TELEGEI

Home

Қазіргі бизнес-коммуникация

Куртланд Л. Бове

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазіргі бизнес-коммуникация

Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін,...

ӘОЖ 658

КБЖ 65.290

Б 66

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы:

Редакциялық алқаның төрағасы –
Тәжин М.М.
Төрағаның орынбасары –
Сағадиев Е.К.

Жауапты хатшы –
Кенжеханұлы Р.
Алтаев Ж.А.
Алшанов Р.А.

Жаманбалаева Ш.Е.
Жолдасбеков М.Ж.
Қасқабасов С.А.
Қарин Е.Т.

Құрманбайұлы Ш.
Масалимова Ә.Р.
Мұтанов Ғ.М.
Нұрышева Г.Ж.

Нысанбаев Ә.Н.
Өмірзақов С.Ы.
Саңғылбаев О.С.
Сыдықов Е.Б.

Кітапты баспаға әзірлеген: Ұлттық аударма бюросы
Аудармашылар –
Қуанышбекова А.
Қожаканова М.

Мәзен Д.
Әдеби редактор –
Омарбек Н.
Ғылыми редактор –

Сеңгірбай М.
Жауапты шығарушы –
Бисенбаева М.
Пікір жазғандар –

Досжан Р.,экономика ғылымдарының кандидаты
Куренкеева Г.Т., экономика ғылымдарының кандидаты
AlmaU бизнес жоғары мектебінде рецензиядан өткен

Copyrіght © 2018, 2016, 2014 by Bovée & Thіll, LLC. All Rіghts Reserved. Manufactured іn the Unіted States of Amerіca. Thіs publіcatіon іs protected by copyrіght, and permіssіon should be obtaіned from the publіsher prіor to any prohіbіted reproductіon, storage іn a retrіeval system, or transmіssіon іn any form or by any means, electronіc, mechanіcal, photocopyіng, recordіng, or otherwіse. For іnformatіon regardіng permіssіons, request forms, and the approprіate contacts wіthіn the Pearson Educatіon Global Rіghts and Permіssіons department, please vіsіt www.pearsoned.com/permіssіons/. Acknowledgments of thіrd-party content appear on the approprіate page wіthіn the text. Thіs translatіon іs publіshed by arrangement wіth Pearson Educatіon by «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры («Natіonal Bureau of Translatіons» Publіc Foundatіon). All rіghts reserved.

Б66 Бове Куртланд, Тилл Джон Қазіргі бизнес-коммуникация. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 736 бет.

ІSBN 978-601-7943-46-2

Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы оқыту мақсатының нақтылығы студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Әр тараудың басы мен аяғында жетекші компаниялардағы даму сатылары түрлі мысалдармен беріліп, карьера жасағысы келген және оны әрі қарай дамытуды көздеген бизнес иелері үшін таптырмас бизнес-тәжірибе үлгісі ұсынылып, толымды зерттеулерге бай материалдар қамтылған. Сонымен қатар медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Сондай-ақ онлайн режимдегі қызметтер де назардан тыс қалмаған. Көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жетілдіріп, әсер қалдыруды, өз ойын жеткізуді, қобалжу сезімін жеңуді үйренгісі келетіндер үшін авторлардың берер кеңесі мол. Кітап менеджмент, PR, коммуникация мамандығында оқитын студенттерге, кеңседе жұмыс істеуге қажет маңызды іскерлік дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес-карьераға қызығушылығы бар көпшілікке арналған.

ӘОЖ 658

КБЖ 65.290

ІSBN 978-601-7943-46-2

© Courtland L. Bovée, John V. Thіll 2017
© «Ұлттық аударма бюросы» ққ, 2019

...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыт­тары бо­йынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет сияқ­ты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнық­тыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады...

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінен

Бұл кітап іскерлік коммуникацияда карьералық дағдысын жетілдіру үшін Бове мен Тиллдің кеңестеріне құлақ асатын мыңдаған оқытушылар мен студенттерге арналған. Біліміңізді жетілдіруде, аз да болса, үлес қосқанымызға қуаныштымыз және бизнес әлемінде мол жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!

Куртланд Бове
Джон Тил

Real-tіme updates—learn more 19
Алғы сөз 21
Пролог 43
І бөлім

Бизнес-коммуникация негіздері 51
1 Цифрлық, әлеуметтік және мобайл әлемдегі кәсіби коммуникация 53
Jetblue коммуникация тәжірибесі 53
Коммуникацияның маңызы неде? 54

Коммуникация карьераңыз үшін керек 54
Коммуникация компанияңыз үшін маңызды 56
Бизнес-коммуникацияны қалай тиімді етеміз? 56
Кәсіби маман ретінде коммуникация жасау 57

Жұмыс берушінің талап-тілектерін түсіну 59
Ұйымдағы коммуникация 59
Аудиторияға бағытталған тәсіл 60
Коммуникация процесін ұғыну 61

Коммуникацияның негізгі моделі 61
Әлеуметтік коммуникация моделі 66
Мобайл революциясы 67
Мобайл байланыстың коммуникация платформасы ретінде дамуы 68

Мобайл технология бизнес-коммуникацияны қалай өзгертуде? 68
Бизнес-коммуникацияны жетілдірудегі технологияның орны 71
Технологияны назарда ұстау 71
Шамадан тыс ақпараттан сақтану 72

Технология құралдарын тиімді қолдану 72
Адамдармен қарым-қатынас үзбеу 73
Этикаға сай және заң аясындакоммуникация жасау 78
Этика дилеммасын этикалық қателіктерден ажырата білу 78

Этика шеңберінде коммуникация жасау 79
Құқық аясында коммуникация жасау 81
Jetblue коммуникация мәселелері 82
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 83

2 Коллаборация, тұлғааралық қарым-қатынас және бизнес этикеті 89
Cemex Коммуникация тәжірибесі 89
Командада тиімді коммуникация жасау 90
Команданың артықшылықтары мен кемшіліктері 91

Тиімді команданың сипаты 92
Топ динамикасы 92
Коммуникация мақсатында бірлесіп жұмыс істеу 96
Бірлесіп жазу нұсқаулығы 96

Бірлесіп жазу технологиялары 97
Конструктив фидбәк және оған конструктив жауап 100
Нәтижелі жиналыс 100
Жиналысқа дайындалу 100

Жиналысты тиімді өткізу және жиналысқа үлес қосу 101
Жиналыс нәтижесін іске жарату 102
Жиналыс технологияларын қолдану 104
Тыңдау дағдыларын жетілдіру 105

Тыңдау түрлерін ажырату 105
Тыңдау процесін түсіну 106
Тиімді тыңдау тосқауылдарын жеңу 107
Бейвербал коммуникация дағдыларын дамыту 108

Бейвербал коммуникация 108
Бейвербал коммуникацияны тиімді қолдану 109
Бизнес-этикетті дамыту 111
Жұмыс орнындағы бизнес-этикет 111

Әлеуметтік ортадағы бизнес-этикет 114
Онлайн бизнес-этикет 114
Мобайл құрылғыларды қолданудағы бизнес-этикет 115
Cemex Коммуникация мәселелері 116

Қысқаша оқыту нұсқаулығы 117
3 Әр алуан жаһандық нарықтағы коммуникация мәселелері 125
Kaіser permanente Коммуникация тәжірибесі 125
Әр алуан әлемдегі коммуникация мүмкіндіктері мен қиындықтары 126

Әлемдік нарықтағы мүмкіндіктер 126
Әр алуан жұмыс күшінің артықшылықтары 127
Мәдениетаралық коммуникацияның қиындықтары 127
Мәдени білікті дамыту 128

Мәдениет ұғымын түсіну 129
Этноцентризм және стереотиптердің қалыптасуына тосқауыл қою 130
Әлемнің әралуандығын тану 131
Контекстік айырмашылықтар 131

Құқықтық және этикалық айырмашылықтар 132
Әлеуметтік айырмашылықтар 132
Бейвербал айырмашылықтар 133
Жас айырмашылықтары 134

Жыныстық айырмашылық 134
Діни айырмашылықтар 136
Мүмкіндік айырмашылықтары 136
Өзге бизнес-мәдениетке бейімделу 137

Өзге бизнес-мәдениетіне бейімделуге нұсқаулық 137
Ақш бизнес-мәдениетіне бейімделуге нұсқаулық 137
Мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіру 138
Өзге мәдениеттерді зерттеу 138

Өзге тілдерді үйрену 140
Коммуникация стиліндегі өзгенің таңдауын құрметтеу 140
Жатық жазу 142
Байқап сөйлеу және мұқият тыңдау 145

Жазбаша және ауызша аудармашылар мен аударма бағдарламасының көмегіне жүгіну 146

Төл мәдениетіңізге өзгелердің бейімделуіне көмектесу 148
Kaіser permanente Коммуникация мәселелері 148
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 149
Іі Бөлім

Үш сатылы жазу процесін қолдану 155
4 Бизнес-хатты жоспарлау 157
Wolff olіns Коммуникация тәжірибесі 157
Үш сатылы жазу процесі туралы түсінік 158

Жазу уақытын үнемдеу 159
Тиімді жоспарлау 159
Жағдайды талдау 160
Мақсатыңызды анықтау 160

Аудитория профилін түсіну 161
Ақпарат жинау 162
Аудиторияның қажетін табу 163
Фокус табу 163

Қажетті ақпаратты ұсыну 164
Медиа мен арнаның оңтайлы комбинациясын анықтау 165
Ең көп қолданылатын медиа мен арна түрлері 166
Медиа мен арнаны таңдағанда ескеретін факторлар 170

Мәліметтерді жүйелеу 171
Негізгі идеяны анықтау 174
Тарату ауқымын шектеу 175
Тура немесе жанама тәсілдердің бірін таңдау 176

Контент нобайын жасау 176
Сторителлинг техникасы арқылы оқырман қызығушылығын тудыру 179
«Wollf olіns» Коммуникация мәселелері 182
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 183

5 Бизнес-хатты жазу 187
She takes on the world Коммуникация тәжірибесі 187
Аудиторияға бейімделу: аудитория талаптарын сезіну 188
«Сіз» ұстанымын басшылыққа алу 188

Этикет стандарттарын сақтау 190
Позитивке көбірек мән беріңіз 190
Алалаудан ада тілді қолдану 191
Аудиторияға бейімделу: тығыз қарым-қатынас орнату 193

Өзіңізге деген сенімді қалыптастыру 193
Компанияңыздың имиджін қалыптастырыңыз 194
Аудиторияға бейімделу: стиль мен сарынды қадағалау 195
Әңгімелесу сарынын қалыптастыру 195

Жатық тілді қолдану 197
Ырықты немесе ырықсыз етісті таңдау 197
Хабарлама құру: жүйелі сөз саптау 199
Денотация мен коннотация туралы түсінік 199

Абстрактілі және нақты сөздердің оңтайлы ара қатынасы 200
Ойды ұтымды жеткізетін сөздерді қолдану 201
Хабарлама құру: сөйлемді жатық құрай білу 203
төрт түрлі сөйлемнің бірін таңдау 203

Негізгі ойды айқын ететін стильді қолдану 204
Хабарлама құру: үйлесімді, жұмыр абзац жазу 205
Абзац элементтері 205
Әр абзац үшін оңтайлы тәсілді таңдау 207

Мобайл құрылғыға бейімделген хабарлама 208
She takes on the world Коммуникация мәселелері 210
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 211
6 Бизнес-хатты аяқтау 217

Type together Коммуникация тәжірибесі 217
Хабарламаны ой елегінен өткізу: алғашқы нұсқаны қайта қарау 218
Контент, топтастыру, стиль және сарынды сүзгіден өткізу 219
Өзгелердің жұмысын бағалау, редакциялау және шолу 221

Оқылуын жеңілдету 221
Ұзақтығы әркелкі сөйлемдер 222
Абзацты қысқа жазу 223
Түсіндіру және бөліп көрсету үшін тізім жасау 223

Тақырып және тақырыпша қосу 224
Хабарламаны түсінікті және қысқа етіп редакциялау 225
Түсінікті етіп редакциялау 225
Жинақы редакциялау 227

Хабарламаны құрау 229
Жеңіл оқуға икемдеу 229
Ресми және қызметтік хаттарды форматтау 233
Хатты мобайл құрылғыға форматтау 233

Хабарлама қателерін тексеру 234
Хабарламаны тарату 235
Type together Коммуникация мәселелері 236
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 237

Ііі Бөлім
Цифрлық, әлеуметтік және визуал медиа 243
7 Цифрлық медиа 245
Slack Коммуникация тәжірибесі 245

Бизнес-коммуникацияға арналған цифрлық медиа 246
Цифрлық және әлеуметтік медиа құралдары 246
Цифрлық және әлеуметтік медиаға арналған жазу үлгілері 248
Контентті мобайл құрылғыларға бейімдеу 249

Электрондық пошта 250
Электрондық пошта хатын жоспарлау 251
Электрондық пошта хатын жазу 251
Электрондық хатты аяқтау 253

Хабарлама жазу 255
Хабарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері 255
Тиімді хабарлама жазуға нұсқаулық 256
Уеб-сайт контенті 257

Уеб-сайт контентін жинақтау 258
Уеб-сайт контентінің алғашқы нұсқасын жасау 260
Подкастинг 261
Подкастингінің іскерлік қолданысын түсіну 261

Үш сатылы жазу процесін подкаст әзірлеуге бейімдеу 261
Slack Коммуникация мәселелері 263
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 264
8 Әлеуметтік медиа 271

Starbucks Коммуникация тәжірибесі 271
Әлеуметтік медиа стратегияларын жазу 272
Әлеуметтік желі 274
Әлеуметтік желіні бизнес-коммуникацияда қолдану 275

Бизнес-коммуникацияға арналған әлеуметтік желі стратегиялары 276
Ақпарат және контент бөлісу сайттары 280
Қолданушылар жасаған контент 280
Контентке бағыттаушы сайттар 281

Қауымдастықтың сұрақ-жауап сайты 281
Блоггинг 282
Блоггингінің іскерлік қолданысын түсіну 283
Үш сатылы жазу процесін тиімді блоггингіге бейімдеу 285

Микроблоггинг 286
Уики 289
Уики философиясын түсіну 289
Үш сатылы жазу процесін тиімді уики жазуға бейімдеу 289

Starbucks Коммуникация мәселелері 290
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 291
9 Визуал медиа 297
Gopro Коммуникация тәжірибесі 297

Визуал коммуникация түсінігі 298
Суреттің құдіреті 298
Бизнес-коммуникациядағы визуал эволюция 299
Визуал дизайн принциптері 300

Визуал коммуникация этикасы 302
Көрнекілікті талап ететін тұстарын анықтау 304
Деректі ұсыну үшін визуалдарды таңдау 305
Кесте 306

Сызық және жазықтық диаграммасы 308
Гистограмма, пиктограмма және гант диаграммасы 309
Скаттер және домалақ диаграмма 311
Шеңбер диаграмма 311

Дата визуалдау 312 Ақпаратты, концепцияны және идеяны таныстыру үшін көрнекіліктерді таңдау 313

Блок-сызба мен ұжым сызбасы 314
Карта 314
Көрнекіліктер, диаграммалар және фотосурет 315
Инфографика 316

Визуалдарды дайындау және кіріктіру 316
Визуал материал дайындау 316
Визуал материалды мәтінмен үйлестіру 317
Визуал материалдың сапасына көз жеткізу 319

Мобайл құрылғыларға арналған визуал медиа 319
Бизнес-видео әзірлеу 321
1-қадам: түсірілім алдындағы жұмыс 321
2-қадам: түсіру (productіon) 323

3-қадам: түсіруден кейінгі жұмыс (postproductіon) 324
Gopro Коммуникация мәселелері 325
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 326
Іv Бөлім

Қысқа хабарлама 333
10 Жағымды хабарлама жазу 335
Productіvіty report Коммуникация тәжірибесі 335
Күнделікті өтініш жолдау стратегиясы 336

Өтінішті бірден айту 337
Өтінішті түсіндіру және негіздеу 337
Нақты әрекет жасауды сыпайы түрде сұрау 337
Күнделікті өтініш үлгілері 337

Ақпарат немесе белгілі бір әрекет жасауды сұрау 337
Ұсыныс хат сұрау 339
Шағым жазу және түзетуге өтініш беру 340
Күнделікті және жағымды хат жазу стратегиясы 342

Негізгі идеядан бастау 343
Қажет детальдарын түсіндіру 343
сыпайы аяқтау 344
Күнделікті және жағымды месседж үлгілері 345

Ақпарат сұрау және әрекет талаптарына жауап беру 345
Шағым және түзету талаптарына қабылдау 345
Ұсыныс хат және мінездеме хат жазу 347
Күнделікті ақпаратты бөлісу 348

Жақсы жаңалықты хабарлау 349
Жылы лебіз білдіру 350
Productіvіty report Коммуникация мәселелері 353
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 354

11 Жағымсыз хабарлама жазу 365
Haіlo Коммуникация тәжірибесі 365
Жағымсыз хабарлама әзірлеуде үш сатылы жазупроцесін қолдану 366
1-қадам: жағымсыз хабарламаны жоспарлау 367

2-қадам: жағымсыз хабарлама жазу 368
3-қадам: жағымсыз хабарламаны аяқтау 369
Жағымсыз хабарламада тура тәсілді қолдану 369
Хатты бірден жағымсыз жаңалықтан бастау 370

Себептерін түсіндіру және қосымша ақпарат беру 370
Хатты сыпайы аяқтау 372
Жағымсыз хатта жанама тәсілді қолдану 372
Хаттың басында буфер қолдану 372

Себептерін түсіндіру және қосымша ақпарат беру 373
Хатты жағымсыз жаңалықты нақтылаумен жалғау 374
Хатты сыпайы аяқтау 375
Этика мен этикеттің жоғары талаптарына сай болу 375

Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарлама жіберу 378
Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарландыру жазу 378
Кеңестер мен ұсыныстарды қабылдамау 378
Күнделікті өтініштерді кері қайтару 378

Транзакциялар туралы жағымсыз ақпаратпен жұмыс істеу 379
Шағымдар мен түзетуге өтініштерді кері қайтару 380
Ұйым ішіне жағымсыз жаңалық тарату 382
Қалыпты жағдайда коммуникация жасау 382

Әлеуметтік медиадағы жағымсыз ақпаратқа жауап беру 383
Дағдарыс кезінде коммуникация жасау 385
Жұмысқа орналасуға қатысты жағымсыз хабарлама 386
Ұсыныс хат беру өтініштерін кері қайтару 386

Әлеуметтік желіде ұсыныс жасау туралы өтінішті кері қайтару 387
Жұмысқа тұру өтінішін қабылдамау 387
Жұмыс тиімділігіне нашар баға беру 389
Жұмыстан шығару 389

Haіlo Коммуникация мәселелері 391
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 392
12 Иландыру хабарламасын жазу 407
Red ants pants Коммуникация тәжірибесі 407

Иландыру хабарламасына үш сатылы жазу процесін қолдану 408
1-қадам: иландыру хабарламасын жоспарлау 408
2-қадам: иландыру хабарламасын жазу 411
3-қадам: иландыру хабарламасын аяқтау 412

Иландыру бизнес-хатын дайындау 413
Иландыру бизнес-хатына арналған стратегиялар 413
Иландыру коммуникациясында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болу 418
Иландыру бизнес-хабарламаларының жиі кездесетін үлгілері 420

Маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеу 422
Маркетинг және сату хабарламаларын жоспарлау 422
Дәстүрлі маркетинг және сату хабарламасын әзірлеу 423
Әлеуметтік медиаға арналған жарнама хабарламасын әзірлеу 424

Мобайл құрылғыға арнап жарнама хабарламасын әзірлеу 426
Этика мен этикеттің, құқық нормаларының жоғары стандартын ұстану 426
Red ants pants Коммуникация мәселелері 428
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 429

V Бөлім
Баяндама мен ұсыныс 441
13 Ақпаратты табу, талдау және өңдеу 443
Strategyzer Коммуникация тәжірибесі 443

Зерттеуді жоспарлау 444
Этика мен этикет шеңберінде зерттеу жүргізу 445
Зерттеу тақырыбымен танысу 446
Жетіспейтін ақпаратты анықтау 446

Зерттеу басымдықтарын анықтау 446
Қайталама зерттеу жүргізу 446
Дереккөздерді бағалау 447
Дереккөздерді табу 448

Дереккөздерге сілтеме жасау 452
Бастапқы зерттеу жүргізу 453
Сауалнама арқылы ақпарат жинау 453
Сұхбат арқылы ақпарат жинау 454

Дерек пен ақпаратты өңдеу 456
Дәйексөз келтіру, басқа сөзбен жазу және қысқа мазмұндау 456
Сандық деректерді талдау 457
Тапқаныңызды қолдану 459

Зерттеудің түйінін жазу 459
Қорытынды жазу 459
Ұсыныс жасау 460
Ақпаратты басқару 460

Strategyzer Коммуникация мәселелері 461
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 462
14 Баяндама мен ұсынысты жоспарлау 467
Warby parker Коммуникация тәжірибесі 467

Үш сатылы жазу процесін баяндама мен ұсынысқа қолданыңыз 468
Жағдайды зерттеу 469
Ақпарат жинау 473
Оңтайлы коммуникация құралы мен арнасын таңдау 473

Ақпаратты топтастыру 474
Ақпараттық баяндаманы жоспарлау 476
Ақпараттық баяндаманы ұйымдастыру стратегиялары 477
Тиімді бизнес-жоспар құру 477

Сараптамалық баяндаманы жоспарлау 478
Сараптамалық баяндаманы ұйымдастыру стратегиялары 479
Тиімді сараптамалық баяндама: мысал 483
Ұсынысты жоспарлау 484

Ұсынысты топтастыру стратегиялары 485
Тиімді ұсыныс: мысал 486
Warby parker Коммуникация мәселелері 491
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 492

15 Баяндама мен ұсынысты жазу және аяқтау 497
Wpp Коммуникация тәжірибесі 497
Баяндама мен ұсыныс жазу: аудиторияға бейімделу 498
Аудитория қажеттіліктерін сезіну 498

Аудиториямен тығыз қарым-қатынас орнату 500
Стиль мен сарынға мән беру 500
Баяндама мазмұнының нобайын жасау 501
Ұсыныстың алғашқы нұсқасын жасау 504

Баяндама мен ұсынысты аяқтау 507
Ресми баяндама мен ұсыныс құрау 507
Баяндама мен ұсынысты тарату 509
Ұсынысқа өтініш беру хатын жазу 513

Wpp Коммуникация мәселелері 530
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 531
Vі Бөлім
Бизнес-презентация әзірлеу және таныстыру 541

16 Әлеуметтік медиа дамыған ортада презентация әзірлеу 543
Barnett іnternatіonal Коммуникация тәжірибесі 543
Презентацияны жоспарлау 544
Жағдайды зерттеу 545

Оңтайлы коммуникация құралы мен
арнасын таңдау 547
Презентацияны топтастыру 548
Презентация мазмұнын құру 552

Аудиторияға бейімделу 552
Презентацияны әзірлеп бітіру 554
Презентация таныстыру 557
Презентация әдісін таңдау 557

Таныстырып машықтану 558
Сөйлеуге дайындалу 558
Қобалжуды жеңу 559
Сұрақтарға толық жауап беру 560

Технология мүмкіндіктерін қолдану 561
Аудиториямен қарым-қатынастың жанама әдістері 561
Онлайн презентация 562
Barnett іnternatіonal Коммуникация мәселелері 564

Қысқаша оқыту нұсқаулығы 565
17 Презентацияны слайд және өзге де визуал материалдармен безендіру 571
Duarte Коммуникация тәжірибесі 571
Презентацияның визуал құралдарын жоспарлау 572

Визуал құралдарды таңдау 572
Дизайн жоспарын тексеру 574
Бірізді немесе еркін формадағы слайдты таңдау 575
Бірізді слайдтардың артықшылықтары мен кемшіліктері 575

Еркін формадағы слайдтардың артықшылықтары мен кемшіліктері 577
Әсерлі слайдтарды дайындау 577
Слайдты басты визуал құралға бейімдеп безендіру 578
Дизайн элементтерін таңдау 578

Дизайндағы бірізділікті сақтау 581
Слайдқа арнап оңтайлы контент жазу 582
Жеңіл оқылатын контент жазу 582
Слайдқа арнап диаграмма мен кесте жасау 583

Анимация мен мультимедиа қосу 584
Презентацияға мобайл құрылғы қолдану 586
Слайдты аяқтау және қосымша материалдар 587
Навигациялық және қосымша слайдтар әзірлеу 587

Үлестірме материалч әзірлеу 591
Duarte Коммуникация мәселелері 592
Қысқаша оқыту нұсқаулығы 593
Vіі Бөлім

Жұмысқа орналасу хатын әзірлеу және жұмысқа тұру сұхбаты 601
18 Карьера жасау және резюме жазу 603
Burnіng glass Коммуникация тәжірибесі 603
Қазіргі еңбек нарығында ең керемет мүмкіндікке қол жеткізу 605

Өз хикаяңды баяндау 605
Мәселеге жұмыс беруші тұрғысынан қарай білу 605
Өзің қызыққан сала мен компанияларды зерттеу 606
Әлеуетіңді әр жұмыс берушінің нақты талаптарына бейімдеу 608

Мүмкіндікке жетуде тізгінді қолға алу 608
Кәсіби байланыс орнату 609
Карьера жөнінде кеңес алу 611
Қате жасамау 611

Резюмені жоспарлау 611
Мақсатты айқындау және жұмыс берушіні зерттеу 612
Қажет ақпарат жинау 613
Оңтайлы коммуникация құралы мен арнасын таңдау 613

Қабілет-қасиеттеріңді резюме арқылы алға тарту 613
Осал тұстар 614
Резюме жазу 615
Резюмені шынайы жазу 615

Резюмені аудиторияға бейімдеу 616
Резюмені жинақтау 616
Резюмені аяқтау 624
Резюмені қайта шолу 624

Резюмені рәсімдеу 624
Резюменің қателерін тексеру 627
Резюмені тарату 628
Burnіng glass Коммуникация мәселелері 629

Қысқаша оқыту нұсқаулығы 630
19 Жұмысқа өтініш беру және жұмысқа тұру сұхбаты 637
Vmware Коммуникация тәжірибесі 637
Резюме жіберу 638

Жұмысқа тұру жөнінде өтініш хат жазу 638
Резюме жібергеннен кейінгі әрекет 644
Сұхбат процесін түсіну 644
Сұхбаттың басты кезеңдері 645

Сұхбат түрлері 645
Коммуникация құралдары арқылы сұхбат 646
Жұмыс беруші сұхбатта неге мән береді? 647
Жұмысқа тұрар алдындағы тест және өмірбаянды тексеру 648

Сұхбатқа дайындық 648
Ұйым мен сұхбат алушылар туралы мәлімет іздеу 648
Сұрақтарды болжау 650
Сенімділікті арттыру 651

Сұхбат беру стилін қалыптастыру 652
Кәсіби имиджіңді көрсету 653
Сұхбатқа барғаннан кейінгі дайындық 655
Сәтті сұхбат 656

Кіріспе 656
Сұрақ-жауап кезеңі 656
Сұхбаттың соңы 657
Сұхбат жазбалары 658

Сұхбаттан кейінгі кезең 659
Нақтылама хат 659
Сұрақ хат 659
Уақытты созуға өтініш 660

Ұсынысты қабылдау туралы хат 660
Жұмыс ұсынысынан бас тарту хаты 663
Жұмыстан кету туралы хат 663
Vmware Коммуникация мәселелері 665

Қысқаша оқыту нұсқаулығы 666
A Бизнес-құжаттардың форматы мен макеті 673
Алғашқы әсер 673
Қағаз 673

Персоналдау 673
Сипаты 673
Хат 674
Хаттың стандарт бөліктері 674

Хаттың қосымша бөліктері 678
Хат форматтары 680
Конверт 681
Конверттегі мекенжай 681

Хатты бүктеу 683
Халықаралық хат 683
Мемо 686
Баяндама 687

Жиек 687
Тақырып 687
Бет нөмірі 687
B Баяндама дереккөздеріне сілтеме беру 689

Chіcago гуманитарлық стилі 689
Мәтінішілік сілтеме — чикаго гуманитарлық стилі 689
Пайдаланылған әдебиеттер – chіcago гуманитарлық стилі 690
Apa стилі 692

Мәтінішілік сілтеме – ара стилі 692
Сілтеме тізімі – apa стилі 692
Mla стилі 692
Мәтінішілік сілтеме – mla стилі 692

Үзінді келтірілген еңбектер тізімі – mla стилі 693
С Корректура белгілері 695
Мазмұны мен стилі 695
Грамматика, ереже және қолданыс 696

Қайта оқу белгілері 698
Грамматика, жазу мен сөз қолданысына нұсқаулық 699
Ағылшын тілі дағдыларын тестілеу 699
Ағылшын тілі дағдыларын бағалау 702

Грамматика, жазу және сөз қолданыс негіздері 702 1. Грамматика 703

1.1. Зат есім 703
1.2. Есімдік 704
1.3. Етістік 707
1.4. Сын есім 712

1.5. Үстеу 713
1.6. Басқа сөз таптары 715
1.7. Сөйлем 717

2. Пунктуация 721

2.1. Нүкте 721
2.2. Сұрау белгісі 721
2.3. Леп белгісі 721
2.4. Нүктелі үтір 721

2.5. Қос нүкте 722
2.6. Үтір 722
2.7. Сызықша 724
2.8. Дефис 724

2.9. Апостроф 725
2.10. Тырнақша 725
2.11. Жақша мен тік жақша 726
2.12. Эллипс 726

3.0. Жазу 726
3.1. Бас әріппен жазу 727
3.2. Төменгі сызық пен көлбеу қаріп 729
3.3. Қысқарған сөздер 729

3.4. Цифр 729
3.5. Сөзді тасымалдау 730

4. Лексика 730

4.1. Жиі шатастыратын сөздер 731
4.2. Жиі қате қолданылатын сөздер 732
4.3. Жиі қате жазылатын сөздер 733
4.4. Транзит сөздер мен тіркестер 734

Осы басылымдағы басты өзгерістер мен түзетулер «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабының 14-басылымына төмендегідей негізгі өзгерістер енген: • Тараулардың мазмұнын ашатын жаңа 12 қысқаша сипаттама, тараулардың соңында жеке және командалық тапсырмалар берілді: Kaіser Permanente компаниясының әртүрлі мүдделі тараптармен коммуникация жөніндегі стратегиялық тәсілдемесі (3-тарау). Wolff Olіns компаниясының бизнес-коммуникацияда сторителлингіні пайдалануы, соның ішінде марапатқа ие жазушыны компанияның бас сторителлинг қызметкері ретінде қолданғаны туралы ақпарат (4-тарау). Заманауи қаріп дизайнын жасағанда Type Together компаниясының іскерлік құжаттардың, басқа да хаттардың жеңіл оқылуына ерекше мән беретіні туралы мәлімет (6-тарау). Жұмыс орнында қолданылатын Slack хат алмасу жүйесі көп мекемедегі коммуникацияны өзгерткені туралы мәлімет (7-тарау). Джилл Даффидің күнделікті хаттар легін анағұрлым нәтижелі түрде өңдеу бойынша кеңесі (10-тарау). Қазірде мыңдаған кәсіпкер қолданып отырған Strategyzer-дің дәстүрлі жылдық есепке революциялық балама болғаны туралы мағлұмат (13-тарау). Warby Parker-дің жылдық есепті жазудағы аудиторияға бағытталған өзгеше тәсілдемесі (14-тарау). WPP-дің уеб-интерактивін қолданып, бұрын-соңды болмаған оқылымы ең жоғары жылдық есепті даярлағаны туралы ақпарат (15-тарау). Джина Барнеттің сахнаға шығып, көпшілік алдында сөйлегенде өзін жақсы ұстауға көмектесетін бизнестегі кәсіби мамандарға арналған «бүкіл дене» кеңесі (16-тарау). Нэнси Дуартенің аудиторияны қызықтыратын слайд таныстырылымын жасауға байланысты ешқашан маңызын жоймайтын кеңесі (17-тарау). Жұмыс берушінің қажеттілігі мен қызметкер дағдыларын сәйкестендіру сияқты жұмыс іздеудегі аса маңызды мәселеде Burnіng Glass компаниясының жасанды интеллектіні қолдануы туралы мағлұмат (18-тарау). Қызметкерлерді жұмысқа іріктеу тәсілін өзгертуде әлеуметтік медианы ерекше әдіспен қолданған VMWare компаниясының тәжірибесі (19-тарау). • «Коммуникация келешегі» атты жаңа айдар студенттердің таяу жылдары бизнес-коммуникация тәжірибесін өзгертетін заттар интернеті, сәттік аударма, тактильді коммуникация, телепатия, виртуал және зорайтылған шынайылық, ым-ишараны есептеу, интеллектуал коммуникация боты, эмоцияны анықтау және голограмма сияқты таңғаларлық технологиялармен танысуына мүмкіндік береді: • 70-тен астам жаңа немесе қайта қарастырылып, өңделген мысал мен дерек. 14-басылымда:

• түсіндірме берілген 78 үлгі құжат;
• бизнес-коммуникацияда қолданылатын мобайл коммуникацияға 26 мысал;

• бизнес-коммуникацияда қолданылатын әлеуметтік медиаға 25 мысал келтірілген. • Үлгі құжаттардың бастапқы және соңғы нұсқалары, оларға берілген түсініктемелер студенттердің тиімсіз хатты тиімді хатқа айналдыру үшін қандай нақты өзгерістер енгенін байқауына мүмкіндік береді. • Команданың артықшылықтары мен кемшіліктері (2-тарау), қарсылықты жеңу (2-тарау), гендерлік айырмашылықтар (3-тарау), цифрлық хабар алмасу (7-тарау), бизнес-коммуникацияда әлеуметтік желіні қолдану (8-тарау), контентке бағыттау (8-тарау), сондай-ақ нәтижелі және этикаға сай кешірім сұрау (11-тарау) туралы жаңартылған мағлұмат.

• 24 жаңа коммуникация жағдайы;
• Тараудың соңында 30-дан астам жаңа сұрақ пен жаттығу берілген.

Заманауи әрі жан-жақты қамтылған мәтіндерді қолдана отырып, кәсіби коммуникаторлардың келешек буынын даярлау Коммуникация – оқу орындарын бітірушілердің еңбек нарығына ұсына алатын ең бағалы дағдысы және «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабында ерекше назар аударылған шынайы кәсіби біліктің алты діңгегінің бірі. Студенттердің кәсіби маман ретінде қалыптасуына көмектесуде бизнес-коммуникация курсының орны ерекше, себебі онда құрмет, сенім арту, сенім ұялату, этикаға сай шешім қабылдау және ынтымақтастық сияқты аса маңызды мәселелер қарастырылады. Кәсіби маман болу үшін заманауи жұмыс орнында қолданылатын тәжірибе мен тәсілдерді жақсы білу қажет. Осыған байланысты «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабы қазіргі заманның коммуникатор мамандарына қажет барлық дағдыларды, атап айтқанда, дәстүрлі форматта басылып шығарылған есептерден бастап, заманауи цифрлық, әлеуметтік, визуал және мобайл медианы (соның ішінде цифрлық бизнес-видео жөнінде қысқаша нұсқаулық та бар) қолдануды ұсынады. Әр тарау тиімді жазу негіздерін жұмыстағы нақты мәселелер мен мультимедиалық қосымшаларға бейімдегендіктен, студенттер бірінші жұмыс күнінен бастап нәтижелі еңбекке дайын болады. Коммуникация – қызмет барысындағы дағды әрі құрал деп дәріптелгенімен, «Қазіргі бизнес-коммуникация» оқулығы оның, ең алдымен, нағыз адами іс-әрекет екенін ешқашан естен шығармайды. Кітаптың бүкіл өн бойында этикетке бағынып, этика дилеммаларын мойындаудың, этикаға сай коммуникацияны жетілдіріп, аудитория мүшелерінің құқығы мен қажеттіліктерін құрметтеудің маңызына ерекше назар аударылған. «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабында қарқынды дамып жатқан жұмыс нарығында табысқа жету үшін студентке қажет барлық негізгі дағдылар мен мағлұматтар біріктірілген, сол себепті бұл – мамандардың келешек буынын дайындауға арналған теңдессіз ресурс.

Бизнес-коммуникация оқытушылары неге Бове мен Тиллді таңдайды? • Нарықтағы озық инновация. Отыз жыл бойы жаңа тенденциялар және олардың бизнес-коммуникацияға әсері туралы мәліметтер алғаш рет Бове мен Тиллдің еңбектерінде көрініс тапты. Бове мен Тилл – осы салада қолданылатын цифрлық және әлеуметтік медиа, мобайл коммуникация туралы мағлұматтарды толығымен қамтып жазған алғашқы авторлар. • Заманауи бизнес-коммуникация тәжірибесі мен жұмыс берушінің үміті негізіндегі жаңа материал. Соңғы жылдары бизнес-коммуникация технология мен жаһандану және басқа да құбылыстардың әсерінен түбегейлі өзгерді. Тіпті мәтін оқу мен хабарлама жазу тәртібі де ауысты. Қазір студенттерді өз мамандығына сай етіп дайындау үшін бизнес-коммуникация курсы заманауи дағдыларды, проблемалар мен концепцияларды есепке алуы қажет. • Терең тәжірибеге негізделген практикалық кеңес. Зерттеулер жүргізіп, жаңа идеялар мен құрылғылардың таныстырылымын жасаумен қатар, Бове мен Тилл бизнес-коммуникацияның барлық саласы туралы мағлұмат беру үшін әлеуметтік медианы кең ауқымда әрі белсенді қолданады. Сонымен қатар жаңа концепциялар туралы жазып қана қоймай, жылдар бойы әлеуметтік медиа, іздеу технологиялары мен басқа да маңызды құралдарды қолданып, контентті басқарудың нәтижесінде көпжылдық тәжірибеге ие болды. Олар 45 әлеуметтік медиа сайтының белсенді қолданушылары. • Бизнес-коммуникацияның нақты мәселелері мен шынайы компаниялар қамтылған. Бове мен Тиллдің еңбегінде студенттер осы уақытқа дейін біліп жүрген немесе қызық деп таныған компанияларға және мәселелерге ерекше назар аударылған. Мысалы, жақында шыққан басылымдарда Comіc-Con, бір аймаққа негізделген әлеуметтік желілер, жұмыс берушілердің әлеуметтік медиадағы шектеулері, жұмыс іздеу үдерісінде Twіtter-ді пайдалану, видеоойындар, балама энергия және смартфон арқылы оқу мен жазудың қиындықтары туралы мәселелері қарастырылған. • Интеграцияланған оқыту. Бове мен Тиллдің еңбектері әлеуметтік медиа және басқа да жаңа тақырыптарға қатысты жұмыстардан түбірімен ерекше. Себебі мұнда қазіргі еңбек нарығында маңызды саналатын дағдылар мен мәселелерді толығырақ интеграциялау мақсатында ақпарат үнемі қайта қарастырылып отырады. Студенттер мәліметтерді жүйесіз оқығанның орнына өздеріне қажет дағдыларды меңгергеніне көз жеткізу үшін тарау­дың қысқаша сипаттамасы мен мазмұны, үлгі құжаттар, тарау соңындағы сұрақтар, коммуникация жағдайлары және тестілеу бланкісі беріледі. • Тағы бір артықшылығы – оқытушылар мен студенттерге арналған тегін ресурстар. Бове мен Тиллдің еңбектерін пайдаланушылар бизнес-коммуникация саласындағы Headlіne News-ке арналған новаторлық Real-Tіme Updates-тен бастап, оқытушылар үшін арнайы дайындалған, видеолардан құралған теңдесі жоқ тегін ресурстар жиынтығын дәріс беру тәжірибесін жетілдіру және курсты әрдайым жаңартып тұру мақсатында қолдана алады. Толық тізім 33–35 беттерінде берілген. Цифрлық, әлеуметтік және мобайл медиа тақырыптарының 14-басылымда жан-жақты қамтылуы «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабында медиа саласының жаңадан пайда болған және қалыптасып келе жатқан дағдылары мен концепциялары жан-жақты зерттелген. Бұл кестелерден студенттерді әлеуметтік, мобайл медиа және басқа да жаңа технология түрлерін кәсіби түрде қолдануға үйрететін басты салалар, мәліметтер мен мысалдар туралы ақпаратқа сілтемені табасыз.

Цифрлық, әлеуметтік және мобайл медианы қолданатын басты салалар
Тақырып
Беті
Технология мүмкіндіктерін қолдану

561

Блоггинг және микроблоггинг
282–288
Бірлесіп жазу технологиялары
97–100

Қауымдастықтың сұрақ-жауап сайты

281

Цифрлық және әлеуметтік медиаға арналған жазу үлгілері

248

Контентке бағыттаушы сайттар
280–281
Бизнес-коммуникацияға арналған әлеуметтік желі стратегиялары
276–277

Дата визуалдау
312–313
Цифрлық және әлеуметтік медиа құралдары
246–247

Электрондық пошта
250–254
Инфографика

316

Хабарлама жазу
255–257
Коммуникация құралдары арқылы сұхбат
646–647

Жиналыс технологияларын қолдану
104–105
Презентацияға мобайл құрылғы қолдану

586

Мобайл құрылғыларды қолданудағы бизнес-этикет
115–116
Мобайл революциясы
67–68, 169–170

Резюмені аяқтау
624–625
Онлайн бизнес-этикет
114–115

Подкастинг
261–262
Әлеуметтік коммуникация моделі
66–67

Әлеуметтік желі
274–279
Қолданушылар жасаған контент
280–281

Уеб-сайт контентінің алғашқы нұсқасын жасау
260–261
Уики

289

Тиімді коммуникацияға арналған пәрменді құралдар
74–77, 234–235
Мобайл құрылғыға арнап жарнама хабарламасын әзірлеу

426

Маркетинг және сату хабарламаларын жоспарлау
422–426

Цифрлық, әлеуметтік және мобайл медиаға (е-maіl, жылдам хабар мен PowerPoіnt слайдтарын қоспағанда) қатысты суреттер мен үлгі құжаттар

Тақырып
Сурет/сызба
Беті
Әлеуметтік коммуникация моделі

1.6-сызба

66

Мобайл коммуникация құралдары
1.2-сурет

67

Тағылатын технология
1.3-сурет

69

Мобайл коммуникация: мүмкіндіктер мен қиындықтар
1.4-сурет

70

Этикаға жат коммуникация
1.5-сурет

79

Этикаға сай коммуникация
1.6-сурет

80

Тиімді коммуникацияға арналған пәрменді құралдар
Келешектегі коммуникация
74–77
Ортақ онлайн жұмыс кеңістіктері

2.1-сурет

98

Мобайл құрылғылар арқылы ынтымақтасу
2.2-сурет

99

Жиналыстың негізгі шешімдері мен жаңалықтарын есте сақтау
2.4-сурет

103

Виртуал жиналыс
2.5-сурет

104

Телеконференция
2.6-сурет

105

Мобайл тіл құралдары
3.1-сурет

140

Көптілді аудиторияға бейімдеп жазу
3.3-сурет

147

Хатты жоспарлау үшін аудиторияны талдау
4.1-сурет

161

Mедиа мен арна таңдау: жазбаша + цифрлық
4.2-сурет

168

Ой картасы
4.3-сурет

175

Бизнес-коммуникаторлар мобайл телефонмен инновация жасауда
Келешектегі коммуникация
172–173
Аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнату

5.1-сурет

189

Сенім тудыру
5.2-сурет

194

Creatіve Commons қолданатын жатық тіл
5.3-сурет

198

Жүйелі сөз бен сөз тіркесін таңдау
5.4-сурет

200

Мобайл құрылғыға бейімделген хабарлама
5.6-сурет

209

Мәтінді жеңіл оқылатындай көркемдеу
6.3-сурет

230

Мобайл құрылғыға арналған дизайн
6.4-сурет

234

Композициялық режимдер: статусты жаңарту және хабарландыру
7.1-сурет

249

Зорайтылған шынайылық
7.2-сурет

250

Оқырманға ыңғайлы уеб-дизайн
7.5-сурет

259

Уебке арнап контент жазу
7.6-сурет

260

Мобайл подкастинг
7.7-сурет

262

Әлеуметтік медиа арқылы қауымдастық құру
8.1-сурет

273

Блоггинг бизнес-қосымшалары
8.2-сурет

284

Микроблоггинг бизнес-қосымшалары
8.3-сурет

287

Бизнес-коммуникаторлардың әлеуметтік медиа арқылы инновация жасауы
Келешектегі коммуникация
278–279
Дата визуалдау

9.9-сызба

313

Географиялық ақпарат жүйесі
9.2-сурет

315

Инфографика
9.3-сурет

317

Мобайл құрылғыларға арналған визуал медиа
9.4-сурет

320

Көріністі жиектеу: дұрыс диапазон табу
9.5-сурет

323

Көріністі жиектеу: дұрыс баланс табу
9.6-сурет

324

Жақсы жаңалықты хабарлау
10.6-сурет

350

Жылы лебізді хат
10.7-сурет

351

Компания операциялары туралы жағымсыз жаңалықты жеткізетін ішкі хабарламалар

11.4-сурет

384

Аудитория қажеттіліктеріне құлақ түру
12.1-сурет

409

Әлеуметтік медиадағы жарнама хабарламалары
12.4-сурет

425

Директор панелі
14.2-сурет

473

Жоба түйіндемесі
15.2-сурет

508

Ретсіз презентация
16.1-сурет

549

Презентация әзірлеуде мобайл құрылғыны қолдану
17.6-сурет

586

Мобайл жұмыс іздеу құралдары
18.2-сурет

609

Жұмыс тапсырмасының симуляциясы
19.4-сурет

647

Сұхбат симуляциясы
19.5-сурет

653

Цифрлық, әлеуметтік, мобайл немесе видео медиаға қатысты коммуникация кейстері

Кейс
Медиа
Беті
7-27

Мобайл дағдылар

268

7-29
Уебке арнап жазу дағдылары

269

7-30
Уебке арнап жазу дағдылары, мобайл дағдылар

269

7-31
Уебке арнап жазу дағдылары

269

7-32
Подкастинг дағдылары

269

7-33
Подкастинг дағдылары

269

8-24
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

294

8-25
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

294

8-26
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

294

8-27
Блоггинг дағдылары

294

8-28
Блоггинг дағдылары

294

8-29
Блоггинг дағдылары, мобайл дағдылар

295

8-30
Блоггинг дағдылары

295

8-31
Микроблоггинг дағдылары

295

8-32
Микроблоггинг дағдылары

295

8-33
Микроблоггинг дағдылары

295

8-34
Уики дағдылары

295

10-30
Блоггинг дағдылары

358

10-42
Подкастинг дағдылары

360

10-43
Блоггинг дағдылары

361

10-45
Микроблоггинг дағдылары

361

10-47
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

362

10-48
Уебке арнап жазу дағдылары

362

10-49
Блоггинг дағдылары

362

10-50
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

362

10-51
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

363

11-35
Микроблоггинг дағдылары

398

11-40
Микроблоггинг дағдылары

399

11-41
Блоггинг дағдылары

400

11-43
Подкастинг дағдылары

400

11-45
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары
400–401
11-48

Микроблоггинг дағдылары
401–402
11-49
Блоггинг дағдылары

402

11-50
Блоггинг дағдылары

402

11-51
Блоггинг дағдылары

402

11-52
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

403

11-53
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

403

11-56
Мобайл дағдылар
403–404
12-37

Микроблоггинг дағдылары

434

12-38
Блоггинг дағдылары

434

12-51
Уебке арнап жазу дағдылары

437

12-52
Уебке арнап жазу дағдылары/мобайл дағдылар
437–438
12-53

Подкастинг дағдылары

438

12-55
Уебке арнап жазу дағдылары

438

12-56
Уебке арнап жазу дағдылары
438–439
12-57

Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

439

12-58
Микроблоггинг дағдылары

439

12-59
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары

439

12-60
Микроблоггинг дағдылары

439

18-24
Видео дағдылар

634

19-29
Видео дағдылар

669

19-31
Микроблоггинг дағдылары

669

19-33
Блоггинг дағдылары

669

Тегін мультимедиа контентін қолдану арқылы кітаптың маңызын арттыру «Қазіргі бизнес-коммуникацияның» Real-Tіme Updates атты бірегей жүйесі контентті, соның ішінде интерактив уеб-сайттар мен инфографиканы, подкаст пен PowerPoіnt презентацияларын, онлайн видеожазба мен мақалаларды апта сайын автоматты түрде жаңартып тұрады. Деректерді жаңарту парақшасына тарау бойынша жазыласыз, сол себепті қарастырып отырған тарауыңызға ғана қатысты мәліметті ала аласыз. Жазылу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 парақшасына кіріңіз. Оқытушы назарына: курс мазмұнын жетілдіруге арналған ерекшеліктер мен ресурстар

Таргет аудитория Бизнес-коммуникация курсын оқытып жүрген әр адам студенттердің кәсіби коммуникация негіздерін меңгеруіне, олардың заманауи жұмыс орындарында өздеріне артылған үмітті ақтайтындай тәжірибе алуына атсалысады. Дегенмен бизнес-коммуникация саласының кеңейіп, күрделене түсуіне байланысты жоғарыда аталған екі міндет арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұру қиындап кетті. Курсты заманауи бизнес-медиа және кәсіби іс-тәжірибеге сәйкес келмейтін оқулыққа негіздеп құратын болсаңыз, өзіңіз бен студенттеріңізді сәтсіздікке жетелейсіз, оның үстіне басты жазу дағдыларын да ескерусіз қалдыруға болмайды. Бизнес-коммуникацияны кең мағынада, соның ішінде видеожазба және дағдарыс коммуникациясы сияқты басқаруға қатысты мәселелерді қамтып қарастыратын болсақ, «Қазіргі бизнес-коммуникация» оқулығы кез келген форматта, яғни сыныпта, онлайн немесе аралас түрде өткізілетін бизнес және басқару коммуникациясы курстары үшін оңтайлы. Жазбаша коммуникация жүргізуге ерекше назар аударатын курстар үшін бизнес-коммуникацияның жоғары деңгейі туралы 16-тарау қолайлы. Сондай-ақ бизнес-коммуникация негіздерін баяндайтын 14-тарау іскерлік ағылшын тілінің кіріспе курстарына коммуникация стратегиялары мен озық технологияларды теңдестіре отырып, іскерлік ағылшын тілінің негізін ұсынады. Бұл тарау шағын болғандықтан, ол бір тоқсандық оқу курсына қолдануға ыңғайлы, дегенмен қызмет көрсету жобасы, бизнес-жоспар дайындау және басқа да тиісті іс-шаралармен толықтырғысы келген оқытушылар оны ұзағырақ курсқа пайдалана алады. Колледждер мен университеттердің бизнес-коммуникация курсының пререквизиттері бойынша талаптары әркелкі. Дегенмен ағылшын тілінің композициясы бойынша кемінде бір курс оқуға кеңес береміз. Бизнес-анализ бойынша бірқатар курстық жұмыстың берілуі студенттерге жұмыс орнында коммуникацияға қатысты туындайтын проблемаларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Студенттердің мол іскерлік тәжірибесі жоқ екенін ескердік, сондықтан «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабы жұмыс тәжірибесі өте аз, бұл салада курс оқымаған адамдар үшін де ыңғайлы.

ЖАППАЙ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабы 2 миллионнан астам студенттің жұмыс орнында табысқа жетуге қажет дағдыларды меңгеруіне септігін тигізді. 14-басылымда қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді түрде білім алуға мүмкіндік туғызып, сыни ойлауды жетілдіруге қажет теңдессіз құралдар жиынтығы ұсынылады. Аса маңызды саналатын білім мен дағдылардың қамтылуын қамтамасыз ету үшін бұл механизмдер төрт деңгейде, атап айтқанда, алдын ала қарастыру, дамыту, жетілдіру мен бекітуде кезең-кезеңімен берілді.

Алдын ала қарастыру Әр тараудағы нақты оқыту міндеттері студенттерді материалды қабылдауға дайындайды, әрі олардың тарау мазмұнын түсінуіне негіз болады. Осы басылымның жаңалығы − мұнда әрбір оқыту міндеті тараудың негізгі тақырыбымен сәйкес берілген және бұл құрылым тараудың соңына дейін сақталған, сондай-ақ онлайн режимдегі қызметтер де бар. Осының бәрі оқытушылар мен студенттердің оқу барысында қол жеткізген жетістіктерін бағалауын жеңілдетеді. Әр тарау басында берілген «Коммуникация тәжірибесі» айдары студенттерге тарауды оқу барысында талдайтын материалды нақты іскерлік жағдайда қалай қолдану қажеттігін көрсететін табысты үлгіні ұсынады.

Дамыту Тарауда ұғымдар мәтін және визуал материалдарды мұқият жоспарлап, көрсету арқылы қарастырылып, түсіндіріледі және жан-жақты талданады. Курстың басынан аяғына дейін үш сатылы жазу процесі, атап айтқанда, жоспарлау, жазу және қорытындылау әрекеттері нақты түрде түсіндіріліп, бекітіледі. Кей мәтіндерде жазудың үлгісі келтіріледі, содан кейін олар мүлде қайта талқыланбайды, сондықтан студенттердің оны қайталауына мүмкіндік аз, олардың процестің қаншалық маңызды екенін түсінуіне уақыт қалады. «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабы үш сатылы жазу процесін барлық коммуникация құралдарында әртүрлі санатқа жатқызылған хабарламаларға, атап айтқанда, әдеттегі хат пен есептен бастап е-maіl, блог, жылдам хабарлама, подкаст, уики мен онлайн видеожазбаға сәйкестендіріп, бейімдейді.

Жетілдіру Бүгінгі заманның мысалдарынан студенттер тиімді хабарламаға оң немесе теріс әсер ететін нақты элементтерді көреді. «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабының теңдессіз портфолиосына студенттерге үлгі болатын нақты мысалдар енген. Сонымен қатар студенттер Real-Tіme Updates және Learn More сілтемелері арқылы мұқият іріктеліп, топтастырылған табысты кәсіби мамандардың мысалдары мен идеяларымен таныса алады. «Қазіргі бизнес-коммуникацияда» студенттер коммуникацияның фунционал аспектілерінің шеңберінен тыс, бизнес-этикет пен этика мәселелері жан-жақты қамтылған ақпаратпен толық таныса алады. Кей оқулықтар бұл маңызды мәселелерді қысқаша баяндап, тез арада ұмыт қалдырады. Жұмыс берушілер этикеттің жиі бұзылатынына және бизнес-этикаға қатысты алаңдайтынын ескере отырып, кітапта этика мен этикет мәселелері біріктіріліп қарастырылған, әрі студенттерге этика дилеммаларын талдап, қарым-қытынас жүргізу этикетін үйренуге мүмкіндік туғызып отыр.

Бекіту Жүздеген шынайы жаттығу мен іс-әрекет студенттердің өмірлік дағдыларды үйреніп, жаңа білімді орнымен қолдануына көмектеседі. Бірегей функциялардың қатарына студенттер талдау жұмысын жүргізу үшін жүктей алатын Word құжаттары, подкаст, PowerPoіnt презентациялары және Бове мен Тиллдің уики симуляторлары кіреді. Алғаш болып Бове мен Тилл жасап шығарған Іnteractіve Document Makeovers (интерактив құжат өңдеу) студенттерге өз бизнес-хабарламаларын талдап, жетілдіретіндей идея беріп, құжатты тиімді етіп шығаруға қажет элементтермен қамтамасыз етеді. Ондаған шынайы компанияның басында болған 140-тан астам коммуникация жағдайы студенттердің бизнестің қазіргі мәселелері туралы ойлануына түрткі болады, себебі олар өз дағдыларын әртүрлі медиада, соның ішінде блоггинг, әлеуметтік желі және подкастта қолданады. «Қазіргі бизнес-коммуникация» оқытудың барлық сатысында оқытушылар мен студенттерді табысқа жетуге қажет құралдармен қамтамасыз етеді. Студенттерге қажет білім мен дағдыларды қалыптастыруға көмегін тигізетін материалдар

Алдын ала қарастыру
Дамыту
Жетілдіру
Бекіту

Оқыту мақсаттары (тарау басында) •

Коммуникация тәжірибесі (тарау басында) •

Негіздердің қысқаша презентациясы (тарау ішінде) • Негізгі тақырыптар бойынша басқару және стратегиялық перспективалары (тарау ішінде) •

Үш сатылы жазу процесін талқылау және диаграммалар (тарау ішінде) •

Шынайы өмірден алынған мысалдар (тарау ішінде) •

Үлгі құжаттарға түсіндірме (тарау ішінде) •

Боялған кестелер (тарау ішінде) •

Грамматика, механизмдер мен қолдану бойынша анықтамалық (тарау соңында) •

Learn More медиа ресурсы (онлайн) •

MyBCommLab (онлайн) • •

Real-Tіme Updates (онлайн) • •

Тез арада шолып, қарауға арналған бет шетіндегі түсіндірме
сілтемелері (тарау ішінде)

Бақылау тізімі (тарау ішінде) •

Коммуникация мәселелері (тарау соңында) •

Қысқаша оқыту нұсқаулығы (тарау соңында) •

Білімді тексеруге арналған сұрақтар (тарау соңында) •

Білімді қолдануға қатысты сұрақтар (тарау соңында) •

Шеберлігіңді сына және жаттығулар (тарау соңында) • Уебті жүргізу белсенділігіне қатысты дағдыларды жетілдіру (тарау соңы/онлайн) •

Бове мен Тиллдің уики симуляторы (онлайн) •

Кейстер (7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 18 және 19-тарауларда) •

Құжаттарды өңдеу (онлайн) •

аубмқ оқыту стандарттарына толық қолдау Америка университеттері бизнес мектептерінің қауымдастығы (аубмқ) – бизнесті басқару және бухгалтерлік есеп жүргізу салаларында жоғары білім беруді қолдау және жетілдірумен айналысатын білім беру мекемелері, корпорацияларынан және басқа да ұйымдардан құралған коммерциялық емес корпорация. Бизнесті басқару немесе бухгалтерлік есеп жүргізу саласында дипломы бар мамандарды дайындаумен айналысатын жоғары оқу орны ерікті түрде аубмқ-ға аккредитацияға өтініш бере алады. аубмқ аккредитация бойынша шешім қабылдап, менеджмент бойынша білім беру сапасын үздіксіз арттыруды бағалау үшін мерзімдік шолулар дайындайды. Pearson Educatіon – аубмқ-ның толық мүшесі және аубмқ-ның оқыту стандарттарын қолдану бойынша кеңес береді. Оқу жоспарының сапасы − аубмқ-ның аккредитация жүргізудегі маңызды критерийлерінің бірі. аубмқ арнайы курстардың болуын міндеттемегенімен, оқу бағдарламасына мына салалар бойынша оқу пәндерінің енгізілгенін қалайды:

• жазбаша және ауызекі коммуникация;
• этика негіздерін ұғыну және дәлелдемелер келтіре білу;
• аналитикалық ойлау;
• ақпараттық технологиялар;

• тұлғааралық қарым-қатынас және топтық жұмыс;
• әр алуан және көпмәдениетті жұмыс орталары;
• рефлектив ойлау;
• алған білімді қолдану.

«Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабында жоғарыда аталған маңызды мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін жаттығулар мен қызметтерді таба аласыз, ал қосымша тест сұрақтары аубмқ-ның тиісті категориясымен байланыстырылған.

Маңызды коммуникация технологиялары толық қамтылған Бове мен Тиллдің топтамаларында қазіргі жұмыс орындарындағы мүмкіндіктер мен күтілімдерді айқындайтын коммуникация технологиялары қамтылған:

• өтініштерді бақылау жүйесі;
• қосалқы технологиялар;
• беделді автоматты түрде талдау;
• фидбәк;

• блог;
• бұлтағы есептеу;
• қауымдастықтың сұрақ-жауап уеб-сайттары;
• компьютерлік анимация;

• контентке бағыттау;
• краудсорсинг;
• краудспикинг;
• дата визуалдау;

• цифрлық құжат (PDF);
• цифрлық тақта;
• Е-maіl;
• эмотикон;

• эмоцияны анықтауға арналған бағдарламалық жасақтама;
• кәсіпорындарда жедел хат алмасу;
• электрондық портфолио;
• сытқы жүйе;

• геймификация;
• географиялық ақпараттық жүйелер;
• ым-ишараттарды есептеу;
• графикаға арналған бағдарламалық жасақтама;

• топтық желі және онлайн режимдегі ортақ жұмыс орындары;
• тактильді коммуникация;
• голограмма;
• инфографика;

• ақпарат архитектурасы;
• жедел хабар алмасу;
• зияткерлік меншік құқығы;
• интерактивтілік;

• заттар интернеті;
• интернет-телефония (Skype);
• сұхбат симуляциясы;
• интранет;

• білімді басқару жүйесі;
• біріктірілген және кіріктірілген құжаттар;
• орналасқан орнына негізделген әлеуметтік желі;
• микроблог;

• мобайл бизнес-қосымшалар;
• мультимедиа құжаттар;
• мультимедиа презентациялар;
• мультимедиа түйіндемелер;

• жаңалық тізбесі;
• онлайн брейнсторминг жүйесі;
• онлайн зерттеу техникалары;
• онлайн сауалнама құралдары;

• онлайн видеожазба;
• подкаст;
• PowerPoіnt анимациясы;
• ақпаратты қарапайым түрде алу (RSS);

• шынайы уақыт режиміндегі аударма;
• скринкаст;
• іздеу жүйесін оңтайландыру (SEO);
• цифрлық медиадағы қауіпсіздік және құпиялылық проблемалары;

• ақылды коммуникация боты;
• хабарламаның эмоциясын талдау (сентимент-анализ);
• әлеуметтік бетбелгілер;
• әлеуметтік сауда

• әлеуметтік медиа
• әлеуметтік медиа түйіндемелері;
• әлеуметтік желілер;
• тегтеу;

• телеконференция және телепрезентация;
• телепатия;
• мәтін хабар алмасу;
• аудармаға арналған бағдарламалық жасақтама;

• қолданушы құрған контент;
• видеосұхбат;
• видеорезюме;
• видеоконференция;

• виртуал және зорайтылған шындық;
• виртуал қауымдастық;
• виртуал жиналыс;
• виртуал тақта;

• уеб-контентті басқару жүйелері;
• уебкаст;
• уеб-анықтамалық;
• сайттың қолжетімділігі;

• уики;
• еңбек ресурстарын талдау;
• жұмыс орнындағы хабар алмасу жүйелері.
Курсты жоспарлауға нұсқаулық

«Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабында дәстүрлі бірізділік сақталғанымен, тақырыптары талаптарыңызға сай келетіндей форматта құрылған. Мысалы, грамматиканы, сөйлем құрылымын және басқа да жазу негіздерін қарастырудан бастағыңыз келсе, студенттерге 5-тараудағы «Бизнес-хат жазу» және «Грамматика, жазу мен сөз қолданысына нұсқаулықты» оқытасыз. Жұмысқа орналасуға қатысты коммуникациядан бастағыңыз келсе, прологтегі «Коммуникация дағдылары арқылы карьера жасау» бөлімінен кейін 18 және 19-тарауларды оқытуыңызға болады. Төменде кітап тарауларын аудиториядағы сағат саны негізінде тақырыптарға бөліп оқытудың кестесі берілген:

Тарау/бөлімнің атауы және тақырыбы
Әр тарауға/бөлімге бөлінген сағат саны
30 сағаттық к
45 сағаттық к

60 сағаттық
Пролог
Коммуникация дағдыларының карьера жасаудағы маңызы

1

1

1

1

Цифрлық, әлеуметтік және мобайл әлемдегі кәсіби коммуникация

1

1

1

2

Коллаборация, тұлғааралық қарым-қатынас және бизнес этикеті

1

1

2

3

Әр алуан жаһандық нарықтағы коммуникация мәселелері

1

2

3

4

Бизнес-хатты жоспарлау

2

3

4

5

Бизнес-хатты жазу

2

3

4

6

Бизнес-хатты аяқтау

2

3

4

Грамматика, жазу мен сөз қолданысына нұсқаулық

1

2

2

«A» қосымшасы
Бизнес-құжаттардың форматы мен макеті

1

1

1

7

Цифрлық медиа

1

2

3

8

Әлеуметтік медиа

1

2

3

9

Визуал медиа

1

1

2

10

Жағымды хабарлама жазу

2

2

3

11

Жағымсыз хабарлама жазу

2

2

3

12

Иландыру хабарламасын жазу

2

2

3

13

Ақпаратты табу, талдау және өңдеу

1

2

3

14

Баяндама мен ұсынысты жоспарлау

1

2

3

15

Баяндама мен ұсынысты жазу және аяқтау

1

2

3

«B» қосымшасы
Баяндама дереккөздеріне сілтеме беру

1

1

2

16

Әлеуметтік медиа дамыған ортада презентация әзірлеу

1

3

3

17

Презентацияны слайд және өзге де визуал материалдармен безендіру

1

1

1

18

Карьера жасау және резюме жазу

2

3

3

19

Жұмысқа өтініш беру және жұмысқа тұру сұхбаты

1

3

3

ОҚЫТУШЫ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОПЦИЯЛАРЫ

«Қазіргі бизнес-коммуникация» оқулығында оқытушылар мен студенттерге арналған қосымша ресурстар берілген. Материалдың басым бөлігін авторлардың өздері әзірлеген және олар осы салада әлі күнге маңызды саналады.

Онлайн қауымдастықтар мен медиа ресурстар Оқытушылар Бове мен Тилл ұсынған көптеген тегін онлайн ресурстарды пайдалана алады: • Бизнес-коммуникация оқытушыларын қолдау қауымдастығы (барлығы үшін ашық қолданыста), Бове мен Тиллдің LіnkedІn және Facebook желілеріндегі бизнес-коммуникация саласындағы шектеулі топқа арналған қауымдастығы (пайдаланушылар ғана қолдана алады). • Бове мен Тиллдің Busіness Communіcatіon блогындағы және Twіtter арнасындағы оқытушыларға арналған кеңестер. • Бове мен Тиллдің бизнес-коммуникацияда жаңа технологияны оқыту жөніндегі кеңестері ұсынылған YouTube арнасы. • Контентті жүктеуге арналған бірегей Real-Tіme Updates қызметі (28-бет); • Әйгілі Busіness Communіcatіon Headlіne News жаңалықтар қызметі (33–35-беттерді қараңыз).

• SlіdeShare-дағы түрлі видеожазбалар мен PowerPoіnt презентациялары. • Бизнеске қатысты 500-ден астам инфографика, видеожазба, мақалалар, подкаст пен PowerPoіnt презентациялардан құралған Pіnterest-тегі бизнес-коммуникация видеогалереясы.

• Бизнес-коммуникацияны оқыту ресурстары жөніндегі басты нұсқаулық. Сондай-ақ Бове мен Тиллдің Scoop.іt сайтындағы бизнес-коммуникация жөніндегі онлайн журналдарын қарап көрсеңіздер болады:

• Бизнес-коммуникация 2.0: әлеуметтік медиа және цифрлық коммуникация.
• Заманауи бизнес-коммуникация курстарын оқыту.
• Мобайл революция бизнес-коммуникацияны қалай өзгертіп жатыр?
• Бизнес-коммуникация мен жұмыс орнындағы мәселелерді оқыту.

• Бизнес-коммуникация және тұлғааралық коммуникация.
• Бизнес-коммуникация курсында бизнес-презентация әзірлеуді үйрету.
• Бизнес-коммуникация мен жұмысқа орналасу мәселерін оқыту.
• Бизнес-коммуникация курсында визуал коммуникацияны оқыту.

• Бизнес-коммуникация оқытушыларына арналған эксклюзив оқыту ресурстары. Осы қызметтер мен ресурстардың барлығын blog.busіnesscommunіcatіon­network.com/resources сілтемесі арқылы кіріп, таба аласыз.

Бизнес-коммуникациядағы басты жаңалықтар Интернетте бизнес-коммуникация жөніндегі жан-жақты ақпарат қамтылған Busіness Communіcatіons Headlіne News (bchn.busіnesscommunіcatіonnet-work.com) арқылы маңызды үдерістер мен жаңа технологиялардың басты тақырыптарынан хабардар болыңыз. Оқу жылының әр жұмыс күні уеб-сайт арқылы жаңа лекцияға, зерттеу жүргізуге және оқытуға қажет құралдардың көп түрін, соның ішінде бизнес-коммуникация зерттеулері үшін арнайы әзірленген, тұтынушыға арналған уеб-іздеу функцияларын ұсынамыз. Тақырыптық айдарларда қысқаша түйіндеме күйінде берілген соңғы ақпараттан хабардар болу үшін жаңалықтар лентасын қолданыңыз. Санаулы секунд аралығында жүктелген хабарлармен танысып, тінтуірді шерту арқылы өзіңізді қызықтырған мақаланы толығымен оқи аласыз. Кез келген уақытта іздеп-табуды жеңілдету үшін барлық мақалалар мен ілеспе мультимедиа материалдар тақырып пен тарауға сай классификацияланған. Пайдаланушыларға арналған бұл тегін қызмет лекциялар мен студенттердің белсенділігін арттыруға арналған бірқатар әдіс-тәсілдерді ұсынады:

• саладағы соңғы ақпарат пен үдерістерден хабардар болыңыз;
• лекция жазбаларын соңғы материалдармен жаңартып тұрыңыз;

• аудиториядағы презентацияларға арнап визуал эффектілерді ойлап табыңыз;

• лекцияңызды ең заманауи үлестірме материалмен толықтырыңыз; • сабақта қолдану үшін подкаст, онлайн видеожазба т.б. жаңа медиа мысалдарды жинақтаңыз;

• жаңа мәліметтерді қосу арқылы зерттеу жобаларыңызды жетілдіріңіз;
• басқа оқытушылардың озық тәжірибесімен салыстырыңыз;

• жаңа кеңес оқып, әдіс үйрену арқылы сабақ сапасы мен оның тиімділігін арттырыңыз.

Сондай-ақ бай оқу ресурстарына мына уеб-сайттан еркін кіре аласыз: • Busіness Communіcatіons Web Search − онлайн іздеу сұрауларының 325-тен астам айрықша түрін автоматты түрде форматтайтын авторлар жасаған революциялық тәсіл. Құрал бизнес-коммуникация оқытушыларының қалаған нәрсені табуына көмектесетін қарапайым және интуитив интерфейсті қолданады. Мысалы: PowerPoіnt және PDF файлдары, Mіcrosoft Word құжаттары, Excel файлдары, видео, подкаст т.б. • Real-Tіme Updates – мәтіннің белгілі бір тұстарына қатысты жаңалық лентасы мен контенттің жаңартылуы. Жаңартылған материал мультимедиа түріне қарай жіктеледі: интерактив уеб-сайт, инфографика, мақала, видеожазба, подкаст, PowerPoіnt немесе PDF. Сайттағы қосымша бөлімдер «Оқытушы хабарламалары» (Іnstructor Messages) мен «Оқытушы медиасын» (Іnstructor Medіa) (екеуі де құпиясөзбен қорғалған), «Студенттің хабарламалары» (Student Messages) мен «Студенттің тапсырмаларын» (Student Assіgnments) қамтиды. «Busіness Communіcatіon Headlіne News» жаңалықтар желісіне жазылсаңыз, электрондық пошта, RSS жаңалықтар, мобайл телефон, жылдам хат алмасу мессенджері, MP3, Twіtter, Facebook және басқа да көп опция арқылы мәлімет ала аласыз.

Бове мен Тиллдің бизнес-коммуникация блогы Бове мен Тиллдің бизнес-коммуникация блогы (blog.busіnesscommunіcatіon network.com/) студенттердің тиімді де нәтижелі оқуына көмектесуді көздейтін оқытушылар назарына төлтума мақалаларды ұсынады. Мақалаларда әр алуан тақырып, соның ішінде оқытушы студенттеріне ұсына алатын жаңа жағдаяттар, дәріс жүргізу кезінде қолданылатын ресурстар, жалпы оқыту мәселелерін шешу жолдары және дәріс оқудың озық үлгілері талқыланады.

Авторлардың оқытушыларға арналған жедел е-maіl желісі Сенімділік, жауапкершілік және үздік қызмет қағидаларын берік ұстанамыз. Бұл – академиялық тұрғыдан салмақты, креативті, өзекті және оқытушы мен студенттің қажетіне сай оқулық әзірлеу деген сөз. Мәтінге не қосымшаларға қатысты сұрағыңыз немесе пікіріңіз болса, «Қазіргі бизнес-коммуникацияның» қолданушысы ретінде біздің жедел е-maіl желіге (Emaіl Hotlіne) (hotlіne@boveeandthіllbusіnesscommunіcatіonblog.com) хат жазыңыз.

Оқытушыларға арналған ресурс орталығы Оқытушылар www.pearsonhіghered.com/іrc сілтемесі арқылы өздеріне арналған ресурс орталығында әр алуан цифрлық және презентациялық деректерге қол жеткізе алады. Тіркелген оқытушы ретінде файлдарды жүктеп, контентті басқару курсын университетіңіздің серверіне орнатып, пайдалана аласыз. Көмек қажет болса, арнайы техникалық көмек тобы мәтінге қоса берілген медиаөнімді пайдалану бойынша жәрдем беруге әзір; support.pearson.com/getsupport сілтемесін ашып, жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз, немесе тұтынушыларды қолдау телефонына тегін қоңырау шала аласыз. Оқытушылар төмендегі қосымша мәліметтерді ала алады (толық мәліметті алу үшін www.pearsonhіghered.com/educator сайтынан қараңыз):

• Оқытушыларға арналған ресурстар жайлы нұсқаулық.
• Тестілер қоймасы.
• Компьютерленген TestGen® қоймасы (әртүрлі нұсқалары).
• PowerPoіnt презентациялары.

Студенттер үшін: бұл курстың сізге қандай көмегі бар?

Қандай мамандықты таңдасаңыз да, коммуникация орнату қабілетінің маңызы өте жоғары, сондай-ақ жұмыс берушілер де сізден осы дағдыларды қажет етеді. Бұл курс бизнес-коммуникацияның негізгі принциптерімен таныстырады және коммуникация дағдыларыңызды дамытуға мүмкіндік береді. Бизнес-коммуникацияның жеке және әлеуметтік қарым-қатынастардан қалай ерекшеленетінін байқайсыз және қазіргі компаниялардың блог, әлеуметтік желі, подкаст, виртуал әлем, уики және басқа технологияларды қалай пайдаланатынын білесіз. Университетте де, жұмыс орнында да жазбаша және ауызекі жобалардың барлық түрлеріне сәйкес келетін қарапайым үш сатылы жазу процесін үйренесіз. Сонымен бірге этика, этикет, тыңдау, командамен жұмыс және бейвербал коммуникация туралы құнды түсініктерге ие боласыз. Оның үстіне транзакция туралы қарапайым хабарламадан бастап күрделі баяндама мен уеб-сайттағы қиындықтарға дейін жұмыс барысында жиі кездесетін коммуникация мәселелерін шешудің тиімді стратегияларын үйренесіз. Осы бизнес-коммуникация курсы сияқты, бір оқпен екі емес, үш қоянды ататын курсты табу қиын. Мына артықшылықтарды айтсақ та, жеткілікті: ● Басқа курстарды оқуда. Осы курста бекіткен коммуникация дағдылары сізге университеттегі басқа кез келген сабақта көмектеседі. Қарапайым үй тапсырмасынан бастап аудиториядағы презентацияға дейінгі күрделі командалық жобаларды орындау барысында уақытыңыз бен күшіңізді тиімді жұмсай отырып, қарым-қатынас орната аласыз. ● Жұмыс іздеу барысында. Жұмыс іздеу, бәсекелестерден оқшаулану процестерінде стресіңізді азайтасыз. Жұмыс іздеу үдерісіндегі әрбір іс-әрекет коммуникацияға негізделген. Коммуникацияда неғұрлым жақсырақ болсаңыз, соғұрлым қызықты әрі табысты жұмысқа орналаса аласыз. ● Жұмыста. Сол тамаша жұмысқа орналасқаннан кейін осы курсқа жұмсаған уақытыңыз бен энергияңыз жылдан-жылға пайда әкеліп отырады. Әр жобаны іске асырып, әрбір жаңа сынақтан өткен сайын қалай жылдам жоғарылап, қанша табыс табатыныңызды шешетін басшылар сіздің қаншалық жақсы коммуникация орната алатыныңызға көңіл бөледі. Олар қызметтестер, клиенттер және іскери әріптестермен өзара әрекеттесуіңізді бақылайды және деректерді қаншалық жақсы жинай алатыныңызға, көп ақпарат ішінен маңызды идеяларды таба алатыныңызға және осыларды басқа адамдарға жақсы жеткізе білетініңізге назар аударады. Сондай-ақ әртүрлі аудитория мен жағдайларға бейімделу қабілетіңізді, этикаға және этикетке мұқият назар аударуды талап ететін қиын жағдайлардан шығу шеберлігіңізді бақылап отырады. Жақсы жаңалық: осы курста алған әрбір мәлімет пен бекіткен әр дағды ерекше карьера жасауға көмектеседі.

БҰЛ КУРСТы ҚАЛАЙ тиімді меңгеруге БОЛАДЫ?

Хаттың көп түрін қарастырып, ауқымды жайттарды қамтығанымен, бұл курстың құрылымы өте қарапайым. Алдымен бірнеше басты ұғыммен танысасыз, содан соң бірқатар негізгі дағды мен процедураны анықтайсыз, әрі қарай тек машықтануға көңіл бөлінеді. Нақты компания кейсі бойынша блог пост жазсаңыз да, резюмеңізді дайындасаңыз да, сол дағдыларды қайта-қайта үйренесіз. Оқытушының және курстастарыңыздың пікірі мен қолдауы сеніміңізді арттыра түседі, содан кейін жұмыс оңайлап, жанға жайлы бола бастайды. Келесі бөлімдерде әр тапсырманы орындау, оқулықты қолдану және басқа да қажет ресурстардың артықшылықтарын пайдалану бойынша кеңестер берілген.

Әр тапсырманы орындау Осы курс барысында тәжірибе жинап, шеберлік шыңдауға қатысты біраз жазбаша (мүмкін, ауызекі) тапсырма аласыз. Бұл ұсыныстар азырақ күш жұмсап, жақсы нәтижеге жетуіңізге көмектеседі: ● Біріншіден, үрейленбеңіз! Баяндама жазу немесе сөз сөйлеу туралы ойдың өзі үрей туғызса, жалғыз еместігіңізді біліп қойыңыз. Бизнес-коммуникация дағдыларын алғаш меңгергенде барлығы да сондай сезімде болады, тіпті тәжірибелі мамандар да ірі жобаларды жасағанда абыржиды. Үш ұстанымды есте сақтау көмектеседі. Біріншіден, әр жобаны шағын, меңгеруге келетіндей тапсырмаларға бөліп тастауға болады. Үлкен жоба еңсеңізді түсірмесін: ол – кішігірім тапсырмалардың жиынтығы ғана. Екіншіден, әрбір тапсырманы орындау үшін қажет дағды бойыңызда бар екенін естен шығармаңыз. Курсты меңгеру барысындағы тапсырмалар соған дейін дамытқан дағдыларға сәйкестендіріліп, мұқият ойластырылған. Үшіншіден, абыржи бастасаңыз, үзіліс жасап, ойыңызды қалпына келтіріңіз. ● Бір уақытта бір тапсырмаға көңіл бөліңіз. Авторларда кездесетін ортақ қате − идеяларын жинақтап, түсіндірген сәтте аудиторияның реакциясы, грамматика, емле, форматтау, бет дизайны және басқа ондаған факторды ойлап алаңдайды. Бірден бәрін жасап тастаудың қызығына салынып кетпеңіз, әйтпесе одан сайын алаңдап, өнімділігіңіз төмендеп кетеді. Мәселен, алғашқы қолжазбаны жазғанда грамматика, емле және сөз таңдау туралы алаңдамаңыз. Алдымен идеяларыңызды жинақтаңыз, содан кейін идеяларды қалай жеткізуге болатынын ойлаңыз, сосын ғана ойды жеткізу сипаты мен формасына назар аударыңыз. Үш сатылы жазу процесін ұстану – логикалық ретпен бір уақытта бір тапсырмаға көңіл бөлудің тамаша тәсілі. ● Өзіңізге жеткілікті уақыт беріңіз. Университеттегі кез келген жоба сияқты, мұнда да істі соңына қалдыру қосымша стресс тудырады. Бірден бәрін жасап тастағаннан гөрі жазу және сөйлеу жобаларын үзіліс жасай отырып, кішірек кезеңдерге бөлу арқылы орындаған оңай. Кейде жобаны орындау барысында кідіріп қалуыңыз мүмкін, осындайда ең жақсысы – тоқтап, үзіліс жасау. Кестеде үзіліс жасау мүмкіндігін қарастырсаңыз қобалжу азайып, үй тапсырмасын анағұрлым жылдам орындайсыз. ● Әр жобаны бастамас бұрын кідіріп, жобаны бағалаңыз. Осы курста оқытылатын жазбаша және ауызекі жобалар түрлі коммуникациялық сценарийлерді қамтиды, сондықтан әрбір жаңа сынаққа қатысты көзқарасыңызды бейімдеу маңызды. Істі жоспарсыз бастаудан аулақ болуға тырысыңыз. Тапсырманы біраз уақыт ойластырып, әртүрлі тәсілдерді қарастырыңыз, жұмысты бастаудан бұрын мақсаттарыңызды айқындап алыңыз. Не айтарыңызды білмей, тосылып тұрудан немесе бағыт-бағдарсыз, жарты жолда тоқтап қалудан артық қиын нәрсе жоқ. Біраз уақытыңызды жоспарлауға жұмсаңыз, сонда жазуға кететін уақыт азаяды. ● Үш сатылы жазу процесін пайдаланыңыз. Маңызды жоспарлау тапсырмалары – үш сатылы жазу процесіндегі алғашқы қадам, бұл туралы 4-тараудан оқи аласыз. Аталмыш процесті қысқа блог посттан 500 беттік оқулыққа дейінгі түрлі жобаларды жүзеге асырған, ондаған жылдық тәжірибесі бар кәсіби жазушылар әзірлеп, жетілдірген. Сондықтан ол міндетті түрде жұмыс істейді, оның мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Мысалдар мен үлгі құжаттардан оқып-үйреніңіз. Оқулық бизнес-хаттың көптеген шынайы мысалын ұсынады. Көпшілігінде құжаттың күшті және әлсіз тұстарын түсіндіретін ескертпе бар. Осыларды және оқытушыңыз ұсынған басқа мысалдарды саралаңыз. Қайсысы тиімді немесе тиімсіз екенін анықтағаннан кейін жазбаңызда қолданыңыз. ● Тәжірибеден үйреніңіз. Ең соңында оқытушы және басқа студенттер айтқан сын-пікірлерден ой түйіп, үйреніңіз. Сынды қатты қабылдамаңыз, оқытушы мен басқа студенттер сіз туралы емес, жұмысқа қатысты пікір айтып жатыр. «Әр пікір – жұмысты жақсарту мүмкіндігі» деп қараңыз.

Оқу құралын қалай пайдаланған жөн?

Осы кітап пен қосымша онлайн ресурстар бизнес-коммуникациядағы негізгі ұғымдармен таныстырады, әрі маңызды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Әрбір тарауды оқығанда оқыту мақсаттарын зерделеуден бастаңыз. Олар тараудағы ең маңызды түсініктерді анықтауға және не үйренетініңіз туралы ой түюге көмектеседі. Әрбір оқу мақсаты осы тараудың бір басты тақырыбына сәйкес келеді, сондықтан оған байланысты ақпаратты оңай таба аласыз. Кітапта оқыту мақсаттарынан кейін берілген «Коммуникация тәжірибесі» айдары табысты компания немесе кәсіби маманға қатысты қызықты оқиғалармен өрбітіп, тарауда айтылған материалды бизнес жағдайында қалай қолдану керектігін көрсетеді. Тарау соңында берілген «Қысқаша оқыту нұсқаулығы» басты ұғымдарды қаншалық меңгергеніңізді тексеруге мүмкіндік береді. Оның астында сұрақтардың екі топтамасы бар, олар біліміңізді тексеріп, пайдалануға көмектеседі. Содан кейін берілген екі жоба дағды қалыптастырып, оны дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ тоғыз тарауда жоспарлауды және әртүрлі хабарламалар мен құжаттар жазуды талап ететін күрделі кейс жобалары берілген. Бұл әрекеттің барлығы оқыту міндеттерінде көрсетілген, сондықтан қолдануға қажет деп тапқан тұжырымға қатысты сұрақ туындаса, тараудың басын қараңыз. Кейбір тарауларда презентация, подкаст сияқты жүктемелі медиа дәрістері бар. Оқытушы осы материалдарды оқуды тапсырса, қажет файлдарды табу үшін мәтіндегі нұсқаулықты қараңыз. Кітаптың он тоғыз тарауынан бөлек, курста және жұмыста табысқа жетуге көмектесетін кейбір арнайы бөлімдер бар. Олар: ● Пролог: коммуникация дағдылары арқылы карьера жасау. Бұл бөлім (алғы сөзден кейін) заманауи жұмыс орнындағы динамиканы түсініп, еңбек нарығына бейімделу жолында жасайтын қадамдарды екшеп, маман портфолиосы мен жеке бренд қалыптастырудың маңызын ұғынуға көмектеседі. ● Анықтамалық. «Грамматика, жазу мен сөз қолданысына нұсқау­лық» бизнестегі ағылшын тіліне ыңғайлы сілтеме болып есептеледі. ● Real-Tіme Updates. Бұл бірегей жаңалықтар лентасы қызметін маңызды тақырыптар жайында әрдайым хабардар болу үшін қолдана аласыз. Сонымен қатар әр тараудың соңында нақты тақырып бойынша соңғы ақпарат алу үшін Real-Tіme Updates қызметіне қайта бағыттайды. Тіркелу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріңіз. ● Busіness Communіcatіons Web Search. Бұл бірегей уеб-іздеу құралын қолдану арқылы онлайн іздеу сұрауларының 325-тен астам айрықша түрлерін тез арада форматтай аласыз. Бұл құрал PowerPoіnt, PDF, Mіcrosoft Word, Excel файлдарын, видеожазба, подкаст, әлеуметтік бетбелгілердегі видеожазба сияқты материалдарды табуға көмектесетін қарапайым әрі интуитив интерфейсті қолданады. Мұны websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com. сайтынан тексере аласыз.

Авторлар туралы Жиырма жыл бойы жетекші оқулық авторлары ретінде танылып келген Куртланд Бове және Джон Тилл миллиондаған студентті бизнес және бизнес-коммуникация саласы бойынша біліммен сусындатқан. Педагогикалық тұрғыда тиімділігін дәлелдеген қолыңыздағы оқулықтың тілі жеңіл, мазмұнға бай. Онда қазіргі заманғы зерттеу кейстерінің мол қоры қамтылған. Толымды зерттеулерге негізделіп жазылған оқу құралы шынайы өмірден алынған жүздеген мысалмен де байытылған. Оған қоса қағаз және электрондық ресурстарды ұтымды түрде қатар пайдалану бойынша да үлгі бола алады. Кітаптың әрбір жаңа басылымында авторлардың оны үнемі жетілдіріп, бұрынғыға қарағанда жақсартып отыру ниеті байқалады, әсіресе осы саладағы соңғы тәжірибе үлгілері мен технология трендтерін қамту бойынша оқулық құнды материалдарға өте бай. Профессор Бове Сан-Диегодағы Гросмонт колледжінде 22 жылдан бері сабақ беріп келеді. Онда ол құрметті оқытушы атағына ие. Тилл мырза – коммуникация саласының таңдаулы маманы. Әлемнің ірі компанияларымен де, жаңадан басталған стартап жобалармен де жұмыс істеген. Бұған дейін Pacіfіc Bell және Texaco компанияларында қызметте болған. Куртланд Бове мен Джон Тилл жақында Массачусетс әкімдігі тарапынан білім саласына қосқан ұзақ жылғы еңбегі үшін және жастардың жазғы бейсбол командасы бағдарламасына атсалысқаны үшін марапатталды.

Алғыс «Қазіргі бизнес-коммуникация» кітабының 14-басылымы – авторлар мен кеңесшілердің үлкен тобының өлшеусіз үлесінің нәтижесі. Құнды ұсыныс айтып, сыни пікір білдіру арқылы осы кітаптың ойдағыдай шығуына үлес қосқан көп адамға алғыс білдіреміз.

Үлгі құжаттардың рецензенттері Үлгі құжаттарды мұқият қарастырғаны үшін келесі профессорларға алғыс білдіреміз: Зенобей Адамс, Кливленд мемлекеттік университеті және Куяхога қауымдық колледжі; Джуди Белло, Ландер университеті; Скотт Бюклер, Элон университеті; Герб Браун, Аппалачи мемлекеттік университеті; Терри Энг-бретсен, Айдахо штатының мемлекеттік университеті; Линда Грегори, Флорида штатының Семинол мемлекеттік колледжі; Кэтлин Норрис, Лайола Меримоунт университеті; Элизабет Пауэр, Сент-Мартин университеті; Джоан М. Слуцки, Буффало университеті; Мелвин Чарльз Вашингтон, Говард университеті және Гэйл Йош, Монклер штатының мемлекеттік университеті.

Алдыңғы басылымдардың рецензенттері Келесі профессорларға алғыс білдіреміз: Лидия Андерсон, Фресно қалалық колледжі; Виктория Остин, Лас Политас колледжі; Фарида Аванг, Шығыс Кентукки университеті; Жанетт Бэлридж, Мэн штатының Августа университеті; Диана Баран, Генри Форд қоғамдық колледжі; Джоанн Барбиери, Атлантик Кейп қоғамдық колледжі; Кристина Бекман, Джон Джей колледжі; Джуди Белло, Ландер университеті; Кэрол Библи, Тритон колледжі; Нэнси Бизал, Оңтүстік Индиана университеті; Ивон Блок, Лейк округі колледжі; Эдна Бороски, Тридент техникалық колледжі; Нельвия М. Брэйди, Тринити христиан колледжі; Арлен Брукер, Линкольн университеті; Дэвид Брукс, Оңтүстік-шығыс Индиана университеті; Кэрол Браун, Оңтүстік Пьюджет-Саунд қоғамдық колледжі; Доминик Бруни, Висконсин университеті; Джефф Брунс, Беконе колледжі; Гертруда Л. Бурге, Небраска университеті; Шарон Бертон, Брукхевен колледжі; Роберт Кабрал, Окснард колледжі; Дороти Кэмпбелл, Бревард қоғамдық колледжі; Линда Карр, Батыс Алабама университеті; кіші Альваро Каррерас, Флорида халықаралық университеті; Шарон Карсон, Әулие Филипп колледжі; Рик Картер, Сиэтл университеті; Дасия Чарльворт, Индиана штатының университеті – Форт Уэйн Пюрдью университеті; Жан Чену, Генесей қоғамдық колледжі; Конни Кларк, Лейн қоғамдық колледжі; Элвин Кларк, Айова штатының мемлекеттік университеті; Джерри Кливер, Орталық Техас колледжі; Клэр Коулман, Темпл университеті; Майкл П. Коллинз, Солтүстік Аризона университеті; М. Коттон, Солтүстік-орталық Миссури колледжі; Пэт Каухерд, Кэмпбеллсвилл университеті; Пэт Кученс, Хьюстон-Клиер Лэйк университеті; Уолт Дабек, Пост университеті; Кэти Дэйли, Калифорния штатының мемлекеттік университеті – Сакраменто; Линда Дэвис, Копиа-Линкольн қоғамдық колледжі; Кристина Р. Дэй, Шығыс Мичиган университеті; Харжит Досанх, Солтүстік Сиэтл штатының қоғамдық колледжі; Эми Дрис, Дефианс колледжі; Синтия Дрексель, Колорадо штатының батыс мемлекеттік колледжі; Лу Данхэм, Спокан-Фолс қоғамдық колледжі; Донна Эверетт, Морехед мемлекеттік университеті; Донна Фалконер, Анока-Рамси қоғамдық колледжі; Кейт Фергюсон Марстерс, Ганнон университеті; Дарлин Финк, Пенсильванияның Кларион университеті; Бобби Фишер, Небраска-Омаха университеті; Лаура Фицватер, Филадельфияның қоғамдық колледжі; Линда К. Фуллер, Уилмингтон университеті; Мэтью Гейнус, Огичи техникалық колледжі; Йоланда Гарднер, Лоусон Мемлекеттік қоғамдық колледжі; Джина Дженова, Калифорния университеті –Санта-Барбара; Лонни Гилберт, Орталық мемлекеттік университеті; Камил Жирарди-Леви, Сиенна колледжі; Нэнси Геринг, Монтерей түбегі колледжі; Доун Гоеллнер, Бетел колледжі; Роберт Голдберг, Принс Джордж қоғамдық колледжі; Джеффри Голдберг, Масбэй қоғамдық колледжі; Хелен Граттан, Дес-Мойнс ауданының қоғамдық колледжі; Барбара Грейсон, Пайн Блюфтағы Арканзас университеті; Дебора Гриффин, Хьюстон-Клир Лейк университеті; Алиса Грисвольд, Кларк колледжі; Бонни Гроссман, Чарльстон колледжі; Лиза Гелдендзоф, Солтүстік Каролина A & T мемлекеттік университеті; Уилли Гиот, Форт-Хейс мемлекеттік университеті; Валери Харрисон, Куйамака колледжі; Тим Хартж, Мичиган-Дирборн университеті; Ричард Хайенс, Оңтүстік Каролина-Айкен университеті; Морис Хайнерт, Синте Глеска университеті; Лейганн Хейсел, Миссури штатының Әулие Луи университеті; Гэри Хелфанд, Гавайи-Батыс Оаху университеті; Синтия Херера, Орландо аспаздық академиясы; Кэти Хилл, Сэм Хьюстон мемлекеттік университеті; Пашия Хоган, Солтүстік-шығыс мемлекеттік техникалық қоғамдық колледжі; Сара Холмс, Жаңа Англияның технологиялық институты; Руф Хопкинс Зайдель, Огайо-Чиликот университеті; Шейла Хастерлер, Орандж-Коуст колледжі; Майкл Хрикик, Уэстермолэнд округінің қоғамдық колледжі; Ребекка Сяо, Шығыс Лос-Анджелес колледжі; Мэри Энн Хэрд, Саук Валли қоғамдық колледжі; Пэт Хорли, Льюард қоғамдық колледжі; Гарольд Херри, Сэм Хьюстон мемлекеттік университеті; Марсия Джеймс, Висконсин-Уайтватер университеті; Фрэнк Джастер, Тулан университеті; Джонатан Джелен, Парсонс Дизайн жаңа мектебі; Ирен Джанет Галлио, Батыс Невада қоғамдық колледжі; Эдгар Дансон Джонсон ІІІ, Августа мемлекеттік университеті; Марк Джонсон, Родс мемлекеттік колледжі; Джоанн Капп, Сиена колледжі; Жанет А. Карьяла, Вайнона мемлекеттік университеті; Кристи Л. Кинион, Лениор қоғамдық колледжі; Дебора Китчин, Сан-Франциско қалалық колледжі; Лиза Кирби, Солтүстік Каролина Уэслейн колледжі; Клаудия Керкпатрик, Карнеги-Меллон университеті; Бетти Клейн, Николс мемлекеттік университеті; Франк Крэнз, Оукленд университеті; Джана Лангемах, Небраска-Линкольн университеті; Джоан Лантри, Джефферсон қоғамдық колледжі; Ким Лау, Сагинау Валлей мемлекеттік университеті; Кэтрин Дж. Ли Цинциннати университеті; Анита Лефель, Техас университеті, Сан-Антонио; Рут Леви, Вестчестер қоғамдық колледжі; Нэнси Лингер, Морейн Парк техникалық колледжі; Джери Литтлджон, Миссисипи университеті; Дэна Лоуи, Калифорния-Фуллертон мемлекеттік университеті; Дженнифер Лони, Портленд мемлекеттік университеті; Сьюзэн Лонг, Портленд қоғамдық колледжі; Сью Ломис, Мейн Меритайм академиясы; Томас Лодербауг, Мэриленд-Колледж Парк университеті; Джейн Лоуери, Джексон мемлекеттік қоғамдық колледжі; Ллойд Матцнер, Хьюстон-Даунтаун университеті; Рон Макнил, Аламогордодағы Нью-Мексико мемлекеттік университеті; доктор Билл Макферсон, Пенсильвания – Индиана университеті; Филлис Мерсер, Техас әйелдер университеті; Донна Мейерхолц, Тринидад мемлекеттік Джуниор колледжі; Энни Лори И. Мейерс, Нортгемптон қоғамдық колледжі; Катрин «Кэй» Майкл, Әулие Эдуард университеті; Кэтлин Миллер, Делавэр университеті; Гей Миллс, Амарилло колледжі; Джули Муллис, Уилкс қоғамдық колледжі; Памела Мулви, Олни Орталық колледжі; Джимидин Мерфи, Кларендон колледжі; Синди Мерфи, Оңтүстік-шығыс қоғамдық колледжі; Дипали Мурти-Хали, Калифорния мемлекеттік университеті-Станислав; Шелли Миатт, Орталық Оклахома университеті; Кора Ньюком, Лаукантри техникалық колледжі; Рон Ньюман, Крафтон Хиллс колледжі; Линда Ниц, Шадрон мемлекеттік колледжі; Лия Ноанан, Ларами қоғамдық колледжі; Мабри О’Доннелл, Мариетта колледжі; Диана Олтман, Орталық Вашингтон университеті; Рану Паик, Санта-Моника колледжі; Лорен Пейсли, Генесей қоғамдық колледжі; Патрисия Палермо, Дрью университеті; Джон Парриш, Тарант округі колледжі; Диана Пол, TVІ қоғамдық колледжі; Джон Т. Паули, Аляска университеті–Анкоридж; Майкл Пенелл, Род Айленд университеті; Сильвия Бивер Перес, Нияк колледжі; Мелинда Филиппс, Индиана университеті; Ральф Филлипс, Женева колледжі; Лаура Похопен, Кэл Поли Помона; Диана Пауэлл, Юта Валлей мемлекеттік колледжі; Кристин Пай, Калифорния Лютеран университеті; Норма Пигон, Тритон колледжі; Дейв Рамбот, Уэйланд Баптист университеті; Ричард Дэвид Рэмзи, Оңтүстік-шығыс Луизиана университеті; Чарльз Райли, Тарант округі – солтүстік-батыс кампусы; Джим Рукер, Форт Хейс мемлекеттік университеті; Доктор Сюзан Рассел, Лехман колледжі; Даниэль Скейн, Орандж Коуст колледжі; Келвин Шайдт, Тайдватер қоғамдық колледжі; Нэнси Шнайдер, Мэн штатының Августа университеті; Брайан Шеридан, Мерсихерст колледжі; Мелинда Ширей, Фресно қалалық колледжі; Боб Ширилла, Колорадо мемлекеттік университеті; Джойс Симмонс, Флорида мемлекеттік университеті; Гордон Дж. Симпсон, Санни Коблскилл; Пегги Симпсон, Доминикан университеті; Эйнис Смит, Бисмарк мемлекеттік колледжі; Джефф Смит, Оңтүстік Калифорния университеті; Лорейн М. Смит, Фресно қалалық колледжі; Харви Солганик, Леторно университеті – Даллас кампусы; Стивен Суси, Санта-Моника колледжі; Линда Спарго, Миссисипи университеті; В. Дис Сталлингс, Парк университеті; Сэлли Стэнтон, Висконсин университеті–Милуоки; Марк Стейнбах, Остин қоғамдық колледжі; Анжелика Стивенс, Монро қоғамдық колледжі; Стивен Стоулл, Вилмингтон колледжі; Алден Талбот, Вебер мемлекеттік университеті; Мишель Тейлор, Огичи техникалық колледжі; Вилма Томасон, Мид-Саунт қоғамдық колледжі; Эд Томпсон, Джефферсон қоғамдық колледжі; Энн Э. Типпетт, Монро қоғамдық колледжі; Лори Таунсенд, Ниагара қоғамдық колледжі; Лани Уайено, Левард қоғамдық колледжі; Венди Ван Хаттен, Батыс Айова техникалық-қоғамдық колледжі; Джей Веджес, Ричмонд қоғамдық колледжі; Джон Уолтман, Шығыс Мичиган университеті; Джи Ванг, Чикагодағы Иллинойс университеті; Крис Уорд, Финдлэй университеті; Дороти Уоррен, Таяу Теннессидің мемлекеттік университеті; Гленда Уотерман, Конкордия университеті; Келли Уэлч, Джефферсон қоғамдық колледжі; Брэдли С. Веснер, Оңтүстік-шығыс Нова университеті; Мэттью Уильямс, Кловер Парк техникалық колледжі; Бет Уильямс, Старк мемлекеттік технологиялық колледжі; Брайан Уилсон, Марин колледжі және Сандра Д. Янг, Калхоун техникалық колледжі–Оранджбург.

Қайта өңделген құжаттардың рецензенттері Құжаттарды қайта өңдеуде көрсеткен көмегі үшін келесі рецензенттерге шын жүректен алғыс білдіреміз: Лиза Барли, Шығыс Мичиган университеті; Марсия Бордман, Клодет университеті; Джон Буш-Бакелис, Шығыс Мичиган университеті; Бобби Дэвис, Оңтүстік Луизиана университеті; Синтия Дрексель, Колорадо штатының батыс мемлекеттік колледжі; Кеннет Гиббс, Уорчестер мемлекеттік колледжі; Эллен Лизерс, Брэдли университеті; Диана Маккоуен, Индиана университеті; Бобби Николсон, Марс Хилл колледжі; Эндрью Смит, Холиок қоғамдық колледжі; Джей Стаблфилд, Солтүстік Каролина Уэслейн колледжі және Доун Уоллес, Оңтүстік-шығыс Луизиана университеті.

MyLab жобасына үлес қосқандар Джордж Бернард, Флорида штатының Семинол мемлекеттік колледжі; Джина Л. Генова, Калифорния университеті, Санта Барбара; Нэнси Нигаард, Висконсин университеті, Милуоки; Сторм Руссо, Валенсия колледжі және Сьюзен С. Шейн, Шығыс Мичиган университеті.

Жеке алғыс Шынайы әлемдегі ахуалды аудиторияда көрсету үшін материалдарын ұсынып, сұхбатқа қатысуға келісім берген достар мен таныстарға және бизнес-әріптестерге шын жүректен алғыс білдіреміз! Керемет жазу дағдысы, ерекше білімі мен бизнестегі мол тәжірибесі арқылы осы жобаның ұғынықты әрі толыққанды болуына үлес қосқан Джордж Довелге алғыс айтамыз! Сондай-ақ жоғары біліктілігі мен детальдарға жіті назар аударғаны үшін Джеки Эстрадаға алғыс білдіреміз! Оның «Грамматика және жазу техникасының ең жоғарғы өнімділігі» (Peak Performance Grammar and Mechanіcs) материалын ерекше атап өту керек. Сондай-ақ жиналыстары мен түрлі жарияланымдары идея алмасуға жетелеп, кәсіби өсуде таптырмас құрал болған ұйым ретінде Бизнес-коммуникация қауымдастығына алғыс білдіреміз! Оған қоса Шығыс Мичиган университетінен Сьюзан Шэннге, Рэд Рокс қоғамдық колледжінен Кристин Лаурсенге және Фуллертон колледжінен Лаура А. Ледуға осы жаңа басылымға толықтырулар дайындауға көмектескені үшін алғысымыз шексіз. Біз жоғары оқу орындарының студенттеріне бағдарланған аса құнды мәтіндерді дайындағаны үшін Pearson Hіgher Educatіon ұйымының жоғары білікті мамандарына, соның ішінде бизнес-баспа жұмыстарының вице-президенті Донна Баттистаға; Портфельді басқару жөніндегі директор Стефани Уоллға; Портфельді басқару менеджері Даниил Тилманға; басқарушы директор Эшли Сантораға; редактордың көмекшісі Линда Албеллиге; Өндіріс бойынша директор Джефф Холкомға; өнімдер маркетологі Бекки Браунға және жергілікті маркетинг жөніндегі менеджер Ленни Энн Кукенскиге алғыс айтамыз. Сонымен қатар SPі Global компаниясындағы Николь Саддет және Джули Киддке ризашылығымызды білдіреміз!

Кортланд Л. Бове
Джон В. Тилл
КОММУНИКАЦИЯ ДАҒДЫЛАрының КАРЬЕРА ЖАСАУдағы маңызы
Карьера жасауға көмектесетін курс

Бұл курс карьера жасау жолында табысқа жету үшін маңызды коммуникация дағдыларын қалыптастырып, дамытуға көмектеседі, соның арқасында қызықты әрі табысты карьера жасай аласыз. Қысқа прологте қазіргі заманғы динамикалық жұмыс орнын түсіну, еңбек нарығына бейімделу үшін жасалатын іс-әрекеттер туралы, жұмыс портфолиосын құрастыру мен жеке бренд қалыптастырудың маңызы жайында баяндаймыз. Қызмет жолын бастамас бұрын аз ғана уақытыңызды бөліп, еңбекті оқып шығуға кеңес береміз.

ӨЗГЕРіс үстіндегі ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ТҮСІНУ АҚШ-тың өзінде әлемдік дағдарыстан кейін экономика дамып, жұмыспен қамту деңгейі өскен, сондықтан бизнес-карьераңызды бастағанда немесе жалғастырғанда белгілі бір қиындықтарға тап болатыныңыз сөзсіз. Бүкіл әлемдегі компаниялар бәсекеге түсіп, басымдық пен экономикалық тиімділікке ұмтылғандықтан, әр сала мен аймақтағы жұмыспен қамту үлгісі әрқалай. Бизнесте табысқа жетуге экономикалық циклдегі «шарықтау мен құлдыраулар» ғана ықпал етпейді. Еңбек нарығы жиі өзгеріп, бүгінде тәуелсіз қызметкерлер саны артып, виртуал ұйымдар сол қызметкерлерді штатқа жұмысқа алмай-ақ, жекелеген жобаларды атқару үшін қысқамерзімдік келісіммен қызметке шақырады. Жақында жүргізілген бір зерттеуде «АҚШ-та 2020 жылға қарай тәуелсіз қызметкерлер саны қатардағы қызметкерлерден асады» деген болжам айтылды.1 Жұмыстың жаңа үлгісі қызметкерлер мен компанияларға да тиімді. Компаниялардың тұрақты шығындары азаяды, экономикалық толқулар мен бәсекелестер тарапынан туындайтын қарсы әрекеттерге тез икемделіп, жоба талабына сай маманданған қажет қызметкерді таба алады.2 Жұмыс іздеуші өзін қызықтыратын жобалар мен клиенттерді таңдау еркіне ие болып, жұмыс уақытын қалауынша азайтып-көбейте алады, сондай-ақ жұмыс орнынан қашықта тұрса да (коммуникация технологияларының жетістіктері арқасында), Нью-Йорк немесе Калифорниядағы Кремний алқабы секілді алып орталықтан жұмыс табуына мүмкіндігі бар.3 Екінші жағынан, жаңа әдістің екі тарапқа да қолайсыздық тудыратын тұстары жетерлік. Жұмыс кестесін өздігінен белгілеу еркіндігі жұмысшы мен жұмыс берушіге де қиынға соғып, екі тараптың бір-біріне деген сенімін, адалдығын жоғалтады. Болашақ қарым-қатынасы бұзылып, дағдыларды дамыту мен оқуда және есеп беруде жауапкершіліктері азайып, түрлі проблемалар туындатуы ықтимал.4 Бұл мәселелердің көбі коммуникацияның жетіспеуінен туындайды, сондықтан сенімді коммуникация дағдыларының маңызы бұрынғыдан да арта түспек. Карьераңыз дәстүрлі еңбек қатынасына құрылған болса да, аталған өзгерістер әсерін тигізбей қоймайды. Ұйымдарда «ішкі» қызметкерлермен қоса,«сыртқы» мердігерлер де бар, бұл жұмыс орнының динамикасына ықпал етеді. Еңбек нарығында тәуелсіз жұмысшылар жұмыс берушілердің мүмкіндігін арттырады, сондықтан штаттағы қызметкерлер фрилансерлерге «жанама түрде» болса да, бәсеке болады. Сізге жұмысты жалғыз істеген ыңғайлы ма? Бүгінде тәуелсіз қызметкерлер жаһандық жұмыс күшінің маңызды бөлігіне айналған Осындай бұлыңғыр болашаққа қадам жасар алдында екі нәрсені есте сақтаңыз. Біріншіден, карьераңыздың тасы өздігінен өрге домалайды деп күтпеңіз: жауапкершілікті мойныңызға алып, ешқашан да берілмеңіз. Барлық нұсқаларды зерттеп, жоспар құрыңыз, мүмкіндіктер немесе кедергілерге тап болсаңыз, бағдарыңызды өзгертуге дайын болыңыз. Екіншіден, жұмыс беруші жағдайымды жасайды деп дәмеленбеңіз. Қызметкер бір компанияға өмір бойы адал еңбек етіп, өзіне де сондай қарым-қатынас көрсетілетініне сенімді болған заман келмеске кеткен. Сондықтан мүмкіндіктерді тауып, табысқа жетелейтін дағдыларды жетілдіру жолында карьера жасаңыз: мүддеңізді қорғау тек өзіңізге байланысты.

Жұмыс берушілердің еңбек нарығына көзқарасы Жұмыс берушінің көзқарасы бойынша, жұмыспен қамту процесі әркез тепе-теңдікті талап етеді. Тұрақты жұмыс орындарының болуы барлық салада бизнес өнімділігін арттырады, алайда көптеген жұмыс берушілер жалақыны азайтып немесе көбейтіп, бизнестің қаржылық жағдайына қарай икемделгісі келеді. Жұмыс берушілер қабілетті қызметкерлерді жұмысқа алғанды жөн санайды, бірақ олардың еңбегі қымбат бағаланатындықтан әрі бәсекелестер көз тігетіндіктен, қаржылық мәмілеге келу аса маңызды. Жұмыс берушілер экономикалық өсіммен және құлдыраумен күреседі. Жұмыссыздық деңгейі төмендесе, қызметкердің мүмкіндігі артады, сондықтан жұмыс берушілер талантты мамандарды өздеріне шақырып, ұстап қалу үшін аянбайды. Жұмыссыздық деңгейі жоғарылағанда жұмыс берушілердің үстемдігі орнайды. Олар еңбек күшін барынша таңдап, жұмысшының шартына илікпейді. Яғни экономикаға назар аудару керек, қойған шартыңыздың мүлтіксіз орындалуын талап ететін де, өзгенің талабына бейімделетін де уақыт туады. Компаниялар жұмыспен қамтуды әртүрлі нұсқалары бар күрделі бизнес-шешім деп есептейді. Карьереаңыздың қалай өрбитініне қарамастан, өз әлеуетіңізді толық пайдалану үшін жұмыс іздеуіңіз керек.

Жұмыс беруші жұмыс іздеушіге қандай талаптар қояды?

Заманауи жұмыс орнындағы жұмыс күшінің күрделілігі мен ғаламдық бәсекенің қысымы күшейгенде, жұмыс берушілер жұмыс іздеушінің бойынан қандай қасиеттерді көргісі келеді? «Өте көп» деген қысқа жауап аламыз. Барлық «сатып алушылар» сияқты, компаниялар да өздері жұмсайтын қаражатқа барынша лайық қызметкер тапқысы келеді. Өзіңізді барынша мінсіз кандидат етіп көрсетуге қанша тырыссаңыз да, тамаша мүмкіндікті жіберіп алуыңыз ықтимал. Мамандыққа қарай жұмыс берушінің қызметкерге қоятын талаптары әртүрлі, дегенмен барлық жұмыс берушілер жұмыс іздеушінің бойынан төмендегідей қасиеттерді іздейді:5 • Коммуникация дағдылары. Бұл оқулық бизнес-коммуникацияға арналғандықтан, коммуникация дағдыларын бірінші орынға қойып отырған жоқпыз. Жұмыс берушілерден қызметкерлердің бойынан қандай қасиетті іздейтінін сұрағанда, көбі «коммуникация орната алуы» деп жауап қатқан. Коммуникация дағдыларын жақсарту кәсіби өмірдің барлық саласында көмектеседі. • Тұлғааралық және командалық дағдылар. Жұмыста жеке басыңызға артылған міндет көп болуы мүмкін, бірақ жалғыз адам ештеңе тындыра алмайды. Басқалармен бірге жұмыс істеп, олардың да табысқа жетуіне көмектесу қажет. • Мәдениетаралық және халықаралық жағдайлардан хабардар болып, бейімделе білу. Табысты жұмыс берушілер әртүрлі жұмыс орындары, нарық пен қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыратындықтан, жұмысқа қызығушылығы жоғары қызметкерлерді іздейді. • Деректерді жинау, талдау және шешім қабылдау қабілеті. Жұмыс берушілерге қажет ақпаратты таба білетін, деректерді пайдалы білімге айналдыра алатын, тиімді шешім қабылдайтын қызметкерлер керек. • Цифрлық, әлеуметтік және мобайл медиа дағдылары. Заманауи қызметкерлер кеңселік бағдарлама жасақтамасын меңгерген, цифрлық медиа мен жүйелердің кең ауқымын қолдана алатын маман болғаны дұрыс. • Уақыт және ресурст менеджменті. Оқу орнында бірнеше шараны қатар атқарған болсаңыз, іскерлік әлеміне араласуға дайынсыз. Жобаларды жоспарлап, уақыт пен ресурстарды басқара білудің жұмыс істеу барысында маңызы зор. • Икемділік пен бейімделгіштік. Бұлар қызметкерлерге өте қажет қасиеттер. Соққыға төтеп беріп, бизнестегі негізгі талаптар мен жағдайларға тез икемделе алатын маман өзгеріске қарсы қызметкерлермен салыстырғанда карьерасын жылдам қалыптастырады (және бақытты болады). • Кәсібилік. Кәсіби шеберлік – жүктелген тапсырмаларды сенімді түрде жоғары деңгейде орындап, өз қызметін мақтан тұту. Шынайы кәсіби мамандар табысқа жетуге тырысады, білім-дағдыларын үнемі жетілдіреді, сенімді, жауапты әрі бизнес-этикетті біледі, соған орай шешім қабылдап, кәсібіне адал, үнемі оң көзқараста болып, жағдай қиындағанда оңай беріле қоймайды. Қай мамандықты таңдап, қандай жолмен жүргеніңізге қарамастан, коммуникация дағдылары карераңызға септігін тигізеді

Заманауи еңбек нарығына бейімделу жұмыс берушінің төлемі (тәуелсіз қызметкер болсаңыз, клиенттің төлемі) мен өз қалауыңыз үйлесетін ортақ шешімді табу үшін өмір бойы ізденуді жұмыс орнына бейімделу деп айтамыз. Өміріңіздің мыңдаған сағатын жұмысқа арнайсыз, сондықтан оны қалай жұмсауды, өзіңіздің не ұсына алатыныңызды, жұмыс беруші іздейтін маман болудың әдістерін табудың жолдарын қарастыру керек.

НЕМЕН АЙНАЛЫСҚЫҢЫЗ КЕЛЕДІ?

Нарықтағы экономикалық қажеттілік пен тұрақсыздық карьераңызға әсер ететіндіктен, қалаған ісіңізбен айналысу әркез мүмкін бола бермейді. Дәл қазір сүйікті ісіңізбен айналысуға мүмкіндік тумай жатса, құндылықтарыңыз бен қызығушылығыңызды ескере отырып, жұмыс іздеп көріңіз. Нәтижесінде нақты кәсібіңізді айқындап аласыз, өзіңізге ең қолайлы жағдайды анықтап, соған жету үшін оқып-үйренесіз. Төмендегі сауалдарға жауап іздеңіз: • Күн сайын қандай іспен айналысқыңыз келеді? Өзіңізді қызықтыратын істерді анықтап, адамдардың күнде немен айналысатынын біліңіз. Достарыңыз бен туыстарыңыздан, оқу орны түлектерінен, әлеуметтік желідегі достарыңыздан сұраңыз. Әртүрлі мамандық иелерінің сұхбаттарын оқып, олардың карьерасы жайлы түсінік қалыптастырыңыз. • Қалай жұмыс істегіңіз келеді? Жұмыстағы еркіндігіңіздің қай деңгейде болғанын қалайсыз? Әралуандықты ұнатасыз ба? Өнімдер, машиналар, адамдар, идея мен цифрлармен немесе олардың комбинациясымен жұмыс істегіңіз келе ме? • Қаржылық мақсатыңызды басқа бағыттармен үйлестіре аласыз ба? Мысалы, жалақысы жоғары қызметтің көбінде күйзеліске ұшыратуы мүмкін қауырт жұмыс көп болады, отбасыңыз бен достарыңызға бөлетін уақытыңыз азайып, жиі жол жүруді, мекенжайды ауыстыруды талап етеді. Сіз үшін жұмыс орны, өмір салты, қызықты жұмыс пен басқа да факторлар маңызды болса, жалақының аздығына қынжылмайтын шығарсыз?! • Карьера жасауда жалпы мақсатыңыз бар ма? Мысалы, қаржы немесе өндіріс саласының маманы боламын деген мақсатыңыз бар ма, әлде бірнеше салада тәжірибе жинап, басшылық қызметке қол жеткізгіңіз келе ме? • Қандай корпоративтік мәдениет сізге көбірек ұнайды? Бағынышты мен басшысы нақты белгіленген формалды иерархиялық ортада өзіңізді бақытты сезінесіз бе? Әлде құрылымның аз болғанын жөн көресіз бе? Топпен жұмыс істегенді қалайсыз ба, әлде жеке ме? Бәсекеге толы ортаны ұнатасыз ба? Жан дүниеңіз не қалайтынын, қандай жұмысты жақсы істейтініңізді және оны қаншалықты мінсіз атқаратыныңызды анықтау үшін көп уақыт керек, бірақ соның бәрін ертерек ойлағаныңыз жөн. 1-кестені толтыру арқылы карьера жасағыңыз келетін жұмыс түрін біршама нақтылай аласыз.

1-кесте. Карьераны өзіндік бағалау
Іс-әрекет немесе жағдай
Толық келісемін
Келісемін

Келіспеймін
Бәрібір

1. Жұмысты жеке істегім келеді

2. Жұмыста әралуандықты қалаймын

3. Адамдармен жұмыс істегім келеді

4. Технологиямен жұмыс істегім келеді

5. Дене еңбегімен айналысқым келеді

6. Ақыл-ой еңбегімен айналысқым келеді

7. Үлкен ұйымда жұмыс істегім келеді

8. Коммерциялық емес ұйымда жұмыс істегім келеді

9. Шағын бизнеспен айналысқым келеді

10. Қызмет көрсету саласында жұмыс істегім келеді

11. Бизнесімді бастағым келеді, немесе басқаның бизнесін сатып

алғым келеді
___________
___________
___________

___________ 12. Жұмыс уақытының тұрақты, белгілі болғанын қалаймын

13. Қалалық жерде жұмыс істегім келеді

14. Шағын қалада немесе қала сыртында жұмыс істегім келеді

15. Басқа қалада жұмыс істегім келеді

16. Таза ауада жұмыс істегім келеді

17. Бір ережеге бағынатын тәртіпті ортада жұмыс істегім келеді

18. Мүмкіндігінше тәуекелге бел бумасам деймін

19. Қаржысы аз болса да, өзіме ұнайтын жұмыс істегім келеді

20. Жоғары деңгейдегі корпоративтік менеджер болғым келеді

НЕ ҰСЫНА АЛАСЫЗ?

Немен айналысқыңыз келетінін білгеніңіз, әрине, жақсы. Ал компанияның қандай еңбегіңіз үшін жалақы төлейтінін білу – мүлде басқа нәрсе. Жұмыс берушіге ұсынатын тамаша идеяңыз бар шығар. Олай болмаса брейнсторминг жасап, дағдыларыңызды, қызығушылық пен өзіңізге тән ерекшеліктерді анықтап алыңыз. Алдымен, өзіңіз мақтан тұтатын жетістіктеріңіз бен тәжірибелеріңізді ой елегінен өткізіңіз, жетістікке жету үшін нақты қандай дағдылар қажет болғанын мұқият зерделеңіз. Мысалы, басшылық қабілет, шешендік өнер мен актерлік шеберлігіңіз сыныпта табысты жобаны ұйымдастыруға көмектескен шығар. Жетістігіңізді талдаған кезде дағдыларыңызды да тани бастайсыз. Ықтимал жұмыс берушілер үшін соның қайсысы пайдалы болуы мүмкін? Бұдан соң оқу дайындығыңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, сабақтан тыс іскерліктеріңізді сараптаңыз. Біліміңіз бен тәжірибеңіз қандай? Еріктілер жұмысынан немесе сынып жобасынан жұмысқа пайда әкелетін қандай дағдыларды үйрендіңіз? Қандай да бір қызмет атқарып, марапат немесе стипендия алып, басқа тіл үйрендіңіз бе? Бизнеске қатысы жоқ жағдайда қалыптастырған дағдылардың қайсысын бизнесте қолдануға болады? Жеке қасиеттеріңізді қорытындылаңыз. Тез шешім қабылдай аласыз ба, туабітті жетекшісіз бе? Әлде біреудің соңынан ергенді жөн көресіз бе? Адамдармен тез араласатын, шүйіркелесіп кететін, ақжарқын жансыз ба? Әлде жеке жұмыс істегенді ұнатасыз ба? Өз бойыңыздағы ең басты қасиеттердің төрт-бесеуін тізіп жазыңыз. Туысыңыз немесе досыңыздан өзіңізге тән қасиеттерді айтып беруін сұраңыз. Қызығушылығыңыз бен жеке қасиеттеріңізді, қабілетіңізді анықтау қиын болса, оқу орнындағы карьера орталығына барыңыз. Көп кампуста қызығушылығыңыз бен қабілетіңізді, жеке бас қасиетіңізді анықтауға көмектесетін түрлі тест бар. Мұндай тест «мінсіз» жұмыс тауып бермеуі мүмкін, дегенмен сізге лайық мамандықтарға көңіл бөлуіңізге ықпал етеді.

бағаңызды қалай арттыра аласыз?

Жұмыстан не қалайтыныңызды және жұмыс берушіге не ұсына алатыныңызды анықтап алғанға дейін карьераға қажет қадамдар жасаңыз. Біріншіден, еріктілерге арналған жобаларды іздеңіз, уақытша жұмысқа орналасыңыз немесе штаттан тыс жұмыс табыңыз, немесе машықтанудан өтіп, тәжірибеңізді молайтып, дағдыларды күшейтіңіз.6 Craіgslіst не басқа да сайттардан фриланс жұмыстар табуға болады, кейбірі еңбегіңізге аздаған ақша төлеуі мүмкін, есесіне дағдыңызды байқай аласыз. Сондай-ақ краудсорсинг жобаларға қатысып, мүмкіндігіңізді сынап көріңіз, ол жерде компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар түрлі міндеттерді шешу үшін көпшілікті жұмысқа тартады. Осындай мүмкіндіктер арқылы құнды тәжірибе жинайсыз, қажет адамдармен байланыс орнатып, жұмыс портфолиоңызды маңызды ұсыныс хаттар мен жұмыс үлгісіне толтырасыз, осылайша жеке брендіңіз қалыптасады (келесі бөлімді қараңыз). Екіншіден, өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін сала туралы көп оқып, ізденіңіз, жаңа зерттеулердің басында жүріңіз. Кәсіби мамандар мен достарыңызға қосылып, олардан жаңа үрдістер мен жаңалықтарды біліңіз. кәсіби ұйымдардың көбінде студенттерге арналған тақырыптар болады, немесе студенттерге мүшелікке өту үшін жеңілдіктер ұсынады. Курстарға қатысып, басқа да білім мен өмірлік тәжірибеңізді толықтырыңыз, штатқа жұмысқа орналасқанда оның бәрін үйрену қиынға соғады.

ПОРТФОЛИо құрастырУ Жұмыс берушіге табысқа жетелейтін дағдыларыңыз бар екенін дәлелдеу қажет. мамандыққа қатысты жұмыс тәжірибеңіз аз болса, ЖОО-дағы дәрістеріңізді дәлел ретінде ұсына аласыз. Жұмыс портфолиосын әзірлеп, оған дағдыларыңыз бен біліміңізді көрсететін жобаларды жинаңыз. Портфолионы қағаз және элек­трондық нұсқада құрастырыңыз, екеуі де карьераңызға пайдасын тигізеді. Қағаз портфолио сұхбат барысында көрсеткенге ыңғайлы, көрсету оңайға түспейтін жобалардың нәтижесін онлайн түрде жинап қоюға болады, мысалы, өзіңіз жасаған есепті әдемілеп салып қойыңыз. Электрондық портфолио арқылы дағдыларыңыз бен тәжірибелеріңізді мультимедиалық презентация әзірлеп көрсетесіз.7 Оған сіздің резюмеңіз, жұмыс үлгілеріңіз, ұсыныс хаттар, жұмысқа қатысы бар өзіңіз түсірген видеолар мен подкаст, блог пен мақалаларыңыз салынған сайт ретінде қараңыз, өзіңіз бен дағдыларыңыз туралы барлық ақпарат сонда көрсетілсін. Портфолионы өзіңізбен алып жүру үшін CD немесе DVD дискілерге жазыңыз немесе жеке сайтыңызға, ол болмаса оқу орнының сайтына (студенттерге арналған парақтары болса), немесе Behance сияқты арнайы сайттарға салыңыз. Америка Құрама Штаттары оқу орындарындағы студенттердің электрондық портфолиосын көру үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, «Student Assіgnments» деген бөлімді таңдаңыз, сол жерде студенттердің электрондық портфолиосына сілтеме берілген. Осы курстағы «Портфолионың негізі» (7-тараудан басталады) деген тапсырмаларға баса мән беріңіз. Бұл тармақтар сіздің коммуникация дағдыларыңызды жақсартып қана қоймай, бизнеске қатысы бар күрделі мәселелерді түсініп, тиімді шешуіңізге септеседі. Осы жобаларды басқа курстың үлгілерімен біріктіру арқылы сұхбаттасуға барар алдында тартымды портфолио әзірлей аласыз. резюме жазғанда портфолионы дайын ресурс ретінде пайдаланасыз, себебі жылдар бойы істеген жұмыстарыңыздың нәтижесін көріп отырасыз. Сондай-ақ карьера жасау кезінде де портфолиоңызды толықтырып, жетілдіргеніңіз жөн; кәсіби мамандардың көбі өз қызметін жарнамалау үшін электрондық портфолионы пайдаланады. Портфолиоңызды дайындаған оқу орнындағы, жұмыстағы және басқа жердегі жұмысты атқару қабілетіңізді көрсететін дәлелдердің барлығын жинаңыз. Дегенмен қызметкер болып жүрген кездегі еңбектеріңізді салар алдында оны жұмыс берушімен бірге тексеріп алыңыз, қандай да бір өнімді (жазған, үлгісін жасаған, бағдарламалаған т.б.) салар алдында оны сатып алған клиентпен бірге қарап шығыңыз. Іскерлік құжаттардың көбінде құпия ақпарат болады, компаниялар оларды сыртқа жариялағанды құптамауы мүмкін. Портфолиоңызға түрлі элементтерді салмас бұрын жобаға қосқан үлесі мен мәнін басқалар түсіну үшін қысқаша сипаттамасын жазыңыз, онда төмендегі мәселелер қамтылсын: • Алғышарт. Неліктен ол жобаға қатыстыңыз? Ол оқу орнындағы жоба ма, жұмыстағы тапсырма ма, әлде өзіңіздің бастамаңыз ба?

• Жобаның мақсаты. Қажет болса, жобаның мақсатын көрсетіңіз. • Басқа қызметкерлер. Жобаны басқалармен бірге жасаған болсаңыз, сол жайлы және команданың белсенділігі туралы айтып өтіңіз. Мысалы, сіз топты басқардыңыз ба, әлде басқалармен виртуал команда ретінде қашықтан жұмыс істедіңіз бе? • Шектеулер. Кейде жобаның ең әсер етерлік тұсы – жасалу барысында уақыттан немесе бюджеттен шектеу болуы мүмкін. Жобаға сондай шектеу қойылған болса, ол туралы айта кетіңіз, бірақ бұл ескерту жұмыс сапасының төмендігі үшін кешірім сұрағандай әсер қалдырмасын. Мысалы, сайт жасауға бір апта ғана берілсе, «бұл жобаның ең қызық тұсы – дедлайн. Сайтты жасап, өңдеп, сынап, жариялауға бір апта ғана берілді» деп жазсаңыз болады. • Нәтижесі. Жобаның мақсатын бағамдауға болатын болса, нәтижесі қандай болды? Мысалы, қайырымдылық шарасына қаржы салу туралы хат жолдасаңыз, қанша ақша жинай алдыңыз? • Оқу тәжірибесі. Қажет болса, жоба барысында не үйренгеніңізді сипаттап жазыңыз. Есіңізде болсын, портфолионың өзі – коммуникация жобасы, тиімді коммуникация мен әдемі дизайн туралы осы курстан үйренген біліміңіздің бәрін кейін міндетті түрде қолданыңыз. Ықтимал жұмыс берушілер сіздің электрондық портфолиоңыз тұрған сайтты тауып алады деп санаңыз (тіпті ол туралы айтпасаңыз да), өзіңізге зияны тиер дүниелерді салмаңыз. Facebook, Twіtter және басқа да әлеуметтік желілерге өзіңіз жайлы теріс пікір қалыптастыратын дүниелер салған болсаңыз, оларды дереу өшіріңіз. Жұмысты бастау үшін, алдымен, оқу орнындағы карьера орталығына хабарласыңыз, көптеген оқу орындары студенттері үшін электрондық портфолио жүйесін ұсынады. (Кейбір оқу орындары қазір оны талап етіп жатыр, сондықтан әзірлеп қойған да боларсыз.) Интернеттен де көп кеңес таба аласыз, «электрондық портфолио», «студент портфолиосы» немесе «кәсіби портфолио» деп іздеңіз.

ЖЕКЕ БРЕНД ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Компаниялар мен өнімдердің белгілі бір атрибут жиынтығын көрсететін брендтері бар, мысалы: Volvo көлігінің қауіпсіздікке баса мән беруі, BMW маркасының өнімділігі, Cadіllac көлігінің сән-салтанатымен ерекшеленетіні секілді. Сол сияқты сізді білетін адамдар кәсіби білігіңіз бен артықшылықтарыңыз, жылдар бойы қалыптасқан дағдыларыңыз бен қасиеттеріңіз туралы өзіндік түсінігі болуға тиіс. Мүмкін, жеке бренд қалыптастырып қойғаныңызды өзіңіз де байқамай жүрген боларсыз? Карьераңыздың келесі кезеңін жоспарлағанда жеке брендіңізді саналы түрде жүргізіңіз. Брендинг маманы Мұхаммед Әл-Тайи: «Жеке брендинг – сізді ерекше әрі бірегей етіп көрсететін қарым-қатынас жасау мен түсінісудің қысқаша әдісі»,8 – деп сипаттайды. Осы курс кезінде жеке брендіңізді жоспарлап, жетілдіруге қажет бірнеше мүмкіндік ұсынамыз. Мысалы, 8-тарауда жеке брендинг үшін шешуші рөл атқаратын әлеуметтік БАҚ-тағы бизнес-қосымшаларға қатысты кеңестер беріледі, 18, 19-тарауларда резюме жазуды, өз желіңізді құрып, сұхбатта өзіңізді таныстыруды үйретеміз. Жұмысты бастар алдында жеке брендингіңізді табысты ететін стратегия негіздерін атап өтейік:9 • «Өз оқиғаңызды» жазыңыз. Қарапайым тілмен айтқанда, бұрын не істедіңіз, енді не істемексіз? Әрбір жақсы оқиғаның шиеленіскен тұсы болады, оқырмандар «әрі қарай не болар екен» деп қызығып оқиды. Сіздің оқиғаңыз қалай өрбімек? 18-тарауда жеке брендті қалыптастыру әдісі туралы тарқатып айтамыз. • Кәсіби тақырыбыңызды анықтаңыз. Volvo, BMW мен Cadіllac көлігінің әрқайсысы сізді а нүктесінен в нүктесіне қауіпсіз, жайлы әрі сән-салтанатпен жеткізуі мүмкін, бірақ әр брендтің басқасына қарағанда айрықша атрибуты бар, сатып алушы көлік таңдағанда, алдымен, соны ескереді. Сол сияқты сізге де жай есепші, супервайзер немесе сатушы ретінде қарамауы керек. Сіздің ерекшелігіңіз қандай болмақ? Тамаша стратегсіз бе? Алған бетінен қайтпайтын, айтқанын орындататын тактиксіз бе? Мүмкін, техникалық гуру шығарсыз? Мәселелерді шеше білетін мамансыз ба? Тума талант боларсыз? Шабыттандыратын көшбасшысыз ба? • Байланыс орнатыңыз. Ірі корпорациялар жарнамаға бірнеше миллион доллар жұмсап, өз брендін жарнамалайды. Сіз өз брендіңізді азғантай ақшамен немесе тегін таныта аласыз. Оның құпиясы – желілік байланыс, ол туралы 18-тарауда толық баяндалған. Мүдделес адамдармен бірігіп, ақпарат алмасыңыз, дағды мен біліміңізді көрсетіп, басқалардың да табысқа жетуіне көмектесіңіз. • Брендті таратуда берген уәдеңізден ешқашан айнымаңыз. Брендті ұсынғанда уәде бересіз, яғни сол брендті сатып алған адам сіз ұсынған игілікті көреді деп сендіресіз. Брендинг кезінде берген уәдеңізде тұра алмасаңыз, жоспарлау мен коммуникация жасаудың еш пайдасы болмайды. Керісінше, сапаны әркез жақсартып отырсаңыз, талантыңыз бен кәсіби шеберлігіңіз өзіңізге қызмет етеді.

ЖҰМЫС ІЗДЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ

Қорытындылай келе айтарымыз, жұмыс іздеудің барлық қолжетімді құралдары мен ресурстарын қолданыңыз. Мысалы, қазір көп компанияның мобайл қосымшасы бар, сол арқылы қалай жұмыс істеу керектігін білесіз, әрі қажет бос орындарды іздей аласыз. Түрлі қосымшалар мен сайттар жұмыс табуға, сұхбаттан өтуге және кәсіби желі құруға көмектеседі.

Осы курсты оқуда және карьера жасауда сізге зор табыс тілейміз!
Сілтеме

1. Ryan Kіm, «By 2020, Іndependent Workers Wіll Be the Majorіty», GіgaOm, 8 December 2011, gіgaom.com. 2. Darren Dahl, «Want a Job? Let the Bіddіng Begіn», Іnc., March 2011, 93–96; Thomas W. Malone, Robert J. Laubacher, and Tammy Johns, «The Age of Hyperspecіalіzatіon», Harvard Busіness Revіew, July–August 2011, 56–65; Jennіfer Wang, «The Solutіon to the Іnnovator’s Dіlemma», Entrepreneur, August 2011, 24–32. 3. «LіveOps and Vіsіon Perry Create New Work Opportunіtіes for Rural Tennessee», LіveOps press release, 18 July 2011, www.lіveops.com; Malone et al., «The Age of Hyperspecіalіzatіon». 4. Adapted from Dahl, «Want a Job? Let the Bіddіng Begіn»; Malone et al., «The Age of Hyperspecіalіzatіon»; Wang, «The Solutіon to the Іnnovator’s Dіlemma»; Marjorіe Derven, «Managіng the Matrіx іn the New Normal», T+D, July 2010, 42–47. 5. Courtland L. Bovèe and John V. Thіll, Busіness іn Actіon, 5th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2010), 18–21; Randall S. Hansen and Katharіne Hansen, «What Do Employers Really Want? Top Skіlls and Values Employers Seek from Job-Seekers», QuіntCareers.com, accessed 17 August 2010, www.quіntcareers.com. 6. Nancy M. Somerіck, «Managіng a Communіcatіon Іnternshіp Program», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon56, no. 3 (1993): 10–20. 7. Jeffrey R. Young, «E-Portfolіos» Could Gіve Students a New Sense of Theіr Accomplіshments» The Chronіcle of Hіgher Educatіon, 8 March 2002, A31. 8. Mohammed Al-Taee, «Personal Brandіng», Al-Taee blog, accessed 17 August 2010, altaeeblog.com. 9. Pete Kіstler, «Seth Godіn’s 7-Poіnt Guіde to Bootstrap Your Personal Brand», Personal Brandіng blog, 28 July 2010, www.personalbrandіngblog; Kyle Lacy, «10 Ways to Buіldіng Your Personal Brand Story», Personal Brandіng blog, 5 August 2010, www.personalbrandіngblog; Al-Taee, «Personal Brandіng»; Scot Herrіck, «30 Career Management Tіps—Marketіng AND Delіvery Support Our Personal Brand», Cube Rules blog, 8 September 2007, cuberules.com; Alіna Tugend, «Puttіng Yourself Out There on a Shelf to Buy» New York Tіmes, 27 March 2009, www.nytіmes.com.

1-тарау
Цифрлық, әлеуметтік және мобайл әлемдегі кәсіби коммуникация
2-тарау
Коллаборация, тұлғааралық қарым-қатынас және бизнес этикеті

3-тарау
Әр алуан жаһандық нарықтағы коммуникация мәселелері

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Тиімді коммуникация карьераңыз және болашақта жұмыс істейтін компания үшін қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. 2. Бизнес тұрғысынан алғанда, кәсіби маман ретінде коммуникация жасаудың қыр-сырын үйренесіз. 3. Коммуникация процесінің моделін сипаттап, әлеуметтік медианың бизнес-коммуникация табиғатын қалай өзгерткенін білесіз. 4. Бизнестегі мобайл коммуникацияның мүм­кіндіктері мен қиындықтарын меңгересіз. 5. Коммуникация технологиясын тиімді қолданудың төрт нұсқаулығымен танысасыз. 6. Этикаға анықтама беріп, этика дилемма-сы мен этикаға қайшы әрекеттердің аражігін ажыратып, этика шеңберінде шешім қабылдаудың алты ережесімен танысасыз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

JetBlue
коммуникация тәжірибесі
twіtter.com/jetblue

Бөлшек саудада, тұтынушыларға қызмет көрсетуде немесе соған ұқсас салаларда қызмет істеген болсаңыз, онда әрбір клиенттің көңілін табу қаншалық қиын екенін білесіз. Ал енді бір мезетте 35 миллион клиенттің көңілінен шығу міндетін көз алдыңызға елестетіңіз! JetBlue компаниясы жыл сайын осыншама жолаушыны (орташа есеппен күніне 95 мың) тасымалдайды. 2000 жылдары жұмысын бастаған JetBlue әуекомпаниясы, өзге әуекомпанияларымен салыстырғанда клиенттерге қызмет көрсетуде өзінің қайталанбас стилін қалыпастырумен ерекшеленді. Мысалы, компания алғашқылардың бірі болып, клиенттерге қызмет көрсететін плафторма ретінде 2007 жылы Twіtter-ді пайдалана бастады. Ол кезде микроблоггинг қызметі енгізілгеніне бір-ақ жыл болған әрі көп компания оның бизнес-коммуникация үшін пайдасын сезе қоймаған. Ресми уеб-сайт компанияның онлайн жұмысындағы негізгі орталығы саналса да, әлеуметтік желі (компания Facebook-те де өте белсенді, парақшасына миллионнан астам лайк басылған) клиенттер мен уеб-сайт арасында тығыз қарым-қатынас орнатушы көпір міндетін атқарады. Цифрлық коммуникацияның барлық түрі компания үшін өте маңызды, сондықтан ол өзін цифрлық бренд ретінде де қарастырады. JetBlue-дің клиенттерге қызмет көрсету бойынша әлеуметтік желіні қолдану тәжірибесі жолаушылардың мобайл құрылғыларды қолдану тәжірибесімен тамаша ұштасып жатыр JetBlue әуекомпаниясы – әлеуметтік желінің қоғамдық сипатын іске жарата алған алғашқы компаниялардың бірі. Компанияның коммуникация саласының маманы Морган Джофстоун желідегі адамдардың пікірлерімен санасып отырудың пайдасын ерте сезіп, алғаш болып ұйымның Twіtter-дегі жұмысын бастаған. Оны жұрттың әлеуметтік желіде компания жайлы ойлары қызықтырған. Мейлі, ол ұшу барысындағы қажет көмек туралы жазба немесе компания қызметкерлерін мақтағаны туралы пост, тіпті компания туралы орынсыз сын болсын – бәрін маңызды деп санаған. Мұндай интерактивтің маңызы артқаны соншалық – қазіргі кезде ұйымның жиырма шақты Twіtter агенті бар және олар компанияның Twіtter-дегі парақшасын оқитын барлық екі миллион саяхаттаушыны тыңдауға даяр. Олар күнделікті оқырмандар сұрағына жауап беріп, қандай да бір мәселені шешеді, тіпті қажет болған жағдайда билеттерге қайта тапсырыс жасайды. (Тұтынушыға көмек қажет болған кезде компанияның Twіtter командасы әдетте тікелей хат алмасу тетігі арқылы әңгімені өзгелер көрмейтіндей жеке қылып, мәселе туындаған жағдайда тұтынушыларға электрондық пошта немесе телефон арқылы хабарласуға кеңес береді.) Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания үшін клиенттерімен қарым-қатынас жасауда мобайл коммуникацияның маңызы зор. Көмек сұраған немесе Twіtter арқылы шағым түсірген клиент әдетте байланыс жасауды мобайл құрылғының көмегімен жүзеге асырады, мейлі, ол ұшаққа отырайын десін, әуежайда қалып қойып, қайта билет алуға мәжбүр болсын, тіпті ұшақтың әуеге көтерілуін күтіп отырған жолаушы болсын. Сондықтан мобайл байланыс – қазіргі кезде компанияның коммуникация стратегиясының басты элементінің бірі. Компанияның уеб-сайтын ұялы телефоннан оқу ыңғайлы, оған қоса компанияның сайтын арнайы телефон қосымшасы арқылы да пайдалануға болады. Компания алға жылжыған сайын барынша жаңаланып, клиенттеріне ең жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін цифрлық, әлеуметтік және мобайл коммуникацияны назардан шығармай келеді.1

Коммуникацияның маңызы неде?

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тиімді коммуникация карьераңыз және болашақта жұмыс істейтін компания үшін қаншалықты маңызды екенін түсінесіз Коммуникация1 дегеніміз – жымию секілді қарапайым немесе JetBlue компаниясының әлеуметтік желі бағдарламасы секілді ірі бола ма (тарау басындағы «JetBlue. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) – барлық жағдайда да ақпаратты жолдау процесі, бір немесе одан да көп медиа және коммуникация арналары арқылы жіберілген жіберуші мен алушы арасындағы қарым-қатынас түрі. Коммуникацияның болмысында бөлісу ниеті жатыр және оған сол бөлісуден алатын әсер де кіреді. Адамдар өзара ақпаратпен, деректерді бөліседі және бұл процесс екі жаққа да – жіберушіге де, алушыға да пайдалы.2 1.1-сызбада көрсетілгендей, ақпаратты бөлісу әртүрлі жол арқылы жүзеге асады. Мысалы, ақпарат сәтті жолданған кезде жіберуші де, алушы да өзара түсінісіп, мүддесі бір нүктеде тоғысады. Ал сәтсіз талпыныс жасалғанда, алушы жіберушінің бастапқы ниетін түсінбей, өзінше долбарлайды.

1.1-сызба. Ақпарат бөлісу Бұл сызба бағдарлама жобасының менеджері (сол жақта) мен бастығы (оң жақта) арасындағы ақпарат алмасудың әртүрлі жолмен жүзеге асатынын көрсетеді. Бірінші жағдайда жіберушінің ақпаратын алушыға сол қалпында, өзгеріссіз жеткізіп, алушы оны сол күйінде қабылдайды. Екінші жағдайда жіберуші мен алушы жағдайды өзара талқылап, ақпараттың мәнін түсінеді. Яғни мұнда екі тарап жағдайдың жақсы екенін білсе де, жобаның кешігу ықтималдығы бұрынғыға қарағанда арта түскенін бағамдайды. Үшінші жағдайда алушы «меніңше» деген сөзден секем алып, жіберушінің «жағдай ойдағыдай» дегеніне қарамастан, өзінше топшылайды Сіз осы курсты меңгеру барысында коммуникация дағдыларын жетілдіру үшін уақытыңыз бен энергияңызды жұмсайсыз. Мұндайда «ол соған тұрарлық па» деген сұрақтың туындауы заңды. Коммуникация жасау шеберлігі карьера жасауыңыз үшін де, болашақта өзіңіз жұмыс істейтін компанияңыз үшін де өте маңызды. Бұл турасында келесі бөлімде айтамыз.

КОММУНИКАЦИЯ КАРЬЕРАҢЫЗ ҮШІН КЕРЕК

Бизнесте табысқа жету үшін зор амбиция мен керемет идеяның болуы жеткіліксіз, адамдармен коммуникация жасай білуіңіз керек. Коммуникация жасау дағдысын жетілдіру – сіздің карьера жасау жолыңыздағы ең маңызды, бірегей қадамдарыңыздың бірі болуы әбден мүмкін. Өйткені сізде әлемдегі ең керемет идея бар болуы ықтимал, бірақ оны анық әрі дәлелді түрде жеткізе алмасаңыз, оның карьераңызға немесе компанияңызға еш пайдасы тимейді. Тауар сату немесе клиенттерді қолдау сияқты кейбір жұмыс түрлері коммуникациямен тікелей байланысты. Инженерия яки қаржы саласында үнемі күрделі идеяларды менеджерлерге, клиенттерге, әріптестеріңізге түсіндір­уіңізге тура келеді. Мұндайда техника саласындағы тәжірибеңіз сияқты, адамдармен араласу қабілетіңіздің маңызы арта түседі. Кәсіпкер болғыңыз келсе, онда инвесторлардан бастап банк қызметкерлері, үкімет өкілдері мен жұмыс берушілер, клиенттер және бизнес-серіктестерге дейін әртүрлі сала адамдарымен араласуыңызға тура келеді. Еңбек нарығының өзгермелі табиғаты да коммуникация шеберлігіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Қазіргі кезде көп компания тұрақты жұмысшыларынан бөлек, қысқа уақытқа немесе жеке жобаларға тәуелсіз мердігерлер мен жұмысшылар жалдауды әдетке айналдырған. Сіздің де осындай фрилансерлер тобынан табылуыңыз ғажап емес. Сондықтан әрбір жаңа келісімшарт сайын өзіңізді дұрыс қырынан көрсетуге тура келеді. Әртүрлі жұмыс жағдайында адамдармен араласып, карьераңыздың өрге басуында жауапкершілікті толықтай мойныңызға аласыз. Компания ашсаңыз немесе қандай да бір ұйымда қызметтік баспалдақпен жоғарыға көтерілсеңіз, уақытыңыздың негізгі бөлігін коммуникацияға арнайсыз. Топ-менеджерлер жұмыс күнінің біраз бөлігін коммуникациямен өткізеді, ал коммуникация шеберлігі шыңдалмаған мамандарының жоғарыға көтерілуіне мүмкіндігі аз. Коммуникация дағдысын жетілдіру – карьера ба­рысында жасалатын бірден-бір маңызды әрекет. Әлемде мықты маркетологтер, жақсы бухгалтерлер, білікті инженерлер мен адвокаттар көп болуы мүмкін, бірақ коммуникация шеберлігін меңгергендері бірен-саран. Сондықтан коммуникация дағдыларыңыз еңбек нарығындағы бәсекеде өзіңізді көрсетудің ерекше мүмкіндігі деп түсініңіз. Коммуникацияны дұрыс орната алмайтын жұмысшыларға жұмыс берушілердің көңілі толмайды және бұл – оқу орнын жаңа бітіріп, кәсіби бизнес-ортаға әлі бейімделіп үлгермеген, тәжірибесі аз жас мамандар алдынан шығатын кедергі.3 Жақсы жазуды, жақсы сөйлеуді, жақсы тыңдауды меңгеріп, кез келген жағдайда коммуникация жасаудың ыңғайын таба білсеңіз, қызметте үнемі алда болып, бұл қасиеттің өмір бойы игілігін көресіз.4

КОММУНИКАЦИЯ Компанияңыз ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Коммуникация – кәсібиліктің ажырамас негізгі бөлігі.

Коммуникация жеке басыңыз үшін ғана емес, жұмыс атқаратын компания үшін де маңызды. Тиімді коммуникацияның бизнес үшін төмендегідей пайдасы бар:5 • Жеке тұлғалар мен ұйымдар арасында жоғары сенімнің қалыптасуына тың серпін береді. • Нарық кеңістігіндегі маңызды қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынас жасауға жетелейді. • Келіссөздерге, бизнес-ортада түсініктің қалыптасуына және трендтерге әсер етеді.

• Өнімділікті арттырып, мәселенің тез шешілуіне жағдай жасайды.
• Инвесторларға түсетін пайда ұлғайып, қаржылық көрсеткіштер жақсарады.

• Бизнес шығынының артуынан бастап өте маңызды қауіпсіздік мәселелеріне дейінгі ірі проблемаларды ерте анықтауға көмектеседі. • Уақытылы әрі сенімді ақпарат негізінде дұрыс шешім қабылдауға ықпал етеді.

• Түсініктірек әрі дәлелді маркетингілік хаттар жазуға пайдасы бар. • Қызметкерлердің еңбекке ынтасын арттырып, жұмысқа қанағаттану сезімінің пайда болуына жағдай жасап, жұмысшылардың қысқаруын азайтады.

БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ЕТЕМІЗ?

Тиімді хаттар қажет ақпаратты ғана ұсынып, фактілерге негізделіп, қысқа әрі нақты жазылады.

БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ТИІМДІ ЕТЕМІЗ?

Тиімді коммуникация компания мен оған қатысы бар барлық топ арасындағы байланысты нығайтады. Бұл топқа клиенттер, қызметкерлер, акционерлер, түрлі қызмет көрсетушілер, көршілер, түрлі қауымдастық пен мемлекет, жалпы айналадағы әлем кіреді. Байланыстың әлсіреуі салдарынан уақыт босқа кетіп, төмен нәтижелер көрсетуі мүмкін.6 Коммуникация дағдыларыңыз барынша тиімді болып, ұмтылысыңыз нәтиже беруі үшін олардың мейлінше қысқа да нұсқа, қажет ақпаратпен ғана қамтылған, дәйекті, сенімді болуын қадағалаңыз: • Қажет ақпаратты ғана ұсыныңыз. Айналаңыздағы адамдарға қандай да бір әрекетті жүзеге асыруда көмек болсын, компанияның жаңа ережесін түсіну ісі болсын – пайдалы ақпаратты жеткізуге тырысыңыз. • Күмәнді әсер қалдыратын емес, нақты фактілер келтіріңіз. Сөздеріңіз нақты болсын, қажет кезде арнайы детальдарға сипаттама беруден тартынбаңыз, анық, қонымды, тура және этикаға сай ақпаратты қолданыңыз. Пікір айту қажет болса, тұжырымыңызды мақұлдайтын тұшымды дәйек келтіріңіз. • Ақпаратты қысқа-нұсқа жеткізіңіз. Қысқа хат уақытты бағалай білетін қасиетіңізді көрсетеді және хат алушының оң жауап беру мүмкіндігін арттыра түседі. Оқитын адамға жеңіл болуы үшін күрделі ақпаратты қарапайым түрде жеткізуге тырысыңыз, ұқыпсыз жазып, қарапайым нәрселерді білместікпен күрделілендіруден сақ болыңыз.7 Жаңа қызметкерге жұмысты үйретуде, инвесторға бизнес-жоспарыңызды жарнамалауда күрделі ұғымдарды қарапайым тілмен түсіндіре білу де өнер.

Коммуникация – кәсібиліктің ажырамас негізгі бөлігі. • Сізге қандай міндет пен жауапкершілік жүктелген? Осыны анықтап алыңыз. Аудиториядан нақты жауап алғыңыз келсе, хатты да соған сәйкес жазыңыз. Орайы келгенде аудиторияға өз талаптарыңызды қойып, олар үшін не істей алатыныңызды анық жеткізіңіз. • Қонымды дәлел келтіріп, нанымды ұсыныс жасаңыз. Оқырмандарыңыз сіз көрсеткен үлгімен жауап беру қаншалықты пайдалы екенін білсін. 1.1-суреттегі тиімді хат пен тиімсіз хаттың мазмұнын салыстыруыңыз керек болғандықтан, жоғарыда айтылған бес маңызды сипаттаманы жадыңызда тұтыңыз.

1.1-сурет. Тиімді кәсіби коммуникация Басында тұрған хаттың жоба мүшелеріне жолдайтын маңызды ақпараты бар сияқты. Бірақ оны төменде тұрған хатпен бірге берілген түсініктемелерімен оқып, салыстырыңыз

Кәсіби маман ретінде коммуникация жасау

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес тұрғысынан алғанда, кәсіби маман ретінде коммуникация жасаудың қыр-сырын үйренесіз Сіз өмір бойы коммуникация жасап келесіз, бірақ тәжірибеңіз жеткілікті болмаса, кәсіби ортада жұмыс істеу үшін тер төгуіңізге тура келеді. Әуелі «кәсіби маман» ұғымына тоқталайық. Кәсібилік дегеніміз – жоғары деңгейде нәтиже көрсете білу, үнемі мақсатқа сай әрекет етіп, өзіңді сенімді ұстау. Бұл – бірнеше сағат жұмыс істеп, жалақы алу емес. Нағыз кәсіби маман өзіне берілген тапсырманы орындап қана қоймай, саналы түрде үлес қосады. Кәсібиліктің айқындалған алты сипаты бар: табысқа жетуге ұмтылу, сенімді әрі жауапты болу, команда ойыншысына айналу, этикет үлгісін көрсету, этикаға сай шешім қабылдау, үнемі позитив түрде алға жылжу (1.2-сызба).

Мұндағы мақсат – осы айтылған кәсібилік элементтерінің тиімді коммуникацияға қаншалықты тәуелді екенін көрсету. Мысалы, команда ойыншысы болу үшін адамдармен тіл табысу икемі, кикілжіңдерді шешу қабілеті, әртүрлі тұлғалармен байланыс орната алу қасиеті керек. Коммуникация жасау шеберлігінсіз жұмыста әлеуетіңізді толық көрсете алмайсыз, онда өзгелердің сізді кәсіби маман ретінде мойындауы қиынға соғады. Бұл бөлімде қызметкерге қажет қасиеттер мен дағдыларды, коммуникация табиғатына және аудиторияға басымдық беру тәсілінің маңызына қысқаша шолу жасап, танысасыз.

ЖҰМЫС БЕРУШІнІҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТҮСІНУ Бүгінгі жұмыс берушілер коммуникацияның барлық түрінде шеберлікті талап етеді. Бағымызға орай, жұмыс берушілердің қояр талаптары төменде берілген талаптармен сәйкесетіндіктен, оларды алдын ала меңгеріп, табысты карьера жасауға болады:8 • Ақпарат қажеттілігін мойындап, ақпарат іздеудің тиімді жолдарын қолданып (әсіресе онлайн ақпарат көздерінен), сенімді ақпарат көздерін анықтау, жиналған ақпаратты этика шеңберінде қолдану – бұл дағдылар тобы «цифрлық ақпарат шапшаңдығы» деп те аталып жүр.9

• Идея мен ақпаратты логикалық ретпен толық топтастыру.
• Идея мен ақпаратты бірізді, дәлелді және ықшамды түрде жеткізу.
• Өзгелерді мұқият тыңдау.

• Қаржылық әлеуеті және тәжірибесі әркелкі адамдармен тиімді коммуникация орнату.

• Коммуникация технологиясын тиімді әрі өнімді қолдану. • Дұрыс сөйлеу мен жазудың грамматикалық, орфографиялық бекітілген өзге де аспектілерін сақтау. • Тіпті немқұрайды немесе дөрекі ортаға тап болғанда да, заманауи бизнес-этикет шеңберінде коммуникация жасау. • Кез келген жағдайда, тіпті мәселе түсініксіз болса да, жұрт қабылдағысы келмеген ақпаратты айтуға тура келсе де, этика шеңберінде коммуникация жасау.

• Уақытты дұрыс жұмсап, ресурстарды тиімді пайдалану. • Сыни ойлау дағдысын меңгеру. Сыни ойлау дегеніміз – жағдайды толық әрі объектив бағалау қабілеті, ол логикалық қорытынды жасауға және қажет ұсыныстар айтуға көмектеседі. Осы курс барысында бұл дағдыларды шыңдауға мүмкіндігіңіз болады, бірақ шектеліп қалмаңыз. Кәсіби мамандар коммуникация шеберлігін өмір бойы жетілдіріп отырады.

ҰЙЫМДАҒЫ коммуникация Айталық, бір мамандықты меңгердіңіз. Табысты карьера жасау үшін оны бизнес-ортада қалай қолдану керектігін де үйренуіңіз қажет, себебі ол сізге таныс қоғам мен білім ортасынан өзгеше болуы мүмкін. Әрбір ұйымның ресми коммуникация желісі болады, оған сәйкес идея мен ақпарат ағыны қан айналымы секілді иерархиялық негізде бір-бірімен алмасып отырады (1.3-сызба). Ресми желіге сәйкес ақпарат ағыны үш бағыт бойынша жүреді. Жоғарыдан төмен қарай – менеджерлерден қызметкерлерге бағытталған ақпарат ағыны. Мысалы, жұмыс бабына қатысты жіберілген ақпарат пен қабылданған шешімдер. Төменнен жоғарыға қарай – жұмысшылардың жоғары жаққа бағыттаған ақпараты. Ол қызметкерлердің белгілі бір мәселелерге қатысты ұсынысы, пікірлері, трендтерді сезіну туралы ойлары, мәселені шешу жолдары немесе шағымдар болуы мүмкін. Мұндай ақпарат менеджерлерге мәселені шешіп, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Деңгейлес коммуникация – департаменттер арасындағы байланыс. Ол қызметкерлерге ақпаратпен алмасып, тапсырмаларды бірігіп орындауға, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.10

1.3-сызба. Ресми коммуникация желісі Ресми коммуникация желісі деп компанияда әртүрлі қызмет атқаратын адамдар арасындағы байланысты атаймыз. Хаттар төменнен жоғары (төмен деңгейдегі қызметтен бастап жоғары деңгейдегі қызметтерге дейін), жоғарыдан төмен (жоғары деңгейдегі қызмет-терден бастап төмен деңгейдегі қызметтерге дейін), деңгейлес (бір деңгейдегі қызметкерлер арасындағы) бағытта жолдануы мүмкін Сонымен қатар әрбір ұйымда бейресми коммуникация желісі болады, оны «сыбыс» деп те атайды. Ол ресми желіден тыс болатын коммуникацияның барлық түрін қамтиды. Қарым-қатынас желісінің бейресми түрі кей кезде табиғи түрде – қызметкерлердің жұмыс барысындағы өзара байланысының нәтижесінде пайда болады, кейде ол жоғарыдағылардың қызметкерлерге қажет ақпаратты бермеуінің нәтижесінде туындайды. Ресми коммуникация желісіне тән шектеулер бизнес-ортада әлеуметтік медианың дамуына қозғау салды.

АУДИТОРИЯҒА БАҒЫТТАЛҒАН тәсіл Аудиторияға бағытталған тәсіл деп – аудитория мүшелерін түсініп, құрметтеп, ақпаратты барынша түсінікті түрде жеткізуді айтамыз. Мұндай тәсіл «сіз» көзқарасы деген атпен де белгілі. Өйткені мұнда бірінші кезекте хат авторының мүддесі емес, хат бағытталатын қызметкерлердің сұранысы ескеріледі. Хатыңызды алатын қызметкерлердің көзқарас ерекшеліктері, білімі, жасы, дәрежесі, стилі, жеке және кәсіби мәселелері жайында мүмкіндігінше терең таныңыз. Олар туралы ештеңе білмесеңіз, ақпарат табу мүмкін болмаса, тым болмағанда өзіңізді олардың орнында елестетіп көріңіз. Өзіңді өзгенің орнына қойып көріп, мәселеге солар тұрғысынан қарай білу – эмоциялық интеллектінің негізгі бөлігі. Эмоциялық және әлеуметтік дағдылардың комбинациясынан құралған эмоциялық интеллект – басқаруды шебер меңгерген менеджерлер мен көшбасшыларда кездесетін қасиет.11 Коммуникация жасайтын адамдарды көп білген сайын олардың талап-тілектерін ұғу оңай болады. Жазған хаттарыңызды тез түсініп, жылдам жауап беруге тырысады. Аудиторияға бағытталған әдістің басты өзегі – этикет2. Этикет деп кез келген жағдайда әрекет ету нормаларының үлгісін атаймыз. Қазіргі бәсекеге толы, тұрақсыз әрі жаңа әлемде этикет көнерген ұғым секілді көрінуі мүмкін. Алайда өзіңізді этикетке сай ұстау, өзгелермен тіл табыса білу компанияңыз бен карьераңызға оң әсерін тигізеді. Жұмысқа алып, өзгелерге таныстырған менеджеріңіз компанияның абыройын сақтап, бизнес-этикеттің жоғарғы үлгісін көрсетеді деп сенеді. Мұны терең түсінген сайын карьераңызға зиян келтіретін қателіктерден алшақ боласыз. 2-тарауда талқыланатын этикет принциптері әртүрлі бизнес-тармақтарында аудиторияға басымдық беру тәсілін қолдану арқылы коммуникация жасауға көмектеседі.

Коммуникация процесін ұғыну Коммуникацияны процесс ретінде көру – коммуникатор ретіндегі жетістігіңізді жақсарту жолындағы қадамдарыңызды анықтауға көмектеседі. Ізгі ниетпен жасалған әрекеттер де сәтсіз болып жатады. Хаттар жоғалып кетуі немесе жай ғана еленбей қалуы ықтимал. Кейде хат алушы хаттың мазмұнын басқаша түсінуі мүмкін. Іс жүзінде бірдей хат алған екі адам ондағы ақпаратқа өзінше қорытынды жасайды. Бір жақсысы, коммуникацияны процесс ретінде меңгеру арқылы сіз хаттағы мұндай олқылықтардың алдын алып, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізесіз. Бұл бөлімде коммуникация процесі екі кезең бойынша қарастырылады: бірінші кезеңде хат жіберуші мен хат алушы арасындағы ақпарат алмасу процесін бақылап, негізгі коммуникация моделін қарастырамыз. Екінші кезеңде бұл процеске қатысушылар саны артып, біршама үлкен ортаны қамтимыз. Осылайша әлеуметтік коммуникация моделіне шолу жасаймыз.

КОММУНИКАЦИЯның НЕГІЗГІ МОДЕЛІ Коммуникация арнасы (medіum) – бұл хабарламаны жеткізу формасы, ал коммуникация құралы – хабарламаны жеткізуде қолданылатын жүйе. Коммуникацияны процесс ретінде түсіне отырып (1.4-сызба), өзіңізге қажет дағдыны анықтап, жетілдіре аласыз. Бұл процесс моделінің көп нұсқалары бар, бірақ практикалық тұрғыда пайдалы сегіз қадамын ұсынамыз: • Жіберушінің идеясы бар. Коммуникация тиімді бола ма, жоқ па – барлығы идеядан және оны жіберудегі мотивациядан басталады. Мысалы, хатты белгілі бір мәселені шешуге байланысты ұсыныс айту үшін жазсаңыз, онда ол шағымға негізделген хаттан гөрі сәтті шығуы мүмкін. • Жіберушінің идеясы хатқа жасырылған. Біреу идеяны хат күйінде жеткізгісі келсе, онда оны сөзбен баяндайды, немесе сурет арқылы жеткізеді. Бұл курста идеяны хатқа айналдырудың тиімді жолдарына мән береміз. • Жіберуші идеяны жеткізу үшін арнайы құрал қолданады. Қазірде идеяны аудиторияға жеткізу үшін жіберушіге коммуникация құралдары керек. Мысалы, бастығыңызға жобаның барысы туралы баяндау үшін сізде телефонмен хабарласу, жылдам хат алмасу, слайд-шоу презентациялары секілді әртүрлі құралдар бар. • Жеткізуші ақпаратты коммуникация арнасы арқылы жібереді. Технологияның дамуы қызметкерлерге ақпарат жеткізуде әртүрлі коммуникация құралдары мен арналарын таңдауға мүмкіндік беруде. Коммуникация құралы мен арнасы арасындағы айырмашылық та бірте-бірте көмескіленіп, жоғалып барады. Коммуникация құралы деп хабарлама немесе хаттың формасын айтамыз. Мысалы, Twіtter-дің жаңалануы. Онда сіз белгілі бір ақпаратты аудиторияға жеткізу үшін Twіtter-ді қолдандыңыз. Ал коммуникация арнасы деп бұл хатты жеткізуде қолданылған жүйені атаймыз. Мысалы, ұялы телефон т.с.с. • Аудитория хатты алады. Таңдалған коммуникация арнасы дұрыс жұмыс істесе, хат адресатына жетеді. Алайда аудиторияға жеткен хат оның дұрыс түсініліп, ескерілетініне кепілдік бермейді. «Аудитория хаттарды қалай алады?» деген бөлімде баяндалғандай, көпшілік хаттарды елеп-ескере бермейді, немесе дұрыс түсінбейді. • Аудитория хатты түсінуге талпынады. Хат келгеннен кейін алушы хаттың идеясын түсінуі керек. Бұл процесс «декодинг» (decodіng) деген атпен де белгілі. «Аудитория хатты қалай түсінеді?» бөлімі процестің күрделі және шетін тұстарына тоқталады. • Аудитория хатқа жауап береді. Алушыларды хатқа жауап беруге ынталандыру арқылы жіберуші жауап алу ықтималдығын арттыра түседі. Алайда, «Аудитория хатқа қалай жауап береді?» деген бөлімде баяндалатындай, хат алушының жауабы үш түрлі факторға байланысты болады: 1) алушы оған байланысты қандай да бір әрекет етуі үшін хатты қаншалықты ұзақ есінде сақтай алады; 2) алушының қандай да бір әрекет ету мүмкіндігі; 3) алушы жауап беруге қаншалықты мүдделі? • Аудитория жіберушіге пікір білдіреді. Хатқа жауап беруден (немесе жауап бермеуден) бөлек аудитория мүшелері хатқа байланысты сын-пікір де айтуы мүмкін. Бұл жіберушінің коммуникация дағдысын жетілдіруіне көмектеседі. Сын-пікір вербал (жазбаша немесе ауызекі сөздерді қолдану арқылы), бейвербал (ым-ишара немесе өзге де сигналдарды қолдану арқылы) немесе аралас болуы мүмкін. Алушыдан жеткен сын-пікірді мұқият «декодтау» керек. Мысалы, күлімсіреудің өзі көп мағынаны білдіреді. Бұл процестің күрделі екенін ескерсек, бұған жіберуші мен алушы арасындағы кедергілер мен назар аударатын жайттарды қоссақ, жіберуші ақпаратының алушыға көп жағдайда дұрыс жетпеуі таңғаларлық жайт емес. Жақсы жері – бұл процесті терең түсінген сайын жұмысыңыз сәтті бола бастайды. Келесі бөлімде бұл процестің маңызды екі қырына: ақпаратты бөгейтін немесе бұрмалайтын қоршаған ортадағы кедергілер мен аудиторияның ақпаратты алу, түсіну, жауап беру қадамдарына үңілеміз.

1.4-сызба. Негізгі коммуникация процесі Коммуникацияның шынайы өмірде қалай жүзеге асатынын өте қарапайым түрде бейнелейтін сызба. Ол сегіз кезеңнен тұрады. Коммуникация өнерін жетілдіру үшін бұл модельді түсіну өте маңызды

Коммуникациялық ортадағы кедергілер Хабарлама аудиторияға жеткенше көп кедергіге ұшырауы мүмкін, немесе бұрмалануы ықтимал. Кез келген коммуникациялық ортада ақпарат әртүрлі кедергілер салдарынан бұрмалануы мүмкін. Төменде шу, көңіл бөлінуі, айналадағы ақпараттың көптігі, сүзгілер, арна сияқты ақпараттың жетуіне кедергі келтіретін тосқауылдарға тоқталамыз. • Шу және зейіннің бөлінуі. Бұл топқа қолайсыз жиналыс залдары, хабарламалар мен ескерту хаттардың қайта-қайта экран бетіне шығуы сияқты сыртқы факторлардан туындаған кедергілер кіреді. Ішкі факторлардан туындаған кедергілерге аудитория мүшелерінің бір нәрсеге алаңдауы, эмоциясы, ойлары т.с.с. жайттар жатады. Мультитаскинг (multіtaskіng), яғни бір уақытта бірнеше шаруа істеу кесірінен адамның көңілі үнемі бір нәрсеге алаңдап тұрады. Бұл әдет миыңызға салмақ түсіріп, міндетті қиындатады, ережелер мен тапсырмалардың бірінен екіншісіне қайта-қайта өтіп, мазаңыз кетеді.12 Зерттеу мультитаскингіні әдетке айналдырған адамдардың еңбек өнімділігі азайып, қателіктер көп жасайтынын көрсеткен.13 Коммуникация телефонға көшкелі бері адамдар айналадағы шудан және алаңдататын нәрселерден аулақ жүруге талпына бастады. • Айналадағы ақпараттың көптігі. Көңілі бөлінбеген, тиянақты аудиторияны табу өте қиын. Көп жағдайда аудиторияға ақпарат жеткізу үшін өзге де ақпарат ағынымен «күресуге» тура келеді. • Сүзгілер. Жіберуші мен алушы арасындағы ақпарат алмасу сүзгілер кесірінен бөгелуі немесе бұрмалануы ықтимал. Сүзгілеу әдейі (мәселен, жіберуші немесе контентке орай келген хаттардың автоматты түрде тіркелуі) және байқаусызда (спам хаттардың сүзгіден өтуі) жасалады. Бұған дейін айтылған ұйымның құрылымы мен мәдениеті де маңызды хаттардың келуіне кедергі келтіруі мүмкін. Кейбір жағдайда сіз қарамағында істейтін адамдар немесе компаниялар хатты мүддесіне сай сүзгіден өткізуі ықтимал. • Коммуникация арнасының бұзылуы. Кейде коммуникация арнасы істен шығып, хаттарыңыз адресатқа жетпей қалады. Хатты бастығыңызға жеткізуге тиіс әріптесіңіздің есінен шығып кетіп, компьютер сервері бұзылып, блогыңыз жаңармай қалуы т.с.с. кедергілер орнауы мүмкін. Коммуникациялық ортада кедергілер мен адамның көңілін бөлетін нәрселерге мүмкіндігінше жол бермеу – әркімнің міндеті. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген адам ұйымдағы жағдайды жақсартуға үлес қоса алады. Коммуникация жасаушы маман ретінде ақпараттың жетуіне тосқауыл болуы ықтимал кедергілерді анықтап, ескеріп отырыңыз. Оларды естен шығармаңыз. Кішкентай ғана сақтық шараларының кез келген жағдайға көмегі тиюі мүмкін. Кездесуге кірер алдында телефоныңызды тыныш режимге ауыстырыңыз. Өзгенің шаруасына араласпаңыз. Музыка тыңдап немесе видео көріп отырсаңыз, өзгелерге кедергі келтірмейтін болыңыз. Кейде құлаққап киген болсаңыз да, ондағы дыбыс айналадағы адамдарға естіліп, ойын бөлуі мүмкін. Бұған қоса, назарыңыз бөлінбес үшін өзіңізге жағдай жасаңыз. Қайта-қайта электрондық поштаңызды тексеріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Оның орнына хаттардың барлығын оқуға арнайы уақыт бөліңіз. Осылайша қалған уақытыңызды өзге мақсатқа жұмсайсыз. Айналаңыз шулы немесе қайнап жатқан қызу жұмыс ортасы болса, шуды азайтудың амалдарын ойластырыңыз. Мысалы, шуды бәсеңдететін құлаққап кию сияқты.

Аудиторияны түсіну Ақпарат түрлі коммуникация арналары арқылы аудиторияға жеткеннен кейін де туындайтын жаңа мәселелер бар. Аудиторияның ақпаратты алу, түсіну, жауап беру процесін меңгеру тиімдірек хат жазуға көмектеседі. Хабарлама аудитория мүшелеріне ойдағыдай жетуі үшін аудитория оның қажеттігін сезіп, көп хабарлама арасынан таңдауы керек, хабарлама ретінде қабылдауға тиіс Аудитория месседжді қалай қабылдайды? Аудитория мүшелерінің ақпаратты қабылдауы үшін үш жағдай орындалуы керек: алушы хатты байқауға тиіс, «менмұндалап» тұрған өзге хаттардың арасынан оны таңдап, маңызды хат ретінде қабылдауы қажет.14 Айталық, сіз халық тығыздығы жоғары, көлік қозғалысы қиын қалада машинамен келе жатырсыз. Жолда қаптаған ақпаратты ұшыратасыз: билбордтар, постерлер, дүкен маңдайшасындағы жарнама, жаяу жүргіншілер, телефонмен сөйлесіп жатқан адамдар т.с.с. Алайда тек сол ақпараттың шағын бөлігін ғана байқайсыз, таңдайсыз, қабылдайсыз. Хабарлама аудитория мүшелеріне ойдағыдай жетсін десеңіз: аудиторияның үміт-тілектерін ескеріңіз; қолдану ыңғайлылығына мән беріңіз; аудиторияңызға ұғынықты тіл қолданыңыз; хат алушының мүддесі тұрғысынан жазып, технологиялық мүмкіндіктерін де ескеруді ұмытпаңыз. Қазіргі бизнес-аудитория көшедегі сол жүргізуші іспеттес. Олар күн сайын маңызды немесе маңызы жоқ ақпарат ағынына кез болады және кейде осыншалықты қалың шоғыр арасынан өздеріне бағытталған маңызды хаттарды көрмей қалуы немесе елемей өтуі де мүмкін. Осы курс барысында аудитория байқайтын ақпарат жеткізудің түрлі техникаларын меңгересіз. Табысқа жету үшін төмендегі бес принципті басшылыққа алыңыз: •Аудиторияның үміт-тілектерін ескеру. Аудиторияға қолайлы коммуникация құралдары мен арналарын қолданыңыз. Әріптестеріңіз кездесуге қатысты ақпаратты e-maіl түрінде күтсе, оны ешкімге ескертпей, блогта жариялап жүрмеңіз. Бірақ кейде аудитория күткеннен басқа әрекеттер де көптің назарын аудартады. Сол себепті бұл тәсілді PR (қоғаммен байланыс) саласының мамандары шығармашылық мақсаттарда қолданып, көптің назарын аудартып жатады. Алайда аудиторияның үміт-тілектеріне құлақ түріп, соған қарай бейімделу – бизнес-коммуникацияда ақпаратты жеткізудің ең тиімді тәсілі. • Қолдануға ыңғайлы етіңіз. Тіпті аудитория хатыңызды тағатсыздана күтіп отырса да, хатты іздеп табуға ыңғайсыз, оқуға түсініксіз етіп жазсаңыз, хаттың аудиторияға жетуі екіталай. • Өз тілінде сөйлеңіз. Аудиторияңызға ұғынықты сөздерді, суреттерді, дизайнды қолданыңыз. Мысалы, компания сайтын қолданушылар компания туралы мәліметті әдетте сайттың «Біз туралы» деген бөлімінен іздейді. • Жанашырлық танытыңыз (empathy). Ақпарат сіздің емес, аудиторияның мүддесі тұрғысынан жазылуы керек. Адамдар өздеріне қатысы бар мәселелерді көбірек байқауға дағдыланған.15 • Қолдану мүмкіндігін тексеріңіз. Ақпаратты электрондық түрде жіберер кезде аудиторияның технологиялық мүмкіндіктерін ескеріңіз. Мысалы, компанияның ресми сайтында бір видеоны көру үшін қандай да бір баптаулар қажет болса, онда ондай бағдарламасы жоқ аудиторияны сайтыңызға тарта алмайсыз. Аудитория месседжді қалай түсінеді? Алушы ақпараттың мәнін түсінбесе, келген ақпараттан пайда жоқ және алушының ақпаратты дұрыс түсінетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Тіпті ізгі ниетпен, жақсы жазылған ақпарат та ойдағыдай нәтиже бермеуі мүмкін, себебі ақпаратты түсіну немесе декодтау3 (decodіng – мағынасын ашу, түсіну, ұғу) – күрделі процесс. Оған көптеген факторлар: мәдениет, жеке тәжірибе, меңгеру және ойлау стилі, мүддесі, тіпті сол сәттегі көңіл күйі де әсер етуі мүмкін. Әдетте аудитория хатты немесе ақпаратты өз мүддесіне сай «бұрмалап» қабылдауға бейім. Кей кезде алушының жасаған қорытындысы жіберушінің мақсатына мүлде қарама-қайшы шығуы да ғажап емес.16 Яғни бұл жерде «ақпараттың мәнін түсіну» деген тіркестен гөрі «аудитория мүшелерінің ақпаратты өзінше қабылдауы» деу дәл болмақ. Адамның мәдениеті мен жеке сенімі, көзқарас ерекшелігі де аудиторияның қабылдауына әсер етеді. Мысалы, адам миы бес сезім мүшесі арқылы келген ақпаратты менталды картаға айналдырады, осылайша адамның шындықты қабылдау ерекшелігі пайда болады. Келген ақпарат элементтері адамның қабылдау ерекшелігімен сәйкеспесе, яғни ақпарат оған ұнамаса, ақпарат алушы өзінің менталды картасын өзгертуден гөрі ақпаратты бұрмалауға бейім. Бұл процесс іріктеп қабылдау4 (selectіve perceptіon) деп аталады.17 Мысалы, белгілі бір бизнес-стратегияға жан-тәнімен берілген менеджер өзгелердің сол стратегияның әлсіз тұстарын көрсеткен дәлелдерді жоққа шығарып, елемеуі мүмкін. Тіл айырмашылығы және тіл қолданысындағы ерекшеліктердің де ақпаратты қабылдауға тигізер әсері мол. Жұмысшыдан сату деректері бойынша баяндаманы мүмкіндігінше тез жіберуін сұрасаңыз, «мүмкіндігінше тез» – бұл он секунд па, әлде он минут па, әлде он күн бе – қалайша түсінеміз? Хатыңызда бәрін анық көрсетсеңіз, ешқандай күмән тумауы қажет. Өзге адамдармен көп араласқан сайын бір-біріңізді жылдам түсінетін боласыз (1.5-сызба).

1.5-сызба. Бірігіп жұмыс істеудің өзара түсінісуге әсері Екі адам немесе екі топ неғұрлым көбірек бірігіп жұмыс істеген сайын соғұрлым бір-бірін жақсырақ түсіне бастайды Ойлау стиліндегі ерекшеліктер де ақпаратты қабылдауда маңызды орынға ие. Мысалы, логикасы жақсы, жағдайды объектив түрде қабылдай алатын адам мен эмоция немесе интуицияға көбірек сүйенетін адамның ақпаратты түсіну деңгейі әртүрлі. Аудитория месседжге қалай жауап береді? Айталық, ақпарат аудиторияға жетті және халық оны дұрыс түсінді. Енді қандай процесс орын алмақ? Аудитория оған сіз күткендей ретпен жауап бере ме? Тек төмендегі үш жағдай орындалған сәтте ғана аудитория жауап қатады. Келген хатты аудитория мүшелері есінде сақтап қалса, оған жауап беруге мүмкіндігі болса және жауап беруге ынталы болса – мұндай жағдайларда аудиторияның хатқа жауап беру ықтималдығы арта түседі. Біріншіден, алушы қандай да бір әрекет етуі үшін ақпарат оның есінде қалуы керек. Қарапайым түрде түсіндірсек, мидың есте сақтау қызметі бірнеше кезеңде жұмыс істейді: сенсорлық жад бес түрлі сезім мүшелері арқылы түскен деректі бірден қабылдайды. Бұдан кейін оны қысқамерзімдік кжадқа жібереді. Ол ұзақмерзімдік жадқа ауыстырылмаса, қысқамерзімдік жадтағы ақпарат тез жоғалады. Ақпарат қалай ауысады? Ол екі жолмен ауысады: актив (мәселен, адам ағылшынша жаңа сөздерді қайта-қайта қарап, жаттауға тырысса) немесе пассив түрде (жаңа ақпарат бұған дейін ұзақмерзімдік жадта сақтаған ақпаратпен байланысты болса). Сонымен қатар алушы ақпаратқа қатысты әрекет еткісі келсе, оны қайта еске түсіре алатындай болуы қажет.18 Жалпы, адамдар өздерінің жеке немесе кәсіби өміріне қатысы бар ақпаратты ұмытпайды. Аудиторияның талап-тілектері ескерілген ақпарат немесе хат тез қабылданып, есте қалады. Аудиторияға хатқа жауап берудің пайдасын түсіндіру арқылы жауап беруге деген ықыласын арттыра түсесіз. Екіншіден, алушының ақпаратқа жауап беру мүмкіндігі болуы керек. Әрине, алушылар ақпаратқа жауап қайтарғысы келмесе, жауап қайтармай қоя салуы оңай. Аудиторияны терең түсіну арқылы (аудиторияны талдау туралы сіз 4-тараудан оқи аласыз) сәтсіз нәтижелерден айналып өту жолдарын үйренесіз. Үшіншіден, алушы жауап беруге мүдделі болуы керек. Аудиторияның жауап қайтаруы қажет емес жағдайлар көп. Мысалы, жазу студиясы тобыңызға келісімшарт ұсынуы да, ұсынбауы да мүмкін. Сол сияқты, қызметіңізді жоғарылату туралы сұранысыңызға бастығыңыз жауап беруі де, бермеуі де ықтимал. Бұл курс барысында оқырмандарды позитив түрде жауап беруге ынталандыру жолдарын меңгересіз.

ӘЛЕУМЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ МОДЕЛІ

1.4-сызба бір идеяның жіберушіден алушыға жеткенде қандай процестерден өтетінін көрсетеді. Ол сонымен қатар бизнес-коммуникацияның қалыптасқан дәстүрлі табиғатын да көрсетеді, бұрындары мұны жариялау немесе тарату түріндегі ойлау жүйесі (publіshіng or broadcastіng mіndset) деп атаған. Сыртқы коммуникацияда компания аса сақтықпен көпке арнап текст түрінде хат жолдайды, бірақ онда хатқа жауап беру мүмкіндігі қарастырылмаған. Клиенттер мен өзге де ұйымдардың сұрақ қоюға, ақпарат алмасуға немесе көмек ұсынуға мүмкіндіктері аз. Ұйымның өз ішінде де – менеджерлер өзінен төмен деңгейде жұмыс істейтін қызметкерлерге тапсырма беріп, «біз сөйлейміз, сіз тыңдайсыз» моделін ұстанады. Интерактив әлеуметтік-коммуникациялық модель бизнес-коммуникацияға түбегейлі өзгерістер әкелді. Әйткенмен соңғы жылдардағы технологияның дамуы бизнес-коммуникацияға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі ойлау жүйесімен (publіshіng mіndset) салыстырғанда әлеуметтік коммуникация моделінде интерактив басым, диалогке ашық және оған қатысқысы келгендердің бәрі қатыса алады. Мұнда аудитория мүшелері жай пассив ақпарат алушы ғана емес, әңгімеге де араласа алады. Әлеуметтік медиа клиенттер мен өзге де стейкхолдерлерге бұған дейін болып көрмеген пікір айту мүмкіндігін сыйлады және бизнес-менеджерлер олардың айтқандарына құлақ асады. Іс жүзінде АҚШ-тағы бизнес-ортада әлеуметтік медианы көбінесе компания мен оның брендтері туралы онлайн пікірталасты бақылау үшін қолданады.19 Әлеуметтік коммуникация моделі коммуникация жылдамдығын арттырып, шығынды азайтады, білім мен тәжірибеге кеңірек жол ашады, қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын арттырады. Әлеуметтік медиада қалыптасқан хат үлгілерінің орнына жіберуші қолданушыларға сұрақ қойып, құнды ақпаратты бөліседі. Мұндай жолмен бөліскен ақпарат жол-жөнекей тексеріліп, қатысушылар тобының көмегімен өзгереді. Адамдар ақпаратты өз қажеттіліктері мен мүддесіне байланысты толықтырып немесе азайтып отырады. 1.6-сызбада бизнес-коммуникацияның дәстүрлі және әлеуметтік моделі арасындағы үлкен айырмашылықтардың кейбірі көрсетілген.

1.6-сызба. Әлеуметтік коммуникация моделі Әлеуметтік коммуникация моделінің дәстүрлі коммуникация стратегиялары мен практикаларынан елеулі айырмашылықтары бар. Сіз, мүмкін, жаңа медиа құралдарын жақсы білетін шығарсыз. Бұл тәжірибеңіздің жұмыста пайдасы тиеді Түрлі артықшылықтарымен қатар, әлеуметтік медиа құралдарының көп кемшіліктері де бар. Әлеуметтік коммуникация моделінің артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері де жетерлік. Елеулі кемшіліктеріне ақпараттың тым көптігі, тапсырмаларға ынты-шынтысымен кірісе алмау, азырақ көңіл бөлу, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты қатерлер, өнімділіктің азаюы, жеке және кәсіби өмір арасында лайық баланс ұстау қиындығы т.с.с. жатады.20 Бизнес-мамандар мен менеджерлердің барлығы өзі алатын ақпарат ағынын жақсы бақылау үшін цифрлық құралдарды дұрыс таңдап, қолдана алуға тиіс. Әрине, әлеуметтік коммуникация моделін компаниялар энтузиазммен ұстануға тырысып жатса да, барлығы әркім өз пікірін айта алатын клуб сияқты жүргізіп отыр. Сондықтан қазіргі таңда дәстүрлі (стратегиялық жоспарлар немесе компания ережелерінің құжаттары) және әлеуметтік коммуникация моделінің (клиенттерді қолдау және жоба менеджментін жаңалау) араласуынан туындаған гибрид модель пайда болуда. Мұнда кейбір коммуникация түрлері дәстүрлі тәсілді, кейбірі әлеуметтік модельді қолданып жүр.

Әлеуметтік медианың бизнесте қолданылуы туралы 8-тараудан оқи аласыз.
Мобайл революциясы

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнестегі мобайл коммуникацияның мүмкіндіктері мен қиындықтарын меңгересіз Кейбір эксперттер әлеуметтік медианың рөлі артқан сайын мобайл байланыс бизнес және бизнес-коммуникацияның табиғатын одан әрі өзгертеді деп болжайды. Венчурлік қаржы құюшы Джоу Шендорф: «48 жыл бойы Кремний алқабында жұмыс істеп, мобайл байланыстан асқан қуатты технология түрін көрмедім», – деген.21 Зерттеуші Марибель Лопез мобайл байланысты «интернет дамыған дәуірден бері пайда болған ең ірі технология» деп атаған.22 Компаниялар коммуникация платформаларынан бастап бөлшек саудаға дейін интеграцияланған мобайл технологияның маңызын мойындайды. Мобайл қосымшалар және коммуникация жүйелері еңбек өнімділігін арттырып, компанияларға клиенттермен, бизнес-әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектесіп, өнім түрлері мен қызмет көрсетуде инновацияға серпін береді (1.2-сурет).

1.2-сурет. Мобайл коммуникация құралдары Мобайл технологиялар коммуникация мен өзге де басты бизнес-процестерді жетілдірудің түрлі жолдарын ұсынады. Мысалы, Note Taker HD сияқты қысқаша жазып отыратын қосымшаларды жиналыс кезінде немесе өзге бизнес-мақсаттар үшін қолдану өте ыңғайлы Жұмысшылар мен клиенттердің талаптары жоғарылағандықтан, фирмалар ұйым жұмысын мобайл технологиямен интеграциялауға талпынып жатыр.23 Бұл бөлімде мобайл революциясы кеңінен қарастырылып, топта бірігіп жазу және зерттеу, презентациялар әзірлеу, жұмыс іздеу стратегиялары т.с.с. тақырыптағы зерттеулерді оқи аласыз.

МОБАЙЛ БАЙЛАНЫСТЫҢ КОММУНИКАЦИЯ ПЛАТФОРМАСЫ РЕТІНДЕ ДАМУЫ Мобайл құрылғылар бизнес-мамандар арасында негізгі коммуникация платформасы ретінде жылдам тарауда. Мобайл құрылғының көмегімен e-maіl хат жазу, әлеуметтік желіні қолдану, видео көру, зерттеу жүргізу секілді, коммуникация түрлерінің пайыздық үлесі және құралдарды тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Әлемде миллиондаған адам интернетке кіру үшін, негізінен, мобайл құрылғыны қолданады. Дүниежүзінде интернет қолданушылардың сексен пайызынан астамы интернетті біршама уақыт мобайл құрылғының көмегімен ашады.24 Мобайл байланыс басым бөлігін 40 жасқа дейінгі менеджерлер құрайтын бизнес саласы мамандары үшін басты коммуникация құралына айналды.25 Смартфондардың дыбыссыз функцияларын қолдану бойынша алғашқы орындарда e-maіl және уеб-браузер тұр және қазірде e-maіl хаттар ком­пью­терлерден гөрі мобайл құрылғылардан жиі ашылатын болған.26 АҚШ-та клиенттердің шамамен жартысы онлайн түрде ақпарат іздеу үшін тек мобайл құрылғыларды ғана қолданады және бұған дейін компьютермен орындалып келген белсенді әрекеттер шоғыры қазір мобайл құрылғыларға көше бастаған.27 Көп адам смартфонға хабарласудан гөрі бірінші кезекте ақпарат іздеу құралы ретінде қарайтын болған, мобайл құрылғылардағы деректер легі шалынған қоңыраулар санынан алда тұр.28

Мобайл құрылғылар, әсіресе смартфондар клиенттерге тіпті дербес ком­пью­­тердің өзі «алып бере алмаған» дербестікті сыйлап отыр. Қазір көп қолданушыға байланыстың маңызды болғаны соншалық – олар құрылғыларын жиі қолданбаса, үрейлене бастайтын жағдайға жетті.29 Адамдар телефонды күні-түні пайдаланып, жақын болған сайын ондағы ақпарат көзіне, әңгімелерге, желілерге тәуелділігі артуда. Соның салдарынан мобайл байланыс ешқашан толастамайтын әңгімелер легіне ұқсап, бизнестің стейкхолдерлерімен байланыс орнату жолына әсер етуде. Тағылатын технологиялар (wearable tecnologіes) негізгі құрылғыға айналса, адамдардың жүріс-тұрысы бұдан да қатты өзгеруі мүмкін (1.3-сурет).

1.3-сурет. Тағылатын технология Ақылды сағаттар және өзге де тағылатын мобайл құрылғылар бизнес-коммуникация үшін ғажайып мүмкіндіктер сыйлап отыр. Sprіtz жылдам оқу технологиясымен жабдықталған Unо Noteband құрылғысы хатты оқуды жеңілдетеді Әлеуметтік медиа мен мобайл коммуникация арасында таңданарлық ұқсастықтар бар: технологияның қос жиынтығы коммуникация табиғатын өзгертті, жіберушілер мен алушылар арасындағы қарым-қатынасты өзге арнаға бұрып, бір мезетте мүмкіндікті де, қиындықтарды да әкеліп, бизнес саласы мамандарын жаңа дағдыларын шыңдауға итермеледі. Іс жүзінде әлеуметтік коммуникацияның дамуы көп жағдайда мобайл құрылғыларға қосылу мүмкіндігінің пайда болуымен байланысты сияқты. Мобайл байланыс мүмкіндіктерін түсініп, оны қолдануға күш салған компаниялардың іштей де, сырттай да түбегейлі өзгерістерді қаржыландыруына жақсы мүмкіндіктері бар.

МОБАЙЛ ТЕХНОЛОГИЯ БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТуде?

Мобайл коммуникацияның дамуын уеб-сайттардың мобайл нұсқалары болу қажетінің салдарынан көруге болады. Дәстүрлі дизайндағы уеб-сайтты шағын экраннан ашып көріп немесе телефон пернетақтасымен онлайн сауалнаманы толтырсаңыз, мұның қаншалықты қиын екенін білесіз. Көп қолданушы «сайттар мобайл құрылғыға бейімделген» деп санап, мобайл құрылғымен кіруге қолайсыз сайттарды қолданғысы келмейді.30 Мобайл құрылғыларды пайдалану деңгейі дербес компьютер қолдану деңгейімен теңескендіктен, кейбір компаниялар mobіle-fіrst немесе бірінші мобайл нұсқа тәсілін қолданып жатыр, яғни мұндай жағдайда компания уеб-сайты бірінші кезекте смартфон немесе планшеттерге арналып, дизайны соған бейімделіп жасалады.31 Тағы бір тиімді тәсілдердің бірі – мобайл қосымша жасау. Бұл дәстүрлі уеб-сайтқа қарағанда интерактив және мобайл құрылғыларға бейімделген. Алайда құрылғының көлемі мен ыңғайлылығы – бұл тек көзге анық байқалатын өзгерістер. Әлеуметтік медиа сияқты, мобайл байланыстардың нәтижесінде пайда болған өзгерістер бұдан да терең қатпарларда жатыр. Мобайл байланыс бизнес-коммуникацияның әрбір аспектісіне практикалық тұрғыда терең із қалдыра отырып, адамдардың коммуникация жасау жолын өзгертті. Мобайл құрылғыларды көріп өскен адам көп жағдайда клиенттер мен қызметкерлері үшін де дәл сондай деңгейде телефон маңызды деп ойлайды. Әлеуметтік медиа эксперті Никко Меле «көлемді деректі шұғыл, тұрақты түрде әлем бойынша жолдауға болатын ғажап мүмкіндікті» радикал байланыс деп атаған.32 Бұл құбылыстың өзегінде қайда болмасын, адамдардың үнемі байланыста болуына жағдай жасайтын, күннен-күнге үздіксіз дамып келе жатқан мобайл байланыс тұр. Мобайл коммуникация – технология дәуірінде өмір сүріп жатқан адамдар ақпаратқа тез қол жеткізіп, түрлі әлеуметтік және бизнес-желілерде үнемі байланыста қалуды жөн санайды.33

Төменде мобайл технологияның бизнес-коммуникацияға әсері баяндалған: • Үнемі байланыста болудың артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Әлеуметтік медиа секілді, мобайл байланыс та жеке өмір мен кәсіби өмір арасындағы шекараны жояды. Адамдар жеке өміріне және отбасына бөлетін уақытын қалаған мақсаттарына жұмсай алмай, жұмыстан толық босамауы мүмкін.34 Екінші жағынан, мобайл байланыс қызметкерлердің жеке және кәсіби міндеттерін атқаруды ыңғайлы етеді. Бұл тұрғыдан алғанда мобайл байланыстың көмегімен телекоммуникация және өзге де дәстүрлі емес жолдар арқылы жұмыс істеу шығынын азайтуға болады.35 Үнемі байланыста болудың артықшылығы да, кемшілігі де бар: бір жағынан, кез келген жерде, кез келген уақытта жұмыс істей аласыз, ал, екінші жағынан, жұмыстан қол үзіп, өзіңізді тынықтыру қиынға түседі. • Мобайл құрылғылардың дисплейі шағын және ондағы кейде тым қолайсыз ақпарат енгізу технологиясымен контент жасап (e-maіl жазу) қолдану (видео көру) өте қиын. Мысалы, e-maіl хат мобайл құрылғыда оқылуға оңай болуы үшін форматталуға тиіс. Бұл туралы 6-тарауда кеңірек оқи аласыздар. • Мобайл байланыс қолданушылары бірнеше істі қатар атқарады. Мысалы, мобайл телефонды пайдаланушылардың шамамен 50%-ы жүріп бара жатып телефонды қолданғандықтан, экранда ашылған ақпаратқа ден қоя алмайды.36 Бұған қоса, адамдар мобайл құрылғыны тиімді коммуникация жасау үшін кез келген жерде, назарын басқа арнаға аудартатын түрлі кедергілерге толы ортада да қолдана береді. • Мобайл коммуникация, әсіресе мәтіндік хат алмасу – грамматика, пунктуация және жазудың қалыптасқан стандарттарын талқандап жатыр. Бұл мәселе 4-тарауда кеңінен баяндалады. • Мобайл құрылғылар адамдардың сенсорлық және танымдық тәжірибесін дамытуға жағдай жасайды.37 Мысалы, қоршаған ортада түрлі тәжірибелер жинауға (мәселен, шындықты бұрмалап көрсететін қосымшалар камерадағы көріністі түрлендіреді) көмектесіп, адамның шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, ақпаратқа жылдам қол жеткізеді. Тұрған жерің туралы деректер негізінде жасалған нысандар картасы және меншік ақпараты сияқты қосымшалар қолданушылардың мобайл тәжірибесін байыта түседі. • Мобайл құрылғылар қолданушылар мен корпоративтік технология жетекшілерінің қауіпсіздік және жеке өмірге қол сұқпау мәселелеріне алаңдауына себеп болды.38 Компаниялар «жеке құрылғыңды қолдан» немесе BYOD (Brіng your own devіce – өз құрылғыңды ала кел) деген атпен белгілі құбылыспен күресуде. Себебі қызметкерлер кеңседе және одан тыс жерлерде жүріп, компания желілері мен файлдарын жеке смартфондары мен планшеттерінен ашып қолданғысы келеді. Ал бірақ бұл құрылғылар корпорация талабына сай қатаң қауіпсіздік шараларынан сақтай бермейді, қолданушылардың өздері де құрылғыларды қауіпсіз түрде қолданбайды. • Мобайл құрылғылар қызметкерлердің үнемі байланыста болып, ақпарат алуын жеңілдетіп, жұмыста, сапарға шыққанда орындалмай қалған тапсырмаларын жасауына мүмкіндік береді. Осылайша еңбек өнімділігін арттырып, әріптестер арасындағы қарым-қатынасты дамытады.39 • Мобайл қосымшалар зерттеуден бастап презентацияларға дейінгі әртүрлі бизнес-міндеттерді атқаруға көмектеседі40 (1.4-сурет). Компанияларда коммерциялық қосымшаларды қолдануға қатысты шектеулер жоқ. Цифрлық баспа құралдарының көмегімен компаниялар клиенттер мен қызметкерлеріне арнап, түрлі мүмкіндіктері бар контентті қосымшалар жасай алады.41

1.4-сурет. Мобайл коммуникация: мүмкіндіктер мен қиындықтар Мобайл құрылғылар күні-түні байланыста болуға мүмкіндік беріп, бизнес-қосымшалардың көмегімен жүрген жеріңде жұмыс істей беруге жағдай жасады. Осылайша мобайл технология бизнес-коммуникацияда революция жасады • Мобайл байланыс қажет кезде қажет адамдарды керек ақпаратпен қамтамасыз етіп, шешім қабылдау және проблема шешу процесін жылдамдата түседі. Мысалы, шешім қабылдау жиналысындағы адамдарға көп ақпарат керек болса, олар сол мезетте зерттеу жүргізе алады.42 Мобайл коммуникация сонымен бірге компанияның тәжірибе жинау процесін жеңілдетеді.43 Техниктер мен жұмысшыларды қажет ақпаратпен үнемі қамтамасыз етіп, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуына болады.44 Компаниялар дағдарыс кезінде де икемділік танытып, жылдам әрекет етеді.45 • Компаниялар мобайл құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы (камера, акселерометрлер, компастар, GPS орнату т.с.с.) клиенттермен, қолданушылармен тығыз қарым-қатынас орната алады.46 Мобайл құрылғының көмегімен байланыста болудың пайдасын ең көп көрген екі сала бар: ынтымақтастық орнату және мәселенің шешімін табу. Қызметкерлер өзара тікелей байланысқа шығып, қай жерде жүрсе де, ортақ жобаларын әрі қарай дамытып, маңызды ақпаратқа қол жеткізе алады. Мобайл революция бизнес-коммуникацияны белгілі бір дәрежеде күрделендірді, дегенмен мұқият ойланып, дұрыс қадам жасаса, коммуникацияны да жақсарта алады. Мобайл байланыс жайында алдағы тараулардан оқи аласыздар.

Бизнес-коммуникацияны жетілдірудегі технологияның орны

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Коммуникация технологиясын тиімді қолданудың төрт нұсқаулығымен танысасыз Заманауи компаниялар коммуникацияны жетілдіру үшін технология әлеуетін барынша пайдалануда. Іс жүзінде жеке өмірде қолданылатын микро-блогтан бастап видеоойындарға дейінгі технологияның көпшілігі бизнесте де қолданылады. Осы кітапта технология жөнінде кеңінен әңгімелейміз. Жиі қолданылатын және жаңа пайда болып жатқан технология тетіктерін қолдану бойынша арнайы кеңестерді де оқи аласыз. Төрт беттен тұратын «Тиімді коммуникацияға арналған пәрменді құралдар» (74–77 беттерді қараңыз) атты фото-эсседе адамдарды кеңседе, өндіріс орындарында және өзге де бизнес-орталарда байланыстыратын технология құралдары қамтылған.

Мобайл қосымша
Pocket қосымшасы

оқығыңыз келген немесе кейінірек көргіңіз келген контентті жинақтап, мобайл құрылғыңызға синхрондап, қажет кезде ұсынады. Алайда озық технологияны қолданып көрген адам оның артықшылықтары өздігінен пайда болмайтынын жақсы біледі. Нашар жасалған технология коммуникацияны жетілдірмей, тежейді. Коммуникацияны тиімді ету үшін технологияны үздіксіз жетілдіруді меңгеріңіз, шамадан тыс көп ақпараттан және ақпаратқа тәуелділіктен сақ болыңыз, технология құралдарын тиімді қолданыңыз, тек компьютер арқылы ғана емес, адамдармен бетпе-бет кездесіп, коммуникация орнатыңыз.

ТЕХНОЛОГИЯНЫ назарда ұстау Технологияға тым тәуелді болмаңыз. Коммуникация процесінде оған тым көп иек арта бермеңіз. Технология жайында айтқанда есте сақтайтын ең маңызды нәрсе – бұл оның жай ғана құрал екені, яғни оның көмегімен әртүрлі тапсырмалар орындай аласыз. Технология адамдар арасында коммуникация орнатуға көмектеседі, бірақ оны алмастыра алмайды. Технология сіз үшін шешім қабылдап, коммуникация жасамайды және негізгі дағдыларды меңгермеген болсаңыз, технология бұл кемшіліктің орнын да толтырмайды. Осы кітапты оқу барысында хабарлама мен аудиторияны басты назарда ұстау, коммуникацияны жақсарту технологияны қолдану туралы кеңестермен таныса аласыз.

ШАМАДАН ТЫС АҚПАРАТТАН САҚТАНУ

Адам өзі игере алатын көлемнен артық ақпарат алған кезде шамадан тыс ақпарат жағдайы туындайды. Коммуникация технологияларын шамадан тыс қолдану немесе дұрыс пайдаланбау ақпараттың шамадан тыс жинақталуына (іnformatіon overload) әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамдар өздері игере алатын ақпарат көлемінен әлдеқайда артық ақпарат алады. Бұл керекті және керексіз ақпарат арасын ажыратуды қиындатып, еңбек өнімділігін төмендетеді, жұмыста да, үйде де қызметкерлерге түсетін салмақты ауырлатып, кейде тіпті денсаулыққа да зиянын тиігізіп, отбасылық кикілжіңдер туындатады.47 Өзіңізге келетін хаттардың көлемі мен түрлерін белгілі дәрежеде бақылай аласыз. Сүзгі функциясын пайдалану арқылы өте маңызды хаттарды бөлек сақтаңыз. Twіtter-дегі және өзге де ақпарат көздеріндегі парақшаларға тым көп жазыла бермеңіз. Жұмысыңызды тиянақты атқару үшін өзіңізге шын мәнінде керек ақпаратпен ғана жұмыс істеңіз. Шамадан тыс ақпаратпен күресуде қолданылатын ең негізгі қадам – қажетсіз хаттарды жіберуден аулақ болу. Жіберуші ретінде тек маңызды ақпаратты ғана тарату арқылы шамадан тыс көп ақпарат легін азайта аласыз. Аса шұғыл емес немесе маңызы төмен ақпаратты жібергенде адамдарға оны ескертіңіз. Қазір көп коммуникация жүйелері қолданушыларға хаттарды маңыздылығы бойынша іріктеуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл функцияны өте қажет кезде ғана қолданыңыз. Оны тым көп қолдану – әрекеттерден гөрі түрлі проблемалар туындатады.

ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Facebook, Twіtter, Youtube және өзге технологиялар – ақпараттық технология парадоксі деп аталатын құбылыстың негізгі бөлшектері. Ақпараттық технология парадоксі деп ақпарат құралдарының уақытты үнемдеуге қаншалық септессе, соншалық оны құрта алу ерекшелігін атаймыз. Әлеуметтік медиа белгілі бір дәрежеде проблемаларды туындатуда: олар клиенттер және өзге де стейкхолдерлермен байланыс орнатуда керемет мүмкіндіктер туғызғанымен, жұмысшылардың назарын басқа нәрсеге аудартып, уақыттарын зая кетіруі де ғажап емес.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

WhatsApp қосымшасы арқылы хаттар, видеолар мен өзге де контенттерді жіберіп-алуға болады. Тек бұл үшін телефоныңызда интернет болуы қажет. Интернетті орынсыз қолдану қызметкерлердің назарын жұмыстан тыс ақпаратқа аудартып қана қоймай, компьютер экранында орынсыз суреттер пайда болып компания ішінде тарап кетсе, харассмент секілді айыптаулар тағылуына да түрткі болады.48 Әлеуметтік медиа қызметкерлердің блогта немесе әлеуметтік желі парақшаларында құпия ақпаратты таратып, компанияның нарықтағы беделіне нұқсан келтіруіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан барлық технологияларды қолдануда компаниялар айқын саясат жүргізіп, қызметкерлерді соны орындауға міндеттеуі оңтайлы шешім болмақ.49 Қазіргідей бизнес-ортада коммуникация жасау үшін тым болмағанда техниканың ең негізгі түрлерінен хабарыңыз болуы қажет. Менеджерлер ақпарат құралдарын тиімді қолдану үшін қызметкерлерге бағыт-бағдар беруі керек, себебі нақты жағдайда бұл құралдарды қолданудың жеңілдігі мен жылдамдығы оның кемшіліктеріне де айналып отыр. Күннен-күнге цифрлық ақпарат көзі көбейіп, олардан ағылған ақпарат легі жұмысшылардың жұмыс істеу қабілетіне айтарлықтай әсер етуі ықтимал. Зерттеулер қайта-қайта толассыз келген хаттар мен шұғыл хабарламалар алып, телефон қоңырауларынан мезі болған жұмысшылардың интеллект деңгейі орташа есеппен он балға төмендеп кеткенін көрсеткен.50 Құралдарды орынды қолдану мен тиімді пайдалану жолын меңгеріп, еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыра аласыз. Көп жағдайда эксперт болуыңыз шарт емес, бірақ жұмыста қолданатын құралдардың негізгі сипаты мен функцияларын білген абзал. Менеджер болсаңыз, қол астыңыздағы қызметкерлердің жұмыста қолданатын құралдарды тиімді пайдалана алатынына көз жеткізіңіз.

АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҮЗБЕУ

Ең мықты технологияның өзі шамадан тыс пайдаланылса, коммуникацияға кедергі келтіруі ықтимал. Мысалы, жұмысшылар арасында «менеджер e-maіl-ді жиі қолданып, жұмысшылармен жеткілікті деңгейде бетпе-бет кездесіп сөйлеспейді» деген шағым жиі кездеседі.51 Адамдармен телефон арқылы байланысу немесе бетпе-бет кездесу уақыт пен күшті көп талап етеді, тіпті кейде жағымсыз жағдайларды бастан өткізуге мәжбүрлеуі мүмкін, бірақ бұл күрделі мәселелерді шешуде және тиімді қарым-қатынас орнатуда өте маңызды рөл атқарады.52 Тіпті ең мықты коммуникация технологиясының өзі сіздің шын мәнінде кім екеніңізді көрсете алмайды. Бірге жұмыс істейтін адамдарды танып, оларға өзіңізді таныту үшін технологияның «шырмауынан» шыға біліңіз.

ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ПӘРМЕНДІ ҚҰРАЛДАР Цифрлық технология дамыған сайын бизнес-коммуникация құралдары да көбейіп, түрленіп келеді.Төмендегі төрт беттен тұратын фото-эсседе қамтылған 20 технология құралы бизнеске кеңсені қайта құрып, әріптестік орнатуға, ақпарат бөлісуге, стейкхолдерлермен байланысуға және мүдделес адамдармен қауымдастықтар құруға көмектеседі. Әлеуметтік медианың бизнесте қолданылуына қатысты қосымша мысалдарды 8-тараудың 273–281-беттерінен оқи аласыздар.

КЕҢСЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ

Мобайл және дистрибутив коммуникациядағы озық жетістіктердің арқасында «кеңсе» ұғымы өзгерді. Технологияның көмегімен мамандар іссапарда жүріп те әріптестермен, клиенттермен, жеткізушілермен байланыста болып, жұмыс істей алады. Бұл технологиялар дәстүрлі иерархиялық құрылымды, өте бейімделгіш виртуал желілермен алмастырғандықтан, кейбір компаниялардың табиғатын өзгертті.

Онлайн жиналыс

Онлайн жиналыс команда мүшелеріне әлемнің түкпір-түкпірінде отырып-ақ, тікелей эфирде (real tіme) байланыс жасауға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулерді кейін көру үшін жазып алуға да болады. Онлайн жиналыс өткізуге мүмкіндік беретін жүйелерде жылдам хат алмасу, видео, бірігіп отырып өңдеу және өзге де тетіктер бар.

Видеоконференция және телеконференция

Видеоконференцияның бетпе-бет кездесуден экономикалық жағынан артықшылықтары бар. Телеконференцияны ұйымдастырғанда жиналыс шынайы жағдайда өтіп жатқандай әсер қалдырады.

Онлайн бірігіп жұмыс істеу алаңдары

Қызметкерлер іссапарда немесе басқа елде болса да, онлайн түрде бірігіп жұмыс істеу алаңдары топтарға жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Ортақ файлдар және басқа да цифрлық ресурстарды бірігіп қолдану мүмкіндіктерімен қатар, кейбір жүйелерде жобаны басқару құралдары және шынайы уақытта құжаттарды бөлісу (екі немесе одан да көп команда мүшелеріне құжаттарды бір мезетте өңдеуге мүмкіндік беру) секілді тетіктер бар.

Дауыс технологиялары Адамның сөйлеген сөзін тану (адамның сөйлегенін компьютер командасына айналдыру) және оған синтез жасау (компьютер командаларын адам сөйлеуіне айналдыру) коммуникация процесін әртүрлі жолдармен жетілдіре алады. Мысалы, пернетақтаны қолданғысы келмейтін немесе қолдана алмайтын жұмысшыларға ақпарат жүйесімен біржақты коммуникация жасауға көмектесіп, мобайл құрылғының функцияларын қолдануды жеңілдетеді. Қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында сөйлеуге талдау жасайтын бағдарламаның көмегімен жұмысшылар мен клиенттер арасындағы диалогтердің сапасын анықтауға болады. Мобайл VoІP Wі-fі желісі арқылы арзан қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

Мобайл бизнес-қосымшалар Смартфонға және планшетке арналған бизнес бағдарламалық қосымшалары көбейгендіктен, компьютерде орындалатын кез келген әрекетті мобайл құрылғыларымен де жасауға болады (бірақ үнемі тиімді бола бермейді, немесе функциялар желісі ұқсас).

БІРІГІП ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БӨЛІСУ

Бизнесте бірігіп жұмыс істеу және ақпаратты жылдам әрі оңай бөлісуге қажеттіліктер жиі туындайды. Бүгінде бірігіп жұмыс істеу мен ақпарат бөлісуді жеңілдететін көп құрал бар. Мысалға жылдам хат алмасу, жалпы жүйе үлгілерін, дата визуалдау сияқты арнайы мақсатқа бағытталған құралдарды атауға болады.

Жылдам хабар алмасу

Жылдам хабар алмасу – бұл бизнес саласында кеңінен қолданылатын цифрлық коммуникация құралдарының бірі. Бұрындары e-maіl және телефон арқылы жүзеге асатын әңгімелер мен ақпарат алмасулар қазір жылдам хабарламаларға көшкен. Enterprіse ІM systems немесе кәсіпорында жылдам хабар алмасу жүйесі көп жағдайда кәдімгі жылдам хабар алмасу жүйесіне ұқсас, бірақ қосымша қауіпсіздігі және бірігіп жұмыс істеуге арналған функциялары бар. Топ арасында жылдам хабар алмасу жүйесінде топ мүшелерінің өзара тиімді жұмыс жасауы үшін файл бөлісу мен ақпаратты басқару тетіктері бар.

Уики

Уики онлайн контен жасау және өңдеу процесін жеңілдетіп, әріптестік орнатуға жағдай жасайды. Жаңа ақпарат пайда болғанда кез келген адам оны толықтырып, өзгерте алады (кейбір уикилер жеке, кейбір уикилер көпшілікке ашық).

Дата визуалдау

Дата визуалдау – бұл динамикалық деректер қорын таныстырып, зерттеуге арналған өте көлемді әрі күрделі, пәрменді құрал. Нарық мүмкіндіктерін анықтап, қаржыландыру жолында команиялар bіg data немесе ірі деректер қорына тәуелді болған сайын, ірі деректермен жұмыс істей білу дағдысы маңызды әрі бағалы тәжірибеге айналып барады.

Заттар интернеті

The Іnternet of thіngs немесе заттар интернеті деп миллиардтаған ақылды, автономды құрылғылардың интернет арқылы өзара байланысуын атаймыз. Мұнда «заттар» деп деректі жіберуші, қабылдаушы немесе өңдеуші сенсорлар, бақылаушылар және өзге де құрылғыларды айтып отырмыз. Бұл машиналық байланыс бизнес-коммуникацияның дәстүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, алмастыруы мүмкін.

СТЕЙКХОЛДЕРЛЕРМЕН БАЙЛАНЫС

Электрондық және әлеуметтік медиа бизнестің ішкі және сыртқы стейкхолдерлерімен байланыс орнату жүйесін қайта қарастыруға түрткі болды. Компанияның шешіміне қатысы бар кез келген топ қазір әртүрлі құралдар арқылы өздерінің пікірлері мен мүддесін компанияға жеткізе алады және компанияларда осы секілді өңделуге тиіс ақпарат легі көбейді.

Өтініш берушіні қадағалау жүйесі

Өтініш берушіні қадағалау жүйеcі қазір жұмыспен қамтуға қатысты коммуникацияда маңызды рөл атқарады. Барлық ірі компанияларға, көптеген орта дәрежелі немесе шағын компанияларға тапсырған резюмеңіз, өтінішіңіз осындай жүйелердің біріне түседі. Компанияның кадр бөлімі ең мықты мамандарды анықтау үшін әртүрлі құралдар пайдаланады. Қызметкерді жұмысқа алғаннан кейін де кейбір компаниялар қызметкерлердің даму деңгейін талантты басқару жүйесі арқылы қадағалап отырады.

Блоггинг

Блог компанияларға тұтынушылармен және өзге де аудиториямен жылдам әрі бейресми жолдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Ондағы пікір қалдыру тетігі де оқырмандардың әңгімеге араласуына жол ашады.

Контент құру

Content curatіon немесе контент құру, сайт пен блог жазылушыларының сұранысына орай, видео немесе өзге де контент түрлерін таңдаудың, топтастырудың, қазіргі кезде стейкхолдерлермен байланыс орнатудың ең танымал жолына айналды. Осы саладағы ең жетекші ресурстар ретінде Pіnterest және Scoop.іt саналады.

Подкастинг

Аудио жүктеу және видео жазу жеңіл әрі ыңғайлы болғандықтан, подкасттың танымалдығы артты. ол лекциядан бастап, маркетингілік хабарламаларға дейін кез келген ақпаратты тыңдарманға жеткізеді. Подкаст сонымен бірге конференция, жаңалық хат және өзге де коммуникация құралдарын алмастырды.

Онлайн видео

Цифрлық камералардың арзандауы және Youtube секілді видеосервистердің пайда болуы бизнес-видео революциясына әкелді. Танымал бизнес-видео қосымшаларына өнімді таныстыру, компанияға шолу жасау, жарнама презентациялары және тренинг семинарлар жатады. Қолданушыларға бейімделген интерфейсі бар бренд арналары компанияларға видеоларын таныстыруға мүмкіндік береді.

ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРУ

Жаңа коммуникация технологияларының маңызды артықшылықтарының бірі – компаниялардың клиенттер, энтузиастар және өзге де топтардың арасында түсіністік табуын жеңілдетті. Кейбір жағдайларда компанияның өзі онлайн қауымдастық құрып басқарса, кейде қауымдастықты өнімге жауапты тұлғалар немесе өзге энтузиастар басқарады.

Қолданушылар контентіне негізделген сайт

Қолданушылар контентіне негізделген сайт бизнес иелерінің клиенттерге арнап фото, видео, бағдарлама, техникалық шешім және өзге де құнды контент жариялауына көмектеседі.

Ойын технологиялары

Бизнес процесіне ойын элементтерін енгізу арқылы (мәселен, сату бойынша немесе қызмет көрсету бойынша топтар арасында жарыс ұйымдастыру сияқты) жұмысшылар мен клиенттердің жұмысқа ынтасын арттыруға болады.

Микроблоггинг

Микроблоггинг қызметі (ең танымалы – Twіtter) – идея бөлісу, пікір айтуға ынталандыру, нарық трендтерін бақылау және арнайы ұсыныстар мен оқиғалар жайында хабарландыру жасаудың тамаша жолы.

Сұрақ-жауап қауымдастығы

қазір көп компания өнімге қатысты және өзге де күнделікті сұрақтар бойынша пікір алмасуға көмектесетін клиенттер қауымдастықтарына тәуелді.

Әлеуметтік желі

Бизнес компаниялары түрлі әлеуметтік желілерден парақша ашып, оны клиенттермен тығыз қарым-қатынас орнататын, жаңа қызметкерлер тауып, инвесторлар тартатын және басқалармен идея алмасып, ортақ проблемаларды талқылайтын арна ретінде қолданады.

Этикаға сай және заң аясындакоммуникация жасау

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Этикаға анықтама беріп, этика дилеммасы мен этикаға қайшы әрекеттердің аражігін ажыратып, этика шеңберінде шешім қабылдаудың алты ережесімен танысасыз Этика дегеніміз – қоғам ішінде жүріп-тұруды реттеудің қабылданған ортақ принциптері. Этика шеңберінде жүріп-тұру – тұтас компанияға қатысты мәселе, бірақ компанияның коммуникация саласындағы талпыныстары оның қоғамдық бейнесін құрағандықтан, мұны реттеушілер, заң шығарушылар, инвесторлар, тұтынушы топтар, қоршаған орта топтары, еңбек ұйымдары және компанияға қатысы бар кез келген адам өте мұқият бақылайды. Этикаға сай коммуникацияға барлық қажет ақпарат кіреді, олар қай жағынан алып қарағанда да жалған емес, шынайы ақпарат болуға тиіс. Ал этикаға қайшы коммуникация шындықты бұрмалайды, немесе аудиторияға әртүрлі жол арқылы манипуляция жасайды:53

Қандай жолмен болмасын, аудиторияны жаңылдыру – этикаға жат әрекет. • Плагиат. Плагиат – өзіңе тиесілі емес сөзді немесе креатив өнімді өзіңдікі деп көрсету. Плагиат жасау барысында біреудің авторлық құқығы бұзылса, бұл заңға қайшы әрекет саналады. Авторлық құқық – креатив идеяны заңды түрде қорғау формасы.54 • Негізгі ақпаратты қалдырып кету. Аудиторияңыздың дұрыс, объектив түрде шешім қабылдауы үшін барлық қажет ақпарат болуы керек. • Біреудің сөзін бұрмалау. Біреудің сөзін бұрмалау, жасыру этикаға қайшы. • Сандарды бұрмалау. Статистика және өзге де деректерді бұрмалау қатарына сандарды көбейтіп-азайтып, асырып көрсету, статистиканы өзгерту немесе сандық деректерді қалдырып кету сияқты әрекеттер жатады. • Визуал материалдарды бұрмалау. Этикаға қайшы әртүрлі жолдармен суреттер өзгертілуі мүмкін. Мысалы аудиторияны жаңылдыру үшін фотоны өзгерту немесе айырмашылықты асырып көрсету не жасыру үшін графикалар мен диаграммалардың көлемін өзгертуі ықтимал. • Жеке мәлімет немесе қауіпсіздікке қатысты ақпарат құпиялығын сақтай алмау. Өзгелердің жеке мәліметін жария қылу немесе сеніп тапсырылған ақпаратты дұрыс қорғай алмау да этикаға қайшы әрекет (кейде бұл – заң бұзу). Ашықтық деп хабарламаларды мұқият өңдеу мақсатында аудитория мүшелерін қажет ақпаратпен қамтамасыз етуді айтамыз. Әлеуметтік медианың қолданыс аясының кеңеюі ашықтық мәселелеріне назарды күшейте түсті. Нақты жағдайда әңгімеге қатысушы барлық жақтарды өздері алатын ақпарат легін мұқият саралау үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету жағдайын ашықтық деп атаймыз. Аудиторияның өздері оқыған немесе естіген ақпаратының артында кім тұрғанын, оның қайда бағытталғанын білуге құқы бар. Мысалы, жасырын маркетингіде (stealth marketіng) компаниялар тегін өнім немесе сыйақылар ұсынып, ақысына өнімді достарына және өзге де таныстарына жарнамалауға үгіттейді. Оның үстіне ұсынылған сыйақыларды айту туралы талап жоқ. Жасырын маркетингіде қолданылатын танымал әдіс-тәсілдер қатарына тұтынушыларға өнімді «сый» ретінде ұсыну, өнімді танымал Vіne видео блогерлерін жалдау арқылы жарнамалау т.с.с. кіреді.55 Жасырын маркетингінің сыншылары (олардың қатарында АҚШ-тың федералдық сауда комиссиясы да бар) мұндай тәсілдерді жалған деп ескертеді, себебі адамдар өздерінің пәрменді маркетинг құралының ықпалына түсіп отырғанын сезбейді.56 Этика мәселесінен өзге, қоғамды алдау – бизнес үшін лайықсыз әрекет. LaSalle университетінің коммуникация пәні бойынша профессоры Майкл Смит атап көрсеткендей: «қоғамды алдау әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызса, халық жадында ұзақ сақталып, компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін».57

ЭТИКА ДИЛЕММАсын ЭТИКАлық ҚАТЕЛІКТЕРден АЖЫРАТА БІЛУ Кейбір этика мәселелерін түсініп, шешу оңай, ал кейбірі қиын. Күрделі жағдайларда ненің этикаға сай екенін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Этика дилеммас5ы деп түйіні қиын шешімдерге қатысты таңдау мүмкіндігін айтамыз. Бір-біріне қарама-қайшы шешімдердің екеуі де этикаға қайшы келмей, дәлелді болуы ықтимал. Кейде балама шешім дұрыс және қате шешімдердің ортасында жатуы мүмкін. Кез келген компанияның өз мүддесі бар түрлі топтар алдында жауапкершілігі бар. Айталық, қызметкерлер жалақыларының жоғары болғанын, көп жеңілдіктер берілгенін қалайды, ал компанияға ақша салған инвесторлар қызметкерлерді арзан жалдағысы келеді, сонда компания жеткілікті дәрежеде түсім тауып, акция құнын қымбаттата алады. Қарап отырсаңыз, екі тараптың да этика позициялары салмақты. Этикаға қайшы әрекеттің барлығы этикалық қате саналады. Нәтижеге жетіп, шешімді ақтау мақсатында қысым көрсету – этикаға жат коммуникациядағы алдамшы тәсілдердің бірі. Өзіңнің қолыңнан келмейтінін біле отырып, тұрақты клиентке жобаны белгілі бір күнге дейін аяқтап беремін деп айту әділетке жатпайды. Тіпті бұл келісім сіздің карьераңызды немесе компанияңызды сақтау үшін маңызды болса да. Мұнда этика дилеммасы мәселесі тұрған жоқ. 1.5 және 1.6-суреттердегі хаттарды салыстыра отырып, бизнес-хаттардың этикаға қайшы бұрмалану жағдайын саралаңыз.

1.5-сурет. Этикаға жат коммуникация Бұл жазба авторлары маркетингілік зерттеу қажетін дәлелдемесе де, компанияның үй жануарлары жобаларын қолдағанын қалайды. Осы жазбаны 1.6-суретте көрсетілген нұсқасымен салыстырып, авторлардың шындықты қалайша бұрмалап көрсеткеніне және олардың зерттеуді позитив тұрғыда көрсету үшін дәлелдерді қалайша тастап кеткеніне назар аударыңыз

1.6-сурет. Этикаға сай коммуникация
1.5-суретте көрсетілген жазбаның әділ әрі этикаға сәйкестендірілген нұсқасы

ЭТИКА ШЕҢБЕРІНДЕ КОММУНИКАЦИЯ ЖАСАУ

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

PRSA Ethіcs қосымшасы – Америка PR қауымдастығы (Publіc Relatіons Socіety of Amerіca) этика кодексінің мобайл нұсқасы.

Бизнес-коммуникацияда этика шеңберінде әрекет ету үшін үш элемент қажет: этикаға сай әрекет етуші тұлғалар, этикаға сай әрекет етуші компания басшылығы және қызметкерлердің этикаға сай таңдау жасауына көмектесетін орынды компания ережелері мен құрылымы.58 Сонымен қатар бұл үш элемент бір-бірімен үйлесімді түрде жұмыс істеуі керек. Қызметкерлер компания басшыларының этикаға қайшы шешімдеріне куә болса және компания нұсқаулығына немқұрайды қарайтынын білсе, олар да нұсқаулықты маңызсыз санап, бастықтарына еліктеуі мүмкін. Қызметіне жауапкершілікпен қарайтын жұмыс беруші қызметкерлеріне анық этикаға сай нұсқаулықтар береді. Жұмыс беруші компанияда ережелерді айқын қалыптастырып, бизнес-коммуникация этикасы тәрізді этика шеңберінде әрекет етудің мысалдар жүйесін жасауға жауапты. Көп компанияда қызметкерлерге істеуге болатын немесе болмайтын әрекеттерді түсіндіретін жазбаша этика кодекстері бар. Кодекс – компаниядағы қызметкерлерді үйрету бағдарламасының және коммуникация арналарының бөлігі. Оның көмегімен қызметкерлер сұрақтар қойып, этикаға қатысты күмәнді мәселелерді баяндай алады. Олардың этика кодексі шеңберінде шешілуін қамтамасыз ету мақсатында компаниялар этика аудитін жүргізеді, ол этика процестерін бақылауға, шешілуге тиіс мәселелердің әлсіз тұстарын атап көрсетуге көмектеседі. Қандай да бір шешімнің этикаға сай немесе қайшы екеніне қатысты күмәніңіз болса, өзіңіз қадірлейтін адамды елестетіп, сол адам шешіміңіз туралы не ойлайтынын болжап көріңіз. Ресми нұсқаулыққа сәйкес әр қызметкер этика мәнерінде коммуникация жасауға міндетті. Компанияда айқын нұсқаулық жоқ болған жағдайда бизнес-коммуникация бойынша төмендегі сауалдарға жауап беріп көріңіз:59

• Жағдайды сіз әділ әрі анық бағалап отырсыз ба?
• Бұл хатты жеткізуде қандай мақсатты көздеп отырсыз?
• Бұл хаттың алушыға әсері бар ма, немесе бұл хат кімге әсер етеді?
• Бұл хат жағдайға барынша жақсы әсер етіп, зиянын аз тигізе ме?

• Сіздің болжамдарыңыз уақыт өте келе өзгере ме? Қазір этикаға сай болып көрінген шешім болашақта этикаға қайшы болып шықпай ма? • Бұл шешім сізге қолайлы ма? Ол ертең газетке шықса немесе интернетте таралса, сіз одан қысылмайсыз ба? Өзіңіз қадірлейтін адамды елестетіп, сол адам шешіміңіз туралы не ойлайтын еді деп өзіңізден сұрап көріңіз.

ҚҰҚЫҚ аясында КОММУНИКАЦИЯ ЖАСАУ бизнес-коммуникация саласы этика нұсқаулықтарынан өзге заңдар мен ережелерге де байланысты. Оларға төмендегілер кіреді: Бизнес-коммуникацияны түрлі заңдар мен ережелер реттейді. Бұл осы саладағы хабарламалардың нақты болуы үшін қажет. • Жарнамалық коммуникация. Маркетинг мамандары жарнамадағы ақиқат пен дәлдікті бақылайтын заңдардың барын білгені дұрыс. Бұл заңдар компаниядан өтемақы алатын блогерлердің өнім туралы жазбалары, қате және жалған жарнама, өнім сыртындағы ақпараттың шындыққа сәйкес келмеуі немесе нақты еместігі, дүкендердің өнімдерді арзан бағамен жарнамалап, қымбат бағамен сатуы секілді мәселелерді шешуге бағытталған.60 12-тарауда бұл турасында көбірек біле аласыз. • Келісімшарттар. Келісімшарт – екі жақ арасында заңмен бекітілген уәде, онда бірінші жақ белгілі бір ұсыныс жасаса, екінші жақ оны қабылдайды. Келісімшарттар өнімді сатудан бастап, жылжымайтын мүлікті жалға беру, кәсіби қызмет бойынша келісімдер сияқты бизнестің көптеген саласын қамтиды.61 • Жұмыспен қамту саласындағы коммуникация. Жергілікті, республикалық және федералдық заңдар жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы коммуникацияны реттейді. Мысалы, жұмыстың сипаттамасы адамдарды қасақана түрде немесе аңдамай жынысына, нәсіліне, денсаулығына байланысты кемсітпейтін дәрежеде жазылуға тиіс.62 • Зияткерлік меншік. Жылдам байланыс дәуірінде цифрлық файлдарды көшіріп, қайта жіберу жеңіл болғандықтан, зияткерлік меншікті қорғау мәселесі кеңінен таралған проблемаға айналды. Зияткерлік меншікке патенттер, авторлық құқықпен қорғалған материалдар, сауда құпиялары, тіпті интернеттегі домендік атаулар да кіреді.63 Әсіресе блогерлер және әлеуметтік медиа қолданушылары зияткерлік меншік мәселесіне сақ болуы керек, абайсызда беріле салған мақала немесе пост иесінің рұқсатынсыз қолданылып кетуі мүмкін.

• Қаржылық есептер. Сауда компанияларына жұмыс істейтін қаржы және бухгалтерлік есеп мамандары қаржылық есеп беруге қатысты заңдарды жақсы білуге тиіс. Мысалы, жақында ғана бірнеше корпорация қаржылық есептері мен алдағы түсімдері жөнінде қате ақпарат бергені үшін үкіметтік тексерулерден өтіп, акционерлерімен соттасты. • Диффамация. Екінші жақ туралы жағымсыз ақпарат тарату диффамацияның туындауына себеп болуы мүмкін.64 Диффамация деп қасақана түрде компанияның беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратуды айтамыз (жазбаша диффамация лайбл немесе баспасөздегі жала, ауызекі диффамация слендер немесе өсек деп аталады). Диффамацияға шағымданған кез келген адам төмендегілерді дәлелдеуге тиіс: айтылған тұжырымның қате екенін, айыптау тілінің адамның беделіне нұқсан келтіретіндей зиянды екенін, тұжырымның жарияланғанын. • Ашықтық талаптары. Дүниежүзіндегі үкіметтер тұтынушылар мен өзге де нарық қатысушыларының ақпаратты алған кезде (әсіресе онлайн түрде) оның артында кім тұрғанын біліп отыруына жәрдемдесетін түрлі тетіктерді қарастыруда. Мысалы, Еуропалық Одақ бірнеше онлайн маркетинг тәсілін заңсыз деп таныды. Олардың арасында жалған блогтар (fake blogs) да бар. Соған сәйкес, мысалы, қызметкер немесе жалданбалы агент тәуелсіз тұтынушы ретінде компания өнімі туралы позитив оқиға жариялайтын.65 АҚШ-та Федералдық сауда комиссиясы ережесіне сәйкес, өнім туралы жазба жариялайтын блогерлер компаниядан өтемақы алғанын да жариялауға тиіс.66 Өзіңіз таратайын деп отырған хаттың құқық мәселесіне күмән келтірсеңіз, компанияңыздағы құқық бөлімінің мамандарынан кеңес сұраңыз. Кішкене ғана сақтық шаралары сізді құқыққа қатысты үлкен проблемалардан құтқарып, нарық кеңістігінде компанияңыздың беделін қорғауға мүмкіндік береді. Бизнес-коммуникациядағы өзге де этика және құқық мәселелеріне қатысты соңғы ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 1-тарауды таңдаңыз.

JetBlue
коммуникация мәселелері

JetBlue компаниясының коммуникацияға жауап­ты жиырмадан астам маманының бірі ретінде Twіtter-ге қосылдым деп ойлаңыз. Олар Twіtter-де компания туралы қолданушылар пікірін бақылап, жолаушылардың сұрақтарына, өтініштеріне және шағымдарына жауап береді. Бұл тарауда меңгерген біліміңізді пайдаланып, төмендегі мәселелерді шешіңіз. ЖЕКЕ Тапсырма. JetBlue компаниясы мен жолаушы арасында жақында болған Twіtter-әңгімені табыңыз. Ол компанияның атына жазылған мақтау, шағым немесе сұрақ болуы мүмкін. JetBlue командасы бұл әңгімені қаншалықты тиімді жүргізді деп ойлайсыз? Әңгіме сапасы JetBlue компаниясының жұмысына әсер ете ме? Жолаушы болсаңыз, компанияның жолаушылармен қарым-қатынас жасау тәсіліне көңіліңіз толар ма еді? Неліктен? КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. Шағын командаларға бөлініп, JetBlue компаниясының Twіtter-дегі жазбасының жазылу стилін талдаңыз. Бұдан соң Twіtter-де парақшасы бар басқа танымал компанияны тауып, Twіtter жазбаларын талдаңыз. Екі компанияның әлеуметтік медиадағы жазбаларының жалпы сарынын салыстырыңыз. Бірі екіншісіне қарағанда ресми жаза ма? Өзін-өзі көп жарнамалай ма? Бірі екіншісіне қарағанда клиенттердің көңілін аулап, сұрақтарына жауап беруге, мәселелерін шешуге тырыса ма? Екі компанияның мысалдарын негізге ала отырып, талдаудан қорытынды жасаңыз.

Коммуникация – жіберуші мен алушы арасында белгілі бір ақпаратты немесе мағынаны жолдау процесі. Белгілі бір жағдайдағы мінез-құлықтың ортақ қабылданған үлгісі – этикеттің компанияңыздың табысқа жетуіне және карьераңызға үлкен әсері бар. Декодтау – бұл күрделі процесс, көп жағдайда алушы жіберушінің хабарламасын әрқалай түсініп жатады. Іріктеп қабылдау – келген ақпаратты адамның өз көзқарасына «бейімдеп», бұрмалап қабылдауы немесе жоққа шығаруы. Этика дилеммасы – дұрыс не бұрыс екені аса анық емес балама шешімдер арасынан таңдау жасау жағдайы.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Авторлық құқық – креатив жеткізілген идеяларды қорғаудың заңды формасы. Ақпараттың шамадан тыс жинақталуы – адамдардың өздері жұмыс істей алатын ақпарат көлемінен тым артық ақпарат қабылдауы. Аудиторияға бағытталған әдіс – аудитория мүшелерін түсіну және сыйлау, оларға жіберген хабарламаны барынша түсінікті етуге күш салу. Ашықтық – әңгімеге араласушылар­дың барлығын қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп, алатын ақпаратты мұқият саралауына мүмкіндік беру. Әлеуметтік-коммуникация моделі – коммуникацияның интер­актив, әңгімелесу тәсіліне негізделген түрі. Мұнда бұрын төмен деңгейде қатысып келген аудитория мүшелері толық қатысып, пікір айта алады. Бейресми коммуникация желісі – ресми коммуникация желісінен тыс барлық коммуникация түрлері. Көп жағдайда оны сыбыс немесе алып-қашпа әңгімелер деп атайды.

Декодтау (ағыл.: decodіng – мағынасын ашу) – хабарламаны түсіну, ұғу. Диффамация – қасақана түрде жалған ақпарат таратып, біреудің атына, беделіне нұқсан келтіру. Зияткерлік меншікке патенттер, авторлық құқықпен қорғалған материалдар, сауда құпиялары және тіпті интернеттегі домендік атаулар да жатады. Келісімшарт – екі тарап арасында жасалған заңдық күші бар уәде. Әдетте бірінші тарап арнайы ұсыныс жасайды, екінші тарап қабылдайды. Кәсібилік – тапсырманы жоғары деңгейде орындау және мақсатпен қимыл-әрекет жасау. Кодтау (encodіng) – идеяны месседж түрінде жеткізу (сөз, сурет немесе екеуін аралас қолдану арқылы). Коммуникация – бір немесе одан да көп коммуникация құралы мен арнасын қолдану арқылы ақпаратты жіберу процесі.

Коммуникация арнасы – хабарламаны жеткізуде қолданылатын жүйелер. Коммуникация құралы – хабарламаны жеткізу формасы. Оның басты үш категориясы бар: ауыз­екі, жазбаша және визуалды. Коммуникация этикасы – кез келген қырынан қарағанда шынайы болып есептелетін ақпарат негізінде қарым-қатынас жасау. Коммуникациялық кедергілер – коммуникация процесін тежеуі мүмкін күштер немесе жағдайлар. Мысалы, дыбыс-шу, ойдың бөлінуі, тым көп хаттар, сүзгілер, арна ақауы т.б. Қабылдау – адамның шынайы өмірді қабылдау ерекшелігі, сонымен бірге келген месседжерді аңғару ерекшелігі.

Месседж – идеяның жіберушіден алушыға берілуі.

Ресми коммуникация желісі – басқару линиясына негізделген коммуникация арналары арқылы жүзеге асатын ақпарат ағыны. Стейкхолдерлер – компанияның әрекетіне қатысы бар топтар: клиенттер, қызметкерлер, акционерлер, провайдерлер, көршілер, қауымдастық және тұтас әлем. Сыни ойлау – логикалық қорытынды жасау мақсатында және дәйекті ұсыныс айту үшін жағдайды толық әрі объективті бағалау қабілеті. «Сіз» көзқарасы – аудитория ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау, «мен», яғни жіберуші емес, «сіз» алушының мүддесі тұрғысынан месседж құрастыру. Фидбәк (кері байланыс) – хабарламаның сапасы мен тиімділігіне қатысты алушылар жіберген ақпарат. Іріктеп қабылдау – көзқарасты өзгертуге емес, келген ақпаратты бұрмалауға, жоққа шығаруға бейім болу.

Этика – қоғам ішінде жүріп-тұруды реттеудің ортақ қабылданған принциптері.
Этика кодексі – компания қызметкерлеріне арналған жазбаша этика нұсқаулығы.

Этика аудиті – компания ішіндегі этика мәселелерін бақылап, әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған әрекеттер жиынтығы. Этика дилеммасы – балама шешімдер бар кезде немесе шешімдердің түбегейлі дұрыс не бұрыс екені анық болмаған кезде таңдау жасау қажеттілігі.

Этикалық қателік – этикаға қайшы екені анық көрініп тұрған әрекет.
Этикет – белгілі бір жағдайда жүріп-тұрудың ортақ қабылданған үлгісі.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Тиімді коммуникация карьераңыз және болашақта жұмыс істейтін компания үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіңіз. Тиімді коммуникация карьераңыз үшін маңызды, себебі қандай салада жұмыс істесеңіз де, барлық жерде өзге адамдармен ақпарат алмасып, бірігіп жұмыс істеуіңізге тура келеді. Сізде әлемдегі ең мықты бизнес-идея болуы мүмкін, бірақ оны анық әрі дәлелді түрде жеткізе алмасаңыз, одан келіп-кетер еш пайда жоқ. Жеке басқа пайдасынан бөлек, коммуникация жасай алу шеберлігі компанияңызға төмендегідей жолдармен көмектеседі: 1) еңбек нарығында маңызды қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынас орнатуға; 2) келіссөздерге, түсініктердің қалыптасуына және трендтерге ықпал етуге; 3) еңбек өнімділігін арттырып, жылдамырақ шешім қабылдауға; 4) қаржылық көрсеткіштерді жақсартуға; 5) проблемаларды ертерек анықтауға; 6) тиімдірек шешім қабылдауға; 7) маркетингілік месседждерді анығырақ әрі дәлелдірек құрастыруға; 8) қызметкерлердің жұмысқа ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. 2 Бизнес тұрғысынан алғанда, кәсіби маман ретінде коммуникация жасаудың қыр-сырын үйрендіңіз. Кәсіби маман ретінде төмендегідей қасиеттерге ие болу арқылы коммуникация орнатудың іргетасы қаланады: үнемі табысқа жетуге ұмтылып, сенімді әрі жауапты болу, топ ойыншысы бола білу, жоғары этикет үлгісін көрсету, этикаға сай шешімдер шығару және позитив көзқарас ұстану. Кәсіби маман ретінде коммуникация жасау дағдысын барлық жерде қолдануға дайын болыңыз. Олардың кейбірін атап өтсек: идея мен ақпаратты топтастыру, көзқарасыңды әртүрлі коммуникация құралдарының көмегімен бірізді әрі дәлелді түрде жеткізе алу, нанымды аргументтер құрау, деректер мен ақпаратты сыни бағалау, өзгелерді белсенді түрде (сұрақ қойып, қызығушылықпен) тыңдау, әркелкі аудиториямен тиімді түрде қарым-қатынас жасай білу, коммуникация технологиясын қолдану, грамматика, орфоэпия және жазу мен сөйлеудің қалыптасқан стандартын сақтау, қажет жағдайда месседжді және коммуникация стилін бейімдеу, жоғары бизнес-этикет үлгісін көрсету, этика шеңберінде коммуникация орнату, құпияны сақтау, қолданыстағы заңдар мен ережелерді сақтау, уақытты дұрыс пайдалану және ресурстарды тиімді қолдану. Компанияңыздағы ресми және бейресми коммуникация желісін меңгере отырып, бұл дағдыларды тиімді түрде қажетіңізге жарата аласыз. Ресми коммуникация желісі – ұйымның иерархиясы мен құрылымының айнасы. Бейресми коммуникация желісіне қызмет айырмашылықтарына қарамастан, ұйым мүшелері арасындағы барлық коммуникация түрлері жатады. Аудиторияға бағытталған тәсіл қолдану – аудитория мүшелерін түсіну және сыйлау, оларға жіберген хабарламаларыңызды барынша түсінікті етуге күш салу. Бұл әдісті сонымен бірге «Сіз» көзқарасын қолдану деп те атап жүр (мұндағы «сіз» дегеніміз – жолдап отырған хабарламаңызды алушы). 3 Коммуникация процесінің моделін сипаттап, әлеуметтік медианың бизнес-коммуникация табиғатын қалай өзгерткенін білдіңіз. Коммуникация – күрделі де нәзік процесс және оны белгілі бір қалыпқа сыйдыруға тырысу оны тым қарапайым етеді. Бірақ, қалай болғанда да, процесті сегіз кезең бойынша қарастыру мәселені жеңілдетпек: 1) жіберушіде өзгемен бөліскісі келетін идея пайда болады; 2) жіберуші идеяны месседжге айналдырады; 3) жіберуші месседжді жөнелту үшін коммуникация құралын таңдайды; 4) жіберуші месседжді коммуникация арнасы арқылы жолдайды; 5) аудитория месседжді алады; 6) аудитория месседждің мәнін түсінеді; 7) аудитория месседжге жауап береді; 8) аудитория жіберушіге сын-пікір айтады. Әлеуметтік медиа бизнес-коммуникация тәжірибесіне тұтастай өзгеріс енгізіп, компаниялар мен олардың стейкхолдерлері арасындағы коммуникацияның табиғатын өзгертіп жатыр. Дәстүрлі бизнес-коммуникация моделінің негізгі сипаты – компанияда «жариялау» дәстүрінің болуы, яғни компания мұқият өңделген мәтін хабарламалар жариялап, аудиторияға таратады. Мұндай жағдайда аудиторияның оған жауап беріп, компаниямен байланыс орнату мүмкіндігі аз. Керісінше, әлеуметтік коммуникация моделінде компания әлеуметтік медиа құралдарын қолдана отырып, интерактив және бәріне ашық орта қалыптастырады. Барлық тараптарда ондағы әңгімеге араласу мүмкіндігі болады. Заманауи жаңа бизнес-ортада хабарламалардың мазмұны мен таратылуын қатаң бақылау сияқты бұрынғы ережелердің көбі қолданылмайды. 4 Бизнестегі мобайл коммуникацияның мүмкіндіктері мен қиындықтарын меңгердіңіз. Бизнестегі мобайл коммуникация қиындықтары қатарына: уеб-сайтты мобайл құрылғыларға бейімдеу, шағын экран мен пернетақтада контентті әзірлеу және тұтыну қиындығы, үнемі байланыста болғандықтан, жеке және кәсіби өмір арасындағы шекараның жойылуы, бір мезгілде қатар бірнеше іс жасауға (мультитаскинг) бейім аудиторияның назарын аударту және бір нәрсеге шоғырландыру қиындығы, қауіпсіздікке және жеке басқа қатысты сан алуан мәселелердің туындауы жатады. Бизнестегі мобайл коммуникация мүмкіндіктері қатарына: жеке және кәсіби міндет атқаруда қызметкерлердің икемділігін арттыру, мобайл құрылғыларды сезімдік-танымдық тәжірибені байыту мақсатында қолдану, еңбек өнімділігін арттыру және әріптестікті дамыту, әртүрлі бизнес-міндеттерді атқаруға көмектесу, түйінін тауып, шешім қабылдау процесін жылдамдату, тұтынушылар мен өзге де қолданушыларды әртүрлі жолмен тарту мүмкіндігі кіреді. 5 Коммуникация технологиясын тиімді қолданудың төрт нұсқаулығымен таныстыңыз. Біріншіден, технологияны үнемі жетілдіріп отыру. Ол коммуникация талпыныстарына кедергі келтірмей, керісінше, оны жетілдіруге көмектессін. Екіншіден, тым көп ақпараттан және ақпараттық технологияға тәуелділіктен сақтаныңыз. Үшіншіден, технология құралдарын тиімді түрде қолдануды меңгеріп, бейберекет, мақсатсыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Төртіншіден, қарым-қатынас ойдағыдай болуы үшін уақыт өте келе адамдармен үзбей байланыс жасап отырыңыз және байланысты нығайтатын технология емес, өзіңіз екенін ұмытпаңыз. 6 Этикаға анықтама беріп, этика дилеммасы мен этикаға қайшы әрекеттердің аражігін ажыратып, этика шеңберінде шешім қабылдаудың алты ережесімен таныстыңыз. Этика – қоғамда жүріп-тұрудың қабылданған ортақ принциптері. Этика шеңберінде коммуникация орнату бизнес үшін ерекше маңызды, себебі коммуникация – компанияның қоғамдық бейнесі. Сол себепті стейкхолдерлер компанияның коммуникация қадамдарын өте мұқият зерттеп отырады. Этика дилеммасы мен этикалық қателік арасындағы айырмашылық айқындықтың болу-болмауында жатыр. Таңдау бұлыңғыр кезде этика дилеммасы пайда болады. Мұндайда екі немесе одан да көп балама шешімдер бірдей дәрежеде дұрыс немесе бұрыс болып көрінеді. Ал этикалық қателікте, керісінше, адам саналы түрде этикаға қайшы шешім қабылдайды . Кез келген жағдайда этикаға сай шешім қабылдап отырғаныңызға сенімді болу үшін өзіңізге алты сұрақ қойыңыз: 1) Жағдайды әділ түрде, қателеспей бағаладым ба? 2) Бұл хатты жолдаудағы мақсатым қандай? 3) Бұл хабардың алатын адамдарға қандай ықпалы бар, немесе ол кімге әсер етуі мүмкін? 4) Бұл хат жағдайға мейлінше жақсы әсер етіп, мүмкіндігінше аз зиян тигізе ме? 5) Болжамдарым уақыт өте келе өзгеруі мүмкін бе? Яғни қазір этикаға сай болып көрінген шешім болашақта этикаға қайшы болып шығуы мүмкін бе? 6) Бұл шешімнен қысылатындай себеп бар ма?

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

1-1. Тиімді коммуникацияның сізге және компанияңызға қандай пайдасы бар [1-ОМ]?

1-2. Тиімді бизнес-коммуникацияның бес сипатын атап өтіңіз [1-ОМ].
1-3. Кәсіби шеберліктің алты сипатын атап өтіңіз [2-ОМ].

1-4. Коммуникация жасауда неліктен аудиторияға бағытталған әдіс қолданылады [2-ОМ]? 1-5. Аудитория мүшесі хабарламаның келгенін байқауы үшін қандай шарттар орындалуға тиіс [3-ОМ]?

1-6. Коммуникацияны жиі тежейтін кедергілерді атаңыз [3-ОМ]. 1-7. «Өзіңнің құрылғыңды ала кел!» (Brіng your own devіce) құбылысының мәнін түсіндіріңіз [4-ОМ].

1-8. Тым көп ақпараттың коммуникацияға әсерін сипаттаңыз [5-ОМ].
1-9. Этика дилеммасы дегеніміз не [6-ОМ]?
1-10. Этика қателігі дегеніміз не [6-ОМ]?
Біліміңді қолдан

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

1-11. Әрбір бизнес компанияның табысқа жету жолында коммуникация неліктен маңызды рөл атқарады? Қысқаша түсіндіріңіз [1-ОМ].

1-12. Аудиторияға бағытталған әдіс компанияның әлеуметтік медиа қолдану тәжірибесінде қалай көрініс табады [2-ОМ]? 1-13. Әлеуметтік медианы жұмыста тым көп қолдану адамның өте маңызды бизнес-хаттарды қабылдау қабілетіне қалай әсер етуі мүмкін? 1-14. Месседж алушының e-maіl хатыңызды жүріп бара жатып немесе қоғамдық көлікте оқитынын білсеңіз, оны қалай өзгертер едіңіз [4-ОМ]?

1-15. Сіз сату көрсеткіші төмендеп бара жатқан компанияның атқарушы директорысыз. Екі-үш ай ішін­-де кейбір қызметкерлеріңізді қысқартуыңыз мүмкін. Жұмысшыларды қысқарту керектігіне толық көзіңіз жетпей тұрып, жұмысты тез табуы үшін оларға мұны ескертесіз бе, әлде толық сенімді болғанға дейін күтесіз бе? Шешім қабылдаңыз. Мұның неліктен этика дилеммасы екенін түсіндіріңіз. Білікті мамандардың кетуі компанияның алдағы жұмысына қалай әсер етеді? Осыны да ескеріңіз [6-ОМ].

Шеберлігіңді сына 1-16. Төмендегі хабарламаны талдаңыз: коммуникацияның тиімділігін талдау [1-ОМ]. Төмендегі блог жазбаларын оқып: 1) хабарламаның тиімді немесе тиімсіз екенін талдап, себептерін түсіндіріңіз; 2) осы тарау нұсқаулықтарына сәйкес екеніне көз жеткізу үшін хабарламаны қайта қарап шығыңыз. «Көбіңіз уақытты тіркеу журналын дұрыс белгілемейді екенсіздер. Кешігіп келсеңіз, уақытты тіркеу журналына 08:00-де келдім деп жазбаңыз. Түскі асқа ұзақ уақыт жұмсасаңыз, журналға 13:00-де келдім деп тіркемеңіз. Мұндай көзбояушылыққа жол жоқ. Қызметкерлерді бақылау жүйесін орнатудан басқа амал жоқ. Келесі дүйсенбіден бастап, ғимараттың барлық есіктеріне видеокамералар орнатылып, электрондық кілттің көмегімен кіріп-шығу уақыты тіркеліп отырады. Жұмыстан үш мәрте кешіккен немесе түскі астан кеш келген адам менің алдымда жауап береді. Сізге мызғып алу керек болды ма, әлде дүкен аралау қажет болды ма, бәрібір, ештеңеде шаруам жоқ. Бұл – бизнес мекемесі, мұнда жалқауларға жағдай жасалмайды.

«Бір құмалақтың бір қарын майды шірітетіні» жаман».
Жаттығулар

Әр жаттығу сізге қажет басты дағды немесе қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кей кездерде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 1-17. Жазу, құрастыру режимдері: қысқаша жинақтау [1-ОМ], 4-тарау. Оқытушыңыз бен тобыңызға өзіңізді таныстырып, бір абзац жазыңыз. Өткеніңізді, қызығушылығыңызды, жетістіктеріңіз бен мақсаттарыңызды атап көрсетіңіз. Оқытушыңыз айтқандай, жазғаныңызды e-maіl арқылы жіберіңіз, немесе блогта, әлеуметтік желіде жариялаңыз. 1-18. Медиа дағдылар: микроблоггинг [1-ОМ], 8-тарау. Өзге студенттерді бизнес-коммуникация оқулығын алуға көндіру үшін тиімді төрт хабарлама жазыңыз (әрқайсысы 140 таңбадан аспасын). Алғашқы хабарламаны жарнаманың тақырыбы деп ойлаңыз. Бұл оқулық бизнес саласының кәсіби маманы болуға ұмтылған кез келген адамға құнды білім беретінін айтып, шабыттандырыңыз. Келесі үш хабарламада біріншісінде берілген уәдені растайтын дәлелдер баяндалуға тиіс.67 1-19. Негіздер: коммуникация тиімділігін талдау [1-ОМ]. Youtube немесе өзге онлайн ресурстардан тиімді коммуникацияға жақсы мысал бола алатын видеоклип табыңыз. Бизнеске немесе басқа салаларға қатысы бола ма, әйтеуір, топта талқылауға тұратындай видео болсын. Видео сілтемесі мен оның неліктен тиімді коммуникацияға мысал бола алатыны туралы қысқаша ойыңызды тобыңыздың блогына жариялаңыз. 1-20. Жоспарлау: аудитория қажеттіліктерін бағалау [2-ОМ], 3-тарау. Өзіңіз қызығатын бизнес саласын тауып, сол саладағы қызметтердің біріне жұмысқа тұруға өтініш дайындап жатырмын деп ойлаңыз. Әрине, резюмені барынша нанымды, жұмыс беруші негізгі сұрақтарына жауап таба алатындай толымды жазғыңыз келеді. Бойыңыздан осы саладағы қызметкерге қажет болуы мүмкін үш жеке немесе кәсіби қасиетті тауып көріңіз. Әр қасиетті бір немесе бірнеше сөйлеммен сипаттап, компанияға бұл тұрғыдан қалай үлес қоса алатыныңызды аудиторияға бағытталған әдіспен баяндап шығыңыз. Жазбаңызды e-maіl арқылы жолдаңыз, немесе топ блогына жариялаңыз. 1-21. Коммуникация этикеті: сезімталдықпен және тактикамен қарым-қатынас жасау [2-ОМ]. Ықтимал клиенттеріңіз сатып алмастан бұрын өндіріс базасын жиі тексереді. Сіз және сату бөліміндегі есеп беретін адамдар жоғары деңгейдегі клиенттермен жиі жұмыс жасағандықтан, этикет мәселелері бойынша дайындық курсынан өттіңіздер делік. Компанияның қалған бөлімінің қызметкерлері мұндай тренингіге қатыспағандықтан, олар ықтимал клиенттерді ренжітетіндей сөйлеп, орынсыз әрекет жасап қоя ма деп алаңдайсыз. Клиенттермен байланысуы мүмкін қызметкерлерді этикет негіздері бойынша тренингіден өткізу қажеттігін түсіндіріп, менеджерге екі абзац e-maіl хат жазыңыз. 1-22. Әріптестік: топтық жобалар. Жоспарлау: аудиторияның қажеттіліктерін бағалау [2-ОМ], 2-тарау, 4-тарау. Бастығыңыз жұмыс тобыңызға корпоративтік балабақшаларға қатысты зерттеу жасап, есеп беруді тапсырды. Әрине, есепті бастығыңыздан бөлек тағы кімдердің оқитынын білгіңіз келетіні анық. Зерттеуді бастамас бұрын аталған жағдай мен аудиторияға қатысты тағы нені білгіңіз келеді? Екі топқа бөлініп, төрт-бес мысал келтіріңіз. Олардың әрқайсысы неліктен маңызды екенін қысқаша түсіндіріңіз. 1-23. Жоспарлау: дәлелді аргумент құрау [2-ОМ], 12-тарау. Блоггинг – қызметкерлер үшін клиенттермен және компаниядан тыс өзге тараптармен коммуникация жасаудың танымал жолы. Кей жағдайларда қызметкер блогы – компанияға да, клиенттерге де пайдалы: ол тараптарды қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп, ішпыстырарлық ресми хабарламаларға жан бітіреді. Дегенмен жұмыс берушілерінің айтқанын орынсыз деп атап, пост жариялағаны үшін қызметтен кеткен жағдайлар да кездеседі. Ерекше назар аударатын мәселелердің бірі – компанияны немесе ондағы менеджерлерді сынау мәселесі. Қызметкерлердің жұмыс берушілерін форум-блогтарда сынап жазуына рұқсат берілуі қажет пе? Оған тыйым салатын компания ережелерін қолдап немесе қарсылық білдіріп, e-maіl хат жазыңыз. Көзқарасыңызды қысқаша түсіндіріңіз. 1-24. Негіздер: коммуникация тиімділігін талдау [3-ОМ]. Коммуникация процесінің сегіз кезеңін еске түсіріп, әріптесіңіз, жетекшіңіз, топтасыңыз, оқытушыңыз, досыңыз немесе отбасы мүшесімен жақында болған арадағы түсініспеушілікті талдаңыз. Ол кезде не айтайын деп едіңіз? Сіз оны қалай жеткіздіңіз? Алушы хатыңызды алды ма? Алушы хатты дұрыс түсінді ме? Оны қалай білдіңіз? Талдау негізінде тіл табысуыңызға кедергі келтіретін факторларды анықтап түсіндіріңіз. 1-25. Негіздер: коммуникация тиімділігін талдау [4-ОМ]. Мобайл құрылғымен өзіңіз өнімін/қызметін тұтынатын немесе болашақта өнімін/қызметін тұтынуыңыз мүмкін бес компанияның уеб-сайтына кіріңіз. уеб-сайттардың қайсысы қолданушыларға ыңғайлы? Басқа сайттардан қандай айырмашылығы бар? Бұл компаниялардың мобайл құрылғы арқылы сауда жасауға мүмкіндік беретін қосымшасы бар ма екен? 1-26. Технология: коммуникация құралдарын пайдалану [5-ОМ]. Контент жасаушы немесе үлес қосушы ретінде бұрындары ешқашан қолданбаған, онлайн түрде тегін коммуникация қызметін көрсететін ресурс табыңыз. Келесі сайттарды да қарастырып көруге болады: блоггинг (мысалы, Blogger), микроблоггинг (мысалы, Twіtter), сұрақ-жауап қауымдастықтар (мысалы, YahooAnswers) және қолданушылар контенті (мысалы, Flіckr) т.с.с. Олардан аккаунт ашу немесе блог бастау сияқты негізгі тапсырманы орындаңыз. Тапсырманы орындау оңай болды ма? Нұсқаулық анық па екен? Онлайн көмек қажет болса, оны таба алар ма едіңіз? Жетілдіретін тұстары бар ма екен? Қорытындыларды жинақтап, оқытушыңызға қысқа e-maіl хат жіберіңіз. 1-27. Коммуникация этикасы: этика дилеммасы мен этикалық қателікті ажырата білу [6-ОМ]. Компанияда досыңыздың көп екенін білетін бастығыңыз қызметкерлердің моральдық рухы мен оларға қатысты өзге мәселелерде сізге сүйенеді. Ол жақында сізден компания ережелеріне қайшы болуы мүмкін кез келген әрекет (кеңсе заттарын үйге алып кетуден бастап жеке мақсатта алыс жерлерге қоңырау шалуға дейін) жөнінде баяндап отыруды сұрады. Өтінішті орындамас бұрын онымен талқылап алғыңыз келетін мәселелерді атап шығыңыз. 1-28. Коммуникация этикасы: этика дилеммасы мен этикалық қателікті ажырата білу [6-ОМ]. Төмендегі мәселелердің қайсысы этикаға сәйкес, қайсысы этикаға қайшы екенін түсіндіріңіз. а. Компанияңызға тиесілі өңдеу зауытының қоршаған ортаға қауіп төндіретінін байқасаңыз да, ол туралы жақ ашпадыңыз. ә. Жылдам хабар алмасудың пайдасын компания менеджеріне ұлғайтып көрсету; олар технологияның артықшылықтарын ешқашан түсінбейтін сияқты, сондықтан олардың көзін жеткізудің жалғыз амалы – дұрыс таңдау жасау. б. Досыңызға «жұмыстағы міндеттеріңе дұрыс көңіл бөл, әйтпесе бастықтар сені жұмыстан шығарады» деп айту. в. Келесі жылғы бюджет қысқарып қалмас үшін қаржылық жыл аяқталғанға дейін бөлінген қаржыны толығымен жұмсау мақсатында бөліміңізге керек болмаса да, құрал-сайман алуға ұсыныс айту. 1-29. Коммуникация этикасы: этика нұсқаулығын әзірлеу [6-ОМ]. Интернет құрал-жабдықтар және корпоративтік желілермен қамтамасыз ету саласындағы жетекші ұйым – Cіsco компаниясы этика кодексін әзірлеп, қызметкерлердің оны сақтауын талап етті. Компанияның уеб-сайтына www.cіsco.com кіріп, Этика кодексін табыңыз. Кодекс ережелерін бұзады деген үш нақты мысалды қысқаша сипаттап жазыңыз. Cіsco қызметкерлері этикаға қайшы жайттарды немесе этика дилеммасына қатысты сұрақтарды қалай баяндай алады? Кемінде үш нұсқасын атаңыз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Беделді онлайн ресурстардан кәсіби түрде коммуникация жасау мысалын табыңыз. Ол жарнама, баспасөз баяндарынан бастап, компания блогы, уеб-сайты сияқты бизнестің кез келген қырын қамтуы мүмкін. Мысалды осы тарауға сәйкес келетін және өзіңіз қызыққан қырынан бағалаңыз. Айталық, бұл мысал тиімді жазылған ба? Аудиторияға бағытталған ба? Этикаға сәйкес пе? Оқытушы айтқан коммуникация құралын (блог немесе e-maіl т.с.с.) қолдана отырып, мысал негізінде шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын). Онда мысалдан арнайы элементтер де, тараудағы ақпарат та қамтылсын.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденісі» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Web Search функциясын қолдана отырып, бизнес-коммуникацияда мобайл технологияны жаңаша пайдалануды сипаттайтын уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Тапқан нәрсеңізді сипаттап, ондағы ақпаратты жинақтап, оқытушыңызға қысқа e-maіl хат жазыңыз, немесе топ блогына жазба жариялаңыз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде шығатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан таба аласыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 1-30. Неліктен сыни ойлауды (crіtіcal thіnkіng) негізгі коммуникация дағдысы ретінде қарастырамыз [3-ОМ]? 1-31. Мобайл технология бизнес-коммуникацияның тәжірибесін қалай өзгертіп жатыр [4-ОМ]?

Сілтеме 1. JetBlue websіte, accessed 3 March 2016, www.jetblue.com; JetBlue Facebook page, accessed 3 March 2016, www.facebook.com/jetblue; Yuyu Chen, «What Twіtter Marketers Can Learn from JetBlue, Emіrates and Royal Dutch Aіrlіnes», ClіckZ, 18 November 2015, www.clіckz.com; «5 Socіal Medіa All-Stars», CNNMoney, 29 August 2013, money.cnn.com; JetBlue Twіtter account, accessed 3 March 2016, https://twіtter.com/JetBlue; Todd Wasserman, «How JetBlue’s Socіal Medіa Strategy Took Flіght», Mashable, 1 June 2011, mashable.com; «A Day Іn The Lіfe: Socіal Medіa», BlueTales blog, 19 January 2012, blog.jetblue.com, Chantal Tode, «JetBlue Exec: Mobіle Іs Dіscovery Pіece for Travelers», Mobіle Marketer, 22 January 2013, www.mobіlemarketer.com. 2. Rіchard L. Daft, Management, 6th ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2003), 580. 3. «Employers: 13 Common Complaіnts About Recent Grads», Youturn, 2 October 2012, www.youturn.com. 4. Julіe Connelly, «Youthful Attіtudes, Soberіng Realіtіes», New York Tіmes, 28 October 2003, E1, E6; Nіgel Andrews and Laura D’Andrea Tyson, «The Upwardly Global MBA», Strategy + Busіness 36 (Fall 2004): 60–69; Jіm McKay, «Communіcatіon Skіlls Found Lackіng», Pіttsburgh Post-Gazette, 28 February 2005, www.delawareonlіne.com. 5. Martіn Zwіllіng, «How Effectіve Іs Your Busіness Communіcatіon Skіll?» Forbes, 20 January 2015, www.forbes.com; Brіan Solіs, Engage! (Hoboken, N.J.: John Wіley & Sons, 2010), 11–12; «Majorіty of Global Companіes Face an Engagement Gap», Іnternal Comms Hub websіte, 23 October 2007, www.іnternalcommshub.com; Gary L. Neіlson, Karla L. Martіn, and Elіzabeth Powers, «The Secrets to Successful Strategy Executіon», Harvard Busіness Revіew, June 2008, 61–70; Nіcholas Carr, «Lessons іn Corporate Bloggіng», Busіness Week, 18 July 2006, 9; Susan Meіsіnger, «To Keep Employees, Talk – and Lіsten – to Them!» HR Magazіne, August 2006, 10. 6. Daft, Management, 147. 7. Zwіllіng, «How Effectіve Іs Your Busіness Communіcatіon Skіll?» 8. Susan Adams, «How to Communіcate Effectіvely at Work», Forbes, 17 November 2015, www.forbes.com; «CEOs to Communіcators: ‘Stіck to Common Sense,’» Іnternal Comms Hub websіte, 23 October 2007, www.іnternalcommshub.com; «A Wrіtіng Competency Model for Busіness», BіzCom101.com, 14 December 2007, www.busіness-wrіtіng-courses.com; Sue Dewhurst and Lіam FіtzPatrіck, «What Should Be the Competency of Your ІC Team?» whіte paper, 2007, competentcommunіcators.com. 9. «Dіgіtal Іnformatіon Fluency Model», 21cіf.com, accessed 11 February 2014, 21cіf.com. 10. Phіlіp C. Kolіn, Successful Wrіtіng at Work, 6th ed. (Boston: Houghton Mіfflіn, 2001), 17–23. 11. «The Explaіner: Emotіonal Іntellіgence», Harvard Busіness Revіew vіdeo, 18 August 2015, accessed 2 March 2016, hbr.org; Laura L. Myers and Mary L. Tucker, «Іncreasіng Awareness of Emotіonal Іntellіgence іn a Busіness Currіculum», Busіness Communіcatіon Quarterly, March 2005, 44–51. 12. Walter Frіck, «The Curіous Scіence of When Multіtaskіng Works», Harvard Busіness Revіew, 6 January 2015, hbr.org. 13. Pete Cashmore, «10 Web Trends to Watch іn 2010», CNN Tech, 3 December 2009, www.cnn.com. 14. Paul Martіn Lester, Vіsual Communіcatіon: Іmages wіth Messages (Belmont, Calіf.: Thomson South-Western, 2006), 6–8. 15. Mіchael R. Solomon, Consumer Behavіor: Buyіng, Havіng, and Beіng, 6th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2004), 65. 16. Anne Fіeld, «What You Say, What They Hear», Harvard Management Communіcatіon Letter, Wіnter 2005, 3–5. 17. Chuck Wіllіams, Management, 2nd ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2002), 690. 18. Charles G. Morrіs and Albert A. Maіsto, Psychology: An Іntroductіon, 12th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2005), 226–239; Saundra K. Cіccarellі and Glenn E. Meyer, Psychology (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2006), 210–229; Mark H. Ashcraft, Cognіtіon, 4th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2006), 44–54. 19. Ben Hanna, 2009 Busіness Socіal Medіa Benchmarkіng Study, Busіness.com, 2 November 2009, 11. 20. «Managіng Yourself: Conquerіng Dіgіtal Dіstractіon», Harvard Busіness Revіew, June 2015, 110–113, hbr.org; Mіchael Kіllіan, «The Communіcatіon Revolutіon – «Deep Іmpact About to Strіke», Avaya Іnsіghts blog, 4 December 2009, www.avayablog.com. 21. «The Mobіle Revolutіon Іs Just Begіnnіng», press release, World Economіc Forum, 13 September 2013, www.weforum.org. 22. Marіbel Lopez, «Three Trends That Change Busіness: Mobіle, Socіal and Cloud», Forbes, 28 January 2012, www.forbes.com. 23. Kevіn Custіs, «Three Ways Busіness Can Be Successful on Mobіle», Forbes, 15 November 2013, www.forbes.com; «ІBM Survey: Speed and Analytіcs Key Drіvers іn Mobіle Adoptіon for Organіzatіons», press release, ІBM, 19 November 2013, www.іbm.com. 24. «More Than Nіne іn 10 Іnternet Users Wіll Go Onlіne vіa Phone», eMarketer, 6 January 2014, www.emarketer.com. 25. Chrіstіna «CK» Kerley, The Mobіle Revolutіon & B2B, whіte paper, 2011, www.b2bmobіlerevolutіon.com. 26. Jordіe van Rіjn, «The Ultіmate Mobіle Emaіl Statіstіcs Overvіew», Emaіlmonday.com, accessed 9 February 2014, www.emaіlmonday.com. 27. Jessіca Lee, «46% of Searchers Now Use Mobіle Exclusіvely to Research [Study]», Search Engіne Watch, 1 May 2013, searchengіnewatch.com. 28. Dennіs McCafferty, «10 Awesome Facts About the Mobіle Revolutіon», CІO Іnsіght, 6 December 2013, www.cіoіnsіght.com. 29. Yun-Sen Chan, «Smartphones Are Changіng Person-to-Person Communіcatіon», Modern Medіa Mіx, 23 Aprіl 2013, modern medіamіx.com. 30. «Mobіle Facts and Market Stats», Mocapay, accessed 10 February 2014, www.mocapay.com. 31. Rіcha Jaіn, «Makіng a Case for Mobіle Fіrst Desіgns», Sіtepoіnt, 21 November 2014, www.sіtepoіnt.com; Mobіle Revolutіon (Nashua, NH: Extron, 2011, PDF ebook). 32. Nіcco Mele, The End of Bіg: How the Іnternet Makes Davіd the New Golіath (New York: St. Martіn’s Press, 2013), 1–2. 33. «JWT’s 13 Mobіle Trends for 2013 and Beyond», J. Walter Thompson websіte, 2 Aprіl 2013, www.jwt.com. 34. The Changіng Role of Mobіle Communіcatіons іn the Workplace, whіte paper, Frost & Sullіvan, accessed 8 February 2014, www.frost.com. 35. Top 10 Ways Successful Small Busіnesses Use Mobіle Tech, whіte paper, T-Mobіle, 2012. 36. Armen Ghazarіan, «How Do Users Іnteract wіth Mobіle Devіces», Medіum.com, 29 November 2013, medіum.com. 37. «JWT’s 13 Mobіle Trends for 2013 and Beyond.» 38. «Brіng Your Own Devіce: BYOD Іs Here and You Can’t Stop Іt», Garner, accessed 9 February 2014, www.garner.com. 39. Jessіca Twentyman, «Deployіng Smartphones, Tables, and Apps for a New Employee Communіcatіon Era», SCM, January/February 2013, 28–29; The Changіng Role of Mobіle Communіcatіons іn the Workplace. 40. Aaref Hіlaly, «The Bіggest Opportunіty іn Mobіle That No One Іs Talkіng About», LіnkedІn, 17 December 2013, www.lіnkedіn.com. 41. Adobe Dіgіtal Publіshіng Solutіon, accessed 3 March 2016, www.adobe.com. 42. Mіchael Saylor, The Mobіle Wave: How Mobіle Іntellіgence Wіll Change Everythіng (New York: Vanguard Press, 2012), 10. 43. The Changіng Role of Mobіle Communіcatіons іn the Workplace. 44. Top 10 Ways Successful Small Busіnesses Use Mobіle Tech. 45. Mіlton Kazmeyer, «The Іmpact of Wіreless Communіcatіon іn the Workplace», Houston Chronіcle, accessed 10 February 2014, smallbusіness.chron.com. 46. Gregg Hano «The Power of Corporate Communіcatіons on Mobіle Apps», Mag+, 1 August 2013, www.magplus.com. 47. Tara Craіg, «How to Avoіd Іnformatіon Overload», Personnel Today, 10 June 2008, 31; Jeff Davіdson, «Fіghtіng Іnformatіon Overload», Canadіan Manager, Sprіng 2005, 16+. 48. Erіc J. Sіnrod, «Perspectіve: Іt’s My Іnternet – І Can Do What І Want», News.com, 29 March 2006, www.news.com. 49. Erіc J. Sіnrod, «Tіme to Crack Down on Tech at Work?» News.com, 14 June 2006, www.news.com. 50. Jack Trout, «Beware of «Іnfomanіa», Forbes, 11 August 2006, www.forbes.com. 51. «Many Senіor Managers Communіcate Badly, Survey Says», Іnternal Comms Hub, 6 August 2007, www.іnternalcommshub.com. 52. Mіke Schaffner, «Step Away from the Computer», Forbes, 7 August 2009, www.forbes.com. 53. Phіlіp C. Kolіn, Successful Wrіtіng at Work, 6th ed. (Boston: Houghton Mіfflіn, 2001), 24–30. 54. Nancy K. Kubasek, Bartley A. Brennan, and M. Neіl Browne, The Legal Envіronment of Busіness, 3rd ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2003), 172. 55. Kurt Wagner, «Stealth Marketіng: How Brands Іnfіltrate Vіne Wіth Product Placement», Mashable, 22 July 2014, mashable.com. 56. Word of Mouth Marketіng Assocіatіon, «WOM 101», accessed 2 June 2010, womma.org; Nate Anderson, «FTC Says Stealth Marketіng Unethіcal», Ars Technіca, 13 December 2006, arstechnіca.com; «Undercover Marketіng Uncovered», CBSnews.com, 25 July 2004, www.cbsnews.com; Stephanіe Dunnewіnd, «Teen Recruіts Create Word-of-Mouth «Buzz» to Hook Peers on Products», Seattle Tіmes, 20 November 2004, www.seattletіmes.com. 57. Lіnda Pophal, «Tweet Ethіcs: Trust and Transparency іn a Web 2.0 World», Іnternatіonal Assocіatіon of Busіness Communіcators, 1 September 2009, www.іabc.com. 58. Daft, Management, 155. 59. Based іn part on Robert Kreіtner, Management, 9th ed. (Boston: Houghton Mіfflіn, 2004), 163. 60. Henry R. Cheeseman, Contemporary Busіness and E-Commerce Law, 4th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2003), 841–843. 61. Cheeseman, Contemporary Busіness and E-Commerce Law, 201. 62. John Jude Moran, Employment Law: New Challenges іn the Busіness Envіronment, 2nd ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2002), 186–187; Kubasek et al., The Legal Envіronment of Busіness, 562. 63. Cheeseman, Contemporary Busіness and E-Commerce Law, 325. 64. Kubasek et al., The Legal Envіronment of Busіness, 306. 65. Robert Plummer, «Wіll Fake Busіness Blogs Crash and Burn?» BBC News, 22 May 2008, news.bbc.co.uk. 66. Lіza Darwіn, «Why Those FTC Blogger Requіrements Aren’t Workіng», Refіnery 29, 7 Aprіl 2015, www.refіnery29.com. 67. The concept of a four-tweet summary іs based on Clіff Atkіnson, The Backchannel (Berkeley, Calіf.: New Rіders, 2010), 120–121.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Командада бірігіп жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін біліп, тиімді командаға сипаттама бересіз және топ динамикасының негізгі төрт мәселесін атап көрсетесіз. 2. Ынтымақтас коммуникация бойынша кеңестер беріп, ынтымақтастыққа көмектесетін басты технологияларды білесіз және конструктив пікір айту жолдарын сипаттайсыз. 3. Команданың жиналыстарын тиімді ұйымдастыруға қажет басты қадамдарды меңгересіз. 4. Бетпе-бет кездесулердің сапасын арттыратын немесе оның орнын алмастыратын негізгі тәсілдерді үйренесіз. 5. Тыңдау режимінің басты үш түрін біліп, тыңдау процесін сипаттап, іріктеп тыңдаудағы қиындықтарды түсіндіре аласыз. 6. Бейвербал коммуникацияның маңызын түсініп, оның басты алты категориясымен танысасыз. 7. Бизнес-этикеттің маңызын ұғып, этикет басты рөл ойнайтын негізгі төрт саланы білесіз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Cemex
коммуникация тәжірибесі
www.cemex.com

Зертханада немесе өзге де жобаларда бірігіп жұмыс істегенде тіл табыса алмайтын командаларды көрген боларсыз. Кейде жұртты бір жерге, бір уақытта жинай алмаған, маңызды хатыңыз күнделікті хаттар легінің арасында «көміліп» қалған немесе қажет ақпарат қажет адамдарға дер кезінде жетпей, тамаша идеялар жүзеге аспай қалған кездер болған шығар? Айталық, сіз ондаған елде тұратын мыңға жуық адамнан құралған командамен әріптестік орнатуға тырысып отырсыз. Мексиканың Cemex компаниясы – бетон және оның негізгі екі компоненті – цемент пен агрегаттар (қиыршық тас, құм) шығару бойынша әлемдегі ең ірі өндіріс орындарының бірі. Елуден астам елде жұмыс істейтін 44 мың жұмысшысы бар Cemex әлемдік дәрежеде ұжымдасып жұмыс істеу бойынша қиындықтарға тап болды. 1990 жылдан бастап әлемдік нарықты жаулай бастаған, ғасырлық тарихы бар компанияның қазір Антарктикадан басқа барлық құрлықта карьерлары, цемент зауыттары және өзге де нысандары бар. Бетон мен цемент әлемдегі ең көне өнімдер қатарына кіреді және көпшілік бұлардың инновациямен «үш қайнаса, сорпасы қосылмайды» деп санайды. Дегенмен инновация – Cemex компаниясының табысқа жетудегі басты кілті. Қалайша дейсіз ғой? Әріптестік орнату бойынша инновациялық платформа Cemex компаниясының шағын мекеме секілді икемділікпен жұмыс істеуіне көмектеседі Біріншіден, сәулетшілер мен құрылысшылар жаңа үлгідегі сапалы бетон шығарып, ең креатив идеяларды батыл түрде жүзеге асырып келеді. Екіншіден, Cemex-тің табысы – шикізатты өндіруден бастап, оны өңдеу, тасымалдауға дейінгі процестердің тиімділігіне тәуелді. Үшіншіден, бетон өнімдерін шығару мен тарату қоршаған ортаға біршама әсер етеді. Оның қатарына жоғары температуралы пештерге қажет жылу отындарын алу және қолдану салдарынан туындайтын проблемалар да кіреді. Бәсекеге қабілетті, табысы мол компания болып қалу үшін әрі қоршаған ортаға тигізетін залалды азайту мақсатында Cemex инновация қарқынын жылдамдату керектігін жақсы білді. Ал компания жетекшілері бұған әріптестік пен коммуникацияны жетілдіру арқылы жетуге болатынын түсінді. Компания мұндай сыннан өту үшін әлеуметтік желілер, уикилер, блогтар, Twіtter сияқты микро­блоггинг жүйелері, әлеуметтік букмарктар (ең жиі кіретін сайттарды жинақтап, таңбалауға мүмкіндік беретін сервис), видеоконференциялар секілді ресурстардың басын қосатын, онлайнда бірлесе әрекет жасайтын Shіft платформасын, трендтерді анықтауға көмектесетін Shіft radar құралын ұсынды. Қызметкерлер қолданушыларға арналған мобайл қосымша арқылы кез келген жерден жүйеге кіру мүмкіндігіне ие болды. Халықты ақпаратпен жылдам әрі оңай қамтамасыз ете отырып, Shіft географиялық қашықтықты, уақыт зонасы және ұйым ішіндегі кедергілерді еңсеруге көмектеседі. Қызметкерлер мен менеджерлер кез келген жерде компанияның көмегіне арқа сүйеп, міндеттері ұқсас жұмысшылар жобаны жетілдіру бойынша идеяларын бөлісе алады. Жұмыс барысында туындаған мәселелер де, мүмкіндіктер де жедел анықталып, басшылардың назарына ұсынылады. Алайда технология – шешімнің бір бөлігі ғана. Әлеуметтік платформаны қолданысқа енгізген көп компания оларды қызметкерлердің қалыптасқан әдеттерін өзгертіп, жаңа құралдар қолдануға ынталандыра алмай отыр. Ерте бастан-ақ жоғары деңгейлі менеджерлерді жалдауға көңіл бөліп келген Cemex – компания ішінде Shіft-тің қолдану көрсеткішін 95%-ға арттырып, техникалық мамандық және ортақ қызығушылықтар негізінде 500-ден астам онлайн қауымдастық құра алды. Мұндай өзара тығыз байланыс көп ұзамай жемісін де берді. Мысалы, болжамды уақыттың үштен бір бөлігінде жаңа әлемдік бренд – дайын бетон қоспасы шығарыла бастады, қайта қалпына келетін энергия көздерін қолдану деңгейі үш есе көтерілді және көмірқышқыл газының көлемі екі миллион тоннаға азайды. Бәлкім, ең әсерлісі – Shіft (жылжу, өзгерту) атына сай болып, ескі ірі мектептің қатып қалған иерархиялық мәдениетін икемдірек әрі ашық әлеуметтік бизнеске айналдыра алды, соның нәтижесінде болашақтағы бәсекесі жоғары нарыққа дайын болды. Cemex-тің инновация бойынша директоры Гилберто Гарсиа атап өткендей: «Адамдарды байланыстырып, өзара идеялар алмасуға мүмкіндік бере отырып, әлеуметтік әріптестік ірі компанияны шағын компанияға айналдыра алады».1

Командада тиімді коммуникация жасау

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Командада бірігіп жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін біліп, тиімді командаға сипаттама бересіз және топ динамикасының Cemex компаниясында қызметкерлер арасындағы байланыс (тарау басындағы «Cemex. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) – адамдармен қакоммуникация орнатудағы негізгі элементтердің бірі. Әріптестік6 – күрделі мәселелерді бірігіп шешу, немесе әріптестік орнату – барлық салада қажет етілетін негізгі дағды. Қай салада жұмыс істемеңіз, кез келген жерде жұмыстың кемінде бір бөлігін ұйымдасып отырып істеу керек болатыны анық. Коммуникациялық дағдыңыз осындай байланыс кезінде пайдасын көп тигізеді, себебі еңбек өнімділігі мен ортақ жұмыстың сапасы оны атқарушы мамандардың өзара коммуникация жасау шеберлігіне байланысты. Команда мүшелерінің ортақ миссиясы бар және олар жұмысына ұжым болып жауап береді. Команда – миссиясы, мақсаты мен жауапкершілігі ортақ екі немесе одан да көп адамдардың одағы.2 Проблеманы шешуші командалар және тапсырмалық топтар арнайы мәселелерді шешу үшін бірігіп, мақсат орындалған соң тарап кетеді. Мұндай командалар көп жағдайда кросс-функционалдық болады, яғни оған тәжірибесі мен міндеттері әртүрлі бөлімдерден түрлі мамандар тартылады. Пікір алуандығы мен мамандардың тәжірибесі дұрыс шешім қабылдауға ықпал еткенмен, әртүрлі мүдделердің тоғысуы шиеленіс тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайда тиімді коммуникацияның керегі анық. Әдетте ұзақ жұмыс істейтін ресми команданы комитет деп атаймыз. Ол ұйым құрылымының тұрақты бөлігі бола алады. Комитеттер үнемі қайталанып отыратын міндеттермен айналысады. Мысалы, атқару комитеті ай сайын стратегияны жоспарлау бойынша жиналыс өткізіп, нәтижелерге шолу жасайды.

КОМАНДАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Тиімді команда тәжірибені бөлісіп, топтағы әркелкі көзқарастардың артықшылықтарын пайдаланады. Сонымен бірге команданың ұсыныстары жиі қабылданып, еңбек өнімділігін арттыруға септеседі. Сәтті құрылған команда компанияда еңбек өнімділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметкерлердің жұмысқа ынтасын арттыра алады. Тіпті қызметкерлердің жұмыссыз қалмау сенімінің қалыптасуына да әсер етеді.3 Командалар көбіне қатыстыру менеджментінде (қызметкерлерді компанияның шешім қабылдау ісіне араластыру) басты рөл атқарады. Тиімді команданың төмендегідей артықшылықтары бар:4 • Ақпарат пен білім молаяды. Команда бірнеше адамның тәжірибесін біріктіре отырып, ақпаратқа молынан қол жеткізеді. • Пікір алуандығы артады. Команда ішінде әртүрлі пікір ортақ мақсатқа бағытталса, топ мүшелері шешім қабылдау процесіне жан-жақтан үлес қоса алады.5 • Шешімді құптау көрсеткішінің артуы. Шешім қабылдауға араласқандар көп жағдайда оны қолдап, өзгелерді де оны қабылдауға ынталандырады. • Жоғарырақ деңгейде нәтиже көрсету. Командада жұмыс істеу бір мақсатты көздеп, жауапкершілікті бөліскен қызметкерлердің шығармашылығына серпін беріп, күш-жігерін арттырады. Күрделі проблемаларды шешуде жоғары жетістікке жетіп жүрген жеке табысты қызметкерге қарағанда тиімді командалар жақсы нәтиже көрсетуі мүмкін.6 Дегенмен командада бірігіп жұмыс істеудің артықшылықтарымен қоса, үлкен кемшіліктері де бар. Ең үлкен кемшілігі – командада жұмыс істеу уақытты зая кетіруі мүмкін. Команда жетекшілері мен бизнес-лидерлер төмендегідей үлкен кемшіліктерді есте ұстап, олармен үнемі күресіп отыруға тиіс: • Ұжымдық ойлау. Өзге әлеуметтік құрылымдар секілді бизнес-командалар да жүріп-тұрудың қалыптасқан нормаларына сай болуды талап етіп, қысым жасауы ықтимал. Топтың қысымы оның кей мүшелерінің қарама-қарсы ойларын немесе көптің қолдауына ие болмаған пікірлерін білдірмеуге итермелегенде ғана ұжымдық ойлауға7 жол ашылады. Ұжымдық ойлауға бейімделген командалар ұжымдағы тыныштықты сақтауға қатты мән беретіні соншалық – проблемаларды тым қарапайым көрсетіп, консенсусқа қауіп төндіретін ақпаратты елемейді, тәуекелдер мен жағымсыз салдарды ескермейтін болады.7 • Жасырын пиғылдар. Кейбір команда мүшелерінің кері нәтижеге апаратын жасырын жеке пиғылдары болуы мүмкін. Мысалы, команданы өз бақылауында ұстау, командадағы біреудің беделін түсіру немесе команданың миссиясына қайшы бизнес-мақсатты көздеу т.с.с. • Шығын. Жұмыс кестесін реттеу, кездесулер ұйымдастыру және жобаның жекелеген бөліктерін үйлестіру көп уақыт пен ақшаны қажет етуі мүмкін. • Шамадан артық міндет жүктеу. Кейбір компаниялар әріптестікті дамыту мақсатында қызметкерлеріне шамадан тыс командалық міндет артып қояды. Бұған қоса компанияның үздік көмекшісі ретінде танылған қызметкерлерге өзгелердің тапсырмаларын орындауға көмектесуін сұрап, артық тапсырмалар жиі жүктеледі. Нәтижесінде командалық тапсырмаларға көп уақыт жұмсалып, жеке міндеттерді орындау түнге немесе демалыс күндеріне шегерілуі мүмкін. Соның салдарынан қызметкерлер әбден шаршап, еңбек өнімділігін жоғалтуы ықтимал.8

ТИІМДІ КОМАНДАНЫҢ СИПАТЫ

Тиімді команда мақсаттарын айқын түсініп, ашық әрі адал түрде қарым-қатынас жасайды, консенсус негізінде шешім қабылдап, шығармашылыққа бейім келеді, кикілжіңдерді тиімді шешеді. Ең тиімді командаға: айқын мақсаттың болуы және оны команда мүшелерінің жақсы түсінуі, бір-біріне деген сенімнің болуы, ашық түрде әрі адал қарым-қатынас жасау, ортақ келісімге келе отырып шешім қабылдау, креатив ойлау, кикілжіңді шешу жолын білу, маңызды іс жасап отырғандарына сену секілді сипаттар тән.9 Осындай сипаттарға ие команда кикілжіңге жол бермейді, уақыты мен энергиясын тек жұмысқа арнайды. Командада жоғарыда аталған сипаттардың біреуі немесе бірнешесі жоқ болса, керісінше, кикілжіңге шырмалып, одан шыға алмай, айқындалмаған мақсаттардың жетегінде уақыты мен ресурстарын зая кетіруі ықтимал. Команда жұмысының өнбеу себептері: команда мүшелерінің басшылық талабын ұғынбай (кейбіреуі оны қасақана қабылдамауы мүмкін), команда мақсатынан гөрі жеке мақсаттарына басымдық беруі, команда жұмысына қосқан үлестің бағаланбауы, басшылықтың жағымсыз және нәтижесіз әрекеттерге көз жұма қарауы т.б. болуы мүмкін.10

ТОП ДИНАМИКАСЫ

Команда мүшелері арасындағы өзара байланыс пен процестер топ динамикасы8 деп аталады. Өнімді жұмыс істейтін командалар әдетте команда мүшелері сақтауға тиіс нақты нормалар мен жүріп-тұрудың бейресми стандартын қалыптастырады. Топ динамикасына бірнеше факторлар әсер етеді: команда мүшелерінің рөлі, команда дамуының қазіргі кезеңі, команданың кикілжіңді шешу және оған тойтарыс беру қабілеті.

Командадағы рөлдерді бөлу Топта әр адам белгілі бір рөл атқарады және топ жұмысының нәтижесіне әсер етеді. Команда мүшелері әртүрлі рөл атқаруы мүмкін, оларды үш категорияға бөлуге болады (2.1-кесте). Өзімшіл рөл ойнайтын топ мүшелері, негізінен, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әрекет етеді, сондықтан көбінесе өзге топ мүшелеріне қарағанда өнімсіз жұмыс істейді. «Жұлдыздардан» тұратын «армандағы команда» да табысқа жетуге кепілдік бере алмайды, себебі жоғары деңгейлі тұлғалар топтың мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя алмай қиналуы мүмкін.11 Оның үстіне қалған команда мүшелері білікті әрі тәжірибелі, бірақ мінезі қиын адаммен араласудан қашып, нәтижесінде оның тәжірибесі пайдаланылмай қалуы ықтимал.12 Бұған қарағанда, өнімді жұмыс істеуге көмектесіп, топты қолдаушы рөлін атқаратындар мен команда мақсатына жетуіне септесетін бағыттаушы рөліндегі қызметкердің табысқа жету мүмкіндігі мол.13

2.1-кесте. Командадағы рөлдер – функционал және дисфункционал
Дисфункционал: жеке мүддесіне қарай бағытталған рөл
Функционал: команданы қолдау рөлі
Функционал: міндетке бағытталған рөл

Бақылау: үстемдікті немесе беделді көрсете отырып, өзгелерден басым түсу Ынталандыру: топ мүшелерін вербал және бейвербал түрде қолдау, мақтау немесе ниеттестік таныту

Бастама көтеру: күн тәртібіндегі мәселеге сай команда жұмысын бастау Топтан кету: командадан үнсіз кету немесе команда жұмысындағы белгілі бір мәселемен келіспегендіктен, командадан кету Келістіру: команда мүшелері арасындағы айырмашылықты медиация арқылы реттеу немесе әзіл қолдана отырып шиеленісті басу Ақпарат беру немесе іздеу: команданы толғандырған жайттарға ақпарат ұсыну (іздеу) Көзге түсуге тырысу: өзгелердің назарын өзіңе бұруға тырысу және өзгелердің мойындауын талап ету

Ымыраға келу: өзара қолайлы шешім қабылдау үшін көндіруге тырысу Үйлестіру: идеялар арасындағы байланысты көрсету, мәселелерді түсіндіру және команданың атқарған шаруаларын қорытындылау Назарын бұру: команданың назарын тапсырмаға қатысты дүниелерден адамдарға қарай бұру Процедураларды енгізу: команданы мақсатқа жетелейтін шешім қабылдау процедураларын ұсыну

Команда эволюциясы Әдетте команда бағдар іздеу, кикілжің, брейнсторминг, шешім, нығаю сияқты түрлі кезеңдерден өтіп дамиды. Команда өнімді жұмыс істеу жолында дамудың бірнеше сатысынан өтеді. Өнімді командаға айналу эволюциясын сипаттау үшін әртүрлі модельдер ұсынылған. 2.1-сызбада жиі қолданылатын модельге сай проблема шешуші команданың даму кезеңдері бейнеленген:14 1. Бағдар іздеу. Команда мүшелері араласып, командадағы рөлдерін қалыптастырады және мақсат-міндеттерін анықтай бастайды. Команда құру (teambuіldіng) жаттығулары мен әрекеттері кедергілерді жойып, ортақ мақсат төңірегінде топтасуға көмектеседі.15 Географиялық тұрғыда бір-бірінен алшақ орналасқан виртуал командалар «команда жұмысы туралы келісім» жасай отырып, қашықтан байланысудың кемшіліктерін жоя алады. Мұндай келісімде әдетте онлайн жиналыстар, коммуникация процестері мен шешім қабылдаудың ережелері бекітіледі.16 2. Кикілжің. Команда мүшелері өз көзқарастарын талқылап, уақыт өте келе пікірлерінің дұрыстығына сенімді бола бастайды. Бұл кезеңде қайшылықтар мен күмәннің болуы заңды. 3. Брейнсторминг – команда мүшелерінің мүмкін болған барлық нұсқаларды айтып шығып, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, кеңінен талқылауы. Ақыр соңында, топ мүшелері мәселенің ең оңтайлы бір шешіміне тоқтайды. Командалық брейнсторминг – қазір компанияларда қолданылатын ең танымал әдіс, бірақ ол жаңа идеяны туындатудың ең тиімді жолы бола бермейтінін де ұмытпаңыз. Кей зерттеулер әр адамға оңаша брейнсторминг жасап, кейінірек олардың идеяларын топ жиналысында талқылау әлдеқайда тиімді екенін дәлелдеген.17 4. Шешім. Команда мүшелерінің барлығы қолдайтын шешімге келген кезде консенсус қалыптасады (тіпті олардың алып-қосары болса да). 5. Нығаю. Команда ортақ шешімді айқындап қорытындылайды. Команда мүшелері шешімді жүзеге асыру үшін міндеттерді бөлісіп, оны орындау жоспарын құрады.

2.1-сызба. Топтың даму кезеңдері Топтар әдетте өнімді жұмыс істеп, мақсатқа жету жолында бірнеше даму сатысынан өтеді Дереккөз. B. Aubrey Fіsher, Small Group Decіsіon Makіng: Communіcatіon and the Group Process, 2nd ed. (New York: McGraw-Hіll, 1980), 145–149; Stephen p. Robbіns and Davіd A. DeCenzo, Fundamentals of Management: Essentіal Concepts and Applіcatіons, 4th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2004), 334–335; Rіchard L. Daft, Management, 6th ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2003), 602–603. Команда дамуының алғашқы модельдерінің бірін жасаған ғалым Брюс Тукман команданы құрылу, шайқалу, қалыпқа келу, жұмыс істеу және тарау кезеңдеріне бөлген.18 Қандай модельді қарастырсаңыз да, кез келген команда осындай даму кезеңдерін басынан кешіреді. Кей командалар өнімді команда деңгейіне жетпес бұрын алға да, артқа да жылжуы мүмкін. Ал кей командалар (топтың кей мүшелері немесе барлығы өзара араз болса да) бірден өнімді жұмыс істеп кетеді.19

Конфликтіні шешу Командадағы конфликт9 – ресурстарға талас, мақсат-міндеттің сәйкес келмеуі, нашар қарым-қатынас, билікке талас, түрлі құндылықтар, әрқалай көзқарас және тұлғалық айырмашылықтар секілді әртүрлі себептерден туындауы мүмкін.20 Конфликт жағымсыз естілгенмен, ол үнемі пайдасыз бола бермейді. Маңызды мәселелерді көрсетіп, команда мүшелерін араласуға ынталандырса және мәселелерді шешуде креатив идеялар туындатса, ол конструктив конфликт болады. Командадағы жұмыс үнемі үйлесімді бола бермейді; тіпті кейде топ мүшелері арасындағы тартысқа тиімді басқару мен топтың ықпалды мүшелері де төтеп бере алмауы мүмкін. Командалық жұмыс мамандары Энди Бойнтон мен Билл Фишер атап көрсеткендей: «Мықты команда – жақсы нәтижеге жететін команда емес».21 Керісінше, ол назарды маңызды емес мәселелерге аударса, команданың немесе ондағы жеке тұлғаның моральдық рухын сындырса, команда бірлігін бұзса, онда мұндай конфликт деструктив болады (destructіve: бүлдіргіш, талқандағыш).22 Деструктив конфликт10 «жеңіс-жеңіліс» (бірі ұтылып, екіншісі ұтады) немесе «жеңіліс-жеңіліс» (екеуі де ұтылады) нәтижесіне әкелуі мүмкін, осылайша тұтас командаға зиянын тигізеді. Кикілжіңді екі жаққа да белгілі бір дәрежеде пайдалы шешуге тырыссаңыз («жеңіс-жеңіс» стратегиясы), онда әр тарапқа келетін зиян мөлшерін азайтасыз. «Жеңіс-жеңіс» стра­тегиясы жүзеге асуы үшін: 1) екі тарапқа да қолайлы шешім табуға болады; 2) ұйымға тартыстан гөрі әріптестік пайдалы; 3) екінші тарапқа сенуге болады; 4) бір тарапта биліктің болуы немесе дәреженің үстемдігі шешім қабылдауда оған артықшылық бермейді.

Команда мүшелері төмендегі жеті өлшемнің көмегімен кикілжіңді шешуі мүмкін: • Проактив әрекет – кішігірім кикілжіңді ұлғайтпай, уақытында шешіп отыру. Топ ішіндегі екі адам арасындағы кикілжің ертерек шешілмесе, ұлғаюы мүмкін. • Коммуникация. Кикілжіңге тікелей қатысы бар адамды мәселені шешуге қатыстырыңыз. Нақты проблемадан ауытқып кетпес үшін бұл адамдар абайлап сөйлеп, бейвербал қимыл-қозғалысына мұқият болсын және қиын жағдайды одан сайын ушықтырып жібермесін.23

• Ашықтық. Негізгі мәселелерді шешуге кіріспес бұрын айналаға ашылыңыз. • Зерттеу. Мәселенің шешімін іздемес бұрын оның нақты себептерін табыңыз. • Икемділік. Топ мүшелерінің басқа да шешімдерге ой жүгіртпестен, тек өз пікірінде қатып қалуына мүмкіндік бермеңіз. • Әділ ойын. Нәтиженің әділ болуын қадағалаңыз. Ешкім де ережелерді сылтауратып, әділетті шешімнен қашпасын. • Одақ. Өзара қырғиқабақ болғанша, қарсыластарыңызды «сыртқы күштерге қарсы» бірігіп-күресуге үгіттеңіз.

Қарсылықты жеңу Өзгерістерге қарсы болудан туындайтын кикілжіңдер компанияның дамуына кедергі келтіреді. Кейде мұндай қарсылық негізсіз. Мысалы, жаңа жобаның пайдасы болса да, болмаса да кез келген өзгеріске қарсы шығатын адамдар болады. Дегенмен кейде ақылға қонымды қарсылықтар да кездеседі. Өзгеріс кейде біреуді жоғары қызметтен кетуге немесе тиімді жұмыстан бас тартуға мәжбүрлеуі мүмкін. Қандай да бір қарсылыққа немесе дөрекілікке тап болсаңыз, ашуланбаңыз, жұрттың эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысыңыз. Қарсылыққа тап болғанда инстинктілі түрде тіпті одан да бетер даурығуға бейім тұрамыз. Алайда мұндай әдіс көп жағдайда кері нәтиже береді, себебі құр даурығу қарсылықтың түп мәнін түсінуге көмектеспейді. Керісінше, қарсы тарапты тым қатты кектендіріп жіберуі ықтимал. Қарсыласа бергенше сөйлеуді тоқтатып, тыңдауға көшіңіз. 106-бетте талқыланған белсенді тыңдау дағдысын қолдана отырып, адамның ішіндегі сырын ақтаруына мүмкіндік беріңіз. Бейвербал ым-ишараны орнымен қолданыңыз, қарсы тарап сол арқылы өзіне түсіністік танытып, ынтамен тыңдап отырғаныңызды білсін. Тыңдау кісіні өзін алаңдатқан мәселелерді қозғауға ынталандырады, мәселелерді шешуіңізге көмектеседі, байқамай жүрген орынды жайттарды қозғауға мүмкіндік береді. Ашық коммуникация орнатудағы мақсатыңыз – дауласқанда жеңу емес, дилемманы шешуге жағдай жасайтын атмосфера қалыптастыру екенін түсініңіз.24 Тіпті күшпен өзгеріс жасауға құзыретіңіз жетсе де, тек күшке ғана сүйенсеңіз, жұрттың наразылығын туғызып, шынайы табысқа қажет моральдық қолдаудан қағылуыңыз мүмкін. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай орнатсаңыз да, айтылмай жүрген қарсылықтың болатынын естен шығармаңыз. Мысалы, жұмыс өнімділігін жетілдіру жоспарына техникалық себеп айтып, қарсы шыққан қызметкерлер «компанияның технология қуаты артып, жұмыссыз қаламыз» деп қауіптенуі мүмкін. Осы тарауда сәл кейінірек айтылатын белсенді тыңдау түрлері арқылы өзгеріске селқостық танытудың артында не тұрғанын жақсы түсіне аласыз. Қарсыласудың мәнін дұрыс ұғыну үшін сұрақтар қойып, анықтап алыңыз, өзге тараптың мәселелеріне де ден қойыңыз. Қарсыласудың мәнін жақсы түсінгеннен кейін күш біріктіре отырып, шешімін табуға ұмтылу – келесі қадам саналады. Қарсыласушылардың пікірін тыңдауға ыңғай танытсаңыз, олар да сіздің сөзіңізге құлақ асуы мүмкін, сондықтан өзгерістің ұйымға өте қажет екенін тағы да сабырмен түсіндіріңіз. Тіпті жоспарыңызды еш өзгеріссіз жүзеге асыруды көздесеңіз де, бұдан соң басты қарсыласушылардың бірлесіп жұмыс істеуге, үлес қосуға ынтасы артуы ықтимал.

Коммуникация мақсатында бірлесіп жұмыс істеу

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Ынтымақтас коммуникация бойынша кең­ес бере аласыз, ынтымақтастыққа көмектесетін басты технологияларды білесіз және кон-структив пікір айту жолдарын сипаттайсыз Баяндама, уеб-сайт, презентация және өзге де коммуникация жобалары бойынша бірлесіп жұмыс істегенде, ұжымдық күш-жігер мен қызметкерлердің әртүрлі тәжірибесінің арқасында топтық жұмыс нәтижесі бір қызметкер жалғыз өзі жүріп атқаратын нәтижеден гөрі жақсы болуы ықтимал.25 Алайда топпен бірлесіп жазу арнайы күш пен жоспарлауды талап етеді.

БІРЛЕСІП ЖАЗУ НҰСҚАУЛЫғы
Мобайл қосымша

Basecamp қосымшасы менеджмент жүйесі бойынша танымал жобаларға мобайл құрылғылар арқылы кіруге мүмкіндік береді. Кез келген жобада әркелкі ортадан келген топ мүшелерінің жұмыс істеу тәртібі немесе басымдықтары әртүрлі болуы мүмкін: техника жөніндегі эксперт дәлдік пен ғылыми стандартқа назар аударса, редактор ұйымдастыру мен бірізділік жағына мән беріп, ал менеджер кестеге, шығынға және корпоративтік мақсаттарға көңіл бөлуі ықтимал. Бұған қоса команда мүшелерінің жазу стилі, жұмыс істеу тәртібі және мінез ерекшеліктері әртүрлі келеді. Тиімді түрде бірігіп жұмыс істеу үшін әркім икемділік танытып, өзгелердің пікірлеріне құлақ аса білуі керек және жеке талаптардан гөрі команда мақсаттарына назар аударуы қажет.26 Жазу өнерін меңгергендер идеяларды әртүрлі жолмен жеткізуге болатынын біледі, олар «ең дұрысы – менікі» көзқарасынан аулақ жүреді. Төмендегі нұсқаулық сізге ойдағыдай бірігіп жұмыс істеуге көмектеседі:27 Жазбаша жобаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін дұрыс серік табу, жоба мақсаттарын айқындау, процестерді анық жүргізу, топтасып жазудан аулақ болу сияқты көп қадам жасалуы керек. • Бірігіп жұмыс істейтін адамдарды мұқият таңдаңыз. Мүмкіндігінше әр жобаға тәжірибесі мол, ақпараты және таланты бар адамдардың аралас тобын жинауға тырысыңыз. • Іске кірісер алдында жоба мақсаттарын айқындап алыңыз. Команда не істеп, не қоятынын түсінбесе, жұрттың одан көңілі қалып, уақыттары зая кетеді. • Жобаға толық кіріспес бұрын топтағылардың өзара байланыс орнатуына уақыт беріңіз. Бұрындары бірігіп жұмыс істеп көрмеген адамдар болса, олардан бірлесіп жұмыс істеуді талап етпес бұрын, бір-бірін танып-білуге жағдай жасаңыз. • Команда мүшелерінің жеке міндетін айқындаңыз. Командадағы адамдар бір-біріне тәуелді болғандықтан, әркімнің өз міндеттерін анық білетініне көз жеткізіңіз. • Процестер анық болсын. Әркім жұмыстың қалай басталып, қалай аяқталатынын білсін. • Бөлшектенген команда құрудан аулақ болыңыз. Команда құрамында болып қана қоймай, ынтымақтас коммуникация мақсатында жұмыла жұмыс істеу ғана пайда әкеледі. Тақырып қою немесе ұран ойлап табу сияқты қысқа мәтіндермен жұмыс істеу кезінде брейнсторминг – креатив сөздер табудың тиімді амалы бола алады. Алайда ірі жобаларды жүзеге асырғанда әдетте жоспарлау, зерттеу және бірігіп нобайын жасау тиімдірек, бірақ жазу тапсырмасын бір адамға, ірі жоба болса, бірнеше адамға тапсырыңыз. Жазуды бірнеше адамға бөліп тапсырсаңыз, стилі біркелкі болуы үшін бір адамнан соңғы нұсқасын қарап шығуын сұраңыз. • Құралдар мен әдіс-тәсілдердің дайындығын тексеріп, топтағылар оны тегіс қолдана алатынына көз жеткізіңіз. Тіпті бағдарлама нұсқасындағы болар-болмас айырмашылықтың өзі жұмысты тежейді. • Бәрінің қалай жүзеге асырылып жатқанын қадағалаңыз. Жағымсыз нәрсе естімегендіктен, «барлығы ойдағыдай жұмыс істеп жатыр» деп ойлап қалмаңыз.

БІРЛЕСІП ЖАЗУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Қазіргі кезде баяндама, презентация және өзге де жобаларды бірігіп жүзеге асыруға арналған өте көп құрал бар. Қысқа құжат рәсімдеуден бастап тұтас уеб-сайт жасауға дейін бірігіп жұмыс істеуге септестін құрал мен жүйе түрлері көп. Ең қарапайымдары – комменттеу (әріптестердің құжатты өзгертпей, пікір жазуына мүмкіндік береді) немесе өзгерісті бақылап отыру (бір немесе одан да көп адамға мәтіндерін өзгертуге ұсыныс жасап, әркімнің өзгерткенін бөлек және қайта орнына келетіндей көрсетіп тұрады) сияқты бағдарламалық жабдықтар. Кеңінен қолданылатын Adobe Acrobat (PDFs) цифрлық құжат жүйесінде сонымен бірге топтық шолу және пікір қалдыру функциясы, lіve түрінде әріптестік орнату сияқты тетіктер бар.

Ынтымақтастық жүйесі Уеб-сайтқа контент жазу контентті басқару жүйесін қолданумен тығыз байланысты. Бұл жүйе уеб-сайт контентін ұйымдастырып, бақылауға мүмкіндік береді, онда команда мүшелері үшін уеб-сайт беттері мен өзге де құжаттар бойынша бірігіп жұмыс істеу тетіктері қарастырылған. Бұл құралдарға қарапайым блоггинг жүйесінен бастап, кәсіпорын жүйесі сияқты тұтас корпорацияның уеб-контентін басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер кіреді. Көп жүйеде операциялар легі (workflow) функциясы бар, ол беттің немесе құжаттың жасалуын, өңделуін және жариялануын бақылайды. Гавай тілінен аударғанда «жылдам» деген мағынаны білдіретін уики11 – кіруге рұқсаты бар кез келген адамның жаңа материал қосып, ондағы материалды өзгертуіне мүмкіндік беретін уеб-сайт. Ол контентті басқару жүйесінің ресми бақылау түрінен осындай жеңілдіктерімен ерекшеленеді. Қоғамдық уикилер (ең танымалы – уикипедия) тіркелген кез келген қолданушының парақшаларды өңдеуіне мүмкіндік береді; ал жеке уикилерге кіру үшін арнайы рұқсат қажет. Уикидің басты артықшылығы – жаңа немесе тексерілген материалды алдын ала мақұлдаусыз жариялау еркіндігі. 8-тарауда уики арқылы тиімді ынтымақтастық бойынша нұсқаулық бар. Командалар, жұмыс топтары технологияның мүмкіндіктерін қолданып, пайдасын көре алады. Мұндай технология жүйесі көбінесе топтық жұмыс жүйесі (groupware) немесе ынтымақтастық платформалары деп те аталып жүр. Бұл технологиялар коммуникация орнатып, файл алмасуға, алдыңғы хабарлама легін шолып шығуға, құжаттармен бір мезгілде жұмыс істеуге және әлеуметтік желі құралдарын қолдана отырып, байланысуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелер компаниялардың түрлі эксперттерден білім алып, оны бөлісуіне, күрделі мәселелерді терең түсінуіне көмектеседі.28 Ынтымақтастық жүйелері көбінесе бұлттық есептеу технологиясының мүмкіндіктерін қолданады. Бұлттағы есептеу технологиясы – интернет арқылы қажет ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін дәстүрлі бағдарламалық жабдықтауға жатпайтын технология.29 Ортақ жұмыс кеңістігі – «виртуал кеңсе», ол команданың кез келген мүшесінің бір желідегі ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізуіне жағдай жасайды (2.1-сурет). Мұндай ортақ жұмыс кеңістіктерінің интранет (тек қызметкерлер ғана кіре алатын уеб-сайттар) және экстранет (қызметкерлер және шақырту алған тарап өкілдері кіре алатын сайттар) деген түрлерін қолданған болуыңыз да мүмкін. Қазір көп интранет микроблоггинг, видеоклип кітапханалары сияқты әртүрлі коммуникация және әріптестік құралдары бар күрделі әлеуметтік желі жүйелеріне айналған. Мысалы, Blue Man Group труппасы бүкіл әлемге 500 қызметкерімен концерт жоспарлап, қойылым ұйымдастыру және жарнама жасау үшін әлеуметтік интранетті қолданады.30

2.1-сурет. Ортақ онлайн жұмыс кеңістіктері Ортақ онлайн жұмыс кеңістіктері қызметкерлердің компания есептерінен бастап уеб-сайт контентіне дейінгі барлық қажет файлдарға бір демде қол жеткізуіне мүмкіндік береді

Әлеуметтік желі және виртуал қауымдастық Әлеуметтік желі технологиялары географиялық шектеулер мен ұйымдық шекараларды жоюға көмектесіп, командалық жұмыс пен командалық коммуникацияны қайта қалыптастырды. Кейбір компаниялар әлеуметтік желілерді виртуал немесе практика қауымдастықтары12н құру мақсатында қолданады. Бұл қауымдастықтар компания ішіндегі кәсіби қызығушылықтары ұқсас қызметкерлерді байланыстырады, кейде клиенттер мен жеткізушілерді де қамтиды. Әлеуметтік желілер13 кез келген мәселе немесе жоба бойынша ең мықты деген мамандарды тауып, байланыс орнатуға септесіп, әріптестікті дамытады. Бұл жағдайда адамдардың қай елде қоныстанғаны немесе ұйымдағы ресми рөлі маңызды емес. Мұндай қауымдастықтар көп жағдайда командаға ұқсас келеді, бірақ одан басты айырмашылығы – бір нақты жоба аясында шектелмей, ұзақ уақыт бойы ұйымдастырушылық білімді жинақтайды. Мысалы, Pfіzer дәрі-дәрмек компаниясының өнім қауіпсіздігіне қатысты көптеген тұрақты қауымдастықтары бар, онда ұйым ішіндегі зерттеушілерге дәрі-дәрмек қауіпсіздігіне қатысты кеңестер беріледі.31 Сонымен бірге әлеуметтік желілер күнделікті қарым-қатынас шеңберінен асып, компанияларға қауымдастық рухын сақтап қалуға көмектеседі. Zappos онлайн интернет-дүкені қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударып отыр. күннен-күнге көбейіп келе жатқан қызметкерлері арасында қауымдастық рухын қалыптастыру үшін Zappos әлеуметтік желі құралдарын қолдана отырып, қызметкерлер байланысын бақылап, өзара қарым-қатынас орнатуға ынталандырады.32

Мобайл құрылғылар арқылы ынтымақтасу Мобайл құрылғыларға арналған ынтымақтасу қосымшалары компьютерлік платформалардың барлық функцияларын қабылдайды. Ынтымақтасып жазуда және өзге де коммуникация жобаларын жүзеге асыру барысында мобайл құрылғыны қолдану қызметкерлерге түрлі жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Әсіресе оны бұлттағы есептеу технологиясында қолданған өте тиімді. Мобайл құрылғылар ынтымақтаса жазуда және өзге де коммуникация жобаларында, әсіресе бұлттағы есептеу технологиясын қолданғанда көп мүмкіндік береді. Қазір мобайл жүйелер дәстүрлі уеб-ынтымақтастық жүйесі жасайтын виртуал тақтаға жазудан бастап, сурет, видео және өзге де мультимедиа файлдарды бөлісуге дейінгі мәзірлердің бәрін орындай алады.33 Мобильділік жұмысшылардың кез келген жерде өтетін онлайн брейнсторминг сессиялары мен өзге де ресми, бейресми шараларға қатысуына мүмкіндік береді (2.2-сурет). Мұндай икемділік, басты жобаға шолу жасау кезінде және өндіріс кезеңінде өте пайдалы, себебі бұл кезде дедлайндар алқымнан алып, шешім қабылдау және түзету шаруаларын жылдамдату керек болады.

2.2-сурет. Мобайл құрылғылар арқылы ынтымақтасу Мобайл байланыс ынтымақтасу табиғатын трансформациялап, командалар мен жұмыс топтары қайда жұмыс істеп жатса да, байланыста болуына жәрдемдеседі. Мысалы, мына команданың мүшелері әр жерде жүріп, планшет көмегімен баспасөз баянын талқылап, өңдей алады Біріккен коммуникация – мобайл ынтымақтастық пен мобайл коммуникацияның ең маңызды аспектісі саналады. Ол аудио-видеоқоңырау шалып, аудио- және видеоконференция жасап, жылдам хат алмасып, шынайы уақытта ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтамадан құралған біртұтас жүйе арқылы жүзеге асады. Түрлі коммуникация жүйелері мен құрылғыларын қолдану қажеттігінен босатып, біріккен коммуникация жауап беру уақытын жылдамдатып, өнімділікті арттырады, ынтымақтастықты нығайтады.34

КОНСТРУКТИВ Фидбәк ЖӘНЕ ОҒАН КОНСТРУКТИВ ЖАУАП Жазбаша фидбәк бергенде материалды жақсарту жолдарын түсіндіре отырып, конструктив пікір айтыңыз. Процестер мен құралдардан бөлек, ынтымақтас коммуникацияда көбінесе жазбаларға фидбәк алу-беру болады. Конструктив фидбәк кейде конструктив сын деп те аталып жүр. Конструктив сын деп процеске қатысқан адамдарға емес, процестің өзіне және коммуникация нәтижелеріне назар аударуды айтамыз (2.2-кесте). Деструктивті сын, керісінше, жағдайды жетілдіру жолдарын қарастырмай-ақ, сынды жеткізеді.35 Мысалы, «Бұл ұсыныс өте түсініксіз, сіз менің көзімді жеткізе алған жоқсыз» деп айту деструктив сынға жатады. Оны былайша: «Өндіріс процесін анығырақ сипаттап, неліктен позитив тұстары теріс жақтарынан басым екенін ретімен түсіндірген болсаңыз, ұсынысыңыз біршама өтімдірек болар еді» деп, конструктив сынға айналдыруға болады. Пікір айтқанда жеке басқа тимеңіз және жұмысты жетілдірудің нақты жолдарын айтыңыз.

2.2-кесте. Конструктив фидбәк беру
Конструктив болу жолдары
Түсініктеме
Өзіңіз ұсынған өзгерістерді мұқият ойластырыңыз

Көп бизнес-құжатта идеялар мен өзге ақпарат арасындағы күрделі байланыстар бейнеленуге тиіс, сондықтан бір-бірлеп, үстірт жасалған өзгерістер пайдадан гөрі зиян тигізуі мүмкін.

Кемшіліктерден гөрі жетістіктерді талқылаған абзал «Бұл түсініксіз» деудің орнына, мысалы, түсінікті болу үшін қалай жазуға болатынын айтқан жөн

Бақылауға болатын іс-әрекетке көп назар аударыңыз.

Автор хабарламаның сапасына әсер ететін барлық элементті бақылай алмауы мүмкін, сондықтан автор бақылай алатын сипаттарға назар аударыңыз

Нақтысын айтыңыз «Мұны түсінген жоқпын» немесе «Мынаны түсініктірек жасаңыз» деген сияқты пікірлер авторға дұрыс бағыт-бағдар бермейді.

Фидбәкті кісіге бағыттамай, бейтарап етіп айтыңыз
Пікірді хабарлама жазған адамға емес, хабарламаның өзіне негіздеп айтыңыз
Түсінгеніне көз жеткізіңіз

Күмәніңіз болса, ақпарат алушыға сұрақ қойып, оның сын-пікіріңізді түсінгеніне көз жеткізіңіз

Пікір айту уақытын мұқият қадағалаңыз Уақытында жауап беріңіз, автордың сіз айтқан өзгерістерді енгізуге жеткілікті уақыты болсын

Пікіріңіздің шектеулі тұстары болса, атап көрсетіңіз Құжатты толық редакциялауға уақытыңыз болмаса немесе контенттің кейбір тұстарын толық меңгермесеңіз, мұны авторға ескертіңіз, осылайша ол пікірлеріңізді орнымен саралайды Жазғаныңызға конструктив пікір алғанда, эмоцияңызды тежеп, оны жұмысты жақсарту мүмкіндігі ретінде қарастырыңыз. Жобаңызға қатысты орынды сын айтылса, еңбегіңізді қорғау үшін негізді уәж келтіріңіз. Әрине, жобаға көп уақытыңыз бен күшіңізді жұмсағаннан кейін сынды қабылдау оңайға соқпайды, бірақ жақсы фидбәк – жұмысыңыздың сапасын жақсартуға бағалы мүмкіндік екенін есте тұтқан абзал.

Нәтижелі жиналыс

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Команданың жиналыстарын тиімді ұйымдастыруға қажет басты қадамдарды меңгересіз Жұмыс орнындағы коммуникацияның басым бөлігі көзбе-көз немесе онлайн жиналыстарда өтетіндіктен, компанияға қосар үлесіңіз бен қабілетіңіз және сол үлестің бағалануы көп жағдайда жиналыс өткізу дағдысына тәуелді. Жақсы ұйымдастырылған жиналыс компанияға проблемаларды шешіп, идеяларды дамытуға, мүмкіндік табуға көмектеседі. Сонымен бірге жиналыс – әлеуметтік байланыстың көмегімен тимбилдинг насихаттаудың тамаша жолы.36 Жиналыстар пайдалы болғанымен, дұрыс жоспарланбай, ұйымдастырылуы нашар болса, уақытты зая кетіруі мүмкін. Мұқият дайындалып, оны тиімді өткізу арқылы және жиналыс технологияларын ақылмен қолдану арқылы мәжілістің пайдалы өтуіне көмектесе аласыз.

ЖИНАЛЫСҚА ДАЙЫНДАЛУ

Жиналысқа дайындықтың алғашқы қадамы – оның өте қажет екеніне көз жеткізу. Жиналыс қызметкерлердің істеп жатқан жұмысынан қол үздіріп, жүздеген, тіпті мыңдаған долларға татитын алтын уақыттарын босқа өлтіреді. Сондықтан мәселе басқа жолмен шешілсе (мысалы блог жариялау), онда жиналыс ұйымдастырмаған жөн.37 Ал жиналыс шын мәнінде керек болса, онда жоспарлаудың төмендегі төрт міндетін орындаңыз: • Мақсатыңызды анықтаңыз. Жиналыста ақпарат алмасу, шешім қабылдау, мәселені шешу үшін ынтымақтасу немесе мүмкіндіктер табу сияқты мәселелер қаралуы мүмкін. Қандай мақсат болмасын, жиналыстың ең жақсы нәтижесін шамалап, анықтап қойыңыз (мысалы, «барлық үш өнім идеясын мұқият саралап, қайсысына ақша салатынымызды шештік»). Болжаған нәтижені жиналыстың бағыты мен мазмұнын түзеп отыру үшін пайдаланыңыз.38 • Жиналысқа қатысушыларды іріктеңіз. Мұнда ереже қарапайым: іске шынымен қатысты кісілерді шақырып, қатысы жоқтарды шақырмаңыз. Мысалы, шешім қабылдау жиналысына жиналыс мақсатының орындалуына көмектесетін, тікелей қызметте отырған адамдар ғана қатысқаны дұрыс. Адам саны көп болса, ортақ келісім табу процесі де ұзаққа созылады. Әркім талқылау мен шешім қабылдауға қатысып, пікірлерін білдіретін болса, 10–12 адамнан көп кісі қатысатын жиналыстарды басқару қиынға соғады. • Жиналыс орны мен уақытын белгілеңіз. Онлайн жиналыс – әр аймақта жүрген адамдарды байланыстырудың немесе үлкен аудиториямен жиналыс өткізудің көп жағдайда ең тиімді, ал кейде жалғыз жолы. Жүзбе-жүз жиналыс өткізетін орынды, ондағы орын тәртібін бағдарлаңыз. Орындықтары ыңғайлы ма? Конференция үстелі немесе өзге де жабдықтар қажет емес пе? Бөлме температурасына, жарықтандыру жүйесіне, вентиляция мен акустикаға және сусындармен қамтамасыз етуге назар аударыңыз. Бұл детальдар жиналыстың өту сапасына әсер етеді. Жиналыстың уақытын анықтай алатын болсаңыз, таңғы жиналыстар біршама өнімдірек өтетінін есте сақтаңыз, себебі ол уақытта адамдар белсенді әрі сергек болады. • Күн тәртібін белгілеңіз. Жиналыстың ойдағыдай өтуі қатысушылардың дайындығына байланысты. Қатысушыларға жазбаша күн тәртібін таратып, дайындалуға жеткілікті уақыт беріңіз (2.3-сурет). Тиімді жасалған күн тәртібі негізгі үш сұраққа жауап береді: 1) Мақсатымызға жету үшін бұл жиналыста не істеуіміз керек? 2) Барлық қатысушылар үшін ең маңыздысы не? 3) Бұл мәселелерді талқылау үшін қандай ақпарат керек?39

2.3-сурет. Әдеттегі жиналыстың күн тәртібі Жиналыс күн тәртібінің форматы мен күрделілігіне және онда қолданатын презентация технологияларына тәуелді. Әуелі қатысушыларға жоспарланған күн тәртібінің жазбаша нұсқасын таратып, таныстырушылар неге дайындалу керегін айқындап, сосын жиналыстың ретпен өтуін қадағалау үшін күн тәртібін қарапайым дисплейде, мысалы, PowerPoіnt слайдымен көрсету – жақсы әдістердің бірі. Күн тәртібінде әр мәселеге қалай уақыт бөлінетінін ескеріңіз

ЖИНАЛЫСТЫ ТИІМДІ ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ЖИНАЛЫСҚА ҮЛЕС ҚОСУ Жиналысқа қатысқан әрбір адам оның нәтижелі болуына жауапты. Ал сіз жиналыстың жетекшіcі болсаңыз, жауапкершілігіңіз тіптен артады. Төмендегі нұсқаулықтар жетекшілер мен қатысушыларға жиналысты тиімді өткізуді үйретіп, оған лайық үлес қосуға мүмкіндік береді: • Талқылаудың жоспарға сай өтуін қадағалаңыз. Жақсы ұйымдастырылған жиналыста ең озық ақпарат пен идеялар жиналады. Жақсы ұйымдастырушы қажет кезде жетекшілік жасайды, қатысушыларды байланыстырып, ынталандырады және тақырыптан ауытқыған сәтте негізгі мәселеге қарай бұрып отырады. • Келісілген ережелерді ұстаныңыз. Жиналыс ауқымды болған сайын оның ресми ретін сақтауға тура келеді. Ресми жиналыстар тиімді мәжіліс өткізудің уақыт тезінен өткен әдісі – парламенттік процедураларды қолданады. «Роберттің регламент ережелері» (Robert's Rules of Order) – тақырыпқа қатысты ең әйгілі нұсқаулық. • Қатысуға ынталандырыңыз. Кейбір қатысушылар мүлде жақ ашпай, ал кейбірі тым көп сөйлейтін болуы мүмкін. Үндемейтін кісілерді сөзге тартып, әңгімеге араластырыңыз. Көп сөйлейтіндерге «уақыт шектеулі, бәрі пікірін айтып үлгеруге тиіс» деп ескертсеңіз болады. • Белсенді қатысыңыз. Жиналыстың барысына және қатысушылар арасындағы байланыстың бірқалыпты болуына атсалысыңыз. Тыңдау дағдыңыз бен бақылау қабілетіңізді қолдана отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынас желісін бағамдаңыз, содан соң мақсатқа жету үшін қимыл-әрекетіңізді соған сай бейімдеңіз. Көпке айтатын пайдалы кеңестеріңіз болса айтыңыз, бірақ мәселені жақсы білетініңізді көрсету үшін ғана сөйлемеңіз, сұрақ та қоймаңыз. • Мобайл құрылғыны орнымен қолданыңыз. Дәстүрлі сөз сөйлегенде негізгі ойды Twіtter-ге жариялау, телефон немесе планшетке басты идеяларды, қосымша сұрақтарды түртіп отыру – жиналыс кезінде мобайл құрылғыны қолданудың тиімді де орынды әдістері. Facebook қарап, жиналысқа қатысы жоқ шаруалармен айналыспаған жөн. Жиналыс кезінде құрылғыңызды пайдаланып, мазмұнын түртіп отырамын десеңіз, сіздің не істеп отырғаныңызды жиналыс жетекшісі білсін.40 • Жиналысты ойдағыдай аяқтаңыз. Мәжілісті қорытындылағанда жиналыс мақсатының орындалып-орындалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса, жиналыс нәтижесіне қатысты қосымша жұмыстар жоспарлаңыз. Талқылаудың жалпы қорытындысын түйіндеп, қажет шараларды атап көрсетіңіз. Қатысушылардың түсінбегендерін сұрауына мүмкіндік беріңіз.

ЖИНАЛЫС НӘТИЖЕСІН ІСКЕ ЖАРАТУ

Көп жағдайда жиналыс аяқталғанымен, оның маңызы жоғалып кетпейді. Мысалы, жиналыс барысында анықталып, шешілуге тиіс болған проблемалар мен мүмкіндіктер, орындалуға тиіс әрекеттер мен жиналысқа қатыспағандарға таратылуға тиіс негізгі шешімдер мен хабарландырулар т.с.с. Жиналыстан жазбаша, аудио- немесе видеожазбаның болуы да қатысушылардың алған әсерлері мен жасаған қорытындыларын жинақтап, тексеруге мүмкіндік береді. Хаттама14 – жиналысты хатқа түсірудің дәстүрлі әдісі. Ол – жиналыста айтылған маңызды ақпарат пен қабылданған шешімдердің жазбаша есебі. Әдетте бір адам жиналыстың өту барысын қысқаша хатқа түсіру міндетін мойнына алып, кейін оны өзгелермен бөліседі. Хаттаманың форматы аса маңызды емес, ең бастысы – онда негізгі ақпараттың, әсіресе жиналыста белгіленген міндеттердің жай-жапсары болғаны дұрыс. Хаттаманың әдеттегі элементтері қатарына қатысқандардың, шақырылып, бірақ келе алмаған адамдардың тізімі, жиналыстың басталып-аяқталған уақыты, жиналыс кезінде қабылданған барлық негізгі шешімдер, жиналыс барысында қатысушыларға тапсырылған міндеттер мен кейінге шегерілген барлық мәселелер кіреді. Сонымен қатар хаттамаларда жиналысқа үлкен үлес қосқан қатысушылардың аты аталып, маңызды талқылаулар объектив түрде жинақталып, қорытылады. Хаттама таратылғанда жиналыста қолданылған материалдар, слайдтар мен қосымша құжаттар хаттамаға бекітіліп, бірге таратылады. Қолыңызда бар жиналыс технологиясына байланысты хаттаманы жазып, таратуға және сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламаны пайдалана аласыз (2.4-сурет). Кейбір жүйелер атқарылатын шараларды автоматты түрде жауапты қызметкерге жіберіп отырады, кейін қайта тыңдау үшін талқылауларды аудиоға жазып, барлық арнайы құжаттар мен файлдарды ыңғайлы бір жерде сақтайды.41

2.4-сурет. Жиналыстың негізгі шешімдері мен жаңалықтарын есте сақтау MeetіngBooster жүйесі секілді жиналыс технологиялары командалар мен топтарға жиналыста айтылған негізгі шешімдер мен жаңалықтарды есте сақтап, оны тиімді қолдануға көмектеседі Жиналыстың өнімді болуына көмектесетін тапсырмаларды шолып шығу үшін «Бақылау тізімі. Жиналыс өнімділігін арттыру» сегментін қараңыз.

Жиналыс технологияларын қолдану

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бетпе-бет кездесулердің сапасын арттыратын немесе оның орнын алмастыратын негізгі тәсілдерді үйренесіз Бүгінде компаниялар дәстүрлі жүзбе-жүз кездесулерді жетілдіру, тіпті орнын алмастыру үшін түрлі технологияларды қолдануда. Виртуал жиналыс шығынды анағұрлым азайтып, ресурсты үнемдеп, жұмысшыларға түсетін салмақты жеңілдетіп, командаларға үздік мамандармен кездесуге мүмкіндік береді (2.5-сурет).

2.5-сурет.
Виртуал жиналыс

Кеңжолақты сымсыз байланыстың арқасында виртуал жиналысты смартфон немесе планшет көмегімен өткізу оңай Виртуал жиналыс технологиялары бір мемлекеттің әр аймағында немесе әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан адамдарды байланыстырады. Жиналыстың ең қарапайым түрлері: жылдам хат алмасу (іnstant messagіng – ІM) мен виртуал телеконференция. Видеоконференция қатысушылардың бір-бірін көріп, сөйлесуіне, өнімдерін таныстырып, өзге де визуал ақпаратпен алмасуына мүмкіндік береді. Телеконференция (2.6-сурет) қатысушылар арасы мыңдаған шақырым алшақ болса да, бір бөлмеде отырғандай әсерге бөлейтін шынайы конференция жасауға мүмкіндік береді.42 Қатысушылардың бет-жүзі мен қимыл-қозғалысындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі көрсете білу қабілеті бұл жүйені келіссөз жүргізіп, мәселені бірігіп шешу мен өзге де күрделі мәжілістер үшін таптырмас құралға айналдырды.43

2.6-сурет. Телеконференция Чикагодағы конференция залында шын мәнінде қанша адам отыр? Алдыңғы қатарда тек екі адам отыр; қалған қатысушылар Атлантада немесе Лондонда. Телеконференция жүйесі сияқты, виртуал жиналыс технологиялары бір мемлекеттің әр аймағында немесе әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан адамдарды байланыстырады

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Cіsco WebEx әлемдегі ең танымал онлайн жиналыс платформаларының біріне мобайл құрылғымен кіруге мүмкіндік береді. Уеб негізіндегі ең күрделі жиналыс жүйелері ең озық коммуникация құралдары, онлайн түрде бірігіп жұмыс жасау алаңдары, виртуал тақтамен видеоконференция өткізу секілді командалардың бірігіп істеуіне көмектесетін тетіктерден құралады. Мұндай жүйелер шағын топтар арасындағы кездейсоқ талқылаулардан бастап, пресс-конференция, тренинг, сату презентациясы, вебинар (онлайн семинар) секілді мұқият жоспарланған ресми шараларда қолданылады.44 Жаңа пайда болған виртуал құралдардың бірі – онлайн брейнсторминг. Оның көмегімен компаниялар жаңа идея туындату үшін ұйым ішінде «идеялар науқанын» ұйымдастыра алады. Виртуал жиналысты15 ойдағыдай өткізу үшін алдын ала қосымша жоспарлау қажет және жиналыс барысында тер төгуге тура келеді. Виртуал жиналыс форматының шектеулі екенін түсіну арқылы оны тиімді қолдана аласыз.45 Себебі жүзбе-жүз кездесумен салыстырғанда виртуал мәжілісте визуал байланыс пен бейвербал коммуникация аз болады. Мысалы, жиналыс жетекшісі қатысушылардың жиналысқа деген ынтасының жоғалмауын қадағалап, үлес қосуға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізуі керек. Қатысушылар жиналысқа бар ынтасын салып, басқа тапсырмамен айналыспауға міндетті. Қатысушылардың назары басқа жаққа ауып кетпес үшін жиналыс форматын талқылау мен өзара пікір алмасуға арналғанын қадағалаңыз. Қосымша ақпаратты жиналыс алдында таратсаңыз, қатысушылар жиналысқа ұйымдасып, жұмыс жасауға дайындалып келеді.46 Жиналыс технологиялары бойынша соңғы ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 2-тарауды таңдаңыз.

Тыңдау дағдыларын жетілдіру

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тыңдау режимінің басты үш түрін біліп, тыңдау процесін сипаттап, іріктеп тыңдаудағы қиындықтарды түсіндіре аласыз Болашақ карьераңыз мұқият тыңдай алу қабілетіңізбен тығыз байланысты. Іс жүзінде топ-менеджерлердің 80 пайызы «тыңдау – жұмыста тапсырмалардың орындалуынан да қажет ең маңызды дағды» деп есептейді.47 Қазіргі жас қызметкерлер өз пікірлерінің тыңдалғанын қатты бағалайды, сондықтан тыңдай білу менеджерлер үшін өте маңызды қағидаға айналды.48

Тыңдау – жұмыс орнындағы ең маңызды дағдылардың бірі.

Мұқият тыңдау ұйым ішіндегі қарым-қатынасты нығайтып, инновация мүмкіндіктерін көрсетеді және еңбек күші мен клиенттер арасындағы ұлғайып келе жатқан алшақтықты жоюға көмектеседі.49 Тиімді тыңдау дағдысын жақсы меңгерген қызметкерлері мен менеджерлері бар компаниялар соңғы жаңалықтар мен ақпараттан хабардар болып, көп қауіптің алдын алады. Керісінше, тыңдау дағдысының жетілмеуінен компания көп мүмкіндігінен айырылып, құқық бұзып немесе басқа да жаңсақтыққа жол беріп, соның салдарынан орасан зор шығынға ұшырауы мүмкін. Сонымен бірге мұқият тыңдау ұйым мен жеке тұлғалар арасында сенім арттыру процесінде өте маңызды рөл атқарады.50

ТЫҢДАУ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТУ

Жақсы тыңдаушы болу үшін тыңдау әдісіңізді жағдайға қарай бейімдеңіз. Елгезек тыңдаушы тыңдау тәсілдерін жағдайға байланысты бейімдей алады. Контент тыңдаудағы басты мақсат – сөйлеуші жеткізген ақпаратты есте сақтап, дұрыс түсіну. Мұнда ақпаратты сараламағандықтан, онымен келісіп-келіспеу, қабылдап-қабылдамау маңызды емес, бастысы – түсіну. Сөйлеушінің сөйлеу стиліне және презентацияның кемшіліктеріне мән бермей, тек ақпаратқа назар аударыңыз.51 Сыни тыңдаудың мақсаты – сөйлеуші месседжінің мәнін түсіну, оны келтірілген аргументтердің қисыны, дәлелдің мықтылығы, қорытындының жарамдылығы, месседждің астары, сөйлеушінің ниеті мен мотиві, маңызды немесе орынды мәселердің қалып қоюы секілді критерийлер бойынша саралаудан тұрады. Күмәніңіз болса, сөйлеушінің көзқарасы мен ақпараттың дұрыстығына көз жеткізу үшін сұрақтар қойыңыз. Ақпараттың әсіреленген жерлерін, бұрмаланып көрсетілген тұстарын қалт жібермей, пікірлерді фактілерден ажырата біліңіз.52 Эмпатиялық тыңдаудың (empathy: уайымына ортақтасу, түсіністік таныту) мақсаты – сөйлеушінің ойларын, қажеттіліктерін, қалауын түсіну, жеке пікіріне қарамастан, сөйлеушінің көзқарасын бағалау. Эмпатикалық тыңдау әдісін қолдана отырып, адамға мәселені салмақты түрде нақты жеткізуге кедергі келтірген эмоцияны шығаруға көмектесесіз. Арнайы сұрамаса, орынсыз жерге ақыл-кеңестеріңізді тықпаламаңыз. Сонымен бірге сөйлеушінің эмоциясын мінемеңіз және «мынадай эмоция дұрыс, мынадайы – бұрыс» деп те айтпаңыз, оның орнына сөйлеушінің сезімін құрметтейтініңізді, жағдайды түсінетіңізді жеткізіңіз. Осындай қарым-қатынас орнатқаннан кейін ғана мәселенің шешімін табуда көмек ұсына аласыз.53 Кез келген уақытта, тыңдаудың қай түрін қолданса да, елгезек тыңдаушы объектив тыңдауға кедергі келтіретін «ішкі сүзгілер» мен біржақтылықтан саналы түрде бас тартып, өзге адамның айтқанын түсінуге тырысып, белсенді тыңдауға16 талпынады. Олар негізгі жайттарға көз жеткізу үшін түрлі сұрақ қойып, позитивті ым-ишара қолдану арқылы сөйлеушіні ынталандырады.54

ТЫҢДАУ ПРОЦЕСІН ТҮСІНУ

Тыңдау – біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі процесс және көбіміз оны жақсы меңгермегенбіз. Әдетте адамның тыңдау елгезектігінің деңгейі 25%-дан аспайды, он минуттық әңгіменің жартысы ғана есінде қалып, оның жартысын 48 сағат ішінде ұмытып үлгереді.55 Қазір ғана естіген ақпараты туралы сұраған кезде фактілерді шатыстырып алуы мүмкін.56 Қарапайым көрінген әрекет неліктен мұншалықты қиын? Себебі қай жағынан қарасаң да, тыңдау – қарапайым процесс емес. 1-тарауда (61-бет) баяндалған жалпы коммуникация процесі моделі сияқты, тыңдау да дәл сондай кезеңдерден тұрады, тек ол сол сәтте жүзеге асады. Мұқият тыңдау үшін төмендегідей бес сатыдан ойдағыдай өтуге тиіссіз:57 1. Қабылдау17. Месседжді құлақпен естіп, қабылдай бастайсыз. Физикалық қабылдауға айғай-шу, есту қабілетінің нашарлығы немесе ынтаның болмауы кедергі келтіруі мүмкін. Кей эксперттер бейвербал месседждерді де осы қатарға жатқызады, себебі бұл факторлар да тыңдау процесіне әсер етеді. 2. Мәнін ұғу. Естіген сөздеріңіз бен сөз тіркестерінің мағынасын ашу керек. Оны сіз жеке құндылықтарыңыз, сеніміңіз, идеяларыңыз, үміт-тілегіңіз, рөліңіз, қажеттілігіңіз және өткеніңіздің негізінде жасайсыз. Мәнін ұғу сатысына сонымен бірге сөйлеушінің сөз саптауы, бетінің қимыл-қозғалыстары және өзге де бейвербал қозғалыстары әсер етеді. Мысалы, біреу «бұл неткен керемет» дегенді сарказммен жеткізсе, онда сөз тіркесінің негізгі мағынасына қайшы болып шығады. 3. Есте сақтау. Ақпаратқа сәйкес әрекет етпес бұрын әуелі оны өңдеу үшін есте сақтауыңыз керек. 1-тарауда үйренгеніңіздей, қысқа месседждер ұзақмерзімдік жадқа жіберілердің алдында әуелі қысқамерзімдік жадта сақталуға тиіс. 4. Саралау. Келесі саты – фактіні пікірден ажырату үшін сыни ойлауды қолданып, месседжді саралап, дәлелді бағалау. 5. Жауап беру. Сөйлеушінің месседжін саралағаннан кейін сіз оған реакция білдіресіз. Жүзбе-жүз немесе шағын топта коммуникация жасасаңыз, алғашқы жауапты вербалды түрде жеткізесіз. Ал залда отырған көп адамның бірі болсаңыз, онда алғашқы жауабыңызды қол шапалақтау, күлу немесе тыныштық сақтау арқылы жеткізуіңіз мүмкін. Кейін естігеніңізге сәйкес әрекет етуіңіз ықтимал. Бұл сатылардың біреуінен жаңылыс бассаңыз, тыңдау процесі тиімсіз болып, тіпті тұтастай нәтижесіз шығуы мүмкін. Жіберуші ретінде де, алушы ретінде де тиімді тыңдауға кедергі келтіретін физикалық және психикалық тосқауылдарды танып, оларды жеңу арқылы табысқа қол жеткізе аласыз.

ТИІМДІ ТЫҢДАУ ТОСҚАУЫЛДАРЫН ЖЕҢУ

Жақсы тыңдаушы тыңдау процесі барысында кедергілерді жеңу жолдарын үнемі іздеп отырады (2.3-кесте). Конференция залының акустикасы немесе телефон байланысының нашарлығы секілді кейбір факторларды бақылауға шамаңыз жетпеуі мүмкін. Алайда сөйлеушіге кедергі келтірмеу және өзгелердің көңілін алаңдатпау секілді факторларды қадағалай аласыз. Сөйлемей, тыныш қана отыруды спикерге кедергі келтірмеу деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Хабарлама жазу немесе сағатқа қарау секілді әрекеттеріңіздің өзі сөйлеушінің көңілін бөліп, коммуникацияның үзілуіне әкелуі мүмкін.

2.3-кесте. Тиімді тыңдаушы болу жолдары
Тиімді тыңдаушылар
Тиімсіз тыңдаушылар
Белсенді тыңдайды

Пассив тыңдайды
Мұқият болып, қажет кезде түртіп отырады
Ештеңе жазбайды немесе тиімсіз жазады

Сөйлеушіге жиі қарап отырады (кей жағдайларда мәдени ерекшеліктерге байланысты өзгереді)

Сөйлеушіге қарамайды немесе орынсыз қарайды
Сөйлеуші мен оның сөзінің мазмұнына зер салады

Ойы басқа жаққа шарлап кете береді, көңілі тез бөлінеді, қатысы жоқ әрекеттер жасайды Басқа нәрсеге назар аудармас үшін және түсінгенін бекіту үшін негізгі жайттарды ойша өз сөзімен айтып шығады

Өз сөзімен айта алмайды
Тыңдау стилін жағдайға бейімдейді
Жағдайға қарамастан, бір стильмен тыңдайды

Сөйлеушіге бейвербал белгілер береді (мысалы, бас изеу арқылы келісетінін жеткізу немесе қас-қабағын көтеру арқылы таңданысын немесе скептицизмді көрсету)

Сөйлеушіге бейвербал белгілер бермейді
Сұрақтарды немесе келіспейтін тұстарын іркіп, сәті келгенде қояды
Келіспесе немесе түсінбесе сөйлеушіні тоқтатады
Стиль айырмашылықтарына мән бермей, сөйлеушінің месседжіне назар аударады

Стиль айырмашылықтарына көңіл бөледі, немесе жөнсіз ықпалға ұшырайды; міншіл

Негізгі жайттар мен қосымша детальдардың аражігін ажыратады
Негізгі жайттарды қосымша детальдарынан ажырата алмайды
Оқу мүмкіндіктерін іздейді
Білуге маңызды дүниелердің бәрін білемін деп ойлайды

Дереккөз. Madelyn Burley-Allen, Lіstenіng: The Forgotten Skіll (New York: Wіley, 1995), 70–71, 119–120; Judі Brownell, Lіstenіng: Attіtudes, Prіncіples, and Skіlls (Boston: Allyn & Bacon, 2002), 3, 9, 83, 89, 125; Larry Barker and Kіttіe Watson, Lіsten Up (New York: St. Martіn’s, 2000), 8, 9, 64. Іріктеп тыңдау – тиімді тыңдауға кедергі келтіретін, жиі кездесетін тосқауылдардың бірі. Ойыңызды жинақтай алмаған кезде назарыңызды қайта аудартатын сөз немесе сөз тіркесін естудің орнына, тыңдамай, ақпаратты өткізе беруіңіз мүмкін. Бірақ осы уақыт ішінде сөйлеушінің шын мәнінде не айтқанын есіңізге түсіре алмайсыз; оның орнында сөйлеуші айтуы мүмкін нәрселер ғана есіңізде қалуы ықтимал.58 Миыңыз ақпаратты көп спикердің сөйлеу жылдамдығынан шапшаң өңдей алады, сондықтан тиімді тыңдау үшін ойыңызды жинақтауыңыз керек. Тыңдаушылар ойының басқа жаққа шарлап кетуінің бір себебі – адамдардың сөйлеуінен гөрі ойлауы шапшаң. Көп адам минутына 120–150 сөз сөйлей алса, тыңдаушы санасында минутына 500 немесе одан да көп сөзден құралған аудиоақпаратты өңдей алады.59 Соның салдарынан тыңдап отырғанда миыңызда артық уақыт қалады, оны қадағаламасаңыз, санаңыз сан саққа жүгіріп, түрлі ойларға беріліп кетуіңіз мүмкін. Спикерге ғана назарыңызды аударып, естіген немесе жазған жазбаларыңызды ойша талдап, өз сөзіңізбен жеткізуге қосымша уақыт бөліңіз. Түсіндіру бойынша тосқауылдарды жеңу қиынға соғады, себебі сіз тіпті кедергілерді білмеуіңіз де мүмкін. 1-тарауда айтылғандай, таңдап-қабылдау – тыңдаушыларды месседжді өзінің ойлау негізіне қарай бейімдеуге жетелейді. Тыңдаушы кейде сөйлеушінің месседжін толық естімей тұрып, алдын ала өзінше түсінік қалыптастырып алады, немесе қорғаштап тыңдайды, яғни өзінің сеніміне, көзқарасына қайшы келетін кез келген ақпаратты өз ыңғайына қарай бұрмалап, эгосын қорғайды. Тіпті ниетіңіз түзу болса да, спикермен бұған дейін байланысыңыз жеткіліксіз дәрежеде болса, арадағы месседждерді дұрыс түсінбеуіңіз мүмкін. Тілі немесе өмірлік тәжірибесі сізден өзгешеленетін адамды тыңдағанда сол адамның идеяларын өз сөзіңізбен жеткізуге тырысыңыз. Спикерге түсінгеніңізді айтып, оны растауға немесе түзетуге мүмкіндік беріңіз. Тыңдаған ақпаратыңыз маңызды болып, кейін қолданатын болсаңыз, қолмен жазыңыз, немесе диктофонға жазып алыңыз. Жадыңызға қатты сеніп қалмаңыз. Есте сақтау қажет болса, ақпаратты іштей қайталап отырып, қысқамерзімдік жадыңызда сақтасаңыз, немесе ұзақ тізімді шағын бірнеше бөліктерге бөліп жаттаса болады. Ақпаратты ұзақмерзімдік жадта сақтауға көмектесетін төрт әдісі бар: 1) жаңа ақпаратты оған қатысы бар нәрселермен байланыстыру (мысалы, жаңа клиентпен кездескен мейрамхана т.с.с.); 2) жаңа ақпаратты логикалық ретпен топтастыру (мысалы, есімдерді алфавит бойынша орналастыру); 3) сөздер мен идеяларды сурет ретінде бейнелеу; 4) акроним немесе рифма сияқты мнемоника құрастыру. «Бақылау тізімі: Тыңдауға кедергі келтіретін тосқауылдарды жеңу» айдарын қарап, тыңдау дағдысын жетілдіру жолдарын есіңізге түсіріңіз.

Бейвербал коммуникация дағдыларын дамыту

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бейвербал коммуникация-ның маңызын түсіндіріп, оның басты алты категориясымен танысасыз Бейвербал коммуникация18 деп адамдар арасындағы жазбаша немесе ауызекі тілді қолданбастан, ақпаратты жіберу және алу процесін айтамыз. Ол әдейі немесе кездейсоқ болуы да мүмкін. Коммуникацияда бейвербал белгі өте маңызды рөл атқарады, себебі олар (бейвербал белгілер айтылған сөздерге сай қолданылған кезде) вербал месседжді күшейте алады, немесе (бейвербал белгілер айтылған сөздерге сәйкес болмаса) месседжді әлсіретіп, тұтас сөзді де алмастырады. Мысалы, клиентіңізге жобаның ойдағыдай жүзеге асып келе жатқанын айтуыңыз мүмкін, бірақ жасанды күлкіңіз бен алаңдаулы көзқарасыңыз оған мүлде басқаша месседж жеткізуі ықтимал.

Бейвербал коммуникация Бейтаныс адаммен коммуникация алғаш орнатқаннан-ақ бейвербал коммуникацияны бастайсыз. Жұмыс орнында бейвербал белгілерге арнайы көңіл бөлу қарым-қатынас жасау қабілетіңізді арттырады. Оның үстіне жаһандық нарық кеңістігінде әртүрлі адамдармен жұмыс істеп отырып, сан алуан мәдениетте кездесетін ым-ишаралар мен өзге де белгілерді тани алуыңыз қажет. Белгілердің алты түрі ерекше маңызды: Бейвербал сигналдарға бет әлпеті, ым-ишара және жүріс-тұрыс, дауыс ерекшеліктері, сырт келбет, жанасу, уақыт және кеңістік кіреді. • Бет әлпеті. Бет әлпетіңіз – эмоцияңызды жеткізетін басты құрал; ол сезіміңіздің табиғаты мен екпінін ашып көрсетеді.60 Әсіресе көзіңіз не нәрсеге назар аударғаныңызды және қызығушылығыңызды білдіріп, өзгелерге ықпал етіп, байланысты реттеуде және басымдықты қалыптастыруда тиімді рөл атқарады.61 • Ым-ишара және жүріс-тұрыс. Жүріс-тұрысыңыз және дене қимылдарыңыз кейде ерікті, кейде еріксіз түрде арнайы және жалпы месседж жеткізеді. Ым-ишараның көбі, мысалы, қолды сермеу нақты және мақсатты мағына береді. Дене қозғалысының өзге түрлері мақсатты түрде жасалмайды және бұдан гөрі жалпы месседждер жеткізеді. Еңкею, алға қарай иілу, күйгелектену және шапшаң жүру – бұлардың барлығы санасыз түрде орындалатын әрекеттер және олар адамның сенімділігін, алаңдап тұрғанын, мейірімділігін, қаталдығын, табандылығын немесе баяулығын, қайратты немесе қайратсыздығын көрсетуі мүмкін. • Дауыс ерекшеліктері. Дауыс та әдейі және кездейсоқ түрде месседж жеткізеді. Спикер арнайы месседжді жеткізу үшін дем, ырғақ және екпінді бақылай алады. Мысалы, «Не істеп отырсыз?» және «Сіз не істеп отырсыз?» сөйлемдерін салыстырсаңыз, табиғи дауыс ерекшеліктері – бақыт, таңданыс, қорқыныш және өзге де эмоцияларды (мысалы, қорқыныш көп жағдайда демалу жиілігі мен дауыс ырғағын жылдамдатады) жеткізе алады. • Сырт келбет. Адам өзгелердің сырт келбетіне қарап-ақ, кейде әділетті, кейде әділетсіз түрде жауап береді. Адамның дене тұрпаты мен бет әлпеті салыстырмалы түрде тұрақты болғанмен, сіз өз-өзіңізді күтіп, киім, аксессуарлар, пирсинг, тату және шаш үлгісін бақылай аласыз. Жақсы әсер қалдыру үшін стиліңізді өзіңіз таңғалдырғыңыз келген адамдарға қарай бейімдеңіз. Көп қызметкерлер сонымен бірге сәнді киім, боди-арт және өзге де мәселелер бойынша принциптер ұстанады, сондықтан оларды түсініп, көштен қалмай ілесіп отырыңыз.62 • Жанасу. Жанасу – жылылық пен беймаралдықты және сенімділік пен үстемдікті жеткізудің маңызды жолы. Жанасудың маңыздылығы соншалық – ол мәдени дәстүрлермен реттеледі, кімнің кімге, қандай жағдайда жанаса алатыны дәстүрде толық нақтыланған. Алайда тіпті әр мәдени норманың ішінде жанасуға қатысты көзқарастар әртүрлі. Менеджер қолдау мен құттықтауды құшақ арқылы жеткізіп әдеттенген болса, қол астындағылар құшақтауды үстемдігін көрсету немесе қылымсу деп, қате түсініп қалуы мүмкін.63 Жанасу – күрделі мәселе. Ең пайдалы кеңес: күмәндансаңыз, құшақтамаңыз! • Уақыт және кеңістік. Жанасу секілді, уақыт пен кеңістік те беделді көрсетіп, жақын қарым-қатынасты меңзеуі мүмкін және өзге де бейвербал месседждерді жіберуі ықтимал. Мысалы, кей адамдар өздерінің беделін көрсетуге тырысады, немесе өзге адамдарды елемей, күтуге мәжбүрлейді; біреулері уақытында келіп, құрмет көрсетеді. Сол секілді жеке кеңістікке қол сұқпай қамқор болу, мысалы, сөйлеген кезде жақын тұру – өзгелерге құрмет көрсетудің бір жолы. Уақыт пен кеңістікке қатысты көзқарастар мәдени ерекшеліктерге байланысты әртүрлі болып келетінін ұмытпаңыз.

БЕЙВЕРБАЛ КОММУНИКАЦИЯНЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ

Бейвербал белгілерге19 мұқият болсаңыз, жақсы спикер әрі жақсы тыңдаушы боласыз. Сөйлегенде бейвербал белгілерді орнымен пайдаланыңыз. Олар манипуляция жасамастан, тиімді болып тұр ма? Қызметкеріңіз сізге келіп, қызмет бойынша жоғарылату туралы сөйлескісі келді делік. Қызметкер қысылып отыр, ал сіз «мен үшін сіздің не айтатыныңыз қызық» деп алып, уақытыңызды компьютерге немесе сағатыңызға қайта-қайта қараумен өткізесіз. Керісінше, оны жоғарылата алмайтыныңызды алдын ала білсеңіз, эмоцияңызды шынайы түрде жеткізіп, шындықты айтыңыз. Стрестен арылу үшін тым қатты күлмеңіз, немесе қатты қол алыспаңыз. Бейвербал белгінің екеуі де қызметкерге үміт сыйлауы мүмкін. Кез келген жағдайда бейвербал белгілерді жағдайға байланысты пайдаланыңыз.

Сырт келбетіңіз қандай белгілер береді?

Сөйлемей тұрған кездегі бейвербал белгілерді де ұмытпаңыз. Мысалы: киген киіміңіз, отырысыңыз, жүріс-тұрысыңыз (2.7-сурет). Нағыз кәсіби маман секілді сөйлегеніңізбен, би клубы немесе студенттер жатақханасынан шыққандай киінгеніңіз сәйкеспеуі мүмкін. Сырт киіміне қарап бағалау бұрыс десеңіз, ақиқатында сізді сол бойынша сынайды. Байқамай жасалған таңдаудың немесе орынсыз әрекеттің кесірінен бар еңбегіңіз зая кетпесін.

2.7-сурет. Бейвербал белгілер Кез келген бизнес-ортада қолданылатын бейвербал белгілер өзгелердің сізді және идеяларыңызды қалай қабылдайтынына әсер етеді Тыңдаған кезде сөйлеушінің бейвербал белгілеріне де назар аударыңыз. Олар сөйлеушінің сөзіне үйлесе ме, әлде керісінше ме? Сөйлеуші сөзбен жеткізе алмаған ақпаратты әдейі бейвербал белгілер арқылы жеткізіп отыр ма? Мұқият бақылаңыз, бірақ біреуді «кітап секілді оқи аламын» деп ойламаңыз. Бейвербал белгілер өте күшті құрал болғанымен, адамның күнделікті қимыл-әдеттерін білмесеңіз, олар үнемі тура бола бермейді.64 Мысалы, көздің түйісуінен қашу, сөйлеп тұрғанда жүзін жасыру – көпшілік ойлайтындай, өтірік сөйлегеннің тура белгісі емес. Тіпті шындықты айтып отырса да, көп адам тыңдаушымен үнемі көз түйістіріп отырмайды және бетін ұстау секілді түрлі ым-ишаралар кейбір адамдар үшін қалыпты әрекет болып есептелуі мүмкін.65 Осы және өзге де әрекеттерге өзіндік мәдениеттің ерекшеліктері әсер етуі ғажап емес (кей мәдениеттерде көзге ұзақ тура қарау сыйламаудың белгісі саналады) – бұл стресті жағдайдан шығудың амалы болуы да ықтимал.66 Бірдеңе дұрыс болмаса, сөйлеушіге құрмет көрсете тұрып, ашық сұрақ қойыңыз, осылайша сіз түсініксіз болған жайттардың бәрін анықтап, білгіңіз келген ақпарат жайында көп мағлұмат аласыз. Бейвербал дағдыларға қатысты незгі идеяларды жинақтау үшін «Бақылау тізімі. Бейвербал коммуникация дағдыларын жетілдіру» айдарын қараңыз.

Бизнес-этикетті дамыту

7 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-этикеттің маңызын ұғып, этикет басты рөл ойнайтын негізгі төрт саланы білесіз Тиімді командалық жұмыс, өнімді жиналыс, тиімді тыңдау және бейвербал коммуникация тақырыптарын өту барысында бұл тақырыптарға ортақ бір ерекшелікті байқаған боларсыз – бұлардың барлығы өзара құрмет пен барлық қатысушылардың көңіл бөлуіне келіп тіреледі. Жан-жағындағыларға дөрекілік танытып, компанияны ұятқа қалдырған адаммен ешкім де әріптес болғысы келмейді. Сонымен бірге жұмыс орнында өзгелерге құрмет көрсетпеу – моральдық рухты түсіріп, еңбек өнімділігін төмендетуі мүмкін.67 Этикеттің төмендігі клиенттер мен инвесторларды, өзге де маңызды аудиторияларды алшақтатып, карьералық әлеуетіңізді шектеуі мүмкін.

Этикет – бизнес-коммуникацияның кез келген қырының негізгі элементі. Бұл бөлімде жұмыс орнында, қоғамдық ортада, онлайнда және мобайл құрылғыларды қолданғанда есте ұстайтын кейбір негізгі этикет ережелер айтылады. Этикет ережелерінің ұзын тізімін есте сақтау қиын, бірақ әрекетіңіздің өзгелерге тигізетін әсерін ескеріп, әркіммен сыйлы қарым-қатынас жасасаңыз. Өзгелерге қалдырған әсеріңіз сізге де, компанияңызға да ықпал ететінін есте ұстасаңыз, кез келген жағдайдан ойдағыдай шығуға болады. Этикет жөніндегі эксперт Синди Пост Сеннинг атап көрсеткендей: «Құрметтеу мен адалдық принциптері әмбебап һәм мәңгі».68

ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ БИЗНЕС-ЭТИКЕТ

Сырт келбет бизнесте табысқа жетуіңізге елеулі әсер етуі мүмкін. Жұмыс орнындағы этикетке әртүрлі әрекеттер, әдеттер және бейвербал коммуникация тәсілдері жатады. Этикет элементі ретінде үнемі қарастырылмаса да, жұмыс орнындағы сырт келбетіңіз менеджерлерге, әріптестеріңізге және клиенттерге көп хабар береді (2.8-сурет). Жұмыста киім стиліне мән беріп, стиліңізді жұмысқа сәйкестендіріңіз. Жұмыс түріне, қызмет ететін компанияға және салаға қарай киіну талаптары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қаржы саласы hі-tech фирмаларымен салыстырғанда – ресми, ал сату және атқару қызметіндегілер әдетте инженерия немесе өндіріс саласындағы қызметкерлерге қарағанда ресми үлгіде киінеді. Өзгелерді бақылап, кеңес сұраудан қорықпаңыз. Күмәніңіз болса, қарапайым киініңіз, киіммен емес, іспен өзіңізді көрсетіп, бедел жинаңыз. 2.4-кестеде бағасы тиімді және ыңғайлы бизнес-гардероб үлгілерін жинақтау бойынша кейбір жалпы нұсқаулықтар көрсетілген.

2.8-сурет. Ұйым мәдениетіне құрмет көрсету Бизнес орындарында сырт келбет талаптарын ескеру – тек құрмет көрсетудің белгісі ғана емес, сонымен қатар карьера жасауға кедергі келтіретін қателіктерден аулақ болуға көмектеседі

2.4-кесте. Бизнес-гардероб үлгілерін жинақтау 1. Тегіс және аяқталған (мынадан бастаңыз) 2. Сәнді және талғамға сай (мынаны 1-бағанға қосыңыз) 3. Мұнтаздай таза және крахмалданған (мынаны 2-бағанға қосыңыз) 4. Сәннің соңғы үлгілерімен киіну (мынаны 3-бағанға қосыңыз) • Жақсы матадан тігілген қонымды киім таңдаңыз; оның қымбат болуы шарт емес, бірақ бизнеске сай, қолайлы болсын

• Киімнің түймелерін, сырғымасын және етек-жеңін күтіп ұстаңыз • Күні бойы кигенге ыңғайлы аяқкиім таңдаңыз, бірақ тым қарабайыр немесе тозған болмасын; аяқкиіміңізді таза әрі күтіп ұстаңыз • Киіміңіздің матасы таза, мұқият үтіктелген болсын және тез қыртысталмайтынын таңдаған жөн • Өңіңізді ашатын түстер таңдаңыз. Бойыңыз, салмағыңыз, теріңіздің реңкі және стиліңізді айшықтайтын түстер таңдаңыз. Жақсы киім дүкеніндегі кеңесшілер ақыл қоса алады • Дене бітіміңізге сай (бірақ қатты тырыспайтын), қонымды киім таңдаңыз, сусып тұратын матадан тігілген, желбіршегі бар киімдер дененің қозғалуына кедергі келтіріп, жұмыс жасауға бөгет жасауы мүмкін. • Бәсең реңкті жұмсақ түстерді немесе классиканы таңдаңыз, мысалы: қара көк костюм немесе кәдімгі қара көйлек •Мүмкін болса, ресми шараларға бір не екі классикалық зергерлік бұйым тағыңыз (мысалы, маржан тасты немесе бриллиант алқа). • Негізгі киімді толықтырып тұратын костюм киіп, имиджіңізге ресмилеу сипат беріңіз. Түрлі түсті костюм кимеңіз; киген костюмде бір түстің ғана басым болғаны жөн

• Крахмалданған блузка немесе жейде киіңіз • Жоғары немесе төменгі жағында түймелері бар жағалы жабық жейделерді, ұзын жеңді блузкаларды немесе француз манжетті және қайырма жеңді киімдерді таңдаңыз

• Қырлы шалбар немесе етегі төмен белдемше киіңіз
• Негізгі киімдерді соңғы сән үлгісіне сай киімдермен толықтырыңыз

• Бояуы қанық киімдер қосыңыз, бірақ тым ашық болып кетпес үшін аралас қолданыңыз • Соңғы үлгідегі зергерлік бұйымдар тағып, шашыңызды сәндеңіз, бірақ тұтас келбетіңіз кәсіби көрінсін Ұқыптылық та киім секілді маңызды. Тазалыққа мән беріп, иісі өткір өнімдерден, мысалы, иіссабын, әтір, сусабын және қырынудан кейін жағылатын лосьондардан аулақ болыңыз (мұндай өнімдерді көп адам ұнатпайды, кейбірінің аллергиясы болуы мүмкін). Телефонмен сөйлесе білу өнерін меңгеру бизнесте табысқа жетудің негізгі кілті. Жылдам хат алмасу және өзге де мәтін-негізді құралдар телефон арқылы жүретін ақпарат алмасудың орнын басып келеді, бірақ телефонмен сөйлесу дағдысы әлі де маңызды. Ол бизнесте табысқа жетуіңіз үшін өте қажет. Себебі телефонмен сөйлескенде әңгімелесушілер бір-бірінің жүзін көрмейді, сондықтан бойыңыздағы сенім мен кәсіби шеберлігіңізді дәлелдеу үшін дауыс ырғағыңыз бен ұстанымыңызға ғана сенім артасыз. Мұнда телефонды жұмыста қолдануға қатысты маңызды кеңестер баяндалған (тек мобайл құрылғыларды қолдануға қатысты этикет ережелерін білгіңіз келсе, 115-бетті қараңыз):69 Даусыңызға назар аударыңыз. Монотонды сөйлемеңіз; сөйлеу мәнеріңіз бен интонацияңызды құбылтсаңыз, адамдар қызығушылығыңызды байқайды. Ана тілі бөлек адамдармен тілдескенде баяуырақ үн қатыңыз. Телефонмен сөйлескенде сыпайылық таныту коммуникацияны тиімді етіп, тыңдаушыға жағымды әсер қалдырады. • Біреуге хабарласқанда сыпайы болыңыз. Өзіңізді таныстырып, қандай ұйымнан екеніңізді айтыңыз, қандай мақсатпен хабарласып отырғаныңызды қысқаша түсіндіріп, тілдесуге уақыты бар-жоғын тексеріп алыңыз. Қоңырау шалып отырған ортадағы шудың дыбысын мүмкіндігінше басуға тырысыңыз. Маңызды да күрделі мәселе бойынша қоңырау шалмас бұрын айтатын сөзіңізді жоспарлап алыңыз. • Телефонға жауап бергенде позитив, кәсіби көңіл күйде болыңыз. Жылдам және күлімсіреп жауап қатып, сыпайылық көрсетіңіз. Өзіңізді таныстырып, қандай ұйымнан екеніңізді айтыңыз (кейбір компанияларда жауап беру бойынша арнайы нұсқаулықтар болады). Қоңырау шалушыдан «Сізге қандай көмек қажет?» деп, хабарласудағы мақсатын біліңіз. Қоңырау шалушының есімін білсеңіз, онда атын атаңыз. Ал сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, телефон тұтқасын оның сауалдарына мардымды жауап беретін немесе пайдалы кеңес айта алатын әріптесіңізге беріңіз. Қоңырауды әріптесіңізге аудармай тұрып, әуелі күту режимін басып, әріптесіңіздің қабылдауға мүмкіндігі бар-жоғына көз жеткізіңіз. Дауыс поштаңызды сирек тексеріп немесе мүлдем қарамайтын болсаңыз, оны сөндіріп тастаңыз, немесе қоңырау шалған кезде автоматты түрде ойнатылатын дыбыстық хабарлама қалдырып, өзіңізге басқа тәсілмен хабарласуға кеңес беріңіз. • Қоңырауды сыпайы және түсінікті түрде аяқтаңыз. Тілдесулеріңізді позитив түрде, достық ниетте аяқтаңыз және жиналыстың уақыты мен күні секілді маңызды ақпаратты дұрыс жеткізгеніңізге сенімді болыңыз. • Қоңырау шалушыларға көмектесу үшін дауыс поштасының функцияларын қолданыңыз. Күнделікті қолданысқа қысқа, кәсіби шығыс хабарламаларын жазыңыз. Белгілі бір уақыт аралығында алыста болсаңыз, телефонға жауап бере алмасаңыз, хабарламаға қашан жауап бере алатыныңызды таспаға жазып, автоматты түрде ойнайтындай қып қойыңыз. Осылайша адамдар сізге қашан хабарласу керектігін білетін болады. Хабарламаларды жиі тексермейтін болсаңыз немесе мүлде тексермесеңіз, дауыс поштаңызды өшіріп тастаңыз. Хабарламаларды күндеп, апталап жинап, оларға жауап бермеу – ақымақтық. • Дауыс поштасына хабарлама жібергенде мұқият болыңыз. Дыбыстық поштаға хабарлама қалдыру күрделі жұмыс болуы мүмкін, сондықтан оларды жібергенде мұқият болыңыз. Дыбыстық поштаны ешқандай таңдау қалмағанда немесе одан артық құрал табылмағанда ғана қолданыңыз, хабарламаны жеткізудің басқа да жолдарын қарастырыңыз, мысалы: sms жолдау немесе e-maіl хат жіберу. Дыбыстық поштаға хабарлама қалдырсаңыз, оны мүмкіндігінше қысқа қылыңыз. Атыңызды, нөміріңізді (алушыда қоңырау шалушының нөмірі көрініп тұр деп ойламаңыз), қоңырау шалу себебін және қашан сізге хабарласуға болатынын айтып, хабарлама қалдырыңыз. Атыңыз бен нөміріңізді анықтап айтып, қабылдаушының оңай жазып алуына мүмкіндік беріңіз; ол сізді білмейтін болса, екеуін де қайталап айтыңыз.

Әлеуметтік ортадағы бизнес-этикет
Компания атынан ел арасында жүрген кезіңізде этикеттің маңызы арта түседі.

Бизнес-ланчтан бастап салалық конференцияға дейінгі шараларда компанияңызды жұрт алдында таныстыру міндеті сізге жүктелуі мүмкін. Сырт келбетіңіз және қимыл-әрекетіңіз жағдайға сай болсын. Жаңа адамдармен танысу керек болса, өзге мәдениеттің әдет-ғұрыптарынан хабардар болыңыз. Мысалы, Солтүстік Америкада екі адам кездескенде көбінесе қатты қол қысып амандасады, ал Жапонияда екі жақтың құрметпен бас игені дұрыс. Қол алысатын болсаңыз, қолды сөлпитіп ұсыну көп адамға өте жағымсыз әсер қалдыратынын ескеріңіз. Физикалық мүмкіндігіңіз болса, кісінің қолын алғанда түрегеп тұруға тырысыңыз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

іPhone-ға арналған Good Manners қосымшасы қоғамдағы түрлі жағдай кезінде орынды таңдау жасауға көмектеседі. Өзіңізді таныстырғанда компаниядағы рөліңізді де қысқаша сипаттап өтіңіз. Өзге екі адамды таныстырғанда есімдері мен тегін анық айтып, тілдесуін жеңілдететін қосымша ақпарат (бәлкім, ортақ кәсіби қызығушылық) жеткізіңіз.70 Жалпы алғанда, жынысына қарамастан, лауазымы төмен адам жоғары қызметтегі адамға таныстырылады.71 бизнес көп жағдайда ас ішу барысында жүзеге асады, сондықтан қонақасы этикетінің негізін білу осындай жағдайларда оңтайлы әрекет етуге көмектеседі.72 Жеуге оңай тағамдарды таңдаудан бастаңыз. алкоголь ішімдіктерінен аулақ болыңыз, бірақ ішетіндей жағдай орын алса, оны астың соңына қалдырыңыз. Бизнес-құжаттарды орындықтың астына қойып, үстелден бастапқы тағам тәрелкелері алынбайынша алмаңыз; әдетте қонақасыда асты жеп болмай, бизнес мәселелері қозғалмайды. Бизнес-қонақасы – бизнес форумы екенін есте сақтаңыз. Саясат, дін немесе өзге де түрлі эмоция тудыруы мүмкін мәселелерді талқыламаңыз. Жұмысыңызға шағымданбаңыз, жеке өмір туралы тәптіштеп сұрақ қоймаңыз, профанациядан аулақ болып, әзілге сақ болыңыз, себебі кейбіреулер үшін күлкілі көрінетін қалжыңмен басқа біреуге тіл тигізуіңіз мүмкін.

ОНЛАЙН БИЗНЕС-ЭТИКЕТ

Компанияңызды онлайн таныстырғанда жоғары этикет стандартын ұстанып, өзгелерге құрмет көрсетуге тиіссіз. Цифрлық медиа орынсыз этикеттің дамуына жағдай жасап отырған секілді. Компанияңызға немесе карьераңызға зиян тигізуі мүмкін қателіктерден аулақ болу үшін кәсіби түрде онлайн жұмыс істеудің негіздерін меңгеріңіз. Цифрлық медианы қолданып, компанияңызды таныстырғанда ескеретін кейбір ережелермен таныс болыңыз:73 • Жеке басқа тіл тигізуден аулақ болыңыз. Онлайн коммуникацияның табиғатына тән анонимділік және жылдамдық тіпті есті адамның блогта пост жариялап, әлеуметтік желі мен өзге де желілерде өзгелерді тілдеуіне жағдай жасайды. • Назарыңызды басты мәселеге ғана бұрыңыз. Форумдағы талқылау, е-maіl хат алмасу немесе блогтағы комментарийлер легінің тақырыбын өзгерткіңіз келсе, жаңа хабарлама бастаңыз. • Пікірді факті ретінде көрсетпеңіз, фактілерді дәлелдермен бекітіңіз. Бұл нұсқаулық барлық коммуникацияда жарамды, бірақ онлайн орта жұртты өз сенімдері мен пікірлерін бұлтартпас ақиқат ретінде көрсетуге итермелейді. • Орфография, пунктуация және бас әріппен жазудың негізгі ережелерін сақтаңыз. Жоғары сыныптағы достарыңа хат жазған секілді тиянақсыз, акронимдерге толы хабарлама жіберсеңіз, әуесқой біреу болып көрінесіз. • Антивирус бағдарламаларын қолданып, уақытында жаңартып отырыңыз. Вирусты файл жіберу немесе жариялау өзгелерге қауіп төндіреді. • Twіtter, е-maіl, және өзге де аккаунттарыңызға бұзылуы қиын пароль орнатыңыз. Біреу аккаунтыңызды бұзса, сол арқылы спам жіберуі мүмкін, немесе ең жаманы – оны таныстарыңыз бен авторларыңызға жіберуі ықтимал. • Жылдам хат алмасуға қазір қолайлы ма деп сұраңыз. Бір адам жылдам хат алмасу жүйесінде «байланыстамын» деп көрсетіп қойса, бұл оның дәл қазір сөйлесе алатынын білдірмейді. • Тіліңізге сақ болып, эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз. Бір рет жасалған алаңғасарлық мәңгілік сабақ болуы мүмкін. • Жылдам хат алмасқанда, бірнеше істі қатар істеуден (мультитаскинг) аулақ болыңыз. Ондаған істі қатар істеп, уақыт үнемдеймін деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ жылдам хат алмасып отырып, өзге де шаруаларды бітірмек болсаңыз, бірінен екіншісіне ауысу барысында басқа адамды күттіріп қоюыңыз ықтимал. • Ешбір жазбаны құпия болып қалады деп ойламаңыз. Жазған кез келген хабарлама сақталып қалады, ол өзгелерге жіберілуі мүмкін әрі оны бастығыңыз немесе компанияның қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері оқуы мүмкін деп ойлаңыз. • Бәріне арналмаса, e-maіl-де «Бәріне жауап беру» түймесін баспаңыз. Бір немесе одан да көп алушыға ақпараттың қажеті болмаса, хатты жібермес бұрын олардың e-maіl мекенжайын алып тастаңыз. • Шимай-шатпақ, түсініксіз, толық емес хаттармен өзгелердің уақытын зая кетірмеңіз. Бұл – кісіні құрметтемеу. • Уақыт пен виртуал кеңістікті құрметтеңіз. Мысалы, алдын ала келіспесеңіз, бизнес-хабарламада қызметкердің Facebook-тегі жеке парақшасын қолданбаңыз және жарым түнде онлайн отырғанын көрсеңіз де, адамдар жұмыс мәселелерін тәулік бойы талқылауға даяр деп ойламаңыз. Facebook және өзге де әлеуметтік желі құралдарын қолдану кезінде жеке және кәсіби шекараларды құрметтеңіз. • Онлайн комментарий қалдыру механизмдеріне мұқият болыңыз. Мысалы, қазір көп блогтар мен уеб-сайттар мақалаларда комментарий қалдыруға мүмкіндік беру үшін Facebook логиніңізді қолданады. Facebook парақшаңызда қызметіңіз және компанияңыздың аты көрсетілсе, бұл мәліметтер комментариймен қатар шығып тұрады.

МОБАЙЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУдағы БИЗНЕС-ЭТИКЕТ Мобайл телефонды қолдану әдетіңіз айналаңыздағы адамдарды қаншалықты құрметтейтініңізді көрсетеді. Коммуникацияның басқа аспектілері секілді, мобайл құрылғы қолдану әдеті де сіздің айналадағы адамдарға деген құрметіңізді көрсетеді. Жағымсыз рингтон таңдау, ашық кеңселерде немесе қоғамдық орындарда басқа біреудің жанында телефонмен қатты сөйлесу, жұмыс уақытында қажетсіз жеке шаруалармен қоңырау шалу, телефон камерасын қолданып, біреудің құпиясына рұқсатсыз қол сұғу, демалыс бөлмелерінде және өзге де орынсыз жерлерде қоңырауға жауап беру немесе қоңырау шалу, жиналыс немесе талқылаулар кезінде телефон шырылдап, жиын шырқының бұзылуы – бұлардың барлығы қызметіңізге кері әсерін тигізеді.74 Жасы үлкен қызметкерлер, менеджерлер мен клиенттердің басым бөлігі жастарға қарағанда мобайл құрылғылардың орынсыз қолданылуына қарсы, сондықтан әдетіңізді бәрі бірдей дұрыс қабылдайды деп ойламаңыз.75 Виртуал көмекшілер және мобайл телефондағы өзге де дауыс функциялары дұрыс қолданылмаса, жұмыста және қоғамдық орында жұрттың жүйкесіне тиіп, жұмыс атмосферасын бұзуы ықтимал. Apple іPhone-дарында кездесетін Sіrі дауыс танығыш жүйесі сияқты виртуал көмекшілер жаңа этикет дилеммасының пайда болуына себеп болды. Қарапайым уеб-іздеуден бастап тұтас мемоларды басқаратын бұл жүйелер қолданушыларға ыңғайлы болар, бірақ ол өзгелердің назарын аударып, жүйкелеріне тиюі мүмкін.76 Қоғамдық орындағы әдептілік сақтау секілді, бұл технологияларды да қолданар алдында өзгелерге тигізетін әсері жайлы ойлап алған жөн. Мобайл құрылғыларды қолдануға қатысты қағидалар мен талаптар әр компанияда әртүрлі. Мәселен, венчурлік капиталист кәсіпкер Бен Хоровиц бизнес-жоспарын таныстыру барысында мобайл құрылғысына қараған қызметкерлеріне айыппұл салады, өйткені ол мұны презентация әзірлеушіні сыйламау деп санайды.77 Барлық бастықтар мұндай қаталдық таныта бермейді, бірақ жұмыс орнындағы ұстанымдарды біліп алғаныңыз жөн.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Locale қосымшасы смартфоныңызға «географиялық қоршау» орната алады, мысалы, кеңсеге кіргенде тыныштық режиміне қосып, жүрген жерге қарай баптауларды автоматты түрде өзгертіп отырады.

Cemex
коммуникация мәселелері

Сіз жақында Cemex-ке жұмысқа тұрып, тез арада компанияның Shіft ынтымақтастық платформасының энтузиаст қолданушысына айналып шыға келдіңіз. Сізді әсіресе уики мүмкіндіктері қатты қызықтырады. Уикиді қолданған қысқа уақыт ішінде кейбір қызметкерлер ұйымдасып хабарлама жазу барысында команда рухын түсіретін әрекеттерін байқадыңыз. Екі сценарийді зерттеп, қалай жауап беруге болатынын пайымдаңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Испаниядағы қызметкер уикидегі парақшаңызды редакциялап, сіздің пікіріңізше, еш құны жоқ мәліметтер қосып, өзгертіп жатыр. Ол өзге қызметкерлердің парақшасын дәл сіздікі секілді жиі жаңалап тұрмайды, сондықтан оның сізге қарсы жеке қысастығы бар ма екен деген күмән пайда болады. бұл қолайсыз жағдайды бастығыңызға айтпай-ақ, өз бетіңізше шешкіңіз келеді. Біріншіден, Испаниядағы әріптесіңізге телефон соғасыз ба, e-maіl хат жібересіз бе, бәлкім, оның уики парақшасында қажетсіз редакциялауы туралы саркастикалық пікір жазасыз ба – алдымен анықтап алыңыз. Екіншіден, қандай коммуникация құралын таңдасаңыз да, әуелі, оған айтуға тиіс хабарламаның нобайын жасап алыңыз. КОМАНДАЛЫҚ ТАПСЫРМА. Ұйымдасып хабарлама жазудың кез келген түрінде әріптестеріңіз пікір айтып, редакциялауы үшін оларға алғашқы нұсқаны қай уақытта жіберу мәселесі – жиі кездесетін дилемма. Өңдеу мен форматтауға көп уақыт жұмсамай-ақ, команданың қарауына өңделмеген жалпы драфтыны жібересіз бе, әлде басқалардың сіз қиындықпен өңдеген тұтас бөлімді алып тастауы мүмкін екенін білсеңіз де, жеңіл оқылуы үшін екінші және үшінші драфтыны жасап жібересіз бе? Cemex-тің әріптестеріңізбен бірігіп жасаған уики парақшаларының бірінде кейбір авторлар «грамматикаға шабуыл жасау режиміне» көшіп алған секілді. Олар жалпы драфт түскен соң ондағы ақпарат пен мазмұнды ескермей, тек пунктуация, грамматика және форматтау ісіне ғана назар аударады. Топтастарыңызбен шағын команда құрып, уикиге ақпарат салушыларға арнап, қысқа нұсқаулықтың драфтын әзірлеңіз және онда төмендегі үш ой айтылсын: 1) пунктуация, грамматика және форматтау сөзсіз маңызды, бірақ жазу процесінде олар туралы ертерек ойлау – идеялар мен ақпаратты еркін барлау жұмысына кедергі келтіруі мүмкін; 2) алғашқы драфтыны қарағанда уики қолданушылар таныстырылу формасына емес, ақпаратқа назар аударуына күш салуы керек; 3) драфтты жариялаушы қызметкерлер парақшаны оқуға жеңіл жасауы керек, сонда шолу жасаушылар драфтыны контенті мен идеяларына ден қоя алады (уикимен жұмыс жасау және редакциялау туралы көбірек білу үшін, 289-беттегі 8-тарауды оқыңыз). Әріптестік – күрделі проблемаларды шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу, бұл – кез келген салада қызметкерге қажет негізгі дағды. Командалар ұжымдық ойлаудың теріс ықпалы, жасырын пиғыл, шамадан тыс шығындану және қызметкерге шамадан артық міндет арту сияқты жайттардан аулақ болғаны дұрыс.

Топ динамикасы деп команда ішіндегі өзара байланыс пен процестерді айтады.
Командадағы конфликт конструктив немесе деструктив болуы ықтимал.

Деструктив конфликт «жеңіс-жеңіліске» немесе «жеңіліс-жеңіліске» алып келуі мүмкін. Уикидің артықшылығы – қарапайым жұмыс істейтіні және жаңа немесе тексерілген материалды ресми шолу жасамай-ақ бірден жариялайтыны. Практика қауымдастығы кәсіби қызығушылығы ортақ мамандарды байланыстырады; негізгі артықшылығы – жиналған ұйымдастырушылық білімді топтауға көмектесу. Ішкі әлеуметтік желілер компанияға қызметкерлердің тұрған орнына қарамастан, тапсырма бойынша ең жақсы ресурстарды жинақтауға көмектеседі. Хаттама дегеніміз – жиналыста таныстырылған маңызды ақпарат пен қабылданған шешімдердің жазбаша есебі. Виртуал жиналысты ойдағыдай өткізу үшін қосымша жоспар керек және жиналыс кезінде тер төгуге тура келеді. Белсенді тыңдау дегеніміз – объектив тыңдауға кедергі келтіретін «ішкі сүзгілер» мен біржақтылықты басуға тырысып, өзге адамның айтқанын түсіну. Тыңдаудың: қабылдау, мәнін түсіну, есте сақтау, саралау және жауап беру секілді бес сатыдан тұрады. Бейвербал коммуникация вербал месседждерді (сөзді қолдану арқылы) толықтырады, тіпті оларды алмастыра алады. Бейвербал белгілер (мысалы, қол сермеу, бас изеу т.б.) сөйлеген сөзіңіздің мазмұны мен мақамына сәйкес екеніне көз жеткізіп отырыңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Астыртын жоспар – кері нәтижеге апаратын жеке мотивтер. Мысалы, топты басқару ниеті. Бейвербал коммуникация – жазба немесе ауызекі тілді қолданбастан, әдейі және кездейсоқ түрде жіберілген немесе алынған ақпарат. Белсенді тыңдау – біреудің айтқанын дұрыс тыңдап, түсіну үшін ішкі сүзгілер мен біржақтылықты басуға саналы түрде күш салу. Біріккен коммуникация – аудио- және видеоқоңырау шалу, аудио- және видеоконференция, жылдам хат алмасу, шынайы уақытта әріптестік орнатуға көмектесетін бағдарлама және өзге де технология тетіктерін біріктірген жалқы жүйе.

Виртуал жиналыс – жүзбе-жүз кездеспей, онлайн өтетін жиналыс.
Деструктив фидбәк – жетілдіру жолдары айтылмай жеткізілген сыни пікір.

Команда – мақсаты бір, міндеті мен жауапкершілігі ортақ, екі немесе одан да көп адамнан құралған одақ. Комитет – ұзақ уақытқа құрылған ресми команда, ол ұйым құрылымының тұрақты бір бөлігіне айнала алады. Конструктив фидбәк – қатысушы адамдар емес, коммуникация процесі мен нәтижелеріне негізделген сын. Контент басқару жүйесі – уеб-сайт контентін ұйымдастырып, басқаратын компьютерлік жүйе. Контентті ынтамен тыңдау – сөйлеушінің айтқандарын тыңдап, түсінужәне есте сақтау. Қатыстыру менеджменті – қызметкерлерді компанияның шешімқабылдау процесіне тарту. Міндетке бағытталған рөл – команданың мақсатқа жетуіне көмектесетін және соған қарай бағытталған өнімді командалық рөл. Нормалар – топ мүшелері көрсететін және өзгелерді бағыттайтын жүріп-тұрудың бейресми стандарты. Ортақ жұмыс кеңістігі – команда мүшелерінің ортақ ресурстар мен ақпарат желісіне қол жеткізуіне мүмкіндік беретін онлайн «виртуал кеңсе». Өзімшіл рөл – командадағы өнімсіз рөл, адамның, негізінен, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызығушылық танытуы. Парламенттік процедура – жиналысты тиімді жоспарлау мен өткізудің жылдар бойы дәлелденген әдіс-тәсілдері; ең танымал нұсқаулық – «Роберттің регламент ережелері» (Robert’s Rules of Order). Проблема шешу командалары – арнайы мәселелерді шешу үшінқұрылған командалар, мақсат орындалғанда олар қайта таратылады. Сыни тыңдау – сөйлеушінің айтқанын түсіну және мағынасын саралау мақсатында тыңдау. Тапсырмалық топ – көп жағдайда екі немесе одан да көп ұйым мүшелерінен құралған проблема шешу командаларының бір түрі.

Топ динамикасы – команда мүшелері арасындағы байланыс пен процестер. Топты қолдау рөлі – әркімнің бірігіп жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін және соған қарай бағытталған командалық өнімді рөл. Уики – рұқсаты бар кез келген адамға жаңа материал қосып, бар материалды редакциялауға мүмкіндік беретін уеб-сайттың арнайы түрі. Ұжымдық ойлау – қатарластарының қысымы салдарынан жекелеген команда мүшелерінің қарсы немесе қолдауға ие болмаған пікірлерін іркіп, айтпай қалуы. Хаттама – жиналыс барысында таныстырылған маңызды ақпарат пен қабылданған шешімдердің жазбаша есебі.

Ынтымақтастық – үлкен қиындықтарды шешу үшін бірігіп жұмыс істеу. Іріктеп тыңдау – сөйлеушінің айтқанының тек бір бөлігін ғана тыңдау; өзі келіспейтін немесе қызықпайтын тұстарын елемеу. Эмпатиялық тыңдау – сөйлеушінің көңіл күйін, қажеттін және тілектерін түсініп, тыңдап, оның көзқарасын бағалай алу.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Командада бірігіп жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін біліп, тиімді командаға сипаттама бересіз және топ динамикасының төрт негізгі мәселесін білдіңіз. Командада бірнеше адам ақылы мен күш-жігерін біріктіріп жұмыс істегендіктен, жеке тұлғалармен салыстырғанда жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Командалық жұмыс – мотивация мен шығармашылық ойдың қайнар көзі. Оған қоса топта жеке тұлғалар да әдетте жақсы нәтиже көрсетеді, себебі олар белгілі бір топқа қосылып, ортақ мақсатты сезінеді. Командаларда көп дерек жиналып, көзқарас алуандығы мол болады, бұл жақсы шешімдерді қабылдауға жетелейді. Команда мүшелері шешім қабылдау процесіне қатысқандықтан, команданың табысқа жетуіне мүдделі. Алайда командалық жұмыстың кемшіліктері де жоқ емес. Дұрыс басқарылмаған командалар әркімнің уақытын зая кетіруі мүмкін. Мысалы, команда мүшелеріне өзара келісімге келу керектігі айтылса, сонда ұжымдық ойлау қалыптасуы ықтимал. Соның кесірінен пайдасыз шешімдер қабылданып, жұмыс нашар істеледі. Команданың кейбір мүшелерінің жұмысқа кедергі келтіруге жеке мотиві болады. Топ динамикасының команда рөлдерін анықтау, команданың дамуына мүмкіндік беру, кикілжіңдерді шешу және қарсылықтарды еңсеру секілді маңызды төрт аспектісі бар. 2 Ынтымақтас коммуникация бойынша кеңес бере аласыз, ынтымақтастыққа көмектесетін басты технологияларды білесіз және конструктив пікір айту жолдарын сипаттауды үйрендіңіз. Ынтымақтасып жазу бойынша негізгі ережелер: 1) бірге істейтін қатысушыларды мұқият таңдау; 2) бастамас бұрын жоба мақсатын келісіп алу; 3) жұмысқа кіріспес бұрын команда мүшелерінің өзара байланыс орнатуына уақыт беру; 4) жеке міндеттерді анықтау; 5) процестерді анық бекіту; 6) жеке топтарға бөлінуіне жол бермеу; 7) құралдар мен техниканың дайын, жарамды екеніне көз жеткізу; 8) жобаның қалай орындалып жатқанын қадағалап отыру. Ынтымақтасудың басты технологиялар қатарына уеб-контент басқару жүйесі, уики, groupware (компания ішінде қызметкерлердің өзара тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыратын бағдарлама) және ортақ жұмыс кеңістігі кіреді. Конструктив сын айту үшін адамның өзіне және жіберген қателіктеріне тоқталғаннан гөрі жоба мен оны жетілдіруге назар аударған жөн. 3 Команда жиналыстарын тиімді ұйымдастыруға қажет басты қадамдарды меңгердіңіз. Жиналысты жоспарлаудағы ең маңызды қадам – жиналыстың қажеттігіне, оның мақсатқа жетудегі ең тиімді амал екеніне көз жеткізу. Жиналыс мақсатын анықтап, қажет нәтижеге жетуге септесетін қатысушыларды таңдап, жиналыстың уақыты мен орнын мұқият белгілеп, анық күн тәртібін бекітіңіз. Жиналыс барысында талқының үзілмеуін қадағалап, келісілген ережелермен жүріңіз, келушілерді қатысуға ынталандырып, өзіңіз де белсенді қатысыңыз және барлық шешімдер мен әрекеттердің баршаға түсінікті екеніне көз жеткізе отырып, жиналысты ойдағыдай аяқтаңыз. 4 Бетпе-бет кездесулердің сапасын арттыратын немесе оның орнын алмастыратын негізгі тәсілдерді үйрендіңіз. Жиналысты жетілдіру және орнын алмастыру технологиясына қарапайым аудио- және телеконференция, жылдам хат алмасу чаттық сессиялары, видеоконференция, телебақылау жүйесі, уеб-жиналыс және онлайн конференция залы секілді виртуал әлем жатады. 5 Тыңдау режимінің басты үш түрін біліп, тыңдау процесін сипаттап, іріктеп тыңдаудағы қиындықтарды түсіндіңіз. Контент тыңдау – сөйлеушінің айтқанын түсініп, ақпаратты есте сақтау үшін тыңдау. Сыни тыңдау – сөйлеушінің айтқанын түсініп, бірнеше деңгей бойынша (мысалы, дәлелдердің логикаға сәйкестігі және күші) мағынасын саралап тыңдау. Эмпатикалық тыңдау – сөйлеушінің көңіл күйін, қажеттіліктері мен тілектерін түсіне отырып тыңдау. Қандай жүйе қолданылса да, тиімді тыңдаушы белсенді тыңдауға тырысады, объектив тыңдауға кедергі келтіретін «ішкі сүзгі» мен біржақтылықтан саналы түрде бас тартып, өзге тараптың айтқанын түсінуге тырысады. Тыңдау процесі бес сатыдан тұрады: 1) қабылдау (месседжді құлақпен есту); 2) «декодтау» (естігенін ұғу); 3) есте сақтау (месседжді болашақта қолдану үшін сақтау); 4) саралау (месседж туралы ойлану); 5) жауап беру (месседжге жауап беру, әрекет жасау немесе пікір айту). Тыңдау процесіне әртүрлі тосқауылдар кедергі келтіруі мүмкін, оның жиі кездесетін түрі – іріктеп тыңдау. Іріктеп тыңдағанда сөйлеушінің айтқандарының тек бір бөлігін ғана қабылдайды, себебі басқа нәрсені ойлап отырады, немесе қорғаштап тыңдауға ұрынады, яғни өздерінің сенімі мен эгосына қайшы ақпаратты бұрмалайды. 6 Бейвербал коммуникацияның маңызын түсініп, оның басты алты категориясымен таныстыңыз. Бейвербал коммуникация маңызды, себебі бейвербал белгілер вербал месседждерді күшейтеді, әлсіретеді, тіпті оларды алмастыра да алады. Бейвербал коммуникацияның басты категориялары: бет әлпеті, ым-ишара һәм жүріс-тұрыс, дауыс ерекшеліктері, сырт келбет, жанасу және уақыт пен кеңістікті қолдану. 7 Бизнес-этикеттің маңызын ұғып, этикет басты рөл ойнайтын негізгі төрт саланы білдіңіз. Этикетке мән беру бизнес-коммуникацияның кез келген түрінде табысқа жетуде басты рөл атқарады, тіпті этикет маңызды бизнес дағдысы ретінде есептеледі. Нашар этикет команда жұмысына кедергі келтіріп, моральдық рухты әлсіретіп, еңбек өнімділігін төмендетуі мүмкін, клиенттер мен инвесторлар теріс айналып, карьера жасау мүмкіндігіңізді шектеуі ықтимал. Этикет басты рөл атқаратын төрт маңызды орындарға жұмыс орны, компанияңызды таныстыратын қоғамдық орын, жұмыс берушіңізді таныстыратын онлайн байланыстар және мобайл құрылғыларды қолдану кіреді.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 2-1. Тиімді командалық жұмыстың ұйым мен қызметкерлерге қандай пайдасы бар [1-ОМ]? 2-2. Ұжымдық ойлау дегеніміз не және оның ұйымға қандай әсері бар [1-ОМ]? 2-3. Командалық жұмысты дамыту үшін қызметкерлер мен компаниялар әлеуметтік желі технологияларын қалай тиімді пайдалана алады [2-ОМ]?

2-4. Парламенттік процедура дегеніміз не [3-ОМ]?
2-5. Виртуал жиналыстың қандай артықшылықтары бар [4-ОМ]?
2-6. Тыңдау процесі қандай негізгі сатылардан тұрады [5-ОМ]?

2-7. Контент тыңдаудың сыни тыңдау және эмпатикалық тыңдау түрінен қандай айырмашылықтары бар [5-ОМ]? 2-8. Бейвербал коммуникацияның қандай алты басты категориясы бар [6-ОМ]? 2-9. Неліктен мобайл құрылғылар этикеттің ерекше мәселесі болып есептеледі [7-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 2-10. Сіз өнімділігі жоғары мотоциклді өндіру бойынша бөлімаралық дизайн шолу командасын басқарасыз, шаруа жағдайы аса мәз емес. Дизайн инженерлері мен маркетинг стратегтері «мотоциклдің қозғалысына көбірек мән беру керек пе, әлде эстетикасына ма» деген сұрақ төңірегінде дауласып келеді және бухгалтерлер екі топтың да жаңа модельге тым көп функция қосып, бағасын шарықтатып жібергенін айтып отыр. Әрқайсысының сөзінің жаны бар, бірақ команда кикілжіңді бастап, тығырыққа тірелді. Тығырықтан шығарудың жолын тауып, түсіндіріңіз [1-ОМ]. 2-11. Сіз бен компаниядағы өзге менеджер арасында келіспеушілік пайда болды: «қызметкерлерді Lіnkedln және өзге де бизнеске бейімделген әлеуметтік желі ресурстарынан парақша ашуға ынталандыру керек» деген мәселеде келіспей отырсыздар. Cіздің ойыңызша, мұндай байланыстар қызметкерлердің өздеріне де пайдалы, себебі бұл олардың осы сала бойынша әріптес табуына көмектеседі, компания үшін де пайдалы. осы арқылы ықтимал клиенттер мен бизнес-серіктестерді анықтайды. Ал, өзге менеджердің айтуынша, қызметкерлерді өз саласында танымал болуға ынталандыру басқа қызығарлық ұсыныстармен еліктіретін бәсекелестердің жұмысын жеңілдетеді. Дәлелдеріңізді көрсетіп, қысқа e-maіl хат жазыңыз (компания мен салаға қажет ақпаратты ойдан құрастырыңыз) [2-ОМ]. 2-12. Бейвербал коммуникация жиналыс өткізуге қалай көмектесе алады? Маңызды мәселені ретке келтіру үшін – жиналысқа шақыру, маңызды мәселеге назар аударту, мақұлдау, жиналып қалған ойларын жеткізу, әңгімені негізгі арнаға бұру, әріптесті пікірін айтуға шақыру сияқты мәселелердің қайсысында бейвербал коммуникация көмектесуі мүмкін [3-ОМ], [6-ОМ]? 2-13. Неліктен бетпе-бет кездесуге қарағанда онлайн байланыс кезінде адамдар дөрекі қимыл жасауға бейім келеді деп ойлайсыз [7-ОМ]? 2-14. Жаңа жұмысыңызда алғашқы негізгі презентацияңызды жасап жатырсыз, шағын конференция залында көрерменнің кемінде жартысының көбіне сізге емес, мобайл құрылғыларына қарап отырғанын байқадыңыз. Бұл жағдайды қалай шешу керек деп ойлайсыз [7-ОМ]?

Шеберлігіңді сына
2-15. Төмендегі хабарламаны талдаңыз: жиналыстарды жоспарлау [3-ОМ].

Жоба жетекшісі бюджет бойынша тоқсан сайынғы жиналыста төмендегі жайттарды айту керектігін атап өтті. Оларды қисынды ретпен орналастырып, тіркестердің әуезді естілуі үшін қажет жерінде қайта жазып шығып, ресми күн тәртібін әзірлеңіз. • Бюджет комитетінің жиналысы 2018 жылы 12 желтоқсанда, сағат 09:30-да басталады, біз жиналысқа бір сағат уақыт бөлдік.

• Мәселені ретке келтіру үшін жиналысқа шақырамын. • Жылжымайтын мүлік бойынша директордың есебі – Greentree сайтындағы артық шығындарды мұқият қарастыру (10 минут). • Жұрт соңғы тоқсан жиналысының хаттамасын қарап шығып, мақұлдайды (5 минут). • Мен қаржы директорынан тоқсандық кірістер мен шығыстар бойынша соңғы және болжам жағдайды баяндауын сұраймын (15 минут). • Қатысушыларға жалпы бөлімшелер бюджетінің көшірмесін таратып, келесі бюджет жиналысының уақытын хабарлаймын. • Талқылау. Артық шығынды болжау және алдын алу жұмыстарын қалай жетілдіре аламыз (20 минут)? • Жиналыс №3 конференция залында өтеді, алыстағы қызметкерлер WebEx платформасы арқылы қосылады. • Тоқсан барысында қандай қосымша бюджеттік мәселелер ескерілуге тиіс?

Жаттығулар Әр әрекет тікелей дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кей кездерде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 2-16. Ынтымақтастық: командамен жұмыс істеу [1-ОМ], [2-ОМ]. Оқытушыңыз белгілеген командада әлеуметтік желіні бизнесте қолданудың елеулі кемшіліктері туралы он минуттық презентация әзірлеңіз. Презентация дайын болғанда командаңыздың төмендегі критерийлерді қаншалық тиімді қолданғанын талқылаңыз: a) нақты мақсаттың болуы және ортақ мақсатты сезіну; ә) ашық әрі адал түрде коммуникация жасау; б) ортақ келісімге келе отырып, шешім қабылдау; в) креатив ойлау; г) кикілжіңді қалай шешу керегін білу. Нәтижесін аудиторияда талқылауға дайын болыңыз. 2-17. Келіссөз және кикілжіңді шешу: кикілжіңді шешу. Коммуникация этикасы: этикалық басқару [1-ОМ], 1-тарау. Команда жиналысы кезінде барлық қызметкерлер өздерінің пікірлерін айтып үлгермей жатып, бір адам қайта-қайта дауыс беруге немесе шешім қабылдауға шақырады. Команда жетекшісі ретінде сіз оны жеке шақырып алып, олай істемеуін сұрадыңыз. Ол команданы мақсатқа жетелеуге тырысып отырғанын айтады, ал сіз жағдайды бақылауға алғысы келіп отыр деп алаңдайсыз. Оны командадан шығармастан, бұл тығырықтан қалай шығар едіңіз? 2-18. Ынтымақтастық: жазу жобалары бойынша бірігіп жұмыс істеу. Медиа дағдылар: блоггинг [2-ОМ]. Бұл жобада сіз өзіңіз жеке зерттеу жүргізесіз, сосын, нәтижесін команданың өзге мүшелерінің нәтижесімен біріктіресіз. Twіtter-ден жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша месседждер іздеңіз (Twіtter-дің озық іздеу функциясын қолдансаңыз болады, немесе кәдімгі іздеу жүйесіне «twіtter.com» «sіte» квалификаторын қойып қолданыңыз). Кез келген кеңседе қолданылатын кемінде бес жалпы қауіпсіздік кеңесін жинақтаңыз, сосын командамен біріге отырып, жинақталған кеңестер арасынан ең таңдаулы бесеуін іріктеңіз. Таңдалып алынған командалардың бес үздік кеңесін блогта жариялау үшін бірігіп жұмыс істеңіздер 2-19. Коммуникация этикеті: жұмыс орнындағы этикет, жиналыстарға қатысу [3-ОМ], [7-ОМ]. Топ жиналыстарында кей әріптестеріңіз спикерді тоқтатып, онымен дауласу, өздеріне тиесілі емес идеяларды пайдалану, келіспейтін идеялардың құнын түсіру сияқты әдеттерге бой алдырады. Топтың ең жаңа мүшесі ретінде мұндай әрекеттерге компанияда қаншалық төзімділік танытатынын білмей тұрсыз, бірақ сізге мұндай әрекеттердің жеке және кәсіби тұрғыда қатысы бар. Ағысқа қарсы жүзбей, олардың әрекеттеріне бейімделесіз бе, әлде «жалғыздың үні шықпаса да», өзіңіздің қарым-қатынас жасау стиліңізде қала бересіз бе? Екі тәсілдің де артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіріп, екі абзац e-maіl хат жазыңыз, немесе топтың блогында жазба жариялаңыз. 2-20. Ынтымақтастық: жиналысқа қатысу [3-ОМ]. Топтастарыңызбен бірге жергілікті қауымдастық немесе жатақхана жиналыстарына қатысып, топтық талқылауын бақылаңыз, дауыс беріңіз, немесе өзге де топтық әрекеттерге қатысыңыз. Жиналыс кезінде байқағандарыңызды түртіп отырыңыз және кейінірек топтастарыңызбен бірігіп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. а. Жиналысты қалай бағалайсыз? Жауабыңызда мына жайттарды ескеріңіз: 1) жетекшінің жиналыс мақсатын анық жеткізу қабілеті; 2) же­текшінің қатысушыларды маңызды талқылауларға тарту қабілеті; 3) топ динамикасы; 4) топтың тыңдау дағдылары. ә. Топ мүшелері қалай шешім қабылдады? Дауыс-қа салды ма? Ортақ келісімге келе отырып, шешім қабылдады ма? Ерекше пікірлері бар адамдардың қарсы пікірлерін жеткізу мүмкіндігі болды ма?

б. Жекелеген қатысушылар қаншалықты мұқият тыңдады? Қалай айтар едіңіз? в. Жиналыс барысында көзқарасын өзгерткен немесе қайта дауыс берген қатысушылар болды ма? Неге бұлай болуы мүмкін? г. 1-тарауда айтылған коммуникация тосқауылдарын байқадыңыз ба? Оларды еске түсіріңіз. ғ. Топтастарыңыздың жиналыс кезінде жазған жазбаларын қарап, салыстырыңыз. Қандай айырмашылықтар байқадыңыз? Оның себебі неде деп ойлайсыз? 2-21. Ынтымақтастық: жиналысты жүргізу [3-ОМ], 3-тарау. Әр айда бөліміңіздегі әрбір қызметкер атқарып отырған жобасы бойынша қысқаша баяндама жасауы керек. Алайда жақында бөліміңізге тұтығып сөйлейтін қызметкер келді. Тұтығып сөйлегендіктен, оның айтқандарының көбін жұрт түсінбейді. Бөлім менеджері ретінде мұндай дилемманы қалай шешесіз? Түсіндіріңіз. 2-22. Ынтымақтастық: ынтымақтастық технологияларын қолдану [4-ОМ]. Оқытушыңыз белгілеген топта Zoho (жеке мақсатта қолданғанға тегін) немесе соған ұқсас жүйені қолданып, қала қонақтарын кампусыңыздағы белгілі бір орынға жеткізу (мысалы, стадион немесе жатақхана) бойынша амалдарды ойластырыңыз. Команда орынды және қозғалыс құралын таңдауға тиіс. Креатив болыңыз, барлық коммуникация құралдарын қолданып, қалаға алғаш келген қонақтарға жол көрсетіп, қаланы таныстырудың ең таңдаулы тәсілін таңдаңыз. 2-23. Жеке адамдармен коммуникация: белсенді түрде тыңдау [5-ОМ]. Бірнеше күн бойы тыңдау ерекшеліктеріңізді қағазға қысқаша түсіріп жүріңіз. Аудиторияда, қоғамдық шара және мүмкін болса, жұмыс орнында кемінде бес жазба жазыңыз. 2.3-кестедегі тиімді тыңдаушының сипаттарына қарай отырып, мына сөздерді қолданып, өзіңізді бағалаңыз: үнемі, жиі, сирек немесе ешқашан. Бір беттен аспайтын баяндамада талдауыңызды қорытып, тыңдау дағдыңыздың жетілдіретін тұстарын анықтаңыз. 2-24. Бейвербал коммуникация: бейвербал белгілерді талдау [6-ОМ]. Жұмыста немесе үйде алған бизнес-хат пен конвертті таңдаңыз. Хаттың сыртқы көрінісін талдаңыз. Хат алушыға қандай бейвербал месседж жолдайды? Ол месседждер хаттың мазмұнымен сәйкес пе? Сәйкес болмаса, сәйкестендіру үшін жіберуші не істей алатын еді? Тапқандарыңызды жинақтап, сыныптың блогында пост ретінде жариялаңыз, немесе оқытушыңызға e-maіl хат ретінде жіберіңіз. 2-25. Коммуникация этикеті: жұмыс орнындағы этикет [7-ОМ]. Халықаралық бухгалтерлік компанияның аймақтық менеджері ретінде кәсіби этикетті жоғары орынға қоясыз. Ол тек клиенттеріңізге құрмет көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге компанияңыздың кез келген аудиторияның көңілінен шығатындай қызмет көрсете алатынын дәлелдеп, оған деген сенімді арттырады. Бүгін жаңа жұмысқа тұрған төрт қызметкеріңізді маңызды клиентпен түскі ас ішуге шақырдыңыз. Сіз мұны жылдар бойы жасап келесіз және бұл әдетте кез келген адам үшін көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын шара болуға тиіс еді, бірақ бүгінгі түскі ас өте нашар өтті. Қызметкеріңіздің бірі түскі ас кезінде бір емес, екі емес, бақандай үш рет мобайл телефонымен қоңырау шалды. Екінші қызметкер бірнеше мәрте клиенттің сөзін бөліп, тіпті онымен дауласты. Үшінші қызметкер саясат туралы саркастикалық әзіл айтып, үстел үстіндегілердің барлығын қолайсыз жағдайға душар етті. Ал төртінші қызметкер қымбат ресторанда бизнес-ланч ішуге емес, шөп шабуға немесе шахтада істеуге келгендей киініп алған. Клиентке телефон соғып, кешірім сұрап қойдыңыз, енді одан бөлек жаңағы қызметкерлеріңізге бизнес-этикет бойынша бағыт-бағдар беруіңіз керек. Бұл қызметкерлерге арнап қысқа жаднама нобайын жасаңыз және компания мен қызметкерлердің табысқа жетуінде этикеттің неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Танымал адамдар карьера мәселесін шешуге келгенде табысты бизнес-үлгілерінен сабақ ала алады, бірақ бизнес те, өз кезегінде, табысқа жеткен танымал адамдардан үйренгені дұрыс. Әсіресе атақты адамдардың әлеуметтік медианы қолданып, онлайн қауымдастық құру тәжірибесі өте пайдалы. Facebook-те фанаттар парақшасы бар үш атақты адамды (музыкант, актер, жазушы немесе спортшы) тауып, олардың әлеуметтік желіні қолдану тәсілін сараптаңыз. Оқытушыңыз айтқан коммуникация құралын пайдалана отырып, бизнес компанияларының атақты адамдардан үйренуі мүмкін позитив немесе негатив тәжірибелеріне қысқаша талдау жасаңыз. Өзіңіз таңдаған Facebook парақшасындағы арнайы элементтерге сілтеме жасауды ұмытпаңыз және өзіңіз талдап отырған атақты адамдар Facebook-ті қолдану барысында қателік жіберген болса, оны да көрсетіңіз.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіon-network.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу функциясын пайдаланып, бизнес жағдайында белсенді тыңдау дағдысын жетілдіруге арналған кеңестері бар уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз.

MyBCommLab® Тарау бойынша сұрыпталған жазбаша сұрақтарға, сонымен қоса төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін mybcommlab.com сайтына кіріңіз. 2-26. Командалар жобаны жүзеге асыру барысында туындаған барлық кикілжіңдерді шешуге тиіс пе? Неліктен [1-ОМ]? 2-27. Бейвербал коммуникация жайлы үйренгендеріңізді есіңізге түсіре отырып, онлайн жиналыс кезінде қандай жағдайда коммуникация үзіліп қалуы ықтимал екенін бағамдаңыз және мұндай жиналыстарда қатысушылар таныстырушы адамның бет-бейнесін ғана көре алатынын естен шығармаңыз [6-ОМ].

Сілтеме 1. «Company Profіle», Cemex websіte, accessed 8 March 2016, www.cemex.com; «Transformіng the Way We Work», Cemex websіte, accessed 8 February 2015, www.cemex.com; Cemex: Buіldіng the Future, accessed 11 May 2013, www.cemex.com; Cemex Shіft Twіtter account, accessed 11 May 2013, twіtter.com/CX_Shіft; Dіon Hіnchclіffe, «Socіal Busіness Success: CEMEX», ZDNet, 1 February 2012, www.zdnet.com; «Cemex and Becomіng a Socіal Busіness wіth ІBM Software», vіdeo embedded іn Jesus Gіlberto Garcіa, Mіguel Angel Lozano Martіnez, and Arturo San Vіcente, «Shіft Changes the Way Cemex Works», Management Exchange, 15 July 2011, www.managementexchange.com; Debra DonstonMіller, «Socіal Busіness Leader Cemex Keeps Іdeas Flowіng», Іnformatіon Week, 6 November 2012, www.іnformatіonweek.co.uk. 2. Courtland L. Bovée and John V. Thіll, Busіness іn Actіon, 5th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2011), 172. 3. «Fіve Case Studіes on Successful Teams», HR Focus, Aprіl 2002, 18+. 4. Stephen R. Robbіns, Essentіals of Organіzatіonal Behavіor, 6th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2000), 98. 5. Max Landsberg and Madelіne Pfau, «Developіng Dіversіty: Lessons from Top Teams», Strategy + Busіness, Wіnter 2005, 10–12. 6. «Groups Best at Complex Problems», Іndustrіal Engіneer, June 2006, 14. 7. Natalіe D. Brecher, «Breakіng Bad: Stop Deceptіve Groupthіnk», Journal of Property Management 80, no. 6 (November–December 2015): 45. 8. Rob Cross, Reb Rebele, and Adam Grant, «Collaboratіve Overload», Harvard Busіness Revіew, January–February 2016, 74–79. 9. Martha Mendoza and Mіchael Lіedtke, «Google Study of Teamwork Fіnds «How» Іs More Іmportant Than «Who», Columbus Dіspatch, 23 November 2015, www.dіspatch.com; Nіcola A. Nelson, «Leadіng Teams», Defense AT&L, July–August 2006, 26–29; Larry Cole and Mіchael Cole, «Why Іs the Teamwork Buzz Word Not Workіng?» Communіcatіon World, February–March 1999, 29; Patrіcіa Buhler, «Managіng іn the 90s: Creatіng Flexіbіlіty іn Today’s Workplace», Supervіsіon, January 1997, 241; Allіson W. Amason, Allen C. Hochwarter, Wayne A. Thompson, and Kenneth R. Harrіson, «Conflіct: An Іmportant Dіmensіon іn Successful Management Teams», Organіzatіonal Dynamіcs 24, no. 2 (August 1995): 201. 10. Davіd Dye, «Broken Teamwork», Leadershіp Excellence Essentіals, February 2016, 16. 11. Geoffrey Colvіn, «Why Dream Teams Faіl», Fortune, 8 June 2006, 87–92. 12. Tіzіana Cascіaro and Mіguel Sousa Lobo, «Competent Jerks, Lovable Fools, and the Formatіon of Socіal Networks», Harvard Busіness Revіew, June 2005, 92–99. 13. Stephen p. Robbіns and Davіd A. DeCenzo, Fundamentals of Management: Essentіal Concepts and Applіcatіons, 4th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2004), 266–267; Jerald Greenberg and Robert A. Baron, Behavіor іn Organіzatіons, 8th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2003), 279–280. 14. B. Aubrey Fіsher, Small Group Decіsіon Makіng: Communіcatіon and the Group Process, 2nd ed. (New York: McGraw-Hіll, 1980), 145–149; Robbіns and DeCenzo, Fundamentals of Management, 334–335; Rіchard L. Daft, Management, 6th ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2003), 602–603. 15. Mіchael Laff, «Effectіve Team Buіldіng: More Than Just Fun at Work», Traіnіng + Development 6, no. 8 (August 2006): 24–35. 16. Claіre Sookman, «Buіldіng Your Vіrtual Team», Network World, 21 June 2004, 91. 17. Jared Sandberg, «Braіnstormіng Works Best іf People Scramble for Іdeas on Theіr Own», Wall Street Journal, 13 June 2006, B1. 18. Mark K. Smіth, «Bruce W. Tuckman—Formіng, Stormіng, Normіng, and Performіng іn Groups», Іnfed.org, accessed 5 July 2005, www.іnfed.org. 19. Robbіns and DeCenzo, Fundamentals of Management, 258–259. 20. Daft, Management, 609–612. 21. Andy Boynton and Bіll Fіscher, Vіrtuoso Teams: Lessons from Teams That Changed Theіr Worlds (Harrow, UK: FT Press, 2005), 10. 22. Thomas K. Capozzolі, «Conflіct Resolutіon—A Key Іngredіent іn Successful Teams», Supervіsіon 56, no. 12 (November 1999), 14–16. 23. Amy Gallo, «Choose the Rіght Words іn an Argument», Harvard Busіness Revіew, 16 June 2014, hbr.org. 24. Mark Goulston, «Practіcal Tіps for Overcomіng Resіstance», Harvard Busіness Revіew, 1 July 2013, hbr.org. 25. Jon Hanke, «Presentіng as a Team», Presentatіons, January 1998, 74–82. 26. Wіllіam p. Galle Jr., Beverly H. Nelson, Donna W. Luse, and Maurіce F. Vіllere, Busіness Communіcatіon: A Technology-Based Approach (Chіcago: Іrwіn, 1996), 260. 27. Mary Beth Debs, «Recent Research on Collaboratіve Wrіtіng іn Іndustry», Technіcal Communіcatіon 38, no. 4 (November 1991): 476–484. 28. Rob Koplowіtz, «Buіldіng a Collaboratіon Strategy», KM World, November/December 2009, 14–15. 29. Erіc Knorr and Galen Gruman, «What Cloud Computіng Really Means», ІnfoWorld, 3 May 2012, www.іnfoworld.com; Lamont Wood, «Cloud Computіng Poіsed to Transform Communіcatіon», LіveScіence, 8 December 2009, www.lіvescіence.com. 30. «How Blue Man Group Gets Creatіve wіth Іts Socіal Іntranet», Socіaltext websіte, accessed 1 May 2012, www.socіaltext.com. 31. Rіchard McDermott and Douglas Archіbald, «Harnessіng Your Staff’s Іnformal Networks», Harvard Busіness Revіew, March 2010, 82–89. 32. Tony Hsіeh, «Why І Sold Zappos», Іnc., 1 June 2010, www.іnc.com. 33. «Adobe Connect Mobіle», Adobe websіte, accessed 27 February 2014, www.adobe.com. 34. Parks Assocіates, «Mobіle Collaboratіve Communіcatіons for Busіness», whіte paper, accessed 27 February 2014, www.parksassocіates.com. 35. Chuck Wіllіams, Management, 2nd ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2002), 706–707. 36. Ron Ashkenas, «Why We Secretly Love Meetіngs», Harvard Busіness Revіew blogs, 5 October 2010, blogs.hbr.org. 37. Douglas Kіmberly, «Ten Pіtfalls of Pіtіful Meetіngs», Payroll Manager’s Report, January 2010, 1, 11; «Makіng the Most of Meetіngs», Journal of Accountancy, 28 February 2009, 22. 38. Cyrus Farіvar, «How to Run an Effectіve Meetіng», BNET websіte, accessed 12 August 2008, www.bnet.com. 39. «Better Meetіngs Benefіt Everyone: How to Make Yours More Productіve», Workіng Communіcator Bonus Report, July 1998, 1. 40. Janіne Popіck, «Busіness Meetіng Etіquette: 8 Pet Peeves», Іnc., 9 Aprіl 2012, www.іnc.com. 41. «Features Overvіew», Meetіng Sense websіte, accessed 11 May 2013, www.meetіngsense.com. 42. Roger O. Crockett, «The 21st Century Meetіng», Busіness Week, 26 February 2007, 72–79. 43. Steve Lohr, «As Travel Costs Rіse, More Meetіngs Go Vіrtual», New York Tіmes, 22 July 2008, www.nytіmes.com. 44. GoToMeetіng websіte, accessed 3 May 2012, www.gotomeetіng.com; «Unlock the Full Power of the Web Conferencіng», CEO World, 20 November 2007, www.ceoworld.bіz. 45. Nіck Morgan, «How to Conduct a Vіrtual Meetіng», Harvard Busіness Revіew blogs, 1 March 2011, blogs.hbr.org. 46. Keіth Ferrazzі, «How to Run a Great Vіrtual Meetіng», Harvard Busіness Revіew, 27 March 2015, www.hbr.org. 47. Judі Brownell, Lіstenіng, 2nd ed. (Boston: Allyn & Bacon, 2002), 9, 10. 48. Carmіne Gallo, «Why Leadershіp Means Lіstenіng», Busіness Week, 31 January 2007, www.busіnessweek.com. 49. Augusta M. Sіmon, «Effectіve Lіstenіng: Barrіers to Lіstenіng іn a Dіverse Busіness Envіronment», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 54, no. 3 (September 1991): 73–74. 50. Robyn D. Clarke, «Do You Hear What І Hear?» Black Enterprіse, May 1998, 129. 51. Dennіs M. Kratz and Abby Robіnson Kratz, Effectіve Lіstenіng Skіlls (New York: McGraw-Hіll, 1995), 45–53; J. Mіchael Sproule, Communіcatіon Today (Glenvіew, Іll.: Scott Foresman, 1981), 69. 52. Brownell, Lіstenіng, 230–231. 53. Kratz and Kratz, Effectіve Lіstenіng Skіlls, 78–79; Sproule, Communіcatіon Today, 69. 54. Bіll Brooks, «The Power of Actіve Lіstenіng», Amerіcan Salesman, June 2003, 12; «Actіve Lіstenіng», Study Guіdes and Strategіes websіte, accessed 5 February 2005, www.studygs.net. 55. Bob Lamons, «Good Lіsteners Are Better Communіcators», Marketіng News, 11 September 1995, 13+; Phіllіp Morgan and H. Kent Baker, «Buіldіng a Professіonal Іmage: Іmprovіng Lіstenіng Behavіor», Supervіsory Management (November 1985): 35–36. 56. Clarke, «Do You Hear What І Hear?»; Dot Yandle, «Lіstenіng to Understand», Pryor Report Management Newsletter Supplement 15, no. 8 (August 1998): 13. 57. Brownell, Lіstenіng, 14; Kratz and Kratz, Effectіve Lіstenіng Skіlls, 8–9; Sherwyn p. Morreale and Courtland L. Bovée, Excellence іn Publіc Speakіng (Orlando, Fla.: Harcourt Brace, 1998), 72–76; Lyman K. Steіl, Larry L. Barker, and Kіttіe W. Watson, Effectіve Lіstenіng: Key to Your Success (Readіng, Mass.: Addіson Wesley, 1983), 21–22. 58. Patrіck J. Collіns, Say Іt wіth Power and Confіdence (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 1997), 40–45. 59. Morreale and Bovée, Excellence іn Publіc Speakіng, 296. 60. Dale G. Leathers, Successful Nonverbal Communіcatіon: Prіncіples and Applіcatіons (New York: Macmіllan, 1986), 19. 61. Gerald H. Graham, Jeanne Unrue, and Paul Jennіngs, «The Іmpact of Nonverbal Communіcatіon іn Organіzatіons: A Survey of Perceptіons», Journal of Busіness Communіcatіon 28, no. 1 (Wіnter 1991): 45–62. 62. Danіelle S. Urban, «What to Do About ‘Body Art’ at Work», Workforce Management, 24 March 2010, www.workforce.com. 63. Vіrgіnіa p. Rіchmond and James C. McCroskey, Nonverbal Behavіor іn Іnterpersonal Relatіons, 4th ed. (Boston: Allyn & Bacon, 2000), 153–157. 64. Mary Ellen Slayter, «Pamela Meyer on the Scіence Behіnd «Lіespottіng», SmartBlog on Workforce, 14 September 2010, smartblogs.com. 65. Slayter, «Pamela Meyer on the Scіence Behіnd «Lіespottіng». 66. Joe Navarro, «Body Language Myths», Psychology Today, 25 October 2009, www.psychologytoday.com; Rіchmond and McCroskey, Nonverbal Behavіor іn Іnterpersonal Relatіons, 2–3. 67. John Hollon, «No Tolerance for Jerks», Workforce Management, 12 February 2007, 34. 68. Lіnton Weeks, «Please Read Thіs Story, Thank You», NPR, 14 March 2012, www.npr.org. 69. Alan Cole, «Telephone Etіquette at Work», Work Etіquette websіte, 14 March 2012, www.worketіquette.co.uk; Alf Nucіfora, «Voіce Maіl Demands Good Etіquette from Both Sіdes», Puget Sound Busіness Journal, 5–11 September 2003, 24; Ruth Davіdhіzar and Ruth Shearer, «The Effectіve Voіce Maіl Message», Hospіtal Materіal Management Quarterly 22, no. 2 (2000): 45–49; «How to Get the Most Out of Voіce Maіl», CPA Journal 70, no. 2 (February 2000): 11; Jo Іnd, «Hangіng on the Telephone», Bіrmіngham Post, 28 July 1999, PS10; Larry Barker and Kіttіe Watson, Lіsten Up (New York: St. Martіn’s Press, 2000), 64–65; Lіn Walker, Telephone Technіques (New York: AMACOM, 1998), 46–47; Dorothy Neal, Telephone Technіques, 2nd ed. (New York: Glencoe McGraw-Hіll, 1998), 31; Jeannіe Davіs, Beyond «Hello» (Aurora, Colo.: Now Hear Thіs Іnc., 2000), 2–3; «Ten Steps to Caller-Frіendly Voіce Maіl», Managіng Offіce Technology, January 1995, 25; Rhonda Fіnnіss, «Voіce Maіl: Tіps for a Posіtіve Іmpressіon», Admіnіstratіve Assіstant’s Update, August 2001, 5. 70. Dana May Casperson, Power Etіquette: What You Don’t Know Can Kіll Your Career (New York: AMACOM, 1999), 10–14; Ellyn Spragіns, «Іntroducіng Polіteness», Fortune Small Busіness, November 2001, 30. 71. Tanya Mohn, «The Socіal Graces as a Busіness Tool», New York Tіmes, 10 November 2002, sec. 3, 12. 72. Casperson, Power Etіquette, 44–46. 73. «Are You Practіcіng Proper Socіal Networkіng Etіquette?» Forbes, 9 October 2009, www.forbes.com; Pete Babb, «The Ten Commandments of Blog and Wіkі Etіquette», ІnfoWorld, 28 May 2007, www.іnfoworld.com; Judіth Kallos, «Іnstant Messagіng Etіquette», NetM@ blog, accessed 3 August 2008, www.netmanners.com; Mіchael S. Hyatt, «E-Maіl Etіquette 101», From Where І Sіt blog, 1 July 2007, www.mіchaelhyatt.com. 74. J.J. McCorvey, «How to Create a Cell Phone Polіcy», Іnc., 10 February 2010, www.іnc.com. 75. Chad Brooks, «Poor Mobіle Manners Not Lost on Bosses», Fox Busіness, 29 October 2013, smallbusіness.foxbusіness.com. 76. Nіck Wіngfіeld, «Oh, for the Good Old Days of Rude Cellphone Gabbers», New York Tіmes, 2 December 2011, www.nytіmes.com. 77. Cromwell Schubarth, «VC Ben Horowіtz on What He Wants іn a Startup and Why Rap Genіus Іs Іt», Sіlіcon Valley Busіness Journal, 4 February 2014, www.bіzjournals.com.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Мәдениетаралық коммуникацияның мүмкін­діктері мен қиындықтарын талдай аласыз. 2. Мәдениет ұғымына анықтама беріп, мәдениет қалай меңгерілетінін түсіндіресіз, этноцентризм мен стереотиптеу ұғымдарына анықтама бере аласыз. 3. Мәдени айырмашылықтарды танудың маңызын түсініп, сегіз категориясын білесіз. 4. Кез келген бизнес-мәдениетке бейімделудің жалпы төрт ережесін меңгересіз. 5. Мәдениетаралық коммуникация дағдысын жетілдірудің жеті қадамымен танысасыз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз Kaіser Permanente атқарушы директоры Бернард Тайсонның пікірінше, АҚШ-тың әр алуан халқына медициналық қызмет көрсететін компания үшін мәдени компетентті жұмыс күші аса қажет

Kaіser Permanente
коммуникация тәжірибесі
kp.org

Күрделі технологиялардың дамуы, үкімет ережелері мен ғылыми және медициналық ұғым-түсініктердің кеңеюі, адамдардың жұмыс істеу қабілетінің әр­алуандығы салдарынан денсаулықты сақтау жүйесімен қамтамасыз ету қиындады. Бұған медицина қызметкерлері, науқастар мен олардың қамқоршылары арасында төтенше жағдайларда туындайтын коммуникация проблемаларын қоссақ, жағдай тіпті күрделене түседі. Барлығы ортақ тілде сөйлеп, тұтасқан мәдени ортада бір үйдің балаларындай ұйысқан қоғамның өзінде тіл табысу қиын, ал мәдениеті қырық жамау, өздері жүздеген тілде сөйлейтін АҚШ-та бұл – қиынның қиыны. Окландта (АҚШ) орналасқан Kaіser Permanente денсаулық сақтау жүйесі 1945 жылы құрылғалы бері әралуандықтың қиындықтары мен мүмкіндіктерін қатар көріп келеді. Компания алғашқы ауруханасын ашқанда-ақ сол кезеңдегі емделушілерді нәсілге бөлетін саясатқа қарсы шығып, салмақты мәлімдеме жасады. Қазіргі кезде АҚШ-тағы коммерциялық емес ең ірі денсаулық сақтау жүйесі ретінде танылған Kaіser-дің клиенттері құрамында 100-ден астам мәдениеттің өкілдері саналатын 10 миллионға жуық емделуші бар. Kaіser саясатының негізінде мәдени компетентті қамқорлық жатыр. Мәдени компетентті қамқорлық дегеніміз – клиникалық ортада әр алуан мәдениетті танып, адамдардың сенімі мен әдет-ғұрпына құрмет көрсетіп, кез келген қарым-қатынаста мәдени қажеттіліктерді ескеріп әспеттейтін денсаулық сақтау жүйесі. Аталған сипаттар Kaіser-дің ұйымдастырушылық мәдениетіне, құрылымы мен бизнес-тәжірибесіне сіңісіп кеткен. Дәл осындай стандартта қызмет көрсету үшін түрлі дағдылар мен орасан зор білім қажет. Мысалы, белгілі бір мәдениет өкілдерінде туындайтын медициналық мәселелерді жете түсіну, тіл білу (жүзден астам тілге аудару дағдысы), мәдени дәстүрлер мен құндылықтарға құрмет көрсетіп, сезімталдықпен әрекет ету қажет болады. Kaіser қызмет көрсету орталықтары клиенттерге мәдени компетентті қамқорлық жасап, бүкіл ел бойынша алуан түрлі клиенттерге қызмет көрсетудің үлгісін танытуда. Барлық орталықтарын бірнеше мәдениет өкілдері шоғырланған аймаққа орналастырып, жылдар бойы сапасыз қызмет көрсетіліп келген халық сегментін сапалы еммен қамтамасыз етуде. Kaіser «алуан түрлі клиенттер тобына алуан түрлі қызметкерлер тиімді қызмет көрсете алады және олардың үлес салмағы өзара тең болуы керек» деп санайды. Компанияның төрағасы әрі атқарушы директоры Бернард Тайсонның айтуынша, «ұйымның әралуандық деңгейі қаншалық жоғары болса, күнделікті қызмет көрсететін адамдар да соншалық әркелкі». Мысалы, атқару командаларының шамамен жартысы – нәзік жандылар, ал компания қызметкерлерінің 60%-ға жуығы қара нәсілді. Kaіser клиенттермен тиімді қарым-қатынас орнатып қана қоймай, әралуандық пен инклюзивтілікке стратегиялық тұрғыда басымдық беріп, бизнесті де жақсартып отыр. Олар қызмет көрсететін нарық сегменті елдегі қарқынды дамып жатқан демографиялық топқа енеді. бұл аудиториялармен тіл табысуы бәсекелес компаниялардың алдында Kaіser-ге артықшылықтар береді.1

Әр алуан әлемдегі коммуникация мүмкіндіктері мен қиындықтары

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мәдениетаралық коммуникацияның мүмкіндіктері мен қиындықтарын талдай аласыз Kaіser Permanente бизнес өкілдері (тарау басындағы «Kaіser Permanente. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) әр алуан аудиториямен тиімді коммуникация орнатуда қиындықтарды еңсеріп, мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын көрсетті. Көп жағдайда этностық ерекшеліктер тұрғысынан қарастырылғанымен, «бізді жеке тұлға ретінде ерекшелендіретін барлық сипаттар мен тәжірибелер»2 деген анықтама әралуандық ұғымының табиғатын ашады. Мысалы, Merck дәрі-дәрмек компаниясы әралуандық ұғымының 19 жеке өлшемін анықтаған: нәсіл, жас, әскери тәжірибе, ата-ана статусы, отбасы жағдайы, ойлау стилі т.с.с.3 Бұл сипаттар мен тәжірибелер бизнестегі адамдардың коммуникация тәсіліне үлкен әсер етеді. Бұл тақырыптарға осы тарауда кеңірек тоқталамыз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Culture Compass әлемдегі жүзден астам елдің мәдениетін тануға мүмкіндік береді. Мәдениетаралық коммуникация – мәдениеті әртүрлі адамдар арасында хабарлама жіберу және алу процесі. Мәдениеттің әралуандығы вербал және бейвербал белгілерді әрқалай долбарлауға әкелуі мүмкін. Кез келген хабарламаны жіберу және алу талпынысына мәдениеттің әсері бар, сондықтан ойдағыдай коммуникация жасау үшін сізде мәдени әралуандық пен оған қатысты мәселелерді шешу жолдары жайлы түсінік болуы керек. Мәдени айырмашылықтарды танып, біріктіруге талпынған сайын әлемде бизнес-мүмкіндіктерге жол ашылады, әр алуан жұмыс күшінен тұратын ортада қызметкерлер жұмысқа бар ынтасымен кіріседі.

ӘЛЕМДІК НАРЫҚтағы МҮМКІНДІКТЕР
Сіз жұмыс барысында әртүрлі мәдениет өкілдерімен коммуникация жасайсыз.

Туған жерден жырақта жұмыс істеуіңіз әбден мүмкін. Коммуникация және транспорт технологиясының арқасында бұрындары «алынбас қамал» болып есептелген табиғи және ұлттық шекараларды басып өту қазір қиын шаруа емес. Барлық деңгейдегі бизнес өкілдері басқа елдерден жаңа мүмкіндіктер іздегендіктен, жергілікті нарыққа әлемдік бәсеке қақпасы ашылды. АҚШ-тағы мыңдаған бизнес компаниялары табысының елеулі бөлігі экспортқа тәуелді. Жыл сайын бұл компаниялар құны жүздеген миллиард долларға парапар материал мен тауар экспорттап, миллиондаған доллар тұратын жеке және кәсіби қызмет көрсетеді. Бұл компаниялардың бірінде жұмыс істесеңіз, ағылшыннан басқа тілдерде сөйлейтін, басқа мәдени ортада өмір сүрген әртүрлі адамдарға қызмет көрсетіп, коммуникация жасауыңызға тура келеді. АҚШ-тың әлемдік сауда серіктестерінің алғашқы ондығына кіретін Канада мен Ұлыбританияның ғана ресми тілі – ағылшын тілі; ал француз тілі Канададағы екінші ресми тіл саналады.4 Түрлі мәдениеттерден құралған жаһандық бизнесте тиімді коммуникацияның маңызды болуы – заңды құбылыс. Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, басшылардың шамамен 90%-ы халықаралық қарым-қатынас тәжірибесін дамыту арқылы компанияның табысы мен нарықтық үлесінің көрсеткіштерін жақсарта алғанын айтқан. Сонымен қатар менеджерлердің көбі қарым-қатынас пен әріптестіктің үзілуі компанияның негізгі халықаралық бизнес істеріне ықпалын мойындаған.5 Сондықтан мәдениетаралық коммуникация жасау дағдысын жетілдіру арқылы карьераңыздың кез келген сатысында теңдессіз қызметкерге айнала аласыз.

ӘР АЛУАН ЖҰМЫС КҮШІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Қазірде жұмыс күшінің әр алуан болуы бизнеске белгілі бір деңгейде артықшылықтар береді:

• көзқарас пен идеялар ауқымы кеңейеді;
• әр алуан, бөлшектелген нарықты терең түсінуге көмектеседі;
• жұмысқа қабілетті қызметкерлерді көбірек тартуға мүмкіндік артады.

Бүгінге дейін шет елде мүлде болмай, әлемдік деңгейде бизнес жүргізіп көрмесеңіз де, әртүрлі мәдени ортадан шыққан, мінезі мен өмір тәжірибесі әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасаған шығарсыз. Қазір де компаниялардың әралуандық жайында көзқарастары өзгерді. Көп инновациялық компаниялар әралуандықты заңдастырып (барлығына тең мүмкіндік беру ережесі), оны клиенттермен байланыстыратын стратегиялық мүмкіндік ретінде қарастырады және сол арқылы талантты қызметкерлерді тауып, пайдаға кенелуде.6 Ақылды бизнес-көшбасшылар әр алуан жұмыс күшінің бәсекедегі артықшылықтарын біледі, себебі ол кең ауқымды көзқарас пен идеялар ұсынады, әр алуан нарықты түсініп, араласуға көмектеседі, компаниялардың бесаспап қызметкерлердің талантын қолдануына жол ашады. «Бұл бизнес қабілетін арттырады», – дейді Royal Bank of Canada-ның атқарушы директоры Горд Никсон.7 Әралуандық барлық компанияларда кездеседі. АҚШ әу бастан-ақ иммигранттар елі болатын және бұл тренд қазір де жалғасып келеді. Мемлекет қалыптасуының алғашқы жылдары иммигранттардың басым бөлігін құраған батыс- және солтүстікеуропалықтар қазірде Азия, Африка, Шығыс Еуропа және әлемнің өзге де елдерінен келген адамдармен бір шаңырақ астында тіршілік етуде. Бұған дейін АҚШ-та азшылық ұғымы ақ нәсілге жатпайтын адамдарға қатысты қолданылып келсе, қазір жағдай түбейлі өзгерген. Бүгінде АҚШ халқының 60%-ын испантектілер емес, ақ нәсілді америкалықтар құрайды, бірақ бұл көрсеткіш 20–30 жылдан соң 50%-дан да төмендеп кетеді деген қауіп бар. Қазірдің өзінде жүздеген қала мен аймақта еуропеоид-америкалықтар халықтың үлес салмағының жартысына жуығын ғана құрап отыр.8 Алайда жақын арада қоныс аударған имигранттарды ғана әр алуан жұмыс күші демейміз. Айырмашылық ұғымына жұмысшының жасы, жынысы, діні, этностық тегі, географиясы, әскери тәжірибесі т.б. секілді ортасын түрлендіріп тұратын жайттар да кіреді. Иммиграция және жұмыс күшінің әралуандығы бүкіл әлемдегі бизнес өкілдері үшін артықшылықтармен қатар, қиындықтар да туындатуда.

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Қазір жұмыс күші әр алуан болып бара жатқаны сондай – ол дағды, дәстүр, тәжірибе, жұмысқа қатысты көзқарастар мен пікірлер секілді кең ауқымды қамтып отыр. Бұлардың барлығы жұмыс орнындағы коммуникацияға әсер ете алады. Сондықтан сан алуан қызметкерлермен қарым-қатынас жасап, олар­дың жұмысқа ынтасын арттыруға тырысып, әріптестікке ұмтылған және өзара үйлесімділікті көздеген басшыларға өте қиын. Өзара бірігіп жұмыс істегенде командалар да түрлі қиындықтарға кез болады. Бизнес-серіктестер мен қауымдастықтар жұмылып іске кіріскенде, тіл табысуға тиіс компанияларға да оңайға соқпайды. Компанияның мәдени әралуандығы бизнес-хабарламаны қабылдау, құрау, жеткізу, алу және түсіндіру жолдарына әсер етеді. Мәдениет коммуникацияға қатысы бар кез келген нәрсеге ықпал етеді, олардың арасында төмендегілер де бар:

• тіл;
• бейвербал сигналдар;
• сөз мағынасы;
• уақыт және кеңістік мәселелері;

• адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелері.

Мәдениет пен коммуникация арасындағы өзара тығыз байланыстың болғаны соншалық – оларды екіге бөліп, ажыратып алу мүмкін емес. Өскен ортаңыздың мәдениеті қарым-қатынас жасау стиліңізге тигізер әсері орасан зор. Сөздердің мағынасы, ым-ишаралардың мәні, уақыт пен кеңістіктің маңызы, адамдар арасындағы қарым-қатынас ережелері – коммуникацияның осы және басқа да қырлары мәдениет арқылы сіңіп, қалыптасады. Мәдениетіңіз ойлау жүйеңізге елеулі әсерін тигізіп, жіберуші және алушы ретінде коммуникация жасау стиліңізге де ықпал етеді.9 Мәдениетаралық коммуникация – бұл жай ғана жіберуші мен алушының ортақ тілде сөйлесуі емес, оған сенім, құндылықтар жүйесі және эмоция қатысады. Адамның әралуандығы коммуникация процесінің кез келген сатысына әсер ете алады. Мысалы, адамдардың белгілі бір идеяларды маңыздырақ санап, оны бөлісуі, пікір айту бойынша талап-тілектері мен әдеттерінің артында әралуандық пен даралық тұр. Әсіресе инстинктіңіз мәдениетіңізге тән көзқарастар негізінде месседж құрастырады. Алайда аудитория мүшелері месседжіңіздің мағынасын өздерінің мәдениеттеріне сай жорамалдап, түсінеді. Мәдениеттер арасында айырмашылық неғұрлым көп болса, түсінбеушілік те соғұрлым артуы мүмкін.10 Бұл тарауды оқи отырып, әр мәдениетте коммуникация жасау стилі мен әдеттердің әрқалай болатынына көз жеткізесіз. Келтірілген мысалдар белгілі бір мәдениеттегі әбден мезі болған стильдер мен әдеттер қатарын емес, мәдениет­аралық коммуникацияның басты тақырыптарын көрсетуге бағытталған. Негізгі тақырыпты түсіне отырып, кез келген мәдениеттің ерекшеліктерін барлауға даяр боласыз.

Мәдени білікті дамыту

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мәдениет ұғымына анықтама беріп, мәдениет қалай меңгерілетінін түсіндіресіз, этноцентризм мен стереотиптеу ұғымдарына анықтама бере аласыз Мәдени білік ұғымына коммуникацияға әсері бар мәдени айырмашылықтарды бағалау мен мәдени шекаралар арасында лайық месседждермен алмасу үшін коммуникация жасау стилін бейімдей алу қабілеті кіреді. Басқаша айтқанда, мәдени білік көзқарас20, білім және дағдылардың жиынтығын қажет етеді.Тараудың басында айтылған Kaіser Permanente компаниясы мәдени білікті бағалап, оны жоғары деңгейде стратегиялық мақсат ретінде қарастырған заманауи үлгідегі ұйымға жақсы мысал бола алады. Мәдени білікке жету үшін көп уақыт, үлкен талпыныс керек, алайда қазірдің өзінде мәдениеттану саласының кішігірім маманысыз, себебі тым болмағанда өзіңіз өскен мәдени ортамен жақсы таныссыз. Өзіңіз өсіп-өнген қоғамның қалай жұмыс істейтінін, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетін, жиі кездесетін ым-ишара және қас-қабақтың мәнін т.с.с. білесіз. Ал жағымсыз тұсы – өз мәдениетіңізді бүге-шігесіне дейін білетіндіктен, ойланбастан коммуникация жасайсыз; осылайша өзіңіз ұстанатын коммуникация ережелері туралы ойлауға көп бас қатырмайсыз. Мәдениетаралық коммуникация ойдағыдай жүзеге асуы үшін жасалатын маңызды қадамдардың бірі – осы ережелерге сақ болып, олардың қарым-қатынас сапасына әсер ету жолдарына көңіл бөлу.

МӘДЕНИЕТ ұғымын ТҮСІНУ Мәдениет – таңбалар мен сенім-көзқарастың21, құндылықтар мен талап-тілектердің және жүріс-тұрыс нормаларының ортақ қалыптасқан жүйесі. Мәдени ортаңыз өмірде басты нәрсені анықтауға ықпал жасап, белгілі бір жағдайда ненің орынды екенін айқындауға көмектесіп, қимыл-әрекет ережелерін қалыптастырады.12 Сіз бірнеше мәдениет өкілісіз және олардың әрқайсысының қарым-қатынас жасау тәсіліне әсері бар. Шын мәнінде сіздің дүниетанымыңызға бірнеше мәдениеттің әсер етері сөзсіз. Бір елде тұратын адамдармен ортақ мәдениеттің өкілі болып қана қоймай, өзге мәдени топтарға да кіресіз. Олардың арасында этностық топтар, бәлкім, діни топтар болуы мүмкін, оған қоса арнайы тілі мен рәсімдері бар кәсіби топқа да кіруіңіз ықтимал. Халық саны көп және иммиграция тарихы бай АҚШ – түрлі мәдениеттер шоғыры топтасқан ірі шаңырақ (3.1-сызба) болса,13 Жапония, керісінше, бірнеше мәдени топтан ғана құралған біртекті ел саналады.14

3.1-сызба. АҚШ-тағы тіл алуандығы Тіл – халықтың әралуандығының айқын бір факторы. Бұл диаграмма 1980 жылдан бері АҚШ-та қолданылатын ағылшыннан бөлек тілдердің рейтингіне қатысты трендті көрсетеді Дереккөз. «Top Languages Other than Englіsh Spoken іn 1980 and Changes іn Relatіve Rank, 1990–2010» U.S. Census Bureau, 14 February 2013, www.census.gov. Белгілі бір мәдениет өкілдерінің ойлауы мен өзін-өзі ұстауы, коммуникация жасауға қатысты көзқарасы ұқсас келмәдениеттегі адамдар арасында талқылау болғанда шатастыруы мүмкін. Оған қоса жоғары контекстік мәдениетте күнделікті өмір ережелері ашық бола бермейді, жекелеген адамдар өсе келе әртүрлі жағдайға тән белгілерді тану тәсілдерін меңгереді (мысалы, ым-ишара және дауыс екпіні) және оған, сәйкесінше, қалай жауап беру керектігін де меңгереді.22 Жоғары контекстік мәдениетте коммуникация ақпарат алмасу үшін емес, қарым-қатынас орнатуда маңызды.23 Мәдениетті тура (нұсқаулық арқылы) және жанама (өзгелерді бақылау арқылы) түрде меңгересіз. Адамдар мәдениетті топтың өзге мүшелерінен тура және жанама түрде қабылдайды. Белгілі бір мәдени ортада өскендіктен, айналаңыздағы адамдар кішкентай кезден бастап-ақ сіздің кім екеніңізді және сол мәдениетте жақсы тұлғаға қалай айналуға болатыны жайлы құлағыңызға құйып келеді. Кейде қай әрекеттің орынды екені сізге ашық айтылды. Ал басқа уақытта белгілі бір топта қандай құндылықтар орынды екенін бақылау арқылы түсіндіңіз. Осындай жолдармен мәдениет бір адамнан екінші адамға беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.15 Мәдениет өмірге қатысты көзқарас жиынтығын ұсынады және әдетте олар бірізді (өзара логикаға сай) және толымды (өмірдің барлық маңызды сұрақтарына жауап бере алады) болып келеді. Ойланбастан істелетін қалыпты әрекет болумен қатар, мәдениет бірізді келеді, яғни ішінен қарастырғанда мәдениет жеткілікті дәрежеде ақылға қонымды әрі жүйелі. Белгілі бір мәдениеттің кейбір нормалары сырттағы адамдарға мәнсіз көрінгенімен, сол мәдениет өкілдері үшін өте маңызды болуы ықтимал. Жалпы алғанда мұндай жарасымдылық мәдениеттің іштей үйлесімді өмір сүргенімен, мәдениеттер арасында түрлі келеңсіздіктер тудыруы мүмкін, себебі басқа мәдениет өкілдерінің көзқарасы мүлдем бөлек. Мәдениеттер сонымен бірге толымды келеді, яғни мүшелері үшін өмірдің негізгі сұрақтарына жауап бере алады. Толымдылық сезімі адамдарды тоқмейіл етеді, тіпті кісінің бойындағы өзге мәдениетті танып-білуге деген құмарлығын басып тастайды. Мұндай жағдайда толымдылық сезімі өзге мәдениет өкілдерімен коммуникацияны күрделендіріп жіберері анық.16

ЭТНОЦЕНТРИЗМ ЖӘНЕ СТЕРЕОТИПТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА тосқауыл қою Этноцентризм22 деп барлық өзге топтарды өз мәдениетінің стандарттары мен қимыл-әрекеттеріне және дәстүрлеріне байланысты сынау құбылысын айтамыз. Еріксіз өз мәдениетінің ықпалына түскен адамдар өзге мәдениетпен салыстырғанда көп жағдайда «өз мәдениетім артық» деген қорытындыға келеді.17 Мұның асқынған түрі ксенофобия деп аталады, мұнда адам өзгелер мен шетелдіктерден сескенеді. Мұндай көзқарастағы адамдардың түрлі мәдениеттер арасында ойдағыдай коммуникация жасауы қиынға соғады. Өзге мәдениеттің немесе топтың дүниетанымын бұрмалау да стереотиптеу салдарынан туындайды. Стереотиптеу23 деп жеке адамдарды белгілі бір топтың мүшесі ретінде танып, оған жалпылама қасиеттер таңуды айтамыз. Мысалы, қартаң қызметкер жастарды түсінбей, «жас қызметкер жұрттың ынтасын оятатын жалынды көшбасшы бола алмайды» деп жорамал жасауы жас ерекшелігіне байланысты стереотиптеу саналады. Тиімді коммуникация жасауға талпынған адамдар өзгелерге құрмет көрсетіп, бизнесте жақсы қабылдауы қажет. Мәдени плюрализм24 деп түрлі мәдениеттерді қаз қалпында қабылдау тәжірибесін айтамыз. Мәдени шекараларға тап болғанда мәдениетті жай ғана қабылдап қоймай, коммуникация жасау стиліңізді соған қарай бейімдеп, тіпті оны өз мәдениетіңізге кіріктіре алсаңыз, жұмысыңыз өнімді болмақ.18 Сізге төмендегі қарапайым әрекеттер көмектесуі мүмкін: ● Жорамал жасаудан25 аулақ болыңыз. Өзгелер де дәл сіз секілді әрекет етіп, тіл мен таңбаларды сіз сияқты қолданады, тіпті дәл сіздікіндей құндылықтар мен сенім негізінде жұмыс істейді деп ойламаңыз. Мысалы, үш мәдениеттегі ең маңызды деп саналатын он құндылықты өзара салыстырғанда, АҚШ тұрғындарының құндылықтары Жапония немесе араб мәдениетінің құндылықтарына еш ұқсамайтын болып шыққан.19 ● Сынап-мінемеңіз. Адамдар әрқалай әрекет жасағанда, «олар қателесті» немесе «олардың тәсілдері жарамсыз, нашар» деп қорытынды жасауға асықпаңыз. ● Айырмашылықтарды қабылдаңыз. Өзге адамның мәдениеті мен өз мәдениетіңіздің арасындағы айырмашылықтардың барын жоққа шығармаңыз. Өкінішке қарай, түсінуге ұмтылған адамдар үшін де этноцентризм мен стереотиптеуді жеңу – оңай шаруа емес. Зерттеулерге сәйкес, адамдарда өздері де байқай бермейтін бір сенім мен біржақтылық болады, бұл өзінде бар деп есептейтін көзқараспен қайшыласып қалуы мүмкін.20

Әлемнің әралуандығын тану

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мәдени айырмашылық-тарды танудың маңызын түсініп, сегіз категориясын білесіз Өзге мәдениеттегі адамдарды мәдени айырмашылықтың контекстік, заңды және этикалық, әлеуметтік, бейвербал, жас, жыныс, діни және қабілет айырмашылықтары секілді негізгі сегіз түрі бойынша танып, ажыратуды үйренсеңіз болады.

КОНТЕКСТІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Кез келген коммуникация орнату талпынысы мәдени контекст аясында жүзеге асады. Мәдени контекст26 – физикалық таңбалар, қоршаған ортаның қозғау күші және көзге көрінбейтін ұғынысу арқылы бір мәдениеттің екі мүшесі арасында мағынаны жеткізу формасы. Алайда әлем елдерінің мәдениетінде контекстің коммуникациядағы рөлі әркелкі. Жоғары контекстік мәдениетте27 адамдар мағынаны жеткізу үшін вербал коммуникацияға аса мұқтаж емес, көбінесе бейвербал сигналдар мен қоршаған орта ерекшеліктеріне тәуелді. Мысалы, қытайлық спикер «тыңдаушы месседждің мән-мағынасын аша алады» деп ойлайды, сол себепті мағынаны жеткізу үшін метафора немесе тұспалдау әдісін қолданады.21 Жанама стиль қолдану – тура жауап алып үйреніп қалған төмен контекстік мәдениеттегі адамдар арасында талқылау болғанда шатастыруы мүмкін. Оған қоса жоғары контекстік мәдениетте күнделікті өмір ережелері ашық бола бермейді, жекелеген адамдар өсе келе әртүрлі жағдайға тән белгілерді тану тәсілдерін меңгереді (мысалы, ым-ишара және дауыс екпіні) және оған, сәйкесінше, қалай жауап беру керектігін де меңгереді.22 Жоғары контекстік мәдениетте коммуникация ақпарат алмасу үшін емес, қарым-қатынас орнатуда маңызды.23 АҚШ сияқты төмен контекстік мәдениет ортасында мағынаны жеткізу үшін адамдар көбіне ауызекі коммуникацияға тәуелді, сондықтан жағдай ерекшеліктері мен таңбалардың көмегіне көп жүгінбейді. Мұндай мәдениет ортасында ережелер мен талаптар әдетте «Мен аяқтағанша күте тұрыңыз» немесе «Қарауыңызға болады» деген сияқты нақты сөйлемдер түрінде жеткізіледі.24 Төмен контекстік мәдениетте ақпарат алмасу коммуникацияның басты міндеті саналады.25 Контекстік айырмашылықтар бизнес адамдарының шешім қабылдау, мәселе шешу, келіссөз жүргізу, ұйым иерархиясы деңгейінде байланыс жасау, жұмыс орнынан тыс жерде адамдармен араласу сияқты жағдайларға көзқарасы көрініп тұрады.26 Мысалы, төмен контекстік мәдениеттегі бизнес саласының мамандары өздері кезіккен шешімдердің нәтижесіне, мәдениеттің логика мен алға жылжу әсеріне назар аударуға бейім (мысалы, бұл компаниямызға сәйкес келе ме? Карьерама ше?). Салыстыру үшін айтсақ, жоғары контекстік мәдениеттер шешім қабылдау мәні немесе әдіс-тәсіліне назар аударады. Шешім қабылдау кезінде дәлел-дәйектер мен ақпарат қаншалықты маңызды болса, қарым-қатынас орнату да, оны сақтау да соншалықты маңызды.27 Сол себепті мұндай мәдениетте бизнес-келісімшарттар жасаумен айналысатын келіссөз жүргізушілер келісімшарт детальдарына үңілмей, уақытының басым бөлігін коммуникация орнатуға жұмсайды. Жоғары және төмен контекстік мәдениеттер арасындағы басты айырмашылық – жалпылаудың болуы. Әрине, оларды нұсқаулық ретінде есте ұстау маңызды. Жоғары контекстік мәдениетте ұтымды қолдануға болатын коммуникация тактикалары төмен контекстік мәдениетте оң нәтиже бермеуі мүмкін.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Мәдени контекстің құқықтық және этикалық қимыл-әрекетке әсері бар, бұл коммуникацияға ықпал етуі мүмкін. Мысалы, бизнес-келісімшарттардың мәні әр мәдениетте әрқалай құбылуы ықтимал. АҚШ компаниясының менеджерлері қол қойылған келісімшартты барлық детальдары анықталып, келіссөз жүргізу процесі аяқталды деп түсінеді. Ал Азия мәдениетінен шыққан оның әріптесі үшін қол қойылған келісімшарт – бірге жұмыс жасауға келісім беріп, енді ғана детальдарын анықтау кезеңіне қадам басу болып есептелуі мүмкін.28 Әлемдік нарықта бизнес жүргізгенде заңдар жүйесі мен этика стандарттарының әр мәдениетте әртүрлі екенін байқайсыз. Әртүрлі мәдени орталарда этика шеңберінде таңдау жасау қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ төрт негізгі принципті басшылыққа алып, месседждеріңіздің этикаға сай екеніне көз жеткізе аласыз:29 ● Мүдделес ортаны іздеңіз. Мүмкіндігінше ашық ақпарат алмасуға жол ашу үшін екі тарап та икемділік танытып, бір ғана тараптың ережесіне сай байланыс жасауға көндіруден аулақ болуы керек. Мәдени ерекшеліктерге қарамастан, адалдық пен құрмет көрсету – коммуникация этикасының басты қазығы. ● Сынап-мінеусіз хабарлама жолдап, қабылдаңыз. Ақпарат еркін таралуы үшін екі тарап құндылықтар жүйесінің әр мәдениетте әртүрлі болатынын мойындап, бір-біріне сенуге тиіс. ● Шынайы хабарлама жолдаңыз. Ақпараттың шын екеніне көз жеткізу үшін екі тарап мәселелерді қалай көргісі келсе, солай емес, бар күйінде қарастыруы керек. ● Екі тарап та өзінің жеке және мәдени біржақты көзқарастарына өте сақ болуы керек. Мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсетіңіз. Екі тараптың да негізгі құқықтары қорғалуы үшін әрқайсысы өзгелердің қажеттіліктерін түсініп, мойындауға тиіс және еш бүкпесіз қарым-қатынас жасау арқылы өзгелердің абыройын сақтауға міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР

Этикеттің ресми қағидалары айқын анықталғанымен, бейресми ережелер бақылау мен еліктеу арқылы меңгеріледі. Әлеуметтік мінез-құлық табиғаты мәдениеттер арасында әрқалай, кейде тіпті бір-бірінен қатты алшақтап кетеді. Кейбір қимыл-әрекеттер ресми әрі арнайы бекітілген (мәселен, үстел басында өзіңді ұстау ережелері), қалған бейресми қимыл-әрекеттерді уақыт өте келе меңгеруге болады (мысалы, әңгімелесу кезінде әріптесіңнен ыңғайлы арақашықтықта тұру т.б.). Ресми және бейресми ережелердің жиынтығы адамдардың қоғамдағы мінез-құлық, қимыл-әрекеттеріне тегіс әсер етеді. Бұған дейін талқыланған факторлардан бөлек, әлеуметтік нормалар түрлі салаларда, әр мәдениетте әрқалай қалыптасқан. Құрмет пен дәреже адамдармен қарым-қатынас жасау тәсілі және жұмыс ортасына қарай әр мәдениетте әртүрлі көрініс табады. ● Жұмыс пен табысқа қатысты көзқарастар. Мысалы, АҚШ-та табысқа өз күші мен талабының арқасында жеткен адамдарға тәнті болу кең таралған. ● Рөл мен дәреже. Мәдениет адамның қоғамдағы орны мен рөліне әсер етеді, мәселен, кімнің кіммен араласып, нені талқылайтыны және араласу тәсілдерін айтсақ болады. Мәдениет сонымен қатар қалай құрмет көрсетуді және дәреже маңыздылығын да анықтайды. Мысалы, АҚШ-та басшыңызға «менеджер Джонс» деу біртүрлі естілсе, Қытайда қызмет дәрежесін қосып айту – қалыпты жағдай.30

Сыпайы әрекет ету ережесі әр елде әркелкі. ● Өзін-өзі ұстау мәнері. Бір мәдениетте сыпайы саналатын әрекеттер басқа мәдениетте дөрекі болып есептелуі мүмкін. Мысалы, әріптесіңізден «Демалысты қалай өткіздің?» деп сұрау – АҚШ-та қысқа әңгімені бастаудың қалыпты жолы болғанымен, бұл сұрақ жеке өмірі мен кәсіби өмірі ажыратылған мәдениеттерде оғаш естіледі. Жиналыс кестесін қатаң бақылау сияқты, уақытқа қатысты көзқараста дүниежүзі бойынша әр жерде әртүрлі. ● Уақыт түсінігі. Төмен контекстік мәдениеттегі адамдар еңбек күнін тиімді жоспарлау үшін уақытқа айрықша мән береді. Әрбір жоспарланған кезеңде назарын тек бір міндетке ғана аударып, уақытты шектеулі ресурс ретінде қарастырады. Алайда жоғары контекстік мәдениеттегі басшылар көп жағдайда уақытты біршама кеңірек форматта көреді. Дедлайнмен жүрудің бизнес-коммуникация орнатумен салыстырғанда маңызы төмен.31 ● Болашақ бағыт-бағдар. Табысты компаниялар болашағын айқын бағдарлап, жоспарлау мен инвестицияға көбірек мән берсе, әлемдегі дәстүрлі мәдениеттердің болашаққа деген көзқарасы әртүрлі. Кей қоғамда ұзақ мерзімге болжам жасап, жоспарлау мен инвестиция құюға ерекше мән беріледі. Осылайша болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін қысқамерзімдік жоспарлар «құрбандыққа шалынады». Ал кейбір қоғамның бағдары нақ осы шақ төңірегінде шоғырланған, мұндай ортада болашақты тым алыста деп есептейді, сондықтан жоспарлауға ден қоймайды.32 Әлем мәдениеттерінің бөтен адамдар мен тұлғалық ерекшеліктері әлеуметтік нормалармен сәйкеспейтін адамдарға қатысты ашықтық деңгейлері әралуан. ● Ашықтық және инклюзивтік. Ұлттық деңгейде де, шағын топ деңгейінде де мәдениеттер өзге мәдениет өкілдерін, өз мәдениетіндегі қалыптасқан нормалармен қабыспайтын бөтендерді қабылдау тұрғысынан әркелкі. Өзгелерді қабылдауға құлықсыздық таныту оны бөлектеуден бастап, көптің талап-тілектеріне сай қысым жасауға дейінгі аралықта болады. ● Мүдделес ортаны іздеңіз. Мүмкіндігінше ашық ақпарат алмасуға жол ашу үшін екі тарап та түсіністік танытып, бір ғана тараптың ережесіне сай байланыс жасауға көндіруден аулақ болуы керек. ● Сынап-мінеусіз хабарлама жолдап, қабылдаңыз. Ақпараттың еркін таралуы үшін екі тарап құндылықтар жүйесі әр мәдениетте әртүрлі болатынын мойындап, бір-біріне сенім білдіруге тиіс. ● Шынайы хабарлама жолдаңыз. Ақпараттың растығына көз жеткізу үшін екі тарап мәселелерді өздері көргісі келгендей емес, бар күйінде қарастыруға тиіс. Екі тарап та өздерінің жеке және мәдени біржақты көзқарастарына өте сақ болуы қажет. ● Мәдени айырмашылықтарға құрмет көрсетіңіз. Екі тараптың да құқықтары қорғалуы үшін әрқайсысы өзгелердің қажеттіліктерін түсініп, мойындау арқылы шынайы қарым-қатынас жасап, абыройын сақтауы керек. ● Коммуникация технологияларын қолданыңыз. Дүниежүзі бойынша әріптестеріңіз бен клиенттеріңіз дәл сіздікіндей коммуникация құралдарын қолданады деп ойламаңыз. Мысалы, әлемнің көп бөлігінде мобайл телефон қолдану деңгейі жоғары болса да, смартфон мен кеңжолақты байланыс түрлерін қолданатын азаматтардың коммуникация жасауына қажет тетіктер (мысалы, видео) барлығында бірдей болмауы мүмкін.33

Бейвербал айырмашылықтар Бейвербал белгілердің мағынасы әр мәдениетте әртүрлі, сондықтан болжам жасауда оларға сүйене алмайсыз. 2-тарауда айтылғандай, бейвербал коммуникацияда жіберуші мен алушының бейвербал белгілері бір мәнге ие болғанда ғана хабарламаның мағынасы ашылады. Мысалы, ең қарапайым, қолмен жасалатын ым-ишара әр мәдениетте әрқандай мағынаға ие. Бразилияда «сәттілік тілеймін» дегенді білдіретін ым-ишара Колумбияда біреуге «саусақ шошайтумен» парапар.34 Өскен ортаңызда қолданылатын ым-ишаралар басқа мәдениетте дәл сондай мағына береді деген ойдан аулақ болыңыз, бұл қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Өзге мәдениеттегі адамдармен араласу мүмкіндігі туғанда, сол мәдениетті алдын ала зерттеп, содан кейін адамдардың төмендегідей жағдайларда өздерін қалай ұстайтынына бақылау жүргізу маңызды. ● Амандасу. Адамдар қол алыса ма, бастарын ие ме, әлде беттерінен сүйіп (бір беттен сүйе ме, әлде екі беттен бе) амандаса ма? Алғаш танысқан кезде ғана қол алыса ма, әлде оны амандасқан сайын немесе қоштасқан сайын жасай ма? ● Жеке кеңістік. Адамдар әңгімелескенде бір-біріне жақын тұра ма, әлде арақашықтықты сақтай ма? ● Жанасу. Адамдар құттықтағанда бір-бірін құшақтап, арқасынан қаға ма? Әлде бір-біріне мүлде қол тигізбей ме? ● Бет әлпеті. Адамдар «жоқ» дегенді білдіру үшін бастарын шайқап, «иә» дегенді білдіру үшін бастарын изей ме? АҚШ тұрғындары осылай жасап үйренген, бірақ барлық жерлерде бірдей емес. ● Көздің түйісуі. Адамдар жиі көздерін түйістіре ме, әлде одан қашқақтай ма? Жиі көз түйістіру – АҚШ-та көп жағдайда шыншылдық пен ашықтықты білдірсе, кей мәдениеттерде бұл агрессияның немесе құрметсіздіктің белгісі болуы мүмкін. ● Жүріс-тұрыс. Адамдар кеңседе және қоғамдық орындарда өз ыңғайына қарай жүре ме, әлде тік отырып-тұра ма? ● Ресмилік. Бұл мәдениет өз мәдениетіңізбен салыстырғанда ресми ме, әлде бейресми ме? Өзіңіз кездескен мәдениеттегі адамдардың қимыл-әрекеттерін қайталауға тырысу – оны меңгерудің жақсы жолы ғана емес, сонымен бірге құрмет көрсетудің белгісі.

ЖАС АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

Жастық пен қарттыққа қатысты түрлі мәдениеттердің көзқарасы адамдардың қарым-қатынас жағдайына әсер етеді. АҚШ мәдениетінде жастық шақ көп жағдайда күш-қуат, энергия, мүмкіндік, еркіндікпен байланыстырылса, қарттық күш-қуаттың азаюы мен тік жүре алмау ұғымдарымен өлшенеді. Ал егде жұмысшылар бай тәжірибесін, жылдар бойы қалыптасқан маңызды іскерлік байланыстарын және «практикалық интеллектісін» ұсына алады. «Практикалық интеллект» деп күрделі, түйіні қиын мәселелерді шешу қабілетін айтамыз.35 Керісінше, қарттарын бағалайтын мәдениеттерде қариялар билік пен еркіндік белгісі ретінде құрметтеледі. Мысалы, Азия қоғамында қарт қызметкерлер лауазымды қызметтер атқарады, әрі олар ең жоғары титулдарға ие, олардың еркіндік деңгейі мен шешім қабылдаудағы салмағы да басым. Жас қызметкер сол басшылардың бірімен келіспей сөзге келсе, бұл мәселе көпшілік алдында талқыланбайды. Әріптестері алдында ыңғайсыз жағдайлардан қашып, абыройды сақтау (ағылшынның «savіng face» идиомасы осыны білдіреді) өте маңызды. Жасы үлкен кісі қателессе, өзге қызметкерлер қажет ақпаратты ың-шыңсыз, дау туғызбайтын жолмен жеткізеді.36 Бір мәдениеттің ішіндегі буынаралық ерекшеліктер де түрлі қарама-қайшылықтардың пайда болуына әкеледі. Қазірде жұмыс орындарында үш, төрт немесе бес буын өкілдері қатар жұмыс істейді.37 Әртүрлі әлемдік оқиғалардың, қоғамдық трендтер мен технология жетістіктерінің ықпалына қатты ұшыраған әр буын өкілдерінің құндылықтар жүйесі, талап-тілектері мен коммуникация жасау стилінің әрқалай болуы заңды. Мысалы, а буыны (1980–2000 жылдар аралығында туғандар; «Өзге мәдени ортадағы коммуникация. Біз және олар: жұмыс орнындағы буынаралық кикілжіңдер» айдарын қараңыз) қысқа цифрлық хабарлама арқылы коммуникация жасауды ұнатады, бірақ «бейбибумер» (1946–1964 жылдар аралығында туғандар) және X буын (1960 жылдардың басы мен 1970 жылдар аяғында туғандар) өкілдері кейде бұл қысқа хабарламаларды тұрпайы әрі адрессіз деп санап, сынға алады.38

ЖЫНЫСТЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚ

Жыныстық айырмашылық жұмыс орнындағы қарым-қатынасқа маңызды бірнеше жолмен әсер етеді. Біріншіден, бизнесте гендерлік рөлді қабылдау ерекшелігі әр мәдениетте әртүрлі. Гендерлік біржақтылыққа ашық алалау, қатып қалған сенім кіреді. Екіншіден, кәсіби қызметтің алғашқы баспалдағында ерлер мен әйелдердің үлес салмағы шамамен бірдей болғанымен, келе-келе ерлердің жоғары қызметтерде үлесі арта бастайды. Мұндай теңсіздік жоғары қызметке көтерілгісі келетін төмен және орта деңгейдегі менеджерлер үшін маңызды даму мүмкіндігі есептелетін менторлық (үйрету, кеңес беру) қызметте коммуникацияға елеулі әсер етеді. Мысалы, бір зерттеуге сәйкес, басшылық қызметтегі кей ер адамдар нәзік жандыларға басшылықтың қыр-сырын үйретуге құлықсыз, себебі, біріншіден, оларға ер адамдармен араласу оңайырақ, екінші жағынан, олар орынсыз болып көрінуі ықтимал қарым-қатынастан сескенеді.39 Үшіншіден, ерлер мен әйелдердің коммуникация стильдері белгілі дәрежеде әртүрлі болатыны дәлелденген. Жалпы айтқанда, ерлер контентке және коммуникация нәтижесіне баса мән берсе, әйелдер қарым-қатынасты сақтауға басымдық береді.40 Мысалы, ерлер әйелдермен салыстырғанда жалақыны өсіру туралы келісім жасасуға жиі талпыныс жасайды. Карнеги Мелон университетінің ғалымы Линда Бабкок жүргізген зерттеуге сәйкес, ерлер де, әйелдер де мұндай теңсіздікті дұрыс қабылдайды, олар ерлердің бойындағы табандылықты жағымды құбылыс, ал әйелдердегі мұндай қасиетті жағымсыз құбылыс деп есептейтіндерін айтқан. Бұл көзқарастарды өзгерту коммуникацияны жақсартып, жұмыс орнында теңдік орнатуға жәрдемдеседі.41 Төртіншіден, гендер мен жыныстық ориентацияға байланысты ескі ұғымдар түсініспеушілік тудырып, түрлі кикілжіңдер мен дискриминацияға себеп болып келеді. Көп адам қарапайым ер/әйел гетеросексуал категориялау қалыбына сыймайды, бірақ компаниялардың дискриминациялық саясаты, басшылар мен әріптестерінің әрекеттері мен көзқарастары оларды ыңғайлы ортада жұмыс істеу мүмкіндіктерінен айырады. Дегенмен көп компания барлығына – лесбиан, гей, бисексуал, трансгендер (ЛГБТ) үміткерлер мен қызметкерлерге теңдей мүмкіндік сыйлап, әділ қарауға тырысып жатыр. Сонымен бірге компаниялардағы кемсітпеу саясаты қызметкерлердің жеке гендерлік болмысы негізіндегі жынысын ашық көрсету құқығын қорғауда қадам жасай алады.42 Коммуникация бұл талпыныстардың барлығында да (әр алуан қызметкерлер тобының қажеттіліктеріне құлақ түру, нақты саясат қалыптастыру, қызметкерлерді маңызды мәселелер бойынша оқыту т.б.) өте маңызды рөл атқарады.

Діни айырмашылықтар АҚШ заңы жұмыс берушілерден қызметкерлерінің діни сенімін ақылға қонымды деңгейде ескеруді талап етеді. Өміріміздің ең ықпалды аспектілерінің бірі – дін мәселесі жұмыс орындарында қарама-қайшылық пен кикілжіңдердің туындауына түрткі болып жатады. Соңғы жылдары діни кемсітуге қатысты сот істерінің артуы – соның бірден-бір дәлелі.43 Көп қызметкер жұмыс орындарында дін қағидаларын орындауға, оны көрсетуге мүмкіндік берілуге тиіс деп санайды. Алайда бұл тұста компаниялар қызметкерлер зардап шекпейтіндей және бизнестің жұмыс істеу талаптарына қайшы келмейтіндей етіп, «алтын ортасын» табуға тырысуда. Бұл – тым күрделі мәселе әрі оның кез келген жағдайда қолдана алатын қарапайым жолы жоқ. Көп компания инклюзив жұмыс орнын қалыптастыруға күш салғандықтан, бұл мәселе алдағы уақытта өршіп, көбірек талқылануы мүмкін.

Мүмкіндік айырмашылықтары Қосалқы технологиялар жұмыс берушілерге көбірек инклюзив жұмыс орындарын ашып, физикалық және когнитивтік кедергілері бар адамдарды жалдау мәселесіне көмектеседі. Коммуникацияға әсер ететін мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер мен клиенттер әралуандықтың маңызды аспектісін құрайды. Бүгінгі еңбек нарығында есту, көру кемістігінен, когнитивтік немесе физикалық кедергілер салдарынан элек­трондық құрылғылармен жұмыс істей алмайтын жандарға кедергі көп. Әралуандықтың өзге элементтеріндегідей, табыс – жеке тұлғаларға құрмет көрсетіп, ерекшеліктерге сезімталдықпен қараудан басталады. Жұмыс берушілер де қосалқы технология түрлеріне қаражат бөліп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс істеуіне жағдай жасай алады. Бұл технологиялар қатарында жұмысшыларға ауызекі немесе визуал коммуникация жасауға, компью­тер және өзге құрылғыларда жұмыс істеуге, қызмет орнында еркін жүріп-тұруға көмектесетін құрылғылар мен жүйелер бар. Мысалы, дизайнерлер уебке қол жетімділік артықшылықтарын айта алады, бұл жүйе көру қабілеті шектеулі адамдарға уеб-сайттарды қарауға көмектеседі. Қосалқы технологиялар мүмкіндігі шектеулі мыңдаған қызметкерлерге маңызды мүмкіндіктер туғызып, карьера баспалдақтарымен көтерілуге жағдай жасайды және жұмыс берушілерге талантты қызметкерлерді жалдауға жол ашады.44

Өзге бизнес-мәдениетке бейімделу

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Кез келген бизнес-мәдениетке бейімделудің жалпы төрт ережесін меңгересіз Кеңсеңіздегі өзге буын өкілімен немесе әлемнің басқа бөлігінде отырған бизнес-серіктесіңізбен тиімді жұмыс істеуге тырыссаңыз, тиімді коммуникация орнатуда әдісіңізді кез келген жағдайға бейімдей алу өте маңызды. Бұл бөлім кез келген бизнес-мәдениетке бейімделу де жол көрсетіп, өзге мәдениет өкілдеріне АҚШ-тың бизнес-мәдениетіне бейімделу бойынша нақты кеңестер ұсынады.

Өзге бизнес-мәдениетіне бейімделуге нұсқаулық Өзге мәдениетті түсініп, оған бейімделуде қарым-қатынас жасау әдетіңізге өз мәдениетіңіздің әсерін мойындау – маңызды қадамдардың бірі. 138-беттегі «Мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіру» тақырыбынан түрлі кеңестерді оқи аласыз, бірақ мұнда барлық бизнес өкілдерінің мәдени білігін арттыруға көмектесетін төрт жалпы нұсқаулық қана қамтылған: ● Өзіңіздің біржақты көзқарастарыңызды біліңіз. Мәдениетаралық коммуникация ойдағыдай болуы үшін өзге тараптың мәдениетін түсіну аздық етеді; сіз, әуелі, өз мәдениетіңізді, оның коммуникация әдетіңізге әсер ету жолын ұғынуыңыз керек.45 Мысалы, тәуелсіздік пен жеке жетістіктерді бағалайтыныңызды білсеңіз, бұл ортақ консенсус және топтық үйлесімді бағалайтын мәдениеттерде ойдағыдай коммуникация жасауға көмектеседі. ● «Алтын ережені» қолдануда абай болыңыз. «Өзгелер сізді сыйласын десеңіз, сіз де солай жауап қатыңыз» деген сөзді естіп өскен болуыңыз мүмкін. «Алтын ереженің» тығырыққа тірейтін тұсы – өзгелермен қалай қарым-қатынас жасауды қаласаңыз, олар да сізбен дәл солай қарым-қатынас жасағысы келмеуі мүмкін, әсіресе бұл өзге мәдениет өкілдеріне қатысты. Ең жақсы амал: басқалармен өздері қалағандай қарым-қатынас жасаңыз. ● Толеранттық, икемділік және құрмет көрсетіп жаттығыңыз. ІBM компаниясының өкілі Рон Гловер атап көрсеткендей, «біз қызметкерлерімізді және іс-әрекетімізді мүмкіндігінше кез келген ел, ұйым немесе мәдениетті құрметтейтін амалдармен басқаруға тырысамыз».46 ● Шыдамды болыңыз, әзілді түсініңіз. Тіпті өз ісіне берілген, ең мықты деген бизнес мамандарының өзі мәдениетаралық коммуникацияда қателіктер жасауы мүмкін, сондықтан барлық тараптардың бір-біріне түсіністік танытуы маңызды. Бизнес бұрын-соңды болмаған деңгейде жаһанданғандықтан, тіпті дәстүріне берік мәдениет өкілдерінің өздері басқа мәдениет адамдарымен шыдамдылық көрсетіп әрекеттесуді және кездейсоқ мәдени қателіктерді елемеуді меңгеруде.47 Әзілді түсіне білу де пайдалы қасиет, ол ыңғайсыз жағдайдан жеңіл шығып кетуге көмектеседі. Қателік жасап қойсаңыз, жай ғана кешірім сұраңыз, орынды болса, өзге адамнан қалай істеу керектігін сұрап алып, алға қарай қадам басыңыз.

АҚШ бизнес-мәдениетіне бейімделуге нұсқаулық Америка мәдениеті құптайтын құндылықтар қатарына индивидуалдық, теңдік және жеке өмірге қол сұқпау құқығы кіреді. АҚШ-қа жақында келсеңіз немесе АҚШ мәдениетіне ұқсамайтын өзге елде өскен болсаңыз, бұл бөлімде айтылған барлық тұжырымдар мен дағдылар АҚШ-тың бизнес-мәдениетіне бейімделуге көмектесе алады. Бұл елдің бизнес-коммуникация ерекшеліктерін меңгергенде есте ұстайтын кейбір негізгі ережелер мыналар:48 ● Индивидуалдық. Ұжымдық гармония мен ұжымдық табысты бағалайтын мәдениеттермен салыстырғанда, АҚШ-та жеке адамның жетістікке өз күшімен жеткенін жоғары бағалайды және оларды жеке табыстары үшін марапаттайды. Көп компанияда командалық жұмысқа мән берілсе де, жеке тұлғалар арасында бәсекеге жол беріп, қызметкерлерді үлкен жетістіктерге ынталандырады. ● Теңдік. Ел тарихында теңдік ылғи позитив сипатта болмаған, әрі қоғамда әлі күнге дейін теңсіздіктер кездеседі, дегенмен теңдік – Америкадағы басты құндылықтардың бірі. Бұл принцип – нәсіл, жыныс, әлеуметтік тек және тіпті жасқа да қатысты қолданылады. Басқа мәдениеттердің өкілдерімен салыстырғанда америкалықтар түрлі мәдениет өкілдерінің арманы мен мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік берілуге тиіс деп санайды. ● Құпиялық және жеке кеңістік. Әлеуметтік желілер мен өзге де жеке мәліметтер жинайтын басқа медиа түрлерінің дамуына байланысты жағдай өзгеріске түссе де, АҚШ тұрғындары жеке басқа қол сұқпауға үйренген. Бұл дағды жұмыстағы «жеке кеңістік» мәселесіне де байланысты қолданылады. Мысалы, олар есігі жабық кеңсеге кірерде рұқсат сұрайды және адамды жақсы білмейінше, оған діни сенімі мен жеке қызметіне байланысты сұрақ қоймауға тырысады. ● Уақыт пен кесте. АҚШ бизнес-компаниялары жұмысқа кешікпеуді және уақытты тиімді пайдалануды бағалайды. Мысалы, жиналыстар белгіленген уақытта басталып, аяқталуға тиіс. ● Дін. АҚШ-та ресми дін жоқ. Елде көп дін бар, ал адамдар бір-бірінің наным-сенімін құрметтеуге тиіс. ● Коммуникация стилі. коммуникация жасағанда адамдар көп жағдайда тура болғанды құп көреді және ұжымдық гармонияға қарағанда мазмұн транзакцияларға көбірек назар аударады. Мәдениетке қатысты басқа пікірлер секілді, бұл да тым жалпылама болжам. Халық саны 300 миллионнан асатын кез келген ұлттың өз ішінде көп ерекшелік болуы мүмкін. Алайда жоғарыдағы нұсқаулық бизнес-коммуникация жағдайларының басым бөлігінде ойдағыдай коммуникация жасауға көмектеседі.

Мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіру

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мәдениетаралық коммуникация дағдысын жетілдірудің жеті қадамымен танысасыз Мәдениеттер арасында ойдағыдай коммуникация жасау үшін көп дағды қажет (3.2-сызба). Карьера барысында өзге мәдениеттер мен тілдерді меңгеру, коммуникация стилін таңдау еркіндігін құрметтеу, анық жазып, анық сөйлеу, мұқият тыңдау, аудармашылардың көмегіне қашан жүгіну керегін білу, өзгелердің өз мәдениетіңізге бейімделуіне көмектесу секілді жайттарды үйреніп, мәдениетаралық дағдыларыңызды жетілдіресіз.

3.2-сызба. Тиімді мәдениетаралық коммуникация компоненттері Сан қырлы бизнес-ортада коммуникация жасау – оңай шаруа емес, бірақ карьераңыз алға жылжыған сайын сезімталдықты дамытып, дағдыларыңызды жетілдіре түсесіз

Өзге мәдениеттерді зерттеу Коммуникациялық дағдыңызды өзге мәдениетке бейімдеу үшін сол мәдениет туралы білім ғана емес, әдеттеріңізді өзгертуге деген құлшыныс пен жігер қажет.49 Бағыңызға орай, барлығын бір мезгілде үйрену шарт емес. Көп компания бір елге немесе аймаққа бағытталған маман тағайындап, қызметкерлердің тек бір мәдениетке ғана назар аударуына мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушіңіз бизнесті халықаралық деңгейде жүргізсе, белгілі бір мәдениетті меңгеруге тиіс қызметкерлеріне тренинг немесе қолдау бағдарламаларын ұсынуы мүмкін. Тіпті шағын зерттеу мен тәжірибенің өзі бизнестегі көп тығырықтан ойдағыдай шығуға көмектеседі. Сонымен қатар көп адам шынайы талпыныс пен жақсы ниетке позитив түрде жауап береді және олардың мәдениетін үйренуге қызығушылық танытсаңыз, бизнес-серіктестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Сұрақ қоюдан қысылмаңыз. Адамдар сіздің алаңдауыңызды және білуге құмарлығыңызды түсінеді. Бірте-бірте білім жинақтап, түрлі бизнес-жағдайларда өзіңізді қолайлы сезініп, тиімді жұмыс істей бастайсыз. Саяхаттауға және белгілі бір мәдени ортада жұмыс істеуге қатысты кеңес беретін сайттар мен кітаптар жетерлік. Сонымен бірге өзге мәдени ортада қолданылатын газет-журналдарды, тіпті музыка мен киноларды қарасаңыз болады. Мысалы, тілді меңгермесеңіз де, кинолардан бейвербал әдеттермен танысуға болады. (Алайда ойын-сауық өнімдеріне ғана тәуелді болудан сақ болыңыз. Өзге елдерден келген адамдар АҚШ мәдениеті туралы пікірлерін тек ақылы толмаған жасөспірімдер киносы мен атыс-шабысқа толы фильмдер арқылы қалыптастырса, оларда қандай көзқарас болатынын елестете аласыз ба?) Өзге елде бизнес бастар алдында зерттелуге тиіс басқа да маңызды мәселелерді білу үшін 3.1-кестеніқараңыз.

3.1-кесте. Өзге мәдениеттерде бизнес жүргізу
Әрекет
Ескерілетін жайттар
Қоғамдағы әдет-ғұрыптарды түсініңіз

• Жұрт бейтаныс адамарға қалай қарайды? Жылы қабақ таныта ма? Суық па? Ашылып сөйлемей ме? • Адамдар бір-бірімен қалай амандасады? Еңкею қажет пе? Бас изеуіңіз қажет пе? Қол алысасыз ба? • Түскі ас, кешкі ас немесе біреудің үйіне қонаққа шақырылсаңыз, келіскеніңізді қалай білдіресіз? Сыйлық апаруыңыз немесе гүл жіберуіңіз қажет пе? Алғыс хат жөнелтуіңіз керек пе?

• Қандай да бір сөз, ым-ишара дөрекі болып саналмай ма?
• Даяшыны қалай шақырасыз? Даяшыға шайлық қалдыру керек пе?

• Шақырудан бас тарту дөрекі саналмай ма? Қалай сыпайы түрде бас тартуға болады? • Әлеуметтік жерлерде қандай тақырыптарды талқылауға болады, қайсысын болмайды? Ал бизнес-орындарда ше? • Қоғамдық әдет-ғұрыптар ерлер мен әйелдер арасындағы байланысты қалай реттейді? Жастар мен қарттар арасындағы байланысты ше?

Киім кию мен тағам таңдаудағы ерекшеліктерді үйреніңіз
• Қандай шараларға сәнді киім кию керек?

• Қандай түстер аза тұту белгісі саналады? Махаббаттың белгісі қай түс? Қуанудың ше? • Кейбір киім түрлерін белгілі бір жыныс мүшелеріне киюге тыйым салынған ба?

• Күніне қанша мезгіл ас ішеді?
• Тамақ ішкенде қолды, ас ішу құралдарын қалай қолдану керек?
• Үстел басындағы ең құрметті орындар қай жерде?
Саяси ерекшеліктерді бағалаңыз

• Саяси жағдай қаншалық тұрақты?
• Саяси жағдай ішкі және сыртқы бизнеске әсер ете ме?
• Қоғамдық және бизнес-ортада саясат туралы сұхбаттасу орынды ма?
Діни және қоғамдық наным-сенімдерге мән беріңіз

• Халық қай дінді ұстанады?
• Қандай орындар, нысандар, әрекеттер және шаралар киелі саналады?

• Діни наным-сенімдер ерлер мен әйелдер және өзге топтар арасындағы коммуникацияға әсер ете ме?

• Саны аз діни топтарда толеранттылық бар ма?
• Діни мерекелер іскери және мемлекеттік шараларға қалай әсер етеді?

• Дін қандай да бір тағамдарды жеуді міндеттей ме, әлде тыйым сала ма? Белгілі бір уақыттарда ше?

Экономикалық және іскери институттарды зерттеңіз
• Қоғам гомоген бе, әлде гетероген бе?
• Жұрт қай тілде сөйлейді?
• Басты ресурстары мен басты өнімдері не?

• Бизнестері ірі ме? Белгілі бір отбасына тиесілі ме? Мемлекет басқара ма?

• Жалпы белгіленген жұмыс уақыты қандай?
• Халық жоспарланған кездесулерге қалай қарайды?
• Бизнес бастамас бұрын әуелі қоғаммен араласу керек пе?
Этика, құндылықтар мен заңдардың табиғатын саралаңыз

• Бизнес-келісімдер жасасу үшін ақша немесе сыйлық беру қалыптасқан ба?
• Адамдар бәсекелестік пен әріптестіктің қайсысын бағалайды?

• Олардың жұмысқа қатысты көзқарастары қандай? Ақшаға қатысты көзқарастары ше?

• Сыпайылық адалдықтан маңызды ма?
Өзге тілдерді үйрену

мәдениетаралық коммуникация ойдағыдай жүргізу үшін жеке коммуникация стиліңізді өзгерту қажет болады. Коммерция саласындағы жаһандану үрдісі жалғасуда және көп елде лингвистикалық әралуандық қоғамның бір бөлшегіне айналып, көп тілде сөйлейтін бизнес-мамандарға сұраныс артып келеді. Екі немесе одан да көп тілде коммуникация жасай білу жұмысқа өтініш беру кезінде бәсекеге қабілетіңізді арттырып, түрлі карьералық мүмкіндіктерге жол ашады.

Өзге адамның мәдениетін үйренуге күш салу – оны құрметтеудің белгісі. Тіпті өзге елдегі әріптесіңіз немесе клиентіңіз сіздің тіліңізде сөйлей алса да, олардың тілінде жиі кездесетін тіркестерді үйренуге уақыт бөліңіз. Бұлай жасау күнделікті іскери және қоғамдық жағдайлардан ойдағыдай шығуға көмектесіп қана қоймай, бизнес-коммуникацияға жауапкершілікпен қарайтыныңызды көрсетеді. Бәлкім, ол кісі сіздің тіліңізді меңгеруге көп уақытын сарп еткен болар.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

ІTranslatex 80-нен астам тілді аударып, енгізілген сөздерді дыбыстайды. Мобайл құрылғылардың өзге тілді меңгеруде және өзге тілдегі адаммен коммуникация жасауда көмегі көп тиеді. Интернеттегі ұшан-теңіз қосымшалар мен уеб-сайттар негізгі сөздер мен тіркестерді, грамматика мен орфоэпияны меңгеруге көмектесіп, мәтін аударуға, тіпті ілеспе аударма жасауға жәрдемдеседі (3.1-сурет). Ағылшын – халықаралық бизнесте ең көп қолданылатын тіл, бірақ әркім ағылшынша түсінеді немесе дәл ағылшындар сияқты сөйлейді деп ойлап қалмаңыз. Оның үстіне бір тілде сөйлейтін әртүрлі елден келген адамдардың тіл қолданысы бірдей деген ойдан аулақ болыңыз. Канаданың Квебек штаты мен өзге де аймақтарында қолданылатын француз тілі мен Франциядағы француз тілінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Сол секілді АҚШ пен Ұлыбритания бір тілде сөйлейтін екі бөлек ел ретінде қарастырылады. Мысалы, АҚШ-та айтылатын perіod (пунктуацияға қатысты), elevator (лифт) және gasolіne (жанармай) сөздерін Ұлыбританияда full stop, lіft және petrol дейді.

3.1-сурет. Мобайл тіл құралдары Аударма қосымшалары көмегімен көптілді бизнес-ортада жұмыс істеу өте қолайлы. Тіпті белгілі бір тілді меңгермесеңіз де, негізгі тіркестердің аудармасын жылдам ала аласыз

Коммуникация стиліндегі өзгенің таңдауын құрметтеу Әр мәдениетте коммуникация стилі, яғни туралық деңгейі, ресмилік дәрежесі, медиа таңдау ерекшеліктері және өзге де факторлар әрқалай (3.2a–d-суреттері). коммуникация жасайтын серіктесіңіздің талап-тілектерін білу оның стиліне бой үйретуге көмектеседі. Айталық, көру мен үйрену – дағдыларыңызды жетілдірудің ең тамаша жолы. Дегенмен көп мәлімет алғаннан кейін ғана мәдениет туралы жалпы түсінік қалыптастыра аласыз. Мысалы, АҚШ жұмысшылары әдетте ашық және тура коммуникация жасау стилін ұнатады; олардың өзге стильдерге көңілі толмайды. Швецияда да туралықты тиімділіктің белгісі ретінде санағанымен, қызу талқылау мен дауласу әдеттен тыс жағдай ретінде қабылданады. Итальян, неміс және француз басшылар әдетте әріптестерін сынаудан бұрын мақтамайды; олай істеу оларға манипуляция жасағандай көрінеді. Жапония мен Қытай сияқты жоғары контекстік мәдениеттен шыққан мамандар тура айта бермейді.50 Жалпы алғанда, АҚШ бизнесмендерімен салыстырғанда өзге ел кәсіпкерлерінің бизнес-хат жазу стилі анағұрлым ресми.

3.2a-сурет. Мәдениетаралық бизнес-хат: тиімсіз оригинал драфт Бұл хат (радио түрінде басқарылатын ұшақтар жасайтын Кентукки компаниясынан) көп мәселені ашып көрсетіп, оқырмандарын ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін (өндіріс компаниясының менеджері Қытайда). 3.2b-суреттегі өзгерістерді бақылап, хаттың қалай өңделіп, негізгі аудиториясына қалай аударылғанын байқаңыз

3.2b-сурет. Мәдениетаралық бизнес-хат: алғашқы тексеру Бұл нұсқада бейресми тіркестер мен намысқа тиетін сөздерді қолдануға қатысты мәселелердің басым бөлігі қарастырылады. Бір түзетіп шыққаннан кейін мәтін ана тілі – ағылшын тілі адамдарға ұғынықты болуы мүмкін, бірақ қытай оқырманының түсінуі үшін кей сөздерді және хабарламаның форматын өзгертуге тура келеді, 3.2c-суретпен салыстырыңыз

3.2c-сурет. Мәдениетаралық бизнес-хат: соңғы рет тексеру Мынау – ағылшын тілді қытай азаматының ұғынуына жеңіл, Қытайдағы бизнес-коммуникация стандарттарына бейімделген мәтіннің ағылшын тіліндегі соңғы нұсқасы (мекенжайы алынып тасталды)

3.2d-сурет. Мәдениетаралық бизнес-хат: аударылған нұсқа Бұл қытайдың бизнес-коммуникация тәжірибесіне сәйкес форматта аударылған нұсқа

Жатық жазу Түсінікті жазу әр уақытта маңызды саналған, бірақ ана тілі ағылшын тілі емес адамдар жазғанда, мұның маңызы арта түседі. Хабарламаңыздың түсінікті екеніне көз жеткізу үшін келесі кеңестерді басшылыққа алыңыз (3.3-сурет):51 Ана тіліңізде сөйлемейтін адамдарға жазғанда немесе олармен сөйлескенде анық жазып-сөйлеп, жай сөйлемдер қолданыңыз. ● Сөздерді мұқият таңдаңыз. Адамдарды шатастыруы мүмкін көп мағыналы сөздерді қолданбаңыз. Мысалы, rіght сөзі ондаған түрлі мағына береді, сондықтан мағынаны дәл жеткізетін синонимдерді табыңыз. Мысалы, correct (дұрыс), approprіate (орынды), desіrable (қажетті), moral (моральдық), authentіc (түпнұсқа) немесе prіvіlege (артықшылық).52 ● Қысқа жазыңыз. Оқырман ақпаратты оңай түсінуі үшін оны шағын бөліктерге бөліңіз, жай сөйлемдер мен қысқа абзац қолданыңыз. ● Сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен жалғайтын транзит сөздерді (transіtіon) көп қолданыңыз. Транзит сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, оқырманның ой тізбегіне ілесіп отыруына көмектесіңіз. Мысалы, бір-бірімен байланысты жайттарды бұған қоса, біріншіден, екіншіден, үшіншіден деген сөздер арқылы біріктіріңіз. ● Шетелге хат жолдағанда мекенжайын анық көрсетіңіз. Көбірек ақпарат білу үшін «а» қосымшасын қараңыз. ● Сандар мен күндерді мұқият көрсетіңіз. АҚШ-та 11-05-18 саны «2018 жылдың 5 қарашасы» дегенді білдіреді, ал көп елдерде бұл «2018 жылдың 11 мамыры» деген сөз. Жапония мен Қытайда әдетте жыл бірінші көрсетіліп, сосын ай, содан кейін ғана күні жазылады; сол себепті Жапонияда 2018 жылғы 5 желтоқсан деп жазу үшін 2018-12-05 деп көрсету керек. Сол секілді АҚШ пен Ұлыбританияда 1.000 деген 1 бүтін және үш таңбалы бөлшек сан саналса, Еуропаның өзге елдерінде бұл – мың деген сөз. ● Сленг сөздер мен тұрақты тіркестен және бизнес-жаргондардан аулақ болыңыз. Күнделікті қолданылатын ауызекі және жазбаша тілде сленгтер мен идиомалық тіркестер өте көп. Идиомалық тіркес – мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасымен анықталмайтын тіркестер, сөз орамы. Америкалық ағылшын тілінен мысалдар: «Knocked one out of the park» (Ерекше жақсы атқарылған іс) және «More bang for the buck» (Не ексең, соны орасың). Бұл тіркестерді қолданғанда аудиторияңыз не айтып отырғаныңызды түсінбеуі мүмкін. Әзіл белгілі бір мәдениеттің ерекшелігін терең түсінуге байланысты болғандықтан, елдер арасында нашар таралады. ● Попмәдениеттің әзілдері мен оларды меңзеуден аулақ болыңыз. Бұқаралық ойын-сауық әзіл-қалжыңдары белгілі бір мәдениетке тән ақпаратқа негізделеді, сондықтан аудиторияңыз ол туралы мүлде білмеуі мүмкін. Бұл айырмашылықтардың кейбірі тым маңызсыз көрінгенімен, халықаралық аудиторияның талаптарына сай болу – өзге мәдениет туралы біліміңіз бен оған деген құрметті білдіреді.

Байқап сөйлеу және мұқият тыңдау Екпіні, мәнері, қарқыны мен дыбыс деңгейіне байланысты тілдер әртүрлі, сондықтан сөздердің мағынасы мен тұтас хабалараманың астарын ұққысы келген адамдарға қиындық туғызады. Рrogress деген ағылшын сөзі қай дыбысқа екпін түсіргеніңізге байланысты зат есім де, етістік те болады. Қытай тілінде ma сөзінің мағынасы спикердің қай буынға екпін түсіргеніне қарай ана, соқтығысу, жылқы немесе сөгу мағыналарында жұмсалады. АҚШ-тағы ағылшынтілді тыңдаушы арабтардың ауызекі тілдесуінен қуанғанын немесе ұрысқанын айыра алмайды.53 Мәдениетаралық коммуникацияны ойдағыдай жүргізу үшін анық сөйлеп, аудиторияның пікірін тыңдау өте маңызды. Әртүрлі тілде немесе тіпті бір тілдің әртүрлі диалектілерінде сөйлейтін тараптар арасындағы әңгіме ойдағыдай өрбісін десеңіз, сөйлеушілер мен тыңдаушылар келісімге келуі керек.54 Сөйлеуші хабарламасының мазмұны мен жеткізу стилін тыңдаушылардың қажеттіліктері мен әңгіме ауанына қарай түзеп отыруға тиіс. Мысалы, жүзбе-жүз тілдессеңіз немесе электрондық түрде видеобайланысқа шықсаңыз, ойыңызды жеткізу үшін қол және өзге де бейвербал белгілерді қолдана аласыз. Ал визуал байланыс болмаған жағдайда ойыңызды жеткізу үшін сөздер мен дыбыстық сипаттарды ғана қолданып, қосымша күш салу керек. Есесіне, тыңдаушы сөйлеушінің ойын түсіну үшін акцент, сөздік қоры мен ым-ишара секілді көңіл бөлетін өзге де факторларға барынша түсіністік танытуы керек. Ана тілі бөтен адамдармен сөйлескенде тіпті күнделікті әңгімені түсінудің өзі қиынға соғады. Мысалы, америкалықтар сөйлегенде бірнеше сөзді біріктіріп, түсініксіз сөз жасап жібереді. Мысалы, «Dіd you eat yet?» (Тамақ ішіп алдың ба?) дегенді «Jeetyet?» дейді. Французша ауызекі тілде ереже бойынша бірнеше сөз қосылып айтылады және оның айтылуы келесі сөзге байланысты өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда ана тілі француз емес кісілер бір сөздің қашан аяқталып, екіншісінің қашан басталғанын түсінбей, дал болуы мүмкін. Мәдениетаралық сұхбатта ұғынықты болу үшін анық және ақырын сөйлеңіз, бірақ бөтен адаммен әңгімеде тым көлгірсіп кетпеңіз, тым қарабайыр да болмаңыз. Аса қажет болмаса, бастапқы айтқан сөздеріңізді қайталағанда синоним сөздерді пайдаланбаңыз, өйткені тыңдаушы қайта аударып, әуреге түседі. Әңгіме барысында сұхбаттасушының ойыңызды дұрыс түсінгеніне сенімді болу үшін пікірін сұрап отырыңыз. Әңгіме соңында айтылған жайт пен қабылданған шешім бойынша тыңдаушымен ойларыңыз бір жерден шыққанына көз жеткізу үшін тағы бір мәрте тексеріп алғаныңыз жөн. Мәдениеттер арасында жақсы тыңдау дағдысын қалыптастыру үшін естігенді сынсыз қабылдап, кісінің ойын аяқтауына мүмкіндік беріңіз. Тыңдаушы ретінде дауыстағы құбылмалылықты аңғаруға үлкен тәжірибе керек. Бастысы – мақсаты мен мағынасы туралы алдын ала жорамал жасамай, сөздерді сол күйінше естіп, қабылдау керек. Кісінің ойын аяқтауына мүмкіндік беріңіз. Сөзін бөлсеңіз, маңызды ақпаратты естімей қалуыңыз мүмкін. Оның үстіне бұл – сыйламаудың белгісі. Айтылған сөзді түсінбесеңіз, қайталауды өтініңіз. Қосымша көмек сұрап, өзіңді қолайсыз сезінуге қарағанда сәтсіз коммуникацияның салдары ауыр болмақ. Жазбаша және ауызша аудармашылар мен аударма бағдарламасының көмегіне жүгіну Маңызды бизнес-коммуникация кезінде кәсіби аудармашылардың қызметіне жүгініңіз («translator» – жазбаша және ауызекі аударатын маман, «іnterpreter» – тек ауызекі аударатын маман). Бизнесте аудармашылардың (translator – жазбаша және ауызекі аударатын маман, іnterpreter – ауызекі аударатын маман) көмегіне жүгінетін жағдайлар жиі туындайды. Аудармашылардың қызметі қалтаға ауыр тиюі мүмкін, бірақ өзге мәдени контексте коммуникацияға түскенде тәжірибелі кәсіби аудармашылардың тигізер көмегі мол.55 Өзге елдің мәдени ортасында өз тіліңізде сөйлеп қателік жіберіп, ұятқа қалмаңыз. Маркетинг пен жарнамада заманауи мәдениетпен үндестікте болу өте маңызды, компаниялар кейде transcreatіon, яғни мәтінді жай аудара салмай, материалды жаңа мәдени контекске бейімдеп, қайта құру тәсілін де пайдаланады.56 Кейбір компаниялар нақтылыққа көз жеткізу үшін кері аударманы қолданады. Яғни аудармашы хабарламаны өзге тілге аударған соң басқа аудармашы сол хабарламаны түпнұсқа тілге қайта аударады. Содан соң кері аударма түпнұсқа хабарламамен салыстырылып, қандай да бір қателік немесе алшақтық бар-жоғы тексеріледі. Кәсіби аударма қызметінің шығыны көп әрі біршама уақыт алатындықтан, компьютердегі аударма құралдары дами бастады. Арнайы бағдарламалық жасақтамалар, мобайл қосымшалары, WorldLіngo және Google Translate секілді онлайн қызметтер автоматты түрде аударма жасаудың түрлі формаларын ұсынады. Басты іздеу жүйелері өзіңіз тапқан сайттарды аудару туралы өтініш жасауға мүмкіндік сыйлайды. Бұл құралдардың ешқайсысы адам-аудармашы сияқты болмағанымен, олардың қызмет сапасы уақыт өте келе жақсарып келеді.

Төл мәдениетіңізге Өзгелердің бейімделуіне көмектесу Өзгелердің мәдениетіңізге бейімделуіне көмектесіңіз; бұл жұмыс орнын өнімді еңбек ортасына айналдырып, олардың да мәдениетін меңгеруге жағдай жасайды. Мәдениетаралық коммуникацияның ойдағыдай жүзеге асуына кез келген адам үлес қоса алады. Ірі корпорацияның ережелеріне үйрене алмай жүрген жас қызметкер бола ма, командаңызда бірге жұмыс істейтін шетелдік бола ма, олардың араласып, өз коммуникация стильдерін ортаға бейімдеуіне көмектесіп жүріңіз. Мысалы, ана тілі ағылшын емес сөйлеуші қателік жасап, бұл оның абырой-сеніміне нұқсан келтіретінін түсінсеңіз, лайық сөздер мен тіркестерді қалай қолдануға болатынын айтып, кеңес беріңіз. Ізет-құрметпен жасалса, тіл үйренушілердің басым бөлігі мұндай көмекке шын ниетімен ризашылығын білдіреді. Оған қоса көмектесу барысында өзге адамның мәдениеті мен тілінен де көп нәрсе үйрене аласыз. Сонымен бірге коммуникация процесін жеңілдету бойынша қадамдар жасай аласыз. Мысалы, әдетте екінші тілде ауызекі әңгімелесу жазбаша түрде коммуникация жасағаннан әлдеқайда күрделі, сондықтан шетелдік әріптесіңізден конференц-қоңырау барысында ақпаратты ауызекі бергеннен гөрі, жазбаша жауап қайтаруын өтінсеңіз болады. Жұмыс орнында мәдениетаралық коммуникацияны жетілдіру мақсатында идеялардың қысқа топтамасымен танысу үшін «Бақылау тізімі. Мәдениет­аралық коммуникация дағдыларын жетілдіру» айдарын қараңыз. Әр алуан әлемде коммуникация жасау бойынша қосымша ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 3-тарауды таңдаңыз.

Kaіser Permanente
коммуникация мәселелері

Kaіser Permanente компаниясы әралуандықты бағалайды және қызметкерлер мен науқастардың қоян-қолтық араласуын алдыңғы орынға қояды. Айталық, сіз Kaіser медицина орталығында бөлім жетекшісі болып жұмыс істейсіз. Сіздің міндетіңіз – инклюзив орта қалыптастырып, кез келген мәдени ортадан шыққан қызметкерлерге қолдау көрсету. Бұл мәселелерді қалай шешер едіңіз? ЖЕКЕ ТАПСЫРМА. Өткен жылы Румыниядан көшіп келген Михай Сисей сіздің бөлімге орналасты. Ол – баға қалыптастыру мен сақтандыруда нағыз эксперт, бірақ өзге қызметкерлермен жұмыс істегісі келмейді, тіпті бірігіп жұмыс істеуге арналған командалық жұмыстардан да қашады. Командалық жұмыстың маңызды екені белгілі, енді бұл мәселені қалай шешер едіңіз? Бұл дилемманы шешу үшін бірнеше балама ұсынысты атап, қандай тәсіл қолданатыныңызды анықтап, себебін түсіндіріңіз. КОМАНДАЛЫҚ ТАПСЫРМА. Қызметкерлеріңіз этностық негізде шағын топтарға бөлініп алған. Этностық топ мүшелері бірге тамақ ішіп, қоғамдық орындарды бірге аралайды, жұмыс кезінде ана тілдерінде шүйіркелесіп отырады. Олардың ұйымшылдығын жақсы бағалайсыз, алайда бұл бейресми коммуникация арналары топтан тыс қызметкерлерді бөлектеп, ақпарат алмасу процесіне кедергі келтіруде. Бөлім ішінде қауымдастық мәдениеті мен командалық жұмысты нығайтуға қалай ынталандыра аласыз? Бөліміңіздегі мәдениетаралық коммуникацияны жетілдіру мақсатында жасауға болатын кемінде үш әрекетті ойластырыңыз.

Мәдени біліктілік көзқарас, білім және дағдылардың жиынтығын қажет етеді. Мәдениет – таңбалар мен сенім-көзқарастың, құндылықтар мен талап-тілектердің және жүріс-тұрыс нормаларының ортақ қалыптасқан жүйесі. Этноцентризм – өзге топтардың барлығын өз тобының стандарттары, мінез-құлқы және дәстүрлеріне қарай сынау құбылысы. Стереотиптеу – белгілі бір топқа мүшелігіне сүйене отырып, жеке адамға жалпыланған қасиеттер таңу.

Мәдени плюрализм – түрлі мәдениеттерді сол күйінде қабылдау. Жорамал жасамай, сынап-мінемей және айырмашылықтарды қабылдай отырып, этноцентризм мен стереотиптеуден құтылуға болады. Мәдени контекст – физикалық таңбалар, қоршаған ортаның қозғау күші және көрінбейтін ұғынысу арқылы бір мәдениеттің екі мүшесі арасында мағынаны жеткізу формасы. Жоғары контекстік мәдениеттер мағынаны жеткізуде бейвербал әрекеттер мен қоршаған орта ерекшеліктеріне тәуелді болса, төмен контекстік мәдениеттер айқын ауызекі коммуникацияға тәуелді.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Әралуандық – әрқайсысымызды жеке тұлға ретінде анықтайтын барлық сипаттар мен тәжірибелер. Жоғары контекстік мәдениет – адамдар өз ойын жеткізу үшін вербалдыкоммуникацияға тәуелділігі азайып, бейвербал әрекеттер мен қоршаған орта ерекшеліктеріне көбірек арқа сүйейтін мәдениет. Идиома тіркестер – құрамындағы жеке сөздердің мағынасымен анықталмайтын сөз орамдары; мұндай тіркестерді шет тілін меңгерушілер түсіне алмай, қиналуы мүмкін.

Ксенофобия – бейтаныс адамдар мен шетелдіктерден қорқу сезімі. Мәдени білік – қарым-қатынасқа әсері бар мәдени айырмашылықтарды бағалап, мәдени шекаралар арасында месседждердің ойдағыдай алмасуына көз жеткізу үшін қарым-қатынас жасау стилін соған қарай бейімдеу қабілеті. Мәдени контекст – бір мәдениеттің екі мүшесі арасында физикалық ишара, қоршаған ортаның ықпалы және көрінбейтін ұғынысу арқылы түсінісу формасы.

Мәдени плюрализм – түрлі мәдениеттерді сол күйінде қабылдау. Мәдениет – таңбалар мен наным-сенімдердің, құндылықтар мен талап-тілектердің және жүріс-тұрыс нормаларының ортақ қалыптасқан жүйесі. Мәдениетаралық коммуникация – хабарламаларды жіберу және алу процесі, мұнда адамның мәдени ерекшелігі вербал және бейвербал хабарламаларды түрліше қабылдауға әкеледі. Стереотиптеу – жеке адамдардың белгілі бір әлеуметтік топқа немесе мәдениетке тиесілігі негізінде оған жалпылама қасиеттерді таңу. Төмен контекстік мәдениет – ойын жеткізу үшін адамдардың көбіне вербал коммуникацияға тәуелді болып, жағдай ерекшеліктері мен бейвербал белгілерге азырақ жүгінуі. Этноцентризм – өзінен басқа топтарды стандарттар жүйесіне, қимыл-әрекеттеріне қарап және өз тобының дәстүрлерімен салыстыра отырып, сынап-мінеу.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Мәдениетаралық коммуникацияның мүмкіндіктері мен қиындықтарын түсіндіңіз. Әлемдік нарық кеңістігі ұлттық шекараларды бұзып, кез келген деңгейдегі кәсіпорындардың өзара бәсекелесуіне мүмкіндік береді. Сол себепті қазіргі кезде бизнес саласы мамандарының халықаралық шекаралардан өтіп, өзге мәдени ортада тұрып жатқан адамдармен коммуникация жасауына мүмкіндіктер жетерлік. Оған қоса отандық жұмыс күші де ұлты, діні және этностық тегі әртүрлі қызметкерлерден құралып, әр алуан болып барады. Мұндай ортада компаниялар әртүрлі көзқарастар мен идеяларға қол жеткізіп, әр алуан нарықты жақсы түсінуге және ең талантты қызметкерлерді жұмысқа тарту мүмкіндігіне ие болады. Алайда мәдениетаралық коммуникацияның қиындықтары да бар. Мысалы, әр алуан қызметкерлерді команда болып ынтымақтасып, бірігіп жұмыс істеуге ынталандыру, түсінбестік тумас үшін мәдениеттің тілге әсерін жеткілікті дәрежеде түсіну қиын. 2 Мәдениет ұғымына анықтама беріп, мәдениет қалай меңгерілетінін түсіндіресіз, этноцентризм мен стереотиптеу ұғымдарына анықтама бердіңіз. Мәдениет – таңбалар мен сенім-көзқарастардың, құндылықтар мен талап-тілектердің және жүріс-тұрыс нормаларының қалыптасқан ортақ жүйесі. Мәдениетті қоғамның өзге мүшелерінің кеңесін тыңдап, олардың қимыл-әрекеттерін бақылау арқылы меңгереді. Мәдениет адамнан-адамға және ұрпақтан-ұрпаққа дұрыс берілуі үшін осындай тура және жанама әдістер қолданылады. Этноцентризм – барлық өзге топтарды өз тобының стандарттары, қимыл-әрекеттері және дәстүрлеріне қарай сынау құбылысы. Стереотиптеу – жеке адамдардың белгілі бір әлеуметтік топқа немесе мәдениетке тиесілілігі негізінде оған жалпылама қасиеттер таңу, оның ерекше қасиеттерін көрмеу. Этноцентризм мен стереотиптеуді жеңу үшін алдын ала долбар жасаудан сақтанып, сынап-мінемеу керек және айырмашылықтарды мойындау қажет. 3 Мәдени айырмашылықтарды танудың маңызын түсініп, сегіз категориясын білдіңіз. Әртүрлі мәдениет өкілдері месседждерді әрқалай қабылдап, жеткізеді, осылайша түсінбестік туу ықтималдығы арта түседі. Мәдени айырмашылықтарды танып, оларға санамыздан орын бере отырып, әрбір адамның ойы мен әрекеті менікіне ұқсас болуы керек деген ойдан еріксіз түрде арыламыз. Айырмашылықтың сегіз категориясына назар аударудан бастаңыз: контекстік айырмашылықтар (ойды жеткізуде мәдениеттің вербал немесе бейвербал әрекеттерге тәуелді болу деңгейі), құқықтық және этикалық айырмашылықтар (заң мен этика ережелерін қарастыру және оларға бағыну деңгейі), әлеуметтік айырмашылықтар (қоғам мүшелерінің жұмыс пен табысты бағалауы, дәрежені мойындауы, мінез-құлықты анықтауы, уақытты қабылдауы), бейвербал айырмашылықтар (амандасу, жеке кеңістік, жанасу, бет әлпеті қимылдары, көз түйістіру, тұрған тұрысы, ресмилікке қатысты әртүрлі көзқарас), жас айырмашылығы (адамдардың жастыққа, ересектікке, қарттыққа қатысты көзқарастары), жыныстық айырмашылық (ерлер мен әйелдер қалай коммуникация жасайды, гендерлік идентификация спектрі), діни айырмашылық (наным-сенімдер жұмыс орнындағы коммуникацияға қалай әсер етеді) және қабілет айырмашылығы (мүмкіндігі шектеулі жандарға өзге қызметкерлермен ойдағыдай коммуникация жасауға мүмкіндік беретін инклюзив стратегиялар). 4 Кез келген бизнес-мәдениетке бейімделудің жалпы төрт ережесін меңгердіңіз: 1) өзіңіздің мәдени сыңаржақтылығыңызды тани отырып, бұл күштердің коммуникация жасау әдетіңізді қалай өзгертетінін түсіну; 2) «Алтын ережені» қолданбау (Алтын ереже: адамдардың сізбен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, олармен солай қарым-қатынас жасау) және оның орнына адамдармен өздері қалағандай деңгейде коммуникация жасау; 3) толеранттылық пен икемділікке және құрмет көрсетуге дағдылану; 4) шыдамдылық таныту және қолайсыз жайттардан жеңіл өту үшін әзілді түсіне білу арқылы кез келген бизнес-мәдениетке бейімделе аласыз. 5 Мәдениетаралық коммуникация дағдысын жетілдірудің жеті қадамымен таныстыңыз. Мәдениеттер арасында ойдағыдай коммуникация жасау үшін көп дағды қажет, олардың барлығын карьера жасау барысында әрі қарай жетілдіре аласыз. Мәдениетаралық коммуникацияны төмендегідей: 1) өзге мәдениеттерді игеру; 2) өзге тілдерді үйрену; 3) аудиторияның коммуникация стиліндегі талғамдарын құрметтеу; 4) мүмкіндігінше түсінікті жазу; 5) мейлінше түсінікті сөйлеу; 6) мүқият тыңдау және қажет кезде жазбаша не ауызекі аударатын аудармашылардың көмегіне жүгіну және аударма бағдарламаларын қолдану; 7) өзгелердің мәдениетіңізге бейімделуіне көмектесу жолдары арқылы тиімді ете аласыз.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

3-1. Әр алуан жұмыс күшінің қандай ықтимал артықшылықтары бар [1-ОМ]?
3-2. Мәдени компетенттілік дегеніміз не [2-ОМ]?

3-3. Этноцентризм дегеніміз не және коммуникация барысында одан қалай арылуға болады [2-ОМ]? 3-4. Жоғары контекстік мәдениеттің төмен контекстік мәдениеттен қандай айырмашылықтары бар [3-ОМ]? 3-5. Контекстік айырмашылықтармен қатар, мәдени айырмашылықтардың тағы қандай категориялары бар [3-ОМ]? 3-6. Мәдениетаралық коммуникация барысында әзілді қалай пайдаға жаратуға болады [4-ОМ]?

3-7. Мәдениетаралық коммуникацияда «Алтын ереже» қандай проблемалар туғызуы мүмкін [4-ОМ]? 3-8. Өзге мәдениет өкілінің мәдениетіңізге бейімделуі­не көмектесу үшін қандай әрекеттер жасай аласыз [5-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 3-9. Өміріңіздегі ең басты бес нәрсенің тізімін жасаңыз (мысалы, танымалдық, байлық, отбасы, рухани кемелділікке жету, жан тыныштығы, даралық, өнерімді паш ету). Тізімді өзіңіз өмір сүріп отырған мәдениетте бағаланатын құндылықтармен салыстырыңыз (мәселені ауқымды немесе тар шеңберде қарастырсаңыз болады. Мысалы, мәдениет ұғымын анықтай отырып, тұтас АҚШ мәдениетін, колледж немесе университетіңіздің мәдениетін алсаңыз болады). Жеке құндылықтарыңыз өз мәдениетіңіздің құндылықтарымен сәйкес келе ме? Сәйкес келмесе, мұндай сәйкессіздік өзге мәдениет өкілдерімен коммуникацияға қалай әсер етуі мүмкін [2-ОМ]? 3-10. Жорамалдан арылуға күш салу мәдени плюрализм тәжірибесіне қалай әсер етуі мүмкін [2-ОМ]? 3-11. Өзге мәдениет өкілдерімен араласуға талпынғанда өз мәдениетіңді түсіну нелікен маңызды [4-ОМ]? 3-12. АҚШ туралы соңғы рет көрген үш фильм немесе телевизиялық шоуды еске түсіріңіз. Бұл ойын-сауық өнімдері АҚШ мәдениетін меңгеруге тырысып жүрген өзге ел адамдарына қалай пайдалы немесе пайдасыз болуы мүмкін [5-ОМ]?

3-13. Өзге адамның мәдениетіңізге бейімделуіне көмектесу сол адамның мәдениетін жақсырақ түсінуіңізге қалай септесуі мүмкін [5-ОМ]?

Шеберлігіңді сына 3-14. Төмендегі хабарламаны талдаңыз: Мәдени айырмашылықтарға бейімделу [5-ОМ]. Бастығыңыз Гонгконгтегі бөлімшеден сіздің бөліміңізге жақында ауысқан қызметкерлерді құттықтап, қысқа e-maіl хат жібергісі келді. Бұл қызметкерлердің барлығы Гонгконгте туып-өскендіктен, ағылшынша сөйлейді, бірақ бастығыңыз хаттың айқындығына назар аударып, оны тексеріп шығуыңызды сұрайды. Төмендегі e-maіl хатта бастығыңызға нені өзгерту керектігін айтар едіңіз? Неге? Бұл аудиторияның мүддесі тұрғысынан жазылған хат па? Неліктен иә? Неліктен жоқ? (Жауабы: Гонгконг адамдарының ағылшынша сөйлеу стилін анықтау үшін жылдам зерттеу жасаңыз.) «АҚШ-тағы шағын ұжымымызға қош келдіңіздер деп, мүмкіндігінше тезірек айтқым келді. Тек теңіз арқылы ғана емес, жүзбе-жүз қол алысып амандасатын уақыт келді. Барлықтарыңызбен танысқаныма қуаныштымын және сіздердің Америкада жақсы тәжірибе жинауларыңыз үшін бар күшімді салуға дайынмын».

Жаттығулар Әр әрекет бастапқы дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 3-15. Мәдениетаралық коммуникация: мәдени әралуандықты мойындау [1-ОМ], [3-ОМ], [4-ОМ]. 135-беттегі буын анықтамаларын қарап шығыңыз. Туған жылыңыз негізінде қай буынға жататыныңызды айтыңыз. Өзіңізді сол буынның өкілі ретінде сезінесіз бе? Неліктен? АҚШ-тан тыс жерде туылсаңыз, буынаралық шекаралар сіздерде де осындай ма? Өзге буындарға қатысты қандай сыңаржақ пікірлеріңіз болуы мүмкін екенін ойлап көріңіз. Мысалы, Y буынының өкілі болсаңыз, бейбибумерлер жайында не ойлайсыз және олардың жаңа идеяларды қабылдау ниеті жөнінде не айтар едіңіз? Жұмыс орнында қызметкерлерді араздастыратын буынаралық сыңаржақ пікірдің бірнешеуін табыңыз. Осы сұрақтарға жауаптарыңызды жинақтап, топтың блогында пост жариялаңыз, немесе оқытушыңызға e-maіl хат жіберіңіз. 3-16. Мәдениетаралық коммуникация: мәдени әралуандыққа бейімделу [4-ОМ]. Сіз тас конструкциялармен айналысатын K & J Brіck компаниясының жаңа менеджерісіз. Бұл компанияны 50 жыл бұрын оның негізін қалаған адамның екі ұлы басқарады. Жыл сайынғы кезекті бизнес-жоспарлау жиынын дала спортымен қатар үйлестіріп өткізу үшін қожайындар басқару тобын жабайы табиғатта орналасқан шағын үйшікке шақыруды дәстүрге айналдырған. Сіздің бұл шараға қатысқыңыз келеді, бірақ физикалық мүмкіндігіңіз шектеулі болғандықтан, дала спортына қатыса алмайтыныңызды білесіз. Жылдық шараны барлық менеджерлердің қатысуына мүмкіндік беретін орында өткізу жағын айтып, басқару тобына бағытталған қысқа e-maіl хаттың үлгісін жазыңыз. 3-17. Мәдениетаралық коммуникация: көптілді аудиторияға жазу [5-ОМ]. Ана тілі ағылшын емес адамның ағылшын тілінде жазғанын оқу – өзге тілде коммуникация жасаудың қалай қиын екенін еске салатын жақсы нәрсе. Бір қарағанда жазба түсініксіз, тіпті күлкілі болуы мүмкін, бірақ орындарыңызды ауыстырса, сіздің жазбаңыздың да оған түсініксіз немесе күлкілі естілуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Ағылшын тілінде сөйлемейтін елде орналасқан, бірақ уеб-сайтында ағылшын тілінде ақпараты бар компания табыңыз. (Жиі қолданатын іздеу жүйесіндегі арнайы функциялар белгілі бір елдің уеб-сайттарын табуға көмектеседі.) Осы сайттың тілін зерттеңіз. Тілі ағылшынға жүйрік адам жазғандай жатық па? Бірінші тапқан сайтыңыздағы ақпараттың америкалық ағылшын стилінен айырмасы болмаса, оған ұқсамайтын өзге компанияны табыңыз. Мәтін бөлігін таңдап (кемінде бірнеше сөйлем болуға тиіс), америкалық стиль бойынша қайта жазып шығыңыз. Түпнұсқа мәтін мен қайта жазылған нұсқаны оқытушыңызға жіберіңіз. 3-18. Мәдениетаралық коммуникация: көптілді аудиторияға жазу – тіл аудиториясы. Әріптестік: топ жобалары [5-ОМ], 2-тарау. Оқытушыңыз белгілеген командамен бірігіп, бес компанияның Facebook-тегі парақшасына шолу жасап, ана тілі ағылшын емес адамдарға түсініксіз естілуі мүмкін сөздер мен тіркестерді іздеңіз. Сіздің (немесе командадағы басқа біреудің) ана тіліңіз ағылшын болмаса, командаға сол сөздердің неліктен түсініксіз екенін түсіндіріңіз. Адамдарды шатастыруы мүмкін сөздері бар үш сөйлем, тақырып, компания ұраны немесе өзге де мәтін элементтерін таңдап, оны түсініктірек тілмен қайта жазып шығыңыз. Қолдан келгенше түпнұсқа мәтіннің сарынын сол күйінде сақтауға тырысыңыз, кей жағдайларда бұл мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Google Docs қолданып, түпнұсқа және қайта жазылған мәтін элементтерін бір жерге жинақтаңыз. Содан соң оны оқытушыңызға жіберіңіз. 3-19. Мәдениетаралық коммуникация: көптілді аудиториямен сөйлесу. Әріптестік: командалық жобалар [5-ОМ], 2-тарау. Өзге екі студентпен бірігіп, бөтен мәдениет өкілімен бизнес бойынша келіссөз жүргізгенде, қате түсініліп қалуы мүмкін он сленг үлгісін тауып, тізім жасаңыз. Әрбір үлгінің жанына дәл сол месседжді жеткізу үшін қолдануға болатын сөздерді жазыңыз. Балама үлгілер түпнұсқа сленг немесе идиоманың мағынасын дәл жеткізе ме? Түпнұсқа сөздер мен балама сөздер тізімін түсіндірмесімен бірге оқытушыңызға жіберіңіз. Түсіндірмеде балама сөздердің түпнұсқадан неге артық екенін түсіндіріңіз. 3-20. Мәдениетаралық коммуникация: көптілді аудиторияға арнап жазу [5-ОМ]. Google Translate секілді тегін онлайн аударма қызметінің артықшылықтары мен кемшіліктерін барлап шығыңыз. Осы тараудан «Іt gets even more dauntіng when you add the challenges of communіcatіon among medіcal staff and between patіents and theіr caregіvers, whіch often takes place under stressful cіrcumstances» деген сөйлемді Google Translate-ке енгізіңіз. Алдымен сөйлемді ағылшыннан испан тіліне аударыңыз. Содан соң испан тіліндегі нұсқасын көшіріп алып, аударма қоятын бөлікке қойыңыз, сосын оны испан тілінен ағылшынға кері аударыңыз. Енді бұл сынақты өзге тілдерге жасап көріңіз. Кері аудармадан кейін сөйлемнің мағынасы өзгерді ме? Ағылшынға қайта аударылған кезде жатық жазылған бизнес-жазба сияқты көріне ме? а) Халықаралық хат жазысу мақсатында автоматтандырылған аударма қызметін пайдалану бойынша қандай сабақ алуға болады? ә) Маңызды бизнес-месседжді осы сияқты онлайн құралымен аудару қолайлы ма? б) Мәдениетаралық коммуникация дағдысын ұштау мақсатында бұл сайтты қалай пайдалануға болады? Тапқандарыңызды жинақтап, қысқаша баяндама жазыңыз. 3-21. Мәдениетаралық коммуникация: көптілді аудиториямен сөйлесу. Медиа дағдылары: подкастинг [5-ОМ], 7-тарау. Сіздің компания – подкастты бизнес-коммуникация құралы ретінде қолданатын алғашқы мекемелердің бірі. Басшылар хабарламаларын (мысалы, ай сайынғы сату бойынша есептерді) аудиотаспаға жазып, компанияның интранетінде жиі жариялайды; Еуропа, Азия және Солтүстік Америкадағы 14 кеңсенің қызметкерлері оларды музыка плеерлеріне немесе өзге де құрылғыларға жүктеп алып, жұмысқа бара жатқанда, түскі ас ішіп отырғанда және тағы сондай жағдайларда тыңдайды. Бастығыңыз бәсекенің күрт артуынан табыстың азайып кеткенін хабарлайтын подкастқа кіріспе сөз дайындауыңызды сұрайды. Ол сіздің жазбаңызды қарап шығып, «мұны халықаралық тыңдаушыға лайықталуы керек» деген ескерту айтып, қайтарып береді. Төмендегі сөйлемдерді мүмкіндігінше жақсырақ етіп өзгертіңіз: «Сәлем, достар. Ақымақ бәсекелестеріміз бағаны қымбаттатып, соның кесірінен біз таяқ жедік. Сол сайқымазақтардың біздің сыртымыздан қалай пайда тауып жатқанын айтам да, болаттың бағасы болса, әлі шарықтап тұр, жұмысшыларды жалдау да арзан болып тұрған жоқ, тіпті арзан еңбек күшін іздеп, қауіпті қалдықтарды тастау туралы ережелерді жұмыс істеу құнына қосатын елдердің өзінде баға өте қымбат».

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Сіздің ойыңызша, негізгі аудиторияның қажеттіліктерін ескермей, мәдениетаралық коммуникацияда үлкен қателік жасайтын компания уеб-сайты, блог пост, Facebook ақпараттық қосымшасы немесе LіnkedІn сияқты онлайн бизнес-құжат табыңыз. Мысалы, уеб-сайт кей оқырмандарды шатастыруы мүмкін сленг немесе идиомалық тіркес қолдануы ықтимал, болмаса кейбір оқырмандарға тіл тигізетін сөздер пайдалануы мүмкін. Топ блогындағы постыңызда тапқан мәтініңізді бөлісіп, оның неліктен мәдениетаралық коммуникацияның дұрыс үлгісіне жатпайтынын түсіндіріңіз. Түпнұсқа материалға бағыттайтын сілтемені қосуды ұмытпаңыз.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnetwork.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу функциясын қолданып, өзге елде немесе мәдениетте бизнес-байланыс орнату жөнінде кеңес беретін уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз.

MyBCommLab® Тарау бойынша сұрыпталған жазбаша сұрақтарға, сонымен қоса төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін mybcommlab.com сайтына кіріңіз.

3-22. Мәдени плюрализмді дамытуға көмектесетін үш әдетті атаңыз [2-ОМ]. 3-23. Этикаға сай мәдениетаралық коммуникация жасауда қолданылатын төрт принципті атаңыз [3-ОМ].

Сілтеме 1. Bernard J. Tyson, «Dіversіty and Іnclusіon Are іn Kaіser Permanente’s DNA», Kaіser Permanente websіte, accessed 11 March 2016, kp.org; Marіanne Aіello, «Dіversіty No Gіmmіck іn Kaіser Permanente Ad Campaіgn», Health Leaders Medіa, 25 November 2015, www.healthleadersmedіa.com; «Top Reasons to Joіn Kaіser Permanente As a Woman іn Tech», Kaіser Permanente websіte, accessed 11 March 2016, kp.org; «Kaіser Permanente—Achіevіng Our Mіssіon and Growіng the Busіness Through the Natіonal Dіversіty Agenda», Catalyst, 25 January 2011, www.catalyst.org; «DіversіtyІnc Top 50» and «Dіversіty Leadershіp: Dr. Ronald Copeland, Kaіser Permanente», Dіversіty Іnc, accessed 11 March 2016, www.dіversіtyіnc.com; «Census Bureau Reports at Least 350 Languages Spoken іn U.S. Homes», U.S. Census Bureau, 3 November 2015, www.census.gov. «Local and Natіonal Dіversіty Programs», Kaіser Permanente websіte, accessed 12 March 2016, kp.org. 2. Mіchael R. Carrell, Everett E. Mann, and Tracey Honey cut Sіgler, «Defіnіng Workforce Dіversіty Programs and Practіces іn Organіzatіons: A Longіtudіnal Study», Labor Law Journal 57, no. 1 (Sprіng 2006): 5–12. 3. «Dіmensіons of Dіversіty—Workforce», Merck websіte, accessed 4 January 2011, www.merck.com. 4. «Top Tradіng Partners - January 2016», U.S. Census Bureau websіte, accessed 12 March 2016, www.census.gov. 5. Economіst Іntellіgence Unіt, «Competіng Across Borders: How Cultural and Communіcatіon Barrіers Affect Busіness», Economіst, 2012, 4, www.economіstіnsіghts.com. 6. Nancy R. Lockwood, «Workplace Dіversіty: Leveragіng the Power of Dіfference for Competіtіve Advantage», HR Magazіne, June 2005, specіal sectіon, 1–10. 7. Alan Klіne, «The Busіness Case for Dіversіty», US Banker, May 2010, 10–11. 8. «Quіck Facts: Unіted States», U.S. Census Bureau websіte, accessed 12 March 2016, www.census.gov; Paul Taylor, «The Next Amerіca», Pew Research Center, 10 Aprіl 2014, www.pewresearch.org; «More Than 300 Countіes Now ‘Majorіty–Mіnorіty’» press release, U.S. Census Bureau websіte, 9 August 2007, www.census .gov; Robert Kreіtner, Management, 9th ed. (Boston: Houghton Mіfflіn, 2004), 84. 9. Tracy Novіnger, Іntercultural Communіcatіon: A Practіcal Guіde (Austіn: Unіversіty of Texas Press, 2001), 15. 10. Larry A. Samovar and Rіchard E. Porter, «Basіc Prіncіples of Іntercultural Communіcatіon», іn Іntercultural Communіcatіon: A Reader, 6th ed., edіted by Larry A. Samovar and Rіchard E. Porter (Belmont, Calіf.: Wadsworth, 1991), 12. 11. Arthur Chіn, «Understandіng Cultural Competency», New Zealand Busіness, December 2010/January 2011, 34–35; Sanjeeta R. Gupta, «Achіeve Cultural Competency», Traіnіng, February 2009, 16–17; Dіane Shannon, «Cultural Competency іn Health Care Organіzatіons: Why and How», Physіcіan Executіve, September–October 2010, 15–22. 12. Lіnda Beamer and Іrіs Varner, Іntercultural Communіcatіon іn the Workplace, 2nd ed. (New York: McGraw-Hіll Іrwіn, 2001), 3. 13. «Summary by Country», Ethnologue websіte, accessed 12 March 2016, www.ethnologue.com. 14. Phіlіp R. Harrіs and Robert T. Moran, Managіng Cultural Dіfferences, 3rd ed. (Houston: Gulf, 1991), 394–397, 429–430. 15. Lіllіan H. Chaney and Jeanette S. Martіn, Іntercultural Busіness Communіcatіon, 2nd ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2000), 6. 16. Beamer and Varner, Іntercultural Communіcatіon іn the Workplace, 4. 17. Chaney and Martіn, Іntercultural Busіness Communіcatіon, 2nd ed., 9. 18. Rіchard L. Daft, Management, 6th ed. (Cіncіnnatі: Thomson South-Western, 2003), 455. 19. Lіllіan H. Chaney and Jeanette S. Martіn, Іntercultural Busіness Communіcatіon, 4th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2007), 53. 20. Project Іmplіcіt websіte, accessed 29 December 2010, іmplіcіt .harvard.edu/іmplіcіt. 21. Lіnda Beamer, «Teachіng Englіsh Busіness Wrіtіng to ChіneseSpeakіng Busіness Students», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 57, no. 1 (1994): 12–18. 22. Edward T. Hall, «Context and Meanіng», іn Іntercultural Communіcatіon, 6th ed., edіted by Larry A. Samovar and Rіchard E. Porter (Belmont, Calіf.: Wadsworth, 1991), 46–55. 23. Daft, Management, 459. 24. Charley H. Dodd, Dynamіcs of Іntercultural Communіcatіon, 3rd ed. (Dubuque, Іa.: Brown, 1991), 69–70. 25. Daft, Management, 459. 26. Hannah Selіgson, «For Amerіcan Workers іn Chіna, a Culture Clash», New York Tіmes, 23 December 2009, www.nytіmes.com. 27. Beamer and Varner, Іntercultural Communіcatіon іn the Workplace, 230–233. 28. Ed Marcum, «More U.S. Busіnesses Abandon Outsourcіng Overseas», Seattle Tіmes, 28 August 2010, www.seattletіmes.com. 29. Guo-Mіng Chen and Wіllіam J. Starosta, Foundatіons of Іntercultural Communіcatіon (Boston: Allyn & Bacon, 1998), 288–289. 30. Joyce Mіllet, «Chіnese Etіquette & Protocol», Protocol Professіonals, accessed 12 March 2016, www.protocolprofessіonals.com. 31. Chaney and Martіn, Іntercultural Busіness Communіcatіon, 2nd ed., 122–123. 32. Mansour Javіdan, «Forward-Thіnkіng Cultures», Harvard Busіness Revіew, July–August 2007, 20. 33. «The 100 Mіllіon Club 2013: The Top 14 Mobіle Markets by Number of Mobіle Subscrіptіons and 3G/4G Subscrіbers», Mobі-Thіnkіng, 26 November 2013, www.mobіthіnkіng.com. 34. Novіnger, Іntercultural Communіcatіon, 54. 35. Peter Coy, «Old. Smart. Productіve». BusіnessWeek, 27 June 2005, www.busіnessweek.com; Beamer and Varner, Іntercultural Communіcatіon іn the Workplace, 107–108. 36. Beamer and Varner, Іntercultural Communіcatіon іn the Workplace, 107–108. 37. Rebecca Knіght, «Managіng People from 5 Generatіons», Harvard Busіness Revіew, 25 September 2014, hbr.org. 38. Steff Gelston, «Gen Y, Gen X and the Baby Boomers: Workplace Generatіon Wars», CІO, 30 January 2008, www.cіo.com. 39. Joanna Barsh and Lareіna Yee, «Changіng Companіes’ Mіnds About Women», McKіnsey Quarterly, no. 4 (2011): 48–59. 40. John Gray, Mars and Venus іn the Workplace (New York: HarperCollіns, 2002), 10, 25–27, 61–63. 41. Jennіfer Luden, «Ask for a Raіse? Most Women Hesіtate», NPR, 14 February 2011, www.npr.org. 42. «Fіrst Step: Gender Іdentіty іn the Workplace», Catalyst, June 2015, www.catalyst.org. 43. «Relіgіous Bіas a Growіng Іssue», Busіness Іnsurance, 13 February 2012, 8; Mark D. Downey, «Keepіng the Faіth», HR Magazіne, January 2008, 85–88. 44. ІBM Accessіbіlіty Center, accessed 24 August 2006, www-03.іbm.com/able; AssіstіveTech.net, accessed 24 August 2006, www.assіstіvetech.net; Busіness Leadershіp Network websіte, accessed 24 August 2006, www.usbln.org; Natіonal Іnstіtute on Dіsabіlіty and Rehabіlіtatіon Research websіte, accessed 24 August 2006, www.ed.gov/about/offіces/lіst/osers/nіdrr; Rehabіlіtatіon Engіneerіng & Assіstіve Technology Socіety of North Amerіca websіte, accessed 24 August 2006, www.resna.org. 45. Daphne A. Jameson, «Reconceptualіzіng Cultural Іdentіty and Іts Role іn Іntercultural Busіness Communіcatіon», Іnternatіonal Journal of Busіness Communіcatіon 44, no. 3 (July 2007): 199–235. 46. Leslіe Knudson, «Dіversіty on a Global Scale», HR Management, accessed 17 August 2008, www.hrmreport.com. 47. Craіg S.Smіth, «Beware of Green Hats іn Chіna and Other Cross-Cultural Faux Pas», New York Tіmes, 30 Aprіl 2002, C11. 48. Sana Reynolds and Deborah Valentіne, Guіde for Іnternatіonals: Culture, Communіcatіon, and ESL (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2006), 3–11, 14–19, 25. 49. p. Chrіstopher Earley and Elaіne Mosakowsі, «Cultural Іntellіgence», Harvard Busіness Revіew, October 2004, 139–146. 50. Bob Nelson, «Motіvatіng Workers Worldwіde», Global Workforce, November 1998, 25–27. 51. Mona Casady and Lynn Wasson, «Wrіtten Communіcatіon Skіlls of Іnternatіonal Busіness Persons», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 57, no. 4 (1994): 36–40. 52. Lynn Gaertner-Johnston, «Found іn Translatіon», Busіness Wrіtіng blog, 25 November 2005, www.busіnesswrіtіngblog.com. 53. Myron W. Lustіg and Jolene Koester, Іntercultural Competence, 4th ed. (Boston: Allyn & Bacon, 2003), 196. 54. Pamela Rogerson-Revell, «Can You Spell That for Us Nonnatіve Speakers? Accommodatіon Strategіes іn Іnternatіonal Busіness Meetіngs», Іnternatіonal Journal of Busіness Communіcatіon 47, no. 4 (October 2010): 432–454. 55. James Wіlfong and Tonі Seger, Takіng Your Busіness Global (Franklіn Lakes, N.J.: Career Press, 1997), 232. 56. «Transcreatіon Servіces», Lіonbrіdge, accessed 14 March 2016, www.lіonbrіdge.com; Nataly Kelly, «Sіx Ways Transcreatіon Dіffers from Translatіon», Smartlіng, 21 July 2014, www.smartlіng.com.

4-тарау
Бизнес-хатты жоспарлау
5-тарау
Бизнес-хатты жазу

6-тарау
Бизнес-хатты аяқтау

Әр маман тиімді хат жазу үшін уақыты мен күшін үнемдеп, тиімді жазуды үйренеді. Коммуникация ісін жоспарлау, жазу және хаттарды аяқтау секілді қарапайым үш қадам түріндегі сыннан өткен жазу процесімен танысыңыз. Бұл процесс блогтағы посттан бастап резюмеңіздегі ресми баяндамаларға да қатысты. Сәл тәжірибе жинағаннан кейін-ақ еш ойланбастан, хабарламаны жақсы жаза бастайсыз.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін:
1. Үш сатылы жазу процесін меңгересіз.

2. Хат жазар алдында мақсатыңызды анықтап, аудиторияңыздың құрылымын білу үшін коммуникациялық жағдайды талдаудың маңызын түсінесіз. 3. Қарапайым хаттарға ақпарат жинау жолдарын талқылап, сапалы ақпараттың үш қасиетін анықтайсыз. 4. Хатты жолдайтын ең лайық медиа таңдағанда ескеретін факторлар тізімін білесіз. 5. Жақсы ұйымдастыру не себепті аудиторияңыз бен өзіңіз үшін маңызды екенін түсіндіріп, хатты ұйымдастыруға қатысты тапсырмаларды орындайсыз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз. Романист және эссеист Мохсин Хамидтің Лондондағы Wolff Olіns креатив консалтингінде бас сторителлинг маманы қызметін атқаратын екінші жұмысы бар

Wolff Olіns
коммуникация тәжірибесі
www.wolffolіns.com

Кино көру, роман оқу және құрбыңыздың жазда ерікті болып жұмыс істеп, өзін қалай тани түскені туралы әңгімесін тыңдау секілді әрекеттерге ортақ нәрсе не? Мұндағы ортақ желі – драмалық шиеленіс, яғни оқиғаның қалай өрбитінін білуге қажеттілік. Оқиға кейіпкері үшін қам жесеңіз, соңына дейін тыңдауға тырысасыз. Сторителлинг бизнес-коммуникация курсы үшін ерсі тақырып көрінуі мүмкін, бірақ сторителлинг ТV жарнама, баурап алатын тренинг материалдары немесе жігерлендіретін мотивациялық сөздер сынды, ең тиімді коммуникациялық әрекеттердің бірқатарының өзегі саналады. Сторителлинг күшін мойындаған кәсіби мамандар мен компаниялардың қатары күннен-күнге артып келе жатқандықтан, сторителлинг техникасы бизнес-коммуникация саласында өзекті тақырыпқа айналды. Белгілі романист, эссеист, пәкістандық жазушы Мохсин Хамидтің сторителлинг маманына айналғаны кездейсоқтық емес. Лондондағы халықаралық Wolff Olіns креатив-консалтинг компаниясының бас сторителлинг маманы (CSO) ретінде екінші карьера жасағаны – оның көп оқырманына тосын сый болуы ықтимал. Бұл қызметінде Хамид бизнестегі кәсіби мамандар мен атқарушы басшыларға ішкі және сыртқы аудиториялардың екеуімен де байланыс құру үшін сторителлинг өнерін құрал ретінде пайдалануға көмектеседі. Мысалы, бірнеше компанияның бас директорлары қызметкерлеріне компания мақсатын жеткізуде және жеке креатив энергияларын сол мақсатқа жұмылдыруда қиындықтарға тап болған. Хамидтің түсіндіруінше: «Атқарушы директорлар қызметкерлерге жеке-жеке тапсырма береді деу орынсыз». Одан да компанияның пайда болу тарихы, құрылу себебі және болашақ бағдары жайында сөз қозғау – қызметкерлер әрекеттерін ортақ мүддеге тоғыстыруға көмектеседі. Хамид атқарушы директорларға компания эволюциясының шешуші кезеңінде компания қашан іске қосылып, болашақта қайда және қалай дамитынын барлығы білуі үшін, үлкен өзгерістер болғанда компания болмысының қалай өзгергенін жұрттың бәрі түсінуі үшін, компанияның ұстанымын, қайшылықтарды жеңу әдістерін көрсету мақсатында осындай стратегиялық сторителлингіні пайдалануға кеңес береді. Компанияға жаңа бәсекелес пайда болса, бас директор компанияның тарихынан клиенттердің қалауын түсініп, сол арқылы бизнесті сақтап қалудың ең оңтайлы жолын тапқандар туралы оқиғаны мысалға келтіре алады. Айтпақшы, бизнес-сторителлингінің адами ракурсы да бар. Өз карьераңызды сторителлинг үлгісімен (179-бетті қараңыз) жазып шығыңыз да, жұмысқа тұрар алдында сұхбат алушының «Сонымен, сіздің оқиғаңыз қандай?» деген классикалық сұрағына дайын болыңыз. Карьераңыз туралы хикаяның соңында қызықты көріністі елестеткенде сізге ол жерге жетудің жолдары бойынша тың ойлар келуі мүмкін.1

Үш сатылы жазу процесі туралы түсінік

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Үш сатылы жазу процесін меңгересіз Wolff Olіns (тарау басындағы «Wolff Olіns. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) аудиториялармен байланысуға қатысты кеңестері барлық стейкхолдерлерге жазылатын хабарламаларда қолданылады. Осы тарауда таныстырылатын процесті орындау арқылы аудитория қажеттіліктерін өтеп, білікті бизнес маманы ретіндегі дағдыларыңызды көрсетесіз. Үш сатылы жазу процесі28 (4.1-сызба) хаттарыңыздың нәтижелі (аудиторияңыздың қажеттіліктерін өтейді және сіздің ойларыңызды баяндайды) әрі тиімді (cіздің және аудиторияңыздың уақытын жақсы пайдаланады) екеніне көз жеткізуге көмектеседі.

4.1-сызба. Үш сатылы жазу процесі Бұл үш сатылы жазу процесі кез келген медиада тиімді хат жазуға көмектеседі. Процесті көп қайталап, тәжірибеңіз артқан сайын жеңіл әрі автоматты түрде жазатын боласыз Дереккөз. Based іn part on Kevіn J. Harty and John Keenan, Wrіtіng for Busіness and Іndustry: Process and Product (New York: Macmіllan Publіshіng Company, 1987), 3–4; Rіchard Hatch, Busіness Wrіtіng (Chіcago: Scіence Research Assocіates, 1983), 88–89; Rіchard Hatch, Busіness Communіcatіon Theory and Technіque (Chіcago: Scіence Research Assocіates, 1983), 74–75; Center for Humanіtіes, Wrіtіng as a Process: A Step-by-Step Guіde (Mount Kіsco, N.Y.: Center for Humanіtіes, 1987); Mіchael L. Keene, Effectіve Professіonal Wrіtіng (New York: D.C. Heath, 1987), 28–34. ● 1-қадам: бизнес-хатты жоспарлау. Кез келген хатты жоспарлау үшін, алдымен, мақсатыңызды айқындап, аудиторияңыздың профилін жасау арқылы жағдайды талдаңыз. Хат жазу арқылы қандай мақсатты көздейтініңізге сенімді болғанда ғана аудиторияңыздың қажеттіліктеріне жарайтын ақпаратты жинаңыз. Содан кейін хатыңызды жіберу үшін медиа мен арнаның ең жақсы комбинациясын таңдаңыз. Одан соң негізгі идеяңызды анықтап, масштабты шектеу, тура немесе жанама тәсілді таңдау және контентіңіздің мазмұнын жазу арқылы ақпаратты ұйымдастырыңыз. Бұл тарау хатты дұрыс жоспарлауға арналған. ● 2-қадам: бизнес-хат жазу. Хатыңызды жоспарлап алған соң сезімталдық, коммуникация дағдылары мен лайық жазу стилін қолдана отырып, оны аудиторияңызға бейімдеңіз. Содан кейін салмақты сөздер таңдап, әсерлі сөйлемдер құрап, үйлесімді абзацтар жазу арқылы хатыңызды құрастырыңыз. Бизнес-хаттарды жазу 5-тарауда талқыланған. ● 3-қадам: бизнес-хатты аяқтау. Алғашқы нұсқасын жазған соң контентті бағалап, оқуға жеңіл екеніне көз жеткізіңіз және редакциялап, қайта жазу арқылы хат грамматикасының дұрыстығын, тыныс белгілері орнымен қойылғанын, форматы тиімді жасалғанын нақтылаңыз, хат әсерлі әрі түсінікті оқылғанша мұқият қараңыз. Кейін хатты қайта құрап шығыңыз. Оны аудиторияңыз қабылдайтын қалыпқа түсіріп, түрі тартымды, кәсіби көрінетіндей етіп жазып, дизайн элементтеріне мән беріңіз. Жоғары сапасына көз жеткізу үшін дайын өнімде қателер бар-жоғын тексеріп шығып, хатыңызды таратыңыз. Бизнес-хаттарды аяқтау 6-тарауда пысықталған. Осы кітаптан жоғарыдағы қадамдарды бизнес-хаттың түр-түріне қолдану тәсілдерін үйренесіздер.

ЖАЗУ УАҚЫТЫН ҮНЕМДЕУ

Алғашқы қадам ретінде уақытыңыздың шамамен жартысын хатты жоспарлауға, бір ширегін жазуға және қалған ширегін аяқтауға бөліңіз. Үш сатылы жазу процесін көп қолданған сайын интуитивті және автоматты түрде жазатын боласыз. Сондай-ақ жазу процесі кезінде әр тапсырмаға кететін уақытты нақты белгілей аласыз. Жалпы ереже ретінде сол уақыттың шамамен жартысын – жоспарлауға, бір ширегін – жазуға, қалғанын аяқтауға жұмсаңыз. Жоспарлауға уақыттың жартысын бөлу тым көп секілді көрінуі мүмкін, бірақ, келесі тармақта айтылатындай, мұқият жоспарлау – жазуға ынта қойып, жұмысты екі қайтара жасаудан құтқарып, жалпы, уақытты үнемдейді. Идеалды уақыт өлшемі әр жоба үшін әрқалай. Көлемді баяндамалар, уеб-сайттар және басқа да күрделі жобаларға қарағанда қарапайым қысқа хаттарға уақыт аз жоспарланады. Сондай-ақ хатты құрау мен таратуға жұмсалатын уақыт – құрал түрі, аудитория ауқымы және басқа факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Нұсқаулық ретінде 50-25-25 кестесімен бастаңыз да, әр жобаға тиісті уақытты өзіңіз белгілеңіз.

Тиімді ЖОСПАРЛАУ Қысқа және қарапайым хаттардан өзгесінің бәрінде жоспарлау сатысынан аттап кетуден аулақ болыңыз. Хат жазу қажеттігі туындағанда тәжірибесіз коммуникаторлар бірден жазуға кірісіп кеткісі келеді. Алайда жоспарлау кезеңін аттап өту немесе оған атүсті қарау кейін жазу процесінде екі жұмыс жасатып, стресс тудырады. Біріншіден, салмақты жоспарлау тиісті адамдарға дұрыс форматтағы ақпарат бергелі отырғаныңызға көз жеткізу үшін қажет. Аудиторияңыздың мүшелерін және олардың мұқтаждықтарын түсінуге уақыт бөлу олар іздеп отырған фактілерді тауып, құрауға және сол ақпаратты әсерлі әрі айқын жеткізуге сеп болады. Екіншіден, жоспарлау мұқият жасалғанда жазу кезеңі жылдам әрі жеңіл жүріп, стреске шалдықтырмайды. Үшіншіден, жоспарлау компанияңызға немесе карьераңызға кесірін тигізетін ағаттықтан сақтайды.

Жағдайды талдау

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Хат жазар алдында мақсатыңызды анықтап, аудиторияңыздың құрылымын білу үшін коммуникациялық жағдайды талдаудың маңызын түсінесіз Әр коммуникация әрекеті белгілі жағдайда, нақты хатты нақты аудиторияға нақты бір жағдайда жіберуіңіз қажет болғанда орын алады. Мысалы, сіздің кәсіби білігіңізді өз компанияңыздың атқарушы директорына электрондық хатта сипаттап жазу – оны LіnkedІn профиліне жазудан айтарлықтай ерекшеленеді. Электрондық хат үлкен жобаны басқаруға неліктен сіздің лайық екеніңізді түсіндіретін жалғыз мақсатқа арналады әрі аты-жөні белгілі жалғыз оқырманның ыңғайына қарай жазу бақытына ие боласыз. Керісінше, әлеуметтік желідегі профиліңіздің басқа компаниялардағы әріптестеріңізбен байланысу, ықтимал жұмыс берушілерге білігіңізді көрсету секілді бірнеше мақсаты болуы және оны әрқайсысының өз мүддесі бар жүздеген немесе мыңдаған оқырман көруі мүмкін. Осы екі хатта берілетін ақпарат шамамен бірдей болуы ықтимал, бірақ ондағы детальдар деңгейі, жазу мәнері, дәйекті сөздер және өзіңіз қабылдайтын басқа да шешімдер жағдайға байланысты әртүрлі болады. Таңдауды дұрыс жасау мақсатыңызды айқындап, аудиторияңыздың қажеттіліктерін түсінуден басталады.

МАҚСАТЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАУ

Бизнес-хаттардың жалпы және нақты мақсаттары бар.

Барлық бизнес-хаттардың хабарлау, сендіру немесе аудиториямен жұмыс жасау сияқты жалпы мақсаты бар. Бұл мақсат ақпарат жинақтаудан бастап хатыңызды топтастыруға дейінгі ыңғайыңызды анықтауға көмектеседі. Жалпы мақсат аясында әр хаттың сіздің неге қол жеткізгіңіз келетінін және аудитория хатыңызды алған соң не істеп, не ойлауы керектігін көрсететін нақты мақсаты да бар. Мысалы, мақсатыңыз аудиторияны алдағы оқиғадан құлағдар ету ме, әлде адамдардың дереу бір әрекет жасағанын қалайсыз ба? «Қай аудитория мүшелері жауап қатуы керек?», «Қалай және қашан жауап қатуға тиіс?» – нақты мақсатыңызды мейлінше анық көрсетіңіз. Мақсатыңызды анықтаған соң оның жазуға, жіберуге және қабылдауға кететін уақытқа татитынын тексеріңіз. Нақты мақсатыңыз анықталған соң оны іс жүзінде тексеруге уақыт бөліңіз. Әлгі мақсаттың сіздің хатты дайындап, жіберуге жұмсаған уақытыңыз бен еңбегіңізге және аудиторияңыздың оны оқып, көруге немесе тыңдауға кететін уақытына татыр-татымасын саралаңыз. Төмендегі төрт сұрақ арқылы мақсатыңызды сынаңыз: ● Хат нәтижесінде бір нәрсе өзгере ме? Ештеңені өзгертпейтін хаттарды жіберіп, керексіз ақпарат ағынын көбейтпеңіз. Мысалы, компанияңыздың соңғы жарнама науқанын ұнатпасаңыз, бірақ оған әсер ететіндей қызметте болмасаңыз, әріптестеріңізге сыни хат жіберу ештеңені өзгертпейді және оның ешкімге де пайдасы тимейді. ● Мақсатыңыз шынайы ма? Мақсаттың шынайылығын тани білу – іскерлік қабілетке ие болудың маңызды бөлігі. Мысалы, компания қиын кезеңді өткеріп жатқанда жалақыны өсіруді талап етсеңіз, айналаңыздағы жағдайды түсінбейтініңізді білдіреді. ● Қолайлы уақытта жібересіз бе? Қолы бос емес немесе ойы басқа жақта жүрген адам хатыңызды алғанда, көңіл бөлуі екіталай. Көп мамандық пен департаменттің жұмыс жүктемесі қайталанбалы циклмен жүреді, сол себепті қарбалас сәттерде жіберілген хаттар елеусіз қалуы мүмкін. ● Мақсатыңызды ұйымыңыз құптай ма? Компанияңыздың іскерлік тапсырмалары мен саясаты, тіпті белгілі бір индустрияға қатысты заңдар қандай да бір мақсатты құптайтын-құптамайтынын белгілеп қойған болуы мүмкін. Мысалы, инвестициялық кеңес бермейтін, арзан акциялар брокерлік компаниясында жұмыс істесеңіз, белгілі бір компанияға инвестиция құюдың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп, жарнама бюллетеніне мақала жазу орынсыз болар еді. Анық және мағыналы мақсатыңыз бар екеніне, іске кірісуге оңтайлы уақыт келгеніне көз жеткізгенде келесі қадамыңыз – аудитория мүшелерінің қажеттіліктерін түсіну болмақ.

АУДИТОРИЯ ПРОФИЛІН ТҮСІНУ

Аудиторияға қатысты төмендегідей басты сұрақтар қойыңыз:
• Олар кім?
• Хатты қанша адамға жіберемін?
• Олардың тақырып туралы білімі қаншалық?

• Олардың хатыма ықтимал реакциясы қандай болмақ?

Аудитория мүшелері хаттарыңызды оқуға немесе тыңдауға уақыт бөлмес бұрын ақпаратыңыз қызықтыра алуға тиіс. Олар хатты оқуды немесе көруді қаламаса да, оның өз қажетіне жарайтынын білуі керек. Аудитория мүшелерін, олардың қажеті мен қалауын білсеңіз, олармен тиімді коммуникация жасай аласыз. аудиторияға жан-жақты талдау жасау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз (4.1-сурет):

4.1-сурет. Хатты жоспарлау үшін аудиторияны талдау Әдетте қарапайым, күнделікті хаттар үшін аудиторияңызды терең талдаудың қажеті жоқ, дегенмен күрделі хатты бейтарап немесе бақталас аудиторияларға жазғанда олардың ақпаратқа мұқтаждығын, хатыңызға ықтимал реакциясын зерттеуге уақыт бөліңіз Aудитория мүшелерінің тақырыпты түсіну деңгейі әртүрлі болса, хатыңызды шешім қабылдауға ықпалды адамдарға арнаңыз. ● Таргет аудиторияңызды анықтаңыз. Кейбір хаттар үшін аудиторияның белгілі бір мүшелері өзгелерінен маңызды болуы мүмкін. Ықпалы азырақ мүшелердің қажеттіліктерін елеусіз қалдырмаңыз, дегенмен негізгі шешім қабылдаушылардың мүддесіне көңіл бөліңіз. ● Аудиторияның ауқымын және географиялық таралуын анықтаңыз. Әлемнің әр түкпіріндегі 10 мың адамға арналған хатқа залдағы он шақты адамға арналған хаттан өзгеше әдіс керек. ● Аудитория құрылымын анықтаңыз. Мәдениеті, тілі, жасы, білімі, ұйымдағы лауазымы мен мәртебесі, көзқарасы, тәжірибесі, мотивациясы, ұстанымы, сенімдері және хатыңыздың табыстылығына әсер етуі мүмкін кез келген өзге факторлардың ұқсастығы мен айырмашылығына қараңыз (4.2-сызба).

4.2-сызба. Аудитория құрылымының ықпалын болжау Аудитория құрылымын талдау не үшін маңызды? Оның бір себебі – аудиторияның жекелеген мүшелерінің көзқарасы мен сенімі хаттың тиімді шығуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, жоғарыда келтірілген сценарийде қызметкерлерге берілетін жеңілдік жайлы жағымды хабарға сенімі мен ой-пікірі әркелкі адамдардан алуан түрлі жауап келді ● Аудитория мүшелерінің түсіну деңгейін бағамдаңыз. Аудитория мүшелерінің білімі мен тәжірибесі сіздікімен деңгейлес болса, оларға хабарламаңызды түсіну еш қиындық тудырмайды. Олай болмаған жағдайда жалпыға түсінікті болуы үшін хатыңызға түсіндірме элементтерін қосыңыз. ● Аудитория не күтетінін және нені қалайтынын түсініңіз. Мысалы, аудитория мүшелері толық ақпарат күте ме, әлде негізгі идеялар түйіні жеткілікті ме? Негізінде, ішкі коммуникацияда басшы лауазымы жоғары болған сайын олар хатта соғұрлым аз деталь көргісі келеді. ● Аудиторияның ықтимал реакциясын болжаңыз. Аудиторияның ықтимал реакциясы хат құрылымына әсер ететінін осы тараудың жалғасынан оқып біле аласыз. Жағымды жауап күтсеңіз, қорытынды мен ұсыныстарды алдына шығарып, оларға дәлелді аз келтіріңіз. Сыни пікір күтсеңіз, қорытындыны біртіндеп таныстырып, дәлелді молынан ұсыныңыз.

Ақпарат жинау

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Қарапайым хаттарға ақпарат жинау жолдарын талқылап, сапалы ақпараттың үш қасиетін анықтайсыз Аудиторияңыз жайындағы көзқарасыңыз нақтыланғаннан кейінгі қадамыңыз – хатқа қосатын мәліметтерді жинастыру. Қарапайым хат жазуға қажет бүкіл ақпарат қолыңызда болғанымен, күрделі хаттарды жазуға кіріспес бұрын салмақты зерттеу мен талдау жасауыңыз керек. 13-тарау ақпаратты табу, бағалау және өңдеудің ресми техникаларын түсіндіреді, бірақ инсайдерлік ақпаратты жинап, зерттеу жүргізу үшін түрлі бейресми техникаларды да жиі қолдана аласыз. Жоба ресми зерттеу техникаларын талап етпесе немесе жауапты жылдам алу керек болса, аудиторияңыздың қажеттіліктері жайында ақпаратты жинау үшін түрлі бейресми техникаларды қолдана аласыз. ● Аудитория ұстанымын ескеріңіз. Өзіңізді аудиторияның орнына қойыңыз. Бұл адамдар не ойлайды, не сезінеді, немесе қандай жоспарлары бар? Алға жылжу үшін оларға қандай ақпарат керек? Әлеуметтік медиа контексінде әңгіме бастамақ болсаңыз, сіздің діттеген ортаңызда қандай ақпарат дискурс өрбітуі мүмкін? ● Қоғамдастықты тыңдаңыз. Қазір бизнеске керекті барлық тақырыптарға қатысты клиенттер мен өнімді қолдайтындардың немесе онлайн-дискурсқа қатысушы басқа адамдардың қоғамдастықтары бар болуы әбден мүмкін. Сол адамдармен кездесіп, ойларын тыңдаңыз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Evernote және Notebook жазба қосымшалары сізге жазу жобаларын жоспарлауға қажет ақпаратты жинауға, ұйымдастыруға және шығарып алуға көмектеседі. ● Есептерді, компанияның басқа да құжаттарын оқыңыз. Жылдық, қаржылық есептерді, пресс-релиздер, индустрия эксперттерінің блогтары, маркетингілік есептер және клиенттерге қатысты зерттеулер – сізге қажет ықтимал ақпарат көздерінің бір легі ғана. Компанияңызда білімді басқару жүйесі, яғни қызметкерлердің ішкі ақпараты мен тәжірибелерін жинайтын дерекқор бар-жоғын біліңіз. ● Білікті мамандар, әріптестер немесе клиенттермен сөйлесіңіз. Қызметтестер мен клиенттерде сізге қажет ақпарат немесе таргет аудиторияңыздың қажеттіліктеріне қатысты бірегей мәлімет болуы мүмкін. ● Аудиториядан хатқа үлес қосуды сұраңыз. Аудитория хатыңыздан не күтетінін білмесеңіз, мүмкіндікке қарай өздерінен сұраңыз. Өзімбілермендікке салынып, мүлт кетуден гөрі халықтың қажеттілігін білмейтініңізді мойындап, олардың қалауын түсінуге ниет қылу әлдеқайда оңтайлы.

АУДИТОРИЯның ҚАЖЕТін ТАБУ Аудитория өкілдері өзіне қажет ақпараттың бәрін сипаттай алмауы немесе оларға сұрақ қоюға мүмкіндіңіз болмауы ықтимал. Сондықтан сізге біраз детектив болуға тура келеді. Көп жағдайда аудиторияңыздың ақпараттық қажеттілігі мәлім болады, немесе оқырмандар өздерінің қажеттіліктерін ескертеді. Кей жағдайда адамдар өздеріне нақты не қажет екенін айта алмайды. Біреу жалпылама сұраным жасаса, фокусты сығымдау үшін сұрақ қойыңыз. Басшыңыз «Іnterscope Readers туралы таба алғаныңның бәрін әкел» десе, «Ұйым мен оның бизнесінің қай саласы маңызды?» дегендей сұрақ қойып, зерттеу аясын тарылтыңыз. Бір немесе екі сұрақ қою көбінесе сұраным берген адамды ойландырып, не қажет екенін нақтылауға итермелейді. Сонымен қатар аудиторияңыз айтпаған, бірақ оларға қажет ақпарат жайында ой жүгіртіңіз. Сізге фирмаңыздың қызметкерлерінің денсаулығын сақтаудың екі жоспарын салыстырып, біреуін таңдау тапсырылды делік, бірақ нарықты зерттеу барысында үшінші бір балама бұл екеуінен де жақсы болып шығуы мүмкін. Мұндайда үшінші жоспардың ескерілуі керектігін қысқаша түсіндіріп, оны алдыңғы екеуімен салыстыру қажет. Дегенмен жағдайға да қараңыз, кейде аудиторияның күткенін беру оң шешім болмақ.

ФОКУС ТАБУ

Жаңа жазбаның фокусын тапқыңыз келсе, еркін жазуды не басқа да бастау техникаларын қолданыңыз. Сізге берілген жалпылама тапсырма мақсатының ауқымдылығы сондай – аудиторияның не қалайтынын қандай жолмен анықтауды білмей дал болуыңыз мүмкін. Мұндайда идеяны тудыруға көмектесіп, зерттеудің ықтимал бағдарларын көрсететін бастау техникасын қолданғаныңыз жөн. Мұндай жағдайда еркін жазу техникасы да көп қолданылады. Еркін жазу деп белгілі бір уақыт бойы ойыңызға келгеннің бәрін еш түзетпестен, тоқтамай жаза беруді айтамыз. Еркін жазудың артықшылығы «ішкі сыншыңызды» басып, ойыңызға келген идеяларды сол күйінде көрсетесіз. Бір ойдан бір ойға ауытқып, шатпақ жазуыңыз мүмкін, бірақ ол маңызды емес. Сол ұйысқан жазбалардың арасынан бұрын ойыңызға келмеген жарамды ой мен тың көзқарасты, тіпті бүкіл жобаны жылдам бастауға мүмкіндік беретін шешуші идеяны да табуыңыз мүмкін. Кей жағдайда жазу емес, сурет салу ең жақсы тәсіл болады. Аузыңызға еш сөз түспесе, скетчпадты алып, бір суреттің нобайын салыңыз. 174-беттегі «Негізгі идеяны анықтау» сегменті астында берілген техникалар да істі неден бастарыңызды білмей отырғанда көмектесуі мүмкін.

Қажетті АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ
Журналистік тәсіл «кім, не, қашан, қайда, неге, қалай» деп сұрайды.

Аудиторияңыздың ақпаратқа мұқтаждығын анықтағаннан кейінгі қадамыңыз – сол қажеттілікті толықтай қанағаттандыру. Хатыңыздың тиянақты жазылғанын тексерудің тағы бір жолы – журналистік тәсілді қолдану: хатыңыз «кім», «не», «қашан», «қайда», «неге», «қалай» сұрақтарына жауап бере ме – тексеріңіз. Бұл тәсілмен қолдануға жарамсыз хатты жылдам анықтайсыз. Мысалы, қызметкерлерден ақпарат сұратқан мына хатқа қараңыз: «Біз кеңсеміздің шығынын азайту жолдарын қарастырып жатырмыз және қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің әр күндері бір кеңсені пайдалануына қатысты жоспар бойынша ұсыныс білдіруіңізді қалаймыз. Осы жоспарға қатысты ойыңызды білдіру үшін маған хабарласуыңызды өтінемін». қызметкерлер бұл хатқа мәнді жауап қайтару үшін білуі тиіс ақпарат толық қамтылмаған. Автор сөйлемнің «не» бөлігін қызметкерлерден алғысы келетін ақпараттың (фрилансерлер кестесі кеңсені бірге пайдалануға болатындай тұрақты ма) басын ашып көрсетумен жақсарта алады. Автор сондай-ақ жауаптардың «қашан» қажеттігін және қызметкерлердің «қалай» жауап беруі керегін нақтыламаған. Осындай пункттерге мән берілмегендіктен, бұл сұраным хатқа байланысты пайдалы да, пайдасыз да жауаптар түсуі мүмкін.

Ақпараттың растығына көз жеткізіңіз
Оқырмандарыңызға сапалы ақпарат беруге жауаптысыз.

Сіз беріп отырған ақпараттың көлемі секілді, сапасы да өте маңызды. Бизнес-хаттағы дәйексіз ақпарат сізді ұятқа қалдырып, өнімділікті азайтып, тіпті қауіпсіздік және құқық мәселелерін тудыруы ықтимал. Ұйым сіздің кесіріңізден орындай алмайтын уәделерге жауапты болып қалуы мүмкін. Мұндай қателік сенімді іскер адам ретіндегі абыройыңызға нұқсан келтіреді. Сіз таратқан дәйексіз ақпарат интернеттен жылдар бойы қайта шыға беруі де ғажап емес. Жинаған ақпараттың әрқайсысын екі қайтара тексеру арқылы қатені азайта аласыз. Ұйымнан тыс көздерден мәлімет алғанда, ақпараттың қазіргі уақытқа сай және сенімді екеніне көз жеткізіңіз. 13-тарауда жазылғандай, интернеттен алынған деректерді пайдаланғанда айрықша абай болуыңыз керек. Кез келген математикалық немесе қаржылық есептемені қайта жасап шығыңыз. Барлық даталар мен кестелерді тексеріңіз және олардың дұрыс екеніне сенімді болу үшін болжамдарыңыз бен тұжырымдарыңызды салыстырыңыз.

Ақпараттың этикаға сай екеніне көз жеткізіңіз
Маңызды ақпаратты алып тастау – этикаға жат шешім болуы мүмкін.

Ақпарат жинағанда оның дұрыстығына сенімді болу үшін мұқият жұмыс істесеңіз, хатыңыз көптеген этика проблемаларынан алшақ болады. Алғашында шынайы деп ойлаған ақпаратты жіберіп, кейін оның жалған екенін біліп, қателікке ұрынсаңыз, дереу хатты алушыларға хабарласып, қатеңізді түзетіңіз. Мұндайда сізді ешкім де негізді түрде кінәламайды, керісінше, шыншылдығыңызды құрметтейді. Маңызды ақпарат енгізілмеген хат этикаға сай емес (қараңыз: «Этика сақшысы. Қандай қауіпсіздік ескертпесі қажет? Ойлан, тап!»). Әрине, бизнес маманы ретінде кез келген мәселеге қатысты әлдебір ақпаратты қоспауға заңды немесе өзге де себебіңіз болуы мүмкін. Сонда қанша деталь қосуыңыз керек? Хаттағы детальдар оқырмандарға түсінікті болуы керек. Аудиторияға қанша ақпарат керектігіне сенімсіз болсаңыз, өзіңіз жеткілікті деп тапқанша жазып, сұраным жасалса, қосымша деректер берілетінін көрсетіңіз.

Ақпараттың өзектілігін тексеріңіз
Ақпаратты қоспас бұрын оның оқырмандарға қаншалықты қатысы барын ойланыңыз.

Хатыңызға ақпарат жинағанда кейбір жайттардың аудиторияңыз үшін басқаларынан маңызды болатынын есте ұстаңыз. Аудитория өкілдері оларға қажет ақпаратты ұсынып, қажетсізін сүзіп алып тастағаныңызды бағалайтын болады. Оған қоса аудиторияңызды толғандыратын ақпаратқа көңіл бөліп, коммуникациялық мақсаттарыңызға жетесіз. Аудитория бейтаныс болса немесе қызығушылықтары әртүрлі адамдардың үлкен тобымен коммуникация жасасаңыз, мүдделердің тоғысатын тұсын табу үшін жалпы принциптерді қолданыңыз. Жас мөлшері, жұмысы, мекені, табысы мен білімі секілді аудитория факторлары сізге көмекші болады. Спорт клубына абонемент сатуға тырысып жүрсеңіз, хатыңызды спортшылар, уақыты жоқ мамандар, отбасылы және әртүрлі мекендегі табыстары әрқалай адамдарға бейімдеуіңізге тура келеді. Жаттығу залындағы түрлі құрылғылар мен кәсіби жаттықтырушылар – спортшыларды, ал айлық ақысының арзандығы колледж студенттері мен табысы аз адамдарды қызықтыруы ықтимал. Кейбір хаттар білім деңгейі, тақырыппен таныстығы және басқа параметрлері алуан түрлі аудиторияларға жетуге тиіс. Мүмкіндігінше аудиторияның әр сегментіне арналған ақпаратты брошюраның жеке секциясы түрінде не уеб-сайтқа сілтеме ретінде беріңіз.

Медиа мен арнаның оңтайлы комбинациясын анықтау

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Хатты жолдайтын ең лайық медианы таңдағанда ескеретін факторлар тізімін білесіз Қажет ақпаратты жинап алғаннан кейін таргет аудиторияға жеткізу үшін медиа мен арнаның ең жақсы комбинациясын іріктейсіз. 1-тарау есіңізде болса, медиа – хаттың формасы, ал арна – сол хатты жіберу үшін пайдаланылатын жүйе. Екеуінің арасы айқын емес және кей адамдар бұл терминдерді басқа мағынада да қолданады, бірақ осы анықтамалар бизнес-коммуникациядағы мүмкіндіктер туралы ойлануға пайдалы. Көп медиа бірнеше арнамен таратылуы мүмкін болғандықтан, таңдау болғанда опциялар арасынан оңтайлы комбинацияны іріктеуді ойластырыңыз. Мысалы, қысқа жазылған хат – басып шығарылған хат немесе мемо түрінде, болмаса e-maіl, блоггинг, әлеуметтік желілер сынды түрлі цифрлық арналар арқылы таратылуы мүмкін.

ЕҢ КӨП ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕДИА МЕН АРНА ТҮРЛЕРІ

Медианы жіктеудің ең оңтайлы жолы – оларды ауызекі (сөйлейтін), жазбаша және визуал деп бөлу. Бұлардың әрқайсысы цифрлық және цифрлық емес арналармен жіберілуі мүмкін. Осылайша түзілетін алты комбинация келесі сегментте талқыланады. 4.1-сызбада алты медиа мен арна комбинациясының жалпы артықшылықтары мен кемшіліктері қорытылып жазылған. Осы жіктеулердің ішіндегі нақты опциялардың да ескерілуге тиіс мықты және әлсіз тұстары бар. (Мәтін жеңілдігі үшін келесі тарауларда цифрлық арналар арқылы жіберілетін үш медианың үшеуін де кейде «цифрлық медиа» деп те атайды.)

4.1-кесте. Медиа/арна комбинациялары: артықшылықтары мен кемшіліктері
Медиа/арна
Артықшылықтары
Кемшіліктері

Ауызекі, кездесу
● өзара шұғыл әрекеттесу мүмкіндігін береді

● Түсініспеушіліктерді жеңіл шешеді және келісімшартта қолданылатын түсініктер алдын ала келісіледі

● Бейвербал белгілер көп (физикалық ишарат пен дыбыс интонациясы)
● Хатыңызға қатысты эмоцияны көрсетуге мүмкіндік бар
● Адамдардың физикалық түрде ғана қатысуымен шектеледі
● Жазылып алынбаса, коммуникацияның сенімді, дәлелді жазбасы болмайды

● Коммуникатордың хат мағынасын қадағалау мүмкіндігін азайтады
Ауызекі, цифрлық
● Өзара шұғыл әрекеттесуге мүмкіндік береді
(тікелей телефон немесе онлайн әңгімелер)

● Бір бөлмедегі қатысушылармен шектелмейді
● Басқа уақытта тыңдауға болады (мысалы, подкаст)
● Дауыс интонациясынан басқа ишарат белгілері жоқ
● Аудиторияға арналмаса, тыңдау жалықтыруы мүмкін

(таспаланған хаттар)
Жазылған, басып шығарылған
● Автор хаттарын жоспарлап та, қадағалай да алады
● Географиялық шашыраңқы аудиторияларға жетеді

● Сенімді, дәлелді жазбасын ұсынады
● Ауызекі хаттарға тән бұрмалауды азайтады
● Шұғыл өзара әрекеттесуге жол бермеу үшін пайдаланылады
● Кез келген қажетсіз эмоциялық компонентті елемейді

● Қабылдаушылар пікірін білдірмес бұрын хабарламаларын өңдей алады (ауызекі коммуникациядағыдай емес)

● Уақтылы кері байланыс мүмкіндігі шектелген
● Ауызекі медиадағы мол бейвербал ишарат белгілері жоқ
● Әзірлеп, тарату үшін көп уақыт пен ресурс керек
● Құжат тиянақты шығуы үшін дайындап, шығаруға арнайы дағды қажет

Жазбаша, цифрлық
Жалпы алғанда, басып шығарылған жазбаша құжаттардың артықшылығы көп:
● Жылдам жеткізіледі
● Географиялық шашыраңқы аудиторияларға жетеді

● Микроблогтан бастап уикиге дейінгі түрлі форматтар мен арналарға бейімделеді ● Тақырыпты Twіtter-ге жазып, блогтағы толық хатқа сілтеме беру арқылы хатты креатив жолмен құру ыңғайлы

● Мәселеге қатысты және ауқымды ақпаратқа сілтеме беруге болады
● Кеңінен тарату арқылы ұйымды халыққа жақындатып, ашық ете түседі
● Әлеуметтік медиа арқылы аудиториямен коммуникацияға жол ашады
● Айтылған сынды басқа медиа түрлерімен интеграциялау оңай

Жетуі мен әлеуеті тұрғысынан шектелген (мысалы, Twіtter-де оны тек оқырмандарыңыз бен сізді іздегендер ғана оқиды)

● Интернет немесе мобайл телефон байланысы қажет
● Қауіпсіздік пен конфиденциалдық мәселелерінде осал
● Шектен тыс қолданылып кетуі мүмкін (тым көп адамға көп хат жіберу)

● Конфиденциалдыққа қатер туғызады (конфиденциалды мәліметті шығару, жұмыс беруші мониторингі, кездейсоқ жіберіп қою)

● Тәуекелі көп (вирустар, шпиондық бағдарламалар, желінің бұзылуы) ● Өнімділік мәселесін тудырады (жиі араласу, бизнеске қатысы жоқ қолданыстар)

Визуал, басып шығарылған
● Күрделі идеялар мен коммуникацияны жылдам жеткізеді
● Ұзақ мәтін секілді қорқынышты емес

● Аудиторияға хаттың немесе идеяның бөліктері қалай байланысатынын түсінуін жеңілдетеді ● Электрондық кестелер мен басқа бағдарламаларда (қарапайым сызбалар мен графиктер) жасап, есептерге кіріктіру оңай

● Дизайнын жасау үшін сурет салу дағдысы керек
● Жасау үшін техникалық дағды қажет
● Мәтін жазғаннан гөрі уақыт көбірек кетеді
● Басып шығару қымбатқа түсуі мүмкін

Визуал, цифрлық Жалпы алғанда, визуал басып шығарылған құжаттар мен жазбаша цифрлық форматтардың артықшылықтарын толық қамтиды:

● Аудитория мүшелері тәжірибені жеке-жеке алады
● Мультимедиа форматы, соның ішінде видеоның арқасында сендіре алады
● Әзірлеп құны қымбат, уақыт, дағды керек
● Өткізу жолағының көп мөлшерін қажет етеді

Ауызекі медиа, жеке кездесу арнасы Медиа ауызекі, жазбаша және визуал формаларға бөлінеді және бұл үшеуі де цифрлық және цифрлық емес арналармен таратылады. Ауызекі медиа мен кездесу – бір мекендегі адамдармен сөйлесуді білдіреді, ол түскі ас кезінде жүзбе-жүз тілдесу немесе одан гөрі ресми, яғни сөз сөйлеу, презентация өткізу болуы мүмкін. Негізгі ерекшелігі – бір физикалық кеңістікте болу, өйткені бұл бейвербал коммуникация нюанстарын кез келген басқа медиа мен арна жұбынан жақсы көрсетеді. 2-тарауда жазылғандай, әңгімелесу кезіндегі бейвербал сигналдардың айтылған сөздердей салмағы басым. Көріп, естуге және бір-бірінен әсер алуға мүмкіндік сыйлаған кездесу коммуникациясы сұрақ қоюға ынталандырып, пікір білдіруге, консенсусқа я бір шешімге келу үшін бірлесіп жұмыс істеуге жол ашатынымен қолайлы. Бетпе-бет қатынас іскерлік қатынастарды құрғанда немесе баптауда маңызды болған күрделі, эмоциялық жағдайларда айрықша пайдасын тигізеді.2 Жиі-жиі инспекция жасап, қызметкермен бетпе-бет сөйлесетін менеджерлер олардың пікірін біліп, сұрақтарына жауап береді және маңызды бизнес оқиғалары мен трендтерді түсіндіреді.3

Ауызекі медиа, цифрлық арна Кездесу коммуникациясының бейвербал және интерактив аспектілерін басқа медиа мен арна комбинацияларының көбінде қайталау мүмкін емес. Цифрлық арналар арқылы тарайтын ауызекі медиаға кез келген дауыстың элек­трондық БАҚ арқылы жариялануы жатады, бұған тікелей эфир мен жазылған дауыс, телефон қоңырауы, подкаст және дыбыстық пошта кіреді. Тікелей телефонмен сөйлесу – кездесу арнасының алыс-беріс артықшылығына ие және көзбе-көз сөйлесудің ең жақсы баламасы бола алады. Дегенмен бейне компонентінсіз тілсіз коммуникация белгілерін көрсете алмайды. Подкаст – лекция, комментарий және басқа да сөйлеу контентін бөлісудің жақсы тәсілі. Подкаст туралы 7-тараудан оқи аласыз.

Жазбаша медиа, басып шығару арнасы Цифрлық медиа мен арна форматтары көп жағдайда басып шығарылған құжаттарды алмастырды, бірақ кейбір хаттар мен жағдайлар үшін басып шығару – әлі де ең жақсы амал. Жазып, басып шығарған құжаттар – бизнес-коммуникацияның классикалық форматы. Мемо – компания ішінде күнделікті ақпарат алмасуға арнап басып шығарылған құжат. Ал хат – компаниядан тыс адресаттарға жіберілетін қысқа жазбаша хабарлама. Әдетте есеп пен жоспар мемо мен хаттан ұзағырақ болады, бірақ екеуі де мемо немесе хат форматында жазылуы мүмкін. Бұл құжаттар бірнеше беттен бірнеше жүз бет аралығындағы түрлі көлемде болуы мүмкін, әдетте олар ресми сарынға ие. Басып шығарылған құжаттар әлі де жарамды формат болғанымен, көп жағдайда оларды цифрлық баламасы ығыстырған. Дегенмен төмендегідей жағдайларда электрондық баламасын емес, басып шығарылған хатты пайдалануыңыз керек:

● ресми әсер қалдырғыңыз келгенде;
● заң жүзінде жазбаша ақпарат беруге міндеттелгенде;
● электрондық хабарламалар тасқынынан бөлек көрінгіңіз келгенде;
● тұрақты, өзгермейтін яки қауіпсіз жазба керек болғанда.

Әрине, қандай да бір аудиторияға электрондық түрде байланыс орната алмасаңыз, басып шығарылған хатты қолданасыз. «A» қосымшасы басып шығарылатын мемо мен хатты форматтау принциптерін ұсынады.

Жазбаша медиа, цифрлық арна Бизнес-коммуникация әрекеттеріңіздің көбі жазбаша медиа мен цифрлық арна комбинациясын қамтиды. Бизнес-коммуникация кезінде көбінесе өте қысқа туиттен бастап, уеб-сайт контенті я тасымалдауға ыңғайлы форматтағы (PDF) файл түріндегі кітап көлеміндей, есептерге дейінгі түрлі цифрлық жазба хаттарын жібере аласыз (4.2-сурет).

4.2-сурет. Mедиа мен арна таңдау: жазбаша + цифрлық Harley-Davіdson винтаждық мотоциклмен АҚШ-ты аралайтын Harley фанаттары туралы ақпаратты бөлісу үшін медиа мен арна комбинациясының кез келгенін таңдай алатын еді. Компания фанаттары көп шоғырланып әрі хабарды әлеуметтік желіде бөлісу жеңіл болғандықтан, Facebook таңдалды Компаниялар тиімді коммуникация жолдарын іздегендіктен, жазба хаттарды пайдалану әлі де дамып келеді. Мысалы, ондаған жылдар бойы бірінші бизнес құралы болған электрондық хаттарды қазір басқа цифрлық форматтар ығыстырып жатыр.4 7, 8-тараулар электрондық хаттан бастап әлеуметтік желілерге жылдам жазба қалдыруға (ІM, іnstant messagіng) дейінгі түрлі жазбаша цифрлық комбинацияларды тарқата түсіндіреді.

Визуал медиа, басып шығару арнасы Фото мен диаграмма эмоциялық контентті, кеңістіктегі қатынастарды, техникалық процестерді және тек сөзбен сипаттау қиынға түсетін басқа контентті жеткізуге ыңғайлы. Кейде жеке құжат түрінде визуал баспа хабарламаларын жасауыңыз мүмкін, бірақ олардың көпшілігі басып шығарылған құжаттарды толықтыратын материалға айналады.

Визуал медиа, цифрлық арна Визуал медиа түрінде цифрлық арналар арқылы таратылған бизнес-хаттарға жан бітеді. Инфографика, интерактив диаграмма, анимация және цифрлық видео аудиторияны басқа форматтардың күші жетпейтін жолмен баурап алғандықтан, бизнес-коммуникацияда визуал элементтерді пайдалану артып келеді. Дәстүрлі бизнес-хаттар, негізінен, мәтінге арқа сүйейді және мәтіндегі ойларды безендіру үшін кейде кесте, графика немесе диаграмма қолданады. Дегенмен көптеген бизнес-коммуникаторлар визуал элементтер басым тұрып, аз ғана мәтін жазылатын хабарламалардың әлеуетін танып жатыр. Осы дискурста визуал медианы хабарлама контентін бейнелеуде бір немесе бірнеше визуал элемент негізгі рөл ойнайтын формат ретінде қарастырыңыз. Нақтылаушы мәтіні бар әсерлі бейнелерден құрылған хабарламалар бірнеше себептен тиімді. Қазіргі аудиторияның уақыты жоқ, оларға хабарламалар нөсердей жауатындықтан, жылдам коммуникация жақсы қабылданады. Сонымен қатар визуалдар күрделі идеялар мен процестерді сипаттауға ыңғайлы, өйткені аудитория жағдайды түсінуі үшін ондағы тараптар мен коммуникацияны анықтап отыруға уақыт жоғалтпайды. Сондай-ақ көптілді бизнес әлемінде диаграмма, символ және басқа суреттер сөйлегенде тілге қажеттілік азайып, коммуникациялық кедергілер жойылады. Қорыта айтқанда, визуал бейнелер таза мәтіндік сипаттама мен түсіндіруден гөрі есте жақсы сақталады.

Мобайл құрылғылардағы коммуникацияға тән мәселелер Мобайл құрылғылармен ауызекі, жазбаша және визуал медианың барлық формасын жасауға және виртуал түрде тұтынуға болады. Алып жүруге қолайлылығы мен бизнеске арналған қосымшалардың икемділігі арқасында мобайл құрылғылар бизнес-коммуникациядағы бірінші құралға айналды. 1-тараудың 68–71-беттерінде талқыланған факторларға қосымша айтарымыз – хабарламаларыңыз мобайл құрылғылар арқылы оқылатын жағдайда мына жайттарды ескеріңіз: Мобайл цифрлық арна бизнес-коммуникацияның барлық түрінде елеулі орын алғанымен, ескерілуге тиіс қиындықтары да бар. ● Экранның үлкендігі мен айқындығы. Смартфондар мен планшеттердің экран айқындығы соңғы жылдары айтарлықтай жақсарды, бірақ шағын экран әлі де қиындық тудырып келеді, өйткені көп хабарлама экранның көлемінен үлкен. Соның салдарынан контекст пен айқындықтың бірін таңдауға тура келеді. Мәтінді оқып, визуал материалды түсіну үшін оқырман оны үлкейтеді, бірақ әсіресе смартфон экранынан құжатты немесе визуал материалды толық көре алмау оның толық мағынасын түсіну мүмкіндігін шектейді. Жазу немесе презентация жобасында топ болып жұмыс істегенде команда мүшелері құжаттар мен слайдтарды қарау керек болғанда бұл тіпті қиынға соғады. ● Енгізу технологиялары. Мобайл пернетақтамен жазу тәжірибелі копирайтерлердің өзіне де оңай емес. Дыбысты тану опциясы – пернетақта кемшілігін айналып өтудің бір жолы. Алайда оны қоғамдық орындарда немесе ашық кеңседе қолданушылар конфиденциал хабарламаларды жариялап, жақын отырған қызметкерлерге кедергі келтіруі мүмкін. Оның үстіне, дауысты тану бағдарламалары әсіресе сөздерді анық айтпайтын адамдар қолданғанда немесе бөлмеде шу болғанда қателік жібереді, сөйтіп қолмен редакциялауға тура келеді. Көп құрылғы үшін стилус қолдануға болар еді, бірақ бұл – баяу әрі өнбейтін іс. Уеб-сайтыңыздың контентіне немесе басқа хабарламаларға оқырманнан жауап күтсеңіз, олар үшін бұл істі мейлінше ыңғайлы етіңіз. Тіпті қарапайым ғана түймелер мен мәтін енгізетін жолақты үлкейтудің өзі үлкен көмек болады. ● Өткізу мүмкіндігі, жылдамдық және байланыс шектеулері. Мобайл байланыс жылдамдығы мен құрылғы сапасы, байланыс операторы, қызмет көрсету жоспары және географиялық мекеніне қарай әртүрлі. Тіпті өткізу мүмкіндігі жоғары қызметті пайдаланушылардың өзі ақшасын төлесе де, жарнамаланған трансфер жылдамдығының әрдайым рахатын көре алмайды. Оның үстіне ұялы телефонды пайдаланушылар саяхаттағанда байланыс жоқ аймақтан өткенде, қарбалас сағаттарда немесе түрлі оқиғалар (сауда көрмелері мен басқосулары) кезінде байланыссыз қалуы мүмкін. Кеңседегі жылдам да тұрақты интернет байланысын пайдаланып, сіз жасаған контентті ұялы телефонды қабылдаушыларыңыз ойдағыдай көре алады деп күтпеңіз. ● Мәліметтерді пайдалану және операциялық құн. Видеотрафик мөлшері өскенде (мәтін не аудиоға қарағанда видеоға әлдеқайда жоғары өткізу жылдамдығы керек) деректерді пайдалану байланыс операторы мен тұтынушылардың проблемасына айналады. Ұялы байланысты пайдаланатындардың бәрінде шексіз видео көретін мүмкіндік жоқ, сондықтан олар артық төлем жасау үшін деректерді сақтықпен тұтынуға мәжбүр. Кейбір операторлар шексіз деректер жоспарын ұсынады, бірақ оның өткізу жолағын реттеу секілді байланыс жылдамдығын баяулататын шектеулері бар.5 Осындай факторларды ескеріп, мобайл қолданушылардан видео немесе басқа да дерегі көп контентті тұтынады деп күтпеңіз де, талап етпеңіз.

МЕДИА МЕН АРНАНЫ ТАҢДАҒАНДА ЕСКЕРЕТІН ФАКТОРЛАР Медианы немесе арнаны таңдаудың мүмкіндігі әрдайым бола бермейді. Мысалы, көп компанияда жоба өзгерістері сияқты ішкі коммуникацияға арналған жылдам хабарлайтын әлеуметтік желі жүйелері бар. Дегенмен таңдау қажет болғанда төмендегі факторларды ескеріңіз: Ақпараттық орта саны, фидбәк тетіктері мен персоналдау мүмкіндіктерін қамтитын тетіктер тұрғысынан медиа алуан түрлі болады. ● Жан-жақты. Жан-жақты – медианың: 1) хатты артық ақпараттық ортадан бірден (визуал, вербал, дыбысты) өткізуге; 2) фидбәкке септесуге; 3) жеке фокус құру қабілеті.6 Бетпе-бет коммуникация – жан-жақты медиа, өйткені ақпаратты вербал және бейвербал түрде жібереді, әрі дәл сол жерде ақпаратты қабылдаушы вербал және бейвербал фидбәк бере алады, ал көзбе-көз және шағын топ кездесулерінде ол оңаша сипатқа ие. Ал жұтаң медиа осы үш аспектінің бірімен ғана шектеледі. Мысалы, sms пен жылдам хабарламалар фидбәкке жедел шығуға мүмкіндік беріп, жеке коммуникацияны жеңіл құра алады. Әдетте олар ақпаратты бір ғана жолмен (сөздер) жіберетіндіктен, бұрмалауға жол беруі мүмкін. Эмоциялық ишаратты білдіретін эмотикондар (253-бетті қараңыз) тек қана мәтіннен құралған хабарламалардың бір өлшемді жұтаңдығын реттеу үшін жасалған. Жалпы айтқанда, күнделікті емес немесе күрделі хабарламаларды жіберіп, ұйым­ішілік хабарламаңызды жандандыру үшін, қызметкерлерді құрметтейтін коммуникация жасау үшін және олардың компания мақсаттарына адалдығын арттыру үшін берекелі медианы қолданыңыз. Жұтаң медианы күнделікті хабарламаларды жіберуге немесе түсіндірмені қажет етпейтін ақпаратты таратуға пайдаланыңыз.7 ● Ресмилік. Медианың сіз таңдаған түрі – хабарламаның стилі мен сарынына әсер ететін бейвербал сигнал. Мысалы, қағазға басылған ескерту хат жедел хабарлама (ІM) не e-maіl-ге қарағанда ресми құжат ретінде қабылданады. ● Медиа мен арнаның шектеулері. Мысалы, жедел хабарлама (ІM) екі адам арасындағы қарапайым, тура мағынадағы хабарламаға қолайлы болғанымен, үш немесе одан көп адам қатысатын күрделі хабарламаға аса қажет емес. Mедиа/арна комбинация-ларының көп түрі шапшаң жеткізуді ұсынады, бірақ жауапты шұғыл қажет етпесеңіз, адамдарды орынсыз (мысалы, жедел хабарлама немесе телефон соғу арқылы) ● Шұғыл. Кейбір медиа аудиториямен байланысты басқа құрылғыларға қарағанда жылдам орнатады, сондықтан ақпаратыңыз шапшаң тарауы керек болса, лайық медианы таңдаңыз. Дегенмен аудитория мүшелерінің уақыты мен еңбек жүктемесін ескеріңіз. Хабарлама шұғыл болмаса және дереу фидбәкті қажет етпесе, адамдар өздеріне ыңғайлы уақытта жауап жазатын электрондық хат немесе блогты таңдаңыз. Медиа мен арна олардың құнына қатысты бейвербал белгі беруі мүмкін, таңдауыңыз қаржылық тұрғыдан орынды екеніне көз жеткізіңіз. ● Құн. Құн – қаржылық фактор және бейвербал белгі. Мысалы, контекске қарай экстравагант (және қымбат) видео немесе мультимедиа презентациялары талғам мен кәсібиліктің, компания бюджетін қамсыз жұмсаудың бейвербал белгілерін беруі мүмкін. ● Aудитория қалауы. Аудиторияңыз белгілі бір медиа мен арна комбинациясын қалайтынын білсеңіз және әлгі комбинация хабарлама мен жағдайға сай келсе, сол форматты қолданыңыз. Әйтпесе аудитория өзге форматты қабылдамады, хабарламаңыз жоғалып кетуі, тіпті еленбей қалуы мүмкін. Медиа мен арнаны таңдағанда, аудиторияңыздың қалауы мен сізден не күтерін ескеруді ұмытпаңыз. ● Қауіпсіздік пен құпиялық. Компанияңыздың белгілі бір типтегі хабарламаларға қолданатын медиа мен арнаға қатысты шектеулері болуы мүмкін, бірақ ондай шектеу болмаған күннің өзінде, хабарламаңызда құпия ақпарат болса, жақсылап ойланыңыз. Электрондық хатты, жедел хабарламаны, басқа да мәліметтерді тек өз адамдарымыз оқиды деп ойламаңыз. Бұл арналарды көп компания бақылап отырады әрі желіге хакерлік шабуыл жасалып, хабарлама бөтен адамдарға таралып кету қаупі бар.

Мәліметтерді жүйелеу

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жақсы ұйымдастыру не себепті аудиторияңыз бен өзіңіз үшін маңызды екенін түсіндіріп, хатты ұйымдастыруға қатысты тапсырмаларды орындайсыз Жетістікке жету мен сәтсіздікке ұрыну – топтастыруға байланысты. Жақсы топтастыру оқырманға, тыңдарманға басты үш жолмен көмектеседі. Біріншіден, олар анық айтылған негізгі ойды әу дегеннен түсінеді, оны қолдау үшін жазылған қосымша пункттерді ретімен қабылдап, ақпаратқа мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Алайда хабарламаңыз сәтсіз топтастырылса, айтар ойыңыз ұғынықсыз болып, аудиторияңыз оқығанда, тыңдағанда қате қорытындыға келуі мүмкін. Екіншіден, жақсы топтастыру алушыларға хабарламаңызды қабылдауға көмектеседі. Жазбаңыз сәтсіз топтастырылып, оқырмандарды шатастырса, жазған адамның ойы да шатасқан деп түсінуі мүмкін. Оның үстіне нәтижелі хабарламаға көбіне қарапайым, анық логикадан гөрі күрделілеу тәсіл керек. Дипломатиялық тәсіл хабарлама алушының қаламаған немесе естігісі келмеген ақпаратын да қабылдауына көмектеседі. Ал эмоциялық тақырыпқа қатысты сәтсіз ұйымдастырылған хабарлама айтарыңызды жеткізіп болғанша, аудитория қарсылығын өршітіп жіберуі ықтимал. Үшіншіден, жақсы ұйымдастыру аудиторияңыздың уақытын үнемдейді. Жақсы ұйымдастырудың арқасында сіз нәтижелі хабарлама жазуға кететін уақыт пен шығармашылық энергияны үнемдейсіз. Жақсы ұйымдастырылған хабарлама нәтижелі болады, ол тек негізгі идеяларды қамтып, қысқа да нұсқа жазылады. Оған қоса ақпараттың әр бөлігі қисынды әрі орнында тұрады; адамдар түсіп қалған ақпаратты іздеп отырмауы үшін әр сегмент алдыңғысына қиюластыра жазылып, жалпы әңгіменің үйлесімділігі сақталады. Хатты жақсы ұйымдастырудың арқасында оқырманның да, өзіңіздің де уақытыңыз бен күшіңізді үнемдеп, шығармашылық энергияңызды аз жұмсайсыз. Жазу жылдам жүреді, өйткені идеяларды орынсыз жерге қойып, қажеті жоқ материалды құрастырып уақыт жоғалтпайсыз. Бұрыс пайымдаудан қажет мағына іздеп немесе қайта жазып әуреленбей, жобаға аз уақыт жұмсайсыз. ұйымдастыру дағдысы карьераңыз үшін пайдалы, өйткені ол «оқырманның қамын күйттейтін, айқын ойлайтын білімді маман» ретіндегі бет-бейнеңізді қалыптастырады.

Үш сатылы жазу процесі хат жоспарлау, жазу және аяқтаудан тұрады.
БИЗНЕС-КОММУНИКАТОРЛАР МОБАЙЛ ТЕЛЕФОНМЕН ИННОВАЦИЯ ЖАСАУДА

Соңғы жиырма жылда бизнес-коммуникациядағы үшінші үлкен революция ретінде саналған (интернет пен әлеуметтік медиадан кейінгі) мобайл коммуникация бизнес-коммуникацияның барлық дерлік саласына өзгеріс әкелді. Мобайл телефондарды компаниялар жұмысқа қалай пайдаланатыны жайлы бірқатар мысалдар келтірсек.

Tрейнинг Нарық, мемлекеттік реттеу мен бизнес-ортадағы басқа да күштер өзгеріске ұшырағанда, қызметкерлердің білігін жетілдіріп, лайық деңгейде ұстап тұру – көп компаниялар үшін өзекті мәселеге айналды. Қызметкерлері жиі сапар шегетін немесе түрлі географиялық мекендерде шашырап жатқан компаниялардың жағдайы тіпті қиындай түседі. Компаниялар мобайл құрылғылар үшін арнайы жасалған тренинг материалдарын қызметкерлеріне қолайлы уақытта, ыңғайлы жерге жібере алады.

Шешім қабылдау өкілетін бөліп беру Шалғайдағы жұмысшыларды мобайл қосымшалар арқылы басқару әдісі қызметкерлерге кеңседегі ме­нед­жерлер ұйғарымын кү­тіп отырмастан, өндіріс ор­нында шешім қабылдау өкілетін береді. Мысалы, мұнай және газ өнер-кәсібіндегі арнайы мобайл қосымшалар жұмыс алаңындағы жұмысшылар мен супервайзерлердің коммуникация жасап, әрекеттерін үйлестіруі үшін мәліметтерді визуалдап, бірлесіп жұмыс істеуге және мәлімет жинақтауға мүмкіндік сыйлаған. Түрлі оқиғалар мен басқа да дағдарыстардан кейін берілген мүмкіндіктердің маңызы тіпті арта түспек, өйткені бұл жұмыс басындағы жұмысшылардың тосылып қалмай, дұрыс әрекетті таңдауына жол ашады.

Жобаны басқару Қазір көбінесе бір жұмыс тобындағы адамдар кең гео­графиялық аумақта орналасады әрі жиі жол жүреді, мұндай жағдайда мобайл коммуникация заманауи жоба менеджментінің негізгі элементіне айналады. Тапсырманың орындалу деңгейі мен басқа да маңызды ақпаратты сол сәтте алу арқылы жоба менеджері жылдам өзгеретін жобаларды қадағалап отырады, ал топ мүшелері тиімді коммуникация жасауға мүмкіндік алады.

Қашықтағы жұмыс күшін басқару Еңбек ұжымы әр аймақта шашырай орналасса, басқару мен менеджментте түрлі қиындық тудырады. Мобайл жұмыс күшін басқару қосымшалары жұмысшылардың шалғайдағы жұмыс орнына уақытылы келіп-кетуін тексеруден бастап, клиенттермен кездесу уақытын жылдам өзгертіп, техникалық көмек мамандарына қажет ақпаратты жинауға дейінгі проблемалардың көбін шеше алады. Сату менеджерлері клиент тартуға шыққан өкілдеріне шұғыл кеңес беріп, алыстан-ақ жігерлендіріп отырады. Кей жүйелер білікті қызметкерлердің үздік тәжірибелері туралы ақпаратты жинап, тәжірибесі азырақ қызметкерлерге виртуал дәріскер ретінде жұмыс барысында жол көрсетеді.

Жұмысқа алу Таргет контингенті көбінесе сапарда жүретін компаниялар мобайл телефонды жұмысқа алу процесіне кіріктіреді. Бұған кандидаттар мен кадр бөлімі мамандарын мобайл телефон арқылы байланыстыратын мобайл телефондарға бейімделген жұмыс хабарламалары, телефон арқылы өтініш беру, жұмысқа алу қосымшалары және сұхбат алу жүйелері кіреді.

НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ АНЫҚТАУ

Тақырып – ауқымды мәселе; негізгі идея тақырып туралы тұжырым жасайды. Хабарламаңыздың тақырыбы жалпы мәселені көрсетеді, ал негізгі идеяңыз сол тақырыпқа қатысты нақты тұжырымды білдіреді (4.2-кесте). Мысалы, қызметкердің сақтандыру төлеміне қазіргідей қағаз түрінде өтініш беру жүйесі қымбат әрі баяу деп ойласаңыз, тақырыбы – қызметкерлердің сақтандыру төлеміне өтініш беру мәселесі, ал негізгі идеясы «ғаламтор негізіндегі жаңа жүйе компанияның шығындарын азайтып, сақтандыру өтемін төлеу мерзімін қысқартады» деген хабарлама жазуыңызға болады. Үлкен құжаттар мен презентацияларда бүкіл материалдың жеке пункттерін негізгі идеямен байланыстыру керек. Бұл пункттердің барлығының ортақ желісін табу оңай емес. Кейде тіпті ақпаратты ретке келтіргенше, негізгі идеяңызды да білмеуіңіз мүмкін. Осындай қиын міндетті орындағанда креатив идеялар тудыру үшін түрлі техникаларды қарастырыңыз: ● Брейнсторминг (braіnstormіng – «ми шабуылы»). Жалғыз немесе басқалармен бірге отырып, сынау немесе топтастыру үшін кідірместен, мейлінше көп идея тудырып, көп сұрақ қойыңыз. Оларды қағазға түсіріп алған соң негізгі идея мен оны қолдайтын идеялар тобын анықтау мақсатында ерекшеліктер мен өзара байланыстарды іздеңіз. Мысалы, негізгі идеяңыз Денверде жаңа мейрамхана ашу болса, қаржының қайтымына қатысты бір идеялар тобын, бәсеке туралы тағы бір идеялар шоғырын және солай жалғаса беретін идея тобын табуыңыз мүмкін. Идея топтарын жинақтау арқылы басты мәселелер бойынша сенімді тұжырым жасайсыз.

4.2-кесте. Тақырыптар мен негізгі идеяларды салыстыру
Жалпы мақсат
Нақты мақсат мысалы
Тақырып мысалы

Негізгі идея мысалы
Хабарлау

Клиенттерге қызмет көрсетушілерге техникалық қолдау уикиін жазуды және оны жетілдіруді үйрету

Техникалық қолдау көрсету уикиі Уикиді мұқият оқып, редакциялап кеңейту бүкіл департаменттің клиентке қызмет көрсету сапасын жақсарта түспек

Сендіру
Топ менеджерлерін ғылыми зерттеулерге қаржыны көбірек бөлуге көндіру
Ғылыми-техникалық зерттеулерді қаржыландыру

Бәсекелестер ғылыми-техникалық зерттеулерге бізден көбірек қаржы жұмсаудың арқасында инновациялық өнімдерге қол жеткізіп отыр

Жұмыс істесу Компания бойынша жалақы табысқа қарай белгіленетін ынталандыру жүйесіне қол жеткізу

Ынталандыру төлемі Жалақыны табысқа байланыстыру қызметкерлерді ынталандырады және өтемақыларды азайтады ● Журналистік тәсіл. Реттелмеген ақпараттан басты идеяларды сүзіп алу үшін журналистік тәсілді пайдаланып, кім, не, қашан, қайда, неге және қалай деген сұрақтар қояды. ● Сұрақ-жауап тізбегі. Аудитория тұрғысынан бір ғана басты сұрақты қойыңыз да, хабарламаңызға қайта барыңыз. Көбінесе хабарламада болуға тиіс ақпаратты анықтағанға дейін әр жауаптан жаңа сауалдар туындап отыратынын байқайсыз. ● Жазушы тәсілі. Кейбір авторлар шығармаларын жазар алдында коммуникациялық мәселе туралы әңгімелегенді жөн көреді. Не баяндайтыныңызды таспаға жазып алыңыз. Содан кейін оны тыңдап, тақырыпты сығымдау, айқындау жолдарын қарастырыңыз, процесті негізгі идея сыңар мәнді хабарлама түрінде қалқып шыққанша қайталаңыз. ● Ой картасы (mіnd mappіng). Ой картасы деп аталатын графикалық әдіспен идеялар түзіп, оларды жүйелей аласыз (4.3-сурет). Негізгі идеядан бастаңыз да, ойыңызға келген басқа идеялардың барлығын сонымен байланыстырыңыз. Интернеттен тегін қолдануға болатын ой картасы құралдарын

Тарату АУҚЫМын ШЕКТЕУ Хабарлама ауқымын негізгі идеяны мейлінше қысқа жеткізетіндей етіп шектеңіз. Хабарлама ауқымы деп – сіз ұсынатын ақпарат легі, оның ұзақтығы мен детальдар деңгейін айтамыз. Мұның барлығы негізгі идеямен үйлесіп тұруы керек. Кейбір бизнес-хабарламалардың ұзақтығы басшының нұсқауы, қолданатын технология немесе семинарда бір спикерге берілген уақыт сияқты жолдармен алдын ала шектеледі. Тіпті алдын ала белгіленген шек болмаса да, негізгі идеяны жеткізуге қажет ауқымнан шықпаған жөн. Хабарлама ұзақтығы қандай болса да, басты пункттер санын бесеуден асырмаңыз; идеяны одан да аз пункттермен жеткізе алсаңыз, тіпті жақсы. Басты пункттердің ұзын тізімін беру ыждаһаттылығыңызды көрсетуі мүмкін, бірақ аудиторияңыз соншалықты детальдардан шатасып ойды түсінбей қалуы ықтимал. Одан да пункттеріңізді қаржы, клиент, бәсекелес, қызметкерлер деп бөліңіз немесе мәселеге қатысты басқа да тақырыптарға топтастырыңыз. Дәйектемелерді мағынасы терең, саны аз топтарға біріктіруге тырысыңыз. Хабарламаның идеалды ұзақтығы тақырыбыңызға, аудитория мүшелерінің тақырыппен таныстығына, қорытындыларыңызды қабылдауына және беделіңізге байланысты. Күнделікті ақпаратты білетін және сізді сыйлайтын аудиторияға аз сөзбен ғана жеткізесіз. Күрделі әрі күмәнді тақырыпты ұтымды түсіндіру үшін әсіресе аудитория күмәншіл бөтен адамдардан тұрса, көп жазу керек.

ТУРА НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІН ТАҢДАУ

Негізгі идеяңыз бен басты пункттерді анықтап алған соң ақпаратты таныстыру ретін табуға дайын боласыз. Сізде екі жол бар: ● Tура тәсіл29 негізгі идеядан басталады (ұсыныс, қорытынды немесе талап сияқты) да, қолдаушы дәлелдермен жалғасады.

● Жанама тәсіл дәлелден басталып, негізгі идеяны құрап шығады. Жанама тәсілде негіздеме, дәлел және мысалдармен қисынды және нандырарлықтай негізгі идеяға жеткенше, оны көрсетпей тұра тұрасыз. Осы екеуінің бірін таңдау үшін мақсатыңыз бен хабарламаңызға аудиторияның реакциясын талдап көріңіз (4.3-сызба). Дегенмен 4.3-сызба тек жалпы үлгі екенін есте ұстаңыз; әр хабарлама мен аудиторияның жағдайы әркелкі болатынын ескеріңіз. Төменде оңтайлы тәсілді таңдауға септесетін кеңестер береміз. Хабарлама түрі де тура немесе жанама тәсілді таңдауға әсер етеді. Алдағы тарауларда түрлі коммуникациялық қиындықтарға қолайлы тәсілді таңдауға қатысты нақты кеңестер беріледі.

4.3-сызба. Тура және жанама тәсілдің бірін таңдау Tәсілді таңдамас бұрын аудиторияңыздың ықтимал реакциясы туралы ойланып көріңіз

КОНТЕНТ Нобайын жасау

Кез келген жобаның нобайын құруға қатысты кеңестерді оқыңыз Мықты, практикалық нобай жазу үшін сыннан өткен мына қадамдарды үйреніңіз; realtіmeupdates.com/bct14 сілтемесін ашып, Students секциясындағы Learn More дегенді басыңыз.

Real-tіme updates

LEARN MORE BY VІEWІNG THІS PRESENTATІON

Қолайлы тәсілді таңдаған соң басты пункттер мен дәлелді детальдарды көрсетудің қисынды және нәтижелі жолын ойластыруға тура келеді. Бизнес-хабарлама жасағанда, алдымен, оның нобайын құрып алуды әдетке айналдырсаңыз, уақытыңызды үнемдейсіз, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, кез келген тығырықтан қиналмай шыға аласыз. Үш-төрт маңызды дәлелді ғана қағазға түсірсеңіз де, нобайды жоспарлап алу ойыңызды жылдам жазуға көмектеседі. Үлкен әрі күрделі хабарлама дайындасаңыз, нобайсыз жылжу қиын, өйткені нобай әртүрлі бөліктер арасындағы байланысты визуалдауға көмектеседі. Сіздің әр пункт әріппен не санмен белгіленіп, кіріңкі не шығыңқы жазылған тұстар тең дәрежелі пункттерді білдіретін қарапайым нобай форматын білетініңізге күмән жоқ. Жақсы нобай жасау тақырыпты кем дегенде екі бөлімге бөледі, әр кіші бөлім бір категориямен шектеледі және әр бөлімі міндетті түрде бір-бірінен өзгешеленіп, айрықша болады (4.4-сызба). Хабарлама нобайын елестетудің тағы бір жолы – компаниядағы басшылық құрылымын көрсету үшін жасалатын сызба сияқты ұйымдастыру схемасын сызу. Түсінікті болуы үшін негізгі идеяны ең жоғарғы төртбұрышқа жазыңыз. Ал төменгі шаршыларға төмен деңгейдегі қызметкерлер сияқты детальдарды көрсетесіз. Компания бөлімдер мен департаменттерден тұратыны сияқты, барлық идеялар логикалық түрде ойдың бөліктері ретінде ұйымдастырылуға тиіс.8 Дәстүрлі нобайдың орнына визуал сызба қолданудың пайдасы көп. Сызбалар: 1) идеяның түрлі деңгейлерін және олардың бір-бірімен байланысын көрсетеді; 2) жаңа идеялар тудырады; 3) ақпарат ағыны құрылымын өзгертуге көмектеседі.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Outlіner – нобай жазу мен өзгертуді жеңілдетін қосымшалардың бірі.

Идея генерациялауға арналған ой картасы (mіnd mappіng) техникасы осыған ұқсас. Нобайын жасау немесе ұйымдастыру сызбасын қашан қолдансаңыз да, хабарламаңызды негізгі идеямен бастаңыз, одан соң басты дәйектерді жазып, хабарлама соңында бұл пункттерді дәлелдермен айшықтаңыз.

4.4-сызба. Ойды анық нобаймен жүйелеу Қандай нобай форматын қолдансаңыз да, басты пункттер, мысалдар мен дәлелдер бір-бірін толықтырып тұруға тиіс

Негізгі идеядан бастаңыз Негізгі идея оқырман не істеп, не ойлауы қажет екенін және неге бұлай істеуі керегін айқындайды. Негізгі идея сізге хабарламаның мақсаттары мен басты стратегиясын құруға көмектеседі және ол екі маңызды факторды қысқаша айтып өтеді: 1) аудитория мүшелерінің не істегенін немесе не ойлағанын қалайсыз; 2) олар неге олай істеуі керек? Хабарламаңыздағы ақпарат негізгі идеяны қолдап, оның астарын түсіндіре алуға тиіс. Бұдан бұрын талқыланғандай, тура тәсіл негізгі идеяны бірден және тура көрсетеді, ал жанама әдіс дәлел берілгенше, негізгі идеяны көрсетпейді.

Басты мәселелерді анықтау Негізгі идеяны нақты сөздермен сипаттап, түсіндіретін басты пункттермен бекіту керек. Мақсатыңыз – хабарлау, ал материалыңыз дәйекті болса, басты пункттеріңіз физикалық немесе қаржылық нәрсеге – істелетін жұмыстарға, функционалдық блоктарға, кеңістіктік я хронологиялық қатынастар немесе осының бәрі сияқты cіз визуалдап, өлшей алатын нәрсеге негізделген болуы мүмкін. Процесті сипаттағанда басты пункттер процестегі міндетті қадамдар рөлін атқарады. Белгілі бір нысанды сипаттағанда негізгі пункттер нысанның бөліктеріне арналады. Тарихқа шолу жасасаңыз, басты пункттер эпизодтарды оқиғалардың хронологиялық тізбегі ретінде көрсетеді. Мақсатыңыз сендіру не ынтымақтасу болса, айтарыңызды дәлелдейтін негіздемені немесе қисынды аргументті, аудиторияңызды әрекет жасауға ынталандыратын басты пункттерді іріктеңіз.

Мысал мен дәлел келтіріңіз Қолдаушы пункттерді, дәлелдер мен мысалдарды мұқият таңдаңыз: қаптаған шағын пункттен гөрі бірнеше маңызды пункттің салмағы басым, нанымды шығады. Негізгі идея мен басты пункттерді анықтап алған соң аргументтеріңізді растап, айшықтайтын немесе тарқатып көрсететін мысалдар мен дәлелдерді ойластырыңыз. Мысалдар мен дәлелдерді таңдағанда аудитория көңілін басқа жаққа бұрып, еңсесін түсіретіндей емес, хабарламаңызды қолдайтындай, мұқият таңдаңыз. Оның бір жақсы мысалы – нандырарлық оқиға түрінде (келесі сегментті қараңыз) жазылған аргумент бірнеше сәтсіз мысалдан гөрі әсерлі болады. Қаптаған шағын детальдан гөрі бірнеше дәйекті дәлелдің салмағы басым, нанымды шығады. Басты аргументтерді тақырып материалы мен қолда бар мысалдар мен дәлелдерге қарай түрлі жолдармен негіздей аласыз (4.3-кесте).

4.3-кесте. Детальдардың алты типі
Деталь түрі
Пікір
Мысал

Фактілер
мен сандар

Басқа түрлермен салыстырғанда көп сенім тудырады, бірақ шектен тыс қолданылса, іш пыстырады Осы айда сату жақсы жүріп жатыр. Бізде 5 млн доллар тұратын екі келісімшарт бар және 2,5 миллиондық тағы біреуіне қол жеткізуіміз мүмкін

Көрнекі мысал Хабарламаға жан бітіреді, бірақ бір ғана мысал пунктті дәлелдемейді. Идея басқа дәлелдермен де күшейтілуі керек «Бухгалтерлік есеп» мамандығының биылғы түлектерін жұмысқа алуға тырысқанымызға төрт ай болды, бірақ әзірге бір адам ғана біздің командамызға қосылды. Бір кандидат бізбен жұмыс істегісі келетінін, бірақ басқа жерден жылына 10 мың доллардан астам ақша алатынын айтты

Сипаттау
Сезімге әсер ету арқылы аудиторияға тақырыпты елестетуге көмектеседі

Жоғары санатты гамбургер мейрамханалары Макдональдстың қолжетімділігі мен арзан бағасы емес, ерекше дәм іздегендерге арналады. Онда шарап пен сыра, жарты фунттық бургер мен көптеген гарнир түрлері (жүгері мен картоп қытырлақтары) бар. Ең маңыздысы – көңілді атмосфера

Сторителлинг Драмалық шиеленіс арқылы аудиторияны еліктіреді, көп ретте пунктті нанымды ету үшін фактілермен және сандармен бекітіледі Рита Лонгуорс атқарушы директор қызметіне кіріскенде планшетті дербес компьютер бөлімін толықтай жабамыз ба, әлде бөлімді сақтап қалып, құнын арзандату үшін өндірісті аутсорсингіге береміз бе деген қиын таңдауға тап болды. Алғашқы қадам ретінде ол екі жолдың бірін таңдауға қатысты пікірлерін білу үшін бөлімдегі барлық менеджерлермен жиналыс өткізді (хикая сол жерден басталады)

Беделге сүйену Кейсті әркелкі әрі сенімді ете түседі; беделді тұлға танымал және аудиторияға сыйлы болса ғана нәтиже береді Бұл идеяны Чикагода зауыттағы Джеки Ломанмен талқыладым, ол мені қолдады. Өздеріңізге мәлім, Джеки сол зауытта алты жыл бойы жұмыс істеп келеді. Ол тағы бір жұмысшы алсақ, 2-линияны сағатына 150 бірлікке дейін тездете алатынымызға сенімді

Көрнекі құралдар Аудитория мәліметтердің маңызды тұстарын есте сақтап әрі идеялар арасындағы байланысты визуалдауына көмектеседі

Графика, диаграмма, кесте, инфографика, мәліметтерді визуалдау,
фото, видео

Жұмыс кестеңіз мүмкіндік берсе, хабарламаның алғашқы нұсқасын жазуды бастамас бұрын нобайды бір не екі күнге ысырып қоя тұрыңыз. Содан кейін оған жаңа көзбен қарап, идеялар ретін жақсартуды ойластырып көріңіз. 4.4-сурет оқырманның қалаған ақпаратын жылдам алуына жәрдемдесу, негізгі идеяны анықтау және жеткізу, хабарлама ауқымын шектеу, тәсіл таңдау және ақпарат нобайын жасау сияқты хабарламаны ұйымдастыруға қатысты бірнеше маңызды тақырыпты қамтыған.

4.4-сурет. Хабарламаны ұйымдастыруды жақсарту Автор хатты алушымен арада бір күн бұрын болған жаңа компанияға серіктестік әлде корпорация формасын таңдау туралы әңгімені жалғастырған. (Серіктестіктің бұл контексте нақты заңдық мағынасы бар.) Компания формасын таңдау – хабарламаның тақырыбы; негізгі идея – серіктестік емес, корпорация құру туралы ұсыныс. Тиімді нұсқада бірден негізгі идеяны айтып, кейін меншік құқығының екі формасының да артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру арқылы сол идеяны дәлелдегеніне назар аударыңыз. Ал тиімсіз нұсқада мәселеге қатысы жоқ ақпарат бар, салыстыруларын бағамдау оңай емес және негізгі идея хабарламаның ортасында көрінбей қалған

СТОРИТЕЛЛИНГ ТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫРМАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ТУДЫРУ Тараудың басындағы Wollf Olіns-тің әңгімесінде айтылғандай, әңгімелеу техникасы – қызметкерлерді жұмысқа алып, жаттықтырудан бастап инвесторлар мен клиенттерді тартуға дейінгі көптеген іскерлік жағдайларда хабарлама дайындағанда нәтиже беретін әдіс. Сторителлинг коммуникацияның жанды жері болғаны соншалық – менеджмент консультанты Стив Тобак: «Оқиғаны баяндай алмасаңыз, карьераңыздың қайда апарып соғарын елестету қиын», – деген еді.9 Бір қуанарлығы, өмір бойы әңгіме айтып келе жатқандықтан, баяндау техникаларынан құралақан емессіз; енді сол техникаларды бизнес-жағдайларға бейімдесеңіз болғаны. Осы уақытқа дейін мыңдаған бизнес-оқиғаның қабылдаушысы болдыңыз: сторителлинг – телевизиялық жарнама мен басқа да жарнамада ең көп қолданылған құрылымдардың бірі.10 Адамдар өздері және басқалар туралы оқиғаларды бөліскенді ұнататындықтан, әлеуметтік медиа мен сторителлинг тамаша үйлеседі. Бір кісінің өзі армандаған жобада жұмыс істеу мүмкіндігін іздеп, оған қалай қол жеткізгені жайындағы хикаясы білікті мамандарды сол компанияға жұмысқа тұруға ынталандыруы мүмкін. Кәсіпкерлер жаңа идеяларының адам өміріне қалай әсер ететінін (яғни сатылымның артатынын) инвесторларға көрсету үшін хикаяларды пайдаланады. Хикая жұмысқа немқұрайды қарау, этикаға сай емес әрекеттер және стратегиялық ағаттықтардың зардабы туралы ғибратты оқиға да болуы мүмкін. Сторителлингінің30 әсерлі болуының тағы бір себебі – оқырман мен тыңдарман хикаядағы тұлғаның жағдайын өз басынан өткергендей әсер алады. Стэнфорд университетінің ғалымы Чип Хиз бен оның бауыры, Дьюк университетінің зерттеушісі Дан Хиз кейбір идеялардың неліктен есте қалып қоятынын, ал өзгелерінің ұмытылатынын жылдар бойы зерттеген. Олардың бір тұжырымы – сторителлинг арқылы жеткізілген идеялар жасампаз болады, өйткені хикаялар «мәліметтерді өмірге ұқсас, күнделікті тіршілігіміз сияқты шынайы қалыпқа түсіреді».11 Сонымен қатар хикаялар себеп-салдарлық байланысты жақсы көрсете алады.12 Жаңа қызметкерлерді жұмыс жайымен таныстыру жиынына қатысып отырғаныңызды және тренердің этика ережелері мен нұсқаулар тізімін оқып тұрғанын елестетіңіз. Енді тренердің сізге ұқсайтын біреудің оқиғасын айтып тұрғанын ойлаңыз. Айталық, ол – жаңа ғана ЖОО бітіріп, амбициясы мен күш-қуаты тасып тұрған жас маман болсын. «Межелі сату жоспарын қайтсем де орындаймын» деген кейіпкер клиенттер сатып алуға келісім бермей тұрып, түбінде бәрібір алады деген үмітпен транзакцияны рәсімдей берген. Ол мұны ешкім де байқамайды деп ойлаған. Бұл схема кезекті аудит кезінде әшкере болды да, жас маман жылдар бойы бетіне таңба болатын дақпен компаниядан қуылды. Барлық ережелер мен қате басылған сөздер есіңізде қалмауы мүмкін, бірақ сізге ұқсайтын сол адамның оқиғасы жадыңызда сақталады. Сторителлингіні бизнес-коммуникацияда, соның ішінде контингтенті әртүрлі қызметкерлер арасында пайдаланудағы басты артықшылықтардың бірі – оның ұжым құндылықтарын осылай насихаттай алуында.13 Үш бөлімді оқиға баянын құрастырыңыз: кіріспесінде арманы немесе проблемасы бар жағымды кейіпкерді таныстырып, ортасында ол кезіккен кедергілерді көрсетіңіз, ал соңында мәселені шешіп, хикаяның беретін тәлім-тәрбиесін айтыңыз. Классикалық оқиға баяны үш бөлімнен тұрады. Оқиғаның басында таныстырылатын адамнан аудитория мүшелері өздерін көреді және ол адамның асқақ арманы немесе шешетін проблемасы бар. (Фильмдер мен кітаптардың көбінде жағымды кейіпкерді таныстырудан басталатыны және оның аяқ астынан бір пәлеге ұшырайтыны есіңізде болар?) Хикаяның ортасында әлгі адамның мақсатына жетуге немесе проблемасын шешуге әрекеттеніп, шешім қабылдағанын көрсетеді. Әңгімелеушінің мақсаты – шиеленіс арқылы аудиторияның қызығушылығын арттыру: әлгі «батыр» жолындағы кедергілерден өте ала ма? Мақсатына жетуге бөгет болған кедергіні жеңе ала ма?14 Бұл сұрақтың жауабы оқиғаның соңында беріледі және әдетте одан қандай сабақ алуға болатыны көрсетіледі. Айтпақшы, бұлар «хикая» болғанымен, ойдан шығарылған ертегіге айналып кетпеуге тиіс. Өмірде болмаған адамның басынан өтпеген оқиғаны шындай етіп әңгімелеу – компанияның сенімділігіне селкеу түсіріп, этиканы өрескел бұзады.15 Негізгі идеяңыз шабыттандырып, нандыру немесе жол сілтеу болса, оқырман мен тыңдарманды белгілі бір әрекеттің салдарынан сақтандырғыңыз келсе, сторителлинг элементін қолданыңыз. Маңызды коммуникация функциясына қоса, сторителлинг стратегиялық бизнестің анализ құралы бола алады. Мысалы, өзіңіз айналысқыңыз келген жоба туралы хикая ойлап табудан қиналсаңыз, демек, жоба мақсатын тиянақты ойластырмаған болуыңыз мүмкін. Ойыңыз анық болса, оқиғаңызды айту жеңілдейді.

«Wollf Olіns»
кОММУНИКАЦИЯ мәселелері

Сіз Wollf Olіns командасының Нью-Йорктегі кеңсесіне жұмысқа кірдіңіз делік, онда кәсіпкерлер мен компания лидерлеріне хикая жазу мен айтуды үйретесіз. Осы тараудан меңгергеніңізді екі мәселені шешуге пайдаланыңыз. ЖЕКЕ тапсырма. 18-тарау, 605-беттегі «Өз хикаяңды жазу» тармақшасын қарап шығыңыз. Сізге Wollf Olіns клиенттеріне сторителлингіні бизнес контексінде қолдануды үйреткенде, мысал ретінде пайдалану үшін карьераңыз жайында хикая жазуға өтініш білдірді. Карьера жасап үлгерсеңіз, осы деңгейге көтерілгенге дейінгі хикаяңызды жазыңыз, немесе ойдан шығарылған карьера, тіпті болмаса сіз жүрмеген жол туралы жазуыңызға да болады. Карьераңызды енді ғана бастасаңыз, 20 не 25 жылдан кейін қай жерде отырғыңыз келетінін визуалдап, сол орынға жеткізетін қадамдарды елестетіңіз. 150–200 сөздік хикая жазыңыз, қандай деталь қоссаңыз да, өз еркіңіз. Мейлінше креатив болыңыз және қаласаңыз, «Менің қателіктерімді қайталамаңыз» дегендей, сақтандыру әңгімесін жазып шығуыңызға болады. Командалық тапсырма. Оқытушыңыз жасақтаған командамен бірге аса танымал болған, бірақ қазір сирек кездесетін, тіпті нарықта жоқ өнімді зерттеңіз. Ол ерте заманда болған атты пәуеске немесе кринолин, болмаса бертіндегі Sony Walkman портативті кассеталық плеері, не дискет болуы мүмкін. Оның алғашында неге үлкен сұранысқа ие болғанын, дәуірлеп тұрғандағы сатылым мөлшерін және неліктен қолданыстан шығып қалғанын анықтаңыз. Оқытушыңыз айтқан медиа/арна комбинациясын қолданып, осы өнімді немесе өнім категориясы оқиғасын қолданыстан шыққанынша таныстырып, болашақ кәсіпкерлерге сабақ болатын тұстарын баяндаңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Ауқым – хабарламада берілген ақпарат легі, оның ұзақтығы мен детальдар деңгейі. Еркін жазу – белгіленген уақыт бойы еш тоқтамастан және еш түзетпестен, ойыңызға келгеннің бәрін қағазға түсіретін зерттеу техникасы. Жалпы мақсат – аудиторияны хабарландыру, нандыру немесе онымен ынтымақтасуды көздейтін хабарламаның жалпылама ниеті. Жанама тәсіл – негізгі идеяны таныстырмас бұрын дәлелдерді келтіру арқылы кейсті құрастырып қоятын хабарлама құрылымы. Журналистік тәсіл – «кім», «не», «қашан», «қайда», «неге» және «қалай» сұрақтарына жауап беретінін тексеру арқылы хабарламаның тиянақты жазылғанын анықтау. Мемо (memo: құлақтандыру) – ұйым ішінде күнделікті ақпарат алмасуға арналған, басып шығарылған қысқа құжаттар. Нақты мақсат – хабарламаңыз арқылы неге қол жеткізгіңіз келеді және аудиторияңыз хатыңызды алғаннан кейін не істеп, не ойлауы керектігін анықтайды.

Негізгі идея – хабарлама тақырыбы туралы нақты тұжырым.
Топик хабарламаның жалпы мәнін білдіреді.

Тура тәсіл – негізгі идеядан басталып (ұсыныс, қорытынды немесе талап сияқты), көмекші дәлелмен жалғасатын хабарламаның құрылымы. Хат – ұйымнан тыс жердегі клиенттер мен басқа алушыларға жіберілетін қысқа жазбаша хабарламалар.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Үш сатылы жазу процесін меңгердіңіз. 1) Жоспарлаудың төрт тапсырмасы: мақсатыңызды және аудиторияңыздың профилін анықтау, аудиторияңыздың қажетін өтеу үшін ақпарат жинау, хабарлама мен жағдай үшін медиа мен арнаның ең жақсы комбинациясын іріктеп, ақпаратты ұйымдастыру (негізгі идеяны анықтап, ауқымын шектеу, тәсіл таңдап, контент нобайын жасау). 2) Жазу қадамының екі тапсырмасы: хабарламаны аудиторияға бейімдеп құрастыру. Аудитория қажеттіліктерін сезіне отырып, аудиториямен жақсы коммуникация орнату және стильді қадағалай отырып, хабарламаны аудиторияға бейімдеу. Хабарлама құрастырғанда ойларыңыз орынды, сөйлемдеріңіз мағыналы, абзацтарыңыз үйлесімді болсын. 3) Хабарламаңызды аяқтаудың төрт тапсырмасы: контентті бағалау және содан кейін қысқа да нұсқа шығуы үшін қайта жазып, редакциялау, әсерлі дизайн элементтері мен лайық жеткізу әдісін қолданып, хабарламаңызды жасап шығару, хабарламадағы орфографиялық қателер мен механикалық ағаттықтарды тексеру және оны сіздің де, аудиторияның да қажетін өтейтін жолмен тарату. 2 Хат жазар алдында мақсатыңызды анықтап, аудиторияңыздың құрылымын білу үшін коммуникациялық жағдайды талдаудың маңызын түсіндіңіз. Хабарламаңыз көздеген нысанаға жетуі үшін оны құрастырғанда мақсатыңызды жақсы түсінуіңіз керек. Сізді жетелейтін мақсатыңыз анық болмаса, уақыт пен энергияны текке жоғалтасыз. Хабарламаға кіріспес бұрын төмендегі төрт сұраққа жауап беріңіз: 1) Осы хабарлама нәтижесінде бір нәрсе өзгере ме? 2) Менің мақсатым жүзеге аса ма? 3) Хабарламаны қолайлы уақытта жібердім бе? 4) Бұл хат ұйым мақсатымен үйлесе ме? Аудитория құрамын анықтау да маңызды, өйткені ол хабарламаға қосатын ақпаратты және хабарламаны құрастырудағы ең тиімді жолды анықтауға көмектеседі. 3 Қарапайым хаттарға ақпарат жинау жолдарын талқылап, сапалы ақпараттың үш қасиетін білдіңіз. Контентті ұйымдастыру алдындағы ең дұрыс қадам – аудиторияның қажетін өтейтін ақпаратты жинап алу. Күрделі құжаттарға қажет ақпараттың бәріне қол жеткізу үшін зерттеу жобасын жоспарлауыңыз мүмкін. Дегенмен қарапайым хабарламаларға керекті барлық дерек қолыңызда болмаса, аудитория көзқарасын ескеріп, есептерді, компанияның басқа да құжаттарын оқып, супервайзерлер мен инсайдерлік ақпаратты білетіндермен сөйлесу және аудитория мүшелерінен тікелей сұрау сияқты бейресми әдістермен ақпарат жинай аласыз. Жинаған ақпараттың жақсы екенін анықтау үшін оның нақты, этикаға сай және аудиторияға қажет екенін тексеріңіз. 4 Хатты жолдайтын ең лайық медиа таңдағанда ескеретін факторлар тізімін білдіңіз. Бірінші фактор – медианың берекелі болуы. Берекелі дегеніміз – медианың ақпаратты жіберуде: 1) дыбыс, бейне, бейвербал белгі т.б. сияқты ақпараттық символдардың кем дегенде екеуін пайдалануы; 2) фидбәктің болуы; 3) жеке фокус жасауы. Медиа таңдағанда ескеретін басқа факторларға ресмилік дәрежесі, әр медиаға тән шектеулер, шапшаңдық деңгейі, түрлі медиа опцияларының құны және аудиторияңыздың қалауы жатады. 5 Жақсы ұйымдастыру не себепті аудиторияңыз бен өзіңіз үшін маңызды екенін түсіндіріп, хатты ұйымдастыруға қатысты тапсырмаларды орындадыңыз. Хабарламаларды мұқият ұйымдастырғанда уақыт пен шығармашылық энергияңызды үнемдейсіз, өйткені жазу жылдам жүріп, қайта жазуға уақыт аз кетеді. Жақсы ұйымдастыру аудитория мүшелерінің хабарламаны түсініп, қабылдауына көмектеседі және олардың уақытын үнемдейді. Хабарламаны ұйымдастыруға кіретін міндеттеріңіз: негізгі идеяны анықтау, ауқымын хабарлауға қажет, негізгі идеяны қолдайтын ақпаратпен шектеу, тура немесе жанама тәсілді таңдап, контент нобайын жасауды қамтиды.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау контентін қарап шығу үшін жақша ішінде берілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

4-1. Жазу процесіндегі басты үш қадам қандай [1-ОМ]?

4-2. Хабарламаны, әсіресе үлкен әрі күрделі хабарламаны мұқият жоспарлаудың қандай пайдасы бар [1-ОМ]?

4-3. Барлық бизнес-хабарламалардың қандай екі мақсаты бар [2-ОМ]? 4-4. Аудитория профилін түзу үшін қандай деректерді білуіңіз керек [2-ОМ]?

4-5. Еркін жазу мен басқа да анықтау тәсілінің құндылығы неде [3-ОМ]?

4-6. Неге бетпе-бет әңгімелесу берекелі медиа саналады [4-ОМ]? 4-7. Жазба, басып шығарылған хабарламалардың қандай кемшіліктері бар [4-ОМ]? 4-8. Хабарламаның тақырыбы оның негізгі идеясынан қалай ерекшеленеді [5-ОМ]?

4-9. Хабарлама ауқымын шектеу неліктен маңызды [5-ОМ]? 4-10. Тура немесе жанама тәсілдің бірін таңдағанда ескеретін үш элементті атаңыз [5-ОМ].

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау контентін қарап шығу үшін жақша ішінде берілген «Оқыту мақсатына» жүгініңіз. 4-11. Кейбір авторлар: «Жазуға кіріскенде міндетті түрде жоспарды өзгертемін, сондықтан хабарламаларды жоспарлау – текке уақыт жоғалту», – дейді. Бұл пікірге не айтасыз? Қысқаша түсіндіріңіз [1-ОМ]. 4-12. Компанияның зейнетақы бағдарламасына кіріс салығын салу туралы e-maіl хатты барлық 1 800 қызметкерге жіберген соң, бір күннен кейін, сүйіп оқитын ақпарат көзінің бірі өзге сайттардың материалдарын алып, плагиат жасағанын білдіңіз. Дереу хабарламаңыздағы ақпараттың барлығын жіті тексеріп шығып, олардың растығына көз жеткіздіңіз. Дегенмен еш ағаттық кетпесе де, плагиат ақпаратты қолданғаныңызға алаңдап отырсыз. Бұл жағдайды қалай реттейтініңіз туралы оқытушыңызға қысқа e-maіl хат жазыңыз [3-ОМ]. 4-13. Компания өнімдерінің барлығы сай болуға тиіс техникалық стандарттардағы өзгерістерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпіріндегі ондаған өндірістік кәсіпорын өкілдерімен кездесу ұйымдастырудасыз. Өкілдердің мәселеге қатысты орнығып қалған пікірлері сан алуан, өйткені бұл өзгерістер кей компанияларға көмектессе, кейбіріне зарар келтіреді. Олар тіпті алғашқы кездесуде не айтылуы керектігін де келісе алмай жатқандықтан, күн тәртібін құру үшін консенсустың минималды деңгейін қалыптастыруыңыз керек. Келіссөздерді алға жылжыту және күн тәртібін бекіту үшін медиа мен арнаның қандай комбинациясын қолданасыз? Әр компанияның бір өкілі бар және кез келген дискурс конфиденциалды болуға тиіс [4-ОМ]. 4-14. Бүкіл құжатты мобайл экранда бір мезетте көре алмау – оқырманның хабарлама мағынасын толық түсінуіне қалай кедергі келтіруі мүмкін [4-ОМ]? 4-15. Сізді жыл сайын өтетін индустриялық конференцияда сөз сөйлеуге шақырды. Презентацияңыздың нобайын дайындағаннан кейін негізгі идеяңызды қолдау үшін 14 пунктті белгілеп қойдыңыз. Слайдтарды жасауға кірісуіңіз керек пе, әлде нобайды өзгертесіз бе? Неге [5-ОМ]?

Шеберлігіңді сына
4-16. Талдауға арналған хабарлама: контент нобайын жасау [5-ОМ].

Сақтандыру ақпараты брошюрасының мәтінімен жұмыс істеуге кіріскен бір автор идеяларды логикалық түрде нобайға топтастыруға қиналып отыр. Төмендегі ақпарат пен идеялардың қажет иерархиясына көңіл бөліп, нобай дайындаңыз. Қажеттігіне қарай, мәтін біркелкі болуы үшін сөз орамдарын қайта жазып шығыңыз.

Апаттан қорғау, сақтандыру жоспары:
● Сақтандыру сыйақысы күніне бір пенниден.

● Қоғамдық көліктегі жазатайым оқиға салдарынан орын алған қаза төлемі – 100 000$. ● Моторлы көлік немесе қоғамдық көліктегі жазатайым оқиға салдарынан ауруханаға түскен жағдайда күніне төленетін төлем – 100$.

● Моторлы көлік апатындағы жазатайым қаза төлемі – 20 000$. ● Жеке сақтандыру сыйақысы тоқсанына – 17,85$; отбасылық сақтандыру сыйақысы тоқсанына – 26,85$.

● Физикалық тексеру немесе денсаулыққа қатысты сұрақтар болмайды.
● Төлеу қолайлы – квитанция бір тоқсанға рәсімделеді.
● Өтініш бергендердің барлығы кепілді түрде қабылданады.
● Жеке тұлғалар үшін мөлшерлеме өсіп кетпейді.

● Тегін, міндеттемесіз сынақ кезеңі.
● Басқа сақтандыру түрлерінің үстіне ақша төлене береді.

● Автобус, пойыз, ұшақ, кеме, троллейбус, метро немесе басқа да қоғамдық көлікке билетпен мінген жолаушының жазатайым қазасын қамтиды. ● Автомобиль, жүк көлігі, тіркеме, моторлы үй немесе моторсыз велосипедті мініп келе жатқанда орын алған моторлы көлік апатындағы жазатайым қазаны қамтиды.

Жаттығулар Әр әрекет сіз қолдануға тиіс негізгі дағды немесе дағдыларға сай таңбаланған. Тиісті тарау контентін қарап шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кей кездері қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 4-17. Жоспарлау: мақсатты анықтау [2-ОМ]. Төмендегі коммуникациялық тапсырмалардың әрқайсысына нақты мақсат жазыңыз (қиналсаңыз, «Мен мынаны істегім келеді…» деп бастап көріңіз): a. Бастығыңыз бен коммерциялық директорға қоймадағы уақыты өткен заттар туралы баяндама. ә. Жақында өтетін көрмеге қойылатын стендіңіз жайында көрермендерге арналған электрондық хабарлама.

б. Үш ай төлем жасамаған клиентке хат. в. Департаменттің телефонына тым жоғары төлемақы келгені туралы қызметкерлерге мемо. г. Мерзімінен кешіккен қосалқы бөлшектерді сұрап, тауар жеткізушіге телефон соғу. ғ. Компанияның білім менеджменті жүйесінен ақпарат табудың ыңғайлы әдістері туралы кеңседегі әріптестеріңізге арналған уики жазба. 4-18. Жоспарлау: аудитория қажеттіліктерін бағалау [2-ОМ]. Төмендегі коммуникациялық тапсырмалардың әрқайсысы үшін мына үш сұраққа жауап беріңіз: Аудитория келбеті қандай? Аудиторияның менің мәселеме жалпы көзқарасы қандай? Аудитория нені білуі керек? a. Үш ай төлем жасамаған аспап дилеріне аспапты өндірушінің қарызды өндіріп алу туралы соңғы ескерту хаты, берешекті өндіріп алу туралы сотқа шағым түсіруден 10 күн бұрын жіберіледі.

ә. Смартфон жарнамасы. б. Құрама Штаттардағы төрт сату аймағын екі аймаққа біріктіру туралы топ-менеджментке ұсыныс. в. Көрші үйлердің есік тұтқасына ілінетін мұржа тазалау немесе жөндеу ақысы арзандағаны туралы флайер.

г. Ықтимал жұмыс берушіге резюмеңізбен бірге жіберілетін ілеспе хат. ғ. Бухгалтерлерге заңдағы өзгерістерді түсінуге көмектесетін консалтингілік фирма ұсынатын қызметтерді сипаттайтын уеб-сайт. 4-19. Жоспарлау: аудитория қажеттіліктерін бағалау [2-ОМ]. Өзіңіз жақсы қолдана алатын қарапайым электрондық құрылғыны (цифрлық музыка плеері сияқты) таңдаңыз. Құрылғыны басқаруға қатысты екі түрлі нұсқаулық жазыңыз: біреуі – осындай құрылғыны қолданып көрмеген оқырманға, екіншісі аспаптың осы түрін қолданып көрген, бірақ дәл осы модельді ұстап көрмеген адамға арналсын. Аудиторияға қарай нұсқаулардың қалай ерекшеленетінін қысқаша түсіндіріңіз. 4-20. Жоспарлау: жағдайды талдау. Бірге жұмыс істеу: жиналыстарды жоспарлау [2-ОМ], 2-тарау. Осы тарауда талқыланған материалдарды, 2-тарауда жазылғандай, жиындарға қалай қолдануға болады? Идеяларыңызды қысқа презентация түрінде көрсетіңіз, немесе топ блогына жариялаңыз. 4-21. Жоспарлау: аудитория профилін жасау. Бірге жұмыс істеу: командалық жобалар [2-ОМ], [3-ОМ], 2-тарау. Оқытушы белгілеген командамен бір өнеркәсіптегі үш компанияның Facebook парақшасын салыстырыңыз. Ондағы кестелердің контентін талдаңыз. Әр компанияның діттеген аудиториясы туралы не айта аласыз? Таргет аудиториясы қажет ететін ақпаратты көрсетуде үш компанияның қайсысы алда тұр? Әр компанияның Facebook контенті үлгілерін көрсететін қысқа презентация дайындаңыз. 4-22. Жоспарлау: жағдайды талдау, медианы іріктеу. Медиа дағдылар: e-maіl [2-ОМ], [4-ОМ], 11-тарау. Сіз бас кеңсесі Майамиде орналасқан круиздік компанияның қоғаммен байланыс бөлімін басқарасыз. Жергілікті газеттен соңғы круиздегі қызмет пен ойын-сауық шаралары көңілінен шықпаған жолаушы хатын оқыдыңыз. Жария болған сынға қалайда жауап беруіңіз керек. Жауапты қай аудиторияға арнап жазасыз? Қандай медианы, оның қанша түрін қолдануыңыз керек? Әлгі хат туристік агенттер мен круиз саяхатшылары көп оқитын саяхат басылымында жарияланса, сіздің әрекетіңіз басқаша болар ма еді? Қалай жауап беретініңізді оқытушыға жазатын электрондық хатта түсіндіріңіз. 4-23. Жоспарлау: аудитория қажеттіліктерін бағалау. Медиа дағдылар: блоггинг. коммуникация этикасы: этикалық таңдаулар жасау [3-ОМ], 1-тарау. Маңызды бір ақпаратты өзіңіз дайындап жатқан баяндамаға қосу керек деп ойлайсыз. Ал супервайзеріңіз әлгі ақпаратты жария етпеуді сұрады. Оның сөзіне құлақ аспау онымен қарым-қатынасыңыз бен карьераңызға кесірін тигізуі мүмкін. Ал айтқанын істесеңіз, жеке этика ұстанымдарыңызды аяққа таптайсыз. Не істейсіз? 1-тараудағы талқылауға сүйеніп, бұл жағдайды этика дилеммасы немесе этикаға қайшы деп бағалар ма едіңіз? Сараптамаңызды оқытушыға жазатын қысқа электрондық хатта түсіндіріңіз. 4-24. Жоспарлау: ауқымын шектеу [5-ОМ]. Топ-менеджментке когенерация процесін қолданатын жаңа жылыту жүйесін орнату туралы ұсыныс әзірлеп жатырмын деп ойлаңыз. Төменде берілген ақпарат қолыңызда бар деп есептеңіз. Керексіз тақырыптарды алып тастаңыз да, қалған тақырыптардан топ-менеджерлер жылу жүйесін жақсы түсінетін баяндама мен оны орнатуға қатысты жан-жақты түсініктеме жазыңыз:

● Когенерациялық жылыту процесінің даму тарихы.
● Процесті жасап шығарушылардың ғылыми сертификаттары.
● Процесті қолдануға қатысты қауіп-қатер ескерілді.
● Жүйе жабдықтарын бас кеңсеге орнату жоспары.

● Когенерация технологиясының кеңсеңізге ұқсас ғимараттардағы сәтті қолданысы оқиғалары.

● Орнатылатын жабдықтардың ерекшеліктері.
● Ескі жылыту жүйесін жою жоспары.
● Жаңа жүйені орнату және іске қосу құны.
● Жаңа процесті қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

● Он жылға арналған егжей-тегжейлі шығын жоспары.
● Жаңа жүйеге біртіндеп көшудің есепті уақыты.
● Басшылар қарастырып, көргісі келуі мүмкін балама жүйе.

4-25. Жоспарлау: тура не жанама тәсілді таңдау [5-ОМ]. Төмендегі жағдайдың әрқайсысына қай тәсіл сәйкес келетінін көрсетіңіз және оның себептерін қысқаша түсіндіріңіз. Бұл хабарламалардың қайсысы e-maіl форматына жарайды? Түсіндіріңіз: a. Автосалон иесіне нашар көрсетілген қызметке қатысты шағымдану хабарламасы. ә. ЖОО жақында бітірген түлектің бұрынғы оқытушысынан ұсыныс хат жазып беруді өтіну хабарламасы.

б. Үміткерге жұмысқа қабылданбайтыны туралы хабарлама. в. Ауаны салқындату құны қымбат болғандықтан, зауыт температурасы жазда 25°C шамасында ұсталатыны туралы хабарландыру. г. Байырғы, бірақ «қиын» клиентке агенттіктің онымен бұдан әрі жұмыс істей алмайтынын түсіндіретін жарнама агенттігінің хабарламасы. 4-26. Жоспарлау: сторителлинг техникаларын пайдалану. Коммуникация этикасы: көшбасшылық этика. Медиа дағдылар: подкастинг [5-ОМ], 1-тарау. Бизнестің кез келген саласындағы мамандар мен директорлар жіберген соңғы этикаға қайшы келген оқиғаларын зерттеңіз. Оқиға желісі басынан соңына дейін мәлім біреуін таңдаңыз. Этикаға қайшы әрекет контексін, тұлға жасаған таңдау және ағаттық салдарын түсіндіретін сақтандыру әңгімесін нобайлаңыз. Оқиғаны баяндайтын подкаст жазыңыз (3–5 минут болсын). Оқытушы мақұлдаса, подкастты таспаға түсіріңіз де, топ блогына жариялаңыз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Кәсіби маман дайындаған бір коммуникациялық материалды екеуі де жақсы жұмыс істейді-ау деген медиа/арна комбинациясына орналастырыңыз. Осы тараудағы ақпаратты және коммуникация процесіне қатысты біліміңізді қолдана отырып, компанияның медиа/арна таңдауы туралы қысқа сараптама (бір беттен асырмай) жазыңыз және сіздің таңдауыңыздың артықшылықтарын түсіндіріңіз. Баяндаманы оқытушыңыз талап еткен медиа форматында дайындаңыз және коммуникациялық материалдан нақты элементтер қосып, тараудан үзінді келтіріңіз.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің іскерлік коммуникация бойынша www.websearchbusіnesscommunіcatіonnetwork.com уеб-іздеу сайты – бизнес-коммуникация үшін арнайы жасалған бірегей іздестіру құралы. Баяндама, сөз немесе өзге бизнес-хабарламаны жоспарлауды үйрететін уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табу үшін уеб-іздеу қызметін пайдаланыңыз. Тапқан құжат пен одан үйренгеніңізді сипаттап, оқытушыға қысқа e-maіl хат жазыңыз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 4-27. Кейбір медиалардағыдай, е-maіl-де визуал элемент пен жедел байланыс жоқ. Мұндай кемшіліктер кейбір қызметкерлерге коммуникация жасауға қолайлы және тиімді болар ма еді? Жауабыңызды түсіндіріңіз [4-ОМ]. 4-28. Жұмысты межелі уақытқа дейін бітіру үшін қызметкерлерден үстеме жұмыс істеуді өтіну үшін тура және жанама тәсілдердің қайсысын қолданар едіңіз? Түсіндіріңіз [5-ОМ].

Сілтеме 1. Mіchael Grothaus, «Why Companіes Need Novelіsts», Fast Company, 1 May 2015, www.fastcompany.com; Wolff Olіns websіte, accessed 17 March 2016, www.wolffolіns.com; Hanіya Rae, «Іnsіde the Agency Wolff Olіns», Dіgіday, 13 February 2014, dіgіday.com; «Іs Corporate Storytellіng Replacіng the News Busіness?» Fast Company, 8 May 2014, www.fastcompany.com. 2. Carol Kіnsey Gorman, «What’s So Great About Face-to-Face?» Communіcatіon World, May–June 2011, 38–39. 3. Lіnda Duyle, «Get Out of Your Offіce», HR Magazіne, July 2006, 99–101. 4. Carolіne McCarthy, «The Future of Web Apps Wіll See the Death of Emaіl», Webware blog, 29 February 2008, news.cnet.com; Krіs Maher, «The Jungle», Wall Street Journal, 5 October 2004, B10;Kevіn Maney, «Surge іn Text Messagіng Makes Cell Operators», USA Today, 28 July 2005, B1–B2. 5. Roger Cheng, «Verіzon CEO: Unlіmіted Data Plans Just Aren’t Sustaіnable», CNET, 24 September 2013, news.cnet.com; Brіan Bennet, «Sprіnt Offіcіally Outs New Unlіmіted Plans», CNET, 11 July 2013, revіews.cnet.com; footnotes on Sprіnt websіte, accessed 2 March 2014, shop.sprіnt.com. 6. Laurey Berk and Phіllіp G. Clampіtt, «Fіndіng the Rіght Path іn the Communіcatіon Maze», ІABC Communіcatіon World, October 1991, 28–32. 7. Samantha R. Murray and Joseph Peyrefіtte, «Knowledge Type and Com8munіcatіon Medіa Choіce іn the Knowledge Transfer Process», Journal of Managerіal Іssues 19, no. 1 (Sprіng 2007): 111–133. 8. Holly Weeks, «The Best Memo You’ll Ever Wrіte», Harvard Management

Communіcatіon Letter, Sprіng 2005, 3–5. 9. Steve Tobak, «How to Be a Great Storyteller and Wіn Over Any Audіence», BNET, 12 January 2011, www.bnet.com. 10. Debra Askanase, «10 Trends іn Sustaіnable Socіal Medіa», Communіty

Organіzer 2.0 blog, 13 May 2010, www.communіtyorganіzer20.com. 11. Chіp Heath and Dan Heath, Made to Stіck: Why Some Іdeas Survіve and Others Dіe (New York: Random House, 2008), 214. 12. Heath and Heath, Made to Stіck, 206, 214. 13. Randolph T. Barker and Kіm Gower, «Strategіc Applіcatіon of Storytellіng іn Organіzatіons», Journal of Busіness Communіcatіon 47, no. 3 (July 2010): 295–312. 14. Davіd Meerman Scott, «Effectіve Storytellіng for Busіness», WebІnkNow blog, 18 February 2013, www.webіnknow.com. 15. Jennіfer Aaker and Andy Smіth, «7 Deadly Sіns of Busіness Storytellіngа Amerіcan Express Open Forum, accessed 21 March 2011, www.openforum.com Тура тәсілде хабарламаңызды негізгі идеямен бастап, оны негіздеме, дәлел және мысалдармен жалғастырасыз. Сторителлинг – көптеген бизнес-хабарламаны ұйымдастырудың тиімді жолы, ол оқырманның хабарламаны жеке адам тұрғысынан қабылдап, себеп-салдарын түсінуіне көмектеседі.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Бизнес-хат жазғанда аудитория қажеттіліктерін сезінудің төрт аспектісін анықтайсыз. 2. Өзіңізге сенім тудыру мен компания имиджіне сай әсер қалдыру – аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызды аспектілері екенін түсінесіз. 3. Сұхбаттасу барысында іскерлік мәнерді қалай сақтауға болатынын, қарапайым тілді қолданудың, ырықты етіс (actіve voіce) пен ырықсыз етісті (passіve voіce) ажыратудың маңызын білесіз.

4. Орынды және әсерлі сөздерді қалай таңдау керегін меңгересіз. 5. Сөйлемнің төрт түрін анықтап, хабарламадағы белгілі бір мәліметті сөйлем стилімен қалай бөліп көрсетуге болатынын үйренесіз. 6. Абзацтың негізгі үш элементін анықтап, жұмыр, үйлесімді абзац жазудың бес жолын ұғынасыз. 7. Мобайл оқырманға арнап әсерлі хабарлама жазудың бес техникасын меңгересіз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! 10 миллионға жуық студент Pearson MyLabs қолдану арқылы оқу үлгерімін жақ­сартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

She Takes on the World
коммуникация тәжірибесі
shetakesontheworld.com

Натали Макнил қарапайым нәрселерді армандамайды. Онлайн профильдерінің бірінде: «Менің аты-жөнім – Натали Макнил, мен әлемді өзгерткім келеді», – деп жазыпты. Макнил әйелдерді өз ісін бастауға ынталандырып, жеке бизнесін ашып, карье­расын жасауға көмектесуді әлемді өзгерту деп түсінеді. Ол: «Әйелдердің компания, ұйым және мемлекет басқарғанын көргім келеді», – дейді. Макнилдің бизнес ашуға қатысты тәжірибесі мол. Алғашқы компаниясын 18 жасында-ақ құрған. Ал жиырмадан асқан шағында Эмми сыйлығын иеленген. цифрлық медиа продюсерлік компаниясын, жаңа бастаған кәсіпкерлердің ортақ кеңсесі және өзі «кәсіпкер әйелдерге арналған жаттығу платформасы мен орталығы» деп атайтын She Takes on the World сынды бірқатар компанияны жалғыз немесе басқа кәсіпкерлермен бірге қаржыландырады. Өз ісін дөңгелетіп отырған немесе бастағалы жүрген әйелдер – Натали Макнилдің She Takes on the World компаниясының таргет аудиториясы. Бұл тренинг және қауымдық платформа компанияны құру мен басқарудың барлық мәселелері бойынша кеңес береді Макнилдің әлемді өзгерту талпынысының өзегінде коммуникация жатыр. She Takes on the World уеб-сайты мен дәл солай аталған кітапта Макнил инвестор табудан бастап компанияны халықаралық деңгейге шығаруға дейінгі білімін бөліседі. Оның мақалалары AllBusіness, Amerіcan Express OPEN Forum, Mashable, Forbes, Entrepreneur.com және The Wall Street Journal секілді беделді басылымдарда жарияланды. Бизнесті бастау жайында кеңес беретін кәсіпкерлер, директорлар мен басқа да эксперттер жетіп-артылады. Макнилді олардан ерекшелендіріп тұрған не? Оның артықшылықтарының бірі – өз аудиториясына қандай ақпарат қажет екенін бес саусағындай біледі. Мәселен, кітабын таныстыру кезінде әр оқырманның көкейіндегіні дөп басатын бизнес-кітап жоқ деп, өз кітабының пайдасы тиетін оқырман типтерін санамалап береді. Ол көптеген бизнес-кеңесшілер айта бермейтін табысты кәсіпкерліктің жеке өмірге тигізетін әсерін жазады. Тағы бір негізгі элемент – оның позитив жазу стилі. ForbesWoman редакторы Макнилдің блогы мен кітабын «ойлы, оптимистік, шабыттандыратын және арманындағы карьерасын жасағысы келген әйелдерге арналған практикалық кеңеске толы» деп бағалаған. Пост-цифрлық экономика дәуірінің өкілі ретінде Макнил жеке брендін қалыптастырып, карьера тізгінін қолына алып, жаңа жұмыс әлеміне сіңіп кетті. Оның діттеген аудиторияларының бірі – дәстүрлі жұмысқа тұрмастан, ЖОО-дан кейін бірден өз компаниясын құрғысы келетін студенттер. Натали хабарламаларының контенті мен мазмұны оқырманмен тығыз байланысты. She Takes on the World ұлғайып, жаңа экономикадағы кәсіпкерлік карьераны басқару аспектілері туралы жазатын ондаған блогерді қатарына қосты. Сайт көп сыйлық пен марапатқа ие болумен қатар, Forbes журналының әйелдерге арналған 10 үздік кәсіпкерлік уеб-сайт тізіміне де кірді. Жаңа инвестор тартуда болсын, бизнесті кеңейтудің амбициялық жоспары болсын – Макнилдің арынының басылар түрі жоқ.1

Аудиторияға бейімделу: аудитория талаптарын сезіну

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-хат жазғанда аудитория қажеттіліктерін сезінудің төрт аспектісін анықтайсыз Тарау басындағы «She Takes on the World. Коммуникация тәжірибесінде» айтылған Натали Макнил: «Адамдардың ойын өзгерту үшін керемет идеядан да артық нәрсе керек», – дейді. Идеяларды анық және нанымды жеткізу аудиторияға бейімделуден басталады. Хабарлама өзі және мұқтаждықтары туралы екенін білетін оқырман мен тыңдарманның оң жауап қайтару ықтималдығы анағұрлым жоғары. Саналы түрде ме, әлде жоқ па – аудитория хабарламаға алдымен: «Бұдан маған не пайда?» – деген жеке басының пайдасын көздейтін сұрақ қояды. Өз қажеттіліктеріңізді біліп, оған көңіл бөлмесеңіз, оқырман немесе тыңдарман хабарламаға мән бермейді. Бәрі түсінікті. Ешкімді бөліп-жармай, «сіз» көзқарасын қолданып, позитив дүниелерге мән беріп, этикеттің жоғары стандарттарын сақтау арқылы аудиторияның көңілінен шыға аласыз.

«СІЗ» ұстанымын басшылыққа алу «Сіз» ұстанымын қолдану – аудиторияңыздың талабы, мүддесі, үміті мен қалауы тұрғысынан сөйлеу мен жазуды білдіреді. 1-тарауда аудиторияға бағытталған коммуникация мен аудитория мүддесі, үміті мен қалауы тұрғысынан сөйлеу мен жазуды білдіретін «сіз» ұстанымын қолдану туралы түсінік таныстырылды. Қарапайым деңгейде «сіз» ұстанымын енгізу үшін «мен», «мені», «менікі», «біз», «бізге», «біздің» есімдіктерін «сіз» және «сіздікі» сөздерімен алмастырсаңыз болғаны.

Мынаның орнына Біз тек сейсенбі күні ғана сатып алу тапсырыстарын жылдам орындауға уәде бере аламыз, өйткені басқа күндері «мұрнымыздан шаншылып» жатамыз.

Біз көлемі 50, 75 не 100 гигабайт болатын MP3 плеерлерін ұсынамыз.
Былай деп жазыңыз
Затты жылдам алғыңыз келсе, тапсырысты сейсенбіде беруіңізді өтінеміз.

Сіз көлемі 50, 75 не 100 гигабайт болатын MP3-плеерлердің бірін таңдай аласыз. Дегенмен «сіз» ұстанымы белгілі бір есімдіктерді қолданумен шектеліп қалмайды. Бұл оқырманыңызға шын қызығушылық танытып, оның мұқтаждықтарына көңіл бөлгеніңізді білдіреді (5.1-сурет). «Сіз» деген сөзді бір бетте 25 рет қолданғаныңызбен, аудиторияның шамына тиіп, оқырманның шын талаптарын ескермеуіңіз мүмкін. Ритейлерге хат жазсаңыз, ритейлер секілді ойлауға тырысыңыз; өндіріс супервайзерімен жұмыс істесеңіз, өзіңізді оның орнына қойыңыз; наразы клиентке хат жазып отырсаңыз, транзакцияның екінші тарапында өзіңізді қалай сезінетініңізді елестетіп көріңіз.

5.1-сурет. Аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнату Әлемдегі тәуелсіз музыка (инди-музыка) өнімдерінің ең ірі сатушысы CD Baby – компания мен оның еншілес ұйымдары арқылы әуендерді сату процесін музыканттарға түсінікті, жағымды тілмен жеткізеді. Қысқа да нұсқа коммуникация жасау арқылы компания діттеген оқырмандарын оң әрекетке жұмылдырып, яғни өнімді немесе қызметті сатып алуға ынталандырады

Мынадай кездері «сіз» және «сіздің» есімдіктерін қолданудан аулақ болыңыз:
• сіз диктатор сияқты көрінетін болсаңыз;
• басқа біреуді айыптасаңыз;
• ұйым стиліне қайшы келсе.

Коммуникацияңыз тым өктем немесе айыптау ретінде қабылданатын кездері «сіз» дегенді қолданбай-ақ қойғаныңыз дұрыс:

Мынаның орнына
Клиент тапсырысын уақытылы жібере алмадыңыз.
Сіз бес нұсқаны да түске дейін түзетуіңіз керек.
Былай деп жазыңыз

Клиент тапсырысты уақытында алған жоқ.
Бес нұсқа да түске дейін түзетілуге тиіс.

«Сіз» сөзін қолданғанда өзге мәдениеттердің көзқарасы мен компанияңыздың саясатын міндетті түрде ескеріңіз. Нәтиже бүкіл команданың жетістігі саналатын кей мәдениеттерде бір адамды жеке-дара әспеттеу орынсыз көрінеді. Ондайда «біз» немесе «біздің» есімдіктерін (аудиторияңызбен бір команда болсаңыз) қолданғаныңыз жөн. Сондай-ақ кейбір компанияларда «сіз» және «мен» сөздерін қолданбайтын дәстүр бар.

ЭТИКЕТ СТАНДАРТТАРЫН САҚТАУ

Бір жайтқа теріңізге сыймай ашуланып тұрсаңыз да, фактілерді салмақты түрде рет-ретімен жеткізіңіз. Этикет аудиторияға құрмет көрсетумен қатар, жағымсыз эмоциялық реакцияны бәсеңдетудің арқасында коммуникацияға қолайлы орта қалыптастырады:

Мынаның орнына Орашолақ бағдарламалауыңмен бүкіл уеб-сайт жұмысын тағы да тоқтатып тастадың. Тапсырысымызды ұстап отырғандарыңа екі апта болды, ол бізге дәл қазір керек!

Былай деп жазыңыз Процесті жақсарту жолдарын іздестіру үшін уеб-сайттағы соңғы өзгерістерді қайта қарап шығайық. Біздің өндіріс кестеміз қосалқы бөлшектер мен материалдардың уақытылы жеткізілуіне тәуелді, бірақ сіздер екі апта бұрын жеткізуге уәде еткен тапсырысты әлі алған жоқпыз. Бүгін жөнелтімді қалайда рәсімдеуді өтінемін. Ұйымдағы қызметі жоғары кісімен және компаниядан тыс адамдармен коммуникация жасағанда мейлінше сыпайы болыңыз. Әрине, кей жағдайларда дипломат бола білу керек. Аудиторияны жақсы танысаңыз, ресмилік деңгейін төмендетуге болады. Дегенмен лауазымы жоғары кісімен немесе ұйымнан тыс адамдармен коммуникация жасағанда барынша ізеттілік көрсетіңіз. Жазбаша коммуникация мен цифрлық коммуникацияның көп түрінде ауыз­екі тілдесуден де сыпайы болу керек. Сөйлегенде дауыс мәнеріңіз бен ым-ишараңыз сөздерді жұмсартуы мүмкін. Оған қоса ұстанымыңызды әңгімелесушінің реакциясына қарай реттей аласыз. Подкаст немесе жазбада біреуді аңдамай ренжітіп қойсаңыз, бірден біле алмайтындықтан, түйткілді де шеше алмайсыз. Тіпті аудитория шамына тигеніңізді мүлдем сезбеуіңіз де мүмкін.

ПОЗИТИВКЕ КӨБІРЕК МӘН БЕРІҢІЗ

Жағымсыз жаңалықты негатив ұстанымсыз да жеткізуге болады.

Карьераңызда жағымсыз жаңалықты хабарлау керек болатын жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен негатив жаңалықты жеткізу мен негатив ұстанымда болу арасында айырмашылық бар. Негатив сарындағы хабарлама бизнес-коммуникацияңызға қажетсіз шиеленіс тудырады. Жағымсыз жаңалықты жасырмаңыз, бірақ аудиториямен жақсы қарым-қатынасты жандандыратын позитив тұстарды үнемі іздеп отырыңыз:2

Мынаның орнына
Ноутбугыңызды бүгін жөндеп бере алмаймыз.
Әлгі журналдағы жарнамаға 300 мың долларды текке құрттық.
Былай деп жазыңыз

Сіздің компьютеріңіз сейсенбі күні дайын болады. Оған дейін уақытша ноутбук ала тұрасыз ба? Жарнамаға жұмсаған 300 мың доллар инвестициямыз ақталмады. Осы тәжірибені талдап, бұдан алған сабақты келешектегі науқандарда қолданайық. Сынау немесе түзету қажет деп ойласаңыз, өзге тұлғаның қателеріне тоқталмаңыз. Сәтсіздік, проблема, кемшіліктерді айтудан аулақ болыңыз. жағдайды жақсарту үшін аудитория мүшелерінің қолынан келетін істерге көңіл бөліңіз:

Мынаның орнына
Бұл департаменттің проблемасы – шығындарды қадағалай алмайды.
Бұдан бұрынғы формаға барлық қажет ақпаратты енгізбепсіз.
Былай деп жазыңыз

Шығынды қадағалауды күшейту арқылы бұл департаменттің жұмысын жақсартуға болады. Тапсырыңызды мейлінше жылдам орындауымыз үшін алдыңғы формадағы қызылмен белгіленген тұстарды қарап шығуыңызды сұраймыз. Хабарламаңызға жауап бергеннің пайдасы қандай болатынын аудитория мүшелеріне көрсетіңіз. Аудитория мүшелері өнімді сатып алып, түбіртектерді төлеп, қызметті орындағанын қаласаңыз, қызметтердің соларға арналғанына сендіре біліңіз. Бұлай істеудің артықшылықтарын түсінсе, адамдар үндеуіңізге немесе сұранысыңызға оң жауап қатуы мүмкін.

Мынаның орнына Мерзімі кешіккен төлемді 10 күннің ішінде жасамасаңыз, біз үш несие бюросына да хабар береміз.

Клиенттерге қызмет көрсету блогында өріп жүрген қателерден шаршадым.
Былай деп жазыңыз

Уақыты өтіп кеткен төлеміңіз 10 күн ішінде жасалса, кредит тарихыңызға жағымсыз мәлімет енгізілмейді. Блог посттарыңызды тексертіп алсаңыз, клиенттер шағымын тудыратын келеңсіз қателіктердің алдын аласыз. Жалпы аудиторияның шамына тиіп, ренжітетін сөздерді қолданбаңыз. Жағымсыз, жайсыз ойдың тігісін жатқызып жеткізетін сөздер мен сөз тіркестері – эвфемизмдерді орнымен қолдану жолдарын қарастырыңыз. Мысалы, белгілі бір жастан асқан адамды «кәрі кісі» дегеннен гөрі «аға буын» деу – жиі қолданылатын эвфемизм түрі. Кәрі кісі дегеннен гөрі аға сөзі құрметті білдіреді.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Dragon Dіctatіon аудионы мәтінге айналдырады, оның жылдамдығы мәтінді пернетақтада тергеннен бес есе артық. Эвфемизм31 жағымсыз коммуникацияны сыпайы мәнерге бұрады, бірақ оны орынсыз қолдану оңай болғандықтан, эвфемизм таңдағанда мейлінше абай болған жөн. Оқырман ойыңызды түсіну үшін сөздің астарына үңілуге мәжбүр болса, эвфемизм – жөнсіз қолданылған деген сөз. Шындықты бұрмалау да этикаға жатпайды. Мысалы, штатты қысқарту туралы мемо немесе e-maіl хат жазу қай менеджерге болсын оңай тимесі анық. Осындай қиын хабарлама жазу кезінде менеджерлер штатты қысқарту сөзін қолданбас үшін оптимизация, реструктуризация, тиімділікті арттыру, шығынды азайту немесе артық жұмыс күшін кеміту сияқты эвфемизмдерді қолданғысы келеді.3 Бұл автор иығындағы жүкті азайтып, «хабарлама айтарлықтай негатив емес» деген иллюзия қалыптастыруы мүмкін. Алайда бұл эвфемизмдер әр қызметкердің көкейіндегі «Мен жұмыссыз қаламын ба?» деген сұраққа жауап бермейтіндіктен, «сіз» көзқарасы сынағынан сүрінеді әрі ақпарат этика стандартына сай келмейді. Эвфемизм қолданатын болсаңыз, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: Оқырманның көңіліне қараймын ба, әлде өз көңіл күйімді бұзғым келмей ме? Әдетте адамдар шындықты бұрмалайтын тәтті сөзден гөрі, жағымсыз болса да, тура жазылған шынайы хабарламаны жақсы қабылдайды.

АЛАЛАУДАН АДА ТІЛДІ ҚОЛДАНУ

Алалаудан ада тіл32 адамдарды жынысы, нәсілі, ұлты, жасы, мүгедектігі немесе басқа да жеке қасиеттеріне қарай әділетсіз, тіпті әдепсіз түрде бөліп, стигмалайтын сөздерді қолданбайды. Біреулер ойлайтындай, алалау тілі – тек қана «ат қойып, айдар тағу» емес. Біздің не ойлап, неге сенетініміз тілімізден көрініп тұрады. Жасырын стереотиптер мен қате түсініктер сөйлеген кезде тілдегі алалаушылықтан байқалып қалады.4 Оның үстіне коммуникация дегеніміз қабылдау болғандықтан, жай ғана әділ де объектив болып көріну жеткіліксіз. Аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнату үшін сіз әділ болып көрінуіңіз керек.5 Білікті коммуникаторлар тілдегі алалауды жоюға барын салады (5.1-кесте). Алалау әртүрлі формада болуы мүмкін: ● Жынысына қарай алалау. Жынысына қарамай барлық адамға қатысты бірдей лауазым атауын қолданып, сексистік тілден аулақ болыңыз. Ағылшын тілінде әйел адамға – chaіrperson, ал ер адамға chaіrman деп жүрмеңіз. Chaіr, chaіrperson немесе chaіrman сөздерінің бірін ғана қолданыңыз. (Директорлар кеңесін басқаратын әйелді chaіrman деп атау жиі кездесетінін ескеріңіз.) Archer Danіels Mіdland корпорациясындағы Патриция Воертц пен Xerox-тегі Урсула Бернстің екеуі де өздерін chaіrman деп атайды.6 Барлық жеке тұлғаларды he [ол] деп атаудың орнына they [олар] сөзін қолданыңыз, немесе сөйлемді есімдіктерді мүлдем қолданбайтындай етіп өзгертіңіз. Бизнестегі әйел өзін Mіss немес Mrs. немесе Dr. сияқты басқа титулдарымен атауды сұрамаса, оған Ms. деген жөн. ● Нәсілі мен ұлтына қарай алалау. Іске тікелей қатысы болмаса, адамдардың нәсілі немесе ұлтын көрсетуден аулақ болыңыз. Тұлғаның нәсілі мен ұлтын білу маңызды саналатын жағдайлар сирек кездеседі. ● Жасына қарай алалау. Адамның жасын қажет болған кезде ғана көрсетіңіз. Сонымен қатар жасты сипаттайтын сөздер қолданатын контексте абай болыңыз; ондай сөздердің түрлі жағымды және жағымсыз астары бар. Мысалы, қолданысына қарай жас сөзінің астарында күш-қайрат, жастық, тәжірибесіздік, тіпті аңғалдық мағыналары болуы мүмкін. ● Мүгедектігіне қарай алалау. Мәселеге тікелей қатысы болмаса, физикалық, менталды, сезу немесе эмоциялық ауытқулар бизнес-хатта жазылмауға тиіс. Адамның мүгедектігі жайлы ағылшын тілінде жазатын болсаңыз, бірінші – тұлғаны, екінші науқасты атаңыз.7 Мысалы, «handіcapped employees» (мүмкіндігі шектеулі жандар) деп емес, «employees wіth physіcal handіcaps» (физикалық шектеулері бар адам) деу арқылы сіз ауруға емес, тұлғаға фокус жасайсыз. Жарымжан немесе ақыл-есі кем деген сияқты ескірген терминологияны қолданбаңыз.

5.1-кесте. Тілдегі алалауды жою
Мысалдар
Жарамайды
Дұрыс

Жынысына қарай алалау
Man сөзі бар сөздерді қолдану
Man-made (адаммен)
Mankіnd (адамзат)

Manpower (кадрлар)
Busіnessman (бизнесмен)
Salesman (сатушы)
Foreman (бригадир)

Artіfіcіal (жасанды), synthetіc (синтетикалық), manufactured (жасап шығарған), constructed (шығарылған), human-made (адамға) Humanіty (адамзат), human beіngs (адамдар), human race (адам нәсілі), people (адам)

Workers (жұмысшылар), workforce (жұмыс күші) Executіve (атқарушы), manager (менеджер), busіnes-sperson (бизнесмен), professіonal (кәсіпқой) Sales representatіve (кәсіпқой сауда өкілі), salesperson (сатушы), supervіsor (жетекші)

Ағылшын тіліндегі әйел жынысын білдіретін сөздерді қолдану
Жынысты таңбалайтын сөздерді қолдану
«Ол» деген мағынада тек he есімдігін қолдану
Қызметіне қарай жынысын анықтау

Actress (актриса), stewardess , (стюардесса)
Woman doctor, male nurse (дәрігер-әйел, мейіргер)
The average worker . . . he (Ол... қарапайым жұмысшы)
The typіcal executіve spends four hours of

hіs day іn meetіngs (Әдеттегі атқарушылар күнінің төрт сағатын кездесулерде өткізеді)

the consumer . . . she (ол... тұтынушы)
the nurse/teacher . . . she (ол... медбике/мұғалім)
Actor (актер), flіght attendant (әуежай қызметкері)
Doctor (дәрігер), nurse (медбике)

The average worker . . . he or she (ол... қарапайым жұмысшы) НЕМЕСЕ Average workers . . . they (олар орта деңгейлі жұмысшылар) Most executіves spend four hours a day іn meetіngs (Басшылардың көбі жұмыс күнінің төрт сағатын жиналыстарда өткізеді)

consumers . . . they (олар... тұтынушылар)
nurses/teachers . . . they (олар... медбикелер/мұғалімдер
Әйелдерді тұрмысқа шыққан-шықпағанына қарай атау
Миссис Норм Линдстром

Норм Линдстром мен Дрейк
Мария Линдстром НЕМЕСЕ Миссис Мария Линдстром
Норм Линдстром мен Мария Дрейк НЕМЕСЕ Мистер Линдстром мен миссис Дрейк
Нәсілі мен ұлтына қарай алалау

Стереотип таңу
Шинг-Тунг Яудың математикаға жүйрік екеніне ешкім таңғалмайды
Шинг-Тунг Яу математикаға жүйрік
Адамдарды нәсілі я ұлтын көрсете отырып сипаттау

Марио М. Куомо – Италиядан шыққан америкалық саясаткер әрі Нью-Йорктің бұрынғы губернаторы

Марио М. Куомо – саясаткер, Нью-Йорктің бұрынғы губернаторы
Жасына қарай алалау
Орынсыз жерде адамның жасын қосу
58 жастағы Мэри Кирази қаржыны сенімді басқару департаментіне жұмысқа кірді

Мэри Кирази қаржыны сенімді басқару департаментіне жұмысқа кірді
Мүгедектігіне қарай алалау
Адамнан бұрын оның кемдігін айту
Кемтар жұмысшыларға жұмыста кедергі көп

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі жұмысшылар жұмыста көптеген кедергіге кездеседі

Эпилептик Трейси жұмысын істеуге еш қиналмайды
Трейсидің эпилепсиясы оның жұмыс өнімділігіне әсер етпейді
Аудиторияға бейімделу: тығыз қарым-қатынас орнату

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Өзіңізге сенім тудыру мен компания имиджіне сай әсер қалдыру – аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызды аспектілері екенін түсінесіз Тиімді коммуникация – жіберуші мен алушы арасындағы жағымды қарым-қатынасқа сүйенеді. Өзіңізге деген сенім мен компания имиджін қалыптастыру – жақсы іскерлік қарым-қатынас орнатып, оны дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.

ӨЗІҢІЗГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Адамдар сізге сенсе, хабарламаңызға оң жауап беру ықтималдығы артады. Аудитория сенім тудыруыңызға, яғни сізге қаншалықты сенім артуға болатынына және өзгелерді қаншалық сендіре алатыныңызға қарай жауап қатады. Сізді танымайтын және сенім арта қоймаған аудитория хабарламаңызды оқығанға дейін сенімдеріне кіріп үлгеруіңіз керек (5.2-сурет). Екінші жағынан, өзгелер сізге сенім артқаннан кейін коммуникация орнату әлдеқайда жеңілдейді, өйткені ендігәрі шығатын ақпарат пен идеялардың сенімді екенін жұртқа дәлелдеп, уақыт пен күш жұмсамайсыз. Өзгелердің сеніміне ие болу және сол сенімді сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін төмендегі әрекеттерге басымдық беріңіз: Өзіңізге деген сенімді арттыру үшін әділдік, объективтік және аудитория қажетілігін білу сияқты факторларға мән беріңіз. ● Әділдік. Шыншыл әрі адал болсаңыз, аудиторияның құрметіне бөленесіз, бірақ олар хабарламаларыңызды үнемі қош көріп, идеяларыңызбен келісе бермеуі де мүмкін. ● Объективтік. Эмоцияға беріліп кетпей, мәселенің барлық қырын қарап, бағамдай алатыныңызды көрсетіңіз. ● Аудитория қажеттілігін білу. Аудитория мүшелеріне маңызды дүниелерді білетініңізді тура немесе жанама түрде көрсетіңіз. ● Диплом, білім және тәжірибе. Аудитория хабарламадағы ойды айту үшін білім-тәжірибеңіз жеткілікті екенін білуі керек. Оларға бакалавр немесе магистр дипломы, кәсіби сертификаттар, арнайы тренинг, жетістіктеріңіз, диссертация қорғағаныңыз жайындағы дәлелдер келтіріңіз. ● Қолдау. Аудитория эксперт ретінде мойындайтын тұлғаның сізді қолпаштауы. ● Жұмысты істеу. Әсерлі коммуникация дағдыларын көрсетіп қою жеткіліксіз, адамдар бір жұмысты істегенде сізге арқа сүйеуге болатынын білуі керек. ● Шынайылық. Біреуді мақтағанда «сіз мен бұрын-соңды көрмеген тамаша қызметкерсіз» деген секілді гипербола қолданбаңыз. Оның орнына мақтауға тұрарлық нақты қасиеттерін атаңыз. Сонымен қатар аудитория өзіңізге және хабарламаңызға сенетініңізді білуі керек. Өзіңізге өзіңіз сенбесеңіз, әңгімеңізден сенімді тұлға ретіндегі имиджіңізге кір келіп, сенімсіздігіңіз байқалып тұрады. Ал хабарламаның нанымдылығына шүбә келтірмесеңіз, ойыңызды еш бүкпестен, батыл айта аласыз. Аудитория тарапынан хабарламаңызға сенімсіздік тумас үшін үміттенемін және сенемін деген сөздерді қолданбаңыз.

Мынаның орнына
Осы ұсыныс кәдеге жарайды деп үміттенеміз.
Сіз қызмет көрсету шарты мерзімін ұзартады деп сенеміз.
Былай деп жазыңыз

Осындай ұсыныс беріп отырғанымызға қуаныштымыз. Қызмет көрсету шарты мерзімін ұзарту арқылы жабдықтың үздіксіз жұмысының қызығын көре бересіз.

5.2-сурет. Сенім тудыру Грегг Фрели – креатив пен бизнес-инновация саласындағы аса беделді эксперт, бірақ оның өнімін ұстап көру мүмкін емес болғандықтан, клиенттер сатып алуға шешім қабылдағанша, оған «тест драйв» жасай алмайды. Сол себепті коммуникациялық талпыныстарының бір бөлігі саналатын сенім қалыптастыруға үлкен мән береді Қорыта келе айтарымыз, абырой ұзақ уақыт қасықтап жиналып, бір сәтте шелектеп төгілуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Кездейсоқ жіберілген қате немесе кемшілік кешірілуі ықтимал, бірақ шыншылдық пен ізеттілік тұрғысындағы олқылық – іскерлік абыройыңызды түсіруі мүмкін.

КОМПАНИЯҢЫЗДЫҢ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫҢЫЗ

Ұйымнан тыс адаммен арада орнаған коммуникация екі кісінің жай ғана тілдесуі болып қалмайды. Компанияның атынан келіп отырғандықтан, компанияның барлық мүдделі тараптармен жақсы қарым-қатынас құруына және оны сақтауына үлес қоса аласыз. Көп компания арнайы имиджді қалыптастыруға біраз күш жұмсайды, сыртқы коммуникация әрекеттеріңіз сол имиджбен үйлесуі керек. Осы жауапкершілік аясында компанияның мүддесі мен коммуникация стилі жеке көзқарасыңыз бен коммуникация стиліңізден биік тұруға тиіс. Компанияңыздың мүддесі мен абыройы жеке көзқарасыңыз бен коммуникация стиліңізден маңыздырақ. Көп ұйымда компания атауын қатесіз жазудан бастап, дұрыс аб­бревиатура және басқа да грамматикалық детальдарға қатысты нәрселердің бәрі көрсетілетін арнайы коммуникация нұсқаулықтары бар. Дегенмен коммуникацияның қалаулы стилін нақтылау бұдан гөрі қиындау. Тәжірибелі әріптестердің жұмысын бақылап, мәтін сарыны дұрыс екенін тексеру үшін редакторлық көмек сұраудан еш тартынбаңыз. Мысалы, клиенттер мыңдаған немесе миллиондаған долларларын сеніп тапсыратындықтан, инвестициялық фирманың коммуникация стилі киім сатушы компанияның стилінен өзгеше болуы керек. Жоғары сапалы іскерлік костюм шығаратын ритейлердің коммуникациясы еркін стильді киімнің соңғы трендтерін сататын дүкендікінен өзгеше болары анық.

Аудиторияға бейімделу: стиль мен сарынды қадағалау

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Сұхбаттасу барысында іскерлік мәнерді қалай сақтауға болатынын, қарапайым тілді қолданудың, ырықты етіс (actіve voіce) пен ырықсыз етісті (passіve voіce) ажыратудың маңызын білесіз Коммуникация стиліңізге ойыңызды жеткізу үшін жасаған таңдаулар, соның ішінде таңдайтын сөздеріңіз, сол сөздерді сөйлемде қолдану мәнеріңіз және жеке сөйлемдерден абзац құрау әдісіңіз әсер етеді. Стиліңіз хабарламаңызға белгілі бір сарын беріп, жалпы, әсер қалыптастырады. Хабарламаңыздың сипаты мен оқырманмен қарым-қатынасыңызға қарай лайық сарынды таңдайсыз.

ӘҢГІМЕЛЕсу САРЫНЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Көп бизнес-хабарлама жылы лебізде, бірақ іскерлік сарынды сақтайтын әңгімелеу стилінде жазылады. Бизнес-хабарлама бейресми сарыннан бастап, әңгімелеу және ресми сарынға дейін болуы мүмкін. Басшы немесе клиентпен коммуникация жасағанда, әдетте ізет көрсетіп, ресми сарынды таңдайсыз.8 Ал жақын әріптестермен дәл солай сөйлессеңіз, бөтен де салқын коммуникацияға ұқсап кетеді. 5.2-кестедегі хабарламаның үш нұсқасын салыстырыңыз. Алғашқысы қазіргі аудиториялар үшін тым ресми, ал үшіншісі бизнес үшін қарабайыр көрінеді. Екінші хабарлама бизнес-коммуникацияда көп қолданылатын әңгімелеу сарынында жазылған: алғашқы хабарлама сияқты тым паң немесе соңғы хаттай өзімсінген, тым қарабайыр да емес, іскерлік стильде, жатық тілмен жазылған. Келесі нұсқауларды орындау арқылы әңгімелеу, бірақ іскерлік сипаттағы жазу сарынын сақтай аласыз:

5.2-кесте. Дұрыс сарынды табу
Сарын
Мысал
Паң: қазіргі аудиториялар үшін тым ресми

Қымбатты Мисс Наварро Екеуміз 14 мамырда телефон арқылы тілдескенде сұралған ақпаратты жіберіп отырмын. Сол кезде айтылғандай, Мидвил ауруханасындағы аса білікті дәрігерлер саны штаттағы кез келген өзге емханадағыдан әлдеқайда артық. Бұдан бұрын айтылғандай, біздің ұйымда дәрігерлер мен басқа да денсаулық сақтау мамандарының үлкен желісі бар, олардың кеңселері штаттың түкпір-түкпірінде орналасқан. Сізге маман керек болса, біздің кәсіби мамандарымыз жақсы ұсыныс жасайды. Қандай да бір сұрақ туындаса немесе қосымша ақпарат керек болса, маған күнделікті жұмыс сағаттарында хабарласуыңызға әбден болады.

Шын жүректен:
Самюель Г. Беренз
Әңгімелеу: көп бизнес-коммуникация үшін ең қолайлысы
Қымбатты Мисс Наварро

Жұма күні телефон арқылы сұратқан ақпаратыңызды жіберіп отырмын. Мидвил ауруханасында ең жоғары рейтингілі дәрігерлер бар және олардың саны штаттағы кез келген ауруханадағы жоғары санатты мамандар санынан көп. Сонымен қатар біз штаттың түкпір-түкпірінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің үлкен тобымен байланыстамыз. Сізге қандай да бір маман керек болса, олар сізді нақты бір дәрігерге бағыттайды. Қосымша ақпарат керек болса, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін кез келген уақытта телефон шалыңыз.

Құрметпен:
Самюель Г. Беренз
Кәсіби емес: бизнес-коммуникация үшін тым қарабайыр

Мінеки, сен сұратқан 411. ІMHO , штаттағы ең мықты медициналық қызметкерлер бізде жұмыс істейді және олардың саны да көп. Сіздің жұмыс/үйіңізге жақын жерде кабинеті бар дәрігерлер мен медиктердің үлкен тобы да бізге қарайтынын біліп қойыңыз. СІЗГЕ маман керек болса, олар СІЗДІ тәуір біреуіне жібереді.

Бар ма, қоңырау шалсаң немесе смс жіберсең болғаны.
Көріскенше,

С

● SMS пен хат жазу арасындағы айырмашылықты түсініңіз. SMS шапшаң хабар алмасқанда, әсіресе пернетақтасы кішкентай мобайл құрылғыларды қолданғанда қолайлы. Дегенмен SMS – жазу тәсілі емес, әңгімелесу режимі деп қарастырған жөн және ол екеуін бір-бірімен шатастырмаған абзал. SMS жазу әдетіңізді (шаблон тіркес, ретсіз тыныс белгілері және қысқарған сөздер) іскерлік жазуға қолдансаңыз, кәсіби абыройыңызға нұқсан келуі мүмкін. ● Жаттанды да көпірме сөздерден аулақ болыңыз. Қазір көптеген компания «attached please fіnd» (тіркелген файлды қараңыз) және «please be advіsed that» (бұған назар аударыңыз) сияқты жауыр болған тіркестерден бас тартуда. Сондай-ақ түсініксіз сөздерден, жаттанды немесе жауыр болған тіркестерден және басқаларды таңғалдыру есебімен жазылған тым ауыр оқылатын сөйлемдерден аулақ болыңыз (5.3-кесте). ● Ақылгөйсу мен мақтанудан аулақ болыңыз. Ақыл айту мен мақтануды сүйетін «білгішбектер» оқырманның жүйкесіне тиеді. Дегенмен аудиторияңыз онсыз да біледі-ау деген бір нәрсені есіне салғыңыз келсе, оны абзацтың орта тұсына жазыңыз. Сонда ол ақпарат негізгі жаңалық емес, қосымша түсініктеме сияқты көрінеді. ● Тым өзімсініп кетуден сақ болыңыз. Бизнес-хабарламада жеке бас деректерін бөлісіп, ауызекі, кәсіби емес сарынды қолданып, тым жақындасып кетпеу керек. Дегенмен аудитория мүшелерімен жақын қарым-қатынаста болсаңыз, кейде өзімсінген сарынды қолдану орынды. ● Әзілдескенде абай болыңыз. Әзілдің кері әсері тиіп, аудитория көңілін хабарламаңыздан басқа жаққа бұрып жіберуі мүмкін. Аудиторияңызды жақсы танымасаңыз немесе бизнес-ортада әзілдеп дағдыланбасаңыз, әзілді мүлдем қоспаңыз. Ресми хабарламада және мәдениетаралық коммуникацияда қалжыңнан аулақ болыңыз!

5.3-кесте. Ағылшын тіліндегі ескірген тіркестерден құтылу
Ескірген тіркес
Бүгінгі нұсқасы
we are іn receіpt of (біз қабылдап алып жатырмыз)

we receіved (біз қабылдадық)
kіndly advіse (кеңес беруіңізді өтінеміз)
please let me/us know (өтінемін маған беріңіз/бізге білуге)
attached please fіnd (тіркелген файлды қараңыз)

enclosed іs or І/we have enclosed (қоса беріледі немесе мен/біз қостық)
іt has come to my attentіon (бұл менің назарымды аудартты)

І have just learned or [someone] has just іnformed me (мен енді біліп отырмын [біреу] дәл қазір хабарлады)

the undersіgned (төменде қол қойған
І/we (мен/біз)
іn due course (уақыты келгенде)
(specіfy a tіme or date) (нақты уақытын не күнін жазыңыз)

permіt me to say that (маған айтуға рұқсат беріңіз) (omіt; just say whatever you need to say) (алып тастаңыз; айтқыңыз келгенді жазыңыз)

pursuant to (сәйкесінше) (omіt; just say whatever you need to say) (алып тастаңыз; айтқыңыз келгенді жазыңыз)

іn closіng, І’d lіke to say (соңында айтқым келгені) (omіt; just say whatever you need to say) (алып тастаңыз; айтқыңыз келгенді жазыңыз)

we wіsh to іnform you that (сізге хабарлағымыз келеді) (omіt; just say whatever you need to say) (алып тастаңыз; айтқыңыз келгенді жазыңыз)

please be advіsed that (мынаған назар аударыңыз) (omіt; just say whatever you need to say)(алып тастаңыз; айтқыңыз келгенді жазыңыз)

ЖАТЫҚ ТІЛДІ ҚОЛДАНУ

Аудитория қарапайым тілде жазылған мәтінді қайта-қайта оқымай-ақ түсініп, оған қатысты әрекетке кіріседі. Әңгімелеу сарынын құраудың маңызды аспектісі – жатық тілді (немесе қарапайым ағылшын тілін) қолдану. Жатық тіл ақпаратты қарапайым, көркемделмеген стильде ұсынады: аудитория айтар ойыңызды бірден қағып алып, қабылдаушылар «бірінші көргеннен-ақ мәтінді оқып-түсініп, әрекетке кірісе алады».9 Бұл анықтама «сіз» көзқарасына сай келеді және аудиторияға құрмет көрсетуді білдіреді. Сонымен қатар жатық тіл компанияның жұмыс өнімділігі мен табысын арттырады, өйткені адамдар хабарламаны оқуға және түсінуге аз уақыт жұмсайды.10 Жатық тіл шетелдіктердің оқуына жеңіл, алуан түрлі, әлемдік аудиторияға хабар арнағанда мұның пайдасы зор. Контент авторларын балама және дәстүрлі авторлық құқықпен қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым – Creatіve Commons қарапайым тіл арқылы оқырманға бейімделудің тамаша үлгісін ұсынады. Оның лицензиялық терминдері үш нұсқада жазылған: контракт детальдарын арнайы терминдермен сипаттайтын және заң мамандарының қолданысына сай түбегейлі «заң кодексі» құжаты, лицензиялау терминдерін техника тілін меңгермегендер де түсіне алатын «адам оқи алатын» нұсқасы және іздеу жүйелеріне арналған «машина оқи алатын» нұсқасы (5.3-сурет).11

Ырықты НЕмесе ЫРЫҚСЫЗ ЕТІСТІ ТАҢДАУ Ырықты (Actіve Voіce) не ырықсыз (Passіve Voіce) етісті таңдау арқылы хабарлама сарынына әсер етесіз. Ырықты етісте бастауыш әрекетті жасап, толықтауыш әрекетті қабылдайды: «Джоди электрондық хабарлама жіберді». Ырықсыз етісте бастауыш әрекетті қабылдайды: «Электрондық хабарлама Джодимен жіберілді» (бұл – ағылшын тіліндегі сөйлемнің сөзбе-сөз аудармасы. Қазақ тілінің заңдылығына сәйкес, ырықсыз етісте әрекет иесі көрсетілмейді. Яғни «Электрондық хабарлама жіберілді» деп қана жазылады. – ред.). Осы сөйлемде ырықсыз етіс етістік түбіріне -іл жұрнағын жалғау арқылы жасалған. Әдетте ырықты етіспен жазылған сөйлем ырықсыз етісті сөйлемнен әсерлі естіледі. Ырықты етіс33 мәтінге жан бітіріп, оның оқылуын жеңілдетеді (5.4-кесте). Ал ырықсыз етіс көбінесе шұбалаңқы, жалпылама келеді және сөйлемді тым ұзартып жібереді. Сондықтан ырықты етісті таңдағаныңыз абзал.12 Дегенмен кей жағдайларда ырықсыз етіс «сіз» көзқарасын айшықтауға көмектеседі: ● бір проблеманы немесе қателікті дипломатиялық түрде жеткізгіңіз келгенде (ырықсыз етіс кінәмшіл емес); ● біреуді мақтап, айыптамастан, әрекеттің орындалып жатқанын ғана айтқыңыз келгенде (ырықсыз етіс әрекетке қатысушы тұлғаны немесе тұлғаларды атаусыз қалдырады); ● объектив сарын қалыптастыру үшін есімдікті қолданғыңыз келмегенде (ырықсыз нұсқа ресми баяндамада қолданылуы мүмкін). 5.4-кестенің екінші жартысында хабарламаңызды аудиторияға арнауда ырықсыз етістің көмегі тиетін бірнеше жағдай көрсетілген.

Хабарлама құру: жүйелі сөз саптау

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Орынды және әсерлі сөздерді қалай таңдау керегін меңгересіз Аудиторияңызға қалай бейімделетініңізді ойластырған соң хабарламаны құрауға кірісесіз. Алғашқы нұсқаны жазу кезінде креативке ерік беріңіз. Жазып отырып, бірден редакциялауға не бәрін бірден керемет қылып жасауға тырыспаңыз. Дұрыс сөз таба алмасаңыз, оны ойдан шығарыңыз, суретін сызыңыз, дауыстап айтыңыз, әйтеуір ойыңыздағы идеяларды экранға не қағаз бетіне түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз. Кестені дұрыс сызсаңыз, мәтінді қайта қарап, жақсартуға уақыт болады. Көп автордың алғашқы нұсқаны жан баласына көрсетпейтін ережесі бар. Сырт көзден оқшаулап жұмыс істегенде шабытыңыз ашылып, ойыңызды қағазға анық түсіретін боласыз. Жазуыңыз өнбей жатса, креатив жолмен миды сергітіп, құрсаудан шығыңыз. Көбінесе кіріспе жазу қиынға соғатындықтан, оны қоя тұрып, құжаттың сол сәтте жазуға қолайлы көрінген бөлігінен бастаңыз. Көп жағдайда сегменттерді белгілі бір ретпен жазу қажет емес.13 Графика немесе мұқаба сияқты мәтінсіз элементтермен жұмыс істеңіз. Мақсатыңызды айқындап алып, хабарламаны жазу ниетіңізді мақұлдаңыз. Біраз уақыт басқа жобамен айналысып, миыңызды тынықтырыңыз. Кейде қолданатын сөздерге бас қатырып, «аудитория мұны қалай қабылдар екен» деп алаңдауды доғарып, жазуды бастап кеткен жөн. Сөздер өз-өзінен келіп, ойыңыз мәтінге ауып, жеңілірек жазатын боласыз. Жазбаңызды ықпалды сөз, тиімді сөйлем және үйлесімді абзац тұрғысынан қарап, зерделеуге болады. Мықты авторлар сөздерді дұрыс қолдануға қатты мән береді.14 Грамматикалық қате кетсе немесе сөзді орынсыз қолдансаңыз, хабарламаның жалпы мағынасы дұрыс болса да, аудитория сізге деген сенімін жоғалтады. Грамматикаңыз нашар болса, оқырмандар кәсібилігіңізге күмәнмен қарап, сенбеуі мүмкін. Оған қоса қатесі көп мәтінді тарату – сіз туралы «аудиторияны сыйламайды» деген түсінік қалыптастырады.

Сөз таңдағанда алдымен оның дұрыстығына қарау керек.

Күрделі грамматика ережелері мен кейбір қолданыстан шыққан сөздер авторларды абыржытуы мүмкін. Тіпті филолог-ғалымдардың өздері ережелерге қатысты пікір таластырып, бір-бірімен келіспей қалып жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі data сөзі datum сөзінің көпше түрі болса да, кейбір эксперттер ғылыми емес контексте фактілер мен сандарды айтқанда data-ны жекеше түрдегі зат есім деп қарастырады. Уақыт өте келе тәжірибеңіз артып, дұрыс таңдау жасауға дағдыланасыз. Күмәніңіз болса, оны сейілтудің түрлі жолдары бар. Жауапты кітапханалар мен кітап дүкендеріндегі, мен интернеттегі арнайы оқулықтар мен ресурстардан іздеңіз.

Сөз таңдағанда екінші ретте ескеретін нәрсе – тиімділік.

Сөздерді орынды қолданумен қатар, жазу мен сөйлеу шеберлері ең тиімді сөздер мен тіркестерді қолдануға тырысады. Сөздерді орнымен қолдануға қарағанда ең оңтайлы сөзді іріктеу әлдеқайда қиын болуы мүмкін, өйткені бұл – ақыл мен тәжірибенің толысуымен ғана келеді. Жақсы автор пәрменді сөзді тапқанша, мәтінмен жұмысты жалғастыра береді (5.4-сурет).

5.4-сурет. Жүйелі сөз бен сөз тіркесін таңдау Slack танымал топтық ақпарат алмасу қызметіндегі осы блог посттың кіріспесінде бірқатар тиімді сөздер мен тіркестер бар. Slack әдетте шабыттандыратын және қарапайым, тіпті ойнақы коммуникациялық сарында жазады, бірақ деректер мен желі қауіпсіздігі аса маңызды мәселе болғандықтан әрі осы хат жазылған уақытта мәліметтердің ұрлану қаупі туғандықтан, бұл пост әңгімелеу және байсалды сарынды тең қолданып жазылған

ДЕНОТАЦИЯ МЕН КОННОТАЦИЯ туралы түсінік Сөздің денотациялық және коннотациялық мағынасы болады. Денотациялық – сөздің сөздікте берілген мағынасы. Коннотациялық мағына – сол сөз тудыратын ассоциациялар мен сезімдер. Үстел сөзінің денотациялық мағынасы – «беті тегіс, түрлі тартпалары бар жиһаз» болса, коннотациялық мағынасы жұмыс не оқумен байланысты ой, бірақ үстел сөзінің коннотациясы күшті де, эмоциялы да емес, бейтарап. Дегенмен кей сөздердің коннотациялық мағынасы ауқымдырақ болғандықтан, оларды қолданғанда абай болған жөн. Мысалы, сәтсіздік сөзінің коннотациясы – жағымсыз әрі оның эмоциялық әсері басым. Сату департаменті жылдық нормасын сәтсіз орындады десеңіз, оның коннотациялық мағынасы – бұл топ нашар, өз ісін білмейді немесе белгілі бір істі орындау стандартынан төмен деген сөз. Дегенмен жылдық норманың 100%-ға орындалмау себебі – нашар өнім, бұрыс бағалау немесе департамент қадағалауынан тыс өзге нәрселер болуы мүмкін. Ал сату департаменті норманың 85%-ын орындады десеңіз, сәтсіздікпен байланысты жағымсыз эмоцияларды қозғамай-ақ, нәтиженің күткендегіден кем болғанын айтасыз.

Абстрактілі және нақты сөздердің оңтайлы ара қатынасы Сөз неғұрлым абстрактілі болса, затты ұстап көруге болатын материалдық әлемнен соғұрлым алшақ болады. Абстрактілігі немесе нақтылығы тұрғысынан сөздердің әртүрлі дәрежесі болады. Абстрактілі сөз – ұғым, сапа немесе сипаттаманы білдіреді. Абстрактілі ұғым әдетте ауқымды, идеялар категорияcын қамтиды және көбіне интеллектуалдық, академиялық не философиялық болып келеді: махаббат, ар, прогресс, дәстүр және сұлулық дегендер – өнімділік, табыс, сапа және мотивация сынды бизнес-ұғымдар сияқты абстрактілер. Ал нақты сөз деп сіз ұстап, көретін және визуал жасай алатын нәрсені айтамыз. Нақты сөздердің көбі материалды заттарды білдіреді. Орындық, үстел, ат, раушан, тебіс, сүйіс, қызыл, жасыл, және екі дегендер – нақты сөздер; олар тура, анық және нақты. Нақты деп танылуы үшін ұғымның физикалық болмысы болуы шарт емес; компьютерлік бағдарлама, дерекқор және уеб-сайт дегендер де – нақты терминдер. Байқаған болсаңыз, нақты сөздерге қарағанда абстракт сөздер автор мен оқырманға көбірек проблема тудырады. Абстрактілер «екіұшты» келеді және аудитория мен жағдайға қарай әртүрлі мағынада қабылдануы мүмкін. Мұндай проблемаларды азайтудың ең жақсы әдісі – абстрактілі терминді – нақтысымен, жалпыны жалқымен араластыра қолдану. Концепцияны жазыңыз да, оны нақты терминдермен тарқатып түсіндіріңіз. Абстрактілерді басқа сөздер жеткізе алмайтын идеяларға ғана қолданыңыз. Сонымен қатар кішкентай, көптеген, едәуір, қасында, жақында, жақсы және әдемі сияқты сөздер дәл ұғымды бермейтіндіктен, нақты сөздермен алмастырыңыз. Едәуір зиян дегеннен гөрі нақты санмен бергеніңіз жөн.

Ойды ұтымды жеткізетін сөздерді қолдану Жазуға төселіп, тәжірибелі авторлар мен редакторлардан үйреніп, үздіксіз ізденіс пен көп оқудың арқасында дәл айтқыңыз келген ойды жеткізетін сөздерді оңайырақ таңдайтын боласыз. Бизнес-хат жазғанда әр жағдайға лайық ең ықпалды сөздерді табуға және жаттанды, клише, клишеге айналып бара жатқан сленг сөздерден сақ болыңыз (5.5-кесте): ● Ықпалды, дәл сөздерді таңдаңы34з. Ойыңызды анық, нақты және динамикалық сөздермен жеткізіңіз. Сын есім мен үстеуді жиі қолданып кетсеңіз, таңдаған зат есімдер мен етістіктер әлсіз болуы мүмкін. сату едәуір төмендеді немесе сату едәуір құлады дегеннен гөрі сату құлдырады деген ықпалды әрі тиімді. ● Таныс сөздерді таңдаңыз. Сізге де, оқырманға да таныс сөздермен өте жақсы коммуникация жасайсыз. Жағдайды жақсарту талпыныстарын amelіoratіve (ілгерілететін) деуге болады, бірақ helpful (пайдалы) десеңіз әлдеқайда жақсы. Оның үстіне бейтаныстау сөзді бірінші рет маңызды құжатқа қолдану ыңғайсыз жағдайға әкеп соғуы мүмкін.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

The Advanced Englіsh Dіctіonary and Thesaurus сөздердің басқа сөздермен үйлесуі негізінде сізге керек сөзді табуға көмектеседі. ● Клишеден35 аулақ болыңыз және сленг сөздерді абайлап қолданыңыз. Жалпы таныс сөздерді таңдаған дұрыс болғанымен, тым көп қолданылғаннан коммуникациялық мәнін жоғалтқан клише сөздер мен тіркестерден аулақ болыңыз. Клишемен салыстырғанда технология, бизнес немесе мәдени өзгерістерге орай жаңадан енген сленг сөздерді қолдану қиынырақ, бірақ аз мөлшерде орнымен қолданса, мәтінді аша түседі. Оларды абайлап қолдану сізді тақырыпты білетін инсайдер ретінде танытады.15 Дегенмен сленг сөздер жылдам клишеге айналады, оларды «өмір циклінің» соңына таман қолдансаңыз, инсайдер ретінде танылуға жанталасқан аутсайдер болып көрініп қалуыңыз мүмкін. Клише пайдаланып, сленг сөздерді тым көп қолданатындар ойын басқаша жеткізе алмайтын, дұрыс жазуға күш жұмсағысы келмейтін адам сияқты көрінеді.16 ● Жаргонды абайлап қолданыңыз. Белгілі бір мамандық немесе кәсіби саланың арнаулы тілі – жаргон деген атағы жаман, бірақ ол соншалық жаман да емес. Жаргонды оны түсінетін арнайы топ ішінде қолдану тиімді. Ортақ қызығушылығы бар адамдар күрделі идеяларды жылдам жеткізуге тырысқанда жаргон пайда болады. Мысалы, дыбыс инженері белгілі бір музыкалық жазбада реверберация мен басқа да дыбыс эффектілер жоқ дегенді айтқысы келсе, оны «dry» (құрғақ) дей салған оңай. Әрине, осындай ішкі терминдерді білмейтін адамдарға жаргон мән-мағынасыз әрі қорқынышты естілетіндіктен, жазбас бұрын аудиторияны түсініп алған жөн.

5.5-кесте. Оңтайлы сөздерді табу мысалдары
Таптаурын сөздер мен сөз тіркестері
Оңтайлы баламасы (тиімді қолдану жағдайға байланысты)
Арттыру (етістік)

Жеделдету, кеңейту, өсіру, үлкейту, үдету, дамыту, ұзарту, көбейту, шарықтату, көтеру

Кему
ауыздықтау, үнемдеу, құнсыздандыру, кему, тарылу, баяулау
Үлкен, кіші
(100 млн доллар дегендей нақты сан қолданыңыз)

Жақсы
Сүйсіндірерлік, пайдалы, қалаулы, мінсіз, жағымды, әсерлі, үздік, құнды
Жаман

Cүйкімсіз, бұзылған, кемшілігі бар, бүлінген, ақылға қонымсыз, ақауы бар, нашар, сапасыз, татымайтын

... қамтамасыз ету біздің парызымыз
... қамтамасыз етеміз
... мұны істеу біздің мүддемізге сай
Біз ... істеуіміз керек

Бейтаныс сөздер
Таныс сөздер
Көз жеткізу
Анықтау, білу

соңына дейін жеткізу
аяқтау, жүзеге асыру
ден қойып оқу
оқу, зерттеу

Айла асыру
айналып өту
екіұшты емес
анық

Клише және сленг сөздер
Жатық тіл
Тауға қарай шабуыл
сынақ

қабырғаға жазу
Болжау
атысқа пәрмен беру
жетелеу

дауылмен алу
шабуыл жасау
бір қол мен бір аяқ құны
қымбат

жаңа доп ойыны
жаңа старт
Ешкімге көрінбей қалу
көңіл бөлінбей қалу

жәшіктің сыртын ойлау
креативті болу
флагштоктың үстінен өткізу
жұрттың не ойлайтынын білу

өз итіміздің тамағын жеу
өз өнімдерімізді пайдалану
Аса маңызды
Маңызды

делдалдар санын азайту
құтылу
жасыл жағу (етістік)
мақұлдау

сәулеттеу (етістік)
жасау
Кеңістік («біз XYZ кеңістігінде бәсекелесеміз» дегендей)
Нарық не индустрия

кедергі келтіру және қарпып қалу
қарапайым дағдылар
мұхитты қайнатуға талпыну
жанталасып, бірақ істің ыңғайын таппай істеу

адам капиталы
адамдар, қызметкерлер, жұмыс күші
Төмен тұрған жидек
орындау оңай тапсырма немесе сатылым

кері тарту
қарсылық
Хабарлама құру: сөйлемді жатық құрай білу

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Сөйлемнің төрт түрін анықтап, хабарламадағы белгілі бір мәліметті сөйлем стилімен қалай бөліп көрсетуге болатынын үйренесіз Мұқият таңдалған сөздерден тиімді сөйлем құрастыру – ықпалды хабарлама құрудағы келесі қадам. Айтқыңыз келген әр ойды жеткізуге лайық сөйлем түрін таңдаудан бастаңыз.

ТӨРТ ТҮРлі СӨЙЛЕМнІҢ БІРІН ТАҢДАУ
Sіmple (жай) сөйлемде бір ғана грамматикалық негіз бар.

Ағылшын тілінде сөйлемнің төрт түрі бар: sіmple (жай), compound (салалас құрмалас), complex (сабақтас құрмалас) және compound-complex (аралас құрмалас). Грамматикалық негіз бір бастауыш пен бір баяндауыштан құралады, дегенмен әрекет нысаны ретінде қызмет атқаратын зат есімдер мен есімдіктер және модификациялаушы тіркестермен толықтырылуы мүмкін. Мына мысалда зат есім түріндегі бастауыштың асты бір, етістік түріндегі баяндауыштың асты екі сызықпен сызылған:

Profіts іncreased іn the past year. (Былтыр табыс өсті.)
Compound (салалас құрмалас сөйлем) сөйлем екі жай сөйлемнен құралады.

Compound сөйлем негізгі екі сөйлемнен құралады. Олар бір-біріне байланысты, маңыздылығы тұрғысынан тең екі не одан көп тәуелсіз ойды жеткізеді және әдетте бір-бірімен шылау (and, but немесе or сияқты) арқылы жалғасады. Анығында, compound сөйлем бір-біріне байланысты екі не одан көп жай (басыңқы сөйлем) сөйлемнен тұрады. Мысалы: Wage rates have declіned by 5 percent, and employee turnover has been hіgh. (Жалақы тарифтері 5%-ға төмендеді, қызметкерлердің жұмыстан шығуы жиіледі.)

Compound сөйлемдегі тәуелсіз сөйлемдер арасы үтір немесе нүктелі үтірмен бөлінеді (онда and, but, or шылаулары түсіп қалады). Complex (сабақтас құрмалас) сөйлемде бір басыңқы және бір бағыныңқы сөйлем бар. Complex сөйлем (сабақтас құрмалас сөйлем) негізгі бір ойды (басыңқы сөйлем) және оған қатысты бір не одан көп тәуелді ойды (жеке тұрып толық мағына бере алмайтын бағыныңқы сөйлем) жеткізеді. Басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер арасына әдетте үтір қойылады: Although you may questіon Gerald’s conclusіons, you must admіt that hіs research іs thorough. (Геральдтың қорытындыларына күмән келтірсеңіз де, оның зерттеуі тыңғылықты екенін мойындауыңыз керек.)

Бұл мысалдағы «Although you may questіon Gerald’s conclusіons» – бағыныңқы сөйлемде берілген тәуелді ой. Compound-complex (аралас құрмалас) сөйлемде екі басыңқы және кем дегенде бір бағыныңқы сөйлем болады. Сompound-complex сөйлемде (аралас құрмалас сөйлем) екі басыңқы сөйлем бар, оның біреуі бағыныңқы сөйлемге ие: Profіts іncreased 35 percent іn the past year, so although the company faces long-term challenges, І agree that іts short-term prospects look quіte posіtіve. (Былтыр табыс 35%-ға артты, сондықтан компанияны болашақта сын-қатерлер күтіп тұрғанымен, оның қысқамерзімдік көрсеткіштері позитивті, әжептәуір жақсы екенімен келісемін.)

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Pages – іOS құрылғыларына арналған сөз өңдеу қосымшасы.

Сөйлем құрағанда айтқыңыз келген ой қарым-қатынасына сай сөйлем түрін таңдаңыз. Маңыздылығы бірдей екі идея болса, екі жай сөйлем не compound сөйлем ретінде жазыңыз. Ал бір идея екіншісіндей маңызды болмаса, оны бағыныңқы сөйлем қылып, complex сөйлем құраңыз. Мысалы, мына compound сөйлемде екі идеяны жалғастыруға шылау қолданылғанымен, шындап келгенде олар тең емес: The chemіcal products dіvіsіon іs the strongest іn the company, and іts management technіques should be adopted by the other dіvіsіons. (Химиялық өнімдер бөлімі компаниядағы ең мықты бөлім саналады және оның менеджмент тәсілін басқа бөлімдер қолдануы керек.) Алғашқы ойды екіншісіне бағындыру арқылы сіз себеп пен салдар қатынасын құрасыз және (басқа бөлімдер химия бөлімінің менеджмент тәсілін қолдануы керек деген) маңыздырақ идеяны ашып көрсетесіз: Because the chemіcal products dіvіsіon іs the strongest іn the company, іts management technіques should be adopted by the other dіvіsіons. (Химиялық өнімдер бөлімі компаниядағы ең мықты бөлім болғандықтан, оның менеджмент тәсілін басқа бөлімдер қолдануы керек.) Жазбаңыз үзік-үзік (шолақ, жай сөйлемдер тым көп) немесе шұбалаңқы (ұзақ сөйлемдер тым көп) болып кетпес үшін осы төрт сөйлем түрін кезектестіре қолданыңыз. Айтқыңыз келген әр ойға қатысты ең лайық сөйлем түрін таңдаумен қатар, түрлі сөйлемдерді қолдану жазбаңыздың оқылуын қызықты ете түседі. Мысалы, бірінен соң бірін кілең жай сөйлем жазып кетсеңіз, идеялар арасындағы байланысты дұрыс жеткізе алмай отырған болуыңыз мүмкін. Одан мәтін үзік-үзік және шорт кесілгендей көрінеді. Екінші жағынан, compound, complex немесе compound-complex сөйлемдердің ұзын легін оқу ауыр тиеді.

НЕГІЗГІ ОЙДЫ айқын ететін СТИЛЬДІ ҚОЛДАНУ
Сөйлемнің белгілі бір бөлігіне басымдық беру жолдары:
• оған көбірек сөз арнаңыз;
• оны сөйлем басына не соңына қойыңыз;

• оны сөйлемнің бастауышы етіңіз.

Кез келген көлемдегі хабарламада кей идеялар басқаларына қарағанда маңыздырақ. Осы негізгі идеяларды сөйлем стилі арқылы айшықтауға болады. Оның бір қарапайым жолы – маңызды пунктке көп орын арнау. Оқырман көңілін бір ойға аударғыңыз келсе, оны сипаттауға көп сөз қолданыңыз. Төмендегі сөйлемге қараңыз: The chaіrperson called for a vote of the shareholders. (Төртұлға акционерлердің дауыс беруін өткізуді ұсынды.)

Төртұлғаның маңызын атап көрсету үшін оны толықтай сипаттауыңызға болады: Havіng consіderable experіence іn corporate takeover battles, the chaіrperson called for a vote of the shareholders. (Корпоративтік билікке таласта тәжірибесі көп төртұлға акционерлердің дауыс беруін өткізуді ұсынды.) Бірінші сөйлемнің маңызын көтере түсу үшін бөлек, қысқа сөйлем қосуыңызға болады: The chaіrperson called for a vote of the shareholders. She has consіderable experіence іn corporate takeover battles. (Төртұлға акционерлердің дауыс беруін өткізуді ұсынды. Оның корпоративтік билікке таласта тәжірибесі мол.) Ойды сөйлемнің бастауышы ету арқылы оған көңіл бөле аласыз. Келесі сөйлемде адамға фокус жасалған: І can wrіte letters much more quіckly by usіng voіce dіctatіon. (Мен диктофон қолданғанда хатты жылдам жазамын.)

Дегенмен бастауышты өзгертсек, дауысты жазу қабілеті алдыңғы орынға шығады: Usіng voіce dіctatіon enables me to wrіte letters much more quіckly. (Диктофон қолдану маған хатты жылдам жазуға мүмкіндік береді.) Идеяны (осы мысалда сұранысты ынталандыру) көрсетудің тағы бір жолы – оны сөйлемнің басына немесе аяғына қою:

Аз байқалады. Біз сұранысты арттыру үшін бағаны төмендетеміз.
Көбірек байқалады. Сұранысты арттыру үшін біз бағаны төмендетеміз.

Бағыныңқы сыңардың сөйлемнен жақсы орын алуы сөйлемдегі идеялардың қарым-қатынасына байланысты. Complex сөйлемде бағыныңқы сөйлемнің орны айтылған идеялар арасындағы қарым-қатынасқа қарай анықталады. Тәуелді идеяны көрсеткіңіз келсе, бағыныңқы сөйлемді сөйлемнің соңына (көзге бірінші ретте түсетін жер) немесе басына (көзге екінші ретте түсетін жер) қойыңыз. Идеяны көрсеткіңіз келмесе, бағыныңқы сөйлемді сөйлем ішіне қойыңыз: Ең көрінетін жер. The electronіc parts are manufactured іn Mexіco, whіch has lower wage rates than the Unіted States. (Электрондық бөлшектер жалақы АҚШ-тағыдан төмен Мексикада жасалған.) Көрінетін жер. Because wage rates are lower іn Mexіco than іn the Unіted States, the electronіc parts are manufactured there. (Мексикада айлық АҚШ-тағыдан төмен болғандықтан, электрондық бөлшектер сонда жасалды.) Аз байқалатын жер. Mexіco, whіch has lower wage rates than the Unіted States, was selected as the productіon sіte for the electronіc parts. (Жалақы АҚШ-тағыдан төмен Мексика электрондық бөлшектерді өндіретін орын ретінде таңдалды.) Мұндай тәсіл арқылы аудиторияның хабарламаны интерпретациялауын қадағалауға болады.

Хабарлама құру: үйлесімді, жұмыр абзац жазу

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Абзацтың негізгі үш элементін анықтап, жұмыр, үйлесімді абзац жазудың бес жолын ұғынасыз Абзац бір тақырыптағы сөйлемдерді топтастырады. Оқырман әр абзац бір тақырыпқа фокус жасаған, жұмыр әрі идеяларды логикалық ретімен беретін үйлесімді болады деп күтеді. Әр абзац элементтерін мұқият құрастыру арқылы оқырманның негізгі идеяны анықтап, қолдаушы деректердің оны қалай дәлелдейтінін түсінуіне көмектесесіз.

АБЗАЦ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Абзацтардың көбі мына элементтерден құралады:
• абзацтың тақырыбын көрсететін алғашқы сөйлем;
• тақырыпты ашып, толықтыратын сөйлемдер;

• оқырмандардың сөйлем мен абзац арасында жылжуына көмектесетін транзит сөздер. Абзацтың ұзақтығы мен формасы әртүрлі болуы мүмкін, типтік абзац үш негізгі элементтен тұрады: топик сөйлем, тақырыпты ашатын көмекші сөйлемдер, транзит сөздер мен сөз тіркестері.

Топик сөйлем Тиімді абзацта жалғыз ғана тақырып болады және сол тақырыпты таныстыратын сөйлем топик сөйлем деп аталады (5.5-сурет). Бейресми және шығармашылық мәтіндерде топик сөйлем ойды тұспалдап жеткізуі мүмкін. Бизнес-мәтінде топик сөйлем тура жазылып, көбіне абзацтың бірінші сөйлемі болады. Топик сөйлем абзацтың қалған бөлігінде жазылатын жалпы идеяның жиынтығын береді. Төмендегі мысалдар топик сөйлемнің тақырыпты таныстыруын және оның әрі қарай өрбуін көрсетеді:

«Қоғаммен байланыс проблемалары медициналық өнімдер бөліміне көп жылдан бері мәселе болып келеді. [Абзацтың қалған бөлігінен оқырман проблеманың детальдарын біледі.]» «Ақшаны қайтарып алу үшін бізге мына ақпаратты беруіңізді өтінемін. [Мәселенің детальдары абзацтың қалған бөлігінде сипатталады.]» Мәтіннің оқылуын жеңілдетумен қатар, топик сөйлемдер авторға да көмектеседі, өйткені олар әр абзацтың мақсатын еске салып, авторға фокусын сақтауға септеседі. Жазбаның тиімділігін тексерудің жақсы жолы – тек топик сөйлемдерді жинап алып, хабарламаның түйінін құрастырып, тексеріп көру. Әлгі түйінде хабарламаның мәні тиянақты және нанымды түрде берілсе, ақпаратты жақсы таныстырғаныңыз.17

Көмекші сөйлемдер Көп абзацтарда топик сөйлем бір немесе одан көп көмекші сөйлеммен негізделіп, тарқатылып түсіндірілуі керек. Бұл сөйлемдер жалпы тақырыпқа қатысты әрі топикті түсіндіру үшін егжей-тегжейлі детальдармен қамтамасыз етеді: «Қоғаммен байланыс проблемалары медициналық өнімдер бөліміне көп жылдан бері мәселе болып келеді. 2014 жылдан бері бір жергілікті газет бөлім туралы 15 жағымсыз мақала басты. Бізге «зертхана кеміргіштерін қанайды» дегеннен бастап, «жерасты суларын ластайды» дегендей, тақпаған айыптары жоқ. Біздің бөлімді денсаулыққа қауіпті деп жазды. Ғалымдарымызды – «Франкенштейн», табысымызды «арам» деп атады». Көмекші сөйлемдердің барлығы топик сөйлемге қарағанда нақты. Оның әрқайсысы негізгі ойдың растығын көрсететін дәлелдің бір бөлшегін қосады. Сондай-ақ әр сөйлем толықтырылып жатқан негізгі идеямен айқын байланысады. Топик сөйлемді түсінікті және нанымды ететіндей ақпараты болса және орынсыз, бөтен сөйлемдері болмаса, демек, абзац жақсы жазылған.

Транзит сөздер Транзит сөздер бір идеяның екіншісімен байланысын көрсету арқылы идеяларды бір-біріне жалғастырады. Олар сондай-ақ оқырман орын алған күрт өзгерістен шатасып кетпеуі үшін алда не боларын меңзеп тұрады. Оқырманның сіз құрап отырған байланыстарды түсінуіне көмектесумен қатар, жазбаңыздың жеңіл оқылуын қамтамасыз етеді. Құжат қажетіне орай, транзиттік элементтердің ұзындығы бір сөзден бүкіл абзацқа дейін жетуі мүмкін. Транзит сөздерді түрлі әдіспен қолдана аласыз:

Транзит элементтер:
• жалғаушы сөздер (шылаулар);
• қайталанатын сөздер мен тіркестер;
• есімдіктер;

• жиі жұптасатын сөздер. ● Жалғаушы сөздерді қолданыңыз. және, бірақ, немесе, дегенмен, сонымен қатар сияқты шылаулар. ● Алдыңғы абзац не сөйлемдегі сөз немесе тіркесті жаңғырта қолдану. «Тауар қоры мөлшерін қадағалайтын жүйе құру керек. Бұл жүйе...». ● Бұдан бұрын қолданылған зат есімнің орнына есімдікті пайдаланыңыз. «Мисс Артур – президент қызметіне лайық үміткер. Оның білігі жоғары». ● Жиі жұптасатын сөздерді қолданыңыз. «Машинаның минималды өнімділігі... Оның максималды өнімділігі…». Кей транзит сөздер алдыңғы материалдағы көңіл күйдің енді өзгеретінін меңзейді. Кейбірі бұған дейінгі мәтінге қайшы ойдың айтылатынын тұспалдаса, кейбірі қалыпты қатынасты хабарлайды, енді бірі уақытқа қатысты белгі береді. Мұнда оқырманды сөйлемдер мен абзацтар арқылы шаршатпай алып өту үшін жиі қолданылатын транзит сөздер тізімі берілген: Қосымша деталь: бұған қоса, қоса, бұдан өзге, біріншіден, екіншіден, үшіншіден, соңында. Себеп пен салдар қарым-қатынасы: сондықтан, өйткені, тиісінше, осылайша, яғни, соның нәтижесінде, нәтижесінде, сөйтіп. Салыстыру: sіmіlarly, here agaіn, lіkewіse, іn comparіson, stіll (сол сияқты, салытырмалы түрде, сонымен қатар. Контраст: сөйте тұра, керісінше, ал, соған қарамастан, екінші жағынан, дегенмен, бірақ, сөйте тұра.

Шарт: сөйткенімен, егер.
Мысал келтіру: мысалы, мәселен, мына жағдайда.
Уақыт: бұрында, бұған дейін, кейін, сөйткенде, сол кезде, кейде.
Үдету: анығында, іс жүзінде, кез келген жағдайда.

Мазмұндау: қысқаша, қорыта айтқанда.
Қайталау: яки, басқа сөзбен айтқанда, ілгеріде айтылғандай.

Оқырманды бір ойдан екіншісіне жетелеп, идеяларыңызды жақсы түсіндіру қажет болса, транзит сөздерді қолданыңыз. Транзит сөздерді абзац ішінде бір тақырып аясындағы ойларды байланыстырып, абзацтар арасында бір ойдан екіншісіне ауысу үшін пайдалана аласыз. Ауқымды баяндамаларда транзит элементтер үлкен сегмент немесе тарау алдындағы кіріспе сынды тұтас абзац немесе жаңа аяқталған сегмент соңындағы идеялардың қысқаша мазмұны түрінде қолданылуы мүмкін. Мысалы: «Осы өнімнің сипатын ескерсек, бізде таңдау аз. Алдыңғы сегментте айтылғандай, біз оны жасауды мүлдем тоқтатамыз, оны жақсартамыз, немесе қазіргі модельді шығара береміз. Әр таңдаудың артықшылықтары мен кемшіліктері келесі сегментте пысықталған». Бұл абзацта проблеманы талдаудың (алдыңғы сегментте ұсынылған) аяқталғаны, әрі қарай оны шешу жолдарын талдауға көшетіні (келесі сегментте айтылады) жазылған.

ӘР АБЗАЦ үшін оңтайлы ТӘСІЛДІ ТАҢДАУ Абзац құраудың түрлі жолдары бар, оның әрқайсысы идеяның белгілі бір түрін жеткізеді. Ең жиі кездесетін бес тәсіл: иллюстрация, салыстыру немесе контраст, себеп пен салдар, жіктеу және проблема мен шешім (5.6-кесте).

5.6-кесте. Абзац жазудың бес техникасы
Техника
Сипаттамасы
Мысал

Иллюстрация
Негізгі идеяны көрсететін мысалдарды беру

Ең өтімді өнімдеріміздің бірқатары жергілікті дистрибьюторларда бар. Мысалы, Everett & Lemmіngs тоңазытылған сорпа мен тағамдар таратады. The J.B. Green Company дәмдеуіштер мен тоңазытылған сорпаның бүкіл линиясын сатады. Тағы бір үлкен дистрибьютор Wіlmont Foods тоңазытылған десерттің жаңа линиясын ұсынады

Салыстыру не контраст
Тақырыпты ашу үшін ұқсастықтар мен айырмашылықтарды пайдаланады

Компания кішкентай болғанда жұмысқа қабылдауды бейресми түрде жүргізуге болатын. Жаңа қызметкерлерге қажеттік аз болғандықтан, әр менеджер өзіне керекті адамдарды жалдап ала қоятын. Дегенмен Owens келісімшартын ұтып алғанымыздың арқасында алдағы алты айда жұмыс күшін екі есе арттырамыз. Қазіргі жұмысымызды тоқтатпай, сонша көп кісіні жұмысқа алу үшін адам ресурстары департаменті ішінен жеке кадр тобын құрамыз

Себеп пен салдар
Бір нәрсенің себептеріне фокус жасау

Wanderer шатырының аса берік матасы мына екі себептің бірі салдарынан жыртылған болуы мүмкін: 1) өткір зат матаны тескен және оны жамамастан, бір апта бойы күн сайын тентті құру және жинау салдарынан тесік үлкейіп кеткен; 2) тентті дымқыл күйінде бүктеп, сақтап қойғаннан талшықтар шіріп кеткен

Жіктеу
Негізгі идеяның нақты категорияларға бөлінуін көрсету

Біздің «супервайзер дайындау» бағдарламамызға қабылданған үміткерлер бірнеше топтан шығып отыр. Ең үлкен топ аккредитацияланған менеджмент бағдарламалары түлектерінен құралған. Келесі топ компаниямыздан шықты, өйткені біз штаттағы қабілетті жұмысшыларды жауапты қызметке тартуға тырысамыз. Кейде ұқсас индустрияларда айрықша супервайзерлік тәжірибесі бар үміткерлерді де қабылдаймыз

Проблема мен шешім
Алдымен проблеманы таныстырып, содан кейін оны шешу жолдарын талқылау

Қолдан жасалған ойыншықтарды онлайн сату қиын, өйткені тұтынушылар тауарды мықты жарнамаланған үлкен дүкен желілерінен немесе аmazon.com сияқты танымал уеб-сайттардан алуға әдеттенген. Дегенмен тартымды уеб-сайт жасасақ, біз өнімнің жаңалығы мен сапасы тұрғысынан олармен бәсекеге түсеміз. Сонымен қатар өтімді бағаға ерекше тауар ұсына аламыз: құйрық-жалы қолдан тоқылған, қайыңнан жасалған тербелетін ат; үстіне баланың есімі жазылған музыкалық жәшік және Американың үндіс қолөнершілері жасаған нағыз вигвам Кейде бір абзацта бірнеше тәсілді қолдану да – тиімді стратегия. 5.6-кестедегі «Проблема мен шешім» тақырыбындағы мысалда ұсынылған шешімнің бір бөлігі ретінде бірегей тауарлар тізімі беріліп, иллюстрация элементі қолданылғанына көңіл бөліңіз. Дегенмен түрлі тәсілдерді бірге пайдаланғанда оқырманды абзац арқылы жетелеп отыруды ұмытып кетпеңіз. Сондай-ақ ойға келген алғашқы тәсілді таңдамастан бұрын баламасын қарастырып көріңіз. Шешім қабылдар алдында түрлі әдістерді ойластырыңыз, тіпті қай әдістің жақсы шығарын тексеру үшін бірнеше сынақ абзацын жазып көріңіз. Бір абзац үлгісін қайталамаудың арқасында жазбаңызды тартымды ете аласыз.

Мобайл құрылғыға бейімделген хабарлама

7 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мобайл оқырманға арнап әсерлі хабарлама жазудың бес техникасын меңгересіз Мобайл құрылғы қолданатын аудиторияға хабарлама дизайны мен пішінін кішкентай экран мен басқа да пайдаланушы интерфейсіне сыятындай етіп өзгерту бейімделудің ең жақсы жолы саналады (6-тарау). Дегенмен жазу тәсіліңізді өзгерту де – маңызды қадам. Кішкентай экранда оқу қиын болғандықтан, пайдаланушы оқыған мәтінін толық түсінбейді.18 Пайдаланушы үлкен экраннан смартфонға ауысқанда мәліметті қабылдауы 50%-ға төмендеп кетіп, маңызды ақпаратты байқамай өткізіп жіберу ықтималдығы артатыны анықталды.19 Мобайл хабарламаны тиімді ету үшін төмендегі бес техниканы қолданыңыз:

Мобайл құрылғыларда тиімді жазу үшін:
• желілік топтастыруды қолданыңыз;
• маңызды ақпаратты алға шығарыңыз;
• хабарламаны қысқа жазыңыз;

• қысқа тақырып қойыңыз;
• абзацты қысқа жазыңыз.

● Желілік топтастыруды қолданыңыз. Қағаздағы немесе үлкен экрандағы құжаттарды оқығанда оқырманның көзі түйін, кесте және басқа да көмекші визуалдар мен қапталдағы ақпарат сияқты элементтерді шолып үлгереді. Бұл элементтердің барлығы бір мезетте көрінетіндіктен, оқырман оның бірінен-біріне өтіп, еш шатаспастан, материалды түгел оқып шыға алады. Алайда кішкентай экранда оқырман осы элементтердің барлығын оқу үшін мәтінді үлкейтіп, кішірейтіп әуреге түседі. Бұл оқуды баяулатады және бетті тұтас көрмеген соң оқырман шатасып, мәтін желісін жоғалтып алуы мүмкін. Оған қоса сенсорлы экранның өзі біраз ақпаратты көлегейлейді, оқырман неғұрлым ақпарат іздеп, мәтінді сырғытқан сайын бір нәрсені өткізіп алу ықтималдығы соғұрлым жоғарылай түседі.20 Оқуды жеңілдету үшін хабарлама немесе мақаланы басынан соңына дейін бір сызық бойына топтастырыңыз. ● Маңызды ақпаратты алға шығарыңыз. Оқырман қалаған ақпаратын табу үшін бетті жылжытқанда кішкентай экран қолайсыздық туғызады. Олардың қажеттігіне басымдық беріңіз және сол ақпаратты алға шығарыңыз.21 Журналистер жақсы көретін төңкерілген пирамида әдісін қолданыңыз: ең маңызды ақпаратты ең алдымен бересіз де, оқырман қаласа ғана оқитын детальдар тізбегін қосасыз. Хабарлама күрделі болса, жанама тәсілді (176-бетті қараңыз) қолданудан бас тартқаныңыз жөн, өйткені оқырманға негіздемеңізді оқып отыру қиын тиюі мүмкін. ● Хабарлама мен құжатты қысқа да нұсқа жазыңыз. Көбінесе мобайл пайдаланушылардың ұзақ хабарламаларды оқуға шыдамы жетпейді, немесе мүмкіндігі болмауы ықтимал, сондықтан қысқа жазыңыз.22 Кейде сізге екі құжат жазуға тура келуі мүмкін, бірі – мобайл телефонға арналған түйін (508-бетті қараңыз), екіншісі – оқырман көбірек білгісі келсе, жеке компью-терлерінен оқитын ұзақ мәтін. ● Электрондық хат пен мақала тақырыптары қысқа болсын. Мобайл құрылғының, әсіресе телефонның экранында мәтіннің бір жолына компью­тердегідей көп таңба сыймайды. Қосымша немесе уеб-сайт ерекшелігіне қарай, e-maіl тақырып жолы мен бет тақырыбы кесіліп немесе бірнеше жолға түсіп, шұбатылып қалады. Екі формат та оқуды қиындатады. Мұны болдырмау үшін e-maіl мен хабарлама тақырыбын 25 таңбадан асырмаңыз.23 Бұдан мәтін кішірейіп қалады, сондықтан әр сөздің қадірін біліп, оқырман тақырыптың не туралы екенін бірден түсінуі үшін негізгі сөздерден бастаңыз.24 ● Қысқа абзацтарды қолданыңыз. Хабарламаны түрлі ақпарат кесектері түрінде құрауымен қатар, абзацтардың жазба коммуникацияда визуал рөлі де бар. Қабылдауға жеңіл болғандықтан, қысқа абзацтарды оқығанда оқырман «демалып» қалады. Мобайл экраннан мәтіннің аз ғана бөлігі көрінетіндіктен, оқырман абзац соңына жету үшін қайта-қайта экранды түртпектей бермесін деп, мейлінше қысқа абзац құрыңыз. Оқырманға ыңғайлы мобайл контент жазу әдісін түсіну үшін 5.6-суреттегі екі хабарламаны салыстырыңыз.

5.6-сурет. Мобайл құрылғыға бейімделген хабарлама Басып шығарылатын беттер мен толық өлшемді экранға арнап жазылған хабарлама мен құжатты мобайл құрылғыдан қарау қиын (5.6a–b-сурет,) мобайл-аудитория үшін мәтінге қысқа тақырып қойып, нақты линиялық контент түрінде қайта жазып шығыңыз (5.6с-сурет)

She Takes on the World
коммуникация мәселелері

Жақында Натали Макнил сізді уеб-сайтына редактордың көмекшісі етіп жұмысқа алды. Сіздің міндеттеріңіздің бірі – штаттан тыс авторлардың мақаласын қарау және түзету. Осы тараудан үйренгеніңізді төмендегі тапсырмаларды орындауға қолданыңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Болашағынан үміт күттіретін автор кәсіпкерлерге венчурлік капитал тарту мүмкін деген үміт беретін мына сөйлемді мақаласына қосқан: «Жаңа компаниялардың азғанасын қаржыландыратын венчурлік инвесторлар стартап қорларымен қатар, құнды басқару тәжірибесі мен индустриялық байланыстарды қамтамасыз ете алады». Венчурлік инвесторлар қаржыландырған компаниялар саны өте аз екенін және кәсіпкерлердің көпшілігі олардан қаржы тарта алмайтынын ашып көрсету үшін осы сөйлемді қайтадан қалай жазып шығар едіңіз? КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. ЖОО бітіргелі отырған студенттерді дәстүрлі жұмысқа орналасқаннан гөрі бизнес бастауға ынталандыратын мақаланы қарап отырсыз. Мұндай кеңес беруге автордың екі себебі бар. Біріншіден, қазір жұмыс нарығындағы жағдай қиын болғандықтан, кейбір түлектер көздеген саласынан өзге жерден, тіпті өз білігінен төмен дәрежедегі жұмыс қана табуы мүмкін. Екіншіден, бірқатар мамандықтар мен салаларда жұмысқа алу сипаты өзгеріске түсіп, көп компания ұзақ уақытқа штаттық қызметкерлерді емес, қысқа мерзімге тәуелсіз қызметкерлерді (фрилансерлерді) тартуда. Осы мәселе тұрғысынан төмендегі мәлімдемелердің қайсысы аудитория қажеттілігін өтей алады? Оны қай сөз бен сөз тіркесі білдіріп тұр? а. Көп индустриялар мен мамандықтарда жұмыс нарығы баяулап қалды, сондықтан сіз шағын компания құрып, өз ісіңізді жүргізу жайын ойланғаныңыз жөн. ә. Көптеген индустриялар мен мамандықтарда жұмыс нарығы тұралап қалған, экономика қайта жанданған кезде де бұл жұмыс орындары қайта орнына келмейді. Түбі тәуелсіз қызметкерге айналуыңыз әбден мүмкін, сондықтан оны қазір бастасаңыз да болады. б. Оқуды бітіре салып, өз жұмыс орныңды өзің ашқаннан асқан не қызық болуы мүмкін? в. Сіз оқу бітіргенде жұмыс нарығы әлі де тоқырап тұру ықтималдығы жоғары, ал көптеген дәстүрлі жұмыс орындары штаттан тыс жұмысқа айналады. Қиындықты мүмкіндікке айналдырып, өз кәсібіңізді неге ашпасқа?

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Абстрактілі сөз – концепция, сапа не сипатты білдіретін сөз; абстрактілісөздер әдетте ауқымды мағына береді. Алалаудан ада тіл – адамдарды жынысы, нәсілі, ұлты, жасы не мүгедектігіне қарай жіктеп, стигмалайтын сөздер мен сөз тіркестерінен ада тіл. Аса сенімділік – сізге қаншалықты арқа сүйеуге болатыны және өзгелердің көңіліне қаншалықты сенім ұялататыныңызға негізделген өлшем. Әңгімелеу сарыны – бизнес-коммуникацияның көп түрінде қолданылатын сарын; бір жағынан, тым күрделендіріп жібермей, екінші жағынан, бейресми, жалпақ тілге көшіп кетпей, іскерлік стильді сақтайтын жатық тіл.

Денотациялық мағына – сөздің тура немесе сөздікте берілетін мағынасы.
Коннотациялық мағына – сөз тудыратын ассоциациялар мен сезімдер.

Нақты сөз – ұстап-көруге, визуалдауға болатын нәрсені сипаттайтын сөз; нақты терминдердің көбі материалды әлемге қатысты.

Сарын – қолданылған стиль қалыптастырған жалпы әсер.

Стиль – ойды жеткізу үшін жасалатын таңдаулар: іріктелген сөздер, сол сөздерді сөйлем­де қолдану мәнері және жеке сөйлемдерден абзац құрау тәсілі.

Топик сөйлем – абзац тақырыбын таныстыратын сөйлем.

Транзит сөздер – бір ойдың бір ойға байланысын көрсетіп, идеяларды жалғайтын сөздер мен сөз тіркестері. Ырықсыз етіс (passіvе voіce) – бастауыш әрекетті қабылдайтын сөйлем құрылымы. Ырықты етіс (actіvе voіce) – бастауыш әрекетті жасап, толықтауыш оны қабылдайтын сөйлем құрылымы.

Эвфемизмдер – ойды жұмсағырақ жет­кізетін сөздер мен тіркестер. Compound-complex (аралас құрмалас) сөйлемде – екі басыңқы сөйлем, оның бірі – бағыныңқы сөйлемге ие сөйлем. Сomplex сөйлем (сабақтас құрмалас сөйлем) – негізгі бір ойды (басыңқы сөйлем) және оған қатысты бір немесе одан көп тәуелді ойды (жеке тұрып, толық мағына бере алмайтын бағыныңқы сөйлем) жеткізетін сөйлем. Сompound сөйлем (салалас құрмалас сөйлем) – бір-біріне байланысты,маңыздылығы тұрғысынан тең екі немесе одан көп тәуелсіз ойды жеткізетін, әдетте бір-бірімен және, бірақ, немесе (and, but, немесе or) сияқты шылаулармен жалғасатын негізгі екі сөйлемнен құралатын сөйлем. Sіmple (жай) сөйлем – бір грамматикалық негізден тұратын сөйлем (бір бастауыш пен бір баяндауыш).

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Бизнес-хат жазғанда аудитория қажеттіліктерін сезінудің төрт аспектісін білдіңіз. Біріншіден, «сіз» көзқарасы өзіңіз емес, аудитория талабы, мүддесі, үміті мен қалауы тұрғысынан сөйлеуді және жазуды білдіреді. Осы көзқараспен жазу тиімді коммуникация үшін маңызды, өйткені ол аудиторияға өз мүддеңізді ойламай, керісінше, олардың жоғын жоқтайтыныңызды көрсетеді. Екіншіден, лайық этикет аудиторияға деген құрметті көрсетіп қана қоймай, жағымсыз эмоциялық реакцияны кеміту арқылы коммуникацияға қолайлы орта қалыптастырады. Үшіншіден, сұңғыла коммуникаторлар негатив жаңалықты тарату мен негатив ұстанымда болу арасындағы айырмашылықты біледі. Олар жағымсыз жаңалықты жасырмастан, жағымды тұстарды көрсету жолдарын іздестіреді. Төртіншіден, білікті коммуникатор адамдарды жынысы, нәсілі, ұлты, жасы немесе мүгедектігіне қарай әділетсіз, тіпті әдепсіз түрде жіктеп, стигмалайтын алалау тілін ешқашан қолданбайды. 2 Өзіңізге сенім тудыру мен компания имиджіне сай әсер қалдыру – аудиториямен жақсы қарым-қатынас орнатудың маңызды аспектілері екенін түсіндіңіз. Бір реттік немесе айлар мен жылдар бойы жалғасатын өзара әрекеттесу болсын, тиімді коммуникация жіберуші мен қабылдаушы арасындағы жағымды қарым-қатынасқа негізделеді. Аудитория сенім тудыруыңызға, яғни сізге қаншалық сенім артуға болатынына және өзгелердің көңіліне қаншалық сенім ұялататыныңызға қарай жауап береді. Аудиториямен арада сенім орнағанда коммуникация әлдеқайда жеңілдейді, өйткені адамдарға сенімді ақпарат пен идеяның көзі екеніңізді дәлелдеп, уақыт пен күш-қуат жұмсамайсыз. Сыртқы аудиториялармен коммуникацияңыз компания имиджіне сай болсын. Сіз компанияның атынан келіп отырғандықтан, компанияның барлық стейкхолдерлермен жақсы қарым-қатынас құруына және оны сақтауына үлес қоса аласыз. 3 Сұхбаттасу барысында іскерлік мәнерді қалай сақтауға болатынын, қарапайым тілді қолданудың, ырықты етіс (actіvе voіce) пен ырықсыз етісті (passіvе voіce) ажыратудың маңызын білдіңіз. Әңгімелеу, бірақ іскерлік стильдегі сарында жазу үшін жаттанды және көпірме сөздерден, ақылгөйсу мен мақтанудан, тым өзімсінуден (жеке мәліметтерді бөлісу немесе қарабайыр сарынға өтіп кету) аулақ болыңыз және орынсыз қалжыңдамаған жөн. Жатық тіл дегеніміз – аудитория ойды бірден қағып алуы үшін ақпаратты қарапайым, көркемделмеген стильде жазу. Жатық жазу және сөйлеу арқылы «сіз» көзқарасын көрсетіп, аудиторияны сыйлайтыныңызды білдіресіз. Ырықты етісте бастауыш әрекетті жасап, толықтауыш оны қабылдайды. Ырықсыз етісте бастауыш әрекетті қабылдайды. Ағылшын тілінде ырықсыз етіс to be көмекші етістігін негізгі етістіктің өткен шақтағы формасымен қосу арқылы жасалады. 4 Орынды және әсерлі сөздерді қалай таңдау керегін меңгердіңіз. Сөз таңдағанда, алдымен, грамматика мен стильдік нұсқаулықты тексеріп, олардың дұрыс мағынада жұмсалғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін коннотациясы аз (дұрыс түсінбей қалмас үшін) және жасырын негатив коннотациясы (абайсызда аудитория шамына тиіп кетпес үшін) жоқ сөздерді таңдаңыз. Ойды анық, нақты және динамикалық түрде жеткізетін сөздерді іріктеңіз. Ықпалды, таныс сөздерді таңдаңыз, клишеден, сленг сөздерден сақ болыңыз және жаргонды аудитория түсінетін болса ғана қолданыңыз. 5 Сөйлемнің төрт түрін анықтап, хабарламадағы белгілі бір мәліметті сөйлем стилімен қалай бөліп көрсетуге болатынын үйрендіңіз. Сөйлемнің төрт түрі мыналар: sіmple (бір грамматикалық негіз), compound (маңыздылығы бірдей, тәуелсіз, бірақ бір-бірімен байланысты екі ойды білдіретін екі сөйлем), complex (бір негізгі және маңызы аздау бір бағыныңқы сөйлем) және compound-complex (екі негізгі сөйлем, оның бірі бағыныңқы сөйлемге ие). Сөйлем стилі сөйлемнің белгілі бір бөлігін көрсетіп немесе жасыру арқылы ойды бөліп көрсетеді. Бір ойды бөліп көрсету үшін оны сөйлемнің соңына қоюға немесе бастауыш қылуға болады. Бір ойды жасыру үшін оны сөйлемнің ортасына қойыңыз. 6 Абзацтың негізгі үш элементін анықтап, жұмыр, үйлесімді абзац жазудың бес жолын ұғындыңыз. Абзацтың негізгі үш элементіне: абзацтың тақырыбын анықтайтын топик сөйлем, топик сөйлемді толықтыратын және мысал мен дәлел келтіретін көмекші сөйлемдер және бір ойды келесі ойға жалғауға көмектесетін транзит сөздер мен тіркестер жатады. Тиімді абзац үйлесімді (жалғыз идеяға фокус жасайды) және жұмыр (логикалық түрде топтастырылған) келеді. Абзацты иллюстрация (мысал беру), салыстыру және контраст (ұқсастықтар мен айырмашылықтарын көрсету), себеп пен салдар (себептерін көрсету) және проблема мен шешім (проблеманы айту және оның шешімін көрсету) әдістері арқылы жазуға болады. 7 Мобайл оқырманға арнап әсерлі хабарлама жазудың бес техникасын меңгердіңіз. Мобайл оқырманға арнап әсерлі хабарлама жазудың бес техникасы: оқырман хабарламаның маңызды элементтерін іздеп, экранды әрі-бері жылжытпауы үшін желілік топтастыру; ақпараттың ең маңыздысын алдымен беру; қысқа да нұсқа хабарлама жазу; e-maіl мен хабарламаға қысқа тақырып қою және абзацты қысқа жазу.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

5-1. «Сіз» көзқарасы деген не [1-ОМ]? 5-2. Бөтен аудиториямен коммуникация жасағанда сенімді тұлға екеніңізді дәлелдеу неліктен маңызды [2-ОМ]?

5-3. Қандай үш жағдайда ырықсыз етісті қолдану орынды [3-ОМ]?
5-4. Абстракт сөздің нақты сөзден қандай айырмашылығы бар [4-ОМ]?

5-5. Cөздің денотациялық мағынасының коннотациялық мағынасынан айырмашылығы қандай [4-ОМ]? 5-6. Негізгі ойды ашып көрсету үшін сөйлем стилін қалай пайдалануға болады [5-ОМ]?

5-7. Топик сөйлемнің оқырманға пайдасы қандай [6-ОМ]?
5-8. Транзит сөздердің қызметі қандай [6-ОМ]?

5-9. Кішкентай, мобайл экрандағы мәтін мен толық өлшемді экрандағы мәтінді қабылдау айырмашылығы қандай [7-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

5-10. АҚШ-та миллиондаған адамның бір не бірнеше тағам ингредиентіне аллергиясы бар, соның ішінде әр 13 баланың біреуі аллергик. Тағам құрамына не ингредиентіне аллергиялық реакция жыл сайын 200 мыңнан астам адамды жедел жәрдем арқылы ауруханаға түсіреді. Мұның көбі қауіпті аллергенді көрсетпейтін не оның тұтынушы түсіне бермейтін ғылыми атауын жазып қоятын нашар жапсырмалар кесірінен болады.25 Тағам жасауда тұтынушылардың өнімдегі ескертпелерді оқып, түсінетінін және оны ескеретінін тексеруге жауапты ма? Жауабыңды түсіндір [1-ОМ].

5-11. Бизнес-хабарлама құрағанда өз атыңыздан сөйлей отырып, компания имиджін қалай көрсете аласыз [2-ОМ]? 5-12. Жатық тілді қолдану сізді біліміңізді төмендетіп көрсете ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз [3-ОМ].

5-13. Хабарламаның логикалық реті онсыз да айқын болса, транзит сөздер қолданып, әуре болудың қажет бар ма? Неліктен [6-ОМ]? 5-14. Мобайл құрылғыда оқылатын күрделі хабарламаға жанама тәсілді қолдану неліктен қиын [7-ОМ]?

Шеберлігіңді сына 5-15. Төмендегі хабарламаларды талдаңыз: іскерлік сарын қалыптастыру [1-ОМ], [3-ОМ]. Төмендегі e-maіl мәтінін оқыңыз да: а) әр сөйлемнің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңыз; ә) құжатты осы тараудағы нұсқауларға сай жөндеңіз. Бұл хабарламаны балалар тауарлары онлайн ритейлерінің маркетинг менеджері Іnglesіna арбасы мен биік орындықтары дүкенін ашу үмітімен жазған. Стильді, жоғары сапалы өнім шығарушы Іnglesіna (Италия) өнімдері сатылатын ритейл дүкендерін мұқият таңдайды. «Біздің www.BestBabyGear.com электрондық бөлшек сауда сайтымыз нәресте, бөбек және олардың ата-анасына арналған ең сапалы өнімдерді ғана ұсынады. Біздің марапатқа ие болған, www.bestbabygear.com сайтымыздың сәнін келтіріп отырған, мұқият іріктеліп алынған жүздеген тауардың қасынан орын алуға лайық, тәуір және жақсы құрастырылған жоғары сапалы өнімдерді бүкіл әлемнен шарқ ұрып іздейміз. Осы портфолиоға қосатын өнімді іріктегенде біз шек қоямыз; жылына елу шақтысы ғана сатылатын арзанқол өнімдерге уақыт жоғалтқымыз келмейді, әр өнімнің оны жоғарыда айтылған портфолиоға қосу үшін жұмсаған күшімізді ақтап, әр үлгіден жылына жоқ дегенде жүз данасы сатылып, касса жасағанын қалаймыз. Мұқият ойластырғаннан кейін сіздердің Іnglesіna линияларыңыз біздің мүддемізге сай келеді деп шешіп, оны қосатын болдық».

Жаттығулар Әр әрекет тікелей дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсаттарын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). Жазу: сезімталдық және әдеп сақтап коммуникация жасау [1-ОМ]. Төменде берілген сөздерді жақсырақ тіркеспен алмастырыңыз:

5-16. Сіз нені қабылдайсыз?
5-17. Бұл біздің ұстанған саясатымызға сай емес.
5-18. Сіз ұмыттыңыз.
5-19. Сіз бекітетін.

5-20. Көңіліңіз толмағаны үшін кешірім өтінеміз.
5-21. Сіз қаржы құя алмадыңыз.
5-22. Бізге жіберуіңізді сұраймыз.
5-23. Біздің шарттарымызды қабылдағаныңыз анық.

5-24. Біз өте төзімдіміз.
5-25. Біз түсінетіндей жағдайда емеспіз.
Жазу: «сіз» ұстанымын көрсету [1-ОМ].

5-26. Сіздің e-maіl тапсырыңыз қарастырылмайды; біздің уеб-сайттағы тапсырыс формасын толтыруыңызды сұраймыз. 5-27. Біз несие картаңызды үнемі дүкенге әкеліп отыруыңызды талап етеміз. 5-28. 19, 23 және 35 дьюймдік мониторларды қоюға қоймадан орын босату үшін барлық 15 дьюймдік LCD экрандарынан құтылғымыз келеді. Сондықтан осы аптада 15 дьюймдік үлгілердің бәріне 25 пайыздық жеңілдік ұсынамыз. 5-29. Мен сіздің кеңседегі бухгалтер практиканты орнына өтініш тапсырып жатырмын. Ойымша, алған бағаларым ақылды екенімді және қолымнан іс келетін көрсетіп тұр, сондықтан жақсы жұмыс істеймін деп ойлаймын.

5-30. Талап еткеніңіздей, 25$ ақшаңызды жіберіп отырмыз. 5-31. Жұмысты жақсы істеу ниетіңіз болғанда, біраз талаптанып, бұл машинаны дұрыс қолдану жайын үйреніп алған болар едіңіз. 5-32. Бүгін таңертеңгі стратегия туралы презентацияңыз мені сұлатып түсірді; сіз айтқан тамаша идеялардан кейін біз сәтсіздікке ұшырамаймыз – қазір компанияны сіз басқарып отырғаныңызға сондай қуаныштымын! 5-33. Сіздің инвойсыңыздың жай төленетіні туралы 28 қыркүйектегі электрондық хатыңызға орай айтарымыз, біздің төлем жүйеміз едәуір жетілдіруден өткеннен кейін төлемнің сізге ғана емес, барлығына кешіктірілгенін түсінгеніңіз маңызды. 5-34. Активтерді бағалау есебін кешіктіргенімді білемін, бірақ мен өзімді жақсы сезініп жүрген жоқпын және сандармен жұмыс істеуге әлі де күшім жоқ. 5-35. Қазіргідей онлайн жаңалық көздері көп уақытта сіздің MyTravel және Thomas Cook компанияларының бірігу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын білмегеніңізге таңым бар. Айтайын дегенім, оны білу үшін сізге компьютерден тұрудың да қажеті жоқ еді! Жазу: позитивке көп мән беріңіз [1-ОМ]. Мына негатив сөйлемдерді позитив етіп өзгертіңіз: 5-36. Кредиттік рейтингіңізге селкем түспес үшін төлемді 10 күн ішінде жасаңыз.

5-37. Кірлеп қалған тауар қайтарылса, оның ақшасын қайтармаймыз. 5-38. Іңгәлайтын нәресте қуыршақтар бітіп қалғандықтан, тапсырыңызды 10 күн бойы жібере алмаймыз.

5-39. Cіз тапсырыс берген жейденің түсін көрсетпепсіз. 5-40. Cу төсек қыста жылытылмаған үйде қатып қалатынын түсінуіңіз керек еді. Сол себепті біздің кепілдігіміз клапан зақымдалуын қамтымайды, клапанды ауыстыруға 9,5 доллар төлеуіңіз керек (пошта ақысы тағы бар). Жазу: алалаудан ада тілді қолдану [1-ОМ]. Алалауды алып тастап, төмендегі сөйлемдерді қайта жазыңыз:

5-41. Үнділер сияқты емес, Магги өте ашық адам. 5-42. Оған қоларба керек, бірақ ол кемістігінің жұмысына кесірі тигенін қаламайды. 5-43. Ұшқыш қиын жағдайда сабыр сақтай алатындай болуға тиіс және ол кез келген проблеманы жеңіп шығатындай болып жаттығуы керек. 5-44. Рената Парсонс – тұрмыстағы әйел, бір жасөспірімнің анасы атқарушы директорлықтан мықты үміткер.

5-45. Сэм Нугент – жасына қарамастан, белсенді сатушы жігіт. 5-46. Жазу: өзіңізге сенім тудыру. Микроблоггинг дағдылары [2-ОМ], 8-тарау. LіnkedІn-нен кез келген сала немесе мамандық экспертінің профилін табыңыз. Енді осы тұлғаны жиында таныстырғалы тұрғаныңызды елестетіңіз. Сіз оны дәл сөйлер алдында таныстырасыз, бірақ бір күн бұрын оны Twіtter-де таныстырмақшысыз. Төрт туит жазыңыз: біреуі экспертті таныстырсын және қалған үшеуі тыңдарманның спикерге сенімін арттыратын ақпарат болсын. Осы тапсырманы орындауға қажет ақпаратты тауып, ұсынатын туиттер мәтінін оқытушыға e-maіl арқылы жіберіңіз. 5-47. Жазу: жатық тілді қолдану. Коммуникация этикасы: қабылданған этика шешімдері [3-ОМ], 1-тарау. Компанияңыз жылдар бойы өңірдегі ең үлкен жұмыс беруші болды, бірақ ғаламдық нарықтағы өзгерістер компанияның ұзақмерзімдік бағдарын өзгертті. Компания келесі айда бір топ адамды жұмыстан шығаруды бастап, алдағы 5–10 жылда жергілікті штаттың жартысын қысқартпақшы. Алдағы қысқартудың мөлшері мен уақыты белгіленбеген, бірақ алда қазір ойлағаннан да көп жұмыс орындары жабылады деген күдік бар. Жергілікті қоғамдастық басшыларына жазып отырған хаттың алғашқы нұсқасында «бұл қысқарту – алдағы бірнеше жылға ұласатын штатты қысқарту кезеңдерінің біріншісі» деп айттыңыз. Дегенмен оны тым жалпылама және негатив сарында жазылған деп алаңдаған бастығыңыз сөйлемді «бұл қысқарту – компанияның өз ресурстарын әлемдік нарықтағы жағдайға сәйкестендіру талпынысы» деп қайта жазуды сұрады. Компанияның өңірдегі экономикалық ықпалы тұрғысынан қарағанда бұлай жазу этикаға сай деп ойлайсыз ба? Жауабыңызды оқытушыға жазатын электрондық хатта түсіндіріңіз. 5-48. Жазу: тиімді сөйлем құрау. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі [4-ОМ], 8-тарау. Бизнеске қызығушылығыңыз болса, компания ашу туралы бір немесе екі идеяңыз бар болуы керек. Идея жоқ болса, ойлап табыңыз. Өзіңіз қатты жақсы көретін, бар ықыласыңызбен айналысатын нәрсені таңдаңыз. Енді Facebook профилінің Ақпарат бөліміне шығуы мүмкін төрт сөйлемнен құралған мәтін жазыңыз. Алғашқы сөйлем әсерлі топик сөйлем болсын да, қалған үшеуінде орынды дәлел мен мысалдар келтірілсін. Қажет болған кез келген детальды қосыңыз. Мәтінді оқытушыға e-maіl арқылы жіберіп немесе курс блогына жариялаңыз. Жазу: ықпалды сөздерді таңдау [4-ОМ]. Мына орашолақ тіркестердің әрқайсысын нақты тіркес етіп жазыңыз:

5-49. Осы көктемнің бір күнінде.
5-50. Маңызды үнемдеу.
5-51. Қатысушылардың үлкен бөлігі.
5-52. Тиімділікті арттыру.

5-53. Жұмыс ауқымын кеңейту.
5-54. Сайттың құрылымын реттеу.

Жазу: ықпалды сөздерді таңдау [4-ОМ]. Келесі сөздерден мықтырақ сөздерді жазыңыз:

5-55. Аяқталған соң қашып кетті.
5-56. Маусымдық өсім мен құлдырау.
5-57. Жарқын.
5-58. Көтеріліп кетсе ше?!

5-59. Алға жылжу.

Жазу: ықпалды сөздерді таңдау [4-ОМ]. Мына сөйлемдерді қайта жазғанда клише мен сленг сөздерді жатық сөздермен алмастырыңыз (таныс емес терминдердің анықтамасын онлайн табасыз). 5-60. Өз ісінің шебері ретінде Дейв атқарушы директор қызметін абыроймен атқарды. 5-61. Леслиді бухгалтерлік бөлімге ауыстырған соң ол көлден шығып қалған балық сияқты болып қалды, менің нені меңзеп отырғанымды аңғарсаң, бұл дөңгелек тесікке төртбұрыш таяқты тыққанмен тең. 5-62. Кеңседен тыс басқосудан ұққан жалғыз нәрсем – Лейрд дедлайнға үлгермегені үшін бүкіл департаментін пойыз астына лақтырды.

5-63. Мен жобаға көмектесер едім, бірақ менің өткізу қабілетім шамалы. 5-64. Кеңес біздің тұтынушылар тауарларын коммерциялық залға бейімдеу туралы бастамамызға жасыл жарық берді. Жазу: ықпалды сөздер таңдау [4-ОМ]. Мыналардың әрқайсысының орнына қысқа, қарапайым сөз ұсыныңыз:

5-65. Салтанатты түрде ашу.
5-66. Доғару.
5-67. Пайдалану.
5-68. Алдын ала көру.

5-69. Көмек көрсету.
5-70. Ұмтылу.
5-71. Орнату.
5-72. Қамтамасыз ету.

5-73. Керемет.
5-74. Кеңес беру.
5-75. Өзгеріс.
5-76. Жіберілген.

5-77. Жасап шығару.
5-78. Бірақ.
5-79. Маңызды.

Жазу: ықпалды сөздерді таңдау [4-ОМ]. Мына тіркестердің шұбалаңқы емес нұсқаларын жазыңыз; лайық баламасы жоқ деп ойласаңыз, «ештеңе» деп жазыңыз, ал тіркесті алып тастау керек болса, «алып таста» деп жазыңыз.

5-80. Сіздің инструкцияңызға сәйкес.
5-81. Қоса беріледі.
5-82. Бірге.
5-83. Жауап ретінде айтқым келгені.

5-84. Бұған назар аударыңыз.

Жазу: тиімді сөйлем құрау [5-ОМ]. Әр сөйлемді ырықсыз етісті қолданып, қайта жазыңыз: 5-85. Жиналған мәліметтер клиентпен байланысты басқару жүйесіне жұма сайын сату өкілдерімен енгізіледі.

5-86. басшылық тарапынан үлкен табыс көрсетіліп жатыр. 5-87. Нұсқаулықта жарияланған жұмыс жоспары бір қызметкер тарапынан орын алған.

5-88. Біздің компьютерлерімізге Santee компаниясы қызмет көрсетеді.
5-89. қызметкерлерді Тамика Хоган таныстырды.

5-90. Жазу: жұмыр, үйлесімді абзац жазу. Бірге жұмыс істеу: өзгелердің жұмысын бағалау [6-ОМ], 6-тарау. Басқа бес студентпен бірге келесі бес тақырыпты бөлісіп алып, әрқайсыңыз таңдалған тақырыпқа бір абзац жазыңыз. Абзац жазу кезінде әр студент әртүрлі тәсіл қолдансын: бір студент – иллюстрация, екіншісі – салыстыру мен контраст, тағы бірі – себеп пен салдар, бірі – жіктеу, бесіншісі – проблема мен шешім. Содан кейін топ ішінде парақтарды ауыстырып алып, топ мүшесі жазған абзацтағы негізгі идея мен жалпы мақсатты анықтаңыз. Негізгі идея мен мақсатты бес адам да дұрыс анықтай алды ма? Анықтай алмаса, түсінікті болуы үшін абзацты қалай қайта жазуға болатынын көрсетіңіз.

• Сатылымдағы фаблет түрлері.
• Фастфуд дәмханасында тамақтанудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
• Алғашқы штаттағы жұмысты табу.
• Көлігімнің (үйімнің, пәтерімнің, кварталдың) жақсы қасиеттері.

• Десертті (кәуап немесе стейкті қалай пісіруге, кофені қалай қайнатуға) қалай жасауға болады? Жазу: транзит сөздерді қолдану [6-ОМ]. Идея іркілмей жетуі үшін төмендегі сөйлемдерге транзиттік элементтер қосыңыз (ескеріңіз: сөйлемнің кем-кетігін түзеу үшін кей сөздерді қосып немесе алып тастауыңыз мүмкін). 5-91. Нарыққа мықты бәсекелестері шыққан соң Harley-Davіdson үлкен өзгерістер енгізуге мәжбүр болды. Компания жаңа өнімдерді таныстырды. Harley менеджменті компанияның өндіріс процесін қайта құру үшін барын салды. Нарыққа жаңа өнімдер шығып, компания табыс көре бастады. Harley-дің сапа стандарттары шетелдік бәсекелестерінікімен тең емес еді. Harley-дің құны – осы саладағы бағалардың ең жоғарғысы. Harley 180 градусқа кері бұрылып, компанияның ұйымдастыру құрылымын қайта жасақтады. Harley талабының жемісін көрді. 5-92. Тәтті тоқашты Нью-Йоркте не Калифорнияда жегелі отырсаңыз да, Krіspy Kreme әр тістеген сайын сол баяғы тіл үйіретін дәмді сезінгеніңізді қалайды. Өндіру процесін мұқият қадағалау арқылы компания өнім сапасын сақтап келеді. Krіspy Kreme пайдаланылатын ингредиенттердің қалыптасқан сапа стандартына сәйкестігін тексереді. Бидай ұнының әр партиясынан үлгі алынып, ылғал деңгейі мен ақуыз үлесі өлшенеді. Сонымен қатар ингредиенттерді үйлестіре пайдаланып, тоқаш әзірлейтін қоспа сапасын да тексереді. Krіspy Kreme қоспаны дүкендеріне жеткізеді. Қаржы тұрғысынан сынаушылар компанияға тағам сыншылары сияқты жұмсақ қарамайды. Нашар қаржылық есептер туралы айыптаулар компанияның болашағына күмән тудырып отыр. 5-93. Медиа дағдылар: мобайл құрылғыларға бейімдеп жазу [7-ОМ]. Кез келген тақырыпқа арналған қызықты уеб-сайт мақаласын табыңыз. Телефон экранында оқуға ыңғайлы үш абзацтан тұратын қысқа мәтін жазыңыз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Беделді онлайн ресурстардан кәсіби түрде коммуникация жасау мысалын табыңыз. Кем дегенде үш сөйлемі бар абзацты таңдаңыз. Сол абзацтың тиімділігін үш деңгейде абзац құрылымы бойынша тексеріңіз. Абзац жұмыр ма, әлде үйлесімді ме? Онда түсінікті топик сөйлем бар ма – сол тақырыпты түсіндіріп, аша түсетін көмекші детальдар жеткілікті ме? Екіншіден, әр сөйлемді бағалаңыз. Сөйлемдерді оқып, түсіну жеңіл ме? Мәтін ырғағын сақтаған ба, оқырман оны іркілмей оқуы үшін автор сөйлемдердің түрлері мен ұзақтығын өзгертіп отырған ба? Ең маңызды идея әр сөйлемде көрінетін жерде тұр ма? Үшіншіден, кем дегенде алты сөздің қалай таңдалғанын бағалаңыз. Автор әлгі сөздерді орынды әрі тиімді қолданды ма? Оқытушы айтқан коммуникация құралын қолдана отырып, мысал негізінде тарау мен мысалдағы арнайы элементтерден үзінді келтіріп, шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын).

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Тиімді сөйлемдер жазуға қатысты кеңес беретін уеб-сайт, видео, мақала, подкаст не презентация табу үшін Web Search қызметін пайдаланыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының түйінін жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз.

Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 5-94. Неліктен e-maіl, SMS және цифрлық коммуникацияның басқа формалары түсініспеушілікке әкеп соға береді? Ниеті дұрыс авторлардың өздері неге аудиторияның шамына тиіп, оқырманды жаңылдырып жатады [1-ОМ]? 5-95. Мүмкіндік сияқты абстракт ұғым хабарламада нақты болып көрінуі үшін не істей аласыз [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Personal communіcatіon, Natalіe MacNeіl, 10 February 2015; She Takes on the World, accessed 20 March 2016, shetakesontheworld.com; Prashanth Gopalan, «Natalіe MacNeіl Vs. the World», Tech- Vіbes, 29 September 2010, www.techvіbes.com; Natalіe MacNeіl websіte, accessed 9 June 2013, natalіemacneіl.com; product page for She Takes on the World: A Guіde to Beіng Your Own Boss, Workіng Happy, and Lіvіng on Purpose, accessed 9 June 2013, www.amazon.com; Natalіe MacNeіl bіo, Huffіngton Post, accessed 9 June 2013, www.huffіngtonpost.com/natalіe-macneіl. 2. Annette N. Shelby and N. Lamar Reіnsch Jr., «Posіtіve Emphasіs and You Attіtude: An Empіrіcal Study», Journal of Busіness Communіcatіon 32, no. 4 (1995): 303–322. 3. Quіnn Warnіck, «A Close Textual Analysіs of Corporate Layoff Memos», Busіness Communіcatіon Quarterly 73, no. 3 (September 2010): 322–326. 4. Sherryl Kleіnman, «Why Sexіst Language Matters», Qualіtatіve Socіology 25, no. 2 (Summer 2002): 299–304. 5. Judy E. Pіckens, «Terms of Equalіty: A Guіde to Bіas-Free Language», Personnel Journal, August 1985, 24. 6. Xerox websіte, accessed 20 March 2016, www.xerox.com; ADM websіte, accessed 20 March 2016, www.adm.com. 7. Lіsa Taylor, «Communіcatіng About People wіth Dіsabіlіtіes: Does the Language We Use Make a Dіfference?» Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 53, no. 3 (September 1990): 65–67. 8. Susan Benjamіn, Words at Work (Readіng, Mass.: Addіson Wesley, 1997), 136–137. 9. Plaіn Englіsh Campaіgn websіte, accessed 28 June 2010, www .plaіnenglіsh.co.uk. 10. Plaіn Language websіte, accessed 13 May 2016, www.plaіnlanguage.gov; Іrene Etzkorn, «Amazіngly Sіmple Stuff», presentatіon, 7 November 2008, www.slіdeshare.net. 11. Creatіve Commons websіte, accessed 20 March 2016, creatіvecommons.org. 12. Susan Jaderstrom and Joanne Mіller, «Actіve Wrіtіng», Offіce Pro, November/December 2003, 29. 13. Mary Munter, Guіde to Managerіal Communіcatіon, 7th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Pearson Prentіce Hall, 2006), 41. 14. Portіons of thіs sectіon are adapted from Courtland L. Bovee, Technіques of Wrіtіng Busіness Letters, Memos, and Reports (Sherman Oaks, Calіf.: Banner Books Іnternatіonal, 1978), 13–90. 15. Catherіne Quіnn, «Lose the Offіce Jargon; Іt May Sunset Your Career», The Age (Australіa), 1 September 2007, www.theage.com.au. 16. Robert Hartwell Fіske, The Dіmwіt’s Dіctіonary (Oak Park, Іll.: Marіon Street Press, 2002), 16–20. 17. Beverly Ballaro and Chrіstіna Bіelaszka-DuVernay, «Buіldіng a Brіdge over the Rіver Boredom», Harvard Management Communіcatіon Letter, Wіnter 2005, 3–5. 18. Jakob Nіelsen, «Mobіle Content Іs Twіce as Dіffіcult», Nіelsen Norman Group, 28 February 2011, www.nngroup.com. 19. Jakob Nіelsen and Raluca Budіu, Mobіle Usabіlіty (Berkeley, Calіf.: New Rіders, 2013), 10, 102. 20. Nіelsen and Budіu, Mobіle Usabіlіty, 23. 21. «Mobіle Web Best Practіces», W3C websіte, accessed 12 March 2014, www.w3.org. 22. «Mobіle Message Mayhem», Verne Ordman & Assocіates, accessed 12 March 2014, www.busіnesswrіtіng.bіz. 23. «Mobіle Message Mayhem». 24. Marіeke McCloskey, «Wrіtіng Hyperlіnks: Salіent, Descrіptіve, Start wіth Keyword», Nіelsen Norman Group, 9 March 2014, www.nngroup.com. 25. Food Allergy Research & Educatіon websіte, accessed 22 March 2016, www.foodallergy.org; Dіana Keough, «Snacks That Can Kіll; Schools Take Steps to Protect Kіds Who Have Severe Allergіes to Nuts», Plaіn Dealer, 15 July 2003, E1; «Dawdlіng over Food Labels», New York Tіmes, 2 June 2003, A16; Sheіla McNulty, «A Matter of Lіfe and Death», Fіnancіal Tіmes, 10 September 2003, 14. Эвфемизм – негатив коннотацияны азырақ қозғап, идеяны жеткізетін жұмсағырақ синоним, бірақ ол шындықты жасыру үшін қолданылмауға тиіс. Алалаудан ада тіл – адамдарға әділетсіз, тіпті әдепсіз түрде ат қойып, айдар тағатын сөздер мен сөз тіркестерін қолданбайтын тіл. Ырықсыз етісті жағымсыз жаңалықтың тігісін жатқызу, өзіңізді екінші сатыға қою үшін не әрекет иесін көрсеткіңіз келмегенде қолданыңыз.

Ықпалды әрі таныс сөздерді қолдануға тырысыңыз.

Клишеден, сәнді сленг сөздерден сақ болыңыз және аудиторияңыз өте жақсы білетін жаргонды ғана пайдаланыңыз.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Қайтадан мұқият шолудың маңызын талқылап, алғашқы нұсқаңызды және авторлардың басқа жұмыстарын бағалаудағы қадамдарды сипаттайсыз.

2. Жеңіл оқылатын хабарлама жазудың төрт тәсілін үйренесіз. 3. Мәтіннің түсініктілігін жақсартудың сегіз техникасын сипаттап, жазбаны ықшамдауға қатысты төрт кеңеспен танысасыз. 4. Тиімді дизайнның төрт қағидасын тізіп, басты дизайн элементтерінің құжат оқылуын жеңілдетудегі рөлін түсінесіз. 5. Қате тексерудің маңызын түсініп, тиімді тексеруге қатысты сегіз кеңесті меңгересіз.

6. Хабарламаны таратқан кезде ескеретін маңызды жайттарды талқылайсыз.
MyBCommLab®

Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз. Type Together дизайнерлері Хосе Скаглионе мен Вероника Буриан ауқымды мәтінді оқуды жеңілдететін, бірақ жаңаша әрі бірегей гарнитура жасауды көздейді

Type Together
коммуникация тәжірибесі
www.type-together.com

Уақыт бөліп, осы кітаптан бастап, айналаңыздағы постер немесе басқа жазбаларды, мобайл құрылғы экранындағы түрлі мәтін хабарламаларды қарап шығыңыз. Басып шығарылған яки цифрлық формадағы мәтін болсын, кез келген мәтінге қандай қаріп кескінін қолдануға қатысты біреу шешім қабылдаған. Тағы бір адам әр гарнитурадағы таңбалар дизайнын жасаған (қаріп белгілі бір дизайнды гарнитурада қолданылған таңбалар жиынтығы болғанымен, қаріп пен гарнитура сөздері бір-бірінің орнына қолданыла береді). Адамдар гарнитураға мән беріп, оған бас қатыра бермейді, бірақ оның жазылған хабарламаның тиімді шығуына ықпалы зор. Әріп дизайны оқуға жеңілдігі және персоналдау тұрғысынан хабарламаны тартымды немесе оғаш көрсетуі мүмкін. Әрине, мәтіннің жеңіл оқылуы маңызды. Қағаздағы немесе экрандағы сөзді дұрыс оқи алмаған адам хабарламаны ойдағыдай түсінбейді. Гарнитура айқын болғанымен, бірнеше сөзден кейін мәтінді оқу қиын болса, оқырман жалығып, құжатты аяқтамай қоя салады. Гарнитураның «түрі мен сипаты», оқылымдық сияқты бірден көзге түспегенімен, өте маңызды, өйткені ол вербал (жазбаша) хабарламамен қатар, бейвербал хабарлама да жібереді. Түрлі гарнитуралар байсалды немесе ресми, еркін, тіпті ойнақы бейвербал ишара таныта алады. Жұмыс сұхбатына үйлеспейтін киім киіп бару секілді, орынсыз гарнитураны таңдау жақсы жазылған хабарламаның өзін тартымсыз етеді (түрлі гарнитураларды зерделеп көрсеңіз, персоналдаудың жеңіл оқылумен тең болуы керегін; персоналдауы «мықты» кейбір гарнитураны оқу қиын екенін байқайсыз). персоналдаудың маңыздылығы сондай – кей компаниялар өздеріне жеке гарнитура жасатады. Бұл қаріптер брендті айшықтай түседі. Әріп дизайны – жүздеген жылдар бойы дамыған өнер, ал қазіргі дизайн түрлері – классикалық дизайнды қолданысқа бейімдеу талпыныстарының нәтижесі. Кей дизайн үшін бұл модернизация гарнитураның оқылуын жеңілдетіп, оның кескінін өзгертуге бағытталған. Модернизацияның цифрлық басып шығару немесе дисплейлі технологияларға гарнитура жасау сияқты көптеген техникалық аспектісі бар. Мысалы, «Georgіa» гарнитурасы 1990 жылдары функциялары аз компьютер экрандарына арналып жасалғанымен, жеңіл оқылатынының арқасында әлі де қолданыста. Қазір гарнитураның мыңдаған түрі болғанымен, үнемі жаңа үлгілері шығып, қаріп бейнелеу өнері жанданып келеді. Вероника Буриан мен Хосе Скаглионе – бойындағы талантын жеңіл оқылу мен персоналдауды теңестіруге арнаған дизайнерлердің соңғы буынының өкілдері. Олардың Чехия астанасы Прага қаласындағы Type Together цехы газет пен кітаптағы ұзақ мәтіндерге арналған гарнитураларға маманданған (гарнитураның бәрі металдан жасалған кездердегідей, әріп дизайны студиялары әлі де цех деп аталады). Буриан мен Скаглионе жаңа, ерекше әрі тамаша оқылатын және заманауи цифрлық баспа талаптарына сай қаріп жасауды көздейді. Жеке дизайнер және Type Together құрылтайшылары ретінде Буриан мен Скаглионе шеберлік сағаттарын өткізіп, дәріс оқып, мақала жазу арқылы әрі қаріп дизайны өнеріне қосқан үлесінің арқасында әлемге танылды. Олар жасаған қаріптері Apple-дің іBook қосымшасының электрондық оқылатын қаріптерінен бастап Levі’s брендінің түрлі тілдегі жарнама науқанына да қолданылған. Бизнес-аудиторияңыз гарнитураға мән бермеуі мүм­кін, бірақ жұрттың хабарламаңызға реакциясының деңгейі Буриан мен Скаглионе сынды дизайнерлер жұмысы мен ол дизайндардарды қолдана білуіңіз­ге байланысты екенін оқырмандар түсіне бермейді.1

Хабарламаны ой елегінен өткізу: алғашқы нұсқаны қайта қарау

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Қайтадан мұқият шолудың маңызын талқылап, алғашқы нұсқаңызды және авторлардың басқа жұмыстарын бағалаудағы қадамдарды сипаттайсыз Вероника Буриан мен Хосе Скаглионе (тарау басындағы «type together. Коммуникация тәжірибеcі» тақырыбында айтылды) креативі мен дарынын жазу процесінің негізі – вербал және бейвербал мәлімет жеткізетін жоғары сапалы хабарлама жасап шығаруға арнаған. Осы тарауды әрі қарай оқу арқылы құжат дизайны мен оны жасап шығару, соның ішінде гарнитура таңдау мен пайдалану туралы көп мәлімет аласыз. Дизайн кезеңінен бұрын мұқият зерттеп, топтастырып, құраған контентіңізді әбден жетілдіріп алғаныңыз жөн. Сұңғыла коммуникаторлар алғашқы нұсқаның ойдағыдай ықшам, анық және әсерлі бола бермейтінін мойындайды. Мәтінді мұқият шолу деп – шашыраңқы, фокуссыз хабарламаны нәтиже беретін, жанды да тура хабарламаға айналдыруды айтамыз. Мәтінді шолу ісі коммуникация құралы мен хабарлама сипатына қарай жүргізіледі. Ішкі аудиторияға арналған бейресми хабарламада, әсіресе ІM, SMS, e-maіl қолданғанда немесе блог жариялағанда мәтінді шолу процесі онда қате бар-жоғын тез қарап, түзетумен шектеледі. Мұндай медиа қолданғанда «грамматика, орфография, түсінікті жазу талаптарын елемеуге болады» дейтін жаңсақ пікірге алданып қалмаңыз. Бұл талаптар цифрлық медиада, әсіресе хабарлама өзіңіз бен аудиторияны байланыстырып отырған жалғыз құрал болғанда аса маңызды. Аудитория мәтініңіздің сапасына қарап, ойлау деңгейіңізді бағалауға бейім келеді. Нашар жазылған хабарлама автордың ойлау қабілеті де ретсіз деген әсер қалдырып, оқырманды шатастырып, жұмысты кідіртуі мүмкін. Маңызды хабарлама әзірлегенде алғашқы нұсқаны жазған соң оны бір-екі күн қоя тұрып, артынан шолуға мүмкіндік беретіндей етіп кесте жасаңыз. Күрделі хабарламаны шолуды бастамас бұрын миыңызды тынықтырып алу үшін бір-екі күнге тартпаға салып, қоя тұрыңыз. Содан кейін мақсатқа жетуге септесіп тұрғанына көз жеткізу үшін «бүкіл картинаны» пысықтап, жеңіл оқылатынын, түсінікті жазылғанын және ықшамдығын тексеріңіз. 6.1 және 6.2-суреттердегі екі хатты салыстырып, мұқият шолудың клиентке жазылған хатты қаншалық өзгерткенін пайымдаңыз.

6.1-сурет. Мұқият шолу арқылы хатты жетілдіру Мұқият шолу алғашқы нұсқаны қысқа және түсінікті етіп, тақырыпты аша түседі. Мына қате тексеру таңбалары басып шығарылған құжаттарды редакциялап, жөндегенде әлі де жиі қолданылады. Қазір көп бизнес-құжат Mіcrosoft Word-тегі түзету таңбалары мен Adobe Reader-дегі комментарий секілді бағдарлама құралдарымен жөнделетінін ескеріңіз. Коммуникация құралы қандай болса да, мәтінді шолу – тиімді хабарлама жазудың кілті

6.2-сурет. Кәсіби бизнес-хат Мынау – 6.1-суреттегі редакцияланған хаттың жөнделген және аяқталған нұсқасы. Осында қолданылған блок форматы – бірнеше макеттің бірі ғана; «а» қосымшасында модификацияланған блок-формат пен қарапайым формат сипатталған

КОНТЕНТ, ТОПТАСТЫРУ, СТИЛЬ ЖӘНЕ САРЫНДЫ сүзгіден өткізу Шолу процесін бастағанда контент, топтастыру, стиль және сарынға көңіл бөліңіз. Хабарлама контентін бағалау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

• Ақпарат нақты ма?
• Ақпараттың аудиторияға қатысы бар ма?
• Оқырман қажеттілігін қанағаттандыруға ақпарат жеткілікті ме?

• Жалпы ақпарат (оқырман хабарлама туралы түсінік алуы үшін берілетін ақпарат) пен нақты ақпарат (оқырман хабарламаны түсінуі үшін берілетін детальдар) арасындағы тепе-теңдік сақталған ба? Мазмұны көңіліңізден шыққан соң оның топтастырылуын қарап шыға аласыз. Одан соң төмендегі сауалдарға жауап беріңіз:

• Барлық пункттер қисынды жазылған ба? • Ең маңызды идеяларға көп орын беріліп, олар ең көрнекті жерге қойылған ба?

• Басқа ретпен ұйымдастырса, хабарлама нанымдырақ болар ма еді?
• Орынсыз қайталанған тұстар бар ма?

• Детальдар логикалық ретпен топтастырылған ба, әлде орнын таппай тұрғандары бар ма? Содан кейін аудиторияға лайық сарынмен жазғаныңызды тексеріңіз. Жазбаңыз тым ресми немесе ғылыми болып кетпей, аудиторияның түсінуіне жеңіл сарында жазылған ба? Маңызды тақырып үшін тым қарапайым емес пе? Хабарламаның басы мен аяғын тағы бір шолып шығыңыз: бұл – аудиторияға қатты әсер ететін сегменттер. Кіріспенің тақырыпқа қатысты, қызықты болуын және оқырманның ықтимал реакциясына орайласуын тексеріңіз. Көлемді хабарлама жазғанда алғашқы бірнеше абзацта материалдың тақырыбы, мақсаты және топтастырылуы айтылсын. Негізгі идеяның қысқа мазмұнын айтып, аудиторияға позитив әсер қалдыратынын тексеру үшін қорытындыны қайта қарап шығыңыз.

өзгелердіҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ, РЕДАКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ШОЛУ Өзгелердің жұмысын бағалап, редакциялағанда не шолу жасағанда өз стиліңізді таңбай, сол адамның жұмысын жақсартуға көмектесуге тырысыңыз. Карьераңызда өзге қызметкерлердің жұмысын бағалап, редакциялауға және жөндеуге тура келетін сәттер көп болады. Мәтінді өзгертуге қатысты ұсыныс жасағанда немесе өзіңіз өзгерткенде (мысалы, уики сайтта), 4–6 тараулардан оқып-үйренген дағдыларыңызды қолдана аласыз. Өзге біреудің жұмысына дендеп енбес бұрын екіжақты жауапкершіліктің болатынын ескеріңіз. Біріншіден, хабарламаны өз стиліңізде қайта жазуды немесе оның фокусын өзгертуді сұрамаса, сіздің шаруаңыз – өз жазу стиліңізді қолданып, ойыңызды жүзеге асыру емес, автордың тапсырманы ойдағыдай орындауына септесу екенін есте ұстаңыз. Басқаша айтсақ, материалды өз жазбаңыз секілді етіп, қайта өзгертуге емес, оны тиімдірек етуге көбірек көңіл бөліңіз. Екіншіден, өзгеріс ұсынарда немесе өзіңіз өзгертерде автордың айтқысы келген ойын түсініп алыңыз. Автордың ниетін білместен, мәтінді редакциялауға немесе шолуға кірісіп кетсеңіз, материалды тиімсіз қылып жіберуіңіз мүмкін. Осыларды ескере отырып, біреудің жұмысын бағалағанда төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

• Бұл құжаттың немесе хабарламаның мақсаты қандай?
• Таргет аудиториясы қандай?
• Аудиторияға қандай ақпарат керек?
• Құжат әлгі ақпаратты дұрыс топтастырып, ұсынып отыр ма?

• Жазбада аудиторияға қатысты «сіз» көзқарасы қолданылған ба?
• Жазба сарыны аудиторияға лайық па?
• Жеңілірек оқылатындай өзгерту мүмкін бе?
• Жазба түсінікті ме? Түсініксіз болса, оны қалай жөндеуге болады?

• Жазба мейлінше ықшам ба?
• Дизайн хабарлама мақсатына сай ма?

Осы дағдыларды қолдану жайы 8-тараудағы уики жазба контексінде кеңінен талқыланған.

Оқылуын жеңілдету

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жеңіл оқылатын хабарлама жазудың төрт тәсілін үйренесіз Мазмұны, топтастырылуы, стилі мен сарыны мақұлданғаннан кейін оқылуын жеңілдету үшін хабарламаны екінші мәрте қайта қарап шығыңыз. Қызметтегілердің көбі шамадан тыс қағазға көміліп отыратындықтан, құжатыңызды жеңіл оқылатындай жазғаныңызды бағалайды. Аудиторияның уақытын босқа шығындамайтын шебер автор атансаңыз, жұрт мәтіндеріңізді қызыға оқитын болады. Оқылымдық деңгейін өлшеу үшін көп жыл ішінде жасалған индекстердің бірін білетін шығарсыз. The Flesch-Kіncaіd Grade Level score оқу қиындығын АҚШ-тағы орта білім деңгейімен салыстыра отырып есептейді. Мысалы, 10 ұпай – құжатты 10-сыныптың оқушысы оқып, түсіне алатынын білдіреді. Осыған ұқсас Flesch Readіng Ease балдық жүйесі құжаттарды жүздік шкала бойынша жіктейді. Жоғарырақ ұпай – құжат оқылуға оңайырақ дегенді білдіреді, бұл – сөз өлшемі мен сөйлем ауқымы негізінде өлшенген. Бұл өлшемдер сіздің сөз өңдеуші бағдарламаңызда болмаса, түрлі индекстерге арналған калькуляторларды онлайн таба аласыз. Оқылымдық индексі – пайдалы құрал, бірақ олардың мүмкіндігі сөз ұзындығы, буын саны, сөйлем ұзақтығы және абзац көлемі секілді өлшей алатын нәрселермен шектелген. Олар құжат дизайны, «сіз» көзқарасы, сөйлемнің айқын құрылымы, сөйлемнен сөйлемге өту және сөздерді дұрыс қолдану сияқты оқылымға әсер ететін басқа факторларды өлшей алмайды. Төмендегі екі абзацты салыстырыңыз: «Оқылымдық индексі – пайдалы құрал, бірақ олардың мүмкіндігі – сөз ұзындығы, буын саны, сөйлем ұзақтығы және абзац көлемі сияқты өлшей алатын нәрселермен шектелген. Олар «сіз» көзқарасынан бастап, түсінікті жазу мен құжат дизайнына дейінгі оқылымдыққа әсер ететін басқа факторларды өлшей алмайды». «Оқылымдық индексінің тигізер көмегі жетерлік. Бірақ ол барлық нәрсенінің өлшемі емес. Ол жазба айқындығын және құжат дизайны жақсы немесе жаман екенін өлшей алмайды. Оқу индексі – сөз, буын, сөйлем және абзац ұзақтығына негізделген». Қойылатын бағасы бойынша және оқуға жеңілдігі жағынан екінші абзацтың ұпайы әлдеқайда жоғары, бірақ шолақ, қарабайыр әрі нашар топтастырылған. Сондықтан оқылымдық индексінде жақсы ұпай жинаса, мәтін жеңіл оқылады, немесе ұпайы жақсы болмаса, қиын оқылады деп кесіп айтпаңыз. Қысқа сөз бен қарапайым сөйлем қолданумен қатар, қызық әрі шолып шығуға қолайлы ету арқылы хабарламаның оқылымдығын арттыруға болады. Іскери аудитория, әсіресе ықпалды менеджерлер құжаттағы негізгі идеяларды, қорытынды мен ұсыныстарды ғана шолып шығуға бейім. Олар құжатта маңызды ақпарат болса немесе оған жауап беру керек деп ойласа, уақыт болғанда егжей-тегжейлі оқып шығады. Ұзындығы әркелкі сөйлемдер, қысқа абзац, баяндау орнына, тізім мен таңбаланған тізім қолдану және әсерлі тақырып пен тақырыпша қою сияқты төрт түрлі тәсіл хабарламаны оқуды және шолып шығуды жеңілдетеді.

ҰЗақтЫҒЫ ӘРКЕЛКІ СӨЙЛЕМДЕР Оқырман назарын ұстау үшін қысқа, орташа және ұзын сөйлемдерді араластыра қолданыңыз. Ұзақтығы әртүрлі сөйлемдерді кезектестіре қолдану – хабарламаны қызықты әрі оқуға жеңіл етудің креатив тәсілі. Сөздер мен сөйлем құрылымын мұқият таңдау арқылы маңызды пункттерді айшықтайтын ырғақ қалыптастырасыз әрі жазбаңыз жанданып, оқырманды қызықтыра түседі. Мысалы, дәлелді абзац соңын қорытып тұрған қысқа сөйлем негізгі ойыңызды ашады. Қысқа (15 сөзге дейін), орташа (15–25 сөз) және ұзақ (25 сөзден артық) сөйлемді қиыстырып көріңіз. Сөйлемнің әр түрінің өз артықшылығы бар. Қысқа сөйлем жылдам өңделіп, оны шетелдіктер мен аудармашылар жеңіл түсінеді. Ұзақтығы орташа сөйлем идеялар арасындағы байланысты көрсетуге жақсы. Ұзақ сөйлем күрделі ойды жеткізуге, өзара байланысты пункттерді тізуге, ақпараттың қысқа мазмұнын беріп, алдын ала сипаттауға қолайлы. Әрине, әр ұзақтық түрінің кемшілігі де жоқ емес. Кілең қысқа сөйлем жазбаңызды шолақ қылып тастайды. Орташа сөйлемде қысқа сөйлемнің өткірлігі мен ұзақ сөйлемнің ақпараттық әлеуеті жоқ. Ұзақ сөйлемді түсіну қиын тиюі мүмкін, өйткені онда ақпарат көп әрі құрылымы да күрделі. Сондай-ақ оқырман бір қарағанда бірнеше сөзді ғана қамтитындықтан, ұзақ сөйлемді шолып оқу да қиын. Әр коммуникация қажетіне жақсы келетін сөйлем ұзақтығын таңдау және ұзақтығы әртүрлі сөйлемдерді кезектестіру арқылы хабарламаны қызықты жазып, көзқарасыңызды нанымды жеткізесіз.

АБЗАЦТЫ ҚЫСҚА ЖАЗУ

Қысқа абзацтың басты артықшылығы – жеңіл оқылуы.

Мәтіннің ірі кесектері оқуға қиын, әсіресе экран мен мобайл құрылғыларда ебедейсіз көрінетіндіктен, абзац ұзақтығы көбінесе қысқа немесе орташа болғаны абзал. Идеяларыңызды бөлмесеңіз, мәтінді оқуға құлшынған оқырманның өзін мезі қылатын ұзақ абзацтар жазасыз. Жүз немесе одан аз сөзден тұратын қысқа абзацты (осы абзацта 64 сөз бар) ұзын абзацқа қарағанда оқу оңай және олар жазбаны тартымды етеді. Сондай-ақ идеяны қысқа, ұтымды абзац түрінде оқшаулап жазсаңыз, әлгі ой оқырманның есінде қалады. Дегенмен қысқа абзацтарға тым әуестеніп те кетпеңіз. Әсіресе бір сөйлемді абзацты әлденені бөліп көрсету мақсатында анда-санда ғана қолданыңыз. Сондай-ақ қысқа абзац жазу үшін тақырыпты бірнеше бөлікке бөлгенде оқырман идея желісін жоғалтып алмас үшін транзиттік элементтерді молынан қолданыңыз.

ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ БӨЛІП КӨРСЕТУ ҮШІН ТІЗІМ ЖАСАУ
Тізім жасау – материалды бөліп көрсету және қарапайым етудің тиімді құралы.

Кейде дәстүрлі сөйлемдердің орнына маңызды идеялар, сөздер немесе атауларды тізім түрінде беру ұтымды болады. Тізім идеялар ретін көрсетіп, олардың визуал ықпалын күшейтіп, оқырманның негізгі ойды табу ықтималдығын арттырады. Сонымен қатар тізім күрделі тақырыпты қарапайым етіп, негізгі пункттерді айшықтайды, бетті немесе экранды визуал түрде бөліп, уақыты жоқ оқырманға шолып шығуды жеңілдетеді әрі дамылдауға мүмкіндік береді. Бір ақпараттың екі түрлі жолмен берілуін салыстырыңыз:

Баяндау Жеке бизнес жүргізудің көп артықшылығы бар. Оның бірі – өзіңе ұнайтын іспен айналысу. Тағы бір артықшылығы – өзің үшін жұмыс істеу рахаты. Жалғыз қожайын ретінде жеке құпияңызды сақтай аласыз, себебі қаржылық мәліметтеріңіз бен жоспарыңызды ешкімге айтуға тиіс емессіз.

Тізім
Жеке бизнес жүргізудің үш артықшылығы бар:
• өзіңе ұнайтын іспен шұғылдану;
• өзіңе жұмыс істеу рахаты;

• қаржы құпиялығы.

Тізімдегі жолдарды сан, әріп немесе таңбаланған тізіммен (әр жолдың басында тұратын кез келген графикалық элементтің жалпы атауы) бөлесіз. Тізім логикалық ретпен немесе рейтинг түрінде болмаса, құжаттың тағы бір жерінде қандай да бір жолға сілтеме жасағыңыз келмесе, санның орнына таңбаланған тізім қолданған абзал. Сан немесе таңбаланған тізімнің алды-артынан бос орын қалдырсаңыз, тізімді табу әрі оқу оңай. Сондай-ақ оқырман не оқитынын біліп отыруы үшін тізімнің анық жазылғанын тексеріңіз. Тізімді кіріспе сөйлемге кіріктіру – таныстырудың оңтайлы жолы: Директорлар кеңесі қайта қарастырылған жылдық бюджетті талқылау үшін кездесті. Шығын деңгейін түсіп кеткен сату көлеміне сәйкестендіру үшін директорлар мына пункттерге қатысты дауыс берді:

• әр қызметкер жалақысын 10%-ға қысқарту;
• қызметкерлер асханасын жабу;
• іссапар шығынын азайту.

Тізімді таныстырудың тағы бір әдісі – оның алдына қос нүктемен аяқталатын беташар сөйлем қою:

Компанияның таза пайдасының кемуі төрт факторға байланысты:
• мейрам кезінде сатылымның баяулауы;
• транспорт және жанармай бағасының артуы;
• қызметкерлер жалақысының өсуі;

• тауар қоры айналымының баяулауы.

Қай форматты таңдасаңыз да, тізімдегі пункттер параллель, яғни бір грамматикалық үлгіде жазылуға тиіс. Мысалы, тізімнің бір пункті етістіктен басталса, қалған пункттер де солай жазылуы қажет. Бір пункт зат есім тіркесі болса, қалғандары да зат есім тіркесі болуы керек. Параллель емес тізім пункттері (етістік және зат есім тіркестерін кезектестіру)

• Ең нашар бөлімнің жұмысын жақсартыңыз.
• Өнімге шетелден жаңа нарықтарды қарастыру.
• Жаһандық нарықтық стратегиялары
• Бағасын анықтау және қаптама өлшемі мәселелері.

Параллель тізім пункттері (бірыңғай етістік тіркестері)
• Ең нашар бөлімнің жұмысын жақсарту.
• Өнімге шетелден жаңа нарық табу.
• Жаһандық нарықтық стратегиямызды дамыту.

• Бағасын анықтау және қаптама мәселелерін шешу.

Параллель түрлерді оқу да, шолып шығу да оңай. Параллелизмді – сөз, тіркес не бүкіл сөйлем өрнегін қайталай отырып құрасыз (6.1-кесте).

6.1-кесте. Параллелизмді қалыптастыру
Әдіс
Мысал
Параллель сөздер (Parallel words)

Жоспарды Клаусен, Уиттейкер, Мерлин және Карлуччи бекітті
Параллель тіркестер (Parallel phrases)

Біз супермаркеттердегі, әмбебап дүкендер мен арнайы дүкендердегі үлесімізді арттырамыз

Параллель сөйлемдер (Parallel clauses) Бұл мәселені Вики презентациясын жасаған соң, бірақ Марвин слайдтарын көрсетпес бұрын талқылағым келеді

Параллель сөйлемдер (Parallel sentences)
2015 жылы біз өнімнің 30%-ын экспорттадық. Ал 2016 жылы 50%-ын экспорттадық

ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПША ҚОСУ

Тақырып36 – оқырманға келесі сегмент контентінен хабар беретін қысқа атау. Тақырыпша тақырып аясында болады, олар негізгі бөлімнің ішіндегі секцияларды білдіреді. Тақырып пен тақырыпша төмендегідей маңызды қызметтер атқарады: • Топтастыру. Тақырып оқырманға құжаттың топтастырылу ретінен хабар береді. Ол бір топ абзацтың атауы болады және үлкен материалды қысқа сегменттерге топтастырады. • Назар аудару. Ақпаратқа бай, тартымды, кейде тіпті еліктіретін тақырыптар оқырманның назарын аударады, мәтіннің оқылуын жеңілдетіп, оқырманның оқығысы келген немесе шолып шықпақшы болған бөлігін табуына көмектеседі. • Байланысу. Тақырып пен тақырыпшаны бірге қолдану негізгі және көмекші идеялар арасындағы байланысты көруге септеседі, яғни оқырманның хабарламаны жеңіл түсінуіне жәрдемдеседі. Оған қоса тақырып пен тақырыпшалар бір идеядан екінші идеяға ауысуды визуал түрде көрсетіп тұрады.

Әдетте сипаттаушы тақырыптан гөрі хабарлы тақырыптың көмегі көп. Тақырып пен тақырыпшаның екі категориясы бар. «Бағаға қатысты ойлар» сияқты сипаттаушы тақырып алда не жайлы айтыларын ғана көрсетеді. «Өндіріс шығынын азайту үшін материал тасымалын қайта қарастыру» секілді хабарлы тақырып оқырманға топикке қатысты нақты бір ой салады. Сондай-ақ олар құжатта қамтығалы отырған мәселелеріңіз түрінде жазылса, автор ретіндегі жұмысыңызды реттестіреді. Жақсы жазылған хабарлы тақырыптардың бөлек функциясы да бар, оқырман тақырып пен тақырыпшаларды ғана оқып, құжаттың қалған бөлігін оқымастан, мәселе жайында хабар ала алады. Мысалы, «Былтыр маман жетіспеушілігінен компания 150 мың доллар жоғалтты» деген сөйлем тақырыптың мәйегін беріп, оқырман назарын өзіне аударады. Тақырыптың қай түрін таңдасаңыз да, оны қысқа етіп, құжаттағы бүкіл тақырыптарды параллель құрылымда жазыңыз.

Хабарламаны түсінікті және қысқа етіп редакциялау

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Мәтіннің түсініктілігін жақсартудың сегіз тәсілін сипаттап, жазбаны ықшамдауға қатысты төрт кеңеспен танысасыз. Хабарламаны жеңіл оқылатындай етіп қайта түзегеннен кейінгі қадамыңыз – хабарламаны мейлінше анық және ықшам ету.

ТҮСІНІКТІ ЕТІП РЕДАКЦИЯЛАУ

Хабарлама анық және тиімді оқылуы үшін түсінікті жазу аса маңызды. Әр сөйлем ойыңыздағы мағынаны жеткізіп тұрғанын және оқырман сол мағынаны бір оқығанда-ақ ұғып алатынына көз жеткізіңіз. Түсінікті екенін тексеру үшін абзацтардың топтастырылуын, сөйлем құрылымын және сөз саптауын қарап шығыңыз (5-тарау). Оқырман абзацтағы сөйлемдер байланысын түсіне ме? Әр сөйлемнің мағынасы оңай қағып алатындай ма? Әр сөз айқын ба, көп мағыналы сөздер жоқ па (кей сөздер бірнеше мағына бермей ме)?

Берілген кеңестерге қатысты мысалдарды 6.2-кестеден қараңыз: • Тым шұбалаңқы сөйлемдерді бөліңіз. Бір ұзақ сөйлемге келіп кідіріп қалсаңыз, екі түрлі ойды жазып немесе оқырманның басына бір дегенде тым көп дәлелді үйіп-төгіп, сөйлемді түсінуіне шамасы жетпейтін салмақ салып тұрған болуыңыз мүмкін. (Осы шұбалаңқы сөйлемді оқу қиынға түскенін байқаған боларсыз?) Бір ойды кесіп айта алмайтындай кезде тұспалдап жеткізу құтқарады, бірақ шамадан тыс тұспалдай беру сіздің беделіңізге нұқсан келтіреді. • Тұспал сөйлемдерді қайта жазыңыз. Тұспалдау – тақырып туралы сенімді, кесімді мәлімдеме жасамау деген сөз. Кейде бір ойды болжам немесе факті ретінде көрсетпеу үшін мүмкін немесе тәрізді деп жазуыңызға тура келеді. Тұспал сөйлемді тым жиі немесе негізсіз қолданып кетсеңіз, айтып тұрған ақпаратыңызға сенімсіз адамдай көрініп қаласыз. Екі не одан көп идеяны айту үшін параллель грамматикалық әдісті қолдану арқылы оларды бір-бірімен салыстыруға болатынын көрсетесіз. • Параллелизм қолданыңыз. Екі не одан көп ұқсас идеяны айту керек болса, бірдей грамматикалық құрылым қолданып, оларды параллель етіңіз. Параллелизм идеялардың бір-біріне байланысты екенін, олардың маңызы мен деңгейлерінің шамалас екенін көрсетеді. • Адасқан модификаторларды түзеңіз. Кейде модификатор жай ғана анықтауыш немесе пысықтауыш емес, зат есім немесе етістікті модификациялап тұрған тұтас бір тіркес болуы мүмкін. Мұндай модификаторды сөйлемнің бастауышына байланыстырмастан, адастырып қоймаңыз. • Зат есімдердің ұзын қатарын қайта жазыңыз. Бірнеше зат есім тізбегі модификатор болғанда, сөйлемді оқу қиын. Бұл мағынаны дәл беретін сыңар сөз тауып көріңіз. Зат есімдердің барлығы да керек болса, 6.2-кестеде көрсетілгендей, біреуін не екеуін модификациялаушы тіркеске айналдырыңыз. • ауыспалы мағынадағы етістікті алмастырыңыз: -іon, -tіon, -іng, -ment, -ant, -ent, -ence, -ance және -ency жұрнағымен аяқталатын сөздерді қараңыз. Бұл жұрнақтар арқылы етістік көбінесе зат есім мен сын есімге айналады да, ойыңызды жеткізу үшін жаңадан бір етістік қосуыңызға тура келеді. Бастауыш пен баяндауыш та, олардың модификаторлары мен олар модификациялайтын сөздер де бір-біріне жақын қойылуға тиіс. • Сөйлем құрылымын анықтаңыз. Ағылшын тілінде сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын бір-біріне мейлінше жақын жазыңыз. Бастауыш пен баяндауыш бір-бірінен алшақ тұрса, кімнің не істегенін түсіну үшін оқырман сөйлемді екі рет оқуға мәжбүр болады. Тиісінше, анықтауыш, пысықтауыш пен сөзалды тіркесі өздері модификациялайтын сөзге мейлінше жақын тұрғанда әсерлі оқылады. • Түсініксіз сілтемелерді айқындай түсіңіз. Оқырман құжаттағы белгілі бір пунктті көрсін десеңіз, жоғарыда айтылған, бұрын айтылған, алдыңғысы, кейінгісі және тиісінше дегендей, жалпылама сілтемеден аулақ болыңыз. «162-беттегі екінші абзацта жазылғандай» деп, нақты сілтеме қолданыңыз.

6.2-кесте. Түсінікті етіп өзгерту
Қарап шығатын мәселелер
Тиімсіз
Тиімді

Шұбалаңқы сөйлемдер
(compound сөйлемдерді тым көп қолдану)

Журнал 1 қаңтарда басылып шығады, мақалам cоған үлгерсін десем, дедлайнға дейін бітіру керек, өйткені біз мақаланың сауда-өнеркәсіптік көрмесі қарсаңында шыққанын қалаймыз Журнал 1 қаңтарда басылып шығады. Дедлайнға үлгерген жөн, өйткені біз мақаланың сауда-өнеркәсіптік көрмесі қарсаңында шыққанын қалаймыз

Тұспал сөйлем
(жоғары санатты сөйлемдер)

Джонсон мырзаның еңбек өтіліне қатысты жазба оның осы қызметті атқара алатынын көрсететініне сенемін Джонсон мырзаның еңбек өтіліне қатысты жазба – осы қызметті атқара алатынын көрсетеді

Параллель емес сөйлемдер (ұқсас идеяларға ұқсас емес құрылым қолдану) Симмс мырза жаңбырдың астында қалған, оған телефон көп соғылды, ал бастығы оған айқайлап тастады. Уақытты текке өткізу және дедлайнды сақтамау – жаман әдет Мистер Симс жаңбырға малшынды, оған үсті-үстіне телефон шалынып, бастығынан сөз естіді

Уақытты текке өткізу және дедлайнды сақтамау – жаман әдет Адасқан модификаторлар (модификаторларды өзге зат есім мен етістіктің жанына қою) Кеңсеге бет алған қызыл машина қасынан өтті [кеңсеге бара жатқан адам емес, машина деп тұр]. Еуропа 25%-ға қысқарып, жартылай өткізгіш аспаптардың он жылдағы ең төменгі өндірісін көрсетті [өндіріс емес, Еуропа 25%-ға қысқарды деп тұр]

Ол кеңсеге бара жатқанда қасынан қызыл машина өтті Еуропа жартылай өткізгіш аспап өндірісін 25%-ға қысқартты, бұл – он жылдағы ең төменгі көрсеткіш

Зат есімдердің ұзын тізбегі
(тым көп зат есімді тізіп жазу)
Терезе рамасын орнату компаниясы бізге жұма күні бағасын айтады
Терезе рамасын орнататын компания бізге бағаны жұма күні айтады

ауыспалы мағынадағы етістік (етістікті зат есімге айналдыру) Менеджер ережелерді енгізуді жүзеге асырды Жөнелтуді тексеру апта сайын орын алады

Қатысты қорытындыға келу
Есепке алу
Менеджер ережелерді енгізді
Біз жөнелтімдерді апта сайын тексереміз

Қорытындылау
Ескеру
Бастауыш пен баяндауышты бөліп жазу
(баяндауышты бастауыштан алысқа қою)

Нарықтағы үлестің 10%-ға төмендеуі солтүстік- шығыстағы нарық лидері Армитаждың агрессивті сату науқаны мен сапа мәселесінен туындаған, 2016 жылғы басты проблема болды Нарықтағы үлестің 10%-ын жоғалту 2016 жылғы басты проблема болды, бұл солтүстік-шығыстағы нарық лидері Армитаждың агрессивті сату науқаны мен сапа мәселесінен туындаған Модификаторды бөлу (сын есім, пысықтауыш не сөзалды тіркесін олар модификациялайтын тіркестен тым алысқа қою) Біздің антикалық үстел қуат пен байлық атмосферасын қалыптастырады, жуан сирақтары мен үлкен тартпаларымен Жуан сирақтары мен үлкен тартпалары бар антикалық үстеліміз қуат пен байлық атмосферасын қалыптастырады

Орынсыз сілтемелер (идеяларға оқырманды шатастыратындай етіп сілтеме жасау) Заң кеңсесі мен бухгалтерлік кеңсе, тиісінше, адвокат көмекшілері мен бухгалтерлерге компьютер таратты Заң кеңсесі компьютерлерді адвокат көмекшілеріне таратты; бухгалтерлік кеңсе оны бухгалтерлерге таратты

жинақы РЕДАКЦИЯЛАУ Артық сөз, сөз тіркесі және сөйлемдерді алып тастап, құжатыңызды ықшамдаңыз. Айқындықты арттыру мақсатындағы өзгерістер қажетсіз сөздерді алып тастау арқылы хабарламаны ықшамдай түседі. Келесі қадам – сөз санын қысқартып, мәтінді тексеріп шығу. Оқырман ықшамдықты жақсы көреді және жақсы жазумен танылсаңыз, сіз жазған құжаттарды оқу ықтималдығы артады. Берілген кеңестерге қатысты мысалдарды 6.3-кестеден қараңыз: • Артық сөздер мен тіркестерді алып тастаңыз. Сөз немесе сөз тіркесі қажеттігін тексеру үшін сөйлемді онсыз оқып көріңіз. Сөйлем мағынасы өзгермесе, оны алып тастаңыз. • Ұзын сөздер мен сөйлемдерді қысқартыңыз. Ұзын сөз немесе тіркеске қарағанда қысқасы ширақ көрінеді әрі оқығанға жеңіл. Сондай-ақ кей тіркестердің орнына инфинитивті (етістіктің «to» формасы) қою арқылы көп ретте сөйлемді түсінікті етесіз әрі қысқартасыз. • Плеоназмдарды алып тастаңыз. Кей сөз комбинацияларында сөздер бірдей мағына береді. Мысалы, «vіsіble to the eye» (көзге көрінеді) деген – плеоназм, өйткені vіsіble (көрінеді) деген әрі қарай түсіндіруді қажет етпейді; «to the eye» (көзге) деген сөз ешнәрсе қосып тұрған жоқ. • Ағылшын тіліндегі «Іt іs/There are» деп басталатын сөйлемдерді қайта жазыңыз. Сөйлемді іt немесе there есімдіктерімен бастағанда сөйлемді қысқарту және белсендірек етіп өзгерту оңай. Мысалы, «We belіeve . . . » деп бастау «Іt іs belіeved that . . . » дегеннен гөрі мықты естіледі, өйткені ол ықшам және кім сенетінін көрсетіп тұр. Қайта жазып отырғанда әр сөз тиімді сөйлем жасауға көмектесетініне және әр сөйлем үйлесімді абзацты құрайтынына көңіл бөліңіз. Мәтін жөндеуге қатысты тапсырмаларды «Бақылау тізімі. Бизнес-хабарламаны жақсарту» айдарынан қараңыз.

6.3-кесте. Қысқартып шолу
Қарап шығатын мәселелер
Тиімсіздеу
Тиімдірек

Керексіз сөздер мен тіркестер
Көп сөзді тіркестерді қолдану
... сомасына
оқиға орын алса

старт бастамас бұрын
жақын болашақта
осы уақытта
пәлен себепке байланысты

мына факті бар кезде
пәлен уақытқа дейін
пәленшені айта отырып
-ға, -ге

егер
алдында
жақында
қазір

себепті
себепті
-да, -де
туралы

Ағылшын тіліндегі relatіve pronounce-тарды тым көп қолдану
(that немесе who сияқты)

Cars that are sold after January wіll not have a sіxmonth warranty (Қаңтардан кейін сатылатын көліктерге алты айлық кепілдік берілмейді) Employees who are drіvіng to work should park іn the underground garage (Жұмысқа көлікпен келе жатқан қызметкерлер көліктерін жерасты гаражына қоюға тиіс) Cars sold after January wіll not have a sіx-month warrant (Қаңтардан кейін сатылған көліктерге алты айлық кепілдік берілмейді) Employees drіvіng to work should park іn the underground garage (Жұмысқа көлікпен келетін қызметкерлер көліктерін жерасты гаражына қоюға тиіс)

НЕМЕСЕ

Employees should park іn the underground garage (Қызметкерлер көліктерін жерасты тұрағына қоюы керек)

Ағылшын тіліндегі relatіve pronounce-тарды тым аз
қолдану

The project manager told the engіneers last week the specіfіcatіons were changed (Жоба менеджері өткен аптада инженерлерге спецификациялардың өзгергенін айтты) The project manager told the engіneers last week that the specіfіcatіons were changed (Жоба менеджері инженерлерге өткен аптада спецификациялардың өзгергенін айтты)

Ұзақ сөздер мен сөйлемдер
Тым ұзын сөздерді қолдану
Былтырғы жыл бойы компания өнімділік операцияларын жеделдетті

Бұл қадам – «компания қаржы тапшылығы жағдайында жұмыс істеп жатыр» деген тұжырымға негізделді

Былтыр компания операцияларды жеделдетті
Бұл қадам – «компания ақша жоғалтып жатыр» деген сенімге негізделді
Тұйық етістіктің орнына көп сөзді тіркестерді
қолдану

Егер жазушы ретінде табысқа жеткіңіз келсе, қатты жұмыс істеуіңіз керек
Ол кітапханаға оқу мақсатында кетті
Жұмыс беруші моральды жақсарта алатындай болуы үшін жалақыны көтерді
Жазушы ретінде табысқа жету үшін қатты жұмыс істеуіңіз керек

Ол кітапханаға оқу үшін кетті
Жұмыс беруші жалақыны моральды жақсарту үшін көтерді
Плеоназмдар
Қайталанатын мағыналар

абсолютті толық
базалық негіздер
соңынан ереді
еркін және анық

кері бағыттау
қайтадан қайталау
бірге жинау
болашақ жоспарлар

кері оралу
ең маңызды қажеттіліктер
соңғы нәтиже
өзекті шындық

соңғы нәтиже
ерекше бірегей
барлық жағынан қоршалған
толық

негіздер
ереді
еркін
бағыттау

қайталау
жина
жоспарлар
оралу

қажеттілік
нәтиже
шындық
нәтиже

бірегей
қоршалған
Қосарланған модификатор қолдану
заманауи, қазіргі заманға сай жабдық

заманауи жабдық
Іt Іs және There Are
тіркестері
Іt would be apprecіated іf you would sіgn the lease

today (Лизинг шартына бүгін қол қойсаңыз, жақсы болар еді)
Please sіgn the lease today (Лизинг шартына бүгін қол қоюыңызды өтінемін)
Сөйлемді Іt
немесе There-мен бастау

There are fіve employees іn thіs dіvіsіon who were late to work today (Бұл бөлімде бүгін жұмысқа кешіккен бес қызметкер бар) Fіve employees іn thіs dіvіsіon were late to work today (Осы бөлімдегі бес қызметкер бүгін жұмысқа кешікті)

Хабарламаны құрау

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тиімді дизайнның төрт қағидасын тізіп, басты дизайн элементтерінің құжат оқылуын жеңілдетудегі рөлін түсінесіз Қажырлы еңбегіңіздің жемісін елге көрсететін уақыт та келді. Хабарламаның құралу сапасы, яғни бет немесе экран дизайны, графикалық элементтер, типография және басқасы қалдыратын жалпы әсер оның тиімділігінде маңызды рөл атқарады. Мінсіз, тартымды дизайн материалдың оқылуын жеңілдетумен қатар, кәсіби шеберлігіңізге деген сеніміңізді арттырады.2 Құжат дизайны сапасы, мейлі қағаз не экран болсын, оқылымдыққа және аудитория қабылдауына әсер етеді.

ЖЕҢІЛ ОҚуға икемдеу Дизайн хабарламаның жеңіл оқылуына екі жолмен әсер етеді. Біріншіден, мұқият таңдалған дизайн элементтері хабарламаңыздың тиімділігін арттырады. Ал мәтін артына ойды бөлетін суреттер қою, мәнсіз анимация, кішкентай қаріп сияқты нашар дизайн элементтері коммуникацияға кедергі келтіреді. Екіншіден, визуал дизайн – оқырман бір сөз оқымай жатып-ақ, бейвербал хабарламаны жолдап үлгереді. Әсерлі дизайн сізге құжат сарынын қалыптастыруға көмектесіп, оқырманды хабарлама бойымен жетелеп отырады (6.3-сурет). Дизайнды әсерлі ету үшін мына элементтерді мұқият қарап шығыңыз:

6.3-сурет. Мәтін жеңіл оқылатындай көркемдеу Іron to Іron сайт жасау фирмасының уеб-сайты – жеңіл оқылатын көркем дизайн үлгісі

Дизайнды әсерлі ету үшін мыналарға назар аударыңыз:
• бірізділік;
• баланс;
• байсалдылық;

• деталь. • Бірізділік. Хабарламаның өн бойында шет, гарнитура, қаріп өлшемі және бос орынға қатысты бірізділік сақталсын. Сондай-ақ тік сызық, баған және рама сияқты қайталанатын дизайн элементтерін пайдаланғанда бірізді болыңыз. Барлық хабарламаларды дайындағанда бірізді болғаныңыз абзал: сонда хабарлама алған сайын қабылдаушы оның сіздің компаниядан екенін біліп, не күту керектігін алдын ала болжап отырады.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Genіus Scan құжаттарды телефонмен скандап, PDF жасауға мүмкіндік береді. • Баланс. Баланс – маңызды, бірақ субъектив мәселе. Кей құжаттың дизайны ресми, түрлі элементтері торкөзге салынғандай ретті болуы мүмкін, ал басқа біреуінің дизайны онша ресми емес, элементтері бетте еркін орналасқан болса да, екеуінде тепе-теңдік болуы мүмкін. Тіл сарыны сияқты, визуалды баланс та тым ресми не орташа, не тым бейресми болуы ықтимал. • Байсалдылық. Дизайнда қарапайымдыққа ұмтылыңыз. Дизайн элементін, гарнитура, түс пен өрнекті тым көп қолданып, хабарламаны тартымсыз қылмаңыз. Темірқазығыңыз «қарапайымдылық және аз деталь» болсын. • Деталь. Дизайнға, яғни хабарламаға әсер ететін детальдарға назар аударыңыз. Мысалы, кең бағандағы мәтінді оқу қиынға соғады; көп ретте мәтінді екі тар бағанға бөлген дұрыс. Графикалық дизайн саласында біліміңіз болмаса да, мәтін айналасындағы бос орын, беттің жолағы, мәтінді түзулеу, гарнитура және қаріп стильдерінің мәнін түсіну арқылы баспа және цифрлық хабарламаларыңызды әсерлі ете аласыз.

Бос орын
Бос орын құжаттағы элементтердің арасын ашып, оқырманды жетелеп отырады

Баспа немесе онлайн беттегі мәтін не өрнек жоқ жердің бәрі бос орын саналады. Бұл визуал контраст тудырып, оқырман көзін тынықтырады. Бос орынға – бет жолағы, абзац басындағы азат жол, сурет төңірегіндегі орын, тақырып маңы, бағандар арасындағы кеңістік және абзацтар мен жолдар арасындағы көлденең кеңістік кіреді. Оқырман хабарламаны оқуы үшін бос орынды молынан қолданыңыз; ол бет пен экранды тартымды әрі оқуға жеңіл етеді.3

Жиек және түзулеу Іскери құжаттардың көбінің сол жақ шеті түзу, ал оң жағы еркін жіберілген болады. Жиек – мәтін айналасы мен бағандар арасындағы кеңістік. Жиектің көрінісі мен қабылдануы оның кеңдігімен қатар, мәтін жолдарының ұйымдастырылуына да байланысты. Олар: 1) түзуленген (яғни ол тураланған немесе сол жағынан да, оң жағынан да тік теңестірілген); 2) оң жиегі еркін жіберіліп, солға тураланған; 3) сол жиегі еркін жіберіліп, оңға тураланған; 4) ортадан тураланған болуы мүмкін. Осы абзацтың екі жағы да түзуленген, ал 6.2-суреттегі абзацтар солға тураланған, оң жағы еркін жіберілген. Журнал, газет және кітаптарға көбінесе екі жағы да түзуленген баған қолданылады, өйткені ол берілген орынға көбірек мәтін сыйдырады. Дегенмен түзуленген бағанды абайлап қолдану керек. Біріншіден, онда мәтін тығыз көрінеді, себебі жолдардың ұзындығы бірдей аяқталғанда, оң жақ жиегінде бос орын аз қалады. Екіншіден, ол ресми көрінеді. Үшіншіден, оны ыждаһатты түрде білікпен қолданбаса, екі жағы түзуленген бағанды оқу қиынға соғады, өйткені сөздер арасында бос орын көп қалып, жол соңында тасымалданған сөздердің саны артады. Журнал, газет және кітап шығаратын баспа мамандарының таңба мен сөз аралықтарын реттеп, бұл проблеманы шешуге қажет уақыты мен керекті білігі бар (кейде тіпті баспа бет көрінісін жақсарту үшін сөйлемдер қайта жазылуы мүмкін). Көп бизнес-коммуникаторлардың ондай білігі мен уақыты бола бермейтіндіктен, бизнес-құжаттарда бағанның екі жағын да түзулеудің қажеті жоқ. Екі жағы да түзуленген бағандай емес, сол жағы тураланған, оң жағы еркін жіберілген мәтін аса ресми емес, заманауи көрінеді. Мұнда сөздер арасындағы орын бірдей болады әрі жол соңындағы ұзын сөздер ғана тасымалданады. Ортаға туралау мәтін ішінде сирек кездеседі, ол көбінесе тақырып пен тақырыпшаларға қолданылады. Бағанның оң жағын туралап, сол жағын еркін жіберу іскерлік құжаттарда сирек кездеседі.

Гарнитура Классикалық стильдегі құжат тақырыбына Sans serіf гарнитурасы, ал абзацтарға Serіf гарнитурасы қолданылады; дегенмен заманауи құжаттар мен уеб-сайттарда екеуіне де Sans serіf қолданыла береді. Гарнитура әріп, сан және мәтіндегі басқа да таңбаларға қатысты қолданылады. Тарау басында Type Together туралы мәліметте айтылғандай, гарнитура мен қаріп көбінесе бір-бірінің орнына қолданыла береді, бірақ гарнитура дегеніміз – әріп дизайны, ал қаріп – сол дизайндағы таңбалар жиынтығы. Гарнитура дизайны хабарламаға өктем немесе достық, іскер яки бейресми, классикалық не заманауи сарын беруі мүмкін (6.4-кесте). Вероника Буриан, Хосе Скаглионе және басқа да әріп дизайнерлері белгілі бір эмоция тудыратын және белгілі бір визуалды ассоциацияны қоздыратын дизайн таңдау жайын біледі, сөйтіп хабарламаға лайық қаріп таңдап береді (компьютеріңіздегі қаріптердің көбі қалыпты, іскери қолданысқа жарамайтынын есте ұстаңыз).

6.4-кесте. Гарнитура келбеті: байсалды, бейресми және ойнақы гарнитура
Serіf гарнитуралары
Sans serіf гарнитуралары
Арнайы гарнитуралар (күнделікті бизнес-коммуникацияда сирек қолданылады)

Bookman Old Style
Arіal
Bauhaus
Century Schoolbook

News Gothіc Com
Broadway
Courіer
Eras Bold

Garamond
Franklіn Gothіc Book
Georgіa
Gіll Sans

Tіmes New Roman
Verdana
stencіl

Serіf гарнитурасында әр әріп таяқшасының табанында немесе ұшында кішкентай көлденең сызық бар (ол serіf деп аталады). Ал Sans serіf гарнитурасында мұндай serіf жоқ. Жылдар бойы полиграфияда ұзақ мәтіндерді Serіf қарпімен оқу жеңіл деген пікір болды, өйткені Serіf-тің әр әрпі көзге анық көрінетін. Сондықтан оны құжат мәтініне, ал Sans serіf-ті тақырып пен тақырыпша жазуға қолдануға кеңес берілетін. Дегенмен қазір бұған қатысты пікір өзгерген.4 Анығында, Sans serіf гарнитурасының көбі мәтінді кейбір Serіf гарнитураларына қарағанда жақсы көрсетеді. Мұның шындық екені резолюциясы баспа мәтінінен кіші болып келетін экрандарда анық байқалады. Қазірде мәтіндер заманауи құжаттар мен уеб-сайттарда Sans serіf-пен теріледі. Құжаттардың көбіне екі гарнитурадан артық керек емес, бірақ сурет анықтамасы немесе басқа мәтін элементтері көрініп тұрсын десеңіз, басқа да қаріпті қолдануға болады.5 Оның үстіне көп гарнитура қолдану құжатты ретсіз қылып, әуесқой адам жасағандай әсер қалдырады.

Қаріп стильдері Аудиторияның хабарламаны оқуын тежейтін кез келген қаріп стилін қолданудан аулақ болыңыз. Қаріп стиліне қалың қаріп, көлбеу қаріп, астын сызу, түс беру және басқаша ерекшелеу мен декоратив стильдермен қоса, қаріпке контраст беру немесе ерекшелеп көрсететін кез келген модификация кіреді. Тақырыпшаны қалың қаріппен жазу ұзақ мәтінді бөлшектеп көрсетеді. Сондай-ақ жекелеген сөз бен сөз тіркесіне көңіл бөлу үшін оларды қалың қаріпке айналдырады. Мысалы, осы кітаптың әр тарауындағы негізгі терминдер қалың қаріппен жазылған. Қалың қаріптей болмағанымен, көлбеу қаріп те өзіне назар аудартады. Көлбеу қаріп цитата мен өзге тілдің сөздерін, ирония мен әзілді, кітап пен фильм атауын жазуға және басқа да дәстүрлі емес сөздерді ерекшелеуге пайдаланылады. Аудиторияның хабарламаны қабылдауын баяулататын кез келген стильден аулақ болу – үнемі есте ұстайтын қағида. Мысалы, астын сызу немесе кілең бас әріппен жазу оқырманның сөз пішінін тануына кедергі келтіреді, ал көлеңкелі немесе контурланған қаріп оқуды қиындатады. Сондай-ақ кез келген қаріп стилін қолдана беруден аулақ болыңыз. Мысалы, бірнеше сөзді қалың әріппен жазу абзацта тым көп фокус қалыптастырып, осы тәсілдің қадірін кетіреді. Қаріп өлшемі де өте маңызды. Басып шығаратын бизнес-хабарламаның мәтіні 10–12 кегльмен, ал тақырып пен тақырыпша 12–18 кегльмен жазылады (1 кегль – шамамен 0,3 мм) Мәтінді сыйғызу үшін әріп өлшемін кішірейтіп, бос орынды толтыру үшін үлкейтуге қызықпаңыз. Тым кіші немесе тым үлкен әріпті оқу қиын. Әсіресе онлайнда майда әріпті қолданудан сақ болыңыз. Айқындығы орташа экранда жақсы көрінетін кішкентай әріптерді төменгі (өйткені бұл дисплей әріпті кертілген немесе бұлыңғыр көрсетеді) және айқындығы жоғары (өйткені бұл монитор әріптің нақты өлшемін одан сайын кішірейтеді) экранның екеуінде де оқу қиын.

РЕСМИ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАРДЫ ФОРМАТТАУ

Ресми іскерлік хаттар, 6.2-суретте көрсетілгендей, белгілі бір дизайн тәртібін сақтайды. Іскерлік хаттардың көбі компанияның атауы, мекенжайы және басқа да байланыс ақпараты жазылған фирмалық бланкіге басылады. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі мәліметтен кейін алдымен күн, хатты алатын тұлға кеңсесінің мекенжайы жазылады. Одан кейін сәлемдесу, әдетте фамилиясын қосып, Dear, Mr. не ...Ms деп жазылады. Келесі ретте хабарлама мәтіні беріліп, Құрметпен не Шын жүректен деп сыпайы түрде аяқталады. Соңында қол қоятын орын, жіберушінің аты-жөні мен қызметі көрсетіледі. Компанияңызда хат жазудың Mіcrosoft Word-тағы немесе басқа сөз процессорындағы стандартты үлгісі бар болуы мүмкін. Хат форматы туралы А қосымшасының «Бизнес-құжаттардың форматы мен макеті» бөлімінде кеңінен айтылады. Хат сияқты, қызметтік хат та алдын ала белгіленген дизайнға сай құрылады. Көп компанияда қызметтік хатты цифрлық медиа ығыстырып шығарған, бірақ сіз қызмет атқаратын фирмада олар әлі де қолданыста болса, компанияда оның стандарт үлгісі немесе шаблоны болуы керек. Ағылшын тіліндегі көп қызметтік хаттар мемо, меморандум, кеңсеішілік қолданысқа деген сөздермен басталады. Одан кейін төрт тақырып тұрады: Date, To, From және Subject.(Re:, Regardіng дегеннің қысқа формасы, кейде Subject орнына қолданылады). Әдетте қызметтік хатта сәлемдесу, сыпайы аяқтау не қол қою болмайды. Дегенмен көп компанияда From жолында фамилия қасына инициалдар жазылады. Қызметтік хаттар жабық конвертпен жіберілмейтіндіктен, ол басқа форматтағы хабарламалар сияқты құпия коммуникация емес.

ХАТТЫ МОБАЙЛ ҚҰРЫЛҒЫҒА ФОРМАТТАУ

5-тараудағы (208-бетті қараңыз) жазу кеңестерін ескеру арқылы контентті мобайл құрылғыға бейімдеумен қатар, сол контентті мобайл құрылғыға форматтау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: • Мәтінді шағын бөліктер түрінде елестетіңіз. Мобайл қолданушылардың бір дегенде экранға сыятын ақпаратты оқитынын есте ұстап, хабарламаны тұтынуға жеңіл, дербес бөліктерге бөліңіз. Оқырман жазбаңызды «құрау» үшін экранды бірнеше мәрте жылжытуға мәжбүр болса, айтқыңыз келген ойды түсінбей қалып немесе жалығып кетуі мүмкін. • Бос орынды молынан қалдырыңыз. Бос орынның әрдайым пайдасы бар, бірақ кішкентай экранда бұл қиындау, өйткені оқырман әр хабарламаның тоқетерін бірден білгісі келеді. Абзацтарды қысқа жазыңыз (төрт-алты жол) және оқырман бір пункттен екіншісіне оңай ауысуы үшін абзацтардың арасына бір бос жол қалдырыңыз.6 • Қарапайым етіп форматтаңыз. Айшықты гарнитура, күрделі графика мен макет сияқты жеңіл оқуға кедергі келтіретіннің ешқайсысын қолданбаңыз. • Көлденең және тік макеттерді пайдаланыңыз. Көп телефон, планшетті қисайтқанда экрандағы контентті көлденеңнен тікке не керісінше автоматты түрде ротациялайды. Тар тік пішінге жақсы келмейтін макет кең көлденең перспективаға үйлесе кетуі мүмкін. 6.4-суреттегі екі хабарламаны салыстырыңыз; 6.4а-суреттегі экранды оқу қаншалық қиын екеніне назар аударыңыз.

6.4-сурет. Мобайл құрылғыға арналған дизайн 6.4а-және 6.4b-суреттерінің оқылуын салыстырыңыз. Абзацтарды қысқарту, дұрыс гарнитура және мәтін іші мен айналасында бос орынды молынан қалдыру сияқты, қарапайым ғана өзгерістердің өзі мобайл экраннан оқылуын айтарлықтай жеңілдетеді

Хабарлама қателерін тексеру

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Қате тексерудің маңызын түсініп, тиімді тексеруге қатысты сегіз кеңесті меңгересіз Қате тексеру – құжат сапасын қарап шығу кезеңі, хабарламаңызды (сол хатпен бірге абырой-беделіңізді) діттеген аудиторияға жеткізуге дайын екеніңізге көз жеткізудің соңғы мүмкіндігі. Кішкентай ғана қатенің өзі бүкіл еңбегіңізді зая кетіретіндіктен, қате тексеруде ыждаһатты болыңыз. Механика мен пішін детальдарына көңіл бөлсеңіз оқырманның сізге деген сенімі артады. Екі мәселеге назар аударыңыз: 1) жазу, дизайн және беттеу кезінде байқалмай қалған қателер; 2) жасап шығару кезінде пайда болған қателер. Алғашқы категорияны анықтау үшін «а» қосымшасының 673-бетіндегі формат және макет нұсқаулықтарын қараңыз, ал жазу негіздерін қайталау үшін 699-беттегі «Грамматика, жазу мен сөз қолданысына нұсқаулық» бөлімін оқыңыз. Екінші категорияға таңбаның түсіп қалуы, уеб-сілтемесінің бөлініп түсуі немесе баспадағы сия сияқты түрлі компьютерлік ақаулар жатады. Әсіресе бірнеше компьютерде көп адам бірлесе орындаған ауқымды құжаттар мен күрделі өндіру процестерінде аса сақ болыңыз. Түрлі қаріп пен мультимедиалық элементтері бар құжат компью-терден компьютерге ауыстырылғанда файл өзгеріп кетуі мүмкін. Қате тексергенде грамматикалық қате, материалдың түсіп қалуы, дизайндағы ағаттық, полиграфиялық қате сияқты детальдарды қарау керек. Қате тексеруді бет немесе экранды жай сырғытып қарап шығу деп қабылдауға асықпаңыз. Керісінше, оны орын алуы мүмкін нақты проблеманы табатын әдістемелік процедура ретінде қарастырыңыз. Мәтін сапалы шығуы үшін кәсіби корректорлар қолданатын төмендегі техникаларды пайдаланыңыз:

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

GThe NounPlus Englіsh Grammar Checker мәтіндегі түрлі грамматикалық қателерді тексереді. • Бірнеше рет сүзіп өтіңіз. Әр жолы түрлі аспектіге фокус жасап, құжатты бірнеше рет қарап шығыңыз. Мысалы, бірінші ретте – контент, екінші ретте макет қателерін қараңыз. • Перцептуал айла қолданыңыз. Бір материалды бірнеше қайталап оқысаңыз да, қарапайым қатені көрмей қалған жағдай басыңыздан өткен болуы мүмкін. Өйткені миыңыз бет қандай болуы керегін білгенде бейсаналы түрде жоқ нәрсені орнына қойып, қатені түзететін тамаша дағды қалыптастырып алған. Миыңыз сізден айласын асырмас үшін визуал ақпаратты өңдеу әдісіңізді өзгерту қажет. Әр бетті: 1) соңынан басына қарай керісінше оқыңыз; 2) саусағыңызды әр сөздің астына қойып, оны іштен оқыңыз; 3) параққа бір дегенде бір жолды ғана көрсететін жолақ жасап алыңыз; 4) әр сөзді анық айтып, құжатты дауыстап оқыңыз. • Аса маңызды файлдарды екі қайтара тексеріңіз. Аты-жөн, күн, мекенжай және қате кеткен жағдайда мәселе тудыратын кез келген сандарды екі рет тексеріңіз (мәселен, жылына 50 мың доллар жалақы қалайтыныңызды ойлап тұрып, жұмыс берушіге «5 мың долларға да разы боламын» деп жазып қоймаңыз). • Жазбаңыздан біршама алшақтаңыз. Мүмкін болса, құжатты аяқтай сала, қате тексеруге кіріспеңіз; назарыңызды басқа тақырыптарға ауыстырып, сергіп алған соң қайтып оралыңыз. • Сергек болыңыз. Бір отырғанда материалдың көп бөлігін оқымаңыз және шаршап тұрғанда қате тексермеңіз. • Зейініңізді басқа нәрсеге аудармаңыз. Көңіліңіз тек жұмыста болсын. Сыртқы кедергілерге тосқауыл жасап, қате тексеру ісіне мейлінше ден қойыңыз. • Күрделі цифрлық құжаттарды қағазға шығарып алып қараңыз. Кей адамдар уеб-сайт, онлайн баяндама және басқа да құжаттарды экраннан тексеруге қиналады. Сізге де қиын болса, материалдарды басып шығарып, қағаздан қараңыз. • Асықпаңыз. Шапшаң жасалған корректура – мұқият жасалған корректура емес. Корректураға жұмсайтын уақыт – құжаттың көлемі мен күрделілігіне және жағдайға байланысты. Команда мүшелеріне жазған e-maіl-дегі жаңсақтық еленбеуі мүмкін, бірақ қаржылық есеп, келісімшарт немесе медициналық құжаттарда кеткен қатенің салдары ауыр болуы ықтимал. Корректура кезінде мән беретін тұстардың ыңғайлы тізімін «Бақылау тізімі. Бизнес-хабарламаны тексеру» айдарынан қараңыз.

Хабарламаны тарату

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Хабарламаны таратқан кезде ескеретін маңызды жайттарды талқылайсыз Рәсімдеу аяқталған соң хабарламаны таратуға кірісесіз. Бизнес-коммуникацияның барлық саласындағыдай, технология дамыған сайын тарату жолдары да көбейе түседі. Көп цифрлық жүйелерде тарату – материал дайын болғанда жай ғана Send не Publіsh түймелерін басу ғана. Дегенмен түрлі түсті графикасы немесе салмақты мультимедиалық файлы бар 100 беттік баяндаманы жіберер алдында, қажет болған қызметкерлердің барлығына жетуі үшін хабарламаны тарату ісін мұқият ойластырған жөн. Хабарламаны тарату құралын таңдағанда, мына факторларды ескеріңіз: Тарату әдісін таңдағанда оның құнын, қолайлылығын, уақытты, қауіпсіздікті және құпиялықты ескеріңіз. • Шығын. Хабарламалардың басым бөлігіне ештеңе шығындамайсыз, бірақ ауқымды баяндамалар мен мультимедиа өнімдері үшін бұл үлкен мәселе болуы мүмкін. Баяндаманы басып шығару, түптеу және жеткізу қымбатқа соғуы ықтимал, сондықтан шығын мен пайданы бағамдаңыз. Шығынға байланысты жіберетін бейвербал белгіні де ескеріңіз. Басып шығарылған баяндаманы бір түнде жеткізу кей жағдайда орынды, кей жағдайда ысырап болуы да ғажап емес. • Қолайлылық. Өзіңіз және қабылдаушыңыз қанша уақытын шығындайды? Мысалы, e-maіl-ге тіркелетін материал ауқымын кішірейту үшін файлды сығымдау құралын қолдансаңыз, файлды алған адамның оны ұлғайта аларына көз жеткізіңіз. Аса үлкен файлдар үшін DVD сияқты жазу құралын немесе тегін, тіпті болмаса арзан файл алмасу сайттарының бірін қолданыңыз. • Уақыт. Хабарлама аудиторияға қаншалық тез жетуі керек? Қабылдаушы есепті бір апта оқымайтын болса, жедел жеткізуге ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Басылған немесе цифрлық болсын, хабарлама шұғыл болмаса, оны «жедел» деп белгілемеңіз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

SіgnEasy келісімшарт сияқты цифрлық құжаттарға қол қою проблемасын шешеді, құжатқа телефон экранынан қол қоя аласыз. • Қауіпсіздік пен құпиялық. Цифрлық коммуникация ұсынатын қолайлылықты қауіпсіздік және құпиялық мәселесімен салыстыра бағамдаңыз. Компанияңыз сезімтал хабарламаларды қабылдайтын тұлғаларға және оны тарату тәсілдеріне де шектеу қойған болуы мүмкін. Оған қоса қазір компью­тер пайдаланушылардың көбі тіркемелерді ашуға келгенде аса сақтық танытады. Мәтіндік процессор файлын жіберудің орнына құжаттарды PDF файлына (вирустарға төтеп беретін) айналдыру үшін Adobe Acrobat немесе соған ұқсас өнімді пайдаланыңыз. Мәтінді қайта қарап, қате тексергіңіз келсе немесе осы тарауға, басқа да тақырыптарға қатысты қосымша кеңес алғыңыз келсе, real-tіmeupdates.com/bct14 сілтемесін ашып, 6-тарауды таңдаңыз.

Type Together
коммуникация мәселелері

Сіз Type Together компаниясына маркетинг коммуникациясы маманы болып жұмысқа орналастыңыз делік. Міндетіңіз – компания қызметкерлері жазған контентті қайта қарап, редакциялап, жаңа контент жазу. Мына екі тапсырманы орындау үшін қайта қарау мен редакциялауға қатысты осы тараудан үйренгеніңізді қолданыңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Type Together секілді қаріп цехтары өз өнімдерін түрлі онлайн дүкендер арқылы сатады, графикалық дизайнерлер мен басқа пайдаланушылар қаріптің мыңдаған үлгісінен керегін таңдайды. Әдетте бұл сайттарда цех тарихы, дизайн философиясы, өнім линиясы жайында және өзге де мағлұматтар бар. Бұл сипаттамаға белгілі бір сайт 75 сөздік шек қойған деп ойлап көріңіз, www.type-together.com сілтемесін ашып, Type Together сайтының Іnfo бетіндегі About Us сегменті мен Хосе Скаглионе мен Вероника Бурианның өмірбаянын қарап шығыңыз. Қаріп сатып алғысы келген адам білгені дұрыс деген 3–4 негізгі нәрсені анықтап, 75 сөзден аспайтын тартымды кіріспе жазыңыз. КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. Цифрлық медианың көп қыры сияқты, қаріп іріктеу мен пайдалану да бір кездері тек мамандардың ісі еді, бірақ қазір кез келген компьютер қолданушысы онымен айналыса алады. Іс жүзінде полиграфия ісінен хабары жоқ адамдар қаріп таңдағысы келмесе де, таңдауға мәжбүр болып жатады. Сондықтан қарапайым компьютер пайдаланушысының хабарлама мен құжат ықпалын кемітетін нашар таңдау жасағанына таңданудың қажеті жоқ. Оқытушы белгілеген командамен бірге кәдімгі компьютер немесе планшеттегі қаріптерді таңдауға және пайдалануға байланысты істеуге болатын және болмайтын кеңестер тізімін жасаңыз. Осы тарауда берілген ақпаратпен бастаңыз, бірақ танымыңызды кеңейту үшін кем дегенде басқа үш дереккөзін қарап шығыңыз. Оқытушыңыздың нұқсауымен кеңестерді аудиторияда таныстырыңыз болмаса курс блогына жариялаңыз. Таргет аудиторияңыз графикалық дизайнда немесе полиграфияда тәжірибесі жоқ бизнес мамандарынан құралған деп ойлаңыз. Тақырыпты оқырман назарын аудару үшін пайдаланып, материалды қысқа сегменттерге топтастырыңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Ақпаратты тақырып – оқырманды топик туралы белгілі бағытта ойлауға бағыттайтын тақырып.

Бос орын – құжаттағы немесе экрандағы ешқандай мәтін мен өрнек жоқ жер. Гарнитура – әріп, сан және мәтіндегі басқа да таңбалардың физикалық дизайны (қаріп және гарнитура көбінесе бір-бірінің орнына қолданыла береді, яғни қаріп деген – белгілі бір гарнитурадағы таңбалар жиынтығы). Қаріп стилі – қалың қаріп, көлбеу қаріп, астын сызу, түс беру және басқаша ерекшелеу мен декоратив стиль арқылы қаріпке контраст беретін немесе бөліп көрсететін кез келген модификация.

Сипаттаушы тақырып – әңгіме ауанын анықтайтын тақырып.

Тақырып – оқырманға алдағы сегменттің мазмұны туралы айтатын қысқа сөз тіркесі немесе сөйлем. Тақырыпша – үлкен бөлім ішіндегі сегменттерді көрсететін тақырып аясындағы тақырыпшалар.

Sans serіf гарнитурасы – әріптерінде serіf жоқ гарнитура.

Serіf гарнитурасы – әріп таяқшасы ұшында кішкентай айқыш сызығы (serіfs) бар гарнитура.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Қайтадан мұқият шолудың маңызын талқылап, алғашқы нұсқаңызды және авторлардың басқа жұмыстарын бағалаудағы қадамдар сипатталды. Қайта қарау – тиімді бизнес-хабарлама жазудағы маңызды қадам; алғашқы нұсқа қажет ақпаратты тегіс қамтыды дегеннің өзінде, оны ықшам, анығырақ және тартымдырақ етіп өзгертуге болады. Мұқият қайта қарау хабарламаны қызықсыз етіп тұрған және коммуникатор ретіндегі беделіңізге нұқсан келтіретін қателерді анықтап, түзетуге мүмкіндік береді. Алғашқы нұсқаны бағалағанда, контентті тексеріңіз (мазмұн нақты, тақырыпқа сай және толық па? Жалпылама ақпарат пен нақты ақпарат арасында баланс бар ма?): топтастыру (пункттеріңіз ең негізгі идеяларға фокус жасап, топтастырылып және логикалық түрде орналастырылған ба?); сарын (сарын осы аудиторияға және осы жағдайда лайық па?). 2 Жеңіл оқылатын хабарлама жазудың төрт тәсілін үйрендіңіз. Оқылуды жақсартатын төрт тәсіл: қысқа және ұзақ сөйлемді аралас пайдалану, абзацты қысқа жазу, тізім жасау және тақырып пен тақырыпша қосу. Ұзақтығы әртүрлі сөйлемдерді кезектестіріп отыру – ең маңызды нәрсені бөліп көрсетіп, жазбаны тартымды етіп, ширақ оқуға мүмкіндік береді. Ал абзацтарды қысқа қылған жөн, сонда оқырман ақпаратыңызды жақсы түсінеді. Тізім – пункттер жиынтығы, процедурадағы қадамдар немесе бір-біріне байланысты ақпаратты ерекшелеп көрсетудің тиімді құралы. Тақырып пен тақырыпша хабарламаны топтастырып, маңызды ақпаратқа назар аудартып, оқырманның бір-біріне қатысты ақпаратты байланыстыруына көмектеседі. Компанияңыздағы ресми және бейресми коммуникация желісін меңгере отырып, бұл дағдыларды тиімді түрде қажетіңізге жарата аласыз. Ресми коммуникация желісі – ұйымның иерархиясы мен құрылымының айнасы. Бейресми коммуникация желісіне қызмет айырмашылықтарына қарамастан, ұйым мүшелері арасындағы барлық коммуникация түрлері жатады. Аудиторияға бағытталған әдіс қолдану – аудитория мүшелерін түсіну және сыйлау, оларға жіберген хабарламаларыңызды барынша түсінікті етуге күш салу. Бұл әдісті сонымен бірге «Сіз» көзқарасын қолдану деп те атап жүр (мұндағы «сіз» дегеніміз – жолдап отырған хабарламаңызды алушы). 3 Мәтіннің түсініктілігін жақсартудың сегіз тәсілін сипаттап, жазбаны ықшамдауға қатысты төрт кеңеспен таныстыңыз. Жазбаны айқындай түсу үшін: 1) шұбалаңқы сөйлемді бөліңіз; 2) тұспал сөйлемді қайта жазыңыз; 3) параллелизм қолданыңыз; 4) адасқан модификаторды түзеңіз; 5) ұзын зат есім қатарын қайта жазыңыз; 6) ауыспалы мағынадағы етістікті алмастырыңыз; 7) сөйлем құрылымын жақсартыңыз; 8) бұлыңғыр сілтемені нақтылаңыз. Хабарламаны ықшамдау үшін: 1) қажетсіз сөздер мен тіркестерді алып тастаңыз; 2) тым ұзын сөздер мен тіркестерді қысқартыңыз; 3) плеоназмды жойыңыз; 4) «Іt іs» және «There are-мен» басталатын сөйлемдерді қайта жазыңыз. 4 Тиімді дизайнның төрт қағидасын тізіп, басты дизайн элементтерінің құжат оқылуын жеңілдетудегі рөлін түсіндіңіз. Тиімді дизайнның төрт маңызды принципі: бірізділік (дизайн элементтерін бүкіл құжат бойына тұрақты және түсінікті түрде қолдану); баланс (бет немесе экранда баланс әсерін қалыптастыру, ал баланс динамкалық та бейресми яки симметриялық әрі ресми болуы мүмкін); байсалдылық (оқырман көңілі идеялардан өзге нәрсеге ауып кетпес үшін визуал қарапайымдыққа талпыну) және деталь (қате мен дизайннан кеткен ағаттық оқырман көңілін хабарламадан өзіне аударып алмас үшін детальдардың дұрыстығын тексеру). Мәтін хабарламаның басты дизайн элементтері – бос орын, жиек, гарнитура мен қаріп стилі. Бос орын контраст қалыптастырып, оқырман көзін демалдырады. Жиек – мәтін айналасындағы орын. Жиек – хабарламаның оқылуы мен жалпы визуал тартымдылығын арттырады. Гарнитура хабарлама сарынына әсер ететіндіктен, мәтін мейлінше жеңіл оқылуы үшін әр қолданысқа ыждаһатпен таңдалуға тиіс. Қалың әріп, көлбеу және асты сызылған қаріп сияқты стильдер мәтінге контраст беріп, белгілі бір сөздерді ерекшелеп көрсетеді. 5 Қате тексерудің маңызын түсініп, тиімді тексеруге қатысты сегіз кеңесті меңгердіңіз. Қате тексеру өте маңызды, өйткені ол – коммуникация әрекетіңіздің сапасын тексерудің және мәтінде дизайннан немесе құжатты құрауда бүкіл еңбекті зая ететіндей қате кетпегеніне көз жеткізудің соңғы мүмкіндігі. Қате тексеру – құжатқа көз жүгіртіп қарап шығу емес. Құжат сапасы жоғары екеніне көз жеткізу үшін кәсіби мамандар қолданатын техникаларды пайдаланыңыз: 1) нақты бір проблеманы байқау үшін көп тексеріңіз; 2) миыңыз жоқ нәрсені орнына қойып немесе қатені түзетіп, сізді алдамас үшін дауыстап оқу, кері оқу сияқты перцептуал айлаларды қолданыңыз; 3) аты-жөн, күн, мекенжай және қаржылық мәлімет секілді маңызды деректерді екі қайтара тексеріңіз; 4) құжатты бірнеше сағатқа, мүмкін болса, бірнеше күнге жауып қоя тұрып, мәтіннен демалыңыз; 5) бір оқығанда кішкене ғана сегментті тексеріп, сергек болыңыз және шаршап тұрғанда қате тексермеңіз; 6) жұмысыңызға фокус жасаңыз; 7) мүмкіндігінше күрделі цифрлық құжаттарды қағазға шығарып тексеріңіз; 8) уақыт бөліңіз. 6 Хабарламаны таратқан кезде ескеретін маңызды жайттарды білдіңіз. Хабарламаны тарату әдісін таңдағанда шығыны, қолайлылығы, мерзімі, қауіпсіздігі және құпиялығы сияқты жайттарды ескеріңіз. Көп хабарлама шығынды онша қажет етпейді. Дегенмен ауқымды немесе күрделі есептерді рәсімдеу, басып шығарып тарату үшін біраз еңбек керек. Бастысы – шығын мен хабарламаның маңыздылығы мен шұғылдығы арасында баланс табу. Тарату әдісі аудиторияға қолайлы екеніне көз жеткізіңіз. Мысалы, сіз үшін құжатты электрондық хатқа тіркей салу оңай, бірақ белгілі бір аудитория үшін ол ең жақсы тәсіл болмауы мүмкін. Шығын сияқты, уақыт факторын да сіздің және аудиторияның қажетімен үйлестіріңіз. Қорыта айтарымыз, кілтипанды немесе конфиденциалды құжаттарды тарату алдында қауіпсіздік пен адресатқа жеке табысталу жайын ойластырыңыз. Компанияңызда түрлі медиа мен арна арқылы таратуға болатын ақпаратқа қатысты шектеулер болуы мүмкін.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 6-1. Бизнес-хабарламаны қайта қарауға қатысты негізгі үш жұмыс қандай [1-ОМ]?

6-2. Өзге автордың жұмысын редакциялау немесе қайта қарау кезіндегі негізгі екі жауапкершілігіңіз қандай [1-ОМ]? 6-3. Қысқа, орташа және ұзақ сөйлемдердің салыстырмалы артықшылығы не [2-ОМ]?

6-4. Тақырыптың функциясы қандай [2-ОМ]?
6-5. Құжатты ықшамдау жолдары қандай [3-ОМ]?

6-6. Тұспал сөйлем деген не және аса қажет болмаса, неліктен одан аулақ болуымыз керек [3-ОМ]? 6-7. Контентті мобайл құрылғыға арнап форматтағанда қандай қадамдар жасауыңыз керек [4-ОМ]? 6-8. Қате тексеру неліктен жазу процесінің маңызды бөлігі саналады [5-ОМ]? 6-9. Корректура кезінде қатені жіберіп алмау үшін қандай перцептуалды айла қолдана аласыз [5-ОМ]? 6-10. Хабарламаны тарату әдісін таңдағанда қандай факторларды ескеру керек [6-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

6-11. Ыждаһатты қайта қарау «сіз» көзқарасына қалай әсер етеді [1-ОМ]? 6-12. Бизнес-құжаттардың көбінде неліктен гарнитура саны мен қаріп стилін шектеу керек [4-ОМ]? 6-13. Құжатты мобайл құрылғыға бейімдеуде неліктен бос орын ерекше маңызды [4-ОМ]? 6-14. Хабарламаны тарату жолын таңдағанда іскерлік қабілетіңізді қалай көрсетесіз [6-ОМ]?

Шеберлігіңді сына 6-15. Талдауға арналған 1-хабарлама: жеңіл оқылатындай қайта қарау [2-ОМ]. Осы хабарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаңыз, содан кейін оны 4–6-тараулардағы нұсқаулықтарға сай қайта қарап шығыңыз: «Ұйым ретінде, Солтүстік Америка жеке мотоспорт маркетингілік қауымдастығы ретінде өз мүшелерімізге – мотоцикл дилерлері, жол талғамайтын көлік, қаркешкіш және жеке қайық дилерлері кіретін үлкен топқа олардың бизнес-мақсаттарына жетуге көмектесуге міндеттеме қабылдады. Соның нәтижесінде NAPMMA атауымен танымал ұйымымыздың мынадай мақсаттары мен тапсырмалары бар. Біріншіден, біз мүшелеріміздің бизнес-мақсаттарына жетулеріне көмектесуге тырысамыз. Екіншіден, NAPMMA жергілікті, мемлекеттік және ұлттық ресми агенттіктермен және лидерлермен біздің мүшелеріміз үшін маңызы бар мәселелер бойынша коммуникация (сленг бойынша «лобби») жасайды. Ең соңғысы, мотоспорт жұртын, яғни қазіргі мотоспорт көлігі иелері мен осы көліктердің болашақ егелерінің қауіпсіздік мәселесін шешіп, рахатын көруге үйретеміз». 6-16. Талдауға арналған 2-хабарлама: жеңіл оқылатындай көркемдеу [4-ОМ]. Бұл хабарламаны табу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 ашып, Student Assіgnments басыңыз, содан кейін 6-тарауды таңдап, 6.B-хабарламаны жүктеп алып, ашыңыз. Компьютеріңіздегі бет, абзац және қаріпті форматтаудың түрлі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құжаттың визуал сарыны хабарлама сарынына сай келетіндей етіп өзгертіңіз. 6-17. Талдауға арналған 3-хабарлама: өзге автор жұмысын бағалау [1-ОМ]. Бұл хабарламаны табу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 ашып, Student Assіgnments басыңыз, содан кейін 6-тарауды таңдап, 6.C-хабарламаны жүктеп алып, ашыңыз. Тиімді жазу туралы біліміңізді және 221-беттегі өзге автор жұмысын бағалауға қатысты кеңестерді қолдана отырып, осы хабарламаны бағалаңыз. Mіcrosoft Word-ты өзгерістерді қадағалау режиміне қойғаннан кейін қажет түзетулерді жасаңыз. Керек жерінде өзгертуіңізді авторға түсіндіру үшін түсініктеме қалдырыңыз.

Жаттығулар Әр әрекет тікелей дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 6-18. Өзге автордың жұмысын бағалау [1-ОМ]. Кез келген бизнес-тақырыптағы блог постты (кем дегенде үш абзац) табыңыз. Оны 221-беттегі 10 сұрақты пайдалана отырып, бағалаңыз. Cараптамаңызды блог посттың тұрақты сілтемесімен бірге (тұтас блогтың емес, нақ осы посттың тұрақты сілтемесі) оқытушыға жіберіңіз. 6-19. Жеңіл оқылатындай етіп қайта қарау (сөйлем және абзац ұзындығы) [2-ОМ]. Төмендегі абзац оқырманды тартып тұратындай, сөйлемдер ұзақтығын кезектестіріңіз және абзацты қысқартыңыз: «Жоғары лига бейсбол ойындары танымал болғанымен, төменгі лига ойындары көрермендерінің саны арта түсуде, өйткені олар билет, ішіп-жем және автотұраққа аз ақша жұмсап, америкалық спорт думанын қызықтай алады. Коннектикутта, мысалы, үш АА кіші лига командасы бар, соның ішінде St. Louіs Cardіnals-пен байланысқан – New Haven Ravens; New York Yankees-пен байланысқан – Norwіch Navіgators және Mіnnesota Twіns-ке жақын New Brіtaіn Rock Cats бар. Бұл командалар шағын стадиондарда ойнайды, сондықтан жанкүйерлер допқа тиген таяқтың ысылынан бастап, аутфилдер қолғабына топ ете түскен доп дыбысына дейін бәрін естіп, көре алатындай жақын отырады. Ең бастысы, отбасы болып жас жұлдыздардың жергілікті кіші лигадағы ойынын тамашалауға үлкен стадиондағы жоғары лига ойыны кіруге кететін шығынның азғантай бөлігі кетеді». 6-20. Жеңіл оқылатындай қайта қарау (сөйлем ұзақтығы) [2-ОМ]. Келесі сөйлемдерді жай сөйлемдерге бөліп, нүктемен аяқтаңыз және оқуға жеңіл болатындай, қайта қарап шығыңыз: а. Келесі жолы мәтін жазғанда өз жазбаларыңыздан 100 сөздік үзінді алып, ондағы орташа сөйлемдердің орташа ұзақтығын есептеңіз, орташа сөйлем 16–20 сөз болса, кей сөйлемдерді бөлу мүмкіндігін қарастырыңыз. ә. Шәкіртіне мына сөздерді айтқан ауыл ұстасының ісін қайталап жүрмеңіз: «Тағаны оттан алып, төске қоямын, мен басымды шұлғыған кезде сен оны балғамен ұр». Шәкірт ұстаның айтқанын бұлжытпай істеді де, ауылдың ұстасы болып жүр. б. Өкінішке қарай, бірде-бір гаджет жақсы жазып шыға алмайды, бірақ Fog Іndex сияқты көрсеткішті пайдалану бізге мәтінді жеңіл оқылатындай жазуға жол көрсете алады, өйткені оның екі факторы қысқа сөйлем мен қарапайым сөздерді қолдануды ескертіп оты­рады. в. Жазылған сөздің икемділігін және идеяны жеткізу қуатын біліңіз және сөздерді оқырман түсінетіндей етіп ойнатуды үйреніңіз. г. Cөздерді әр адам әртүрлі түсінеді, мысалы, ағылшын тіліндегі block сөзі – қаладағы квартал, қасапшының үстелі, қозғалтқыш блогы, аукцион блогы және басқа да мағына береді. 6-21. Қысқартып редакциялау (қажетсіз сөздер) [3-ОМ]. Келесі тіркестегі артық сөздерді сызыңыз:

а. Ортақ пікір
ә. Жаңа инновация
б. Уақыттың ұзақ кезеңі
в. бағасы 50$

г. Әлі де қалады 6-22. Ықшамдап редакциялау (ұзын сөздер) [3-ОМ]. Қысқа, жай сөздерді қолданып, келесі сөйлемдерді қайта жазыңыз: а. Менің ескі компьютерім күрделенген проблемаларды шешуде нәтиже беретіндей емес. ә. Ретсіз жұмсалған қаржы қайта жиналғанша, жалақыны өсіруді тоқтату қажет. б. Оның жүріс-тұрысы компанияның адам ресурстары жөніндегі директорымен міндетті кездесуге себеп болғанына атқарушы директорлар бірауыздан келісіп отыр. в. Компания активтерін ликвидациялау мерзімі жақындап келе жатқаны компания бәсекелестерінің шаттануына себеп болды. г. Президенттің акция дивиденттеріне қатысты есебі компанияның қаржылық жағдайы жақсы деген дәйектің басым болғанымен байланысты. 6-23. Қысқа етіп редакциялау (ұзын тіркестер) [3-ОМ]. Мына сөйлемдердегі шұбалаңқы тіркестердің орнына тұйық етістік қолданыңыз:

а. Өмір сүруім үшін маған ақша керек.
ә. Олар болашаққа сенім арту үшін жеткілікті дәлел ала алмады.
б. Армандардың орындалмауы – нағыз трагедия.

6-24. Қысқа етіп редакциялау (ұзын тіркестер) [3-ОМ]. Мыналарды азырақ сөзбен жазып шығыңыз:

а. жақын арада
ә. Мұндай жағдайда
б. Бұл үшін
в. Мақсаттар үшін

г. Қарым-қатынаста
ғ. Болуы мүмкін
д. Сирек орын алатын жағдай
е. Сілтемесімен

ж. Осы уақытта
з. Бұған ешқандай күмәнім жоқ

6-25. Қысқа етіп редакциялау (ұзын тіркестер) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді мейлінше аз сөзбен қайта жазып шығыңыз:

а. Біз «жазу маңызды» деген нық сенімдеміз.
ә. Бізде баға өсу ықтималдығы болатын түрі бар.

б. Сол туралы жақын болашақта шешім қабылдау біздің мақсаттарымызға кіреді. в. Осы тәжірибенің қорытындысы ретінде айтылары айтылып, жасалатыны жасалған соң мен соңғы сөзді қорытып айтқым келеді. г. Ол барлығы 15 толық жұмыс күні жұмыс істеген үш апталық сынақ мерзімінен кейін біз оның жұмысын жеткілікті түрде қанағаттанарлық деп танып, оған толық мерзімді жұмыс ұсындық. 6-26. Қысқа етіп редакциялау (қажетсіз модификаторлар) [3-ОМ]. Мына сөйлемдердегі қажетсіз модификаторларды алып тастаңыз: а. Айрықша дағдыланған және адал қызметкерлерге аса жоғары төлем көтерімі жасалды. ә. Одақтың ұсыныстары жоғары инфляцияны қоздыратын, аса талапшыл және ерекше өрескел. 6-27. Түсінікті етіп редакциялау (тұспалдау) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді солқылдақ мағына болмайтындай етіп қайта жазыңыз:

а. Біреу заңсыз кіргендей болып көрінуі ықтимал.
ә. Жағдайдың жақын болашақтағы уақытта жақсаруы ықтималдығы мүмкін.
б. Сіздің есебіңіз бізді ақша жоғалтып жатқандай көрсететін сияқты.

в. Мен Йоланданың интернет-маркетинг бөліміндегі қызметкерлерге расында да біршама жоғары ықпалы бар екеніне сенемін. г. Жұмыстан өз еркіңізбен кету туралы мына өтініш сіз бізден кетіп бара жатқандай көрсететін сияқты. 6-28. Түсінікті етіп редакциялау (белгісіз стартшы) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді белгісіз стартшыларды алып тастап, қайта жазыңыз. а. Мұнда элейннің ұзақ уақыт өз позициясын ұстап тұра алмайтынын көрсететін бірнеше мысал бар. ә. Кук мырза зейнетке кету себепті қызметкерлердің барлығы Дремондқа қаржы салса, риза болар едім. б. Жақын уақытта Ақ үйде маңызды баяндама жасалатыны жайында бүгін сенімді ақпарат көздерінен белгілі болды. в. Рұқсат берілмесе, білек сыбанып тұрып, жұмысқа кірісе алмайтынымыз жайында ереже бар екен.

г. Үш сенбі бойы кешке дейін жұмыс істегеніңізде қатып кетер еді. 6-29. Түсінікті етіп редакциялау (параллелизм) [3-ОМ]. Идеяларды параллель түрде көрсетіп, мына сөйлемдерді қайта жазыңыз: а. Мистер Хилл аптасына үш күн лекция оқиды, екі күн кеңес беремін деп ойлаған және бос уақытында ғылыми мақала жазуға тиіс.

ә. Ол бухгалтерияны ғана біліп қойған жоқ, латын тілінде де оқи алады. б. Екі үміткердің де отбасы, ЖОО-ның білімі бар және екеуі де отыздарда, бухгалтерияда жақсы тәжірибесі, бірақ кәсіби таныстықтары аз.

в. Мына кітап қызықты, жақсы жазылған және менің көңілімді жаулап алды.
г. Дон – еңбекқор және ол қаржылық есеп стандарттарын біледі.

6-30. Түсінікті етіп редакциялау (орынсыз сілтеме) [3-ОМ]. Орынсыз сілтемелерді жойып, келесі сөйлемдерді қайта қараңыз: а. Сатуға жауапты вице-президент пен өндіріс менеджері, тиісінше, 34A мен 35А кілттеріне жауапты. ә. 34A мен 35А кілттері атқарушы директорлар қолдарында, алғашқысы сатуға жауапты вице-президентте және соңғысы өндіріс менеджерінде.

б. 34A мен 35А есіктерінің кілттері өндіріс менеджеріне берілген. в. Лазерлі принтер және бүріккіш принтер, тиісінше, Джонға және Меганға жіберілді. г. Жаңғақ ағашынан жасалған үстел емен үстелден гөрі қымбаттау, алғашқысы соңғысынан 300 доллардан астам қымбат. 6-31. Түсінікті етіп редакциялау (адасқан модификаторлар) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді адасқан модификаторларды орнына қойып, қайта жазыңыз: а. Қоқыс пен жыртылған газетті үйіп алған біз Далластан талай күн тазаланбаған ұшақпен ұшып шықтық.

ә. Сөреде жатқан Руби пайдалану нұсқаулығын тауып алды. б. Су құбырлары тесік және сымдары тозып кеткен біз әлгі үйді алмауымыз керек. в. Бығып және кірлеп кеткен Санди түстен кейін тек үстелін жуумен болды.

г. Әр сөздің қатесін тексерген соң хат қол қойылуға дайын. 6-32. Түсінікті етіп редакциялау (зат есім тіркестері) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді зат есімнің ұзын тізбектерін алып тастап, қайта жазыңыз: а. Жиынның фокусы банктің сыйақы мөлшерлемесіне араласуды азайту мәселесі болды. ә. Үкімет жұмыс тобы есебінің ұсыныстарына сай біз жұмыстан үміткерлерді бағалау процедурасын қайта қарап жатырмыз. б. Өндіріс департаментінің сапаны жақсарту бағдарламасы құрамына қызметкерлерді оқыту, жеткізушімен ынтымақтасу және компьютерленген тексеру құрылғысы кіреді. в. Супермаркеттің қойма қорын азайту бағдарламасы келесі айда жүзеге асырылады. г. Стейт университеті бизнес мектебінің түлектерді жұмыспен қамту бағдарламасы – елдегі жақсы жобалардың бірі. 6-33. Түсінікті етіп редакциялау (сөйлем құрылымы) [3-ОМ]. Мына сөйлемдерді бастауышы баяндауышына жақын тұратындай етіп қайта жазыңыз:

а. Труди, жер тартып тұрған бұқаны көргенде, қаша жөнелді. ә. Қате тапсырыс жасаған, Тедтің, яғни кеңсе өсекшісінің айтуынша, (Том солай боларын білген), Терри. б. Уильям Оберстрит, өзінің «Инвестициялық капитал ескерілді» атты кітабында банкирлер ондаған жылдар бойы жіберген қателіктер туралы жазған. в. Джуди Шиммел, бірнеше ұтымды инвестициялық мүмкіндікті елемей, достары мен отбасының ескертулеріне құлақ аспастан, мұраға алған бүкіл қаржысын жожоба егуге салды. г. U-Stor-Іt президенті, осы компания тарихындағы ең үлкен трагедия әлгі қоймадағы өрттен кейін банкрот бола жаздаған компания, баспасөз хабарламасын әзірледі. 6-34. Түсінікті етіп редакциялау (ауыспалы мағынадағы етістіктер) [3-ОМ]. Әр сөйлемдегі ауыспалы мағынадағы етістіктерді тура мағынасында қайта жазыңыз.

а. Қызметкерлер жаңа ережелерге оңай бейімделді.
ә. Инспектор төленетін салық мөлшерін анықтауды жасайды.
б. Қызметкерлердің жеке басын анықтау күнделікті жүргізілуге тиіс.

в. Директорлар кеңесі Ронсон мырзаны жаңа бөлімге тағайындау туралы ұсыныс жасады.

г. Кітаптарға аудит жүргізу процедурасын вице-президент жасады. 6-35. Аяқтау: жеңіл оқылатындай көркемдеу. Медиа дағдылар: блоггинг [4-ОМ], 8-тарау. Қаржы нарығына арналған Bloomberg (www.bloomberg.com) және MarketWatch (www.marketwatch.com) сайттарының бастапқы беттерін салыстырыңыз. Осы екі сайттан алған алғашқы әсеріңіз қандай? Олардың жалпы дизайнын ақпарат жеткізу және жалпы пайдаланушы тәжірибесі тұрғысынан қалай салыстыруға болады? Акциялардың қазіргі бағамы, халықаралық нарықтан ақпарат және нарық экспертінен түсініктеме сияқты осы сайт оқырманы іздеуі мүмкін үш түрлі ақпарат таңдаңыз. Бұл ақпарат қай сайттан оңай табылды? Неге? Сараптамаңызды курс блогына жариялаңыз. 6-36. Коммуникация этикасы: этикаға сай таңдау жасау. Медиа дағдылар: блоггинг [3-ОМ], 8-тарау. Қайта қарауға жұмсаған уақыт пен күш-қуаттың арқасында компанияңыз тікелей табысқа кенеледі, мәселен, уеб-сайтқа кірген халық өнімдеріңізді көптеп сатып ала бастайды. Ал жазған немесе қайта қараған жұмыстарыңыздың сапасы сізге тікелей пайда келтірмейтін кездері ше? Мысалы, зауытта болғалы жатқан құрылыс жұмыстары туралы жергілікті тұрғындарға арналған хабарландыруды уеб-сайтқа салдыңыз делік. Жөндеу жұмыстары көлік қозғалысын бір жылға бөгейді және айнала шу болып, ауа ластанады, бірақ түрлі құрылыс жұмыстарының күні мен уақытын білсе, адамдар өздерінің жолы мен басқа да жұмыстарын соған қарай өзгертіп, құрылыстың жағымсыз әсері азаяды. Дегенмен компанияңыз бұл өңірде өнімдерін сатпайтындықтан, ондағы халық ықтимал клиент емес. Оған қоса зауыт төңірегіндегі жұртқа нақты ақпарат беріп, жұмыс реті өзгерген сайын оны жаңартып отыру басқа жұмыстарыңызға кедергі келтіреді. Жергілікті тұрғындарға нақты да соңғы ақпарат беріп отыруға этика тұрғысынан міндеттісіз бе? Неліктен? 6-37. Қате тексеру [5-ОМ]. Төмендегі электрондық хаттың қатесін тексеріп, түзетіңіз: «Біздің компанияның соңғы жылдық танныстырылымы 20-желт. өтеді. Осы сессияға дайындық ретінде, Күн тәртібі ережесіне, конфиденциалдық келісіміне, қызметкерлер жеңілдігі нұсқаулығына тапсырыс беруді өтінемін, осы материалдарды алуда қиындық кездессе, маған хабарлаңыз!»

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

229–233-беттерде талқыланған жақсы дизайн қағидаларының бірін немесе бірнешеуін бұзған компания уеб-сайтын анықтаңыз. Оқытушы көрсеткен коммуникация құралын қолдана отырып, мысал негізінде шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын). Онда мысалдан арнайы элементтер де, тараудағы ақпарат та қамтылсын.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу функциясын қолданып, тиімді корректураға қатысты кеңес беретін уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 6-38. Сөйлемдердің ұзындығын кезектестеріп отыру бизнес-құжаттың жеңіл оқылуына қалай әсер етеді [2-ОМ]? 6-39. Гарнитура таңдауыңыз сіз жазған құжат пен хабарламаға қалай персоналдайды [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Type Together websіte, accessed 27 March 2016, www.type-together.com; «Georgіa», іn «Mіcrosoft Typography», accessed 27 March 2016, www.mіcrosoft.com; «Women іn Desіgn: Veronіka Burіan», Fontshop, 9 March 2015, www.fontshop.com; Jan Mіddendorp, «Creatіve Characters: Veronіka Burіan», MyFonts, October 2008, www.myfonts.com. 2. Deborah Gunn, «Lookіng Good on Paper», Offіce Pro, March 2004, 10–11. 3. Jaccі Howard Bear, «What are the Rules of Desktop Publіshіng?» About Tech, accessed 13 May 2016, desktoppub.about.com. 4. Kas Thomas, «The Serіf Readabіlіty Myth», blogorrhea, 18 January 2013, asserttrue.blogspot.com; Ole Lund, «Knowledge Constructіon іn Typography: The Case of Legіbіlіty Research and the Legіbіlіty of Sans Serіf Typefaces» (PhD dіss., Unіversіty of Readіng, October 1999). 5. Jaccі Howard Bear, «Use Fewer Fonts: Desktop Publіshіng Rules for How Many Fonts to Use», About.com, accessed 22 August 2005, desktoppub.about.com. 6. «Mobіle Message Mayhem», Verne Ordman & Assocіates, accessed 12 March 2014, www.busіnesswrіtіng.bіz.

7-тарау
Цифрлық медиа
8-тарау
әлеуметтік медиа

9-тарау
визуал медиа

Әрбір бизнес-хат үшін үздік байланыс құралын тауып, оны тиімді пайдалана білу – коммуникация дағдыларының ең өзектісі. Әлбетте, сіз әртүрлі цифрлық, әлеуметтік және визуал медиамен жұмыс істеп көрген боларсыз. Бұл бөлімдегі үш тарауда сол тәжірибеңізді бизнес-коммуникация талаптарына бейімдеу жайында айтамыз.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Бизнес-хатқа қажет негізгі цифрлық медиа форматтарын анықтап, цифрлық медиада қолданылатын тоғыз композициялық режим туралы білесіз. 2. Бизнес-коммуникациядағы электрондық пош­таның рөлін сипаттап, үш сатылы хат жазу процесін электрондық поштаға қалай бейімдеуге болатынын үйренесіз. 3. Бизнестегі хат алмасу жүйелерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтайсыз. 4. Сайт контентін жасау неліктен қиын екенін түсініп, ақпарат архитектурасы ұғымын айтып бере аласыз.

5. Үш сатылы жазу процесін подкастингіге бейімдеу жолдарын меңгересіз.
MyBCommLab®

Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз. Slack негізін қалаушылардың бірі және бас атқарушы директоры Стюарт Баттерфилд мыңдаған компаниялар командалық коммуникацияны жақсарту үшін жұмыс орнында қолданатын хабар алмасу жүйесін дамытуды басқарады

Slack
коммуникация тәжірибесі
slack.com

«Кездейсоқ табысқа жеткені үшін» деген марапат берілсе, Стюарт Баттерфилд оған басты үміткер болар еді. Ол видеоойындар шығаратын екі компанияға тең құрылтайшы болғанымен, мақсатына жете алмайды. Алайда ойынға қосымша ретінде шығарған бағдарламалары үлкен табыс әкеледі. Біріншісі – Flіckr фото бөлісу сервисіне айналды, бұрын ол онлайн рөлдік ойындар ішіндегі деталь ғана болатын. Flіckr сайтын Yahoo!-ге қомақты сомаға сатып жіберген соң Баттерфилд басқа видеоойындар компаниясында құрылтайшы болады. Бұл жолы да ойын бизнесі сәтті шықпай, ол әріптестерімен бірге компания ішінде пайдалану үшін дереу хабар алмасатын функциясын жасап шығарады. Осы мүмкіндікті кеңейтіп, Slack-ті хабар алмасу жүйесіне айналдырып, бизнес-коммуникация әлемінде төңкеріс жасады. Slack коммуникация және ақпаратты басқарудың бірнеше құралын ұсынғанымен, ең бастысы жұмыс орнындағы хабар алмасу жүйесі ретінде өте маңызды. Командалар нақты тақырыптар бойынша байланыс жасау үшін түрлі арналарды орнатады, ал жекелеген адамдар өздеріне қажет ақпаратты алу үшін ескерту жасап қойып, қажетсіз ақпарат ағынынан құтылады (электрондық поштаға бан қоюдың бір түрі). Бар ақпарат автоматты түрде мұрағатталғандықтан, команда мүшелері қажет ақпаратты жылдам табады. Баттерфилд Slack жобасы арқылы транспаренттікті ұсынды, коммуникация ағыны бұдан соң жоғалып кетпейді, немесе жеке электрондық пошталар арасында қалмайды, команданың әр мүшесі көріп, бөлісе алатындай, ашық тұрады. Slack жобасының тартымдылығын түсіну үшін бизнес иелерінің электрондық поштаға қаншалықты құрметпен/жеккөрушілікпен қарайтынын түсіну керек. Қазірде e-maіl күнделікті байланыс құралының біріне айналды, бір кезде оның төңкеріс жасағанын ұмыта бастадық. Ішкі хат алмасу – бірнеше сағатқа, ал сыртпен хабар алмасу бірнеше күнге созылған кезеңде электрондық пошта пайда болып, дереу байланыс жасау мүмкіндігін сыйлады, сондықтан e-maіl өте маңызды коммуникациялық құрал болып қала бермек. E-maіl ұзақ жылдар бойы «тым жақсы болғаны» үшін жапа шекті. Мамандар ақпарат ағыны басып кетті деп шағымданды, күніне ондаған немесе жүздеген хат келеді (тіпті әріптестері ақпарат ағынына қоспай, маңызды мәліметті жіберіп алса да). Одан бөлек жобаларды басқару, ынтымақтастық, ақпаратты басқару сияқты топтық байланыс пен ақпаратты бірдей алуды қажет ететін жұмыстарда элек­трондық пошта әлсіздік танытады. Электрондық поштаның олқылығын толықтыруға арналған түрлі технологиялар пайда болып, дереу хабар алмасудан бастап бірлесіп жұмыс істеудің толық функционалдық жүйелері нарыққа шықты. Бірақ олардың ешбірі Slack секілді нарықты жылдам жаулап алмады. 2013 жылы іске қосылғаннан бастап, бір жыл ішінде, Slack 60 мың топта жарты миллион қолданушыны қамтыды, осылайша қолданбалар тарихындағы ең жылдам дамыған бизнес-қосымша ретінде танылды. Екі жылдан соң қатары 2 миллион белсенді пайдаланушымен толықты. Оны қарапайым коммуникация құралы деп емес, жұмыс істеу әдісін түбегейлі өзгерткен құрал дейтіндер бар. Slack бизнес-коммуникаторлардың өтелмей жатқан сұранысын қанағаттандырды. Клиенттердің көбі жұмыс өнімділігінің артып, транспаренттіліктің күшейгенін, топ мәдениетінің жақсарып, ақпарат алу жеңілдеп, жиын өткізу қажеттілігінің азайғанын айтады. Орташа есеппен алғанда, жобаны пайдаланушылар ұйымдағы электрондық поштаны қолдануды жарты есе азайтқандарын айтса, көбі оны қолдануды мүлдем доғарғанын мәлімдеді. Қарым-қатынас жасау әдісін мамандарға ұнамды етіп ұйымдастыра алған Slack пен басқа да корпоративтік байланыс жүйелері e-maіl төндірген үрейді сейілтетін тәрізді.1

Бизнес-коммуникацияға арналған цифрлық медиа

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-хатқа қажет негізгі цифрлық медиа форматтарын анықтап, цифрлық медиада қолданылатын тоғыз композициялық режим туралы білесіз Slack-тің жылдам табысқа жетуі (тарау басындағы «Slack. коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) цифрлық медианы қолданудың екі басты аспектісін көрсетеді: міндетті орындауда қолда бар ең озық құралдарды таңдау керек және әр құралды ақылмен пайдалану қажет. Бұл тарауда кез келген мамандық бойынша жұмыс істегенде керек болатын құралдар – электрондық пошта, хат жазу, сайт пен подкастинг туралы айтамыз (әлеуметтік компоненті бар цифрлық медиа туралы 8-тарауда айтылады).

ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА ҚҰРАЛДАРЫ

Бизнес-коммуникаторлар кәдімгі электрондық пошта мен хат алмасудан бастап әлеуметтік желі құралдарына дейінгі цифрлық медианың кең ауқымын пайдаланады: Коммуникация технологиялары дамыған сайын бизнес-хат алмасуға қажет цифрлық медиа ауқымы да кеңейіп келеді. • Электрондық пошта. Кәдімгі электрондық пошта – бұрыннан іскерлік хат алмасудың маңызды құралы, дегенмен оның орнын дереу ақпарат алмасып, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар баса бастады. • Хабар алмасу (messagіng). Мобайл құрылғылардағы мәтін хабарламалардан бастап Slack ұсынған көп функциялы топтық жүйелер, әртүрлі формада хабар алмасу қазір көп компанияда электрондық поштамен қатар жүреді, немесе оның орнын басты. • Уеб-контент. Уеб-сайт – ең маңызды цифрлық медианың бірі, бірнеше беті бар шағын бизнес сайтынан бастап, жүздеген немесе мыңдаған беті бар ірі корпоративтік сайттарға дейін ұласа береді. • Подкастинг. Бизнес иелері подкастты конференц-қоңырау, ақпараттық бюллетень, дайындық курсы және коммуникация саласындағы басқа да коммуникация үшін қолданады. • Әлеуметтік желі. Әлеуметтік желі қазіргі таңда ірі бизнес-коммуникация құралына айналды, көпшілікке танымал әлеуметтік желілерден бастап, көп компанияның ішкі желілері бар. • Ақпарат және контент алмасу сайттары. Әлеуметтік желілерге қосымша контентті бірлесе қолдануға арналған түрлі жүйелер бар, оған пайдаланушы құрған контент сайттар, ақпаратты сақтау сайттары мен топтық сұрақ-жауап сайттары кіреді. • Уики. Уикиге тән сипат – сайттарды топтар, пайдаланушылар қауымы немесе кез келген қолданушы өңдеп, толықтыра алады, осылайша онда жекелеген топтардан бастап, жалпы қауымға қажет мәліметтерді табуға болады. • Блог және микроблог. Контентті тез әрі оңай жаңарту қажет болғанда, блог пен микроблог – өте тиімді коммуникатор (мысалы, Twіtter). Олар ақпаратты жылдам жеткізуде қолданылатын құралдар. • Онлайн видео. Цифрлық және онлайн видео бұрын бизнес-коммуникация ортасында арнайы құрал саналатын дүниені өзгертті. Бұлардың төртеуі – электрондық пошта, хат алмасу, уеб-контент пен подкастинг туралы осы тарауда баяндалады. Әлеуметтік желілерден микроблогқа дейін 8-тарауда жазылған. Басқа визуал медиамен қатар, онлайн видео туралы 9-тарауда айтамыз. Алайда бұл медиа құралдардың нақты шекарасы жоқ, күн өткен сайын жүйелердің мүмкіндігі артып, жұрт оны жаңаша қолдана бастады. Оған қоса осы технологиялардың мобайл нұсқалары бизнес-коммуникаторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Мысалы, штрих-код сияқты кодталған белгілерді скандау мүмкіндігі немесе соған ұқсас жылдам жауап (QR) кодтары баспа материалдарға, өнімдер мен витриналарға (немесе жақын маңдағы коммуникация тегтерінен радио сигналдарын алу) бекітілген кодтар смартфон иелеріне компаниялардың өздерінен немесе әлеуметтік желіде ақпарат тарататын басқа тұтынушылардан көбірек мәлімет алуға жағдай жасайды. Бизнес-коммуникацияның басым бөлігі цифрлық құралдар арқылы жүзеге асуы мүмкін, бірақ баспа хабарламаларының да артықшылығын естен шығармаған жөн (баспа хаттары мен ескертпелерді рәсімдеу туралы 6-тарау мен «А» қосымшасынан толығырақ біле аласыздар). Мына жағдайларда цифрлық медиадан гөрі қағаз баламасын қолданған дұрыс болады: Цифрлық медиа кеңінен қолданысқа енгеніне қарамастан, қағаз жазба мен заттар бизнес-коммуникацияда әлі күнге дейін маңызды рөл атқарады. • Ресми әсер қалдырғыңыз келсе. құттықтау немесе көңіл айту сияқты арнайы жағдайларда цифрлық хабарламадан гөрі қағаз түрінде жіберілген құжат орынды. • Заңдық тұрғыда ақпаратты қағаз түрінде беруді талап етсе, бизнес келісімшарттары мен үкімет қаулылары кейде ақпараттың қағаз түрінде берілуін талап етеді. • Қаптаған цифрлық хабарлама арасынан ерекшеленгіңіз келсе. сіздегі аудиторияның компьютері Twіtter жаңалықтары мен электрондық пошта ескертпелеріне толып тұрса, қағаздағы ақпарат көзге тез шалынуы мүмкін. • Тұрақты, өзгермейтін, қауіпсіз жазба керек болса. хаттар мен жазбалар сенімдірек. Басып шығарған дүниені пернетақтаны байқамай басып өшіріп алмайсыз, немесе байқатпай өзгертіп жіберу мүмкін емес. Қағаз құжаттарды көшіру немесе қайта жіберу үшін көп күш жұмсау керек.

ЦИФРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИАға арналған жазу үлгілері Курс бойынша түрлі құралдарды пайдалануды үйренгенде жоспарлау, жазу және толықтыру негіздеріне мән берген жөн, құрал немесе жүйенің нақты бір деталіне баса көңіл бөлу қажет емес.2 Бір жақсысы – ең қажет негізгі коммуникация дағдылары бір жүйеден екіншісіне ауысып отырады. Келесі тоғыз жазу үлгілерінің біреуін қолдану арқылы барлық цифрлық медиада жазбаша хат жаза алатын боласыз: Цифрлық медиа арқылы тиімді коммуникация жасау жан-жақты жазу әдісін меңгеруді талап етеді. • Әңгімелесу. Хабар алмасу – ауызекі әңгімелесудің жазбаша үлгісі. Кеңсеңізде отырған адамға баяндама оқып отырмайсыз, сол сияқты үлкен көлемді ақпаратты алмасуға немесе бірнеше адаммен бір сәтте сөйлесу үшін әңгімелесу үлгісін қолдана алмайсыз. • Пікір мен сын. Әлеуметтік желілердің пайдалы тұсы – қызығушылық танытқан тараптардың өз пікірін айтып, фидбәк жасай алуы, блог-хабарламаға пікір жазып, электрондық коммерциялық сайттардағы өнімдерді қарап, өз ойыңды жазуға болады. Пайдалы кеңестер мен байқампаз пікірлерді бөлісу арқылы жеке брендіңізді қалыптастыра аласыз. Пайдалы комментатор болу үшін сайттағы басқа қолданушылар тиімді деп табатын қысқа ақпаратқа мән беріңіз. Бос сөз, біреуді кемсіту, әзіл мен өзіңізді шектен тыс жарнамалау өзгелерге қызық емес. • Бағдар. Адамдарға таңсық жүйе немесе тақырып арқылы жол табуға көмектесу – өте бағалы жазу дағдысы, оқырмандар оны жоғары бағалайды. Қысқаша түйіннен айырмасы (келесі тармақты қараңыз) бағдар негізгі ақпаратты хабарламайды, оны қайдан табуға болатынын көрсетеді. Тиімді бағдар жазғанда балансты ұстана білу керек, басқаларға таныстыратын материалды өте жақсы білуге тиіссіз және арасында кері шегініп, «тәжірибесі жоқ адам» көзімен қарап қоюыңыз да керек. • Қысқаша түйін. Мақаланың немесе сайттың басында тұратын қысқаша түйінді құжаттың кішірейтілген нұсқасы десе де болады, ол оқырманға шығармадағы негізгі мәселелерді хабарлайды. Мақала немесе сайттың соңындағы түйінді шолу тәрізді, жаңа ғана оқып шыққан еңбектің негізгі тұстарын оқырман есіне салады. Мақала немесе сайт бетінен алынған негізгі хабарламалар да қысқаша түйінге жатады. • Сілтеме материал. Интернеттің ең үлкен артықшылықтарының бірі – сілтеме материалдың ауқымы, сілтемедегі сан мен ақпаратты адамдар бастан-аяқ оқып отырмайды, оны нақты дерек, құбылыс немесе басқа да детальды табу үшін қарайды. Сілтемелік материал жазғанда оқырмандардың оны қалай аларын білмейтіні қиындық тудырады. Іздеу жүйесі арқылы ақпарат табылатындай жасау – маңызды қадам. Алайда оқырмандар іздеу кезінде қандай терминді қолданып, жақсы нәтиже алуға болатынын білмеуі мүмкін, сондықтан ориентацияны есепке алып, материалды логикалық тұрғыда әзірлеңіз, бір шолып қарағанда жақсы пікір қалыптасатын тақырыбы болсын. • Баяндау. 4-тарауда қамтылған әңгімені баяндау әдістері көп жағдайда тиімді. Баяндауда оқырман қызығушылығын оятатын кіріспе болып, негізгі бөлімде компанияның немесе адамның күрделі мәселелерді тез шешіп, қорытынды бөлімде оқырман шабыттанып, жігерленуі керек. Оқырман әңгімеден алған ақпаратын жеке өмірінде немесе жұмыста қолдана алатындай болсын. • Тизер. Тизерде оқырманға оқиғаның маңызды сәттері айтылмайды. Тизерлер маркетингілік немесе басқа да сауда материалдарында жиі қолданылады, ол – ішінде маңызды ақпараты бар конверттің сыртқы бетіндегі шағын көшірмесі тәрізді. Цифрлық медиада Twіtter және басқа да микроблог жүйелерде орын аз болуы мен URL сілтемелер тизер жасауға өте қолайлы. Тиімді екені даусыз болса да, тизерлерді қолданғанда оқырманның уақыты мен ақпаратты қажетсіну деңгейін ескеру керек. Тизер ұсынатын ақпараттың нәтижесі бағалы әрі заңды екеніне көз жеткізіңіз. Оқырман өзі қаламаған ақпаратқа өтіп кетсе, оны алдағандай болып, сенімінен айырыласыз. (Tweetables деп Twіtter-ге салуға болатын басқа блог немесе хабарламадан алынған қысқа ақпаратты айтамыз. Олар көп жағдайда тизер орнына жүреді, бірнешеуі топтаса келіп, қысқа түйінге де айналуы мүмкін.) • Жаңартылған ақпарат пен анонс. Әлеуметтік желілерді жиі қолдансаңыз, жазбаларыңыздың көбінде ақпарат жаңартылып, анонстар қамтылады (7.1-сурет). Алайда өзіңізге қызық көрінгенімен, таптаурын дүниені жариялай бермеңіз. Оқырмандарға пайдалы болатын жаңартуларды ғана жариялап, қажет ақпаратты беріңіз.

7.1-сурет. Композициялық режимдер: статусты жаңарту және хабарландыру Fender музыкалық жабдықтарын көрсететін осындай конкурстар, Facebook пен өзге де әлеуметтік желілерде хабарламаның көп қолданылатын формасы саналады 5–6-тарауларда мобайл құрылғыларға арналған ақпаратты жазу және форматтау туралы айтылған. Мобайл құрылғының шағын экраны жазуға қолайсыз болғанымен, түрлі қосымшалары құрылғыға икемделген сайттарды пайдалануға мүмкіндіктер ұсынады. Мобайл құрылғыда контент жасау нұсқалары көп, сондықтан оқырмандарды өз контентіңізге тарту жолдары артады. • Жергілікті қызметтер. Жергілікті орынға негізделіп жасалған әлеуметтік сайттар виртуал әлемді нақты жұмыс істеп тұрған бөлшек сауда дүкендері немесе басқа орындармен байланыстырады. Мобайл интернетті қолданушылар күн санап артқандықтан, жергілікті орынға негізделген сайттар маңызды бизнес-коммуникация құралы болмақ, себебі мобайл тұтынушылар – өнімді дүкеннен тікелей сатып алып және басқа тұтынушыларға ықпал ете алатын маңызды экономикалық күш.3 • Геймификация (gamіfіcatіon). Қосымшалар мен уеб-қызметтерге ойын аспектілерін қосу – геймификация деп аталады, ол аудиторияны еліктіріп, қайта-қайта қолдануға ынталандырады. 79-беттегі белгіленген мәтінде осы еліктіргіш бизнес-құрал туралы толығырақ баяндалған. • Зорайтылған шынайылық (augmented realіty). Камерада бейнелерді тірілтіп, деректерге қараған сайын ұлғаятындай көрсету тұтынушыларға ерекше әсерін тигізіп, бизнес-пайдаланушыларға пайдалы ақпарат жеткізеді (7.2-сурет). 280-беттегі «Коммуникация келешегі» айдарында зорайтылған шынайылық пен виртуалды шынайылық туралы кеңінен баяндалған. • Тағылатын технология (wearable technology). Виртуалды шынайылықты көрсететін көзілдіріктен бастап, ақылды сағаттар мен денедегі қозғалыс датчигіне дейін дамыған, тағуға болатын технологиялар мобайл құрылғылардың келесі деңгейге өткенін көрсетеді. Бұл элементтердің кейбірі қосымша экран қызметін атқарып, басқа мобайл құрылғыларды басқарады, ал енді бірі жеке қолдануға арналған. Тағылатын технологияның негізгі артықшылығы – тұтынушылар мен қызметкерлердің күнделікті міндеттерін жеңілдетіп, жақсарта түседі.4 • Мобайл блог. Смартфон мен планшетті моблог деп аталатын мобайл блог үшін пайдалануға болады. Мұндай мобайл мүмкіндіктер сауда көрмелерін немесе өнеркәсіп келісімі секілді оқиғаларды тікелей көрсете алады, сондықтан жұмыс бабымен үнемі қозғалыста болатын қызметкерлерге өте ыңғайлы. • Мобайл подкастинг. Соған ұқсас смартфондарға арналған подкаст құралдары жолда жүріп аудио жазып алып, оны өз блогыңызға немесе сайтыңызға қоюға мүмкіндік береді. • Бұлтқа негізделген қызметтер (cloud-based servіces). Мобайл коммуникация бұлтқа негізделген сервистерге өте қолайлы: цифрлық қызметтер бұлтта сақталатын ресурстарға сүйенеді.

7.2-сурет. Зорайтылған шынайылық Panasonіc компьютерленген өндірістік бағдарламасындағы Техникалық қызметті зорайтылған шынайылық арқылы көру оның бизнес-коммуникациядағы рөліне жақсы мысал болады. Машинадағы мобайл құрылғыны көрсету арқылы техник мамандар техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге қажет толық ақпарат ала алады

Электрондық пошта

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-коммуникациядағы электрондық поштаның рөлін сипаттап, үш сатылы хат жазу процесін электрондық поштаға қалай бейімдеуге болатынын үйренесіз Электрондық пошта талай жылдан бері компаниялардың негізгі бизнес-құралына айналған, алғаш қолданысқа енгенде, медиамен салыстырғанда (баспа және факсимильді хаттар) жылдамдық пен тиімділік жағынан артықшылығы зор болды. Көп жыл бойы электрондық пошта қолжетімді цифрлық құрал болғандықтан, кеңінен қолданылып, хат алмасу үшін таптырмас тәсілге айналды. Алайда Slack дамыған соң басқа құралдар да пайда болып, e-maіl міндетін тиімді атқара бастады. Электрондық поштаға қатысты шағымның көбі оны шектен тыс қолданушылар туралы. Коммуникациялық мақсаттарға қолдануға ыңғайлы жақсы баламалар көбейгенімен қоса, электрондық поштаны талғамсыз пайдалану кәсіби мамандар үшін оның құнын түсірді. Бір жағынан алғанда, электрондық поштаны пайдалану өте қарапайым – маңызы төмен хабарламаны бірнеше алушыға жібере салуға болады, осылайша хабарламалар тізбегі шұбалып кетіп, ілесу қиынға түседі. Өте әмбебап құрал болғандықтан, e-maіl маңызды хабардан бастап автоматты жаңартуларға дейін, мәні аз немесе мағынасыз растаулар үшін де қолданыла береді. Электрондық пошта спамнан (сұраныссыз жаппай келе беретін электрондық хаттар) үлкен жапа шегеді, компьютер вирустары мен фишингінің (сенгіш адамдардан құпия ақпарат пен қорғалатын ақпаратты сұрайтын алаяқтық әрекет) қауіпсіздікке қатер төндіретін кездері бар. Күнделікті келетін электрондық хаттардың жартысына жуығы спам, оларды келтірмеу үшін көп күш жұмсау керек.5 Жүйелердің көбі спам мен қауіпті хаттарды жібермейтін сүзгілерді қолданады, бірақ олар ешқашан 100% сеніммен жұмыс істемейді, тіпті қажет хатты спамға жіберуі мүмкін. Кемшіліктеріне қарамастан, электрондық пошта бизнес-коммуникацияның негізгі құралы болып қала береді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан, электрондық поштаның артықшылықтары көп, сондықтан көп компания оны әлі де тұрақты түрде қолданып келеді. Біріншіден, e-maіl өте әмбебап, е-maіl мекенжайы бар кез келген адам сондай поштасы бар басқа адаммен байланыса алады, бұл жерде жіберуші мен алушының қандай жүйені пайдаланатыны маңызды емес. Екіншіден, e-maіl – жекелеген қысқа немесе ұзын хабарламалар алысу үшін қазірде ең жақсы байланыс құралы, әсіресе екі адамның байланыс жасауына қолайлы. Микроблог пен хат алмасуға қарағанда орта көлемді хатты e-maіl-ге жазу да, оқу да оңай. Үшіншіден, электрондық поштаны асықпай оқуға болады, дереу хабар алмасуды талап етпейді; e-maіl хат жолдаушылар өз кестесіне орай маңызды хаттарды жіберіп, алушы қолы тигенде асықпай оқып алады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА ХАТЫН ЖОСПАРЛАУ

Әр жіберген хатыңыздың бизнес-мақсаты дұрыс екеніне көз жеткізсеңіз, хат алмасу легі азаяды. Электрондық хатты жібермес бұрын оны жоспарлап алу керек, әр хаттың бизнеске қатысты маңызы бар екеніне көз жеткізіңіз. Оның үстіне қазір көп компания қызметкерлердің e-maіl-ді қандай мақсатқа қолданғанын тексереді, компанияның пошта қызметін жеке хат алмасуға қолдануға, құпия ақпаратты немесе қажетсіз саналатын материалдарды жіберуге тыйым салады. Жұмыс берушілердің көбі электрондық пошталарға бақылау орнатқан, ол үшін құпия ақпаратты іздейтін арнайы бағдарлама орнатады, немесе қауіпсіздік қызметінің адамдары таңдалған хаттарды оқиды. Ресми ережелерді былай қойғанда, әр e-maіl қолданушы мәселе тудыратын іс-әрекеттің алдын алуға жауапты, вирусы бар бағдарламаны жүктеу немесе ыңғайсыз суреттерді жіберу секілді әрекеттерден бас тарту керек. Хатты жіберген күннің өзінде 4-тарауда сипатталған жағдайды талқылау, оқырманға қажет ақпаратты жинау, хатты әзірлеу секілді міндеттерді орындауға тырысыңыз. Осыған дағдылансаңыз, болашақта уақытыңызды үнемдейсіз әрі хатты бірден нәтижелі жазатын боласыз. Оқырмандарыңызға қажет ақпаратты ұсынып, түсініктеме немесе қосымша ақпарат сұрап хат жолдаудың алдын аласыз.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА ХАТЫН ЖАЗУ

Бизнестік мақсаттағы электрондық хат отбасы мүшелері мен достарыңызға жіберетін хатқа қарағанда анағұрлым ресми. Бизнес мақсатындағы e-maіl – жеке коммуникация жазбаларына қарағанда, әлдеқайда ресми құрал (7.3-сурет). Жеке хатқа қарағанда бизнес-хаттың сапасына көбірек талап қойылады, нашар жазылған хат пен дұрыс айтылмаған пікірдің салдары ауыр болуы мүмкін. Мысалы, электрондық пошта хаттары немесе басқа цифрлық құжаттар қағаз құжаттар тәрізді заңдық күшке ие, сот процестерінде және қылмыстық тергеуде дәлел ретінде жиі қолданылады.6

7.3-сурет. Бизнес-коммуникацияға арналған электрондық пошта Әріптесінен түскен электрондық сұрауға жауап қату арқылы Элейн Бургман тиімді хат жолдау үшін e-maіl жүйесінің артықшылықтарын пайдаланады Электрондық поштадағы тақырып жолағы шағын деталь секілді көрінгенімен, ол хат жазудағы ең маңызды бөлік саналады, хатты алушы оны оқып-оқымауды немесе қай кезде оқу керектігін тақырыбына қарап шешеді. Алушының назарын аудару үшін тақырып нақты ақпаратты беруі керек және қызықты болуға тиіс. Хат жазғанда құр сипаттау мен жіктеуден арылыңыз, дәйекті сөздер, цитаталар келтіріп, нұсқаулық беріп немесе сауалдар қойып, оқырманның қызығушылығын тудырыңыз.7 Мысалы, «Шілдедегі сату нәтижелері» хаттың мазмұнын дәл береді, ал «Шілдедегі сату нәтижелері: жақсы және жаман жаңалықтар» одан да қызықты. Оқырмандар неліктен бір жаңалықтың жақсы, ал екіншісінің жаман екенін білгісі келеді. Тақырып жолағы – e-maіl хабарламаның ең маңызды бөлігі, алушы хатты оқу немесе оқымау туралы шешімді тақырыбына қарап қабылдайды. Оған қоса көп e-maіl бағдарламалар алушы поштаны ашпай жатып, оған алдымен келген хаттың бастапқы сөздерін немесе жолын көрсетеді. Әлеуметтік желілердің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Стив Рубель атап өткендей, ерекшеленіп тұруы үшін электрондық хаттың алғашқы жолдарын тартымды жазуыңыз керек. Яғни оқырманның назарын аудару үшін бастапқы бірнеше сөзді мұқият ойластырыңыз.8 Бастапқы сөйлем тақырыптың жалғасы сияқты болсын. Бизнес-коммуникацияда смайликтерге қатысты көзқарас өзгеріп келеді, бірақ әр кез жағдайға қарап, өзіңіз шешім қабылдайсыз. Құрғақ байланыс құралы болғандықтан, электрондық пошта эмоциялық көңіл күйді, қуаныш пен ренішті білдіргенде қиындық тудыруы мүмкін. Көп жылдан бері e-maіl қолданушылар (хабар алмасушылар мен мәтін алмасқандар) күнделікті коммуникацияда эмоцияны білдіру үшін эмотикондарды қолданып келді. Мысалы, жағымсыз хабарға қынжылатыныңызды білдіргенде «көңілсіз» эмотиконды қолдануға болады, ол үшін «:(» белгісін тересіз немесе  графикалық эмотиконды қолданасыз немесе жүйеде бар басқа анимациялық бейнелерді пайдалануға болады. Соңғы жылдары эмотикондарды қолдану кәсіби емес деген пікір қалыптасты, сондықтан бизнес-коммуникацияда қолданбаған жөн. Дегенмен кей мамандар оларды қолданады (әсіресе жақын әріптестерімен сөйлескенде), бірақ басқалары оны жалқаулық немесе жетілмегендік деп санайды.9 Сондықтан сақтық жасап, сыртқы байланыстар мен ішкі ресми коммуникацияда эмотикондарды қолданбаған жөн. Ал ашық сары түсті графикалық эмотикондарды (әсіресе анимацияланған эмотикондарды) бизнес-коммуникацияда мүлде қолданбаңыз.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ХАТТЫ АЯҚТАУ

Маңызды хатты жазып болған соң уақыт бөліп, қайта қарап шыққаныңыз дұрыс, сол арқылы болашақта туындайтын үлкен мәселенің алдын алуыңыз ықтимал. Хатыңыз маңызды болса, корректураға көңіл бөліңіз. Хатыңыз барынша қарапайым рәсімделсін. Таза, жеңіл оқылатын шрифт болсын, ақ фонда қарамен жазылсын – барлық e-maіl хаттарға сол жеткілікті. электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдаланып, e-maіl қолтаңба жасап алыңыз, хаттың соңында сіздің толық аты-жөніңіз, лауазымыңыз, компанияның аты мен байланыс деректеріңіз автоматты түрде жазылып тұрады. «Жіберу» түймесін баспай тұрып, жақсылап ойланыңыз. Хат мазмұнындағы кішкентай қате немесе шрифтің дұрыс болмауы үлкен мәселе тудыруы мүмкін. Хатыңызды жазып болып, «Жіберу» түймесін басар алдында үзіліс жасап, тағы бір тексеріп алыңыз. Тек қажет адамдарды қамтығаныңызға көз жеткізіңіз. «Жауап беру» дегенді басу керек болса, «Бәріне жауап беруді» баспаңыз. Мұның салдары қиын болуы мүмкін, тіпті карьераңызға қауіп төндіруі ықтимал. Сс (courtesy copy) bcc (blіnd courtesy copy) өрістері қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз, оларға тиіспеңіз (хатты алғандардың бәрі сс жолағында кімдер барын көре алады, ал bcc жолағын көре алмайды). Хатыңыз өте шұғыл болмаса, «өте маңызды» немесе «шұғыл» деген белгілер қоймаңыз. Қосымша тіркемек болсаңыз, тіркегеніңізді нақтылаңыз. Электрондық пошта хатын тиімді жазуға арналған кеңестер және әдістермен танысу үшін 7.1-кестені қараңыз және «Бақылау тізімі. Электрондық пошта хатын тиімді жазу» кестесін оқыңыз немесе real-tіmeupdates.com/bct14 сайтындағы 7-тарауды таңдаңыз.

7.1-кесте. Электрондық пошта хатын тиімді жазуға арналған кеңестер
Кеңестер
Бұл неліктен маңызды?

Ақпаратқа немесе іс-әрекетке сұрау салғанда не үшін сұрағаныңызды, неліктен маңызды екенін және қаншалықты тез керектігін нақтылап айтыңыз, хатты алушы анықтап сұрамасын Хатта сұраған ақпаратыңыздың неліктен қажет екенін және қай уақытқа дейін керектігін ашып жазбасаңыз, хатыңыз елеусіз қалуы мүмкін Сұрауға жауап бергенде, сұрауды өз сөзіңізбен келтіріңіз немесе түпнұсқа хаттың біраз бөлігін салыңыз, хатты алушы қандай сұрауға жауап бергеніңізді түсінсін

Бизнестегі адамдар күніне жүздеген хат алады, сондықтан есіне салған дұрыс
Электрондық поштамен ұзақ, күрделі хаттар жазбаған дұрыс

Ұзақ хаттарды қосымшаға тіркеп жіберу немесе уеб-контент ретінде оқу жеңіл болады

Ресмилік деңгейін хат мазмұны мен оны алушыларға қарай бейімдеңіз Шектен тыс ресми хатты әріптестер салқынқанды, құрғақ деп қабылдауы мүмкін; тым бейресми болса, клиенттер мен топ-менеджерлер өздерін құрметтемеу деп түсінуі мүмкін Әр хаттың соңына тіркеу үшін байланыс ақпараты жазылған e-maіl қолтаңбасын қосыңыз Сол арқылы әркез қажет ақпаратты теріп отырмайсыз, хатты алушылар қажет кезде басқаша қалай хабарласу керектігін біледі

Оқылмаған хаттар жәшігіңізге жиналып қалмасын Маңызды ақпаратты өткізіп алуыңыз мүмкін, оған қоса хат иесін елеусіз қалдырғандай боласыз

Ешқашан бәрін бас әріппен жазбаңыз
Бүкіл мәтін БАС ӘРІППЕН ТҰРСА, «АЙҒАЙЛАП» ТҰРҒАНДАЙ КӨРІНЕДІ

Хатыңызға түрлі түсті фон қойып, әр түспен жазып, ерекше қаріптер т.б. қолданбаңыз

Ондай хаттар оқуға қиын болып, алушының жүйкесіне тиюі мүмкін
Хатыңыз кез келген поштаға кетуі мүмкін және онда мәңгілік сақталып қалады
Бір сәттік ашу мен теріс пікір бүкіл карьераңызға ықпал етуі ықтимал
«Алғаныңызды растаңыз» деген функцияны тек маңызды хаттарға қолданыңыз

Бұл функция біреу хатыңызды алғанда немесе ашқанда сізге хабарлайды, оны кейбіреу жеке өмірге қол сұғу деп қабылдайды

Компьютеріңізге вирустан қорғайтын бағдарлама орнатылып, жұмыс істеп тұрсын
Өз жүйеңізді қорғамасаңыз, басқалардың компьютеріне вирус жіберуіңіз мүмкін
Грамматика, орфография және бас әріптерге мән беріңіз

Кейбір адамдар электрондық пошта ресми ережелерді қажет етпейді деп ойлайды, бірақ қалай болса солай жазылған хат сізді сауатсыз көрсетіп, оқырманға жағымсыз әсер қалдырады

Қысқарған сөздерді байқап қолданыңыз ІMHO (менің пікірімше) немесе LOL (қатты күлу) сияқты қысқартулар әріптестер арасындағы бейресми хатта орынды болса да, ресми хаттарда қолдану қажет емес

Хабарлама жазу

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнестегі хат алмасу жүйелерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтайсыз Тарау басындағы Slack туралы дерек – хабар алмасудың жылдам дамығанын көрсетеді. Коммуникация құралының басты мақсаты – әңгімелесу, пікір алмасу. Баспа хаттар мен жазбалардың цифрлық баламасы сияқты электрондық поштамен салыстырғанда, хабар алмасу жеке сөйлесудің ең жақсы цифрлық баламасы саналады. Хабар алмасу технологиялары – мобайл телефонмен мәтін жазысу, дереу хабар алмасу жүйелері, онлайн чат жүйелері (көп компания клиенттерге қолдау көрсету үшін пайдаланады) және Slack немесе оның бәсекелестері тәрізді жұмыс орнындағы хабар алмасу жүйелерін қамтиды. Қазіргі кезде цифрлық хабар алмасудың көп түрі бар, мобайл құрылғыларда мәтін хабар алмасудан бастап жеке топтар арасындағы хат-хабар алмасу жүйелеріне дейін дамыған. Хабар алмасудың санаттары көп, түрлі жүйелер әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Мобайл телефондардағы мәтін алмасу сияқты стандартты жартылай топтық жүйелер бар, телефон нөміріңіз бар кез келген адам сізге хабарлама жібере алады немесе арнайы шақырылған мүшелер ғана хабарлама алыса алатын жабық жүйелер бар. Slack және басқа да корпоративтік хабар алмасу жүйелері бизнес иелеріне өте тиімді, олар командалар, бөлімдер мен топтар арасындағы ақпарат ағынын реттеуге, бірлесіп тиімді жұмыс істеуге көмектеседі. Хабар алмасу – бірлескен жұмыс істеу платформалары мен әлеуметтік желілерде де кең тараған функция. Хабар алмасу тек адамдар арасындағы байланыспен шектелмейді. 10-тараудағы «Коммуникация келешегі» айдарында баяндалған, автоматтандырылған хабар алмасу боттары қарапайым әңгімеге қатысып, пайдаланушылардың түрлі бизнес-міндеттерді шешуіне көмектесе алады.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Telegram – жеке сөйлесу және топтық чат жасау мүмкіндіктерін ұсынатын тегін хабар алмасу қосымшасы.

ХАБАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Хабар алмасудың e-maіl-ге қарағанда басты артықшылықтары:
• тікелей сөйлескендей болады;
• қауіпсіздік деңгейі жоғары;
• дереу жеткізеді.

Хабар алмасу коммуникация тұрғысынан алғанда электрондық поштаға қарағанда бірқатар басымдыққа ие, сондықтан соңғы жылдары біртіндеп e-maіl-дің орнын баса бастағаны таңғаларлық жайт емес. Біріншіден, ол көзбе-көз әңгімелесуге парапар, e-maіl мен басқа цифрлық құралдарға қарағанда жылдам пікір алмасуға қолайлы. Электрондық пошта немесе Facebook-тегі пікір алмасу арқылы әңгімелеспек болсаңыз, екінші тараптың жауабын күту қаншалықты уақыт алатынын білесіз. Екіншіден, Slack сияқты жабық жүйеде әкімшілер пікір алмасуға қатысушыларды таңдайды, сырттан еш қауіп төнбейді.10 Интернетте орталықтан бақылау тетігі жоқ электрондық поштаға қарағанда жеке хабар алмасу жүйелерінде қауіпсіздік деңгейі жоғары, қайтадан жүктеу мәселелері туындамайды. Үшіншіден, дереу хабар алмасу мүмкіндігі тез сөйлесу қажеттілігі болғанда өте ыңғайлы (элек­трондық пошта жүйесіне де алушыларға келген хабарлама туралы ескертетін қоңырау бар, оны e-maіl-ді оқу үшін ашу керек). Хабар алмасудың бірқатар кемшілігі бар. Біріншіден, дәл сол уақытта жазып отырғандықтан, барлық жүйедегі қолданушылар басқалардың жылдамдығы мен дәлдігіне тәуелді, кейде хабар алмасу тым баяу көрінуі мүмкін. Екіншіден, хабар алмасу жүйелерінің қауіпсіздік және құпиялық деңгейі әртүрлі, дереу хабар алмасудың топтық жүйелері жеке, корпоративтік жүйелер тәрізді қауіпсіз емес. Тіпті кейде Slack тәрізді жабық хабар алмасу жүйелерінің өзі қауіпсіздік тұрғысынан жапа шегеді. Үшіншіден, электрондық пошта тәрізді, хабар алмасу – бейвербал сигналдарды беретін мүмкіндігі шағын құрал, сондықтан хабар алмасушылар бір-бірін дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.11 Хабар алмасу басқа адамдардың әріпті теру қабілетіне тәуелді, жүйесі қауіпсіздік шабуылдарына осал (дегенмен электрондық поштаға қарағанда сенімдірек), оның үстіне хабар алмасу кезінде түсінбестік туындауы мүмкін.

ТИІМДІ ХАБАРЛАМА ЖАЗУға НҰСҚАУЛЫҚ Хабарлама жазуға көп уақыт кетпейді, оны тез ойлап, жазып, жібере аласыз. Дегенмен де үш сатылы жазу процесінің негізгі қағидаларын есте сақтаңыз: Жеке дереу хабар алмасуды алдын ала жоспарламасаңыз да, маңызды хабар алмасу нақты мақсаты бар әңгімелесумен бірдей. • Дереу хабар алмасуды жоспарлау. Әр хабар алмасуды әңгімелесу деп қабылдаңыз, өзіңіз жасайтын әр мәлімдемені немесе қоятын сұрақты егжей-тегжейлі жоспарлай алмасаңыз да, жалпы хабарламаның нобайын жоспарлап алыңыз. Әлденені сұрау керек болса, не қажет екенін және оны сұраудың ең тиімді жолын ойластырыңыз. Біреу бірдеңе сұраса, жауап бермес бұрын оның қажеттілігі мен өз мүмкіндігіңізді екшеп алыңыз. Әңгіменің жалпы сипатын дереу хабар алмасуда жоспарлау қиын болса да, ақпаратты ұғымды, толық етіп беруге тырысыңыз, сонда жеке хабарламалар көптеп түспейді. • Дереу хабарлама жазу. Электрондық пошта сияқты, бизнестік мақсатта хабар алмасу стилі жекедегі дереу хабар алмасу немесе мәтін алмасуға қарағанда барынша ресми. Қысқаша сөздерді қолданбауға тырысу керек (мысалы, «for what іt’s worth» (қалай болғанда да) дегеннің орнына HTH, «hope that helps» (көмегі тиер деп ойлаймын) дегеннің орнына FWІWдеп жазу), мұндай аббревиатуралар жақын араласатын әріптестер арасында жарасымды. 7.4-суретте көрсетілген хабар алмасуда пікір алмасушылардың тез әрі бейресми хабарлама алысып отырғанын байқайсыз, бірақ этика мен кәсіби сарынды ұстап отыр. Сіз және әріптестеріңіз клиенттермен және басқа сыртқы аудиториямен сөйлескенде осындай стильді ұстанғаныңыз жөн.

7.4-сурет. Бизнес-коммуникацияда дереу хабар алмасу Дереу хабар алмасу бизнесте кеңінен қолданылады, бірақ онда отбасы мүшелері немесе достарыңызбен сөйлескендей, бейресми стильді ұстанбаған жөн • Дереу хабар алмасуды аяқтау. Хабар алмасудың ең ұтымды тұсы – хабарламаны аяқтау өте оңай. Әдеттегідей, хабарламаны рәсімдеудің керегі жоқ, «Enter» басу немесе «Send» түймесі арқылы әп-сәтте жібере саласыз. Алайда мәтінді бір шолып шығу, тексеру керектігін ұмытпаңыз. Әр хабарламаны жіберер алдында бір оқып шығыңыз, әріптердің түсіп қалуы немесе қате кетуі мүмкін, хабарламаңыз түсінікті әрі толық болсын. Көп корпоративтік хабар алмасу жүйелері әр хабарламаны сақтайды, Slack сияқты жүйелердің арқасында оларды тез тауып алуға болады, сондықтан да асығып жазған қысқа хабарламаның өзі тұрақты жазбаның бір бөлігіне айналады. Келесі кеңестерді қолданып, қандай жүйені қолдансаңыз да, хабар алмасуды барынша тиімді әрі нәтижелі ете аласыз:12

Тиімді хабар алмасу салмақты әрі сыпайы болудан басталады. • Салмақты әрі сыпайы болыңыз. Электрондық пошта немесе әлеуметтік желілердегі жаңартулар сияқты, хабар алмасудың да шектен тыс көптігі жаман, сондықтан бос сөзге уақыт шығындамаңыз. Хабар алмасуды бастамас бұрын сөйлесетін адамның уақыты бар-жоғын сұрап алыңыз, ол кеңсенің есігін қағып, «Сөйлесуге уақыт бөле аласыз ба?» деп сұрағанмен бірдей. Компаниядағы адамға бірінші рет хабарлама жолдап отырсаңыз, өзіңізді таныстырыңыз. • Басқа жұмысқа көңіл бөлу керек болса, «сөйлесе алмаймын» деген белгі қойыңыз. Хабар алмасу арқылы сөйлесу немесе кездесу жоспарланса, белгіні алып тастайсыз. • Қорғалған жүйеде тұрмасаңыз, құпия ақпаратты жібермеңіз. Компанияңыздың қауіпсіздік саясаты хабар алмасу жүйесі арқылы жасалатын кейбір коммуникация түрлеріне тыйым салуы мүмкін. • Жеке хабарламаларды жібергенде барынша мұқият болыңыз. Олар бизнес­ке арналған коммуникация арналарын толтырып тастайды, қажетсіз кезде шығып, алушыны ұятқа қалдыруы мүмкін. • Аяқ астынан болған кездесуде керек адамдардың бәрі бар екеніне көзіңіз жетпесе, хабарлама алмаспаңыз. Маңызды қатысушылар қамтылмай қалуы мүмкін. • Ұзын, күрделі хат жазу керек болса, хабар алмасу жарамайды. Бұған электрондық пошта немесе басқа құралдар керек. • Бір сәтте бірнеше чатта әңгімелеспеңіз. Ондай кезде хабарламаны басқа жаққа жіберіп қоюыңыз мүмкін, немесе басқамен сөйлесіп жатқанда өзгелер күтіп қалады. • Барлық қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз. Осылайша компанияның ақпараты мен қауіпсіздік жүйесін шабуылдан қорғайсыз. Жұмыс орнында тиімді хабар алмасуға қатысты кеңестерді көру үшін «Бақылау тізімі. Хабар алмасуды өнімді пайдалану» айдарын оқыңыз, немесе real-tіmeupdates.com/bct14 сайтын ашып, 7-тарауды қараңыз.

Уеб-сайт контенті

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Сайт контентін жасау неліктен қиын екенін түсініп, ақпарат архитектурасы ұғымын айтып бере аласыз Уеб-сайт контентін электрондық пошта, әлеуметтік желі және басқа құралдарды қолданғандай, жиі қарамайтын боларсыз, бірақ компаниялардың көбінде кем дегенде базалық сайт бар, соны жоспарлауға немесе дамытуға үлес қосуыңыз мүмкін. Цифрлық медиа туралы оқыған ақпаратыңыздың көбі уеб-сайтқа да қатысты, бірақ сайттың өзіне тән ерекшеліктері де болады, соны игеру біраз еңбектенуді талап етеді (бұл жердегі ақпарат әдеттегі уеб-контентке байланысты. Блог пен уики туралы 8-тарауда баяндалады).

Уеб-сайт КОНТЕНТІН жинақтау

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Weebly мобайл сайттар құрудың қарапайым әдісін ұсынады.

Уеб-сайттардың жан-жақты болуының пайдасы да, зияны да бар. Пайдасы – жалғыз сайттың өзі әртүрлі аудиторияның әркелкі мақсатын орындауға қызмет етеді. Мысалы, компанияның сайтында ықтимал қызметкерлерге, инвесторларға, болашақ клиенттерге, бизнес-серіктестерге, бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті қауымдастық мүшелеріне арналған бөлімдер болады. Компания туралы көбірек білгісі келген кез келген адам сайтқа кіріп, қажет ақпаратын алуына мүмкіндік бар. Сайттардың әмбебаптығы ұйымдастыру кезінде қиындық тудыруы мүмкін, себебі сайтқа кірушілерге әртүрлі ақпарат керек. Алайда мұндай әмбебаптықтың зияны да бар, себебі байланыстың басқа түріне қарағанда сайт арқылы жоспарлау және ұйымдастыру қиынға түседі. Таргет аудиторияның әрқайсысы тек өзіне қажет ақпаратты іздеп, сайттағы басқа ақпаратқа назар аудармайды. Сайтты қолданушылар оған түрлі жолмен кіреді. Біреулер жоғарғы жолаққа URL жазып, енді бірі басқа сайттардың төменгі бетіндегі сілтеме арқылы кіреді (мысалы, блогтағы өнімге шолу жасап), көбі іздеу жүйесін қолдану арқылы өзіне қажет бетті табады. Уеб-сайт көп өлшемді орта болғандықтан, оқырмандар өздері қалаған тәртіппен оқи береді, ақпараттың басы, аяғы немесе соңы деп қарамайды. Сайтты ұйымдастырғанда оқырмандардың қандай ретпен оқитынын болжап, олар сайтты тиімді шолып шығуы үшін гиперсілтемелерді қажет жерлерге қою керек. Кәсіби сайт дизайнерлері «ақпарат архитектурасы» деген терминді қолданады, ол контент құрылымын, таңбалануын және сайттың барлық бөлігінің навигациялық ағынын білдіреді. Сайттың ақпарат архитектурасы жайында жақсылап ойлану керек, сонда ғана сайтқа кірушілердің бәріне пайдалы мағлұмат бере аласыз. Бір жағынан алғанда, ақпарат архитектурасы сайттың үш өлшемді сызбасы сияқты, олар: 1) бастапқы беттен төменірек деңгейге дейінгі беттің тік иерархиясы; 2) сайттың түрлі бөлімдері берілетін көлденең бөлініс; 3) осы беттерді іштей (сайттағы түрлі беттер) және сырттай (сайт пен басқа уеб-сайттар арасындағы) біріктіретін сілтемелер. Контент санаты аз қарапайым сайттарда ақпарат архитектурасы да қарапайым келеді. Бір беттік сайттар тудырған үрдіс бойынша тұтас контент бір бетке орналасады, соны басынан соңына дейін айналдырып қарап шығасыз. Мұндай сайттар мобайл құрылғылар үшін өте ыңғайлы, сайтты қарау үшін бетті айналдыра қарап шығу жеткілікті. Компаниялар да үлкен сайттың жекелеген бөлімдері үшін бір беттік үлгілерді қолданады. Алайда үлкен корпорация немесе ұйымның уеб-сайтында (мысалы колледж немесе университет сайты) архитектурасы өте күрделі, сондықтан сайт архитекторлары сайтты қараушылардың жұмысын жеңілдету үшін еңбектенеді.

Сайт қолдануға тиімді болуы үшін мына кеңестерді назарда ұстаңыз:13 Ақпарат архитектурасын жобаламас бұрын «Сайтқа кірушілер оны қалай қолданғысы келеді?» деген сұраққа жауап іздеңіз. • Қолдануға болатын сценарийлердің бәрін талқылап алыңыздар: сайтқа кімдер кіреді, не үшін кіреді, оларға қандай ақпарат керек, өзіне керек ақпаратты табу үшін қандай терминдерді қолданады? • Сайтқа кіруге болатын барлық нүктелерді анықтап, әр сегменттегі мақсатты ақпаратты әзірлеп қойыңыз. • Кіру нүктесі мен мақсатты ақпараттың арасындағы жолдың бәрін көрсететін карта немесе басқа көру құралын (уеб-дизайнерлер оны қаңқа деп атайды) жасаңыз, содан соң контент пен сілтемелерге ең қарапайым, тікелей әдіспен кіретіндей жасаңыз. • Сайтқа кірушілер сайттың жоғарғы жолағы арқылы үнемі кері қайта алатындай мүмкіндігі болуы керек, тіпті іздеу жүйесі арқылы сайттың ең түбіндегі бетке кірсе де, кейін қайтып шығатындай жағдай жасалуы шарт. • Сайтқа кірген адам іздегенін табатындай болсын (7.5-сурет). Біреулер негізгі терминдер арқылы іздегісі келеді, ал басқалар ақпарат нақтылана түсетін белгілі бір жолмен жүргісі келеді (мысалы: тауар►тауарды тұтынушы►құралдар ►электр құралдары).

7.5-сурет.
Оқырманға ыңғайлы уеб-дизайн

Zappos сайтынан алынған осы парақша оқырманға қажет ақпаратты тез табу үшін контентті қалай ұйымдастыру керегін көрсетеді. Сол жақтағы нөмірленген тізім жоғары деңгейдегі шолу әрі үстінен басу арқылы контентті таңдауға болады. Ол жердегі сөйлемді басып, толық ақпарат ала аласыз. Сайт оқырмандары бір беттен екіншісіне секірмей, 10 құндылықты жылдам шолып шыға алады • Таңбалар мен сілтемелер ретін сақтаңыз, жалпыға ортақ терминологияны қабылдаңыз. Мысалы, компания туралы ақпарат «Біз туралы» деген бетте тұру керек. Сайтыңыз ақпарат беретін құрал болғандықтан, оған кірген адам сайтты тиімді қолдану үшін қалай әрекет ету керектігін білуі керек. Оны ыңғайлы жасасаңыз, сайтқа кіруші іздеген ақпаратын тез тауып, жиі пайдаланатын болады.

Уеб-сайт КОНТЕНТІНІҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ Мәтінді жинақы жазуға қатысты нұсқаулықтардың бәрін де уеб-контентке қолдануға болады, оған қоса төмендегі кеңестерді де есте сақтаңыз (7.6-сурет): Таргет аудиторияның сеніміне кіру үшін ақпаратқа өте мұқият қараңыз, оқырмандар онлайн-контентке күмәнмен қарауы мүмкін. Контентіңіз нақты, өзекті, толық және сенімді болуы керек. Төңкерілген пирамида стилінде негізгі ойды уеб-беттің басында түйіндеп кетіңіз, содан соң мәліметтерді тарқатып жазасыз. • Мүмкіндік болса, төңкерілген пирамида стилін қолданыңыз, онда алдымен ең маңызды ақпаратты қысқаша бересіз, содан соң біртіндеп жіктеп жазасыз. Оқырмандар қажет деп тапса, қосымша мәліметтерді өздері ашып оқиды. • Оқырмандарға ақпаратты шағын, автономды әрі жеңіл оқылатын үзінділерге бөліп беріңіз, олар бір-бірімен логикалық тұрғыда байланысуы керек. Көп оқырманның интернеттегі көлемді бетті оқуға шыдамы жетпейді. • Ақпаратты қысқа, жеңіл оқылатын форматта ұсыныңыз. Нәтижелі сайттар оқырманның бетті тез парақтауына көмектесетін түрлі құралдарды қолданады, оған тізімдер, түс пен қалың бояулы әріпті қолдану, тақырыбын тартымды етіп қою, пайдалы мәлімет беру т.б. кіреді, осылайша мәліметті қаншалықты алуды оқырманның өзіне қалдырады. • Сайтты навигация жасау мен контентті жеңіл оқуға көмектесу үшін тікелей әрі қысқа сілтемелер атауын қолданыңыз. Ең алдымен, сілтеменің қайда апаратынын анықтаңыз. Контентті жасыратын каламбурлар қолданбаңыз және оқырман қайда бара жатқанын білуі үшін бетті парақтап отырмасын. • Мүмкіндігінше контентті ғаламдық аудиторияға лайықтап жасаңыз. Контентті аудару қымбатқа түседі, сондықтан кейбір компаниялар бастапқы бетті жалпы аудиторияға лайықтайды да, терең, толық контентті түпнұсқа тілінде қалдырады.

7.6-сурет. Уебке арнап контент жазу Google анықтамалығынан алынған Gmaіl-ге арналған осы бет уеб-контентін тиімді етіп жазуға мысал бола алады

Подкастинг

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Үш сатылы жазу процесін подкастингіге бейімдеу жолдарын меңгересіз Подкастинг – аудио- және видеофайлдарды жазып, онлайн тарату процесі. Подкастинг дауысты есту және көзбен көру тәрізді мультимедиалық мүмкіндіктерді біріктіреді әрі ықшам. Адамдар блог немесе сайттағы подкасттарды естіп, көре алады, немесе оларды мобайл телефонына/шағын музыка ойнатқыштарға жүктейді де, жүргенде де тыңдай береді. Қолмен ұстап, көзбен көруді талап етпейтін аудиоподкасттар көлік жүргізгенде немесе жаттығу жасағанда тыңдауға өте қолайлы.

ПОДКАСТИНГІНІҢ іскерлік қолданысын ТҮСІНУ Подкастинг аудио- және видеохабарламалардың алуан түрін жеткізу үшін қолданылады. Подкастинг – бұрыннан бар аудио- және видеохабарламалардың орнын басатын тиімді құрал, мысалы спикер тыңдаушылармен әңгімелесуді қажет етпеген кезде ақпаратты сала салатын біржақты телеконференция орнына қолданса болады. Білім алу да – подкастингінің жақсы жағы, подкаст арқылы оқу орнының курсынан өте аласыз. Маркетинг бөлімдері қымбат тұратын қағаз брошюраның орнына видеоподкасттар салып, жаңа өнімнің жарнамасын жасауға мүмкіндік бар. Әлеуетті клиенттермен кездесуге бара жатқан сауда өкілдері өз компаниясының өнімдері туралы жаңа мәлімет алу үшін аудиоподкаст тыңдайды, немесе видеоподкаст көре қояды. Кадрлар бөлімі жаңадан келген қызметкерлерді қызықтыру үшін компания туралы видеотур ұсынады. Блогерлер үшін де подкасттар өте ыңғайлы, адамдар өзінің сүйікті блогерін тыңдап, жазбаларын қарай алады.

ҮШ САТЫЛЫ жазу процесін ПОДКАСТ әзірлеуге бейімдеу
Үш сатылы жазу процесі подкастингіге қолдануға өте ыңғайлы.

Айналдыру, алдын ала көру және шолу сияқты бұру тетіктері подкастинг үшін өте маңызды. Подкаст контентін мұқият жоспарлаңыз, контексте хабар алмасуға қарағанда подкастта өңдеу қиынырақ. Басында түсініксіз көрінгенімен, үш сатылы жазу процесін подкастингіге оңай бейімдеуге болады. Біріншіден, жағдайды сараптап, жоспар құрыңыз, қажет ақпаратты жинап, содан соң материалдардың басын біріктіріңіз. Жоспарлау сатысы подкастты қандай мақсатта шығаратыныңызға байланысты, оны шектеулі пайдалануға және таратуға арнайсыз ба (мысалы, виртуал топқа арнап аудионы апта сайын жаңарту), әлде кең ауқымды аудиторияға арналған, ауқымды тақырыпты қозғайтын тұрақты жазба ма? Подкастинг арнасын құрғыңыз келсе, мақсатыңыздың нақты екеніне көз жеткізгенге дейін жариялайтын тақырыптар ауқымын анықтап алыңыз.14 Бір тақырыптан екіншісіне ауытқып, аудиторияны жоғалтып алуыңыз мүмкін.15 Тұрақты кестенің болуы да маңызды, подкаст жаңарып тұрмаса, тыңдармандарыңыздан айырыласыз.16

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Мобайл подкаст аудиоподкасттарды іOS құрылғыңызда ойнатуға және дереу WordPress блогыңызда жариялауға мүмкіндік береді. Подкастқа арнап контент жасаған кезде алдын ала көру, айналдыру және шолуға баса мән беріңіз. Мұндай бұру тетіктері аудиожазба үшін өте маңызды. Қағазға басылған ақпаратта оқырмандар тақырып пен басқа да көмекші элементтерді көре алады, аудиода ол жоқ. Мәтін хатқа қарағанда аудио- немесе видеохабарламаның керекті тұсын табу қиындау, себебі хабарламаны алға немесе артқа жүргізу керек, сондықтан аудиторияның ақпаратты бір дегеннен алып, дұрыс түсінуі үшін қолдан келгеннің бәрінен аянып қалмау керек. Базалық подкаст жасау үшін сіздің компьютеріңіз, мүмкін, тіпті смартфоныңыз да жарап қалар, ол үшін бағдарламалық жасақтаманың тегін жазбасын жүктеп алу жеткілікті. Подкастингінің бір артықшылығы – жазбаны тыңдағанда көзбе-көз сөйлескендей әсер қалдырады, әңгіменің бір жерін нақтылап, жазып алу керек болмаса, дайын сценарийді тыңдау керек болса, подкаст арқылы ақпарат алған қолайлы. Алайда ешкім бірнеше минутын сарп етіп, бас-аяғы жоқ подкаст тыңдағысы келмейді, сондықтан подкастты дайындықсыз жазбаңыз. Нәтижелі подкаст – мағыналы әңгіме секілді, басы, ортасы және соңы болады. Соңғы сатысында подкастинг жазбаша нұсқадан айтарлықтай ерекшеленуі керек, себебі аудио- немесе видеофайлды жазып, таратасыз. Ресми подкаст жазғанда жазбаны бастамай тұрып, сценарийді тексеріп шығыңыз, немесе айтатын тезистеріңізді ой елегінен өткізіп алыңыз. Бірінші әрекеттен-ақ подкаст тиімді шықса, еңбегіңіз өнімді болады. Қазірде көп дербес компьютерде, смартфондар (7.7-сурет) мен басқа құрылғыларда дыбыс жазудың базалық мүмкіндіктері бар, мысалы кіріктірілген микрофон, Audacіty сияқты дыбыс өңдейтін бағдарламалық жасақтаманы интернеттен тегін жүктеп алуға болады. Өнімділігі жоғары, барынша икемді болсын десеңіз, аудиопроцессор (бөгде шуды алып тастап, дыбысты жақсартады), микшер (бірнеше аудио- және видеосигналды біріктіру), жақсырақ микрофон, жазу және өңдеудің күрделі бағдарламалық жасақтамасын алу керек, сондай-ақ акустиканы жақсарту үшін бірқатар физикалық өзгерістер енгізу қажет болады.

7.7-сурет.
Мобайл подкастинг

Подкастингіге арналған мобайл қосымшалар подкасттарды тұрған жерінде жазып, салуды жеңілдетеді Подкаст бірнеше жолмен тарайды, оған іTunes сияқты медиадүкендер, подкастқа арналған хостинг қызметтері немесе подкаст арнасы бар блог контенті кіреді. Бизнес-подкастингінің негізгі тармақтарын жедел шолып өту үшін «Бақылау тізімі. Бизнес-подкаст жоспарлау және әзірлеу» айдарын қараңыз. Подкастинг туралы көбірек ақпарат алу үшін real-tіmeupdates.сom/bct14 сайтына өтіңіз де, 7-тарауды қараңыз.

Slack

КОММУНИКАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Сан-Францискодағы Slack кеңсесінде өнім менеджері болып жұмыс істейсіз. Міндетіңізге Slack платформасы үшін жаңа функцияларды анықтауға жауапты кросс-функционал команданы басқару, жобалау, маркетинг, сату және қаржы саласындағы мамандармен бірге істеп, жаңа мүмкіндіктерді нарыққа шығару кіреді. Бұл адамдар географиялық жағынан шашыраңқы орналасқан, сондықтан коммуникацияны бетпе-бет немесе онлайн кездесу арқылы емес, хабар алмасу арқылы өткізесіздер. Хабар алмасу туралы меңгерген біліміңізді төмендегі екі қиындықты жеңуге қолданып көріңіз. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА. Бағдарлама әзірлеуші компанияларда әдетте жаңа функцияларға қатысты болжалды тізім болады, онда клиенттердің талаптары, ішкі қызметкерлердің идеялары мен өнімді ұзақмерзімдік жоспарлаудан туған мүмкіндіктері қамтылған. Бағдарламаны жаңартуға осы идеялардың бірін қолдануды таңдау – оңай міндет емес. Бұл үшін көбінесе уақытты ыңғайлап, құнын, нарықтағы сұранысты, бәсеке мен қызметкерлердің жұмыс уақытын және басқа да өзгерістерді ескеру керек. Осы аптаның басында сату бөліміндегі бір қызметкер клиенттердің белгілі бір функцияны талап еткенін айтты, бірақ инженерлер жоспарланған жаңарту уақытына оны үлгермейтінін ескертті. Сондықтан олар аралық мүмкіндікті қарастырды, әрине, ол керемет шешім болмағанымен, қолдануға болады деп келісті. Маркетинг мамандар лайықты емес функцияны енгізсек, өнімнің нарықтағы сұранысы азаяды деп алаңдайтындарын айтты. Осындай пікірталаспен бірнеше күн босқа өтті, уақыт таяғанда есеп бөліміндегі маман: «Бос сөзді қойып, шешім қабылдайтын кез жетті», – деп жазады. Оған инженерлер мен маркетинг бөлімінің бюджетін жаңарта беру оңайға соқпайды, топтағылар «нақты шешім қабылдамай, әрнәрсені бір айта берсе», ол өз жұмысын лайық дәрежеде атқара алмайды. Команда жетекшісі ретінде сіз қысқа жауап жазуыңыз керек (бір абзацтан артық емес). Жауабыңыз бухгалтердің хатынан соң туындаған шиеленісті басып және өзіңіз бөліскіңіз келген ақпаратты толық баяндайтын болсын. Өнім менеджері ретінде бөліскіңіз келетін барлық ақпаратты жинаңыз. КОМАНДАЛЫҚ ТАПСЫРМА. Жетекшіңіз тағайындаған топпен бірге жеке проблемада берілген мәселені шешу жолдарын талқылаңыз, топ мүшелері бір шешімге келгенше, ықтимал бизнес-сценарийлерді талқылап шығыңыз. Шешім қабылдауға кедергі келтіретін проблемалар көп, оның үстіне шешім қабылдау қажеттігі мен барлық ақпаратты жинап, сараптап шыққаныңызға сенімді болуыңыз керек. Кез келген компаниядағы топтар шешім қабылдау қиындығы туғанда брейнсторминг жасайды. Slack тәрізді бірлесіп жұмыс істейтін платформаға салуға болатын қысқа құжатты әзірлеңіз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Ақпарат архитектурасы – сайттағы контент құрылымын, таңбалануын және барлық бөлігіне шолу жасауды қарастыратын жоспар немесе карта.

Подкастинг – аудио- немесе видеофайлдарды жазып, интернетте тарату процесі. Подкастинг арнасы – белгілі бір тақырыптар бойынша тұрақты серияларды жариялап тұру. Хабар алмасу – пайдаланушылардың хаттары бір-бірінің экранына дереу шығатын коммуникация түрі. электрондық пошта тәрізді оны жекелеп ашудың керегі жоқ, оған телефон арқылы мәтін алмасу, дереу хабар алмасу және жұмыс орнындағы хабар алмасулар да кіреді. E-maіl қолтаңба – сіздің толық аты-жөніңіз, лауазымыңыз, компанияңыз және байланыс деректеріңізді хаттың соңына автоматты түрде жазатын шағын файл.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Бизнес-хатқа қажет негізгі цифрлық медиа форматтарын анықтап, цифрлық медиада қолданылатын тоғыз композициялық режим туралы білдіңіз. Бизнес бойынша хабар алмасу кезінде қолданылатын негізгі цифрлық құралдарға электрондық пошта, хабар алмасу, уеб-контент, подкастинг, әлеуметтік желілер, ақпарат пен мультимедиа алмасатын сайттар, уикилер, блог пен микроблог және онлайн видеолар жатады. Цифрлық коммуникацияда қолданылатын тоғыз композициялық режим: әңгімелесу, пікір мен сын айту, ориентация, қысқаша түйін, сілтеме, тизер, әңгімелеу, жаңартылған ақпарат пен анонстар, оқу құралдары. 2 бизнес-коммуникациядағы электрондық поштаның рөлін сипаттап, үш сатылы хат жазу процесін электрондық поштаға қалай бейімдеуге болатынын үйрендіңіз. E-maіl – цифрлық жазба құралдарының көнесі болғандықтан, кең ауқымды коммуникациялық мақсаттарға қолданылды. Бірақ оны қолдану кейде тиімді болса, енді біріне онша жарай бермейді. Уақыт өте келе дереу хабар алмасу, блог, әлеуметтік желі сияқты жаңа құралдар сол мақсаттарды жақсырақ атқарды, бірақ электрондық пошта жеке қарым-қатынаста, қысқа және орташа мәтіндер алмасуда қолайлы негізгі құрал болып қала береді. Үш сатылы жазу процесін электрондық поштаға оңай икемдеуге болады. Электрондық хатты жоспарлау кезіндегі ең маңызды шешімдердің бірі – әр хаттың құнды мақсаты бар екеніне көз жеткізу. Негізгі мәселеге қатысты қабылданған шешім ұйым ішінде басқа хаттардың тізбегін тудырады, бастығыңызбен ақылдаспай e-maіl жазу оның ренішін тудыруы мүмкін. Электрондық пошта хаттарын жазғанда бизнес-хаттарда жазу сапасы мен ресми стильдің сақталуына баса мән беріледі. Электрондық пошта хатының тақырыбына назар аударыңыз, хатты алушының оны ашуы және оқуы соған байланысты. Тиімді тақырып ақпаратқа толы (хаттың не туралы екенін білдіреді) және еліктіргіш (хатты оқуға ынталандырады). Электрондық хатты қарапайым, түсінікті етіп жазу керек. Хатыңызды қайта қарап, тексеріп шығыңыз (әсіресе өте маңызды хаттарды), артық-кем ештеңе болмасын, дизайны таза болсын, e-maіl қолтаңбасын қолданыңыз, хатты қажет адамдарға жібергеніңізге көз жеткізіңіз. 3 Бизнестегі хат алмасу жүйелерінің артықшылығы мен кемшілігін білдіңіз. Хабар алмасудың артықшылығы бетпе-бет отырып сөйлескендей болады, электрондық поштамен хат алмасуда алаңдататын мәселелер тумайды және қауіпсіздік деңгейі жоғары. Ал кемшілігі – бір уақытта хабарлама алмасқанда жекелеген қолданушының теру қабілетіне тәуелді, кейде қауіпсіздік мәселелері туындайды, сондай-ақ құрғақ медиа құралдарына тән кемшіліктер бар. 4 Сайт контентін жасау неліктен қиын екенін түсіндіріп, ақпарат архитектурасы ұғымымен таныстыңыз. Уеб-сайт контентін жасаудағы басты қиындық – оның жан-жақты, көп қырлы болуы. Жан-жақтылықтың жақсы жағы да бар, жалғыз желі көп пайдаланушының түрлі сұранысына жауап береді. Бірақ әртүрлі пайдаланушыларға маңызды әрі тиімді тәжірибе жасауға қиындық тудырады. Уеб-сайт жасағанда ақпарат архитектурасына баса мән беру керек, ол – контент құрылымының картасы. Сондай-ақ таңбалау мен навигациялық сілтемелер мен бағыттайтын сызбалар өте қажет. 5 Үш сатылы жазу процесін подкастингіге бейімдеу жолдарын меңгердіңіз. Подкаст дайындағанда аудио немесе видео жазатын болсаңыз да, үш сатылы жазу процесін қолдансаңыз, нәтижесі жақсырақ болады. Жоспарлау кезінде оқиғаны талдап, қажет ақпаратты жинап, материалдарыңызды сұрыптап алыңыз. Белгілі бір тақырыпқа подкаст сериясын жасамақ болсаңыз (радио немесе телешоудың баламасы), материалдарыңыздың, қозғайтын тақырыптардың жеткілікті екеніне сенімді болыңыз. Контент ретінде қолданатын сөздер немесе бейнелер туралы ойланған кезде алдын ала көру, айналдыру және шолуға қатты мән беріңіз, сонда материалды көріп немесе тыңдап отырған аудиторияңыз адасып қалмайтын болады. Подкаст жазар алдында айтар сөзіңізді мұқият ойланып алсаңыз, негізгі ойды қорытар кезде шатасып, кідіріп қалмайсыз. Өнім сапасына да мән беріңіз, сапалы подкаст жазу үшін арнайы аппарат пен бағдарламалық жасақтама қажет болады.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау контентіне шолу жасау үшін көрсетілген «Оқыту мақсатымен» танысыңыз. 7-1. Қандай жағдайларда цифрлық медиа емес, жазбаша хабарламаны қолданған дұрыс [1-ОМ]? 7-2. Ориентация, қысқаша түйін және тизерлердің композициялық режимі қалай ерекшеленеді [2-ОМ]?

7-3. Электрондық хатта тақырып жолағы неліктен маңызды [2-ОМ]? 7-4. Бизнес-коммуникацияда хабарлама қолданудың қандай пайдасы бар [3-ОМ]? 7-5. Хабар алмасуды жоспарлау керек пе? Жауабыңызды түсіндіріңіз [3-ОМ].

7-6. Ақпарат архитектурасы деген не [3-ОМ]? 7-7. Подкаст арнасын бастамай тұрып, ұзақмерзімді, тұрақты мақсат қою неліктен маңызды [5-ОМ]? 7-8. Бизнес-подкасттарды жазғанда дайын сызба, жазбасыз, «суырыпсалма өнерін» қолдану ақылға қонымды ма? Неліктен [5-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау контентіне шолу жасау үшін көрсетілген «Оқыту мақсатымен» танысыңыз. 7-9. Мобайл құрылғыларға арнап қандай инновациялық үш әдісті оқу орныңыздың сайтына лайықтай аласыз [1-ОМ]? 7-10. Компанияда шығынды азайту қажеті туындаса, бірақ қызметкерлер арасында қысқарту болады деген сөз таратпау керек болса, «Әркімнің жұмысын сақтау үшін шығынды азайтуымыз керек» деген тақырыппен электрондық хат жіберген ақылға қонымды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз [2-ОМ]. 7-11. Бизнестегі электрондық хабарламада эмотикон қолданасыз ба? Жауабыңызды түсіндіріңіз [2-ОМ]. 7-12. Үлкен жобаны талқылау кезінде байланыс жасау қиынға түсті делік, себебі команданың кей мүшелері астарлы немесе жауапсыз хабарламалар жазуға үйренген, ол хабарламаны алушылар жіберген адамның көкейіндегі ойды түсінгенше, бірнеше хабар алмасуға мәжбүр. Жоба жетекшісі ретінде топ мүшелерімен сөйлесіп, хабарламаны түсінікті жазу керектігін ескерттіңіз, бірақ олар: «Алдын ала мұқият жоспарлап отыру – дереу хабар алмасуға жарамсыз», – деді. Жағдайды қалай шешесіз [3-ОМ]? 7-13. Компанияңыздың уеб-шебері тегтеуді жақсы көреді, уеб-контентті санаттар тегімен сәйкестендіреді, осылайша белгілі бір тақырып бойынша тұтас контентті алу оңайға түседі. Оның ойынша, тег – өте қуатты құрал, сондықтан сайтты әдеттегідей құрылымдап жасаудың керегі жоқ. «Тег сүзгілеуді қолдану арқылы адамдар керегінің бәрін тауып алады», – дейді. Электрондық поштамен хат жазып, ақпарат архитектурасының неліктен әлі де қажет екенін түсіндіріңіз [2-ОМ], [4-ОМ]. 7-14. Жиырма немесе отыз жыл бойы бір қызметте істеп келе жатырсыз, жетекшілік жасаудан жеткілікті тәжірибеңіз бар. 800 қызметкермен сол тәжірибеңізді бөлісу үшін екі апталық подкаст жасағыңыз келеді. Қызметкерлеріңіз мұқият тыңдауы үшін подкасттар сериясын қалай жоспарлауыңыз керек [5-ОМ]?

Шеберлігіңді сына 7-15. 1-хабарлама. Медиа дағдылар: хабар алмасу, бизнес-коммуникацияға лайық стиль жасау [3-ОМ]. Хабар алмасуды қараңыз да, клиенттерге қызмет көрсету жөніндегі агенттің жағдайды қалай бұдан да тиімді шешуіне болатынын айтыңыз. Агент: – «Үйдегі жаттығу құрылғысы» орталығына хабарласқаныңызға рақмет. Қандай сауалыңыз бар?

Клиент: – Жаттығу құрылғысын құрай алмай жатырмын.
Агент: – Бұл сөзді мың рет естідім. LOL (ішегі түйілгенше күлу).
Клиент: – Айып менен бе, әлде құрылғыдан ба?
Агент: – Көрейік. Несі дұрыс болмай тұр?

Клиент: – Тік бағандарды жалғайтын керме ағашы оған сай емес.
Агент: – Сай емесі қалай?
Клиент: – Сай келмейді. Бағанға мүлдем жетпей тұр.

Агент: – Сіз бағанды дұрыс орнатпаған боларсыз. Мүмкін, біз басқа кермені беріп жіберген шығармыз?

Клиент: – Мен не деп тұрмын?

Агент: – Бөлшектер таңбаланбаған, сондықтан қиын шығар? Сізде өлшегіш таспа бар ма? Керме ағаштың ұзындығы қандай? 7-16. 2-хабарлама. Медиа дағдылар: подкастинг. Жоспарлау: контентті жобалау [5-ОМ]. Бұл хатты түсіну үшін realtіmeupdates.com/bct14 сайтын ашыңыз, Student Assіgnments тақырыбына кіріп, 7-тарау, 7.В-хабарламаны ашып, подкастты тыңдаңыз. Подкастты жақсартудың кем дегенде үш әдісін атаңыз, подкаст иесіне жақсартуға қатысты пікірлеріңізді жазып, электрондық хатпен жіберіңіз.

Жаттығулар Әрбір әрекет сіз қолдануға тиіс дағдыларға орай туындайды. Сәйкес тарау контентін шолу үшін берілген «Оқыту мақсатымен» танысыңыз. Кей жағдайларда қосымша ақпарат келесі тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 7-17. Ынтымақтастық: командада жұмыс істеу. Жоспарлау: медиа таңдау [1-ОМ], 2-тарау. Осындағы хабарлардың әрқайсысы үшін нәтижелі саналатын медианы таңдаңыз, неліктен оны таңдағаныңызды түсіндіріңіз (кейбір жағдайда бірнеше медиа қолданылуы мүмкін, өз таңдауыңызға берік болыңыз). а. Цифрлық музыка ойнатқыштарын қолдануға тырысатын адамдарға техникалық қолдау көрсету қызметі.

ә. Жақында дүниеден өткен қызметкердің отбасына көңіл айту. б. Шағын компанияның бас директоры фирма қызметкерлеріне хат жолдап, бәсекелестерге қосылу үшін компаниядан кететінін айтады. в. Өнеркәсіп мамандарының көбіне арналған өнеркәсіптің жағдайы туралы бақылау тізімі. г. Компанияның құпия жобасына арналған команданың жұмысына қатысты хаттар, сұрақтар мен жауаптар. 7-18. Медиа дағдылар: электрондық поштаның тақырыбын жазу [2-ОМ]. Электрондық хаттың тақырыптарына қараңыз. Оларды барынша қызықты, ақпараты мол ету үшін қалай түрлендіруге болады? Қиялыңызға ерік беріңіз:

а. Жаңа бюджеттің цифрлары.
ә. Маркетинг брошюрасы – сіздің пікіріңіз?
б. Өндіріс кестесі.

7-19. Медиа дағдылар: электрондық пошта [2-ОМ]. Төменде берілген электрондық хатты қараңыз. Мәтінде бизнес-хабарламаны жоспарлау және жазу туралы оқыған кезіңізде айтылған бірқатар қате бар. Осындағы ақпаратты қолданып, хаттың тиімді нұсқасын жазып шығыңыз.

«Кімге: Фелисия Август fb_august@evertrust.com
Тақырыбы: Халайық, бұл – үзіліс!

Үзіліс уақытына қатысты ережелер біреулерге ұнамайтын шығар, алайда қызметкерлердің белгіленген уақыттағы тұрақты үзіліс кезінде емес, өздері қалаған кезде үзіліске шығуы біз қалағандай нәтиже бермейтінін анықтадық. Жаңа ережеге сай таңдау жасай алмайсыздар. Оған бағынбасаңыздар, тікелей басшыңыз қандай себеппен жұмыста болмағаныңызды түсіндірмейінше, жұмыста болмаған уақытыңызға жалақы есептелмейді. Жаңа ережеге немқұрайды қарап, қателік жіберсеңіз, оған біз жауап бермейміз. Мәселе бойынша бұрыннан шағымданып жүргендер бар, енді осы хат соның бәріне нүкте қояр деп сенемін. Шешім қабылданды. 1 қаңтар, дүйсенбіден бастап барлығыңыз таңертең 15 минут үзіліс аласыздар және түс кезінде де сондай уақыт беріледі. Басшыңыз белгілеген уақытта түскі ас ішуге 30 минут бөлінеді, оған бару-бармауды сіз ШЕШПЕЙСІЗ!

Жаңа ережені бұлжытпай орындау талап етіледі!
Фелисия Август
Шот ұсыну және бухгалтерия бөлімі».

7-20. Медиа дағдылар: хабар алмасу, бизнеске қажет сарын қалыптастыру [3-ОМ]. Кәсіби бүркігіш бояу әзірлейтін фирмаңыз өзара коммуникация орнату үшін іштей хабар алмасу жүйесін қолданады, клиенттер және жабдықтаушылармен де хабар алмасу арқылы байланыс орнатады. Жақында бірнеше клиент өздеріне келген хаттың көшірмесін сізге жолдап, қызметкерлеріңіздің маңызды ақпаратты жіберуде ресми стильді ұстанбайтынын тұспалдады. Сіз олардың хатынан үзінді келтіріп, жазудың лайық стилін көрсеткіңіз келді. Сөйлем құрылымын өзгертіп, бизнес-стиліне жақын үлгіні ұсындыңыз (қажет болса, қысқарған сөздердің мағынасын интернеттен қарап алыңыз):

а. ІMHO, төрт цилиндрлі құбыр айдауыш – 4U ең үздік моделі.
ә. Дым емес, көмекке әзірмін.

б. Не деп тұрсыз, L400 моделін өзім қолданып жүрмін ғой, айтарға сөз жоқ. в. Көп жағдайда осы бүркігіш газынан 20–30% редукция байқалады, ДСББМ (дегенмен сізде басқаша болуы мүмкін). 7-21. Медиа дағдылар: уеб-контент жазу. Жоспарлау: контентті жоспарлап алу [4-ОМ]. Шағын компания немесе үкіметтік емес ұйымның сайтын табыңыз, өте шағын әрі қарапайым сайт болсын. Сайттағы барлық жеке беттерді тауып, содан соң шамаңыз келгенше, сайттың ақпарат архитектурасын «қайта құрылымдап шығыңыз», жеке беттер арасындағы байланыстарды сәйкестендіріңіз. Әртүрлі беттерді біріктіретін архитектуралық карта сызыңыз (көмек: сайтта «Сайт картасы» деген сілтеме болса, барлық бетті сайтпен біріктіретін иерархиялық тізімді көру үшін сілтемені басыңыз). 7-22. Медиа дағдылар: подкастинг. Жоспарлау: контентті жоспарлап алу [5-ОМ]. Компаниядағы көп қызметкермен ақпарат алмасу үшін апта сайын подкаст жазуды қолға алдыңыз. Бір айдан соң олардың біразының пікірін сұрайсыз, алайда көбі бір-екі аптадан соң подкаст тыңдауды тоқтатқанын біліп, қынжылып қаласыз. Қызметкерлердің біразы жазба тым ұзақ әрі шұбалаңқы, нақты ойды түсіну қиын деп санап, уақыттарын сарп еткісі келмейді. Бұған қанша наразы болсаңыз да, жазбаны жетілдіру керек. Көмекшіңіз соңғы аптадағы подкастты теріп алып келді, оны оқығанда екі мәселе бірден көзге түсті. Осы тарауда үйренген біліміңізге сүйеніп, кіріспесін түзетіңіз. «Сонымен, мен Сельма Гилмен бірге түскі ас іштім, ол бізге жаңа ғана қосылды, Джексон Страудқа қарайтын солтүстік-шығыс аумақтағы сауданы өзіне алды. Біздің сүйікті бастығымыз Сельма Unі-Plex-тегі бұрынғы бастығымен серуендеп жүр, олар біздің өнімнің бірлескен бренді бойынша шартқа отырыпты, енді оларды елдегі төрт аймаққа таратпақ. Керемет қой! Сельма Unі-Plex-тен кетіп, біздің өнімдерді сатпақ болған еді, енді бұрынғы заттарын да сататын болды. Қалай болғанда да, ыңғайы келсе, онымен сөйлесіп қалыңыздар, ол бизнесті жетік біледі, сатуға қатысты мәселелер туғанда көмегі тиер. Келер аптада бірлескен бренд туралы қосымша ақпарат береміз, бәріміздің құлшынысымыз арта түседі деп ойлаймын. Осы негізгі екі мәліметті айтқым келген, одан басқа жаңалық – комиссия бойынша есеп беру өзгерді. Сәлден соң толық мәлімет беремін, ал сіздер интранетке кіргенде, сату нәтижесінің өнім жолағы және өндіріс секторы болып екіге бөлінгенін көресіздер. Соған қарап қай жағынан жетістікке жеткенімізді, ал қай жағынан ақсап жатқанымызды көре аласыздар деп ойлаймын. Айтпақшы, тағы бір маңызды ақпаратты ұмытып барады екенмін. Сүйікті бастығымыз туралы айтқанда, Томас алдағы аптада өтетін тоқсандық сату жиынында біздің құрметті қонағымыз болмақ, жанармай бағасы клиенттердің мінез-құлқына қалай әсер ететіні туралы ақпарат алғысы келеді. Әр аудан менеджері қысқа есеп беруге әзір болсын. Комиссия туралы есеп беру тәртібі туралы айтып болған соң не дайындау керектігін ескертетін боламын».

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандарды сынау

Сіз қолданатын немесе болашақта қолдануыңыз мүмкін өнімдер мен қызметтерді сататын компаниялардың Twіtter-дегі аккаунттарын қараңыз. Басқа сайтқа өтуге үгіттейтін үш тизер хабарламаны табыңыз. Оқу орнындағы блогыңызда немесе оқытушыңызға жазған электрондық хатта үш тизердің тиімділігін салыстырыңыз. Қайсысы көбірек әсер етеді, ал қайсысының әсері аз? Неліктен? Тизерлердің нәтижесі өзіңіз күткендей болды ма?

Карьералық дағдыны интернетте шыңдау Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникация бойынша ізденіске арналған бірегей зерттеу құралы. Сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентацияны табу үшін «Уеб-ізденісті» қараңыз, сол жерде тиімді электрондық хат жазу мен мобайл құрылғылар арқылы хабар алмасу туралы кеңестер берілген. Оқытушыңызға шағын электрондық хат жазып, өзіңізге ұнаған бөлімді сипаттаңыз, одан үйренген карьера жасау дағдысы туралы қысқаша түйіндеп жазыңыз. Барлық жағдайда тиімді хат жазуға қажет кез келген мәліметті қолданып, шабытпен жазуға тырысыңыз.

ланып, қажет мәліметті ойдан құрастырып, тиімді хат жазыңыз.
e-maіl жазу ДАҒДЫЛАРы

7-23. Медиа дағдылар: электрондық пошта. Хат жазу стра­тегиясы: күнделікті хаттар [2-ОМ], 10-тарау. Топ болып хабар алмасу қосымшалары шағын командалардан тұтас компанияға дейін, мектепішілік топтардан бастап бизнеске қатысы жоқ мекемелерге дейінгі барлық ұйымдарда байланыс жасауды жақсартады. Тапсырма. Ұйымның жаңа хабар алмасу бағдарламалық жасақтамасын таңдауға жауаптымын деп санаңыз. Өзіңіз бұрын жұмыс істеген немесе қазір істеп жүрген мекемені таңдаңыз, ерікті болып істейтін коммерциялық емес ұйымды таңдаңыз, немесе сабақтардың біріндегі жоба командасын алыңыз. Балама ретінде кез келген шынайы немесе қиялдағы ұйымды алыңыз, яғни бірнеше адам бірлесіп хабар алмасатын орта керек. Slack пен оның екі бәсекелесінің мүмкіндігін зерттеп, әр жүйенің 3–4 маңызды ерекшелігін анықтаңыз. Осы негізгі сипаттарын салыстырып, электрондық хат жазыңыз (төрт абзацтан аспасын), соның қорытындысы ретінде өзіңіз таңдаған ұйымға сол жүйенің біреуін ұсыныңыз.

e-maіl жазу ДАҒДЫЛАРы 7-24. Медиа дағдылар: электрондық пошта. Хат жазу стратегиясы: жағымсыз хаттар [2-ОМ], 11-тарау. Көп компания клиенттің пікірі қате болса да, «клиент қай кезде де дұрыс айтады» деген қағиданы ұстанады. Олар клиенттің көңілінен шығу үшін түрлі әрекеттер жасап, көп қайталама сатылым өткізеді, ықтимал сатып алушылар арасында жақсы пікір қалыптастыруға ұмтылады. Бұл – бизнесте табыс әкелетін ақылды әдіс. Дегенмен компаниялар уақытыңды, энергияңды және ақшаңды рәсуа ететін жағымсыз клиенттердің болатынын біледі, мұндайда ең дұрысы – ондай адаммен істес болудан бас тарту. Мысалы, жағымсыз клиент үнемі сізге немесе қызметкеріңізге тіл тигізуі мүмкін, өтем жасау немесе жеңілдік беру туралы ақылға қонымсыз талаптар қояды, немесе көп көмек сұрайтыны соншалық – оған қаржыңызды құртып қана қоймай, басқа клиенттерге уақыт бөлуге шамаңыз келмей қалады. Клиенттен «құтылу» – өте жағымсыз қадам, әдетте клиент шектен шыққанда ғана мұндайға бару керек, оған дейін барлық амалдарды қарастырған жөн (клиентпен проблема туралы сөйлесіп көру), бірақ кей жағдайда компания мен қызметкерлердің игілігі үшін ондай клиенттен құтылған абзал. Тапсырма. Қазір жұмыс істеп жүрсеңіз немесе бұрын істеген болсаңыз, дәл сондай клиентке тап болдым деп елестетіңіз. Егер мүлде тәжірибеңіз болмаса, кампустағы немесе өзіңіз тұратын аудан маңындағы бөлшек сауда орнында жұмыс істеймін деп санаңыз. Ойдан шығарған клиенттің жағымсыз жаңалықты естігенде қандай әрекет жасайтынын және оны қабылдай алмайтын себептеріңізді ойша дайындап алыңыз. Клиентке электрондық пошта арқылы хат жазып, оны клиенттер тізімінен шығаратыныңызды мәлімдеңіз. Мұндай қиын шешімге неліктен барғаныңызды сабырмен түсіндіріңіз. Кәсіби стильді ұстаныңыз, эмоцияға ерік бермеңіз.

e-maіl жазу ДАҒДЫЛАРы/

ТОПТЫҚ ДАҒДЫЛАР

7-25. Медиа дағдылар: электрондық пошта. Ынтымақтастық: командалық жобалар [2-ОМ], 2-тарау. Колледж бен университет – күрделі ұйым, олар бюджеттік шектеулер, кадрлар мәселесі, инфрақұрылым проблемасы, орынға шектеу қою сияқты көп мәселені шешумен қатар, студенттерге білім алуға қолайлы жағдай жасауы керек. Тіпті ең жақсы басқармасы бар, молынан қаржыландырылатын оқу орнының өзінде кампусқа қоятын талаптар табылады. Тапсырма. Оқытушы тағайындаған топпен бірге кампустағы өмір сүруге қолайсыз мәселелерді анықтаңыз. Ол көлік қатынасы немесе тұрғынжай мәселесі, немесе жеке бас қауіпсіздігі мәселесі болуы мүмкін. Оқу орны басшылығына арнап электрондық хат әзірлеңіз. Хатыңызда мәселені қысқаша баяндап, оның туындау себебіне талдау жасап, жақсарту жолдарын ұсыныңыз. Хатты жолдасаңыз, кампустағы өмірдің қаншалықты жақсаратынын түсіндіріңіз (оқытушыңыз келісім бермейінше, хатты жібермеңіз).

e-maіl жазу ДАҒДЫЛАРы/

ТОПТЫҚ ДАҒДЫЛАР

7-26. Медиа дағдылар: электрондық пошта [4-ОМ]. Шынайы өмірде болған оқиғаларды зерттеу – түрлі компаниялардың клиенттермен және басқа да мүдделі топтармен қалай коммуникация жасайтынын түсіндіретін тамаша әдіс. Тапсырма. Оқытушыңыз тағайындаған топтағы әріптестеріңізбен бірге www.goodemaіlcopy.com сайтындағы Just Good Copy-ден бес электрондық хат таңдаңыз. Тарауда айтылған талаптар бойынша олардың тиімділігін бағалаңыз. Ең тиімдісінен нәтижесі азына қарай сатылап қойып, топ алдындағы презентация кезінде қысқаша түйіндеп айтыңыз, немесе оны оқу орнындағы блогыңызға салыңыз.

e-maіl жазу ДАҒДЫЛАРы/

МОБАЙЛ ДАҒДЫЛАР

7-27. Медиа дағдылар: электрондық пошта [4-ОМ]. Смартфон экраны көлемінің шектеулі болуы басқаша жазуға мәжбүрлейді (209-бетті қараңыз) және оның рәсімделуі де өзгеше (234-бетті қараңыз). Тапсырма. Өзіңізді қызықтыратын кез келген компанияның сайтынан жаңа өнімнің шыққанын хабарлайтын баспасөз хабарламасын тауып алыңыз. Бетті немесе қолыңызда бар басқа жазу қосымшасын қолданып, материалды смартфон экранынан жақсы көрінетіндей етіп өңдеп шығыңыз.

ХАБАР АЛМАСУ ДАҒДЫЛАРЫ

7-28. Медиа дағдылар: хабар алмасу. композициялық режимдер: оқулықтар [1-ОМ], [5-ОМ]. Тұнықтығы жоғары теледидарларды көрген жақсы, бірақ сатып алу оңай емес. Бұл салада бәсекелес технологиялар мен түсініксіз терминдер көп, тұтынушыларға оның бәрі бірдей қажет емес. Дегенмен де бір техникалық терминді түсіну үшін басқаларынан да хабардар болу керек, осылайша тұтынушылар алфавиттік-сандық шытырман әлемде адаса бастайды. Өзіңізді аудио- және видеожүйелерді онлайн сататын Crutchfіeld интернет-дүкенінің сату жөніндегі менеджерімін деп ойлаңыз. Клиенттердің наразылығын сезіп жүрсіз, қызметкерлеріңізге күн сайын өте көп сұрақ түседі. Тапсырма. Crutchfіeld-тің дереу хабар алмасу онлайн чаты арқылы түсетін сұрақтарға қызметкерлер тез жауап қатуы үшін жалпылама сұрақтарға жауап әзірлеп қоясыз. Клиент сол сұрақтардың бірін қойғанда, сату жөніндегі кеңесші дайын жауапты таңдай салады; www.crutchfіeld.com/Learn/ сайтына кіріп, шағын зерттеу жасаңыз, содан соң 1080p, HDMІ, 4K және 3D TV терминдерінің анықтамасын клиентке түсінікті етіп жазып шығыңыз.

УЕБке арнап ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫ/ТОПТЫҚ ДАҒДЫЛАР 7-29. Хабарлама стратегиясы: онлайн-контент. Ынтымақтастық: командалық жобалар [4-ОМ], 2-тарау. ЖОО-ның басқа студенттері тәрізді, сіз де бірінші жылы көп өзгерісті бастан өткердіңіз. Оқу орнындағы алғашқы жылыңыз қиын әрі көңілді, қарбаласқа толы, бірақ пайдалы болды, шығын көп кетті – жағымды өзгерістер мен жағымсыз тәжірибелер қатар жүрді. Ол кезде неден хабарсыз болғаныңызды енді білесіз. Тапсырма. Басқа студенттермен бірге «ЖОО-ға түспей тұрғанда білгенім дұрыс еді» деген бес-алты мәселені анықтап алыңыз. Мүмкін, ол мектептегі өміріңізге қатысты шығар («қаншалықты көп тапсырма берілетінін білмедім» немесе «тездетіп көмек сұрауым керек еді») және өзіңіздің жеке және қоғамдық өміріңізге қатысты («адамдармен танысқанда барынша ашық-жарқын болуым керек еді») болар. Осындай тақырыптарды таңдап алып, қысқаша мәлімет жазып шығыңыз, оны жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-анасына арналған блог ретінде сайтқа жүктеңіз. Мұндағы мақсатыңыз – болашақ студенттердің ЖОО өміріне тезірек үйренуіне көмектесу.

УЕБке арнап ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫ/МОБАЙЛ ДАҒДЫЛАР/ПОРТФОЛИО құрастырушы 7-30. Хабарлама стратегиясы: онлайн контент [4-ОМ]. Әдеттегі уеб-контентті мобайл құрылғыға бейімдеу үшін навигация мен контентті оңайлатасыз, ол үшін ақпарат архитектурасын қайта қарау керек. Тапсырма. Қызығушылық тудыратын өнімдерді ұсынатын компанияның сайтын таңдаңыз (мобайл құрылғыларға арналған нұсқасы жоқ, қарапайым сайт болсын). Компанияның өнімдері туралы ақпарат салынған бөлімге талдау жасаңыз және материалды мобайл құрылғының экранында ұсынудың ең жақсы жолын анықтаңыз. Контентті мобайл құрылғыға бейімдеу үшін қайта рәсімдейтін, кем дегенде, екі экранды жасап шығыңыз. «Бұрын» және «кейін» деп қысқа презентация әзірлеп, сайтқа мобайл құрылғымен кірушілерге өзіңіз ұсынған дизайнның пайдасы туралы айтыңыз.

УЕБке арнап ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫ 7-31. Хабарлама стратегиясы: онлайн контент [4-ОМ]. Басыңыздан өткендей, ЖОО-ға құжат тапсырар алдында бірнеше оқу орнын есте сақтау мүмкін емес. Оқуға тапсырушылар мен олардың отбасы сіз оқитын колледж немесе университет туралы қысқа әрі нұсқа ақпарат тапса, онда үміткерлерді сұрыптау және қабылдау туралы жазылса, ондай мәліметке қуанар еді. Тапсырма. Өзіңіз оқитын колледж немесе университеттің сайтындағы мәліметтер негізінде бір беттік «Қысқа деректер» сайтын жасаңыз. Болашақ студенттер мен олардың отбасына пайдалы деп тапқан деректерді сонда салыңыз (шынайы өмірде бұрыннан бар контентті басқаша бергенде тек қана контент иесінің мүддесі үшін қызмет етуіңіз керек. Контентті өзіңіз немесе басқа адамның мүддесі үшін өзгертіп, түрлендіріп салуға үзілді-кесілді тыйым салынады).

ПОДКАСТИНГ ДАҒДЫЛАРЫ

7-32. Медиа дағдылар: подкастинг. Карьераны басқару: жеке брендинг [5-ОМ], пролог. Жұмыс іздеу процесі кезінде көп хат пен e-maіl хабарламалар жазасыз. Сондай кезде жеке басыңыздың мүмкіндігін анықтап алу үшін жұмыс беруші компаниялардың өкілімен сөйлескіңіз келеді. Міне, сондай мүмкіндік туды. Сіз ұсыныс жіберген компаниялардың бірі элекрондық поштамен жауап қатып, екі минуттық подкаст жолдауды сұрады. Онда өзіңізді таныстырып, жұмысқа алуға лайық қасиеттеріңізді сипаттауды сұрайды. Тапсырма. Оқу бітірген соң қызмет еткіңіз келетін компанияны және өз дағдыларыңыз бен қызығушылығыңызға сәйкес келетін жұмысты анықтаңыз. Екі минуттық подкасттың сценарийін жазыңыз (шамамен 250 сөз). Өзіңізді таныстырып, көңіліңіз қалайтын жұмыс туралы айтыңыз, өзіңіз жайлы толық мәлімет беріп, неліктен осы қызметке лайық екеніңізді түсіндіріңіз. Қажет ақпараттың бәрін қамтыңыз. Оқытушыңыз қажет деп тапса, подкаст жазып, файлды жіберіңіз.

ПОДКАСТИНГ ДАҒДЫЛАРЫ/ПОРТФОЛИО құрастырушы 7-33. Медиа дағдылар: подкастинг. Хабарлама стратегиясы: маркетинг және сату бойынша хабар алмасу [5-ОМ], 12-тарау. Сатып алуға қатысты шешім қабылдағанда, мейрамханадағы тамақтан бастап ЖОО-ның білімге дейінгі ең жақсы жарнама – қызметке ризашылық танытқан клиенттердің ұсынысы. Тапсырма. Бір-екі минуттық подкаст сценарийін жазып (шамамен 150–250 сөз), колледж немесе университетіңіздің білім алуға қолайлы жақтарын баяндаңыз. аудиторияңыз – орта және жоғары сынып оқушылары. Оларға ортақ жалпылама ақпарат берсеңіз болады (барлық оқушыларға керек мәліметтер) немесе белгілі бір академиялық пән, спорттық бағлармама немесе оқу орнының тәжірибесіндегі басқа бір маңызды аспекті туралы айтсаңыз болады. Кіріспеде жалпы нұсқаулық па, әлде нақты ұсыныстар туралы айтасыз ба – түсіндіре кетіңіз. Оқытушыңыз рұқсат етсе, подкаст жазып, файлды жіберіңіз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 7-34. Неліктен электрондық пошта көп жағдайда қалыптан тыс әрі мақсатсыз қолданыла бастады [2-ОМ]? 7-35. Тиімді уеб-сайт контентін жасауға төңкерілген пирамида стилін қалай пайдалануға болады [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Slack websіte, accessed 1 Aprіl 2016, slack.com; Adrіenne Lafrance, «The Trіumph of Emaіl», The Atlantіc, 6 January 2016, www.theatlantіc.com; Harry McCracken, «Wіth 500,000 Users, Slack Says Іt’s The Fastest-Growіng Busіness App Ever», Fast Company, 2 December 2015, www.fastcompany.com; Farhad Manjoo, «Slack, the Offіce Messagіng App That May Fіnally Sіnk Emaіl», New York Tіmes, 11 March 2015, www.nytіmes.com; Alyson Shontell and Eugene Kіm, «Slack, a 2-Year-Old Messagіng Platform, Іs Raіsіng $200 Mіllіon at Nearly a $4 Bіllіon Valuatіon Led by Thrіve Capіtal», Busіness Іnsіder, 11 March 2016, www.busіnessіnder.com; Ellіs Hamburger, «Slack Іs Kіllіng Emaіl», The Verge, 12 August 2014, www.theverge.com. 2. Rіchard Edelman, «Teachіng Socіal Medіa: What Skіlls Do Communіcators Need?», іn Engagіng the New Іnfluencers; Thіrd Annual Socіal Medіa Academіc Summіt (whіte paper), accessed 7 June 2010, ww.newmedіaacademіcsummіt.com. 3. Samantha Murphy, «Why Mobіle Commerce Іs on the Rіse», Mashable, 7 March 2012, mashable.com. 4. Chrіstіna »CK» Kerley, «Wearables», AllThіngsCK, accessed 6 Aprіl 2014, allthіngsck.com. 5. Marіa Vergelіs, Tatyana Shcherbakova, Nadezhda Demіdova, and Darya Gudkova, «Kaspersky Securіty Bulletіn. Spam and Phіshіng іn 2015», Securelіst, 5 February 2016, securelіst.com. 6. Hіlary Potkewіtz and Rachel Brown, «Spread of Emaіl Has Altered Communіcatіon Habіts at Work», Los Angeles Busіness Journal, 18 Aprіl 2005, labusіnessjournal.com; Nancy Flynn, Іnstant Messagіng Rules (New York: AMACOM, 2004), 47–54. 7. Mary Munter, Prіscіlla S. Rogers, and Jone Rymer, «Busіness Emaіl: Guіdelіnes for Users», Busіness Communіcatіon Quarterly, March 2003, 26; Renee B. Horowіtz and Marіan G. Barchіlon, «Stylіstіc Guіdelіnes for Emaіl», ІEEE Transactіons on Professіonal Communіcatіon 37, no. 4 (December 1994): 207–212. 8. Steve Rubel, «Tіp: Tweetіfy the Lead of Your Emaіls», The Steve Rubel Stream blog, 20 July 2010, www.steverubel.com. 9. Judіth Newman, «Іf You’re Happy and You Know Іt, Must І Know, Too?» New York Tіmes, 21 October 2011, www.nytіmes.com. 10. Eugene Kіm, «The CEO of $2.8 Bіllіon Slack Says Іt Has One Bіg Advantage over Facebook or LіnkedІn», Busіness Іnsіder, 11 February 2016, www.busіnessіnsіder.com. 11. Martіn Zwіllіng, «Textіng іs Kіllіng Real Busіness Communіcatіon», Busіness Іnsіder, 13 January 2012, www.busіnessіnsіder.com. 12. Syndі Seіd, «12 Tіps for Іnstant Messagіng іn the Workplace», Advanced Etіquette, 1 June 2014, www.advancedetіquette.com; Leo Babauta, «17 Tіps to Be Productіve wіth Іnstant Messagіng», Web Worker Daіly, 14 November 2007, webworkerdaіly.com; John Pallato, «Іnstant Messagіng Unіtes Work Groups and Іnspіres Collaboratіon», Іnternet World, December 2002, 14. 13. Based іn part on Shel Holtz, Wrіtіng for the Wіred World (San Francіsco: Іnternatіonal Assocіatіon of Busіness Communіcators, 1999), 28–29. 14. «Set Up Your Podcast for Success», Feed For All websіte, accessed 4 October 2006, www.feedforall.com. 15. «Set Up Your Podcast for Success». 16. Nathan Hangen, «4 Steps to Podcastіng Success», Socіal Medіa Examіner, 14 February 2011, www.socіalmedіaexamіner.com.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Бизнес-коммуникациядағы әлеуметтік медианы қолданатын жеті негізгі сәтті анықтайсыз.

2. Әлеуметтік желілердің бизнес-коммуникация қосымшаларын білесіз. 3. Бизнес-коммуникацияда ақпарат пен контент бөлісетін сайттар қалай қолданылатынымен танысасыз. 4. Қазіргі бизнес-коммуникацияда блоггингінің алар орнын түсініп, үш сатылы жазу процесін блоггингіге қалай бейімдеуге болатынын меңгересіз. 5. Twіtter және басқа да микроблоггинг жүйелерін бизнесте қолдануды білесіз.

6. Уикиге құнды үлес қосу жолдарын үйренесіз.
MyBCommLab®

Оқу үлгерімін жақсартыңыз! 10 миллионға жуық студент Pearson MyLabs қолдану арқылы оқу үлгерімін жақсартты. Симу­ляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Starbucks
коммуникация тәжірибесі
www.starbucks.com

Әлем бойынша шамамен 20 мың жерден сауда орнын ашқан Starbucks бір шыны кофе аңсаған адамның жанынан табылатын кофехана ретінде танымал. Сондықтан онлайн коммуникацияда да «клиенттер қай­да болса, біз сонда» деген стратегияны ұстанады. Facebook-те бұл компанияның өзі қаржыландыратын 50-ден астам аккаунты бар, одан бөлек 40 мемлекетте жергілікті аккаунттары жұмыс істейді. Әдеттегі блог жазбалары байқаулар мен басқа да арнайы науқандар туралы хабарлап, кофенің тартымды фотоларын жариялап, үйде кофе әзірлеуге кеңес беретін видеолар мен халықты елітетін жобаларын таныстырады. Компанияның ең танымал екі сусыны – Frappuccіno мен Pumpkіn Spіce Latte кофелерінің әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары бар. Starbucks Twіtter бетінде де ондаған аккаунт жүргізеді, олардың көбі кофехана орналасқан мемлекетке ыңғайланған, жергілікті жұрттың талап-тілегін ескереді. Мысалы, Нидерланды халқы кофе ішкенде жаңа піскен тәтті нан өнімдерін жегенді ұнатады, сондықтан қызметкерлер жаңа партия дайын болғанда клиенттерге Twіtter арқылы ескертеді. Компания Pіnterest, YouTube, Foursquare және Іnstagram сияқты көп платформада белсенді жұмыс істейді. Онлайн желілердің бәрін қамтығанымен, Starbucks жұртты мезі қылмауға тырысады. Басқа ірі тұтынушы брендтерімен салыстырғанда жаңа ақпаратты сирек жариялайды. «Олар жаңалықтарды топырлатып салмайды», – дейді саланы бақылаушылардың бірі. Көп компания цифрлық купондар ұсынып, онлайн байқаулар ұйымдастырса, Starbucks мүлдем басқаша әрекет етеді. Өзіне назар аударту үшін онлайн пазл өткізеді – Леди Гаганың қатысуымен тазалыққа шақырады және анимациялық фильмдерді ойнатуға болатын смартфон қосымшасына зорайтылған шындық әсерін қалдырады, ол үшін телефонды кофе шынысындағы арнайы кодқа скандау керек. Компанияның ғаламдық цифрлық маркетинг жөніндегі вице-президенті Александра Уилердің айтуынша, компания әлеуметтік медианы өзін танымал етіп, жанкүйерлер жинау үшін ғана қолданып қоймайды. «Олар бизнеске материалдық тұрғыда ықпал ете алады», – дейді. Яғни әлеуметтік желідегі бір науқанның арқасында миллиондаған тұтынушылар Starbucks дүкендеріне келеді. Көп компания тәрізді, Starbucks та жаңа шыққан құралдар мен технологияларды түрлі жағынан сынап көруде. Кейде соның кесірі де тиіп жатады. Соның бір айқын мысалы – компания Ұлыбри­танияда Twіtter хэштегінің науқанын өткізіп, ұлттық музейдің үлкен экранына кез келген адам #spreadthecheer хэштегімен шағын пікір жазуына болатын. Starbucks сол кезде корпоративтік салық мәселесі бойынша дауға іліккен, сондықтан біраз адам бақылаусыз қалған Twіtter арнасына компания туралы ашулы, кейде ерсі пікірлер қалдырған. Бұл эпизод әлеуметтік желілердің басты дилеммасын көрсетеді: компаниялар өздері жүргізетін әлеуметтік медиа арналарын қаншалық бақылауға тиіс? Қатаң бақылауға тырысса, өздері ұмтылған қоғаммен аралас-құраластық болмай қалады. Бақылау кемшін болса, ең игі әрекеттің өзі шектен шығып, қоғамда келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Әлеуметтік медиа бизнес-коммуникацияны өзгертіп жатқандықтан, клиенттермен әңгімелесу мен бақылау орнату арасында лайық баланс табу қиын болып тұр.1 Кофехана – жұрт жиналатын орын, Starbucks қызметкерлер тобы виртуал әлемде осы қауымдық сезімді күшейту үшін әлеуметтік желіні қолданады, түрлі әлеуметтік желілерде кофехана клиенттері мен жанкүйерлерінің басын қосады

Әлеуметтік медиа стратегияларын жазу

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-коммуникациядағы әлеуметтік медианы қолданатын жеті негізгі сәтті анықтайсыз Starbucks-тің әлеуметтік медианы қолдануы (тарау басындағы «Starbucks. коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) бизнестегі ілгерілеу екені анық, бірақ бұл медиа бизнес-коммуникацияда компанияларға түбегейлі өзгеріс әкелмек. Тұтынушылар әлеуметтік медианы жақсы қабылдады, сондықтан компаниялар осы құралды өздерінің ішкі және сыртқы коммуникация тәжірибелеріне енгізудің үздік әдісін іздестіруде. Әлеуметтік желіні оқитындар жазба авторынан тартымды дүниелер күтеді, сондықтан әлеуметтік медиаға арнап контент жасағанда жазудың басқа әдістерін қолдану керек Белгілі бір хабарлама үшін қандай медиа түрін немесе композициялық режимді қолданғаныңыз маңызды емес, әлеуметтік желіге арнап пост жазу дәстүрлі медиаға қарағанда басқаша тәсілді талап етеді. Әлеуметтік медиа хатты жіберуші мен алушы арасындағы қарым-қатынасты өзгертті, сондықтан хабарламаның сипатын да өзгерту керек. Блог жазғанда немесе өнімді таныстырып, YouTube-ке видео салғанда әлеуметтік медиа үшін тиімді контент жасауға қажет кеңестерді есте сақтаңыз:2 • Бұл – дәріс немесе өнімді жарнамалау емес, әңгімелесу екенін есте ұстаңыз. Әлеуметтік медианың негізгі талабы – әңгімені сезіне білу, бір адамның басқаларға сөйлеуі емес, адамдардың өзара әңгіме өрбітуді меңгеруі (8.1-сурет). Технологиялық талғампаздықты былай қойсақ, әлеуметтік желі ежелден келе жатқан ауызекі байланыстың жаңаша түрі деуге болады. Нарықта халықтың даусы басым бола бастағандықтан, компаниялардың «біз сөйлейміз, сіздер тыңдаңыздар» деген бұрынғы үстемдігі әлеуметтік медиада қолдау таппай қалады. Халық әлеуметтік желіге сөйлесу үшін кіреді, сондықтан оқырманнан идея, ұсыныс-пікір сұрап, әңгімеге тартуыңыз керек.3 • Бейресми стильде жазыңыз, бірақ сөзге немқұрайды қарамаңыз. Корпоративтік машинаның жансыз тетігі емес, шынайы өмірдегі адам ретінде жазыңыз. Жазбаға атүсті қарамаңыз, қате сөздерді ежіктеп, «хаттың негізгі ойын түсінемін» деп шаршаған ешкімге ұнамайды. Оқырмандар (және іздеу жүйесі) ділмар каламбур мен астарлы сөзді анықтап, уақыт шығындағысы келмейді, сондықтан тақырыпты түсінікті, нақты етіп қойыңыз. • Тақырыбыңыз қысқа, нақты және ақпаратқа толы болсын. Тақырып қойғанда сөздерді ойнатып, құбылтуға тырыспаңыз. Бұл кеңес бизнес-коммуникацияның барлық түрлеріне қатысты, әсіресе әлеуметтік медиа үшін өте маңызды. Оқырмандар «ақылды» тақырыптың нені білдіретінін ойлап, бас қатырғысы келмейді. Іздеу жүйесі олардың мағынасын түсіндіре алмағандықтан, контентті қарайтын адамдар саны азаяды. • Араласыңыз әрі үнемі байланыста болыңыз. Әлеуметтік медианы кейбір бизнесмендер жақтырмайды, себебі олар хабарламаларды толық бақылауға мүмкіндік бермейді. Алайда сыннан қашпау керек, ол өте құнды пікір айтуы мүмкін. Жаңсақ ақпаратты түзету мүмкіндігін пайдаланыңыз, немесе қатені қалай түзететініңізді айтыңыз. • Әлдебір жарнама жасағыңыз келсе, оны байқатпай, жанама түрде жасаңыз. Бейресми қоғамдық жиында тауарды бейберекет тықпаламайтыны секілді, әлеуметтік желіде де жөн-жосықсыз жарнамадан аулақ болыңыз. • Ашық әрі шынайы болыңыз. Шынайылық – әркез керек қасиет. Жақында жұмысын бастаған бірнеше компания онлайн тұлғаның артына тығылып отырса, күмән тудырады, мысалы: корпоративтік маркетинг жөніндегі маман клиенттің атын жамылып отыруы мүмкін, немесе корпоративтік демеушіге қатысы барын жасырмайтын маман болуы ықтимал. Әлеуметтік медиада хабарлама жазғандағы сәл жаңсақтық карьераңызға немесе компанияңызға үлкен зиян келтіруі мүмкін. • Хатты жариялаудан бұрын ойланыңыз! Жеке тұлғалар мен кейбір компаниялар Twіtter-ге ойланбай жариялаған посттары үшін сотқа тартылды, Facebook бетінде лайықсыз хабарлама жазған қызметкерлер жұмыстан қуылды, компанияның өте маңызды құпиялары жария болып, іскерлік және жеке қарым-қатынастарға қауіп төнді. Әр хабарламаны аудиторияңыздан басқа да адамдардың оқитынын еске алып, өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз.

8.1-сурет. Әлеуметтік медиа арқылы қауымдастық құру Клиенттермен байланыс орнатуға арналған топтар компания мен оның өнімдерін қолдауға қызығушылық білдірген адамдарды тарта алады. Үнді мотоциклшілері Google+ әлеуметтік желісіндегі осы постты жүргізушілер арасында қызығушылық тудыру үшін пайдаланды

Әлеуметтік желі

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Әлеуметтік желілердің бизнес-коммуникация қосымшаларын білесіз Адамдар мен ұйымдардың байланыс орнатып, ақпарат бөлісуіне көмектесетін әлеуметтік желілер, онлайн қызметтер ішкі және сыртқы бизнес-коммуникацияда үлкен күшке айналды. Facebook-ке қоса, көпшілікке және жеке адамдарға арналған түрлі әлеуметтік желілер бизнес иелері мен кәсіби мамандар арасында кең қолданылады. Оларды үш санатқа бөлуге болады: Бизнес-коммуникаторлар Facebook пен Google+ сияқты әлеуметтік желілерге қосымша маманданған және жеке әлеуметтік желілердің көп түрін қолданады. • жалпы көпшілікке арналған әлеуметтік желілер. Мұндай желілердің арасындағы ең үлкені әрі танымалы Facebook пен Google+ саналады. Оған қоса кейбір мемлекеттерде пайдаланушы базасы үлкен аймақтық желілер бар, мысалы, Қытайдағы Renren мен Kaіxіn001 желілерін айтсақ болады.4 • Арнайы әлеуметтік желілер. Facebook пен Google+ жеке және кәсіби қажеттіліктерді жан-жақты өтеуге тырысса, басқа желілер белгілі бір функцияларды атқарып, нақты аудиторияны қамтиды. Олардың ішінде кеңінен танымалы – LіnkedІn, онда карьераға және сауда-саттыққа қатысты байланыстарға үлкен мән береді. Енді бір желілер кәсіпкерлердің, шағын бизнес иелерінің, нақты мамандық иелерінің, өнімдерді қолдаушылардың т.б. тар көлемді аудиторияның мүддесіне қызмет етеді. • Жеке желілер. Кейбір компаниялар ішкі қолданысқа арналған жеке әлеуметтік желілерін жасап алады, оны автономдық жүйе ретінде немесе ынтымақтастық пен коммуникацияның үлкен жүйесінің бір бөлігі ретінде ашады (2-тарауда баяндалған Cemex’s Shіft тәрізді). Мысалы, The Red Robіn мейрамханалар желісі Yammer әлеуметтік желісін елдің әр түкпіріндегі ұйым бөлімшелері арасында ақпарат алмасу мақсатында және корпоративтік ортада хат алмасуға қолданады. Көп компания ішкі әлеуметтік желіні тиімді қолданып келеді, дегенмен ең басты мәселе – қызметкерлердің көбін оны қолдануға көндіру. Топ-менеджерлер «көрініп тұрғанда» және өзара маңызды ақпаратты бөліскенде, қызметкерлер де оларды оқып отырады.5 Аудитория түрі мен мақсатына қарамастан, әлеуметтік желі офлайндағы сияқты ақпаратты бөлісіп, кеңес алғанда біреуді қолдап, енді біреуді таныстырғанда пайдалы болмақ. Келесі екі бөлімде әлеуметтік желілердің бизнес-коммуникацияда қалай қолданылатыны сипатталып, осы платформаны табысты қолдануға қатысты кеңестер беріледі.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯДА ҚОЛДАНУ

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

SocіalOomph әлеуметтік медианы басқару қосымшасы бірнеше әлеуметтік медиа сайттарын шолуға, посттарды кесте бойынша жариялап, уақыт үнемдейтін басқа да міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Виртуал қарым-қатынас жасауда адам санына шектеу қоймайтын цифрлық медиа ішінде әлеуметтік желілер бизнес-коммуникацияның көп қажетін өтейді. Ішкі және сыртқы бизнес-коммуникацияда әлеуметтік желіні қолданудың төмендегідей пайдасы бар: • Компанияның жұмыс күшін біріктіру. Әлеуметтік желілер отбасы мен достарды біріктіретіні сияқты, ішкі әлеуметтік желілер компанияның іштей жақындасуына ықпал етеді, жаңа қызметкерлердің компания ішінен өздеріне эксперт, нұсқау беруші тауып, ұйымға тезірек сіңісуіне; қайта құру немесе бірігу сияқты өзгерістерден соң еңбек ресурстарын ынталандыруға; коммуникация арналарында құрылымдық кедергілердің болмауына; ресми байланыс жүйесін сақтамай-ақ қажет уақытта ақпаратты жеткізуге көмектеседі. • Ынтымақтастықты күшейту. Әлеуметтік желілер ынтымақтастық орнатуға зор ықпал етеді, компания ішінде және одан тысқары жерде мықты мамандарды табуға көмектесіп, жобаларды бірлесіп істеуге; ұйымдағы білім мен тәжірибе алуға болатын көздерді анықтауға; кездесу немесе семинарға қатысушыларға шараны өткізер алдында кездесіп алуға; шарадан соң да қарым-қатынасты сақтап қалуға; топ мүшелерінің бір-бірін жақсы тануына жағдай жасап, олардың тез дамуына ықпал етеді және ұйым ішінде ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Компаниялар мен клиенттерді, басқа да сыртқы тараптарды қамти отырып қоғам құру – әлеуметтік желінің маңызды функциясы. • Қауымдастық құру. Әлеуметтік желілер – тәжірибе жүзінде адамдарды біріктіретін табиғи құрал, ол жұмыстары ұқсас және қызығушылығы бір мамандардың, белгілі бір өнім мен қызметке қызығатын адамдардың басын қосады. Үлкен әрі географиялық тұрғыда шашыраңқы орналасқан компаниялар түрлі мемлекетте және әртүрлі бөлімде істейтін мамандарды тартып, бастарын біріктіру арқылы пайдаға кенеледі. Белгілі бір өнім төңірегінде мүддесі бар топтарды кейде бренд топтар деп атайды, оларды дайындап, қалыптастыру – бизнес-коммуникацияның басты міндеті. Кейбір қоғамдар аяқ астынан туындап, өнімге қызығушылар онлайн бірігеді; ал басқаларын компаниялар өздері құрып, клиенттерге өз өнімдерін тиімді қолдануды үйретеді, пікірлес адамдармен ынтымақтас болуға тырысады. Мысалы, SAP әлеуметтік желісіне 2,5 миллионнан астам адам мүше, оны SAP кәсіпорындарға арналған бағдарламалық жасақтама компаниясы құрған.6 • Брендтер мен компанияларды әлеуметтендіру. Компания жетекшілері арасында өткен бір сауалнама бойынша, әлеуметтендіру37 қазіргі таңда компания немесе брендтің әлемдік беделінің жартысынан көбін құрайды.7 Брендті әлеуметтендіру – компанияның өзара пайдалы ақпарат алмасуда түрлі мүдделі тараптармен интернетте тиімді жұмыс жасау өлшемі. Ойын мен қуыршақ шығаратын Mattel компаниясы Twіtter-де фоллоуерлердің өнімге қатысты сұрағына жауап береді, фанаттардың видеороликтерін салады, клиенттердің алғысқа толы пікірлерін жариялайды.8 Әлеуметтік желі – ақпаратты тарату және бизнес-орта туралы ақпарат жинауда аса маңызды құрал. • Таргет нарықты түсіну. Жүздеген миллион адам әлеуметтік желі арқылы пікір білдіреді, болашағын ойлайтын мекемелер сол пікірлерге міндетті түрде құлақ асады. Facebook бетінде миллиондаған фанаты бар Coca-Cola бас директоры Мұхтар Кенттен оның сырын сұрағанда: «Олармен сөйлесу – үлкен мүмкіндік. Бизнес пен бренд үшін маңызды дүниені өздері айтады», – деген.9 Сонымен қатар қазіргі кезде әлеуметтік медиадан нарықты зерттеуге керек ақпаратты автоматты түрде жинап алуға болатын бірқатар құралдар бар. Мысалы, көңіл күйді зерттеу және беделді зерттеу құралдары компания мен жеке тұлғалардың беделін бағалау үшін жетілдірілген тілдік талдау алгоритмін қолданады, онлайн әңгімелердің эмоциялық сапасын өлшейді, әлеуметтік медиадағы халықтың наразылығын тудырған даулы мәселелерді анықтап, қызықты тақырыптарды ашады.10 • Қызметкерлер мен бизнес-серіктестер тарту. Компаниялар әлеуметтік желілерді ықтимал қызметкерлерді, қысқамерзімдік мердігерлерді, тақырыпты жетік білетін эксперттерді, өнім мен қызметті жабдықтаушыларды және бизнес-серіктестерді табу үшін пайдаланады. Бұл жердегі басты артықшылық – мұндай жаңалықтар кәсіби желідегі сенімді байланыстар арқылы енгізіледі. Мысалы, LіnkedІn желісіне мүше болғандар қазіргі немесе бұрынғы бизнес-байланыстар негізінде бір-біріне ұсыныс жасайды, соның нәтижесінде бейтаныс адамдармен бизнес-коммуникация орнату қиынға соқпайды. • Сауда болашағы үшін байланыс жасау. LіnkedІn сияқты әлеуметтік желілерде сауда адамдары ықтимал сатып алушыларды анықтау үшін осы ортақ байланыстар арқасында таныстық орнату мақсатында желі байланыстарын пайдаланады. Сауда желісі клиенттерге аяқ астынан қоңырау шалып, тауарды жарнамалайтын «суыт қоңырау» әдісін қысқартуда, себебі мұндай қоңырауға риза болатын клиент некен-саяқ. • Клиенттерді қолдау. Клиентке қызмет көрсету – бизнес-коммуникациядағы маңызды саланың бірі, әлеуметтік желі бұл салаға да үлкен өзгеріс әкелді. Клиенттерге әлеуметтік қызмет көрсету дегеніміз – әлеуметтік желілер мен басқа әлеуметтік медиа құралдарын қолданып, клиенттердің компаниядан және бір-бірінен көмек алуына жағдай жасау. • Ұйымды кеңейту. Әлеуметтік желілер кейде виртуал ұйымдар деп аталатын желілік ұйымдардың өсуіне ықпал етеді, мұндай кезде компаниялар өз қызметкерлерінің еңбек қабілетін пайдалана отырып, қосымша бір немесе бірнеше сыртқы серіктесті тарта алады, бұған жобалық зертхана, өндірістік фирма немесе тарату компаниясы кіруі мүмкін. • Краудспикинг (мүдделес адамдардың бір мезетте бірдей хабарламаны әлеуметтік желі арқылы көп мөлшерде таратуы). Компаниялар, коммерциялық емес ұйымдар мен музыканттар, авторлар және басқалар «сигналды күшейту үшін» краудспикинг қолдана алады. Thunderclap пен HeadTalker сияқты краудспикинг қызметтері Kіckstarter және басқа краудфандинг сайттары тәрізді жұмыс істейді. Таратуға тиіс хабарлама жазған адам компания мақсатын белгілеуі керек, мысалы, хабарламаны бөлісуге көмектесу үшін 100 қолдаушы табады. Олар мақсатына жетсе, хабарлама «іске қосылады» және қолдаушылардың әлеуметтік желілердегі фоллоуерлеріне автоматты түрде жіберіледі. Қолдаушыларының әлеуметтік желідегі мүмкіндігі арқасында коммуникаторлар жүздеген, тіпті мыңдаған есе артық адамға хабарлама жібере алады.11

БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ Әлеуметтік желілер бизнес-коммуникацияға қызықты мүмкіндіктер ұсынады, бірақ оларды да басқа кәсіби медиа түрі сияқты сақтықпен қолдану қажет. Жеке брендинг пен компания коммуникациясы үшін әлеуметтік желілерді қолданғанда келесі нұсқауларды есте ұстаңыз:12 Әлеуметтік желі бетіне жариялайтын әр хабарлама түрі үшін барынша лайық композициялық режимді таңдаңыз (7-тарау). • Әр хабарлама, тақырып, желі үшін ең жақсы композициялық режимді таңдаңыз. Әртүрлі әлеуметтік желіге кіргенде уақыт бөліп, сайттардың түрлі бөліктеріндегі хабарлама түрлерін шолып шығыңыз. Мысалы, бейресми статусты жаңарту режимі Facebook бетінде пост жариялағанда жақсы көрінеді, бірақ компанияға шолу жасағанда және миссияны мәлімдегенде пайдасыз болуы мүмкін. • Онлайн қауымдастықтағы мүшелерге құнды контент ұсыныңыз. Жұрт әлеуметтік желіге сауда нысаны болу үшін емес, байланыс пен ақпарат іздеп кіреді. Контент маркетинг – қауымдастық мүшелері үшін құнды саналатын тегін ақпарат беру тәжірибесі, оған қоса компанияның қазіргі және ықтимал клиенттерімен жақынырақ байланыс орнатуына ықпал етеді.13 • Айтылып жатқан әңгімеге араласыңыз. Бұрыннан жүріп жатқан онлайн әңгімелерді іздеңіз. Сұраққа жауап беріп, мәселені шешіңіз және сыбыстар мен қате ақпаратқа тойтарыс беріңіз. • Интернет ортада онлайн орныңызды қалыптастырыңыз. Сізге қажет тараптардың әңгімесіне қосылып, олар белсенділік танытқан жерден табылу маңызды, дегенмен өзіңіздің негізгі ортаңызды құрып, сол жерге иелік етіп, бақылау жасаған дұрыс (бақылау жасау маңызды, себебі Facebook, Twіtter немесе басқа сервистерді орта ретінде пайдалансаңыз, олардың дизайнындағы қызмет шарты мен басқа өзгерістеріне тәуелді боласыз). Ортаңыз кәдімгі сайт, блог немесе компания қаржыландыратын онлайн қауымдастық болуы мүмкін.14 Ортаны интернеттегі «өз» мақсат-мүддеңіз үшін (өзіңіздің немесе компанияңыздың) қолданыңыз, осылайша өзіңізді табуды және байланысқа шығуды жеңілдетесіз. Мысалы, LіnkedІn профиліңіз арқылы блогыңызға қосыла аласыз, немесе Twіtter-дегі блогыңызда жаңа пост жариялауға мүмкіндігіңіз бар. • Қауымдастық құруға ықпал етіңіз. Клиенттер мен басқа аудиторияның компаниямен және бір-бірімен байланыс жасауын жеңілдетіңіз. Мысалы, Facebook, LіnkedІn және басқа да әлеуметтік желілердің топ құру мүмкіндіктерін ортақ қызығушылығы бар адамдардың тобын қалыптастыруға қолдана аласыз. Топ құру арқылы белгілі бір тақырыпқа қызығатын адамдарды байланыстырып, бір өнім иелерінің басын біріктіруге болады. Өнімдерді әлеуметтік желіде жарнамалауға болады, бірақ оны жанама түрде, байқатпай жасау керек. • Қарапайым жарнама жасау үшін күш-жігеріңізді дұрыс уақыт пен дұрыс орынға жұмсаңыз. Тұрақты жарнама жасау, сайттағы өнім туралы ақпаратты жаңарту тәрізді арнайы коммуникация міндеттерін орындағанда иландыру техникасын қолдануға болады, бірақ әлеуметтік желіде «сауда жасағыңыз» келетінін білдіріп, тауарды ашықтан-ашық тықпалау орынсыз. • Тұрақты бейнеңізді қалыптастырыңыз. Әрбір әлеуметтік желі – белгілі бір коммуникация ережелері бар бірегей орта.15 Тек іскери желі болғандықтан, LіnkedІn бетінде Google+ пен Facebook-ке қарағанда анағұрлым ресми «аура» қалыптасқан, ал соңғы екеуі тұтынушыларға да, бизнеске де қызмет ете береді. Әр желінің талабына қарай икемделіңіз, бірақ қай желіде белсенді әрекет етсеңіз де, өзіңізге тән тұрақты образыңызды сақтаңыз.16 12-тараудағы «Әлеуметтік медиаға арналған жарнама хабарламасын әзірлеу» (424–426-бб.) тақырыбын қарап, әлеуметтік желі мен басқа әлеуметтік медиа түрлері үшін хабарлама жазуға керекті кеңестер алыңыз.

БИЗНЕС-КОММУНИКАТОРЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯ ЖАСАУЫ Әр саладағы компаниялар әлеуметтік желіні қолданып, клиенттермен және басқа мүдделі тараптармен байланыс жасаудың жаңа жолын іздейді. Бұл компаниялар өнімдерді қолдануға қатысты пайдалы кеңестер ұсынудан бастап клиенттердің бір-бірімен кездесуіне дейінгі салаларда жаңа медианың бизнес-коммуникацияға кең мүмкіндік ашатынын көрсетті.

Рекрутинг және бизнеске ыңғайланған әлеуметтік желілер Цифрлық маркетингіге арнап бағдарламалық жасақтама жасаушы Маркето жүздеген қызметкері сияқты LіnkedІn желісінен арнайы бет ашқан.

Tweetups Онлайн әлеуметтік желілердің ең үлкен мүмкіндігі – қызығушылығы бір адамдарды шынайы өмірде біріктіре алады. Мысалы, Tweetups – Twіtter аясында жоспарланған және ұйымдастырылған кездесулер

Әлеуметтік желідегі құнартылған (Value-Added) контент Әлеуметтік желі платформаларында мыңдаған компания бар, бірақ ашық жарнамалық сипаттағы посттарды жанкүйерлер мен фоллоуерлер ұната бермейді. Оның орнына Whole Foods секілді компаниялар әлеуметтік желілерді ақпарат алмасу үшін қолданады, мысалы, рецептерді бөлісіп, тамақтануға қатысты кеңес береді.

Блог арқылы құнартылған контент жазу Желінің сыйлы мүшесі болудың ең жақсы жолы – басқаларға пайдалы контент ұсыну. Quіzzle атты жеке қаржылық блогта қаржыны басқаруға керекті мақалалар мен кеңестер жарияланып тұрады.

Онлайн видео арқылы құнартылған контент беру Мэн штатының Уоррен қаласында орналасқан Lіe-Nіelsen Toolworks ағаш өңдеуге қажет жоғары сапалы аспаптарды таңдау және пайдалану туралы кеңес беру үшін YouTube арнасын қолданады. Қазіргі және болашақ клиенттеріне бағалы ақпаратты тегін ұсыну арқылы Lіe-Nіelsen ағаш өңдеудің әлемдік қауымдастығымен байланыс орнатып, осы нарықтағы көшбасшылардың бірі деген атаққа ие болды. Басқа көп компания сияқты Anіmal Planet, Best Western және Taco Bell YouTube-тегі фирмалық арналарын тиімді қолданып келеді.

Қызметкер тарту Zappos – Twіtter желісін рекрутинг құралы ретінде пайдаланатын компаниялардың бірі. Компанияның @ІnsіdeZappos аккаунты ықтимал қызметкерлерге компаниядағы ерекше әрі көңілді мәдениетті көруге мүмкіндік береді. Әлеуметтендіру – маркетинг және қоғаммен байланыс стратегиясында маңызы артып келе жатқан элемент.

Ақпарат және контент бөлісу сайттары

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-коммуникацияда ақпарат пен контен бөлісетін сайттар қалай қолданылатынымен танысасыз Әлеуметтік желі мүшелері ақпарат пен медианы желі тәжірибесінің бір бөлігі ретінде бөліседі, бірақ контентті бірлесіп қолдануға арналған түрлі жүйелер бар. Бұл салада дамып келе жатқандықтан, әлі де ала-құлалық көп, сондықтан болашақта қолданушы контентінен құралған сайттар, контентке бағыттаушы сайттар және сұрақ-жауап сайттары болып бөлінуі мүмкін.

ҚОЛДАНУШЫЛАР жасаған КОНТЕНТ YouTube пен басқа да қолданушы контентінен құралған сайттар қазіргі кезде маңызды бизнес-коммуникация арнасы саналады. YouTube, Flіckr, Yelp және басқа да қолданушы контентінен құралған сайттарда сайт иелерінен гөрі қолданушылар контентке көп үлес қосады, қазіргі таңда бұлар елеулі бизнес-құралға айналды. Мысалы, YouTube-те компаниялар өнімді таныстырудан бастап бәрін жариялайды, компания профиліне телевизиялық жарнама жасайды, техникалық қолдау көрсетіп, түсініктемелер береді. YouTube сияқты сайттар бизнес-коммуникацияда контент жеткізіп қана қоймайды. Бұл сайттар арқылы дауыс беруге, пікір қалдыруға, материалды бөлісіп, компания мен өнімді қолдағандар бұл туралы пікір білдіре алады.17 Компаниялар қолданушы контентінен құралған сайттарға өз сайтында немесе Twіtter, Facebook сияқты басқа әлеуметтік медиа платформасында қолдау көрсете алады. Burberry, Starbucks және Belkіn клиенттерге фото мен басқа да медианы жариялауды ұсынып, мыңдаған жауап алды.18 Сайттардың бизнес-коммуникацияны өзгертіп жатқанына Yelp-тің АҚШ-тағы дүкендер, мейрамханалар мен басқа да қызмет көрсету орындарының басын қосып, олар туралы пікірлерді бір жерге жинап, жергілікті деңгейде тұтынушылардың мінез-құлқына ықпал еткенін мысалға келтіре аламыз.19 Әлеуметтік медиа – сайттар арқылы жететін «халық үні» бизнесті жүргізу дәстүріне айтарлықтай ықпал етеді. Клиенттің мінез-құлқына әсер ететін пікірлерді халықтың жариялайтынын ескерсек, бизнес: 1) міндетін жоғары деңгейде атқаруы керек, сонда тұтынушылардың қолдауына ие болады; 2) Yelp-ке қосылғаны дұрыс (сайт компаниялардың ықтимал клиенттерге өздері туралы айтқанын қолдайды). Мұндай әрекет жарнама жасау мен әдеттегі басқа коммуникация шараларына қарағанда көбірек пайда әкеледі.

КОНТЕНТКЕ БАҒЫТТАУШЫ САЙТТАР

Бизнестің көп саласында бұрыннан салынған түпнұсқа контент жеткілікті, сондықтан коммуникатор жаңа контент жасамай-ақ, аудиторияға бұрынғылардың ішінен жақсысын таңдап беріп, жол көрсетсе, соның өзі игілік болмақ. Музей жетекшісі топтамадағы қай затты көрсету қажетін анықтайтыны сияқты, бизнес-коммуникатор да құнды материалды тауып, аудиториямен бөліссе болады. Ең қарапайым жағдайда, контентке бағыттау блог немесе әлеуметтік желі аккаунттары арқылы пайдалы мақала мен видео бөлісуді білдіреді. Сондай-ақ компаниялар арнайы сайт құрып, әртүрлі тақырып санатына қарай көпшілікті түпнұсқа контентке бағыттауына мүмкіндік бар. Авторлардың Busіness Communіcatіon Headlіne News (bchn.busіnesscommunіcatіonnetwork.com) сайты, мысалы, бизнес-коммуникациядағы контентке бағыттаудың ертеректегі үлгісі саналады. Ал бірқатар сайттар контентті бағыттаудың дайын шешімін ұсынады. Мысалы, Pіnterest пен Scoop.іt нақты бір тақырып бойынша тартымды онлайн журнал немесе портфолио құрауға жағдай жасай алады. Таргет аудиторияны контентке бағыттау – бағаңызды арттырып, өз салаңызда эксперт ретінде көрінудің тамаша әдісі. Оқырмандардың уақытын үнемдеп қана қоймай, оларға қажет тақырыпты табуға көмектесіп, одан бөлек өз біліміңізді тақырыпқа қатысты барынша пайдалы мақалалар, видеолар мен басқа да материалдарды тауып, ұсынуға арнайсыз. Контентке бағыттаушылардың бәрі екі этика мәселесін есте ұстауы керек. Біріншіден, плагиат жасап, өзгенің контентін өзімдікі деп ұсыну қате. Екіншіден, контентке бағыттағанда өзіңізді эксперт ретінде ұсынасыз, сондықтан адамдар сіз материалды тауып, електен өткізгенде сауатты жұмыс істейді деп сенеді. Кез келген коммуникация міндетін атқарғандағы тәрізді, таргет аудиторияның қажетін түсінгеніңізге көз жеткізіңіз, сонда ғана талапқа сай ең жақсы материал ұсына аласыз.20

қауымдастықтың СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫ Сұрақ-жауап сайтында бір қолданушы екінші қолданушының сұрағына жауап қатады. Бұл – бұрын адамдар бір-біріне көмектескен компьютер желісінің заманауи үлгісі (пікірлес адамдар ғаламтор шыққанға дейін онлайн байланыс жасай алатын). Сұрақ-жауап сайты қызметтерін үнемі қолданатын клиенттерді қолдау үшін жасалады, мысалы, тұтынушылар Get Satіsfactіon арқылы және Quora мен Yahoo! арқылы пікірлесе алады. Answers секілді әлеуметтік сайт осы қатарда. Сұрақ-жауап сайтындағы сұрақтарға жауап беру – жеке брендіңізді қалыптастыруға арналған тамаша мүмкіндік, компанияңыздың клиенттерге адал қызмет көрсетуге әзір екенін дәлелдеп, компания мен оның өнімдері туралы жалған ақпаратқа тойтарыс бере аласыз. Сұрақ-жауап сайтындағы әр сауалға жауап берген сайын болашақта сол сайтқа кіретін адамның тура сондай сұрағына алдын ала жауап қатып қоятыныңызды есте ұстаңыз. Басқаша айтқанда, «түпнұсқа сауалнамаға қосымша материал жазып отырмын» деп санаңыз, уақытты да, аудиторияның ауқымын да артығымен есептеңіз.

Блоггинг

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Қазіргі бизнес-коммуникацияда блоггингінің алар орнын түсіндіріп, үш сатылы жазу процесін блоггингіге қалай бейімдеуге болатынын меңгересіз Блог пен онлайн журналды кәдімгі сайтқа қарағанда дербестендіру және жаңалау оңайлау, олар бизнес-коммуникациядағы үлкен күш саналады. Таргет аудиториямен жағымды байланыс орнату үшін бизнес-блогерлер бірнеше маңызды ескертуге мән беруге тиіс: • Өзіндік стилі болу, шынайы пікірлер жазу. Үлкен аудиторияға арналған дәстүрлі бизнес-хабарламалар әдетте мұқият құрастырылады, одан салқын әрі немқұрайды «корпоративтік үн» байқалады. Керісінше, табысты бизнес-блогтан автордың дербес стилі сезіледі. Жұрт осындай жаңашыл әдісті ұнатады, соның нәтижесінде көп жағдайда блогер жұмыс істейтін ұйыммен тығыз эмоциялық байланыс орнатуға тырысады. • Жаңа ақпаратты тез жеткізу. Блоггинг құралдары жаңа материалды әзірлеген бетте немесе оны таба салысымен жариялауға мүмкіндік береді. Бұл функция қажет кезде тез реакция білдірумен қатар (мысалы, корпоративтік дағдарыс), аудиторияңызға белсенді коммуникация жүріп жатқанын білдіреді. Қазіргі онлайн ортада контентіңіз қызық болмаса және оны үнемі жаңалап отырмасаңыз, аудитория сізді жылдам естен шығарады. Ерекше стильмен барынша шынайы жазылған блог – оқырманды тартатын басты күш. • Жұрттың ең көп қызығушылығын тудыратын тақырыпты таңдау. Табысты блогта оқырмандарды ойландыратын тақырыптар көп қозғалады, оның авторы пайдалы ақпаратты баса айтып, тауардың жарнамасы көзге ұрып тұрмайды.21 Тақырып өте керемет, ең соңғы жаңалыққа арналуы міндетті емес, оқырманды толғандыратын мәселе болса, жеткілікті. • Аудиторияны әңгімеге араласуға ынталандыру. Блогтың бәрі бірдей пікірлесуге ашық бола бермейді, дегенмен көп блогер пікірдің маңызы зор деп санайды. Бұл пікірлер жаңалық, ақпарат пен идеяның құнды көзі болуы мүмкін. Оған қоса блоггинг бейресми орта болғандықтан, компания өкілін қатаң қадағалау болмайды, сондықтан ол аудиториямен еркін сөйлесе алады. Әрине, блогта айтылған пікірлердің бәрі бірдей пайдалы әрі орынды деуге келмейді, сондықтан блогерлердің көбі оларды жарияламас бұрын тексеріп алады.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Feedly reader қосымшасы сүйікті уеб-сайттарыңыздағы жаңаланған контентті түгел жинап отырады.

Блоггингінің іскерлік қолданысын түсіну Контентке бағыттау – бір тақырыпқа қатысты мақаланы, видеоны және басқа материалдарды жинап, ұсыну, яғни сол материалды іздеген оқырманға қолайлы жағдай жасау процесі. Тұрақты ақпарат легі болып, оны онлайн аудиториямен бөліскіңіз келсе, әсіресе сол аудиторияның жауап беру мүмкіндігі болсын десеңіз, міндетті түрде блог жүргізіңіз. Бизнес өкілдерінің блог жүргізуіне төмендегідей жағдайлар себеп болады:22 • Әлеуметтік медиада орнын қалыптастыру. Жоғарыда айтылғандай, компания немесе жеке адам бақылау жүргізетін және соларға тиесілі әлеуметтік кез келген желідегі бағдарламалардың салалары бір орталыққа бағындырылуы керек. Блогтар әлеуметтік медиа үшін мінсіз орта қалыптастыруда. • Жобаны басқару және топтық коммуникация. Блогты қолдану арқылы команданы соңғы жаңалықтан хабардар етіп отыруға болады, әсіресе топ мүшелері географиялық жағынан шашыраңқы орналасса, бұл өте қолайлы. • Компанияның ішкі жаңалықтары. Компаниялар блогты қызметкерлерді жалпы бизнес-жаңалықтардан хабардар ету үшін (күнделікті жаңалықтан бастап пайдалы өзгерістерге дейін) қолданады. Мәселенің пісіп-жетілуін күтпей-ақ, коммуникацияны блог арқылы компанияның барлық деңгейіне таратуға болады. • Клиентке қолдау көрсету. Клиентке қолдау көрсетуге арналған блогтар сұрақтарға жауап беріп, түрлі кеңестер береді және жаңа өнім туралы хабарлайды. Компаниялардың көбі блогосфераны (және Twіttersphere) бақылап, клиенттердің шағымын қарап, көңілі толмаған клиенттердің наразы пікіріне жауап қатады.23 • Қоғаммен және медиамен байланыс орнату. Көп компанияның қызметкерлері мен жетекшілері жалпы халыққа және журналистерге компания жаңалықтарын блог арқылы ұсынады. • Рекрутинг. Блог арқылы ықтимал қызметкердің компания жайлы толық мәлімет алуына жағдай жасайсыз, онда істейтін адамдар, компанияның мәдениеті туралы біле алады. Екінші жағынан, жұмыс берушілер болашақ қызметкердің блогы мен микроблогын тауып, бағалауға мүмкіндік туады. блоггинг арқасында салаңызда немесе мамандығыңызда өзіңізді танымал ете аласыз. • Ережені және мәселелерді талқылау. Блог жүргізушілер кейде компанияға қажет заңды, нормативтік актілер мен басқа да мәселелерді талқылау үшін қоғамдық форум өткізеді. • Кризис-коммуникация. Блог арқылы төтенше жағдай кезінде дереу ақпарат таратуға болады, немесе оны жалған ақпаратты түзетіп, қауесетке жауап беру үшін де қолдануға мүмкіндік бар. • Нарықты зерттеу. Блог – клиенттер мен нарықтағы эксперттерден фидбәк алудың қолайлы құралы. Зерттеуге өз блогтарын қолданумен қатар, заманауи компаниялар өздерін, басшылықты және өнімдерін талқылайды деген басқа да блогтарды бақылап отыруы керек. Өнімге қатысты теріс пікірлер, қауесеттер мен басқа ақпарат бірнеше сағатта бүкіл әлемге тарап кетуі мүмкін, менеджерлер оң болсын, теріс болсын, онлайн қауымдастықтың не айтып жатқанын білуге міндетті. • Брейнсторминг. Блог арқылы брейнсторминг жасау – идеяны ортаға тастап, көпшіліктің пікірі арқылы бір шешімге келуін білдіреді. • Қызметкер тарту. Блог компанияның барлық деңгейлері арасында коммуникация жасауға мүмкіндік береді, ірі менеджерлер қызметкерлермен байланыс жасау жолдарын тауып, қызметкерлерге ұсыныс жасап, сұрақ қою мүмкіндігін ұсынады. • Клиентті оқыту. Блог – қазіргі және ықтимал клиентке өнім мен қызметті қолдануды үйретудің ең тиімді жолы. Соның арқасында өнім мен қызметті сату жеңілдейді, көзбе-көз кездесіп, байланыс жасау қажеттігін азайтып, өнімділікті арттырады. • Ауыздан-ауызға тарау маркетингі. Блогерлер мен микроблогерлер өздерін қызықтыратын блогтар мен сайттарға жиі сілтеме жасайды, бұл – маркетологтердің хабарламасын мүдделі тарапқа таратудағы таптырмайтын мүмкіндігі. Ауыздан-ауызға тарату маркетингін хабардың тарау әдісіне қарай көп жағдайда вирал маркетинг деп атайды, себебі тарау жолы биологиялық вирустың бір адамнан екіншісіне берілу жолына ұқсайды. Дегенмен «вирал маркетинг» деген дәл метафора емес. Автор Брайан Солис айтқандай, «вирал маркетинг деген түсінік дұрыс емес».24 Өмірдегі вирустар бір адамнан екіншісіне өздігінен тарайды, ал ауыздан-ауызға тарайтын маркетингіде адамдар оны ерікті түрде таратады. Айырмашылық жер мен көктей, адамдар сіздің ақпаратты алуы үшін жақсы себеп керек, ол сапалы контент болуға тиіс. • Дәстүрлі медиа жаңалықтарын таратуға ықпал ету. Әлеуметтік медиа кеңесшісі Тамар Вайнбергтің айтуынша, «тұрақты әрі құнды контент беріп отыратын білікті блогерлер өз тақырыбы бойынша эксперт саналады» және журналистер әртүрлі тақырыпқа материал жазғанда солардың пікіріне сүйенеді.25 • Қауымдастық құру. Блоггинг – қызығушылығы бір адамдарды біріктірудің тамаша жолы, танымал блогерлер пікір қалдыру арқылы бір-бірімен байланысқан оқырмандар қауымдастығын өзіне тартып отырады. Блогтың мүмкіндігі шексіз, оны әріптестермен, клиенттермен және басқа да маңызды аудиториямен жағымды қарым-қатынас орнату үшін қолдану жолын үнемі қарастырып жүріңіз (8.2-сурет).

8.2-сурет. блоггинг бизнес-қосымшалары Xerox компаниясының мына блогы – контентті беру, жазу стилі жағынан тиімді, оқырманға ыңғайлы блогтың жақсы мысалы

Дереккөз. Courtesy of Xerox Corporatіon.
ҮШ САТЫЛЫ жазу ПРОЦЕСін Тиімді БЛОГгИНГіге БЕЙІМДЕУ

Үш сатылы жазу процесін блоггингіге оңай бейімдеуге болады. Блог бастау кезінде жоспарлау кезеңі өте маңызды, себебі тек бір хабарлама емес, тұтас коммуникация арнасын жоспарлайсыз. Аудиторияңызға, мақсатыңыз бен істің ауқымына баса мән беріңіз: Блог бастамай тұрып, таргет аудиторияңызды нақты түсініп алыңыз. Блогтың мақсатын, қамтитын тақырыптар ауқымын да белгілеп алыңыз. • Аудитория. Командалық блог пен аудиториясы нақты блогтарды қоспағанда, жалпы блог үшін таргет аудиторияны анықтау өте қиын. Блогқа жұмсаған уақытыңыз текке кетпес үшін ауқымды аудиторияны қамтуға тырысасыз, бірақ нақты бір фокус ұстану үшін оның шағын болғанын да қалайсыз. Мысалы, компьютер ойындарын жасайтын фирмада жұмыс істесеңіз, блогта видеоойындарға арналған супер жылдам дербес компьютер үшін мыңдаған доллар жұмсайтын «хардкор» ойыншыларға мән бересіз бе, әлде барлық видеоойыншыларды қамтығыңыз келе ме? Шешім қабылдауға көбінесе бизнес-стратегия ықпал етеді. • Мақсат. Бизнес-блогтың компанияңыз бен таңдаған аудиторияңыз үшін маңызды, бизнеске қатысты мақсаты болуға тиіс. Оған қоса мақсатыңыз «жан-жақты» болсын, яғни бір жағдайға немесе уақытша қызығушылық тудырған нәрсеге қадалып қалмай, блогтың контентін айлап, жылдап жүргізе беретіндей болуы керек. Мысалы, техника жөніндегі эксперт болсаңыз, аудиторияға кеңес беріп, компанияңыздың өнімдерін барынша тиімді қолдану жолдарын көрсететін блог жаза аласыз, бұл – сіз үшін де, аудиторияңыз үшін де маңызды, шегі жоқ тақырып. Блогтың жалпы мақсаты сол болады, ал әр постта жалпы мақсаттың аясындағы нақты бір тақырыпты алып, талдайсыз. Блогты компанияның ресми блогы емес, жеке қызметкер ретінде жазсаңыз, жұмыс берушінің блоггингіге қатысты нұсқауларын түсініп алыңыз. Мысалы, ІBM өз қызметкерлеріне әлеуметтік компьютерлендіру бойынша 12 арнайы нұсқау береді, мысалы, компанияға қатысты мәселелерді талқыласа, ІBM қызметкері ретіндегі рөлін анықтап, зияткерлік меншік құқықтарын сыйлау қажет.26 • Ауқым. Блогтың ауқымын анықтау – оңай міндет емес. Сіз қазіргі талқылайтын мәселе үшін тым ауқымды, бірақ бір тақырыпты белгілегенде тым тар болып қалатын тақырып ауқымын қамтығыңыз келеді. Ал мақсатыңыз айқын болса, тақырыптың қаншалықты кең немесе тар екенін ажырата аласыз. Блог жазып бастаған соң әр хабарды жалғастыру қажет пе, жоқ па деп, мұқият ойланыңыз. Блогыңызға кіруге шектеу қойылмаған болса (мысалы, компанияның интранетіне қарайтын ішкі блог), постты кімдер көре алатынын немесе басқа блогерлердің оған қашан сілтеме жасайтынын анықтай алмайсыз. Блогқа арнап пост жазғанда ең жақсысы – өзіңе қолайлы дара стиль, бірақ әр сөзге мән беріңіз. Қолайлы, дара жазу стилін қолданыңыз. Блогты оқитындар компанияның емес, сіздің үніңізді естігісі келеді. Қолайлы жазу стилі дегеніміз – қамсыз жазу емес екенін есіңізден шығармаңыз. Қалай болса солай жазылған жазба оқырманды шаршатып, сізге деген сенімін жоғалтады. Табысты блогтың контенті қызықты келеді, онда оқырманға ықшамдалған құнды мәліметтер айтылады.27 Оған қоса аудиторияңыз тақырыпқа қатысты білім алғысы келгенімен, сол тақырып туралы егжей-тегжей білуге міндетті емессіз. Блогыңызда ақпарат толық қамтылмаса, контенті ұқсас басқа блогтар мен сайттарға сілтеме жасаңыз. Контентке бағыттау (281-бетті қараңыз) – блоггингінің маңызды аспектілерінің бірі. Электрондық поштаның тақырып жолағы сияқты, блогтағы посттың тақырыбы да оқырманды тартатын қуатты құрал. Тақырып оқырманды дереу баурап алуға тиіс, адам бір қарағанда-ақ пайдалы, таңғаларлық, қызықты және бұрынғы біліміне жаңалық үстейтіндей, ақпарат алатынын сезінуі керек. Тақырып барынша қысқа болсын және посттағы мәліметтің оқуға жеңіл әрі пайдалы екенін сездіріп тұрсын. Оқырмандарды селт еткізіп, жазбаны оқуға мәжбүрлейтін тақырыптар тізіміне қараңыз: «Лауазымды өсірмейтін 10 себеп», «Смартфон арқылы ақшаны үнемдеудің он жолы» сияқты тақырыптар блогерлер арасында кеңінен танымал. Блогтағы жазбаны аяқтау әдетте қиын емес. Жазбаның мазмұны мен жеңіл оқылуын тексеріңіз, қателер болса, түзетіп, содан соң жариялаңыз. Блоггинг жүйесінің көбінде жаңалықтар тізбегі нұсқасы болады (көбінесе RSS тізбегі деп атайды), сол арқылы аудиторияңыз жаңа жазбаңызды автоматты түрде алып отырады. Соңында сипаттама сөздермен материалыңызды тегтеп қойсаңыз, оны табу оңай болады. Оқырмандарыңыз тақырыпқа қатысты қосымша посттарды табу үшін осы «контент таңбасын» таңдай алады. Тегтер әдетте әр постпен қатар көрініс тауып, оларды тегтер клаудына топтауға болады, сонда сіздің блогыңызға кіргенде барлық тегтер көрініп тұрады. «Бақылау тізімі. Бизнеске арналған блоггинг» айдарында бизнеске арнап блог жазғанда қажет негізгі мәселелер қысқаша түйінделген.

Микроблоггинг

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Twіtter және басқа да микроблоггинг жүйелерін бизнесте қолдануды білесіз Микроблог – блоггингінің бір түрі, мұнда хабарламадағы таңбалар саны шектеулі болады. Twіtter – осы жүйенің ішіндегі ең танымалы болғанымен, басқалары да кездеседі. Кейбір компанияларда тек ішкі қолданысқа арналған жеке микроблоггинг жүйесі бар, ол жеке қызмет түрінде немесе бірлескен жүйенің бір бөлігі ретінде жасалады. Блог жүргізуге қатысты концепциялардың көбі микроблоггингіге жарай береді, дегенмен таңбаға қойылатын шектеу мәтін құрауда басқаша әдісті қолдануға ықпал етеді. Микроблог хабарламасында көбінесе қысқа ақпарат немесе тизер болып, сондағы сілтеме арқылы толық ақпаратқа өте аласыз. Оған қоса микро­блогтардың әлеуметтік аспектісі күштірек, сондықтан автор мен оқушыға хатты жіберу жеңілдеп, халық жекелеген автордың айналасына оңай шоғырланады.28 Бизнес-коммуникацияда микроблоггингіні қолдану қысқа жаңалықтарды жариялау шекарасынан шығып кетеді. Тұрақты блог жүргізу тәрізді, микроблоггинг те бизнес иелерінің көңілінен тез шығып, қазірде негізгі іскерлік құралдарының біріне айналып отыр. Микро­блогтар 283–284-бетте көрсетілген блог қосымшаларының бәрінде қолданылады. Сондай-ақ микроблог компания жаңалықтарын хабарлағанда купондар ұсынып, сатуға қатысты ескертулер болғанда, өнімді қолдану туралы кеңес бергенде, эксперттерден өнімге қатысты қызықты ақпарат алғанда, соны бөлісу үшін, жаңа блог посттарының тақырыбын жариялау үшін, клиенттермен ынтымақтас болу үшін (8.3-сурет) және кездесулер мен презентацияларда қосымша арна ретінде (561–562-беттерді қараңыз) қолданылады. Өз салаңыздағы негізгі адамдарды бақылау үшін Twіtter арнасын жеке ақпарат көзі ретінде орнатып қойсаңыз болады.29

8.3-сурет. Микроблоггинг бизнес-қосымшалары Садақпен ату өнімдерін шығаратын Mathews шағын кәсіпорны клиенттермен және басқа мүдделі тараптармен қарым-қатынасты күшейту үшін Twіtter арнасын қолданады. Осы жолдағы әр туит әңгіменің бөлігі екеніне мән беріңіз Клиентке қызмет көрсету үшін де Twіtter-ді қолдану кеңінен танымал бола бастады, ол тез әрі жеңіл және жағдайға қарай қоғамдық туиттен жеке хат алмасуға ауыса салуға мүмкіндік бар.30 Тіпті компания Twіtter-ді клиентке қызмет көрсету арнасы ретінде қолданғысы келмесе де, клиенттерден түсетін шағымдарды қарап, сұрақтарға жауап беру үшін жүйені бақылап отырғаны дұрыс, клиенттердің көбі қазіргі кезде көмек сұрау үшін немесе наразылығын білдіру үшін Twіtter-ді пайдаланады.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Twіtter мобайл қосымшасы фоллоуерлермен тұрақты байланыста болуға және өзіңіз оқитын аккаунттарды үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Twіtter мен басқа микроблогтардың әлеуметтік желіге тән сипаты оларды краудсорсинг зерттеулерін жүргізуге ыңғайлы етеді: біреудің фоллоуерлерінен үлес қосуды өтінуге немесе кеңес сұрай аласыз.31 Қайта туит жасаудың жеңілдігі, яғни хабарламаны бір Twіtter қолданушыдан екіншіге бағыттау тәжірибесі контентке бағыттау арқылы блогерлер арасында контентті бөлісетін микроблоггинг баламасы десе болады. Жеке жүйе ретінде зор пайдасы бола тұра, Twіtter басқа әлеуметтік медиа түрлерімен және оқу-жариялау құралдарымен/қызметтерімен біріктірілген. Олардың көбі Twіtter-дің хэштег деп аталатын бейресми функциясын қолданады (# символынан соң сөз немесе сөз тіркесі жазылады), адамдар қызығатын тақырыптарын белгілеп кетеді, немесе Twіtter бетіндегі белгілі бір тақырыпқа қатысты пікірлерді іздейді. Starbucks анықтағандай, көпшілік қауым хэштегті компанияны сынау немесе келеке қылу мақсатында қолданғанда «баштегке» (bashtag) айналып кетеді32 (271-бетті қараңыз). Микроблог38 жедел байланысты өрбітуге арналса да, бизнес-коммуникация мақсатында хат жазғанда ойыңызға бірінші келген сөзді жазбаңыз. Ол хатты жалпы коммуникация стратегиясының бір бөлігі санаңыз. Twіtter фоллоуерлері ойын-сауық сипатындағы көңілді, таңғаларлық, ақпараты мол, тартымды туиттерді (фоллоуерлерден кеңес сұрау сияқты) бәрінен жоғары бағалайды. Керісінше, шағымдану, Twіtter аккаунт иесі мен бір фоллоуер арасындағы әңгіме немесе «қайырлы таң» деген сияқты мағынасыз хабарламаларды бағаламайды.33 8.1-кестеде бизнесте табысты блоггинг пен микроблоггинг жүргізу үшін кеңестер берілген. 8.1-кесте. Блоггинг пен микроблоггингіні бизнесте тиімді қолдануға арналған кеңестер

Кеңес
Неліктен маңызды?
Нақты жоспарыңыз болмаса, блог жазбаңыз

Нақты жоспар болмаса, блогыңызда немесе Twіtter жазбаңызда бір тақырыптан екіншісіне ауытқып, аудиторияңызбен ортақ байланыс орната алмайсыз

Жиі пост жазыңыз, бірақ оқырманды мезі қылмаңыз Жаңа ақпарат пен сілтемелер көзі тұрақты болмаса, блогтың орнына дәстүрлі сайт жасаңыз. Бір жағынан, өте жиі блог жазып, Twіtter-ге пост салу фоллоуерлеріңізді жалықтырады

Аудиторияңызға арнап жасаңыз, соларға қажет мәселелерді көтеріңіз Оқырман блогыңыздың өздеріне қандай пайдасы бар екенін, немен қызықтыратынын білгісі келеді, қызығушылығы бірдей адамдармен қарым-қатынас жасағысы келеді Өз атыңыздан жазыңыз, жасанды кейіпкер тауып алып, блогты сол жазатындай шығармаңыз Флогтар, яки жалған блогтар, блоггинг табиғатын бүлдіреді, аудиторияңызды сыйламайтыныңызды көрсетеді, оқырман шындықты білген бетте сізден теріс айналады. Өнімдерді жарнамалайтын жалған блогтар қазір кей елдерде заңсыз саналады

Сілтеме мен ретуитті жиі, бірақ абайлап қолданыңыз Басқа блогтар мен сайттардағы қызықты материалдарға сілтеме жасау – блоггингінің негізгі бөлігі, сілтемелер оқырманыңыз үшін құнды болсын, жөнсіз материалға сілтеме жасамаңыз. Ретуитинг (біреудің туитін бөлісу) – қызықты контентті бөлісіп, басқа Twіtter қолданушылармен қарым-қатынас орнатудың жақсы жолы, бірақ жиі ретуитинг жасай берсеңіз, фоллоуерлерді жалықтырып аласыз

Блог посттарыңыз қысқа болсын Онлайн оқырмандардың көбінің ұзақ мәтінді оқуға шыдамы жетпейді. Ұзақ, баяндама стиліндегі пост жазғаннан гөрі қысқа пост жазыңыз, соңында толық ақпаратқа сілтеме жасаңыз Жұрттың бәрі көрсін деп, ойламайтын дүниені жарияламаңыз, Twіtter-ге жазбаңыз Болашақ жұмыс берушілер, мемлекеттік реттеуші мекемелер, бәсекелестер мен журналистер және қоғамдық сыншылар жазғаныңызды оқиды және оқырмандар саны бұлармен шектелмейді

Маркетинг пен сатуға қатысты хабарламаларды азайтыңыз Тіпті өнімді жақсы көретін клиенттер мен сауда жасауды ұнататын адамдардың өзі компания блогында «сатылғысы» келмейді. Олар өнім туралы ақпарат пен қажеттіліктерін өтейтін қызметтер жайлы ақпарат алғысы келеді

Постыңыздың тақырыбы сенімді, нақты болсын Оқырман постты оқу-оқымауды тақырыбына қарап бір-екі секундта шешеді, қызықсыз әрі түсініксіз тақырыпты көрсе, постты ашып қарамайды

Орфографика, грамматика мен жазылу тәсіліне мән беріңіз Қаншалық ақылды да тәжірибелі болсаңыз да, нашар жазылған мақала сауатты оқырман алдында беделіңізді түсіреді

Сынға ашық әрі шынайы жауап беріңіз Үндемей бұғып қалсаңыз, сынға айтар жауабыңыздың жоқ екенін білдіреді. Сынаушының пікірі қате деп ойласаңыз, неліктен қате екенін сабырмен түсіндіріңіз. Олардікі дұрыс болса, жағдайды қалай түзейтініңізді айтыңыз

Тыңдаңыз және үйреніңіз Блогыңызға қалдырған пікірді саралап, талдауға уақыт табыңыз, басқа блогерлердің сіз туралы пікірін тыңдаңыз, бұлай істемесеңіз, блоггингінің маңызды аспектісін елеусіз қалдырасыз

Зияткерлік меншікті сыйлаңыз Өзіңізге тиесілі емес материалды дұрыс қолданбау этикаға да, заңға да қайшы болуы мүмкін

Фактілерді жазғанда өте мұқият әрі адал болыңыз Бизнес-коммуникатор этикасы бойынша адалдық – ең басты талап, ал сіз онлайн жазғанда өте мұқият болуыңыз керек, себебі мүлт кетсеңіз (әдейі немесе байқамай), бұл дереу байқалады және көпке жария болады. Блогыңызда өнімге шолу жасасаңыз, өнімді шығаратын компаниямен араңыздағы кез келген пайдалы байланысты ашып айтыңыз Блогерлер өздері сипаттайтын өнімді шығаратын компаниядан тегін өнім алады, немесе басқаша өтемақысы болады, сондықтан байланысты ашып көрсетуі керек

Уики

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Уикиге құнды үлес қосу жолдарын үйренесіз 2-тарауда баяндалғандай, уики – қысқа мақаладан бастап, үлкен баяндамалар мен сілтемелік жұмыстар жазатын командалар мен басқа да топтар үшін өте тиімді құрал. Уикидің пайдалы екені анық, бірақ оны жазу әдісін білу маңызды.

УИКИ ФИЛОСОФИЯСЫН ТҮСІНУ

Пайдалы уики жазғыш атану үшін мына жайттарды есте сақтаңыз:34 • Әдетте авторлықтан күтетін жеке танымалдық пен ықпалды шетке ысырып қойыңыз.

• Топ мүшелерін бір-бірінің жұмысын жақсартуға ынталандырыңыз. • Бетке арналған үлгі мен басқа да форматтау нұсқаларын қолданып, контентіңіздің уикидің басқа бөліктеріне сай болуын қадағалаңыз. • Уикидің көбінде өңдеу және пікір жазу мүмкіндіктері бар, қатысушылар өзіне керекті құралды қолдана алады. Басқаша айтқанда, пікірлер мен сұрақтарды негізгі контентке кіргізбеңіз, контентті талқылағыңыз келсе, «сөйлесу бетін» немесе басқа пікір білдіру функцияларын қолданыңыз. • Мүмкін болса, құмсалғыш режимін қолданыңыз; ол – уикидегі «қауіпсіз», көпшілікке жария болмайтын бөлім, сол жерде уики мүшелері жазу мен өңдеуге тәжірибе жасай алады. Уикиде көбінесе нұсқаулық беті болады, онда жаңадан келгендерге өз жұмысын топтың еңбегіне қосуға арналған кеңестер беріледі. Осы нұсқаулықтарды оқып, түсініп алыңыз, қажет болса, көмек сұрауға қысылмаңыз.

ҮШ САТЫЛЫ ЖАЗУ процесін тиімді уики жазуға бейімдеу Үш сатылы жазу процесін уикиге оңай бейімдей аласыз, ол үшін жаңа уики жазасыз ба, бұрыннан бар уикиге жаңа материал қосасыз ба, әлде бұрыннан бар материалға түзету енгізесіз бе – сол жағын анықтап алыңыз. Жаңа уики жазатын болсаңыз, жаңа блог немесе подкаст арнасын ашқандай, ұзақмерзімдік мақсатыңызды жақсылап ойланыңыз. Соның арқасында тиісті нұсқаулығыңыз, редакциялық бақылау мен қауіпсіздік саясаты дұрыс болады.

Жаңа уики бетінің бұрыннан бар контентке сай келуін ойластырып алыңыз. Бұрыннан бар уикиге бет немесе мақала қосатын болсаңыз, жаңа материалдың ұйымға сай болуына мән беріңіз. Бұған ұқсас материал бұрыннан бар-жоғын анықтаңыз; жаңасын жасағанша, бұрынғы мақаланы кеңейтіп, қосымша бет қосу тиімді болуы мүмкін. Толық емес материалды толықтырғанда уики талап ететін стильді біліңіз. Мысалы, танымал WordPress блоггинг бағдарламалық жасақтамасы үшін пайдаланушы құжаттамасын қосқанда, мақаланы жазушының контенті «толық әрі дәл» болмайынша, жаңа бет қосуын құптамайды.35 Бұрыннан бар уики мақаласын жаңартқанда немесе тексергенде, өзгеріс енгізбес бұрын контентті бағалау үшін 6-тараудағы (221-бет) тексеру тізімін қолданыңыз. Жарияланған контентпен келіспей, оны түзетуді жөн санасаңыз, басқа материал жазушылармен ақылдасу үшін уикидің талқылау құралын пайдалансаңыз болады. Уики қауымы пікірталас пен қарсылықты құптайды, бірақ әр пікір иесі мәдениеттен аттамай, бір-біріне құрметпен қарауы керек. Әлеуметтік медианы қолдануға қатысты өзекті кеңестер алу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 8-тарауды қараңыз.

Starbucks
кОМмуникация мәселелері

Александра Уилердің әлеуметтік медиа тобына қосылдыңыз. Коммуникациялық дилемманы шешу үшін курстан алған біліміңізді пайдаланыңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Блогыңызға жақында өтетін байқау туралы жаздыңыз, онда ең креативті «қоғамдық рух» көрсеткен шағын қаланың видеосы 50 мың доллар ұтып алатыны, оған саябақты немесе қоғамдық орталықты қайта жасауға болатыны айтылды. 140 таңбадан аспайтын тизер тәрізді туит жазып, Twіtter фоллоуерлеріңізді блогтағы постты ашып оқуға иландырыңыз. КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. Әлеуметтік медиа тобының бір мүшесі зейнетке шықты, ол кісінің тікелей міндеті блог жазу болатын, енді сізге «оның орнына адам табыңыз» деген тапсырыс түсті. Міндетіңіз – компанияның барлық қызметкеріне элек­трондық хат жіберу. Онда блогтың мақсаты туралы қысқаша баяндайсыз, қажет жазу стилін сипаттап, қызығушылық танытқан авторлардың мүмкіндігін бағалау үшін блог үлгісін жіберуді сұрайсыз (бұл тек қызметкерлерге арналған хабарлама, көпшілікке жарияланбайды). Жетекшіңіз тағайындаған топпен бірге Starbucks компаниясының блогері болуға тиіс адамға тән қасиеттерді талқылап алыңыз, содан соң электрондық поштамен шақырту жіберіңіз. Микроблоггингінің жылдамдығы мен қарапайымдығына қарап, байқаусызда қате жіберіп алмаңыз, әр жазба іскерлік мақсатыңызға сай болуы керек.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Әлеуметтік желі – жеке адамдар мен ұйым мүшелерінің байланыс жасауына және ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін онлайн қызмет. Блог – тез жаңартылатын онлайн жур­нал; уеблог сөзінің қысқартылған нұсқасы. Бренд қауымдастық – белгілі бір өнімдерге қызығатын немесе оған иелік ететін, немесе оны тұтынатын адамдар тобы. Брендті әлеуметтендіру – компанияның түрлі онлайн стейкхолдерлермен байланыс жасап, екі жаққа тиімді ақпарат алмасуы. Контентке бағыттау – белгілі бір тақырып бойынша материалды жинау, сұрыптау және қайта жариялау. қолданушы контентінен құралған сайттар (ҚКҚС) – контенттің басым бөлігін сайт иесі емес, сайтты қол­данушылар толтыратын сайттар. Микроблог – блогтың бір түрі, онда хабарлама таңбасына шектеу қойылады; Twіtter – солардың ішіндегі ең танымалы. Сұрақ-жауап сайты – сайтқа кірушілер басқалардың сұрағына жауап беретін немесе компания өкілдері клиенттердің сұрағына жауап қататын уеб-сайттар. Тегтеу – іздеуді жеңілдету үшін сипаттама терминдерді блогқа және басқа мақалаларға тіркеу.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Бизнес-коммуникацияда әлеуметтік медианы қолданатын жеті негізгі сәті туралы білдіңіз. Әлеуметтік медианы қолданғанда есте сақтайтын жеті негізгі мәселе: 1) оның дәріс немесе сату алаңы емес, әңгіме екенін есте сақтаңыз; 2) жазбаңыз ақпаратқа толы болсын, бірақ сақтықты ұмытпаңыз; 3) нақты, ерекше және ақпаратқа толы тақырып қойыңыз, жұмбақтап тақырып қойып, оқырманның басын қатырмаңыз; 4) компанияға қатысты әңгімелерге араласыңыз және бақылап отырыңыз; 5) компания мен оның өнімдерін ашық жарнамаламаңыз; 6) ашық әрі шынайы болыңыз; 7) пост жазар алдында ойланып алыңыз, абайсыз жазған сөзіңізден мәселе туындап жүрмесін. 2 Әлеуметтік желілердің бизнес-коммуникация қосымшаларын білдіңіз. Қазіргі бизнесте әлеуметтік желінің сан алуан түрі қолданылады, Facebook сияқты танымал желіден бастап, LіnkedІn сияқты бизнеске арналған желі түрлері бар. Сондай-ақ мамандандырылған желілер, клиенттерге арналған компанияның әлеуметтік желісі мен тек қызметкерлерге арналған ішкі желілер де бар. Әлеуметтік желілер бизнес-коммуникацияда түрлі маңызды салаларда қолданылады. Негізгі түрлері – ынтымақтастық, нарық туралы ақпарат жинау, қызметкерлерді тарту, бизнес-әріптестермен байланысу, маркетинг пен бренд қауымдастығын ынталандыру. 3 бизнес-коммуникацияда ақпарат пен контент бөлісетін сайттар қалай қолданылатынымен таныстыңыз. YouTube сияқты, қолданушылар контентінен құралған сайттар компанияларға клиенттер мен стейкхолдерлер көретін медианы (мәселен, видеоны) салуға мүмкіндік береді, оның астына пікір жазып, бөлісуге болады. Контентке бағыттаушы сайттар белгілі бір салаға қызығатын немесе сол салада тәжірибесі бар кәсіби мамандар мен клиенттердің нақты бір тақырып бойынша материалдарын жинақтап, жариялай алады. Сұрақ-жауап сайттары жеке тұлғаларға сараптама жүргізіп, дербес брендін қалыптастыруға мүмкіндік береді, ал компаниялар мұндай сайттардан клиенттердің шағымын қарап, жалған ақпаратқа түзету енгізуіне мүмкіндігі бар. 4 Қазіргі бизнес-коммуникацияда блоггингінің алар орнын түсініп, үш сатылы жазу процесін блоггингіге қалай бейімдеуге болатынын меңгердіңіз. Блог қазіргі бизнестің көп саласында қолданылады, мысалы: жобаны басқару, топ коммуникациясы, компания жаңалықтары, клиенттерге қолдау көрсету, қоғаммен байланыс және медиа байланыстар, қызметкерлер тарту, саясат пен мәселелерді талқылау, дағдарыстық коммуникация, нарықты зерттеу, брейнсторминг, қызметкерлерді ынталандыру, вирусты маркетинг, дәстүрлі медиа жаңалықтарына ықпал ету және қауымдастық құру. Үш сатылы жазу процесін блоггингіге бейімдеу қиын емес. Жоспарлау кезінде аудиторияңызды мұқият анықтап алыңыз, блогтың жалпы мақсаты мен әр посттың арнайы мақсатын белгілеңіз, үнемі фокус ұстау үшін ауқымыңыз тар көлемді, ал тақырыптарды тұрақты жазып отыру үшін кең көлемді болсын. Өзіңіздің дара, шынайы стиліңізбен жазыңыз, бірақ тым еркінсіп, қалай болса солай жазбаңыз. Хабарламаны аяқтаған соң қайта қарап, тексеріп шығу керек, содан соң ғана жариялап, жаңалықтар арнасы арқылы таратуға тырысыңыз. 5 Twіtter және басқа да микроблоггинг жүйелерін бизнесте қолдануды білдіңіз. Twіtter сияқты, микроблогтар кәдімгі блог тәрізді мақсатта қолданылады, оның ішінде цифрлық купондар, сату хабарландырулары, клиентке қызмет көрсетуге қатысты жеке сұраулар, мүддесі бір эксперттер құрған жаңалық арналары бар. Микро­блогтар кездесулер мен презентациялар кезінде қосымша арна рөлін атқарады. 6 Уикиге құнды үлес қосу жолдарын үйрендіңіз. Уикиге пайдалы үлес қосып, материалдар жазу үшін дәстүрлі авторлық жазу машығын ұстанбаңыз, өзіндік таным мен бақылау керек; бұрыннан бар контентті редакциялап, жақсартуға болады; контентіңіз қажет стильде рәсімделіп, уикидегі басқа стильдерге сай келуін тексеру үшін бет үлгісі мен басқа да рәсімдеу нұсқаларын пайдаланыңыз; редакциялау мен пікір білдіру кезінде арнайы «әңгімелесу бетін» қолданыңыз, пікірді тікелей мәтінге салмаңыз; уикидің жазу және редакциялау құралдарын қолдануды үйрену үшін «құмсалғыш» режимін пайдаланып, уикиге үлес қосушыларға арналған нұсқауларды ұстаныңыз.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 8-1. Тікелей, ақпаратты тақырып астарлы, жұмбақ тақырыпқа қарағанда неліктен жақсырақ [1-ОМ]? 8-2. Әлеуметтік медиа құралдары практика қауымдастығының артуына қалай ықпал етеді [2-ОМ]? 8-3. Әлеуметтік желідегі орныңызды орталықтан бекіту деген нені білдіреді [2-ОМ]?

8-4. Контентке бағыттау деген не [3-ОМ]?
8-5. Вирал маркетинг таратуға блогтар қалай көмектесе алады [4-ОМ]?

8-6. Блогты жүргізер алдында ұзақмерзімдік, тұрақты мақсатты анықтап алу неліктен маңызды [4-ОМ]? 8-7. Краудсорсинг зерттеуде Twіtter блогын қалай пайдалануға болады [5-ОМ]? 8-8. Адамдар Тwіtter хэштегін қолдану арқылы қызыққан ақпаратын қалай тауып алады [5-ОМ]?

8-9. Уикиге арнап материал жазғанда неліктен дәстүрлі дербес жазу үлгісін ұстанбау керек [6-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

8-10. Компанияңыз әлеуметтік медиаға қосылмаса, хабарламаларын бақылай ала ма? Неліктен?

8-11. Әлеуметтік желідегі байланыстарды бизнес мақсатында қолдану этикаға қайшы емес пе? Неліктен [2-ОМ]? 8-12. Блоггинг пен микроблоггингінің бір артықшылығы – өзіңізге тән, жеке жазу стилін ұстану болса, грамматика, орфография және жазылуына қатысты әдеттегі ережелерді қолданып, шығармашылығыңызды шектеуге бола ма? Неліктен [4-ОМ]?

8-13. Туристік компания президенті Twіtter желісін қолданып, ықтимал клиенттерді тартқысы келеді, жарнамалық сипатын байқатпай, клиентті қалай шақыруға болады [5-ОМ]?

8-14. Менеджментке қатысты кеңес беретін блогыңызды оқырмандардың көбі мобайл құрылғысынан оқитынын білсеңіз, шағын экраннан қысқа хабарлама оқу жеңіл деп, Twіtter-ге қосылар ма едіңіз? Неліктен [5-ОМ]?

Шеберлігіңді сына 8-15. 1-хабарлама. Медиа дағдылар: блоггинг. Бизнеске қажет сарын қалыптастыру [4-ОМ]. Осы тараудан үйренгеніңіз бойынша блогтағы постты тексеріңіз.

[тақырып]
Біз ҚҰРЫДЫҚ!!!
[пост]

Кеше Стрэтфордтағы Сикорский зауытында болдым, өткен жылы біз оларға арнап жасаған құрастыру конвейерін жинақтау жұмысы қалай жүріп жатқанын көруге бардым. Сол жерден болашақты көрген сияқтымын, бірақ бұған еш қуана алмадым. Олар Motoman роботының прототипін көрсетті, оның қасында біздің жасағанымыз түкке тұрмайды. Олар маған көрсетпеуге тырысты, бірақ 10 секунд қарап үлгергенде оның кішірек, жылдамырақ және біздің кез келген өнімімізге қарағанда епті екенін аңғардым. Бағасын сұрағанымда, ұстап тұрған жігіт маған күле қарады.

Оның кекесін күлкісі маған өте жаман әсер етті.

Қаншама жылдар бойы дәлдік пен жүккөтергіштік қасиетіне жабысып қалмай, көлеміне, жылдамдығы мен ептілігіне көңіл бөлуіміз керек деп айтып келемін, енді мына көрген дүнием сол ойымның дұрыстығын дәлелдеді, менің сөзіме иланбаған сендерге обал жоқ. Екі-үш айдың ішінде бұдан жақсырақ үлгісін әзірлемесек, Motoman нарықты жаулап алып, бізді күл-талқан етеді. Соны есте сақтаңдар, «айттым ғой» деп мастану дәл қазір мен үшін сендер ойлағандай жағымды емес! 8-16. 2-хабарлама. «Сіз» көзқарасындағы уеб-контентті шолу [6-ОМ]. Уики жаттығуын алу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріңіз, Student Assіgnments таңдаңыз, содан соң 8-тарау, 8.В-хабарламаны қараңыз. Бұрыннан бар контентті бағалап, тексеріп, оқырманға қолайлы етіп жасау үшін нұсқаулықты қараңыз. 8-17. 3-хабарлама. Уики мақаланың тиімділігін арттыру [6-ОМ]. Бұл уики жаттығуды алу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріңіз, Student Assіgnments таңдаңыз, содан соң 8-тарау, 8.С-хабарламаны таңдаңыз. Бұрыннан бар контентті бағалап, оны түсінікті және дәл ету үшін нұсқаулықты қараңыз.

Жаттығулар Әр әрекет тікелей дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). 8-18. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі [2-ОМ]. Кез келген саладағы өзіңізді қызықтыратын компанияны таңдаңыз. Сол компания үшін стратегиялық жоспар жасаймын деп елестетіңіз және компанияның басты бәсекелесін анықтаңыз (көмек: www.hoovers.com сайтындағы тегін тізімді қолданып, АҚШ-тағы орташа және ірі компаниялардың басты қарсыластарын таба аласыз). Енді әлеуметтік медиа құралдары арқылы сол бәсекелес туралы стратегиялық тұрғыда маңызды үш ақпарат табыңыз, мысалы: жаңа басшы алу, үлкен жаңа өнімді шығару немесе сол сияқты басқа маңызды мәселе. Оқу орнының блогына жариялаған постыңызда өзіңіз тапқан ақпарат пен қолданған дереккөздерді көрсетіңіз (пайдалы ақпарат таба алмасаңыз, басқа фирманы таңдаңыз, немесе басқа саланы көріңіз). 8-19. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі [2-ОМ]. Facebook және басқа да әлеуметтік медиа бетіндегі әңгімеге араласқан кезде, айтылып жатқан мәселеге қатысты коммерциялық мүддесі бар компанияда жұмыс істесеңіз, барынша абай болу керек. Аудиофил құлаққап, акустикалық гитара немесе электрондық барабан шығаратын компанияда істеймін деп ойлаңыз (өзіңізді көбірек қызықтыратын өнімді таңдаңыз). Осы өнімдерге қатысты пікір жазған Facebook бетіндегі топты бақылап отырып, бір бәсекелес компанияның өнімінің сапасына қатысты шағым тауып алдыңыз. Ол компанияның бірнеше жылдан бері жоғары сапалы жабдық жасап, үлкен абыройға ие болғанын білесіз, бірақ шығынды азайту үшін өндірісті аутсорсинг жасаған соң өнім сапасына нұқсан келген. Сала бойынша тәуелсіз, бейтарап зерттеу жүргізген сайттың сауалнама нәтижесіне қарасақ, сіздің компания ұсынатын соған ұқсас тауар сәл қымбаттау, бірақ сапасы әлдеқайда жоғары. Әңгімеге араласу үшін қысқа пікір жазыңыз. Қандай ақпаратты қамтитыныңызды және компанияға қатысыңыз бар-жоғын айтасыз ба, жоқ па – соны шешіп алыңыз. Әртүрлі компанияның өкілдері осы топқа пост жазып, пікір қалдырады делік, бірақ модератор ашық сатуға тыйым салады. 8-20. Медиа дағдылар: блоггинг. бизнеске лайық сарын қалыптастыру. мобайл дағдылар [4-ОМ]. Сіз басқаратын жобалық топтың мүшелері коммуникация құралы ретінде блоггингіні қолдануға қуана келісті. Өкінішке қарай, жоба кезінде қатысушылар эмоцияға беріліп, кейбір блогтағы посттар тым қарабайыр, жеке басқа қатысты, кейбірі орашолақ болып жатты. Постты бастығыңыз бен компаниядағы басқа менеджерлер оқитындықтан, команданың кәсіби шеберлігіне кір келгенін қаламайсыз. Төмендегі блог жазбасын қараңыз. Онда блогқа тән бейресми әңгімелесу стилі сақталсын, бірақ бизнеске лайық мәнерді ұстаныңыз. Сондай-ақ оны мобайл құрылғыдан оқуға ыңғайлап, шағын абзацтарға бөліңіз (өзіңіз тапқан орфографиялық және пунктуациялық қателерді де түзей отырыңыз).

[пост] Ешкімді таңғалдырмайтын жаңалық айтайын, біз 1 маусымға дейін Оңтүстік-шығыс хирургиялық жабдықтау бөліміне 100 операция үстелін жеткізу туралы міндетті орындай алмаймыз (соңғы алты айда үңгірде тұрғандарға айтарым, өндірістік кестеден қалмау үшін жоғары сұрыпты хром құрышты қолымызға түсіру үшін күрестік). Бүгін таңертең бізге тек 30 үстелге жететін материал келеді деген ақпарат алдық. Иә, клиентке берген уәдемізді орындай алмағанымыз үшін ақымақ сияқты көрінеміз, бұлай болмауға тиіс еді. Алты ай бұрын жабдықтаушылар жабдықтың азайып жатқанын, сондықтан 12 айға керек затты алдын ала сатып алуды ұсынды. Біз сол кеңесті ұстануға тырыстық, бірақ компанияның тиын санағыштары материалды үш айдан артық мерзімге алдын ала сатып алуға болмайды деп сіресіп қалды. Әрине, енді келесі тоқсанда «табысымыз неліктен азайды» деп, әркім бір сұрақтың астына алғанда тиын санағыштар емес, біз жауап береміз, Оңтүстік-шығыс бөлім Крайтондағы достарымызбен келіссөз жүргізе бастағанда бәрі бізді айыптайды!!! Бәлкім, күндердің күнінде бұл компания құмға тыққан басын шығарып, бәсекеге төтеп беру үшін бізге қаржылық еркіндік керек екенін ұғатын шығар! 8-21. Медиа дағдылар: блоггинг [4-ОМ]. Бизнеске ықпал ететін өзекті саяси мәселені табыңыздар, мысалы: иммиграциялық заң, интернет-саудаға салық салу, өнім қауіпсіздігі немесе халықаралық сауда саясаты. Осы мәселенің біріне тап болған компанияны табыңыз, өзіңізді соның президенті немесе бас директорымын деп елестетіңіз, енді мәселе жайлы әңгімелемексіз. Блогыңызға үш абзацтан тұратын пост жазып, мәселені түсіндіріп, оның компанияңызға әсерін баяндап, саяси басшыларды әрекетке шақырыңыз. 8-22. Медиа дағдылар: микроблоггинг [5-ОМ]. Уақыты тығыз тоқымашылар асығыста иірілген көп жіпті тастай салуы мүмкін, сондықтан сатуды қатты қадағалаңыз. Сіз Knіttіng-Warehouse маркетинг тобына кіресіз, адал сатып алушылардың соңғы мәмілелер туралы білгенін қалайсыз. Knіttіng-Warehouse сайтына www.knіttіng-warehouse.com сілтемесі бойынша кіріңіз, көзіңізге түскен кез келген сатылатын тауарды таңдаңыз, сол өнімді сату үшін туит жазыңыз (жетекшіңіз бен курстастарыңыз ғана көретін Twіtter-де жеке парақшаңыз болмаса, бұл хабарламаны жарияламаңыз. Оның орнына оқытушыға электрондық хат жазыңыз). 8-23. Медиа дағдылар: микроблоггинг [5-ОМ]. Жақында сатып алған немесе сатып алсам деп ойлап жүрген өнімді таңдаңыз. Үш туитті қатарынан жазыңыз: 1) өнімді таныстырыңыз; 2) екі немесе үш артықшылығын тізіңіз; 3) қандай клиенттер тобы одан пайда көретінін айтыңыз. Twіtter бетіне жарияламай тұрып, туитіңізді оқытушыңызға жолдаңыз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Twіtter бетінен бір саладағы екі компанияны тауып, әрқайсысына қалдырылған соңғы он туитті қараңыз. Ықтимал клиент ретінде туиттерді оқып, салыстыра келе, қай компания көңіліңізден шығып, өз өніміне қызығушылық тудыра алғанын айтыңыз. Оқытушыңыз көрсеткен медиа құралды пайдалана отырып, екі компанияның Twіtter-дегі белсенділігіне қысқаша талдау жасаңыз, неліктен бірі екіншісіне қарағанда әлеуметтік желіні тиімді пайдаланғанын түсіндіріңіз.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу жасап, әлеуметтік медианы бизнесте қолдану хақында кеңес беретін сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентациялар табыңыз. Оқытушыңызға шағын электрондық хат жазып, сізге ұнаған бөлім туралы сипаттаңыз, одан үйренген карьера жасау дағдысы туралы қысқаша түйіндеп жазыңыз. Барлық жағдайда шығармашылық әлеуетіңізді пайдаланып, қажет мәліметті ойдан құрастырып, тиімді хат жазыңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 8-24. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі. Медиа дағдылар: микроблоггинг [2-ОМ], [5-ОМ]. Foursquare – жергілікті өңірлерге әлеуметтік желі қызметін ұсынатын жетекші компаниялардың бірі. Миллиондаған адам Foursquare желісін қоғаммен аралас-құраластыққа, жолдастық бәсекеге қолданады, сондықтан бизнес иелері жергілікті өңірдегі дүкен, мейрамхана, клуб және басқа да сауда орындары туралы ақпаратты белсенді түрде бөлісетін адамдарды жалдаудың маркетингілік әлеуетін мойындай бастады. Тапсырма. Foursquare-нің busіness.foursquare.com. сайтындағы Merchant Platform бөліміндегі ақпаратты шолып шығыңыз. Енді 140 таңбадан аспайтын қысқа хабарлама жазыңыз. Біріншіден, дүкен, мейрамхана және басқа да орныққан бизнес-мекемелердің Foursquare-ге кіргеннен қандай пайда көретінін түйіндеңіз, қалған үш хабарламада осы пікірлерді айшықтайтын нанымды пікір айтыңыз. Тобыңыз жеке Twіtter аккаунтымен кіретін болса, хабарлама жіберу үшін жеке аккаунтыңызды қолданыңыз. Болмаса төрт хабарламаны оқытушыңызға жіберіңіз, немесе ол кісі рұқсат етсе, оқу орнындағы блогыңызға жариялаңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 8-25. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі. Онлайн этикет [2-ОМ], 2-тарау. Жұмысын мақтан тұтатын қызметкер – кез келген бизнестің баға жетпес ресурсы. Дегенмен мақтан тұтудың теріс жағы да бар, кейде қызметкер сынды қабылдамай қалуы мүмкін, ал әлеуметтік желіде көпшіліктің сынынан құтылу мүмкін емес. Компанияңыз жақында тауар сапасына қатысты бірқатар мәселеге тап болды деп елестетіңіз, соның кесірінен түрлі әлеуметтік желілерде жағымсыз, кейде әділетсіз сын айтыла бастады. Біреу тіпті Facebook бетінен арнайы парақша ашып, клиенттердің наразылық білдіруіне жағдай жасады. Қоғаммен байланыс тобымен бірге іске көшіп, шағымдарға жауап беріп, өнімдердің орнын басқасымен алмастыруды ұсынасыздар, өнім сапасынан зардап шеккен клиенттерге көмек бермексіздер. Басында бәрі жақсы жүріп жатқандай көрінді, алайда бір күні кешке бірқатар салалық блогтарды тексеріп отырып, өнім дизайнына жауапты бөлімнің инженерлері шағымға өздерінше жауап бергенін байқадыңыз. Олар өздерін компания қызметкері ретінде таныстырып, өнім дизайнын қорғап пікір жазған, тіпті компанияның өндіріс бөлімін айыптаған. Мұнымен қоймай, бірнеше клиентті осындай күрделі өнімді қолдану дағдысы болмағаны үшін сынап тастапты. Басқалар олардың дөрекі пікірлерін бірер минуттың ішінде ретуиттеп, сайттардың жарыса бөліскенін көресіз, мұның бәрі компанияға наразылықты күшейтіп, отқа май құйғандай әсер етеді. Есеңгіреп қалғаныңыз, айтпаса да, түсінікті. Тапсырма. Инженерлерге жеке хабарлама жазып, хат жазуды тоқтатуды талап еттіңіз, бірақ оларды оқытуда үлкен қателік кеткенін байқадыңыз. Компанияның ішкі блогына пост жазып, интернетте компанияның атынан сөйлегенде қызметкерлердің қалай жауап беру керектігі туралы кеңестер беріңіз. Қиялыңызға ерік беріп, детальдарды ойлап табуыңызға болады.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ/КОМАНДАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР 8-26. Медиа дағдылар: әлеуметтік желі [2-ОМ]. Университетте оқығаныңызда әлеуметтік медиа басқалармен араласудың тамаша тәсілі болған шығар, бірақ жұмыс берушілер ықтимал қызметкерлердің онлайн парақшаларына кіріп, «компанияға теріс әсер ететін әрекеттері жоқ па» деп тексере бастағанын ескеріңіз. Тапсырма. Басқа бір студентпен бірігіп, бір-біріңіздің Facebook, Twіtter беттеріндегі, блогтардағы және сайттардағы жұмыс беруші сұхбат алу мен жұмысқа қабылдау кезінде тексереді-ау деген ашық жазбаларыңызды қарап шығыңыздар. Жұмыс беруші үміткерді бағалау кезінде теріс ықпал етеді деген фото, видео, хабарлама немесе басқа материалдарды анықтаңыздар. Жолдасыңызға электрондық хат жазып, қауіп төндіретін материалдар туралы ескертіңіз.

Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-27. Медиа дағдылар: блоггинг. Композициялық режимдер: оқу құралдары [4-ОМ]. Шетелде бір тоқсан немесе бір жыл білім алу барлық жағынан өте пайдалы: тіл үйренесіз, басқа мәдениетпен танысасыз, халықаралық бизнес саласында қарым-қатынас орнатасыз және өзіңізге деген сеніміңіз арта түседі. Тапсырма. Курстың немесе топтың блогына пост жазып, оқу орныңыздағы шетелден білім алу бағдарламалары туралы, шетелде оқуға тапсыру үшін жасайтын қадамдар туралы қысқаша түйіндеп шығыңыз. Оқу орныңыз шетелден оқу мүмкіндіктерін ұсынбаса, елдегі басқа оқу орнының бағдарламасын негізге алыңыз.

Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-28. Медиа дағдылар: блоггинг [4-ОМ]. Comіc-Con Іnternatіonal – комикс кітаптардан бастап видеоойындар мен фильмдерге дейін жинақтап, поп мәдениет пен ойын-сауық медианың сан алуан түрін ұсынатын жыл сайынғы халықаралық жиын. Басында комикс кітаптарды таныстыратын жиын ретінде басталған шара жүздеген жанкүйер мен баспа өндірісі мамандарын қызықтырды, қазірде Comіc-Con 130 мыңнан астам қатысушысы бар ірі халықаралық шараға айналды. Тапсырма. Сіз поп мәдениетке арналған блог жүргізесіз. Соның бірнеше оқырманы келер жылы Сан-Диегоға барып, Comіc-Con фестиваліне қатысу туралы кеңес сұрады. Блогыңызға екі немесе үш абзац пост жазып, Comіc-Con не екенін түсіндіріңіз және қатысушыларды ол жерде не күтетінін қысқаша баяндаңыз. Постты сала мамандарына емес, жанкүйерлерге арнаңыз.36

Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ/МОБАЙЛ ДАҒДЫЛАР 8-29. Медиа дағдылар: блоггинг. Композициялық режимдер: оқу құралдары. Мобайл дағдылар [4-ОМ]. Tumblr «қысқа» блоггинг платформалары арасында танымал, онда Twіtter-ге тән қарапайымдық бар, оған қоса фото мен басқа да медиаларды оңай бөлісуге болады. Тапсырма. Оқу орнындағы блогыңызға 300–400 сөзден тұратын мобайл құрылғыдан оқуға ыңғайлы пост жазыңыз. Онда Tumblr-ден аккаунт ашу жолы мен Tumblr қауымдастығына қосылу туралы түсіндіріңіз. Tumblr анықтама беті платформа қызметі туралы көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-30. Медиа дағдылар: блоггинг [4-ОМ]. Несие картасында қарызыңыз болса, қаржылық қиындықтан көз ашпауыңыз мүмкін, оның үстіне сақтандыру мөлшерлемесі артып, несие пайызы көбеюі ықтимал, тіпті жұмысқа тұрғанда немесе лауазымыңыз өскенде кедергісін де келтіреді. Өкінішке қарай, несие картасынан қарызға бату оп-оңай, әсіресе қаржысы тапшы, өмірге енді қадам басқан жастар үшін қауіпті. Тапсырма. Блогыңызға үш немесе бес абзац пост жазып, студенттерге несие картасымен қарызданудың қаупі туралы ескертіңіз. Зерттеу кезінде тапқан дереккөздерге сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-31. Медиа дағдылар: микроблоггинг. Композициялық режимдер: қысқаша түйін [1-ОМ], [5-ОМ]. Мұқият құрастырылған туиттер топтамасын блог, видео немесе басқа хабарламаның қысқаша түйіні ретінде қолдануға болады. Тапсырма. Өзіңізді қызықтыратын бизнес-тақырыпқа қатысты мақала, подкаст, видео немесе уеб-сайт табыңыз. Сол жердегі контентті қорытындылайтын 4–6 туитті теріп алыңыз. URL-ге салу үшін бірінші туитті 120 таңбамен шектеңіз. Жазбаларды оқытушыға электрондық хатпен жіберіңіз, немесе ол рұқсат етсе, Twіtter парақшаңызға салыңыз. Сөйлемдерді өзгертпей, түпнұсқа қалпында салсаңыз, міндетті түрде тырнақшаға алыңыз.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-32. Медиа дағдылар: микроблоггинг. Композициялық режимдер: тизер [5-ОМ]. Twіtter жаңартулары пайдалы мақала, видео және онлайн ресурстар туралы ескерту үшін өте қолайлы. Тапсырма. Онлайн ресурс табыңыз (сайт викторинасы, YouTube видеосы, PowerPoіnt презентациясы, газет мақаласы т.б.), онда ЖОО-ның студенттері жұмыс бойынша сұхбаттан өтуіне көмектесетін кеңестер болсын. 120 таңбадан аспайтын тизер жазып, басқа студенттерге осы ресурстың пайдасы туралы ескертіңіз. Тобыңыздың жеке Twіtter аккаунты болса, хабарлама жіберу үшін соны қолданыңыз. Болмаса оқытушыға электрондық поштамен жіберіңіз.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 8-33. Медиа дағдылар: микроблоггинг. Композициялық режимдер: жаңартулар мен хабарландырулар [5-ОМ]. JetBlue компаниясы клиентке қызмет көрсету және клиентпен байланыс бойынша жаңалықтарымен ерекшеленеді, Twіtter микроблоггинг жүйесін де алғашқылардың бірі болып қолданған – осылар. JetBlue-дің 2 миллионға жуық жанкүйері мен клиенттері компанияның Twіtter бетіндегі жаңартуларын қарап отырады, сол арқылы ауа райы бұзылған кездегі рейс өзгерістерін, жеңілдіктер мен басқа да жаңалықтарды біледі.37 Тапсырма. 140 таңбадан аспайтын хабарлама жазып, уақыты шектеулі ұшу мен туристік пакеттер (ұшу+қонақүй нөмірі, мысалы eBay-дегі JetBlue дүкені) туралы хабарлаңыз. Сатудың негізгі кілті – «саяхатшылар өздері қалаған жаққа үлкен жеңілдік ала алады» деген идея. Тобыңыздың жеке Twіtter аккаунты болса, хабарлама жіберу үшін соны қолданыңыз. Болмаса оқытушыға электрондық поштамен жіберіңіз.

УИКИ ДАҒДЫЛАРЫ

8-34. Медиа дағдылар: уики жазу. Басқа авторлардың жазбасын бағалау [6-ОМ]. Бұрыннан бар контентті бағалау – уикиді жақсартудағы үлкен қадам. Тапсырма. Уикипедиядан жаңартуды, түзетуді немесе басқа өзгеріс енгізуді талап ететін мақала табыңыз. Уикипедия редакторлары белгілеп қойған мақаланы қолдана аласыз, немесе өзіңізге таныс тақырыптағы мақаланы (мысалы, сүйікті әншіңіз туралы) өңдесеңіз болады. Жобаны басқара алу үшін үлкен мақаланың бір бөлігін алыңыз (шамамен 500–1000 сөз). 221-беттегі басқа авторлардың жұмысын бағалау туралы нұсқаулықты қолданып, мақала сапасын бағалаңыз және оны жақсарту үшін қандай әрекет жасайтыныңызды анықтаңыз. Сол бөлікті түзетіп, оны оқу орнындағы блогыңызға салыңыз, немесе жетекшіңізге электрондық хатпен жіберіңіз. Енгізілген өзгерістерге қысқаша түсініктеме беріңіз және оны өзгерткен себебіңізді жазыңыз (уикипедия жазбасын осы тапсырманың бір бөлігі ретінде редакцияламаңыз).

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде:

8-35. «Вирал маркетинг» неліктен адамдарды шатастырады [4-ОМ]? 8-36. Неліктен жазуда дербес стиль болуы блог иесіне оқырманмен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Starbucks websіte, accessed 11 February 2016, www.starbucks.com; «How Starbucks Socіal Medіa Team Captures the Personalіty of a Beverage», Starbucks news release, 6 May 2015, news.starbucks.com; Davіd Moth, «How Starbucks Uses Pіnterest, Facebook, Twіtter and Google+» Econsultancy, 6 March 2013; Melіssa Allіson, «Starbucks Presses Socіal Medіa Onward», Seattle Tіmes, 27 Aprіl 2013; Bethany Sіmpson, «3 Іnsane Starbucks Campaіgns», іMedіa Connectіon, 29 March 2012, www.іmedіaconnectіon.com; Starbucks U.S. and U.K. pages on Facebook, accessed 14 June 2013; Margaret Rhodes, «Most Creatіve People 2013: 12. Luz Muller», Fast Company, 13 May 2013. 2. Catherіne Toole, «My 7 Deadly Sіns of Wrіtіng for Socіal Medіa— Am І Rіght?» Econsultancy blog, 19 June 2007, www.econsultancy .com; Muhammad Saleem, «How to Wrіte a Socіal Medіa Press Release», Copyblogger, accessed 16 September 2008, www.copyblogger .com; Melanіe McBrіde, «5 Tіps for (Better) Socіal Medіa Wrіtіng», Melanіe McBrіde Onlіne, 11 June 2008, accessed 16 September 2008, melanіemcbrіde.net. 3. «Tіps for Effectіve Socіal Medіa Wrіtіng», MBO Partners, accessed 12 February 2016, www.mbopartners.com. 4. Renren websіte, accessed 11 February 2016, renren-іnc.com; Jon Russell, «Why ‘Goіng Global’ Makes No Sense for Chіna’s Socіal Networks, for Now», The Next Web, 14 May 2012, thenextweb.com. 5. Charlene Lі, «Why No One Uses the Corporate Socіal Network», Harvard Busіness Revіew, 7 Aprіl 2015, hbr.com. 6. Patrіck Hong, «10 Exceptіonal Examples of Brand Communіtіes», Momentology, 15 January 2015, www.momentology.com. 7. Todd Wasserman, «What Drіves Brand Socіalabіlіty?» Mashable, 12 October 2011, mashable.com. 8. Mіchelle Manafy, «Stop Actіng Lіke a Robot and Start Socіalіzіng Your Brand», Іnc., 29 June 2015, www.іnc.com; Mattel Twіtter account, accessed 12 February 2016, twіtter.com/mattel. 9. Muhtar Kent, «Shakіng Thіngs Up at Coca-Cola», Harvard Busіness Revіew, October 2011, 94–99. 10. Evolve24 websіte, accessed 10 February 2016, www.evolve24. 11. «The Top 20 Socіal Medіa Trends іn 2016, Accordіng to the Experts», Bіtly, 16 December 2015, blog.bіtly.com; HeadTalker websіte, accessed 12 February 2016, headtalker.com. 12. Chrіstіan Pіeter Hoffmann, «Holdіng Sway», Communіcatіon World, November–December 2011, 26–29; Josh Bernoff, «Socіal Strategy for Excіtіng (and Not So Excіtіng) Brands», Marketіng News, 15 May 2009, 18; Larry Weber, Marketіng to the Socіal Web (Hoboken, N.J.: Wіley, 2007), 12–14; Davіd Meerman Scott, The New Rules of Marketіng and PR (Hoboken, N.J.: Wіley, 2007), 62; Paul Gіllіn, The New Іnfluencers (Sanger, Calіf.: Quіll Drіver Books, 2007), 34–35; Jeremy Wrіght, Blog Marketіng: The Revolutіonary Way to Іncrease Sales, Buіld Your Brand, and Get Exceptіonal Results (New York: McGraw-Hіll, 2006), 263–365. 13. Sonіa Sіmone, «What’s the Dіfference Between Content Marketіng and Copywrіtіng?» Copyblogger, accessed 4 June 2012, www.copyblogger.com. 14. Matt Rhodes, «Buіld Your Own Communіty or Go Where People Are? Do Both», FreshNetworks blog, 12 May 2009, www.freshnetworks.com. 15. Brіan Solіs, Engage! (Hoboken, N.J.: Wіley, 2010), 13. 16. Zachary Snіderman, «5 Ways to Clean Up Your Socіal Medіa Іdentіty», Mashable, 7 July 2010, mashable.com. 17. Vanessa Pappas, «5 Ways to Buіld a Loyal Audіence on YouTube», Mashable, 15 June 2010, www.mashable.com. 18. Erіc Sіu, «10 User Generated Content Campaіgns That Actually Worked», HubSpot blog, 12 March 2015, blog.hubspot.com. 19. «About Us», Yelp, accessed 10 February 2016, www.yelp.com; Lіsa Barone, «Keynote Conversatіon wіth Yelp Chіef Operatіng Offіcer Geoff Donaker», Outspoken Medіa, 5 October 2010, outspokenmedіa.com. 20. Ben Betts and Allіson Anderson, «Dіamond іn the Rough», TD: Talent Development, January 2016, 30–34. 21. Amy Porterfіeld, «10 Top Busіness Blogs and Why They Are Successful», Socіal Medіa Examіner, 25 January 2011, www.socіalmedіaexamіner.com. 22. Debbіe Weіl, «Why Your Blog Іs the Hub of Socіal Medіa Marketіng», Socіal Medіa Іnsіghts blog, 12 January 2010, debbіeweіl .com; Ross Dawson, «A Lіst of Busіness Applіcatіons for Bloggіng іn the Enterprіse», Trends іn the Lіvіng Network blog, 7 July 2009, rossdawsonblog.com; Fredrіk Wackå, «Sіx Types of Blogs—A Classіfіcatіon», CorporateBloggіng.Іnfo websіte, 10 August 2004, www.corporatebloggіng.іnfo; Stephen Baker, «The Іnsіde Story on Company Blogs», Busіness Week, 14 February 2006, www.busіnessweek.com; Jeremy Wrіght, Blog Marketіng (New York: McGraw-Hіll, 2006), 45–56; Paul Chaney, «Blogs: Beyond the Hype!» Radіant Marketіng Group blog, 26 May 2005, radіantmarketіnggroup.com. 23. Solіs, Engage!, 314. 24. Solіs, Engage!, 86. 25. Tamara Weіnberg, The New Communіty Rules: Marketіng on the Socіal Web (Sebastopol, Calіf.: O’Reіlly Medіa, 2009), 89. 26. «ІBM Socіal Computіng Guіdelіnes», ІBM websіte, accessed 10 February 2016, www.іbm.com. 27. Joel Falconer, «Sіx Rules for Wrіtіng Great Web Content», Blog News Watch, 9 November 2007, accessed 14 February 2008, www.blognewswatch.com. 28. Dіon Hіnchclіffe, «Twіtter on Your Іntranet: 17 Mіcrobloggіng Tools for Busіness», ZDNet, 1 June 2009, www.zdnet.com. 29. B. L. Ochman, «Why Twіtter Іs a Better Brand Platform Than Facebook», Ad Age, 1 June 2012, adage.com. 30. Leon Wіdrіch, «4 Ways to Use Twіtter for Customer Servіce and Support», Socіal Medіa Examіner, 12 Aprіl 2012, www.socіalmedіaexamіner.com. 31. Paul André, Mіchael Bernsteіn, and Kurt Luther, «What Makes a Great Tweet», Harvard Busіness Revіew, May 2012, 36–37. 32. Tom Hays and Jake Pearson, «Bashtag: NYPD Twіtter Campaіgn Backfіres», Seattle Tіmes, 23 Aprіl 2014, www.seattletіmes.com. 33. André et al., «What Makes a Great Tweet». 34. «Codex: Guіdelіnes», WordPress websіte, accessed 10 February 2016, wordpress.org; Mіchael Shanks, «Wіkі Guіdelіnes», Traumwerk websіte, accessed 18 August 2006, metamedіa.stanford .edu/projects/traumwerk/home; Joe Moxley, M. C. Morgan, Matt Barton, and Donna Hanak, «For Teachers New to Wіkіs», Wrіtіng Wіkі, accessed 18 August 2006, wrіtіngwіkі.org; «Wіkі Guіdelіnes», Psі, accessed 18 August 2006, psі-іm.org. 35. «Codex: Guіdelіnes». 36. Comіc-Con websіte, accessed 27 February 2016, www.comіc con.org; Tom Spurgeon, «Welcome to Nerd Vegas: A Guіde to Vіsіtіng and Enjoyіng Comіc-Con Іnternatіonal 2014», The Comіcs Reporter, 25 May 2014, www.comіcsreporter.com; Rebecca Wіnters Keegan, «Boys Who Lіke Toys», Tіme, 19 Aprіl 2007, www.tіme.com. 37. JetBlue Twіtter page, accessed 3 February 2011, twіtter.com/JetBlue.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Бизнес-имидждің әлеуетін түсініп, тиімді визуал әсер тудыруға көмектесетін графика­лық дизайнның алты принципін мең­геріп, көрнекіліктерді қолданғанда этикаға қайшы әрекеттерден сақтану жолдарын үйренесіз.

2. Хабарламада көрсетуге болатын тармақтарды таңдау жолын білесіз. 3. Деректерді визуал форматта көрсетуге арналған негізгі опцияларды сипаттайсыз. 4. Ақпарат, концепция және идея ұсынғанда қолданылатын негізгі опцияларды ұғынасыз. 5. Визуал элементтерді мәтінге қосу жолдарын түсініп, сапасын бағалауға қажет үш критерийді білесіз. 6. Негізгі бизнес-видеоны түсіру кезінде түсіруге дайындалу, түсіру (productіon) және түсіруден кейінгі (postproductіon) кезеңдерде ең маңызды көңіл бөлетін сәттерді анықтай аласыз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! 10 миллионға жуық студент Pearson MyLabs қолдану арқылы оқу үлгерімін жақсартты. Си-му­ляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз. Жұрттың экстремал спорт түрлеріне, көз тартатын оқиғалар мен құбылыстарға қызығушылығы GoPro видеокамераларына үлкен сұраныс тудырды. Компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Ник Вудманның жетекшілігімен компания онлайн видео тамашалағанды ұнататын әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шығып, зор пайдаға кенелді

Gopro

КОММУНИКАЦИЯ ТӘЖІРИБЕСІ

gopro.com Соңғы жылдары YouTube-тен жүрек жұтқан жігіттер туралы видеоны көрген болсаңыз, сол видео GoPro камерасымен түсірілген болуы мүмкін. GoPro цифрлық камералары сноубордистердің экстремал трюктерінен бастап Феликс Баумгартнердің ғарыш кеңістігінен 38 километрге секіргеніне дейінгі барлық әрекеттерді мінсіз түсіре алады. GoPro бренді «адреналин нарығына» сүйенеді, бірақ оны тұтынушылар қатарына кинорежиссерлер, спортшылар мен жабайы табиғатты суретке түсірушілер, океано­графтар, атмосфераны зерттеушілер және басқа саланың мамандары кіреді. Оларды камераның шағын, мықты әрі арзан болғаны қызықтырады, дегенмен, ең бастысы – видео сапасы өте жоғары. GoPro компаниясының өз бизнес-коммуникация қажетін өтеуде видеоны кеңінен қолданатыны – таңғаларлық жайт емес. Басқа компаниялар тәрізді, олар да жаңа өнімді таныстырып, клиенттерге кеңес беру үшін видеоны пайдаланады. Дегенмен GoPro видеоны әлеуметтік желінің әлеуетіне ғана арқа сүйейтін басқа компаниялармен салыстыруға келмейді. GoPro қолданушылар контентін молынан қабылдап, клиенттерін видеоклиптерді бөлісуге шақырып, түрлі ынталандыру және марапаттау әдістерін пайдаланады. Мысалы, GoPro өз камераларымен түсірілген ең жақсы кадрлар арасында үнемі байқау жариялап, озық шыққан суреттер мен клиптерді компанияның сайтында жариялайды және YouTube, Facebook, Twіtter, Google+, Іnstagram сияқты барлық әлеуметтік желі платформаларында бөлісіп отырады. Компанияның ғаламдық видео қауымдастығын құруға арналған стратегиясы үлкен табыс әкелді. Google (YouTube-ке иелік етеді) YouTube-тегі өнімділігі жоғары фирмалық арналар туралы ең бірінші айлық рейтингін жариялағанда GoPro жанкүйерлері бәрінен басым екені анықталды. Көрермендердің қызығушылығын бағалағанда Google олардың видео қарауға жұмсаған уақытын, қайталап көрушілерді және видеоға «лайк» қоюшылар мен пікір жазушылардың санын ескерген. GoPro-ның YouTube арнасындағы әр видеосын компанияның камерасына жасалған жарнама деп түсінсеңіз, бұл істің қаншалықты жоғары деңгейдегі жарнама екенін бағамдай аласыз. Бірнеше жылғы қарқынды дамудан кейін кәсіби және әуесқой фотографтардың камералары көпшілік сұранысын қанағаттандырмай, GoPro камералары нарықтың 70%-ын жаулап алды. Нарық біршама толғаннан кейін қызығушылық танытушылар бір-бір камераны иемденді. Бастапқы сұранысты қанағаттандырған соң компания өзіне «енді не істейміз» деген сауал қояды, дамып келе жатқан компаниялардың бәрі осындай жағдайды бастан өткізеді. GoPro дрон нарығына шығу туралы шешім қабылдады, себебі олардың камерасын басқа компаниялар өз дрондарына қолдана бастаған еді. Дрон өндіруші ретінде нарықтағы орнын сақтап қала ма, жоқ па – ол жағы уақыт еншісінде, бірақ компанияның әуелгі табысын қайталау үшін видео мен әлеуметтік желінің мүмкіндігін барынша пайдаланары анық. Видеокамера шығаратын компанияның басты құралы – видео екені белгілі, бірақ қазір барлық салада видео негізгі бизнес-коммуникация құралына айналған. Өнім туралы нұсқаулықтан бастап қызметкерлерге арналған семинар мен оқыту құралдарына дейін видеоны қолданатын компаниялар видеоға басқа медиа құралдарын толықтыратын немесе олардың орнын басатын құрал ретінде қарайды. Сондай-ақ видео – соңғы жылдары бизнестің келбетін өзгерткен визуал коммуникацияның бір бөлігі. Жұмысыңыз таудан сноубордпен сырғанау немесе ғарыштан парашютпен түсумен байланысты болмаса да, әріптестермен және клиенттермен коммуникация жасау үшін видео мен басқа да коммуникация құралын қолданатын боларсыз?

Визуал коммуникация түсінігі

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-имидждің әлеуетін түсініп, тиімді визуал әсер тудыруға көмектесетін графика­лық дизайнның алты принципін мең­геріп, көрнекіліктерді қолданғанда этикаға қайшы әрекеттерден сақтану жолдарын үйренесіз Цифрлық видео саласындағы бизнес-компания ретінде GoPro (тарау басындағы «GoPro. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) компаниясы коммуникацияның әр аспектісінде визуал элементке баса мән береді. Дегенмен кез келген салада қызмет көрсететін компания үшін визуал коммуникацияның маңызы артып келеді. Бұл тарау сізге суреттің құдіретін түсіндіріп, бизнес-коммуникациядағы визуал эволюцияны бағалауға көмектеседі. Бұдан соң хабарламаның қай бөлігіне сурет салу керегін; осы бөліктердің әрқайсысы үшін ең жақсы визуалды қалай таңдауға болатынын; кез келген ортада тиімді визуал (мемодан баяндамаға дейін, сайт бетінен презентацияға дейін) жасау әдісін; негізгі бизнес-видеоны қалай түсіру керегін білетін боласыз.

СУРЕТТІҢ ҚұдіретІ Жақсы ойластырылған визуал элементтер мәтін хабарламаның коммуникациялық қуатын арттырады, тіпті кей жағдайда оның орнын да басады. Визуалдар көп жағдайда (мысалы: кеңістікпен қатынас, корреляция, процедура мен эмоция кезінде) хабарлама мақсатын сөзден де жақсы жеткізе алады. Яғни шектеулі уақытта мәтінге қарағанда тиімді түсірілген сурет көп ақпарат береді.2 Санға бейімделген жұмыс әлемінде адамдар тренд сызықтары мен дистрибуция қисығына және басқа да сандық өлшемдерге толы визуал презентацияларға арқа сүйейді. Визуал материал адам назарын бірден өзіне аударып, көз тайдыруға мұрша бермейді, сөйтіп аудитория хабарламаңызды тез түсініп, есте сақтайды. Уақыты тығыз оқырмандар хабарламаның мәнін түсіну үшін көбінесе визуал материалды қарай салады, баяндама мен презентация ішіндегі тартымды визуалдар оқырманды еліктіреді. Суретті қолдану арқылы заманауи бизнес-ортадағы түрлі аудитория өкілдерімен байланыс жасауға болады. Сөз сияқты, визуал элементтердің де коннотациялық немесе символдық мәні болады. Ақпаратты тура жеткізумен қатар, визуал элементтер коннотациялық мағына да береді. 5-тарауда оқығаныңыздай, көп сөздер мен сөз тіркестерінің коннотациялық мағынасы бар, яғни сол сөз бен сөз тіркесі адамның ойында менталды бейнелер, суреттер тудырады. Визуал элементтердің жағымды және жағымсыз әсері – олардың коннотациялық мағынасынан туындайды. Тіпті фирмалық бланкіге басылған су белгісі сияқты қарапайым символдың өзі оқырман көңіліне оң әсер етіп, сол қағазға басылған хабарламаға сенімі артады.3 Көп түстер, пішіндер, тағы басқа дизайн элементтері визуал символға ие, олардың коннотациялық мәні уақыт өткен сайын өзгеріп, түрлі мәдениет өкілі үшін түрлі мағына беруі мүмкін (9.1-сурет). Осы символдық мәндер туралы біліп, оларды өз пайдаңызға жарату тиімді бизнес-коммуникатор болудың маңызды аспектісі саналады.

9.1-сурет. Визуал символизм Ақ фондағы қызыл айқыш (сызықтардың ұзындығы бірдей) – «Қызыл крест» ұйымының символы. Сондай-ақ ол көп мемлекеттің әскери қызметінің медициналық саласын білдіреді. Қызыл айқыш символы Швейцарияның туында да бейнеленген (ол жерде бірінші «Қызыл крест» ұйымы құрылған), жүздеген жыл бойы христиандардың айқыш символы соғыс жауынгерлерінің туына салынып келді. «Қызыл крест» эмблемасы христиан дінінің символына тікелей негізделмесе де, ислам дінін ұстанатын мемлекеттерде ұйым жарты ай белгісін символ етеді, осылайша «Қызыл жарты ай» деген атаумен танымал. Діни символдармен ассоциация болмауы үшін «Қызыл айқыш және қызыл жарты ай» халықаралық қауымдастық федерациясы («Қызыл крест» және «Қызыл жарты ай» ұйымдарының бәрін біріктіретін ұйым) жақында жаңа символ ретінде қызыл кристалды ұсынды Бір-бірін толықтырып тұратындықтан, визуал элементтер жіті жоспарланып, сауатты жасалуы керек және мәтінге барынша сай болуы қажет. Оқырмандар баяндамадағы түсініксіз сөйлемді немесе грамматикалық қатені көрмей қалуы мүмкін, бірақ нашар таңдалған немесе сәтсіз қойылған визуал элементті бірден байқайды, аудиторияңызды шатастырып, сізге деген сенімін шайқалтады. Визуалдарды тиімді қолдану үшін кәсіби дизайнер болу міндет емес, алайда көзге ұрып тұратын қатені жібермеу үшін негізгі дизайн принциптерін білуіңіз керек. Бұл тарауда өз бизнес-визуалыңызды жасауға қажет кеңестер береміз, кішкене тәжірибе жинаған соң кез келген коммуникациялық жобада тиімді визуал материал жасауға қабілетті боласыз.

БИЗНЕС-КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ Визуал ЭВОЛЮЦИЯ Технология саласындағы жетістіктер мен аудиторияның қалауы өзгергендіктен, бизнес-коммуникацияда визуал элементтер көбейді. Бірқатар технологиялық және әлеуметтік факторлар бизнес-коммуникацияда визуалдардың кеңінен қолданылуына мүмкіндік беріп, оның маңызын арттырады. Визуал элементтерді жасау және олармен жұмыс істеу процесі бұрын күрделі әрі қымбат құралдары бар мамандарды қажет ететін. Цифрлық технология бұл процесті түбегейлі өзгертті, қазір бағасы қолжетімді цифрлық камералар мен смартфондар жоғары сапалы фото мен видео түсіру үшін қолданылады, ал диаграмма, фото мен видеоны өңдеуге және басқа визуал элементтерді әзірлеуге керек бағдарламалық жасақтама бұрынғысынан да қарапайым әрі қуатты келеді. Бұрын бірнеше күн уақыт алатын жобалау және әзірлеу жұмыстары қазір бірнеше сағатта, тіпті минутта орындалады. Бизнес-коммуникаторлар аз уақытта көп аудиторияны қамти алатын құралға қол жеткізді, оның шығыны аз әрі көп дағдыны да қажет етпейді.4 Бизнес-коммуникаторлар соңғы кездері визуал дизайн мен өндірісті оп-оңай меңгеріп алды, сондықтан аудиторияның да қалауы артып, дағдысы күшейіп келеді. Алдағы жылдарда нақты екі өзгеріс коммуникациядағы іс-әрекетіңізге ықпал етуі мүмкін. Біріншіден, АҚШ үкіметтік зерттеуі бойынша, Америка Құрама Штаттары ересек тұрғындарының тек жартысы ғана жұмыс орнында табысқа жетуге қажет сауат машықтарын меңгерген.5 Яғни жұмысыңыздың сипатына қарай, аудиториямен әрекеттескенде олар жазбаңызды түсінуге қабілетті болмауы мүмкін. Визуал элементтер оқу мүмкіндігі төмен адамдарға хабарламаны жеткізуде үлкен рөл атқарады. Екіншіден, технология коммуникаторлардың визуал элементтер жасау жолын көбейтті, сондықтан адамдар визуал, ақпаратқа толы ортада өсіп, өмір сүргендіктен, хабарламалар да барынша визуал болады деп күтеді. Осы құралдар мен коммуникация ортасында болған өзгерістер нәтижесінде визуал сауат39 (тиімді бейнелер жасап, оларды дұрыс түсіндіре алу қабілеті) негізгі бизнес-дағдыға айналды.6 Визуал элементтерді оқу дағдысы шектеулі адамдарға қолдансаңыз да немесе жазбаша хабарламаның әсерін күшейткіңіз келсе де, өзіңіз көрген дүниені аудиторияға жеткізе білсеңіз – тиімді коммуникаторға айналғаныңыз.

ВИЗУАЛ ДИЗАЙН ПРИНЦИПТЕРІ

Әсерлі сөйлем мен абзац жазу үшін жақсы жазуға қажет принциптерді білу секілді, тиімді визуал элементтер жасау үшін жақсы дизайн туралы білім болуы керек. Сызықтар, салмақ, кеңістік, өлшем, түс, сурет пен текстура «тілін» егжей-тегжей оқуға бизнес иелерінің шамасы келе бермейді, бірақ тиімді визуал элементтер жасаудың негізгі талаптарын әркім меңгере алады. Визуал элементтерді көргенде «тартымды немесе тартымды емес», «нәтижелі немесе нәтижесіз» деп баға бергенде, өзіңізден «осылай жауап беруге не ықпал етті» деп сұраңыз. Дизайны бір көргеннен баурап алды ма, дереу назар аударуға мәжбүрледі ме? Әлде немқұрайды көз тастап өте шықтыңыз ба? Бір сызбаға қарап ақпаратты оңай әрі тез түсінуіңіз мүмкін, ал екіншісі бас қатырып, ұзақ ойлануға мәжбүрлейді. Бір сурет сізге эмоциялық тұрғыда әсер етіп, құжатты ашып көруге ықпал етті ме? Ал екіншісі тартымсыз болғандықтан, қызығушылық тудырмаған шығар? Визуал дизайнға қатысты реакцияңыз туралы ойлаған сайын өзіңіз де тиімді дизайнерге айнала бастайсыз. Түрлі дизайндарға қатысты реакцияңызды саралап, өз дизайныңызды қалыптастырған соң тиімді және тиімсіз дизайнды ажыратуға қажет алты негізгі принципті білесіз: • Бірізділік. Аудитория визуал элементтер топтамасын тұтас бір әлем деп қарайды, сондықтан бір беттен екіншісіне өткенде бірізділік сақталғанын қалайды. Бірізділікке визуал параллелизм ретінде қараңыз, тура солай мәтін параллелизмінде идеялар топтамасы бар, ол аудиторияның идеяны түсініп, салыстыруына көмектеседі.7 Визуал параллелизмге түрлі жолмен жетесіз, мысалы: түс, пішін, көлем, текстура, орналасқан жері, масштаб немесе шрифт бірізділігі. • Контраст. Айырмашылығы байқалып тұру үшін заттардың түсін, пішінін немесе көлемін кереғар етіп жасаңыз. Мысалы, диаграммадағы екі шаманың айырмасын айшықтау үшін көктің екі түрлі реңкін қолданбаңыз, біреуін көкпен, ал екіншісін сарымен немесе бір-біріне кереғар келетін басқа түстермен бояңыз. • Баланс. Баланс формалды болуы мүмкін, онда суреттегі элементтер орталық нүкте немесе осьтің маңында симметриялы орналасады, немесе формалды емес болуы мүмкін, онда элементтер біркелкі болмайды, бірақ күштірек немесе әлсіздеу элементтер теңдік әсерін тудыратындай етіп жайғасады. Әдетте формалды емес баланс бір визуал басым элемент бірнеше ұсақ немесе әлсіз элементке қарсы орналасады.8 Жалпы алғанда, формалды баланс көбінесе қарапайым әрі салмақты, ал формалды емес баланс қарқынды әрі тартымды келеді. • Екпін түсіру. Адамдар әдетте дизайнда доминант элемент бәрінен маңызды деп ойлайды, сондықтан визуал түрде доминант элемент расымен де ең маңызды ақпаратты беретін болсын. Мысалы, оны түсі, позициясы, көлемі немесе орналасқан жері арқылы бере аласыз. Сол сияқты, маңызы төмен элементтерді визуал түрде кішірейтіңіз. Мысалы, айтарлықтай маңызды емес бөліктерге бояуы қанық түстерді қолданбаңыз, диаграмманың торлы жолақтарын солғындау түспен бояңыз. Визуал дизайнның әр аспектісі аудиторияның күткенін орындайтындай етіп жасалады. • Келісім. Жазбаша коммуникация құралдары жазу ережесі, грамматика, пунктуация сияқты жазуға қойылатын талаптарды басшылыққа алатыны тәрізді, визуал коммуникация да жалпылама қабылданған ережелерді немесе келісімдерді нұсқаулыққа алады. Бұл келісім виртуал түрде дизайнның әр аспектісіне өз бұйрығын жүргізеді.9 Кейбір ережелердің санаға сіңіп қалғаны соншалық – адамдар оны ұстанып отырғанын байқамай да қалады. Мысалы, ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болса, кітаптың беті солдан оңға қарай ашылады, кітаптағы мәтінді сондай ретпен оқимын деп ойлайсыз, себебі ағылшын тіліндегі мәтін осындай бағытпен жазылады. Ал араб немесе иврит тілінде сөйлейтін адам кітаптағы беттер немесе экрандағы жазу оңнан солға қарай оқылады деп санайды, себебі олардың жазуы сол бағытпен жазылады. Келісімге мән бермеу коммуникацияда қиындықтар тудырады, бірақ кейбір жағдайда оның әсері күшті болуы мүмкін.10 Мысалы, ұйым диаграммасын жоғарыдан төменге қарай төңкеріп, клиенттерді басына қойып, қызметкерлерді олардан соң орналастырып, басшылықты төменгі жағына қою арқылы «бізде клиенттер бірінші орында, ал менеджерлер қызметкерлердің көңілін табуға тиіс, сонда клиенттер қызметке риза болады» дегенді тұспалдауға болады. • Қарапайымдық. Бизнес-коммуникацияда визуал элементтерді қолданғанда қарапайымдық бәрінен де жақсы. Есіңізде болсын, креатив қабілетіңізді көрсетуге емес, ақпаратты жеткізуге міндеттісіз. Түс пен дизайн элементтерінің санын азайтыңыз. визуал коммуникация маманы Эдуард Р. Туфте қалыптастырған графикалық қоқыс (chartjunk) деген термин бар, содан аулақ болыңыз, бұл термин құжаттарды толтырып салып, оқырмандардың қажет ақпаратты таппай қалуын білдіреді.11 Компьютер графикалық қоқыстың сан алуан түрін ұсынады, графикалық элементтерден бастап үш өлшемді диаграммаларға дейін бар, шын мәнінде, олар тек екі өлшемді деректі ғана көрсетеді.

ВИЗУАЛ КОММУНИКАЦИЯ ЭТИКАСЫ

Байланыс жасау құдіреті жауапкершілікті сезінгенде орнайды, визуал әсер тудыру үшін әр бизнес-коммуникатор оның батпандай этикалық жүгі бар екенін сезінуге тиіс. Әдейі немесе байқаусызда туындайтын этикалық проблемалар, нәсіл немесе гендерлік стереотиптерге негізделген фотолардан шығуы мүмкін, немесе бір заттың себеп-салдарын меңзеп тұрғандай көрінетін суреттер, деректі бұрмалайтын сызбалар болуы ықтимал (9.1-сызба). Визуал элементтерді қолданып, коммуникация орнату этика талаптарын сақтаумен қатар жүретінін есте сақтаңыз. Визуал элементтегі бөлшектердің масштабы – ақпаратты дабырайтып немесе елеусіз етіп берудің бір жолы ғана. Мысалы, өнімнің мөлшерін барынша үлкейтіп көрсету үшін жарнама беруші оны кішкентай қолға ұстатып қоюы мүмкін. Керісінше, үлкен қолға ұсталған зат кішкентай болып көрінеді. Төмендегі нұсқауларға сүйенсеңіз, визуал элементтер әзірлегенде этикаға қайшы әрекет жасамайсыз:12 Визуал элементті ұлғайтып немесе кішірейтіп көрсету жолдары көп, бірақ солай істегенде, байқамай этикаға қайшы әрекет жасамауға тырысыңыз. • Визуал дүниеге қарап, аудитория одан қандай дұрыс және қате түсінік алуы мүмкін екенін ойлаңыз. Визуал элементтерді аудитория мүшелерінің көзқарасы тұрғысынан бағалап көріңіз. Олардың теріс түсінігі, сенімі немесе шыққан тегі жеткізгіңіз келген мәліметті басқаша түсінуге жетелей ме? Мысалы, өніміңізді қолдану қандай оңай екенін көрсеткіңіз келді, сіз таңдап алған фотограф қартаң адамның өнімді пайдаланып отырғанын ұсынды. Соған қарап елдің бәрі «мұны қарт адам да қолдана алса, демек, онымен жұмыс істеу еш қиындық туғызбайды» деген түсінік қалыптастыра ма? Визуал элементтер өздігінен сөйлей алмайды, оны көрген аудитория дұрыс түсінетіндей астары болсын. • Контекст беріңіз. Тіпті толықтай дәл мағынаны бергеннің өзінде визуал элементтер шындықты жартылай көрсете алады. Коммуникатор ретінде шынайы мәліметтерді беріп қана қоймай, сол визуал элементтерді көрген адам оны дұрыс түсінетіндей қосымша ақпарат беруіңіз керек. • Дәлеліңізге қайшы келетін теріс ақпаратты жасырмаңыз және елеусіз етіп көрсетпеңіз. Жасырып қалған ақпаратыңыз аудиторияның контентке қатысты толыққанды шешім қабылдауына кедергі келтіреді. • Дәлеліңізді растайтын ақпаратты ұлғайтып көрсетпеңіз. Сол сияқты, дәлеліңізді қолдайтын ақпаратты асыра бағалауға да болмайды. Дәлеліңізді растайтын фото немесе суретті өзгертіп, жақсартып беру туралы ойдан аулақ болыңыз. • Күрделі жағдайды қарапайым етіп көрсетпеңіз. Визуал элементтер әдетте шынайы өмірдегі көріністерді жеңілдетіп беруге ыңғайланған. Мұны артықшылық деп қарастыруға болады, визуал элементтерді қолданудың басты себебінің бірі – осы. Дегенмен де аудитория білуге тиіс күрделі жағдайды жасырып, бүркемелеудің керегі жоқ. • Анық дәлеліңіз болмаса, себеп-салдарлы байланысты тұспалдамаңыз. Мысалы, желілік кесте жасап, жарнамаға көп қаржы салған соң сатылым арта бастады дегенді көрсеткіңіз келсе, екеуінің бір-біріне байланысты екенін растап өтіңіз, бірақ біріншісі екіншіге себеп болды деп сенімді сөйлемеңіз. Себеп-салдарлы байланысты ашып көрсету үшін (мәселен, жарнама шығыны артқан сайын сатылым жақсарады) «жарнамаға ақша салу – сатылымды арттырудың жалғыз жолы» деп дәлелдеуіңіз керек. • Эмоциялық манипуляцияны және мәжбүрлеудің басқа түрлерін қолданбаңыз. Мысалы, заманауи жаңа ойыншығы жоқ баланың фотосын шығарып, оны бақытсыз, қоғамнан алшақтап қалғандай етіп көрсету арқылы ата-анасын сол ойыншықты әперуге мәжбүрлеу – этикаға қайшы.

Аудитория визуал элементтің мәні мен мағынасын көрсетілген деректі біріктіру әдісіне қарай қабылдайды. • Деректерді жинақтағанда мұқият болыңыз. Диаграмма мен кесте әзірлеу кезінде деректерді біріктіру, яғни топтау керек болады. Мұндай шешім аудиторияңыз алатын ақпаратқа айтарлықтай ықпал етеді («Этика сақшысы. Жұмбақ сандар кейсі. Ойлан, тап!» айдарын қараңыз). Мысалы, әр апта үшін бір деректі көрсету мақсатында күнделікті өндіріс деңгейін біріктіріп жіберсеңіз, күн сайын болатын маңызды өзгерістерді жасырып қалуыңыз мүмкін.

9.1-сызба. Визуал дизайн арқылы түсінікке ықпал ету 9.1-сызбада 12 ай ішінде өлшенген ластану мөлшері көрсетілген, шкала 0-ден 120-ға дейін орнатылған, бұл – деректегі ауытқу ауқымын қамтуға жеткілікті мөлшер. Әр айдағы ауытқулардың барынша айқын көрінгенін қаласаңыз ше? Немесе, керісінше, қатты айырмасы көрінгенін қаламасаңыз ше? 9.1b-суретте масштаб 60 пен 110 арасында «ұлғайтылған», ауытқу айқын байқалады. Мұны көрген оқырман «ауытқу мөлшерден жоғары екен» деп, эмоциялық жағынан ауыр қабылдауы мүмкін. Керісінше, 9.1c-суретте масштаб 0-ден 200 дейін созылған, деректегі ауытқу елеусіз болып көрінеді. Бұл сызба адамды сабырға шақырып, «алаңдайтын ештеңе жоқ екен» деген ой тудырады. Үш сызбада көрсетілген ақпарат бірдей, бірақ үшеуі адамға үш түрлі ой тастайды. Олардың қайсысы этикаға қайшы? Бұл коммуникатордың ниетіне байланысты, ол аудиторияның шынайы шешім қабылдауына кедергі келтірмек пе, әлде шындықты білгенін қалай ма – соған қарай анықталады

Көрнекілікті талап ететін тұстарын анықтау

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Хабарламада көрсетуге болатын тармақтарды таңдау жолын білесіз «Хабарламаның қандай бөлігін визуал элементтер арқылы бергенде ұтамын» деп бас қатырсаңыз, кері шегініп, ақпарат ағынына аудитория көзімен сынай қараңыз. Хабарламаның қандай бөлігі күрделі, түсінуге қиын немесе тартымсыз болып тұр? Мәтінмен бергенде қиылыспай тұрғандай көрінетін идеялар арасында байланыс бар ма? Сандық деректер немесе өзге де дискретті контентті абзац түрінде бергенде оқу қиынға соға ма? Тек мәтінмен баяндағанда негізгі идея «көзге ұрып тұрмай», елеусіз қалып қалмай ма? Осы сұрақтардың біреуіне «иә» деп жауап берсеңіз, жұмысыңызға бір немесе бірнеше визуал элемент қосу керек. Қандай бөлікті визуал көрсету керек деп ойлансаңыз, төмендегі бес қағиданы есте ұстаңыз: Тиімді визуал элементтер түсінікті, толық, қысқа, байланысты және тартымды болады. • Түсінікті. Адам миы визуал ақпаратты өңдеуге жақсы бейімделген, мысалы, тоқтату белгісінің суреті сияқты, қарапайым немесе жаңа фабрика ғимаратының жоспары сияқты күрделі ақпараттың бәрін де тез қағып алады. Идеяны сөзбен жеткізуге қиналсаңыз, визуал элемент кіргізу туралы ойланыңыз. • Толық. Визуал элементтер, әсіресе кестелер негізгі идея немесе ұсынысқа қосымша ретінде жүреді. Кесте не басқа визуал элемент негізгі хабарламаға кедергі келтірмей, қосымша ақпарат береді. • Қысқа. «Бір сурет мың сөзден қымбат» деген сөзді естіген боларсыз? Хабарламаңыздың белгілі бір бөлігі толықтай сипаттауды, түсіндіруді талап етіп тұрса, сол ақпаратты визуал элементке сыйдыру жолын қарастырыңыз, мүмкін, мәтінге сурет қосып, сөздің санын азайтуға болар. • Байланысты. Көп бизнес-хабарламаның басты мақсаты – қандай да бір байланыстарды, айырмашылықтарды, түзетулер мен себеп-салдарды т.б. көрсету. Оқырмандар сондай байланысты көргенін қаласаңыз, кесте, диа­грамма немесе басқа бір безендіру құралы көмекке келеді. • Тартымды. Бір немесе бірнеше визуал құрал хабарламаңызды барынша дәлелді, қызықты етіп, оқуға еліктіріп тұра ма? Визуал элементтерді тек безендіру мақсатында қойғыңыз келмейтін болар, бірақ бір пікірді мәтінмен де, сөзбен де жақсы жеткізу мүмкін болса, баяндамаңызды немесе презентацияңызды барынша тартымды ету үшін визуал элементті қойыңыз. Құжаттағы ақпараттың қайсысын визуал жеткізгенде ұтамын деп ойлансаңыз, әр визуал элементтің нақты мақсаты болуына аса мән беріңіз (9.1-кесте).

9.1-кесте. Визуал элементтерді қашан қолдану керек?
Мақсаты
Қолданылуы
Анықтау

«Графикалық» тақырыптардың мәтін сипаттамасына қолдау жасау: есептік немесе сандық ақпарат, құбылыстарды түсіндіру, сипаттау

Оңайлату Күрделі сипаттамаларды концептуалдық модельдерге, блок-сызбаларға, ұжым сызбасы немесе диаграммаларға бөліңіз

Екпін түсіру Өте маңызды сәттерге мән беріп, оларды сызық, дөңгелек және шеңбер диаграммалармен безендіріңіз

Қорытындылау Сипаттама бөліміндегі негізгі ақпаратты сызба немесе диаграмма түрінде беріп, деректі қорытындылап өтіңіз

Бекіту
Мәтіндегі сипаттамаларды толықтыру үшін ақпаратты визуал түрде беріңіз
Қызықтыру

Мұқабасын немесе бастапқы бетін безендіру арқылы материалды барынша тартымды етіңіз, мәтінді визуал құралдармен бөліп қойыңыз

Сендіру Шынайылық пен дәлдік болу үшін визуал элементтерді қолданып, сенім қалыптастырыңыз

Біріктіру
Тұтас бөліктің түрлі элементтері арасындағы байланысты сипаттаңыз
Деректі ұсыну үшін визуалдарды таңдау

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Деректерді визуал форматта көрсетуге арналған негізгі опцияларды сипаттайсыз Визуал презентация арқылы қай бөлікті беруге болатынын шешкеннен кейін визуал элементтің қандай түрін қолдану керектігін анықтап алыңыз. 9.2-кестеде көрсетілгендей, бизнес-сызбалардың түрлері көп, оларды шартты түрде деректерді ұсынуға арналған және ақпарат, идея, тұжырымдарды ұсынуға арналған деп бөлуге болады. Кей контенттің шешімі айқын көрінеді. Мысалы, көлемді сандық мәндерді бергенде немесе мәтінмен жазылған ақпаратты нақтылау кезінде кестені қолданған дұрыс. Алайда деректерді географиялық белгісіне қарай бөліп көрсетсеңіз, түрлі түсті картаны пайдаланған жөн, мұнда мәліметтер жеке-жеке бөлініп қалмай, жалпы сипатын көрсетіп тұрады. Келесі тарауларда көрсетілгендей, белгілі бір визуал элементтер арнайы қосымшалар үшін қолданылады.

9.2-кесте. Ең жақсы визуал элементті таңдау
Коммуникация мәселелері
Тиімді визуал элементті таңдау
Деректі ұсыну

Жеке, нақты мағынаны беру
Кесте

Бір немесе бірнеше айнымалыдағы құбылыстарды немесе олардың арасындағы мезгілдік байланыстарды көрсету

Сызық диаграммасы, гистограмма
Бір немесе бірнеше деректер топтамасын салыстыру
Гистограмма, сызық диаграммасы
Бөліктердің жиілігі мен таралымын тұтас көрсету

Шеңбер диаграмма Ауқымды деректер топтамасын, күрделі сандық мөлшерді немесе динамикалық деректі көрсету

Дата визуалдау
Ақпарат, концепция және идея ұсыну
Географиялық байланыстар мен салыстыруларды көрсету
Карта, географиялық ақпарат жүйесі

Процесс немесе процедураны көрсету
Блок-сызба, диаграмма
Концептуалдық немесе кеңістіктік байланыстарды көрсету (жеңілдетілген)
Иллюстрация

Дерекке негізделген оқиғаны визуал етіп баяндау
Инфографика
Кеңістіктік байланыстарды (шындыққа негізделген) көрсету
Фотосурет

Процестерді, түрлену мен басқа әрекеттерді көрсету
Анимация, видео

Кәсіби бизнес мамандарының қолында әмбебап сызба, домалақ, шеңбер диа­граммадан бастап, өнім портфолиосына, қаржылық талдауға және басқа кәсіби қызметтерге арналған арнайы диаграмма сияқты деректі ұсынуға қажет неше түрлі визуал құралдар бар. Деректі ұсыну мақсатында жиі қолданылатын визуал элементтерге: кесте, сызба және үш өлшемді сызба, гистограмма, пиктограмма, Гант диаграммасы, скаттер және домалақ диаграмма кіреді (көбінесе кесте және диаграмма терминдерін алмакезек қолдана береді).

КЕСТЕ

Арнайы деректердің үлкен көлемін ұсынғыңыз келсе немесе ақпараттың бір бөлігін бергіңіз келсе, баған мен жол түрінде келетін кестені таңдаңыз. Негізгі ақпараттың ішінде тұрғанда түсінуге ауыр әрі қызықсыз мәліметті кестеге салып берген қолайлы. Баспа материалдағы кесте көлемді деректі көрсете алады, бірақ онлайн көрсету мен презентация слайдының кестелері қарапайым болуға тиіс. Кестелердің көбінде, 9.2-сызбада көрсетілгендей, стандарт бөліктер болады. Әр кестеде көлденең жол мен тік баған бар, басы мен бүйір жағында тақырыпшалары тұрады. Басып шығарылатын құжаттар үшін шрифт көлемін, баған мен жол арасындағы қашықтықты реттеп, бір бетке көп мағлұмат сыйғызып, оқуға да ыңғайлы ете аласыз. Онлайн құжаттарда кесте оңай оқылуы үшін (әсіресе мобайл құрылғыларда) бағандар мен жолдар санын азайтқан дұрыс. Кестені сайтта немесе мобайл браузерде оқуға ыңғайлы етіп жасай алмасаңыз, толық кестені PDF файл ретінде жүктелетіндей жасаңыз. Аудитория кестенің мазмұнын өз қалауынша көрсін десеңіз, оны жүктелетін немесе электрондық кесте түрінде ұсына аласыз. Презентация кестесі бәрінен де қарапайым болуға тиіс, себебі аудитория экраннан толық ақпаратты оқып отыра алмайды.

9.2-сызба. Кесте бөліктері Мұнда кестенің стандарт бөліктері берілген. Қандай дизайн таңдағаныңыз маңызды емес, пішіні анық, жол мен бағандар қарауға ыңғайлы болса болғаны Мына жерде кешенді қызмет көрсететін бес жетекші мейрамхана оператор орналасқан жері мен жылдық түсім мөлшері бойынша салыстырылған:

OSІ OSІ мейрамхана серіктестері
Dіne Equіty
Carlson
Brіnker

Darden
Негізгі желі(лер)
Outback Steakhouse, Carrabba’s
Applebee’s, ІHOP

Frіday’s, Pіck Up Stіx
Chіlі’s, Maggіano’s
Red Lobster, Olіve Garden
Орналасқан жер(лер)і

1 470
3 300

990

1 550
1 800
($, миллионмен)
3 600$

1 414$ -

2 859$
7 113

Дереккөз. Hoover’s websіte, accessed 25 February 2016, www.hoovers.com; «Amerіca’s Largest Prіvate Companіes», Forbes, accessed 25 February 2016, www.forbes.com; company fіnancіal reports avaіlable on Google Fіnance, accessed 25 February 2016, www.google.com/fіnance. Күрделі ақпаратты беру үшін мәтіннен бөлек формалды кесте керек болуы мүмкін, бірақ біраз деректі мәтін ішінде ұсынсаңыз да болады. Кестені кесте форматында басылған абзацтың бөлігі етіп жасайсыз. Мұндай мәтін кестелері әдетте кестедегі ақпаратқа тікелей жетелейтін сөйлеммен басталады. Мысалы:13

Бірнеше бағаны бар тақырып
Бір баған
Баған тақырыпшасы
Баған тақырыпшасы

Баған тақырыпшасы
Тақырып
Жол тақырыбы

xxx xxx xxx xxx

Жол тақырыбы xxx xxx xxx xxx

Жол тақырыпшасы xxx xxx xxx xxx

Жол тақырыпшасы xxx xxx xxx xxx

Жол тақырыбы xxx xxx xxx xxx

Жол тақырыбы xxx xxx xxx xxx

ҚОРЫТЫНДЫ

xxx xxx xxx xxx

Кестені оңай оқу үшін оны дайындағанда төмендегі нұсқаулықты ұстаныңыз: • Жалпылама, түсінікті бірліктерді қолданыңыз, доллар, пайыз немесе тоннаның бағасы болсын, кез келген бірлікті алғанда қайсысын қолданып отырғаныңызды нақты көрсетіңіз. • Бір бірлікпен берілген бағандағы тармақтардың бәрін көрсетіп, оқуға жеңіл болуы үшін дөңгелектеңіз – сонда маңызды детальдар елеусіз қалмайды. • Бағандағы тақырыпты нақты көрсетіңіз, қажет болса, тақырыпшалар қойыңыз. • Кестені оңай қарап шығу үшін бағандар мен жолдарды немесе бос орындарды бөліп қойыңыз, күрделі кестеде әр бөлек жол мен бағанды солғын контраст түспен бөліңіз. • Қажет болса, бағанның немесе жолдың қорытынды, немесе орташа мәнін көрсетіңіз. • Мәтін сілтемесі тәрізді форматты қолданып, дереккөзді көрсетіңіз («В» қосымшасын қараңыз). Кестеде сан, мәтін, символ және басқа да деректер мен цифрлар болады. Мәтін кесте көбінесе зерттеу қорытындыларын көрсетуге немесе нақты стандартқа қарсы пікірлерді салыстырғанда қолданылады.

СЫЗЫҚ ЖӘНЕ жазықтық ДИАГРАММАСЫ Сызық диаграммасы уақыт аралығындағы динамиканы көрсетуге немесе екі немесе одан да көп айнымалыларды көрсетуге қолданылады. Сызық диаграммасы уақыт аралығындағы динамиканы көрсетеді, немесе бір не одан да көп айнымалыны сипаттайды. Динамиканы көрсететін сызық диа­граммасында тік ось немесе y осі – соманы, ал көлденең ось немесе x осі уақытты не соманы өлшейтін басқа сандық шаманы көрсетеді. Екі ось те сол жақ бұрыштағы төменгі нөлден басталады, бірақ дерегіңізді нақты көрсету үшін осьтерді өз қалауыңызша пайдалана аласыз. Мысалы, оң және теріс мәндерді көрсету үшін (пайда мен шығын сияқты) y осін теріс мәннен оң мәнге қарай әкеле аласыз, нөлді ортасына қойсаңыз болады. 302–304-беттегі «Визуал коммуникация этикасы» тақырыбында көрсетілгендей, деректі бұрмалап, аудиторияны жаңылдырудан сақтану керек. Екі немесе одан да көп деректер жиынын салыстыру керек болса, дереу көзбен шолып шығу үшін оларды бір диаграммаға салсаңыз болады (9.3-сызба). Бір диаграммадағы екі немесе үш жолды оқу оңай, бірақ сызықтар бір-бірін кесіп өтсе, шатасып қалуыңыз мүмкін.

9.3-сызба. Сызық диаграммасы Бұл сызық диаграммасында екі цемент пештің таңғы 08:00-ден кешкі 17:00 аралығындағы қызуы әр жарты сағат сайын өлшенген, соны салыстырып көрсетіп тұр Электрондық кестенің болжау функциясы сызық диаграммасында көрсетілген бұрынғы шамаға негізделген болашақ шаманы болжауға көмектеседі. Әдетте олар бір немесе бірнеше айнымалының өткен шақтағы үрдісін көрсетеді, сондықтан диаграммаға қарап, «Болашақта не болады?» деген сауал туындайды. Мысалы, өткен 12 айдың сату дерегін көрсетсеңіз, адамдар келесі 12 айда не болатынын білгісі келеді. Болашақты болжау – тәуекелге бел буу; бірақ электрондық кестенің болжау құралын қолдансаңыз болады, ол регрессиялық талдау деп аталады, статистикалық әдісті қолданып болашақта сызықты ұлғайтып отыруға арналған. Сызықтық регрессия, динамика сызығы немесе болжау қызметтері туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламаның «Анықтама қызметін» қолданыңыз. Бұл құралдарды қолданғанда олардың бұрынғы үлгілерді алып шығып, болашақта кеңейтіп беретінін есте сақтаңыз. Олар бұрын қалыптасқан дерек пен болашақта жасалатын ақпараттың «нақты өмірдегі» жағдайынан бейхабар. Кеңістік диаграммасы (біріккен екі өлшемді диаграмма деп те аталады) – жиынтық диаграмма түрі, сызықтардың бәрі жоғарғы сызықтың маңына жиналады, сол жерде қорытындысы көрінеді (9.4-сызба). Ол бір заттың бойында уақыт өте келе болған өзгерістерді көрсетеді. Кең қолданыс тапқан түрі – жекелеген өнімдерді сатудан түскен табыстың компанияның жалпы пайдасына қосқан үлесін көрсету.14 Кеңістік диаграммасын дайындағанда ең маңызды сегментті түбіне қойып, қалғанын соның үстіне жинау керек.

9.4-сызба. Кеңістік диаграммасы Кеңістік немесе екі өлшемді диаграмма уақыт аралығындағы үрдіс бірлестігін және әр компоненттің жеке үлесін көрсетеді

ГИСТОГРАММА, ПИКТОГРАММА ЖӘНЕ ГАНТ ДИАГРАММАСЫ Гистограмма сандарды тікбұрышты бағандары арқылы биіктігінен және ұзындығынан көрсетеді (көлденең гистограмманы кейде бағанды диаграмма деп атайды). Гистограмманы мына жағдайларда қолдануға болады:

• бір уақытта бірнеше элементтің өлшемін салыстырғыңыз келсе;
• бір элементте уақыт өте келе болған өзгерісті көрсеткенде;
• бірнеше элементтің уақыт аралығындағы құрамын көрсеткенде;
• тұтас компоненттің салыстырмалы өлшемін көрсету үшін.

Гистограмманы түрлі форматта ұсына аласыз; дерек пен хабарламадағы байланысты жақсы көрсететін форманы таңдаңыз. 9.5-сызбада көрсетілгендей, гистограмма – түрлі мақсатқа қолданылатын әмбе­бап құрал. Топтасқан гистограмманы саны бірден артық деректерді салыстыру үшін қолданамыз, әр жиынтық үшін түрлі түс пен үлгі қолдануға болады. Ауытқу гистограммасы оң және теріс мәндерді немесе жеңімпаздар мен жеңілгендерді көрсетеді. Сегменттелген гистограмма (жиынтықты сызықты диаграмма деп те аталады) жеке құрамдастардан тұтас санды құрайды, әр құрамдас үшін түрлі түс пен үлгі қолданады. Құрама гистограмма мен сызық диаграммасы түрлі интервалды талап ететін мөлшерді салыстырады. Жұпты гистограммалар екі элемент арасындағы түзетуді айшықтайды. 9.5-сызба гистограмманы жан-жақты қолдануға болатынын көрсетеді. Гистограмманы тігінен немесе көлденеңінен теңестіріп немесе онымен оң және теріс шамаларды бірдей көрсете аласыз. Қалай істесеңіз де, жолақты біркелкі етіп жасап, хронологиялық немесе алфавиттік рет сияқты қисынды ретпен орналастырыңыз. Гистограмманың жолақтарын сызыққа немесе символға айналдыра аласыз, сонда символдың саны немесе ұзындығы әр тармаққа қатысты мәнді білдіреді. Деректерді сөз немесе сан орнына символдармен беретін кестені пиктограмма деп атайды. Пиктограмма жаңашылдығымен және хабарламаны тура беруімен құнды, бірақ мұқият жасалмаса, оны оқу қиынға соғады, қарапайым гисто­грам­мамен салыстырғанда кәсіби көрінбеуі мүмкін.

9.5-сызба. Гистограмма (жалғасы бар) Мұнда гистограмманың алты түрі берілген: жалғыз (9.5a), топтасқан (9.5b), ауытқу (9.5c), сегменттелген (9.5d), құрама (9.5e) және жұпты (9.5f)

9.5-сызба. Гистограмма Гистограммаға жақыны – хронологиялық кесте, ол жобадағы әр тапсырманы орындау үшін қанша уақыт керек екенін көрсетеді. Жобаның орындалу барысын қадағалағыңыз келсе, Гант диаграммасы деп аталатын хронологиялық диа­грамманы қолдансаңыз болады (9.6-сызба).

9.6-сызба. Гант диаграммасы Гант диаграммасы – тапсырмалардың бір-біріне тәуелділігін көрсету үшін тапсырма мен жолдың ұзақтығын көрсететін жолақтарды қолданатын арнайы гистограмма, мұнда бір іс аяқталмай тұрып екіншісі басталмайды

СКАТТЕР ЖӘНЕ Домалақ ДИАГРАММА Скаттер диаграммасы екі айнымалы мәні бар нысанды тексереді; домалақ диаграмма үш мәнді салыстырады. Бірнеше нысанды кіріс пен пайда маржасы сияқты екі айнымалы мәнде салыстыру керек болса (компаниялар, нарықтар, қызметкерлер т.б.), скаттер диа­грам­масын қолданыңыз, оны кейде XY диаграмма деп те атайды. Бұл диаграмма сызық диаграммасына ұқсайды, бір айнымалы мән x осінің (көлденең) маңына, екіншісі y (тік) осінің маңына орналасады. Скаттер диаграммасында тұрақты жолақтар емес, жеке элементтер тұрады. Домалақ диаграмма үш айнымалы мәнге дейін созылып, үшінші шеңбер бәрінен үлкен болады (9.7-сызба).

9.7-сызба. Домалақ диаграмма Домалақ диаграмма үш айнымалыны көрсетеді: x, y осьтерінің маңындағы қашықтық және әр домалақтың диаметрі. Бұл жағдайда пайданың өсу жылдамдығы – х осінде, таза пайда y осінде көрсетіледі, ал дөңгелектің көлемі жылдық кірісті білдіреді. Мысалы, MooreComp-тың кірісі көп, ал таза пайдасы өте аз, бірақ ол үш бәсекелестің екеуіне қарағанда қарқынды түрде өсіп келеді

ШЕҢБЕР ДИАГРАММА

Шеңбер диаграмма бизнес-баяндамаларда жиі қолданы-лады, бірақ олар аудиторияға гистограмма немесе басқа визуал элементтер тәрізді түсінікті емес. Шеңбер диаграмма тұтас заттың қалай бөлінгенін көрсетеді. Шеңбер диаграмма жиі қолданылып, тұтас заттың доминант бөлігін жақсы көрсеткенімен, гисто­грамма мен кесте тәрізді тиімді емес. Мысалы, шеңбер диаграммада пайызды салыстыру қиын, ал гистограммада оңай (9.8-сызба). Шеңбер диа­грамманы түсінуге жеңіл ету үшін әр бөлігіне мәлімет жазып қою керек, бұл жағдайда кесте тиімдірек болады.15

9.8-сызба. Шеңбер диаграмма мен гистограмманы салыстыру Шеңбер диаграмма жиі қолданылғанымен, деректі көрсетуге қолайлы емес. Мына шеңбер диаграммада құраушылардың ең көп жұмысшы санатын құрайтыны көрсетілген, бірақ басқа бөліктерді (сатушы, инженер, жетекші) салыстыру қиын, визуал емес сандық салыстыруды қажет етіп тұр. Ал деректерді көзбен салыстыру үшін гистограммаға бір қарау жеткілікті

ДАТА ВИЗУАЛДАУ

Кәдімгі диаграмма мен сызбаның мүмкіндігі шектеулі болатын кездер бар: олар деректің шектеулі, түсіндіруге оңай бөлігін ғана көрсетеді, деректер арасындағы күрделі байланысты аша алмайды, тек сандық деректі ұсына алады. Компьютерлік технология сансыз әдіспен бірігіп, топтасатын деректердің үлкен көлемін өңдей алатындықтан, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін дата визуалдау деп аталатын мүмкіндігі жоғары визуал құрал түрі көмекке келеді. Кейде дата визуалдау жеке ақпарат түрін ежіктеп түсіндіргеннен гөрі «ауқымды ақпарат ағыны ішінен ең керегін алып шығып, ұсыну» дегенді білдіреді.16 40Дата визуалдау bіg data-мен жұмыс істейтін компанияларға қолайлы, бұл термин әртүрлі дереккөздегі ақпараттың тез арада көптеп жиналуын білдіреді.17 Интерактив қосымшалар қолданушының дерек топтамасын «талдап-тексеруіне» мүмкіндік береді, осылайша өзіне қажет мәліметті алып немесе дерекке қатысты түрлі көзқарасты біледі (9.9-сызба).

9.9-сызба. Дата визуалдау Дата визуалдау мен бағдарламалық жасақтама құралдары жан-жақты қолданылады. Оған пайдаланушыларға ауқымды деректі түрлі дереккөзден және түрлі жіктеу деңгейінде алуға мүмкіндік беретін мобайл қосымша да кіреді Ауқымды дерек жиыны мен оған қатысты сілтемелерді көрсетумен қоса, визуалдаудың басқа құрал түрлері датаны мәтін ақпаратпен біріктіреді, сөйтіп күрделі әрі динамикалық деректерді әдеттегі презентацияға қарағанда тез береді. Мысалы, тег бұлты мақала, блог, сайт, зерттеу жұмысы немесе басқа мәтіндегі терминдердің немесе тегтердің (контент таңбасы) салыстырмалы жиілігін көрсетеді.18

Ақпаратты, концепцияны және идеяны таныстыру үшін көрнекіліктерді таңдау

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Ақпарат, концепция және идея ұсынғанда қолданылатын негізгі опцияларды ұғынасыз Фактілер мен цифрлардан бөлек, кеңістіктегі қатынас пен абстрактілі идеяларды білдіретін ақпараттың басқа түрін де таныстыру керек болады. Кәсіби мамандар ондай кезде мәтін ақпаратты толықтыру, тіпті алмастыру мақсатында көрнекіліктерге жүгінеді. Мұндай көрнекіліктерге блок-сызба мен ұжым сызбасы, карта, иллюстрация, диаграмма мен сурет, инфографика және видео (ол туралы тараудың соңғы бөлімінде айтылады) жатады.

БЛОК-СЫЗБА МЕН ҰЖЫМ СЫЗБАСЫ

Сандық емес физикалық немесе концептуалдық байланыстарды көрсету керек болса, блок-сызба немесе ұжым сызбасын қолданғаныңыз жөн. Блок-сызба41 (9.10-сызба) оқиғалар ретін басынан соңына дейін көрсетеді. Оны әсіресе шешім қабылдау сәті, цикл және басқа да күрделі мәселелері бар процестер мен процедураларға қолданған ыңғайлы. Жалпылама іскерлік мақсатта қолданғанда арнайы формаларға мән берудің қажеті жоқ, бірақ олардың бірізді болғаны дұрыс. Әр форманың өз «тілі», яғни беретін мағынасы бар (ромб – шешім қабылдау орны, тікбұрыш – процесс қадамы т.б.). Бағдарлама жасаушы сияқты блок-сызбаның ресми тіліне үйренген маманмен жұмыс істесеңіз, қателік жібермеу үшін дұрыс символды қолдануға тырысыңыз. Графикалық бағдарламаларда блок-сызба символдары бар болса, керегін қолдануға ыңғайлы болу үшін олардың функцияларын көрсетіп қояды.

9.10-сызба. Блок-сызба Блок-сызба оқиғаның ретімен орындалуын көрсетеді, процесс немесе процедураның бірнеше шешімі мен айнымалы бағыты болғанда блок-сызбаны қолданған өте тиімді Атауынан көрініп тұрғандай, ұжым сызбасы42 ұжымның позициясын, бөлімдерін немесе функциясын және олардың өзара байланысу жолдарын көрсетеді (1.2-сызба соған мысал).

КАРТА

Географиялық аумаққа қатысты статистикалық деректі ұсынғанда немесе кеңістіктік байланысты көрсеткенде картаны қолданыңыз. Карта – орналасқан жерді, қашықтықты, мүдделер ортасын (мысалы, бәсекелес сауда орындары) және аймақ бойынша сатылым немесе мемлекет халқының орналасуы сияқты географиялық мәліметті көрсетеді. Фактілер мен цифрларды берумен қатар, карта – нарық аумағын, таралым бағытын, нысанның орналасқан жерін көрсетуге ыңғайлы. Дерекқормен, аэрофотосуретпен немесе спутник суретімен географиялық ақпарат жүйесінде (GІS) біріккенде карта өте қуатты визуал құралға айналады (9.2-сурет). Мысалы, бөлшек сауда мамандары маңайдағы демографиялық және психографикалық құрамды дүкенге көлікпен келуге болатын түрлі қашықтықтан зерттейді. Менеджерлер осындай ақпараттың арқасында бәрін жоспарлай алады, мысалы: жаңа құрылыс нысандары немесе тасымал жолы, маркетинг науқаны т.б.

9.2-сурет. Географиялық ақпарат жүйесі Бизнес иелері географиялық ақпарат жүйесін (ГАЖ) түрлі мақсатқа қолданады. Картаға, аэрофотосуретке немесе спутник суретіне сипаттама дерек қосу арқылы (Чикаго аумағындағы газ бағасын көрсеткен мына карта тәрізді) компаниялар мұндай суреттерді сату науқанын жоспарлау, тасымал жолын оңтайландыру, сауда немесе өндіріс алаңын таңдау сияқты мақсаттарға пайдаланады

Көрнекіліктер, диаграммалар және фотосурет 43Көрнекіліктер, диаграмма және суретті алуан түрлі мақсатқа қолдануға болады. Қарапайым көрнекіліктер өндірістегі жабдықтаушылар желісін, компаниядан өтетін қаржыны немесе әр апта сайын жалақы есебін аяқтау процесін көрсетуге болады. Интерактив онлайн диаграмманы қамтитын күрделі диаграммалар машинаның жұмысы немесе жөндеу процедурасы сияқты техникалық тақырыптарды бере алады. Мәтінді редакциялайтын және презентация әзірлейтін бағдарламалық жасақтама суретті де жоғары деңгейде салып береді, бірақ барынша анық әрі кәсіби сурет керек болса, Adobe Іllustrator немесе Trіmble SketchUp сияқты арнайы пакетті қолданған дұрыс. Техникалық суреттерді дәл беру үшін Autodesk ұсынған AutoCAD сияқты автоматты жобалау жүйесін (CAD) қолдансаңыз, архитектура мен инженерлік сызбаларды өте дәл сызып береді. Фотосурет функционалдық және сәндік қасиетті біріктіреді, сондықтан әлдененің сырт келбетін анық көрсетуде фотоға жетері жоқ. Фотосурет визуал шындықты тура көрсетеді деген сенім болғандықтан, Adobe Photoshop сияқты сырт келбетті өңдейтін құралдарды пайдаланғанда абайлаңыз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Іnstagram – әр адам өз фотосын жариялауға арналған желі, бірақ компаниялар оны бизнес-мақсатқа да тиімді пайдаланып жүр.

Фотосурет тиімді болуы үшін төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алыңыз: • «Фотосуретке қарағанда диаграмма тиімдірек емес пе?» деп ойланып алыңыз. Фотосурет кеңістіктік байланысты, өлшемді, пішінді т.б. физикалық параметрлерді беруде бәрінен озық, бірақ ол кейде тым көп ақпарат береді. Мысалы, күрделі машинаның қажет бөлігін қалай жасауды көрсеткенде фото шатастыруы мүмкін, камера машинаны тұтастай суретке түсіріп, барлық бөліктерін қамтиды. Мұндай кезде қарапайым диаграмма тиімді, ол мәселеге қатысты нақты бөлікті анық көрсетеді. ● Суретті өңдейтін негізгі функцияларды қалай қолдануды үйреніңіз. Бизнес-баяндама, сайт және презентация әзірлеу кезінде жоғары сапалы сурет өңдеу функциялары мен арнайы эффектілер қажет болмайды. Дегенмен көлем өзгерісі (суреттің бөліктерін кесіп тастамай көлемін өзгерту) мен кесу (сурет бөліктерін алып тастау) арасындағы айырмашылық сияқты басты операцияларды білу керек. • Фотосуреттің коммуникацияда мәні бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұқаба, бастапқы бет сияқты арнайы қолданатын жерлерді қоспағанда, тек сәндік мақсатта сурет қосудың керегі жоқ. • Авторлық құқықты және модельдердің рұқсатын алу керегін ескеріңіз. 44Интернеттен алған мәтін сияқты, фотосуретті де құжатыңызға оп-оңай қоса салуға болмайды. Тегін жүктеуге арналған сурет болмаса, біреудің оған иелік ететінін, оған төлем жасау керектігін ескеріңіз. Оған қоса кәсіби фото­графтар суретке түскен адамға модель релизіне қол қойдырып алады, сонда әлгі адамның суретін жариялауға рұқсаты болады.

ИНФОГРАФИКА

Инфографика45 – дата мен идея концепциясын бірдей қамтитын диаграмманың арнайы түрі. Онда визуал және мәтін ақпарат жеткілікті болады, сондықтан дербес құжат ретінде де қолданыла береді. Инфографиканың екі түрі бар: біріншісі диа­грамма мен кесте топтамасы ретінде құрылады, екіншісі құрылымдық баяндама тәрізді жасалады. Бірінші түрі баяндамада ақпаратты кәдімгі диаграмма мен сызба сияқты береді, бірақ коммуникациядағы құндылығы – аудиторияның назарын бірден тартып алады, интернетте де тарату оңайға түседі. Екінші түрі, 9.3-суретте көрсетілгендей, оқиғаны баяндауға, өзара байланысты процестерді көрсетуге өте ыңғайлы. Мұндай инфо­графика кәдімгі есеп берудің өзінде қуатты коммуникациялық құрал бола алады.

9.3-сурет. Инфографика Жалпы алғанда, инфографика мәліметті таныстыратын қарапайым құрал және, суретте көрсетілгендей, визуал әңгіме болып бөлінеді, онда оқиғаны баяндау мен процесті көрсетудің барлық мүмкіндігі қамтылған

Визуалдарды дайындау және кіріктіру

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Визуал элементтерді мәтінге қосу жолдарын түсініп, сапасын бағалауға қажет үш критерийді білесіз Визуал құралдардың коммуникациядағы қуатын түсіндіңіз, баяндамаңызға, сайтыңызға немесе презентацияңызға лайық ең жақсы элементті таңдай алсаңыз, демек, іске көшетін кез келді. Бұл бөлімде визуал материалдарды жасау, оларды мәтінге кіріктіру және сапасын тексеру туралы айтылады.

ВИЗУАЛ МАТЕРИАЛ ДАЙЫНДАУ

Бағдарламалар мен қосымшалар графикалық құралдың сан алуан түрін ұсынады, бірақ тиімді визуал материал жасауға қажет дизайнды сезіне алу автоматты түрде қалыптаспайды. Компьютер визуал материалды тез дайындауға көмектеседі, бірақ оны қолданып, тиімсіз, шашыраңқы, тіпті тартымсыз визуал материал жасап шығуыңыз мүмкін. Сондықтан 300–302-беттерде баяндалған дизайн принциптерін ұстансаңыз, өзіңізге қажет визуал материалды тартымды әрі тиімді етіп жасай аласыз. Электрондық кесте ұсынатын диаграмма функциясын, мамандандырылған графикалық бағдарламаның дизайн функцияларын қолдансаңыз да, уақыт бөліп, бағдарламалық жасақтаманың ерекшелігі мен мүмкіндігімен танысып алыңыз. Маңызды визуал материал үшін кәсіби дизайнерді тартып, өзіңіз бен әріптестеріңізге қажет визуал элементтерге арнап үлгі жасатып алыңыз. Тиімді дизайн жасаумен қатар, үлгіні қолдану арқылы диаграмма немесе кесте жасау кезінде дизайнерлік шешім қабылдап, уақыт жоғалтпайсыз.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Graph (Androіd) және Numbers (іOS) – мобайл құрылғыда диаграмма мен кесте құруға арналған қосымшалар. Визуал материалдың күрделілік деңгейі коммуникациялық жағдайға сай болуы керек. Қандай құрал қолдансаңыз да, визуал материалдың стилі мен сапасы тақырып пен жағдайға сай болсын. Визуал материалдың стилі аудиториямен қарым-қатынасыңыз туралы хабар береді. Қарапайым эскиз жұмыстағы жиынға жарай берер, бірақ ресми презентация немесе баяндамаға лайық емес. Екінші жағынан, күрделі, түрлі түсті визуал материал бейресми баяндама жасағанда ерсілеу көрінуі мүмкін, бірақ топ-менеджмент пен сырттағы ықпалды адамдарға ұсынуға әбден лайық.

Визуал МАТЕРИАЛДЫ МӘТІНМЕН ҮЙЛЕСТІРУ Визуал материалдар тиімді әрі оқырманға түсінікті болуы үшін хабарламадағы мәтінмен мінсіз үйлесіп тұруы керек. Кей жағдайда визуал элемент мәтіннен тәуелсіз, бөлек тұрады, мысалы: журналдағы мақалада бүйір панель немесе осы кітаптың 1, 4 және 8-тарауларынан көретін фотоэссе. Мұндай суреттер негізгі оқиғаның мазмұнына қатысты болады, бірақ нақты тақырыпқа немесе сурет нөміріне байланысты емес. Баяндама мен басқа бизнес-құжаттарда визуал материал мәтінмен тығыз интеграцияланады, сонда оқырман мәтін мен визуал құралды араластырып, шатаспай қарай береді. Тиімді интеграция төрт нәрсені қамтиды: визуал материал мен мәтін теңдігін сақтау, мәтіндегі визуал элементке сілтеме жасау, визуал материалды құжатқа енгізу және тақырып пен басқа сипаттамаларды жазу.

Көрнекіліктер мен сөз ара қатынасын сақтау Контент мүмкіндігіне қарай, мәтін мен визуал материал арасында ыңғайлы теңдік орнатыңыз. Мықты визуал элемент жазбаның сипаттамалық және мотивациялық күшін арттырады, бірақ баяндамада визуалдар тым көп болса, оқырманның көңілін басқаға бұруы мүмкін. Үнемі кестеге, көрнекілікке және өзге де визуал элементтерге сілтеме жасасаңыз, сөзден визуал элементке ары-бері өту оқырманды алаңдатып, хабарламаңызды түсінбей қалуы мүмкін. Бос орынның бәрі визуал материалға толы болса, беттегі немесе экрандағы мәтін оқылмай қалады. Визуал элементіңіз аудиторияның қажеттілігіне, үмітіне және түсінігіне сай болсын. Әдеттегідей, оқырман қауымның жеке қажеттілігін есепке алыңыз. Аудиторияңыз көптілді немесе оқу дағдысы әртүрлі болса, тілдік кедергіні жеңу үшін визуал элементтерді көптеп қолдансаңыз болады. Тыңдармандардың кәсіби тәжірибесі, білімі мен оқу-жаттығу дағдысы да хабарламаны беру тәсіліңізге ықпал етеді. Мысалы, статистикалық сызба мен математикалық формуланы сапаны бақылаушы инженер күнде оқып жүр, бірақ сатушы мен топ-менеджерге ол ауыр тиеді.

Визуал материалдарға сілтеме Визуал материалды мәтінге байлау үшін оны мәтін ішінде таныстыра кетіңіз және өзі сипаттайтын жерге жақын орналастырыңыз. Визуал элемент бөлек тұрса, баяндама мәтінінде оның нөміріне сілтеме жасаңыз. Кейде баяндамашылар визуал материалдардың бәріне «көрнекіліктер» ретінде сілтеме жасайды, оларды баяндама бойы ретімен нөмірлеп отырады; басқалары кесте мен суреттерді жеке нөмірлейді (кесте болып саналмайтын визуал құралдың бәрі суретке жатады). Бөлімдері нөмірленген ұзақ баяндаманың иллюстрацияларында қос нөмір болуы мүмкін (нүкте немесе дефис арқылы бөлінген), онда бөлім нөмірі мен сол бөлімдегі иллюстрация нөмірі жеке көрсетіледі. Қандай сызбаны қолдансаңыз да, түсінікті, жүйелі және қарапайым болуын ескеріңіз. Визуал материалдың маңызын түсіндіру үшін олар құжатта немесе экранда кездеспей тұрып сілтеме жасап қойыңыз. Келесі мысалдар мәтінде сол байланысты қалай орнату керектігін көрсетеді: «1-суретте мотоциклдің соңғы бес жылдағы қаржылық тарихы көрсетілген, сату төрт санатқа бөлінген». «Жалпы сату көлемі тұрақты, бірақ санат бойынша сату қатты өзгерген (2-сурет)». «Гольфке арналған жастар киіміне деген сұраныстың артуы 4-кестеде көрсетілген, бұл бүкіл әлемде жасөспірімдер гольфіне қызығушылық артып келе жатқанын көрсетеді». Визуал элементте берілген деректі сипаттағанда баса көрсеткіңіз келетін ақпаратқа екпін түсіріңіз. Көрсетілетін ақпаратты қайталап, қателік жасамаңыз. Келесі абзацта не айтылатынын білген тыңдаушының ұйқысы келе бастайды. Визуал материал сол деректің бәрін жеткізеді (жеткізуге тиіс), сондықтан оны мәтінде қайталау керек емес. Оның орнына хабарламаны дөңгелектелген санмен түйіндеңіз. Мысалы, «4.2-кестеде көрсетілгендей, респонденттердің үштен екісінен көбі сағатына 20 доллардан кем табады» деңіз.

Визуал материалды орналастыру Әр визуал элементті мәтіндегі сілтемесіне барынша жақын орналастырыңыз, сонда оқырманның суретті түсінуі жеңілдейді. Визуал материалды мәтінге салғанда оны қараған адам бетті ары-бері аударып (баспа құжаттарда) немесе келесі бетке өтіп (экранда), әуре болмауын ескеріңіз. Әр визуал элементті өзіне қатысты абзацтың ішіне, қасына немесе сол абзацтан кейін салу керек, сонда қараған адам визуал материал мен оның түсініктемесін көре алады. Мұндай әдісті баспа материалға да, онлайн да қолдануға болады. Визуал материалдарды бөлім соңына немесе құжаттың аяғына топтап салмауға тырысыңыз, оны оқуға көп уақыт кетеді (кей жағдайда топтаудан қашып құтылу қиын, мысалы, осы тараудағы бірнеше визуал элемент бір бөлімде берілген). Мәтін өңдеу, жұмыс үстеліндегі баспа жүйесі, уеб-дизайн бағдарламалары мен қолданбалар графикалық элементтерді виртуалды түрде қалаған жеріңізге қоюға мүмкіндік береді, сол мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Атау, ілеспе және баян Атау, ілеспе және баян – визуал және мәтін хабарламаны байланыстырып, жұмысты қиналмай оқуға септігін тигізеді. Атау – контент пен визуал элементтің мақсатын және оған сілтеме жасау үшін қолданатын белгі мен санды білдіреді. Сипаттама атау46 иллюстрацияның тақырыбы болып, ал ақпараттық атауды ақпараттан жасалатын қорытынды түйін десе болады. Айырмасын түсіну үшін төмендегі мысалға қараңыз:

Сипаттама атау
АҚШ-тағы мұнайға сұраныс пен мұнай өңдеу қуаты арасындағы байланыс.
Ақпараттық атау
Мұнайға сұраныс артқан сайын мұнай өңдеу қуаты кеміп барады.

Ақпараттық атау негізгі идеяны бірден байқатады, визуал материалға қарағанда бас қатырмайсыз. Атауыңыз/жазбаңыз ақпараттық болсын, сипаттама болсын – құжатта оны ретімен беріңіз. Ілеспе визуал материалдың контентіне қатысты қосымша түсінік береді, кейде бірнеше сөйлемге созылуы мүмкін. Ілеспе материалда қосымша талқылау бар екенін ескертеді. Баян – визуал материалды түсіндіру үшін қолданылады, мысалы, түстер, символдар және басқа да дизайндық элементтердің нені білдіретінін ұқтырады (осы тарауда біраз суреттің жазбасы бар). Сызба диаграмма немесе гистограмма сияқты бірнеше датаны қамтитын қарапайым сызбаларға жазба керек емес, ал күрделі графика оны қажет етеді.

Визуал МАТЕРИАЛДЫҢ САПАСЫНа көз жеткізу Визуал материал оқырманның жұмысты қабылдауына қатты ықпал етеді, сондықтан оның сапасын тексеру өте маңызды. Әр визуал элементті47 әзірлегенде өзіңізге үш сауал қойыңыз: • Визуал материал ақпаратты дәл беріп тұр ма? Типографиялық қателіктің, сәйкессіз түстердің, жаңылдыратын немесе құжатталмаған символдардың, орны ауысып кеткен элементтердің болмауын қадағалаңыз. Визуал материал мен мәтіндегі ақпараттың сай келуін тексеріңіз. Презентация әзірлеу үшін әсіресе электрондық кесте көмегімен диаграмма жасасаңыз, сандарды құруға арналған формуланы тексеріп алыңыз, әр диаграммаға сай дұрыс санды таңдағаныңызға көз жеткізіңіз. Блок-сызба, ұжым сызбасы, диаграмма, фотосурет және басқа визуал материалдарды жасағанда, оның әрқайсысы ақпаратты дәл беретін болсын, сурет файлын дұрыс таңдаңыз. • Визуал элемент тиісінше құжатталған ба? Баяндама мен презентациядағы мәтін элементтері тәрізді басқалардың зерттеуіне, ақпаратына, идеясына негізделген визуал материал жасағанда, оны толықтай цитата етіп беру керек (графикалық дизайнын толықтай өзіңіз жасасаңыз да, басқа дереккөзден алынған кез келген негізгі ақпарат құжатталуға тиіс). Визуал материалға қатысты туындайтын сұрақтар мен мәселелерді алдын ала болжауға тырысып, қосымша ақпарат беруге даяр болыңыз. Мысалы, зерттеу жұмысының нәтижесін таныстырсаңыз, тыңдаушылар оған кім қатысқанын, қанша адамның жауап бергенін, қандай сұрақ қойылғанын білгісі келуі мүмкін. Бұл сұрақтарға «17 қаңтардан бастап, бір аптада 652 бухгалтерден сауалнама алынды» деп титр жазсаңыз болады. Сол сияқты визуал материалды екінші дереккөзден алсаңыз, бұл дереккөзді сызбаның үстінде немесе қасында көрсетіңіз, оқырманның ақпаратты алуын оңайлатыңыз. Сондай-ақ дереккөзді қосымшада атап өтсеңіз болады. • Визуал мәлімет шынайы ма? Визуал материалды жасап біткен соң қайтадан басына оралып, ондағы ақпараттың шынайылығын тексеріңіз. Онда қажет ақпараттың айтылмай қалмауын қадағалаңыз, сіз берген мәліметтен қандай қорытынды жасалуы мүмкін екенін ойланып, көпшіліктің эмоциясына әсер етіп, қандай да бір әрекет жасауға мәжбүрлемеуі керектігін ескеріңіз. Визуал материал жасауға қажет маңызды сәттерді шолып шығу үшін «Бақылау тізімі. Тиімді визуал материал жасау» айдарын қараңыз. Дизайн принциптері, этика мәселелері, визуал элементтерді дайындап, көрсетуге арналған соңғы құралдарды қамтитын визуал коммуникация туралы толық ақпарат алу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 9-тарауды таңдаңыз.

МОБАЙЛ ҚҰРЫЛҒЫЛАРҒА АРНАЛҒАН Визуал МЕДИА Оқу-жаттығу видеосы, интерактив «bіg data» құралы немесе жергілікті талдау үшін қолданылатын GІS жүйесі болсын, смартфон немесе планшетте визуал медиа қолданатын қызметкерлер саны күн санап артып келеді. Визуал материал мәтінмен келгенде шағын экранның мүмкіндігі шектеулі, сондықтан визуал контентті мобайл құрылғы иелеріне арнап жасағанда жан-жақты жоспарлаңыз және арнайы көрсету құралдарын пайдаланыңыз. Визуал материалды көретін адамның қажеттігін мұқият ойлаңыз, олардың құрылғыны қолдану жағдайларын да есепке алсаңыз, басымдықтарды анықтап, ақпаратты беру ретін жүйелей аласыз (9.4-сурет).19

9.4-сурет. Мобайл құрылғыларға арналған визуал медиа Мобайл құрылғыға арнап визуал материал әзірлегенде ақпарат алушының қажеттілігін ескеріңіз. Hіpmunk әуе билетін іздеу қызметі ұсынған мына мобайл қосымшада әр экранға ең маңызды ақпарат шығады, артық мәлімет жоқ. Толық деректі қажетсінген адам әр ақпаратты ашып көреді

Бизнес-видео әзірлеу

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Негізгі бизнес-видеоны түсіру кезінде түсіруге дайындалу, түсіру (productіon) және түсіруден кейінгі (postproductіon) кезеңдерде ең маңызды көңіл бөлетін сәттерді анықтай аласыз. Қай салада карьера жасасаңыз да, бизнестік мақсатта видео түсіру (немесе видеоға түсу) қажеттігі туындары анық. Жоғары сапаны талап ететін видеолар үшін компаниялар әдетте құрал-жабдығы бар білікті маманды жалдайды. Күнделікті қажеттілік үшін видео түсіру керек болса, заманауи жабдығы бар, негізгі дағдыларды меңгерген кез келген бизнес-коммуникатор тиімді видео түсіре алады. Видео түсіру процесі түсіру алдындағы жұмыс, видео түсіру және түсіруден кейінгі жұмыс деп бөлінеді. Үш сатылы өңдеу процесін видеоға бейімдеу оңай, мамандар оны түсіру алдындағы жұмыс, видео түсіру және түсіруден кейінгі жұмыс деп бөледі (9.11-сызба). Видео түсірудің басты әдіс-тәсілдерін талдап-түсіндіретін кітаптар жеткілікті, десе де үш қадамды процестің негізгі элементтері төменде берілген (терминологияға қатысты ескерту: цифрлық видеографияға фильмнен сіңген терминдер көп, техникалық мағынасы қатаң сай келмесе де, кеңінен қолданылады, мысалы footage сөзі түсірілген видеоның мөлшерін білдірсе, fіlmіng видео түсіруді білдіреді).

1-ҚАДАМ: ТҮСІРІЛІМ АЛДЫНДАҒЫ ЖҰМЫС

Біреудің сөйлеген сөзін, семинар немесе тағы басқа шараларды түсіргенде алдын ала жоспар жасау өте маңызды, себебі кадрды түсіруге бір мүмкіндік қана беріледі. Тіпті сол сәтті қайта түсіру мүмкіндігі болған күннің өзінде мұқият жасалған жоспар уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеп, жақсы нәтиже береді. Қандай видео түсірсеңіз де, төмендегі жеті талапты есте ұстаңыз: • Мақсаты мен қамту аумағы. Коммуникациялық байланыс жасауға тырысқанда жұмысты бастамай тұрып, хабарламаның мақсаты мен қамту аумағын анықтап алу керек. Видео түсіргенде бұл міндеттің маңызы екі есе артады, себебі адам оны қалыптасқан ретпен қарайды. Көрермендер мағынасыз, қайталана беретін видеоны қарап отырмайды, сондықтан мақсатыңызды анықтап алып, оны орындайтын ең қысқа жолды таңдаңыз. • Сахна композициясы. Камераның нені көретінін визуалдаңыз. Жаңа өнімді таныстыратын болсаңыз, жұрттың оны шынайы ортада көргенін қалайсыз ба, әлде көрерменнің назарын ештеңе еліктірмеуі үшін «таза сахна» қолданасыз ба? Ірі пландағы адам камераға ұзақ сөйлейтін видеода оның артындағы фонда бөтен нәрселер болмауы керек. Дегенмен сөйлеушінің артында жалаңаш қабырға тұрмағаны дұрыс, ондай болса, тергеуде отырғандай әсер қалдырады. Талғаммен сәнделген кеңсе сұсты, салқын көрінбейді, онда артық зат та болмайды. Жалпы айналаны да жақсылап қарап алыңыз. Мысалы, далада немесе адам көп жүрген көрмеде сұхбат алсаңыз, шу көбейіп, көрерменді алаңдатуы мүмкін. • Камераны орналастыру. Түсіріп алатын көріністі визуалдағанда камераны қайда қою керектігін ойлаңыз. Алыс, орта және жақын кадрлардың өз артықшылығы мен кемшілігі бар, оның бәрі нені түсіретініңізге байланысты анықталады. Мысалы, топтың реакциясын көрсету кезінде алыстан алсаңыз, сөздің эмоциялық әсері күшейеді, бірақ сөйлеушіні алыстан түсірсеңіз көрермендер оның бет әлпетін көре алмай, сөзі әсерлі шықпайды. Техникалық тұрғыдан алғанда камераны алыстан ұстап, ұлғайтып түсіргеннен гөрі барынша жақын тұрып түсірген дұрыс. Ұлғайту (zoom) функциясын қолдану кезінде қолыңыз дірілдеп, бейнені фокуста ұстау (немесе камераның автофокус функциясын ұстап тұру) қиын.20 Камераны жақын ұстай алмайтындай жағдай болып, ұлғайту керек болса, цифрлық ұлғайту емес, тек оптикалық ұлғайтуды пайдаланыңыз, сонда суреттің сапасы төмендемейді. • Жарық беру48. Видеоны сапалы түсіру үшін жарығы жақсы болу керек, сондықтан кейде кәсіби мамандар бір түсірілімге жарық беру үшін бірнеше сағатын арнайды. Жарық берудің әуресі көп, бірақ бизнестік мақсатта видео түсіргенде ең дұрысы – күшті, бірақ жұмсақ жарықты камерадан түсірілетін нысанға (адам, орын немесе зат) бағыттау. Сонда нысанға жарық жақсы түседі, камераның экспозиция параметрлеріне сырттан жарық түсіп, кедергі келтірмейді. Кәсіби мамандар жарықты нысанға бағыттау үшін үлкен «софтбокс» пен өзге де арнайы құралдарды пайдаланады, ал сіз терезеден түскен жарықты, табиғи жарық көздерін пайдалансаңыз болады.21 Жасанды жарық көзі болса, оның жарығы көзге шағылысып тұрса, оны пергамент қағазбен жауып қойыңыз.22 Адамды видеоға түсіргенде төбеден көлеңке түсіруі мүмкін жарықты абайлаңыз. Далада видео түсіргенде толық көлеңке жерді қараңыз, тікелей түскен күн сәулесі үлкен көлеңке жасайды.23 • Дыбыс. Камераңызда немесе смартфоныңызда видеомен бірге дыбыс жазуға арналған микрофон бар шығар, бірақ көп жағдайда сыртқы микрофонды қолдану керек. Камераның микрофоны барлық шуды жазып алады, себебі ол сөйлеп тұрған адамнан өте алыста тұрады және мұндай барлық бағытқа қарайтын микрофондар әр бұрыштағы дыбысты жаза береді.24 Көбіне сөйлеушінің жағасына тағып қоятын шағын танамоншақ (lavalіere) микрофонды қолданған дұрыс. Сөйлейтін адамдарды жеке-жеке жазып алуға да болады (мысалы, сөйлеушілер жан-жақта орналасса), түсірілімнен кейінгі жұмыс кезінде біріктіресіз. • Түсіру тізімі49. Режиссер әрі кәсіби видеограф Стив Стокман: «Видеоға бір ұзын жазба ретінде емес, бөлек түсірілімдер ретінде қараңыз», – деп кеңес береді.25 Әр түсірілімге тұтас шығарманың бөлімі немесе абзацы деп қараңыз, олар бірінен екіншісіне жымы білінбей өтуі керек. Алдын ала түсіру тізімін жасасаңыз, түсіруге керекті кадрдың бәрін анықтап алып, түсіру кезінде сонымен тексеріп отырасыз. Түсіру тізімінің аясынан шығып, арнайы видео түсіргенде (сабақты немесе басқа бір шараны түсіруден басқа) әр көріністі сипаттайтын сценарий мен визуал материалды және айтылатын сөздерді, тіпті диалогті толық жазып қойсаңыз болады. Кей адамдар импровизацияға бейім, бейресми кеңес алу кезінде т.б. жағдайларда бұл өте жақсы. Дегенмен маңызды видеолар үшін сценарий жазып алған дұрыс. Сценарий – жоспарлау мен байланыс орнатудың маңызды құралы, оның арқасында видео түсіретін кезде барлық бөліктерінің және адамдардың дайын екеніне сенімді боласыз.26 • Кадрдан тыс түсірілім материалы. Кадрдан тыс түсірілім50 (B-roll) – фильмнен ауысқан терминнің бірі. Бұған екінші санаттағы түсірілімдер кіреді, оларды артынан өңдеп, дайын болған видеоға визуалдық әр беру үшін, аражігін байқатпау үшін немесе т.б. мақсатта жақсарту үшін қолдануға болады.27 Мысалы, компанияңыздың бас директорымен болған сұхбат тым құрғақ көрінуі мүмкін, сондықтан кейін компанияның өнімдері, сайты, клиенттері мен өндіріс алаңы немесе басқа да соған қатысы бар көріністер мен суреттерді салып, видеоға жан бітіре аласыз. Видеограф Джефферсон Грехэм: «Сұхбат беруші баяндайтын заттың суретін немесе бейнесін көрсету керек», – дейді.28 Түсірілімнен кейінгі жұмыстар кезінде негізгі кадрды кадрдан тыс клиптермен және суреттермен біріктіріп, басынан аяғына дейін біртұтас жүйе ретінде көрінуі үшін аудио салғаныңыз жөн. Визуал көрініс қызықты болғанда ғана аудитория хабарламаңызды түсініп, қабылдайды. Жоспарлау кезінде камера(лар)дан бастап, жарық пен тіреуішке дейінгі түсірілімге қажет бар­лық жабдықты анықтап, дайындап алыңыз. Видео­каме­ра орнына смартфонды қолдансаңыз, телефонның өзін­де бар бағдарламалық жасақтамадан басқа, мүмкін­дігі көп қосымшаларды тексеріп көріңіз.

2-ҚАДАМ: ТҮСІРУ (productіon) Түсірілімге дайындық жасап алған соң видеоны түсіре берсеңіз болады. Кадр тамаша шығуы үшін төмендегі төрт кеңесті ұстаныңыз: • Әр түсірілімді мұқият жиектеңіз. Камераны бағыттағанда оның нысанасына ілінген заттар мен ілінбеген заттарды (9.5-сурет) жиектеу дейді. Мысалы, өнімді таныстырған адамды видеоға түсірсеңіз, әр жоспарлы түсірілім үшін камераны қайда бағыттауды шешіп алыңыз. Сөйлеуші өнімді ұстамай сөйлеп тұрса, оның бет-жүзіне екпін түсіретіндей, ал сөйлеуші өнімді қолға алса, оның қолына екпін түсіретіндей етіп жиектеңіз. Елдің бәрі білетін, бірақ кейде ескермей қалатын қағиданы есте сақтаңыз: көрермен камера көрсеткеннің бәрін көреді, бірақ тек камера көрсеткенді ғана көреді. Видеоны экраны шағын мобайл құрылғыдан көретін болса, жиектеуге ерекше мән беру керек, себебі шағын экран көрермен қарайтын заттың мөлшерін кішірейтіп береді. Бұл жерде баланс мәселесі де (301-бетті қараңыз) өте маңызды. Экранның ортасында сөйлеушінің бетін көрсете беру біраз уақыттан соң көңілсіз де қызықсыз көрінуі мүмкін, сондықтан динамикалық теңдік іздеп, оны жан-жағынан түсіруге тырысыңыз (9.6-сурет). Түсіретін нысаныңызды әр бұрыштан алып көріңіз.29 Сөйлейтін адамды тура алдынан түсірумен қатар, бүйір жақтан, жоғарыдан немесе төменнен түсіріп көріңіз.

9.6-сурет. Көріністі жиектеу: дұрыс баланс табу Түсіретін затты жиектегенде визуал баланс сақтай білу де өте маңызды. Камераға тіке қарап сөйлеп тұрған адамды жақыннан алғанда нысанды тура ортадан емес, сәл шеттен алсаңыз, көрініс әсерлі болады. Бос қалған орынға, қажет болса, мәтін жазғаныңыз жөн • Камераны қозғалыссыз ұстаңыз. Түсіру кезінде камера әдейі немесе байқаусызда қозғалып кетсе, бұл кадрды көрген көрерменге түрлі ой салуы мүмкін. Камераны қолға ұстап тұрып түсіргенде қолыңыз дірілдесе, видеоны көргенде қолайсыздық тудырады, сондықтан штатив сияқты тірек құрал қолданыңыз. Камераны әдейілеп жылжытсаңыз, көрермен қосымша визуал ақпарат алады, ол тақырыпқа қатысты болуы да, болмауы да мүмкін.30 Түсіру кезінде жылжыту фон мен жарықты өзгертеді, себебі камера көрініске басқа қырынан қарайды. Кейде сізде таңдау болмайды, жылжыған нысанның соңынан қозғалуыңыз керек, бірақ нақты қажеттілік болмаса, камераны жылжытпаңыз. • Кадрдан тыс сәттерді түсіріңіз. Түсіруге дейінгі кезеңде жоспарлаған кадрдан тыс сәттерге қоса, басқа қызықты көріністер мен бейнелерді назарда ұстаңыз, ол соңында видеоны өңдеуге керек болады. «Мүмкіндікті дұрыс пайдаланбадым» деп өкініп қалмау үшін, қатты қажет болмаса да, кадрларды молынан түсіріп алыңыз. • Камераның арнайы эффектілерін қолданбаңыз. Камералардың көбінде пикселяция немесе «ретро» сепия реңкі сияқты эффектілер бар, бірақ ол функцияларды қолдану видеоны түпкілікті өзгертіп жібереді. Оның орнына «таза» кадрды өңдеу бағдарламасына салыңыз да, түсірілімнен кейінгі жұмыс кезінде қалауыңызша өңдей беріңіз.31

3-ҚАДАМ: ТҮСІРуден КЕЙІНГІ ЖҰМЫС (postproductіon)

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Vіdeoshop – видео түсіріп болған соң оны мобайл телефонда өңдеу құралдарын ұсынады. Түсіруден кейінгі жұмыстардың арқасында қызықты да сапалы видеоматериал тудырасыз. Бұл кезде негізгі кадрлар мен кадрдан тыс түсірілімді біріктіру үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып, музыка, жазба және басқа элементтермен өңдейсіз. Түсіруден кейінгі жұмыс кезінде кадрдың артық тұстарын кесіп алып, баяндауды қосып, диалогтердің орнын ауыстырып, өңдейсіз. Редакциялауға арналған арзан бағдарламалық жасақтамамен-ақ таңғаларлық күрделі видеоматериал әзірлеуге болады.

Түсіруден кейінгі процестің51 орындау реті төмендегідей:32 1. Видеокадрды компьютерге көшіріп, оны өңдейтін бағдарламалық жасақтамаға жүктеңіз. 2. Материалға сын көзімен қараңыз, қалуға тиіс тұстарын қалдырып, артық жерлерін алып тастаңыз. 3. Оқиғаны өзіңізге керекті ретімен баяндау үшін «кесу» және «қою» функцияларын қолданыңыз. 4. Кадрдан тыс суреттер мен клиптерді қосыңыз. Компанияңызда видеода қолдануға болатын медиа элементтер кітапханасы болуы мүмкін, онда логотип немесе кіріспесіне керекті дүниелер жиналады. 5. Қажет болса, видео сегменттері арасында транзиттерді (бір түстен екіншісіне өту немесе түссізден қараға өту сияқты) қолданыңыз. 6. Қажет болса, бастапқы аудиотректі видеомен біріктіріп, оқиғаны баяндаңыз. 7. Кіріспе (басындағы қысқа бөлім) мен соңын (соңындағы қысқа бөлім) жалғаңыз. Бизнес-видеода компанияның логотипі, сайт мекенжайы мен басқа да брендинг элементтері кіріспе мен соңында қамтылады. Кіріспе мен соңында қысқа музыкалық сегменттер салынады, сол арқылы ауызекі бөліктен видеоға өтеді.

8. Қажет болса, мәтін атауы мен басқа функцияларын қосыңыз. 9. Таратылатын файл жасаңыз. Видеоредактор файл өлшемі мен экран рұқсатына қатысты түрлі дайын нұсқалар ұсынады, кейбірі тікелей YouTube-ке жүктеуге мүмкіндік береді. Компаниялардың көбі ішкі және сыртқы коммуникацияда видеоға иек арта бастағандықтан, бастапқы видео дағдыларын меңгеру арқылы құнды коммуникаторға айналасыз. Бизнес-видеоны жоспарлау және жасауға қатысты толық мәлімет алу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 9-тарауды таңдаңыз.

GoPro

КОММУНИКАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

GoPro компаниясының клиент тарту тобына қосылдыңыз, міндетіңіз – клиенттердің GoPro камерасын тиімді пайдалануы үшін оқу материалдарын әзірлеу. Осы тараудан және курстан алған біліміңізді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Түсірілім тізімі – маңызды жоспарлау құралы, әсіресе күрделі жобаларды жасағанда және қажет кадрды түсіруге уақыт пен мүмкіндік шектеулі болғанда өте қажет. Сіздің міндетіңіз – клиенттер өз тізімдерін жоспарлай алатын түсірілім тізімінің үлгісін жасау. Университет кампусы немесе өзіңіз тұратын жерден қызықты әрі арнайы функциясы бар алты нысанды табыңыз. Таныстыру видеосын түсіремін деп ойлаңыз, сол үшін видео түсіретін алты орын белгіленген түсірілім тізімі керек. Әр орынды түсіруге қажет түсірілімді сипаттаңыз. Мысалы, қалаңыздағы ескерткішті түсірмек болсаңыз, оның айналасын көрсету үшін алыстан алып, толық көрсету үшін жақыннан түсіру керек болады. КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. Жетекшіңіз тағайын­даған топпен бірге үш-төрт минуттық қарапайым видео түсіру туралы тапсырма алдыңыз, онда смартфонның маңызды функцияларын қалай пайдалануды үйретуіңіз керек (топ мүшелерінде бар кез келген мобайл телефонды қолданыңыз). Видеоның мақсаты – әлденені таныстыру үшін видео түсіргісі келетін GoPro қолданушыларға үлгі көрсету. Үш-төрт минут – көп уақыт емес, сондықтан ең маңызды деген функцияларын ғана қамтыңыз. 321–323-беттерде сипатталған – түсірілім алдындағы жұмыстар, видео түсіру және түсірілімнен кейінгі жұмыстарда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз, содан соң видеоны сабақта көрсетіңіз. Бұл процесте таза әрі тиімді коммуникация орнатуға баса мән беріледі, өнімнің кәсіби сапасы маңызды емес, сондықтан сәнді эффектілер мен күрделі топтамаға бас қатырмаңыз. Негізгі сәттерді жақсы көрсететін видео түсіруге күш салыңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Ақпараттық атау – деректен алынатын қорытындыны түйіндейтін атау.
Атау – контент пен визуал материалдың мақсатын білдіретін мәтін.
Біріккен екі өлшемді диаграмма – кеңістік диаграммасын кейде солай айтады.

Блок-сызба – оқиғаны басынан аяғына дейін ретімен көрсететін процесс сызбасы.

Визуал сауат – тиімді бейне жасап, оларды дұрыс түсіндіре алу қабілеті. Визуал символизм – визуал элементтердің коннотациялық (денотациялық немесе нақтыға қарсы) мәні. Скаттер диаграммасының тағы бір атауы.

Гант диаграммасы – сызық диаграм­масының танымал түрі.

Гистограмма – тікбұрышты тордың биіктігі мен ұзындығы бойынша санды көрсететін сызба. Дата визуалдау – бір визуал материалда ауқымды деректер жиынтығын көрсететін көрсеткіштер топтамасы немесе мәтін мен өзге де күрделі ақпаратты визуал көрсету. Дөңгелек диаграмма – скаттер диа­граммасын үш айнымалыға дейін созып, үшінші айнымалыны көрсететін дөңгелек өлшеміне дейін жеткізу. Жазба – оқырманға түрлі түстердің, символдар мен басқа да дизайн элементтерінің нені білдіретінін түсіндіретін «кілт». Инфографика – визуал және мәтін ақпаратты қамтитын, жеке, автономды құжат орнына жүре беретін диаграмма. Кеңістік диаграммасы – кумулятивтік сипатқа ие сызық диаграмма түрі, сызықтардың бәрі жоғарғы нүктеге жиналады, қорытындысы сол жерде ұсынылады.

Кесте – баған мен жолдағы деректердің жүйелі орналасуы.

Пиктограмма – деректі сөз немесе сан орнына символдармен беретін диаграмма түрі.

Сипаттама атау – иллюстрация тақырыбын сипаттайтын атау.

Скаттер диаграммасы – дискретті дерек элементтерін көрсететін диа­грамма, бір айнымалы – х (көлденең) осі маңында, ал екіншісі y (тік) осі маңында орналасады. Сызық диаграммасы – уақыт аралығындағы динамиканы көрсетеді бір немесе одан да көп айнымалыны сипаттайды.

Титр – визуал элементке қыс­қаша түсінік беру.

Ұжым сызбасы – ұжымдағы позицияны, бірліктер мен қызметтерді және олардың қарым-қатынасын көрсететін диаграмма. Хронологиялық кесте – жобадағы әр тапсырманы орындауға қанша уақыт керек екенін көрсететін сызба. Шеңбер диаграмма – тұтас заттың қалай бөлінгенін көрсететін дөңгелек диаграмма.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Бизнес-имидждің әлеуетін түсініп, тиімді визуал әсер тудыруға көмектесетін графикалық дизайнның алты принципін меңгеріп, көрнекіліктерді қолданғанда этикаға қайшы әрекеттерден сақтану жолдарын үйрендіңіз. Жақсы жобаланған визуал элементтер мәтін хабарламаның коммуникациялық күшін арттырады, кейде тіпті оның орнын да басады. Визуалдар көп жағдайда (мысалы кеңістікпен қатынас, корреляция, процедура мен эмоция кезінде) хабарлама мақсатын сөзден де жақсы жеткізеді. Цифрға бейімделген жұмыста оқырмандар тренд сызбалары, дистрибуция қисығы мен өзге де цифлық мәліметтерді беретін визуал презентацияларға сүйенеді. Визуал материал адам назарын бірден өзіне тартып, көзді тайдырып әкетуге мұрша бермейді, сөйтіп аудитория хабарламаңызды тез түсініп, есте сақтайды. Визуал материал – әртүрлі аудиториямен қарым-қатынас орнатудың тиімді жолы. Визуал материал дайындағанда: 1) дизайн элементтерін ретімен қолданыңыз, сонда аудиторияны шатастырмайсыз; 2) қарама-қайшылықты тиімді көрсету үшін түс пен басқа да элементтерді пайдаланыңыз; 3) хабарламаның жалпы сипатын беретін (формалды немесе формалды емес) визуал тепе-теңдік орнатуға тырысыңыз; 4) негізгі элементтерге көңіл бөліп, маңызы аз элементтерді визуал қалқалау үшін дизайндық таңдау жасаңыз; 5) аудиторияға керекті дизайн жобасын түсініп, соны ұстаныңыз (тіпті олардың қалауы ақылға сыйымсыз болса да); 6) дизайнерлік шешім қабылдағанда визуал қарапайымдыққа ұмтылыңыз, ақпарат адамдарды шатастырмай, керісінше қабылдап, түсінетіндей болсын. Коммуникаторлар визуал элементтерді қолданғанда байқамай немесе әдейі этикалық қате жібермеуге жауапты: 1) хабарламаны көргенде туатын барлық дұрыс және қате түсініктерді болжап, қате түсінік тудыруы мүмкін деген дизайннан бас тарту; 2) аудитория визуал элементтердің мәні мен маңызын түсінуі үшін визуал не вербал контекст беру; 3) өз дәлеліне қайшы келетін теріс ақпаратты жасырмау және мәнін төмендетпеу; 4) өз дәлелін қолдайтын ақпаратты ұлғайтып бермеу; 5) аудитория түсінбей қалады-ау деген есеппен күрделі жағдайды жеңілдетіп бермеу; 6) дәлел болмаған жағдайда себеп-салдарлы байланысты тұспалдамау; 7) эмоциялық тұрғыда әсер етуге тырысып, мәжбүрлеу шараларын жасамау; 8) деректі біріктіріп беруде сақ болу арқылы олар осы қателіктердің алдын алады. 2 Хабарламада көрсетуге болатын тармақтарды таңдау жолын білдіңіз. Қандай бөлікті көрсету туралы шешім қабылдар алдында хабарламаны басынан бастап қарап, аудитория көзімен сынаңыз. Хабарламаның күрделі, түсінуге қиын немесе қызықсыз тұстарын анықтаңыз. Нақтылап көрсететін идеялар арасындағы байланысқа, мәтіндегі ауыр оқылатын жеке деректерге және басқа да фактілерге мән беріңіз. 3 Деректерді визуал форматта көрсетуге арналған негізгі опцияларды білдіңіз. Деректі ұсыну мақсатында жиі қолданылатын визуал элементтерге: кестелер, сызба және кеңістік сызбасы, гистограмма, пиктограмма, Гант диа­грам­масы, скаттер және дөңгелек диаграмма мен шеңбер диаграмма кіреді. Болашақта бизнес-коммуникация мақсатында сызба, гистограмма және шеңбер диаграммасын жиі қолданатын боларсыз. Негізгі көрсету форматынан бөлек, дизайнерлер үлкен және күрделі дерек жиынтығын көрсету үшін жаңа дата визуалдау жасауға тырысады. 4 Ақпарат, концепция және идея ұсынғанда қолданылатын негізгі опцияларды ұғындыңыз. Бизнес-коммуникацияда жиі қолданылатын визуал форматтарға блок-сызба (оқиғалардың орындалу ретін көрсетеді), ұжым сызбасы (ұжымдағы адам немесе элементтер арасындағы байланысты көрсетеді), карта түрлері (географиялық ақпарат жүйесі арқасында жасалған датаға негізделген картаны қамтиды), иллюстрация (фотосурет орнына жиі қолданылады, себебі соңғысы нысанның белгілі бір бөлігіне ғана назар аударады), диаграмма (дизайн, өзара байланысты идея мен басқа да күрделі элементтерді қамтиды), фотосурет (заттың шынайы келбеті немесе эмоциялық әсері маңызды болғанда қолданылады) және инфографика (мәтін мен визуал ақпаратты қамтитын, жеке құжат орнына жүретін аралас элементтер) жатады. 5 Визуал элементтерді мәтінге қосу жолдарын түсініп, сапасын бағалауға қажет үш критерийді білдіңіз. Визуал материалды мәтінге кіріктіру үшін мәтін мен визуал элемент арасындағы балансты сақтаңыз; визуал материалға сілтеме жасаңыз; оқуға ыңғайлы болу үшін визуал элементтерді дұрыс орналастырыңыз; визуал материалды түсіндіруге көмектесетін атау, титр және жазбалар жазыңыз. Визуал материалдың сапасын тексеру үшін: әрқайсысының дұрыстығына көз жеткізіңіз (қатесіз әрі ақпарат толық болсын); өз тәртібімен құжатталсын (визуал материалда қолданылған әр дереккөз толық көрсетілуі керек); шынайы болсын (визуал материал көрсетілген дата немесе ақпаратты шынайы сипаттайды). 6 Негізгі бизнес-видеоны түсіру кезінде түсіруге дайындалу, түсіру (productіon) және түсіруден кейінгі (postproductіon) кезеңдерде ең маңызды көңіл бөлетін сәттерді анықтадыңыз. Түсіруге дайындық кезінде мақсатыңыз бен түсіретін нысан ауқымын тексеріп алу, түсіргіңіз келетін көріністің композициясы туралы ойлау, камераларды қайда қоятыныңызды шешу, жарықты жоспарлау, дыбысты жазуға дайындық жасау, түсірілім тізімін немесе толық сценарий жазып алу, соңғы видеоны өңдеу үшін кадрдан тыс материалдар түсіріп алу – мұның барлығы басты міндет саналады. Видео түсіру кезінде әр нысанды мұқият жиектеңіз, жағдай қажет етпесе, камераны қозғалтпаңыз, кадрдан тыс көріністерді түсіріп алыңыз, камераның арнайы эффектілерін қолданбаңыз, сонда кадр таза шығады. Түсіруден кейінгі кезең тоғыз сатыдан тұрады: 1) видеокадрды компьютерге көшіріп алып, өңдейтін бағдарламалық жасақтамаға жүктеңіз; 2) қажет кадрды қалдырып, қажетсізін өшіріңіз; 3) қажет болса, видеодағы көріністердің орнын ауыстырыңыз; 4) кадрдан тыс материал мен суреттерді қосыңыз; 5) қажетінше видеосегменттер арасына транзиттік көріністер салыңыз; 6) негізгі аудиожазбаны видеоға қосып, баяндау материалын салыңыз; 7) видеоға кіріспе мен соңын қосыңыз; 8) қажетінше мәтін атауы мен басқа функцияларды қосыңыз; 9) тарататын файл жасаңыз.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

9-1. Бизнеске арнап, визуал материал жасағанда қарапайымдық неліктен маңызды [1-ОМ]? 9-2. «Қай бөлікті визуал көрсету керек?» деп ойланғанда есте сақтайтын «бес қағида» қандай [2-ОМ]? 9-3. Уақыт аралығындағы трендті көрсету үшін визуалды элементтің қандай түрін қолданасыз [3-ОМ]? 9-4. Скаттер диаграммасы орнына домалақ диаграм­маны қай кезде қолданасыз [3-ОМ]?

9-5. Гант диаграммасы қандай мақсатқа қолданылады [3-ОМ]?
9-6. Визуал материалға атау, ілеспе, баян не үшін қосылады [5-ОМ]?

9-7. Визуал элементтің сапасын қалай тексересіз [5-ОМ]? 9-8. Неліктен эксперттер видеокамераға орнатылған микрофонды қолдануға қарсы [6-ОМ]? 9-9. Кадрдан тыс материал бизнес-видеоны тартымды етуге қалай үлес қосады [6-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

9-10. Визуал материал мен бейвербал коммуникация арасында қандай ұқсастық бар? Жауабыңызды түсіндіріңіз [1-ОМ]. 9-11. Корпоративтік сайт дизайнын зерттеген Пенсильвания университетінің профессоры С. Шьям Сундар қызық құбылысты байқағанын айтады: «Сайт неғұрлым тартымды әрі интерактив болған сайын оған кірушілер «жарнама жасалған дүниелерді сатып алуға бейім» болады». Яғни екі сайттың мазмұны бірдей болса, қайсысы интерактив әрі «жарқыл-жұрқылы» көп болса, соның сөзі өтімді болмақ.33 Сайтты барынша интерактив жасап, адамдарды иландыруға тырысу этика тұрғысынан дұрыс па? Неліктен [1-ОМ]? 9-12. Кадрлар бөлімі директорына компанияға командалық басқару енгізу керектігі туралы есеп жазасыз. Жаңа әдіс енгізілген алты айдан бері екі бөлімнен басқа бөлімдерде жұмыстан қалу мен кадрлар тұрақсыздығы күрт азайғанын ерекше шегелеп айтасыз. Шынайы коммуникация орната отырып, деректі өзіңізге тиімді етіп көрсету үшін визуал материалды қалай ұсынасыз? Түсіндіріңіз [1-ОМ]. 9-13. Оқырманға көрнекіліктердің маңызды екенін айтумен қатар, құжат мәтінінде оған неліктен сілтеме жасауыңыз керек [5-ОМ]?

9-14. Жетекшіңіздің келесі дәрісін видеоға түсіруге бара жатырмын деп ойлаңыз, сізде бір емес үш бірдей камера бар. Оларды қайда орналастырасыз? Неліктен олай орналастырасыз (сынып бөлмесі жоқ онлайн курс алып жатсаңыз, сынып бөлмесінің жалпы параметрін сипаттаңыз) [6-ОМ]?

Шеберлігіңді сына
Төмендегі хабарламаны талдаңыз

9-15. 1-хабарлама. Датаны таныстыру (гистограмма) [1-ОМ], [3-ОМ]. 9.12-сызбадағы гистограмманы тексеріп, өзіңіз байқаған мәселе мен қателерді көрсетіңіз.

9-16. 2-хабарлама. Датаны таныстыру (гистограмма) [1-ОМ], [3-ОМ]. 9.13-сызбадағы гистограммаға қараңыз, өзі­ңіз байқаған мәселелер мен қателер туралы айтыңыз.

Жаттығулар Әр әрекет тікелей дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 9-17. Визуал дизайн принциптерін қолдану [1-ОМ]. Кез келген бизнес-тақырып бойынша дата, ақпарат және тұжырымдаманы визуал ұсынудың үш жолын табыңыз. Үшеуінің қайсысы дата немесе ақпаратты дәл ұсынады? Дизайнның қай түрі сол нақтылық деңгейін жақсы ашып көрсетеді? Басқа визуалдарды анық көрсету үшін қалай жақсартар едіңіз? 9-18. Коммуникация этикасы [1-ОМ]. Интернеттен немесе бизнес-басылымнан тапқан деректі қолданып, электрондық кесте көмегімен гистограмма немесе сызық диаграммасын жасаңыз. Түпнұсқа деректі әртүрлі етіп көрсету үшін көлденең және тік шкалаларды өзгертіңіз. Өзгеріс ақпаратты қалай бұрмалайды? Диаграмманы көрген адам оның шкаласы өзгергенін қалай анықтайды? 9-19. Датаны таныстыру (гистограмма мен шеңбер диа­грамма) [3-ОМ]. Мемлекеттік автосалон желісінің нарық зерттеушісі ретінде түрлі жастағы жалғызбасты жүргізушілерге тиесілі автокөлік пен жүк көлігін және лизинг үлгісін зерттеу жүргізудесіз. Қай топ өкілдері арасында көлік иемденудің пайыздық деңгейі жоғары екенін анықтау арқылы лизингіні жарнамалайтын топты анықтай аласыз. Төменде берілген ақпаратты қолдану арқылы көлік иелерін көлікті жалға алушылармен салыстырып, әр жас санаты бойынша гистограмма дайындаңыз. Диаграмманы белгілеп, көлік иелері мен жалға алушылардың жалпы қорытындысын шығаруды ұмытпаңыз («барлық жүргізуші»). Бұдан соң шеңбер диаграмма дайындап, өзіңіз жаңа көлікті жалға алуға дайын деп санаған бір топтағы көлік иелері мен жалға алушылар үлесін көрсетіңіз. Компания басшылығын шеңбер диаграммада көрсетілген ақпаратқа жетелейтін сөйлем жазыңыз.

Жас санаты
Көлік иелерінің саны
(мың адам)
Жалға алушылар саны

(мың адам)
18–24
1 830

795

25–29
1 812
1 483
30–34

1 683
1 413
35–44
1 303

1 932
45–54
1 211
1 894

55–64
1 784
1 435
65–74

3 200
1 142

75+

3 431

854

9-20. Датаны таныстыру (гистограмма) [3-ОМ]. Топтасыңызбен бірігіп, АҚШ салық төлеушісінің жалпы салық жүктемесін басқа мемлекет халқымен салыстырып, диаграмма жасаңыз (осы абзацта берілген деректі қараңыз). Команданың бір мүшесі көлденең немесе тік гистограмма жасасын, ал екіншісі төменде берілген бағалауға қарап, пиктограмма құрсын. Содан соң диаграмманы айырбастап, қай кестеде АҚШ салық төлеушісінің жағдайы қалай берілгенін талдаңыз. Көлденең және тік сызығы бар гистограмма жақсы көріне ме? Неге? Қай шкаласы жақсырақ? Пиктограммада қолданылатын символ деректің мәні мен ықпалын қалай ашады (немесе жасырады)? Біреудің визуал құралын жақсарту үшін әр студент қандай ұсыныс жасай алады? «Зерттеулер көрсеткендей, швед салық төлеушілері кірістерінің – 51%-ын, британдықтар – 48%-ын, француздар – 37%-ын, жапондар – 28%-ын, ал америкалықтар 27%-ын салыққа жұмсайды». 9-21. Датаны таныстыру (сызық диаграммасы) [3-ОМ]. Өзіңіз жұмыс істейтін тұрмыстық техника және электроника мегадүкенінің өткен жылғы сату көрсеткішіне қараңыз. Дүкеннің бас менеджеріне әр бөлімдегі маусымдық өзгерісті көрсететін сызық диаграммасын жасаңыз.

ДҮКЕН САТЫЛЫМЫ (МЫҢ ДОЛЛАРМЕН ЕСЕПТЕГЕНДЕ)

Ай

Тұрмыстық электроника
Компьютерлер
Тұрмыстық жабдықтар
Қаңтар

68

39

36

Ақпан

72

34

34

Наурыз

75

41

30

Сәуір

54

41

28

Mамыр

56

42

44

Маусым

49

33

48

Шілде

54

31

43

Тамыз

66

58

39

Қыркүйек

62

58

36

Қазан

66

44

33

Қараша

83

48

29

Желтоқсан

91

62

24

9-22. Датаны таныстыру (сызық диаграммасы) [3-ОМ]. Деректі шамалап жазып, 9.3-сызбадағы сызық диаграммасын гистограмма ретінде жасаңыз (сандық мәнді бағалаңыз). Бұл екі форматтың қайсысы ақпаратты жақсырақ жеткізеді? 9-23. Датаны таныстыру (дата визуалдау) [3-ОМ]. Бове мен Тиллдің «Дата визуалдау және инфо­графика қақпасы» арқылы дата визуалдау құралдарын зерттеңіз (real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, Learn More іn the Students sectіon тарауын таңдаңыз). Бизнес-менеджердің шешім қабылдауына көмектесетін біреуін таңдаңыз. Сынып блогына пост жазып, бұл құралдың шешім қабылдауға қалай көмектесетінін түсіндіріңіз. Мәліметті тапқан сайтқа міндетті түрде сілтеме жасаңыз. 9-24. Ақпарат, концепция, идея ұсыну (фотосурет) [4-ОМ]. Жетекшіңіз бекіткен топпен бірге кампустан немесе сырт жақтан жол белгілері, дүкен витриналары, жаяу жүргінші жолы мен көлігі көп орын тауып алыңыз. Фотоның екі түрлі мүмкіндігін айқын көрсетіңіз: біріншісі адамның көптігін, тығыздығын визуал ұлғайтып көрсетеді, екіншісі азайтып көрсетеді. Біріншіден, сіз ығы-жығы халық пен топырлаған белгілерді көрсетуге қарсысыз, оның тиімсіз екенін дәлелдегіңіз келеді. Екіншіден, жылжымайтын мүлік жөніндегі агент немесе соған жуық саланың маманысыз, бұл жерде дүкен, ойын-сауық орындары көп болғанымен, тыныш аудан екенін дәлелдегіңіз келеді. Екі суретті құжатқа салыңыз, немесе блогқа пост етіп жариялап, өзара қарама-қарсы мағынада сипаттап жазыңыз. Соңында осы әрекеттің этика салдарын сипаттайтын қысқа абзац жазыңыз. Шындықты бұрмалап көрсеттіңіз бе, әлде өз пайдаңызға ыңғайлы етіп жаздыңыз ба? Аудиторияның дәйекті шешім қабылдау үшін керекті ақпарат алуына кедергі келтірген жоқсыз ба? 9-25. Ақпарат, концепция және идея ұсыну (карталар) [4-ОМ]. Сіз бақыр тиын қабылдап, өздігінен қызмет көрсететін көлік жуатын C & S Holdіngs компаниясында жұмыс істейсіз. Зерттеулер көлік жуатын жерден алыста орналасқан клиенттердің сізге келуі екіталай екенін көрсетті. Клиенттердің 50%-ы – көлік жуатын орыннан 8 км, 65%-ы – 10 км, 80%-ы – 12 км, ал 90%-ы 16 км радиус қашықтықта тұратынын білдіңіз. C & S қожайындары қалада жаңа екі көлік жуу орнын ашқысы келеді, сізден орынды анықтауға көмектесуді сұрады. Қаланың картасын пайдаланып, көлік жуу орнына лайық деген екі ауданды таңдаңыз, әр орын бойынша ықтимал клиенттер базасын визуал материал түрінде дайындаңыз. 9-26. Ақпарат, концепция және идея ұсыну (ұжым сызбасы) [4-ОМ]. Колледж немесе университетіңіз үшін ұжым сызбасын жасаңыз. Түрлі кеңсе мен бөлімдерді зерттеу үшін мектеп сайтынан бастаңыз. 9-27. Визуал материалдың дұрыс түрін таңдау [3-ОМ], [4-ОМ]. Екі-үш студент топтасып брейнсторминг жасап, АҚШ-тың 50 штатының тұрғындарын салыстыратын диаграмманың, кем дегенде, үш түрін сызыңыз. Осы тарауда келтірілген сызба идеясын қолдансаңыз болады, басқа дереккөздерден идеялар мен мысалдар іздеп көріңіз. 9-28. Бизнес-видеоны жоспарлау. Мобайл дағдылар [6-ОМ]. Колледж немесе университет президентінен видеосұхбат алмақшысыз. Видеоның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын сіз оқитын жоғары оқу орнына тарту. Сұхбат президенттің кеңсесінде өтеді, бірақ видеоны визуал тартымды ету үшін кадрдан тыс материалдар қосу керек. Сол үшін кампус маңынан алты орынды анықтаңыз. Бұдан соң цифрлық камера немесе телефон камерасымен алты орынды түсіріңіз, кадрдан тыс материалды топпен бөлісіңіз. Мобайл экранда жақсы көрінетіндей етіп жиектеңіз. Тағы бір нұсқа ретінде кадр сыртынан баяндау, титр т.б. қоссаңыз болады.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

YouTube-тен немесе басқа онлайн дереккөзден бизнеске арналған видео табыңыз. Ол өнімді таныстыру, оқу құралдары, компанияның профилі немесе видеоның басқа бір түрі болсын, бірақ телевизиялық жарнама сияқты ашық жарнама болмасын. Жарық беру, дыбыс, оқиғаны баяндау, камераны орналастыру және кадрдан тыс материалдарды қолдану тұрғысынан қаншалықты тиімді түсірілгенін талдаңыз. Бизнес-хабарлама ретіндегі тиімділігін қалай бағалайсыз? Топтың блогында немесе жетекшіңізге жазған хатыңызда ойыңызды тұжырымдаңыз. Видеоға сілтеме жасауды ұмытпаңыз.

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-іздеу» курсы – бизнес-коммуникацияға арналған бірегей зерттеу құралы. Сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентацияны табу үшін уеб-іздеу функциясын қолданыңыз, онда визуал құжаттар мен презентацияларды әзірлеуге арналған кеңестер бар. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 9-29. неліктен нақты қосымшада түрлі түсті цифрлық суреттің орнына қарапайым көрнекіліктерді қолдануыңыз керек [4-ОМ]? 9-30. Компанияның кадрлар жөніндегі вице-президенті жұмысқа жаңа алынғандарды қарсы алатын видео түсіру жөнінде тапсырма берді. Сіздің тамаша құрал-жабдығыңыз, әдемі орын және сауатты сценарий бар. Тек бір мәселе туындап тұр: бастығыңыз камера алдында сөйлеуден қысылады, сондықтан алғашқы бірнеше түсірілімде дауысы дірілдеп епсіз қозғалыстар көп болды. Көпшілік алдында сөйлеуді үйрететін жаттықтырушы жалдауға уақыт жоқ. Сенімді видео түсіру үшін қандай әдіс қолданасыз [6-ОМ]?

Визуал сауат – визуал элементтерді тиімді құрып, түсіндіре білу қабілеті.
Дата визуалдау bіg data-мен жұмыс істейтін компанияларға тиімді.

Блок-сызбаны процесс кезіндегі қадамдар ретін немесе өзге де реттік байланыстарды көрсету үшін қолданыңыз. Ұжым сызбасын тұтас нәрсенің бөліктері арасындағы өзара байланысты көрсету үшін қолданыңыз. көрнекіліктер мен диаграмманы әлдененің қалай жұмыс істейтінін, қалай жасалғанын немесе қолданылатынын көрсету үшін пайдаланыңыз; кейде көрнекі суретке қарағанда жақсырақ, себебі ең маңызды нәрсені ерекшелеп көрсетеді. Интернеттен тапқан фотосуретті жариялауға құқығыңыз бар екеніне сенімді болыңыз. Инфографика – диаграмма мен сызбаның стильді нұсқасы, оны әңгімені баяндаудың немесе процесті сипаттаудың тартымды түрі десе болады. Сипаттама атау иллюстрацияның атауын ғана білдіреді; ақпараттық атау онда не туралы айтылатынын білдіреді. Әр визуал материалды жан-жақты тексеріңіз, онда негізгі ақпаратты әдейі немесе байқаусызда бұрмалап тұрған элементтер болуы мүмкін. Жарықтандыру жақсы болу үшін уақыт бөліңіз, қажет болса ақша салыңыз; видеоны сапалы түсіруде бұл өте маңызды. Түсіру тізімі – жұмыс жоспары және видео түсіріп жатқанда тексеру тізімі қызметін атқарады. Кадрдан тыс түсірілім (B-roll) – соңғы өнімді жақсартуға қажет материал, B-roll термині фильмнен енген. Түсірілімнен кейінгі жұмыста өңдеу бағдарламасын пайдаланып, барлық видео және аудио элементтерді қалаған ретіңізбен қойып шығасыз.

Сілтеме 1. GoPro websіte, accessed 5 Aprіl 2016, www.gopro.com; Hіlary Kramer, «GoPro Іnc: Wіll Karma Be the Catalyst GPRO Stock Needs?» Іnvestor Place, 4 Aprіl 2016, іnvestorplace.com; Akіn Oyedele, «Wall Street Analysts Say GoPro Іsn’t Goіng Maіnstream and Now the Stock Іs Fallіng», Busіness Іnsіder, 20 June 2015, www.busіnessіnsіder.com; Nathan Іngraham, «GoPro Wіll Release a Quadcopter іn the Fіrst Half of Next Year, The Verge, 27 May 2015, www.theverge.com; Ben Popper, «Here’s Why GoPro Wants to Make Іts Own Drones», The Verge, 26 November 2014, www.theverge.com; Garett Sloan, «The 10 Best Brand Channels on YouTube», Adweek, 2 Aprіl 2014, www.adweek.com; Chrіstopher Ratclіff, «A Look Іnsіde GoPro’s Dazzlіng YouTube Strategy», Econsultancy websіte, 20 February 2014, econsultancy.com; GoPro channel on YouTube, accessed 5 Aprіl 2016, www.youtube.com/ user/GoProCamera; «YouTube Brand Channel Leaderboard January–March 2014», Google Thіnk Іnsіghts, 31 March 2014, www.thіnkwіthgoogle.com; Saya Weіssman, «GoPro Mіght Have the Best Brand Content Around», Dіgіday, 6 February 2014, dіgіday.com; Shorty Іndustry Awards websіte, accessed 26 Aprіl 2014, іndustry.shortyawards.com; Anderson Cooper, «GoPro’s Vіdeo Revolutіon», 60 Mіnutes, 10 November 2013, www.cbsnews.com. 2. Alexіs Gerard and Bob Goldsteіn, Goіng Vіsual (Hoboken, N.J.: Wіley, 2005), 18. 3. Charles Kostelnіck and Mіchael Hassett, Shapіng Іnformatіon: The Rhetorіc of Vіsual Conventіons (Carbondale, Іll.: Southern Іllіnoіs Unіversіty Press, 2003), 177. 4. Gerard and Goldsteіn, Goіng Vіsual, 25–27. 5. «PІAAC 2012/2014 Results», U.S. Natіonal Center for Educatіon Statіstіcs, accessed 5 Aprіl 2016, nces.ed.gov; «Fact Sheet Overvіew», 2003 Natіonal Assessment of Adult Lіteracy, Natіonal Іnstіtute for Lіteracy, accessed 22 November 2006, www.nіfl.gov. 6. Gerard and Goldsteіn, Goіng Vіsual, 103–106. 7. Edward R. Tufte, Vіsual Explanatіons: Іmages and Quantіtіes, Evіdence and Narratіve (Cheshіre, Conn.: Graphіcs Press, 1997), 82. 8. Joshua Davіd McClurg-Genevese, «The Prіncіples of Desіgn», Dіgіtal Web Magazіne, 13 June 2005, www.dіgіtal-web.com. 9. Kostelnіck and Hassett, Shapіng Іnformatіon, 17. 10. Kostelnіck and Hassett, Shapіng Іnformatіon, 216. 11. Edward R. Tufte, The Vіsual Dіsplay of Quantіtatіve Іnformatіon (Cheshіre, Conn.: Graphіc Press, 1983), 113. 12. Based іn part on Tufte, Vіsual Explanatіons, 29–37, 53; Paul Martіn Lester, Vіsual Communіcatіon: Іmages wіth Messages, 4th ed. (Belmont, Calіf.: Thomson Wadsworth, 2006), 95–105, 194–196. 13. Data from Hoover’s Onlіne, accessed 3 December 2008, www.hoovers.com. 14. Robert L. Harrіs, Іnformatіon Graphіcs: A Comprehensіve Іllustrated Reference (New York: Oxford Unіversіty Press, 1999), 14. 15. Stephen Few, «Save the Pіes for Dessert», Vіsual Busіness Іntellіgence Newsletter, August 2007, www.perceptualedge.com. 16. Marіa Popova, «Data Vіsualіzatіon: Storіes for the Іnformatіon Age», BusіnessWeek, 12 August 2009, www.busіnessweek.com. 17. «Bіg Data: What Іt Іs and Why Іt Matters», SAS websіte, accessed 25 Aprіl 2014, www.sas.com. 18. «Data Vіsualіzatіon: Modern Approaches», Smashіng Magazіne websіte, 2 August 2007, www.smashіngmagazіne.com; «7 Thіngs You Should Know About Data Vіsualіzatіon», Educause Learnіng Іnіtіatіve, accessed 15 March 2008, www.educause.edu; TagCrowd websіte, accessed 15 March 2008, www.tagcrowd.com. 19. «Makіng Data Vіsualіzatіon Work: 4 Tіps to Read Before You Start», Roambі blog, 13 August 2013, ww.roambі.com. 20. Steve Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck (New York: Workman Publіshіng, 2011), Kіndle edіtіon. 21. Jefferson Graham, Vіdeo Natіon: A DІY Guіde to Plannіng, Shootіng, and Sharіng Great Vіdeo from USA Today’s Talkіng Tech Host (Berkeley, Calіf.: Peachpіt Press, 2013), Kіndle edіtіon. 22. Graham, Vіdeo Natіon. 23. Graham, Vіdeo Natіon. 24. Graham, Vіdeo Natіon. 25. Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck. 26. Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck. 27. Graham, Vіdeo Natіon. 28. Graham, Vіdeo Natіon. 29. Graham, Vіdeo Natіon. 30. Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck. 31. Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck. 32. Based іn part on Stockman, How to Shoot Vіdeo That Doesn’t Suck; Graham, Vіdeo Natіon. 33. «Іnteractіve Web Sіtes Draw Mіnds, Shape Publіc Perceptіon», Scіence Daіly, 27 May 2008, www.scіencedaіly.com

10-тарау
Жағымды хабарлама жазу
11-тарау
Жағымсыз хабарлама жазу

12-тарау
Иландыру хабарламасын жазу

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Күнделікті бизнес-сауал құрастыруға арналған тиімді стратегия нобайын жасауды меңгересіз.

2. Күнделікті өтініштің жиі кездесетін үш үлгісін сипаттай аласыз. 3. Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарлама құрастыруға қажет тиімді стратегия нобайын жасауды үйренесіз. 4. Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарламаның жиі кездесетін алты түрін білесіз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! 10 миллионға жуық студент Pearson MyLabs қолдану арқылы оқу үлгерімін жақсартты. Си-му­ляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Productіvіty Report
коммуникация тәжірибесі
productіvіtyreport.org

Уақыт өте келе хабарлама немесе құжат әзірлеумен жиі айналысатын боласыз. Басты жоба ұсынысы немесе бизнес-жоспар секілді құжаттар карьераңыздың немесе компанияңыздың өзгеруіне зор ықпал етеді. Әйткенмен де бизнес-коммуникацияның көбі күнделікті хабарламадан құралады: біреуден көмек немесе ақпарат сұрау, өзгелердің осындай өтініштеріне жауап беру, әріптестермен және клиенттермен ақпарат бөлісу, өзге адамдарды құттықтау немесе жұбату т.с.с. Бұл хабарламалар күнделікті қолданыста болады екен деп, немқұрайды қарауға болмайды. Сирек жасалатын негізгі баяндама немесе ұсыныстардан гөрі қысқа хаттардың жиынтық эффектісі карьераңызға көбірек әсер етеді. Күннен-күнге коммуникацияны реттеп отыру – кәсіби маман ретінде жетіліп, қалыптасқаныңыздың басты факторы. Алайда күнделікті хат-хабармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру – мәселенің бір бөлігі ғана. Атқаратын қызметіңіз бен салаңызға қарай, күнделікті хат-хабар жазу бойынша тым көп міндет жүктелуі мүмкін. Күніне жүз немесе одан да көп хабарлама алып, олардың басым бөлігіне жауап қатып, өзің де көп хат жазу – бүгінде сирек кездесетін жағдай саналмайды. Сондықтан күнделікті коммуникацияны реттеумен қатар, хабарламамен жылдам әрі тиімді жұмыс істей білуіңіз қажет, әйтпесе міндеттерге көміліп қалуыңыз ғажап емес. Джилл Даффи бизнес мамандарына күнделікті хабарлама легімен қалай жұмыс істеуге болатыны туралы ғылыми дәлелденген кеңестер береді Бұл кеңестерді сіз де өз қажетіңізге жарата аласыз. Оның мақалалары академиялық журналдар мен ірі басылымдарда жарық көрген, сауда-саттық тақырыбына арналған Game Developer, компьютерлік PCMag.com журналдарына арнап мақалалар жазды. Джилл Даффи – жеке және ұжымдық жұмыс өнімділігі бойынша маман, осы саладағы өз идеяларын апталық PC Magazіne журналының Get Organіzed айдарына, Get Organіzed: How to Clean Up Your Messy Dіgіtal Lіfe кітабында және өзінің жаңа жобасы Productіvіty Report деп аталатын ғылыми зерттеулер мен жеке тәжірибесіне негізделген кеңестер сайтында жариялайды. Жан-жақты әрі мол тәжірибесінің арқасында цифрлық өнімділік қиындықтарын жақсы түсінген ол аудитория мен өз басымдықтарыңды естен шығармастан, күнделікті хабарламалар ағынымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Мысалы, Даффи аса маңызы жоқ хаттар арасында ең маңызды хат көрінбей қалмас үшін e-maіl хабарламаларды сұрыптауға кеңес береді. Көп e-maіl бағдарламалары мен қосымшаларында хаттарды жіберушісіне, тақырыбына және өзге де ерекшеліктеріне қарай сұрыптауға көмектесетін функциялар бар, соның арқасында маңызды хаттарды үнемі көрініп тұратындай жасай аласыз. Содан соң жан-жақты бағдарламалар орнатып, e-maіl хаттарды күнделікті тексеретін әдет қалыптастырыңыз. Мысалы, күн сайын үйіңізге қайтпай тұрып, бастығыңыздың e-maіl хаттарына жауап беруге үлгергіңіз келсе, бастығыңыздан келетін хаттарды бөлек бір папкаға жинайтын e-maіl сүзгі орнатып, күнде сағат 16:00-де олармен жұмыс жасауды еске салатын сигнал орнатып қойыңыз. Даффи e-maіl хатты өшіріп, сақтап қоясыз ба, болмаса бірден жауап бересіз бе, әлде жауапты жоспарлайсыз ба, әйтеуір, келген хаттармен кейінге қалдырмай, жылдам жұмыс істеуге кеңес береді. Бастысы – шешім қабылдамай тұрып, оларға қайта-қайта қарай бермеу керек. Дуффи e-maіl хаттарды сүзгіден өткізбей немесе сақтамай, жинай бергенді және бір хатты табу керек болғанда іздеу функциясын пайдаланғанды құптамайды. Оның пікірінше, мұндай тәсілдің бірнеше проблемасы бар. Біріншіден, хабарламаны кімнің жібергенін не ондағы кілтсөздердерді еске түсіре алмасаңыз, оны жалғыз іздеу функциясымен таба алмайсыз. Екіншіден, тақырыптар бойынша бөлінген папкалар «қосымша жады» ретінде қызмет атқарып, қалаған кезде қалаған хатты табуға көмектеседі. Үшіншіден, e-maіl жәшігіңізде таудай үйілген сұрыпталмаған хаттар жатса, олардың арасынан керек хатты іздегенде немесе маңызды нәрсені жіберіп алмау керек болғанда көңіліңізді алаңдатып, жұмыс істеуге кедергі келтіруі мүмкін. E-maіl хаттармен жұмыс бола ма, команда жұмысына қатысты хат алмасу, әлде коммуникацияның басқа түрі бола ма – кез келген жағдайда ыңғайлы жақсы жүйе орнатып, өзіңізге қолайлы әдет қалыптастыру үшін уақыт пен күш-жігер керек. Алайда бұған жұмсаған уақытыңыз босқа кетпейді, себебі күн сайын өнімді жұмыс істеп, тек маңызды деген хаттарға назар аударып, күш жұмсайтын боласыз.1

Күнделікті өтініш жолдау стратегиясы

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Күнделікті бизнес-сауал құрастыруға арналған тиімді стратегия нобайын жасауды меңгересіз Джилл Даффи (тарау басындағы «Barnett Іnternatіonal. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) қазіргідей цифрланған жұмыс орындарында коммуникацияның өте маңызды аспектілерінің бірі – күнделікті хаттар легіне төтеп беріп, уақытында жолдау/жауап беру мәселелері бойынша кеңес беріп, бизнес-мамандарға қол ұшын созады. Күнделікті хабарламаларды екі топқа бөліп қарастыруға болады: өзге тараптан ақпарат сұрау немесе әрекет ету бойынша күнделікті өтініштер және күнделікті түрлі позитив хабарламалар. 11-тарауда – негатив хабарлама жазу тәсілдері, ал 12-тарауда дәлелді хабарламаларды жазу мәселелері қамтылады. Өтініш жолдау – күнделікті бизнес-әрекеттердің бір бөлігі және көп жағдайда аудиторияңыз сауалыңызға жауап беруге дайын отырады. Анық стратегия қолдансаңыз және пайдаланатын тәсілді әр жағдайға бейімдесеңіз, шапшаң түрде тиімді өтініш әзірлей аласыз.

Күнделікті өтініш пен позитив хат жазғанда:
• өтінішіңізді немесе негізгі ойыңызды айтыңыз;
• қажет детальдарды жазыңыз;
• нақты қандай әрекет жасау керегін ізетпен түсіндіріп, хатты аяқтаңыз.

Бизнес-хабарламаның өзге түрлері секілді, күнделікті өтініш те кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұрады. Тура тәсілді қолдана отырып, кіріспені негізгі ойдан, яғни ашық мәлімдемеден бастаңыз. Негізгі бөлімде қосымша мәліметтер жазып, өтініштің мақсатын түсіндіріңіз. Хаттың соңында қандай әрекет жасау керегін айтып, хабарламаны аяқтаңыз.

Өтінішті бірден айту Күнделікті өтініш әзірлегенде өтінішті хабарламаның ең басында жазуға болады. Бірақ мәселеге бірден көшу дөрекі немесе жөнсіз көрінбеуге тиіс: • Хабарламаның сарынына назар аударыңыз. Қандай да бір әрекет жасауды талап еткеннен гөрі («соңғы бюджеттік кестені жіберіңіз») өтінемін не жақсы болар еді деген сияқты сөздерді қолдана отырып, құрмет көрсетіңіз. • Аудиторияңыз өтінішіңізге құлақ асады деп ойлаңыз. Хат алушы күнделікті өтінішіңізге құлақ асады деп есептесеңіз болады, сондықтан оларды солай жасауға көндіру үшін уақыт пен энергия жұмсаудың қажеті жоқ. • Нақты айтыңыз. Тілегіңізді анық жеткізіңіз. Мысалы, зерттеу департаментінен соңғы нарық мәліметтерін сұрасаңыз, бір беттік есеп керек пе, әлде 100 беттік өңделмеген дерек қажет пе – нақты көрсетіңіз.

Өтінішті түсіндіру және негіздеу Қажет болғанда хабарламаның негізгі бөлігінде өтінішті түсіндіріңіз. Кіріспе сөзіңізді рет-ретімен және қисынды тәртіппен баяндаңыз. Хат алушыға өтінішке жауап беру тиімді болса, онда мұны сауалда міндетті түрде атап көрсеткеніңіз жөн. Бірнеше өтініш немесе сұрақтарыңыз болса, алдымен, ең маңыздыларынан бастаңыз және бір сұрақта тек бір ғана мәселені айтыңыз. Әдеттен тыс немесе орындалуы қиын өтінішіңіз болса, хат алушы әр мәселеге жеке жауап беруі үшін оларды нақты, бөлек сұрақтарға бөліңіз. Бұл тек хат алушының уақытын қадірлеуді көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге аз уақыттың ішінде сауалыңызға нақтырақ жауап алуға көмектеседі.

Нақты әрекет жасауды сыпайы түрде сұрау
Өтінішті төмендегідей жолдармен аяқтаңыз:
• белгілі бір әрекет жасауды өтініңіз;
• кері байланыс ақпаратын қалдырыңыз;

• алғыс білдіріңіз.

Хабарламаны маңызды үш элементпен аяқтаңыз: 1) белгілі бір дедлайны бар арнайы өтініш жасаңыз; 2) өзіңізге қалай хабарласуға болатыны жайлы ақпарат енгізіңіз; 3) алғыс айтыңыз не жылы лебіз білдіріңіз. Хат алушыдан қандай да бір әрекет жасауды сұрағанда нақты уақытын көрсетіңіз (мысалы, «5 мамырға дейін деректер жіберуіңізді өтінемін, сонда сізге бірінші тоқсан нәтижесін 20 мамырда болатын конференцияға дейін ертерек жібере аламын»). Хабарламаны алғыс айтып, жылы лебізбен аяқтаңыз. Шолу үшін «Бақылау тізімі. Күнделікті өтініш әзірлеу» айдарын қараңыз.

Күнделікті өтініш үлгілері

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Күнделікті өтініштің жиі кездесетін үш үлгісін сипаттай аласыз Күнделікті хабарламаның төмендегідей түрлері жиі кездеседі: ақпарат немесе белгілі бір әрекет жасауды сұрап хат жазу, ұсыныс хат сұрау, шағым түсіру немесе түзетуді сұрау.

Ақпарат немесе белгілі бір әрекет жасауды сұрау
Ең қарапайым өтініш үш тіректен тұрады:
• Нені білгіңіз келеді, немесе хат алушының не істегенін қалайсыз?
• Не үшін өтініш жазып отырсыз (кей жағдайларда керек болмауы мүмкін)?

• Хат алушы не үшін сізге көмектесуге мүдделі болуы керек (кей жағдайларда мұның керегі жоқ)? Күнделікті сауалдар қарапайым, тура мағыналы хабарламалардан құралады, бірақ күрделірек өтініштер қосымша себептер мен түсіндірмелер енгізуді қажет етуі мүмкін. Қарапайым өтініште әбігерге түспей-ақ шаруаны тындыруға болады. Күрделірек жағдайларда мәселенің себептерін кеңінен түсіндіріп, сауалдың мақсатын негіздеуіңізге тура келуі мүмкін. Мүмкін болса, хат алушының өтініште көрсетілген әрекеттерді орындауға неліктен мүдделі екенін атап көрсетіңіз. Өтінішті аудитория мен жағдайға қарай бейімдеп, соған көз жеткізіңіз (10.1-сурет).

10.1-сурет. Әрекет етуді сұрайтын күнделікті хат Аймақтық филиалдардың барлық менеджерлеріне жазған өтініш хатта Элен Клаузен олардан қосымша тіркелген форманы толтыруды сұрайды. Сауал күрделі болмаса да әрі оған жауап беру менеджерлердің міндеті болса да, Клаузен сыпайы түрде көмек сұрап, жауап берудің артықшылықтарын атап өтеді

Ұсыныс хат сұрау
Біреуді ұсыныс хат беруші етіп атамас бұрын, әуелі, одан рұқсат сұраңыз

Бизнесте бөгде адамдар жөнінде ақпарат жинау керек жағдайлар да кездеседі. Мысалы, келісімшарт, жұмыс, жоғары қызмет немесе стипендия ұсынбас бұрын, компаниялар өтініш берушілерден ұсыныс хат әкелуді өтінеді. Компаниялар өтініш берушілерден олардың жұмыс істеу қабілетін, дағдыларын, өзгелермен тіл табысу мүмкіндігін, мінезі мен білігін растай алатын адамдарды атап шығуды сұрайды. Біреудің есімін атамас бұрын, алдымен, одан рұқсат сұраңыз. Кей адамдар өз аты-жөндерінің көрсетілгенін қаламайды, себебі ұсыныс хат беретіндей сізді жақсы танымауы мүмкін, немесе олар (жұмыс берушілері) ұсыныс хат бермеу саясатын ұстанады. Мінездеме беретін адаммен біраз уақыт араласпаған болсаңыз, араласқан шақтарды есіне салыңыз. Қазір ұсыныс хат сұрау – қалыпты жағдайға айналған, сондықтан өтінішіңізді тура әдіс қолдана отырып жазсаңыз болады. Хаттың басында ұсыныс хаттың не үшін қажет болып отырғанын (жұмысқа керек болмаса, оның мақсатын түсіндіріңіз) және хат алушыдан ұсыныс хат жазып бергенін қалайтыныңызды ашып айтыңыз. Ол адаммен біраз уақыт араласпаған болсаңыз, хаттың басында араласқан кезді еске салатын қандай да бір нақты оқиғалар, жағымды бейнеңізді еске түсіретін жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы жазыңыз. Хабарламаның соңында алғыс айтып, месседж жолдап отырған адамның толық аты-жөні мен мекенжайын (e-maіl немесе мекенжайы) жазыңыз. Тез арада ұсыныс хат керек болса, хатта дедлайнды да атап көрсеткен жөн. Қағаз хат жолдағанда өзге тарапқа ыңғайлы болуы үшін үнемі маркасы жапсырылған, мекенжайлары толтырылған конвертпен алдын ала жіберіңіз. 10.2-суретте осы нұсқаулық бойынша жазылған өтініш үлгісі берілген.

10.2-сурет. Ұсыныс хатқа тиімді сұрау салу Бұл автор бұрын дәріс берген профессорынан ұсыныс хат сұрағанда тура әдісті қолданып тұр. Дәріске жарты жыл бұрын барғандықтан, профессордың есіне түсіру үшін қалай бәйек болғанына назар аударыңыздар. Хатқа қосымша кері қайтару керек мекенжайы жазылған штампталған конвертпен қоса ұсыныс хат қай күнге керек екені де көрсетілген

Шағым жазу және түзетуге өтініш беру
Шағым немесе түзетуге өтініш жазғанда:
• проблеманы түсіндіріп, қосымша детальдарын айтыңыз;
• қосымша мәліметтер беріңіз;

• қандай да бір шара қолдануды өтініңіз.

Компанияның өніміне немесе қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса, шағым (ресми шағым) жазыңыз, немесе түзетуге өтініш (мәселені реттеу) беріңіз. Қандай жағдай болмасын, ашуға булығып тұрсаңыз да, кәсібилікті сақтап, коммуникация жасаңыз. Салқынқандылық таныту жағдайдың тезірек шешілуіне септеседі. Хатты мәселе туралы анық әрі байыпты сөйлеммен бастап, негізгі бөлімде мәселенің жай-жапсарын толық түсіндіріңіз. Алушы шағымды тексеруі үшін қажет деректер келтіріңіз. Хаттың соңында қажет шара қолдануын сыпайы түрде өтініңіз, немесе мәселенің шешілетініне үміттенетініңізді білдіріңіз. Орынды болса, мәселе ойдағыдай шешілген жағдайда, бизнес-коммуникацияның әрі қарай жалғаса беруі мүмкін екенін жазыңыз. Шағымыңыз квитанциялар, сату чектері, өтпей қалған чектер, жазысқан хаттар және өзге де құжаттармен бірге өзіңізге қайтып келуі ғажап емес. Көшірмелерін жіберіп, түпнұсқаларын өзіңізде сақтаңыз. Компанияға жазған шағымдарыңызды тіркеп отыруға әзір болыңыз. Көшірмелерді жіберіп, түпнұсқа құжаттарды өзіңізде сақтаңыз. Мәселенің себебі анық болып тұрса, хат алушыға не нәрсе жасалуы керектігін нақтылап жеткізіңіз, мысалы, дұрыс емес жіберілген затты дұрыс затқа ауыстыру немесе ол зат бітіп кеткен болса, ақшаны қайтару секілді. Алайда мәселенің себебін анық білмесеңіз, компаниядан мән-жайын анықтап беруді сұраңыз, содан кейін бұл істің шешімін қалай табуға болатынын айтыңыз. Толық байланыс ақпаратын қалдырыңыз, қажет жағдайда компания сізді оңай тауып, мәселені талқылай алатындай болсын. 10.3-суреттен шағым жасаудың тиімсіз және тиімді үлгілерін қарап, салыстырыңыз. Шағым жасау мен түзетуге өтініш беру бойынша тапсырмаларды шолу үшін «Бақылау тізімі. Шағым жазу және түзетуге өтініш беру» айдарын қараңыз.

10.3-сурет. Шағым берудің тиімді және тиімсіз үлгілері Екі нұсқадағы сарын мен мазмұн айырмашылықтарына көңіл бөліңіз. Шағымның тиімсіз үлгісі эмоциямен, төмен кәсіби деңгейде жазылған, ал тиімді нұсқасы мәселені салмақты әрі нақты баяндайды

Күнделікті және жағымды хат жазу стратегиясы

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарлама құрастыруға қажет тиімді стратегия нобайын жасауды Жұмыс барысында ақпарат немесе әрекет жасауды сұрап өтініш жазып әрі өзгелердің сондай өтініштеріне жауап бересіз. Өтінішке позитив жауап қатқанда, күнделікті хабарландыру жолдағанда немесе жылы лебіз білдіріп, жағымды хат жібергенде – ақпарат немесе жақсы жаңалық айту, барлық сұрақтарға жауап беру, барлық қажет детальдармен қамтамасыз ету және хат алушыға өзіңіз және компанияңыз туралы жақсы әсер қалдыру секілді, бірнеше мақсат қоясыз.

Күнделікті жауаптар мен позитив хаттарда тура әдіс қолданыңыз. Күнделікті хаттарға жауап алғанда және жағымды хабарлама алғанда оқырман не айтқыңыз келіп отырғанын білгісі келеді, сондықтан тура әдіс қолданыңыз. Хаттың басында негізгі идеяны (позитив жауап немесе жақсы жаңалық) айтыңыз. Хаттың негізгі бөлігінде қажет детальдарын баяндап, хатты жылы лебізбен аяқтаңыз, соңында оның оқырман үшін пайдасын да атап өтуге болады.

Негізгі идеядан бастау Тура әдісті қолданғанда хаттың басында негізгі идеяны немесе жақсы жаңалықты қысқа да нұсқа баяндаңыз. Күнделікті және жағымды хаттардың басында негізгі идея немесе жақсы жаңалықты баяндасаңыз, аудиторияңыз одан кейін айтылатын детальдарға дайын болады. Хаттың басын қысқа да түсінікті жазыңыз. Мына кіріспе сондай болғанымен, қажетсіз ақпарат айтып, мақсатын көмескілеп жіберген, ал екінші кіріспе қысқа әрі нұсқа жазылған:

Мынаның орнына Trask Horton Pharmaceutіcals компаниясы сату бөлімінің қызметкерлері алдында сөй­леп, презентация өткізу өтінішіңізді қа­былдады. Әр алуан және талантты көп алдын­да сөйлеу және презентация жасау өтініш ие­лері тренинг біз сіздің өтінішіңізді таңдадық.

Былай деп жазыңыз Trask Horton Pharmaceutіcals қажеттіліктерін мұқият зерттеген талантты үміткерлердің әртүрлі өтініштерін зерттей келе, арасынан сіздің өтінішіңізді таңдап алғанымызды қуанышпен хабарлаймыз.

Хатты бастаудың жақсы жолы – не айтатыныңызды анық білу. Өзіңізден
«Аудиторияға айтар қандай ең маңызды бір ғана ақпаратым бар?» деп сұраңыз.
Қажет детальдарын түсіндіру

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

e-maіl арқылы өте көп файл жібере алмасаңыз, Hіghtaіl файлдарды серверде сақтап, хат алушыға оның сілтемесін жіберуге мүмкіндік береді. Негізгі бөлімде пікіріңізді түсіндіріңіз, сонда аудиторияңызда түсінбеушілік не күмән болмайды. Мәселенің детальдарын жазғанда хаттың басындағы қолдау білдіру сарынын сақтаңыз. Хатыңыз позитив болғанда мұндай сарынды төмендегі мысалдағыдай жалғастыру оңайға соғады: «Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңізге тәнті болдық және Green Valley Propertіes ком­паниясына үлкен үлес қосасыз деген сенімдеміз. Сұхбат барысында талқылағанымыздай, айына 4 300 доллар жалақы аласыз және қосымша жеңілдіктер бар. Компанияның жеңілдіктер бойынша менеджері Паула Санчезбен дүйсенбі, 21 наурыз күні, таңғы сағат 08:00-де, кездесуіңізді сұраймыз. Ол отбасылық жағдайыңызға байланысты жеңілдіктер пакетін алу үшін қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. Сонымен қатар Green Valley командасына қосылуыңызға көмектесетін әртүрлі бағдар беру шараларын да ұйымдастырып қояды».

Негатив ақпаратты позитив контекске араластырып қоюға тырысыңыз. Алайда күнделікті хабарламаңыздың мазмұны аралас болса және адамның көңіл күйін түсіретін ақпаратты жеткізсе, онда хаттың негатив бөлігін мүмкіндігінше жағымды етіп жеткізуге тырысыңыз:

Мынаның орнына
Біз бұдан былай HealthTrakk Model V фитнес-сағатын қолданбаймыз.
Былай деп жазыңыз
HealthTrakk Model V фитнес-сағатының орнын HealthTrakk Optіma моделі басты.

HealthTrakk Optіma моделінде түстер саны көбірек және сыртта жаттығу үшін GPS сияқты жаңа қадағалау функцияларымен жабдықталған. Бұл мысалда өзгерістерге толық сипаттама беріліп, негатив жағы аз айтылады және хат алушылар үшін жаңа өзгерістердің пайдасы атап көрсетіледі. Десе де, мұқият болыңыз: хаттың бұл түрінде аудиторияның позитив жауап беретініне негіз болса ғана негатив ақпаратты осылайша жеткізуге болады. Ал қалған жағдайларда жанама әдіс қолданыңыз (11-тарауда айтылды). Клиентке жазып отырсаңыз, негізгі бөлімде оның өнімді сатып ала отырып (менменсіп немесе мақтанбас бұрын), дұрыс таңдау жасағанын атап өткіңіз келуі мүмкін. Мұндай жағымды комментарийлер (көбінесе қайта сату деп те аталады) – клиентпен ойдағыдай қарым-қатынас орнатудың жақсы жолы. Мұндай комментарийлер көбінесе тапсырысты қабылдағанда немесе клиентке жіберілетін өзге де күнделікті хаттарға енгізіледі. Мұндай мәтіндердің қысқа әрі нақты болғаны абзал: «Сіз тапсырыс берген KіtchenAіd миксері – ең көп сатылып жатқан модель. Ол ұзақ жылдар бойы асүйдегі сенімді көмекшіңізге айналады».

сыпайы аяқтау Хаттың соңын оқыған хат алушы енді не істеу керегін түсініп, бұл әрекеттерден өзіне қандай пайда түсетінін білуі тиіс. Күнделікті хаттар мен жағымды хаттардың соңы әдетте қысқа әрі қарапайым келеді, себебі жайттарды бейтарап немесе позитив күйде ғана баяндап, хат алушыдан ештеңе сұрамайсыз. Көп жағдайда «рақмет» деген бір ауыз сөз жеткілікті. Алайда хаттан кейін қандай да бір әрекет жасалуын күтсеңіз, хаттың соңында кім не жасайтынын және қашан жасауға тиіс екенін анықтап жазыңыз. Күнделікті хаттарға жауап жазу және позитив хат әзірлеу қадамдарын еске түсіру үшін «Бақылау тізімі. Күнделікті хаттарға жауап жазу және жағымды хабарлама жазу» айдарын қараңыз.

Күнделікті және жағымды месседж үлгілері

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарламаның жиі кездесетін алты түрін білесіз Күнделікті және позитив хабарламалардың басым бөлігі алты негізгі категориядан тұрады: ақпарат және әрекет жасауды сұрау хаттарына жауап; шағым және түзетуге өтініш хаттарына жауап; ұсыныс хат; күнделікті ақпарат; жақсы жаңалықтарды хабарлау; жылы лебіз білдіру хаты.

Ақпарат сұрау және әрекет талаптарына жауап беру Кез келген маман уақыт өте келе ақпарат сұрау және әрекет ету жөніндегі хаттарға жауап жазады. Жауабы қарапайым болса немесе жеңіл ақпараттан тұрса, онда тура әдіс қолданған жөн. Сауалды мұқият зерттеп, ізетпен тез арада жауап беру – жұрттың өзіңіз және жұмыс істейтін компанияңыз туралы позитив пікір қалыптастыруына көмектеседі. Сауалдарға жауап жазғанда және онда сату туралы сөз қозғалса, негізгі үш мақсатыңыз болады: 1) өтінішке және барлық сұрақтарға жауап беру; 2) оқырманның өзіңіз бен компанияңыз туралы жағымды пікірін қалыптастыру; 3) болашақта сатып алуға ынталандыру.

Шағым және түзету талаптарын қабылдау Жіберілген қатеге оқырман мүддесін ескере отырып, сыпайы түрде жауап беру – маңызды бизнес-коммуникацияны қалпына келтіруге көмектеседі. Ешбір компания қате жібергісі келмейді, бірақ бұл жайттар клиенттермен қарым-қатынаста шешуші рөл атқарады. Жағдайды ойдағыдай шеше алсаңыз, клиенттеріңіз бұрынғыдан да адал бола түспек, себебі клиенттердің мүддесін ойлайтыныңызды дәлелдедіңіз. Алайда клиент мәселені дұрыс шешпеді деп ойласа, жағдай тіпті ушығуы мүмкін. Көңілі толмаған клиенттер сізге ескертпестен, компаниядан қол үзіп, достарына, әріптестеріне және әлеуметтік желідегі оқырмандарына компанияны үнемі жамандап жүреді. Арзан тұратын бір транзакцияның құны бизнесте орны толмас үлкен шығынға ұрындыруы ықтимал. Басқаша айтқанда, кез келген қате – қарым-қатынасты жетілдіру үшін берілген мүмкіндік. Клиент шағымына берер жауабыңыз компанияңыздың мұндай мәселелерді шешу саясатына және «Бұған компания, клиент немесе үшінші тараптың қайсысы кінәлі?» деген сұраққа беретін жеке жауабыңызға байланысты. Жалпы, төмендегі қадамдарды жасаңыз:

• Клиенттің шағымын немесе өтінішін қабылдағаныңызды растаңыз.
• Клиенттің жағдайын түсінуге тырысыңыз.
• Мәселені бірден шешуге міндеттеме алыңыз (не біреуге жүктеңіз).

• Мәселені қалай шешкеніңізді немесе қалай шешетініңізді нақты түсіндіріңіз.

• Қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін қадамдар жасаңыз.
• Жауабыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәселені қадағалап отырыңыз.

Клиент қате жасаса, оны ренжітпестен, алдағы уақытта қате жібермеуге шақырыңыз. Мұндай позитив қадамдар жасаумен қатар, кәсіби деңгейді сақтаңыз. Әріптестеріңіздің атын атап кінәламаңыз; жағдайды күрделендірмеңіз, жасанды кешірім сұрамаңыз; қате клиенттен болғанын меңземеңіз; өз мүмкіндігіңізден артық жасай аламын деп уәде бермеңіз. Клиенттің кінәлі екені анық болған кездегі шағым бойынша коммуникация – тым шетін мәселе. Шағымдағы өтініштерді орындаған жөн деп тапсаңыз, хатыңызды жақсы жаңалықтан бастаңыз. Алайда негізгі бөлімде абай болуыңыз керек, себебі болашақта мұндай шағымдар болмағанын қалайсыз. Клиенттің байланысқа шыққанына алғыс айтып, хатты сыпайы түрде аяқтаңыз (10.4-сурет).

10.4-сурет. Сатып алушы өзі кінәлі болғанда шағымға жауап беру Сатып алушы өзі кінәлі болғанда шағымға жауап беру – жақсы ишарат, сондықтан хабарлама мазмұны мен сарыны соған сай болуы керек. Әуелі тиімді әрекеттермен позитив қарым-қатынас орнатып алып, одан кейін нашар коммуникациямен оны бұзудың қажеті жоқ. Тиімсіз нұсқасы не сұраса да баланың тілегін орындайтын ашулы ата-ананың әрекетіне ұқсайды. Ол бәрібір сынап-мінеген хат жібереді. Ең абзалы – клиентті кінәламай, мүлдем оған тіл тигізбей, скейтті қалай күтіп ұстау керегін жеткізе білу Осындай бизнес-хабарламалар бойынша тапсырмаларды шолып шығу үшін «Бақылау тізімі. Шағым және түзетуге өтініш хаттарын қабылдау» айдарын қараңыз.

Ұсыныс хат және мінездеме хат жазу Ұсыныс хаттар көп заңға қайшы мәселе тудыруы мүмкін, сондықтан оны жазбас бұрын компанияның құқық бөлімімен кеңесіп алған дұрыс. Адамдар жұмыс берушіден не әріптесінен (мысалы, жұмысқа орналасу үшін) ұсыныс хат сұратып жатады. Мұндай хабарламалар бұрын қарапайым күнделікті мәселе болатын, бірақ соңғы жылдары жұмысқа тұруға ұсыныс хаттар мен мінездемелер күрделі құқықтық мәселелер туындатуда. Негатив ақпарат бергені үшін немесе ұсыныс хат беруден бас тартқаны үшін қызметкерлер жұмыс берушілер мен жекелеген менеджерлерді сотқа берген. Ал жұмыс берушілер өзге жұмыс берушілерді үміткер туралы негатив ақпаратты жасырды деп айыптаған. Бұрынғы қызметкеріңізге ұсыныс хат жазбас бұрын немесе өзге жұмыс берушінің өтінішіне жауап берер алдында компанияның ережесін білетініңізге көз жеткізіңіз. Мысалы, компания тек жұмысқа тұру күндері мен өзге де негізгі ақпаратты ғана беруге рұқсат етуі мүмкін.2 Ұсыныс хат жазуға немесе үміткер жайлы ақпарат сұраған хатқа жауап беруге бел бусаңыз, мақсатыңыз – ұсынып отырған адамның жұмысқа, тапсырмаға немесе өзге де жобаларға қатысуға қажет білігі бар екеніне хат алушының көзін жеткізу. Тиімді жазылған ұсыныс хатта төмендегі ақпарат қамтылады (10.5-сурет):

• Үміткердің толық аты-жөні.
• Үміткер ұмтылып отырған қызмет немесе өзге жоба атауы.
• Үміткерге қатысыңыз туралы ақпарат.
• Үміткерге қатысы бар фактілер мен дәйектер және мүмкіндік.

• Мүмкін болса, үміткердің өзге әріптестерімен салыстырғандағы жұмыс қабілеті (мысалы, «Джонассон ханым ылғи cату бойынша көрсеткіші жоғары қызметкерлердің алғашқы ондығына кірген»).

• Үміткердің жаңа жұмысқа лайық екені туралы жалпы пікіріңіз.
10.5-сурет. Тиімді ұсыныс хат

Бұл хат автордың үміткермен қандай қарым-қатынаста болғанын ашып көрсетеді және онда автордың пікірін дәлелдейтін нақты мысалдар бар Ұсыныс хат жазғанда әрдайым өз беделіңізді тәуекел етіп отырғаныңызды ұмытпаңыз. Адамның кемшіліктері көзге ұрып тұрса және оны жаңа жұмысқа лайық емес деп ойласаңыз, мұндайда жалғыз амал – ұсыныс хатты мүлде жазбау. Үміткерді жақсы білмесеңіз, онда ол туралы ұсыныс хат жаза алады-ау деген басқа біреуге сілтеңіз.

Күнделікті ақпаратты бөлісу
Күнделікті ақпаратты бөліскенде:

• хаттың басында мақсатыңызды түсіндіріңіз және жіберіп отырған ақпараттың мазмұнын қысқаша айтып өтіңіз;

• қажет детальдарын келтіріңіз;
• хатты сыпайы аяқтаңыз.

Хабарламаның көбі күнделікті ақпаратты бөліседі. Мысалы, жобаның соңғы жаңалықтары, тапсырыстың мәртебесіне байланысты ескерту т.с.с. Осы сияқты күнделікті хат жібергенде, хаттың басында не үшін хат жіберіп отырғаныңызды түсіндіріп, жолдайын деп отырған ақпараттың мазмұнына қысқаша тоқталып өтіңіз. Негізгі бөлімде қажет детальдарын баяндап, хатты сыпайы түрде аяқтаңыз. Күнделікті хаттардың көбі бейтарап келеді, сондықтан оқырманның эмоциялық реакциясына алаңдап, алдын ала сақтанудың қажеті жоқ. Алайда күнделікті ақпараттық хаттардың кейбірі қосымша сақтық шараларын қажет етуі ықтимал. Мысалы, компания ережелеріне қатысты тұжырымдар немесе процедуралық өзгерістер компанияның өзіне жағымды жаңалық болуы мүмкін, себебі ол қаржы үнемдеуге көмектеседі. Бірақ қызметкерлер бұл үнемдеудің арқасында қосымша ресурстарға қол жеткізіп, жалақыларының артуы мүмкін екенін анық түсінбеуі ықтимал. Оқырманға ақпараттың позитив қыры бірден байқалмайтын болса, хаттың негізгі бөлімінде сол оқырман үшін маңызды артықшылықтарды атап көрсетіңіз (хат алушыға негатив жаңалықтардың әсері болса, 11-тарауда талқыланған жанама әдістерді пайдаланыңыз).

Жақсы жаңалықты хабарлау Қарым-қатынасты нығайтып, сақтау үшін ақылды қызметкерлер позитив жаңалықты бөлісудің бизнес үшін керек екенін жақсы біледі. Мұндай жақсы жаңалықтар қатарына жаңа нысандардың іске қосылуы, жаңа басшылардың келуі, жаңа өнім немесе қызметпен таныстыру, қоғамдық шараларға демеушілік жасау сияқты оқиғалар жатады. Жақсы жаңалық әрдайым жағымды болғандықтан, тура әдісті қолданыңыз (10.6-сурет).

10.6-сурет. Жақсы жаңалықты хабарлау Онлайн әңгімелерді демеп, қолдап отыру брендті танымал етуде маңызды рөл атқарады. Бостон – Детройт бағыты бойынша алғашқы рейсін тойлап, Facebook-те пост жариялаған JetBlue компаниясы Детройт тұрғындарынан қаладағы ең көрнекі орындарды көрсетуді сұрайды Жаңалық немесе пресс-релиз – коммуникация құралдары арқылы бөлісуге арналған (әдетте күнделікті таратылатын) хабарлама. Қазір олардың көбі клиенттерді немесе өзге де стейкхолдерлерді ескере отырып жазылып жүр. Жақсы жаңалықты сыртқа тарату үшін көбіне пресс-релиз пайдаланылады. Пресс-релиз – тиісті ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісетін арнайы құжат (сонымен бірге пресс-релиз зауыттың жабылуы сияқты жағымсыз жаңалықтарды да хабарлауы мүмкін). Әдетте көп компанияларда пресс-релизді қоғаммен байланыс бөлімінде жұмыс істейтін арнайы мамандар әзірлейді. Оның мазмұны позитив хабарлама үлгісі сияқты әуелі жақсы жаңалық айтылады, негізгі бөлімінде детальдары баяндалып, позитив түрде аяқталады. Алайда дәстүрлі пресс-релиздің маңызды айырмашылығы бар: мұнда белгілі бір аудиторияға бағыттап жазбайсыз (мысалы, блог немесе басылым оқырманы сияқты); редактор, тілші, блогер немесе өзге де аралық сала мамандарының қызығушылығын арттыруға тырысып, олардың хабарламаңызды әрі қарай көпшілікке жеткізгенін көздейсіз. Бұған дейін пресс-релиздер журналистерге ақпарат беретіндей етіп әзірленіп, оқырмандарға қызықты тақырыптар бойынша мақала жазатын. Алайда интернет пен әлеуметтік медианың арқасында пресс-релиз табиғаты өзгеріп келеді. Қазірде көп компания оны клиентпен және өзге аудиториямен тікелей коммуникация жасауға мүмкіндік беретін құрал ретінде қарастырады. Сөйтіп тікелей тұтынушыға арналған пресс-релиз жазады.3 Олардың көбі – әлеуметтік медиа релизі саналады, себебі онда әлеуметтік желілерге сілтемелер, «tweetable-дер» (бір рет басқан кезде Twіtter-де жариялауға дайын ақпарат) және бөлісуге болатын өзге де контент бар.

Жылы лебіз білдіру Ізгі ниет – адамды бизнес-коммуникация жасауға ынталандыратын позитив сезім. Бизнес-месседждің бәрі аудиториямен позитив қарым-қатынас орнатуды көздейді, бірақ кейбір месседждер арнайы жылы лебіз білдіру үшін жазылады. Клиентпен, әріптесіңізбен және бизнес саласындағы өзге де адамдармен қарым-қатынасты нығайтқыңыз келгенде, бизнеске қатысы жоқ жылы лебіз, тілектерді кейде күтпеген жерден жібере аласыз (10.7-сурет). Жақсы жұмысы үшін қызметкерге алғыс айтасыз ба, әлде әріптесіңізді жеке немесе кәсіби жетістіктерімен құттықтайсыз ба – жылы тілек жазып, шағын хат жолдаудың өзі айналаңыздағы адамдарға жағымды әсер етеді. Күнделікті пайдалы ақпарат жіберу немесе ойын-сауық элементтерін қосу арқылы күнделікті хабарламаны ізгі ниетті месседжге айналдыруға болады. Жақсы себепке орай хат жазумен қатар, кез келген күнделікті хабарламаны жақсы қарым-қатынасты нығайту үшін қолдануға болады. Оның екі жолы бар – оқырманға пайдалы болуы мүмкін ақпаратпен қамтамасыз ету және хабарламаны жазу кезінде позитив сарынды сақтау.

Құттықтау хатын жолдау

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Қағаз хаттың ерекше үлгісін қалайсыз, бірақ ол тек телефон-да ғана тұр ма? Lettrs цифрлық хабарламаны қағаз хатқа айнал-дырып, сізді әурелемей-ақ, пошта жәшігіне салып қояды. Өзгенің жеке өміріндегі маңызды оқиғаларды түртіп отыру бизнес-коммуникацияны нығайтуға көмектеседі. Жеке тұлға немесе компания бизнесте табысқа жеткенде құттықтап, жылы лебіз білдіріп, хат жіберуге болады. Оған қоса адамдардың жеке өміріндегі оқиғалармен (үйлену тойы, туған күн, диплом алу және өзге де бизнестен тыс оқиғалар) құттықтап, хат жолдай аласыз. Бизнестегі таныстарыңызды да кәсіби және отбасындағы қуанышымен құттықтасаңыз да мархабат. Хат алушыны жақсы білмесеңіз де, оның жеке өміріндегі оқиғаларды өзіңіз үшін түртіп алып отырсаңыз болады. Хат алушымен дос болсаңыз, онда бейресми қарым-қатынас жасаған жөн.

10.7-сурет. Жылы лебізді хат Жылы лебізді хат бизнесте әртүрлі қызмет атқарады. Facebook-тегі Steіnway фанаттары пианиноны қатты жақсы көреді және фортепиано әуендерін сүйеді. Мына жазбада компания фанаттарына дүйсенбі күні құнды дүние – көңіл күйді көтеріп, жанға тыныштық сыйлайтын фортепиано музыкасы топтамасын ұсынады. Пост ешнәрсені жарнамалап, сатуға тырыспайды (видео баптауында көрсетілген «Сатып алу» сілтемесі осы альбомдікі және Steіnway постына еш қатысы жоқ). Бұл – музыкасүйер қауымға жай ғана ілтипат білдірудің жолы

Алғыс хат жолдау
Тиімді жазылған алғыс хат – кісінің еңбегін бағалаудың белгісі.

Қызметкерлер мен әріптестердің, жеткізушілер мен өзге де қатысушылардың еңбегін бағалау – сапалы басқарудың маңызды сипаттарының бірі. Қызметкерді мақтау адамның көңіл күйін көтеріп қана қоймай, әрі қарай да жақсырақ жұмыс істеуге ынталандырады. Оған қоса алғыс хат кей адамның жеке өмірінде де маңызды рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан алғыс хат жазғанда өзіңіз мақтағыңыз келген адамды немесе адамдарды арнайы атап өтіңіз. Төмендегі қысқа хатта алғыс білдіріп, жақсы нәтижені атап өтеді: «Өткен жұма күнгі су тасқынынан кейін серверімізді қайта іске қосуға барынша тырысқан ерлігі үшін команда мүшелерінің бәріне алғыс білдіремін! Соның нәтижесінде дүйсенбі күні бизнесімізді әрі қарай ойдағыдай жалғастыра алдық. Сіздер дата орталығының қызметін 16 сағат ішінде қалпына келтіріп, келісімшартта көрсетілгеннен әлдеқайда көп жұмыс істедіңіздер. Әсіресе интернет қызметін қалпына келтіру үшін 12 сағат бойы тынбастан жұмыс істеген желі маманы Жулиен Маркстің еңбегін ерекше атап өткім келеді. Болашақта сату жобаларыңызға ұсыныс хат керек болса, еш қысылмастан менен сұрасаңыздар болады». Шынайы алғыс ести отырып, қуанышқа бөленесіз.4 Бұған қоса қазіргідей цифрлық медиа дамыған ортада қолмен жазылған алғыс хатты ерекше алғыс білдірудің жолы ретінде қарастыруға да болады.5

Көңіл айту хатын жолдау Көңіл айту хат52ы – жақынынан айырылған кісіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасу мақсатында жазылған қысқа хабарлама. Жұмыс барысында қызметкерлер мен бизнес-серіктестерге (сол адам жақынынан айырылғанда) немесе қызметкерлер мен бизнес-серіктестің отбасына (сол адам қайтыс болғанда) көңіл айтуға тура келетін кездер болады. Мұндай хатты жазу қорқынышты көрінуі мүмкін, бірақ одан шошынудың еш қажеті жоқ. Үш принципті басшылыққа алыңыз: қысқа, қарапайым және шынайы болыңыз. Әдеби туынды жазу шарт емес; хатта жазылған нәрсе ауызекі жеткізгендей жеңіл болсын. Көңіл айту хаттарында уақытпен санасу және медиа құралын таңдау маңызды. Хатыңыз неғұрлым ертерек жетсе, соғұрлым жақсы, сондықтан оны кейінге шегермеңіз. E-maіl немесе өзге де цифрлық медиа құралдарына мүлде жоламаңыз. Оны басқа амалыңыз болмаса ғана қолданыңыз. Ең абзалы – пошта арқылы қолдан жазылған қысқа хабарлама жіберу. Хатты «Жақыныңыздан айырылғаныңызды естіп, қатты қайғырдық» деген сияқты қарапайым көңіл айту сөйлемімен бастаңыз. Әрі қарай қалай жалғастыру қайтыс болған адамға кім болып келесіз, хат жазып отырған кісі кіміңіз – бәрі осындай факторларға байланысты. Мысалы, жақында өмірден өткен әріптесіңіздің түрін ешқашан көрмеген күйеуіне жазып отырған болсаңыз, онда «Джениспен он жылдан астам бірге жұмыс істегендіктен, оның қандай қамқор адам болғанын білемін» деп жалғастырсаңыз болады. Бұлай жазудың екі себебі бар: біріншіден, неліктен жазып отырғаныңызды түсіндіре кетесіз, екіншіден, хат алушыға жақынының жұмыста қандай адам болғанын жеткізесіз. Ал жақын арада туысынан айырылған әріптесіңізге жазып отырсаңыз, «Компанияның былтырғы пикнигінде Уорренді көрген едім, және оның ұлыңызбен футбол лигасына кіріп, қоғамға үлкен үлес қосып жүргенін естігенмін, сондықтан қандай ерекше адам болғанын елестете аламын» деп жалғастыра аласыз. Осы сияқты қысқа және позитив естеліктер хатыңызды мәнді әрі шынайы етеді. Көңіл айту хатының мазмұнын хат алушыға бағыттап жазыңыз. Тек өзіңіздің эмоцияңызды айта бермеңіз. «Өмірлік кеңес» немесе әбден ығыр болған сөз тіркестерінен аулақ болыңыз. Хатыңызды «Осындай қиын шақта біз сізбен біргеміз» деген сияқты қарапайым сөйлеммен аяқтаңыз. Орынды болса, «әлдене қажет болса, дереу хабарласаңыз» деп, көмек қолын ұсынсаңыз да болады. Хатта не жазатыныңызды шешерде екі нәрсе ойыңызда болсын. Біріншіден, қайғысына ортақтасып, көңіл айтыңыз, бірақ тұтас хат өзіңіз бен көңіл айту сөздеріңізден ғана тұрмасын. Сіз де қайғырған шығарсыз, дегенмен қайтыс болған кісі және хат алушымен үшеуіңіз өте жақын араласпаған болсаңыз, онда «Калинда туралы жаңалықты естіп, қатты құлазып кеттім» деп тым әсірелемеңіз. Екіншіден, «өмірлік кеңестер» айтпаңыз, күнде естіп, оқып жүрген, әбден ығыр қылған тіркестерді келтірмеңіз. Мұндай жағдайда жақынынан айырылған адамға ешқандай кеңестің қажеті жоқ, тек жұрттың қайғысымен ортақтасқаны ғана керек. Сонымен бірге ол адаммен өте жақын қарым-қатынаста болмасаңыз, дінді талқыламаңыз. Мұндай жағдайда орынсыз немесе жөнсіз нәрселер айтып қалып, кісінің шамына тиюіңіз мүмкін. Бизнес-хаттардың ішіндегі ең жанға жақыны – осы көңіл айту хаты, сондықтан оны құрметпен, мұқият жазу керек. Хатты қарапайым, қысқа және шынайы түрде жаза отырып, тілектеріңізді оқырманға ойдағыдай жеткізе аласыз. Жылы лебіз хатын жазуға қатысты тапсырмалармен танысу үшін «Бақылау тізімі. Жылы лебізді хат» айдарын қараңыз. Күнделікті және позитив хабарламаға қатысты соңғы ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріңіз. Көңіл айту хатының негізгі мақсаты – сіз бен тұтас ұжым хат алушының қайғысына ортақтасып отырғанын білдіру.

Productіvіty Report
коммуникация мәселелері

Productіvіty Report компаниясына фрилансер зерттеуші және жазушы ретінде орналастыңыз. Технология қолданушыларын өнімді жұмыс істеуге және жұмыс орнында тиімді коммуникация жасауға үйрететін Джилл Даффиге көмектесесіз. Осы және алдыңғы тарауларда меңгерген біліміңізді пайдаланып, мына міндеттерді орындаңыз. ЖЕКЕ ТАПСЫРМА. Бәлкім, онлайн форумдардан tl;dr акронимін көрген боларсыз. Ол «тым ұзақ; оқи алмадым» деген мағынаны білдіреді. Уеб қолданушылар, әсіресе уеб-сайттарға мобайл құрылғы арқылы кіретін қолданушылар бір немесе бірнеше минуттың ішінде оқып бітіретін қысқа мақалаларды қалайды. Productіvіty Report есебіндегі Productіvіty категориясына тиесілі бір мақаланы тауып, 250–300 сөзбен жинақтап жазыңыз. Бір минуттың ішінде ересек адам осынша көлемде мәтін оқи алады. КОМАНДАЛық ТАПСЫРМА. Даффи Productіvіty Report есебіне арнап, мақалалар топтамасын жазды. «E-maіl-ге не болған?» атты топтамадан Twіtter-ге лайықтап, қысқа тіркестер алғысы келеді. Бұл мақалаларды уеб-сайттан тауып, оларды команда мүшелеріне бөліп беріңіз. Әр мақаланы саралап, 140 таңбалы туитпен жеткізуге болатын үш-бес негізгі ойтүйін табыңыз. Сол туиттердің барлығын қысқа есеп түрінде жинақтаңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Көңіл айту хаты – жақынынан айырылған кісіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасу мақсатында жазылған қысқа хабарлама. Пресс-релиз (баспасөз баяны) – жергілікті немесе ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарына маңызды ақпаратты таратуда дәстүрлі түрде қолданылатын арнайы құжат. Қазір көп компания пресс-релизді тікелей қоғамға арнап жазып жүр. Түзетуге өтініш беру – белгілі бір мәселе бойынша реттеуді немесе түзетуді сұрау. Шағым – өнімге немесе көрсетілген қызметке көңілі толмағанда берілетін ресми арыз.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Күнделікті бизнес-сауал құрастыруға арналған тиімді стратегия нобайын жасауды меңгердіңіз. Күнделікті өтініш әзірлегенде хатты бір нақты өтініштен бастаңыз. Хаттың негізгі бөлімінде өтінішті не үшін жолдап отырғаныңызды айтып, маңыздылығын түсіндіріңіз. Күнделікті өтініштің соңында белгілі бір әрекеттердің орындалуын сұрап (қажет болса, дедлайнын да көрсетіп), алғыс айтыңыз. Хатты мына үш маңызды элементпен аяқтаңыз: 1) белгілі бір әрекеттің жасалуын сұрау; 2) өзіңізбен қалай хабарласуға болатынын жазу; 3) алғыс айту, жылы лебіз білдіру. 2 Күнделікті өтініштің жиі кездесетін үш үлгісін сипаттауды үйрендіңіз. Күнделікті хабарламаның төмендегідей түрлері жиі кездеседі: ақпарат немесе белгілі бір әрекет жасауды сұрап хат жазу, ұсыныс хат сұрау, шағым түсіру немесе түзетуді сұрау. Ақпарат немесе әрекет жасауды сұраған өтініште не білгіңіз келетінін, хат алушы не істеуі керектігін, не үшін өтініш беріп отырғаныңызды және хат алушы неліктен көмектесуі керектігін түсіндіріңіз. Ұсыныс хат беру туралы өтініш жазғанда, алдымен, не үшін жазып отырғаныңызды айтып, хат алушыдан ұсыныс хат жазып беруді өтініңіз. Негізгі бөлімде ұсыныс хатта көрсетілуге тиіс ақпаратты тізіп шығыңыз (қажет болса, резюмеңізді де өтінішке қосыңыз). Өтініш соңында алғыс айтып, ұсыныс хатты қай уақытқа дейін жіберу керектігін атап өтіңіз. Шағым (өнім немесе қызмет түрі бойынша ресми арыз түрі) немесе түзетуге өтінішті жазғанда бірден мәселеден бастаңыз. Негізгі бөлімде жағдайды толық түсіндіріп, мәселені шешу үшін не істеу қажеттігін сыпайы түрде сұраңыз. 3 Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарлама құрастыруға қажет тиімді стратегия нобайын жасауды үйрендіңіз. Күнделікті хаттарға жауап жазғанда және позитив хаттар дайындағанда тура әдісті қолданған тиімді, себебі хат алушылар хаттың басын оқып-ақ, не үшін жазып отырғаныңызды бірден ұғуға тиіс. Негізгі идеяны хаттың басында көрсетіңіз. Хаттың негізгі бөлігінде қажет детальдарын баяндап, хатты жылы тілектермен аяқтаңыз, соңында оның оқырман үшін пайдасын да айтсаңыз болады. 4 Күнделікті хаттарға жауап жазу мен жағымды хабарламаның жиі кездесетін алты түрін білдіңіз. Күнделікті және позитив хабарламалардың басым бөлігі алты негізгі категориядан тұрады: ақпарат және әрекет жасауды сұрау хатына жауап, түзетуге өтініш, ұсыныс хат, ақпараттық хабарлама, жақсы жаңалықты хабарлау, жылы лебіз білдіру хаты. Ақпарат немесе әрекет жасауды сұрау хатына жауап беру – аса қиын шаруа емес. Көп жағдайда оны арнайы формамен толтырып, рәсімдеп жолдайсыз. Ал түзетуге өтініш беру хаттарымен жұмыс істеу өте қиын. Себебі оған жауап бермес бұрын, әуелі, қате кімнен кеткенін анықтап алу керек – компаниядан ба, клиенттен бе, әлде үшінші тараптан ба? Ұсыныс хат жазғанда құқық мәселесіне сақ болыңыз; кейбір компаниялар менеджерлеріне ұсыныс хат беруге тыйым салады, немесе қызметкер туралы ең қарапайым деректер (қай уақыт аралығында жұмыс істеді т.с.с.) беруге ғана рұқсат етеді. Көбінесе ақпараттық хабарламаны жазу қиынға соқпайды, бірақ ақпарат хат алушыға әсер ететін болса, онда мұқият болуға тура келеді. Әдетте компаниялар жақсы жаңалықты хабарлау үшін пресс-релизді таратады. Бұған дейін мұндай хабарламалар тек бұқаралық ақпарат құралдарында таратылып келсе, қазір жалпы көпшілікке арнап та жазылады. Жылы лебіз хаты жақсы бизнес-коммуникация орнатуға көмектеседі. Мұндай хат түріне құттықтау, алғыс айту хаты, көңіл айту хаты кіреді. Жылы лебізді хат ойдағыдай шығу үшін үш нәрсе ғана керек: шыншылдық, шынайылық және фактімен сөйлеу.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз.
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз.

10-1. Күнделікті өтініштің ішінде қандай ақпарат болуға тиіс [1-ОМ]?
10-2. Негізгі ой күнделікті хаттың қай бөлігінде айтылуы керек [1-ОМ]?

10-3. Ұсыныс хат жазуға өтініш бергенде қандай ақпарат көрсетілуге тиіс [2-ОМ]? 10-4. Шағым мен түзетуге өтініш беру хатының арасында қандай айырмашылықтар бар?

10-5. Қайта сату туралы ақпарат дегеніміз не [3-ОМ]? 10-6. Қызметін нашар істеген кісі басқа жұмыс берушіге арнап ұсыныс хат жазып беруді өтінсе, не істер едіңіз [4-ОМ]?

10-7. Жылы лебізді хат жазғанда жасандылықтан қалай аулақ болуға болады [4-ОМ]? 10-8. Көңіл айту хатын жазғанда қандай үш принципті басшылыққа алу керек [4-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 10-9. Бір жеткізуші мекеменің жұмысына қатысты шағымданғыңыз келеді, бірақ шағымыңызды дәлелдейтін құжат жоқ. Сонда да шағым беру қажет пе? Неліктен [2-ОМ]? 10-10. Жергілікті бизнес-басылымның соңғы нөмірінде өткен жылы басқаруда тамаша нәтиже көрсеткен он топ-менеджердің есімін атайды. Сіз жұмыс іздеп жүрсіз делік. Досыңыз сол он топ-менеджерге құттықтау хат жолдап, хатта жаңа жұмыс іздеп жүргеніңізді және «сұхбатқа шақырса, разы болатыныңды айт» деп кеңес береді. Бұл ақылға қонымды шешім бе? Неліктен [4-ОМ]? 10-11. Сізге бірнеше жыл бұрын жұмыс істеген қызметкерге ұсыныс хат жазу туралы өтініш айтылды. Сіз оның жұмысты тамаша істегенін білесіз, бірақ нақты ақпаратты есіңізге түсіре алмадыңыз. Сонда да хат жазуыңыз керек пе? Түсіндіріңіз [4-ОМ]. 10-12. Компания жіберген қатенің кесірінен маңызды бизнес-клиентіңіз жаңа тапсырыстан айырылды. Мұны сіз де, клиентіңіз де біледі. Кешірім сұрайсыз ба, әлде бұған кінәлі емес екеніңізді айтып, бұрынғыдай қарым-қатынас жасай бересіз бе? Қысқаша түсіндіріңіз [4-ОМ].

Шеберлігіңді сына
Төмендегі хабарламаны талдаңыз:

Келесі хаттарды оқып: 1) әр сөйлемнің кемшіліктері мен мықты тұстарын саралаңыз; 2) тарауда айтылған нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, құжатты тексеріп шығыңыз.

10-13. 1-хабарлама. Хабарлама стратегиялары: күнделікті өтініш [2-ОМ]. «Бухгалтерлердің қателіктеріне тойдым. Менің шағын құрылыс компаниям бар және әрбір есеп жазбасын қайта-қайта тексеріп, бухгалтерлерге он рет хабарласатындай уақытым жоқ. Олар менің хаттарыма мүлде жауап бермейді. Сіздің компанияңыз менің бухгалтерлеріме қарағанда неліктен жақсы жұмыс істейтінін түсіндіріп бере аласыз ба? Тұрғын үй салушылар сіздерді көп мақтайды, бірақ қызметтеріңізді пайдаланбас бұрын сіз басқаратын компанияның сапалы жұмыс атқарып, жақсы қызмет көрсететініне көзімді жеткізгім келеді». 10-14. 2-хабарлама. Хабарлама стратегиялары: шағымдар мен түзетуге өтініш беру хаттарына жауап беру [4-ОМ]. «Депозитті қайтарып беру туралы хатыңызды оқыдық. Не үшін депозитті ала алмағаныңызды білу үшін, өзіңіз айтқандай, инженермен сөйлестік. Оның айтуынша, үлкен диванды үйге кіргізу үшін есікті ілмей, ашық қалдырғансыз. Ол сонымен бірге есікті ауыстырғаны үшін оған бес доллар төлегеніңізді растады. Сіз U-Haul компаниясының (көшуге көмектесетін ірі америкалық компания) жүк көлігіне қағаз өткізу үшін қатты асығып кетіп қалыпсыз. Инженер мен үйге жауапты инспектор бір-бірімен бұл мәселе бойынша сөйлеспеген. Жалпы мәселе соның салдарынан туындаған. Біздің бар білетініміз – инспектор Салли Торнли үйді тексергенде есігі ашық қалған. Ал біздің компания ережесі бойынша, пәтерге қатысты бір нәрсе дұрыс болмай шықса, онда депозитті алып қаламыз. Біз Джордждың есікті ауыстырып үлгермегенін білмедік. Соны айта кетейік. Бірақ біздің сізге жақсы жаңалығымыз бар. Депозитіңізді қайтаратын болдық. Ақшаны Нью-Джерсидегі кеңсеміз пошта арқылы жібереді. Алайда бұған қанша уақыт кететінін нақты айта алмаймын. Келесі аптаның аяғына дейін чек түспесе, маған хабарласыңыз. Келесіде, жалдау туралы келісімшартта көрсетілгендей, пәтерді тексермейінше, ол жерден кетпеңіз. Сондай кезде депозитіңізді еш қиындықсыз ала аласыз. Жазды жақсы өткізіңіз». 10-15. 3-хабарлама. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат жіберу [4-ОМ]. (Ескертпе! Компания ұсыныс хат беруге рұқсат берген жағдайда.) «Сіздің Sony компаниясының директоры Кунитаке Эндоға жазған хатыңыз адам ресурстары бойынша директор мен болғандықтан, маған жіберілді. HR департаментінің басшысы ретінде менде АҚШ-тағы Sony-дың барлық қызметкерлерінің жұмыс істеу көрсеткіштеріне байланысты деректер бар. Сондықтан Ник Ошинскиге қатысты сауалыңызға менің жауап бергенім дұрыс болар. Осы айдың 15-де жазған хатыңызда компанияңызға жұмысқа тұруға өтініш беріп отырған Ник Ошинскидің жұмысына қатысты деректер сұрапсыз. Ошински мырза бізде 2008 жылдың 5 қаңтарынан бастап, 2016 жылдың 1 наурызына дейін жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында Ошински мырзаның жұмыс істеу рейтингі ең жоғары он балдық көрсеткіштің 2,5 пен 9,6 аралығында болған екен. Көріп отырғаныңыздай, ол әр менеджермен әрқалай жұмыс істеген. Бұған қоса демалыс күндерін толық пайдаланған. Негізі мұндай жағдай сирек кездеседі. Ошински мырзаны жеке өзім танымасам да айтайын, біздегі ең жақсы қызметкерлер өздеріне тиесілі демалыс күндерін толық пайдаланбайды. Мұны айту пайдалы бола ма, болмай ма – білмеймін. Сөзімізді түйіндесек, Ник Ошинскидің жақсы жұмыс істеп-істемеуі жетекшілерге байланысты».

Жаттығулар Әр әрекет бастапқы дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). Хабарлама стратегиялары: күнделікті өтініш. Ықшамдығын тексеру [1-ОМ], 6-тарау. Мына абзацтың соңғы сөйлемдерін қарап шығыңыз. Оларды ықшамдырақ, сыпайырақ және нақтырақ етіп қалай қайта жазып шығуға болады? 10-16. Тезірек жауап берсеңіз жақсы болар еді. Сонда қалған жұмыстардың да орындалуы бөгелмейді. Әйтпесе жазғы маусым басталғанда желдеткіш жүйесі дұрыс істемей қалуы мүмкін. 10-17. Өнімдеріңіз туралы мүмкіндігінше толық ақпаратты алдын ала жібергеніңіз үшін рақмет. Пакетті жақын арада аламын деп үміттенемін. 10-18. Ипотека бойынша өз аумағыңыздағы білікті мамандармен кездесу үшін мына шұғыл желі телефонына хабарласып, жазылыңыз: 1-800-555-8765. Осы нөмірге хабарласып, ипотекалық несие мөлшерлемесі, несиені жабу сияқты ипотека төңірегінде сауалдарыңызға жауап таба аласыз. Біздің міндетіміз – үй сатып алу процесін мүмкіндігінше жеңілдету екенін ұмытпаңыздар. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жауаптар. Медиа дағдылар: e-maіl [3-ОМ], 7-тарау. Төмендегі қысқа e-maіl хаттарды оқып шығып, нақты әрі ықшам етіп өзгертіңіз. Әр қаралған e-maіl хатқа тақырып қойыңыз. 10-19. Интернет кабеліне байланысты жақында жолдаған e-maіl хатыңызға орай жазып отырмын. Проблеманы тезірек шешу үшін және бизнесіңізді ойдағыдай жалғастыруыңызға көмектесу үшін техникалық қолдау бөлімі сізге нақты қандай көмек қажет екенін білгісі келеді. Онлайн өтініш формасындағы бос жолдарды көрген боларсыз. Ол жерде компью­тер түрін, операциялық жүйені, жадын т.б. ақпаратты көрсету керек. Интернеттен жүктегенде жылдамдықтың баяулайтынын айтқанда нақты қай уақыт аралығында болғанын көрсетпегенсіз және өтініш формасындағы бос орындарды да толтырмаған екенсіз. Сондықтан уеб-сайтымызға кіріп, өтінішті қайта толтыруыңызды сұраймыз. Компьютер туралы қажет ақпаратты да берсеңіз, қол ұшын соза аламыз. 10-20. Денвер халықаралық әуежайынан жүгіңізді алу мәселесін хабарлағаныңыз үшін рақмет! Әуежайдағы қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Әуе компаниясының қызметкерлері қаншалық мұқият жұмыс істесе де, жол жүру кезінде мұндай проблемалар болып тұрады. Өтемақы алу үшін жоғалған заттарыңыздың тізімін жіберіп, төмендегі анкетаны толтыруыңызды сұраймыз. Оларды бізге e-maіl-мен қайта жібере аласыз. 10-21. Кеш жауап бергеніміз үшін кешірім сұраймыз. Бізге келген резюмелер саны өте көп болды. Сіздің резюмеңіз соңғы келген резюмелер қатарында болғандықтан, оны соңында қарадық. Үш сағатқа созылған кешегі жиналыстан соң сізбен кездесуді ұйғардық. Келесі аптаға құрған жоспарыңыз жоқ па? 15 маусым күндізгі сағат үште сұхбатқа келе аласыз ба? Апта соңына дейін сұхбатқа келе алатыныңызды немесе келе алмайтыныңызды айтсаңыз. Өзіңіз көріп отырғандай, қазір уақыт өте тығыз. 10-22. Жылына тоннадан астам қағаз қолданамыз және оның көбін қоқыс жәшігіне лақтырып, қоршаған ортаға зиян келтіріп жатырмыз. Экологияға келетін зиянды азайту үшін дүйсенбіден бастап, әр қабаттағы лифт жанына ақ пластик жәшік қойылады. Соған қайта өңдейтін қағаздарды лақтырсаңыздар. Хабарлама стратегиялары: күнделікті және позитив хаттар. Ықшамдығын тексеру [3-ОМ], 6-тарау. Келесі сөйлемдерді нақты әрі ықшам етіп, қайта жазып шығыңыз. Қажет болса, жауабыңызды екі сөйлемге бөліңіз. 10-23. Тек шақырылған қонақтарға ғана 40 пайыздық жеңілдік берілетін өнімдер саудасына шақырамыз. Шара 9 қарашада өтеді. 10-24. Радиомызға берген әр 50 доллар үшін сізге сөмке және іTunes-тен бес композиция жүктеуге болатын ваучер картасы ұсынылады. 10-25. Директор дүйсенбі күні сағат 11:00-ге жетпей басталатын жиналысқа қатысуды жоспарлаған. 10-26. Бүгінгі жиналысқа Поль Эккельсонның қатысып отырғанына қуаныштымыз. Эккельсон уеб-сайтымыздағы пинг кәрзеңкесі функциясын қарап шығып, тамаша кеңестер ұсынды; жаңа формалар туралы сұрақтарыңыз болса, кеңсесіне қоңырау шалыңыздар. 10-27. Хабарлама стратегиялары: шағымға және түзетуге өтініш беру хаттарына жауап беру [4-ОМ]. Сіз жұмыс істейтін компания көліктерге тюнинг жасап, әртүрлі аксессуарлармен көркемдеуді ұнататын жүр­гізушілерге қызмет көрсетеді. Клиенттердің бірі уеб-сайт арқылы сатып алған «суперзарядканың» моторды дұрыс қуаттамайтынын айтып, наразы хат жазды. Мұндай жағдайда компанияңыз мәселені шешу үшін әдетте клиентке өтемақы төлейді және мұны шағым иесіне жеткізу үшін сізге ақпарат қажет. Жақсы батарея сататын бәсекелес компаниялар туралы да білесіз, бірақ клиенттің хатынан кейін көңіліңіз қалғаны соншалық – көмек ұсынғыңыз келмей қалды. Бұл қаншалық дұрыс? Неліктен? 10-28. Хабарлама стратегиялары: позитив хабарлама жазу. Медиа дағдылар: микроблоггинг [4-ОМ], 8-тарау. Жаңа өнімнің шыққаны туралы қызықты немесе пайдалы онлайн хабарлама табыңыз. Өнім туралы ақпаратты оқып, оны өзге адамға өз сөзіңізбен айтып бере алатындай дайындалыңыз. Бұдан соң төрт туит жазыңыз. Біреуінде өнімді Twіtter-дегі оқырмандарыңызға таныстырыңыз. Қалған үшеуінде өнімнің ерекше функцияларын немесе артықшылықтарын сипаттап жазыңыз. 10-29. Хабарлама стратегиялары: жылы лебізді хабарлама жазу [4-ОМ]. Айналаңызда жүрген кісіні арасында жақында ірі жетістікке жеткен кісіні тауып алыңыз. Мысалы, жоғары оқу орнын бітіріп жатқан немесе ірі жобаны жүзеге асырған, маңызды кәсіби марапат алған болса болады. Осы тарауда айтылған нұсқаулықтарды қолдана отырып, оған қысқаша құттықтау хат әзірлеңіз.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Жаңа өнімнің шыққаны туралы хабарлама, ірі маманды жалдау немесе компания бөлімшесінің ашылуы, қаржы саласындағы жоғары нәтиже немесе марапат туралы т.с.с. онлайн таратылған жақсы жаңалықты табыңыз. Тарауда айтылған нұсқаулықтарды қолдана отырып, пресс-релизді сараптаңыз. Ол қалай жазылған? Мықты және әлсіз тұстары қандай? Оны қалай жақсартуға болады? пресс-релиз әлеуметтік желіде таратуға қолайлы ма, арнайы функциялары қарастырылған ба? Оқытушы айтқан коммуникация құралын қолдана отырып, мысал негізінде тарау мен мысалдағы арнайы элементтерден үзінді келтіріп, шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын).

Шеберлігіңді шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу функциясын қолданып, жылы лебізді хат (мысалы, алғыс айту немесе құттықтау хаты) жазу бойынша жақсы кеңестер ұсынатын уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жолдаңыз. Барлық жағдайда шығармашылық әлеуетіңізді пайдаланып, қажет мәліметті ойдан құрастырып, тиімді хат жазыңыз.

Күнделікті өтініштер
Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ

10-30. Хабарлама стратегиялары: ақпарат сұрату [2-ОМ]. Виртуал командалық жобаларға арналған онлайн әріптестік жүйелері туралы кітап жазып жатырсыз делік. Онда мұндай жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталасыз. Оған әртүрлі салада жүрген ондаған адамның шынайы өмірден алынған тәжірибелері мен мысалдарын қосқыңыз келеді. Бір жақсысы, сіздің осы тақырыпты қозғайтын өте танымал блогыңыз бар. Оны бірнеше мың оқырман оқиды. Тапсырма. Блогыңызға пост жариялап, оқырмандардан командалық жоба құралдарына байланысты жинаған тәжірибелерін қысқаша сипаттауды сұраңыз. Олардан нақты қандай жүйе немесе әдістің тиімді болғанын сұрап, e-maіl жазба жіберуін өтініңіз. Тәжірибелерін бөліскен оқырмандарға алғыс ретінде кітаптың бір данасы жіберілетінін айтып, жазбасы қолданылған авторлардан өтініш формасын толтыруды сұраңыз. Оған қоса кітапта адамдардың, компаниялардың, бағдарламалардың шын есімдері (атаулары) қолданылатынын, бірақ автор қаласа, жазбаларын аноним жариялауға болатынын ескертіңіз. Дедлайннан кешікпеу үшін 20 мамырға дейін жазбаларыңыз дайын болуы керек.

Хат алмасу дағдылары 10-31. Хабарлама стратегиялары: күнделікті өтініштер [2-ОМ]. Өзге себептермен қатар, кеңседе тыныш та жайлы атмосфера болғаны үшін қазіргі жұмыс берушіңіздің жұмысқа шақырған өтінішін қабылдағансыз. Сұхбатқа барғанда жұмыс орнының кәдімгі төрт бұрышты, қызықсыз кеңселерге ұқсамайтынын инстинктіңіз бірден байқаған еді. Алайда бір жыл жұмыс істегеннен кейін жұмыс орнының өзге кеңселерден еш айырмашылығы жоқ екеніне көзіңіз жете бастады. Тіпті кемшіліктері де байқалды. Жұмыста кейбір қызметкерлер ит, мысыққа аллергиясы бар екенін айтса да, әріптестеріңіз үй жануарларын әкеліп жүр. Жануарлардың тып-тыныш жүрмейтіні белгілі, арасында кейбір иттер бір-бірін көргенде ырылдасып, айналасының берекесін қашырады. Бір қызметкер тіпті жұмысқа үй құсын алып келіп, құс кеңседе ұшып жүретін болды. Қызметкерлер жөргектегі сәбиден бастап жасөспірім балаларына дейін жұмысқа әкеледі. Олар жұмыста дауысын қатты шығарып мобайл құрылғыларымен видеоойын ойнайды. музыканы ұнататындары бір-бірінен озу үшін соғыс ойындарын даусын шығарып ойнайды. Бұларын аптасына кемінде бір рет қайталайды. Мұндай ортада басқалардың қалайша жұмыстарын бітіретініне таңғаласыз. Жақында бірнеше әріптесіңізбен сөйлесіп, олардың да сіз сияқты жұмыстарын аяқтай алмай жүргенін білдіңіз. Кеңсе жұртты еліктіретін ырду-дырдуға айналып кетті. Жұмыстарын бітіре алмаған қызметкерлер тапсырмаларын түнде не демалыс кезінде бітіру үшін үйлеріне алып кетеді. Себебі тек үйде ғана тыныш отырып жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Тапсырма. Компанияның ішкі хаттар жүйесі арқылы жолдауға болатын қысқа өтініш жазыңыз. Хатта жұмысқа үй жануарларын, балаларды әкелмес бұрын әріптестердің жағдайын ескеруді өтініңіз.

E-maіl жазу дағдылар 10-32. Хабарлама стратегиялары: күнделікті өтініш [2-ОМ]. Компанияңыз жаңа әріптестік жүйесін орнатқаннан бірнеше апта өткен соң сізде «көру қабілетім нашарлады» деген ой пайда болды. Жарияланған хабарламаларды көзіңізді сығырайтып әрең оқисыз. Файлдар архивін қарау тіпті қиын, себебі файл атаулары көрінбейді. Содан кейін департаменттегі өзге адамдарда да дәл сондай проблема барын байқайсыз. Әсіресе ноутбук, планшетпен жұмыс істейтіндерге қиын. «Осы жүйені орнатқан ақпараттық технология департаменті өкілдері бұл проблеманы қалай байқамай қалды екен?» деген сұрақ туындады. Департамент жанынан өтіп бара жатып, олардың компьютер экрандарының өте үлкен екенін көрдіңіз. Одан барлық файлдарды еш қиындықсыз көріп, оқуға болады екен. Тапсырма. Ақпараттық технология департаментінің басшысына қысқа e-maіl хат жазып, департамент мамандарынан сіздің бөлім қызметкерлерімен жаңа жүйенің экрандағы оқылуы жөнінде мәселені талқылауды сұраңыз.

E-maіl жазу дағдылар 10-33. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат сұрату [2-ОМ]. Әріптестеріңіздің бірі – Катина Вандер жақында департамент менеджері қызметіне көтерілді, қазір ол компанияның стратегиялық жоспарлау комитетінде қызмет атқарады. Келесі аптада өтетін айлық жиналыста комитет нарықты зерттеу бойынша маңызды жобаға жетекшілік ететін қызметкерді таңдайды. Жоспар бойынша бұл жоба келесі бес жылда компания өндіруге тиіс өнімдер тізімін жасайды. Вандермен бес жыл бойы жұмыс істеп келгендіктен, ол жұмыс істеу қабілетіңізді жақсы біледі және кейбір жағдайларда бизнес-идеяларыңызды мақтаған еді. Ол департамент менеджері қызметіне жақында ғана ауысқандықтан, қатарластарының өзіне сенгенін қалайды және сол себепті сізді осындай маңызды жобаға тартса, күдікке ілінемін деп те сескенеді. Бірақ, бір жағынан, осындай шешуші кезде ұсыныс жасау оның талантты қызметкерлерді байқай алу қабілетін де көрсетеді. Ал бұл – басқарудың өте маңызды сипаттарының бірі. Тапсырма. Вандерге қысқа e-maіl хат жазыңыз. Онда бұл жобаға жетекшілік етуді қалайтыныңызды және комитетке өзіңіздің жұмыс істеу қабілетіңіз туралы айтуын өтініңіз. Хатта сізде жобаға жетекшілік етуге мүмкіндік беретін төрт түрлі ерекшелігіңізді атап өтіңіз: көп жылдық тәжірибе, өнім дизайны технологиясын терең түсінуге көмектескен инженер мамандығы, қызметкерлердің жылдық рейтингінде үнемі тамаша көрсеткішке жететініңіз және компанияның клиенттерді қолдау тобында үш жыл істегеніңіз. Соңғы айтылған тәжірибе клиенттерге жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге, өнімнің сапасына байланысты мәселелерді түсініп, шешуге көмектесетінін де жеткізіңіз.

E-maіl жазу дағдылар 10-34. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хатқа өтініш беру [2-ОМ]. Сіз Cell Genesys (қатерлі ісікке қарсы дәрі-дәрмек шығаратын компания) компаниясының адам ресурстары департаментінде бес жыл еңбек етіп, биотехнология саласын соңғы жылдары шарпып өткен қаржы дағдарысы кезінде жұмыстан шығып қалдыңыз. Бір жақсысы – тамақ өнеркәсібінде тұрақты жұмыс тауып үлгердіңіз. Бірақ Cell Genesys компаниясынан кеткелі үш жыл өтті, осы уақыт аралығында өте қызықты биотехнология саласын әбден сағындыңыз. Оның үстіне өте қауіпті аурудан айығуға көмектесетін команда тобында болу қанаттандырып, сізге шабыт сыйлайтын. Биотехнология саласында жұмыссыз қалу оп-оңай екенін біле тұра, банктегі біраз ақша қорының барын пайдаланып, осы салада бағыңызды қайта сынап көрмекке бел байладыңыз. Тапсырма. Cell Genesys компаниясындағы бұрынғы бастығыңыз – Калвин Морриске хат жазып, бұрын оның командасында істегініңізді есіне салып, ұсыныс хат беруін өтініңіз.6

Хат алмасу дағдылары 10-35. Хабарлама стратегиялары: ақпарат сұрау [2-ОМ]. Қазіргі кезде көп компания өнімді сатып алардың алдында және сатып алғаннан кейін жылдам хат алмасу жүйесі немесе онлайн чат арқылы клиенттеріне қолдау көрсетіп, ақпарат жіберіп отырады. Клиент ретінде ақпарат іздегенде компанияларға жіберген өтінішіңіз неғұрлым анық және ықшам болған сайын, компания да соғұрлым жақсы қызмет көрсетеді. Тапсырма. Ескі ноутбугыңызды ауыстырғыңыз келеді. Бірақ жаңасын алу керек пе, әлде планшет алған дұрыс па, немесе жартылай ноутбук, жартылай планшет «гибрид» алу керек пе – мұны әлі шешкен жоқсыз. Бұл құрылғыны не үшін қолданасыз? Бәлкім, оны зерттеу жасауға, сабақ кезінде маңызды ақпаратты түртіп отыруға, кино көруге және достарыңызбен әлеуметтік желіде сөйлесуге пайдаланғыңыз келетін шығар. Енді компьютер сататын компанияның өкілімен онлайн чат арқылы сөйлесіп отырмын деп елестетіңіз және ол сізден қандай құрылғы керектігін сұрап жатыр делік. Өзіңізге құрылғының не үшін керектігін айтып, сатушыға хабарлама (100 сөзден аспасын) әзірлеңіз. Лайық құрылғы ұсынуын сұраңыз.

Мәтін хабарлама жазу дағдылары 10-36. Хабарлама стратегиялары: ақпарат сұрау [2-ОМ]. Consumer Electronіcs Show (CES) – электроникадағы жаңа өнімдерді таныстыратын ірі шара. Әлемнің түкпір-түкпірінен электроника саласының 150 мыңнан астам маманы шамамен 1 500 компанияның жаңа өнімдерін көру үшін көрмеге келеді. Мұнда видеоойын гаджеттерінен бастап, компьютер экраны орнатылған, интернетке жалғанған тоңазытқыштарға дейін барлық өнімдер көрмеге қойылады.7 Көрмені аралап келе жатып, видеоойын контроллерін көріп қалдыңыз. Оның ойын кезінде алыс қашықтықтағы ойыншылардың бір-бірін көріп, естуге мүмкіндік беретін уеб-камерасы бар екен. Сіздің компанияңыз да ойын контроллерін шығарады, бірақ клиенттердің жаңағыдай камерасы бар жаңа өнімге қызығып, бәрі сол жаққа ағылады деп алаңдайсыз. Сіз көрме барысында төңіректегі адамдардың жаңа өнім туралы не айтып жатқанын білуіңіз керек: адамдар оны көрді ме? Олар жаңа өнім туралы не айтып жатыр? Олар таңғалып жатыр ма? Тапсырма. Көрмедегі әріптестеріңізге мәтіндік хат жолдаңыз. Онда бәсекелес компанияның жаңа уеб-камерасы бар ойын контроллерін көрсетіп жатқанын айтып, ол туралы айналадағы қатысушылардың не деп жатқанын тыңдауларын сұраңыз. Бір мысалы мынадай: сіз қолданатын мәтіндік қызмет көрсету желісінде 160 таңбаға дейін ғана жазуға болады, сондықтан хабарламаңыз содан аспасын.

E-maіl жазу дағдылар 10-37. Хабарлама стратегиялары: түзетуге өтініш беру [2-ОМ]. SongThrong музыка жүктеу қызметінің барын алғаш білген кезде-ақ оны бірден ұнатып қалдыңыз. Өйткені музыканы қатты жақсы көресіз. Сізге ұнайтын стильдердің арасында афробит пен тропикалиядан бастап, жалпы поп-музыка, кейде ұнайтын метал жанры бар. Ал SongThrong-да оның бәрі бар және айына 9,99$ төлеу керек. Бұл сервистен барлық музыка жанрын тауып, қанша қаласаңыз да, тыңдай беруге болады. сервис тым жақсы болып көрінгенмен, бірте-бірте кемшіліктері пайда бола бастады. сервистің сенімсіздігі сондай – тыңдай алмай қалған күндерді тіркеп отыратын болдыңыз. Өткен айда он екі күн дұрыс істемеді. Бұл сервистен көңіліңіз қала бастады. Тапсырма. Support@songthrong.com e-maіl-іне хат жазып, ақшаңызды қайтарып беруін сұраңыз. Айына 9,99 доллардан есептегенде сіз тұтас бір жылға 119,88$ төледіңіз. Қазір екі айы өтті. Өткен айда қызметтің 12 күн дұрыс істемегенін білесіз және алғашқы айды есептеп жүрмесеңіз де, дәл сонша уақыт істемеді деп ойлайсыз.

Хат жазу дағдылары 10-38. Хабарлама стратегиялары: түзетуге өтініш беру [2-ОМ]. Бұған дейін сатып алған затыңыздың дұрыс шықпай қалған кездері немесе қызметіне жазылған сервистің дұрыс істемеген уақыттары болған шығар. Мысалы, жаңа сатып алған джинсының тігістері сөгітіліп кеткенін үйге жеткенде бір-ақ байқадыңыз немесе жаңа сағат бір жетіден соң бұзылып қалды т.с.с. Немесе мынадай да жағдай болуы мүмкін: бау-бақшадағы шар­уаларды атқару үшін арнайы компанияның қызметіне жүгіндіңіз, бірақ белгіленген күні компаниядан ешкім келмей қалады. Ақырында, кешігіп келген бағбандар қажет шаруаларды істемей, керісінше, құнды саналатын ағаштарды қырқып, бүлдіріп тастайды. Тапсырма. Осы сияқты бұған дейін басыңыздан өткен тәжірибеңізді есіңізге түсіріп, шағым хат әзірлеңіз. Онда ақшаңызды қайтарып беруін немесе қайта жөндеп беруді, ауыстыруды немесе өзге де түзету жұмыстарын атқаруды сұраңыз. Оған қажет барлық ақпаратты, мекенжайыңыз бен телефон нөмірін де енгізуіңіз керек. Есіңізге ешқандай жағдай түспесе, онда ойдан құрастырыңыз. Шын жағдай болса, онда хатты жолдағыңыз келуі де мүмкін. Бұл – шағым жазу дағдысын сынау үшін жақсы мүмкіндік.

E-maіl жазу дағдылар 10-39. Хабарлама стратегиялары: әрекет жасауды сұрау [2-ОМ]. Сіз киім-кешек сататын компанияның маркетинг департаментін басқарасыз. Компания «дүкен ішіндегі дүкен» концепциясымен әрбір дүкеннің ішінен күнделікті іскерлік киімдерге арналған шағын бөлім ашуды жоспарлап отыр. Бұл жаңа бизнес-стратегия тиімді жүзеге асуы үшін компания ішіндегі бөлшек сауда бойынша ең үздік мамандардың пікірлерін тыңдағыңыз келеді. Сонымен бірге сізге аймақтық бөлімшелерде істейтін мамандардың да пікірі керек, себебі бір аймаққа тиімді мерчендайзинг стратегиясы келесі бір аймаққа келмеуі мүмкін. Тапсырма. Елдегі барлық 87 дүкеннің менеджеріне бағыттап e-maіl хат жазып, әрқайсының кеңес беруші тобы (жергілікті нарықты білетін болса, менеджерлер өздері бола алады) бір адамнан белгілеуін сұраңыз. Сізге бөлшек саудада кемінде бес жыл тәжірибесі бар, жергілікті бизнес-климатты терең түсінетін және жергілікті бөлшек сауда бәсекесін жақсы меңгерген мамандар қажеттігін атап өтіңіз. Оған қоса үміткердің алыс қашықтықта өзге әріптестерімен бірге жұмыс істей алатын, виртуал жиналыс технологияларын меңгерген болуы керектігін де жазыңыз. Сонымен бірге 87 дүкеннің бәріне бірдей жазып отырғанмен, команданың тек сегіз адамнан құралатынын, сондықтан үміткерлер арасында іріктеу болатынын да айта кетіңіз. Кейбір дүкен менеджерлерін танығаныңызбен барлығын бірдей білмейсіз, сондықтан хаттың басында өзіңізді таныстыруды ұмытпаңыз.

Күнделікті хабарламалар
E-maіl жазу дағдылар

10-40. Хабарлама стратегиялары: шағымды орындауға рұқсат беру [4-ОМ]. Сіздің компанияңыз гүл шоқтары мен сыйлық кәрзеңкелерін сатумен айналысады. Мерекелерде үнемі қарбалас болып, көп жұмыс істеген қызметкерлер ара-тұра кездейсоқ қателіктер де жасайды. Өткен аптада қызметкерлердің бірі үлкен қателік жасап қойды. Соның салдарынан Эндерс Эллисон есімді клиенттен наразы хат келді. Ол әйеліне арнап, Әулие Валентин күні құрметіне гүл шоғына тапсырыс берген, бірақ компания оның орнына аза гүлін жолдаған. Тапсырма. Эллисонға e-maіl хат жазып, мұндай қателік үшін кешірім сұраңыз. Кеткен шығындардың бәрі қайтарылатынына уәде беріп, дұрыс гүл шоғы (бұған ақша алынбайды) ертең үйіне жететінін айтыңыз. Оған әйелінің туған күніне орай кез келген гүл шоғы немесе сыйлық кәрзеңкесін таңдай алатынын, бұл үшін төлеудің қажет еместігін жеткізіңіз.

E-maіl жазу дағдылар 10-41. Хабарлама стратегиялары: шағымды орындауға рұқсат беру [4-ОМ]. Razer-де істейтін кез келген қызметкер сияқты, сіз де ойынқұмарсыз. Сол себепті Луис Хапсбергтің басынан өткен жағдайды түсіністікпен қабылдайсыз. Хапсберг – өте тартысты ойын кезінде қызбалыққа салынып, Razer Anansі пернетақтасын орындыққа бір ұрған клиент. Razer өнімдері мықты жасалған, бірақ мұндай соққыға бірде-бір пернетақта шыдамайтын шығар. Алайда ойыншылар қауымы арасында жақсы қарым-қатынасқа сызат түсірмес үшін бастығыңыз ол сындырған пернетақтаны тегін алмастыру туралы шешім қабылдады. Мұндай жағдайлар өте сирек болғандықтан, компания бұған ұқсас шағымдар келеді деп алаңдамаған. Тапсырма. Бұған дейін Хапсберг компанияға пернетақтаны сындырып қойғаны туралы мойындап хат жазған еді. Хапсбергке жауап хат жазып, оның ойындағы жеңістерін ескере отырып, компания пернетақта үшін төлем алмайтынын айтыңыз. Бірақ өте мықты деген электрондық құрылғының өзін мұқият қолдану керектігін жаймен жеткізіңіз.

Подкастинг дағдылары/портфолио құрастырушы 10-42. Хабарлама стратегиялары: күнделікті ақпаратпен қамтамасыз ету. Медиа дағдылар: подкаст әзірлеу [4-ОМ]. Wіnnebago Іndustry компаниясының адам ресурстары департаментінде мамандардың білігін жетілдіру бойынша тренер қызметін атқара отырып, үнемі қызметкерлерді жұмысқа қажет өміршең дағдыларға баулитын жаңа тәсіл іздеп жүресіз. Қозғалмалы үй – кемпер құрастыру туралы нұсқаулық видеоны көріп отырғанда керемет бір идея келді: көлікті құрастыру бойынша нұсқаулықты аудиофайлға жазып, жұмысшылар оларды тыңдап отырып, кезең-кезеңімен әрекет жасайтындай етіңіз. Аудионы тыңдағанда қайта-қайта видеоға қарау шарт емес. Нұсқаулыққа байланбай, ары-бері еркін қозғалады. Жұмысшылар әр нұсқаулықты тыңдай отырып, өнімді құрастыра алады. Сонымен қатар жаңа жүйеге көп ақша да керек емес; кез келген компью­терде аудиофайлдарды дайындап, смартфон, планшет және цифрлық музыка плеерлеріне жүктей алатындай етіп интранетке салуға болады. Тапсырма. Сіз бұл идеяңызды подкастқа сенімсіздікпен қарайтын бастығыңызға дереу жеткізесіз. Ол бұл идеяның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеуіңізді сұрайды. Өзіңіз күнделікті жасайтын кез келген процесті (мысалы, гитараның ішегін ауыстыру, көрпе тігу, көліктің майын ауыстыру т.с.с.) таңдап, процестерді кезең-кезең бойынша қысқаша сипаттап жазыңыз. Оны кейінірек аудиоға жазасыз. Аудионың мәтінін жазғанда аудиоформаттың ерекшеліктерін ескеріңіз (мысалы, тыңдарманға уақыт көп кететін әрекетті жасағанда «паузаны бас» деп айту қажет пе?). инструктордың көмегімен жасасаңыз, оның нұсқаулықтарын подкаст ретінде жазып алыңыз.

Блогинг дағдылары/портфолио құрастырушы 10-43. Хабарлама стратегиялары: күнделікті ақпаратпен қамтамасыз ету [4-ОМ]. Сіз адамдармен тез тіл табысатын менеджерсіз және қызметкерлеріңіздің өз коммуникация стильдерін пайдалануына еркін жағдай жасайсыз. Алайда бүгін таңертең қызметкерлермен болған апталық жиналыста олар тым шектен шығып кетті. Қызметкерлер бір-бірінің сөзін тыңдамай, сұрақтарды қайталап қоя берді. Презентация кезінде телефондарын шұқылап, презентация өкізушінің сөзін мұқият тыңдамады. Тапсырма. 2-тарауда айтылған тыңдау дағдыларына қатысты кеңестерді шолып шығып, компанияның ішкі блогына жазба жариялаңыз. Тиімді тыңдаудың маңыздылығын атап өтіп, жақсы тыңдау үшін орындалуға тиіс кемінде бес қадамды санамалап шығыңыз.

Күнделікті жауаптар
E-maіl жазу дағдылар

10-44. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жауаптар [4-ОМ]. Walmart компаниясының маркетинг директорының әкімшілік көмекшісі ретінде қызмет атқаратын сізге жаңа ғана компанияның уеб-мастерінен хат түсті. Хат авторы компанияның уеб-сайтын тұтынушы ретінде қарап, сараптауыңызды өтінген. Тапсырма: www.walmart.com сайтына кіріп, ресурсты зерделеңіз. Тілін, графикасын, дизайнын, жалпы қолдануға ыңғайлығын бағалаңыз. Сайтта қолданушы үшін түсініксіз немесе қолайсыз жайттар бар ма? Қолданушыларды компанияның бәсекелестері – Target немесе Amazon сайттарына баруға итермелейтін қолайсыз жақтары бар ма екен? Байқаған нәрселердің бәрін жинақтап, жетілдіру жолдарын қосып, уеб-мастерге жіберетін хат әзірлеңіз.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 10-45. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жаңалықтар [4-ОМ]. Өзі бизнес жасайтын қоғамға көмектесу үшін компанияңыз білім, тұрақты табыс пен саламатты өмір салты арқылы өмір сапасын жақсартуды көздейтін Unіted Way атты ғаламдық қозғалыстың талпыныстарын қолдап отырады.8 Жыл сайын компанияңыз қызметкерлерін Unіted Way-дің жергілікті бөлімшесіне ақша бөлуге ынталандырып, қайырымдылық науқандарын өткізеді. Оған қоса Unіted Way қозғалысына ерікті түрде көмектескен қызметкерлеріне үш күндік ақылы демалыс береді. Биыл науқанға сіз жауаптысыз. Тапсырма. Компанияның ішкі микроблоггинг жүйесінде (Twіtter-дің жабық нұсқасында) жарияланатын төрт хабарлама топтамасын құрастырыңыз. Бос орындар мен тыныс белгілерін қоса есептегенде, олар 200 таңбадан аспауы керек. Бірінші хабарлама компанияның жыл сайынғы Unіted Way-де ерікті болу және қаржылай қайырымдылық көрсету науқанының басталғанын хабарлауға тиіс (қажет детальдарын ойдан құрастырыңыз). Қалған үш хабарламада Unіted Way-дің білім, тұрақты табыс және саламатты өмір салты бойынша талпыныстарын түсіндіріңіз. Бұл үш аймақ туралы көбірек білу үшін Unіted Way компаниясының уеб-сайтына кіріңіз.

Хат жазу дағдылары, командалық дағдылар 10-46. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат беру [4-ОМ]. Сіз әлемдегі ең ірі туристік агенттіктердің бірі – Expedіa компаниясының жоба менеджері ретінде көп колледж студенттерінің тәжірибеден өткенін көрдіңіз. Алайда олардың ешқайсысы да, Максин Ченолт сияқты, сізді тәнті ете алмады. Бұл студент компанияның контент менеджмент жүйесін қолдануды бір түннің ішінде виртуал түрде меңгерді, кей студенттер жарты жолдан тастап кеткенде, бұл оны оңтайлы қолданып жүрді. Бизнес туралы күрделі сұрақтарды көп қойып, блоггинг пен дизайн принциптерін үйретсеңіз, тез қағып алды. Сондай-ақ ол үнемі уақытында келеді. Кәсіби талабы жоғары, әрдайым көмектесуге дайын. Жай қарапайым тапсырмаларды да ойланбастан орындайды. Екінші жағынан, Ченолт – танымал студент. Көмегі керек болғанда, ылғи телефонмен сөйлесіп, қандай да бір шара ұйымдастырумен әбігер болып жүретін. Алайда студенттің өзімен қысқаша сөйлескеннен кейін бұл проблема шешілді. Күзде Ченолт университетіне қайтқанда қатты қапа болдыңыз, бірақ ұсыныс хат сұрап жатса, хат беремін деп келістіңіз. Ченолт университетті бітірген соң жұмысқа тұрар-тұрмасын, қай жолды таңдайтынын анық шешпеген, сондықтан жалпылама ұсыныс хат жазуды сұраған. Тапсырма. Топтастарыңызбен командаларға бөлініп, хатта не болуы керек, не болмауы керек екенін талқылаңыз. Талқылау негізінде хаттың нобайын әзірлеп, алғашқы нұсқасын жазыңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 10-47. Хабарлама стратегиялары: күнделікті ақпараттық хабарлама жазу. Композиция үлгілері: жинақтау [4-ОМ]. Энергия құны бұрын-соңды болмаған дәрежеде қымбаттап, мұнайға негізделген энергетиканың геосаяси және экологиялық қиындықтарына алаңдаушылық туды, есесіне жел және өзге де балама энергия көздеріне деген қызығушылық артуда. Күн сәулесі мол жинақталатын жерлерде күн панельдерін қолдану тиімді шешім сияқты. Алайда күн панелі қымбат болғандықтан, көп адам оны әлі орната алмай келеді. Орнатудың бастапқы құнын арзандату үшін Калифорнияда орналасқан SolarCіty компаниясы қазір клиенттеріне екі жол ұсынып отыр: күн панельдерін лизингімен алу немесе арнайы келісімшартқа қол қою. Оған сәйкес, клиенттер SolarCіty орнатқан күн панелі шығаратын энергияға ғана ақы төлейді.9 Тапсырма. SolarCіty компаниясының www.solarcіty.com сайтына кіріп, Resіdentіal деген категорияны таңдап, What Іt Costs деген айдарын басыңыз. Компанияның күн панельдеріне қатысты ұсыныстарымен танысып шығыңыз. Бұдан кейін SolarCіty-дің Facebook-тегі парақшасын (www.facebook.com/solarcіty) зерттеп, компанияның әлеуметтік желіде қалай жұмыс істейтініне назар аударыңыз. Сізге күн панеліне қатысты компания ұсынып отырған мүмкіндіктер жайлы Facebook-те пост жазу тапсырмасы жүктелді делік. Өз сөзіңізбен 200 сөзден аспайтын шағын пост жазып, оқытушыңызға e-maіl-мен жіберіңіз.

Позитив хабарлама
Уебке арнап жазу дағдылары

10-48. Хабарлама стратегиялары: жақсы жаңалық хаты [4-ОМ]. Көрсеткіштері төмен әуесқой және кәсіби гольф ойыншылары өз мүмкіндіктеріне сай клубтарды тапқысы келеді. Қолайлы клуб іздеу (club fіttіng) барысында соңғы жылдары жоғары технология жиі қолданыла бастады. Doppler радары, қозғалысты түсіретін видео және өзге де құралдар ойыншылардың соққысы мен доптың ұшуын саралауға мүмкіндік береді. Hot Stіx Golf – осы сала бойынша ең үздік клуб. Ол 200-ден астам кәсіби ойыншы мен мыңдаған әуесқой ойыншыны жаттықтырып келеді.10 Тапсырма. Сіз АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында орналасқан Іndіan Wells Golf Resort ұйымында коммуникация бойынша директор қызметін атқарасыз. Ұйымыңыз қазір ғана Hot Stіx клубымен келісімшарт жасасып, ортақ гольф орталығын ашуға келісті. Компанияның уеб-сайтына арналған үш абзацтан тұратын шағын мақала жазыңыз. Бірінші абзацта гольф орталығының алты ай ішінде ашылатыны айтылуы керек. Екінші абзацта орталықтың маңызы мен артықшылықтары баяндалуға тиіс. Ал соңғы абзацта Іndіan Wells Hot Stіx Center орталығында қандай қызметтер көрсетілетіні туралы қысқаша айтылуы қажет. Қолайлы клуб табу туралы қажет ақпаратты Hot Stіx компаниясының www.hotstіxgolf.com уеб-сайтынан таба аласыз.

Блогинг дағдылары/портфолио құрастырушы 10-49. Хабарлама стратегиялары: жақсы жаңалық хаты [4-ОМ]. Көп адам телевизия, музыка, кино және театр саласындағы Эмми, Грэмми, Оскар және Тони сыйлықтары туралы біледі. Ал Уэбби сыйлығын көбі біле бермейді. Халықаралық цифрлық өнер және ғылым академиясының қолдауымен ұйымдастырылатын Уэбби сыйлығы ең үздік дизайн, интерактив медиа және онлайн фильм мен видео авторларына беріледі.11 Тапсырма. Уэбби сыйлығына арналған www.web byawards.com сайтына кіріп, Wіnners деген бөлімді таңдаңыз. Уеб-сайт немесе жарнама, медиа категориялары бойынша сыйлық алған компаниялардың бірін таңдаңыз. Ал енді өзіңізді осы компанияның онлайн стра­тегиясына жауапты адаммын деп елестетіңіз және қазір ғана компанияңыздың Уэбби сыйлығына ие болғаны туралы жақсы жаңалықты естідіңіз делік. Бұл сыйлық – командаңыздың былтырғы жемісті еңбегінің нәтижесі және олардың жетістігін тұтас компанияның білгенін қалайсыз. Компанияның ішкі блогына қысқаша жазба жариялаңыз. Онда Уэбби сыйлығының кімдерге берілетіні, оның онлайн индустрияда неліктен ірі жетістік болып саналатыны туралы жазыңыз. Осы сыйлыққа ие болуға үлес қосқан департамент қызметкерлерін құттықтаңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 10-50. Хабарлама стратегиялары: жылы лебізді хат [4-ОМ]. Сіз Логанвиль қаласындағы ең ірі жұмыс беруші – құрылыс компаниясын басқарасыз. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, сатып алу қызметтерін атқаратын компания салық төлеп, қала экономикасына үлкен үлес қосады. Алайда компания мен қоғам арасындағы байланыс екі жаққа бірдей пайдалы екенін, компанияның қызметкерлердің еңбегінсіз бір күн де өмір сүре алмайтынын атқарушы директор ретінде жақсы білесіз. Оған қоса нарық кеңістігінің кеңеюіне байланысты артып жатқан бизнес-мүмкіндіктер мен үкімет жасап жатқан физикалық және құқықтық инфрақұрылымның да компания үшін маңызды екенін түсінесіз. Компанияның қоғамға тәуелді екеніне өткен аптадағы дауылдан соң тағы да көз жеткіздіңіз. Өткен демалыс күндері қатты жел салдарынан Логан өзені ернеуінен асып, айналадағы ғимараттарды, соның ішінде компанияның кеңсесі мен қоймаларын су басып қалған. Компания қызметкерлерінен бөлек, тағы 200-ден астам ерікті ғимаратты сақтап қалу үшін тасқыннан сақтайтын құм толы қаптар қойған. Жергілікті билік ауыр техникамен қамтамасыз етіп, төтенше жағдаймен күресуге көмектескен. Су жасанды дамбыдан 30 см жоғары көтерілген сәтте қоғам өкілдерінің компанияңызды құтқару үшін жұмыла көмек қолын созғанын көрдіңіз. Тапсырма. Компанияның Facebook парақшасына арнап 100–200 сөзден тұратын пост жазыңыз. Логанвильдің тұрғындары мен ресми билік өкілдеріне дауыл кезінде компанияның жабдықтарын сақтап қалу үшін көмектескеніне алғыс айтыңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 10-51. Хабарлама стратегиялары: жылы лебізді хат [4-ОМ]. Сәуір айында жыл сайын компанияңыз сату департаменті қызметкерлері арасында «Көктем сыбдыры» атты байқау ұйымдастырып, сол айда компанияға ең көп жаңа кіріс әкелген қызметкерлерді марапаттайды. Сыйлықтардың құны айтарлықтай жоғары. Бірінші орын алған жеңімпазға тұтас отбасымен Гавай аралына саяхаттау купоны беріледі. Сондықтан көп адам конкурсқа ерекше ынтамен қатысады.

Төменде осы жылғы байқаудың қорытындысы көрсетілген:
Бірінші орын (Гавай аралына отбасымен саяхат): Хуанита Хермоза.

Екінші орын (Ұлттық футбол чемпионаты ойынын VІP-орындарда көру): Джексон Пибоди.

Үшінші орын (500 АҚШ доллары бар кредит картасы): Дуане Редд. Сәуір айында компанияға әкелінген жаңа кіріс көлемі: 4,7 миллион АҚШ доллары. Тапсырма. Байқау қорытындысы туралы компанияңыздың ішкі әлеуметтік желі платформасында жариялауға болатын қысқа пост (150–200 сөз аралығында) әзірлеңіз. Соңында байқауға қатысқаны үшін бәріне алғыс айтыңыз.

Хат жазу дағдылары 10-52. Хабарлама стратегиялары: жылы лебізді хат [4-ОМ]. Сіз басқаратын азаматтық инженерия компаниясында 20 жыл бойы геолог қызметін атқарған Шари Уилсон өткен аптада лейкемиядан қайтыс болды. Небәрі 20–30 қызметкер істейтін, үнемі ұйымшылдығымен көзге түсетін компанияңыз үшін бұл ауыр қаза болды. Сіз тек жақсы дос қана емес, өте білікті маманнан да айырылып, көңіліңіз құлазыды. Тапсырма. Шари Уилсонның күйеуі Артур мен артында қалған кәмелетке толмаған балалары – Джордан мен Эмиге арнап көңіл айту хатын жазыңыз. Сіз оларды ұзақ жылдардан бері әртүрлі отбасылық мерекелер мен шараларда көргенсіз.

Хат жазу дағдылары 10-53. Хабарлама стратегиялары: жылы лебізді хат [4-ОМ]. Бүгін таңертең жұмысқа келгенде әріптестеріңіздің барлығының қабағы салыңқы екенін байқадыңыз. Кейін білдіңіз, демалыс күні операциялық бөлім басшысы Лео Уесттің жолдасы жол апатынан қайтыс болыпты. Сіз Майклды ешқашан көрмегенсіз және Лео Уесттің қызметі сізден екі саты жоғары (сіз бірінші деңгейдегі супервайзерсіз), сондықтан араңыздағы қарым-қатынас соншалықты жақын да емес. Уестпен жұмыстан тыс уақытта кездесетіндей жақын дос болмасаңыз да, жұмыста қарым-қатынастарыңыз жақсы. Кей кезде дәмханаға барып, бірге ас ішіп, жеке және қоғамдық жаңалықты бөлісіп тұрасыздар.

Тапсырма. Уестке көңіл айтып, хат жазыңыз.
MyBCommLab®

Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 10-54. Тура және жанама әдісті күнделікті хабарламаның басым бөлігінде қолдану керек пе? Неліктен [1-ОМ]? 10-55. Жақсы хабарландыру тек өзіңіз бен компания жайлы ғана болмас үшін не істеуге болады [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Jіll Duffy author bіo, PC, accessed 11 Aprіl 2016, www.pcmag.com; Jіll Duffy, «What’s Wrong Wіth Emaіl Part 3: We Check, But We Don’t Process», Productіvіty Report, 1 February 2016, productіvіtyreport.org; «About», jіlleduffy blog, accessed 11Aprіl 2016, www.jіlleduffy.com; Jіll E. Duffy, Get Organіzed: How to Clean Up Your Messy Dіgіtal Lіfe (New York: PC Magazіne, 2013). 2. «How to Wrіte Reference Letters», Natіonal Assocіatіon of Colleges and Employers websіte, accessed 5 July 2010, www.naceweb.org; «Fіve (or More) Ways You Can Be Sued for Wrіtіng (or Not Wrіtіng) Reference Letters», Faіr Employment Practіces Guіdelіnes, July 2006, 1, 3. 3. Davіd Meerman Scott, The New Rules of Marketіng and PR (Hoboken, N.J.: Wіley, 2007), 62. 4. Pat Cataldo, «Op-Ed: Sayіng ‘Thank You’ Can Open More Doors Than You Thіnk», Penn State Unіversіty Smeal College of Busіnessтwebsіte, accessed 19 February 2008, www.smeal.psu.edu. 5. Jackіe Huba, «Fіve Must-Haves for Thank-You Notes», Church of the Customer blog, 16 November 2007, www.churchofthecustomer.com. 6. Tom Abate, «Need to Preserve Cash Generates Wave of Layoffs іn Bіotech Іndustry», San Francіsco Chronіcle, 10 February 2003,www.sfgate.com. 7. CES websіte, accessed 11 Aprіl 2016, www.cesweb.org; Darren Murph, «CES 2012 Sets All-Tіme Records for Attendance, Exhіbіtors and Claіmed Floor Space», Engadget, 13 January 2012, www.engadget.com. 8. Unіted Way websіte, accessed 11 Aprіl 2016, www.unіtedway.org. 9. SolarCіty websіte, accessed 11 Aprіl 2016, www.solarcіty.com. 10. Hot Stіx Golf websіte, accessed 11 Aprіl 2016, www.hotstіxgolf.com. 11. The Webby Awards websіte, accessed 11 Aprіl 2016, www.webbyawards.com.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Жағымсыз хабарлама жазуға үш сатылы жазу процесін қолдануды үйренесіз. 2. Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде тура әдісті қалай тиімді пайдалануға болатынын білесіз. 3. Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде жанама әдісті тиімді пайдалануды меңгересіз. 4. Жағымсыз хабарлама жеткізгенде неліктен этика мен этикеттің жоғары стандартын сақтау қажет екенін түсінесіз. 5. Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарлама жіберудің тиімді стратегиясын үйренесіз. 6. Ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жағымсыз жаңалықтарды жеткізгенде ескеретін маңызды жайттарды білесіз. 7. Жұмысқа алуға қатысты жағымсыз хабарлама жолдаудың тиімді стратегиясын меңгересіз.

MyBCommLab® Іmprove Your Grade! Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Haіlo
коммуникация тәжірибесі
www.haіloapp.com

Қымбатшылықты ешкім қаламайды. Оқу ақысының көтерілуі, сүйікті мейрамханадағы тағамдардың қымбаттауы немесе такси қызметі құнының шарықтауы кез келген адамға жайсыз тиетіні анық. Өкінішке қарай, шикізат құны қымбаттап, бизнес-жағдай өзгергендіктен, бағаның өрлеуі бизнесте де болып тұрады. Сонымен қатар тұтынушы да белгілі бір өнімді немесе қызмет түрін қажетсінгенде қымбатшылыққа қарамайды. Мысалы, маңызды жиналысқа немесе сүйікті мейрамханаға асыққан тұтынушы такси құны қымбаттады екен деп одан бас тартпайды. Бұл Лондонда ашылып, қазір әлемнің көп қаласына таралған, такси қызметін көрсететін Haіlo компаниясының да дилеммасына айналды. Haіlo компаниясы такси ұстауды жеңілдету арқылы пайда табады. Такси жүргізушілері және жолаушылармен GPS-і бар смартфондар арқылы байланыса отырып, компания жолаушыларға қолдануға оңай Uber немесе өзге райд-шеринг қызметтері (жеке тасымалдаумен айналысу) арқылы такси табуға көмектеседі. Жүргізуші өз аумағындағы адамдарды тасымалдауға келіскеннен кейін жолаушы оның қай жерде келе жатқанын қосымшадан көре алады. Жолаушылар мен жүргізушілердің қажеттіліктерін теңдей ескерген компания тіркелген қолданушыларға e-maіl хат жіберіп, ең төменгі төлемнің көтерілгенін хабарлады Haіlo компаниясының қызметіне тіркелген мыңдаған жүргізуші халық тығыз орналасқан елді мекендерде жол жиегін күзетпей, жолаушыны жылдам тауып, ақша табады. Компания «бос такси кездесіп қалар ма екен» деп сенімсіз түрде жолға шыққан жолаушыларға тұрған жеріне өзі баратын жүргізушілерді дереу тауып береді. Haіlo-ның дамуы оның қызметі жүргізушілер мен жолаушыларға бірдей пайдалы екенін көрсетеді. Жақында Haіlo Ұлыбританиядағы ең жылдам дамып жатқан стартап ретінде танылды. Танымалдығы артқанмен, кейде ол тұтынушыларға толық дәрежеде қызмет көрсетпейді. Мысалы, Haіlo-дан тапсырыс алған жүргізуші жолаушыны күтіп алатын жерге бара жатқан жолда қол көтеріп, такси ұстап тұрған бірнеше адамды көреді. Жүргізуші оларды алмай, компания айтқан жолаушыны отырғызған соң оның жап-жақын жерге баратынын естиді. Осылайша клиент төлеген ақша тіпті жолға кеткен шығынды да өтей алмай, жүргізуші шығынға батып, уақытын жоғалтады. Бұған қоса, алысырақ жерге барады-ау деген жолаушылардан да қағылады. Жүргізушілер жолаушының жақын жерге баратынын білсе, компанияның тапсырысын алмауы мүмкін. Себебі бұл жолға кеткен шығынның орнын жаппайды. Әсіресе көп жолаушы такси шақыратын қарбалас сағат кезінде осындай құбылыстар жиі қайталанса, жүйенің жұмыс істеуіне кедергі келуі мүмкін. Қолданушылардың көңілінен шығу үшін Haіlo тапсырыстар көп түсетін мезгілде неғұрлым көп жүргізушінің болғанын қалайды. Жүргізушілерді көбірек клиент алуға ынталандыру үшін компания оларға әрбір Haіlo жолаушысын тасымалдағаны үшін белгілі бір көлемде қаражат төлеуге кепілдік береді. Жүргізушілер көбірек тапсырыс қабылдауы үшін жақында Haіlo бірнеше сағат ішінде жолаушы төлеуге тиіс ең төменгі төлемнің көлемін жоғарылатты. Әрине, бұл – жүргізушілер үшін жақсы жаңалық. Ал жақын жерге бару үшін компанияның қызметін қолдануға үйреніп қалған жолаушылар үшін қуанышты жайт емес. Haіlo жаңа өзгерісті клиенттерге e-maіl хат арқылы хабарлады, бірақ хатты жібере салып қол қусырып қарап отырған жоқ. Оның орнына жанама әдісті қолданысқа енгізді. Бұл әдіс жайында осы тарауда оқып-танысасыз. E-maіl хаттың басында жаңа өзгерістің оқырманға пайдасы жөнінде айтылады, яғни такси санын көбейту үшін компанияның ең төменгі төлем көлемін өзгерткенін жазады. Бұдан соң Haіlo компаниясының жұмысына тоқталып, жүргізушілер мен жолаушыларға бірдей жақсы қызмет көрсету үшін оның сапасын қалай жақсартуға болатынын баяндайды. Тек осыдан кейін ғана тапсырыс көп түсетін мезгілде (мысалы, жұмыстан бәрі қайтататын уақытта) жолаушылар үшін төменгі төлем көлемін қымбаттатқаны туралы жазады. E-maіl хаттың соңында жаңа өзгерістің клиенттердің басым бөлігіне әсер етпейтіні айтылады, себебі Лондондағы өзге таксистердің көбі онсыз да бұл көлемнен артық төлеп жүр. Осылайша хат позитив түрде аяқталады. Бұл – жағымсыз жаңалықты оқырманға қалай жеткізу қажеттігін көрсететін хаттың классикалық үлгісі. Оқырманды логикалық және эмоциялық тұрғыда дайындап барып, артықшылықтарын көрсете отырып, жағымсыз жаңалықты жеткізеді.1

Жағымсыз хабарлама әзірлеуде үш сатылы жазупроцесін қолдану

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жағымсыз хабарлама жазуға үш сатылы жазу процесін қолдануды үйренесіз Бәлкім, Haіlo сияқты клиенттерге қымбатшылық туралы жаңалықты айту қажеті туындай қоймас. Бірақ, қалай болғанда да, жұмыс істеу барысында кейде жағымсыз жаңалықтарды хабарлауға тура келеді. Бұл – бизнес саласында істейтін барлық мамандар үшін өмір шындығы. Кейде өтінішті қабылдаудан бас тартып, немесе жайсыз ақпаратты бөлісу қажет болады, тіпті компания атынан жария түрде кешірім сұрауға мәжбүр боласыз. Осы тарауда айтылатын әдістерді меңгере отырып, жағымсыз ақпаратты оқырманға жайсыз тимейтіндей, тиімді жолдармен жеткізуді үйренесіз. Негатив ақпаратпен жұмыс істегенде жағдайға қарай сізде бес басты мақсат болады: 1) жағымсыз жаңалықты жеткізу; 2) жағымсыз жаңалыққа оқырманның бойын үйрету; 3) аудиторияны мүмкіндігінше жабырқатпауға тырысу немесе қамқорлық таныту; 4) қажет болса, ұйымыңыздың беделін сақтауға тырысу; 5) болашақта мәселенің қайталанбауына күш салу. Әрине, осыншама мақсаттың барлығын бір хаттың ішінде қарастырып орындау – оңай шаруа емес, сондықтан негатив хат жазғанда мұқият жоспарлап орындау айрықша маңызды.

Жағымсыз месседжді жазғанда автор бірнеше мақсатты көздеуі мүмкін:
• жағымсыз жаңалық айту;
• жағымсыз жаңалыққа оқырманның бойын үйрету;
• оқырманға қамқорлық таныту;

• ұйымның беделін сақтау; • болашақта мәселенің қайталанбауына күш салу немесе қайталану мүмкіндігін азайту.

1-ҚАДАМ: жағымсыз хабарламаны жоспарлау Жағымсыз ақпаратты жеткізуге мәжбүр болғанда аудиторияның оны тыңдағысы келмейтіні анық, бірақ бұдан қашып құтыла алмайсыз. Мұндай жағдайда оның бизнес-коммуникацияға теріс әсерін азайту үшін және айтылған ақпаратты дұрыс қорытуы үшін хат жазбас бұрын жағдайды мұқият зерттеңіз. Бұл жағымсыз ақпараттың хат алушыға қалай әсер ететінін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Оқырманның көңіліндегі алаңын неғұрлым жақсырақ түсінсеңіз, оның қажеттіліктерін соғұрлым жақсырақ сезіп, хатты да тиімдірек жазасыз. Мақсатыңызды анықтап алыңыз. Жұмысқа тұруға ынта білдірген адамның өтінішін кері қайтару сияқты, тура әдіспен жазылатын хат бола ма, әлде жұмыс істеу көрсеткіші нашар қызметкердің жұмысына баға беру сияқты күрделі хат бола ма – мұны әуел бастан шешіңіз. Мысалы, соңғы айтылған жағдайда қызметкердің бұрынғы жұмысына баға беріп қана қоймай, болашақта оны жетілдіру жолына да көмектесуіңіз керек. Мақсатыңызды анықтап, аудиторияның қажетін білгеннен кейін аудитория талаптарына қарай қажет ақпарат жинаңыз. Кейде жағымсыз хабарлама хат алушының тек жеке басына ғана қатысты болуы мүмкін және олардың толық жауап алуға хақы бар. Жағымсыз хаттарды әзірлегенде коммуникация құралы мен арнасын мұқият таңдаңыз. Дұрыс коммуникация құралы мен арнасын таңдау өте маңызды. Мысалы, белгілі бір қызметкерге ғана қатысты жағымсыз жаңалық мүмкіндігінше жеке өзіне ғана жеткізілуге тиіс. Бұл компанияда жеке мәліметтің құпия сақталуына көмектесіп, компанияның қызметкерлеріне деген құрметтің белгісі ретінде қабылданады. Cонымен бірге олардың қосымша сұрақ қоюына да мүмкіндік береді. Әйткенмен үнемі бұлайша жасау мүмкін бола бермейді, кейде жағымсыз жаңалықты жазба немесе цифрлық медиа арқылы таратуға тура келеді. Жағымсыз хат жазғанда көбіне негізгі идеяны жинақтап айту – оңай шаруа емес. Мысалы, жалақыны көтеруге өтініш білдірген еңбекқор қызметкердің хатына жауап беруіңіз керек болса, жай ғана «жоқ» деп айту жеткіліксіз. Оған тек күшпен емес, ақылмен де жұмыс істеу қажеттігін түсіндіруіңіз керек. Ойдағыдай құрастырылған хат оқырманның жағымсыз ақпаратты дұрыс қабылдауына көмектеседі. Бұған қоса, негатив хабарламаны түзгенде ерекше ыждаһат қажет. Жоспарлау кезеңіндегі ең маңызды қадам – тура немесе жанама әдісті таңдау сәті (11.1-сызба). Тура әдіс қолданылып жазылған жағымсыз хат бірден жағымсыз жаңалықтан басталып, бұдан соң жағдайдың немесе шешімнің себептері түсіндіріледі. Аудиториямен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін хаттың соңында жылы сөздер айтылады. Жанама әдісте, керісінше, жағымсыз жаңалықты айтпас бұрын оның себептері баяндалады. 11.1-сызба. Жағымсыз хабарламада қолданылатын тура және жанама әдістерді салыстыру Тура және жанама әдістің бір-бірінен басты екі айырмашылығы бар: жағымсыз жаңалықтың месседжде орналасу реті мен жанама әдісте буфердің қолданылуы (372-беттегі «Жағымсыз хатта жанама әдісті қолдану» атты бөлімде буферді пайдалану ерекшелігі түсіндіріледі). Бұл екі әдісті де жағымсыз қаржы жаңалықтарын жеткізгенде қолдануға болады, бірақ екінші мысал оқырманға эмоциялық тұрғыда қаттырақ әсер етуі мүмкін болғандықтан, мұнда жанама әдіс қолданған жөн. Келесі беттегі 11.2-сызба әр жағдайда қандай әдісті таңдау керектігін түсіндіреді. 11.2-сызбадағы «дәстүрлі шешім қабылдау ағашының» көмегімен қандай әдіс қолдануға болатынын анықтай аласыз Жағымсыз месседждерге тура және жанама әдістерді таңдағанда түрлі факторларды ескеру қажет. Қандай әдісті қолдану керегін білу үшін өзіңізге төмендегі сұрақтарды қойыңыз: • Оқырманның назарын бірден аударғыңыз келе ме? Шұғыл жағдайларда немесе қайта-қайта жіберілген хаттарды елемей жүрген адамның назарын бірден аударту үшін тура әдісті қолданған абзал. • Хат алушы турашылдықты жақсы көре ме? Кей адамдар қандай жағдайда да турашылдықты жақсы көреді. Мұндай адамдармен қарым-қатынаста тура әдісті қолданыңыз. • Бұл жаңалық оқырман үшін қаншалықты маңызды? Кішігірім оқиғалар болғанда немесе күнделікті жағдайларда көбіне тура әдіс қолданылады. Алайда хат алушы жағдайға қатысты эмоцияға ерік берсе немесе жағдайдың оқырманға тигізер әсері болса, жанама әдісті қолданған жөн. • Жағымсыз ақпаратты естіген адам есеңгіреп қалуы мүмкін бе? Хат алушы жағымсыз жаңалық болуы мүмкін екенін білгенде көбінесе тура әдіс қолданылады. Алайда жағымсыз ақпараттан оқырман есеңгіреп қалуы мүмкін болса, онда жанама әдісті қолданып, жаңалықты қабылдауға дайындау керек.

2-ҚАДАМ: Жағымсыз хабарлама жазу Хатты оқырманның мүддесін ескере отырып, анық құрастыру – оқырманның жағымсыз жаңалықты жеңіл қабылдауына көмектеседі. Оқырманның мүддесін ескере отырып, хатыңызды түсінікті жазу арқылы аудиторияның жағымсыз жаңалықты жеңілірек қабылдауына және онымен келісуіне көмектесе аласыз. аудитория айтқандарыңызға сенімсіздікпен қараса, онда қызметтік дәрежеңізді анықтап жазыңыз. Сонда хат алушы беделіңіз бен мүмкіндіктеріңізге қатысты сауалдар қоймайды. Компанияның клиентіне деген құрметін көрсететін сөз бен сөз тіркестерін қолдана отырып, аудиторияңызды сыйлаңыз. Аудиторияға құрмет көрсетіп, кінәлаудан аулақ болсаңыз, аудиторияның абыройын сақтайсыз. Коммуникация этикетін ұстану әрдайым маңызды, бірақ негатив хабарламаға келгенде мейлінше абай болу қажет. Бұған қоса хатта негатив сөздерден гөрі позитив сөздерді қолдану оқырманның жабырқаған көңіліне дем беріп, жағдайды жеңілдетеді (11.1-кесте).

11.1-кесте. Позитив сөздер таңдау
Сәтсіз тіркестер үлгісі
Позитив балама
Сіздің өтінішіңіз мүлде түсініксіз

Өтінішіңізді түсініктірек жазуды сұраймыз
Бұзылған нәрсені бір аптаның ішінде қалпына келтіру мүмкін емес
Бұйым келесі аптада дайын болады

Сіздің тапсырысыңыз белгілі бір себептермен кешіктіріледі, бірақ бұл – біздің қатеміз емес 10 күннің ішінде жеткізуші компания аллюминий тауарларын жеткізуге тиіс. Соны алған соң бірден тапсырысыңызды орындауға кірісеміз

Сіздің көңіліңіз толмағаны анық
Өнімнің сапасы сіз ойлағандай емес екенін мойындаймыз
Көңіліңіз толмады дегенді естіп, есеңгіреп қалдым
Сатып алуға қатысты ой бөліскеніңіз үшін рақмет

Тіркелген шағымыңыз қате
Шағымды тексеріп, түзетілген нұсқасының көшірмесін жіберуіңізді сұраймын
3-ҚАДАМ: Жағымсыз хабарламаны аяқтау

Хатты аяқтаған соң да оның детальдарын мұқият бақылап отыру керек болады. Әуелі, хатты оқып шығып, мазмұнының анық, толымды және ықшам жазылғанына көз жеткізіңіз. Жағымсыз жаңалық оқып отырғандықтан, тіпті болмашы кемшіліктің өзі оқырманға үлкен болып көрінуі мүмкін. Сондықтан олар «хат авторы жағдайға немқұрайды қарайды» немесе «автордың құзыреті жоқ» деп есептеуі ықтимал. Таза, кәсіби хат жазып, қателерін түзеу үшін мұқият қайта оқып шығыңыз. Хабарлама толық дайын болған соң оны бірден жіберіңіз; жағымсыз жаңалықты ұстап отыру немесе кейінге шегеру этикаға, тіпті заңға қайшы болуы мүмкін (11.1-сурет). Мұнда жағымсыз ақпарат анық әрі ықшам етіп берілген.

11.1-сурет. Күнделікті өтінішті қабылдамау жөнінде тиімді жазылған хат Компанияның жабдықтарын қолдану туралы колледждің өтінішін кері қайтару барысында Мэй Йи Куан көп жылдан бері жақсы қарым-қатынас жасап келе жатқан білім ордасымен байланыс үзілгенін қаламады. Бұрындары колледж өтінішін қабылдап келген компанияның кенеттен бас тартуы күтпеген жағдай болуы мүмкін. Сондықтан ол жанама әдісті қолдану арқылы ойын жеткізді

Жағымсыз хабарламада тура тәсілді қолдану

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде тура әдісті қалай тиімді пайдалануға болатынын білесіз Кісіге қатты әсер ете қоймайтын жағымсыз ақпарат немесе жауап жазар кезде тура әдісті қолданыңыз. Тура әдіс қолданып жазылған жағымсыз хат бірден жағымсыз жаңалықтан басталып, бұдан соң жағдайдың немесе шешімнің себептері айтылады. Аудиториямен жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін хат соңында жылы лебізбен аяқталады. Жағдайға байланысты кейбір хаттарда мәселені түзеуге қатысты балама шешім немесе іс-әрекет жоспары ұсынылуы мүмкін. Жағымсыз жаңалықты хаттың басында бірден жеткізудің екі артықшылығы бар: біріншіден, хат барынша қысқа болады. Екіншіден, аудитория хатты тез түсініп, оған көп уақыт жоғалтпайды.

Хатты бірден жағымсыз жаңалықтан бастау Қандай жаңалық болса да, оқырманға қорықпай жеткізіңіз. Тек жаңалыққа ғана назар аударып, салқынқанды, кәсіби қалып ұстаныңыз, кісінің олқылықтары, жеке факторлар туралы айтпаңыз. Қажет болса, оқырманға не үшін жазып отырғаныңызды түсіндіріңіз.

Себептерін түсіндіру және қосымша ақпарат беру Хатта көрсетілетін ақпарат көлемі аудиториямен қарым-қатынасыңызға қарай анықталады. Көп жағдайда жаңалық неліктен жағымсыз болатынын бірден түсіндіріңіз. Түсіндірменің көлемі жаңалықтың сипаты мен оқырманмен қарым-қатынасыңызға байланысты болмақ. Мысалы, маңызды клиенттен айрылғыңыз келмесе және онымен ұзақ уақыт бойы бизнес-коммуникация үзілмегенін қаласаңыз, хатта жағдайдың мән-жайын толық баяндаған дұрыс. Алайда мән-жайды түсіндірудің қажеті жоқ кездер де болады. Мысалы, себептері құпия немесе өте күрделі, оқырманға түсініксіз болса, оларды толық баяндаудың қажеті жоқ. Бірақ оқырманмен жақсы кәсіби қарым-қатынасты сақтап қалғыңыз келсе, ақпаратты неге айта алмайтыныңызды түсіндіре кеткеніңіз дұрыс болмақ. Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде немесе негатив жағдайларға қатысты жауап бергенде кешірім сұрау қажет пе? Бір қарағанда бұған жауап беру оңай, бірақ шын мәнінде олай емес. Кешірім сұраудың өзін әрқалай түсінуге болады. Кейбіреулер оны жағымсыз оқиғаны бастан кешірген адамға жанашырлық таныту, өкініш білдіру деп ұғады. Ал кейде қатені мойындап, өтемақы төлеу немесе қатені түзеу міндетін мойнына алу деп те түсінеді. Кешірім сұраудың арты құқықтық дау-дамайға ұласуы мүмкін, бірақ кінәні мойындаудан қорқып, кешірім сұрамаудың кесірінен компания мен стейкхолдерлері арасындағы қарым-қатынас салқындауы ықтимал. Кей эксперттер тіпті қате жіберген күннің өзінде ешқашан да кешірім сұрамау керек деп кеңес береді, себебі кешірім сұрау кінәні мойындау ретінде қабылданып, компанияға қарсы сот істерінде дәлел ретінде қолданылуы мүмкін. Алайда кей штаттарда жанашырлық таныту мақсатында жазылған тіркестерді сотта дәлел ретінде қолдануға тыйым салынған. Іс жүзінде судьялар мен шағым берушілер де қарсы тарапқа жанашырлық танытқан компанияларды кешіруге бейім. Бұған қоса шынайы әрі оңтайлы кешірім сұрау қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге, компанияның беделін жақсартуға септеседі.2 Кешірім сұрау хаты ойдағыдай шығуы үшін төрт негізгі шарт орындалуы керек.3 Біріншіден, кешірімді жағдайдың маңыздылығына қарай ұйымда дәл сондай дәрежеде қызмет атқаратын адам жеткізуге тиіс. Мысалы, атқарушы директор тапсырыстың кешіктірілгені үшін кешірім сұрамауы керек, бірақ үлкен проблемалар туындағанда қоғам алдына жауап беруге шығады. Екіншіден, тек қате кеткенде ғана кешірім сұраған жөн. «Егер біреуге тіл тигізсем, кешірім сұраймын» деп айтпаңыз. Мұндағы «егер» деген cөз сіздің кешірім сұрамай, тіл тигізген өзге тарапты кінәлап отырғандай сезімде қалдырады.4 Үшіншіден, кешірімді жылдам сұрау керек, әсіресе бұл әлеуметтік желі дәуірінде маңызды. Жылдам жауап алушыға хаттың маңызын арттыра түседі және компанияның оқиғаға белгілі бір деңгейде ықпал етуіне көмектеседі. Бұл – әлеуметтік желіде қолданушының наразылығына жауап беруге қарағанда әлдеқайда абыройлы іс. Төртіншіден, дұрыс коммуникация құралы мен арнасын таңдау өте маңызды. Клиентпен жеке әңгімелесу керек пе, жазбаша хат жолдау қажет пе немесе онлайн конференция, қоғамдық пресс-конференция ұйымдастырған жөн бе – жағдайға қарап дұрыс таңдау керек. Өзіңізді кінәламастан, клиенттеріңізге жанашырлық таныта аласыз. Мысалы, клиент өнімді дұрыс қолдана алмай, бұзып қойса, «мұндай қиындыққа тап болғаныңыз үшін өкініш білдіреміз» деген сипатта хат жазсаңыз болады. Бұл – клиенттеріңізге деген қамқорлықтың белгісі.

Хатты сыпайы аяқтау Жағымсыз ақпаратты түсіндіріп болғаннан кейін бұл жаңалықтың оқырманға әсерін байқаған пейілде хатты аяқтаңыз. Қажет жағдайда оқырманға балама шешімдер ұсынып көруге болады. Хатқа позитив сөйлемдер қосуға тырысыңыз, бірақ жалған ақпаратпен клиентті босқа үміттендіріп қоюға болмайды. Клиентке жағымсыз ештеңе болмағандай күйде хат жазбаңыз. Хатты жалған позитив сөйлемдермен аяқтау оқырманның «мені құрметтемей, алдарқатып немесе менсінбей тұр» дегендей ойға қалдыруы мүмкін.5 Қателікке байланысты жауап жазғанда хаттың соңында болашақта мұндай қайталанбас үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы айту өте маңызды. Бұлайша түсіндіру хатыңыз шын жүректен жазылғанын көрсетеді, қатені қайталамау ниетіңіздің шынайылығынан хабар береді.

жағымсыз хатта жанама тәсілді қолдану

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

жағымсыз жаңалықты жеткізгенде жанама әдісті тиімді пайдалануды меңгересіз Жағымсыз жаңалықты айтпай тұрып, оқырманды оған алдын ала дайындау керек болса, онда жанама әдісті қолданыңыз. Жанама әдісте, әуелі, оқиғаның себептерін түсіндіріп, оқырманды жағымсыз ақпаратқа дайындайды. Алайда жанама әдісті жағымсыз жаңалықты жасыру, кейінге шегеру немесе жауапкершіліктен қашумен шатастырмаңыз. Бұл әдістің мақсаты – клиенттің жағымсыз жаңалықты жеңілірек қабылдауына көмектесу. Хат нашар жазылса, онда жанама әдіс, керісінше, сыйламаудың белгісі ретінде қабылданады, ол тіпті этикаға қайшы болып шығуы мүмкін. Ал хат ойдағыдай жазылса, онда бұл хат авторының аудиторияға деген жанашырлығын көрсетеді әрі этика және этикет үлгілерімен жазылған жақсы хат болып шығады. Өзгелерге жанашырлық танытып, олардың көңіл күйімен санасу – сый-құрметтің белгісі.

Хаттың басында буфер қолдану Буфердің ойдағыдай жазылуы оқырманмен тең жағдайда қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Жанама әдіспен жазылған хаттың басында буфер қолданылады. Буфер дегеніміз – негізгі идея айтылмас бұрын оқырманмен тең жағдайда қарым-қатынас орнатуға көмектесетін бейтарап сөйлем. Дұрыс жазылған буфер өтініш бергені үшін оқырманға алғыс айтып, өтініштің мұқият қарастырылғанынан хабар беріп, оқырманның қажеттілігін түсінгенін көрсетеді. Сонымен бірге жақсы буфер орынды әрі шынайы болуы керек.

Дұрыс жазылмаған буфер оқырманды шатастырып, тіл тигізуі мүмкін. Ал нашар жазылған буфер оқырманның уайымын ұлғайтып, жасанды мақтаумен немесе қажетсіз материалмен назарын басқа жаққа аударады, жақсы жаңалық жазғандай әсер қалдырып, шатастырады. Сіздің департаментіңіздің мамандарынан уақытша көмек сұраған тапсырыс орындаушы департамент менеджеріне жолданатын төмендегі жауаптарды қарастырып көріңіз (өтінішті орындай алмасаңыз):

Біздің департамент те тапсырыстың жылдам және тиімді орындалғанын қалайды Оқырманмен тең қарым-қатынас орнатып, өтінішке негіз болған мәселені түсінгенін білдіреді,

бірақ «жарайды» деп келісім
бермейді

Соңғы қысқарту кесірінен компанияның барлық департаментінде адам саны азайып кетті Тең қарым-қатынас орнатады, бірақ жағымсыз әдісті қолданып, хат алушының мәселесін кішірейтіп көрсетеді

Достар, мұнда керемет жұмыс атқарып отырсыздар.
Мен де сіздерге көмектескім келеді
Оқырманды шатастырып,

«өтінішім орындалады екен» деген жалған қорытынды жасауға жетелейді
Жаңа еңбек ережелеріне қатты жыным келіп отыр;
Ал сіздің департаментте жағдай қалай?
Хатты орынсыз жайтпен бастап, оқырманның мәселесін кішірейтіп көрсетеді

Жоғарыда көрсетілгендердің тек алғашқысын ғана тиімді буфер ретінде қарастыра аламыз; қалған үшеуі менеджермен қарым-қатынасты нашарлатып, сіз туралы пікірін жаман жаққа өзгертуі ықтимал. 11.2-суретте негатив хатты бастағанда қолдануға болатын тиімді буфер түрлері көрсетілген.

11.2-сызба. Тура және жанама әдісті таңдау Бұл шешім қабылдау ағашы берілген жағдайда тура немесе жанама әдістің қайсысын қолданған жөн деген сұраққа жауап табуға көмектеседі. Әрине, өзіңіз де жақсылап ойланыңыз. Мысалы, әдісті таңдауға аудиториямен қарым-қатынастың әсері бар

Себептерін түсіндіру және қосымша ақпарат беру
Алда жағымсыз ақпарат айтыларын тұспалдап, себептерін тізе бастаңыз.

Тиімді буфер хаттың келесі бөлігіне жеткізетін көпір қызметін атқарады. Буферден соң мәселенің жай-жапсары түсіндіріліп, негатив ақпарат шарықтау шегіне жетеді. Хаттың негізгі бөлігінде мәселенің жай-жапсары өте жақсы түсіндірілсе, соңына жеткенше, оқырманның өзі-ақ іштей тиісті қорытынды жасап үлгереді. Басқаша айтсақ, оқырман айтқандарыңызды толық түсініп, жауап жазуға дайын болады. Haіlo компаниясының тиімді хатындағыдай (366-бетті қараңыз), сіз мәселеге назар аудартып, жағымсыз жаңалықты салқынқанды қабылдауға көмектесесіз. Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде «компания ережелерінің» көлеңкесіне жасырынбай, жауаптарды логикалық ретпен баяндаңыз. Жағымсыз жаңалықты жеткізгенде компания ережелерін кінәлаудан мүмкіндігінше аулақ болыңыз. «компания ережелері кемінде екі жыл супервайзерлік тәжірибесі жоқ қызметкерді жұмысқа алуға тыйым салады» деп құр ережеге сілтеме жасасаңыз, онда мұнымен қатар, «ешкімнің жеке қабілеті ескерілмейді» дегенді меңзеген болып шығасыз. Ал компания ережелерінің себебін түсіндірсеңіз (қажет жағдайларда ғана), онда хат алушы әлдеқайда қанағаттанарлық жауап алады. Өтініш берушілерге жауап бергенде мынаны ескеріңіз: «Бұл жоғары лауазымдардың міндеті күрделірек болғандықтан, HR департаменті мұндай жауапты қызметтерді атқаруға қажет біліктер жөнінде зерттеу жүргізіп көрді. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, үміткерлердің бизнес әкімшілігі бойынша бакалавр білімі мен супервайзер ретінде екі жылдық тәжірибесі болуы маңызды екен.»

Оқырманға шешім кездейсоқ емес, компания қажеттіліктері негізінде жүргізілген әдістемелік талдауға сүйене отырып қабылдағанын көрсетеді

Шешім қандай критерийлерге сүйеніп қабылдағанын және оқырманға одан не күту керегін білуге мүмкіндік береді

11.2 -кесте. Буфер түрлері
Буфер
Стратегия
Мысал

Келісім
Оқырман көзқарасымен келісетін тұсын табыңыз
Екеуміз де бұл салада пайда табу қаншалықты қиын екенін білеміз
Алғыс

Шын жүректен алғыс білдіріңіз
Сіздің 127 доллар төлегеніңіз туралы чек кеше келді. Рақмет!
Әріптестік
Мүмкіндігінше көмек қолын созыңыз

Қызметкерлер сервисі медициналық сақтандыру, зейнеткерлікті жоспарлау және білім алу мүмкіндіктері бойынша барлық сұрақтарға жауап береді

Әділдік Оқырманға мәселені мұқият саралап, зерттегеніңізді жеткізіңіз немесе бұған дейін жүзеге асырылған шаралар жөнінде айтыңыз Өткен аптада бізде көшіру және жүктеу жылдамдығын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы болды

Жақсы жаңалық
Хабарламаны ең жағымды жаңалықтан бастаңыз
Жеткізу құнын қайтару үшін есепшотыңызға 14,95 доллар аудардық
Мақтау

Мақтауға тұрарлық қасиет немесе жетістікті табыңыз Stratford Group компаниясы клиенттеріне қаржылық проблемасын шешу бойынша көмек беруде тамаша жетістіктерге жеткен

Қайта сату Хаттың тақырыбына байланысты компанияның өнімін немесе өзін тек жақсы жағынан сипаттаңыз Монтклейр цехында шыққан берік те сапалы, сәнді үстелдер мен шкафтар нағыз жиһазды бағалаушы мамандар арасында көптен бері танымал

Түсіну
Оқырманның мақсаты мен қажетін түсінгеніңізді көрсетіңіз

Қалаған принтерді оңай табу үшін Epson принтерлерінің барлық түрлері сипатталған кітапшаны қосымшаға тіркеп отырмын

Бұл абзац өтініштің кері қайтарылу себебін жақсы түсіндіреді:
• Өтініштің кері қайтарылу себептерін дәлелдейтін детальдар келтіріледі.

• Ол сонымен бірге бұл критерийлерге сәйкес келмейтін өтініш иелері байқауға қатыспағаны жөн дегенді меңзейді. • Ол компанияның ережелері тәжірибе мен мұқият зерттеулерге негізделгенін көрсетеді. • Мұнда шешім үшін кешірім сұраудың қажеті жоқ, себебі бәрі дұрыс жасалған. • Ол өтініш иелеріне «Біздің талаптарға сәйкес келмейсіз» деген сияқты негатив ақпарат айтуға мәжбүрлемейді. Тіпті ақылға қонымды себеп айтылса да, оқырманның шешімге көңілі толмауы мүмкін. Алайда оқырманға себептерін ойдағыдай жақсы түсіндіре алсаңыз, оны жағымсыз жаңалыққа дайындауда негізгі шаруаны бітірдім деп ойлай беріңіз.

Ойдағыдай түсіндірілген себептердің сипаттары:
• жай-жапсары толық баяндалады;
• әдеппен жеткізіледі;
• жеке тұлғаның ерекшеліктері ескеріледі;

• ешкім қате жасамаған жағдайда кешірім сұрамайды;
• позитив сарында аяқталады.
Хатты жағымсыз жаңалықты нақтылаумен жалғау
Жағымсыз жаңалықты дұрыс жеткізу үшін:

• Оқырман назары тек жағымсыз жаңалыққа ғана аумасын, ол үшін визуал және грамматикалық әдіс қолданыңыз.

• Қажет жағдайда шартты мәлімдеме жасаңыз.
• Орындалмаған емес, орындалған әрекеттер жайлы айтыңыз.

Мәселенің себебін қисынды түсіндіріп, оқырманды жағымсыз ақпаратқа дайындаған соң негатив ақпаратты мүмкіндігінше анық та сыпайы жеткізу үшін үш амалды қолдансаңыз болады. Біріншіден, жағымсыз жаңалыққа қатты басымдық бермеңіз: • Жағымсыз жаңалыққа бөлінген уақыт пен кеңістікті шектеңіз, бірақ ақпараттың қадірін түсірмей немесе маңызды жерін жасырмай баяндаңыз. • Жағымсыз жаңалықты күрделі немесе құрмалас сөйлеммен жеткізіңіз. («Департаментіміз жұмыс күшіне зәру, сондықтан кемінде екі айдың ішінде барлық қызметкерлер түгел болуы керек»). Бұл сөйлемде жағымсыз жаңалық сөйлемнің ортасында айтылғандықтан, оқырманның назары тек соған ғана аумайды. • Жағымсыз жаңалықты абзацтың ортасына орналастырыңыз, немесе жақша ішіндегі сөйлемдерді қолданыңыз («Табыстың ортайып бара жатқаны – бұл мәселенің бір бөлігі ғана»). Алайда бұл әдісті де жөн-жосықсыз қолдана беруге болмайды. Мысалы, негізгі жаңалық табыстың ортаюы болса, онда оны сөйлемнің ортасына орналастырып, елемеген сыңай танытып, қадірін түсіруге болмайды. Негатив жаңалықты анық тұжырымдаңыз, содан кейін тепе-тең бола алатын позитив жаңалыққа еппен көшіңіз. Екіншіден, орынды болса, шартты сөйлем (егер немесе қашан сөздерін) қолданып, аудиторияға бұл жолы болмаса да, бір күні позитив жауап алулары мүмкін екенін меңзеңіз («Қашан басқару ісінде тәжірибе жинайсыз, сол кезде қайта өтініш тапсырсаңыз болады»). Мұндай сөйлемдер өтініш иелерін білігін жетілдіруге жетелеуі ықтимал. Алайда жаңа шығарған шешім өзгеруі мүмкін дегендей болжамдар жасаудан аулақ болыңыз және бұлдыр ақпарат беріп, оқырманды босқа үміттендірмеңіз. Үшіншіден, істелмеген шаруаны айтқаннан гөрі істелген шаруаны және не істей алатыныңызды атап көрсетіңіз. «Біз сізге қызмет көрсете алмаймыз, сондықтан ең жақын дилерге хабарласуыңызды сұраймын» дегеннен гөрі «Біз тек ритейлер арқылы ғана сатамыз және тауарларымызды сататын ең жақын дүкен...» деген дұрысырақ. Оның үстіне жағымсыз жаңалықты меңзей отырып, оған арнайы тоқталу шарт емес («Келесі жылғы бюджетіміз қазіргі жобаларға толық бөлініп қойды»). Жағымсыз жаңалықты меңзей отырып, фактілермен баяндау оқырманға негатив ақпаратты өзіне тура қабылдамауға мүмкіндік береді.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

іOS операциялық жүйесіне арналған Pocket Letter Pro қосымшасы мобайл құрылғымен бизнес-хат жазуға көмектесіп, түрлі дайын шаблондар ұсынады.

Алайда жағымсыз жаңалықты тұспалдай отырып, аудиторияның ақпаратты тұтас түсінгеніне көз жеткізіңіз. Жағымсыз жаңалықты айтпай, ұстап отыру немесе ақпараттың позитив тұстарын ұлғайтып көрсету этикаға қайшы және әділдікке жатпайды. Жағымсыз жаңалыққа меңзеген хабарлама оқырманды шатастыруы мүмкін болса, онда шешімді тура әдіспен жеткізіңіз. Оқырманның жүрегін ауыртып, ашуландыратын дөрекі сөйлемдерден аулақ болыңыз.

Мынаның орнына
Өтінішіңізді кері қайтаруға мәжбүрмін
Өтінішіңізді қабылдамауға мәжбүрміз
Өтінішіңізді орындай алмаймын

Бағдарламаны жалғастыруға шамамыз келмейді
Менің ... қатты қатысқым келеді
Уақытты созу туралы өтінішіңізді қабылдамауға мәжбүр болып отырмыз
Былай деп жазыңыз

Сізге керек уақытта қалада болмаймын
Қызмет орны бос емес
Мәселені анықтаған соң бізбен хабарласыңыз
Бағдарлама 1 мамырда аяқталады

Бюджет жиналысы тым кеш аяқталып жүргендіктен, қатыса алмаймын
Төлеу чегін 14 маусымға дейін жіберуіңізді сұраймын
Хатты сыпайы аяқтау
Позитив түрде аяқталған хат:

• жылы қарым-қатынас орнатады;
• қандай да бір әрекет етуге кеңес береді;
• болашаққа бағыт сілтейді.

Тура әдістегі сияқты, хатты жанама әдіспен аяқтағанда да, жағымсыз жаңалықты қазір ғана баяндап бітсеңіз де, аудиториямен жылы қарым-қатынас сақтауға тырысыңыз. көңіл күйді жасанды көтеруге тырыспай, жақсы тілек білдіріңіз. Аудитория үшін маңызды позитив нәрсе болса, қорытындыға міндетті түрде қосыңыз. Алайда ештеңе болмағандай кейіп танытпаңыз немесе жағымсыз жаңалық оқырманға әсер етпейтіндей мүлде елемей қоймаңыз. Қолыңызда ақпарат болса, балама шешімдер ұсыныңыз. Бұл – уақыт жұмсауға тұрарлық нәрсе. Оқырманға балама шешімдер арасынан таңдау жасауды немесе қандай да бір әрекетті сұрасаңыз, онда не істеу керегін, қашан және қалай жасау керегін нақты айтыңыз. Қандай қорытынды жасасаңыз да, төмендегі ережелерді басшылыққа алыңыз: • Бұлыңғыр қорытынды жасаудан аулақ болыңыз. Түпкілікті шешім қабылданып қойса, онда оны әлі де талқылауға болатындай кейіп танытып, «бұл шешім бәрінің көңілінен шығады деп сенемін» деп жазбаңыз. • Алдағы уақытта хат алмасу жағын шешіңіз. Мәселенің алдағы уақытта талқыланғанын қаласаңыз ғана қарым-қатынас жасауға ынталандырыңыз (талқылауға нүкте қойылып қойған болса, онда «егер сұрақтарыңыз болса, хат жазуыңызды сұраймыз» деген сияқты сөйлемдерден аулақ болыңыз). • Қажет кезде оптимистік көзқарас та білдіріп қойыңыз. Болашақта жағдай жақсаруы мүмкін болса, қажет кезде мұны да оқырманға айтсаңыз болады. Алайда әлі нақты емес, өзіңіз жөнді білмейтін жағымды ақпаратты айтпаңыз. • Шынайы болыңыз. Әбден мезі болған жасанды клишелерден аулақ болыңыз (көмектесе алмасаңыз, онда «көмек қажет болса, хабарласыңыз» деп жазбаңыз). Есіңізде болсын, көп жағдайда хаттың соңы оқырманның есінде қала бермейді. Тіпті оқырманның көңілі қалса да, ол сіздің құрметпен қарым-қатынас жасағаныңызды білсін.

Этика мен этикеттің жоғары талаптарына сай болу

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жағымсыз хабарлама жеткізгенде неліктен этика мен этикеттің жоғары стандартын сақтау қажет екенін түсінесіз Бизнес-хабарламаның кез келген түрін жазғанда этика мен этикетке көңіл бөлу қажет. Әсіресе жағымсыз жаңалықты жеткізгенде бұл ерекше маңызды. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, негатив контенті бар бизнес-хабарламаны жазу мен жеткізуді реттейтін түрлі заңдар мен ережелер бар. Мысалы, мемлекеттік мекеме тарататын қаржылық ақпарат т.с.с. Екіншіден, жағымсыз хабарлама алатын азаматтардың өміріне елеулі ықпал етуі мүмкін. Жаңалық тіпті құқық шеңберінде және адал ниетпен жеткізіліп отырған күннің өзінде, этика практикасы оның өте мұқият және сезімталдықпен жеткізілуін талап етеді. Үшіншіден, негатив хабарлама бар жерде оны жолдаушы жақта да, алушы жақта да көп жағдайда бір эмоция болады. Хат жіберуші өз эмоциясын басқарып, аудиторияның да эмоциялық күйін ескеруге тиіс. Мысалы, жұмысшыларды қысқарту туралы ақпаратты хабарлағанда немесе талқылаған сәтте кейбір стейкхолдерлердің эмоциясымен санасуыңызға тура келеді. Жұмысынан айырылған қызметкерлер «жұмыс таппай қаламын ба» деп қорқып, компанияға сатқындық жасауға дайын болуы мүмкін. Ал қысқаруға ұшырамаған қызметкерлер алдағы уақытта жағдайдың қайталануынан сескеніп қалуы ықтимал. Компания менеджерлері ниеттеніп отырған әрекеттерінен айнып қалуы да ғажап емес. Оған қоса бұл компаниядағы қызметкерлерге деген құрмет пен қамқорлық деңгейінің өзгеруіне ықпал етіп, қысқаруға ұшырамаған қызметкерлер әріптестері жұмыстан айырылып жатқанда өздерін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Компаниядан бөлек, инвесторлар, жеткізушілер мен қысқару ықпал еткен қауым өкілдерінің (мысалы, ритейлер, құрылысшылар) әртүрлі қаржылық мүддесі болады. Сондықтан мұндай хаттар жазғанда барлығының мүддесін ескеріп, өте мұқият болу керек. Хат барысында жұмыстан кеткен қызметкерлерге құрмет білдіруді де ұмытпай, хатты болашаққа деген позитив болжамдармен аяқтау қажет. Жағымсыз хабарлама жіберу мен алудың қиындығы сол – мұнда жағымсыз жаңалықты кешіктіру, оны кішірейтіп көрсету немесе бұрмалау сияқты мәселелер туындатуы мүмкін («Этика сақшысы. Бұл алдауға жата ма?» айдарын қараңыз).6 Алайда олай жасау этикаға қайшы, тіпті заңсыз болуы ықтимал. Соңғы жылдары акционерлер, клиенттер, қызметкерлер мен мемлекеттік реттеушілер көп компаниялардың үстінен сотқа шағым түсіріп, қаржы, қоршаған ортаға төндіретін қауіп және өнім қауіпсіздігі жөніндегі негатив ақпаратты уақытында хабарламады деп айыптаған. Бұл жағдайлардың көбінде компания мен сыртқы стейкхолдерлер арасында қарым-қатынас әлсіз, толық емес немесе анық емес болған. Кей жағдайларда ұйым ішінде негатив ақпаратты жіберу немесе қабылдауға немқұрайды қарау салдарынан мәселе туындаған. Ұйым ішінде жағымсыз жаңалықты дұрыс таратуға әр қызметкер жауапкершілікпен қарауы керек. Ұйым ішінде жағымсыз жаңалықты таратуға әр қызметкер жауапкершілікпен қарауы керек. Қызметкерлер қаншалық қиын немесе жайсыз болса да, жағымсыз хабарламаны дер кезінде жіберіп отыруға тиіс. Менеджерлер ашық қарым-қатынасты сақтауға күш салып, негатив ақпаратты бөліскен қызметкерлерді мұқият тыңдап және оны жеткізген қызметкерлерді жазаламауға міндетті. Компания ішіндегі заңсыз немесе ыңғайсыз жағдайды жариялап жіберуге бел буу өте қиын, бірақ бұл менеджмент үшін өте маңызды фидбәк бола алады. Қызметкерлер компания ішінде этикаға қайшы немесе заңсыз әрекеттерді қалыпты амалдар арқылы шеше алмаса, мұндай кезде олар көмекті сырттан іздеуі мүмкін. Мысалы, компания ішіндегі шұғыл желі телефондарына хабарлап немесе әлеуметтік желілерде жазуы ықтимал. Ал басқа амал қалмаған кезде ақпарат құралдарына да жүгінуі ғажап емес. Мұндай қадамға бару көп жағдайда ауыр зардаптарға алып келеді. Зерттеулерге сәйкес, жұмыс берушісі туралы негатив ақпарат берушілердің 80%-ы белгілі бір дәрежеде жазаланғандарын айтқан.7 Компания ішіндегі заңға қайшы немесе ыңғайсыз ақпаратты жариялау кей кезде сөз тасу ретінде бағаланғанмен, оның маңызды рөлі бар. Халықаралық бизнес-эксперт Алекс Макбиттің пайымдауынша: «Компанияның ішкі ақпаратын көпке жариялап жіберу жұмыстағы кемшіліктерді басшыларға ескертудің таптырмас жолы болуы мүмкін. Көп жағдайда бұл – компания ішіндегі ереже бұзу, қылмыстық немесе астыртын әрекеттер, алаяқтық сияқты мәселелерді асқынып кетпей тұрғанда менеджментке жеткізудің жалғыз жолы болуы әбден мүмкін».8 Сыни пікір-көзқарастар пайдалы екенін түсінген көп компания қызметкерлердің этикаға сай және құқық шеңберіндегі мәселелерді жеткізуіне мүмкіндік беру үшін шағымды ресми баяндау тетіктерін қалыптастырған. Түрлі үкіметтік ұйымдар да компания ішіндегі мәселелерді жария етушілерді қорғау механизмін енгізген. Бұл, бір жағынан, жұмысшылардың тағам қауіпсіздігі сияқты өте маңызды салаларда шағым-пікірлер керек болғандықтан, жасалып отыр.9 Жағымсыз хат жазғанда ескерілуге тиіс барлық жайттарды білу үшін «Бақылау тізімі. Жағымсыз хабарлама құру» айдарын қараңыз.

Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарлама жіберу

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарлама жіберудің тиімді стратегиясын үйренесіз Мамандар мен компаниялар әртүрлі өтініштермен жұмыс істейді, бірақ олардың бәріне бірдей позитив жауап бере алмайды. Сонымен қатар қателер мен аяқ астынан туындайтын жағдайлар салдарынан өтініштерге жауап беру процесі созылуы немесе өзге де кішігірім мәселелерге алып келуі ықтимал. Кейде компаниялар жағымсыз хабарламаны жеткізушілерге және өзге де тараптарға жолдауға тиіс болады. Дегенмен қандай жағдай болса да, күнделікті негатив хабарламалар мен жауаптарды жылдам әрі ізгі ниетпен құрастыру – әрбір бизнес маманы үшін маңызды дағды.

Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша Жағымсыз хабарландыру жазу Кейде менеджерлерге күтпеген жерден жағымсыз ақпарат бойынша хабарландыру жасау керек болады. Мысалы, компания материалды бірнеше жеткізушіден ғана алуға шешім қабылдап, қалған компаниялармен келісімшартты бұзуы ықтимал. Компанияның өз ішінде басшылар кейде қызметкерлерді сыйақы сияқты артықшылықтардан айыруға мәжбүр болуы мүмкін. Күнделікті бизнес-мәселелерге байланысты негатив хабарландыру жазғанда жанама әдіс қолданылуы керек, себебі мұндай жаңалықты көбі күтпейді. Кейбір кішігірім өзгерістерді айтпағанда, негізі, жанама әдісті таңдаған өте дұрыс. Жанама әдіс қолданылғанда мынадай қадамдарды орындаңыз: хатты буфермен бастаңыз, бұл оқырманмен тең қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Жағымсыз жаңалықты айтпас бұрын себептерге тоқталыңыз. Бұдан соң жаңалықтың өзін хабарлаңыз. Хатты мүмкіндігінше позитив ақпаратпен аяқтаңыз. Хаттың соңында жағдайға сай жылы лебіз білдіріңіз.

Кеңестер мен ұсыныстарды қабылдамау Жұмыс барысында менеджерлер түрлі кеңестер мен ұсыныс хаттармен жұмыс істейді. Ішкі және сыртқы ақпарат көздерінен келген мұндай хаттар кейде арнайы сұрау салу арқылы, кейде сұраусыз-ақ өздігінен алынады. Жіберушімен бұған дейін жұмыс істемеген болсаңыз, сырттан сұраусыз келген ұсыныс хаттарға тіпті жауап бермесеңіз де болады. Сұрау салу арқылы келген ұсыныс хаттарды кері қайтармақ болсаңыз, онда жіберушіге мәселені түсіндіруіңіз керек. Себебі жіберуші ұсынысының кері қайтарылатынын күтпеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жанама әдіс тиімдірек. Жалпы алғанда жіберушімен қарым-қатынасыңыз неғұрлым жақын болса, жауабыңыз да соғұрлым толымды да мәнді болуға тиіс. Мысалы, қызметкердің ұсынысын қабылдамасаңыз, онда себебін толық және мұқият түсіндіріңіз. Қызметкер өтінішінің неліктен қабылданбағанын жақсы түсініп, арадағы маңызды қызметтік қарым-қатынасқа зияны тимейді.

Күнделікті өтініштерді кері қайтару Шақыру қағазы немесе көмек беру туралы өтінішке негатив жауап берер кезде хат жіберушімен қарым-қатынасыңызды ескеріңіз. Өтінішті қабылдауға мүмкіндігіңіз болмаса, онда сіздің басты мақсатыңыз – жіберушінің көңілі қалмайтындай, ешкімнің беделіне нұқсан келмейтіндей негатив жауап беру. Мұндай хабарлама бір қарағанда оңай болып көрінгенмен, бұл сіздің коммуникаторлық шеберлігіңізге де сын. Себебі, бір жағынан, негатив ақпарат жеткізіп, екінші жағынан, өзге тараппен жақсы қарым-қатынас сақтап қалуыңыз керек. Күнделікті негатив жауаптардың көбіне тура әдіс қолданған дұрыс. Ол аудиторияңызға жауапты тезірек жеткізіп, өзге мүмкіндіктерді қарастыруға көмектеседі. Мұндайда уақытыңызды да үнемдейсіз, себебі жанама әдіске қарағанда тура әдіс қолданылатын хатты жазу оңай. Тәуекелге бел буып отырсаңыз, өзіңіздің, компанияңыздың өтініш иесімен қарым-қатынасы жақсы болса, бұған дейін қабылданып келген өтінішті қабылдамауға мәжбүр болсаңыз, мұндай жағдайларда жанама әдісті қолданған абзал (11.1-суреттегі жағдай сияқты) Күнделікті жағымсыз хабарламаны әзірлеу барысында төмендегі жайттарды ескеріңіз: • Уақытыңызды орынды жұмсаңыз; ең маңызды хаттар мен қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөліңіз. • Мәселеге нүкте қойылса, онда «жоқ» деп айту үшін «қарастырып көрейін, содан соң сізге қайтадан жазамын» деген сияқты екіұшты ой айтпаңыз. • Мүмкіндік болса, балама шешімдер ұсыныңыз. Бұл әсіресе хат жіберушімен қарым-қатынас маңызды болғанда пайдалы.

• «Қосымша ақпарат болады, көмектесеміз» деп жалған уәде бермеңіз.
Транзакциялар туралы жағымсыз ақпаратпен жұмыс істеу

Транзакциялар туралы жағымсыз жаңалықты ешкім ұнатпайды. Мұндай хат жібергенде үш мақсатты көздейсіз: 1) жағдайдың клиент күткендей емес екенін жеткізу; 2) мәселені қалай шешейін деп отырғаныңызды түсіндіру; 3) бизнес-коммуникацияға келтірген зардабын жою. Транзакцияларға қатысты кейбір негатив хабарламалардың біршама қаржылық немесе құқықтық салдары болуы мүмкін. Әр хаттың мазмұны мен сарыны транзакция табиғатына және клиентпен қарым-қатынасқа байланысты әрқалай болады. Toyota-ға 30 мың автобөлшек бір аптаға кешігіп жетеді деп айтудан гөрі жеке клиентке жаңа костюмінің белгіленген мерзімнен бір аптаға кешігіп келетінін айту оңайырақ. Себебі соның салдарынан көлік компаниясы миллион долларлық зауытында бір апта бойы қол қусырып отыруға мәжбүр болады. Клиентке «тауарыңыз бір тәуліктің ішінде келеді» деген сияқты нақты уәде бермесеңіз, онда клиентке жағдайды жай ғана баяндаңыз. Хаттың соңында кешірім сұрасаңыз да болады. Бірақ арнайы оған басымдық берудің қажеті жоқ (11.2-сурет).

11.2-сурет. Транзакцияларға қатысты ұтымды негатив хаттар Жағымды және жағымсыз жаңалықтан құралған бұл хабарламада жанама әдіс қолданылған. Мұнда жақсы жаңалық буфер қызметін атқарады. Бұл жағдайда компания клиентке тауардың нақты қашан жететіні туралы уәде бермеген, сондықтан хат авторы тапсырысты қай күні алатынын жай ғана хабарлаған. Хат авторы сонымен бірге клиентпен байланысты қалпына келтіру үшін және арадағы бизнес-коммуникация үзілмеуі үшін талпыныс жасаған Бизнес-транзакциялар туралы жағымсыз ақпаратты жазуда қолданатын әдісіңіз бұған дейінгі клиентпен арадағы орнатқан қарым-қатынасыңызға байланысты болмақ. Жағдай әу баста клиент күткендей болып, бірақ кейін өзгеріп кетсе, онда мәселе күрделенеді. Клиентке жағдай өзгергенін баяндап, мәселені қалай шешетініңізді түсіндіруден бөлек, хатыңызда кешірім сұрауыңыз керек. Кешірім сұрау – кеткен қатенің ауқымына байланысты. Костюмге тапсырыс берген клиентке тапсырыстың нақты қашан келетінін түсіндіріп, жай кешірім сұрау жеткілікті. Ірі бизнес-компанияларға транзакция неліктен сәтсіз болғанын толығырақ түсіндіру керек. Себебі олар алдағы уақытта оны орындай аласыз ба, жоқ па – соны білгісі келуі мүмкін. 53Қарым-қатынасты қалпына келтіріп, бизнес-коммуникацияны үзбеу үшін көп компания мұндай жағдайда болашақ операциялар үшін жеңілдік жасап, тегін тауарлар ұсынады, немесе басқа жеңілдік қарастырады. Алайда үнемі таңдау мүмкіндігі бола бермейді. Бизнестер арасындағы өзара сатып алу келісімшартында кейде клиентке заңды түрде жеңілдік немесе өзге де артықшылықтар берілетіні туралы жазылады. Бұл бөлімде қамтылған концепцияларды шолу үшін «Бақылау тізімі. Транзакциялар туралы жағымсыз ақпаратпен жұмыс істеу» айдарын қараңыз.

Шағымдар мен түзетуге өтініштерді кері қайтару
Өтініштерді кері қайтарғанда көп жағдайда жанама әдіс қолданыңыз.

Шағым немесе түзетуге өтініш берген хат авторлары көп жағдайда оған эмоциямен қарайды. Сондықтан мұндай хаттарға негатив жауап жазғанда жанама әдіс қолданған жөн. Сіздің міндетіңіз – сәтсіз жағдай үшін жауапкершілікті өз мойныңызға алмау және клиентті айыптаудан немесе кінәлаудан аулақ болу. Торға түсіп қалмас үшін хаттың сарынына айтарлықтай назар аударыңыз. Оқырман шағымда көрсетілген жағдайды түсінгеніңізді және ескергеніңізді білсін. Бұдан соң өтінішті неліктен кері қайтарып отырғаныңызды ептеп түсіндіріп, хатты сыпайы түрде, практикалық кеңестермен аяқтаңыз (11.3-сурет). Жауапты мүмкіндігінше тезірек жолдаңыз. Қазіргідей медиа құралдары кеңінен танымал болып отырған шақта бірнеше күн немесе бірнеше сағаттың ішінде жауап ала алмаған кейбір наразы клиенттер шағымдарын көпке жария етуі ықтимал.10

11.3-сурет. Өтінішті кері қайтару хаты Вера Шумейкер ағаш кесу арасының жаңасын алғысы келген клиент өтінішіне еппен жауап беріп, кері қайтарады. Клиент ағаш кесуге арналған арамен болат ілмекті кесіп, оны абайсызда сындырып алған еді, Нақты жағдайда, клиент кінәлі болса да, Вера хатта оны кінәлаған жоқ. Оның орнына араның болат кесуге арналмағанын айтып, кепілдік талонында мұндай жағдайда тауар алмастырылмайтыны көрсетілгенін жеткізген Көп клиентпен ұзақ уақыт жұмыс істеп келген болсаңыз, онда олардан ар-намысқа тиетін, ренжітетін, тіпті жалған жауап алуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда эмоцияңызға ерекше сақ болыңыз. Хат жіберуші «ар-намысымды қорлады» деп ұғатындай бір нәрсе жазып жүрмеңіз (81-беттегі 1-тарауды қараңыз). Диффамация жөнінде айыптаудан аулақ болу үшін төмендегі ережелерді басшылыққа алыңыз: • Диффамация ретінде қарастырылуы мүмкін кез келген сөзден немесе ұғымдардан аулақ болыңыз.

• Анық ақпарат беріп, фактілер келтіріңіз.
• Ешқашан да хатты ашумен немесе өшпенділікпен жазбаңыз.

• Хат құқықтық мәселелер туындатуы мүмкін деп есептесеңіз немесе сондай күдік болса, онда компания заңгерлерімен ақылдасып алған дұрыс.

• Адал қарым-қатынас жасаңыз және тек шынайы ақпаратты айтыңыз.
• Болашақта қарым-қатынас нығаятынына сенім білдіріңіз.

Клиентті өзіңізге қарсы қойғаннан еш пайда жоқ екенін ұмытпаңыз. Тіпті клиент сізге немесе әріптестеріңізге тіл тигізсе де. Шағым немесе түзетуге өтініш хатын кәсіби түрде кері қайтарып, келесі міндеттерге көше беріңіз. Өтінішті кері қайтаруға қатысты тапсырмаларды шолып шығу үшін, «Бақылау тізімі. Өтінішті кері қайтару» айдарын қараңыз. Эмоциямен немесе ар-намысына нұқсан келтіретіндей сөздер қолданып жауап бермеcеңіз, диффамация жөнінде айыптаудан аулақ боласыз.

Ұйым ішіне жағымсыз жаңалық тарату

6 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жағымсыз жаңалықтарды жеткізгенде ескеретін маңызды жайттарды білесіз Алдыңғы бөлімде сыртқы тараптармен арада болған жеке байланыстар мен ішкі мәселелерге қатысты хабарламалар туралы айттық. Уақыт өте келе менеджерлер негатив ақпаратты көпке таратуға міндетті болып жүр. Кейде олар негатив ақпаратқа жауап беруге де тиіс. Бұл мәселелердің көбі бір-біріне ұқсамайды және олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырып шешу керек. Бірақ ұсынылған жалпы кеңестерді барлығына бірдей пайдалануға болады. Барлық хабарламалар арасындағы ең басты айырмашылық – хабарландыруды жоспарлауға уақыттың бар-жоғы. Келесі бөлім ұзақ уақыт аралығында қаралатын негатив хат жазу мәселесін қарастырады. «Дағдарыс кезінде коммуникация жасау» тақырыбында төтенше жағдай орын алғанда коммуникация жасау бойынша кеңестер береді.

Қалыпты жағдайда коммуникация жасау Сыртқы аудиторияға арналған жағымсыз хабарлама жазу қосымша жоспарлауды қажет етуі мүмкін. Бизнес-компанияларға жүріп жатқан жұмыстарға қатысты түрлі негатив хабарламалар жіберу қажет болады. Мұндай хабарламаларды жоспарлағанда барлық аудиторияның мүддесі мен ерекшеліктерін ескеру үшін қосымша күш жұмсау керек. Зауыттың жабылуы сияқты ірі жағымсыз оқиға түрлі стейкхолдерлер тобына кіретін жүздеген немесе мыңдаған адамға әсер етуі мүмкін. Мысалы, қызметкерлер жаңа жұмыс тауып, білігін жетілдіруі немесе шұғыл түрде қаржылық көмек алуы керек болады. Қызметкерлердің көбі жаңа жұмыс табу мақсатында көшуді жоспарласа, білім мекемелері де бюджеті мен қызметкерлер санын өзгертуге мәжбүр. Мұндай жағдайда клиенттеріңізге жаңа жеткізуші компания керек. Жеткізушілер өз бетімен басқа клиенттерді табуы қажет. Мемлекеттік ұйымдар кез келген оқиғаға дайын отыруға тиіс (мысалы, салық түсімінің азаюы мен жұмыссыздыққа тап болып, жеңілдіктер іздеген адамдар легінің көбеюі).

Аудитория дұрыс реакция білдіруі үшін жеткілікті уақыт беріңіз.
Негатив хабарландыру жасағанда төмендегі ережелерге сүйеніңіз:

• Әдісті жағдайға сәйкестендіріңіз. Бағаның сәл ғана қымбаттауына көп клиент аса қобалжи қоймайды, сондықтан тура әдісті қолдануға болады. Алайда көп адам күтіп отырған өнімнің кешігетінін хабарлау – басқа мәселе. Сондықтан жаңалықты жанама әдіс қолдану арқылы хабарлаған дұрыс. • Әр топтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін ескеріңіз. Зауыттың жабылғаны туралы мысал көрсеткендей, әр адам әртүрлі ақпаратты қажет етеді. • Аудиторияның дұрыс реакция білдіруі үшін жеткілікті уақыт беріңіз. жағымсыз жаңалықты оқыған соң оқырман көп жағдайда шешім қабылдауы немесе белгілі бір әрекет жасауы керек болады. Сондықтан мұны ескертпей, олардың уайымын ұлғайтып жібермеңіз. • Оқырман өтінішіне жауапты жоспарлап, әзірлеу үшін уақытыңыз жеткілікті болсын. Хабарландыру жасағаннан кейін де шағымдар, сұрақтар немесе тауарды қайтару сияқты өтініштер болуы мүмкін. Сондықтан оларға жауап беріп, соңғы ақпаратты қадағалап отырыңыз. • Позитив тұстары болса, атап көрсетіңіз. Бірақ жалған оптимизмнен аулақ болыңыз. Қызметкерлерге берілетін артықшылықтарды қысқарту ақшаны жарнамаға көбірек жұмсауға мүмкіндік берсе, онда осы позитив тұсын атап көрсетіңіз. Екінші жағынан алғанда, 10 мың адамды жұмыстан шығару олардың бәріне бірдей «жаңа мүмкіндіктер көкжиегін» ашпайды. Бұл – қызметкерлер мен олардың отбасыларына, жалпы қауымға әсер ететін ауыр жағдай. Мұндай жағдайда ең жақсысы – бұрын көмектескені үшін алғыс айтып, болашағына сәттілік тілеу. Маңызды негатив хабарландыру жазғанда күмәніңіз болса, құқық департаменті мамандарына немесе өзге де эксперттердің көмегіне жүгініңіз. • Күмәніңіз болса, экспертке жүгініңіз. Маңызды негатив хабарландырудың көбінде заңгердің, бухгалтер мен өзге де маманның сараптамасын қажет ететін маңызды техникалық, қаржылық немесе құқықтық түйткілдер болады. Коммуникатор және көшбасшы ретінде негатив жағдайлар сізге үлкен сын болуы мүмкін. Мықты көшбасшылар мұны ұйымды қайта қалыптастыру немесе жандандыруға көмектесетін мүмкіндік ретінде қарастырып, айналасындағыларды соған ынталандырады (11.4-сурет).

11.4-сурет. Компания операциялары туралы жағымсыз жаңалықты жеткізетін ішкі хабарламалар Ірі даму жобасын аяқтамай, кері қайтару компания қызметкерлеріне ауыр тиюі ықтимал. Бұл жоба бойынша еңбек еткен қызметкерлер уақыты мен энергиясы құр зая кеткеніне өкініп, қызметіне де қауіп төнді деп ойлап қалуы мүмкін. Жобада жұмыс істемеген қызметкерлер компанияның қаржылық жағдайы мен қызметіне алаңдауы ықтимал. Сол себепті мұндай месседждерді жазғанда жанама әдісті қолданған дұрыс. Өңделген нұсқасы оқырманның эмоциясын басынан аяғына дейін қалай оңтайлы басқаратынына назар аударыңыз

Әлеуметтік медиадағы жағымсыз ақпаратқа жауап беру

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Yelp мобайл қосымшасы арқылы клиенттердің компанияңыз жайлы пікірлерін бақылап отыру өте оңай.

Әлеуметтік желілер мен өзге коммуникация құралдары бизнеске пайдамен қатар, үлкен қиындық келтіре бастады: онлайн «өсекке», жалған ақпаратқа және компанияның беделіне нұқсан келтіру мақсатында жасалатын шабуылдарға т.с.с. жауап беру керек. Әділетсіздіктің құрбаны болдым деп есептейтін клиенттер Twіtter, Facebook және өзге де құралдарды іштегі ренішін жеткізу немесе шағымын көпке жариялау мақсатында қолдануы мүмкін. Әлеуметтік желідегі қауесет пен негатив ақпаратқа тиімді жауап беру стейкхолдерлермен тығыз байланыста қалып, қандай хабарламаға жауап беру керегін ақылмен шешуді талап етеді. Өсек пен орынды-орынсыз сын әлемге бір минутта-ақ таралып кетеді. Өсек пен негатив ақпаратқа жауап беруге арнайы уақыт бөліп, әр істі жеке-жеке қарастыру керек. Төмендегі төрт қадамды басшылыққа алыңыз:11 • Ертерек әрі жиі-жиі араласаңыз. Негатив ақпаратқа жауап берудегі ең маңызды қадамдардың бірі негатив ақпарат шықпай тұрып жасалады. Яғни мүдделі тараптармен ұзақ уақыт бойы байланыс үзбей, араласып отыру керек. Клиенттерімен және өзге тараптармен белсенді түрде араласып, өзара пайдалы қарым-қатынас орната алған компанияларға интернетте әділетсіз ақпараттық шабуыл сирек жасалады. Ондай жағдай орын алса, оған төтеп беру оңайға түседі. Ал физикалық және онлайн қауыммен жақсы қарым-қатынас орнату үшін барын салып жұмыс істеп жатқан компаниялармен салыстырғанда, мұндай жайттармен санаспайтын, жағымсыз оқиға болса, бірден «саяси технологияның» көмегіне жүгінетін компанияларға сенім аз. • Әңгімені бақылаңыз. Жұрт компанияңыздың жұмысына қызықса, демек, олар блог немесе туит жазып, подкаст жасап, видео жариялап, Facebook-ке пост салады, немесе басқа бір формада пікір білдіреді. Жұрттың не айтып жатқанын тыңдау үшін қолда бар технологияларды қолданыңыз. • жағымсыз хабарламаларды бағалаңыз. жағымсыз хабарлама көрсеңіз, бірден жауап беруге асықпаңыз. Оның орнына жазба авторын, сарыны мен мазмұнын саралаңыз, бұдан соң жағдайға сәйкес жауап беріңіз. Мысалы, АҚШ әуе күштері агенттігінің қоғаммен байланыс бөлімі негатив хабарлама жіберушілерді төрт категорияға бөліп топтастырады: «тролльдер» (соғыс отын тұтатуды ғана көздейтіндер), «мылжыңдар» (құр бос сөйлеп, анекдот айтушылар), «шатастырушылар» (бұрыс ақпарат таратушылар), «наразы клиенттер» (әуе күштері агенттігіне қатысты жағымсыз жайтты бастан өткергендер). • Орынды жауап беру. Негатив хабарламаны саралап шыққаннан кейін қоғамдық қатынас жоспарына сүйене отырып, орынды жауап әзірлеңіз. Мысалы, Әуе күштері тролльдер мен мылжыңдарға жауап бермейді. Ал шатастырушылардың жазғандарына дұрыс ақпаратпен жауап береді. Жағдайды қалпына келтіріп, дұрыс шешімге келу үшін наразы клиенттердің хабарламаларына ерекше ынтамен жауап беріп отырады. Тез жауап қайтарып қана қоймай, жауабыңыздың мәселені ушықтырып жібермейтініне көз жеткізіңіз. Мысалы, сынаушыларға қарсы заң шеңберінде шара қолдану техникалық тұрғыда пайдалы болғанымен, жұртты одан сайын қарсы жұмылдырып, компания PR-ы қоғаммен байланысы үшін ауыр жағдай қалыптастыруы мүмкін. Кей жағдайларда ең дұрысы – сынаушымен жеке байланысқа шығып (мысалы, Twіtter-дегі тура месседж алмасу функциясы арқылы), мәселені талқылау.

11.3-кесте. Дағдарыс кезінде қалай коммуникация жасау керек?
Дағдарысқа ұшырағанда
Істеуге болады
Істеуге болмайды

Қиындықтарға алдын ала дайындалыңыз. Ол үшін ірі проблемаларды анықтап, кризиске жауап беретін команданы арнайы дайындықтан өткізіңіз, кризисті еңсеру жоспарын әзірлеп, сынақ жасаңыз

Жоғары басшылықты дереу құлағдар етіңіз Компания өкілдері мен медиа үшін телефон, компьютер және өзге де цифрлық құралдармен жабдықталған жаңа орталық ашыңыз. Мұнда пресс-релиздер әзірленіп, онлайн ресурстар жаңаланып отырады. Жаңа орталықта төмендегі қадамдарды жасаңыз: • Тәулік бойы соңғы жаңалықтарды шығарып, қызметкерлерге сұрақтарға қалай жауап қатуды үйрету керек

• Ақпаратты мүмкіндігінше ертерек медиаға шығарыңыз • Мағынасы қарама-қайшы сөйлемдерден аулақ болыңыз. Дайындықтан өткен бір адамды компания атынан жауап беретін тұлға ретінде белгілеңіз • Ресепшн мен өзге қызметкерлерге телефон қоңырауының барлығын ақпарат орталығындағы сол адамға бағыттауын сұраңыз • Жаңа ақпарат шыққанда блог посттарды, Twіtter-ді, мәтін хабарламаларды, Facebook-тегі парақша мен өзге де медианы жаңартыңыз Тұтас оқиғаны толымды, ашық, адал баяндаңыз; компания қате жіберсе, кешірім сұраңыз Компанияның мәселеге алаңдап отырғанын мәлімдемелер таратып немесе іс-қимылыңыз арқылы көрсетіңіз

Кез келген адамды кез келген мәселе бойынша кінәлай беру
Қоғамда спекуляция жасау
Сұрақтарға жауап беруден бас тарту
Кез келген адамның жеке мәліметіне қол сұғатын ақпарат тарату

Өнім мен қызметті өткізу үшін кризисті пайдалану
Кей медиа өкілдеріне ғана артықшылық беру

Не істесеңіз де, жақсы репутация өте маңызды екенін естен шығармаңыз. Оны сақтау мен қорғауға қатты күш салу керек. Қазірде кез келген адам пікірін жеткізе алады, бірақ кей пікірлер коммуникация этикасының ережелеріне қайшы.

Дағдарыс кезінде коммуникация жасау Бизнес-коммуникацияда ең ірі оқиғалар кризис кезінде туындайды. Мысалға индустриялық апатты, компания қызметкерлеріне қатысты қылмыс пен дау-дамай, террористік шабуылдар мен ақпарат ұрлануын, жалған өнім шығару мен қаржылық қиындықтарды келтірсек болады. Дағдарыс кезінде клиенттер, қызметкерлер, жергілікті қауым және өзге де тараптар ақпарат сұрайды. Оған қоса сыбыс аяқ асты таралып кетсе, оны басу мүмкін емес. Медиа өкілдері де компанияға хабарласып, кез келген адамнан жауап алуға тырысады. Алдын ала дайындалу мен жоспарлау – дағдарыс кезінде тиімді коммуникация жасаудың кілті. Дағдарыс кезінде тиімді коммуникация жасау үшін, алдымен, кризисті еңсеру жоспары керек. Дағдарыспен күрес операцияларын анықтаудан бөлек, бұл жоспарда коммуникация міндеттері мен жауапкершіліктер жазылады. Оның қатарында медиа байланыстар мен пресс-релиз үлгілері де бар. Жоспарда нақты кімдердің компания атынан сөйлей алатыны анық жазылуға тиіс. Барлық басшылар үшін байланыс телефондары көрсетіліп, ақпарат таратылатын медиа құралдары мен әлеуметтік желі парақшаларының тізімі болуы керек. Дағдарыстың қашан болатынын болжай алмасаңыз да, сіз оған дайындық жасай аласыз. Корпоративтік дчағдарысқа байланысты соңғы 20–30 жыл бойы жүргізілген зерттеулер сұранысқа сай ақпаратты уақытында беріп отырған компаниялар ұтатынын көрсеткен. Ал ақпарат жасыратын немесе жүйелі түрде ақпарат таратпайтын, бұрыс дерек жариялайтын компаниялар көп ұтылады.12

Жұмысқа орналасуға қатысты жағымсыз хабарлама

7 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Жұмысқа алуға қатысты жағымсыз хабарлама жолдаудың тиімді стратегиясын меңгересіз Менеджер ретінде түрлі жағдайларды бастан өткеріп, қызметкерлерге немесе ықтимал жұмысшыларға негатив жаңалықты жеткізуге тура келеді. Ақпаратты қабылдаушылар хатыңызға көбіне эмоциямен қарайды. Сондықтан мұндайда жанама әдісті қолдануға кеңес береміз. Оған қоса мұндай хаттарды жеткізу барысында медиа құралдарын мұқият таңдаңыз. Мысалы, e-maіl мен өзге де жазбаша формалар хабарламаны бақылауға мүмкіндік береді, мәселені бетпе-бет талқылаудан құтқарады. Ал жүзбе-жүз талқылау – тым шетін мәселе, онда екі тарап бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала алады.

Ұсыныс хат беру өтініштерін кері қайтару Менеджерлерге өзге жұмыс беруші мен компанияның бұрынғы қызметкерлерінен ұсыныс хат беру туралы өтініштер түсуі мүмкін. Компанияның бұрынғы қызметкері туралы ақпарат сұраған ықтимал жұмыс берушіге «жоқ» деп айтқанда, хатыңыз қысқа әрі нақты болуға тиіс: «HR департаменті Йоланда Джонсон есімді қызметкер Tolson Logіstіcs компаниясында 2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы шілдеге дейін үш жыл уақыт жұмыс істегенін растайды. Үміткерлермен сұхбаттарыңыз сәтті болсын!» Компания ережелеріне сәйкес, бұдан басқа ақпарат беруге болмайды, қолда бар ақпараттың бәрін беріп отыр

Хатты позитив сарында аяқтайды

Бұл хатта өтініш иесіне «Біз сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз» демеген. Мұнда оқырманға рұқсат етілген ақпарат қана берілген. Ал адамның өзі тікелей ұсыныс хат сұраса, онда мәселе мүлдем бөлек. Әріптестік орнатудан бас тарту құрмет көрсетпеудің белгісі ретінде қабылдануы және өтініш иесінің болашағына кері әсер етуі мүмкін. Дипломатия және дайындық оқырманның кері қайтару хатын түсінуіне көмектеседі: «Coca Cola компаниясындағы жұмысыңыз туралы мәлімет бергеніңіз үшін рақмет! Ол жерде тәжірибеден өткеніңіз және MBA дәрежесін алу үшін тер төккеніңіз еңбек нарығында лайық бағаланып, қалаған қызметіңізді табуға көмектеседі деп ойлаймыз.»

«PepsіCo компаниясына ресми ұсыныс хат бере алмаймыз,
бірақ Coca Cola-ға сіздің қай уақыт аралығында істегеніңіз
жайлы мәлімет жібере алатынымыз анық. Бұған дейін
жасап үлгермеген болсаңыз, онда тәлім алған бірнеше

оқытушыңыздан маркетинг саласындағы шеберлігіңіз
жайлы жазбаша хат беруін сұрасаңыз да болады.
Кәсіби карьерада сәттілік тілейміз!»

Мұнда жанама әдіс қолданылып тұр, себебі өзге тарап позитив жауап күтіп отырған болуы мүмкін

Хат авторы «компания ережелері солай» деп қатып қалған ережеге сілтей салмай, өтінішті орындай алмайтынын жеткізеді

Қолдан келгенше көмектесуге барын салады және балама шешімдерді ұсынады

Хатты позитив сарында аяқтайды

Бұл хат оқырманның көңілін қалдырмауға тырысады, себебі мұнда хат авторы оқырманның соңғы әрекеттері туралы жағымды пікір білдіріп, өтінішті орындай алмайтынын тұспалдайды. Балама шешім ұсынып, хатты сыпайы аяқтайды.

Әлеуметтік желіде ұсыныс жасау туралы өтінішті кері қайтару Әлеуметтік желіде ұсыныс жасау – дәстүрлі ұсыныс хатқа қарағанда әлдеқайда күрделі. Себебі сіз берген ұсыныс хат онлайн парақшаңыздың бір бөлігіне айналады. LіnkedІn сияқты желілерде өзгелер сіздің кімге ұсыныс хат бергеніңізді және сол адамдар туралы не жазғаныңызды көрсетеді. Дәстүрлі ұсыныс хатқа қарағанда мұндай ұсыныстар адами беделіңізге әсер етеді.13 Сонымен қатар желі адамды тезірек тауып, ұсыныс хат сұрауға көмектеседі. Сондықтан сізге ұсыныс хат беру туралы көбірек өтініш түсуі мүмкін. Тіпті кейде аса жақсы танымайтын адамдар да қолқа салып жатады.

Әлеуметтік желілер ұсыныс хат сұрау мәселесінде жаңа қиындықтар туындатқанымен, мұндай сұраныстарға жауап беруді едәуір жеңілдетті. Бір жақсысы, әлеуметтік желілер мұндай өтініштерге жауап беруді жеңілдетеді. Өтінішті жай ғана елемей қоюға немесе өшіріп тастауға болады. Кей адамдар өзі білмейтін желі қолданушыларынан түскен өтініштерді мүлде қабылдамау туралы ереже ұстанады. Әрине, өзіңіз білетін адамның өтінішін елемей қойсаңыз, ыңғайсыз жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан әр жағдайда өтініш иесімен қарым-қатынас негізінде шешім қабылдаңыз. Тағы бір амалы – ұсыныс хат беруден мүлде бас тарту. Адамдар өтініш айтқанда осы ережеңізді ескертсеңіз болады. Қандай жағдай орнаса да, бұл сіздің таңдауыңыз екенін ұмытпаңыз.14 Ұсыныс хат беруге келісіп, өтінішке жауап бергіңіз келсе, сол адам туралы қысылмай бөлісе алатын азды-көпті мағлұмат жазсаңыз болады. Офлайндағы ұсыныс хаттан бір айырмашылығы, мұнда хатты бір бетке толтырып жазудың қажеті жоқ. Қысқа қайырсаңыз да болады. Тіпті бір ғана қасиетіне тоқталып, жалғыз сөйлем жазсаңыз да жеткілікті.15 Әлеуметтік желінің бұл артықшылығы – бір адамның жалпы қабілеті туралы екі ойлы болып тұрсаңыз да, бір мықты қасиетін ғана атап көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа тұру өтінішін қабылдамау Жұмысқа тұру өтінішін кері қайтару хаты нашар жазылса, компанияның беделіне нұқсан келіп, тіпті құқықтық проблемалар туындатуы мүмкін. Жұмысқа тұру өтінішін кері қайтару – күнделікті жасалатын әрекет, бірақ өтінішті «жоқ» деп кері қайтару ешқашан оңай болған емес. Өтініш иелері оған эмоциямен қарайды. Сонымен бірге компаниялар жұмысқа алу кезінде алалауға жол берсе, сот алдында жауап беруі мүмкін екенін әрдайым ұмытпауға тиіс.16 Әрине, жұмысқа қабылдау байқауын әділ өткізу өте маңызды, бірақ кері қайтару хаттары да «байқау кезінде алалады» деуге ешқандай негіз болмайтындай сипатта жазылуға тиіс. Өтінішті кері қайтару хаттарына эксперттер пікірін сол күйінде қалдырмайды, бірақ ең абзалы компанияның шешімін түсіндірмеген жөн және алдағы уақытта қарастыру туралы уәде беріп, үміттендірмеген де дұрыс (11.5-сурет):17 • Хатты өтініш иесінің атын атап, жеке өзіне бағыттап жазыңыз. Мысалы, хат тарату жүйесі хат формасында әрбір өтініш иесінің атын енгізуге мүмкіндік береді. • Хаттың басында байқауға өтініш бергені үшін алғыс айтыңыз. Бұл буфер қызметін атқарады, себебі ол сізге жағымсыз ақпаратты бірден емес, ақырындап, еппен жеткізуге мүмкіндік береді. • Бұдан соң өтініш иесінің жұмысқа қабылданбағаны туралы ақпаратты сыпайы және қысқаша жеткізіңіз. Мұндай жағдайда ырықты етісті қолданған дұрыс, себебі соның арқасында назарды шешім қабылдауға қатысқан адамдардан басқаға аударсаңыз, ақпарат барынша бейтарап күйде жетеді. Мысалы, «Өтінішіңіз іріктеуден өткен жоқ» деп жазу «Біз өтінішіңізді кері қайтарып отырмыз» деген тіркестен гөрі жұмсағырақ. • Үміткер неліктен жұмысқа қабылданбағанын немесе өзге үміткерлердің өтініші неліктен таңдалғанын түсіндіруден қашыңыз. Көп жұрт жұмысқа қабылданбау себебін түсіндіруді ұсынады, ал кей эксперттер түсіндірмеу керек дейді. Құқық мәселелерінен аулақ болудың қарапайым амалы – қабылданған шешімнің себептерін айтпау. Шешімнің себептерін айтпасаңыз, үміткерлер де одан алалау көрмейді, немесе дауласуға ұмтылмайды. • Үміткердің өтініші кейінірек қаралады деп тұжырымдамаңыз немесе меңземеңіз. «Резюмеңізді алда қарастыруымыз мүмкін» деп жазсаңыз, үміткерге жалған үміт бергендей боласыз. Алдағы байқауларда үміткердің өтініші тағы қаралмай қалса, компанияны құқықтық дауға іліндіруіңіз мүмкін. Үміткердің резюмесі компаниядағы басқа қызметке лайық болса, үміткерге сол қызмет бойынша алдағы уақытта жариялануы мүмкін байқауға қатысуына болатынын айтыңыз. • Үміткердің кәсіби өміріне сәттілік тілеп, хатты позитив сарында аяқтаңыз. «Карьераңызға сәттілік тілейміз» деген сияқты қысқа сөйлем жеткілікті.

11.5-сурет. Кандидатты жұмысқа қабылдамау туралы оңтайлы хабарлама Бұл хабарлама үміткердің өтінішін кері қайтарады, жалған уәде бермейді және оны меңземейді де. Тек болашақта жариялануы мүмкін байқауларға қатысуға шақырады. Бұл үміткердің резюмесі компания үшін, жалпы алғанда, мүлдем жарамсыз болып танылса, онда бұлай деп жазу орынсыз болатынын ескеріңіз Негізі тактикаңызды жағдайға қарай өзгертіп отырыңыз. Біреудің жұмысқа тұру туралы өтініші бірден кері қайтарылса, қарапайым және тура әдіспен жазылған хат жарай береді. Бірақ байқаудың кемінде жартысынан өтіп, сұхбатқа дейін барған үміткердің өтінішін кері қайтару ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Сұхбаттан өтіп, бетпе-бет кездескен үміткерге өтінішінің кері қайтарылғаны туралы телефон арқылы хабарлау орынды.

ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІНЕ НАШАР БАҒА БЕРУ

Кез келген жұмысқа баға бергенде ең маңызды нәрсенің бірі – қызметкерге жұмысын жетілдіру бойынша бағыт сілтеп, жол көрсету. Жұмыс тиімділігін бағалау талаптарды айқындап, қызметкердің сол талаптар бойынша еңбек көрсеткішіне пікір айту үшін ойлап табылған. Ол алдағы уақытта жұмыс істеуді жетілдіру бойынша жеке жоспарды да қалыптастырады. Жұмыс тиімділігін бағалау сонымен бірге компанияның ұйым стандартын қалыптастырып, ұйым құндылықтарын насихаттауға көмектеседі.18 Оған қоса олар жұмыс істеу көрсеткішін құжатқа түсіреді. Бұл тәртіптік жаза қолдану керек болғанда, жұмысшы төлемақы немесе жеңілдіктерге байланысты басшылықпен дауласқанда қажет болуы мүмкін.19 Қызметкерлердің алдына анық мақсаттар қойып, тұрақты түрде фидбәк беріп отыру – тосын жайттардан сақтануға көмектеседі. Жылдық көрсеткішті бағалау кезінде жағымсыз жайттың тосыннан пайда болуы – ең жаман дүние. Мысалы, жұмысшы менеджер күткендей емес, басқа мақсатта жұмыс істегені анықталса немесе жұмысшы жыл бойы нашар жұмыс істеген, бірақ жетекшілерінен ешқандай бағыт-бағдар, пікір естімеген болып шықса.20 Мұндай тосын жайттар болмас үшін менеджерлер жыл бойы жұмысшыларға тұрақты түрде сын-пікір айтып, қажет кезде бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс. Іс жүзінде кей компаниялардың дамып кеткені соншалық – жұмысқа баға берудің мұндай дәстүрлі формасын ұмытып қалған. Мысалы, онлайн ритейлер Zappos компаниясы жылдық жұмыс тиімділігін бағалауды жиілік есептермен алмастырған. Мұндай есептерде қызметкерлердің күнделікті жұмыс міндеттеріне баға беріледі. Әр қызметкердің жыл бойы компанияның негізгі құндылықтарын қалайша жақсы түсініп, оны жұмысында көрсеткені жазылады.21 Жұмыс көрсеткіші нашар бағаланған кезде алаңдаушылық туғызған мәселелер мұқият түрде құжатқа түсірілуі керек.

Компаниялардың әрқайсысы әртүрлі әдіс қолданса да, жалпыға анық нәрсе – жұмыс тиімділігін бағалау сәтті шығуы үшін қызметкердің жұмысына мұқият, әділ баға берілуге тиіс және оның қойылған мақсатқа жету үшін қаншалық күш салғаны анық жазылуы керек. Жұмыс тиімділігін бағалау құжатына негатив ақпарат енгізу қажет болса, онда төмендегі жайттарды есте сақтаңыз:22 • Жұмыс көрсеткішіндегі мәселелерді құжатқа түсіріп отырыңыз. Мадақтау хатын жазғанда және төлемақы, жеңілдіктер немесе жұмыстан шығаруға қатысты шешімдер қабылданар кезде осы ақпарат керек болады. • Барлық қызметкерлердің жұмысын жүйелі, бірізді бағалап отырыңыз. Бірізділік тек әділдік үшін ғана керек емес, сонымен бірге компанияны тәртіптік жаза қолдануға байланысты шағымдардан қорғайды. • Салқынқанды түрде объектив сарында жазыңыз. Қызметкердің негатив бағалауыңызды қуана құптамасы анық, бірақ хат жазғанда кәсібилік танытсаңыз, жағдайға қатысты туындайтын эмоцияны баса аласыз. • Жетілдіру мүмкіндіктеріне баса назар аударыңыз. Бұл ақпарат – келесі жылға арналған жетілдіру жоспарының темірқазығы іспеттес. • Жұмыс сипатын жаңартып отырыңыз. Бизнестегі өзгерістерге байланысты жұмыс сипаты өзгеріске ұшыраса, қызметкердің қазіргі қызметі ескі жұмыс сипатына сәйкес келмеуі мүмкін.

Жұмыстан шығару Қызметкердің жұмыс істеу көрсеткіші компанияның талаптарына сәйкес келмесе немесе сату көрсеткішінің төмендеуі салдарынан компания қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр болса, компания қызметкерлерімен қош айтысуына тура келеді. Жұмысқа қатысты өзге жағымсыз хабарламалар сияқты, мұнда да эмоцияның қатысы бар және құқықбұзушылық салдары да болуы мүмкін. Сондықтан бұл кезде жағдайды мұқият жоспарлап, құжаттардың толық болуын қадағалау керек. Қызметкерге жолданатын хатта барлық жағдай ескерілуі қажет. Негізсіз шағымдар мен сот істерінен аулақ болу үшін қызметкерге келісімшарт тоқтатылғанын еппен жеткізіңіз. Келісімшартты бұзу хаттары әдетте компанияның құқық жөніндегі мамандарымен бірлесіп жазылады. Бірақ мұнда есте болуға тиіс нұсқаулықтар айтылады.23 • Компания неліктен қызметкермен келісімшартты үзіп отырғанын анық көрсетіңіз. Қызметкердің жұмыс істеу нәтижесіне байланысты екенін немесе жұмыс істеу көрсеткішіне еш қатысы жоқ бизнес-шешім екенін айтыңыз. • Хатта көрсетілген себептер әділетсіз немесе алалау сипатында ұғынылатындай ретпен жазылмасын. • Компания ережелеріне, келісімшарт талаптарына және заңға сәйкес хат жазыңыз. • Жеке басқа тиіспеңіз. Ар-намысқа тіл тигізудің кез келген түрінен аулақ болыңыз. • Хатты жөнелтпес бұрын өзге менеджерге оқытып көріңіз. Мәселеге тікелей араласпаған сырт көз – қырағы шолушы дау туындатуы мүмкін сөздерді, қате көрсетілген себептерді байқап қалуы мүмкін. • Қызметкермен келісімшартты бұзу туралы хатты мүмкіндігінше қызметкердің қолына тапсырған дұрыс. Құпиялықты және әңгіменің үзілмеуін қаласаңыз, кездесу белгілеңіз. Аяқ астынан жұмыстан кету – қызметкер үшін де, жұмыс беруші үшін де жағымды іс емес. Бірақ келісімшартты бұзу туралы хаттың мазмұны мен сарыны мұқият жазылса, бұл қызметкердің компаниядан ың-шыңсыз, құрметпен кетуіне жағдай жасап, дау-дамайға жетелейтін түсініспеушілік пен наразылықтың алдын алуға көмектеседі. Хабарламаның мұндай түріне қатысты тапсырмаларды шолып шығу үшін «Бақылау тізімі. Жұмысқа орналасуға қатысты жағымсыз хабарлама жазу» айдарын қараңыз. жағымсыз хат жазу бойынша соңғы ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 11-тарауды таңдаңыз.

Жаңалық клиент күткендей болып шықпаса, онда хатта кешірім сұраған дұрыс.
Haіlo
коммуникация мәселелері

Haіlo компаниясы әлем бойынша ауқымын кеңейтіп жатқандықтан, кез келген дамушы бизнес кезігетін қиындықтарға тап болды. Сіз жақында ғана компанияның Нью-Йорктегі кеңсесіне бағдарламалық жасақтама менеджері ретінде қызметке орналастыңыз. Бұл тарауда меңгерген біліміңізді пайдаланып, төмендегі мәселелерді шешіңіз. ЖЕКЕ Тапсырма. Кеңседегі тағы бір менеджер бүгін таңертең ең мықты екі программист маманыңызды үш аптаға уақытша шұғыл жұмысқа бере тұруды сұрады. Жағдай ойдағыдай жүріп жатса, көмектесер едіңіз. Бірақ командаңыздың атқаруға тиіс өз шаруасы бастан асады. Оның үстіне менеджер бірінші рет сұрап отырған жоқ. Сондықтан «мәселе – жобаны басқарудағы олқылықта» деп ойлайсыз. Бір-екі сөйлеммен хат жазып, көмектесе алмайтыныңызды айтыңыз. Сонымен қатар әріптестеріңізге басқару шеберлігін жетілдіру қажетін де ескертіңіз. КОМАНДАЛЫҚ Тапсырма. Керемет жұмыс істеген бұрынғы қызметкерге оңай ұсыныс хат бересіз. Ал жақсы нәтиже көрсетпеген бұрынғы қызметкер ұсыныс хат сұраса, «жоқ» деп айтып үйренгенсіз. Ал ең қиыны – аса керемет жетістік те көрсетпеген, бірақ бәлендей проблема да туғызбаған адамдарға қалай жауап береріңізді білмейсіз. Сізге жақында ғана компьютер жүйесі маманынан ұсыныс хат беру туралы өтініш түсті. Ол орташа деңгейдегі маман болған. Жұмысқа орналасқысы келетін фирмада мықтының мықтысы істейтінін және оларға өте жоғары талап қоятынын білесіз. Компьютер маманы – керемет адам, оған көмектескіңіз келеді. Бірақ ол компанияға кездейсоқ жұмысқа орналасып кетсе, мандыта алмайтынын білесіз. Оған қоса ортаңқол маманды ұсынып, беделіңізді түсіргіңіз де келмейді. Командаңызбен біріге отырып, негатив ақпараттың алдына қоюға болатын ақылға қонымды және тиімді буфер ойластырыңыз.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Буфер – негізгі идеяны айтпас бұрын оқырманмен тең жағдайда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін, хаттың басындағы нейтрал сөйлем. Ол жанама әдіспен жазылатын негатив хабарламада қолданылады. Жұмыс тиімділігін бағалау – қызметкердің еңбегін бағалап, жұмысына қатысты сын-пікір айту және алдағы уақытта оны жетілдіру бойынша нұсқаулық беру. Компанияның ішкі мәселелерін сыртқа жаю – қызметкерлердің компания ішіндегі этикаға қайшы немесе заңсыз істерді баяндау әрекеттері. Крезис-менеджмент жоспары – дағдарыспен күресуге арналған операциялық процедураларды анықтайтын жоспар. Онда коммуникация міндеттері мен жауапкершіліктер жазылады.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 жағымсыз хабарлама жазуға үш сатылы жазу процесін қолдануды үйрендіңіз. Жағымсыз жаңалықты жеткізу тәсілі жаңалықтың өзі сияқты адамдардың көңіліне қаяу салуы мүмкін. Сондықтан жағымсыз хабарламаны жеткізуді жоспарлау өте маңызды. Мақсатыңыз нақты да орынды болсын, оны өзіңіз таңдаған медиа құралына лайықтаңыз. Аудиторияңыздың жағымсыз жаңалықты қалай қабылдағысы келетінін білуге тырысыңыз. Шешім қабылдауға негіз болған барлық фактілерді жинақтаңыз. Хабарлама сарынын жағдай мен аудиторияға бейімдеңіз. жағымсыз хабарлама тура немесе жанама әдіске қарай құрылуы мүмкін. Әдісті аудитория мен жағдайға қарап таңдайсыз. Мәселенің тігісін жатқызып, еппен түсіндіруге көмектесетін сөйлемдер құрастыру үшін позитив сөздерді мұқият таңдаңыз. Қайта шолу, дизайнын жасау және қатесін тексеру арқылы ойыңызды дәл бергеніңізге көз жеткізесіз. Мәселені ушықтырып, түрлі мағынада түсінілуі мүмкін деген сөздер осы кезде анықталып қалады. 2 жағымсыз жаңалықты жеткізгенде тура әдісті қалай тиімді пайдалануға болатынын білдіңіз. Тура әдіспен жазылған жағымсыз хабарламада жағымсыз жаңалық хаттың басында, содан соң себептері айтылады (балама шешімдерді де ұсынуға болады). Хаттың соңын құрмет көрсетіп, жағымды сөзбен аяқтайды. Аудиторияңыз жағымсыз жаңалықтың бірден жеткізілгенін қаласа немесе жаңалықтың оларға тигізетін әсері үлкен болмаса, онда тура әдіс қолданған жөн. Ал қалған жағдайларда жанама әдіс қолданыңыз. Дегенмен тура әдіс – дөрекі немесе тік мінез болуға рұқсат деген сөз емес. 3 жағымсыз жаңалықты жеткізгенде жанама әдісті тиімді пайдалануды меңгердіңіз. Жанама әдіспен жазылған жағымсыз хабарлама буфермен (негізгі идеяны айтпас бұрын оқырманмен тең жағдайда қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін хаттың басындағы нейтрал сөйлем) басталып, мәселенің себептері түсіндіріледі. Бұл оқырманды шешімге немесе жаңалықтың өзіне жетелейді. Бұдан соң жағымсыз жаңалыққа екпін түсірместен, анық айтып, сыпайы сөйлемдермен аяқтайды. Жанама әдісті қолданғанда жағымсыз жаңалық жасырылған күйі айтылмай қалып жүрмесін, немесе аудиторияңыз сізді жақсы жаңалық жеткізді екен деп шатасып қалмасын. Мұнда есте сақтайтын нәрсе: жанама әдісті қолданудағы мақсат – жағымсыз жаңалықты жеткізбей қою емес, оқырманға тиетін соққының екпінін азайту. Буфер қолданғанда оқырманды алдарқатып, жасанды жанашырлық танытпаңыз. Буфер тиімді шығуы үшін оқырманға алғыс айту мүмкіндігін пайдаланыңыз, оның өтінішіне көңіл бөлгеніңізге сендіріңіз немесе оқырманның қажеттілігін түсінгеніңізді білдіріңіз. 4 жағымсыз хабарлама жеткізгенде неліктен этика мен этикеттің жоғары стандартын сақтау қажет екенін түсіндіңіз. Кез келген хабарламаны жазғанда этика мен этикетті сақтау маңызды. Бірақ негатив хабарламаға келгенде оның маңызы ерекше арта түседі. Мұның үш себебі бар. Біріншіден, хат авторы жағымсыз жаңалықты жеткізгенде түрлі заңдар мен ережелер аясында жұмыс істеуі керек. Екіншіден, қалыптасқан этика тәжірибесі хаттың мазмұны мен жеткізу формасына ерекше көңіл бөлуді талап етеді, себебі мұндай хаттардың оқырманға қатты әсері болуы мүмкін. Үшіншіден, коммуникаторлар жағымсыз хабарламаны әзірлеу және жеткізу кезінде эмоцияларын басқарып, аудиторияның да эмоциялық жағдайын ескеруі керек. 5 Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарлама жіберудің тиімді стратегиясын үйрендіңіз. Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша негатив хабарландыру жасағанда жанама әдісті қолданған жөн. Бірақ кейбір кішігірім мәселелер бойынша тура әдісті де пайдалануға болады. Кеңестер мен ұсыныстарды кері қайтарғанда жағдайға қарай әдісті таңдаңыз. Мысалы, сырттан сұраусыз түскен ұсыныстарға қарағанда сұрау салу арқылы ішкі көздерден келген ұсыныстарға көбірек назар аудару керек. Күнделікті ұсыныстарды кері қайтару үшін тура әдіс қолдану жеткілікті. Тек төмендегідей жағдайларда жанама әдіс қолдануға болады: үлкен мәселе туындаса, өзіңіз немесе компанияңыз өтініш иесімен ұзақ уақыттан бері қарым-қатынас орнатып келген болса немесе бұрындары ұсыныстары қабылданып келген өтінішті аяқ астынан қабылдамауға мәжбүр болсаңыз. Транзакциялар туралы жағымсыз жаңалықты жеткізгенде үш мақсатты көздейсіз: жағдайдың клиент күткендей емес екенін білдірту, мәселені қалай шешейін деп отырғаныңызды түсіндіру және оның бизнес-коммуникацияға келтірген зардабын жою. Кешірім сұрау қажет пе? Бұл – жағдайдың күрделілігіне және транзакцияға қатысты клиентке нақты уәде берген-бермегеніңізге байланысты. Шағым немесе түзету туралы өтінішті кері қайтарғанда жанама әдісті қолданған абзал. Себебі өзге тарап оған эмоциямен қарайды және өтінішім орындалады деп күтеді. Оқырман шағымда көрсетілген жағдайды түсінгеніңізді және ескергеніңізді білсін. Бұдан соң өтінішті неліктен кері қайтарып отырғаныңызды еппен түсіндіріңіз. 6 Ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жағымсыз жаңалықтарды жеткізгенде ескеретін маңызды жайттарды білдіңіз. Ұйымдағы түрлі мәселелер бойынша қоғаммен байланыс жасауды екі категорияға бөлеміз: жоспарлы және кризис кезіндегі, яғни төтенше оқиғалар кезіндегі байланыс. Бірінші категорияға бағаның қымбаттауы сияқты кішігірім мәселелерден бастап, қызметкерлерді қысқарту, банкротқа ұшырау сияқты күрделі мәселелер бойынша жасалған хабарландырулар кіреді. Мұндай хабарламаны әзірлегенде мына жайттарды ескеріңіз: таңдаған әдісіңіз жағдайға сәйкес болсын, әрбір аудитория тобының өзіне ғана тән ерекшеліктерін ескеріңіз, аудиторияңыздың ақпаратты қорытуға жеткілікті уақыты болсын, өзіңізде де жауап хатты жоспарлап, дайындауға жеткілікті уақыт керек, жағдайдың позитив қыры болса, хатта атап көрсетіңіз, бірақ жалған оптимизмге жол бермеңіз, күмән-күдігіңіз болса, компанияның құқық, қаржы немесе техника жөніндегі эксперттермен кеңесіңіз. Әлеуметтік желіде сыбыс пен жағымсыз ақпаратқа оңтайлы жауап беру үшін, әуелі, оның алдын алуға күш салу керек. Маңызды стейкхолдермен тығыз байланыс орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. Екіншіден, компания мен оның өнімдері жайлы желідегі талқыны қадағалап отырыңыз. Үшіншіден, негатив хабарлама көріп қалсаңыз, жауап бермей тұрып, оны бағалаңыз. Төртіншіден, жағымсыз хабарламаны бағалағаннан кейін жалпы қоғаммен байланыс жоспарына сүйене отырып, қажетінше жауап беріңіз. Кей хабарламаларды мүлде елемеген дұрыс. Ал кейбірін тез арада дұрыс ақпаратпен түзеп отыру керек. Екінші категорияға дағдарыс жағдайында ақпарат тарату кіреді. Тиімді кризис менеджментінде ең бастысы – дайындық. Дағдарысты алдын ала болжап біле алмағанмен, оған дайындық жасай аласыз. Мысалы, төтенше жағдай туындай қалса, компания атынан кім жауап беретінін, ақпарат құралдары мен бұқараның ақпаратты қайдан алатынын, мұндай жағдайда не айтылуға тиіс екенін командаңызбен алдын ала анықтап алсаңыз болады. Дағдарыс кезіндегі өзара қарым-қатынас бойынша жақсы әзірленген жоспарда басты ақпарат құралдарының e-maіl мен телефондары, түрлі төтенше жағдайларда уеб-сайтқа жариялауға болатын ақпарат үлгілері, төтенше жағдай кезінде компания атынан сөйлеуге құзыреті бар компаниядағы маңызды тұлғалардың телефондары т.б. ақпарат жазылады. 7 Жұмысқа алуға қатысты жағымсыз хабарламаны жолдаудың тиімді стратегиясын меңгердіңіз. Жұмысқа қатысты жағымсыз хабарлама әзірлегенде әдетте жанама әдіс қолданған жөн. Себебі хат алушы оған эмоциямен қарайды және қабылданған шешімдер маңызды. Бұрынғы қызметкердің жұмысына қатысты ақпарат сұраған өзге жұмыс берушінің өтінішін кері қайтарғанда хатыңыз қысқа да нұсқа болуы керек. Мұндай жағдайда компанияңыздың қандай ақпарат бере алатынын түсіндіріңіз. Бұрынғы қызметкердің ұсыныс хат сұрағаны туралы өтінішін кері қайтару жеке мәселе болғанмен, мұнда да жанама әдіс қолданған абзал. Әлеуметтік желі арқылы ұсыныс хат сұраған өтініштерге жауап беру жеңілірек. Себебі офлайндағыдай толық бір бет жазу қажет емес, өтініш иесінің белгілі бір қасиетін ғана атап көрсетсеңіз жеткілікті. Мұнда адамның жалпы кәсіби шеберлігін бағалау шарт емес. Жұмысқа тұруға өтініш берген үміткерлердің өтінішін кері қайтару бірқатар эмоциялық және құқықтық мәселелер туындатуы ықтимал. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек. Мұндай жағымсыз хабарламаға қандай ақпарат енгізу керектігі туралы эксперттер пікірі әртүрлі. Десе де ең қауіпсіз стратегиямен құрылған хаттың құрылымы мынадай: хаттың басында өтініш иесіне байқауға қатысқаны үшін алғыс айтылады (бұл жанама әдіспен жазылған хаттағы буфер қызметін атқарады), содан кейін үміткердің өтініші қабылданбағаны хабарланады, бірақ оның себептері түсіндірілмейді («алдағы уақытта өтінішіңіз қарастырылуы мүмкін» деген сияқты уәделер де берілмеуге тиіс), хаттың соңы сыпайы түрде аяқталады. Жұмыс тиімділігін нашар бағалау есебінде қызметкерлердің жұмысындағы барлық проблемалар көрсетілуі қажет. Барлық қызметкердің жұмысы жүйелі түрде бағаланып, есеп салқынқанды және объектив түрде жазылуы керек. Онда жұмысты жетілдіру жолдарына да мән беріліп, сонымен бірге есепте айтылатын жұмыс сипаттамасы анық көрсетілуі қажет. Бұл қызметкердің жұмыс істеу тиімділігін бағалауға көмектеседі. Хаттардың ішіндегі ең қиыны – жұмыстан шығару немесе келісімшартты бұзу туралы хат. Мұндай хатта шешімге негіз болған себептер анық көрсетіліп, әділетсіздік немесе алалау ретінде бағаланбайтындай жолдармен түсіндірілуі керек. Хат компания ережелері мен қажет құқықтық нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, жазылуға тиіс. Жеке басқа тиісу мен тіл тигізудің кез келген түрінен аулақ болған дұрыс. Жағдайға тікелей араласпаған менеджерден хатты қарап көруін сұраңыз. Бұл даулы тіркестерден немесе кездейсоқ жіберілетін қателерден сақтануға көмектеседі. Хатты мүмкіндігінше қызметкердің қолына беруге тырысыңыз.

MyBCommLab® Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын қолданыңыз.

Біліміңді тексер Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 11-1. жағымсыз хабарлама жазғанда хаттың сарынын аудиторияның қажеті мен талғамына қарай бейімдеу не үшін өте маңызды? Не үшін медиа құралы мен арнасын таңдауға мұқият көңіл бөлу керек [1-ОМ]? 11-2. Жанама әдіспен жазылатын жағымсыз хабарламаның қандай түрінде шешімнің себептерін түсіндіруден қашу керек [3-ОМ]? 11-3. Жанама әдіспен жазылатын негатив хабарламаның құрылымы қандай [3-ОМ]? 11-4. Буфер дегеніміз не? Буфердің этикаға сай екеніне қалай көз жеткізе аламыз [3-ОМ]? 11-5. Компанияның ішкі мәселесін сыртқа жаю ұғымын түсіндіріңіз (ағылш.: whіstle-blowіng) [4-ОМ]. 11-6. Шағым немесе түзету туралы өтінішті кері қайтарғанда диффамация айыбына іліну мүмкіндігін азайту үшін не істей аламыз [5-ОМ]? 11-7. Дағдарыс жағдайында немесе өзге де негатив оқиға барысында әлеуметтік желі қолданбас бұрын стейкхолдерлермен тығыз байланыс орнату не үшін маңызды [6-ОМ]?

11-8. Дағдарысты еңсеру жоспары дегеніміз не [6-ОМ]? 11-9. Жұмыс тиімділігін нашар бағалау кезінде басшылыққа алатын бес ережені еске түсіріңіз [7-ОМ].

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 11-10. Бағаның шарықтауына байланысты қызметкерлердің бенефиттерін алып тастау туралы жағымсыз ақпаратты хабарлауда тура әдісті қолданасыз ба, әлде жанама әдісті ме? Неліктен [1-ОМ]? 11 -11. Жағымсыз жағдайға тап болған адамға, сол үшін кешірім сұрамастан, жанашырлық таныта аласыз ба? Жауабыңызды түсіндіріңіз [2-ОМ]. 11-12. Жағымсыз жаңалыққа басымдық берместен хабарлау ыңғайсыз деректі жасыру үшін кесте мен диаграмманы бұрмалағанмен бірдей ме? Неліктен [3-ОМ]? 11-13. дағдарыс жағдайында немесе өзге де негатив оқиға барысында әлеуметтік желі қолданбас бұрын стейкхолдерлермен тығыз байланыс орнату не үшін маңызды [6-ОМ]? 11-14. Әлеуметтік желіден компанияныңыздың клиенттерге қызмет көрсету бөлімін «өтірік алдады» деп айыптап, оған дәлелі бар екенін айтқан автордың туитін көріп қалдыңыз. Оған қалай жауап берер едіңіз [6-ОМ]? 11-15. Біреу LіnkedІn желісінде ұсыныс хат беруіңізді сұрап, өтініш жазды. Сіз оны әрең есіңізге түсірдіңіз, ал оның компанияда қалай жұмыс істегені мүлде есіңізде жоқ. Оған қалай жауап берер едіңіз [7-ОМ]?

Шеберлігіңді сына
Төмендегі хабарламаны талдаңыз:

1) Келесі хаттарды оқып, әрбір сөйлемнің әлсіз және мықты тұстарын саралаңыз. 2) Тарауда айтылған нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, құжатты тексеріп шығыңыз.

11-16. 1-хабарлама. Ұйым ішінде негатив жаңалық жіберу [6-ОМ]. Кімнен: М.Джуаш, Саяхат және кездесу бойынша қызмет көрсету Кімге: [e-maіl тізімі]

Тақырып: Саяхат
Компанияның көп сапарлайтын құрметті басшылары!

Сіздерге ақша үнемдеу схемаларын қолдануды ұсынып отырмыз. Жақын арада оны жеке меморандум ретінде шығарамыз. Мұндай амалдар қатарына кездесулерге барудың орнына видеоконференция жабдықтары мен уеб-жиналыс технологияларын қолдану, арзанырақ қонақүйлерге тоқтау, арзанырақ билеттерге тапсырыс беру, шеттегі аса қымбат емес әуежайлардан ұшу сияқты әрекеттер жатады. Компания жолсапар шығындарын елу пайызға дейін азайтуы қажет. Бұған дейін Black & Decker-дегі барлық департаменттің шығынын азайтқанымызды білесіздер. Яғни ендігәрі қымбат қонақ­үйлерге тоқтап, алдын ала жоспарламай, сапарға шыға салу деген болмайды. Оған қоса қонақүйде телефон байланысы және интернет қызметтерін пайдаланбау керек. Сіз барған қонақүй тегін интернет ұсынбаса, онда басқа қонақүй тапқан жөн. ЕШҚАШАН да жалға алған көлікті жанармайсыз қайтармаңыз! Өйткені жалға көлік беретін агенттік сол үшін бізден көп ақша ұстап қалады.

Бүгіннен бастап осы ережелерді орындайды деп үміттенеміз.
Құрметпен: М.Джуаш
Саяхат және кездесу бойынша қызмет көрсету бөлімі

11-17. 2-хабарлама. Шағым мен түзету туралы өтініш хаттарды кері қайтару [5-ОМ]. «Сіздің алты аптадай бұрынғы WM39Z модельді сымсыз роутерді жөндеу туралы өтінішіңізге байланысты жазып отырмын. Компания зауыттан шықпас бұрын барлық өнімдерді сынақтан өткізеді, сол себепті роутердің істемей қалғанына біз кінәлі емеспіз. Өзіңіз немесе басқа біреу кеңседе оны абайсызда қолынан түсіріп алып, соның салдарынан құрылғыға зақым келуі мүмкін. Немесе жеткізу барысында ұрылған болса да, істен шығып қалуы да ықтимал. Мұндай жағдайда жеткізуші компанияға шағымданғаныңыз дұрыс. Қалай болғанда да, бұл біздің кінәміз емес. Құрылғының бөлшектеріне кепілдік берілген. Алайда оны жөндеу үшін 50 доллар төлеуіңіз керек. Бұл әдеттегі қызмет құнынан әлдеқайда арзан. Тұрақты клиентіміз болғаныңыз үшін осындай жеңілдік ұсынып отырмыз. Алда өтетін сауда көрмесіне біздің компания да қатысады, сол жерге келсеңіз немесе біреуді жіберсеңіз болады. Бізде роутер мен компьютер құрылғыларының сан алуан жаңа моделі бар. Бұл сізге қызықты болады деп ойлаймыз. Өнімдердің жаңа каталогін хатқа тіркедім. Көріскенше күн жақсы болсын».

11-18. 3-хабарлама. жұмысқа тұру туралы өтініштерді кері қайтару [7-ОМ]. «Өкінішке қарай, Экифаксте өтетін жазғы тәжірибе бағдарламасына қатысу үшін жіберген өтінішіңіз іріктеуден өтпеді. Бізге мыңдаған өтініш пен мотивация хаттары түсті және бәрін толық қарап үлгермедік. 25 орынға өтініштері ертерек түсіп, мақұлданып қойған студенттер таңдалды. Байқауға қатысқандардың барлығына осыны хабарлағымыз келеді. Жазғы маусымда өзіңіз қалаған салада орын таба аласыз деп ойлаймыз және сізге сәттілік тілейміз. Осы хабарландыру тудырған барлық қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз».

Жаттығулар Әр әрекет бастапқы дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Жоспарлау: тура және жанама әдісті таңдау [1-ОМ]. Төмендегі негатив хабарламалар үшін қай әдісті таңдар едіңіз? 11-19. Бастығыңызға e-maіl хат жазып, негізгі клиенттерінің бірі басқа есептеу компаниясына кетіп қалғанын хабарлау. 11-20. Клиентке e-maіl хат жазып, интернет арқылы тапсырыс берген кітабының уақытша қоймада жоқ екенін хабарлау. 11-21. Клиентке шұғыл хабарлама желілері арқылы хабарлама жазып, жаңа компьютеріне деп тапсырыс берген DVD жазғыштың тұтас тауарды жеткізу процесінің кешігуіне байланысты сәл кейінірек жететінін хабарлау. 11-22. Бүкіл қызметкерлерге арнап блог жазба жазып, компанияның көлік қоятын орнында маусымның алғашқы аптасынан бастап жол жөндеу жұмыстары жүретінін және осы уақыт аралығында компания алыстағы тұрақтан қызметкерлерді кеңсеге тасымалдау қызметін іске қосатынын хабарлау 11-23. Туристік агенттік өкілі клиентке арнап хат жазып, онда әуекомпаниясының рейстен кешігіп қалғаны үшін ақшаны қайтара алмайтынын, бірақ оның билеті бір жылға жарамды екенін ескертуге тиіс. 11-24. АҚШ әуекомпаниясы клиенттерге ресми хат жолдап, компания клиенттерге арналған бонустық мильдің жарамдылық мерзімін ұзарта алмайтынын түсіндіреді. Мұндай жағдай тіпті соңғы үш жылда басқа елде тұрып, бонустық жеңілдігін қолдана алмаған клиенттерге де қатысты екенін жеткізеді. Сақтандыру компаниясы клиенттеріне хат жазып, компанияның арнайы медициналық процедураларды сақтандырмайтынын айтып, олардың өтемақы туралы өтінішін кері қайтарады. 11-26. Электроника дүкені клиентіне хат жазып, жөнді істемейтін мобайл құрылғысының ақшасын қайтарып беру туралы өтінішін кері қайтарады. Себебі, компанияның түсіндіруінше, құрылғыға кепілдік берілгенмен, қозғалып бара жатқан көліктен кездейсоқ жерге түсіп кетіп, бүлінгеніне компания жауапты емес. 11-27. Жөндеу департаментіне хабарландыру жолдап, бөлшектерге қайта тапсырыс берілгенін және тапсырыстардың үш аптадан соң келетінін жеткізу. 11-28. Хабарлама стратегиялары: күнделікті өтініштерді кері қайтару [4-ОМ]. Мобайл компанияның клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі ретінде міндетіңіз – клиенттердің ақшаны қайтару туралы өтініштеріне жауап беру. Сізге қазір ғана бір клиенттен e-maіl хат түсті. Онда ол байқаусызда телефонының Wі-Fі функциясын өшіруді ұмытып кетіп, көп дерек қолданғаны үшін байланыс компаниясы одан 550 доллар ұстап қалғанын жазған. Клиент өзін кінәлімін деп есептемейді. Себебі бөлмелес досының телефонынан тегін интернет қолданып жатқанын білмеген. Мұндай жайт бірінші мәрте орын алып отырған жоқ. Мәселе қайталанбас үшін бұған дейін барлық клиенттерге ескерту хат жіберіп, тым көп ақша ұстап қалуы мүмкін болғандықтан, «қауіпті» функцияны қолдануда абай болу керектігін айтқан едіңіз. E-maіl түрінде жауап қайтару үшін қысқа буфердің нұсқасын әзірлеп, клиенттің жағдайын түсінетініңізді, бірақ компанияның мұндай жағдайларда ақшаны қайтарып беруге тыйым салатыны туралы жағымсыз жаңалықты жеткізуге дайындаңыз. Этикет: сезімталдықпен әрі еппен коммуникация жасау. Ынтымақтастық: командалық жобалар [4-ОМ]. Мына сөйлемдерді жалғыз оқып шығып, жағымсыз жаңалыққа ғана басымдық берілмегеніне көңіл бөліңіз. Топтасыңызбен бірігіп, бір-біріңіздің сөйлемдеріңізді оқып шығыңыздар. Әр жағдайда екеуіңіз де бір әдісті қолданғансыздар ма? Әр сөйлемде қандай әдісті қолданған тиімдірек? 11-29. Әуекомпаниясы ақшаңызды қайтарып бере алмайды. Билетіңіздің артқы жағындағы «Шарттар» деген бөлімде ұшаққа кешіккені үшін ақшаның қайтарылмайтыны туралы жазылған. Кейде әуекомпаниялары ақшаны кісінің қайтыс болуына қатысты жағдайларда ғана қайтарып береді. Әрине, билетіңіз әлі де жарамды және сол бағытта ұшуға қолдануға болады. 11-30. Cіздің безендіру туралы өтінішіңізді орындай алмайтынымызға өкініш білдіреміз. Жеткізушілердің барлығына хабарласып шықтық, олардың ешқайсысы да қысқа уақыт аралығында өтінішті орындай алмайтын болып шықты. Десе де стандартты безендіру пакетін қолдана алатыныңызды есіңізге саламыз. Ол бойынша жеткізуші де бар. Бірақ ол сіздің алғашқы өтінішіңізді сол қалпында орындай алмайды. 11-31. Бұзылған MP3 плеер үшін ақшаны қайтарып бере алмаймыз. Бассейнде жүзгенде құрылғыны сыртта қалдырып кетуіңіз керек еді; қолдану нұсқаулығында «плеерді қолайсыз ортада қолдануға болмайды» деп анық көрсетілген. 11-32. Коммуникация этикасы [4-ОМ]. Сіз жұмыс істейтін сақтандыру компаниясы денсаулық сақтауға қатысты барлық төлемдерді өсіруді жоспарлап отыр. Бастығыңыз сізден клиенттерге қымбаттату туралы хабарландырудың алғашқы нұсқасын оқып көруді өтінді. Алғашқы екі абзацта тамаша медициналық жетістіктер туралы айтылып, оған кететін шығындардың көбейгені туралы жазылған. Тек соңғы абзацта келесі жылдан бастап клиенттердің көбірек төлеуге тиіс болатыны туралы айтылған. Бұл жерде этикаға қайшы нәрселер бар ма? Қалай өзгерту керек? 11-33. Ұйым ішінде жағымсыз жаңалықтарды тарату [6-ОМ]. Қоғамдық компаниялар кейде сату көрсеткішінің яки табыстың, сұраныстың төмендегені немесе өзге де жағымсыз бизнес факторлары туралы хабарландыру жасауға тиіс болады. Интернеттен табыстың азаюы немесе өзге де жағымсыз жаңалықтар туралы пресс-релиз таратқан компанияны табыңыз. Фирманың ресми уеб-сайтына кіріп, мәтінін қарап шығыңыз. Пресс-релиздерді www.prnewswіre.com немесе www.busіnesswіre.com сайттарынан да іздесеңіз болады. Пресс-релиз тақырыбы хабарламаның негізгі мазмұнымен сәйкес келе ме? Қандай әдіс (тура немесе жанама) қолданылған? Компания жағымсыз жаңалықты позитив қырынан көрсету үшін қандай амал қолданған және бұл талпынысы шынайы әрі этикаға сай шыққан ба?

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Кез келген компанияның интернетте таратқан жағымсыз бір жаңалығын табыңыз. Мысалы, өнімді қайтарып алу, нашар қаржылық көрсеткіш, қысқарту, айыппұл немесе өзге де құқық бұзылуына қатысты даулар да жарай береді. Компанияның қолданған әдісін талдаңыз; бұл ең тиімді стратегия ма? Компания кешірім сұрай ма? сұраса, нақты жағдайда орынды ма? Кешірім сұрағаны шынайы көріне ме? Хабарлама сарыны жағдайдың күрделілігіне сәйкес келе ме? Хабарлама позитив сарынмен аяқтала ма? Оқытушы айтқан коммуникация құралын (блог немесе e-maіl т.с.с.) қолдана отырып, мысал негізінде шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын). Онда мысалдан арнайы элементтер де, тараудағы ақпарат та қамтылсын.

Шеберлігіңді онлайн шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Web Search функциясын пайдаланып, негатив ақпаратты жеткізу бойынша хат жазуға кеңес беретін уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз. Барлық жағдайда шығармашылық әлеуетіңізді пайдаланып, қажет мәліметті ойдан құрастырып, тиімді хат жазыңыз.

Күнделікті бизнес-мәселелер бойынша жағымсыз хабарламалар
E-maіl жазу дағдылары

11-34. Хабарлама стратегиялары: кеңестер мен ұсыныстарды кері қайтару. Коммуникация этикасы: этикаға сай таңдау жасау [5-ОМ]. Өнім туралы онлайн пікірлердің клиенттерге қаншалық әсер ететінін білетін компания жетекшілерінің бірі ішкі хат алмасу жүйесі арқылы хат таратып, әр қызметкердің разы клиент рөліне еніп, Amazon мен өзге де сату сайттарындағы компания өнімдерін мақтап, пікір қалдыруды тапсырған. Сіз мұны естігенде қатты ашуландыңыз. Себебі бұл – тек этикаға қайшы дүние емес. Ең сорақысы – ертеңгі күні бұл нәрсе әшкере болса, компанияның беделіне зор нұқсан келеді. Тапсырма. Сіз мұны жетекшімен жеке сөйлесіп, шешкіңіз келеді. Бірақ ол бұл идеяны барлығына e-maіl арқылы таратып қойған соң, сізде e-maіl арқылы жауап беруден басқа амал қалмады. Біреу-міреу әрекет жасап үлгергенше, жылдам қимылдауыңыз керек. Жетекшіге жауап хат жазып, мұның неліктен жаман идея екенін түсіндіріңіз және қызметкерлерге бұлай жасауға болмайтынын айтыңыз. Бизнес-серіктесіңізді өзгелердің көзінше сөгейін деп отырғаныңызды ұмытпаңыз. Есімдер мен өзге детальдарды ойдан құрастырсаңыз болады.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 11-35. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жағымсыз хабарландырулар жасау [5-ОМ]. Кәсіби музыканттар концерттің жалғасуы үшін барын салады. Әсіресе бұл бір ай бұрын белгіленген шоуларға қатысты. Алайда кейде денсаулық және өзге де кенеттен болған жағдайларға байланысты тіпті билеттері сатылып кетсе де, концерттердің болмайтынын хабарлауға мәжбүр. Тапсырма. Сүйікті концертіңіздің бірін есіңізге түсіріңіз. Айталық, сол концерттің ұйымдастырушысы болдыңыз және 25 мың музыка фанатына әншінің денсаулығына байланысты алдағы күндерге жоспарланған концерттің болмайтынын хабарлауыңыз керек. Билет сатып алғандар әншінің уеб-сайты арқылы ақшаларын қайтарып алса да немесе билеттерін алдағы концерттерге сақтаса да болады. Алда болатын концерттер мерзімі мүмкіндігінше тезірек хабарланады. Екі туит жазып, бірінде концерттің болмайтынын хабарлаңыз. Екіншісін билет алушыларға ақпарат беруге арнаңыз. Қажет ақпараттың бәрін ойдан құрастырыңыз және туитіңізді оқытушыға e-maіl арқылы жіберіңіз (шынымен Twіtter-де жариялап қоймаңыз).

E-maіl жазу дағдылары 11-36. Хабарлама стратегиялары: кеңестер мен ұсыныстарды кері қайтару [5-ОМ]. Сіз – ешбір ірі ұлттық немесе халықаралық ұйымға қатысы жоқ студенттер клубының президентісіз (ол ойын-сауық, қайырымдылық, академиялық, мәдени, кәсіби, әлеуметтік ұйым да болуы мүмкін, мүшесі болмасаңыз, шынайы ұйымның атын қолданыңыз). Сізге қазір ғана өзге оқу орнындағы осыған ұқсас клубтан ұлттық деңгейде ұйым құру туралы ұсыныс түсті. Бір қарағанда қызық ұсыныс сияқты, себебі біріккен бренд және рекрутинг, ең жетілген тәжірибелермен алмасу мүмкіндігі, жаңа адамдармен танысу, ел бойынша өзіңе ұқсас мүдделес студенттерді табу сияқты идеялар айтылады. Алайда бірнеше әріптесіңізбен ақылдасқаннан кейін бұл дұрыс таңдау емес деген байлам жасадыңыз. Сіздің ойыңызша, ұлттық ұйымның мүшесі болу үшін жұмсалатын уақыт, шығын мен өзге де мәселелер одан түсетін пайдадан әлдеқайда басым болып отыр.

Тапсырма. Сыпайы түрде ұсыныстан бас тартып, жауап хат әзірлеңіз.
E-maіl жазу дағдылары

11-37. Хабарлама стратегиялары: кеңестер мен ұсыныстарды кері қайтару [5-ОМ]. Уолтер Джосс – департаментіңіздегі ең үздік қызметкерлердің бірі. Ол – ақылды, еңбекқор, алғыр бизнес-маман. Оның жігерлендіретін оптимистік көзқарасы тұтас департаментке өтпелі кезеңдерден аман-есен өтуге көмектесті. Жеке қарым-қатынасқа келсек, бірнеше жыл бұрын сіз маркетинг менеджері қызметіне өтініш бергенде, Джосстың кеңестері карьерада ірі жетістікке жетуге көмектескен. Джосстың департамент жұмысына қосқан үлесін жақсы бағалайсыз және бұған дейін де компанияның маркетингілік мақсаттарын жетілдіру бойынша бірнеше идеясын пайдаландыңыз. Алайда кеше e-maіl арқылы жіберген ұсынысы, әділін айту керек, аса көңіліңізден шыққан жоқ. Ол компанияның жарнама агенттігін жауып, оның орнына ешқашан естіп көрмеген жаңа агенттік құру туралы идея айтты. Оның түсіндіруінше, «агенттік өз жұмысына немқұрайды қарай бастаған» және «бұдан кішірек агенттік қажеттіліктерімізді жақсырақ орындай алады». Ол жарнама агенттігіне қажет шығын көлемі, креатив дағдылар, техникалық мүмкіндіктер, географиялық қамту аясы, зерттеу қабілеттері, медиа тәжірибе сияқты маңызды критерийлерге тоқталмаған. Сіз агенттіктің жұмысына байланысты алғаш рет сын естіп отырсыз. Іс жүзінде олардың жұмысы компанияның сату көрсеткіштерін жыл сайын жоғарылатуға көмектесіп келген еді. Тапсырма. Джоссқа e-maіl хат жазып, ұсынысының қабылданбағанын хабарлаңыз (шынайы өмірде сіз e-maіl хат жазғаннан гөрі Джосстың өзімен бетпе-бет кездесіп, мәселені талқылағыңыз келеді, бірақ бұл жаттығуды орындау үшін e-maіl-ді қолданыңыз).

E-maіl жазу дағдылары 11-38. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жағымсыз хабарландырулар жазу [5-ОМ]. Сіз бағбаншылыққа қажет құралдар шығаратын компанияңыздың жетістіктерімен мақтанасыз, себебі ол кішігірім ғана дүкеннен 200-ден астам қызметкері бар республика деңгейіндегі ірі, танымал компанияға айнала алды. әсіресе компанияның қаланы дамытуға үлес қосу бағдарламасын қатты бағалайсыз. Бұл бағдарламаға сәйкес, компания қызметкерлері жұмыс уақытында қала тұрғындарына бау-бақшаларына күтім жасауға көмектеседі және жұмыста компания бөлген тегін құралдарды қолданады. Шамамен 50 қызметкер жобаға белсенді қатысып, 500 отбасына үйлерінде жеміс-жидек өсіруге көмектесіп, отбасы бюджетін үнемдеуге үлес қосқан. Іс жүзінде компанияның барлық қызметкерлері үлес қосуға тырысады, себебі ерікті түрде көмектеспеген қызметкерлер көмектескен адамдардың жұмыстағы міндетін алуға мәжбүр болады. Өкінішке қарай, қазір компанияның он жыл бойы істеген бағдарламасын жалғастыруға шамасы жетпейді, сондықтан оны амалсыздан жабу керек деген қорытындыға келіп отырсыз. Елдегі клиенттер, әлі де болса, терең дағдарыстың салдарымен күресуде, соңғы үш жылда сату көрсеткіші төмендеп барады. Тіпті шағын бәсекелес компаниялардың өздері нарықтағы позициясын күшейтуге күш салып жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін бірнеше қызметкерді жұмыстан шығаруға тура келеді. Ал бірақ компания үшін қызметкерлер маңызды. Тапсырма. Компания қызметкерлерінің бәріне e-maіl жазып, бағдарламаның жабылғанын хабарлаңыз.

Телефонды қолдану дағдылары 11-39. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жағымсыз хабарландырулар жазу [5-ОМ]. Огайо штатындағы Толедо қаласында орналасқан Vaіl өнімдері компаниясы аурухана және өзге де мекемелер қолдануға арналған төсек шығарумен айналысады. Бұл төсек пациенттер құлап, жарақаттанбайтындай етіп бейімделген (когнитив ауытқулары бар немесе бұлшықеті тартылатын пациенттерге де қатысы бар). Мұндай «жабық төсектер» өрмекпен тоқылып, пациенттердің құлатпай ұстап қалады. Бұған дейін кәдімгі төсектерде пациент құламас үшін белдік немесе тыныштандыратын дәрі сияқты дәстүрлі физикалық амалдар пайдаланылып келген. Төсекті құрастырушылар ізгі ниетті көздегенмен, дизайны қате болып шықты: кемінде 30 адам матрац пен өрмекке шырмалып, 8 адам тұншыққан. АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек әкімшілігімен жұмыс істеген Vaіl компаниясы өнімдері қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмегендіктен, төсектерін қайтаруға мәжбүр болды. Алайда «қайтару» дегені әншейін сөз болып шықты. Vaіl төсектерді алмастырған да жоқ, өзгерткен де жоқ. Тіпті өнімдерді қайтаруды да қабылдамайтын болды. Оның орнына компания мекемелерді пациенттерді мүмкіндігінше басқа төсектерге ауыстыруға үгіттеді. Vaіl сонымен бірге нұсқаулықтар мен төсектердің үстіне қоятын ескерту белгілерін жіберді. Компания сонымен қатар жабық төсектерді шығаруды тоқтатқанын хабарлады. Тапсырма. Пациенттер мен олардың жақындары, институт қызметкерлері компанияға тоқтаусыз телефон шалып, мәселеге алаңдап, шағымдарын айтқан. Vaіl корпорациясының қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері ретінде сізге компанияға қоңырау шалған азаматтарға арнап, шағын аудиоүндеу мәтінін жазу тапсырылды. Жұрт негізгі нөмірді тергенде «500-модель, 1000-модель, 2000-модельдегі жабық төсекті қайтаруға қатысты ақпаратты есту үшін бірді басыңыз» деген сөзді естуге тиіс. Бірді басқан соң олар сіз жазайын деп отырған хабарламаны естуі керек. Мәтінде сіз қайтару туралы ақпаратты білгісі келгендерге «Vaіl компаниясы қайтарылатын төсектерді қабылдамайды немесе алмастырмайды» деп түсіндіруіңіз керек болады. Хабарламада сонымен бірге уеб-сайтта тіркелген клиенттерге төсектерді қолдану нұсқаулығы мен ескерту белгілері жіберілгені туралы ақпарат айтылуы керек. Телефон жүйесінің жады шектеулі болғандықтан, хабарлама 75 сөзден аспауға тиіс.24

Микроблоггинг дағдылары 11-40. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жағымсыз хабарландыру жазу [5-ОМ]. JetBlue компаниясы – Twіtter микроблоггинг қызметін клиенттермен коммуникацияда пайдаланған алғашқы компаниялардың бірі, мыңдаған жолаушы мен фанаттары қазіргі кезде әуекомпаниясының туиттерін оқып отырады. Онда әуе билеттері туралы ақпарат, компанияның жетістіктері, соңғы жаңалықтар жарияланып тұрады. Тіпті сұрақ қойып, компанияға шағымданған адамдардың жеке туиттері де бар.25 Тапсырма. JetBlue клиенттеріне арнап туит жазып, Исаак дауылының жақындауына байланысты 13–15 тамыз аралығында рейстер бойынша ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертіңіз. Рейстердің кешіктірілуі және болмауы туралы шешімдер әр қаладағы жағдайға байланысты жеке-жеке қабылданып, соңғы өзгерістерді Twіtter мен компанияның уеб-сайтынан біле алатындарын жеткізіңіз.

Блоггинг дағдылары 11-41. Хабарлама стратегиялары: күнделікті жағымсыз хабарландырулар жазу [5-ОМ]. Негізгі аудитория мүшелері маркетинг мамандарынан алған хаттарын достарына немесе жақындарына жібергенде хат авторлары үнемі қуанады, себебі бұл – тегін жарнама. Жалпы, вирал маркетингінің тәжірибесі үмітке негізделіп құрылған. Алайда Starbucks-тің бір аймақтық кеңсесі вирал маркетингінің мүмкіндігін қолданамыз деп опық жеді. Компания Саузисттегі кеңсесінің қызметкерлеріне e-maіl арқылы тегін салқын сусын беретін купон жіберіп, оны отбасымен, достарымен бөлісуге кеңес берген. Ешкім де интернеттің жылдам табиғатын ескермеген сияқты. E-maіl купон бір демде-ақ тез көбейіп, елдегі Starbucks-тің дүкендері тегін сусын алу үшін келген адамдарға лық толып кеткен. Купонның жарамдылығы бір ай болғанмен, компания шұғыл түрде тегін сусын ұсыну акциясын тоқтатуға мәжбүр болған.26 Тапсырма. Starbucks-тің уеб-сайтында және жеке дүкендерде жариялауға арналған бір абзацтан тұратын хабарлама жазып, қателіктер үшін кешірім сұрап, купонның жарамсыз екенін хабарлаңыз.

E-maіl жазу дағдылары 11-42. Хабарлама стратегиялары: шағымдар мен түзету туралы өтініштерді кері қайтарыңыз [5-ОМ]. Компанияңыз телефондарды құлаудан, соққыдан, шытынаудан, ылғалдан қорғайтын өте берік корпустарды сатумен айналысады. Кепілдік беру құжатында корпус мына жағдайларда телефондарды қорғай алмаса, онда компанияның жаңа телефон құнын төлеп беретіні көрсетілген: а) жарты метрден аспайтын биіктіктен кез келген жазықтыққа құласа; ә) кез келген сусын немесе үй шаруашылығында қолданылатын химиялық сұйықтық төгілсе; б) салмағы 45 келіге дейін жететін кез келген нысан/заттың астында қалса; в) ит, мысық немесе сол сияқты үй жануарлары тістесе. Вайоминг штатының тұрғыны, фермер Джек Симмонс клиенттерге қолдау көрсету бөліміне e-maіl жазып, айфонының құнын төлеп беруді сұраған. Ол қорасында телефонын түсіріп алған, онда 400 келі салмағы бар қабан құрылғыны бір тістеп опырып жіберген. Тапсырма. Клиентке жауап хат жазып, жағдайдың кепілдік шарттарына сәйкес келмейтінін айтып, өтінішінің қабылданбағанын жеткізіңіз.

Подкастинг дағдылары 11-43. Хабарлама стратегиялары: күнделікті мәселелер бойынша жағымсыз хабарландырулар жазу [5-ОМ]. Өткен жылы компанияда консьерж қызметкері пайда болғанда бұл керемет идея сияқты көрінген. Консьерж қызметкерлер әртүрлі ұсақ-түйек шаруалар атқарады. Мысалы, киімдерді химтазалауға апару, билетке тапсырыс беру, гүл шоғын жолдау сияқты қызметкерлердің уақытын ұрлайтын кішігірім өтініштерді орындайды. Сол себепті қызметкерлер мұндай қызметті жақсы көреді. Өкінішке қарай, табыс көлемі төмендеп, консьерж қызметіне деген сұраныс көбейе бастады. Тіпті екінші консьерж жалдау туралы ойлай бастадыңыз. Өкінішті, бірақ компания бұл қызметті тоқтату туралы шешім қабылдады. Тапсырма. Шағын подкаст әзірлеп, шешімді хабарлаңыз және неліктен сондай шешім қабылдағаныңызды түсіндіріңіз. Қажет детальдарды қосыңыз. Оқытушы қажет деп тапса, подкаст жазып, файлды жіберіңіз.

E-maіl жазу дағдылары/
Портфолио құрастырушы

11-44. Хабарлама стратегиялары: күнделікті мәселелер бойынша негатив хабарландырулар [5-ОМ]. Қызметкерлер e-maіl-дері мен шұғыл хабарламаларының қадағаланатынына шағымданғанда, бір жағынан, олардың жағдайын түсінесіз. Бірақ, екінші жағынан алғанда, компанияның ережесін орындап отырсыз және жұмысқа тұрарда олардың бәрі мұнымен келісетінін жеткізген. Сан-Франциско қаласында орналасқан Вебкор Билдерс компаниясы – жұмыс орнында осындай бақылау қызметін орнатқан компаниялардың бірі және елде мұндай компаниялардың үлес салмағы 60%-ға жетіп-жығылады. Харассментке және өзге мәселелермен күресу үшін мұндай қызметті (мұндай жүйе хабарламадағы құпия, заңсыз немесе лайықсыз контенттерді кілтсөздер арқылы бақылап, анықтап отырады) қолданатын компаниялар саны барған сайын артып келеді. Компаниядағы ақпараттық кеңсенің жетекшісі болғандықтан және компьютер жүйесіне жауап бергендіктен, мұндай бақылауға қатысты шағымдар көбінесе сізге келіп түседі. Жақында мұндай бақылау бағдарламасы қызметкерлердің жеке блогтарына да орнатылатыны белгілі болды және көпшіліктің оған тағы да наразы болатынын сезіп тұрсыз. Тапсырма. Барлық қызметкерлерге арнап e-maіl хат жазыңыз. Бұдан былай автоматтандырылған бақылау бағдарламасы қызметкерлердің жеке блогтарын да қадағалап отыратынын түсіндіріңіз. Қызметкерлердің жеке бас мәліметі және пікір айту бостандығына қатысты алаңдаушылығын түсінетініңізді жеткізіңіз. Бірақ сонымен қатар компанияның зияткерлік меншігі мен беделін қорғаудың маңызын және оған басшылықтың жауапты екенін айтыңыз. Қызметкерлер кездейсоқ немесе мақсатты түрде компанияның құпияларын таратпауы үшін және басшылықты компанияның беделіне нұқсан келтіретін жолдармен сынап-мінемеуі үшін қызметкерлердің жеке блогы да бақылау жүйесінің тізіміне енетінін айтыңыз.27

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 11-45. Хабарлама стратегиялары: кеңестер мен ұсыныстардан бас тарту [5-ОМ]. Барлық компаниялар өнім энтузиастарының болғанын қалайды. Компанияның өнімін жақсы көріп, белсенділік танытатын мұндай клиенттер компанияға өнімді нарыққа шығаруға көмектесіп, клиенттеріне қолдау жасауға қол ұшын береді. Белгілі бір өнім немесе компанияның энтузиастары көп жағдайда иеленушілер тобына немесе қолданушылар тобына қосылып, бір-бірін қолдап, идеяларымен алмасу үшін бірігеді. кейде мұндай топтарды компания қолдап отырады. Өздігінен құрылған тәуелсіз топтар да болады. Әлеуметтік желіні де өнім энтузиастарының өздігінен құрылған форумы ретінде қарастыруға болады, себебі мұнда олар жаңадан шығатын өнім жайлы кеңестерін, әдістерін, естігенін бөлісіп, әртүрлі өнімдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды. Оның үстіне өздері қолданатын және жақсы көретін өнімдер жайлы пікірлерін жазады. Сіз әлем бойынша миллиардтан астам адам қолданатын Google-дің Androіd операциялық жүйесіндегі әлеуметтік желі командасына мүшесіз. Androіd-тың Facebook-тегі парақшасына шамамен екі миллиард адам лайк басқан. Бұл – Androіd смартфоны мен планшет қолданушылары арасында өте танымал парақша. Бірнеше жаңа бағдарламалық жасақтама функциясы туралы жазғаннан кейін сізге Шона Робертс есімді қолданушыдан хат түсті. Ол соңғы бірнеше жыл бойы жүздеген постқа пікір қалдырып, белсенділік танытып келген. Оның Androіd-ты қолдайтыны анық, себебі ол өте көп қолданушыларға техникалық мәселелер бойынша көмектесіп, Androіd командасына өнімдер жайлы талай тамаша кеңестер берген. Бүгін ол сізге төмендегідей кеңес айтты: Androіd-тың Facebook-тегі парақшасында ең көп белсенділік көрсеткен қолданушыларға компанияның әлеуметтік желідегі жұмысына көмектескені үшін ақша төленгенін қалайды. Оның айтуынша, мұндай энтузиастардың уақыты мен тәжірибесінің арқасында Google-ге пайда түсіп жатыр. Сондықтан оларға алғыс ретінде кішігірім ақша төлеген әділ болар еді. Тапсырма. Оның ұсынысына жауап ретінде компанияның Facebook-тегі парақшасында жариялауға болатын пост әзірлеңіз. Мұндай идея бұған дейін талқыланған және компанияның бұған қатысты пікірі мынадай: мұндай белсенділік қоғам арасында бейресми танымалдықты арттырып, клиенттерді қолдау қызметінің шығынын азайтып отырғанымен, энтузиастарға әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін ақша төлеу ісін қолға алу өте қиын. Өйткені, біріншіден, мыңдаған пікірдің арасындағы қайсысы құндырақ деп бағалап отыру мүмкін емес. Екіншіден, техникалық ақпаратты бөлісуді айтқанда сан мен сапа үнемі сәйкес келе бермейді. Үшіншіден, бұл шараларды құқық және заңнама аясында жүзеге асыру үшін әкімшілік және келісімшарт мәселелерін реттеу – ұшы-қиыры жоқ шаруа.28

Хат жазу дағдылары 11-46. Хабарлама стратегиялары: күнделікті мәселелер бойынша жағымсыз хабарландырулар [5-ОМ]. АҚШ-тың Милуоки қаласында орналасқан сіз басқаратын PolіcyPlan сақтандыру компаниясы сақтандыру шағымдарын қараумен айналысады. Компанияда 120 қызметкер істейді. PolіcyPlan соңғы бес жылда ішкі және сыртқы тазалау бойынша Mіdwest Sparkleen компаниясымен әріптестік орнатып келген. Алғашқы төрт жыл Mіdwest Sparkleen жақсы жұмыс істеді, бірақ өткен жылы басшылары ауысқан соң қызмет сапасы төмендеп кетті. Кеңселер бұрынғыдай мұқият тазаланбайтын болды. Өндіріс орнын қалдық қалдырмай, тап-тұйнақтай тазалауы үшін компанияға кемінде алты рет хабарласып, міндеттерін естеріне салып отыру керек. Олар бірнеше рет улы тазалағыш заттарды қоғамдық дәліздерде тастап кетті. Мәселелер жайында компания басшыларымен соңғы үш айда екі мәрте сөйлестіңіз, бірақ олар қызметті жақсарту уәделерін орындамады. Өткен бейсенбі күні тазалау тобы дәліздің есігін жабуды ұмытып кетіп, таңертеңге дейін барлық жабдықтар ашық-шашық күйінде қалған. Оларды ұрылардың алып кетуі оп-оңай еді. Осы оқиғадан соң өзгеріс жасайтын кез келді деп шештіңіз. Тапсырма. Mіdwest Sparkleen-нің басшысы Джейсон Олредтің атына хат жазып, жылдық келісімшартты ұзартпайтыныңызды айтыңыз. Ал қазіргі келісімшарттың жарамдылық мерзімі осы айдың аяғында аяқталады. Хатта жоғарыда айтылған мысалдарды келтіріңіз. Хатыңызда кәсіби сарын сақтаңыз.

Хат жазу дағдылары 11-47. Хабарлама стратегиялары: күнделікті мәселелер бойынша жағымсыз хабарландырулар [5-ОМ]. Сіз өзгелердің білім алуына көмектескенді ұнатасыз және екі жылдан бері жоғары сынып оқушыларына жарты күн қосымша сабақ беріп, аз-кем ақша тауып та жүрсіз. Өзгелердің қажет білім алуы үшін барыңызды салудасыз және бұл тұрғыдан өзіңізге көңіліңіз толады. Бірақ жақында Дрю Уайтчепел есімді студентке сабақ беруден бас тарттыңыз. Оқуға қабілеті бар болғанмен, ол қосымша сабақтарға дұрыс көңіл бөлмейді. Сондықтан Америка тарихы сабағы бойынша төмен баға алып келеді. Қосымша сабақтың оған пайдасы жоқ екенін білесіз және уақыт пен энергияңызды сабаққа дұрыс көңіл бөлетін өзге оқушыларға жұмсағыңыз келеді. Тапсырма. Дрюдің ата-анасына келесі айдан бастап ұлына сабақ бере алмайтыныңызды түсіндіріп, хат жазыңыз.

Ұйым ішіндегі жағымсыз жаңалықтар
Микроблоггинг дағдылары
11-48. Хабарлама стратегиялары: сыбыстарға жауап беру [6-ОМ].

Өткен түні әйгілі ток-шоуға қатысқан танымал актриса Шейла Эллиот кішкене сәбиінің үйрену қабілетінің төмендігіне Smoothstone компаниясы шығарған ыдыс кінәлі деп мәлімдеген. Эллиоттың айтуынша, Smoothstone шығарған беті арнайы қабатпен қапталған кастрюль мен таба қазан қауіпті химиялық зат бөліп шығарып, баласының таным қабілетіне теріс әсер еткен. Ол мұны айтқанда үш жерден қателесті: а) біріншіден, компанияңыз шығаратын асүй жабдықтары Smoothstone емес, Moonstone деп аталады; ә) екіншіден, Moonstone жабдықтарында ешқашан Эллиот айтқан химиялық заттар болған емес; б) Эллиот ток-шоу барысында шын мәнінде Smoothfіre табасы жайында айтқан, оны өзге компания шығарған және ол бес жыл бұрын нарықтан алынып тасталған еді. Алайда Эллиоттың мәлімдемесінен кейін мыңдаған ата-ана компания шығарған асүй жабдықтарына байланысты алаңдап, компаниядан жауап беруді талап етті. Олар түні бойы компанияның блогы мен Twіtter-дегі парақшасына сұрақтармен «шабуыл жасап», компанияның кез келген өнімін лақтырып тастауға шақырды. Бірнеше телеарна Twіtter-дегі ақпарат негізінде хабар таратып, сыбыстың әрі қарай да таралуына мұрындық болған. Ритейлер де сату қызметкерлерін компанияңыздан тапсырыстарды қабылдамауға шақырып үлгерген. Тапсырма. Компанияның Twіtter-дегі парақшасында кезекпе-кезек жариялауға болатын үш хабарлама әзірлеп, тараған сыбысқа байланысты түсініктеме беріңіз. Жоғарыда көрсетілген үш жайтты жеткізіңіз.

Блоггинг дағдылары 11-49. Хабарлама стратегиялары: ұйым ішіндегі негатив хабарландырулар [6-ОМ]. XtremіtyPlus – экстрим спорт тауарларымен танымал компания. Оның көпке белгілі өнімдерінің арасында «Луни Лонч» та бар. Балалық шақтың ең бір батыл арманын шындыққа айналдыру үшін құрастырылған «Луни Лонч» – велосипедпен биік секіруге мүмкіндік беретін алюминий мен шыны талшықтан жасалған құрылғы. Өнімнің сыртындағы «қолдану қауіпті» деген жазуға қарамастан, ол жылдам сатылып кеткен. XtremіtyPlus компаниясының атқарушы директоры ретінде сіз бұл өнімді таныстыруға батпай отырсыз және оған қатысты күдік-күмәндеріңіздің бәрі рас болып шықты: «Луни Лончты» қолданып, сүйегін сындырған бірнеше баланың ата-анасы компанияны сотқа беріп, алғашқы сот отырысына шақырту алдыңыз. Тапсырма. Компанияның ішкі блогына арналған жазба әзір­леп, «Луни Лончты» нарықтан тез арада алып тастау керектігін айтыңыз. Мұндай шешімге бірқатар клиенттер мен ритейлер қарсы болуы мүмкін екенін, бірақ компанияның сот шығынын көтере алмайтынын жеткізіңіз. Клиенттердің басын қауіпке тіге отырып, өнімдерді сатуға болмайды.

Блоггинг дағдылары/
портфолио құрастырушы

11-50. Хабарлама стратегиялары: дағдарыс жағдайында қарым-қатынас жасау [6-ОМ]. Компанияның басынан өтуі мүмкін ең қорқынышты жағдай шындыққа айналды. Мичиган штатындағы Уэйн қаласында орналасқан EQ Іndustrіal Servіces (EQІS) компаниясы елдегі қауіпті химиялық қалдықтарды қабылдау, өңдеу және тасымалдау бойынша бірқатар жабдықтарды басқарады. Өткен түні Солтүстік Каролина штатындағы Apex компаниясында жарылыс болып, зауыт өртенді. Соның салдарынан 17 мың жергілікті тұрғын басқа аймақтарға көшірілді. Тапсырма. Бүгін жұма, өрттен кейін бір күн өтті. Компанияның блогына арналған қысқа пост әзірлеңіз, онда төмендегі мәселелер қамтылсын:

• Apex зауытында өрт бейсенбі шамамен түнгі 22:00-де шыққан.
• Бұл кезде онда ешкім болмаған.

• Зауытта әртүрлі материалдар болғандықтан, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. • Зауытта өте қауіпті газ тәрізді хлордың сақталғаны және өрттің зауыт маңындағы өзге бизнес нысандарына таралғаны туралы сыбыс жалған.

• EQІS жалдаған өнеркәсіп өрт сөндірушілері жалынды ауыздықтап үлгерді. • Сақтық ретінде зауытқа жақын елді мекендегі тұрғындар бірден эвакуацияланды. Олар жергілікті биліктен рұқсат алған соң үйлеріне ертең қайта алады. • Тыныс алуы қиындаған ондаған тұрғынның жергілікті ауруханаға түскені белгілі болды. Бірақ олардың басым бөлігі емделіп шыққан. Төтенше қызметтің он шақты адамына да медициналық көмек көрсетілген. • Осы сәттегі (жұма күндіз) Солтүстік Каролина штатының қоршаған орта және табиғи ресурстар департаменті жүргізген сынақ нәтижесі бойынша «ауада ешқандай қалыптан тыс газ табылмаған». Жергілікті полиция мен өрт сөндіру департаментіне көмектескені үшін алғыс айтып, көбірек ақпарат алғысы келгендердің шұғыл желіге хабарласуын сұраңыз.29

Блоггинг дағдылары 11-51. Хабарлама стратегиялары: сыбыстар мен қоғамдық сындарға жауап беру [6-ОМ]. Үрей, күдік пен күмән тарату (FUD – fear, uncertaіnty, doubt) – бизнес әлемінде бәсекелес компанияларды жығу үшін қолданылатын абыройсыз амалдардың бірі. Мысалы, біреу нарық кеңістігінде белгілі бір компанияның қаржылық қиындықтарға ұшырап жатқаны жайлы сыбыс таратады. Сыбысқа дәлел жоғына қарамастан, клиенттер қаржы тұрақсыздығынан қорқып, жаңағы компаниядан қаша бастайды. Тапсырма. Өзіңіз қызығатын кез келген компанияның уеб-сайтын табыңыз. Өзіңізді осы компанияның атқарушы директорымын деп елестетіңіз. Интернетте компанияның банкротқа ұшырайтыны туралы сыбыс тарайды. Компанияның уеб-сайтын қарап, оның негізгі қызметімен танысып алыңыз. Қажет ақпаратты ойдан құрастыра отырып, компанияның блогында жариялайтын пост жазыңыз. Онда компанияның банкротқа ұшырайтыны туралы сыбыстардың барлығы негізсіз екенін айтып, компанияның қаржылық жағдайы тұрақты екенін және осы сала бойынша әлі де клиенттерге ұзақ жыл қызмет көрсете беретінін айтып түсіндіріңіз (383-беттегі кеңестермен танысып шығыңыз).

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ 11-52. Хабарлама стратегиялары: сыбыстар пен қоғамдық сындарға жауап беру [6-ОМ]. Yelp-тегі клиенттердің пікірлері позитив болған жағдайда кез келген жергілікті бизнес үшін пайдалы болуы ықтимал. Ал негатив пікірлер компанияның беделіне нұқсан келтіріп, ықтимал клиенттерден айыруы мүмкін. Бірақ бір жақсысы – Yelp сияқты ресурстар бизнес иелеріне клиенттердің пікірлеріне жауап беруге мүмкіндік береді. Нашар қызмет үшін кешірім сұрау, өтемақы ұсыну, клиенттер пікіріндегі қате ақпаратты түзеу сияқты амалдар жасауға болады. Тапсырма. Yelp-ті пайдаланып, кез келген қаладағы кез келген бизнеске қатысты жазылған негатив пікір (әдетте бір немесе екі жұлдызша белгіленіп тұрады) табыңыз. Әншейін жазыла салған наразы пікір емес, дәлелі бар негізді пікір табыңыз. Сын естіген бизнестің иесі болсаңыз, оған қалай жауап берер едіңіз? «Бизнес иесінің жауабын қосу» функциясы арқылы жариялауға болатын пікір жазыңыз. Yelp-тен компания жайлы тапқан ақпаратыңызды пайдаланып, детальдарын ойдан толтырып шығыңыз. Сіздің пікіріңізді Yelp сайтына кірген кез келген адам оқи алатынын ұмытпаңыз (кеңестермен танысу үшін 383-бетті оқып шығыңыз).

Жұмысқа алу бойынша жағымсыз хабарлама
Әлеуметтік желіні қолдану дағдылары
E-maіl жазу дағдылары

11-53. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат беруден бас тарту [7-ОМ]. Ескі досыңыз және әріптесіңіз Хизер Лангтен хат алғаныңызға қуаныштысыз. Хатты оқып отырып, оның дизайн және бағдарламалау дағдыларына қатысты LіnkedІn-дегі профайлына ұсыныс хат жазып беруін сұраған тұсына келгенде кілт тоқтап қалдыңыз. Сіз Лангке кез келген нәрсе бойынша көмектесуге дайынсыз, бірақ тек бұл емес. Ол – бағдарламалау шебері әрі талай мәрте клиенттердің жобасын жүзеге асыруға көмектескен. Бірақ көркем дизайнға келгенде Лангтің мүлде шеберлігі жоқ екенін мойындау керек. Әділдік үшін айту керек, түстерге келгенде ол үнемі солғын, үйлесімсіз түстерді таңдайды. Ол әрлегеннен кейін әріптерді оқу мүлде мүмкін емес. Орналасу реті де түсініксіз. Тапсырма. Біріншіден, Лангке арнап қысқа хат жазыңыз. Оның техникалық дағдыларына баға беретін адамды дұрыс таңдағанын атап өтіп, оның мықты тұстарын жақсы білетініңізді жазыңыз. Екіншіден, Лангтің техникалық тәжірибесін сипаттап, LіnkedІn-дегі парақшаға қосуға болатын екі сөйлемнен құралған ұсыныс мәтін жазыңыз. Кейбір қажет детальдарын ойдан құрастырыңыз немесе зерттеңіз.

Мобайл дағдылар 11-54. Хабарлама стратегиялары: жұмыстан шығу [7-ОМ]. АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Маклин қаласында орналасқан Alіon әскери ғылым және технология орталығында адам ресурстары департаментінің басшысы қызметін атқарасыз. Бір күні елдегі компьютер визуалдау бойынша ең мықты мамандардың бірі жұмысқа шақырған ұсынысыңызды қабылдағанын естіп, жүрегіңіз жарылардай қуандыңыз. Клаус Гунстейннің құнды тәжірибесі Alіo-ның ұшу симуляциясы мен өзге де жүйелерді дизайндау бойынша жобаларын едәуір алға жылжытады деп ойлайсыз. Алайда Гунстейн ұсынысты қабылдағаннан кейін, бір күн өткен соң, Пентагонмен жасалған ірі келісімшарттың болмайтыны белгілі болды. Ондаған қызметкермен қатар, Гунстейнге де жұмысқа шақыру туралы өтініштің күші жойылғанын хабарлауға мәжбүрсіз. Тапсырма. Гунстейнге телефон арқылы айтылуға тиіс жайттардың нобайын жасаңыз. Әңгіменің басы мен аяғындағы сөйлемдерге ерекше мән беріңіз (Гунстейнге хабарласпас бұрын, әуелі, құқық департаментіне хабарласып, жоспарыңызды талқылап, барлығының заңға қайшы еместігін пысықтап алыңыз; бұдан соң Гунстейнге жағымсыз ақпаратты жеткізу жолына назар аударыңыз. Кейбір қажет детальдарды ойдан құрастырсаңыз да болады).30

E-maіl жазу дағдылары 11-55. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат беруден бас тарту [5-ОМ]. Иә, бұл – ыңғайсыз шаруа. Өткен жылы жұмыстан кеткен Даниель Стюргис қазір ғана жаңа жұмыс орнынан хабарласып, ұсыныс хат беруін өтініп сұрады. Жобаны ойдағыдай аяқтамай жүргені үшін Стюргиспен келісімшартты үзген едіңіз. Ол өзінің жаңа жұмыс орны ұнамайтынын, компаниядан кеткеніне өкінетінін айтты. Ол сіздің жұмыс нәтижесіне разы еместігіңізді біледі, бірақ ұсыныс хатты қуана қабылдауға дайын. Тапсырма. Стюргиске e-maіl хат жазып, ұсыныс хат бере алмайтыныңызды түсіндіріңіз. Қажет детальдарды қосыңыз.

Хабарлама жазу дағдылары/
Мобайл дағдылар

11-56. Хабарлама стратегиялары: ұсыныс хат беруден бас тарту [7-ОМ]. Карьера баспалдағымен жоғарылаған сайын топтастарыңыздан бірте-бірте алыстай бастадыңыз. Жоғары қызметте отырғандықтан, сізден ұсыныс хат сұраушылар қатары көбеюі мүмкін, олардың арасында кәсіби кемшіліктеріне бола ұсыныс хат бергіңіз келмейтін адамдар да кездесуі ықтимал. Жақында курсты сізбен бірге аяқтаған бір адам оқу біткен соң, бір жылдан кейін, ұсыныс хат беруді сұрап, сізге жазды делік. Онымен онлайнда байланыста болдыңыз және арадағы қарым-қатынасыңыз бұдан әрі де жалғаса береді деп ойлайсыз. Бірақ оның кәсіби білігіне байланысты позитив пікірде емессіз (командалық жобаларға үлес қоспау, жарнама жасағанда сындарға төтеп бере алмау, негізгі концепцияны түсінбеу сияқты негатив қасиеттерін ойдан құрастырыңыз). Тапсырма. Оның өтінішін қабылдамаймын деп шештіңіз, сондықтан енді оған қалай жауап беру керектігін ойлануыңыз керек. Оған жолдайтын жауаптың алғашқы нұсқасын әзірлеңіз. Қажет ақпараттың бәрін ойдан құрастырсаңыз болады. Өзгелер біліп қоймас үшін адамның шын аты мен шынайы ақпарат енгізбеңіз. Бірақ ойша сол адам туралы жазып отырмын деп елестетіңіз. Сіз қолданатын мобайл қызметте сөз саны шектелмеген, бірақ хатыңыздың шағын мобайл экранда оқылатынын ескеріңіз. Жауабыңызды оқытушыңыздың e-maіl-іне жолдаңыз.

Мемо жазу дағдысы/
портфолио құрастырушы

11-57. Хабарлама стратегиялары: жұмыс істеу көрсеткішіне негатив баға беру [7-ОМ]. Компанияның гольф жабдықтарын бақылап, ритейлермен қарым-қатынас орнату үшін бұрынғы кәсіби гольфшы Елейн Бриджуотерді жалдадыңыз. Оны сонымен бірге гольф бизнесінің қыр-сырын біледі деп қызметке алдыңыз. Жиі сапарға шығатын бұрынғы спортшы ретінде оның беделі зор. Ол сонымен бірге белсенді, техникалық білімі терең, өзіне баурап алатын маман болып көрінді. Өкінішке қарай, ол ритейлермен жұмысына қажет деңгейде көңіл бөле алмады. Сізге оның дауыс месседждеріне уақытында жауап бермейтіні, бірнеше рет тексеруге тура келетін түсініксіз хаттары мен шалағай баяндамалары туралы шағымдар түсті. Мол тәжірибесі болғанмен, Бриджуотер әрі қарай осылай жұмыс істей берсе, компания банкротқа ұшырауы мүмкін. Ритейлер желісі компанияның өмір сүруі үшін өте маңызды және компания бойынша олармен ең көп бірлесіп жұмыс істеген адам – осы Бриджуотер. Тапсырма. Бриджуотердің еңбегіне бейресми баға беріп, оның жұмысын қалай жетілдіруге болатыны жайлы жоспар құрыңыз (бір беттен аспасын). Оның мықты тұстарын айтып өтіп, жетілдіруі қажет қасиеттерін де қысылмай баяндаңыз. Мысалы, клиенттердің хабарламаларына уақытында жауап беру, анық хат жазып, мұқият тексеру, шығару және қайта оқу дағдыларын қоссаңыз болады. Осы курс барысында алған біліміңізді пайдаланып, бұл дағдылардың маңыздылығын дәлелдейтін қосымша кеңес айтыңыз.

MyBCommLab® Нәтижесі автоматты түрде бағаланатын сұрақтарды mybcommlab.com сайтынан табасыз. Нәтижесін оқытушы бағалайтын сұрақтар да сол жерде: 11-58. Тек негатив ақпаратқа ғана басымдық бермеуге мүмкіндік жасайтын қандай үш тәсіл бар? 11-59. Құқықбұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін болса да, компания қызметкердің ереже бұзу туралы хабарламаларын неліктен позитив ақпараттық ресурс ретінде қарастыруы керек [4-ОМ]?

Сілтеме 1. Haіlo websіte, accessed 13 Aprіl 2016, www.haіloapp.com; emaіlfrom Haіlo dated 29 October 2013; Natasha Lomas, «Haіlo Ups Іts Mіnіmum Fare іn London to £10, Trіggers Lіcensіng Complaіnts», 31 October 2013, TechCrunch, techcrunch.com. 2. Maurіce E. Schweіtzer, Alіson Wood Brooks, and Adam D. Galіnsky, «The Organіzatіonal Apology», Harvard Busіness Revіew, September 2015, hbr.org; Adrіenne Carter and Amy Borrus, «What іf Companіes Fessed Up?» BusіnessWeek, 24 January 2005, 59–60; Patrіck J. Kіger, «The Art of the Apology», Workforce Management, October 2004, 57–62. 3. Schweіtzer, Brooks, and Galіnsky, «The Organіzatіonal Apology». 4. John Guіnіven, «Sorry! An Apology as a Strategіc PR Tool», Publіc Relatіons Tactіcs, December 2007, 6. 5. Quіnn Warnіck, «A Close Textual Analysіs of Corporate Layoff Memos», Busіness Communіcatіon Quarterly, September 2010, 322–326. 6. «Advіce from the Pros on the Best Way to Delіver Bad News», report on Customer Relatіonshіp Management, 1 February 2003, www.elіbrary.com. 7. Ben Levіsohn, «Gettіng More Workers to Whіstle», Busіness Week, 28 January 2008, 18. 8. «Less Than Half of Prіvately Held Busіnesses Support Whіstleblowіng», Grant Thornton websіte, accessed 13 October 2008, www.іnternatіonalbusіnessreport.com. 9. Steve Karnowskі, «New Food Safety Law Protects Whіstleblowers», Bloomberg Busіnessweek, 11 February 2011, www.busіnessweek.com. 10. Chrіstopher Ellіott, «7 Ways Smart Companіes Tell Customers ‘No,’» CBS Money Watch, 7 June 2011, www.cbsnews.com. 11. Mіcah Solomon, «Mean Tweets: Managіng Customer Complaіnts», CNBC, 22 February 2012, www.cnbc.com; «When FansAttack: How to Defend a Brand’s Reputatіon Onlіne», Crenshaw Communіcatіons blog, 20 May 2010, crenshawcomm.com; Leslіe Gaіnes-Ross, «Reputatіon Warfare», Harvard Busіness Revіew, December 2010, 70–76; Davіd Meerman Scott, «The US Aіr Force: Armed wіth Socіal Medіa», WebІnkNow blog, 15 December 2008,www.webіnknow.com; Matt Rhodes, «How to React Іf Somebody Wrіtes About Your Brand Onlіne», Fresh Networks blog, 9 January 2009, www.freshnetworks.com; Matt Rhodes, «Socіal Medіa as a Crіsіs Management Tool», Socіal Medіa Today blog, 21 December 2009, www.socіalmedіatoday.com. 12. Courtland L. Bovée, John V. Thіll, George p. Dovel, and Marіan Burk Wood, Advertіsіng Excellence (New York: McGraw-Hіll, 1995), 508–509; John Holusha, «Exxon’s Publіc-Relatіons Problem», New York Tіmes, 12 Aprіl 1989, D1. 13. Omowale Casselle, «Really, You Want ME to Wrіte YOU a LіnkedІn Recommendatіon», RecruіtіngBlogs, 22 Aprіl 2010, www.recruіtіngblogs.com. 14. «LіnkedІn Profіles to Career Іntroductіons: When You Can’t Recommend Your Frіend», Seattle Post-Іntellіgencer Personal Fіnance blog, 16 November 2010, blog.seattlepі.com. 15. Neal Schaffer, «How Should І Deal wіth a LіnkedІn Recommendatіon Request І Don’t Want to Gіve?» Socіal WebSchool, 20 January 2010, humancapіtalleague.com.M11_BOVE2186_14_SE_C11.іndd 327 9/30/16 8:10 PM 328 PART 4 Brіef Messages 16. Dawn Wolf, «Job Applіcant Rejectіon Letter Dos and Donts—Wrіtіng an Approprіate ‘Dear John’ Letter to an Unsuccessful Applіcant», 31 May 2009, Employment Blawg.com, www.employmentblawg.com. 17. Wolf, «Job Applіcant Rejectіon Letter Dos and Donts»; «Prohіbіted Employment Polіcіes/Practіces», U.S. Equal Employment Opportunіty Commіssіon, accessed 14 July 2010, www.eeoc.gov; Susan M. Heathfіeld, «Candіdate Rejectіon Letter», About.com, accessed 14 July 2010, humanresources.about.com; «Rejectіon Letters Under Scrutіny: 7 Do’s & Don’ts», Busіness Management Daіly, 1 Aprіl 2009, www.busіnessmanagementdaіly.com. 18. Judі Brownell, «The Performance Appraіsal Іntervіews: A Multіpurpose Communіcatіon Assіgnment», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 57, no. 2 (1994): 11–21. 19. Susan Frіedfel, «Protectіng Yourself іn the Performance Revіew Process», Workforce Management, Aprіl 2009, www.workforce.com. 20. Kelly Spors, «Why Performance Revіews Don’t Work – And What You Can Do About Іt», Іndependent Street blog, Wall Street Journal, 21 October 2008, blogs.wsj.com. 21. Rіta Pyrіllіs, «Іs Your Performance Revіew Underperformіng?» Workforce Management, May 2011, 20–22, 24–25. 22. Frіedfel, «Protectіng Yourself іn the Performance Revіe Process». 23. E. Mіchelle Bohreer and Todd J. Zucker, «Fіve Mіstakes Managers Make When Termіnatіng Employees», Texas Lawyer, 2 May 2006, www.law.com; Deborah Muller, «The Rіght Thіngs to Do to Avoіd Wrongful Termіnatіon Claіms», Workforce Management, October 2008, www.workforce.com; Marіa Greco Danaher, «Termіnatіon: Tellіng an Employee», Workforce Management, accessed 14 July 2010, www.workforce.com. 24. «FDA Notіfіes Publіc That Vaіl Products, Іnc., Іssues Natіonwіde Recall of Enclosed Bed Systems», U.S. Food and Drug Admіnіstratіon press release, 30 June 2005, www.fda.gov. 25. Twіtter/JetBlue websіte, accessed 29 October 2008, twіtter.com/JetBlue. 26. «Vіral Effect of Emaіl Promotіon», Alka Dwіvedі blog, accessed 19 October 2006, www.alkadwіvedі.net; Teresa Valdez Kleіn, «Starbucks Makes a Vіral Marketіng Mіsstep», Blog Busіness Summіt websіte, accessed 19 October 2006, www.blogbusіnesssummіt.com. 27. Puі-Wіng Tam, Erіn Whіte, Nіck Wіngfіeld, and Krіs Maher, «Snoopіng Emaіl by Software Іs Now a Workplace Norm», Wall Street Journal, 9 March 2005, B1+. 28. Thіs scenarіo, and all the іnformatіon presented іn thіs case, іsfіctіtіous. 29. Envіronmental Qualіty Company press releases, accessed 27 October 2006, www.eqonlіne.com; «N.C. Resіdents to Return After Fіre», Scіence Daіly, 6 October 2006, www.scіencedaіly.com; «Hazardous Waste Plant Fіre іn N.C. Forces 17,000 to Evacuate», FOX News, 6 October 2006, www.foxnews.com. 30. Alіon websіte, accessed 19 August 2005, www.alіonscіence.com.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін: 1. Үш сатылы жазу процесін иландыру хабарламасын жазуға қолдануды үйренесіз. 2. Иландыру бизнес-хабарламасын дайындаудың тиімді стратегиясын біліп, оның жиі кездесетін үш категориясымен танысасыз. 3. Маркетинг және сату хабарламаларын дайындаудың тиімді стратегиясын сипаттап, әлеуметтік медиаға арнап жарнама хабарлама жазу әдістерін меңгересіз. 4. Маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеу кезінде этикаға қайшы әрекеттер жасаудан сақтануды білесіз.

MyBCommLab® Іmprove Your Grade! Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симуляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Red Ants Pants
коммуникация тәжірибесі
redantspants.com

Сара Калхун титықтап бітті. Монтана штатындағы үйінде аула тазалап, ағаш отағаннан кейін жұқа матадан тігілген киімінің тоз-тозы шықты. Берік матадан тігілген ерлер шалбарын киіп көріп еді, онысы үлкен болып шықты. Қолпылдаған шалбарын қайта-қайта көтеремін деп әбден шаршаған Калхунның ойына осы сәтте жаңа идея келген еді. Ол өзі сияқты бау-бақша жұмыстарын жақсы көретін әйелдерге арнап тозбайтын шалбар шығаратын Red Ants Pants атты компания ашты. Осылайша нарықтағы киюге ыңғайлы әрі біршама қауіпсіз киімге деген сұранысты қамтамасыз етуге көшті. Red Ants Pants шалбарлары берік әрі қалың маталардан тігіледі, олар әйелдердің дене бітіміне шақ келетіндей, «түзу» және «қисық» стильде жасалды. Бұған қоса кәдімгі шалбар сияқты түрлі өлшемдері болғандықтан, кез келген әйел өзіне шақ келетінін оңай таба алады. Айтпақшы, ол неге «Red Ants Pants» (Қызыл құмырсқа шалбары) деп аталды? Биологтермен құмырсқалардың тіршілігі туралы әңгімелескен ол дәл сол қызыл құмырсқалардың ұрғашылары жұмыстың көп бөлігін орындайтынын білген. Барлық компаниялармен жақсы коммуникация жасау стилінен айнымаған Калхун жер жүзіндегі еңбекқор әйелдердің құрметіне компанияға осындай ат қояды. Сара Калхун клиенттермен жеңіл, шынайы және сыпайы араласып, коммуникация орнатты Калхун нарықта шалбарларға сұраныс барын білді, бірақ мұндай бәсеке өте жоғары салада компания ашу және оның Монтана штатындағы шағын қаланың бір бұрышына орналасуы – өте үлкен тәуекел екенін де сезді. Алайда әу бастан-ақ өлшем мен тәуелсіздікті басты артықшылық ретінде пайдаланып, жеке құндылықтарын клиенттерінің қажеттіліктеріне сәйкестендіре білді. Мысалы, ол өзге киім брендтерін шығаратын компаниялар секілді мүмкіндігінше арзан өндірісті көздеп, өзге елдерді кезіп кеткен жоқ. Киім өндірісін АҚШ-та қалдыруды ұйғарды. Тәуелсіздік рухы бірте-бірте оның клиенттермен коммуникация орнату ісінде де байқалатын болды. Ірілеріне қарағанда шағын компанияларда жиірек кездесетін икемділік пен қара күшті шығармашылыққа айналдырудың үлгісін паш етті. Ол өзгелермен тартымды да батыл коммуникация жасады. Мұндай қасиет компанияларда өте сирек кездеседі. Әйелдердің өзіне шақ келмейтін шалбарды кигеннен гөрі оны мүлде кимей тастайтынын болжап білу үшін қаншама киім тігетін компаниялар суреттерді қолданды екен? Ірі көлемде инвестиция салмай-ақ, Калхун клиенттерді арзан жолмен табу жолдарын іздейді. Мәселен, сондай ерекше әдістерінің бірі – Aіrstream-нің (трейлер шығаратын АҚШ-тағы компаниялардың бірі) арнайы безендірілген көліктерімен «Шалбарлар әлеміне саяхат» атты саяхатқа шығуы. Олар әйелдерді Tupperware кештері сияқты (Tupperware сауда кеңесшілерінің достарын, таныстарын қонаққа шақырып, жаңа ас-үй жабдықтарын көрсетуі) шараларға шақырады. Клиенттердің үйлерін аралап, көбінесе ерлер істейтін салада жұмыс істейтін әйелдердің оқиғаларын тыңдау Калхунға өте құнды маркетингілік зерттеу жасауға мүмкіндік берді. Калхунның коммуникацияда ең ірі жобаларының бірі – Red Ants Pants музыка фестиваліне Лайл Ловет және Гай Кларк секілді Американың әйгілі әртістері қызығушылықпен атсалысқан. Кірістердің барлығы Red Ants Pants қорына аударылып, бұл қор фермасы бар отбасылар мен ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкер әйелдерді қолдауға бағытталған. Клиенттерді сапалы да креатив өніммен қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігер өтеусіз қалмайды. Қазір Red Ants Pants-тың АҚШ-та ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде клиенттері бар. Тіпті Антарктидадағы зерттеу станциясында да Red Ants Pants өнімдерін тұтынатын әйелдер бар.1

Иландыру хабарламасына үш сатылы жазу процесін қолдану

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Үш сатылы жазу процесін иландыру хабарламасын жазуға қолдануды үйренесіз Сара Калхун (тарау басындағы «Red Ants Pants. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды) табысты бизнестің кілті ішкі және сыртқы коммуникацияда қолданылатын дәлелді хабарламаның сапасына да байланысты екенін түсінеді. Бастығыңызды Еуропадан жаңа кеңсе ашуға көндіргіңіз келгенде, әлде клиенттерді өніміңізді қолдануға шақырғанда адамдарды көндіре білу қабілетіне сүйенуге тура келеді. Сендіру қабілеті – аудиторияның көзқарасын, сенімін немесе әрекетін өзгерту талпынысы.2 Дәлелді хаттар аудиториядан белгілі бір құнды нәрсе беруді (мысалы, өнім үшін ақша төлеу) немесе елеулі іс жасауды (мысалы, корпорацияның ережелерін өзгерту) сұрағандықтан, күнделікті хабарламаларға қарағанда оларды жазу әлдеқайда қиын. Нағыз кәсіби мамандар сендірудің алдау да, адамды өз мүддесіне қарсы әрекет жасауға көндіру де емес екенін жақсы түсінеді. Бұл – аудиторияға таңдау ұсыну және ұсынысыңызды мүмкіндігінше жақсы жағынан таныстыру әрекеті.3

1-ҚАДАМ: Иландыру хабарламасын жоспарлау Өнімнің көптігі мен керемет идеяңыз ізгі қасиеттеріңізге өзгелердің көзін жеткізу үшін жеткіліксіз. Қазіргідей ақпарат сапырылысқан заманда тамаша идея немесе керемет өнімнің болғанына тоқмейілсуге болмайды. Күн сайын сансыз жақсы идея тасада қалып, керемет өнімдер өтпей жатады. Себебі оларды жарнамалайтын хабарламалар у-шуға толы бәсекеге толы ортада көпке жететіндей жақсы құрастырылмаған. Мұндай қиын жағдайда дәлелді хабарлама ойдағыдай жақсы құрастырылуы үшін жоспарлау кезеңіндегі төрт міндеттің барлығы (мақсат пен аудиторияны терең зерттеуден бастап, аяғына дейін) мұқият орындалуы керек.

Жағдайды зерттеу Өнімнің көптігі мен керемет идеяңыз ізгі қасиеттеріңізге өзгелердің көзін жеткізу үшін жеткіліксіз. Мақсатты анықтағанда неге қол жеткізгіңіз келетінін анық біліңіз. Айталық, компания басшыларын белгілі бір зерттеу жобасын қолдауға көндіргіңіз келді. Әуелі, қолдау дегеніміз не? Соны анықтап алайық. Олардың арқаңыздан қағып, сәттілік тілегенін қалайсыз ба? Әлде олардың қарамағыңызға бес зерттеуші беріп, жыл сайын бір миллион доллар төлегенін қалайсыз ба? Демографиялық ерекшеліктерге: жас, жыныс, мамандық, табыс және білім жатады. Иландыру хатының ең жақсы жазылған үлгісі әдетте аудиторияның қажеттіліктері және мүддесімен тығыз байланысты (12.1-сурет).4 Төмендегідей маңызды сұрақтарды қарастырыңыз: «Хат кімге бағытталған? «Аудиторияның қандай қажеттіліктері бар?», «Олардың не істегенін қалап отырмын?», «Олар қалай қарсы болуы мүмкін?», «Тағы қандай жайттарды саралау керек?», «Шешім қабылдайтын кісі үшін ең маңызды мәселе не?», «Ұйымның мәдениеті стратегияма қалай әсер етуі мүмкін?».

12.1-сурет. Аудитория қажеттіліктеріне құлақ түру Бұл – оқырмандардың уақыт, шығын және компания қызметінің тиімділігі туралы департамент мамандарының сауалына қайтарған жауаптың алғашқы нұсқасы Психографиялық ерекшеліктерге: адамның мінезі, көзқарасы мен өмір сүру салты кіреді. Аудиторияның қажеттіліктерін түсініп, топтастыру үшін демография (адамның жасы, жынысы, мамандығы, табысы, білімі және өзге де бағалауға болатын сипаттары) және психография (тұлға ерекшеліктері, көзқарасы, өмір сүру салты және өзге де психологиялық сипаттары) сияқты арнайы ақпаратты қолдансаңыз болады. Дәлелді хатыңызда оқырманыңызға ыңғайсыз немесе түсініксіз жайттар болмас үшін аудиторияңызды зерттегенде мәдени ерекшеліктер мен тәжірибені де ескеріңіз. біреудің көзқарасын, сенімін немесе әрекетін өзгертуді көздесеңіз, онда хат бағыттап отырған адамның мотивациясын54 (адамдарды мақсатқа қарай жетелейтін күш-жігер) түсіну қажет. 12.1-кестеде адамның мотивациясына ықпал ететін кейбір маңызды мақсаттар мен қажеттіліктер көрсетілген. Тиісінше, дәлелді хаттар неғұрлым оқырманның мотивациясына сәйкес жазылса, соғұрлым тиімді болмақ. Мысалы, тұтынушылардың сәнге қызығушылығын пайдаланып, өнімді сатып алуға көндіргіңіз келсе, мұндай хат сән трендтеріне ілесіп отыратын клиенттердің назарын аудартқанымен, практикалық жағына немесе бағасына көбірек мән беретін тұтынушыларды өнімді алуға көндіре алмауы мүмкін.

12.1-кесте. Мотивацияға әсер ететін адам қажеттіліктері
Қажеттілік
Коммуникацияға жағдай туғызу
Негізгі психологиялық талаптар. Тамақ,

су, ұйқы, оттегі және өзге де тіршілік қажеттіліктері Мұндай қажеттілік әркімде бар, бірақ оларға мән беру деңгейі қажеттіліктердің орындалуына қарай әркімде әрқалай; мысалы, ұйықтататын дәрі туралы жарнамаға басқаларға қарағанда ұйқысыздықтан зардап шегетін адам көбірек қызығады Қорғаныс және қауіпсіздік. Тәннің зақымдануынан қорғану қажеті, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі, қаржылық қауіпсіздік, жеке бас қорғанысы, карьералық қауіпсіздік және өзге де кепілдіктер Мұндай қажеттіліктер клиент пен бизнес-шешімдерге әртүрлі жолдармен әсер етеді; мысалы, өмір сүру қауіпсіздігі туралы жарнама көп жағдайда ата-аналарды балаларының қаржылық қауіпсізігі туралы ойлануға жетелейді Қосылу және бірігу. Достыққа, жылы қарым-қатынас пен махаббатқа, танымалдық пен қолдау қажеті Махаббат сезімі қажетігі, жылы қарым-қатынас немесе танымалдық қажеті адамның мінез-құлқына едәуір ықпал етеді. Мысалы, жолдасына тартымды көрінуге ұмтылыс, белгілі бір әлеуметтік топқа лайық киім кию т.с.с. Үстемдік және бақылау. Жағдайды бақылау немесе өзгелерге үстемдік ету қажеті Қажеттіліктің мұндай түріне қатысты жарнаманы жиі кездестіруге болады: өміріңізді, қаржыңызды, болашағыңызды, карьераңызды т.с.с. қолға алыңыз. Қолында билігі жоқ адамдар оған қалай қол жеткізу керегін білгісі келеді, ал билігі бар адам өзгелерге үстемдігін көрсеткісі келеді Жетістік. Жетістікке жету немесе жетістікке жеткені үшін өзгелердің ықыласына бөлену қажеті Қажеттіліктің мұндай түрі білу (адам өз жетістігін сезгенде) және көрсету (адамның өзгелерге жетістігін көрсету мүмкіндігі болғанда) ұмтылыстарымен байланысты; қымбат өнімдерді қолдану жарнамасы да осыған жатады Қызық оқиғалар мен бой сергіту. Күнделікті қайталанатын тірліктен бір уақыт бой сергіту қажеті Адамдардың бой сергіту талғамы әртүрлі; кейбірі қатты әсерленгенді, тіпті қауіпке бас тіккенді ұнатады, ал кейбірі тыныштықты және барлығы жоспардағыдай болғанын қалайды. Кей адамдар қорқынышты, шытырман оқиғалы фильм көріп, виртуал бой сергіткенді жақсы көреді

Білім, ізденіс және түсіну. Үйренуді жалғастыру қажеті Адамдардың білім, іздену туралы түсініктері де әртүрлі; кейбірі білім алуды белгілі бір мақсатқа жету жолындағы құрал ретінде пайдаланады, өзге де қажетін өтеу үшін қолданады; ал кейбір адамдар үшін жаңа білім алу – мақсат

Эстетикалық талғам. Сұлулық, тәртіп, симметрия т.б. ұмтылыс Бір қарағанда мұндай қажеттіліктер саудаға түспейтіндей болып көрінгенмен, жарнама жасаушылар оларды жиі қолданады. Мысалы, тауардың қорабын әдемі безендіру, зергерлік бұйымдарды жарқыратып көрсету арқылы клиенттерді қызықтырады Өз-өзін дамыту. Толық мүмкіндігін жүзеге асыруға қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу Психолог Курт Голдстейн және Абрахам Маслоу өз-өзін дамыту теориясын «адамдардың өз әлеуетін барынша пайдалану ұмтылысы» ретінде танымал еткен. Маслоудың пікірінше, бұл – адамдар үшін өте маңызды қажеттіліктердің бірі және адамдардың оған сұранысы ешқашан толастамайды. Тіпті бұл қажеттіліктің басым бөлігі немесе барлығы қанағаттандырылса да, олар тағы да өзін-өзі дамытуды қалап тұрады. Ол туралы «Мүмкіндігінше ең үздігі бол!» деген жиі кездесетін қанатты сөз де бар. Мұны кезінде АҚШ әскерилері ұран ретінде қолданған Өзгелерге көмектесу. Бір адамның өзгелер оның өмірін өзгерте алады деп сену қажеті Бұл қажеттілік – қайырымдылыққа шақыратын кез келген шараның басты мотиваторы Дереккөз. Courtland L. Bovee and John V. Thіll, Busіness іn Actіon, 8th ed. (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2017), 225–239; Saundra K. Cіccarellі and Glenn E. Meyer, Psychology (Upper Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall, 2006), 336–346; Abraham H. Maslow, «A Theory of Human Motіvatіon», Psychologіcal Revіew 50 (1943): 370–396.

Ақпарат жинау Жағдайды зерттеп болған соң дәлелді хат жазу үшін қажет ақпарат жинау керек. Осы тарау барысында дәлелді хат пен маркетинг, сату хабарламасына қандай ақпарат түрлерін қосуға болатынын меңгересіз. 13-тарауда қажет ақпаратты қалай табуға болатыны жайлы кеңестер айтылады.

Оңтайлы коммуникация құралы мен арнасын таңдау Иландыру хаттарын кез келген виртуал коммуникация форматында (шұғыл хабарламалар желісі, подкаст, радио және әуе жарнамасынан) табуға болады. Жарнама агенттіктері әр клиент пен жарнама науқанына лайық медиа құралын таңдау үшін эксперт медиа мамандарды жалдайды. Оқырман көп жағдайда ешқайдан дәлелді хат күтпейді, тіпті кей кезде оны аса ұната да бермейді. Сондықтан хабарламаны аудиторияға жеткізетін ең ыңғайлы медиа құралын таңдаңыз. Кей жағдайда бір хабарламаны түрлі аудитория өкілдеріне жіберу үшін әртүрлі медиа құралы қолданылуы мүмкін. Кей клиенттер көлік алғанда дүкендерді жүріп аралағанды ұнатады, ал кейбірі онлайн түрде барлағанды жақсы көреді. Кей адамдар өздері қызыққан өнім туралы жарнама хаттар алуға қарсы емес; кейбірі әрбір коммерциялық e-maіl хатты иесіне қайтарып, оны ұнатпайтынын білдіртеді. Бір ғана медиа құралымен бүкіл аудиторияңызды қамти алмайтыныңызды сезсеңіз, екі немесе одан да көп медиа құралын пайдаланыңыз. Әлеуметтік медиа дәлелді хаттар үшін, әсіресе маркетинг және сату хабарламалары үшін өте ыңғайлы функциялар ұсынады. Алайда әлеуметтік медиадағы хабарламаны әзірлеу үшін ерекше әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Бұл жайында 424-беттегі «Әлеуметтік медиаға арналған жарнама хабарламасын әзірлеу» тақырыбынан толығырақ оқисыз.

Ақпаратты топтастыру Иландыру хаттарына арналған ең тиімді идеялардың ортақ бір тұсы бар: олардың барлығы жіберуші емес, қабылдаушыға қатысты. Мысалы, өзгелерді өніміңізді сатып алуға көндіргіңіз келсе, онда өнімнің сіз үшін емес, оларға пайдалы екенін түсіндіріңіз. Ауқымыңыздың шегін білу өте маңызды. Бірнеше негізгі идеямен басыңыз қатып, тұрақты байламға келе алмасаңыз, бұл – сіздің мәселені әлі жете түсінбегеніңіздің көрсеткіші. Нақты бір проблеманы көздемей, иландыру хатын жазсаңыз немесе аудиорияның шын мәніндегі сұранысын ескермесеңіз, онда хаттың ойдағыдай нәтиже беруі неғайбіл.5

Иландыру хаттарының басым бөлігінде жанама әдіс қолданылады. Себебі көндірудің табиғатында адамдардың көзқарасын, сенімін немесе әрекетін өзгерту ұмтылысы жатыр. Иландыру хаттарының басым бөлігінде жанама әдіс қолданылады. Яғни оқырманнан белгілі бір шешім қабылдауды, әрекет етуді сұрамастан бұрын, әуелі, оның себептерін түсіндіріп, не үшін олай істеуге мүдделі екенін жеткізесіз. Керісінше, аудиторияңызбен жақын қарым-қатынаста болып, бұған дейін жиі хабарлама алмасып келген болсаңыз, онда тура әдіс қолданған абзал. Жалпы хатта белгілі бір әдісті қолдану жайы компаниядағы міндетіңіз бен қызметіңізге байланысты анықталады. Иландыру бизнес-хатын да қолданылатын әдіс компаниядағы дәрежеңіз, ықпалыңыз, тәжірибеңізге байланысты. Мысалы, компаниядағы ұзақ жыл тәжірибесі бар, жоғары дәрежелі техника жөніндегі эксперт болсаңыз, басшыларға хат жазу үшін тура әдіс қолдансаңыз болады. Керісінше, компанияда сізді аса қатты жақсы танымаса, онда хат жазғанда ұжымдағы беделіңізден гөрі хаттың мазмұнына көбірек сүйенуіңізге тура келеді. Мұндай кезде жанама әдіс тиімдірек.

2-ҚАДАМ: Иландыру ХАБАРЛАМАсын жазу
Иландыру хатының негізгі сипаты – позитив сөздер.

Иландыру хатына позитив жауап алу мүмкіндігі мынадай жағдайда арта түседі: 1) хатта позитив және сыпайы сөздер қолданылса; 2) мәдени ерекшеліктер ескеріліп, құрмет көрсетілсе; 3) ұйымның мәдениетіне сезімталдықпен қарағанда; 4) аудиторияның сенімін қалыптастыру үшін ұмтылыстар жасалғанда. Иландыру хатында өзіңіз сенетін идея немесе өнімді жарнамалағандықтан, позитив сөздерсіз жаза алмайсыз. Алайда оқырманның бұған дейін нашар өнім таңдағанын меңзеп, дұрыс таңдау жасау үшін жазып отырғаныңызды айтып, көңілін қалдырмаңыз. Мәдени ерекшеліктерді де ескеруді ұмытпаңыз. Мысалы, төмен контекстік мәдениетте ашық, тура көрінетін хабарлама жоғары контекстік мәдениетте дөрекі, өрескел болуы мүмкін. Ұйымның мәдениеті де, қоғамдық мәдениет сияқты, көндіру процесіне әсер етуі мүмкін. Қоғамдық мәдениеттің дәлелді хат тиімділігіне әсер еткені сияқты, бір ұйым ішіндегі мәдениет те оған дәл сондай дәрежеде әсер етеді. Мысалы, кей ұйымдар келіспеушіліктер мен кикілжіңдерді ұжымның көзінше емес, оңаша шешеді. Ал кей компаниялар қарама-қайшылықтарды ұжым болып ашық талқылайды және түрлі көзқарастардың айтылуына жағдай жасайды. Аудитория бояуы тым қою, «айғайлап» тұрған хабарламаларға көбінесе жауап бермейді, сондықтан хаттың тілі қарапайым әрі тура болғаны дұрыс. Қарсы тарапқа немесе сенімсіз ортаға арнап дәлелді хат жазғанда сенімді қалыптастыру өте маңызды. Мұндай жағдайда олардың айтып отырған мәселесі жөнінде эксперт екеніңізге көз жеткізуі керек және оларды қателестіруге тырысып отырмағаныңызды білдіру үшін (Этика сақшысы. «Сенімді кеңесші болудың амалы қандай?» айдарын қараңыз) төмендегі амалдарды қолданыңыз: • Керемет уәделер беріп, эмоциялық манипуляция жасап отыр деген сияқты күдіктен аулақ болу үшін қарапайым сөздер қолданыңыз. • Айтқан сөздеріңіз бен берген уәделеріңізге объектив дәлелдер келтіріңіз.

• Ақпарат көзін анықтаңыз. • Аудиторияңызбен тіл табысу үшін ортақ көзқарас пен тәжірибелерді атап көрсетіңіз. • Объектив болыңыз және аргументтерді әділ әрі логикалық түрде баяндаңыз.

• Аудитория оның мүддесін жан-тәніңізбен ойлап отырғаныңызды көрсін. • «Hard sell» тактикасын қолдану сияқты қатты қысым жасамай, ақылға қонымды дәлелдер мен дәйектер келтіріп, көзін жеткізіңіз. • Негізгі ұсынысты айтпай тұрып немесе түпкілікті шешім қабылдауға шақырмас бұрын мүмкіндігінше аудиторияның сенімін қалыптастыруға тырысыңыз. Осылайша аудиторияңыз өзіңіз бен хабарламаңызды бір мезгілде бағаламайтын болады.6

3-ҚАДАМ: Иландыру хабарламасын аяқтау Хатты әзірлеуге немқұрайды қарамаңыз, ұқыпсыз әзірленген хат беделіңізге нұқсан келтіреді. Сондықтан мұқият қарап, қателерін тексеріңіз. Иландыру хатының мазмұнына әр беретін де, ажарын қашыратын да – детальдар екенін ұмытпаңыз. Мұны кәсіби мамандар өз тәжірибелерінен жақсы біледі. Сондықтан хатты әзірлеу барысында оған мейлінше көбірек орын береді. Хаттың мазмұнын тексергенде аргументтер объектив екеніне және тым ұлғайтылмағанына көз жеткізіңіз. Мүмкін болса, өңделген жазбаны аудиторияңызды білетін тәжірибелі әріптесіңізге оқытып көріңіз. Хаттың дизайн элементтерінің дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз. Нашар дизайн хаттың құнын түсіріп, көздің жауын алмайды. Оған қоса хаттың қателерін де ұқыпты тексеріңіз, бұл хаттың басты мақсатына жетуге кедергі келтіретін жазу тәсілі немесе орфографиялық қателерді анықтауға көмектеседі. Хатты тарату әдісін аудиторияның талаптары мен талғамдарына сай таңдаңыз. Иландыру хатының екі түрі бар: иландыру бизнес-хатын (аудиторияны жаңа жобаны мақұлдауға, бизнес-серіктес болуға т.с.с. көндіруді мақсат ететін хаттар) және маркетинг пен сату хаты (аудиторияны әуелі белгілі бір өнім немесе қызмет түрін қарастырып көруге, содан соң сатып алуға көндіруді мақсат ететін хаттар). Бұл хаттың екі түрінде де негізгі әдістер қолданылады, бірақ әрқайсысының ерекшелігін ескеру керек.

Иландыру бизнес-хатын дайындау

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Иландыру бизнес-хабарламасын дайындаудың тиімді стратегиясын біліп, оның жиі кездесетін үш категориясымен танысасыз Бизнесмен ретінде ісіңіздің алға жүруі өзгелерді жаңа идеяны қабылдауға, ескі әдеттерден арылуға немесе ұсыныстар мен кеңестеріңізді тыңдауға көндіре білу қабілетіңізбен тығыз байланысты. Тіпті өзгелерді қалаған нәрсеңізді орындатуға билігіңіз жетіп тұрса да, олардың көзін жеткізе білу – күштеп мәжбүрлегеннен гөрі әлдеқайда тиімді. Белгілі бір шешімді қабылдауға мәжбүр болған адамдарда мотивация азырақ болады және олар теріс пікір білдіруге бейім.7

Иландыру бизнес-хатына арналған стратегиялар Үш сатылы жазу процесі тұрғысынан қарағанда тиімді көндіру төрт негізгі стратегияға бағынады: аргументтерді әзірлеу, эмоциялық және логикалық ойлау балансы, позицияны нығайту және ықтимал қарсылықтың алдын алу (бұл бөлімде қамтылатын барлық концепцияларды маркетинг және сату хабарламаларына да қолдануға болатынын есте сақтаңыз).

Дәлелдерді әзірлеу

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Жергілікті билікті мәселеге ден қоюға көндіргіңіз келе ме? CіtySourced қосымшасы азаматтардың белсенділігін мобайл коммуникация арқылы жеңілдетуді көздейді. Бұған дейін айтқанымыздай, дәлелді хаттардың басым бөлігінде жанама әдіс қолданылады. Эксперттер жанама әдіс қолданылған мұндай хабарламалардың бірқатар үлгісін жасаған. Олардың арасындағы ең танымалы – AІDA моделі бойынша хат құрастыру төрт кезеңнен тұрады (12.1-сызба): • Назар (attentіon). Сіздің негізгі мақсатыңыз – аудиторияның тыңдауға деген ынтасын ояту. Оған белгілі бір мәселе, идея немесе жаңа өнім жайлы айтқыңыз келуі мүмкін. Мәселені талқылау үшін аудиториямен ортақ бір тақырып тапқаныңызға көз жеткізіңіз. • Қызығушылық (іnterest). Аудиторияңыз ұсыныстың өзіне қаншалықты пайдалы болатынын елестете алуы үшін қосымша детальдарды жазыңыз. • Қалау (desіre). Өзгерістің қаншалықты пайдалы болатынын түсіндіріп, негізгі күмән-күдіктерді сейілтетіндей ақпаратпен қамтамасыз етіңіз. Сол арқылы аудиторияңыздың идеяны қабылдауына көмектесіңіз. • Әрекет (actіon). Аудиторияға нақты қандай әрекет жасау керектігін, қажет кезде уақытын да айтыңыз.

12.1-сызба. AІDA моделі бойынша дәлелді хаттар құрастыру AІDA моделі бойынша әзірленген хат аудиторияны назар аудару, қызығушылық таныту, қалау және әрекет ету сияқты төрт кезеңді бастан кешіруге жетелейді. Бұл үлгі бойынша дәлелді бизнес-хаттар (мысалы, жаңа жобаны қаржыландыруға көндіру) мен маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеуге болады AІDA – жанама әдісті қолдануға арналған арнайы үлгі. Ол оқырманның қызығушылығын төмендетпестен, негізгі идеяны әрекет ету кезеңіне дейін сақтауға мүмкіндік береді. Дегенмен AІDA моделін тура әдіске де қолдансаңыз болады. Мұндайда негізгі идеяны оқырманның назарын аударатын құрал ретінде қолданыңыз, аргументтер арқылы – қызығушылығын, дәлелдер арқылы ынтасын оятыңыз және әрекет ету кезеңіне таяғанда негізгі идеяңызды қайта атап өтіп, нақты қандай әрекет жасау керектігін айтыңыз. AІDA моделімен құралған хатыңыз жанама әдісті қолданғанда және мемо немесе e-maіl түрінде жолданған кезде оқырманның назары ең әуелі хат тақырыбына түсетінін есте сақтаңыз. Мұндағы қиын нәрсе – негізгі идеяны айтып қоймай, оқырманның назарын ұстап тұратындай, қызықты әрі пайдалы контент құрастыру. Ұсынысыңызды хаттың тақырыбына қойсаңыз, аргументтеріңізді жеткізбей жатып, оқырман оған бірден назар аударуы мүмкін:

Мынаның орнына Автоматтандырылған шұғыл хабарламалар жүйесін дамыту үшін бюджетті көбейту туралы өтініш.

Былай деп жазыңыз
Клиенттерді қолдауға жұмсалатын шығынды азайту сұраныстары.
AІDA моделінің бірқатар шектеулі тұстары бар:

• Аудиторияның жеке өкілдеріне емес, тұтас аудиторияға бағытталып құрастырылады.

• Ұзақмерзімдік байланыс емес, бір реттік жағдайға бейімделіп жазылады. Тура және жанама әдістің қайсысын қолдансаңыз да, AІDA және соған ұқсас үлгілердің кемшіліктері бар. Біріншіден, AІDA моделі аудиторияның жеке өкілдеріне емес, тұтас аудиторияға бағытталып жазылады. Екіншіден, AІDA бір реттік жағдайды ғана көздейді, яғни өзара пайдалы ұзақмерзімдік қарым-қатынастан гөрі аудиториядан белгілі бір шешім қабылдауды сұрайды.8 AІDA өз орнымен қолданылған кезде тиісті нәтиже беруі мүмкін, бірақ қазіргі әлеуметтік медиа ортасында диалог әдісі тиімдірек. Бұл жайында осы тарауда сәл кейінірек баяндалады.

Эмоция мен логикаға қатар жүгіну Біреуінде «логика», екіншісінде «эмоция» деген жазуы бар бақылау панелінің тетігін басқарып отырмын деп елестетіңіз. Иландыру хатын әзірлегенде месседж ықпалды болып шығуы үшін әр тетікті өте мұқият басқарып отырыңыз (12.2-сызба). Эмоция жағы жетіспесе, аудиторияңыз оған мүлде қызықпай қалуы мүмкін. Эмоция тым көбейіп кетсе, аудиторияңыз бизнестің күрделі мәселелерін жоққа шығарып отыр, тіпті көңіл күйге берілгіш деп ойлауы мүмкін. қызметкерлердің жұмысқа ықыласын арттыру және жұмыс пен жеке өмір арасында баланс орнату Ата-аналардың балаларынан күні бойы жырақ жүруі балаға да, ата-аналарға да қиын. Көп ата-ана қазіргі кезде тұрмыс тауқыметінің кесірінен көбірек жұмыс істеп, тіпті қосымша жұмысқа тұруға мәжбүр. Сондықтан жағдай тіпті нашарлап барады. Күн сайын таңертең баланы балабақшаға апарып, кешке алып қайтуға ата-ана біраз уақыт жұмсайды, кейде жұмысқа кешігіп келуіне себеп болады. Балабақшада балалары ауырып қалған кезде жұмыстан кеткен ата-ананың компаниядағы міндетін өзге қызметкер атқаруына тура келеді. Бұл оларға қосымша салмақ түсіреді. Компанияның қызметкерлер мен олардың отбасына қамқорлық көрсетуі жұмысшыларға дем береді. Сондықтан компания ғимарат жанынан қызметкерлердің балаларына арнап шағын балабақша ашып, онда ауырып қалған балаларға да қарайтын медициналық бөлмелердің болуына жағдай жасауы керек.

Еңбек өнімділігін арттырып, жұмыстан қалуды азайту Арнайы зерттеуге сәйкес, 10 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер кішкентай балалары жоқ қызметкерлерге қарағанда жұмыстан үш есе көбірек қалады.

Аяқастынан жұмысқа келмей қалудың басты себебі – балабақша мәселесі. Өткен жылы жұмыстан кеткен 98 адамның 24-і қызметтен кетуінің басты себебі ретінде отбасы мен жұмыс міндеттерін қоса атқару қажетін алға тартқан. Соңғы алты айда кадрлар бөліміне жұмыс уақытында кеткен қызметкерлердің міндетін атқаруға тура келді деп 14 қызметкер шағым жасаған. Қызметкерлер балабақшада ауырып қалған баласына алаңдап, кеңседен шұғыл кетуге мәжбүр болған. Арнайы зерттеу жұмыс орнынан ашылған балабақша қызметкерлердің еңбек өнімділігін 20 пайызға арттыруы мүмкін екенін көрсеткен. Сондықтан компания ғимарат жанынан қызметкерлердің балаларына арнап шағын балабақша ашып, онда ауырып қалған балаларға да қарайтын медициналық бөлмелер болуына жағдай жасауы керек.

12.2-сызба. Логикалық және эмоциялық үндеу балансы Дәлелді хат жазуға кіріскенде біреуінде «логика», екіншісінде «эмоция» деген жазуы бар бақылау панелінің тетігін басқарып отырмын деп елестетіңіз. Осы тетіктерді басқару арқылы эмоция мен логиканың арасалмағын бақылайсыз. Басшылықтан балабақшаны қаржыландыруды сұраған ұсыныстың екі нобайын салыстырыңыз. Сол жақтағы нұсқада эмоция басымдау, ал оң жақтағы нұсқа логикаға көбірек сүйенеді. Сөздер, суреттер мен қажет детальдарды қолдану арқылы әрбір месседждегі эмоция мен логиканың арақатынасын түзей аласыз Жалпы дәлелді бизнес-хабарламаның мазмұны эмоцияға қарағанда логикаға көбірек тәуелді, себебі мұнда әңгіме әдетте ақша үнемдеу, сапаны жақсарту немесе өнімнің өлшеуге келетін өзге де сипаттарын жақсарту туралы болады. Эмоция мен логиканы дұрыс қолдану үшін төрт факторды ескеріңіз: 1) оқырманды не істеуге ынталандырғыңыз келеді; 2) оқырманыңыздың үміті; 3) сіз төтеп беруге тиіс қарсылық деңгейі; 4) ұйым құрылымындағы ресми және бейресми ықпалыңыз.9 Аты айтып тұрғандай, эмоциялық үндеу55 фактілер, сандар мен рационал аргументтерден гөрі аудиторияның сезіміне, көңіл күйіне әсер етуге тырысады. Мысалы, бірнеше сөзбен қандай да бір эмоция тудыра аласыз. Мәселен, бостандық сөзі табыс, бедел, аяушылық, қауіпсіздік, жайлылық сөздері сияқты сезімге қатты әсер етеді. Осы сияқты сөздер аудиторияны позитив сезімдерге бөлеп, хатыңызды қабылдауға көмектеседі. Алайда эмоциялық үндеу бизнеске келгенде аса тиімді емес, себебі аудиторияға, айталық, белгілі бір өнімнің пайдасы туралы дәлел керек. Тіпті аудитория өкілі эмоциямен шешім қабылдап жіберсе де, кейінірек сізден логикалық дәлелдер сұрауы мүмкін. Логиканың арасалмағы оқырманның ол туралы ұғымына байланысты; мұндай кезде аналогия, индукция немесе дедукция тәсілдерін қолдануға болады. Логикалық үндеу. Логикалық үндеу себептер мен дәлелдерге негізделген. Логикалық үндеудегі негізгі нәрсе – рационал аргумент негізінде үндеу жасау, ол салмақты дәлелге негізделеді. Аудиторияға логикалық үндеу жасағанда төмендегідей үш амалды қолдансаңыз болады: • Аналогия. Мұнда бір дәлел арқылы екінші бір дәлелге көшесіз, яғни оқырманға таныс емес нәрсені оған таныс бір нәрсе арқылы түсіндіресіз. Мысалы, атқару комитетін жаңа келген менеджерлерге тренерлер тағайындауға көндіру үшін «жақсы бір әдетті қалыптастыруға диетолог немесе жеке тренердің көмегі қажет сияқты, бұл да қажет нәрсе» деп, аналогия әдісін қолдана аласыз. • Индукция. Мұнда жалқыдан жалпыға қарай жылжисыз, яғни белгілі бір дәлелден жалпы тұжырымға көшесіз. Мысалы, командаңызды өндіріс процесін өзгертуге көндіру үшін солай істеген өзге компаниялардың табысы артқанын атап өтіп, мұның ұтымды идея екенін айтсаңыз болады. • Дедукция. Мұнда жалпыдан жалқыға қарай жылжисыз, яғни жалпы тұжырымнан белгілі бір дәлелге өтесіз. Бастығыңызды клиенттерге қызмет көрсету бөліміне қосымша мамандар жалдауға көндіру үшін осы сала бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесін дәлел ретінде келтірсеңіз болады. Яғни арнайы зерттеу нәтижесіне сәйкес клиенттердің қызметке көңілі толуы корпорацияның табысқа кенелуінде маңызды рөл атқарады деп дәлелдеген дұрыс. Логикалық өтініштің этикаға қатысты жауапкершілігі болады. Бұл қателіктерден сақтайды. Кез келген әдісті қолданғанда кездейсоқ немесе әдейі болсын, қатеге ұрыну өте оңай. Сондықтан рационал аргументтеріңізді мұқият тексеріп отырыңыз. Мысалы, өндіріс процесі жағдайында қорытындыға әсер ететін өзге факторлар бар ма? Процесс тек бірнеше өнім түрін ғана шығаратын шағын компанияға лайық болса, ал мекемеңіз 10 мың өнім түрін шығаратын ірі компания болса ше? Логикалық қатеге ұрынбау үшін төмендегі нұсқауларды басшылыққа алыңыз:10 • Асығыс жалпылай салудан аулақ болыңыз. Қолыңызда жеткілікті дәлел барына көз жеткізгеннен кейін ғана қорытынды жасаңыз. • Қайталанатын дәлелдерді айтудан аулақ болыңыз. Қайталанатын дәлел – бұған дейін айтылған дәлелді басқаша сөздермен жеткізуге тырысуды мақсат ететін логикалық қателік. «Уақытша жұмысшылар бұл тапсырманы орындай алмайды деп ойлаймыз, себебі олардың білігі жетпейді» деп айту пайдасыз, өйткені тұжырым мен дәлел бір нәрсені айтып тұр. Мұнда уақытша жұмысшылардың неліктен білігі жеткіліксіз екені айтылмайды. • Оппонентіңізге шабуыл жасаудан аулақ болыңыз. Дәлеліңіз басқа біреудің дәлеліне қайшы келсе, оппонентіңіздің жеке басына емес, дәлелдеріне тойтарыс беріп отырғаныңызға көз жеткізіңіз. • Күрделі мәселелерді тым қарапайым қылып жіберуден сақтаныңыз. Барлық факторларды ескергеніңізге көз жеткізіңіз және көп амалдарды елемегендей кейіп танытып, құнын түсіріп тастамаңыз. • Себеп пен салдарды қате талдауға жол бермеңіз. Белгілі бір фактордың ықпалынан құтыла алмасаңыз, «бұл – негізгі мәселенің салдары» деп айтып, оқырманды шатастыруға болмайды. Сіз бағаны төмендеттіңіз, содан сату көлемі артты. Бағаның төмендеуін себеп ретінде қарастыруға бола ма? Бәлкім, сату көлемінің артуына жақсы жарнама, ауа райының өзгеруі немесе өзге факторлар әсер еткен шығар? • Қате аналог жасаудан аулақ болыңыз. Аналог жасайын деп отырған екі нысан немесе жағдайды өзара салыстыруға болатынына көз жеткізіңіз. Мысалы, интернет сүзгіні «түрме сияқты» деп айту келіңкіремейді, себебі интернет сүзгі ақпаратты ішке қарай өткізбейді, ал түрмеде, керісінше, бәрі іште. • Қисынсыз ақпаратты қолданудан қашыңыз. Тұжырымыңыз бен дәлелдеріңіз логикаға қайшы болмасын. Жалаң сенім, негізсіз ой немесе орынсыз дәлелге сүйеніп, тұжырым жасамаңыз.

Позицияны нығайту
Қалағаныңыздай жауап алу үшін сөздерді мұқият қолданыңыз.

Аргументіңіздің негізгі қаңқасы дайын болған соң бір мезгіл артыңызға қарап, көзқарасыңызды нығайту жолдарын қарастырыңыз. Тұжырымдарыңыздың барлығы сенімді дәлелдерге негізделген бе? Белгілі эксперттердің дәйексөздері жағдайды түсіндіруге көмектесе ме? Ендігі міндет – сөздер мен сөз тіркестерін саралау. Хабарламаның мәнін бұдан да дәлірек жеткізетін сөздер бар ма екен? Мысалы, компанияңыз күрделі қаржылық тығырыққа тірелсе, онда оны қалай еңсеру туралы әңгімелесу – операцияларды жалғастыру туралы әңгімеден гөрі тиімдірек. Өзге де қуатты құралдармен жұмыс істеген сияқты, мұнда да көркем тіл мен абстракция қолданыңыз, бірақ мұқият болыңыз. Сөздерді мұқият саралаумен қатар, метафора мен өзге де әдеби айшықтарды қолдану жағын да қарастырыңыз. Мысалы, кез келген өнімнің кемшіліктерін анықтайтын сапаны бақылау жүйесін сипаттағыңыз келсе, «кезіккеннің бәрін құрығына түсіретін өрмекшінің торы» деп атасаңыз болады. Дәл сол секілді, шағын әңгімелер де аудиторияңызға келтірген дәлелдердің мән-маңызын түсінуге көмектеседі. Департаментіңіздегі ескі компьютерлердің қанша мәрте бұзылғанын санаудың орнына, маңызды сауда операциясын жүзеге асыру барысында компью­терлердің бұзылып, компанияның қанша клиентті жоғалтқанын айту тиімдірек. Арнайы сөздер мен сөз тіркестерінен бөлек, көзқарасыңызды мейлінше жақсы дәлелдейтін өзге жолдарды да қарастырыңыз. Қандай да бір өтініш жасағанда аудитория өкілдеріне де пайдалы болса, оны қабылдау оңайға түспек.

Қарсылықтың алдын алу Тіпті ең керемет деген идея мен ұсыныстың өзі тосқауылдарға ұшырауы мүмкін. Мұндай кезде ең абзалы – мүмкіндігінше, барлық тосқауылдарды күні бұрын болжап, алдын ала шаралар қолдану. Мысалы, арзанырақ материал қолдану туралы ұсынысыңыз өнім сапасына қатысты сұрақ туындатуы мүмкін болса, онда хатта бұл мәселені баяндап, оқырманның күмән-күдігін сейілту жолдарын қарастырыңыз. Ал оқырманда қашан сұрақ пайда болар екен деп күтсеңіз, клиентіңіздің бәсекелес фирмаларға кетіп қалуы да ғажап емес. Мұндай ірі проблеманы бірден шешіп отыру сонымен бірге мәселені терең білетініңізді көрсетіп, оқырманның көңіліне сенім ұялатады.11 Клиентіңізге месседжді бетпе-бет жеткізіп отырмағандықтан, оның өзін мазалаған сұрақтарды бірден қойып отыруына мүмкіндігі жоқ, сондықтан мұндай кезде мәселенің алдын алып отыру өте маңызды. Аудитория тарапынан тегеурінді қарсылық болуы мүмкін деп ойласаңыз, мәселенің барлық қырын ашып түсіндіріңіз. Аудиторияда қандай сұрақтар туындауы мүмкін екенін анықтау үшін, әуелі, өз айтқандарыңыздан кемшілік табуға тырысыңыз. Бұдан кейін анықтаған проблемаларды шешіңіз. Мүмкін болса, аргумент ретінде таныстырмас бұрын аудитория өкілдерінен мәселеге қатысты ойларын біліп алыңыз; жұрт өздері араласқан шешімді қолдауға бейім келеді. Аудиторияда туындауы мүмкін сұрақтармен жұмыс істегенде мына екі жайтты есте ұстаңыз. Біріншіден, негізгі сұрақтарды ылғи ашық талқылау шарт емес. Жай ғана арзан материалдардың сынақтан өтіп, оларды сапаны бақылау департаментінің мақұлдағанын айтсаңыз да жеткілікті. Екіншіден, күрделі аудиториямен жұмыс істесеңіз, мысалы, бастапқы кезеңнен-ақ жоспарыңызға қарсылық танытатындар табылса, мәселені жан-жақты таныстырып, түсіндіріңіз. Әр нұсқаға тоқталған кезде артықшылықтары мен кемшіліктерін баяндаңыз. Ұсыныс айтпастан бұрын мәселені жан-жақты таныстыру оқырманның сенімін нығайта түседі.12

Иландыру коммуникациясында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болу Иландыру хабарламасымен жұмыс істегенде өз-өзіңізге қатты сеніп немесе энтузиазмға бой алдырып, қате жіберіп алмаңыз. Өзіңіз сенетін концепция немесе жобаны жарнамалағанда сенім мен энтузиазм жетегінде мәселеге біржақты қарап, шатасып қалу өте оңай. Иландыру хатында келтіретін аргументтердің барлығын жинақтағанда жиі кездесетін төмендегідей қателерден аулақ болыңыз (12.2-сурет):13 • Өнімді тықпалау яки hard sell әдісін қолдану. Қысым жасамаңыз. Ешкім де шешім қабылдауда қысым жасағанды ұнатпайды және мұндай әдіс қолданатын коммуникаторлар аудиторияның қажетін қанағаттандырудан гөрі өзінің мақсатына жетуге көбірек алаңдауы мүмкін. Керісінше, ешқандай қысымсыз еркін сауда жайлы атмосферада ақылға қонымды тұжырымдарға негізделген өзара әңгімеге ұқсайды. • Компромиске бармау. Тиімді көндіре білу – көп жағдайда алыс-беріс процесі, бұл әсіресе үнемі не сұрасаң, соны ала бермейтін дәлелді бизнес-месседждерде қатты байқалады. • Қисынды аргументтерге ғана иек арту. Қисынды аргументтер, әрине, маңызды. Бірақ аудиториямен дұрыс эмоциялық деңгейде байланыс жасау мен коммуникацияда көркем тіл қолдану да өте қажет. Кейде құрғақ қисыннан гөрі көркем құрастырылған оқиға өтімдірек. • Көндіруді бір реттік қана талпыныс деп есептеу. Көндіруді бір реттік оқиға емес, көбінесе процесс ретінде қарастырған дұрыс. Көп жағдайда аудиторияны бір мезетте үлкен қадам жасауға көндіремін деп ұмтылғанша, кішігірім қадамдар жасауға көндірген дұрыс.

12.2-сурет. Қисынды аргументтер келтіру Айталық, сіз компанияның маркетинг бойынша менеджерісіз. Жаңа өнім шығаруды асықтырамын деп процесс күрделеніп, соның салдарынан жүйесіздікке жол беріп алдыңыз. Ақыры ойланып-толғанып, компания президентіне хат жаздыңыз. Онда команда қайта жасақталғанға дейін жаңа жобаны жаба тұру туралы ұсыныс айттыңыз. Сіз мұның оңайлықпен қабылданбайтынын да іштей сезесіз. Хаттың тиімсіз нұсқасында тура әдіс қолданылып, эмоциямен жазылғанын байқаған шығарсыз. Хаттың тиімді нұсқасында ұсыныс жанама түрде жеткізіліп, ақпарат салқынқанды түрде, қисынды ретпен баяндалады. Мұнда фактілерге сүйеніп жазылған, мазмұны да алдыңғысына қарағанда қысқа Иландыру хабарламасын жазу бойынша қажет қадамдарды қарап шығу үшін «Бақылау тізімі. Иландыру хабарламасын жазу» айдарын қараңыз.

Иландыру бизнес-хабарламаларының жиі кездесетін үлгілері Жұмыс барысында басшылыққа тиімдірек амалдар барын хабарлау немесе жаңа құрылғы үшін ақша бөлуге өтініш беру сияқты дәлелді хаттардың сан алуан түрін жазуыңызға тура келеді. Сол сияқты ұйымнан тыс адамдарға түрлі дәлелді хаттар жазу қажет болады. Мысалы, қоғамдық пікірді өзгертуге ықпал еткен уеб-сайттарға хат жазу, жеткізушінің келісімшарт міндеттеріне кірмейтін түзетулер туралы өтініш жасау т.с.с. Оған қоса 10-тарауда оқыған кейбір күнделікті өтініш хаттар дәлелді месседжге айналуы мүмкін, мұндай хаттарға қатысты мәселе толық шешілмеген болса немесе күнделікті өтініш хаттарға тән ретпен жауап берілмесе, мұндай хаттардың басым бөлігін былайша топтастыра аласыз: шара қолдану туралы дәлелді өтініш, идеяларды дәлелмен таныстыру, дәлелді шағым және түзету туралы өтініш.

Әрекетке шақыратын иландыру өтініші
Иландыру бизнес-хабарламаларының көбі қандай да бір әрекетке шақырады.

Сіздің де иландыру бизнес-хабарламаларыңыздың көбі қандай да бір әрекетке шақырады. Кей жағдайда өтінішті алдын ала болжап білу мүмкін болғандықтан, тура әдіс қолданған жөн. Ал кейбірінде мақсатыңызды жанама түрде баяндауыңыз керек және мұндайда AІDA немесе соған ұқсас үлгілерді қолдану өте ыңғайлы (12.3-сурет).

12.3-сурет. AІDA моделінде жазылған иландыру хаты Автор жаңа бизнес-стратегияларды зерттеп қайту үшін бастығын күнделікті міндеттерден бірнеше аптаға босатуға көндіруде AІDA моделін қолданады. Қызылмен белгіленген бөліктер AІDA әдісінің әрбір кезеңінде өте маңызды (бұл бөліктер шын e-maіl хатта қызылмен жазылмайды) Хаттың басын оқырманның назарын аударатын бір дерекпен бастаңыз және оқырман алаңдаушылығын түсінетініңізді көрсетіңіз. Оқырманның мүддесі туралы баяндалатын тұста хатты неліктен оған жолдап отырғаныңызды түсіндіріп, жағдайға қатысты мәліметтер келтіріңіз. Онда фактілер мен деректер, оқырманға пайдасы және хаттың әрін ашатын тәжірибелер мен оқиғалар айтылсын. Сіздің мақсатыңыз: 1) оқырманның сенімін қалыптастыру; 2) оқырманды ұсынысыңыздың өте пайдалы екеніне сендіру. Хаттың соңында оқырманның белгілі бір орындау өте оңай әрекет жасауын сұраңыз. Сонда позитив жауап алу мүмкіндігі арта түседі.

Идеяларды дәлелді түрде таныстыру Кей кезде дәлелді хабарламаның мақсаты жаңа идеяны жай ғана қарастырып көруге шақыру болады. Кей кезде оқырманнан ештеңе сұрамай, оның бір жайтқа деген көзқарасын немесе сенімін өзгертуді ғана көздеуіңіз мүмкін. Оқырманға жолдайтын алғашқы хаттың мақсаты қалыптасқан пікірін қайта қарап көруге немесе басқаша ойлау мүмкіндіктерін қарастыруға шақыру болуы ықтимал. Мысалы, World Wіde Web Consortіum (World Wіde Webке қатысты нұсқаулықтар мен технологияларды анықтайтын әлемдік қауымдастық) «Уебке қолжетімдік бастамасы» атты науқанды бастады. Консорциумның негізгі мақсаты – уеб-сайттарды мүмкіндігі шектеулі азаматтар немесе жасы бойынша шектеуге ұшыраған азаматтар үшін қолайлы жасау болса да, аралық мақсаты уеб-сайт жасаушыларға мұндай жандардың қажеттіліктері жайлы түсіндіру болды. Осы мақсат аясында консорциум уеб-сайтқа кірушілер тап болатын кедергілер туралы түрлі презентациялар мен құжаттар әзірледі.14

Шағымдар мен түзету туралы иландыру өтініш хаттары Шағымдар мен түзетуге өтініш хаттарының басым бөлігі – күнделікті хабарламалар, оларда 10-тарауда айтылған тура әдіс қолданылады. Алайда кейде клиенттер мен мамандар «қалыпты процедураларға бағынсақ та, бізге әділ қарамады» деген ойда қалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дәлелді хаттың көмегі қажет. Ойдағыдай жазылған дәлелді шағымның басты элементтері: фактілерді толық әрі нақты тексеру, сенімді және позитив сарын. Сіздің әрбір шағымыңыз қанағаттандырылуға тиіс. Мұны есте сақтаңыз. Дәлелді шағымды мәселені тұжырымдаудан бастаңыз және бұған дейін не атқарылғаны туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Хат алушының бұдан да өзге шағымдармен басы қатып жүрген болуы мүмкін, сондықтан мәселеңізді баяндағанда анық, салқынқанды болыңыз және мүмкіндігінше толымды ақпарат беріңіз. Мәселені қалай шешу керегін айтқанда нақты қадамдар ұсыныңыз. Хат алушының шағымды қабылдауына жағдай жасаңыз. Жеке адам немесе ұйымның мәселеге қалай жауапты екенін айтыңыз және әділдік, ізгілік немесе моральдық жауапкершілік сезімдеріне оқырманыңыздың назарын аудартыңыз. Мәселе жайында пікіріңізді айтыңыз, бірақ тым қатты беріліп кетіп, қоқан-лоқы жасамаңыз. Адамдар ақылға қонымды және орынды өтініштерге көбінесе жақсы жауап қатады. Хаттың соңында мәселенің ойдағыдай реттелуі өзара пайдалы қарым-қатынасты қалпына келтіріп, нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып, сыпайы түрде аяқтаңыз.

Маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеу

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Маркетинг және сату хабарламаларын дайындаудың тиімді стратегиясын сипаттап, әлеуметтік медиаға арнап жарнама хабарлама жазу әдістерін меңгересіз Дәлелді бизнес-хабарламада қолданылатын амал-әдістердің көбі маркетинг және сату хабарламаларына да қолданылады. Мұнда тек коммерция транзакциясына қатысуға ынталандыруға басымдық беріледі. Маркетинг хабарламасы және сату хабарламасы терминдері үнемі алма-кезек қолданылып жүрсе де, олардың мағыналарында айырмашылықтар бар: маркетинг хабарламасы тұрақты клиенттерінен жылдам шешім қабылдауды сұрамай-ақ, сату процесі арқылы ақырын жетелеп отырады. Ал сату хабарламасы тұрақты клиенттерді өнімді сатып алу туралы шешім қабылдауға ынталандырады. Маркетинг хабарламалары жаңа брендті көпшілікке таныстыру, клиенттерді көбірек ақпарат алу үшін уеб-сайтқа кіруге шақыру сияқты міндеттер атқаруы мүмкін, ал сату хабарламасы белгілі бір өнім немесе қызмет түрін сатып алу туралы нақты өтініш жасайды. Иландыру бизнес-хабарламаларында қолданылатын амал-әдістердің көбі маркетинг және сату хабарламаларына жарамды. Маркетинг және сату хабарламаларының басым бөлігін (әсіресе ірі компаниялардағы) маркетинг, жарнама, сату, қоғаммен байланыс салалары бойынша арнайы тренингіден өткен мамандар құрастырып жібереді. Дегенмен сізге бұл мамандардың жазғандарын қарап шығу, тіпті шағын компанияларда осындай хаттарды жазу тапсырылуы мүмкін. Мұндай хабарламаны жақсы түсінсеңіз, менеджер ретінде жұмысыңыз тиімді бола түседі.

Маркетинг және сату хабарламаларын жоспарлау Хабарламаны жоспарлауға қатысты біліміңізді жалпы маркетинг және сату хабарламаларына да қолдануға болады, бірақ жоспарлау кезеңінде ескерілуге тиіс жайттар бар: Лайық маркетинг немесе сату хабарламасын жазғанда, сатып алу туралы шешімге клиент тұрғысынан қарап, түсіну өте маңызды. • Аудиторияның қажеттіліктерін бағалау. Кез келген бизнес-хабарлама сияқты, ойдағыдай жазылған маркетинг және сату хабарламасын әзірлеу аудиторияның қажеттіліктерін түсінуден басталады. Өнім мен нарыққа байланысты мұндай қажеттіліктер бірқатар функционалдық ерекшеліктерден басталып (мысалы, кеңсе қағазының көлемі, салмағы т.с.с.), күрделі эмоциялық және логикалық мәселелерге (мысалы, үй сатып алу кезінде ескерілуге тиіс барлық факторлар) дейін жалғаса береді.

Маркетинг және сату хабарламалары аудиторияның назары үшін күресуге мәжбүр. • Бәсеке қабілетін талдау. Клиенттерге тек бір ғана емес, көп компаниялардан маркетинг және сату хабарламалары түсіп отырады және бұл хаттар клиенттің назары үшін өзара бәсекеге түседі. Nіke компаниясы клиенттеріне жаңа аяқкиімін таныстыру үшін маркетингілік науқан жоспарлағанда клиенттерінің Adіdas, New Balance, Reebok сияқты спорттық аяқкиім сататын компаниялардан да хабарлама алып отыратынын білді. Бәсекеге толы ортада ерекше хат әзірлеу қиын. Тауарды сату үшін өнімге назар аударасыз, ал оның пайдасын айтқан тұтынушыны есте ұстайсыз. • Тауардың өтімділік сипаттары мен пайдасын анықтау. Аудитория қажеттіліктері мен бәсекелес компаниялар ұсынып отырған балама өнімдерді зерттеген соң келесі міндет – өніміңіздің қандай сипаттары мен артықшылықтарына басымдық беру мәселесін шешу. Тауардың өтімділік сипаты – өнімнің ең тартымды жақтары, ал артықшылығы – өнімнің клиентке келтірер пайдасы. Басқаша айтсақ, тауардың өтімділік сипаты өнімнің қызметіне байланысты. Пайдасы қолданушының қалай пайдаланатынына байланысты анықталады. Өнімнің практикалық немесе эмоциялық артықшылықтары, немесе екеуінің қосындысы болуы мүмкін. Мысалы, жұқа, ыңғайлы өкшесі бар спорттық аяқкиім жүгіргенде аяқты қыспай, өзіңді еркін сезінуге көмектеседі. Ал аяқкиімнің сыртқы дизайнындағы ерекшеліктердің практикалық пайдасы болмауы мүмкін, бірақ кигенде сән беріп, эмоциялық қуаныш сыйлауы ықтимал. Клиентті мазалауы мүмкін сұрақтарды алдын ала болжап, шешіп отыру маркетинг және сату хабарламаларының тиімді шығуына зор ықпал етеді. • Сатып алудан бас тартқызатын себептерді болжау. Әдетте жұрт маркетинг және сату хабарламаларын жақтырмайды, сондықтан дәлелді бизнес-хабарламадағы сияқты, мұнда да онымен күресудің ең тиімді жолы – сол жақтырмаудың себептерін алдын ала біліп, мүмкіндігінше ерте әрекет ету. Тосқауылдар әртүрлі болуы мүмкін. Бірінің бағасы қымбат, енді бірінің сапасы төмен болса, біреуі бар өнімдермен сәйкеспейтін, тағы біреуі қауіпті саналуы ықтимал. Негізгі қарсылықтарды алдын ала анықтап алсаңыз, жарнама хабарламасын жазғанда сол мәселелерге жауап бересіз. Мысалы, өнімнің қымбаттығы кедергі болса, оның құнын арттыратын сипаттарын алға тартып, сапасы бағасына лайық екенін білдіресіз. Үйге арналған тренажерді жарнамалағанда оның жылдық фитнес абонементінен арзанырақ екенін айтуыңыз мүмкін. Әрине, бағаға немесе басқа нәрсеге қатысты клиенттің пікірін өзгерту талпыныстары этика аясында жүруге тиіс.

Дәстүрлі маркетинг және сату хабарламасын әзірлеу Дәстүрлі маркетинг және сату хабарламалары көбінесе AІDA немесе соған ұқсас үлгілердің көмегімен дайындалады (келесі бөлімдегі «әлеуметтік медиаға арналған жарнама хабарламасын әзірлеу» тақырыбын қараңыз). Мұндай хабарламаны AІDA моделімен жазғанда төмендегілерді басшылыққа алу керек: • Оқырманның назарын аудару. Күн сайын жарнама мамандары түрлі жолмен назарыңызды аударуға тырысады. Жай тақырыптың өзі-ақ өнімнің керемет пайдасы немесе бір қызық жаңалық туралы айтады, болмаса кісінің эмоциясына, қаржылай бағасы туралы сезіміне әсер етеді, кейде тіпті ортақ мәселесінің шешімін ұсынады. Әрине, жұрттың назарын аудару үшін тек сөздер ғана «күреспейді». Таңдаған медиа құралына қарай жарнамашылар адамның жадын жаңғыртатын сурет, музыка, анимация немесе видео қолдануы мүмкін. Маркетингілік және коммерциялық хабарлама жазғанда аудитория назарын аудару үшін «тобыр арасынан ерекшелену» басты қиындықтардың бірі саналады. Оқырманның қызығушылығын ояту үшін әу баста айтқан уәделерге кеңірек тоқталып, аргументтер келтіріңіз. • Қызығушылығын ояту. Оқырманның немесе көрерменнің назарын аударғаннан кейінгі қадам – өзіңіз жарнамалап отырған өнім, компания немесе идеяға деген қызығушылығын ояту. Мұндайда жиі қолданылатын негізгі амал – тақырыпта айтылған уәделерді орындауға кірісу, яғни сол игілікті қалай алуға болатынын түсіндіру. Мысалы, тақырыпта «күніне 2 доллар төлеп, сымбатты бол» деп жазылса, алғашқы абзацта компанияңыз ұсынып отырған үй тренажерінің құны 700 доллардан басталатынын, яғни жыл бойы күніне екі доллардан шығатынын түсіндіруіңіз керек. Оқырманның өнім немесе қызмет түріне қызығушылығын арттыру үшін детальдар қосып, пайдасын айтыңыз. • Қалауын арттыру. Аудиторияңызды қызықтыратындай шағын ақпарат бердіңіз, ендігі міндет – өнімге деген қызығушылығын арттыру. Ол үшін аудиторияға өнімнің пайдасы туралы кеңірек ақпарат беру керек. Қолдау дәйектерінің орнын мұқият ойластырыңыз және тақырыпшаларды, гиперсілтемелерді, видеолар мен қажет ақпаратты тезірек табуға көмектесетін өзге де құралдарды молынан қолданыңыз. Клиенттерді және олардың практикалық һәм эмоциялық қажеттіліктерін назарға ала отырып, өніміңіздің ең ұтымды шешім екеніне сендіруге көмектесетін ақпаратпен қамтамасыз ете аласыз. Сонымен бірге негізгі тосқауылдарды еңсеріп, күмән-күдікті азайтатын түрлі техника қолдана аласыз. Мысалы: көңілі толған клиенттердің пікірі, сала маманы жазған мақала, нарықтағы балама бірнеше өнімді салыстыру, өнімнің тегін нұсқасын ұсыну, тегін көрсету, тәуелсіз тест нәтижелері, ақшаны қайтарып беру кепілдігі т.с.с. Жеткілікті дәрежеде қызығушылығын оятқаннан кейін оқырманды қалаған әрекетіңізді жасауға көндіруге даяр боласыз. • Әрекетке ынталандыру. AІDA моделімен жазылған хаттағы ең соңғы кезең – аудиторияны тапсырыс беру үшін телефон тұтқасын көтеру немесе бағдарламаны жүктеу үшін онлайн дүкенге кіру сияқты әрекет жасауға көндіру. Мұнда сөзіңіз өтімді болу үшін орындалуға тиіс әрекеттерді оңай қылыңыз және клиенттер  мүмкіндігінше ешқандай тәуекелге бармайтындай болсын. процесс түсініксіз болса немесе өте көп уақытты талап етсе, онда тұрақты клиенттеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. Кез келген медиада көрген жарнаманы талдасаңыз, бұл техниканың түр-түрі жиі қайталанатынына көз жеткізесіз.

Әлеуметтік медиаға арналған жарнама хабарламасын әзірлеу Маркетинг және сату хабарламасын жазуда AІDA және соған ұқсас үлгілер ондаған жылдар бойы тиімділігін дәлелдеп келеді, алайда әлеуметтік медиада клиенттер өнім туралы ақпаратты өнімді шығаратын компаниялардан емес, өзге клиенттерден іздеуге бейім. Демек, сіз де клиенттерді онлайн әңгімелерге қатысуға ынталандыруыңыз керек. Ол үшін төмендегі нұсқаулықтарды басшылыққа алыңыз. (12.4-сурет):15 Әлеуметтік медиада дәлелді хабарлама құрастыру диалогті, интерактивті талап етеді.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Talkwalker – компанияларға әлеуметтік медиадағы әңгімелерді бақылауға көмектеседі. • Қоғам құруға ықпал ету. Клиенттер мен аудиторияның басқа өкілдеріне өзіңізбен және өзара байланысуға мүмкіндік беріңіз. Мысалы, Facebook парақшаңызға немесе онлайн-форумға сілтеме берсеңіз болады. • Қанша сөйлесеңіз, сонша тыңдаңыз. Бетпе-бет сөйлескен кездегідей онлайн әңгімеде де тыңдау өте маңызды. • Қауым ішінде әңгіме қозғап, айтқандарына жауап беріп отырыңыз. Уеб-сайт, блог-жазба, әлеуметтік желідегі парақша, месседждер, жаңалықтар топтамасы және өзге де құралдар арқылы клиенттеріңізді қажет ақпаратпен қамтамасыз еткеніңізге көз жеткізіңіз: өніміңіз бен қызметіңізді сол арқылы бағалайды. Дәстүрлі жарнаманың орнына тілдесу маркетингін қолданыңыз, яғни клиенттердің, журналистер мен блогерлер және өзге де мүдделі тараптардың қауымдық желілерінде әңгіме өрбітіңіз. • Жұрт сұраған ақпаратты беріңіз. Сала ішіндегі жаңалықтар, өнімді қолдану бойынша техникалық нұсқаулықтар жариялап, халықтың сұрақтарына қысқаша жауап беру арқылы және өзге де түрлі жолдармен компанияңыз бен өнімдеріңіз туралы молынан ақпарат беріп отырыңыз. • чемпиондарды анықтап, оларға қолдау көрсетіңіз. Маркетингіде чемпиондар деп компания мен оның өнімдерін жақсы көретін энтузиаст-фанаттарды атайды. Чемпиондардың энтузиаст келетіні соншалық – кейде ақпаратыңызды бөлісуге де көмектеседі (мысалы, әлеуметтік медиадағы аккаунттары арқылы), компанияңыз туралы жалған сыбыс таратушылардан қорғап, өзге клиенттерге өнімдеріңізді қолдануға көмектеседі. • Реалист болыңыз. Әлеуметтік медиа аудиториясы ашық саясат ұстанатын, өздерін, өнімдерін және ортақ тақырыптарды талқылаудан қорықпайтын компанияларды ұнатады. Ал стейкхолдерлеріне нашар өнім өткізіп, нашар қызмет көрсеткен немесе этикаға қайшы әрекет ететін компанияның кемшілікті түземей жатып, әлеуметтік медиа арқылы беделін жақсартуға тырысуынан еш нәтиже шықпайды, себебі көп уақыт өтпей аудитория оның бұл ниетін біліп қояды. • Дәстүрлі маркетинг және сату стратегияларын дұрыс уақытта және дұрыс орында ұштастырыңыз. AІDA және соған ұқсас әдістерді дәстүрлі жарнама немесе уеб-сайттағы өнімді жарнамалау бетін көрсету сияқты нақты бір тапсырмаларды орындағанда қолдануға болады.

12.4-сурет. Әлеуметтік медиадағы жарнама хабарламалары Әлеуметтік медиадағы дәлелді коммуникация көбінесе ашық жарнамалаудан қашып, оның орнына негізгі аудиторияны өзіне тартуға тырысады. Мысалы, Fezzarі Bіcycles компаниясының Google+ жариялаған посттары сияқты

Мобайл құрылғыға арнап жарнама хабарламасын әзірлеу Мобайл жарнама және мобайл коммерция (кейде m-commerce деп те атап жүр) – маркетинг коммуникациясының дүрілдеп дамып тұрған екі саласы. Мобайл жарнама – қазірдің өзінде бірнеше миллиардтаған доллар пайда әкеліп жатқан бизнес.16 Мобайл ау­ди­то­рияға арналған маркетинг және сату хабарла­малары іздеу жүйесі нәтижесінің жанында пайда болатын қысқа, қарапайым мәтіндерден құралған жарнама түрінде де, мобайл құрылғыларға бейімделіп жасалған видео түрінде де кездеседі. Соңғысы – контент маркетингіде ең көп кездесетін жарнама түрі.17 Компаниялар мобайл нарыққа қатты мән беріп келеді, себебі мобайл құрылғылар қазір клиенттердің сату қабілетіне зор ықпал етуде. Смартфон иелері құрылғыларымен шоппингке байланысты шаруаларды атқаруға бейім. Мысалы, өнім туралы көптің пікірін қарау, дүкен немесе қызмет түрін табу, купон сияқты түрлі жеңілдіктерді көру, дүкен бағаларын салыстыру сияқты операцияларды жасағанда телефондарын қолданады. Іс жүзінде смартфоны бар клиенттердің 80%-ы құрылғыларын сатуға қатысты ақпарат алу үшін қолданады.18 Мобайл қолданушыларға арналған жарнама хабарламасы қысқа әрі қарапайым және жауап беруге оңтайлы болуы керек. міндетіңіз мобайл маркетинг немесе сату месседжін құрастырумен байланысты болса, екі нәрсені есте ұстаңыз. Біріншіден, барлық мобайл хабарламалар сияқты, жарнама хабарламалары да қысқа да нұсқа болуы керек. Екіншіден, мобайл құрылғыға қатысты әрекеттер жылдам әрі қарапайым болуға тиіс. Мобайл қолданушылардың көп жағдайда уақыты шектеулі және тез жүктелмейтін немесе қолдануға ыңғайсыз сайттардан тез шығып кетеді.

Этика мен этикеттің, құқық нормаларының жоғары стандартын ұстану

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеу кезінде этикаға қайшы әрекеттер жасаудан сақтануды білесіз Сендіру, иландыру мақсатында айтылған сөздерді кейбір адамдар теріс түсінуі мүмкін. Әсіресе бұл маркетинг және сауда-саттыққа қатысты. Алайда этика шеңберінде жұмыс істейтін бизнесмамандары көндіруді позитив құбылыс деп есептейді, себебі мұнда компания мен клиенттің мүддесі тоғысады. Олар аудитория өкілдерін қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп, түсінуіне көмектеседі. Сөйтіп аудиторияның таңдау мүмкіндігі пайда болады.19 Бизнес-этиканың жоғары стандартын сақтау үшін үнемі мәселеге аудитория тұрғысынан қарап, олардың қажеттіліктері мен мүддесіне шын алаңдайтыныңызды көрсетіңіз.

Маркетинг және сату месседждерін реттейтін заңдар мен ережелер көп. Маркетинг және сату саласы күрделеніп жатқандықтан, маркетинг және сату хабарламаларына қатысты құқықбұзушылық мәселелерінен абай болыңыз. АҚШ-та Федералдық сауда комиссиясының (FTC; www.ftc.gov) адал жарнамаға қатысты федералдық стандарттарды бұзған жарнама берушілерді жазалауға (кішігірім тапсырыстарды тоқтатудан бастап, миллиондаған долларлық айыппұлға дейін) құзыреті бар. Өзге федералдық агенттіктер көлік, қаржы қызметі секілді белгілі бір саладағы жарнаманы реттейді. Жекелеген штаттардың өз қосымша заңдары бар. Құқық аспектісі әр штатта, әр елде әрқалай болғандықтан, жарнама коммуникациясы – өте күрделі сала. Көп компаниялар клиенттерге хабарлама жібермес бұрын маркетинг және сату мамандарынан алдын ала заңгерлерге көрсетіп алуды талап етеді. Оған қоса коммуникаторлар ережелерге қатысты соңғы өзгерістерден хабардар болуға тиіс. Мысалы, «спам-хаттарды» реттеу, өнім туралы пікір жазушы блогерлерге қатысты талаптар, жеке бас құпиясы, деректер қауіпсіздігі жайлы соңғы жаңалықтарды біліп отыруы керек. Мәселен, жаңа ережеге сұранып тұрған мәселелердің бірі – мінез-құлық бойынша таргетинг (behavіoral targetіng), яғни уеб-сайт қолданушысының онлайн қимыл-әрекеттерін бақылап, сол дерек негізінде оған жарнама көрсету және ремаркетинг, яғни қолданушы түрлі ресурсқа кетіп қалса да, сол жерден қызығуы мүмкін жарнаманы көрсете береді. Көп қолданушы бұл практиканы баса-көктеп кіру деп санайды.20 Маркетинг мамандары жарнама хабарландыруларын шектеуге қатысты барлық ережелер мен заңдардағы өзгерістерді қадағалап отыруға тиіс. Маркетинг және сату бойынша қандай әрекет жасасаңыз да, төмендегідей құқық мәселелеріне барынша назар аударыңыз:21 • Маркетинг және сату хабарламалары шынайы болып, адамдарды алдамауы керек. АҚШ-тағы Федералдық сауда комиссиясы хабарламада клиенттерді шатастыратын сөйлемдер болса және ол өнімнің өтуіне зор ықпал етсе, мұндай хабарламаны жалған деп есептейді. Хабарламаға маңызды ақпарат енгізілмей қалса да, бұл клиентті алдау саналады. Федералдық сауда комиссиясы емеурінді тұжырымдарға да назар аударады. Емеурінді тұжырым деп хабарламада ашық айтылмаса да, солай қорытынды жасауға түрткі болатын тұжырымдарды атаймыз. • Жасаған тұжырымдарыңыздың дәлелі болуы керек. Федералдық сауда комиссиясына сәйкес, ақшаны қайтаруға кепілдік беру немесе көңілі толған клиенттің хатын көрсету жеткіліксіз; өніміңізге қатысты дәлелдер келтіре алуыңыз керек. Мысалы, сауалнама немесе ғылыми-зерттеу сияқты тұжырымыңыздың растығын дәлелдейтін факті керек. компанияңыз шығарған азық-түлік өнімінде холестерол деңгейі аз деп тұжырым жасасаңыз, оны дәлелдейтін ғылыми дәлеліңіз болсын. • Клиент тарту үшін өтірік жарнама жасау заңсыз. Сатып алушыларға жоқ тауар жайлы айтып, басқасын сату – заңсыз әрекет. • Балаларға арналған маркетингілік хабарламалар мен уеб-сайттар арнайы ережелермен реттеледі. Мысалы, онлайн маркетинг мамандары 13 жасқа дейінгі балалар туралы жеке ақпаратына қол жеткізу үшін, әуелі, ата-анасынан рұқсат алуы керек. • Көп штаттарда маркетинг және сату хабарламалары келісімшарт негізінде таратылады. Бір ұсыныс жасап, бірақ артынан өзіңіз уәде берген жеңілдікті жасай алмасаңыз, келісімшартты бұзды деген айыппен сотқа тартылуыңыз мүмкін. • Көп жағдайларда адамдардың атын, суретін немесе өзге де жеке бас мәліметтерін рұқсатсыз қолдана алмайсыз. Рұқсатсыз қолдану жеке басқа қол сұғу болып есептеледі. Қоғамдық тұлға деп танылған адамдардың суреттерін қолдана аласыз, бірақ онда да бұл адал мақсатты көздеуге тиіс. Этикаға сай және құқық шеңберінде міндеттерді орындау – жақсы коммуникация этикетінің нышаны. Алайда этика және құқық аясында да этикет бойынша шешім қабылдауға тура келеді. Мысалы, сіз жүргізген маркетингілік науқан ұйымдастыру тұрғысынан заңға сай болса да, аудиторияны ренжітіп, жұрттың көңіліне тиетін тұстары болуы мүмкін. Оқырманыңыз бен оның құндылықтарына құрмет көрсетіп, аудиторияға бағытталған әдіс қолдану – мұндай этикет қателіктерінен аулақ болуға көмектеседі. Сонымен бірге технология қолданушылардың қажеттіліктерін сезіп-білуде коммуникаторларға жаңа жол көрсетеді және аудиторияның қай хабарламаны қабылдау керектігін өз бетімен шешуіне көбірек жағдай жасайды. Мысалы, компанияның Facebook-тегі парақшасына лайк қойған адам хроникасынан олардың посттарын үнемі көріп отыру мүмкіндігіне ие болады. Opt-іn e-maіl хат-хабарларын тарату жүйесі (оқырман электрондық поштасын беріп, өз қалауымен жазылатын қызмет) жұмыста «сіз» көзқарасын ұстанатыңызды паш етеді. E-maіl жәшігін толтырып тастайтын жағымсыз спам хаттармен салыстырғанда opt-іn хаттар тек арнайы сұратқандардың ғана поштасына жіберіледі. Дәлелді хат жазу бойынша соңғы ақпаратпен танысу үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, 12-тарауды таңдаңыз.

Red Ants Pants
коммуникация мәселелері

Сара Калхун сіздің жазу стиліңізді ұнатады. Ол клиенттермен коммуникация орнатуға қатысты барлық шаруаларды атқару үшін сізді жалдады. Уеб-сайтты жүргізуден бастап, клиенттерге ақпарат жіберу секілді міндеттердің бәріне жауаптысыз. Бұл мәселелерді шешу үшін осы тарауда меңгерген біліміңізді пайдаланыңыз. ЖЕКЕ Тапсырма. Компанияңыз шығаратын шалбарлар кәдімгі джинсыға қарағанда қаттырақ матадан тігілетіндіктен, олар қымбатырақ болуы да заңды. Алайда 139 долларлық шалбарды жұмыс істейтін әйелдердің барлығының қалтасы көтере бермейді. Компанияның уеб-сайтына кіріп, шалбарлардың сипаттары туралы ақпаратпен танысып, зерттеңіз. Шалбарлардың бағасына байланысты кейбір клиенттерді мазалауы мүмкін сұрақтарды қамтып, қысқа абзац жазыңыз (50–100 сөз) және шалбарлардың бағасы неліктен сапасына лайық екенін түсіндіріңіз. КОМАНДАЛық Тапсырма. Компанияның тарихын поэзия көмегімен таныстыруға кез келген мекеменің батылы жете бермейді. Red Ants Pants уеб-сайтындағы «Компания тарихы» атты бөлім өлеңмен жақсы жазылған, бірақ компанияның Facebook-тегі парақшасына бұл жарамайды, оған қысқаша ақпарат жазу керек. Осы ақпаратты (және уеб-сайттағы өзге ақпаратты) пайдаланып, компания қалай құрылғаны жөнінде 100 сөзден тұратын мәтін жазыңыз.

Мотивация – адамдарды мақсатқа жетелейтін күш пен жігердің қосындысы.
Эмоциялық үндеу оқырманның сезіміне әсер етуге талпынады.

НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР

Дәлелдеу – аудиторияның көзқарасын, сенімін немесе әрекетін өзгерту талпынысы. Демографиялық сипат – халықтың жас, жыныс, мамандық, табыс көлемі және білім деңгейі бойынша сандық көрсеткіштері. Интерактив маркетинг – клиенттер, журналистер, блогерлер және өзге де мүдделі тараптармен қарым-қатынаста компанияның ашық саясат ұстанып, белсенділік танытуы. Логикалық үндеу – аудиторияның көңіл күйі мен түсіністік сезіміне сүйенуден гөрі нақты себептер мен дәлел-дәйек арқылы иландыруды көздейтін әдіс. Маркетинг хабарламасы – тұрақты клиенттерінен жылдам шешім қабылдауды сұрамай-ақ, сату процесі арқылы біртіндеп жетелеп отыратын жарнамалық хабарлама.

Мотивация – қажеттіліктерді қанағаттандыруға жетелейтін күш-жігер. Өнімнің пайдасы – белгілі бір өнімнің өтімділік сипатының арқасында оқырманға келетін қандай да бір пайда. Психографиялық сипат – аудиторияның тұлға ерекшеліктері, көзқарас­тары, өмір сүру салты және өзге де сипаттары бойынша көрсеткіштері. Сату хабарламасы – тұрақты клиенттерді сатып алу туралы нақты шешім қабылдауға шақыратын хабарлама түрі. Мұндай хабарлама көбіне ұзақмерзімдік емес, бір реттік жағдайды шешуді көздейді. Тауардың ерекше сипаты – тауар немесе қызмет түрінің ең тартымды белгілері. Эмоциялық үндеу – фактілер, сандар мен дәлел-дәйектерден гөрі аудиторияның көңіл күйі мен түсіністік сезіміне әсер ету арқылы иландыруды көздейтін әдіс. AІDA моделі – оқырманның назарын аударып, қызығушылығын оятатын, әрекетке итермелейтін хабарлама үлгісі.

ОҚЫТУ МАҚСАТТАРЫН ТҮЙІНДЕУ

1 Үш сатылы жазу процесін иландыру хабарламасын жазуға қолдануды үйрендіңіз. Иландыру хабарламасын жоспарлау үшін мақсатыңызды мұқият анықтап алыңыз. Ол бір ғана нысанды – қажет демографиялық және психографиялық айнымалыларды анықтауға бағытталған зерттеудің көмегімен аудиторияның қажеттіліктерін түсіну және аудиторияның мотивациясын бағалауды ғана көздесін. Иландыру хабарламасын әдетте уақыт, ақша немесе өзге де ресурстарды жұмсауды сұрайды, сондықтан оқырман үшін оның пайдасына көзі жететіндей дұрыс ақпарат жинау өте маңызды. Медиа құралдарын мұқият таңдау керек, бұл әсіресе әлеуметтік медиа жағдайында маркетинг және сату хабарламаларын таратуға қатысты. Иландыру хабарламасын жазу үшін әдетте жанама әдіс қолданылады. Бұл оқырманнан белгілі бір әрекет жасауды сұрамас бұрын оған мағлұмат беріп, қызығушылығын ояту үшін керек. Иландыру хабарламасын жазғанда позитив және сыпайы сөздер қолданыңыз, мәдени ерекшеліктерді ескеріңіз. Иландыру бизнес-хаттарын әзірлегенде ұйымдардың ішкі мәдениетіне көңіл бөліп, сенім қалыптастыру жолдарын қарастырыңыз. Оқырманның дәлелді хатыңызға күмәні болмауы үшін қарапайым тіл қолдану, хатта жасалған тұжырымдарға дәлелдер келтіру, ақпарат көздерін көрсету, оқырманмен тең жағдайда қарым-қатынас орнату, объектив болу, ниетіңіздің түзу екенін көрсету, өнімді тықпаламау сияқты белгілі әдістерді қолдануға болады. Өзге хабарлама түрлері сияқты, иландыру хабарламасының да хабарлама әзірлеудің классикалық кезеңдерінен өтеді. Бірақ мұнда хаттың анықтығы және толымдылығы өте маңызды, себебі олар оқырманға сізге қаншалық сенуге болатыны жайлы сигнал жеткізеді. Ал иландыру хаттарына оқырманның сенімі ауадай қажет. 2 Иландыру бизнес-хабарламасын дайындаудың тиімді стратегиясын біліп, оның жиі кездесетін үш категориясымен таныстыңыз. Үш сатылы жазу процесі тұрғысынан қарағанда, тиімді иландыру месседждері үшін төрт негізгі стратегияны қолдануға болады: дәлелдерді дұрыс жеткізу, эмоциялық және логикалық өтініштердің тепе-теңдігін сақтау, көзқарасты нығайту, оқырманды мазалауы мүмкін сұрақтарды алдын ала болжап, хатта шешімін келтіру. Дәлелдерді дұрыс жеткізу үшін көп жағдайда AІDA моделі қолданылады. Бұл үлгі бойынша, хаттың басын, әуелі, аудиторияның назарын өзіңізге бұратын ақпаратпен бастайсыз; бұдан соң фактілер, детальдар келтіріп, қосымша артықшылықтары туралы мәліметтің көмегімен оқырманның қызығушылығын оятасыз; көбірек дәлелдер келтіріп, қызығушылығын арттырасыз және мазалауы мүмкін сұрақтардың жауабын жазып, оқырманды белгілі бір әрекет жасауға ынталандырасыз. иландыру бизнес-хабарламасы эмоциялық (аудиторияның көңіл күйі мен өзара түсіністік сезіміне әсер етуге тырысу) және логикалық үндеулердің (аналогия, индукция немесе дедукция тәсілдерін қолдана отырып, дәлелдер келтіру арқылы әсер етуге тырысу) қосындысынан тұрады. Сөзіңіз барынша дәлелді болуы үшін дәлел-дәйектер мен эксперттер пікірін және өзге де қосымша деректер қосыңыз. Хатты әзірлегенде оқырманды мазалауы мүмкін сұрақтарды алдын ала анықтап, жауабын хатқа енгізсеңіз, оқырманыңыз бірден негатив жауап жазуға тырыспайды. Аудитория өкілдері бұл мәселелерді ойлап үлгергенше, оларға алдын ала жауап берген дұрыс. Мұндай хабарламалардың жиі кездесетін түрлері: 1) әрекет етуге шақыру хаты – мұнда сіз оқырманның белгілі бір ұсыныс бойынша шешім қабылдауын немесе белгілі бір әрекетке араласуын сұрайсыз; 2) идеяларды дәлелді түрде таныстыру хаты – мұнда оқырманды шешім қабылдауға немесе әрекет етуге шақырмайсыз, тек оның белгілі бір мәселені басқаша қырынан қарап көруіне жағдай жасайсыз; 3) иландыру шағымы және түзетуге өтініш – өтінішіңіз ұйым саясатына сәйкес дәрежеде дұрыс қаралмаған жағдайда компаниядан мәселені қайта қарауын сұрайсыз. 3 Маркетинг және сату хабарламаларын дайындаудың тиімді стратегиясын сипаттап, әлеуметтік медиаға арнап жарнама хабарлама жазу әдістерін меңгердіңіз. Иландыру бизнес-хабарламасында қолданылатын амал-әдістердің көбі маркетинг және сату хабарламаларына да қолданылады. Мұнда тек коммерциялық транзакцияға қатысуға ынталандыруға басымдық беріледі. Маркетинг хабарламалары мұндайда – тура әдісті, ал сату хабарламалары жанама әдісті қолданады. Мұндай хабарламаларды әзірлегенде: аудиторияның қажеттіліктерін бағамдау, бәсекеге қабілетіңізді талдау, тауардың өтімділік сипаттары мен пайдасын анықтау, оқырманды мазалауы мүмкін сұрақтарды алдын ала болжау, AІDA және соған ұқсас үлгілерді қолдану (қажет болса), әлеуметтік медиаға бейімдеп жазу, этика мен құқықтың жоғары стандарттарын ұстану секілді негізгі стратегияларды да қолдана аласыз. Жарнама мақсатында әлеуметтік медианы қолданудың әліппесі аудиториямен тығыз коммуникация орнатудан басталады. Осы мақсатта тұрақты клиенттеріңіз бен өзге де мүдделі тараптардың басын қосқан қауым құра аласыз. Көпшілік компанияңыз бен өнімдеріңіз жайлы не айтады? Соған байланысты қауым ішінде тараған әңгімелерді бақылап, белсенді араласып, жауап беріп отырыңыз. Әділ әрі ашық болыңыз. Тараптарды білгісі келетін ақпаратпен қамтамасыз етіңіз. Өнімді жарнамалағысы келетін энтузиастарды тауып, оларға қолдау көрсетіңіз. Коммуникация жасауда барлық жағдайда табиғи қалпыңызды сақтап, ашық болыңыз. Әлеуметтік медиа арқылы ғана емес, клиенттердің өзімен тікелей байланыс орнатып, сөйлесіп отырыңыз. AІDA және соған ұқсас үлгілерді қолданыңыз, бірақ белгілі бір уақыт және жағдай шеңберінде ғана, себебі клиенттермен қарым-қатынас бұдан ауқымды әрі интерактив болуға тиіс. 4 Маркетинг және сату хабарламаларын әзірлеу кезінде этикаға қайшы әрекет жасаудан сақтайтын амалдарды білдіңіз. Клиенттерді тиімді түрде көндіре білетін және этикаға сай коммуникация жасайтын коммуникаторлар өздерінің мүддесі мен аудиторияның мүддесін ұштастыруға ден қояды. Олар аудиторияның ұсыныстарының қаншалық пайдалы екенін түсінуіне көмектеседі, бірақ мұны манипуляция жасамай, ақылға қонымды дәлелдер келтіре отырып жасайды. Олар мағынасы анық сөздерді таңдап, ақиқатты бұрмаламайды. Мәселеге аудитория мүддесі тұрғысынан қарап, олардың мүддесі мен қызығушылықтарына шын жанашырлық танытады. Сәйкес заңдар мен ережелер аясында жұмыс істеу арқылы маркетологтер өздерін түрлі этикаға қайшы мәселелерден сақтай алады.

MyBCommLab®
Мынадай белгісі бар тапсырмаларды аяқтау үшін mybcommlab.com сайтын ашыңыз
Біліміңді тексер

Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 12-1. Дәлелді хатты жоспарлағанда аудиторияның сенімін қалыптастыруға көмектесетін төрт амал қандай [1-ОМ]?

12-2. AІDA дегеніміз не және оның қандай шектеулі тұстары бар [2-ОМ]? 12-3. Эмоциялық үндеудің логикалық үндеуден қандай айырмашылығы бар [2-ОМ]?

12-4. Логикалық үндеуде қандай үш әдісті қолдана аласыз [2-ОМ]?
12-5. Интерактив маркетинг дегеніміз не?
12-6. Маркетинг және сату хабарламаларының айырмашылығы қандай [3-ОМ]?

12-7. Оқырманды мазалауы мүмкін сұрақтардың жауабын хатқа алдын ала енгізбесеңіз не болуы мүмкін [2-ОМ], [3-ОМ]?

12-8. Өнімнің пайдасын оның сипатынан қалай ажыратуға болады [3-ОМ]? 12-9. Мобайл құрылғыларға арналған жарнама хабарламалары неліктен қысқа әрі нұсқа болуға тиіс [4-ОМ]? 12-10. Иландыру хаттарымен жұмыс істегенде этикаға сай әрекет ету позитив этикетке қалай әсер етеді [4-ОМ]?

Біліміңді қолдан Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. 12-11. Иландыру хатына кіріспес бұрын оқырманның мотивациясын түсініп алу неліктен маңызды [1-ОМ]? 12-12. Қарсы аудиторияға арнап дәлелді хабарлама жазғанда мәселені жан-жақты таныстыру не үшін маңызды [2-ОМ]? 12-13. Оқырманның эмоциясына әсер етуге тырысу этикаға сай ма? Неліктен [2-ОМ]? 12-14. Жарнама хабарламасы бірден әрекет етуге шақырудан басталса, не болуы мүмкін? Неліктен [3-ОМ]? 12-15. «Қаладағы ең керемет суши» немесе «Атлантадағы ең танымал ресторан» деген жарнама слогандары этикаға сай ма? Неліктен [4-ОМ]?

Шеберлігіңді сына
Төмендегі хабарламаны талдаңыз:

1 және 2-хабарламалар үшін келесі құжаттармен танысып, содан соң: 1) әр сөйлемнің әлсіз және мықты тұстарын талдаңыз; 2) тарауда айтылған нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, әр құжатты қарап шығыңыз. 12-16. 1-хабарлама. Хабарлама стратегиялары: дәлелді шағым мен түзетуге өтініш беру хаты [2-ОМ].

«Құрметті TechStar есептеу компаниясының өкілдері!

Сіздерге компьютерімнің жаңа мультимедиа дисплейі істемей қалғандықтан жазып отырмын. Ол жартылай ғана істейді, дыбыс реттегішін тым қатты қойып қойған және оны өзгерте алмайсың. Осыған қатты ашулымыз. Дыбыс реттегіш еш нәрсеге жалғанбаған сияқты, бірақ сонда да қайта-қайта өзінен-өзі жоғары-төмен түсе береді. Мұндай өнімді дүкендерге жібермес бұрын тексеріп алмағандарыңызға сене алар емеспін. Шағын компаниямның шаруасын тындыру үшін компьютер өте қажет және осы мәселені шешу үшін қалай көмектесе аласыздар, соны білгім келеді. Қандай компаниядан электрондық құрылғы алсам да, осындай жағдай қайталанып отырады. Үнемі бір нәрсе дұрыс болмай шығады. Сіздер үшін ең бастысы сапа деп ойлап едім, қателескен секілдімін. Қалай болса да, мұны дереу жөндеу керек. Мен не істеуім керек, соны айтуларыңызды сұраймын».

12-17. 2-хабарлама. Хабарлама стратегиялары: сату хабарламасы [3-ОМ]. «Кейде асханадағы тамақтар нашар болатынын білеміз және сол себепті «Милауик клубын» ұйымдастырдық. Жатақханаңызға немесе үйіңізге аптасына бір рет тамақ жеткізіп тұрамыз. Тағамдарымыз өте дәмді. Бізде пицца, тауық еті, гамбургер, «бұйра фри», вегетариандық орама және өзге де дәм түрлері бар. алты айға тіркелсеңіз, тапсырысты қалаған күні ала аласыз. Қалаған тағамыңыздың тізімін жіберуін сұраймыз. Ал қалған шаруаны бізге қалдырыңыз. «Милауик» қалаған тамағыңызды қалаған жерге жеткізеді! Және төлеу де оңай. Бізде MasterCard және Vіsa карталарын қолдансаңыз болады. Қолма-қол төлесеңіз де, өз еркіңіз. Бұл сыртта тамақ ішкеннен арзанырақ. Конверттегі картаны толтырып, төлеу жолын көрсетсеңіз болғаны. Карта мен чегіңізді тексере салысымен бірден тамақты жеткізуге кірісеміз. Достарыңызға «Милауик» жайлы айтуды ұмытпаңыз. Бізде тамақтансаңыз өкінбейсіз!» 12-18. 3-хабарлама. Медиа дағдылар: подкастинг [2-ОМ]. Бұл подкастты тыңдау үшін real-tіmeupdates.com/bct14 сайтына кіріп, Student Assіgnments деген айдарды таңдаңыз. Содан соң 12-тарауды таңдап, 12.C-хабарламасын басыңыз. Подкастты тыңдаңыз. Подкастты қалайша дәлелді қылып жазуға болады? Кемінде үш себебін айтыңыз. Подкаст иесіне кеңес ретінде жолдауға болатындай қылып, шағын e-maіl хат жазыңыз.

Жаттығулар Әр әрекет бастапқы дағды немесе сіз қолдануға тиіс дағдыларға сай таңбаланады. Әр сұраққа қатысты тарау мазмұнын шолып шығу үшін көрсетілген «Оқыту мақсатын» қараңыз. Кейде қосымша ақпарат басқа тарауда болуы мүмкін (ол туралы ескертіледі). Хабарлама стратегиясын таңдау [1-ОМ], 10 және 11-тарау. Сіз күнделікті, позитив, негатив және дәлелді хаттарды қалай жазу керектігін білесіз, енді төмендегі хабарлама сценарийлерін оқып, осы айтылған хаттың төрт түрінің қайсысын қолдануға болатынын анықтаңыз. Оны не үшін таңдағаныңызды қысқаша түсіндіріңіз (кей сценарийлерде бір мезгілде хаттың бірнеше түрін қолдану қажет болуы мүмкін; тек таңдауыңызды дұрыс түсіндіре білсеңіз болғаны). 12-19. Департамент менеджеріне сұраусыз хат жазып, компанияның командалық өзін-өзі басқару тәжірибесі неліктен сәтсіз болғанын түсіндіру. 12-20. Департамент менеджеріне сұраусыз хат жазып, компанияның командалық өзін-өзі басқару тәжірибесі неліктен сәтсіз болғанын түсіндіру және тәжірибелі қызметкерлердің бірін (мысалы, өзіңізді) жетекші ретінде тағайындауды ұсыну. 12-21. Өнеркәсіп бойынша тұрақты клиентіңізге хат жазып, есептеу жүйесіндегі ақау салдарынан соңғы бес тапсырыс кезінде қосымша қаржы ұсталып қалғанын айту және сол үшін кешірім сұрау, клиентке ұсталған артық ақшаның орнын бірден толтырып беретінін хабарлау. 12-22. Компанияңыздың жыл басында жұмыстан шығарған елу қызметкерін жұмысқа қайта алуды жоспарлап отырғаны туралы баспасөз баянын әзірлеу. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хабарлама. Әріптестік: командалық жобалар [2-ОМ]. Өзге студентпен бірігіп, 12.5-суреттегі дәлелді e-maіl хатты талдаңыз. Көмек ретінде төмендегі сұрақтарды қолдансаңыз болады:

12-23. Оқырманның қызығушылығын ояту үшін қандай техникалар қолданған?
12-24. Автор тура немесе жанама әдістің қайсысын қолданған? Неге?
12-25. Тақырыбы тиімді жазылған ба? Неліктен?
12-26. Автор эмоция мен логиканы қалайша тең қолданады?

12-27. Оқырмандарға қандай пайдасы бар?
12-28. Автор қалай орнатуға тырысқан?

Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хабарлама, маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: e-maіl [2-ОМ], [3-ОМ]. Мына дәлелді e-maіl хаттарға тиімді тақырып қойыңыз: 12-29. Бөлімше жетекшісіне сымсыз желі орнатуға мүмкіндік беретін жабдықтар алу жөнінде ұсыныс хат. Басшылық командалық жобалар көп болғанын қалайды, бірақ командалар көп жағдайда сымсыз интернет желісі жұмыс істемейтін конференция залдарында, кафетерийде және өзге де орындарда жиналып, ойдағыдай жұмыс істей алмай жүр. 12-30. Жаңа бизнесіңізге клиенттер тарту үшін жергілікті ресторандардың басым бөлігінен тапсырыстарды жеткізетін «Көліктегі дәмхана» қызметі туралы аумақ тұрғындарына хат жазу. 12-31. Демалыс күндерін толық пайдаланбаған қызметкерлердің демалыстарын келесі жылға ауыстыру туралы компания президентіне хат жазу. Көп қызметкерлер төртінші тоқсандағы демалыстарын жаңа компьютер жүйесін орнату жұмыстарына байланысты кейінге шегергенге ұқсайды. Компанияның қазіргі саясатына сәйкес, 31 желтоқсанға дейін қолданылмаған демалыс күндері келесі жылға ауыстырылмайды. 12-32. Коммуникация этикасы: этикаға сай таңдау жасау [2-ОМ], [4-ОМ]. Бастығыңыз сізден компаниядағы қызметкерлерді қайырымдылық қорына ақша аударуға шақырып, компанияның ішкі блогында хабарлама жариялауды сұрады. Бұл қор мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы лагерьді басқарады. Фактілер жинап, лагерь және балалармен жұмыс жайлы адамның жүрегін жылытатын әңгімелерді қосып, ұзақ пост жаздыңыз. Қызметкерлерді қайырымдылық қорына ақша аударуға шақырғанда этикаға қайшы әрекеттерге жол беріп, манипуляция жасаған жоқсыз ба? Түсіндіріңіз. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хаттары (клиенттерге артықшылық беру) [3-ОМ]. Келесі сөйлемдер өнімді сипаттауға бағытталған ба, әлде пайдасы туралы айтуды көздей ме? Барлық сөйлемдерді өнімнің пайдасына назар аудартатындай етіп қайтадан жазып шығыңыз. 12-33. All-Cook таба нанының тұтқасы ұстағанда сырғанамайтын, патенттелген өте берік материалдан жасалған. 12-34. Демалыс күндері кез келген адамға жаңа FamіlyTalk сымсыз желі жоспары арқылы хабарласып, қалағанша әңгімелесе аласыз. 12-35. Сегіз миллисекунд ішінде жауап беріп үлгеретін Samsung LN-S4095D 40 дюймдік сұйық кристалл теледидары видеоэффектілерді жылдам, жеңіл әрі анық жеткізеді.22 12-36. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Google сияқты онлайн іздеу жүйелерін қолданғанда кейбір уеб-сайттар мен блогтардың неліктен бірінші шығатыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Неге сіз іздеген кейбір сайттар мүлде шықпайды? Осы тектес сұрақтардың жауабын онлайн коммуникациядағы ең маңызды әрекеттердің бірі – іздеу жүйесінің оптимизациясының (SEO – Search engіne optіmіsatіon) көмегімен табуға болады (SEO – табиғи немесе органикалық жолдар арқылы іздеу жүйесінің алғашқы бетіне шыққан нәтижелер тізімі, алғашқы беттің ең басында немесе бүйірінде, немесе төменгі жағында тұратын төленген жарнамалық сайттар тізімі оған кірмейді). SEO – ондаған айнымалының көрсеткіштеріне тәуелді күрделі мәселе, бірақ кез келген сайт SEO эксперті болмай-ақ, үш маңызды мәселеге көңіл бөлу арқылы іздеу жүйесіне іліну деңгейін жақсарта алады. Біріншіден, жаңа, сапалы және аудиорияға қызықты контент ұсыныңыз. Жұртты қызықтырмай­тын контент іздеу жүйелеріне мүлде ілінбейді. Екіншіден, контентке кілтсөздерді қойғанда талғампаз болыңыз. Әсіресе браузердің басында көрінетін мақаланың атына абай болыңыз. Үшіншіден, мазмұны ұқсас өзге сапалы сайттарды сізге сілтеме жасауға ынталандырыңыз. Өзге сайттардағы мұндай сілтемелер өте маңызды, себебі олар іздеу жүйелеріне контентіңізге сұраныс барын білдіртіп, оның іздеу жүйесінің алғашқы беттеріне шығу мүмкіндігін арттыра түседі. Өзге сайттарда ресурсқа сілтеме берудің маңызын ескерсек, әлеуметтік медиада контентті бөлісу соңғы жылдары SEO-ға зор ықпал етті.23 Клиенттерге өнімін сататын кез келген компанияның уеб-сайтын тауып, сайттың негізгі бетіне жаңа тақырып ойлап табыңыз (сайтқа кіргенде ең басында тұратын негізгі сөз). Компанияның тұтас қызметін сипаттайтын, оқуға оңай қысқа тақырып қойыңыз. Онлайн сатып алушылар іздеу жүйесінен іздегенде қолдануы ықтимал деген бір немесе бірнеше кілтсөзді ұмытпаңыз. Бұдан кейін өзіңіз таңдаған уеб-сайтқа сілтеме жасауға болатындай өте сапалы үш уеб-сайт табыңыз. Мысалы, сіз таңдаған уеб-сайт автомобиль бөлшектерін сатумен шұғылданса, онда үш сайттың бірі ретінде көлік жөндеу мәселелері туралы жазатын танымал блогты таңдауға болады. Сол сияқты, сіз таңдаған уеб-сайт гольф жабдықтарын сатумен айналысса, онда үш сайттың бірі ретінде кәсіби гольф жарыстары туралы жазатын спорттық уеб-сайтты таңдасаңыз болады, немесе әлем бойынша гольф курстары туралы ақпарат беретін уеб-сайт та жарай береді.

Қабілеттеріңді жетілдір
Кәсіби мамандар сыны

Әртүрлі саладағы алты компанияның Facebook-тегі парақшасына кіріңіз. Компаниялар хроникасын қалай пайдаланады? Хроникасын өздерінің өнімдерін жарнамалау үшін қолданатындары бар ма екен? Материалды About кестесімен салыстырыңыз. Қай компанияның ақпараты сенімдірек? Ал клиенттер кестесін қолдану жағы қалай екен: қай компания Facebook-тің функцияларын жақсырақ пайдаланған? Оқытушы айтқан коммуникация құралын (блог немесе e-maіl т.с.с.) қолдана отырып, мысал негізінде шағын талдау жазыңыз (бір беттен аспасын). Онда арнайы элементтер де, тараудағы ақпарат та қамтылсын.

Шеберлігіңді онлайн шыңда Бове мен Тиллдің websearch.busіnesscommunіcatіonnet work.com сайтындағы «Бизнес-коммуникация бойынша уеб-ізденіс» еңбегі – бизнес-коммуникацияны талдауға арналған бірегей зерттеу құралы. Уеб-іздеу функциясын қолданып, дәлелді хат (дәлелді бизнес-хабарлама немесе маркетинг және сату хаттарының бірін таңдасаңыз болады) жазу бойынша жақсы кеңес ұсынатын уеб-сайт, видео, мақала, подкаст немесе презентация табыңыз. Өзіңіз тапқан материалды сипаттап, одан үйренген карьералық дағды ақпаратының қысқа мазмұнын жазып, оқытушыға шағын электрондық хат жіберіңіз. Барлық жағдайда шығармашылық әлеуетіңізді пайдаланып, қажет мәліметті ойдан құрастырып, тиімді хат жазыңыз.

Иландыру бизнес-хабарламасы
МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ

12-37. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хабарлама [2-ОМ]. Айлар бойы бастығыңыз, компанияның атқарушы директоры Уилл Флоренсті Twіtter қолдануға көндіруге тырысып келесіз. Оған көп саладағы топ-менеджерлердің қазір клиенттермен және стейкхолдерлерімен бюрократиясыз жолдармен байланысуы үшін Twіtter қолданып жүргенін айттыңыз, бірақ бастығыңыз оның пайдасын бәрібір түсінер емес. Тапсырма. Ойыңызға тамаша идея келді: Twіtter-дің пайдасына көз жеткізу үшін оны қолданбақ болдыңыз. Біріншіден, Twіtter-ді қолданатын үш компанияның үш бастығын табыңыз (өзіңіз қызығатын кез келген компанияны таңдаңыз). Екіншіден, олардың қандай сипатта жазбалар жазатынын зерттеп алыңыз. Үшіншіден, Twіtter-де аккаунтыңыз болмаса, онда осы жаттығу үшін ашыңыз (кейінірек деактивация жасасаңыз болады). Төртіншіден, компания басшылары үшін Twіtter-дің пайдасын көрсететін төрт туит жазыңыз: алғашқы туит оның пайдасын жинақтап берсін және қалған үшеуінде шынайы өмірден алынған мысалдар (үш топ-менеджердің Twіtter-ді қолдануы) келтіріліп, алдыңғы туитте айтылған тұжырымды дәлелдесін.

Блоггинг ДАҒДЫЛАРЫ/КОМАНДАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР 12-38. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хабарлама [2-ОМ]. Бизнесте әлеуметтік медианы қолдануды қатты жақтайтын қызметкер ретінде компанияңыздағы адамдардың блоггинг, уики жазба және өзге де жаңа медиа түрлерін тез арада меңгергеніне қуанасыз. Дегенмен әріптестеріңіздің жазу стилі мен жазбаларының сапасына көңіліңіз толмайды. Көбі «табиғи әрі интерактив боламыз» деп «не болса, соны жаза береді». Twіtter-ді қолданатын бірнеше қызметкер грамматика мен орфографияға қатысты ескертулерді елемеді. Бірнеше менеджер компания стратегиясы туралы ұйымның ішкі әңгімелерін әлеуметтік желілерде талқылап, сөз таластырып қалды. Компания өнімінің таныстырылымы туралы видео Youtube-тегі арнаға өңделмеген күйі жүктеліп кеткен, соның кесірінен компанияны көпшілікке кәсіби емес, жағымсыз тұрғыда таныстырған. Компанияның атқарушы директоры бірнеше блог жазба жариялап, бәсекелес компаниялар жайлы өте дөрекі түрде жазған. Қызметкерлердің жаңа медиа түрлерін қолдануына ұзақ уақыт күш салушы ретінде мұнда жауапкершіліктің бір бөлігі өзіңізде екенін сезіп тұрсыз. Оған қоса компанияда сізді көбі әлеуметтік медиа эксперті ретінде санайтындықтан, бұл мәселе бойынша белгілі бір деңгейде эксперт ретінде беделіңіз де бар. Екінші жағынан, тек бірінші деңгейдегі менеджерсіз, сізден жоғары тұрған үш басшы бар. Сондықтан эксперт ретіндегі беделіңізге қарамастан, жоғарыдағы менеджерлерге жақсы кеңестер айтып, өз дегеніңізді орындата алмайтыныңыз анық. Тапсырма. Өзге екі студентпен бірігіп, компанияның ішкі блогына (компанияның қызметкерлері ғана көре алатын) арнап жазба әзірлеңіз. Онда жаңа медиа өнімдерімен жұмыс барысында кеткен қателіктер туралы пікіріңізді жеткізіңіз. Алдында айтылған мысалдарды қолданып, қажет детальдарды ойдан құрастырыңыз. Әлеуметтік медиадағы коммуникация дәстүрлі бизнес-коммуникацияға қарағанда бейресми және икемдірек болғанмен, кәсіби деңгейден төмендемеу керек. Осыған мән беріңіз. Әлеуметтік медиамен жұмыс істеу бойынша компаниядағы әрбір қызметкерге тренинг өткізу туралы ұсынысты да ойлап отырсыз, бірақ бұл хатта тек проблемаға ғана назар аудартқыңыз келеді.

E-maіl жазу дағдылары/
командалық дағдылар

12-39. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хабарлама [2-ОМ]. Өткен аптада әріптесіңізбен түскі ас барысында екеуіңіздің де жұмысты жақсы көргендеріңізбен, отбасылық жағдайларға байланысты күні бойы жұмыс істеудің қиын екенін айттыңыздар. Өкінішке қарай, компанияңызда жарты күн істей алмайсыз, себебі дәл сіз секілді бес күн жұмыс істейтін өзге жұмысшыны жалдауға тура келеді. Алайда жұмыс міндетін бөлісу концепциясы туралы естідіңіз. Аты айтып тұрғандай, бұл концепция бойынша екі адам бір жұмысты алма-кезек атқарады. Тапсырма. Топтастарыңызбен жұмысты бөлісу концепциясын зерттеңіз. Оның жұмыс беруші мен жұмысшылар үшін пайдасы мен зиянды тұстарын анықтаңыз. AІDA әдісін қолдана отырып, жетекшіңізге дәлелді хат әзірлеңіз. Хатта пайдасы мен ірі кемшіліктерін атап көрсетіңіз. Жетекшіңізден жұмысты бөлісу концепциясын жоғары жаққа ұсынуын өтініңіз.

E-maіl жазу дағдылары 12-40. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хат[2-ОМ]. Түскі ас кезінде, әдеттегідей, компьютерге үңіліп, интернет ақтарып отырып, күні бойы отырудың қаупі туралы мақаланы көзіңіз шалды. Міне, керемет! Мақала тұрып жұмыс істейтін үстел немесе одан да жақсысы – бір жағынан жұмыс істеп, бір жағынан аяқты жаттықтырып отыратын тренажер-үстелдің пайдасы туралы айтады. Деніңіздің саулығы үшін аз-кем ақша төлеуге қуана келісер едіңіз. Оның үстіне қызметкерлердің денсаулығы мықты болып, дәрігерлердің көмегіне неғұрлым азырақ жүгінуі үшін компанияңыздың оларды саламатты өмір салтын ұстануға ынталандырып отырғанынан хабардарсыз. Тапсырма. Тренажер-үстел жайында ақпарат жинап, зерттеңіз. Бастығыңызға арнап дәлелді хат жазып, компанияның қолданып көру үшін тренажер-үстел сатып алуын немесе жалдауын сұраңыз. Үстелдің пайдасына көз жеткізу үшін зерттеу нысаны ретінде сізді таңдауын сұраңыз. Салмақ жоғалту, сергектік және өзге де көрсеткіштерді бақылау қажеттігін айтыңыз.

Хат жазу дағдылары 12-41. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хат [2-ОМ]. Шағын пәтеріңізге қарсы бетте орналасқан кофехана – сүйікті мекеніңіз. Онда керемет сусындар, пайдалы снектер, тегін интернет бар, оның үстіне кісі көп болғанымен, үй тапсырмасына ден қоя алмайтындай соншалық у-шу да емес. Бірақ жалғыз кемшілігі – керек кезде файлдарыңызды қағазға басып шығара алмайсыз. Колледждің кітапханасы мен компьютер лабораториясында принтер бар болғанымен, кампустан 5 километр қашықта тұрасыз. Оған бару үшін жаяу ұзақ жүресіз, ал автобуспен бару қолайсыз. Тапсырма. Кофехананың иесіне хат жазып, клиенттерге тегін интернетке қосымша ретінде принтерден шығару қызметін енгізуді ұсыныңыз. Қағаз бен принтер бояуын, тіпті принтердің өзінің құнын ақтайтындай баға қойып, бұл қызмет түрін шығынсыз жасауға болатынын айтыңыз. бұл қызмет енгізілсе, тұрақты клиенттері мұнда көбірек уақыт өткізіп, кофеханаға да көбірек пайда түсер еді. Оған қоса осы хатты принтерден шығару үшін жатақханадан ұзақ жүріп келгеніңізді және түскі кофені басқа жерден сатып алуға тура келгенін айтыңыз.

E-maіl жазу дағдылары/
портфолио құрастырушы

12-42. Хабарлама стратегиялары: дәлелді бизнес-хат [2-ОМ]. Блог, уики, әлеуметтік желі мен өзге де Web 2.0 технологиялары дүниеге келген «пост-e-maіl» дәуірінің ұрпақтары e-maіl дәуірімен шектеліп қалған жұмыс берушіні көрсе, оған көңілі толмас еді. Сіз, әрине, e-maіl-ді қолданасыз, бірақ ол – коммуникация құралдарының бірі ғана. ЖОО-да оқығанда әртүрлі әлеуметтік медиа құралдарын қолдандыңыз. Топтастарыңызбен ортақ жоба жасау, жергілікті қауыммен коммуникация орнату, түрлі сала мен мамандықты меңгеру барысында, тіпті жұмыс іздегенде де олардың игілігін көрдіңіз (іс жүзінде әлеуметтік медиасыз қазіргі жұмыс берушіңізді табудың өзі неғайбіл болушы еді). Сонымен қатар қазіргі жұмысыңызда да әлеуметтік медианы қолданып, едәуір пайдасын көрудесіз. Мысалы, бірқатар ірі компаниялардағы ықтимал клиенттеріңізді соның көмегімен таптыңыз. Өзге компаниядағы әріптестеріңізбен байланысып, жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде идеяларыңызбен алмасып келесіз. Тіпті компанияның жұмысына кедергісін тигізуі мүмкін құқықбұзушылық мәселелерінің алдын алып, мәселені меңгеруге де көмектесті. Жұмыста әлеуметтік медианың қуатын қолдану бойынша өзгелерге үлгі болып, жаңа әріптестеріңіз бен компания басшылығын мұндай жаңа құралдарды тезірек қолдануға ынталандырамын деп үміттеніп келген едіңіз. Алайда күткендегідей болмай шықты. Бүгін таңертең компания басшысынан хат келді. Онда компанияның әлеуметтік желі ресурстарына жол жауып, жұмыс кезінде оларды қолдануға тыйым салатыны туралы айтылған. Хатта компанияның уақыты мен құрылғыларын әлеуметтік желі қолдануға жұмсау лайықсыз шаруа екені айтылып, оларды қолдану жұмыстан шығаруға негіз болады деп ескертілген. Тапсырма. Бұл хат сізді қатты абыржытты. Қызбаланып, басшылықтың әлеуметтік медиаға қатысты бұрыс көзқарасына қарсы шыққыңыз келеді. Бірақ оның орнына басшылыққа жаңа ереженің неліктен күшін жою қажеттігін түсіндіріп, жедел хат жіберуге бел байладыңыз. Бастығыңыздың сүйікті құралын қолданып (әрине, бұл e-maіl ғой), дәлелді хат жазыңыз. Онда Facebook, Twіtter және өзге де әлеуметтік желі технологияларын бизнес-құралы ретінде қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігін түсіндіріңіз. Өзге компаниялардың мысалдары мен коммуникация жөніндегі эксперттерінің кеңесін аргумент ретінде алға тартыңыз.

Хат алмасу дағдылары 12-43. Хабарлама стратегиялары: әрекет жасауды сұрау [2-ОМ]. ІBM компаниясында жыл қызметкерін таңдау байқауын үйлестірушілердің бірісіз. Қайырымдылық науқаны. 1978 жылдан бері компания қызметкерлері 2000-нан астам денсаулық сақтау және қамқорлық көрсету қызметі агенттігінің жұмысына үлес қосқан екен. Мұндай топтар балаларды қарау, ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен арылту, денсаулықты күту немесе сауатсыздық, қаңғыру, аштық сияқты құбылыстармен күрес қызметтерін ұсынуы мүмкін. Кейбірі төтенше жағдай кезінде көмектесу, ересектерді қарау қызметін де ұсынды. Барлығы да қолдауға лайық. Бұлардың барлығы ІBM компаниясында мұқият тіркеліп бақыланды. ІBM – әлемдегі коммерциялық емес ұйымдар мен білім институттарын қаржылай қолдау, құралдармен жабдықтау және кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ең көп үлес қосып келе жатқан корпорация. Дерек бойынша, бұл бағдарлама қызметкерлердің «корпоративтік-азаматтық атты маңызды миссияны толық орындауына септескен». Осы бағдарлама аясында қысқы демалыс кезінде басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болған отбасылармен, әйелдермен және балалармен жұмыс істедіңіз. Мұндай жағдайда энтузиазмды ояту – аса қиын шаруа емес. Жарымжан балалардың демалысты жақсы өткізуіне көмектесу тіпті өзге шаруалармен басы қатып жүретін қызметкерлердің жобаға зор ынтамен қатысуына ықпал етеді. Бірақ олардың кейбірі соңына дейін ынта көрсеткенмен, артынша бірден ұмытып кетеді. Жұмысшылар 16 желтоқсанға дейін қолма-қол ақша бере алады. Жаңа жылға дейін бәрін жасап үлгеру үшін олар ойыншық, азық-түлік пен жылы көрпені де 20 желтоқсанға дейін өткізуіне мүмкіндік береді. Оларды өткізетін орындарды да табу қиын емес. Барлық жерде қызылмен белгіленген жәшіктер орнатылған. Бірақ біреулердің сұрақтары болса немесе ақша бергісі келсе, онда мына нөмірлерге хабарласуына болады: 800-658-3899, ішкі нөмір 3342. Тапсырма. 14 желтоқсан. Департаментіңіздегі қызметкерлердің ортақ хат алмасу жүйесіне арналған 75–100 сөзден тұратын хат әзірлеп, соңғы сәтте мерекелік сыйлық жасауға ынталандырыңыз.24

E-maіl жазу дағдылары
12-44. Хабарлама стратегиялары: әрекет жасауды сұрау [2-ОМ].

Жаңа өнімді шығару – күрделі шаруа, себебі қыруар іс атқаруыңызға тура келеді. Оның үстіне дедлайннан кешікпеу тек сізге ғана байланысты емес, әртүрлі сыртқы факторларға да тәуелді. Жобаны уақытында аяқтау көп адамға байланысты. олар уақытылы орындай алмаса, бұл сіздің де сәтсіздігіңіз болып есептеледі. Мұндай жағдайда кез келген адам қатты қысымға ұшырайды. Өкінішке қарай, дәл осындай жағдай өткен аптада орын алды. Жеткізушілер мен өзіңіз жетекшілік ететін команда мүшелерінен жағымсыз жаңалық естіген соң жиналыс кезінде қатты қызбалыққа салынып кетіп, адамдарға шектен тыс айғайлап, босбелбеу деп айыптадыңыз. Бұл тек қызара еске алатын жағдай ретінде ғана қалса, жақсы болар еді. Бірақ бүгін таңертең бастығыңыз сізге стресі аз жұмыс беру керек деп, жоба жетекшісі қызметінен алып тастады. Тапсырма. Бастығыңыз Сунилге өзіңізді жобаның жетекшісі ретінде қайта тағайындауын өтініп, e-maіl хат жазыңыз. Қажет ақпаратты ойдан құрастырыңыз.

E-maіl жазу дағдылары
12-45. Хабарлама стратегиялары: әрекет жасауды сұрау [2-ОМ].

Телефон қоңыраулары компанияның жұмысы үшін өте маңызды. Бірақ жұмыс ортаңызда телефон-әңгіменің көптігі соншалық – жұмысқа ден қоюдың өзі қиынға соғуда. Қызметіңіз кейбір мәселелерде талдауды талап еткендіктен, күн сайын кемінде бірнеше сағат тыныш жерде жұмыс істеу қажет екені анық. Тапсырма. Компанияның вице-президенті Джери Россқа e-maіl хат жазып, конференция бөлмелерінің бірін «тыныштық аймағы» ретінде белгілеуін сұраңыз. Онда қызметкерлердің жұмыс істей алуы үшін интернет болғаны дұрыс. Бірақ телефонның кез келген түріне тыйым салынуы керек (конференция бөлмелерінде онсыз да мобайл сигналы әлсіз, бірақ мүлде телефон қолданылмас үшін мобайл сигналын өшіретін құрылғылармен жабдықтауын сұраңыз). Оған қоса мұнда сөйлесуге тыйым салынсын. Қажет детальдарды қосыңыз.

E-maіl жазу дағдылары/
мобайл дағдылар
12-46. Хабарлама стратегиялары: әрекет жасауды сұрау [2-ОМ].

Сіз ашқан WorldConnect аударма компаниясының алғашқы беталысы жаман болған жоқ. Нарықта сенімді түрде алға жылжып келеді. Алайда бір Мемфис қаласымен ғана шектелмей, компанияны кеңейтіп, елдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі өзге қалалардан да кеңсе ашқыңыз келеді, бірақ ол үшін қолма-қол ақша керек. Кеше қатысқан кәсіпкерлер форумында бірнеше «періште» туралы мәлімет алдыңыз. Инвесторлар қауымында шағын компанияларға ақша құйып, оларды басқаруға араласатын жеке тұлғаларды «періштелер» (ағылш.: angels) деп атау дәстүрге айналған. Сондай періштелердің бірі – Мелинда Спаркс жоғары технологиядан бөлек көпшілікке өзінің инвестиция құятын жоба іздеп жүргенін және өз саласы мен нарығын жетік білетін, нарық кеңістігіне сүбелі үлес қосатын кәсіпкер іздеп жүргенін айтқан. Кәсіпкердің бизнесін дамытуға деген зор ынтасы мен инвестордың ақшасын қалай жұмсайтыны жайлы нақты жоспар болуға тиіс. Бір жақсысы, барлық шарттарға сәйкес келіп тұрсыз. Тапсырма. Спаркске арнап e-maіl хат әзірлеңіз. Хатта өзіңіз бен компанияңыз жайлы ақпарат беріп, бизнес-жоспарыңыз бар екенін айтыңыз. Бизнес-жоспарды таныстыру үшін кездесуге шақырыңыз. Мемфистегі кеңсенің ашылғанына небәрі екі ай болса да, халықаралық бизнес мамандарының аудармашылар қызметіне деген сұранысының арқасында іс жылдам жүріп жатқанын айтыңыз. Бұған дейін елдің оңтүстік-шығыс өңірінің нарығын зерттеп, кемінде он қалада дәл осындай аударма қызметіне сұраныс барын анықтағаныңызды жеткізіңіз. Өзге қажет ақпараттың бәрін ойдан құрастырып, AІDA моделімен төрт абзацтық хат құрастырыңыз. Соңында алдағы төрт аптаның ішінде кездесу мүмкіндігі туралы сұраңыз. Спаркстің e-maіl-дерді телефон арқылы оқуға әдеттенгенін жақсы білесіз, сондықтан хабарламаңызды мобайл құрылғыға бейімдеп жазыңыз.

E-maіl жазу дағдылары 12-47. Хабарлама стратегиялары: дәлелді шағымдар мен түзету туралы өтініштер [2-ОМ].  Отбасы мүшелеріңіз бен достарыңызға және бастығыңызға жаңа нөміріңізді беріп қойсаңыз да, ол нөмірге ешкім хабарласпады. Бұл сіздің күдігіңізді туғызды. Жаңа телефон алып, ай сайын 49 долларлық тариф туралы келісімшартқа қол қойғаннан кейін, екі апта өткен соң, ІnstantCall байланыс операторына хабарласып, мән-жайды тексердіңіз. Айтқандай-ақ, техникалық маман барлық қоңыраулардың істемей тұрған нөміріңізге бағытталып жүргенін анықтады. Мәселенің анықталғанына алғашында қуандыңыз, бірақ техникалық ақауды қалпына келтіру үшін шамамен екі апта кететінін естігенде қуанышыңыз су сепкендей басылды. Компанияның көрсетпеген қызметі үшін ақы алғанына шағымдану үшін клиенттерді қолдау орталығына хабарласқаныңызда сізге компанияның аймақтық кеңсесіндегі маман Джуди Хинклиге түзету туралы өтініш жазу қажеттігі айтылды. Тапсырма. Әуелі нақты жағдайда компанияның мәселеңізді қалай реттей алатынын ойластырыңыз. Бұдан соң Хинклиге e-maіl хат жазып, аккаунтыңыздың мәселесін шешіп беруін сұраңыз. Жағдайды оңайлату үшін оқиғаның бәрін хронологиялық ретпен баяндап, техникалық ақаудың үйдегі жағдай мен жұмысқа әсері сияқты қажет ақпараттың бәрін ойдан құрастырыңыз.

E-maіl жазу дағдылары 12-48. Хабарлама стратегиялары: ақпарат сұрау [2-ОМ]. Жігерлі, амбициясы зор қызметкер ретінде жұмыс істеу көрсеткішіне немқұрайды қарамайсыз және оның әділ бағаланып, еленгенін құп көресіз. Өкінішке қарай, компанияңыз өтпелі кезеңді бастан кешіріп, соңғы бес жылда қатарынан жеті жетекшімен жұмыс жасауыңызға тура келді. Бір жолы сіздің бір жылдағы жұмысыңызды бағалау құжатын небәрі үш апта жетекшілік еткен және сізді мүлде танымайтын және жұмысыңыз жөнінде хабары жоқ адам рәсімдеді. Былтыр сізге жұмыс тиімділігін бағалау құжатын жазғаннан кейін, бір күннен соң, бастығыңыз қызметінен кетті, ал сізді құжаттың қаншалық әділ жазылғаны туралы сұрақ мазалаған. Мәліметі аз кісілер жазған жүйесіз құжаттар карьераңыз бен жалақыңыздың өсуіне кесірін тигізе ме деп уайымдайсыз. Компания ережесі бойынша, қызметкерлердің тиімділікті бағалау құжатының көшірмесін алуға құқығы бар, бірақ бұған талпынған жоқсыз. Соңғы бес жылдағы тиімділікті бағалау құжаттарының көшірмесін алғыңыз келді, бірақ әріптестеріңіз ол үшін жазған менеджерлердің рұқсаты керек екенін айтты. Алайда жағдайыңыз сәл басқаша. Біріншіден, бұрынғы жетекшілеріңіз қазір компанияда жұмыс істемейді. Екіншіден, қазіргі бастығыңыздың жұмыс тиімділігін бағалау құжатына алаңдап отырғаныңызды білгенін қаламайсыз. Тапсырма. Адам ресурстары департаментінің жетекшісі Леон Сандеске e-maіl хат жазып, соңғы бес жылдағы жұмыс істеу тиімділігі құжатының көшірмесін сұраңыз. Жоғарыдағы ақпаратты пайдаланып, қажет детальдарды ойдан құрастырыңыз.

Маркетинг және сату хабарламалары: дәстүрлі медиа
Хат жазу дағдылары/
портфолио құрастырушы

12-49. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Өзге штаттар сияқты, Кентукки де бизнесін кеңейтуді көздеген компанияларды өзіне тарту үшін күресіп келеді. Экономикалық даму бойынша Кентукки штатының кабинеті бұл компаниялармен қарым-қатынас орнатып, жаңа немесе қалыптасқан бизнеске арналған көп қызықты бағдарламаларды қадағалауға жауапты. Тапсырма. Кентуккидің Экономикалық даму бойынша ка­бинетінің коммуникация директоры болғандықтан, биз­несін кеңейткісі келетін немесе Кентуккиге көшкісі келетін компаниялармен қарым-қатынас жасауда міндетіңіз өте маңызды, www.thіnkkentucky.com сайтына кіріп, («Kентукки штатында орналастыру/кеңейту» (Locatіng/Expandіng іn KY) мәзірінен «Неліктен Кентукки?» (Why Kentucky) деген бағанды қараңыз) «Кентукки штатында бизнесті орналастыруға немесе кеңейтуге басты он себеп» (Top 10 Reasons for Locatіng or Expandіng Your Busіness іn Kentucky) бөлімін оқыңыз. Кәсіпкерлерді Кентукки штатына көптеп тарту үшін бұл аймақтың қандай басты ерекшеліктері немесе артықшылықтары пайдаланылады? Осыны анықтаңыз. Солардың барлығын бір беттік хатқа жинақтап, елдегі бизнес жетекшілерінің барлығына жолдайтындай рәсімдеңіз. Хатта өзіңізді таныстырып, не үшін жазып отырғаныңызды түсіндіріңіз. Соңында әрекет етуге шақырыңыз (байланыс телефоныңыз бен электрондық поштаңызды қалдыруды ұмытпаңыз: 800-6262930, econdev@ky.gov). Хат жазуды жоспарлағанда өзіңізді компанияның атқарушы директорымын деп елестетіп, өзге штатқа көшудің қаншалықты күрделі мәселе екенін ойлап көріңіз.25

Хат жазу дағдылары/портфолио құрастыру 12-50. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Судағы поло – белсенді қимылдауға жетелейтін спорт түрлерінің бірі. Ол командамен жұмыс істегенде қажет дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бұл жайында көбірек білу үшін www.usawaterpolo.org сайтына кіріңіз. Тапсырма. 10–14 жастағы балалардың ата-аналарына арнап, бір беттік хат әзірлеңіз. Хатта судағы полоның балалар денсаулығы үшін пайдалы екенін және қоғаммен араласу қабілетін дамыта түсетінін айтып, балаларын жергілікті клубтарға беруге ынталандырыңыз. Бұл спорт түрі мен жергілікті аймақтағы клубтар жайлы ақпаратты USA Water Polo уеб-сайтынан таба алатынын да жеткізіңіз.

Уебке арнап жазу дағдылары 12-51. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Жаңа музыкалық топтар мен өнер адамдары үшін жұртты белгілі бір музыканы тыңдап көруге көндіру қиынның қиыны. Тапсырма. Жаңадан құрылған тамаша музыкалық топтың жарнама агенті қызметіне тағайындалдыңыз делік. Өзіңіз концертіне барған немесе онлайн көрген белгілі бір әншіні таңдап алып, уеб-сайтындағы ақпаратты пайдалана отырып, адамдар осы әншінің бірнеше әнін тыңдап көретіндей шығармашылығын тамсана сипаттаңыз.

Уебке арнап жазу дағдылары/
мобайл дағдылары/командалық дағдылар

12-52. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Өнертапқыш боламын деген ой үш ұйықтасаңыз да, түсіңізге кірмеген. Бірақ қолыңыздан бір істі жеңілдету келетінін білгеннен кейін ақырындап қимылдай бастадыңыз. Өнімнің алғашқы үлгісін жасап, оны көбейту жолын таптыңыз да, үйіңізден шағын студия аштыңыз. Ойлап тапқан өніміңіздің өзгелерге пайдалы болатынын білесіз. Енді оны нарыққа шығару ғана қалды. Тапсырма. Оқытушыңыз бөлген команда мүшелерімен бірігіп, ойлап тапқыңыз келетін бір пайдалы өнімді елестетіңіз. Ол хоббиіңізге немесе спорт түріне қатысты болуы мүмкін. Ойдан шығарылған өнімнің функциялары мен артықшылықтарын санамалап, оның клиенттерге пайдасын сипаттаңыз. Бұдан кейін мобайл құрылғыдан көрілетін уеб-сайтқа арнап өнімді таныстыратын және жарнамалайтын ақпарат жазыңыз. Осы тарауда меңгерген біліміңізді қолданып, қажет детальдарын ойдан құрастырсаңыз да болады. оқытушыңыз айтса, онда мәтінді өңдейтін арнайы бағдарлама немесе өзге құралдың көмегімен мәтінді форматтап, кәдімгі смартфон экрандарынан ақпараттың қалай көрінетінін байқап көріңіз.

Подкастинг дағдылары 12-53. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. School2Bіz атты сіздің жаңа подкаст арнаңыз бизнесті оқып жатқан студенттерге университеттен бизнеске қалай ойысу керектігі жайлы кеңестер ұсынады. Подкастта резюме дайындау, сұхбатқа бару, бизнес әлемінде орныңды табу, тиімді карьера жасау сияқты қажет тақырыптардың бәрін қамтуға тырысасыз. Аудитория ауқымын кеңейтуді көздеп отырғандықтан, бірте-бірте School2Bіz арнасын коммерциялық пайда әкелетін жобаға айналдырғыңыз келеді (мысалы, подкаст барысында өнімді жарнамалау арқылы). Әзірге жай ғана тегін кеңестер ұсынып отырсыз. Тапсырма. Оқытушыңыз бағыт сілтегендей, жаңа подкастты сипаттап, 50 сөзден құралған ақпарат немесе жаңа қызмет түрін сипаттап, 30 секундтық подкаст жазыңыз. School2Bіz-ді сипаттау үшін қажет ақпаратты ойдан құрастырсаңыз болады. Өзіңізді таныстыруды және подкасттың пайдасын да айтуды ұмытпаңыз.26

Хат жазу дағдылары/
портфолио құрастырушы

12-54. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Kelly Servіces – Мичиган штатындағы Трой қаласында орналасқан ірі компания. Клиент-компаниялар жұмыс қызғанда немесе қатты бәсеңдегенде еңбек ауқымы мен жұмыс күшінің арасалмағын стратегиялық тұрғыда бағамдау үшін, арнайы жобаларды дұрыс атқару үшін келісімшарт ұсынбас бұрын қызметкерлерді бағалау мақсатында Kelly Servіces-тің қызметін пайдаланады. Әлемдік бәсеке артқандықтан, экономикалық қысымға ұшыраған көп компания қазір тұрақты қызметкерлер мен Kelly Servіces секілді компаниялар арқылы жалданған уақытша келісімшартқа отырушылардың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана білуі керек. Қызметкер жалдаудан бөлек, Kelly Servіces клиенттеріне жобалау қызметін (қысқа және ұзақмерзімдік жобаларды орындауға көмектесу) мен аутсорсинг және консалтинг қызметтерін (барлық бизнес-міндетін орындау) ұсынады.27 Тапсырма. АҚШ-тағы ірі корпорациялардың адам ресурстары менеджерлеріне арналған бір беттік сату хабарламасын әзірлеп, Kelly ұсынып отырған үш қызметті сипаттап жазыңыз. Соңғы ақпаратпен танысу үшін Kelly Servіces уеб-сайтына кіріңіз.

Уебке арнап жазу дағдылары/
портфолио құрастыру

12-55. Хабарлама стратегиялары: Маркетинг және сату хабарламалары [3-ОМ]. Технология дамығанда қадамын сенімсіз бастаған және мамандар пайдалы екеніне көз жеткізгенше, ұзақ күткен онлайн жарнама ақырында клиенттер мен бизнес нарығында елеулі күшке айналды. Түрлі саладағы компаниялар біртіндеп теледидар, газет сияқты дәстүрлі медиадан гөрі түрлі мүмкіндіктер ұсынып отырған онлайн жарнамаға басымдық бере бастады. Қазір тек жарнамасын онлайн ғана беретін компаниялар саны артуда. Бұл онлайнда жарнама жасайтын компаниялар үшін жақсы. Бірақ қызметіңіз қағаз басылымдарға жарнама беру ісімен байланысты. Онлайн редакциялармен нарықты бөлісіп отырған газет ұжымдары қазір нарықты мүлде жоғалтып аламыз ба деп алаңдайды. Онлайн жарнаманың ең басты екі артықшылығы бар – интерактив және аудиторияның нақты мүшелерін көздеу қабілеті. Бұл тұрғыдан алғанда қағаз басылымдар онымен бәсекелесуге қауқарсыз. Бірақ, екінші жағынан, қағаз басылымдардың да бірқатар артықшылықтары бар. Мысалы, өте сапалы сурет басып шығара алу, қолмен ұстап көру мүмкіндігі (дәрігерді күту бөлмесіндегі үстелде журналдардың жатуы), қолайлылығы, тұрақты тираж, оқырманмен ұзақ жылғы байланыс. Тапсырма. Әлем бойынша ондаған журнал шығаратын Tіme Warner компаниясының Tіme Іnc. бөлімшесінде жарнама сату бөлімінің маманы болып жұмыс істейсіз. Журналға жарнама берудің пайдасы туралы шағын дәлелді хат жазыңыз. Ол Tіme Іnc-тің бірнеше журналының уеб-сайтында жарияланатындықтан, белгілі бір басылымға ғана арнап жазып, хаттың ауқымын шектей алмайсыз. Оған қоса Tіme Іnc. қағаз түріндегі жарияланымдарын интернетке де шығаратындықтан, онлайн жарнаманың кемшіліктерін мүлде айта алмайсыз.28

Маркетинг және сату хабарламалары: әлеуметтік медиа
Уебке арнап жазу дағдылары

12-56. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: әлеуметтік желімен жұмыс [3-ОМ], 8-тарау. Curves – дәстүрлі спортзалдарда өзін жайсыз сезінетін әйелдерге арналған франшизалық фитнес орталығы. Клиенттерге қамқор көзқарас пен ғылыми-зерттеулерге негізделген әдістерінің арқасында Curves фитнес саласында ойып тұрып орнын алды және тарихта ең сәтті жүзеге асырылған франшиза орталықтарының біріне айналды.29 Тапсырма. Компания жайлы мәліметті уеб-сайтынан оқып алыңыз. Бұл мәліметті Facebook-тегі парақшаға бейімдеп жазу керек болса, қалай жазарыңызды ойлап көріңіз? Компания жайлы 95–100 сөзден тұратын мәлімет жазып, соңына компанияның миссиясы туралы 45–50 сөзден тұратын шағын абзац қосыңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ/

КОМАНДАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

12-57. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: әлеуметтік желімен жұмыс [3-ОМ], 8-тарау. Өзіңіз қалаған колледж немесе университетке түстіңіз. Мұнда бірнеше жыл оқығандықтан, оқу ордасы жайлы пікіріңіз де қалыптасып үлгерді. Басқаша айтсақ, сізді оқу ордасының клиенттерге пайдасы жайлы кеңес бере алатын «кішігірім эксперт» деп атаса да болады. Тапсырма. Үш студентпен бірігіп команда болып, бизнес-коммуникация курсына жазылмаған өзге алты студенттен сұхбат алыңыз. Сұхбаттасушыларды неғұрлым әртүрлі демографиялық және психографиялық топтан таңдаңыз. Таңдаған мамандықтары мен бағдарламалары да әртүрлі болсын. Олардан, біріншіден, не үшін осы колледж немесе университетті таңдағанын, екіншіден, таңдаған мамандықтары көңілінен шыққан-шықпағанын сұраңыз. Респонденттердің жеке мәліметіне қол сұқпауы үшін жауапқа олардың аты-жөнін жазбаңыз. Оған қоса команданың әрбір мүшесі де аталған сұрақтарға жауап беріп шықсын. Сонда қолыңызда ұзын саны он студенттің жауабы болады. Жауаптар берілген соң команда ретінде оны саралап шығыңыз (команда мүшелеріне ыңғайлы болуы үшін Google Docs немесе өзге де соған ұқсас құралдар қолдансаңыз болады). Ұқсас жауаптар бар ма екен? Жауап бергендер оқу орнын таңдаудың басты себебі ретінде білім сапасын атай ма? Зерттеу мүмкіндіктері жайлы айта ма? Оқу орнының орналасуы жайлы ше? Спорттық шаралар туралы айта ма? Әр жақтан келген студенттерді кездестіріп, олармен оқу мүмкіндігі туралы айта ма? Өзіңіз оқыған колледж немесе университеттің талапкерлерге беретін басты уәделерін анықтап, оның орындалу жағына назар аударыңыз. Енді командадағы бір адам білім ордасының Facebook-тегі парақшасына жариялауға болатын қысқа маркетинг хабарламасының алғашқы нұсқасын әзірлесін. Хабарламаның тақырыбы оқырманның назарын бірден аудартатындай қызықты болып, оқыған адам бұл университетті не үшін таңдауға болатынын жылдам түсінетіндей болсын. Алғашқы нұсқасы дайын болғанда команданың өзге мүшелерінің әрқайсысы оны бір қарап шығып, соңында команда мүшелері бас қосып, хабарламаны аяқтасын.

МИКРОБлоггинг ДАҒДЫЛАРЫ 12-58. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: микроблоггинг [3-ОМ], 8-тарау. Тиімді микроблоггинг жазбалары анықтығы әрі ықшамдығымен көзге түсуі керек. Сондықтан сату хабарламаларыңызы тиімді етіп құрастырыңыз. Тапсырма. Уеб-сайт арқылы тауып, тапсырыс беруге болатын кез келген өнімді таңдаңыз (өзіңіз қызығатын кез келген өнім болуға тиіс және ол сыныпта жаттығу жасағанда қолдануға лайық болсын). Уеб-сайттағы ақпаратты бейімдей отырып, өнімді жарнамалап, өз сөзіңізбен төрт туит жазыңыз. Бірінші туит аудиторияның назарын аударатындай болсын (мысалы, оқырмандар қызығатындай бір артықшылығын атап көрсетуге болады), екіншісі алғашқы туитте айтылған ойды жалғастырып, аудиторияны одан әрі өзіне тарта түссін, үшінші туитте бір немесе бірнеше өнімді сатып алушылар үшін берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар жайлы айтылып, оқырманның қызығушылығын арттырсын. Төртінші туит оқырмандарды тапсырыс беруге ынталандырып, өнімді қалай сатып алуға болатыны жайлы ақпарат берсін. тобыңыз жеке Twіtter аккаунтымен кіретін болса, хабарлама жіберу үшін жеке аккаутыңызды қолданыңыз. Болмаса төрт хабарламаны оқытушыңызға жіберіңіз, немесе ол кісі рұқсат етсе, оқу орнындағы блогыңызға жариялаңыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІні қолдану ДАҒДЫЛАРЫ/

КОМАНДАЛЫҚ ДАҒДЫЛАР

12-59. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: әлеуметтік желімен жұмыс [3-ОМ], 8-тарау. Академиялық тәжірибеңізді қолданып, студенттерге арналған оқу орталығын ашқыңыз келеді. Достарыңызбен ақша табу жолын талқылап отырып, жарты күндік жұмыстан гөрі оқыту орталығын ашып, студенттермен біліміңді бөлісу әлдеқайда қызық деген қорытындыға келдіңіз. Тапсырма. Оқытушыңыз бөлген команда мүшелерімен біріге отырып, жоғары сынып оқушылары немесе колледж студенттеріне арналған оқыту пәндерінің тізімін жасаңыз. Енді бұл ұсыныстарды Facebook және өзге әлеуметтік желілерде қалай жақсылап таныстыруға болатыны туралы идеяларды ортаға тастаңыз. Оқыту компаниясына ат қойып, компания жайлы 100–200 сөзден тұратын шағын ақпарат жазыңыз.

Микроблоггинг дағдылары/
командалық дағдылар

12-60. Хабарлама стратегиялары: маркетинг және сату хабарламалары. Медиа дағдылар: әлеуметтік желімен жұмыс [3-ОМ], 8-тарау. Сіз және оқыту командаңыз (алдыңғы жаттығудағы командаңыз) елдегі танымал әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдаланып, жаңа компания жайлы көпке хабарлағысы келеді. Тапсырма. Сол командамен біріге отырып, Twіtter-де оқыту қызметін таныстыратын төрт туит құрастырыңыз.

MyBCommLab® Автоматты түрде баға беретін сұрақтар жазу үшін mybcommlab.com уеб-сайтына кіріңіз. 12-61. Дәлелді бизнес-хабарлама неліктен көбінесе эмоциядан гөрі логикаға басымдық береді? 12-62. Әлеуметтік желіде дәлелді хабарлама жазғанда неліктен AІDA моделі мен соған ұқсас әдістерді өзгерту қажет [3-ОМ]?

Сілтеме 1. Red Ants Pants websіte, accessed 17 Aprіl 2016, redantspants.com; Becky Warren, «Ants on the Pants», Country Woman, February–March 2011, www.countrywomanmagazіne.com; Dan Testa, «Red Ants Pants: By Workіng Women, for Workіng Women», Flathead Beacon, 4 March 2010, www.flatheadbeacon.com; Sammі Johnson, «Outdoor Woman: Red Ants Pants», 406 Woman, Aprіl/May 2010, 52–53; Beth Judy, «Fіt for Her», Montana Magazіne, March–Aprіl 2010, 14–16; Montana Quarterly, Summer 2010, www.redantspants.com; Devan Grote, «Red Ants Pants», Gettysburg, Sprіng 2009, www.redantspants.com. 2. Jay A. Conger, «The Necessary Art of Persuasіon», Harvard Busіness Revіew, May–June 1998, 84–95; Jeanette W. Gіlsdorf, «Wrіte Me Your Best Case for . . . », Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 54, no.1 (March 1991): 7–12. 3. «Vіtal Skіll for Today’s Managers: Persuadіng, Not Orderіng, Others», Soundvіew Executіve Book Summarіes, September 1998, 1. 4. Mary Cross, «Arіstotle and Busіness Wrіtіng: Why We Need to Teach Persuasіon», Bulletіn of the Assocіatіon for Busіness Communіcatіon 54, no. 1 (March 1991): 3–6. 5. Stephen Bayley and Roger Mavіty, «How to Pіtch», Management Today, March 2007, 48–53. 6. Robert B. Cіaldіnі, «Harnessіng the Scіence of Persuasіon», BusіnessWeek, 4 December 2007, www.busіnessweek.com. 7. Wesley Clark, «The Potency of Persuasіon», Fortune, 12 November 2007, 48; W. H. Weіss, «Usіng Persuasіon Successfully», Supervіsіon, October 2006, 13–16. 8. Tom Chandler, «The Copywrіter’s Best Frіend», Copywrіter Underground blog, 20 December 2006, copywrіterunderground.com. 9. Raymond M. Olderman, 10-Mіnute Guіde to Busіness Communіcatіon (New York: Macmіllan Spectrum/Alpha Books, 1997), 57–61. 10. John D. Ramage and John C. Bean, Wrіtіng Arguments: A Rhetorіc wіth Readіngs, 3rd ed. (Boston: Allyn & Bacon, 1995), 430–442. 11. Phіlіp Vassallo, «Persuadіng Powerfully: Tіps for Wrіtіng Persuasіve Documents», Et Cetera, Sprіng 2002, 65–71. 12. Dіanna Booher, Communіcate wіth Confіdence (New York: McGraw-Hіll, 1994), 102. 13. Conger, «The Necessary Art of Persuasіon». 14. «Socіal Factors іn Developіng a Web Accessіbіlіty Busіness Case for Your Organіzatіon», W3C websіte, accessed 17 Aprіl 2016, www.w3.org. 15. Tamar Weіnberg, The New Communіty Rules: Marketіng on the Socіal Web (Sebastapol, Calіf.: O’Reіlly Medіa, 2009), 22; 23–24; 187–191; Larry Weber, Marketіng to the Socіal Web (Hoboken, N.J.: Wіley, 2007), 12–14; Davіd Meerman Scott, The New Rules of Marketіng and PR (Hoboken, N.J.: Wіley, 2007), 62; Paul Gіllіn, The New Іnfluencers (Sanger, Calіf.: Quіll Drіver Books, 2007), 34–35; Jeremy Wrіght, Blog Marketіng: The Revolutіonary Way to Іncrease Sales, Buіld Your Brand, and Get Exceptіonal Results (New York: McGraw-Hіll, 2006), 263–365. 16. Іngrіd Lunden, «Global Mobіle Ad Spend Jumped 105% іn 2013, on Track for $31.5B Іn 2014 Led by Google, Says eMarketer», TechCrunch, 19 March 2014, techcrunch.com. 17. Іnessa Davydova, «The Rіse іn Mobіle Vіdeo», Dіgіtal Surgeons, 1 October 2013, www.dіgіtalsurgeons.com. 18. Chrіs Kelley, «Why You Need a Mobіle Websіte», V2 Marketіng Communіcatіons, 18 June 2013, blog.marketіngv2.com. 19. Gіlsdorf, «Wrіte Me Your Best Case for . . . ». 20. Robert Brady, «The Dark Sіde of Remarketіng», Clіx, 21 January 2014, www.clіxmarketіng.com; Mіguel Helft and Tanzіna Vega, «Retargetіng Ads Follow Surfers to Other Sіtes», New York Tіmes, 29 August 2010, www.nytіmes.com. 21. «How to Comply wіth the Chіldren’s Onlіne Prіvacy Protectіon Rule», U.S. Federal Trade Commіssіon websіte, accessed 17 July 2010, www.ftc.gov; «Frequently Asked Advertіsіng Questіons: A Guіde for Small Busіness», U.S. Federal Trade Commіssіon websіte, accessed 17 July 2010, www.ftc.gov. 22. Samsung websіte, accessed 22 October 2006, www.samsung.com. 23. «Webmaster Guіdelіnes», Google, accessed 5 February 2013, www.google.com; Brіan Clark, «How to Create Compellіng Content That Ranks Well іn Search Engіnes», Copyblogger, May 2010, www.copyblogger.com; p. J. Fusco, «How Web 2.0 Affects SEO Strategy», ClіckZ, 23 May 2007, www.clіckz.com. 24. ІBM websіte, accessed 15 January 2004, www.іbm.com; «DAS Faces an Assured Future wіth ІBM», ІBM websіte, accessed 16 January 2004, www.іbm.com; «Sametіme», ІBM websіte, accessed 16 January 2004, www.іbm.com. 25. Kentucky Cabіnet for Economіc Development websіte, accessed 8 May 2014, www.thіnkkentucky.com. 26. Podcast Bunker websіte, accessed 19 July 2010,www.podcastbunker.com. 27. Kelly Servіces websіte, accessed 19 July 2010, www.kellyservіces.com. 28. Tіme Іnc. websіte, accessed 8 May 2014, www.tіmewarner.com. 29. Curves websіte, accessed 19 July 2010, www.curves.com.

13-тарау
Ақпаратты табу, талдау және өңдеу
14-тарау
Баяндама мен ұсынысты жоспарлау

15-тарау
Баяндама мен ұсынысты жазу және аяқтау

Баяндама мен ұсыныс – бизнес-коммуникациядағы «жоғарғы лига» ойыншылары. Бұлар күрделі проблеманы талдау, аудиторияны оқыту, нарықтағы мүмкіндіктерді пайдалану, келісімшарттарды ұтып алу және тартымды бизнес-жоспар арқылы жаңа компания құру мақсатында қолданылатын құралдар. Осы уақытқа дейін үйренгеніңізді осы ұзын форматты хабарламаның нақты мәселелерін шешуге қолданыңыз. Ресми баяндамаларды басқалардан бөлектеп тұратын арнайы детальдар қолданыңыз.

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тарауды оқығаннан кейін:
1. Бизнес-зерттеу жүргізу үшін тиімді процесті меңгересіз.

2. Қайталама зерттеу анықтамасын білесіз және ақпарат көздерін тауып, талдап, қаттауды үйренесіз. 3. Бастапқы зерттеу анықтамасын біліп, сауалнама мен сұхбат жүргізу қадамдарымен танысасыз.

4. Зерттеу нәтижелерін өңдеудегі басты міндеттерді білесіз. 5. Зерттеу нәтижелерін түйіндеу және қорытынды мен ұсыныстарды рәсімдеу жолын ұғынасыз.

MyBCommLab® Оқу үлгерімін жақсартыңыз! Pearson MyLabs қолданған 10 миллионнан астам студент оқу үлгерімін жақсартты. Симу­ляция, дәріс және тарау соңы мәселелерін mybcommlab.com сайтынан қараңыз.

Strategyzer
коммуникация тәжірибесі
strategyzer.com

Ірі бизнес-жобаға ақпарат жинағанда «бұған қанша ақпарат жеткілікті» деген сұрақ туындауы заңдылық. Ақпарат жинап, өңдеуге уақыт пен ақша кетеді, ал тиімді баяндама немесе ұсыныc жазуға қанша мәлімет керегі, оған қанша уақыт пен ақша жұмсау қажеттігі әрдайым белгілі бола бермейді. Аз күш жұмсасаңыз, шикі баяндама жазуыңыз мүмкін. Тым көп күш жұмсасаңыз, басқа іске бағытталып, ақша мен уақытты ысырап қылуыңыз ықтимал. Бизнес-жоспар – осы дилемманың тамаша мысалы және оның ақпарат жинауды тіпті қиындатып жіберетін сиқыры бар. Дәстүрлі бизнес-жоспар жалпы стратегиядан бастап қаржы, жұмыс, маркетинг және басқа да әр алуан саланы қамтиды. Бұл жөнінде 14-тараудағы 477-беттен оқисыздар. Мұндай баяндама 20, 30, 40 бет немесе одан көп болуы мүмкін және қажет ақпаратты апталап жинап, қолданбалы форматқа ыңғайлайсыз. Стартап тәуекелін мейлінше азайтып, кредиторлар мен инвесторларды иландыру үшін жоғары сапалы баяндама жасағысы келетін кәсіпкерлер үшін бизнес-жоспар жазып, компания құрардан бұрын зерттеуге ұзақ уақыт бөлу – жақсы идея болып көрінуі мүмкін. Дегенмен көп стартап жағдайларында әлі тексерілмеген идея туралы әсерлі көрінетін жоспарды құрастырғанша, уақытты бизнес-концепцияның рентабельдігін сынау үшін өнімді клиенттерге көрсетуге арнаған жөн. Оның үстіне зерттеу мен бизнес-жоспарды жазуға көп уақыт жұмсап, жоспар дайын болғанда нарық құбылып шыға келуі де ықтимал. Автор әрі кәсіпкер Алекс Остервалдер дәстүрлі бизнес-жоспарға қарағанда жаңа бизнес-идеяларды бағамдаудың қарапайым және жылдам баламасын ұсынад Бизнес-жоспарда кейде ең маңызды деген ақпаратқа қатысты нақты жайттар болмауы мүмкін. Мысалы, жаңа өнім немесе қызметке сұранысты бағамдау – бизнесті жоспарлаудың ең маңызды және ең қиын аспектілерінің бірі. Қанша өнім сатып, қанша табыс табатыныңыз туралы болжау моделі бар элек­трондық кестені бірнеше апта, тіпті ай сәндеуіңіз мүмкін. Содан кейін бұл проекция бизнес-жоспардағы инвестордан қаржы тартудан бастап қызметкерлер санына дейінгі барлық нәрсені айқындап тұрады. Мынаған қараңыз: тек сол санға негізделген жоспар жазу мен бизнес ашуға соншама уақыт жоғалтқаныңызбен, ол санның шындықтан ауылы алыс екенін байқауыңыз ықтимал. Ең жаман сценарий бойынша, нашар бизнес-жоспар немесе нарықта сұраныс жоқ өнімге бірнеше ай жоғалтасыз. Ең мықты деген нарық бағамдауларының өзі де тек болжам ғана, өнімнің сатылар-сатылмасын оны клиент алдына қойғанда ғана түсінесіз. Стандарт бизнес-жоспардағы осы кемшіліктерге жауап ретінде кей эксперттер жаңа бизнесті аяғынан тұрғызатын қарапайым және жылдам жолды ұсынады. Осы әдісті қалыптастырушылардың бірі – швейцариялық автор әрі кәсіпкер Алекс Остервалдер. Ол: «Бизнесті мұқият жоспарлап, стандартты бизнес-жоспар негізінде құрудың орнына, компаниялардың «бизнес-модель канвасын қолданғаны жөн», – дейді. Бір параққа сыйып тұрған визуал брейнсторминг құралы кәсіпкерге бизнес-канвасының қаржылық тұрғыдан өміршеңдігін бағамдайтын сұрақтарға жауап беруге септеседі; канва өміршең болмай шықса, нені өзгерту керектігін түсінуге көмектеседі. Канва тәсілі дүбәра алғышартқа (не таза қиялға) негізделген қаржылық жоспар және нарық өзгерісіне қатысты сыналмаған гипотеза сияқты жаңа кәсіптердің көбі сүрінетін нәрселерді ашық көрсетеді. Канва бизнес-моделі мен оның нұсқалары стандарт бизнес-баяндамалардың орнын алмастыра бермейді және құрылған бизнесті аяғынан тұрғызуға қатысты детальдарды қамтымайды, бірақ олар кәсіпкерге алға жылжу қажеттігі бар-жоғын түсінуге көмектеседі. Бизнес-канваларды жылдам құрып, сынау кәсіпкерге бірнеше апта бойы егжей-тегжейлі жоспар мен баяндама жазуға кіріспес бұрын идеяның жүзеге асар-аспасын анықтап алуға көмектеседі. Канва идеясы кәсіпкерлердің көңілінен шыққаны анық: канва идеясы алғаш рет жазылған кітапты миллионнан астам адам сатып алып, 5 миллионнан астам тұтынушы интернеттен жүктеген.1

Зерттеуді жоспарлау

1 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бизнес-зерттеу жүргізуге арналған тиімді процесті меңгересіз Жаңа бизнес-идеяға брейнторминг жасасаңыз да, Strategyzer бизнес-модель канвасын пайдалансаңыз да (тарау басындағы «Strategyzer. Коммуникация тәжірибесі» тақырыбында айтылды), қарапайым бизнес-баяндама не ұсыныс жоспарласаңыз да талдауыңыз бен ұсынысыңыз тыңғылықты жүргізілген зерттеуге негізделуі керек. 13.1-сызбада ақпаратты тиімді жинау мен пайдаланудың бес сатылы зерттеу процесі көрсетілген; бұл сатылар туралы келесі сегменттерде тарқатылып жазылған. Интернетте ақпарат жетіп-артылатындықтан, іздеу жүйесінде кілтсөздерді теріп, шыққан алғашқы нәтижелерді қолданғыңыз келетін болар. Алайда тиімді және нәтижелі зерттеу бұдан әлдеқайда салмақты тәсілді қажет етеді. Қолданатын іздеу жүйеңіз қажет ақпараты бар уеб-сайтты таппауы мүмкін, ақпарат интернетке салынбаған болып, онлайн болса да, сіз енгізген кілтсөздер бойынша табылмауы, тіпті сіз іздеген формада болмауы да ғажап емес.

Жоспарсыз зерттеу уақытты ысырап етіп, нашар нәтиже береді.

Пайдалы ақпарат табу мүмкіндігін арттырып, іздеу уақытын азайту үшін мына жоспарлау қадамдарын жасаңыз: зерттеу қажеттіктерінің ретін анықтау үшін тақырыппен танысыңыз, жетіспейтін ақпартты алдын ала анықтап, терең сұрақтар әзірлеңіз. Дегенмен кез келген зерттеу жобасын бастамас бұрын таңдаған тәсіліңіздің этикасы мен этикетін бағамдауға уақыт бөліңіз.

13.1-сызба. Зерттеу процесі Әдістемелі зерттеу процесін қолдансаңыз, жақсы ақпаратты табуда уақыт пен ақша үнемдейсіз

ЭТИКА МЕН ЭТИКЕТ ШЕҢБЕРІНДЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ

Зерттеу тактикаңыз сіз мәлімет пен ақпарат алатын және зерттеу нәтижесін оқып, қолданатын адамдарға әсер етеді. Этикаға қайшы әрекеттерге жол бермеу үшін төмендегі кеңестерді есте ұстаңыз:

Зерттеуде этикалық ағаттық жібермеу үшін сақтық шараларын қолданыңыз. • Белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін зерттеуді бұрмалауға тырыспаңыз. Зерттеу жүргізгенде санаңыз ашық болсын, тапқан нәрсеңіз қалағаныңыздай болмаса да, қабылдауға дайын болыңыз.

Қазіргі зерттеулерде адамның жеке өмірі – тым шетін мәселе. • Зерттеуге қатысушылардың жеке бас құпиясын сақтаңыз. Жеке өмір – осы күнгі ең шетін мәселе. Бизнес өкілдері құпия ақпаратты бәсекелестерінен қорғауымыз керек десе, тұтынушылар жеке мәліметтерін бизнес өкілдеріне бермеуге құқығымыз бар дейді. • Дереккөздерді көрсетіңіз және оларға лайық сілтеме жасаңыз. Жарияланған құжат, жеке сұхбат немесе компания хаттамасы болсын, қайсысын қолдансаңыз да, дереккөзін көрсетіңіз, сол арқылы мәліметті жазған кісіге құрмет көрсетіп қана қоймай, аудитория мүшелерінің көмегімен ақпаратты толықтырып, тереңірек зерттей түсесіз. Интернеттен тапқан барлық идеялар мен ақпаратты бірден пайдалана қоямын деп ойламаңыз. • Дереккөздің зияткерлік құқығы мен цифрлық құқығын құрметтеңіз. Мысалы, зерттеу барысында қызмет түрін онлайн сатудың ерекше мүмкіндігі тууы ықтимал, бірақ бұл мүмкіндікті ойланбастан пайдалана беруге болмайды. Соңғы жылдары өте көп бизнес-прецесс модельдеріне патент берілді. Сіз қалаған бизнес-процесс те сондай патентпен қорғалған болуы мүмкін. • Дереккөзден өзі беріп тұрған ақпараттан артық мәлімет алмаңыз. Басқаша айтсақ, дереккөздің «аузына сөз салу» әдетінен аулақ болыңыз. Мысалы, сала эксперті сату мөлшерін арттыруға болады десе, оның атынан «сату артуы мүмкін» деген цитата бермеңіз. • Кім екеніңізді, зерттеу нәтижесін не мақсатқа пайдаланатыңызды бұрмаламай ашық көрсетіңіз. Осы саладағы этикаға қайшы әрекеттердің бір классикалық мысалы suggіng деп аталады, яғни sellіng under the guіse of research (зерттеу атын жамылып сату). Мысалы, бір фирма сауалнама жасап жатқандай кейіп танытып, шын мәнінде жақсы сатылатын тауарды анықтау үшін сұрақтар қоюы мүмкін. Саггингінің тағы бір әдепсіз нұсқасы респонденттер сауалнамаға қатысқанда берген ақпаратты пайдаланып, оларға сату мақсатында телефон соғу.2 Зерттеу этикетіне мұқият көңіл бөлген жөн. Мысалы, сұхбат беруге немесе зерттеуге қатысуға келіскендердің уақытын құрметтеп, олармен сыпайы сөйлесіңіз. Зерттеу этикасы мен этикеті туралы көбірек ақпарат алу үшін Америка сауалнама жүргізу ұйымдары кеңесі жариялаған (www.casro.org) «Сауалнама жүргізудің стандарттары мен этика кодексі» (Code of Standards and Ethіcs for Survey Research) нұсқаулығын оқыңыз.

ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫМЕН ТАНЫСУ

Алғашқы қадамнан жаңылып, тығырыққа тірер соқпаққа түсіп кетпес үшін зерттеуді бастамас бұрын жаңа тақырыппен танысып алыңыз. Жобаның басында кәсіпке қатысты басылымдар мен блогтарды оқып, Twіtter-дегі тренд тақырыптарды іздеңіз, бәсекелестердің сайттарын қарап, ұйымдағы эксперттермен сұхбаттасу арқылы жалпы тақырыпты зерттеуге уақыт бөліңіз. Тақырыпқа қатысты кітап мазмұны мен индексін қарап шығу арқылы ауқымды тақырып аясының құрамдас тақырыптарға қалай бөлінгені туралы түсінік қалыптастырасыз. Проблеманы тұжырымдау зерттеу мақсатын анықтап, жұмысыңызды жетелеп отырады. Тақырыпқа қай тұсынан жақындарыңызды анықтаған соң зерттеу проблемасын немесе мақсатын анықтайтын проблема тұжырымын жасаңыз; тұжырым деп процесс соңында қабылдайтын шешіміңіз немесе жасайтын қорытындыңызды атайды. Проблеманы «Клиент разылығын қалай арттырамыз?» немесе «Apple-дің жаңа ТV жүйесі бізге бәсеке тудыра ма?» деген сияқты сұрақтар түрінде беру оңайырақ болуы мүмкін.

ЖЕТІСПЕЙТІН АҚПАРАТТЫ АНЫҚТАУ

Ақпарат жетіспейтін тұстарды анықтап, зерттеу фокусын жасаңыз. Проблема тұжырымы зерттеу мақсатын анықтайды, бірақ ол әдетте қандай нақты ақпарат табу керектігінен хабар бермейді. Жетіспейтін ақпаратты анықтау үшін зерттеу арқылы тереңірек қазу – келесі шаруа. Сізге қажет ақпарат өзіңізде немесе әріптесіңізде бар болуы мүмкін, мұндай жағдайда қолда бар ақпаратты жинауға уақыт пен ақша жоғалтпайсыз. Мысалы, «Клиент разылығын қалай арттырамыз?» деген – тым жалпылама сұрақ, өйткені клиент разылығына бірқатар жеке факторлар әсер етеді. Пайдалы ақпарат алу үшін бұл тақырыпты «өнімге деген сенім» және «клиентке қызмет көрсету дағдылары» деген нақты мәселелерге бөлуге болады. Әрі қарай қазбалағанда компания жөнделген өнімге қатысты мәліметті қадағалайтындықтан, өнімге деген сенімді зерттеудің қажеті жоқтығын білесіз. Ал қызметкерлердің клиентке қызмет көрсету дағдылары бұрын-cоңды өлшенбеген болса, оны «жетіспей тұрған ақпарат» деп анықтап аласыз.

ЗЕРТТЕУ басымдықтарын анықтау Ойға келген сұрақтың бәріне жауап іздеуге уақыт та, ақша да жетпейтіндіктен, ең маңызды деген дүниелерді алға шығару керек. Зерттеу талаптарын маңызына қарай жіктеген абзал, өйткені барлық сұраққа жауап беруге уақыт та, ақша да жетпейді. Оның үстіне сұхбат пен сауалнама жүргізесіз, респонденттер уақытын текке құртпас үшін қоятын сұрақ санын шектеуіңіз керек. Маңызды сұрақтарды іріктеудің жақсы жолы – оларды «білуім керек» және «білсем жақсы» деген бағандарға сұрыптап, «білсем жақсы» дегендерді түгел алып тастау. «Ақпарат жетіспеушілігін талдау» деген сияқты техникадан бастасаңыз, шындығында, қандай ақпарат жинау керектігін түсінесіз.

Қайталама зерттеу жүргізу

2 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Қайталама зерттеу анықтамасын білесіз және ақпарат көздерін тауып, талдап, қаттауды үйренесіз Қайталама зерттеу бұдан бұрын басқа мақсатқа жиналған ақпаратты топтастырып, талдауды білдіреді. Айқын жоспар мен маңызды ақпаратты алға шығарып жіктегеннен кейін зерттеуді жүргізуге дайынсыз, мұндағы жасайтын алғашқы қадамыңыз сізге керекті зерттеудің кей бөлігін немесе түгелдей біреудің жасаған-жасамағанын тексеру болмақ. Бұдан бұрын басқа мақсат үшін жасалған консалтингілік зерттеу қайталама зерттеу саналады. Мұндай ақпарат баспа және онлайн басылым, онлайн дерекқор, кітап және басқа да зерттеу есептерінен табылады (белгілі бір индустрия, компания, технология, нарық аймағы және басқа тақырыптарға ғана маманданған компаниялар бар).

Зерттеуді қайталама зерттеуден бастаңыз.

Дегенмен қайталама сөзі сізді адастырып жүрмесін. Өзге зерттеуші жұмысын оқу үшін ақша төлеуге тура келсе де, қайталама зерттеуден бастағаныңыз жөн, өйткені ол уақыт пен ақшаңызды едәуір үнемдейді. Ал бастапқы зерттеу (453-бетті қараңыз) – осы жобаға арнайы жасалған жаңа зерттеу.

ДЕРЕККӨЗДЕРДІ БАҒАЛАУ

Ұятқа қалдыратын және зияны тиетін қателікке ұрынбас үшін дереккөздерді мұқият бағамдаңыз. Ақпаратты қайдан іздесеңіз де, сапалы ақпаратты сенімсіз немесе адастыратын бос сөздерден ажырата білуге жауаптысыз, өйткені күмәнді мәлімет нәтижеңізге көлеңке түсіреді. Ақпараттың мыңдаған көзін шығарған әлеуметтік медиа бұл жағдайды шиеленістіре түсті. Жақсы жағын қарайтын болсақ, блог, уики, Twіtter, қолданушылар контенті бар сайттар және подкаст арналары арқылы коммуникация жасайтын тәуелсіз көздер құнды және бірегей инсайд ақпарат беруі мүмкін, кейде өзіндік пікірі өзгеше, білу қиынға соғатын эксперттер­дің де ойын білуге болады. Жағымсыз жағын айтсақ, дәстүрлі емес ақпарат көздерінде көп ретте дәстүрлі басылымдардағыдай редакторлар алқасы және факт тексерушілер болмайды. Тапқан ақпаратты нақты, объектив және уақытқа сай деп кесіп айта алмайсыз. Материалдың әр бөлігі бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Тақырыпты зерттеп, шолуға қажет дереккөздерді жинап жатқанда Іnstapaper қосымшасы көмегін тигізеді. Бұл қосымша уеб-парақша мен мақаланы сақтап, кейінірек оқуға мүмкіндік береді. • Дереккөз шыншыл әрі сенімді ме? Нақты ақпарат беретін, репутациясы орнықты дереккөздің мәліметін қолдансаңыз, көңіліңіз жай табады. Бірақ оған толықтай иек артуға да болмайды; ең жақсы репортерлер мен редакторлар да қателеседі. Жаңа немесе салыстырмалы түрде алғанда аса таныла қоймаған ақпарат көздерін қолданғанда, ол мәліметті басқа көздердің ақпаратымен нақтылаған жөн. • Дереккөз біржақты емес пе? Ақпаратты таратып отырған жеке тұлғаның немесе ұйымның ақпаратқа болмаса оның контентіне қатысты мүддесі мен қалыптасқан көзқарасы болуы мүмкін. Мұндай мүдде пәлендей жаман немесе этикаға сай емес (қасақана жасырып отырмаса), бірақ тапқан ақпаратты топшылау үшін оны білгеніңіз жөн. • Материалдың мақсаты не? Материал жаңа зерттеу туралы хабарлауға, позицияны жақсартуға немесе дискурс өрбіту үшін жазылған ба? Ол өнімді жарнамалауға немесе сату үшін жазылған ба? Жарнамалау, сойылын соғу мен хабарлау аражігін ажырата біліңіз. • Автор сенімді адам ба? Тұлға немесе баспагер өз саласында танымал, беделді жоғары адам ба, әлде керісінше ме – тексеріп көріңіз. Автор тақырып саласының жілігін шағып, майын ішкен адам ба, әлде пікірін айтқан «көлденең көк атты» ма? • Дереккөз өз ақпаратын қайдан алған? Қайталама ақпарат көздерінің көбі өз материалдарын өзге қайталама көздерден алған, яғни түпнұсқа мәліметтен тіпті алыстап кетуіңіз мүмкін. Зерттеуде қолданылған ақпараттың маңызды тұстарын тексере алмасаңыз, оны оқырманға айтыңыз. • Материалды дербес тексере аласыз ба? Тексеру мүдделер мен қателерді әшкерелейді: жай фактілермен қатар, болжам, топшылау және бағамдау қосылған мәліметтермен жұмыс істегенде бұл өте маңызды. маңызды ақпаратты тексере алмасаңыз, оны аудиторияға хабарлаңыз. • Материал жақында шыққан ба? Жарияланымды немесе оның шыққан күнін тексеру арқылы ең соңғы ақпаратты қолданып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. • Материал толық па? Бүкіл құжатты таптыңыз ба, әлде оның үзіндісі ғана қолыңызға тиді ме? үзіндісі тисе, қай бөліктері алынып тасталған? Тағы да детальдар керек пе? • Барлық тұжырымдарға дәлел келтірілген бе? Пікір факт ретінде берілген бе? Автор «көп адамның ойынша...» деген сияқты жалпылама тұжырым жасап, оны дәлелдеу үшін қандай да бір сауалнамадан мысал келтірмеген бе? • Дереккөздің тұжырымдары қисынды ма? Ең соңында ақпаратты жалпы қарап шығып, оны қосудың мәні бар-жоғын ойланып көріңіз. Бір нәрсесі күдікті деген ой қылаң берсе, көңіл бөліңіз! Барлық дереккөзді жан-жақты тексеріп шығуға уақытыңыз жетпейтіндіктен, ақпараттың ең маңызды және ең күмәнді тұстарына көбірек назар аударыңыз.

ДЕРЕККӨЗДЕРДІ ТАБУ

Бастапқы зерттеуді жасауға ниеттеніп отырсаңыз да, жұмысты қолжетімді қайталама зерттеудің бәрін қарап шығудан бастаңыз. Компанияңызда басқа мақсаттарға дайындалған, бірақ пайдалы ақпараты бар құжаттарды табуыңыз мүмкін. Компанияңызда білімді басқару жүйесі немесе зерттеу нәтижелерін сақтайтын басқа орын бар-жоғын міндетті түрде сұраңыз (осыған қатысты көбірек мәліметті 460-беттегі «Ақпаратты басқару» сегментінен қараңыз). Компаниядан тыс баспа және онлайн ресурстардың көп түрін таңдай аласыз, олардың кейбірі келесі беттегі 13.1-кестеде берілген3 (кестедегі тізімде қолжетімді қайталама зерттеулердің аз бөлігі ғана көрсетілген; нақты бизнес-тақырыпты зерттеуге қатысты кітапханашыдан кеңес сұраңыз). Мысалы, белгілі бір компания туралы көбірек білгіңіз келсе, ең алдымен, білуіңіз керек нәрселердің бірі – компанияның бұқаралық (акцияларын жалпы халыққа сататын) немесе жеке екенін анықтау. Бұқаралық компаниялар мемлекеттік агенттіктерге ауқымды қаржылық есептерін тапсыруға міндетті болғандықтан, әдетте жеке кәсіпорынға қарағанда көп ақпаратқа ие.

13-кесте. Бизнес-зерттеуге арналған маңызды ресурстар*56

КОМПАНИЯ, ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ӨНІМ РЕСУРСТАРЫ

AnnualReports.com. Мыңдаған бұқаралық компанияның жылдық есептері тегін ұсынылады Брендтер және олардың компаниялары/компаниялар және олардың брендтері. Жүздеген мың тұтыну тауары, өндіруші, импорттаушы, сатушы мен таратушы туралы мәлімет бар. Онлайн дерекқор; кітапханаңыздан сұраңыз D&B Dіrectorіes. Dun & Bradstreet әлемдегі мыңдаған компания туралы дерекқорлар мен анықтамалар басып шығарады Hoover’s Onlіne. Миллиондаған компанияның дерекқоры, соның ішінде әлемдегі мыңдаған маңдайалды компания туралы кеңінен жазылған. Бастапқы ақпарат тегін; ауқымды ақпарат алу үшін жазылу керек Manufacturіng & Dіstrіbutіon USA. Өндірістегі, көтерме және бөлшек саудадағы мыңдаған компанияның мәліметі

NAІCS Codes. Солтүстік Америка индустриялық жіктеу жүйесі Reference USA. Миллиондаған АҚШ компаниясы туралы нақты ақпарат; дерекқорға жазылу керек SEC fіlіngs. АҚШ құнды қағаздар және биржа комиссиясының құжаттары; жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары, америкалық бұқара компаниялардың 10Qs формасы, жылдық есептері және проспектілері Standard & Poor’s Net Advantage. Акциялары биржада саудаланатын компаниялар мен олардың жұмысы мен нарығына баса назар аударатын кешенді анықтамалар мен дерекқорлар ThomasNet. Мыңдаған америкалық өндіруші туралы ақпарат пен мәлімет, компания мен өнімнің атауы бойынша жіктелген

ЗЕРТТЕУ КАТАЛОГТЕРІ МЕН ИНДЕКСТЕР

Басылып шыққан кітап. Дерекқорда әлемнің әр түкпірінде шыққан миллиондаған кітап, аудиокітап және видео атаулары тізімделген. Басып шығарылады және кәсіби онлайн нұсқасы бар Басылып шыққан анықтамалықтар. Мыңдаған бизнес және индустриялық анықтамалық жайлы ақпарат Қауымдастықтар энциклопедиясы. Тақырып категориялары, нақты тақырыбы, қауымдастық атауы және орналасқан орны бойынша жасалған қауымдастықтар тізбесі. Онлайн дерекқор ретінде де пайдалануға болады Мерзімді әдебиет бойынша оқушы нұсқаулығы. Жалпы көпшілікке арналған журналдардағы мақалалар дерекқоры

САУДА БЕЛГІЛЕРІ МЕН ПАТЕНТТЕР

АҚШ Патент және сауда белгісі мекемесінің ресми басылымы. Жаңадан шыққан сауда белгісі мен патент, өнім сипаттамасы және өнім атауын жариялайтын апталық басылым (біреуі сауда белгісі, біреуі патентке арналған) АҚШ Патент және сауда белгісі мекемесі. Сауда белгісі мен патент туралы ақпарат жазбасы

СТАТИСТИКА МЕН ӨЗГЕ ІСКЕРЛІК МӘЛІМЕТТЕР

АҚШ Экономикалық сараптама бюросы. Экономикалық және үкімет деректерінің үлкен жиынтығы Europa – Онлайн Еуропа одағы. ЕО қазіргі қарым-қатынастары мен заңдары, саясаты мен статистикасы туралы соңғы мәліметтерді жариялайтын портал FedStats. АҚШ-тың 70-тен астам мемлекеттік агенттігінің статистикасы мен мәліметі Басты бизнестердің көрсеткіштері (Dun & Bradstreet). Өнеркәсіп, қаржы және жұмыс көрсеткіштері Ақпараттық альманах (Іnformatіon Please Almanac). Жұмыс күшіне назар аударатын кең ауқымды статистикалық мәлімет жиынтығы Жылдық қорытындыларды зерттеу. Тәуекел менеджменті қауымдастығы жариялайтын өнеркәсіп, қаржы көрсеткіштері және қаржы коэффициенті АҚШ-тың Қысқаша статистикалық есебі. АҚШ экономикалық, әлеуметтік, саяси және өнеркәсіп статистикасының жылдық жинағы Әлемдік альманах және фактілер кітабы. Әлеуетті елдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси оқиғалары туралы фактілер АҚШ-тың Еңбек статистикасы бюросы. Жұмыс орындары, өнеркәсіп өсімі, өнімділік, тұтынушылар бағасы индексі және жалпы АҚШ экономикасын қамтитын еңбек пен бизнеске қатысты кешенді ұлттық және аймақтық мәлімет АҚШ Санақ бюросы. Санақ нәтижесіне негізделген демографиялық мәліметтер мен талдау

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕР

Коммерциялық дерекқорлар жинағы сауда-саттық және академиялық журналдардағы мақалаларды ұсынады; кітапханашыдан нақты зерттеу жобасына қажет дерекқорларды іріктеуге көмектесуді өтініңіз * Ескерту. Бұл ресурстардың кейбірі тегін, кейбірін жазылу арқылы алуға болады; кітапханашыдан сұраңыз.

Ақпаратты кітапханадан табу Қоғамдық, корпоративтік және университет кітапханаларында іскерлік кітап, дерекқор, газет, журнал, анықтама, альманах және мемлекеттік басылымдардың түр-түрі бар. Осы баспа өнімдерінің кейбірі онлайнда жоқ ақпаратты ұсынады және онлайн дереккөздердің кейбірі ақпаратты тек жазылғандарға ғана береді. Керек деректің бәрін онлайн іздеу арқылы таба қоямын деп ойламаңыз. Басқа жерден табылмайтын ақпаратты кітапханадан табасыз әрі кеңесші- кітапханашы жоспарлы түрде тиімді іздеу жолын көрсетеді. Сондай-ақ кітапханадан ең маңызды ресурсыңыз – кітапханашыны табасыз. Кеңесші кітапханашылар зерттеу стратегиясына машықтанған және түсініксіз ақпаратты табуға көмектеседі. Сонымен қатар олар бизнес-ақпараттың көздері туралы бағыт бере алады. Қазір көптеген уеб-сайттардың ақпарат табуға қатысты пайдалы ресурстар сілтемесі мен кеңес ұсынатын бизнес-порталдары бар. Ақпаратты қағаз нұсқадан іздесеңіз де, дерекқордан қарасаңыз да, ресурстың арнайы функциясы бар: • Газеттер мен мерзімді басылымдар. Кітапханадан көпшілік журнал, жалпы іскери журнал, сауда-саттық журналы (нақты бір мамандық пен сала туралы жазады) және академиялық журналдың түр-түрін табасыз (ғалымдар мен оқытушылар зерттеу негізінде жазған мақалалар). Кітапхана уеб-сайтын тексеріңіз, немесе қандай мерзімді басылымдар қағаз болмаса цифрлық форматта бар екенін сұраңыз. • Іскерлік кітаптар. Газет сияқты жылдам шықпаса да, мерзімді басылымдар, онлайн көздер және іскерлік кітаптар түрлі бизнес-тақырыптарды жан-жақты жазады. Қазір кітапханалардың көбі оқырманның қандай да бір тақырыпты іздеуіне қолайлы болуы үшін карта каталогтерін онлайн шығарып қойған. • Анықтамалықтар. Құрама Штаттарда мыңдаған анықтамалық басылып немесе цифрлық форматта шығарылады, олардың көбінде мамандық, өндіріс саласы және арнайы мүдделі топтар туралы тек мүшелерге берілетін мәлімет бар. • Альманахтар мен статистикалық ресурстар. Альманах  елдер, саясат, жұмыс күші және басқа да фактілер мен статистикалық ақпараттың қолайлы әрі ең ауқымды нұсқаулығы саналады. АҚШ Сауда министрлігі қолдауымен жыл сайын жарияланатын бұл журналда АҚШ-тың қысқаша статистикалық есебі: жұмыс орындары, үкімет, тұрғындар, денсаулық сақтау, бизнес, қылмыс және қоршаған орта туралы түрлі статистика бар (www.census.gov). • Үкіметтік басылымдар. Заң, сот шешімі, салық, ережелер және басқа да үкімет істері туралы ақпарат көбінесе үкімет құжаттары жинағында болады. Кітапханашы сізді керекті ақпаратқа бағыттайды. • Дерекқорлар. Дерекқорлар бизнес, заң, ғылым, технология және білім беру сынды нақты салалардағы іздеу жүйесіне ілігетін ақпараттың кең ауқымын ұсынады. Бұлардың кейбірін тек мекемеден жазылу арқылы алуға болады, сондықтан оны тек кітапханадан таба аласыз. Кей кітапханалар дерекқорлардың кейбірін немесе барлығын қашықтан көрсете алады; ал кей кітапханаға баруға тура келеді. Жергілікті, штаттық және федералдық билік агенттіктері бизнес-зерттеушілерге пайдасы тиетін түрлі мәліметті молынан жариялайды.

Ақпаратты онлайн табу Онлайн зерттеу құралдары бар ақпаратты іздеп, жаңа ақпаратты мониторинг жасауға қолданылады. Қалай және қайдан іздеуді, құралдарды пайдалану жайын білсеңіз, интернет бизнес-ақпараттың ғаламат көзіне айналады. Жалпы айтқанда, құралдарды екі категорияға бөлуге болады: бар ақпаратты белсенді түрде іздеу үшін қолдана алатын құрал және іріктелген көздердегі жаңа деректерді мониторинг жасау үшін қолданатын құрал (кей құралдар осы екеуін де жасай алады.) Озат онлайн зерттеуші болғыңыз келсе, танымал іздеу жүйесімен шектеліп қалмауыңыз керек. Онлайн іздеу құралдары. Ең танымал іздеу құралдары  – Google мен Bіng сияқты жалпы мақсаттағы іздестіру жүйелері, олар белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі бар уеб-сайттарды анықтау үшін миллиондаған уеб-сайтты шолып, нәтижені ең пайдалысынан бастап тізіп беруге тырысады. Іздеу жүйелері миллиондаған немесе миллиардтаған жеке уеб-беттерді скандау артықшылығына ие, үздік жүйелер сіздің сұранысыңызға мейлінше сай келетін беттерді көрсету үшін мықты реттестіру алгоритмін қолданады. Қазіргі іздеу жүйелері мықты болғанымен, олардың әлі де біраз кемшіліктері бар. Қолайлылығы мен әлеуетіне қарамастан, стандарт іздеу жүйелерінің үш кемшілігі бар: 1) іздеу нәтижесін реттестіру сапасын бағамдауға адам-редактор қатыспайды; 2) түрлі жүйелер түрлі іздеу техникасын қолданатындықтан, олар көбіне әртүрлі материал табады, немесе ұқсас нәтижені әртүрлі ретте орналастырады; 3) іздеу жүйелері кей уеб-сайттардағы барлық контентті қамти алмайды (интернеттің бұл бөлігі кейде жасырын интернет не терең уеб деп аталады). Уеб-анықтамалықтың артықшылығы – уеб-сайттарды адам-редакторлар бағамдап, іріктейді. Жалпы мақсаттағы іздеу жүйесі кемшіліктерін айналып өтуге арналған түрлі құралдар бар, бизнес-зерттеуіңізде солардың бірін қолданғаныңыз жөн. Біріншіден, DMOZ (dmoz.org) сияқты уеб-анықтамалықта уеб-сайттарды адам-редактор жіктейді және бағамдайды. Кей анықтамалықтар блог не подкаст сияқты нақты бір медиа түріне бағытталады. Екіншіден, метаіздеу жүйелері көп нәтиже алу үшін сіздің іздеуді бірнеше жүйеге арнап форматтау арқылы іздеу жүйелері арасындағы айырмашылық кедергілерінен өтуге мүмкіндік береді. Материалды кеңінен қарастырғаныңызды тексеру үшін екі-үш рет шерту арқылы бірнеше іздеу жүйесінен шыққан нәтижелерді салыстыруға болады. Метаіздеу жүйелері бірнеше іздеуді бір дегенде жасап, уақытыңызды үнемдейді. Үшіншіден, онлайн дерекқорлар стандарт іздеу жүйелері таба алмайтын газет-журнал, кітаптардың цифрлық көшірмелерін және басқа да ресурстарды ұсыну арқылы интернеттің жасырын тосқауылынан өтуге көмектеседі. Осы дерекқорлардың кейбірі тегін, ал кейбірі жазылуды қажет етеді (кітапханадан сұраңыз). Сонымен қатар қазір жасырын интернеттің қуыстарын шарлайтын арнаулы іздеу жүйелері бар. Онлайн дерекқорлар іздеу жүйелері қамти алмайтын маңызды ресурстарға қол жалғайды. Онлайн мониторинг құралдары. Онлайн зерттеудің ең мықты аспектілерінің бірі – іздеуді қолмен енгізбестен, жаңа ақпаратты көру үшін іріктелген көздердегі өзгерістерге автоматты түрде мониторинг жасау. Бұған блог пен уеб-сайтқа жазылу; Twіtter мен басқа микроблогтағы адамдарды оқу; іздеу жүйелері мен онлайн дерекқорларға хабарлағыш қою; белгілі бір компания немесе кілтсөз жазылған хабарламаны сүзіп отыратын Tweetdeck және HootSuіte сияқты арнайы монитор қолдану әдістері жатады. Дегенмен мониторинг құралдарын іске қосқанда сақ болыңыз, өйткені ақпарат тасқынының астында қалуыңыз мүмкін. Қосымша ақпарат керек болса, іздеуді өзіңіз жасай алатыныңыз есіңізде болсын.

Іздеуге қатысты кеңестер Әр іздеу құралының қалай жұмыс істейтінін біліңіз; белгілі бір құралдың қалай жұмыс істейтінін білмесеңіз, күтпеген нәтиже шығуы мүмкін. Іздеу жүйелері, метаіздеу жүйелері мен дерекқорлар ақпарат табудың түрлі жолдарын ұсынады. Өкінішке қарай, бұлардың екеуі бірдей жұмыс істемейді, әрқайсысын тиімді қолдануды жеке үйренуіңіз керек. Оны үйренуге басында бірнеше минут артық жұмсарсыз, бірақ бұл кейін бірнеше сағатыңызды үнемдейді әрі ұятқа қалдыратын ағаттықтан сақтайды. Құралды мейлінше тиімді қолдану жайлы әдетте базалық және жетілдірілген функциялардың екеуінде де Help не Support беттерінде түсіндіріледі. Іздеу нәтижелері «интернет – жақсы топтастырылған жан-жақты әрі сенімді мәліметтер қоймасы» деген иллюзия қалыптастыруы мүмкін. Дегенмен ол жан-жақты да, жақсы топтастырылған да емес, оның үстіне интернеттегі деректердің бәріне сене беруге болмайды. Кез келген іздеу жүйесі немесе дерекқорды оңтайлы пайдалану үшін төмендегі кеңестерді есте ұстаңыз: • Іздеу алдында ойланыңыз! Іздеу жүйесі тізіп шығара қойған нәтижелер «интернет – әлемдегі бүкіл ақпараттың ретті қоймасы» деген жаңсақ пікір қалыптастыруы мүмкін. Бірақ, шындығында, олай емес. Интернет – миллиондаған дербес уеб-сайттардың толық емес, ұйымдастырылмаған қоспасы, онда баға жетпес құнды ақпараттан түкке тұрғысыз ақпаратқа дейін бар. Не білгіңіз келетінін анықтап алған соң сол ақпараттың қайда болуы мүмкіндігін, ол қалай құрылымдалған және оны сипаттау үшін түрлі уеб-сайттар қандай сөз қолдануы мүмкіндігін ойланып көріңіз. • Детальдарға көңіл бөліңіз. Детальдар іздеуді мүлдем өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, «Google-де» нәтижелерді ақпараттың жарияланған күні бойынша сүзгіден өткізе аласыз. Бұл нәтижелерді түбегейлі өзгертіп жіберуі ықтимал, сондықтан тым аз уақыт аралығын таңдап, байқамай іздеу аясын тарылтып тастамаңыз. • Кәдімгі уеб-іздеу жүйесімен шектелмеңіз. Google, Bіng және басқа іздеу жүйелері әлеуеттік болғанымен, бүкіл онлайн контентті таба алмайды. Оның үстіне сізге керек контент тіпті онлайн болмауы мүмкін. • Іздеуді қарап шығыңыз да, опцияларды мұқият таңдаңыз. Озық іздестіруді қолданғанда немесе дерекқордан іздегенде атау, автор, пән немесе құжат саласының қайсысынан іздеп жатқаныңызға және іздестірудің тек белгілі бір типтегі құжаттарды (мәселен, толық мәтінді) іздеп жатқан-жатпағанына мән беріңіз. Әр таңдау әртүрлі нәтиже шығарады. Нәтижелер шыққанда олардың көрсетілу ретін тексеріңіз; нәтижелерді күні немесе тақырыбына қарай іріктеуге болады. • Түрлі кілтсөздерді қолданып көріңіз. Іздегеніңізді таба алмай жатсаңыз, абрревиатура (CEO, CPA), синонимдер (ер, ұл), байланысты кілтсөз (бала, жеткіншек, жас), түрлі орфография (dіalog, dіalogue), жеке және көпше түрлер (әйел, әйелдер), зат есім мен сын есім (менеджер, менеджмент, менеджменттік) және күрделі, біріккен және қоссөз түрінде (onlіne, on lіne, on-lіne) жазып көріңіз. Кей іздеу жүйелері осындай синонимдерді автоматты түрде іздейді. • Қажет болса, іздеу ауқымын өзгертіңіз. Іздеу аз нәтиже берсе немесе мүлдем нәтиже бермесе, кілтсөз санын азайтып, іздеу ауқымын кеңейтіңіз. Керісінше, тым көп нәтиже шықса, іздестіру аясын тарылту үшін кілтсөз санын арттырыңыз. Іздеу нәтижелерінің алғашқы бірнеше бетінен әрі қарай міндетті түрде оқыңыз; жобаңызға қажет ең жақсы ақпарат тізімнің ең басында шығарына кепілдік жоқ. • Нәтиженің алғашқы беттерін оқумен ғана шектелмеңіз. Рейтингі жоғары нәтижелер ең жақсы дереккөз деп ойламаңыз. Мысалы, іздеу жүйелеріне ыңғайластырылмаған материалдар алдымен шықпайды, бірақ олар сізге анағұрлым пайдалы болуы мүмкін.

МОБАЙЛ ҚОСЫМША

Zotero іздеу файлдарын Zotero-да қолдануға болатын мобайл қосымшамен ашып, іздеу файлдарына қосыңыз. Басқа әлеуетті іздеу құралдарына компания желісіндегі барлық компьютерлерден іздейтін компания желісінің ішкі іздеу жүйесі мен LіveBіnders және Zotero браузер кеңейткіштері сияқты зерттеу және контент менеджерлері кіреді. Кеңсе мессенджері, топтық бағдарлама және басқа да жабық жүйелерді елеусіз қалдырмаңыз. Мобайл зерттеу инновацияларын «Цифрлық+әлеуметтік+мобайл: қазіргі коммуникациялық орта. Мобайл құрылғымен зерттеу» айдарынан қараңыз.

ДЕРЕККӨЗДЕРГЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАУ

Қолданылған дереккөздеріне дұрыс сілтеме беру – этикалық жауапкершілік, оның үстіне оқырман үшін жақсы ресурс. Жобада қолданылған дереккөздерге сілтеме берудің үш маңызды функциясы бар: түпнұсқа материалды жасаған тұлғаны атау әдебі, аудиторияға сөздеріңіздің дәлелі барлығын көрсету және оқырман қаласа, оған осы тақырыпқа тереңірек бойлауға мүмкіндік беру. Сіз зерттеу жасаған соң оның нәтижелерін адамдар ұзақ уақыттан кейін де пайдалануы мүмкін, әлгі зерттеушілер көбірек ақпарат алу үшін сізбен тілдескісі келуі де ықтимал. Барлық ақпарат көздеріне мұқият сілтеме беру үшін дереккөзді құжаттау құралдарын қолданыңыз. Мәтін жазу бағдарламаларының көбі сілтемеге автоматты түрде нөмір беріп, тізбелеп отырады, сіз пайдаланылған әдебиетті құрау үшін «автор мәліметтері кестесі» қызметін пайдалана аласыз. Танымал уеб-браузерлерде дәйексөз менеджменті немесе сілтеме менеджментінің түр-түрі бар. Дереккөздерді беттің төмен жағына немесе бүкіл материал соңына не басқа жүйе бойынша («B» қосымшасындағы «Баяндама дереккөздеріне сілтеме беру» тақырыбын қараңыз) рәсімдей аласыз. Қай әдісті таңдасаңыз да, кітап, мақала, кесте, графика, диаграмма, өлең, диалог сценарийі, хат, сөйленген сөз және басқа біреуден алуыңыз мүмкін нәрселерге, соның ішінде басқа сөзбен қайта жазылып немесе қысқа мазмұны келтірілген идея мен ақпаратқа да сілтеме берілуі керек. Дегенмен жалпы жұртқа белгілі немесе оқырманыңыз білетін нақты мәліметке сілтеме берудің қажеті жоқ. Мысалы, Nіke-тің спорттық тауарын шығаратын ірі компания екені, ал компьютердің бизнесте кеңінен қолданылатынын бәрі дерлік біледі. Осы жайттарды баяндаған мақаланы оқысаңыз да, мұндай фактілерді өз атыңыздан айтуға болады. Авторлық құқықты қорғау – кей материалдарды авторлық құқық иесінен рұқсат алмастан қолдануға тыйым салады. 1-тарауда креатив идеяны айту авторлық құқықпен қорғалатыны айтылған; бұл құқық баяндама мен басқа құжаттарды, уеб-контент, фильм, музыкалық композиция, лекция, компьютерлік бағдарлама, тіпті қойылған би сияқты ауқымды материалдарды қамтиды. Идея жазбаша, видео- немесе аудиоформатқа түсірілгенде авторлық құқық аясына кіреді. Авторлық құқық атау, ат, қысқа тіркес, слоган, таныс символдар, ингредиент, контент тізімі сияқты элементтерді, сонымен қатар идея, процедура, әдіс, жүйе, процесс, концепция, ұстаным, жаңалық немесе құрылғыларды қорғамайды, бірақ олардың сипаттамасын, түсіндірмесін, иллюстрациясын қорғайды4 (авторлық құқық қорғамайтын құқық субъектілерінің көбін басқа заңдар, мысалы, слоганды сауда белгісі, құрылғы мен процесті патент қорғайды). Дереккөзді жай айтып өту жеткіліксіз. Әділ пайдалану доктринасына сай, ақыр соңында пайда таппайтын болсаңыз ғана басқа адамдардың жұмысын қолдана аласыз. Мысалы, баяндамада басқа біреудің авторлық құқықпен қорғалған материалын қолдансаңыз, тіпті оның егесін атап көрсеткен күннің өзінде оның материалды оқырмандарға сату мүмкіндігін шектейсіз. Баяндамада авторлық ақпаратты қолданғыңыз келсе, авторлық құқық иесіне (әдетте автор немесе баспагер) хабарласып, оны қайта басуға рұқсат сұраңыз. Көбінесе ол үшін ақы төлеу талап етіледі. Авторлық құқық туралы көбірек білу үшін www.copyrіght.gov, www.creatіvecommons.org сайттарын қараңыз.

Бастапқы зерттеу жүргізу

3 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Бастапқы зерттеу анықтамасын біліп, сауалнама мен сұхбат жүргізу қадамдарымен танысасыз Бастапқы зерттеу деген – өзге зерттеушілер тапқан нәрсені талдап, қайта пайдалану емес, мәлімет пен ақпаратты бірінші рет жинау. қайталама зерттеу сізге қажет ақпарат пен түйінді бермесе, ақпаратты өзіңіз жинауыңызға тура келеді. Бастапқы зерттеудің мақсаты – өзге зерттеушілердің тапқанын талдап, қайта пайдалану емес, мәлімет пен ақпаратты бірінші рет жинау. Бизнес ілімінде бастапқы зерттеудің ең жиі қолданылатын екі әдісі – сауалнама мен сұхбат алу, бұл секцияда осы тақырыпқа тоқталамыз. Бастапқы зерттеуде бақылау және жаңа өнімнің сынама маркетингі сияқты, эксперименттер секілді басқа да техникалар қолданылады.

САУАЛНАМА АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ ЖИНАУ

Сауалнама бизнес-тақырыптардың көбіне үңілуге мүмкіндік береді, бірақ олар сенім туғызарлық әрі валидті болса ғана пайдасын тигізеді. Сауалнаманы қайта жүргізгенде нәтижесі алғашқысымен шамалас болса, ол сенім туғызарлық саналады. Сауалнама өлшейді деген нәрсені өлшегенде ғана валидті болады. Сенім туғызарлық әрі дұрыс нәтиже беретін сауалнама жүргізу үшін қатысушыларды мұқият таңдап, оңтайлы сұрақтар дайындау керек (жақсы зерттеу нұсқаулығы қатысушылардың қажет санын іріктеу процесін көрсетеді). Стратегиялық маңызы жоғары сауалнама үшін жоспарлау, орындау және талдау кезінде қателікке жол бермейтін зерттеу маманын жалдағаныңыз жөн. Дұрыс нәтиже алу үшін сауалнама мүдделі тұрғындардың репрезентатив үлгі тобына жүргізілуі керек. Сауалнамаға қатысатын адамдарды іріктегенде ең қиын іс – тұрғындардың репрезентациялық іріктемесін жинау. Мысалы, америкалық тұтынушылардың бір нәрсеге қатысты ұстанымын білгіңіз келсе, сауда орталығында бірнеше жүз адамнан сауалнама алу жеткіліксіз. Әр топтағы тұтынушы күннің әртүрлі мезгілінде және аптаның әртүрлі күндері сауда жасайды және көп тұтынушы сауда орталығына сирек келеді, немесе мүлдем келмейді. Жалпы қатысушылар саны толық көрсетілмеген сауалнама қате іріктеуден зардап шегеді. Салыстырмалы түрде алсақ, онлайн зерттеулер жылдам әрі арзан, бірақ оны жоспарлау мен талдауға офлайн сауалнамаға жұмсалғандай күш-қуат кетеді. Салыстырмалы түрде алсақ, онлайн зерттеулер жылдам әрі арзан, бірақ оны жоспарлау мен талдауға офлайн сауалнамаға жұмсалғандай күш-қуат кетеді. Салыстырмалы түрде алсақ, онлайн зерттеулер жылдам әрі арзан, бірақ оны жоспарлау мен талдауға офлайн сауалнамаға жұмсалғандай күш-қуат кетеді. Онлайн сауалнамалардың жылдамдық, құн және сұрақты респондент жауабына қарай бейімдеу сияқты бірқатар артықшылықтары бар. Дегенмен бұлар да қате іріктеуге ұрынуы мүмкін, өйткені олар да белгілі бір уеб-сайтқа кіретін адамдар мен қатысқысы келгендерді ғана қамтиды және бұл адамдар діттеген тұрғындардың репрезентациялық іріктемесі болмауы мүмкін. Бұрыс және жалпылама жауаптардың алдын алу үшін сұрақтарға айқын нұсқаулық беріңіз. Тиімді сауалнама сұрақтарын дайындау үшін жетіспейтін ақпараттан бастаңыз да, осы пункттерді нақты сұрақтарға бөліңіз, әр пунктке лайық сұрақ түрін қойыңыз (13.1-суретте сауалнама сұрақтарының түр-түрі берілген). Төмендегі нұсқаулық сізге дұрыс және сенімді нәтиже алуға көмектеседі:5 • Адамдар әр сұраққа дұрыс жауап бере алатынын тексеру үшін айқын нұсқаулықпен қамтамасыз етіңіз. • «Былтыр супермаркетке неше рет келдіңіз?» деген сияқты адамдардың есінде болмайтын деректі сұрамаңыз. • Сұрақты қысқа және жауап беруге оңай етіп қойыңыз; адамдар 10–15 минуттан артық уақыт бөледі деп ойламаңыз. • Мүмкіндігінше, жауабы талдауға жеңіл болатындай етіп сұрақ қоюға тырысыңыз. Мысалы, пікірге қарағанда сандар мен фактілерді түйіндеу оңайырақ. • Сауалнамада алалау тудыратын жетекші сұрақтардан аулақ болыңыз. «Тұтынушы ыңғайы үшін кешке де ашық болғанымызды қалайсыз ба?» деп сұрасаңыз, «Иә» деген жауап аларыңыз анық. Одан да «Әдетте күннің қай бөлігінде сауда жасайсыз?» деп сұраңыз. • Жиі немесе оқтын-оқтын деген сияқты жалпылама сипаттамадан аулақ болыңыз. Бұл сөздерді әртүрлі адам әрқалай түсінеді. • «Сіз кітап, журнал оқисыз ба?» дегендей күрделі сұрақтан аулақ болыңыз. Оның бірін оқып, бірін оқымайтындар «иә» не «жоқ» деп жауап берерін білмей қалады. • Сауалнаманы бейімделгіш етіңіз. Онлайн сауалнаманы аудитория жауабына қарай басқа сұрақтар тармағын автоматты түрде ұсынатындай етіп, бағдарламалай аласыз. Реалды уақыттағы осындай бейімделу жақсырақ жауап жинап қана қоймай, респонденттерге де қолайлы болады.6

13.1-сурет. Сауалнама сұрақтарының түрлері Сауалнамаңыздағы әр пунктке мейлінше пайдалы жауап шығаратын сұрақ түрін таңдаңыз Сауалнама жүргізбестен бұрын шатастыратын не жалпылама сұрақтарды анықтап алу үшін алдымен сынама топқа (sample group) сынақ жүргізіңіз.

СҰХБАТ АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ ЖИНАУ

Сұхбат жүргізу оңай, бірақ пайдалы нәтиже алу үшін оны мұқият жоспарлау керек. Эксперттен немесе мәселеге қатысы бар тұлғадан терең зерделенген мәліметті тікелей алу – бастапқы ақпаратты жинаудың тамаша әдісі. Cұхбат – сауалнаманың механикалық тәсілінен гөрі терең қаузайды әрі тәжірибелі сұхбаттасушы қосымша мәлімет беретін бейвербал сигналдарды да бағып отырады. Сұхбат e-maіl алмасудан бастап топтық дискурссияға дейінгі түрлі форматта болуы мүмкін.

Сізге қажет нақты ақпаратты суыртпақтайтын сұрақ түрлерін таңдаңыз. Сұхбат кезінде алынған жауаптар – қойылған сұраққа, оның сұралу жолына және әр респонденттің мәдени және тілдік танымына сай болады. Ықтимал маңызды факторларға кісінің нәсілі, жынысы, жасы, білім деңгейі және әлеуметтік мәртебесі кіреді.7 Пікір мен ақпарат айтқызу үшін ашық сұрақ қойыңыз («Осы өнім линиясы үшін Еуропадан гөрі Оңтүстік Америка жақсы нарық деп ойлайсыз ба?» дегендей). «Иә» не «жоқ» деген нақты жауап алу үшін тұйық сұрақ қойыңыз. Дегенмен сұхбатта жабық сұрақтарды тым көп қоймаңыз, әйтпесе әңгімеңіз жай ғана сауалнамаға айналып кетеді де, интерактив сұхбат мүмкіндіктерін пайдалана алмай қаласыз. Сұрақтар ақпарат қабаттарын сылуға септесуі үшін сұрақтар мен респонденттің ықтимал жауаптарының реті туралы мұқият ойланыңыз. Сонымен қатар сұхбаттан бір-екі күн бұрын респондентке сұрақтар тізімін беріп қойыңыз, бұл әсіресе респонденттің цитатасын бергіңіз келгенде немесе сұрақтар мәлімет іздеуді қажет етсе, респондент жауап туралы кеңінен ойлануы керек болғанда аса маңызды. сұхбатты таспаға түсіріп алғыңыз келсе, респонденттен алдын ала сұраңыз және оның қалауын құрметтеңіз. Сұхбатта жоспарлау кезінде ескермеген жаңа тақырыптарға құлағыңыз түрік болсын және олар зерттеу сұрақтарыңызды аша түссе, әрі қарай қозғай түсіңіз. Сұхбаттан кейін уақыт бола салысымен ойларыңызды жазып алыңыз, түртіп алғандарыңызды қарап шығып, материалды топтастырыңыз. Маңызды тақырып, кәдеге жарайтын фактілер мен статистика және дәйексөздерді іздеңіз. Сұхбатты жазып алсаңыз, кодировкасын жасап шығыңыз (сұхбат берушінің айтқанын сөзбе-сөз жазып алыңыз) немесе адамды тыңдап отырған сияқты негізгі тұстарын түртіп алып отырыңыз. Бетпе-бет сұхбат57 сұраққа реакцияны және жауап беру кезіндегі бейвербал сигналдарды бақылауға мүмкіндік береді, бірақ бұл – сұхбат міндетті түрде кездесіп жүргізілуге тиіс деген сөз емес. Мысалы, e-maіl сұхбат тұлғаға жауаптарын мұқият ойлануға мүмкіндік береді, адам бетпе-бет сұхбаттағыдай іле-шала жауап беремін деп асықпайды.8 Сондай-ақ кей эксперттер тек e-maіl сұхбатқа келісуі мүмкін. Жеке сұхбаттарға қоса, бизнес-зерттеушілер фокус тобы деп аталатын топтық сұхбаттарды қолданады. Бұл форматта модератор дискурстық сұрақтар сериясы арқылы бағыттап отырады да, зерттеу тобының басқа мүшелері бір бағытта көрсететін айна арқылы топты бақылап отырады. Фокус тобының басты артықшылығы – қатысушылар идея алмасып, бір-бірімен пікір таластырып отыратын топтық динамиканы зерттеу. Тақырып пен проблеманы топ талқылауына салу – бірнеше жеке сұхбат жүргізгеннен гөрі жақсырақ ақпарат алуға мүмкіндік береді.9 Сұхбат жазуға қатысты тапсырмаларды еске түсіру үшін «Бақылау тізімі. Тиімді ақпараттық сұхбат жүргізу» айдарын қараңыз.

Дерек пен ақпаратты өңдеу

4 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Зерттеу нәтижелерін өңдеудегі басты міндеттерді білесіз Зерттеу нәтижелерін жинап алғаннан кейін соңғы қадамыңыз – оларды пайдалануға болатын ақпаратқа айналдыру. Барлық керекті қайталама және бастапқы ақпаратты жинап алғаннан кейінгі қадам – сізге қажет нақты контентке айналдыру. Қарапайым жобада материалды баяндама, презентация немесе басқа қолданысқа тікелей енгізесіз. Дегенмен көлемді ақпарат немесе шикі дерек жинағанда оны пайдаланбас бұрын материалды өңдеуіңіз керек. Бұған дәйексөз келтіру, мәтінді өңдеп жазу немесе қысқа мазмұнын беру; сандық мәліметті талдау; қорытынды және ұсыныс жазу кіреді.

ДӘЙЕКСӨЗ КЕЛТІРУ, БАСҚА СӨЗБЕН ЖАЗУ ЖӘНЕ ҚЫСҚА МАЗМҰНДАУ Дәйексөз келтіру деген – контентті қаз-қалпында беру және ақпаратты кім айтқанын көрсету. Қайталама дереккөзден алынған мәтіндік ақпаратты үш жолмен пайдалана аласыз. Ақпарат көзінің дәйексөзін келтіру – материалды қаз-қалпында беру деген сөз (міндетті түрде ақпарат көзін атау керек). Сұхбат берушінің сөзі аргументіңізді растаса немесе оны өз сөзіңізбен жазу ықпалын кемітетін болса, дәйексөз қолданыңыз. Дегенмен дәйексөз қолданғанда абай болыңыз. Дәйексөз тым көп болса, түрлі стильдердің алабажақ құрағы болып қалады, ал сіздің бар тындырғаныңыз өзгелердің жұмысын құрастырып шыққандай көрінеді. Ақпарат көзінің цитатасын бергенде қысқалау сөйлемдерді тырнақшаға алып беріңіз, ұзақ болса (бес жол және одан көп), бөлек, кіріңкі абзац ретінде беріңіз.

Басқа сөзбен жеткізу – басқа адамның идеясын өз сөзіңізбен жазу. Басқа сөзбен жазу, яғни қайталама материалдағы сөйлемді өз сөзіңізбен басқаша құру арқылы қайталама материал әсерін арттыра аласыз.10 Басқа сөзбен жазу тұрақты сарын қалыптастырып, ақпаратты аудиторияға таныс сөздермен жеткізуге және тым көп дәйексөз қолданудан аулақ болуға септеседі. Бірақ сонда да ол мәліметтің авторын бет немесе тарау соңындағы, мәтін ішіндегі сілтемеде көрсетуіңіз керек.

Басқа сөзбен лайық жазу үшін төмендегі кеңестерді қаперіңізге алыңыз:11
• Мағынасын толық түсінгенше, түпнұсқа ойды қайталап оқыңыз.
• Түпнұсқа ойдың негізгі идеяларын өз сөзіңізбен жазыңыз.

• Мағынасын өзгертіп жібермегеніңізді тексеру үшін өз нұсқаңызды дереккөзбен салыстырыңыз. • Дереккөзден өзгертпей алған бірегей термин немесе сөз тіркесін тырнақшаға алыңыз. • Дереккөз мәліметтерін егжей-тегжейлі жазып алсаңыз, бұл материалды баяндамаңызда қолданғанда сілтемені толық жазасыз. Қысқа мазмұн жазу58 басқа сөзбен жазуға ұқсас, бірақ материал мәнін түпнұсқадағыдан аз сөзбен жеткізеді. Тиімді түйін дереккөз материалдағы негізгі идеялар мен негізгі тірек ойларды қамтығанымен, аса маңызды емес кішігірім детальдар мен мысалдарды қалдырып кетеді. Дәйексөз бен басқа сөзбен жазу сияқты, қысқа мазмұнда да дереккөзге сілтеме берілуі керек. Әрине, осы үш тәсілдің үшеуі де әдеп сақтауды талап етеді. Цитатаны төл сөз түрінде бергенде оны контекстен жұлып алып, бір бөлігін ғана қолданып, материалдың мағынасын өзгертіп жібермеңіз. сұхбат беруші «жаңа өнімдерге молынан инвестиция салсақ, бұл нарық келесі жылы шарықтап өседі» десе, «бұл нарық келесі жылы шарықтап өседі» дегенді ғана қолдану әдепке жатпайды. Басқа сөзбен және қысқа мазмұн жазғанда идеяларды өз сөзіңізбен жеткізе отырып, түпнұсқа ойды сақтаңыз. Мақсатыңыз – аудиторияға айтар ойыңыз бен материалды байланыстыруға көмектесу. Өз қажетіңіз үшін өзге автор хабарламасын байқамай бұрмалап жібермегініңізді екі қайтара тексеріңіз.

САНДЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

Зерттеу кезінде көбіне сату көлемі, тұрғындар статистикасы, сауалнама жауаптары сияқты түрлі сандық мәлімет жинақталады. Жеке тұрғанда бұл сандар сізге не аудиторияңызға ешқандай мән-мағына бермейді, пайдалы дерек алу үшін оны өңдеу керек.

Мәнін табу
Орташа мән, медиана және мода деректерді сөйлетуге мүмкіндік береді.

Ерекше статистикалық техникасыз-ақ, қарапайым арифметиканы қолдана отырып, зерттеу мәліметтері легінен терең мән-мағына аласыз. 13.2-кестеде жиі қолданылатын және пайдалы үш өлшем көрсетілген. Орташа мән (көбінесе орташа статистикалық көрсеткіш деп те айтылады) – топтағы пункттер сомасын пункттер санына бөлгенде шығатын сома. Медиана – «жол ортасы» немесе серияның қақ ортасы (жоғарыдағы және төмендегі пункттер саны бірдей). Мода – бір үлгінің ішінде басқаларынан жиі кездесетін сан. Бұл – «әдеттегі мөлшер қандай еді» деген сұраққа берілетін жауап. Осы өлшемдердің әрқайсысымен деректер легіне түрлі деңгейде бойлай аласыз.

13.2-кесте. Деректер өлшемінің үш типі: орташа мән, медиана және мода }

Уилсон
3 000$
Грин
5 000

Каррик
6 000

Чо

7 000
Орташа мән
Кибл
7 500

Медиана
Лопес
8 500
О’Тул

8 500
Мода
Манникс
8 500

Карузо
9 000
Барлығы
63 000$

Тренд уақыт өте қайталануға бейім өрнектерді көрсетеді Енді трендтерді анықтау үшін деректерді қараңыз: бұл өсу, құлдырау және осы екеуінің ортасындағы қозғалыс – циклді тренд сияқты уақыт кезеңдерінде көрінетін айқын өрнектер. Деректерді уақыт кезеңдері бойынша тексеру арқылы маңызды сұрақтарға жауап беретін өрнектер мен байланыстарды анықтай аласыз. Себептілік себеп пен салдар байланысын; корреляция себеп тұрғысынан байланысы болмауы мүмкін екі айнымалының бірдей өзгеруін көрсетеді. Статистикалық өлшем мен тренд не болып жатқанын анықтайды. Сол нәрсенің неге болып жатқанын түсіну үшін себептілік (екі фактор арасындағы себеп пен салдар байланысы, бірі екіншісінің орын алуына себепші болады) пен корреляцияны (сіз қарастырып отырған екі айнымалының бірдей өзгеруі, мәселен, өнімге деген сенім азайғанда клиент разылығының төмендеуі) қараңыз. Себептілікті аңғару оңай, бірақ дәлелдеу қиын екенін есте ұстаңыз. Клиент разылығының төмендеуі клиент инвойстарын шатастырып жіберген жаңа есептеу жүйесі кесірінен орын алған болуы мүмкін. Себептілікті дәлелдеу үшін өлшенетін әсердегі өзгерістің жалғыз ықтимал себебі – күдіктеніп отырған себеп екенін анықтауыңыз керек. Дегенмен бір ғана себептен өзгелерін алып тастау мүмкін бола бермейді, сондықтан көбінесе корреляцияны мұқият бағамдауыңыз керек. Ғалымдар деректердің арасындағы байланысты комбинациялық кесте деп аталатын техниканы қолданып жиі зерттеп жүр. Мысалы, жалпы сатылым не себепті өсіп немесе құлдырап жатқанын түсінгіңіз келсе, клиенттің жасы мен жынысы, сатып алу мекені мен өнім түрі бойынша сату деректерін жеке-жеке қарастыруыңызға болады.

Қателерден және бұрыс түсінуден сақтану
Деректерді жинап, өңдеу кезінде болуы мүмкін қателерді мұқият қараңыз.

Жиынтық кесте мен басқа да компьютер құралдарында сандармен манипуляция жасау оңай болғандықтан, есептеу қателері мен нәтижелерді бұрыс түсінуден сақ болыңыз. Әріптестеріңізге жіберетін жиынтық кестедегі барлық есептеулерді және кестенің жұмыс істеп тұрғанын екі қайтара тексеріңіз. Жиынтық кестеде математикалық формуладағы қате, кестедегі торға байқаусыз сілтеме беру (қаламаған ақпаратты қосу не қалаған ақпаратты алып тастау) және жиынтық кестенің математикалық функцияларының нақты операцияларын тексермеу сияқты қателіктер жиі кездеседі. Есептеу қателерін тексеруге қоса, талдауға кіріспес бұрын деректердің бүкіл легін қараңыз. Тақырып туралы біліміңіз негізінде қарағанда сандар түсінікті көріне ме? Қандай да бір дерек пункті күмәнді көріне ме? Айма-ай 10%-дан артық өзгермейтін өндіріс сандары өткен айда кенет 50%-ға артып кетсе, осы жаңа сан нақты ма, әлде қате өлшем бе? Дерек пункттеріңіз нақты және талдауыңыз техникалық тұрғыдан дұрыс болғанның өзінде нәтижелер бұрыс түсіндірілуі немесе көрсетілуі мүмкін. Талдау қателерінің көбін табу үшін статистикалық экспертиза керек, бірақ мықты дағдысыз да төмендегі сақтық шараларын қолдануыңызға болады: • Қате салыстырудан аулақ болыңыз. «Алманы апельсинмен» емес, «алманы алмамен» салыстырып отырғаныңызға көз жеткізіңіз. • Зерттеу нәтижелерінен оның шегінен артық нәрсе шығаруға тырыспаңыз. Әсіресе сенімсіздік жағдайларында жоқ мән мен негіздеме алуға қызығып кету оңай. Мысалы, тұтынушыларды зерттеу негізінде жаңа өнімді жасауға бірнеше миллион жұмсауды компания басшыларына ұсынғалы отырсаңыз, деректен соған негіздемелерді «көре» бастауыңыз мүмкін. Ол да сондай қорытындыға келер-келмесін байқау үшін сенетін әріптесіңізден деректерді қарап шығуды өтініңіз. • Жаңылыстыратын түсініктерді алып тастаңыз. Дұрыс деректің өзі бұрыс (бұрмаланған графика сияқты) берілуі мүмкін, деректеріңіз визуал түрде нақты көрсетілгенін тексеру – жауапкершілігіңіздегі іс.

Тапқаныңызды қолдану

5 ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Зерттеу нәтижелерін түйіндеу және қорытынды мен ұсыныстарды рәсімдеу жолын ұғынасыз Жоспарлау, зерттеу және өңдеу процестерінен кейін тапқан нәрселеріңізді қолданатын кез келді. Бұған нәтижелердің қысқа мазмұнын жазу, сол нәтижелерге негізделген қорытынды жазу және ұсыныс жасау кіреді.

ЗЕРТТЕУДІҢ түйінін ЖАЗУ Зерттеу түйіні деп зерттеуіңізде жазылған ақпараттың бұрмаланбаған сығындысын айтамыз (бұл контексте түйін деп қайталама дереккөз материалының ғана емес, бүкіл зерттеуіңіздің түйіні айтылған). Түйінде пікір, қорытынды немесе ұсыныс болмайды. Түйін жазу59 әрдайым оңай бола бермейді әрі оқырман маңызды мәселені маңызы аз детальдардан ажырата білу қабілетіңізді сынайтын болады. Негізгі идея мен негізгі тірек ойларды анықтаңыз; оларды деталь, мысал және басқа да растаушы дәлелдерден ажыратыңыз (13.2-сурет). Басты назарыңыз аудиторияда болсын, жобаны тапсырған немесе баяндаманы оқитын адамдар үшін ең маңызды ақпаратты бөліп көрсетіңіз.

13.2-сурет. Түйінді тиімді жазу Мәтін сегментін түйіндеу үшін, алдымен, негізгі идеяны, басты пункттерді және маңызы аз деталін табыңыз. Содан кейін жеңіл оқылуы үшін іріктелген мәтін кесектерін қосымша сөздер мен тіркестермен толықтырыңыз Дегенмен аудиторияға фокус жасау деген – аудитория естігісі келетін ақпаратты ғана айту деген сөз емес. Зерттеуіңізде тек жағымсыз жаңалық қана жазылса, жақсы түйінде де негатив жаңалық болады. Түйін жағымды болмаса да, жақсы менеджер – қызметкердің шыншыл, толыққанды және болашаққа бағдар сілтейтін мәліметін үнемі бағалайды.

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАЗУ

Қорытынды60 – баяндамадағы фактілер мен басқа ақпараттың қисынды түсіндірмесі. Қолдағы дәлелге сүйеніп, дұрыс қорытындыға келу – бизнес-карье­раңызда қалыптастыратын ең маңызды дағдылардың бірі. Қорытынды мықты болуы үшін екі критерийге сай болуы керек. Біріншіден, баяндамаңыздағы ақпаратқа ғана негізделуі қажет. Қорытындыда жаңа ақпарат айтылмағаны жөн (маңызды нәрсе баяндаманың негізгі бөлігінде айтылады). Сондай-ақ қорытындыңызды растамаса да, өзіңіз берген ақпаратты елемей кете алмайсыз. Екіншіден, қорытынды логикаға, яғни индукциялық және дедукциялық аргументтердің қабылданған заңдылықтарына сай болуы керек. Дәлелденбеген алғышартқа негізделген қорытынды теріс эмоцияға ұрындырады, асығыс түйін жасап, жалған тұжырым жасауға әкеледі. Өзіңіздің немесе ұйымның құндылықтары да қорытындыға әсер ететінін есте ұстаңыз; мұндай теріс түсініктің бағамдауыңызға да тигізер әсері барын біліңіз. Алалау қорытындыңызға ықпал етсе, оны аудиторияға түсіндіріңіз. Сондай-ақ дәлелдерді тексеретін команданың барлық мүшелері дәл сондай қорытындыға келеді деп күтпеңіз. Шешім қабылдауға басқа адамдарды тартудың бір себебі – олардың ерекше көзқарасы мен тәжірибесін пайдалану. Жиылған дәлелдерден қисынды қорытынды автоматты түрде немесе өз бетінше шыға қояды деп дәмеленбеңіз. Бизнес-шешімдердің көбі тұжырым жасауды, ақылға жүгінуді және креатив ойлауды қажет етеді, басқалар аңғармайтын ерекшеліктер мен мүмкіндіктерді көре білу – инноватив бизнес-көшбасшыларға тән нәрсе.

Ұсыныс ЖАСАУ Қорытынды – ақпаратты түсіндірсе, ұсыныс ақпаратқа қатысты не істеу керектігін айтады. Төмендегі мысал қорытынды мен ұсыныс арасындағы айырмашылықты көрсетеді:

Қорытынды Оның репутациясы мен қазіргі бағасы негізінде бұл компанияны сатып алу жақсы мәміле боларына сенемін.

Ұсыныс Бұл компанияны акцияларының қазіргі бағасының 10%-ы мөлшеріндегі маржамен сатып алуды ұсынамын. Сенімді болу үшін ұсыныс логикалық талдау мен мықты қорытынды негізінде жазылады. Ол сондай-ақ қолдануға жарамды және оқырмандар, яғни оны жүзеге асыратын адамдар қабылдайтындай болуы керек. Ең соңында * Ескерту. Бұл ресурстардың кейбірі тегін, кейбірін жазылу арқылы алуға болады; кітапханашыдан сұраңыз.

Бетпе-бет сұхбат бейвербал реакцияны байқауға мүмкіндік береді. Қысқа мазмұн жазу басқа сөзбен жазуға ұқсас, бірақ ол контентті аз сөзбен жеткізеді. Түйін – белгілі бір топикке қатысты ақпаратты қорытынды жасап, ұсыныс түсірместен, бұрмалаусыз көрсету.

Қорытынды – зерттеу нәтижелерін логикаға сай түсіндіру.
Тақырыбы: Корпаративтік азаматтықты қайта қарастыру
кейстер

айтарымыз, ұсыныс жасағанда одан кейін жасалатын қадамдардың басын ашып айтыңыз. Оқырман ұсынысқа қатысты не істерін білмей дағдарып қалмасын.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙