Кедей
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздікті, кедейлердің мұң-зарын ашына жырлаған әйгілі поэмасы.
Все, что существует в мире,
есть результат, известных действий,
условий и среды. Человек может творить
от животных. На этом основано все,
что изобретено человеческим умом.
может быть, пожалуй, ясна.
ҚЫЗМЕТІ ҺӘМ АЯНЫШ XAЛІ
І
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.
Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.
Туғаннан, міне, шықтым талай жасқа.
Бір жағынан қышытып, биттер буып.
Жөргекке оралғанда іштен туып.
Көбінесе сондықтан да жүрмін азып.
Тумай жатып қылып ем қанша жазық?!
Жұрт айтады: "Еңбек қып, ерінбесең,
Маңдай термен ас тауып адал жесең.
Ол сені алдап, арбап, кетсе де есең.
Көп өмір өтпеді ме бұған нанып?
Ес біле басталғаннан бері қарай
Бір күн тыныш жаттым ба ұйқым қанып?
Ойға кіріп, шықпайтын сор менен бақ.
Торғай көздеп, шиді иіп, жасайтын жақ.
Балалықтың жанына ойын азық.
Қашан мен ойнап едім бойым жазып?
"Патшағар, неге тілді алмайсың деп,
Еркелейтін сен неме қандайсың" - деп.
Жылдамырақ қозыға бармайсың деп.
Ойнатып, уатпап па ем байдың ұлын?
Сүйретіп, арбасының аты болдым,
Бір аяқ ас еді ғой сондық құным.
Қыңқылдап, иығынан түрттім жылап.
Мен үшін зекуіне шеше шыдап.
Көрсе егер, маған ұрыса береді", - деп.
"Аяқты бер, әнекей келеді", - деп.
Мұршам аз ой ойлауға онан әрмен.
Жетпедім бұл ниетке көңілге алған.
Не еңбек сіңірмедім малы барға?
Бетті үсікпен шірітуге көнбедім бе,
Малын қорғап қалам деп аяздарда?
Боранмен жердің үсті көмілгенде.
Мұрның ғана көзіңе көрінгенде.
Үйде отыру болды ма, жаным, менде?
Илікпей су киімдер қатқанында,
Денеме ызғары кеп батқанында.
Ұйықтатты ма аяғым жатқанымда?
Келгенде шаршап, тоңып, малын қарап,
Бай үйінен жедім бе тоя тамақ?
Ол жетпесе, отырар "ит, шошқалап!"
Киім берсе, береді жыртылғанын,
Кір, сасығын, жең, жаға қырқылғанын.
Жақсы еді "алмадым" деп құр тұрғаным.
Малына құдық қазған, қауға тартқан?
Балшық илеп, қорасын, үйін салып,
Ағаш түсіріп, төбесін оның жапқан?
"Кене жер " деп, қой қырықпай тастадым ба?
Жүк артып, көшіретін мен емес пе?
Не айтса, аяқты ұшынан баспадым ба?
Күндіз бағып, айырған түнде жаудан?
Ac пісірген, үй жылытқан мен емес пе,
Тезек теріп, отын ап анау таудан?
Үйретуге қинамап па еді менің жаным?
Күн көріске қай жұмыс керек болса,
Терлемеп пе ем мен істеп соның бәрін?
Шаршап, тәтті ұйқыға кіргенімде,
Көзді тырнап, күн шықпай, қой өргіздім,
Ауыз кебер шілденің күндерінде.
Шірігін жумап па едім дәрі жағып.
Иығыма мойынағаш, шелек салып.
Қыс жылқы бақпап па едім қарға малынып?
Жылқымен бірге ықпап па ем үскірікте,
Үсігем, ашығам деп, тұрдым ба аңырып?
Киім жоқ, күзгі суық дірілдетіп.
Бай жатыр ақ үйінде пыр-пыр етіп.
ҚАЛАДАҒЫ ЖЕБІРЛЕР
ІІ
Қаланың да дәм-тұзын ішпедім бе?
Тірі көрге түскендей жер астының,
Кендерін шығарғалы түспедім бе?
Көрден тұрған кісідей өңім болып,
Пұшпағымнан талай тер ақпап па еді,
Өнебойым қап-қара көмір болып?
Сүйелдер шықпап па еді біздің қолға?
Күніне 14 сағат жұмыс қылып,
Тамақтан қанша артылды ақым сонда?
Әкімдер алым алмай жатқаны ма?
Кәрі әкем қысқаннан соң ақша таппай,
Кеп түскем саудагердің қақпанына.
Борышсыз тұра алып па ең үн мен шайға?
Бір теңгесін он теңге қылып алар,
Саудагер беріп пе еді оны жайға?
Іштегі бұзауды ал деп, таптым айла:
Кедейдің бейшаралық халін аңдып,
Қылмай ма малы барлар сонша пайда?!
"Өгіз бер, не тегін жүр" демей ме олар?
Жыл сайын сондай борыш басын байлап,
Кедейлер сен секілді қайдан оңар?
Алғам жоқ па жоқтықтың зары өткенде?
"Қарға адым жер мұң болған" кездерді аңдып
Албастыдай баспай ма әл кеткенде?
ҮМІТСІЗДІК
ІІІ
Олардың да өкпесін есік тескен,
Мен істеген жұмысты олар да істеп,
Мұқтаждықтан құтыла алмай, күні кешкен.
Оларда да жасынан дамыл бар ма?
Өмір бойы өгіздей жегіліп жүр,
Не себепті бермейді оларға алла?
Қойайдарлар, Ысқақтар, Бейсембайлар,
Сондай-ақ болар ауыр адал қызмет,
Әлі күнге жоқтықпен соры қайнар.
Кірде туып, өседі кір ішінде.
Не пайда бүйтіп өмір сүрісінде?
Бір күні басы ауырса, күні қаран,
Қартайса: бала жоқ боп, онан жаман.
Ауырмай қалай шыдар бұған адам?
Қырау, сасық, бу, түтін қыстайғы орны,
Ауырса сонда жатып, қандай болды?
Қап салып, тіленбей ме ехе сорлы?
Кеше шал келмеді ме қайыр сұрап,
Белі аспанда, көзі ірің, мүкіс құлақ:
Түгі жоқ, киімнің бәрі құрақ.
Тән көрініп, жыртықтан дір-дір етіп,
Бай оған теріс қарап, ұрыспады ма,
"Неге тірі қойды деп, тентіретіп?"
Сондықтан, қайыр тілеп, ақтайды ел.
Қар астында қалады соққанда жел.
Тас құласа қалады үстін басып.
Үміттер жоғалмай ма, көңіл жасып?
Менің - дағы тағдырым осылай ғой,
Қанша еңбек қылғаныммен жанталасып.
Өмір бойы көрмеген қарны ашып.
Жүретін сән - сауыққа ақша шашып.
ӨЗІН МЫРЗАЛАРМЕН САЛЫСТЫРУ
ІV
Құрдасым емес пе еді бір күн туған?
Мен туғанда, табылмай қара сабын,
Ол туғанда, иіс сабын тәнін жуған.
"Қой сат" деп, әкем шапты көрші байға?
"Тары бізге жүрерсің, не болмаса..."
Деді оран, қой бере ме байлар жайға.
Ауыл тұрсын, бір тайпы елі тойған.
Ат мінді молда - дағы атын қойған.
Құтты болсын айтысты жас пен кәрі.
Ол туды деп қуанды елдің бәрі.
Солай деп, келгендер көп, тарту тарта.
Әдейі іздеп, беруге оған бата.
Тілектес жанның бәрі ер жетуге.
Шешемді байға ұрысқызып, жерлетуге.
Тойға сойған үйінің жылқы, қойы.
Еңбек қып, кедей таппас өмір бойы.
Маңайыма жолай ма жалғыз адам?
Бай "ақымды берсін" деп, сөз салдырды,
Ауруыңнан соның сол сөзі жаман.
Тоқым төсеп, сүйедім ерге басым.
Жөнеледі көзінен төгіп жасын.
Қамыққансып, қайғырып, жыламаған?
Әке жоқ, қожа-молда, дәрігер жиып,
Қандай шығыны болса да шыдамаған.
Сау қалған кедей бар ма ол күлгеннен?
Тамаққа ыдыс, басқаға масыл болып,
Уақыты артылды ма бос жүргеннен.
(Балада жоқ, ойыннан басқаны ойлау.)
Тіл шыққан соң үй ішін һәм көршісін,
Ата, енеден жіберіп, түгін қоймау.
Соқыр теке ақ сүйек, шапқыласып.
Ойнамай жүрмеп пе едік онан қашып.
Шағыстырып, үйіне жылaп барып,
Шешесі шешемізге "тый" деп, жекіріп,
Қоймап па еді бірқатар бүлік салып.
Ол жылап, алмайтұғын қамшы бар ма?
Кедей келсе, атына мініп алып,
Боқтамап па еді ол атын сұрағанда?!
"Сақалды ит, етігім тарт, бермен кел"! деп.
Жылату болмап па еді оған ермек?
Жігіт күнгі өмірі насыбай ату,
Қымыз ішіп қызарып үйде жату.
Анда-санда домбыра тыңқылдату.
Қоян қуу, тазыны жетектету.
Кедейді шолағымен тепектету.
Ол қоянды қуғанда талай шаттан.
Ыстықта аузы кеуіп, шаршап жатқан.
"Құдық аршы, әне тұр жылқы жеріп".
"Ендігәрі көрші, - деп, қымыз беріп..."
Көршінің қыз, келінінде дамыл бар ма?
Олар сөз айта алды ма малы барға?!
Қатыны жас, қартаңдау малшыларға?!
Түре келсе бір кедей кебіс салар,
Есік ашар бір кедей құман алар.
Білмеймін: өзіне-өзі неге жарар?
Бірді - бірге қайрап сап, шағыстырар,
Татуларды араз қып, шабыстырар;
Ортасынан бақ-дәулет қағыстырар.
Қанша сұрап алса да көңілі тоймас.
Олар келсе, сырғытар өзі соймас.
Қалаға дамыл таппай, шапқыласар.
Шығынды елге жаяр, татуласар.
ҚОРЫТЫНДЫ
V
Етігін де шешкен соң біреу тартып?
Құдайға не жазып ем тумай тұрып,
Туғаннан мені жоқ қып, оны жарытып?
Құр тәнімді қабірге көмгеннен соң,
Бұл күнгі ауыр бейнет, қайғыларды,
Ұмытам ба хор қызын көргеннен соң?
Сонда ғана жақсы асқа аузым тиіп.
Сонда ғана үйірлеп сұлу сүйіп.
Сонда ғана жұмыстан демімді алып,
Рақатты ұжмақтан көрермін бе?
Тамаққа, киімге де сонда жарып?
Сонда ғана іс қылмай байға жалынып,
Сонда ғана көн қолым жазылар ма,
Һәм табаным қанаған мынау жарылып?
Сонда ғана байлармен қатар жүріп.
Қорлауынан олардың сықақ қылып?
Сонда ғана оларға жалбақтамай,
Бабасын, не пәленің бір мақтамай,
Деуге тіл келе ала ма жалтақтамай?
Сонда ғана қам көңілім жаңара ма?
Сонда ғана көн бетім ағара ма?
Бар" деген сөз қолға алынып қарала ма?
РУХАНИ ҚЫСЫМШЫ
VІ
Деген сөз бар болса да үміт үзбе,
Бұл медеу болса - дағы көңілімізге,
Байлардай берген ат пен асымыз жоқ,
Кедей сорлы дүниенің азабында,
Екі көзі байлардың қазанында,
Жарайтын киім жоқ және тағы,
Ишандар келмеді ме сәлде киіп,
Байларға бермеді ме батаны үйіп?
Үлкен-үлкен кітаптан соқпады ма,
"Мал берсең кетпейсің деп, отқа күйіп".
Демеді ме: "Мырзаңның тілдерін ал!
Бір сабақ жібін алсаң дозақтасың,
Оңбайсың, күт кісіге бітеді мал.
Құрбан шал, ақыреттің қамын ойла.
Оразаның сауабын, жаным, жойма!
Әліңше құрметтесең ғалымдарды,
Қияметте құдайым саған берді.
Тәспих тарт һәм дәретсіз баспа жерді!"
Егер дерт бере қалса құдай басқа,
Молдекеңе емдеуге бір боз қасқа.
Жарымай отырғанда үй іші асқа?
Бермесем молда тегін емдеді ме?
Құр жалыну құлаққа енгені ме?
Шүкірлік қыл дер тағы бергеніңе.
Дүниеге шыныммен - ақ келгенім бе?
Шөп бермей ме өгізге өлмесін деп,
"Жұмыс иесіз қалады өлген соң" деп.
"Өлмесін, басқа рақат көрмесін" деп.
Жіберер: "семірсін, - деп, - бойын жазып".
Денесіне кім берер оның азық?
АДАМНЫҢ ҚАСИЕТІ ҺӘМ БАҚЫТҚА ТАЛПЫНУ
VІІ
Бақытты іздеу керек басқа жолдан.
Жан аз ба менен басқа әуре болған?
Көнетін менде бұған тілек жоқ па,
Бақыт іздеп тулаған жүрек жоқ па?
"Бейнеттен басқа алдында үміт жоққа".
Әркімнен кем көзбенен қаралғанға.
Әр жерде ит есепті саналғанға.
Іштен тынып жанғаннан, сөнген артық.
Жолында не кез келсе көрген артық.
Жастықта жұмыс жаншып солу үшін,
Сол бейнетке тастауға тағы да ұрпақ,
Осы үшін жасаймын ба, айтшы, кісім?
Көнбесем де құл қылып, байлайтұғын?
Әлде менде рақат, бақыт іздеп,
Қан жоқ па жүрегімде қайнайтұғын?
Жүрегімде өмір бар, ыстық қан бар.
Бәрі де байдікіндей, байқасаңдар.
Жалғыз-ақ менде мал жоқ, онда мал бар.
Жақсы ас ішіп, жақсы атқа мінгім келер,
Аз күнгі тіршілікте бейнет көрмей,
Өз еркімше өмірді сүргім келер.
Сұлуды бұраңдатып сүйгім келер.
Жәбірленіп, кек тұтып, күйгім келер.
Қинағанды қинағым менің келер.
Кім мені алдамаса көңілім сенер.
Жұрт мақтарлық атақтар тапқым келер.
Алғысқа, абыройға батқым келер.
БАЙЛЫҚ – ҰРЛЫҚТЫҢ ЖЕМІСІ
VІІІ
Қайтермін құтылуға бұл жайымнан,
Аспайды нені ойласам уайымнан,
Ақ ниет адалдықпен қызмет қылып,
Торықтым, сұрай-сұрай құдайымнан.
Күйер деп, аяйтұғын өмір сол ма?
Тапқаным мынау болса, жер жалмасын,
Жүрем деп, білгенімше ылғи оңға.
"Бәрекелге" мұнан соң кім тентірер?
Болғаным "бәрекелшіл" байға жақсы,
Бейнеттен басқа өзіме не келтірер?
Бай жұмсаса жанымды қорғадым ба?
Аз ішіп, жұмыс болса артық істеп,
Өмірді "бәрекелмен" оңдадым ба?
Жан ашуын менен ап басуына.
Қожасынып, ызғарын шашуына.
Соқпап па еді себеп боп жасуыма?
"Жеп қойды, ішіп қойды, ұрлап қойды,
Жалмауыз ол ит қашан асқа тойды".
Жылатпап па еді қозғатып іштегі ойды?
"Ақымақ; дәлдір - есер, жындысы да,
Жақпаған еш мінезбен құрбысына",
Мін таққан бола қалар жұмысыма.
Терлесем де оңатын болмайтыным?
Періште, сенен бездім, шайтан, бері кел!
Күйер деп, не жаным бар қорғайтұғын.
Жұрт десін мейлі жынды, мейлі жулик.
Айтсаң да, айтпасаң да, тұрмын біліп.
Тіліңді ап, жеті атадан елді жеген,
Ұрлық, зорлық, өтірік бәрі де бар,
Өйткенмен кем боп отыр олар неден?
Ел қорқып, дүниені оған үйген екен.
Еріксіз қыз - қатынын сүйген екен.
Зияны момындарға тиген екен.
Иттеріне тепкізіп, иген екен.
Көргенше талай кеуде күйген екен...
Оның да қызығарлық күйі - жайы.
Қайда жүр, теңгерсе, егер бір құдайы?!
Малменен оқып жетіп балалары,
Төре боп, ел билеп жүр, олар бәрі.
Болса да аузы қисық сөзі дәрі.
Аймақ көп, ешкім тимес бата тұрып.
Соны білер, соған барар, сонда қонып.
Қыздары білмесе де жалғыз "әліп",
Басқадан көпті көрген, көпті білер,
Хаж барған, дәулет, баққа отыр жарып.
Бір тиынға сатады ар, иманын.
Азсынып, бықып жатқан сонша малын.
Бай болды осы күні "мынау!" деген.
Таусылар ма мен санап айтқанменен.
Кедейдің қанын сорып, жүндей илер
Адалдың маңдай термен бақыт тапқан,
Адам жоқ, үлгі қылып, кедей сүйінер.
Болса, сол бақ, дәулетті алар тартып.
Өмір бойы өтеді азап артып.
Шайтан саған еремін соны көріп.
Алдағыш қыл - бәріне тұрам көніп.
Демеймін айтқаныңның бірі жаман;
Қай жолмен болса - дағы бір байытшы,
Болмайды бай болған соң жаман адам.
ЖАҚЫННАН АЙРЫЛҒАНДАҒЫ КҮЙІК
ІX
Жүрмеймін мұнан былай ел ішінде,
Адамға өз елінен басқа ел жақсы,
Түсуге тұр құбылтып, бір пішінге.
Кетерде көз жасымды тыймайтұғын.
Бейнеттен туған жерде көз ашқам жоқ.
Жанымды нем бар қимай, қинайтұғын.
Күзгісі де, міне, тұр дірілдетіп.
Қойды ма жалаңаш деп, мейірім етіп.
Аз малым ақ сүйек боп, жерде жатты.
Дейсің бе мендей сорлы күтіп бақты.
Жеп кеткен кезі болды жалғыз атты.
Кетемін қаңғырып-ақ бөтен елге.
Қазығым қарайлайтын сол ғой менде.
Болмаққа қызыл көзді бүкір белің;
Бай үйінің ас-суына араласар,
Сыбанып, қомыт киімінің жалба жеңін.
Күн қызғанша бүрсектер, ұршық бұрар.
Бәйбіше: "шай даяр ма!" онан сұрар.
Ағызып, шешем жуар қол саласын.
Жуады қазан-аяқ һәм шарасын.
Жағам ба деп жалтақтап күні кешіп.
Өмір бойы өкпесін есік тесіп.
Кедей болса - ақ күн бар ма оған оңған.
Мал үшін ұстап сатар әке қолдан.
Қойшы аңқау, мосқал екен келбеті де.
Мал беру келмеген соң ретіне.
Жиырма жастан бай қойын он жыл баққан.
Қалың малға жете алмай барлық тапқан.
Қойшы азаппен қартайып кер кетіпті.
Жас көңілін ол азғырып тербетіпті.
Болыпты ақырында амал бар ма.
Әкемнен шешеме деп, шыққан малға.
Жылқысын көп жүріпті тегін бағып.
Берген ескі-құсқысын жүрген алып.
"Шалға мал әперем, - деп, - биге салып"
Басы солай байланып екеуінің,
Көп жылдар солайынша болған кәріп.
Аурулы, өзі көксау: күрк-күрк еткен.
Бәрі тоқ мен асырар деген ниетпен.
Аяғын шырмап келін, немере көрсек.
Құдайым жеткізсе егер сүйтіп бөлсек".
"Мен әкең, ал, - деп міне таяғымды".
"Қуантам, - деп ол отыр, — қарағымды".
Көрген сайын мұздаймын, күймек түгіл,
Дүрия кисе, қараман мен ол қызға,
Бай қызының ескісін кимек түгіл.
Жүрегім жек көре алар және сүйіп,
Қара көз, алтын сәуле, ақ ерке үшін,
Бай ұлындай тарта алам мен де күйік.
Ұйықтай алмай жатқанда кеудем күйіп.
Ұйқыға ит те, мен де жатқанымда,
Елесін сол жанымның оймен құшып,
Білмеймін арқама жер батқанын да.
Туғаннан бұл күнгеше тартқаным да.
Бай шалға тоқалдыққа сатқаным да.
Кедейлікпен мен қалып, шал алғаны...
Ем болды ма, ақымды үйге бермей,
Шешесіне сый қылып, жаққаным да.
Меншіктеп бойға үйір қып баққаным да.
Шалекең көп мал беріп, қаққанында.
Болар ма көз жасымды тыймағанмен;
Жыл өтті, болатұғын болса болды,
Жүрекке құр елесін жинағанмен.
Өнер жоқ, ашу қылып, қирағанмен.
Не болды құр жанымды қинағанмен.
Жүз әулие, мың пір кеп милағанмен.
Қидым - қидым... Амал жоқ, қимағанмен.
Ойлауға жалықпадым, тоя алмадым.
Ұйықтадым басқа сөзге оянбадым.
Нешелер көз жасыма боялмадым!
Қаптатып топан суын, Мұхит теңізін,
Сол отын жүректегі жоя алмадым.
Сонда да содан басқа ой алмадым.
Нұрымен жердің жүзін таңырқатып.
Тілеулес қу сүйегім көрде жатып.
Болса да, қандай бейнет айдайтұғын.
Бар қуаныш сол еді жайлайтұғын.
Өтсе де сөз сүйекке, таяқ етке.
Айқасып, тиген кезде бетім бетке".
Жексұрын шал "сүй" деді - ау, зорлап сүйіп.
Көк мұртты, кепкен ерін тұрды - ау тиіп!
Кәрі қол талдай нәзік белді қысып,
Үлбіреген жас тәнді зорлап құшып.
Сәулелі қара көздің нұрын ішіп.
Ойым соған жеткенде жүрек тулап.
Ілгері бассам аяқ кейін кетіп,
Жер жүзі дозақ болар ішім пысып.
Түнектей көк сақал соны қадап...
Малым жоқ болғаннан соң қалдым қарап.
Тірі қалдым енді не көремін деп?
Ойлағалы көп болды, өлмеген соң,
Өлгенше қаңғып көңіл бөлемін деп.
Білмеймін, көңілім кетпес неге суып.
Неге соны көреді көңілім жуық?
Ойламасқа қыламын күнде тәубе,
Және ойлаймын көз жасым бетім жуып.
Ойымнан жіберуге соңы қуып.
Жасайтын секілдімін арнап туып.
Білу үшін өмірді сүру керек.
Дүниеде тұра алғанша тұру керек.
Асықпай-ақ қойсам да алмай қоймас.
Қор ұйқысы ұзақ қой қанбай қоймас.
Сағынып, жыласа да күнде неше.
Неге мені тудырды" "оңсын" десе.
Даярлаған бақытым бар нешеме.
Толып жатыр, көзіммен көрдім кеше.
Нанбасаң сығалап көр, білгің келсе.
"Маған, маған" деп шулар тамақ жесе:
Қайда барса шешесін жексұрын қып,
Үшеу, төртеу, білерсің, соңына ерсе.
Жарымай бәрі жылар аз-аз берсе.
Бай үйінің жұмысына кетер шеше.
Жай айтып, жалынғаның құлаққа енсе.
Еңбегімен төлер деп байың сенсе.
Өкпелеп жат, түбінде кедей жеңсе.
Бар қараңды айыпқа бергің келсе...
Қайтейін, бұрып-ақ тұр менің ішім.
Мені де олар туғызған өздері үшін.
Қалың өрттен бір тамшы сумен қорып.
Қартаярмын жүргенде әуре болып.
Қарасар мұрша тапсам бақыт қонып.
Соңынан етейін бе мен де "шолп!"
Әйтеуір мен шайтанға ерген кісі,
Ұят жоқ, ашпайтұғын бата көріп.
Разымын жұрт айтса қалай жорып.
Көз жасым жоқ жылайтын солқ-солқ.
Бай мен биттің жеуіне қаным сорып.
БАҚЫТҚА ЖЕТЕТІН ОҢАЙ ЖОЛ
X
Жол қайсы құдай салған, шайтан салған,
Білмеймін, осы жері маған арман.
Мақсатым - оқу оқу көңіліме алған.
Байлар сыйлап, түсірмес қолдан-қолға.
Байдың ісін келтіріп, ылғи онға.
Байың тұрсын, болысың болар жорға.
Шақырып тұр, мінеки, кеттім сонда.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру