Мазмұнға өту
Home

Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының шетелдік академиктері

ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 44 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының шетелдік академиктері

Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 44 Жанр:

АКЧУРИН Ренат Сулейманович (2.4.1946 ж.т., Өзбекстан, Андижан қ.) – мед. ғыл. докт. (1985), проф., Ресей мед. ғылымдары академиясының (1997), Ресей ҒА-ның (2011) акад. Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. 1-Мəскеу мед. ин-тын бітірген (1971). 1971–73 ж. учаскелік терапевт-дəрігер, Мəскеу қ. мен обл-нда травмотолог-дəрігер, хирург, 1973– 75 ж. клиник. жəне эксперименттік хирургияның бүкілодақтық ғыл.-зерт. ин-тында хирург, кіші ғыл. қызметкер, 1978–84 ж. КСРО ҒА-ның бүкілодақтық хирург. ғыл. орт-нда аға ғыл. қызметкер болып еңбек етті. 1984 жылдан кардиохирургия саласына маманданып, АҚШ-та сынақтан өтті. Бүгінде клиник. кардиология ин-тының жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімін басқарады. 1998 жылдан медицинаны жоғары технологиямен дамыту мемл. бағдарламасына жетекшілік етеді. Негізгі ғыл. бағыты: қайта ауыстырылатын жəне пластик. хирургия, қол-аяқты қайта ауыстыратын пластик. хирургия, жүректің ишемиялы ауруларын хирург. емдеу, ырғақтың бұзылуын хирург. емдеу, жүрек етін қорғау, лазерлік ангиопластика, жүрек-өкпе кешені мен жүректі ауыстырып қондыру мəселелері 300-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Башқортстан Республикасы ҒА-ның акад. (1997), Татарстан Республикасы ҒА-ның құрметті акад. (1998). КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1982). Бірнеше орден, медальдармен марапатталған. АЛФЕРОВ Жорес Иванович (15. 3.1930 ж.т., Беларусь, Витебск қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1970), проф. (1972), КСРО ҒА-ның (1979), Ресей ҒА-ның (1991) акад., Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) электртех.ин-тын бітірген (1952). 1953–2006 ж. Физика-тех. ин-тта кіші, аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі, проф., директор, бас ғыл. қызметкер болып еңбек етті. 1988 жылдан СанктПетербург мемл. пед. ун-тінде декан. 1989–92 ж. КСРО халық депутаты, 1990–91 ж. КСРО ҒАның вице-президенті, Ленинград ғыл. орт. Төралқасының төрағасы, 1995 жылдан РФ Мемл. думасының депутаты. 2003 жылдан «Санкт-Петербург физикатехникалық ғылыми-оқу орталығының» төрағасы. 2010 жылдан Скалководағы инновац. орт-тың ғыл. жетекшісі. Негізгі ғыл. бағыты: шалаөткізгіштер физикасы, гетероауысу жəне солардың негізіндегі аспаптар. 500-ден астам ғыл.еңбектің, 3 монография, 50 өнертабыстың авторы. Лениндік сыйл. (1972), КСРО Мемл. сыйл. (1984), Нобель сыйл. (2000), РФ Мемл. сыйл. (2001) лауреаты. Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», т.б. көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған. ВЕЛИХОВ Евгений Павлович (2.2.1935 ж.т., Ресей, Мəскеу қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1966), проф. КСРО ҒА-ның акад. (1974), Ресей ҒА-ның акад. (1991), Соц. Еңбек Ері (1985), Қазақстан ҰҒАның шетелдік акад. Мəскеу мемл. ин-тын бітірген (1958). 1961 жылдан Атом энергиясы ин-тында еңбек етеді. 1978–91 ж. КСРО ҒАның вице-президенті, 1991–96 ж. Ресей ҒА-ның вице-президенті болды. 1992 жылдан «Курчатов институты» Ресей ғылым орт. федеральды мемл. мекемесінің президенті. Негізгі ғыл. бағыты: фиР.С.Акчурин Ж.И.Алферов ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК АКАДЕМИКТЕРІ

зиканың төмен темп-ралы плазма жəне магниттік гидродинамика салалары. КСРО Мемл. сыйл. (1977), Лениндік сыйл. (1984), РФ Мемл. сыйл. (2002) лауреаты. Орден, медальдармен марапатталған. ИЛОЛОВ Мамадшо Илолович (14.3.1948 ж.т., Тəжікстан, Таулы Бадахшан автон. обл. Шугна ауд.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1992), проф. Тəжікстан Республикасы ҒА-ның акад. (2005), ҚР ҰҒА-ның шетелдік акад. Воронеж мемл. ун-тін бітірген (1970). 1970–95 ж. Тəжік мемл. ун-тінде ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, ғыл.-зерт. бөлімінің бастығы, респ. білім мин-нде ғыл.- зерт. жұмыстары басқармасының бастығы, Хорог ун-тінің ректоры, 1995–2005 ж. Тəжікстан Жоғары жиналысының депутаты, 2003–05 ж. халықты еңбекпен жəне əлеум. қорғау министрі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Жоғ. Ұлттық кеңестік мүшесі. Негізгі ғыл. бағыты: импульсті əсер ететін эволюц. теңдеулердің теориясы жəне оның қосымшасы, дифференц. теңдеулер жүйесіне қатысты көп жиілікті тербелістер теориясы. КАРАБАСОВ Юрий Сергеевич (12.6.1939 ж.т., Ресей, Мəскеу қ.) – тех. ғыл. докт., проф. Ресей инж. академиясының акад. Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад., РФ еңб. сің. қайраткері. Мəскеу болат жəне қорытпалар ин-тын (қазіргі Мемл. технол. унттің Мəскеу болат жəне қорытпалар ин-ты) бітірген (1961). 1961– 72 ж. ин-тта кіші ғыл. қызметкер, аспирант, ассистент, аға оқытушы, доцент, партия к-тінің хатшысы, 1972–92 ж. ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Октябрь ауд. партия к-тінің хатшысы, қалалық білім жəне жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі, «Білім» бүкілодақтық қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары, КСРО Мин. Кеңесі жанындағы халық ш. академиясында проректор, Гагарин ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, Мəскеу қалалық партия к-тінің хатшысы, РФ Үкіметі жанындағы халық ш. академиясында орт. директоры, 1992–2007 ж. Мəскеу болат жəне қорытпалар ин-тының ректоры қызметтерін атқарды. 2007 жылдан ин-т президенті. РФ Мемл. думасының депутаты. 150-ден астам ғыл. еңбектің, 60 авторлық куəліктер мен патенттердің, 2 монографияның авторы. РФ Президенті сыйл. лауреаты (2003). «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», т.б. орден, медальдармен марапатталған. КЕРИМОВ Махмуд Керим оғлы (18.10.1948 ж.т., Армения, Ереван қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. проф., Əзербайжан ҰҒА-ның акад., Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. Əзербайжан мемл. ун-тін бітірген (1971). 2001 жылдан Əзербайжан ҰҒА-ның президенті. Ктің негізгі ғыл. бағыты молекулалы шалаөткізгіштердегі парамагнетизм жəне электр өткізгіштіктің өзара байланысын анықтау. ЛАВЁРОВ Николай Павлович (12.1.1930 ж.т., Ресей, Архангельск обл. Конош ауд. Пожарище с.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1976). КСРО ҒА-ның (1987), Ресей ҒАның акад., Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының (1990), Қырғыстан ҒА-ның (1987) акад., Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. Киров тау-кен химия техникумын (1949), Мəскеу түсті металдар жəне алтын интын (1954) бітірген. 1955–58 ж. аспирант, ассистент, 1958–66 ж. Орта Азия геол. ст-нда ғалым-хатшы, директор, 1966–68 ж. КСРО Геология мин-нде бастықтың орынбасары, 1968–72 ж. КСРО бүкілодақтық геология қорының Е.П.Велихов М.И.Илолов Ю.С.Карабасов М.Керимов ЛАВЁРОВ

бастығы, 1972–83 ж. Ғыл.-зерт. ұйымдары басқармасының бастығы, «Советская геология» журналының бас редакторы, 1983– 87 ж. КСРО Мин. Кеңесі жанындағы халық ш. академиясында проректор, сирек металдар бөлімшесінің директоры (1983–88), 1987–89 ж. Қырғызстан ҒА-ның президенті, КСРО ҒА-ның вице-президенті (1988), Ресей ҒАның вице-президенті (1991 жылдан), 1989–91 ж. КСРО Мемл. к-тінің ғылым мен техника жөніндегі төрағасы, КСРО Мин. Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Ресей ҒА Рудалы кенорын, петрография, минерология жəне геохимия геологиясы ин-тының (ИГЕМ) директоры. Л. уран геологиясы саласындағы ірі маман. Негізгі ғыл. бағыты: рудалы кенорындары геологиясы мен минералды қорлар экономикасы. 500-ден астам ғыл. еңбектің, 20 монографияның авторы. РФ Үкіметі, Демидов, «Триумф», «Глобальная энергия» сыйл. лауреаты. «Құрмет белгісі», 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 1,2,3-дəрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен, медальдармен марапатталған. НИКОЛЬСКИЙ Сергей Михайлович (17.4.1905 ж.т., Ресей, Свердлов обл. Талица қ.) – физ.- матем. ғыл. докт. (1942), проф. КСРО ҒА-ның (1972), Ресей ҒА-ның (1991) акад., Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. Екатеринослав халық ағарту ин-тын (қазіргі Днепропетровск ун-тін) бітірген (1929). 1930–40 ж. сол ин-тта қызмет атқарған. 1940 жылдан КСРО ҒА-ның математика ин-тында қызмет істейді. 1947 жылдан Мəскеу физ.-тех. ин-тының, Мəскеу мемл. ун-тінің проф. Негізгі еңбектері функционалдық анализге, функциялардың жуықтау теориясына, вариац. есептеудің тура əдістерін негіздеуге, дербес туындылы теңдеулердің шекаралық есептердің теориясына арналған. Ол ең жақсы квадратуралық формулалардың теориясын жасады. Қазақстандық математик-ғалымдарды даярлау ісінде елеулі еңбек етіп келеді. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография, 9 оқулықтың авторы. 3 рет КСРО Мемл. (1952, 1977, 1987), Украина мемл. (1994), РФ Үкіметі (2002) сыйл. лауреаты. Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-дəрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» (Ресей) ордендерімен, медальдармен марапатталған. ОСИПОВ Юрий Сергеевич (7. 7.1936 ж.т., Ресей, Тюмень обл. Тобольск қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1971), проф. (1975), КСРО ҒА-ның (1987), Ресей ҒА-ның (1991) акад., ҚР ҰҒА-ның шетелдік акад. (1995). Екатеринбургтегі Орал мемл. ун-тін бітірген (1959). 1961–69 ж. ун-тте аспирант, ассистент, доцент, 1969– 93 ж. КСРО ҒА-ның Орал бөлімшесіндегі Математика жəне механика ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаб., бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директор, 1993–2004 ж. Ресей ҒАның Математика ин-тының директоры қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Ресей ҒА-ның президенті, 1989 жылдан Мəскеу мемл. ун-тінде проф., 1992 жылдан кафедра меңгерушісі. 1992 жылдан Ресей Федерациясының ғылым жəне техника саласындағы мемл. сыйлықтар жөніндегі комиссияның төрағасы, ведомствоаралық сараптық комиссияның ғарыш жөніндегі төрағасы. РФ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Негізгі ғыл. бағыты: басқару теориясы, тұрақтылық теориясы, дифференц. теңдеу теориясы жəне оның тұжырымы. 150-ден астам ғыл. еңбектің авторы. 9 елдің ҒАның шетелдік акад. Лениндік (1976), Ресей Федерациясының мемл. (1993) сыйл. лауреаты. 14 орденмен жəне медальдармен марапатталған. ПАТОН Борис Евгеньевич (27. 11.1918 ж.т., Украина, Киев қ.) – тех. ғыл. докт. (1952), проф. Украина ҰҒА-ның акад. (1958) əрі президенті (1962), КСРО ҒА-ның (1962), Ресей ҒА-ның акад. (1992), 2 мəрте Соц. Еңбек Ері (1969, Н.П.Лавёров С.М.Никольский Ю.С.Осипов НИКОЛЬСКИЙ

1978), тұңғыш Украина Батыры (1998), Ғылым академияларының Халықар. Қауымдастығының президенті, Рим клубының құрметті мүшесі, ҚР ҰҒА-ның шетелдік акад. (1995). Киев политех. ин-тын бітірген (1941). 1941–42 ж. Горький қ-нда з-тта электртех. лабның инженері, 1942–62 ж. УКСР ҒА-ның электр дəнекерлеу интында кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, директоры, 1962– 91 ж. КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты, УКСР Жоғ. Кеңесі Төралқасының мүшесі, КСРО Жоғ. Кеңесінің Одақ Кеңесі Төрағасының орынбасары, КСРО халық депутаты, 1986–94 ж. УКСР Мемл. жоспарлау жəне Украина ҰҒА Төралқасы жанындағы тех. жəне əлеум.-экон. болжау мəселелері бойынша ведомствоаралық ғыл. кеңестің басшысы, 1992–95 ж. Украинаның ғылым жəне техника саласындағы мемл. сыйлықтар жөніндегі к-тінің бастығы, 1997– 2005 ж. Украинаның ұлттық қауіпсіздік жəне қорғаныс кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарған. Пның ғыл. еңбектері металдарды электр-қождық тəсілмен дəнекерлеу, жоғары қысымға арналған бұйымдар жасау, дəнекерлеу өндірісін дамытудың кешенді жоспарын жасау, болатты жəне басқа қорытпаларды электр-қождық əдіс бойынша қайта қорыту мəселелеріне арналған. 1000-нан астам ғыл. еңбектің, 20 монография, 400 өнертабыстың авторы. 13 елдің ҒА-ның шетелдік акад. УКСР ғылымы мен техникасына еңб. сің. қайраткер (1968), КСРО-ның еңб. сің. өнертапқышы (1983). КСРО Мемл. (1950), Лениндік (1957), Украина Мемл. (1970, 2004), КСРО Мин. Кеңесі (1988), Украина Мин. Кеңесі (1984) сыйл. лауреаты. 4 рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, «Халықтар достығы», т.б. орден, медальдармен марапатталған. ПЛАТЭ Николай Альфредович (4.11.1934, Ресей, Мəскеу қ. – 16.3. 2007, сонда) – химия ғыл. докт. (1967), проф. (1967), КСРО ҒАның (1987), Ресей ҒА-ның (1991) акад., ҚР ҰҒА-ның шетелдік акад. Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1956). 1956–2007 ж. Мəскеу мемл. унтінде оқытушы, кафедра, лаб. меңгерушісі, проф., Ресей ҒА-ның вице-президенті, Мұнай-хим. синтез ин-ның директоры қызметтерін атқарды. П-нің негізгі ғыл. бағыты: полимерлі сұйық кристалдар мен мезофазалар, дəрігерлік-биол. бағыттағы полимерлер, макромолекулалардың қатысуымен хим. реакциялар жəне полимерлердің хим. түрөзгерісі, полимерлі мембраналар, мұнай-химиясы. 500-ден астам ғыл. еңбектің, 90 патенттің, 6 кітаптың авторы. КСРО Мемл. сыйл. (1985), РФ Мемл. (2002), Халықар. «Золотой век» (1988) сыйл. лауреаты. «Құрмет белгісі», Халықтар достығы, 2, 3, 4-дəрежелі «Отан алдындағы қызметі үшін», т.б. ордендер, медальдармен марапатталған. САДОВНИЧИЙ Виктор Антонович (3.4.1939 ж.т., Украина, Харьков обл. Краснопавловка пос.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1974), проф. (1977), Ресей ҒАның акад. (1997), Қазақстан ҰҒАның шетелдік акад. Мəскеу мемл. ун-тін (1963), аспирантурасын (1966) бітірген. 1963–92 ж. ун-тте аға лаборант, ассистент, доцент, деканның орынбасары, проф., проректордың орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтерін атқарды. 1992 жылдан ун-т ректоры. Ресей ректорлар одағын басқарады. Негізгі ғыл. бағыты: қарапайым дифференц. операторлар үшін іздер теориясының есептерін шешу, дискретті операторлардың, соның ішінде дербес туындысы бар оператордың кейбір жалпы кластары үшін жүйелі іздер формуласын табу. Ғарыштық ақпараттарды өңдеу алгоритмін жасаған. 300-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 40 монография, оқулық жəне оқу құралдарының авторы. КСРО Мемл. (1989), Ресейдің мемл. (2002), РФ Үкіметінің (2011), Қазақстанның мемл. жəне ҚР Президентінің бейбітшілік жəне рухани келісім (1998) сыйл. лауреаты. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Достық» (Қазақстан 1998), т.б. көптеген ордендермен, медальдармен марапатталған. СТУДЕНИКИН Митрофан Яковлевич (2.12.1923 ж.т., Ресей, Воронеж обл. Листопадовка с.) – мед. ғыл. докт. (1966), проф. (1966), Б.Е.Патон Н.А.Платэ В.А.Садовничий СТУДЕНИКИН

12 ұлттық ин-ттар мен ұйымдардың алтын медалімен марапатталған. ЮЛДАШЕВ Бехзод Садықұлы (9.5.1945 ж.т., Өзбекстан, Ташкент қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1981), проф., Өзбекстан Республикасы ҒА-ның акад., Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. Ташкент мемл. ун-тін бітірген (1968). 1968–83 ж. ядр. физика ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 1984– 90 ж. физ.-тех. ин-тында лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990–2006 ж. ядр. физика ин-тының директоры болды. Ю. физиканың элементар бөлшектер жəне атомдық ядро саласындағы аса көрнекті ғалым. Жоғары жəне төм. энергия саласындағы бөлшектер мен ядролардың өзара əрекетін зерттеуде ауқымды шаралар жүргізді. 350-ден астам ғыл. еңбектің авторы. КСРО мед. ғыл. академиясының (1975), Ресей мед. ғыл. академиясының акад. Қазақстан ҰҒА-ның шетелдік акад. РФ ғылымына еңб. сің. қайраткер. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 2-Мəскеу мед. ин-тын (1952, қазіргі Ресей мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1952–69 ж. осы ин-тта аспирант, ассистент, доцент. 1960 жылдан Ресей мед. ғыл. академиясының педиатрия ин-тын басқарады. 1969 жылдан Ресей мемл. мед. ун-тінде балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі. 1989–91 ж. КСРО халық депутаты болды. Негізгі ғыл. бағыты: тамырлы дистония, неонатология, бауыр жəне өт жолдары, бауыр, қан, мусковисцидоз, аллерг. аурулары, əлеум. педиатрия мəселелері. 250-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монографияның авторы. С. Мəскеу балалар қорының президенті. Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 1, 2-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Халықтар достығы», 4-дəрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. ХАН Абдул Кадыр (1.4.1936 ж.т., Үндістан, Бхопал қ.) – ғыл. докт. (1972). Пəкістан ҒА-ның акад., ҚР ҰҒА-ның шетелдік акад. (1995). Карачи ун-тін (1960), Лувен (ГФР) тех. ун-тін (1967) бітірген. 1961– 75 ж. ГФР-де, Голландия мен Бельгияда физ. лаб-да еңбек етті. 1975 ж. Пəкстанға оралып инж. зерт. лаб-н басқарды. Бұл лаб. 1981 жылдан «доктор Ханның зерттеу лабораториясы» деп аталады. Х. Пəкстан ядр. бағдарламасының негізін қалаушы, əрі басшысы. Елдің əскери қабілетін нығайтуға, ғыл.-технол. білімді дамытуға көп күш жұмсаған. Гулам Исхак Хан ун-тінің директоры қызметін атқарған. 138 ғыл. еңбектің авторы. Хилол-е-Имтиаз атынд. марапаттың иегері (1989). М.Я.Студеникин А.К.Хан Б.Юлдашев ХАН

À АБСАДЫҚОВ Бақыт Нəрікбайұлы (5.3.1966 ж.т., Алматы қ.) – PhD (1997), тех. ғыл. докт. (2010), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Қазақ политех. ин-тын (1988, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті), Стамбул (Түркия) тех. ун-тінің (1997) жəне ҚазҰТУдың (2009) докторантурасын бітірген. 1988–92 ж. ҚазҰТУ-да оқытушы, 1998–2002 ж. доцент болды. 2004–11 ж. ҚазақстанБритан тех. ун-тінде лаб., кафедра меңгерушісі, 2011 жылдан ун-т академиясының директоры қызметтерін атқарады. «Разработка ресурсосберегающих технологических и технических решений для повышения эффективности процессов листовой прокатки» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 150-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография, 3 оқу құралы мен 9 патенттің авторы. АВЕТИСЯН Хосров Кургинович (3.11.1900, қазіргі Армения, Гукасян ауд. Илли с. – 24.3.1954, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1941), проф. (1940), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1946). Мəскеу Тау-кен академиясын (1929) бітірген. 1931–39 ж. Мəскеудің Түсті металдар жəне алтын ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі, Қазақстан ҒАның Металлургия жəне кен байыту ин-тында түсті металдар лаб-ның меңгерушісі, 1939 жылдан Армения Тау-кен жұмысшылары одағының, Кəсіподақтар кеңесінің басшыларының бірі болды. Мыс балқымалары штейндері мен қалдықтарын зерттеудің негізін салған. Балқытылған жəне күйдірілген өнімдердің құрамын тез жəне оңай анықтауға мүмкіндік беретін магнитометр. əдістер жасап, оларды мыс қорыту з-ттарына енгізді. Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. АВРОВ Петр Яковлевич (24.6. 1899, қазіргі Жамбыл обл. Мерке ауд. Мерке а. – 5.5.1968, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1959), проф. (1959), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград тау-кен ин-тын бітірген (1927). Геол. барлау партиясының бастығы (1928– 30), цех бастығы (1930–32), «Ембімұнай» геол. барлау тресінің (1932–42), «Қазмұнайбарлау», «Ақтөбемұнайбарлау» трестерінің (1942–56) бас геологы, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1956–59), Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында сектор меңгерушісі (1959–68) болды. А. – Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау обл-ндағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар; Ақтөбе обл-ндағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғыл. еңбектері мұнай жəне газ кендері геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау əдістеріне арналған. Ленин, «Құрмет белгісі» орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. АЗНАБАЕВ Эдуард Қасымұлы (6.2.1936, Жамбыл обл. Мерке а. – 21.12.1995, Алматы қ.) – геол.- минерал. ғыл. докт. (1992), ҚР ҒАның корр. мүшесі (1995). ҚазМУды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының аға инженері (1964–66), кіші жəне аға ғыл. қызметкері (1966–86), лаб. меңгерушісі (1986–93), ҚР ҰҒА-ның Батыс Қазақстандағы (Атырау) Орт. кешенді отын-энергет. бөлімшесінің директоры (1993–94), лаб. меңгерушісі (1994), Қазақ минералдық шикізаттар ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары (1994–95) болды. Негізгі ғыл.- зерт. бағыты Қазақстандағы шөгінді мұнай-газ алаптарының геол. құрылымын, мұнай мен газдың Б.Абсадыков ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОРРЕСПОНДЕНТ МҮШЕЛЕРІ

жер қойнауында орналасу заңдылықтарын, көмірсутектердің пайда болуын, олардың кезеңдік, темпралық өзгеруін, көшіп-қонуын зерттеуге арналған. А. Қазақстанның 1:1 500 000 масштабтық тарихи-генетик. мұнай-газ картасын жасауға қатысқан. 72 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. АЙТАЛИЕВ Жарқын (15.8.1903, Батыс Қазақстан обл. Жəнібек ауд. Шоңай а. – 26.9.1970, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1949), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958). Томск технол. интын бітірген (1930). 1930–38 ж. Оңт. жəне Орт. Қазақстанда темір, полиметалл, Алтай мен Қалбаның сирек кездесетін металл кендерін барлаумен шұғылданған. 1938–48 ж. халық ш-на, əсіресе, майдан мұқтажына аса қажетті шашыранды жəне сирек кездесетін металдарды іздеу мен зерттеуде көп жұмыс атқарды. Алтай кен-металлургия ғыл.-зерт. интының директоры, геол. бөлімінің меңгерушісі (1948–56), Қазақстан Геол. министрінің орынбасары (1957–61), Қазақстан ҒА-ның Физ. геогр. ин-тының сектор меңгерушісі (1963–67) болды. А-тің жетекшілігімен Таулы Алтайдағы сирек кездесетін металдар аймағының қазақстандық бөлігі бойынша металлоген. мəліметтер жинақталып, қорытылды, Қалба– Нарым металлогения белдеуінің болжамдық картасы жасалды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. АЙТБАЕВ Теміржан Ерқасұлы (1.11.1962 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Арқарлы а.) – а.ш. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Қазақ а.ш. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген (1989). 1989 жылдан Қазақ картоп жəне көкөніс ш. ғыл.- зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, ғыл. хатшы, директордың орынбасары, 2004 жылдан Бас директоры қызметін атқарады. Негізгі ғыл. бағыты – республика жағдайына лайықтап картоп жəне көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы мен агротехникасын жетілдіру, бəсекеге қабілетті сорттар мен инновац. технологияларды енгізу мен оларды қолдау. 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 кітап, 3 авторлық куəлік пен картоп жəне көкөніс-бақша дақылдарының жаңа 25 сортының телавторы. Медальдармен марапатталған. АКУШСКИЙ Израиль Яковлевич (30.7.1911, Украина, Днепропетровск қ. – 2.4.1992, Мəскеу қ.) – тех. ғыл. докт. (1962), проф. (1966), ҚР ҒА-ның корр. мүшесі (1970). Мəскеу мемл. ун-тін бітірген (1932). 1953–56 ж. ҚР ҒАның Машина жəне есептеу матем. лаб-ның меңгерушісі болды. «Математикалық машиналар теориясы» тақырыбында докт. дисс. қорғады. А. есептеу математикасы мен техникасы саласында қалдықтар кластары жүйесіндегі жаңа бағыттың, есептеу процестерін ұйымдастыру мəселелерінің негізін салған. Сондай-ақ есептеу теориясын, бағдарламалау негіздерін, қолданбалы инж. шешімдер мəселесін зерттеген. 200-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 12 монографияның, 80 өнертабыс пен 50 шетелдік патенттің авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. АМАНЖОЛОВ Сəрсен (27.12. 1903, Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд. Егінсу а. – 28.1.1958, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1948), проф. (1948), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Орта Азия мемл. ун-тін бітірген (1930). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1931 ж. ҚазПИ-де оқытушы, 20 жылдай қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. 1934–36 ж. Қазақтың ұлт мəдениетін зерттеу ин-тының директоры, ғыл. хатшысы қызметтерін атқарды. 1937–42 ж. КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесінің тіл жəне əдебиет секторын басқарды, 1946–58 ж. Қазақстан ҒА Тіл жəне əдебиет ин-тында бөлім меңгерушісі болды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. А. қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз əдебиеті нұсқаларын жинап, əдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мəселелері» тақырыбында докт. дисс. қорғады. А. жалпы тіл біліміндегі синтаксис мəселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. «Қазақстанның 15 жылдығы» құрмет белгісімен (1935), жауынгерлік медальдармен марапатталған. АМАНОВ Төлеубай Ыдырысұлы (25.8.1923, Шығыс Қазақстан обл. Семей қалалық əкімдігі, Құрманқожа а. – 21.6.1978, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1968), проф. (1971), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972). 1940–42 ж. Т.Айтбаев С.Аманжолов АЙТАЛИЕВ

Семей пед. ин-тының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы пед. ин-тты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мəскеуде КСРО ҒА-ның Матем. ин-тында аспирант, 1953–63 ж. Семей пед. ин-тының проректоры жəне жоғары матем. кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан ҒА-ның Матем. жəне механика ин-ты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, Матем. жəне механика ин-тының директоры (1970–78) болды. А-тың ғыл.-зерт. еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы жəне оның қолданылатын мəселелері қарастырылған. Докт. дисс-сында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мəселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Семей қның орт. көшелерінің бірі жəне ондағы №16 мектеп, туған ауылындағы орта мектеп жəне бір көше А. атымен аталады. Бірнеше медальдармен марапатталған. АРЗЫҚҰЛОВ Жеткерген Əнесұлы (2.7.1957 ж.т., Қызылорда обл. Арал қ.) – мед. ғыл. докт. (1999), проф. (2001). ҚР ҰҒАның корр. мүшесі (2012), Ресей мед. ғыл. академиясының акад. (2005). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1980, қазіргі Батыс Қазақстан мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1982– 84 ж. Ақтөбе қ-ндағы т. ж. ауруханасында дəрігер-онколог. 1984– 93 ж. Ақтөбе обл. онколог. диспансерінің торокалды бөлімін ұйымдастырып, оған басшылық етті. 1993–96 ж. Ресей Онкология ғыл. орт-нда докторант, 1996–2001 ж. Батыс Қазақстан мемл. мед. унтінде онкология кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылдан Қазақ онкология жэне радиология ғыл.- зерт. ин-тының директоры. А. ЕSSО, АSКО, ІSDS жəне Ресей онкологтар қоғамының мүшесі. 300 ғыл. еңбектің, 4 монографияның, 16 оқулық пен 29 жаңалықтың авторы. АРЫСТАНБЕКОВ Хайдар (30. 3.1919, қазіргі Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Абай а. – 2.2.2008, Алматы қ.) – экон. ғыл. канд. (1954), проф. (1966), ҚР ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСРінің еңбек сің. а. ш. қызметкері (1980). Қазақ а. ш. ин-тын (1941), Мəскеу жоғары партия мектебін (1945) бітірген. 1941–63 ж. əр түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1963–81 ж. Қазақ а. ш. ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ректоры, 1981–90 ж. осы ин-тта кафедра меңгерушісі, проф. болды. Оның негізгі ғыл. еңбектері орман қорын қорғау, оны тиімді пайдалану, топырақты жер, су эрозиясынан сақтау мəселелерін зерттеуге арналған. А. сондай-ақ Қазақстанда а. ш. ғылымын қалыптастыру мен дамытуға, а. ш-н өркендету жəне білікті мамандар даярлау мəселелеріне үлкен үлес қосты. Тың жəне тыңайған жерлерде жаңадан ірі астық кеңшарларын ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. 150-ден астам ғыл. еңбектің, монографияның авторы. А. 5-сайл. КСРО Жоғ. Кеңесінің жəне 3–4, 7–9-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Парасат» (2006) ордендерімен жəне көптеген медальдармен марапатталған. АТАЖАНОВА Гаянэ Абдулхакимқызы (7.3.1965 ж.т., Қарағанды қ.) – хим. ғыл. докт. (2008), проф. (2011). ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының (2010), ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі (2012). Қарағанды мемл. ун-тін бітірген (1991). 1991–95 ж. Еңбек миннде жұмыс істеді. 1996 жылдан Қарағанды қ-ндағы Фитохимия ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, 2003 жылдан лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарады. «Терпеноиды эфирных масел растений. Строение молекул, химическая модификация и практическое применение» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыТ.Аманов Ж.Арзықұлов Х.Арыстанбеков Г.Атажанова АТАЖАНОВА

ты: биоорганик. химия, табиғи жəне физиол. белсенді заттар химиясы. 180-нен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 17 патенттің авторы. Қ.Сəтбаев атынд. мемл. сыйл. лауреаты (2006). АХАНОВ Кəкен (2.5.1928, Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд. Бозанбай а. – 14.8.1978, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1966), проф. (1969), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1975). ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филол. ф-тінің деканы (1961–77) қызметтерін атқарды. Алматы мемл. шет тілдері ин-тының ректоры (1977–78) болды. Ол қазақ тіл білімінің теор., методол. тұрғыдан жүйеленуі, негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің əлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін зерттеді. «Тіл білімінің негіздері» деген монограф. еңбегі жоғары оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылып келеді. А-тың жалпы тіл білімі теориясын зерттеген ғыл. еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес ретінде қабылданды. АЯПОВ Өскенбай (15.9.1929, Жамбыл обл. Сарысу ауд. Саудакент а. – 17.1.1983, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1973), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1979). Қазақ Хим.-технол. ин-тын бітірген (1951). Қазақстан ҒАның Отқа төзімді жəне құрылыс материалдары ин-тында аспирант, кіші ғыл. қызметкер (1951– 59), Алматы Құрылыс материалдары ғыл.-зерт. жəне жобалау ин-тында аға ғыл. қызметкер, ғалым-хатшы, лаб. меңгерушісі (1959–75), Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту интында лаб. меңгерушісі, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1975–83) болды. Құрылыс материалдары өнеркəсібі мин. қарамағындағы кəсіпорындардың өнім сапасын бағалау жөніндегі мемл. комиссияны (1976–79) басқарды. Негізгі ғыл. жұмыстары тұтқыр материалдардың қатайғанда гидраттануын жəне құрылым түзілуін зерттеуге арналған. 30 авторлық куəлік алған. А. жəне оның басқаруымен жүргізілген ғыл. жұмыстардың нəтижелері республикадағы құрылыс материалдары өндірісі мекемелеріне кеңінен ендірілді. ¢ ƏБДІРАЙЫМ Бақытжан Жарылқасынұлы (13.5.1965 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Қаратау қ.) – заң ғыл. докт. (2002), проф., (2003), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), ҚР Заң академиясының акад. ҚазМУ-ды (1990, қазіргі ҚазҰУ) жəне «Тұран» ун-тін (1997) бітірген. ҚР Мемл. арбитражда экон. кеңесші жəне мемл. арбитр болып қызмет еткен. ҚР Жоғ. арбитраж соты (1993) мен ҚР Жоғ. (1995) сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2001 ж. ҚР Жоғ. соты Кеңесінің мүшесі, сол жылы ҚР Судьялар одағының төрағасы болып сайланды. 2006 жылға дейін ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің, одан кейін ҚР Парламенті Сенаты аппаратының басшысы, 2006–07 ж. Ақмола технол. жəне бизнес унтінің ректоры, 2007 ж. ҚР Жоғ. соты жанындағы Сот əкімш. жөніндегі к-тінің төрағасы жəне ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы, 2008– 11 ж. Еуразия ұлттық ун-тінің ректоры қызметтерін атқарды. «Проблемы совершенствования процессуальных форм реализации норм земельного права» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Ə. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы. ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР-ның құрметті судьясы, Сот жүйесінің құрметті қызметкері. «Құрмет» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ƏБІШЕВ Жантөре Нұрланұлы (18.3.1936, Қарағанды обл. Осакаровка ауд. Тельман а. – 23.9. 1999) – тех. ғыл. докт. (1983), проф. (1987), Қазақстан ҒА-ның К.Аханов Ө.Аяпов Б.Əбдірайым АХАНОВ

корр. мүшесі (1983), Қазақстанның еңб. сің. өнертапқышы (1994). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген (1957). Қарағанды ғыл.- зерт. көмір ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1957–59), Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия интында кіші ғыл. қызметкер, аспирант, инженер, ғыл. хатшы, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры (1959–92) болды. ҚР Ғылым жəне жаңа технологиялар мин-нде басқарма бастығы (1992–93), Қазақстан Республикасының Минералды шикізаттарды кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орт-ның бас директоры (1993–99) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері түсті жəне сирек кездесетін металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ə. құрамында пирит бар полиметалл шикізатын термомагниттік жолмен байыту, сульфид концентраттарын автоклавта кремнийден арылту технологиясын жасап, тотыққан минералдарды гидротермдік жолмен сульфидтеу əдістерін ұсынды. 300-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10-нан аса монографияның, 74 авторлық куəлік пен 35 шетелдік патенттің авторы. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (2001). «Құрмет белгісі» орденімен (1986), медальдармен марапатталған. ƏБІШЕВ Медеу Ержанұлы (1976 ж.т.) – физ.-мат. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазҰУ-ды бітірген (1998). Қазіргі кезде ҚазҰУ-де теор. физика кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты: гравитация жəне салыстырмалық теориясы, релятивтік астрофизика. 80-нен астам ғыл. еңбектің, өнертабыстық патенттердің авторы. Рио-де-Жанейро, Берлин, Мəскеу, Париж жəне Пекин қ-ларында өткен халықар. конференцияларда ғыл. баяндамалар жасаған. ƏДІЛОВ Жексенбек Мəкейұлы (25.11.1949 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1999). проф. (1993). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Халықар. инж. академияның акад. Қазақ политех. ин-тын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) жəне Мəскеу құрылыс-инж. ин-тының аспирантурасын (1977) бітірген. Алматы сəулет-құрылыс ин-тында (қазіргі Қазақ Бас сəулет-құрылыс академиясы) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1980– 2000), ҚР Білім жəне ғыл. мин-нде департамент директоры (2001– 04), 2004–08 ж. Семей мемл. унтінің ректоры қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінің ректоры. «Управление устойчивым экономическим развитием производства (на примере производственной базы строительства)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Ə. 150ден астам ғыл.-əдістемелік еңбектің, оның ішінде 9 монографияның, 11 оқу құралының авторы. ƏЗІРБАЕВ Ерден Нығметұлы (12.7.1912, Батыс Қазақстан обл. Жəнібек ауд. Сайқын ст. – 14.1. 1975, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1961), проф (1963), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1969). Саратов ун-тін (1933), Ленинград мемл. ун-тінің аспирантурасын (1937–40) бітірген. 1933–34 ж. Саратов крекинг зтында, 1934–35 ж. Орал пед. интында жұмыс істеп, осында хим. кафедрасын ұйымдастырды. 1935– 37 жəне 1940–52 ж. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940– 47), Қазақстан ҒА-ның Хим.-металлургия ин-тында лаб. меңгерушісі (1943–47, 1954–58), тұңғыш директоры (1958–64), лаб., бөлім меңгерушісі (1964–75) қызметін атқарды. Уфа ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер (1952– 53), Семей мемл. мед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1953–54), Қарағанды мемл. пед. ин-тында проф. (1962–64) болды. Ə. тұңғыш қазақ хим. ғыл. докт. «Ацетилен туындылары, ацетилен негізіндегі синтездер, ацетиленді спирттерді талғамды гидрлеу жəне орынбасқышты ацетиленді қосылыстардың қайтымды изомерленуі» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері көмір, мұнай, ацетилен, органик. қосылыстар, изиол. активті заттар химиясына, нəзік органик. қосылыстар синтезіне арналған. Ə. органик. синтез саласында ацетиленнің жаңа туынЖ.Əбішев М.Əбішев Ж.Əділов ƏЗІРБАЕВ

дыларын жəне оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке карсы қолданылатын «Глиофен», а. шнда өсімдік өсуін тездететін «Акпинол», «Фоспинол» препараттарын тапты. 500-дей ғыл. еңбектің, 4 монографияның, 60 авторлық куəліктің авторы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» (1945) ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. Á БАЙМАХАНОВ Болатбек Бимендеұлы (3.9.1962 ж.т., Қызылорда қ.) – мед. ғыл. докт. (2001), проф. (2006). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2001). Алматы мемл. мед. ин-тын (1986, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) Қазақ экон. ун-тін (2006) бітірген. Қызылорда обл. ауруханасында дəрігер-хирург (1986–90), Алматы қ-ндағы Хирургия ғыл. орт-нда ғыл. аға ғыл. қызметкер (1990– 2000; 2003–08 ж. орт. директоры, бөлім меңгерушісі), Оңт. Қазақстан обл. денсаулық сақтау департаментінің бастығы (2000–03), Қызылорда обл. денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2008– 11) болды. 2011 жылдан Респ. жедел жəрдем ғыл. орт. директорлар кеңесінің төрағасы. Оның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары кардия ахалазиясы мен өңештің күйіктен кейінгі тыртықтың тарылуын емдеу мəселесіне арналған. «Эзофагопластика при послеожоговом рубцовом сужении пищевода» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Б. 200-ге жуық ғыл. еңбектің, 4 монография мен 20-дан астам патенттің авторы. «Құрмет» орденімен (2006), медальдармен марапатталған. БАЙМҰҚАНОВ Дастанбек Асылбекұлы (1969 ж.т.) – а.ш. ғыл. докт. (2007). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). 280 ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография, 6 кітап пен 30 өнертабыстың авторы. БАЙТАНАЕВ Бауыржан Əбішұлы (1962 ж.т.) – тарих ғыл. докт. (2009). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Негізгі ғыл. еңбектері көне Исфиджабтың (Сайрам) тарихын зерттеуге арналған. 130дан астам ғыл. еңбектің, 6 монографияның авторы. БАЛАҚАЕВ Мəулен (7.10.1907, Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қалалық əкімдігі, Шаға а. – 15. 11.1995, Түркістан қ.) – филол. ғыл. докт. (1951), проф. (1952), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1956), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1958). Қазақ пед. ин-тын бітірген (1934). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Алматы журналистика ин-тының кафедра меңгерушісі (1937–41), Шет тілдері ин-тының директоры (1941– 42). Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943–45), Мемл. терминология комиссиясының ғалым-хатшысы (1946– 63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952–75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан ҒА-да (1945–59, 1975–87) бөлім меңгерушісі, ғыл. кеңесші (1987–95) болды. Б-тың ғыл.-зерт. еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мəдениеті, стилистика тəрізді өзекті мəселелеріне арналған. «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мəселелері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Б. орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене атсалысты. Б. 150-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен моногр. зерттеулердің авторы. «Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1986) атағы берілді. 2-дəрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. БАЛЬМОНТ Владимир Александрович (16.2.1901, Ресей, Иваново обл. Шуя қ. – 7.5.1971, Алматы қ.) – а.ш. ғыл. докт. (1946), проф. (1948) Бүкілодақтық а. ш. ҒА-ның акад. (1945), Қазақстан Б.Баймаханов Б.Байтанаев М.Балақаев БАЙМАХАНОВ

ҒА-ның корр. мүшесі (1954), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1954). Омбыдағы Сібір а. ш. жəне орман ш. ин-тын (1926) жəне Аскания-Новадағы қой бонитерлерінің жоғары курсын (1929) бітірген. Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тында оқытушы (1929–36), кафедра меңгерушісі (1952–57), Бүкілодақтық а. ш. ҒА-ның Қазақ бөлімшесінің (1936–52), Қазақстан а. ш. ҒАның вице-президенті (1957–61), Қазақ мал өсіру ғыл.-зерт. интында лаб. меңгерушісі (1961–70) болды. «Қазақтың биязы жүнді қойын шығару» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері қой өсіру жəне оның селекциясына арналған. Б. тұқымаралық будандастыру əдісін жетілдіріп, қой ш-на енгізді. Басқа ғалымдармен бірлесіп, қазақтың биязы жүнді қойын (КСРО Мемл. сыйл., 1946), Қарғалы құйрықты қойын, қараала Ақсай шошқасын шығарды; республикада кроссбред қой ш-н қалыптастырушы жəне ұйымдастырушы болды. Ол 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. БАТИЩЕВ–ТАРАСОВ Степан Дмитриевич (1.8.1911, Ресей, қазіргі Самара обл. Ставрополь ауд. Верхняя Белоозерка с. – 28.3. 1961, қазіргі Екатеринбург қ.) – Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958). Ленинград (1935, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен ин-тын бітірген. РКФСР геол. трестің геологы, партия бастығы, жетекшізерттеуші (1935–42), Қазақстандағы Атасу геол.-барлау экспед-ның бастығы, бас инженері, «Оралқараметаллбарлау» тресінің геол. бөлімінің бастығы, Қостанай геол. трестің бас инженері, Орал геол. басқармасында бөлім меңгерушісі (1942–61) қызметтерін атқарды. КСРО Мемл. (1951) жəне Лениндік (1957) сыйлықтардың лауреаты. БЕДАРЕВ Сергей Алексеевич (5.9.1926 ж.т., Алматы обл. Ескелді би ауд. М.Байысов а.) – биол. ғыл. докт. (1970), проф (1980), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1989). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Осы ин-тта аспирант (1954–57), Қазақстан ҒА-ның Ботаника интының кіші, аға ғыл. қызметкері (1958–64). Қазақ гидрометеорологиясы бөлімін (1964–81) басқарды. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, декан (1981– 88). ҚР ҰҒА-ның Ботаника интының директоры (1988–94). 1994 жылдан Ботаника жəне фитоинтродукция ин-тында лаб. меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері мал азығын өндіру мəселелеріне арналған. Батыс Қазақстанның шөл өңірінде шабындықтар мен жайылымдардың шығымдылығын болжау əдістерін ұсынды. Б. 140 ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монографияның авторы. БЕЗСОНОВ Андрей Иванович (27.4.1875, Нижний Новгород – 28.2.1962, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1936), проф. (1926). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1945). Санкт-Петербург ун-тін бітірген (1898). 1921–38 ж. Ресейде (Мəскеу, Самара, Башқортостан) ғыл.-зерт. жəне пед. жұмыстарда болды. 1938–51 ж. КСРО ҒА Топырақтану ин-тының Қазақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі, Қазақстан ҒА-ның Топырақтану ин-тында директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Негізгі еңбектері топырақтану мəселелеріне арналған. Орт. Қазақстан, Ертіс аймағы, Сырдария, Тянь-Шань, Алтай аймақтарының топырақ жамылғысын зерттеуге қатысты. Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы бір шың мен мұздық Б. есімімен аталған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. БЕЙСЕМБАЕВ Болат Балтақайұлы (1.10.1938, Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Георгиевка а. – В.А.Бальмонт С.Д.Батищев-Тарасов С.А.Бедарев А.И.Безсонов БЕЙСЕМБАЕВ

9.10.1999, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1984), проф. (1992), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1989). Қазақ кен-металлургия ин-тын (1961) жəне оның аспирантурасын (1964) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, инт директорының орынбасары (1965–95), 1995–99 ж. сол ин-ттың директоры жəне ҚР ҰҒАның Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы болды. Негізгі ғыл. еңбектері түсті жəне сирек металдар металлургиясын зерттеуге арналған. Ол түсті металдар мен фосфордың баланстан тыс жəне қиын байытылатын кентастарын кешенді өңдеу процесінің хим.-металлург. негізін жасады. Сапасы төмен Жаңатас кварциті мен құрамында марганеці бар Шолақтау фосфоритін қайта өңдеу технологиясын өндіріске енгізді. Титан өндіру кезінде ванадийлі қосылыстар алудың жаңа технологиясын, сондай-ақ қорғасын-мырышты кентастарды жер астында шаймалау жобасын жасады. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1982). 202 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 57 авторлық куəлік пен 7 шетелдік патенттің авторы. БЕЙСЕМБЕТОВ Ескендір Қалыбекұлы (27.9.1966 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2004), проф. ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Мəскеу экон.-статист. интын (1990), аспирантурасын (1993) бітірген. 1996–99 ж. экон. зерттеулер ин-тының директорының орынбасары, директоры, 1999– 2000 ж. ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, 2000–01 ж. ҚР Президенті əкімш-нде бөлім меңгерушісі, 2001–03 ж. ҚР стратег. жоспарлау жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2003–04 ж. «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ-нда атқарушы директор қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Қазақстан-Британ тех. ун-тінің ректоры. «АльПари» журналының негізін салушы. 30-дан астам ғыл. еңбектің авторы. БЕКМАХАНОВ Ермұқан (15.2. 1915, Павлодар обл. Баянауыл ауд. – 6.5.1966, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1948), проф. (1949), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Воронеж пед. ин-тын бітірген (1937). Пед. ғыл.-зерт. интының (қазіргі Білім академиясының) ғыл. қызметкері, директоры (1937–45) болған. Соғыс жылдары Халық ағарту комиссариатының басқармасын басқарды, сонымен қатар Қазақстан КП ОК-нің лекторы (1941–46) болып қызмет істеді. Тарих, археол. жəне этнол. ин-тының аға ғыл. қызметкері, директорының орынбасары (1945–47), ҚазМУдың оқытушысы, проф., кафедра меңгерушісі (1947–51) болды. Алғаш рет 1944 ж. «Қазақ ССР тарихындағы» (А., 1943) Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы тараудың авторы ретінде əділетсіз сынға ұшырады. «ХІХ ғасырдың 20–40-жылдарындағы Қазақстан» атты кітабында (1947) Кенесары Қасымұлының көтерілісін (1837–47) қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретінде бағалағандығы үшін саяси қуғынсүргінге душар болды. 1952 ж. 25 жылға бас бостандығынан айрылып, жер аударылды. 1954 ж. ақталып шыққан соң, ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі (1958–66) болып тағайындалды. «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40-жылдарында» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Қазақстанның 18–19 ғлардағы саяси, əлеум.-экон. тарихы туралы терең мазмұнды бірнеше ғыл. еңбектер жазды. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. БИСЕНБАЕВ Амангелді Қуанбайұлы (5.11.1966 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. Əйтеке би кенті) – биол. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазҰУ-ды (1990), аспирантурасын (1993) бітірген. 1994 жылдан ун-тте аға оқытушы, доцент, 2000 жылдан ун-ттің проф., «Биология жəне биотехнология мəселелері ғылыми зерттеу институтының» директоры. «Бидай алейрон клеткалары апоптозының биохимиялық механизмдері» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: жасушалардың программаланған өлімінің молекулалық – генетика механизмдеБ.Бейсембаев Е.Бейсембетов Е.Бекмаханов БЕЙСЕМБЕТОВ

рі; жасушаішілік сигналды жүйелер, Қазақстанда сирек, эндемді жəне экол.-ғыл. жəне мəдени маңызы бар өсімдіктер түрлерінің популяцияларының генетик. структурасын молекула-генетик. талдау тəсілдерімен бағалау. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. Ы. Алтынсарин атынд. төсбелгімен марапатталған. БОГОЛЮБСКИЙ Сергей Николаевич (18.8.1885, Ресей, Самара қ. – 1.12.1976, Мəскеу қ.) – биол. ғыл. докт. (1934), проф. (1935), Қазақ КСР-і ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Ресейге еңб. сің. ғыл. қайраткері (1965). Мəскеу ин-тын бітірген (1909). Осы ин-тта ассистент, приват-доцент, проф., доцент (1909–30), Иваново пед. интының ректоры (1919–23), Мəскеу зоотехн. жəне түбіт-тері инттарында кафедра меңгерушісі (1923–55), Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биология ин-ты директоры (1946–48), КСРО ҒАның Жануарлар морфологиясы ин-тының, Бүкілодақтық мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының, Жануарлардың эволюц. морфологиясы жəне экологиясы ин-тының лаб. меңгерушісі, аға ғыл. қызметкері, ғыл. кеңесшісі (1955–76) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері салыстырмалы анатомия жəне жануарлардың эволюц. морфологиясын зерттеуге арналған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. БРИЧКИН Александр Васильевич (2.11.1900, Ресей, Рязань губ. Михайлов қ. – 5.2.1971, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1941), проф. (1942), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1946). Томск технол. ин-тын бітірген (1924). 1924–41 ж. Ресейдің əр түрлі өндіріс орындары мен жоғары оқу орындарында қызмет етті. 1941–71 ж. Қазақ тау-кен металлургия ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі болды. Негізгі ғыл. еңбектері қопару ұңғымаларын терм. əдіспен бұрғылауға, қатты тау жыныстары мен темір-бетон бұйымдарын отпен кесіп өңдеуге арналған. 35 өнертабыстың авторы. 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. БУБЛИЧЕНКО Николай Лазаревич (22.10.1899, Украина, Харьков қ. – 2.7.1990, Ресей, СанктПетербург қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1940), проф. (1940), Қазақ КСР ҒА-ның корр. мүшесі (1958), Қазақстанға еңб. сің. ғыл. жəне тех. қайраткері (1961). СанктПетербург тау-кен ин-тын бітірген (1924). Геология к-тінің барлау экспед-нда аға коллектор, геолог (1924–39) болып, Алтайда, Қаратауда жəне Балқаш аймағында жұмыс істеді. КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің геология секторында (қазіргі Қ.И.Сəтбаев атынд. Геол. ғылымдар ин-ты) аға ғыл. қызметкер (1939–50), Өскемен қндағы Алтай тау-кен металлургия ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі жəне директордың орынбасары (1950–69), Геол. ғылымдар ин-тының Алтай бөлімінде ғыл. жетекші (1969–73), аға ғыл. қызметкер жəне кеңесші (1973–82) ретінде жұмыстар істеді. Негізгі ғыл. бағыты – Қазақстанның девон жəне тас көмір жүйелерінің стратиграфиясы мен палеонтологиясын жəне девон брахионод жəндіктерін зерттеу. Алтайдағы колчедан-полиметалл кендерінің тек девон дəуірінің уақытында пайда болғанын дəлелдеген. Ғыл. салада 150-ден астам еңбектердің, оның ішінде 3 монографияның, бірнеше геол. карталардың авторы. 2-дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. Есімі Қазақстанның құрметті Алтын кітабына жазылған. БУЛАНОВ Петр Александрович (1.11.1905, Беларусь, Витебск қ. – 1990) – биол. ғыл. докт. (1942), проф. (1942), Қазақ КСР-і ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Витебск мал дəрігерлік ин-тын бітірген (1930). Алматы мал дəрігерлік ин-тында А.Бисенбаев С.Н.Боголюбский А.В.Бричкин Н.Л.Бубличенко БУЛАНОВ

проф. (1934–61), Белоруссия ҒАның эксперименттік ботаника жəне микробиология ин-тында, Беларусь ун-тінде (1961–69) істеген. Қазақ Мемл. ун-тінде проф. жəне кафедра меңгерушісі қызметтерін (1969–72) атқарды. Б. жыланның уытын қайтаратын вакцина, қан сарысуы жəне антиномицин жаңа антибиотик (целикомицин) ашты. Микробтардың меланин деп аталатын бояулы затын ісікке қарсы қолдану əдісін ұсынды. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. БІРІМЖАНОВ Батырбек Ахметұлы (10.12.1911, қазіргі Орынбор обл. Бузулук қ. – 7.3.1985, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1966), проф. (1965), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1968). ҚазПИ-ді (1932, қазіргі ҚазҰПУ), Ленинград мемл. унтінің аспирантурасын (1939) бітірген. 1934 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1954–80) болды. «Физико-химия процессов образования солей Прибалхашья и их использования» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері табиғи тұздар мен оларды пайдалану жолдарына, тыңайтқыштар химиясына арналған. Б. құрлықтық тұз түзілу теориясын, Қаратау жəне Ақтөбе фосфориттерінен концентрленген тыңайтқыш алудың технол. схемасын, фосфор жəне бор қышқылдарын тазарту жолдарын ұсынған; күрделі тұздарды синтездеу, еркін конвекция жағдайында қатты денелердің еру жылдамдығын анықтау əдістерін тапты; мирабилитті «күн қазанында» тенардиттеу, шахта пешінде күкіртті натрий өндірудің үздіксіз тəсілдерін, ультрадыбысты пайдаланып экспресс-əдісі анализін өндіріске енгізді. Ленин орденімен, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. Ã ГЕЦКИН Лев Соломонович (20. 5.1911, Башқортостан, Уфа қ. – 28.12.1992, қазіргі Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ.) – тех. ғыл. докт. (1964), проф. (1967), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967), Қазақ КСР-нің еңб. сің. өнертапқышы (1961), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1976). Екатеринбургтегі Орал политех. ин-тын бітірген (1934). 1934–44 ж. Челябинск мырыш з-тында цех шебері, бастығы, лаб. меңгерушісі, бас инженердің орынбасары, 1944–52 ж. Өскемен мырыш з-тында тех. бөлімінің бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер, директоры болып қызметтер атқарды. 1952–82 ж. Бүкілодақтық түсті металдар ғыл.- зерт. ин-тының Қазақстандағы бөлімшесінде бас инженер, директордың орынбасары, директоры болды. Г. – түсті металдар (қорғасын, мырыш, мыс) мен шикізаттарды кешенді пайдалану мəселелерін зерттеумен айналысты. Оның басшылығымен Өскемен қорғасын-мырыш комбнда, Шымкент қорғасын з-тында металлург. тозаңдарды кешенді түрде қайта өңдеу технологиясы жасалып, өндіріске енгізілді. Негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары полиметалл концентраттарын өңдеу технологиясының жəне оларды кешенді пайдаланудың физ.- хим. негіздеріне (темір-магнитті кентастардан металдарды ажыратып алу, т.б. технологиясы) арналған (Лениндік сыйл., 1961). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. F ҒАББАСОВ Араб Мақаұлы (12. 12.1903, Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. – 2002) – а. ш. ғыл. П.А.Буланов Б.Бірімжанов Л.С.Гецкин БІРІМЖАНОВ

докт. (1945), проф. (1954), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Мəскеу а. ш. академиясын бітірген (1930). Педагогтік қызметте (1932–41), КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде аға ғыл. қызметкер, Қазақстан ҒА-ның бөлімшелері мен базалары кеңесі төрағасының орынбасары (1941– 46), Қазақстан ҒА-ның Шөл игеру ин-тының директоры (1946– 54), Ботаника ин-тында бөлім меңгерушісі (1954–77) болды. Өзі ұйымдастырған жəне басшылық еткен Шөл игеру ин-тында, Жезқазған, Іле ботан. бақтарында алыс текті будандастыру жəне мутагенез əдістері арқылы бидай мен жүгерінің түраралық жəне туысаралық будандарын алды. Олардың селекциясы мен генетикасын зерттеді. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ä ДАХШЛЕЙГЕР Григорий Феодорович (2.11.1919, Украина, Одесса қ. – 1.8.1983, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1966), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972), Қазақ КСР-інің еңб. сің. қайраткері (1970). Орта Азия ун-тінің тарих ф-тін бітірген (1941). Аягөздегі (Шығыс Қазақстан обл.) орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан (1942– 45). Қазақстан ҒА-ның Тарих, археол. жəне этнол. ин-тында ғыл. хатшы, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1949–83) болды. «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921–1929)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл.- зерт. жұмыстары 20 ғ-дың 1-жартысындағы Қазақстан ауылдарындағы əлеум.-экон. өзгерістер, Қазақстан тарихының тарихнамасы, тың игеру мəселелеріне арналған. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1982) жəне Қазақ КСР-і ҒА-ның Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. (1979) лауреаты. Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. ДЕРБІСƏЛИН Əнуар Жақсығалиұлы (18.2.1929, Ақтөбе обл. Ойыл ауд. Қызылжар а. – 4.7.1986, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1969), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950– 51), Қазақстан ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тының аспиранты (1951–54), Педагогика ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1955–58), Əдебиет жəне өнер интында аға ғыл. қызметкер (1958– 76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. «Октябрь алдындағы қазақ əдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл.-зерт. еңбектері, негізінен, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғдың басындағы қазақ əдебиеті тарихының мəселелеріне арналған. Сондай-ақ түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының əдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. ДОБРУНОВ Леонид Георгиевич (9.3.1907, Украина, Полтава қ. – 3.5.1982, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1952), проф. (1953), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Полтава а. ш. ин-тын бітірген (1927). 1945 жылдан Қазақстанда қызмет жасаған. 1945– 58 ж. жəне 1961–68 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тында сектор, бөлім, лаб. меңгерушісі, сонымен қатар ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) проф. болған. Негізгі ғыл. А.Ғаббасов Г.Ф.Дахшлейгер Ə.Дербісəлин Л.Г.Добрунов ДОБРУНОВ

еңбектері өсімдік физиологиясына арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ДУЛАТБЕКОВ Нұрлан Орынбасарұлы (5.5.1962 ж.т., Қарағанды обл. Шет ауд. Ақсу-Аюлы а.) – заң ғыл. докт. (2003), проф. (2004). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), ҚР Пед. ғыл. академиясының акад. Қарағанды мемл. унтін бітірген (1984). 1984–1995 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қарағанды қ-ндағы «Болашақ» ин-тының ректоры (2007 жылдан «Болашақ» ун-ті). «Теория и практика назначение наказания» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 200-дей ғыл. еңбектің авторы. 2-дəрежелі «Достық» орденімен, медальдармен марапатталған. ДҮЙСЕНБАЕВ Ысқақ Тəкімұлы (15.10.1910, Ресей, Омбы обл. Таврия ауд. Қаушақпан а. – 21. 11.1976, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1967), проф. (1971), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1975), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1971). Мəскеу қ-ндағы Əдебиет ин-тын бітірген (1939). Қазақ мемл. көркем əдебиет баспасында редактор, КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің əдебиет секторында ғыл. қызметкер, сектор меңгерушісі (1939–42), əскери-педагогтік ин-т тыңдаушысы, 3-Украина майданының «Советский воин» газеті редакторының орынбасары (1942–43) болған. Майданнан оралған соң, Қазақстан ҒА Төралқасының ғалымхатшысы (1946), Тіл жəне əдебиет ин-тының бөлім меңгерушісі (1949–61), Əдебиет жəне өнер ин-тының бөлім меңгерушісі (1961–76) қызметтерін атқарған. 1967 ж. «Революцияға дейінгі қазақ əдебиетінің тарихын зерттеу проблемалары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері қазақ фольклоры, соның ішінде лиро-эпос, əдебиет тарихы, қазіргі заманғы əдебиет мəселелеріне арналған. Қызыл Жұлдыз, 2-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Å ЕДРИСОВ, Ы д ы р ы с о в Азамат Тыржанұлы (27.10.1965 ж.т., Қарағанды қ.) – хим. ғыл. докт. (2006), проф. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Қарағанды мемл. ун-тін (1989) жəне Мəскеудегі физ.-хим. ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1993) бітірген. Қарағанды мемл. ун-тте инженер (1989–90), 1993 жылдан ҚР БҒМ–ҰҒА Органик. синтез жəне көмір химиясы ин-тында кіші ғыл., ғыл., жетекші ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. Қазіргі кезде Қазақстан-Ресей унтінің 1-проректоры. 2005 ж. «Перенос радиационно-индуцированных носителей заряда в высокомолекулярных органических диэлектриках» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты радиац. химия жəне жоғары молекулалық органик. диэлектриктер электрофизикасы, полимерлерде транспорт қуатын компьютерлік модельдеу процестері саласын зерттеуге арналған. Е. 90-нан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның, 2 оқу құралының авторы. «ҚР білім беру ісінің үздігі» (2000), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2011) төсбелгілерімен марапатталған. ЕЛАМАНОВ Əбдірахым (19.9. 1916, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Баян а. – 13.5.1970, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1970), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын бітірген (1936). Агротехниктер мектебінде оқытушы (1936–38), мал ш. ст-нда ғыл. қызметкер (1938–41) болған. 2дүниежүз. соғысқа қатысқан. Сібір мал ш. ғыл.-зерт. ин-тының ғыл. қызметкері (1946–52), Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары, директоры (1952–55), Қазақстан А. ш. министрінің орынбасары (1955– Н.Дулатбеков Ы.Дүйсенбаев А.Едрисов ДУЛАТБЕКОВ

56 жəне 1965–70), министрі (1962– 64), Қазақ а. ш. ғыл. академиясы мал ш. бөлімінің акад.-хатшысы (1957–61), Қазақстан Мин. Кеңесінің кеңесшісі (1964–65) қызметтерін атқарған. 1967 ж. «Основные вопросы создания новой породы и селекции мериносов на севере-востоке Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл. еңбектері қойдың жаңа тұқымдарын шығаруға, Қазақстанда қой ш-н өркендету жүйесін жасауға арналған. Биязы жүнді байкал қойы (1956) мен солт. қазақ мериносын (1967) шығарушылардың бірі. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдермен марапатталған. ЕЛІКБАЕВА Гүлжахан Жақпарқызы (1961 ж.т.) – хим. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). 90-нан астам ғыл. еңбектің, 1 оқулық, 17 оқу-əдістемелік жəне бірнеше оқу құралдары мен өнертабыстардың авторы. ЕРЕНОВ Əбдуəлі (30.9.1923, Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ. – 27.9.2004, Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (1964), проф. (1967), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1983). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Ташкент заң ин-тын (1949) жəне КСРО ҒА-ның Мемлекет жəне құқық ин-тының аспирантурасын (1952) бітірген соң Қазақстан ҒА-ның Филос. жəне құқық ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғыл. қызметкері (1952–85) болды. Оның негізгі ғыл. еңбектері жер қатынастарының тарихы мен проблемалары, табиғатты кешенді қорғаудың құқықтық мəселелері, нарықтық экономика жағдайында экол. жəне агр. қарымқатынастардың құқықтық негіздерін жетілдіруге арналды. 100ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монографияның авторы. Қазақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1985). 1-дəрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕРЗАКОВИЧ Борис Гиршевич (5.30.1908, Астана қ. – 2.5.1997, Алматы қ.) – өнертану докт. (1966), проф. (1970). Қазақ КСР-інің еңб. сің. өнер қайраткері (1945), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967). Алматы консерваториясын бітірген (1949). Еңбек жолын 1931 ж. Қазақ радиосының музыка редакторы қызметінен бастаған Е. қазақ халық музыкасын жинап, зерттеумен айналысты. Қазақстан Халық комиссарлары кеңесі жанындағы өнер істері басқармасында музыка бөлімін (1938–45) басқарды. Қазақстан ҒА өнертану секторының меңгерушісі (1945–58), Əдебиет жəне өнер ин-тында бөлім меңгерушісі (1961–68), осы ин-тта музыка бөлімінің меңгерушісі, ғыл. кеңесші (1968–97) болған. 1965 ж. «Песенная культура казахского народа. Музыкально-историческое исследование» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Е. қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ғалымның зерттеуінде қазақ музыка мəдениетінің барлық түрі мен бағыты (фольклоры, халық композиторларының шығармалары, Қазақстанның кəсіби музыкасы, қазақ музыкасының басқа ұлт өнерімен байланысы, т.б.) қамтылған. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың жəне халықтық кəсіби əнші-композиторлар, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ жəне басқалардың шығарм-н қамтитын 12 муз.-этногр. жинақтар жазды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЕРМЕКОВ Мағауия Əлімханұлы (1.9.1921, Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. 6-а. – 2006, Қарағанды қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1968), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983). Қазақ тау-кен металлургия (1950, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) ин-тын жəне осы ин-ттың аспирантурасын (1958) бітірген. 2дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қарағанды қ-ндағы «Қазақкөміргеология» тресінде геолог, аға геолог, топ жетекшісі (1950–57), Қазақстан ҒА-ның Қарағанды қндағы хим.-металлургия ин-тында кафедра меңгерушісі (1958– 63) жəне Қазақ тау-кен өнеркəсібінің қауіпсіздігі ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер, лаб. Ə.Еламанов Ə.Еренов Б.Г.Ерзакович ЕРМЕКОВ

меңгерушісі (1963–70), Қарағанды политех. ин-тында (1970–89, қазіргі Қарағанды мемл. тех. унті) кафедра меңгерушісі, 1989 жылдан өмірінің соңына дейін осы ин-ттың проф. қызметтерін атқарған. 1967 ж. «Газоность угленосных отложений и газообильность шахт Карагандинского бассейна» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның негізгі ғыл. еңбектері көмір алаптарындағы газды қабаттарды барлау, онымен күрес жүргізу мəселелеріне арналған. Қарағанды көмір бассейнінің газды қабаттарының картасын жасаған. 110-нан астам ғыл. еңбектің, 4 жаңалықтың авторы. А.А.Скочинский атынд. сыйл. лауреаты (1980). 1-дəрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған. ЕРМЕКОВ Мүсілім Əмірханұлы (15.12.1906, Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Ақтоғай а. – 21. 5.1973, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1969), проф. (1965), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1956). Мəскеу а. ш. академиясын бітірген (1930). Алматы зоотех.-малдəрігерлік интында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі (1930–36), КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Зоол. инты мен Эксперименттік биол. инттарында (қазіргі «Биоген» жабық акцион. қоғамы), Қазақ мал ш. ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1936–61), Қазақстан а. ш. министрінің орынбасары, 1-орынбасары (1961–63), Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тының ректоры (1963–72) қызметтерін атқарған; сол ин-ттың проф. (1972–73) болды. Оның негізгі ғыл. еңбектері қой ш-н дамыту жəне оны зерттеу, оларды жетілдіру мəселелеріне арналған. Е. Қазақстанның қазақы қой тұқымын асыл қой тұқымды қоймен будандастыру, биязы жəне биязылау, құйрықты-қылшықты, ұяң-қылшықты жəне қаракөл қой тұқымдарын көбейтіп, олардың өнім сапасын арттыруға, қойдың жаңа тұқымдарын өсіріп, оларды жергілікті жерге тез бейімделуіне атсалысты. Е. республикамыздағы шөлшөлейтті аймақтарда өсірілетін қой тұқымдарын шығарушылардың бірі. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЕРМЕКОВ Төлеген Мүсілімұлы (28.12.1936, Алматы қ. – 8.4.2001, сонда) – тех. ғыл. докт. (1992), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1994). Қарағанды политех. интын бітірген (1962). Қазақстан ҒА-ның Матем. жəне мех. секторында аға лаборант, аға инженер (1962–66), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен ісі ин-тында аспирант, аға ғыл. қызметкер (1966–88) болып қызмет істеген. 1989 жылдан өмірінің соңына дейін осы интта лаб. меңгерушісі болды. «Геомеханическое обеспечение устойчивости очистного пространства при разработке мощных пологих рудных залежей камерно-столбовой системой» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл.- зерттеулері геомеханика проблемаларына арналған. Ол тау жыныстарын теор. жəне тəжірибелік əдістермен зерттеу нəтижесінде тазартпа кеңістігінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мəселесін шешті. Æ ЖАҚЫП Бауыржан Өміржанұлы (1.5.1963 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Абай ауд. Аққора а.) – филол. ғыл. докт. (2004), проф. (2007), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), Қазақстан Журналистика академиясының акад. (2006) жəне ҚР Жоғары мектеп ұлттық ғыл. академиясының корр. мүшесі (2007), ҚазМУ-дың журналистика ф-тін (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1986–88), ассистент (1988–91), аға оқытушы (1991–94), деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі (1995– 2001, 2008–09), журналистика фтінің деканы (2001–08) қызметМ.Ермеков М.Ермеков Т.Ермеков ЕРМЕКОВ

терін атқарды. 2009 жылдан «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры – бас редакторы. Семей мемл. ун-тінің құрметті проф. (2009). «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Оның ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – қазақ көркем əдебиеті мен журналистикасындағы публицистика жанрының қалыптасуы, дамуы, теор. жəне шығарм. мəселелері. Ж. 200-ден астам ғыл. еңбектің авторы. «Жігер» фестивалінің (1984), Қазақстан Жазушылар (1990), Журналистер (1998) одақтары жəне ҚР-ның «Дарын» мемл. жастар (1999) сыйл. лауреаты. ЖАНДІЛДИН Нұрымбек (20. 8.1918, Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. – 1990, Алматы қ.) – филос. ғыл. докт. (1965), проф. (1967). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970). Қазақ пед. гимназиясын бітірген (1941). Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауд. партия к-тінің бөлім меңгерушісі (1941–43) қызметін атқарған. БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды (1944–46). 1949 ж. Қазақстан КП ОК жанындағы респ. партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің ғыл. жəне жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі (1951–55), 1955 ж. Қазақстан ҒА философия жəне құқық секторының меңгерушісі, 1956 ж. Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы ин-тының директоры, Қазақстан КП ОК-нің хатшысы жəне бюро мүшесі (1957–65), Қазақстан ҒА-ның акад.-хатшысы (1965–67), Алматы пед. шет тілдер ин-тының ректоры (1967–76) қызметтерін атқарды. 1976 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы т. ж. көлік инженерлері ин-тының (қазіргі Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды. 1964 ж. «Развитие национальных отношений в СССР» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мəдениетін дамыту, ұлттық психология мəселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЖЕТБАЕВ Əбіл Қуанғалиұлы (16.4.1938, Ресей, Астрахан обл. Володар ауд. Қарабүйрек а. – 1. 3.1999, Алматы қ.) – физ-матем. ғыл. докт. (1983), проф. (1986), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1994), Қазақстанға еңб. сің. ғыл. қайраткері (1993). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Ядр. физ. ин-тында аға лаборант, инженер, кіші ғыл. қызметкер, ғыл. хатшы, лаб. меңгерушісі (1961–87), сол ин-ттың директоры (1987–99) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері мен өнертабыстары қатты денелердегі радиац. құбылыстардың ядр. гамма-резонанстық спектроскопиясын зерттеуге, сондай-ақ нейтронография мен радиография мəселелеріне арналған. 200-ден астам ғыл. еңбектің, 4 өнертабыстың авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ЖИЛИНСКИЙ Герман Борисович (25.4.1914, Шығыс Қазақстан обл. Семей қ. – 15.7.1990, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1958), проф. (1959), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1960). Қазақ тау-кен металлургия ин-тын (1937, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Чукоткада геолог, бас геолог, Чукотка құрылыс басқармасы бастығының орынбасары (1938– 50). Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1951–75), Қазақстан ҒА Төралқасының акад.- хатшысы (1963–65), Хабаровск Б.Жақып Н.Жанділдин Ə.Жетбаев Г.Б.Жилинский ЖИЛИНСКИЙ

политех. ин-тының Магадан бөлімшесінде ғыл. қызметкер (1979– 85), Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында бас ғыл. қызметкер (1986–90) болды. 1957 ж. «Оловоностность Центрального Казахстана (Оловностные фармации и их место в общей металлогении региона)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері металлогения, қалайы геологиясы, геохимия мəселелеріне арналған. Ж. тұңғыш рет касситерит монокристалдарын гидротермальдық синтездеу технологиясын жасады. Лениндік сыйл. лауреаты (1958). Бірнеше медальдармен марапатталған. ЖОЛАЕВ Рахмет Жанғазыұлы (20.11.1910, Ақтөбе обл. Шалқар ауд. – 6.1.1979, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1962), проф. (1964), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. гидротехнигі (1961). Ташкент ирригация жəне а. ш-н механикаландыру ин-тын бітірген (1935). Орта Азия жоспарлау ин-тында, Орта Азия мемл. а. ш-н механикаландыру ин-тында ғыл. қызметкер (1932–35), Шымкент, Алматы қ-ларында оқытушы (1935– 45), Қазақстан ҒА-ның Энергет. ин-тында лаб. меңгерушісі (1945– 56), осы ин-тта директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1956–62), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс интының ректоры (1962–73), Қазақ мемл. су ш. жобалау-зерт. интында ғыл. кеңесші (1973–79) қызметтерін атқарған. 1960 ж. «Водозаборные сооружения с донной решетчатой галерей и методики их гидравлического расчета» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ж-тың негізгі ғыл.-зерттеулері гидротех. құрылыс жəне су ш. мəселелеріне арналған. Ол тау өзендерінен су тартқыш құрылғылардың тиімді түрлерін зерттеп, олардың Қазақстан, Қырғызстан жəне Түрікменстанның гидротех. құрылыстарында пайдаланылуына ұйтқы болды. Сондай-ақ күріш егістігіне су жіберуді реттеу əдістерін ұсынды, суды бөлудің теор. негіздерін зерттеді. Қазан революциясы, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. ЖОЛДАСБЕКОВА Баян Өмірбекқызы (1.3.1962 ж.т., Мəскеу қ.) – филол. ғыл. докт. (2007), проф. (2008). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) жəне қазіргі ҚазҰПУ-дың аспирантурасын (1987) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1988–92), ҚР Парламенті Мəжілісі аппаратында кеңесші (1998–2001), Əлем əдебиеті жəне журналистика ун-тінің ректоры (2000–03), Д.А.Қонаев атынд. ун-тінің проректоры (2003–07), 2008 жылдан ҚазҰУда кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. «ХХ ғасырдың 20–30-жылдарындағы Қазақстанның орыс эпикалық прозасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 80-нен астам ғыл. мақаланың, бірнеше оқу құралының авторы. Ç ЗАЗУБИН Аркадий Иванович (21.11.1916, Ресей, Мəскеу обл. Казанское с. –14.9.1983, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1977), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1976). Қазақ тау-кен металлургия интын (1942, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Павлодар обл-ндағы Майқайың алтын тресіне қарасты зауыт бастығы, Қазақ тау-кен ин-тының ассистенті (1942–44), Тəжікстандағы Чорух–Дайран вольфрам кені басқармасында тех. бақылау бөлімінің бастығы (1944–49), Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тында кіші ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1949–83) болды. З-нің ғыл. еңбектері түсті, асыл жəне сирек металдар металлургиясына арналған. З. кен құрамындағы алюминий, сирек металдарды бөліп алуға арналған теор. зерттеулерге басшылық етті. Осы салада арнайы əдістер ұсынып, өте тиімді технол. жобалар жасады. Знің басқаруымен электрхимияның жаңа саласы – галламдық металлургия негізделді. Жаңа технология негізінде металдық галлий шығарып алынды, анодтық реакР.Жолаев Б.Жолдасбекова А.И.Зазубин ЖОЛАЕВ

ция ингибириясының теориясы жасалынды. 19 патенттің авторы. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1978). «Құрмет белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЗУБАКОВ Сергей Михайлович (12.10.1919, Ресей, Вологда обл. Ивицы дер. – 20.6.1975, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1967), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1974). Ленинград (1947, қазіргі Санкт-Петербург) технол. интын жəне оның аспирантурасын (1951) бітірген. КСРО Құрылыс материалдары ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1952– 54), директордың орынбасары (1954–55), директоры (1955–58), Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тында лаб. меңгерушісі (1959–75) қызметтерін атқарған. 1963 ж. «О вещественном составе кемперсайских хромитовых руд и физикохимических превращениях при проиводстве и службе хромомагнезитовых огнеупоров в металлургических печах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. З-тың негізгі ғыл. еңбектері силикат материалдары технологиясына арналған. Ол Кемпірсай хромиттерін зерттеу жұмыстарын басқарып, жоғары сапалы, отқа төзімді материалдар алуға болатынын теор. тұрғыдан дəлелдеді, зерттеу нəтижелерін Қарағанды металлургия комб-нда өндіріске енгізді. Болат қорыту пешінің табанын жасау жəне жөндеудің жедел технологиясын ұсынды. 3дəрежелі Даңқ пен «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. È ИМАНҒАЗИЕВ Кенжес (17.4. 1908, Батыс Қазақстан обл. қазіргі Ақжайық ауд. – 25.6.1970, Алматы обл. Қарасай ауд. Жалпақсай а.) – а. ш. ғыл. докт. (1954), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Мəскеу а. ш. академиясын бітірген (1935). Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1935–53), Қазақстан ҒА-ның Топырақтану ин-тында аға ғыл. қызметкер (1957–70) болып жұмыс істеген. Оның негізгі ғыл. еңбектері агрохимия мəселелеріне арналған. И. жергілікті тыңайтқыштарды жинап сақтау, оларды жылыжайда көкөніс, дəнді дақыл өсіру үшін пайдалану мəселелерін зерттеді; қызылша, күріш, көкөніс ауыспалы егістіктерін тыңайту жүйесін жасап, Қазақстан топырағын агрохим. тұрғыдан сипаттады, топырақтың агрохим. картограммаларын ұсынды. «Құрмет белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. ИСАЕВ Сейілбек Мұхамеджарұлы (13.3.1938, Ресей, Омбы обл. Называев ауд. Күреңайғыр а. – 9. 6.1999, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1977), проф. (1979), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1995), ҚР Жоғары мектебі (1993) жəне Жаратылыстану (1995) ғыл. академияларының акад. Омбы пед. уч-щесін (1957), ҚазМУ-ды (1962, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның қазіргі Тіл білімі ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1962–68), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (1968–70, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) аға оқытушы, доцент (1970–75), декан (1975–87), кафедра меңгерушісі (1980–88) жəне ҚазПИ-де (1988–89, қазіргі ҚазҰПУ) кафедра меңгерушісі, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тының ректоры (1989–99) қызметтерін атқарған. «Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің қалыптасып, дамуы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның ғыл.-зерт. еңбектері негізінен əдеби тіл тарихы, қазақ тілі грамматикасы, жалпы түркітану мəселелеріне арналған. И. 200-ге жуық ғыл. жарияланымның, оның ішінде 20-дай монографиялардың авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ИТЖАНОВА Қорлан Есқожақызы (1965 ж.т.) – фармацевтика ғыл. докт. (2011). ҚР ҰҒА-ның С.М.Зубаков К.Иманғазиев С.Исаев ИТЖАНОВА

корр. мүшесі (2012). Шымкент мемл. мед. ин-тын бітірген (1996). Қазіргі кезде Қарағанды қ-ндағы Фитохимия ин-тында бас технолог, доцент қызметін атқарады. 2010 ж. «Технология оригинальных лекарственных препаратов на основе растительных экстрактов Salsola collina Pall, Saussurea salsa (Pall) Spreng и Serratula coronate L и их стандартизация» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. И. фитопрепараттардың дəрілік қалыптар өндірісі технологиясы саласының көрнекті маманы. 80-нен астам ғыл. еңбектің, өнертабыстардың авторы. ҚР Мемл. сыйл. лауреаты (2007). «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005) марапатталған. Ê КАЛИНИН Сергей Ксенофонтович (7.10.1911, Ресей, Екатеринбург обл. Красноуфимск қ. – 9.11. 1993, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1966), проф. (1976), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1970). ҚазПИ-ді (1946, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Орал хим.-технол. ин-ты (1930–33) мен КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің хим. лаб-нда (1933–41) ғыл.-тех. қызметкер əрі лаб. меңгерушісі болды. Кеңес Армиясы қатарында (1941–45) қызмет еткеннен кейін Қазақстан ҒА-ның Астрономия жəне физ. ин-ты (1945–61) мен Геол. ғылымдар ин-тында сектор жетекшісі, бөлім меңгерушісі (1961–93) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбегі атомдар мен молекулалардың оптик. спектрлерін зерттеу мен жүйелеуге арналған. Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. КƏРІБАЕВ Берекет Бақытжанұлы (9.1.1964 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Ақеспе а.) – тарих ғыл. докт. (2000). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1990). 1990 жылдан ҚазҰУ-да пед.-ғыл. жұмыспен айналысады. Қазіргі кезде «Қазақстан тарихы» кафедрасының проф. «Қазақ хандығының құрылу тарихы» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы, 15–17 ғ-лардағы Қазақстан аум.-ндағы этносаяси тарих мəселелерімен айналысады. 400-ге жуық ғыл. еңбектің, оның ішінде 50-ден астам монографиялар, оқулықтар, электрондық оқулықтар жəне оқу-əдістемелік құралдардың авторы. ҚР білім беру ісінің үздігі (1995). КИМ Енгван Инсугович (12.11. 1911, Ресей, Приморье өлкесі. Хасан ауд. Усть-Сидими с. – 14.12. 1994, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1959), проф. (1960), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1981). Мəскеу мемл. ун-тін (1937) бітірген. Қызылорда пед. ин-тында (қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан (1937–45), ин-т директорының орынбасары (1942–43), ҚазМУ-да (1945–51, қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, Дондағы Ростов мемл. пед. ин-тында кафедра меңгерушісі, декан (1951–53), доцент (1955–56), Харьков пед. ин-тында проф. (1956– 64), Қазақстан ҒА-ның Матем. жəне мех. ин-тында лаб. меңгерушісі əрі бас ғыл. қызметкер (1964–94) қызметтерін атқарған. «Сингулярлы интегралдық теңдеулердің бір класы мен бөліктібіртекті орталарға арналған кейбір есептер туралы» тақырыбынҚ.Итжанова С.К.Калинин Б.Кəрібаев Е.И.Ким КАЛИНИН

да докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері дербес туындылы теңдеулер теориясына арналған. Ол парабола типтес дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептердің теориясына жəне оның техникада қолданылуына байланысты мəселелерді қарастырып, оларды шешудің жаңа тəсілдерін тапты. 130-дан астам ғыл. еңбектің, 1 монографияның авторы. КЛЕЙНБОК Яков Исаакович (23.5.1908, Брест-Литовск – 19. 1.1961, Алматы қ.) – ветеринария ғыл. докт. (1944), проф. (1942), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1951), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1945). Алматы зоотех.-мал дəрігерлік ин-тын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Алматы биокомбнда өндіріс дəрігері, меңгеруші (1932–33), Алматы зоотех.-мал дəрігерлік ин-тында ассистент (1933–37), ал 1937 жылдан осы ин-тта кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. К. жылқының асқазан органдары ауруларын зерттеуде айтарлықтай еңбек етті. Ол 40-тан астам ғыл. еңбектің авторы. 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. КОСОВ Владимир Николаевич (16.9.1962 ж.т., Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1999), проф. (2000). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). РФ Жаратылыстану ғыл. академиясының шетелдік акад. (2008). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1984 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі КазҰПУ) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2000 жылдан проректор қызметтерін атқарады. 1998 ж. «Диффузионная устойчивость и концентрационная конвекция в изотермических трехкомпонентных газовых смесях» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 180нен астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монография, 2 оқулық, 5 оқу құралы мен 1 авторлық куəліктің авторы. Кембридж (Англия) Халықар. Биограф. орт.-ның медалімен (2008) марапатталған. КӨКЕНОВ Мəдениет Қаратайұлы (5.3.1940, Алматы қ. – 12.6. 1997, сонда) – биол. ғыл. докт. (1990), проф. (1993), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1995). ҚазПИ-ді (1962, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Ботаника жəне фитоинтродукция ин-тында аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1976–77) жəне осы ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1990–94) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері ботан. қортану, өсімдік дүниесін қорғау жəне оның байлығын тиімді пайдалану мəселелеріне арналған. КУШЕВ Георгий Леонтьевич (11.3.1905, Ресей, Екатеринбург губ. Ревда қ. – 24.4.1981, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1952), проф. (1953), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен интын бітірген (1930). Ленинград Көмір геол. барлау ин-тында ғыл. қызметкер, партия бастығы (1930– 31), Семей қ. Макин геол. барлау партиясының бастығы (1931– 33), Геол. түсірім партияларының бастығы (1933–43), Қазақстан геол. басқармасы (1943–49) мен Қарағанды геол. басқармасында (1949–51) аға инженер, Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында сектор меңгерушісі (1946–81), Қазақ тау-кен металлургия интында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) доцент (1951–53), проф., кафедра меңгерушісі (1953–81) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. жұмыстары көмір геологиясына арналған. К-тің басшылығымен Шығыс жəне Оңт. Қазақстан облыстарында көмірдің ірі қорлары анықталған. Қарағанды көмір алабының геол. барлау нəтижелерінің материалдарын қорытындылап, көмір кендерінің геол. болжам карталарын жасады. КСРО Я.И.Клейнбок В.Н.Косов М.Көкенов Г.Л.Кушев КУШЕВ

Мемл. сыйл. лауреаты (1948). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. КҮЛПЕШОВ Бейбіт Шайықұлы (11.10.1967 ж.т.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2010), проф. (2011). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазҰУ-ды бітірген. 90-нан астам ғыл. еңбектің авторы. 2-дəрежелі Қ.Сəтбаев атынд. дипломмен марапатталған. ¼ ҚАЙДАРОВА Диляра Радикқызы (1967 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Еур. онкол. гинекологтар ассоциациясының, Америкалық клиник. онкология қоғамының (2010) мүшесі. 76 ғыл. еңбектің, 3 монография, 1 авторлық куəлік пен 2 патенттің авторы. ҚАЙЫПОВ Дүйсен (1.12.1927, Өзбекстан, Ташкент обл. қазіргі Зеңгіата ауд. – 10.6.1990, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1969), проф. (1970). Қазақ КСР-і ҒАның корр. мүшесі (1970). Мəскеу мемл. ун-тін (1950), Қазақ КСР-і ҒА Физ.-тех. ин-тының аспирантурасын (1955) бітірген. Қазақ КСР-і ҒА Физ.-тех. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1950–52), Ядр. физ. ин-тында лаб. меңгерушісі, ин-т директорының орынбасары (1956–69), бөлім меңгерушісі (1969–90) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері гамма сəулелердің резонанстық шашырауын жəне Мессбауэр эффектісін зерттеу мəселесіне арналған. ҚАМЗАБЕКҰЛЫ Дихан (19.6. 1966 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Келтемашат а.) – филол. ғыл. докт. (2003), проф. (2004). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), Халықар. Ш.Айтматов академиясының акад. (2010) ҚазПИ-ді (1990, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында ғыл. қызметкер (1990–96), Еуразия ұлттық ун-тінде аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі (1996– 2001), Қазақ ұлттық музыка академиясында кафедра меңгерушісі (2001–04), Еуразия ұлттық унті Гуманитарлық ин-ттың директоры (2004–05), осы ун-ттің проректоры (2005–06) қызметтерін атқарған. 2006 жылдан ун-ттің «Алаш» мəдениет жəне рухани даму ин-тының директоры. «Əдеби-тарихи процесс: ағымдар, концепциялар (ағартушылық кезең)» атты тақырыбында докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты: əдебиет тарихы, алаштану. 500-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монография, 2 оқулық, 2 оқу құралы, 17 жинақтың авторы. ҚР Журналистер одағы (1996), Мемл. «Дарын» жастар сыйлықтарының иегері (2000). «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. ҚАҢЛЫБАЕВА Жамал Мұсағалиқызы (25.6.1923, Шығыс Қазақстан обл. Семей қ. – 2.2.1974, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1965), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1966). Қазақ əйелдері арасынан шыққан тау-кен ісі саласындағы тұңғыш ғыл. докт. Қазақ тау-кен жəне металлургия ин-тын (1946, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Тау-кен ісі интында кіші ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1946–47, 1954–74), Геол ғылымдар ин-тында кіші ғыл. қызметкер болды. Негізгі ғыл. еңбектері жер қабаттарында шахта қазбаларының əсерінен пайда болатын жылжу процестерін радиоактивті изотоптар əдісін қолдану арқылы зерттеуге арналған. 7-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. Д.Қайдарова Д.Қайыпов Д.Қамзабекұлы Ж.Қаңлыбаева КҮЛПЕШОВ

«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ҚАРАҚҰЛОВ Ишанбай (1.5. 1909, Ақтөбе обл. Ойыл ауд. – 29.3.1992, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1950), проф. (1950), Қазақстан ҒА-ның (1951) жəне КСРО Мед. ғыл. академиясының (1961) корр. мүшесі. Қазақ КСР-інің (1961) жəне Қарақалпақ АКСРінің (1969) еңб. сің. ғыл. қайраткері. Алматы мемл. мед. ин-тын (1937, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау халық комиссары (1937–39), 2-дүниежүз. соғысқа қатысып, КСРО Қарулы Күштері ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1942–46), Алматы мемл. мед. ин-тында аспирант, ассистент (1937–42), кафедра меңгерушісі (1946–92), Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында директордың орынбасары, бөлім меңгерушісі, директоры (1946– 50), Денсаулық сақтау министрі (1950–54) болды. «Эпидемиология жəне бруцеллезге қарсы сақтандыру шаралары» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері адамның жұқпалы ауруларын зерттеуге жəне Қазақстанда денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру мəселелеріне арналған. 200-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. Халықтар достығы орденімен (1981), медальдармен марапатталған. ҚАСЫМЖАНОВ Ағын Хайроллаұлы (19.10.1931, Алматы қ. – 2.11.2000, сонда) – филос. ғыл. докт. (1968), проф. (1970). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1954–57) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Филос. жəне құқық ин-тында кіші ғыл. қызметкер, доцент, бөлім меңгерушісі (1957–76), ҚазМУ-да декан (1976–78), ҚазМУ жанындағы жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру ин-тының директоры (1978– 82), осы ун-тте кафедра меңгерушісі (1983–86), Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) проф. (1987–93) болды. ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1993–2000) қызметін атқарған. «Идея совпадения диалектической логики и теории познания» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Қ-тың ғыл. еңбектері диалект. логиканың өзекті мəселелеріне арналған. 300-дей ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монографияның авторы. ҚОЖАМЖАРОВА Дария Пернешқызы (22.7.1962 ж.т., Тараз қ.) – тарих ғыл. докт. (2010), проф. (2011). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазМУ-ды (1984, қазіргі ҚазҰУ), Алматы мемл. унтінің (қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын (1995) бітірген. 1984–90, 1995–2008 ж. Тараз мемл. унтінде оқытушы, стажер-ізденуші, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарды. 2008 жылдан ун-тте проректор. «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: əскери-отарлық əкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (19 ғ. 2 жартысы – 20 ғ. бас кезі)» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 60тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 8 оқу, оқуəдістемелік құралдардың авторы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. ҚУАНЫШЕВ Арысбай (1922, Ақтөбе обл. Алға ауд. – 19.7.1983, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1976). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Бүкілодақтық политех. ин-тын бітірген (1964). Қазақстанның батыс аймақтарындағы мұнай-газ өндірісі саласында жауапты қызметтер атқарған (1946–70). Қазақстан ҒА Төралқасы хатшысының орынбасары, ҒА-ның Өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы болды (1970–83). Ғыл. еңбектері мұнай мен газды іздесИ.Қарақұлов А.Қасымжанов Д.Қожамжарова А.Қуанышев ҚУАНЫШЕВ

тіру жəне барлаудың экон. тиімділігін арттыру, мұнай өнеркəсібін басқаруды жетілдіру, өндіргіш күштерді орналастыру мəселелеріне арналды. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1976). «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. ҚҰЛАЖАНОВ Талғат Құралбекұлы (22.4.1967 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (2005), проф. (2007), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Алматы технол. ун-тін бітірген (1991). Қазіргі кезде Алматы технол. ун-тінің президенті əрі кафедра проф. «Научные основы технологических процессов обработки тестовых полуфабрикатов для мучных изделий» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 5 оқу құралы мен 6 патенттің авторы. Қ. Халықар. инновац. технологиялар академиясының (Германия) акад. Еуропа ректорлар клубының мүшесі (2008). Вена (Австрия) Халықар. ун-тінің құрметті проф. Шапталь (Париж, 2005) жəне Халықар. қордың (Швейцария, 2005) алтын медальдарымен марапатталған. ҚҰЛСАРИЕВА Ақтолқын Тұрлыханқызы (2.6.1969 ж.т., Жамбыл обл. Меркі ауд. Нововоскресеновка а.) – филос. ғыл. докт. (2007), проф. (2009). ҚР ҰҒАның корр. мүшесі (2012). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тін (1991) бітірген. 1991–2011 ж. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, проф., декан, ун-ттің Əкімш. департаментінің директоры, ун-т Ғыл. кеңесінің бас ғалым хатшысы қызметтерін атқарды. 2011 жылдан ҚазҰПУдің проректоры. «Аударма – өркениет феномені» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: философия, мəдениеттану, этика-эстетика, лингвомəдениеттану, гендерлік зерттеулер. 2003 жылдан аудармашылықпен айналысып, Ш.Монтескьенің «Заңдар рухы жайында», əл-Фарабидің «Диалектика», М.Вебердің «Бағалаудан босатылудың мəні» т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. 160-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 оқулық, 5 оқу құралының авторы. ҚР Білім жəне ғылым мин-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2009) марапатталған. ҚҰЛЫБАЕВА Динара Нұрсұлтанқызы (19.8.1967 ж.т., Қарағанды обл. Теміртау қ.) – пед. ғыл. докт. (2007). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Мəскеу мемл. театр өнері ин-тын (1989) жəне Қазақ менеджмент, экон. жəне болжау ин-тын (1998) бітірген. Қазақ Бас киносында инспектор (1990–91), «Қазкинопрокатта» бөлім бастығы (1991–95), «Бөбек» қорында дирекция жетекшісі (1996, 1998) қызметтерін атқарды. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев» ұлттық білім қорында директор. Астана, Алматы қ-ларындағы Халықар. «Мирас» мектебін, Алматыдағы Халықар. мектепті жəне «Арыстан» арнайы лицейін құрған. «Методологические основы управления профессионально-ориентированной образовательной системой школ международного типа» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 40тан ғыл. еңбектің, 4 монография мен 3 оқу құралының авторы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2008). «Парасат» орденімен (2009), медальдармен марапатталған. ҚҰРМАНƏЛИЕВ Кəрімбек Арыстанұлы (20.4.1962 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Жамбыл а.) – филол. ғыл. докт. (2003), проф. (1998). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғыл. академиясының акад. (2000). ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002). Алматы шет тілдері ин-тын (1986, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-ті) бітірген. Осы инттың кəсіподақ к-ті төрағасының орынбасары (1986–87), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. унті) оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1987–2000), «Қайнар» ун-тінің вице-президенті – ректоры (2000–03), ҚР Білім жəне ғыл. мин. Жоғары білім беру департаменті директорының орынбасары, директоры (2003– 07), Еуразия ұлттық ун-тінің инновация жөніндегі проректоры Т.Құлажанов А.Құлсариева Д.Құлыбаева ҚҰЛАЖАНОВ

(2007–08) қызметтерін атқарды. 2008 жылдан Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғыл. академиясының вице-президенті. «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя мəселесінің теориялық негіздері» тақырыбында докт. дисс. қорғады. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 20 монографияның, 15 оқу-əдістемелік құралдың, 3 оқулықтың авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. ҚЫЛЫШЕВ Лұқпан (14.3.1909, Батыс Қазақстан обл. Шыңғырлау ауд. – 1991, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1958), проф. (1960). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1974). ҚазПИ-ді (1935, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА-ның Ботаника интында Ботаника бағының директоры (1952–55), Молек. биол. жəне биохим. ин-тында ғыл.-зерт. жұмыстарымен айналысты. Негізгі ғыл. еңбектері өсімдіктер биохимиясына арналған. Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ë ЛАЗУТКИН Александр Григорьевич (18.7.1935 ж.т., Ресей, Пенза обл. Сосновоборск ауд. Верх. Сыромяс с.) – тех. ғыл. докт. (1979), проф. (1981), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1987). Днепропетровск кен ин-тын бітірген (1952). «Каргормаш» өндірістік бірлестігінде инженер (1952–62), Қарағанды политех. ин-тында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1962–71, қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті), осы инттың ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры (1971–87), ректоры (1987–94) қызметтерін атқарды. «Научные основы создания выемочных горных машин с гидропневмоударными исполнительными органами» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 1994 жылдан Ресейде тұрады. Басты ғыл. еңбектері мен өнертабыстық ізденістері импульстық атқарушы тетіктер мен гидропневматик. жетектердің тиімді параметрлерін таңдау негіздерін жасауға арналған. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, 3 монография мен 112 өнертабыстық жаңалықтардың авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1986). Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ЛИЗУНОВА Евгения Васильевна (31.8.1926, Украина, Днепропетровск қ. – 16.1.1993, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1966), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1975), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1982). ҚазМУ-ды (1946, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚР ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тында (қазіргі Əдебиет жəне өнер ин-ты) аспирант (1950), кіші, аға ғыл. қызметкер (1946–53), 1953–93 ж. осы ин-тта бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. «Қазіргі қазақ романы (монография бойынша)» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Л. қазақ əдебиетінің тарихы, əдеби байланыс, М.О.Əуезов шығарм. жөнінде ғыл.-зерт. еңбектер жазды. «Мұхтар Əуезов» (1957, Ы.Дүйсенбаевпен бірге), «Қазіргі қазақ романы» (1964), «Мұхтар Əуезовтің шеберлігі» (1968) атты монографиялары жарық көрді. Ол Əуезов шығармаларының орыс тілінде 5 том болып басылуына белсене атсалысты. 300-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. К.Құрманəлиев Л.Қылышев А.Г.Лазуткин Е.В.Лизунова ЛИЗУНОВА

Ì МАШАНОВ Ақжан Жақсыбекұлы (2.11.1906, қазіргі Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Нұркен а. – 2.5.1997, Алматы қ.) – геол.- минерал. ғыл. докт. (1946), проф. (1968), ҚР ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Қазақ таукен металлургия ин-тын (1939, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде (1939–43), Геол. ғылымдар ин-тында (1943–46), ҚазПИ-де (1946–50, қазіргі ҚазҰПУ), Қазақ политех. ин-тында (1950–88, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) ғыл.-зерт. жəне пед. жұмыстармен айналысты. Негізгі ғыл. еңбектері геомеханиканың құрылымы – кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, мех., хим., геохим., кристалдық хим., геогр., геол., технол. пəндерінің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомех. заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады. М. геол., тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемл. тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Ол əлФараби мұрасын ислам дінімен жəне қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нəтижесінде фарабитанудың негізін салушылардың бірі ретінде де кеңінен танылды. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 9 монографияның, оқу құралдарының авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. МƏСЕНОВ Төлеген (14.11.1917, қазіргі Қарағанды обл. Нұра ауд. 3-а. – 5.12.2002, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1967), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1974). ҚазМУды (1939, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1945–47 ж. Ақмола обл. халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді. 1947–2002 ж. ҚазҰУ-да жəне Эксперименттік биол. ғыл.-зерт. ин-тында ғыл.-пед. жұмыстармен айналысты. «Сравнительная морфология легких млекопитающих в связи с их экологией» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері жануарлардың эвол. морфологиясына арналған. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Қазан революциясы, 1жəне 2-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. МЕДОЕВ Георгий Цараевич (30. 6.1901, Ресей, Солт. Осетия Республикасы, Дигора қ. – 23.11. 1991, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1947), проф. (1967), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Қазақ КСР-і-нің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград кен ин-тын (1930), (қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. 1931– 36 ж. Қазақ геол. тресінде, Семей геол. барлау техникумында, 1936 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политех. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) жəне Қазақстан ҒА-ның Геол. интында қызмет атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстанның геологиясы мен геоморфологиясын, тектоникасын, вулканизмдерді, соның ішінде, Қарағанды көмір алабының геол. құрылысын зерттеу мəселелеріне арналған. КСРО Мемл. (1948) жəне Лениндік сыйлықтардың (1958) лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. МУСИН Əлихан Шөжебайұлы (25.11.1908, Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. 2-а. – 30.12.1963, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1958), проф. (1960), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Мəскеу Түсті металдар мен алтын ин-тын бітірген (1937). 1937–49 ж. Қоңырат кенішінде, Успен жəне Лениногор кен басқармаларында, Березов кенішінде, Қазақстан ҒА-да инженер, басшылық қызметтер атқарған. 1949 жылдан өмірінің соңына дейін Тау-кен ісі ин-тының директоры болды. Негізгі ғыл. еңбектері жер астынан кен қазып алу кезінде пайда болатын жер қыртысы қабаттарының қысымы мен оның пайда болу заңдылықтарына арналды. 60-тан асА.Машанов Т.Мəсенов Г.Ц.Медоев МАШАНОВ

там ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы, 2 өнертабыстың иегері. Лениндік сыйл. лауреаты (1961). «Құрмет Белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. МҰСАБАЕВ Ғайнетдин Ғалиұлы (17.9.1907, Омбы қ. – 26.11. 1981, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1960), проф. (1968). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1971). ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. КСРО ҒА-ның Қазақстандағы бөлімшесінде ғыл. қызметкер (1937– 39) болды. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қазақстан ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1946–52), Тіл білімі интында бөлім меңгерушісі (1952– 81) қызметтерін атқарған. «Лексика современного казахского языка» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясына, тіл тарихының мəселелеріне арналды. М-тың қатысуымен қазақшаорысша, орысша-қазақша, орфогр., түсіндірме сөздіктер шықты. 1-дəрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. МҰСТАФИН Ғабиден (20.11. 1902, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Жауыр тауы – 20.1.1985, Алматы қ.) – Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958), Қазақстанның халық жазушысы (1984). Спасскідегі орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып жұмыс істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуды үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды. 1925–64 ж. Қарағанды шахтасында темір жонушы (токарь), «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосибирск қ-нда шыққан «Қызыл ту» газетінің, «Əдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері, редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953–57, 1961–64) қызметтерін атқарды. М. өндіріс, а. ш. тақырыбына арналған «Қарағанды», «Миллионер», т.б. көптеген романдар жазды. Өз өмірінен жəне өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдер жайында мағлұмат беретін «Көз көрген» мемуарлық шығармасын (1963) дүниеге əкелді. Əдеби-сын мақалаларында елдің, ұлттың жайын қозғап, əдебиеттің бүгіні мен ертеңі, дамуы турасындағы тың ой-тұжырымдарын жазды («Ой əуендері», 1974). Ол 5-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің (1954), 6– 9-сайланған Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты (1962–78) болды. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. (1978), Жамбыл атынд. сыйл. (1979) лауреаты. 2 рет Ленин, 2дəрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен жəне көптеген медальдармен марапатталған. МҰСТАФИНА Əсия (24.4.1924, Қызылорда обл. Сырдария ауд. – 14.11.1991, Алматы) – тех. ғыл. докт (1971), проф. (1972), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972). Қазақ тау-кен металлургия интын бітірген (1948). Кемпірсай кен басқармасында (1948–50), Өзбекстан ҒА-нда (1950–51), «Қазақмелиовзрыв» өндірістік-техника бөлімінде (1951–52), Қазақстан ҒА-ның Тау-кен ісі ин-тында (1952–54, 1955–91), Кеңес–Қытай акцион. қоғамында (1954–55) инж., ғыл., басшылық қызметтер атқарды. М-ның ғыл. еңбектері кен ашу жұмыстарында жаппай қопару əдістерін қолдану, шарошкалы бұрғылаудың технологиясын жетілдіру, кенді ашық əдіспен қазу жүйелерін талдау жəне кеніштерді автоматтандырылған басқару жүйелері арқылы пайдалану мəселелеріне арналған. Ə.Мусин Ғ.Мұсабаев Ғ.Мұстафин Ə.Мұстафина МҰСТАФИНА

Соколов жəне Сарыбай кеніштерінде экскаватор үңгубеттерінің оңтайлы параметрлерін анықтау арқылы экскаваторлар мен өздігінен аударғыш машиналарды тиімді пайдаланудың ішкі көздерін тауып, «экскаватор – автотранспорт – үйінді» кешенді жұмыстарының толық өзара байланысын анықтап, экон. тиімді сұлбасын ұсынды. «Құрмет белгісі» орденімен жəне медальдармен марапатталған. МҰТАНОВ Ғалымқайыр (27.3. 1957 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Белтерек а.) – тех. ғыл. докт. (1993). ҚР ҰҒА-ның коор. мүшесі (2012). ҚР Халыққа білім беру ісінің үздігі (1997), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. жəне тех. қайраткері (1998). ҚР-ның білім беру ісінің құрметті қызметкері. Халықар. инж. жəне Жоғары мектеп ғыл., Халықар. еур. экон. жəне шығарм., Халықар. ақпараттандыру академияларының акад. Қазақ политех. ин-тын (1979, Қазақ ұлттық тех. ун-ті) жəне Мəскеу тау-кен ин-тының аспирантурасын (1986) докторантурасын (1993) бітірген. Рудный индустр. ин-тында оқытушы (1979–86), ассистент, аға оқытушы, доцент (1986–91), проф., кафедра меңгерушісі (1979–94), Солт. Қазақстан мемл. ун-тінің ректоры (1994– 2002), ҚР Білім жəне ғыл. министрінің 1-орынбасары (2002– 03), Шығыс Қазақстан мемл. тех. ун-тінің ректоры (2003–10) қызметтерін атқарды. 2010 жылдан ҚазҰУ-дың ректоры. «Теория, методы и средства автоматизированного управления безопасности при авариях на подземных горных предприятиях» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. М. əлеум.- экон. үдерістер аясындағы тақырыптарға жазылған 419 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 12 монографияның авторы. 40-қа жуық өнертабыс пен патенттің иегері. «Парасат» орденімен (2006), медальдармен марапатталған. МЫҢБАЕВ Кəрім (15.8.1906, қазіргі Қарағанды обл. Нұра ауд. Ивановка а. – 30.9.1948, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1944), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946). Орта Азия мақта-ирригация ин-тын (1932) бітірген. Қазақ мемл. а. ш. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне Алматы селекция ст-нда (1932– 36) жəне Қазақ КСР-і Жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары (1942–44) болды. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Бүкілодақтық а. ш. академиясы Шығыс бөлімшесіндегі Қазақ бөлімінің төрағасы қызметін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. М. Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биол.-селекц. жағынан ғыл. тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым. 200-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. 2-сайл. Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесінің депутаты. Алматы обл. Жамбыл ауд-ндағы бір ауылға жəне Алматы қ-ндағы көшеге М. есімі берілген. Í НƏМЕТОВ Асқар Мырзахметұлы (1963 ж.т.) – ветеринария ғыл. докт. (2005), проф. (2008). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Мəскеудегі ветеринария академиясын бітірген. Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проректор болып жұмыс істеген. 2012 жылдан Қостанай мемл. ун-тінің ректоры. 70тен астам ғыл. еңбектің, 3 оқулық пен 10 өнертабыстың авторы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005) марапатталған. НƏСИЕВ Бейбіт (15.8.1966 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Бөкей ордасы ауд. Саралжын а.) – а.ш. ғыл. докт. (2009), проф. ҚР ҰҒАның корр. мүшесі (2012). Батыс Қазақстан а.ш. ин-тын (1990, қазіргі Батыс Қазақстан агр.-тех. ун-ті), Мəскеудегі Бүкілодақтық мал азығы ғыл. зерт. ин-тының аспирантурасын (1994), Қазақ ұлттық агр. ун-тінің докторантурасын (2006) бітірген. 1991 ж. Батыс Қазақстан а.ш. ин-тында оқытушы болды. 1994–2003 ж. Батыс Қазақстан обл. «Астық» ассоциациясы, азық-түлік корпорациясы мекемелерінде маман, бас маман, бөлім жетекшісі, бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. 2007 жылдан Батыс Қазақстан агр.-тех. ун-тінде еңбек етеді. Қазіргі кезде ун-т проф., Ғ.Мұтанов К.Мыңбаев А.Нəметов МҰТАНОВ

ун-ттің департаментінің директоры. 2007 ж. «Батыс Қазақстанда далалық жəне жем-шөп дақылдарының технологияларын дамыту» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: жем-шөп дақылдарын өсіру технологияларын дамыту, мал азықтық алқаптардың биоресурстық мүмкіншіліктерін қалпына келтіру. Н. 130-ға жуық ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монография, 2 оқу құралы мен 2 электронды оқулықтың авторы. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. НӨКЕШОВ Саяхат Оразұлы (27.4.1970 ж.т., Қарағанды обл. Ақтоғай ауд. Ақтоғай а.) – тех. ғыл. докт. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Целиноград а. ш. ин-тын (1993, қазіргі Қазақ агротех. ун-ті) жəне аспирантурасын (1998) бітірген. Осы интта ассистент, деканның орынбасары болды (1993–2001). 2001 жылдан декан қызметін атқарады. «Дəл егіншілік жүйесінде минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне талғамды енгізудің механикалық-технологиялық негіздері» тақырыбында докт. дисс. қорғады. 200-ден астам ғыл. жарияланым, 2 оқулық пен монография, 12 патенттің авторы. НҰРҚАТОВА Лəззат Төлегенқызы (1973 ж.т.) – əлеуметтану ғыл. докт. (2004), проф. (2011). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазҰУ-ді бітірген. 2008–09 ж. ҚР Президенті жанындағы Мемл. басқару академиясында директордың орынбасары, 2009 жылдан академияда кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 60-тан астам ғыл. еңбектің, 2 монография мен 2 оқу құралының авторы. Талантты жас ғалымдарға арналған М.Əуезов атынд. мемл. сыйл. лауреаты (2004). Î ОМАРОВ Қылыш Бейсенұлы (7. 8.1963 ж.т. Қарағанды обл., Нұра ауд. Көбетей а.) – тех. ғыл. докт. (2010), проф. (2011). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Қарағанды мемл. ун-тін (1987), аспирантурасын (1990) бітірген. 1991–2001 ж. Химия-металлургия ин-тында ғыл., аға ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. 2002 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде доцент, 2004 жылдан ун-ттің Инновац.- технол. орт-ның директоры, 2011 жылдан ун-т проректоры қызметтерін атқарады. «Мыс өндірісі технологиялық ерітінділерінен күшəланың экологиялық қауіпсіз түрлерін шығарудың физикахимиялық негіздері мен тəсілдерін əзірлеу» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: түсті металдардың гидрометаллургиясы. Мыс электролитін қайта өңдеу мен тазалаудың тəсілдері. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 авторлық куəлік пен 11 патенттің авторы. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2012) марапатталған. ОНАЕВ Ибрагим Əбілғазыұлы (19.5.1913, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Онай мекені – 24.8. 1994, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1969), проф. (1970), Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1971), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972). Қазақ тау-кен жəне металлургия ин-тын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Қарсақпай мыс қорыту з-тында жұмыс істеген (1941–44). Қазақ металлургия жəне кен байыту интында аспирант, ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1944–74), диБ.Нəсиев С.Нөкешов Қ.Омаров ОНАЕВ Л.Нұрқатова

ректордың орынбасары (1965– 70), Қазақ политехн. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі (1974–94) қызметтерін атқарды. 1968 ж. «Исследование в области плавки медных концентратов Центрального Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері түсті металлургия шикізаттарын өңдеудің жаңа тəсілдерін жетілдіруге арналған. Металл-шлак жəне штейн-қожгаздық фаза жүйесіндегі металдардың таралу заңдылықтарын ашқан. Мысты жəне полиметалдық материалдарды шашыранды күйде циклондық (кивцэттік) балқытудың ерекше технологиясын жасаған авторлардың бірі. О. 300-ге жуық ғыл. еңбектің, 28 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ОРАЗБАЕВ Базарбай Мəмбетұлы (21.11.1912, Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Қараүңгір а. – 30.7.1981, Алматы қ.) – физ.- матем. ғыл. докт. (1964), проф. (1965), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1969). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тін бітірген (1935). ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1937–81) қызметтерін атқарды. Оның негізгі ғыл. еңбектері алгебра жəне сандар теориясы мəселелеріне арналған. О. алгебра ғылымы үшін маңызы бар абельдік өрістегі сандардың орналасу заңдылықтарын зерттеді. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, бірнеше оқулықтың авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ОСПАНОВ Өмірбек (10.8.1906, қазіргі Қостанай обл. Федоров ауд. Тоғызақ а. – 8.4.1993, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1937), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Мəскеу а. ш. академиясын бітірген (1931). КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геол. жəне топырақ секторларында кіші, аға ғыл. қызметкер (1936–39), Жезқазған тəжірибе стнда директор (1939–42), КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесі төрағасының орынбасары (1942–46), Қазақстан ҒА-ның Топырақтану жəне ботаника ин-тының директоры (1943–45), Қазақстан ҒАның Топырақтану ин-тының директоры (1945–68), осы ин-тта бөлім меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер, кеңесші (1968–93) қызметтерін атқарған. 1995 жылдан Топырақтану ин-ты (қазіргі Топырақтану жəне агрохимия зерттеу орт.) О-тың есімімен аталады. «Тақырлы топырақтардың пайда болуы жəне оларды жақсарту» деген тақырыпта канд. дисс. қорғаған. О. – Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін салушы. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстан топырағының генезисі мен географиясына, топырақ түрлерін жіктеуге арналған. О. республика облыстарының топырақ карталарын жасады, жазық жерлер топырағының геогр.-генетик., аймақтық, т.б. ерекшеліктерін сипаттап, топырақ түрлерін агр.-өндірістік топтарға, табиғи аймақтар мен облыстарды топырағына қарай категорияларға бөлді. Жыртуға жарамды тың жерлерді іріктеу жөніндегі зерттеулерге басшылық етті. 100-ге жуық ғыл. еңбектің авторы. О. есімі Қазақстанның Алтын кітабына енгізілген. Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. Ï ПЕТУХОВ Рэм Михайлович (10. 6.1928 ж.т., Алматы обл. Талғар қ.) – экон. ғыл. докт. (1966), проф. (1968). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967). Ленинград (1950, Санкт-Петербург) кеме жасау интын бітірген. Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1955–63), КСРО ҒА-ның Сібір бөлімшесінде экон. жəне өнеркəсіп өндірісін ұйымИ.Онаев Б.Оразбаев Ө.Оспанов ОРАЗБАЕВ

дастыру ин-тында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1963–67), Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-тында директор (1967– 73), «Румб» орт. ғыл.-зерт. инты (1973–77, Ресей) директорының орынбасары, бас инженер, 1977 жылдан Ленинград кеме жасау ин-тында кафедра меңгерушісі. Ғыл. еңбектері – машина жасау өндірісінің экон. тиімділігін арттыру мəселелеріне арналған. Көптеген медальдармен марапатталған. ПОМЕРАНЦЕВ Глеб Борисович (14.7.1920, Ресей, Дондағы Ростов қ. – 2003, Атырау қ.) – тех. ғыл. докт. (1967), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1975). Ленинград (1947, СанктПетербург) мемл. ун-тін бітірген. Маңғыстау (қазіргі Ақтау) энергокомб-нда инженер-физик, бөлім бастығы, ғыл. жетекшінің орынбасары, бас инженердің ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1947–76). 1976 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политех. ин-тының (Қазақ ұлттық тех. унті) Ақтау қ-ндағы бөлімшесінде ғыл. қызметтер атқарған. Ғыл.- зерт. жұмыстарының бағыты ядр. реакторлардың өнімділіктерін арттыру, шапшаң нейтронды қуатты реакторларды жасау жəне жетілдіру, т.б. мəселелеріне арналған. КСРО Мемл. (1951) мен Лениндік сыйлықтардың (1960) лауреаты. 235 ғыл. жарияланым мен 6 өнертабыс куəлігінің авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. ПІРƏЛИЕВ Серік Жайлауұлы (12.1.1952 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд. Ақбиік а.) – пед. ғыл. докт. (2002), проф. (2004). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚР Ұлттық инж. академиясының акад. ҚР білім беру ісінің үздігі (1999). ҚазМУ-ды (1976, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан ҒАның Хим. ғылымдары ин-тында лаборант, инженер, кіші ғыл. қызметкер (1976–85), ҚР Білім миннде бөлім меңгерушісі, Жоғары оқу орны басқармасы бастығының орынбасары, Халықар. байланыс жүйесі басқармасының бастығы (1985–95), ҚР Мин. Каб-нде сектор меңгерушісі (1995–97), Білім мин. Жоғары жəне орта арнаулы білім басқармасы бастығының орынбасары (1998–99), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тының (1999–2003, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) ректоры, Халықар. қазақ-түрік ун-тінің президенті (2003–08) болды. 2008 жылдан ҚазҰПУ-дың ректоры. 250-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 6 монография, 8 оқу құралы, 8 авторлық куəліктің авторы. «Құрмет» орденімен (2005), медальдармен марапатталған. Ð РАМАЗАНОВ Тілекқабыл Сəбитұлы (1961 ж.т., Атырау обл. Құрманғазы ауд. Ганюшкино а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазМУ-ды (1983, қазіргі ҚазҰУ) жəне аспирантурасын (1987) бітірген соң осы унтте инженер, кіші ғыл. қызметкер (1987–88), аға оқытушы, доцент (1989–95), проф., деканның орынбасары (1997), 1998–2000 ж. декан, 2000–06 ж. Экспериментальды жəне теор. физика ғыл.-зерт. ин-тының директоры, 2006–07 ж. ҚР Білім жəне ғылым мин-нің Ғылым к-тінің төрағасы, 2007– 08 ж. ҚазҰУ-де проректор қызметтерін атқарды. 2009 жылдан «Қазатомөнеркəсіп ҰАК» АҚның тəуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі. «ТеореР.М.Петухов Г.Б.Померанцев С.Пірəлиев Т.Рамазанов РАМАЗАНОВ

тическое исследование и компьютерное моделирование свойств неидеальной плазмы на основе псевдопотенциальных моделей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 385 жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның, 15 оқуəдістемелік құралдың авторы. РЕЗНЯКОВ Александр Борисович (7.11.1904, Ресей, Дондағы Ростов қ. – 16.10.1984, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1956), проф. (1958). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесi (1962), Қазақ КСР-інің еңб. сiң. ғыл. қайраткерi (1961). Дон политех. ин-тын бiтiрген (1929). Ресейдiң өндiрiс орындарында инженер, цех бастығының орынбасары, бөлiм меңгерушiсi (1929–45), Алматы ауыр машина жасау з-тында бас конструктор (1945–48), Қазақстан ҒА-ның Энергетика ин-ты (қазiргi Қазақ энергетика ғыл.-зерт. ин-ты) директорының орынбасары (1948– 76) қызметтерiн атқарды. 1955 ж. «Горение пылеугольного факела (как полидесперсной системы)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негiзгi ғыл. еңбектерi табиғи қатты отындардың тозаң көмiрлiк жəне циклондық оттықтарда жануын зерттеуге арналған. Ұсақ кентастар мен концентраттарды қайта өңдеудiң жаңа, тиiмдiлiгi жоғары циклондық процесiнiң теор. негiзiн жасап, оны өндiрiске енгiзудi ұсынды. Р. қуатты ЖЭС-тердiң қазан агрегатындағы оттық қондырғыларының үлгiсiн жасау, оларды жетiлдiру жөнiндегi кешендi зерттеулерге басшылық еттi (Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1972). Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. РОСЛЯКОВ Анатолий Калистратович (24.4.1907, қазіргі Самара обл. Бузулук ауд. Сергеевка с. – 29.9.1979, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1951), проф. (1952), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1951), Қазақ а. ш. ғыл. академиясының акад. (1960), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Ленинград (қазіргі СанктПетербург) қ-ндағы Ветеринарлық ин-тта аспирант (1932–36), мал дəрігерлерінің білімін жетілдіру ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1936–38), Смоленск қ-ндағы Батыс а. ш. ин-тының директоры (1938–39), Кеңес Армиясының əскери-ветеринарлық академиясында оқытушы, бастықтың орынбасары (1939–48), Қазақстан ҒА-ның Эксперименттік биол. ин-тында бөлім меңгерушісі, ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1948–55), Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тында кафедра меңгерушісі (1952–79) қызметтерін атқарған. 1950 ж. «Остеомаляция лошадей и ее профилактика» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл. еңбектері мал азықтандыру жəне жемшөп технологиясы мəселелеріне арналған. Халықтар достығы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. Ñ САДВАҚАСОВ Гожахмет (15. 6.1929, Алматы обл. Ұйғыр ауд. Үлкен Ақсу а. – 15.11.1991, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1972), проф. (1984), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1975). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақстан ҒА-ның аспиранты (1950–53), академияның ұйғыр-дүнген мəдениеті жəне Тіл ин-тының кіші, аға ғыл. қызметкері, бөлім меңгерушісі, ұйғыртану бөлімінің аға ғыл. қызметкері (1953–85), Ұйғыртану ин-тының директоры (1985–91) қызметтерін атқарған. С. ұйғыр халқының фольклорын жинап, зерттеуге көп үлес қосты. Бірнеше лексикогр. еңбектің, орта мектепке арналған ұйғыр тілі мен əдебиеті оқулықтарының авторы. Ш.Ш. Уəлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1977). Қазақстанның Алтын кітабына енгізілген (1976). Медальдармен марапатталған. А.Б.Резняков А.К.Росляков Г.Садвақасов РЕЗНЯКОВ

САДЫБЕКОВ Махмұд Əбдісəметұлы (1963 ж.т., Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2000), проф. (2010) ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазМУ-ды (1985, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Осы унтте зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы (1985–92), Оңт. Қазақстан тех. ун-тінде аға оқытушы, аға ғыл. қызметкер, кафедра меңгерушісі, проректор (1992) болып қызмет атқарады. 70-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның, 1 оқу құралының авторы. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Жастары Одағы сыйл. лауреаты (1993). САПА Василий Антонович (14. 1.1922, Қостанай обл. Федоров ауд. Успеновка а. – 1994, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1964), проф. (1967). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1989). Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1974), К.Э.Циалковский атынд. Космонавтика академиясының мүшесі (1994). ҚазМУ-ды (1948, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1948– 93 ж. осы ун-тте пед., басшылық қызметтер атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері – массасы айнымалы денелер механикасына, күрделі жүйелер динамикасына, аналит. механикаға, қатты дене жəне қуыстары сұйықтықпен толтырылған дене динамикасына арналған. 200-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту, 1, 2-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. САТАЕВ Марат Исақұлы (1972 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2007), проф. ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). 2011 жылдан Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі. 190-ға жуық ғыл. еңбектің, оның ішінде 23 патенттің авторы. ҚР тұңғыш президенті қорының сыйл. лауреаты (2010). «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2008) марапатталған. СƏТБАЕВА Шəмшиябану Қанышқызы (25.7.1930, қазіргі Павлодар обл. Баянауыл ауд. Сəтбаев а. – 1.1.2002, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1971), проф. (1988), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (1979), ҚР Халық ағарту ісінің үздігі (1980), ҚР-ның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1991). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) жəне Мəскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1954) бітірген. ҚазПИ-де аға оқытушы, доцент (1954–65), Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер (1965–86), 1987 жылдан өмірінің соңына дейін бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ – еуропа əдеби байланыстары» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Ғыл.-зерт. еңбектері əдебиет тарихына, салыстырмалы əдебиеттану (компаративистика) мен əдебиеттер байланысын зерттеуге арналған. С. еңбектерінде əлемдік сюжеттер, интермəтіндер, көркем аударма, əдеби сапарнама секілді компаративизм мəселелері қамтылған. Зерттеушінің ғыл. еңбектері ұлттық салыстырмалы əдебиеттану ғылымына арналған алғашқы ғыл.-зерттеулер ретінде жоғары бағаға ие болды. С. алашордашыл қаламгерлердің шығарм. мұрасын зерттеген сарапшылар құрамында Шəкерім Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов шығармаларын жүйелеу, жарыққа шығару ісін басқарды, олардың өмірі, шығарм. жайында зерттеулер жазды. Сондай-ақ қазақ ғылымының өркендеуі жолында еңбек еткен Сəтбаевтар əулеті туралы кітаптары мəліметтерінің құндылығымен ерекшеленді. С. орта мектепке арналған «Қазақ əдебиеті» əдістемелік оқу құралының, орыс бөлімі студенттеріне арналған «Қазақ əдебиеті» (1979) оқулығының авторы. Шоқан Уəлиханов шығарм. жайындағы зерттеулері үшін ҚаМ.Садыбеков В.А.Сапа М.Сатаев Ш.Сəтбаева СƏТБАЕВА

зақстан ҒА-ның Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл-н алды (1990). СЕЙФУЛЛИН Саид Шағимерденұлы (3.10.1905, қазіргі Ақмола обл. Атбасар қ. – 22.5.1985, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. канд. (1960). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970), Қазақ КСРінің еңб. сің. геолог-барлаушысы (1965). Мəскеу геол. барлау ин-тын (1932) бітірген. Еңбек жолын 1929 ж. Жезқазған кенішінде бастап, 1957 жылға дейін бас геолог, геол. барлау экспед-ның бас инженері қызметтерінде болды. Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында лаб. меңгерушісі (1957–60), Жезқазған лабның жетекшісі (1960–64), аға ғыл. қызметкер-кеңесші қызметтерін (1965–85) атқарған. С. Қазақстанда металлогения ғылымын дамытуға үлес қосты. Жезқазған өңіріндегі мыс кендерін (Сарыоба, Қыпшақпай) алғаш ашты (1939– 40). 60-тан астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. СЕЙІТАХМЕТОВА Наталья Львовна (1962 ж.т.) – филос. ғыл. докт. (2001), проф. (2009). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Негізгі ғыл. бағыты: ислам философиясы жəне Фарабитану мəселелері. Əбу Наср əл-Фараби еңбектірінің 10-томдық жинағын құрастырып, алғысөзін жазған. 80-ге жуық ғыл. еңбектің, оның ішінде жекелей жəне ұжымдық монографиялардың авторы. СЕРГИЕВ Николай Григорьевич (10.4.1901, Ресей, Вятка қ. – 28. 8.1960, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1946), проф. (1947). Қазақстан ҒА-ның коор. мүшесі (1954). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1954). Ленинград (1928, қазіргі СанктПетербург) политех. ин-тын бітірген. Орт. Қазақстанды геол. картаға түсіру тобында жұмыс істеп, Қоңырат кенін ашуға қатысты (1928–31). Ленинград таукен ин-тының ассистенті (1931– 33), КСРО ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында ғыл. қызметкер (1933–36), Ленинград политех. ин-тында доцент (1936–42), Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында металлогения секторының меңгерушісі, ғыл. хатшы (1942–47), Қазақ тау-кен жəне металлургия ин-тында (1947– 60, қазіргі Қазақ ұлттық тех. унті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері эффуз. тау жыныстарының петрологиясын зерттеуге арналған. 30-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. СЛУДСКИЙ Аркадий Александрович (21.11.1912, қазіргі Молдова, Тирасполь қ. – 9.3.1978, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1962), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967). Бүкілодақтық зоотех.- аң терісі ш. ин-тын (1935) бітірген. КСРО Сыртқы сауда халық комиссариатының «Қазақ аң терісін дайындау» бірлестігінде (1936–38), Қазақ аңшылық кəсібі ғыл.-зерт. ин-тының директоры (1938–42), Қазақстан ҒА-ның Зоол. ин-тында ғыл. қызметкер (1944–78), лаб. меңгерушісі, ин-т директоры (1967–71) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері Қазақстандағы қымбат терілі аңдарды халық ш-нда пайдалану мəселелеріне арналған. КСРО (1951), Қазақстан Мемл. сыйлықтарының лауреаты (1982, қайтыс болғаннан кейін). Бірнеше медальдармен марапатталған. СМИРНОВА Нина Сергеевна (29.6.1908, Ресей, Ульянов обл. Дмитровград қ. – 5.11.1978, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1951), проф. (1953), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1951). Мəскеу мемл. ун-тін (1929) жəне аспирантурасын (1939) бітірген. ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, кафедра меңгерушісі (1939– С.Сейфуллин Н.Л.Сейітахметова Н.Г.Сергиев А.А.Слудский СЕЙФУЛЛИН

78); Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер (1945–78) болып қызмет атқарған. Негізгі ғыл.-зерт. еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мəселелеріне: қазақтың ауызша тараған поэтик. шығармаларының тарихи даму жолдары, эпос, айтыс жəне қазақ ауыз əдебиетінің басқа жанрлары, фольклор мен жазба əдебиеттің байланысы мəселелеріне, қазақ фольклортану тарихына, т.б. арналған. СОКОЛОВ Михаил Александрович (14.2.1902, Ресей, Иркутск обл. Мальта с. – 14.8.1973, Алматы қ.) – тех. ғыл. канд. (1938), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970). Томск технология интын (1926) бітірген. «Қазақалтын» кəсіпорнында басшы (1926– 28). Ресей мен Украинада инж. (1928–38), басшылық қызметте (1941–46), Қазақ тау-кен жəне металлургия ин-тында (1938–41, 1949–73), қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) кафедра меңгерушісі, декан, Қаақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тының директоры (1949–70) қызметтерін атқарған. С. мыс пен полиметалл кендерін флотациялау саласында бірқатар ғыл. бағыттар қалыптастырды. Қазақстандағы сирек кездесетін металдар мен полиметалл кендерін тиімді пайдалану жолдарын жасады. Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. СОНГИНА Ольга Альфредовна (17.4.1901, Ресей, Санкт-Петербург қ. – 7.5.1989, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1957), проф. (1959). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). Ленинград (1941, қазіргі СанктПетербург) индустр. ин-тын бітірген. Санкт-Петербург қ-ндағы «Красный выборжец» з-тында (1922–37), Фрунзе қ-нда (1937– 43, қазіргі Бішкек) дəріханаларды басқару мекемесінде, Қырғызстан ҒА-ның Хим. ин-тында ғыл. қызметкер (1943–45), Қазақ тау-кен жəне металлургия интында (1945–48, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті), Қазақстан ҒАның Хим. ин-тында ғыл. қызметкер (1948–50), ҚазМУ-да (1950– 89, қазіргі ҚазҰУ) оқытушы, кафедра меңгерушісі, проф.-кеңесші қызметтерін атқарған. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты – сирек элементтер, минералды шикізаттар химиясы жəне электрхим. əдістер саласын зерттеуге арналған. 600 ғыл. жарияланымның, 6 монографияның, 30 авторлық куəліктің авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. СТЕНДЕР Владимир Вильгельмович [25.6.1897, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) – 24.12. 1969, Украина, Днепропетровск қ.] – тех. ғыл. докт. (1942), проф. (1935). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1954). Петроград (1921, қазіргі Санкт-Петербург) политех. ин-тын бітірген. Ленинград қ-нда инж., ғыл.-пед. жұмыста (1923–39), Қазақ тау-кен жəне металлургия ин-тында (1939–50, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті), ҚазМУ-да (1939–41, қазіргі ҚазҰУ), Химия ғылымдары ин-тында (1942–50), Кемерово тау-кен ин-тында проф., лаб., кафедра меңгерушісі (1950–54); Днепропетровск хим.-технол. ин-тында проф., лаб. меңгерушісі (1954– 69) қызметтерін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері түсті металдардың гидроэлектрометаллургиясына арналған. СҮЛЕЙМЕНОВ Бекежан (12. 12.1912, Ақтөбе обл. Шалқар ауд. – 30.6.1984, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1965), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1982). Мəскеу мемл. пед. ин-тын (1938) бітірген. ҚазПИ-де (1938–42, қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар жəне əлем тілдері ун-тінің ректоры (1942–43), КСРО ҒА-ның Қазақ Н.С.Смирнова М.А.Соколов О.А.Сонгина В.В.Стендер СҮЛЕЙМЕНОВ

бөлімшесінің Тіл, əдебиет жəне тарих ин-ты директорының орынбасары (1943–45), Тарих, археол. жəне этнол. ин-тында бөлім меңгерушісі (1946–84) қызметтерін атқарған. Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатын зерттеумен шұғылданды. Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуына қарсылық танытып, оның Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы туралы ғыл. тұжырымын қолдады. 1952 ж. С-тің өзі де кеңестік тоталитарлық жүйе тарапынан қысымшылыққа ұшырады, 25 жылға сотталды. 1954 ж. ақталып шықты. 130-дан астам ғыл. жарияланымның авторы. Ш.Ш.Уəлиханов атынд. сыйл. лауреаты (1979). Бірнеше медальдармен марапатталған. СҮЛЕЙМЕНОВ Иманбек (15. 8.1914, Алматы обл. Ақсу ауд. Қарасу а. – 1995, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1947), проф. (1948), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1970), Қазақстанның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1964). Қазақ мемл. а.ш. ин-тын (1935, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) жəне Мəскеу а.ш. академиясының аспирантурасын (1938) бітірген. Осы академияда ассистент (1938–40), аға ғыл. қызметкер, Қазақ мемл. а. ш. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі, директордың оқу ісі жəне ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1940, 1944–47), Қазақ КСР-і Жер халкомының орынбасары (1940–42). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі (1947–53), Семей зоотех.-малдəрігерлік ин-тында кафедра меңгерушісі (1953–61), Алматы зоотех.-малдəрігерлік интының (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) проф. (1961–71) болды. Қазақ мемл. а. ш. ин-тында кафедра меңгерушісі, проф. (1971– 95) қызметтерін атқарған. «Культура пщеницы в Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері егіншілік жəне өсімдік өсіру мəселелеріне арналған. 170-тен астам ғыл. жарияланымның, 7 монографияның авторы. 1, 2-дəрежелі Отан соғысы орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. СЫДЫҚОВ Ерлан Бəтташұлы (29.2.1956 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Семей қ.) – тарих ғыл. докт. (1999), проф. (2001), ҚР ҰҒАның корр. мүшесі (2012), ҚР Жаратылыстану ғыл. академиясының (2008), Халықар. пед. ғылымдары академиясының (2003), Қазақ білім академиясының (2005) акад., Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2005). ҚазМУ-дың тарих ф-тін (1978) жəне аспирантурасын (1984) бітірген. Семей ет жəне сүт өнеркəсібі технол. ин-тында стажер-ізденуші (1978– 81), ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, проректор, проф. (1984–96), Семей мемл. унтінде аға ғыл. қызметкер (1996), ҚР Үкіметі аппаратында кеңесші (1996–97), Семей мемл. унтінде (1997–2004, 2008–11) жəне Семей мемл. пед. ин-тында (2004– 08) ректор қызметтерін атқарды. 2011 жылдан Еуразия ұлттық ун-тінің ректоры. «Казахстан в составе Российской Федерации (1917–1937 гг.)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. бағыты: Қазақстан – Ресей қарымқатынасының, Алаш қозғалысының, Абайдың тарихи-мəдени ортасының, Еураз. идеялардың тарихы. 100-ден астам ғыл.-əдістемелік жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 3 оқу құралының авторы. «Парасат» орденімен (2010), бірнеше медальдармен марапатталған. Ò ТАТКЕЕВА Галина Ғалымжанқызы (1966 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2012), проф. (2012). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). Қарағанды политех. ин-тын (қазіргі Қарағанды мемл. тех. ун-ті) (1991), аспирантурасын (2000) Б.Сүлейменов И.Сүлейменов Е.Сыдықов СҮЛЕЙМЕНОВ

бітірген. 1984–96 ж. Қарағандыдағы з-тта бақылаушы, техниктехнолог, инженер-технолог болып еңбек еткен. 2000–11 ж. Қарағанды мемл. тех. ун-тінде ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2011 жылдан ун-ттегі Телекоммуникация, энергетика жəне автоматика ин-тының директоры. 100-ден астам ғыл. еңбектің, 2 монография, 3 өнертабыс, 7 электронды оқулық, 5 оқу құралы мен 15 оқу-əдістемелік құралдардың авторы. ТƏЖІБАЕВА Патшайым (15.7. 1920, Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Қарақия а. – 6.1.1991, Алматы қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1961), проф. (1979), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967). Қазақстанда литология мен шөгінді пайдалы қазындылар жөніндегі ғыл. саласының негізін қалаушы. Орта Азия (қазіргі Ташкент) мемл. ун-тін бітірген (1942). 1960 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тының литология секторының меңгерушісі қызметін атқарды. «Литолого-петрографические исследования Джезказганских свит в связи с проблемой генезиса руд Джезказганского месторождения» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері Орт. Қазақстанның шөгінді жыныстары мен кентастарын зерттеу мəселелеріне арналған. 80нен астам ғыл. жарияланымның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған. ТƏШІМОВ Лесбек (27.12.1949 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сайрам ауд. Мəдени а.) – тех. ғыл. докт. (1999), проф. (1992). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012), ҚР Гуманит. ғыл. академиясының акад. ҚР білім беру ісінің үздігі (1998, 2007). ҚР-ның еңб. сің. қайраткері (1999). ҚР-ның спорт қайраткері (2006). Қызылорда пед. интын (1971, қазіргі Қызылорда мемл. ун-ті) бітірген. Қызылорда қ-ндағы кəсіби-тех. уч-щеде, орта мектепте мұғалім, директордың орынбасары (1971–77), Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс ин-тының Қызылорда бөлімшесінде аға оқытушы (1977–81), Мəскеу авиац. ин-тында стажерзерттеуші (1981–83), Қазақ хим.- технол. ин-тында (1983–93, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, Оңт. Қазақстан обл. Білім беру департаменті меңгерушісінің 1-орынбасары, Шымкент пед. дене тəрбиесі ин-тында проректор, Оңт. Қазақстан гуманит. ун-тінің проректоры (1993–96) болды. 1997– 98 ж. Халықар. қазақ-түрік ун-ті (ХҚТУ) президентінің кеңесшісі; 1998–2003 ж. осы оқу орнының Шымкент бөлімшесінің директоры, 2003–04 ж. ун-ттің вице-президенті, 2004–08 ж. ХҚТУ Шымкент ин-тының директоры қызметтерін атқарды. 2008 жылдан ХҚТУ-дің президенті. 100-ден астам ғыл. жарияланым мен 2 монографияның авторы. ЮНЕСКОның «Алтын тəж» орденімен (2005), ҚР-ның «Құрмет» (2007) ордендерімен, бірнеше шетелдік, отандық медальдармен марапатталған. ТОЛЫБЕКОВ Серғали Еспембетұлы (9.3.1907, Қызылорда обл. бұрынғы Қазалы уезі Байқожа а. – 22.6.1995, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1961), проф. (1962), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). ҚазПИ-ді (1932, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Осы ин-тта ассистент, доцент (1932–37), ин-т директоры (1937–41, 1947–52, 1963–74), кафедра меңгерушісі (1950–52), Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-тында директор (1952– 63), 1974 жылдан өмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің кеңесшіпроф. қызметтерін атқарған. Т. «Общественно-экономический строй казахов в 17–19 вв» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Г.Таткеева П.Тəжібаева Л.Тəшімов С.Толыбеков ТОЛЫБЕКОВ

Т. қоғам дамуының теор. жəне тарихи-экон. мəселелерін, қазақтардың шығу тегі мен шежіресін зерттеумен айналысты. 100-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ТІРЕУОВ Қанат Маратұлы (12.3. 1972 ж.т., Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Хантау бекеті) – экон. ғыл. докт. (2009), проф. (2010). ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (2012). ҚазҰУ-ды (1994), Қазақ ұлттық агр. ун-тін (2005) бітірген. 1994– 2000 ж. Қазақ мемл. а.ш. ин-тының (қазіргі ҚазҰАУ) ассистенті, ин-ттың «Ақпараттық-есептеу орталығы» директорының орынбасары, директоры, 2000–03 ж. ҚР ІІМ академиясының аға оқытушысы қызметтерін атқарған. 2003 жылдан ҚазҰАУ-де аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, проректор, 2011 жылдан 1проректор. «Развитие корпоративного управления в аграрном секторе Казахстана» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. бағыты: агр. өндірісті басқарудың ғыл.-əдістемелік негізін жетілдіру мəселесі, жобаларды басқару негізінде агроөнеркəсіп кешенінің инновац. дамуын зерттеу. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 8 оқу құралы мен 10 оқу-əдістемелік нұсқаудың авторы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2011). Медальдармен марапатталған. Ó УДИНЦЕВ Григорий Николаевич (15.1.1896, Ресей, Свердловск обл. Карпинск ауд. Петропавловский кенті – 15.1.1951, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1940), проф. (1934). КСРО Мед. ғыл. академиясының корр. мүшесі (1945), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1941). Томск унтін бітірген (1921) соң осы ун-тте ординатор, ассистент, доцент (1921– 30), ауруханада бас дəрігердің міндетін атқарушы (1930–34), Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) меңгеруші (1935–44), Қазақстан ҒАның Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тының директоры (1944–48), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Санитарлық-гигиеналық мед. ин-тында проф. (1948–51) қызметтерін атқарған. 1940 ж. «К вопросу об определении функции костного мозга у человека» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл. жұмыстары гематология (қан морфологиясы), жұқпалы аурулар (бруцеллезді вакцинамен, хим. дəрілермен, физиотерапия əдістерімен емдеу) жəне курортолог. (қымыз бен курорттық факторлардың емдік қасиеттері) мəселелеріне арналған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен жəне медальдармен марапатталған. УДОЛЬСКАЯ Надежда Львовна (26.3.1903, Ресей, Қорған қ. – 21.9.1986, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1963), проф. (1964), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1967), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1968). Иркутск ун-тін бітірген (1925). Омбы тəжірибе ст-нда ассистент, лаборатория меңгерушісі (1926–37), Қазақ егіншілік ғыл.-зерт. ин-тында аға ғыл. қызметкер (1937–38), Алматы селекц. ст-нда топ жетекшісі (1938–54), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) доцент (1954–64), проф. (1964–86) қызметтерін атқарды. 1963 ж. «Биологические основы селекции яровой пшеницы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның ғыл. еңбектері өсімдіктер физиологиясына арналған. Ол бидай мен сұлы сорттарының минералды тыңайтқыш сіңуі нəтижесінде қанша қосымша өнім беретінін анықтады. Жаздық бидайдың 4 сортын (Украина жаздық бидайы, Қазақстандық-3, Қазақстандық-4, Қазақстандық126) шығарып, аудандастырған. У. бидай гетерозисін зерттеген. Ленин жəне Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қ.Тіреуов Г.Н.Удинцев Н.Л.Удольская ТІРЕУОВ

¸ ҮЗЕНБАЕВ Ештай Қолбекейұлы (15.2.1906, Өзбекстан, Төм. Шыршық ауд. Балта а. – 18.9. 1974, Алматы қ.) – а. ш. ғыл. докт. (1954), проф. (1957). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесi (1962). Ташкент а. ш. ин-тын бiтiрген (1931). Бұрынғы Шымкент обл. Мақтаарал тəжiрибе ст-ның директоры (1935–36), Қазақтың мақтажоңышқа өсiру тəжiрибе ст-ның директоры (1936–38), Ташкент а. ш. ирригация жəне механикаландыру ин-тының доцентi, аға агрономы (1939–45), Өзбекстан ҒАның Ботаника жəне зоол. ғыл.- зерт. ин-ты директорының орынбасары (1946–60), Қазақтың мақта ш. тəжiрибе ст-ның директоры, осында генетика жəне селекция бөлiмiнiң меңгерушiсi (1961– 65), Қазақстан ҒА-ның Орт. Ботаника бағының директоры жəне генетика лаб-ның меңгерушiсi (1965–74) қызметтерiн атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері мақтаның тозаңдану жəне ұрықтану биологиясы, биохимиясы, физиологиясы, анатомиясы мəселелеріне, осы дақылдың радиац. мутагенезін зерттеуге арналған; мақтаның бірқатар сорттарын (ПА164, ПА-170, ПА-173) шығарды. Ү. мақта жөнiнде 50-ден астам ғыл. еңбек жариялады. Ол «Құрмет Белгiсi» орденiмен жəне медальдармен марапатталған. ҮМБЕТЖАНОВ Дəулет (25.7. 1932, Ақтөбе обл. Шалқар қ. – 30.7.1996, Алматы қ.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1983), проф. (1984), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесi (1994), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің үздігі (1985). ҚазМУ-ды (1955) жəне аспирантурасын (1958) бiтiрген соң аға оқытушы, деканның орынбасары (1958–73), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында (1973–85, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) декан, кафедра меңгерушiсi, 1985 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒАның Теор. жəне қолданбалы матем. ин-тында лаб. меңгерушiсi болды. 1982 ж. «Исследование почти многопериодических решений некоторых систем дифференциальных уравнений в частных производных» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негiзгi ғыл. еңбектерi дифференц. теңдеулердiң периодтық шешiмi теориясына арналған. 120-дан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Ô ФИАЛКОВ Борис Соломонович (11.4.1930, Украина, Харьков қ. – 1996, Қарағанды қ.) – тех. ғыл. докт. (1973), проф. (1982), ҚР ҰҒАның корр. мүшесі (1989). Орал политех. ин-тын (1952) бітірген. КСРО Қара металлургия мин-нің «Уралэнергочермет» мекемесінде инженер, аға инженер (1952– 57), Орал политех. ин-тында аға инженер, кіші ғыл. қызметкер (1957–63), Қара металлургия орт. ғыл.-зерт. ин-тының Қазақ бөлімшесінде (1963–65, Қарағанды қ.) ғалым-хатшы, лаб. меңгерушісі, Бүкілодақтық көмір ин-тының Қарағанды бөлімінде лаб., сектор меңгерушісі (1966–75), директордың орынбасары (1989–92); 1975 жылдан Қазақстан ҒА-ның Хим.- металлургия ин-тында лаб. меңгерушісі, ин-т директоры (1994– 96) болып қызмет атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері қара металдар металлургиясына арналған. 300ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монографияның, 50 өнертабыстың авторы. Ø ШАМИС Давид Лазаревич (10. 12.1902, Украина, Одесса обл. Рени қ. – 16.5.1972, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1948), проф. (1949). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1958). Қазақ КСР-інің Е.Үзенбаев Д.Үмбетжанов Б.С.Фиалков ШАМИС

еңб. сің. ғыл. қайраткері (1966). Одесса халық-ағарту ин-тын бітірген (1926). 1944 жылдан Қазақстанда тұрған. 1944–63 ж. Қазақстан ҒА-ның Микробиология жəне вирусология ғыл.-зерт. интында лаб., сектор меңгерушісі, аға ғыл. қызметкер, директор (1956–63); 1963 жылдан өмірінің соңына дейін лаб. меңгерушісі қызметін атқарған. Негізгі ғыл. еңбектері тех. микробиология мəселелеріне арналған. 70-тен астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ШƏРІПҚАНОВ Ахметжан (10. 9.1908, Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Жайма а. – 10.9.2001, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1969), проф. (1970), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972). Қазақ КСРінің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1983). Мəскеу пед. ин-тын бітірген (1934). Алматы байланыс жəне кооперация техникумдарында мұғалім, директордың орынбасары (1935–38). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. ҚазМУ-да (1938– 88, қазіргі ҚазҰУ) аспирант, аға оқытушы, доцент, проф., кафедра меңгерушісі; проф.-кеңесші (1989–2001) қызметтерін атқарған. 1968 ж. «Исследования в области синтеза новых физиологически активных производных N-замещенных 2,5 диметилпиперидина. Синтез новых обезболивающих веществ» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Ғыл. еңбектері нəзік органик. синтез мəселелеріне арналған. 300-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монографияның, 60-қа жуық авторлық куəлік пен патенттің авторы. Ленин, 2-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. ШƏУКЕНОВА Зарема Кəукенқызы (29.9.1965 ж.т., Шымкент қ.) – əлеуметтану ғыл. докт. (2003), проф. (2006). ҚР Əлеуметтану академиясының (2005), Қазақ білім академиясының (2006), ҚР Гуманит.-ғылымдар академиясының акад. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемл. ун-тін (1987), аспирантурасын (1994) бітірген. 1987–97 ж. Қарағанды металлург. комб-нда психолог, бюро бастығы, əлеум.-психол. қызметінің басшысы, 1992–96 ж. Қарағанды мемл. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 1997– 2007 ж. «ЦЕЕСИ–Казахстан» Салыстырмалы əлеум. зерттеулер ин-тының директоры, 1998– 2002 ж. Еуразия ұлттық ун-тінің проф., 2007–10 ж. ҚазҰУ-де декан қызметтерін атқарды. 2009 жылдан «Əлеуметтану – Sosiology» журналының бас редакторы, 2010 жылдан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратег. зерттеулер ин-ты директорының орынбасары. «Социальное взаимодействие этносов в современном Казахстанском обществе» тақырыбында докт. дисс. қорғаған. 130-дан астам ғыл. еңбектің, сондай-ақ көптомдық «Əлемдік əлеуметтану антологиясы» авторларының бірі. Бірнеше медальдармен марапатталған. ШОЛАҚОВ Пангерей (15.9.1927, Батыс Қазақстан обл. Жəнібек ауд. Күйгенкөл а. – 5.8.1991, Алматы қ.) – тех. ғыл. докт. (1971), проф. (1973). Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1983). Қазақ таукен жəне металлургия ин-тын (1953, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. Осы оқу орнында аспирант, аға оқытушы, доцент, проф. қызметтерін (1953– 87) атқарған. 1987 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы архит.- құрылыс ин-тында (қазіргі Қазақ Бас сəулет-құрылыс академиясы) кафедра меңгерушісі болған. «Теория и практика обеспыливания и кондиционирования воздуха в условиях открытых работ» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Ғыл. еңбектері кенді ашық əдіспен қазу технологиясына жəне кеніш ауасын тазарту мəсеД.Л.Шамис А.Шəріпқанов З.Шəукенова П.Шолақов ШƏРІПҚАНОВ

лелеріне арналған. Ш-тың зерттеулері нəтижесінде Қазақстанда кеніш ауасын тазартудың жаңа тех. жобасы жасалды. 150ден астам ғыл. жарияланым, 2 монография мен 2 өнертабыстың авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. ШОЛАНОВ Ғабдолла (1907, қазіргі Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауд. – 22.10.1966, Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1956), проф. (1960), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1962). Алматы марксизмленинизм ин-тын бітірген (1937). Гурьев обл-нда Қызылқоға болыстық комсомол к-тінің хатшысы (1926–28), Омбы қазақ педтехникумында оқытушы, директор (1931–33). Қазақстан К(б)П Балқаш қ-лық, Қарағанды обл. ктінің 2-хатшысы (1937–39), 1939– 42 ж. Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақ КСР-і Халком кеңесі төрағасының орынбасары жəне Қазақстан КП ОК-нің кадрлар бөлімі меңгерушісінің 1орынбасары (1942–48), «Коммунист» журналының бас редакторы (1946–50) болды. Қазақ КСР-і ҒА-нда экон. секторын (1948–66) басқарды. Ол Қазақстанның 1917 жылдан 1945 жылға дейінгі экон. тарихы бойынша материалдарды алғаш рет жүйелеп, қорытындылаған 3 томдық «Қазақ КСР-і халық шаруашылығы тарихы» очерктерін (орыс тілінде) əзірлеуге белсене ат салысты. 60-тан астам ғыл. жарияланымның авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Û ЫСҚАҚОВ Ахмеди (21.11.1910, Шығыс Қазақстан обл. Семей қлық əкімдігі аумағы – 15.12.1996, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1965), проф. (1968), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1972), Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1957). ҚазПИ-ді (1940, қазіргі ҚазҰПУ), КСРО Халықтарының Тіл жəне жазу ин-тының аспирантурасын (1941) бітірген. «Халық мұғалімі» журналының редакторы (1941–42), ҚазПИде директордың орынбасары (1942–47), Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тында кафедра меңгерушісі (1947–51, 1953–55), Қазақстан ҒА-ның Тіл жəне əдебиет интының (1951–53) жəне Пед. ғылымдар ғыл.-зерт. ин-тының директоры (1955–61), Тіл білімі интында бөлім меңгерушісі (1961– 96) қызметтерін атқарған. Ы-тың ғыл.-зерттеулерінің саласы əр алуан. Оның қазақ тілінің морфологиясы, əсіресе, сөз таптарын жан-жақты зерттеп, саралау жолындағы ізденістерінің қазақ тіл білімінде, тіпті түркология ғылымында мəні ерекше. 200-ден астам ғыл. жарияланымның авторы. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1988). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. ЫСМАЙЫЛОВ Есмағамбет Самұратұлы (15.10.1911, қазіргі Ақмола обл. Еңбекшілдер ауд. Ақсу а. – 29.9.1966, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1958), проф. (1959), Қазақстан ҒА-ның корр. мүшесі (1959). Қазақ КСР-інің еңб. сің. ғыл. қайраткері (1961). ҚазПИ-ді (1934, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Қазақ АКСР-і Орт. атқару к-ті жанындағы Ұлт мəдениеті ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1934–35), «Қазақстан коммунисі» журналының жауапты хатшысы (1935–38), Қазақ коммунистік журналистика ин-тында, Қазақтың қыздар пед. ин-тында, ҚазМУ-де оқытушылық (1939– 66) қызметпен айналысты. КСРО ҒА-ның қазақ бөлімшесінің аға ғыл. қызметкері, сектор меңгерушісі, Қазақ КСР ҒА Тіл жəне əдебиет ин-тының директоры, Əдебиет жəне өнер ин-тының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ы. сталиндік қуғын-сүргін кезінде жазықсыз айыпталып, жапа шеккен қазақ зиялыларының бірі болды. Əдеби-сын мақалаларымен қатар қазақ əдебиетінің тарихы жөніндегі ғыл. еңбектердің авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен жəне бірнеше медальдармен марапатталған. Ғ.Шоланов А.Ысқақов Е.Ысмайылов ЫСМАЙЫЛОВ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙