Жамбыл Жабайұлының жырлары
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жамбыл Жабайұлы
Жамбыл Жабаев ШЫҒАРМАЛАРЫ «Нұрлы Press.kz» Алматы
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 Ж 25 Қазақстан Республикасының Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы бойынша жарық көрді» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жамбылтану жəне халық ақындары ғылыми-зерттеу институты Редакция алқасы С.Пірəлиев, С.Қирабаев, ТКəкішев, У.Қалижанов, Б.Ыбырайым, Б.Сманов «Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша əдебиеті жобасының авторы: Бекен Ыбырайым Ж25 Жамбыл Жабаев. Шығармалары. – Алматы: «Нұрлы Press.kz», 2014. – 288 б. – (Ақындар аманаты) ISBN 978-601-80288-6-1 Жамбыл Жабаев шығармаларының оқырмандарға ұсынылып отырған жаңа басылымына əр жылдары жарық көрген туын дылары іріктеліп енгізілді. Жыр алыбының айтыстары, жырлары, дас тандары – ақындық өнердің, шеберліктің айқын айғағы. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-601-80288-6-1 © Б.Ыбырайым © «Нұрлы Press.kz», 2014
Жамбыл Жабаев (1846 – 1945)
ӨЛЕҢДЕР
ƏКЕМЕ Сөртінің ұрлап қара атын, Жазықсыз қиып қанатын, Жапанда жалғыз қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын. Ел арасын ығыр қып, Ойым жоқ шұрқан1 салатын. Қоныстан елді бостырып, Неміз бар енді шабатын! Өлең мен сөзді дос қылып, Құрамын ақын санатын! Батаңды маған бер, əке, Тіліме менің ер, əке. Жапаның ұлы ақын боп, Жақсы істепті дер, əке! Домбыра алып сөйлейін, Күнде жасап мереке. Мерекелі болған соң, Елде болар береке. Ұрлық түбі – қорлық деп, Болармыз құр келеке. 1 Шұрқан – бүлік, жанжал мағынасында. Жамбыл Жабаев
САРЫБАЙҒА Сары-еке, салдым бір сөз сыныңызға, Сіздің сын таразы ғой сырымызға. Қолыма домбыра алып талап қылдым, Бересіз қандай баға ұлыңызға? Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы… Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей ме екеуінің мəртебесі? Біреулер малмен бəрін бөктеріп жүр, Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр. Көтеріп дүниенің көң-қоқырын, Апарып қай шұқырға төккелі жүр? Біреулер «қайтемін» деп қалтаңдап жүр, Əркімнің аузына бір жалтаңдап жүр… Біреулер біліп тұрып жете алмайды, Аяғын қандай нəрсе арқандап жүр? Көңілі кейбіреулердің бұлтта жүр, Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр. Біреулер қара сөзді қамшы қылып, Қуды мініп, құланды құрықтап жүр. Қайсысын маған соның еп көресіз? Əкетсем өзім таңдап өкпелерсіз… Сүй-екемнің сүйгенін ойласаңыз, Өлең болсын серігің деп бересіз! Жамбыл Жабаев
КƏМШАТ ҚЫЗ Кермиық Кəмшат қыздың көрдік көркін, Қондырған шекесіне құндыз бөркін. Секілді алтай түлкі сылаң қағып, Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін. Қырандай қияннан-ақ ілер едім, Қырқада қызыл жүзін бұрса бертін. Шаң жұқпас шашасына саңлақ едім, Сан жерде шаршы төске самғап едім. Жұртшыдай жұрт торымай, алысқа ұшып, Алатын тоятымды таңдап едім. Айдынның ақ шортанын жібермейтін, Жасымнан жаза баспас қармақ едім. Болғанмен сыртым қораш, ішім сұлу, Сол ғана жүрегіме берген жылу. Ажары бет пен жанның бірдей емес, Керек-ау, Кəмшат, соны пайым қылу! Солмай ма көктемдегі əдемі гүл, Оңбай ма бетке біткен əдемі түр?! Еңкейіп екіндіге күн құласа, Көріксіз көрінбей ме дүние бір? Осының бəрі мысал ойлағанға, Кəмшат қыз, ойлан, ойланба, оны өзің біл. Көңілге келіп бір сөз қалғаннан соң, Тынар ма, айтып өтпей қу қызыл тіл!.. * Сыртың бір сұлу жан екен, Сыпайы көзге көрінген. Сыр-мінезің бар екен, Сөйлесуге ерінген. Жамбыл Жабаев
Қамқа-қамзол киініп, Қас-қабағың керілген. Қарапайым адамнан Қомытсынып жерінген. Жұбайыңды есіттім, Таңдап тапқан еліңнен. Өзі қарау, тарыншақ, Қас Қарымбай делінген. Салғаныңды көрермін, Соған барып серуен. Сөйлесермін оралып, Сонда, Кəмшат, сенімен! Жамбыл Жабаев ӨЛЕҢШІ ОМАРҒА Жағынба босқа байға, Омар ақын, Байлардан саған мынау кедей жақын. Енеңді мықтап мырза бір боқтайды, Берерде қойға қоңыр шолақ атын. Тек отыр, меніменен айтыспай-ақ, Жетеді саған ақын некен-саяқ. Үрпиіп жүні түскен қоңыр қаздай, Соғуға қанатыммен тұрмын аяп! Жамбыл Жабаев
ЖАНЫС АҚЫНҒА Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сыйынбай. Сырлы, сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай! Сүйінбай деп сөйлесем, Сөз келеді бұрқырап, Қара дауыл құйындай! Екпініме кезіккен Кетер ме екен жығылмай!? Құлаштап бір кетейін, Көбен1 құсап тығылмай. Қашсаң қуып жетейін, Бізге жабы2 бұйым ба-ай! Селтеңдеген ақынды, Көрмеуші едім шыбындай. Кəне, сөйлеп жіберші, Айтыспағың шының ба-ай?! Деп келдің бе Жамбылды Күнде жеңген Шыбылдай3. 1 Көбен – арықтап жүріп, ет алған жылқы 2 Жабы – қарапайым жылқы 3 Шыбыл – Ұлы жүздегі ру аты Жамбыл Жабаев
ЖЫЛҚЫШЫ Сары түнге сарылып, кірпік ілмей, Салқын күзде бір жылы үйді білмей. Сахарада салақтап күндіз-түні, Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей. Саяқ іздеп Саркемер, Сартауқұмнан, Табылса деп, жонымыз бір тілінбей. Байтал түгіл бас қайғы болып жүріп, Қайтпекші едік, төсектен біз түңілмей! Жамбыл Жабаев
ПҰШЫҚТЫҢ ҰРЫҒА АЙТҚАНЫ Шығып ем бүгін мініп көк байталға, Кез болдым екеуіңе көк қайқаңда. Көк байтал өзі семіз, өзі буаз, Жануар шаба алмаса, өкпе айтам ба? Екеуің келе сала пұшықты алдың, Өкпесін өзі дімкəс қысып та алдың. Қалғандай қағындысы құрттан əлі, Пұшықты бартылдатып ұшықтадың. Олжалап кетерсіңдер байталымды, Қалмаймын мен де бүгіп айтарымды. Осы өлең қайда барсаң қиқу салып, Қуалар бойларыңнан сайтаныңды. Білемін, бірің Манас, бірің Сырым, Пұшықты тонағаның жаман ырым. Атыңды біреуіңнің бірің атап, Көріп пе ең, адам тонап бұдан бұрын. Ала бер байталымды, Сырым, Манас1, Байталға мейлің өліс, мейлің талас. Атыңды екеуіңнің біліп алдым, Аржағы керегі жоқ, болды қалас! 1 Сырым, Манас – Қасқарау елінен шыққан ұрылар. Жамбыл Жабаев
ШƏБДЕНГЕ Уа, шаһибаз, хан Шəбден! Атым арып келді əбден. Тоным тозып, жүдедім, Орын бермей жан төрден. Ақ ордаңа енейін, Аман-сəлем берейін, Аз дамылдап алайын, Өзіме-өзім келейін. Жан таң қалған сөзімді Алдыңа бір төгейін. Күн қиядан батқанша, Ай қиядан асқанша, Ағыл-тегіл тер болып, Жорғалайын, желейін. Басы биік Алатау Жер өмірден көрінер, Арнап келдім, батыр-ау, Амандасып қолың бер! Ауыл алыс болса да, Атағыңды көрдім бел. Атым арық, тон тозық, Қысып келді аштық, шөл. Жерімізде жұт болып, Өспей қалды биыл төл. Бұйымтайым, мұңым да, Əзірше айтар сізге сол. Жамбыл Жабаев
СƏТ САЙЛАНАРДА Лашын құстай таранып, Сыртың сұлу көрінген, Неңді медеу саналық, Жел еседі жеріңнен. Қайымады түйелер, Қысырады биелер, Қыста қырсыз, жұт болдың. Елге жүгіңді үйе бер. Шығынмен де шаршаттың, Енді қайтіп күй енер?! Көргеніміз сол болса, Неміз қалды сүйенер! Қазбасам да мен онша, Елдің өзі-ақ жүйелер. Жамбыл Жабаев
ЖАЛҒЫЗБЫН ДЕП ЖҮРМЕСІН Сəлем айт барсаң Абайға, Кеңесі кеткен талайға. Ауырды жеңген қара жер, Сабырлы болсын қалайда! Бір жұтқан судай дүниесін, Ащысын татып күймесін. Жапанға біткен бəйтерек, Жалғызбын деп жүрмесін. Кемелге келген асыл-ай, Тасқынды тəңір басуы-ай. Нар көтерген ауырға Арқасын тоссын жасымай! Жамбыл Жабаев ТІЛЕМІСКЕ Ей, Тілеміс, Тілеміс! Тілің мірдің оғындай. Тиіп кетсе күйдірген, Сексеуілдің шоғындай. Қарсы келген жау болса, Құтылмайды соғылмай. Құр сүлдесі қалғанша Қара терге шомылмай! Кебекбай мен Ноғайбай, Тіліңнен-ақ именіп, Жүр ғой сені соға алмай! Жамбыл Жабаев
АБЫШҚА Мəмбетəлі ауылында, Атандым мен абышқа, Абышқа деп мына қыз, Тиіп кетті намысқа. Абышқаның сақалы, Əлде бұған таныс па? Абышқаны байқасам, Емес екен алыста. Абышқа ма, қарашы, Біздің əсем дауысқа, Ұзақ таңға қарлықпас, Ұлы дүбір шабыста. Айтқан сөзім шет болса, Сынатайық қалысқа. Не болмаса жөнде өзің, Тұлғаң түзу жан екен, Түсінетін əр нұсқа… Абышқа – қырғызша шал деген сөз. Жамбыл Жабаев
АРТЫҚША ТУҒАН АЗАМАТ Жігіттіктің кезінде, Жігерлі болса ер болар. Тұрмаса жігіт сөзінде, Нəсілі оның кем болар. Қажырлы болса майданда, Халыққа сөзі ем болар. Ел үшін туған ерлердің, Алды-арты дария кең болар. Бірлігі кетсе ағайын, Əркімдерге жем болар. Білімсіз болса жолдасың, Қылған қайырың сел болар. Артықша туған азамат, Халыққа үлкен бел болар. Серт адамды байлайды, Ер жігіт серттен таймайды. Өршеленген кезеңде, Өлімді кім ойлайды. Жігері болса жігітің, Орындамай қоймайды. Атқан оқтан қайтпайтын, Өтірік сөз айтпайтын. Кезеңді жерде кез болса, Қорқып тізгін тартпайтын, Батыр Қараш, Саурық, Шапырашты Өтеген, Батырлардың еңбегі Таныс маған ертеден. Жамбылдың да серті бар, Əділдік көрмей өмірден, Жүрегінде дерті бар. Ішіне Жамбыл түскен дерт, Жамбыл Жабаев
Зұлымның салған өрті бар. Қырандай Жамбыл қалқыса, Өзі салған өрт жалын, Зұлымға қарай шалқыса, Елдің серті – ер серті. Дұшпанның басын шарпыса! Жамбыл Жабаев
ҚАБАТ ТУСЫН КҮН МЕН АЙ «Аумиін» деп қолыңды жай, Қабат тусын күн менен ай. Алғаның болсын сайма-сай, Қапалық болмай кезінде, Ылғи болсын мамыражай. Қос-қостан тауып ұл мен қыз, Мінгені болсын жорға тай. Ертең ерте біреуі – Қойға кетсін қудалап, Түйеге кетсін біреуі – Екі көзін уқалап, Егін ексін біреуі – Су сағасын томалап, Оттың басын шаңдатып, Біреуі жатсын домалап. Жылқы бақсын біреуі – Асауларды күделеп. Сөз сөйлесін біреуі – Көп ішінде сүбелеп. Жақсы лепес – жарты ырыс, Ескіден қалған мақалды Соза беріп, қайтейін, Бата аяғы тақалды. Жамбыл Жабаев
ШАЛТАБАЙҒА Салқын келіп тоң-торыс, Сыртқа сыздап қарайсың. Сенен басқа жоқ болыс, Деп өзіңді санайсың. Шарға түсер шағыңда, Қара тер боп сабылдың. Аялған жоқ малың да, Ақ жем болып шабылдың. Елге сөзің жеткенше, «Жамағат!..» деп жалындың. Қол билікке жеткен соң, Салғырттыққа салындың. Сан рет кеп алдыңда, Сағым сынып, сарылдым. Сазаратын Жамбылға, Саған сонша не қылдым?! Бақсы басы қаңғырар, Бабын таппай тамырдың. Жанды есінен тандырар, Қиынын-ай бабыңның!.. Жамбыл Жабаев
ҚАЛИҒА Ей, Ордабай ұлы Қалиым! Үстіңде тұр ақ үйің. Қасыңда тұр қара үйің. Атағыңды білемін, Сыртыңнан-ақ танимын. Атан сұрап, ат сұрап, Деп келгем жоқ жариын, Байдабектің бірі едің, Сары бəйбіше ұлы едің. Сартауқұмды мекендеп Баяғыдан жүр едің. Сахарада қонысың, Малға толы өрісің. Сойылыңды соғып тұр Ұлығың мен болысың. Біздей жаһанкезбені Қомытсынсаң қомытсын. Бірақ айтып кетейін, Жүзім қайтып көрген жоқ, Сенен қорқып нетейін. Күле-күле жүрсін ел, Менменсіген бейліңді Елге жайып өтейін. Жамбыл Жабаев
ТОҚТАҒҰЛҒА Келдің бе, ақиығым, алыс жерден, Өтіпсің самғап ұшып асқар белден. Алмас пышақ қап түбінде жатпас деген, Хан-төре айналмай ма сендей ерден. Ер ғана елін табар іздеп жүріп, Жүрсе де ғұмырында қорлық көріп. Құландай ақ бұғауын үзіп қашқан, Жетіпсің енді, міне, елге келіп. Жамбыл Жабаев
КЕДЕЙ КҮЙІ Ұзынағаш, Қаратас, Қалқабайдай қайран жас. Бекеттен1 нан қоймайды, Жалаң аяқ, жалаң бас. Оған ауыз жарымас, Сонда-дағы ар қылмас. Қалт-құлт етіп жүргені, Қысы-жазы қарны аш. Қайтып жаның ашымас, Неткен заман қатыбас. Еткен еңбек, төккен тер, Қалай түкке татымас. Болмайды ішкен асың ас, Қайтіп сүйек жасымас. Мұныменен Қалқабай, Сордан көзің ашылмас. Ағайынмен, бар, сырлас, Тегін тамақ татырмас. Жарылқары жалғыз-ақ: «Жетерсің» дер, «басың жас!» 1 Бекет – Ұзынағаш бекеті. Жамбыл Жабаев
ƏДІЛДІК КЕРЕК ХАЛЫҚҚА Ұзынағаш базарында, Сарыбайдың баласы Қисыбай болыс болып тұрған кезде, қан базардың ортасында, қасында бірнеше ұлықтар, төрелер бар Қисыбай кездесіп: «Мынау Жамбыл деген қазақтың ақыны», – деп таныстырады. Төрелердің тілмашы Жамбылды қылышымен нұсқап: – Бұл қандай ақын, айғайлап ағаш алғанның бəрі ақын, анық ақын болса, бізді өлеңге қосып айтып көрсін, – дейді. Сонда ұлықтың жақтырмағанын білген Жамбыл ішінен ызаланып, өлеңдетіп қоя береді: Қолына қылыш ұстаған, Ақыл-ойы қысқадан. Қазақты қорлап жақтырмай, Қылышымен нұсқаған. Кедейді көрсе керіліп, Сөйлесуге ерініп. Сендерге ермек болуға, Жүргенім жоқ зерігіп. Базарға келсем тиын жоқ, Киетұғын киім жоқ, Кісі өлтіргіш ұрыға Ұлықтан да тыйым жоқ. Байдың бабын таппаған, Ұлыққа сөзім жақпаған. Жалған ақын мен емес, «Жазықсыз төре» сен емес. Жарлы-кедей халықты Жамбыл осы жақтаған. Жамбыл Жабаев
Шаруаның күйі жоқ, Кіруге бүтін үйі жоқ. Егін салар жері жоқ, Сөзін сөйлер ері жоқ. Қолына егер жер тисе, Байлардан оның кемі жоқ. Жарлы-кедей жасының, Күйі жоқ бір басының. Қадірлемей ұлық жүр Халықтың нелер асылын. Байдың орып астығын, Таба алмай əділ бастығын. Ақыны байдан ала алмай, Сорлы кедей, жасыдың. Байдың малын бағасың, Күз пішенін шабасың. Қолына түсіп қалған соң, Еңбекті қайдан аласың?! Жарлыны бай жалмасын, Ұмытқан соң тəубе Алласын. Ұлықтан сол тілегім: Анық шындық жүрегім, Нашарға салық салмасын. Сарнасын, ақын сарнасын, Төреге сөзін арнасын. Тыңдамаса ол төре, Халық тыңдар жалғасын. Жарлыға қорлық көрсетіп, Əуреге бай салмасын. Жамбыл Жабаев
Ағылсын жырым бұлақтай, Төгілсін сырым құрақтай. Болыс-төре жүрген жоқ, Халықты қорлап, жылатпай. Шабарманы шаптығып, Барады елді шыдатпай. Болыс-төре, билерді Кедейлер отыр ұнатпай. Жаз жатақта қалдырып, Салыққа малын алдырып, Кедейлерге теңдік бер, Қысы-жазы шулатпай! Халықтың сырын терейін, Қалықтап ұшып көрейін. Шындықты айтқан Жамбылды, Төрелер кетті ұнатпай. Сонда төрелер Жамбылды жаратпай, Қисыбайға ала көздерімен қарап, базардан сырғып кеткен екен. Халық «тара» деген ұлық сөзін тыңдамай, Жамбылды қоршап, «айта беріңіз» деп тұрып алыпты. Қызып алған Жамбыл халықтың қызығып, сүйсіне тыңдағанына өршелене түседі. Домбырасын шертіп, өлеңді ілгері қарай өршіте береді: Төгейін жырды халқыма, Халық тыңдап сөзіңді, Жақсы көрсе өзіңді, Тартынба, Жамбыл, тартынба! Бұлбұлдайын сайрайын, Жігерімді қайрайын. Сəулемді елге түсіріп Аспандағы айдайын! Тас бұршақтай ұшырып, Жамбыл Жабаев
Екпіні күшті сөз дайын. Жиналып халық тұрғанда, Тыңдауға көңіл бұрғанда, Сөз дариясын қозғайын. Толқыны кетсін серпіліп, Тоқталмасын іркіліп. Болыс елді аралап, Жарлыны шауып, жаралап, Сөзін сөйлеп малдының, Көзін ойып жарлының, Ас берсе бай саралап. Иттей көрдім төрені, Тамаққа тойса үретін. Халықтың ақын перзенті Ақтарып сырды беретін. Жүйріктің ақын өрені Бəйгеде жауырын керетін. Айтқандары өтірік Ұлыққа кім бар сенетін. Сыздауық жара секілді, Денені сыздап керетін. Жамбыл ақын сөйлесе, Жарасы қалар жарылып, Ел аңғарып көретін. Қызыл тілім, іркілме, Шер-құмардан шығайын, Құмармын жастан шіркінге, Неден қорқып бұғайын. Шерімді айтсам арылтып, Түзелер тасып шырайым! Іштегі өрт-жалынды, Жасырып кімнен тығайын. Жамбыл Жабаев
Күннен күнге күшейсе, Ақтармай қалай шыдайын. Тыңдасын халқым құлақ сап, Біраз сөйлеп көрейін. Халықтан аяп қайтемін, Алланың берген көмейін. Жамбыл көрді жасында, Шабындыны, шаңдарды. Біреуді біреу талаған, Жыртқыштықты, заңдарды. Халықты асқан дараға, Сатылып тамақ, параға, Көрдім сондай хандарды. Жүрсе де халық ашынып, Осыны қашан аңғарды? Көрсеткендер қарсылық, Қайыршылап сандалды. Сандалдырып малды алды, Малды алмады жанды алды, Жарлының батып жанына, Сермеген ханның қылышы, Бітіп тірлік тынысы, Ханның қолы қандалды. Түн қараңғы дүниенің Ататұғын таңы бар. Қараңғының шырағы – Жанатұғын шамы бар. Дүниенің тұрағы – Тағдырдың өлшеу сынағы, Өркендейтін заңы бар. Бақшалы сарай бағында, Əділетті шағында, Жамбыл Жабаев
Салтанат құрған халыққа, Шындық пенен аныққа, Сайрайтын бұлбұл табылар. Бақыты үшін заманның, Халықтың сүйген ақыны, Бұлбұл болып танылар. Базарға келсем ақшам жоқ, Сүйікті қонар бақшам жоқ. Сорлы кедей шаруаның, Қайырлы таңы атқан жоқ. Қаралы елдің халқына, Дұрыстықты айтқан жоқ. Хан-төрелер алдаса, Би-болыстар арбаса, Шаққыш жылан уытты, Халықта шыр қалмаса. Заманның айғақ ақыны, Кім айтар Жамбыл болмаса?! Сөз тыңдар заман кез болса, Зарықтырмай тез болса, Жамбыл куə емес пе?! Сөзімді халқым тыңдаса, Ақындар жаттап сарнаса. Жырыма үлес жыр қосып, Жамбылға да арнаса. Қисық жол тура шабылса, Елден қырсық арылса. Жамбылдың жыры тасқындап, Селдей болып ағылса! Алым-салық жинаған, Жарлыны жаныштап қинаған, Дұшпанға құрық салынса. Елдігі кетіп барады, Хан жайлаған қазақтың, Жамбыл Жабаев
Қорлығы өтіп барады, Халық көрген азаптың. Жарлы-жалшы кедейлер – Ермегі күлкі-мазақтың. Араны байдың ашылған, Барды жоқ деп жасырған. Тебеген есек секілді, Тепкілеп орын бермейді Бос жатқан жер қасынан. Осындай азап түрлері, Жүздеп өтіп келеді, Замананың басынан! Жаман əдет халықта, Бай айтса болды «жарайды». Бай шығармас жарыққа, Жаны ашып кімге қарайды. Жарлыға біткен жалғызды, Бай өзіне санайды. Қанын сорып қанайды, Диуанадай талайды. Қасқыр көрген жылқыдай, Шұрқырасар иіскелеп, Жұлдырып қоңын, тарайды. Бай жібермес пайдасын, Өткізіп арбап, айласын. Міне, осындай сұмдарға, Жігері Жамбыл қайнасын! Байлықтың түбі пайдадан, Өтірік-қулық, айладан. Ұрлық-зорлық, талаумен Жүздеп жылқы, мыңдап қой Байлар судай айдаған. Жамбыл Жабаев
Жарлының көз жасынан, Жиналған малы зұлымның, Көпіріп көлдей тасыған. Бай байлығын мадақтап, Көзі жетпей осыған, Тұншығып босқа тұманда, Адасып талай халықтар, Төте жол таппай жасыған. Бал аштырып бақсыдан, Адастырып жақсыдан Көңілі қалды халықтың, Хан, төре, ұлық-тақсырдан. Қысым жасап халыққа, Ары болды қанішер, Қойға тиген қасқырдан. Өмір бойы осылар Аяусыз елге қас қылған. Екі қазан бір үйге, Қысым жасап астырған. Жуан білек қамшымен Нашарларды қорқытып, Мазалаған, састырған. Салындыдай суға аққан, Қалған халық мажаурап, Қалың өрт, апат, тасқыннан. Айтшы халқым, бекер ме, Өмір өстіп өтер ме?! Жылжып жылдар өткенмен, Айлар асып кеткенмен, Күндер қуып жеткенмен, Көкейден, сірə, кетер ме?! Еркіндік жоқ елімде, Иелік жоқ жерімде, Жамбыл Жабаев
Бағасы жоқ, пайда жоқ, Бақытсыз сорлы қайда жоқ, Желмен ұшқан тозаңдай, Босқа кетті терім де. Халықпен бірге қалықтап, Айналаны шарықтап, Көз көргенді анықтап, Еңбегім бар менің де. Асқар тау ғаріп емес пе – Айдынды көлі болмаса, Ер жігіт ғаріп емес пе – Белгілі елі болмаса. Ел де ғаріп емес пе – Белгілі белге қонбаса. Ағаш ғаріп емес пе – Мəуесі өсіп тұрмаса. Су да ғаріп емес пе – Арнасы тасып толмаса. Əйел ғаріп емес пе – Ерден бағы жанбаса. Малдар ғаріп емес пе – Шөп-шүйгінді шалмаса. Жаз да ғаріп емес пе – Құрғақшылық торласа, Қыс та ғаріп емес пе – Қарсыз тонмен мұздаса. Көрік ғаріп емес пе – Салған темір қызбаса. Ұста ғаріп емес пе – Темірдің суын таппаса. Ақын ғаріп емес пе – Байды өтірік мақтаса. Заман ғаріп емес пе – Əділеттен аттаса. Жамбыл Жабаев
Халық ғаріп емес пе – Айтқаны іске аспаса. Жігіт ғаріп емес пе – Еңбегі алға баспаса. Арғымақ ғаріп емес пе – Арам тер болып ақсаса. Малшы ғаріп емес пе – Малын жөндеп бақпаса. Бақсы ғаріп емес пе – Өтірік айтып ақтаса. Көл де ғаріп емес пе – Қаз-үйрек келіп қонбаса. Шебер ғаріп емес пе – Ағашты дұрыс жонбаса. Заманның сыры емес пе – Заманға қайғы жемес пе, Домбырасын қолға алып, Жамбыл ақын толғаса! Көрдім талай байларды, Халықтың бағын байлаған. Айдаһардай айбарлы, Елді сорып жайлаған. Талайлар кетіп жай қалды, Өмірден соры қайнаған. Ақын қанат жаза алмас, Халықтың іші тазармас. Бұзық болса айналаң. Домбыраны қолға алып, Жамбыл ақын гулетті. Іштегі шер қозғалып, Күй артынан күй жетті. Осы өлеңге Жамбылды, Көкірегі даңғылды, Өмір шіркін үйретті. Уайым өсіп, ер жетті, Жамбыл Жабаев
Елді қайғы тербетті. Бас қоса алмай бірігіп, Тоз-тоз болып ел кетті. Ақыл айтар адам жоқ, Қарсы тұрар шамаң жоқ. Елдің қамын ойлайтын, Сауық-думан ойнайтын, Қасіретсіз заман жоқ. Қор болған елде талай ер, Ерді басқан қайғы-шер. Ер еңбегі көрінбей, Пайдасыз кеткен аққан тер. Жамбыл отыр сарнаған, Елге сөзін арнаған. Жыр да кетті төгіліп, Тасыған судай арнадан. Жамбылдың жағы талмаған, Жері жоқ Жамбыл бармаған. Жүйрік тарлан секілді, Жүгірістен танбаған. Таудан ұшқан қырандай, Қонар жерін таңдаған. Денесі қызып алғанда, Алдына жан салмаған. Қызып Жамбыл шапқанда, Кімдер жолда қалмаған! Жамбыл Жабаев
КƏДІРБАЙДЫҢ ТӨБЕТІ І Аяқтарын алдырып, Астымда атым болдырды. Айдалада қалдырып, Құба жонға қондырды. Жаяу қалдым қаңғырып, Не жаздым мен сол ғұрлы? Жұртта қалған жұрынмен, Ат аяғын байладым. Дəрі шөппен ем қылып, Өлтірмеуге ойладым. Маңайынан шыбынды, Бүркіп, сілтеп айдадым. Елді сорған төредей, Атқа қонған елемей, Бүгелектерді айдадым. Түйе жүрген соқпақтан Таптым сулы бір апан, Атымды əбден суардым, Сілкінді атым есінеп, Қоя берді кісінеп. Өзім баурында отырған Қырға қарап салдым əн. – Шыда біраз, жануар, Енді жолда болдырма. Жолдас та жоқ жалынар, Тек ермегім домбыра!.. Таудан асты күн бұғып, Ай көрінді бір жақтан. Келеді екен бір жігіт Қылаң атқа жүк артқан. Жамбыл Жабаев
Көтеріле салдым əн, Атын бұрды ол маған, Жөн сұрастық жалма-жан. – Шырағым, мен Жамбылмын. Өзің қайдан, атың кім? Ауылдарың қай жерде? Қатын, балаң бар ма əлде? Тоқ па үйдегі балалар? Қанша ед үйде ұл мен қыз? Мол ма ед үйде ет, қымыз? Жігіт жерге түсті аттан: – Менде болмайды ол мақтан, Бала түгіл қатын жоқ, Қатын алар затым жоқ, Елді кезген сен ақын. Кəдірбайға бір барып, Жайың бар ма тоятын? Біз қалдырған қай-қайда, Жолаушысың бұ күнде, Барып кетсең болмай ма Кəдірбайдың үйіне? Кеше өліп бір төбеті, Бай қайғысы болды көп. Шақса керек қарақұрт, Ит арсылдап жұлынып, Əбден ығыр болды жұрт. Жер тырналап дөңгелеп, Өлді ақыры сол төбет. Итті көріп Кəдірбай, Жылап, ұрсып, салды ойбай. Ат шаптырды жан-жаққа, Ақын-жыршы дегеннің Бəрін жиып алмаққа. Жамбыл Жабаев
Бай бейілін, мейірін, Сəн-салтанат сейілін, Ақыл, күшін, зейінін, Ең ақыры төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бəйіт1 қылып беретін. Бай сыйламақ боп отыр, Зерлі шапан, елу қой, Екі бірдей жорға атын. Ет-қымызды былай қой, Жүз тақта шай, бір қатын… Сенен озар жоқ ақын, Сен ғой соны алатын. ІІ Жыршыларда дамыл жоқ, Күндіз-түні айқайлап. Кəдірбайды мақтап кеп, Терлеп-тепшіп сор қайнап: «Тəңір ашқан бағыңды, Қыдыр баққан малыңды. Жүйрігің – тек жұлдызың, Жорғаң – судың құндызы. Өз мінезің қырмызы, Ел-жұртыңа жағымды, Шынжыр балақ, шұбар төс, Ата тегің мəлім-ді. Жандаралмен жақын боп, Талай атың жайылды. Губернатор келмесе, Тамағыңды сағынды. Атың сенің ендеше Жамбыл Жабаев
Патшаға да танылды. Атамандар іздеп кеп, Бірге түлкі қағысты. Қымыз ішіп, етің жеп, Үйіңде дем алысты». ІІІ Жыршы біткен шуылдап, Мақтағаны – Кəдірбай. Итін жоқтап бір уақ, Елден маза, кетті жай. Шаршады, əбден терледі, Жамбылға да сөз берді. Тұрды төрден Кəдірбай, Қарап қойды Жамбылға, Қитар көзін төңкеріп, Сандықтарын бір шолып, Түлкілерін бір көріп, Қымыз жұтып алды да: – Жырлайды деп естідім, – Аузыңа түскенді. Ішіңде бар сұмдығы, Күйлерің боп шер, жылау, Салады деп жұртқа ылау. Кəне, бері жақын кел, Төбетімді жырлап бер, Кебісіңді шеш, – деді. ІV Күй жосылып жөнелді, Екі шектен боратып, Қоя бердім өлеңді, 1 Бəйіт – бұл жерде баяндау деген мағынада. Жамбыл Жабаев
Жыршыларға қаратып: – Ей, жыршылар, жыршылар, Жыр айта ма осылай! Сөздеріңнің дəмі жоқ, Күйлеріңнің сəні жоқ, Пайдасыз жұртқа құр айқай. Мақтағанға сабылып, Ұятсыз, арсыз сараң бай, Бастарыңды көтерші, Тіленіп, сұрап жыланбай! Сөздеріңе күйіндім, Қанша айтсаң да, тойғам жоқ, Шықпай қалды бүйірім. Жамбылға құлақ салыңдар, Сөзімнен пайым алыңдар, Жарлыдан безген байымас, Тілене берген жарымас. Байға жылап жалынған, Жұрт болмайтын нағыз нас. Өлеңсіз адам – есіркер, Ақылсыз адам малмен тең. Байларға басын имеген, Еркін боп өтер дүниеден. Өлеңін сатқан қу кезеп, Ол бір шыбын, сұр көжек. Ей, жыршылар, құлақ сал, Сөздеріңді тыңдадым, Байға селтең қақтыңдар, Шыдады əзер қу жаным. Ал, Кəдірбай, құлақ сал! Жамбыл сөзін тыңдап қал: Итіңді жаман демеймін, Күзетіп жүр малыңды. Жамбыл Жабаев
Көпшілікті бүлдіріп, Ұрлап алғандарыңды. Итің қуып қасқырды, Ауылдан талай қашырды. Таңынан талай тартқылап, Қасқырды талай састырды. Даусыменен шошытып, Қасқырларды тықсырып, Таудан талай асырды. Естісең, міне, расымды! Айтсам сөзім нанымды, Өлеңім оттай жалынды. Ауылды торып аңдыған, Қасқырды талай қан қылған, Сенен жұртқа ит жақсы, Күзеткен қотан, ауылды. Кетпеймін айтпай онымды: Қайнатып Құдай сорыңды. Ит өлмей-ақ, сен өлсең, Болар еді тым-ақ орынды. Жамбыл Жабаев
ӨСТЕПКЕДЕ Үйсін, Найман саңлағы, Өстепкеге жиылдың. Жолдың ұшып шаңдағы, Алматыға құйылдың. Елде жүрген егейлер, Қалада құр үйілдің. Ұлық көрсең ұйлығып, Желді күнгі қамыстай, Жапырылып иілдің. Жүріппіз сыр алыспай, Жайларыңды түйіндім. Келтірдіңдер намысты, Бек қорланып күйіндім. Бүйтіп қызық көргенше, Өзі жақсы үйімнің. Шұлғымаймын сендерше, Керегі жоқ сыйыңның. Қор болмаймын өлгенше, Өлеңіме-ақ сыйындым. * Халықтың еркі кетті баласынан, Сөзімнің ғибрат ал сарасынан. Ақ патша бұйрық қылды солдат бер деп: Он тоғыз – отыз бірдің арасынан. Осыған тірі отырып көнеміз бе, Іріктеп бар боздақты береміз бе?! Болмаса елдік қылып, тізе қосып, Батырға қол бастаған ереміз бе?! Жамбыл Жабаев
ПАТША ƏМІРІ ТАРЫЛДЫ Қызығыңды көп көрдім, Қарабастау, Құлансаз. Күндерімді өткердім, Сенде жүріп ұзақ жаз. Көк орайға жайылған Секілді едік үйрек, қаз. Ештеңе жоқ уайымнан, Жүруші едік көңіл мəз. Патша əмірі тарылды, Оған қылар бар ма лаж?! Ішке толған зарымды, Кімге айтармын қылып наз! Көген көзді қосақтап, Қалай қиып берерміз?! Көздің жасы моншақтап, Көңіл шер боп өлерміз. Көк жайлауды қалдырып, Қайда көшіп кетерміз? Көкіректі зар қылып, Қорлықпен қайтіп өтерміз?! «Бес үйден бір жігіт!» – деп, Болыстар жүр шапқылап. Жасауыл үй тінтпек, Қылыштары жарқылдап. Бүйтіп көрген күн құрсын, Жапырақтай қалтырап! Таусылғандай тынысың, Күнде жүрек қансырап… Дүниенің кеңдігі – Жүргеніңде басың бос. Жан қысылса, белгілі, Жамбыл Жабаев
Таба алмайсың жақын дос. Өз араңнан шыққандар Таяқ соғар өзіңе. Əр нəрсеге бір зауал, Дейтін еді кезінде. Би, болысты Тəңір атты, Ел қорғауға жарамай. Ағайынды еңіретті, Көз жасына қарамай. Енді ойласақ, не қалды, Ата жұрттан кету бар. Жолға тігіп не жанды, Тəуекелге беку бар. Не болмаса, шыбындап, Тағдырыңа көну бар. Көнсең күнде шығындап. Ит қорлықта өлу бар! Жамбыл Жабаев
ЗІЛДІ БҰЙРЫҚ «Верныйдан» жандаралдар бұйрық қылды, Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. «Отыз бір – он тоғызды алад» деген, Суық хабар халықты бұлқындырды. Жылады сорлы халық малын айтып, «Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», – Дейді де еңірейді, егіледі, Қайғының күндіз-түні күйін тартып. «Верныйдың» қадам баспай қаласына, Кемпір-шал жылап жатыр баласына. Ешбір ем табылмады іздесе де, Халықтың жүректегі жарасына. Пристав келіп қалды бала сұрап, Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап. «Қырсаң да, баламызды бермейміз» деп, Тайсалмай əке-шеше жатыр сұлап. Пристав ашуланды «аламыз» деп, Жігіттер тұр: «бармаймыз, қаламыз» деп. «Егер де бұл түріңді өзгертпесең, Басыңа бір ойранды саламыз» деп. Ел-ел боп, жиылды кеп əрбір сайға, Ал əлеумет, қараңдар мына жайға. Сеңдей болып соғылып, толқындады, «Бір сая бола ма деп шыбын жанға?» Жиылды бозбалалар бір кезеңге, Қарғалы деген тасқын бір өзенге. Жамбыл Жабаев
Пристав кетті «еріксіз аламын» деп, – Көресің бұл істі деп, кезегінде. Бəрін де ол пристав жаттап алды, Басшыларын қағазға хаттап алды. Аттандырып бұл елге солдаттарын, Басты-басты кісіні саптап алды. Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, Жанында қан, малында қалмай маңыз, Оразаның күні еді сол уақытта, Бұл күнде оразаны не қыламыз! Суында Қарғалының ауыз ашты, Бір бəлекет халыққа душарласты. Басшылары кеткен соң тағат алмай, Жиылған жұрт дағдарып жанталасты. Келді де, алып кетті жақсыны айдап, Барады боздақтардың көзі жайнап. Күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, Жөнелді абақтыға соры қайнап. Жақсыдан жақсы қоймай алды сайлап, Қамалды абақтыға қырғыз, қазақ. Білмеді не болғанын сырттағы жұрт, Қамалғандар тірідей тартып азап. Шулайды абақтыға қамалған көп, Сырттағы жүр: «біз енді қайтеміз?» – деп. Губернатор, жандарал жауапқа алды: «Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» деп. Ешқайсысы айтпаған соң айғай сап кеп, Өзі айтқан жандаралдың «Бекболат!» деп. Жамбыл Жабаев
Бекболат бола қалса ту көтерген, Бұйрық қылды «дарға асып, тарт!», – деп. Қалиқұлды бірге жазды дарасына, Байбосын қоса кетті арасында. Абақтыда қалғандар естен танды, Көзінің қамшы тиіп қарасына. Əкетті байғұстарды арбаға сап: «Иманыңды айтатын молдаңды тап, Үндеріңді шығарма, өңкей надан, Мұнан былай сөйлеме, аузыңды жап!» Самсыны1 алған екен Ботбай2 қамап, Оларға жігітімен кетті сабап. Тұтқындарды босатып ала алмады, Бір пəлеге екінші пəле жамап. Пристав та Самсыға барған екен, Жаныбектің мешітін қамап алған екен. Жаныбек қажы жанына ара тұрды, Бір болыс ел жиналып барған екен. Ала алмай күні бойы əлек болды, Жаныбек приставқа себеп болды. Ертеңінде құтылып, Ұзынағашқа Шаңдатып келе жатты қара жолды. Бөлек-бөлек топтанып шоқтай болып, Бай-көпесті өлтірді Ботбай болып. Қолына онан басқа түк түспеді, Кезсе де бұл маңайды əбден шолып. 1 Самсы – жер аты. 2 Ботбай – ру аты. Жамбыл Жабаев
Ақыры ұлыққа түк қыла алмастан, Не боларын бұл істің біле алмастан, Күш жинамай, қарусыз ұрыс қылып, Бозбаланы бітірді кек алмастан. Шиенде1 де əскерлермен ұрыс болды, Сол ұрыста топбасы Сатай өлді. «Саттар өлді, ел қашты» деген хабар Ел-елдерге жайылды оң мен солды. Шұбырып тауға қарап ел жөнелді, Не боларын соңының кім біледі? Тауға шығып, өрмелеп, тасқа бұғып, Елдің бəрі жанынан түңілді енді. Ертеңінде ел-елге əскер барды, Шапшаң түсіп, келсін деп хабар салды. «Қашқындарды атады» дегеннен соң, Таудағылар кірер жер таба алмады. …Аттандық ұлығының қонысына, Елді сорған борсықтай болысына, Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып, Көксеген азаттықтың соғысында. 1 Шиен – Суықтөбе тауының солтүстігіндегі жер аты. Жамбыл Жабаев
БЕЛСЕНДІЛЕРГЕ Заманақыр, болған жоқ, Жамбыл сөзден қалған жоқ, Ел жайлаудан көшкен жоқ, Көктен жасыл түскен жоқ, Сендер шетке қағатын, Жамбыл атым өшкен жоқ!.. Мен баяғы Жамбылмын, Əлі сөзге даңғылмын. Қыртыстарың сүймейтін, Мен сендерге не қылдым? Қайсысыңның үйіңе, Қайыр тілеп қаңғырдым? Жаным барда кеудемде, Сендерден кем болмаймын. Дүрілдетіп жер-жерде, Өлең-жырды толғаймын. Домбыраға қол созып, Иығымды қомдаймын. Тек кездесіп қалмаңдар, Ыңғайына сондайдың! Жамбыл Жабаев
АҚЫН БОЛДЫМ ОН ҮШТЕ Ақын болдым – он үште, Алатын құстай тарандым. Алды-артыма қарандым, Шарықтадым əр жерде, Келгенінше шаманың. Жауап бергім келмейді, Десе қайда барасың! Байқадым біраз аралап, Шапырашты, Екей баласын. Ақындық қонбай тұрғанда, Жалтақтап Жамбыл тұратын, Ұлық пенен төренің, Ұрлағандай танасын. Шарласын Жамбыл шарықтап, Қырандайын қалықтап, Байқасын үні, шамасын. Ағайын елдің ішінен, Сөз ұқпайтын кісіден, Таппады Жамбыл бағасын. Жасымадым, өрледім, Домбырамды сермедім. Ақындармен таласып, Жүйрікпенен жанасып, Жалған ақын кез болса, Жасқанып жол бермедім. Тасқындады өлеңім, Дамыды шалқып өнерім. Толтыруға ұмтылдым, Өлеңнің олқы кемерін. Садақтайын сайланып, Сөз өткірін ойланып, Жамбыл Жабаев
Ататын оқтай безендім. Жел сөзден тауып табысты, Жібермедім намысты. Қисықты түзеп, мінедім, Артықты тілмен теңедім. Арқасында жел сөздің, Жақын еттім алысты, Жас Жамбыл елмен танысты. Өтірікті сүймедім, Дүние үшін күймедім. Алтынына біреудің Жолда жатса тимедім. Жыртық киім кигенім, Арық, жауыр мінгенім, Думан топты қақ жарып, Жастық шақта жүргенім. Ақ бөкендей желгенім, Ақынның көріп мергенін. Өмірменен жанасып, Жарлыменен санасып, Ақиқатты сөйледім. Ақ домбыра ергенім, Сөздің оғын кезесем, Алыстан атып жеткіздім. Дұшпанға арнап кезесем, Өңменінен өткіздім. Мерген болдым, атқышпын, Көздедім көрсем қылаңды. Шешен болдым тапқышпын, Алдымда көп ел сыналды. Төте жолмен төтелеп, Елдің сырын жетелеп, Арқадан – арқа қыр асып, Жамбыл Жабаев
Егескенге шыдасып, Жамбылдан кім бар шыдамды?! Он жеті мен он сегіз, Тал шыбықтай бұралған. Жас ақын Жамбыл атақты, Он үштен бастап сыналған. Жүйесін тапқан жел сөзді, Үйсін, Найман құп алған. Көрғұлы Сұлтан, Өтеген, Шежіресін тыңдаса, Шығушы еді құмардан. Өлеңді жастан дарытқан, Малға қашан жарытқан, Жамбыл ақын нəсібі Өзімді сүйген халықтан. Қазынасы кең дүние, Жамбыл қашан тарыққан. Көңілін ашып кетейін, Біраз қызмет етейін, Халыққа мұңлы зарыққан. Шер-құмардан шығарып, Шертейін күйлі өлеңді, Жасымнан бойға дарытқан Өлең деген өнерді, Дəулет – елдің ырысы, Сарқылмас қазан кемерлі. Шаршамастан шалдығып, Араладым əр елді. Ұлы той, жиын-астарда, Арқа, Алатау асқарда, Жиналған топта кəрі-жас Сүйсіне тыңдап кенелді. Жиырмаға жасым келгенде, Жамбыл Жабаев
Ор текедей желгенде, Алдымнан шыққан кес-кестеп, Жолықтым талай мергенге. Тісін қайрап жүрсе де, Ата алмады сығалап, Қарамды мерген көргенде. Тірі күнде аттырсам, Қолыма қылыш шаптырсам, Өзімді санап мен жүрдім, Тірі емес – өлгенге! Жиырма беске асқанда, Ай ілесті аспанда! Жұлдыздар тұрды сығалап, Шырқап əнге басқанда! Талқандап бұздым бөгеуді, Кемелге келіп тасқанда. Үлгі беріп өлеңнен, Елге ұрық шашқанда. Жарыспақ болып келгендер, Шаңға ілеспей қашқанда. Домбыраның пернесін Дами берді он саусақ, Дем алмастан басқанда. Жолдас болған домбыра, Жамбыл да қалмас болдыра, Отыз да жатыр ойланып, Шақырып мені қам қыла. Заманыңнан қалыспай, Сілтеп құлаш алысқа-ай, Бес саусағым қырқыла, Жел сөзбен жүрек жандыра, Құрышын құлақ қандыра, Жамбыл Жабаев
Отыздан асты жасымыз, Ақылға толып басымыз, Ақыры шауып ағындап, Бəйге атындай арындап, Ақын жанның жүрегі, Жас баладай мінезі, Балалық қашан арылмақ? Өткір сөзім қылыштай, Толғадым сөзді тыныстай. Сөздің қоры ұлғайды, Тағдыр берген ырыстай. Жүрмедім босқа сайыспай, Жасым кетті алысқа-ай, Көнгіш болдым өмірге, Мінезім – шылғи, қайыстай. Асылдан соққан ақ семсер, Келемін мен де қайыспай! Тот баспадым, сынбадым, Өзімді-өзім шыңдадым. Қырғыз – қазақ жиылса, Топты жарып жырладым. Топтан озған ақынды, Топ ішінде тыңдадым. Бəйге атындай жұлынып, Шаппай қарап тұрмадым. Қойды өмір жаратып, Жел сөзімді таратып, Тоқтамадым қызғанда, Тыңдауға халық тұрғанда. Түн артынан түн кетті, Күн артынан күн кетті, Кештер батып, таң атып, Келгенде жүйрік бабына. Жамбыл Жабаев
Бəйге бермес шапқанда, Кім тура кеп тоқтатар, Қызып тұрған шағына! Көрді Жамбыл қырықты, Кезек күтіп тұрыпты. Сымға тартқан күмістей, Сынымды бұзбай тұрғанда. Жиырма бес қайта келгендей, Қырықта қылаң ұрамын, Шалғандай таудың қыранын. Өлеңім кетті селдей боп, Жердің жүзін қаптаған. Суға аққан сеңдей боп, Жері жоқ барып жатпаған. Қырық бес те келіп жолықты. Елу де келді еркіндеп, Жамбылды елу ойлантпақ. Елуді жас деп еске алмай, Жұмсадым мол қайратты, Асау тайдай ойнақтап. Сақтадым есте ойланып, Елудің есіп өтерін. Қызыл көзі алақтап, Қызыл тілі салақтап, Азу тісі сылқылдап, Буындары былқылдап, Ақ көбік шашып аузынан, Арыстандай ақырып, Кəрілікті шақырып, Алпыстың білдім жетерін. Бұлқынсам да ақырып, Қайратты жастық шақырып, Жамбыл Жабаев
Ілгіштенген тамақта, Тұрды біраз қақырық. Арылмады тамақтан, Тастасам да қақырып. Алпыстағы шалдардай, Алжымадым шатылып! Алдағы өмір, өткен жас: Ақшыл тартқан сақалым, Буырыл тартқан ғазиз бас, Аздап белгі береді, Жаралсам да темір-тас. Өмірді болдым көргендей, Жетпіс те жетті желгендей. Қажымастай бұл тағдыр, Қасиетін бергендей. Кəрілік емес сол күнде, Қажытқан мені замана. Қақырық қатып, шер болды, Қайғы-дерт ішке жамала. Елу жыл қырғын болса да, Ел көргенін тана ма?! Ел аузында жыр болып, Кетті сөзім тарала. Би, болыс көрдім сол кезде, Жетегінде төренің, Ұқсас болып өңкілдеп, Мұрнын тескен танаға. Жамбыл айтпас дүниеде, Жел сөз айтса жалғанын. Шер тарқатып сол кезде, Қозғадым іштің арманын. Жамбыл Жабаев
Өлеңім топан суындай, Жетісудан ақтарам. Тыңдамай жердің алысын, Арқаға жетіп дауысым, Алтайдан да аттағам. Қартайдым деп өмірде, Қайғыланып жатпадым. Жастық шіркін көңілді, Сонда да болды мақтаным. Мақтаным емей – немене, Көңілдің күйін жақтадым. Жетпістен асып сексенге, Жылжыдым, ептеп беттедім. Кəрілікке еңістеп, Мойындап, мен де кетпедім. Көптен көксеп тарыққан Қажыған ел зарыққан. Теңдік берген заманға, Аман – тірі жеткенім! Бетіме шырай-əр берді, Жан денеме нəр берді. Теңгеріп нашар кедейді, «Мен ұлықпын» демейді. Біз тілеген заң шықты, Кісі еңбегін жемейді! Жамбыл Жабаев
ЖАСТАР АЛДЫНДАҒЫ СӨЗ А, Жамбыл! Кезің келді сөзің бастар, Барынша құлаш созып, аяқ тастар! Алдыңда жаңа өмірдің өркендері, Өрімдей келіп тұр ғой сөзің қостар. Айтқызбай саған тіпті ерік қоймас, Еңбекпен еркін өскен мына жастар. Еріксіз думанға да түсіп ең ғой, Жастарға тəбəрігің бар ма тастар? Ақтаршы сандығыңның аузын ашып, Едің ғой тілдің кені болған нəсіп, Бұлағы қара өлеңнің таусылар ма, Қалмастан тым болмаса, бірер қасық? Күйін шерт домбыраңның, таста əнді, Қинамай – қол жетпеске текке жанды. Тəспықтай шумақталған термең қайда?.. Сал соған, кəрі тілден тамыз майды. А... у!.. Термемен сөзді бастайын, Жас жігерлер алдында, Топтан озған тарлан ең, Шабысыңнан тандың ба?! Тұяғың тозып, топай боп, Китіңдеумен қалдың ба?! Шаршы топқа түскенде, Шабысы болар шалдың да! Ой! Домбыра алып қолыма, Он жасымнан сарнадым. Дəл жетпіске келгенде, Жүгірістен танбадым. Бүгінгідей есімде: Жамбыл Жабаев
Думанды жарып əнменен, Семейге де барғаным. Топтан озып онда да, Бəйгінің алдын алғаным. Алғаным құрсын, қайтейін, Опасыз жалған сұм өмір, Мені текке алдадың. Бүгінгідей жиында, Бір сағаттай болмадым. Ұлы жарыс алдында, Шырқата əнді салмадым. Жоққа есеп жастардың, Алдында Жамбыл болғаным. Қиыстырып кестесін, Əннің салып дестесін, Тарихи жиын алдында, Бəйгіні шауып алмадым. Ендігі тілек біреу-ақ, Қимылдап қал, тіл мен жақ. Сөз танабын астарла, Дəуірлеп өскен еңбекте, Суыт шапқан еңбекке, Жастарға тəбəрік тастарға. Не қылса да Жамбылға, Енді жастық кез келмес. Жүрегінде сақтаулы Асыл сөзі өзгермес. Сендердікі бұл заман, Оған талас сөз болмас! Қорытса да қаншама, Өзгеріп алтын жез болмас, Аяққа шұлғау қылса да. Асыл жібек бөз болмас, Жамбыл Жабаев
Балшық қосып соқса да. Дүррі гəуһар тас болмас, Жамандық адам өзінен, Болатындар жас болмас, Қайшылай тасқа соқса да Болаттың жүзі пəс болмас. Тыңдап көр Жамбыл қартыңды, Сендерден, сірə, кем түспес. Жырдың асыл кенімін, Айтысқандар менімен, Талай-талай жеңілген. Қыза шапса шын тарлан, Жері болмас тең түспес. Айғайласа шын ақын, Əні болмас – ел білмес! Жамбыл Жабаев
ХАЛЫҚТЫҢ СƏЛЕМІ Домбырасын серік қып, Өткізді Жамбыл ғасырды. Өлеңді төгіп, өрнектеп, Асулардан асырды. Қара терге малынып, Еңбегі кетіп далаға, Тойса тойып тамағы, Тоймағанда аш жүрді. Қалың халық көтерген, Өмірдің ауыр, зіл – тасын, Жылдан-жылға тасыды. Жаңғыртып ен даланы, Əнді шырқап көлбедім. Өлеңмен ойып оюды, Сөзді мініп желдедім! Сонда менің көргенім: Құнарсыз дала, қаралы ел, Күңіренген, зарланған. Қанын сорған жыланнан, Ғасырлар арыла алмаған. Көз жіберсем алысқа: Көпті көрдім дегенім – Көп зарыққан ел екен. Шексіз дала дегенім – Ұлтарақтай жер екен. Ерлерді көрдім дегенім – Ер емес екен, кем екен. Хандарды көрдім дегенім – Халыққа қонған шер екен. Тауды көрдім дегенім – Жамбыл Жабаев
Тау емес екен, дөң екен. Өзен, көл көрдім дегенім – Көз жасынан сел екен. Кемдіктің кесіп бұғауын, Енді азаттық құсы боп, Халқым, кірді берекең! Қайғыдан халқым арылып, Бақыт құсын ұстадым. Лениндік ұлы партия Халықтың халін көтеріп, Жоғалтты өмір қыспағын. Қарық қылды дəулетке, Алыста қазақ ауылын, Қырғыз, өзбек қыстағын. Алатау, Алтай жеріне, Қолы тиді ұстаның. Сардалада темір жол, Зəулімді шарлады, Күміс қанат құстарым. Қаптаған мал, ен дəулет, Бақыт, өмір, сəн-сəулет, Əшекейге бөленді, Советтік Қазақстаным! Түр кіргізді далама, Шексіз мақта, көп егін. Алтын, күміс, қорғасын, Мұнай, көмір, жез бен мыс, Жылдан-жылға көбейіп, Кеңейтіп келед көлемін. Мұқтажы жоқ елімнің, Үйінен табад керегін. Қарағанды, Қарсақпай, Ембі менен Балқаштай, Кеннің əлденешеуін, Жамбыл Жабаев
Тағы тауып беремін. Осыны жырлап айтуға, Бақытты халқым атынан, Домбыра алып жөнедім, Алып келдім алыстан, Бақытты қазақ халқының, Махаббатты, жалынды, Большевиктік сəлемін! Жамбыл Жабаев
ТОҚТАҒҰЛ Немерем бір кітапты оқып жатты, Кітап сөзі əркімнің ойын тартты. Байқаймын, тыңдағанның көңілі шат, Алғандай əр сөзінен бір лəззатты. Қанысып мауқымдары, жырғап жаны, Тырп етпей қызығына əбден батты. Жан еріп, жүрек сергіп, бойды билеп, Денені асыл сөздер шымырлатты. Алмастай кейбір сөзі жарқ-жұрқ жайнап, Жалындап жанған оттай тұр жарқылдап. Тез жетіп тыңдаушының көкейіне, Айбатын бірде шыңдап, бірде қайрап. Жетелеп жұрт қиялын, ойды безеп, Өшпестей жүрегіне құйған қайрат. Ерекше өзгелерден қылығы асқан, Жырына сөз асылын тізген сайлап. Апыр-ай, деді əркімдер, кімнің жыры?! Берейін тағы да айтып деймін мұны. Сапырған Алатаудың жыр-өзенін, Қырғыздың бұл атақты Тоқтағұлы. Тасындай Тянь-Шаньнің бойы биік, Тоқтағұл – ерен биік жырдың шыңы. Сөздері сап алтындай көзді тартып, Жарқырап жан балқытып тұрар нұры. Топ жарған жүзден, мыңнан ел жүйрігі, Баураған ел жүрегін таң бұлбұлы. Жамбыл Жабаев
Өзінің бір бойына біткен ақын, Қырғызда күннің көркі, сөздің гүлі. Үңілсең тереңірек жырларына, Байқалар ел шаттығы, елдің мұңы. Манаптың қылшылдаған қылышынан, Тоқтағұл жасқанбаған сынып қыры. Езілген бір заманда жасын төгіп, Ел-жұрты қайтып жақсы көрмес мұны. Тоқтағұл жасын төккен бұл тілменен, Жауға да жалтақтамай қатты тиген. Қол-аяғын бұғаулап болат шынжыр, Айырған тар қапаста жарық күннен. Сібірдің түкпірінде жүргенде де, Жүрегі жасыған жоқ, елін сүйген. Алыстан ел құлағын елеңдетіп, Өткір сөз жатты өріліп өктем үннен. Ойласам Тоқтағұлдай ақын ерді, Ет-жүрек əлі күнге елжірейді. «Азаттық, азаттық!» деп аңсап өткен, Тоқтағұл – ойлап тұрсам, ел жүрегі. Заманға ол аңсаған жетті, міне. Тоқаңның азат, еркін бүгінгі елі. Лениннің ұлы туы шырқап биік, Жерінде Тоқтағұлдың желбіреді. Бөлеген Алатаудың ойын, қырын, Бақыттың жайнап тұрған көрем нұрын. Жамбыл Жабаев
Тең өскен сұңқар ұл мен нұрлы қызым, Солардың дүбірінен естіп тұрмын, Сайраған Тоқтағұлдың бұлбұл үнін. Тыңдасақ кеше оның зарлы күйін, Тыңдаймыз бүгін, міне, нəрлі жырын. Ел сүйген ізгі нəрсе ізсіз қалмас, Жалғаны бар ма айтшы, менің мұным? Ақынның құламайтын күмбезіне – Осы жыр – ескерткішке қойған гүлім! Жамбыл Жабаев
ҚЫРҒЫЗ ҰЛЫ, ҚҰЛАҚ САЛ Қырғыз ұлы, құлақ сал, Ежелден қимас бауырым. Жайлап жүрдік саялап Іле, Шу, Нарын бауырын, Атамыз болған бал тату, Анамыз болған жан тату, Келін менен бозбала, Ұлы менен қыз тату. Басына басы қосылып, Жанына жаны қосылып, Араласқан ауылым. Бірер ұрттам сүт тапса, Бөліп ішкен қауымым, Əлемге айғақ мен Жамбыл Ашық айтар ұл-қызға, Қазақ бауыры қырғызды – Батырым! – деп мақтаған, Бір қыңыр сөз айтпаған, Ақ қалпақты ер қырғыз, – Төрге шық! – деп сыйлаған. Қазақ барса қырғызға: – Кел, қазағым, кел! – деген. – Қимас бауырым сен, – деген – Бала қайда? Малға бар, Бағлан алып кел! – деген. ...Украин, Белорус, Россияда ұлы орыс, Грузин, армян, түркімен, – Тоқсан ұлтты Күншығыс Сүймеді десем бір-бірін, Дей алар оны кім дұрыс? Тілеген емес ел ұрыс, Жамбыл Жабаев
Елді бұзып, бүлдірген Хан билеген құрылыс. Қазақ, қырғыз ежелден Қауышқан тату ел болды. Жүрегі бір, жолы бір, Сыйласқан тату, тең болды. Біріктірмей екі елді Қанды шеңгел хан билеп, Пейілі жаман би билеп, Араздық салып ортаға Ақ патша да қан сорып, Бүлдіріп бұрын ол келді. Найзаларын оқталып, Ай балта, қылыш қолға алып, Шырық бұзып, ел шапты. Ел бөлініп екіге, Азулыға шайналып, Азаппенен күн көрді, Жетістірді еліңді – Бақытты совет дəуірі. Жауығу жоқ, жақсы дос – Елжіреп екі ел бауыры. Жамбыл Жабаев
БАЛАЛАРҒА Балалар, аманбысың шырақтарым, Майысып көлге біткен құрақтарым! Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, Ішінен асып кетсе бір аптаның. Қонаққа келді, міне, Жамбыл атаң, Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам, Қарт бабаң дəуіріне мейірі қанған, Қуанып жастығына сендей ботам. Білемін өмірлерің тұрған жайнап, Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап. Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су – Бəрі де сендердікі əлемге айғақ... Жамбыл Жабаев
ЖАЗ ЖЫРЫ Атымды ертте, балалар, Күлімдеп, міне, жаз келді. Түйе боздап, қой қоздап, Тізіліп қатар қаз келді. Жастардың жүзі жайраңдап, Кең өмірде сайрандап, Махаббат, мейірім, əн мен күй, Ойын, күлкі, наз келді. Тамаша, өмір, шаттық жыр Қала, дала ой мен қыр, Ерекше жаз биыл жаз – Төгілген көктен алтын нұр. Назданар адам аз ба енді, Көйлек көк те, тамақ тоқ, Еш пендеде уайым жоқ, Жасармас қай жан жазда енді? Отаным байтақ мəңгі бақ, Гүл, бəйшешек толған жер. Он бір жұрт – он бір туысқан Қанаттас қатар қонған жер. Он бір жұртым – он бір бақ Ішінде еркін сайраңдап, Мəуесін тəтті сорған ел. Шағаласы шаңқылдап, Қаз, үйрегі қаңқылдап, Көкорай шалғын, орман, көл; Шалқып жатқан ен дəулет, Салтанат, шаттық, сəн-сəулет, Аймағым асқар қорған бел. Жауын мен дауыл, бораннан Жасқанбай шалқып асамыз, Жауды жайқар жарақ сай Жамбыл Жабаев
Табанмен таптап басамыз; Қыздырып еңбек дүкенін, Желпілдетіп жер бетін, Жемістен шашу шашамыз; Көзіне жете ашамыз; Жер қазынасын игеріп, Болаттан сұңқар ұшырып, Мұхиттан əрі асамыз; Мініп алмас тұлпарды, Қуаттан дария ағызып, Баспаған жерді басамыз; Ерліктен ерлік туғызып, Өрге өрлеп, тасамыз! Жайнай бер, жазым, жылдан жыл, Жаңарып дүние түрленсін; Алтын бақша ұлғайып, Бұдан да қызық түрге енсін; Ен бақытқа еркіндеп Жайлаған елің гүлденсін; Октябрь атты алтын күн Себелеп рақмет сəулесін Бұдан да жарық нұр берсін; Бұлбұлың дулап сайрасын, Еңбегің қызып қайнасын, Нұрыңды əлем, ел көрсін; Бұғаудан қолын шешуге, Сенімен тағы ілесуге Өнеге болсын, дем берсін! Жамбыл Жабаев
АЛАТАУ Тізілген таулары бар Жетісудың, Ішінде орман, тоғай біткен нудың. Дариядай сол таулардан тулап тасып, Көресің тамашасын аққан судың. Есепсіз тау суреті көз жетпейтін, Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін; Өрік, алма, алмұрт, жиде-жемістер көп, Бір татсаң, аузыңнан дəм кетпейтін. Қарлы тау басы биік мұнар кетпес, Сырласып бұлттарменен болған кептес. Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп, Жүреді бір-бірімен боп тілектес. Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық, Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып, Тулаған, аққан бұлақ тасқынында Асаудай ойнақ салар балық шолпып. Етегі сол таулардың мидай тегіс, Тегіс жер гүлін жарған миуалы егіс, Еліне мекен етіп еңбек қылған Жегізер аямастан түрлі жеміс. Алатау Жетісумен құшақтасқан, Еліне мекен етіп еңбек қылған Бауырында Қазақстан астанам бар – Ағайын орыс, қазақ араласқан. Жайлау бар бұл тауларда шөбі шалғын, Көк майса ойы, қыры бəрі балғын, Жамбыл Жабаев
Қызығын сол жайлаудың көрем десең, – Шөбіне бауырың төсеп жатып алғын. Ар жағы – қаптаған ел Қытай жері, Бер жағы – ен жайлаған қазақ елі, Басында бақыт жырлап Жамбыл отыр, Желбіреп қызыл жалау шығыс белі. Жамбыл Жабаев
ҚЫМЫЗ Үйірілген қышқыл, тəтті сары қымыз, Ауруға – ем, сауға – қуат, дəрі қымыз. Ыстықта ұрттар сусын таппағанда, Ерте-кеш байлар ішкен кəрі қымыз. Ашыған кең сабада алтын қымыз, Бай, биге шаттық берген салқын қымыз. Айтушы ек іштен налып, саған қарғыс, Кедейге келмегенде шартың, қымыз. Байда бар, жарлыда жоқ тартым қымыз, Көз сатып, бардан ішкен халқым қымыз. Байлардың сабасында «аллаһуп» тап, Кедейдің торсығында там-тұм қымыз. Сапырған жайлау жайлап байлар қымыз, Шақырып бірін-бірі тойлар қымыз. Кеңейтіп жуан қарын май қосуға, Сар тұздық қозы етімен шайнар қымыз... Бай қайда? Елден қудық бүгін, қымыз, Төңкердік зор сабасы түбін қымыз. Көрінбей түнде жортып құмдарда жүр, Ішпейді бұлақ суын түгіл қымыз. Сапырған далам, қалам бəрі қымыз, Жайлаудың бүгін болды сəні қымыз. Стахановшы ерлерге дем беретін, Бір сүйеу еңбегіне кəрі қымыз. Еңбекші ел тартып алған табы, қымыз, Ен өскен колхоз аулы малы, қымыз. Жамбыл Жабаев
Əр ферма ортасында күмпілдейді, Өзгеше бүгін тəтті дəмі, қымыз. Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға – қуат, дəрі қымыз. Елімнің социалистік асы болдың, Шығаршы, тағы нең бар, кəне, қымыз! Жамбыл Жабаев
ӨМІР ЖЫРЫ Өшпейді халық жыры, қартаймайды, Өшед деп оны ешкім де айталмайды, Халықтың жүрегінің түкпірінен Төгілген күй – шын жорға тайпалмайды. Алтындай ел ішінде сақталынған Сұлу жыр, судан тұнық, шайқалмайды... Еске алсам ертегідей ертені өткен, Талай жан жүрегінің жырын төккен, Еңіреп ен даладан бақыт іздеп, Таба алмай Асанқайғы аңсап өткен. Құландай тақтан безген Қорқыт қаңғып, Кездеспей көрден басқа ол да кеткен. Еске алсам аңсағанда екідегі, Ертеде қиял нені көксемеді! Кілемге отырып ап, көк сайрандап, Сұңқарша ұшуды да көксеп еді. Ол кезде патша мен хан зынданының, Тұншыққан жырды бар ма ед ескергені? Есімде ескі ертегі аңыз қылған, Улы өмір жыланына шағылдырған, Үскірік есіп тағдыр қара желі Өкпемді қарып аяз қабындырған. Жамбылдың жыр төгілген тілін байлап, Үніне туған елін сағындырған. Мен ұзақ өмір сүрдім, көпті көрдім, Көргенді ойға түйдім, ойлай жүрдім. Құзынан таудың биік шыңға өрлеген Есіттім жырын ақын Шота ердің. Кавказдың шыңыменен шендескендей, Құлағым шалды иесін шерлі жырдың. Жамбыл Жабаев
Жайнаған Грузиннің жас ұлына, Көз түсті тауда жортқан асылына. Түнерген тау басына тұмандайын Ізіндей я жолбарыс жасырына. Шотаның шырқап салған жыры арналған, Келешек жас өспірім ғасырына. Ысқырып өрмелеген тау мен тастан, Мен көргем абжыланды сұры қашқан, Жүректің оттан ыстық тəтті жырын, Өршігіп сөндіруге тасқын тасқан. Жортқан жолбарыстай ақын Шота Халқына тəтті жырын алып ұшқан. Жайлаған жылан-шаян тау құлады, Патша өлді, еркін ақты тау бұлағы Құйылған бұлақтайын халық жыры, Маржандай таудан шашқан саңғырады. Ақынның жүрегінен шыққан өлең Шарықтап ұшты, ұқсап тау қыраны. Жүз жылдап, жарық көрмей ой қиялы, Жүрген кез есімде еді ойға оралды. Даланың шөбі қурап ыстық күнге Жатқан шақ шұбап жолсыз керуені. Ашығып, азып-тозып жол шеккенде Бораған алды, артынан ақ бораны. Кімдердің өшпеді ол кез сағы сынып, Кім өсіп еді ол кез, кімдер күліп, Қоқырап жалсыз, қомсыз түйе үстінде, Таңылып Тарас ақын ойға ұйып, Езілген даладағы елді көрген Самұрық екі басты жатқан бүріп. Тараспен батқам мен де бірге мұңға, Түйеге бірге мініп жүргем құмда, Жамбыл Жабаев
Менің де, оның-дағы жырларымыз Ол кезде жоғалған ед сіңіп құмға. Жырымен тау жаңғыртып Пушкин де өткен, Жүрегі жараланған ақын тұлға. Пушкиннің сайрап кеткен жырын талай, Шырқаған даланы өрлей ақын Абай, Тамсанта Онегин мен Татьяна Алабын Алатаудың əнге орай. Туысқан халқыменен құшақтасқан, Біледі Қазақстан туғанындай. Жылдан жыл өтті ақын қиялындай, Жамбыл қарт жырын таудың бұлағындай Құюмен келе жатыр, туған елін Аралап жаны шолпан шырағындай. Қайрылмай ханнан өтіп, – таңға жетіп, Кавказдың шарықтады қыранындай. Күреске шақырмаған ақын ба ақын, Ақын болса халыққа болсын жақын! Жырласын ақын болса халық жырын, Біздің даңқ Кремльдей болсын жарқын; Нұр алып Кремльден гүлденген жыр, Жырлаған көсем сүйген ұлы халқын. Шота мен Абай, Тарас, Пушкин де өткен, Халыққа құлаш жайып жыры жеткен, Көксеген туған елдің күні Ленин Ұрығын шын бақыттың халыққа еккен; Жиһандық планеттің ол ақыны, Жамбылдың ұлы əкесі нұрын төккен. Жамбыл Жабаев
МƏСТЕК ПЕН ТҰЛПАР Ертеде, ерте-ертеде, Астыма менің мінгенім Тұлпар емес мəстек ед, Шүу-шүулеп əрең жүргенім. Борбайы борша, арқа арша, Көтерген əрең өз белін. Жауыры қазған ошақтай, Қыр арқасы пышақтай, Сүйреткен жалғыз сүлдерін. Сол мəстекті тебініп, Өлеңдеттім, əн салдым. Ойға бардым, қыр бардым, Қара көз қызға көз салдым. Ауылдан ауыл аралап, Тулағымды сабалап, Тепсіне бердім, тұрмадым. Мазақ етті қара көз, Мəстегімнің тұрманын. Өлеңімді өрлеттім, Өрге құлаш серметтім. Қалың елдің ішінде, Зарын айтып сорлының, Қайғылыны еңіреттім. Жесірлерді жетектеп, Жетімдерді тербеттім. Көтерем – мəстек үстінде, Талай да, талай жерді өттім. Тал қармаған елді өттім, Күндердің күні болғанда, Жамбыл Жабаев
Ат шаптырған, той қылған, Думанды жерге кеп жеттім. Арғымақ қосқан бəйгеге, Байлар қылды кесірді. «Мəстек мінген əрі тұр! Жүйрік мінген бері тұр!» – Деп жуандар есірді. Қызығын қалдым көре алмай, Ордаға қалдым ене алмай, Бəйгесіне ат қосып, Шабыстан қалдым, ере алмай. Жата кеттім бір жерге, Қорлыққа көрген көне алмай. Түсімде көрдім бір тұлпар, Жер тепсінген жануар, Қарай қалдым көз алмай. Оқыранып шақырды, Шыр айналып, тұра алмай. Қайғырыппын түсімде, Қалам ба деп міне алмай. Тағы міндім мəстекке, Ұйқымды ашып, түс тарап. Елді кезіп жөнелдім, Жануарды қақпалап. Он тепсінсем бір басып, «Тоқтай тұршы, тоқталап!» Түсте көрген тұлпарым, Таптырмай кетті əбден-ақ. Жас жүректі жаншыды, Қиялға тұлпар ұялап. Жамбыл Жабаев
Көз ашып бір күн қарасам, Ақ түскен кезде шашыма, Қадалыпты қызыл ту Алатаудың басына. Қажырлы халқым шығыпты, Жауыма қарсы ашына. Көктемнің күні туыпты, Қалыпты тұман басыла. Жайлаудан байды қуыпты, Бас ұрғызбай қашыра, Үйір-үйір жылқыны Үйіріп əкеп қойыпты, Өзімнің дəл қасыма. Жайлауды басты өз малым, Жаңадан жырды қозғадым, Бəйгелі тойда колхоздың, Жүйрігін көрдім озғанын. Жабағы жүннен арылып, Жетілді мəстек тулағы, Жырымды сүйіп ардақтап, Таныды мені партия, Еңбегіме сыйлық деп, Түсімде көріп ынтыққан, Тартты алдыма тұлпарын. Тұлпарыма қарасам, Танадай көзі жайнайды. Аққудай мойын иіліп, Қазығында ойнайды. Тоқыма жібек, ері алтын, Ауыздығын шайнайды. Жамбыл Жабаев
Үзеңгісі сыңғырлап, Қарасам көзім тоймайды: Қанатты тұлпар астымда, Құндыз бөрік басымда, Омырауымда орденім, Жан достарым қасымда, Қайтадан міне аттандым, Қиырға болжап көз салдым, Тоқсанға келген жасымда. Далам да гүл, тауым гүл, Аспан ашық, жер жайсаң. Тұманмен бірге түріліп, Құрыпты көзден ылайсаң. Домбырам бүгін сайрайды, Серпіліп, сергіп əн салсам. Шүу жануар, шүу тұлпар! Үстіңде бүгін мен сұңқар, Алты айлықты алты бас, Алдымда күткен халқым бар! Тұлпарлы жігіт атанған Отан берген даңқым бар. Кремльді жырлайын, Партияны жырлайын, Домбыраны тартыңдар! Жамбыл Жабаев
КƏРІЛІК Көкірегің күрілдеп, Көздің алды іріңдеп, Қаз-қаз басқан баладай, Буындарың дірілдеп, Қартайған соң, немене, Хауіп ойлайтын күнің көп. Айлашы екен кəрілік, Бірге түнеп, бір жүріп, Сыр білдірмей, сұрамай, Не көрсетіп тонамай, Мүшеңді алған біріндеп. Жамбыл Жабаев АСАУ ҮЙРЕТКЕН ЖІГІТТЕРГЕ Асау тайға мінуші ек, Ауыл кезіп жүруші ек. Атанушы ек «бозбала», Атағымыз сол ғана. Неге екенін кім білсін? «Не білім жоқ, еңбек жоқ», Құр əйтеуір көңіл тоқ, Секілді едік буыршын. Өмірді бос өткізіп, Жұртқа қадір кеткізіп, Жүрдік пе екен қыз үшін! Сендер ондай болмаңдар, Елдің қамын ойлаңдар, Қылжақпастық құрысын! Жамбыл Жабаев
ТƏЖІБАЙҒА Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім. Сөйлесем сары түнге шалдықпайтын, Қақырап қайран даусым қалды менің. Шалқыған аспан-көкке қайран əнім, Шырқасам кіргізетін тойдың сəнін. «Ə» десем, аузымнан бытырайды, Шіркінге, не болғанын біле алмадым. Тəжібай, саған қалай менің мұным, Аулақта сұрайтұғын бұл бір сырым. Əнді алған, əр нені алған сұрамастан, Күнəлі, бəлкім бұған кəрілігім? Жамбыл Жабаев
ТАУДА Мен бір шал тоқсан жасты құрдас еткен; Тайғанап жүре алмаймын қия беттен. Ел кезбей атқа мінбей, араламай, Жатамын үйде тыныш сол себептен. Бұл кезде белім бүкір, көзім бұлдыр, Белге алып шыға алмайды тізе құрғыр. Құлағым қаңылтырмен қаптағандай, Ел сөзін естімейді қаңғыр-күңгір. Жамбыл Жабаев
АБАЙДЫҢ СУРЕТІНЕ Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең – сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне? Ақын атын таратқан əрбір тұсқа, Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа. Арғын, Найман сөзіне таңырқаған – Қандай арман бар дейсің бұл туыста! Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар. Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей, Есіл сабаз ызамен өткен шығар!.. * Жем терген жалпақ елден, мен бір тауық, Докторым, емдеймісің емін тауып? Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе, Жүрекке болмас па екен үлкен қауіп? Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем, Кетпей ме тұла-бойға түгел шауып? Жамбыл Жабаев
КƏДЕНЖАН Кəденжан, қайдан келдің күндей болып, Жаңғырып, таудан шыққан үндей болып. Анда-санда көргенде мауқым басып, Риза болып, қаламын көңілім толып. Жақсы менен жаманның түрі басқа, Қонып алып, таранар тоты тасқа. Қасың қара, болғанда мойының қаз, Жарықтығым, мауқым бас – аралас та. Қарасаң көзің күндей күлімдеген, Бір серпіліп қаламын үніңменен! Көзің қырын сала жүр, жарықтығым, Біз де жігіт болғанбыз дүрілдеген. Жамбыл Жабаев
КЕНЕНГЕ Кешегі анау, боз үйден, Шыққан дауыс сен бе едің? Бөдене мен тұрымтай, Бұққан дауыс сен бе едің? «Кенен, Кенен» деп жүр ғой, елдің бəрі, Осы тойға жиналған жас пен кəрі. Сəлем берсең, қарағым, сəлемет бол! Ақындық Ораздан да үзілмеген, Сарыбас, Əлмен бар ма еді біз білмеген? «Бабаның батасынан» деген нақыл, Жас жүйрікті жарамас тізгіндеген. Жамбыл Жабаев
- * Жамбыл өлең айтпайды жантайған соң, Жалқауырақ тартыппын қартайған соң. Көңілсіздеу секілді көрінемін, Дос алыстап, қасымнан жар тайған соң. Тарыншақтау мінезім – ұрысқақтау, Еріншектеу болыппын – тырысқақтау. Айқайласа жүйріктей бүйірі қызған, Ақын-ақ ем бір күнде ұрыншақтау. Жас баладай ілезде кетем қалғып, Қартайған соң бір ұйқы алған аңдып. Жазуыңды, Ғали-ау, қоя тұршы, Шаршаңқырап отырмын басым мəңгіп. Жамбыл Жабаев
- * Сақалым темір күрек борға малған, Селеудей шашым селдір зорға қалған. Аузыма ақ жабағы жапсырғандай, Кəрілік немді қойды қорламаған? Құлпырған қызыл шырай түсімді алды, Аузымды опырайтып тісімді алды. Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды. Кəрілік екі көзді қызартады, Сүйектің етін сылып, ұзартады. Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей, Батпандап тізе тұсқа тұз артады... Жамбыл Жабаев
МЕН КЕЛДІМ АМАНДАСА Басын өрге көтерді Жамбыл ата, Ғафу еткін сөзімде болса қата. Бір-екі ауыз болмайды сөйлемесем, Жамбасымнан жер өтті жата-жата. Колхоздың келіп қондым жайлауына, Ешкімнің көнгенім жоқ айдауына. Би-болыс, елу басы шар тартқанда, Қосылып көргенім жоқ сайлауына. Жəне де салқын болад таудың басы, Жамбылдың тоқсан беске келді жасы, Жайылып мал өріске шыққан кезде, Көрінбей қалып жатыр таудың тасы. Мен келдім амандаса алдарыңа, Шопандар, берік болғын малдарыңа. Көңілі көтерілді қозғалуға, Рахмет айтып қойғын шалдарыңа. Жамбылдың жайлаудағы салған əні, Құлансаз, Қарабастау жердің сəні. Мал жайлап, қыстап жүрген уақытында, Көрген жоқ жерге тамып малдың қаны. Жамбылдың салған əні жайлаудағы, Құлын-тай желі тартып байлаудағы. Он бес пен жиырманың арасында, Толықсып, көңіл шіркін қайда аумады. Жамбыл Жабаев
Жайлаудың шөбі шүйгін, суы тұнық, Асау қайда құтылар салса құрық. Үлкенсаз, Ұзынағаш, Қызылқұмда Көбейтіп шашқан жерсің малдан ұрық. Өріске көз жібердім жатқан малға, Аяғым ұмтылады бассам алға. Жасынан шопан болып, қойды баққан, Қояйын амандасып Тойбай шалға. Тойбайым, аманбысың, Тоян қандай, Қып-қызыл екі бетің боялғандай, Көргенде қатар өскен келіндерді, Дүбірлеп көкірегім оянғандай. Тоқсаннан асып қалды менің жасым, Қалыпты көкшіл тартып сенің басың. Құмардан құрт ішкендей шығар едім, Тоянның қысып қойсам қабырғасын. Жайылған малдың ізі қиядағы, Көктенше мал тоқтайтын тиянағы. Тербеліп көңіл шіркін көтерілді, Ұшқандай құс талпынып ұядағы. Көктөбе, Майтөбеден бөлініп тұр, Шаштай боп, шалғын шөбі өріліп тұр. Алаяқ, Қызылкезең, Сарысайдан, Жылқы мен қой құлағы көрініп тұр. Аққолтық, Қасқабұлақ малдың жайы, Ыңғайлы мал қыстауға асу, сайы. Жамбыл Жабаев
Күнгейін қақпа тастың пайдаланса, Ағып тұр мен мұнда деп, шөптің майы. Малшының мал өсірер келді шағы, Қойшының көтерілер болса бағы. Көк қаптал, өрісі бұлақ, гүл шашып тұр, Жайқалып жел соққанда жапырағы. Айдаутас, Қамаутөрде жатар киік, Талғардың тал шоқысы таудан биік, Үшқоңырдың жайлауы қандай жазық, Елу мың қой өзенде жатыр сыйып. Жасылкөл арқасында шалқып жатыр, Бетінде аққу, үйрек қалқып жатыр. Баржыға жүк тиеген параходтай, Ақ бидай сым жолдармен тартып жатыр. Бер жағында Жасылкөл, Құмбел жатыр, Малшылар жайлап отыр – тігіп шатыр. Шөп тамырын құм төккен Қарғалыға, Өмірде болған емес жері тақыр. Совхоздың жайлауы еді Қарақия, Тасына қыран бүркіт салған ұя. Кейінгі ұрпақтарым айта жүрсін, Қолыңа ал, Рахметжан1, қалам-сия. Сарқырап таудан бұлақ ағып жатыр. Малшылар малды аман бағып жатыр. 1 Рахметжан Жолашаров – ағайындас інісі. Жамбыл Жабаев
Таң ата жылқышылар малын жинап, Желі тартып, қазығын қағып жатыр. Ізтілеу2 тамаша іздеп кетпек болды, Шөткелеп етікке май жағып жатыр. Қарт атам, шөлдеп қалды-ау, дем алсын деп, Сатиқа3, қымыз құймай нағып жатыр? Қар жатпайтын жер еді Қарақыстақ, Колхоздың отырады малы қыстап. Сатиқа, ұйқың келсе жата тұрғын, Тар жерде, не қылайын сені қыстап. Қайрақты, Қызылкезең көштің жолы, Сол саймен тауға шығар малдың молы. Колхоз, совхоз жайлауда қанат қосса, Желдісайдың өзені малға толы. Берекелі жер еді Сарыжазық, Шыққан шөбі колхоздың малына азық. Лениннің бастаған жолыменен Өкімет келе жатыр құлаш жазып. Бұлт қоршаса, күн жауар Суықтөбе, Етегінде бүркіттей жатқан көде. Ақтастының адыры арқар, жусан, Айтпай тастап кетейін оны неге? Қоңыр жайлау, Қадарша, Талдыбұлақ, Сұлутөрдің жазығы малға тұрақ! 2 Ізтілеу – Жамбылдың баласы. 3 Сатиқа – Жамбылдың інісі Сəтіштің зайыбы. Жамбыл Жабаев
Колхоз, совхоз құралып мал өсірді, Арамыздан кеткен соң бай мен құлақ. Қойшыларды көрген соң қолыма алып, Домбыраның құлағын алдым бұрап. Кедейдің қанын төккен қанаушылар, Ақыры кетті өздері қайыр сұрап. Мал қайтарып, шөп шапты келіндерім, Жəкесіне кеткен бе сенімдерің? Малшылар тыңдағалы отырған соң, Айтуға біраз өлең ерінбедім. Даусымды сағынып қалған шығар, Көп күн болды сіздерге көрінбедім. Өзім де шаршап қаппын өрден шығып, Қалмасын деп отырмын көңілдерің. Қырғызға барайын деп түстім жолға, Мінгенім астымдағы күрең жорға. Жүрісі жаман жігіт ел ішінде, Ақыры тайғанақтап түседі орға. Аспандағы айналып тамақ үшін, Құс келіп оралады жайған торға. Есіне бұл сөзімді сақтасын деп, Сол үшін домбыраны алдым қолға. Қарағайлы жер екен Үлкен Кебін, Жайқалып гүл төгіп тұр шыққан егін. Қырғыз-қазақ баласы бір кісінің, Ажыратып айтпайды ешкім шегін. Жамбыл Жабаев
Ағады төңкеріліп Шудың суы, Шығады қар кетерде жердің буы. Осы судың ағыны жатқан жерде, Көлденең жерде жатпас шөптің қуы. Семізбел ар жағында Қошқар жатыр, Сол жерде кездеспеген достар жатыр. Көкарттың оңтүстігін пайдаланып, Жерлеген бір облысты Оштар жатыр. Жол салған Қапшағайдан Қаратауға, Көңілім көтерілер шықсам тауға. Отырма, Тоян, сені шыбын тістеп, Балықтай тыпырлайсың түскен ауға. Түрленген шөбі қандай алабас тоң, Сөмкелдің тауы биік бəрінен шоң. Сіздермен амандасып қолыңды алып, Дəм татып бір табақтан қайтқаным оң. Омарбай, сізге келіп болдым қонақ, Түсінбес сөз мəнісін кейбір олақ. Келермін қайта айналып күзге таман, Жайқалған ақ бидайға түскенде орақ. Есіктен сəлем беріп Күлен келді, Аузыма айтатұғын өлең келді. Суғарып күрең атты жем беріп қой, Адам жоқ жұмсайтұғын сенен жөнді. Жүрмісің аман-есен, Күлен батыр, Айтуға саған арнап өлең жатыр. «Тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар, Тамыры бұл сөзімнің терең жатыр. Жамбыл Жабаев
ЖАЙЛАУЫМЫЗ – ҚҰЛАНСАЗ Таңнан соғып самалын, Жайлау маған жанарын Жадырата салғанда, Түсіп əрне есіме, Кəрілікпен көнеріп, Қала қоймай үдеріп, Самғай шыққым келді бір Көк жайлаудың төсіне. Таудың басын ораған, Не бұлыңғыр, не тұман, Тамаша ғой қарасаң Қоңыр салқын кешіне. Тауында мұз қыстаған, Жазда шыбын ұшпаған, Жайлауымыз Құлансаз, Мыңғыртқан малын өсіре. Жан-жағынан адамға, Бақ берген біздің заманда, Шығып осы жайлауға, Жатамын бие байлатып. Құлындарым тел өсіп, Енесімен тең өсіп, Ерге лайық тұлпар боп, Даланы жүрсін шаңдатып. Жұпар ауа, сары қымыз, Бой балқытып бал қымыз, – Жамбыл жатар жайлауда, Домбырасын сайратып. Жамбыл Жабаев
- * Мен де бір жас баламын қыңқылым көп. Сіркем бұл су көтермей, ыңқылым көп. Жарқ етіп, жанымнан бір өтсейші деп, Тұрады жас күніме ынтығым кеп. Қураған жапырағым мен бір терек, Томар боп сүйектерім қалса керек. Жазда да жасаң тартпай отырғаным, Тұр екен қай жерімде, шіркін жүрек?! Жамбыл Жабаев
АТА ЖАУМЕН АЙҚАСТЫҚ I Бейбіт елім тып-тыныш, Қойны толған бақ, ырыс, Елмен бірге кенеліп, Рақатқа бөленіп, Жатқанда алып жан тыныс, Ел тынышын кетірген, Алас ұрып лепірген Құлаққа кеп шалынды Сұры суық бір дыбыс. Құлақ түріп тыңдасам, Дыбысы екен жаулардың, Адамға қас аңдардың, Іздеп келген қанды ұрыс. Тұрпатына қарасам, Дүниені обардай, Обыр-жеміт қомағай, Қан аңсаған қара құс. Европаның жан-жағын Қармап қанды қармағын, Шеңгеліңнен қан ағып Қай сұмдыққа бармадың?! Толмағандай жемсауың, Алғың келіп жер шарын, Қанды ізіңмен шарладың! Көрге кірер кезіңде, Құтырғаның емес пе, Бізге ауызды салғаның! Жамбыл Жабаев
II Асқар таудай еліме, Байтақ жатқан жеріме Шапты фашист дегенде Ашуменен аралас Жыр да келді көмейге, Қаһар қаулап денемде Көз жібердім мен елге: Сонда елімнің түрінен Тастай болып түйілген Қаһармандық аңғардым Жау сазайын берерге. Жау тиді деп саспастан, Аяқтарын нық басқан, Айбатынан көресің Аспанмен күші астасқан! Құйған құрыш тəрізді Тұлғасында күшті ызғар, Батырлықпен ұштасқан. ІІІ Көз жібердім сонда мен Жүрегіне елімнің; Кремльді болжап ем: Қуат құйған бойына, Шырақ жаққан ойыма Келбетін көрдім ерімнің; Бақытты елге бел болып, Батырларға дем болып, Тұрқын болжап тарихтың, Жамбыл Жабаев
Қамын ойлап халықтың, Таразылап заманды Шəкірттері Лениннің Халық бағын ойлаған. Шамшырағы өмірдің, Жанарындай көзімнің Ұлы көсем Лениннің, Өзі орнатқан өмірін Жеткізген бізді бұл халге Жау түгіл шыбын қонғанға Қияр ма Отан өңірін! Сол тұлғасы елестеп, Аяған жан жолыңнан Адамдық жан емес деп, Толқып бір кетті-ау көңілім! IV Сен шақырсаң партиям, Əмірің ортақ маған да, Төгіп жырдың нөсерін Домбырамды алам да, Айналам жас – нөкерім, Мен де барам, қалам ба! Қорғауға елді кім шықпас, Аттанар қала, далам да; Кəрі дүние килікті Жайнаған біздің заманға; Адырға шығар деген бар Асыққан аң ажалға. Екі дүние айқасты Майдандасқан алаңда! Қаһарланып аттандық Жамбыл Жабаев
Қаусаған кəрі дүниеден Енді тамтық қалар ма! Олар фашист – сұр жылан Уын шашқан адамға! Денеге уын дарытпай, Жаныштап басын жыланның Салайық, халқым табанға! Ондай мерез ордасы Қалмасын тіпті ғаламда. Жас өмірдің жайқалған Жұлғызбай жалғыз жапырағын, Жайпайық деп жауларды Жар салды жырау жаранға! Жамбыл Жабаев
ӨЛІМ МЕН ӨМІР БЕЛДЕСТІ Аз сөйлеп, көпті болжаған, Əріден терең ойлаған, Сталин жолдас, қарағым, Сөзіңді естіп сөйлеген, Жүрегін түгел тербеген Кəрі мен жастың, баланың! Тебірендім қатты мен-дағы. Күшімді жинап қайдағы, Қаздаңдап бастым аяғым! Сөзіңнен түгел түсіндім: Жалмауыз жаудың пішінін, Құбыжық түсті арамның! Ел-елге салған тұмсығын, Еттерін жеген кісінің Нысабы жаман сұмырай! Ерікті, бақты жоймаққа Еліме ашқан аранын, Бұл неткен қорқау қасқыр деп, Бойымды билеп ашу, кек Түнерді бұлтша қабағым, Жайпауға құштар жан-жағын Тоңмойын, дүлей жау мəлім, Аямас күшін, амалын; Боратып жатыр оқтарын, Жаудырып жатыр доптарын Бұзам деп Отан қамалын. Қайтарып десін солардың, Өтінде оқты боранның, Халық үшін жанын пида етіп, Жамбыл Жабаев
Аспан, жерді гулетіп, Пəршелеп жаудың легін, Талқандап танкі түйдегін Тойтарған ерлер жау алдын, Қаһарман батыр соларға, Қуатты тірек боларға Түгел шық өрен-жараным! Жырымды жұртым енді есті: Өлім мен өмір белдесті! Не керек жанды аяуың, Бұл жолдан қалған малың мал! Бұл жолдан қалған жаның жан! Не дейін айтып аяғын. Қайраты құрыш халық ек, Қамалды талай алып ек, Жығып ек туын дұшпанның! Ұран қып ұлы нұсқауын Лениндей көсем дананың! Тағы да берді нұсқауын – Сол енді жұртым уставың – Сайлаған жаудың ажалын! Қан кешкен сонау майданда Айбынды Қызыл Армия, Орында түгел талабын! Жібермес жауға ол кегіңді, Жанындай қорғар еліңді, Қанішер фашист жаулардың Қуырар əлі-ақ заманын. Жамбыл Жабаев
АТТАН, БАТЫР ҰРПАҒЫМ Екі он екі жыл өтті, Жердің жүзін тебірентті; Мұндай жылдар болмаған Жаудыраған жанға нəубетті. Жер жүзіне еркіндік, Сəулесін сеуіп көркемдік, Октябрьдің шұғыласы Күркіреп күндей нұр төкті. Жиырма төрт жыл өмірдің Сəулетіне – көңілдің Сезімін шертіп беремін, Май айында биылғы Мұнан да есіп мерейім Болып ед елім келбетті Жамбылдың да жүрегі Өзгеше соғып ойнақтап Шығарған жыр өрнекті. Жазғыдан өмір өзгерді, Өзгергенін көз көрді, Зеңбіректен оқ атып, Оғын қардай боратып, Жау қол салып өңірге Қырым мен шауып Карельге. Денесіне елімнің, Қанды сапты сапысын Жендетіне серметті. Жау бізге атой салса да, Оқ жаңбырдай жауса да, Октябрьдің мейрамын, Жамбыл Жабаев
Біз сұстана тойлаймыз. Жаңғыртқандай жер, көкті, Бұл соғыста қайратты, Көрсетіп құрыш айбатты, Тулап теңіз тасқындай, Күшіміз жауды басқандай, Күшейтеміз күн-түні Майданды да, еңбекті! Айтылған халық ішінде Кейбір сөздер есімде: Жылға қойып мал атын, Я болмаса аң атын – Жылан жылы дейтұғын, – Кейбір жылды жыландай, Ұлу деп те атайтын – Кейбір жылды ылаңдай Бұл жыл биыл қатты жыл, Атақты майдан атты жыл, Төбесінен фашистің, Оқ жаудырып бар күшпен, Дүбіріндей тұлпардың, Бұл жыл жауды жұлқар күн, Сорғалап ұшып қырандай! Мұнан бұрын жыр айтқам Қаласына Лениннің, Москва үшін жыр тапқам Жүрегі болған елімнің. Домбырамды күндіз-түн Ыза кернеп шертіп тым, Түн ұйқымды төрт бөліп, Жата алмаймын оянбай! Жамбыл Жабаев
Халқым үшін жырымды, Шығармасам үнімді, Тұрады мейірім қана алмай, Қаһар төгіп дұшпанға Өткен ата-бабамыз, Жаудың темір құрсауын Қырқуға амал табамыз! Өрлетер бақыт сəулесін Өркенді бала-шағамыз! Игі өмірдің сəулесін Ойлайтын жалғыз мен емес, Жалғыз болар ел емес! Жеңіс туы өзімде, Өмір нұры көзімде, Тағдырдың соққан сағатын, Бақылап, тілін табатын, Жарқырап күндей жанатын. Жеңіс десе бар халық, Қырандай қағад қанатын! Жамбыл Жабаев
ЛЕНИНГРАДТЫҚ ӨРЕНІМ Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, Көмкерген су көлемін. Өркеш-өркеш жарасқан, Шоқылардай дер едім. Сапырылған көк теңіз, Шомылдырып кемерін! Шамы күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған... Арқа тұтып алыста, Айбыным деп ойлағам! Жасағам жоқ өмірді, Жау сойқанын көргелі. Төккенім жоқ терімді, Шер қылғалы кеудені. Жасалған жоқ салтанат – Жаудың болуға ермегі. Жауда қалып Ленинград, Жаралған жоқ көнгелі! Жасағамын өмірді – Жау біткенді жеңгелі. Саудыратып сүйегін, Топыраққа көмгелі. Қазақстан жерінен, Тұтағандай ел кегі, Сендерге дем бергелі! Жолды кернеп қол кетті, Жамбыл Жабаев
Нева алабын қорыңдар, Ленинградтың ерлері. Ұрпаққа үлгі болыңдар, Заманымның өрнегі! Ата-бабаң баяғы Аян еді Жамбылға. Құрсаулы қол, аяғы, Аударылған ауылға. Төрт патшадан теперіш, Көргендерін білем мен. Петербордан қара күш, Құласа деп тілеп ем. Тілей-тілей өмір өтті, Сақал, шашым ағарып, Сонда бір күй тебірентті, Балтық толқып дем алып... Жаңғырығы құлақтан, Кетпейтін бір күн еді. Ел жүрегін қуантқан, Ленин көсем үні еді! Сөзі нұрдан жаралған, Ленин ыстық күн еді! Сол келген соң жоғалған, Замананың түнегі! Өмірімнің жұлдызы – Енді сенсің дегенім. Ленинград ұл, қызы, Қайыспаңдар, өренім! Дүкенінде жасалған, Машиналар алуанын, Жамбыл Жабаев
Киров əкеп еліме, Қуаныш қып алғамын. Сендерменен қашаннан, Аға-інілі болғамын. Жоқ қой дегем Алматы, Енді менің арманым. Су қыраны секілді, Балтықтағы ерлерім, Сыйлық алып не түрлі, Келгендерін көргемін. Бірге тойлап тойымды, Бірге көрген серуенім. Немерем мен шөберем, Бесігінде сендердің, Жастайынан үйренген, Ғылым, білім өрнегін. Бүгін Жамбыл тыңдаса, Естиді жау келгенін. Есігіңе таласып, Созыпты обыр өңменін. Естерінен адасып, Жолына үйіп өлгенін. Жеті басты жалмауыз, Жайыпты қан шеңгелін... Дегеніне жетпес ол, Қақпа алдында қансырар, Келген шығар айдап сор, Жылан басы жаншылар, Жау түнегі аршылар. Тағы сайрар бұлбұлдар, Тағы жайнар жұлдыздар, Масайрасар, ұл, қыздар! Жамбыл Жабаев
Ұлы халық өскен жер, Бауыр басқан жасымнан. Жау зақымын көрсеңдер, Дауысың шығар ашынған. Оқтар тиіп, өрт шалып, Дүние мүлік шашылған. Қанішер жау жүр шауып, Арандары ашылған... Білем, бірақ өмірі аз, Сондықтан жау ентелер. Ажалына асыққан, Обырларды жұтар жер. Қарсы аттанды жауға жұрт, Көтерілді қалың ел. Жау батпаны жатыр деп, Қайысқан жоқ біздің бел. Тірек болған еліме, Туым едің сен алғаш. Ленинградтың төріне, Жау аяғын сала алмас! Келген жауды түйіліп, Жеңген едің бұрын да. Жау сүйегі үйіліп Қалған өзен, қырында. Патша қолы – құлдары, Қырғын тауып бұл-дағы, Сонау соғыс кезінде, Құмың болған «құндағы!» Ленин шəрі қайратты, Ол бір өткен күнінен. Жауға қатал айбаты, Жамбыл Жабаев
Аңғарылар түрінен. Қамалына оқ дарымас, Ол бір құрыш асыл тас. Бақшасының қақпасы Жау қолына табылмас! Қаласына Лениннің, Жан-жағынан елімнің, Ағытылған от арба. Батырларын жіберген, Ауыл, қыстақ, шəһəр да. Ел салмағы қорғасын, Қорғағалы ордасын, Құйып жатыр қалаға, Деп жауымыз сорласын! Қазақстан жерінен Мұнай да ағып тасыған. Сұр қорғасын темірмен, Сол тасқынға қосылған. Қара көмір, қызыл мыс, Секілденіп жалын күш, Барып жатыр осыдан. Сəт сағаты жеткенде, Көсем жарлық еткенде, Жаудың тілі байланар, Солар сөйлеп кеткенде! Оққа ұқсаған дəндерім, Қызыл шырай алмалар. Бал татытып дəмдерін, Барып жатыр бəрі де – Жүйрік пенен жорғалар, Соның бəрі көмегім, Қанқұмарды жеңуге, Жамбыл Жабаев
Желкесінен жегенін, Сығып ала беруге! Уа, қаһарман, өренім, Мақтанышым, беделім! Сырда тұрып аңғарам, Құтырған жау өлерін. Торыққаннан ұлиды, Торып қала көлемін. Жамбыл тұрып тыңдаса, Сараң тартқан құлағын, Жаңғырығып тау-тасқа, Күнде келер бір жаңа үн. Жауға жұртты шақырған Сайыпқыран Жданым1– Мектеп, завод, шахтыдан, Жинаған ұл, қыздарын. Нажағайдай ойқастап, Ворошилов қол бастап, Қаймықпауға, қайтпауға, Кəрі, жасқа ой тастап, Жасандырған жасағын, Жерді болжап айқаспақ, Жабықпағын Ленинград! Отан əмір берген шақ. Сап-сап болып қол барар, Қорғап сені ол қалар. Қатты майдан алда бар, Жанышталар айдаһар! Жата алмаймын төсекте, Жаным қалай жайланар! Құс ұйқылы көнемін, 1 Ждан – Жданов жолдас. Жамбыл Жабаев
Қайтып ұйқы көремін!.. Жетсін деймін сендерге, Жыл құсындай өлеңім! Қаласындағы Лениннің, Сайыпқыран, өренім! Жамбыл Жабаев
ТӨЛЕГЕН ЕР Ерлікпен өлген еркін жас, Арманына жетпеді. Қайраулы тұрған еді алмас, Оқыста сынып кеткені. Кегін алар миллион жас, Құрыштай қайнап кектері. Арпалысқан дұшпанның Қанын судай төккелі, Жөңкіліп жау қашқанда, Табылмас келген өткелі. Қазақтан шыққан жас ұлан Жалындады, жайнады. Алтайдан ұшқан ол қыран, Тұяғын өткір қайрады. Болат еді-ау тұяғы, Өткір еді қияғы. Жауды алыстан болжайтын, Көргіш еді қырағы. Төлегендей батырға, Не айтсам да сияды. Жас та болса ерлігі, Жүрегіме ұнады. Атылып тұрған оқтан да, Қайтпады ол, шыдады. Қан төгіскен майданда, Ерді халық сынады. Майдандағы ерлігін, Жамбыл көптен білетін. Жанын қиды ел үшін, Жамбыл Жабаев
Сондықтан жаным сүйетін. Төлегендей батырды, Өлді деуге келмейді. Ер екен тапқыр, ақылды, Ерлігі оның өлмейді. Жамбыл Жабаев
МАЙДАНҒА ХАТ Хаттарыңды алдым, балалар, Қарадым қанша үңіліп, Қаһарман іске барабар Қайраттар қаулап тұр күліп. Жауынгер балам Дүйсекей, Командир балам Сахаров, Сөздерің күшті бірегей, Соққандай жауды жапырып. Қиратып жауды салуға Ұлдарым менің қам қылған, Хабарлап соны Жамбылға Хаттарың мейір қандырған. «Құртамыз жауды! – депсіңдер, Алынар ұпай, одан кек! Күтеміз Жəке, жыр жібер, Береді бізге ол көмек!» Кəріліктің көнбей ырқына, Жырлаймын жазғы жырды əлі. Болысам жауды құртуға, Қаһарман жұрттың ұлдары! Белгілі маған биыл қыс, Көрмеді дамыл балалар, Алдырмай жауға еш тыныс Қаздырды қардан молалар. Тыныштық жырын бұзды жау, Көп елге сойқан салды олар, Кетпеді бірақ есен-сау, Кезікті кекке қанқұмар. Қаһарын төкті біздің ел, Фашистер қылған қастыққа, Қанынан жаудың ақты сел, Қайтара қуды Батысқа! Жамбыл Жабаев
- * Дидары жаздың жарқырап, Жадырап күлді тағы жер. Жасанған мұздай жау-жарақ Жайнады жазша жауынгер. Трактор елде аршындап, Бұзылды шыңдар, не бір бел. Сіңіріп дəнді топырақ, Құлпыртты қырды егіндер, Бұлақтар ақты сарқырап, Шырқады бөбек өрімдер. Ағаштар жайды жапырақ, Шешегін атты не гүлдер. Тізіліп көктің төрінде Тырналар қайтты, көріңдер! Соларды шолып бір сұрақ Қояйын, көңіл бөліңдер! – Жеңудің кілті неде екен, Сарқылмас күштің көзі не? Жаз тілі қалай дер екен, Салдыңдар құлақ сөзіне: – Жеңудің кілті ежелден Өшпейтін күнде – көсемде, Ашылған көкте, еңбекте Жаралған бақ боп неше елге, Ырысты жерде, əлбетте! Сөйдеді нəрлі жас құрақ, Сөйдеді бұлақ сарқырап! Тырна да солай тіл қатты, Жамбылды солар жырлатты. Немісті қожа тұтқан ел Болған жоқ ешбір қоғамда! Жамбыл Жабаев
Сабасы толық өзендер Сарқылмақ па екен Дунайға! Бəйтерек, қайың, емендер Бас имек пе қурайға? Тұйғынға жүрген төбеңде, Жарбаңдап ұшқан төменде Жапалақ бөгет болар ма? Жүректі, күшті берен ер, Халықтың қамы дегендер Басқаға бодан болған ба? Қуатты жаздай құлпырып, Шығамыз жайнап мейрамға. Қайратпен қаһарлы ұмтылып, Кіреміз қатты майданға. Жеңімпаз қолда туларың, Ер жүрек батыр, ұлдарым, Бастайды жаудан таймауға. Жамбыл Жабаев
АТТАНДЫРУ Атаңнан бата ал, балам, Арғымақ атқа мін, балам. Ақ сақалым желбіреп, Артыңнан қарап мен қалам. Құлағыңда құлыным, Дауысым жүрсін жырлаған. Алғадайым, арлы едің, Ата сөзін сыйлаған. Перзентімнің алды едің, Көңілімді қимаған. Аттандырдым майданға, Аман-есен жүр, балам! Абыройға ие бол, Ағат баспа бір қадам. Атақ берген атаңа, Ел қадірін біл, балам! Ел ерлігі, бірлігі Сынға түскен бұл заман! Саған айтқан сөзімнен, Сабақ алсын тыңдаған. Айтылған сөз деп ұқсын, Аңғарлы жан «бұл маған!» Қош, қош, балам! Қош айттым, Қолымды, міне, шошайттым! Жамбыл Жабаев
ОТАН ƏМІРІ Тұнжыраған күн туды, Жау қолқаға ұмтылды. Топыраққа теңемек, Ата мекен жұртыңды, Аянатын не қалды? Аяулыңды жау алды! Жеріміздің сəулеті – Кавказға да таянды. Кубань, Кавказ, Дон, Еділ Ежелден құт еді бұл Ел ырысы аяулы. Есерсоқ жау елірген, Еңбекпенен егілген Тартып алмақ даярды. Қатер бұлты төнгенде, Ел намысы дегенде, Ерлер қашан аянды! Жеме-жемге келгенде, Жауды қысып шеңгелге Жанын сығып алар-ды! Қарыс жерің – қаныңдай, Темір жолың – тамырдай. Заводтар мен фабриктер Жеріміздің жанындай. Еңбекпенен көгерген Құтты қоныс көкорай Еліміздің бағындай. Ата-баба мұрасы Көздің қара-ағындай! Соларды жау шапқанда, Лауламас кім жалындай?! Жау бір сүйем жер алса, Есін жимақ, күшеймек. Жамбыл Жабаев
Ол кішкене бел алса, Осалдамақ біздің шеп. Ойласаңдар осыны Шегінетін жөн бар ма? Жауға қияр ол ғұрлы Жарты сүйем жер бар ма? Шегінгенің – өлгенің, Ерлер, енді соны ойла! Елді жауға бергеннен Өлген артық одан да! Уа, ұлы өрен, жас ұлан! Асыраған сені елің Ақ сүтімен жасыңнан; Еш асырған жоқ едің Жаудың кегін басыңнан; Сол ержүрек өренін Ерлікке Отан шақырған: – Адал ұлдар, балалар, Көз жіберіп қараңдар! Неміс алған жерлерде Қалды қандай қалалар! Шырылдаған бала бар, Еңіреген ана бар. Еңсесін жау басқан соң, Елде қандай баға бар! Солар еске түскенде, Жан қалай жай таба алар? Сай-сүйегің сырқырар, Кеудеңде кек бұрқырар! Олай болса, құлақ сал, Ұлдарым, бір сөзім бар: Аянбаған, жауды алар! Аянғанмен мұндайда, Дей көрмеңдер жан қалар! Жамбыл Жабаев
Қорқақ адам қор болар, Көлеңкеден қорғалар, Құрдай бұғып жорғалар, Көрінгенге жем болар, Көзден жасы сорғалар. Жұртқа жəрдем берер ме, Қиын күнде ондайлар? Жарқын өмір сүрер ме, Қорқақ қоян, торғайлар? Сондықтан, ер ұлдарым, Тынысыңның барында, Төрт мүшенің сауында, Қолда дəрмен тұрғанда, Шыдап өлім, құрбанға, Қатайып тас, темірдей, Қарыс жерге шегінбей, Қас дұшпанды қаптаңдар, Донның жойқын селіндей! Қатарың болса құрыштай, Қаһарың болса қылыштай, Жау қалмайды жеңілмей! Шегінбе! – деп Отан тұр, Шегінбе! – деп халық тұр, Халық үшін бас тігу – Отан айтқан жарлық бұл! Соны адал орындар, Сонда ғана өмір бар! Елін есен сақтаған, Арын жауға сатпаған, Ана сүтін ақтаған. Балаларын сүйер шал! Жамбыл Жабаев
АЛАТАУДЫ АЙНАЛСАМ I Түнеугүнгі кеткеннен Ғали, жаңа келдің бе? Алғадайдың мүрдесін, Жол-жөнекей көрдің бе? «Топырағың торқа боп, Тыныш ұйықта» – дедің бе? «Қалай қиып қалдырдың Қарт əкеңді еліңде?» Елжірейді өзегім, Ауырады белім де... Қаза болып көзелім, Халім қиын менің де. II Алатауды айналсам, Алғадайды табам ба? Сарыарқаны сандалсам, Саңылағымды табам ба? Өлім деген у екен, Мендей кəріп адамға. Күнде үйімде күңіренем, Көзіме жас алам да. ІІІ Құр сүлдерім, есім жоқ, Жүріп тұрған десім жоқ, Жамбыл Жабаев
Деп қараймын сəбиге: «Игіліктің кеші жоқ!» Бала қалды жетім боп, Келін қалды жесір боп, Біздей кəріп кісіге, Көз салыңдар есіркеп. IV Темір өзек пенде жоқ, Өлмес адам елде жоқ. «Орынсыз деп өлімі», Ондай ойлау менде жоқ. Көп жайланған жабының Жал-құйрығы сұйылар... Сол сияқты Жамбылдың Жұқарыңқы түрі бар. Көңілі бос – кəрінің, Көкейлерің ұғынар. Көтермей жан жалынын, Көзден жасы құйылар. Жамбыл Жабаев
СОҢҒЫ СӨЗ Сөндің бе жарқыраған шамшырағым, Қалдың ба тас бітеліп қос құлағым? Жатсам да төсек тартып дəрменім жоқ, Сеп болып, сөйлетесің жалғыз жағым. Қалыппын ие болмай өзіме-өзім, Əлім жоқ, күш-қайратты өтті кезім. Балалар, өлгенімше болысыңдар, Сендерге сол-ақ айтар соңғы сөзім! Жамбыл Жабаев
АЙТЫСТАР АЙТЫСТАР
ЖАМБЫЛ МЕН АЙКҮМІС Жамбыл: Əдейі ат терлетіп келдім тойға, Айкүміс, əуелден-ақ болдың ойда. Əуірі1 басылмаған албырт едім, Асығыс айтқаныма кінə қойма! Айкүміс: Аптығып, ə дегеннен амандаспай, Əдепті үйренбепсің, Жамбыл, жастай. Асылға арсыдағы2 қол жетпей ме, Ақылмен қимылдасаң аспай-саспай? Жамбыл: Айкүміс, асықпауға шамам бар ма, Жасшылық ұрындырды талай жарға. Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп, Жем болып кете ме деп жамандарға. Айкүміс: Біле ме пенде шіркін өз кемісін, Ел кезіп, есер мінез сен де жүрсің. Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз, Жарқыным, өкінбеші сен мен үшін! Жамбыл: Барарсың бір жаманға өзің қор боп, Отырсың қарқарадай əзір зор боп. Көзіңе көк шыбынды үймелетер, Көргенің өле-өлгенше ылғи сор боп. 1 Əуірі – көңілдің құмары, желігі. 2 Арсы (арабша – арсы-ғаршы) – жеті қат көк аспан. Жамбыл Жабаев
Айкүміс: Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша? Құтқарып қыз біткенді қалған жанша. Қолдағы қаршығаңнан неге айрылдың3, Тұтқасы дүниенің сенде болса?! Жамбыл: Жалғанның сорлысы екен қыз бен жігіт, Жүрмеген бірге ойнап, бірге күліп! Арыны басылмаған арсыз көңіл, Тағы да етіп отыр сізден үміт. Айкүміс: Жігітке көрінеді үміт жеңсік, Жарымас ол мінезге көңіл көншіп. Жарқыным, одан қайта қолқаңды айтшы, Əр нені тере бермей, құр білгенсіп. Жамбыл: Түйме емес, тоғыз емес тілегенім, Жұбатпас көңіліңді құр өлеңім. Болмасаң сөзге қашақ, ішке тосаң, Сырымды айттырмай-ақ білер едің… Айкүміс: Жамбыл-ау, жан екенсің сөзге сараң, Жақпады қай мінезім бүгін саған? Дітіңді4 білтелемей, білдіре айтшы, Саласың қандай қолқа, тегі, маған? 4 Дітіңді – ойыңды, пікіріңді мағынасында. 3 Жамбыл алып қашқан сүйген қызы Бұрымды Сарыбай би төркініне қайтарып берген. Жамбыл Жабаев
Жамбыл: Ауылым жайлап отыр Ақсеңгірді, Көз сүзіп сіздің жаққа еңсем құрды. Қолыма бір ұстатсаң түсінерсің, Томпайған төсіңдегі өртенгірді. Айкүміс: Жамбыл-ау, ұстатпаймын, кінə қойма, Кетейін қайтып ардан мына тойда. «Жақсы сөз жан семіртер» деген бар ғой, Əдепті мінездерің жүрсін ойда. Жамбыл: Айкүміс, амалым жоқ, қош ендеше, Кетелік сыр білдірмей жат пендеше. Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын, Кеудемнен қашан менің от сөнгенше… Жамбыл Жабаев
ЖАМБЫЛДЫҢ БАҚТЫБАЙ АҚЫНМЕН ТАНЫСУЫ Бақтыбай: Біздің ауыл Қаратал, Шаңырақтың бойында. Мен үйімнен шыққанда, Сен бар едің ойымда. Өзің қандай, мен қандай, Жалыным аз бойымда. Көне тартқан шағым бар, Көзіңді сал, пайымда. Қойшыны Құдай атарда, Шопанға тиер таяғы. Қырсау тартқан кісімін, Мен өлеңнің саяғы. Күй мен сөзді ағытқан, Қайратым жоқ баяғы. Ол күнімде іздеуші ем, Тоятымды алыстан. Он бір ақын Найманда, Бірінің аты – Арыстан. Арыстанмен мен едім Күні-түні алысқан. Алысқан соң жарай ма Қатарыңнан қалысқан? Сол бір ұлы дүбірде Танбап едім шабыстан. Көн сияқты кəріміз Енді аяғы шалысқан. Бір сөйлейін деп келдім, Жамбыл Жабаев
Естіп сені дабыстан. Қожақанның үйінде, Ақын Жамбыл өзіңмен Кезім осы табысқан. Жамбыл: Əуелі сəлем берейін, Жасыңыз үлкен аға деп. Өлең-сөзге желейін, Тұрғанында шама кеп. Бойда қайрат барында, Ойдан өлең төгілсін. Сыйласуды көргенде, Жұрт көңілі егілсін. Майекеммен айтысып, Мəлім болған өзіңсің. Абақ, Тарақ арасын Аралаған серімсің. Алыс, жақын – бəрін де, Саралаған ерімсің, Алдыңызда сөйлейін, Өлең бойы көрінсін. Егер сөзім ұнаса, Оң батаңыз берілсін. Ұнамаса өлеңім, Онда менен жерірсің. Мен жөнімді айтайын: Шапырашты елінде, Қара-Қастек қонысым, Майтөбенің төрінде Жамбыл Жабаев
Өлеңменен шырқадым. Алатаудың беліне Тастап кеттім бір сарын, Қырғыз, қазақ еліне. Қаздай қалқып, ерінбей, Өлең тердім жасымнан. Майкөт ақын, Құлмамбет, Орын берді қасынан. Майлықожа, Құлыншақ Пірім еді бас ұрған. Айтқандары нұсқа еді, Сөзі жаралған асылдан! Айтар сөзім қысқа еді, Тоқтатайын осыған. Жамбыл Жабаев
БӨЛЕКТІҢ ҚЫЗЫ МЕН ЖАМБЫЛ Қыз: Көк шолақпен тепектеп, Торы шолақты жетектеп, Жанай берме көшімді, Түйелерім шошиды. Жамбыл: Əсем басқан құла атың, Өзіңді де ұнаттым. Жақындағым келеді, Жақсы көрген, жұратым. Қыз: Қашан құда болып ең Балғалымен, Күн өткізген түрің бар сандалумен… Балғалының батасы бұйырмайды, Қол қусырып келсең де мал-жаныңмен. Жамбыл: Қарға тамыр ел едік қашаннан-ақ, Жекжатымен ел өсіп жасаңдамақ. Ел аруағын сыйламас есер қыздар, Жеңіл сөйлеп орынсыз шошаңдамақ. Жолаушылап келемін, өзім жүдеп, Киім тозған, сəнім жоқ, жолға түнеп. Жылы көріп жүзіңді жақындап ем, Қомытсынып сөйледің үдеп-үдеп. Қыз: Жолаушы адам, білемін, жүдеп келер, Еру елден бірдеңе тілеп келер. Жамбыл Жабаев
Көш қасынан қалмайсың қосанжарлап, Аулақ жүрсең, жарқыным, кім өкпелер! Жамбыл: Оның рас, жолаушы жүдеп келер, Жүдесем де мен емес қыз өткерер. Көкшолақпен көшіңде бір жүрмесем, Балғалыда Бөлектің қызы өкпелер. Қыз: Құла қасқа – бəсірем1 көшке мінген, Құлақ жымса атыңды сескендірген. Қапелімде қаларсың күлкі болып, Кетсең деймін жарқыным көш шенінен. Жамбыл: Не қылсаң да кетпеймін мен қасыңнан, Сүйкімді боп барасың алғашқыдан. Ат тістесе атымды қуанамын, Тəңірімнің ісі деп жармастырған. 1 Бəсірем – өзіне меншікті төл аты. Жамбыл Жабаев
САРЫ АҚЫНМЕН ҚАҒЫСУ Сары: Уа, шырақтар, мен едім Сары Үйсіннің Сарысы. Сарыбайды сыйлаған, Екейдің жас, кəрісі. Жолы болар жігіттің, Оңға басар əр ісі. Түбі жаман дерттің, Ем болмайды дəрісі. Уа, Сарыбай, айтып бер, Осы сөздің не болмақ, Ойлағанға мəнісі? Аздан соң: Екейдегі Сарыбай, Бойға қораш, ойға бай! Əлгі сөздің мəнісін, Отырмысың ойламай? Жамбыл: Сарекемді састырып, Сүйекемнен сүрінген Сізге жауап берейін, Жақтырсаңыз, бүгін мен. Ақындарды жеңгенде, Ісіңіз оңға жүгірген. Сүйекемді көргенде, Жүрегіңіз түңілген. Соның емін таба алмай, Ой алысқа үңілген. Жеңілгенді намыс қып, Аш беліңіз бүгілген. Сүйекем жоқ бұл жерде, Дəрі берер тілінен. Сол емес пе шешуі, Өзіңізге-ақ жүгінем. Жамбыл Жабаев
МАЙКӨТПЕН ДИДАРЛАСУ Жамбыл: Үлкенсаздың басында, Кішісаздың қасында, Сарыекемнің асында, Қамбардың қара қасқа атындай, Мен саламын желіске. Құйрығымды түйген соң, Қанатымды сүзген соң, Жел аударған қаңбақтай, Келді сөйлер кезіме. Үлкен аға, кіші іні, Сөйлеп бір енді берейін. Қас жүйрікті айтамын, Шапқан сайын үдеген, Қас сұңқарды айтамын, Алыстан тоят тілеген. Майкөт: Сапар тартып келіп ем, Сарыбайдың асына. Отыз кісі елімнен Еріп еді қасыма. Шырқайын деп шығып ем, Майтөбенің басына. Жаңғырықсын дауысым, Алатаудың тасына. Естуші едім дабысын, Жамбыл бар деп осында. Ақын болса келмейді Неге менің қасыма? Неге сəлем бермейді Мендей кəрі досына? Жамбыл Жабаев
Жамбыл: Сəлем уағалайкүм, Майкөт аға! Есітіп дауысыңды келдім жаңа. Алдынан үлкендердің өтпейін деп, Аялдап əдеп еттім біраз ғана. Сіз бе еді ақын аға Майкөт деген, Бір сөзі бір сөзінен қайта өтпеген. Саңқылдап, сарайыңнан өлең шықса, Именіп өзге ақындар бəйпектеген. Келіпсіз біздің елге əдейі іздеп, Мейманды құрметтейтін кəдеміз ед. Сүйреңдеп алдыңызда сөз сөйлемей, Етейін деп ойладым əдеп-ізет. Сөйлеген аға тұрып ініден без, Ежелден елде сондай бар еді сөз. Аралау ағайынды бір бұл емес, Əлі де сізбен талай болармыз кез. Майкөт: Бəрекелді, Жамбылым, Сөз жүйесін келтірдің, Аңғарыңды таныдым. Көтеріліп желпіндім, Аталы сөз мəні мол, Жылағымды келтірдің. Тал бойыңда бар екен Алыс шабар серпінің. Ұлы жүзді аралап, Елдің жайын көп білдім. Жасы үлкенді ағалап, Мен де қызмет көп қылдым. Жамбыл Жабаев
Тауып айтқан сөзіңе, Селт еттім де серпілдім. Мейірім түсті өзіңе, Бата берсем деп тұрмын. Жамбыл: Əумиін, батаңызға көтердім қол, Етейін сізге қызмет мен осы жол. Той қылып тобымызда отырыңыз, Менің де, Майкөт аға, тілегім сол. Майкөт: Жан-жағыма қарайын, Жағалай көз салайын. Аман-есен жүрмісің, Алыс жатқан ағайын. Алдарыңа келгенде, Əнге шырқап салайын. Ұзақ күнге самғасам, Саңқылдасын сарайым. Қаздаңдатып саусақты, Қос ішекті қағайын. Алатаудың төсінде, Аршындап бір шабайын. Айта жүрсін сөзімді, Əңгіме ғып маңайым. Аман-есен жүрмісің, Шапырашты, Екейім. Ауылыңды ду етіп, Əн таратып кетейін. Сəудегерден бөз қалар, Ақындардан сөз қалар – Айта жүрер артымда, Сөзімді аяп нетейін! Жамбыл Жабаев
ЖАМБЫЛДЫҢ ШЫБЫЛ ШАЛҒА АЙТҚАНЫ Шыбыл шал: Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен, ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын. Сен бе едің Жамбыл ақын соның бірі, Домбыра қолыңдағы дию-пері. Жоқ екен үкісі мен сылдырмағы, Көрейін, қандай өзі, берші бері! Жамбыл: Ей, не дейсің, Шыбылым, Кеудеңде жоқ шыбының. Құмға біткен селеудей, Селдір екен шығуың. Əр рудың жүрмісің Төлегелі шығынын. Шілше тозып кетіпсің, Шашылып жүр сынығың. Бір басыңа жетерлік Былығың мен шылығың. Жүнісбайға жүгінем, Сөзді салсын сарапқа. Шыбыл Шыбыл болғалы, Бір кəдеге жарап па? Төрт асылдың баласы1 Төрт құлақты кемедей. Ортасында Шыбыл жүр, Өрт өшірген немедей. Қайтейін деп осыны Кетер едім елемей, Елемеске болмады, Жабысқан соң кенедей! 1 Төрт асылдың баласы – Асылдан тараған Теке, Төлеміс, Құрман, Орымбет деген елдер. Бұлар кісілікті болғанда, Шыбыл руы соның əрқайсысының арасында шашырап жүреді екен. Жамбыл Жабаев
ЖАМБЫЛ МЕН БӨЛТІРІК Жамбыл: Келіп ем Туғаным деп Қызыл бөрік1 Кеткелі өлеңіме қылып жерік. Қаңғырып қайтайын деп келгенім жоқ, Қып-қызыл билеріңнің жүзін көріп. Бермедің қалы кілем, бұлғын ішік, Тамағым салқын тиіп қалыпты ісіп. Бақайдың2 берекелі Дəркембайы, Көрген жоқ бұрын саған ісім түсіп. Біздің ел Алатаудың бауырында, Сіздің ел Асы жайлау сауырында. Атаңның Қыдыр шалған қонысында, Жақсы ма жолыққаным ауыруға? Дəркембай, дəрісін тап, жібер емдеп, Қалыппын көңіл сынып, қатты дендеп. Алыстағы ағайыннан не алды екен деп, Жүрмесін жетегіме жұрт телмеңдеп. Уа, Бөлтірік, Бөлтірік! Сөз мəуіртін келтіріп, Бір сөйлесең, нетеді? Сүйегімді жасыттың, Кетейін бе өлтіріп! Қалай жасып қайтайын, Осы өңірде сен тұрып. Ақын атың бар еді, 1 Қызыл бөрік – Албан ішіндегі ру аты. 2 Бақай – ру аты. Жамбыл Жабаев
Сөйлесеңші серпіліп, Жасыл жайлау, ақ орда Қалсын біраз желпініп. Неге отырсың үндемей, Дəркембайдың алдында Дəтің бармай іркіліп? Бөлтірік: Ой, Жамбыл-ай, Жамбыл-ай, Қашан құлақ салды бай! Сөз асылын тани ма, Өзі ақынша қаңғымай? Енші беріп, үй тіксе, Əлі келмей жатқан жоқ. Екей елі бұл өрдің Келіп дəмін татқан жоқ. Мата бір топ Жамбылға, Мал таусылып жатқан жоқ. Думан қылды аулыңда, Сөзін бұлдап сатқан жоқ. Өлең беріп жорға алса, Жамбылдан бір сөз қалса, Тарамай ма мақтан боп. Ер көңілін таппасақ, Үстіне ішік жаппасақ, Қызылбөрік, Бақайды Өр мінезді бұл Жамбыл Жұртқа жаман атайды! Жамбыл Жабаев
ЖАМБЫЛ МЕН ҚҰЛМАМБЕТ Құлмамбет: Құлмамбет менің атым құлан аян, Менің Құлан екенім тəңірге аян. Албан, Дулат жиылып бата берсе, Кеңес айтып жырлайын етіп баян. Қара күңнің баласы Ысты пақыр, Кім өлсе соған түсер заманақыр. Жамбыл деген бар дейді бір немесі, Ақын болса ол неме қайда жатыр? Бүгінгі күн елеусіз қалғанменен, Ертеңгі күн шаужайдан алар ақыр. Сейітбаттал, ер Əлінің соғысындай, Не болса да болып қалсын, жылдам шақыр! Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды, Еркек қойдай құйрығын салмақтайды. Ақын болса қайда отыр ол немесі, Көрелік, оны неге ардақтайды? Құдеке, кісі жібер Жамбылыңа, Жамбылды болар ма екен алдыруға? Албан, Дулат тобында мен бір жорға, Менімен жарар ма екен шалдыруға? Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс, Менімен жарар ма екен салдыруға? Топтан озған о-дағы жүйрік болса, Кешікпей шапшаңырақ шақыр мұнда! Жамбылды Құдайберген алып келді, Жиылған халайықтың бəрі көрді. Жамбылды ол Құлмамбет көргеннен соң, Жамбылға сүйкенісіп, сөйледі енді. Сондағы Құлмамбеттің сөзі мынау, Арам тер талай ақын болды бұлау. Жамбыл Жабаев
Жамбылға сонда тұрып былай деді, Басқасы болмаған соң аяқ ылау: – Болғанда жол ағадан, тон жағадан, Арлан бөрі соғады тау сағадан. Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан. Аузыңда сəлемің мен аманың жоқ, Үлгісіз көргенім жоқ сендей надан. Жүрмегін омақасып орға түсіп, Өмірі кішілікке баспай қадам. Өлеңші өршеленген толып отыр, Бірі көшіп, біреуі қонып отыр. Мысалы дүниенің сол секілді, Бəрі де көрмегендей болып отыр. Өлеңші толып отыр көбелектей, Тоғыз ақын толғанып төңіректей. Тоғыз тұрмақ ақының он бір болса, Немене бəріңді де басып өтпей. Қамалып қам теріге1 бүрмеленбе, Қысты күн қар астында қалған шөптей. Мені шын жеңемін деп желікпей-ақ, Қойыңдар абиырды шашпай, төкпей. Апырмай, Құлмамбеттің келді кезі, Қалай теріс болады айтқан сөзі. Албан, Дулат бəрі кеп атқа мінсе, Шапырашты дегенің немене өзі?! Шапырашты дегеннің некесі жоқ, Бай болады, диқаншы, тамағы тоқ, Албан, Дулат бəрі кеп атқа мінсе, Дегенің Үштаңбалы керегі жоқ. 1 Қам теріге – (арабша) – хам – жас, бұл жерде шикі тері мағынасында. Жамбыл Жабаев
Албан аға болғанда Дулат іні, Сөзінде Құлмамбеттің бар ма міні. Албан, Дулат бəрі кеп айғай салса, Шапыраштының не болар көрген күні. Домалақтың төрт ұлы есен болса, Сірə, жеңбей қоймаспын бүгін сені. Жөнделіп жүйткуші ем жөнсіз жерден, Мен жауға алдырмаушы ем əлсіз жерден. Мылтыққа түтеп тұрған қарсы шауып, Асықсаң ажалыңа келші бермен! Болғанда мен ақсұңқар, сен бір тауық, Сен əтеш айғайлағыш ауық-ауық. Болмаса аты шыққан Сүйінбайың, Басқасын қою керек жылы жауып. Ажал түртіп жүрмесін аңдамастан, Оқтаулы ақ пернеге қарсы шауып. Жамбыл-ау, Албан да ағаң, Дулат та ағаң, Не қылса да артық дүр сенен бағам. Қасқарау Нұрақанның жылқысын мен қаптатсам, Қырылар, Шапырашты, бұзау, танаң. Бұлбұл қабақ бастанған Екейім-ай, Жұлып алып басыңды кетейін бе-ай! Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді, Түбіңе таза тақыр жетейін бе-ай! О, Жамбыл, бүгін болар ұрын тойың, Ертеңгі күн болады дəл шын тойың. Тобықтай түзу жерден жол таппайсың, Бабаның мен қаптатсам қалың қойын. Аңлашы, Албан бай ма, Дулат бай ма, Сенің байың шолақ бай, Дулаттай ма? Жамбыл Жабаев
Қалың жатқан келейін Майлыбайға, Мұнан соң мен барамын Бектембайға, Тарпаң мен Тоқсейіттей бегің қайда? Жүз мың теңге сандықта шіріп жатыр, Баласы Ниязбектің Сəрсенбайда. Дəметкен сары майдан кеудең қайда, Жамбылым, енді келдің ұрар сайға. Ойың бар айтыспаққа меніменен, Түбінде кімге зиян, кімге пайда. Баласы Өтегеннің Нұрақан бай, Хан Шөйбек қарауың көрде жатыр былай. Көбікбай, Қарабаймен алыс жатыр, Сатыбалды, Қанайды қайтесің-ай. Жəне бар Тілеуқабыл, Үсенбайым, Сөйлейді шаршы топта бұлбұлдайын, Алма тартқан кісіге ат береді, А, Жамбыл, білуші ме ең мұның жайын?! Тағы бар Жайылмыста молла Сəтім, Бақ пен қыдыр іздеп кеп жалғасатын. Дəулеті Сегізбектің серке болды, Салмағы қорғасындай қол басатын. Бай болған Ормақайға қызыр дарып, Смайыл келген еді қажы барып. Солардың үлгі көрген ұрпағы еді, Соғайын ер Мəңкені ауызға алып. Алысбай, Мəлік пенен тағы да бар, Қалай айтсам сыйғандай шағы да бар. Ыдырыс, қос тотым мен ер Шұманақ, Кеңпейіл, кетпес дəулет, бағы да бар. Жамбыл Жабаев
Аманжол Қасқарауда, бек Ноғайбай, Түп-түгел мал мен бастың бəрі де сай. Ерте жатып, кеш тұрған өңшең сабаз, Ішкені шай бұлардың, жегені май. Атасы қызыр шалған Малдыбайдан, Пірім медет тіледім Əжібайдан. Күйкі тұғыр секілді бір немені алып келдің, Əйтеуір біреуімізден төгілді айран. Шапырашты сөйлесең жаманың жоқ, Шүу десең, бəрің жүйрік шабаның жоқ… Кіріп келіп есіктен үндемейсің, Үлкенге сəлемің жоқ, аманың жоқ. Үндемей кіріп келдің тайпақ қара, Өзің қандай, мен қандай, байқап қара. Үлкенге сəлемің жоқ, аманың жоқ, Не басыңа күн туды дүзі қара. Ей, Жамбыл, үндемейсің дертің бар ма, Үндемеске қылған бір сертің бар ма? Шапқанмен к… мəлім Шапырашты, Ұстасар меніменен кертің1 бар ма? Мен айтсам айтам қалың байлығымды, Дулаттан жиып жүрсің шайлығыңды. Албан, Дулат жиылып бата берді, Бұзбайды жандарал да жарлығымды. Ашулансаң аспанды тастап жібер, – Сен де аянбай қимылда барлығыңды! Жамбыл: Қызғанша айғай шығып, едім салғыр, Сөйлесең əр немені тілің шалғыр. 1 Керт – əл, қуат мағынасында. Жамбыл Жабаев
Келген жерден сөйлейсің тура тістеп, Қалайша шайқақтайсың, тəңір алғыр! Сөйлесем өлеңімді түптеп бермен, Құйылар сөз нөсері көктен, жерден; Мылтықта түтеп тұрған мен бір пестон, Асықсаң ажалыңа келші бермен. Шүу десе, жүйрік озар мынау жолдан, Демей көр, ескі аруақ, алып қолдан. Қарасай, дем бере гөр, менің бабам, Сөйлейін будақтатып оң мен солдан. Құлмамбет, сен жақсы да, мен жаман ба, Ақында сен жүйрік те, мен шабан ба? Қарасайлап1 қосылсам бір бүйірден, Ақырында кетерсің бас аманға! Ұша алмас қара бүркіт қалықтамай, Құлмамбет сөз сөйлейсің анықтамай. Айтатұғын кісінің өзіне айтқын, Делбе кезек кісідей шалықтамай! Ерлігім ерлігіңе дөп келеді, Байлығыңа байлығым еп келеді. Кісіні дым білмейтін тапқандай-ақ, Есіріп көрген жерден ентеледің. А, Құлмамбет, Құлмамбет, Ағып жатқан сумен кет, Сумен кетсең ел ішер, Судан шыққан бумен кет! Онда да кесірің тиеді. 1 Қарасай – Шапыраштылардың ұраны Жамбыл Жабаев
Қызарып батқан күнмен кет! Күн де қайтып шығады, Оттан шыққан күлмен кет! Күлден ауру жұғады. Қараңғы тұман түнмен кет! Түн де қайтып келеді, Асқарлы таумен кет! Тауды да халық мекендер, Кесірің жұғар, Құлмамбет, Қу пəлекет, əрмен кет! Таз Құлмамбет сен болсаң, Мен де алдыңа тартайын Мақтан қылар жайымды, Арқаларсың уайымды, Ел байлығын қаптатсам, Болатын əлі-ақ тойың бар. Жылқысының бір шеті Алматының өзенінде, Бір шеті Қарақыстақ1, Кəстектің кемерінде, Несі болмас Құданың берерінде. Бұған қайтып жетерсің, Жалған сөйлеп не керек, Айтайын сөздің төтесін. Жылқысының шетінен Жарамды атпен сабаулап, Он күнде əрең өтесің. Құлмамбет: Осыны түлен түтті ғой, Құдай Тағала, Жапанда жалғыз қурай болмас пана! Беглік пенен байлықтан сөз қозғасам, Көткеншектеп қашарсың, байғұс бала. 1 Қарақыстақ – Сүйінбайдың туған жері, Алматы облысы. Жамбыл Жабаев
Қалайша болып отырсың ырғай мойын, Аз кідірсең болады сенің тойың. Жалпы Дулат бұл жақта жата тұрсын, Бабаның мен қаптатсам қалың қойын. Тұра тұр, тағы айтайын көптігімді, Көптіктен айтсам, үземін шеттігіңді. Шапырашты күйіңмен байлық айтып, Өрлікпенен көрсетпе өттігіңді! Жамбыл: Мен барайын төменгі Асыл менен Шыбылға. Мықты болсаң, Құлмамбет, Күрескеннен жығылма! Бұ жақтағы Дулатты Тастай бере асығып, Бабаға барып тығылма!.. Бабаң қойын бу қылып, Аруаққа ұрынба! Ешнəрсе, қанша айтқанмен, ете алмайсың, Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың. Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт. Қарынбайдай сараңдар толып жатыр, Оны мақтап əуре болмай жөніңе қайт! Құлмамбет: О, жазған, Албан бай ма, Дулат бай ма, Бабаны айттым, тұрсын деп Дулат жайға, Сенің елің адамы байғұс екен, Қазыналы ойлаған Дулаттай ма? Жамбыл Жабаев
Жеті мың қой қорада шулап жатыр, Бес мың құлын желіде тулап жатыр. Он түйеге көшкенде жамбы артады, Абекемнің тіккені жібек шатыр. Бұл жерден сені жеңбей кетемін бе, Ақшаға толтырармын етегіңді. Албан жағы тоқтасын мұныменен, Қасқараудан салайын Өтегенді. Баласы Өтегеннің Нұрақан бай, Білемісің, мың жылқылы жатыр қандай. Сатыбалды, Естемес, Алмақ, Салмақ, Бəрін бірдей айтамын біржолата-ай. Шенет қалды тағы да бұл жағында, Жаратқан оны да артық патша Құдай. Жамбыл: Керек болса ақшаны Көн қапқа салып алдырған, Ел көшкенде қазынасын Алпыс нарға арттырған. Асыл кілем жаптырған, Жібектен арқан тарттырған, Əлемді алып байлығы, Əсемдігін арттырған. Олай болса өктемдеп, Алатауды бөктерлеп, Бұдан да сырғып өтейін. Қалай айтсаң олай айт, Құлмамбет, саған төтейін. Бұдан шығып аяңдап Кəстекке барып жетейін. Ол Кəстекті жерлеген, Ағысы судай өрлеген, Жамбыл Жабаев
Сұраншы, Саурық батырым, Шеніне дұшпан келмеген. Ақ кіреуке жамылып, Ат кетпеген кермеден. Садағын белге байланып, Жауға қылыш сермеген. Қамын ойлап халқының, Тар кезеңді бермеген. Тоятын тілеп алыстан, Тұғырда тұрып жем жеген! Барайын енді аяңдап Сыпатайға, Айтпай оны кетпеймін тегі жайға; Ұлы жүздің тірегі батырым ғой, Бір болмаған ығай мен сығайыңа. Қайыры қарашыға сондай жақсы, Қандырар сусындатып қант пен шайға. Байлық, бақыт тек оның ерлігінде, Ерлікпен ел намысын берді кімге?! Өңкей сасық байларың сен мақтаған Қолдарынан түк келмей жүр өмірде. Кімің бар Сыпатайдай төңіректе, Арғымақ мінгізеді ат керекке. Түгендеп бір жұмада бола алмайды, Көсілтіп қамшы басып көк серекке. Ерлігі мен жомарттығы жаннан асқан, Пайдасы тиіп жатыр күнде көпке. Кім мақтамас қайрымды ер Сыпатайды, Дəулетімен ораған Алатауды. Қанша халық аралап жүрсем-дағы, Жалғанда көргенім жоқ ондай жанды. Жамбыл Жабаев
Бұл сөзді мұнда тастайын, Сабыр қылып саспайын, Теріскей тұрсын жайына, Күнгей жақтан бастайын. Ол күнгейді жерлеген, Желмая мініп, желменен, Өрге салсаң өрлеген, Жер жəннəтін жерлеген, Байтелі, Қаумен, Дəулетті, Жəпек1 пенен төртеуі – Бəрі ерлер əулетті. Өнері асып əр жаннан, Түзеген көшін сəулетті. Асықпай тыңда, Құлмамбет, Беремін кезек нəубетті2 Онан бері асайын. Теріскейге қадам басайын. Жоғарғы шеті Мырзабек, Бəрі де өңшең қара көк. Арғы атасы Қашке – қарадан хан болған, Қылған ісі Əбілпейіске таң болған. Аруақты ер болып, Алқабылмен ел болып, Сондай-сондай жан болған. Төменгі шеттен айтайын: Əлі менен Нұрабай – Ер Қашкенің тұқымы. Атасы жауға аттанып, Жауды көрсе шаттанып, Ат құйрығын бұлады, Елінің басын құрады. Онан былай өтейін, Көзіңді сенің көр қылып, 1 Байтелі, Қаумен, Дəулет, Жəпек – Ұлы жүздің ру аттары. 1 Нəубет – (арабша) – кезек, мұрша мағынасында. Жамбыл Жабаев
Көлденеңдеп кетейін. Ертерек жүріп ентелеп, Серектасқа жетейін. Серектасты жерлеген, Байлығы тасып, көлдеген, Қилыбай ұлы Қожамбет Көк берендей түтеген, Көкірегіне Құдайым Тоқымай нұрды бітеген. Айға білеп ауызын, Аспанға қолын сілтеген. Көтерілсе талайым, Түстік жерге тоқтамай, Орынсыз мылтық оқтамай, Өтеген, Қазбекке1 барайын. Сол жерде жатып, өтендеп, Атамыз қылған мекен деп, Ыбырайымның алты ұлы, Алтауы да арыстан. Дұшпанын табанына жанышқан. Қазақтың қамқор ерлері, Қарулымен қағысқан, Азулымен алысқан. Уа, Құлмамбет, сөз тыңда, Байларым деп салмақтап, Не қыласың құр мақтап Өңкей ақымақ есекті. Елдің сиқын кетірген, Кəсіп қып өтірік-өсекті. Мен сөйлесем қаларсың Ашылмас тұман ескекке. Баймын деп сендей тасыман, 1 Өтеген, Қазбек – Алматының солтүстік батысындағы тау аттары, батырлардың атымен аталған. Жамбыл Жабаев
Кедеймін деп жасыман! Берекелі елді айтам. Ел тұтқасы ерді айтам, Басымнан сөз асырман! Құлмамбет: Барайын Қасқарауда Бекет байға, Тарпаң мен Тоқсейіттей байың қайда? Сары алалы, көк жылқы өзінде бар Қожамберді атасы Телдітайда. Сұлтан жатыр Шоқпардың1 қайқысында, Жазған-ау, өлер жерің өзің ойла. Барайын Жолсейітте Шоранбайға, Шоманақ пен Шəкейдей байың қайда? Шапырашты басыңмен байлық айтып, Сен кезікпей жатырсың құлар сайға. Қалай-қалай сөйлейсің байғұс шолақ, Сары майдан дəметкен кеудең қайда? Өлеңді бір соғайын түйдегімен, Əжібайлап тиейін бүйрегіңнен. Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді, – Сен тұрмақ үміт көрмен үйдегіңнен. Шапырашты, мақтанба, к… белгілі, Əркім-ақ тұрған шығар беп-белгілі. Құладынды қайырып қуға салсақ, Тышқан алған көруші ек бөктергіні. Салғалы отырсың ба көптігіңді, 1 Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты. Жамбыл Жабаев
Тіпті керек қылмаймын септігіңді, Айыл жіптеп тартып кел шеттігіңді, Ерегіссең үземін көпшігіңді. Жамбыл: Сыпатайдың артында Қақаман бар, Қақаманның артында тақамам бар. Кіжіктің үлкен үйін көріп пе едің, Тоқсан тұлып, алтын боз жасаған бар. Екейден мен айтайын Байсалбайды, Тең жорға төрт аяғым, тайпалмайды. Аңырып əніме аңдар қалатұғын, Өлеңді бүйтіп жыршы айта алмайтын. Апиыншы Албанды сонша мақтап, Құлмамбет неменеден сайтандайды! Біздің елдің адамы өнері асқан, Өнерімен талайдың көңлін басқан. Жерді көрген, ел көрген, қала барған, Бір кем емес байыңнан асып-тасқан. Алматының шəһəрінде «Көк күмбез» үйді салдырған. Қарасаң көзді талдырған. Арғы шетін айтайын: Қызылжар мен Семейден. Мына шетін айтайын: Ташкент пенен Наманган, Əндіжан мен Марғұлан. Ақша деген немеңді Қапқа салып алдырған. Жігіттер бар жетілген, Орыс, қазақ ұжым боп1 1 Ұжым – бірлік, ынтымақ мағынасында. Жамбыл Жабаев
Тізе қосып бекінген. Бұларды айтсам мақтанып, Жерім бар ма шалдырған. Құлмамбет: Ертеде өтіп кеткен Ыбырайым, Шүу десе көк бестідей зымырайын. Есқожаға тығылған жаман екен, Бір сапарға еліңде жоқ па байың? Айтасың, Шапырашты, ерлігіңді, Шыр айналып соқтырдым белдігімді. Секеңдеген серкенің ажалы деп, Ақыры Саурық, Сұраншың жаудан өлген, Көзіме де ілмеймін ендігіңді. Сұраншың сарттан өлген Сайрамдағы Ерліктен тапқан олжа, пайдаң-дағы. Қамалға қан тартқан соң қойып кетіп, Шайқалды Сарыбайдың саймандары. Саймансыз Сайрамдағы сарттан өлген, Шоқпарлы сарбаздан жəбір көрген. Ерлікте батырлық пен нең бар жазған, Быт-шыт қып денелерін жерге көмген. Жамбасы Сарыбайдың сонда шыққан, Дəлелді сөзім осы естіп ұққан, Иман айтып, жаназа шығармастан, Апарып екі бүктеп жерге тыққан. Алдымнан айғақ болып шығады-ау деп, Жүрмесең күрбелектеп қорқып сұқтан. Жамбыл: Жақсылық-жамандықты тексереді, Кім жүйрік, кім шабаны, екшеледі. Жамбыл Жабаев
Елімнің ерлігімен мақтанамын, Сырт дұшпан көрген бізді сескенеді. Жалғыз-ақ сен болмасаң, таз Құлмамбет, Қай ақынға бұл Жамбыл дес береді. Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген. Халық үшін шəйіт болып жанын берген. Елді қорғап өлгеннің арманы не, Қалың қазақ құрметтеп соңына ерген. Қажылық қып кетті ме Мақсұт ағаң, Ағайынмен ұрысып, даудан өлген? Шапырашты, Дулаттың бəрі куə, Шытыр жеген өгіздей аунап өлген. Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ, Төңіректің төрт бұрышын жалмап өлген. Түлен түртіп отыр ма, таз Құлмамбет, Керіқұл мен Сақаудан аз Құлмамбет. Алақандай басыңның бір қылы жоқ, Боласың неменеге мəз, Құлмамбет. Құлмамбет, мен білемін, түбің Уақ, Арқадан кісі өлтіріп келдің шұбап. Басыңды осы арада кесіп алсам, Кісі жоқ қылмысыңнан алар ақтап. Үстіңе жайдың оғын жайлатармын, Екі қолыңды артыңа байлатармын. Арамызда кісі өлтірген қашқын жүр деп, Жұртыңа здавайттап1 айдатармын. Жамбыл Жабаев
Құлмамбет, ақын Шаншар, Суандалдың, Нашар едің, бұл күнде жуандандың. Сенің де мақтанатын жайың да жоқ, Қуарып үш бешпентпен қутаңдадың. Құлмамбет, Суандалдың Албан менен, Албандай бай болмадың алғанменен. Байғұс-ау, қай жеріңмен мақтанасың, Есің жоқ шашың жұртта қалғанменен. Арқадан ауып келген ақтабансың, Елді алдап «ақынмын» деп мақтанғансың. Таз Албанның баласы Құлмамбет деп, Дүйсенбай, Сəт, Мəңке жанын беріп ақтап алсын. Жамбылдың жеңіп бəйге алған жері, Жеңіліп Құлмамбеттің қалған жері. Ішегі Құлмамбеттің үзіліп қап, Осы екен бір азғантай арман жері. Жамбыл Жабаев
ЖАМБЫЛ МЕН ДОСМАҒАНБЕТ Əуелі тамам сөздің іптидасы1, Жиеннің жиырма үште еді жасы. Сөйлейін Жамбылменен айтысқанын, Жарандар, құлақ салып, сөз тыңдашы, Жамбыл да өз тобынан асып жүрген Көп ақын беттей алмай қашып жүрген. Сөйлеуге қара сөзге құстан жүйрік, Көңілін талай жанның басып жүрген. Сөйлеген талай топта таңлай қағып, Жұртына өлеңменен жүрген жағып. Бұл күнде Досмағанбет не болғанын, Көрерсің тамаша ғып тұрғын бағып! Бала екен сөзге жүйрік Досмағанбет, Жасынан жүрген екен өнер іздеп, Көбісбай, Қаранбайда жатқан екен, Қысты күн іздеп келіп нағашым деп. Сол кезде Жамбыл ақын ол да келген, Өлеңі ұйқы-тұйқы соққан желден. Үйінде Көбісбайдың қона жатып, Өлеңді білгенінше сабай берген. Бұл Жамбыл сөз сөйлейді таңырқатып. Өлеңді бастан-аяқ аңыратып. Жантай мен Сүйінбайдың айтысқанын, Жырлады біразырақ дауылдатып. Саламат-аман тұрсам, көрермін, – деп, Ол түні Досмағанбет қалды жатып. Ал, енді сөйлер желіп Жамбыл ақын, Ежелден топты жарған даңғыл ақын. Сөйледі сонда Жамбыл бұған қарап, 1 Іптидасы – араб сөзі, бастамасы, алғашқысы. Жамбыл Жабаев
Таң атқан іші-бауыры аттай жарап. Алдына келіп: – Кəне, сөйле, – деді, Баласың сен де ақын жаңа талап. Ол бала сөз сөйледі тілді безеп, Отырған əдеппенен көңіл тежеп. – Сөйлей бер, білгеніңше, Жамбыл аға, Бір келген мейман едің, бердім кезек. Сөйледі сыпыра желіп Жамбыл ақын, Көрінді көп ақыннан сөзі батым. Жарандар, жүз жыл дəурен сүрген болсаң, Ойлағын, бір басыңа ажал жақын. Сөйледі сонда Жамбыл нақыл айтып, Жуық боп ағайынға жақын айтып, Елінің үлкен-кіші баршасына Отырды əр нұсқадан ақыл айтып. Сөйледі мүдірместен сары таңға, Өзінен басқа жоқтай бұл жаһанда. Отырған төрт түйелі Жалайыр, – деп, Тиеді сөздің шеті анда-санда. Баяндап əңгімесін бастан-аяқ, Айтысқан Жамбылменен сөзі мынау. Жамбыл: Самғаймын қанатымды, ал, аспанға, Дүбірлеп дауысым кетсін бар жаһанға. Иірем сені сөзбен, Досмағанбет, Аяғың тисін жерге анда-санда. Сен мені жеңе алмайсың, арбасаң да, Төрт бұрышын төңіректің жалмасаң да. Жалаңдап аш бөрідей келдің қайдан, Жақсылық Жалайырдан алмасаң да? Арғы атам – аруақты ер Қарасай, Жамбыл Жабаев
Теңселген дүбіріне тау менен сай. Пірім бар жыр нөсерін аспанға атқан, Сұңқардай саңқылдаған ер Сүйінбай. Ілгеріде Шөже, Балта1 заманда өткен, Асекең2, Бұқар жырау арманда өткен. Солардың аруағы маған қонып, Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткем. Сөйлеймін, ерегіссем, өктем-өктем, Түскендей жайдың оғы саған көктен. Шын қызсам, сөзім – жалын, домбырам – найза, Құрсаулы сауыт болар маған шекпен. Баласы ұлы жүздің – Абақ, Тарақ. Көтерген ақылгөйге мені балап. Қаңғырған аш бөрідей ақын келсе, Бұл Жамбыл жіберетін сөзбен сабап. Құйындай көкке шапқан мен бір пырақ, Арамыз екеуміздің алыс-жырақ. Төменде шықылықтаған сен торғайсың, Айтыспа, менімен, ақын шырақ. Досмағанбет: Сөйлейсің барған сайын өктем-өктем, Түскендей ата-анасыз аспан-көктен. Аралап Абақ, Тарақ, жүрсең-дағы, Түспепті тері шалбар, қаптал шекпен. Ол да өткен Асан қайғы, Бұқар жырау, Ол күнде шапқыншылық, қанды бұрау, Қараспай жарлы-жалшы нашарларға, Хандардың мақсаты сол – жұртты қинау. Атамыз бəріміздің – Абақ, Тарақ, 1 Шөже, Балта – ХІХ ғасырдағы халық ақындары. 2 Асекең, Асанқайғы – философ-ақын. Жамбыл Жабаев
Ақынды көргенім жоқ сендей салақ. Бойында саралықтың белгісі жоқ, Тал түсте кеткендей-ақ ұры тонап. Ал, Жамбыл-ау, Жамбыл-ау, Сөз сөйлейін мен саған, Таудан аққан бұлақтай Жасөспірім баламын, Жапырағы жайқалған, Көлге біткен құрақтай. Лақ, текедей бақылдап, Мазамды алдың шыдатпай, Қойдағы азбан қошқардай, Сөзіңді мен отырмын Сірə де сенің ұнатпай. Өлеңіңді қысқартқын, Мұнан былай ұзартпай. Буындырам мен сені, Бір шығармай үніңді, Желкеңнен түскен тұзақтай. Жаудыратам көзіңді, Қалдырамын сөзіңді, Қараңғы түн болғанда Алдыңда жанған шырақтай. Ақында шайыр ақпамын, Аспанға ұшқан пырақтай. Сөзіңде сенің асыл жоқ, Құбылып тұрған сынаптай. Меніменен айтысып, Жете алмайсың мұратқа-ай! Жас баламен шайқасып, Айтысып өлең байқасып, Жамбыл Жабаев
Жас ақыннан сүрініп, Қалып жүрме ұятқа-ай. Жете алмассың қуғанмен, Мен бір асыл туғанмын. Белді қынай буғанмын. Арғымақтай буданмын. Тұлғаңды сенің айтайын, Тұлпарлығыңды байқайын. Сұлыға тойған қазанат, Маған қайтып жетерсің. Алдыңда жүрген пырақпын, Енді маған нетерсің?! Меніменен айтыссаң, Түбіңе өзің жетерсің. Бұл арадан кетерсің. Қасірет-қайғы шегерсің, Ала алмасаң, алысып, Арманда болып өтерсің. Ақындығың шамалы, Ала қашпа екенсің. Тонауға түскен ұрыдай, Ат-тонынан айрылған, Қанатынан қайрылған, Жасыған жездей майрылған. Басыңда жөнді бөркің жоқ, Адам көрер көркің жоқ, Ақынмын деп сестенбе, Сөзіңде қуат, серпін жоқ. Өз пиғылыңнан тапқандай, Кейпің жаман, Кейқуат1, Байдың малын баққандай. 1 Кейқуат – «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкер, қойшы. Жамбыл Жабаев
Құлаққа маза бермедің, Даңғаза дабыл қаққандай. Алдында жиған малың жоқ, Мойныңа салған салық жоқ. Қу кедейсің қаңғырған, Жауласарға елің жоқ. Жыршы емессің, бақсысың, Дүниеге тапшысың, Бақсы да, сірə, болмадың, Өлең айтып оңбадың. Ел ішінде азыпсың, Бір Құдайға жазыпсың. Шекпенің жоқ сенің де, Сен бір жүрген зəлім-ді. Бір бойында сəнің жоқ, Аралап Абақ жүрсең де, Үш күн жатар жайың жоқ. Жаман тамды салдырған Орыстан закүн үйреніп, Ағайын көңілін қалдырған. Жатқа жерді алдырған. Еліңде бір байлық жоқ, Қазан асқан жеріне Сабан-топан жақтырған. Кеште ойнаған бақсыдай Саған қобыз шалдырған. Сені көріп отырмын, Өзімнен-өзім қапалап, Түсіңе сенің қарасам, Жүні түскен жапалақ. Жаратқан ием, Құдай-ай! Нағашы жұртым ер екен, Жамбыл Жабаев
Сауыққойшыл ел екен. Көтереді ақын деп, Мұның несін сəн қылып. Біздің елде бұл болса, Аяқ жолын таба алмай, Кетер еді қаңғырып. Ал, Жамбылым, Жамбылым, Өлеңге жүйрік даңғылым. Еркек болсаң, қашпағын, Қайратыңды қарыштап, Өнерің болса, бастағын. Ұрысқақ қатын секілді Аузыңнан от шашпағын. Мініңді айтып берермін. Ақыным, Жамбыл, саспағын. Асқанға тосқан кезек-ті, Алдын ала баспағын. Армансыз бол, ақыным, Ақындығың болмаса, Жоқ екен басқа нақылың. Кім жығылып, кім жығар, Байқармыз сөздің ақырын. Қартайғанша қақылдап, Жел сөзге бір тоймайсың. Жеңемін деп ойлайсың, Меніменен ойнайсың. Əсем болсаң, бəсең бол, Өзіңді өзің көтеріп, Сонша неге болмайсың. Қонақ қонса үйіңе, Тышқан мұрнын қанатып, Тышқақ лақ соймайсың. Жамбыл Жабаев
Бергеніне кұдайдың, Қанағат қылып тоймайсың. Ел қыдырып сүмеңдеп, Жасыңнан қылған əдетің, Елден-елге тіленіп, Жамбастай жатып шіреніп, Тентіреуді қоймайсың. Астыңа мінген ерің жоқ. Қол берген мықты пірің жоқ, Не басыңа күн туды? Бір жаныңда тыным жоқ. Өміріңді өткіздің, Көп сөзіңнің ішінде Бір дəлелді шының жоқ. Халықтан дүние сұранып, Жарыған, сірə, жерің жоқ. Айтқаның ылғи өтірік, Сөзіңе сенің сену жоқ. Есігің бар да, төрің жоқ. Алысып əлің келе алмас, Ылдиын кеткен, ерің жоқ. Бір өткен соң дүние, Қайта айналып келу жоқ. Қорықпайсың, бейшара, Өлеріңнің шағынан, Кетер ем ұрып бір жерге, Азырақ қорқып отырмын Сақалыңның ағынан. Отырсың ғой қушиып Қой бакқандай қу кедей. Байлығын айтсам Тарақтың, Қаларсың сен үндемей. Жамбыл Жабаев
Қалдай, Маман, Көлібай1, Байлығы тасқан күнде үдей. Іледен əрман көсілген, Жерін қаптап малы жүр, Кім айтар мұны шын демей. Қалдайдың бағы жанып тұр, Жарқырап ашық шілдедей. Жылқы мен қойы есепсіз, Жұрттан асқан байлықпен, Түйесін жүр жүндемей. Елімдегі байлықты Айта берсем, сөз жетпес, Сусап қалар тіл-көмей. Ақын болсаң, ашық айт Еліңдегі байлықты, Біздің елді күндемей. Елің сенің оңбаған, Енді не деп айтамын, Кедейлікті мін демей? Жамбыл: Солай ма, бала, солай ма! Зығырына Жамбылдың Тисең, саған оңай ма! Қуырамын енді мен Ақындықтың апшысын, Көргенім жоқ өмірде Жел сөздің мен тапшысын. Өлеңім асау теңіздей Өрге қарай шапшысын. Толқындай сөзді сапырып, 1 Қалдай, Маман, Көлібай – Орта жүз, Найман елінің ірі бай-феодалдары. Жамбыл Жабаев
Арыстандай ақырып, Шығайын енді айтысқа. Нажағайдай сөзімді Жарқылдатсам алдыңда, Есің шығып адасып, Біле алмассың əкеңнің Өлгендігін қай тұста. Сөз білмейтін баласың, Ақындыққа шаласың, Меніменен айтыспа. Кемітесің кедей деп, Басқа сөзді таппайсың, Жетісіп жүрген немедей, Еліңді құр мақтайсың. Малды санап мақтанбан, Малыңда емес ел бағы. Қорғаған жаудан халықты, Ерлік пенен даңқты, Елімнің күшті аруағы. Елімде болды батырлар: Қарасай атты ұранды. Асынып жау жарағын, Еліме шапқан қалмаққа Орнатып қара тұманды, Салатұғын ылаңды. Қаһарына шыдамай, Қалмақ кезген Шығанды. Қылышынан өткізген Қаракесір Қаһанды: Жауынан жерді босатып, Осындай атақ кім алды?! Бүгінгідей сөзіме, Жамбыл Жабаев
О-дағы саған күмəнді. Көп сөзіңнің ішінде, Бір сөзің жоқ ұнамды, Байқалып əбден сыналды. Елден алғыс алмайсың, Көтеріп кітап, Құранды. Меніменен ұстасып, Білмейсің Құдай ұрарды Жеңбек қайда Жамбылды. Сенің айтқан өлеңің Тараған бізден ұшқын-ды. Қысым көрсең Жамбылдан, Деп жүрмегін түбінде, Қандай іске тап қылды. Ерлігің болса мақтанғын, Қалмақты қуып қашырған. Айдарынан жел есіп, Алатаудан асырған, Айбалта, қылыш асынған, Жанындағы жабдығы Наркескен, қанжар асылдан. Қарасайдай батырлар Қиқу салып аттанса, Еліме тиген жаулардың Алмадай басы шашылған. Айтшы, осындай ерлерді Еліңде даңқын асырған! Айта алмасаң бұндайды, Айтыспа, сен антұрған. Қорықсаң неге айтыстың, Ағарған сақал, шашымнан?! Ата-ана сыйлап көрмеген, Жамбыл Жабаев
Биəдеп өскен жасыңнан, Сен бір жүрген сауысқан, Кесірің үлкен басыңнан. Меніменен айтысқан Сендей талай кеппенің Көкірегі басылған. Уə, қу таңдай Жалайыр! Менен асқан еліңде Бар ма, сірə, бір шайыр. Жамбыл жырау толғанса, Домбырасын қолға алса, Пар келтірмес ешкімді. Сөз дауылмен соғушы ем Сендей ақымақ мүскінді. Ауылыңа алып бар Шашылған бізден ұшқынды. Сүйінбай ақын ұстазым Сөз қанжарын суырып, Дұшпанға өстіп күш қылды. Құдай атқан қу молда, Берекеңді ұшырып, Кетірейін пыстыңды! Арбаөткелдің түбінде1 Бір күн, бір түн шайқасып, Өнерін əбден байқасып, Құлмамбет те жеңген жоқ. Жеңбек тұрмақ Құлмамбет, Нысанаға келген жоқ. Қаракерей Түбек те, 1 Арбаөткел – Қапшағайдың аяқ жағындағы Үшаралдан төмендеу, атпен өтетұғын қылта жер. Бұл Іле өзенінің бұрынғы белгілі өткелі. Жамбыл Жабаев
Жалайырда Қарқабат1, Бұ да айтысып, көрген жоқ. Жамбыл, Жамбыл болғалы, Жамбыл атқа қонғалы, Ешкімге намыс берген жоқ. Жеңіліп қайтты Құлмамбет, Құр сүлдесі, өлген жоқ. Көпшілікке бет бұрып, Азғырушы адамға, Қараспайтын сараңға Жамбыл əсте көнген жоқ. Еңбегім сіңді еліме, Ел ішінде еріме. Сол үшін бағым сөнген жоқ. Тарта сөйле тіліңді, Танимысың піріңді? Танымасаң піріңді, Айтайын сенің мініңді. Əдеппенен сөйлер ең, Егер болсаң білімді. Жұрттың бəрін ұмытқан Хан, патша шенеунік, Сен сықылды молдалар. Бетіне ұстап Құранды, Өтірік айтып, елді алдап, Таратқан қисық ұранды. Аятын оқып ышқынып, Ауруға дем үшкіріп, Молдалар ұқсас жыланға. Балуан болсаң, белсеніп, Шық күреске сыбан да. 1Құлмамбет, Түбек, Қарқабат – XIX ғасырдағы айтыс ақындары. Жамбыл Жабаев
Барың болса, қарышта, Емеспін саған құданда. Сен – күйкентай, мен – тұйғын, Жүр жайыңа одан да, Əліңді білмей алысып, Аптығып сөйлеп асығып, Жолықтың қырсық лаңға, Қаптаған қара тұманға. Арқа тұтып ақырып, Бұл Абақтың баласын, Жаңғырықтырып мен шықсам Алатаудың саласын, Жайлау, қыстау, мекен қып Өзен бір сай-саласын. Көптігін айтсам Абақтың, Аз ғана ауыл Жалайыр, Қарамды көрмей қаласың. Қу ауызды, қу молда, Қайтер екен? десем мен, Өршеленіп барасың. Тіл тигізсең бабама, Өртке күйіп, жанасың. Ажырата сөйлегін Бай, кедейдің арасын. Құр кепкеннен пайда жоқ, Сөйлегін сөздің данасын. Жығылғанды, жыққанды Сонда білер əр адам, Өзінің білсе шамасын. Ұзын сонар жүйрікпін, Əңгімеге қанасың. Ұзыннан жыр боратсам, Жамбыл Жабаев
Сонда есіңнен танасың. Албырт жиен, Жалайыр, Маған қарап не дейсің, Дедің маған кедейсің. Мен қорғасын сақамын, Сен – ұтылғыш кенейсің. Мен – бір соққан дауылпаз, Сен – салмақсыз, к... бос, Ебелек қаққан ебейсің, Бір ұстасып қалсам, – деп, Күшіңді байқап шенейсің. Мен жайыңды айтайын, Жалайырсың, кедейсің, Кедейліктің белгісі, Жақын-жуық келмейсің. Шыққан жерің мен болсам. Менен шыққан сен болсаң, Кімді кімге теңейсің. Қысы-жазы ау салып, Іледен балық қоймадың. Шіріген сүйек жесең де, Қарның шығып тоймадың, Тұздап балық қақтадың, Сары майдай сақтадың. Елің кедей болған соң. Жайым қалай болар? – деп, Дарияны жақтадың. Өз малыңды өргізіп, Жеріңде мал бақпадың. Қонақ қонса үйіңе, Союға мал таппадың. Тайдың майын бермейтін Жамбыл Жабаев
Несіне байды мақтадың? Айлық жерді ауызың Бір-ақ күнде аттадың. Би мен болыс қолына Шығыны болып кетеді Жазы-қысы тапқаның. Заманақыр болды ма, Өз тұқымым өзіме Жау болып, қарсы шапқаның. Ел байлығы өзінде, Тіл байлығы сөзімде, Малы жоқ тақыр кедей, – деп, Өтірік жала жаппағын. Ерегіссең менімен, Мен ұстассам сенімен, Шығып кетер аптабың, Молда емессің, сиқырсың, Зікір1 айтып зарлаған, Жаназа2 оқып өлгенге, Підия3 алып жалмаған. Шариғат жолы мынау, – деп, Қараңғы, надан халықты Көзді жұмып алдаған. Кедей өлсе, үйіне Күңіреніп бармаған. Аттана шауып, бай өлсе, Қирағаттап Құранды, Күні-түні сарнаған. Қайыр-зекет бермесең, 1 Зікір – ауру адамға айтылатын бақсы сарыны. 2 Жаназа – Ислам дініндегілердің өлген адамға оқитын намазы. 3 Підия – дұға жолына жұмсалатын шығын ақы. Жамбыл Жабаев
Сөзіме менің көнбесең, Дозақ бар, – деп қорқытып, Қылмаған пəлең қалмаған, Оңбайтын молда жері осы. Жақсы көрсе молданы, Көз бояушы зұлым, – деп, Көпшілік неге қарғаған? Өзің де бір күн шүу дейсің, Өлмей қалмас жанды адам. Жарым түнде шабасың, Өліп кетсе малды адам. Елде көп əлім молда, залым молда, Халыққа залымдығың мəлім, молда, Сыбырлап азғырасың əзəзілді, Қосылмас бізге сенің қаның, молда. «Құдай бір, Құран шын», – деп азғырасың, Ораза, намазсызды жазғырасың. Жол сызған келешекке еш нəрсең жоқ, Мұнымен қайтып жұртты мəз қыласың. Аңдап бас, салғыртсынбай аяғыңды, Екінің бірі өлер, ерегіссе, деген сөз бар, Есіңе түсіремін баяғыңды. Абаққа қай қазақтың малы жетер. Көз көрмей, жалған сөздің бəрі бекер. Еліңде қысы-жазы балық аулап, Тентіреп осыменен күнің өтер. Молда ақын, сонша неге мақтанасың, Мақтанып, көтеріліп, шаттанасың. Балықтан тапқаныңды шығынға сап, Старшын, би болысты атқарасың. Пенде жоқ жақсылыққа таласпайтын, Жамбыл Жабаев
Мейірсіз бай кедейге қараспайтын, Би мен қу алдап қанын Теспей сорып Мінез бар иттердің аластайтын. Байлардың құлқы жаман мақтайтұғын, Ат мініп, асын ішкен жақтайтұғын. Нашардың күшіменен пайдаланып, Жері осы маған байдың жақпайтұғын. Қу молда, орыны жоқ сарнамалық, Байлар жүр кедей күшін пайдаланып, Байды мақтап, нашарды аузыңа алмай, Мұнымен оңаласың қайда барып?! Шықпайсың қыр басына мұныменен, Болды, сөзді сөйлегін құныменен. Жамбылдың айғай салған даусыменен, Тау мен тас əн қосады үніменен. Кетерсің жерге кіріп, жынды, антұрған, Мен саған қаһарлансам шыныменен. Не тоқталып, не жеңіп, не жеңіліп, Созылып отырғанша күніменен. Аз сөздің тəттілігі болар балдай, Отырсың айтыспақ боп көңілің дардай. Қабанды1 Бақтыбай мен ап келсең де, Келеді шаужайымнан ешкім шалмай! Көтере көп мақтадың еліңді сен, Айтыссаң, буғын бекем беліңді сен. Бұл жаққа күліп келіп, жылап қайтсаң, Табуға қиын болар жеріңді сен. Əдепті мейман болсан, сыйың болар, Сый білмес сиыр болсаң, қиын болар. Алыстан аңсап келіп, шаршап қайтсаң, 1 Қабан – XVIII ғасырдағы Жалайыр тайпасының ірі ақыны. Жамбыл Жабаев
Тағы да бір бас қосқан жиын болар. Бұл істің уағында болғаны анық, Айтысты көтерелік жоғары алып. Сөйлеген көңіліңдегі сөзің болса, Осымен бір кішкентай доғаралық. Досмағанбет: Ал, Жамбылым, Жамбылым, Ежелден жүйрік даңғылым. Кезекпенен сөйлелік, Сөзімді тосқын, Жамбылым. Алпысқа жасың келгенде, Төгіліп, тасып дариядай, Басылып қалған арының. Молдалығым айып па Үйреткен саған Құдайды Құран сөзін ұқпаған Сендей надан оңбайды. Зекет алса, молдалар, Ұжмаққа жұртты жолдайды, Молда өтірік айтпайды, Оны Құдай қолдайды. Елеуретіп сөйлейсің, Алақтатып көзіңді Əзəзілден сабақ ап, Бүлдіріпсің сөзіңді. Құранға тіл тигізсең, Күпір деймін өзіңді Мен бір енді сөйлейін: Жалайырдың бегінен, Белгілі ата-тегінен, Жамбыл Жабаев
Айтуға тура кеп отыр Абақ, Тарақ шегінен. Ноқта ағасы – қолбасы. Дулаттың бізге не пайда Құмырсқадай көбінен. Теріп айтып келермін Бергіден арғы еліңнен, Əулие ата, Шымкенттен. Бозадан басқа асы жоқ, Жар жатақтың астында, Күнге күйіп түскендей, Қыздарыңның шашы жоқ. Бірін-бірі көп дескен, Бозақормен ептескен, Жақынынан басқа қасы жоқ. Досмағанбет бұл молда, Əрбір əнге салады. Меркіден бергі туғаның Салған қыстақ, қаланы. Үй басына бес тауық, Кірсян1 боп қарады. Қысты күні болғанда Көшкіннен өлген бұғының Терісін сылып алады. Алып келіп базарға, Ыстап етін сатады. Бес тиыннан ақша алса, Жерден алтын тапқандай Қуанып үйіне қайтады. Енді айтайын, Жамбылым, Меркіден бергі еліңді, 1 Кірсян – крестьян, шаруа. Жамбыл Жабаев
Кірсянға жазылған, Бəрі орысқа көнімді. Меніменен айтыссаң, Сындырармын беліңді. Өткенді айтып, менменсіп, Көтересің көңіліңді. Ол күндегі батырлар, Бəрі жерге көмілді. Елді, міне, бүлдіріп, Жайлады жау жеріңді. Айта бермей өткенді, Шығарып құмар-шеріңді. Айтсайшы, Жамбыл, тағы да, Абақтан енді ұл бар ма, Құтқаратын еліңді. Көкектен басқа құсың жоқ, Көкпектен басқа шөбің жоқ. Қозы жауырын қурай жоқ, Жігітіңнің күші жоқ. Көкнəр ішкен кісідей, Адамыңның түсі жоқ. Түсі менен есі жоқ. Етін нанмен көбейткен, Сөйтіп, к... шөмейткен, Сиырын айдап, өк-өк, – деп, Тапқан анам еркек деп, Қорқып, бұғып қалмаспын. Егер қырсық шалмаса, Алдыма жүйрік салмаспын, Шапқан жерін қиятын, Күшін қолға жиятын, Өткір қылыш алмаспын. Жамбыл Жабаев
Тарлан тартып қалыпсың, Аузыңнан шалыпсың. Буыныңды бекітіп, Аяғыңды дəл басқын. Құмар болса айтысу, Жыққанымыз алуға, Жұртқа олжа салуға, Бəйгіге тігіп мал-басты. Айтысам деген ойда жоқ, Келе-ақ өзің жармастың, Сендей-сендей көп ақын Көргенде мені өтінген. Атысса қолды болмай ма, Таяқ өтсе етіңнен. Меркіден бергі туғаның, Он-он үйің бірігіп, Əрбір тауға бекінген, Шегаралас болған соң, Хан Орманы1 бас болып, Қырғыз шапқан шетіңнен. Өзі жақсы еліңнен, Сенің тиіп кесірің, Көштерің басып жыл сайын, Берекемді кетірген. Сия салдым сауытқа, Құмармын жастан сауыққа. Еліңді қырғыз шапқанын, Олжаға қырғыз батқанын, Жылы есімнен шығыпты, Ит пе, қой ма, тауық па? Ақыным, Жамбыл, жалықпа, 1 Орман – XIX ғасырда өмір сүрген қырғыздың шоқ манабы. Жамбыл Жабаев
Асығып өлең айтам деп, Бір киеге жолықпа! Елің кедей болған соң, Мал таба алмай, қыз сатқан. Менің жеген балығым Мұнан жаман болып па?! Менменсінген сендейді Біз де ақынбыз іздеген. Үйінен жылан шыққандай, Жаз кетсе, қаңғып, күз көрген, Байлығың сенің қайда бар, Мал орнына қыз берген? Бір жарамды жігіті, Дулатыңның Алпысбай, Күнде арақ ішкені, Орыстың үйі түскені, Закоскесі қиярдан, Алдында тақтай үстелі. Сен Абақтың жүйрігі, Мен тұлпары Тарақтың, Жаңылдырма тілімді. Жаратқан, Тəңірім, күштісің, Дүниеге жан ғып жараттың. Алуан-алуан ел етіп, Жер жүзіне тараттың, Бəрекелді, Жамбылым, Өтірікті шындай ғып, Жалған сөзді дыңдай ғып, Жұртты аузына қараттың. Сатып алып кеселді, Пайдасы қанша арақтың, Салты осы ма еліңнің?! Жамбыл Жабаев
Биі, байы, болысың Босатпас алдын қабақтың1, Арақ десе, жымыңдар, Құлқыны құрып қылмыңдар. Мейлі, қазақ, орысы. Ішпесе басы ауырар, Қалаға жақын қонысы. Күнде салып салықты, Зар қақтырып халықты, Мойнынан түспес борышы. Жеріңді сатып ұлыққа, Жесе тоймac, құнықпа, Тарылған жұрттың өрісі. Оразалы дегенің Қарындасын өзі алып, Есітпеген жол салып, Бір тентектің кесірі, Шулады Дулат қозғалып. Көп ұзартып созбалық. Бұл да жетер басыңа, Əділдіктен озбалық. Жамбыл: Албырт жиен, Жалайыр, Еліңде бұзық жоқ болса, Қожақан ішті неге арақ? Əулие, сопы көп болса, Көпке тиер кесірің, Кожа мен молда бек болса, Дəулетті ата тек болса, Бойыңда арам кек болса, Молда емес, ол əзəзіл, 1 Қабақ – арақ сататын дүкен. Жамбыл Жабаев
Сүйкімсіз, жұртқа жек болса, Сол Қожақан болысың Мекеге барды қажы боп, Боза, арақ ішкен соң, Айтады несін қажы деп, Пара тағы жейді екен, Ел ішінде қазы боп, Арамтамақ, ақ білек, Қол астын жемей, қолдай ма? Басшы əділ болмаса, Жұртқа əділдік орнай ма? Ел қорғайтын ұл туса, Елді дұшпан торлай ма? Шаңымды менің шалмайсың, Ұрсаң да қамшы борбайға! Қырсық шалса жолыңды, Ісіңді Құдай оңдай ма?! Төрт түлік мал тұрғанда, Сойдырып шошқа соғымға, Шариғат жолы сондай ма?! Сен білмейсің, мен айтсам, Қосшыбайдың атасы, Қайырсыз бай Қалдайың Тоғайдан торай қоймаған, Адалдап жиған малдайын. Ажырата білмеген, Адал мен һарам қандайын. Шариғаттың жолында, Арам жемек бар ма екен? Албырт жиен, Жалайыр, Еліңнің салты мынадай: Жасын кəміл толтырып, Қыз өсірдің бұладай. Алыстан келген сəудегер, Бір керегін сатып aп, Жамбыл Жабаев
Кездемесін сатқан боп. Қыздарыңмен жатып ап, Зауқын сафа1 қылады-ай, Мақтанарлық жəйің жоқ, Желпінген көңіл басылып, Желіккен жүйрік тынады-ай. Саудегер, молда, зұлымсың, Халықтың көзін боядың, Қайыр басқан тұмадай. О да сенің кесірің, Кемуге себеп несібең. Алты ауызды ала боп, Басыңды төре сұрады-ай, Мен боламын ханың, – деп, Хан салығы қалың, – деп, Хандығым жұртқа мəлім, – деп, Еліңді қысты, қанады-ай. Ханнан көріп қанауды, Ат, айғыр қалмай жараулы, Күйзеліп жұртың жылады-ай. Көтердің жұртқа бас қылып, Қайыры көпке тимеген, Қаны қара залымды, Залымдығы мəлім-ді, Алдына тура бара алмай, Барып жауап ала алмай, Айта алмадың зарыңды. Жылқы, түйе, сиырмен, Қой, ешкіні сойыс деп, Тартуға тарттың барыңды, Тартып алды еріксіз Жүк артатын нарыңды, Көз жасына қарамай, Жылатып, кемпір-шалыңды. 1 Зауқын сафа – араб сөзі, ойын-сауық мағынасында. Жамбыл Жабаев
Хан жарлығы солай деп, Бұқара бізге оңай, – деп, Жер жақсысын бай алып, Бай патшаға теңеліп, Өрісің қатты тарылды. Ел қорғайтын ерлерің Алдына барып бас иіп, Алдиярлап жалынды. Төрелер келіп, жəй салды Алтынемел белінен, Жайлау, қыстау мекен ғып Күреңбел деген жерінен. Мал, басыңда ерік жоқ, Жауға бердің жеріңді, Жүре алмай қорқып шенінен Жоқтамай намыс, арыңды. Мықты болсаң, сұраттың Ханға неге еліңді?! Қаны қара сұмырай, Қатты басты беліңді. Үн шықпадың, тұншықтың, Шығара алмай шеріңді. Ханның сесін қайырып, Еліңді даудан айырып, Алмадың қалай кегіңді?! Əулие болса, қайда еді Ескелді би мен Балпығың?! Төреге елің сұратып, Нашарларын жылатып, Қадірін білмей халқының, Байтақ жатқан кең елге Тиді кесір шарпының. Елеуреп ең ентігіп, Басылды ма қарқының?! Ат-тоныңды олжа ғып, Жамбыл Жабаев
Қайт еліңе, жарқыным. Жалайырдың ішінде Сенің бабаң Балғалы, Балғалының байлығын Отырсың ба салғалы? Байлығың сонша көп болса, Неғып жүрсің бұл жақта Зекет, құшыр алғалы? Ант ұрған, – деп айтады Жалайырды Қарғалы. Қажылық қалып жайына Қожамет, Қожақан Үйінен арақ кетпейді, Сөзімнің бар ма жалғаны? Бəрін де айтып берермін, Тағы да болса қалғаны. Ауызбірлік қыла ма, Ашулы болған кектісің, Байдан кедей бөлініп, Байға қара көрініп, Кедей ашу етпесін. Аузың бармай отыр ма Айтуға Көлбай, Маманды. Мырза, Күшік, Жалайыр, Андаста зұлым Аманды? Кедейге жаны ашымай, Жақсылық іздеп басына, Жоламай пəнде қасына, Маман берер сазаңды, Шулатып бала-шағаңды. Қарсы жауап айтуға Келтірмеген шамаңды. Жалақор деп айтамыз Жұртына бүлік салғанды. Би мен болыс, бай, манап. Жамбыл Жабаев
Пристав, князь, чиновник Шулатты бала-шағаңды, Қай жақсың бар оларға Қарсы тұрған табанды. Қариямын, сұраймын, Сөзіме жауап бер деймін. Сиқыршы залым, қу молда, Бұған жауап бермесең, Қыс к... сен деймін, Сөз иесі мен деймін. Ашып қара көзіңді, Жөндеп сөйле сөзіңді. Бола алмайсың сен, сірə, Меніменен тең деймін. Сендей-сендей ақынның Сөзбен жанын емдеймін. Өлеңмен шын тасысам, Ағып бір жатқан селдеймін. Халықтың досы кім десең, Айтамын мен, білмесең. Өлгенменен барабар, Бір басыңды кірлесең, Көмусіз бір күн қаласың, Көпшілікті тілдесең, Көпшілік – дария көл дейтін Сол дариядан қансам, – деп, Əркім-ақ аңсап шөлдейтін. Елді жауға бермейтін, Шетіне дұшпан келмейтін. Ерегіскен ерлердің, Қанша дұшпан жабылса, Шыбын құрлы көрмейтін. Бақытын жұрттың өрлетіп, Мəңгі рухы сөнбейтін. Есеңгіреп жүрмесең, Жамбыл Жабаев
Елді неге даттайсың? Екі жүзді болмасаң, Байды неге мақтайсың? Қайыры көпке тимеген, Əкімдікпен билеген, Жарлы-жалшыны сүймеген Ханды неге жақтайсың? Жегенің көп шашыңнан, Қылмысың үлкен басыңнан, Халыққа тиген пайдаң жоқ, Қайтып тұзын ақтайсың?! Екі ұртыңды қампитып, Сөйлейсің сен аптығып. Еліңде ер бар ма? – деп, Сұрайсың жəне шаптығып, Жердің шелін сел жуар, Елдің кегін ер қуар, Дауыл тұрса, бұлт қуар, Жердегі жауды жұрт қуар, Ерліктің оты лапылдап. Аспанға шығар күн туар. Сол майданда жарқылдап, Қолына алмас қару aп, Алатаудан ақырған, Жауын жеңіп жапырған Қарасайдай ұл туар. Жамбыл Жабаев
ЖЫРДАСТАНДАР
КӨРҰҒЫЛЫ Домбыраны қолға алып, Ойланып қатты толғанып, Тыңдауға халық келгенде, Көрұғылыны қозғалық. Сөз шумақтап оралып, Бір сөзден бір сөз таралып, Желді күнгі жалындай, Сөзім бір кетсе қозданып! Ажалдан қорықпай түйілер, Аспандап қыран шарласа. Ақын қорықпай шүйілер, Тілдің бізін арнаса. Зымырап жүйрік жүгірер, Аяқтан біреу шалмаса, Жау десе батыр киінер, Тоқталмас кегін алмаса, Ел елдігі бола ма, Ерлермен жауға бармаса! Тұтастығы бұзылмас, Өз жерін жаудан қорғаса! Ағаш қалар қуарып, Жапырақ, тамыр болмаса! Теңіздер қалар суалып, Құятын өзен болмаса! Өзен де ағар күшейіп, Бастау – бұлақ қолдаса! Жамбыл да кетер қалықтап, Халықтың күші қозғалса. Болат құнын жоймайды, Тат басып, сынып тозбаса! Тот басқаны тозғаны – Жамбыл Жабаев
Бəйгеде тарлан озбаса! Кейін тартпас, келген жас, Жолды ілгері созбаса. Айғайласа екпіндеп, Жол бастаған тарланың, Артта қалды көп күндер, Игілікке арнадым. Туғаннан бері аралап, Талай жерді шарладым. Кəрілікті сылтау қып, Жасымадым, қалмадым. Ел билеген хандардың, Адамнан шыққан жыртқыштың, Кездестірдім алуанын. Халықты тілмен қорғадым, Сөз шындыққа келгенде, Бас кессе де болмадым! Сөз шындыққа жеткенше, Өткір сөзбен торладым, Өткізбедім шындыққа, Шариғатын молданың. Өтірікке сатылып, Талай көрдім барғанын. Қорқытып əкім ақырса, Пара алып, молда шатылса, Алакөз байлар мал үшін, Көргенін айтпай жасырса, Алыпсатар саудагер, Қулығын алдап асырса, Дұрыстық қайдан табылар? Нахақтан барып дараға, Сорлы кедей асылса. Жарлығын хан кешу жоқ, Бас ұрып халық зарласа, Сөзіңді ешкім сөйлемес, Жамбыл Жабаев
Тойғанынша алмаса. Алдау, зорлық, өтірік, Біреуге біреу нанбаса: Тамақ үшін сатылған, Ұлықта ар қалмаса. Айтқанменен жалынып, Арызыңды алмаса. Алатұғын қақынан, Асырып пара қармаса. Ауға түскен балықтай, Шыға алмайсың бұлқынып, Əділеттік болмаса. Күннің көзін жасырар, Аспанды бұлт шарласа. Елдің бағы ашылар, Əділеттік орнаса. Баланы жақсы өсірмес, Бұзықтық шырмап торласа. Қасиет болмас халықта, Басқарушы қорласа. Малдай айдап адамды, Орынсыз күштеп зорласа. Жау басынар халықты, Басқарушы оңбаса. Өркөкірек наданға, Айтқан ақыл қонбаса. Надандықтың белгісі – Бет келгенде берілер. Қожа болып сыртыңнан, Орынсыз бөсіп, елірер. Өзінен өзі мақтанып, Буға пісіп семірер. Білгіш, жүйрік өзі боп, Оңашада көрінер. Кердең басып аяғын, Жамбыл Жабаев
Жыртыла жаздап керілер. Өсек айтар ел кезіп, Еңбек десе ерінер. Ойламай орғып сөйлейді, «Білетін бəрін мен» – дейді. «Ақылым – арна таусылмас, Білімім – шалқар көл» – дейді. «Өзімнен артық адам жоқ, Аузымнан шықса жөн», – дейді. Оңбайтұғын өр кеуде, Дұрыс айтсаң көнбейді. Мастандырса мақтаумен, Қас дұшпанын көрмейді. Ақыл айтқан досына, «Аулақ» деп қолын сермейді. Жүрген жерін бүлдіріп, Халыққа тыныштық бермейді. Біреу мақтап қайраса, Орынсыз іске айдаса, «Жанашырым сен» дейді. Ұятқа барып ұрынар, Тұмсығы қанап жығылар, Ойына да келмейді, Өткен күнді еске алып, Өзіне есеп бермейді. Аңғал сорлы алақтап, Босқа шауып далақтап, Жексұрын болып халыққа, Қанжілік болып терлейді. Айтып өсек-өтірік, Қасиетін кетіріп, Жүргенін өзі көрмейді. Түсінбей сондай надандар, Өтті қилы замандар. Жамбыл Жабаев
Жаны ашитын нашарға, Туғанша əділ адамдар! Жетім менен жесірді, Тонап алып кей зұлым, Мықтымын деп есірді. Жері мен малын тартып ап, Қонысынан көшірді. Нашардың берген арызы, Қашан дұрыс шешілді?! Қырғындатып қиратып, Тіршілігін өшірді. Халыққа азап шектірген, Сол заманның хандары. Қанішер жəне зорлықшыл, Сол хандардың заңдары. Басына ажал төнгенде, Азапты қатты көргенде, Халық сонда аңғарды. Ханның бірі Бозайхан, Одан да халық зарлады. Ешбір ханнан əділдік, Халыққа үлгі қалмады. Өз қамы үшін соғысып, Жердің бетін қандады. Бұрынғы бір заманда, Сұлтан өткен Көрұғылы. Көрден шығып ол бала – Атанып кетті Көрұлы. Біраз сөйлеп берейін, Көрұғылыны халыққа. Əшкереле, қызыл тіл, Өткен істі жарыққа. Ашыла сөйле, көмейім, Айтар сөзді анықта. Жамбыл Жабаев
Желіп мен де жөнейін, Келген кезде шабытқа. Үстем болсын мерейім, Он саусағым талықпа. Қалыспай сөйле домбырам, Жамбыл сөйлеп кеткенде. Деп қалмасын кейбіреу, Кəрілік бұған жеткен бе? Сыр бере қоймас Жамбыл да, Жас ортаға жеткенде Ұзаққа Жамбыл сілтеді. Өлеңнен алып көкпары Айт дегенде айтпасам, Болармын елге өкпелі. Meні де халық сыйламас, Ел қадірін көрмесем. Сараң ақын демей ме, Сөз қолқасын бермесем. Еңбегім жанар түбінде, Ел үшін шаршап терлесем. Бозайхан атты ер өтті Құлашын кең сермеген. Жеңілуді білмеген, Қан майданда – ұрыста. Қарсыласып келгенде, Ешкім де төтеп бермеген. Өзінен басқа хандарды Хандық еткен жандарды, Өмірінде сүймеген. Жер бетінде халықтың, Күн астында жарықтың, «Билесем бəрін мен» деген. Қан көрмесе жеті күн, Ел шаппаса екі күн, Құмартып қанға шөлдеген. Жамбыл Жабаев
Алтынды алмас белінде, Əмір етіп еліне, Даңқын естіп Бозайхан, Баспаған адам жеріне. Қабағына қар қатқан, Кірпігіне мұз қатқан. Жорыққа шығып əскермен Күні жоқ ханның жай жатқан. Найзасы алтын шашақты, Жорық жасап жан-жақты, Жауды қырып жайратты, Малын тонап айдатты, Қырғын соғыс астында, Шабынды көріп ел жатты. Бозайханның жорығын, Көп еді хандар күндеген. Бозайхан шықса ақырып, Əскерін жиса, шақырып, Жер бетінде бір адам, Езу тартып күлмеген. Жорық жасап Бозайхан, Судай ақты қызыл қан. Жазықсыз елді қырғындап, Нахақтан кетті талай жан. Малын шауып алған соң, Мекенін елдің өртеді. Ханнан қорлық ел көрді, Демесін біреу ертегі. Міне, осындай əңгіме, Елестетер ертені. Хандар билеп қаланы, Ұшан теңіз даланы. Хан билеген халықтар, Қайғылы жəне азалы. Айға шапқан арыстан, Жамбыл Жабаев
Ерегісіп алыстан, Ашулы жəне ызалы. Аш-жалаңаш күйзелген, Хан аямас қараны. Ханнан қайғы тартқан ол – Жүректері жаралы. Хандар ашу шақырса, Халықтан өшін алады. Бұлтқа сілтеп қылышын, Найзасын көкке тіреген. Қан төгуге құмартып, Күнде соғыс тілеген. Үстемдік етіп Бозайхан, Асқақтап шалқып тасады. Бозайханның дабылын, Естіген ел қашады. Жауатын күндей тұлданып, Қаны қашып сұрланып, Қия шауып, құзды алып, Оя шауып, мұзды алып, Басқа жан тірлік етпеске, Жер бетінде қызғанып. Қылыштың қаны кеппеген, Адамның күші жетпеген, Жер қалмады маңайда, Бозайхан зорлық етпеген. Ұрған доптай домалап, Соғысқан жерде бас қалды. Шабуылда – жеңгенді, Найзаға шаншып қайтады. Өздері кескен бастарды, Қызық көрмей өмірден, Құтыла алмай өлімнен, Құмырсқаға жем болып, Өлексемен тең болып, Жамбыл Жабаев
Талай қыршын жас қалды. Тасқын өзен-суларға, Адамнан көпір салыпты. Дария мұқит-теңізден, Жауына өтіп барыпты. Қойдай қырып жауларын, Байлығын тартып алыпты. Осылай өсіп көңілі, Байлығы, жері кеңіді. «Хан бар ма?» деп сұрады, Мендей боп өткен өмірі? Көп ішінен бір кемпір, Түрегелді орнынан, Таяғына сүйеніп. Күрсінді қатты үш рет, Қайғыланды күйініп. Түрегелген кемпірге, Халық түгел қарады. Кемпір нұсқап көрсетті, Кісі асатын дараны. – Хан мен дардан шошынып, Жүрегіміз жаралы. Он жеті ұлым бар еді, Екеуін ана дара алды. Жалғыз кемпір мен емес, Рахымды хан сен емес. Сексен беске мен келдім, Жетпіс үшке сен келдің. Хан болғаннан бері қарай, Бес жүз жорық жасадың, Кемпір, шалды зарлатып, Жердің бетін қандатып, Түгел маған теңгердің. Біраз тыныштық алатын, Арқамыз кеңіп қалатын, Жамбыл Жабаев
Өлім келіп өлмедің. Өзің қу бас, балаң жоқ, Артыңда сенің қалатын. Сені жоқтар адам жоқ, Сөйлеуге де шамаң жоқ. Антым бар менің халыққа, Бүгін сөйлеп қалатын, Жауға айдап құрыттың, Халықтың туған баласын. Кесе алмассың тілімді, «Бас кесер хан – Бозайхан», Деген атақ халыққа, Түгел тарап білінді. Жер бетінде тіршілік, Сен өлген күні қуанар Мен секілді сорлылар Жылаудан сол күн уанар! Баласын елдің құрытып, Тұрсың бүгін шаттанып. Сенен жыртқыш аң артық, Неменеге мақталық? Өмірі қанға тоймадың, Əдетіңді қоймадың. Осыны айтып мен бүгін, Өлейін деп ойладым. «Басымды кес» деп алдына, Кемпір басын ұсынды. Өмірінде Бозайхан, Сол кемпірден қысылды. Бірақ басын алмады, Бетінде қан қалмады. «Жақсы деді мұнан да, Ажалдың тура алғаны». Қайтты үйіне қайғырып, Шаттықтан патша айрылып. Жамбыл Жабаев
Он екі əйел біреуі, Сөйлесуге батпады, Хан көңілін жай қылып. Байлығы көп, елі көп, Басып алған жері көп, Алып жатқан жер бетін, Айтушы еді халықтар; «Бозайханның малы» деп. Алтын – қазына сарайда, Есебі жоқ, саны жоқ. Хандығы кімге қалады, Өртеніп іші жанады. Есебі жоқ байлықты, Кімдер жиып алады? Көп алдында тілдеген, Хан қадірін білмеген, Сол бір мыстан кемпірдің, Сөзі өтіп барады! Отырды хан қайғырып, Шаттығынан айрылып. Алтын қазына сарайда, Өлі бұйым тағы көп. Асыл сауыт үстінде, Гауһар-інжу жағалы, Қара көк тұлпар астында, Алтын күміс тағалы. «Өліп қалсам бір күні, Тұяқсыз кетті деген соң, Дұшпандар қылар табаны». Мирасқорым жоқ болса, Сарайымды шабады. Хан тағынан құлады, Əйелдері жиналып, Жамбыл Жабаев
Хал-жағдайын сұрады. Өкпесі бар адамдай, Өкіріп жатыр қабандай, Дөңбекшіді тұрмады: – Жасы биыл он бесте, Кіші уəзір қызы бар. Болғандай маған сұлу жар, Сол көңіліме ұнады. Он екі бедеу, аулақ кет, Сендерден бала тумады. Гүлжазира – балғын жас, Қыр мұрынды, қиғаш қас, Күміс кірпік, алтын шаш, Қараңғыны жарық қылған, Үлбіреген уыз жас! Балқып, еріп кеткендей, Сəулесі түссе қара тас! Жазираның нұрына, Талай адам болған мас. Ел көзіне түспейтін, Бет пердесіз, жалаңбас. Көрмей ғашық болып хан, Шыққалы жатыр шыбын жан, Жазираны көрмесе, Сұлу құшып сүймесе, Тірлігінен кетті сəн. Уəзірінің біреуін, Хан асығыс шақырды. Жазира үшін қайғырып, Қанды жас көзден атылды. Ханнан жауап алуға, Қасына жақын баруға, Он екі бірдей əйелдің, Жетпеді, қорқып, батылы. Сол кезде кеткен жорыққа, Жамбыл Жабаев
Қырық кісілік күші бар, Құлақасқа батыры. Қандай ашу қысса да, Соған жауап беретін. Теңемейтін адамды, Өте жақсы көретін. Құлақасқа келгенде, Қанша шаршап жатса да, Орнынан хан тұратын. Басқа жанды қоя сап, Соған көңіл бұратын. Аяғын құшып Бозайхан, Уəзір жатыр жалынып. Қала ма деп шыбын жан, Əлде өлер, басы алынып. Хан қасында көп адам, Бастары қалған шабылып. Долы ашудың үстінде, Бозайхан жатыр шабынып, Біраз мезгіл сазарып, Уəзірге жауап қатпады. Үш күн болды төсектен, Бас көтермей жатқалы. Ханға келіп бас ұрып, Бас уəзірдің жатқаны. Етті оған хан жарлық: – Гүлжазира келсін деп, Кіші уəзір кешікпей, Қызын маған берсін деп, Əйелдікке аламын, Осы сөзге сенсін деп. Орындауға жарлықты, Кетті уəзір жүгіріп, Үсті, басы шаң болды, Аузы, мұрны қан болды, Жамбыл Жабаев
Жолда талай сүрініп. Кіші уəзірден, сол Барқат, Келе сүйінші сұрады, Осынша халық ішінен, Сенің қызың, Жазира, Хан тақсырға ұнады. Өз күйеуің хан болып, Қолыңның осы жеткені. Хан алдына жылдам бар, Айнып қалса хан тақсыр, Боларсың маған өкпелі. Естігенде Жазира, Қалтырап шошып зарлады, Қанды жас көзден парлады. Жетпістегі шалға барғанша, Күнімді соған салғанша, Ажал неге алмады?! Зарлағанмен Жазира, Зарын тыңдар адам жоқ. Өлмей тірі құтылмас, Көнбесіне амал жоқ. Əкесі айтты: – қарағым, Ханға қарсы тұрарлық, Оған төтеп боларлық, Ерлігім жоқ, шамам жоқ. Гүлжазира сұлуды Хан алды он бес жасында. Жазықсыз жас балдырған, Ноқта түсті басына. Гүлжазира құса боп, Көзіне жас толады. Денесі жастың түршігіп, Құсалы, дертті болады. Патша келсе қасына, Жамбыл Жабаев
Қайғы түсіп басына, Ес-ақылдан танады. Айтар сөзден жаңылып, Ессіз болып қалады. Қанды жас көзден сорғалап, Тасыған селдей ағады. Көзінен аққан ыстық жас, Қара тасты еріткен. Жазираны кім екен, Патшадан аулақ жеріткен? Көрген жерден түршікті, Жазираның денесі. Он бестегі Жазира, Қайғыдан болды өлесі. Жақын келсе Бозайхан, Үрейленіп болды өлмеші. Жетпістен жасы асқанда, Жас қыз алып желікті. Елден астым десе де, Гүлжазира кемітті. Қураған шеңгел астында, Өсе алмай гүл солыпты. Гүлжазира зарықты, Өз теңін ойлап тарықты, Көзінің жасын сарықты, Жүрген жас қыз – шарқ ұрып, Торға түскен сұңқардай, Қайғы-мұңға молықты. Қуанышты хан отыр, Ақ сұңқар түсіп торына. Таққа отырды құлшынып, Əлде кімнің сорына. Бір бай келді жетелеп Жетім тазша баланы. Жамбыл Жабаев
Парша-парша киімі, Денесі ауыр жаралы. Жалаң аяқ, жалаң бас, Киімсіз тыр жалаңаш. Неше күн тамақ ішпеген, Дірдек қаққан сорлы жас. Ашулы бай сөйлейді: – Арызым бар, хан тақсыр, Мал керек болса, мойныма, Керегінше сал, тақсыр. Осы бір тазша баланың, Қорлығы маған өтіп тұр. Он бес ділдə мойнында, Бекер босқа кетіп тұр. Арызым сізге сол, тақсыр, Бұл шəһəрде, ей, патшам, Тілі ащы бұл тазшаның. Көрдіңіз бе, мінеки, Тазшалардың, асқанын? Өткен жылы бір тазша, Болды менің қолымда. Осындай тілі қайнатты Ол тазшаның сорын да. Бір тазшаның жүз қырсық, Жүреді екен соңында. Биылғы жылы бір тазша, Кез болды тағы сорыма. Тазша біткен босқа жүр, Шəһəрдың былғап көшесін. Өзімен бірге қырсаңыз, Тазшаларды өсірген Əкесі менен шешесін. Елді бұзып барады, Елге бүлік салады, Жамбыл Жабаев
Бұлардың басын кеспесең, Кімнің басын кесесің? Таңдап алған шəһəрден, Гүлжазира жарыңыз, Тазшаға біздің үйдегі, Ғашық екен, наныңыз. Өтірік болса бұл сөзім, Басымды, тақсыр, алыңыз! Сізден артық көріпті, Гүлжазира тазшаны. «Менсінбеймін» дейді екен, Жетпістегі кəрі патшаны. Ақылың кəміл, ханзада, Күнаһар болып, қарашы, Сізді құлға сатқаны. Əмір етіп Бозайхан, Тазшаларды жидырды. Əмірімен шəһəрді, Уысына сыйдырды. Тазшаның тілі тигендер, Бірге келсін тазшамен, Кімді тілдеп күйдірді? Бір байбатша болмады, Тазшаларды мақтаған. Күнəсі жоқ болса да, Кедей – сорлы тазшаны, Байбатша қашан жақтаған. Тазшаларды дарға асты, Болмады ешкім ақтаған. Тазшаларды құлдыққа, Əр шəһəрден келгендер, Сұраса да сатпаған. Шағушының тілімен, Тазшаға патша өшікті. Тазшалар жүгін арқалап, Жамбыл Жабаев
Бой жасырып қалқалап, Патшадан қашып көшіпті. Қашып жүрген таз болса, Кез келген жерде шабарман, Олардың басын кесіпті. Басында қылтан шашы жоқ, Ішуіне асы жоқ, Жалаң аяқ, жалаң бас, Енеден туа жалаңаш, Бір тазшаны жетектеп, Əкелді дардың қасына. Жаны ашып, аяп халық тұр, Қарап үсті-басына. Тазша сонда сөйледі: – Өлетін жанда үш тілек, Тілегімді бер деді. Хан айтты: «қабыл тілегің, Тазшаға сөз беремін. Қояр екен не тілек, Тыңдап сөзін көрейін». – Бірінші менің тілегім: Жалынғанмен жан қалмас, Оны жақсы білемін. Зияным жоқ адамға, Күнімді көріп жүр едім. Тұрмын дардың қасында, Дар тұзағы мойнымда, Жастан көрген азабым, Шаш шықпады басыма. Қарата айтамын халыққа, Бұдан кейін тіріліп, Келмеспін қайтып жарыққа. Жендеттерің жан алғыш, Сөзіме тию салмасын. Тілім тисе біреуге, Жамбыл Жабаев
Басымды кесіп алмасын. Бітіргенше сөзімді, Мойныма тұзақ салмасын. Осы сізден тілегім, Бердім десең, хан тақсыр, Сөзімді мен бастайын, Арызымды айтып болғанша, Қорқып жəне саспайын. Екі айта алмай Бозайхан, Тазшаға ерік береді. – Əмірің жүріп, Бозайхан, Жорық жасап дүниені, Қара тұман шаң қылдың. Адамға жаның ашымай, Қырғындатып халықты, Жердің бетін қан қылдың. Рақымсыз, Бозайхан, Тазшаларда жазық жоқ, Жазық сенің өзіңде! Халыққа тиген зəбірің, Көрінбейді көзіңе. Құлағың сал, халайық, Тазшаның зарлы сөзіне! Ел шауып, ішкен қанына, Бұл, хан тақсыр, тоймады, Сорлы тазша қандарын Қоса ішуге ойлады. Ұқсамайды адамға Рақымсыздық мінезің. Айдатып мені алдырдың, Дар тұзағын салдырдың, Тазшаның ішіп қандарын, Сусыныңды қандырдың. Дүниенің жүзін шаң қылдың, Жердің бетін қан қылдың, Жамбыл Жабаев
Түгел билеп құрғақты, «Əмірім тұт» деп жар қылдың. Он екі əйел үстіне, Жазираны жар қылдың. Гүлжазира сондықтан, Хан болсаң да сүймейді. Жыртқыш деп сенен шошынып, Адам деп сені білмейді. Қайғы тартып қасіретпен, Езу тартып күлмейді. Бір залымның сөзі үшін, Жетім-жесір тазшаны, Қыруың, сірə, жөн бе еді?! Артыңда қалар балаң жоқ, Бізден де қу тақырсың. Өз мініңді көрмейтін, Хан болсаң да соқырсың! Ашуланып Бозайхан, «Сөйлетпеші тазшаны, Дарға жылдам тарт» деді. Жазираны келтір деп, Бір жендетін жіберді. Ханнан бұйрық алған соң, Тоқтамай жендет жөнелді. Басын жуып Жазира, Отыр еді таранып. Кіріп келді бір жендет, Жарыла жаздап алқынып. Жылдам келсін деп Жазира, Хан жарлық етті шақырып. Хан ашулы, Жазира – Бүгін тірі қалмайды, Сайрап тұрған бір тазша, Қайтсе де сені жалмайды. Жазықсыз болса тазшаның Жамбыл Жабаев
Басын, сірə, алмайды. Бозайхандай сұлтанды, Гүлжазира, сүймедің. Бір тазшаның тіліне, Енді, міне, күйгенің Қателесіп, Жазира-ау, Хан ашуын тербеттің. Өз теңің емес, қор болып, Тазшалармен бір кеттің. Жазира тұрып жендетке: – Келдің бе деді хабардар, Ханның еті етіме, Тікенектей қадалар. Байым деп қайтып жүремін, Алдамшыны жан алар? Келгелі зарлап жылаумен, Тартылды кеуіп тандырым. Өлмеген соң шыдаумен, Жылап мауқым қандырдым. Мен бір өскен балбырап, Бақшалы ағаш жемісі. Басында тұрсам салбырап, Жемек болған əр кісі. Аласа жерде мен тұрсам, Кімнің келмес жегісі. Хан емес, ол – қара тас, Сонымен бірге жатқанша, Етіме сірі батқанша, Жазираның əр қашан, Сол үшін келер өлгісі. Үлбіреген жібекті, Еріксіз көнге жапсырса, Көріне ме жарасып? Көнге қалай жабысқан, Демес пе еді адасып! Жамбыл Жабаев
Өлімді артық көремін, Соныменен санасып, Өксуменен өткенше. Шыбын жанды қинамай, Құтылайын дарға асып, Шал дертіне күйгенше. Қорлықпенен бүйтіп жүргенше, Қаным барып қосылсын, Тазшалардың қанына! Тазша да болса өз теңім, Жатсам, сірə, арман жоқ, Солардың барып жанына. Жазира келді қуанып, Құрған дардың қасына. Алды-артына қарамай, Тұзақты салды басына. Тазшамен бірге өлуге, Тұрғандай-ақ асыға. Күлбеттеніп Бозайхан, Қырындап теріс қарады. Гүлжазира өлімді Өзі сүйіп қалады. Бұйрығын күтіп Бозайдың, Жендеттері дайын тұр. Тартпақ үшін дараны, Жазираны қия алмай, Хан тоқталды шамалы. Жазираның үлбіреп, Бетінен нұры тамады. Сонда тұрды Жазира: – Хан, екі айтсаң қарасың, Жендеттерің жан алғыш, Тартпайды неге дарасын?! Сарайынан Бозайхан, Жақсы көріп мен тұрмын, Жамбыл Жабаев
Тазшалардың моласын. Дегенде хан «тарт» деді, Бармағын өзі шайнады. Қапаланып қан құсып, Бұл қалай, деп ойлады. Сымға тартқан күмістей, Сұлудың аппақ білегі. Баяулап барып тоқталды Жазираның жүрегі, Тұрса да дарда көз тартты, Сүмбідей түзу сүйегі. Жазираны көрген жан Жаны ашыды, қайысты. Талшыбықтай бұралып, Он саусағы майысты. Таңдап алған Жазира, Асылып кетті дараға. Жете алмады Бозайхан, Бір шыр еткен балаға. Сүйіп алған Жазира, Кездесті мұндай жалаға. Жақсы көрді Жазира, Ханнан құлдың өлігін. Өлерінде өтінді, Құлмен бірге көмуін. Жас құлдарды қалады, Жазираның жүрегі. Араласып бір кетті, Өңкей жастың сүйегі. Бозайхан күшті болса да, Бола алмады жас жанның, Қоспастай мəңгі тірегі. Дем алып, бірге таздармен, Орындалды осылай Жазираның тілегі. Жамбыл Жабаев
Сонымен екі жыл өтті, Жазира жатқан қабырға, Ағаш шығып жемісті, Мəуесі өсіп ер жетті. Жемісті көркем ағаштар, Құлдардың өніп басына. Кете алмайды барған жан, Тамашалап қасына. Ерекше шыққан екі ағаш, Еңкейіп келіп қабысқан, Біріне бірі асыла. Көрген адам таңырқап, Кереметін таниды. Бозайхан бұған тарылып, Өзінен өзі налиды. – Гүлжазира сұлуды, Тақылдақ тазша құшты ма, Бір перзент үшін тілегім, Əлде желге ұшты ма? Бəрінен де осының, Тағдыры, шіркін, күшті ме? Күндіз-түні ұйықтамай, Бозайхан сүйтіп зарлайды. Сүйегіне таңба боп, Баласыздық қалмайды. Қызығына дүниенің, Аударып көңіл салмайды. Өзіне-өзі өкініп, Көзінің жасы төгілді. Баласыз өттім қу бас боп, Қайтем деп тірлік өмірді. Ойлады өксіп егіліп, Арманда болып барады, Бір зұлымның тілімен, Жамбыл Жабаев
Жазықсыз қан төгіліп. Күндер өтті, түн өтті, Зарлаумен талай жыл өтті. Бозайханды жүдетті Бір перзенттің қайғысы. * Қойшысы ханның Қаракөз, Ұзақта қойын жаятын. Шалқар түстің шағында, Айдап барып салатын. Құл моланың бағына Бір ұйықтап демін алатын. Күн түс болса Қаракөз, Моланы келіп табады. Есіне түсіп жылайды, Тазша-құлдар баяғы. Өңкей қыршын жастарды, Қаракөз қатты аяды. Соларды ойлап тұрғанда, Етпеттей барып жығылды, Ортасынан үзілді, Таянып тұрған таяғы. Таяғы сынды Қаракөз, Ауыр қайғы зілінен. Жай ғана емес – осы сөз, Жылайтын ол шынымен, Арманда кеткен қыршын жас, Зұлым хандар қанға мас. Қарсылық етіп патшаның, Бетіне ешкім қарамас. «Құрай-құрай, көк серке, Қой ішінде сен ерке, Иен жерде мен ерке. Жақындасаң молаға, Басасың асыға сен неге? Жамбыл Жабаев
Ағаш өнген мəуелі, Құлдардың көз жасына. Тоқал ешкі маңырап, Еріп жүр сенің қасыңа. Маңыраған дауысы, Бұл молаға келгенде, Қалушы еді басыла. Аруақпен əлде бұл Емес пе екен ашына?!» Сол бір жерге келгенде, Қойлар жусап қалады. Көлеңкеде ұйықтап, Қаракөз демін алады. Өрістетіп шəһəрға, Қойын алып барады. Сол қалада тұратын, Қара тоқал ешкінің, Кемпір екен иесі. Қырық ұлы бар кемпірдің, Қырық ұлына қырық қасық, Еншіге сүт тиесі. Сауса сүт жоқ ешкіден, Қаракөзді қарғаумен, Кемпірдің қатты сілесі. Қырық баласы шулады, Қолына тимей үлесі. Ешкімді сауып ішіп жүр, Деп ойлайды сол кемпір, Қаракөздің кінəсі. Мұндай ұры қойшыны Ханға арыз етейін. Ызасы өтті ұрының, Түбіне сөйтіп жетейін. Хан сөзімді алмаса, Құлдың сөзін қолдаса, Жамбыл Жабаев
Бұл шəһəрден қаңғырып, Қырық ұлымды алып кетейін. Ашу қысқан сол кемпір, Ханға арыз етеді. Өзінен бұрын осы сөз, Ханға келіп жетеді. «Сөзімді тыңда, хан тақсыр, Қолымда қырық ұлым бар. Сол ұлдарды сақтауға Менің қанша пұлым бар? Қорек еткен ешкімді, Сауып ішіп қоятын, Қаракөз атты құлың бар». Кемпір сөйтіп зарлады, Қанды жас көзден парлады. «Қырық ұлым бар, малым жоқ, Басқа азық дəнім жоқ, Аш-жалаңаш мен сорлың, Сөйлеуге шама, əлім жоқ, «Əділетті Бозайхан», Сенен асқан хан бар ма? Шаһарыңды таныттың, Талай асқан хандарға. Қарамасаң қарама, Мендей кемпір, шалдарға. Тірі болса қырық балам, Сенің құлың емес пе? Бозайханның лəшкері, Есепсіз көп демес пе?! Ерегісіп соғыссаң, Жауды қолмен жеңесің. Қол көмегің жоқ болса, Жаудан қорлық көресің. Қырық құл көп пе, бір көп пе, Осыған тақсыр не дейсің? Жамбыл Жабаев
Ашулансаң Бозайхан, Дүниені бөгейсің. Сүтін ішіп ешкімнің, Қаракөз құл семірді. Кеселінен сол құлдың, Қысқартты қырық өмірді. Ұрлықты, тақсыр, баспасаң, Бұзылады халқыңыз. «Болыспайтын бұзыққа, Бар еді ғой салтыңыз», Қаракөзді дараға, Өлтіріңіз – тартыңыз!» Бозайхан сенді кемпірдің, Жылап айтқан сөзіне. Жендеттерін жіберді, Қаракөз құлды тоқтаусыз, Алып кел деп өзіме. Жендеттер құлды əкелді, Бұйрық алып ханынан: – Шыныңды айт, – деп қинады, Бұрау салып санынан. Кемпірдің тоқал ешкісін, Сен, Қаракөз, сауыпсың. Босқа жүрмей, Қаракөз, Сөйтіп олжа тауыпсың. Түзу жолдан бұрылып, Арамдыққа ауыпсың. Шыныңды қазір айтпасаң, Асыласың дараға. Тамақ таппай кемпір жүр, Үйінде қырық балаға. Қол-аяғы байлауда, Қаракөз жатыр зарланып; – Дүниеге қызығып, Көрмедім, тақсыр, алданып. Жамбыл Жабаев
Он сегіз жаста баламын, Бір кемпірдің тілімен, Нахақтан күйіп барамын. Осыдан мені босатсаң, Ешкіні сауған пендені, Қайтсем-дағы табамын. Бұйрық қылсаң, тақсыр-ау, Күнəсіз өліп қаламын. Құлақ салмай сөзіне, Шырқыратты баланы. Шырылдаған дауысы, Аспанды жарып барады. Құлақ салды жетімге, Даланың тағы аңдары, Жаңғырығып теңселді, Жер мен көктің заңғары. Қалдыр деп тірі зарлаған, Даусын естіп баланың, Қайғырды, өте қамықты Аң, құстары даланың. Жетімге сонша жаны ашып, Жетім киік жылады. Қара тасты жібітті, Көз жасының бұлағы. Жетім қалған анадан, Киіктің ол лағы. Қаракөздің тірлігін, Жетімдер түгел сұрады. Орман, тоғай аспанда, Жетім құстар шулады. Хан жарлығын қайырып, Қайыспады, алмады. Мейірі түсіп аналық, Сонда кемпір толғады: – Қаһар етпе, хан тақсыр, Жамбыл Жабаев
Мен де бағып отырмын, Қырық – əкесіз жетімді, Отын алдым тоғайдан Тоңбасын деп соларды. Боршаладым етімді, Жоқшылықтың зарынан, Тоздырдым сұрап бетімді. Зарын тартқан өмірдің, Жетім сөзі – өтімді. Қинау көріп сорлының, Көзінен ақты қанды жас. Болса өзімдей бұл сорлы, Боршаланған жалаңаш. Сауған шығар ешкімді, Болғаннан соң қарны аш. Бір ешкіге қараған, Бір үйде біз қырық бір бас. Азаптама баланы, Етіне салып жараны. Қайтты десең сөзінен, Алсаңыз тақсыр, міне бас, – Қаракөз-ау, Қаракөз, Мен де сенің шешейің. Жетімдік сенің хақыңа, Болса да күнəң кешейін. Зарлатпа, ханым, жетімді, Қайғы бір тескен көкейін. Сұрамайын сүтімді, Бүйтіп қинау салғанша, Қаңғырып аштан өтейін. Тілегімді бермесең, Көз жасымды көрмесең, Бозайхан, саған не дейін. «Қабыл болсын, кемпір-ау, Тағы да сенің тілегің. Жамбыл Жабаев
«Қаракөзді қина» деп, Өзің келіп тіледің. Жетімді жетім қимайды, Оны да мен білемін. Бұдан былай сен, кемпір, Арыз айтып келмейсің. Кімнен қорлық көрсең де, Алдымды менің көрмейсің», Қаракөзді сол кемпір, Құтқарды қайта өлімнен: – Ешкімнің сүтін ішетін, Кім болса да, тауып бер, – Сұраймын сенің өзіңнен. Кəрі жаным түршікті, Қарағым, айтқан сөзіңнен. Өксіп-өксіп жылады, Шешеге келіп Қаракөз: – Сүйегімді сындырды, Ұры деген сол бір сөз. Он сегіз жаста осындай, Бір жалаға болдым кез. Сенсеңіз маған, шеше-еке, Жастан бейнет көргенім. Əркімдерге жалданып, Жасымнан бақыт көрмедім. Бұдан былай ешкіңді, Көзімдей көріп бағайын. Сауған адам бар болса, Қайтсем-дағы табайын. Қолыма түссе ұрыңды, Алдыңа, шеше, салайын. Ханнан шеккен ызаны Сол ұрыдан алайын. – Ешкімді болсаң саумаған Жамбыл Жабаев
Ұрыны тап, жан балам. Тоқал ешкі болмаса, Тегене сүтке толмаса, Ашығамын, сандалам. Таңдайына ақ тимей, Шулап отыр бар балам. Өңкей жетім жылаулы, Бір қасық сүтке зар, балам. Ұрыны тапсаң сүйінші, Өзімнен келіп ал, балам. Əкетті қойын Қаракөз Ақсаңдай басып аяғын. Əзер қойға ереді, Ашынып зарлай береді Демеу қылып таяғын. Көз айырмай Қаракөз, Қара ешкіні бағады. Сол қара ешкі маңырап, Шөптің басын шалады. Молаға қашан жеткенше, Қойдың шығып алдына, Асыға басып барады. Қой молаға жеткенде, Қара ешкі қашты жүгіріп. Қуалады Қаракөз, Ақсаңдай басып сүрініп. Екі қайың айқасқан, Барады жақын молаға. Қарап тұр, бір жартастан, Көрден шыққан балаға. Табақтай болып көрінді, Екі көздің шарасы. Түп күйесі қазанның, Денесінің қарасы. Екі қарыс көрінді, Жамбыл Жабаев
Қас пен көздің арасы. Деп ойлауға болмайды Адамзаттың баласы. Киімі жоқ жалаңаш, Ешкіге келіп жабысты. Осындай бір керемет, Қара ешкімен табысты. Ешкіні еміп қақтады, Жөн сұрауға Қаракөз, Зəресі ұшты батпады. Қашпақшы болды қойды айдап, Күндегідей дем алып, Қаракөз құл жатпады. Айдап келді асығып, Қойды ерте қораға. – Белес белден асырып, Бардым деді молаға. Көрден шықты бір адам, Көргенді айтпай бола ма? Алғашында байқамай, Қарадым жай жүзіне. Танып қалдым есімнен, Көзім түсіп көзіне, Мың адам болса пар келмес, Сол баланың өзіне. Аман қалмас еш адам, Келсе егер кезіне. Кемпірдің тоқал ешкісі, Молаға барды маңырап. Дыбыс беріп басына, Болса керек тегінде Сол баламен ашына. Ұстамақ түгіл ұрының, Бармадым жақын қасына. Көрден шықты сол бала, Жамбыл Жабаев
Маңыраған ешкінің Даусы қалды басыла. Қойыңды, хан, бақпаймын, Енді саған қой бағып, Сірə де, олжа таппаймын. Бір байға барып жалданып, Жанымды ептеп сақтаймын. Дірілдеді шошынып, Қаракөз құл жылады: – Қой бағудан босат деп, Ханнан қатты сұрады. Хан да қатты ойлады, Қаракөзге сенбеді. Қой жаюға Қаракөз, Не берсе де көнбеді. Жаймағаным қой болсын. Деп боздады, еңіреді. Қаракөзді басында, Шығарды деп ойынан, Босатқысы келмеді. Болмаған соң зарланып, Тілегін патша береді. Сол баланы көрсем деп, Қаракөзден тіледі: – Мен бармаймын, хан тақсыр, Ол моланың жанына. Барсаң, тақсыр, көресің, Құл моланың бағына. Оған егер болмаса, Қойшың қойды апарсын. Өзі-ақ барар маңырап, Қара ешкіні болжасын. Бала шығар қабірден, Ешкі барса маңырап. Батыр болсаң барарсың, Жамбыл Жабаев
Сонда, ханым, əрірек. Білуімше ол мола Жазираның моласы. Дəу де болса ішінде, Кету керек баласы. Бірақ оны ұстауға, Ішкімнің келмес шамасы. Естігенде Бозайхан, Білмеді жылап, күлерін. Күрсінді, қатты өкінді, Қайғы басып жүрегін: «Артымда қалса бір бала, Деп ойлаушы ем тілегім. Молаға батып бара алмай, Ұстауға айла таба алмай, Батырларды шақырды, Дұрыс ақыл бере алмай. Уəзірлері шатылды, Шапқыншымен алдырды, Құлақасқа батырды. Қырық кісінің күші бар, Қысылған кезде əр қашан, Сол табатын ақылды: – Құлақасқа, батыр-ау, Қырық батырыңды жинашы. Бір хабар естіп отырмын, Ойға салып сынашы. Көзімен көрген Қаракөз, Өзің барып сұрашы! Жайын айтты Қаракөз, Айтатыны сол бір сөз: – Өлтіреді дейді ол, Қандай батыр болса кез. Күшке бала ұстатпас, Айласын тауып алмаса. Жамбыл Жабаев
Кім табар айла осыған, Хан да соны ойласа! Хан өзі асып өлтірген, Құлдардың сол моласы. Кек алуға жаралған, Болмасын құлдың баласы? Ол құл өсіп, ержетсе, Ханды келіп тебірентсе, Баруға болмас панасы. – Не сөйлейді, мына құл, Хан перзенті емес пе? Жазира болса анасы, Іште кетсе сол күнде, Кімнің бар оған таласы? Бұл сөзді хан естісе, Ажалдан бұрын өлесің, Адам болса ханзада, Оны ешкім құл демесін! Басың олжа өзіңе, Ойламай айтқан сөзіңе. Хан естісе бұл сөзді Көрінер жаның көзіңе. Есіңде бар ма, Қаракөз, Бір өлімнен қалғаның? Жетім деп аяп, жаны ашып, Кемпірдің сұрап алғанын. Құлақасқа батырың Қаракөзге қадалып, Осылайша ақырды. Хан сөзіне қараған, Бас пайдасын санаған, Шығарсам деп атымды. Ақылшысын шақырып, Толтырды хан сарайын. Ақсақалды, қарттарды, Жамбыл Жабаев
Қалдырмай көрші маңайын. Хан шашады жарлықты, «Түгел кел» – деп ағайын. Ат жетер жерден алдырып, Жарақтарын сайлады, Қылышты белге байлады. Өз көзімен керуге, Сол моланың басына, Қоймен барып келуге, Хан бір ақыл ойлады. Басқа адамдар бұл іске, Ақыл айта қоймады. Моласына құлдардың, Қаптатып қойды айдады. Қара ешкіні бақылап, Келе жатқан алдағы. Қой да жетті молаға, Қара ешкі жүр маңырап, Тыным таппай жаңағы. Бір мезгілде қабірден, Бір үлкен бас көрінді. Ханда зəре қалмады, Таса жерге шегінді. Ақырын байқап қараса, Жазираның қабыры. Бозайханның бойында, Қалмады ешбір сабыры. Еміп жатыр ешкіні, Алды-артына қарамай, Алыстан болжап хан тұрды, Келуге жақын жарамай. Талай ой келді басына, Бара алмады қасына. Мұндай сұмдық көрген жоқ, Жетпіске келген жасында. Жамбыл Жабаев
Қайтуға хан асықты, Ішін қайғы ашытты. Жазираның қайғысы Ханды сонда жасытты: – Асыл туған, Жазира-ай, Мұндайыңды білмедім, Мұндайыңды білгенде, Құрбан болып жолыңа, Өзім неге өлмедім?! Сапар шектің оқыстан, Қайғыңнан мен де күлмедім. Үш-төрт жылдан бері қарай, Осындай бір перзентті Маған сақтап жүр ме едің? Күңіреніп хан отыр, Жалғыз өзі далада. Неше жылдай зар тартқан, Құмар еді балаға. Неше жылдай зарланып, Баласыз өтті өмірі. Ұл ма, қыз ба сол перзент Анықтап соны білмекке, Ханның кетті көңілі. Ешкіні қақтап емген соң, Кетті кіріп молаға. Төбешікте хан отыр, Басқа адам жоқ молада. Айырған жоқ ұл, қызын, Қалдырыпты құмда ізін, Сезді ме əлде бала да?! Хан келді қайтып сарайға, Жиналған ел сарайда. Естіген адам қалмады, Осы тұста, маңайда. Халыққа хан зарлады, Жамбыл Жабаев
Тістеулі тұр бармағы. Гүлжазира сұлудың Оқыстан өліп қалғаны. Сонда іштегі бала екен, Келбеті сондай бар екен. Гүлжазира шын адал, Мені сүйген жар екен. Ұстауға сол баланы, Кім ақылын табады? Барғанынша аузының, Менен алтын алады. Ақылы іске аспаса, Жамандыққа бастаса, Басы алынып қалады. Міне, осындай жар салды, Сарайдағы халыққа. Халық түгел ұйлықты, Шыға алмады жарыққа. Тағы да неше қайталап, Халықтан хан өтінді. Оңай олжа таппасқа, Қан жамылып жатпасқа, Халық түгел бекінді. Кемпір шықты «табам» деп, Қара ешкінің иесі. Қазынаңды бөліп қой, Маған деген тиесі. Қырық бір адам қараған, Жалғыз ешкі малым бар, Қырық балам болмаса, Аяйтын қандай жаным бар? Ақысын төле, Бозайхан, Қара ешкінің сүтінің. Ендігі ұрым сен болдың, Жетті ғой енді күтуім. Жамбыл Жабаев
Сұрағанда жетімді, «Алдыма келме» деп едің, Мен болмасам, Бозайхан, Жетімді аяр сен бе едің? Қинау салып нахақтан, Сол үшін аяп еңіредім. Артық болса кешерсің, Қате айтсам, басым кесерсің, Перзент көріп, мінеки, Жанғалы тұр еңбегің. Сен бала үшін қайғырдың, Мен мал үшін қайғырдым. Жалғыз ешкі сүтінен, Ала жаздай айрылдым. Бозайхан сөзге тоқталды: – Сүт ақысын ал деді. Кілтшісін шақырып, Сарайға алып бар деді. Көтергенше алтын бер, Əкетсін кемпір арқалап. Одан артық сұраса, Сол жерде өлтір балталап. Кілтші ашты сарайды, Алтынды кемпір арқалап, Жан-жағына қарайды. Кемпірдің көзі тоймады, Алсам деп тағы ойлады. Кілтші ашып қойыпты, Қазына талай қойманы, Кілтші айтты: шешеке, Болмайды менің тарлығым. Қазынасы ханның көп. Көтерсең де барлығын. Орындауға балта алды, Ханның айтқан жарлығын. Жамбыл Жабаев
Сарайдан кемпір секірді, Аз алдым деп өкінді. Арқалап алтын əкетті, Асырауға жетер деп, Үйдегі қырық жетімді. Алтыны көп бай кемпір, Қайта келді сарайға. Азық алды жетерлік, Жетімдерге талайға. Кемпір айтты сол кезде: Қазір осы сарайға, Шеберлерді жинасын. Неше түрлі ойыншық, Жасасын олар тынбасын. Сол ойыншық жасалып, Екі түрге бөлінсін. Бір бөлегі қуыршақ, Асық, сақа, ат тұрман. Екінші жақтан көрінсін, Өте шебер жасалсын Ойыншықтар қызықты. Қызыл-жасыл көз тартсын, Оюлы жəне сызықты. Болсын көзді тартатын, Ойнағанда баланың, Құмары тасып артатын. Көрген бала айрылмай, Жабысып ұстап жататын. Хан əмірі бойынша, Ойыншық жатыр жасалып. Қуанышқа батқан хан, Нұрланады жасарып. Ойыншық-арба, шаналар, Бітіп те қалды қашалып. Неше түрлі тамаша, Жамбыл Жабаев
Бояулы өрнек сызықты. Ойыншықты көргендер, Құмарланып қызықты. Осыларды апарып, Қойдырды кемпір молаға. Неше түрлі ойыншық, Шықса бала далаға. Əуелі келіп сол бала, Жүрді біраз таңданып. Қуыршақты көрген жоқ, Ойнамақ түгіл қолға алып. Арба менен шананы, Олай-бұлай сүйретті. Үстіне мінді қызықтап, Бəрін түгел күйретті. Алды қамшы қолына, Сезіктеніп қарады, Оңы менен солына. Ерге қарғып мінеді, Екі жақтап қамшылап, Ілгері ептеп жүреді, Əбден ойнап болған соң, Қуыршақтан басқасын Бір жерге əкеп үйеді. Баланың еркек екенін, Сонда көріп біледі. Ханға кемпір бара сап, Балаларды жидырды. Өңкей еркек балаға, Бір келкі киім кидірді, Талдан ат мініп астына, Шашақ басын қамшының, Балалар ұстап үйірді. Балаларды қырық-қырықтан, Екі жаққа бөледі. Жамбыл Жабаев
Майдан ашқан баланы, Көрден бала көреді. Жақын келмей алыстан, Біраз байқап жүреді. Қызып кетіп майданға, Балаларды өмір көрмеген, Жалаңаш бала кіреді. Ойнап жүрген балалар, Мұны көріп сасады. Сасқанының белгісі, Быт-шыт болып қашады. Қолға түскен баланы, Асықтай қағып лақтырып, Үстінен таптап басады. Сол майданның тұсында, Шыққан жолын баланың, Батырлар барып алады. Қалың қолды көргенде, Састы бала шамалы. Құлақасқа аңдып тұр, Бала шыққан тесікті. Батырларды қиратып, Ызаланып өшікті. Қырық кісілік күші бар, Құлақасқа батырды Жауырынан ұстап ап, Бұрқ еткізіп лақтырды. Құлақасқа қорланды, Ие болмай балаға. Жолын тосқан батырлар, Кездесіпті жараға. Көрге кірді кідірмей, Ұстатпай, қылған шараға. Іске аспады сонымен, Кемпірдің тапқан шарасы. Жамбыл Жабаев
Қапаланып хан жатты, Қолына тимей баласы. Құса болып Бозайхан, Дұшпандарға болдым деп, Шыныменен табасы. Бозайханның шəһəрі, Неше күндей жиылды. Ұстай алмай қырық күндей, Істің арты сұйылды. Қырық бірінші күндерде, «Дарға ас» – деп кемпірді, Бозайхан сонда бұйырды. Кемпір тұрып «дəт» деді, Дəтіңді хан «айт» деді. – Үйде жатыр қырық ұлым, Сарайыңа келмеген. Қырық ұлым бірдей қапада, Сейіл құрып көрмеген. Қырық баланың ішінде, Жан шақ келмес күшіне, Ерекше туған бала еді. Сыртқа шықса балаңды, Сол ұлым ұстап береді. Бір күні үйде ұрыс боп, Дардана атты сол балам, Бар баламды бөгеді. Дайында темір-сауытты, Сенің де балаң қауіпті. Осыдан шара болмаса, Алсаңыз, тақсыр, міне, бас, Байқасып көрсін екі жас. Балаң келсе қолыңа, Қызығына батарсың. Күшімен балам тоқтатса, Балаңды алып қайтарсың. Жамбыл Жабаев
Қолымнан бұл іс келмесе, Балаңды ұстап бермесе, Үкімді сонда айтарсың. Темір-сауыт алдырды, Киді соны Дардана. Екі жаққа қырық-қырықтан, Жиылды тағы бар бала. Қызды майдан ашылып, Шаң-топырақ шашылып, Бала көріп бұларды, Көрден шыға жүгірді, Құр қалғандай асығып. Қашты тағы бар бала, Жалғыз қалды Дардана. Көрден шыққан сол бала, Жүгірді біраз айнала. Дарданаға түйілді, Ұстап алып үйірді, Дарданаға сене алмай, Хан қапа боп күйінді. Үйірген жердің бұрқырап, Топырағы үйрілді. Даланы тұман-шаң басты, Бала мен жігіт айқасты. Бірін-бірі ала алмай, Күні бойы шайқасты. Қара тер бойдан төгілді, Басқан жер бордай үгілді. Дардананың үстінде, Темір-сауыт сөгілді. Қолынан ұстап Дардана, Көр баласын үйірді. Екі аяғы аспандап, Басы төмен шүйілді. Дардананың қабағы, Жамбыл Жабаев
Жауатын күндей түйілді. Көр баласы меңдеді, Дардана оны дендеді. Намазшамның алдында, Көр баласын Дардана, Астына басып меңгерді. Жиырмадағы жігітпен, Көрден шыққан сол бала, Бес жасында тең келді. Масқаралап талайды, Көр баласы дендеген, Қырық батыр, Құлақасқаны, Шыбын құрлы көрмеген. Көр баласын ұстады, Жігіт еді Дардана Анық батыр нұсқалы. Көр баласын ұстап ап, Қайғылы хан қуанды. Сазарып қарап, бала тұр, Қабағы қайсар шыдамды. Топырақтың түріндей, Белгілі түс жоқ етінде, Қуаныш, қайғы ізіндей, Құбылыс жоқ бетінде, Моланың ол тағысы – Ашулы бейне арыстан. Ұстатпауға адамға, Сол үшін ол алысқан. Тырнағының көбесі Басын бүркеп саусақтың, Қайрылып қайта жабысқан. Терісіндей түйенің, Қышырлы еті, қара күс. Еті қатты темірдей, Ұқсамайды басқа түс, Жамбыл Жабаев
Қаралығы көмірдей. Жабағыдай ұйысқан, Бетін шашы жауып тұр. Қол аяғы босанса, Өңінде, үлкен қауіп тұр. Ойында бар босанса, Əлі де елге шабатын. Дауысымен шыңғырған, Адамның есін алатын. Басы үлкен табақтай, Екі жағы садақтай. Қуанышты Бозайхан Алып келді сарайға, Алды-артына қаратпай. Не қисайып жатпайды, Тамақ берсе татпайды. Сөз сұрасаң адамша, Ешкімге тіл қатпайды. Той-тамаша жасалып, Шəһəр түгел жиналды. Қазынасын хан ашты, Келген адам еркімен, Осы тойда сыйланды. Отыз күн ойын жасады, Қырық күн тойын жасады. Тамаша болды жетпіс күн, Ат шаптырды алпыс күн. Халықта түгел маза жоқ, Думан жасап күндіз-түн. Бала киім кимейді, Тамақты жөндеп ішпейді. Бұл сияқты өмірді, Əлде бала сүймейді? Киім берсе үстіне, Тастайды жыртып айырып. Жамбыл Жабаев
Үстіңе киім ки десе, Жауап қатпас қайырып. Үстіне киім кигенше, Сөйлеп, тілге келгенше, Қыз-келіншекті жидырып, Қасына қойды Бозайхан, Киімге бала көнгенше Үйірлеспей адамға, Мінезі болды өзгеше. Жиналды халық сарайға, Қойғалы атын баланың. Əртүрлі ат əркім ойланды, Келгенінше шаманың. Түрегелді сөз сөйлеп, Ақсақалды сары түсті Тоқсанға келген кəрі шал. – Туған шығар бұл ұлы, Бозайханның бағына, Мирасқор болар тағына. Шыққан жері баланың Құлдың көрі емес пе? Ақылы жетпес кей адам, Құлдан туды демес пе? Басымды алар, хан тақсыр, Ашуланса бұл іске. Баланың көрден шыққаны, Не демес ханның дұшпаны? Бала ханның баласы, Гүлжазира анасы, Дүниенің жүзін билейтін, Батыр болар шамасы. Ал жиналған, халайық, Баланы сынға салайық. Көрұғылы деп ат қойсам, Болар ма екен ылайық? Жамбыл Жабаев
Қарттың қойған бұл аты, Ел көңіліне ұнады. Бозайхан аз жақтырмай, Ел қабағын сынады. Халықтың бейім атына, Хан да тоқтап тұрады. Аты болды Көрұғылы – Көрден шыққан баланың. Бəріне түгел жайылды, Хан билеген қаланың. Көрұғылы отыр жалаңаш – Үстіне киім кимеді. Қызыққа да қарамас – Дырдуды тағы сүймеді, Сөйлеспейді тіл қатып, Адамдармен үйдегі. Көрұғылыны Бозайхан, Жиі көріп тұрады. Хан келгенде сескеніп, Аздап көңіл бұрады. Бейімделген мінезі, Ханға ептеп ұнады. Бірнеше айдай жалаңаш, Көрұғылы бала шыдады. Жиылған көп қыздар да, «Ханның ұлы жалаңаш», Деп келеке қылады. Бірте-бірте Көрұғылы Келекені сезеді. Ойламайды моланы, Бетін елге түзеді. Сол халыққа үйреніп, Моладан күдер үзеді. Үстіне киім киеді, Дəмді тамақ бар болса, Жамбыл Жабаев
Ептеп жеуді сүйеді. Өзі таңдап кисін деп, Көрұғылының алдына – Киім, тамақ үйеді. Сүйте-сүйте Көрұғылы, Қайырым тілге келеді. Сұраған сөзге кей кезде, Сирек жауап береді. Көрұғылының қасынан Кетпейді аңдып Дардана. Жеті жасқа жеткенше, Бойына əдеп біткенше, Ел ішінде қайратты, Қасында болды бозбала. Сөйлеуге тіл келеді, Батырлар бар қасында. Сарайға шығып жүреді, Ерігіп біреу ұстаса, Ымдап біреу нұсқаса, Ашуланып төнеді. Сілтеуінен қалмайды, Талай адам өледі. Өле-өле батырлар, Күн санап кеми береді. Осы жайды айтуға, Бозайханның өзіне, Құлақасқа кіреді. Жайын естіп Бозайхан, Жарлық берді «байла» деп, Елді талқан қылмасын, Байқап соны, ойла деп, Ұстамақ болды батырлар. Көрұғылы салды ойранды. Быт-шыт қылып қиратып, Ашты қатты майданды. Жамбыл Жабаев
Болмаған соң айырды, Көрұғылыдай батырды. Үш жылда барып қосылды, Адамдарға ақылды!... Жамбыл Жабаев
ҚЫЗ ЖІБЕК (қазақша нұсқасы) Орта бойлы, қолаң шаш, Қазақтан өткен қыз Жібек. Қырғи мүше, қыпша бел Қырғыздан өткен Айшөрек. Халық ішінде айтылып, Халыққа болсын бұл ермек. Тамақ керек əркімге, Бір тоқтыны соялы. Қыз Жібектен сөз қозғап, Қызығына тоялы. Ай нұрындай Жібекті, Айтпай қойсақ бола ма?!.. Айтпаса сырды жиналған Кетпесін іштен жоғалып. Өткен Жібек сұлуды Ескеріп, қозғап қоялық. Жаралып өмір бір келмек, Өзекті жан бір өлмек. Əлем қайыра жаңарып, Елде болсын бұл ермек. Ендігі сөздің қысқасы – Арманда болып өтіскен Төлеген менен Қыз Жібек. Армансыз өмір болмайды, Жалыны оттай қыз сүймек. Қазақ жерінде, Жағалбайлы елінде байлығы асқан Базар бай атты қадірлі кісі болған екен. Базарбайдың екі ұлы Жамбыл Жабаев
болады. Үлкені – Төлеген, кішісі Сансызбай, екеуі тең, ержүрек батыр ұлдар болады. Үлкені Төлеген ер жетіп, он сегіз жас шамасына келгенде, атасы Базарбай ұлы Төлегенге əйел алып бермекші болып, талай жерден қыз көрсетеді. Бірақ Төлегенге ешқайсысы да ұнамайды. Базарбай ұлына қапа болып, «Өзі жақтырғанын алсын», – деп тоқтайды. Төлеген өзі де қыдырып, қыз іздемей жүре береді. Күндердің бірінде Базарбайдың үйіне бір қарт саудагер қонады. Аты – Наурызбай. Қырағы Наурызбай Базарбаймен сөйлесіп отырып, Базарбайдың байлығына разы болып, Төлеген сынына толып, былай дейді: «Е, Базарбай, ұлыңа келіншек алып берген бе едің?». – Жоқ, – дейді Базарбай. – Енді елімізден қыз жақпаса, не істейміз, өзі білсін. Сонда Наурызбай: – Олай болса, Төлеген мырзаңызды маған қосып беріңіз. Біздің еліміздің қыздары сұлу болып келеді. Жақтырған қызын алып береміз, – дейді. Базарбай ойланып: – Е, ұлым, бұл атаңның сөзін ұқтың ба? Енді өз еліңнен қыз жақтырмай қойдың. Атаңменен қоса барып, қыз таңдап көр, – дейді. Төлеген айтты: – Ата, бар десеңіз, барып келейін. – Солай болса, жақсы болады, – деп Базарбай Наурызбайды қонақ қылып, бір ат мінгізіп, достасып, Төлегенге батасын беріп, қыруар ақша беріп, Төлегенді Наурызбайға қосып жібереді. Сөйтіп, бұл екеуі Ақ Жайық ауылына келеді. Төлеген Наурызбайға айтады: «Біз түтін басына қыдырып, дуанаша жүргеніміз ұят болады ғой. Олай етпейік. Сіз мақұл көрсеңіз, жар салалық. Қызы жақса да, жақпаса да, бір жорғадан берелік». Наурызбай күліп: – Ойбой, Төлеген мырзам, қызы жақпаса да бере беріп, бекер шығынданамыз ба? – дейді. Төлеген айтты: – Жомарттың жолы ашық деген, ештеңе етпес. Жамбыл Жабаев
– Олай болса, мейліңіз, – деп, ел ішіне жар салды. Естігендер қыздарын алып келіп, мейлі жақсын-жақпасын, Төлегеннен бір-бір жорға алып кетіп жатты. Сол елдің төресі Сырлыбай еді. Оның уəзірі Қаршыға сөзге шешен адам екен. Төлегеннің жайын естіп, атына қамшы басып, ентігіп жетіп келеді. Сол жерде тұрған кісілер Төлегенді Қаршығадан жасырып айтпайды. Төлеген бір үйде отырған. Қаршығаның үнін естіп, «Бұл ел неге жасырып айтпай жатыр?», – деп, өзі шығады. Сонда Қаршығаның амандасып, айтып тұрған жері: – Ассаламуалейкүм, Төлен балам, Даңқыңды жұрттан естіп келдім саған. Жасырмай сырың болса, маған айтқын, Жаныңды тындырады Қаршыға ағаң. – Алейкүмассалам, Қаршыға ағам, Келіпсіз ат сабылтып арнайы маған. Жұмысың менде болса, айта бергін, Көңіл сізде, сөйлей бер, құлақ салам. Қаршыға ойланып: «Оңаша сөйлеспесем болмас», – деп, атынан түсіп, Төлегенге қолын беріп, мұнысына баға беріп: – Мырзам, сізбен оңаша сөйлесемін, – деп үйге кіріп, төрге отырады. Сонда Қаршыға Төлегеннің арғы-бергі ата-тегін жəне не шаруамен жүргенін сұрап білді. – Олай болса, қарағым, сөзіме құлақ сал. Біздің еліміздің басшысы Сырлыбай деген болады. Оның айдай сұлу бір қызы бар. Аты – Жібек. Сол өзіңізге лайық келеді, – дейді. Төлеген айтты: – Оның дидарын қалай барып көреміз? Жамбыл Жабаев
Сонда Қаршыға: – Көрімдігі бола ма? – дейді. Төлеген: – Болады. Бір жорға аласыз. Қаршыға: – Жоқ, қарағым, алыстан ат сабылтып келген мені басқалардай көрмеңіз. Маған екі жорға лайық қой, қарағым. Егер қыз көңіліңізге жақпаса, жорғаңызды алмаймын, – деді. Төлеген күліп, Қаршығаның сөзіне ұйып, екі жорға берді. Сонымен сөздері бітіп, Ақ Жайыққа аттанды. Базарбайдың Төлеген Батыр сынды секілді, Қаршығаға ілесіп Атқа қылды өкімді. Сөзге шешен Қаршыға Аялдамай жүргізді. Көрсетпекке Жібекті Ауылға жетіп келісті. Келсе, елі жайлауға көшіп кеткен екен. Қаршыға Төлегенге: «Бұл ел көшіп кеткен екен ғой. Енді Жібекті көш үстінен көрсетейін», – деп, Төлегенменен мақұлдасып, жөнеп берді. Жанын салып Қаршыға, Қамшы ұрып атқа асыға, Бір көшке жетіп келеді. Көш соңынан қараса, Бір қыз кетіп барады. Шытырма көйлек етінде, Нұр сəулеті бетінде, Бұралып кетіп барады. Қаршыға қызды көреді, Жібек емес болған соң, Одан өтіп жөнеді. Бір көшке жетіп келеді, Жамбыл Жабаев
Көш алдынан қараса, Бір қыз кетіп барады. Таң мезгілі болғандай, Шолпандай жарық жұлдызы, Пейіштен шығып келмесе, Адамзаттың бір қызы. Осы ма деп Төлеген Жетіп келді қасына, Соңынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, Одан ары өтеді, Қаршығаменен ілесіп, Көңілі біраз түзелді, Бір көрмекке Жібекті Төлеген мырза кезенді. Қаршыға менен Төлеген Жағалай салды өзенді, Тағы бір көшке жетеді, Көш алдынан қараса, Бір қыз шықты сəулетпен. Отыз түйе жетелеп, Сары майдай еріген, Тай-құнандай керілген. Мұрындығы сары жез, Бұйдасын ескен жібектен, Толған айдай толықсып, Ақ маралдай бұлықсып, Бұралып кетіп барады. Мұны көріп Төлеген, Атының басын бұрады. Осы ма деп Төлеген, Қаршығадан сұрады. Қаршыға жетіп келеді, Бұл да Жібек емес деп, Жамбыл Жабаев
Əзіл айтып күледі. Одан өтіп Төлеген, Атқа қамшы басады. Тұлпар туған көк жорға ат Аузынан көбік шашады. Алдындағы белестен Орғып келіп асады. Белестен асып жөнеді, Ойға түсіп желеді, Бір көшке жетіп келеді. Көш астынан қараса, Бір қыз кетіп барады, Он қызы бар қасында, Он төрт, он бес жасында, Ақ маңдайы жарқырап, Танадай көзі жарқылдап, Алтын нұры басында; Қырық нарға жүгін арттырған, Жібектен арқан тарттырған. Осы екен деп Төлеген, Жетіп келді қасына. Артынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, Одан да өтті Төлеген. Тау басында қарағай, Төлегеннің мінезі Болып кетті баладай. Осындай болып бұл жерден, Он бірі өтті сəулетпен, Бірі де қалды жарамай. Тағы айқасты бір көшке, Бір қыз кетіп барады, Орта бойлы жеңеше Алтын сырға жалтылдап. Жамбыл Жабаев
Қыз сипатын қарасаң, Бұрынғы қыздан өзгеше, Алтын шыны кеседей, Екі көздің шарасы. Кешке жанған шамшырақ – Көзінің гауһар қарасы, Ай нұрының баласы. Туған айдай иілген, Көз жауын алған сымбаты. Сымға тартқан күмістей, Бес саусақтың саласы. Сондай сұлу болмас-ты Адамзаттың баласы. Осы екен деп Төлеген Жетіп келді қасына. Соңынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, Одан да өтіп жөнелді. Жаңа бір көшке жетеді. Көш алдынан қараса, Бір қыз кетіп барады. Қара жорға мінгені, Қара торқа кигені, Екі көзі сүрмелі, Бұл сияқты перизат Қыз іздеген Төлеген, Жоқ еді мұндай көргені. Сексен түйе қомдаған, Сексен түйе үстінде, Қазына қалы кілем бар, Жібектен гүлін торлаған. Қыз сипатын қарасаң, Ақ бетінде кіршік жоқ, Айдын көлдің қуындай, Жамбыл Жабаев
Екі көзі жалтылдап, Алтын-күміс буындай. Сөйлеген сөзі биязы, Қызығып көпке ұққандай. Осы екен деп Төлеген, Жетіп бір келді қасына, Соңынан келіп Қаршыға Жібек емес деген соң, Одан да өтіп жөнеді. Базарбайдың Төлеген Атқа қамшы салады. Тұлпар туған көк жорға ат, Көзі оттай жанады, Сымға тартқан күмістей, Сүмбідей болып жарады. Тағы айқасты бір көшке, Жетіп келіп қарады. Көш алдынан қараса, Бір қыз кетіп барады. Бір бəйбіше нұр жүзді, Көшті тартып барады. Көш үстінде бəйбіше, Келіскен дүние барлығы. Екі жүз дүние қазына, Қызыл алтын сандығы, Жазығы əйел болмаса, Қартайса да жайдары, Айдың өткен нешесі; Ай қараңғы кешесі, Ертесіменен кешінде Ерте кеугім бесінде, Зорға жеткен сықылды, Қыз Жібектің көшіне. Есебі жоқ дүниені, Жамбыл Жабаев
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру