аға көзі тірі кезінде “Нормандия – Неман” авиаэскадрильясы туралы айтушы ма еді?– деп сұрадық біз қобдишадағы құжаттарды реттеп жатып Минура əжей мен Жүмабайға. – Əкеміз көп шешіліп сөйлей бермейтін адам бола-

тын,– деді бұл сауалымызға Жұмабай.– Мінезі тұйық
ол кісі Ұлы Отан соғысы кезіндегі өмірін өте сирек сөз
ете тін. Сондықтан шығар, аз айтса да саз айтқан мына бір
естелігі ойымда күні бүгінге дейін ұмытылмастай боп қалып

қойыпты. Сіздерге, міне соны баяндап берейін.
Жұмабайдың айтуынша Өміртай ақсақал бірде үйіне
келген қонақтарға Дубровка түбінде болған төмендегідей
оқиғаны əңгімелепті. 1944 жылдың 15 шілдесінде “Норман-

дия – Неман” авиация полкі жаңа аэродромға қоныс ауда-
ру үшін əуеге көтеріледі. Көп самолеттің біріндегі француз
ұшқышы Морис де Сейннің қасында оған бекітіп берілген
техник, старшина Владимир Белозуб келе жатады. Бір ме-

зетте мотордан жарықшақ үн шығады да бензин айдайтын
ауа қысымы төмендей бастайды. Бұл хабарды естіген ескі
аэродромдағы кезекші-диспетчер Морис те Сейннен кері
қайтуды талап етеді. Бірақ оған самолет бағынбайды. Мұны

көрген аэродромдағылар ұшқышқа парашютпен секіруді
өтінеді. Өжет француз жігіті бұдан да бас тартады. Себебі
оның өзінде парашют болғанымен, қасындағы техник Вла-
димир Бөлозубта ол жоқ еді. “Тəуекел, не болса да бірге

көреміз”,– деп хабарлайды Морис де Сейн жердегілерге,
Сөйтеді де самолетін аэродромға қондыруға бар күшін сала-
ды. Бірақ одан ешқандай нəтиже шықпайды. Оқиға қайғылы
аяқталады. Қиын жағдайда бір-бірін қиып кете алмаған фран-

цуз ұшқышы өзінің технигімен бірге мерт болады.
“Əкеміз көп шешіліп сөйлей бермейтін тұйық мінезді адам
болатын”. Жұмабайдың осы сөзін Семей қаласында тұратын
даңқты ұшқыш, Өмекеңмен көп жылдар бойы облыстық аэро-

портта қызметтес болған Қажытай Шалабаев та қайталады.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан қаржысына жасалған
самолетті қабылдап алып, оны Жеңіс күніне дейін аман
жеткізген ардақты ағадан Өміртай Түсіпбаев туралы айту-

ды өтінгенімізде: “Өмекең екеуміз 35 жыл бойы бір мекемеде
жүмыс істедік,– деді ол кісі. – Марқүм сөздің емес, істің ада-
мы болатын. Ол кейбір майдангерлер сияқты мақтаншақ емес
еді. Өзің сыр суыртпақтап сұрамасаң ештеңе айтпайтын. 9

мамыр – Жеңіс күні сияқты мерекеде басымыз қосылып, жүз
грамдатып алғанның өзінде: “Біз авиатехниктер жерде жүрдік
қой. Ерлік те, еңбек те аспанда шайқасқан мына сендердікі.
Сондықтан өздерің сөйлеңдер”,– деп кіші пейілдік тапытып

отыратын”.
...Өміртай Түсіпбаев туралы біздің əзірше білгеніміз осы,
құрметті оқырман. Өмірі өзгеге көп ұқсай бермейтін Ұлы Отан
соғысы жауынгері жөнінде білетін адамдар болса редакцияға

хат жолдауын өтінеміз.
1995 жыл.
Авторлық анықтама. Бұл мақала 1995 жылы 9
майда “Халық кеңесі” газетінде жарық көрген еді.

Алғашында біраз майдангерлер: “Бізде де шетелдік
құрамалар сапында болған осындай адамдар бар екен-
ау”,– деп редакцияға телефон соғып қызығушылық
танытқаны бар. Бірақ одан кейін ешқандай дерек-

дəйек болмады.

ҚЫТАЙДАҒЫ

ҚАЗАҚ

ГЕНЕРАЛЫ

1995 жылдың шілде айы еді. Республика Министрлер
Кабинетінің бөлім меңгерушісі Сауытбек Абдрахманов
бізге мынадай қызық дерек айтты. Ол Абайдың 150 жылдық
тойы қарсаңындағы Қазақстан мəдениетінің күндерін өткізу

үшін Пекинге барған сапарында сол ел армиясыыың əскери
формасын киген қазақ генералын көріпті. Өкінішке қарай
хабар иесі сол күндердегі жоспарланьш қойылған ресми,
мəдени шаралардың көптігінен əлгі кісімен арнайы кездесіп,

əңгімелесе алмаған.

– Бізбеи бірге екі-үш телеоператор барып еді. Генералмен,

міне, солар кездесуі мүмкін. Газетке қажет еді деп сұрасаңдар
айтып та, жазып та беретін шығар,– деді Сəукең сөзінің
соңында.
Х-о-ш, сонымен енді əлгі əріптестерімізді ізделік. Бірақ,

сырттай көргенімен олар да жолықпаған, жүздеспеген бо-
лып шықты. Не істеу керек? Бұл қиындықтан байырғы жур-
налист, белсенді авторымыз Ғалым Тыныбаев аға құтқарды.
Ол кісі біз іздеп, сұрастырып жүрген қазақ генералы туралы

Үрімшіде деректі кітап шыққанын, егер қажет болып жатса,
оны сол жақта тұратын інісі Жамбыл арқылы алдырып бере
алатынын айтты. Ақыры солай болды да. Арада ай жарым
уақыт өткенде еларалық “Шалқар” газетінің Шыңжаңдағы

меншікті
тілшісі
Жамбыл
замандасымыздың

ұқыпты
қолымен жіберілген кітап біздің алдымызда жатты.
Кітаптың аты –“Хасен генерал”. Авторы Асылхан Бегенұлы
деген азамат. Оның негізгі мамандығы фото-тілші екен. Көп

жылдар бойы Пекиндегі түрлі-түсті су-ретті “Ұлттар” жур-
налында жұмыс істепті. Қазір Қытай “Əсемөнер” (фотосу-
рет) баспасы бас редакторының бірінші орынбасары болып
қызмет атқарып жатқан жайы бар. Аннотациядағы деректер-

ге қарағанда “Хасен генерал” Асылхан Бегенұлының про-
за саласындағы тұңғыш кітабы сияқты. Туынды 1994 жылы
Үрімшідегі “Шыңжаң” баспасынан араб əрпімен жарық көріп,
елге тез тарап кеткен.

Кітаптағы баяндалған жайлардан мынаны ұқтық. Қы-
тайдағы қазақ генералы Хасен Рүстемұлы ХХ ғасырдың ба-

сында республикамыздың Шығыс өңірінен арғы бетке ауып
барған найман Ыбырайым деген қарияның ұрпағы екен. Оның
ауылы ханьсу елінің соңғы императоры Фу-э тақтан түскен
1910 жылғы аласапыран кезде ішкі Қытай жеріне қарай үркеді

де Гансу өлкесінің Линь-шия ауданына барып қоныстанады.
Осы жерде 1921 жылы Хасен өмірге келген.
Бөтен ел, бөгде жердегі тіршілік тауқыметі есеңгіреткен
Рүстем отағасының бесінші перзенті Хасеннің балалық шағы

оңай болмаған. Ес білгеннен бастап ол құлдыққа сатылған
аға-əпкелерінің аянышты тағдырын көріп өседі. Тоғыз жасқа
келгенде оның өзі де малайлыққа жалданады. Өмір сүру
үшін Жан Жия Мин деген қытай атын қабылдайды. Өстіп

жүргенде жергілікті кедейлер арасында: “Жоқшылық пен
қайыршылықтан тек Қызыл Армия ғана құтқарады. Оның
қатарына қабылдансаң тамағың тоқ, киімің бүтін бола-
ды”,– деген сөз тарайды да мұны естіген Хасен ормандағы

партизандарға қашып барып, солардың арасынан бір-ақ
шығады. “Қытаймын. Сауатым бар. Оқи да, жаза да аламын”,–
деп ханьсу тілінде тақылдап тұрған 12 жасар жеткіншекке
көңілі түскен Қызыл Армия командирі оны əуелі ротаға сыр-

найшы, сосын байланысшы етіп алады. Бұл 1932–1933 жылда-
ры еді. Содан кейін Хасен барлаушы болып, Янань бекінісіне
жасалған шабуылда асқан ептілік, ерлік үлгісін көрсетеді.
Ақыры не керек, Жан Жия Мин атты 15 жасар жауынгердің

осы жəне бұдан басқа да өжет, батыл қимылдары армияда үлгі
етіліп айтыла бастайды да 1936 жылы ол Коммунистік партия
қатарына қабылданады.
Хасеннің өзіміз сөз етіп отырған кітаптағы баяндалған

бұдан кейінгі өміріне зер салып қарар болсақ, олардың ішінен
мынадай үш-төрт жəйтті ерекше атап айтуға болады ғой деп
ойлаймыз. Оның біріншісі, болашақ генералдың 1936–1939
жылдары Қытай Компартиясының көсемі Мао-Цзе-Дунның

оққағары əрі көмекшісі болып жұмыс істегендігі. Иə, ол 4
жыл бойы осындай жауапты міндетті мүлтіксіз атқарып,
сын тезінен өткен. Бүл – факт. Екінші, ұзақ уақыт əскерде
болып үйіне демалысқа келген Хасенге əкесі Рүстемнің

1942 жылғы айтқан жан сыры. “Біз найман руынан тарай-
мыз, балам,– деп бастапты əңгімесін қария.– Бабаларымыз
ежелгі қазақ даласының Көксу деген жерін мекендеген екен.
Аумалы-төкпелі заманда Шəуешекке келіп қоныс теуіпті. Со-

дан кейін үдере көшіп Іле аймағының Қорғас деген жеріне
барыпты да қайтадан Шəуешекке айналып соғыпты. Соңғы
25 жылдан бері атамекеннен мүлдем алыстап, қалың қытай
ортасы – Гансуде тұрып жатырмыз. Саған айтар өсиетім –

тіршілік болып, орайы келіп жатса атамекеніміз Шəуешекті
көр. Ондағы туыстарыңды тап. Ұрпақты болсаң балаларыңа
қазақ екендігімізді ұғындыр. Сен қайтып оралғанша мен
жоқпын. Қолыңнан топырақ сала алмайсың. Реті келсе кейін

Шəуешектегі аталарың жатқан жердің бір уыс топырағын
əкеліп зиратыма шашарсың... Осы айтқандарымды орындасаң,
саған менің аруағым риза болады”,– депті. Үшінші, Хасен
1945 жылы Люсин атты қытай қызына үйленеді де бір жыл

өткен соң олардың Жан Жия Ли атты ұл балалары өмірге
келеді. Содан кейін 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық
Республикасының азаттық күні жарияланғаны мəлім. Міне,
сонда ол бұл мерекені полковник шенінде қарсы алады да

1951 жылы елдегі танк армиясының құрушысы əрі Қытайдағы
1-ші танк мектебінің бастығы, 1953 жылы мемлекеттік əскери
істер комитетіндегі сауытты автомашина бөлімінің бастығы
міндеттерін атқарады.

Хасеннің кітаптағы айтқан естеліктеріне қарағанда ол
Қытай Халық Республикасының Чжу-Де, Пендехуай сияқты
үлкен əскери қолбасшыларын өте жақсы білген. Əсіресе бұл
маршалдармен бірге оның 1955 жылы Пекиндегі Хуайрынтаң

сарайында “Дербес еркіндік”, “1 тамыз” ордендерін алғаны
кейіпкеріміздің есінде ерекше сақталып қалған. Сондай-ақ
Хасен қолбасшы Пендехуайдың əскери талантын онымен өзі
бірге болған американ – корей соғысындағы сəтті операция-

лар арқылы жақсы баяндайды.
...Өзінің 74 жылдық ғүмырының 54 жылын Қытай
армиясының құрылу, қалыптасу, даму кезеңдеріне арнаған
генерал Жан Жия Миннің 1983 жылғы соңғы қызметі

мемлекеттік əскери құрылыс армиясы бас басқармасы
қолбасшысыыың орынбасары екен. Міне, ол сол жұмыстан
отставкаға шығады да 1984 жылы Пекиннен Құлжадағы Іле
қазақ автономиялы облысы құрылуының 30 жылдық тойына

келіп, елге өзінің Хасен Рүстемұлы деген қазақ екенін жария
етеді. Кітапта өз ұлтын айтуды осыншама уақыт кешіктіріп
келгенін армиядағы Линьбао əрекетімен, мəдени революция
тұсындағы себептермен түсіндіретін жолдар бар.

Хасен генерал қазір Пекинде тұрады екен. Атамекені
Шəуешекке келіп-кетіп жүреді дейді. Сондай-ақ оның

Қытай астанасындағы қазақ зиялыларына, студенттеріне,
Шыңжаңнан барған қандастарына есігі əрқашанда ашық
көрінеді. Асылхан Бегенұлының “Хасен генерал” кітабынан
ұққанымыз осы, əлеумет. Міндетіміз – өмірде осындай

адамның бар екенінен сіздерді хабардар ету.
1995 жыл.
Авторлық анықтама. 2001 жылы қыркүйекте
ҚХР-де Қазақстанның мəдениет күндері өтетін бо-

лып, Бейжіңге келдік. Екі күннен соң бізге осындағы
өзіміздің елшілік қонақасыға шақырып, жергілікті
диаспора
өкілдерімен

таныстырды.
Солардың
ішінен Мұхамеджан деген ақсақалмен жүздесіп
көп əңгімелестім. Бір сөз ретінде: “Айтпақшы, осы

Бейжіңдегі қазақ генералы əлі бар ма?” – дедім.
“Оны қайдан білесің?” – деп қарсы сұрақ қойды маған
ақсақал. Мен бұл сауалға Асылхан Бегенұлы деген
қаламгердің 1994 жылы Үрімшіде араб əрпімен басы-

лып шыққан “Хасен генерал” атты кітабының қолыма
түскенін, сондағы фактілерді іріктеп ала отырып
1995 жылғы 31 желтоқсанда “Халық кеңесі” газетіне
мақала жазғанымды айттым.

– А, солай ма? – деді Мұхаң. – Мұның жөн бол ған

қарағым. Хасен Рүстемұлының қытайша ныспысы
Жан Жия Мин ғой. Ол ағаң бар. Аман-есен. Бірақ еп-
теп сырқат. Əнеу күні əйелі маған келіп, генералдың
қала сыртындағы əскери госпитальда жатқанын ай-

тып кеткен. Кездесуге уақытың бар ма? Егер көремін,
жолығамын десең ауруханаға ертіп апарайын.
Сол арада Мұхаң екеуміз отыра қалып ертеңгі күн-
нің жоспарын жасадық. Бейсенбідегі бос уақытымыз

таңер теңнен түске дейінгі император қалашығын
аралайтын 5 сағат еді. Ал түстен кейін Шанхайға
ұшуымыз керек. Сондықтан генералға жолығу үшін
жаңағы экскурссияға бөлінген уақытты госпитальға

барып қайтуға айырбастау қажет сияқты. Ақылдаса
келе мəселені солай деп шешкен Мұхаң жəне “Хабар”
агенттігінің операторы Еділ Ермекбаев үшеуміз таңғы
сағат 8-де біз тоқтаған “Поли плаза” қонақ үйінің ал-

дында кездесетін болып уағдаластық та ертеңге дейін
қайыр-хош айтыстық.
Бірақ ол күні Мұхаң белгіленген уақытта келе алма-
ды. Бар кінə Бейжің көшелеріндегі көлік тасқынының

көптігінен пайда болған транспорт тығыны – тасбақа
жүрісте еді. Соның салдарынан бізге тек сағат 12-де
əрең жеткен ол кісі: “Баратын жерімізге енді үлгере
алмаймыз. Сондықтан мен сендерді генералмен теле-

фон арқылы сөйлестірейін. Сөйтіп ең болмаса даусын
естіп қалыңдар”, – деді кешіккеніне қатты қысылып.
Ақыры солай болды да. Міне, аппарат құлақша сынан
қытайша амандасқан қарт адамның қарлығыңқы да-

усы естілді. Мен оған қазақша сəлем берумен жауап
қайтардым. Екі жақтағы бұл сөзімізді кезек-кезек
Мұхамеджан ақсақал аударып отыр. Сондағы ауызекі
айтылған ол əңгіменің ұзын-ырғасы мынадай:

– Жасыңыз қаншада?

– 81-ге аяқ бастым.

– ҚХР армиясында неше жыл қызмет атқардыңыз?

– 54 жыл 4 ай.

– Қандай наградаларыңыз бар?

– “Азаттық”, “1 тамыз” ордендері мен бірнеше ме-

дальдардың иегерімін.

– Бізге айтатын тілек, өтінішіңіз жоқ па? Өзіңізді

қазір нендей нəрсе мазалайды деп ойлайсыз.

– Кеудемде, кəрі көңілімде бір арманым бар. Əскери

қыз меттегі екі подполковник ұлым нан екі немерем
өсіп, ержетіп келеді. Қыз балалар. Міне, солар ата-
бабамның туған жері Қазақстанға барып оқыса, ана
тілін үйреніп, өзіндей қандас замандастарымен ара-

ласса деймін. Бұл ойымды кезінде осында елші болған
Қуаныш Сұлтановқа айтқанмын. Ойланайық деген.
Көрсең осы сəлемімді есіне саларсың.
Генерал Хасен Рүстемұлымен арадағы əңгіме осы-

лай аяқталды. Біз содан кейінгі екі сағаттан соң қонақ
үйден шығып, Шанхайға ұштық.

ПОРТ АРТУР

ШАЙҚАСЫНА

ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ

Бұл тақырыпқа ең алғаш рет қозғау салған нəрсе төмендегі
оқиға еді. 1992 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Сол күні
Алматыдан Ақтауға ұшып келген республика Жоғарғы
Кеңесінің арнаулы жұмысшы тобы облыс орталығындағы

қоғамдық ұйымдар өкілдерімен семинар-кеңес өткізіп жат-
ты. Кеп кешікпей өздерінің Үстірт үстіндегі ежелгі мəдениет
ескерткіштерінің жай-күйімен танысу жөніндегі жұмысын
Форт-Шевченко қаласынан бастауды жөн деп тапқан олар сол

аймаққа қарай жүріп те кетті. Аталмыш топтың құрамында
баспасөз қызметкерлері біздер де бар едік.
...Міне, Форт-Шевченко қаласы! Алғашында Кетік, одан
кейін Форт-Александровск, ал 1939 жылдан бастап ұлы коб-

зарь есімімен аталған бұл көне кенттің бір қараған кісіге өте
қораш əрі жұпыны көрінері анық. Бірақ Хиуа жақ беттегі
ескі Новопетровск бекінісінің қалдықтары жатқан тас жо-
тадан төменге көз жібергенде қаладағы Маяк бағанасы мен

гарнизон бағын, екі кластық ежелгі орыс-қазақ училищесі
мен бекініс коменданты Усковтың əлі күнге дейін бұзылмай
тұрған үйін көріп, теңіз қолтығындағы елді мекеннің қадыр-
қасиетін біртіндеп аңғара бастағандайсың. Уақыт бəйгесінен

озып келген осы жəдігерлердің бəрінің тарихын жадуал-
дай жатқа соққан жолбасшымыз, Жоғарғы Кеңестің сол
кездегі Ұлт саясаты, мəдениет пен тілді дамыту жөніндегі
комитетінің төрағасы Əбекең – Əбіш Кекілбаев бір мезетте

Форт-Шевченкода болған зиялылар: суретші Б. Залесский,
этнограф Р. Каруць, жазушы А. Писемскийге қарай ойы-
сты. Əңгіме сінің соңында ол кісі: “Осы қалада сондай-ақ
Ораз Оңғал баев, Жалау Мыңбаев, Төлесін Əлиев, Алшын

Меңдəлиев секілді арыстар өмір сүріп, талай тарихи істерге
ұйытқы болған. Солардың ішінде əсіресе аты күні бүгінге
дейін көп айтылмай келген Оспан Көбеевтің еңбегі ерекше.
Басқасын былай қойғанда бұл кісінің 1904 жылы Порт Артур

шайқасына қатысып, 1919 жылы Мұстафа Шоқайды осы Форт
портынан шетелге өткізін жіберуінің өзі неге тұрады”, – деп
аяқтады.
Мына сөзді естігенде біз елең ете түстік. Себебі, аты-

жөні белгісіздеу боп келген жоғарыдағы адамның өміріндегі
екі оқиғаның екеуі де жеңіл-желпі нəрсе емес, бұрын мүлде
айтылмаған тың да жаңа фактілер еді.
Еске түсірейік.... 1904 жылғы орыс-жапон соғысын кім

білмейді? Бəріміз де білеміз. Өйткені бұл жөнінде бұрынғы
кеңестік энциклопедиялар мен “КСРО тарихы” оқулығында
тəптіштеп тұрып жазылса, Н. Новиков-Прибойдың “Цуси-
ма”, С. Степановтың “Порт Артур” романдарындағы ондағы

соғыс баталиясы егжей-тегжейлі түрде жеріне жеткізіле
суреттелді емес пе? “Ал сонда оларда Орта Азия мен Қазақ
еліне жақындау келетін адам аттары бар ма еді? ” – деген
сүрақ келеді көкейге. Иə, аталмыш анықтамалықтар мен

көркем шығармалардағы қарақұрым персонаждардың ішінен
жалғыз мұсылман баласының фамилиясы аталып қалатын.
Ол – батарея командирі, подполковник Аллахбердиев деген
əзербайжан еді. Осы адамның 1972 жылы “Мосфильм” ки-

ностудиясы шығарған “Нариманов” фильмінде тағы бір рет
көрініс беріп өтетіні бар. Онда отставкаға шыққан қарт гене-
рал Аллахбердиев 1918 жылы еліне қайтуға жиналып, Цари-
цын вокзалында поезд күтіп тұрады. Осы мезетте перронда

тəртіп орнатып жүрген қызылдардың патрулі оны үстіндегі
патша əскерінің формасы мен погонын тастамағаны үшін
ешбір сұрақ-жауапсыз атып тастауға əрекет жасайды. Мұны
тұйық жолдағы поездың үкімет вагоны терезесінен сыртқа

көз салып тұрған нарком Нариманов байқап қалады да ЧК
бастығына бұйрық беріп, бір кездегі Порт Артур қаһарманын
ажалдан арашалап алып қалады. Соның арқасында сол
Аллахбердиев Бакуге аман-есен жетіп, кейін ол кеңестік

Əзербайжан өкіметінің құрметті адамына айналады.
Содан соң... иə, содан соң 1904 жылғы орыс-жапон
соғысы дегенде атақты күйші Сейтектің тағдыры ойға орал-
май қоймайды. Рас, Порт Артурда ол қолына қару алып

күреспеген, қаланың от-жалынға оранған қанды шайқасына
қатыспаған. Бірақ... Академик Ахмет Жұба нов тың “Ғасырлар
пернесі” кітабы мен жазушы Тəкен Əлімқұловтың “Сейтек са-
рыны” повесіндегі деректерге сүйенсек, мəселе былай: 1894

жылы Орда үкіметі күйшіге “жылқы ұрлайды, “балықшы
Гаврюшамен бірігіп патшаның “зұлымдығы” жайлы кітап
оқиды”, сондықтан бұл “саяси жағынан аса қауіпті қырғыз”
деген айып тағады да оны 12 жылға бас бостандығынан айы-

рып, Қиыр Шығысқа айдайды. Алдымен Иркутск, содан кейін
қазіргі Амурдағы Комсомольск қалаларындағы каторгалық
өмірді басынан кешірген Сейтек 1904 жылғы желтоқсанда
Порт Артур іргесіндегі Сахалинге келіп, кесімді мерзімін

сонда өтеп жатады. 1905 жылғы қаңтарда жойқын шабуылға
шыққан жапондар бұлар жатқан баракты атқылай бастайды.
Осы абыр-сабырды пайдаланған 63 тұтқын лагерьден быты-
рай қашады. Бірақ жапондар қуып жетіп, 47-ін ұстап алады

да қалған 16-сы, оның ішінде Сейтек те бар, аман құтылып
кетеді. Содан теңіз шығанағына андыздай жеткен олар салға
мініп, Хабаровск тұсынан бір-ақ шығады. Ал бұл кезде Са-
халин өкімет орындары айдаудағы 63 адам жапондардың

оғынан қырылып кетті деп есептейді де іздестіруді мүлдем
доғарады. Сөйтіп Сейтек елге оралады.
...1992 жылдың сол бір күз күндерінде Форт-Шевченко
іргесінде тұрып ғасырымыздың басындағы Порт Артур

шайқасына қатысқан қазақ есімін естігенде біздің ойымызға
міне, өзіміз жақсы білетін жоғарыдағы екі жəйт оралған
еді. Ал Əбекең айтқан Оспан Көбеевке келсек: “Ол кісі кім?
Қайда оқып, қандай қызмет атқарған? Мұстафа Шоқайдың

бұл адаммен жолығуында нендей сыр бар? Бұның бəрін іздеп,
зерттеу керек екен”,– дегенбіз ішімізден. Осы ой сол жолғы
Үстірт үстіндегі сапар – Сисем-Ата, Сұлтан-Епе қорымдары
мен Шерқала қамалын, Оғыландыдағы Бекет-Ата жер

асты мешітін аралағанда да, одан Ақтауға келіп Алматыға
қайтқанда да маза бермегені анық. Ақыры содан бергі 4 жыл
ішіндегі ізденіс нəтижесінде Оспан Көбеев туралы бізге мы-
надай жəйттер белгілі болды.

1965 жылы “Қазақфильм” киностудиясы Дала өлкесінің
Төтенше комиссары Əліби Жангелдин туралы “Ұшы-
қиырсыз жол” атты кинолентаны түсіруді қолға алғаны
мəлім. Сонда аталмыш картинаға сценарий жазуға бекітілген

жазушы Қалихан Ысқақов болашақ фильмдегі басты
кейіпкер Сардарбектің прототипі Тобанияз жөніндегі та-
рихи фактілерді жинақтау үшіп архивке отырады да өмірде
болған осы адамнан басқа тағы біраз тұлғалар туралы тың

деректердің үстінен түседі. Солардың бірі Оспан Көбеев еді.
Қалекеңнің сол кездегі Алматы, Гурьев мұрағаттарынан
тапқап материалдарына зер салып қарағанда Оспан 1876 жылы
Маңғыстау өңірінің Қайнар деген жерінде өмірге келген. Жас

бала 7–8-дер шамасында жетім қалып, туысы Тастанның ба-
уырында еседі. Əкесінің інісі боп келетін бұл кісі оны 1887

жылы Орынбордағы кадет корпусына оқуға береді. Аталмыш
білім орнын “өте жақсы” деген бағамен бітірген қыр баласы
оқуын одан əрі жалғастыру үшін көп кешікпей Мəскеудегі
Александровск əскери училищесіне аттанады да оны 1899

жылы далалық артиллерия мамандығы бойынша үздік бітіріп
шығып, Орта Азиядағы 2-ші Түркістан бригадасына қызметке
келеді. Анкеталық деректер бұдан кейін Оспан Көбеевтің 1-ші
Шығыс Сібір таулық артиллерия бригадасына жіберілгенін,

сөйтіп 1904–1905 жылдары оның орыс-жапон соғысының бел
ортасында болғанын айтады. Осы жерде: “Кіші офицер Оспан
Көбеев Порт Артурда қалай шайқасқан? Қандай ерліктер
көрсеткен?” – деген сұрақтардың ойға оралары анық. Өкінішке

қарай біз оны толық білмейміз жəне енді қайтіп біле де алмай-
мыз. Бізге белгілісі – мына бір нəрсе. Ол – атақты Порт Ар-
тур шайқасында оның жараланып госпитальға түскені, содан
кейін қайтадан сапқа тұрып, кезекті шайқастағы жанкешті

қимылы үшін жоғары дəрежелі награда – офицерлік Георгиев
кресі орденімен марапатталғаны. Міне, осы фактінің өзі-ақ он
сан орыстың ортасында жүрген жалғыз қазақтың жапондарға
қарсы ерлікпен шайқасқанынан толық хабар берсе керек.

1914 жылғы бірінші жиһангерлік соғыс басталған кезде
Оспан Көбеевтің əскери атағы аға офицер екен. Патша ағзам
қарулы күштерінің Кавказ бағытындағы түрік майданында
шайқасып жүрген ол 1917 жылы ерекше ерлігі үшін подпол-

ковник шеніне жоғарылатылады да батарея командирі бола-
ды. Осыдан соң бұл кісі ескі армия құрамының таратылуы-
на байланысты əскери қызметін доғарып, Тифлис пен Баку
арқылы атамекені Маңғыстауға оралады.

Кəсіби əскери қызметкер Оспан Кебеев елге келген 1918
жылы Үстірт үсті бірде ақтардың, енді бірде қызыл дардың
қолына көшіп тұрған қиын кез болатын. Осындай аумалы-
төкпелі шақта өмірден көргені мен түйгені мол ол немен

шұғылданып, жерлестеріне нендей көмек көрсете алуға тиіс
еді? Бұл сұраққа жергілікті журналист 1993–1994 жылдары
Маңғыстау облыстың архивінен тапқан мына деректері жауап
бере алатын сияқты. Алғашқы құжат “Маңғыстау уезіндегі

барлық қоғамдық ұйымдардан шақырылған делегаттардың
1918 жылғы 20 қыркүйекте өткізген мəжілісінің № 1 хатта-
масы” деп аталады. Онда күн тəртібіне: “Жергілікті өкімет
боп есептеліп келген Уақытша атқару комитетін тарату, жаңа

өкіметті сайлау”,– деген мəселе қойылады да елден келген де-
легаттар оны талқыға салып болғаннан кейін жиналыс мына-
дай үйғарымға келеді. “Қаулы. Уақытша атқару комитетінің
өз мойнынан өкімет міндетін түсіруіне байланысты жалпы

мəжіліске жіберілген өкілдер арасынан 7 адам жергілікті
жаңа өкіметке мүше етіп сайлансын. Олар: бұратана
қырғыздардан (қазақтардан – ред)– 2, түрікменнен – 1, посел-
кеден – 1, жергілікті жасақтан – 1, қаладан – 1 адам. Төрағасы

болып комиссар 0. Көбеев сайлансын. Оған Маңғыстау уезін
басқарудың барлық билігі беріледі. Жаңа сайланған өкімет
“Уақытша Халық Кеңесі” деп аталатын болады. Жиналыс
жүргізушілер” (қолдары қойылған – ред.).

Сөйтіп Оспан Көбеев 1918 жылғы 20 қыркүйекте Форт-
Александровскіде Маңғыстау уезіндегі Уақытша Халық
Кеңесінің төрағасы болып сайланады. Ол бұл жұмысқа
кіріскен кезде құрамында Үстірт үсті де бар Закаспий

облысының орталығы Ашғабадта Кеңес өкіметі құлап қалған
еді. Осының салдарынан елде қиын жағдай қалыптасты.
Неге десеңіз Форттың батысындағы Бакуге ағылшын
интервенттері десант түсіріп, солтүстік су жолындағы Астра-

хань ақ пен қызыл боп қырқысып, ал шығыс жақтағы Орал
мен Ақтөбеде Колчакқа иек сүйеген казак қаражүздіктері
топтасып, нағыз аласапыран кез басталған болатын. Сөйтіп
Маңғыстауға сырттан келер байланыс жолының бəрі үзілді де

халық аш-жалаңаштыққа ұшырай бастады. Осыны көріп, нар
тəуекелге бекінген Оспан Көбеев Ашғабадтағы жаңа өкіметке
аттанады. Онда ол мұндағы ресми орындарға елдің жағдайын
түсіндіріп, князь атағы бар ағасы Əбдірахман Көбеевтің

ықпалымен 1 миллион сомның астығын алуға қол жеткізеді.
Сөйтеді де оны елге аман-есен əкеліп, аштарға көмек
көрсететін пункттер үйымдастыру арқылы бұл нəпақаны
ауыл-ауылға қылдай ғып үлестіріп береді.

Облыстық архивте абзал азамат осы бір адамның сол
жылдарғы қиын-қыстау кезеңде қандастарына қарлығаш тың
қанатымен су сепкендей болып талпынған іс-əрекетін, туған
халқы алдындағы перзенттік парызын өтеу үшін жарғақ

құлағы жастыққа тимей еңбектенгенін дəлелдейтін тағы бір
дерек бар. Ол “Маңғыстау уезі Уақытша Халық Кеңесінің
төрағасы, комиссар Оспан Көбеевтің уезд халқы на үндеуі”
деп аталады. Онда былай делінген: “Азаматтар! Жайбарақат

жатқан бейбіт елдің шырқын алып жүрген адамдарды
анықтап ұстауға, сөйтіп оларды заң алдында жауапқа тартуға

көмектесуді сұрап, туған жерімде уезд комиссары болған
екі ай ішінде мен халыққа ауызша, жазбаша да əлденеше
рет үн тастадым. Күн сайын мал ұрланады, адамдар тона-
лады, қарақшылық шабуыл көбеюде. Осының бəрі жауапты

да лауазымды адамдардың менің сөзіме немқұрайды қарап,
құлықсыз болғанының салдары. Уезд азаматтары! Бізге үлкен
қатер төніп келеді. Мен сендерге мұны ашық түрде айта
аламын: Қыс қыр астында, елде нан жоқ. Күн суытса-ақ аш-

жалаңаш халық ашаршылықтың тырнағына ілігеді, оның
жантүршігерлік сұмдығын көзімен көріп, зардабын тартады.
Ұрылар, тонаушылар мен қарақшылар ойына келгенін істеп,
өздерін сайлаған өкіметтің қамқорлығы мен көмегін аяқасты

етуде. Олар халқынық істің өркен жаюына кедергі келтірмек...
Барлық ізгі ниетті азаматтарды елдің тынышын алған
қарақшылармен күреске шақырамын. Мұсылмандық парыз-
ды ұмытпалық. Тыныштық пен туыстық үшін күресейік, аза-

маттар! Уақытша Халық Кеңесінің төрағасы, уезд комиссары
Оспан Көбеев. 5 қазан, 1918 жыл”.
1919-1920 жылғы Маңыстау аймағындағы жағдайдың
күрделілене түспесе бəсеңсімегені тарихи құжаттардан

жақсы белгілі. Ал осы кезде Оспан Көбеев не істеді, қандай
жұмыстар атқарды деп пайымдауға болар еді. Біздің ойы-
мызша ұстараның жүзіндегі үміт пен күдік қатар аунаған
бұл уақытта ол есеңгіреген елін бірде ақтардың, енді бірде

қызылдардың қыр көрсетуінен қорғау үшін кей жағдайда
екеуіне де араағайын ретінде жүріп, осындай мəмілегерлік са-
ясат ұстану арқылы қандастарын орынсыз талау мен тонаудан
аман алып қалған адам сияқты боп көрінеді. Əрине мұны өте

беделді, өзінің ақылы мен қабілет-қарымына сенген жанның
ғана істей алатыны анық. Біздің жоғарыдағыдай пікірге
келуімізге Форт-Шевченко қаласының 150 жылдығына орай
1996 жылы жарыққа шыққан “Қарашаңырақ” атты жинақтағы

фактілердің себеп болғанын атап айтпақпыз. Мəселен, осы
кітаптағы шежі реші əрі өлкетанушы Əбілхайыр Спановтың
“Аласапыран, алмағайып кезең” жəне “Арманда кеткен ары-
стар” деген мақалаларында Оспан Көбеевтің жазалаушылар

генералы Железновтің Фортта уақытша билік құрған кезінде
оны мен текетіреске түскені, ал ақ генерал Толстовтың армия-
сы келгенде олар тұтқынға алған Жалау Мыңбаев пен Нұрсұл-
тан Оңғалбаевты түрмеден босаттырып, атылудан аман алып

қалғаны туралы деректер келтірілген. Автордың айтуын-
ша кейін, яғни, 1925–1927 жылдары Қазақ АССР Орталық
Атқару Комитетінің Төрағасы болған Жалау Мыңбаев ел
ағасы Оспан Көбеевтің сол қиын-қыстау кездегі өзіне жасаған

осы жақсылығын əрдайым есіне алып, оны өмірінің соңына
дейін ұмытпай өткен.
Біз сөз етіп отырған адамның өміріне қатысты тағы бір
дерек оның 1920 жылғы 1 қыркүйекте Бакуде өткен Шығыс

халықтарының 1-ші съезіне қатысуы. Осы форумда ол Төралқа
мүшесі болады да кейін сондағы насихат жəне іс-қимыл
кеңесінде қызмет атқарады. Сөз ретіне қарай айта кетейік, егер
тарих ғылымының докторы, мəскеулік ғалым В. Устиновтың

“Халқым деп өткен қайраткер” кітабы мен кеңестік өкімет
басшыларыпың бірі А. И. Микоянның “Күрес жолында” атты
мемуарындағы деректерге жүгінсек, Бакуде өткен бұл съез-
ге РСФСР Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссарының екінші

орынбасары Тұрар Рысқұловтың да қатысқаны мəлім. Осы-
ны еске алғанда Оспан Көбеев Тұрар ағамызбен сол жиында
кездесіп-жүздесуі əбден мүмкін-ау деп те ойлайсың.
“Оспан Көбеев ісіне (бұл жерде автор ҰҚК архивіндегі

материалды айтып отыр – ред.) тіркелген қүжаттардың бірі,–
дейді “Қарашаңырақ” жинағындағы мақаласында Əбілхайыр
Спанов,– “Бұрынғы офицерлер мен əскери чиновниктердің
есеп карточкасы”. Сонда: “Сізді кеңес немесе партия

қызметкерлерінен кім біледі? Екі жолдастың есімін атаңыз”–
деген сауал бар. Соның тұсына Оспан Көбеев өз қолымен:
“Мені Əзербайжан Халық Комиссарларының Төрағасы На-
риман Нариманов пен Коминтерннің Шығыс халықтары

жөніндегі Кеңесінің Төралқа мүшесі Шалва Элиава біледі”,–
деп жазыпты. Бірақ Оспан Бакудегі бүл қызметінде ұзақ бола
алмайды. 1922 жылы оны Əзербайжан ЧК-сы түтқынға алып,
Мəс-еудің Бутырка түрмесіне жібереді. Айыбы – бұрынғы

офицер болғандығы. Мəскеу екі жыл түрмеде отыру жаза-
сына кесіп, Архангельск түбіндегі Холмогорск лагеріне ай-
дайды. 1924 жылы ол одан босап, туған жеріне келеді. Іске
тігілген хаттар мен құжаттарда бұл кісінің Форттағы Ин-

тернационал көшесінің № 7 үйде тұрғаны туралы дерек
бар. Оспан Көбеев елге келгеннен кейін жастарды бастапқы
əскери дайындықтағы өткізуші, жер бөлімінде нұсқаушы
сияқты жұмыстар істейді. Осы қызметінде жүріп ол

Түркіменстаннан 2 ақалтеке айғырын əкеледі де жергілікті
жылқы тұқымын асылдандыруға күш салады. Ең соңғы

жұмысы – қойма меңгерушісі. Ал, 1929 жылғы 22 ақпан күні ол қызметтен үйіне келе жатқан бетінде тұтқынға алынады да содан қайтып түрмеден оралмайды”. Оған “себеп” болған Маңғыстаудағы 1929-1932 жылдарғы “Кеңес өкіметіне қарсы Адай контрреволюциялық тобының əрекеттерін əшкерелеу” деп аталатын қолдан үйымдастырылғап “қызыл қырғынның” лаңы еді. Мақаламыздың басында біз оқырмандарды Оспан Көбеевтің халқымыздың аяулы ұлы Мұстафа Шоқаймен кездесуі туралы хабардар етіп өткен едік. Енді сол оқиға туралы аз-кем əңгіме қозғайық. Бұл деректі айтқан Əбекең – Əбіш Кекілбаевтің сөзіне қарағанда əңгіме былай. Орта Азия мен Қазақстандағы автономия үшін арпалыстың өзі ойлағанындай болып шықпағанына көзі жеткен Мұстафа ағамыз шетелге кетуге бел байлайды да 1919 жылғы күзде Хиуа – Үстірт арқылы Форт-Александровскіге бет алады. Ойы – ондағы теңіз жолымен кемеге мініп, Бакуге асу болса керек. Осы ниетпен ол сол жылдың 10 қазаны күні Кетікке келіп жетеді. Мейман ауыл ақсақалдарының қарсы алуымен Оспан Көбеевке жолығады. Əңгімелесіп отырғанда портқа кеткен шолғыншылар теңізде дауыл түрғанын, сол себепті Бакуден шығатын кеменің мұнда қашан келетіні белгісіз екенін айтады. Ауа райының осы қолайсыздығына байланысты қонақ Кетікте екі-үш күн кідіріп қалып, Оспан бастаған ауыл азаматтарымен етене жақын танысып, сырласады. Көзкөргендердің айтуынша Мүстафа ширақ қимылды, даусы өте ашық адам екен дейді. Күздің қарасуық сол бір күндерінде ол үстіне қасқыр ішік киіп отырыпты. Жəне оны шешпеген. Соған қарағанда ішінде қаруы болды ма деген сөз де бар. Ақыры... 13 қазан күні таңсəріде арғы жақтағы беттен түтіні будақтай жүзіп келе жатқан кеме көрінеді. Оспан бастаған ауыл ақсақалдары түс қайта кері қайтқан сол көлікке Мұстафа ағамызды отырғызып, қайыр қош айтысады. Алаштың ардақты ұлының алдында бұдан кейін Баку, Тифлис, Стамбул, Париж сияқты қалаларға апаратын ұзақ та ауыр жол жатқан болатын. Бірақ сол сəтте ол да, оны шығарып салып тұрған адамдар да оның қасиетті атамекен топырағын осы Кетік портында соңғы рет басып тұрғанын сезді ме екен десейші. Əй, қайдам?... Құдіретті де қасіретті қазақ тарихы. Бұлай дейтініміз, қадым ғасырдан қазіргі күнге дейінгі ширатпа шежірелерге зер салып қарасақ, біздің халқымыздың жер-жиһандағы қадауқадау оқиғаларға əйтеуір бір қатысы бар болып шығатындығы. Есте ұстайық, бұл өзі кез келген ұлттың маңдайына жазылып, тағдырында кездесе бермеген құбылыс. Ойланып көрейікші. Амбулей даласындағы жеңістен соң Рим папасы Левті тізерлетіп тұрып кешірім сұратқан Еділ патша, Мысырдағы мамлюктер мемлекетінің қолбасшысы болған Сұлтан Бейбарыс, Наполеон шапқыншылығындағы Ресей армиясының Тевтярь полкінде шайқасып, Парижге дейін барған Нарынбай Жанжігітов, Моңғолия Республикасының Конституциясын жасасып, оның мемлекеттік ңұрылымын жүйелеп берген Тұрар Рысқұлов есімдері біздің тарихымызды тіріл тіп, байытар фактілер емес пе? Сондай-ақ Мао-Цзедунның оққағары болып, кейін Қытай халық армиясының генерал шенін иеленген Хасен Рүстемұлын, Ұлы Отан соғысында Берлиндегі Рейхтагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевты, алтыншы құрлық – Антарктидаға барып жұмыс істеген ғалым Данабек Бименовті, Моңғолиядағы Əуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған генерал С. Зайсановты, дүниежүзіндегі ең биік шың Гималайдағы Эвересті бағындырған альпинист Қазбек Уəлиевті қайда қоямыз. Біздің ойымызша Порт Артур шайқасына қатысқан қазақ Оспан Көбеев те міне осы топқа қосылатын аздың бірі. Осыны ұмытпайық. 1997 жыл. Авторлық анықтама. Қазақстандағы 1917 жылғы Қазан төңкерісі мен 1918-1920 жылдардағы азамат соғысын жəне осы кезеңдегі Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдарымыз қазір патша армиясының полковнигі Оспан Көбеевтің Маңғыстау түбегіндегі ақтар мен қызылдар арасында жүргізген бітімгершілік еңбегін ептеп айта бастады. Ал 2007 жылғы 25 қазанда Алаштың 90 жылдығына орай ұлтымыздың ұлы перзенті Мұстафа Шоқайға арнап, оның шетелге эмиграцияға аттанарда атамекен топырағын ең соңғы рет басқан жері – Форт Шевченко қаласында орнатылған ескерткішті осы уақытқа дейін айтылмай келген ақиқатты мойындауымыздың басы деп білген жөн сияқты.

“ҰМЫТПАҢДАР

МЕНІ...”

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол екінші
жиһангерлік соғыс дер едік. Себебі, оған əлем халықтарының
80 пайызы қатысып, майдан баталиясына 61 мемлекет тар-
тылды. 40 елдің жері соғыс өртіне шарпылып, 110 миллион

адам қолына қару алды. Олардың арасында 1932 жылғы ала-
пат ашаршылықтан қырылып, Ұлы Отан соғысы қарсаңында
3,2 миллионға əзер жеткен, соған қарамастан Батысқа 500
мың боздағын аттандырған бейбақ Қазақ елі де бар еді.

Демограф-ғалым Мақаш Тəтімовтің пайымдауларына
қарағанда олардың 350 мыңы қаза тапты, хабарсыз кетті деген
санатта майдан даласынан қайтпай қалған. Ұлы Отан соғысы
аяқталып, рейхстагқа Жеңіс жалауы тігілгеннен бері, міне, 54

жыл өтті. Осы уақыт ішінде біз сол қандаста рымыздың бəрінің
атын атап, түсін түстеп анықтай алдық па? Жоқ. Басын ашып
айтайық, əңгіме артында іздеушісі бар марқұмдар туралы
емес, балалар үйінде тəрбиеленген, сондай-ақ сауатсыз отба-

сыдан шығып сұраусыз кеткен жандар жөнінде болғалы отыр.
Ғажабы сол, соның өзінде майдандық газеттер мен жауынгер
хаттарында, кино хроникалар мен қолбасшылардың мему-
арларында олардың кейбіреулері туралы деректер сақталып

қалған. Егер осылардың бəрін індете іздеп, ықтияттылықпен
құнттап жинай білсек жоғарыдағыдай жəдігерлер бұл белгісіз
қандастарымыз туралы біраз мəселенің бетін ашып беруге
бейіл. Мəселен...

Осыдан 15 жыл бұрын “Лениншіл жас” газеті редак-
циясына Мəскеуден хат келді. Оны жазған атақты кинорежис-
сер Григорий Чухрай еді. Ол кісі 1941 жылғы 23 маусымда
өзінің өлім аузынан қалғанын, бұл ажалдан Мұхамбетжан

Бекшінов деген қазақ жауынгерінің құтқар ғандығын тебірене
еске алады. Григорий Наумовичтің баяндауынша оқиға бы-
лай болған. Соғыстың екінші күні бұлар қызмет ететін
134-дивизияның 229-батальоны Мариупольдан шығысқа

қарай шегінеді. Командир орман ды алқапқа жақындағанда
құрамында Григорий Чухрай, Мұхамбетжан Бекшінов, Ми-
хаил Самко сияқты жауынгерлер бар взводты шолғынға
жібереді. Ну жыныс тоғайға кіре бергенде оған неміс десан-

ты киіміндегі еңгезердей фриц бас салып, сол қолын сын-
дырады да тұн шықтыра бастайды. Егер бұлардың үстінен
Мұхамбетжан Бекшінов келіп түспегенде оқиғаның немен
аяқталары түсінікті еді. Қаруласының кеудесін тізесімен

езгілеп, қылқындырып жатқан жау солдатының ту сыртынан
шыға келген қазақ жігіті оның шүйдесін мылтық дүмімен
ойып түсіре ұрып, жолдасын ажалдан аман алып қалады.
“Қолым сынып, оң көзіме зақым келген мені, – дейді

атақты кинорежиссер өз хатында, – командир алғашқы
жаралыларға қосып Харьковке жөнелтті. Емделіп, бөлімшеме
қайтып келсем, Мұхамбетжан мұнда жоқ болып шықты. Қаза
тапты ма, көршілес дивизияға ауысып кетті ме, білмеймін.

Білетінім – оның аты-жөні, əскерге Алматы қаласынан
шақырылғандығы жəне біздің батальонда байланысшы бо-
лып қызмет атқарғандығы. Соғыстың өн бойында да, одан
кейінгі бейбіт кезеңде де оны мен ешуақытта естен шығарған

емеспін. Өйткені қазақ Мұхамбетжан Бекшінов болмағанда
мен бұлай тірі жүрмес едім”.
Иə, Григорий Наумович дұрыс айтады. Егер ол сол
қатерден аман қалмағанында “41-ші жыл”, “Солдат туралы

баллада”, “Ашық аспан” секілді кең тынысты, тамаша фильм-
дердің авторы атанбас еді. Мемлекеттік сыйлық тардың иегері
де бола алмас еді. Бейбіт күнді көре алмай тыны тіптен анық
еді. Ал сол айтып отырған қазақ Мұхам бетжан Бекшінов кім?

Туған-туысы бар ма? Елге аман-есен оралды ма, жоқ əлде Ба-
тыста бір төмпешік боп қалды ма?
... 1944 жылдың 23 тамызындағы “Красная звез-
да” газетінде қызық бір құжат бар. Ол КСРО-ның екінші

дүниежүзілік соғыстағы одақтастары болып табылатын АҚШ
жəне Англия мемлекеттері басшыларының кеңес офицерлері
мен жауынгерлерін өз елдерінің орден-медальдарымен
наградтаған тізім. Сондағы 324 адамның ішінен жалғыз

қазақ көзге шалынады. Ол – аға сержант Жабас Ізбасов.
АҚШ президенті Рузвельт қол қойған жарлықта оған Легио-
нер ордені берілгені айтылған. Осы фактіні бірде редакцияда
əңгімелесіп отырып, майдангер жазушы Сағынғали Сейітов

ағамызға айтқанымыз бар.

– Е, ол кісімен мен 1944 жылдың желтоқсанында

5-армияның 193-дивизиясы штабында əскери тілші боп жү-
ріп кездескенмін. Майдандық газетке мақала да жазғанмын.
Бірақ кейінгі тағдырынан хабарым жоқ, – деді Сəкең.
Жазушы аға редакцияға келесі бір келгенінде майдандық

газеттегі сол мақаласының қиындысын əкеп көрсеткені
есімізде. Онда Жабас Ізбасовтың Ақтөбе облысынан екендігі,
ауылда шофер, тракторшы, ферма меңгерушісі болып жұмыс
істегендігі, МТС директорының орынбасары қызметін

атқарып жүріп 1942 жылы əскерге шақырыл ғандығы
жазылған. Ал ол алған жоғарыдағы шетелдік награда туралы
аталмыш мақалада: “Оның кеудесіндегі одақтастардың Леги-
онер ордені бес тармақты жұлдыз сияқты. Алтын жалатылған.

Лентасы үш түсті: көк, ақ, қызыл. Лентаның екі шеті көк те,
оған жалғасатын қос тұсы ақ, ал нақ ортасы қызыл”, – деген
сипаттама берілген.
Сол Жабас Ізбасов Жеңіс күніне жетті ме? Елге орал-

ды ма? Оның шетелдік наградаға ие болған санаулы қазақ
жауынгерінің бірі екенін жерлестері біле ме?
1985 жылы Мəскеудегі “Плакат” баспасы “Жеңіс” атты
иллюстрациялық күнтізбе шығарды. Басқа календарь лардан

оның ерекшелігі мұндағы əр беттің Ұлы Отан соғысы ту-
ралы бұрын еш жерде жарияланбаған жəдігерлерге толы
екендігі еді. Ондағы жауынгер хаттарынан, гильза мен ме-
дальон ішінен табылған ақтық сөздерден, қамал, блиндаж

қабырғаларына жазылған қолтаңбалардан тұратын топта-
маларды тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Солардың
ішіндегі бір құжатты көріп, жүрегіміздің солқ ете түскені бар.
Түрме қабырғасына жазылып, кейін фотоға түсіріліп, КСРО

Қорғаныс министрлігінің архивіне өткізілген сөйлемдер
былай деп үн қатады. “Мен-қазақпын. Аты-жөнім – Мер-
тай Сақаев. Шығыс Пруссияда танкім жанып, қолға түстім.
Таңертең атуға əкетеді. Қош бол, жарық дүние...”

Жоғарыдағы ақтық сөз орысша жазылған. Əсіресе ондағы
соңғы сөйлем жанарыңа жас үйіріп, жан-дүниеңді астаң-
кестең еткендей. “Прощай белый свет...” – дейді Мертай
қандасымыз. Бұл: “Қош бол, жарық дүние...” – дегені ғой.

Осылай деп тек қазақ жаны, қазақ табиғаты ғана ышқынып
айта алса керек.
Белгісіз танкист қазақ жігітіне қатысты жоғарыдағыдай
тағы бір дерек маршал И.Якубовскийдің “От-жалынға оранған

жер” атты мемуарында да бар. “1943 жылғы 21 қазанда, –
дейді ол, – Днепрден өтер кезде гвардиялық танк полкінің
командирі, подполковник қазақ Ғали Əділбеков ерлікпен қаза
тапты. Жастайынан жетім қалған ол балалық шағын Семей

қаласында өткізген. Содан кейін 1925 жылы əскер қатарына
алынады да өмір жолында əбден ысылады. Ұлы Отан соғысы
жылдарының алғашқы кезеңінен бастап-ақ Ғали Əділбеков
қиындықтан қорықпайтын ержүрек əскери командир болды.

Егер 1943 жылдың сол қазан айында қаза таппағанында бұл
офицер қазақ танк əскерлерінің үлкен басшыларының бірі бо-
лып, көптеген даңқты істерді тындырған болар еді”.
Жоғарыда аттары аталған Мертай Сақаев пен Ғали

Əділбеков төл баспасөзіміз ешуақытта жазбаған тың есімдер.
Бұлар кімдер? Олардың майдандас достары бар ма? Жақын-
жұраттары ше? Тарихшылар бұл арыстарды біле ме?
Публицист-жазушы Виктор Полторацкий Ұлы Отан

соғысы жылдарында “Правда”, “Известия” жəне “Красная
звезда” газеттерінде тағдыры таңғажайып жауынгерлер ту-
ралы көптеген очерк жазған адам. 1951 жылы ол сол деректі
дүниелерінің бəрін жинақтап, “Жолда жəне үйде” атты кітап

шығарған. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған бұл туындыда
“Полундра” деген очерк бар. Оның мазмұны мынадай. Кілең
теңізшілерден құралған бір батальон қалыптасқан уақытша
жағдайға байланысты суда емес, құрлықтағы жаяу əскерлер

сапында шайқасқа кіріп жүреді. Соның өзінде олар өздеріне
етене жақын теңіз тəртібін қатаң сақтап, флот қызметінің
терминдерін аузынан тастамай, шабуылға: “Полундра!” –
деген айбынды ұранмен шығады екен. Уақыт өткен сайын

теңізшілер қатары сирейді. Оларды толықтыруға тылдағы
қазақ ауылдарынан шақырылған жастар келеді. Командир
Болдырев бұларды көргенде: “Моряк, матрос емес бұлармен
қалай жұмыс істеймін? Қайран өзімнің теңізшілерім-ай..”

– деп қатты қамығып тұрып біреуінен: “Аты-жөнің кім?” –

дейді. Ол: “Күзембаев Майгөзбін”, – деп тақ ете түседі.
Біраз күннен кейін бұл батальон майданның ең ауыр
учаскесіне соғысқа кіреді. Командир байқап қарайды, қазақ
жігіттері жаман шайқаспайтын сияқты. Келесі күнгі айқас

одан да ауыр еді. Соған қарамастан біздің қандастарымыз бұл
қиындыққа да төтеп береді. Төтеп беріп қоймай, бір ұрымтал
тұста жау шебіне теңізшілерден бұрын дүрк көтеріліп: “По-
лундра!” – деген ұранмен лап қояды. Алдарында Майгөз...

Майгөз Күзембаев! Бар даусымен жер-дүниені көшіре: “По-
лундра... Полундра”, – деп ұрып бара жатады. Мұны көрген ко-
мандир Болдырев те, басқа теңізшілер де: “Əй, мыналар өзіміз
ғой. Бізге тартқан қасқаңның нақ өзі екен бұлар”, – дейді де

олар да алға тұра ұмтылады. Келесі күні Майгөз Күзембаевты
кездестіріп қалған Болдырев: “Кеше сен шабуылға шыққанда
не деп айқайладың?” – деп сұрақ қояды. “Полундра дедім”, –
дейді ол. “Оның не сөз екенін білесің бе?”, “Білемін. Бұл: “Отан

үшін алға! Жауды жой! Ура!” – деген ұран”, – дейді Майгөз
еш ойланбастан. Тыңдап тұрған теңізшілер оның мына жауа-
бына ду күледі. Міне, В.Полторацкий өзінің жазбасын осылай
аяқтайды. Жоғарыдағы эпизодта ержүрек жерлестерімізге де-

ген қаншама ыстық ықылас жатыр десеңізші!
“Полундра” очеркіне арқау болған қазақ Майгөз Күзембаев
кім? Ол Қазақстанның қай ауылынан болды екен? Жерлестері
оның əскери журналист В.Полторац кийдің қаламына ілігіп,

есімі кітап бетінде қалғанын біле ме?
Ұлы Отан соғысындағы қазақтар... Ерлік пен елдік сынға
түскен сол сұрапылға бұл ағаларымыздың дені қойшы,
малшы, диқан, мұғалім, шофер, тракторшы, жылқышы бо-

лып жүрген жерінен барып қолына қару ұстаған еді. Байқап
қарасақ соның өзінде олар жаман шайқаспаған. Бұған дəлел
ретінде біз көбінесе И.Эренбургтің “Қазақтар” очеркіндегі
атақты сөзді мысалға ала беретініміз бар. Ал оның атасындай

пікірлерді одан басқа да аузы дуалы адамдардың айтқанын
көрмейміз, білмейміз, іздемейміз. Əйтпесе генерал-полковник
П.Романенконың мемуарындағы: “Қазақтар – дархан көңілді,
кеңпейіл, ержүрек те батыр халық. Менің жауынгерлерім

кілең қазақтардан құралса, өз басым оған əрқашан риза бо-
лар едім”, немесе ағылшын журналисі А.Верттің: “Қызыл
Армияның табанды жауынгерлері қазақтар еді. Олар
соғыстың өн бойында өздерін жақсы жағынан көрсете

білді”, – деген пайымдаулары кімдікінен кем?! Міне, кезінде
жанқиярлығымен, табандылығымен басқа ұлт өкілдерін бас
игізіп, жоғарыдағыдай жақсы пікірлерге негіз қалаған сол
ағаларымызды түгендеп болдық па? Жоқ. Осыны ойлағанда

бұл белгісіз, беймəлім қазақтар: “Ұмытпаңдар мені!” – деп
Батыстағы мұнартқан көкжиектен мұңдана қарап тұрғандай
болады да тұрады.
1999 жыл

Авторлық анықтама. Осы мақала “Егемен Қазақ-
станда” 2000 жылы 8 мамырда жарияланғаннан кейін
редакцияға Алматыда тұратын қарт журналист

Хамит Біржановтың хабарласқаны бар. Ол кісі аты
жоғарыда аталған əскери қазақтардың ішіндегі Ғали
Əділбековтің қызын білетінін айтып, үй телефонын
берді. Оны біз газеттің Алматы бөлімшесіндегі шо-

лушысы Мейрамбек Төлепбергенге тапсырып, 2001
жылы “Аманат” атты материал жазғызып, жарыққа
шығарғанымыз есімізде. Ал қалған майдангерлер ту-
ралы оқырмандардан редакцияға ешқандай хат-хабар

түспеді.

ШЕТЕЛДЕГІ

ҚАЗАҚ

ƏСКЕРИЛЕРІ

Əскер... Əскери адамдар... Энциклопедиялық анықтамаларда бұл сөздерге белгілі бір мемлекеттің қорғаныс күші, оның мүддесі мен мақсатын көздейтін қуат көзі ретінде түсініктеме беріледі. Иə, адамзат баласы өмір сүрген қай уақыт, қай кезеңде де ондағы тіршілік еткен елдің бəрінің үлкенді-кішілі өз армиясы, əскері болған. Мəселен, қазір дүние жүзінде 232 мемлекет бар десек, солардың ішіндегі қарулы күштері жағынан адам саны молы 3 миллион 200 мың жауынгерді сақадай сай ұстап отырған Қытай болып есептеледі. Ал, əскері ең азы ол өзінің қорғаныс құрылымында небары 52 офицері мен жауынгері бар Ватикан мемлекеті дер едік. Демек, бұдан біз өзіміз сөз еткелі отырған тақырып - армияның тəуелсіздік алып, аумағы айқындалған, сөйтіп мемлекет атауына ие болған елдің бəрінің басқару құрылымындағы сенімдік символ, айбынды атрибут екенін аңғарамыз, “Ал, сол армияны құрайтын кім?” – деген сұрақтың туары анық осы жерде. Оған: “Сол ел мен сол жердің адамдары, азаматтары”, – деп жауап берер едік еш ойланбастан. Расында да өзі солай ғой. Десек те дəл осы жерде бұрын көп сөз болмаған, сөйтіп ара-жігі ажыра тылмай келе жатқан бір мəселенің бар екенін қаперлеріңізге салғымыз келеді құрметті оқырман. Ол кезінде түрлі жағдай, түрлі себеппен туған жерінен алыстап, соның салдарынан өзі тұрып, тіршілік кешкен бөтен ел, бөгде жұрттың қарулы күштерінде қызмет еткен талай тамаша ұлт өкілдерінің де болатындығы. Əрине, мұндай “кірме” əскерилер пайыздық көрсеткішке шаққанда əлгі елдің армиясындағы күштің аз..., өте аз бөлігін құрауы да əбден мүмкін. Бірақ ондай жандардың сонда қызмет еткені, өмірін сол кəсіпке арнағаны анық қой. Ендеше олар туралы неге жазбасқа? Əсіресе олардың ішіндегі қазақтарды неге іздемеске?! Сөзіміз дəлелді болу үшін айтайық, тарихта мұндай мысалдар өте көп. Мəселен, орта ғасырдағы мамлюктер мемлекетінің негізін қалап, Мысыр билеушісі атанған қолбасшы Сұлтан Бейбарыс, 1812 жылғы Ресей империясының іргесін шайқалтқан Отан соғысында фельд-маршал М.И.Кутузовтың “қос қанаты” бола білген армия генералдары Багратион мен Барклай де Толли кімдер еді? Олардың алғашқысы Дешті Қыпшақ жерінің перзенті біздің бабамыз да, екіншісі Қап тауындағы атақты грузин князінің баласы, ал үшіншісі Альбион жағалауынан ауып келген шотландтық болатын. Одан кейінгі ұлты орыс, подполковник И.Минутаның 1839 жылы Оңтүстік Америкадағы Симон Боливар құрған республика армиясында қызмет атқаруы, Бөкей ордасындағы қазақ бекзадасы Ғ.Жəңгіровтың 1848-1898 жылдар аралығында патшалық Ресей əскері қатарында болып, инфантерия генералы дəрежесінде отставкаға шығуы, кешегі 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан ұлты поляк К.К.Рокоссовскийдің бүкіл ғұмырын КСРО əскерінің сапында өткізіп, Кеңес армиясының маршалы атағын алуы, өзіміз сөз еткелі отырған тақырыпты одан əрі тереңдетіп, беркіте түскендей. Шетел армиясында қызмет еткен əскерилердің осындай үлкенді-кішілі мысалдары ХХ ғасырдағы қазақ диаспо ралары арасында бар ма? “Иə, – деп жауап берер едік біз бұған. – Бар”. Оны мəселен Моңғолиядан қоныс аударып келген қандасымыз, тарихшы-ғалым Бекен Қайраттың қолындағы деректерден анық аңғаруға болады. Кезінде ол МХР-дың Сухэ-Батор атындағы əскери институтын бітіріп, аз ғана уақыт аралығында взвод бастығынан батарея командирі дəрежесіне дейін көтерілген артиллеррист-офицер. Отыз бес жастағы оның өз мамандығынан ерте қол үзуіне 1991 жылғы атамекенге қарай бұрылған көш себеп болған. Мұнда келген соң бұл жігіт Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай елді мекенінде қара жұмыс істепті. Содан кейін Ұлан аудандық газетінде жауапты хатшы болып, Алматыда ғылыммен шұғылданған. Қазір ол елордадағы “Астана ақшамы” газетінде қызмет істейді. Жоғарыдағы тақырып бойынша Бекеннің бізге айтқан бірінші кезектегі адамы МХР армиясының қатарындағы тұңғыш қазақ офицері Ікей Мизамұлы болды. Ол кім? Əріптесіміздің қолындағы құжаттарға қарағанда бұл қандасымыз 1916 жылы Қобдадағы қарлы Алтай жоталарының теріскейінде туады. Он сегіз жасқа келгенде өзі тұрып, өмір сүріп жатқан Моңғол елінің əскер қатарына шақырылады. Азаматтық борыш болып саналатын осы міндетті өтеу бары-

сы кезінде қағылез де қабілетті Ікей тез көзге түседі. Соның
арқасында Сухэ-Батор атындағы офицер кадрларын даяр-
лайтын оқу орнына жіберіледі. Оны ойдағыдай аяқтап, лей-
тенант шенін алған соң ол 1936 жылы ел астанасы Улан-Ба-

торды қорғайтын ерекше дивизияға бөлінеді де мұнда рота
командирі боп қызмет атқарады. Ал, 1939 жылы 28 мамыр-
да Жапонияның Квантун армиясы Моңғолияға баса-көктеп
кіргені тарихтан мəлім. Міне, осы кезде аға лейтенант Ікей

Мизамұлы жау бұзып өткен Халхин-Гол плацдармының
алғы шебіндегі 6-дивизияның 15-полкіндегі 4-батальонға
жетекшілік етуге келеді.
Ол бір қиын уақыт болатын. Тұтқиылдан басталған

соғыстың психологиялық үрейінен айығу мəселесі жас
Моңғол елі Қарулы күштерінің қатарындағы əр əскери кад-
рдан қатал түрде талап етіліп жатты. Осындай сындарлы
сəтте 23 жастағы қазақ ұланы Ікей Мизамұлы нағыз ерлік пен

батылдық биігінен көріне білді. Оған дəлел, 1939 жылдың 24
тамызындағы жанкешті айқас дер едік.Сол күні ол басқарған
4-батальонға атақты Гөлегт-Манхан бекінісіне шабуыл жа-
сап, дивизияның алға жылжуына жол ашу жүктелді. Бұл таза

өлімге бас тігу деген сөз еді. Соны білген батальон командирі
шайқасқа жауынгерлерді өзі бастап шығуға бел байлады.
Қанды қырғынға кірген кезде айбарлы қазақтың атой салған
үнінен тау қозғалып, жер теңселді. Бұған жігерленген жауын-

герлер жау шебіне андыздай ат қойып, оның ұйқы-тұйқысын
шығара жапырып өтті. Сөйтті де жапондардың резервтегі
ұясын талқандауға кірісті. Ікей бұл кезде ауыр жараланған
еді. Соған қарамастан ол қолындағы қаруын көмекшісіне

оқтатып алып атыс салған күйі көз жұмды.
Халхин-Гол шайқасы аяқталғаннан кейін Моңғол үкіметі
осы жеңіске үлес қосқан əскер басшылары мен жауынгерлердің
арасынан 14 адамға МХР-дың Халық Батыры атағын беруге

шешім қабылдады. Солардың ішіндегі екеуі орыс генералда-
ры Г.К.Жуков пен И.И.Федю нин ский, ал біреуі өз қандасымыз
Ікей Мизамұлы еді. Қалған 11-і моңғолдар болатын. Сөйтіп
МХР армиясы қатарында қызмет еткен тұңғыш қазақ

офицерінің сол елдің тұңғыш Батыры да атанған жайы бар.
Моңғолияда қазір оның есімі құрметпен аталады. Батырдың
денесі жерленген Гөлегт-Манхан биіктігіндегі оған қойылған
құлпытас пен туған жері Баян-Өлгейдегі қазақ орта мектебіне

Ікей Мизамұлы атының берілуі жəне Улан-Батордағы ол
оқыған əскери институттың даңқ тақтасындағы тізімде оның
атының алтын əріппен қашалып жазылуы міне, соның анық
дəлелі.

Моңғол Халық Республикасының армиясында əскери
қызмет атқарған екінші бір қазақ ол – генерал Хамза Ерзінұлы
Зайсанов. Аты аңызға айналған бұл қандасымыз 1912 жылы
қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан өңірінде өмірге

келген. 8-9 жасында татар саудагерлерінің лаушысы ретінде
арғы бетке өтеді де моңғол жерінде қожайындарынан көз
жазып қалып, сондағы бір ауылға асыранды бала болады.
Қобда, Улан-Баторда білім алған соң Моңғол үкіметі оны

Кеңестер Одағындағы ұшқыштар даярлайтын училищеге
оқуға жібереді. 1939 жылғы Халхин-Гол шайқасы басталған
кезде Қамза Ерзінұлы ысылған, сақа офицер болатын. Соның
нəтижесінде ол əскери тəжірибесінің молдығымен, ұшу

кезіндегі асқан шеберлігімен көзге түсіп, жапондардың талай
ұшақтарын жер қаптырады. Осы алапаттағы көрсеткен ерлігі
үшін оған Моңғол үкіметінің ең жоғарғы наградасының
бірі “Қызыл ту” ордені беріледі. Содан екі жыл өткен соң

Германия мен КСРО арасындағы соғыстың басталғаны
белгілі. Міне, сонда ол Кеңестер Одағына көмекке баруға
сұранады. Бірақ маршал Чойбалсан: “Сен бізге керексің”, –
деп жібермейді. Өйткені Моңғолия үшін Шығыстағы жапон

милитарис терінің қаупі əлі сейілмей тұрған болатын. Міне,
осындай кезде Хамза Ерзінұлы секілді əуе қыранын қолдан
шығару еш мүмкін емес еді. Содан шығар, үкімет 1942 жылы
30 жасқа енді иек артқан оған генерал-майор атағын береді.

Сөйтеді де оны МХР Əуе қарулы күштерінің бас қол басшысы
етіп тағайындайды.
Бірақ... иə, бірақ содан біраз уақыт еткеннен соң жаужүрек
ұшқыш пен үкімет адамдары арасында кикілжің болып

қалады. Ол жергілікті билік иелеріне наразылық білдірген
Баян-Өлгей қазақтарының Шыңжаңға қарай үдере көшкен
1943 жылғы 10 қазан оқиғасы еді. Сонда үкімет босқындардың
алдын бомбалап тоқтатуға Х.Зайсановты жұмсайды. Бұған

жаны күйген, сөйтіп оны қорлық деп білген намысшыл қазақ
аталмыш тапсырманы орындаудан үзілді-кесілді бас тарта-
ды. Осыдан бастап оған деген сенімсіздік туады да берілгелі
тұрған Батыр атағынан, кейін тіпті қызметінен шеттетілуге

əрекет жасалады.
Жасы жер ортасына таянған шақта жан жалғыздығынан

жəбір көрген болуы керек, 50-ші жылдары батыр ағамыз
басқалқа іздеп Қазақстанға келеді. Өкінішке қарай ол кезде
Мəскеуде тұратын Шəкір Жексенбаевтан басқа бірде-бір ге-
нералы жоқ атамекенге оның басы сыймапты. Безбүйрек бю-

рократтар мен бишігеш бастықтардың шығарып салма жау-
аптарынан жалығып, жылай-жылай кері қайтқан. Сөйтіп, бұл
кісі 1965 жылы 53 жасында Улан-Баторда дүние салады. Зи-
раты Моңғолия астанасындағы құрметті адамдар жерленетін

“Алтын биік” деген адырдың бөктерінде екен. Есіл ердің есімі
Баян-Өлгей аймағының Қызылқайың елді мекеніндегі орта
мектепке берілсе, МХР Қорғаныс министрлігі жанындағы
əскери ғылыми-зерттеу институты генерал Х.Зайсановтың

өмірі мен қызметін тұжырымдап, моңғол тілінде кітап
шығарған. Сайыпқыран ұшқыш туралы біздің əзірге білеріміз
осы.
Енді Моңғол еліндегі үшінші бір əскери қазақ туралы сөз

қозғайық. Ол МХР Қарулы күштерінің полковнигі Нүрке Дəлел
Бұхатұлы деген азамат. Қолымыздағы анкеталық мəліметке
қарағанда бұл қандасымыз 1948 жылы сол Моңғолияда
туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1967-1972 жылдары

КСРО-дағы Вольск əскери училищесіне оқуға жіберіледі.
Содан соң МХР Қорғаныс министрлігінде қызмет істей
жүріп 1978-1981 жылдар аралығында Ленинградтағы əскери
академияның тыңдаушысы болады. Улан-Батордағы 1981-

1991 жылдарғы əскери қызметінде “Жауынгер жарағы” атты
екі томдық кітап жазған. Бұл еңбек Моңғол армиясындағы
күнделікті солдат өмірінің анықтамалығы ретінде тартымды
оқу құралына айналған. Нүрке Дəлел Бұхатұлы МХР Қарулы

күштері қатарындағы 20 жылға жуық қызметі ішінде сол
елдің “Қызыл Жұлдыз”,“Алтын Жұлдыз” ордендерін иелен-
ген жан. 1992 жылдан бері ол өзінің атажұрты Қазақстанда,
республика Қорғаныс министрлігінің қарамағында жауапты

жұмыс атқаруда,
Өмір жолы Нүрке Дəлел Бұхатұлына ұқсас қандасымыздың
бірі Ру-Айда Жұмабайұлы дер едік. МХР армиясының
полковнигі оның өмірбаянына үңілер болсақ, бұл азаматтың

да 1948 жылы сол елдегі Бұлғын аймағында туғанын
аңғарамыз. Баян-Өлгейдегі орта мектепті бітірген соң ол 1966
жылы əскери борышын өтеуге аттанады. Сол жерде өткен екі
жыл ішінде оның бойындағы тəртіптілік пен жинақылықты,

зеректікті байқаған басшылар оны Моңғол үкіметі аты-
нан Мəскеудің Ф.Э.Дзержинский атындағы инженерлік-
артиллериялық əскери оқу орнына жібереді. Кейін Пенза
қаласындағы маршал Н.Н.Воронов атындағы артиллерия

училищесін тəмамдайды. Сөйтіп, 1968 – 1973 жылдары КСРО-
да оқып, жоғары білімді əскери маман деген диплом алған ол
одан кейінгі бес жылдық өмірін МХР армиясының тұрақты
бөлімдеріндегі жауынгерлер арасында өткізеді. Осыдан соң

1978 жылдан бастап Сухэ-Батор атындағы əскери институтқа
оқытушылыққа жіберіледі. Ру-Айда Жұмабайұлы туралы
осы деректерді бізге берген əріптесіміз Бекен Қайраттың ай-
туынша бұл қандасымыз Моңғол елі астанасындағы аталмыш

əскери жоғары оқу орнында ұстаздық еткен тұңғыш қазақ екен.
Міне, осы институтта ол он жылдан астам оқытушы болады.
Курсанттарға “Қазіргі заманғы қару-жарақтардың түрі мен
құрылымы жəне оны пайдалану, сақтау ережелері” пəнінен

сабақ береді. Содан соң 1989-1992 жылдары МХР Қорғаныс
министрлігіндегі қару-жараққа жауапты басқарманың аға ин-
спекторы қызметін атқарады. Ал, 1992 жылы..., иə, сол жылы
ол Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі,

армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовпен
жүздесіп қалады. Арнайы қабылдауда болған əңгіме соңы
Ру-Айда Жұмабайұлының Қазақстанға қызметке келуімен
аяқталады. Сөйтіп бір кездегі МХР армиясының “Алтын

жұлдыз” орденді полковнигі ол қазір Астана іргесіндегі
əскери құрамада жауапты қызмет атқаруда.
Əгімеміздің соңын бізге осы күнге дейін бе лгісіз болып
келген тағы бір-екі шетелдік офицер қазақпен аяқтауды жөн

көріп отырмыз. Олар: МХР армиясында қызмет еткен пол-
ковник Стамбул Мақсұлұлы мен капитан Құсан Рүстем. Ал-
дымен Стамбұл туралы айтайық. Ол Моңғолиядағы Налагх
қаласыда ағаш тасып жүрген қарапайым қазақ баласы екен.

Даусының əуезділігін байқаған жергілікті ревсомол комитеті
оны көркемөнерпаздар үйірмесіне қатыстырып, “Ақтамақ” əні
арқылы түрлі байқауларға апарып жүреді. Соның нəтижесінде
ол 1962 жылы жастар мен студенттердің Финляндияда өткен

Бүкілдүниежүзілік ҮІІІ фестиваліне қатысып, одан лауреат
атанып қайтады. 1966 жылы Отан алдындағы міндетін өтеуге
шақырылады да əскери қызметке қалып қояды. Сөйтіп содан
кейінгі 25 жыл ішінде ол қатардағы жауынгерден МХР Қарулы

күштерінің полковнигі дəрежесіне дейін жетеді. Ал, енді ка-
питан Құсан Рүстемге келер болсақ, мəселе былай. Бұл кісі

кезінде Моңғол Халық республикасының тұңғыш космонавты
Гуррагчаның взвод командирі болған адам екен. “Құсанның
ерекше қасиеті сол ол радиобайланыс жүйесіндегі морзенің
“құдайы” еді, – дейді білетіндер. Мұның тегін еместігін 60-

шы жылдардың аяғындағы 24 социалистік ел армияларының
əскери байланысшылары қатысқан халықаралық байқауда
оның бас жүлдені жеңіп алғандығы анық аңғартқандай. Міне,
сол Құсан, яғни капитан Құсан жетпісінші жылдардың ба-

сында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге келген
Гуррагча есімді моңғол бозбаласына командир болады. Ал,
ол сол елдің болашақ ғарышкер-ұшқышы еді.
Шетелдердегі қазақ əскерилері... Іздестіре білсек көрші

мемлекеттердегі қазақ диаспоралары арасында мұндай да
мамандық иелерінің бар екенін байқағандаймыз. Соның бір
мысалы Моңғолия армиясындағы жоғарыда өзіміз сөз еткен
қандастарымыз. Ал ондай жандардың Қытай, Түркия сияқты

елдердегі қазақ ирреденттері арасында да жүрмесіне кім
кепіл?! Қытай демекші..., қолымызда ол жақтағы ағайындар
арасынан да шыққан əскерилерге байланысты деректер бар
əрине. Бірақ əлі толық емес. Уақыты келгенде олар тура-

лы да айтамыз ғой деген ойдамыз. Сондықтан біздің мына
мақаламызды бұрындары онша көп сөз бола қоймаған
тақырыптардың біріне салынған соны із деп ұғыңыздар,
құрметті оқырман. Сол із енді ілгеріге тартса игі...

2000 жыл
Авторлық анықтама. Осы мақала жарыққа
шыққанан кейін шет елдерде тағы да екі қазақ
генералының бар екені мəлім болды. Оның біріншісі,

журналист Серік Жұмабекұлы барып жолыққан ҚХР-
дағы Шыңжаң əскери округы Бас штабы бастығының
орынбасары, генерал-майор Жəрке атты қандасымыз.
Ал екіншісі, əріптесіміз Бекен Қайрат хабарлаған

əскери ғылымдардың докторы, МХР Ұлы хуралының
депутаты, генерал-майор Жекей Халиоллаұлы.

МАЗМҰНЫ ӨЗГЕГЕ ҰҚСАМАЙТЫН ӨМІР ТАСАДА ҚАЛҒАН ТАҒДЫРЛАР ОН ЕКІ ЖАСЫНДА ОРДЕН АЛҒАН ЖЕР – ҒАРЫШ ЖАҒАЛАУЫ ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ ГАГАРИНДІ ОҚЫТҚАН ЖАҚЫПБЕК ДҮЛЕЙ МҰХИТ. ҚАМЫС ҚАЙЫҚ. АДАМДАР КАСКАДЕР АНТАРКТИДАҒА БАРҒАН ДАНАБЕК ЭВЕРЕСТ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЫСТЫҚ НҮКТЕ ЕЛШІ ШАБЫТ ТРАЕКТОРИЯСЫ АҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АБДЕЛЬ НАСЕР МІНГЕН АРҒЫМАҚ КЕННЕДИМЕН КЕЗДЕСКЕН НҰРМАХАН ШАХМАТТАҒЫ УФИМЦЕВ ҚОРҒАНЫСЫ “БІРІНШІ ПЕТР” ФИЛЬМІНДЕГІ ҚОЙЛЫБАЙ БІЗ БІЛМЕЙТІН БЕЙНЕ САРЫАРҚАНЫҢ “СЕТОН-ТОМПСОНЫ” ДИССИДЕНТ ДЕБЮТ ДИКТОР “SOS” БЕЛГІСІ

ШЫҢЖАҢДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ҚАЗАҚ ФИЛЬМІ

№ 37-ші СКВАЖИНА

РУХЫ КҮШТІЛЕР

МАРШАЛ МІНГЕН АҚБОЗ АТ

КЕШІГІП ЖЕТКЕН ДАҢҚ

1942 жыл. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ. ҚҰМҒА ҚҰЛАҒАН “ЮНКЕРС” 266

ҮШБҰРЫШТЫ ҮШБУ ХАТ…

ƏЛЕМДІ ШАРЛАҒАН СУРЕТ

ТУ ТІККЕН

ҚАЖЫМҰҚАН САМОЛЕТІНІҢ ҰШҚЫШЫ

“ДҮНИЕ ШЫР АЙНАЛДЫ ЖАНАРЫМНАН”

ЖАНСЕБІЛ

“НОРМАНДИЯ – НЕМАН”

АВИАЭСКАДРИЛЬЯСЫНДАҒЫ ӨМІРТАЙ

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ГЕНЕРАЛЫ

ПОРТ АРТУР ШАЙҚАСЫНА ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ

“ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ...”

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ ƏСКЕРИЛЕРІ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙