TELEGEI

Home

Ақан Сері Қорамсаұлы Шығармалары

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақан Сері Қорамсаұлы Шығармалары

Қолыңыздағы жинаққа есімі сазгер ретінде барша қазаққа әйгілі Ақан серінің ақындығын кеңірек насихаттау мақсатында өлеңдері, толғаулары, әзілдері, айтыстары топтастырылды. Ал әндері оқырман кәдесіне жарар деген ой- мен нотасымен қоса беріліп отыр. Сондай-ақ Ақан серінің ақындығы, сазгерлігі, тағдыры туралы, ол жайында жазылған көркем шығармалар туралы марқасқалар пікірін қосуды да теріс көрмедік. Кітап қалың оқырман

Шығармалары

АЛМАТЫ

«ҚАЗАҚСТАН»

АҚАН сері ҚОРАМСАҰЛЫ

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

А 37

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша шығарылды

А 37

Ақан Сері Қорамсаұлы. Шығармалары: – Алматы:
ЖШС “Қазақ­стан” баспа үйі”, 2013. – 384 бет.

ІSBN 9965-10-112-4

Қолыңыздағы жинаққа есімі сазгер ретінде барша қа­
заққа әйгілі Ақан серінің ақындығын кеңірек насихаттау
мақсатында өлеңдері, толғаулары, әзілдері, айтыстары топ­
тастырылды. Ал әндері оқырман кәдесіне жарар деген ой-

мен нотасымен қоса беріліп отыр. Сондай-ақ Ақан серінің
ақын­дығы, сазгерлігі, тағдыры туралы, ол жайында жазылған
көр­кем шығармалар туралы марқасқалар пікірін қосуды да
теріс көрмедік.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз-7

ІSBN 9965-10-112-4

© “Қазақстан” 2013

Бірінші бөлім
Өлеңдер, толғаулар,

езутартар, айтыстар
Ақан серінің 1869 жылы түсірілген фотосуреті.
Мұны алғаш рет жариялаған Ә.Марғұлан.

Ақындық асыл бекзаты
(Бірінші бөлімге алғысөз орнына)
Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен
суреттей білу ірі жанды адамның ғана қолынан келмек.

Мағжан Жумабаев
Қазақтың ұлы ақыны, дана композиторы, әншісі Ақан
серінің қазаққа аңыз болған өмірі мен таңғажайып шығар­
машылығы жайында аз жазылған жоқ. Осы орайда кейінге

көз тастасақ, көлемді зерттеулер, арнайы мақалалар өмір
оз­ған сайын молая береді және де ол еңбектердің бойында
қам­тылған мәселелер ұлғая түсіп, құндылығы, нақтылығы
жағынан да шындала бергені қуантады. Қазақ әдебиеті мен

өнері жолында ерен еңбектері бар айтулы ғалымдарымыз
Есмағамбет Ысмайылов, Ахмет Жұбанов, Қажым Жұмали­
ев, Айқын Нұрқатов, тағы да басқа әдебиетшілер Ақантану
жолында үлкен еңбек сіңірді. Алайда, ол кезде ескі ізбен

қайталаушылық та бой көрсететін. Ақанның ең ірі, ең тұң­
ғыш зерттеушісі Мағжан Жұмабаев кеңестік трагедиялы
қыр­ғынның жаласынан Құлагердей мерт болып, кейін пәле-
жа­ладан ақталып, еңбектері жарық көре бастағанда ғана

Ақан жайлы кей шындық (1989) көзін ашты. Мәселен, елге
мәш­һүр болып, ең сүйкімді өлендермен қатар айтылып жүр­
ген әйгілі ән «Сырымбетті»:
Ауылым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктеріге қор болып барасың ба? –
деп шырқап жүруші едік қой. Ал, Мағжанды оқығанда «ауы-

лым» емес, «ауылың», «қарағым-ай» емес, «қалқабала», «бара-
сың ба?» емес, «барасың да» болып шықты. Міне, өлеңнің
шырайы ашылып, шырылдаған шындықтың шыға келгені.
Қыздың ауылы шынында да Сырымбетті жайлаған тө­

релердің елі ғой, өлең Жамал қызға арналып бүкіл елге

жайылса, сұлудың әкесі Жүсіп төре тұқымының есімі ел­ге
айқын өкілі. «Қалқа бала» деуі де әсем әрі есті сөз, «қа­ра­
ғым-ай» деп қолында барынан айырылып отырған жоқ, қо­
лына түспей ұмсынтып кеткен балғын жас, бала-ғашығын

айтып отыр. Ал, «барасың ба?» емес, «барасың да...» деуде
үлкен философиялық ұғым жатыр. Біріншіден, өле ғашық
Ақанның нәзік жанын өртеген өкінішін білдірсе, екіншіден,
«қалқа баланың» бас бостандығы өзінде емес, әкеде, мал

берген құдаларда, өз қаһары, өз дәстүрі билеп тұрған заман-
да. «Да» деуде жан қызығарлық үлкен күрсініс жатыр.
Мағжан ағаның еңбектері әлі жарық көрмей тұрғанда
Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әде­

биет және өнер институты әзірлеп, 1963 жылы Алматыдағы
қазақтың көркем әдебиет баспасынан шығарған «Ақан сері»
атты жинақта да «Сырымбет» ескі нұсқасымен жүр. Ол ол
ма, айтылған жаңалыққа көңілдері толмай, әлі де ескі үй­

реншікті сөзге алаңдайтындар бар. Алайда, «Ақантану» бі­
лімінде, біліктілігінде бұл кітап тасқа шыққан қарағайдай
көз тартқан үлкен тарихи жаңалық болып қолымызға тиді.
Жинақтын жалпы редакциясын басқарып, текстология жұ­

мысын жүргізген қазақтың аса көрнекті ақыны Әбділда
Тәжібаев зор жұмыстың басын қайырды.
Әбекеңнің кітаптың басындағы «Ақан сері» атты алғы
сөзі, қатардағы алғы сөз шеңберінен қаны толық, жаны та­

за, құлшынысы мол терең мағыналы монографияға ай­нал­ды.
Бұл алғы сөз шын мәнінде көптеген сындарлы мәсе­ле­лердің
басын ашып, Ақан серінің шығармаларын ел бауы­рына
тарта түсті. Содан бері Ақан сері Қорамсаұлының өлең­де­

рін әр жылғы поэзиялық жинақтарда көріп жүрдік. Ақан­
ның, Біржан салдың, Үкілі Ыбырайдың ақындық толық
жи­нақтарын шығару сараң тартқасын бұл жұмысты қолға
алып, Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» атты жинағын Астанадағы

«Фо­лиант» баспасынан 2005 жылы Солтүстік Қазакстан
об­лысының бұрынғы әкімі Тайыр Мансұров мырзаның де­
меушілік көмегімен шығардық. Біржан сал атамыздың
жинағын баспаға былтыр тапсырдым.

«Үкілі Ыбырай мен Біржан салдың еңбектерін сіз құ­
растырсаңыз, мен Ақан серінің еңбектерін жинастырып
құ­растырайын», – деп Қазақстанның халық жазушысы,
марқұм Сәкен Жүнісов інім қолқа салып еді. Оған мен

келісе қойғанмын. Себебі, Ақан сері атамыздың алдында
Сәкеннің парызы толығымен өтелді, ол мәңгі жоғалмас
«Ақан сері» атты қос томдық романын әлемге паш етті.
Әттең, қатал да қайырымсыз ажал арамыздан Сәкен серіні

алып кетті. Сол күндерден бастап Ақан серінің ақындық
еңбектерін жинастыра бастадым. Бала күнімнен жинап
жүрген дәптерлерімді қарастырып Ақан мен Орынбай
Бертағұлының айтысын таптым. Бұл айтыс бұрын еш жерде

жарияланған жоқ еді. Тек қана Ақанның туғанына 150 жыл
толу салтанатында сабада қалған сарқытты еске түсіріп,
Көкшетау қаласындағы бүкіл Қазақстаннан келген алқа топ­
қа айтып бергенім бар. Есте қаншасы тұрса да, баршасы

сақталмайды ғой, әйтеуір өлең жинауға берілгендігім қа­жет­
ке жарады, бірсыпыра өлендерді анықтап, айқындап толық­
тырып осы жинаққа енгіздім.
Ұсынылып отырған кітаптың негізін жоғарыда атал­

ған, Алматыда 1963 жылы шыққан «Ақан сері» атты жинақ
құрайды. Сәкен Сейфуллин атамыздың 1935 жылы шығар­
ған «Ақан сері» атты кітабынан бұрын осы жинаққа кірмей
қалғандарын да үйірге қостым. Біраз текстологиялық өзге­

рістер қолда бар деректерге сүйеніп толықтырулар, кішігі­
рім түзетулер енгіздім, Ақандікі емес шумақтарды алып та
тастадым. Ақан өлендерін жинай беру тоқталмайды, себебі
әлі де қолға түспей жүрген дүниелер бар, ол болашақтың ісі.

1963 жылғы шыққан жинақтағы Хамит Тілеубаев пен атақ­
ты Доскей ақынның естеліктерін жаңа жинаққа кіргіздім.
Өйткені, көзімен көрген бұл кісілерде қалған мұра қымбат
дүние. Көп мағлұматты бала кезімізден Ақанды көрген ата­

мыз, халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың шәкірті Молдахмет
Тырбиевтің айтқандарынан естіп едім, үлкендердің сөзі кө­
шірмедей үйлесіп, жүрекке жылы нұр шашып тұр. Ақан сері

туралы зерттеулер мен арнайы мақалаларды жинастырып
бөлек кітап етіп шығару да қасиетті іс болар деп ойлаймын,
ол да болашақтың киелі жұмысы болмақ.
Молдахмет Тырбиұлына парапар Жантілеудің Қоша­ны­

ның, Сұлтанмұраттың Әміресінің баласы Қайыржанның,
Сәрсенбайдың Қожахметінің, Рысбекұлы Тоқыштың, тағы
сондай ақсақалдардың қазынасын ақтарсақ, Ақан жайлы
әлі де деректер мен керектер алдымыздан шығары айқын.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында
академиялық дәстүрмен толықтырып шығарғанша алды­
мызда жұмыс әлі көп. Әзірше сәті түсіп жиналған дүниені
іске жаратайық деген оймен оқушы жамағатқа ұсынып

отырмыз.
Ақанның өмірі – атам қазаққа аңыз болған әйгілі де
әсерлі, атақты да аяулы нағыз сегіз сырлы бір қырлы өмір.
Біз Сырымбеттің етегіндегі «Казгородок» орта мектебінде

оқып жүргенде Сәкен, Мағжан, Ілияс, Бейімбеттерді білме­-
дік, ал Ақан жайлы сан түрлі хикаялы әңгімелерге қанып өс­
тік. Өз басым жас күнімнен Ақанды пір тұттым. Атажұртым
Арғын Қарауылдағы Қожым елі Ақан серінің ауылдарымен

қанаттас болды. Ана жұртым Үкілі Ыбырай ауылы да Ақан
ауылынан алыс емес-ті. Ақанның зиратынан Үкілі Ыбырай
ауылы он шақырымдай ғана жерде. Үкілі бабамыз серінің
нағыз шәкірті. Үкілі Ыбырайды Біржан салға апарып таныс­

тырып, батасын алдырған да Ақан. Ақан серінің беделі тө­
релерден зор, билердің аға биіндей болыпты, есімді білгелі
көкейіме қонғаны бүкіл ел сері бабамызды «Ақан аға»
атайтын. Үкілі Ыбырайдай Ақанның шәкіртіне жастай еріп,

еліктеп өскен Молдахмет Тырбиұлы Ақан ағаның талай ән­
дерін жалықпай айтса, өте қызғылықты өмір көріністерін де
қаз қалпынан өзгертпей біздерге ұғындыра білді.

– Құдайдың бір бергені – Үкілі Ыбырай ауылында да, өз

ата мекенім Шал ақын ауданындағы «Еңбекте» де ән базары
тарқамады. Молдекеңе шәкірт – менің бөле ағам Мұса Аса­
йынов Үкілі бабамыздың немересі болатын. Ол атасына

тартып туған асқақ әнші, суырыпсалма да, жазба да жақсы
ақын еді, әттең, елу жасқа толмай өмірден ерте кетті. Менің
ән салып, өлең жазып, домбыра тартуыма да Молдекең
мен Мұса ағам себепкер болды. Бұл екі ақын да Ақан аға

дегенде ағыл-тегіл алғыстарын айтып, арқау тұтатын. Тәлім-
тәрбиелік маңызы мол Ақан жайлы әңгімелерді көп естідім,
әулиедей таныдым.
Ақан серінің туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан об­

лысы Айыртау ауданындағы Көкшетаудан 70-80 шақырым
жердегі Қоскөл ауылы. Кейін бұл әулет «Боқан өзегі» атан­
ған жерге қоныстанған. Осы жер мен қазіргі Ақан ауылы
(ескіше Кеңащымен) жерортада Көлденең-Қаратал деген

жер­де Ақан дүниеге келіпті. Атақты «Ақан туған» деген жер
осы. Ақанның Арғын ішіндегі Қарауыддағы арғы атала­ры­-
­ның бесінші тармағындағы Құдайқұл ақын, әнші болса ке­
рек. Өз әкесі Қорамса елге белгілі бай, әрі ұтымды сауда­

гер, адамшылығы жағынан да қадірменді мінезімен жақсы
атанған кісі болыпты.
Ақанның шын аты «Ақжігіт», кейін ата-ананың қойып
алған атымен елге әйгі Ақан деген ат бекіді. Айша деген

апасы, Мұхамбет, Рамазан, Айберген атты інілері соңынан
ерген. Ақан 13 жасқа дейін үй тәрбиесінде болып, ауыл
молласынан сабақ алыпты. Одан кейін Уәли Ахун деген
кісінің Қызылжардағы медресесінде үш жыл оқып білімін

арттырыпты.
16-17 жасында әнші, ақын, домбырашы аты шығып,
кешегі шәкірт жігіт серілікке бой тастайды. Ақанның өнерін
таныған Қорамса ақсақал қолынан келген ақылын айтып,

қаражатын аямай «сері болсаң мырза бол, бәйге, жүлде
секілді табыстарыңды алған жерде таратып, таза бол», – деп
әкелік ақылына көндірген.
Ақан әні кең даланы күңірентіп, Сексен көлді толқы-

тып, Есіл-Көкше аймағына кең тарай бастағанда Құлагерді
кездестіріп, мал да болса, адамдай достасып кетеді. Құ­
лагерді Көбей-Қарауыл Шөкетай жылқысынан шықты деп,

аузымен құс тістеген жүйріктігін айтушылар аз емес. Құла­
гердің туған жері Қансақты өзенінің кең даласындағы «Қа­
мал шоғы» деген ат жалындай ақ қайындар түбі екенін де
үлкендерден естіп едім.

Ал, мен Ақан ағаның: «Құлагер, құлыныңнан керім едің,
нағашым сұрағанда беріп едің» – деген сөзін ұмытпағанды
ұнатамын. Мағжан ағамыз да Ақан өмірін өлеңімен ғана
емес, өзінің өмірімен суреттеп кеткен тұлға десе, соған

көнеміз. Ақанның өмірі өлеңдерінде. Құлагер жайлы да
дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтен артық айта алмаймыз.
Ол поэма қазаққа кең тарап, Құлагер мен Ақан жайлы
өлмес мұра, мәңгілік белгі болып қала береді. Ақанның

Құлагердің өліміне арналған зарлы өлеңін Ерейменнен
елге жеткенше айтқан сәтте жазып отырған Молдахмет
Тырбиұлының әкесінің інісі Ерторы әнші, Ақан әнін сөзімен
қағып алғыш, жаттампаз екен. Ол үш қара дәптерге ұзақ

жолдағы естігендерін жаза берген екен. Бұл үш қара дәптер
жайлы Есмағамбет Ысмайлов та жазып кеткен еді. Ол асыл
дүние қолды болды, ауызша білгендері Молдахмет Ержанов
пен Молдахмет Тырбиұлы, Қасым Бимырзаұлы, Өміржан

Сақаев, Қайыржан Сұлтанмұратовтардан естігенім бар еді.
Өз дәптерімде сақтаулы біразжерін қостым. Сонда:
Ауылым Сырымбеттің жел жағында,
Кездесті ауыр қайғы дер шағымда.

Жер шалғай, атсыз бар деп қақсап еді-ау,
He дермін Құлагерсіз ел алдында?.. –
дегенін, Құлагердің бас иесі болса да бүкіл халықтың Аты­-
ғай-Қарауылға олжа салған жүйріктің өліміне деген өз кү­

йігін, өз кінәсімен қоса мойындап отыр. Бұл үлкен мінез­
ділік, халық алдындағы кішіпейілділік тек қана Ақан­дай
даналардан туады. Құлагерді өлтірткен Батыраш, Қотыраш­
тардың зомбылықтарынан іші қыж-қыж қайнағанда туған

Ақанның «Құлагер» атты өлеңі бүкіл қазақ даласының тра­
гедиясын айтып тұр, бұл өлең арқылы Ақан серінің есімі
шартарапқа ел мұңының қозғаушысы болып таралды.

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің,
Шыныңмен өлгенің бе Құлагерім.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім, –

десе, Ақан серінің поэзиясында Құлагер тақырыбы ерекше
орын алып, сөзімен де, әнімен де ерекше биік дәрежеге кө­
терілді. Жалпы халықтық ұғымда жақсы өлең келісті су­рет
пен тапқыр теңеуден тұрса, Ақанда соның бәрі бар. «Ауы­

лың қонған Сырымбет саласына», «Оралдың ақ түлкісі
Аралдағы», «Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы»,
«Ор болып қалушы еді шапқан жерің» сияқты тізе берсек дә­
леліміз көптен де көп. Мағжан ағамыз Ақан серінің әлемдік

белгілі рыцарь, трубадурлардың мінезінен туғандай дала­-
лық серіліктің ауқымын кең ашады да батыстағы «Таң жы­
рын» өзінше еске салады. Расында да түнгі ләззат сырын
осынша ашық айтудың өзі де асқан шеберлік қой:

Жамылып екеуара бір шапанды,
Айқасып тap төсекте жатқан қандай?!
Мойныңа ақ білекті арта тастап,
Тіл дәмін бір-бірінің татқан қандай?!

Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,
Кілт ашып ақ сындықты ақтарғандай.
Ойынның қызығымен білмей қалып,
Машырықтан таң сарғайып атқан қандай?!

«Тұрыңыз, үйге сәуле түcіпті» дeп,
Біріне-бірі күліп айтқан қандай ?! –
деп жан тылсымын көркем сөзге орап мөлдір махаббаттың
құпия сырларын осылай ашу, суреткерлік пен шыншылдық­

тың нағыз өзі, Абайша айтсақ «пайғамбар сүннәті».
Қазақтың серісі әлемдік серіліктің үздік түрі, онын мұңы
да телегей, жан қиярлық ерлігі де жеткілікті, мейірбандығы
да бір төбе. Ең бастысы, біздің Ақан серінің ел қамын ойла-

­ған азаматтығы, адам баласының басындағы заманауи қа­
сиет­терді түсіне біліп жауап қайтаруы оның өнегелі бекза­

далығында жатыр. Бұл орайда Мағжан ағамыз: «Жамал ұза­
тыларындағы Ақанның шығарған «Сырымбет» әні өліп бара
жатқан құс төресі аққудың әні. «Сырымбеттей» терең зарлы
ән сирек болар. Жердің жүзіндегі мұң, адам баласының бар­

лық зары сол «Сырымбетке» жиналғандай» десе – Ақанның
поэзиясы мен композиторлығына беріліп отырған үлкен ба­
ға. Әділ баға да осы. Шын мәнінде «Сырымбет» әнінің сөзіне
келсек қайталанбас үздік поэзия әрі асқақ, әрі нәзік, мұңлы

да терең ойлы сөзі мен әні ұласып тұрған ғаламат.
Адамның бойындағы сан алуан сезім дүниесінің үндес­
тігін Ақан табиғатпен ұштастырады. Оның куәгері де, досы
да, сенімді тірегі де Сырымбет. «Қарындас-ау, енді есен бол»

десе, қимасынан айырылып қиналғаны, бірақ алда өмір бар
деп ауыр қоштасса, алдында берік қорған болып Сырымбет
тұр. Дарқан өмір жатыр. Өмірдің ащысы мен тұщысын осы
өлең шынында өте терең жеткізіп тұр.

Ақан поэзиясындағы махаббаттың балы мен уын тегіс
шолуға болар еді, бірақ алғы сөздің шеңбері оған жібер­
мейді. «Құлагер» мен «Сырымбетті» сөз еткеннен кейін на­
зарымды басқа тақырыпқа аудармақпын. Әйтпесе, алғаш

атастырғаны Бәтима сұлу тойға жақындағанда өліп кетті.
Алып қашып үйленген жары Тінәлі қажының қызы Ұрқия
үш айдан кейін шешек шығып дүниеден озды. Өз ұнатқаны
Сұмат қожаның қызы Бәтима (Фатима) он жыл отасқанда екі

қыз, бір ұл көрді. Фатима да ерте кетті, үлкен қызы да солай
көп тұрмады, жалғыз ұлы Ибраһим (Ыбан) мылқау болып
туды. Ақтоқтымен болған хикаясында бір дастандық дүние
бар. Осының бәріне Ақан көптеген әні бар тамаша өлеңдер

арнап кетті.
Ақанды махаббат поэзиясының асқан шебері, сиқырлы
дүлдүлі деп білемін. «Дариға, қайырылмадың қалқа бала,
жүректің енді ем жоқ қой жарасына» деуінде үлкен ой тол­

ғағы жатыр. «Жылай-жырлай өлгенше, арттағыға сөз қал­
сын» деп Абай атамыз да айтып кеткен жоқ па? Сондағы айт­
қаны: «Бітпейді іштегі ғашықтық жарасы» деген шындық

емес пе? Ақан Абайдан екі-ақ жас үлкен, бұлар жүректері
үндес даналар. Бірі Жамалын, бірі Тоғжанын аңсап өтті. Жа­
малдан айырылған Ақанға жүрегінің махаббат берген соңғы
шырағы сөнгендей болды, «жылай-жырлай сөнгенше» арт­

тағыға махаббат әнұраны «Сырымбетті» тастап кетті.
Ақан сері, әсіресе, ақ патшаның шапқыншылары елді
алып, шүрайлы жерді алып, отырған жайлы қоныстарын
тар­тып алып елді мекендер мен қалалар сала бастаған кезде,

қазақ баласына қара бұлттың төнгенін айқын сезді де жыр
семсерін солай қарай жұмсай бастады.
«Сексен бес жыл болыпты поддандыққа,
Қайырсыз патшамызға ел болмадық.

Құр мен қоян секілді алуға оңай,
Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық», –
дей келе: «Дариға, дертті заман келгеннен соң, қаламға жан
қалмады тізгін тежер», – деп ақындық күреске шығады.

«Темір айыр, ақ балта қолдарында,
Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп...
Қасиетті ата-баба зиратының,
Үстіне егін салды жайлап есіп», –

дегенін оқығанда Хрущевтің «Целинасы» да еске түседі.
Тентектер мен есерлер көп келді, ауылдағы аналар балалары
жыласа «целинник» келе жатыр деп қорқытатын. Он төрт
жыл Кеңестер Одағы кезінде Қазақстан Үкіметін басқарған

Бәйкен Әшімовтің де ата зираты туған ауылындағы егіннің
ортасында қалыпты. Тәуелсіздік келгеннен кейін ғана бұл
сорақылық жойылды. Ал, Ақанның заманында әрине, бұл
сорақылық күшейе түсті. Сондықтан ол өлеңдерінде қазақ

өмірінің ащы шындығын аша түседі. Өзінің саясатқа да,
шаруашылыққа да құр алақан еместігін көрсетіп «Қойдан
қоңыр не қылған халық едік» деп айта келе, шындықтын
бетін аянбай ашуға тырысады.

Парапар крестъянға тең болмадық,
Тартылып қай жараға ем болмадық?

Малымыз, жерімізден пайда тиіп,
Қалайша патшамызға жем болмадық ? –
деп пәленің төркінін тура көрсетеді. Ашулы, ызалы кезінде
біржола көшіп кетеміз деп те қыр көрсетеді. Құтсыз

жерден көшкендер аз болмады, ал құтты жерлерін орыстың
крестьяндары мен помещиктері, кулактары басып алды.
Бұл көше салудың қоқан-лоқысы емес, бостандықты көк­
сеудің сесі еді. Ел жайлауға көшкенде мылқау баласы Ыбан­

мен Сарыкөлдің жағасында жалғыз қалуы жын-перінің
құ­шағында кеткені емес, қайраткер азамат, намыскер тұл­
ға­ның қыр көрсетіп, айбат шеккені. Білмегендер перінің
қызына да жапсырады, ол – бекер сөз, жала сөз, жалған сөз.

Дұшпандарының ауыз үйлі өсегі, ел-жұртқа тарап кеткен
жалғандық. Ханнан да қадірлі, биден де биік ел әлпештеп
қана қоймай ерекше сыйлаған актангерге арамдық білдірген
дұшпандарының өсегі.

Ақан серінің поэзиясынан үлкен орын алатын шығар­ма­
ларының парасатты ойтолғаққа арналғаны аз емес. Олары
жүйелі де орынды, діндар Ақан, не сері Ақан емес, қазақтың
үздік ойшыл Ақан серісі екенін көрсетеді. Оның серілігінің

негізінде мейірбандық, қамқорлық, жанашырлыққа негіз­
дел­ген бекзаттық басым десек, ұлағатты сөздері де сол төңі­
ректен көрінеді:
Алтынды қорлағанмен жез болмайды,

Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы, әр нәрсенің бәрі сондай,
Жаманның көкірегінде көз болмайды, –
деген сөздері неден кем?! «Жаманның көкірегінде көз бол­

майды» деп толғануы, нағыз дала философиясының дара да,
дана түрі емес пе?
Абай атамыз да «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
деген өлеңінде: «Көңілінің көзі ашық, сергегі үшін» – демеп

пе еді?! Ендеше екі дананың тағы да тоғысқан жерін көрдік.
Атақты Орынбай ақынмен айтысқанда Орекең жас Ақанның

үстіндегі киіміне «әкеңнің киіміндей солбырайған» деп тиі­
седі. Сонда Ақан:
«Ақан да сөз табады ағасына,
Қарайды ағасының жағасына.

Бұрынғы ата-баба киген киім,
Мирас боп қалмас па екен баласына» –
деп сөзден тостырады. Ата жолы, ескі дәстүр, ұлттық киім
дегенді қорғағандағы сөзіне не жетпек?! Бұл өленде де

асқан ақындық, сұлу поэзия һәм терең философия бар. Ол
ата мұрасына қорған болу. «Достарыма» деген қысқа өлеңін
тегіс келтірейік:
«Жиырма бестен артық жас бар ма,

Ұйқыдан жаман қас бар ма?
Еріншектен жаман нас бар ма?
Ойлаңдаршы ағалар,
Жан жарыңнан артық дос бар ма?

Шын жолдасың көп дауға,
Жауға жалғыз тастар ма?
Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға».

Міне, шын даналық: нақыл айтам, ақыл қосамын демей­
ді. «Айта салған бір сырым» деп, шылбырды сүйрете тас­
тайды. Бұл үлкен мінез, ойлы мінез, нағыз инабатты мінез.
Ақан серіге тиісетін тек қана сұлулар мен ақындар емес,

елдегі жанаса кеткеннің бәрі де, тілдесіп қалуды, қағытып
өтуді жақсы көрген. Ақан соның бәріне сабыр сақтап, кең мі­
незбен қарсы алады. Бірак серінің уытты тілі, терең ойы елге
жылдам тарап кетіп халық аузында қанатты сөзге айналады.

Бірде, Шота Уәлихановпен мектепте оқып жүргенде әкесі
Ыдырыс атаймен Ақан сері туралы әңгімелесіп отырғанда
айтқаны есте ұмытылмастай қалды. Сөз Саумалкөлдегі Ға­
лиянұр деген молла мен Ақанға байланысты екен. Ғалия­

нұрдың немерелерін білуші едім. Ақан Ғалиянұрмен кездесе
қалғанда оның «орақ мұрнына» тиіссе керек. Сонда молла:

«Мен орақ мұрын болсам, пайғамбарға тартқанмын» десе
керек. Сонда Ақан:
«Мұхаммед – Құдай досы пайғамбары,
Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бәрі.

Пайғамбардың сипаты сендей ме екен,
Орақ мұрын, шегір көз, ақжал сары», –
депті. Біз Шота екеуміз өле күлсек Ыдырыс атай да бір езу
тартып, «Ғалиянұр шынында да «ақжал сары» еді, Ақан

осындай жерде тап басып бұлтартпауға шебер, «жанды же­
рін» тез тапқыш ақылман ақын ғой», – деп сөзін тоқтатты.
Ақан серінің орысша, қазақшасы аралас өлеңдерін ба­
ла кезде көп білуші едім. Кейін сүбелі өлеңдерін айта, айта

оларды ұмытыңқырап қалған екенмін, дегенмен қолда ба­
ры­ның біразы бұл кітапқа кірді. Айтайын дегенім, осындай
өлеңдерінде, кейбір орыстарға арналған өлеңдерінде орыс
сөздері жүретіні баршылық. Бірақ оны әзілдің әсері деп ұғу

керек. Және де ол әзіл, әзіл түбі зіл дегендей көкейіндегі
барын да айтып қалады. Кейде орыстың сұлуларына да ұнап
қалуы мүмкін ондай өлеңдері де баршылық.
«Көптен-көп поклон айттым скажия,

Сырымды кімге айтамын сізден зия?
Именной, искренный ескеріңіз,
Хорошенько сестра, сватия», –
дегені қандай жақсы.

“Жете алмай постоянно уағдасына,
Кемпір мен шал ойнайды напрасно.
Ойнаса, жігіт пенен қыз ойнасын,
Олардыкі всегда согласно”, –

деген сияқты өлеңдері тіл шұбарлығымен бүкіл ақындық
өнеріне тәсірін тигізбейді, бұл шын мәніндегі экспромт,
қалжың өлеңдер. Бұл жайлы айтпасақ та болар еді, бірақ
әр жерде Ақан серіге сын таққандай сөздерді оқып қалған

соң оқырманға өз ойымызды жеткізгіміз келген деп ұғыну
керек. Турасын айтсақ, Ақанның тілінде тарғылдық жоқ, ал

көрсетіп отырған мысалдарымыз ескеруге тұрмастай әзіл­
дер. Біле білсек, бұл ол кездер үшін үлкен өнер.
Ақан поэзиясының қадау-қадау тақырыптарына тоқта­-
лып өтсек, ол бұл кітаптың тек қана сері бабамыздың ақын­-

дық мұрасын қазаққа кеңірек аша түсуді, нысанаға алғаны-
мыз. Өйткені, Ақанның әндері үнемі айтылып жүреді, ал
ақындық толық жинағы шыққалы 45 жыл өтіп отыр. Құ-
дайға шүкір, қадірде мәдени мұраға, жалпы ұлттық мұраға

көзқарас дұрыс, сондықтан Ақан поэзиясының қыр-сырын,
әсіресе, құндылығы мен әсерлігін, жанға жылы, ойға қуат
әсемдігін айта білу де зор ықылас пен көре білуді тілейді.
Ақан серінің махаббат лирикасының өзгеден ерекше ар­

тықшылығы, онда ақындық әсерлі айқын сурет үйлесімді
сәтті ұйқас, жүйрік те орамды тіл байлығы молырақ. Мысал­
ға, “Балқадиша” бір естігенде жатталып қалады, ұзатылып
отырған тойында Ақан сері отырған үлкен үйге келіп сәлем

берудің өзі де қызға біткен ерлік қой, әне, сол қимастыққа
лайық Ақан өлеңі де өте сұлу, “Өзеңді өрлей біткен тал
қадиша” деуінде қай жаққа көз салсам да алдымда “қара
басың хан қадиша, сен көрінесің” дегені ғой. “Бір емес, екі

жеңгең келіп отыр, рұқсат бізден сізге, бар, Қадиша” деуі де
қыздың бір көріп шығуға ынтық ерке назына әрі аға, әрі сұлу
десе балқып кетер сері Балқадишаны да балқытып жіберді.
Естіген жан бұл әннің жанға жылы сиқыр күшіне табынап

кеше ғана айтылғандай көреді. Нақтылы өмір көрінісін мәң­
гілікке жеткізе білуде Ақанның кей өлеңдері тұтас поэмаға
ұқсап кетеді. “Ауылың қонған Сырымбет саласына” деген
бір тармақта қаншама сурет, тарих, нақтылы әдірісі, мекен-

жайы жатыр десеңші?!
Ақанның айтыстары да бір қызғылықты хикая. Ол айтыс
қуып, жарысып озайын деп жүрген, айтысқа жан-тәнімен
беріліп түскен ақын емес. Өмірінің өзі бір өлең дегендей, әр

қағытпасы, кішігірім сөз сынаса қалуы, шағын айтыстары
айтыс қуғандықтан емес, өмірдің өзіне кездескен бір көрі­
нісінің белгісі. Бірақ Ақанға тиісушілерге бәрі қызық, тізгі­

нінен бір тартып қалғанның аты тарихта қалады. Не де болса
Ақан сері әр сөзіне мән бере отырып, ғашық десе толқыта,
қайғы-қасірет десе жылата біліп ел жүрегінен орын алды.
Айтыса қалса да бұл жанрдың өз салтымен самғай тартып

өткір де ащы тілмен, аз сөзбен соғып түсіруді меңгерген
ақын. Ақан кіммен қағысып, кіммен айтысса да өмір шын­
дығы, ұлт дәстүрі, ақындық шеберлігін ақсатпайды, қайта
айтысқанды ақсатып та, қақсатып та түсіреді. Жасымда

Орын­байдың айтыстарын көп айтып жүрдім, кемеңгердің
керемет сөздерін әлі де жатқа айтып жүремін. Ал Орынбай
мен Ақанның айтысын Құлагердің ағып өтіп, жеке келген
шабысындай көремін.

“Қалың қазақ қайықтың батып бара жатқанын білмейді.
Бірақ Ақан секілді біраз сезімпаз ұлдары ғана болар-болмас
сезген де, көпке алдымен өзінің өмірін ереуіл етіп жасаған”
деп Мағжан ағамыздың үлкен баға беруі тегін емес. Патша

өкіметі қазақтың жеріне басып кіріп, ата қоныстарынан
айырған зомбылыққа шыдамай “Тынышты жер іздер ек
арып-ашып” деп ашынды. Ол Сарыкөлді мұжықтар тартып
алғанда мылқау баласымен елден жырақ жалғыз қоныстап

өтсе, пері қысқан жоқ, серілігі мен азаматтық бекзаттығы
жасатты деп білемін. Жер жөніндегі күресте орта жүздің
саңлағы, бар қазақтың ардағы сөзін өткізе алмай өртенгенде
өзін ел алдында жүруден қорынып, қысылып өтті, ол ақ

патшаның жер саясатына деген қоқан-лоқысы емес, нағыз
ашық сес көрсетуі еді. Ақан атағы асқақ, қас дұшпаны
көп адам еді, анау-мынау өсек сөзді де сол көре алмастар
шығарып, перінің қызына жабыстырды. Аң аулап, құс салып

таза ауа, таза өмірде бұл жалғаннан Ақан сері 1913 жылы
дүниеден озды. Ақан мен елдің қоштасуының қалай өткенін
Молдахмет атамнан естіп едім, Хамит Тілеубаев та жақсы
келтіріпті. Қоштасуында Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы “Уа,

дүние...” деп бастап ұзақ толғау, жоқтау айтса, артынан
арнайы өлеңі жинағына кірді. Айтулы кісілерден Сердалы
ақынның баласы, Алаштың асыл азаматы Мәмбетәлі Серда­

лин болыпты. Атығай Қожамбет ақын да жиналған жұртты
Ыбыкеңді жалғастыра тебірентіпті. Ыбыкеңнің:
Ән қайда қанша естісең талмайтұғын,
Өзің ақын, өзің би Ақан аға

Күн туды-ау, саған жоқтау арнайтұғын.
Құлады тауым алдымда,
Есімнен танып қалдым ба?
Тойымсыз туған қара жер,

Ақанды да алдың ба? –
деген өлеңін Молдекең жатқа айтушы еді. Иә, поэзия тауы
құлады, серіліктің атасы өтті дүниеден, “өзің ақын, өзің би”
десе, Сарыарқаның тақсыз патшасы өтті дүниеден сол са-

ғат­та. Ол сағат ел жайлаудан оралған сарғылт күз еді, Сы­
рымбетке Жалғызтау қосыла жылағандай табиғат та сү­йікті
досымен қоштасты. Пейіште Құлагер де шын шұрқырап, бір
кісінеген шығар.

Ақан сері дегенде Сырымбет, Құлагер елестейді, дарқан
дарынды ақын, композитор, үздік әнші, асқақ азамат, ел
мұ­ңына оранған талай хикаялар елестейді. Өзгеге ұқсамас
өмі­рі де, өнері де қазақ халқының мақтанышына айналды.

Адам баласында сирек кездесетін сан қырлы дүлдүл бекзат­
тылықтын не екенін танытып кетті. Кейінгі жас ұрпақтарға
дананың дарабоз қасиеттерін аша түсу біздің парыз бен мін­
детіміз деп санаймын. Ақан серінің даңқын бүкіл әлемге

жаю да елге жүк. Дананың 165 жылдық мерейтойы құтты
бол­сын!
Кәкімбек САЛЫҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Солтүстік Қазақстан облысының, Көкшетау,
Жезқазған, Сатбаев қалаларынық құрметті азаматы.
(Алғысөз авторы құрастырып жинақтан)

БІРІНШІ арна Шараптың шашыраған гауһарындай (Бурабайда, сол жердің бір қазағының аузынан жазылып алынды) Мағжаннан кейін Ақан шығармашылығына мұқият зер салған Сәкен Сейфуллин болса керек. Ол Ақан өлеңдерінің, толғаулары­ ның, айтыстарының қолына түскен нұсқала­рын топтастырып, 1935 жылы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан «Таңдамалы өлеңдері» деген атпен шығарған. Оған алғысөзді өзі жазған. Бұл жинаққа енген шығарма­лар сол кітаптан алынды. Сондай-ақ бір­ қатар шығармалар басқа басылымдардан пайдаланылды. Латын әліпбиінен кәзіргі әліпбиімізге көшірген құрас­ты­ру­ шы. * * * Ақын Ақанның туған жылы 1843 жыл, өлген жылы 1913 жыл. Туып-өскен жері Көкшетау. Ақан сол Көкшетауды ме­ кен қылған орта жүз. Арғын, Қарауыл Қорамса деген кісінің ұлы. Қорамса бай болған, саудагер болған адам. Ал, Ақан – билер (феодал) тобының мұңын-зарын зор қылған ақын... Ақын 13 жасқа келгенше Бұхардан оқып келген Көнтеу деген молдадан оқыған. Он үш жасқа келгенде Ақан, мол­ дасының оқыту тәртібіне көнбей, молдасымен ұрсысып, оқу­ды тастап кетеді. Содан кейін Ақан сауыққа, «жігіттікке» беріліп, «сері» атанады, сұлу киім, жүйрік сәйгүлік ат, құ­ май тазы, қыран бүркіт Ақанда болады. Қалың Атығай, Қа­ рауылдың ойын-тойының Ақан көркі саналады. Ақан бай­- дың баласы, қасына ылғи әнші, домбырашы, ойыншы, балуан жігіттерді ергізеді. Бәріне киімді бірыңғай әсем кигізеді. Бір түстен ат мінгізеді. Бәрін бастайтын, әрине, Ақанның өзі болады. Өзінің де басында шоқпардай үкі, үстінде асыл киім, астында бүгілген әсем басқан сай көлік. Ақанның әншілігі, үні, ақындығы ішкімді тең келтірмейді. Қай жерде той, қай жерде сауық болса, Ақан сол жерде болып сауық, ойын, думанның ортасында болады. Сол замандағы мырзалықты, серілікті көтерген болды. Жұрт Ақанды сері атайды.

Ақанның ескі әдет бойынша атастырумен алған әйелі он
жылдан соң өледі. Одан бір ұл, екі қыз қалады. Ұлы тілсіз
болады. Әйелі өлгеннен кейін Ақан серілікті бұрынғыдан да
басым үдетеді. «Дүние пәнилікті» күшейтеді... сұлулыққа

беріледі. Сұлулықты жырлайды. Сулулыққа арнап сұлу ән­
дер шығарады. Көкшетаудың жақсы жерлерін патша өкі­ме­-
ті ала бастайды. Мал азая бастайды. Ақаннан да жақ­сы жер­
лерді патша өкіметі біртіндеп қымқырып ала бе­реді. Ақан

ке­дейленеді. Ылғи ойын-күлкі, сауық, мереке, думан орта­
сында жүріп шығарған Ақанның сұлу әндері, жал­тыл­даған
өлеңдері Ақанның нәзік, терең қасіретті екенін біл­діреді.
Ақанның қасіреті өз табының қасіреті еді. Ақанның «дүние

пәнилігі» де өз табының ішкі сырларынан туған зат еді.
Сүйтіп, Ақан өле-өлгенше сері атанып кеткен ақын.
Жақсы жерден, қалың малдан айрылған соң Ақан серілікті
сопылықпен байланыстырған көпшіліктен өзін аулақ ұстау­

ға тырысқан, жазды күні көл басында оңаша жалғыз үй қа­
лып сарнайтын болған. Сондықтан бұған түсінбеген жұрт
Ақанды перінің қызымен тұрады деп шығарған. «Перінің
қызы адамзаттың сұлу үніне құмар болады екен. Сондық­

тан Ақанның әдемі, сұлу әніне оңашада перінің сұлу қызы
келіп, Ақанға қосылған екен. Ақанның көл басында оңа­
ша қалып ән шырқайтыны сол» деген сөздерді шығарған...
«Ақан­ның өлеңдерінің жұмбақ болатыны да сол – перінің

қызына жұмбақтап арнағандығынан...» деп шығарған. Ақан­
ның көп өлеңдері қолға түспеді. Әзірше осы өлеңдерін те­
ріп жинап жібердік. Ақанның өлеңдерінен оның билер
(фео­дал) табының ақыны екені, билер табының санасымен

жырлаған ақын екендігі ... айқын көрінеді. Ақанның ірі, дар­
қан ақын екендігі де өлеңдерінен айқын көрінеді. Онсоң,
Ақан ақындығының үстіне, ән шығарғыш композитор,
оның «Сырымбет», «Ақ көйлек», «Үш тоты құс», «Құлагер»,

«Қара торғай» деген әндері қазақ әндеріндегі сұлу әндер.
Бұл жинақта Ақанның шығармаларына толық сын жаса­
мадық. Бұл өлеңдерді тек әдебиет тарихымызға дерек бола
берсін деп жіберіп отырмыз. Кейін Ақанның шығармала­

рына толық сын жазылар.

СӘКЕН.

28.ІV.1934 жыл. Алматы

ҒАШЫҚҚА

Аспанда ақиығым биік шыңда,
Жібек бау шығыршығы күміс сымда.
Аяғы үш А.Б.М. ятаракки
Жұмбағым басқан ізі жыныс құмда.

Кім айтар тағрыпыңды мұндай қылып,
Тартылған тілграмда сымдай қылып.
Сөзіме әшиялы жауап қайыр,
Ақ қоян жүгіретін жымдай қылып.

Қолға алдым хат жазуға қалам, сия,
Сарби зат мұқтан шаһи Гүлнәзия.
Шараптың шашыраған гауһарындай
Көңлімнің заһарына салдың ұя,

Кәстәрен секілденген бәнде мақбұп
Бәндені бұрам деген кәні зия.
Тағы да хат жазамын сын мен зыйден,
Тағрыпың кейін емес әліпбиден.

О.Р.З.М.Л. айны кәрім
Көңлімнің іңкәрісі дал мен мимнен.
Тағы да ұйқтап жатып көрдім бір түс,
Көргенім табиғи гауһар гүл тоты құс.

Болғанда сапи алтын, шашың пази
Көңліме саруби жаңа салдың бір іс.

БІЗДІҢ КӨҢІЛ ҚАЙДА ЖАТЫР

Ой қалқа, біздің көңіл қайда жатыр ...
Толқыған он төртінде айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмаймын,
Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр.

Қош исі жарқыратып көңіл ашқан,
Ақ құйрық фамилиный шайда жатыр.
Гүл шашақ, жасыл бояқ жайлауында
Көңілім ел қонбаған сайда жатыр.

Хиуадан торға түскен ақ сұңқардай,
Көңілім қапаланған торда жатыр.
Білетін асыл жайын жан болмаса,
Жаманды ие қылайын, жолда жатыр.

Қалқаға анда-санда жазған назым,
Хәлімнің дәптеріндей томда жатыр.
Тапсырдым теріс болсаң бір тәңріге,
Тәңріге айтар сөзім сомда жатыр.

А.Қ.М.Л.Л. Радубайны,
Брилиант гауһар жүзің сонда жатыр.
Сөзіңнің әрбір қарпі менде жатыр,
500.000 бинақордай сенде жатыр.

Еш адам тағрыпыңа тұра алмаған,
Назымың үш тоты құс анда жатыр.
Қарпіңді ақ қағазға тартып көрсем,
Назымың он екі шын қанда жатыр.

Нәсілін үш тотының біле алмасаң,
Екі шам біреуі қанда жатыр.
Ғашықлық бұлбұл құсы сайрағаны
Ғарана паруаза қанда жатыр.

Дауасы бұл дертімнің табылмаса
Ішінде ақ көйлектің орын жатыр.
Қалқаның тал бойында порым жатыр.
Баласы ақиықтың түсер ме деп,

Баурында Көкшетаудың торым жатыр.
Толықсып тай дүзгеннің көбігіндей
Қойылмай ғашықлықтың қорым жатыр.
Көңлімді басқа жанға бұра алмаймын

Бәндуанда уағдаңның торым жатыр...

ТОРЫНЫ ТАҢҒА БАЙЛАП МІНГЕН ҚАНДАЙ

Торыны таңға байлап мінген қандай!
Үкілі әсемдетіп жүрген қандай!
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті түрген қандай!

Сөз салып қалқажанға жеңгесінен,
Құрбыңмен сыпайы ойнап күлген қандай!
Ишарат әзілменен сөз қатысып,
Қыр-сырын жеңгесінен білген қандай!

Күнінде уәделі қалқа жанның
Сылантып сал торыны мінген қандай!
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіртіп сайлау жермен желген қандай!

Бір сайға торышаны байлап тастап,
Тұсына ақ боз үйдің келген қандай!
Алаңдап алабұртып тұрғаныңда,
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай,

Келдің бе ебін тауып қалқашым деп,
Боз үйге есік ашып енген қандай!
Жамылып екеуара бір шапанды,
Айқасып тар төсекте жатқан қандай!

Сол жерде айтыспаған сыр қалмайды
Мысалы әбдіре ашып ақтарғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында
Баяғы сайдағы атты тапқан қандай!

Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқажанның аттанғандай?
Торыны жүгіртесің көңлің тасып.
Өлтіріп бай көпесті ақша алғандай.

Аулыңа өлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың келіп шаттанғандай...

Сүйген жардан айрылдым
Айрылдым тағдыр айдап бұлбұл құстан,
Тарттым мен қасірет-қайғы бала жастан.
Қондырған бақыт құмай көлеңкесін,

«Сары алтын сабыр түбі» асып-саспан.
Амал жоқ, ғашық жарым кеттің өтіп,
Тұрмайды жамандықты ешкім күтіп.
Басты ғой қайғы-қасірет мен пақырды,

Дүниеден арманда боп сәулем кетіп.

АҚ ИЫҚ ПЕН АҚ ТҮЛКІ

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір шыққан маралдағы.
Пормыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақ иықша Оралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып шық бұралдағы.
Келемін сал кемемен сайсатланып,
Дариядан сен шамшырақ пырандағы.

Қызыл гүл сен болғанда гүлбақшада
Біз бұлбұл күйін шерткен Ирандағы.
Қиынның қиясында тұрсаңдағы,
Қиғаштап қанатымды бұрамдағы.

Қапаста қиын-қыстау бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрамдағы.

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан маралдағы.
Қараймын томағамды ашып-жауып,

Тауыңның ақ иықша Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп
Алдымнан майысып шық бұралдағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,

Тұндырған шай секідді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тұра қашқан тұмандағы.
Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем,

Мен бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
Құрбыңа назарыңды бір салмайсың,
Кертағы сияқтанып құландағы.
Қалқыған дариядағы сен бір кеме,

Ішінде бір шамшырақ бұрандалы.
Қайратпен қаһарманша бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрамдағы.
Жайықтың сіз қоңыр қаз қырындағы,

Біз сұңқар, сізге тиген ұрымдағы.
Барып ем ілейін деп суға түсті,
Қаз екен дария-толқын ығындағы.
Болмаса ақтұйғынның балапаны,

Қай құстар іле алмаған бұрындағы.
Сен болсаң адамзаттың асылысың,
Біз қанжар алтындаған қынындағы.
Ұнаса көңіліңе, перизадам,

Жүре бер беліңе алып буындағы.

Көңіл тілегі
Бағаңа құн жетпестің бірі едіңіз,
Бақшада жаңа шыққан гүл едіңіз.
Сұқсырдай су ішінде мекен етіп,

Ілінбей қармағыма жүр едіңіз.
Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа,
Қай жерде мекен еткен түнегіңіз?
Түн қайтып түнегіңнен ұшқаныңша,

Үзілмес сірә сізден күдеріміз.
Үмітім көңлімдегі бітер еді,
Артылса ақ төсіңе білегіміз.

Көңіл сыры
Көзіңнің құмартамын қарасына,
Ғашықтық құлағың сал наласына.
Бәйге алған топтан асып Құлагердей,

Үш жүздің мәшһүр болдың баласына.
Мен болып қыран бүркіт ілер едім,
Түлкі боп шықсаң таудың даласына.
Өзіңнің мәртебеңе хат жазамын,

Қалдырма дұшпаныңның табасына.
Ежелден қыз-бозбала болғаннан соң
Біреудің біреу қалар жаласына.
Адасқан жалғыз қаздай үнің шықпас,

Ілінсең жайған тордың шарасына.
Шен алған ақ патшадан князьдайын,
Біліндің тоғыз дуан қаласына.
Көңілім сені көрсем болады шат,

Қонғандай бәйтеректің панасына.
Перизат көркің артық тәмам жаннан,
Сөйлесең сөзің тәтті шекер-балдан.
Сүмбіл шаш, оймақ ауыз, меруерт тісің,

Құрбыңда сені құшқан қалмас арман.
Асыл зат, алқызыл гүл сен болмасаң,
Жаманға кісі емеспін қолқа салған.
Айтатын бір-екі ауыз бар ғой назым,

Айтайын сол назымды көңліме алған.
Қыз-жігіт теңін тауып ойнап-күлмек,
Бұл мирас бұрынғыдан бізге қалған.
Бір күні қапа болып өкінерсің,

Басыңда тұра бермес дүние жалған.
Перизат, бір сен үшін қапаландым,
Сағынып сипатыңды хатқа салдым.

Ойласам сіз тараптан жауабыңды
Баса алмай аяғымды естен тандым.
Етпесең өзің біліп бір дауасын,
Тәнім дерт, көңлім капа, от боп жандым.

Ей, қалка, сенің үшін жайдым торды,
Танитын кезің болды оң мен солды.
Сүмбіл шаш, қарақат көз, жазық маңдай,
Көретін күн бола ма бейне хорды?

Жүзіңді көптен бері көрмеген соң,
Жүрекке бітпейтіндей қайғы толды.
Тас есік тамнан үйді мекен етіп,
Жүзіңді көре алмайтын заман болды.

Сүйген қалқа
Кдлқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,

Первый сорт кімнен тудың сенің өзің?!
Қалқаның бес мың теңге бір басында,
Жайнайды алтын-гауһар сырғасында.
Ақ меруерт, асылзада бекзат қалқам,

Мен сенің жараймын ғой жолдасыңа.
Серінің қолқасы бар бір басында,
Күн сәулең елес беріп тұр қасымда.
Өмірің өткіншідей өте шығар,

Қызықты көре алмасаң дер жасыңда.
Кім кепіл өмір гүлі сынбасына,
Саяда тұрсаңдағы шың басында.
Армансыз жас шағыңда өткізіп қал,

Мен кепіл өмір өтпей тұрмасына.

АҚ КӨЙЛЕК

Жағасын ақ көйлектің парға тартқан,
Жауабың алуа шекер балға тартқан.
Жабулы шамбыл белі арғымақтай,
Порымың сондай, қалқам, қанға тартқан.

Бір жылда қисабыңды ала алмадым,
Жүз миллион серубира санға тартқан.
Сәулетті ақ жүзіңді сыпаттасам, –
Пормындай ақша ханның шанға тартқан.

Азырақ қалқа бала назымым бар,–
Күйіңдей қызыл қайың қылға тартқан.
Маңыңа көңіл батып жан жүре алмас,
Атындай ханзаданың таңба тартқан.

Паһымдар сөзімді мен келтіремін,
Өрнектеп ақ жамбыдай сымға тартқан.

АҚ КӨЙЛЕК

(Екінші нұсқа)
Ақ көйлек ғашық болсаң бізге деген,
Шығайық ақ түлкідей түзге деген,
Қиядан толғап төнген ақ иықтың,

Саятшы түсіп тұр ғой ізге деген.
Ақ көйлек ақықпенен түймеленген,
Етегін кестеменен түйрелеген.
Сақтаулы сен гауһардың жауһарысың,

Отыңа пәруаналар үймелеген.
Әгәрда мәнәріме тием десең,
Түсерсің неше түрлі күйге деген.
Гауһардың жалтылдаған отын білмес,

Құр бәнде білмей отқа күйме деген,
Әгәрда мәнәріме тием десең
Түсерсің неше шерлі күйге деген.
Мен таудың асылзада ақ маралы,

Аспанда ақ иық бар жүйде деген...
Қалқаға ақ көйлекті ырымдаймын,
Сұқсырды ақ сұңқардай қырындаймын.
Қалқамен дидарласып қайтқан күні

Дарияның кемесіндей сырылдаймын...
Етегін ақ көйлектің кестелеген,
Қалқажан шырын сөзін дестелеген.
Он екі ай арадағы өтседағы,

Әлі жүр айтқан сөзің есте деген.
Көңілің шын махаббат бізде болса,
Иншалла аламыз ғой еске деген.
Айтқан сөз арадағы қылап болмас,

Шығармыз уағдалы төске деген.
Сары алтын сабыр түбі деген қалқаш,
Сырыңды ешбір жанға шешпе деген.
Алтынды желқайығың табылмаса,

Тұңғиық Ніл дариясын кешпе деген.

Еске алсаң бұл сөзімді Ғайни Кәрім,
Ескегің күміс болсын еспелеген.
Жастықпен тағрыбыңды танымаймын
А.Н.Д. мен О. бестеген.

Шырын мен Шырын Мәжнүн ғашығындай,
Түсірдің ғашық отын ішке деген.
Аспанда алтын айдың пәдеріндей,
Бұл қаулы бұзылмайтын десте деген.

Көңлімнің қамалында жатыр қалқа,
Памельный шай секілді мәстелеген.
Қолыңа жібек тізгін түспей қалмас,
Күдерің жал-құйрықтан кеспе деген,

Шаршы түс мезгілінде дидарласып,
Тағы да жолығармыз кешке деген...

АҚ КӨЙЛЕК

(Үшінші нұсқа)
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықсадағы

Ішінде сен қоңыр қыз қаңқылдаған.
Қамалап қанша дұшпан келседағы
Қалқажан айтар сөзін тартынбаған.
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген,

Лашын құс не болады талпынбаған.
Көз салып жаман қызға не қылайын,
Кигіздей бейнесі жоқ қарпылмаған...
* * *

...Етегі ақ көйлектің ілмеленген,
Қастарың қарып мәттай сүрмеленген.
Сүмбіл шаш, лағыл ерін, асыл қалқа
Іш-баурым ғашық отпен тілмеленген.

Ақ көйлек
Етегін ақ көйлектің алтындаған,
Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.
Үстінде дүниені алған жайқын көлдің

Бетінде сен коңыр қаз қаңқылдаған.
Қамалап қанша дұшпан тұрсадағы,
Ой, қалқа, біз дегенде тартынбаған.
Аспанда үшып жүрген мен ақтұйғын,

Келгенде жем жеріне шаңқылдаған.
Тындасаң ықыласыңмен, асыл еркем,
Көңілімде бір сөзім бар айтылмаған.
Он бес пен жиырманың арасында,

Уа, шіркін, жігіт емес талпынбаған.
Жапанға сен бір біткен шынар ағаш,
Саяңа мен емес пе салқындаған?
Етегін ақ кәйлектің кестелеген,

Жақсы қыз айтар сөзін дестелеген.
Құрбыңнан артық туған ақмаралым,
Әлі жүр айтқан сөзің есте деген.
«Лағып бет алдына шаршамайын,

Жұмысты бітірейік кешке» деген.
«Сары алтын сабыр түбі» деген, қалқа,
Сырыңды ешбір жанға шешпе деген.
Етегін ақ көйлектің маржандаған,

Жақсы қыз айтар сөзін арзандаған.
Жақсының жақсылығын білгеннен соң,
Жаман қыз неге керек малжаңдаған?
Сүйкімсіз жаман қызбен сөз байласып,

Жеріне уағда айтқан жігіт барған.
Күндізгі айтысқан сөзі есінде жоқ,
Хабарсыз төсегінде ұйықтап қалған.
Үйінде көрінгенмен мауқын басып,

Кәпірдің айтқан сезі бәрі жалған.
Жылында бір жолықсаң жақсымен бол,
Жаман қыз жүрсін, кәпір, менен әрмен.

Етегін ақ көйлектің бүрмелеген,
Жағасын машинамен түймелеген.
Сақтаулы алтын қазына жауһарымын,
Аулақ жүр, неге керек кимелеген.

Егерде көлеңкеме тием десең,
Түсерсің неше түрлі күйге деген.
Алтайдың шыңындағы сен бір түлкі,
Ақиық біз емес пе шүйделеген.

Үмітке, жемес астан дәмелі боп,
Арадан кейбір адам мінбелеген.

СҰЛУ ҚЫЗҒА

Оралдың мен ақ иық сыраңдағы,
Сен, сәулем, қызыл түлкі қыраңдағы.
Қия тас қиынына кетсеңдағы,
Қамшылап қанатымды бұрамдағы.

Қия тас қиынына бекінсең де,
Тәуекел майданында тұрамдағы.
Асыл зат, алқызыл гүл қарындасым,
Серіуайдың саясында еремдағы.

Есілдің құба талды шынарым-ай,
Алдымнан майысып шық бұралдағы,
Көріндің хордай болып ұжмақтағы,
Өткірсің наркескендей қынаптағы.

Сөзіңді ішбір жанға ұстатпайсың
Қалбырға құйып қойған сынаптайын.
...Жігіттің хасы болған пірі едіңіз,
Аспанда ұшып жүрген сіз ақ тұйғын.

Екіден үшке жеткен түлегіңіз.
Сұқсырдай су ішінде мекен етіп,
Ілінбей қармағыма жүр едіңіз.
Көрініп қолға түспей жүрсің, қалқа,

Қай жерде мекен еткен түнегіңіз?
Түн қайтып түнегіңнен ұщқаныңша
Үзілмес сірә сізден күдеріміз.
Жұмысым көңлімдегі бітер еді,

Артылса ақ төсіңе білегіміз...

СҰЛУ ҚЫЗҒА

(Ақынның өлеңдерінің кейбіреулері екінші түрде де
айтылып жүргендігін көрсетеді. С.С.)
Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия,
Көптен-көп сәлем айттым гүлнәзия.

Тағрыбың тамам қылып танығандай
Діл бардан ділмар керек шаһбазия.
Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия.
Шірі зат дұқтар сах гүлнаһия.

Әрне қыш мәдхәмді түстерсің,
Діл арайы, діл қапзайы гүлнаһия.
Садақтың шашыраған гауһарысың
Көңлімнің заһарысына салған ұя.

Жасұя дарын секілді бенет мақпұр,
Кісания секілді Кінәзия.
Көптен-көп паклон айттым скажия,
Сырымды кімге айтамын сізден зия.

Именной, секретный ескеріңіз,
Хорошенко, сестра ыспатия.

ҒАШЫҚТЫҚ ТУРАЛЫ

...Кісідей өкпелеген мойның бұрмай,
Білдің бе кемшілік деп ғашықтықты.
Жоқ болса айтар сөзің жұбайыма
Жүрейін, амалым ие, өз жайыма.

Обалым айнымасам, маған емес,
Жаратқан жақсы қылып құдайыңа.

* * *
Төменденгі өлеңдерді С.Сейфуллин Ақанның мылқау ба­
ласы Ыбаннан алған екен. Оған «бұл өлеңдер ел өлеңдері
сияқты» деген ескерту жасапты.

ҒАШЫҚ ЖАРҒА

Кәусәрдің тілің тәтті шарабынан,
Қолымды қылдым ағлан қарабынан,
Бір бәйіт қиссаланып, назым жаздым,
Қасіретім шоқ, ішім жалын барабынан,

Бір жыр соққан желден болса пайда,
Дариға, жан сауымның тарапынан.
Бірталай күн өткіздім зарилықпен,
Қосылмай жырақ жүрген себебінен.

Көз талмас қашықтанып қарасақ та,
Сыпайы бойындағы әдебінен.
Көрінер жұтқан түйін тамағынан,
Сүзіліп оқ төгілер қабағынан.

Дариға, айтып-айтпай неге керек,
Кеткен соң құзыр өтіп заманынан.
Қарасам ертелі-кеш көзім талмас,
Жолыңа пида болсын бұл ғарып бас.

Бағасыз дүниядағы ай нұрындай,
Жүзіңді бір көрген жан қайғылы бас.
Жігіттер сені көріп дәм тата алмас,
Қасіретіңнен алдыңда сөз қата алмас.

Жігітте еркек туған мен болмасам,
Қасыңа жаман батып бір жата алмас.

ТАҒРЫПЫҢ І Көкіректен сенің дертің сірә қалмас, Дертіме дәрігер шыпа ем таба алмас. Патшаңыз алтын тәжді елге шықса, Басқаға өзіңізден мейіл қылмас. Қасым жай, кірпігім оқ атсам кезеп, Кисең де темір қалқан тоқтата алмас. Бұл елдің сіз демеген салы қалмас, Мойныңда ат, айғырлар жалы қалмас, Жандарын сіздің үшін пида қылып, Күн көрер сауып ішер малы қалмас. Аспанда құс естісе дауысыңды, Шыбындай көкірегіңде жаны қалмас. Бір көрсе жүгірген аң дидарыңды, Жүрерге аяқ басып халы қалмас. Сыпатыңды бір көрсе піскен алма, Ішінде суы кетіп, дәні қалмас. Мұхиттың дариясына бір түкірсең, Жайылма тәтті кілі көлі қалмас. Дарияға ағып жатқан суға түссең, Бойында гүлденбеген талы қалмас. Басына Қап тауының шығып тұрсаң, Дүниенің иістенбей желі қалмас. Машрықтың Мағрибпен арасында Жиһанның ғашықланбай елі қалмас. ІІ Райхандай безіп өстің гүл бау шарбақ, Гүл жүзің, зипа бойың, мәңгі етің ақ. Жұмақтың шарап кәусәр хауызында Сен едің шапшып тұрған інжу сабақ. Әуелден көңлім қойдым сені арнап, Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ. Жігітке әзім еді іздеп бармақ, Ол жарға уақып еді күтіп алмақ. Жаманға жақсы тұрып көзін салса,

Жігіттің сонан еді көңлі талмақ.
Сәулем ең ол пиғылдан аман жүрген,
Жоқ болсын шарт бойынша сөзден қалмақ.
Жан-жаннан жатырқамай келсең қасқа,

Ойнармыз әзіл сөз бен тілден жалмап.
Әншейін анау-мұнау сүймесіңді,
Жіберген емес пе едің сөзбен алдап.
Тұңғиық шыға алмасақ кеттің суға,

Тәуекел дариясына қатар жалдап.
Қаттаудай оқ жібермес мәккәм бол,
Самарқан жібегінен өрген талдап.
Секілді Шәмші-Қамар дақтар Бану,

Затыңды жанға арам мендей тану.
Заты жоқ жасықлықтың нышанасы
Адамға айтқан сөзің жетпей қалау.
Талап бар жаралған соң тірі жанда,

Мұратқа кімі жетіп, кімі арманда,
Базарда бағың сына дегендейін,
Басымды бұл майданға қылдым бәндә.
Ықылас ыждихатпен жағат етіп,

Шыбын жан шыдай алмас шерің тәндә.
Жеміс ең пісіп тұрған бақшадағы
Ерік бар ма бұйырмаса біз меһманға.
Талпынған көңіл есер бір шәрмәндә.

Нәпсіге ақыл еріп жүр пәрманда.
Шыраққа түсіп жанған мен пәруәнә,
Ес білмес, не қылмайды ол дәрмәндә.
Ықылас назарын сал перде тартып,

Уақытымда көңіл құсы тудың артып.
Ләйлінің Мәжінүні секілденіп,
Мас еткен мен ғарыпты нұрың шарпып.
Жарқ етіп айдың бетін бұлт алсын,

Діңкемді бүйте берсең құрытарсың,
Иісті гүл, қырмызымды қып-қызыл гүл,
Мақбубтың қай мінезін ұмытарсың,
Тауаның аз, талабың қысқа болса,

Араға жаман атақ жуытарсың.
Жасымнан ұмытпаған ойда барсың,
Хал-қуат ақылымды алған жарсың,
Өзіме дуаналық әсер беріп,

Ішіме сөнбейтін от салған жарсың.
Тарлықта зарлық қылып тұра алмасаң
Бойыма әсіре қызыл жалған жарсың,
Арадағы оттан ыстық қызу кетсе,

Біріндей көз таныстың қалған жарсың.
Сөзде тұр шарттан аумай, меһрім қансын,
Дұшпанның көре алмаған іші жансын.
Уәдеге бір айтылған тоқтасалық,

Қуанып достарымыз бір жұбансын.
Жадқа сөз, жақсы мінез, жайдары асық,
Жағымды жан жадыратқан қайран ғашық.
Сегіз қыр сексен сырмен шырға тартсаң,

Түсе алмас айтқаныңа кейбір жасық.
Өрнекші жөн білмеген надандарға
Тауып едің нақыш беріп, өрнек шашып.
Қараңғы көңілімнің ай мен күні

Жарығың азаймайды күңгірт басып.
Сөз бірге, ақыл ойлас, мінез тату,
Тұрады сені көріп көңіл қасып.
Махаббат бізде болмай, жатта болса

Аһ ұрам у ішкендей ішім ашып.
Шолпандай адам едің жаһан көркі,
Тіл шаршап көп айтуға кетіпті еркі.
Қымбатты жаннан ғазиз асыл еркем,

Шықпаған бұл қасіреттен жанның беркі.
Бұл сөзге сәулем не деп айтар екен,
Дүние де бір-бірінсіз сайқал екен.
Күн түскен күзгі шөптің мысалындай

Махаббат базары сүйтіп тарқар екен.

Кәміл өзге жаннан көп санасы
Қиялдың ол алдында сіз данасы.
Ақылға ишаратпен айтпай түскен,
Өткір зейін пікірің нышанасы.

Баулыған балапандай құсым едің,
Дәм айдап түзден торға түсіп едің.
Құрт жесе қызыл шешек не амал бар,
Тұғырдан жаңа тулап ұшып едің.

Еш сенде арман жоқ, кәзір дым да,
Саяда қызыл гүлдей пісіп едің,
Сатылма он төрт жармақ ақша үшін
Би ғайны заманамыз ұшып едің.

Бір құдай жазған тағдыр қалу, бала,
Жазудан қайры іске қылма пәле,
Мағлұмың енді қандай халге түсер
Қасіреттің қапасына мен мұбтала.

Кісідей арқалаған нақақ жала
Тағдырға тәдбір таппай қалмай шала.
Құр көңіл алып-ұшқан ешбір болмас,
Жоқ болсын бір тозаңдай көңілде ада.

Нәрсені аз деу мақалдыр болмай тұрған,
Ой терең, дария құйсаң тоймайтұғын.
Қанатым тасқа соғып қалды қирап,
Қыран ем мұрадымды қоймайтұғын.

Қырық шалғым бәрі бірдей қалды қирап,
Таба алмай ем-дауасын жүрмін жинап,
Күте тұр біраз заман уақыт жетсін,
Кәміл толып жетілгенше қайта ширап.

Жас өмір далбасалық күнмен өтті,
Жеһетпен көп шаршадым жанды қинап,
Машақат сауда сенің базар күнің
Түсе тұр жолыққанша толық сыйлап.

Пәруәнә өлім іздеп түсер отқа,
Шын ғашық аямайды басын сотқа,
Ғашыққа тіріліктің керегі жоқ,
Мал түгіл, бас байладық ырасхотқа.

Ақ екен раушаның атқан таңнан,
Ай сәулем жүзің жарық жаққан шамнан.
Жер жүзінің жігітін аралатып,
Көңілің ауса маған сонша жаннан.

Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп,
Той қылса көкте мәлек қуанғандавй
Ойласам, сіздей жанды қай жан алған,
Мен едім атағыңа көрмей қанған.

Қолынан қой жарысы келмейтұған,
Жамандар құрметі кем құмарланған.
Басқаға ылайықсыз жанар нұрың
Шарапсың мыңнан таңдап бірге тамған.

Ғашықтық халымды мен баян қылдым,
Жалының жүрегімнің басын шалған.
Қолы жетпей наданның, аузы жетіп,
Құл құтырса құдыққа қармақ салған.

Сенің тілің шарап пен таһурадай,
Созса алтын қасықтай боп балға малған.
Ғашықтық мен шығарған мирас емес,
Жүсіп пен Зұлайхадан үлгі қалған.

Ізденіп Баһрамда гүләндәмді,
Мехнатпен ақырында сүйтіп алған.
Көп жүріп жаһан кешті Сайфүлмәлік,
Жамалды Иран бақтан іздеп барған.

Ғашықтық майданында шаһит болып,
Бозжігіт Әнуаз үшін болған қандай.
Бұлардың зар тартқаны Ләйлі-Мәжнүн,
Ізденіп, ақырында мансап қонған.

Зияда Қорлығайын, Фархад-Шырын,
Бұл күнде хабарым бар сондай жолдан.
Нұштери сеқридан жаннан кешіп,
Көзімнен аққан жасқа алдым толған.

Ақыры Қозы Көрпеш, Баяндай боп,
Жүзімнің қызыл нұры бұжұл солған.
Беліңе алтын шоғың алты оралған
Бұл күнде басқа қыз жоқ сіздей болған.

Пердеңнен ақ жүзіңді бір шығарсаң,
Күндік жер мәшһүрленіп нұрға толған.
Шарапты ап ләззат сілекейің
Ақ меруерт отыз тісің қырлап жонған,

Кірпігің қатар тізген әскеріндей,
Жігіттің көзінің тасы сағым қонған.
Мақбұбі қазір уақыт таң қалмай біл,
Бір күні қыз қияпат кетер қолдан,

Қай жақсы заманыма тұс келер деп,
Бұл күнде хабарың бар оң мен солдан.
Уәдені мәккәм тұтсаң серт байласып,
Босанба жазылсаң да біздің тордан.

Мұратқа талаптының жетпегі бар,
Бұл сөзді молда айтады сауал сорған.
Бұл сөздің ишаратын адам білер,
Үлгісіз не деп айтсам надан білер?

Басы жетпес орынға аяқ салып,
Жақсы мен не себептен жаман күлер?
Ізденіп жар тапмақтық қиын жұмыс,
Бір көрмек деп қыз ұлын әркім сөйлер.

Әрқашан халық бірдей жаралмайды
Асылда мыңнан біреу қадыр білер.
Тең тауып жар алғанның кемі бар ма,
Сұңқардай тұғырдағы тоғыз түлер.

Жамандық аз-ақ күні жасырынып
Жатпайды, ұрлағанмен, бір күн білер.
Құлдан ғунар тумайды, күңнен көсем,
Өзіңмен бірдей болсын жырың шешен.

Жасықтан ашық мінез табылмайды,
Айта алмас көп ішінде аман-есен.
Талапсыздың талабы қорынуда,

Шығады жүз сөйлетсең сөзі кешең,
Осындай михнаттан ерте сақтан,
Не қасиет қалады палан десең.
Көп шер бар көкіректе тарқалмаған,

Тіл байғұс асығыс жұп айта алмаған.
Ай қалқа, есітіңіз есіркерсіз,
Арызым құлағыңа байқалмаған.
Бір құдай көңіліңе салсын рақым,

Жомарттай сұраушыны қайтармаған.
Жасты көз, жылаулы сөз, ғарып едім,
Ғамкен көз сіз тарапқа жаутаңдаған.
Ғашықты назым қылдым әзіл үшін

Сорлы мен, арманым не тауса алмаған.
Қамыс бармақ қайысып іс тіккенде,
Бұйымға ине балқып өте алмаған.
Мен түгіл жансыз темір нұрыңа мас,

Қасыңнан сөкпе мені кете алмаған.
Тауында куә қапсыз бірде рахат,
Алсам деп саяңдағы екі алмадан.
Сұңқарың қарай алмай қайырудан,

Аққуды қарға қылар көре алмаған.
Ит еркелеп үйренсе ауыз жалар,
Сөз көп қой қыз балаға қайқаңдаған.
Жаманды жақсы көрме, үйір қылма,

Зарар бар жылы сөзде бипаңдаған.
Мен кірдім бақшаңызға сейіл етіп,
Тұрам ғой тамашаңда халым кетіп.
Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа,

Сындырдым сүйегімді ойран етіп.
Машырықты Мағрибқа жазған алла
Әзелде қосар мекен парман етіп.
Ғашықтық талыбынан бос болмайын,

Көрейін қолым жетсе дәрмән етіп.
Жаралды тәні бенде нұрдан қайнап,
Шағылып тудың сен сол нұрдай болып.

Талпынам таза туған ажарыңа,
Белімді тәуекелге мәккәм байлап.
Көңілің түсер ме екен балдай еріп,
Ғашықтың көз жасына ырқым айлап.

Мехнатты ауыр жүкті мойныма алып,
Бір жанды құрмандыққа тұрмын сайлап.
Айырған асыл сәулем сөздің парқын,
Байқаған жаман, жақсы кісі нарқын

Таста асыл гауһар дейін адам үшін
Нәсілің таза туған зат шәріпім.
Ұядан тудың жеке асыл өсіп,
Сауаптан кім жамандар үміт кешіп .

Перизат тот баспайтын сүйегі асыл,
Тот баспас саф алтындай бедер көшіп.
Жұпар жел мас боламын самалыңа
Туып ең нұр безеніп заманымда.

Сағымдай жазғытұрғы толқын ұрып,
Қарасам көз алмасар жамалыңа.
Аларсың менен хабар жазған хаттан,
Реғна таза гүлсің өскен бақтан.

Ия ата, ия анада кемдігі жоқ.
Асылдан шыққан тегің арғы заттан.
Жан рахат айтқан сөзің қандай майда,
Өзіңдей жанның бәрі болу қайда?

Жұмақтың Нағима атты хор қызындай
Абзалат Ғайыш атадан болдың пайда.
Керілген қас пен кірпік атқан оқтай,
Ішіме қайғы салдың жанған оттай.

Шер болып еш жібімес менің кеудем,
Қасіреттен жұмарланып жатыр доптай.
Қарағым құшақтасам құмарланып,
Қосылған екі ғашықтай жұбайланып,

Жан тынып, ішімдегі жалын шықса,
Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып.

Құшақтап қыл беліңнен бір таң жатсам,
Ақ торғын орамалдай жұмарланып.
Ми, тамыр, ақыл, ойдан арман қалмай,
Мастансам қызуыңа тым алданып,

Көтеріп гүл байшешекті көңіл күліп,
Семірсе нәпсі мұрад бір жалданып.
Қардан ақ, қаннан қызыл ет пен бетің,
Иықтан қолаң шашың гүл талданып.

От сөнсе жүректегі жанып тұрған,
Сорғанда тілден ләззат мейір қанып,
Ет пен бет бір-біріне еріскенде
Айтысқан шартқа жетсем әбден қанып.

Бұл менің ғашықтығым сізге жарық,
Айтқызбай асыл сәулем білген нарық.
Білім, ғылым, ақылды, таза инабатты
Алмасаң сыр шықпайды іштен жарып.

Бір сырың, сегіз қырың бәрі өзіңде,
Неткен жан жаман дейді аузы барып.
Шапақтың кешке батқан қызылыңдай,
Төрт құбылаң тең жаралған дидар шәріп.

Махаббат базарына мақшуқында,
Қызуырдан құрмет күткен мен бір ғарып.
Жүзіме нәзір салып қарағанда
Еміреніп жан қозғалар от таралып.

Хақиқат шын ғашық жар дегізіп ең,
Әуелден тілің ұшын емізіп ең,
Ақырда сөз аяғы қайыр болсын,
Дегендей кәміл тоят жеткізіп ең.

Сүйікті ең, зат орайлас, ақыл ойлас,
Жауһарсың бағаң қымбат қолға тимес.
Қызарған бет табылар, ниет табылмас,
Жаманды мың көргенмен көңіл сүймес.

Парт кетіп арадағы шарт бұзылса,
Қалайша тән мен жаным отқа күймес.

Мүбәдә тастап мені кетсең жатқа,
Еш нәрсе басқа өлімнен хайла емес.
Шын ғашық көңіл сырын баян етпес,
Уәдә айтқан әуел баста шарттан кетпес,

Надандар махаббаттан ғапыл болған,
Ғашыққа жәрдем беріп тағайын етпес.
Асыл ең жаннан түйін сөзге бекем,
Айнымас, сертен қайтпас, сөзден жылмас.

Қатқаным шын хақиқат шәріп жандай
Қыл өтпес арамыздан достым қимас.
Бір жанды менің үшін пида қылып,
Ауыздан шыққан сөзді екі қылмас.

Жаталық таң жадырап атылғанша,
Сөз болып дүрі гауһар шашылғанша,
Дүниені сен болмасаң қылам талақ,
Жарым деп бір затсызға асылғанша.

Тұғырда тоят жемей өлген жақсы,
Қор болып қарақұсқа қатылғанша,
Таза құс талпынбай-ақ аштан өлсін,
Жем іздеп бір жемтікке шатылғанша.

Деп ойлап өз нәпсіме дес беріп ем,
Бір сізге ынтық болып ескеріп ем.
Жас күнде қызылға қол көп сермедім.
Бір жеуге өлексені дерт көріп ем.

Перде ашып, бағасыз тең жыртқанша,
Әншейін жай тұруды дұрыс көріп ем.
Бұл күнде көңіл суып, қызық тозып,
Таза жүрек, шын сөзбен серт беріп ем,

Нәпсіме жүрегімді сұлтан қылып,
Тоқтатып өз бойыма ерік бермеп ем,
Жолыққан таңдап жүріп таңдағаным.
Сіз едің бойға ылайық қамдағаным.

Бұрыннан іздеп жүріп жаңа тауып,
Өзіме ылайықты деп сомдағаным,

Көрікті сіздің гүлді бағ жаратпай,
Басқаға, өзіңе аян, қонбағаным.
Жаралған жиһан көрік, нәсілің бекзат,
Гүліндей Пердеуістің солмағаным.

Бұрынғы перизаттан мысал үшін,
Дүниенің ақырында орнағаным.
Сіз бір гүл аман тұрған қазан ұрмай,
Тезлікпен сола көрме бағда тұрмай.

Көргелі жамалыңды жеһаттемін,
Басқаға хор да болса, мойын бұрмай.
Жүзіңе көрген құмар сүйінемін,
Көргенше дидар қосып күйінемін.

Сыпатың көзден таса болғаннан соң,
Мас болып, даруманда иілемін.
Зат біліп қырық ерсең мен де сендік,
Көргем жоқ пиғылыңда кәзір кемдік.

Сізден соң басқа қызық керек емес,
Егерде осы жолы кетсе теңдік.
Шыға алмай талпынамын төрде тұрып,
Биіктен миуа аласың ойда тұрып,

Уәдеден күйсе жаны жылжымасын,
Арықтап кейін қалмай жолда тұрып.

Ж-ға
Бағында махаббаттың көп күн жүрдім,
Ләззатын бар миуаның өзім көрдім.
Жә, алла, мұрадымды кәміл беріп,

Мақбуба мұрадыма қылма мақрұм.
Мен үшін шіркін көңлің тербеді ме?
Болсайшы жаным пида гүл бетіңе.
Иә кәрім нәсіп ойла қалқа жанды

Мақбуып жар ғашық деген құрметіне.
Болмайды көңіл раушан сөз болмаса,
Несие қарамаймын тез болмаса
Ой қалқа, көп сағындым, бір келіп кет,

Бір нәрсе төтенінен кез болмаса,
Дегенде мақбуб жаннан қозғаламын,
Хат жазып қағаз, қалам қолға аламын.
Пәруана отқа түскен мысалындай,

Дидарың атрапында толғанамын.
Мақбубым ақылың дана, көңлің биік,
Жаманға бере алмаспын көзім қиып.
Сырт күйік болмайды екен бір сағаттай,

Қалмаса іштегі отқа жүрек күйіп.
Жеткізгей бұл мұратқа зұлжалалым,
Көргенсіз кеше түнде менің халым.
Сырт күйік бір сағаттай білінген жоқ,

Болған соң махаббаттан іште жалын.
Ұстауға ақ сұңқарды тор құрайын,
Түспесе, күннен күнге зор құрайын.
Егерде құрған торға түсіп шықса,

Тағы да қайта түс деп не қылайын.
Сіз үшін құрған торым түйген жібек,
Махаббат жағасы бар, ғашық тиек,
Опасыз бұл жалғанның сүйгенімен

Ғазиз жан ол болмаса неге керек?
Білмейсің махаббаттың сен ауырын
Рақымсыз қатты екен тәсіп баурың.

Жұлдыздай өмір зая батып кетсе,
Тұрмассыз ит байласа болар аулың.
Әр уақыт ырахымы жоқ қатты құдай,
Іздендім қалқа жанды нәпіс тыймай.

Мақбубаға уәсіл айла иә кәрім деп,
Зарландым жалғыз жүріп, уа дариға-ай.
Қай уақыт қабыл болар ғарыз хатым,
Көп күнгі қабыл болып ыждаһатым,

Дария сия болса да, дарақ қалам,
Жаза алман мыңнан бірін мен сыпатын.
Орнына келгеннен соң уәде болды,
Ғиыш-әшрат махаббатта көңіл толды.

Көрген соң зипа бойың, ғазиз жүзің,
Зұлғыйңа азат көңлім бенде болды.
Несіне мен жүрейін тірі болып,
Наданның дүние толған бірі болып.

Тимесе мақсат қолға көңілге алған,
Тән жатсын топырақта сірі болып.
Шыдамай мен кетейін бұл параққа,
Шәріп жан құрбан қылып топыраққа,

Соққанда перхат желі тірісінен,
Сөндірер тисе жалын шамшыраққа.
Ол шырақ жақса тәңрім неге өшсін,
Кәрім ғой, мақсатты алла неге кессін.

Паанкеху сапа ләззат кәміл көріп,
Онан соң мына жалған бізден көшсін.
Мақшуба бір сіз үшін қиналайын,
Алды-артын махаббаттың жиналайын.

Сызғаныш махаббатта мен пәруана,
Дидарың атрапында толғанайын.
Тіздеген меруерт секілді тістерің бар,
Хорындай жәннат нағым түстерің бар,

Кей мінезі бақыр қылзым толқынындай
Жан білмес ғажап қайран істерің бар,
Нон қойнында нүктедей мен жатайын,
Махаббат бағында мен түн қатайын,

Ғашықтық кәмалатқа жеткеннен соң

Қалқажан, қойыныңда мен жатайын.
Көзімді алмай қараймын сағынғаным,
Уәдеге мұнша ұзатып не қылғаның,
Суретің елестейді көз алдымда,

Сарғайып, естен кетпес, сағынғаным.
Десеңіз уәде қылмай мен еңрейін,
Барабар қысап қылып теңгерейін,
Ғашықтан тоят беріп, қолыма алып,

Жесеңіз махаббаттан жем берейін.
Махаббат біз де келдік жағасына,
Дұшпандар назар салмай шамасына
Көңілім, жаным, тәнім бірдей берсем,

Тола ма махаббаттың бағасына.
Махаббат түсіп кеттік кәруана,
Жылама, қосыла алмай өз парыңа.
Бағында махаббаттың алмай тұрып,

Мен қондым бұлбұл болып дидарыңа.
Мақшуға көңілімнің таптым дерік,
Дүниеден алған таңдап жалғыз ерік,
Қағарман нәсіре құрғыны алғандайын,

Ол болмаса ғазиз жан неге керек.
Ғашықлық күннен күнге ер жетеді,
Қасіретің жаным шайқап еңретеді.
Кей уақыт ырақымсыз қатты құдай,

Мені де сол себепті тебрентеді.
Ж-дан сұрағаным жанның жаны,
Уәде қылып өтті ғой дүние пәни.
Жаным тұр уәдеңіз жанабында,

Болмаса шығар тәннен берген жаны,
Мақшұққа қиылған қалам қасы,
Сөз емес жүз мың дақтыр ғазиз басы,
Болмайды баға қойып сыпатыңа

Таудың бір калифорный лағыл тасы.
Жан туған жоқ жаһанда көргенімдей,
Екі бетің бақшаттың гүл-гүліндей,
Көп күлдім сансыз ойнап өмірімде,

Мақшұқам болар емес бір түніндей.

Қалқажан ақ дидарың фарфордан ед,
Достым сен осалаққа уәде ет,
Мүбада қасіретіңнен сапар шексем,
Қисабы мен болармын үкімі шаһит.

Мақбуба уәдесін жұммен тыйған,
Он бесте махаббатты бірге жиған,
Көңілдегі мұратқа мен жетпесем,
Емес пе ғарып достың жаным қиған.

Құдая мұндай шаттық кімге болған,
Үстіне қызыл гүлдің бұлбұл қонған,
Дүниеден мен армансыз өтер едім,
Қосылсам Нәзи нонға ғашық болған.

Құс ұшты көлден аққу саятыма,
Жалғанда жаңғыз ылайық тоятыма.
Тағдырда лауық қалам жазған болса,
Мойынсұн пәнкеқудің аятына.

Құс ұшып алар аң жоқ, бәрі жаман,
Мақшухат майданында тұрсын аман.
Жымы тіл, сусыны сөз тоят жеген
Сала алмас бабын тауып бөтен адам.

Маңдайда қиылып тұр сенің қасың,
Дариға он алтыға келген жасың,
Жан-тәнім, ақыл қошым берер едім,
Менікі болса сенің жалғыз басың.

Кей мінезің бар десем қисық тұрған,
Жарақат оңалмайды ғашық ұрған.
Жүруші ем көп тағдырға мойын бұрмай,
Мен болдым енді сізге басын бұрған.

Жарасқан сол қал көзге шамшат бойын,
Махаббат сонша қымбат білсе бойым,
Иманды ақиретте берер құдай,
Дүниеде жалғыз-ақ сіз ақыл-ойым.

Жақсының жаман қайдан білсін затын,
Қазаққа болған мағлұм менің атым.
Тағрыпына ғашық боп жаздым назым,
Зарланған, сені жад қып, жазған хатым.

ҮШ ТОТЫ

Біз бұлбұл қызыл гүлге тартқан сада,
Нәркес көз, қалам қасты лағыл бала,
Иранның Құсни зия тотысындай,
Гәугерден әзкен нәсіл туып зада.

Топ көрсе қырындайтын сіз бір тұлпар,
Бұлбұл құс қызыл гүлге болады іңкәр,
Қадиша, Ғалия мен Нұргүләндам,
Сіздерді неге ұмытсын көрген сұңқар.

Үш тоты
Мен бүгін ұйықтап жатып көрдім бір түс,
Көргенім бақ иранда үш тоты құс.
Сары алтын, сапы меруерт қарағым-ай,

Көргенге жамалыңды көңілім қош.
Тағы да ұйқтап жатып көрдім бір түс,
Шығыпсыз бір ауылдан, үш тоты құс!
Бұларды танымасаң танытайын,

Көгершін, бірі бұлбұл, бірі күміс.
Ғашық боп бұл қыздарға көз салғанда,
Боласың біреуіне көңілің қош.
Тағы да ұйқтап жатып көргем бір түс,

Өзгеше екеуінен бір тоты құс.
Caп алтын ерке сұлу, қарағым-ай,
Болады не себептен уағдаң бос?..
Бір жақсы бір жақсыны өкпелетпес,

Жем жеген ақсұңқарым колдан кетпес.
Бұйырса тағдыр бізді татулыққа
Еске алмай менідағы қапыда өтпес.

Сырымбет
Аулың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қалқа бала,

Бөктеріге қор болып барасың да...
Ауылың қонған Сырымбет жел жағына,
Артық туған бала едің ел бағына.
Лашын құсқа лайық қалқа бала,

Бөктергінің іліндің тырнағына.
Алтын қайық жарасар күймесімен,
Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған

Бешпентіңді бер, қалқа, түймесімен.

Ақтоқты­
Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен,
Малға жай Жекекөлдей қау бар ма екен?!
Селт етіп оң қабағым көтерілді,

Көңлімді қалқам келіп аулар ма екен?
Ақтоқты, бәрекелді, тапқаныңа,
Шекеңе үкіден шоқ таққаныңа.
Құдайдан бұдан артық не тілейсің?

Түсіпті шолақ қасқыр қапқаныңа.
Ақтоқты кеткенің бе шыныңменен,
Tap жерде бал беруші ең тіліңменен.
Дарияның қайраңындай қалқа бала,

Зарланып ән шырқасам мұңым терең.
Ақтоқтының сипаты
Ой, қалқа, тілің тәтті, лебің балдай,
Қалам қас, ителгі көз, жазық мандай.

Түсінде Бағлан патша ғашық болып,
Секілді сүйген сұлу Күләндамдай.
Ойладым ғашықтыққа жарай ма деп,
Ішінде жанған оттың күйген жандай.

Жүсіптей Жақыпұлы зындандағы
Тұрамыз қасіретіңе біз де жылай.
Қыпша бел бәйге кердің жарауындай,
Кекілің тоты құстың тарауындай.

Қайрылып өзіңді аңсап келген шақта,
Жаутаң көз ақсүңқардың қарауындай.
Қор болып бір жаманға барғаныңша,
Еркек боп тусаң етті, қарағым-ай!

Ақтоқтыға
(Әні бар)
Ақтоқты шашың жібек, жүзің айдай,
Адамзат сипатыңа таң қалғандай!

Әлемнен таңдап алған жан сәулемсің,
Тілекті жеткізейін, қапы қалмай.
Қара арба мінгеніңіз күймелеген,
Ақ көйлек үстіңдегі түймелеген.

Жарасар үстіңдегі барқыт камзол,
Тігісін машинамен бүрмелеген.
Ілем деп лашын құстай жүргенімде,
Көлденең жамандар кеп кимелеген.

Ақыл, көркі парапар жан болмаса,
Жаманды сүйемісің тең келмеген?!
Жастықта надандарға мойындап қап,
Түбінде қасірет тартып күйме деген.

Жамандар өз басын ап жүре алмайды,
Жамандық үсті-үстіне үймелеген.
Оралдың ақиығы аңға тартқан,
Шолпанның жүлдызындай таңға тартқан.

Жамбы мен алтын балдақ жарқыраған
Секілді Үргеніште ханға тартқан...

Ақтоқтының зары
Шошимын шымылдықтың құруынан,
Жеңгемнің маған қарап тұруынан.
Жұртыма мен риза болар едім,

Құтқарса бөктергінің құрығынан.
Қоскөлге құсым салып қиялаймын,
Қолымда көк орамал, биалайым.
Ішімді қайғы оты күйдіреді,

Несіне айтар сөзден ұялайын.
Кеткенің бе, ақтоқты?
Айрылдым сенен, сәулем, жылай-жылай,
He болар менің күнім бұдан былай?

Айрылып, амандасып қалғанымша,
Одан да кәріп жанға өлім оңай.
Кім айтар мақтауыңды мендей қылып,
Тартылған телеграмы сымдай қылып.

Жаманға қор қылғанша қарағымды
Күшала берсең етті удай қылып.
Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен,
Tap жерде бал беруші ең тіліңменен.

Сарымида басыңды кесіп алып,
Даулассамшы өмірде құныңменен.
Дарияның қайраңындай қалқа бала,
Зарланып ән шырқаса, мұңым терең.

Ақтоқтыға айтқан аужары
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныменен, жар-жар,
Талай мейіз беруші ең тіліңменен, жар-жар!
Алысқан қол бар еді, айтысқан серт, жар-жар,

Ант етіп айырылмас денеңменен, жар-жар.
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныңменен, жар-жар,
Алтын сапы асындым қыныменен, жар-жар.
Ғашық болған көңілім, асылзада, жар-жар,

Жатсам ұйқым келмейді түніменен, жар-жар.
Кеткенің бе, Ақтоқты, шыныңменен, жар-жар!
Талай жауап айтушы ең сырыңменен, жар-жар.
Асып туған құрбыңнан, тотықұсым, жар-жар,

Ән шырқайын азырақ үніңменен, жар-жар.
Дін мұсылман естіген Қорлығайын, жар-жар,
Қытай, шүршіт, қалипа үрімменен, жар-жар.
Таңмен қайтқан жұлдыздай дәуірің аз, жар-жар

Өте шықты дәрежең дүрілдеген, жар-жар.
Тәңрі бұйрық қылмады, шара нешік, жар-жар,
Бұ дүниеде пенде жоқ сүрінбеген, жар-жар.
Ақ қайраңы мұхиттың сықылданып, жар-жар,

Біздің қармақ бұйрықсыз ілінбеген, жар-жар.
Таң мезгілде шығушы ен шұбалаңдап, жар-жар,
Жарық қылып дүниені нұрыңменен, жар-жар.
Бағы иран гүліндей түрленуші ең, жар-жар,

Қара көзге көрініп түріңменен, жар-жар.
Заманында үш тоты атанып ең, жар-жар,
Тым болмаса жүрмедім біріңменен, жар-жар.
Көптен жалғыз барасың аздай болып, жар-жар,

Жылағаның батады наздай болып, жар-жар.

Құрбың үшін жылаған замандасым, жар-жар,
Сан тобынан адасқан қаздай болып, жар-жар.
Қасың қара қаламның сиясынан, жар-жар,
Қолың нәзік таулардың миясынан, жар-жар-ай!

Көгілдірі аққудың сықылданып, жар-жар,
Қайтқан құстай боздайсың ұясынан, жар-жар-ай!
Жібек шәлі басыңа ораушы едің, жар-жар,
Жұпар құйып шашыңды тараушы едің, жар-жар.

Барқыт бешпент, көйлегің материя, жар-жар,
Оқаменен әр сайын қынаушы едің, жар-жар!
Өз үйіңе патшадай қарындасым, жар-жар,
Шәһизада басыңды балаушы едім, жар-жар!

Күміс тұрман, алтынды ер, боз жорғамен, жар-жар,
Қырық ауылды көшіңді жанаушы едім, жар-жар.
Лағыл сырға құлаққа ілуші едің, жар-жар,
Барлық қыздың туындай асыл еркем, жар-жар.

Тамашаға сайрандап жүруші едің, жар-жар,
Жүруші едің құлаққа інжу тағып, жар-жар.
Тамашаңа барушы ем күнде бағып, жар-жар,
Торғын мәнер, шимайлы орамалың, жар-жар.

Қарақаттай көзіңнен жастар ағып, жар-жар,
Көңілдіге түс болмай асылзада, жар-жар.
Көндігесің жаманға енді неғып, жар-жар,
Күміс тұрман салушы ең мініп жорға, жар-жар!

Гауһар кәмәр беліңді буған шақта, жар-жар,
Ұқсаймын деп ойлаушы ең Ғайн қорға, жар-жар.
Өз үйіңе патшадай замандасым, жар-жар,
Ақсұңқар құс сықыдды түскен торға, жар-жар!

Ақтоқтыны алып қашқаннан кейін, соңынан қуып
келгендерге айтқан жұмбақ өлеңі:
Бір қырғи шабыттанып жемге ұшқан,
Жемін жеп, тояттанып көңіл қосқан.

Аспаннан қара бүркіт түйілген соң,
Айырып тегеурінін қылды жосқан.
Ұша алмай бөдегендей қалғаннан соң,
Жиылды көп жағалтай әрбір тұстан.

Ашыққан жыртқыш құстар сімілтірі,
Солар кеп бұл жемтікке душарласқан.
Қандай құс өлімтікке әуес емес,
Бәрі де, қарға, құзғын, топырласқан.

Келгендер, біз бұл жұмбағыңды шеше алмадық, ал енді
өзің шеш дейді. Сонда Ақан өз жұмбағын былайша шешкен
екен.
Қырғиың мен емес пе ем жемдеп күткен,

Бөденең қыз емес пе мен деп кеткен.
Мен соққан бөденені байланбайсың,
Шоңқұрша бірлігің жоқ ел боп кеткен.
Аспанда қара бүркіт Сералы ғой,

Құйындай мені соғып жел боп кеткен,
Бөденем тұяғымнан шыққаннан соң.
Бала қырғи ішінде шер боп кеткен.

Әйкөк
Сырымбет биік адыр қатар кезең,
Жарысып таудан құлап аққан өзен.
Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,

Көкорай қайың мен тал бәрі де әсем.
Мөп-мөлдір сынапқа ұсап бұлақ аққан,
Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.
Топырағы бейне мақпал, егінге жай,

Шырайлы әдемі көл күлім қаққан.

Алайкөк
Дария ағып жатқан суда сын жоқ,
Жануар өлдім деген малда тіл жоқ.
Құрбылар, тіршілікте ойна да күл,

Бұл дәурен екі айналып келмегі жоқ.
Қайырмасы:
Аха-хау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек.

Кеткенде аулың шалғай,
Уа, шіркін, қалдым жүдеп.
Салғанда қара өлеңге тілім майда,
Тілімнің майдасынан көрем пайда.

Әрдайым медет берсе тіл-жағыма,
Салайын түрлендіріп осындайда.
Қайырмасы:
Аха-хау, ала-лай көк,

Үкілі қоңыр үйрек.
Кеткенде аулың шалғай,
Уа, шіркін, қалдым жүдеп.
Ұшып кетсе көрінбес қара шыбын,

Қолдан шыққан нәрсенің бәрі шығын.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Аман-есен жүрмісің қарашығым?
Қайырмасы:

Аха-хау, ала-лай көк,
Үкілі қоңыр үйрек.
Кеткенде аулың шалғай,
Уа, шіркін, қалдым жүдеп.

Ләйлім
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ,
Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,

Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.
Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдыңдағы.
Көлеңкеңнді көрсетпей кете бардың,

Қол алысқан сертіңнен тайдыңдағы.
Осылай ма еді, ей, қалқа, айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледің,

Болмаған соң әуелде баста еркің?!
Нәзікгүл
Нәзікгүл, дертке дауа айтқанда атың,
Жаралған перизатым, асыл затым.

Әр түрлі қылықтарың ойға түссе,
Жиылған бар денеме қасіретің.
Қарағым, етің аппақ аялаған,
Қаршыға өзен суды жағалаған.

Тауындай Баянауыл мұнарланған,
Жүз жылқы көлеңкенді саялаған.
Келмейді қара шашың тарақтауға,
Көнбейді бала бүркіт балақтауға.

Дарияның ортасында сіз бәйтерек,
Біз келдік бұтағыңа қонақтауға.

Райхан гүл
Ак көйлек, қызыл камзол, лағыл маңдай.
Аузың бал, тілің шекер, нәзік таңдай.
Халіңнен, қасіретіңнен берші хабар,

Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.
Қайырмасы:
Ахау, құрбым-ай,
Қыздар гүл-гүл-ай.

Лағыл шаш жазғы таңда-ай,
Райхан гүл-ай.
Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.

Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін күйіп.
Қайырмасы:
Ахау, құрдас-ай,

Біз бір мұндас-ай.
Жерлерге көкмайсасыз,
Бір күн қонбас-ай.

Тер қатқан
Шаба алмас арғымақ ат тер қатқансын,
Көрген жер көз жаздырар ай батқансын.
Мәңгілік достық жүрек деуші едім-ақ,

Қайтейін көңіл шіркін бір қалғансын.
Тұсынан ауылыңның өттім-кеттім,
Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің.
Сол үкі азар болса жүз теңгелік,

Көңлімді өкпелеттің мың теңгелік.
Екі торы ат
Пар жектім екі торы сүмендетіп,
Жеріңе уағда еткен келдім жетіп.

Уағда өткен айдың басында еді,
Кетіпті содан бері күндер өтіп.
Алайын әсем әнге басып-басып,
Есілдей ұзын аққан жүрмін тасып.

Көңілім қалқатаймен көптен тату,
Іс қылар қандай жігіт менен асып?!
Ұшады бозша торғай аспанменен,
Бұйрықсыз жан шыға ма сасқанменен?!

Кісіге кісі жары жар бола ма,
Баурына тартып қанша басқанменен.
Су аспас биік жардан тасқандағы,
Жігіттің жары Құдай сасқандағы.

Бағаңа жан жетпейтін асыл еркем,
Дәрежең жұлдызбен тең аспандағы.

Ішінде орта жүздің жүрмін шалқып
Құлагер, дөненіңде алдым сатып,
Қызыққа ойнап-күліп жүрмін балқып.
Бас қосса неше жиын, қандай топта,

Келесің Құлагерім таңырқатып.
Бағаңа құн жетпейтін Құлагерім,
Келуші ең қараңды үзіп шаңырқатып.
Бір сиыр, жүз теңгеге түскен тұлпар,

Алып ем нағашыма бағалатып.
Елторыдай нағашым бергеннен соң,
Сайрандап заманымда жүрмін шалқып.
Болған соң сен қолымда, Құлагерім,

Ішінде орта жүздің жүздім қалқып.
Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар,
Қолыма ұстағаным тағы сұңқар.
Жастықтың арқасында қылдым сайран,

Өзім сал, өзім ақын, емеспін зар.
Алып ем жиырма бесте дөненіңде
Көруге қызығыңды болып іңкәр.
Бәйгеден үш жүз аттан озып келдің,

Артыңнан жете алмаған талай тұлпар.
Астынан сен жалаудың өтпеген соң
Ат қойған Үркеккер деп сонда жұрттар.
Зілқараның Әлібегі бірге барып,

Бір бедеу сыйға берді және сұңқар.
Үш жүзге аты шыққан Құлагерім,
Жалғанда бұдан артық не қызық бар?!
Аттанып соныменен кейін қайттық,

Ән салып, сырнай тартып қызыққа іңкәр.

Бәтима қызға
Басыңда кәмшат бөркің жарқыраған,
Иығыңда алтын шолпың ән құраған.
Сипатың жұмақтағы хор қызындай

Жамандар сізді көріп қалтыраған.
Кетуші ем жаман қызға көзім салмай.
Жазамын атағыңды арып-талмай.
Қанша айтсам мадағыңыз болмас тәмам,

Сіз гүлсіз үкілі бөрік, жазық маңдай.
Иншалла амандықпен табысармыз
Көңілде өкініш пен қайғы қалмай.

Ұрқияжан
Ұрқия шашың жібек, қанжар қасың,
Көрінер тамағыңнан ішкен асың.
Жаманға сені қор ғып қия алмаспын

Тірлікте аман болса ғазиз басым.
Күмістей он саусағың тартқан сымға,
Құрайын тұзағымды тартып жымға.
Құрысын Ақан атым жете алмасам,

Қор қылсам қапияда сені сұмға.
Айырар асылзада жігіт парқын,
Жүрекке жара салдың қалқам алтын.
Махаббат екеумізде қайнаған су,

Ішімді жандырады, сыртым салқын.

Ұрқияға айтқан аужар
Аққу кетіп Қоскөлдің қазы қалды, жар-жар-ай,
Қысы кетіп мешіннің жазы қалды, жар-жар-ай!
Біраз назым тотыға айтпай болмас,

Көбі кетіп дәуреннің азы қалды, жар-жар-ай.
Түйін болып көңліме кетеді ғой, жар-жар-ай,
Бір айтатын серінің назы қалды, жар-жар-ай,
Кеше туған жас қызды шалдар алды, жар-жар-ай.

Толғанатын оларда несі қалды, жар-жар-ай.
Ғашықтықтың қисабы асып еді,
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай.
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай,

Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай.
Мәликедей ақжарқын жан едіңіз, жар-жар-ай,
Кеткенің бе алысқа, сен Ұрқия, жар-жар-ай.
Бұл жалғанда кетпес деуші ем, жар-жар-ай,

Енді есен бол, қарағым, уа, дариға, жар-жар-ай.
Жібектей оратылған қолаң шашың, жар-жар-ай,
Қиылған қандай сұлу екі қасың, жар-жар-ай!
Ләззат пен сұлу көркем бәрі бірдей,

Қай затқа бағаланар сенің басың, жар-жар-ай!
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай,
Машинамен қандай қып шырға тартқан, жар-жар-ай.
Көп қыздардың ішінде тоты дана, жар-жар-ай,

Қия жүзі асылдың қорға тартқан, жар-жар-ай.
Ақ маңдай қарақат көз сүйген сәулем,
Секілді нәзік белің сымға тартқан, жар-жар-ай!
Көлбеңдеп дәл алдымнан өткенің бе,

Бағалы жүйрік аттай сыйға тартқан, жар-жар-ай!
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай,
Білесің жазылғанын қандай хаттан, жар-жар-ай!

Ұрқиядан айрылғанда
Мен саған Ұрқияжан, болдым ғашық,
Ойласам жүре алмаймын қадам басып.
Бір күн бе, екі күн бе мен айрылдым,

Қалам ғой жалғызсырып енді жасып.
Серігім, мәңгілікке жан жолдасым,
Қиылған айдай сұлу қара қасың.
Лепіріп жүрек шіркін тасып еді,

Білмеймін кез боларын қандай нәсіп.

Қараторғай
(Әні бар)
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан, сәулем едің,
Айрылдым қапияда сенен нағып?
Қайырмасы:
Қараторғай,

Ұштың зарлай,
Бейшара-ай, шырылдайсың
Жерге қонбай.
Ертістің ар жағында бір терең сай,

Сүйреткен жібек арқан тел қоңыртай.
Басына миуа ағаштың қонып алып,
Сайрайды таң мезгілде қараторғай.
Қайырмасы:

Қараторғай,
Ұштың зарлай,
Бейшара-ай, шырылдайсың
Жерге қонбай!

Көкжендет
Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы.
Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған

Құс қайда Көкжендеттей қыран шәулі.
Көкжеңдет, шалғың ұзын, мойның қысқа,
Қайырып салушы едім ұшқан құсқа.
Айрылып Көкжендеттен қалғаннан соң,

Осы әнге шырқап салдым мына тұста.
Көюкендет, ұшушы едің тоғайды өрлеп,
Шабытқа таңертеңгі қоя бер деп,
Ертеден қара кешке салғанымда,

Көкбестім жүре алмайтын көзі терлеп.
Суылдап сұқсыр үйрек ұшар кешке,
Түседі Көкжендетім сонда еске.
Қарасам, оң қолымда Көкжендет жоқ,

Жүгірдім сасқанымнан Қозыкөшке.
Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа әшекейлеп тұмар тағып.
Қарасам, жан-жағыма Көкжендет жоқ,

Айырылдым қапылыста сенен нағып?!

Балқадиша
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал қадиша.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы

Ішінде қара басың — хан Қадиша.
Дегенге Балқадиша, Балқадиша,
Желкілдеп көлге біткен тел Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боларсың қандай жанға жар, Қадиша?!
Қызы едің Ыбекеңнің, Балқадиша,
Күн туар біздің сөзге зар Қадиша.
Бір емес екі жеңгең келіп отыр,

Рұқсат бізден сізге, бар, Қадиша.
Майдақоңыр
Жігіттің падишасы Әмір-Темір,
Бозбала әнге салсаң қайғың кемір.

Кешегі бес болыстың кеңесінде
Шығарған Ақан сері Майдақоңыр.
Сұлу ат, жақсы әйел ер қайрағы,
Жігіттің болып өстім боз тайлағы.

Қағаз шай, ащы насыбай – ерге қуат,
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.

Маңмаңгер
(Әні бар)
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Байлаған сені сипап қалқатай да.

Жүрісің желмаядай, жануарым,
Көрейін қызығыңды осындайда.
Қайырмасы:
Ахау, жігіт ері,

Дерсің мені,
Деп салған
Маңмаңгерге
Ақан сері.

Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе,
Дер екен қалқа қалай келісіме.
Сыдыртып маңмаңгермен келе жатып,
Осындай ән құйылып түсті есіме.

Қайырмасы.
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Бал татыр қант қосқанда қағаз шайға.
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ,

Ақ көйлек, дүрия бешпент сәулем кайда?
Қайырмасы.

Көкшетау
Көкшетаудың биігі,
Бауырында ойнар киігі.
Ғашық болған Қаракөз,

Қашан тарқар күйігі?
Қайырмасы:
Ау-ей, Қаракөз,
Сен жұбайым,

Қаддың-ау кейін,
Мен не дейін?..
Көкшетаудың басында,
Қалқам тұрса қасымда.

Артық туған бала едің
Ғашық болған жасымда.
Қайырмасы:
Ау-ей, Қаракөз,

Сен жұбайым,
Қаддың-ау кейін,
Мен не дейін?..

Мақпал
(Әні бар)
Үйірі қысырақтың мақпал қара,
Шашыңды күндіз жу да, түнде тара.

Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ей, Мақпал, қырыңдамай бермен қара!
Үш жүзге атым мәлім Ақан сері,
Келгенім Мақпал қыздың туған жері.

Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,
Бір көріп қайтайын деп, Мақпал сені.
Біз қайтып елге таман бастық қадам,
Сымбатың хатқа сыймас айтса тәмам.

Ей, қалқа, мұнша неге зарланасың,
Елге алып қайтпас па едім келсе шашам!..

Шамшиқамар
Шамшиқамар секілді Дәттербану,
Кісі қандай көңілді сізден тану.
Ғашықлықтың бұл да бір нышанасы,

Атқан сөзін құрбыға жетпей қалу.
Қайырмасы:
Сен-дағы Бағдаттағы Шамсиядай,
Балқиды шіркін көңіл дауаламай.

Осы тойға бұл хатым өтпйді деп,
Айтқан сөзім құрбыға жетпейді деп,
Сабыр сақтап аз ғана біз отырмыз,
Бұйырған адам ешқайда кетпейді деп.

Қайырмасы:
Сен-дағы Бағдаттағы Шамсиядай,
Балқиды шіркін көңіл дауаламай.
Әннің сәні келмейді қалшылдамай,

Көңіл толмас құс ілмес қаршығадай.
Асау жүрек басылар жанған өрттей
Жүр екенсіз ей, қалқа, менсіз қалай?
Қайырмасы:

Сен-дағы Бағдаттағы Шамсиядай,
Балқиды шіркін көңіл дауаламай.

Іңкәр-ай
Ер-тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы,
Іңкәр-ай, Жәнипа-ай,

Жарамайсың, Әнипа-ай.
Иран бақтың, ай, қалқа, гүліндейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.
Іңкәр-ай, Жәнипа-ай,

Жарамайсың, Әнипа-ай.
Жүзіп жүрген судағы сен-ақ қайран,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.
Іңкәр-ай, Жәнипа-ай,

Ақылды абзал Әнипа-ай.

Ақсаусақ
(Әні бар)
Толықсыған жарқын жүз толған айдай
Сұлу қызды көргем жоқ сірә мұндай.

Қайырмасы:
Ғашықпын, қалқам,
Сырымды айтам.
Ақсаусақ,

Арманым жоқ,
Бір болсақ.
Қарақат көз, қыр мұрын, жазық маңдай,
Сүйген жарым болсайшы Ақсаусақтай.

Қайырмасы.
Қабылдашы құрбыңның жазған хатын,
Әдейі арнап жолдаған аманатын.
Қайырмасы.

Жалындаған жүректің жастық отын,
Сөндірмеші сүюші махаббатын.
Қайырмасы.

Жамал қызға
(Әні бар)
Қыздарды мен қайтейін қылаң-сылаң,
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?..

Бірге өскен кішкентайдан қимас сәулем,
Басы жұм, ортасы мем, аяғы ләм.
Жамал жан, етің аппақ, мақтадайсың,
Әр уақыт мені есіңе сақтағайсың.

Тұсынан ауылыңның ән саламын,
Сол кезде шырт ұйқыда жатпағайсың!
Перизат
Ғизатлу жаздым сәлем перизатқа,

Қимаймын сені, қалқам, басқа жатқа.
Аршын төс, алма мойын, ей, перизат,
Оқыңыз зейін салып осы хатқа.
Перизат, хат жазамын саған қастап,

Қолыма қара сия, қалам ұстап.
Мойныңда жібек арқан сөзім болсын,
Жүрмеңіз сол арқанды шешіп тастап.

Ғашық жарға
Аузың бал, тілің шекер, нәзік тандай,
Сөйлеймін, абзал құрбым, сізді талмай.
Алтын қол, күміс саусақ, қалам бармақ,

Қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық мандай.
Құлпыра зия бойың сұлу бір жас,
Ғашықтық әуресінен боламын мас.
Данышпан ақылың артық жаратылған,

Керекті адамзатқа сіз асыл тас.
Мен көрдім нұрлы жүзің, қыпша белің,
Ақ түсті, кәукәр көзді, тәтті тілің.
Ажарың бақшадағы хор қызындай,

Сипатынды сырлауға келмес тілім.
Жауабын менің айтқан қаламайсың,
Мінезің ерке өскен баладайсың.
Тұйғындай тұғырдағы жемге тойған,

Жан сәулем, жан-жағыңа аландайсың.

Қызға хат
Құрметті сөз жазамын Раушаныңа,
Кез болдың бір талапкер дер шағыма.
Тимеген жүген, құрық асау керім,

Жүрмісің иран бағы шарбағында?!
Шолпандай әуедегі түстің көзге,
Ойлаушы едім туды деп өз бағыма.
Жайраңдап суда жүзген аққайрандай

Ілінші желбезектен қармағыма.
Мойныңа асыл білек артар едім,
Асылзат, шыдамайсың салмағыма?
Кетпесін ғашық сыры айдалаға,

Айтамын сенен басқа қай балаға?
Есітсем бір сөзіңді мақұлдаған,
Болады ем қонғандай жан жараға.

Қыздарға
Қыз бала сұлу болса болар қандай,
Ләззаты тіл тартады шекер-балдай.
Күлім көз, оймақ ауыз түссе қолға,

Сүмбіл шаш, қиғаш қасты, жазық мандай.
Жұлдыздай екі көзі жалт-жұлт етіп,
Жанынан арғы-бергі кетсең өтіп.
Басына кәмшат бөрік қырын салып,

Қасыңа іркілместен келсе жетіп.
Күмістей он саусағы тартқан сымдай,
Серке сан, бөтегелі, белі қылдай.
Бұралып, он майысып бүктетіліп,

Қыссаң да қай жерінен тұрар сынбай.
Ойқастап саяқ малдай жүрсе шеттеп,
Кеудеңде жаның болса тартар ептеп.
Аспайтын бар салмағы уысыңнан,

Емшегі келе жатса жаңа беттеп.
Ғаламға шыққан Күндей нұрын шашып,
Сөйлесе, шаттандырса көңіл ашып.
Жиын той, қыз-келіншек бас қосқанда,

Көрінсе қатарынан мойны асып.
Шырайлы серім таспа болса, нұры,
Сұрғылт боп ақ қояндай келсе түрі.
Сары боп, қас пен көзі қара болса,

Оны сүйген жігіттің болмас мұңы.

Қалқам-ау
Қалқам-ау, естен кетпес айтқан сертің,
Ойлаушы ем түгел ғой деп ақыл-көркің.
Мінезің арқандаған ат секілді,

Қай-қайда сермегенмен жетпейді еркің.
Сәтсіз күн болған екен шыныменен,
Дауасыз сөнер емес жанған өртің.
Тәуірлік қамын ойла жігіт шақта,

Айтулы бір перизат болса тап та.
Қыз болса, парасатты қадір білген,
Тұрса да іздеу керек иран бақта.
Секілді қыздар бұлбұл көлден ұшқан,

Сыртынан аңдып тұрар жігіт шақта.
Білімің тең құрбыңа жеткен тегін,
Кім қияр — сені қалқам қиянатқа?
Ілетін лашынның қоңыр қазын,

Ілсем деп үміт етер жапалақ та.
Ақиық мекен еткен бәйтерегін,
Жабы құс ағашына ұялатпа.
Күн шалса бұтағыңның жапырағын,

Әзілге олжа қылып бізді ұялтпа.
Ақтүлкі сен қиынды мекен еткен,
Аспанда біз ақ бүркіт қағып кеткен.
Қияның қия таста тұрсадағы,

Қырымнан көріп келдім, ілмей кетпен.
Түлкінің ең қызылы болсаңдағы,
Қапыда ұшқырымын саған жеткен.
Ақиық жоғарыдан шүйліккенде

Ақ түлкі шұбалаңдап жата кеткен.
Жатқанын ақтүлкінің көріп қыран,
Әшейін қағып өтті бір ретпен.
Әдейі арнай түскен түлкісіне

Қиядан шұғылданып іліп өткен.

Зағипаның Ақанға жазған хаты
Жастықта ойнап-күлген, қарағым-ай,
Артық еді досыңнан талабың-ай.
Көңілім әлі сенен бөтен емес,

Қайтейін Хақ бұйрығы, барамын-ай.
Қош енді — кезі келіп көре алмасақ,
Жеткізсін ой-тілегің мұрадыңа-ай.
Қызықты бақыт шамы өшпей тұрып,

Өтініш бір басыңнан сұрадым-ай.
Бірге өскен кішкентайдан, асыл құрбым,
Арада жүріп тұрдың сыр алдырмай.
Балбырап гүл бақшаның өскен гүлі,

Жер нұры төгілуге қозғалдым-ай.
Қайыр қош, енді маған разы бол,
Жүре гөр енді артыма сөз қалдырмай.
Ағаеке, болдым жолдас мен жасымнан,

Жаманат таба алмадым бір басыңнан.
Шіркін-ай, қандай қызық сол бір күндер,
Дүние теріс айналды болмашыдан.
Жол асып, кеттім енді ерік болмай,

Айрылған мен ақбөкен ордасынан.
Бар болса көңіліңде бұйымтайың,
Назар бер ишаратпен бір басымнан.
Дариға-ай, көңілде арман қалмас еді,

Жай алып мекен етсем өз қасыңнан.
Ақылын сабырменен жеңдірмесем,
Адам жоқ солай-ау деп жан ашыған.
Қош айттым сыртыңыздан жүзің көрмей,

Дүние өткенің бе соққан желдей?..
Басыңнан бағым ауып тайғаннан соң,
Қалды ғой жақсы, жаман болып бірдей.
Қызығы өткеннен соң аз заманның.

Тоң тартты шіркін көңіл қара жердей.
Таппады көңіл арман шырын бұзып,
Мын күнің болмаған соң бір күнгідей.
Айналып заман оңға уақыт келсе,

Жарқырап бұлт астынан шыққан күндей.
Арманым, уа, дариға, қалмас еді,
Күн батып, таң атқанын қалсам білмей.
Сәлем айт, сүйген жардың қолын ал да,

Айналды, дүние шіркін бір жалғанға.
Ойда жоқ бүйтіп сенен кетем деген,
Қайтейін өтер іске амал бар ма?
Мың күнің бір күнгідей болмайды екен,

Етпесе тағдыр нәсіп ғашық жарға.
Зарығып құштарлықпен үмтылсақ та,
Жазбапты тағдыр шіркін қосыларға.
Ғашық боп Ләйлі менен Мәжнүн өткен,

Таппаған мақсұт-мұрат осылар да.
Дүниеден неше ғашық кетті арманда,
Тапсырдым мен басымды осыларға.

Ақанның Зағипаға қайырған жауабы
Сені ойлап, жібек едім, болдым жүндей,
Бұлт басты көңілімді шыққан күндей.
Қайғыдан көңіл шіркін шат болмайды,

Жарымен көңілі сүйген ойнап-күлмей.
Ізденіп екі жақсы қосылады,
Жарасып ай мен күндей, тұрар бірдей.
Біреуге ақыл айтар дана емес пе ең,

Кеттің бе мені қиып соққан желдей?!
Ақылың артық еді бала жастан,
Ешкімге тең көрмеуші ем бүл алаштан.
Өзіңе өзің сеніп қапаландың,

Қайтем деп жерің бар ма ақылдаскан?
Қаралас шаруа ойы барлығыңның,
Бұл күнде еш адам жоқ топтан асқан.
Қайтейін бұған-дағы шүкір еттім,

Тағдыр да осылай шығар әуел бастан.
Өткен күн арман екен жалғандағы,
Көрінген бір мұнара таңындағы.
Өткен күн ойлағанмен қайтып келмес,

Әр іске уақытында қамдан-дағы.
Көңілден қайғы табар замандас жоқ,
Өзіңдей мен де болдым шармандағы.
Жақсы жоқ ебін тауып сөндіретін,

Махаббат ғашық отын жанғандағы.
Ақ қағаз, ұста қолым қаламыңды,
Ойлаған кім тоқтатар талабынды.
Зағипа, саған арнап хат жазайын,

Көп айтып арман тілек сәлемімді.
Қатынасып сәлемнама екі араға,
Астыртын біліп тұрам хабарыңды.
Дұшпан көп сырттан тындап қарап тұрған.

Қай жерден табамын деп амалыңды.
Лайық екінші хат сізден болсын,
Күтемін сағынышпен хабарыңды.

Ақмарал
Шоқ болған жана түсіп, беу, қарағым,
Көз салып мекеніңе көп қарадым.
Тапсырып бір аманат өзіңізге,

Айла жоқ, амалсыздан мен барамын.
Есіркеп жауабымды еске аларсың,
Айналар кезің келсе бай орамың.
Бір тәуір ләззәтпенен лебіз шығып,

Жұмысым тез бітер деп кеп тұрамын.
Иран бак Қап тауындай жол берілсе
Жерде тұр кол жетпейтін шат тұрағың.
Қол жетпес жерде тұрсың көз көргенмен,

He пайда дидарласып жүз көргенмен.
Тоқтату көңіліме бере алмадым,
Болар деп хабар сенен сөз бергенмен.
Ғашықтың қандай қалде тұрғандығын

Сұраймын айламенен кез келгеннен.
Қарағым, тым болмаса дидарласпай,
Сөнер ме ғашық оты су бергенмен?!
Иран бақ Қап тауындай жолы берік,

Қарасы мекеніңнің көрінгенмен.
Қаламдай қиғашталған қара қасың,
Болар ма сендей зирек асыл тасым?!
Лайық не де болса арамызға

Тұсында сіз болғансын замандасың.
Сыр алып, сыр бергендей емес едік,
Берер деп біз үміткер уағдасын.
Күмістей сымға тартқан он саусағың.

Жел қонған мұнарланып сен бір сағым.
Көзге анық көрінбейсің, ей шырағым!
Бәдиғұл-жамал есім пері қызы
Иран бақ мекен еткен наушар бағын.

Болғанмен көзге жақын, көңілге алыс,

Қоспаса екі жастың ынтымағын.
Бір жауап кешіктірмей жіберіңіз
Қайтпасын сізден сынып менің сағым.
Немене қиын-оңай болмасына,

Құдайым екі достың ашса бағын.
Сен бұлбұл иран бақта тұрған сайрап,
Қош тұрсын мекенінді құрмет айлап.
Арманда жолыға алмай болдым сізге,

Қайтейін отырасың көзің жайнап.
Ғашықтык қандай асыл екендігін
Перизат, білсең керек өзің де ойлап.
Қызықсыз мың күніңнен де бір күн пайда,

Ол артық отырғаның күліп-ойнап.
Көргенсін ақжүзіңді болдым қайран,
Таусылды сізге деген ақыл-айлам.
Жүзге анық, сөзге таныс болғанменен

Қанекей, артылдырып көрген пайдам.
Қарасам ой жіберіп осылай деп,
Аспайды қанша айтқанмен ақыл ойдан.
Бұл сөзім қолға тисе құп оқыңыз,

Сөзімді жай білмеңіз айтып қойған.
Жастықпен армандының біреуісің,
Парасат біліміңмен өзің де ойлан.
Хат жаздым қара сия, қалам алып,

Бұл сөзім қолға тисін хабарланып.
Құрбыңның жазған хатын тәрбиелеп,
Тыңдаңыз шын көңілмен назар салып.
Күннен нұр, айдан раушан, сәулетайым,

Сен гауһар жанып тұрған мәңгі жарық.
Жазған хат, құпия сөз жауап сізден,
Күтемін лебізінді құмарланып.

Қалқа бала
Шығушы ең кеш болғанда көлденеңдеп,
Жеріңе уәде айтқан қолың сермеп.
Кешігіп көп айналып қалды ма деп,

Келемін өзен сумен томарды өрлеп.
Жеріңе уағда еткен жетіп, қалқа,
Мойныңа қолымды арттым тілің бер деп.
Көлбеңдеп көрінгенге тұра берсең,

Кетпей ме айдалаға есіл еңбек?!
Келгенде қыз он беске қызыл түлкі,
Шақырар бозбаланы келсең кел деп.

Сүмбіл шаш
Гауһардай екі көзің, сүмбілден шаш,
Болғанға сіз — бақ иран, біз сандуғаш.
Жеткізген кімді Тәңрім мақсатына

Ғашықты бір-біріне қылған мұқтаж.
Біреуі жеті ғашықтың Жүсіп еді,
Зынданға Зылиха үшін түсіп еді.
Бұрыннан ғашық болған бір біз емес,

Болмайды басқа жанның ісі енді.
Баласы падишаның Сейпілмәлік,
Неше жыл о да жүрген от боп жанып.
Сарғайған мақсатына жетпей қалмас,

Қосылған он төрт жылда ол да барып.

Айғын қызға
Айғынжан, бетің де аппақ, етің де аппақ,
Аулыңнан шыға алмаймыз айналақтап.
Қойды алдырып, қораны бекітерміз,

Керекті жалғыз түйір жүрген сақтап.
Көз көрмей, құлақ естіп байқаушыдан,
Өтті деп бүгін түнде біреу аттап.
Кім екен түнде жүрген, ол антұрған,

Сескеніп әлдекімнен тайғанақтап.

Еркем
Мен қайтермін, ой, еркем, сен кеткен соң,
Құлазиды кең жайлау ел кеткен соң.
Он жетіңе мен келдім осынау елге,

Айтып-айтпай немене іс өткен соң.
Жастық күні, ой, еркем, түседі еске,
Жез бұйдалы кер тайлақ ерер көшке.
Ата-ананың жолынан кім аттаған,

He десең де көнерсің Хақтық іске.

Апыр-ай, he деген жан жаратылған
Қарағым, жіберейін сізге сәлем,
Тартқан жоқ бұдан бұрын ешбір әлем.
Жан еркем, сипатыңа көзім түсіп,

Көңілім көптен бері болды елең.
Секілді бойың шынар, көзге наркес,
Жазылған ақ қағазға қасың ерен.
Апырым-ай, не деген жан жаратылған,

Емес пе ғайып қайрат таратылған?
Көңілім қапаланған көрген сайын,
Қарасам нәзік белің бұратылған.
Жүрмісің аман-есен перизатым,

Арғыдан келе жатқан құсни затың.
Көрген жан сипатыңа таң қалады,
Бар шығар Гүлбарамдай салтанатың.
Жатсынба біздің сөзді, қалқа бала,

Әр жерге мәлім болған менің атым.
Секілді сенің түсің ғани қаят,
Жігіт бар ойласаңыз біздей зият.
Сізге мен ишаратпен сөз сөйледім,

Тендеспен ойнап-күлсек болмас ұят.
Ауады біздің көңіл сізді көріп,
Барады ықыласыңа көңлім еріп.
Тотының тоқсан екі тарауындай,

Сөйлеймін әрбір түрден сөзді теріп.
Болғанда нәзік белің, зия бойың,
Дұрыс па маған деген ішкі ойың?
Төрт бөліп түн ұйқымды келгенімде,

Болғаны, беу, қарағым, ашсаң қойын.

Ынтызарым
Қарағым, қарақаттай көз жанарым,
Ерігіп жаңа келді сөз жазарым.
Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп,

Бұл күнде тоқталып тұр сол базарым.
Қиынның қия тастай биік шыңнан,
Аяғын енді өзің біл ынтызарым.
Тәуекел саяхаттап салдым кеме,

Дарияның ортасында сен шынарым.
Сұлу қыз шақырғанда байпаңдаған,
Өткір қыз бозбаладан тайсалмаған.
Қарасам тал бойында бір мінің жоқ,

Сарыуыз жұмыртқадай шайқалмаған.
Қалкама күліскенім — сүйіскендей,
Дүниеде күліп-ойнап жүріскендей.
Болғанда тілің майда кәмпит, балдай,

Ішінен ақ құманның су ішкендей.
Әр сөзің сөйлегенде бұлбұл еткен,
Көргенде ақ жүзінді есім кеткен.
Сипатың неше түрлі мадақтасам,

Хор қызы тырнағыңа әрең жеткен.
Әркімдер қызыл түлкі сен деседі,
Мұзбалақ ілуіне тең деседі.
Қызарып қызыл түлкі қырға шықса,

Ақиық қиялай кеп шендеседі.
Жаманнан бойың тартып ерте сақтан.
Қапыда өтпес пышақ қол кеседі.
Қалқатай сұқсыр үйрек сырандағы,

Аспанда мен ақсұңқар қырандағы,

Қиында қия жартас тұрсаңдағы,
Қиғаштап қанатымды бұрамдағы.
Бір басым бір сен үшін шыңға қарсы,
Тәуекел майданында тұрамдағы.

Алдым жар, айналуға, артым тұман,
Жақын тұр бақ пен сордың сыналмағы.
Ата-анаң көздің жасын көрмес пе екен,
Баласын жылы сүйер жыландағы.

Мен десең белді бекем буамдағы,
Атадан қайта жас боп туамдағы.
Қалқатай, бір өзің деп сабыр қылсаң,
Көз жаспен көңіл кірін жуамдағы.

Базар қызға
Ой, қалқа, ғашықтықпен іздеген біз,
Қыздардың қырмызысын ителгі көз.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,

Өзіңнен тілек етем бір ауыз сөз.
Қарағым, жарық туған ажарың-ай,
Қыз тумас орта жүзде Базарымдай.
Сұлу шаш, қиылған қас, ашық мандай,

Тең өскен кең тоғайда балғын талдай.
He керек бұл өмірде тірі жүріп,
Жар етіп Базарымды тартып алмай.

Жанатай қажының қызына
Аққу құстай сымбаты
Айдын көлде қалқыған.
Сайраған бұлбұл секілді

Бақыт іздеп талпынған.
Балдай тәтті сөзіңнен,
Қозғалып жүрек алқынған.
Қадірін біл ағаңның,

Кемімеген нарқынан.
Аңғарарсың ықыласпен,
Сөйлеген сөздің салтынан.
Тісің меруерт, тілің бал,

Иісің жұпар аңқыған.
Он саусағың өнерлі
Жұрттың бәрін таң қылған.
Сөйлесең есімді аласың,

Раушан жүзің балқыған.
Хақ жазбаса шарам жоқ,
Сүйгенім сен зар қылған.

Бибіғайша
Құрметлу хат жазамын асыл затқа,
Сөзімді айтатұғын жаздым хатқа.
Жарқыным, тәкаппарлық жасамаңыз,

Алыңыз бұл сөзімді ілтипатқа.
Бұл сырды сыртқа шашпай өзің ойлап,
Қалдырма құрбыңызды зор ұятқа.
Көрмесем тұра алмаймын жүзіңізді,

Қарақат ішке тартқан көзіңізді.
Төзе алмай ғашықтыққа жаздым мұны,
Орынсыз қалдырмас деп сөзімізді.
Мен сіздің раушан тартқан жүзің көрдім,

Балалық уақытымдай көңіл бердім.
Бір ұшқын көзіңізден бізге түсіп,
Кетірді берекесін ғазиз ердің.
Ерітіп түскен ұшқын ғашықмайын,

Ғашықтық орын алды барған сайын.
Бір шипа жүрегіме бола ма деп,
Қасыңнан алыс кетпей қалғандаймын.
От сөнбес, таусылды ғой сабыр суы,

Жалынды отқа күйдік сабыр туы.
Ішімді шыдамастай қайнатқан сон,
Көнілден кетер емес нәпсі буы.
Ойымнан кетер емес бір сен өзің,

Шыдауға қалмай барад бойда төзім.
Қарағым, айналайын, Бибіғайша,
Ойымнан кетер емес айтқан сөзің.
Көзіме көрінесің хор қызындай,

Раушан жарық қылған жұлдызындай.
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Жүз сомдық базардағы пат құнындай.

Сізді ойлап ұйқы қашты екі көзден,
Түсінер ақылды адам айтқан сөзден.
Сөз мақұрым болад деп ойламаймын,
Жауабын күтіп тұрмын өзіңізден.

Ғашықтық басқа түскен үлкен сауда,
Ұқсайды қаулап жанған қалың қауға.
Сырымды жасырмай-ақ айтқанымда,
Құрбымды мүмкін емес ойламауға.

Жан сәулем, бір өзіңе айтамын наз,
Білмейді сөз қадірін ақылы аз.
Сағынып өткен күзде барғанымда,
Кете алмай сені тастап тұрдым біраз.

Құпия тапсырылсын жазған хатым,
Жіберген сізге арнап аманатым.
Қандай сөз қайтарасыз ерік өзіңде,
Әуелден белгілі ғой арғы затым.

Қарағым, бір жауап жаз бұл қағазға-ай,
Үндемей қалма мақұрым білімі аздай.
Бұл хатым бір дұшпанға кез болар деп,
Тоқтаттым аяғына атым жазбай.

Ей, қалқатай
Нұсқамен өлең жаздым, ей, қалқатай,
Көргенде дидарыңды көңілім жай.
Алмайсың бір сөзімді ілтипатқа,

Қыз жоқ па елде сендей әкесі бай?!
Хат жазып, өлең айтып қылдым айла.
Бірдей ғой екеумізге залал, пайда.
Басында мәңгі-бақи дүние тұрмас,

Көзкөрген апаларың кетті қайда?
Ат жүйрік, көңіл жүйрік деседағы,
Барғанда өкінерсің басқа жайға.
Қыз тумас елде сендей дінге мықты,

Дәмдісі жауабыңның жаңа шықты.
Кісідей өкпелеген мойның бұрмай,
Білдің бе кемшілікдеп ғашықтықты?..
Жүрегім зәру етті-ау шырайыңа,

Барайын ұнатпасаң өз жайыма.
Обалың өкпелесең маған емес,
Жаратқан жақсы қылып Құдайыңа.
Ақмарал мекенің бар биік жерде,

Мен жүрмін қолым жетпей тілдесуге.
Ылайык жанарыңа жарасуға,
Ылдидан аяғымды бастым өрге.

Сұлу қыз
жаңа піскен алмадағы
Сүлу қыз жаңа піскен алмадағы,
Гауһар тас жасырынған бір таудағы.

Қадірін өз басының білген қыздар,
Қарамас көзін салып ханғадағы.
Егерде осындай қыз қолға түссе,
Құшақтап, ал тілінен жалмадағы.

Жастыктың жолын егер ол білмесе,
Қоспаймыз оны қыз деп санғадағы.
Ақылсыз кейбір қыздың белгісі сол,
Сөз айтар кейін тұр деп шалғадағы.

Кейбір қыз ойнай алмай теріс қарар
Байқатпай асыл заттың бар талабы.
Өткен күн, өшкен өмір қайтып келмес,
Ойнап-күл бір жақсыны тандадағы.

ГАУҺАР-ЖАҚұТ
Інжілдің жаспенен жел қалпындасын,
Халықтың ертегілі тарпындасын,
Бұл сөздің уақиғасын адам бімес,

Мағнаң Биданпаның шарқындасын.
Бір жерден сізді қоштап кәләм шықса,
Ғашығың ақ иықтай саңқылдасын.
Шабытын ақсұңқардың сырттан естіп,

Қоңыр қаз айдындағы қаңқылдасын.
Ақ түлкі шыңнан қашқан сен болғанда,
Түскенде ақиықтай аңқылдасын.
Пенде боп қорғалаған күнің қараң,

Зайыр боп қарға, құзғын қарқылдасын.
Қосылса екі асылзат жарасады,
Қосылып гауһар-жақұт жарқылдасын...

Аужар
Бісміллә деп жазылған нұрдан қалам,
Күн дегенде жаралған барша ғалам, жар-жар-ай!
Пайғамбардың сүннеті жиын-тойда, жар-жар-ай,

Тыңдасаңыз айтайын біраз кәләм.
Ғайры нәрсе болмайды жазылғаннан, жар-жар-ай,
Жұда болдың ата-ана қолдарынан, жар-жар-ай.
Жарылқасын бір Құдай жолдарыңнан, жар-жар,

Көп жамағат жиылған тындашы деп, жар-жар.
Қарындасым сөйлейін мұңдарынан, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған атасынан, жар-жар,
Шашыраған теректің бұтасынан.

Көшпелі алтын секілді гауһар мойын, жар-жар,
Еске дұға алғайсың батасынан, жар-жар.
Қыздар мұңдық айырылған әкесінен, жар-жар,
Суда ғарық болғандай кемесінен, жар-жар.

Балапанын қорғаған қудай болып, жар-жар,
Оқ тигендей зарланар денесіне, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған ағасынан, жар-жар,
Киілетін сықылды жағасынан, жар-жар.

Ұзатарда жылайды қыздар байғұс, жар-жар,
Туған айдай кемиді бағасынан, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған інісінен, жар-жар,
Қанат-құйрық бауырлас тынысынан, жар-жар.

Бауырластың жолдары қиынырақ, жар-жар,
Бал-шекердей құйылған шынысынан, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған сіңлісінен, жар-жар,
Одан бұрын кететін мұңдасынан, жар-жар.

Тәуір болып жөнелсе алдыңғы апасы, жар-жар,
О да ғибрат алмай ма үлгісінен, жар-жар.

Тоты құстай сыланған қарындасым, жар-жар,
Тақия, кәмшат қалады белгісінен, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған жеңгесінен, жар-жар,
Жақынырақсыр айтқан өңгесінен, жар-жар.

Ақтұйғын ұшар биік ұясынан, жар-жар,
Шыбын жаны шыққандай кеудесінен, жар-жар.
Қыздар мұңдық айрылған құрбысынан, жар-жар,
Әзіл айтып тең өскен құрдасынан, жар-жар.

Босанғанға ұқсайды жібек тізгін, жар-жар,
Күміс құйрық, қаракөк жорғасынан, жар-жар.
Көңілің қапа болады бір сағатта, жар-жар,
Көкала үйрек жүзгендей көз жасыңнан, жар-жар.

Дауысыңа сыңсыған жүрегіміз, жар-жар,
Кем болмайды балқыған қорғасыннан, жар-жар.
Қыздар мұңдық жұртынан айрылғанда, жар-жар,
Бала құстай қанаты қайрылғанда, жар-жар.

Әйел болып туды деп ғазиз басым, жар-жар,
Оттай қайнар жүрегің қайғырғанда, жар-жар.
Мына дәурен басыңнан кетті көшіп, жар-жар,
Кемеліңе түрленіп жеттің өсіп, жар-жар.

Қимасаң да кешесің қарындасым, жар-жар,
Туған жерің өсірді алтын бесік, жар-жар.
Қимасаң да амал жоқ өз жұртыңды, жар-жар,
Қайран жұрт деп кетерсің есендесіп, жар-жар-ай.

Ұл боп тусаң бұл күнде жүрмес пе едің, жар-жар,
Құдіреттің ісі еді, амал нешік, жар-жар-ай.

Аужар-ай
Мен сері домбырамды қолға алайын,
Тап басып қырғауылдай жорғалайын, жар-жар-ай.
Тойыңа бұлбұлдайын кез келген соң,

Азырақ ағызайын тілдің майын...
Жылтырап екі көзің шоқгай болып,
Жылағаның батып тұр оттай болып.
Елің үшін еңіреген қарындасым,

Сан тобынан айырылған лақтай болып.
Құс ұшады өзінің ұясынан,
Жартастың жарып салған қиясынан, жар-жар-ай.
Аққудың көгілдері секілденіп,

Қайтқан қаздай боздайсың ұясынан.
Қыздар мұңлық айрылған құрдасынан,
Әзіл айтып, тең өскен құрбысынан.
Бос қалғанға ұқсайды алтын белгі

Күміс құйрық, қара көз жорғасынан.
Кім көтерер назыңды баяғыдай,
Қор боларсың көңілің соған тынбай.
Құлын-тайдай еркелеп жүрген басың,

Іздесең де дәурен жоқ бұрынғыдай.
Тізген меруерт секілді отыз тісің,
Оңға бассын, шырағым, әрбір ісің, жар-жар-ай.
Күзгі күнгі аққудай қанат қомдап,

Мекеніңе ұшуға отырмысың?
Жарасар келбетіңе сүмбіл шашың,
Қиылған сымдай болып екі қасың.
Сарының малы түгіл басы жетпес,

Сексен қол, қырық кәнизак сенің бәсің, жар-жар-ай!

Уһ дегенде бойымды дуалады,
Бұхарды — су, Хиуаны — құм алады.
Құры кетіп, Қоскөлдің қазы қалды,
Қысы кетіп мешіннің жазы қалды,

Көбі кетіп дәуреннің азы қалды.
Біраз назым қалқаға айтпай болмас,
Айтатұғын асылдың назы қалды.
Аулыңа сен кеткен соң кім барады,

Ертай мен Ысмағұлдай тазы қалды, жар-жар-ай.

Шырмауық
Шырмауық шығарында бас тартады,
Біздің ел ерте жайлап кеш қайтады.
Ел қайтқан жайлауынан құла дүздей,

Көңлімді ұкпай қойды қалқамдағы.
Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,

Шырмап алған.
Үйректің атқызбайды қасқалдағы,
Шебердің былқылдайды бас бармағы.
Бұл күнде ағаң болдым төр алдында,

Бір кезде Ақан едім аспандағы.
Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,

Шырмап алған.
Дүние, қызыл-жасыл кімді алдадың,
Сен берген ризықтан құр қалмадым.
Дәуренді мендей сүрген кім бар екен,

Сонда да қызығыңа бір қанбадым.
Ахау, дүние жалған,
Өтті-ау арман.
Сұм тағдыр шырмауықтай,

Шырмап алған.

Әудем жер
Әудем жер жүре алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім,

Кәрілік келіп қалды қай жағымнан?..
Қайырмасы:
Сәулем-а-а-ай, уаһ-а-һау,
Қай жағымнан,

Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қал-ла-ли-ла-ау,
Қалала, лалалу-ей, еһейә ей-ей-ау.
Әудем жер жүре алмаймын белім ұйып.

Кім тілер кәрілікті жанын қиып?
Тиынды біреу берген олжа көріп,
Жүремін жас кісідей дүние жиып.
Қайырмасы:

Сәулем-а-а-ай, уаһ-а-һау,
Қай жағымнан,
Шіркін-ау, қай жағымнан.
Қал-ла-ли-ла-ау,

Қалала, лалалу-ей, еһейә ей-ей-ау.

Біржан салға
Бұл өлеңді С.Сейфуллин өзі құрастырған жинақта
«Біржан мен Ақан сері туралы табылған бір өлең»
деген тақырыппен берген

Қазақта даңқы шыққан Біржан ақын,
Келтірген сұлу өлең сөздің нарқын.
Сан топта, сан жүйрікпен жарысқанда,
Келмеген қапталына ешкім жақын.

Өлеңмен ән шырқаса дерсің бұлбұл,
Жандыға шалдырмаған бейне дүлдүл.
Жарыста ұлы дүбір мүдірмеген,
Құлашын үдей сілтеп жайнап гүл-гүл.

Ән салса арыстандай ақыратын,
Ауаны қалтыратып жапыратын.
Саңқылдап даусы жетіп алты белге,
Көркем ән маңайда елді шақыратын.

Көтеріп көкіректі ырғағанда,
Дауысын шарықтатып шырқағанда.
Асқақ ән алты белден естілетін,
Құлаштап домбыраны бүлғағанда.

Жарыста наркескенмен жауды ұрғандай,
Отты тіл жас жапырақ, қауды ұрғандай.
Қақтаған нәзік күміс дағараға,
Аспаннан гауһар бұршақ жаудырғандай.

Қазақта кім білмейді Біржан салды,
Ағызған қызыл тілден шекер-балды.
Сан ақын жарысканда талай топта,
Үздік боп бәйгені ақын Біржан алды.

Қазаққа даңқы шыққан ақын Сара,
Бәйгеден келген талай жеке дара.
Біржан мен шаршы топта айтысқанда,
Ол дағы қыла алмаған ешбір шара.

Біржандай болмады ақын тау ұлында,
Сол кезде еш қазақтың ауылында.
Ақынның моласы тас жол аузында,
Тауының туып өскен бауырында.

Ақанның Ұмсынай деген қызға жазған хаты:
Хат жаздым, қағаз алып қалам, сия,
Көптен-көп сәлем айтам гүл-нәзия.
Тагрибын тәмәм етіп танытқандай,

Діл бардан ділмар керек тіл – Уәзия.
Арнаған мадағымды нұр түсіндей,
Садақтың шәшыраған гәуһарындай,
Алабұртқан жүрегіңе салдым ұя.

Есіміңді біреуден естіп едім
Басы «жем», ортасы «мем», аяғы «ия».
Қараөткелде Ғазез ақынның Құлагерге шығарған өле­
ңіне разы болып айтқан өлеңі:

Айтасың еске алып Құлагерді,
Ашасың айтқан сайын ішкі шерді,
Атақты Қарауылдың өнерпазы,
Разымын көргеніме Ғазез ерді.

Жігіттің нағыз гауһар түрі екенсің,
Дүние жаннатының гүлі екенсің,

Бұл елде өнерпазы екеу болса,
Дәл соның қатардағы бірі екенсің.
Қайтейін Құлагерім қолдан кетті,
Дұшпанның қастығымен ажал жетті,

Асына Сағынайдың барғанымда,
Жұсыбы Батыраштың қағып кетті.
Ғазез ақын Ақанға, Құлагердей ат тапсам аласыз ба
дейді, сондағы Ақанның жауабы.

Биеден Құлагердей тумас құлын,
Табылмас жинасаң да дүние бұлын.
Шерімді іште жатқан қозғаған соң,
Әншейін айтқаным ғой көңіл мұңын.

ЕКІНШІ арна
Заманға қарап айтқан сөз
Адамның біліміне ақыл серік
Адамның біліміне ақыл серік,

Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Денеге аяқ басшы, ой жетекші,

Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп?
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң,

Бәрідағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,

Қотыр бұзау секілді қалдың өліп.
Тұрмысқа тірі күнде бол себепкер,
Отырма күр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,

Әр істің ақырын ойла көңіл бөліп.

Айтамын замандасқа біраз кеңес
Айтайын замандасқа біраз кеңес,
Жігіттік талап еткен жаман да емес.
Өнермен талпынам деп орға түссе,

Өкініп өз ісіне қайғы жемес.
Атағы артта қалған кей сабаздын,
Өлсе де, оның сөзі өлмек емес.
Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып,

Бақ қонса ғажап емес ертелі-кеш.
Келгенде оралыңа ойнақтап қал,
Келмейді қайта айналып бұл жиырма бес.
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң,
Еңбегің еңбектеген кетпес зая,
Міндетке бір жетерсің ойыңа алсаң.
Жігіт бар он үш түрлі біз білетін,

Соларды баяндайын кұлақ салсаң.
Бірінші жігіт
Әуелі абзалында жігіт басы,
Биік боп тұрар оның даражесы.

Бәйгеден күнде келген ол бір саңлақ,
Жабының тең келмейді жүз бағасы.
Ілмейтін көлден таңдап қудан басқа
Алынған ақ тұйғынның томағасы.

Бір мінез, әрі дана, дарқан лебіз,
Айнымас темір қазық уәдесі.
Қолға алса күллі жанды раушан еткен,
Дүниенің мысалы абзал гауһар тасы.

Екінші жігіт
Екінші бір жігіт бар баулы құстай,
Бауынан босанбайды жазы, қыстай.
Ерігіп құсқа салса ілмей түспес,

Босатар тегеуріні мықтап қыспай.

Зауыттан жаңа шыққан екі жүзді
Алмастай, майысатын емес мыстай.
О дағы қаз ілгендей бір қаршыға,
Жіберсе бабын тауып көлге нұсқай.

Үшінші жігіт
Үшінші бір жігіт бар толық торы,
Ойлайды кез келмес деп дұшпан оры.
Ауызбен «нағыз асыл жігітпін» деп,

Кеудесін көтеретін таудай зоры.
Құлашын жас кезінде сермей алмас,
Жетсе де неше апатқа созған қолы.
Аударып бірін-бірі әкете алмас,

Тең тұрар таразыда оң мен солы.
Қырандай бау аспаған көлбелеңдеп,
Көмескі із түспеген жүрген жолы.
Білімін бір жігіттің білседағы,

He керек зая кеткен білген молы.
Төртінші жігіт
Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр,
Асыл зат ажар берген өңі тәуір.

Жетсе де неше атырапқа атақ-даңкы,
Қажымас қара етті аттай берік сауыр.
Алмай ма аманатын қолын созса,
Желдетіп соқсадағы үлкен дауыл,

Toп көрсе бәйге атындай шабатұғын,
Тұрады жалы барға өкпе-бауыр.
Бесінші жігіт
Бесінші бір жігіт бар терең ойлы,

Сыр айтып еш адамға бермес бойды.
Өнерін жақсы-жаман іште сақтап,
Шығарып майда тілмен паруат1 қойды.
Адамға жүйрік ақыл бере тастап,

1 Паруат — шығарып салды деген мағынада.

Талайдың қабыл-ғапыл сырын жойды.
Түсіріп ақ көңілді кайласына,
Ішінен білдірместен бітеу сойды.
Ол жігіт түлкіге ұқсас айлакер-ді,

Із тастап бірдей жортты қыр мен ойды.
Алтыншы жігіт
Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған,
Арсызды ілтифат қып алқымдаған.

Ақ жарқын, ашық ықылас ол бір шахуаз,
Ақ көңіл, ашық мінез аңкылдаған.
Ажалсыз маған тағдыр келмейді деп,
Қарысып дұшпанынан тартынбаған.

Жетінші жігіт
Жетінші бір жігіт бар желдей есер,
Байлаусыз әр сөзінің артын кесер.
Бір көрген жат адамға сыр алдырып,

Сырының іштен жанған бәрін шешер.
Баянсыз ұшпа бұлт секілденіп,
Дүниеден бейопасыз күні кешер.
Сегізінші жігіт

Сегізінші бір жігіт сегіз қырлы,
Нык сөзді, раушан көңіл, жалғыз сырлы.
Сөзінен тартқан сымдай теріс шықпай,
Сау басын шатыстырмас іске кірлі.

Құйқылжып ақ бүркіттей төңкеріліп,
Сөйлейді әр мәжіліске әрбір түрлі.
Жігіттің оңды-солды құлқын танып,
Әркімнің өзіне сай табар тілді.

Тоғызыншы жігіт
Тоғызыншы бір жігіт бар қоңыр бөрік,
Жел шықпай қозғалмайды белгі беріп.
Тасандап шана тартқан өгіздей боп,

Шығармас сырын сыртқа сондай берік.
Кісіден алса алып, өзі бермей,
Қайла мен ақылына болған серік.
Қызбайтын топты көрсе қалың тері,

Базарда бағасы бар қырық теңгелік.
Оныншы жігіт
Оныншы бір жігіт бар қатынжанды,
Киеді қатынынан артылғанды.

Аяғын қия жерге бір баспайды,
Алдынан құрулы арқан тартылған-ды.
Біріне бірі сондай машықтасып,
Қызықпен таңды сондай атырған-ды.

Бұл жігіт әйелменен бірге қисап,
Әйелге жақын келіп ғапылданды.
Әйелдің қолтығына кіріп алып,
He айтса бәрін соның мақұлдады.

Он бірінші жігіт
Бір жігіт он бірінші өсек айтар,
Ауызбен көп адамды ол байытар.
Кішкене торсығына сөз құйып ап,

Апарып әр ауылға барып шайқар.
Жамандап бірді бірге құйылыстырып,
Қуанып ат алғандай үйге қайтар.
Дұрыс сөз ақылынан шықпаса да,

Қынадан жаман сөздің түбін байқар.
Он екінші жігіт
Бір жігіт он екінші кербез сал-ды,
Бойына адамдықты жиып алды.

Өзіне өз жұмысы мақұл болып,
Көзіне кеңес айтар ілмес жанды.
Кісіге бойын беріп жақын келмес,
Семірген мәстек аттай майлы жалды,

Сіресіп сықырлаған тәкаппар боп,
Ойланып өзгелерден білмес халды.
Майданда кейбір жігіт жалғыз тұрар,
Ойға алмай санамастан дүние-малды.

Он үшінші жігіт
Жігіттің тағы бірі түссін еске,
Семірген ол бір сабаз қара күшке.
Базары жігіттіктің ойында жоқ,

Ойланып білмек түгіл, кірмес түске.

Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шыксаң бірге,
Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде.
Үш жаста талпындыңыз үй ішінде,

Төрт жаста кадам басып жүрдің жерде.
Бес өтіп, сонда шықтың алты жасқа,
Лайық баққа біткен қиғаш қасқа.
Жетіде талпындыңыз жүйрік аттай,

Сегізде үкілі шоқты тақтың басқа.
Тоғызда толықсыдың туған айдай,
Ләззатты сөзің тәтті шекер, балдай.
Онында сан құрбыңнан озып шығып,

Он бірде жайтаңдайсың тұрымтайдай.
Он екіде екпіндедің жүйрік аттай,
Он үште ешнәрсеге жүрдің батпай.
Он төртте алтын тудай айқындалып,

Әлемге мәшһүр болдың жазған хаттай.
Он бес пен он алтыға бастын аяқ,
Он жеті о да тұр ғой жақын таяп.
Уа, шіркін, қыздың күні он сегіз ғой,

Жанымды қияр едім аямай-ак.
Он тоғыз, жиырмаға бастың қадам,
Күн шалар көкорай басын күзге таман.
Жиырма бір-жиырма екі қалса кейін,

Ілгері сол жасыңнан ұшпас бағаң.
Келетін мұнан сонғы жиырма үш,
Жиырма төрт қалса кейін ол бір тыныс.
Немене айтып-айтпай пәни жалған,

Артыңда кала берсе жиырма бес.
Күтқармай жиырма алты о да келер,
Кемуге күн-күн сайын пенде күтер.
Құрысын жиырма жеті, жиырма сегіз,

Жүйрік ат одан асса табады өнер.
Жиырма тоғыз, отыз о да жаман,
Келмейді кайта айналып өткен заман.
Қызықты жас күндерді айтып өттім,

Аяғы осыменен болсын тәмам.

Жігіт сипаты
Жігіт боп гауһар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса.
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,

He пайда шүберектей жасыл болса.
Көзі де, көңлі де соқыр қараңғының,
Несі адам түк білмейтін масыл болса.
Наркескен кайрылмайтын қылыш болса,

Мінезі, ақыл, өнері дұрыс болса.
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт,
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз,

Еткені берекелі жұмыс болса.
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып бұрыс болса.
Бозбала шамшырактай фанар болса,

Ішінде қалың топтың жанар болса.
Ақиқат адамдықтың белгісі сол,
Су берсең, балдай көріп қанар болса.
Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол,

Бір сөзді екі қылып жамар болса,
Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,
Жүре бер тыңдамай-ақ залал болса.

Қыз сипаты
Бірінші бір қыз келер ақша маңдай
Жамағат — үлкен-кіші мақтағандай.
Анадан туғаннан-ақ болып дана,

Әлінше жақсыларды жақтағандай.
Құрбысын жауға бермес ол шахбаз,
Жолдасын сары алтындай сақтағандай.
Жүреді теңін тауып ойнап-күліп,

Сыны жоқ жұмысынын ақсағандай.
Екінші бір қыз келер тілі жорға,
Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.
Ажары, ақша беті сағымданып,

Жарасар құлағына алтын сырға.
Үшінші бір қыз келер қара шашты,
Күлім көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты.
Шомылған айдын көлдің аққуындай,

Отырар ағажан деп кәрі-жасты.
Төртінші бір қыз келер қара торы,
Бұлғақтар шекесіне такқан шоғы.
Өз ісін өзі білмей жұртқа күлер,

Білініп жүрседағы нәзік жолы.
Бесінші бір қыз келер сұрша жайдақ,
Отырар тәуекелге белін байлап.
Көңілі жас-кәріні бірдей көріп,

Нәпсіні семіртеді майдай шайнап.
Алтыншы бір қыз келер толық сары,
Бойына тең келмейді жанның бәрі.
Лайықты өзіне тең таппаған соң,

Кетпейді көкіректен қайғы-зары.
Жетінші бір қыз келер алым-салым,
Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.
Әрқашан осындайға кез келеді,

Қашаннан арылмаған соры қалың.

Әйелдер сипаты
Ақыл – шам, керек оған май мен білте,
Сасарсың кеш боп қалса егер ерте.
Кеш болмай, күн бұрыннан жабдық сайлап.

Қолыңа түсіре бер бірте-бірте.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын әйел затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен

Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.
Белгілі ұрғашының бізге жайы,
Бұл күнде мал боп тұр ғой қыздың байы.
Әйелдің ақылдысы қолға түссе,

Адамның барып тұрған ақ маңдайы.
Бұлттан шыққан күндей көрсең жүзін,
Сөйлесер әрбір түрлі күймен сөзін.
Толғанып оқ жыландай толықсыса,

Ешкімге білдірмейді басқан ізін.
Ал сонда түгел болар ажар, көрік,
Мінезі ажарына болар серік.
Алыстан мекеніне лебі тартып,

Боп кетер қызыкқандар оған жерік.
Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз.
Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,

Алып кете жаздайды қиғаштап көз.
Ішпей, жемей тойғызып түріменен,
Көрінгенді бәстес кып өзіменен,
Шығып кете жаздайды денеңнен жан,

Көзінің қойса қарап қырыменен.
Танимыз осылайша әйел жүзін,
Мінезін, ақыл, көрік, бал мінезін.
Айтуға үшіншіні жаңа келдік,

Ақ мамық үлпілдеген бота көзім.
Іс болар басқа түскен бұл бір сарсаң,
Жаманнан құтылмассың қайда барсан,
Төртінші бір әйел бар көңіл ашар,

Ал қызыл, ақ сұлудан келін алсаң.
Қол жетпес сермегенмен көктегі айға,
Дерт екен бірдей келген жарлы, байға.
Жолама шамаң келсе бесіншіге,

Жай-жайма – жайма төсек жер алмай ма?
Сияды қанша болса жіп ұршыққа,
Ілінсең шыға алмассың бір қырсыққа.
Одан да артын біліп ойланыңыз,

Сары әйел сыртылдаған ол пысық па?
Шошытар иманыңды кейбір жауыз,
Дәні жоқ, бәрі қайтып болар қауыз.
Дұшпаның, досың түгіл, кез келсе де,

Қабатын ит секілді қырсық ауыз.
Тай ойнап, тақыр жерге жылқы жусар,
He жесе ит баласы соны құсар.
Өлікті бір аманат сақтағандай,

Тұнжырға, тұйықтыққа болма душар.
Үй ішін жаман әйел тұмандатар,
Домалап әрбір жерде құман жатар.
Тазалық бұл әйелде болмаған сон,

Күнаға жігіт адам содан батар.
Көйлегі кір болады май-май ғана,
Ұрысар байыменен таймай ғана.
Сыртына шөмішінің балшық жағып,

Салады қазанына шаймай ғана.
Ойламай ол байының ата-тегін,
Сонымен қатын алар ерден кегін.
Үстіңе киім кисең, жыртасың деп,

Бермейді тағы жамап етек-жеңің.

Достарыма
Жиырма бестен артық жас бар ма?
Ұйқыдан жаман қас бар ма?
Еріншектен жаман нас бар ма?

Ойлаңдаршы, ағалар,
Шын жарыңнан артық дос бар ма?
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені тастар ма?

Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға.

Кәрілік
Дүниенің мысалы,
Бұтаққа қонған сауысқан.
Ұшып жүріп шықылықтап,

Өлексе жеп тауысқан.
Келеріңде сұлусың,
Ғашықтай боп қосылған.
Кетеріңде қызыл түлкісің

Шошыған қатты дауыстан.
Бір қалыпта тұрсаң не етеді?
Кетесің шығып уыстан.
Ақырында кісіні

Шал етесің құрысқан.

ЗАМАНҒА ҚАРАП АЙТҚАН СӨЗ

Болғанда мұндай күйде заманамыз,
Жәй жатып сақарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз?

Үйренген халықпыз ғой шегіншекке,
Кәсіпсіз сақарада еріншекке.
Байлар жүр малша күйсеп, малын айдап,
Ұйқымен өмір өтіп тектен-текке.

Жай жату тек бүгінгі жанның қамы,
Қаперсіз шөп жейтұғын малдың қамы,
Өзді-өзін талап жеген әлі жетсе,
Хайуан сахарада аңның қамы.

Жігіттер өнер үйрен заманыңда,
Денсаулық, әлің келген аманыңда.
Жайылып сақарада жатамыз деп,
Мінеки қалдық дұшпан табанында.

Түлкі де паналайды терең сайды,
Білесіз бар мақсұт деп ет пен шайды.
«Сақтансаң сақтаймын» деп айтқан тәңір,
Аңдыған қасқыр қойды аямайды.

АСЫЛ МЕН ЖАСЫҚ

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,
Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Алтынды орағанмен жез болмайды,
Жібекті жуғанменен бөз болмайды.
Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай
Жаманның көкейінде көз болмайды.

Шірімес алтын жерде жатқанменен,
Оқ өтпес ажалсызға атқанменен,
Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес,
Тас жібімес дарияға батқанменен.

Ит қызыл болғанменен түлкі болмас,
Ойнақтап сиыр үркіп жылқы болмас,
Ел көркі дәулет екен әзелден-ақ,
Дәулетсіз ел болса да көркі болмас.

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,
Жаманға бітсе дәулет әуейленер,
Басына ер жігіттің бір іс түссе,
Арасы қас пен достың абайланар.

Жігіттің көз тоқтаттық қандайына?
Шешеннің тәңір берген таңдайына.
Батырдың қайрат берген жүрегіне,
Балдының ырыс берген маңдайына.

Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,
Тексізден текті тумас мақтаса да.
Баласы ителгінің қу ілмейді,
Алтыннан тұғыр қылып сақтаса да.

Жабыға тоқым салма жалы бар деп,
Жаманға басыңды име малы бар деп,

Жануар деп сыйпайды әрбір малды,
Шошқаны кім сыйпайды жануар деп.
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас,
Мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас,

Кей жаман бітті ғой деп әкім болад,
Халық та сол жаманға іңкәр болмас.
Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас,
Өнерді бойға біткен іркіп болмас.

Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,
Сұңқылдап күшіген қүс бүркіт болмас.
Су шықпас қазғанменен тау басынан,
Қазақтың дау кетпейді сау басынан.

Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,
Ер жігіт жаңылады тәубасынан.
Жалпаңдап ақыл сорма қатыныңнан,
Мұқарсың жақсы болсаң жақыныңнан,

Жігітке о да болса сын емес пе,
Шықпаса қатын айтқан ақылыңнан.

Дүние жеткізбейді
Дүние жеткізбейді ойласаң да,
Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.
Ақ қаудың түбі шірік, ас болмайды,

Көктемде дәмін алып шайнасаң да.
Баласы құладынның қу ілмейді,
Алтыннан тұғыр қылып байласаң да.
Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Жүрмейді шошқа жөнге айдасаң да.
Шын тұлпар дүбір шықса шыдамайды,
Тас қылып төрт аяғын байласаң да.
Жатпайды болат пышақ қап түбінде

Өтпейді жасық темір қайрасаң да!..

ДҮНИЕ

Дүние адастырар қуғаннан соң,
Шырмайды қол, аяғың буғаннан соң,
Дүние аз күншілік пәни жалған,
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды.

ЖАМАН ЖАҚСЫ БОЛМАЙДЫ

Би болмас белін жуан бұғанменен,
Тазармас заты жаман жуғанменен.
Әртүрлі әр адамның сыпаты бар,
Бір ата, бір анадан туғанменен.

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАН

Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды,
Шөл құмайт көк шалғынды саз болмайды.
Сасықтың пиғалы ылас – қараңғылық,
Тұрса да шілде туып, жаз болмайды.

Жиылып қарға-құзғын шулағанмен,
Артылып қалыбынан мәз болмайды.
Жамандар жайда жәрдем бермек түгіл,
Тар жерде басын бақса аз болмайды.

Ит үрер жақсыға да, жаманға да,
Сары алтын жамандаумен жез болмайды.
Бұйығып, дүзге шықса бұққан «ерлер»,
Еліріп от басында ез болмайды.

Әркімнің өзіне лайық қалыбы бар,
Пасықтан ыластық мінез тез қалмайды.
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жамннан үлгі аларлық сөз қалмайды...

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде,
Ел жаңылып етегін басқан жерде,
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Қақшиып қалады екен аспан-жер де.

Тар жерде қолдың ұшын бергенді айтшы,
Екінің бірі мырза тасқан жерде.
Жамандар көре алмаған қылады өсек,
Ылайық заманында асқан ерге.

Шапса да қанша жүйрік, бедеу озар,
Болмайды кім үмітті қосқан жерде.
Билер көп тор алдында тысырайған,
Жол табар көсем қайда қосқан жерде?

Дәулетің барда досың толып жатыр,
Тауық көп тары, бидай шашқан жерде.
Басыңа қиын-қыстау іс түскенін
Білерсің досың қалмай қашқан жерде.

Жігітті шешенсіген дауда сына,
Мақтаған қыран құсты ауда сына.
Қарын тоқта әркім-ақ үйде батыр,
Жігітті батырсынған жауда сына.

Білінер жер жақсысы қыс келгенде,
Көрінер көлдің көркі құс келгенде.
Кімнің алыс, жақыны сонда ашылар,
Басыңа қиын-қыстау іс келгенде.

ЖІГІТТЕРГЕ

Бір дауа бір тарқасын дәрмен дертім,
Қалдырдым жігіттерге сөздің артын.
Жақсыға жасын сынап кәміл айтып,
Байлайық тиянаққа істің шартын.

Бұларға үлгі берген өзі сауап,
Қымбаттың арзанменен білер нарқын.
Көлденең көмейіме сөзім тоқтап,
Басылған талай жаннан біздің қарқын.

Осындай сөз айтты деп біреуге айтып,
Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.
Берерге ғылым жазып адам керек,
Біреу мыс, біреу қола, біреу алтын.

Сонымен салмақтаған ер табылса,
Айтылмай неге қалсын менің атым.
Дана, надан мағанасы екі түрлі,
Сарғайып сана, жүрек болар салқын.

Оқушым айтушыдан болсын зият
Ақыл, ғылым, пиғылдың білсін парқын.
Астан жілік тістесін, тойдан ілік,
Шарапатты жақсымен жүрсең жақын,

Сырлы сөзбен үлгілі жауап айтпай,
Надандар қай сезіммен болар ақын?
Мағанасы жолдастықтың қиын жатыр,
Ойласаң әуел бұрын құрбы хақын.

Шын жолдасын сыпайы сырттан мақтар,
Әуелі шын сырласың ішін ақтар.
Көзің жоқта сыртыңнан көмек болып,
Біреуге жамандауға ұят сақтар.

Оқуға жеһат қылған жігіттерге
Азғантай мен жазайын ақыл дәптер.
Ұмытар жақсылығын ерден көрген,
Әрқашан жаман жолдас бастан аттар.

Қам меғыр шапағат кімде болса,

Әуелі өзін біліп бойын шақтар.
Құл болмас, құны кетпес кішіліктен,
Білімді терең ойлап сөзін саптар.
Ал енді қандай жанда тиянақ бар?

Ойласаң, білген адам соны жақтар.
Бір дұшпан көре алмаған жамандаса,
Жете алса жақсы жолдас сөзін ақтар.
Сыр шашпас жақсы жолдас таза жүріп,

Қайғыға ортақ болар мойнын бұрып,
Тастамас жау қолына қысылғанда
Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп.
Жекеге басын сақтап, өзін жақтап,

Ер шерік айтқан сөзден кетпес іріп.
Шырқырап шыбын жанын бірге салар,
Мойныңа бір дұшпаннан түссе құрық.
Айнымай, кетпес толқып, жаннан қорқып,

Бәйгіге басын тігіп қалар тұрып.
Құзырға қырық кісінің бірі жарар,
Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып.
Адамға мал мен мансап жолдас емес,

Байлықпен шайқап төгіп, ішсең үріп.
Қазына басқан байлық арылғанда,
Алғандай қолдың кірін сумен жуып.
Бір жылпос майдалықпен жағынам деп,

Қызметін бір ниетпен алар жойып.
Жамандық жақсылыққа бірдей болып,
Жолдасың іші-тыстан болсын жуық.
Шын жүрек, таза тілек табылмайды.

Болмасын сырты күлкі, іші қулық.
Бұл заманның тамыры құдандасы,
Әуелі арбасумен ойлар сұмдық.
Құданың бұйырмаған нәрсесіне

Кіріптар боп жүреді адам мұңдық.
Болмайтын өзі жалтақ, сөзі өсек.
Дос қайда айрылмастай тап он жылдық!

Өзіне келер пайда болса, оны алып,
Тозбақ үшін жаралдық дүние тұлдық.
Аңқайтып міз бақпайтын жерде қалар,
Жамбастың шұқырындай жаңғыз бұлдық.

Нәпсіге адам бенде жүрер күйіп,
Кетеді кесепеті дінге тиіп.
Тапырақтап өзіңді өзің қор қыласың.
Сайтаннан ту көтердің әскер жиып.

Ой ғазазіл нышаны ойлағанға,
Мағанасы күпірліктің көктен биік.
Шүкір пікір кесірлік жаман емес,
Майдалықтан жақсылық болар қиық.

Бірінен соң бірі ретімен құрыған соң,
Ақыл, жүрек тазарар ойы сыйып.
Көңіл баспақ көп ойлап көз жеткізіп,
Тоқтау, сабыр ылайық нәпсі тыйып.

Адам нәпсі шағуатқа ие болса,
Өзін өзі қалыпқа қайта құйып.
Баспасаң аса берер көңіл көрлік,
Бенде тияр сабырмен батыр туып,

Аузын байлап баспаса ер болмайды,
Ендігінің батыры жолы сұйық.
Кісі өлтірген батырлық, ұрлық, қулық,
Кітапта мұның бәрін дейді буық.

Шын хақиқат шариғат дәлеліне,
Әуелі нәпсі тыйған ерлік түзік.
Ішкен, киген, дүниеге мастық қылған,
Нәпсінің дариясына кеттік жүзіп.

Біреуден бақыт, кісілік асырам деп,
Бой созып, сайтан құсап тұрмыз қызып.

ЖАМАН ҚАТЫН

Болмайды сұлу қулықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп салған жерден кекесін деп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.

Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Еріне былшылдайды елді шағып.
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап сылбыр қағып.

Аулақта жайғастырып айтсаңдағы,
Құлағынан кетеді судай ағып.
Ұрысуға болдырмайды үш күн салса,
Сөйлесе ілестірмес сәумең қағып.

Кісіге күле сөйлеп келмес жанап,
Былшылдар ел көзіне байын қамап.
Таусылды күні-түні ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.

Көжені көп ішеді оңашалап,
Құрда боп үсті-басы сары алалап.
Ерінен сөйлегенде қалыспайды,
Сүйреңдеп алды-артынан жанасалап.

Біреумен құрып отыр қатын кеңес,
Сөздерін алмашалап салып егес.
Әу демес шақырғанда, қайда десең,
Өзіңмен сөз сөйлейді болып теңдес.

Құман жатыр күл болып домаланып,
Шақ етер «қайда?» десең айқай салып.
Құйғаны ақшыл шама құманына,
Шаймен дәрет аласың тазаланып.

Сыпырмас үйдің ішін киіз қағып,
Ешуақыт шаруа қылмас отын жағып,
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадыр, баға қалар нағып.

Кетеді таң атқан соң өсек қуып,
Көрмеген тазалықты бұрын туып.

Тыстан келсек от сөнген, үй қараңғы,
Кетеді көргеннен соң ішің суып.
Күлде жатқан қақпышты жеңмен сүртіп,
Тозаңдай тазалыққа келмес жуық.

Үй іші, шаруамен жұмысы жоқ,
Именбес ері ұрысса биттей бұғып.
Жаулығы желкесіне кетер қашып,
Еріне қарсы сөйлер көңлін басып.

Шығарып барлық шашын қоя беріп.
Тұзы жоқ көжесінің төгіп-шашып.
Орамал жерде жатыр, кірі – батпан,
Салдырлап аяқ-табақ қирап жатқан.

Сүтінен шелектегі ит жаласа,
Кет деп еш айтпайды құдай атқан.
Бұл сөзім бәрі өсиет құлақ салса,
Отырар үй жанына түзге барса.

Бүркенбес, белін шешпес еш уақытта,
Бұл мінезін, болмас жаман, есіне алса.
Отырар екі етегін жерге жайып,
Кетеді тізелері адырайып.

Бүркенген иығында еш нәрсе жоқ,
Өзіне бұл мінезі болмайды айып.

ЖАҚСЫ ҚАТЫН

Ақ жүзді қатын алсаң бойы сұңғақ,
Қасыңа шақырғанда келсе зырлап,
Дауысы әу дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.

Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді,
Мінезі майға еріткен қорғасындай,
Келсең де ертелі-кеш бір мінезді,

Жүзінің ақ аралас қызыл бетті,
Жаман сөз сөйлемейді адал жұпты.
Болғанда тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.

Кетеді түзге барса қырдан асып,
Қосылған ғашық жарын көңлі тасып,
Жақсы сөз, жаман сөзді бірдей біліп,
Ерінің сөйлемейді көңлін басып.

Аяғын табағымен қойған жуып,
Сүйреңдеп сөз сөйлемес өсек қуып.
Бір сөзді екі сөз ғып еш айтпайды,
Көбейсін ұрыс-жанжал қайдан туып?

Болмайды киімінде еш уақыт кір,
Құманда дәрет суы жып-жылы тұр.
Сақтанып өсек сөзден бойын бағып,
Сүйреңдеп абысынға айтпайды сыр.

Кісі жоқ онан бұрын ерте тұрған,
Бүркеніп, оң қолына алар құман,
Етегі көйлегінің шұбатылып,
Асады маң-маң басып екі-үш қырдан.

Жат мінез, шайпау сөзі еш болмайды
Шақ етіп даусы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.

Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.

Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал, тұрғаны қасын керіп.
Сыпаты жақсы қатын айтсам бітпес,
Мадақлап жаман қатын ерін күтпес.

Ұнатса аз ба, көп пе тамағыңды
Кез келсе кедейшілік ештеңе етпес.
Көрмедім бір күн қызық бір күн қонып,
Айтар сөз мадақтасам жатыр толып.

Сөзімді көңілдегі жаза алмадым,
Аттың жалы, түйенің қомы болып.

МЫЛТЫҚ ПЕН МЕРГЕНШІЛІК

Мылтығың түзу болсын, өзі сырлы,
Сүйменді оғы болсын алты қырлы.
Қолыңда қызыл темір қалың ауыз
Алысы мен талғамас жақын жерді.

Аузы тар, ішкі қыры болсын терең,
Аң қашпайтын қанды ауыз, өзі перен,
Артық салған дәріні көпсінбесін.
Үстіне серіппейтін жақын жерден,

Темірі бір қалыпты болмаса ала,
Ауыр, жеңіл болмасын ортағына.
Көрінгенді алғандай көңіл шат боп,
Мойныңа салып шыққан сақараға,

Мылтығы шаңқ еткен жерді жарып,
Көздеген дөп жеріне тисе барып,
Асығып жан-жағына қарап мерген
Мақтанып бауыздайды қоразданып.

Қанын сүртпей пышағын қынға салып,
Жаны шықпай тірсегін тесе салып,
Ат пен тымақ өзектің ар жағында,
Сүйретіп оған барар бір демалып.

Абыр-сабыр жанына тез байланар,
Мұны біреу алар деп көріп қалып.
Тағы да аң көрінсе атайын деп,
Атына ол мінеді даярланып,

Оқшантай жоқ, құты жоқ баяғыдай,
Бақалшыдай мойнына қоржын салып,
Ол кезде жатқан аңнан қатты қорқар,
Өлтіретін жауындай басын алып.

Аяғын байқап басқан суда жүріп,
Тым ұялшақ болады сонда тұрып.
Маңдайынан қарайды жылмырайып,
Қай жерден атамын деп ой ойланып.

Асығыс алабұртып қарағанда.
Жатқан аң екі болар сағымданып,

Сіңбіретін дәрмен жоқ, ол бір тар жер,
Мұрны бітіп тұрса да қабаттанып.
Бісмілла, алла әкбар деп айтады,
Көңліне жазса тәңрім мұны салып.

Оқудан соңғы өнер мылтық деген.
Халайық құлақ қойсын тілге нанып,
Жері бар парызға да қосылатын.
Және қару дұшпаннан жүрсең алып,

Атпағандар түсінбейді айтқанменен,
Көңліне мергендердің бәрі де анық.

ЗАМАН АДАМЫ

Адамы бұл заманның әрбір түрлі,
Сөзі жұмсақ, жайдары сегіз қырлы.
Осындай сырты ажарлы болсадағы,
Зәре қадар ағы жоқ, іші кірлі.

Ізгілік жоқ, ойлайды қастелікті,
Зипатлы болсадағы сырты сырлы.
Жұпар мен гүл майының исін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны.

Іші зүлмат болған соң керегі жоқ,
Қаншама болсадағы жүзі нұрлы...
Жаманның ең жақыны болар қасы,
Бір-біріне болмайды ықыласы.

Жақсымын дегендерге қарап тұрсаң,
Бұзақылар болады балғаласы.
Жынды менен тентекті кім тияды,
Кәрия қалып, би болады ылғи жасы.

Жылдан жылға өзгерген порым шықты
Бұрынғының жоғалып қағидасы.
Адамы бұл заманның бәрі «білгіш»,
Қаз ала ма дегені тышқан ілгіш.

Жауыңды мен мұқатып беремін деп,
Елде жанжал бар ма деп іздеп жүргіш.
«Білем» деп омыраулар білмесе де,
«Сұңқармын» дер іштеңе ілмесе де.

Дұшпаныңнан өшіңді әперем деп,
Ықтиярсыз ертеді жүрмесе де.
Қант пен шайын алған соң жұмысы жоқ,
Үндемейді жолдасын тілдесе де.

Судан таза, сүттен ақ болып жүру,
Тозаң басып, кеудесі кірлесе де.
Кеудесі ақ, айтқанында өтірік жоқ,
Бұрынғыны айтсайшы кім десең де.

Бұ күнгі адам семіре сөйлейді сөз,

Ішкен асы бойына сіңбесе де.
Білмейміз өнер алды тіл екенін,
Пасықлықтың белгісі кір екенін.
Өз көңлімен шахбазбын деп жүреді,

Білмейді ақымақтармен бір екенін.
Жамандар жақсы адамға сын тағады,
Ойламас өз ісінің ірі екенін.
«Пәленшенің баласы пәленмін» деп,

Ойламайды өзінің кім екенін.
Жастар би боп, кәрілер қалды босқа,
Сенім жоқ осы күнгі жандай досқа.
Басыңа дәулет құсын қондырады

Осы күнгі мырзалар көңлі қошта.
Дос қайсы, дұшпан қайсы біле алмаймыз
Мәшейнемен жүреді сөзін пошта.
Ақырында ер арқалап жаяулайсың,

Бірігіп тілеулес боп кірсең досқа.
Байлық, көптік, мықтылық өзінде боп,
«Е-е-лесе» көрсетер сөзден нұсқа.
Бір мысқал жақсылықты білмесе де

Жамандықтың жағына қандай ұста!
Ақылды кәрия қалып жүдедік қой.
Кәрия барда әр іске бір едік қой.
Қараса талайлардан мыс көрінер,

Бұрын таза, арам жоқ дүр едік қой.
Жаманды аса мақтап адам қылып
Өзіміз осы күнді тіледік қой.
Питнені ойға келген қуа-қуа

Жоғарылып жамандыққа үдедік қой.
Бұрынғы жақсы жолдан сыпырылып,
Биғын жеген қаршығадай түледік қой.
Ата-баба халалдық ғұрпын қойып,

Адаспай соныменен жүр едік қой.
Жастардың заманында адасармыз
Жалынсақ жастарменен жанасармыз.
Қуланып селтеңдеген біреу көрсек,

Соған жақын болғанша таласармыз.
Бойымызға заһарын жайып алып,
Бұрынғы ескі жолды қарасармыз.
Құбылып жылдан жылға азды заман,

Қорлықпен енді бітер есің тамам.
Шіл боғындай тоздырып ұстап жұртты.
Бүгінгі кісімін деп жүрген адам.
Араздарды келтіріп татулыққа,

Ынтымақ ізденетін ата-бабаң.
Жақсылықтан жамандық асып кетті,
Бой бағып тұру артық келсе шамаң.
Бой бақпай бетіңменен аға берсең,

Ақырында пұлсыз болып кетер бағаң.
Әр уақыттың өз ғылымын білу керек,
Бәрінен ғапыл болып қалған жаман.
Тексеріп қарайтұғын әділ қайда?

Бала би боп, ақсақал қалды жайға.
Олардың заманында зорлық жоқ боп,
Жетім жесір, нашарлар көрген пайда.
Сүйткен әділ кәриялар өтіп кеттің,

Тақсырлар, ісің жақсын бір құдайға!
«Қайтсем пайда қылармын, деп, нашарлардан»
Осы күнгі жақсылар құрар айла.
Жарты ақысын сіңірер о деп, бұ деп,

Нашарлар қызмет қылып жүрсе байға.
Көңілінен шықпасаң күнің қараң
Байдың ісі барабар найзағайға.
Бәрі баймен балғалас сөзі бір боп,

Би, болыс, бара алмаймыз ауылнайға.
Үшеу тортық бір тұрса көптік айтып.
Күжілдеп мас болады ішкен шайға,
Ақылсызға бір үйір қара бітсе,

Мақтанып, сыймай жүрер қыр мен сайға.
Орынсыз кейбір ақымақ мақтанады,
Көлденең басқа біреу қарамай ма?
Үйінде нан мен шайға жарымайтын,

Тойғандай желпінеді аппақ майға.

Жақсының жаман тартар аяғынан,
Ит те қарап ұлиды күн мен айға.
Ит үргенмен кеми ме күннің нұры,
Жамандардың итпен тең болар құны.

Жақсының аяғынан алғанменен,
Жақсыменен бірдей ме жаман пұлы?
Боқ иісін білмейтін жаман адам.
Жанға ортақ киімінде-міс жүрсе тірі.

«Пәленшенің баласы пәленмін» – деп,
Аузынан шыққан сөзі қандай ірі!
Тілі ащы, сөзі семіз, өзі арыстан,
Жаманның таусылмайды айтсам жыры.

Осы күнгі адамның осалы жоқ,
Кейбіреуі білмейді жақсаң да от.
Өмірінде құт орнаған байдан артық,
Ақылсыз болып жүрсе тамаққа тоқ.

Білімпаздан жаңалап порым шықты,
Бұрынға ата ғұрпын қылып мансұқ.
Жақындасаң ұшқыны тимей қалмас,
Жаманның кесепаты жайнаған шоқ.

Бұрынғы мырза қайда ат беретін?
Қасіреттенсең, көңілге шат беретін?
Арықтаса тағы да менен мін деп,
Уағда қылып қолынан хат беретін?

Бұл күнде ат сұрасаң тай береді.
Оны да он барғызып жай береді.
Бұрынғы әдетпенен барсаң байға,
Ет орнына жүргізіп шай береді...

Бай қайда ат пен сауын беретұғын?
Дұшпанын байлықпенен жеңетұғын?
Таныған, танымаған ішіп, жеуге
Үйіне күндіз-түні келетұғын?

Дастарқанға тергеусіз болғаннан соң
Өз ұлыңдай нашарға сенетұғын.
Өл десе бас тартпайтын жұмысынан,
Нәсібін нашар сүйтіп теретұғын.

Ендігі бай әуелі нашарды жер,

Нашарды көрсе кекеп сөйлейді кер,
Бір нашар ақша қарыз сұрап барса,
Берейін, қызметке маған жүр дер.
Ауысып бір нәрсесі жүрген болса,

Сұрағанда шығарар маңдайдан тер.
Қолда жоғын білген соң тым жабысар:
«Қызмет қыл, ия болмаса малыңды бер!»
Басын сатып ала алмай бір кірген соң,

Осыменен қор боп жүр неше ерлер...
Бұрынғы ата ғұрпы қандай еді?
Ниеті бұлтсыз күнгі таңдай еді.
Ақылын білмегенге адал айтып,

Бәндеге жақындығы жандай еді.
Түзу жол жылы жүзбен көріскенде,
Бір сөзінің ләззаты балдай еді.
Пайдасы ақылының кәриялардың,

Олжа қылып айдатқан малдай еді.
Жылдық үнем болатын, айлық азық
Ақылы қазы, қарта, жалдай еді.
Бұрынғы адамдардың жүзі жылы,

Сөзі жұмсақ, ниеті ақ, қудай қылы,
Алыс-жақын адамды бірдей көріп,
Ықтиқатлы болатын майда тілі.
Осы күнгі нендейін білімпазды

Қызықтырды дүниенің жайған күлі...
Бұрынғы батыр қайда тіккен туды-ай.
Қайырлы байлар қайда аққан судай?..
Замананың азғаны сол емес пе? –

Бала кетті атаның жолын қумай.
Ел құты, жұрт сауыры секілденді
Бұрын асын ішетін қолын жумай.
Бір туған ағайынды үшеу болса,

Өзіне-өзі көрінер қалың нудай.
Айтқан сөзі шығады ту сыртыңнан,
Жауабына қарасаң заһары удай.
Бұрынғы ескі байдан исі шығар,

Дариядан мұнарланып шыққан будай.

Бұрынғы бай дариядай тасушы еді.
Толқыса шарасынан асушы еді.
Тойғаннан соң сойылын тегіс ұстап
Дұшпаны маңайламай қашушы еді.

Қайыры жоқ көк қарын жаңа байды,
Ескі байдың аруағы басушы еді
Нашарларды күн көріп, жүдеме, деп,
Малын жұртқа аямай шашушы еді,

Баласындай нашарды қорғаған соң,
Дұшпанының сүйегі жасушы еді
Сондай байды табамыз енді қайдаң?
Теп-тегіс тигізетін жұртқа қайран.

Бір нашардың қарасы көрінгенде
Ендігі бай қашады анадайдан.
Бұ күнгі байға сүйткен кісі жағар,
Отын кесіп, шөп шауып, малын жайған.

Тілін алып бармасаң жұмысына
Жазғытұрғы бурадай адырайған.
... ойынан шыға алмасаң,
Жүріп пәле іздейді әлдеқайдан.

Атын мініп, ақшасын ұстағандар
Өз бетімен жүре алмас қылып сайран.
Ақша ұстап сауда қылар ырымдай қып,
Бай жұмсап жүрседағы құлындай қып,

Базарға барған сайын пайда бер деп
Тапсырар ұстаушының құнындай қып.
Жақсы нәрсе, бар асын байға беріп,
Жүгірер қызметіне құлындай боп.

Бенденің жетпес көзі келесіге,
Ібілістің кірмеу керек егесіне.
Шатланып, ғибрат алып, зейінің артар
Жүйріктер құлақ салсам кеңесіне.

Әзелде қайыр ұшар жазылған соң,
Ант етем жоққа қайғы жемесіне.
Көңілді ықыласпенен хаққа қойып,
Міну шарт тәуекелдің кемесіне.

Кей сабаз тәуекелге бел байласа,

Оқ тисе де, ыңқ етпес, денесіне.
Жеткізер мұрадыңа хақ тағала,
Насоқ тәубе байланса шекесіне.
Өмірде ғыбадатқа сарып қылсақ,

Қолдасайын еш нәрсе демесіне.
Бұ дүние баяны жоқ бір кең сарай
Батырлар кіріп шыққан талай-талай.
Қызмет қылсақ көп хақы жал аламыз

Алланың әмірінде біз бір малай.
Кейбіреу байлық айтар малыменен,
Жүреді нәпсісінің қамыменен.
Сараңдығын қоймайды кейбір адам,

Төрт түлік мал жүрсе де парыменен.
Мақшарда әділ патша құзырында
Әлек болар малының саныменен.
Кей сабаз малдың жоғын есеп қылмай,

Хақ қызмет қылады жаныменен.
Өзі надан болса да оқымыған
Иман табар көңлінің ағыменен.
Бұ дүние опасы жоқ, өмір жалған,

Біреуге шат, біреуге қайғы салған.
Бұ пәни ғапылдықпен өтіп кетсе,
Рахмет пен шапағаттан мақрұм қалған.
Қайыр-ықсан қылмаса пақырларға

Пайда жоқ бір тиындап жиған малдан
Мазлұмдардың дұғасы мақбұл деген.
Мен де дұға тілеймен мүміндерден.
Латықнұтуа рахматулла деген өзі,

Тілеймін екі жұртта хақтан жәрдем.
Алтынын сөйлеу керек, жезін айтпай,
Қиынды іздеу керек тезін айтпай.
Малай ақыны сөйлейді жанның көбі,

Әділ де шәрғия сөзін айтпай.
Біреудің бір ширегін жария қылар,
Кейбіреу өзіндегі кезін айтпай.

ДІН ТУРАЛЫ

Дүниенің қызығын кешіп өтіп,
Тәттіліктің алмадық еш ләззатын.
Парһизғар сопылардың жолыменен
Құдайға құлшылықта ғибадатым.

Айырушы Алла бар, не қамым бар,
Адамның ішкі сырын, заһар, батын.

ПАТША ӨКІМЕТІ ТУРАЛЫ

... Патша алыс, жете алмаймыз Петрборға,
Және де сегіз санат алыс қия...
Мал өсірген халықпыз, егін екпей,
Аз жерге сия алмаймыз сызғандай-ақ.

Шеттен келген төрелер порым қылған,
Қазақ жайын білмейді жалғыз қарап.
Петрбордан шапқатты санат келсе
Патшадан жарлық алып, құдай қалап,

Қазақ үшін қайғырып жылар еді,
Ол мейірбан ел болса, ұялмай-ақ.
«Қойдан қоңыр не қылған халық еді!..» деп,
Көз жасын, қайтар еді, тия алмай-ақ...

* * *
Барабар крестианға тең болмадық,
Тартылып қай жараға ем болмадық?
Малымыз, жерімізден пайда тиіп,

Қалайша патшамызға дем болмадық?
Орыс, ноғай, сарт, сауан саудагерге
Қалайша малмен, жермен тең болмадық ?..
Сексен бес жыл болыпты бодандыққа,

Қайырсыз патшамызға ел болмадық.
Құр мен қоян секілді алуға оңай,
Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық?..
Қазақ малы азайса халқың азар,

Қалайша бай көпестер дүкен жасар?
Патшалық дүкендердің бірі кемір,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
* * *

Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп,
Соятын крестианғы ылақтай боп.
Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң,
Шетке шығып қалдық қой брактай боп...

Қор болып крестианның табанында

Қалайша күн көреміз дәурен кешіп?
Темір айыр, ақ балта қолдарында,
Тілге келмей ұрады өңмеңдесіп.
Іштен келген тоңмойын, надан халық.

Бұл жұртты ойран қылмай ма төбелесіп!
Осы күнде мағұлұм сұрасаңыз,
Талай жанның тастап жүр басын кесіп.
Қасиетті ата-баба зияратын,

Үстіне егін салды жайлап есіп,
Тірі түгіл өлінің көрін алып,
Былайша іс қылады ерегісіп,
Қай Дума, кәмәсие болсадағы

Бұған зәкүн сұраймыз төрелесіп:
Жетпіс екі миллетте жол бар ма екен,
Сүйекті, дінді қорлауға тепкілесіп?
Құдайдан кітап келген халық болса,

Іс қылмас айуандарша көрді тесіп.
Русия патшасының низамында,
Мұндай іске Інжілде зәкүн нешік?
Бұларға патша низам білдірмеп пе?

Надандықпен қыла ма гуілдесіп?
Бір орыстың тимейді моласына
Қазаққа әдейі қыла ма дүрілдесіп?
Қазақтың халқынан да крестианға

Ит баласы қадырлы бір көк күшік.
Жыртқыш айуан мінезді халықпенен,
Қалайша отыр дейсіздер біргелесіп?
Қалайша күнін көрсін қазақ байғұс,

Күнде сот, күнде бунт боп илесіп?. . .
Сөзімнің дәлеліне салсаң назар,
Қазақ малы кемісе, бәрі кемір:
Ірбіт, Мәскеу, Мәкерже – күллі базар.

Сиыр, қой, жылқы қылы, май, терісі,
Пәбрик те асыл пұлды жүннен тозар.
Шолақ мәстек, қу бөшке крестиан
Қазақтың байлығына болмас ажар.

Сендер үшін қазақ малы азайды деп,
Пәбриктер крестианның шашын күзер.
Зияраттың тақтайларын ұрлап алып,
Айуанша қараңғыда қазып мазар,

Үстіне егін шықса қырқып алып,
Аузына не тигенін итше қажар.
Біз салдат патшаға бердік дейді,
Омырауға салады өңкей ожар.

Қай жауды әскер беріп мұқатыпты,
Соғыста салдаттары жүреді азар.
Күллі халық қасыбы қазақпенен
Қисап неге қылмайды думашылар?

Пайдасы крестианнан кейін бе екен,
Қазақтың қайран малы көлге жүзер!
Әскерге де ат керек, тамақ керек,
Данышпандар қисапты қылса сезер.

Жер, суын, баққан малын алдыңыз да,
Қазақтан бұл уақытта болдың безер.
Дариға, дертті заман келгеннен соң,
Қаламда жөн қалмайды тізген тежер!..

Бостаншылық берсе егер басымызға
Патшамыз мархамат қып ризаласып,
Бетімізбен біз де өлмес күнін көріп,
Тынышты жай іздер едік арып-ашып.

«Құрметті» крестианға жер кеңісін,
Орнымызды сол алсын әһілесіп.
Өлтірсе құн, сатылсақ пұлымыз жоқ,
Қор елді не қыласыз «құрметтесіп».

* * *
Мархамат патшамыздан ала алмадық
Ия Бұқар кетеміз бе ия Түрсия?
Ородниктің (урядник) астында қалғаныңша,

Тіршілікте іздеңіз исламия,
Бір үш кез жер тимейді өлгеніңде,
Бұ не кеп, бұ не қасірет қамкіния!..

Құлагер
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?!
Түбінен дәйекшенің тұрдым тосып,
Алушы едім бәйгеңді талай қосып.
Отыз ат уәделі өтіп кетті,

Сол жерде тұра алмадым денем шошып.
Міндім де Саралама тұра шаптым,
Бәйгі алам деп бұл істен залал таптым.
Намазшам, намаздыгер арасында

Баланы жылап жатқан әрең таптым.
Құлагер, айналайын шабысыңнан,
Атағың елге шыққан дабысыңнан.
Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,

Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.
Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең, орның басар көк бесті бар,

Болады Құдай қосса о да тұлпар.
Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлді деп Құлагерді естігенде,

Бір тұрып, бір отырып ой ойладым.
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,

Бір сыншы көзің шыққыр көріп еді.
Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.

Түбіне Ерейменнің айдап келіп,
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай.
Тұлпардың аунағаны туған жерің,
Биеден туа бермес сендей құлын.

Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,
Бір жолда әперіп ең ердің құнын.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім.
Құлагер, нұрың қандай, даңқың қандай,
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.

Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.
Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,
Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.

Өлімің адамзатпен бірдей болып,
Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.
Адамзат данқыңды естіп қайран қалған,
Атағың Орта жүзге мағлұмданған.

Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,
Шырқатып пластенке әнге салған.
Құлагер, құланыңнан жайлатқаным,
Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.

Тартыншақ жаман әдет қыла ма деп,
Артыңнан бір балаға айдатқамын.
Құлагер, айналайын, тұлпарым-ай,
Бір көрмей тұра алмаймын, сұңкарым-ай.

Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,
Бір көрсек деп тұратын, інкәрім-ай.

Қапыда өліп кеттің, жануарым,
Жібектей күлтеленген құйрық, жалың.
Өлді деп, жануарым, есіткенде,
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.

Қарағым, айналайын, Үркеккерім,
Шықпаған қанша шапсаң ащы терің,
Тамсанып жолыңда боп жұрттың көзі,
Тілейтін тілегіңді елің сенің.

Құлагер, саған келген оқыс өлім,
Толғантып наз айтады Ақан серің.
Сібірден сегіз дуан қоймай озған,
Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.

Күйдірдім отқа салып ашудасты,
He көрмек әлі де болса басым жас-ты.
Тұсында ешбір жүйрік ілесе алмаған,
Күйігі Құлагердің басылмас-ты.

Құлагер, сені өлгенше міне алмадым,
Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.
Өлді деп Құлагерім естігенде,
Ойбайлап орынымнан тұра алмадым.

Бағаңа ділдә беріп алдым сатып,
Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.
Бәйгеден жалғыз дара алда келіп,
Жүріп ем бар халықты таңырқатып.

Аузыңа қос ауыздық салып едім,
Сені алып ел шетіне барып едім.
Бір жолы бәйгесіне Құлагердің
Он жылқы, екі жамбы алып едім.

Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,
Кетуші ем сен барыңда елден қия.
Артыңнан тағы шығар бір аягөз,
Көзімнің шүкір қылдым жасын тыя.

Сұрасаң менің атым Ақан серің,
Хазірет Ғали Дүлдүлі тұлпар керім,
Дүниеде оған жетер ат бар ма еді,
Өлді ғой мен қайтейін, Құлагерім.

Ауылым жер төресі сылқым белде
Жүруші ем сайран салып жүйікіп төрде.
«Барма өзің, дұшпаның көп» деп еді ғой
Көрінем қалай ғана үлкендерге?

Ауылым Сырымбеттің жел жағында,
Кездесті ауыр қайғы дер шағымда.
«Жер шалғай, атсыз бар» деп қақсап еді-ау,
Не дермін Құлагерсіз ел алдында?..

Сенемін ағайынның бірлігіне,
Әр үйдің құт тілеймін түндігіне.
«Мал бітер басы есенге» деген сөз бар,
Өзімнің тәуба қылдым тірлгіме.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.

Әркімнін Тәңірім берген несібесін,
Құлагерді өлтіргендей алдым несін.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға, бар тілегім, өлім берсін.

ЖҮСІП ТӨРЕГЕ

Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,
Даражаң қара қазақ аяғандай.
Досыңды дұшпан көріп ғайбаттайсың,
Мінезің Әзәзілдің таяғындай.

Жүсіп-ау, неше мысқал басыңда ми?
Айдаған мал, үстіңде тігулі үй.
Қиямат таразыны құрған шақта,
Айса, Ермек, Торытай болады би.

Мәнкүр-нәңкүр бесеулеп ұрған шақта,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Майын мінген аттай қып қайтарарсың,
Күңшенің арқасынан шығармай ши.

Адамды сырттан ғайбат жарамайды,
Ғайбатсыз ақымақ асы тарамайды.
Мына өлеңді шығарған ақымақтың
Аузына жағар ма еді қарамайды.

Нақыл сөз
Жақсы мен жаман адам тең болмайды,
Несібең Тәңрім берген кем болмайды.
Ағалар, құлақ салып тындасаңыз,

Ініңіз бір-екі ауыз сөз қозғайды.
Ал десең мен бір жүйрік қамалмаған,
Жігітке сөз қапыда табылмаған.
Кей адам айтар сөздің жөнін білмес,

Бойына мін тақтырып арындаған.
Зат білер, зат қадырын деген сөз бар,
Жақсыны дүрыс болмас жамандаған.
Жаманға қадір білмес бір сөз айтсаң,

Тырысып болмас іске табандаған.
Дарбаза ауыз шіркін, көңіл самал,
Немене өз бетіңмен қылмай қамал.
Дүние қанша қусаң жеткізбейді,

Рас деп жан болмайды көңілге алар.
Былайша айтуымыз мақтаншылық,
Кім өзін нәпсіге ермей жөнге салар?!
Нәпсінің һауасына мағрұр болмай,

Кей сабаз жаны наһи орын табар.
Бергенін ақмақ ұрып сөндіре алмас
Басыңа шырақ отын Тәңірім жағар.
Түзіклік жас күнінде құрған жігіт,

Түбінде адамшылық іске жарар.
Алысты кейбір жақсы жуық қылар,
Өзінің достарына қылмай залал.
Сөйле деп бердің ұлықсат, құрбыларым,

Тартынбай мен сөйлейін болса барым.
Қамығып көптен бері жатыр едім,
Көре алмай замандастың ақ дидарын.
Жер танып ысылмаған жүйрік едім,

Айт дейсің кандай өлең, ағаларым?
Сөзімді сынға салып сынай көрме
Жастықпен шығып кетсе қаталарым.
Ал енді мен сөйлейін өңшең байлар

Жақсымен жақын жүріп жаманайлар.
Өнерін ішке сақтап кім жүреді,
Қайратты айдаһардай арсалаңдар.
Ер жігіт өнерімен көлеңдейді,

Аларда мұратына қосылғандар.
Бұрынғы өткендерден ғибрат алып,
Қой мініп аттыменен жарыспаңдар.
He керек қарқынды атты ажыратып,

Жаманменен бой теңесіп таласпаңдар.
Ақиық өнерменен түлкі алғанда,
Соңынан шықылықтар сауысқандар.
Сенбеңіз бір жаманды дос екен деп,

Көңілі өзіміздей қош екен деп.
Жаманның өш, қастығы серік емес,
Бел байлап артын қума өш екен деп.
Жамандар ақылы жоқ не біледі,

Жел сөзге ақылы жоқ семіреді.
Сау басын сақинаға қосқан жігіт
Әр соттың есігінде телміреді.
Бір сабаз өнері көп топ бастаса,

Тізесін үйде отырып кеміреді.
* * *
...Дегенмен қу қазанат неге керек,
Шабылып топқа салып сынамаса.

Қайырылып құс келеді қонақтауға
Бұтақтап бала қайың жуандаса.
Дегенмен құр құмарланып түлкі алмас,
Құмайдан әуел бастан туа алмаса.

Адасып жаман бала қалар жолда,
Үлгімен ата жолын қуа алмаса.
Қараны көрінбеген болжау қиын,
Белеске биік-биік шыға алмаса.

Айтады ер деп халық оның несін,
Жылауға аттың басын бұра алмаса.
Қырымнан олжа салған қырандар бар,
Жарасар қанша оны тұмарласа.

Көкқұтан мойнын созып қаз болмайды:
Шын болат жасығанмен жез болмайды.
Ит үреді жақсы мен жаманға да,
Сары алтын қалыбынан қозғалмайды.

Берерде қолдың ұшын бермек түгіл
Жамандар басын бақса аз болмайды.
Пиғылы жамандардың қараңғылық,
Тұрса да шілде түсіп жаз болмайды.

Дүниеден Шоқан өткенде
(Шыңғыс төренің жиені
Кәшімоллаға Ақанның көңіл айтқаны)
Ассаламуағалейкум, мырза Кәшім,

Құдай артық жаратқан бір баласың.
Құдайым атаңызға дәулет беріп,
Белгілі орта жүзге бір данасың.
Деймісің ей, шырағым, өлмеген бар,

Құдайдың құдіретіне көнбеген бар?
Талайға сапар жолда қаза жетіп,
Үй-ішін, ата-анасын көрмеген бар.
Шыңғыстың үлкен ұлы Шоқан еді,

Император, патша жұртында оқып еді.
Құдайдың құдіретіне дауа бар ма,
Оған да сапар жолда қаза келді.
Ақжолда Меңдекеден Шәңкі болды,

Белгілі орта жүзде даңқы болды.
О дағы Қызылжарда опат болып,
Белгілі жақсылардың арты болды.
Шорманның бір баласы аты Мұса,

Бақ-дәулет артық болған кім сұраса.
Омбының қаласында қаза келіп,
Әркім де құтылмайды топырақ жазса.
Қыран болмас қанаты қайрылмаған,

Тұлпар болмас тұяғы майрылмаған.
Алладан тағдыр жетіп келгеннен соң,
Кімдерден кімдер жылап айрылмаған?

Беріпсіз, ей, Кәшеке ағаңызды,
Жыртыпты Тәңрі жетіп жағаңызды.
Тәңірім сол қазаның қайырын беріп,
Өсірсін мал менен бас бағаңызды.

(Мұстай Ғалымның
«Алтынның сынығы» атты
кітабынан алынды)

Кеңес
Құр қуыс жаман әйел – қырсық тағы,
Кедейден бай болғанның кетпес табы.
Мәстекке арғымақтан айғыр салсаң,

Тартпайды әкесіне, болар жабы.
Жігіттер, қатын алсаң кеңеспен ал,
Ақылдасып кеңесте зейінге сал.
Қызығып аты әйел деп ала қалсаң,

Мойныңа үзілместей шынжырды сал.
Мойныңа шынжыр түссе үзе алмассың,
Жаман деп, бала болса, безе алмассың.
Қаншама құтылуға ойласаң да,

Қолқаға жақыныңа бере алмассың.

Өсиет өлең
Уа, шіркін, кедейліктен кісі өлмейді,
Өлмегені қүрысын ісі өнбейді.
Аузың бұлбұл, аяғың дүлдүл болсын,

Ер жігіттің аяғын кісендейді.
Ер жігіт мақтанады асы болса,
Биік тау шаттанады тасы болса.
Сол жігіттің басына бақыт қонбас,

Ағайыннан алданған қасы болса.
Жігітке кедейшілік намыс емес,
Жоқ болсаң, туысың да таныс емес.
Суық су, арық соғым, жаман әйел –

Үшеуі кедейліктен алыс емес.
Жігітке ең керек іс – білім деген,
Білімсіз ілтипатқа ілінбеген.
Білсеңіз елден таңдап бір сұлу ал,

Қыпша бел, оймақ ауыз күлімдеген.
Үшінші, елден тандап бір жүйрік мін,
Көзіне көрінгеннен сүрінбеген.
Төртінші, заманыңда күліп-ойна,

Бір кезде шал боларсың дірілдеген.
Сал жігіт сүйер ғашық жарды айтады,
Бай кісі қорадағы малды айтады.
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын,

Үшеуі ер жігітті қартайтады.
Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт малсыз құлаш соза алмайды.
Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,

Әр адам өз әлінше базарлайды.

Жаманды жақынсынып есепке алма,
Айырып туысқанды өсекке алма.
Жетем деп осыменен мұратыңа,
Тұлпарды айырбастап есекті алма.

Ұзатылайын деп жатқан қызға
Ешнәрсе ойламайды қыз жасында,
Атаның бұлғақтайды ордасында,
Қадыры ата-анаға ұлдан артық,

Бөтеннің тең көрмейді мырзасына.
Әлпештеп өсіреді ата-анасы,
Кей қыздын ұлдан артық даражасы.
Сүюге ұл мен қыздың бәрі бірдей,

Туған соң бөтені жоқ өз баласы.
Күйеуге берер қызды малын алып,
Бұрыннан келе жатқан ескі қалып.
Мезгілі алатұғын болғаннан соң,

Қожақтап күйеу келер күнде салып.
Ойлайды ата-анасы берейін деп,
Қызығын шырағымның көрейін деп.
Ойында ешнәрсе жоқ жүрген байғұс,

Көрісіп көрінгенмен жылайды кеп.
Қыздын көп уайымы мен әңгімесі,
Өзінің сол уақытта қалмайды есі.
Ата-ана, ағайын мен құрбы-құрдас,

Артында қалып барад аға-інісі.
Сыланар тоты құстай қыз оң жақта,
Лайық не қылса да ол уақытта.
Көрсе де қанша қызық өз елінде,

Кеткен соң әркім-ақ би ол бейбаққа.
Қуанар келініне түскен жері,
Ұзатты қадырменен туған елі.
Келіншек бүгін, ертең келеді деп,

Қатынның желігеді көңілдері.

Қыз аты қойылады ол жерден-ақ,
Қазақта болған әдет ежелден-ақ.
Ажарын келіншектің көремін деп,
Мазасын кетіреді әркімдер-ақ.

Ойбай-ау, бізге сәлем етпейді деп,
Желігіп көңілдері жаманырак.
Бір жақтан бала-шаға, келіншек деп,
Күн қайда айтатұғын «Әрі кет!» деп.

Екенін жақсы, жаман қайдан білсін,
Ол байғұс ұялады бүгежектеп.

Орынбайға жауап хат
Ореке, біздің сөзді қалдырғаның,
Шар салып өз сөзінді алдырғаның.
Жайықтың өне бойын жырлағанда,

Балық пен айтқан жоқсыз ба балдырғанын?
Сіздің сөз біздің сөзбен пар емес пе?
Кей ақын сөз таптауға зар емес пе?
Аддында Абылай ханның сөйлегенде,

Ішінде шар дәрісі бар емес пе?
Өтеген одан шешен тіл мен жақты,
Барша ғалам ішінде алған тақты.
Құмырсқадан тосылған тақсырлар бар,

Білемін әзер болса сондай ақты.
Еш ғылым ашылмаған бұрын мұндай,
Жұрт надан бейғам болған бұрынғыдай.
Екеуін қор мен зорды теңгеруші,

Бәріне ризық берген жаппар Құдай.
Ішінде надан елдің жүрген қусып,
Бір кезде өнер түспей қалған сусып.
Жайықтың өне бойын жырлағанда,

Бар емес пе сары маса ұзын тұмсық?
Бұл күнгі ел адамын не қыласың,
Дінге парыз қылмаған ықыласын.
Атығай, Қарауыл мен Керей, Уақ,

Жоқтамай ортадағы ел ағасын;
Теп-тегіс Көкшетауға жиып алып,
Еріксіз ал деп қысқан книгасын.
Дүние жарық болмайды күн болмаса,

Күн қадыры болмайды түн болмаса.
Кешегі Әлібек пен Бегалы мырза,
Солар-дағы болмады тым болмаса.

Науан хазіретке жазған хаты
Хазірет қайғы боп тұр Атығайға,
Тимей тұр Қарауылдан ешбір пайда.
Меңдікен, Нүрке, Әлібек, Кенжеболат,

Төрт арыс секілді еді Жаулыбайда.
Жұрт үшін ақ патшаға алты барған,
Қанеки Шұңғыршада Шөбек қайда?
Жақсылық, Ыбырай, Серкеш, Жансақалбай.

Қазық боп жатушы еді Есенбайға.
Осындай жұрт көбіне мирас болған,
Қарауыл бас қосатын салты қайда?
Көдей, Қантай, Шоқтыбай, Өтеп, Жазы,

Ұран can шығатұғын қарағайға.
Қылды-ноғай Тайқошқар, Бейтінбек пен
Құттымбет, жаңа батыр Шопан қайда?
Есетұлы Мәседді қандай еді,

Бетін түзеп салғанда екі дайға.
Хазіретпен хабарласпай жатар ма еді,
Бар болса сол жақсылар осындайда.
Тоқтамыс, Құлжан, Бейсен, Маңдай,

Торсықбай, Молдағара, Абай, Жанбай.
Қойлы Атығай, Жансүгір, Қожағұлдың,
Айтқанын бұзушы ма еді күллі Атығай?!
Екі Тоқа, Зілғара, Шопан, Жолдыбайым,

Әлібек, Сұраған мен Жарқынбайым.
Toп жарып көсемдіктен сөз сөйлейтін,
Шіркін-ай, өтіп кетті Сандыбайым.
Жақсыдан сол секілді калғаны жоқ,

Нашардың қолы қысқа дәрмені жоқ.
Бұл күнгі байларменен ел адамы,
Толатын он қадақтай салмағы жоқ.

Сабыр түбі сары алтын
(Науан Хазірет жер ауғанда)
Бұл істі жек көрмеймін бір себептен
Сүйкімді жан өткен жоқ Мұхаммедтен.

Құдайдың өзі сүйген досты сенсің,
Абужаһил лағынет қастық еткен.
Шырағын екі жаһан қорлаймын деп,
Ақырында солардағы не боп кеткен.

Болар деп артқы жағы сол секілді,
Сүйінші ғып қуанамын хазіреттен.
Жүз қамшы имам ағзамға қамшы соғып,
Зынданға Мансұр патша хүкім еткен.

Кемеден Жүніс пайғамбар жығылғанда,
Қырық күн балық қарнында мекен еткен.
Ферғауын қанша әскермен қамағанда,
Мұсаға Ніл дариясы жол боп кеткен.

Намұрт Ибраһимді отқа атқанда,
От оған гүл бостан боп қызмет еткен.
12 жыл зынданда Жүсіп жатып,
Құданың құдіретіне шүкір еткен.

Жүсіп те қандай болды ақырында
Мысырға патша болып хүкім еткен.
Алты жыл Айубты құрт шаққанда
Ниғматул Ғабит атанып сабыр еткен.

Алты мың құрт жабылған денесіне,
Таялған мойын тамыр күресіне.
Орнына түскен құртын қайта салып,
Ғаділдік еткен екен төресіне.

Айуб та қандай еді дені сауда,
He қылдық мұнша жүріп кәпір жауға?

Рахима бір түлымын нанға сатып,
Айтпастай ақырында қалды дауға.
Рахима ақырында қандай болды,
Сабыр түбі сары алтын көп шыдауға.

Төрт шаһаржар мен пайғамбарына Әбубәкір Сыдық,
Ғұмар, Ғұсман, Ғали патша аталарымыз, Фатима анамыз
отырғанда алтын табақпен бал қосқан тағам келген екен.
Жалғыз талқылы бар ортасында кейінгі үмметіне мирас

болғандай бір-бір ауыз сөз сөйлейік, сөйтіп атайық депті
пайғамбарымыз.
Рәсулла сөйлепті:
Үмметім нұры нұрлы дүр үшбу тастан,

Үмметіме шапағат қылмақ татлу дүр үшбу балдан.
Үмметіме шапқат қылмағым,
Жіңішке дүр ұшбу қылдан.
Әбубәкір Сыдық сөзі:

Пайғамбарым нұры нұрлы дүр үшбу тастан,
Пайғамбарым сүннетін істемек татлу дүр үшбу балдан.
Пайғамбарым сүннетін орнына келтірмек,
Жіңішке дүр үшбу қылдан.

Ғұсман айтты:
Құран нұры нұрлы дүр үшбу тастан,
Құран оқымақ татлу дүр үшбу балдан.
Құранды қүрметпенен оқымақтық,

Жіңішке дүр үшбу қылдан.

Науан хазіреттің
көңлін сұрауы
Құдая, мұсылманды дінінде қыл,
Өзіңнің өзгермейтін тіліңде қыл.

Фәнидің өмірінен өткін шағым,
Ораза, құрман айты күнінде қыл.
Тәніммен ғазиз жаным айрыларда.
Кәлима шаһадатты ділімде қыл.

Сауалын періштелер сұрағанда,
Жауабын ауырлатпай жеңілдеу қыл.
Тіріліп, қабырдан бас көтергенде,
Есіміңді Раббым Алла тілімде қыл.

Сап құрып махшар халқы тұрған шақта,
Ертеде Кеухмат болған еліңде қыл.
Қолында Арслан-ғали нұрдан кесе,
Сусынын Хаус-Кәусәр көлінен қыл.

Ақ туын пайғамбардың көтергенде,
Маңында жырық қылмай түбінде қыл.
Тілеймін рахатыңды қолым жайып,
Сұрауы бір өзіңнен болмас ғайып.

Есепсіз қазынаңнан гауһар шашып,
Молығып гарифтерің кетер байып.
Әзәзілдер кез болса осы шақта,
Кетпей ме, теріс жаққа аяқ тайып.

Тілектескен кісіңді зор етесің,
Біреуге бақыт, дәулет мол етесің.
Үмітін рахымыңнан үзген жанға,
Лағнет алған Ібілістей қор етесің.

Тілеймін рахымыңды мен бір фақыр,
Сұрайтын мұқтаждығым толып жатыр.
Жолымнан мұсылмандық адастырмай,
Мол тауфиқ иманды бер, қылмай тақыр.

Сөздерін ғалымдардың жатта деген,
Хақ жолдан бұрыс қадам баспа деген.
Құранда көрсетілген сүресі бар,
Бетінен сұраушының қақпа деген.

Құдайым, қыл көпірден өзің сақта,
Тайдырмай аяғымды бөтен жаққа,
Сүйікті Хабибіңе қолым жеткіз,
Жығылып кетейін деп тұрған шақта.

Иншалла қабыл еткін бұл сөзімді,
Бас иіп, бата қылған сол кезімді.
Пендесін қай орынға қоям десе,
Ыхтияры Алланың бір өзінде.

Бименде болысқа айтқаны
Әуелі сөз бастайын бір Құдайдан,
Құдай егіз жаратқан – Арғын, Найман.
Басқа жүзден Орта жүз дара шығып,

Дүниеге өсіп-өніп қанат жайған.
Екінші сөз сөйлейін – Абылайдан,
Хандықпен аты шыққан әрбір жайдан.
Ұранға атын қосқан Абылайдың,

Сөйлейін Төлекұлы Сандыбайдан.
Сандыбай шыққан еді асыл тектен,
Қарадан хан боп өткен ақсүйектен.
Қара қалмақ Тортайдың басын кесіп,

Бақ алған он жетіде жекпе-жектен.
Ерлігі үш алашқа мағлұм болып,
Ұранға аты шыққан сол себептен.
Атасы Сандыбайдың Тулақ-Төлек,

Ішінде Орта жүздіңң заты бөлек,
Жеті атадан келеді билік құрып,
Бәрін де келістіріп айту керек.
Жарасар не десем де асыл затқа,

Құдайдың қалауымен жеткен баққа,
Кез болдым Би-екеңе Атбасарда
Айтайын біраз мақтау аруаққа.
Бақ қонып, аруақ қалап, құдай сүйген,

Ту ұстап, тұлпар мініп, берен киген,
Кешегі Сандыбайдың Ерден батыр,
Қоқанның хандығына жалғыз тиген.
Сондай ер өтіп кетті жұртқа қорған,

Қаймықпай Сібір менен Орынбордан,
Айнабұлақ басында соғысқанда,
Қоқанды қорқыратып қойдай қырған...

Меккеге барып қажы болып
келгендерге айтқаны
Қажылар, бардың Мекке-Мухарраға,
Жанында Мадина бар тұрған дара,

Ішінде бұл жиһанның абзало орын,
Жаратқан Мүкаррам ғып хақ-тағала.
Ол жерде Хазірет-Расул жатқан дара,
Таратқан мұсылманға жолын сара,

Ауқаты бар адамға болар уәжіп,
Хадисте айтып кеткен Хайрул-Уәра.
Үзіліп бақ-алмасы піскен жері,
Қайғысыз бал-шарапты ішкен жері,

Хазірет-Жұсып анасын қою үшін,
Түймемен бұғау жасап түскен жері.
Фажир-ана Хазірет-Исмағұлдың
Кірін жуып, кіндігін кескен жері,

Құдіретпен сол жерден Зәмзәм шығып,
Талай өкше құм-тасын тескен жері.
Жаннаттың анһарынан кәде келіп,
Шешманың шешмаларын шешкен жері.

Тауына минатының құрбан шалып,
Исмағұл, Раббым Алла дескен жері.
Қажылар зиратқа оқып, көріп қайтқан,
Тақсырдың сол маңайда көшкен жері.

Аспаннан төрт бұрышты түскен тастың,
Қайнаған бауырдай боп піскен жері.
Хазірет пен Мұсаны елші етіп,
Бір Алла құдіретімен сүйген жері,

Үлкен-кіші құранды берген Алла,
Фананың һауасымен аян берді.
Жай жатыр дүниелігін бермеген жан,
Рахметке қолын сілтеп сермеген жан,

Шәһарын Ыстамболдың көрмеген соң,
Шынында бұл дүниеде болмаған жан.
Толықсып нұры көкпен таласқанда,

Жолынан ант бұзғандар адасқанда,
Бір белгі хор сайында қалған екен,
Хазірет Ғайса тақсыр көкке асқанда.
Саясат әскері бар қол секілді,

Қазына алтын, күміс, қор секілді,
Пайдалы іші-сырты баһар дейді,
Махаббат дұшпанына қаһар дейді.
Жер екен іздейтұғын дінге ұйыса,

Емес қой Тәңір жазып жақын қылса,
Тоғыз жүз тоқсан терезе бар,
Ішінде бір мешіт бар намаз қылса.
Онда бар пайғамбардың мұғжирасы,

Емес қой ол тақсыр да діннің қасы,
Пайғамбар түкірігімен бекітілген,
Дейді ғой Айсофия мұнарасы.
«Жұлдыз» журналында жариялаған

Мұқаш Ғаббасұлы Елеусізов

Ақшабақ
Қызы бар Әлібектің Ақшабақтай,
Жүруші ем заманымда қызды жақтай.
Бас жігіт Әлібектің Есемберген,

Қасымда о да келеді қызды мақтай.
Ақшабақ қыз шолпаны, Ақшабақтың,
Әкесінен қорқып жүр ешкім батпай.
Есіткен соң бір жүмбақ жаздым арнап,

Қалар деп оған арнай жауап таппай.
Бір жар бар іші жәуһәр жұртқа машық,
Сол затқа жүрген жанның бәрі ғашық.
Жан-жағы төрт атырапқа емес ашық,

Қалайша бересіңіз кілтін ашып?..
Бір нәрсе затсыз, нұрсыз ауырлайды
Өлшеуі қандай десең табылмайды.
Қаншама ауыр, жеңіл десектағы,

Безбенге баға беріп салынбайды.
Қолымда майсыз жанған бір отым бар,
Түтінсіз аспан көкті жалындайды.
Сөндіріп сол жалынды бермесеңіз,

Қаудан жердің өртіндей дауылдайды.
Бұл хатты қолына алды Есемберген,
Білім-өнер кұтылмас Ақан серден.
Жұмбағын арнап жазған ол серінің,

Апарып Есемберген қызға берген.
Ақшабақ Ақан хатын қолына алып,
Ынтызар оқып естіп көңіл бөлген.
Шешейін жұмбағыңды жолыққанда

Кездесер жерін айтар Есемберген.
Ақанды Есемберген ертіп келді,
Бұралған тал шыбықтай қызды көрді,
Екеуі сұхбаттасып ойнап-күліп,

Ақанға жолыңыз деп жүзік берді.

Жүзігін Ақан алды қыз берген соң,
Уағдалы жеріне ол келген соң.
Әзіл қып Есемберген айтып қалды,
Жүзікті қырық жігіт көргеннен соң.

Кім құр қалар, Ақан-ау, олжаңыздан?
Қасыңа қимас достар ергеннен соң,
Тұмардай қып сақтайын жүзігіңді
Құрманың жемісіндей кенелген соң.

Қара нар
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,

He болар енді күнім сен кеткен соң?
Кілтін бір алтын сандық ашқым келді,
Көңілді қапаланған басқым келді.
Басында биік шыңның тұрсаң-дағы

Үстінен сол қияның асқым келді.
Ар жағы Қаптауының иран бағы,
Жігіттің дәл жиырма бес деген шағы.
Бағаңа жан жетпейтін асыл еркем,

Даражаң жұлдызбен тең аспандағы.
Түлкінің қалың тоғай іні болар,
Жаманның тал бойында міні болар.
Басыңды шардан шарға соқсаң-дағы,

Бір кесел осындайдың күні болар.

ҮШІНШІ арна
Езутартар
Әзіл-сықақ, қағытпа
Жылқылы бай

Арқада толып жатыр жылқылы бай,
Боз үйде кеңес құрған ел толып-ай.
Сол үйден бір сұлу қыз шыға келді,
Жамылып жанат ішік құлпырып-ай.

Тағатым қызды көріп тоқтай алмай,
Білектен ұстай алдым ұмтылып-ай.
Буыным былқ-сылқ етіп тұрған кезде,
Қолымнан шығып кетті жұлқынып-ай.

Қамшымен ашуланып тартып қалдым,
Ақ көйлек шығын болды жыртылып-ай.

Жүсіпке айтқаны
Тындасаң Ақан сері әнге салар,
Байқасаң бәрімізден дүние қалар.
Тірлікте шамаң келсе ойна да күл,

Дүниеден өлмей тірі қай жан қалар?
Білесің өсиетін ата-бабаң,
Қараңдар кем-кетікке келсе шамаң.
Тірлікте мен болдым деп өте кетпе,

Бәрінен адамзатқа осы жаман.
Төрелер шиырады есіп мұртын,
Алмайды еш теңдікке елі-жұртын.
Әдейі тойға келіп қарамайсың,

Томпиған неге керек сенің сыртың.
Баламаңдай
Бастығы бес жігіттің Баламаңдай1,
Мен оны жібермеспін кегімді алмай.

Қалқамды жаман жанға беремін бе,
Сұлуды өзім сүйген таңдап алмай.
Төреде, бай мен молда менің ісім,
Тиісті істемейді олар ісін.

Қиянатты артыққа шығармақпын,
Өмірім ұзын болса, сол жұмысым.
1 Баламаңдай – Ұрқияға байланысты әзілдесіп тиіскен жігіт.

Шоғырмаққа
Шоғырмақ, талай жерді бүлдіргенің,
Дос жылатып, дұшпанды күлдіргенің.
Түлкідей шыңнан қашқан бұлаңдаушы ең,

Төскейде ақиыққа ілдіргенің.
Шоғырмақ бұл уақытта шықтың қайдан,
Келді ғой тосу деген бір Құдайдан.
Қиянат-зұлымдықты ойлаушы едің,

Енді мен астым ғой деп Атығайдан.
Қолында Әубәкірдің талдан таяқ,
Шоғырмақ, соғысып ең аянбай-ақ.
Тоғыз жыл болосной боламын деп,

Семіріп кетіп едің шошқадай-ақ.
Омбыдан іс келгенде қалдың сасып,
Жөнелдің Қызылжарға қадам басып.
Үйіңде бір мезгіл де тоқтай алмай,

Есілдің ар жағына кеттің қашып.
Қашсаң да ер сұраған қуып жүрген,
Ажалға шыбын жаның жуық жүрген.
Қаныңды қайда барсаң ішемін деп,

Беліне алмас қылыш буып жүрген,
Көңілің знак, мөрге суып жүрген.
Баласы Жілжегеңнің алтындарым,
Дұшпанға тиіп жүр ғой салқындарың.

Әр жерде аю батыр қысып жүр ғой,
Кісінің Шоғырмақтай алқымдарын.
Жәрмеңке «болснойда» жиын болды.
Сол жерде бір азырақ сыйың болды.

Ісіңді Абрамович тексергенде,
Мөр беру жан беруден қиын болды.

Арбасы Әлібектің дүрілдеген,
Табаны Шоғырмақтың дірілдеген.
Бетіне Шоғырмақтың қарағанда,
Екені жанды-жансыз білінбеген.

Қалтаңа үш мәртебе қол салғанда,
Знакқа тура қолың ілінбеген.
Ақбұзау болосной болған шақта
Андағұл, Ырсай болып күлімдеген.

Кеудеңді жолбарысқа талаттырдың,
Мұрныңды қысуменен қанаттырдың.
Жағасын дүрия камзол дал-дал қылып.
Қатынына Саполаттың жаматтырдың.

Жаныңда қайда кетті азбандарың,
Секілді шілдің боғы тозғандарың.
Аяғы арыслан боп сынған екен,
Аспанда ора алмастай перде салып,

Намрут - Шадат секілді азғандарың...
* * *
Бұл күнде мен бір торы арқам жауыр,
Өкпем жоқ, ішім толы бәрі бауыр.

Алыстың найза салған жарасынан,
Жақынның инесімен түрткені ауыр.

Сараң мырзаға
Ақанды сыйлады ғой лақпенен,
Мырзаның дәулеті тең бұлақпенен.
Егерде ықыласпен шын сыйласа,

Басы неге келмейді құлақпенен.
Келерде дәл мұндайын білген болсам,
Далада жатпас па едім шырақпенен.
Нұртазаға

Сен неге қарамайсың, жаман болыс,
Кеше де болған жоқ па ед ағаң болыс?
Үлкенге сәлем-тағзым қылмап па еді,
Шомат пен кешегі өткен Шопан болыс.

Астыңа сүннет атын мінгізермін,
Көкшеде басын қосса тамам болыс.

Қара қазақ
Арғы атаң Ажы қожа келген кенттен
Үш жүздің баласына қолы жеткен.
Көтеріп даражаңды бір айтайын,

Нәсілің келе жатыр Қожахметтен.
Қыз алған бізден бұрын Шәмши төре
He керек байдың малы арам тектен.
Олардай бай граждан болмасақ та,

Келеміз артта қалмай ылғи көппен.
Бізде де қара қазақ осал демес,
Сіздердей асыл текке қолы жеткен.
Шар таласы

Бұл іске әумин деген байлау болды,
Көкшетау дуанында сайлау болды.
Кешегі Құлагердің шабысындай,
Тобылғы түбектен айдау болды.

Шаймұрат, Шернияздан екі мырза
Жұртына би ғой деген сайрау болды.
Шаймұрат кәміл жүйрік шыға келіп,
Жұрт оған шарын салып тойлау болды.

Шұбар ат ащы тері алынбаған
Жете алмай орта жолда шайлау болды.
Есембай Шоқтыбаймен араласып,
Бәрі сол құлын-тайдай ойнау болды.

Науан хазіретке
Жаман болса базарың
Heгe салдың назарың?
Білмейтін бе ең мал десе,

Періштенің азарын.
Мал алудың қамы ғой,
Осы салған азаның.
Әйбергенге

Сіздің арғы атаңыз Жылтыр,
Қажыға барып келдің былтыр.
Арғы атаңды ар жағынан тірілтсе,
Төрт аяғынан бірдей сылтыр.

Парашыл оязнай
Коновалов ақсай бастың аяғыңды,
Түсірдің барымтаға таяғыңды.
Кедейлерге Есембай салды дүре,

Әзер болса істерсің баяғыңды.
Параны Шалабайдан ондап алдың,
Басыңды бос мойыннан қорғап қалдың.
Жігіттер бет-аузыңды көгерткенде,

Ақсаңдап шолақ иттей жолда қалдың.

Шалабай
Шалабай, болыс болдың малды айдап,
Соғыстың досыңменен алақайлап.
Жақсылық пен жамандық тең бола ма,

Қаларсың ел қаламай, жалғыз жайлап.
* * *
Милая, тебя вижу қырындаймын,
Без ответ все-таки ұрынбаймын.

Көп болды кездескелі красотка,
Қасыңда зырылдақтай зырылдаймын.
Милая мен бәрібір қырындаймын,
Торғайдай өрт сөндірген шырылдаймын.

Өзіңе қарай, қарай көзім талды,
Все равно мен өзгеге ұрынбаймын.
Жете алмас постоянно уағдасына,
Ойнады кемпір мен шал напрасно.

Ойнаса жігітпенен қыз ойнасын,
Олардікі всегда согласно.

Күйеу құдаға
Келуінде келдіңдер алтайдай боп,
Кетеріңде кеттіндер қаңтардай боп.
Азулы айғыр сауырдан басқаннан соң,

Тұс-тұс жаққа кеттіңдер байталдай боп.
Мәжекеңе
Мәжекең жүйрік шауып қырындайды,
Табаны жануардың дырылдайды.

Нұрышын бір тәшкеге байлап алып,
Екеуі көк текедей сырылдайды.
Біздің Оспан
Бұл келген Оспан ғой,

Кұдай бұрын қосқан ғой.
Ақаным нашар жатыр деп,
Бері қарай жосқан ғой.

Ақанның Молдахметке
берген батасы
1888 жылы Сырымбетте болған бір жиында алты
жасар Молдахмет өлең айтыпты. Сонда Ақан:

Сенің әкең Тырби,
Өзің болшы қырғи.
Асқақтатып, әндетіп,
Қарқындай бер ылғи.

Сол Молдахмет халық ақыны Үкілі Ыбырайдың шәкір­
ті Молдахмет Тырбиұлы (Өлең М.Тырбиулының өз аузынан
жазылып алынды).
* * *

Дүние – жалын, дүние – от,
Дүние – ыстық, дүние – шоқ.
Қанша баймын десең де,
Артта қалар дүние боқ.

* * *
Татар қызы тигенше,
Құмартады қойныңа.
Тигеннен соң басынып,

Құм артады мойныңа.

Тиісе берген молдаға
айтқаны
Көбейді осы күнде торпақ молда,
Аят пенен хадиске шорқақ молда.

Ішін ашып қарасаң дәнеме жоқ,
Пітір мен садақаға ортақ молда.
Мұндайлар күндіз жатып, түнде өреді,
Ұрлықты түнде қылған кім көреді?

Жегені қожалардың адал емес,
Баланың шүметейінен күн көреді.

МОЛДАҒА ЖАУАП

Бір жиында Ғалиянұр деген бір ноғай молда Ақанмен
айтыспақ болады. Ақан ноғайдың ормақ мұр­нына теңеп
сөз бастайды. Ноғай: «Мен ормақ болсам, пайғамбарда да
ормақ мұрын болған» десе керек. Оған Ақанның жауабы:

Мұхамбет құдай досы, пайғамбары,
Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бәрі.
Пайғамбардың сыйпаты сендей ме екен,
Ормақ мұрын, шегір көз, ақжал сары.

Бір болысқа
Жақсы болсаң көпшіл бол,
Көпшіл болсаң дүние мол.
Дүниенің молдық себебі,

Жақын қылар оң мен сол.
Оң мен сол жақын болады,
Дұшпанның көңлі солады.
Болыс болдым деп мақтанба,

О да бір күн қалады.
Қаншама қайрат қылсаң да,
Көп тілегі болады.
Сараң әйелдің еріне

Қуарыңқы тартыпты сақал-мұртың,
Жеңгейдің ұнатпадым ниет-құлқын.
Тұрмысың тұрпатыңның бәрі жақсы,
Кім еді, түсіндірші, қайын жұртың?

Бұл жеңгейді жақсылап бағу керек,
Шырағын жұрттан асыра жағу керек.
Мейманға сараңдығын қоймас болса,
Азуын алты қарыс қағу керек.

Темірбекке
Апырым-ау, қайдан келдің, Темірбегім,
Тындасаң толып жатыр сенің кебің.
Осы залым жай жүрмес деп ойлап ем,

Аузым жимай келді ме не дегенім.
* * *
Әй, Омаров, Омаров
He қылып отырсың омалып.

Оқу керек сабақты –
Басқа ойларды доғарып.
Әй, Омаров, Омаров,
Отыра берме омалып.

Оңдап оқы сабақты,
Жат жүрісті доғарып.

Жақыпқа
Ақан жолаушылап келе жатып, Зікірияның інісі Жа­
қып­тың үйіне қонады. Ымырт үйіріліп, қас қарайғанда бір
тоқты әкеліп сояды. Тоқтының еті пісіп, алдына келген

Ақан «бісміллә» деп дәмін татады да, жемейді. Өйткені
жасық екен. Бірақ аузына оралған бір ауыз қағытпаны
тастай салады:
Жануар, күндіз келмей түнде келдің,

Білмеймін қай сайтанның тіліне ердің.
Обалыңа қалыппын, өзің кешір,
Қараңғыда қол жайып бата бердім.
Ертеңіне Ақан Зікірияның үйіне келіп қонады. Ол қой

әкелуге кісі жіберейін деп жатқанда, мұнысы да бір жасық­
тың обалына қалмасын деген ниетпен: «Түнде Жақыптың
үйіне қонып едім, бір тоқтысы арыз айтты», – дейдідағы
өлеңдетіп жібереді.

Жаңа май жан денеме шашып едім,
Көк жеген соң көзімді ашып едім.
Тамыз бенен шілдеде мені сойса,
Адам алса аузына жасық едім.

Имиіп не бетіммен көрінем деп,
Мейманнан ұялғаннан қашып едім.
Жақып мырза бір қиял бастап алды,
Бес жүз қойдың ішінен қастап алды.

Талдан талға қорғалап қашсам-дағы,
Жұлдыз туа қуалап ұстап алды.
Енемді жаздай, күздей сауып алды,
Көздің жасы жаңбырдай жауып алды.

Бозторғайдай жорғалап қашсам-дағы,
Стражникке іздетіп тауып алды.
Соны көрген қонақтар күле қарап,
Апырмай, жазықсыз деп тек таң қалды.

Жүсіп төре мен
Ақанның қағытпасы
«Тай теріден алдың ғой жамағатты,
Айтып ем әйел алма жолың қатты.

Қаншама мақтап сүйреп келтірсең де,
Қай жағыңа жеткізерсің жалғыз атты?»
Бұл қағытпаға Ақан дереу:
Жүсіп-ау, төрелік жоқ баяғыдай,

Төрелігің қойшының таяғындай.
Сыртымнан әр уақытта жамандайсың,
Мінезің әзәзілдің саяғындай.
Жүсіп-ау, неше мысқал басында ми,

Айдаған мал кімдікі, тігулі үй.
Қиямет өлер күнің болған шақта,
Алдыңнан Айса, Тортай болады би.
Майын мінген аттай қып қайтарарсың,

Көкшенің арқасынан шығармай ши.
Ертең сені жауаптап тексергенде,
Сол уақытта артыңнан шығар бір қи, –
деп жауап қайтарыпты.

Тезекбайға
«Қарсы алып сәлем бердім, Ақан серім,
Қазаққа мәлім болды Құлагерің.
Салдықпен сайран қылып жүргеніңде,

Иемденіп жүр дейді ғой жын мен перің», –
деп Ақанға тиіссе, Ақан ел жаттап алардай қағытпасымен
жыға соғыпты:
Бәрекелді, тәуір айттың, Тезек аға,

Халықтың қанын сорған, кезеп аға.
Амандық пен саулықта жұмысың жоқ,
Беріңіз енді бізге кезек, аға.
Ал дегенде сілтедің, Тезек аға,

Сөзіңді сөйлемедің тежеп, аға.
Бір тиын қашан маған түседі деп,
Қыласың өзіңді-өзің безер, аға.
Тезекбай: «Ақанжан, сыбағамды бердің», – депті. «Өзіме

де сол керек» деген қанатты сөзді Тезекбайдан қалды деу­
шілер бар.

ТӨРТІНШІ АРНА

СӨЗСАЙЫС

Сәкен Сейфуллин Көкшетау өңірінде өз шығармала­
рын жазумен, Ақан сері өлеңдерін тірнектеп жинаумен ға­
на шектелмей, атақты сазгер, айтулы ақынның жазба ай­
тыс­тарына да көңіл аударыпты. Өзі құрастырған жинақта

ол былай деп жазыпты: «Ақан серінің Сүйіндік-Қаржас
Мәшһур Жүсіппен айтысқаны қағаз жүзінде болыпты. Ай­
тыстарының тақырыбы Көкшетаудағы Абылай ханның
ұр­пақтарын және Сүйіндік-Қаржас Шорман ұрпағын мақ-

­тау болған. Айтысқан заманы 1888-1896 жылдар дей­ді.
Бұл өлеңді Махмет Құрманқұлұлы деген кісі «1912 жы­лы
Ақанның өз аузынан жазып алып едім, бірақ ол жазбам
жоғалып қалып, мынау өлеңдер тек жадымда қалғаны

дейді. Біразы ұмытылған дейді».
Ал халық әдебиетін жинаушы, насихаттаушы Ғаббас
Омарұлы Елеусізов «Ақан сері мен Мәшһүр Жүсіптің
Шың­ғыс сұлтанның оны мақтаған айтыс өлеңдері» деп

қайырады.
Біз сол екі нұсқаны салыстыра отырып, кеміс жерлерін
толықтыруға трыстық.
Мәшһүр ЖҮСІП:

Ғиззатлу, уа құрметлу жаздым сөзді,
Бек артық көрдім сізде дана көзді.
Өзімнің қадари-хал білгенімше,
Сөйлейін бек мадақлап енді сізді.

Өзгеден затың абзал, сәруар гүлім,
Ашылды сізді көріп менің тілім.
Сөйлейін енді кімге сізден артық,
Бар болса тіл мен жаққа сөйлер жерім.

Нұрың бар асып тұрған басқа жаннан,
Нәсілің болған сіздің Абылай ханнан,
Сипатың, салтанатың, болған тегің
Ұқсайсың періштеге атқан таңнан.

Құдайым тауып қосқан жарыңызды
Түзеткен бұл жалғанда барыңызды.
Атаң хан, анаң ханым, өзің сұлтан,
Дегдарым осындайда таны бізді.

Сағымнан пайда болған арғы тегің,
Мақтауға қалай келмес менің ебім,
Дәріптеудің түрлерін айтсамдағы,
Тіл байлығым жетпей тұр, кемеңгерім.

АҚАН сері:
Төрелер тегің асқан барша жаннан,
Асыл боп бір шыққан ер мұсылманнан.
Шежіреде арғы затың тарайды екен,

Сағымнан пайда болған Шыңғыс ханнан.
Төреге мейман болдық сәлем беріп,
Мүбәрәк шатланамыз жүзің көріп,
Алланың артық берген даражасын,

Азырақ мадақлайын хатқа теріп.
Махмет пен Қозыке, Қоқыш, Жәкенің бар,
Біріңе хан, бірің сұлтан, бәрің берік.
Болғанда бірің болат, бірің балға,

Бірің бал, бірің шекер, бірің алма.
Бірің тұйғын, бірің сұңқар, бірің лашын,
Неғылып теңгересің жалпы жанға!
Мал, бағың тәңрі берген бәрі тегіс,

Не берсін бұдан артық бір адамға?
Жұртына екі патша қатын жүріп,
Шүршіт тарту беріпті Уәли ханға.
Патша да дүбәранин берген сыйын,

Қағазбен хатың шыққан мұсылманға.
Қаржастың ақындары жеткізбепті,
Үш жүзге әмір шашқан Абылайға.
Қоқыш-ау, тәңрі берсе қонар бағың,

Баласы ханзаданың арғымағым!
Туасың қай тегіңнен жаман болып,
Болаттай тастан қайтпас екі жағың!
Әуелде, ақыры да Шыңғыс болып,

Үзілмей келе жатыр алтын тағың.
Көріп ем нағашы атаң салтанатын,
Көп нөкер қасына ерген жамағатын.
Қасында інісі мен балалары,

Құдай артық жаратқан қолғанатын.
Сағынай қажы асына барған шақта,
Жұртқа ашып сөйлеп едім хикаятын.
Керейге құлагермен барған кезім,

Бақытына Мұса мырза түскен көзім.
Жиылған алты дуан ұрулары
Көтерген бастарына айтқан сөзін.
Мәшһүр ЖҮСҮП:

Мақтауға не жөні бар сотқар балға?
Бұл сөзің пәртиә емес шекер-балға.
Сөзіңді арғымақ деп мақтау қылып,
Төреңді теңеймісің хайуан малға?

Жеткізіп айта алмайсың, білімің шолақ,
Оқытар ем тіліңді үш жыл бұрап.
Бұл жерде қайтарам деп қаға алмайсың,
Қайта өзің жығыларсың жарға құлап.

Хан болған Абылайдай үлгілім-ай!
Бес мейрам баласына белгілім-ай!
Жеті атаң жеті руға хан боп өткен,
Бәйге алған оза шауып дүлділім-ай!

АҚАН сері:
Мақтауда жөні осылай асыл заттың,
Үлгісін көріп алдың біздің хаттың.
Біздің хат сіздің елге жөн көрсетіп,

Мақтауын хан Абылай жаңа таптың.
Иншалла, ұстаз болдым құрбым саған,
Сыйлайсың көрмесек те бізді тамам,
Сіздерге сөз тәртібін көрсеткен соң,

Әдепсіз жауап жаздың нешік маған?
Балғадай әмір еткен Абылай хан

Соғылған сом темірдей әртүрлі жан.
Бақ дүкені құрылған заманында,
Тілі тентек тыйылған Уәли ханнан.
Ханнан тыю көрмеген жан бар ма екен,

Баласы үш алаштың дін-мұсылман?
Шөрекеңдей мақтадым үлгіліңді,
Мұса мырза – данышпан бұлбұлыңды,
Орта жүздің ішінде төре-қара,

Асылың мен мадақлап белгіліңді.
Төрелердің айтқаны күліп келді,
Асылын біздің сөздің біліп келді.
Оның заты адам ба, айуан ба,

Қоқыш төрең бір дүлділ мініп келді.
Мысал қылған сөзіме ақылың жетпей,
Тексеріп өлеңменен сұрайсын мән.
Шыңғысхан, Уәлихан бәрі мағзұм,

Арғымақ, балға, төске пәтуа пәрман.
Пәтуаға да болмай ма тоқтарыңыз?
Бізге деген қаңғып тұр оқтарыңыз.
Сілтеудің мағанасын білмегеннен,

Тимей ме өз басыңа шоқпарыңыз?
Жалғыз боп, құрбым, өзің жығылсаң да,
Сияз қылмай болмас-ау тоқтарыңыз!
* * *

Ақан Сері мен Сүйіндік-Қаржас Нұрғожа ақынның ай­
тысы туралы С.Сейфуллин былай деп жазады: «Бұл айтыс
та қағаз жүзінде болады. Нұрғожа Атығай-Қарауылға
ке­ліп: «Маған Шорманның Мұсасының баласы Садуақас

«Мәшһүр» деп ат қойды» деп мақтанады. Сүйтіп мақта-
нып, әркімді кемітіп, өзін көтеріп жұреді. Ақанға өлең
жазады. Сонсоң Ақан өлеңмен оған хат жазады. Мұны
жазып бе­руші Махмет Құрманқұлұлы. Мұның түгел жаз-

басы соның қолына түседі екен. Оны ол жоғалтқан. Мына
өлең тек соның есінде қалғандары. Көбін ол ұмытып
қалыпты».

НҰРҒОЖА:

Ғизатлу, қамиатлу, жаздым кәләм,
Кемелдің ауылында тарқап санам,
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Ықыласты, Ақан ағай, бізден сәлем.

Келер деп кеше есіттім өзіңізді,
Көруге бір мүбәрак жүзіңізді,
Қамданған қаршығадай бұлбұл едім,
Қазыр да күтіп тұрмын сөзіңізді.

Гауһардың бір сынығы асылдаймын,
Кісіден мен қорғалап басылмаймын.
Дұрысын Ашық ауыз берсін депті.
Мен оған көктен түскен жасындаймын.

Ашық ауыз молда болды азаптанып
Шайтанға көмек бердің сен аттанып.
Менімен ғалымлықты таластырдың,
Тау тескен Маажуждей азаптанып.

Қуандық, Сүйіндіктен жалғыз шықтым,
Жел сөзден мен қорғалап қашан бұқтым.
Атбекет Сибирский жиылса да,
Талайдың албастыларын көріп соқтым.

АҚАН сері:
Кәніки, ғалым болсаң тиіп қара,
Жаныңды аямасаң қиып қара.
Ғалымдықтың зардабы тиген шақта,

Енесін ұрған баладай күйіп қара.
Кемелдің ауылында санам тапсаң,
Тағзым қып, «бог оден» деп сүйіп қара.
Бисмилла, әмірзі бал, кәләмға бас,

Тілің де, һәм дінің де аллаға қас.
Азырақ насихаттан аңдатайын,
Құп тыңдап көңіл көзің пердесін аш.

Жасынды көктен түсірем деп айтыпсың,
Бендеден жақтың ісі қасыл болмас.
Құданың азниы мен мұрсаллардан
Мұғжызалар түседі, – кітапта рас

Күпірлік боп жүрмесін бұл сөзіңіз,
Өзім ғалым дейсің ғой ыйанжу аннас.
Иа ғасылық болмасын, күнәкәрлік,
Мағрұз көп бұл жалғанда, болмаңыз мас.

Иншалла демепсің бір сөздеріңде,
Ынсапсыз жан екенсің, ей, балғалас.
Жаббар хақ әзәзілді ғалым деген,
Адамға сәжда қылмай, зәлім деген.

Мирасы қастеліктің содан қалып,
Оның да «мәшһүрлігі» мәлім деген.
Пайғамбар, ғайрұл кәләм, мақұл деген,
Жақсы сөз жаманға да жақын деген.

Настоящи наданның жауабындай,
«Мәшһүр» жігіт сен болсаң «ақын» деген.
Тағы да бұрынғының низамында,
Ер қадырын білмеген қатын деген.

Батыр ерлер іретпен ұрыс қыпты,
Хайуанша алыспайды батыр деген.
Нұрғожа, ықылас бердім әуел көріп,
Құрметтер бір жұмадай қасыма еріп,

Би Шорман, Мұса мырза аруағына,
Балқыдық, атаған соң, майдай еріп.
Мүсәпір және тәліп, жолаушы деп,
Біріндей Сүйіндіктің болдым серік.

Өзі Тәшкен, Бұхарда жүрген шақта,
Жүсіптің есімін жүрсің екі бөліп.
Балғаласта бар екен дұшпандығың,
Қастіліктің тілі тұр сенен келіп.

Арғында өнерпаздың етін жеуге
Аңсырап шыққанбысың болып жерік.
Тіс салсаң азуыңа із салайын,
Бар еді мендедағы балға, көрік.

Мың шүкір, мұхиттағы біз бір кеме,
Деңіздің өнерпазын осал деме.
Арғын болсаң сыйлайтын інімсің ғой,
Қаламды бізден бұрын тарттың неге?

«Әл әдеп нағып әл иман» деген сөз бар,
Бұл хадис мінезіңе болар шеге.
Гауһар дария түбінде қарарлайды,
Бетке қалқып шығады жеңіл неме!

Шайқы Ғазали хазірет айтқан екен,
Кәні, сен, шешен болсаң мені бөге!
Сөзіне имамдардың тауаққып ғыл,
Атадан артық туып болсаң жебе.

Бізбенен жиын топта көп жүріпсің,
Айлакер кәсібіңе еп жүріпсің,
Қанша құрмет, зияпат қылсамдағы,
Ішіңнен «жеңемін бе» деп жүріпсің,

Хазірет Ғали мен Салсалға үсап,
Арқанды қалай кессем деп жүріпсің.
Құда бізге ғалымлық тонын берсін,
Жаннатыл пырдаустан орын берсін.

Дұшпанын қиянатшыл мұлзам қылған,
Хазірет Шахимардан жолын берсін.
Көңліңді қастілікке бағындырды,
Беліңе қару-жарақ тағындырды,

Күллі шайен емдейтін дауасы бар,
Жара болсаң еміңді табылдырды.
Іздеген бұласырың табылған соң,
Ішіңдегі зәһіңді ағылдырды.

Төреден қайтамын деп лұқсат сұрап,
Біздің сот Сүйіндікті сағындырды.
Мен бір үлгі сөйлейін қалғандай-ақ,
Дүние өтер-кетер жалғандай-ақ.

Аққақтың жерінен әскер шығып,
Шам жұрты тәкбір үнін шалғандай-ақ,
Аллалап албастыңа бір тиейін,
Нәби Ысқақ періңді алғандай-ақ.

Бұдан кейін 3-4 жылдан соң әлгі Нұрғожа Ақанға
мынау сөзді жазады:
Тізілген әр уақытта марпұқ кәләм,
Таусылмас жалғыз хаққа қамды санам.

Сағынып дидарыңды көрмеген соң,
Ықыласты, Ақан ағай, бізден сәлем!
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сүйі зәң қылар бенде бізге нағып,

Бұл кезде нәпсіңе еріп әуеленіп,
Кетпеңіз шөлмек болып дарияға ағып.
Сіз бізді хазіретке жамандапсыз,
Һеш нәрсе бізден басқа таба алмапсыз.

Басқа зәһіл аулақта ғапыл болып,
Мәшһүрді келеді деп бағаламапсыз.
Әуелі сыйынамыз бір құдайға,
Тәңрім өзі жеткізер бірталайға.

Көңілді хош мархаба-марғұп көрген,
Көп сәлем Зікірия мен Шалабайға.
Құданың қуанамыз берген баққа,
Мінеді патша кісі алтын таққа.

Аулында Бекәлі қажы біз жатырмыз,
Барамыз нәсіп болса зияратқа.
Ақан серінің жауабы:
Мәшһүр-ау, жұрттан асқан шешенсіз бе?

Һәр топта сөйлейтұғын көсемсіз бе?
Жеріктес, қанат, құйрық, балғаласым,
Данышпан бұлбұл, гүйе есенсіз бе?
Әуел дидар ғанибет деп еді ғой.

Көңіл жібек потасын кесесіз бе?
Ағаңа көріспестен жауап сайлап,
Ергендей жұрт тіліне есерсіз бе?
Ылғи сен ащы жауап хатқа жазып,

Тұқымың Арғын емей мешерсіз бе?

Байқап айт жауабыңды, биік жар бар,
Сайламай өткеліңді көшерсіз бе?
Тарыны, сен бір тауық, теріп жеген,
Сендейлер біздің жаққа келіп жүрген,

Сен түгіл жеңіл Мәшһүр желіп жүрген,
Сазасын шын Мәшһүрдің беріп жүргем.
Истедарж Перғауынша бар ма сенде
Артынан Ніл дариясы еріп жүрген?

Олардағы шөлмек боп дарияға ағып,
Кей бәнде керіліктен келіп жүрген.
Осындай кесір сөзді сөйлеймін деп,
Ауызың ыстақанда күйіп жүрген.

Шөлмек қылар кісіні таптың қайдан,
Мың шүкір, өнерді жұрт көріп жүрген!
Бар құдай сыйынайық панамызға,
Былтырғы айтқан сөзден танамыз ба?

Ғайбат қып сырттан айтқан сөзім болса,
Хазіреттей жүгінейік бабамызға!
Нұрғожаның сөзі:
Бекәлі қажының аулынан шығып, Атығай еліне бара

жатып, Қарауылдың елін жамандап қағаз жазып тастап
кетеді.
Келіп ем әдейі іздеп Шалабайға,
Үйінен талай қайттым қанбай шайға.

Зорлықпенен бір сомды әрең беріп,
Дұғадан мақрұм болып қалды жайға.
Рызықсыз бәнде жерді баспайды екен,
Инанда құл ғалымнан қашпайды екен.

Мырзасын Қарауылдың араладым,
Бір сомнан ант бергендей аспайды екен.
Ішінде Қарағұстың көп отырдым,
Аз ғана ет бола ма деп отырдым.

Ет бермесін әбден-ақ білгеннен соң,
Ішімнен қайғы-қасірет жеп отырдым.
Сапар шегіп келіп ем осы жөнге,
Мейман болып келемін талай кеңге.

Жын болып аруақ алжып кеткен екен,
Туыпты Жанқожадан боқтан өңге.
Бұған Ақанның жазған сөзі:
Біздің жұрт әр тарауға үлгі жайған,

Елде жоқ ғалымдықты таптың қайдан.
Әулие Асанқайғы сынап өткен,
Аспайды ел де, жер де Көкшетаудан.
Ақылсыз надан елді тауып алмай,

Таусылып қайтып жүрме ақыл-айлаң.
Құт орнаған Жақсылық, Шұңғыршаға
Екі арыс боп тараймыз Есен байдан.
Шақшақұлы Жәнібек мейман болған,

Үлгі алған Абылай да Дәулет байдан.
Елдің құты, дарияның тұнығы деп,
Ұйтқыны олардағы мұнан алған.
Абылайдың отыз ұлы өсіп-өніп,

Бүкіл істер тарайды біздің жайдан.
Бұл жағым Сырымбетте Уәли, Шыңғыс
Алтынның сынығындай Абылайдан.
Су ішсең де кетсейші балға балап,

Қиқулап қыдыр қонған кең сарайдан.
Ел жамандап әр жерге қағаз жазып,
Қанбадым деп далбастар қант пен шайдан.
Көтере алмай жүрсең де құсып, тышып,

Өле жаздап жүрсең де аппақ майдан.
Бұл жағым Атқы, Жанар, Монтық, Сары,
Төрт ата сый көріп ең талай байдан.
Өз мінезің өзіңе кесір болып,

Кетесің ғой сегіз ата Қара қайдан,
Өрт салып Сүйіндікке шығып жүрсең,
Енді орын іздейміз саған қайдан.
Жасынды біздің елге тастауыш ең,

Сол тілің өз басыңа төккен айран.
Жасындаймын деп айтуға дәлел керек,
Әлі һешкімге тиген жоқ сенің найзаң.
Сыналып жүйріктікке жеткенің жоқ

Орынсыз күйсетесің әлдеқайдан.
Мен қалаған Есенбай Қарашамын,
Халқыма алтын бесік жарасамын.
Біздің жұрт Орта жүздің ұйтқысындай,

Қанша арыс салыссаң да таласамын.
Қызметтен жауһар шашқан ғазиздар бар,
Қалайша түзу жолдан адасамын!
Бұхара ай шәріптен қатым еткен,

Хазіретке таласқанға тамашамын,
Ақылды жоғалтасың ақымағым,
Жөнінен дін қарындас қарасамын.
Халды білмей жолықсаң әлекетке,

Ғалымлар қорғанына қамасамын.
Күпірлікке жауабың бәрі жақын,
Һешбір жаннан демейсің аласамын.
Тіліңде заһар болса байлатармын,

Өнерді Орта жүзге сайратармын.
Қуандық, Сүйіндікке қағаз жазып,
Мойныңа қоса жаза айдатармын.
Шариғат дәлелімен мойныңа сап,

Жазаның қазанына қайнатармын.
Сен ақмаққа болысқан адам болса,
Оған да һәр нәрсені ойлатармын.
Торға түсіп бекілген сауысқандай,

Аузыңа кесік өкпе шайнатармын.
Пиғылың ібілістің тынысындай,
Мінезің балшабайдың күмісіндей,
Қиянат әһілінен жан екенсің,

Солардың ия танысы-білісіндей.
Ұтыс ойнап, тұз, мәтке, көрөл болсаң,
Басармыз көзірнайдың келісіндей.

Нұрғожа:
Сол жылында Нұрғожа өз елінің адамдары Шорман,
Мұсаның балаларын жамандап, Қарауыл, Атығайға мына­
дай өлең жазып кетеді:

Келмей ме әр орындық сөзім жүйе,
Әркімнің, кезеніп жүр, іші күйе.
Шатысып Мәжнүндерше жұртты бұзып,
Шорманның ордасына болмай ие.

Аққаншықты армандасың алмадым деп,
Тілінен бір сүйіп те қанбадым деп,
Орыстың мәтүшкесі жарамай ма,
Өкінбе ескі апанды қазбадым деп.

Атаңның аруағына қарамадың,
Ел бұзып қыршаңқы иттей қараладың,
Байнауда мәтүшкеге ғашық болып,
Төреден қыз алуға жарамадың.

Тал түсте қашып кетер қонған қонақ,
Жел сөзге қашан Мәшһүр болған олақ.
Құдай артық жаратқан бұл Сүйіндік,
Мінгені жәрмеңкеде бәрі шолақ.

Ақан сөзі:
Қарауылдың мырза, байлары Көкшетаудың жылдық ба­
зарына жиналып, Ақан серіге бұл тұралы өлең жаздырып,
қаржас Мұсаның баласы Садуақас мырзаға жібертеді:

Тәуекел ғала алла қылдым хаққа,
Пәруана түсіпсің, сен, аруаққа.
Көзің жоқ көбелектей жан екенсің,
Қанатың күйдірерсің, сорға шаппа.

Екі рет жауабыңа сөз жазайын,
Егер құда жатқызса ғинаятқа,
Көп халықты сап жүрсің қиянатқа,
Уазыңға жауабыңды алып көрсек,

Ешбіреуі келмей тұр диянатқа.
Атасы Шорман, баласы Мұса мырза,
Аты шыққан ер еді алапатқа.
Әһіл ғалай әһледі, керуенбасы

Тәшкендегі қоспасаң қара сартқа! Шіркін-ай шыныменен қиғаның ба, Еліңді, Уақас мырзаны бұл ғайбатқа? Керей Торсанға сөйлепсің бұл сырыңды, Мырзаңды бұл қауылға салып даңққа. Сұрауменен сынады Кенжеболат, Сен осы өлеңіңді бер деп хатқа. «Мырза маған мәшһүр деп ат қойды» деп, Бұл елде айтып едің әр қазаққа. Егер қойса, бұл атын ақтадың ғой, «Бек кәззап екен» деген шықтың атқа. Жалған атың ақыры қайырсыз боп, Мәшһүр мәксүр шығарсыз мәшүратқа. Жүйрік, жорға секілді жарастырып, Атың жетектеп алайын салтанатқа. Зинадан туған деп сақ иттерді, Түһаймметпен ғайбат еттің асыл... Төрт шахит мұндай іске керек еді, Құданың кәлемінде бар аятта. Бұған тағзиз бар шығар дәлел десе, Хазіреттің кітабынан сұрайық та. Көкшетау сегіз болыс елі еді ғой, Атығайы, Қарауыл болайық та, Атамыз Алаш байдың ғұрыпымен. Жұрт мәксүрге бір жаза ылайық та. Ғазазілдің алдынан ит үріпті, Үргенмен жұрт ала ма ілтипатқа. Мешердің ағаш кескен халқы ғұсап, Өзіңді өзің салдың жарақатқа. Сопы Алдияр қазірет айтқан екен, «Гүлге тікен екті» деп ондай ғарыпқа. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . Мия-сия маңайы жанып кетер, Сен алыстан лап ұрдың шамшыраққа. Шайтан түртіп білегің тілеген соң, Төсіңді жұлдырдың ғой бидайыққа.

* * *
Сәкен Сейфуллин сөз болып отырған жинақта «Бір-
жан сал мен Ақан сері туралы табылған бір өлең» деп жа­
зып, олардың мәтінін де жариялатыпты. Біз сол жинақ-

тан Ақан сері туралысын осы тұста жариялауды мақүл
көрдік. Өлең­ді кім жазғанын Сәкең көрсетпепті. Біржан
сал туралы өлең 120-бетте берілді.
АҚАН сері

... Тағы да үздік шыққан одан бері,
Зарланған «сырлы мінез» Ақан сері,
Зарлы әнмен, көркем күймен, сырлы өлеңмен,
Шарықтап өрлер көкке шыққан шері.

Әніне исініп жұрт таң болатын,
«Түскен деп әнін тыңдап көктен пері».
Жадқа алып қыз, бозбала құмарланып,
Жайылған Сарыарқаға «Құлагері»

Құбылған әні көркем гауһар түрлі,
Күйлеген нәзік сезім «жұмбақ» сырлы.
Махаббат, қасіретін күй ғып шерткен
Әндері, өлеңдері нәзік сырлы.

Ырғалтып шығарғанда көркем әнін,
Келтіріп нәзік нақыш әннің сәнін.
Әндері «Сырымбет» пен «Үш тоты құс»
Елтіткен тыңдаушының жан мен тәнін.

Шырқайды Ақан әнін ой мен қырда,
Жайылған қазақ түгіл қыр мен Сырға,
Ақанның «Сырымбетін» башқұрт қызы
Ырғалтқан Мәскеуде Үлкен тиатырда.

Мәскеуге көрнекке жұрт барысқанда,
Әр жақтың бар өнері жарысқанда,

Әр елдің әншілері тиатырда,
Әндерін көп алдында салысқанда.
Көпшілік талай әнге онша бақпай,
Отырған талай әннің бірі жақпай

Салғанда Ақан әнін башқұрт қызы
Әлеумет тыңдай қалған кірпік қақпай.
Сол сында Ақан әні тең іздеді...
Көлдегі аққу әні тәрізді еді.

Ақанның «Үш тоты» мен «Сырымбеті»
Таң қылған естігенде Парижді де...

Орынбай мен Ақанның айтысы
Бұл және одан кейінгі айтыстар
Кәкімбек Салықов құрастырған
жинақтан алынды

Ақан
Accалaумағалейкүм, Орекеміз,
Бap екен мың кісілік берекеңіз.
Атанған ақындыққа аға сұлтан.

Жеңімпаз құтты болсып мерекеніз.
Орынбай
Үстінде шапаның бар қолбырайған.
Әкеңнің киіміңдей солбырайған.

Әр заманның киімі басқа-басқа,
Бұл киім ұнамайды, інім, саған.
Ақан
Ақан да сөз табады ағасына,

Қарайды ағасының бағасына.
Бұрынғы ата-баба киген киім
Мирас боп қалмас па екен баласына?
Ақан кішілік ілтипат білдіріп өлеңін тоқтатады да, қо­

лын жуып орнына отырады. Сол кезде Орекең қайтадан сөз
бастап кетеді.
Орынбай
Дәретсіз негс керек қолың жуып,

Өзің таза жігітсің дінге жуық.
Ақанжан, сенен біраз сөз сұрайын.
Бас сәждеге тиді ме өзің туып?
Ақан

Әуелде көңілім хаққа иген шығар,
Ініңіз өлмес жерін білген шығар.

Ореке, сұрасаңыз мен айтайын:
Иншалла, бас сәждеге тиген шығар.
Орынбай
Дейсің ғой болсын сөзің көңілге тоқ,

Алдамшы арқау болмас дүние боқ.
Бас сәждеге тиді деп айтсаңдағы.
Meн, сірә, өз көзіммен көргенім жоқ.
Ақан

Oрeкe, Қарауылдан шықтың дербес,
Сізбенен бақ сынасып қылман егес.
Ақтығын айтқанымның біледі Алла,
Пенденің көрмектігі дәркәр емес.

Үй иесі Қожахмет орта дәулетті адам болғанымен,
Қа­рауылдың әйгілі байлары Зікірия, Шалабайлардан мыр­
за­лы­ғы кем түспейтін атақты һәм беделді кісі болыпты.
Бұрын бала көрмеген үшінші тоқалы ұл туған қуанышын­

да шек жоқ. Орекеңді Қожахметтің бәйбішесі қайным деп
билік көрсетіп, басқа үйге әкетіп, құндақта жатқан бала-
ға батасын бергізеді. Орекең қайта оралады. Сонда Ақан
тағы да сөзді бастап кетеді.

Ақан
Ореке, біз бір қайық, сіз бір кеме.
Жөні келген сөзімді айтты деме.
Шариғаттың жөнімен жүрген болсаң,

Ішіне намаһрамның бардың неге?
Opынбaй
Күш атта, ақыл жаста, сөз малдыда,
Ақыл, айла болмайды жоқ-жарлыда.

Сүннәт, уәжіп, парызды тәмәм етіп,
Жалғыз-ақ намаһрам деген сөз қалды ма?

Сол кезде көрші үйден ащы да әсем ән шығып, жұрт
құдағын түре қалады. Орекең әншінің дауысын танып, өз
баласы Омар екенін сезіп, бата беріп келейін деп тағы да
дереу шығып кетеді. Барса, шынында да, тойдағы жастар

бір ақ үйде бөлек отыр. Омар әндетіп отырғанын тыя
салып, түрегеліп әкесіне сәлем береді. Орекең: «Асығыспын,
әлгі әніңді қайтадан айтшы», депті баласына. Қызып
отырған Омар көп тостырмай шырқай салып:

«Баласы Орынбайдың атым Омар, Айдалаға бітеді ші­
рік томар», дей бергенде. Орекең шартпа-шұрт ашуланып:
«Ай­далаға бітеді шірік томарың не? Әу, дегенде аузыма
иман толар», демейсің бе? Өлеңдете бер, бірақ саған бата

жоқ», депті. Орекең жиын топқа оралғанда Ақан шырқай
жөнеліпті.
Ақан
Ореке, қызық екен таңғандығың.

Еске түсіп жүрмесін алғандығың.
Белгілі болып қалды осы жерде,
Дін емес, табиғы үшін барғандығың.
Орынбай

Туыпты бізден бұрын Адам-Ата,
Бір Алладам басқада болар қата.
Meн өзім табиғыны тастап едім.
Қайтпақшы ем өз балама беріп бата.

Ақан
Ореке, сіз ишанға бардыңыз ба,
Иә, естен, иә ақылдан тандыңыз ба?
Балаңызды бұл жерге шақыртсаңыз,

Жүгіріп келмес пе еді алдыңызға.
Сол кезде төрле отырған төрелер мен молла, қажылар
шуылдасып: «Орекең жеңді!» деп шуылдап, алақай са­лып­-

ты. Сонда Ақан қиядан құс ілген қырандай саңқ етіп, жауа­
бын шұғыл бастап кетіпті.
Ақан
Бір сөзім Орекеме салмақ болды,

Жәйіңді іліндірген қармақ болды.
Төрелер, сөздеріңіз үйлеcпeйді,
Бірің шүршіт, біреуің қалмақ болдың. –
деп заулатқанда шуылдаған төрдегілер су сепкен оттай

де­реу басыла қалып. Ақанға таңданыпты. Кемеңгер ақын
Орекең орнынан атып тұрып: «Сап, сап, ағайын, сап, сап,
төре­лер» деп. Ақанды бетінен сүйіп, екі қолын жайып
батасын беріпті.

Орынбай
Иншалла, інім еpeн жан екен ғой.
Жас та болса бас болар нар екен ғой.
Тәңірім жарылқасын, қалқам Ақан.

Ат тұяғын басар тай бар екен ғой.
Әумин!
Сонда Ақан Орекеңнің кемеңгерлігіне дән риза болып
рахметін айтқандай ілтифат білдіріпті.

Ақан
Бақ жанса біз де Сіздей нар боламыз,
Қалайша кемеңгерге пар боламыз.
Басың бұлбұл, аяғын дүлдүлім-ай.

Бір күні тап осыған зар болармыз.
Орынбай
Баласы Бертағының Орынбаймын,
Көненің кең сабада қорындаймын.

Алла жар боп, Ақанжан, есен-сау бол,
Жас тұлпар шабысыңды мойындаймын.

Орынбай ақынның
Ақан Серімен айтысы
(Екінші нұсқа)
Ақан:

Ассалаумұғалайкум, Орекем-ай,
Бар еді жүз кісілік берекең-ай.
Кешегі хан Шыңғыстың заманында,
Сауық қып сайраңдаған жер екен-ай.

Сіздерге біздей іні жар болармыз,
Қалайша кемеңгерге пар болармыз.
Басың бұлбұл, аяғың дүлдүлім-ай,
Бір күнде сіздерге де зар болармыз.

Орынбай:
Үстіңде киген киім қолбыраған,
Әкеңнің киіміндей солбыраған,
Әр заманның киімі басқа болар

Бұл киім ұнамайды, інім, саған.
Кигенің үстіңе бұл қара шекпен,
Пішінің ұқсамайды асыл тектен,
Құда түсе келгенде үй таңдайсың,

Не себептен, шырағым, сөзің өктем?
Ақан:
Ақан да жауап берсін ағасына,
Қарайды ағасының бағасына.

Атамның өзі ұнатып киген киім
Мирас боп қалған еді баласына.
Ореке, біздер қайық, сіздер кеме,
Орны келген сөз болса айттың деме,

Неке жолын аттаған обал деуші ед,
Ана үйге, басқа әйелге бардың неге?
Орынбай:
Оның рас Намахрамға қалғандығым,

Сөз айтыста жоқ еді жалғандығым.

Қошеметі Ұжмақтай болғаннан соң,
Бетін қақпай сол еді барғандығым.
Ақан:
Рас, сіздің Намахрамнан қалғандығың,

Сөйлер сөзге жоқ еді жалғандығың,
Балығынан болмаса, бақасынан деп,
Тамхиуан боп жүрмесе барғандығың.
Орынбай:

Күш – атта, ақыл – аста, сөз – малдыда,
Ақыл-айла болмайды жоқ-жарлыда.
Аллаға парыз-уәжіп, сүннәт қылып,
Жалғыз-ақ Намахрам деген сөз қалды ма.

Дәрет алып жүрмісің, қолың жуып,
Өзің зирек жігітсің дінге жуық,
Ақанжан, сенен бірер сөз сұрайын,
Шәждаға басың тиді ме өзің туып.

Ақан:
Хақтығын дін исламның білгем шығар,
Хақ дінге көңіл қойып жүргем шығар,
Ореке, сұрасаңыз мен айтайын,

Иншалла, шәждаға бас тиген шығар.
Орынбай:
Айтайын бұл сөзімді тыңдасаң құп,
Сөз ұқпас қаса надан қадыры жоқ,

Тиді деп бас сәждаға айтсаң дағы,
Мен оны өз көзіммен көргенім жоқ.
Ақан:
Хақтығын бір тәңірдің надан білмес,

Қадырын хас жақсының жаман білмес,
Пенденің құлшылығы тәңірге аян,
Адамның көрмегені дәркер емес.
Жинастырып, хатқа түсірген Ғаббас Елеусізұлы.

Ақан мен Қожамбеттің
айтысы
Ақан:
Біздің ел жылқы алуға ерінбеген,

Атығай жазаң алда берілмеген.
Жылқыны қара қойлап айдағанда,
Мырза-биің қалды ма керілмеген?
Жарасы, қасқыр тартқан тайдай болып,

Қарыны-құрсағыңның іріғдеген.
Сабанды керегеге ілдіргенде,
Қиқымың іркіт ішіп күрілдеген.
Қарауылдың қимылын көргеннен соң,

Кұдайберді, Бейімбет дірілдеген.
Қимылы Әнапиям қалай екен,
Жүлде алған арғымағым сүрінбеген.
Әйелге Мүсірептің қызын алып,

Ақша бет, оймақ ауыз күлімдеген.
Жүз жігіт алмас алып аттанғанда,
Найзадан күннің көзі көрінбеген.
Әлібек пен Жаулыбайды қамағанда

Екеуі үйде отырып дірілдеген.
Жалғыз-ақ Сералының себебімен
Кісілерің жазаға берілмеген.
Есенкелді Жиембет бітімі қалай екен,

Ту байлап тұлпар мініп дүріддеген?
Қожамбет:
Ақандай өлең жазған ақындарың
Ежелден қызға құтсыз тақымдарың.

Жылқы алды деп айтасың барымталап,
Ақан-ау, қайда кетті ақылдарың?
Сендердей барымта біз алғамыз жоқ,
Тал түсте қолдан шыққан қатындардың.

Түбіңе Ақтоқты қыз жетіп кеткен,
Оны да бетке басар жақындарың.

Шариғатта бар ма екен көрген жерің,
Сырттан ғайбат айтуға батылдарың.
Бұл күнде жын мен шайтан жолдастарың,
Ісің жоқ бір Құдайға мақұлдарың.

Бір күнде болып едің Ақан сері,
Жолдасың осы күнде жын мен пері.
Алты ай жаз бір қорада жалғыз жатып,
Қисық ағаш болыпты мекендерің.

Тоқтарсыз мынау айтқан сөзімізге,
Кеткен ақыл қайта оралса өзіңізге.
Қырық пен елу бестің арасында,
Бір сұлу жолықты ғой кезіңізге.

Ақан, сен өлең жазып арандадың,
Тоқаны не себепті жамандадың.
Омбыға он мың теңге шығарсаң да,
Таңбалы байтал көзін ала алмадың.

Зәкүннен артық пайда болмаған соң
Мына жерде жылқы алып амалдадың.
Сен былай тие берме жалпы жанға,
Бүйте берсе сүйекке болар таңба.

Данияр қүдалыққа келген шақта,
Сен де бірге барыпсың Шыңғыс ханға.
Сералы қорыққаннан не деп еді,
Түн ішінде сен оған ақырғанда.

Сескеніп күллі жүрттың зәрі кеткен,
Жынданып, жаның шошып бақырғанда...
Ақылды, Ақан, саған көп айтамын,
Бойыңа жүғымды қып дөп айтамын.

Сыртынан әр жақсының өлең жазсаң,
Мұнынды бұзылғандық деп айтамын.
Өзің бұзып жүріпсің затыңызды,
Былғамаңыз күнәсіз затымызды.

Жіберген бұл өлеңді кім десеңіз,
Қожамбет деп білерсіз атымызды.

Ақан:
Ақандай мініңді айтты ақындарың,
Жетпеді жығылуға ақылдарың.
Харам іске я Құдай аттанам деп,

Мұқанынан дүре жеген жақындарың.
Қарындасым ес көріп барып еді,
Жайдақ атқа қажатып тақымдарын.
Алты айдай Ыбырайдың жылқысында

Төрт ермен паналаған қатындарың.
Өзім сақтап беріп ем сүйегімді,
Ұстай алмай жүн қылдың жібегімді.
Арғы мінді қопарып неге керек,

Жібермеспін мен саған өз кегімді.
Қожамбет:
Ақан, сен мен айтайын келдің қайдан,
Бір күнде шығып едік екі дайдан.

Анам арғын Ақжолдың бел баласы,
Қалайша мін шығады Атығайдан?!
Жібекті ұстай алмай жүн қылған сен емес пе,
Мінекей тосу көрдің бір Құдайдан.

Көп қазбай осы жерде тоқтатайын,
Ел бүзылып кетеді осындайдан.
Ақан, сен сау күніңде болдың көсем,
Көңілің қапа болар жаман десем.

Бұл пері ерте кірген қамалыңа,
Әкеңді де жіберген жоқ аман-есен.

Әділ мен Ақанның айтысы
Әділ:
Ақан-ау, бұрынғыдай әнің жоқ па?
Ылғи саймен жүресің, дөңің жоқ па?

Ақан, сенде бар дейді үш перизат,
Ағаңа кәрісінің жөні жоқ па?
Ақан:
Атаң сенің Малқара батыр екен,

Батырдың бұрынғы өткен ақыры екен.
Қазақтың қара ақымағы қайда десем,
Жиылып Құттыбайда жатыр екен.
Әділ, сен тура жолды басқаның жоқ,

Бірдей боп бақ-дәулетке тасқаның жоқ.
Патшадан наград тілек етсеңдағы,
Басынды наследникпен қосқаның жоқ.
Әділ:

Алармын ұрып-соғып борсығымды,
Айналдырып шығарып ұршығыңды.
Өнерге мен сабадай толықсимын,
Жаныма байлатарсың торсығыңды.

Ақан:
Әділ-ау, ойлап тұрсам ақылың жоқ,
Бар болса тіпті оның пайдасы жоқ.
Толған торсық сықылды мен толғаймын,

Құр саба неге керек қымызы жоқ?!
Әділ:
Есенбай бәріміздің атамыз-ды,
Қисық болсаң түзерсің қатаңызды.

Ежелден Әділ ағаң емес пе еді,
Біздің неге алмайсың батамызды?

Ақан:
Есенбай бәріміздің атамыз-ды,
Қашан мен алушы едім батаңызды.
Қисық ағаш секілді қыңыраясың,

Тезге салып түзермін қатаңызды.
Әділ:
Алдында Әділ ағаң елестеді,
Қайда жақсы жиылса кеңеседі.

Қатамызды түзесең түзерсіз,
Ағаң сенің Меңдібай молда емес пе еді?!
Ақан:
Біздің елдің күлдің бе ағасына,

Сөзім енді келеді арнасына.
Сенің ағаң Арыстанбай емес пе еді,
Біреудің дұға қылған моласына?
Әділ:

Билік, ерлік, балуандық қылдым қанша,
Қызметімді көп көрген жұртым барша.
Ежелден баян түгел сол атаңның
Сен емес пе ұрыншақ мал табарша?

Ақан:
Әділ-ау, тіл тигізбе біздің затқа,
Жамандап шет боларсың әрі ұятқа.
Еркесі еліміздің біз боламыз,

Атымыз белгілі ғой әрбір жаққа.
Әділ:
Бір кезде жүруші едік топта сайрап,
Жігіттікте біз жүрдік гүл-гүл жайнап.

Бәйге алмаған жерім жоқ екі дайда,
Топтан озған мен жүйрік шырқап жайнап.

Ақан:
Суындай тас бұлақтың сығылғансың,
Торғайдай қорқып ұшып бұғынғансың.
Несіне, Әділеке, мақтанасың,

Шыңғыстан қорыққаныңнан тығылғансың.
Қайын атаң Тілеуғабыл кесірінен,
Тоқадан екі қабат жығылғансың.
Әділ:

Сөзімнің менің айтқан жөні жоқ па,
Ақан-ау, біздің сөзге енді тоқта.
Үш әйел бар дейді ғой бір басыңда,
Кемпірінің енді маған жөні жоқ па?

Ақан:
Малғара бабаң сенің батыр екен,
Арыстанбай батырлардың ақыры екен.
Ақмақты қайда екен деп іздеп жүрсем,

Бұл үйде ыңырсып кеп жатыр екен.
Құр өтірік жаланы жауып алдың,
Баяғы ит мінезбен қауып алдың.
Мақтаншақ өзін-өзі көтергенді

Ішінен Құттыбайдың тауып алдым.
Бойыңа біткен сенің белгілерің,
Қағазға сорып басып салып алдым.
Жыныңды көптен бергі арылмаған,

Тулақша бір-ақ сілкіп қағып алдым.

Ақан мен Мұқанның
айтысы
Мұқан:
Сөйлесе сөз табатын мен бір ақын,

Қаймықпай қарсы барам саған жақын.
Алысқа көңіліңді шабаттама,
Жақыннан жараспай ма жесір қатын?
Ақан:

Мұныңа жауап табар мен бір ақын,
Қатынға жұғыспайды біздің тақым.
Әйелді не қылайын қыз тұрғанда,
Алғасын айтасың ғой өзің қатын.

Мұқан:
Мен саған достықпенен жөн айтамын,
Өз мұраң жақының ғой деп айтамын.
Мекенсіз боп әр жерде жүргеніңше,

Үй болып отырсайшы деп айтамын.
Ақан:
Мұқан сен сүйгеніңнен жеримісің,
Мұз болып жанған отқа еримісің?

Ақылың маған берген жақсы жауап,
Сонда да сүймегенді телимісің?
Мұқан:
Сөзімді ауыр көрдің бе үй дегенге,

Телісем де көнбейсің сүймегенге.
Мекенсіз боп әр жерде жүргеніңше,
Қатын мен бала керек өлгеніңше.
He қылсаң да катын ал іздестіріп,

Ақылым, шын айтқаным, сен дегенде.

Ақан:
Менің де достығым бар сен дегенде,
Көңіл шіркін ренжір кем дегенге.
Қыз деген сөз аузыңнан бір шықпайды,

Оны қызғаныш көрдің бе мен дегенге?
Мұқан:
Қыз алсаң болар ма еді көңілің қош,
Жесір қатын ал десе боласың өш.

Әйелдердің бәрі де саған жақпай,
Қала ма деп ойлаймын мақрұм бос.
Ақан:
Бақ берген жақсылықпен мандайыма,

Жасымнан өнер берген тандайыма.
Атым шыққан еліме мен Ақанға
Елден жақсы бір сұлу табылмай ма?
Кезі келсе бір сұлу өз бағыма,

Аянбай мен құрықты салмаймын ба?
Мұқан:
Бір кезде болып едің жақсы халда,
Сол кезде берген саған олжа, мал да.

Бұл кезде жарлы болып тақырландың,
Кім келер титықтаған кедей шалға?
Серілік енді саған неге керек,
Бұл сөзді айтпап па еді Шыңғыс хан да.

Кім болысса айтады өсиетпен,
Еш пайда қылмай жүрсің шыбын жанға.
Ақан:
Қыз ал деп шығушы еді Шыңғыс хан да,

Мазамды алушы еді анда-санда.
Ұнаған сұлуыңды өзің танда,
Керек болса берейін дүние-мал да.

Осы айтқаны Шыңғыстың әлі есімде,
Көңілім сонан бері сұлу жанда.
Мұқан:
Ақан-ау, бул сөзімді көңілге алма,

Болмайтын қолдан келмес іске салма.
Қыздарды біздің айтқан ұнатпайсың,
Онан басқа алатын қызың бар ма?
Ақан:

Сөйлесің мағынасыз шығып шетке,
Жала сөзің келмейді тіпті епке.
Алатын менен басқа қайнысы бар,
Ал деп неге айтпайсың Мақамбетке?

Ақан мен Мұқанның екінші айтысы
Мұқан:
Ақан, сен білем дейсің әрбір жөнді,
Қайғыға сонша неге ішің толды?

Бойыңда ауруың жоқ, сырқауың жоқ,
He себептен насыбайға құмар болдың?
Ақан:
Ақанды ел еркесі сері дейді,

Асылзат ақылды ердің бірі дейді.
Ой шіркін ойды-қырды шарлағанда,
Насыбай көңіл алар шіркін дейді.
Мұқан:

Айтсам да Ақан сөзді біле алмайды,
Ұғынып, кішілік қып тіл алмайды.
Шалдарға насыбай ату жараспайды,
Бірақ та Ақан оны қоя алмайды.

Ақан:
Көңлімді барлық ойым қамалайды,
Көбіне көңіл тоқтап тұра алмайды.
Бәрінен тегіс жұда болу қиын,

Мұқандар біздін жайды біле алмайды.
Шақшамды қағып-қағып атсамдағы,
Кей қыздар өзі келіп жағалайды.
Мұқан:

Бұл сөзді ұнамайды бастағаның,
Жақсыны жаман етіп тастағаның.
Бойыңа насыбайды дару етіп,
Өзіңе қарсы келіп қастағаның.

Тазалық әр адамға керек нәрсе,
Келіспейді өзінді ластағаның.

Ақан:
Айтылған Стамболда мұның сөзі,
Сұрайық ғалымдардан болса кезі.
Денеге бір жақсылығы бар дейді ғой,

Сол үшін тараған ғой мұның өзі.
Арақтай жаман емес білгендерге,
Бәрін де молдалардың көрген көзі.
Мұқан:

Топырақтан жаратқан адам тәнін
Кітапта айтады ғой барлық мәнін.
Адамға қалағаны керек нәрсе,
Сүймесе салар ма еді барлық жанын.

Бірақ та насыбайды лас дейді,
Адамның уландырған барлық тәнін.
Ақан:
Жоқты айтып сөйлей бердің әрбір неге.

Ақанды көре алмайсың сендер неге?
Серінің ел сүйетін қылығы бар,
Сөзімді қор қыламын саған неге?
Домбыра, насыбай мен ер сипаты,

Салдарға жараспасын бұлар неге?

Смағұл мен Ақан серінің айтысқаны
Смағұлдың Ақан серіге жазғаны:
Дүние пайда бермес ешбір жанға,
Болсаң да би мен төре, патша, хан да.

Тіршілік адамзатқа аз ғана күн,
Ұқсайды дүние шіркін жанған шамға.
Басыңа пайда бермес бұл өнерің,
Жақсылық қосылмайды ешбір санға.

Ысырап, құмға құйған су секілді
Айтқан сөз қабыл болмас кей наданға.
Мысалы дүниенің бұған ұқсас,
Бұрылып жан бармайды қалған тамға.

Кәдірлеп айтқан өлең, қағаз жаздым,
Баласы Қорамсаның Ақан салға.
Құрметлу бағитында жазған намам,
Саламат күйлісіз бе есен-аман?

Атаңыз қыдыр қонған бай кісі екен,
Күнінде ойға алғанын еткен тәмам.
Он кісі күте алатын қайран күнің,
Бұл күнде ол кеткен сон қандай бағаң?

Дін іздеп, еткен сенің кәсібің көрінбейді,
Напақамыз демей ме қатын-балаң?
Данышпан, ақыл-парасат, сондай жансың,
Қайтейін қылып жүрген ісің надан.

Ісінен дүние-ақрет хабарың жоқ,
Сықылды көрінесің қалған шабан.
Жалғанда қылғанынды есепке алып,
Періште жоқ дейсің бе жазған намаң?

Жиналса қиямет күн ғалам халқы,
Ұялып пиғылынан тұрған жаман.
Данышпан сөз жазғаным, білімді Ақан,
Құдайым шешен қылды тілінді, Ақан.

Бұл сөзі ғайбаттыққа қосылмайды,

Айтамын көзбен көрген шынымды, Ақан.
Ақылым саған айтқан осы сөзім,
Жазды деп өкпелеме мінімді, Ақан.
Сөйлейді қас күлдіріп, дос жылатып,

Жек көріп, айыпқа алма ініңді, Ақан.
Ісіне дүние ақирет ұқсатпаймын,
Жалғанда жүріп көрген күніңді, Ақан.
Қыз мақтап, қымыз құйып, ысырап қып,

Жұмсайсың керексізге білімді, Ақан.
Періште пиғылыңнан жауап алса,
Әл бар ма шығаруға деміңді, Ақан?
Артта ізің сол уақытта адыраяр,

Құйындай білдірмейтін жымыңды, Ақан.
Әңгіме керден толған асыл, Ақан,
Көңілде мақсат құсың масыл, Ақан.
Күлістан қазан ұрған байтеректей

Заманың өзгерілген басып, Ақан.
Тіршілікте бір жаныңның қамын ойла,
Басында әр мүшелің басым, Ақан.
Сұрасаң менің жөнім бай Қодыға,

Бақ берген төрт түлікке сай Қодыға.
Ойлаған мақсатына қолы жеткен,
Ішінде тамам жұлдыз ай Қодыға.
Жесірін аға сұлтан тартып алған,

Бұл істі қыла алмайды жай Қодыға.
Бабамның қолы жеткен ұшқан құсқа,
Сөйлейін мұқтасар қып сөзді қысқа.
Жасым бар жиырма екіде – жылым тышқан,

Смағұл менің атым алсаң нұсқа.
Сайлаған жұрт ұнатып жиырма екіде,
Молда мен указной бір болысқа.
Ойласақ – бұл дүниені қуғанменен,

Жан сая болмайды екен іш тынысқа.

Өлеңді көп сөйледім сенен де артық,
Құрбыдан Тәңрім жар боп кеттім артып.
Білген соң дүние жолдас болмастығын
Тоқтаттым Құдайды ойлап, бойды тартып.

Бермейді жанға пайда ақыңдығың,
Жалғанның білемісің жақындығын?
Өмірің тірлікте қырық күн болса,
Рахаты адамзатқа бір-ақ күнің.

Күн өтер отыз тоғыз қайғыменен
Ішінде жақсы, жаман айыбымен.
Рахат жалғыз күннің өзін таппай,
Қорқамын өте ме деп зайғыменен.

Ақан серінің қайырғаны:
Жақсының болдым жолдас данасына,
Үш жүздің сөз жібердім арасына.
Ақылсыз ақымақтың бір мінезі –

Өзінің қарамайды шамасына.
Елге бас, ұйтқы болған асылдардың,
Жүрмейді кімдер сыйып панасына?!
Жылында мың тоғыз жүз сол екінші,

Атбасар сөз жібердім қаласына.
Молдасы волосной Қызыл көлдің,
Смағұл бай Қодыға баласына.
Алмағы күллазағи дегендейін,

Көтерген өзін-өзі жараса ма?
Дүниеден Қарындағы бай боп өткен,
Жеріне ойына алған қолы жеткен.
Малынан қайыр-ихсан бермеген соң

Жер жұтып, ғазап тартып, мехнат шеккен.

Атаңыз байлықпенен хат барды ма?
Махшарда қайырсыздық зиян еткен.
Атаңды мақтаймын деп Айға ұқсатып,
Жүрмеңіз күпір болып бұл реттен.

Атандым Ақан сері мен жасымнан,
Уәлаят жеті ықлымға даңқым кеткен.
Алғайбаты ашшадды миназинна.
Ғайбатлап өлең жаздың не себептен?

Дүниеде мені қылды таған Ақан.
Білмейтін жамандықты жаман Ақан,
Ехтам шариғаттан түк білмейсің,
Үйретсін ғылым жайын саған Ақан.

Менмендік, тәкаппарлық дұрыс па екен,
Түсірер ақылыңа ағаң Ақан.
Басшысы ғазазылдың түу, Смағұл,
Су жұқпас құттан шыққан қу, Смағұл.

Зиянсыз мұсылманды шағып алдың,
Заһарлы жыландай-ақ у, Смағұл.
Тұрмайды шіріген дүние қалыбында,
Атаңа біткен дәулет ну, Смағұл,

Ер жетіп, атқа мініп, сен өскен соң
Болды ғой дәулет ғайып су, Смағұл.
Ғайбат айтқан ауызда тазалық жоқ,
Болды ғой аузың харам – жу, Смағұл!

Шұлғанып дастарқанды аяғыңа,
Қадырсыз болды ақмақ бұл Смағұл.
Ет десе-ақ ас дегенге жүгіресің,
Деп айтса бәрекелді, шу, Смағұл.

Сықылды арамзада пиғылың бар,
Анаңыз көрген шығар ду, Смағұл!
Үлгілі сөз шығады сабырлы ерден,
Өнерді артық қылып Тәңір берген,

Білгенсіп шариғаттан сөз айтасың,

Келіп ең хатым қылып қайсы жерден?
Тамұқты жаратып па, менің үшін,
Тудым ба сорлы болып тамам ерден?!
Сұрауға сауал болмай өз басыңнан,

Мақтандың кісідей-ақ барып келген.
Қайғы қып, маған бола жаның ашып,
Ұжмақты әулиедей көзің көрген.
Билігі сол ұжмақтың сенде болса,

Кісіңе үлестірші қасыңа ерген.
Поштамен маған бола жазған хатың,
Көрдім деп, екі дүние рахатын,
Қодыға менің әкем жылқысы көп,

Смағұл волосной дейсің атың.
Сыртынан Қодығаны естуші едік,
Сасық қара деуші еді арғы затын.
Тегінде ишан бар ма мүрит шыққан,

Мүһминнің әлін байқап, ашқан бағын.
Құранда жеті әріп жоқ қой аятта,
Тауып бер сен ғылымды қылсаң хатым.
Рас қой сенің әкең жай Қодыға,

Ат емес, айғыр емес, тай Қодыға.
Қодығадай Қодыға толып жатыр,
Жүргенің сенің айтып қай Қодыға?

Екінші бөлім
Көлдегі аққу әні

тәрізді ғой

Ахмет ЖҰБАНОВ
Ақан сері
(Екінші бөлімге алғысөз орнына)
Өткен ғасырдың (ХІХ ғасыр – құрастырушы) жетпісін-

ші жылдарының аяқ кезі. Жиырмадан аса жігіт, бәрінің ас-
тында таң асырып, қам­шы­дай қатқан жарау аттар тобын жаз-
бай суыт жүріп келеді. Біресе аяңдап, біресе желіп, бір мез-
гіл аттың басын жіберіп, жарысып алады. Бірақ ұзақ шаппай-

ды. Өйткені бұлардың алдында әлі аттың күшін сынайтын
уақыт бар. Барлық қасиетін сонда көрерміз дегендей, әзір
тек ащы терін алып, аттарды еріктіріп, тың ұстап келеді.
Бұл топ осылай бір жылғаға келіп, аттарын қаңтарып

қойып отырды. Қырға жаяу шығып, баспалап қарап тұрған
жігіт қайта жүгіріп, аттаныңдар дегендей белгі берді. Өзі
де келіп, тез атына қонды. Салтатты жолаушы жол іздей ме,
төтелеп, маңдайы Сырымбеттің тауында суыт келе жатқан

бір-екі атты адамдар бұларға жақындап қалды. Әлгі жігіттер
тобы іздегені алдынан шыққандай қуанып, жолаушылар
өкпе тұстарына таяна бергенде, топырлай шауып, олардың
алдын бөгеді. Ә дегенше бір жігіт барып қыздың мінген

атының шылбырын қолына орап алды да, тарта жөнелді.
Қасындағы еркектің анау-мынау әңгімесіне ешкім құлақ та
салмады. Есілге қарай бет алып, қыз орталарында, жігіттер
дабырласып келеді.

Дауыс естімдей жер жүргенсін басқа жігіттер оқшауырақ
шықты да, қыздың қасына басында қамшат бөркі бар, бұтын­
да барқыт шалбар, үстінде бешбет, сыртынан киген шұға
желбегей, ортадан жоғарырақ бойы бар, қызылшырайлы,

маң­дайы кең, қыр мұрынды, ширатылған әсем мұртты, көзі
өткір, кішіректеу, ұзын кірпікті, сұлу денелі жігіт астында­
ғы қара атының басын тежеп, жақын келді. Жігіт көңілді,
ойындағы мұратына жеткендей, қызға қараған сайын күлкісі

келе береді. Бірақ қыз онша жайдары емес. Әйелдің жолы

тар болғанға ма, жоқ басқа себебі бар ма, жігіттің айтқан
қалжыңына жүре жауап беріп, бір нәрсеге риза болмағандай
кейіп білдіреді.
«Жаңағы тарсыл-тұрсыл, у-шуда қорқып кетіп, өз-өзіне

келе алмай тұрған шығар» деген оймен жігіт қыздың бұл
мінезіне аса мән бермеді. Бұлар осылай әңгіме арнасын бел­
гілі бағытқа түсіре алмай келе жатқанда, топ ауылға келіп
қалғанын да сезбеді. Ойлағандары орнына келіп, көңілдері

тынған жігіттер мәз-майрам болып, гуілдесіп, бірінің сө­
зін бірі іліп алып, қызды қалай тартып алып кеткенін ай­тып
мақтанумен болды. Шәй, қымыз ішіп, демалып, кеу-кеу­ле­
сіп отырғанда бұлардың баяғы өкше ізі жақтан бір топ ат­

тының құйғытып келе жатқаны көрінді. Жалма-жан бұлар
да аттарына мініп, қуғыншыны тосып алуға дайындалды.
Жігіттер тобын жазбай келе жатқандарды кес-кестеп алды­
нан шаба бергенде, үйлердің тасасымен қыз бен жігіт бір

атқа міңгесіп қаша жөнелді. Екі жақ біраз кідірісіп, бір-
біріне қару сілтеп, шаң-шұң болып жатқанда қыз бен жігіт
ұзап та кетті. Ауыл жігіттерінің арасында қыздың жоқ екенін
білген қуғыншылар, бұларды тастай бере, алыстан көрінген

шаңды бетке алып, қуып берді. Қыз бен жігіт Есілдің бір
өткел бермейтін Сарыми деген түбегінің тұсына келгенде,
қуғыншылар да, бұларды қорғамақ болған жігіттердің ат­
тарының аяғы жеткендері де тақалып қалды. Енді не де

бол­са бір шешімге келмесе бұлардың екеуі де қолға түседі.
Сондықтан бұлар соңғы рет біріне бірі қарап, қия алмай
тұрды да, қуғыншы таянып қалған кезде: «Сен елдің ар­
дагерісің, мен болсам, көп қыздың бірімін. Қуғыншылар

жетсе сені аямайды, сен аман болуың керек. Дәм жазса тағы
көрерміз, жау қолында қалсам мен қалайын, азар болса қинар,
сен мына судан жүзіп өт, екі адамды ат көтере алмайды»
дейді қыз. Жігіт Есілден жүзіп өтіп, құтылып кетеді. Қыз

қуғыншылардың қолында қалады.
Қыз — белгілі сұлу Ақтоқты да, жігіт — арқаның арда­-
гер ақын, әншісі Ақан сері еді. Ауыл әдетінің көптеген жа­
сан­ды әдеттерін аяққа басып, сүйгенін аламын деп, Еркім­-

бай деген жездесінің аулынан қайтып келе жатқан Ақтоқ­
тының жолын тосып, тартып алып, бірақ қара күшке төтеп
бере алмай, сүйгенінен тірі айрылған Ақан сері:
Ақтоқты, қалғаның ба шыныңменен,

Бал бердің талай жерде тіліңменен.
Басыңды Сарымида кесіп алып,
Өлгенше даулассамшы құныңменен, —
деп басқаға бұйыртқанша өлтіріп-ақ кетпеген екенмін деп

өкінеді. Ақтоқты атышулы Сүтемгеннің баласы Шамұқан­
ның атастырып қойған қалыңдығы болатын. Әрине, Шамұ­
қаннан қалыңдық тартып алуға Ақанның да, оның жақтау­-
шы жігіттерінің де шамалары келмейді. Соған көзі жеткен­

сін бе, шынында да басқаға бұйыртқысы келмегеннен бе,
Ақанның Ақтоқтының «басын кесіп алмадым» деп өкінуі
анық болса керек. Біреулерінің айтуынша Ақан Ақтоқтыға
пышақ салған, бірақ жанды жеріне жетпей қыз аман қалған,

жаралы күйінде оны Сарымида жатқан жерінен тауып алған
дейді (біз бұрынғы кітабымызда сол түрін жазғанбыз.
А.Ж.). Ақтоқтыны, әрине, біраз зәбірлеп, ақыры, «өз қолын
өзі кесе алмай», әкесі Боқтабай «ақ батамен» атастырған

жеріне ұзатады. Ақтоқты үш-төрт баланың анасы болып
барып, жетпістен аса қайтыс болады. Тоқсанға келгенде
Құралай сұлуды айтып, сақалын көзінің жасы жуған Келден
сияқты, Ақанның есінен Ақтоқты өмірбойы шықпайды.

Ақтоқты әңгімесі Ақан тарихында үлкен орын алады. Тек
Ақтоқтының арманы емес, қадірлі әнші Ақанның өмірі
«қарлы-боранды», «жауын-шашынды» болып өтеді.
Ақан сері 1843 жылдар шамасында (бұған шейінгі де­

ректе де 1834 жылы туған деген әңгіме болатын) осы күнгі
Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл деген жерде ту­
ған. Қоскөлдің қасындағы Қаратал осы кезге шейін «Ақан
туған» атанады. Әкесі Қорамса — Арғын ішінде Қарауыл

Қо­рамсадан: Айша, Ақан, Мұхамбет, Рамазан, Айберген туа­
ды, Ақанның шын аты Ақжігіт, кейін Ақан атанып кеткен.

Қорамсаның басқа балаларының айта қалғандай елтең-сел­
теңі болмай, бұрынғы ата дәстүрін қуып, көптің бірі болып
жүре береді. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен,
әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Ауыл молдасы Күнтеу

дегеннен жас кезінен бастап оқиды. Аздап болса да хат та­
ниды, көзі ашылады. Бірақ молданың оқытуында көп кез­
десетін әптиек, құран, суфалдияр, бақырған Ақанның жүй­­
рік қиялына бір түрлі тұсау салғандай болып көрінеді. Жас

та болса ол шын мәнісіндегі оқуды арман етеді. Жасы он
үшке келгенде Ақан Күнтеу молданың шыбығынан құты­
лып, Қызылжарға тартып кетеді. Онда Уәлиахун дегеннің
медресесінде екі-үш жыл оқиды. Қалада жүргенсін аздап

болса да орысша біле бастайды. Ақ-қараны таныған сайын
медресенің үнемі дінге сенетін оқуы болашақсыз болып
кө­рінеді. Алайда екі-үш жыл болса да Ақанның қалада бо­
луы, оның дүниетануына әсерін, сөзсіз тигізеді. Орыс мәде­

ниетімен таяз түрде болса да танысуы, Ақанның тек өмірі­не
емес, шығармашылық жолына да белгілі әсерін тигізеді.
Ақан Қызылжардан еліне қайтады. Қорамсаның азды-
көп­ті дәулетінің арқасында ол аса кемдік көрмейді. Бала­

ларының ішіндегі жасынан көзге ерте түскені болғаннан
ба, жоқ, басқа себептен бе, Қорамса Ақанның айтқанын
қа­йырмайды. Ақан сол кездің өзінде «шаруаға кем», басқа
«дүние қызығын қуу» жолына түседі. Он алты-он жеті

жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Шілдеқана,
алтыбақан, ойын-той болса Ақан сонда жүреді. Ақанның
әдемі бойы, келбеті, жақсы дауысы оны өте ерте халыққа
танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала

өмірінің қызығы: жүйрік қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да
арманы болады. Ол Көбей еліндегі Шекетай деген кісіден
Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып
алады. Ақанның жас та болса талабына риза болған, оның

жәй, көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген өзінің жа­-
нына балаған бүркіті Қараторғайды сыйлайды. Caйpaт тө­
реден күшік күнінде Базаралы атты тазының күшігін сатып

алады. Тағы біреуден Көкжендет деген қаршығаны қалап
алады. Енді Ақан тек әнші, ақын емес, даланың жігіт басына
керекті барлық қызығын жинайды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі
аңшы, сұлу жігіт, халық арасында атағы тез жайылады.

«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» дегендей, Ақанның ай­
наласына қыз-бозбала топтала береді. Көкшенің көркем та­­
биғатында туған не бір әсем әндерді бабына келтіріп орын­
дауға өнері жеткен Ақан енді қайда барса да қадірі арта

түседі.
Баласының осындай даңқына сай деп әкесі Қорамса
Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбастың қы­
зы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима ауырып, әкесінің

оң­жағында, Ақанның босағасын аттап үлгермей, қайтыс
бо­лады. Ақан бұрынғысынша ел аралап, ән салып, өлең
шығарып, құс салып, ит жүгіртіп жүре береді. Жетпісінші
жылдардың ортасында Кіші жүзді аралап, өзінің өнерін көр­

сетеді. Міне сол сапардан қайтқанда, әңгіменің басында
баяндалған Ақтоқтыға ғашық болып, қосыла алмайды. Жас­
тықтың күші, албырттық кез, бұрын-соңды өмірдің ащы
тая­ғы етіне тимеген Ақан, мойый қоймай, еңсесін жоғары

ұстайды. Белгілі шығармашылық жоспар бойынша ән шы­
ғарамын демесе де, мұндай жан қылын қозғаған оқиға
Ақан­ды қобалжытпай қоймайды, қозғайды, толғантады.
Жан­бай сөнген ғашықтығын өлеңдетіп, жанға жәйлі келе­

тін «Желдірме» шығармашылық көркемдігі, өзімен өзі сөй­
лескендей, дауысқа аса күш келтірмей, айналасындағылар
есітетіндей етіп қана қоңырлатып:
Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.
Торығып сағым қуған шіркін көңіл,
Қара су енді қасірет жатқан тұнып.
Беһуда құр жүрістен түк өнбейді,

Егерде іздемесең жөнін біліп.
Аспанда ұшып жүрген тұйғын жемін,
Құладын жей алмайды көктен іліп.

Әркімнің дәреже орны басқа-басқа, Ер жүрмес қырыны жоқ есек мініп. Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді, Уа шіркін, желіктірсе жігітшілік! — деп, домбыраға қосып әндетеді. Басында біраз мұң нотала­- ры болса да, өлеңнің аяқ жағында жігіттіктің қызуын ай­ тып, өзін жұбатады. Ақанның «Желдірмесі» көпшілік біле­ тін Исаның «Желдірмесіне» ұқсамайды. Мұнда өлеңнің әр­ бір буынына бір-бір дыбыстан келеді де, сөзді айтуға жағ­ дай туады. Қысқа ғана созымды кіріспесі және аяғында, тың­даушылардан қол соғып, қошемет көрсетуді күткендей ақырғы ноталарды әдейі созып барып ән бітеді. Әрине, басқа халық сазгерлері сияқты Ақан шығармаларының да бәрінің бірдей жарыққа шыққан мезгілі, айы, күні жоқ. Көбіне біз­ дің сүйенетініміз — ауызша деректер. Бірақ «Желдірменің» музыкалық құрылымына, көлемдік жағына, мелодиялық құ­- былысына қарағанда, Ақанның талаптанып, жаңа-жаңа шы­ ғармашылық қадамын апыл-тапыл баса бастаған кезінде шық­қанға ұсайды. «Желдірме» — қайғының көлеңкесі емес, бір бастан өткен жәйларды баяндаған толғау сияқты музы­ ка. «Бекбастың қызын мен аламын» деп көкірегін көтерген Мұса төремен таласып, айттырған қалыңдығы әкесінің үйін­ де қайтыс болған соң, Ақан біраз уақыт ешкімге сөз салмай жүреді. Бірақ қазақ әдеті бойынша он бестен асқансынақ шамасы келген жігіттің бойдақ жүруі сөкет көрінетін есептен, Шомайт қожаның (қазақ ноғайы) қызы Фатимаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, көркі де ешкімнен кем емес, Ақанға жақсы жолдас болады. Жар қызығымен Ақан едәуір уақыт үй ішінде, ауылда болып, үйреніп қалған әдет бойынша тағы ел аралайды. Фатимадан бір ұл, екі қыз туып, енді Ақанның қайырылып соғар ошақ басы, иіскеп сүйер балалары болады. Он шақты жыл тұрғаннан кейін Фатима ауырып қайтыс болады. Ақан Қарауыл ішінде Балташы де­генге атастырылып қойылған Тінәлінің қызы Ұрқияны

алып қашады. Жолда Қожым елінің батыр атанып жүрген
жігіті Тулақ Ақаннан Ұрқияны тартып алып, әншіні атпақ
болады. Бірақ арашаға ел түсіп, Ақан аман-есен Ұрқияны
ауылына алып келеді. Бұл сапарда Ақанның басына түскен

өмір салмағы тағы езіп, Ұрқия үш айдан кейін ауырып өледі.
Енді Ақанды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты болады. Бұл
кездерде баяғы Құлагердің аты Ақанның өзімен бірге шыға­
ды. Кешегі бір-бірімен хабар алысу қиын, мешеу заманның

өзінде, сонау Кіші жүзге Құлагердің аты «Құла шолақ» бо­
лып жайылады. Атығай, Қарауылды «Құлашолақтың елі»
деп айтып жүреді. Міне, осы Құлагердің даңқын шығара­-
тын тағы бір оқиға болады.

Алтай Аққошқар — Сайдалының бес болысқа сауын
айт­қан асы болатын болып, Орта жүзден небір сәйгүліктер
дайындалады. Ақан да Құлагерді дайындайды. Үш жүз
ат шапқан сол астағы бәйгіде Құлагер жалғыз келеді. Бұл

Ақан­ды көтеріп, Фатиманың, Ұрқияның қайғысын ұмыт­
тырады. Әншінің «арқасы» қозып, бұл сияқты жеңісті ізсіз
қалдырғысы келмейді. Айтушылар Құлагер жарауы түскенде
ілбіп қана жүреді екен де, тек айқай шыққанда ғана қызып

шаба жөнеледі екен, ал бәйгі алдында қыдыртып жүргенде,
оны шабатын ат деп ойлау қиын екен деседі. Міне, сүйікті
жануарының осы бір қарапайым мінезіне риза болған
Ақан, Сайдалының асында озып келгеннен кейін, жетелеп,

ілбітіп жүріп (Ақан Құлагерді көрінген кісіге жетектетпесе
керек), маңдайын сыйпап, оның маң-маң басқан жүрісінің
ырғағымен ән шығарады. Оған өзі «Маңмаңкер» деп ат бе­
реді. «Маңмаңкер» халыққа белгілі ән. Ол жәй, сазды, нәзік

жұмсақ мелодиялы, кербез ән. Екпіні жәй болғанымен ол
қайғылы әндерге қосылмайды. Музыкасында бір сыр, қиял
бар сияқты. Мүмкін қаншама аты бәйгіден келіп, көңілі
тасып тұрса да, ол қызыққа Фатима мен Ұрқияның ортақ

бола алмағанын арман етіп, бір сәт ойға шомып кетуі. Шын­
шыл суреткер жүйірігінің тек өзіне емес, бүкіл Атығай-
Қа­рауылға атақ алып беріп тұрған қуанышын басындағы

ауыр адамгершілік жүгінен бөліп алып жырлай ала ма? Мі­
не, «Маңмаңкерді» тыңдағанда басыңа осындай ойлар ке­
леді. Өлеңнің алдыңғы екі жолы бойына ғана жүріп, әннің
кеудесінен алған қайырмамен бітетін, бірінші қараған кісіге

тұжырымды, қысқа шығарма болғанымен, «Маңмаңкерде»
үлкен адам жүрегінің соққан такт қимылы бар. Бізде бір
әдетке енген, бірақ музыкалық жағынан ешбір дәлелі жоқ

– жәй епкінде жүретін ән болса бәрін де жылайман деп

атайды. Сондықтан бір кездерде кейбір композиторлар
«Маң­маңкерді» қайғыны суреттейтін жерде пайдаланып
жүр­ді. Бұл тек түсінбегеннің нәтижесі. Үнсіз қалған ашудың
ең ызғарлы ашу екенінен хабары болмағандық.

Қанша қайғы басса да, аты бәйгіден келіп, көңілі көтеріл­
ген Ақан, біраз уақыт тағы да шығармашылық шабытына
енеді. Көптеген өлеңдерімен қатар (ол жағы әдебиет зерт­
теушінің қолдарында толығырақ) әндер шығарады. Кон­

церттерде, радиода айтылмағанымен көпшілікке әйгілі бол­
ған Ақанның «Нұрила» деген әні тап сол кезде деп айту
қиын, бірақ жас кезінде шыққанға үңсайды. Айтушылар осы
бір кезеңде Ақан Нұрила деген жеңгесіне әрі қалжың, әрі

базына, екпе есебінде айтқан өлеңі-әні екен дейді. «Нұрила
мен қайтейін бөстегіңді» деп басталуының өзі әннің қалжың
мазмұнда екенін белгілейді. Осы бір тұста Ақанның көңі­лін
Құлагер шынында да көтеріп тастайды. Соның арқасында

Ақан өзінің ел аралауын бастайды. Құсын салып, итін жү­
гіртіп, атын бәйгіге қосып, ойын-той, жиында ән салып жү­
реді. Бір сапарында Ақан Жүсіп төренің үйіне түсіп, оның
сұлу қызы Жамалға ғашық болып қалады. Жамалды ешбір

қызға теңемейтінін өлеңдерінде келтіреді.
Етегін ақкөйлектің алтындаған,
Ажарың ақжамбыдай жарқылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы,

Ішінде сіз қоқырқаз қаңқылдаған.
Сармойын аққуымсың көлге тартқан,
Жүйрік ат көлденеңнен жемге тартқан.

Мінезін перуай қыздың мен айтайын,
Күмістей ширатылар сымға тартқан, —
деп «Желдірме» әнімен айтады. Бірақ бұл «Желдірме» аты
бір болғанымен біздің жоғарыда баяндаған «Желдірмеміз­

ден» мүлде басқа. Мұның музыкасы байырақ. Ырғақтық
жағы аздап «Сармойынға» ұқсайды. Кім біледі, «Сармо­
йынның» бір түрі шығар. Ән лекілдеп, тез екпінде, үлкен
жігермен жүреді. Өлшеуі анық, мелодиясы өткір, көбіне

сөздің бір буынына екі нотадан келіп отырады. «Желдірме»
көрінісінде болғанмен, мұнда музыкалық мазмұн алдың­
ғыдан тереңірек. Өте ойнақылық, көңілділік беріп тұрған
мелодияның үнемі қозғалып отыруы және ырғақтық күш.

Басында әнші біраз дауысын созып, екі-үш нота айнала­
сында кідіріп тұрады. Аяғында дыбыстан неше алуан ирек
«қошқармүйіз» жасап, шырқай тартып барып бітіреді.
«Жел­дірменің» сөздері көп. Біз бұларада бір-екі шумағымен

қанағаттандық. Өйткені, бірінші мақсат Ақанның ән шығар­
ма­шылығын әңгіме ету болғансын, әдеби жағынан көп тоқ­
тамадық.
Халқына қадырлы болғансын, Ақан да Біржан сияқты,

өзінің орнын шамалайды, байқайды. Мақтанып, асып кет­
пе­генімен бұл да өзінің кім екенін өлеңіне қосып айтып
қояды.
«Кісіге өзім деген бас ұрмаймын,

Өзім әнші, өзім сал кімге зармын»
деп Біржан шырқаса, Ақан да:
Кепсер ал, кепсер алсаң қызылжар бар,
Өзім сал, өзім сері мен кімге зар, —

деп, ел ішінде «Кепсер» атанып кеткен әнімен айта жүреді.
«Кепсер» — екпіні байсалды, мелодиясы жаныңа тиетін се­
зімді, тілі жарңын, мазмұны лирикамен толы, паңдық емес,
өз бағасын өзі білген өнерпаздар «айуанға таяқ» дегендей,

кейбір адам мен адамның айырмасын білмейтіндерге таяқ­
тап түсіндіргендей, өнердің де белгілі қару екенін білдіре­тін

ән. Мұнда «таяқтағанда» тарсыл, айқай жоқ, «ақылдының
сөзіндей ойлы күй» бар. Сөз жоқ, әнде өршіл хиял, қабілет
күшіне сенген жігер бар. Бұлар шақыртау шегінде көрінеді
де, кейін тағы ақын жанындай биязы дыбыстар бірі мен

бірі кезектесіп, қайырмада құбыла, әшекейленіп барып ән
аяқталады. Әннің жалпы көлемі үлкен емес, бірақ эмоциялық
әсері айта қалғандай күшті.
Ақан Жамал қызды ойынан шығара алмайды. Қайда жүр­­

се де көзалдында Жамалдың образы тұрады. Жақсы көрген
адамына адам не бағыштамайды. Ақан Жамалдың атын
жұмбақтап, басындағы «Ж», ортасындағы «м». Аяғындағы
«л» әріптерін олардың арабша айтылуымен өлеңге қосады.

Қыздарды мен не қылам кіләм-сіләм,
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам.
Жақартқан өмірімді қалқам менің:
Басы «жұм», ортасы «миім», аяғы «ләм», —

деп, сүйгенінің атын қырық құбылтады. Жамалдың тойы
болып, берулі жеріне аттандыруға дайындап, енді ертең ке­
теді деген түні Ақан сері Сырымбеттің бауырында, Жамал
аулының сыртында түні бойы зарланып отырады.

Аулым қонған Сырымбет саласына,
Болдым ғашық ақсұңқар баласына.
Бидайыққа лайық қарағым-ай,
Бөктерге ңор болып барасың ба?

Аулым қонған Сырымбет жел жағына,
Асып туған бала едің ел бағына.
Бидайыққа лайық деген қалқам,
Бөктергінің кез болдың қармағына.

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.
Қоскөл жаққа таныса киіп барған,
Бешбетіңді беріп кет түймесімен, —

деп, Жамалдың күйеуінің жаман, жасық екенін, амалы жоқ
малға сатылып кете барғанын, өзінің бұдан басқа жасайтын
қайраны жоқ болғансын, өлеңнің, музыканың тілімен ішін­
дегі шерін сыртына шығарады. «Сырымбет» әнін білмейтін

кісі аз. Сондықтан оның қасиеттерін баяндап жатуымыз­-
дың орны жоқ сияқты. Бірақ осы сияқты лирикаға толы,
Жамалдай жарқын жүзді адамның бейнесін суреттейтін шы­
ғарманы кейде жаппай қолданатынымызды айтпай кетуге

болмайды. Халық композиторларының шығармалары бұл
күнде күлкі болды. Әрбір шығармашылығында пайдалана­
мын деген адамға ешкім де шек қоя алмайды. Тіпті операда
орнын тауып пайдаланған әндер бұрынғысынан «семіріп»

шығатын да уақыттары болады. «Айман-Шолпанның» 1937
жылғы түрінде «Сырымбетті» Көтібардың әйелі Теңгенің
аузына салу келіспей-ақ тұрды. Теңге сахнада батыр киімін
киіп, айтқан әнінде де өктемдік ноталары болды. Батырлық

кейіп беру үшін композитор «Сырымбетті» тез айтқызып,
ырғағын бірқатар өзгертіп жіберген. Солай бола тұрса да,
«Сырымбет» батырлың әннен аулақ шығарма. Халық қа­
зынасына қол тигізбеу керек, Мұражай экспонаттары сияқ­

ты етіп алыстан ғана қарап қою керек десек, ол қате болар
еді. Бірақ орынсыз пайдалану — аңшылықтағы рұқсат етіл­
мейтін аңды аулаушылардан кем түспейді. «Сырымбет»
адам­ның жүрегін қозғайтын, жан ашуының, үлкен адам­

шы­лық, азаматтық сырларды қозғайтын шығарма. Онда
ожарлықтың, өктемдіктің, қаракүштің ешбір дыбысы жоқ.
Қайырмасындағы «Қарындасым, енді есен бол!» деген сөз­
дің өзі әннің бағытын анық көрсетіп қана қоймай, мазмұнын

белгілеп тұр. «Сырымбет» Ақанның шығармалары ішінде
шоқтығы биігінің, жылысының бірі.
Ақан қайтадан әнге, сейілге оралып, енді-енді еңсесін
көтеріп, қанатын жаза бергенде тағы аяқ астынан кесел тап

болады. Көкжендет атты қаршығасы ауылдан желге қарай
ушып кеткенінен қайтып келмейді. Ақан сияқты нәзік жан­
ды адамға қолында баласындай мәпелеп отырған құсы­

ның жоқ болып кеткені қатты батады. Әрі-бері іздестіреді,
сұрау салады. Бірақ Көкжендет ұшты-күйді жоқ болады,
табылмайды. Ақан қаршығасына арнап ән шығарады. Ол ән
«Көкжендет» атымен халық аузында қалады.

Көкжендет, тұрғың еді маржандаулы,
Ағаш үйде тұрушы ең асыраулы.
Шалшықтан алақанат шабыр ілген
Болсаңшы Көкжендеттей мұндар шәулі.

Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа әшекейлеп тұмар тағып.
Қолда өскен кішкентайдан, Көкжендетім.
Көз жаздым қарап жүріп сенен не ғып?!

Көкжендет, салдым сені өзенді өрлеп,
Кербесті қойды сонда көзі терлеп.
Намазшам, намаздігер арасында,
Ілуші ең қаз бен үйрек кезек-кезек.

Сусылдап сұқсыр үйрек ұшса кешке,
Түседі Көкжендетім сонда еске.
Қарасам оң қолымда қаршығам жоқ,
Жүгірем сонда келіп Қазыкөшке.

Көкжендет, аққу да алдың, тырна да алдың,
Қайырып Көкжендетті қазға салдым.
Қыранын қаршығамның мен айтайын,
Бір күнде үш жүз алпыс үйрек алдым.

Көкжендет, мойның ұзын, қанат қысқа,
Құс бар ма Көкжендеттей осы тұста.
Қаршығам кетіп еді желмен бірге,
Бір жармас бауыр басып жүр ғой құсқа, —

деп Көкжендеттің қасиеттерін санап әндетеді. «Көкжен­
дет» жоғарғы регистрден, ащы дауыспен басталады. Бұл

қатты өкініштің кейпін береді, Кенет ән төмен түсіп, өте бір
жылы, баяу үнмен қаршығаның сынын айтқан жерде жү­
ректі қозғарлық үн келеді. Енді қайта көтерілгенде дауыс
алдыңғы сатыға жете алмағандай, сүйікті құсын таба алмай,

мойығандай тағы төмендейді. Бірақ дарынды композитор
тағы шағындап аспанға көтеріліп, енді төмен түскенде бір­
ден сылқ ете қалмай біраз кідіріп, тоқтап, әннің аяғын кес­
телеп, мәнерлеп, сөз шумағы біткеннің соңында да жәй

«ха-лә-лә мен» жоғарылы-төменді толқытып барып бітіреді.
«Көкжендет» әннің еркесі. He пайда, біздің көптеген ән­
шілеріміз осындай музыкалық мазмұн жағынан бай, орын­
даушылық техниканы көрсетуге жарайтын кербез де, күшті

де әнді айтпайды. «Жалбыр» операсына енген онда­ған
әндердің ішінде «Көкжендет» те бар. Бірақ ол біздің әңгіме
етіп отырғанымыздың басқа түрі (Құрманбек Жандар­бе­
ков орындап берген). Бұл шығарма қаршыға сияқты кіш­

кентай құстың қасиеттерін ғана суреттеген деп түсінсек
қате болар еді. Композитор бұл арада «Көкжендет» деп ат
қоюға лайықтап, сөзінде басынан аяғына шейін құсты әңгі­
мелегенімен, біздіңше әннің музыкасында құс қарамынан

көрі үлкенірек «әңгіме» бар сияқты. Ақан қаршығасының
кетіп қалуымен байланысты өзінің бір кездегі қызығының
бірінен, өзінің жанына азық беретін жәйлардың бірінен ай­
рылып қалғандай, бір кездейсоқ жағдайдың Ақан басына

тағы бір таяқ тигізгендей, адам жанының жырын жырлай­ды.
Себеп – құс болғанымен, үн тынысы кең дария, оның ішін­
де көп ойлар, армандар бар сияқты. Орындаушысы ке­ліссе
«Көкжендет» алтын қордың төрінен орын алатын шы­ғарма.

Біздің бұл айтқанымыздың екінші дәлелі – Ақанның
«Қа­раторғай» әнінің музыкалық мазмұны. Ақанның Әлібек
батырдан алған Қараторғай атты бүркіті берегірек келгенсін
қартайып, қанаты бүтін болғанмен құйрығының қауырсыны

түсіп, азайып, жерге жақындап келгенде қона алмай біраз
уақыт шырылдап жүретін болады. Өйткені халық аузында­
ғы «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады» деудің

белгілі мәні бар мәтел болса керек. Қараторғай шырылдап,
айналғанда қонуға қорқады екен. Шаршап барып жерге жа­
қындап, құйрығымен ешнәрсе істей алмағансын құлайды
екен. Міне осы суретті көріп тұрған Ақан, бір кезде қасқыр­

ды да алатын қыранның қартайып бір уыс болып, торғайдай
болып қалғанын, қона алмай шырылдап, иесінен жәрдем
сұрағандай болғанын көріп, әнге қосады. «Қараторғай! Ұш­
тың зорға-ай! Бишара, шырылдайсың жерге қонбай» деп,

қайырмасында үнемі қайталап отырады. Әннің кеудесінде:
«Келеді Қараторғай қанат қағып, астына қанатының маржан
тағып» деп бастайды да, аяғында өлеңнің екі жолында тіпті
басқа нәрсені айтып кетеді. «Бірге өскен кішкентайдан беу

қарағым, Айрылдым қапияда сенен нағып» деп, адам басына
қарай ауып кетеді. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Ақын, әнші,
композитор, сері жігіттің көз шеңбері, айта қалғандай кең.
Сондықтан ол, жоғарыда айтылғандай, тағы да құсты —

Қараторғайды әңгіме ете, әндете отыра, сол арқылы ой тү­
бінде жатқан басқа қиялы, арманы қозғалады. Сүйген ада­
мының ауыр тағдыры көз алдына елестейді. Сөйтіп, әннің
шығуына бір жағдай себеп болады да, музыканың туу үр­

дісінде екінші жағдай, екіншісі көрнектірек, дәлірек. «Қа­
раторғай» әні адам таңқаларлық терең, жібектей созылған
ән тілі бар, сөзсіз махаббатпен байланысты. Сондықтан «Екі
жиренді» «Пара рыжих» деп жауапсыз орысшаға аудара

салған сияқты «Қараторғайды» «Черный скворец» деп қана
қойса, музыкасының мазмұнына қарай ол түсініксіз нәрсе
болып шығады. «Екі жирен» де, «Қараторгай» да басынан
аяғына шейін махаббат лирикасына толы әндер. Онда жи­

рен аттың да, қарақұстың да бейнесі «музыкалық әңгіме»
болмайды. Қазақтың халық әндерінің аттарының өлеңінің
не бас сөзімен, не қайырмасындағы бір сөзбен аталып кете
беруінен көптеген музыка зерттеушілер түсінбей қалады.

Бұл мәселе өз алдына бір зерттеу, дәлелдеуді күтіп түр десек
артық болмайды.
Қаншама қартайып, пайдадан қала бастаса да, Ақанның

қолында көп жылдар болып, талай-талай қуанышқа бөлеген
құсының бір түнде өліп қалуы Ақанға тағы батады. Ол аз
деп, көп өтпей-ақ, қасқырға деп салған уды жеп Базаралы
тазы да өледі. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, Құлагерге

өз бетімен мініп шабамын деп жүріп, аттан құлап інісі Ай­
бер­ген қаза болады. Осылай Ақанның басына ауыр хал үйі­
ліп-төгіліп әншінің өмір салмағын ауырлатады. Ақанның
қолында қызығы да, өмірі де болып Құлагер ғана қалады.

Құлагердің буы Ақанды бұл ауыр жағдайдан тағы шығарып
алады. Қалай дегенмен де Құлагердей өрен жүйрік Ақаннан
басқа бір адамда да болмайды. Мына бір салмақты жеңілде­
ту мақсатында Ақан ел аралап кетеді. Ән, өлең арқылы аз да

болса көңілін көтергісі келеді. Осы сапарында Ақан Қара­
уыл Шәкейдің Ыбрайының қызы Балқадишамен кездеседі.
Балқадиша өзінің атына сәйкес көрікті болады. Ақан оны­
мен ойында танысып, сырласады. Қыздың мінезінің, түрінің

тартымдылығы сонша, Ақан оны жібергісі келмейді. Бірақ
қыздың жеңгесі болмай қайталық дегесін Балқадиша ты­
нышсыздана береді. Оны сезген Ақан:
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,

Есілді өрлей біткен тал Қадиша.
Жеңгеңіз қайталық деп асығып тұр,
Рұхсат бізден сізге, бар Қадиша, —
деп өлеңмен өзінің амалсыздан, қимаса да рұқсат беретінін

айтады. «Балқадиша» да халыққа кең тараған ән. Оны да,
түсіндіріп жатудың керегі аз. Бұл Ақан әндерінің ішін­де
көңілді, ойнақы, қысқа қайрылатын: «бір айтар» ғана ән.
Музыкалық жағынан пәлендей терең болмаса да, бел­гілі

жағдайды суреттеуде өзіне тән формасы, «тілі» бар шы­
ғар­ма. Әннің шығу жағдайы ол арада шырқатып, созып,
баптап жататын болмай, асығып тұрған қызға бір ауыз да
болса өзінің ықыласын білдіріп қалу мақсатында, ән нотаны

созып жатпай, жәй ғана әндетіп айтқан көңіл күйі сияқты.
«Балқадиша» осындай, шағын бола тұра, тілінің өткір

болғаны себепті композиторлардың шығармашылығынан
кең орын алады, көптеген туындыларда тақырып болып
жүр. Мұның қайғы-қасіреттен, өкініштен аулақ, басынан ая­
ғына шейін көңілді, жарқын болуы біздің заманның кейпін

суреттеуде үлкен маңызды бейнені ойнайды.
Ақанның көпке белгілі шүрайлы шығармасының бірі
«Мақбал» әні де осы бір кезеңде туғанға ұқсайды. Бірақ «Мақ­­
балдың» қандай жағдайда шығуы жәйлі анық дерек жоқ.

Үйірі қысырақтың мақбал-қара,
Шашыңды күндіз өріп, түнде тара.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ей Мақбал, мойның бұрып бермен қара.

Біз қайтып елге қарай бастық қадам,
Сипатың хатқа симас айтсам тамам.
Мақбал қыз, мұнша неге зарланасың,
Елге алып кетпес пе едім келсе шамам, —

деген сөздеріне қарағанда Ақан елінен біраз шығып барып,
Мақбалды көрген болу керек. Мұнда да баяғы әңгіме: жақ­­
сы көрген қыз бен жігіт, заман заңы бойынша қосыла алмау.
Мұның бәрі де Ақанның өз басынан өтті деуге тағы бол­

майды. Осындай бір өмір суретін көріп, ақын-әнші соған
ар­науы да мүмкін. «Мақбал» терең сырлы, ішінде мұң да,
үрей де, арман да, өкініш те бар ән. Бірақ бұл айтқандарға
қарап әнді зарлы деп түсінбеу керек. Мұң мен зардың, қайғы

мен үрейдің шығармашылығында үлкен айырмалары бар.
«Мақбал» мелодиялық дамуы аса заңды, тыңдаған адамға
әсері күшті, лирикамен қатар, драмалық элементтері де бар
ән. Әсіресе дарынды халық композиторларында кездесе­-

тін кей­бір музыка дыбысын көтеретін дыбыстар «Мақбал-
ды» да көркемдеп тұр. Ақанда ол жиі кездеспейді. Бірақ ке-
рек же­рін­де таңқаларлықтай тауып қолданады. Біреулер
«Мақбалды» Ыбырайдікі (Сандыбаев) дейді. Бірақ музы­ка­-

лық кейпіне қарағанда, Ақанның шығармасы екендігі се­зі­
леді.

Осы сапардан Ақан еліне келгенінде оны тағы бір кесел
қарсы алғалы тұрады. Ереймен еліндегі Керей Сағынайдың
асы болады. Ақан бір нәрсені сезгендей ол асқа барғысы
келмейді. Өзінің де, Құлагердің де жауы бар екенін біледі.

Ақыры ағайынның кеу-кеулегенімен баратын болады. Бірақ
Құлагерді жасырып алып барады, бәйгіге қосылып кеткен­
ше ешкім білмесін дейді. Шабатын аттарды қарап жүрген
Күреңбай деген атбегі Құлагерді таниды. Осы Күреңбай

арқылы Құлагердің бәйгіге қосылғанын қуандық ішіндегі
Батыраш-Қотыраш деген байлардың балалары есітеді.
Олар­дың бәйгіде алдын бермей жүрген аттары Аққошқар
Сайдалының асында Құлагердің шаңына да ере алмай, кү­

пілдеген көкіректері бір басылып қалғанды. Міне осылар
құзғындай жиналып, Құлагерге қастық жасамақ болады. Ат
арқылы халыққа беделі артып, бай балаларынан қадырлы
болып бара жатқан Ақан серінің де белін сындырғысы ке­

леді. Toп аттың алдында жалғыз қара үзіп келе жатқан Құ­
лагердің жолын тосып тұрып, Батыраш-Қотыраштың адам­
дары Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді.
Төбенің басына шығып Құлагерді қарап тұрған Ақан

сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бірден ты­
нышсызданады. Бір жамандықты көңілі сезгендей, қасын­
дағыларға:
Жел болса қамыс басы майда деймін,

Ат қостым ат айдаушы айда деймін,
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін, —
деп зарлай бастайды. Ақан ойлағандай аттардың ішінде

Құлагер жоқ болып шығады, Аласұрып шауып іздеген Ақан
сүйікті жүйрігінің беломыртқасы үзіліп, өліп жатқанын
көреді. Басында сарнап отырып қалады.
Құлагер кішкентайдан керім едің,

Нағашы сұрағанда беріп едің.
Асына Арғын, Қыпшақ қосқанымда,
Алдында алпыс аттың келіп едің.

Құлагер әкең тұлпар, шешең сұңқар
Соғып ем құнаныңда он бес арқар.
Өлді деп Құлагерді есіткенде,
Басыңа сауысқан да құран оқыр.

Ақша қар бүгін жауса, ертең кетер,
Қайғысы Құлагердің маған өтер.
Ат тауып енді сендей мінгенімше,
Құйрығы ақ түйенің жерге жетер.

Құлагер жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Өлгенін Құлагердің көргенімде,
Жұлдым да сақалымды ойбайладым.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ сандалкерім, —

деп Құлагерді жоқтап өлең айтады. Құлагерді тек мал еді
деп жоқтамайды, оның өлімі Ақанның жанына жара са­
лады. Сондықтан Ақанның жүйрігін айтып шығарған әні
«Құлагер» атанғанмен, ол әнді серінің жан ашуының туын­

дысы деп қарау керек. Құлагерді өлтірушілер бір жағынан
жүйріктеріне бой бермейтін өреннен құтылғысы келсе,
екіншіден Ақанның жығасын жыққысы келді. Олар ол
мақсаттарына жетті деуге болады. Өйткені, шынында да Құ­

лагердің өлімі Ақанның өмірінде үлкен соққы болды, әншіні
рухани жағынан біраз әлсіретіп тастады. Жігіт кезінде ел
аралап, ән салып, думан-қызық арасында жүргенінде Ақан
қоғам өмірінде зұлымдық түбі қайда екенін іздеп әуре бол­

майтын. Байдың да, кедейдің де жаманы-жақсысы бо­ла­
ды деп жүре беретін. Енді Құлагердің оқиғасынан кейін
зұлымдық түбінің қайда екенін қараңғыда сипалағандай
болса да, іздей бастады. Олай дейтініміз — қоғам өмірінің

сан алуан құбылыстарының ішкі қозғаушы себептері жәйлі
Ақанның мәліметі болмайтын. Бірақ негізгі зорлықтың,
адам­шылық деген үлкен сөзді аяққа басатын соқыр күштің
байлардан шығатынын сарамандың өмір жүзінде өз көзімен

көреді. Осыдан келіп «Бұл өмірде әділдік жоқ екен» деген
сияқты ойлар басына келіп, біраз уақыт рухани дағдарыста
болады. Үнемі терең ойға батып, айналадағылармен көп сөй­
леспей, оқшаулана береді. Алайда оның бұл кезін өмірден

безгендік деп қарасақ, ол дұрыс болмаған болар еді (Біздің
бұрынғы жазғандарымызда сол сияқты қате бағалар болды).
Біреулердің «Ақанды жас ортасына келгенде жын ұрыпты»
деулері де серінің аз уақыт болса да адамгершілік дағдарыс­

қа кездескен кезі болатын.
«Жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар» деп Абай айт­
қандай, арада уақыт өткен соң Ақан шығармашылық бей­
несіне қайта түседі. Бұл кездерде жасы елуге келіп, әрнәрсе­

ні болжайтын, өмірден тәжірибесі бар, ащы-тұщыны татқан
адам болады. Өзінің хат білетіні арқасында түрлі кітаптарды,
біртіндеген газет, журналдарды оқиды. Өткен өмірінің ойы
мен қырын, жолы мен соқпағын, асуы мен өткелін шолады.

Айналаға көз салады. Ел аралап, қалаларда болып, жақсы-
жаманды көзімен көрген Ақан, елінің білім-өнерден кенже
қалғанына қынжылады. Ел «жақсыларына» қосылатын бо­
лыс, билердің пара жеп, халық ішінде лайсаңдық тудырып,

шен-шекпен үшін қандай сұмдық қылмысқа да бара ала­
тынын көреді. Өнер іздеуден аулақ, жәй қолы бостыққа мәз
болып жүрген жастарға да ренжиді.
Болғанда мұндай күйде заманамыз,

Жәй жатып сахарада қамаламыз.
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз.
Жігіттер өнер үйрен заманыңда,

Денсаулық әлің келген аманыңда.
Жәйіліп сахарада жатамыз деп,
Қалдық қой надандықтың табанында, —

деп, туралықтың жоқтығын, заманның жайсыздығын, саха­
рада қамалудың болашаққа ешнәрсе бермейтінін жырлай­ды.
Әрине, Ақан халықтың ішінен шыққан, қаны-жаны арала­
сып кеткен шығармаларында демократиялық элементтер

анық көрініп отыратын. Сондықтан да ол айналасына қандай
өсек ерсе де, қызықты бұл дүниеден іздеуінен танбайды. Әлі
де өзінің көңілінің көтеріңкі екендігін жырлайды:
Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,

Толқыған он төртінші айда жатыр.
Ат тұрса, атан тұрса көз салмаймын,
Арғымақ мың теңгелік майда жатыр.
Гүл шашақ, жасыл бояу жайлауында,

Көңілім ел қонбаған сайда жатыр, —
дейді. Өлеңнің «ой, қалқа» болып басталуы да жәй емес.
Жо­ғарыда айтылғандай, Құлагер қайғысынан біраз уақыт
өткеннен кейін шығармашылық шабытқа тағы оралған

Ақан, «кәрі жыны» қайтадан ұстап, мазмұны өзге болса
да, махаббат мәселесін музыкада тағы көтереді. Жасы елу­
ден асқанда, сол өңірдегі үш сұлу қызды көріп, оларды
мадақтайды. Ақанның бұл әні халық аузында «Үш тоты құс»

атанып кетеді.
Бүгін мен ұйқтап жатып көрдім бір түс,
Көргенім Иранбақта үш тоты құс.
Бірің маржан, меруерт, сапы бірің,

Көргенге үшеуіңді көңілім қош, —
деген сөздермен ән басталады. Бұл басы речитатив1 сияқты
сөзінің мәні басым болып, кейін кантиленаға2 кешетін ән.
Музыкалың жағы Ақанның туындысы екеніне күмән келтір­

мейді.
Ақан жәйлі музыкалық шығарма жазатын композиторға
дайын тұрған аса қымбатты материал. Сөзсіз, мұнда «Құла­
гердегі» құлаш, мелодиялық түйін, айдындай шалқыған

тыныс, терең мазмұн жоқ. Қысқаша айтқанда бұ да «бір
1 Әуендік толқуы сараң, сөзін тақпақтап айтатын ән.
2 Шырқатып айтылатын ән.

айтар» ән деуге болады. Кім біледі, әркім бір орындап жүр­
ген нотасыздық қалыпты заманда, әннің бастағы оригиналы
өзгеріп, бізге шөжіп барып жетуі де мүмкін. Сондықтан,
«Үш тоты құсты» ғана емес, Ақанның басқа әндерін тал­да­

ғанда да бас-көзіне қарамай, батыл пікір айта салудың шын­
дыққа біраз дақ келтіруі де мүмкін нәрсе.
Жасы алпысқа келгенде де Ақан ән салуын қоймайды.
Бұл кездерде жас шағындағы өлең-әндерінен басқа тақы­

рып­қа көшеді. Бұрынғыдай шырқап салатын дауыс күші де
әлсірейді. Сондықтан ба, Ақан ақыл, насихат, толғау сияқты
сөздерді термелеп айтады. Бірақ Ақанның термесі біз біле­
тін жыраулардың төкпе жыр музыкасына ұқсамайды. Оның

термесінің өзі құрылыс, ырғақ жағынан бір төбе болып тұ­
рады.
Белде, белде бел асар,
Белгілі жерден ел асар.

Әлдилеген ақ бесік,
Келіншекке жарасар.
Қозы жаурын, құс садақ,
Тартушы ерге жарасар.

Алты қырлы ақ мылтық,
Атушы ерге жарасар, —
деп басталатын сөздермен, күй толқуы аса кең емес, шама­
лы көлемде болып, орындаушыға жәйлі терме кетеді. Ел

ара­сында Ақанның бұл ән-термесі «Белде, белде, бел асар»
деген атпен тарайды. Терменің басқа да сөздері бар, бірақ біз
оның бәрін келтіріп жатуды орынсыз көрдік.
Ақанды біздің ғасырдың сегізінші-тоғызыншы жылда­

рында көрген адам, оның сол жетпіске таянып қалған күні­-
нің өзінде, айналадағылардың сұраулары бойынша ән сал­
ғанын айтады. Ол кезде Ақанның үстінде түйе жүн шек­пен,
түймелі қара камзол, саптама етігі болады. Кездесу Дәу­лет­

керейдің (Бөкейлік Дәулеткереймен шатыстырмау керек...
А.Ж.) үйінде болады. Ақан «Құлагерді» айтады. Дауысы жі­
ңішкеріп, күші азайған кезі болса да, музыкалық жағынан

әнде кіршік болмайды. Аяғында Ақан жылап жібереді, жа­-
тып қалады. Халқына «дарқан» атанған әнші егде тартқан
кезі­нің өзінде «Құлагер» сияқты әннің ардақтысын айтқан­-
да, оның барлық қайғысы көзінің алдына елестеп, қиялы

сонау бір Сағынайдың асындағы бәйгеге тіреледі. Дарынды
суреткер, осы әңгіменің ортасында айтылғандай, халқына
сенеді, жуандардан көрген зәбірі естен кетпейтіндей болға­
нымен, өзінің атының да халық есінен кетпейтініне сенеді.

Бұл заманның заңын өзгерту үшін оқу-білім керек екенін,
сонда көп күш жатқанын қосып, өзінің арманын жырлайды.
Басылған талай жаннан біздің қарқын,
Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.

Санамен салмақтайтын ер табылса,
Айтылмай неге қалсын менің атым, —
дейді. Өмірде жақсылық үшін, адам жанын жоғары көтеру
үшін күрескен сері, бостан босқа бойындағы күшін, қолын­

дағы қаруын сілтемегені сезіледі.
1913 жыл. Ел жайлаудан келіп, күзекке отырған. Ералы­
ның (Ақанның жездесі) үйі. Төр алдында қалың етіп жайған
төсекте ауру Ақан. Ардагер әнші, бірнеше күннен бері та­мақ

ішпейді. Ұзын кірпігін шаңыраққа тігіп үнсіз жатыр. Жү­зі-
нің нұры таймаған. Әлі де сұлу, қараған көз тоймайды. Ақан
ауру дегенді есіткен адамның келмегені, көңілін сұрамағаны
аз. Басында қызыл пәсі бар, үкілі Ыбрай Ақанның қасынан

кетпейді. Күндіз-түні бәйек болып, серінің өмірін «құдайдан
тілегеннен» басқа қайраны жоқ, отырады. Ауру күннен күнге
меңдетеді. Қараша айының аяқ кезінде ардагер әнші, халқын
қызыққа бөлеген сері, дарынды ақын, үлкен жүректі адам

соңғы рет бір демалып, сұлу қара көзін жұмады. Фатимадан
туған жалғыз ұлы Ыбан (шын аты Ыбрайым) мейірімді әке­
сіне тіс жарып ешнәрсе айта алмай, тек ысқырсыған бір­не­
ше дыбыстар арқылы өзінің жан қайғысын сыртқа шығарып,

Ақанның бетін жәйлап жабады (Ыбан мылқау болған).
Ақанның соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды.
Айтушылар Ақанның көптеген әнін Арқаға жаюшы болған­

ның бірі жоғарыда аты аталған Үкілі Ыбрай (Сандыбаев)
деседі.
Ақанның әндерін біздің тұсымызда жақсы орындап жүр­
гендерден: Жүсіпбектің, Қуанның, Мәжиттің, Мұсаның, Те­

мірболаттың, Манарбектің, Қасымжанның аттарын атауға
болады. Ақанның ән шығармашылығы соңғы жылдарда бө­
лек кітапша болып басылып шықты. Бірақ әлі де Ақанның
әндері, сөзсіз, елде болу керек. Ақан шығармашылығы кеңес

композиторларының туындыларында үлкен орын алуда.
Оның «Құлагері», «Жалбыр» операсындағы «Көкжендеті»,
«Бал Хадишасы», «Сырымбеті», («Айман-Шолпанның»
екін­ші түрінде) «Қараторғайы» бірнеше композитордың ды­

быс үндестігінде аспапты музыка шығармаларында пайда­
ланылған. Сол сияқты «Мақбал» әні «Ақан сері-Ақтоқты»
пьесасына енді. Осының бәрі де дарынды композитордың
музыкалық тілінің заман алдын ораған қырағы екендігін,

шығармаларында демократиялық түйіннің терең тамыр жай­
ғандығын сипаттайды.
Соңғы жылдардағы зерттеулерде Ақанның ақын доста­
ры көп болғанын дәлелдейтін деректер бар. Сердалы, Тілеу­

бай, Мәмбеталы, Жәмшит деген кісілердің біреулері Ақанға
туралай шәкірт болса, екіншілері ақынның талантына бас
иіп, қолдарынан келгенше Ақанға жәрдемдесіп отырған.
Әрине, ақындардың бәрі бірдей алға басушылық көзқараста

болды десек, ол тарихқа қиянат болған болар еді. Мысалы,
Ақанның орыс тілін білуі арқасында және оның өнерімен
қатар келбетінің де аса келген, сүйкімділігі арқасында қа­
зақ қыздарының алдында емес, орыс қыздарының ішінде

де әншіні қатты құрметтеген, оның қабілеті алдында жү­
гінгендері болған. Ақанның мәдениеті жоғары. Түрлі білім,
өнер тақырыптарынан әңгімелескенде үлкен жаңалық, соң­
ғы мәлімет бере алатын кейбір орыстың оқыған қыздары­

мен жақын жүріп, әңгімелескенін сорақы көрген ақындар
да болған. Сүйіндік Нұрқожа ақын қаншама поэзиялық жа­
ғынан аты шығып, кейде бұл дүниенің қызығының артық­
шылығын баса айтатын уақыттары бола отырса да, Ақанның

жоғарыда баяндалған істеріне түгелдей наразы болып, оны
«сен матушкаға да ғашық болдың, олармен де байланыстың,
мұсылман дініне кір келтірдің, шоқынуың ғана қалды»
деп кінәлаған. Бірақ «Өзім сал, өзім сері Мен кімге зар»

деп әндеткен Ақан ондай сөздерге ылықпаған. Ақанды
сүрінтеміз деп, онын атын өлтіріп, итін улап, сүйген қызын
тартып алуға адамдардың әлі келсе де, «бас кеспек болса да,
тіл кеспек жоқ» дегендей, серінің әнін, өлеңін, сөйлесетін,

мұңдасатын адамдарымен, жақсы көрген казак-орыс қыз­да­
рымен кездесуіне тыйым сала алмаған. Өзінің орыс тіліне
зер салуы арқасында ауызша болса да толық түсінісе ала­тын
жағдайға жетуі — Ақан үшін үлкен табыс болған.

Көптен көп поклон айттым скажия,
Сырымды жасырмадым сізден зия.
Именной, искренной түсініңіз,
Хорошенко сестра сватия, —

деген өлеңді Ақан бір орыс қызына шығарса керек. Өзі
орыстың бір ауыз сөзін білмейтін Нұрқожа сияқтыларға
Ақанның өлеңіне орыс сөзін сүйіп, қосқанының өзі де бір­
аз әңгіме болады. Бірақ Ақан оны да ескермейді. Он то­ғы­

зыншы ғасырдан бастап қазақтың ақын-әншілерінде бол­
ған-білген орыс сөздерін өлеңдеріне қосу үлкен ілгері бас­
қан қадам болды. Ал, Ақан болса, ол тек Қызылжардан
әрі озбаған, өмірбойы Көкшенің, Қоскөлдің айналасынан

шық­паған адам емес, біраз сол кездің мәдениет, әкімшілік
ортасы болған жерлерді көрген. Омбыға патшаның мұрагері
келгенде Шыңғыс төре Ақанды алып барады. Ақан мәжіліс­
те ән салады. Ақанның әні тыңдаушыларға, оның ішінде

Пе­тербургтан келген үлкен қонақтарға ұнайды. Әншінің та­-
лантына, орындаушылық шеберлігіне, әсем дауысына, көр­
кем талғаммен киінген киімінің сәнділігіне риза болған
патша мұрагері Ақанды алтын медальмен марапаттайды.

Біздің болжамымызша Омбының бай мұрағатын ақтарса
Ақан жәйлі деректер табылып қалуы сөзсіз. Мүмкін Ақан­
ның сонда түскен суреті де сақталған болар...
Ақанның Құлагерінің оқиғасы тек Атығай-Қарауыл ай-

на­ласында әңгіме болып қалмай, үш жүзге тегіс тараса, біз-
дің заманымызда ол әңгіме жер жүзіне жайылды деуге бо-
лады. Отызыншы жылдардың ортасында қазақтың атышулы
ақыны Ілияс Жансүгіров «Құлагер» атты үлкен дастан жазды.

Дастанда тек Ақан серінің, Құлагердің айналасында емес,
ол оқиғаның сол заман қайғысы екендігі жақсы керсетілді.
Ақан өмірінің бір ғана оқиғасын, бір ғана бөлігін осындай
үлкен дастанға тақырып ету — Ақанның өз уақытына қарай

үлкен жүректен шыққан көкейкесті сөздер, үндер қалдырып
кеткенін дәлелдейді. Ілиястың поэмасы қазақ поэзиясы­ның
ірі туындысының бірі болып, қазақ кеңес әдебиетінің алтын
қорында қалды.

Қырқыншы жылдардың басында жазушы Ғабит Мүсі­
ре­пов «Ақан Сері-Ақтоқты» атты қайғылы пьеса жазды.
Ол пьеса осы күнге шейін көрушілердің назарын үнемі
ауда­румен келеді. Ғ.Мүсірепов Ақан өмірінің тек қана бір

ғана кесегін алып, үлкен шеберлікпен, шындықпен әншінің
көп­сырлы бейнесін жасады. Мұнда әсіресе Ақанның дін
сырын жақсы түсініп, оның халықтың көзін ашуда үлкен
кесел еке­нін, қанаушы таптың қолындағы қару екенін әрбір

өнер, адам­гершіліктің негізіне қарсы екенін ... әдемі берген.
Пьеса Ақан тұлғасын шебер мүсіндеген. Тек Ақан емес,
кешегі заманда халықтан шыққан өнер иелерінің жалпы
тағдырын көрсетеді.

Соңғы жылдарда қазақтың халық композиторларының
өміріне, шығармашылығына көп көңіл бөлінуде. Олар­дың
әрқайсысылары туралы бұған шейін шағын мақала­лар, көр-
ген адамдардың естеліктері ғана жазылып келсе, осы кез­

де халық композиторларының өмірі мен шығарма­шылы­­
ғы­на арналған үлкен, қомақты зерттеулер, диссерта­ция­лар
жазылды. Соның ішінде, алдыңғы қатарда Ақан сері бар.
Ақан туралы үлкен зерттеу жарыққа шықты. Бұл арада та­

ғы бір айта кететін нәрсе – Ақан және басқа да ха­лық ком­
позиторлары жөнінде ел арасында деректер әлі күнге бар.
Олар толығынан жиналып алынды деуге ерте...

Сырымбет
(І түрі)

Сырымбет
(ІІ түрі)

Сырымбет

Құлагер
(ІІ түрі)

Құлагер
(ІІІ түрі)

Құлагер
(ІV түрі)

Құлагер

Құлагердің желісі

Құлагер

Көкжендет

Екі торы ат

Тер қатқан

Алай көк

Маңмаңгер

Маңмаңгер

Маңмаңгер

Майда қоңыр

Майда қоңыр

Көкшетау

Көкшетаудың биігі

Мақпал

Мақпал
(V түрі)

Мақпал
(VІ түрі)

Мақпал
(ІV түрі)

Мақпал

Мақпал

Ақсаусақ
(ІІ түрі)

Ақсаусақ

Ақсаусақ

Ақсаусақ

Ақтоты
(І түрі)

Ақтоты
(ІІ түрі)

Перизат

Жамал Қыз

Үш тоты құс

Үш тоты құс
(І түрі)

Үш тоты құс
(ІІ түрі)

Үш тоты құс
(ІІІ түрі)

Балқадиша
(І түрі)

Балқадиша
(ІІ түрі)

Балқадиша

Балқадиша

Іңкәр-ай

Іңкәр-ай

Шамшиқамар

Шамшиқамар

Нұрила

Көк көбелек

Әудемжер

Сәулем-ай
(ІV түрі)

Кепсер

Алтыбасар

Алтыбасар

Алтыбасар

Ай көке

ҚАй дөңге

Жылқылы бай

Жылқылы бай

Жылқылы бай

қараторғай

қараторғай
(ІІ түрі)

Кербез сұлу

Ақан сері

Үшінші бөлім
Жұмбақтас

Мағжан ЖҰМАБАЕВ
Ақан сері
Ақан туралы білгендерін айтып һәм жа­-
зып берген Мырзалыұлы Баялы, Шың­

ғысұлы Қоқыш, Бозайұлы Ысмағұл ақ­са­
қалдарға һәм Самыратұлы Қазыға көп
рақ­мет айтамын.
Мағжан

Ұшы-қиыры жоқ сары дариядай Сарыарқаның ортасын­
да аралдай көгерген Көкшетау, Абылайдың ордасы құрыл­
ған, Кенесары, Наурызбайға отан болған Көкшетау алаш­тың
ақындығының да ордасындай жер еді. Соңғы 50-60 жыл

ішінде алты алашқа аты шыққан ақындарымыздың бір­та­
лайы сол Көкшетаудың маңайында туып-өскен. «Кең саба­
ның қорындай, Бертағының баласы Орынбай», екі аяқты
адамның ділмәрі, улы тілді соқыр Шөже, Тойлыбай бидің

ойлы Атығай шал, аспанға өрлеп ән шырқайтын Біржан
сал, өмірі ертегідей әдемі Ақан сері – осылардың бәрі сол
күңіренген Көкшенің маңайында туып-өскен ақындар.
Бұл ақындардың ішінде адамның іскерлігін алдымен өзіне

аударатыны – Ақан сері. Сөзінің сұлулығы, тереңдігімен
демейміз, өмірінің сұлулығымен.
Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді,
жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір. Сондықтан Ақанның

алдымен өмірін жазып, онан соң сөздерін тексереміз.
* * *
Ақанның сүйегі – Орта жүз арғын ішінде қарауыл. Ұлы
әкесі қарауылда – нар шөккен Жарқынбай. Жарқынбайдың

бір ұлы, тоғыз қызы болған. Ұлы Қорамсадан көпке шейін
бала болмаған соң Жарқынбай бәйбішесі һәм тоғыз қызы­
мен көгеннің бұршағын мойнына салып, тәңіріден немере
тілейді. Сол тілектің артынан жалғыз ұлы Қорамсаның қо­

сағы Жаңыл жүкті болып, одан ұл туады. Ұлдың атын Ақ­
жігіт қояды. Біздің Ақанымыз осы. Ақан 1843 жылы Көк­

шетау қаласынан күнбатыс пен солтүстік әрелігіне қарай 70
шақырым жердегі, Қоскөл деген жерде туған. Ақанның әкесі
Қорамса бай, саудагер адам болған. Ол маңайда ол кезде
ақша ұстаған қазақ сол Қорамса болды. Әрі малға бай болса,

әрі ақша болса, әрине, Қорамса елге қадірлі болмақшы.
Ақан 13 жасқа келгенде Бұқардан оқып қайтқан Күнту
деген бір молдадан сабақ оқып жүреді. Бірақ біраз ес кіре
бастаған соң молданың балдыр батпағына зирек Ақан­ның

көңілі отырмай бастайды. Сөйтіп, 13 жасында Ақан молда­
сымен бір шариғатқа таласып, «маған қарсы келдің» деп
молдасы оны ұрған соң, «шыбыққа сүйенген шариғатыңды
ұрайын» дейді де, оқуыменен қоштасып кете барады. Осы­

дан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік
өмірі басталады.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда
болады. Қалың қарауылдың ойын-тойының көркі Ақан бо­

лады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей,
15-20 жігітті өзі тәрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде
сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе
боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген.

Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында – бұлғақтаған үкі,
қолында – домбыра, аузында – ән... Жігіттердің бәрі балуан,
бәрі әншіл. Бірақ Ақанның әні өзгеше. Даланы күңірентіп
Ақан ән шырқаса, би билігін, кемпір өрмегін, сұлу кестесін

қойып, аңырып тыңдай қалады. Қалың қарауылдың қалың
көздері: «Ақанның әні-ай!» – деп күрсінеді. Сүймесе сері дер
ме еді, қалың қарауыл Ақанға сері атын қойған. Қалыңды­ғы
Жұмат қожаның қызы Бәтимадан бір ұл, екі қызы болады.

Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл шамасында Бәтима өледі.
Бірақ серіліктің соңында жүрген Ақан Бәтиманың өлімін
елемейді. Серілікті бұрынғыдан да үдетеді. Құлақ естір жер­
ден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның

ба­ласы Әлі­бек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қа­ра­
торғай де­ген бүркітті, Сарат төреден бір жылда тоғыз қас­
қыр алған Базарала деген құмай тазыны алады. Тап сол кезде
Ақанның қолына алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі.

Құлагер көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан.
Жабағы тай күнінде Құлагер кез келген жерде, қарда, күр­
тік үстінде өлген малдай серейіп ұйқтай береді екен. Шө­

кетайдың ағасы Әбілторы сыншы Құлагерді тай күнінде
тұлпар болады деп сынаған екен. Құлагер дөненінде қарауыл
ішінде алдына қара салмайды, сол Құлагерді Ақан жүз сомға
сатып алады. Бестісінде Құлагер Шабан асында дара келеді.

Бұдан былай шет елдерге Ақан мен Құлагердің аты бір­
ге шығады. Ақанның жүйрігі – Құлагер, Құлагердің иесі
Ақан деседі жұрт. Ақан қолында Құлагер Арқаның талай
зор астарында аузымен құс тістеген сан жүйріктерден

озып жүреді. Арғын-алтай, аққошқар – Сайдалының асын­
да Құлагер 300 аттан жеке-дара келеді. Бірақ сол аста бір
көңілсіз әңгіме болып қалады. Құлагердің артынан Барақ­
бай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі

алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқан Құлагердің
шылауынан ұстаңқырап қалса керек, мұны көріп тұрған
Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбайдың
ішінде Ақанға қарсы кек қалады.

Осылай Ақанның атағы талай жерге жайылып тұрған
кезде мұның өмірінде бір өзгеріс болады. Желдей ұйтқыған
серінің жүрегіне мін деуге бола ма, сол кезде Ақан Ақ­
тоқтысынан айнып, қарауыл Тінәлі қажының қызы Ұрқия

сұлуға өз әнімен өлең шығара бастап, сол Ұрқияны алып
қашады. Бірақ жаны сүйіп алған жары Ақанмен ұзақ отаса
алмай, үш-ақ ай тұрып, шешек шығып дүниеден қайтады.
Жаның сүйген жар найзағайдай жарқ етіп дүние салса, жан­

ға жеңіл жара бола ма? Ұрқия өлгеннен былай Ақанның жа­
ны қасіретке ұрыла бастайды. Ұрқия өлген жетінің ішінде
Ақанның жақсы көрген бір інісі өліп, қасірет үстіне қасірет
жамалады. Жараланған жүрек жазылу үшін тағы махаббат

іздейді. Ақан айналып Ақтоқтыға келеді. Енді айналып иіл­
генде Ақтоқтының ұзатқалы жатқан шағы болады. Ақтоқты
өкпесін айтып, разы еместігін білдіреді. Ақан қалай да Ақ­
тоқтыны алмақ болады. Ақтоқтының беріліп отырған күйеуі

ақсақ екен, қыздың көңілін күйеуден қайтару үшін Ақан
сықақ қылып улы өлеңдер шығарады:
Бәрекелде, Ақтоқты, тапқаныңа,
Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа.

Бұдан артық құдайдан не тілейсің,
Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңы... –

деп, мысқыл қылады. Бірақ өкпесі күшті Ақтоқты бұрыл­
май­ды. Ақан ... қызды, өз Құлагерімен алып қашады. Қыз
қалайда разы болмайтындығын айтқан соң, алдында келе
жатқан қыздың сүбесіне сапыны сұғып алып, бір томардың

қабағына тастап кетеді. Бірақ Ақтоқты тірі қалып, берілген
күйеуіне барады. Ақанның жүрегінде махаббат та, ашу да
күшейеді.
Ақтоқты, кеткенің бе шыныменен,

Бал бердің талай жерде тіліңменен.
Басыңды Сарымида кесіп алып,
Өмірімше даулассамшы құныңменен...
Дарияның қайраңындай қалқа бала,

Зарланып ән шырқайын уайымменен, –
деп ашулы зар шығарады Ақан.
Ақан енді көңілін мал да болса жолдасындай қолындағы
Құлагерімен көтермекші болады. Құлагерді астан асқа

алып жүріп отырады. Ұрқия, Ақтоқты уақиғасына бір жыл
шамасы болғанда, керей Сағынайдың асы болады. Ақан сол
асқа Құлагерді қосады. 323 аттың алдында Құлагер жұл­
дыз­дай ағып келе жатқанда, анау Сайдалы асында ішіне

қан қатқан Барақбай Құлагерді көлденеңнен соқтырып өл­
тіреді. Асқа жиылған құмырсқадай қалың ел шуылдасып,
гулесіп, бәйгесін алып, ойын ойнып жатқанда, Ақан мидай
далада жолдасы Құлагердің басында кәдімгідей мөлдіретіп

көзінің жасын төгіп отырады. Күн былай тұрсын, түн бойы
күңіреніп Құлагерінің, сандалкерінің, еркесі, үркеккерінің
басын құшақтап отырады. Жан жолдасын қолымен өлтірген
адамдай күйінеді. «Әлдеқайдағы Ерейменге неге алып кел­

дім? Мал да болса, адамнан есті жануар-ай, шабуға жібе­
рерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей көзінен жа­-
сы бұршақтап тұрды-ау. Осы сұмдықтың боларын білген
екен ғой еркекерім», – деп өкінеді. Керейдің игі жақсыла­

рының өздері келіп көңіл айтып, қол қусырып ауылға ша­
қыр­ғандарына жұбанбай, бармай, күңіреніп, бір күн, бір түн
далада өлген еркесінің басында отырады. Сол отырғанда өзі
мен сандалкеріне өлең шығарады:

Жануар Құлагерім қолдан кетті,
Дұшпанның қастығынан қаза жетті.

Қаржас боп, қанжығалы, керей, алтай, Қуандық, сүйіндік боп намыс етті. Тамам жұрт көтермекке аттанғанда, Алдынан қарсы бармай маған нетті? Жиыннан жеке келген, тұлпарым-ай, Үмітсіз қандай дұшпан қағып өтті. Қырмызы, қара құлпы құйрығың-ай, Суырылып тойдан озған жүйрігім-ай, Жеріне Ерейменнің айдап келген Тәңірінің, айналайын, бұйрығын-ай... – деп күңіренген Ақан1. Жараға жара қосылып, ауыр қасіретпен Ақан еліне қай­ тады. Тағдыр, шіркін, тас бауыр ғой, тап сол жылы Ақанның алғыр қыраны – Қараторғай һәм Базарала та­зысы өледі. Қа­ зақ: «Ер жігіт тұлпардың тұяғымен, сұң­қардың қияғымен, сылдыр қаққан судың бойымен, алма мойын сұлудың қой­ нымен жұбанады» – дейді екен. Енді Ақанға өмірде жұба­ нарлық не қалды?.. Жан күйген жары Ұрқиядан өлі айрыл­ ған, «талай жерде тіліменен бал берген» Ақтоқтысынан ті­рі айрылған, тұлпарын көмген, сұңқары мен құмайы өл­ ген, енді не қалды? Енді Ақанға теңізден терең ой қалды. Қор­ғасыннан ауыр, түннен қараңғы қайғы қалды. Удан ащы қасі­рет қалды. Жасы да отыздың ішіне кіріп қалған. Өмірдің жайнаған гүлін көріп келген Ақан өз өмірінің бықсып-күйіп күлге айналғанын көре бастайды... Сол уақыттан былай Ақанның жанында үлкен өзгеріс болады. Бұқарадан оқып қайтып, Көкшетауда дәріс айтып тұрған, белгілі Науан қазіретке анда-санда барып сабақ ала­ ды. Дінге, сопылыққа беріледі. Хақ асығы дуанадай мал­ дан, елден безіп, дінменен жан тазартуға кіріседі. Бұрын су­дай сұлу махаббатты жырлайтын Ақан сопылықпен жан тазарту жайын жырлай бастайды. Бірақ сүйегіне біткен се­ рілік серпіліп кетпейді. Бәлки, серіліктері жұртқа жат, ұғым­­ сыз түрге кіреді. Ақаннан мынадай кенет ірі өзгеріс көр­ген соң, ел күңкіл қыла бастайды. Күңкілдің түбі Ақанға пері иеленіпті деген сөзге айналады. Шынында Ақанның құл­ қы­ның, істерінің жай адамның құлық-істеріне үйлеспеуі мұндай сөздерді еріксіз шығаратындай. 1 Ертеңінде Құлагердің басын кәдімгідей кебіндеп жерге көмеді. (М.Жұ­ мабаевтың ескертпесі).

Жаз шығып, жан-жануар қыбырлап, қалың ел қайта
жайлауға көшкенде, Ақан сақау баласымен Қоскөлдің сыр­
тындағы, Сарыкөлдің жағасындағы ағаш үйде жалғыз қа­
лады. Қалың қамысты көл. Қою, қалың. Иесіз қыстау. Ақан.

Тілсіз бала. Түн болады. Жел шығады. Қою қамыс зуылдай­
ды, сықыр-сықыр қалың қайың шайқалады Иесіз үй күңіре­
неді, үй ішінде Ақан күңіренеді. Сақау балада үн жоқ. Екі кө­
зі жаудырап Ақанға қарайды да отырады... Күндіз де сол...

Ішуге де, дәретке де суды Сарыкөлден ғана алады. Са­
рыкөлдің суына тірі тышқан түсірмейді. Мінген атын да
суармайды. Мал келе жатса, алдынан шығып айдап жібереді.
Ақан анда-санда жайлаудағы елді аралайды. Астында жүзік­

тің көзінен өткендей жаратып тастаған бедеу. Екі жаныңда
екі сұлу ат. Қайда барса, бір елі қалмайды. Шақырса екеуі
екі жақтан келіп, тізесіне иектерін сүйеп тұрады. Ақанның
өзінен басқа тірі жанды маңдарына жолатпайды. Өздері –

туғалы жүген-құрық кимеген шу асау. Ақан бір ауылға түссе,
далаға барып оттап, Ақан аттанарда келеді. Ақан кез келген
ауылға түсе де бермейді. Қалың қарауылдың ішінде өзінің
таңдап алған белгілі ордалары бар. Сол ордаларға ғана түсіп,

солардың ғана асын ішіп, солардың ғана төсегіне жатады.
Болмаса қазы-қартаға бөлеп қойса да, кез келген үйге түс­
пейді Ақан. Түсіп отырған үйінің ыдыс-аяғында кір, қыл
көр­се, яки сол үйдің әйелінің бір былықтығын байқап қалса,

пісіп тұрған дәмді тастап, рұқсат алып, аттанып кете барады.
Киімі кір адаммен отырғанда, тізелесіп те отырмайды. Тө­
сегі кірлеу үй болса, үйге жатпай, далаға жатады. Жаз болса,
көлдің жағасына барып, қыс болса, үюлі шөптің ішіне ба­

рып, кейде алланы аузынан тастамай, басын сәждеден кө­
тер­мейтін болады. Жанды дінмен тазарту керек дейді. Ал
енді кейде алланы ұмытқандай болып, діні, намаз, оразасын

– бәрін қойып кетеді. Күні-түні күңіреніп өлең жазады, ән

шығарады. Далада болсын, ауылдың жанында болсын, өзінің
зарлы сарынымен ән шырқайды.
Ақанның осы мінездерінің, осы істерінің бәрі жат, бәрі
жұмбақ, бәрі ұғымсыз, ел не деуге де білмей қалады. Жынды

деп-ақ қояр еді, қалың қарауылда Ақаннан есті, Ақаннан
шешен, Ақаннан көсем кім бар? Ермін деген ерлер шеше
алмаған түйінді Ақан шешеді. Екі жақсы бас қосса, сөзді

Ақан бастайды. Қандай ұшынған дау болса да, Ақан бітіреді.
Ендеше, Ақан жынды емес. Оған мұсылман перісі иеленген
болар дейді жұрт. Күн-күн сайын осы сөз өседі...
Баста еміс-еміс боп, өлімсіреп туған өсек барған сайын

бойы өсіп, бұғанасы қатып дәуірлей береді... Ақан Ереймен­
де Құлагердің басында түнеп отырғанда, таң алдында сал­
қыншалау жел шығады. Ақан тоңазығандай болады, шерлі
Ақан күңірентіп отыра береді. Сол арада болар-болмас қо­

быздың қылын, домбыраның шегін шерткендей нәзік мұң­лы
дауыс жан-жаққа жайылғандай болады. Әлгідей бол­майды,
жорғалаған желдің ішінен жібектей судырлап, талдай бұ­
раңдаған, жүзіне кәдімгі айдың нұрындай нұр төгілген бір

әйел шыға келеді. Ол келген мұсылман перісінің ханының
қызы екен. Адамзаттың еркесі Ақан сері қалың шерге душар
болған соң, ханның қызы, ерке сұлу – Ақанды жұбату үшін
желге мініп, ұшып келген екен. Келіп жұбатады... Сол түннен

былай Ақан мен пері күндіз айрылып, түнде қосылатын
болады... Жоқ, пері Ақанға Ерейменде иеленген емес екен.
Періге иелену Ақанның тұқымында бар екен. Олардың қо­
нысы – Қоскөлдің өзі ежелден перінің мекені екен. Марқұм

Қорамсаның өзі перімен айналысқан адам екен, Қорамса­
ның өзі де бірнеше күндеп, айлап ешкімге тіл қатпай, үйден
шықпай, бұқбанау жасап аулақ отырып алатыны бар екен.
Сол уақытта оның пері жары келеді екен. Ақанға пері қзын

қосқан оның пері шешесінің өзі екен. Осылардың бәрі құр
«екен» ғана емес, ап-анық нәрсе, көзбен көрген де кісі бар...
Шұңғырша қарауыл Әбіш деген жігіт күзді күні шөп
шапқалы қыстауға барып, іңірде шошалада балта қайрап

отырады. Ортада от бықсып жатады. Шошаланың іші қара
көлеңке. Бір мезгілде жел шыққандай. Қыстаудың желкесін­
дегі қалың қайыңның жапырақтары сыбдырлағандай. Қора­
ның төбесінде жапқан қамыстар судырлағандай, сырға­уыл­

дар сықырлағандай болады. Желмен ашылғандай ақырын
ғана есік ашылып кетеді. Үйге үш әйел кіреді. Алдыңғысы
денелі, ұлғайған; бірі – бәйбіше; екіншісі – орта жастағы
әйел; үшіншісі – талдай нәзік, талдырмаш бір қыз. Үшеуінің

де жүзінен сорғалап суле төгіліп тұрғандай. Киімдеріне көз
тоқтамайды. Үшеуі де қолдарымен жүздерін тасалай бер­
гендей. Келіп босағаға отырысады. Әбіш қалтырап, тоңған­

дай, тісі сақылдап «құлқуалланы» оқи бастайды. Мұсылман
пері құраннан қаша ма, үш әйел отыра береді. Біраздан соң
бәйбіше сары іңгендей ыңыранып сөз бастайды. «Шырағым,
Әбіш, танымаған соң сен бізді жатсынып отырған шығар-

сың. Мен – Қорамса атаң үйіндегі шешеңмін. Мынау – Ақа
ағай үйіндегі жеңгең, анау – менің кіші балам еді. Таза жү­
ретін мұсылман адамға беруге ойым бар еді. Үй ішіміз бо­
лып се­ні ұнатысып, саған қосқалы келіп отырмын», – дейді.

Бәй­бі­ше соңғы сөздерді айтқанда, сұлу қыз қағынған аққу­
дай кү­лімдеп, керіліп қояды. Әбіште құт жоқ, зәре жоқ.
«Әл­хәм­дәден», «құлқуалладан» қайран болмаған соң Әбіш
жан­дәрмен тізесінің астында жатқан балтаны ала ұмтыла-

ды. Сол уақытта үш әйел күбір-күбір сөйлескендей болып,
судырлап үйден шыға жөнеледі. Әбіш оттың басында талып
қалады. Есін жиған соң аулына қайтап, ауруға айналып, өмір
бойы шала естілеу болып қалады...

Жоқ, жалғыз Әбіш емес, басқа да көрушілер болған. Ақан­
ның қыстауының сыртындағы тоғайдан өткенде перілердің
шулап, сақ-сақ күліп, ойнап жатқанын талайлар-ақ естіген.
Шөбектің немересі – Жаңалы мырзаға да сол перілердің бі­

реуі қара мысық болып келіпті-міс деседі. Бұл емес-емісті
қоя тұрып, Ақан ұйқтап жатқанда алысырақ тұрып қараса,
әркім-ақ оның перімен жатқанын көруге болады. Ақан
жатқанда көрпенің астында ылғи екеу болып жатады екен...

Міне, Ақан қырыққа аяқ басқанда, сұлулықтың асығы
Ақан жарынан, тұлпарынан, сұңқарынан айрылғанда, өмір
айдынында ән салып жүзіп бара жатқан қу қанатынан қа­
йырылғанда, Ақанның жүйрік жаны ой дариясына шомып,

сұлулығы жоқ, былық тұрмыстан безгенде, халық оны ұға
алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай, оны алып
барып періге балайды Бірақ халық соқыр сезімімен кешегі
ерке серісі – Ақанның сұлу тұрмысына кір жаққысы келмей,

жанды затты сұлу періге апарып қосады. Жұмбақ та сұлу:
таппаса да, шешпесе де сұлу.
Дұрыс, Ақанға пері иеленіпті деген сөзді әдейі таратушы,
өлімсіреп туған өсекке әдейі жан беруші, жел берушілер де

болған. Әсіресе «қалың қарауылдың қыдыр орнаған орда­
сы» – Шөбек балалары. Перғауынсыз Мұса бола ма? Бірақ
Мұсаның өзі перғауынға соқтықпаса, перғауын Мұсаға тиер

ме еді? Тағы бірақ маңайындағы перғауындарға соқтықпаса, Мұса – Мұса болар ма еді? Қарауылдың сөз білем деген ерлерін, әсіресе, көршісі – Шөбек балаларын Ақанға қас қылған – улы тілі. Шынында, Ақанның тіліндей улы тіл сирек болар. Тиген жерін удай ойып жібереді-ау... Ақан бір жерде отырып, Шөбек немерелері туралы мынау өлеңді айтады: Тас мұрыны – Бегалы, Сары тоқалды – Сердалы, Іскен басы – Сералы, Қотыр ауыз Мұқанәлі, Көнтек ауыз Нұралы, Бос сорпағы – Баялы, Ералы, Жаналы, Сайдалы – Сауытбектің сарала иті сықылды, Енеңді ұрайынның балалары... Боқтыбай айтқандай, пәлі-пәлі...2 Мынадай сөзді есітіп отырып, Шөбектің көп баласы қалай намыстанбас, қалай Ақанды қорлап, өсек таратпас? Қысқасы, Ақан туралы өсектің тарап кетуіне алдымен оның мінезінің жаттығы себеп болса, екіншіден, оның ащы тілі де қосымша болған. Қалайда, қазақ баласының шешені, сөз тапқыры Ақанға ешкім – досы да, қасы да – бетіне келіп, ісің жат-ау, саған пері иеленіпті деген сөз бар деп айтуға бата алмаған. Достары түгіл, қастары да алдында «Ақан аға» деп жорғалайды екен. Осылай жұмбақ өмірмен Ақан елуге таянып келе жата­ ды. Сұлу өмір жарқ етіп, нажағайдай өте шыққан. Өткен күн қиял туғызған ертегі сықылды. Көп ішінде көпке ұқса­ майтын бір өзі, көп ішінде жалғыз. Қалың қарауылдың ішінде жанын ұққан жан жоқ. Жұбатарлық досы жоқ, жара­ лы жанын жазарлық жары жоқ... Сол жолменен жалғыз жан табанын тасқа тілдіріп, маңдайын күнге күйдіріп кетіп бара жатқандай; қайдан шыққанын, қайда бара жатқанын, не үшін бара жатқанын өзі де білмейді. Тілек жоқ, үміт жоқ, мақсат жоқ. Түннен қараңғы, қорғасыннан ауыр ой ғана бар. Осындай күйде келе жатқан Ақан кәріліктің босағасынан бұрылып кетіп, қайтадан өмірдің сұлу жолына түспек бола­ 2 Боқтыбай – екі сөзінің бірінде «пәлі-пәлі» деп отыратын бір шал екен. (М.Жұмабаевтың ескертпесі)

ды. Оймен уланып семген, қайғының қары қарып сөнген
жүрек тағы тіріле бастайды. Елу жыл жасап талай күйіп күл
болған, талай есін жиған жүрек тағы отқа, махаббатқа, жарға
ұмтыла бастайды.

Махаббат іздеп тағы аласұрып, шарқ ұрады. Қанды
көз қыран қияға қонып, қиянға қарай бастайды. Ол күнде
қалың қарауылдың ішінде аты ауыздан түспейтін үш ару
бар. Шөбектің немересі – Ұрқия, аға сұлтан Шыңғыстың

немере қарындасы, Абылай тұқымынан Жүсіп төренің қызы

– Жамал. Сұлулыққа қырағы Ақан үш сұлуды қиядан көреді

де, қанатын қағынады. Жүйрік жүрек үш аруға да шеңгел
салғысы келеді. Үзілген үміт жалғанғандай болып, Ақан
тағы махаббатты жырлай бастайды. Үш аруға «Үш тоты»
деп ат қойып, өлең шығарады. Бірақ бір нәрсеге байланбай

жүрек тұра алмақ емес. Біраздан кейін Ақан ықыласы үш
арудың біреуіне ауа бастайды. Ол ауғаны – Жамал. Он алты
жаста-ақ. Жібек желден жаратылғандай ару, Жиреншеден
тәлім алғандай шешен, Едігеден бата алғандай данышпан.

Қалайда Ақан Жамалды осылай сипаттайды. Осы жас
Жамалға Ақанның жүрегі байлана береді. Жүйрік жүрек бір
бастаса, не сүйіп қосылмай, не қосыла алмай күйіп, күлден
кебін кимей тоқтай ма, Ақан бара-бара жас Жамалды бір

жола берік сүйеді. «Үш тотының» ішінен «қалқа бала» деп
Жамалды бөліп алады. Бұл сүйгенін:
Қыздарды мен не қылам, қылам-сылам?
Қалайша ғашық отқа сабыр қылам?

Жаңартқан өмірімді қалқа бала,
Басы – жұм, ортасы – мим, аяғы – ләм, –
деп жұртқа өзі жария қылады. Кірсіз махаббат көптің көңі­
лін не қылсын?!

Өмірде екі сүю болмайды дейді жұрт. Жұрт не демейді?
Өзіндей болмағаны үшін Ақанды «пері соққан» дейді. Жұрт
аспанға өрлеген жанды, жиһанды құшпақ болған жүректі
есалаң дейді. Жұрт жүйрік жүректі мойнына құрық түссе,

құлағы салпиып тұра қалатын мұжықтың мәстегі болсын
дейді. Жұрт желден жүйрік жүрекке мойныңа түскен бұ­
ғалықтан бұлқынып шығам деуші болма деп, шіріп қалған
шындықтан сабақ береді. Жүйрік жел ұшпай тұра ала ма?

Жүйрік жүрек құшпай тұра ала ма? Жүрек сүю болмаса

салқын, бос қуысқа айналмай ма?! Жиһанда жалғыз мәңгі
нәрсе – махаббат емес пе, өлген махаббат екінші түрде,
екінші түсте қайта тірілмек емес пе?!
Ендеше, Ұрқияны сүйген Ақанның Ұрқия өліп, көп жыл

өткен соң Жамалды сүюінде де ешбір таң нәрсе жоқ. Кім
біледі, Ақан жас Жамалдан тіріліп келген Ұрқияны көрген
шығар... Қалайда, Ақанның Жамалды сүюі барған сайын ар­
та береді. Жасы елуден асып, кәрілікке барып қалған Ақан

іштен сүйіп, іштен күйеді. Сырттан өлең шығарып жүргені
болмаса, Жамалдың өзіне білдірмейді. Екі жастың арасы
қыс пен жаздай болған соң, бұл сүюдің пайдасыз екенін ой­
лап күйінеді. Жамал жүректі құр өртейтін әйел болып ту­

ғанша, ұл болып неге тумады екен деп назаланады.
Тал бойың Құлагердің сағағындай,
Тамағың піскен алма сабағындай.
Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз,

Иегің ителгінің тамағындай.
Ішінде өз жұртыңның еркелейсің,
Айдынның ақ қайраны, шабағындай.
Осындай жүрегімді жандырғанша,

Ұл болып тусаң нетед, қарағым-ай?.. –
дейді Ақан. Бірақ қалың оттай жүректе заулаған махаббат
сыртқа шықпай тұра алмайды. Дүниеде күшті нәрсе екеу-ақ
қой; өлім һәм махаббат. Адам өзгені айналып өтсе де, өлім

мен махаббатты айналып өте алмақ емес. Ақан өзін қанша
тыймақшы болса да, сол күшті махаббаттың күйдіруімен
өзіне-өзі ие бола алмай, сүйгенін ақыры Жамалға білдіреді.
Бұраң бел, жазық маңдай, сүмбілден шаш,

Тартылған бойың сымдай, қиылған қас.
Ақ жүзің түстік жерден көрінеді,
Секілді жарқырайсың бриллиант тас.
Сипатың жұмақтағы Хорлығайын,

Көрген жан жамалыңа болады мас.
Сайраған қапастағы тоты құссың,
Білмейді қадіріңді бұл күнгі жас.
Айтуға тура түйреп жасың кіші,

Сыртыңнан иемдеймін, ей, қарындас.
Тау-тасты шабыт қылған ақиықпын,
Болмайды сені ойласам ішкенім ас.

Жорытқан түс секілді жіберейін,
Бұл сөздің пайымын біл де, түндігін аш...
Алдыңа далбай тастап шырғаладым,
Шабытқа келе алмасаң, қылғаның қас, –

деп жазады Ақан. Бір ғана емес, көп жазады. Желдей ек­пінді
албырт жастай, өрт болып жанған жүректен шыққан жа­
лынды өлеңдер жазады. Бірақ қанша есті болғанымен, жас
Жамал Ақанның жанын қайдан ұға алсын?! Оның сүттен

таза махаббатына қайдан баға бере алсын? Кім біледі, баға
берген де шығар-ау, бірақ жұрттың сөзін аттап өтіп, елуден
асқан адаммен қалай өмірін қоса алсын? «Қара қазақтың»,
«жабайы адамның» қызы болса бір сәрі. Жүсіп төренің қы-

зы мұны істесе, төренің сүйегіне біткен таңба емес пе? Қа­
лайда Жамал Ақанға жылы жауап бермейді. Жамалдың бұл
мінезі Ақанның өзегін тіпті өртейді. Махаббаты бұрынғыдан
мың есе күшейеді. Ақан Жамал маған жылы жауап бермеген

екен деп өкпелеп, ғашықтығын тоқтатпайды. Шынында, ға­
шықтық деген алып-салмалы қолдағы нәрсе емес қой. Жа­
малдың сүюін білдірмеуіне көзі жеткен соң Ақан іштен сү-
йіп, іштен күюге айналады. Күн-түн күңіреніп, өлең шы­ға­

рады. Ән шығарады. Ақанның Жамалға қатты ғашық екен­
дігі, оған арнап ылғи өлең де шығаратындығы, Жамалдың
ол ғашықтыққа ілтипат қылмауы жұртқа жайылып кетеді.
Замандастары ұшырасқан жерде мысқыл қылыңқырайды.

«Ақан-ау, қыз саған мойнын бұрмайды, осы ғашықтықтан не
пайда?» – деседі екен.
Осындай сөздерге Ақан: «Менің ғашық болуым үшін
оның ғашық болуы шарт па екен, ғашықтық бір нәрсеге

байланып жүре ме екен?» – дейді. Ғашықтықты дұрыс ұғу
деген осы болады ғой. Не керек, жоғалтқан тәңрісін кәрілік
босағасында қайта тапқан Ақан, сол тәңріге таза ниетті құл
болып табынуға арланбайды, қажымайды. Сүюден-күюден,

күндіз-түні күңіреніп махаббатты толғаудан талмайды. Бар­
ған сайын махаббат тереңдей береді. Сөйтіп жүргенде жас
Жамалдың ұзатылатын шағы болып қалады. Жамал ұза­
ты­лады. Алыстан көрінсе де, көңілге медеу болып жүрген

Жа­мал енді жоғалады. Мал берген жабайы күйеу сұлу Жа­
малды меншіктеп алуға келген. Жамал танысып жүр, ай­
дынның дөңіндегі ауылда ойын-той, айдынның қара тол­
қын­дары арасында қанаты сынып, құс төресі – аққу отыр.

Аққу әлдеқайда алыста алтын сәуле көреді. Ескі күші есіне
түсіп ұмтылады, қағынады. Көтеріліп кетуге дәрмен жоқ.
Жырлайды да, жылайды; жылайды да жырлайды. Алдағы
ал­тын сәуле оған ілтипат қылмай, созылып, күлімдеп өз

жо­лына бара жатыр. Соңғы минут, сәуле жоғалып бара­ды.
Тұңғиық айдын. Құтырған толқын. Жаралы аққу. Қал­ған
барлық күшін жиып ұмтылады, пайда жоқ, толқын күшей­
гендей. Хал біткендей. Сәуле сөніп бара жатыр. Енді Аққу­

дың аузынан жыр төгіледі. Мұңды үн құйылады. Өлім ме­
нен өмірдің үні. Үзіліп бара жатқан жүректің жыры... Жа­мал
ұзатылардағы Ақанның шығарған «Сырымбет» әні – сол
өліп бара жатқан құс төресі қудың әні. Біздің зарлы ән­де­

ріміз көп. Бірақ «Сырымбеттей» терең зарлы ән сирек болар.
Жердің жүзіндегі мұң, адам баласының барлық зары сол
«Сырымбетке» жиналғандай. Жамал ұзатылатын күндерде
Ақан күндіз-түні күңіреніп, «Сырымбетті» шырқағанда, кім

ғана жыламаған, қалың қарауыл жылаған. Жас пен кәрі жы­
лаған, әсіресе, нәзік жанды жас Жамал жылаған...
Аулың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.

А-а-а-ау, сәулем.
Қарындас-ау, енді есен бол...
Бидайыққа лайық қалқа бала,
Бөктергіге қор болып барасың да...

Аулың қонған Сырымбет саласына,
Ғашық болдым ақсұңқар баласына.
Дариға, қайрылмадың, қалқа бала,
Жүректің енді ем жоқ қой жарасына...

Алтын қайық жарасар күймесімен,
Назым тартпас бұлбұл құс сүймесімен.
Қосқан жаққа таныса киіп барған
Бешпетіңді бер, қалқа, түймесімен.

А-а-а-ай... сәулем.
Қарындас-ау, енді есен бол...
Сырымбет тауы – Жамалдың әкесі Жүсіп төренің қоны­
сы. Ақанның Жамалға ғашықтығы жүйрік жүректің соңғы

соғылуы, «Сырымбетті» Ақан ұзатылған соң Ақан тұңғиық
қайғысын құшақтап, қалың елдің ішінде жалғыз қалады.
Ақанның мұнан соңғы өмірі сырттан гүлсіз, үнсіз, жырсыз,

түрсіз өмірге айналады. Бұрынғы жат мінездері, тіпті жат,
ұғымсыз түрге кіреді. Бірақ, дариға, жүйрік жүректің қай­
ғымен жылынып, сөнгенін, терең жанның оймен уланып
өлгенін кім ұққан?!.

Ақан алпыстан асқан кезде, қазақ даласына қарашек­пен­
дердің қаптап келе жатқанын айқын көріп, жақсы жерінен
айрылған соң елдің кедей болғандығын, елдің алды қараңғы
екендігін жырлай бастайды. Әсіресе, қарашекпендер Ақан­

ның ата мекені Қоскөлдің желкесіндегі Сарыкөлге қол сал­
ғанда, Ақан ылғи жүректен шығатын жырларымен қазақтың
жерін жоқтай бастайды. Ақанның соңғы өмірі жырмен жер
жоқтауға, Сарыкөлді іздеуге жұмсалған деуге болады. Бірақ

қанша ізденсе де, Көкшетау мен Қоскөлдің арасын жүре-
жү­ре жол қылса да Сарыкөлді өзіне қалдыра алмаған, Сары­
көлге мұжық қаласы түскен. Туған жері мұжыққа кеткен соң,
Ақан 50 шақырым жердегі Сасықкөлдегі бір күйеуіне көшіп

барады. Сол күйеуінің қолында алты алашқа аты шыққан
Ақан сері, сұлу жырларымен, зарлы әндерімен, әсіресе, бас­
қа адамға үйлеспейтін жат мінездерімен аты шыққан Ақан
ауырып, жетпіс жасында, 1913 жылында дүниеден қайтады.

Сөйтіп, аласұрған ұшқыр жан, шарқ ұрған жүрек, жабайы
жұртқа ұғымсыз, жат мінезді, ірі жүрек сұлулық іздеп, өмір
бойы от болып заулап жанған жүрек – мәңгі мұзға айна­ла­
ды...

Ақанның жат мінездерін, өмір бойы тәңрі көріп сұлу­
лыққа табынуын көз алдыма алып келсем, менің есіме Ан­
глияның ақыны – Оскар Уайльд келіп түседі. Оскар өмір бо­
йы сұлулықты жырлаған, жалпы жұрттан сері деген лақап

алған. Жұрт оны да сері деген. Сол серілігі үшін абақтыға
жапқан... Ақан да сұлулыққа табынған. Алты алаштан сері
деген ат алған. Бірақ Ақанның сұлулыққа табынуы тереңірек.
Ақанның өмірінің жұмбағы түйіндірек. Мұның өмірі – мұң

мен зар. Егер Ақан Оскар Уайльдтай өнерлі елдің ішінде
туса, бұл тілекке жауап табу қиын. Мұндай тілекке жауап
іздей бастасаң, еліңнің заулаған оттай баяғысы, қап-қара
түндей кешегісі, жалпылдаған жындай бүгінгісі, қара тұман

келешегі көз алдыңа келіп, Ереймен тауының бауырында
өлген Құлагердің басын құшақтап күңіреніп отынған Ақан
серінің қасіретіндей жаныңды терең қасірет билеп алып
кетеді...

Бейсембай КЕНЖЕБАЕВ “АҚАН СЕРІ” І Ақан өзінің бір өлеңінде: ...Санамен салмақтаған ер табылса, Аталмай неге қалсын менің атым, – деген еді. Ақанның бұл айтқаны біздің заманымызда орнына келді. Ақан серінің әндері театрларда айтылып, әдеби-музыка мұралары зерттеліп жүр. Ақан жөнінде бұрынды-соңды бір қатар көркем шығармалар жазылды. Олардың көрнектілері Мүсірепов Ғабиттің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасы мен Хан­ гелдин Айтбайдың біз сөз еткелі отырған «Ақан сері» атты тарихи поэмасы. Совет жазушыларының творчестволық әдісі – социалис­ тік реализм. Бұл әдіс жазушыдан болмысты революциялық даму қалпында алып, тарихи дұрыс көрсетуді талап етеді. Әдебиеттің партиялық болуы социалистік реализм әдісінің идеялық өзегі, принциптік негізі. Жазушы алған тақырыбын партиялық принциппен бейнелеп, терең мағналы, мейлінше көрікті етіп жазуы керек. Ақан тақырыбына шығарма жазған совет ақын, жазу­шы­ лары, оның дәуірін, жеке басын, іс-әрекетін, музыка, әде­би мұраларын социалистік реализм әдісімен көрсетуге мін­дет­ ті. Ақан өмір сапарының, саяси-әлеуметтік көзқарасының ой-шұқыры, бел-белесі, қайшылығы көп адам. Ақан он төрт-он бес жасына дейін оқу оқиды. Әуелі, мұсылманша оқып, хат таниды. Арап, парсы тілдеріндегі әдебиет, ғылым кітаптарын оқиды. Онан соң, Ақан аздап орысша оқиды, қара танитын болады. Сөйтіп, өзінің табиғи таланты мен дарынының үстіне оқу-білімі өз қатарынан озық, таңдауы, үміті көп, қыялы ұшқыр Ақжігіт жасынан-ақ көзге түсді. Ақан он төрт, он бес жасынан өлең-жырға, ән-күйге, ойын-сауыққа, аңшылыққа әуестенеді. Бәйгі ат, қыран бүр­ кіт, жүйрек тазы, мылтық ұстап аң аулайды, ас, тойларда ел аралап, сауық-сайран құрады, ән салады, ақындармен ай­

тысады. Міне, осы кезде Ақан – «Құлагер», «Қара торғай»,
«Сырымбет», «Көк жендет», «Ардақ» сияқты құлақтан кі­
ріп, бойды алатын қанттан тәтті ән, сұлу өлең шығарды.
Сауықшылығымен де, аңшылығымен де, ақын-әншілігімен

де Ақанның атағы елге жайылады. Жұрт оны енді Ақжігіт
демей, Ақан деп еркелетеді, сері Ақан, әнші Ақан, ақын
Ақан деп атайды.
Ақанның серілік өмірінің, әндерінің, өлеңдерінің түп

мағнасы, негізгі идеясы махаббат, сұлулықты көтере дәріп­-
теу болып келеді. Ақан лирикасы махаббат, сұлулық лирика­
сы. Ақан нағыз эстет, Ақан дарынды әнші, көрнекті ақын.
Жасы қырықтан асқан кезде Ақанның әйелі, аты, бүркіті,

тазысы өледі. Осының бәрі нәзік жанды Ақанға қатты ба­
тады. Ақан енді дүние қызығын, аңшылық, серілікті қойып,
өмірден торығады, жұрттан дараланып, елсіз қыстауда, көл
басында, орман ішінде жалғыз жүреді, сопылық құрады.

Ақанның бұл мінезін жұрт басқаға жориды: пері соқты,
жынды болды деп кеп таратады. Ақан осыған жауап ретінде
өз мінезінің мәнісін түсіндіріп, былай дейді:
Дүниенің қызығын кешіп өтіп,

Тәттіліктің алмадық еш ләззәтін.
Пәруәйдігер сопылар жолыменен
Құдайға құлшылыққа ғибадатым.
Айырушы алла бар, не ғылым бар

Адамның ішкі сырын, зәйірбатын.
Бұл кезде Ақан бірнеше нәсихат өлеңдер жазады. Бұл
өлеңдері замана, аңшылық, мергендік жайын насихаттау, ке­
йін жастарды өмірге, заманаға, адамшылыққа үндеу, сопы­

лық, тақуалық ақыл айту болып келеді.
Ақан сопы боп дүние кешеді: 1843 жылы туып, 1913 жы­-
лы қайтыс болады. Ақан Шоқанның туысқандарымен ауыл­
дас, олармен таныс болады. Шоқан Петрбордан келіп, 1860-

1863 жылдары ауылда жатқанда, Ақан жиырмаға жаңа кел­
ген жігіт екен. Ақан Мәшһүр Жүсіппен таныс болды: біраз
уақыт екеуі бірге серілік құрады. Ақан Абайды да біледі,
ақындық талантына бас иеді.

Бір жағынан мұсылманша, орысша біле тұрып, екінші
жағынан, Шоқанды, Абайды, Мәшһүр Жүсіпті, олардың
шығармаларын біле тұрып, махаббат, сұлулық жыршысы

болуы, сопылық жолға түсіп, тақуалық-насихат өлеңдер
шығаруы Ақанның шындығын көрсетеді.
Ақан жөнінде көркем шығарма жазған ақын, жазушы­
ларымыз осы шын, тарихи Ақанды: өмір сапарының, әлеу­

меттік ой-пікірінің бел-белесі көп, тарихи өрісі тар, эстет
композитор, эстет ақын, тақуа, сопы Ақанды, оның өскен
ор­тасын, дәуірін тұтас, дәл, тарихи болған қалпында, социа-
лис­тік реализм әдісімен көрсете алмай келеді. Мысалы, Ға­

бит сопы Ақанды атеист, құранды отқа өртеп, дінге қарсы
күресуші етіп, эстет, әнші, ақын Ақвнды тек сүйіспеншілік,
махаббат аңсаған адам етіп көрсетті. Ал, Айтбай, мына
поэмасында, Ақанды халық қамқоршысы, халық үшін қай­

ғырып, халық бақытын іздеуші, сол жолда талмай күресуші
саяси-қоғам қайраткері, көрнекті күресші етіп көрсетпек
болады...
Айтпай өз поэмасының басында қазақ халқының екі

бірдей қанауда: бектер мен феодалдардың, отаршылардың
қанауында жаншылып, жапа шегіп жатқанын, халықтың
өмірі өлім есебі екенін, елдіктен қалып баратқанын суреттеп
келеді де, осы тарыққан елдің бағына, өз елін бақытқа,

теңдікке жеткізетін Ақан туды деген теріс пікір айтады:
Ебелек күн-түн ұшқан құйын қуған,
Талшықтап ел өмірден умен жуған,
Жатқанда, бейнетті өмір бесігіне

Бөленіп қыр елінде Ақан туған, – дейді.
Айтбайдың ойынша Ақан ас-тойларда ел аралап, ойын-
сауық, серілік құрғанда, халық қамы үшін жүреді; үстем тап,
өкімет өкілдерінің озбырлығына қарсы күреседі, қанауда

жапа көріп, жылаған халықтың көз жасын әнмен, өлеңмен
тиып, жарасын жазбақшы болады. Автор:
Кінәм сол – би, болысқа тілім тиіп,
Тұрмыстың тақсыретін тартып жүрмін.

Күйзелген елдің мұңын жұбатам деп,
Мойныма ауыр жүкті артып жүрмін.
Халқымның көңліне күй, аузына ән
Саламын ем болсын деп «жарасына» –

дегізеді Ақынға.

Күйзелеп, жылаған елді жұбату ұшін Ақан қай жерде
не істеді? Ақан би-болыстарға қай жерде, не үшін, не деп
тіл тигізді? Би-болыстар Ақанға не істеді? Ақан тұрмыстың
қандай тақсіретін тартты? Поэмада мұның бірде бірі көр­

сетілмейді.
Рас, поэмада Ақан Ақмарқаны алмақ болып, оның ата-
анасымен, ел-жұртымен, айттырып қойған адамымен қыр­ғи­-
қабақ болатыны, ақырында Ақмарқаны алып қашып, олар­

дан таяқ жейтіні айтылады. Ақанның бас бәйге үшін Ба­ты­
рашпен қақтығысып қалатыны, Батыраштың өшігіп, Ақан­
ның Құлагерін өлтіретіні суреттеледі. Бірақ бұл халық­тың
мүддесі мен бақытын, тендігін көздеген күрес емес еді. Ақан­-

ның жеке басының мүддесі, бас араздығы, ұрыс-керісі еді.
Ақан қырықтан асқан кезде, 1890 жылы Омбыға патша­
ның баласы тақыт мирасқоры келеді. Ұлы жиын, той бола­
ды. Осы тойға Ақан да барады.

«Ежелден ел қайғысы ішін жалаған Ақан» тойға барар­
да халықты жинап, кеңес құрып, ұлыққа айтатын сөзін
тыңдатып, мақұлдатады. Сөйтіп, Ақан сері, жәй әнші, ақын
болып, «бәйге, қызық іздеп бармайды» ұйымдасқан халық­

тың уәкілі болып, ұлыққа «халқымның жайын айтып, сөз
тыңдатам» деп, «Кек сақтап, намыс қуып, түйінін мұң мен
шердің шертемін» деп барады. Елдің, Ақанның бұл ісін
автор:

Ел үшін неге керек тумаса ері,
Ер – ерме бастамаса ергенде елі,
Ер шыдап от басында отыра ма
Жатқанда жау қолында туған жері –

деп, сүйсініп қоштайды.
Бірақ, ол заманда, Омбыда болатын жиын қарсаңында
Ақанның, яки Ақан сыяқты бір қазақтың даладағы қазақ
еңбекшілері арасында бұл тәрізді саяси, революцияшыл

жұмыс жүргізгені тарихта болмаған нәрсе.
Тойда Ақан ән салып, өлең айтады, өлеңін патшаның ба­
ласына – тақыт мирасқорына арыз етіп айтады. Бірінші, Ақ­
марқа деген ғашық жарым бар еді, соны ата-анасы зорлап,

бір жаманға бергелі отыр, соған бостандық бергізіңіз, Ақ­

марқа екеуіміздің қосылуымызға жәрдем қолыңызды созы­
ңыз, деп арыз етсе, екінші, халықтың бір болыстан, бай-фео­
далдан, төре-чиновниктерден, келімсек құлақтардан қорлық
көтіріп отырғанын айтып, соған кеңшілік, теңдік сұрайды:

– Бір ауыз тағы айтылмай қалды сөзім,

Тыңдаңдар «ұлықтарым» етіп төзім.
Нашарды әлділерің талап жеді,
Қалайын, қалай айтпай кез тұр кезім.
Сізге айтпай басылар ма іштен шерім,

Халқымның озбырлықтан көргендерін,
Кете алар кімге тастап ата мирас
Өзінің бауыр басып өскен жерін.
Билетпей қайта тартып алды ұлығың,

Айтармыз әділдік деп несін мұның,
Даладан жер алуды тоқтатыңыз
Десеңіз бұхараңыз тапсын тыным. – дейді.
Тойда Ақанның өлең айтқаны рас. Бірақ Ақанның ол

өлеңі қағазға жазылмаған, сақталмаған, еш жерде жоқ. Ал,
естіген-білгендердің айтуына қарағанда, тойда Ақан ха­лық­
тың мұң-зарын айтпаған, ұлықтан халыққа кеңшілік, теңдік
сұрамаған, тек мақтау өлең айтып, ұлықтарды мадақтаған

көрінеді.
Ақан өлеңдерінің ішінде «Жер туралы» деген бір өлең
бар екені рас. Оның мазмұны Айтбай поэмасының жоғары­
да келтірілген үзіндісіне ұқсайды. Айтбай, сол өлеңді Ақан

тойда айтты деп отыр. Ақан халықтың қамқоршысы болды,
әр жерде халықтың мұң-зарын жыр етті деген пікірді Айт-
бай Ақанның сол өлеңіне сүйеніп айтып отыр ғой деушілер
болар. Біз ол «Жер туралы» өлеңнің Ақандікі екеніне шү­

бәліміз. Себебі ол өлеңде айтылатын пікірлер қа­зақ­тың бай­
шыл оқығандарының қазақ жері туралы 1911-жылы «Ай­
қап» (сол жылғы 11-санын қараңыз) журналының бетінде
ай­тылған пікірлерге ұқсайды, соның өлең түрі деуге бола­ды.

Сондықтан бұл өлең Ақандікі емес, Ақан өлеңдерін жина­
ған, ел аузынан жазып алған кісінің қосқаны деп біліміз.
Ақан атағы шығып, талабы өрлеп тұрған кезінде ешбір

саяси өлең шығармаған. Ел-жұрттан дараланып, халықтың саяси-әлеуметтік тұрмысынан тіпті аулақ жүрген сопы Ақанның тойға барғанда саяси өлең шығаруы, үстем тапқа, өкімет адамдарына тіл тигізіп, сөз сөйлеуі, халыққа кеңші­ лік, теңдік сұрауы мүмкін емес. Сонымен, Айтбайдың, Ақан серілік құрғанда халық қа­ мы үшін жүрді, халықты езушілерге қарсы күресті дегені дұрыс емес. Ақан Омбыдағы жиынға алдын ала әзірлік жа­ сап, халықпен кеңесіп, ұйымдасқан халық атынан саяси мақ­ сатпен, белгілі программамен барды дегені шындыққа қия­ нат. Айтбайдың Ақанды қоғам-әлеумет қайраткері, халық­ тың бақыты, теңдігі, мүддесі үшін күресуші адам дегені тарихи шындыққа жанаспайды. Бұл Айтбайдың Ақанды орынсыз көтере дәріптегісі, мінсіз ғып көрсеткісі келгенін дәлелдейді. ІІ Қазақ совет әдебиетінде «Сұраншы батыр», «Аманкел­ ді», «Науан батыр», «Октябрь өткелдері», тағы басқалар сияқты тарихи поэмалар бар. Бізде тарихи поэмалар әлі аз. Осы жағдайда ақындардың тарихи тақырыпқа поэма жазуы жақсы ниет. Қазақтың бүгінгі ақын, жазушыларының үйреніп, үлгі алатын екі түрлі қоры, екі түрлі қазнасы бар. Оның бірі – қазақтың бұрынғы, бүгінгі ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті, екіншісі – ұлы орыс халқының бұрынғы классик әдебиеті мен бүгінгі советтік әдебиеті. Әрбір ақын, жазушы күрделі шығарма жазарда осы екі қор, екі қазнаны оймен шолып, солардың жақсысынан, жаңасынан үлгі алады, алуға да тиісті. Айтбайдың «Ақан сері» поэмасы тарихи тақырыпқа жазылған күрделі шығарма. Оны жазарда Айтбай да әлгі екі қазнаны оймен шолып, солардың жақсысынан, жаңасынан үлгі алуға тиісті еді. Айтбай олардан шығарманың компо­ зициялық қурылысы жөнінде болсын, тарихи дәуірді та­

рихи адамды көрсету жөнінде болсын үлгі алуға тиісті еді.
Қазақ совет әдебиетіндегі тарихи поэмалардың көбін халық
ақындары бұрынғы батырлар жырының үлгісімен шығар­ған.
Сондықтан тарихи тақырыпқа жазбақ болған қазақ ақын-

жазушылары үлгіні көбінше орыс әдебиетінен іздеп, со­дан
алу керек. Ал, Айтбай мұны ескермеген. Поэмасын қазақ
әде­биетіндегі тарихи жырлардың үлгісімен, дәлдеп айтқан­­
да бурынғы ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының үлгісі­

мен жазған. Батырлар жырының үлгісін бұлжытпай, дәл сол
күйінде реалистік тарихи поэмаға қолданудың қате бола­
тынын, бұл әдіс бұрынғы өткенді, ескі тұрмыс-салтты дәріп­
теуге апарып соғатынын байқамаған.

Бүгінгі совет ақыны Айтбайдың тарихи тақырыпқа жаз­
ған реалистік поэмасының құрылысы бұрынғы батырлар
жы­рынан айнымайды. Оқушыға анық болу үшін оны біраз
толық айтып өтейік.

Қорамсаның жасы елуден асады. Әйелмен отасқанына
жиырма бес жыл болады. Сонан бері әйелінен тоғыз қыз
көреді. Қорамса: қыз қонақ, ертең жат елге кетіп қалады.
Шаңыраққа ие болатын ұлым жоқ. Бір ұл сүйсем еді деп

арман етеді.
Қорамса елулерден асқан кезде,
Тоқаурап, енжар тартып кей мінезде...
Шаңыраққа ие болар бала сүйсем

Дегеннен басқа қыял болмады өзге.
Қорамса тоқал алмақ болады. Бәйбішесі оған қарсы кел­
мейді: ерсілігі жоқ, алсаң ал, дейді. Бірақ, Қорамса тоқал
алам деп жүргенде бәйбішесі жерік болып, бала көтереді.

Мез­гілі жетіп босанады.
...Дерміз де сәті түсті тек әйтеуір,
Бәйбіше көп ұзамай болды жерік...
Толғанда тоғыз ай, тоғыз күні,

Маужырап, май тоңғысыз жаздың түні,
Үйінен Қорамсаның таң алдында
Шыр еткен жас баланың естілді үні.
Малда жүрген Қорамсадан сүйінші сұрауға адам жібе­

ріледі. Ол Қорамсаға: жылқышы, қойшы деп хабарлайды. Қо­рамса сүйіншіге бір құлын береді. Ел жиып той жасай­- ды. Молдаға азан шақыртып, баласының атын Ақжігіт қоя­ ды. Бірақ, Ақжігіт жарымжан болады, көпке дейін тілі шықпайды, құлағы естімейді. Бала бір күні көлге барып, қармақ салып отырады. Қармағына «нән құрбақа» ілінеді. Ақжігіт шошып кетеді. Осы шошудан Ақжігіттің құлағы ашылып, тілі шығады. Ақжігіт құлақ қойып, тыңдайды, төңрегі тола ызыңдаған үн болады. Олардың: Бірі ән салып, біреуі жырлағандай, Бірі сыңсып, біреуі жылағандай, Кейі күліп қарқылдап, кейі ысқырып, Күбірлеп, кейі нені сұрағандай. Бірақ Ақжігітке олардың «күйі мұңғыл, күні былдыр» көрінеді. Оған Ақжігіт болып, ашуланады. Осы кезде оның көз алдына торқа жібек киінген әсем шал болып Біржан ке­ леді. Ол, жай-күйін сұрап, Ақжігітке бата береді. Осыдан кейін Ақжігіттің бойына ән құйыла береді. Қиқулап алып өткен әсем дауыс Кеткендей Ақжігіттің бойын құлап. Әлдекім айдап әкеп тыққандай боп Қойнына ән мен күйді умақ-шумақ. Ақжігіт үйіне қайтқанда аулына ән мен күйдің көші кіргендей болады. Айтбай Ақанның ата-анасы, туысы, жаратылысы, әнші болуы жөніндегі әңгімеге поэмасынан он алты бет орын берген. Айтбай оның үстіне Ақанды ерекше жан етіп “жа­ ратқан”. Мұнан кейін Айтбай Ақанның серілік істерін суреттейді. Бұл жолы да керекті-керексіздігіне, мәнді-мәнсіздігіне қа­ рамай, Ақаңның өмірінде болған оқиғаларды, ол кезде ел аузында айтылып жүрген әңгімелерді бірінен соң бірін тізе берген. Ақан, ат жалын тартып мінгеннен-ақ, Ақмарқа деген қызға ғашық болады. Ақмарқаның ата-анасы Ақанды жақ­ тырмайды. Алайда, Ақан Ақмарқаны алмақ болады.

Деді Ақан Ақмарқаны қайтсем де алам.
Бір жүйрек табу тілек менде қалған...
Мінгесіп сол пырақтың қанатына
Қап таудан Ақмарқамен өтем әрман.

Бақытты сонда қалай бола алмаймыз
Жойылып онан да арман, менен де арман. –
дейді.
Ақанның тілегіне лайық нағашысы Ақанды шақырып,

Бұхардан келген бір өзбектен сатып алған «Гүлсар» деген
биесінен көптен күтіп жүрген жүйрігін – Құлагерді береді.
Ақанға ат бергені үшін автор оның нағашысын былай дәріп­
тейді.

Көшімбай кішіпейіл, байсалды адам,
Шаруасы орта ғана, емес жаман,
Алды кең мінер атқа, ішер асқа,
Ежелден көрмеген жан сараң болып,

Ел сүйіп «Ақсақал» деп қойған атын,
Мінері жақсы ат күтіп, ит жиятын.
Ақанға бір досы бүркіт, екінші досы тазы береді. Ар­
ғымағы астында, жолдас-жорасы қасында Ақан серілік

құрады. Ит жүгіртіп құс салады, ас-той, жиындарды аралап,
қызды ауылға қырындап, ән салып, өлең айтады, бәйгеге ат
қосады. Автор осының бәрін қалдырмай суреттейді.
Айтбай Ақанның басынан өткен оқиғалардың ішінде

Ерейменде болатын асқа, бәйгеге, Омбыда болатын жиынға
көп орын береді. Оларды егжей-тегжейін қалдырмай түгел
суреттейді. Мысалы, Омбы жиынына қатнасқан елдің сол
кездегі атақты ханзада-сұлтандарын, бек-феодалдарын, би-

болыстарын, тақыт мирасқорын кемеден түсіріп, кімнің
сөз сөйлегенін, ұлыққа кімнің не сыйлық бергенін – бәрін
тізіп шығады. Кейбіреуін Ақанның нағашысын дәріштегені
сыяқты көтере мақтайды.

Ақырында, Айтбай Ақан мен Ақмарқаның оқиғасын су­
реттейді. Ақмарқаны ата-анасы айттырған жеріне бермек
болып, той жасайды. Ақан тойға келіп, ұзатылатын түні Ақ­
марқаны алып қашады. Олардың артынан екі жақтан қуғын

түседі. Орман ішінде оңаша жатқанда Ақан мен Ақмарқаны

қуғыншылар ұстайды. Құғыншылар Ақанды сабап, ағашқа
байлап тастап, Ақмарқаны алып кетеді, қатынсың деп қор­
лайды. Ақмарқа Ақан өлді деген өтірік хабарды есітіп, қа­
маудан қашып, жартастан құлап өледі. Ақан Ақмарқа бейі­

тінің басына барып, үш күн жылдап жатады.
Алдында Құлагер өлген, енді Ақмарқа өлді. Осыдан ке­
йін Ақан, үміті кесіліп, тұрмыстан торығады. Дүние қызы­
ғы­ның ешбірін керек етпейді. Бүркітін ұшырып, тазысын

қаңғыртып жібереді. Оларға: «көріңдер еркін жүріп бос­
тандықты» деп бата береді... Өзі үйінде күңіренеді. Көзіне
болашақ елестейді. Онда елдің ұлы-қызы ерікті болады деп
үміт етеді. Поэма осымен аяқталады.

Поэмада Айтбай Ақанның басынан өткен оқиғаларды,
өмір-баянының фактыларын, Ақан жөніндегі ел аузынан жи­
налған әңгімелерді мұқият зерттеп, мәніне, қажеттігіне қарай
сұрыптап, орын-орнымен пайдаланбай, қалай болса, солай

қолдана берген. Автор бірде-бір фактыны, әңгімені, жи­
ғаны жөн-жосықтап, белгілі бір идеялық-көркемдек оймен,
мақсатпен келтірмей, тек бірінен соң бірін тізіп шыққан.
Поэмада автордың өзінің пікірі, ойы, көзқарасы жоқ. Сөз

болып, суреттеліп отырған оқиғалар, жағдайлар, адамдар,
фак­тылар жөнінде еш жерде өз пікірін, өз көзқарасын айт­
пайды. Олардың бәрін Ақанның, халықтың, фольклордың
кө­зімен көріп, солардың ұғынуы бойынша суреттейді, поэма

солардың пікірі, көзқарасы болып отырады. Сөйтіп, поэмада
сөз болып, суреттеліп отырған жағдайлардың, әңгімелердің,
халықтың ескі әдет-салттарының, Ақанның іс-әрекеттерінің
бірде-біріне сын, талғау болмаған, мін тағылмаған. Бәрі

орынды, бәрі тамаша болып суреттелген.
Поэмада Ақанның ішкі дүниесі, ой-қиялы, мінезі, твор­
честволық психологиясы көрсетілмеген. Тек сырт әрекет­те­-
рі, өмір-баяны, басынан кешкендері ғана сыйпатталған. Ақан

әнші, ақын адам, көркемөнер жасаушы творчествоның ада­
мы ретінде көрсетілмей, тек сері ғана болып шыққан.
Поэманың композициялық құрылысы бойынша Ақан
тек сері. Автордың Ақанды халық бақыты, халық теңдігі

үшін күресуші қоғам-әлеумет қайраткері етіп көрсетем деп,

бірді-екілі жерде қыстырған пікірі, Ақанның аузына салған бірен-саран сөздері поэманың композициялық құрылысы­ на қабыспай, бүтін киімге жапсырған жамау сыяқты болып тұр. Поэманың аяқталуы орынды. Ақан сыяқты асқақ, ро­ мантикалы тамаша әндер шығарған, өлең жазған, олары ха­ лыққа күні бүгін көркемдік әсер беріп отырған, мұнан былай да көркемдік әсер беретін адам жөніндегі поэма осылай аяқталуға тиісті. Бірақ, поэманың жалпы композициялық құ­рылысы теріс. Автордың идеялық-көркемдік қате, кем­ шіліктері сонан болып отыр. Сонымен, фактылар, материалдар сұрыпталып, белгілі идеялық-көркемдік мақсатпен құрылмағандықтан, сөз бо­ лып отырған оқиға, жағдай, адам жөнінде автордың өз көз­ қарасы, партиялық көзқарасы болмағандықтан, бас ке­йіпкер Ақан тек сері ретінде алынып, оның серілігі халықтың іс, халықтың бақыты, теңдігі үшін күрес деп, бірыңғай дәріп­ теліп суреттелгендіктен «Ақан сері» поэмасы ескілікті дә­ ріптеу болып шыққан. ІІІ Орыс халқының ұлы сыншысы В.Г.Белинский былай дейді: «Поэзияның асылы – әдемілік, әсемдік. Онда оғаш­ тық, кедір-бұдыр, олпы-солпылық болмашы нәрсе деп есеп­ телмейді, тіпті, кешірілмейді. Өйткені, ол көркем шығар­ма­ ның ажарын түсіреді. Кейде бір ғана жаман шумақ, бір ғана жабайы, қарапайым сөйлем, бір ғана мағынасыз сөз, бір ғана орынсыз қолданылған сөз бүкіл шығарманың және ең тамаша деген шығарманың құнын жойып жібереді». В.Г.Белинскийдің осы данышпан ақылын біздің кейбір ақындарымыз ескермейді. Мына поэмасын жазғанда Айт­ бай да мұны есіне алмаған. Айтбай поэмасының түрі мен көркемдік жағына тиісінше көңіл бөлмеген. Осыдан болу керек, оның поэмасының көркемдігі: тілі, сөз байламы, те­ ңеу, салыстырулары, өлеңдерінің ұйқасы, өлшемі нашар шық­қан. Айтбайдың поэмасында мағнасы ұғымсыз, екі ұшты,

күңгірт, көріксіз, ұйқасы, өлшемі олпы-солпы шумақтар,
тармақтар жиі ұшырайды.
Айтбай Арқа, оның ішінде Сырымбет ежелден әсем ән­-
нің туын тіккен жері еді деген пікірді айтпақ боп, былай

дейді:
Ертеден түріп құлақ көне көрген,
Ән теңдеп, жыр артынып, күй өңгерген.
Үңіліп ертелі-кеш айнасына

Сұлудай шашын өріп, бетін көрген.
Бұл шумақтағы бірінші жолдың мағнасы екі ұшты: оны
Сырымбет ертеден бір ескі, ежелгі затты көріп дағдыланған
деп ұғуға да болады, ертеден бір жағдайға, бір тіпке көніп,

соған құлақ қойып үйренген деп ұғуға да болады. Оқушы
қалай ұғарын білмей дал болады. Асылында, екеуі де
автордың айтайын деген ойын дәл, айқын, көрікті етіп
түсіндіріп тұрған жоқ.

Шумақтардағы екінші жолда Айтбай әнді, өлең-жырды,
күй­ді қомақты, салмақты затқа – жүкке, теңге, әйтеуір, ар­-
тып, өңгеріп жүретін затқа теңейді. Бұлар бір-бірімен те­
ңелмейтін заттар. Сондықтан теңеуі орынды, жарасымды,

кө­ңілге қонымды емес. Ал, шумақтың кейінгі жолының мағ­
насы автордың айтпақ болған ой-пікіріне тіпті жуыспайды,
тек ұйқас үшін құрастырыла салған көріксіз сөздер.
Саржадай иілген қас, кірпік оқтай,

Меруерт тіс аппақ болып кіршік жұқпай.
Әр жерде-ақ ат басындай албырт кеуде,
Алсақ деп асығысқан ұшпа бұлттай – дейді.
Шумақтың алғашқы екі жолы мен кейінгі екі жолының

мағнасы, айтпақ пікірі басқа. Автор алғашқы екі жолда сұлу
қызды суреттеп келе жатады да, кейінгі екі жолда сол қызды
алсақ деп ынтық болып жүрген жігіттер туралы айтып
кетеді. Автор адамның кеудесін ат басына, ынтықтығын

ұшпа бұлтқа теңеп, бұл жерде де теңелмейтін нәрселерді
орынсыз қосып отыр.
Автор қыздың кірпігін бұл шумақта «оқтай» десе, мұның
алдындағы шумақта «үлпідей» дейді. Кірпік әрі оқтай, әрі

үлпідей бола алмайды. Оқ пен үлпінің айырмасы жер мен
көктей. Бұл автордың ұқыпсыздығы деуге болады.
Құс ұшып бәрі бірдей ілмейді аң,
Сыртым сау, ішім түтін мен жүрген жан.

Жемге – тіл, сусынға – сөз тоят берем
Тұғырын тауып қонар болса қыран, –
деп жазады Айтбай.
Бұл шумақтың ұйқасы қисынсыз. «Қыран» деген сөз

«аң», «жан» деген сөздер мен не буын жағынан, не үні жа­
ғынан ұйқаспайды. Ал, «аң», «жан» деген сөздер бір-бі­рі­
мен буыны жағынан дәл келгенмен үні, әуезі жағынан ұй­-
қаспайды. Мұндай буыны, не үн-әуезі ұйқаспайтын сөздер­-

ді қосақтай салу поэмада көп кездеседі.
Айтбайдың поэмасында өлеңнің ажарын түсіріп, құнын
жоятын мағнасыз, саяқ сөздер, қарапайым жел-тармақтар
өте көп, мысалы, мына сыяқты тармақтар көп кездеседі.

Желісін жеңгесіне арта сөйлеп,
Астарлап сөз құйрығын соған сала...
Тағыдай таң боп үркіп қалды асаулы...
Жатқандай жүзді туып, қолдап мыңды...

Жүрегін сүйреп жұлып кетті тартып...
Алып күш, ат басындай алтын кеуде...
Қос етек көйлектерін орап іліп...
Айтбайдың поэмасында мағнасын түсінбей қолданған,

не түсінсе де, ұйқас үшін әдейі солай бұрып қолданған, ұй-
қас үшін ойдан жасай салған сөздер де көп кездеседі. Мыса­
лы, Айтбай «қолтығына су бүркіп» деген сөзді «қанатына су
бүркіп» деп қолданады. “Көзіне жас алды” деген сөзді «көзін

жастап» деп жазады. Ақанды жұрт Ақжігіт демей, Ақан деп
атады дегенді «атастырды» деп жазады. Атастырса, қыз
айт­тырған, құда түскен болатынын аңғармаған. Құлагерді
мақ­тап суреттегенде «Қаншер сүйек» дейді. Құстың үнін

жамандағанда «күйі сұңғыл» дейді.
Міне, мұның бәрі Айтбайдың өлеңге салақтығын, ұқып­
сыздығын көрсетеді.
Айтбайдың әдебиетке араласа бастағанына бірқатар

уа­қыт болды. Ол көбінше ұсақ өлеңдер жазып келген еді.
«Ақан сері» Айтбайдың тұңғыш поэмасы, тырнақалдысы.
Поэ­ма­дағы идеялық-көркемдік қата кемшіліктер Айтбай­
дың бұдан бұрын негізді, тарихи тақырыпқа күрделі кө­лем­

ді шығарма жазып ысылмағандығынан болу керек.
Айтбай сыяқты бірқатар ақындардың, тіпті, кейбір кек­
се ақындардың да өлеңдерін оқығанда біздің ойымызға да­
нышпан Абайдың:

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. –

деген өлеңі түседі.
Бірқатар ақындарымыз өлеңнің сырты сұлу болуы шарт
емес, тек мағна, идея болса болады, деп ұғатын сыяқты. Бұл
қате. Көркем шығарма неқұрлым мағналы, идеялы, пар­

тиялық болсын дегенді, оның түріне, келісті, сұлу болуына
көңіл бөлінбесін дегендік деп ұғынуға болмайды. Көркем
шығарманың іші қандай мағналы, идеялы, партиялық болса,
сырты да сондай сырлы, сұлу, көркем болуы керек. Сонда

ғана ол нағыз көркем, құнды шығарма болады. Айтбай Хан­
гелдиннің «Ақан сері» поэмасы осы тілекке жауап бере
алмаған.
“Әдебиет және искусство” журналы,

1948 ж., №10.

М. ӘЛІМБАЕВ

Білімге ақыл серік болса
“Қадірі ата-анаға ұлдан артық,
Бөтеннің тең көрмейді мырзасына”.
Қазақ халқы қыз баланы күнәдан пәк, кіршіксіз періште

тұтып, сыйлаған, аялаған. Сол ежелгі ізгі дәстүр-салтымыз
қайда бүгін? Аяулы аруларымызды аялаудан неге жаңылып,
адасып қалдық. Еуропаның ессіз еркіндігіне ең­сесін иген
қыздарымыз ұлттық тәлім-тағлымынан жырақ өсті...

Қыздарымыздың біраз бөлегі қазақ халқының ибалылық,
сыпайыгершілік, биязылық, мінезділігінен ауытқып, дөкір­
лік­тен бастап, жезөкшелікке дейінгі аралықтағы оңбаған­
дық­тан тайынбайтын болды-ау, бұзықтықтың бұйдасына

же­тек­теліп жүр...
“Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік”
Қазіргі жастарымызда білім десең білім жетерлік – дип­

ломдары қалталарында, ақылға да кенде болмас. Тала­йына
жетіспейтіні – тек имандылық пен адамгершілік...
Ақан сері Қорамсаұлы мораль мәселесінің көптеген қыр­
ларын көрікті де кемелді жырлаған.

“Құрметсіз, зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді қалдың өліп”.
Ерлі-зайыптылардың тату-тәтті отасып, қайрылмас жыл­
дарын халқының ортасында жарасты игілікпен өткізуге та­

лап­танғанын қалаған ойшыл Ақан осылай бейнелеген.
“Жігіттік талап еткен жаман да емес,
Өнермен талпынам деп орға түссе,
Өкініп өз ісіне қайғы жемес”.

Өрен жасқа өршілдік, талапкерлік жарасады. Талапкер­-
­лік – таланттың қайрағы, самғар қанаты. Ізгілікке құлаш сер­
меген тұста сүрінсең де, уақа емес, сәтсіз қадамдарыңның
өзі де өсу, өрлеу баспалдақтары. Ақан сері “жігіттердің

сұлтаны қандай болу керек?” – деген сауалға да жауап із­
депті:

“Бір мінез, әрі дана, дархан лебіз,
Айнымас темір қазық уәдесі”.
Әуелі ақылы асқан ойшыл болса, ол осал азамат па?..
Тұрлаулы, орнықты, құбылмайтын, қоржын аумас көнтерлі

мінезді, сырға бай болса, ол осал азамат па?! Уәдесінде
тұрған, бір сөзді болса, ол осал азамат па?! Екі жол өлеңмен
ер азамат бейнесін сомдау ерендік емес пе?! Әр азаматтың
заманы биік заңгер, білікті болуын қуаттаған ақын Ақан

медальдің екінші бетін де ұмытпай, сыр шертеді.
“Білімін бір жігіттің білсе дағы,
Не керек зая кеткен білген молы”.
Мол білімнің болуы тәуір-ау, алайда қалың жұрттың қа­

йырлы игілігіне жаратылмаған соң, не айтарсың? Өз кезе­
ңінің оқымыстысы Ақан сері білімдар атанғандардың бе­
реке­сіздігінен де берекелі ойлар түйгені қандай биік өнеге!
Он жылдық мектептен соң, институт немесе университет

тәмәмдағандардың, аспирантураны аяқтағандардың, халық
шаруашылығына тырнақтай пайда келтірмегендерін көрген­
де, қынжылмасқа не лажың бар?! Ақын жоғарыда аталып
өткен идеяны екінші бір қырынан келіп, оқырманға өнікті

тағлым ұсынады.
“Ақылды сабырлы ер деп соны айтамыз,
Еткені берекелі жұмыс болса”.
Оқығандар, зиялылар сыбағасынан қағылып, өзгелерден

кенже қалған қайран қазағына дәулет сыйлар, білім сыйлар
болса ғана олардың еңбегін игілікті деп санау ләзім! Ақан
сері азамат атулыны осындай оңға қарай көздейді, нұсқайды,
шақырады.

“Жігіт боп гауһар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса”.
Қолы қысқаларға, жоқ-жітіктерге, панасыздарға қол
ұшын әркез ұсынуға әзір азаматтар жігіттің сұлтаны міне

солар! Қазақ баласы қандастарын, жақын жамағайындарын
қамқорсыз қалдырмаған. Қатыгездік пен қайырымсыздық
де­генді енді көре бастадық: туған анасын қаңғытып жіберу­-
ден тайынбайтын немесе белі бүгілген бейшара әкесін қарт­

тар үйіне тапсырып, қарасын да көрсетпеуден шімірікпей­
тін безбүйрек ұл-қыздарды тым жиі ұшырататын болып
барамыз-ау...
Жанашырлық жан-ділдің имандылығы!

Жаратқан тәңірім жан атаулыны иманмен жарылқай бер­
гей!
“Құзырға қырық кісінің бірі жарар,
Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып”.

Оптимист халыққа, өмірге, адамға осындай сеніммен қа­
райды. Жақсылар мен жайсаңдар бұл күнде қалған жоқ қой
деп қан құсқандай күңіренетіндер бекерден-бекер бөліне
сөй­лемесін!.

Елінің бүгінгі мен келешегін өз қарақан басынан бұрын
ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимейтіндер құдайға шү­
кір­шілік, бүгінде де бар. Тек соларға өзіміз тірек-сүйеу бола
алып жүрміз бе? Осы жөнінде де ойлансақ керек-ақ. Жа­

манды, жамандықты айыра білу де – кісілік, алайда ең ал­
ды­мен жақсыдан үйрен, жақсылыққа сүйсін, жақсылыққа
елік­те, үйрен!
“Шын жолдасың сыпайы сырттан мақтар,

Әуелі шын сырласың ішін ақтар.
Көзің жоқта сыртыңнан көмек болып,
Біреуді жамандауға ұят сақтар”.
Ақан сері адамгершіліктік кестесін сызғандай, төрт

жол жырды, төрт пункт етіп, төрт қасиетті қастерлей көр­
се­тіп берген. Шынайы дос, шынайы жолдас көзіңше мақ­тап
көлгірсімейді. Жақсылығыңды, қадыр-қасиетіңді, өнер­паз­
дығың мен білімпаздығыңды, ақыл-парасатың­ның өрелігін

жете танып, бағалай білсе, тек өзің жоқ жерде сыртыңнан
ғана жылы сөз айтуы ықтимал. Шын сырласың­ның жан дү­
ние байлығына қаныға сөйле, шынайы дос өз білгенін сенен
аямайды, ірікпейді, ағынан жарылып, ақтарыла сөйлеуден де

іркілмейді.
Жақсы адамның тағы бір айырмашылығы – жәрдемін
жария етіп, айғайламай-ақ көзің жоқта көрсетеді. Көргенді­
лік – кісіліктің бір қыры десек, кісілік – жақсылардың құ­

жатындай. Ондайлар сені өсекке таңып, жамандауға аузы
бармайды. Өз кісілігі өрелі өнерпаз Ақан сері бір ауыз өлең
арқылы жақсы азаматтың төрт қасиетін бізге ғибрат етіп
ұсынып отыр. Абзал жолдастың әлгі аталғандардан басқаша

екі сапасын ақын екі жол өлеңге тағы да сыйғызған.
“Сыр шашпас жақсы жолдас таза жүріп,
Қайғыңа ортақ болар, мойнын бұрып”.
Жаратылысынан писхолог, тумысынан тәлімгер дерлік­

тей Ақан сері адамзаттың алуан қырын арнайы зерттегені
өлең-жырларынан мен мұндалап-ақ тұр! Айнымас, рия қу­
мас достық хақында ақиық ақын өз тұғырнамасын (позиция­
сын) айқын айтқан екен:

“Болмайтын өзі жалтақ, сөзі өсек,
Дос қайда айрылмастай тап мың жылдық”.
Жапа-жәбірді жалтақтардың жанасып кеткен сәттерінде-
ақ көріп жүреміз. Жалтақтар халқының да, жалпының да

мүддесін оп-оңай сатып жүре береді-ақ! Өзі де зауалға ұшы­
рамай қоймайды. Ал оның досы үшін қандай қиын қызметте
де жанын аямай, жалаңтөстікпен айқасқа кіріп, қорғап қа­
лады, бағы жануына болысады, өресін биіктетеді, өрісін ке­

ңейтеді. Ақырғы тыныстарына дейін ажыраспай, араларын
суытпай сыйласып өтеді. Ақан сері басқа бір шумақта да әлгі
идеясын нықтай түседі.
“Тастамас жау қолына қысылғанда,

Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп,
Шырқырап шыбын жанын бірге салар,
Мойныңа бір дұшпаннан түссе құрық”.
Мұндай білік ойлы, бедерлі сөзге қосалқы түсініктеме­

нің қажеті бола қоймас... оның есесіне жалған жолдастың
жамандығы мен жауыздығының өзі бір қора.
“Ұмытар жақсылығын ерден көрген,
Әрқашан жаман жолдас бастан аттар”.

Иттіктің ең зоры – ежелгі досын қорлап, басынан
тепкендей аттап өтуі қандай көп мағыналы көрікті деталь.
Ақан сері ұтымды штрих арқылы миға темір шегедей қа­
да­латын өткір ойды алға тартқан. Опасыздық, сатқындық

жасайтындар қаншама қан арқалайтынын сезе ме екен?

“Адамға мал мен мансап жолдас емес,
Байлықпен шайқап төгіп, ішсең үріп”.
Өмір адамға рахат көру үшін берілген дейміз.
Ал мал мен мансап қуғандар адамға тән мінез-құлықтан

оңай айырылып қалады екен.
“Астан жілік тістейсің, тойдан ілік,
Шарапатты жақсымен жүрсең жақын”.
Әрине, мұны тура мағынасында ұққаннан гөрі, астарлы

мағынада, биік парасаттылық, адамгершілік тұрғысынан
па­йымдаған жөн. Ізгі жандармен іргелес жүрсең, істес бол­
саң, сенің де тірлігің мәндірек, еңбегің жемістірек, ізің өш­
пестей көрнекірек боларына шүбәланба. Шалшық ойлы

шар­дақтардың пікірінше Ақан сері ғұмыр бойы қызық
іздеп, қыз қуған дырушыл біреу ғана сияқты. Шындап кел­
сең, Ақанның ақындық ғұмырнамасы мен өркениеті өте
бай, өнегелі-үлгілі; Ол алдымен көрнекті қоғам қайраткері,

Ақан сері өз заманында қазақ халқына қатысты көкейкесті
мәселелерге бел буып, белсене араласқан ерен азамат, орыс
патшалығына ашына қарсы шыққан күрескер. Екіншіден,
Ақан сері жастық дәуреннің жалынды жыршысы, махаббат

мадақтаушысы! Үшіншіден, ақын ресми түрде мектеп
ашып, өзі тікелей дәріс бермесе де, жас буынның озық ойлы
тәлімгері. Оның құралы пәрменді асқақ ән, айшықты жыр,
өр мінезді серілік!

Ақылман ақын Ақан “Достарыма” деген өлеңінде:
“Жиырма бестен артық жас бар ма,
Ұйқыдан жаман қас бар ма?
Еріншектен жаман нас бар ма?

Ойлаңдаршы ағалар,
Шын жарыңнан артық дос бар ма?
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені тастар ма?!

Айта салған... бір сырым
Бірге жүрген достарға”, – дейді.
Біріншіден, ақын айналасындағылардың ақыл-парасат­
пен ғұмыр кешер жақсы мен жаманды жаңылыссыз айыра

білетін орта, бірінің бірі қадірін қапысыз танып, сыйласар

достар болуын, отбасында да, қоғамдық ортада да өзгелерге
ізгілік өнегесін көрсетуін қалағанын анық аңғарамыз. Өз
кісілігі өз ортасынан әлдеқайда биік тұрған Ақан сері жа­
нын­дағыларға күнбе-күн, ұдайы игі әсер еткеніне күмән

жоқ. Сонымен, ақынның рухани бағдарламасы мен өз мінез-
құлқында арадан қыл өтердей айырмасы болмағанына көз
жеткізу де қиын емес. Сабазға тән сәулелі мінез! Өз зама-
нына ғана емес, келер буындарға да өнегесін ұсынар саруар

тұлға! Осы орайда Ақанға рухани ұстаз болған Науан ха­
зіретті тек хазірет болғандығына қарап сырттан қара бояу
жағып, жамандап көрсеттік. Науан өз дәуірінің озық адамы
болған екен. Ақанның асқар азамат, айтулы ақын болуына

Науанның көп себі тигені енді шүбәсіз айтылуы тиіс.
Әлі жеткен алып та жығады, шалып та шығады деген­
дей, тапқыр таланттылар құйттай көлемге қыруар ой-пікір
сыйғызады, санаулы сөзбен жанды бейне жасайды. Мәсе­

лен, Ақан сері салақ әйелдің адам жиренер ұсқын-сыйығын
сомдаған.
“Көйлегі кір болады май-май ғана,
Ұрысар байыменен таймай ғана.

Сыртына шөмішінің балшық жағып,
Салады қазанына шаймай ғана”.
Құдай сақтасын де, осындай да үй бикесі болады екен?!
Пешенесіне осындай олақ-салақ қатын жазылса, жігіт егер

намысты болса, не істер еді?! Талақ қылып құтылар ме еді,
әлде... Әлгіндей әйелдің адамға жиіркенішті кескінін күлкі-
лі сомдаған сабаз ақын мынадайда бір сормаңдай жігіттің
сиқын жалғыз-ақ жолмен, тұжырымдап, дөңгелентіп шық­

қан екен.
“Киеді қатынынан артылғанды”.
Жетіскен-ақ екен! Қатынжанды болам деп, жүріп, өзі
қатын боп кеткенін де аңдамай қалған шала жансар бозым

көз алдыңа қалай анық елестейді?!
Ақан сері алуан қырлы талант иесі халықтық тағлымат­
қа қаншама үлес қосқаны жоғарыда біз келтіріп талдаған аз
мысалдардан-ақ айқын көрінеді.

МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім Өлеңдер, толғаулар, езутартар, айтыстар Ақындық асыл бекзаты.............................................................4 Бірінші арна Шараптың шашыраған гауһарындай Ғашыққа...................................................................................21 Біздің көңіл қайда жатыр........................................................22 Торыны таңға байлап мінген қандай.....................................23 Сүйген жардан айрылдым......................................................24 Ақ иық пен ақ түлкі................................................................25 Жайықтың ақ түлкісі аралдағы..............................................26 Көңіл тілегі..............................................................................27 Көңіл сыры..............................................................................28 Сүйген қалқа............................................................................30 Ақ көйлек.................................................................................31 Ақ көйлек.................................................................................32 Ақ көйлек.................................................................................34 Ақ көйлек.................................................................................35 Сұлу қызға...............................................................................37 Сұлу қызға...............................................................................38 Ғашықтық туралы...................................................................39 Ғашық жарға............................................................................40 Тағрыпың.................................................................................41 Ж-ға..........................................................................................52 Үш тоты...................................................................................56 Үш тоты...................................................................................57 Сырымбет ..............................................................................58 Ақтоқты­....................................................................................59 Ақтоқтының сипаты...............................................................59 Ақтоқтыға................................................................................60 Ақтоқтының зары....................................................................61 Кеткенің бе, ақтоқты?.............................................................61 Ақтоқтыға айтқан аужары......................................................62 Әйкөк........................................................................................65 Алайкөк....................................................................................66 Ләйлім......................................................................................67

Нәзікгүл....................................................................................67 Райхан гүл................................................................................68 Тер қатқан................................................................................69 Екі торы ат...............................................................................69 Ішінде орта жүздің жүрмін шалқып......................................70 Бәтима қызға............................................................................71 Ұрқияжан.................................................................................72 Ұрқияға айтқан аужар.............................................................73 Ұрқиядан айрылғанда.............................................................74 Қараторғай...............................................................................75 Көкжендет................................................................................76 Балқадиша................................................................................77 Майдақоңыр............................................................................77 Маңмаңгер...............................................................................78 Көкшетау..................................................................................79 Мақпал.....................................................................................80 Шамшиқамар...........................................................................81 Іңкәр-ай....................................................................................82 Ақсаусақ...................................................................................83 Жамал қызға............................................................................84 Перизат.....................................................................................84 Ғашық жарға............................................................................85 Қызға хат..................................................................................86 Қыздарға..................................................................................87 Қалқам-ау.................................................................................88 Зағипаның Ақанға жазған хаты.............................................89 Ақанның Зағипаға қайырған жауабы....................................91 Ақмарал....................................................................................92 Қалқа бала................................................................................94 Сүмбіл шаш.............................................................................95 Айғын қызға............................................................................96 Еркем........................................................................................97 Апыр-ай, he деген жан жаратылған.......................................98 Ынтызарым..............................................................................99 Базар қызға............................................................................101 Жанатай қажының қызына...................................................102 Бибіғайша...............................................................................103 Ей, қалқатай...........................................................................105 Сұлу қыз жаңа піскен алмадағы..........................................106 Гауһар-жақұт.........................................................................107

Аужар.....................................................................................108 Аужар-ай................................................................................ 110 Шырмауық............................................................................. 112 Әудем жер.............................................................................. 113 Біржан салға.......................................................................... 114 Екінші арна Заманға қарап айтқан сөз Адамның біліміне ақыл серік.............................................. 117 Айтамын замандасқа біраз кеңес......................................... 118 Жастық шақтар......................................................................123 Жігіт сипаты..........................................................................124 Қыз сипаты............................................................................125 Әйелдер сипаты.....................................................................126 Достарыма.............................................................................128 Кәрілік....................................................................................129 Заманға қарап айтқан сөз ..................................................130 Асыл мен жасық....................................................................131 Дүние жеткізбейді.................................................................133 Дүние......................................................................................134 Жаман жақсы болмайды.......................................................134 Жақсы мен жаман.................................................................135 Жігіттерге..............................................................................137 Жаман қатын..........................................................................140 Жақсы қатын..........................................................................142 Мылтық пен мергеншілік.....................................................144 Заман адамы..........................................................................146 Дін туралы ............................................................................153 Патша өкіметі туралы..........................................................154 Құлагер...................................................................................157 Жүсіп төреге..........................................................................161 Нақыл сөз...............................................................................162 Дүниеден Шоқан өткенде.....................................................165 Кеңес......................................................................................167 Өсиет өлең.............................................................................168 Ұзатылайын деп жатқан қызға.............................................170 Орынбайға жауап хат............................................................172 Науан хазіретке жазған хаты................................................173 Сабыр түбі сары алтын.........................................................174 Науан хазіреттің көңлін сұрауы...........................................176

Бименде болысқа айтқаны...................................................178 Меккеге барып қажы болып келгендерге айтқаны............179 Ақшабақ.................................................................................181 Қара нар.................................................................................183 Үшінші арна Езутартар Әзіл-сықақ, қағытпа..............................................................184 Жылқылы бай........................................................................184 Жүсіпке айтқаны...................................................................185 Баламаңдай............................................................................185 Шоғырмаққа..........................................................................186 Сараң мырзаға......................................................................188 Нұртазаға...............................................................................188 Қара қазақ..............................................................................189 Шар таласы............................................................................189 Науан хазіретке......................................................................190 Әйбергенге.............................................................................190 Парашыл оязнай....................................................................190 Шалабай.................................................................................191 Күйеу құдаға..........................................................................192 Мәжекеңе...............................................................................192 Біздің Оспан...........................................................................192 Ақанның Молдахметке берген батасы................................193 Тиісе берген молдаға айтқаны.............................................194 Молдаға жауап.......................................................................194 Бір болысқа............................................................................195 Сараң әйелдің еріне..............................................................195 Темірбекке.............................................................................196 Жақыпқа.................................................................................197 Жүсіп төре мен Ақанның қағытпасы..................................198 Тезекбайға..............................................................................199 Төртінші арна Сөзсайыс Ақан сері................................................................................213 Орынбай мен Ақанның айтысы...........................................215 Орынбай ақынның Ақан Серімен айтысы..........................219 Ақан мен Қожамбеттің айтысы...........................................221 Әділ мен Ақанның айтысы..................................................224

Ақан мен Мұқанның айтысы...............................................227 Ақан мен Мұқанның екінші айтысы...................................230 Смағұл мен Ақан серінің айтысқаны..................................232 Екінші бөлім Көлдегі аққу әні тәрізді ғой Ақан сері................................................................................238 Сырымбет..............................................................................263 Сырымбет..............................................................................264 Сырымбет..............................................................................265 Құлагер...................................................................................266 Құлагер...................................................................................267 Құлагер...................................................................................268 Құлагер...................................................................................269 Құлагердің желісі.................................................................271 Құлагер...................................................................................272 Көкжендет..............................................................................273 Екі торы ат.............................................................................275 Тер қатқан..............................................................................276 Алай көк................................................................................277 Маңмаңгер.............................................................................278 Маңмаңгер.............................................................................279 Маңмаңгер.............................................................................280 Майда қоңыр.........................................................................281 Майда қоңыр.........................................................................282 Көкшетау................................................................................284 Көкшетаудың биігі................................................................285 Мақпал...................................................................................286 Мақпал...................................................................................288 Мақпал...................................................................................290 Мақпал...................................................................................292 Мақпал...................................................................................293 Мақпал...................................................................................294 Ақсаусақ.................................................................................295 Ақсаусақ.................................................................................296 Ақсаусақ.................................................................................297 Ақсаусақ.................................................................................298 Ақтоты....................................................................................299 Ақтоты....................................................................................300 Перизат...................................................................................301

Жамал қыз..............................................................................302 Үш тоты құс...........................................................................303 Үш тоты құс...........................................................................304 Үш тоты құс...........................................................................306 Үш тоты құс...........................................................................307 Балқадиша..............................................................................308 Балқадиша..............................................................................309 Балқадиша..............................................................................310 Балқадиша.............................................................................. 311 Іңкәр-ай..................................................................................312 Іңкәр-ай..................................................................................314 Шамшиқамар.........................................................................315 Шамшиқамар.........................................................................317 Нұрила....................................................................................318 Көк көбелек...........................................................................320 Әудемжер...............................................................................321 Сәулем-ай...............................................................................323 Кепсер....................................................................................324 Алтыбасар..............................................................................326 Алтыбасар..............................................................................328 Алтыбасар..............................................................................329 Ай көке...................................................................................331 Қай дөңге...............................................................................332 Жылқылы бай........................................................................333 Жылқылы бай........................................................................334 Жылқылы бай........................................................................336 қараторғай..............................................................................338 қараторғай..............................................................................340 Кербез сұлу............................................................................341 Ақан сері................................................................................342 Үшінші бөлім Жұмбақтас Ақан сері................................................................................344 “Ақан сері”............................................................................358 Білімге ақыл серік болса......................................................372

ЖШС РПБК “Дәуір”, 050009, Алматы қаласы,
Гагарин даңғылы, 93. Тел.: 394-39-22, 394-39-24.
E-maіl: rpіk-dauіr81@maіl.ru, rpіk-dauіr2@maіl.ru
АҚАН сері ҚОРАМСАҰЛЫ

Шығармалары
Редакторы Н. Оразбек
Суретшісі Б. Серікбаев
Компьютерлік дизайны Р. Жарипова

ИБ № 165.

Басуға қол қойылды 30.06.13. Қалпы 84х108 1/32
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі “Таймс”.
Есепке алынатын баспа табағы 24. Шартты баспа
табағы 20,16. Таралымы: Мемлекеттік тапсырыс

есебінен 2000 дана + баспа есебінен 80.
Тапсырыс № 760.
ЖШС “Қазақстан” баспа үйі”
050046, Алматы қаласы, Прокофьев көшесі, 226/1.

Тел./факс: (8-727) 392-94-18.
E-maіl: іdkz@maіl.ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙