TELEGEI

Home

Не арсыз, не ғайып, не даусыз?

Әнет баба

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Не арсыз, не ғайып, не даусыз?

Әнет бабаның «Не арсыз, не ғайып, не даусыз?» шығармасы — қазақ ойшылдарының философиялық толғауларының бірі. Шығармада адам мінезі, ар-ұждан және өмірлік құндылықтар туралы ойлар көркем тіл мен ойлы пайым арқылы беріледі. Толғау қазақ әдебиеті мен философиялық ой-пікірге қызығушылық танытатын оқ...

Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?
Күлтөбеге жиналған ел:

- Баба, дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман? – деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда данагөй баба жеті сауалға үш–үштен жұптап былай деп жауап берді:

- Үш арсыз бар: үйқы – арсыз, тамақ – арсыз, күлкі – арсыз. Үш ғайып бар: ажал – ғайып, қонақ – ғайып, несібе – ғайып. Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш қадірсізге жігіттік, денсаулық, әйел жатады.

Әнет баба «қадірсіз» деп адам баласы жас шағында осы үш асыл нәрсенің қадірін білмейді, ес тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.

- Үш тәтті бар. Олар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті. Үш күшті бар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті. Сондай-ақ үш жаман бар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар, – депті.

«Жеті жетім» туралы Әнет би былай деген екен:
Сөз жетім – ынтаменен тыңдалмаса,
Бөз жетім – киілместен тозған болса.
Жер жетім – иесі жоқ қалған болса,

Ел жетім – жақсы басшы арман болса,
Көл жетім – қаз қонбаса, құстар ұшып,
Ер жетім – жеке қалса тізе құшып,
Болмаса замандасың тойға барма,

Басыңа жалғыздықтың торы түсіп.

Ал «жеті қазынаны» халық Әнет бабадан сұрағанда, мүдірмей былайша жауап берген екен:

- Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит.

Сонда біреу тұрып:

- Баба, қазақта тағы бір мақал бар, «Бала – белде, әйел – жолда», – дейді.

Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айт– тырса, қалыңмалына қырық жылқы айдап апарып береді. Қазақта тағы бір мәтел бар, «Қойныңдағы әйеліңе сенбе» дейді. Тағы айтады «Атың жаман болса, сатып құтыларсың, әйелің жаман болса, қайтіп құтыласың?». Соған қарағанда, әйелді «жеті қазынаның бірі» деу дұрыс бола қояр ма екен?

- Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс, – депті Әнет баба сонда. – Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы – әйел. Сондықтан оған тіл тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса, ондайларға тыйым салу керек, – дейді.

Иә, аз сөзбен мол мағыналы ой айтқан мұндай данагөй бабаларымыздың әрбір сөзі – таптырмас құнды қазына. Ұрпақтан–ұрпаққа жеткен осындай асылдарымызды жадымызда сақтау – бізге парыз. Жоғарыда айтылған даналық сөздері – Әнет бабаның бір-екі жиында айтқан нақыл сөздері. Онан басқа бабамыздың келер ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан-теңіз.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙