Бабалар сөзі 56 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 56-томына «Батыр Жәнібектің өлеңі», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр», «Сәтбек батыр», «Орақты батыр» атты тарихи жырлар енді.
Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.
Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.
Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.
Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.
Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.
Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
УДК 398 ББК 82.3 (5 Қаз) Б 12 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Жұмасейітова Г.Т. (төрағаның орынбасары), Еркебай А.С. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.A., Қорабай С.C., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б., Мұсағұлова Г.Ж., Сахарбаева К.С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Б.Әзібаева, Ш.Елеукенов, С. Қасқабасов, С.Қорабай (жауапты редактор)
Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
Т. Әлібеков (жауапты шығарушы), С.Қорабай, С.Сәкенов, М.Шафиғи
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2009. Т. 56: Тарихи жырлар. —408 бет. ІSBN 9965-35-805-2 «Бабалар сөзі» сериясының 56-томына «Батыр Жәнібектің өлеңі», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр», «Сәтбек батыр», «Орақты батыр» атты тарихи жырлар енді.
УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-805-2 (т. 56)
© Әдебиет және өнер институты, 2009
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2009
00(05)—09
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияла
натын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап,
жариялау жұмысын жалғастыруда.
Аталған басылымның басты мақсаты—халықтың рухани
мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклор
лық материалдарды түгел жарыққа шығару.
«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негізгі
принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп, өз
ара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті мен
жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді таңдап
оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары
жарияланады.
Әрбір том қосымшалармен толығып отырады. Қосымша
ларда, ең алдымен, томға енген нұсқалардың түсініктемелері
және олардың варианттары жөнінде толық мәлімет беріледі.
Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер
кіреді. Ең соңында дастанның жинаушылары мен оның жыр
шылары туралы деректер және ағылшын, орыс тіліндегі резю
ме жазылып, пайдаланған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі.
«Бабалар сөзі» сериясының келесі циклін құрайтын тарихи
жырлар—батырлар жыры мен тарихи өлеңнің аралығындағы
жанр. Тарихи жырлар негізіне өмірде нақты болған әлеумет
тік, саяси оқиғалар алынады. Көп томдық «Бабалар сөзі»
сериясының 56-томына қазақ халқы тарихының маңызды
кезеңдерін көркем баяндаған тарихи жырлар еніп отыр.
Томға енген «Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын тари
хи жыр ХV ғасырда Керей ханнан кейін Қазақ хандығын бас
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
қарған Жәнібек ханның жас кезіндегі ерлік істерін жырлауға
арналған шығарма. Осыған дейін еш жерде жарияланбаған
бұл тарихи жыр алғаш рет баспа бетін көріп отыр.
«Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр»,
«Сәтбек батыр» жырлары ХVІ ғасыр оқиғаларын сипаттай
ды.«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры осы топтамадағы туынды
лардың ішінде зерттеушілер назарын өзіне мол аударуымен
ерекшеленеді. Бұл жырдың құндылығын өз кезінде М.Әуезов,
Ә.Марғұлан және басқа да ғалымдар ерекше атап өткен бола
тын. Бірақ еліміз тәуелсіздік алғанға дейін «ханды дәріптеді»
деген желеумен қалың көпшіліктің назарынан тыс қалып
келді. Тарихи тұлғаға арналған «Есім хан» жыры Қытай Халық
Республикасында тұратын қазақтар арасында көп жылдар
сақталып келіп, ақырында сонда шығатын «Мұра» журналын
да (1988. № 10.) жарияланған. Ал «Орақты батыр» атты тарихи
жырдағы оқиғаның болған уақытын жыршының өзі ХІV ғасыр
деп көрсеткен. Сонымен қатар бұл шығарма кейіпкерлерінің
қатарында ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ескелді, Балпық билер
секілді тарихи тұлғалар да кездеседі.
Тарихи жырлар халқымыздың ауызша тараған тарихна
масы ретінде ұзақ уақыт бойы еліміздің рухани азығы болып
келгені айқын. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
кейбір үлгілері қағаз бетіне түсіріліп, баспа бетін көре бастаған
бұл құнды мұралардың жариялануына, кеңес заманында зерт
телуіне тыйым салынуына байланысты томға енген тарихи
жырлар оқырман игілігіне айналудың мүмкіндігіне енді ғана
ие болып отыр.
Есім хан тұсында өмір сүрген, ел намысын жоқтаған Олжаш
батыр ерліктерін дәріптеуге арналған «Олжаш батыр» жыры да
бұрын еш жерде жарық көрмеген.
«Сәтбек батыр» жырының Қазан төңкерісіне дейін жұрт
шылыққа кеңінен таныс болғаны белгілі. Бұл жырдың Ақыл
бек Сабалұлы жырлаған нұсқасы 1911 жылы Қазан қаласында
жеке кітап болып шыққан. Томға жырдың алғаш жариялан
ған осы нұсқасымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық
ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталып келген
«Мырза Сәтбек батыр» атты нұсқасы да еніп отыр.
«Орақты батыр» жырының халық ақыны Қалқа Жапсар
баевтың өз аузынан жазып алынған нұсқасы ұзақ уақыт бойы
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қол
жазба қорларында сақталып келгенмен, жырдың толық мәтіні
еліміз егемендік алғанға дейін баспа бетін көрмей келді. Осы
томда сол олқылықтың орны толтырылды.
Томды дайындау барысында араб әрпінде жазылған қол
жазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін кітап болып шыққан
мәтіндерге мұқият талдаулар мен сараптау жұмыстары жүр
гізілді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР ХАҚЫНДА
Қазақ фольклорының жанрлық құрамы өте бай, түр
жағынан да, мазмұн жағынан да алуан түрлі. Солардың
арасында ерекше орын алатыны—тарихи жыр. Жалпы
фольклордың қай жанрын алсақ та, ол тарихилық сипатқа
ие. Тіпті миф те, ертегі де белгілі дәрежеде тарихи болып
келеді. Тегінде, фольклордың тарихилығы деген ұғым өте
кең. Біріншіден, фольклордың өзі—тарихи құбылыс, ол
өзгермелі. Фольклорлық сана, фольклорлық дәстүр, фольк
лорлық шығарма—осының бәрі тарихта болатын нәрсе, олар
ды аттап кету мүмкін емес. Бұлардың бәрі тарихтың белгілі
бір кезеңінде болуға тиіс, сол дәуірдің жемісі, адамзат мәде
ниетінің даму жолындағы бір сатысы деп танылуы керек.
Екіншіден, фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты,
оның болмысының бір бөлшегі. Сол себепті ол адам өмірінің
барлық жағын бейнелейді, шаруашылығынан, тұрмысынан,
әдет-ғұрпынан, салт-санасынан айтарлықтай мәлімет береді.
Үшіншіден, фольклор тарихи оқиғаларға тікелей де, жана
ма түрде де байланысты болады. Екінші сөзбен айтқанда,
фольклор халық тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтып,
соларды негізге алып, жаңа шығармалар туындатады, тари
хи тұлғалар жайында әңгімелейді, оларды көркем әдіспен
дәріптейді. Төртіншіден, фольклор халықтың өзінің тарих
қа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен
көрнекті қайраткерлерге берген халықтың бағасын, сол
арқылы халық нені армандағанын, қандай батырды көксе
генін көрсетеді. Бесіншіден, фольклор әр дәуірге, қоғам
өміріне сәйкес өзгеріп, тарихи тұтастанудан өтіп отырады.
Соның нәтижесінде жанрлардың трансформациясы жүзеге
асып отырады. Әрине, бұл айтылған белгілер фольклордың
тарихи жырлар хақында барлық жанрында бірдей емес. Әр фольклорлық жанрдың өзіндік қасиеттері оның, шығарманың тарихилығына әсер етеді. Мұны, мәселен, батырлық жыр мен тарихи жырдың табиғатынан байқауға болады. Екеуінде де тарихи негіз бар, алайда олар бірдей де, біркелкі де емес. Бұл мәселе төңірегінде қазақ фольклорын зерттеушілер әртүрлі пікір айтып, кейде екеуін бір жанр деп, енді бірде екі бөліп қарастырып жүрді. Халқымыздың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов фольклор лық тарихи шығармаларды жинап, олар туралы аса маңыз ды пікір айтып, зерттеулер қалдырғаны белгілі1. Мәселен, ол «Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен әңгімелері» атты еңбегінде қазақ фольклорында тарихи элементтің ерекше орын алатынын айтады. Сондықтан да ол шежірені аңыз-әңгіме деп фольклорлық тарихи шығарма ретінде қарайды. Демек, Шоқан—қазақ фольклорында тарихи аңыз бен әңгімелердің бар екенін бірінші болып байқаған зерттеуші. Шоқан бірталай еңбектерінде өзі жазып алған эпикалық түрдегі тарихи фольклордың нұсқаларына ғылыми талдау берген деуге бола ды. Ол қазақ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр еке нін атай отырып, олардың біразын іріктеп, мысалға келтіреді: «Другой джир называется Урак-батыр. В нем повествуются похождения Урака-батыра, родом караульца, который отпра вившись в набег на Россию, был взят русскими в плен и со держался в тюрьме 10 лет, потом женился в России, прижил детей, но соскучился по родному аулу, опять уехал в степь и там остался...»2,—деп жазады. Шоқанның «другой джир» деп отырғаны батырлық жырдан басқа дегені, яғни ол тарихи жырды айтып отыр. Тіпті ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминін де қолданған3. Демек, Шоқан тарихи жырды батырлық эпос тан өзгеше, өзіндік ерекшеліктері бар жанр деп білген. Ол ерекшеліктердің бастысы—тарихи жырдың өмірде болған оқиғалар негізінде шығатындығы, яғни батырлық эпосқа қа рағанда тарихқа жақындығы. Міне, осыны ескерген ғалым 1 Ғалымның мына еңбектерін қараңыз: «Предания и легенды Большой киргиз-кайсацкой орды»; «Песни Урака»; «Исторические предания о батырах ХVІІІ в.»; «Шуна батыр» и др. // Валиханов Ч. Собр. соч., в 5-ти т. Т. І. – АлмаАта, 1961. 2 Сонда, 197-б. 3 Сонда, 201-б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР тарихи жырды арнайы түрде зерттеуге мән берген. Тарихи жыр ға арналған еңбектерінде Ш.Уәлиханов өмірде, дәлірек айтсақ, ХVІІІ ғасырда болған қоғамдық мәні бар оқиғалар мен оларға белсене қатысып, айтарлықтай рөл атқарған қайраткерлер һәм батырлар жайлы тарихи фольклорды түгел қамтып, олардың шындық негіздерін қарастырған. Қазақ фольклорының барлық жанрын, оның ішінде та рихи жыр үлгілерін де жинап, жарыққа шығару ісінде көп еңбек сіңірген адам—академик В.В.Радлов. Ол өзінің атақты 10 томдық жинағының 3-томына қазақтың бірнеше тарихи жырын енгізген4. Бірақ В.Радлов тарихи жырды жеке жанр ретінде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды да, тари хи жырды да «Қазақтың бұрынғы батырлары туралы сөз» деп атаған. Ал жекелеген кейбір тарихи жырды қысқа қиссалар то бына жатқызады. Әрине, ХІХ ғасырдың 70-жылдарындағы фольклортанудың жағдайында қазақ халық ауыз әдебиетінің барлық жанрын дұрыс салалап зерттеу мүмкін емес еді. Оның үстіне В.В.Радлов қазақ поэзиясын Шоқандай жетік білмеді және оның ішкі ерекшеліктері мен нюанстарын анық аңғара алмады. Сол себеп ті ол «батырлар жыры», «ғашықтық жыр» деп дәл бөле алмады, бәрін бір жанр деп есептеді. Тарихи жырдың нұсқалары Г.Н.Потанин мұрағаттарында да бар. Ол жазып алған «Қабанбай» жырының үзіндісі 1972 жы лы шыққан «Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потани на» атты жинақта жарық көрді5. Ал Томск архивіндегі мате риалдарда Г.Н.Потанин ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бөгенбай, Жанбай, Боран-Бердіқожа батырларды атап, олар туралы да өлең-жырлар бар екенін айтады6. Эпос пен проза жанрын көп зерттеген Потанин кейбір салыстырмалы еңбектерінде Шың ғыс хан, Ер Көкше жайындағы аңыздарды пайдаланады. Бірақ тарихи өлең немесе жырды бөліп қарастырмаған және оларды дербес жанр деп санамаған. Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты әңгімелер, аңыздар, прозамен берілген жыр мазмұндары ХІХ ғасырда 4 Радлов В.В.Образцы народной литературы тюркских племен. Ч.ІІІ. – СПб., 1870. – С. 63-78. 5 Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. – Алма-Ата, 1972. – С. 261. 6 Научная библиотека Томского Госуниверситета. Тетр. 18, л. 73.
тарихи жырлар хақында «Дала уалаяты» газетінде де анда-санда жарияланып тұрған. Дәлел ретінде әйгілі «Еңлік—Кебек» пен «Қалқаман—Мамыр» туралы әңгімелерді атауға болады7. Газетте бұлар проза түрінде берілген, көркемдігі нашар, бірақ оқиға мен сюжетке айрықша назар аударылған. Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен әңгіме, аңыздарды Ә.Диваев та жинаған. 1920 жылы Ә.Ди ваевтың қатысуымен болған Жетісу экспедициясы мате риалдарының есебінде «Шыңғыс хан туралы аңыз» («Преда ние о Чингиз-хане»), «Қалдан хан мен Абылай» («Алдан-хан и Аблай»), «Ақсақ құлан—Жошы хан» («Аксак кулан и Джучихан»), «Кенен ақынның 1916 жыл туралы өлеңі» («Песнь Кенена-акына на события 1916 года») сияқты атауларды кездестіреміз»8. Алайда Ә.Диваев тарихи жырды арнайы жи намаған және зерттемеген. Рас, кейбір шежіреге, жер аттары на байланысты аңыздар туралы айтылған пікірлері бар. Бірақ олар тарихи фольклор деген жалпы ұғым болмаса, тарихи поэзияға (дәл айтқанда, жыр мен өлең) дұрыс келе бермейді. Осы жерде айтатын бір жайт—кейбір елдің халық әдебиеті ту ралы зерттеулерде тарихи фольклор деген атау бар. Тіпті орыс фольклористикасы беріге дейін «тарихи ертегі» деген жанрды бөліп келді. Ал қазақ фольклорында белгілі бір кісі, су, жер ат тары туралы (өлең мен жырдан басқа) көптеген әңгіме, аңыз, тіпті ертегілер де көп. Оларды қалай саралау керек, қалай атап, қайда жатқызу керек. Міне, бұл да әлі шешуін таппаған, ойластыруды қажет ететін мәселе. Әзірше, олардың бәрін та рихи фольклорлық шығарма деп шартты түрде қолдануға тура келеді. Тарихи өлең мен тарихи жырды ХХ ғасырда кең түрде жи нап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкін дік туғанын айту керек. 1920-30-жылдардың өзінде ұлттық фольклорымыз мақала түрінде де, оқулық көлемінде де зерт теу объектісіне айналды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Ха лел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды ғалымдарымыз бен жазушыларымыздың еңбегін айрықша атау керек. Олар эпос жанрына ерекше көңіл бөліп, батыр 7 «Дала уалаятының газеті», 1892, № 29, 31, 32, 34-40; 1900, № 46, 50. 8 «Наука и просвещение», 1922, № 1. – С. 25-27.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР лар жыры мен тарихи жырларды әрі жариялап, әрі зерт теп, оларды халық тарихын бейнелейтін шығармалар деп есептеді. Сөйтіп, олар қазақ фольклорын саралап зерттеу, терминологиялық ұғымды қалыптастыру ісін дереу қолға алып, оны орнықты түрде жүзеге асыра білді. Мәселен, эпостың осы екі түрі бөлек жанр екенін Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» анық айтқан. Ол кісі былай деп жа зады: «Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар тура сында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілін де жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған уақиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың та рихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары толып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенеса ры, Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері тарихи жыр лар болады»9. Қазақ фольклорының құрамында тарихи шығармалар бар екенін, олар үлкен бір топ құрайтынын Халел Досмұхамед ұлы да айтады. Рас, ол кісі «тарихи жыр» деген атауды қолданбайды. Батырлар жырынан өзгеше эпикалық туынды ларды ол кісі «тарихи өлеңдер» деп атаған да, олардың үлгісі ретінде бірнеше тарихи жырды келтіреді. Халелдің өз сөзін келтірейік. «Қазақ халық әдебиетінің арналы саласы—батырлық жырлар (героический эпос) мен тарихи өлеңдер (историче ские песни). Батырлық жырларда әртүрлі, көбінше аттары аңызға ай налған Қобыланды, Алпамыс, Едіге, Орақ-Мамай, Қарасай, Қази, Ер Тарғын т.б. Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлардың іс-әрекеттері суреттеледі. Ал тарихи өлеңдерде белгілі бір кезеңде өмір сүрген аты белгілі адамдар, әрине, көптеген әсірелеу, әспеттеумен, негізінен жоңғарларға және орыс империалистеріне қарсы қазақтардың бас бостандығы үшін күрескен кездегі тұлғалар жырланады. Кенесары, Исатай, Бекет және басқалар тура лы өлең-жырларды мысалға келтіруге болар еді. Көптеген 9 Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. –А., 2003. 289-б.
тарихи жырлар хақында батырлық жырлар мен тарихи өлеңдер нағыз эпопея болып келеді»10. Осыдан кейінгі абзацта Халел Досмұхамедұлы «батырлық және тарихи поэмалар» деген атауларды қолданады. Демек, оның «исторические песни» деп отырғаны «тарихи жыр» бо лып шықты. Ал «поэма» терминін қазақ фольклортанушы лары мұндаға шейін «эпос» сөзінің орнына қолданып келгені белгілі. Сол уақытта, яғни 1927 жылы жарық көрген кітабында «тарихи жыр» терминінің орнына «тарихи өлең» атауын Мұхтар Әуезов те қолданып, оған Исатай, Махамбет, Бекет туралы жырларды жатқызған11. Кейін, 1939 жылы, М.Әуезов Л.Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольк лоры» атты еңбегінде тарихи жырды жеке жанр ретінде бөліп алып, оның негізгі сипатын ашып берді, сондай-ақ бұл жанр дың шығу мерзімін, қалыптасу процесін болжаған12. «Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жыр ларға қоса тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар ХVІІІ және ХІХ ғасырларда, әсіресе кең өрістеп дамыған»13,—деп М.Әуезов тарихи жырдың өз алдына жеке жанр екенін ай рықша атап көрсетеді. «Бұл тарихи жырлардың,—деп жаза ды әрі қарай М.Әуезов,—дәстүрі тереңде, алыста жатыр. Ол бастауын Орта Азия мен Сибирь тайпаларының ру аралық тартысы кезіндегі шабуыл-жорық жайындағы жырлардан алады»14. Осыған орай айтатын бір нәрсе: М.Әуезов зерттеліп отырған тарихи жыр жанрының тарихи өлеңнен гөрі, басқа екенін сездіріп отыр. Шынында, тарихи жырдан бұрын туатын шағын тарихи өлеңдер сонау көне түркі заманы нан басталады. Атақты Орхон-Енисей атырабындағы Білгеқаған, Күлтегін туралы шығармалар тарихи өлеңнің жырға 10 Досмұхамедұлы Х. Аламан. А., 1991. 26-27-бб. Халелдің қазақ фольклоры на арналған бұл еңбегі орыс тілінде «Казахская народная литература» деген ат пен 1928 ж. жарық көрген. Біз соның қазақшаланған нұсқасын пайдаландық. 11 Әуезов М. Әдебиет тарихы. Қызыл Орда, 1927. 2-ші басылуы 1991 ж. жүзеге асты. 12 Ауэзов М., Соболев Л. Эпос и фольклор казахского народа // Литературный критик, 1939, №10-11; 1940, №1. 13 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. – Алматы, 1962. 75-б. 14 Сонда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
айналған түрінің алғашқы таңбаға түскен нұсқалары деуге
болады. Сонау 1952 жылы Мұхтар Әуезов осы Білге қаған,
Күлтегін, Тоныкөк туралы тасқа түскен мәтіндерді сол
заманғы эпостың үлгісі деп қарауға болатынын айтқан15.
Осындай ойды кейінірек И.В.Стеблева да айтып, ол мәтіндер
ді «тарихи-қаһармандық поэма» деп атаған16. Оның поэма
деп отырғаны—жыр. Сонда ғалымның сөзін қазақша айтар
болсақ, «тарихи-қаһармандық жыр» болып шығады. Түптеп
келгенде, бұл «тарихи жыр» деген ұғымға сәйкес келеді.
И.В.Стеблева тіпті «тайпалық эпос» (дружинный эпос) де
ген де атауды қолданған. Қалай болғанда да, көне түркі
мәтіндерін алғашқы тасқа жазылған ең ескі тарихи жырдың
үлгілері деп қабылдауға болатын секілді.
Тарихи жырдың өз алдына дара жанр екенін М.Әуезов ба
са айтып, ол туралы былай деп жазады: «Бұл жырлардың бәрі
де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да—анық
тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер—
тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары—көбінесе
сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен
көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай
сап-сабымен баяндайды. Тарихи жырлардың батырлық эпостан
жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпос
тық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды
тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік
баға басады»17.
Ұлы ғалымның осы ойларына қосыла отырып, тарихи жыр
сонымен бірге өз бойына батырлық эпостың біраз қасиеттерін
сіңіретінін айту керек. Тарихи үлкен жыр оқиғаның ізінше
қолма-қол тумайды: керісінше, оқиғаға қатысушылар өз көр
ген-білгендері, батыр мен басшылардың ерлік істері туралы
шағын өлең, әңгіме шығарады. Арада біраз уақыт өткен соң не
көз көргендердің ішіндегі мықты бір ақыны, немесе басқа бір
талантты ақын баяғы шағын өлеңдерді өзінше жиыстырып,
бұрынғы мазмұны бойынша сюжет құрап, кейде жанынан қо
сып, көркемдеп қайта жырлайды. Сөйтіп, тарихи жыр туады.
Тарихи өлең әр уақытта туып отыратынын Ахмет Байтұрсын
15 Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – А., 1959. – 513-516, 533-555-бб.
16 И.В.Стеблева. Поэзия тюрков. –М., 1965. – С.61.
17 Әуезов М. Уақыт және әдебиет, 1962. – 76-б.
тарихи жырлар хақында ұлының мына сөзінен де көруге болады. «1879-1880 жылдары болған «Қоян» қыстың жұты турасында шығарған өлең болу шы еді. Сонда қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтаға нын, қандай аштық азап тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, о да тарихи жыр болады»18,—деп жазады Ахаң. Ахаңның бұл сөзінен тарихи өлең белгілі бір оқиғадан көп ұзамай туатынын, ал уақыт өте келе ол өлеңнің жырға айналатынын аңғаруға болады. Ал оқиғаның ізінше пайда болған кейбір шығармалар аңызға айналады. Мінеки, тарихи аңыз бен кейбір шешендік сөздердің нұсқалары осылай туған. Тарихи жыр туралы С.Сейфуллин де жазған19. Алайда ол тарихи жырды жеке жанр деп танымай, батырлар туралы шығармаларға қосқан. Сондықтан бұл жанрды ол эпос та рихымен бірге зерттейді. Солай бола тұрса да С.Сейфуллин 1926 жылы Жанқожа туралы жыр мен өлеңдерді жария лайды20. Демек, ғалым таза батырлар жырынан өзгешелеу шығармалар бар екенін аңғарған, бірақ сонда да оларды эпостан дара жанр деп есептемеген. Ол батырлар жырын шығу уақытына қарай зерттеу мақсатымен олардың тарихи негіздерін ашуға тырысқан. Осы орайда С.Сейфуллин ертеде туған эпосты «ұлы батыр», ал кейін пайда болғандарды «кіші батыр» жыры деп зерттеп жүргендерге қарсы шыққан21. Ол екеуінің арасындағы айырмашылық туралы зерттеуші бы лай деп жазады: «Қазақтың ескі ел әдебиетіндегі батырлар әңгімелерінің неғұрлым ескілерін алып қарасақ, солғұр лым оның «қиял» қоспасының, жапсырма сырлардың, «ер тек» түрлерінің молдығын көресің. Заманның неғұрлым ертедегісіне қарай бара берсең, солғұрлым елдің шикі, надан кезіне таяна бересің. Батырлар әңгімелерінің неғұрлым бергі заманда шыққанын алып қарасаң, солғұрлым ол әңгіменің «кереметтері» де аз бола береді, шындыққа жақын бола береді және солғұрлым бертінгі заман батырларының жа 18 Ахмет Байтұрсынұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-том. – А., 2003. – 289-б. 19 Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Қызылорда, 1932. Қайта басылуы: С.Сей фуллин. Шығармалары. 6-т. – А., 1964. Біз соны пайдаландық. 20 «Жаңа мектеп», 1926, №6. 21 Сейфуллин С. Көрсетілген еңбегі. – 168-169-б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР ратылыстары да «кереметсіз» бола береді»22. С.Сейфуллин нің бұл сөздерінен біз оның тарихи жыр жанрының кейбір ерекшелігін объективті түрде (тарихи жыр деп атамаса да) байқай білгенін аңғарамыз. Қазақ халық әдебиетін біршама зерттеген С.Мұқанов та тарихи жырды батырлық эпостан бөліп қарамаған. Ол өзінің батырлар жырына арналған мақалалары23 мен ХVІІІ ғасыр әдебиеті тарихы туралы жазғандарында24 эпостың тарихи оқиғаларға негізделетінін дұрыс айтқан. «Батырлар жыры, негізінде, ел қорғау, Отан қорғау тілегінен туған, халықтың жүрегіне жағатын, сүйетін жырлары»25,—деп өте орынды ай тады. Және олардың тууына себеп болған басты-басты тарихи оқиғаларды атап өтеді. Олар: татар-монғол басқыншылары мен және алтынордалықтармен күрес, қалмақ шапқыншыла рына қарсы соғыс. Автор ХVІІІ ғасырдағы қалмақтарға қарсы соғысқа байланысты туған шығармаларды батырлар жырына қосады. Қазақ фольклортануына зор үлес қосқан білікті маман дардың бірі—Ә.Марғұлан да тарихи жырды батырлық эпос құрамында қарастырған. «Қазақ эпосының сипаты мен та рихи шарттылығы жайлы» деп аталатын еңбегінде ол ба тырлар жырының шығу тарихын зерттей отырып, жырлар ды бес кезеңге бөледі. Соның ішінде кейінгі дәуірлерде туған шығармалар ретінде төртінші және бесінші кезеңге—ХVІІХVІІІ және ХІХ ғ. туған тарихи жырларды жатқызады. Мыса лы, төртінші кезең қалмақ шабуылдарының тұсы. Бұған ХVІІХVІІІ ғасырдағы «Құба қалмақ», сол замандарда өмір сүрген Олжабай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы жырлар жата ды десе, бесінші кезеңге қазақтардың ХІХ ғасырдағы хан, сұл тандарға, патшаға қарсы күресін көрсететін Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет туралы жырлар енеді деп есептейді26. Соны мен бірге ғалым кейінгі кезде, яғни ХІХ ғасырда туған жырлар 22 Сонда, 180-181-б. 23 Мұқанов М. Өсу жолдарымыз. – Алматы, 1960; Халық мұрасы. – Алматы, 1974; Мұқанов С. Қазақ әдебиеті. Хрестоматия. – Алматы, 1938. 24 Сонда. 25 Сонда. 26 Маргулан А. О характере и исторической обусловленности казахского эпо са // Известия Каз ФАН СССР. Серия историческая. 1946. № 2.
тарихи жырлар хақында да тарих іздері айқын екенін көрсетіп, ендігі жерде тарихи өлең пайда бола бастайды деген болжам айтады. Тарихи жырларды арнайы зерттеген ғалымдарымыздың бірі—Қ.Жұмалиев27. Ол тарихи жырды кейде «тарихи поэ ма» деп атап, терминді атауда дәлдіктен біраз ауытқып кет кен. Әйткенмен де Қ.Жұмалиев тарихи жырдың өзіндік жанр екенін аңғарып, оның жанрлық өзгешеліктерін, әсіре се батырлық эпостан айырмашылықтарын дұрыс көрсеткен. Мәселен, батырлық эпоста оқиғаның жалпы, ұлы сорабы ғана сақталып, шын болған оқиға өте көмескіленіп, оған әртүрлі қиял-ғажайып нәрселер араласып келіп отырса, тарихи жыр ларда әлі де болса ізі суымаған оқиғалар да, оған қатысушы адамдардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиялғажайып элементтері мейлінше аз ұшырасады. Ғалымның сөзімен айтсақ, «бұл екеуінің негізі бір, екеуінің де түбінде тарихи уақиға жатады. Бірақ эпостық жырлардың қаһармандарды атса оқ өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін, суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін қасиеттері бар және Ба бай түкті шашты Әзиз, қырық шілтен тәрізді бағып жүретін иелері бар адамдар болып суреттелсе, тарихи жырлардың қаһармандары олардай емес, ер жүректі, күш-қайраты мол, оқ өтіп, қылыш кесетін жәй адамдар. Тарихи жырлардың уақиғалары да осы тұрғыдан құрылады. Тілі жағынан алғанда да, батырлар жырлары мен тарихи жырлардың айырмашы лығы бар»28. Қ.Жұмалиев сонымен бірге тарихи жырларды шығарушы мен жырлаушылардың кім екенін, қай таптың өкіліне жата тынын жіті байқау керек екенін ескертеді. Батырлық эпостан гөрі тарихи жырда ақындар мен орындаушылардың өзінің дүниетанымына байланысты, өзінің таптық тілегіне қарай жамаған қоспалары көбірек болатынын айтып, бұл жанрды зерттегенде осы жағын да айрықша есте тұту қажеттігін атап көрсетеді. Тарихи жырды көп уақыт зерттеп, құнды еңбектер жазған ғалым Е.Ысмайылов болды. Ол бұл жанрға ауық-ауық кө ңіл бөліп, бірнеше зерттеу жұмыстарын жазды және оның әр 27 Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы, 1958. 28 Сонда. – 220-221-б. 2-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР қайсысында тарихи жыр туралы өз пікірлерін толықтыра, тереңдете түсті. Айталық, өзінің 1930-жылдардың аяғында эпикалық жанрға арнап жазған бір29 мақаласында ғалым тари хи жырды батырлық эпосқа қосады. Ол батырлар жырын дәуір лей отырып, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ-қалмақ арасы ның қарым-қатынасына байланысты туған батырлар жыры деп Есім хан, Қабанбай, Олжабай, Бөгенбай, Арқалық, Алатай, Қаратай т.б. туралы шығармаларды айтады. Осы қатарға ға лым ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы на байланысты туған батырлар жыры ретінде Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет, Жанқожа, Досан, Сұраншы, Сыпатай т.б. жайындағы жырларды енгізеді30. Ал енді кейінде жазған еңбегінде Е.Ысмайылов тари хи жырды жеке жанр ретінде қарастырып, оның жанрлық ерекшелігін анықтайды және ол шығармаларды хроноло гиялық принциппен саралайды31. Мысалы, зерттеуші қазақ тың тарихи жырларын төрт дәуірге бөлуді ұсынады: а) орта ғасырда, ә) ХVІІІ ғасырда, б) ХІХ ғасырда, в) ХХ ғасырда туған шығармалар. Автор өзі ұсынып отырған әр дәуір шығармаларына тән сипаттарды белгілейді. Әсіресе ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезінде туған тарихи жырларға айрықша мән береді. Бұл дәуір—патшалық Ресейдің отаршылдық, қанаушылық қысымына деген халық қарсылығының кү шейіп, 1905 жылғы революция мен 1916 жылғы уақиғалар дәуірі еді. Міне, мұның бәрі сол кезде туған халық шығарма ларының өзіндік ерекшелігін құрайтын тың белгілер. Е.Ысмайылов, сөз жоқ, осыларды ескергендіктен де ХХ ғасырдың бас кезіндегі тарихи жырлар мен өлеңдерді дәйекті түрде зерттеуге ден қойды. Ол қазақ ғалымдарының ішінде осы дәуірдегі тарихи фольклорлық шығармаларды ал ғаш зерттеушілерінің бірі болды. Ғалым 1939 жылы «Аман келді халық әдебиетінде»32 атты мақала жазды, 1940 жылы «1916 жыл» атты жинақ шығарды33, оның кіріспе сөзін 29 Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қоры (ОҒКҚҚ ). 131-папка 30 Сонда. 31 Исмаилов Е. В поисках нового. – Алма-Ата, 1967. – С. 189-227. 32 Социалды Қазақстан, 1939, 18-март. 33 1916 жыл (жинақ). Редакциясын басқарғандар: Д.Сқақов, Е.Ысмайылов, Ә.Сәрсенбаев. – Алматы, 1940.
тарихи жырлар хақында жазды. Бұл еңбектерінде Е.Ысмайылов зерттеліп отырған шығармаларды идеялық және тақырыптық жағынан алып тал дады да, оның жанрлық мәселелеріне тереңдеп бармады. Рас, кейінгі кездерде жазған зерттеулерінде ол бұл мәсе лелерді нақтылы талдап қарастыратын болды34. Мысалы, ол 1916 жылғы көтеріліс туралы шығармаларда жанрлық біркелкіліктің жоқтығын анықтады. Мұнда үлкен эпикалық жыр да (көбінесе дастан деп атайды), тұрмыс-салт жырлары да (қоштасу, көңіл айтып жұбату, жоқтау), сәлем хат пен толғау өлеңдерінің де ұшырасатынын айтады. Автор бұл жанрлардың көтерілістің әр кезеңіне сәйкес туып отырғанын байқаған. Мысалы, көтерілістің бірінші кезеңін суреттейтін шығармалар көбінесе толғау түрінде болып келеді. Екінші кезең ұрыс, шайқас кезін көрсететін ерлік жырларды ту ғызған. Үшінші кезеңде көтерілістің жеңілуіне байланыс ты қайғылы, мұң-шер өлеңдері басым. Ал эпикалық үлкен шығармалардың туа бастауы кейінірек, көтеріліс басылып, арада біраз уақыт өткен соң шыққанын Е.Ысмайылов орын ды атап көрсеткен. Ғалымның бұл тұжырымдарын қолдай отырып, мынаны айту керек. Біріншіден, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалардан тарихи жырдың қалыптасу процесін көруге болады. Көтеріліс жүріп жатқан кезде көлемі жағынан шағын, бірақ оқиғаны баяндауы толық, қызықты өлеңдер туды. Ал көтерілістен біраз уақыт кейін бұл шығармалар іріктелді, кейбір маңыздыларының негізінде көлемі үлкен жырлар пай да болды, сол көтеріліске қатысқан талантты ақындар қомақты тарихи жырлар шығарды. Ал бұл жырларды зерттеушілеріміз, көбінесе, «эпикалық дастандар» деп атап жүр. Біздіңше, бұл термин дәл емес сияқты. Рас, көтерілістен көп кешікпей туған бұл шығармалар бұрынғы тарихи жырдан гөрі өзгешелеу. Мұнда, біріншіден, оқиға ізі әлі суымаған, сондықтан көркемдеу мен әсірелеу жағы аз; екіншіден, біразының авторы белгілі, демек, онда ақынның творчестволық ізі, даралығы бар; үшіншіден, үлкен шығармалар ел арасына ауызшадан гөрі жазбаша күйінде 34 Ысмайылов Е. 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. 1-кітап. – Алматы, 1960. – 621-670-б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР көбірек таралды. Соның салдарынан онда фольклорға тән си паттар оқшау көрінбейді; төртіншіден, бұл шығармалар туған дәуір бұрынғы заман емес. Міне, осының бәрі, сөзсіз, ескерілуі керек. Демек, 1916 жлғы оқиғаларға байланысты туған үлкен шығармалар таза тарихи жырға толық айналмаған. Олай болса, оларды эпикалық демей, «батырлық дастан» десек дұрыс болар. Бірақ дастан жанрының табиғаты басқа. Міне, бұл мәселелер де ғылыми дәйекті шешімін күтуде. Тарихи жыр Н.С.Смирнованың да еңбектерінде біршама зерттелді. Бізге жеткен, әрі хатқа түскен тарихи жырлардың басым көпшілігі ХVІІІ ғасырда болған оқиғалар туралы. Міне, осыны ескерген Н.С.Смирнова алғашқы еңбектерінде оларды ХVІІІ ғасырда туған батырлық эпос деп қараған-ды35. Ал кейінгі кездерде жазған жұмыстарында ғалым ХVІІІХІХ ғасырларда болған оқиғалар туралы көлемді үлкен шығармаларды «тарихи эпос» деп атап, қазақ фольклорын да тарихи жыр өз алдына дербес жанр деген қорытындыға келеді. «При изменении устно-поэтической традиции укоре няются новые разновидности эпоса. Одну из них можно на звать «историческим эпосом». Это—поздняя промежуточная форма между собственно эпосом и исторической песней»,36— деп жазады ғалым. Бұл жерде анықтап алатын жағдай—қазақ тіліндегі «жыр» терминін орысша қалай беру керек деген мәселе. «Эпос» деп пе, әлде басқаша атау керек пе? Батырлық жырды «героический эпос» дегенде, «тарихи жырды» неге «исторический эпос» де меске? Негізі, «эпос» деген сөз «батырлық» деген сөз емес қой. Бұл көлемді жыр мағынасын береді. Демек, «жырды» орысша «эпос» деуіміз дұрыс, ал оның түрін бірде батырлық, бірде тари хи эпос деп атауға болады. Басқаша айтқанда, батырлық жыр да (эпос), тарихи жыр да (эпос) өмірде болған оқиға негізінде шыққан ғой. Бірақ біріншісінде батырлық пен көркемдік әсірелеу басым да, екіншісінде шындық жағы, факті мен оқиға 35 Смирнова Н.С. Проблема исторического и эпического в казахской литера туре ХVІІІ в. // Вестник АН КазССР, 1948, № 5; Смирнова Н.С. Еще раз о про блеме исторического и эпического в казахском эпосе ХVІІІ в. // Вестник АН КазССР, 1949, № 1; Смирнова Н.С. Очерки казахской литературы ХVІІІ в. Ав торефер. на соиск. учен. степени докт. филолог. наук. – Алма-Ата, 1951. 36 История казахской литературы. Т. 1. – Алма-Ата, 1968. – С. 88.
тарихи жырлар хақында
жағы басым. Оның үстіне екеуі—эпос жанрының дамуындағы
екі саты. Н.С.Смирнова дұрыс айтады: тарихи жыр—екі ара
лық жанр, яғни тарихи өлең мен батырлық жырдың арасында
ғы өткел.
Олай болса, Н.С.Смирнованың алғаш кезде тарихи жыр
ды кейінгі дәуірде шыққан эпос (кенже эпос) деп тануынан
бас тартып, зерттей келе М.Әуезов айтқандай оны жеке жанр
деп есептеуі әбден орынды. Тек, Н.С.Смирнова пікірінің бір
өзгешелігі—тарихи жырды екі аралық жанр деп қарауы.
Н.С.Смирнова сондай-ақ тарихи өлеңді де жеке қарасты
рады. Бірақ ол кісінің пікірінше, қазақ фольклорында
бұл жанр өте кеш туып, ХІХ ғасырда пайда болған және
толыққанды жанр болып әзірше қалыптаса қоймаған37. Біз
діңше, бұл тұжырым әлі де анықтап зерттей түсуді қажет
етеді. Себебі бұл ұстаным бойынша (орыс және Еуропа фольк
лористикасында) тарихи өлең фольклор ішіндегі ең кенже
қалған жанрдың бірі, яғни кейінгі дәуірлерде, нақтылап
айтқанда, мемлекеттің пайда болу кезеңінде туған жанр.
Алайда, түркі халықтарының материалдарына қарағанда,
тарихи өлең өмірдің әр кезеңінде болатын ірілі-ұсақты мәні
бар оқиғалардың тұсында немесе дереу солардың артынша
туатын шағын шығарма: сол себепті тарихи өлең әр ғасырда,
әр дәуірде туа береді. Ал оның ішіндегі маңыздылары тарихи
жырға айналып, ұлғайып отырады.
Тарихи жырға 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті
нің тарихы» кітабында арнайы үлкен бөлім берілген38. Бөлім
нің кіріспесінде тарихи жырлар туралы түсінік бар, онда бүкіл
тарихи фольклор жөнінде айтылып, тарихи өлең, жыр, аңыз
жайында сөз болады және фольклордың тарихқа көзқарасы,
яғни тарих пен фольклордың ара-қатынасы біршама айқын
далып баяндалады. Рас, сол кезеңдегі тұжырым бойынша автор
(Б.Кенжебаев) фольклор терминінің орнына «ауыз әдебиеті»
ұғымын қолданады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін кейбір
зерттеушілер осы екі ұғымды шатастырып жүр. Дұрысында,
«ауыз әдебиеті» деп қазіргі ғылымда авторлық шығармаларды,
яғни жыраулар мен ақындардың ауызша шығарып, ауызша
37 Сонда, 91-б.
38 Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. – А., 1948. 300-358-бб.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
орындаған, ауызша таралған туындыларын тану орныққан. Ал
фольклорға ел есінде сақталып жеткен, авторы жоқ, ұмытылған
шығармалар жатады. Оны кейде «халық ауыз әдебиеті» деп те
атайды.
Сонымен, 1948 жылғы «Қазақ әдебиетінің тарихына» ора
лайық. Онда былай делінеді:
«Тарихи жырлар, тарихи аңыз әңгімелер дегеніміз—ха
лықтың өмірінде бұрын-соңды болған, саяси-әлеуметтік мәні
зор тарихи оқиғалар, істер жөніндегі, бұрын-соңды тарихта
шын болған көрнекті адамдар жөніндегі ауызша шығарылған
өлең-жырлар, аңыз әңгімелер»39. Бұдан байқайтынымыз—
тарихи жырдың нақты бір оқиғаға негізделетіні. Бұл жайында
Б.Кенжебаев былай деп жазады: «...көп реттерде тарих пен ауыз
әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы болып
келеді... Бірақ осымен қатар, тарих пен ауыз әдебиеті бірдей
емес екенін де ескеру қажет. Тарихшы болған оқиғаны тыңнан,
ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта болғанынша тексеріп, тал
дап айтып береді. Ол үнемі тарихтық нақтылы материалдарға
сүйенеді, айтылған ойын, пікірін солармен дәлелдейді. Ал
ауыз әдебиеті, ақын, жырау болған оқиғаның, тарихи адамның
өмірбаяны мен істеген ісінің сүрлеуін, ізін, желісін ғана алады.
Басқасын өзінің қиял дүниесінен шығарады, суретпен, перне
мен, бейнемен айтып дәлелдейді.
Ауыз әдебиеті тарихи оқиғаны, тарихи істі зерттеу тілімен
айтпай, көркем әдебиет тілімен айтып береді. Тарихи шын
дықты көркем шындыққа айналдырып айтады деген сөз»40.
Өте орынды, дұрыс айтылған пікір. Автордың бұл ойы тек
тарихи жырға ғана емес, бүкіл фольклорға, тіпті күллі көркем
әдебиет пен өнерге де қатысты. Тарихи шындықты, болмысты
фольклор да, көркем әдебиет те, өнер де сол күйінде бейнеле
мейді, әсіресе фольклорда өткен заман оқиғалары тұтастануға
түсіп, бір дәуірге шоғырланады, сондықтан әр шығармадан
нақты болған істі, фактіні іздеуге болмайды. Фольклорда уақыт
тұйықталады, кеңістік жиырылады, іс-әрекеттер әсіреленеді...
Осыны ескермеген зерттеуші өткен ғасырдағы ғылымда орын
алған «тарихи мектептің» қателігіне ұрынары сөзсіз. Жалпы,
39 Сонда.
40 Сонда.
тарихи жырлар хақында фольклордың көпсатылы, көпқабатты, көпфункциялы рухани ят екенін ұмытпаған жөн. Сөз болып отырған кітапта тарихи жырлардың үлгісі ретінде Абылай туралы жырлар мен әңгімелер, Сырым жөніндегі аңыз әңгімелер, Кенесары, Наурызбай туралы жыр лар, әңгімелер, «Жанқожа батыр», «Бекет батыр», «Досан ба тыр» атты дүниелер қаралып, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлардың бейнесі жеке-жеке талданады. Сондай-ақ «1916 жылғы көтеріліс туралы халық әдебиеті» де ген тарауша бар. Ал, 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тари хында» тарихи жырлар үш топқа бөлініп, қарастырылған: ХVІІІ ғасырдағы тарихи өлең, аңыз-әңгімелер және жыр сарындары (авторы Н.Смирнова); ХІХ ғасырдағы тарихи жырлар, Жанқожа батыр жайындағы жырлар, Бекет батыр жайындағы жырлар, Досан батыр жайындағы жырлар (авторы Б.Шалабаев), 1916 жылғы көтеріліс туралы халық поэзиясы: Революциялық тарихи жырлардың туып дамуы, Аманкелдінің ерлік тұлғасы, Бекболат және халық трагедиясының бейнесі, Майдан өмірін суреттеу, көтеріліс туралы лирикалы жырлар (авторы Е.Ысмайылов).41 Бұрынғы, 1948 жылы шыққан, әдебиет тарихына арналған кітаппен салыстырғанда, мына еңбекте тарихи жырдың құрамы бірталай өзгеріске түскен. Мұнда, біріншіден, Абы лай, Сырым туралы шығармалар жеке бөлінбей, атүсті ғана сөз болады; екіншіден, Кенесары, Наурызбай жайындағы жыр лар жоқ; үшіншіден, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай батырлардың бейнелері мүлде талданбаған. Көңіл бөліп айтатын нәрсе сол—екі кітапта да тарихи жыр, аңыз, өлең аралас қарастырылады және тарихи жыр тек ХVІІІ ғасырда ғана пайда болып дамуға түсті деген тұжырым ұсынылған. Тарихи жыр мен батырлық эпос жырларын саралап зерттеу ісін ұсынғандар қатарында Б.Кенжебаевты да айту қажет. Ол эпос пен тарихи жырдың айырмасы бар екенін, бұл екі жанр дың шығу дәуірі мен жаратылысының өзгеше екенін айқын түсініп, өз ойын «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты 41 Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. 1-кітап. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1960. 579-670-бб.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР кітабында жүзеге асыруға тырысқан42. Өзінің бұрын-соңды жазған еңбектерінде ол жалғыз тарихи жырды ғана емес, тарих іздерін анығырақ сақтаған әңгімелер мен аңыздарды да қамти отырған. Ғалым Абылай, Сырым атына байланысты тарихи жырлар ды талдап, олардың тарихи шындықпен арақатынасын ашуға талпынған. Осы негізде ол тарих пен халық әдебиеті нақпанақ болмайтынын байқайды. Тарихи оқиға фольклорлық шығармада, әсіресе жырда, көркемделіп бейнеленетінін, тіпті әсіреленіп көрсетілетінін айтады. Б.Кенжебаевтың тарихи фольклорлық шығармаларды зерттеу жұмыстарының ішінде 1916 жылғы көтеріліске бай ланысты туған халық поэзиясына арналған ғылыми еңбегінің орны бөлек43. Зерттеуші алдымен тарихи оқиғаға тоқталып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тек Қостанай, Торғай мен Жетісу өлкелерінде ғана емес, Қазақстанның барлық аймағын да болғанын нақты мысалдармен дәлелдейді, тың туындылар тауып, ғылыми нақты талдаулар жасайды. Ғалым қаралып отырған кездегі халық поэзиясы ежелгі батырлық эпос пен кейінгі тарихи жыр дәстүрлерін жалғасты рады деген ой айтқан. Б.Кенжебаев 1916 жылғы халық поэзия сы өзінің жанрлық құрамы жағынан өте бай екенін аңғарып, онда мынадай жанрлардың кездесетінін анықтайды: дастан, ерлік және лирикалық өлеңдер, арнау, үндеу, сәлем хат, мұңшер лирикасы. Автордың ойынша, арнау, үндеу, сәлем хат— халық поэзиясында жаңа туған соны жанрлар. Осылардың ішінде, «тарихи өлең» деп арнайы бөлмесе де, Б.Кенжебаев шағын өлеңдерді өз алдына дербес алып қарастырады. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған фольклор лық шығармалар туралы кандидаттық диссертация жазған М.Жармұхамедов тарихи өлеңдерді жеке дара бөлмей, оларды тұтас лирикалық өлең деп есептейді44. Автор оларды мазмұн дық сипаттарына қарай үгіт-насихат, қоштасу, жоқтау және сәлем хат өлеңдер деп топтайды. Сонымен қатар зерттеуші толғаудың жаңа түрлері пайда болғанын айтады. Жалпы, 42 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы, 1973. 43 Кенжебаев Б. 1916 жылғы көтеріліс жырлары туралы. – Алматы, 1956. 44 Жармухамедов М. Восстание 1916 года в казахской народной поэзии. Авто реф. на соиск. учен. степени канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1962.
тарихи жырлар хақында М.Жармұхамедов бар назарын 1916 жылғы көтеріліс туралы өлеңдердің идеялық мазмұнын зерттеуге аударады. 1916 жылғы көтеріліс жайындағы халық ауыз әдебиетін Х.Ищанов та зерттеді45. Ол поэзиялық шығармаларды лири калық өлең жанрына жатқызып, онда тарихи сипат басым екенін қоштайды. Автордың әсіресе мән бере зерттегені—сәлем хат, қоштасу және жоқтау үлгілері. Тарихи жырға орысша шыққан «Қазақ әдебиетінің тари хында» арнайы тараулар берілген. Бұл томда тарихи жырды кейінгі дәуірде туған эпос, ал тарихи өлең ХVІІІ ғасырда ғана пайда бола бастады деген пікір бар46. Шын мәнісінде олай емес. Өйткені, біздіңше, тарихи өлең—көне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан жанр. Халық басынан өткен оиғалардың барлығы да тарихи өлең туғызып отырған. Бірақ сол өлеңнің көбісі біздің дәуірімізге дейін түгел жетпеген. Оның үстіне тарихи өлеңнің бірте-бірте басқа жанрға—тарихи жырға, одан батыр лар жырына айналып кететінін де ескеру керек. Әйтпесе, со нау түркілер мен қызылбастар, қараханидтер мен моңғолдар, қалмақтар мен қоқандықтар дәуірінде болған оқиғалар та рихи өлең туғызбады дейсіз бе? Жоқ, туғызды. Бірақ оның біразы ұмытылды, біразы Алпамыс, Қамбар, Тарғын сияқты батырлар туралы жырлардың ішінде жүр. Олай болса, мәселені басқаша қою керек. Орыс тіліндегі әдебиет тарихында бұл мәселе дұрыс шешілмеген. Мысалы, ХІХ ғасырдағы Бекет, Жанқожа, Досан көтерілістері туралы шығармаларды автор лар тарихи өлең дейді де, ал ХVІІІ ғасырдағы Қабанбай, Олжа бай, Есім, Абылай аттарымен байланысты шыққан жырларды кейінгі дәуірде туған эпос деп атайды. «В ХVІІІ в. начинает складываться новый жанр казах ского фольклора—историческая песня. Она качественно отличается от героического эпоса. Эпос выдвигает идеаль ные нормативы, его герой—воплощение их. Таков, напри мер, Олжабай—герой одноименного эпоса»47,—деп жаза 45 Ищанов Х. 1916 жыл және халық поэзиясы. – Алматы, 1958. 46 История казахской литературы. Т. 1. – А-А., 1968 (ХҮІІІ және ХІХ ғ. тари хи шығармаларға арналған бөлімдерді жазған С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов; ХХ ғасырға арналған бөлімнің авторы Е.Ысмайылов). 47 История казахской литературы. Т. 1. – А-А., 1968. – С. 300-301.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
ды зерттеушілер. Осы ретке Абылай, Қабанбай, Бөгенбай,
Өтеген т.б. туралы шығармаларды да жатқызады. Сонда Бе
кет, Жанқожалар туралы жырлар неге эпосқа жатпайды де
ген заңды сұрақ туады.
Біздіңше, ХVІІІ ғасырдағы оқиғалар мен қайраткерлер ту
ралы шығармалар өзінің жанрлық даму барысында тарихи
жыр деңгейінен біршама өтіп, батырлық эпосқа жақындаған.
Ол түсінікті де, өйткені бұл шығармалар жазылып алынғанда
болған оқиғадан бір ғасырдан астам уақыт өтіп кеткен еді. Жә
не ол дәуірде фольклордың, әсіресе эпостың дәстүрі өте күшті
болатын.
Ал Бекет, Досан, Жанқожа туралы шығармалар тарихи жыр
қалпында хатқа түскен, олар ол деңгейден өтіп үлгірмеген. Рас,
ХVІІІ ғасырдың да, ХХ ғасырдың да тарихи жырлары жанрлық
құрамы жағынан біркелкі емес: онда көптеген жанрлар ара
ласып, ұштасып жатыр.
Тарихи өлең жанрын арнайы зерттеген ғалым—Б.Уахатов.
Ол өзінің 1974 жылы шыққан «Қазақтың халық өлеңдері» де
ген монографиясының бір тарауын тарихи өлеңдерге арнаған.
Ғалым бұл жанрдың тарихи жырдан айырмашылығын өте
дұрыс атап көрсетіп, оның жанрлық анықтамасын белгілейді.
«Шынында да,—деп жазады ол,—тарихи өлеңдердің шағын
түрлерінің көлемі қысқа, эскиз секілді болып келеді де, ұзын-
сонар оқиғаның ішінен тек сол өлеңнің идеясын ашарлық
сәттерді ғана даралап көрсетеді»48. «Тарихи деректерге сай
болған оқиғаны сол болған күйінде көрсетіп, нақтылы сурет
жасайды»49.
Тарихи өлеңнің жанрлық сипатын айта келіп, автор оны
лирикалық өлеңдерден шыққан деген пікірге тоқтайды. Алай
да тарихи өлеңнің лирикаға жақын екені рас, онда лиризмнің
болатыны да хақ, бірақ бұның бәрі тарихи өлеңді лирикадан
шықты деуге дәлел бола алмайды. Себебі тарихи өлең болған
оқиғадан соң араға көп уақыт салмай-ақ дүниеге келіп жата
ды, демек ол жанр ретінде лирикалық өлеңсіз-ақ туады. Бұл
жерде анықтап алатын бір нәрсе: тарихи өлең эпикалық түрге
жата ма, әлде лирикалық түрге жата ма? Міне, осы тұста та
48 Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974. – 247-б.
49 Сонда. – 248-б.
тарихи жырлар хақында
рихи өлең мен тарихи жырдың айырмашылығы көзге айқын
түседі.
Тарихи жыр өзінің поэтикасы, орындалу мәнері, тіпті маз
мұны жағынан да эпикалық түрге жатады. Ал, тарихи өлең
де лирикалық сипат болғанымен, бірақ ол лирикалық өлең
емес.
Сонымен, тарихи жыр мен тарихи өлең жанрларын зерт
теген ғылыми еңбектерге жасаған шолудан шығатын қоры
тынды мынадай.
Қазақ фольклорының құрамында «тарихи жыр» және «та
рихи өлең» деген екі жанр бар екені дау туғызбайды. Алай
да, оларды зерттеуде мұндай біркелкілік жоқ. Ғылымда
олардың ара жігі әлі толық ажыратылып болмаған. Соның
салдарынан зерттеушілер тарихи жырға көп көңіл бөліп, та
рихи өлеңдерді әлі арнайы сөз ете алмай жүр. Бұл жанрлар
жеткілікті зерттелмегендіктен жоғары оқу орындарына ар
налған оқулықтарда да лайықты дәрежеде қамтылмай жүр.
Оның үстіне тарихи жырдың да, тарихи өлеңнің де жанрлық
табиғаты әлі толық зерттелмей жүр десе де болады. Сол себепті
кейбір фольклористеріміз «тарихи жырды кейінгі дәуірде
туған эпос» деп, кейбір зерттеушілеріміз «кенже эпос» деп
қарастырып жүр.
Ал, шындығына келсек, қазақ фольклорында «тарихи
жыр» да, «тарихи өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дер
бес жанрлар. Бұл—қазақ халық әдебиетінің өзіндік дара
сипаттарының бірі.
Тарихи өлең—өмірде болған, нақты оқиғалар мен адамдар
ға арналған шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шы
ғармалар. Тарихи өлең, әдетте, оқиғаның ізі онша суымай тұр
ғанда, фактілер ұмытылмай тұрғанда туады да, онда шындық
іздері басым жатады. Сонымен бірге тарихи өлеңде көркемдік
те бар, әрі лиризм де кездеседі.
Тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде туып отыра
ды, яғни бұл—елгезек (оперативтік) жанр. Сондықтан тари
хи өлең—өте ескі жанрлардың бірі. Мәселен, бүкіл түркі ха
лықтарының эпикалық жыр түріне айналып үлгерген тарихи
өлеңдерінің ең көне үлгісі—Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк т.б.
туралы Орхон-Енисей маңынан табылған шығармалар деуге де
болады. Ал ең кенже, өмірге жаңа келген нұсқалары деп Ұлы
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Отан соғысында туған бір нақты оқиғаға байланысты айтылған
шағын өлеңдерді атауға болады. Демек, тарихи өлең әрбір
үлкен айтулы оқиға сайын өмірге тұрақты түрде келіп тұратын
жанр. Оқиға болып жатқан кезде, немесе дереу соның артынша
туған тарихи өлеңдер бірте-бірте, араға біраз уақыт салып ба
рып шоғырланып, белгілі бір циклге топталып, жырға айнала
бастайды. Оны жырға айналдырушылар—сол оқиғаның ішінде
болған, немесе оны жақсы білетін өте қабілетті ақын, жыршы
лар.
«Тарихи жыр» терминінің аумағын кеңірек мағынада
түсінетін болсақ, оған ел тарихының, халық өмірінің маңыз
ды кезеңдеріне арналған эпикалық, сондай-ақ бірен-саран
лиро-эпикалық шығармалар жатады. Әрине, тарихи жыр
көркем шығарма болғандықтан тарих фактілері мен деректері
онда көркемделіп, біршама өзгертіліп көрсетіледі. Тарихи
жыр—түптеп келгенде батырлық жыр мен тарихи өлеңнің
аралығындағы жанр. Тарихи өлең әңгімеленіп отырған оқи
ғаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез-ақ тарап кетеді.
Кейін сол әр өлеңде айтылған оқиғалардың негізінде көлемді
шығармалар туады. Олар бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға
айналады және оған көптеген тарихи шағын өлеңдер енеді.
Содан барады да үлкен, эпикалық тарихи жыр пайда болады.
Ал араға көп уақыт салып барып, аса бір үлкен оқиғаға байла
нысты ол батырлық жырға айналады. Бізге жеткен көптеген ба
тырлар жырының даму жолы осындай. Әрине, бұдан батырлық
жырдың бәрі тек осылай дамиды екен деген ой тумауы керек.
Батырлық эпостың құрамында миф, аңыз, ертегі элементтері
өте көп. Кейбір эпос тек солардан тұрады.
Ал Абылай, Есім, Қабанбай, Олжабай туралы шығармалар
батырлық эпосқа толық айналып үлгермеген, бірақ оның поэ
тикасын бойына сіңірген тарихи жырлар. Батырлық эпос үшін
шындық өмірді және ғаламат оқиғалар мен алып батырлар
дың керемет ерлігін тек қана гиперболалық тәсілмен әсірелеп
көрсету—үлкен идеялық әрі эстетикалық мұрат саналады.
Эпостық тәсіл бойынша бұрын-соңды болған оқиғалар бір
адамның бойына таңылып, олардың кәдуілгі қимыл-қайраты
зор ерлік, асқан батырлық дәрежесіне көтеріле суреттеледі.
Мұндай эпикалық эталондар көптеген жылдар бойы қалып
тасады. Сол себепті эпоста көрсетілгеннің бәрі мүмкіндігінше
тарихи жырлар хақында кең диапазонды, монументальды сипатта суреттеліп, үлкен қорытындылар жасалады. Ал тарихи жырда идеялық-эстетикалық мұрат сәл өзге шелеу: мұнда үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне, бұқа ра қауымнан өзінің қайратымен, жүректілігімен, ақылымен дараланып шыққан кәдімгі қарапайым адамдарға мән бері леді. Бірақ олар, яғни жеке факті де, адам да жалпы тари хи жағдайдан бөлек алынбайды. Тіпті тарихи жырдың бүкіл мазмұнының өзі сол заманның оқиғаларынан туып, өрбіп жа тады. Рас, қазақ тарихи жырларында батырлық эпостың көпте ген элементтері бар, бірақ олар әлі таза қаһармандық эпос емес. Демек, біз «қазақ фольклорында басқа жанрлар сияқты тарихи жыр бар» деп қарауымыз керек. Оны «кенже эпос» деу де дұрыс емес. Ол—қазақ фольклорының өзіндік ерекше белгісінің бірі. Тарихи жырдың кенже эпос емес екендігіне тағы да бір дәлел ретінде мынаны айтуға болады. Батырлар жырының негізгі мазмұны—қалмаққа қарсы соғыс. Та рихи жырдың да мазмұны—сол. Демек, қазақ пен қалмақ арасындағы соғысты көрсету үшін тағы да бір топ батырлық эпос жасаудың керегі бар ма еді? Мұны жасап үлгірерліктей уақыт та болған жоқ. Мәселе мұнда басқаша болу керек. Абылай, Олжабай, Қабанбай т.б. туралы жырлар ХVІІІ ғасырдың өзінде пайда болмай, бұл тұста тек шағын өлеңдер мен аңыз-әңгімелер ғана туған. Айталық, «Қап қағылған», «Қаратаудың басы нан көш келеді», «Қалмақ қырылған» сияқтылар. Сол тә різді Абылай туралы, оның батырлары жайында да әртүрлі аңыз, әңгіме, өлеңдер шыққаны даусыз. Шоқан жазып алған «ХVІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар»50 мен басқа жырлар осының айғағы. Шоқан бұларды ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазып алғанын және олардың өзі бір неше бөлшектен тұратынын ескерсек, бұл шығармалар оқиға дан көп кейін пайда болғанын көреміз. Мәселен, қай жырды алсақ та, баяндалатын оқиға мен бейнеленетін кейіпкерлер дің ертеде өткені атап көрсетіледі. Міне, «Қабанбай» жыры ның басталуы: 50 Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Т.5. – Алма-Ата, 1961. – С. 220-228.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР Жарандар, иманыңнан күдер үзбе, Айтамын аз мәселе енді сізге... Бұрынғы өтіп кеткен ер Қабанбай...51 Демек, мұндай эпикалық шығарма Қабанбай дәуірінен әл деқайда кейін туған. Қалмақ шапқыншылығы кезінде халықты ерлікке шақы ру идеяларын жыршылар ежелгі эпосты айту арқылы дамыт қан. Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлардың жаулары етіп қалмақтарды көрсеткен. Өйткені сол кездегі анық болған тарихи оқиғаларды, яғни қазақ пен қалмақ арасындағы қақтығыстарды ел ақындары әлі де көлемді жырға түсіріп үлгірмеген. Тек шағын өлеңдер мен әңгімелерді айтумен шектелген. Кейін ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде солардың басын қосып, мәнерлеп, әсірелеп, көркемдеп үлкен тарихи жырға айналдырған. Ол үшін жыршылар, сөз жоқ, бұрыннан белгілі батырлық эпостың көркем поэтикасын пайдаланған, соған сүйенген. Соның нә тижесінде тарихи жырлар соңғы бір-екі ғасырдың ақиқат шындығын бейнелейтін өзіндік тың құбылыс ретінде дүниеге келіп, халық әдебиетінің өз алдына дербес тума жанры болып қалыптасқан. Бүгінгі таңда қазақ фольклортану ғылымы тарихи жыр— ұлттық фольклорымыздың айшықты да өзіндік жанры еке нін дәлелдеп, оны теориялық тұрғыдан тереңдей зертте ген еңбектермен байи түскенін айту керек. Бұл істе, әсіресе 1979 жылы жарық көрген «Қазақ тарихи жырларының мә селелері» деген ұжымдық еңбектің маңызы үлкен болды.52 Атауынан көрініп тұрғандай-ақ, бұл кітап түгелдей тари хи жырға арналған, ал мұның өзі ол шақта онша құптала бермейтін тақырып болатын. Монография үлкен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ХVІІІ ғасырдағы тарихи жырлар қарастырылады. Бұл қатарға Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Олжабай, Өтеген, Арқалық секілді ба тырлар туралы шығармалар енген. Ал екінші бөлім ХІХХХ ғасырлар жырларына арналған. Мұнда Исатай-Махамбет, 51 Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. – А-А., 1972. – С. 263. 52 Қазақ тарихи жырларының мәселелері. – А., 1979.
тарихи жырлар хақында Досан, Бекет, Жанқожа, Сұраншы жөніндегі жырлар талда нады. Кітаптың ұтымды жағы деп тарихи жыр жанрының сипаты мен зерттелуін, тегі мен дамуын жеке қарастырған мақалалар дың болуы және халық музыкасындағы тарихи оқиғалардың бейнелену жағдайын баяндауы. Алайда, сонымен бірге еңбекте ХVІІІ ғасырдан бұрынғы замандарда пайда болған шығарма лар сөз болмайды. Мұның себебі—арғы дәуірлердегі жырлар ды зерттеуге рұхсат болмауы және ол материалдардың жабық жатуы еді. Соған қарамастан, осы еңбектен кейін зерттеушілер дің тарихи жырға деген ынтасы өсіп, жекелеген мақалалар жа риялана бастады. Тарихи жырды кең көлемде жинау мен жариялау әрі зерттеу жұмысы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін едәуір қарқын алды. Тарихи жырдың мәтіндері жеке-жеке том бо лып жарыққа шықты, ол томдарға арнайы кіріспе жазы лып, түсініктер берілді.53 Тарихи жыр жайында диссерта циялар қорғалып, монографиялық зерттеулер жазылды.54 Бұл еңбектердің қай-қайсысында да болсын тарихи жыр арнайы сөз болып, оның өзіндік және басқа жанрлармен ортақ белгілері, жекелеген шығармалардағы тарихилық пен фольклорлық элементтерінің ара-қатынасы анықтала түскен, сондай-ақ жарияланып отырған жырға сипаттама талдау берілген. Осы ретте Р.Бердібайдың «Абылай хан» атты жинаққа жазған «Абылайдың асуы», Ш.Уәлиханның «Тари хи жырлар» көптомдығының 1-томына жазған «Абылай хан туралы өлең-жырлар және тарих», Ш.Ыбырайдың «Тарихи жырлар» жинағының 3-томына жазған «Азаттық жыры» атты мақалаларын атау лазым. Ал Б.Абылқасым «Қабанбай батыр» атты жинаққа енген «Қабанбай батыр» атты жыры туралы» және «Қаракерей Қабанбай» деген екі мақаласында аталмыш жырдың варианттары жайлы қысқаша мәлімет 53 Қараңыз: Абылай хан. А., 1993; Тарихи жырлар. 1-том. Абылай хан. – А., 1995; Тарихи жырлар. 3-том. Кенесары-Наурызбай. – А., 1996; Ақжолтай Ағыбай батыр. – А., 2002; Б.Абылқасым. Қабанбай батыр. – А., 2005. т.б. 54 Қараңыз: Сәнік З., Садықанұлы Б. Қаракерей Қабанбай. – А., 1991; Сейітжанұлы З. Тарихи эпос. – А., 1994; Ибраһим Б.С. Тарихи жырлар тағылымы. – Қарағанды, 1997; Берік Серікбайұлы. Тарихи эпос табиғаты. – Қарағанды, 1999, т.б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
береді және «батырдың бейіті қай жерде» деген мәселені сөз
етеді.
Міне, байқасақ, 1990-2005 жылдар аралығында жарық
көрген тарихи жырлардың дені ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы
оқиғалар, дәлірек айтқанда, Абылай мен Қабанбай, Олжа
бай, Кенесары мен Наурызбай, Ағыбай туралы екен. Ал,
ХVІІІ ғасырдан ертеректе өмір сүрген тарихи тұлғалар мен
олардың іс-қимылдары, жаумен ұрысы, ерлігі жайындағы
жырлар әлі күнге дейін ойдағыдай деңгейде жарияланбай
келеді. Осы олқылықты толтыратын үлкен іс—«Бабалар
сөзі» сериясы бойынша ХV-ХVІ-ХVІІ ғасырлар кезіндегі
айтулы оқиғалар мен қайраткерлер жөніндегі жырларды
бастыру болып отыр. Әлбетте, бергі дәуірдегі, яғни ХVІІІ
бен ХІХ, тіпті ХХ ғасыр тұсындағы да тарихи жырлардың
үлгілері қамтылады. Бұл ғылыми басылым болғандықтан
жариялануға тек жыр мәтіндері ғана іріктеліп алынды, ал
тарихи өлең мен аңыз, әпсаналар сол жанрларға арналған
томдарға топталады.
Ұсынылып отырған томға негізінен ХІV-ХVІІ жүзжыл
дықтарда ғұмыр кешкен, елі мен жері үшін жанын аямай
күрескен, орасан ерлік көрсеткен батырлар мен көрнекті
тұлғалар туралы шығармалар енді. Мәселен, ХІV-ғасырда
өмір сүрді деп есептелетін Орақты батыр, ХV ғасырдағы Әз
Жәнібек хан, атақты Есім хан (ХVІ ғ.), Олжаш батыр (ХVІ ғ.),
Сәтбек батыр (ХVІ ғ.) жөніндегі жырлар. Әрине, бұл адамдар
жайындағы жырлар дәл сол шақта тумаған, олар бейнеленіп
отырған басты кейіпкерлер өмірден өткеннен кейін көп
уақыт кеш туған. Сол себепті оларда баяндалатын оқиғалар да
дәл сол қалпындай болып көрсетілмейді, сюжеттің алғашқы
нұсқасы өзгеріске ұшыраған, түпкі оқиғаға әртүрлі қоспалар
қосылған және ауызша орындалу барысында айтушылар мен
тыңдаушылар да қалауы бойынша шығармаға, кейіпкердің іс-
әрекетіне, мінез-құлқына өзгерістер, қосымшалар жамаған,
сөйтіп, тарихи жырда неше түрлі қиял-ғажайыптық, тіпті
мифтік сарындар пайда болған. Мұның бәрі тарихи жырды—
таза фольклорлық көркем шығармаға айналдырады, демек,
бір заманда болған оқиға көркем шындыққа айналады, соның
нәтижесінде шығармада алғашқы оқиғаның сұлбасы ғана
сақталады. Болған оқиғадан неғұрлым көп уақыт өткен сайын
тарихи жырлар хақында
шығармада соғұрлым ол солғын тартып, көмескілене береді,
сюжет кеңейіп, әр дәуірдегі алуан түрлі ұғым-түсініктермен,
наным-сенімдермен байланысты мотивтермен толығады да
үлкен эпостық дүние болып шығады. Бұл заңдылықты осы
томда жарияланып отырған мәтіндерден де көруге болады.
Мысалы, «Орақты батыр» жыры бірнеше хикаядан тұрады.
Елге жайлы қоныс іздеп жортқан жалайыр жұрты бірде адам
жейтін жалмауызға кезігеді, енді бірде айдаһарға ұшырасады,
тағы бірде Ақкөбік, Қаракөбік деген күніне бір қыз бен бір
қой жейтін екі жалмауызға тап болады. Үш ретте де он жеті
жасар Орақты батыр әлгі айдаһар мен жалмауыздарды жай
ратып салады. Батырдың осындай неше алуан мақұлықтар
мен жауыздармен шайқасатыны туралы сюжеттер өте ерте
заманда туған деп есептеледі және жанрлық сипаты бойын
ша олар хикая болады. Ал осы «Орақты батыр» жырында
тарихи факті, немесе оқиға бар ма?»—деген мәселеге келер
болсақ, ол байқалмайды. Рас, Балпық пен Ескелді билер
бар жырда. Олар—ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қайраткерлер,
Жалайыр жұртының атақты билері. Сонда қалай, Орақты
батыр ХІV ғасырда өмір сүрген болса, ХVІІІ ғасырдағы
Балпық пен Ескелді билер бір жырда қатар жүргені несі?—
деген сауал туады. Мұндай тарихи анахронизм фольклорда,
әсіресе батырлық эпоста бола береді. Оны фольклортану ғы
лымында «тарихи тұтастану» заңы деп атайды. Бұған тән
нәрсе: бір шығармада әртүрлі заманда болған оқиғалар, әр
басқа дәуірде өмір сүрген тұлғалар аралас жүреді. Мұндай
тарихи тұтастану фольклор поэтикасы бойынша көбінесе бас
қаһарманды дәріптеу мен шығармаға шындық сипат беру
үшін қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай, тарихи жыр саф таза күйінде
болмайды. Ол фольклордың басқа жанрларымен бірге, ара
лас, бір жүйеде ғұмыр кешкен себепті сол жанрлардың кей
бір қасиеттерін бойына сіңіреді, сондықтан кейде ертегі,
кейде хикая, кейде батырлық жыр сияқты болып көрінеді.
Бірақ оны бұлардан айырып тұратын басты ерекшелігі—онда
баяндалатын оқиға, немесе бейнеленетін кейіпкер өмірде
болған, тарихи шындық болатыны. Ал тарихи жырдың басқа
жанрмен жақындасып кеткен түрін осы томдағы Жәнібек
пен Есім хан хақындағы жырлар арқылы кездестіреміз.
3-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мәселен, «Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын жырдың
басталуы кәдімгі классикалық эпостың прологі: перзентсіз
ата-ана қартайған шақта әулиеден әулие қоймай жер шарлап
жүріп, ақыры Баба түкті шашты Әзіздің көмегімен болашақ
батыр Жәнібекті көреді. Осындай бас қаһарманның ерек
ше болып тууы, дәлірек айтқанда, ғайыптан (ғажап) тууы
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында да баяндалады. Бұл жыр
да осы мотив екі рет қайталанады. Әуелі Шыңғыс ханның
күн нұрынан жаралғаны туралы белгілі сюжет айтылады да,
екінші ретте Шыңғыс ханның ұрпағы Түркістанның ханы
Тәуекелдің (Тәукенің) қырыққа келгенше баласыз болғаны,
оның Қашқардағы Аппақ қожа дегеннің қолдауымен перзент
көргені, ұлының атын Есім қойғаны баяндалады. Жалпы, бұл
жырда тарихилық сипат басымырақ: Шыңғыс хан, Тәуке хан,
Есім ханның бейнеленуі, Тәшкентті билеген Тұрсын ханның
жауыздығы, сондай-ақ Дешті Қыпшақ, Түркістан, Қашқар
сияқты жер атауларының болуы—тарихи шындықтың
көріністері.
Осындай жайттер «Олжаш батыр» жырында да ұшыраса
ды. Жырдың желісі Есім хан мен Тұрсын ханның арасында
ғы қайшылықты қатынастарға құрылған. Қатаған ханы—
Тұрсын қалмақтың ханы Қатаған болып көрсетіледі. Оның
іс-әрекеті Есім ханға, қазақ еліне қарсы жауыздық ретінде
суреттеліп, Қатаған жеңіліске ұшырап, оның қыздары ол
жаға түскені жырда біршама кең баяндалады. Бұл жағдай
қазақ шежірелерінде де айтылады. Мысалға Шәкәрім жазған
шежірені, М.Тынышбаевтың жазбаларын айтуға болады.
«Сәтбек батыр» жыры жоғарыда сөз болған шығармаларға
қарағанда, көнелік сипаттан таза. Мұнда ертегі мен эпостың
сарындары кездеспейді, соған қарағанда, аталмыш жыр не
бертінгі заманда туған, не жеткілікті дәрежеде фольклорлық
айналымға толық түспей, тұтастанудың сюжеттік түрін ғана
бастан кешірген болу керек деп топшылауға болады. Бұлай
болған жағдайда жыр Ермактың қазақ жеріне кіріп, елге
жасаған озбырлықтарының ізі суымай тұрғанда дүниеге кел
ген бе деп те болжауға болатын тәрізді. Қалай болғанда да,
«Сәтбек батыр»—таза тарихи жырдың үлгісі. Оның тарихи
негізі дәл жырдағыдай болмаса да, Ермактың қазақ жерінде
тарихи жырлар хақында
Ертіс өзеніне батып өлгені—шындық. 1585 жылғы тамыз
айының 5-күні «Ермактың қарақшылары кішкене аралға
түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр бастаған Көшім сар
баздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға кет
кен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак
қорғана алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып
кетеді де, суға батып өледі»,55—деп жазады профессор Мұрат
Әбдіров өзінің «Хан Кучум: неизвестный и известный»
(А., 1996) атты кітабында. Осы жағдай жырда фольклордың
дәстүрі бойынша көркем баяндалған, сюжет драмалық си
патты қақтығысқа құрылған, өмірдегі Ермактың өлуіне се
бепкер болған Сәтбек батыр мен оның сарбаздары болғаны
жырдың сюжетіне негіз болған, сондықтан негізгі оқиға
жалғыз Сәтбекке байланыстырылған. Бұлай болуының тағы
бір себебі—жыр көркем шығарма болғандықтан, Сәтбектің
бейнесін қаһармандық мәнде көрсету қажет болғандығы.
Атап айтатын бір нәрсе сол—«Бабалар сөзі» сериясының
ғылыми шарты бойынша, томдарға бір шығарманың бірнеше
варианты қоса беріледі. Бұл шарт бұрынғы томдарда да,
осы томда да сақталған. Сол себепті осы томда Есім хан ту
ралы 2 жыр, Сәтбек батыр жайында да 2 мәтін жарияланып
отыр. Келесі томдарда да осы принцип сақталады. Айталық,
ХVІІІ ғасыр батырларына арналған төрт томда Абылай ту
ралы 3 жыр, Қабанбай жайындағы 5 жыр, Олжабай, Өтеген,
Райымбектер жөніндегі жырлардың әр түрлі нұсқалары
берілмекші. Ашып айту керек, варианттар бірін-бірі дәлме-
дәл қайталамайды. Тіпті сюжет біреу болған күннің өзінде
де олар өзара ерекшеленіп тұрады. Бұл—фольклор дәстүріне
тән ерекшелік. Бұған бір жырдың өзін бір жыршыдан екі-
үш мәрте қайта жазып алу арқылы көз жеткізуге болады.
Американың, Ресейдің ғалымдары мұндай тәжірибені жа
сап, жыршы бір жырдың өзін сюжетін сақтай отырып екі
түрлі етіп айтатынын дәлелдеген. Өкінішке қарай, бізде он
дай тәжірибе жасалмаған. Тек, абырой болғанда, Жамбыл
дан «Өтеген батыр» жыры екі рет жазылып алынған екен. Ол
нұсқаларды салыстырып көрген кісі бір сюжетке құрылған
бірнеше жырды оқыр еді. Сондықтан бір шығарманың
55 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том. – А., 2001. – 401-б.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
бірнеше вариантын бірге жариялау—фольклортану үшін де,
сондай-ақ, әсіресе өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылар
үшін де өте пайдалы, әрі қажетті іс. Варианттың болуының
өзі—фольклордың басты белгілерінің бірі және вариантты
зерттеу арқылы фольклордағы, дәлірек айтқанда, жыршы
лық өнердегі импровизацияның сипатын ашуға мүмкіндік
туады. Ал оқырман қауым бір жырдың басқа вариантын оқу
арқылы, ұлтымыздың фольклоры қаншалықты бай екенін
байқайды және халық поэзиясының қандай әдемі, халық
қиялының қаншалықты ұшқыр екенін көріп, рухани ләззат
алары күмәнсіз.
«Бабалар сөзінің» тарихи жырға арналған топтамасын қа
был ал, құрметті оқырман!
Сейіт Қасқабасов,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясының академигі
Кейінгі бізге нұсқа боп,
Бұрынғылардан хат қалды.
Ілгері заман адамы
Мал бағып жүріп аттанды.
Біздің заман жаңғыртты
Көп жасаған қарттарды.
Әзіреті сұлтан уақтында,
Билеген екен үлкен боп
Ноғайлы деген халықтарды.
Ноғайлының ішінде
Әліби деген бай болып,
Төрт түлік малы тұмандай,
Абырой мүлкі сай болып,
Мастықпен көңіл шаттанды.
Жетпіс бес жасқа келгенше,
Бәйбіше бала туған жоқ,
Көңілде осы дақ бар-ды.
Күндерде бір күн қасына
Бәйбішесін шақырып,
Іштегі сырын ақтарды.
«Әулие іздеп түнейік,
Өзіміз жаяу жүрелік,
Айдатайық жігітке
Жылқыдан семіз аттарды.
Ұнамады көңілім
Бұл малға ие болмаса,
Бәйбіше бекер жатқан-ды.
Жер жүзін тегіс қыдырып,
Әулие іздеп табайық.
Батыр Жәнібектің өлеңі
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайда әулие бар десе,
Іркілмей іздеп барайық.
Бір-бір қонып басына,
Бір семіз аттан шалайық.
Байлық пен малға мас болып,
Арт жағымыз пәс болып,
Тұяқсыз кетіп қалмайық».
Осыны айтып Әліби,
Өксіп-өксіп жылады.
Бәйбішесі Қарлығаш
Бұл айтқан сөзін ұғады.
«Сұрайық бала» дегенін
Көңіліне мақұл ұнады.
Бай-бәйбіше екеуі
Қораға шығып тұрады.
Қызметкерлер шақырып,
Жол жабдығын даярлап,
Жол жүрмек қамын қылады.
Жылқышыларын шақырып,
Жылқыдан жүз ат айдатып,
«Малдан жоқ бізге пайда» деп,
Түліктен жүзден қияды.
Қалманбет шалды басшы қып,
Төрт жүз малды айдатып,
Сәрсенбі күні шығады.
Қаратауды қыдырып,
Әулие қоймай сыдырып,
Перзент бер деп сұрады.
Тынбастан жүріп күндіз-түн
Әулие қарап, мал сойып,
Осындай істер қылады.
Қарлығаш пен Әліби
Жаяулап перзент тіледі.
Әулие көрсе, мал сойып,
«Перзент бер» деп түнеді.
Ешбірі аян қылмады.
Қаратауды бөкселеп,
Әулие қоймай қыдырды.
Сау тамтық қалмай киімнен
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Етегін шеңгел сыдырды.
«Бермесең перзент, алғын» деп,
Бір шыбын жаннан түңілді.
Аяқтары жарылып,
Күндіз-түн шаршап, зарығып,
Өкшелері тілінді.
Ертеңнен кешке сандалып,
Күн батып қалған мезгілде
Бір түп шеңгел басында,
Дәрет суы қасында,
Бір бұлақ аққан білінді.
Бәйбіше мен екеуі:
«Бұл шеңгел тегін» емес деп,
Мұнартып көзі елестеп,
Етпетінен жығылды.
Бір көк атты алдырып,
Қалекеңе шалдырып,
Кемпір-шал жылап бүгілді.
Малшыларға басшы еді,
Бірге жылап Қарекең,
Тұзын ақтап бұлардың,
Еңбегін бұл да сіңірді.
Әліби мен Қарлығаш
Жылауменен отырып,
Таңға жақын болғанда
Ұйықтап, көзі ілінді.
Көзі ілініп кемпір-шал,
Екеуі бірдей түс көрді.
Бірге жатып екеуі,
Көңліне қуаныш іс көрді.
Көрген түсі мынадай:
Айталық қуаныш істі енді.
Бір диуана Аллалап,
Жетіп келді түсінде,
Көңіліне бұлар күш көрді.
Бәйбішенің қолында
Алтыннан жүзік бұрама.
Біреу жарлы, біреу бай.
Бәрін де Құдай қыла ма?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Есітпесе жақсы сөз,
Жаралы көңіл тына ма?
Жарылқаса Жаратқан,
Қуанбай пенде тұра ма?
«Еңбегің жанды, кемпір-шал,
Мен айтамын, құлақ сал,
Мен—Шашты Әзиз диуана.
Болдыңыз бір қыз, бір ұлды,
Жаратқан кеңдік бір қылды,
Қайғырып зарлап жылама.
Талай бардым сен үшін
Дәргаһна Құдайдың,
«Бір ұл, бір қыз бердім» деп,
Есіттірді жауабын,
Бұл болды сізге сыбаға.
Сендер үшін, кемпір-шал,
Дәргаһна Құдайдың
Алты барып, бес қайттым.
Соңында болды қуаныш
Төрт барғанда, бос қайттым.
Өзі рақым қылыпты,
Көзіңнің жасын көріпті.
Атса, мылтық өтпейтін,
Шапса, қылыш кеспейтін,
Бір Алладан болмаса,
Пендеден ажалы жетпейтін
Бір ұл, бір қыз беріпті.
Бірнеше күн зар жылап,
Көзіңнің жасын бұладың.
Жылаған сайын Құдайдан
«Бір перзент бер» деп сұрадың.
Тілектерің қабыл боп,
Әсіл болды мұратың.
Ұлыңның аты—Жәнібек,
Қызыңның аты—Мақпал қыз,
Атын да мәлім қыламын.
Қабыл болды көз жасың,
Қадірлі болды өз басың,
Енді уайым қылмағын.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Әліби, қайтқын еліңе,
Жарылқады сені де,
Осы сөзді сынағын.
Батыр болар Жәнібек,
Қысылған жерде «бабам» деп,
Көңліне алып, жат қылса,
Өзім де барып тұрамын.
Балаңыз маған сыйынса,
«Баба түкті шашты Әзіз,
Қырық шілтен» менің ұраным».
Осыны айтып шашты Әзіз
Көтерді қолын дуаға.
Жүректері лүпілдеп,
Кемпір-шал тұрды қуана.
Осындай аян көргенсін
Қуанбай пенде тұра ма?!
Жәнібек батыр, Мақпал қыз
Бұларға болды сыбаға.
«Аллаһ акбар, қош бол!»—деп,
Осыны айтып болды да,
Ғайып болып кетті диуана.
Түсін болжап кемпір-шал,
Қуанып тұрды шаттанып.
Жүректері жарылып,
Қайғысын іштен ақтарып:
Құдай берді, Қалеке,
«Шүйінші!» деп мақтанып,
Ал қайтамыз, жігіттер,
Еліміз жаққа аттанып.
Сапарымыз жарыды,
Далада енді жатпалық.
Қалған малдың бәрін де
Құдайы қып беріпті.
Қуанып қалды жігіттер,
Қой, сиыр, түйе, атты алып.
Жолдастары айтып жүр:
«Бай-бәйбіше шаршады,
Қашан елге барғанша,
Жақсы қып бағып сақталық».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бай-бәйбіше қуанып,
Еліне қайтып жөнелді.
Түстенген қонған жерінде
Кемпір-шалға жігіттер
Шатыр тігіп береді.
Жігіттерден оңаша
Дем алған жері бір күні
Паналау жылға жер еді,
Әлекең байқұс қарбаңдап,
Алып-ұшып жүрегі,
Ойнағысы келеді.
«Не қылсаң, өзің білгін!»—деп,
Бәйбіше пәлен демеді.
Қарбаңдап жатып шал байқұс,
Болар-болмас іс болды
Көп сөздің не дер керегі?
Еліне келіп бәйбіше,
Қампайып қарны жүкті болып,
Қуаныштың болды дерегі.
Тоғыз ай өтіп, тоғыз күн
Туатын уақыты боп еді.
Бәйбіше бір күн толғатып,
Арыстандай ұл бала
Дүниеге енеді.
«Бәйбіше туды!»—дегенсін,
Құтты болсын айтқалы
Елдің игі жақсысы
Жиылып бәрі келеді.
Ат шаптырып, той қылып,
Былайша қуаныш ой қылып,
Мал-мүлкін үшке бөледі.
Бір бөлген малын халқына,
Тілектес бол жұртым деп,
Қолынан бөліп береді,
Ырза болып халқы тарқады,
Үштен бір мал да көп еді.
Күн санап өсті бұралып
Кемпір мен шалдың көдегі.
Тілектес болған әулие,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жәнібек сынды батырдың
Күн санап өскен себебі.
Жәнібек батыр туғансын,
Бір жасқа батыр толғанда,
Бал тасындай жайнады.
Екі жасқа келгенде,
Жай оғындай қайнады.
Үш жасына келгенде
Бұлбұл болып сайрады.
Төрт жасына келгенде
Ақыл айтып әркімге,
Жігіттермен ойнайды.
Бес жасқа анық келгенде
Өз қатары жастарды,
Ерегіссе, қуады.
Жәнібек сөйтіп жүргенде,
Қарындасы—Мақпал қыз
Айдай толқып туады.
Қуанып, жайнап Жәнібек
Алты жасқа келеді.
Айтысып келген дау болса,
Төресін әділ береді.
Жетіге анық шыққанда
Өзі теңдес балалар
Нөкер болып ереді.
Сегіз жасқа келгенде
Алды-артын болжап әр істің,
Үлкейіп жігіт боп еді.
Сегізден өтіп тоғызда,
Берен мылтық, ақ қылыш,
Қылыш шауып, оқ атып,
Үйрену болды өнері.
Қасында жүрген балалар
Қаз, үйрек болды жегені.
Әні-міні дегенше,
Тоғыз бен толды сегізге.
Аққу, үйрек, шағала,
Аулады аңды теңізде.
Тоғыздан онға келгенше
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тау-таста жүрді аң аулап,
Үйренбек мақсат негізде.
Он бір жасқа келгенде
«Ат!»—деп ойланды.
Он екі жаста жылқыға
Бармақ үшін толғанды.
Жылқы жаққа барғалы,
Ат жүгенін қолға алды.
Адам ертпей қасына,
Жалғыз өзі кетеді.
Шымалдай байдың жылқысы
Қаратаудың етегі.
Ақ қылышы белінде,
Мылтығын асып мойнына,
Ендеп жатқан жылқыға
Талма түсте жетеді.
Сылдыратып жүгенін,
Бір биікте тұрады.
Шұрылдап жатқан көп жылқы
Кісінеп даусы шығады.
Жүгенін жігіт көтерсе,
Шу асау жылқы бұғады.
Жылқыны көрді аралап,
Біріне назар қылмады.
Қарсы келіп тұрса алдына,
Жәнібек соны ат қылмақ.
Қотыр да болса, баққызып,
Сол аттың көңілін шат қылмақ.
Жылқыдан бір ат жақпаса,
Қаратып елден таптырмақ.
Ноқталады Жәнібек.
Бір шұңқыр терең бұлақтан
Жеке жүрген бір жылқы
Шыға келді шапқылап.
Батырдың келді қасына,
Шауып шығып түбектен.
Өзін-өзі жаратып,
Құндыздай жүнін түлеткен.
Маңлайын сипап Жәнібек,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жүгенін алды білектен.
Мінбекке батыр ой қылды
Қайтпайтын шын жүректен.
Ішкен суы тұлпардың
Қаратаудың бұлағы.
Шақпақ еті бір құшақ,
От орнындай тұяғы.
Сазға біткен қамыстай
Ақ құла аттың құлағы.
Арқа-басын бір сипап,
Қарғып мінді тұлпарға
Әлібидің шырағы.
Жайдақ мініп құла атты,
Аулына келді Жәнібек.
«Құтты болсын!»—деп жатыр
Үлкен-кіші бәрі кеп.
Шешесінен сұрады:
«Ер-тоқым бар ма, кәні!»—деп.
Алтыннан суын таққызған,
Күмістен ойып, жапқызған,
Істеткен екен ұстаға,
Құла атқа ұрды жабдықты.
Көргендер айтты: «пәлі!»—деп,
Мылтығын алып, құс салып,
Күнде бір көлге барады.
Үйрек пен қаз жолықса,
Қаршығасын салады.
Жұлдыздай ағып тұйғыны,
Сілтеген аңын алады.
Біреуін де өзі алмай,
Қасында жүрген балалар
Олжаға батып қалады.
Жай жүрсе, тұлпар тұяғы
Дүбірі жерді жарады.
Сол қызықта жүргенде
Он төрт жасқа толады.
Қарындасы—Мақпал қыз
Тоғыз жасар болады.
Күші сыймай бойына,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әр нәрсе түсіп ойына,
Манаурап батыр жүргенде
«Қалмақ жаман шапты-ау!»—деп,
Сөйлесіп отыр көп адам,
Құлағы шалып қалады.
Аттан түсіп Жәнібек,
Сәлем берді бәріне.
Қолын алып, бас иді
Үлкен-кіші, кәріге.
Көргеннің бәрі таңырқап,
Көз айырмай қарайды
Ат-әнжемнің сәніне.
«Сөз қылғандарың не сөз?»—деп,
Бала батыр сұрады,
Көкелер, айтшы әлгіні.
—Не айтамыз бұған?-деп,
Бір-біріне қарады.
Әлібиден ұялып,
Жай-жайына тарады.
—Отыр, балам, бері,—деп,
Айтуға бір шал жарады.
Шалдың балаға айтқаны:
Арқадан оқта-текте келер қалмақ
Шапқалы біздің елді әдейі арнап.
Бес-он жылда бір келіп, шауып кетер,
Біздің ел әлі келмей, жылар зарлап.
Қалмақтар аттанады ауық-ауық,
Жайқын жатқан малға кеп, айдар, тауып.
Шамамда он бес жылдай болған шығар,
Бұл елді кеткен қалмақ әбден шауып.
Ақ таяқ, көк таяқпен сабаластық,
Қоян-қолтық алысып, жағаластық.
Талай адам науыт болып, өліп кетті,
Ақыры жау басым болып, жаман састық.
Қалмақ келсе, кетірер сәнімізді,
Бес-он жылда бір шабар малымызды.
Аз ғана жұрт осындай қорлықтамыз,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Іздейтұғын бала жоқ арымызды.
Шыға алмаймыз, қорқамыз далаға көп,
Жау келсе, қарсы тұрар шама да жоқ.
Әзіреті сұлтан басшымыз желп етпейді,
Қалмақтан кек әперер бала да жоқ.
Балам, артық көрінді сауалыңыз,
«Батыр бала туса!» деп жылағамыз.
«Әлібиден бір бала туды!» дейді,
Ер жетсе, сол бала жарар!» деп, қуанамыз.
Бала айтты: «Сөзіңізді аңдап қалдым,
Жауап берсең жолыма бармақтамын.
Жер-суын, жол-жобасын білесіз бе,
Сол айтқан қай тарапта қалмақтарың?
Мен іздеп сол қалмақты барар едім,
Тәуекел деп соғысып қарар едім.
Анықтап жолын сілте, ей, атажан,
Әлім келсе, жұрт кегін алар едім!»
Шал айтты: «Сарқа деген жер болады.
Таудан арғы сол айтқан ел болады.
Төрт түлік мал шуылдап ішіп жатқан,
Әр жерде ауқым-ауқым көл болады».
Жәнібек «Қош, ата!»—деп, мінді атқа,
Көңлімен бек сыйынып жалғыз Хаққа.
Қаршығасын салуға пұрсат қылмай,
Келеді басын бұрмай ауыл жаққа.
Сынамақ болды батыр күшін енді,
Қондырды тұғырына құсын енді.
Әліби мен бәйбіше баласының
Қарады сол уақытта түсіне енді.
Көз жасы баласының тізіліп тұр,
Қол қусырып, Жәнібек сызылып тұр.
Ашуының келгені мәлім болды,
Реңі Жәнібектің бұзылып тұр.
—Бәйбіше, жақсы бақтың, ата,—дейді—
Балаңда көп, кешіңіз, қата,—дейді.
Қалмақтан кеткенімді әпкелемін.
Қол жайып, беріңіздер бата,—деді.
Ауыл аймағы, қарындасы, әке-шешесі
«Бармағын!» деп айтқан сөзі.
4-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарлығаш—шешесі:
—Қой, шырақ!—деп Қарлығаш,
Құшақтап алды баласын.—
Өлімтік шал мен кемпірді
Кімге тастап барасың?
Жасың болса, толған жоқ,
Қабырғаң қатып болған жоқ,
Қайғыға бізді саласың.
Он екі жасқа іліндің,
Жаңадан жұртқа біліндің,
Жасыңның білдің шамасын.
Жинап алып қалмақтар
Аттанбаққа осы елге,
Жанымның ақ-қарасын.
Сабыр қыл, балам, тілімді ал,
Сен аттанып кеткен соң
Бір жағыңнан бұлт етіп
Жау қалмақ келіп қалмасын.
Әкесі сорлы еңкілдеп,
Құшақтап алды батырды
Сөзінің бөліп арасын.
Атасы:
—Тоқсан бес жасты жасаған,
Сенің атаң мен едім.
«Бір перзент бер!» деп құдайға,
Қасірет, қайғы жеп едім.
«Перзент бер!» деп зарығып,
Бір перзенттен тарығып,
Әулие іздеп жөнедім.
Арқа етім арша боп,
Борбай етім борша боп,
Әулие қоймай қыдырдым,
Сөйткенде көрген көдегім.
Жас балапан жас жүрек,
Қайтпайтын болат тас түлек,
Он төртке жаңа кеп едің.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Қабырғаң әлі қатқан жоқ,
Жау келіп, қинап жатқан жоқ.
Қиналған осы себебім.
«Балапаным ер жетсе,
Ертіп жүріп қасыма,
Қызығын көрсем», деп едім.
Ноғайлының баласын,
Күшіңнің болжа шамасын,
Қолыңнан келсе, жебегін.
«Атса, мылтық өтпес,—деп,
Шапса қылыш кеспес,»—деп,
Баба түкті шашты Әзіз
Білдіріп еді дерегін.
Бәйбіше, бата берелік,
Баланың көңлін қайт қылып,
Анау-мынау демегін.
Аллаһу Акбар, бар, балам,
Пірлерің болсын жар, балам!
Қайтпасын бетің жөнегін.
Бермесе сені, қайтер ем?!
Бір салғаны Құдайдың,
Халықпен бірге көремін!
Қарындасының айтқаны:
Мақпал қыз шықты далаға,
—Міндің бе атқа, көкем-ай?
Қорқып жылап жатыр ғой
Кемпір мен шал-екеуі-ай.
Арыстан туған жігіттің
Дұшпанға кегі кетеме-ай?
Жол жүрмекке қалмаққа
Көңліңіз шапқан екен-ай.
Тілеу досыңды қасыңа ал,
Жау қалмақтың басын ал,
Өзіңе болғын бекем-ай.
Қарындасың мен болсам,
Жас жүрек батыр сен болсаң,
Сенен батыр өтеме-ай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарындасың—Мақпал қыз,
Тілектес әке-шешең-ай.
Батасын алғын, қол жайып,
Ата-ана, көке, менен-ай.
Ажалды үйде өлмей ме,
Жол жүрген адам келмей ме?
Зарықтырмай, кемпір, шал,
Берсеңдер жауап, нетеді-ай.
Тапсырдым жалғыз Құдайға!
Әкем, анам, мұңайма,
«Бата бер» деген кеп еді-ай.
Мақпалжан айтты, «Жан көке,
Сіз—аға, біз—ініңіз.
Жалғыз Құдай жар болсын,
Көп кешікпей, жүріңіз.
Талап қылдың бас тартпа,
Ерліктің ісі—мұныңыз.
Қызығып, ұзап кетпеңіз,
Бұл жақтағы елден де
Хабардар болып тұрыңыз.
Қалмақтардың еліне
Аман-есен барсаңыз.
Оңаша адам жолықса,
Ел хабарын біліңіз.
Қойып кетпей қалыңға,
Кіріп кетпей жалынға,
Жабылып қалмақ ат қойса,
Шеттеп ұрыс қылыңыз.
Жау ортаға алып қалса,
Көзін сипап құла аттың,
Самал жаққа шығыңыз.
Қысылсаңыз, жар берер,
Буыныңа әл берер,
Есіңнен, көке, шықпасын,
Баба түкті шашты Әзіз,
Қырық шілтен—кәміл піріңіз».
Осыны айтып Мақпал қыз,
Қол жайып, берді батасын.
—Батаң бер!-деп қинады.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Анасы мен атасын.
—Күліп барып, ұрып кел,
Қалмақты ойран қылып кел.
Күшің келсе, шығарғын
Ноғайлының қапасын.
Батасын беріп үшеуі,
Кіріпті жылап үйіне.
Дамыл таппай еңірейді,
Түс көргендей боп қалды,
Қарайды бір-біріне.
Батасын алып бұлардың,
Жәнібек батыр ат басын
Бұрады тізгін түруге.
Айдын көлді жағалай,
Тілеу досы екеуі
Құс салушы еді күніге.
Нәсіп бердің, жалғыз Хақ!
Жаратушы бергей бақ,
Өлі менен тіріге!
Тілеу досы жүр екен,
Жанашырдың бірі екен,
Жәнібекті білуге.
Жетіп келіп Жәнібек:
—Қалмаққа, досым, жол тарттым,
Досымсың, сені ел тарттым,
Қалайсың бірге жүруге?
Досы Тілеу қуанып, жүрегі жарылып,
Кер шабақ тұлпарды борбайлап,
Достықтың жайын енді ойлап:
—Сен өлген жерде өлейін,
Абырой берсе, көрейін.
Жүр, досым Құдай оңдаса,
Қалмаққа барып,
Бір шеттен қиқу берейін.
Ноғайлының кегін алып келелік,—
деп, екі батыр Мыңжылқының тауынан асып, жүрегін басып,
найза-қылышын асынып, үш айшылық жолды бес күнде ба
сып, он шақты күн жүріп, он бір күнде ел шетіне кіріп, жайқын
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жатқан халықтың қалмақ екенін біліп, аттан түсіп, бір бұлаққа
ат шалдырып, суынан ішіп, дем алып отырды. Сол уақытта бір
құрығын сүйреткен жылқышы шал келді, аты Дүрмен деген
еді, қалмақтың жылқышысы келіп, аттан түспей, құрығына
сүйеніп тұрып, Дүрмен шал бір сөйледі.
Дүрмен сонда сөйледі:
—Екеуің де—баламсың.
Ат-әбзелің әдемі,
Түзетіп әбден алғансың.
Іздеген жоғың бар болса,
Кешікпей-ақ табарсың.
Түрлерің суық көрінді,
Қай қаланы шабасың,
Сендердей бала жоқ еді,
Мыңжылқының тауының
Көріп ем санап саласын.
Шыққыр көзім шықпаса,
Қабылан жүрек ерлерсің,
Хан емессің қарасың.
Мәрт болсаң, ерлер, шын сөйле,
Қапыл жатқан жайқын ел
Арманда боп қалмасын.
Түрлеріңнен таныдым,
Жолбарыстай шабындың,
Бет алған жағыңды аласың.
Бет алған жауың осы емес,
Шыныңды айтшы, шырақтар,
Қай жаққа кетіп барасың?
Жәнібек сонда сөйледі:
—Жан ата, бері келіңіз,
Сөзіңізден байқадым,
Бар екен сөзге ебіңіз.
Жасыңыз болса, қарт екен,
Біз емес сіздің теңіңіз.
Естуіңіз бар шығар,
Сіздің елдің ермегі—
Ноғайлы біздің еліміз.
«Кегімізді алсақ,—деп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Елді шапқыш ерлерге,
Бір шулыған салсақ»,—деп,
Ойлаған осы көңіліміз.
Ханыңызға хабар беріп,
Айтқыңыз келсе, бара бер,
Жассынсаңыз да, мейліңіз.
Ханыңның басын кесеміз,
«Еркек деп туған шешеміз,
Сұрасаң, осы—пейліміз.
Нағарасын қақтырсын,
Жинап алып нөкерін,
Мәрт болса, тапсын майданнан,
Ханыңызға хабар беріңіз.
Осы елді келдік шапқалы,
Сіз хабар бер ханыңа
Жиналғанша топтары,
Осылай біздің жөніміз.
Жылқышы шаба жөнелді,
«Мақұл», деп атын қамшылап.
Қорқып, жылап келеді,
Көзінің жасы тамшылап.
Ордаға кіріп бара алмай,
Кіруге лаж таба алмай,
Есіктен тұрды алысырақ.
—Бармысың мұнда, бермен шық,
Қарабек батыр—ханымыз.
Халықты сұрап, хан болып,
Келіскен еді сәніңіз.
Хабарға келді патшам,
Жылқышың—Дүрмен шалыңыз.
Көріп келдім екі сұм,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Қарауылдар, қайдасың?
Тұс-тұсыңмен шабыңыз.
Ноғайлыдан жас бөрі
Екі арыстан келіпті,
Жұртыңды жинап, майданнан
Ертең түсте табыңыз.
Түрлері суық айбатты,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жолбарыстай қайратты.
Екпіндеп шауып барып ем,
Аяғын жимай, жай жатты.
Халқыңды тегіс жисаң да,
Келмейді-ау, патшам, әліңіз.
Мұны естіп Қараман
Жан-жаққа атты шаптырды.
«Естісін!» деп барша халық,
Нағарасын қақтырды.
«Зәресі ұшып тұрсын!» деп,
Зеңбірек, мылтық аттырды.
«Көзі көрсін халықтың» деп,
Масала шырақ жақтырды.
«Келе берсін ерлер» деп,
Керней-сырнай тарттырды.
Майдан жерге түнімен
Оқ-дәрісін арттырды.
Күн-түні бәрі жиылып,
Ұлы сәске болғанда
Майданда бәрі сап тұрды.
Жинап алып нөкерін
«Ноғайлы қайда? Келсін» деп,
Батырларды шақырды.
Екі батыр шақ болып,
Тау басында жүреді.
«Мен барамын, сен тұр» деп,
Бірінен-бірі тіледі.
Жау қарасын көрген соң,
Ерлердің тартты білегі.
Бұрын жаумен ұрысып,
Қайтпаған ерлер жүрегі.
«Келген жау екі-ақ бала!» деп,
Көрген соң бұлар күледі.
Аққұла ат пен Кершабақ
Шыдай алмай дүбірге
Аспанға қарғып тұр еді.
Баба түкті шашты Әзіз
Жәнібек деп ат қойған,
Батырдың кәміл пірі еді.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
«Кел, Ноғайлы, жеке»,—деп,
Қалмақтың ханы—Қараман,
Қалмақтың дауысы үдеді.
«Барамын» деп, қоймадың,
Тілеу айтты батырға,—
Кезекті саған ойладым.
Бар күшіңмен ұмтыл»,—деп,
Жәнібекті жіберді.
Аққұла атқа қамшы ұрып,
Майданға батыр келеді.
Ардақ деген палуан
Батырға жеке келеді.
Ақ семсерді бір сілтеп,
Қарсыласқан Ардақты
Жәнібек екі бөледі.
Інісі еді Ардақтың
Сәмәндүн деген ер еді.
Күн сайын жүз қой жегені,
Сәмәндүн дәуге Қараман:
«Майданға сен бар»,—деп еді.
Қалмақтың жасы шамасы
Жиырма бестің шені еді.
Майданға кіріп жау қалмақ,
Батырдың келді қасына.
Кезек берді Жәнібек,
Ізет қып үлкен жасына.
Салып қалды батырды,
Он екі пұт күрзімен
Иықтан басқа асыра.
Пірлер жар боп, батырдың
Тигізбеді басына.
Қызарып гүл-гүл жайнады,
Тікірейіп шашы да.
Шаққандай шыбын болған жоқ,
Он екі батпан тасына.
Жәнібек айтты: «Кезек бер,
Жасыңды, батыр, сыйладым,
Мен күшімді жинадым.
Бар қайратың осы ма?».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Осыны айтып Жәнібек,
Ақ семсерді бұлғалап,
Жіберді салып басына.
Наркескен болат ақ қылыш
Қақ бөліп басын жарады.
Ат-матымен қақ жарып,
Сәмәндүн құлап қалады.
Бұл қайратты көрген соң,
Қалмақта үрей қалмады.
Екі дәуден айрылып,
Күн мұнартып, кеш болып,
Қайтуға керней шалады.
Қалмақтың бәрі топтанып,
Жай-жайына тарады.
Аққұла атты ойнатып,
Батыр туған Жәнібек
Досына жетіп барады.
Түніменен оттатып
Екі атты Тілеу бағады.
Күн шығып, таң атқан соң
Аққұла аттың Тілеу дос
Айылын мықтап тағады.
Ұйқысы қанып батырдың,
Орнынан тұрып шаттанып,
Майдан жаққа қарады.
«Екеу ме осы, көп пе?»—деп,
Қалмақтар көзін салады.
Әні-міні дегенше
Майдан жерге үйіліп,
Қалмақ та келіп қалады.
Қаладағы көп халық
Тұмандай болып жиылды,
Болмады жұрттың санағы.
Жәнібекті көрмекші
Көпшіліктің талабы.
Батырдың даңқы жер жарды,
Құмырсқадай қимылдап,
Толтырды адам даланы.
Жәнібек,Тілеу көреді
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жиылып жатқан бұларды.
Көптігіне қалмақтың
Күн тұтылып, мұнарды.
Жәнібекті көрмекке
Халықтың бәрі құмар-ды.
Көптігі сондай қалмақтың:
Таң атып, кеш болғанша
Үзілмей шаңы шұбалды.
Комадин деген палуанды
Сауыт-сайман кигізіп,
Майданға жеке шығарды.
Аққұла атты қамшылап,
Жәнібек кірді ортаға.
Қарсыласып палуанға,
Қол салды батыр қолқаға.
Қысылса, кәміл пірі бар,
Жәнібек жаудан қорқа ма.
Қарсыласып палуандар
Жағаласып, жұлысты.
Аудара алмай бір-бірін,
Ат үстінен тырысты.
Бір-біріне бой бермей
Білектен ұстап, ығысты.
Айқайлап жүріп Комадин
Бар қайратын түгесті.
Шаба тартып, жарысты,
Халықтар шұбап ілесті.
Тау басында ер Тілеу
Тілеуін тілеп батырдың,
Мекен қып жатыр Күнесті.
Шаба тартып батырлар,
Бір-біріне тіресті.
Комадинді Жәнібек
Жұлып алып атынан,
Аспанға атып жіберді.
Жанның бәрі таңырқап,
Тамаша қылды бұл ерді.
Пітірі қашып қалмақтың,
Қапа болып, түнерді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарабек ханның алдына
Борша-борша боп түсті,
Денесі дәудің бұл енді.
Комадинді көрген соң,
Қорқу кіріп қалмаққа,
Жаннан үзді күдерді.
Халықтың бәрі батырға
«Пар келмес бұған ешкім» деп,
Қайтпаққа қашып үдерді.
Бір данышпан уәзірі
Жетіп келіп патшаға:
—Қайратың болса, қыларсың
Бұл батырдан басқаға,—
Деп айтқан сөзі бұл еді,—
Бұл бала шындап ұмтылса,
Шыққыр көзім шықпаса,
Сап қылады бұл елді.
Денесі жерде болғанмен,
Сыйынған пірі күшті екен,
Төбесі көкті тіреді.
Топырақтай шамалы,
Көп екен мұның адамы,
Аққұла аты шылаулап,
Баланы қорғап жүр еді.
Атса, мылтық өтпейді,
Шапса, қылыш кеспейді.
Нанбасаң, ұрыс қылып көр,
Бұларға әлің жетпейді.
Аяғына жығылып,
Бар болса, бергін тілегін.
Сасып қалды патшасы,
Уәзірдің сөзі бұл еді.
Сасқалақтап падиша.
Айқайды салды халқына.
Қорыққанынан дірілдеп,
Ілгері басқан аяғы
Түседі қайтып артына.
—Бәрің тегіс ат қойып,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Өлтіргін,—деп,—баланы,
Рұқсат берді жалпыға.
Жабылып жұрты ат қойды,
Жастар мен бірге қарты да.
Жәнібек батыр ұмтылды,
Лашын құстай түйіліп.
Кершабақ атпен ер Тілеу
Тау жақтан ұрды құйылып.
Ортаға алды екеуін
Күллі қалмақ жиылып.
Найзасын белге қыстырып,
Айдаһардай ысқырып.
Пішендей орып батыр жүр,
Ақ семсерді суырып.
Тілеу де кірді қалыңға,
Майдан болып жатқан жалынға.
Қалмақтардың өлігі
Тау-тау болып қалып үйіліп.
Шеттеп Тілеу қырып жүр,
Қалмақты қойдай иіріп.
Бір-біріне соқтығып,
«Жәнібек» деп оптығып,
Бірін-бірі өлтіріп,
Өліктер қалыпты жиылып.
Кезіксе, тірі қоймай жүр,
Семсері қанға тоймай жүр.
Кәміл пірге сыйынып,
Жәнібек қойдай қырып жүр.
«Қолдай гөр, кәміл пірім!-деп,
Қуат берсең, бір құдай,
Қоймаймын мұның бірін!-деп.
Баба түкті шашты Әзіз,
Жар берер күнің бүгін!-деп.
Жазым болсам майданда,
Алдымда ағам, інім жоқ.
Жалғыз құдай, гөр сақтай гөр:
Қисайсам, жатар үйім жоқ.
Жалғыздың даңқы шыға ма?
Жаяудың шаңы шыға ма?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Елдегі еркін күйім жоқ.
Жолдасым—тұлпар Аққұла ат,
Күндіз-түні шабуыл,
Сен байқұста тыным жоқ,
Алды-артым қамау, есік жоқ,
Шығатұғын тесік жоқ.
Жаһангер соғыс бүгін боп,
Жалғыз Құдай жар беріп,
Қырық шілтен пірім әл беріп,
Жібермесе дем беріп,
Құтылатұғын түрім жоқ».
Осыны айтып Жәнібек
Қалмаққа қарап үңілді.
Тілеу досы бас қосып,
Тізесін қосып, жұмылды.
Қалмақтар өліп есепсіз,
Қашуға ерлер ығылды.
Кез келіп қалып Жәнібек,
Патшасын түйреп найзамен,
Көтерген туы жығылды.
Ұрыста жүрген ел түгіл,
Дүбірін үйде есіткен
Жанынан халық түңілді.
Есептеп болмас өлікті,
Бұндағы болған шығынды.
Өлгені өліп қалмақтың,
Қалғаны шуылдап,
Қалаға келіп тығылды.
«Жан !»—деп сұралық,
Не десе де, қабыл қылалық.
Бір-біріне айтып жүр,—
Шығарма,—дейді,—дымыңды.
Бірін-бірі түрткілеп,
Жанынан қорқып қалмақтар:
«Есіттірме,—деп,—үніңді!»
Жаһангер ұрыс соғыс боп,
Бірнеше күнге сүрілді.
Түк адам қалмай майданда,
Қашқаны жаудың білінді.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Өлмей қалған адамдар
Бір жерге бәрі жиылды.
Мойын ұсынып батырға
Мұхит болып пейілімен.
«Аман-аман, батыр!»—деп,
Жәнібекке жүгірді.
Жәнібек, Тілеу бас қосып,
Тыңдаса достық, сөз қосып,
Тоқтатып атты алады.
Шылаулап аттан түсіріп,
Алып барып ордаға,
Дастархан түрлі жаяды.
Аман-аман халық деп,
Қуанышты керней шалады.
Сыпатына батырдың
Көрген жан аң-таң қалады.
Жәнібекке:—Хан бол!-деп,
Қалмақтар мойнын салады.
—Керек емес хандық,—деп,
Жәнібек бұған болмады.
Тілеуді хан көтеріп,
Дүрманды ханға уәзір қып,
Халық жайын атады.
Қалмаққа Тілеу хан болып,
Дүрмен шал уәзір болады.
Айдарлысын құл қылып,
Тұлымдысын күң қылып,
Ноғайлыны бес шапқан
Барлық кегін алады.
Бұлар тұрсын мұнымен,
Енді баян қылалық
Жәнібектің сырынан:
Талап қылған қай тұлға,
Әлібидің ұлынан.
Жол жабдығын түзетіп,
Қайтпаққа талап қылады.
Ел-жұртын жинап алдына,
—Рұқсат бер,—деп сұрады.
Қарт-көрме жиылып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Не қаласаң, алғын,—деп,
Бар мүлкін салып балаға,—
Қайтсаңыз қайт,—деп, ұнады.
Дүниесін бала алмады,
Қайтпаққа сабыр қалмады.
Тілеу досы нөкер алып,
Қош айтып, досын шығарды.
—Жылда бір келіп тұрармын.
Қайтарды елге бұларды,
Жолаушы болып Жәнібек
Келеді жүріп еліне.
Көргенше ынтызар
Құс салып жүрген көліне.
Ат басын салды туралап,
Баяғы келген жөніне.
Енді Жәнібектің ел жағынан баян қыламыз.
Жәнібек еліне қарай қадам басып, өзіне қаратқан елімен
амандасып, бірнеше күн жол жүріп келе жатыр.
Ал Ноғайлы елінің хабары:
«Жәнібек батыр болып, Ноғайлыдан бір бала туыпты»
деген дабысты естіп, Арқада жатқан көп қалмақ: «Қой, бе
керге жатпайық, бір күні қапыл жатқанымызда қу бала
келіп, ел шетіне кіріп, жазым қылып кетер. Онан да өзіміз
бұрын қамданып, еліне баралық. Малдарын талап, олжалап
алалық»,—деп, бас қосып, Өтембек, Тетембек, Әсембек, До
самбек, Ақкөбек, Қаракөбек деген алты дәу бас болып алты
ту көтеріп, Жәнібек бұл жақта жүргенде, ноғайлының елінің
шетінен тиіп, шапқыншылық көрсетті.
Оларға қарсы тұратұғын шамасы жоқ. «Айтқанға көнелік,
сұрасаң, талқанымызды берелік»,—деп, жұрт қорқып, қол
қусырып, қалмақтың дәулерінің алдына келіп, уәдесін береді.
Барша халық қарады. Сонда алты дәу болыс, би, елубасы, стар
шын сайлап, халықты бір шыбықпен айдап, «Кім жақсы, кім
жаман?»—деп, болған адамдарды сөзге салды.
Адамдар айтты: «Әзіреті сұлтан деген әулиеміз бар еді.
Сіздердің беттеріңізді көрмейміз»,—деп, қырық кез жердің
астына түсіп кетті. Әліби дегеннен Жәнібек деген бала туып,
батыр болып, жау жаулап кетті. Басқамыз бәріміз бұқара.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Сонда Қаракөбек, Ақкөбек—екі дәу айтты: «Ол Әзіреті
сұлтан әулиенің есігіне екі биені сояйық, кебежесіне тығып
қояйық. «Әулие ұры екеңсің» деп, жала қылайық, біле алмаса,
басын кесіп, елін шауып алайық»,—деп, екі биені сойып, әулие
қайдасың? Шық, ұры екенсің,—деп шақырады.
Әзіреті сұлтан бұлардың жала қылғанын біліп, үйден қарғып
шығып: «Өздерің сойып, маған жала қылып тұрсыңдар. Екеуің
екі ит бол, ұлығанда дауысың күндік жерге, қадамың түстік
жерге жетсін. Даусың жеткен жерде заһар болып, қыбырлаған
жан қырыла бастасын. Атса, мылтық, шапса, қылыш өтпесін»
деп бата береді.
Екеуі екі ит болып, бір төбенің басына барып ұлып еді, дауы
сы жеткен жердегі адам, айуан қырыла бастады.
Сонда Ноғайлы деген ел Құтырған деген жерден бұзыла
қашты. «Бұл жалмауыз адамнан бұзылған ит қой, көшкен жұр
тымызға бір бие, бір қыздан байлап көшейік», деп, қалмаққа
ақылдасып, Жәнібектің қарындасы—Мақпалды Мақпал суға
байлап, Жабағылы деген жерге жабағылы бие байлап, әкесі
мен шешесінің екі қолын артына байлап, алдына салып айдап,
Сырға қарап аударылып көше берді.
Сонда қыздың ақ отауын басына тігіп, қазына басына жиып,
Мақпалды отауға байлап тастап, кемпір, шалды жаныштап,
елдің соңынан айдап жөнелді. Сонда Мақпал отауда байлау
лы қалып, әке-шешесіне қарап: «Сендерді көрдім. Бір туысқан
Жәнібекті көре алмадым. Көкемді тірі көрсеңдер, менен сә
лем»,—деп әке-шешесіне қоштасты.
Мақпалдың бір сөзі
Мақпал сонда сөйледі:
—Аман бол енді, шешеміз.
«Кәрі-жас» демей, бәріміз,
Ажал оқ тисе, кетеміз.
Зорлықтың түбі—қорлық» деп,
Есітуші едік құлақпен,
Жылай беріп, не етеміз?
Маңдайдағы жазудан.
Бұл дүние баянсыз,
5-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұл дүниеден өтеміз.
Бір ұядан жұп едік,
Жолықпай қалды жан көкем,
Қоштаспай қалдық екеуіміз.
Қайыр қош, жұртым, аман бол!
Менен сәлем айтыңдар,
Тірлікпен келсе көкеміз.
Құлақ сал, жұртым, назарға,
Бір көрмей қалдым бауырды,
Көкемнен жаным садаға.
Дұғай сәлем деңіздер
Бір туысқан балаға.
Сорлы , жылама,
Мен бір өлген қызыңмын,
Өлмей адам қала ма?!
Арманда қалдым, шешеке,
Ел намысын ізденіп
Кеткенде көкем далаға.
Таласып емшек еміскен,
Тай-құлындай тебіскен
Болмады көкем шамада.
Жолықпай қалдым амал жоқ,
Жәнібек батыр ағама.
Шырылдатып Мақпалдың,
Қол-аяғын байлады.
Жалғыздығы құрысын,
Таба алмады айланы.
Басы амандар қарап тұр,
Жалғыздың соры қайнады.
Шешесі қаздай сыңсылап,
Әкесі нардай аңырады.
Жаңа туған қозыдай,
Қыз сыңсылап маңырады.
Бәрін айт та бірін айт,
Шырылдатып Мақпалды,
Отауға мықтап байлады.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Шешесінің жылағаны:
—Қайыр, қызым, қош бол,—деп,
Шешесі байғұс аңырайды.
Қалмақтан қорқып шошынып,
Сөз айтуға аузы бармайды.
Парлап иіп емшегі,
Көзінің жасы парлайды.
Аман бол енді, шырақ,—деп,
Шешесі байғұс зарлайды,
Қайыр қош енді, шырағым.
Берейін деген құлының
Қылады жақын жырағын.
Жәнібек те кеп қалғай,
Ойнатып құла ат-пырағын.
Өзім өліп кеткенше
Құдайдан сендер сұрағым.
Сендер мұндай болдыңдар,
Мен қайтып өлмей тұрамын.
Иманым болғай жолдасым,
Сендерді пірлер қолдасын.
Байлауда қалдың, жалғыз қыз,
Тапсырдым Хаққа, шырағым.
Бір ұядан жұп едің,
Өсіп ең болып балдырған.
Қорғасыннан ауыр ең,
Ұстаған қолды талдырған.
Балдан шекер тәтті едің,
Мейірімді, сүйсем, қандырған.
Тоғыз ай, он күн көтеріп,
Омыртқамнан бүгілдім.
Бүгілгенім құрысын,
Мақпалжан сенен түңілдім.
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Емшекті салып аузыңа,
Бетіңе қарап үңілдім.
Бесігіңді тербетіп,
Еңбегімді сіңірдім.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Бір перзент бер!»—деп зар жылап,
Әулие қоймай, қыдырдым.
Шат болып еді көңлім,
Енді тоқтап, мүдірдім.
Қырық шілтен-пірлер, қолдай гөр!
Ұл-қызымнан айрылып,
Бұл қайғыға іліндім.
Жолықтырсын сау қылып,
Аман бол енді, Мақпалжан!
Жәнібектен дерек жоқ
Қалмаққа қарай аттанған.
Қайғы басты бұл күнде,
Бұл қайғыдан құтылып,
Күн болар ма екен шаттанған?
Ақ отауға байланып,
Құтырған итке жем болдың.
Шырағым, сенен айрылып,
Сөйлесе алмай қайырылып,
Тумағандай мен болдым.
Қартайғанда зарылдап,
Қанды көзден барылдап,
Қара жермен тең болдым.
Араздаспай ағаңа,
Далада қалдың жана да,
Арманда, қалқам, сен болдың.
Жалғызды жұртқа байлатып,
Көзімді оттай жайнатып,
Алғаның жақсы, бір Құдай,
Бүйтіп тірі қойғанша,
Қатарымнан кем болдым.
Арыздасып Мақпалмен
Кемпір-шал кетіп барады.
Мақпал сорлы шырылдап,
Жылай-жылай қалады.
Көзі қимай перзентін,
Кемпір-шал гөй-гөй салады.
«Баба түкті шашты Әзіз
Қолдайтұғын күнің,—деп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жалғызды жұртқа байлатып,
Қайғыға түстім бұл күнде»,
Көңіліне пірлерді алады.
«Жүр, қақпас»,—деп айдады,
Жасауыл болып, өзінің
Үйінде жүрген малшылар,
Жаны ашыр кісі қалмады.
Тұзын ішкен өзінің
Айдады жекіп адамы.
Мақпал:
Мақпал сонда жылайды
«Аман бол, әке-шешем-ай.
Қатайып кетті дұшпандар,
«Босанар ма екен?» десем-ай.
Айрылдың менен, ырза бол,
Қалмаққа кеткен балаңды
Көріңдер аман-есен-ай!
Ырза бол берген сүтіңе,
Ата-анам, сіздер мекем-ай.
Қатты арманым сол болды,
Ырзаласып, көрісіп,
Жолықпай қалды көкем-ай.
Берегірек келіңдер,
Дидарыңды көрейін.
Әке-шешем, аймалап,
Емшегіңді емейін.
Тай-құлындай тебіскен,
Таласып емшек еміскен
Жолықпай қалды-ау Жәнібек,
Амал жоқ бұған, не дейін?
Тірі көрсеңдер, айтыңдар
Тым болмаса, көкемді
Бір көріп көзбен, өлейін.
Жүрген шығар жан көкем,
Аққұла аты астында,
Талап қып жауға аттанды
Өзі он төрт жасында,
Ат-тонына лайық,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құндыз бөркі басында.
Бірге туған жәкемнің,
Үйде тұрса, жұбанышы ем,
Далада жүрсе, қуанышы ем,
Сүйеніші едім қасында,
Аман бол, барша еліміз!
Жәнібекке сәлем айт,
Кеп кетсін, көрсін көзіміз.
Қияметте көрерміз,
«Өлді» деген—осы да.
Өлі болсам, бата қып,
Тірі болсам, бір көріп,
Бір келіп-кетсін қасыма.
Өлігіме кез келсе,
Оқысын Құран басыма.
Жәнібек жәкем бар болса,
Қуалар еді иттерді
Қызыл таудан асыра.
Қош енді, байқұс, жүре бер,
Көрінгеннен таяқ жеп,
Қайғырып тұрып жасыма,
Тұра бермей, жөнеңдер,
Әке-шешем, жылама.
Біреу мұңды, біреу шат,
Бәрің де қудай жылама.
Бір Құдайға жалынғын,
Бұлардан жәрдем сұрама,
Құтылармыз бұдан да.
Қорғасын бізге жәрдем боп
Түсіңде көрген дуана.
Ұзынынан сұра, кемпір-шал,
Қысқа тілеу тілеме.
Біреуге берген өмірмен
Біреу тірі жүре ме?!
Ұл шешеге суықты,
Қыз анаға жуықты,
Мендей болып Жәнібек
Қадіріңді біле ме!
Дұшпанның түстім қолына
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Ашылмастан бір гүлім,
Бет алдыңнан оңласын,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бір тірлігің өтер-ау,
Бәрі—менің сорым да.
Қайта бер енді, шешеке,
Рауан болғын жолыңа.
Ажалым менің жоқ болса,
Қалмақтан келіп Жәнібек
Жолығар осы жолыңда.
Байқұстар неге қайрылдың,
Мен қудан анық айрылдың.
Балапан туған Жәнібек
Өмір берсін соныңа.
Өздеріңе әзір бол,
Сенбеңдер, шеше, досыңа.
Қырсыққа ісің айналса,
Досың да шабар қосыла.
Ажалсыз адам өлмейді,
Болжаусыз өлім келмейді.
Ажал тура жетпесе,
Жұмысты Құдай жөндейді.
Жан шеше, қорқып шошыма,
Жәнібек жаудан келмесе,
Іздеп кеп, мені көрмесе,
Ақ сүтіңе ырза бол,
Көріскеніміз осы да.
Ал шешесі жылайды:
—Жан ашыр жоқ, бәрі—жау
Жарайды неге айқайым?
Дұшпандар: «Жүр!»—деп, қоймай тұр,
Қош енді, қызым, қайтайын.
Жаратқан ием жар болып,
Кез келер ме екен Жәнібек?
Бір құдайға сыйынып,
Айдауда жүріп байқайын.
Кез келтірсе Жаратқан,
Көзімнің нұры қарағым,
Сәлеміңді айтайын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сәлеміңе келмесе,
Сені «адам» демесе,
Өлгенде Құдай кез қылсын.
Лашындай Мақпалжан,
Көшкенде көштің көркі едің.
Көшіп барып бір жерге,
Қонғанда, іргем беркі едің.
Қоралы қойды бастайтын
Ақылың терең саспайтын.
Қойдағы көсем серке едің,
Затың әйел қыз болдың,
Иттердің жемі сен болдың.
Қыз да болсаң, ерке едің,
Мінген аты қызылдай.
Жүр-жүрлеп жаулар айдады,
Ойран боп көңлім бұзылды-ай.
Қанды жас төгіп көзінен,
Қуаты кетіп өзінен,
Қай елді тастап қызындай.
Мықтанып мінді атына,
Көрінді жолы ұзындай.
Әні-міні дегенше,
Шұбалған жұрт көрінбей,
Қарасы жұрттың үзілді-ай.
Ноғайлы халық көштері
Үш белден асып кеткенді-ай.
«Жүр, қақпас!» деп ұрғаны,
Асыраған өз иті
Жасауыл болып тұрғаны
Сүйегінен өтті енді-ай.
Он шақты бел асқанда,
Кетеді қайда, қашқанда,
Кеткен көшке кемпір-шал
Айдаумен жетті енді-ай.
Кемпір, шал көшке жеткенде,
Қашқан жау ұзап кеткенде,
Аққұла атты ойнатып,
Жәнібек батыр кепті енді-ай.
Мұндай іс бар ма есінде?!
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Көрінбеді көшінде,
Ойбай, шеше, шыныңды айт,
Мақпалым қайда?—депті енді—
Кімнен көрдің қорлықты?
Кімнен көрдің зорлықты?
Бұл күйге түсіп қалыпсың
Қандай бәле жолықты?
Шешесі сонда аңырайды
Ботасы өлген түйедей.
—Көрдім,—деп,—қорлық,—зарлайды.
Жәнібекті көргенсін
«Байлаулы қалды Мақпал»,—деп,
Айтуға аузы бармайды.
Өлді деп жүрген баласы
Аман-есен келген соң,
Құшақтап алып батырды,
Емшектен сүті парлайды.
Бауырына басып баласын,
Кемпір-шал байқұс өкірді.
Баласын көріп көзімен,
Тоқтатып көңілін бекінді.
—Алты мың қалмақ ел шауып,
Екі дәу екі ит болып,
Сол иттерге жем болып
Бір туысқан Мақпалың,
Байлауда қалған секілді.
Көрер күнім бар екен,
Жалғызға Құдай жар екен.
Көрермін деген ойда жоқ,
Қарағым, сенің бетіңді.
Бұлардың сөзін естіп,
Батыр туған Жәнібек
Бас қойып ердің қасына,
Бір ұрып санын, өкінді.
Ал Жәнібек сөйледі:
—Ойбай, шеше, не дейсің,
Мақпалды Құдай қақты ма?!
Көшкен жұртқа байлау қып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бауырым жылап қалды ма?!
Отауға байлап қойғанда,
Жүрегі ұшып шырақтың,
Отыр ма, тұр ма, жатты ма?!
Тірі байлап кетті ме,
Мылтықпенен атты ма?!
Аман-есен көрсетсе,
Тірі боп менің бақытыма.
Қалғанында байланып,
Мен сияқты сорлыға
Қарағым, қалқам, жалғызым
Сәлем-мәлем айтты ма?!
Шешесі сонда сөйледі:
—Көз қимай, қанша жыладың,
Сәлемін саған айтайын.
Қарағым, менен сұрадың,
Құдай сүйген құлының
Жақын қылар жырағын,
Таңда мақшар болғанда
Сүйген құл мінер пырағын.
Қорлықтың бәрі бізде тұр,
Білесің өзің бұл жағын.
Сендерді ойлап қайғымнан,
Сарғайды кекіл сияғым.
«Тірі болса Жәнібек,
Кеп ,—деп,—қасыма.
Өліп қалсам, жан көкем
Оқысын Құран басыма»,—
Деп жылап еді шырағым.
Ал Жәнібек сөйледі:
—Ноғайлыға жау тиіп,
Мен жоқта бопты аламан.
Қалмаққа Тілеу хан болды,
Ұрыста қалмақ қан болды,
«Хан бол»,—деп мені қалаған.
Көңіл бермей оларға,
Шаппадым хан боларға,
Бері қарай шықтым, жан анам.
Айналайын, Мақпалым,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жолыңда сенің өлейін!
Құтырған итке, жол тосып,
Бір соғысып көрейін.
Бір жаным сенің садағаң,
Туысқан-туған менде жоқ,
Жаны ашыр маған пенде жоқ.
Жалғыз боп туған баламын,
Өліп кетсем, дерек жоқ,
Қолтық сүйер көмек жоқ,
Артымда туған інім жоқ,
Көңілім ойран, тыным жоқ,
Әттең, қатаң сұм дүние!
Соны арман қып барамын,
Бүтін емес ортамын.
Аман болыңдар көргенше,
Мақпал жаққа жортамын.
Жалмауыздың дауысын
Есіткендер қырылса,
Көрермін бе сіздерді,
Аман болыңдар, кемпір,шал,
Бір шыбын жаннан қорқамын.
Ал, шешесі сөйлейді:
—Олай деме, шырағым,
Шырылдап жерге түскенде
Қара кіске бөледім.
«Қара кіс қатты тиер» деп,
Шұға, мақпал бөледім.
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Машақатты көп көріп,
Тілектес саған боп едім.
Намарттың айтпа жұмысын,
Бауырыңа жөнел, жан балам,
Медет берсін бір Құдай,
Пірлерің болсын көмегің.
Қу қонбаған қара ағаш
Қу қондырдым сен үшін.
Қаз қонбаған қара ағаш
Қаз қондырдым сен үшін.
Беліңе садақ будырдым,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Жүрегің жалды болып өссін» деп,
Қашқан жауды қудырдым.
Айналайын, Құдайым,
Тіл тигізбей, жылайын.
Әуелдіге қуантып,
Ақырында бұлқындың,
Бір Жаратқан Жаппар Хақ,
Екі перзент беріп ең,
Бірін қыз, бірін ұл қылдың.
Айналайын, Құдай-ай,
Әуелі қылып қуаныш,
Ақыры қор қып күң қылдың.
Оңламасаң, Жаратқан,
Қартайған екі байқұстың
Қайғыға ішін тұндырдың.
Жәнібек, сені тербетіп,
Тал бесікті таяндым.
Түн ұйқымды төрт бөліп,
Бір түнде неше ояндым.
Бауырыңа тартпа тартқанмын,
Үстіңе торқа жапқанмын.
Барсаң, балам, бар енді,
Ажалың жетсе, өлерсің,
Әйтпесе, қайтып келерсің.
Қарындасың қайда?» деп,
Қатар-құрбың сұраса,
Не деп жауап берерсің?
Талапты жолдан бас тартпа,
«Еркек» деп сені тапқамын.
Шешесі сөйтіп сайрады,
Жәнібектей батырды
Осындай сөзбен қайрады.
Сол уақытта Жәнібек
Барайын деп ойлады,
Өлімге басын байлады.
—Қыбылагөйім, мекейім,
Енді соған кетейін.
Бір туысқан бауырымнан
Жанымды аяп не етейін?
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Аман бол енді, анайым!
Жасаған болсын панайың!
Тәуекелге бел байлап,
Жалмауызға шабайын.
Халықты қырғыш батырмын,
Бір соғысып қарайын.
Бата бер, әке-шешем-ай,
Мақпалжанға барайын.
Шешесі байқұс сөйледі:
—Айналайын, жалғызым,
Асқар ала бел едің,
Бауырың үшін шыдамай,
Мақпалыңа жөнедің.
Байқап іс қыл , шырағым,
Жалқы туған ер едің,
Сен туғансын көркейіп,
Даңқы бар адам боп едім,
Мал-жанды талап әкетті.
Бар сенгенім сен едің,
Жылап-еңіреп жүргенде,
Жаратқан берген ұл едің.
Жасың толық жеткенде,
Айтулы ердің бірі едің.
«Екі перзент берді» деп,
«Қор болмаспын енді!» деп
Қуанышым сыймай қойныма,
Жағамды ұстап жүр едім.
Жатсам-тұрсам Құдайдан
Екеуің еді тілегім.
Байқап іс қыл, қарағым,
Көңліңе тоқ қылуға
Артыңда жоқ тіреуің.
Мұнша қайғы жемес ем,
Артыңда болса біреуің.
Бармашы, бармашы,
«Барма» деп айтқан бұл сөзім—
Әшейін қылған далбаса.
Қиындық жұмыс болмайды,
Пірлерің қолын жалғаса.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Далбаса сөз мұнымыз,
Тілімді менің алмашы,
Жауды өлтіріп, шырағым,
Әпкелерсің Мақпалды.
Көрген түсім шын болып,
Жаратқан ием жар болса.
«Атса, мылтық өтпес,—деп,
Шапса, қылыш кеспес» деп,
Әулие айтқан түсімде.
Мен білмеймін, алдаса.
Мұратыңа жетерсің,
Түсімде көргенім
Егер де шайтан болмаса.
Сен туған соң Жәнібек,
Алдыма алып, ұл еттім.
Еркелетіп өсіріп,
Артыма салып, құл еттім.
Сен де кетіп жау жаққа,
Қашан аман келгенше,
Біз сорлыны жүдеттің.
Жаратқанға тапсырдым,
«Ұл-қызым бар» деп сендерді,
Дәулетімде күнелттім.
Жасың да болса жас еді,
Қарсы шауып екі итке,
Біздей сорлы мұңлыны,
Қайғыменен жүдеттің.
«Аман-есен келгей» деп,
«Абырой, Құдай, бергей» деп,
Күндіз-түн тілеу тілеттің.
Абайлап іс қыл, шырағым,
Күші де кірген жоқ еді,
Жас ботам, екі білектің.
Күдер үзген бала едің,
Тағы сақтар Жаратқан.
«Келмейді-ау!» деп қап едім,
Аман көріп, шырағым,
Ақ бетіңнен бір өптім.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Сол уақытта Жәнібек
Шамырқанды, шамданды.
Ат басын бұрып Мақпалға,
Барайын деп қамданды.
«Аллаһу Акбар, барғын!-деп,
Жалмауызды өлтіріп,
Абырой, балам, алғын,—деп,
Батасын беріп, қол жайып.
Жәнібек айтты:
—Кемпір-шал,
Мінген атым қаракер,
Бір Аллаға тапсырдым,
Артынан елдің бара бер.
Кешікпей мен де барармын,
Ажалым жетіп бұл жолда,
Жұтпаса мені қара жер.
Үйдегі бала өлмей ме,
Жол жүрген адам келмей ме?
Жігерімді құм қылып,
Жыламай, шеше, қала бер.
Бұл не деген пал болды,
Кемпір-шал айран хал болды.
«Бар» десе де, баланың
Ізіне де зар болды.
Аққұла атқа қамшы ұрып,
Мақпалға батыр жөнеді,
Жердің жүзі шаң болды.
Ал жөнеді, жөнеді
Мақпал суға туралап
Әлібидің көдегі.
Оттөбені бір басып,
Жалғыз өзі келеді.
Жолдасы жоқ қасында,
Ұядан екеу басында,
Бір Құдай болған көмегі.
«Ғайып ерен, қырық шілтен-
Кәміл пірім жар беріп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қысылғанда әл беріп,
Қолдар күнің»,—дер еді.
Әні-міні дегенше,
Байлап кеткен Мақпалды
Отауға жетіп келеді.
Отауға келіп Жәнібек,
«Бар ма, жоқ па Мақпал?» деп,
Атының басын бұрады.
«Шыға ма?» деп дыбысы
Біраз аңдап тұрады.
«Бола ма,—деп,—бір белгі?»
«Мақпал!»,—деп дауысын шығарды.
Мақпалда түк дыбыс жоқ.
«Өліп қалған екен, деп,
Ой, бауырым!» деп жылады.
Жәнібектің айтқаны:
—Шырағым, отырмысың күліп-ойнап?
Ноғайлы кеткен екен жұртқа байлап.
«Жалмауыз қай жағымнан келеді?»—деп,
Қолына ақ алмасын алды қайрап.
Жәнібек қарындасын келді жоқтап,
Батырдың жалғыздықтан көңлі тоқтап.
«Жалмауыз көрінсе, ұрыс қылайын» деп,
Қолына ақ мылтығын алады оқтап.
«Жалмауыз із көрейін деп кетті ме?
Ажал кеп, Мақпал жазым боп кетті ме?
Дыбысы, тірі болса, шығар еді-ау,
Шамасы қу жалмауыз жеп кетті ме?
Сорлы едім жарымаған ағайынға.
Жапсарды тіліп, үйді қарайын да.
Егер де есің танып қалған болса,
Есіктен, аттан түсіп, барайын да.
Білмедім, жетпеді ме айқайым да,
Бар-жоғын әбден біліп байқайын да.
Жапсарды тіліп әбден көзбен көріп,
Шырағым бар ма, жоқ па, байқайын да.
Мұны айтып, ақ семсермен жапсар тілді,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жәнібек ат үстінен түспей тұрды.
Мақпал қыз есін танып, сұлап жатыр,
Жатқанын есін танып, батыр білді.
Жәнібектің сөзі:
—Тауда болар тараша,
Жылқыда болар алаша,
Келген жоқ екен жалмауыз.
Қазыққа қаққан таңылып,
Көзінің жасы ағылып,
Естен танып қалыпты.
Жапсарды тіліп қараса,
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса көзден шығар жас.
Есін білмей сұлық жатыр
Бір туысқан бауырлар.
Туысқаның болмаса,
Қиын екен жалғыз бас.
Толқыттың, Құдай, миымды,
Қайғылар маған жиылды.
Өзгелерден артықша
Бауырдың ісі қиын-ды.
Өлімісің, шырағым,
Тірімісің, шырағым?!
Жауап бергін мен қуға,
Кетірме менің сыйымды.
Басыңа тігіп кетіпті
Арнаған отау үйіңді.
Тірі болсаң, жауап айт,
Тарқатайын, шырағым,
Көңілде шемен түйінді.
Өлімісің, Мақпалжан,
Тірімісің, Мақпалжан?!
Жаратқан Құдай жар болып,
Пірлерден медет бар болып.
Осы ажалдан айырсам,
Бұрынғыдай той-тойлап
Жүремісің, Мақпалжан.
6-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Береді Құдай несіпті,
Жиналмай есін, кешікті.
Жәнібектің дауысын
Мақпалжан сонда есітті.
Шыға алмай сыртқа бұлқынып,
Олай-бұлай жұлқынып,
Есі ауып қалған Мақпал қыз
Таба алмай жатыр есікті.
Сол уақытта Жәнібек
Аттан түсе қалады.
«Амансың ба, қалқам!?»—деп,
Құшақтап, айқай салады.
«Қандай болдың, бауырым?»—деп,
Бетін ашып қарады.
Шіріндігі бауырдың,
Қатерлі жолда жолықса,
Міне, осындай болады.
Жәнібек Мақпалжанмен көріседі,
Сөйлесіп бір-бірімен, келіседі.
Мақпалды байқамаққа айтты батыр:
—Шырағым, ап қайтайын енді сені.
Жүр, шырақ, Аққұла атқа мінгеселік,
Екеуіміз тізе қосып бірлеселік.
Шал-кемпір жылап-еңіреп жүрген шығар,
Тауып ап бірге жүріп күн кешелік.
Мақпал:
Мақпал айтты: «Ел Сырға барған шығар,
Кемпір-шалды жұрт тауып алған шығар.
«Жәнібек пен Мақпал!»—деп жылай-жылай,
Шал-кемпір бір жылғада қалған шығар».
Жәнібек:
—Ел жаққа олай болса, баралық та,
Кемпір-шал қайда жүрсе, табалық та.
Ноғайлы, Қалмақ бәрі зорлық қылса,
Біз кегін өзіндей қып алалық та.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Мақпал:
—Жұрт кеткен жалмауызға мені байлап,
Отауға Қалмақ, Ноғай елі байлап.
«Жалмауыз екеуін де өлтірсін» деп,
Артымнан жіберіпті-ау сені де айдап.
Көріңіз жалмауыздың жолын тосып,
Елге барсақ, «Келді дер қорқып, шошып»
Бір Алла қуат берсе, пірлер жар боп,
Жалмауызды өлтірелік, болса несіп.
Жәнібек:
Жәнібек: «Мақұл»,—деді ақыл ойлап,
Алды-артын әр жұмыстың отыр ойлап.
Отауға қу қазықты мықтап қағып,
Ойы сол Мақпал қызды байлап қоймақ.
«Бос қойсам, бұл да жүрер, барамын деп,
Мен неге, көке сенен қаламын» деп,
Жалмауыз менен гөрі басым болса,
Бұл да өлер, ажыратып аламын деп.
Мұны ойлап мықтап белін буды енді,
Даярлап жататұғын жерді енді.
Есіктен кіре беріс шұқыр қазып,
Өзінің даярлады көрін енді.
Жәнібек
Отырды батыр ой ойлап,
Екі жағын тең ойлап.
Жан-жағына қарайлап,
Жалғыздығын жаңа ойлап.
Ой түбіне жетпеді,
Мінгестіріп Мақпалды,
Елге қайтып кеткенін,
Ұят болар депті енді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір туысқан Мақпалды
Жалмауызға жем қылып,
Көзі қиып кетпеді.
«Құдай қылды шара жоқ»,
Туысқан, іні, аға, жоқ,
Арманы осы бопты енді.
«Баба түкті шашты Әзіз,
Өзіңіз берген перзент ек
Осындай қылмақ еп пе еді?»
Осыны айтып Жәнібек,
Мақпалды әкеп, қолымен
Отауға мықтап байлады.
Үш сайдан арман өткізіп,
Аққұла атты байлады.
Мылтығын оқтап, даярлап,
Жалмауыздарға күтініп,
Ақ алмасты қайрады.
Тәуекелге бел байлап,
Пірлеріне сыйынып,
Ерліктің қамын енді ойлап,
Жас батыр гүл-гүл жайнады.
Кіре беріс есіктен
Жатайын деп көрінбей,
Шұқыр қазып ерінбей,
Өзінің көрін сайлады.
Мақпал
Шырылдап Мақпал жылайды,
Көзінің жасын бұлайды:
—Айналайын, жан көке,
Тұрма менің қасымда,
Мен қу басқа айналып,
Көзің қимай жүргенде,
Қу жалмауыз кеп қалып,
Жалғыздық түсер басыңа,
Жігерімді құм қылма.
Елге қайт, көке, ертерек,
Бір көрейін деп едім,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Көргенім, аға, осы да.
Айналайын, жан аға,
Үйірілейін, жан аға,
Жаным сенен садаға.
Алды-артыңда таяу жоқ,
Тарылды-ау көке, замана!
Мені тастап кете гөр,
Кемпір-шалға жете гөр.
Затым әйел, ұрғашы,
Мен—біреудің олжасы,
Мен қалайын далада.
Жәнібек:
—Олай деме, Мақпалжан,
Сені тастап бұл жерге,
Елге не деп барайын?
Жаны ашыр маған туысқан—
Бермеді Құдай ағайын.
Өзім жалғыз болған соң,
Көмекті қайдан табайын?
Шырағым, мені шошытпа,
Сүйегімді жасытпа,
Бір соғысып қарайын.
Жаратқан ием қолдаса,
Кегіңді сенің алайын.
Ұрысып жаумен өлсем де,
Бір туысқан, шырағым,
Сені көзден салмайын.
Жалмауызбен ұрыспай,
Арыстандай жұлыспай,
Елдегі қатар-құрбыма
Күлкі болып қалмайын.
Мақпал
Мақпал сонда сөйлейді,
Сөйлегенде, бүй дейді:
—Айналайын, көкетай,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қаратаудың жылғасы
Баурында ойнар құлжасы.
Төмен етек мен сорлы—
Затым әйел, ұрғашы,
Бөтен ел мені ап кетер,
Мен—біреудің олжасы.
Еліңді тап, көкетай,
Қарындассыз, інісіз
Ел ішінде жүрмей ме
Бір байдың жалғыз мырзасы.
Жәнібек
Ал Жәнібек сөйледі:
—Олай деме, шырағым,
Өткен өмір келе ме,
Ажалсыз адам өле ме,
Жалғыз басты Жәнібек
Өзі бұрын өлгенше
Сені жауға бере ме!
«Жауды өлтіріп келдік» деп,
Өтірік айтып біз барсақ,
Сол сөзге жұрт сене ме?
Мақпал
Сонда Мақпал сөйледі:
—Айналайын, жан көке-ау,
Асқар ала бел едің,
Ноғайлының ішінен,
Жалғыз туған ер едің,
«Туысқаным қапты» деп,
Мен қуды іздеп кеп едің,
Шақырған ойым басында:
«Бір көрейін» деп едім.
Жалғыздық түсер басыңа,
Жаны ашыр жоқ қасыңда.
Әлі де болса, көкетай,
Мені тастап жөнегін,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Құдайдың берген бағы бар,
Тағы сөзім тағы бар.
Зорсынып, тасқан нәрсеге
Сомдалған балға табылар.
Екі дәуді өлтірсем,
Іштегі дертім ағылар.
Қуат берсе Жаратқан,
Қылышым қанға қарылар,
Ақ берен мылтық атылып,
Ақ қылышым шабылар.
Осыны айтып тұрғанда,
Құлағын тігіп тыпырлап,
Төрт аяқтап жер тарпып
Тұра алмай тұрған секілді,
Аққұла ат тұлпар жануар.
Сол уақытта Жәнібек
Шамырқанып, шамданып,
«Жау дерегі болды-ау» деп,
Даярлық жасап, қамданып,
Аққұла атқа мінеді,
Әудем жерге жүреді.
«Келеді деп жау қайдан?»—
Жол жобалап тұр еді.
«Ай, жануар, Аққұла ат,
Тұра алмадың тыпырлап,
Көрінбейді еш нәрсе
Қорыққаның сенің кем еді».
Біраз жерге жүргенде
Күншығыс жақтан шаң шықты,
Жау дерегін біледі.
Аттан түсіп Жәнібек,
Шұбыртпалы жібекпен
Мақпалжанның құлағын
Мықтап бұрап тығады.
Аялаған мақтамен
Өзінің де құлағын
Мықтап бұрап тығады.
Аққұла аттың құлағын
Киізден шақтап кесіп ап,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құлағын мықтап тығады.
Аспаптарын асынып,
Көргенше жауды асығып,
Алыстан тосып алмаққа
Жау жаққа қарап шығады.
«Қуат бергін, Құдай!»—деп,
Пірлерін жад қып, жылады.
Сол уақытта Жәнібек
Кер маралдай керілді,
Басарына ерінді.
Бір төбенің басына
Шауып шықты Жәнібек,
Көтергелі көңілді.
Сол уақытта қараса,
Бұл не деген тамаша,
Күншығыс жақтан бұрқырап,
Бір бұзық шаң көрінді.
Мінген аты, кер екен,
Алды ылди, арты өр екен.
Бір төбе тасты бет алып,
Шауып шықты Жәнібек,
Ол биік тастың лақабы
Шақпақата дер екен.
Жәнібек сынды батырдың
Мылтыққа білте тұтатып,
Шақпақ шаққан жер екен.
Алматы, Бішкек, Тоқпақтан
Келе жатыр соқпақпен.
Әулиеата тұс жағы
Екі төбет арсылдап,
Асадан асты Күйікке,
Айша бибі дер екен.
Төрт аяғы тарсылдап,
Екі төбе тарсылдап,
Сай асудың басына
Екеуі шыға келеді.
Келе жатқан екеуін
Баланың көзі көреді.
Буындары дірілдеп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Көзінің жасын төгеді,
Ал, жақсылар, қарашы,
Біреудің жалғыз баласы.
Тарыққан соң Жәнібек,
Жетіп келді қасына,
Жар болғанға ұқсайды батырға.
Қараса, қарт Қазығұрт
Жәрдемші болды бабаңа.
Пірлері жар боп баланың,
Мылтығынан от шығып енді,
Келе жатқан екі иттің
Алдынан өрт айдады.
Артына қарап қашады,
Артына өрт айдады.
Алды-артын өрт басады,
Құтылатұғын жөн таппай,
Ақкөбек енді сасады.
Айла таппай Ақкөбек
Алды-артын өрт қамап,
Күйікте күйіп қалады.
Тамызған оттай лауылдап,
Шырақ майдай жанады.
Күл болып өшті сүйегі,
Бір будасы қалмады.
Ақкөбек күйіп өлген жер
Онан соң Күйік болады.
Күйіп өлді Ақкөбек,
Қаракөбек қаңқылдап,
Қақса болып келеді.
Аяқтарын тас қағып,
Ақса болып келеді.
Төбесіне күйіктің,
Жалмауыз шыға келеді.
Етегіне Бақетей,
Жәнібек шыға келеді.
Ол да мықты ер еді,
Қарсыласып сол жерде,
Екеуі қабат келеді.
Жәнібек батыр сол уақта
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айдаһардай ысқырып,
Масаққа білте қыстырып,
Мылтықтың аузын қаратты.
Қақ маңдайдан бір атты,
Дәл жүректен және атты.
Тисе де, оғы өтпеді,
Қақ тұмсықтан тағы атты,
Ту шаптан дәл атты.
Онда да мылтық өтпеді,
Сөйте-сөйте Жәнібек,
Қабырғадан қырық атты.
Омыртқадан он атты,
Онда да оғы өтпеді.
Ер кірісі тарқады,
Өтпеген соң атқан оқ,
Атарына жалқады,
«Ажалым осы екен» деп,
Кейін қарай қашпаққа
Атының басын тартады.
Өтпегенсін атқан оқ,
Күркіреуді жағалап,
Биік жерді паналап,
«Мақпалжан тірі қалсын» деп,
Мойнына алып өлімді,
Ізімен кейін қайтады.
Күркіреу болмақ себебі:
Жәнібектей батырды
Жалмауыз қуған күрілдеп.
Аққұла атқа қамшы ұрып,
Су жағалай, дүрілдеп,
«Әке-шешем, ырза бол,
Састы ғой мендей ұлың!» деп,
Аулаққа барып өлейін,
Бір туысқан бауырым
Көрмесін мұның түрін деп,
Қырық шілтен-бабам қайдасың?
Баба түкті шашты Әзіз
Тигізер қашан пайдасын?
Қолдайтын күнің бүгін деп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жылап кетіп барады
Тарылды менің күнім деп,
Қашан қуат бересің,
Ғайып Ерен, Қырық шілтен,
Айналайын пірім?» деп.
Қаша берсін Жәнібек. Мақпал сонда отауда, байлаулы тұрып,
Жәнібектің жалмауызға оғы өтпей, қашқанын біліп, пірлеріне
сыйынып, бір Құдайға нала қылып, әуелі Құдайды, екінші
пірлерін жад қылып, «Мен—Жәнібектің құрбандық лағы, мені
алып, Жәнібекті аман сақтай гөр!»—деп, Мақпалдың отауда
отырып жылағаны:
Мақпал сонда жылайды,
Жад қылды жалғыз Құдайды.
«Жәнібекті сақта!»—деп,
Құдайдан медет сұрайды.
Жарылқаса Жаратқан,
Пендесін қапы қылмайды.
Жылап отыр Мақпал қыз
Жад қылып жалғыз Құдайын.
«Мінәжат қылдым өзіңе!—
Деп сыйынып, жылайды.—
Мылтығы өтпей көкемнің,
Көңліне түсті уайым.
Өзің берген перзентпіз,
Баба түкті шашты Әзіз,
Қатасы болса, кешіңіз.
Сізден медет сұраймын,
Байлап кетті жан көкем,
Қол-аяғым бос емес,
Қандай амал қылайын?
Мен садаға көкеме,
Соны тастап, мені алса,
Бүйтіп тірі болғанша,
Өлейін де тынайын.
Айналайын, Жаратқан,
Болды ғой жұмыс орасан,
Бүгін бізге медет бер,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шашты Әзіз, білгіш бабасың.
Есіркесең болмай ма?
Өзің берген перзентпіз.
Қайтеді, жайға қарасаң,
Екі қолым байлауда,
Осы маған еп пе еді,
Жәнібек жалғыз көкемді
Ажал айдап кеп пе еді.
Бақты қара мен қуды
Көзі қиып кетпеді,
Әзіреті сұлтан Мідіуар,
Қайтарсаңшы дуаңды.
Естіп жатыр құлағым,
Қанша атса да, өтпеді.
Қыз да болсам, мен қудың,
Өзің берген перзент ем,
Тілеуім менің жоқ па еді?
Айдалада байланған,
Жұмысы теріске айналған,
Ілгері-соңғы заманда,
Мендей сорлы боп па еді?»—деп,
Мақпал жылап отауда жатыр.
Енді Жәнібек батырдан сөз келеді. Қаракөбек Күркіреуден
қуып бара жатқанда, жаратқан пірлеріне сыйынып, Жәнібек
тің жылағаны:
«Жаратқан, жалғыз Құдайым,
Бек сыйынып, жылайын,
Жарылқар күнің болар ма,
Өзіңе тәһиә қылайын?!
Ат басын төктім қашқалы,
Атқан оғым өтпеді,
Қайтіп қарап тұрайын.
Жұмысым болды орасан,
Әулиелердің ішінде
Ақ шалмалы Қорасан,
Маған бүгін қуат бер,
«Өлгін!»—деп әлде жауап бер,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Зеңгі баба Қорасан,
Ғайып Ерен, Қырық шілтен,
Қолдайтын күн болды,
Қартайып, сарт болмасаң.
Атадан әуелі тудым тақ,
Болады қашан көңлім шат.
Ата пірім—Қожайсақ,
Балаларың қысылды,
Әлдерің келсе, қолдап бақ.
Арыс мойнында алты бап,
Сыр бойында жеті бап,
Сайрамдағы сансыз бап,
Шапағатшы күн болды,
Мәдинеде Мұхаммед,
Үргеніште ҚожаАхмет.
Түркістандағы әулие—
Алтын сандық Әзірет,
Баба түкті шашты Әзіз,
Қырық шілтен, қолда, бабам-ай,
Жақындады өлуге
Жәнібек—жалғыз балаң-ай.
Қашан қуат бересің,
Тақсырлар, енді маған айт?!
Күркіреуді жағалап
Қаша берді Жәнібек,
Енді артына қарамай,
Ал, жақсылар, қарашы,
Жылап-еңіреп барады
Ноғайлының баласы.
Сөйтіп жылап жүргенде,
Баба түкті шашты Әзіз
Жар болды Сұлтан бабасы.
Жәнібек жылап бөлінді,
Көзінен жасы шұбалып,
Кірпігі төмен жығылды.
Жәнібек жылап күңіренді,
Кірпігі оқтай тігілді.
«Жылай берме, балам!»—деп,
Бір башарат білінді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Баба түкті шашты Әзіз
Оң иініне мінеді,
Мінгенін батыр біледі.
Тарыққан ердің пірі еді
«Шырағым,енді қайт,—деді
Атыңның басын тарт,—деді,
Жалғызға Құдай жақ»,—деді.
Аян берді батырға,
Құлағына сыбырлап,
Баба түкті шашты Әзіз
«Сол жерді парлап ат»,—деді.
Сол уақытта Жәнібек
Тоқтатып атын алады,
Артына қорықпай қарады.
Қаракөбек арылдап,
Үркітіп атын барады.
Әулие қуат бергесін,
Тұруға қарсы жарады.
Енді батыр саспады,
Көрұғлының ойынын
Жалғыз өзі бастады.
Қаракөбек қуып жүр,
Бұрынғыдай саспады.
Келді төбет жақындап,
Ауыз салды тақымдап,
Онда да батыр қашпады.
Әб жыландай толғанып,
Қайратқа мінді Жәнібек
Ақ мылтығын қолға алып,
Мылтықтың аузын қаратты,
Қос өкпеден дәл атты,
Тыныстан оғы дәл тиіп,
Көбекті батыр сұлатты.
Жай тасындай алтын оқ,
Мылтық барып тарс етті.
Өндіршектен қорс етті,
Мұрыны жерге тарс етті.
Аузынан көбік бұрқырап,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Аларып көзі қаңқ етті.
Бәрін айт та, бірін айт,
Атылған алтын оқ тиіп,
Түйреп өтіп өкпесін,
Арыс су демек мәнісі,
Басына барып сол судың,
Қаракөбек арс етті.
Сол уақытта Жәнібек
Тоқтатып атын алады,
Аттан түсе қалады.
Балтасымен шапқылап,
Кеудесін кесіп алады.
Шабара тоқып шыбықтан,
«Көрмесе, қалқам нанбас» деп,
Құла атқа байлап салады.
Қарағым, Мақпал, сүйінші!
Қайрат берді Құдай»!—деп,
Аққұла атты тепектеп,
Отауға батыр барады.
Қарындасын босатып,
Көштің ізін шалады.
Қатты қорқып екі шер,
Жылап еді қоштасып,
Еліне қайтты мінгесіп,
Ақыры қуаныш болады.
Ағайынды екеуі
Жылаумен жүрді күн кешіп.
Мінгесіп алып тұлпарға,
Келе жатыр бірлесіп.
Бірнеше белден асады,
Бірталай ағын су кешіп,
Келе жатыр екеуі
Аққұла атқа мінгесіп.
Ойлады Мақпал: «Көкемнің
Көңілі тасып келе ме?
Шүкір қылып Құдайға,
Көңілін басып келе ме?
Сөйлейін деді тілдесіп».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мақпал:
—Айналайын, жан көке,
Мен түсейін артыңнан,
Әбден қорлық көрдіңіз,
Жалғыз туып, халқыңнан.
Құшыр болар, Жәнібек,
Екеуіміз атқа мінгесіп,
Ат үстінде шалқыған.
Жәнібек:
—Шырағым, жиын-тойды тойладың ба?
Көкеңді тағы зар қып қойғаның ба?
Қарағым, сен де бірдей, мен де бірдей,
Тағы да бір сұмдықты ойладың ба?
Мақпал:
—Көкетай, ақыл тапқан кісі болар,
Әркімнің басқа лайық ісі болар.
Әзелден еркек әзіз, әйел намарт
Атыңа мінгескенім құшыр болар.
Жәнібек:
—Шырағым, келіп едім құстай ұшып,
Жалмауыз пірлер жар боп қалды жатып.
Қарағым, сен де бірдей, мен де бірдей,
Сірә, жоқ қасиетім сенен артық.
Мақпал:
—Әркімге баян қылмаған,
Опасы жоқ дүниесің.
Ерегіскен дұшпанның
Қабырғасы күйресін.
Мен болып тудым ұрғашы,
Мен—біреудің олжасы.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Құдай берген дәулетке
Кесірім, көке, тимесін.
Жәнібек:
—Құдайым жаратқанда талап берген.
Құтылмас иман тегі талапкерден.
Мінәжат сен де қылдың, мен де қылдым,
Бұл бақыт екеуімізге қабат берген.
Мақпал
—Құлдық, көке,—деп, жүре берді.
Мықтанып Аққұла атқа міне берді.
Осылай қайымдасып ермек қылып,
Жақындап Сыр бойына келе берді.
Жақындап Сыр бойына жетті дейді,
Ел шетін көріп «Шүкір!» депті дейді.
Ел жөні Сырдарияның ар жағында,
Дариядан атын жалдап өтті дейді.
Жәнібек
«Құдай-ау тентіреттің қай жағыңа,
Мақпалды еркек қылуға аядың ба!?»
Екеуі жылап-еңіреп келе жатса,
Су түсті Аққұла аттың аяғына.
Келеді бірі жетелеп, біреуі айдап,
Ноғайлы қызды кеткен жұртқа байлап.
Сүрнегін ауған елдің көзі көріп,
Жәнібек жылай берді бармақ шайнап.
Шекітіп Аққұла атты жетеледі,
Жылаумен келе берсін екеуі енді.
Бір сүрді мал шұбаған тауып алып,
«Ел жөні осы екен» деп төтеледі.
Жұрт қылған кемпір-шалды
Бұлан-талан, мал-мүлкі,
Алтын-күміс—бәрін де алған.
«Кемпір-шал аштан өлсін, түк деме» деп,
7-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тастаған ас-ауқатсыз, үйге жаман.
Бұл өлмейді, жауынгер бала берді,
Мал-мүлікті талап бәрін ала берді.
Түк нәрсе іліп алар тастаған жоқ,
Кемпір-шал айдалада қала берді.
Біреуі айтты: «Бұларды байла»,—деді.
Бірі айтты: «Бұрынғы күй қайда?»—деді,
Жылқышысын шақырып, жау қалмақтар:
—Қотыр тайын тастамай айда,—деді.
Мұны айтып, Ноғай, Қалмақ кетті жүріп,
Жылқышы жылқы айдауға кесті құрық.
—Шұбыртып көп жылқыны айда,—деді.
Қайрылып көк жал бие қалды тұрып.
Бұл бие Аққұла аттың енесі еді,
Көрген жан мұны «тегін» демес еді.
«Тастайық кемпір-шалға, ауқат болсын»,—
Деп айтып, жылқышылар кеңеседі.
Тастады, қала берді көкжал бие
Бәрі де тастағанын көрді жүйе.
Кемпір-шал өлмеуіне себеп қылып,
Биеге мейірім берді Жаппар ие.
Мейірімді көрген бар ма мұндай малды?
Биемен бірнеше күн ауқат етіп,
Ажалсыз екі байқұс өлмей қалды.
Кемпір-шал бұл биені еме берсін,
Ажалсыз несібесін көре берсін.
Аққұла аттың аяғы жазылғансын,
Мінгесіп қыз, Жәнібек келе берсін.
Мақпал жылап келеді, болып алаң,
Кемпір-шалдың қылғанда малын талан.
Тұс-тұсымен талап ап жүргенде халық,
Уақ мал қалған екен бірен-саран.
Сүрнектің келе жатыр жөнін танып,
Қарады қалған малға көзін салып.
Мақпал қыз, іші жалын, сырты түтін,
Келеді жылап-еңіреп, елін танып.
Білдірмей Жәнібекке жылады енді,
Көл қылып, көздің жасын бұлады енді.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Білдірмей бір-біріне жылап-еңіреп,
Мінгесіп бір биікке шыға келді.
Аққұла ат үш-төрт жасқа келіп еді,
Енесін бес-алты жыл еміп еді.
Талтайып көк жал бие үйде тұр,
Мақпалдың көзіне ыстық көрінеді.
—Көкетай, анау тұрған көк жал бие,
Саумалын ішер ме едің, ай-ай дүние!
Қасында көп қоңсыдан жалғыз үй жоқ,.
Шошайған қу жұлым үй біздің үй ме?
Жәнібек:
—Шырағым жаяу жүріп қиналдың ба,
Шешеңді әкең менен сағындың ба?
Енесі Аққұла аттың—көк жал бие,
Көзіңе түскеннен соң таныдың ба?
Мақпал:
—Көкетай енді жеттік арып-аршап,
Бізбенен бірге жүрді түлкі-қарсақ.
Жарылып жүрек қабы өліп кетер,
Екеуіміз күдер үзген бірдей барсақ.
Жәнібек:
—Ішінде әптиектің тең келеді,
Аштықта ешкі мен қой теңеледі.
Алмаса ажал жетіп, кемпір-шалға
Екеуіміз бір барғанда, неге өледі?
Мақпал:
—Көкетай көрмегенің бәрі бекер,
Адамға перзент балдан шекер.
«Қорыққан қуанғанмен бірдей» дейді,
Жарылып жүректері өліп кетер.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жәнібек:
—Ерте тұрып келме айтсам, азан болар,
Отбасы перзентпенен базар болар.
«Өлтіріп Мақпалымды келдің бе!» деп,
Кемпір-шал ойбай салып, мазамды алар.
Отыр ғой екеуі байғұс күнде қақсап,
Қу малды есіз қалған үйіп тастап.
«Жайыңа қу кемпір-шал тек отыр!» деп,
Мазасын алған шығар әркім жасқап.
Мақпалжан, мен келгенше тоқтаймысың,
Сөзге сап, шешең өлсе, жоқтаймысың?
Көңіліңе мақұл десең, мен барайын,
Шырағым, балалық қып, қорықпаймысың.
Мақпал:
—Сен еді бір туысқан жалғыз ағам,
Ырзамын, әр не қылсаң, көке, саған.
Жол көрген менен бұрын сіз барыңыз,
Кемпір-шал бар ма, жоқ па білдір маған.
Жәнібек: «Мақұл ғой»,—деп шаба берді.
«Көрді екен қандай қорлық мен жоқта?»—деп,
Қара үйге шаба жортып барады енді.
Азырақ шалдан гөрі кемпір пысық,
Деп отыр күнде: «Өлемін»,—зәресі ұшып.
Кемпірдің гөй-гөй тартқан даусы шықты,
Жәнібек тыңдай қойды аттан түсіп.
Шешесінің жылағаны:
—Жаратқан, қадыр Құдай-ау,
Кім шығарар қапамды!?
Жас басынан Жәнібек
Бала батыр атанды.
Көрер күнім барма екен,
Қорғасын алтын сақамды.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жұлынымыз үзіліп,
Халықтың пейлі бұзылып,
Өлер күнім тақалды.
Мен болсам, аз-маз қуат бар,
Далаға шығып келе алмай,
Аяғы шалдың маталды.
«Аман барып, сау кел!» деп,
Жәнібек пен Мақпалға
Беріп едім батамды.
Құдай басқа салған соң,
Өтен қылып отырмын.
Құс ұшпас дала-жаланды.
Құлындарым аман кеп,
Көрер күнім бар ма екен.
Айналайын, Жаратқан,
Бір көрсетіп, ала гөр,
Жәнібек, Мақпал ботамды!
Түзер күнің бар ма екен,
Жаратқан жалғыз Жаппар Хақ,
Бұзылған біздің отанды?!
Есіктің алды шоңайна,
Бас екеу болмақ оңай ма.
Жалғыз басты баланы
Бүйтіп жым-жырт қылғанша,
Бермей-ақ қойсаң болмай ма?
Шырағым, сен кеткелі,
Әркімнен көрдім қорлықты.
Ойбай, Құдай, бұ бәле
Шырағыма сап етіп,
Жас басынан жолықты.
Қарақтарым кеткен соң,
Тұзымды ішіп, қолда өскен:
«Жәнібек—мен келдім» деп,
Күнде кеп, мазақ қып кетіп,
Солардан көрдім қорлықты.
Жәнібек қалқам есен кеп,
Мен құсадан Жаратқан
Көрсетсе соған қорлықты.
Құдай-ау, мұңлы қылып алғаның ба,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айрылып ұл-қызымнан қалғаным ба?
Қаңқылдап қартайғанда жалғыз қаздай,
Ноғайлы жау қалмақтың заманында.
Жәнібек жалғыз қалған тірі келіп,
Бар ма екен салар күнім табаныма.
Бір жақсы түс көріп пе ем бүгін түнде,
Көрмекші ем Жәнібектей баланы да.
Егер де осы түсті келтірмесең,
Мақұл ғой зарықтырмай алғаның да.
Жалғызды жасынан-ақ зор қылып ең,
Ісімді қартайғанда оң қылып ең.
Шашты Әзіз бабай түкті, бүгін түнде
Қолыма қос ақ тұйғын қондырып ең.
Бәтима, бибі Ажар—әзіз пірім,
Болмаса сізден қайран, болдырдым мен.
Өткен іске қайғырма,
Ақыры жетер есесі.
Осыны айтып, зар жылап,
Қолынан түсті кесесі.
Ақ білекті сыбанып,
Ақша бетке ұмтылып,
Олай-бұлай жұлқынып,
Жылап отыр шешесі.
Даланы жаман дал қылды,
Жәнібек батыр дауысын
Шығармады, ар қылды.
Іштен шыққан қу бала,
Шыдай алмай бишара
Ат үстінен қарғыды.
Жәнібек батыр ұмтылып,
Кіріп келді үйіне,
Қарады кемпір түріне.
—Ашылды, шеше, бұлағың,
Өшкен жанды шырағың,
Жол жүрген балаң кеп отыр,
Көңлі бейқош болып отыр.
Жігерімді құм қылып,
Мұнша неге жыладың?
«Әумин!»—деді періште,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Шілтендер заулап келісті.
Сол айтқан балаң менмін,—деп,
Аман-есен келдім,—деп,
Кемпір-шалмен көрісті.
Ата-ана білген ерге мекен еді,
Адамға перзент деген шекер еді.
Танымай кемпір мен шал жылай берді,
Күнде: «Балаң—менмін»,—деп кетер еді.
Жалғызға, қайда жүрсе, құдай жар да,
Қайтейін жалғыздықтан көңлім қалды.
Дауысын Жәнібектің шырамытып,
Жығылып шал мен кемпір естен танды.
Сол уақытта Жәнібек:
—Басыңды көтер, шеше,—деп,
Баулы құстай талпынды.
Емшегі иіп дызылдап,
Буындары балқыды.
Опасыз қалған сұм дүние
Мүсәпір қылар әркімді.
Көтеріп басын, қараса,
Тілеп алған жалғыздың
Жөргектегі иісі
Мұрнына жұпары аңқыды.
Көтеріп басын алады,
Іші елжіреп барады.
Иісін біліп баланың,
Шал-кемпір сонда нанады.
«Жәнібек болса, болар» деп,
Көзін сап анық, қарады.
Алаудай ішін күйдіріп,
Аналық жөнін білдіріп,
Ақ бетінен сүйдіріп,
Аузына салды маманы.
Сақал мен шаштың ағында,
Өлерінің шағында
Өлді деген жалғызын
Аман көріп кемпір-шал,
Жарылқап Құдайы қалады.
Қорқыныштың түбі, қуанса,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айып етпе, жақсылар,
Міні, осындай болады.
Әкесі нардай аңырайды,
Шешесі қудай маңырайды.
«Өлді» деген баласын
Аман көріп кемпір-шал,
Көңілінде арман қалмайды.
«Өтірік пе, шын ба!?»—деп,
Кемпір-шал қарғып тұрады.
Таныған соң баласын,
Құшақтасып жылады.
Кемпір-шалға көрісті,
Өлді деген шырағы.
Ол бетінен бір сүйіп,
Бұл бетінен бір сүйіп,
Баласын көріп болған соң,
Мақпалдың жайын сұрады.
Ал шешесі сөйледі:
—Өлді деген шырағым,
Аман-есен келдің бе?
Бір туысқан Мақпалдың,
Дидарын, барып, көрдің бе?
Талықсып жатқан уақтында
Қолынан сусын бердің бе?
Мен де сенен садаға,
Қыз да сенен садаға.
Мен сияқты сорлыға
56Пәлин-кезен деді ме?
Шырағым менің қалды ма?
Суырып алып отаудан,
Жалмауыз қағып салды ма?
Мен жатқанда жалмауыз
Мен сияқты сорлыны,
Аузына, сірә, алды ма?
Бір өзіңе, Жәнібек,
Өмір берсін Жаратқан!
Қалғанына Мақпалдың,
56 Бұл сөз оқылмайды (кітапты жүйелеушілердің ескертпесі).
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Азамат болсаң, ар қылма.
Ал Жәнібек сөйледі,
«Қыз деме, шеше, Мақпалды,
Адамның жүйрік жорғасы.
Мақпалды «әйел», мені «ұл» деп,
Күнәһар, шеше, болмашы.
Пірлерді айтып зар жылап,
«Бір Құдай!» деп көп жылап,
Жәнібекке елді көрсеткен
Мақпалжанның көз жасы».
Жәнібек—жалғыз туған ұлың,—деді,
Кім сұрар жалғыз өлсе құнын,—деді.
Ақкөбек жанған отқа күйіп өліп,
Арылдап Қаракөбек ұлып еді.
Болмады бір күнгідей өткен істер,
Иттерді әруақтар ұрып еді.
Бересің не шүйінші енді, шеше?
Өлмей-ақ жалғыз қарғаң тірі келді!
Қысылып қысталаңда жүргенде де
Сіздерді аузына алып жүріп еді.
Екеуіміз «Ал өлдік!» деп жылағанда,
Қолдаған Ғайып Ерен-пірім еді.
Сіздерді көреміз бе деп жүруші ек,
Көрістік аман-есен бүгін енді.
Қайғыдан бұдан былай аман қылсын,
Ақырын қуаныш қылғай мұның енді.
Көрісіп қызығыңа болғаннан соң,
Айтарсыз қалмақтардың сырын енді.
Тірлікпен патша Құдай жолықтырды,
Оңлағай әр жұмыстың түбін енді.
Шешесі:
—Шырағым, өлген жоқ па қарындасың?
Сау жүрсін, қайда барсаң, жалғыз басың.
Өлген қызды «келді» деп алдамағын
Қапа қып мен сорлыны не қыласың?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жәнібек:
—Келгені қызың өлмей анық еді,
Қу үйді көрген жерден танып еді.
Тұр екен көлденеңдеп көк жал бие,
Айқайды соны көріп салып еді.
«Өлі ме, әке-шешем тірі ме?» деп,
Қызыңыз қыр астында қалып еді.
Жазғандар, мен сендерді алдаймын ба?
Сөзіме сіз нанбайсыз нағып енді.
Жүр,шеше, қолыңыздан жетектейін,
Қызыңа көрісіңіз барып енді.
Шешесі:
—Жәнібек, нанайын ба бұл сөзіңе?
Берсе де Құдай өмір бір өзіңе.
Алдыңда екеуіңнің алсын құдай,
Күн болса ол көрінгендей көзіме.
Жәнібек:
—Шешеке-ау, рас, нанбай тұрасың ба,
Сыймай ма екі перзент бір басыңа?
«Әке-шешем өлі ме, тірі ме?» деп,
Қызыңыз қалып еді қыр астында.
—Күндіз-түні қайғы мен жылаудамыз,
Біздей сорлы бар ма екен күн астында?
Екеуі қол ұстасып жүрмек болды,
Көңіліңе осы сөзді ұнасты да.
Аяңдап енді кемпір қырға шықты,
Артынан, демін алып, мырза шықты.
Ағасын шешесі мен көргеннен соң,
Алдынан айқай салып қыз да шықты.
Демегін мұны тегін тыңдаған жұрт,
Бірталай насихатпен жырға шықты.
Жүгірді шешесі де айқай сала,
Жеткізді мақсатына Алла Тағала.
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Қосылып екі мұңлы жылап жатыр,
Тұрады жасын төгіп жалғыз бала.
«Көрсетті аман-есен Құдай!» деді,
Қосылып екі мұңлы жылай берді.
—Не көрдің,—деп,—мен кеткен соң?-
Жәнібек шешесінен сұрай берді.
Қақылдап жылай берді кемпір пақыр:
—Орнады сен кеткен соң заман ақыр—
Қу дертті іште қалған батырға айтып,
Шағынып Жәнібекке келе жатыр,—
Арқадан алты мың қол қалмақ келді,
Жыландай жердің жүзін жалмап болды.
Әл бар ма ұрысуға Ноғайлыда?
Қалмақтар Ноғайлыны алмақ болды.
Жүз үйге бір адамды жүзбасы қып,
Болыс, би, старшындар сайлап қойды.
Ноғайлыны, келді де, алды қалмақ,
Құтырған екі дәудің құнын даулап.
Қалмақтармен қосылып бұзылған жұрт,
Түтігіп алды-артымды алды қармап.
Мал-мүлікті тізе қосып талап алды,
Айрылып екі сорлы қалдық зарлап.
Сойдырды елден таңдап қары малды,
Сойысқа елу қой санап алды.
Далаға біз сорлыны байлап тастап,
Сен жоқта біздің малды талап алды.
Қоңсымыз «Мен—Жәнібек, келдім ғой» деп,
Мазақ қылған қорлығы жана бар-ды.
Қоңсымыз болыс, би боп өзіміздің,
Бәрі де үкімет боп жаңаланды.
Қалмақтың Ноғайлылар шылауында,
Біреуі күнде келіп тұрар мұнда.
Олардың қастығының белгісі ғой,
Қайрат қып, мен далаға шығармын ба.
Бәрі де сені аңдып жүр келді ме деп,
Мен әше соған қайрат қылармын ба.
Бәрі де сені аңдып жүр «келді ме» деп,
«Кеш қалса, бір ұрысып көрер ек» деп,
Шамамда көңілі солай бұлардың да.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақ шатыр, қызыл шатыр құрып қойған,
Көресің, қырға шықсаң, туар алдыңда.
Ұрық-туған жақының қалмақтардың
Жорғалап қызмет қып жүр алдыңда.
Қалмақтар «келді» десе, шақырады,
Ілініп қалма, барып, сұрауына.
Шырағым, шақтың келсе, қайрат қып бақ,
Көнбейді бұл жатқан жұрт ойнауыңа.
Аяңдап қырға шықты енді батыр,
Саны жоқ қатар тіккен қызыл шатыр.
Қараса көзін ашып ер Жәнібек,
Тұмандап күн батысты алып жатыр.
«Осыған күнде айқайлап тисе ме?» деп,
Толғанып неше түрлі ойлады ақыл.
Деуші еді «Сабырсыздың түбі—науыт»,
Көңіліне ап осы сөзді тоқтады ақыр.
«Шырағым, бір Жаратқан жар берсін» деп,
Шалымен жата берді кемпір пақыр.
Бұрынғы Жәнібектің бір қойшысы,
Әлі де қойды бағу—қылған ісі.
«Жәнібек шырағымды көрем бе?» деп,
Ойланып жатып бір күн көрген түсі.
Түсінде қойшы шықты биік тауға,
Жәнібек Аққұла атпен шығыпты ауға.
Қой бағып тауда жүріп қарап тұрса,
Кез болды ер Жәнібек қалың жауға.
Суырып ақ семсерді қыра берді,
Мақсаты малға жауды жуытпауда.
Батырды, жау жиылып, алды ортаға,
Бір кісіден, жабылмай, жау қорқа ма?
Батырға ту көтерген ләшкер келіп,
Айқайды «ұмтыл» деген салды ортаға.
«Ұмтыл» деп, қойшы көрді, шықты сарын.
Көзін салып, тамаша қып тұрды қойшы,
Сап қылып, жойып жұрттың бәрін.
Көрді де осы түсті, тұрды қойшы,
Боларын бір жақсылық білді қойшы.
Жұмырды ертеңіне салды иінге,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Бір жұмыр толған ақта қылды қойшы.
Ақтаны ертеңіне салды иінге,
Бергелі кемпір-шалдың барды үйіне.
Төңіректеп іргеде жайылып жүр,
Аққұла ат түскен екен зар күйіне.
Тастаған тау беттетіп жайған малды,
Көргенсін Аққұла атты айқай салды.
Қойшы шалдың даусын есіткендер:
«Қалай,—деп,—мына дауыс?»—аң-таң қалды.
Біреу айтты: «Бұл дауыс өрден шығар.
Жәнібек қу үйіне келген шығар.
Шақырып бір адамға барғын,—деді,—
Көзіңді төңірекке салғын,—деді,—
Жәнібек келді ме екен, өлді ме екен?»
Бір адам: «Мақұл-ақ,—деп, тұра шапты,
Жан-жаққа шауып жүріп, көзін сапты,
Екеуі көк жал бие көріп Аққұла атты,
Қалмақ пен қайта шапты Ноғайлыға.
Қиын қылса, еркі бар, оңайды да,
Ауғаны ниетінің бұл емес пе?
Айтпай-ақ қоя қойса, болмайды ма?
Ашуы қалмақтардың келді қатты,
«Жиыл!»—деп әскеріне хабар айтты.
«Айнала Жәнібекті қамаңдар!»—деп,
Халқына әшкере қып, керней тартты.
Әуелі кемпір-шалды талап алды,
Жәнібекке қастығы жана бар-ды.
Мылтық-найза, даярлап жарақтарын,
Саймандарын қолына ала барды.
Қалмақ, Ноғай қағады барабанын,
Ұрыс-жанжал қылуға даярланды.
Болыс, би ту көтеріп, қалмақ бас боп,
Жәнібектің алды-артын қамап алды.
Жәнібек сол уақытта шықты түзге,
«Ноғайлылар Құдайдан күдер үзбе.
Ұлтың бір, бір туысқан жұртым едің,
Ел бар ма,—деп,—қосылар мұнда бізге?»
Мұны айтып, Аққұла атқа мініп алды,
Сауытын ақ кіреуке киіп алды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бірге ойнаған қырық жігіт қосылды кеп,
Тырп етпей басқа халқы тұрып алды.
Жұрт ойланды: «Ұрысты қылалық,—деп,—
Жәнібектің дәулігін сыналық,—деп.
Бір баланың қолынан не келеді?
Ойласты: «Осы орнында тұралық» деп,
Қойшымен қырық бір болды қосылғаны,
Қалмақтан қорқып, ешкім қосылмады.
Қырық бірге шал-кемпір мен Мақпал қызды
Тапсырып, батыр жаудан шошынбады.
Бағыңдар осы үшеуін, қоршап алып,
Ортаңа ап, жат, тастап, қылма қауіп.
Әзір бол, қырық бір батыр мен келгенше,
Кетпесін жаулар бірін ұрлап алып».
Мұны айтып, мінді батыр Аққұла атқа,
Бет алып басын бұрды жаулар жаққа.
Жабылып тірі ұстап ап байлаңдар деп,
Басшысы жауап берді дүйім халыққа.
Қалмақтар барабанын қаға берді,
Ұста деп Жәнібекті шаба берді.
Құнтиып ер Жәнібек қалың құрды,
Ортаға шымалдай жұрт ала берді.
Көп қалмақ керней-сырнай қойып еді,
Сарыны солқылдатты қара жерді.
Жабылған соң қалың жау
Жәнібек түйді дабылды.
Қалың ләшкер ат қойып,
«Ал, ұста!» деп жабылды.
Тосып жатқан Жәнібек
Әуре қылмай табылды.
Батыр мінген Аққұла ат
Жай оғындай ағылды.
Боз атты көрсе, «батыр» деп,
Бірін-бірі шапқылап,
Қылышқа қылыш шағылды.
Кемпір-шал, Мақпал қара үйде,
Көрсетпей жауға, бағылды.
Тартынбай күн-түн соғыс боп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Не ерлер шаршап-сабылды.
Боз атты көрсе, өлтіріп,
Жауларға бүйтіп неқылды.
Қарсы келіп қалды батырға
Ту көтерген басшысы.
Салды батыр басына,
Қауындай басы жарылды.
Жығылды қалмақ өкіріп,
Аққұла ат кетті секіріп,
Сол уақытта батырдың
Үстінен тұман арылды.
Бірнеше күн ұрысып,
Майдан жер қызыл қан болды.
Аянбай қырды Жәнібек,
Күннің көзі тұтылып,
Тау-тастың бәрі шаң болды.
Аш бөрідей аралап,
Бірін-бірі паналап,
Қырылар енді қалың жау.
Батырға пірлер жар болды.
Қанға тоймас ақ семсер
Қынабынан шығарды.
Қарсы алдына кез келсе,
Ноғайлы, Қалмақ демейді.
Пішендей орып қырады,
Ақ семсерді бұлғалап,
Кез келгенін орады.
Үш күн, үш түн ұрысып,
Жолбарыстай жұлысып,
Соғысып жүрген адамның
Бәрін де ада қылады.
Жүйрік аттай ойқастап,
Еркінсініп бой тастап,
Тоқты дәу деген қалмаққа
Еркінсіп қарап тұрады.
Тоқты дәу сонда сөйлейді:
—Қолдап жүр сені пірлер,
Күшті емессің сен,—дейді.
Жасымды сыйлап ер болсаң,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Маған кезек бер,—дейді.—
Әскердің бәрі қырылды,
Жүз қаралы адамнан
Қалып тұрмын мен,—дейді.
Шын жүректі ер болсаң,
Кезек беріп көр,—дейді.
Тоқты дәудің бұл сөзін
Жәнібек батыр ұнады.
«Арманда қалма, батыр»,—деп,
Кезек беріп тұрады.
Он екі батпан, бір қадақ
Гүрзісін алып көтеріп,
Батырды басқа ұрады.
Есі ауып батыр сандалып,
Қисайып аттан құлады.
Аттан құлап Жәнібек,
Есінен біраз танады.
Ойбай сойқан болды деп,
Қой десе де, бой бермей,
Мақпал шығып қарады.
Есіктен шығып қараса,
Бұл не деген тамаша,
Жалғыз туған ағасын
Тірі қалған қалмақтар
Ортаға алып барады.
Сол уақытта Мақпал қыз
Шырылдап үйден шығады.
Көк жал бие тұлпарды
Шақырып алып құраулап,
Шыбын жаны шыдамай,
Құйысқан-айыл берік тартып,
Биеге ерді ұрады-ай,
Қойып кетіп қалыңға,
Жанып тұрған жалынға,
Жауды жік-жік қылады.
«Айналайын, Құдайым,
Қолдай гөр, Жаппар,—деп,—
Баба түкті шашты Әзіз,
Жәрдемші болғын, пірім»,—деп,—
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Қолға түсіп барады.
«Жәнібек—берген ұлың!»—деп,
Пірлерден жәрдем сұрады-ай.
Мақпал қызды есіркеп,
Пірлері жәрдем қылады-ай.
Осыны айтып Мақпал қыз,
Биенің басын бұрады-ай.
Бір Құдайға сыйынып,
Ұрыста жүріп жылады.
Көзін ашып қараса,
Гүрзісін салып иініне,
Тоқты дәу қарсы тұрады.
Гүрзімен ұрды Мақпалды,
Пірлері жар боп, тигізбей,
Бит шаққандай қылмады.
Қайраты қыздың аз емес,
Өзін-өзі сынады.
Сол уақта Мақпал қыз
Бедене көзді бек сауыт
Үстіне мықтап киеді.
«Қолдай гөр, пірім!» деп,
Тілеуі жаман мұның» деп,
Құдайдан жәрдем тіледі.
Баба түкті шашты Әзіз
Оң иініне мінеді,
Мінгенін Мақпал біледі.
Қайрылып кеп артына,
Батырдың түсіп салтына,
Қайрат қылған бұл еді.
«Қалмақты ердің,—деп,—
Дәл жүректің басы»,—деп,
Найзамен түйреп жіберді.
Ақ қылышпен бір салды,
Таспадай дәуді тіледі.
Жерді сызған қолаң шаш
Төбесіне түйеді.
Найзалап, мылтық, сүйменді,
Аш бөрідей аралап,
Еркімен Мақпал жүреді.
8-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сылдыр моншақ, сылаң төс,
Сылаңдап жүріп Мақпал қыз
Лашын құстай тиеді.
Ажыратып ағасын
Қалмақтардың қолынан,
Бір кілемге көтертіп,
Үйіне қарай жіберді.
Қарашы қыздың қылысын,
Оңлады құдай жұмысын.
Тіл жетпейді айтуға
Мақпалдың жауды қырысын.
Пірлері жәрдем беріп жүр,
Көзіне жаудың көрінбей,
Әскер болып келіп жүр.
Деміктірмей тынысын,
Шыбын жаны шыдамай,
Сабыр қылып тұра алмай,
Қылып жүр Мақпал ұрысын.
Ажыратып алғанша
Жәнібек үйге барғанша,
Аянбай ұрыс қылып жүр.
Жалғыздығы құрысын,
Көкжал бие жануар
Аяғын келіп басады.
Мақпал қыздың майданы
Ағасынан да асады.
Күннен-күнге дәуірлеп,
Зәһәрін жауға шашады.
Қалмақтар айтты: «Жүгірмек,
Ағасынан мықты,—деп.
Бағынбасақ бұл қызға,
Өлтірмей қоймас тіпті»,—деп,
Бәрі де қорқып, сасады.
Бәрі айт та, бірін айт,
Тастап-тастап туларын,
Бет-бетімен қашады.
Үйде қалған қырық нөкер:
«Тоқта!»—деп, айқай салады.
Қашқан жауға бұлар да ер
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Тоқта деп қуып барады.
Қашқаны қашып құтылды,
Баз біреулері тұтылды.
Жәнібек сынды батырды
Аман-есен қалмақтан
Ажыратып алады.
Қарашы қыздың қылысын,
Жалаңаштап қылышын,
Тірі алды қалмақтан
Өкпесіне қол салып,
Бір-екі жүздей тірісін
Артына қолын байлады.
Батыр туған ағасын
Кілемге салып көтеріп,
Қалмақтың бәрін айдады.
Қой баққыш қойшы баяғы
Қолынан түсті таяғы,
Соларға басшы сайлады.
Еділ менен Жайықты
Мекен қылып Жәнібек
Он шақты жыл жайлады.
Күндерде бір күн Жәнібек
Туған жер түсіп ойына,
Көшуін елге ойлады.
Аққұла атты мініп ап,
Байлады қылыш беліне.
Жанып тұрған қызыл шоқ,
Жау жолай ма шеніне?
Аудара көшіп ел ауып,
Келеді өскен жеріне.
«Жаңылдық, жаздық, кешкін!—деп,
Пар келмес саған ешкім»,—деп,
Аяғына жығылып,
Табысты шулап өзінің
Туысқан Ноғайлы елі де.
Жиылған жалпы қалың жұрт
Отырып жалпы кеңес қып,
Бір жұмыс кірді көңліне
«Хан көтерсек батырды»,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұйғарды соған ақылды.
Бәрінің сөзі сол болды,
Келеді осы іс ебіне.
Қарт, қария айтады:
«Бір үлкен той қылайық.
Жұртты тегіс шақырып,
Қызметінде тұрайық.
Тойға келген адамның
Алдынан шауып шығайық».
Бәрі ұйғарды халықтың,
Хандыққа батыр лайық.
Осыны айтып, ұйғарып,
Хабар берді халыққа.
Халықтың бәрі қуанып.
Қолына бір-бір ту алып,
Тұрыпты тойға барып та.
Хан көтеріп батырды
Хан Жәнібек атанып,
Ноғайлының баласы
Қалмақтан шапқан құтылып,
Сонан соң шықты жарыққа.
Хан болып, батыр ел сұрап,
Ноғайлы халықтың ішінен
Кейінге қалды тарихқа.
Жәнібекке жау болып,
Бірталай адам жан болды.
Хан көтеріп той қылып,
Тойға сансыз мал келді.
Хан Жәнібек хан болып,
Кейінге тарихқа қалды енді.
Қысылғанда сыйынса,
Кәміл пірі жар берді.
Жүзбасы қылған қойшысын
Уәзір қып алды енді.
Хан Жәнібек лақабы
Жер жүзіне барды енді.
Құтырған дәуді өлтіріп,
Бүлінген халықты жинап ап,
Жай-жайына келтіріп,
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
Жағасына Арыстың
Ханқорғанда хан болып.
Ноғайлы деген халық Құтырған деген жерден көшіп қашып
құтылған. Алматы, Біспек, Тоқпақ екі жалмауыздың көрініс
берген жері екен. Әулие-ата, Қосбурыл, Айша бибі бермен
қарап асқан жері екен. Күйік тауда Ақкөбек күйіп өлген жер
екен. Қаракөбек өлмей қалып, Күркіреу деген суды жағалап,
Жәнібекті күрілдеп қуған жер екен. Мақпалсуға Мақпалды
байлап кеткен жері екен. Жабағылы деген жерге жабағылы
бие байлап қашқан жері екен. Арыс судың Арыс болмақ себебі:
Қаракөбек басына барып арс етіп құлаған жері екен.
Кірісу
Төле дейді ұраным,
Қоғалы дейді тұрағым.
Бақтиярдан ажырап
Бәйдібек бай Жәнібек,
Жалғыз ұлы—Жарықшақ
Домалақ деген ананың.
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын.
Жарылғамыс, Жанту боп
Жаныстан келіп тарадым.
Патша менен ханы көп,
Байы менен жарлы көп,
Ілгергі өткен заманның.
Ұлы Шыңғыс ханыңды
Алдымен баян қылайын.
Хан Шыңғыс
Өте ерте заманда қазақ, өзбек болып аталмай тұрып,
күншығыста бір хан болған. Хан неше жылдай перзент көрмей
жүргенде, әйелі құрсақ көтеріп, бір күні қыз туады.
Туғанда қызының реңі қараңғы үйді жарық етеді. Хан: «Бұл
қызымды ерге бермеймін»,—деп, қызына темірден сарай сал
дырып, соның ішіне қойып бағады екен. Күндерде бір күні темір
үйдің ішіне иненің жасуындай тесіктен күннің сәулесі түсіп,
қыздың бойы соған балқып кетіп, жүкті болады.
Еңсегей бойлы ер Есім
еңсегей бойлы ер есім Ханның бұған қаһары келіп, неше күн ас ішпей, азаптанып дағдарып, ақыры хан өзінен туған қызын өзі өлімге бұйырады. Ханның туысқан інісі қарындасына артықша жаны ашып, жаллаттардан жасырып қызды сарайдан алып шығады. Қарындасымен жыласып қоштасқан соң: «Іле бойы адам, ақыры біреуге кез боларсың»,—деп, тіллә сандыққа салып, Іле дариясына ағызады. Орнына бір жазықтыны өлтіріп, киімдерін қандап, жаллаттарға да, ханға да қызды «өлді» деп жариялайды. Екі адам моңғолдардан шықты аңға, Зер салды тамаша етіп дарияға. Жарқырап алтын сандық келеді ағып, Иаскукей баһадурмен қалды таңға. Сандықтың таңдап бірі ішін алды, Екеуі уәдесінен қажымады. Ішінде бір қыз жатыр шала-жансар Аспанға нұры шығып жарқырайды. Ол қызды таңдағаны кетті алып, Қараса, өзі жүкті, пайымдайды. Өзінің ресімінше неке қиып, Қасына бір күндерде жақындайды. Тылсымат дарбазасы аман екен, Құлыбы ашқан сайын шатырлайды. Дүниеге бір күн бала пайда болды, «Ділікүнболдақ» деген жерінде еді. Қатындар кіндік кескен назар салса, Оң қолы қан уыстап жұмулы еді. «Зілінде үлкен патша болар» десіп, Аттарын Темушин деп, қойыпты енді. Жұрт сұрап даражаға жеткеннен соң, Лақабын сонан кейін Шыңғыс дейді. «Қожа—нұрдан, төрелер—сағымнан» деп, Бұл сөздің осылайша мағынасы еді. Тоғыз ұл туды артынан аналары, Он екіге келгенде әкесі өлді. Санаға 1237 жыл толғанда, Жасында жиырма екі патша болды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР Темушин өсе келе өзінің ақылымен, ерлігімен жұрт көзіне түсті. Тоғыз ұл оны күндеп, көре алмайтын болды. Бір күні анасы айтты: «Сенің мыналармен анаң бір болса да, атаң басқа еді. Бір күні болмаса, бір күні зорлық қылар. Осылар есейіп, өз беттерімен кеткенше, Іленің басына барып, садақ атып күн көр. Іленің беті құстың жүні болса, сенің тірі екеніңді білемін. Мына алтын жүзігімді қай кезде жіберем, сонда кел. Онан бері келме»,—дейді. Темушин Іле басына барып, аң атып, құс жүнінен кепе қылып жатады. Садақ жасап, оқ жонады. Табақ жасап, табақтарына: «Мынау—хан табағы, мынау—жасауыл табағы» деп ат қояды. Дәл осы кезде манғұл елінің ханы өліп, кімді хан қоярын білмей, манғұлдар дағдарады. Ел хандыққа таласып, бөлініп, келісе алмай, ақылы зерек Темушиннің анасына келіп, ақыл салады. Әйел айтады: «Менің алдыма талапкерлердің бәрін жиыңдар. Аспанға садақ тартсын. Кімнің садағы сағымға тоқтаса, соны хан сайлаңдар»,—дейді. Талапкерлер жиылып, садақты қанша тартса да, ешбірі сағымға тоқтата алмайды. Сонда әйел: «Ендеше, мына жүзікті алып, Іле басындағы менің балама барыңдар»,—деп, жүзігін беріп баласына ел басшыларынан бірнеше адам жібереді. Шақырушылар барған жерде Темушин бұларға қарсы садақ тартпақ болады. Келгендер жүзікті көрсетіп, анасы шақыртқандығын айтты. Темушин отырып: «Ендеше, мен жанды нәрсеге мініп бармаймын»,—дейді. Келгендер ойласып, ағаштан иіп арба жасады. Темушин арбаға мінді. Жүргенде арбаның қаңқылдап дауысы шықты. Сондықтан арба қылған ұстаның атын «Қаңқулы» деп қойды. Соның өзін халық бері келе «Қаңлы» атап кетті. «Қаңлы» деген сөз «арбалы» дегенді білдіреді. Арба қылған ұста келе жатып, «Енді осы хан болатын болды ғой, жана сам, қор болмаспын» деген оймен өз аяғын шотпен шауып, ақсақ болды. Соған Темушин мейірі түсіп: «Арбаны істеп бер ген осы ғой» деп бірге мінгізіп алды. «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар» деген қазақта мақал бар. Және «Хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер» дейді. Бұл мақалдар содан қалған. Қаңлы елі әлі күнге дейін өзге қазақпен: «Арбаға хан мен бірге мінгенбіз»,—деп талас етеді. Бұл таластың мәні осы
еңсегей бойлы ер есім
лай. «Түрік патшасы қаңлыдан» делінеді. Олар Шыңғыс хан
нан қашып барған 300-400 үйдей қаңлы тұқымынан. Шыңғыс
халықтарды қырып, опаттап, өзіне бағындырып жатқанда, үш
жүз-төрт жүздей қаңлы араб жұртына қашып барады. Шыңғыс
ханнан кейін оның немересі Алаку деген хан араб жұртының
Абесения руынан болған «Мутауакәл-Алала» деген патшасын
Бағдат шаһарынан қумақшы болады. Баяғы Шыңғыс зама
нында қашып барған қаңлылар өсіп, құралданып қалған екен.
Араб патшасы қорқып, Бағдаттан қашпақшы болып жатқанда,
бұлар патшаға келіп: «Сен ұрысқа қарсы тұра алмасаң,
тілхатпен патшалықты бізге бер. Шыңғыс хан нәсілдерімен
біз ұрысамыз»,—дейді. Патша тілхатпен патшалықты береді.
Олар Шыңғыс немересімен ұрысып, жеңіп, қуады. Мұнан соң
қаңлылар арабпен қатар, түрікті де билейді.
Түріктің хандық тұқымы қаңлыдан қалған. Түріктің осы
күнгі патшасы да сол тұқымнан делінеді.
Арбасын даярлап,
Кілемге алтын салады.
Қызмет етіп ардақтап,
Еліне алып барады.
Хабар тапты Шыңғыстан
Маңғұлдардың тамамы.
Хабар айтып жұртына
Теп-тегіс жинап алады.
Садағын тартып аспанға,
Сағымға тоқтап қалады.
«Сағымға ілген садағын
Төрелер» деген мақал бар,
Осы еді—себебі.
Жеті мәрте оқ атты.
«Осыдан мысал, әлеумет,
Жеті жүз жыл әулетім
Дүниенің жүзіне
Хандық құрар»,—деп еді.
Әмір Темір патша да
Шыңғыс ханның нәсілінен,
Айналып бәрі төре еді.
Орыс алып жоғалтқан,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Кенесары, Наурызбай,
Ақырғы жері бұл еді.
Құлақ салсаң, әлеумет,
Бұл да—Шыңғыс әулеті.
Тәуекел ханнан баяндап
Әңгіме қылып берелі.
Тәуекел хан
Ал тыңдасаң, әлеумет,
Түркістан атты қалада,
Дешті-Қыпшақ далада,
Баласына үш жүздің
Тәуекел атты төреңіз
Хан болып көп жыл тұрады.
Он сегізде хан болып,
Қырыққа жасы кеп еді.
Осынша хан болғанмен,
Бір перзенті жоқ еді.
Жері байтақ, елі бай,
Алтын-күміс, қазына сай.
Иісі қазақ баласы
Лақап қылып сол күнде
«Хандардың ханы» дер еді.
Қазақстан жұртының
Атырабын болжасаң,
Еділ, Жайық, Қапқазбен
Бір шеті Жаркент, Құлжамен,
Омск пен Томск,
Ауған, Бұқар арасы,
Есепсіз жұрты көп еді.
Зарлаушы еді дәйімі:
«Жүз жасадым да, Рәббім,
Ақыры ажал келеді.
Аяды перзент»,—дегенді.
Бір күн айтты зар жылап,
Гүлханым деген зайыбы
Ханыңыздың бар еді:
«Қосылған жастан, алалым,
еңсегей бойлы ер есім
Сөзіме енді құлақ сал.
Оңашалап айтайын
Білдірейін сырымды:
Бұрынғы жастық күнім жоқ,
Сақалым болса ағарды,
Не қылғанмен, қартайдым.
Құдайға зарым жетпеді,
Датымды кімге айтамын.
Немере сүйіп, ұл көрді
Өзімнен соңғы қатарым.
Сорлы болдық сіз бен біз
Қуарған ағаш мысалы,
Абайлап мұны байқағын.
«Өліп кетсе ханымыз,
Орнына өзім болам деп,
Қазына, мүлкін алам» деп,
Жыбыртқылап сөзі бар.
Алмас болды тілімді,
Сөзім өтпей барады,
Уәзірлерді байқадым.
Көзім тірі күнінде,
Тәж-тағымды тастайын.
Шаһар мен шаһар қыдырып,
Қалендер болып жүрейін.
Құдай берсе тілекті,
Қайтып таққа мінейін.
Диуана болып, күлпарап,
Қолыма аса алайын.
Әулие қоймай, қыдырып,
Бәріне бір-бір барайын.
Осы жасқа келгенше,
Естімедім дауысын
Үйімнен ешбір баланың.
Башәрат бірі бермесе,
Көзімнің жасын көрмесе,
Ендігі сөздің қысқасы
Меккеге таман барайын»...
Гүлханым сонда сөйледі,
Ханға қарап қамығып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қол ұстасып зарлады
Екеуі де тарылып:
«Жақсы күнде жолдасым
Жаман күнде ажырап,
Қалайын сізден, не қылып?»
Дәулетіңе серік ем,
Күлгеніңде қуандым,
Жыласаңыз, қуарып.
Халықтан шығып, тарынып,
Аударып қоныс көрейін.
Жұрттан шығып жаңылып,
Сенімен бірге көнейін,
Құдайдан мен де тілейін.
«Алал жүріп, ақ тұрса,
Қырық күнде берер деуші еді,
Әйелдердің тілегін».
Несіне айта берейін?
Берместен, Құдай қасарса,
Етегіңнен ұстап ап,
Сіз өлген жерде өлейін».
Қайғымен әбден қамыққан,
Перзентті ойлап зарыққан.
Хан мен көріп ханымын,
Салы деген уәзірдің,
Сондағы айтқан сөзі еді:
«Қадірлі Тәуке ханымыз,
Насихат сөзге құлақ сал.
Қыдыруың қашпайды,
Дамыл қылып біраз күн,
Тақтыңызда қарар ал.
Ел ішінде әзіз көп,
Мұстажап дұға адам бар.
Жарлығы қылып қайырды,
Сынықтардың көңілін ал.
«Кіші Мекке» деуші еді,
Әзірет сұлтан, Арыстан бап.
Оларға түнеп, құрбан шал,
Басыңнан қылып садаға.
Асыңыздан қайыр бер,
еңсегей бойлы ер есім
Қылып көр қолда барында.
Ықтияры кетпестен,
Құдай берген малың бар,
Құдайдың берген шағында.
Ханға рауа қырық қатын,
Біреу түгіл онды алғын.
«Біреуінен болмаса—
Біреуінен дегендей,
Ол болмаса, тағы да ал.
Құдайдың берген шағы бар,
Жасық жер дақыл бермейді.
Адамын тауып алғын да,
Сүдігер етіп, дақыл сал.
Биесін тауып жем берген,
Жабыдан тұлпар туады.
Әуелі сөйтіп өшіңді ал,
Жаңа астың қырықтан.
Сен қатарлы кедейлер
Қатыны түгіл малы жоқ.
Құдайдың ол да пендесі,
Осыларды жадыңа ал.
Болмаса тағы айтайын:
Жала қып ешкім әкетпес,
Білдірместен жасырын
Бозбаланың көңілін ал.
Бір жағынан тағы да,
Тәуіп, құшнаш, бақсыға,
Молдаларға оқытып,
Алланы айтып, зікір сал.
Есің барда, етек жап,
Армансыз мұны қылып қал.
Бәрінен де болмаса,
Онан соң айтар сөзім жоқ.
Маңдайыңның соры бар,
Жұрт иесіз қалмайды,
Тон жағасыз болмайды,
Біріміз хан болармыз,
Қайда барсаң, сонда бар.
«Жүйе» деп бәрі шулады,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мәжілістегі адамдар.
Салының айтқан сөзіне,
Арқасынан қағады.
Тәсіл келіп бұл сөзі
Ханыңыздың өзіне:
«Жайымды білер құрбым» деп,
Ден қойды қатты өзіне.
Ойланды хан қиял қып,
Бала күннен қосылған
Теңгеріп алған бойыммен.
Алғаным қашпас, иншалла,
Гүлханым сынды ханымға
Әуелі адам салайын.
Жүруші еді: «Алғын» деп,
Әуелі байқап сынайын».
Ойланып мұны ханымыз,
Гүлханым сынды ханымға
Әуелі адам салады.
Ханынан алып хабарды,
Гүлханым енді біледі
Елінің қылған кеңесін.
Көмейі бос бұл жалған
Разылық бергендей,
Бұдан артық не десін?
«Барамын мен да қартайып,
Бірақ әлі де үміт бар,
Сонда да маған сенбесін.
Таңдап алсын дұрыстап
Ақылды, пайым данадан,
Ұяты бар жақсыдан.
«Кіші қатын—кәрілер,
Кісі қатыны» деуші еді.
Жастар жанап, қырындап,
Қарамасаң арыңа,
Алал істер арам боп,
Үй-іші топар болмасын.
Нәсіп болып бір сұлу
Ала қалса көп елден,
Жасқа ауып ниеті,
еңсегей бойлы ер есім
«Кәрі-құры» демесін.
Алдап тұрсын кезінде,
Суғарып тұрсын егінді.
Шілдедей болып қақырап,
Уатым шөлдеп қалмасын».
* * *
Естіген соң ер Тәуке
Гүлханымның жауабын,
Халыққа салды хабарды.
Тұранның жалпақ еліне
Дешті-Қыпшақ жеріне.
Жайылды тегіс бұл сөзі:
«Тіллаға тартып аламын,
Жақса егер адамы».
Дүниеге көңлі ауып,
Көрсетпекке қыздарын,
Қолдарынан жетектеп,
Үзіріне барады.
Кейбіреуі ертелеп,
Кейбіреуі кешелдеп,
Ордаға қарай самғады.
Ұялды хан бұл істен
Салған соң халық қауғаны.
Отырып тақта, назар сап,
Қапа болып, қамығып.
«Еріккен Құдай екі күйеу
Қылады» деген сөз бар.
Дана Салы уәзірін
Оңашаға шақырып,
Осыған ақыл салады:
«Қарашы, қазір, тысқары,
Тағы да бұған амал тап,
Қандай қылсақ болады?
Қыздарын қолдан жетелеп,
Мазамды алып барады».
Уәзір Салы не деді?
Ханға жауап береді:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Айналайын, хан тақсыр,
Тағыңда тыныш отыршы!
Осы келген жұртыңа
Менің өзім барайын.
Ұят болса, бұл істі
Қылдырмас еді Құдайым.
Мастықпен қылған жерің жоқ,
Бұл да өзіңнің талайың...
Дүние үшін бастарын
Базарға салып бәрі жүр,
Айналып оң мен солына.
Бәрі емес, біреуін,
Бір дұрысын қарайын.
Әдемілеу, аласа,
Орта бойлы, дембелше,
Айыр құйрық, мүшелі,
Күләлі жақсы сиырдай
Біреуін таңдап алайын.
Жаққаны маған бар болса,
Сізге де жағар ақыры.
Арғысын ары өзің біл,
Қойныңызға салайын».
Осыны айтып ер Салы,
Аралап бір-бір қарады
Келгендердің тамамын.
Ешбір адам жақпады
Орта жүздің елінен.
Абиырлы реңдер
Бірінің тапты хабарын,
Құштар еді көп бала,
Айымқыз дейді аттарын.
Алып қалды осыны,
Дүние беріп аямай,
Разы қылып қалғанын.
Оңашаға апарды,
Хан да барды қамданып.
Құпиялап айтайын
Онан соң не болғанын:
Дәуірін сүріп неше жыл,
еңсегей бойлы ер есім
Қайғы кетіп көңлінен.
«Берер,—деп,—тәңір ақыры»
Бірнеше жыл шыдады.
Уақытсыз бола ма?
Сонда да нышан болмады.
Бір күні тұрды қамығып,
Артықша етіп наланы:
«Пешенемде жоқ екен,
Не қылсам да, болмады».
Бөлінді түрлі қиялы,
Шақырып алып кішісін,
Ханның айтқан жауабы:
«Айымқыз, болды әулие түнегенің,
Құдайдан бір ер бала тілегенің.
Ешбір жан бір дегенде тәуір көрмес,
Бәрі де жеккөрінішті тіленгеннің».
Үмітсіз жалғыз шайтан деген сөз бар,
Үмітпен сарғайтыпты реңдерін.
Кетемін енді, міне, жаһан кезіп,
Кеудемнен жан шыққанша жүре берем.
Ұл түгіл, қызын Құдай аяп қойды,
Болғанда, қайғырмас ем, бір ермегім.
Өмірің менде тұрсаң, өтер босқа,
Болмасын саған обал, өсіп-өнгін.
Бар, рұқсат, мен риза, Құдай риза,
Айнал да Әзіретті, жүре бергін...»
* * *
Осыны айтып хан Тәуке,
Рұқсат берді Айымға,
Қалмайын деп забырға.
«Рақым қылдым, ойланып
Сенің де жас жаныңа.
Бір баланың зарпынан
Жапанға қаңғып барамын.
Жүрер болса бірлесіп,
Бәйбішені Гүлханым
Жолдас қылып аламын.
9-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көңілдегі болмастан,
Қаңғырып кетіп барамын.
Тірегімді бермеді,
Көзімнің жасын көрмеді.
Болмасына көз жетті,
Бұл қиялды қоямын».
Егіліп жүріп ер Тәуке
Астанасын айналды.
Хан тағына хан етіп
Уәзірді Салы сайлады.
Ханның тастап киімін,
Қалендер киді лыпасын.
Тәңірге мойын ұсынып,
Қолына алды асасын.
Бірлесіп шықты Гүлханым,
Тастап зерлі торқасын.
Ханға қарап тарынып,
Бір сөзді сонда сөйледі,
Төгіп тұрып көз жасын:
«Мұңдасым, ақылдасым, құлағың сал,
Иесіз қалды шіркін дүние-мал,
Бір жерде өліп кетсең, кебін болар,
Әжетке жарарлықтай дүние ал.
Жиреніп, көмген адам, ерінбейді,
Зеріңнің көз жұмғанша керегі бар.
Тұл қалып жеті жылдай тумай жүрген
Жылқыда құла торы бір байтал бар.
Е, тақсыр, баяндайын алдыңызда,
Байталдың адам тәріз ақылы бар.
Зарлансам кей уақытта, кісінеп кеп,
Иіскеп тұрушы еді бұл жануар.
Һәм, жолдас, һәм мінерге көлік болсын,
Хайуан да болса, ақыл осында бар.
Түбіңіз—Шыңғыс ханнан келе жатқан
Нақышты дүрри гауһар бір жүзік бар.
Салсам, деп, итаяққа ойлаушы едім,
Ішінде алтын сандық тұрған шығар.
Мәбада сізден бұрын ажал жетсе,
Саусағым шірімесін, қолыма сал.
еңсегей бойлы ер есім
Еңбек мал, әлдекімге бұйырасың,
Дүние мұндай болсаң, адыра қал!
Хан қолына жүген алып, жылқыға келіп еді. Құла байтал көзі
нен жасы шұбырып, ханның қасына келіп тұра қалды. Хан көңілі
бұзылып, аяп кетіп, мойнынан құшақтап, жылап тұрып айтты:
«Деуші еді хан Тәуекел патша мені,
Мінбекке жүгендедім, хайуан сені.
Адамнан сорлы болып мен шығып ем,
Қасартты, мендей қылып, Құдай сені.
«Таптым ғой бір қылмыстан» деп ойлаушы ем,
Жануар, себеп қылды саған нені?
Ұрықсыз жаралғанда мақұлық жоқ,
Ағаш та жапырақтап, мәуе береді.
Биылғы шашқан ұрық жазға шығып,
Мамыр боп дүние-жиһан көгереді.
Тасбақа қырық күн қарап қадалумен,
Онан да бірталай боп ұрық толады.
Жануар, Құдай иіп, құлын тусаң,
Тағы бір ниетім бар көңілдегі.
Мәбада Құдай маған бала берсе,
Ат қылып, жақсы ниет, мінсін соны.
Қуансақ, қуарсақта бір жүрейік,
Қосылып, қайда барсақ, екі сорлы».
Осыны айтып Тәуекел,
Жүгендеп мінді биені.
Гүлханыммен екеуі
Ел-жұртымен қоштасып,
Арыздасып жыласып,
Бет алып енді жүреді.
Жер-жиһанды кезеді,
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Бір перзентті тіледі.
Бір күндері болғанда
Ыдырыс нәби, Ысқақ бап—
Бұған да келіп түнеді.
Болмады ешбір башарат,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Онан да өтіп жөнеді,
Ешбір белгі болмады.
Әулие қоймай қыдырды,
Етегін шеңгел сыдырды.
Нағышбанға бармақшы,
Бәрінен үзіп күдерді.
Бәйбішесімен екеуі
Қоқанменен айналып,
Бұқараға кірді аралап.
Баһауиддинге түнеді,
Белгілі нышан болмады.
Қарадария дегенді
Қайтты енді жағалап.
Байталын отқа қояды,
Тағамын ішіп саялап.
Жарылып дария күңіренді,
Бір хайуан шығып келеді.
Кеудесі жылқы, басы адам,
Осындайша сүйегі.
Байталға келіп асылды,
Иіскелеп аймалап,
Түсіп кетті қайтадан,
Байталы қалды арам ап.
«Иншалла, ат болсын,
Құлындаса балалап».
Жүрегі кетті жарылып,
Жыласты біраз қамығып.
Бір дауыс келді ғайыптан,
Ұйықтаса көз ілініп:
«Талабың сонда болады,
Қашқарда бар Базұрық».
Бейшаралар қуанды
Көргендей әзір жұбанды.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Қашқарға бармақ талабы.
Келе жатса жеделдеп,
Жолықты сансыз саудагер.
Танымайды ешбірі
Хан мен мынау ханымын.
еңсегей бойлы ер есім
Алыс-жуық, жақыннан
Жай-күйлерін сұрады.
Көп саудагерлерден: «Алыс-жақыннан естіген-білген не ха
барлар бар?»—деп сұрап еді, саудагерлер жамырасып жүрген
жерлерін, алған бұйымдарын, тапқан пайдаларын айтысты.
Екі мүсәпірді бұлардың сөзі тойдырмады. Ақыр соңырда біреуі:
«Қашқарда Аппақ қожа Ешен деген пайда болды. Ешен рақым
етсе, тумаған әйел ұл туып, жылағандар қуанады екен»,—деді.
«Көп сандалғанымыздың бірі-дағы, соған да бір барып, зиярат
қылайық»,—деп, хан мен ханым Қашқардың жолына түсті.
Бірнеше күн жол жүріп, табандары ойылып, Қашқарға кетті.
Ерлі-қатын бірлесіп,
Жол тартты бұлар қабағат,
Бола ма деп дарамат.
«Аппақ қожа пірім» деп,
Зарлайды жолда етіп жат.
Аянбастан жүрген соң,
Аяқ-қолы болды жарақат.
Еңбектері жансын да,
Осынша тартты қасірет.
Бір күндері болғанда,
Астанаға бас ұрып,
Қожаны қылды зиярат.
Түнде жатса жазғандар,
Дәрет суын жолына
Әзірлеп қылды қызмет.
Жақсы-жаман жауап жоқ,
Қылғанымен көп пұрсат.
Бір күндері болғанда,
Қожасынан түңіліп,
Көңілі тағы бұзылып,
Гүлханым айтты Тәукеге:
«Жер-жаhанды аралап,
Бір бала деп зарладық,
Өмір өтті заяда.
Босқа жүріп сандалдық,
Өлі әулие бермеді,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тірі әулие жебей ме?
Болмады перзент лайық.
Онан дағы патша,
Қызылбасқа баралық.
Алтынға тең тартсақ та,
Бір бала сатып алайық.
Өзімізден туды деп,
Әмбеге хабар салайық.
Елде қалсын сүйегің,
Қой, енді елге барайық.
Хан айтты: «Бәйбіше, бұл не дегенің? «Тауып алмай ұл
болмас, сатып алмай құл болмас» деген. Кісінің шырағын кісі
шығара ма еді, елге не деп барамыз? Онан да жалғыз жанды
күйттеп, Меккеге баралық»,—деді. Екеуі түнімен ұйқтамай
жатып, таңға жақын көзі ілінді. Тәукенің түсінде аспаннан нұр
түсіп, бәйбішенің етегіне кіріп, нұр қайтып көкке шығып, ай
болып туып, бара-бара оншақты ай болып бытырап кетті.
Ұйқыдан шошып оянып, қуанғаннан жылап, бірі-біріне жо
риды:
«Бәйбіше, мен бір түс көрдім,
Осылайша баяны.
Сен де соны көрдің бе,
Елестейді алдымда.
Көргендей әзір өңімде,
Ай болып туды жарқырап,
Бара-бара көбейді.
Ұрығының бәрі хан болып,
Дариды екен көбіне,
Ұзақ өмір көп жасап.
Жанады екен шырағым.
Сұрағаным қабыл боп,
Болады екен мұрадым.
Қызығын еркін көрмеспін,
Құдыққа түсіп құладым.
Бүгін өлсем арман жоқ,
Естісем даусын баланың».
Біріне-бірі жорытып,
еңсегей бойлы ер есім
Кірді шат боп ажары.
Қуанып бұлар тұрғанда,
Білінді Ешен хабары.
Сәлем беріп байғұстар
Тағзым етіп тұрады.
«Жанар болды еңбегің,
Башарат бүгін көрдің»,—деп,
Арқасынан қағады.
«Бір бала»,—деп,—бейшара
Талай жерге сандалдың,
Әулие қоймай қыдырдың,
Бәрінен бар хабарым.
Жағасында дарияның
Су тұлпар шауып биеге,
Бір Құдай салды назарын.
Мінер аты белгісі
Туатұғын баланың.
Пәлен күнде туылар,
Пәлен айда білініп.
Есің кетіп көріп ең,
Есім қой атын балаңның.
Аллау әкбар, рұқсат,
Бар, жолыңнан қалмағын».
Бата алып бұлар жөнеді,
Қуанып елге домалап.
Көңілдері шадыман,
Төте жолды жағалап.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп,
Адам шықты алдынан,
Келе жатыр еді жазғандар
Алтайдың тауын аралап.
Салы уәзір хан болып,
Тұрушы еді орындап.
Хан кеткеннен қапа боп,
«Тілегін Құдай берсін» деп,
Көзінің жасын көрсін деп,
Дерек салып әр жұртқа,
Сұраушы еді хабар сап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Іздеушілер жолығып
Амандасты қолын ап.
Елдің жайын сұрады,
Тағам ішіп, демін ап.
Еліне есен келеді,
Қарсы алды халқы қуанып.
Әр түліктен мал сойып,
Той қылып жұртқа береді.
Есімге жүкті болып ханым тұрды,
Биеден құла торы сөз білінді.
Жүні жоқ қара құлын құлындапты,
Жабыдан түрі бөлек неше қилы.
Бір бауға адам бармас қоя беріп,
Жанына жан жолатпай бағып жүрді.
Шапқанда шаңына жан жете алмайды,
Бақшадан бақшаға ырғып қуаныш қып,
Гаухардан нақыштатып ер қылдырды.
Енді мен иесінен сөз қылайын:
Су тұлпар бола берсін осы түрлі.
Бірнеше уақыт өткен соң,
Гүлханым жүкті болады,
Құрсағы шығып томпайып,
Бара-бара ұлғайып,
Тоғыз ай, он күн тауысып,
Бір ұл бала туады.
Жүзі жарық баланың,
Тұрғанындай шам жанып.
Ханнан алды сүйінші,
Елі-жұрты қуанып.
Қазынаның ашып ауызын,
Сыйменен халқын суарып,
Есім қойды аттарын,
Пірінің сөзін ойланып.
Түсірмей жерге қолға алып,
Жібекке орап бағады.
Алтын бесік жасатып,
Гауhардан шеге қағады.
«Жараға берік болсын» деп,
еңсегей бойлы ер есім
Киелі дәрі жағады.
«Әмбеден әзіз болсын» деп,
Алтынмен жуып алады.
Жетіге жасы жеткен соң,
Оқуға ауды талабы.
Он беске жасы жеткенше,
Әр түрлі ғылым алады.
Осы жастың ішінде
Білгір, тапқыр артықша,
Адам болды саналы.
Топ ішінде сөйлесе,
«Олай емес, бүй десе»,
Халқы көріп таң қалды,
Бұл сықылды дананы.
Су тұлпардан туғаны,
Қара жорға ат болды.
Желден жүйрік жануар
Иесіне тап болды.
Мініп алып Есекең,
Баптанып қарсы жауына
Тартады садақ толғанып.
Өнерге сонша жетілді,
Теңгені дәлдеп, обаны,
Тастайтын болды аударып.
Ғылым, өнер үйреніп
Есейген соң Есекең,
Хан, уәзір кеңесіп,
Қосынға қойды сардар қып.
Жетіге Есім жеткенде,
Анасы туған бір қызды,
Ханымша қойған аттарын.
Бір ұл, бір қыз көрген соң,
Артықша Құдай берген соң,
Қайта жасап екеуі,
Қуанышпен шаттанып,
Ажыратпай қасынан.
Пәруана болып басынан,
Отырғызып қасына,
Тағына бірге апарып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қай түрлі іс болса да,
Түсініп алсын аңғарып.
Ие болса халыққа,
Артымда кейін соң қалып.
Есім Қашқарға аттанды
Бір күні қайтты жеке өзі
Хан Тәукенің алдынан.
Келе жатса баласы,
Алдынан шықты анасы.
Бетінен сүйіп аймалап:
«Айналайын Ешеннің
Түскен-ай,—деді—саясы.
Өмірің берсін, шырақтар,
Ақыры Құдай аласы».
Сонда Есімге қайал түсіп. «Менен де жақсы көретін ол—қан
дай Ешен?»—деп, анасынан сұрады.
«Шырағым, сен бітпей тұрғанда, неше жыл көз жасымыз көл
болып жүріп, Қашқардағы Аппақ қожа деген Ешеннің себебінен
пайда болғансың»,— деп, анасының айтып тұрғаны.
Гүлханым сонда сөйледі:
«Сұрап алған оғланым,
Не күндер өтті басымнан,
Қайғылы күнге шыдадым.
Көз жасымнан көл тұрған
Гүлханым сынды анаңның.
Әулие қоймай қыдырып,
Бәріне бір-бір барғанмын.
Төбе көрсем, бір түнеп,
Бір малдан құрбан шалғанмын.
Болмаған соң бәрінен,
Естігенбіз Қашқардан
Бір әулие хабарын.
Аппақ қожа піріңнің,
Тәңірі салды себебін.
Тумай тұрып аталып,
еңсегей бойлы ер есім
Қойылған сонан намдарың...
Сізден кейін туылған
Ханымша—мынау ділмәрің.
Сол күндер естен шығып жүр,
Туған соң екі қарағым.
Жақсылығын көрген соң,
Болса да алыс, ықыласпен
Әрдайым еске аламын.
Бейнетін қатты көрген соң,
Рәтін көрсет, Құдай-ау,
Алдымда екі баланың».
Анасы осылай деген соң,
Білді Есім жайларын.
Тумай тұрып, әуелі
Бәшарат сонан болғанын.
Құмар болды көрмекке,
«Бір көрсем» деймін қаялым,
Бармаққа ауды талабым
«Жақсылық көрген жеріңе
Еңбекте де жет» деген
Нақылы бар сананың.
Дуамен ер көгерер,
Көпке арзысын бір басым,
Дұғасын барып аламын.
Ата-анам, бер рұқсат,
Керек емес тәж-тағың,
Қашқарға енді барамын».
Мәжілістен келіп хан Тәуке,
Ұлының көрді зарлығын.
Білді сұрап анығын.
Қоймасына көз жетті,
Арада қанша сөз өтті.
Қанып апты ханымнан
Қашқарда Ешен барлығын...
Көтеріп басын ер Тәуке,
Ұлына айтты: «Шырағым,
Бір насихат айтайын.
Керегін кейін білесің,
Сөзімнің тыңда кәмілін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шекарасы—Қазығұрт,
Шаhары—Ташкент, Самарқанд
Қатаған деген бір жұрттың
Шибани дейді хандығын
Осыдан үлкен жауың жоқ.
Арада өткен қысас көп,
Келе жатыр бұрыннан
Атадан-ата дұшпан боп.
Дос пенен қасты байқағын,
Жетеді енді пайымың.
Пәлен ғарда қазына бар,
Осы күнде көріп кел,
Білдірмей жұртқа, жасырын.
Салы атты уәзір бар,
«Өл» десе, өліп-тірілген.
Дос пенен қасты байқасаң,
Үлкені осы досыңның.
Қырық жігітті сайлап ал,
Палуан нағыз айлалы.
Келгенше—барып тосам мен...
Тілеп алған жалғыз ұл
Досы келсін қасына,
Дұшпанын алыс қашырған.
Қуанып барып, күліп қайт,
Аллау Әкпар, рұқсат,
Артымда жалғыз нәсілім.
Бір кетсең, қайтып көрмеспін,
Та—қиямет болғанша,
Жоруы осындай түсімнің.
Қолыңнан сусын бермедің,
Көзіңмен көрмей өлгенім.
Бойыңды аулақ қашырдың
Бір тәңірі, саған тапсырдым,
Аман бол, жалғыз нәсілім».
Хан Тәуке баласына бата берді,
Қазына—алтын, күміс артады енді.
Қасына қырық жігіт сайлап алып,
Қашқарға аттың басын тартады енді.
«Шырағым, қияметте көрермін» деп,
еңсегей бойлы ер есім
Тәуекел жылап-еңіреп қайтады енді.
Аң атып, тамаша етіп тау мен тасты,
Күндері шаттықпенен өте берді.
Арада таулар асып, сулар көшіп,
Қашқарға бір күндері барып кірді.
Халқымен Аппақ Ешен отырғанда,
Іздеген хан ұлынан хабар келді.
Ер Есім қырық жігітпен аттан түсіп,
Иіліп әдеппенен сәлем берді.
Ап келген тартуларын тамам беріп,
Хал-жайын Тұранының айтады енді.
Білмейді ойын-қызық тамашамен,
Арада алты-жеті ай күн өтеді.
Ер Есім Ешенінде жата тұрсын
Хабарды Тәуекелден айталы енді.
Хан Тұрсын Түркістанды шапты
Сол заманда Ташкентке
Қараған көп халықтың,
Қатаған дейді намдарын.
Шибани ханның нәсілінен,
Шаh—Тұрсын дейді хандарын.
Қарақалпақ, Қатаған
Самарқанд, Жызақ Қоқан мен
Сұраушы еді барлығын.
Мұсылманның кетірген
О басынан, әлеумет,
Алалық деген шендерін.
Хан Тұрсыннан сөйлейін,
Түсініп бәрін, аңғарғын.
Бір күні айтты шаһ Тұрсын,
Жиып алып жұртына:
«Арқан дәулет, құлақ сал,
Бір пайдалы сөзім бар.
Жеткілікті бәріңе
Осы жолы дүние-мал.
Ежелгі қазақ дұшпаның,
Бұл сөзімді жадыңа ал.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түркістанды Тәуекел—
Қазақтың қазір ханы сол.
Қартайған ғана шалы бар,
Қымыз ішіп, мас болған,
Халқының аңқау әлі бар.
Ұлы кетті Қашқарға
Адамын алып жарамдар.
Қарауылсыз, күтімсіз,
Бейқам жатқан жайы бар.
Шөлейтпенен барайық,
Олжа, жесір талайық.
Білінбей барып түнінде,
Түркістанда шабайық.
Бір аяқ жансыз жіберіп,
Әуелі хабар алайық,
Неше жылғы кегіңді
Сөйтіп бір енді алайық.
Осы жолы тілімді ал,
Бірің қалмай, бәрің бар.
Қызыл тұмсық боласың,
Есепсіз қанша дүние-мал».
Осындай деп хан Тұрсын
Ташкенттен шықты сайланып.
Желбіретіп туларын,
Жалаң қылыш байланып,
Қатаған деген елінен
Есепсіз қосын айдалып.
Түркістанды қамады,
Түн ішінде айналып.
Нақақ төкті қандарын,
Есепсіз халықты жамғарып...
Түркістанды қалың қол
Айнала қоршап алады,
Қатты састы халығы.
Жекеге шыққан ер болса,
Ортаға алып қамады.
Қарайғанды оқ жұлып,
Тартылды қазақ заманы.
Бөксе жағын бөрі жеп,
еңсегей бойлы ер есім
Кеуде болды аманы.
Қорықса да, қой өлді,
Дұшпандар тұтты жағаны.
Жанды қарға ұшқызбай,
Осындай болды лаңы.
Зеңбірек, мылтық, оқ атса,
Жұлдыздай болып ағады.
Тәуекел айтты жұртына:
«Тірлік бұмен болмады,
Мың күн жүріп, жаманат
Ілінгенше басыңа,
Бір мәртебе өл деп, жақсы атпен».
Машайықтың кебі еді.
«Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалды өлер адамы».
Қазынаның аш ауызын,
Испаhанлы қылыш ал.
Өлсең қалсын денеңде,
Сауыттар кигін жағалы.
Қазам жетсе, кебінім
Жылдамдатып кигізгін,
Алтын айдар гүләні.
Шошып тұрмын мен бүгін,
Заманым қандай болады?»
Ханымша атты қыздарын,
Бауырына қысып ап,
Сүйіп-сүйіп алады.
«Өлгенде көрген шырағым,
Жазым болсам майданда,
Заманың қандай болады?
Бұрынғының нақылы
«Сұрап алған жалғыз ұл
Жолда, жұртта қалады».
Армансыз болып өлер ем,
Осындайда бір көрсем
Артымда жалғыз баланы».
Халқын жиып Тәуекел,
Майданға шықты қамданып.
Артына ерді ерлері,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Баршасы да сайланып.
Доп, зеңбірек қояды,
Жау тарапқа оңғарып.
Сары жай тартып, оқ атты,
Тудың түбін болжал қып.
Көрсетті хан өнерді,
Есік-есік жол салып:
«Тірлікке қайрат қылайын,
Заман жоқ келер айланып».
Сілтегенде Тәуекел
Он адамнан жамғарып,
Мұнар болды жер-жаhан,
Күннің көзі қызарып.
Үріккен қойдай қашып жүр,
Қай тарапқа бет алса,
Жапырақтай түсіріп,
Кәріңіз қылды тамаша.
Сел болып сайдан қан ағып,
Нөсер болды оңаша.
Құмдай боп қаны ағып тұр,
Жаны шығып, жерге құласа.
Кім бар, кім жоқ белгісіз,
Әдиса таң-тамаша.
Тәуекел атты ханыңыз
Он бес жерден жаралы,
Денесін бір күн қараса.
Есі кетіп, сандалып,
Құлады жерге жанаса.
Туы құлап қалыпты,
Есін жиып бір уақта,
Оң-солына қараса.
Хан есін жиып, жан-жағына қарап еді. Туы құлап, халқы
қашып, ада болғанын көрді. Гүлханым бәйбіше мен жеті жасар
қызы Ханымша қолға түсіп, зарлап қалың жаудың ортасында
тұр екен. Хан өлерінде айтты:
«Замандас, жау да болсаң, құлағың сал,
Азырақ саған айтар арызым бар.
еңсегей бойлы ер есім
Баршамыз мұсылманның баласы едік,
Мұхаммед шапағатшы ақ пайғамбар.
Тән бердім, күмәні жоқ тағдырына,
Ажалым сенен себеп болған шығар.
Сипай көр жетім-жесір маңдайынан,
Бір қыз бен Құдай берген жалғыз ұл бар.
Пәтшағар, бейәбиір қылып жүрме,
Біріңе, тірі болса, қатын болар.
Жалтаңдап, жетімсіреп қалар болды,
Атам,— деп,— хан Тәуекел, кімге асылар.
Бүгінгі ажал маған, ертең саған,
Құдай—бір, кезек—екі, ойланыңдар!
«Басыңды жомарт кессін» демеп пе еді,
«Жанымды, жаллат болсаң, қанамаңдар.
Сүйегім ит пен құсқа жем болмасын,
Хан Тұрсын, замандас ең, тасалай сал.
Айтарсың білімсізің: «Жалынды» деп,
Жарғақ қып, енді менің шонтайымды ал».
Қаза жетіп Тәуекел
Дүние салды осылай.
Дұшпанын шауып мұқатып,
Хан Тұрсынның көңілі жай.
Қуанып елі теп-тегіс,
Төрт түлік малға болды сай.
Олжа, жесір үлесіп,
Не қылғанмен болды бай.
Мал айдалып шымалдай,
Дүние кімді тасытпас,
Жарлысы да, байы да,
Кәрісі де, жасы да,
Бәрі шалқып қуанды-ай.
Ташкент барды хан Тұрсын,
Көңілі тасып, шаттанып.
Ерлердің көңлі раушан,
Есепсіз қанша олжа алып.
Қатыны шоры жұмсады,
Мастықпен бәрі паңданып.
«Артым қандай болар» деп,
Өкінбейді ойланып.
10-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сұрап алған Ханымша
Қорлық көрді мал бағып.
Өмірі өтті осымен,
Ертелі-кеш сандалып.
Опасы жоқ дүние-ай,
Гүлханымдай бәйбіше
Су әкеліп, от жағып,
Қылмасына лаж жоқ,
Қолына балта, шот алып.
Бұлар тұрсын қорлықпен
Қашқардағы баладан
Енді Есімнен қозғалық.
Есім Қашқардан қайтты
Аппақ Ешен қолында
Қашқарда жатты бес-алты ай.
Қызметкер бар аз адам,
Ішкені болып таза шай.
Зеріксе, шығып аң аулап,
Қару-жарақ бәрі сай.
Әмбені бір-бір мас қылған
Бозбаланың саудасы-ай.
Бір күні ұйықтап кеткенде,
Бір іс көрді ер Есім.
Түркістанды өрт алып,
Қараңғы тұман боп тұрды,
Көпке дейін ашылмай.
Атасы тұр теріс қарап,
Тәжісі жоқ басында-ай.
Қарындасы, шешесі,
Салы уәзір—үшеуі
Аяқ-қолы шынжырлы,
Тұман түскен басына-ай.
Қарғалар шулай бастады,
Жақындап еді қасына-ай.
Аппақ қожа Ешені,
Тұйғын салды бір нұсқап,
Қырғын сап бұған қосылды-ай.
еңсегей бойлы ер есім
Қашқар жақтан жел тұрып,
Шаhардан тұман ашылды.
Бір қол шығып ғайыптан,
Атасының тәжісі
Киіліп қалды басына-ай.
Жылай берді оянып,
Түсінен жаман шошыды-ай.
Айқайлап қатты жылады,
Түсінің әлгі дерегі.
Бәрі шошып оянып,
Жігіттер жиылып келеді.
«Ханның ұлы ханзада,
Ойбай тақсыр, не?—дейді.
Шошынсаң, тақсыр, періден,
Ешенге хабар берелі.
Тәуіп, құшнаш, балгерге,
Дем салдырып көрелі...»
Жылаудан бала тынбады,
Айтуға аузы келмеді.
Жалғыздың жары—бір Құдай,
Жаратқан болсын көмегі.
Ата-анасы қорлықта,
Баласы болса далада.
Көрсетпесе қайратын,
Баланың не керегі!
«Жігіттер, несін сұрайсың?
Бір сыр болды халыққа,
Хан Тұрсын болып себебі.
Қайранда өткен атаекем,
Насихаты көп еді,
Байғұс басым білмеппін,
Осынша маған деп еді».
Үрей боп бұлар тұрғанда,
Ешеннің білді сарынын.
Әлейкі алып сөйледі,
Түрін көріп бәрінің:
«Тағдырға тән бер, шырағым,
Сөзін тыңдап піріңнің,
Хайуан да сыйлар ұлығын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әмбеден де зары бар,
Ойлап тұрсаң, өлімнің.
Қанаты бүтін жан бар ма?
Ұнатам көңіл сынығын.
Насихат сөзін естігін,
Сөзін тыңдап кәрінің.
Тәкәппарлық қылмайсың,
Кем-кетіктен жетілгін.
Өткен іс келмес орнына
Ақырын хақтан өтінгін.
Мүләйім болып, сынық бол,
Үлкейген сайын кішіргін.
Рас қой бол, шын сөйлеп,
Хақ жолына ұсынған.
Асқанға қанша жаза бер,
Көңілін аула кішінің.
Қаласында Самарқан
Әмір Темір патшадан
Қалған екен бір қылыш,
Жазып алса, он бес кез,
Бүктеп келсе, бір уыс.
Осыны беріп Есімге,
Байлап жатып беліне:
«Қан ұрттамай, шырағым,
Қатысына түспейді,
Бұйағына түсінген,
Ырымға алған пал қылып.
Әкең сойған қойының
Сақтап едім ілгері
Ту қара қойдың асығын.
Дабылға тілла иіргін,
Оңқадан тұрса, оңладың.
Басқасы болса, насырың,
Жолың болсын, бар балам,
Хан Тұрсынды қашырғын».
Ешені насихаттап бата берді,
Ақылын бастан-аяқ айтады енді.
«Жан балам, есендікпен көрсетсін» деп,
Қоштасып, шығарып сап, қайтады енді.
еңсегей бойлы ер есім
Келеді жардан ырғып, тастап сырғып,
Көргенше шыдай алмай ата-ананы.
Бәрінен жігіттердің озып шығып,
Тұлпарға қамшы басып жөнеледі.
Көргенше шыдай алмай елін-жұртын,
Жас төгіп жолда зарлап еңіреді.
Түркістан, шаhар Сайрам аман ба екен,
Қазағым киіз туырлық, керегелі?
Жараным Дешті-Қыпшақ аман ба екен,
Жарлы-бай, жақсы-жаман, жас пен кәрі?
Қамқорым, дұғагөйім аман ба екен,
Көретін күн бар ма екен ата-ананы?
Сүйенішім, таянышым әм қанатым—
Ханымшам ағакелеп көрсе мені.
Алғыскөй, қыбылагерім аман ба екен?
«Дұғамен ер,— деген сөз,— көгереді.
Жолықсам сау-саламат осыларға
Мекке мен күзерлер ем Мединені.
Алматы, жеті дуан, шаhар Сайрам,
Өзбек, Ақмешітім, Қазалымен.
Ата-анам қайтып шыдап отыр екен,
Бір сағат тайдырмайтын назарынан.
Түсімді көргеннен-ақ шошып едім,
Сенбеймін бұл жағыма, ойбай қайдам!..»
Осыны айтып ер Есім,
Тұлпарға қамшы салады.
Еті қызса жануар,
Жұлдыздай болып ағады.
Қызған сайын шабады,
Үй жыққандай екпіні.
Көлденең ұшқан құс болса,
Омырауда қағады.
Көтеріліп үйрек ұшқанша,
Жұмарланып қалады.
Қусырылып жердің танабы,
Артында жатып қалады.
Қара тасқа кезіксе,
Жаңғырықтай қылып шағады.
Кейбір тастан от шығып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шамдай болып жанады.
Неше тауға кезіксе,
Анда-санда қалады.
Бір күн шапса су тұлпар,
Айшылық жолды алады.
Жер-жаһанды күңірентті,
Көргенше ата-ананы.
Келе жатса, алыстан
Көреді бір топ қараны,
Жайылған көп пада екен.
Отынға жүрген қатынға
Баланың түсті назары.
Жасырындап тыңдап тұр,
Қатынның айтқан ғазалын.
Анасының зары:
«Қашқардың жолы қашықта-ай,
Сүйегімді жасытты-ай,
Лаж бар ма тағдырға,
Көрер күн болса осындай!
Алатауда ақша қар,
Ташкентте залым Тұрсын бар.
Айналайын атыңнан,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сақаба
Медет бер тақсыр, Әліайдар!
Тоқсан тоғыз мың машайық,
Сұлтанлы-арпыл назар сал.
Кәтте Базырық әзіздер,
Болсаңдаршы хабардар.
Тұз-наныңды татып ем,
Аппақ қожа қолымды ал.
Бір патшаның зайыбы ем,
Отын, сумен болдым қор.
Әулие қоймай қыдырып,
Сұрап алған жалғыз ұл,
Еш болмаса, хабар ал.
Жолбарыс, қабылан сақтаған,
еңсегей бойлы ер есім
Торғайдың қалың бадалы.
Аспаннан бұлт қашырар,
Қыбыланың соқса самалы.
Бейнет, қайғы, жылаумен
Әл-дәрменім қалмады.
Сусын десе, беруші ем
Шекер менен алуаны.
Қара су болды ауқаты,
«Атам» деп, кімге шағады.
Залымдарды ұрмады
Жас нәресте обалы.
Жеті жасар қызымды
Ортаға күнде алады.
Қабырғасы қатпаған,
Кімге де тиді залалы.
Армансыз боп өлер ем,
Бір көрсем жалғыз баланы.
Дәйімі зарлаумен күнім өтті,
Ұстадым күн жебелеп, балта-шотты.
Қамқаны апта киіп тастаушы едім,
Сол күнім, қазір менің қайда кетті?!
«Дәулет бер қартайғанда» деген екен,
Шағымда өлетұғын имеңдетті.
Талайға қол қайырды қылып едім,
Алдыма бірде-бірі келмей кетті.
Ханымшам, қайран жаным, ерке қызым,
Жалтаңдап әркімдерге өмірі өтті.
Қосылған бала күннен керт Құдайым,
Әйтеуір, менше қорлық көрмей кетті.
Құдайдан өліп-талып сұрап ап ем,
Құлыным Есім атты қайда кетті?!
Тимесе ол дүниеде, бұл дүниеде
Пайдасы жалғызының тимей кетті».
Осындай деп Гүлханым,
Зарлайды қатты қамығып.
Арқан-жібі қолында,
Ескі тонды жамылып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қанша мықты болса да,
Шыдасын енді не қылып?
Анасы бүйтіп тұрған соң,
Тұра алмады сабыр қып.
Атынан түсті секіріп,
Тұра алмады бекініп.
Айқайласып көрісті,
Анасымен өкіріп.
Осылай бопты ел-жұрты,
Көрмесе бәрі өтірік.
Айтуға аузы бармастан,
Құшақтасып жыласты.
Аз ғана емес бұларға
Хан Тұрсынның лаңы.
Құшақтап Есім анасын,
Өксіп жылап тұрады.
Анасы айтып жылайды:
«Сұрап алған, оғланым,
Бір жыл айтсам таусылмас,
Басымнан өткен мұңдарым.
Мен білмеймін ұрыста
Қазақтың қандай болғанын.
Хан Тұрсын қосын жиып кеп,
Қамал қылды жарым ай
Түркістан атты қалаңа.
Ұрыс болды неше күн
Шаһар менен далада.
Жазым қылды әмбені,
Қараңғылық орнады,
Бала менен шағаға.
Сонан қайтып көрмедім,
Көп қосынмен атаңыз
Шығып еді далаға.
Бөксеңді қойды бөрі жеп,
Қадамың жетті жаңада.
Екі көзім далада,
Сорлы көңілім балада.
Серуендеп сен жүрсің,
Баланың көңілі далада.
еңсегей бойлы ер есім
Атаң сорлы ашынып,
Бара жатып майданға
Бармағын тістеп зарлады:
«Бір перзент» деп қоймап ем,
Қыдырып Дешті даланы.
Өліменен тірі ісі жоқ,
Жастық қойып басына,
Сусыны нәсіп болмады.
Атаңның кегін жібермес,
Баласы болса алалы.
Төмен етек әйелмін
Жауға қылар шама жоқ.
Қазынадан айрылдық,
Сол қырғында талан боп.
Кеудеден жаны шыққанша,
Зарлап кетті «бала» деп.
Ажалға ара тұрмайсың,
Қисайған сүйеп басынан
Армансыз болып кетеді,
Қолыңнан қойсаң кебіндеп…
Есім анасына: «Енді жылама, өткенге өкінбе, жетпесті
қума»,—деген. Сен осы бойыңмен ешкімге білдірмей, осы жер
де тұра бер. Мен қарындас пен Салы уәзірді тауып алып келейін.
Үшеуің Түркістанға қарап жүре беріңдер,—деді.
Өзі жансыз бөтен кісі болып, хан Тұрсын алдына бармақ бол
ды. Осы атырапта үш хан болушы еді.
Олар—айтылып отырған хан Тәуке, хан Тұрсын және
Үргеніш жағын Әбілғазы баһадүр хан билейтін. Есім хан
Тұрсынға осының жіберген елшісі болып бармақ болды.
Осылай етіп ер Есім,
Анасына айтты: «Жауап бер,
Заман шіркін айналып,
Қараң кетіп ағың кел.
Жазым болсам қапыда,
Халқымды бассыз тағы жер».
Осылай деп ер Есім,
Қамшы басты атына.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Елшімін» деп танытты,
Қатағанның жұртына.
Бір тараптан шу шықты,
Қарап еді артына.
Ханымша
Байқады қарап шамалап,
Біреулер қуып келеді,
Жеті жасар баланы.
«Қашасың ба, залым» деп,
Ортаға алып сабады.
Әрқайсысы бір түртті,
Жәкетайлап жылады,
Ешбір рақым қылмады.
Біреулер кеп сол жерде,
Өңгеріп алды сабалап.
Есімге келіп тығылды,
Жолаушы деп шамалап.
«Айналайын, көкетай,
Мыналарды тоқтатшы,
Барайын бірге өзім-ақ».
Қарындасы Ханымша,
Қараса байқап, назар сап.
Дірілдейді бейшара,
Қамаласа, ортаға ап.
«Мен-ақ алып жүрем» деп,
Тоқтатты бала илалап.
Қыз бейшара жылайды:
«Қашқарға кеткен көкекем,
Келер күнің бар ма екен?
Жамалыңды сағындым,
Атам өліп, жетім боп,
Көрінгенге таңылдым.
Алуа ішкен шекермен,
Атала ішіп қаңғырдым.
Сабалайды ортаға ап,
Мен бұлардан түңілдім.
Жеті жасар күнімде
еңсегей бойлы ер есім
Осыншалық қылғандай,
Ойбай, тәңірі, не қылдым!?»
Осылай деп жылады,
Ешбір рақым қылмады.
Қаһары келіп Есімнің
Түгі тесіп шығады.
Әрқайсысын бір іліп,
Найзамен шаншып ұрады.
Өліктерін жасырып,
Оңаша жерге тығады.
Қарындасын құшақтап:
«Айналайын бауырым,
Туысқаным, туғаным,
Қарындасым Ханымша,
Қашқарға кеткен сорлы ағаң,
Мен едім ғой»,—деп жылады…
«Шырағым, мынау аттың бірін мініп, біреуін жетелеп, па
дада жүрген шешеңе жет. Қарындарыңды тоқтап, атқа мініп,
Түркістанға қарай жол тарта беріңдер. Жолда қашқындар
жолықса, ертіп алыңдар. Мен хан Тұрсынды бір жайлы қылып
барамын,—деді. Есім елші пормасына түсіп, ханның алдына
кіріп келеді. Хан орнынан ыршып түрегеледі. Елші бірнеше
күн елшіханада қонақ болып жатты. Елші бала алдына кіріп
келсе, хан орнынан еріксіз ыршып тұра беретін болды. Бұлай
деп айтқанға сенбеген соң, уәзірлер бір күні ханның етегіне киіз
тігіп қойды. Бала кіріп келгенде, хан киізді көтере түрегеліп,
сонда сенді. Баланың қағазын көрсе, Үргеніштегі Әбілғазы
баһадүр ханның елшісі. «Әбілғазы баһадүр күллі мұсылман
хандарын шақырып, бір үлкен мәжіліс құрмақшы еді, соған
сізді шақыра келіп едім»,—дейді бала.
Хан бұған нанды. Жарамды ерлерін алып: «Әңгіменің ішінде
болалық»,—деп Үргенішке жүріп кетті.
Есім хан көтерілді
Есім далаға шығып, ілгері айтқан хабары бойынша үш
жүздің баласын тегіс жинап, хан көтерілді. Әскер құрып, сап
түзеп, елеулі ерлерін іріктеп, шығарып сап алдына қойды. Сол
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
күнде үш жүздің баласында атақты төрт батыр болар еді. Ұлы
жүзде Бөгежілі елінен Шабайұлы Жақсығұл деген мерген еді.
Қоңыраттан Алатау деген батыр еді. Кіші жүз Алшын-Жаппаста
Бөрітоғашұлы Жиембет деген еді. Үйсіннен Сүлеймен батыр.
Қай Үйсін екені белгісіз.
Далаға шығып ер Есім,
Жинады қазақ жаранын.
Тұтқындарын босатып,
Шақ қылды қосын тамамын.
Сапсыз ерлер жиылды,
Айтайын бір-бір хабарын.
Ұлы жүзден—Жақсығұл,
Бөгежілі затынан,
Руы еді Жаныстан—
Шабайдың ұлы Жақсығұл,
Ауада ұшқан аққудың
Шашар еді қандарын.
Ер Алатау Қоңыраттан,
Батыры еді әмбенің.
Бөртоғашұлы Жиембет,
Алшын дейді, аңғарғын.
Үйсін батыр Сүлеймен,
Білмеймін ру намдарын,
Пана қылды қазақтар.
«Атасының орнына,
Есім болды хандарың,
Нәсілі—Шыңғыс төреден
Қабыл тұт мұны барларың.
Құтты болсын тақымың,
Мүбәрак болсын қадамың,
Жолың болсын, әумин!..»
Дуылдасып қалың жұрт,
Кілемге алтын салады.
Қазығұрттың басына
Хан көтеріп шығады…
Ту көтерді, сарын қып,
«Есім хан» деген ұранды.
Шаппаққа енді қамданып,
еңсегей бойлы ер есім
Ташкенге қосын шығарды.
Сапсыз ерлер жиылып,
Дүркін-дүркін айдады.
Білдірместен шаһарын,
Түн ішінде қамады.
Әр дарбаза аузына
Мыңнан әскер қояды.
Зеңбірек атып, талқандап,
Ордасын ханның бұзады.
Аллалап тегіс ұран сап,
Қазақтың бәрі ұрады.
Атқан садақ қалаға
Қардай болып борады.
Тұман боп оқтар түтеді,
Өткізбеді аспаннан
Жайын ұшқан қарғаны.
Тастан берік сарайды
Дәрі қойып ақтарды.
Найзамен түйреп кәрісін,
Жасының басын жояды.
Қарап етіп халқын,
Өз қылғанын қылады.
Жақсығұл атты мылтығын
Қалың топқа жобалап.
Талқандады саптарын,
Қабаттап өтіп қидалап.
Қазақтар болды шадыман,
Қатағандар жыламақ.
Алатаудай батыры
Қасқырдай тиді аралап,
Жиембет асты бәрінен
Тұс-тұсына қуалап.
Сауытқа тиген оқ болса,
Жерге түсті домалап,
Сүлеймен батыр жұмылды,
Қабаттап қырқып, жаралап.
Өшпенді баз жазғандар,
Қашқан жауға қатын ер,
Күші жетпес жазғандар
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Өлігін жүр сабалап.
Кейбірі кейіп сөгіп жүр
«Ұрайын қызыңды, өлдім-ақ».
Тәшкеннің қырғын салды қаласына,
Алалық бастан кірген арасына.
Ордасын бір күн, бір түн ойран етіп,
Келтірді өзі қылған жобасына.
Сапсыз қазақтарға олжа түсті,
Үлесін алып жатыр бас-басына.
Қазына-мүкамбалын артып алды,
Өрт қойып хан Тұрсынның ордасына.
Бір қатар Қатағаннан кетті қашып,
Бармаққа Үргеніште хан қасына.
Есім хан айтты: «Халқым, құлағың сал,
Олжаны тақсымымен үлесіп ал.
Алдынан жолын тосып іс қылайын,
Хан Тұрсын Үргеніштен қайтқан шығар.
Қасыма ығай-сығай жүзің ілес,
Өзгеңіз осы арадан қайтыңыздар.
Әйтеуір жауды шаншып, намыс әпер,
Болса да қанша олжа өздерің ал ».
Шығарды Шыңғыс ханнан қалған туды,
Туды ұстап жарқыратып, тұлпар мінді.
Туына хан Шыңғыстың жасын сүртіп,
Ішінен тарқатты Есім сары суды.
Сайланып, іріктеніп өңшең батыр,
Ерлердің наһансінген бәрі жүрді.
Бір порым бәрі бірдей сыпайылар,
Өнерпаз ығай-сығай неше түрлі…
Сырдария бадалына жеткен кезде,
Азырақ Бұқар жақтан шаң білінді.
Хан Тұрсын хабарланып қайтқан екен,
Үш мәрте «Есім хан» деп дабыл ұрды.
Қасына бірін-бірі жолатпастан,
Атысып екі жақтан оқ жаудырды.
Найзамен хан Тұрсынды шаншиын деп,
Есім хан тұлпарымен дарияға ұрды.
Ақыры араласып, кескілесіп,
Сырдария қызыл қан боп ағып тұрды.
еңсегей бойлы ер есім
Ешені Аппақ қожа берген семсер
Он бестен-жиырмадан қан қып тұрды.
Қайтпай, қашпай екі жақ,
Қырғын қылды қабағат.
Қарсы шапқан ер дейміз,
Қашқынға болмай маламат.
Хан Тұрсын келіп күрзі ұрды
Есім ханға дауамат.
Сүрініп барып түзелді
Астындағы тұлпар ат.
Ақылы ауып тоқтады,
Күшпенен қылды парасат.
Жүгіртіп келіп найза ұрды
Жиембет деген азамат.
Тобышақ жазым боп кетіп,
Хан Тұрсын түсті домалап.
Қайрылып қожа жөнелді,
Сүлеймен кетті қуалап.
Қатағандар тоқтатты,
Тұс-тұстан найза сидалап.
Араласып шауып жүр,
Қалқан ұстап паналап…
Қаһарланып Жиембет
Ұстады найза қолына,
Араласты аянбай
Қатағанның тобына.
Хан Тұрсынға күрзі ұрды,
Сүйенді аттың жалына.
Ту ұстаған адамын
Екі бөлді атымен
Келтірді батыр табына.
Қатағанды қашырып,
Қойша айдады алдына,
Қашқанменен қоймады,
Түсті ерлер соңына.
Әр жерде аттан түсіріп
Сұлатты көбін жолына.
Ақырында қашқындар
Жеткізбей кетті шаңына.
Хан Тұрсын қашты жұртымен
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үргеніштің көліне.
Қарамады қайрылып
Қырғын тапқан еліне…
Есім хан айтты айғайлап:
«Залым ит, бар ма арманың?
Айнымай келді басыңа
Өзіңнің қылған ылаңың.
Сен қылғанды мен қылдым,
Сенен артық не қылдым?
Пендем де, қатын-балаларым
Қорқады деп ойлама,
Шыдасаң, тағы шындадым!
Арманда қалсаң бұл сапар,
Тағы қайта қамданғын.
Сенімен бармын, хан Тұрсын,
Сынғанша қылыш-балдағым».
Осыны айтып, ер Есім
Үлеске салды олжаны.
Дүниеге кенелді
Қасына ерген ерлері…
Сауыт-сайман, асыл зат
Шат болысты келгені.
Қайтты енді жұртына,
Жадырай түсіп елдері…
Қайтып келді Есім хан
Түркістан атты қалаға.
Тамаша болды неше күн
Бала менен шағаға.
Атасының басына
Қатым Құран түсіріп,
Әдия беріп молдаға,
Жұртына болды ұлы той.
Неше күн өтті арада…
Үргеніштің ханы еді
Әбілғазы баһадүр:
«Жарасқын,—деп,—екеуің»
Түсе берді араға.
еңсегей бойлы ер есім
Әбілғазы баһадүр хан
«Ассалаумағалейкум,
Арқан дәулет Есім хан!
Үргеніштен келемін,
«Әбілғазы баһадүр»
Деуші еді мені қанша жан.
Бітімге келген жайым бар,
Сөз тыңда, уәзір, сыпамен.
Хан Тұрсынмен жау бопсың,
Қандым көп сөз араңнан.
Пенделері себепкер,
Жақсы-жаман Құдайдан.
Насихат айтам, тыңдасаң,
Жолдас болған кісімін,
Тәуекел хан атаңмен.
«Әкемнің көзі көрген» деп,
Бір мәрте тұтсаң қадірдан.
Жыламасын жас бала,
Қорқыңыздар Құдайдан,
Қайтыңыздар райдан.
Насырани жуит қарсы емес,
Бәріміз де мұсылман.
Өсер ғана басың бар,
Шырағым, сенен сұрадым,
Өз жұртың да аз емес,
Тілеуін соның сұрағын.
Босатып бер пендеңнен
Хан Тұрсынның адамын.
Құсемет кетсін араңнан,
Кідірут кінә шығарғын.
Өлмесе де, өлімші,
Білдің бе Құдай ұрғанын?
«Алдыңа келсе құнын кеш
Әкенің» деген сөзі бар,
Машайықтың ұнауын.
Біріңе-бірің мұнан соң
Ала көзбен қарама.
Нан сындырып, шартнама,
11-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ортаңа Құран қоямын.
Әкең қатар хан едім,
Бейәбир қылмағын.
Пайғамбар жасын жасап ем,
Бір жолға, балам, сыйлағын.
Пәтті бәби себеп ән,
Құранның сөзін аңдағын.
Көнбесеңдер мұныма,
Менің жайым—Үргеніш,
Бірің өліп, бірің қал,
Қызығыңды көріп тұрамын».
Әбілғазы баһадүр
Осындай көп сөз нұсқады.
«Кештім» деді ер Есім,
Құрмет етіп патшаны.
Құсеметтерін тастады,
Қағаз қылып шартнама.
Хан Тұрсын Құран ұстады,
Өтірік қана өтініп,
Иламен көзін жастады.
«Қулығым асып осыдан,
Бізге болсын,»—деді де,
Қолына ұстап бір бізді,
Лақтырып тастады.
Әбілғазы сөйледі:
«Бұдан кейін жамандық
Қайсысың қылсаң, мабада,
Аруақ ұрсын ұранмен,
Қияметке дейін оңалма.
Ұрық, нәсілің құрысын,
Ағаштай боп, қуар да.
«Әумин» десін періште,
Машайық болсын дұғада.
Батагөйің мен болдым,
Үргенішке қайтамын,
Сау болғын енді, жан балам,
Тапсырдым сені Құдайға.
еңсегей бойлы ер есім
Есім хан айтты бір сөз: «Құлағың сал,
Баһадүр Әбілғазы, арызым бар.
Мынау іс осылайша тындым болды,
«Кеңге кең,—деген еді,—тарларға тар».
Адамнан, Әзіреті бермен қарай
Жауымен ғазат қылған падишалар.
Қырық жыл күндіз-түнгі ғибадаттан,
Ғазатқа бір-ақ қылыш артық шығар.
Баласын мұсылманның жылатпайық,
Өр жақта қалмақтайын дұшпаным бар.
Омск, Томскінің айналасы,
Темір хан, Атас пірас кәпір шығар.
Хан Тұрсын мына жұртты аңғарып тұр,
Зерек қас надан достан артық шығар.
Тапсырдым баршаңызды бір Құдайға,
Көргенше қайта айналып, кім жоқ, кім бар».
Қалмақты алуы
Еңсегей бойлы ер Есім
Талап етті жүргелі,
Ниетін қылып ілгері.
Темір ханның жұртына
Жүзі ауды өрдегі.
Қалың қалмақ қара қол,
Атас Пірас дінді еді.
Неше сапар жұрт шауып,
Жетім-жесір, жәбір қып,
Төрт түлік малын неше айдап,
Бүлдірген еді елдерді,
Тіпті тыныштық бермеді.
Қайғымен өтіп қазақтар,
Шашынан көп еңіреді.
Атасы өліп біреудің,
Інісі өліп біреудің,
Біреулер жардан айрылып,
Жазылар малдан қамығып.
Жалғыз-жарым саяқтап,
Не ерлер өлген зорығып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үш Алаштың баласы
Жылаушы еді күніге.
Қысасы бар бәрінің
Қуанады жүргелі.
Күшті боп қалмақ сол күнде
Өзгелер, сірә, ел ме еді?
Нәсілі кетті түзеліп,
Шыңғыс хан осы дінде еді.
Жеті ықылым халқын
«Жердің жүзін алған» деп,
Айтып едім ілгері.
Заманнан неше бері қарай
Он үшінші тақсым Шыңғыс хан.
Шежіре нұсқа көргені
Жолға қарап көз сүзіп,
Қыналап, қамдап ат мініп,
«Құны,—деп,—басым арымның».
Үш жүз енді сайланды,
Қам қылып жатыр барғалы,
Қос ат, жарақ қамданып.
Қылыш, мылтық байланып,
Қош айтысып, қоштасып,
Көрісіп қолын ұстасып.
Әбілғазы, хан Тұрсын
Сарпай беріп қайтарды.
Қайта-қайта дайындап,
Ішкі арманды айтады:
«Селтеңдеген неме еді,
Кім біледі сайтанды?»
Сол уақытта Есім хан
Біреуін қоймай айттырып,
Жинап алды қазақты.
Жұртты аузына қаратты.
«Есікке жұртым, бекем бол,
Дұшпаның көп оң мен сол.
Алдыңғы жағым оңланса,
Артқы жағым алақ-ты.
Болжаңдар шартарапты,
Жуық арада келмеймін,
еңсегей бойлы ер есім
Барған жерге өрлеймін.
Қанағатсыз ел еді,
Қатағанға сенбеймін,
«Бұған да түсін ер» деймін.
Үш жүз қазақ баласы,
Үш би сайла, ойласып.
Таянышымды кім деймін?
«Аузы бар бақандай,
Қайратты болсын ер» деймін.
«Жасып туған атадан,
Басқара алмаса қор» деймін,
Осалға өкім бермеймін.
Жақсығұл мерген елде қал,
Қылатын сенің ісің бар.
Шолғыншы болып айланып,
Асынып мылтық байланып,
Елдің шетін електеп,
Некен-саяқ деректеп,
Рақат ұйқы көрмейін,
Шолғыншы болып жүр деймін.
Алдымдағы қалың жұрт,
Анықтап айтшы билерді,
Аттарын, сірә, кім деймін?
Үш жүздің енді баласы
Қарар тауып ойлады.
Ынтымақпен сайлады:
Құдайберді Жаныстан-
Ең әуелі болғаны.
Орта жүздер сайлады
Арғын Шаншар мырзаны.
Қаз дауысты Қазыбек
Осыдан тарап шығады.
Кіші жүз—Алшын Жидебай,
Баласы мұның—Әйтеке.
Шежіреде шығады,
Ескі ұлт нұсқада
Осындай дейді хабары.
Атап-атап берейін,
Енді Есімге келейін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жеті мың әскер жинап ап,
Қалмаққа деді жүрейін.
Қалған жұрты тарқады,
Қайыр-қошын айтады.
«Ақ жүзді абырой бергін деп,
Көздің жасын көргін деп.
Есен барып, сау қайтқын
Сапары еді қатерлі…
Хан Тұрсындай ханымыз,
Ағармапты көңілі,
Жаулықпен өткен өмірі.
Темір хандай қалмаққа
Жасырын сәлем айтады.
Қағазында не депті
Қанеки, оқып байқалы.
«Жанабыңа үрметлу,
Темірхан саған көп сәлем!
Достық сөзін байқағын,
Жазылған мынау хатымнан.
Есім хан саған бара жатыр,
Жарамды, жаулы адаммен.
Оза шауып, мал алған,
Шығаннан шыққан ерлері,
Жүрегі өскен қолайдан.
Досыңды шақыр қабыңа,
Жау тірелді маңайдан,
Дұшпанды бездір панайдан.
Достығымды білдірдім,
Пешене көр маңдайдан.
Егей-сығай адамы
Қозғалтпасын қалаңнан.
Қайратың болса, өлтіргін,
Ханнан шырақ өшіргін.
Біреуін тірі жіберме
Осы барған адамнан.
Нан пісіп тұр деміне,
Осы биыл таланмен».
Сөздің енді қысқасы,
еңсегей бойлы ер есім
Қалмаққа тиді намасы.
Қағаздан қатты шалынды
Темір хан деген патшасы.
Шапқыншылар жүрдіріп,
Жаудың түрін білдіріп
Бүлінді қалмақ немесі.
Әскербасы, онбасы,
Қарауылшы, құрбасы.
Арбаға таңып зеңбірек,
Оқ-дәрісін түгендеп,
Хабарланды топ басы.
Қарауыл қойып күтініп,
Берік болды қаласы,
Шаһар мен Дешті даласы.
Жол-жолға мерген төктіріп,
Жай-жайына сап қылып,
Бұқтырма болды арасы.
Темір хан жүр жол тосып,
Қалың қолмен бас қосып.
«Келетін жолы—осы» деп,
«Ұрысатын жердің басы» деп,
Бір парсаң жерде арасы.
Мұның жайы мұнымен,
Енді Есімнен қозғашы.
Еңсегей бойлы ер Есім,
Келе жатыр сап қып,
Жер қайысқан қосынмен,
Шенінен пенде шошыған.
Қызмет етіп сыпалар,
Ажырамайды қасынан.
Кигені темір көк сауыт,
Артынан жалпы жығалы,
Кекке шығып мұнары.
Жасынған жаудың алдында
Ажалды киік тұрады.
Дүркіреген дүбірі
Түстік жерге шығады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Күншілік жерден елеуреп,
Керең болып құлағы.
Панайында хайуан, шу жын,
Тауларға үркіп шығады.
Таймаған бағы басынан,
Талқылы туған жасынан,
Бет алған жер қашық па,
Ақбөкендей жосыған.
Аралап киік, аң атып,
Кез келгенді сұлатып,
Бірнеше күн жол жүрді,
Аз ғана емес мол жүрді.
Қалмаққа жақын кеп кірді,
Көрмеген жер тосыннан.
Аралап келді қонбаққа,
Бір өзеннің басынан.
Шөлейтке қонды қапылдан,
Су таппады жақыннан.
Көп қосын кетті су іздеп,
Рұқсат алып ханынан.
Аттарын жалпы суғарып,
Су құйып меске тақсымен.
Бүлдіргенге кез болып,
Тере берді қызығып,
Жүгіре түсіп атынан,
Хабарсыз бәрі артынан.
Қосты бағып бір өзі
Қап еді жалғыз Есім хан.
Сапсыз қосын сау етіп,
Түсе қалды тосыннан.
Кебенек шекпен киіп ап,
Шыға берді бөлініп.
Жүре алмай қалды жұртында,
Төрт шолақ байталмен.
Астында тұлпар аты жоқ,
Қалмаса игі еді майталман.
—Кім,—деп,—шаһар, тек жайың?
Сұрайды жауап Темір хан.
еңсегей бойлы ер есім
—Мен өзім—нәсілім төре, қазақ—затым,
«Түркістан, Сайрам» дейді шаһарым атын.
Есім хан—осы күнде жұрттың ханы,
Қалмақтың талап етер уәлаятын.
Қасында егей-сығай ерлері көп,
Төбені, сары жай тартса, аударатын.
Бет алса қай тарапқа, талқан қылар,
Ешкімнен сыңайы жоқ жасқанатын.
Егескен қанша патша болғанменен,
Жеңіліп, қара жерді жастанатын.
Баршасы ат суғарып кетіп еді,
Солардың азғыны едім қос бағатын.
—Қарасам, қай патшадан кем шығарсың,
Ақылға бір қатардан кең шығарсың?
Қараға сендей тұлға бітпеуші еді,
Бір ермен жұрт иесі тең шығарсың?
Кебенек шекпен киіп, елеусіз боп,
Еңсегей бойлы Есім хан сен шығарсың?
Оңаша, Лат-Манат кездестірді,
Дұшпаным мен іздеген сен шығарсың?
Қанжармен жүрек-бауырың араласса,
Саспағын, бәлем, енді тыншығарсың».
Айтты да қалмақ мынаны,
Ерлерін тегіс жияды,
Көзінің жанып мұнары.
Айнала қамап, айғай сап,
Қылыштарын шығарды.
Қысылды енді ер Есім,
Арасында қас-кірпік
Көргеннен соң мынаны,
Қатты арман қылды.
Астында тұлпар аты жоқ,
Састырды жау тосын кеп,
«Аңдыған жау—осы» деп.
Ақырынан сүйінтсін,
Әуелі тұр басым боп,
Сыр берместен тұрады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аз кідірсең, қызығы
Арт жағында болады.
Білінді қосын хабары,
Алдын бастап келеді
Жиембет батыр-сардары.
Ақырында түсініп,
Әуелінде дағдарды.
Жаудың түрін аңғарды.
Айқай-сүрен салысып,
Қолына найза алысып,
Кимелесіп жақын кеп,
Ажыратты хандарды,
Жеткерді Құдай жамбарды.
Тоғысып біраз, соғысып,
Екі әскер айрылды
Біріне-бірі батпады.
Екі жақ та байқады,
Қарауыл қойып күтініп,
Кездескен жерде ұмтылып,
Жай-жайына жатады.
Рауаж тауып дін ислам,
Кәпірдің қашқай сайтаны.
Бір уақытта таң атып,
Сүбы садық білінді.
Намазын оқып мұсылман,
Қыбылаға жүзін үйірді.
Салауат айтып Расулға,
Салды дұға, зікірді.
Қайратты ерге күн туды,
Көрсететін ер тұрды.
Аллалап бәрі ұран сап,
Майдан жерге жиылды.
Қалмақ, қазақ екі жар,
Қанды жұртқа қаһар бар.
Түйіліп дабыл ұрылып,
Сап түзеп майдан құрылып,
Сырнайдың даусы білінді.
еңсегей бойлы ер есім
Майдан
Екі жұрт келді қаптап майданына,
Кең қойып майдан жерді аңғарына.
«Қырғында кімнің басы жойылар» деп,
Қауіпте қорқағы мен сардары да.
Барша жан тіршіліктен күдер үзіп,
Қой айтып Қорасанға жалбарына.
Әркімге мынау ажал елестеді,
«Құдайым, қуат берсе,— деп,— қалғаныма».
Не қырғын, не ұрыстар болып өткен,
Заманда әр патшаның заңдарында.
Боялған неше сапар жердің жүзі,
Келеді ұрық болып қалғаны да.
Шейіттік нәсіп болса, жақсы өлім,
Кісідей ағайынды иманына…
Жекеге қалмақтардан шықты біреу,
Таң болып, жұрт түңіліп тұрғанында.
«Қазақтан қандай сабаз шығады» деп,
Қырдағы көзін тікті, ойдағы да.
Жекеге шықты бір қалмақ,
Қолында кездей шоқпар.
Оң мен солға айғайлап,
«Талапкер» деп айтады.
Қарсы қарап ұмтылып,
Оң мен солға жүгіріп,
Қарсы жауға қасарып,
Долдығынан жас алып,
Екпіндетіп ат шауып,
Қорқар емес жасқанып.
Бұяқтан да талапкер,
Есім ханнан бата алды.
Жүгіре барып шанышып,
Тездіктен дайын боп қалды.
Қарсыласқан қазақтың
Келдесі ұшты аспанға.
Насыр қалмақ мақтанды
Шауып шықты жесір боп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Иесіз аты бос қалды.
Шалқая барып артынан,
Қара жерді жастанды.
Насырдан шықты қатты айқай:
«Қатынға теңе қашқанды,
Қара жермен теңейін.
Қорықсаң, қайтып келмейін,
Есім хан саған біл деймін,
Келелеп айда дұшпанды».
Ыза болып Есім хан,
Бұрылды оң мен солына,
Жасанған қазақ қолына:
«Кім берсе бұған жазаны,
Шашайын алтын жолына.
Жұрт үшін туған бар ма екен
Иісі қазақ ұлында?»
Жаяулап келіп бата алып,
Шыдай алмай Сүлеймен,
Ақ жалау найза қолында,
Жүре берді жолына.
«Еншіңді Насыр беремін,
Ажал жетсе өлермін,
Жұлдызым туса оңына».
Атқан оқтай зырқырап,
Көзін таймай самғады.
Шаншар жерін пайлады,
Анда-санда бұрқ етіп,
Шіреп ұстап найзаны,
Жүректен шаншып Насырды,
Көтеріп алды қолына,
Лақтырып жіберді
Қалмақтардың тобына.
Намыскөй басты жүрегін,
Берген соң Құдай тілегін
Іс айналып оңына.
Артынан келіп інісі,
Барып түсті жанына,
Жекелеп еді тағы да.
Үлкен кілем көтеріп,
еңсегей бойлы ер есім
Түсетін жерін ескеріп,
Өлтірмей қалмақ жабыла.
Сүлеймен тұрды тіктеніп,
«Талапкер» деп тағы да.
Сүлеймен күдер үзді майдан жерден,
Екеуін жайлап салды ербеңдеген.
Қалмақтың енді сапы «бәнт» боп қалды,
Ілесіп кеткендей-ақ өлгендермен.
Темір хан ыза болып айқай салды,
Бірқатар күдер үзіп келгендерден:
«Қазақтан аз ғана әскер шошындың ба?
Қозыдай қалмақ едің көгендеген.
Қырылып, иә қырылатын күнің туды,
Келіпті аз ғана әскер төменгі елден.
Күш көрсет, оза шауып, олжаланып,
Бұл жерге неге келсін, өлем деген.
«Болса да қырық жыл қырғын күндіз-түні,
Бекер ме еді ажалды өлер» деген.
Еш уақытта жау санасып ұрыса ма,
Ерлерім, жоқ боп кеттің дікеңдеген.
Бірме-бір пышақтасып өле бергін,
«Екеудің бірге күші келер» деген.
Осылай дей айқайлап,
Айналдырды көтеріп,
Қамшы алып басына,
«Біреуі қалмай ұмтыл» деп,
Има қылды қосынға.
«Әкең де болса, аяма,
Бекер-қорқып, шошынба!
Тілеген жауың тұсыңда,
Көрнек көрсет осында!
Пәстеген көңілім тындырсаң,
Жарақ қып күрзі ұрсаң,
Тоқтаусыз қыз беремін
Есім ханның басына».
Біреуі қалмай қалмақтар
Майдан жерге ағылды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құмырсқадан қалың-ды,
Борандай түтеп жабылды.
Артынан демеп, төніп тұр
Айнымайды қалыбы.
Айланбаса оңына,
Көптің қиын айбыны.
Аллалап бәрі ұран сап,
Қарсы шапты қазақ та,
Жанын қиып ғазатқа.
Дариядай толықсып,
Екі әскер қосылды.
Шыққандай жайын толқыны,
Бесін шашып онынан
Озық ерлер ұмтылды.
Тозаңы ұшты аспанға,
Күннің көзі тұтылды.
Үні бітіп ерлердің,
Қап-қараңғы боп тұрды.
Атасы кетіп баладан,
Іні айрылды ағадан.
Алтын жаға сауыттар
Жыртылып тозды жағадан.
Қара жерді қандады,
Қандалмай жер қалмады.
Өліктер бітеп аңғарды,
Бидайдың орған бауындай,
Қыр менен адыр, сайларды.
Сел болып сайлар қан ағып,
Нөсер басты ойларды.
Ажалсыз шығар сырлығып,
Қырғыннан аман кім қалды.
Сүлеймен батыр, Жиембет,
Қылып жүр ерлер тойларды.
Ешкім осал демейді,
Қоңырат Алатау ер еді
Ұрыстың алған әдісін,
Керіп тартып қылышын.
Бәрі де ұлы салдар-ды.
Қойдай қырып айдап жүр,
еңсегей бойлы ер есім
Кез келгенін жайлап жүр.
Шымалдан көп ел екен,
Шегірткемен тең екен,
Есекең барып еңсерді,
Көрмеген қырғын ел екен,
Өліктер қалды төбе боп.
Қазақтар аз, қалмақ көп,
Қосылып тұр күн сайын,
Тұс-тұсынан жәрдем кеп.
Көкте дұшпан, жерде шөп
Ұрыс қызды қабағат.
Ұдайы төрт күн қырғын боп,
Бесінші күн толғанда,
Ұлы сәске болғанда,
Қаз-қатар қуды артынан,
Үркітіп жауын жалпымен.
Қалмақтар қашты тоз-тоз боп,
Қашқан жауға қатын ер,
Артынан шанышты, қуып кеп.
Қойдай қырды қалмақты,
Кім санайды түгендеп?
Шәріне тақап жақын кеп,
Дарбазасын бұзбаққа
Ой қылды қазақ жалпы көп.
Кетпен ұрып ақырындап,
Дүркіреп келді жақындап,
Қайта қуды артына.
Борай хан деген біреу кеп,
Елеместен ұрысты,
Жатушы еді ғапыл боп.
Ер Алатау шанышты,
Алдынан тура қарсы кеп.
Күрзі ұрған зарпына,
Жөнделді, аттан ауып кеп.
Қармақтай жұлып ап кетті,
Кете берді көкпар боп.
Сүлейменге күрзі ұрып,
Атынан доптай ұшырды.
Болжамай кетті,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Өлді» деп.
Жиембет батыр қоста еді,
Қалып еді зақым жеп.
Кез келгенді аман қоймады,
Не ерлерді жайлады,
Әмбеден күші басым боп.
Батыр Борай
Ұрыста қарсы шығып, қарысқанның,
Өлтіріп, басын кесіп, төкті қанын.
Өрек боп, еңбекпенен қуғанында,
Осынша қалың қазақ жасығанын.
Әзірге қазақтарға болды зауал,
Төгілер, күні болса тасығанның.
Халықтың үріккен қойдай болды бәрі,
Бармады ешбір пенде алдына оның.
Бас тығып батыр ерлер қойдай ықты,
Болмаса бір-ақ өзі Есім ханның.
Қуады оңын оңға, солын солға,
Дестелеп, не ерлерді қойды жолға.
Кездеспей адамына жүрген қазақ,
Пана іздеп, тау мен адыр, тасыманда.
Бытырап алды-алдына кетті тозып,
Бастарын қай уақытта қосылар да.
Уақытында ерге лайық дұшпан шығар,
Дұшпаның биік болсын досыңнан да.
Өрек боп, көңіл тасып, ұран салып,
Борай хан жетіп барды Есім ханға.
Сонда Есім хан сөйледі:
—Іздеген жауың—мен,—деді,
Жамандық тамыр табылар,
Сөйленсін әуел сыр,—деді.
Аты-жөнің кім болар
Көрмеп едім ілгері.
Деніңнің сау күнінде?
Бүгінді ғанибет біл,—деді.
Шынардай болып көріндің,
еңсегей бойлы ер есім
Болжап тұрсам, келімің.
Алтын жығаң қисайса,
Бір нұсқау шығар өмірің.
Түсінемін аяғын,
Ұрысатұғын көріндің,
Сенімен мен терілдім.
Армансыз сөйлеп, мүддеңді айт,
Патшасы—мен өлімнің.
Асығып сөйлеп, азамат,
Тікесінен ұрындың.
Жылауды Құдай оңғарса,
Ерде кие бар болса,
Есебін табар Есім хан
Сен сияқты көрімнің.
Борай хан сонда сөйледі:
—Түсіндім, Есім—сен,—деді,
Көрмеп едім мен де ілгері.
Ерлігің мен шерлігің
Көз алдымда тұр,—деді.
Адамыма кездестім,
Бір өлім ақыр шын,—деді.
Келген екен түрің де,
Тумайды сендей ұл,—деді.
Аман қайтсақ біреуміз,
Дос-дұшпанға сын,—деді.
Менің жасым ілгері,
Кезегімді бер,—деді.
Жасың кіші баласың,
Оттай қаулап жанасың,
Білмейсің атаң шамасын.
Уызың кеппей, қу бала,
Осынша қарсы шабасың.
Мен жайымды сөйлесем,
Күні бұрын жыларсың.
Сансыз қол дес бермеді,
Сен неге тұлға боласың?
Менің атым—Борай хан,
Неден үміт қыласың?
Меніменен соғыссаң,
12-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құдайыңа барасың.
Азғантай қазақ, шошайып,
Аламын деп келдің бе
Мәнжүрдің дардай қаласын?
Садағым тартып көрейін,
Өлмесең, бәлем, мерейің.
Кезегің беріп, кәнеки,
Қасқайып қарап тұрасың.
—Мақұл деді Есім хан,
Қарсы тұрып көлденең.
Пәсейер ақыр өрлеген,
Тасығанға зауал бар,
Не кешпейді пендеден…
Садақты қолға алады,
Жерде тұрып шамалы,
Майысып аты, бүк түсіп,
Үзеңгіде табаны.
Шыдай алмай барады,
Қабат-қабат сауытын,
Күшімен барып қабады,
Жыртып барып тоғызын,
Торқаға барып шыдады.
Аппақ қожа пірінің
Аруағы жар болып,
Тоқтатқан екен залалды.
Жыртылып барып тоқтады
Сауыттың алтын жағасы,
Қиын екен шамасы.
Қызыр Ілияс шылаулап,
Қашаннан бергі панасы.
Өлмегенін білген соң,
Кезегін берді ағасы.
«Қалай қылсаң, олай қыл,
Былай барып, былай тұр.
Арманда, балам, қалмашы».
Есекең де садақ ап,
Толғанып неше шіренді,
Үзеңгіге аяқ тіреді,
Оңай деп пе бұл ерді?
еңсегей бойлы ер есім
Шыдай алмай, жіберді.
Екінші тартса, үзгендей
Жібектен иген шідерді.
Көкірегіне Борайдың
Оғы барып тірелді.
Өтпесе де сауыттан,
Тоздырып барып торқасын,
Дарыды етке бір елі.
Шыдамай Борай зарпына,
Жасы ағып жылап жіберді.
Жығыса алмай мұнымен,
Қылыштасып шабысты,
Найзаласып алысты,
Садақтан үзіп күдерді,
Жай-жайына ажырап,
Күн батқан соң түнеді.
Таң атқан соң айқайлап,
Майдан жерге жөнелді.
Қарама-қарсы келеді,
Күндегіден бетер боп.
Ұрыстары үдейді,
Зарпына тау-тас күңіренді.
Алыса алмай алысып,
Өткерді неше күндерді,
Алысып ұдайы түндерді.
Күрзілесті кезекпен
Ақыры бір күндері.
Алысып үш күн, үш түн ұрыс қылды,
Күрзі ұрып, қылыштасып, неше қилы.
Күрзімен Ескеңді ұрып еді,
Су тұлпар шыдай алмай тізе бүкті.
Шаң шығып, майдан жерді кетті қаптап,
«Өлді» деп, сыртта жүрген қауіп қылды.
Борай хан екпінімен кетті өтіп,
Неше уақ есеңгіреп атта тұрды.
Қуатын денесіне әбден жиып,
Майданға төрезада қайта кірді,
Тоқтамай, Борай ханды кетті жұлып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұран сап, үш қайтара жерге ұрды,
Көтеріп жерден алып, көкке атты.
Сауыт-сайман, анжамы жарқырапты.
Айналып қара құстай келе жатыр,
Түсерде, доптай ұстап, қағып апты.
«Ініңе енді, жәке, разы бол»,—деп,
Тас байлап аяқ-қолын, шынжырлапты.
«Шынымен бәрің тозып кеттің бе?»—деп,
Халыққа ата үкіммен хабар айтты.
Тау-тасқа шілдей болып тозған халық,
Сай, тасқа, пана жерден теріп апты.
«Қазағым, бұлай боп ел болмайсың»,—деп,
Есім хан қапаланып бір сөз айтты:
«Өлімде малы-басың, күнде талан,
Алты ауыз ала болсаң бұл сияқты.
Өр жағың—қалмақ, қытай, бұяғы—орыс,
Қатаған не қып жатыр артқы жақты?!
Артынан Есім ханның ере берсең,
Сендерді жұрт қылармын бір сияқты.
«Қалмаққа қысас ғазат»,—деп,
Күніге айтып, ерледің,
Құлаққа маза бермедің.
«Неше сапар қырған»,—деп,
Тыншымастан еңіредің.
Қатаған қылды ондай іс,
Барып қайтып Қашқарға
Арасында келгеннің.
«Жұртым үшін тудым» деп,
Сендер үшін келгенмін.
Ат болғандай үйіліп,
Борайға дес бермедің.
Ит пенен құсқа жем болып,
Мұнда қалсаң, өлгенің.
Күштерің болды белгілі,
Өрексіген ерлерім.
Қу әдетті қойсаңдар,
Қалмаққа тағы өрлейін».
Енді келіп Есім хан,
еңсегей бойлы ер есім
Бір сөз айтты Борайға:
«Бір нәрсе десем, жарай ма?
Аман қалсаң осыдан,
Кетерсің, батыр, талайға.
Иманды болып өлгендер
Кіреді алтын сарайға.
Келте қылып айтайын:
Пайғамбарға үмбет бол,
Жарайма бұл сөз, жарай ма?»
Тәсір қылды бұл сөзді,
Борайдың жақсы мінезі.
Мұсылман болды кәлиме айтып,
Не қылайын ұзайтып.
Әскербасы қып қойды,
Орын беріп сорайтып.
Алтын сауыт кидірді,
Арғымақ тұлпар міндірді.
Көрсетіп көпке өрнегін,
Олай-бұлай жүрдірді.
Қайтадан бәрі жол тартып,
Қалмақтың барды шәріне.
Баяғыдай қараса,
Азаймапты әлі де.
Жетім-жесір, саяқты,
Олжа қылып талапты,
Кезіккен аман қалмапты.
Қамал қылды қаланы,
Бейсарамжал тамамы,
Қалмақтың жалпы адамы.
Ынтымақ қылып ханымен,
Ойласып жасы-кәрімен,
Қазаққа қалмақ қарады.
Жарасып, қалмақ, қазақ тату болды,
Шақырды хабар беріп, қалың елді.
Дүр, маржан, алтын-күміс, жауһар шашып,
Бастады Есім ханды шәріне енді.
Той қылып, неше күндей жұртын жиып,
Ізетпен неше түрлі күте берді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтың бағындырды қалаларын,
Көңіл қош, қылып жатыр қалағанын.
Мешіт пен медіресе бина қылып,
Дінге сап, жол үйретіп және бәрін.
Бұл күнде Омскінің айналасы
Бір қала намын айтар Есім ханның.
Алтыннан айбалтасы—белгісі бар,
Бар дейді он шақты үйлі төре тағын…
Солар да осал патша болмап еді,
Аумат бақ жүргізер де аруағын…
Алдынан Есім ханның көңілі қош,
Хабар ап білмедік-ау арғы жағын.
Бұзылды Есім ханның бір күн түсі,
Қайғыда аңғарады аналарын.
Бір күн жатып түс көрді,
Былайынша түстері:
Қой бағып қапты, қойшы боп,
Бөріге бір күн тұс болды.
Аузын ашып арандай
Кез келгенін тістеді,
Барған сайын күштеді.
Кез келгенін талады,
Өрлеп кетіп барады.
Сабаншының жалындай
Шұбатылып қалады.
Есеңгіреп, сандалып,
Қалғаны тіпті шамалы.
Қатты шошып оянып,
Осылайша аяны:
«Хан Тұрсынды ант ұрған
Бола ма, бұл іс болады.
Көптен кейін талаурап,
Тағы ұйқыға барады.
Көзі ілініп кеткенде,
Гүлханым көрді ананы:
«Айналайын, жалғызым,
Мені мұнша ұмыттың,
Көңілді тіпті суыттың,
еңсегей бойлы ер есім
Пайдасын көріп жүрсің ғой
Алыс пенен жуықтың.
Ата-анасы бір-ақ пұл
Өзінің көңілі тынықтың.
Итке күнін бермесін,
Артыңдағы халықтың,
Осыншалық тарылттың.
Күн-түн қатып, жетпесең,
Өлеріме жуықпын.
Қарға сені желіндеп,
Мұзға барып туыппын.
Қандай боп сені тапқамын,
Бұтасын қоймай шатқалдың.
Толғағың тіпті ауыр боп,
Ұдайы үш ай жатқанмын.
«Әмбеден әзіз болсын» деп,
Алтынға бөлеп баққанмын.
«Көңілі раушан болсын» деп,
Бесігіңе айнала
Гауһардан шеге қаққанмын.
Өлмесең, балам, деректе,
«Еркек» деп сені тапқанмын»…
Тағы да шошып оянды,
Әртүрлі болып қиялды.
Ұйқтамады бір түнге,
Таң-тамаша болады.
«Алдымнан жүріп оңалсам,
Артқы жағым қараңғы.
Бұяғын бассам қолыммен,
Бұяғынан ұрады.
Біреуінен құтылсам,
Біреуі даяр тұрады.
Аппақ қожа Ешенім,
Сен таппасаң есебін,
Арт жағымда өсегім.
Тумастан тұрып себеп боп,
Жақсылық қылған кісі едің.
Қолымды қойып көксіме,
Қалендар болып кетемін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қори алмай қор болдым,
Қазағым, сені қайтемін?..»
Ер Есім осылай деп жылайды зар,
Көзіне кең дүние көрінді тар.
Жар бопты Аппақ қожа бабалары,
Тағы да ұйықтап кетсе, аяны бар:
«Шырағым, ер тарықпай, молықпайды.
Мойныңа «нар» деп жүкті артқан шығар.
Туғаннан туысы артық, талқылы едің,
Қайтсең дағы, еліңнің қамын жегін.
«Сары алтын—сабыр түбі» деген сөз бар,
Тәңіріңнің іс ақырын сұрай бергін.
Бек сайлап, бажың алып мынау елден,
Кідірмей, енді еліңе сапар еткін.
Бір үлкен енді алдыңда майданың бар,
Онан соң дәулет, рақат, тыныштық көргін.
Көп заман нәсіліңнен бақ арылмас,
Өр болып жұрт иесі әулеттерің.
Рұқсат, Аллаху акпәр, барғын, балам,
Нәсіліне болдың зауал бір тайпа елдің».
Бір түнде үш ұйықтап, үш оянды,
Бәшерет белгі көріп, әбден қанды.
Сүлеймен, Жиембетті шақырып ап,
Көргенін құпиялап, баяндады.
Ойласып Алатаудай сардарына,
«Ешкімге сездірме,—деп,—осы халды».
«Темір хан енді бізге рұқсат бер» деп,
Бегіне шырындықпен сөзін салды.
«Қас едің әуелінде, енді доспыз,
Көруге қайта айналып болдым зарлы.
Ынтымақ, бірлік, тірлік күн көрейік,
Күш келсе, біз де мүштеп жасқағанды.
Таяныш керек кезде болысайық,
Ел жауын бірдей көріп, басқаларды».
Қайсысқан жеті жүз нар қазына артып,
Жау-жарақ, жол жабдығын тастамады.
Есекең аттың басын тартты елге,
Қоштасып қалды шулап, қалмақ халқы.
еңсегей бойлы ер есім
Хан Тұрсын қазақты қайта шапты
Барып қайтты ғазатпен
Қалмақтың мекен қалаға.
Бір жыл өтті арада,
Қайтардың ханды жаңада.
«Хан Тұрсынмен шартнама—
Құран қағаз болған» деп,
Айтып едім бағана.
Сөйледі бір күн хан Тұрсын
Уәзір, сыпа, данаға:
«Есім ханды жібердік,
Алдауменен итеріп
Қалмағы көп қалаға.
Өлмей тірі қала ма?
«Өлтірдік ,—деп,—тамамын,
Қырдық,—деп,—жалпы адамын»,
Құпиялап жансызы
Темір ханнан хат әкеп,
Білдірді маған жаңада.
Қашқын, босқын бар болса,
Артынан қуып тауысқан,
Шаһар Жаркент, Құлжада.
Сөзімді қабыл көрсеңдер,
Артымнан жалпы ерсеңдер,
Ойым соған кетіп тұр
Бел ауырмас олжаға.
Олжа, жесір үлес бар,
Қарық боласың барғаның.
Қатынды бол бойдағың,
Кетпейді босқа қармағың.
Армандасың қалғаның,
Бай боласың барғаның,
Төрт түлік малын айдағын.
Буаз қатын кез келсе,
Жау болар нәсілі есейе,
Ішін тіліп жайлағын.
Нәрестелер кез келсе,
Найзамен түйреп жамғырғын,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазақтан там-тұм қойсаң да,
Төреден тұқым қоймағын.
Қазаққа, міне, аттандық,
Қалмағын қапыл, қалмағын!
Бір уәзірі сөйледі.
Құдайменде аты еді,
Қатағанда заты еді:
—«Болмайды бұл іс жөн,—деді,—
Не істер өтті ілгері.
Не деп едің ілгері,
Тағы бірге діндері!
Тураға тура жаратқан,
Қиянатқа жүрмейді.
Сел пәсейтем десең де,
Көрмейсің бе, өрлейді?
Аққа зауал бермейді,
Арамның ауы жүрмейді.
Есім ханға Құдай жар,
Көзі жоққа Құдай бар,
Бата қылған сертің бар.
Оның да сансыз халқы бар,
Әуелін құртсаң, арты бар.
Бұл райдан қайтыңдар,
Кесірің тиер халыққа.
Міскіндерді налытпа,
Тоба қылған барлыққа,
Зорлықтың түбі қорлықта.
Алдына келер пенденің,
Бақ-дәулет тұрмас қалыпта.
Кең жерге қанағат қылмаған,
Тұс болар ақыры тарлыққа.
Хан, қаралар, не дейсің,
Мына сөзім анық па?!
Насихат Құдайменде айтты дана:
—Зауал бар алтын тақта падишаға.
Сынбайды ақ иіліп, қара өрлеп,
Пәтуа, әдіс, нұсқа кітапта да.
Халықты кесірімсіз ұрып кетер,
еңсегей бойлы ер есім
Жеңді іс жөнделеді алыста да.
Есім хан Құдай үшін бел байлаған,
Ғазатқа әуел баста барыста да.
Хан Тұрсын, кесепатың көпке тиер,
Аруақ ұшынды боп жабысса да.
Ойландым мына істің түбі ауыр,
Жалпы көп, өздерің біл, не қылса да?!
Хан Тұрсын көзін алартып,
Қатты нықтап сөйледі:
—Ерлердің белін босатып,
Мынаған қаза бер,—деді.
Былай-олай жүрсек те,
Өткізерміз дүниені.
Уайым арты тұңғиық,
«Озбыр өлмес» деп еді.
Жұмыстың бәрі Құдайдан,
Әзірге пайда жегені.
Бүркен де, өзің жата бер,
Намыс қылсаң ергелі.
Осылай деп хан Тұрсын,
Жинады қосын елінен,
Ташкент деген шәрінен.
Сырдария, Мырзашөл,
Қоқан, Бұқар төрінен.
Келіп жатыр көбінен
Жас, кәрі, құрбы теңінен.
Қылыш, мылтық байланды,
Сауыт-сайман сайланды.
Арғымақ мініп жөнімен
Пенде жүрмес шенінен.
Армансыз болып сайланды,
Дүркіретіп айдады.
Жар шақырып деректеп,
Бос қалғанды қоймады.
Қырғын салды қазаққа,
Самалын Құдай оңдады.
Кезіккендер қырылып,
Алды-алдына аңдады,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қара жерді қандады.
Буаз қатын кез келсе,
Ішін тіліп жайлады.
Бас қамында анасы,
Шырылдап жылап баласы
Бесіктер қалды жол-жолда,
Найзамен түйреп жамғарды.
Өлікпенен бөгеді
Қыр менен адыр, сайларды.
Ошаң етер кісі жоқ,
Сапасыз көрді пайданы.
Төрт түлік малын айдады,
Тозғыны шығып қазақтың,
Бір бөлігі ауды Бұқарға
Жиделі Байсын барғалы.
«Ұлы жүз алты ауыпты
Байсынға» деген сөзі бар.
Хан Тұрсынның заманы
Ең әуелі барғаны.
Бес ауыпты мұнан соң
Әзіз Төле нұсқасы.
Сонда айтылар қалғаны,
Шежіреден оқыңдар,
Сөзімнің болса жалғаны.
Көбірек ауқым Шуға ауды,
Отан қылып тұрғалы.
Кейінірек күнінде
Үш ата өткен заманда,
Қоңтаж деген бір қалмақ,
Бері қарай тағы айдады.
Бір бөлігі ұрысты
Қарсы тұрып жаулармен.
Біреуі жоқ сау қалған
Ұрысқанның көбі төре еді.
Нәсілі аз боп қалмағы—
Алалық болып бірлік,
Осындай болып тірлік,
Әлі жеткен басып жеп,
Бірінен-бірі басым боп,
еңсегей бойлы ер есім
Нәрестені зарлатып,
Сол себептен патшалық
Мұсылманда қалмады.
Анасы мен қарындасының қоштасқаны
Жаудың түрін көрген соң,
Жақындап дұшпан келген соң,
Гүлханым мен Ханымша
Қоштасып зарлады:
—Айналайын, анажан,
Қандай заман, күн болды,
Қорлықпен жасап күндерді.
Бұрынғы ұрыс өтірік,
Осы жолы шын болды.
Бет алдыма қаңғырып,
Талап еттім жүргелі.
Қатағанның елдерін
Табым жоқ қайта көргелі.
Тірі қорлық көргенше,
Сазайы болып жүргенше,
Пенденің жақсы өлгені.
Бір арманым көңілімде
Жәкемді Есім көрмедім,
Саулықта сәлем бермедім.
Тіріміз болса, қорлықта,
Ит-құсқа жем өлгенім.
Бір кетсем, сені көрмеймін.
Жау сияғы жаман боп,
Жыға-жыға шаншады,
Ұстамастан жағамнан.
«Ақ батаңды бер» деймін,
Бұл дүниеден көрмеймін.
Сайрам су, Бадам, Ақсу бар,
Тау сағалап қашайын,
Жоғарылап өрлейін.
Бәлеңнен құтқар, Құдай-ай,
«Артым—жау, алдым—ел» деймін.
Қия алмастан құшақтап,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Гүлханым өксіп жылады.
«Аһ» деп лебін шығарды:
—Зарлай-зарлай қайғымен,
Көзімнің алды мұнарлы.
Білсем бола ма, шырағым,
Құдайым мұндай ұрарды!
Он ай сені көтердім,
Омыртқам менің бүгілді,
Аязды күні айналдым,
Бұлтты күні толғандым.
Түн ұйқымды төрт бөлдім,
Қабыртқам менің сөгілді.
Өліңнен өлі айрылдым,
Көремін қашан тіріңді?!
Ақ батамды берер ем,
Біле алмай тұрмын, шырағым,
Қайта айналып көруді.
—Қайыр қош, енді, ана, қайғырмағын,
Аяғы мынау болды айрылғанның.
Пайғамбар шапағатқа отырғанда,
Күнінде қияметтің жолығармын.
Құдайдың жылатпаған пендесі жоқ,
Көз жасын көре берсе зар қылғанның.
«Ханымша тірі ғайып жоғалды деп,
Бәріне сәлем айтқан оңлылардың».
Тас қамал, қорған тас қып қалай берді,
Аралап, пана тұтып, таудың бәрін.
«Хан қызы шаш тараған» деп айтады,
Сайрам суда бір бөлек таудың нәмін.
Хан Тұрсын Ханымшаны таппай қалды,
Болжаса сарамжалдап жұрттың бәрін.
Әр жаққа талаптыны деректетті,
«Алғын,—деп,—сансыз дүние тапқандарың.
Шымкеттің өр жағы Алатаудың,
Аңғарын тегіс қара шатқалдарын».
Ханымша Алатаумен арыздасты,
Қуғыншы көргеннен соң жаудың бәрін:
Айналайын, Құдай-ай,
еңсегей бойлы ер есім
Жалғыздық түсті басыма.
Өркеш-өркеш тасы бар,
Сайрам су басы осы ма?
Сазан ата, Сарыайғыр,
Балдыберек, Қасқасу,
Белгісізбін басында.
Суын беріп кебіндеп,
Көметұғын пенде жоқ,
Ажал жетсе осында.
Шешемнен тірі айрылдым,
Әкемді алып жасымда.
Бәйшешектей солдым ба
Сегіз-тоғыз жасымда?
Қарға-құзғын, ит пен құс
Келеді қазір қасыма.
Қарлы тау, мият жолдасым,
Жәкем келсе қалмақтан,
Менен сәлем дегейсің.
Жылай, зарлай мен сорлы,
Көктей солды дегейсің.
Ұядан жұбай бір ұшқан
Тай-құнандай тебіскен,
Әм іздерім, сұрарым,
Әм сүйеуім, медеуім,
Кейіннен келсе деректеп,
Сазаната, Сарыайғыр,
Менен сәлем дегейсің.
Жас нәресте баланың
Қабыл болып көз жасы,
Ғайып болды сол жерде,
Білінбестен қарасы.
Артынан қуған дұшпанның
Таба алмай қалды әмбесі.
Қарлы тау, Азар биік басындағы,
Сарыайғыр, Сазаната қасындағы.
Бәрінің осы айтқанның белгісі бар,
Елдер де аңыз қылады қасындағы.
Өрт шалып, олжа, жесір қолдан қолға,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тайған соң кімнің бағы, осы дағы.
Бейнеті дүниенің ысапсыз көп,
Шашыңнан, есептесең, басыңдағы.
«Таба алмай, осылайша, сыр көрдік» деп,
Жоқшылар қосынға кеп қосылады.
Хан Тұрсын Ханымшадан күдер үзді,
Не қылсын, таппаған соң осы бәрі?
Мергеннен Жақсығұлдай сөз сөйлейін:
Жұртқа ие шалғыншы еді басындағы.
Жақсығұл мерген
Зерігіп кеткен еді тауға таман,
Аң атып, жолбарыс пен аю, қабылан.
Үш жүзге аты шыққан даңғар еді,
Атақты озық мерген осыншадан.
Аспаннан аққуды атып түсіреді,
Жердегі былай тұрсын жүгірген аң.
Болжаса, жолдың бойы кесілген бас,
Көп өлік, жердің жүзі қып-қызыл қан.
Хан Тұрсын елді қырып, қойған жамсап,
Байлауда бір қатары қалғандардан.
«Қалайын бір атысып Құдай үшін,
Өлгенде артықпын ба, осынша жан?»
Қарлы тау зорға шықты ең басына,
Дәрісін оң келтірді жамбасына.
Бастады қатағанға қырғын түрін,
Тоғыстың Бадамменен арнасында.
Түтінін түтініне қосты атып,
Жаңғырық пайда болды тау-тасына.
Жақсығұл атты мылтық топ үстіне,
Кез келген тұра алмады ат үстінде.
Тең екен Сұрмергенмен батыр сабаз,
Оқ атып, құлайды жау үсті-үстіне.
Базыға іштен өтіп тура барды,
Базыны қос өкпеден туралады.
Ысқырып оғы барып түскен жердің,
Арасы үріккен қойдай ашылады.
Қызығып қырғынына тұрғанында,
еңсегей бойлы ер есім
Оқ-дәрі жақындапты жанындағы.
«Қориын қалғанымен енді өзімді
Шаң жетпес, сірә, жалғыз қашығалы».
Артынан қуғандар атып тастап,
Бадалмен қайтты ығыстап басындағы.
«Алдынан Есім ханның жол тосайын,
Жарар,—деп,—әжетіме осы дәрі».
Әулиеата тарапқа
Сапар тартты Жақсығұл,
Аңғыртырақ жақсы ұл.
«Алдынан шығып кезіксем,
Ел түрін баян қылайын.
Бұл болды сары уайым.
Аң кезіксе, атын жеп,
Өлмес ауқат қылайын».
Жұртқа басшы сабазым,
Қалып тұр әзір ұятқа,
Жұтатқан малын байдай боп,
Ісі тынды бұяқта.
Жылап-жылап алады,
Елді ойлап аулақта.
Хан Тұрсын олжаны үлеске салды
Хан Тұрсындай ханыңнан
Енді баян қылайын:
Қатағандар қуаныш,
Қазақтарда уайым.
Төрт түлік малдан кемі жоқ,
Ұшы қиыр, шегі жоқ.
Бұзауы қалса, санатып,
Лағы қалса, қаратып,
Қол бала малдай түгелдеп,
Саяғы болса, шідерлеп,
Жер жаһанды шаңдатып,
Дабыл, сырнай аңыратып,
Аз ғана жол арада,
Дария Шыршық жағасы
Барып кірді қалаға.
13-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мақтанып қатын-балаға,
Мұндай олжа бола ма?
Сүйінтпесе соңынан,
Әзіргісі бояма.
Хан Тұрсын атқа мінген соң,
Қазақты аман қоя ма?!
Хан ұлына—қасқалдақ,
Бек ұлыма—безгелдек,
Теп-тегіс барғам, көр,—деді.
Оза шапқан онды алғын,
Қырқа шапқан қырықты алғын.
Белгілі батыр бесін ал,
Таңдап-таңдап естіні ал,
Аты—ұрғашы демегін.
Іске жарар ісі бар,
Саргерделер сегізді ал,
Саралап барып семізді ал,
Затында бар негізді ал.
Қамалды бұзған қатын ал,
Жаманнан бойың сатып ал,
Жақсы-жаман парқы бар.
Қос-қос жетім, қос-қос жесір,
Әуелінің арты бар.
Аңдап алсын оңлылар,
Есіктің де төрі бар.
Санаққа барған сорлылар
Пұшығың барып, көрін ал,
Көрі болса, көріп ал.
Отын алғыш, су құйғыш,
Жалықпасаң, көбін ал,
Ақсағың барып қонысты ал.
Мінасарға дұрыс бар,
Әрқашан десең жетеді
Бас-басыңа тоғыз пар.
Жастарың барып жасын ал,
Маржан тіс, қара шашы бар.
Күл, көмірден көбірек,
Құдай қосар басы бар.
Шалдардың барып кемпір ал,
еңсегей бойлы ер есім
Үй-ішіңе қарым ал.
Кәрі-құры демегін
Мұның да әйел аты бар.
Қайдан құлақ шығарса,
Қазаншының еркі бар.
Саудагердің түйе ал,
Көші-қонға жүйе мал.
Бәріңе де жетеді,
Жүйе-жүйе ие бар.
Қымызға құмар жылқыны ал,
Жауға көрікті сырты бар.
Көрмеге бойлы арғымақ,
Қазақтан сансыз мүлкім бар.
Қыстақларың сиырды ал,
Ұзамайтын үйір мал.
Шешілетін күндерің,
Жүрегінде түйін бар.
Қалағаның қойын ал,
Шаруа, байлыққа ойы бар,
Сүті шырын, еті бал,
Тегін олжа демегін,
Арт жағында ойым бар.
Есі кеткен ешкіні ал,
Есіңді жинар ешкі мал.
Тау-тасқа қарғып оттаған,
Ауру, сауға емі бар.
Мыңдап, жүздеп жетеді,
Екі беті Шыршықтың
Шегірткедей сансыз мал.
Алтын менен күміс бар,
Сауыт-сайман, қылыш бар.
Хан Тұрсынға сыбаға
Қанды жұртта ұрыс бар.
Олжадан бәрі құрсан боп,
Жай-жайына тарады,
Елді-еліне барады.
Әйелдері су құйғыш,
Малшы қылды баланы.
Кемпірлер алып баласын,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қай іске келсе шамасы,
Сол орынға қояды,
Әйтеуір, босы болмады.
Құл менен күң соры боп,
Күндер өтіп барады.
Гүлханым бір күн бала алып,
Жұбатып қиял ойланып,
Айтыпты осы наланы.
Әлі күнге мақал боп,
Айтады қазақ тамамы.
Анасының зары:
«Отын алған біздің қыз,
Суды құйған біздің қыз,
Қызметкер, күң, шорымыз.
Еңсегей бойлы ер Есім
Есен барып, сау қайтса,
Біздің қызға ұқсар ма екен
Сіздің қыз.
Жылама, бөпем, жылама,
Жүгермек, бөпем, жылама!
Алатау қарлы, Бадалым,
Тауысты әзір адамың.
Еңкейген кәрі күнімде
Тағы да тұс болғаным.
Көретін осы күнім бе,
Быламық ішер асым ба?
Жасаған жасқа обалым,
Он сан өлім, аз ауру,
Не қып нәсіп болмадың?
Қосқанмен алмай қосақтап,
Тәуекел сенен қалғаным.
Ұлым кетті Ұрымға,
Ханымшам кетті Қырымға,
Баласындай жаулардың.
Бетіңнен сүйер күн бар ма?
Тіріңді әлі білмеймін
Ханымша атты шырағым.
Басымда дәулет барында,
еңсегей бойлы ер есім
Жанымнан жалпы түңілдім,
Әулие қоймай қыдырдым,
Өлдім-талдым дегенде
Тырнағыма іліндің.
Алдым кешу, артым тар,
Қарауылы өлімнің.
Тірі қазақ тілектес,
Қай уақта көзге көріндің?
«Шүкірден» басқа сөзім жоқ,
«Тобадан» бөлек кебім жоқ.
Ерден кие кете ме?
Тілімнен қате етті ме?
Аппақ қожа әулие
Қашқардан ұзап кетті ме?
Жоқ, дүниеден кетті ме?
Шарапатың көрмедім,
Иә, бәшірет бермедің.
Жылама, бөпем, жылама,
Жүгермек, бөпем, жылама!
Ал, бөпем, әлди-әлди, жыламағын,
Көңілді босатады жылағаның.
Нәресте тілсіз, ессіз, зарары жоқ,
Қайтейін, күйгенімнен бұрап алдым.
Жас күнде көрсеткенге шүкір деп ем,
Бүкшеңдеп қартайғанда жүре алмадым.
Көп жылап, тілегімді бермеді ме,
Ақыры не боларын біле алмадым.
Алдымен бір күн күлсем, он күн жылап,
Сорлы талық, қорлық өмір ұнағаның.
Жалғызым, көріп өлсем, арманым жоқ,
Дерегің өлі-тірі біле алмадым.
Адам боп, алдаса да, арта қалсын,
Береке мыңын беріп, бір адамның.
Батаңды, өлтірмесең, тілегім бер,
Қорлыққа бұдан артық шыдамадым».
Осындай деп жылады,
Етпетінен құлады
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Керең болып құлағы,
Боп еді сәрі уағы
Көзі ілініп барады.
Аппақ Ешен пайда боп,
Басын сипап тұрады.
Осылайша аяны:
«Біраз күндік бейнетің
Енді кірер дәулетің.
Тұйғының қонып тұғырға,
Түзеледі сәулетің,
Іс айналар оңына.
Ұзын баулы ақ сұңқар
Бекітіп байла қолыңа.
Аштықтың бар тоқтығы,
Тоқтықтың бар—жоқтығы,
Бейнеттің түбі—рақат,
Жылатқанды—шырғатар.
Қуанышың бар соңында,
Қайтайын енді жолыма,
Жылай берме, зарланып…»
Ұйқыдан кетті оянып,
Жори берді қуанып.
Осындай түстің түрлерін
Көрмеуші еді ілгері,
Лүпілдеп кетіп барады
Басылып қалған жүрегі.
«Рахманы болсын деп,
«Айнымай түсім келсін»,—деп,—
Есен келіп, Есім хан
Көз жасымды көрсін»,—деп,
Жазасын жаудың берсін,—деп,—
Аллаху әкпар» деп еді.
Сыртынан дұшпан сезеді,
Хан Тұрсынның қатыны
Байқаусызда кеп еді.
Кідірместен жылдамдап,
Ханға келіп не деді?
Баяндап айтып береді:
—Айнымай кетіп жүрмесін,
еңсегей бойлы ер есім
«Әумин» иттің дегені.
Хабар айтып халыққа,
Жар шақырып, анықта.
Ойланбаған іс—ойран,
Қиянатың көп еді
Қамыңды сен же,— деді.
Хан Тұрсын соғысқа даярланды
Хабар айтты хан Тұрсын
Қарасты жәмі халқына,
Бағынған жалпы жұртына,
Қоқан, Бұқар, Әндіжан,
Жалалабат, Наманған,
Қатаған, тәжік, сартына:
«Жетіден жетпіс жасаған
Кәрі-жасың қалмасын,
Ақсақ, соқыр, ауру мен
Қатынды тастап артыңа.
Біреуіңді қоймаймын,
Сенімен әуел ойнаймын.
Бұғып қалған сабаздар,
Болады шексіз тойларың.
Қырдағы мен ойдағың,
Тасадағы, сайдағың,
Қос-қос жетім, қос жесір,
Қалың олжа алғаның.
Тайсалдатып, тайсалтпа,
Іске жарар балаңды,
Інің менен ағаңды.
Басын тартып қалғанның
Мал-басы таланда,
Көресің пәле табанда.
Насихат айтып арыздас,
Бала-шаға, қатынмен,
Үйдегі қалған адамға.
Кім өліп, кім қайтады
Көреді қайсы заманда.
Тағы бір сойқан болады,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түркістан, Шымкент, Сайрамда».
Осындай деп хан Тұрсын,
Үйінде пенде қоймады.
Қалмай келді бәрі де—
Қырдағы мен ойдағы,
Даладағы, таудағы,
Бура, бота, тайлағы.
Армансыз болып, қамданып,
Іріктеп сайлап ат мініп,
Белгілі батыр, сардары,
Биі менен бек, хандары.
Даярланған қырмандай,
Жер бетін өрт шалғандай.
Құмырсқадай өрмелеп,
Мысалы, шіркей, көбелек,
Жердің жүзін қаптады,
Жүрген жерін таптады.
Қамын жесін қазақтың,
Армансыз болып қамданды.
Шекарасы бұрында
Белдің шығып қырына
Қарауыл қойып күтініп,
Қазықұртқа жайлады.
Зеңбірек тізіп биікке,
Аттарына сайлады,
Келетін жауға аңғары.
Түнде ұйықтап түнеріп,
Баспалап қарап, тынбады.
Оқ-дәрі, сайман тасытып,
Садағын жонып қырлады.
Шақырым жерде желбіреп
Жыбыр-жыбыр тулары.
Еріккендер атып ап
Аспаннан ұшқан қарғаны,
Кез келгенді қандады.
Еліріп тұр көп қосын,
Тап бергенді, ап беріп,
Бір шаң шықса қуғалы.
Дұшпан шықса тұсынан,
еңсегей бойлы ер есім
Дап-дайын сойқан салғалы.
Күн-түн келіп қосылып,
Дариядай тасып кернейді,
Барған сайын өрлейді.
Жау санасып ұрысса,
Иесіз қазақ баласы
Оннан бірге келмейді.
Көптің келсе қолынан,
Жуық арада бермейді.
Қатағандар қам емес,
Қам қалатын жан емес.
Есім ханның алдынан
Өрлеп кеткен Жақсығұл,
Айтайыншы мергенді.
Әулиеата тараптан
Бір хабарын білген-ді...
Бара жатыр бұл жазған
Кеше, күндіз салақтап,
Жан-жағына алақтап,
Жалғыздықтан зерігіп,
Дәрмені қалмай ерігіп.
Мергендігі тағы бар,
Біразырақ бағы бар.
Аянбай жүріп барады,
Көлденең тауға кезігіп,
Үстіне шығып қарады,
Жаһанға назар салады.
Алыс жерде шаң шығып,
Көз ұшында шамалы,
Жақын тартып барады.
Ақ туы бар басында
Кез боп қалды қосынға.
Шырамытып, елеріп,
Жақындады қасына.
Сыбызғы, сырнай дауысын,
Жақтырғандай құлағы,
Есім ханның ұраны
Елеріп біраз тұрады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құшақтап кеп көрісіп,
Айқай салып жылады.
Аузынан емеріп,
Көп қосын да шулады.
Мергенің айтты мынаны:
—Келдің бе, тақсыр, аман боп?!
Арнаған жауға шаршы көп.
Екі көзім жолыңда,
Кеше, күндіз алаң боп,
Күнім өтті қараң боп.
Бұяғыңды білмеймін,
Бұяғың кетті талан боп.
Ілгерідей заман жоқ,
Алдың ел, артың арам боп,
Тапсырып па ең жұртыңды
Хан Тұрсынға адам деп?!
Несін айта берейін,
Иісі қазақ ұлынан
Қашқан, босқын болмаса,
Тігерге тұяқ қалған жоқ.
Осылайша деп еді,
Есім хан еңіреп жылап жіберді.
Есінен танып көп уақыт,
Ақылына келеді,
Сөз қатпай жанға түнерді.
«Атаңа нәлет, хан Тұрсын,
Хан Тұрсынды ант ұрсын!
Алдыменен сендіріп,
Арт жағынан іс қыпсың.
Қара болсам, мені ұрсын,
Жүйесіз болса, оны ұрсын!
Екі аруақ, Құдайға,
Шет болып, өзі ұрынсын.
Келтірмесем алдыңа,
Тауыспасам ұрығын,
Есім хан атым құрысын!
Жақсығұл саған айтамын:
Аңғырт, шалыс адамсың,
Адам емес надансың,
еңсегей бойлы ер есім
Қапқа тыққан сабансың,
Мергендігің болмаса,
Мысалы, бір қабансың.
Бас ие болып, бата алып,
«Еркекпін» деп қалғансың.
Етегі салпы ер Дулат,
Қопал халық тамамсың.
Шыдай алмай өрмелеп,
Тауға таман барғансың,
Сөйтіп, қапыл қалғансың.
Алдымен келіп аптығып,
Қазақтың құрттың баласын.
Сүйеп айтсаң болмай ма,
Қырғын деген оңай ма?
Бұғып жатқан қазақ көп,
Әлі тоғай-тоғайда.
«Есіл мерген өлді» деп,
Күйінер ем сыртыңнан.
Сол қырғында томпайып,
Көппен өлсең болмай ма?
Жалғыз тұлға болар ма ең?
Бірге адассаң болмай ма?
Құдіретті кең биру бар
Тілсіз балалар өлгенше,
Сен жаман өлсең болмай ма?
Арт жағымнан жау шығар,
Алдымды ел етемін.
Кейінгі балалар қамы деп,
Ел қорғауға кетемін.
Алдым тар, артым қараңғы,
Тірлік қайтіп етемін.
Қарыса алмай қор болдым,
Қазағым сені, қайтемін!»
Есім хан осылай деп күйіктенді,
Өрт болып, неше жанып күйіп тегі.
Ажалы келген күні табытқа атар
Тақтағы патшаларды биіктегі.
Құранда неше жерде дәлел айтқан,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақты кім сындырады иіп тегі...
Осындай қатты күйіп жылаған соң,
Сол тауды осы күні «Күйік» дейді.
«Бәлеге—сабыр,—деді,—қазаға ырза»,
Бел байлап тәуекелге, жүріпті енді.
Түбіңе не кірмейді, дұшпан не деп,
Пендесі кеміте алмас білікті ерді.
Есім хан одан келіп шақпақ шаққан,
Аңғарсаң одан бергі биіктерді.
Пейілі қатағаннан кегін алмақ,
Баласын үш алаштың жиып тегі.
«Жақсылар, енді жұмыс не болсын» деп,
Ойласып, сөз салады іріктерді.
Есім ханның халқын соғысқа үгіттеуі
Халыққа айтты Есім хан,
Күйікте естіп, күйініп:
—Шақпақтың өттік тауынан
Жуалыға жиналып,
Отырмыз әлі қауырман.
Мынандай болып ақыры,
Айырылыппыз бауырдан.
Туысқан-туған бәрінен,
Ағайын, құрбы, жәмінен,
Бастар кетіп малымен,
Бір жыл өтті ұдайы,
Шыққалы біз ауылдан».
«Ергелі саған, сұлтаным,
Ұрысқа ұрыс ұласып,
Құтылмадық дауылдан,
Жаман болдық аурудан.
Күн-түн қатып, қыр асып,
Түнде ұйқы, күндіз тыныштық жоқ,
Қатыңқы қабақ салынған.
Биттеп, құрттап жабығып,
Зорығып жалпы келеміз,
Ілгері бассақ өлеміз.
Жүрегіміз шайылды,
еңсегей бойлы ер есім
Бәлен-түген демеңіз.
Бір-ақ уыс боп қалдық,
Қай жауға шыдас береміз.
Қатағандар қанша ел,
Қырғыннан аман ылди-өр.
«Құмырсқа мен шымалдай»,
Деп айтады көргендер.
Өзің-ақ өлтір қолыңмен,
Ел билеген төреміз.
Сабыр қылып шыдайық,
Құдайдан күтіп тұрайық,
Аман қалған ел бар ма екен?
Шотымызды шабуға
Әр жерге дерек салайық.
Қосылуға лайық
Таусылып қалса қалың ел,
Қалғанымыз ұрық болайық.
Көппенен жауды жаулаңыз,
Әр қиялға аумаңыз.
Жауласып нені бітірдің
Үркердей қазақ шоштайып.
Есім хан айтты: «Халқым,
Осы ма ойың бәріңнің?
Құрымады қопал қалыбың.
Тірлігің қорлық әм бейнет,
Мал-бастан тегіс айрылдың.
Сірә, бір халқым, ел болып,
Ынтымаққа келмейсің.
Аз емессің әлі де,
Мысалы, қара жердейсің,
Шегірткемен теңдейсің.
«Қысас талап болдық» деп,
Былай-олай жүр дейсің.
Олжаласаң мақтанып,
Қырылсаң, маза бермейсің,
Күбежектеп сөйлейсің.
Бір адам шаншып түсірсең,
Біріңді-бірің «балуан» деп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мақтай сөйлеп «ер» дейсің.
Ала болсаң, алты ауыз,
Қорлықтан басқа көрмейсің.
Бөксеңді қойды бөрі жеп,
Осынша қорлық көрсең де,
Тірі боп тағы, өлмейсің.
Құдайдан соңғы патша,
Менің атым—Есім хан.
Тіке-тіке сөйлейсің,
«Жұрт» деп едім сендерді,
Мінездерің өзгерді.
Бірақ қалмақ қашырып,
Қаншаңа ажал кез келді.
Күйеу жолдас қалмаққа
Барып ем ертіп сіздерді?
Бұл айтқаның жөн емес,
Бір басымның қамы емес,
Ел қоритын Есім хан,
Қашанғы жүрер дейсіңдер?
Болмаса, қойдым мен,—дейді.
Дәрет қыла бір сайға,
Оңаша бір күн барып ем.
Құтырған бір ит кез келді,
Қапқанына қырық күн
Есептесем күндіз-түн.
Құтырамын мен де енді,
Кесірім ұрар сіздерді,
Құтылар жерің кез енді.
Үркіп қашты қанша жұрт,
Қағылысып «тез» деді.
Бір-екеуін атты да,
«Тыңдаушы халқым, сөз»,—деді.
Бір насихат кез келді.
Қуып ем жалғыз құтырып,
Бәрің қаштың ұмтылып.
Құтырыпсың бәрің де,
Қатағанды жыттырдың,
Рас па, бұл сөз өтірік.
еңсегей бойлы ер есім
Осындай Есім деп еді,
Бәрі де ұнап, жөн көрді.
«Түсінбеп едік ілгері
Басшысына әр жұрттың
Сәлем қағаз береді
Құдайберді, Жидебай.
Құдайберді өлген соң,
Әлібек деген баласы
Орнына би боп тұр,—деді,—
Шаншар мырза Орта жүз—
Қолыңмен қойған би,—деді,—
Жиделі Байсын төрінен,
Ауқымы елдің Шуда еді.
Ауып көшіп Арқаға,
Еділ, Жайық жағалап,
Ноғайымен бір,—деді,—
Қалған шығар ұрықтық
Жұрт емес пе кен,—деді,—
Армансыз айтып қамданған,
Сабырлықпен қыл,—деді,—
Жүрген шығар бәрі де,
Алқымына таянып,
Дерегің білсе, келеді».
Сол жерде бұл сөз боп еді,
Осыдан мысал қып жүрміз
«Құтырған Сарыбұлақ» дегенді.
Есім хан қуаттанды көрген соң,
Қазағы іркес-тіркес жөнделген соң.
Қырғынға екі сапар ұшыраппыз,
Тұрайын қайтіп шыдап, көз көрген соң.
Әлі де неше қырғын көрмейсіңдер?
Қасарып, қысас жолын іздеген соң.
Бейнетті дүниенің рақаты бар,
Сопы боп, тәркі дүние безбеген соң.
Пәлеңді неше түрлі сөндірермін,
Лайық заманыма кез келген соң.
Өлгенше маңайымнан жүргізбеймін,
Не болсаң, ол бол, қазақ, мен өлген соң.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Билерге жазған сәлемі
Осындай деп ер Есім,
Атап-атап билерге
Сағыныш қағаз береді.
Әбілғазы баһадүр
Болған бұрын басында.
Өкпесін айтып, өкініп,
Саясатпен жекіріп,
Қағазда мынау дегені:
«Әбілғазы баһадүр—
Дұғай сәлем досыма!
Боп едің ғой басында,
Алдамаққа әдісқой
Сен екенсің ашына!
Аман болып Қатаған,
Қырылған қазақ қырылсын,
Бір келіп кет қасыма.
Не деп едің басында,
Кетті,—деп,— іс жасынға.
Ағарғанда сақалың,
Әуел сенен қапамын,
Болғаның аға осы ма?
Бұдан артық не дейін?
Көзіме әуел бір көрін,
Иә, өлтіріп, өлейін.
Жұмыс кетті қандай боп,
Отырып ең дардай боп,
Сенен бұзық адам жоқ.
Екі жүзді қардай боп,
Жорғалап тіпті болмадың.
Обалы саған көп елдің,
Бала менен шағаның.
Хан Тұрсын өзін өлтіріп,
Қоймас па едім тамамын.
Құрып кетсе бір тайпа ел,
Жүктермін сенің мойныңа
Хан менен қара обалын.
Міне, өкініш, пұшайман,
еңсегей бойлы ер есім
Тілін қайдан алып ем,
Сен сияқты қабанның.
Құдайдан қорықсаң, қысқа сөз:
Үркіп барған шеніңе
Қазақтың ұлы болса кез,
Білдірмесіне білдіріп,
Көшпесе, «көш» деп,—қайтар тез.
Билерге айтқан сәлемі
Мынамен тұрсын мына сөз:
«Мына сәлем ханыңнан,
Қабыл көргін жаныңмен.
Құдайберді баласы—
Әлібек деген Жанысқа.
Әкеңнің берсін иманын,
Аман еді барыста,
Шалқайма, жатып алыста.
Жақында болса, сырласып,
Айқайлаған алысқа.
Хан Тұрсынмен, мінеки,
Тағы түстім жарысқа.
Ер өледі намысқа,
Барларыңды қарышта.
Менің дерегім,
Иә, өлтіріп, өлемін.
Бұяқтан қаппыз мұндай боп,
Ояқтан тасып кеп едім.
Естігенде, жүре бер,
Біреумізге серт болды,
Әзір осы келгенім.
Ұлы жүздің бәріне айт,
Жасың менен кәріңе айт.
Сіргелі мен Қаңлыға айт,
Жалайырға барып қайт.
Жетіден жетпіс жасаған
Іске ілінер қалмасын,
Істің қиын жайын айт.
Суанға, Албан сәлем айт,
Дулат атам ұлына айт,
Жалғанын айтпа, шынын айт.
14-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ылди менен өріңе айт,
Оңың менен солыңа айт.
Қатыны кетсе, байына айт,
Жесірі кетсе, қайнына,
Әкесі өлсе, ұлына айт...
Екінші сәлем айтайын:
Орта жүз Шаншар еріме,
Басшы деймін еліме,
Білдіргін хабар тезінен,
Құрбы, қатар теңіңе.
Арғын, Найман еліңе,
Көші-қонмен жүрген-ді
Сарыарқаның жерінде.
Тоқсан бір баулы халық еді,
Сансыз қыпшақ жегіңе.
Қоңыратың да қалмасын
Сырдария шенінде,
Бала-шағаңа арыздас,
Кім өліп, кімдер қалады,
Разы болып өлімге.
Қатаған қыпты былайша іс
Қалмақта жүрген жерімде...
Үшінші саған сәлемім:
Кіші жүз Алшын Жидебай,
Есекең жауға бармайды,
Алды-артын жинамай.
Түрін аңда наманың,
Әлім ұлы, Байұлы,
Алшын, Жаппас, Тамамен,
Жетірулар хабарын.
Хатым тисе қолыңа,
Екі көзім жолыңда.
Бір күн де болса, кідірсең,
Әуелі түсем соңыңа.
Ас ішсең, шала іш, тоймағын,
Күліңді жерге қоймағын.
Шаң болса жүз бен қабағың,
Лай болса аяғың,
Жумастан бері жөнегін.
еңсегей бойлы ер есім
Енді арманда қалмашы,
Үш алаштың баласы,
Ақыры бір Құдай аласы.
Басың болса өлімде,
Малың болса, таланда,
Бұ да ғой ада қалғаның.
Иә, адам бол, ада бол,
Ең қысқасы, болғаным:
Үйде қалса, қоймаймын,
Әуелі соны жайлаймын.
Бұрынғы ұрыс ойыншық,
Хан Тұрсынмен ойнаймын.
Ол жеңсе, қылар білгенін,
Мен жеңсем, тұяқ қоймаймын,
Сөзі тамам наманың.
Кезігелік сол жерден,
Ертелі кеш келе бер.
Мен іздесем табайын
Түркістанның ар жағы,
Шымкент жақын күншілік,
Арыстың салқын аралын».
Осындай хабар айтты елдеріне,
Қара көк шынжыр балақ ерлеріне.
Сарыарқа, Еділ, Жайық, Сібірдегі,
Көкшетау, Орынбордың жер-жерінде.
Лаж жоқ бұғып жатқан жазған халық,
Бәрі де бөлінеді елді-елінде.
Олжа боп жетім, жесір, қираған жұрт,
Баршасы қайыл болып өлгеніне.
Шымал мен шегірткедей еніп жатыр,
Тау күйіп, тас өртеніп жүргеніне
Топ-топ боп, будақ-будақ шаң шығарып,
Жер күйіп, күн қараңғы жүргенінде.
Қос атын, азық-түлік қамдап алып,
Жарамды ат сайлап мініп ерлері де.
Айбалта, алтын сауыт, тілла қалқан
Ерлердің жарасқылық жүргеніне.
Ағаш үй, киіз туырлық жазған қазақ
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Білмеймін кез боп қалды іргеліге.
Армансыз алды-артын жинап болды,
Неше ай, неше уақыт күндерінде.
Шолғыншы алды-артын тығыздайды,
Күтініп, қарауылдап түндерінде.
Сақасын иірмекке қолына алды,
Бал еді Ешен берген ілгеріде.
Үстіне тіллә дабыл тастаушы еді,
Бет алып жау тарапқа жүргенінде.
Ту қара қойдың асығы,
Қашқардан келген асылы.
«Тайғақ кешу, тар жолда
Көз жасын көр жесірдің.
Жетім, жесір, балалардың,
Бола ма мүддем, болмай ма,
Бәйгеге тіктім басымды?!
Пірім берген, ақ сақа,
Осы күнде мен қапа.
Көрейінші бір опа,
Алдап кетіп жүрмегін,
Жұмыс болып бейопа.
Алшың да сенің жаудікі,
Тауаң да сенің жаудікі,
Бүке-шікең жаудікі,
Хан Тұрсындай хандікі,
Іс ағына айналса,
Бір-ақ оңқаң менікі.
Төтендесе оныкі,
Тураласа менікі,
Оңқаңды көрсет, жануар».
Осындай деп ұстады,
Тастауына нұсқады.
«Әумин» деп қол жайып,
Иісі қазақ жасқанды.
«Аллаху әкпар» деді де,
Тіллә дабыл үстіне,
Лақтырып тастады.
Дірілдеп барып қисайып,
Оңқасынан жанышталды.
еңсегей бойлы ер есім
«Оңлайтын күнің бар ма?» деп,
Қазақтар шулап жіберді,
Күңірентіп тау мен тастарды.
Айқай салып «Алла» деп,
Есім хан төре бас салды.
Нәзір айтып пірлерге,
Салауат айтып Расулға,
Иман айтып Құдайға,
Енді ұрысқа бастады.
«Әбиір алып осыдан,
Орнаса мүлкім орнына,
Аппақ Ешен жолыңа
Түйеден нар тоғыздан,
Сиырдан бұқа тоғыздан,
Қойдан қошқар тоғыздан
Тәжі, бақтым әдия.
Кегін алсам қазақтың
Хан Тұрсындай доңыздан,
Тілегім осы бастаған».
Балдыберек деуші еді
Сайрам су бір саласын.
Домбыра шалды бір төбе,
Азат биік бас жағы,
Басына шығып төбенің.
Нағыра шалды Есім хан,
Күңіренді тау мен тастары.
Хайуандар үркіп інінен,
Құстар тайып у-шудан.
Жүгірген аң, ұшқан құс
Дірілдей бәрі бастады,
Хабарланды даусынан.
Күншілік жер арасы
Хан Тұрсынның әскері,
Қимылдай бәрі бастады.
Жатқан жері—бел үсті,
Қазығұрттың бас жағы.
Екінші рет айқайда
Көшіргендей аспанды.
Жүрексіздер жасқанды,
Жүрді ерлер ілгері,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Дүйсенбінің күнінде.
Жылай берді зарланып,
Ыстық, суық көп көріп.
Тарынды көріп жерлерді,
Күндіз-түнді білмеді.
Жақсығұл айтты: «Есім хан,
Ғайып болған Ханымша
Сонау тұрған жер деді.
Қалаған тасын көр деді,
Қаратөбе жер деді.
Алатаудың қастары,
Қарамұрттың бас жағы».
Жылап айтты Есім хан:
«Е, кермісің, кермісің,
Қаратөбе, сенбісің?
Көзіме суық көріндің,
Шымкенттің өрі сенбісің?
Қазақтың ұлын жайлатып,
Қатағанға байлатып,
Төрт түлік малын айдатып,
Талан қылған жермісің?
Е, кермісің, кермісің,
Қоңыртөбе сенбісің?!
Жетпіске жеткен жасында
Ата-анамды зарлатып,
Аяқ-қолын байлатып,
Пенде қылып айдатып,
Тарындырған жермісің?!
Е, кермісің, кермісің,
Шутөбе осы сенбісің?
Таянышым, сүйенішім—
Қабырғамда қанатым.
Таласып емшек еміскен,
Тай-құлындай тебіскен,
«Ағамды жалғыз көрсем» деп,
Жолығуға зар болып,
Әркімдерден түрткі жеп,
Жалынып жауға, жалтаңдап,
Көре алмастан арманда,
еңсегей бойлы ер есім
Ғайыптан болған жалғанда,
Қарындасым Ханымша
Зар жылатқан жермісің?
Апырмау, қайдан сені көргенім-ай,
Көріндің көзге суық жерлерім-ай!
Не қырғын, не пәлені өткеретін
Түркістан, Шымкент, Сайрам ерлерім-ай!
Ойлансам есеп қылып, бір жыл бопты,
Қалмақтың барып қайттым өрлеріне-ай.
Кір төгіп, кіндік кескен жерім ғой деп,
Әйтеуір отаным деп келгенімді-ай!
Не қырғын, неше ойран істер көріп,
Бейажал уақыты жоқ өлмедім-ай!
Алды ел, арты дұшпан боп жүрсің деп,
Құдайым көп ермекті бергені-ай!
Су құйып, отын алып, «жалғызым» деп,
Бейшара тірі сүлде жүргенің-ай!
Қандарын Қатағанның суша ағызсам,
Бадамның сайрам сумен өрлерінде-ай.
Түркістан өскен жерім, Шымкент қала,
Бір жағың Шолаққорған, Созақ жана.
Сыртымнан қарай-қарай келеді деп,
Жүрген-ді тілеулес боп қатын-бала.
Тілеуін солардың да қабыл етіп,
Өткен күн екі айналып келсе жана.
Ұядан екеу едік ұшқанымда,
Бұл күнде жеке тамыр болдым дара.
Көгертіп арт жағымды дуа алғызып,
Сүйінтсін ақырынан Алла тағала.
Бейнетті, қайғыменен жояр ем-ау,
Көріссе сау-саламат ғаріп ана...
Сырбаз ет, сары қымыз Шымкент едің,
Семіз сөз, салқын жайлау бір кент едің.
Жайылған шымалдай боп төрт түлік мал,
Аңқайып қалыпсың-ау, дүр кент едің.
Алдымнан келерімде пәле дайын,
Айналып жыл құсындай бір кетемін.
Есім хан әгәр өзгермесе,
Бір қара қарсы жауға көрсетермін.
Болмаса Құдай бекер, Құран жалған,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Баласын өзімдей қып еңіретермін.
Қорымал мендей қазақ біте бермес,
Жүз жасап парлағанда мен де өтермін.
Бір көрсем қайта айналып қазақ сені,
Берсе егер ықтиярын көп кетердің.
Артымнан бұл қалыппен ере берсең,
Бәлеге қарсы келген міндеткермін.
Өнерлі Түркиядай болмасаң да,
Ауғандай Иранменен қып кетермін.
Өлгенше өзім, қазақ, қор қылмаймын,
Онан соң ит пен құстың жеп кетерін.
Шұбалған шаңы шығып, жауым шығар,
Тездетіп саптарыңды, ту көтергін.
Шыдамай Есім хан келеді,
Дүбір жақын кеп еді.
Арғымақтар еліріп,
Алды-артына төнеді.
Қайта-қайта пысықтап,
Насихат айта береді:
—Үлкені едің алаштың,
Басшысы ең Ұлы жүз—Жанастың.
Әлібектей әз аға,
Жақын келді жауыма.
Ту ұстаған ерімсің,
Таяу тұрған соңыма.
Әзір боп, оң мен солыңа
—Жақсығұлдай мергенім
Оғың тайса, өлгенің,
Мылтығыңды ал қолыңа.
Түнерген қалың тобына,
Түтінін қос түтінге.
—Алатаудай батырым,
Бар күшіңді шақырғын,
Әзір бол, сенде тобыңа,
Дайын бол, сенде тобыңа,
Дайын бол, Шаншар, сабыңа.
Өлмей пенде қайтпасын,
Қайта-қайта дайында,
еңсегей бойлы ер есім
Ажырайып, қарулан,
Сескенер дұшпан айбынға.
Құшақтасып өле бер,
Адасқан көппен қалыңға.
—Жидебай батыр, жиналғын,
Дестелеп тобын, жамқарғын.
Әлімұлы, Байұлы
Жетірулар жамдарың,
Қамданғын, ерлер, қамданғын!
—Сүлеймен қайда, бармысың?
Алды-артын шол қосынның.
—Жиембет батыр—сардарым,
Дос пен қасты аңлағын.
Дабыл түйіп, ұран сап,
Желбіреткін туларды,
Сескендіргін қуларды,
Аңырат енді сырнайды.
Топтың қойып ішіне
Жүрексіз жаман қуларды.
Жау сарыны ұлғайды
Бара-бара еліріп,
Судан шыққан жануар,
Астында тұлпар тұрмайды,
Ортекедей ойнайды.
Дәл сол күні, халығым,
Есім хан түрін айтайын:
Алдын бастап әскердің,
Айдай болып жамалы.
Жарық болып қараңғы,
Тілла жыға, көк сауыт
Басында тәжі жағалы.
Гауһардан көз орнатқан
Алтын кемер белінде,
Бүктеме семсер қолында,
Айбалта алтын қолға алып,
Әбжыландай толғанып,
Етек-жеңін сыбанып,
Сақал-мұрты тебіндеп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жиырмаға жетпеген,
От шашырап көзінен,
Тірескен аман кетпеген.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тоңып,
Жауатын күндей түнеріп,
Жауап қатпай пендеге,
Жан-жағына еліріп,
Күн түскендей жарқырап,
Сәулесі басып әлемді,
Көргенше құмар ұрысты.
Бір саласы Бадамның
Дейтұғын Тоғыс бір жер-ді.
Қалған қазақ қарсы кеп,
Тоғысқа келіп тоғысты.
Екі жағы өзеннің
Екі бөлек боп түсті.
Шатырын тікті хан Тұрсын
Шатыртөбе дегенге.
Тауға қарай ығысып,
Арқасын сүйеп кемерге.
Бадамға жақын өзенге,
Есім хан да сап тартты.
Мыңбайырды жағалап
Орда қонды бір ұшы,
Қоғадай халқы жапырып
Қоғалы деген өзенге.
Үркер мен айдай тоғысып,
Қас пенен дос кез келді.
Белтек шықты ортадан,
Мұны да баян қылайын:
Ханы еді қырғыздың
Ер Көкім би деген-ді.
Алатауды жайлаған,
Киіктей болып ойнаған,
Бұлаң-бұлаң тауларды
Өтен қылған неме еді.
Бір тайпаға тең еді,
Қырғыз деген ел еді,
еңсегей бойлы ер есім
Жұлдыздан да көп еді.
Сыбайлас жұртқа белгілі,
Есім хан мен хан Тұрсын—
Екеуінің дерегі.
«Жеңген жаққа қосылып,
Олжа алсам»,—деп еді,
Бұ да үміткер ел еді.
Дүниеге көзі тоймаған,
Пікірлі айтты ниетін.
«Маған жәрдем бергін» деп,
Екі жақ та кеп еді.
Қағазбенен хат беріп,
Мүддесін жазып ап келіп.
Хан Тұрсынға Есім хан
Елші қылып жіберді.
Нама сөзі бұл еді:
«Хан Тұрсын, саған сәлемім,
Жасың үлкен аға едің.
«Ақыры болар бір жайлы,
Мұсылман ғой» деп едім.
Бұрынғың да—ауыр іс,
Қашқарға барып кеп едім.
Құнын кешіп әкемнің,
Жетім-жесір, баланың,
Іні мен үлкен ағаның,
Төрт түлік мал тамамын.
Әбілғазы бітіріп,
Сақалыңды құрметтеп,
Тапсырдым да Құдайға,
Пәлен-түген демедім,
Кешіріп ауыр күнәңді.
Өз көңілімдей көрдім де,
Ант пенен сертке сендім де,
Азат қылып жібердім.
Надан достан—зерек қас,
Таяныш сені деп едім...
Дұшпанға ғазат жөнедім,
Жайылған мал, жалпақ үй,
Мынау бопты өнерің,
Кездестім, қайтып кеп едім.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әуелі менен өтініш—
Білмегенді кешіріс.
Құдай, аруақ күтейін,
Алдыңнан тағы өтейін,
Кім өліп, кімнің қалуы—
Пешенеде жазылыс.
Жарамайды асығыс,
Даяр тұр ғой бір ұрыс.
Аяғы қозы, лақтан,
Бұзау, тана, торпақтан,
Төрт түлік мал әмбесін,
Қалдырмастан тамамын,
Үй мүкамбал, айнамды,
Жырытмастан біреуін
Жарамасын, жарарын,
Жетім, жесір, кәрі, жас,
Құл менен күң, қарабас,
Бесіктегі баланың,
Досыңменен ойласып,
Жай бағыстап, жайғасып,
Нысапқа келіп, бергейсің.
Ханға десең бұяғын
Осылармен тынайық,
Құдайға жөн қылайық,
Дінге қылыш ұрмайық.
Мың толғанып, ойлаңдар,
Үмбеті бәрі Пайғамбар
Көрмеген бар, көрген бар,
Қырықта қызыр, мыңда өлі,
Дуалы ауыз ерлер бар,
Жалғыз-жарым, кәріп бар,
Хан Тұрсын аға, не дейсің?
Тездікпен жауап бергейсің.
Егер жазым боп кетсең,
Дүниеге екі келмейсің.
Жөнделіп жөнге жүргейсің,
Қысқасы сөздің, өлмейсің».
Елші болып Көкім би,
Амандасып, көрісіп,
еңсегей бойлы ер есім
Хан Тұрсын барды алдына.
Жауаптасып, сөйлесіп,
Отырды барып жанына,
Қағазды беріп қолына,
Мағлұматын білдірді.
Әр қилы кеңес жүрдірді,
Уәзір, сәргер, жәміне.
Құлақ салып отырды,
Қайтатын жауап сарынға.
Қатағандар бас қосып,
Мәслихат құрып, ойласып,
Неше күн-түн жиылып,
Бір жерге ерлер үйіліп.
Хан Тұрсынның жауабы:
«Есім хан, рас айтқаның,
Мынаны оқып байқағын.
Жап-жас қана басыңмен
Осынша жасқап қайтардың.
Ұнаған жақтан есіріп,
Семірген екен сайтаның.
Басында ер боп қылып ем,
Лоққыңнан неге қорқайын?!
Ұзыннан өш, қысқа кегім бар,
Бұрынғы тек атаңның,
Соның зарпын қайтардым.
Бұл олжа кеткен қиынға,
Айналып келмес жиюға,
Арыстанның аузына,
Түркпеннің түбіне,
Пәрғана, Бұқар кенітке,
Қарақалпақ, Қатаған,
Өзбек, сарт, тәжікке,
Дария мен шөліне,
Қыстақ-қыстақ еліне,
Бөлек-бөлек ауылға,
Ылди менен өріне,
Өлі менен тіріге.
Болар ма еді бір сәп,
Келе алмай тұр бергім де,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үлесіп тозған әркімге,
Мұны қайтып жинайын.
Дуана боп қайтіп ақтайын,
Алтын, күміс, гауһар тас
Дүниемен сыйлайын.
Түтінге салық салсам да,
Өстіп ізет қылайын.
Тиместікке шарт қылып,
Өткен іске тоба деп,
Бала орнына бала деп,
Жөні келсе аға деп,
Көңілімді ағартып,
Қайтадан іні қылайын.
Мұны қабыл қылмасаң,
Қасарып тағы, шындасаң,
Қыласың да білгенің.
Қолынан не келеді,
Аз ғана елдің дерегі.
Әуелі менен көп еді,
Шілдей тозып қазағың,
Қалғаны болса, жөнелді.
Үркердей сорлы ел болдың,
Еріксең, жемім сен болдың.
Қалай қылсаң, олай қыл,
Екінші пәлен деме енді.
Көкте дұшпан, жерде қас
Қатағанның елі еді,
Шегірткедей орады.
Қорықсам мұндай қылмас ем,
Көп айтып, азбан сойылмас,
Көттеріңді көрелі».
Мұңайып, пікір ойланып,
Алдырған нанын сарттай боп,
Көкім би қайтып келеді.
«Өздерің оқып көріңдер,
Білмеймін қағаз не дейді».
Есім хан оқып көрсетті
Қағазды қазақ ұлына,
Бұрылып оң мен солына:
еңсегей бойлы ер есім
—Қара қол, дана, кәрі, жас,
Бәріңе де тәуір ме?
Айналды жұмыс ақырға—
Ойланбаңдар мен үшін,
Жорысаң көрген бұл түсім.
Артымда жылар балам жоқ,
Қатын, інім, ағам жоқ.
Бар болса қапты бір шешем,
Өлі, тірі хабар жоқ.
Қайда барсам, әзізбін,
Іс тұтпаңдар «маған» деп.
Жұртым үшін туғанмын,
Қынай белді буғанмын.
Қорыққаның қайт ауылға,
Ұрынбай тұрып қауырға.
—Көкім би, тағы барғын да,
Шекараға тез келсін,
Шартнамаға қол қойсын!
Тігерге тұяқ қоймасын,
Қазақтың жеңсе баласын,
Арманда, қапы қалмасын.
Егер оны мен жеңсем,
Осындай дедім жобасын.
Қимап едім, ілгері,
Осы ма еді білгені?!
Кім өліп, кімнің жыласын
Пешенеңде сынарсың,
Қараны Құдай табарсың.
Қарар қылды ұрысқа
Бітіре алмай қалыс та.
Екі жақ та мөр басып,
Қол қойысты қағазға.
Көкім би жазды намасын,
Жарысты күтіп қарарсың.
Ұрыстан хабар білінді,
Дабыл, керней ұрылды,
Үсті-үстіне түйілді.
Қорқақтар шошып,
Ерлері атқа жүгірді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Жекеге кім шығар» деп,
Көргенше жұрт құмар боп,
«Кімнің аты жесір боп,
Иесіз босқа қалар» деп,
Майданға барша үңілді.
Майдан
Қатаған, қазақ қарады,
Есірік, аңқау, ер шалыс
Қазақтың бірі бар еді.
Сереңдеген жаманы,
Көрнекті еді қарамы.
Болмады шығар адамы,
Оң-солына қарады.
Кеткен еді олжаға,
Некеленген алалы,
Жүруші еді шыдамай
Шыққанша ұрыс хабары,
Қалмастан сабыр қарады.
Есім ханнан бата алып,
Ала атына аттанып,
Шекесін тартып жібекпен,
Майданға жетіп барады.
Ат ойнатып көлбеңдеп,
«Жеке» деп айқай салады.
Ояқтан да табылды,
Мінасар байғұс адамы.
Өзі сыпат бір байғұс
Қарама-қарсы барады.
Екі жақтан ырғалып,
Біріне-бірі көз салып,
Шанышуға келгенде,
Екеуі қалды тоқталып.
Әлі тұр, ерлер әлі тұр,
Найзаларын шоштиып.
Жұрт қайран боп қалады,
«Жын ұрды ма бұларды?»
Ет пісірім тұрады.
еңсегей бойлы ер есім
Шыдай алмай Сүлеймен,
Барып көрсе аттанып,
Жүрегі болмай шаншуға,
Көздерін жұмып тұр екен.
Екі салды қамшымен,
«Сендерді Құдай алсын» деп,
«Сорлылар неғып жүрсің» деп,
Кейіп-кейіп екеуін,
Екі жаққа қайтарды.
Онан кейін Сүлеймен
Өзі келді Есімге:
—Түсіп тұр бір сөз есіме,
«Сағындым» деп ата-анам
Кіріп еді түсіме.
Екі-үш күндік өмірім,
Өтермін кіші бесінде.
Аруақ жолдас хақым бар,
Жас бала, жесір қатын бар.
Қарайлап, қармап, қарай жүр,
Бір ердің,—деп,— тұяғы
Орнына санай жүр.
Сиқымбай деген ұлым бар,
Он алты да жасы бар,
Жалғыз еді өзімде,
Ісі орнына келмей жүр.
Нешеуі менен өлерін,
Майданға кірмек табым бар.
Осыны айтып Сүлеймен,
Майданға қарай самғады,
Атқан оқтай парлады.
Сабыншының жолындай
Шұбатылып шаң қалды.
Боз арғымақ астында,
Ошақтай көрмес аңғал-ды.
Хан Тұрсынға жалтаңдап,
«Бос қойма» деп майданды.
Хан Тұрсын бұған жұмсады
Қараман деген сардарды.
Көрген соң ерлер қарасын,
15-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екеуі де оңланды.
Жаман кетер дерексің,
Жақсылардан ат қалады.
Қараман шапты зырқырап
Шатыртөбе баурынан.
Сүлеймен барып айқасты
Мыңбайырдың тауынан.
Айқай, сүрен бергенде,
Тігілісіп келгенде,
Қараман батыр жығылды
Қара арғымақ саурынан.
Болжай алмай халық тұр,
Арылғанша шаңынан.
Артта қалды мал-басы,
Хан Тұрсынға көз жасы.
Қарамандай ерінің
Аспанға ұшты найзасы.
Сүлейменге бұйырды,
Ат, қылыш, сайман, олжасы.
«Әттең ғана ерім» деп,
«Арманда болып, қалдың» деп,
Хан Тұрсын басын шайқады.
«Неғылып шыдап тұрсың?» деп,
Інісіне айтады,
Өлгенін бұ да байқады.
Ақыры қандай боларын,
Әуелгі ісі шайналды.
Атының белін тартады,
Үйіне сәлем айтады.
Түрлі қиял ойналды,
Жалаулы найза қолға алды.
Атқан оқтай жылыстап,
Сүлейменді пайлады.
Сілкінткен ерлер бір елді,
Қазасына кез келді.
Мұны да шанышты жүректен,
Өкпесіне тірелді.
Бұ да түсті олжаға—
Шарайна қалқан, үдері.
еңсегей бойлы ер есім
Несін айта берейін?
Сүлейменнен сол күні,
Жекелеп келіп, оны өлді.
Уақыты шам кеші боп,
Барабан, дабыл ұрылды,
Жай-жайына қайтады.
Қарауылдар ұйықтамай,
Шолғыншылар жортады.
Атырабын байқады,
Бүркеніп жатыр көрпесін
Есіңгіреп қорқағы.
Сүлейменді Есім хан
Түнімен алып қасына:
—Үзеңгі жолдас, сырласым,
Бір гүлі тәжім сен едің.
Бақ серіктес басымда,
Әбиір берсе осыдан,
Арт жағынан шошыма.
Ұйықтамай таңды атырды.
Намаз оқып халық тұрды.
Ұрысқа құлақ сап тұрды,
Бүгін қандай боларын.
Қазақты бір күн шат қылды.
Хан Тұрсындай ханыңыз:
«Оңтайлы енді кім бар» деп,
Таң-тамаша боп тұрды.
Көңілінен өткеріп,
Жаманды-жақсы парық қылды.
Бар еді бір ер кезеңді
Зарпы тиген көп елге.
Олжа, жесір, жетім қып,
Қазақты қанша жамсаған.
Әр аттанып келгенде,
Жылаған бала жұбанып,
Зарпынан үркіп, шұбалып,
Қазақтар шошып түсінен,
Ұйқыдан шошып оянған,
Айрылмас батыр дегенде.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жастығыма ап жатсам,
«Кезіксе» деп Сүлеймен,
Шықпай тұрып үйінде
Нәзір айтып піріне.
Хан Тұрсын айтты хабар қып,
Самсаған қалың көп елге,
Жоғары мен төменге:
—Күйе жағып бетіне,
Жамандар, сенен түңілдім.
Көп болар әлі бұл күнің,
Келген жерден сүріндің.
От басында томпайып,
Қатыныңа мақтанып,
Істемекке құмарсың,
Жата кетсе талтайып.
Өзіміз қылған жұмыс та,
Датты кімге айтайық?
Қазақтан шықса бір жалғыз,
Құлай кетіп жантайып,
Дөңбектей боп тоңқайып,
Жығыласың, қаласың,
Барасың да шолтайып.
Ауыздарың ашылып,
Бұзылған тамдай аңқайып.
Туғанда бос туып ең,
Қылжырайып, қисайып...
Басында неше шауып, олжаны алдың,
Мен емес, жалпы бәрің олжаландың.
Қоймастан түтін тергеп, адам санап,
Өзіме тоқтатпадың қолда барын.
Шашыңның есептесем түгі жетпес,
Қолында сап-шоты молдалардың.
Шыршыққа малдың қаны судай аққан,
Олжасы Арқа, Жаркент, Құлжалардың.
Тегін ас, етің түгіл сүйекке өтіп,
Еңкейген, еңбектеген ырзаландың.
Тізеден қан болғанда, беліңнен май,
Білмейсің мұны неге, мырзаларым?
еңсегей бойлы ер есім
Құл жұмсап, шоры от жағып, көңілің хош,
Тегін мал, аузың аста, құрғамадың.
Ойланшы енді ақырың не болады,
Есім хан, жазым қылып, жеңсе бәрін?
Құдайдың мендей баста ұрғаны жоқ,
Сөзіме өзім айтқан тұрғаным жоқ.
Самалы Есім ханның оңала ма?
Барады шуу дегеннен ырғағы көп.
Әзіреті Адамнан бермен қарай
Бақ-дәулет бір қалыпта тұрғаны жоқ.
Жамшит, Зәқық, Придом, Самнаримен
Жаһанды неше талқан қылмады кеп.
Ескендір, Шаддат, Намірет, Сүлейменге,
«Еш опа,—айтады ғой,—қылмады,—деп».
Үрістем дүниені дүр сілкіндіріп,
Ақыры жазым еткен інісі кеп.
Өзінің әмірі жүрсін заманында,
Жан болған осылар да ақылы көп.
Шеріден Әзірет Әлі бақ қайтқанда,
Мауия зорлық қылған ақыры кеп.
Қашырған дәу, періні Қойқаптан
Алмадай тауларды атқан опырып, жеп.
Ер Асан Пайғамбардың сүйген ұлын
Жайлаған заһарменен қатыны кеп.
Опасы дүниенің сәл-ақ екен,
Мысалы, әуелі бар, ақыры жоқ.
Тұқымын бір тайпаның құртар болдым,
Шулатып құлағымды «кесірлі» деп,
Жаман ат қияметке алып кеттім.
Адамнан өлі-тірі кесірім көп,
Қалды ма ажал шіркін таянып-ай!
Түс көріп, түрлі-түрлі қиялым-ай!
—Айрылмас, жекеге бір өзің шықшы,
Кәдімгі істі бастап баяғыдай.
Қойша айдап көше қырып, шауып,
Шыршықтың қып тасташы, аралындай.
Кірбіңі көкіректің бір ашылсын,
Тамырым үш жүз алпыс оянып-ай!
Қар жауып кірпігіңнен, мұздар тоңып,
Қайтпайтын қасарғанды ада қылмай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазақ пен қатағанның хандарына
Қара жер бір қаларсың боялып-ай!
Хан Тұрсын осылай деп, бата берді.
Қойдан қошқар, түйеден нар атап енді,
Сауыттан алтын жаға тоғыз берді,
Құнымен бір-бір қыздың қатар еді.
Бүктелген бір-ақ уыс семсер берді,
Деміне шақырымнан тартар еді.
Заманынан Әмір Темір бері қарай
Бұрышында қазынаның жатыр еді.
Он кілем, бір қап күміс тағы берді,
Қатарынан бес жүз адам жатар еді.
Біреуін өзге жерге апарғанда
Пәлен алтын, тілләдан сатар еді.
Жететін жеті пұтқа зерлендірді,
Баяндап, қайсы бірін айталы енді.
Хан Тұрсын қазынаға сондай толық,
Лақап қылса, Қытаймен қатар еді.
Қырғынмен неше сапар таусылады,
Қымбат шаһар Қоқан мен Бұхар еді.
«Адамның жанынан бөлек табылар» деп,
Сол күнде жердің жүзі айтар еді.
Хан Тұрсын қазынаның аузын ашты,
«Тарынған басын малға сатар» деді.
Айрылмас армансыз боп шықты жеке,
Баяндап майдан жерді айталы енді.
Айрылмас батыр
Енді батыр қам қылды,
Үстіні еді айбынды.
Қаһарына шыдамай,
Сауыттары айрылды.
«Жетеуінен өтер» деп,
«Сегізі әлде қайтер» деп,
Тоғыз қабат жам қылды.
Қалың мақта ішінен
Сырытып барып, жайдырды
Керіктің қалың терісін,
еңсегей бойлы ер есім
Басына қалқан қойдырды.
«Түтеген мылтық тиер» деп,
Көзінің алдын тор қылды.
Кемінің бәрін толтырып,
Тіллә дабыл төңкеріп,
Қара арғымақ жабдықтап,
Бөктергісін тоқ қылды.
Шекесін тартып жібекпен,
Жалаулы найза қолға алып,
Көрнекті үлкен төбедей,
Дарияға жүзген кемедей,
Майдан жерге кеп тұрды,
«Жеке, жеке!» деп тұрды.
Қазақтан барды бір жігіт,
Бата алып жекеге.
Бір-ақ шаншып түсірді,
Келіп еді төтеге.
Қолындағы найзасын,
Жығылды барып, көтере.
Артынан келіп ағасы,
Оның да келмей шамасы,
Бір кездей шығып көтерді,
Арқасынан найзасы.
Лақтырды халқына,
Көрінбей кетті қарасы.
Жерге түсіп мида боп,
Күл-күл болды денесі.
Жетеуі келіп қазақтан,
Жекеге шығып ұрысып,
Қара жерге жайласты.
Оңына келсе, он шауып,
Қыратынан қырық шанышты.
Аударылып, ат шауып,
Жарқыратып жон асты.
Келмеген соң еш адам,
Садақ тартты келеме,
Керіп-керіп құлашты.
Әрбір атқан оғынан
Он бес адам сұлатып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Не қылса батыр жарасты,
Қазақ халқы бір састы.
Жекеге ешбір адам келмей тұрды,
Атқан оқ бірді-бірді ұрындырды.
Көздеген не ерлерді көкке ұшырып,
Мауырытте туға жақын келіп тұрды.
Қосынға мауырытында араласса,
Алдынан дүркіретер жүзді, мыңды.
Қазақтан сапсыз кеп олжа алған,
Үзіп жеп, оза шауып, неше түрлі.
«Сүлеймен, не Жиембет бірің кел!» деп,
Айқайлап шамалыға келіп тұрды.
Сүлеймен батыр
Естіген соң сарынды,
Қамданып батыр Сүлеймен,
Қабаттай шапты қалыңды,
Шаршамапты қалыбы.
Ошақтай болып ойылып,
Шапқан жері айрылды.
Үй жақындай екпіні
Жауаптасып азырақ,
Қарама-қарсы боп тұрды.
Айрылмас сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Қош, палуан, келесің,
Сын-сипатың төресің.
Аты-жөнің баянда,
Кім деген өзің немесің?
Осал неме емессің,
Мына түрің тұрғанда,
Қара тасты бөлесің.
Біріміз абиыр алармыз,
Халқың үшін келгенсің.
Сүлеймен сонда сөйледі:
—Асылым қазақ еді,
Баяндайын жайымды:
еңсегей бойлы ер есім
Жақсы-жаман болсам да,
Көңілімде арман қылатын
Бір адамым бар еді.
Жылаған бала жұбанып,
Қалың қазақ халқыма
Тіпті даңқы зор еді.
Жолығып өлсем, арман жоқ,
Көңлімді мүлік неме еді.
Шыққанымда ауылдан,
Қорасанға қой айтып,
Әулиеге ат айтып,
Тілеп едім Құдайдан.
Көпті көрген бір ерсің,
Сол айтқаным сенбісің,
Айрылмас деген ер еді!
Айрылмас айтты атынан,
Баяндап ұрық затынан:
—Мұратыңа жетіпсің,
Дұрыс ниет халқыңнан.
Менің де шықпай жадымнан,
Тілеуші едім сыртыңнан.
Қырғынында Шибан хан
Бір сұлу жесір алыпсың.
Бір ата, бір анадан,
Туып ем сол қатынмен.
Табыса алмай екі жұрт,
Бара алмай осы қаупінен.
Кектеспін сол уақыттан
Дос пенен қас болсам да,
Бір қумақшы ем артыңнан.
Ұрыспай қайтсақ, һәм намыс,
Дос екенбіз, қас болдық,
Ер ажалы жақыннан,
Бір ажалы қатыннан.
Әйелге ажал баладан,
Ақ та күйер жаламен.
Өлтіреміз, өлерміз,
Қалды ма перзент артынан.
Сүлеймен айтты: «Жүйелім,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұл сөзіңе күйемін.
Өзі өліп, арты бар,
Сиқымбай деген бұл күнде,
Он алты жасар жиенің.
Өзіңе тартса, қор болмас,
Құдайдан осы тілегім.
Келіп едік екеуміз
Екі жұрттың ары үшін.
Құда деп, құн кешпейді,
Сібіт болар білемін,
Сатпайық сүйек, көп елді.
Шартнама Құран боп еді,
Өлтіріп, яки өлсек те,
Бір-бірімізге ырза боп,
Қияметте көрейік.
Ізетің болса, қыла бер,
Кезегіңді берейін.
Армансыз қамдан, қайыным,
Айтқан жездең—мен едім.
Айқай салды: «Берік бол» деп,
Шатыртөбе барды да.
Алатаудың жанында,
Айқайына селк етті,
Халықта жүрек қалды ма?
Аты үркіп біреудің,
Домалап түсті алдына.
Ұрыс деген оңай ма?
Иман айтып Құдайға,
Оқ келеді зырқырап,
Сүлеймен қарсы жайында,
Қақ жүректен тиеді.
Шыдай алмай зарпына,
Жер кеміріп жануар,
Боз арғымақ сиеді.
Босатты жүйе-жүйені,
Ері кетіп быт-шыт боп,
Тоқымға желдік мінеді,
Тоғыз қабат өтіп сауыттан.
Кезегін алып атпаққа,
Айрылмас келді жайына.
еңсегей бойлы ер есім
Қайым тұрды жолына,
Толғап-толғап садағын,
Өткірін алды қолына.
Нысана қойып атқанда,
Тоғыз белді төңкеріп,
Кетпенен тоғыз өтетін.
Бар күшімен тартқанда,
Сәскелік жерге кететін.
«Кенеп осал болар» деп,
Жібектен күш берілген.
Тарамыстап, пайыл қып,
Қарағаштың қаттысын,
Қатырып әбден желіммен.
Жұмсамайтын бекерден,
Керегіне келгенде,
Төрт адам жерден көтерген.
Ұстаға Әлім соқтырған
Орай төбе затында.
Мақтасы қалың қамзолға
Әлсіз боп оғы тірелді,
Етіне дарып бір елі.
Сайрамда сансыз бап,
Әзірет Сұлтан жар болып,
Сүйеп қалды бұл ерді.
Сәл болғанда үш алаш
Үзіп еді күдерді.
Әрқайсында дауыстап,
Айрылмас тағы үш атты.
Ақылдан танып базында,
Ердің қасын ұстапты.
Сонда дағы дәс беріп,
Бәріне де шыдапты.
Сауыттар тозып жұлдыздай,
Шіріген жерде бөздей қып,
Шілте қылып жіберді.
Жарыла жаздап халықтың
Қалбыр болған жүрегі.
Бұрыннан даңқын біледі,
Көрсетті қанша өнерді,
Армансыз қылды бұл ерді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тауысқанын құралдан,
Есім хан да түсінді.
Қалмақтан артқан қазынаның—
Бәрінің теңін шештірді,
Өткізіп көзбен келтірді.
Алтын жаға кіреуке
Тоғыз қабат даярлап,
Қалдырмастан керегін,
Еріне гауһар орнатқан,
Жабдықтаған алтынмен,
Тіллә дабыл төңкеріп,
«Жаңалап ат мінгін» деп,
«Армансыз боп жүргін» деп,
Көк арғымақ төбедей,
Алып келіп ұсынды.
Киіп алып жаңасын,
Ескі анжамын шешінді.
Жарқырайды айдай боп,
Тұрпаты келіп пішімді.
Тартпасын қатты тартқанда,
Көк арғымақ астында
Уыс боп белі қысылды.
«Армансыз бол, ерім» деп,
«Кезегіңді бердім» деп,
Айрылмас та ұсынды.
Сүлеймен шықты айқайлап
Мыңбайырдың төріне,
«Кезегімді бердің бе?»
Шыдатпай садақ сындырды,
Шіреп-шіреп көрді де,
Лақтырды Есімге,
Ортасынан бөлді де.
Мұны да алды жаңалап,
Енді тәуір келді ме?
Қалмақтар соққан сары жай,
Темір ханның елінде.
Садақты қолға алады,
Толғап-толғап қарады,
Түнерді жаман қабағы.
еңсегей бойлы ер есім
Көк арғымақ бүк түсіп,
Үзеңгіде аяғы.
Тықыршып аты барады,
Өлмесе де белі үзіліп,
Қашан оғы кеткенше,
Талаусырап қалады.
Үй жыққандай екпіні,
Гулеп оғы барады.
Төсіндегі сауыттың
Ортасынан жарады.
Талқандап жыртып әмбесін,
Денесіне сәл дарып,
Әлсіз боп оғы қалады.
Үш мәртебе жіберді,
Бірінде батты бір елі.
Төртінші барып атқанда,
Тура тимей, жантайып,
Сәл-сәл дарып етіне,
Сауыттың бәрін талқандап,
Қаңғырып кетіп барады.
Там қаралы төбе еді,
Шалқасынан аударды.
Шөгіп жатқан түйе екен,
Онан өтіп, кезігіп,
Өлтіреді жануарды.
Керегі болды күрзінің,
Атысумен болмады.
Бір-біріне ұран сап,
Атқан оқтай зырқырап,
Тіктеп ерлер шабады.
Шанышқанда тіктесіп,
Найзалар күйреп қалады.
Қатты тасты тесетін
Бұларды не қып аяды?
Сол күні түс болғанда,
Түсіре алмай бір-бірін,
Оннан жиырма найзаны,
Отын қып, ерлер санады.
Болмаған соң онымен,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жағасынан алады.
Аудара алмай бір-бірін,
Аттарға заһар салады.
Қандар сиіп, тобышақ,
Жата-жата қалады.
Күрзілесіп, салысты,
Шекелесіп алысты.
Нәубетпен күрзі ұрғанда,
Бүк түсіп аттар, тізерлеп,
Қара жерге барысты.
«Ертең келіп ұрысайық,
Кеш болып тіпті қалыпты».
Қосына барып қоныпты,
Таң атып, күн шыққан соң,
Қайтадан майдан жаныпты.
«Амандасып, қоштасып,
Арыздасып алайық,
Ажал жақын қалыпты».
Айрылмас айтты: «Жезде, бір түс көрдім,
Хабары Пайғамбардың дұрыс,—дедім.
Бұрын да, неше сапар аян берген,
Айнымай келіп жүрген мініскерім.
Иншалла, екеуміз де шейіт болдық,
Сіз бен біз, айтуынша, пейіштеміз.
Есім хан біздің жұртты жеңеді анық,
Аяғы бір жайлы боп бұл істердің.
Серт бойы, қатағаннан тұқым қоймас,
Мен сізге дайындаймын бір іс,—деймін.
Қатыным Қаңлы қыз жүкті еді,
Көрмедім, арманым сол, туыс жерін.
Осыдан бір ұл бала туса керек,
Шалынып құлағына періштенің.
Нәсілі Қатағанның содан қалар,
Ақырын Құдай білер әр істердің.
Ақыры Шанышқылы болып тарар,
Ақиқат түсіндірді мәніс жерін.
Бұған да «Айрылмас» боп ұран қалар,
Арасы бөлінгенде әр істердің.
еңсегей бойлы ер есім
Болмаса, күшім емес біліс менің.
Барғын да Есім ханға, құпиялап,
Сүйінші сездірместен сұрап келгін.
Баламды, өз балаңды дайындағын,
Қатынның тарылтпасын мукаммалын.
Ұлыңды ұлымменен табыстырып,
Шығарсын өкпе-кінә жалындарын.
Сыртымнан иә ырза боп, лағнет айтар,
Көргенде, сонда сенер зайыр бәрін.
Сәскеде мені, ортақ, өлтірерсің,
Жазуы құдіреттің, қайғырмағын.
Болған соң мені өлтіріп, сені өлтірер,
Бір мерген біздің елде тамырларың.
Сізді мен, өлтірсең де, дос тұтындым,
Туынан Асан, Үсен тауып алғын.
Есім хан сансыз бапқа қойсын мені,
Ұрпағы, жұрнағы еді Шахарлардың.
Есекең осыларды жайғастырса,
Саған да, ханыңа да ырзамын.
Жетеді енді халқың мақсатына,
Зар жылап, басып жүрген азуларын.
Хан Тұрсын емес, бәрін Құдай қылған,
Пендесі екі қылмас жазуларын.
«Тағамның әнжамы» деп Құран оқыр,
Бәрін де әнжамыңның дайындағын.
Патшаның сіз бен бізге әмірі уәжіп,
Айтқанын мойнымызда қалдырмайын.
Болмаса екеумізге ұрысар жөн жоқ,
Түсініп, бұрыннан соң қайылдандым.
Жиғаннан мұсылманға иман артық,
Лә иллаха, илалла, мұсылманмын.
Сыр берместен пендеге,
Арыздасты екеуі.
Аманаттай болды да,
Дүниенің қаупі кетеді.
Жылыстап барып Сүлеймен,
Қосынына жетеді.
«Сезді ме» деп, білдіріп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Оңашалап төндіріп,
Баяндады кептерді.
Көп өтініш етеді,
Манзұр көріп тамамын,
Кейінгі жақта боларын,
Есім хан шарт етеді:
—Аруағыңды сыйлармын,
Мал түгіл, басым қиярмын,
Құдайдан ерлер, күт,—деді,
Көп уәде береді.
Кідірмей қайта жөнеді,
Айрылмасқа келеді.
Кәдімгі дұшпан қалыпта,
Аянбай ұрыс береді.
Қабатын жазып семсердің,
Сүлеймен келіп төнеді.
Мойнынан бір шапты,
«Лә иллаха» деп еді,
Басы жерге домалап,
Атынан жерге құлапты.
Қайғы-қамнан тиыш тапты,
Айрылмастай батырың
Ақырет сапар жөнеді.
Хан Тұрсын жыртып жағасын,
Халқы шулап жылапты.
Әнжамын бүткіл жинап ап,
Семсерін бүктеп, тығып ап,
Жетелеп барды қосынға,
Ер Сүлеймен қара атты.
Қатағандай елінің
Айбындысы жайланды,
Қырсығына айналды.
«Сүлейменнің келдесін
Алып келген адамға
Беремін,—деп,—көп дүние»,
Жар шақырып хан Тұрсын,
Оң мен солға айналды.
Қылып жатыр болжалды,
Онымен де болмады.
еңсегей бойлы ер есім
«Төмен қып тұр жүзімді,
Қайғы басты өзімді.
Бір шаһарды сұрапты,
Беремін,—деп,— күмәнсіз,
Нұрбике деген қызымды».
Білінді жұртқа дерегі,
Күш қуаты кем еді.
Дүниенің бар керегі,
Аты шыққан ұранға,
Бір туылған шағында,
Белгілі халыққа нәмдері
Бар еді Танау мергені.
Танау мерген
Мынандай еді түрлері:
Аққуды атып аспаннан
Аң құтылмай қашқаннан,
Сары жай жонып, тартқанда
Өткерген қара тастардан.
Қуып атып киікті,
Түтінге түтін қосқаннан.
Үш атқанша, бір атып,
Болғанша қимыл, құлатып,
Аспаннан ұшқан тырнаны.
Жол жағалай шұбатып,
Қырына алса қырық атып,
Қып жүрген ісі ілгері,
Қатаған тәнті елдері.
Айнытпай барып тигізген,
Ұстап тұрса бір адам,
Шақырым жерде теңгені,
Көз жұмғанша, демде еді.
Жұбатпаса көңілін,
Хан Тұрсын әзір дендеді.
Қол қусырып алдына
Ізетпенен келді енді.
Шыға келді тосыннан:
—Міндеткермін осыған.
16-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қызыңды барып алармын,
Басқа олжаңды бер»,—деді,—
Нақты қылып алмасам,
Жарамайды екен далбасаң.
Тәуекел ханмен ұрысқанда,
Алдап едің ілгері.
Шығарып едің есіңнен,
Оқ тигізіп төсінен
Себеп боп менен өлген-ді.
Бергін де, көрсет, жата бер,
Сәскелік болсын жердегі.
Жамына түсіп ілгергі,
Ұялып ханың терледі.
Несін мақтап айтайын,
Қысқа сөзбен тартайын.
Тауыспайды тергенмен,
Кем емес еді бергеннен,
Айрылмасқа ілгергі.
Бұйырар болса өзіне,
Мергенің де зерленді.
Сүлейменнің шамасы,
Екеуінің арасы
Жеті шақырым жерде еді.
«Зер шынас болсаң байқағын,
Қай жерін пайлап атайын.
«Жақынырақ кел» деді,—
«Өз көзіңмен көр» деді,—
Көкірегінде сауыттың,
Теңгедей ашық жер»,— деді,—
Толғап-толғап садағын,
Шіреп, тартып жіберді.
Екпіні тұрған самалдай,
Зырлап оғы жөнелді.
Көкірегінен қақ жарып,
Сауыттарын дал-дал ғып,
Қаңғырып оғы жөнелді.
Бірнешеуді сұлатты,
Жерді қауып құлатты.
Қосынға тура кеп еді,
Жерге батып жарым кез
еңсегей бойлы ер есім
Жантайып барып тірелді.
Үркітті тағы көп елді.
«Алла» деп, аттан құлады,
Жалғаннан ісі тынады.
Үш түрегеп, жығылып,
Ашуына тығылып,
Саламат қылсын иманды,
Жан тәсілім қылады.
Хандардан шынар құлады,
Не болар екен бұяғы...
Таң қалды екі қосын мергенге енді,
Тәсін қып көрмеген де, көрген де енді.
Мысалы, қардай борап, тұттай төгіп,
Мылтықтың дүркін-дүркін оғы келді.
Опырып оңынан он, солынан қырық,
Ажалы жайлап жатыр келгендерді.
Түтінін тұмандай қып шұбатып тұр,
Танауың рас терлеп, төнгенде енді.
Айдады оңын оңға, солын солға,
Боятты қызыл қанға қара жерді.
Қарғадай құстан қашқан, үркітіп тұр,
Әркімге әртүрлі бақ берген енді.
«Мал түгел, тәжі-тақтым әдия» деп,
Хан Тұрсын тарына ма бергенге енді.
«Оғыңды жалпылама қор қылмастан,
Әр жерді туралап ат көргендерді».
Арманда Есім хан да болып жатыр,
Жақсығұл сол күндері ауру еді.
Баласы Сүлейменнің ер Сиқымбай,
«Атамды көрейін» деп, іздеп келді.
«Жарым күн бұрын келсем, көрер ем» деп,
Зарланып арманда боп, жылай берді.
Ер Сиқымбай
«Дүниеден өттің, ата-еке,
Ғазатпен қылыш жастанып,
Іс қылмадың жасқанып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақыл-есім жарым боп,
Жапа шектім жас қалып.
Ағы, көгің мен едім,
Бір күн бұрын келмедім,
Жастық қойып басыңа,
Қолымнан су бермедім.
Бір шешіліп сөйлесіп,
Өз көзіммен көрмедім.
«Ұлым, қызым» дедің де,
Нелер күнді көрмедің.
«Әл бөпем» деп, өсіріп,
Қызығымды көрмедің.
«Орнында бар оңалар,
Артымда қал деп едің.
Есім хан айтты: «Балажан,
Жылай берме зарланып.
Мен сияқты сен болдың,
Атадан сен де соң қалып.
Біреуге ата болармыз,
Қатын алып, малданып.
Өлгенмен арты ілеспес,
Жайбағыстап жамдалып.
Атаға ұқсап туған ұл
Ісін тұтар арланып.
Өлгеннің даңқын асырар,
Дабысын жайып намдар қып.
Ішіңде болсын ендігі іс,
Сырыңды алар көп дұшпан.
Дабыр қылып сырды жаймалық
Мына жаумен ойналық...
Есім хан көп насихат сөзін берді,
«Бір Құдай аман қылсын өзіңді енді».
Тапсырған мал-мүліктің берді бәрін,
Аруақ сыйлап, Сүлеймен сөзін енді.
Шамада әр нәрсеге талабы бар,
Бұл бала осал емес көзі көрді.
—Бір мерген харап қып тұр халықты,
Парласам қайтер еді өзіңді енді.
еңсегей бойлы ер есім
Ақжолтай боп, қадамың маған жақса,
Қылар ем бір уәзір өзіңді енді.
Сиқымбай айтты: «Тақсыр, жүйелі сөз,
Он тақсым палуандық өзі,—деді,—
Түнінде бір әдисә іс қылайын,
Келмейді күндіз ебі, көзім көрді».
«Жолың боп, есен барып, сау қайтқын» деп,
Барша жұрт қойдай шулап бата берді.
Күн батып, құтпан уақыты болғаннан соң,
Сиқымбай топтан шығып жүре берді...
Майдан тарқап кеш болды,
Қарауыл қойды кешке енді.
Аярлық киіп киімін,
Сиқымбай сөзін ескерді.
Мысықтай боп кеп өтті,
Секіріп барып, топ етті.
Құмырсқадай жорғалап,
Төрт аяқтап сырғанап,
Білдірместен қарасын,
Әскердің жарып арасын,
«Үлкен тудың қасы» деп,
«Хан Тұрсын орны осы» деп,
Шамалап мұны көздепті,
Діттеген жерге кеп жетті.
Әрқайсысын іздеумен
Біраз уақыт боп кетті.
Іздеп жүріп Танауды
Хан Тұрсынға кез болды.
Дәрі сүйкеп мұрнына,
Тонап алды тамамын,
Қымбат баға жарарын,
Тәжі, сауыт-сайман, әнжәмін.
Сақал-мұртын күзеп ап,
Қара жағып бетіне,
Тығып қойды көтіне.
Шұбар-шұбар ала қып,
Бояу жақты етіне.
Қағаз жазды басына:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Келемін ертең қасыңа,
«Сүлеймен ұлы Сиқымбай,
Осындай қылып кетті» де.
Еншіңді беріп, даярлап,
Жетемін ертең аяңдап.
Енді қыраж жөндеп қой,
Болмаса, үлкен болар той.
Айтқанымды қылмасаң,
Өрексіп, егер шындасаң,
Әйелің, еркек белгісіз,
Өлімнен қиын, ұялмақ,
Кетемін ертең қаяңды ап».
Осындай қылып жасқады,
Түзетіп кетті патшаны.
Жиған-терген мүлігін,
Бір жыраға тықты да,
Қосынға жақын тастады.
Шығып барып далаға
Қайтып келді және де.
Адамы бөлек бастығы,
Танау мерген нұсқауы,
Мұны да тауып ұстады.
Дәрілеп, мұрнын көтерді,
Көп қосыннан өтеді.
Салбырап кетіп барады,
Шуы түскен қойдай боп,
Сүйретіліп бас жағы.
Кідірместен алып кеп,
«Тартуым,—деп,—Есім хан»,
Теуіп-теуіп басына,
Лақтырып тастады.
Түн ішінде оянып,
Тамам адам қуанып,
Даярлап дарды, құрдырып,
Түн ішінде тындырып,
Халық көзіне көрсетіп,
Таң ертең дарға асқалы.
Жайластырып болды да,
Құрсандықпен ұйықтады.
еңсегей бойлы ер есім
Лезде жазғы таң атты,
Памдаттың болды уағы.
Екі әскер, екі жақ,
Жай-жайына тұрады,
Дабыл, сырнай даусымен
Керең болды құлағы.
Төтелеп құстар ұша алмай,
Іннен безіп хайуандар,
Қашыңқырап тұрады.
Сарыны алып әлемді,
Күннен-күнге күшейіп,
Қиын болды ұрыс сияғы.
Жел көтеріп тозаңды,
Екпінімен шаң тынады.
Хан Тұрсыннан азырақ
Айтайыншы хабарды:
Сәскеге жақын оянды,
Тұра салып ұялды.
Жауап қатпай пендеге,
Төмен қарап тұрады,
Қарамақ түгіл, бұғады.
Екі көзден бөлегін,
Тасалап жауып паналап,
Қарай алмай, сығалап,
Бет аузын шарып орап ап,
Жас ағып көзінен,
«Аурумын» деп шығарды.
Киімдерін кидіріп,
Бір уәзірін шығарды.
Не әмір айтса сыбырлап,
Ишарат, иман қылады.
Керең болды құлағы,
Бас жағынан хат тауып,
Жылай берді есі ауып.
Мәнісіне түсініп,
Өсік көңілі кішіріп:
Есіл ғана мергенім—
Асқар тауым, інім,—деп,—
Түбіне жетті жүгермек,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Иә өліп, бүгін қырыл» деп,—
Әлемет баста бүгін»,—деп,—
Құмырсқадай өрмелеп,
Қардай жауып төтеле,
Шықпай-ақ қой жекеге.
Құшақтасып өле бер,
Біреуге күшің жете ме?
Өзі азғантай қазақты
Қырып тастап, төтелеп,
Біріне оның боласың,
Жүзің бірін сабайсың.
Үркердей боп халқы тұр,
Көптіктен болса, боласың.
Оның халқы көшпелі,
Сен қыстақтың баласың.
Хайуан қатар даладан,
Не қылып кейін қаласың?
Бұрынғыдан жаман қып
Шулатайық баласын.
Қайтпай, қашпай ұрысып,
Тұқымдарын тауысып,
Өшірелік қарасын.
Өршісең, жауды аласың,
Өршеленсең, боласың.
Малы-жаны, жесірі
Бұрынғыдан бетер боп,
Үйме-үйге тарасын.
Көтере бермей табасың,
Хан Тұрсынның тұрысында
Жеті ата, жеті пұстыңа
Теп-тегіс бай боласың.
Егер мұны қылмасаң,
Құдды осындай боласың.
Күннен-күнге сұйылып,
Жасып кетіп барасың.
Біреуіңді жіберсем,
Жүректерің жоқ па еді,
Жау, санаса, көп пе еді?
Аяқтарың талтайып,
еңсегей бойлы ер есім
Ауыздарың аңқайып,
Аралдағы томардай,
Қапқа тыққан сабандай,
Өліп-өліп қаласың.
Боққа ұйлыққан қарғадай,
Жел ұшырған тозаңдай
Ада болып барасың.
Әкем берген малымды ал,
Қазынада барымды ал!
Азсынсаң оны, тағы да ал,
Тағы түгіл тағымды ал!
Сүлейменнің баласын,
Көңілімде арман қалмасын,
Сонау тұрған көрдің бе?
Иә өлі емес, тірі емес,
Дардың болжа ағашын,
Танау мерген қарасын.
Жаңбырдай жауып барыңдар,
Ажыратып алыңдар,
Келтірместен шамасын.
Осындай деп сөйледі,
Майданның жеке өрнегі,
Үстін-үстін түйіліп,
Дауылдың даусы кернеді.
Ар жағына бір шауып
Ат тұяғы тас қауып,
«Сиқымбайлап» ұран сап,
Нағыра тартып жіберді.
Иман айтып әр қилы,
Үйінен үзіп күдерді.
Хайуандар безіп інінен,
Адасып бірі-бірінен,
Тау мен тастар күңіренді.
«Хан Тұрсын, Хан Тұрсын,
Хан Тұрсын, сені ант ұрсын!
Білді ме ешкім мәнісін,
Сүйегіне дарысын!
Тақсым-тақсым қылып ем,
Салған тамға қабыл боп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үстіне жаққан дәрісін,
Ерлердің жібер асқанын.
Түрі бар Рүстем дастанның.
Қолы қатты қандысын,
Қоймай айда жандысын.
Шошынсаң ерлер, жекеден,
Тобыма кел төтеден».
Он екі алуан ойнады,
Жалғыз аяқ, жалғыз қол.
Үстінде қаз тұрады,
Кейде жатып қалады
Бұяғынан айналып,
Бұяғынан шығады.
Түсіп қалып жалп етіп,
Қарғып шыға қалады.
Айнымай кетіп барады,
Шақпақ бөркі басында,
Торы арғымақ басында,
Түтінге шауып көлденең,
Сондай-ақ туар пендеден.
Қуса, жетіп қашқанды,
Қуса, теңдік бермеген,
Кірапта болып көрмеген.
Әзіреті Жүсіптей,
Мысалы, рең, сияғы.
Кисек, киім жарасқан,
Жаңа ашылған қызыл гүл,
Тартқандай жарық қараңғы.
Барған сайын өрлейді,
«Қайратымды көр» дейді,
Сүлеймен ұлы Сиқымбай,
«Танысаң, міне, мен» дейді.
Ыза болып хан Тұрсын,
Қамшы алып қолына,
Оңмен солға сермейді.
Біреу тұрды орнынан
Ұлықсат алып жүргелі,
Қоқаннан келген тәжіктен.
Алтынменен малынған,
еңсегей бойлы ер есім
Атпенен тоң торлады,
Көрмеген мұндай ілгері.
Қолдан соққан моладай,
Келген екен қарамы.
«Тұз-наныңды көп жеген,
Қасыңыздан дәндеген,
Жолдасың қалды жарамай,
Тәуекел деп баралы».
Бөктергісін тоқ қылып,
Тіллә қылыш өңгерді.
Түсінгілік болмай тұр,
Майданның жайын білмеді.
Бұ да жүрді ілгері,
Екеуі қарсы кез келді.
Жауаптасып, қатысты,
Түсінікті болмай тұр
Бір-біріне тілдері.
Аттарын сабап бауырға,
Бір-біріне тездеді.
Даяр ма еді кездері,
Шаншар жерін көздеді.
Қорқатын болса өлімнен,
Майданды неге іздеді.
Қолтыққа таяп найзасын,
Қолдарына алады.
Құстай ұшып барады,
Қарсы найза салады,
Қағып тастап Сиқымбай,
Қолындағы найзасын
«Дәл жүректің басы» деп,
«Жанды жерің осы» деп,
Толғап-толғап салады.
Жарым кез шығып арқадан,
Жантайып барып, шалғайдан,
Айландырып көтеріп,
Көкке қарап ырғытты,
Жерге түсті шамалы.
Ілінбестен олжаға,
Аты қашып барады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ендігі іс не болсын,
Мұнымен де болмады...
Сиқымбай ұран салды оң мен солға,
Жекеден тайлығыпты барша жан да.
«Қорықсаң, енді өзім барайын» деп,
Найза ұрып, қылыш шапты кез болғанға.
Мысалы, көктен жауып, жерден еніп,
Қозғалды толқындай боп Қатаған да.
«Жас бала жау бетінде жалғыз-ау» деп,
Тықыршып Есекең де жата алмады.
Ұран да «Алаш» деген көкке шықты,
Қай бірін санай бердік атағанға?
Аллалап екі әскер араласты,
Қорқыныш керек екен, бас аманда.
Адамның қаны кетті судай тасып,
Нөсер боп шаң-топырақ тасаланды.
Бидайдың бауындай боп қалды өлік
Үйіліп төбе-төбе қыр мен сайда.
Жиембет, ер Алатау, ер Сиқымбай,
Айдап жүр оңын оңға, солын солға.
Ет қызып, дүбіріне шыдай алмай,
Хан Тұрсын бұ да шапты, Есім хан да.
Дүние қараңғылық шаңдарына,
Қарасаң, қарлы боран аңғарына.
Кезіккен кездескенді шауып жатыр,
Бытырап, әрқайсысы алды-алдына.
Айрылды ұл атадан, іні ағадан,
Атасы парық қылмай балаларына.
Белгісіз кімнің бары, кімнің жоғы,
Есен ер есептелер, қалғанында.
Жол тауып, атылған доп жүре алмайды,
Тоғыстың қандар толып сайларына.
Не қырғын, неше ойран болып өткен,
Шымкенттің Бадам менен сайларында.
Ұдайы үш күн, үш түн ұрыс болып,
Қол қойды төртінші күнге айналуға.
Есекең ыңғайланып түсті жолға,
Семсерін испаһанлы алды қолға.
еңсегей бойлы ер есім
Жиырма, жиырма бес басын алып,
Нөсердей қан ағызып әр ұрғанда.
Шуылдап жүрген жері қойдай үрікті,
Жаратқан Құдай артық басқадан да.
Су тұлпар атқан оқтай зырқырайды,
Жануар рас қызып тасқағанда.
Аузына сақал-мұртын бұрап тістеп,
Хан Тұрсын ларза түсіп патшаға да.
Ат басып не ерлердің жүрегінен
Торы шолақ толып жатыр ақсаған да.
Мысалы, сондай болып қалды өлік,
Пал қылып, бидай орып тастағанда.
Қараңғы жердің жүзі шаң мен тұман
Ұқсайды күндізгі күн кеш болғанға
Әзірге, бұл ұрыстан көз жетпей тұр.
Тоғыстың сай-шұқыры бос қаларға.
Бытырап алды-артына кетті әркім,
Білінбей ұдайы ұрсып күн менен түн.
Қадірі аманшылық, сау күнінде,
Бағасы бірақ бақыр өлігіңнің.
Тас күйіп, тау жаңғырып дауысына,
Адасып хайуандар таппады інін.
Қақ жарып қалың топты тасқа батып,
Жақсығұл атқан оғы батырыңның.
Сабынан қабатталған түйреп өтіп,
Шығып тұр ол шетіне саптарының.
Оғы бар пиаладай мылтығының,
Жарығы жасылдай боп атқанының.
Қоңыраттың Алатаудай оннан шаншып,
Домалап басы жерге жатқанының.
Он беске оза шауып өрлейді ерлер,
Бәрі қап ұят-аят, жасқанудың.
Сиқымбай жұлдыздай боп, қырғында жүр,
Тау менен бәрін кезіп шатқалының.
Семсерін екі жақтап, керіп шауып,
Дағы қап қара тасқа батқанының.
Жиембет жолбарыстай нағыра тартып,
Ойлайды «бір жетсем» деп, тудың түбін.
Сауытын топтан шығып сілкінгенде,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұршақтай оғы төгіліп көздерінің.
Қашырып қатағандар, қайтарып тұр,
Бәрі де барып-қайтып екпіндінің.
Ұдайы алты күн-түн қырғын болды,
Болғанда, ұрық қалмас, бір апта, он күн.
Есім хан айтты: «Жануар,
Судан шыққан неме едің,
Су тұлпар деген сен едің.
Атқан оқпен жарысқан
Жұлдыздай сені дер едім.
Көлденең ұшқан құстардың,
Көлденең ұшқан үйректің
Қанатын басып жөнедің.
Ерге лайық ат туар,
Маған серік сен едің.
Жалықтың ба, жолдасым,
Шабандау сені көремін,
Осы бүгін керегің.
Хан Тұрсынға бір жеткіз,
Иә өлтіріп, иә өлейін.
Сеніменен бір қылыш,
Бір-ақ сақа керегің.
Мирас едім бабамнан,
Дабылға тіллә салғаннан.
Қызырдай боп дарып ең,
Үшеуіңді алғаннан.
Қалып едің басында
Ықпалы жүрген әлемге.
Алты ықылымды сұраған,
Әмір Темір нәмінен
Жылаған бала жұбанған.
Бүктесем сиып уысқа,
Қандасам түсіп қатысқа,
Тағыммен тіллә тең едің.
Опаңды көрсет, жануар,
Сенімен менің мерейім.
Хан Тұрсынға барайын,
Қарсыласып қарайын».
еңсегей бойлы ер есім
Осындай деп Есекең,
Ілгерілеп айдады.
Атқан оқтай самғады,
Шапқан жері ойылып,
Будақ-будақ шаң қалды.
Жер ошақ құрлы көрмеді,
Алдындағы аңғарды.
Оң мен солға айналды.
Керіп тартып қылышты,
Оңынан келсе, оң шапты,
Қырына келсе, қырық шауып,
Алдындағы аман қалмады.
Аждаһадай деміне
Келеді тартып әмбені,
Шеніне пенде бармады,
Ойнаса бұрын, шындады.
Осындай ерлер көп еді,
Баршаны ажал ұрлады,
Тұтқа болып тұрмады.
Бір жерлерге келгенде
Қирата шауып көп елді,
Қылышынан қан тамған.
Тұла бойы қызыл қан,
Алдынан үркіп мың мен сан.
Оза шауып қиратқан,
Тәж киіп, жібек шырмалтқан.
Саптарын бұзып ұзақтан,
Сансызды қырып қазақтан.
Әнжамы сай өтімді,
Көне бура секілді,
Хан Тұрсынға кез келді.
О да мұны іздеген,
Арада қанша сөз болды:
—Келдің бе, жәке, кезіме,
Құмар едім өзіңе,
Жолыға кеттің көзіме.
Неше сапар алдандым,
Сенімсіз сеніп сөзіңе.
Себеп боп халықты жамсаттың.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құдайыма мың шүкір,
Көрсетті ме көзіме!
Сонда да әуел сыйладым,
Армансыз болып қамданғын,
Кезек бердім өзіңе.
Хан Тұрсын айтты: «Қарағым,
Артық еді талабың.
Кірді ме сайтан ойыма,
Бұзықтар бұзып қойды ма?!
Өткен іс келмес орнына,
Құдайдан шығар әр жұмыс.
Пәтті байы—себеп ән,
Жазулы Құран бойында.
Күтініп, жина күшіңді,
Қол қойдым ауыр ойынға.
Осындай деп семсермен
Есім ханды үш шапты.
Қалқанын бөліп әуелгі,
Жаңалап бәрін ұстапты.
Екіншіде сауыттар
Шіріген бөздей қирапты,
Тілген жерін уатты.
Үшінші зақым ұрғанда,
Өтіп барып тоғыздан
Қабатын қырып киімнің,
Екі елі дарып етіне,
Ары бармай тоқтапты.
Есекең де қамданды,
Бітірген соң нәубетті.
Бұған да кезек үш келді,
Бір-біріне тұс болды.
Анжамдарын талқандап,
Сүйектерін кеспеді,
Сол сипат семсер өтпеді.
Қапаланып, сұс болды,
Өкініп бармақ тістеді.
Қылыштасып болмады,
Найзаласып қалады.
Түйреп өтіп сауыттан,
еңсегей бойлы ер есім
Тәніне тоқтай қалады.
Әр істің бар себебі,
Уақытымен болады.
Ада қылды екеуі
Он бестен отыз найзаны.
Қылмаған соң бұлар кәр,
Аударыспақ ойнады,
Ұстасып бір-бір қолынан.
Бір қолдар аттың жалынан,
Майысып аттар бауырлап,
Неше уақыт өтті сонымен.
Шалығып қанша, шаршады,
Жүректері айнып, қабынан.
Бірнеше уақ боп кетті,
Күрзінің келді нәубеті.
Бұрынғы анжам тасталды,
Күрзімен ойын басталды.
Хан Тұрсынның бар еді,
Бірнеше пұт салмағы,
Болаттан соққан шоқпары,
Өткерген қанша патшаны...
Түнеріп Есім қабағын,
Үзеңгіге тіреп аяғын,
Қабаттап қалқан ұстады.
Үш мәртебе айқайлап,
«Берік бол!» деп, тастады.
Жерге жетіп сәскелік,
Жаңғырықты жердің тастары.
Қалқандары дал-дал боп,
Шоқ болып жерге тасталды.
Тізе бүгіп су тұлпар,
Дүр сілкініп, жасқанды.
Ақылы айнып Есімнің,
Тізгіні аттың бос қалды...
«Кезегіңді сен де ал» деп,
Ұсынып басын нұсқады.
Есім хан жиды қуатын,
Шіреніп қармап қолына
«Жәдігер менен болсын» деп,
17-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Беріп еді Борай хан.
«Салмақты күрзі ауыр деп,
Зарпынан өлген көп ел» деп,
Бірнеше пұт салмағы.
Бір атқа өзін арттырып,
Ап жүрушы еді шідерлеп.
Толғап-толғап алады,
Айнала шауып майданда.
Айнадай жерге барады,
Гулеп барып бір салды.
Құлақтары шыңлады,
Күркіреген күндей боп.
Тау менен тас жаңғырып,
Бездірді іннен хайуанды.
Хан Тұрсынның есі ауып,
Шаңнан тұман орнады.
Белі үзіліп атының,
Қисая барып құлады.
Есін жиып бір уақта
Хан Тұрсын тұрды орнынан,
Жамбасын сүйеп қолымен.
Тағы бір атты жеткеріп,
Мінгізді біреу тобынан.
Туына қайта қыңырықтап
Қайтайын деді жолымен,
Қашудың ұят-арымен.
Сөйтіп ерлер тұрғанда,
Қалың оқ жауған жаңбырдан
Бір оқ келіп тиеді
Есім ханның қолынан.
Саусақ жақтан жарып кеп,
Тоқтады тұйық тұғылдан.
Қосыннан шықты бөлініп,
Зақымет ауру мұңымен.
«Бар ма,—депті,—талапты ер,
Тіліп, ыстар оғымды?»
Әмбеге бір-бір көрінді,
Алуға болмай шамасы,
Шайқады басын әмбесі,
еңсегей бойлы ер есім
Ешкімнің табы болмапты.
Тістеніп тұрып тістерін,
Қолына алды пышақты,
Қабағын шытса ұят-ты.
Жарып келіп тұғылдан
Ысытып алып тастады,
Біразырақ қан ақты.
Ақ дәрісін жақты да,
Шүберекпен байлапты,
Елеместен зақымын.
Елеуреп тағы батырың,
Тартпасын тартып атының
Майданға қарап ат шапты.
Талқандап бұзып сап-сапты,
Аңғарады жау жақты.
«Келтірме,—деп,—жақынға»
Жүгіріп жаяу, атты да,
Қатағандар шулапты.
Аңғарлы салып құлақты,
Қарсы келсе жамғарып,
Жетер жерін ойланып,
Лақтырып өлігін,
Алдын ашып атының,
Жиембеттей батырың.
Пәйтіне түсіп барудың,
Тіпті жақын шамалы,
Есік пен төрдей араны.
Алла болып ұраны,
Ту ұстаған Құраны,
Іспаһани қылышпен
Төбесінен бір шапты.
Бар күшімен нұсқапты,
Қақ жарып барып, тас қапты.
Екі жаққа керіліп,
Атымен теңдей бөлініп,
Қора батыр құлапты,
Қара жерді қабады.
Қисайып туы барады,
Тасмас деген біреуі
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түсірмей ұстап алады.
Нәсілі тәжік ел еді,
Өзі қопал неме еді.
Бұрыла алмай артына,
Екпінімен тұлпардың
Ағып өтіп барады.
Оңай емес, өршіл жұрт,
Қатағандар қамады.
Қолынан түсіп бәрінің
Асығыста жарағы,
Тас кесекпен сыбады,
Кез келгенмен ұрады.
Қорыққандай от басып,
Айнала шауып құрлады.
Айналып кетті қырынға,
Туына қайта ұруға.
Әр тарапқа сүріліп,
Кезіккен жауға ұрынып,
Қашықтатты араны.
Басым көріп ерлерін,
Туынан өтіп желгенін,
Қораны екі бөлгенін
Болжаған соң ер Есім
Көңілі өсіп, айқайлап,
Айтқан мынау ұраны.
Хан шақыруы:
«Қымыз ішіп, сырбаз жеп,
Қанды қызыл, алашым!
Айран ішіп ағарған,
Қарыны кең, алашым!
Сүйегі тың, май жілік,
Миы толық, алашым!
Қатаған, сарт, тәжікті,
Аямай шаншы, алашым!
Кең далада, кең өскен,
Ысырап қып көп ішкен,
Малға сайлы, алашым!
еңсегей бойлы ер есім
Өзіндей қылып жылатқын
Қатағанның баласын!
Әбүйір берсе осыдан,
Үш алаштың баласы,
Ер басына ілесіп,
Қос-қос жетім аласың.
Шылауды қызыр ұстаса,
Әбүйір беріп, бақ қонса.
Бағың тайып басыңнан,
Досың кетіп қасыңнан
Туың құлап, Хан Тұрсын,
Алтын жығаң қисайса,
Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз,
Қалауынша қыларсың,
Қос-қос жесір аларсың.
Ұлы жүздің ағасы,
Елтірі тонның жағасы,
Әлібек би қыласың,
Құдайберді баласы.
Қамыстан көп Жанысым,
Өрнекті жұрт табысың.
Жақсығұл қайда мергенім?
Көрнекті қайрат көргенім,
Жыға шанышқын ерлерім.
Сіргелі, Қаңлы, Жалайыр,
Қара ағаштай Дулатым,
Қарсы жауды шулатқын.
Ер Алатау—Қоңыратым,
Жау бетінде миятым.
Тоқсан бір баулы Қыпшағым,
Олжаға толсын құшағың.
Арғын, Найман, Қызайым,
Дүркін-дүркін айдағын,
Алшын, Жаппас, Адайым,
Жидебай, сені қалаймын.
Білінсін ерлер сыңайың,
Талқылы боп талайың.
Ер Жиембет, қайдасың,
Жыға шанышқын найзасын?!
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Танып тұрсың сыңайын,
Бостау тартып келгенің.
Бәрекелді, ерлерім!
Иісі қазақ баласы,
Қос жесір, жетім аларсың,
Қалауыңша қыларсың.
Қайда кеттің көрінбей,
Сүлеймен ұлы Сиқымбай?
Жалықпай жауға шабатын,
Жаңа талап, ерінбей.
Мінген атың кер дөнен,
Түтінге шап көлденең.
Ел жоғары, жау төмен,
Бәрекелді, ерлерім!
Іс ағына айналса,
Қызыр дарып, бақ қонса,
Көрген түсің оңалса,
Хан Тұрсынның, иншалла,
Тәжі, тақтын аларсың,
Қазына, мүлкін таларсың».
Осындай деп сөйледі,
Қуаттанып досынан,
Ерлердің бәрі өрледі.
Ашылып барып, жауындай
Тудың түбі түнерді.
Ынтымақ қылып, бірлесіп,
Тізе қосып екеуі,
Ер Алатау, Жиембет
Туға қарай жүргелі,
Ер Сиқымбай артынан
Бұларды қорып демеді.
Тұс-тұсына әзір боп,
Топтанып ерлер келеді.
Әзір беті қайтқандай,
Шегірткедей ел еді,
Тауларды өлік бөгеді.
Сел болып сайдан қан ағып,
Нөсердей боп келеді,
Хан Тұрсын халқы көп еді.
еңсегей бойлы ер есім
Қоралаған қойдай қып,
Тұс-тұсына бөледі.
Қиратып, шаншып, аралап,
Ірілерін саралап,
«Өлдім, талдым» дегенде,
Туға жақын келеді.
Таймас деген батырың
Асылы тәжік елі еді,
Өзі қорқақ неме еді.
Елеңдеп екі құлағы,
Шу-шу жақын келгенге,
Зорғадан туды ұстап тұр.
Ерлерді байқап көргенге
Жылап, мұрны сорайып,
«Өлейін» деп қылжиып,
Осалдап байғұс келеді.
Пұшайман болып алғанға,
«Неге ұстадым» дер еді.
Жиембет батыр бір шауып,
Келеді де, бөледі.
Таймас батыр жер қауып,
Ажал жетіп өледі.
Туы құлап, хан Тұрсын,
«Не болсаң, халық, ол бол» деп,
Ташкентке қарай жөнеді.
Жұлдыздай ағып арғымақ,
Құстай ұшып келеді.
Шілдей тозып қосыны,
Бұлар да қашып жосыды.
Аллалап бәрі ұран сап,
Артынан қазақ қосылды.
Өршігіп барып, қуанып,
Қашқанмен қуған шұбалып.
Түсіргендер артынан,
Әр жерде олжа бір алып,
Қара жерді қандады.
Епшілерді сонда көр,
Оза шауып олжа алды.
Ұмтылғаны озық ап,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ерінген қорқақ құр қалды.
Біреулер жүзді алғанда,
Біреулер зорға бірді алды.
Орта буын оңды алды.
Есім хан қырып ысапсыз,
Етекпенен айналды.
Қазығұрттың астымен,
Шымкент, Сайрам үстімен.
Сауыршымен төтелеп,
Келеспенен жағалап,
Семізін қырып, саралап,
Қойға шапқан қасқырдай,
Оза шауып аралап,
Қуып, қырып жөнеді.
Теп-тегіс қуып келеді
Көкім би де бүйректен.
Бұ да қырып қосылды
«Олжа алам» деген тілекпен.
Екі жақ болып жөнелді,
Сапсыз қашқан көп елді.
Екі ажырап қатаған,
Бірі өрде, бірі жотамен.
Пәс жағын қырып Есім хан,
Бір тарабы өр еді,
Қатаған қашып келеді.
Қазығұрттың өр жағы
Бұлың-бұлың сайы бар,
Тауға жақын жер еді.
Тас біткен тауменен,
Биік жота бел еді.
Сонан қалған атақ боп,
«Көкінің белі» демегі.
Қашқан менен қуғандар
Бәрі де Ташкент айдады.
Бәрі де сонда қосылар
Үш тайпаның аймағы.
Бұл жерде ешкім қалмады,
Қырдағы мен ойдағы,
Тасадағы, сайдағы.
еңсегей бойлы ер есім
Ташкентке қуып, қашып бәрі барды,
Сән кетіп бір жағынан, бірі сәнді.
Бас кетсе бір жағынан, бірі олжа алып,
Болғанда бірі малсыз, бірі малды.
Ұғынар енді халық айтпасам да,
Басында ант қып қойған шарты бар-ды.
Кез келсе еркек тұқым, бірін қоймай,
Кезіксе буаз қатын, ішін жарды.
Тапқанға еркек бала сүйінші айтып,
Үлесіп жетім, жесір қатындарды,
«Нәресте Қатағаннан» десе біреу,
Тең тартып сүйегіне тіллә алды.
Үлесіп сүйіншіге тауысыпты,
Қайысып нарларға артқан қазынаны.
Жылшылық жерге қашса, қуып сұрап,
Қауышты жерді қоймай аралады.
«Бар болса, жер жүзінде Қатаған» деп,
Өтініш әр патшаға хабар салды.
«Дүниені, бірі қалса, бұзады» деп,
Зер беріп, сәлем-сауқат, көп жалбарды.
Қамданып, бір топ адам, қашқан екен,
Паналап Әбілғазы ханға барды.
Есім хан қуып барды арт жағынан,
Бір адам сүйінші айтып осыларды...
Хан тілегі:
—Қош, патша, амандасып сәлем бердім,
Көргелі бармасаң да, іздеп келдім.
Ақыры мынау жұмыс, мұндай боп тұр,
Сенімді еркек патша басында едің.
Бір ауыз сенің тіліңді алмағанда,
Тұқымы құрымас еді бір тайпа елдің.
Өзгесі аман болып қалмас па еді?
Өлтіріп хан Тұрсынды-ақ қояр едім.
Жамандық, жақсылығым болғаннан соң,
Сен қалдың обалына тәмәм елдің.
Бір тобын қашып келген жасырыпсың,
Қоймаймын біреуін де шартым менің.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Баласын Әзірет сұлтан өлтірген соң,
Қараған қожа Ахмет тамам елін.
«Дүниеде сүйір халқы қалмасын» деп,
Сөзі бар пәтуа, кітап көнелердің.
Сол кісі жазу десе, қоймас па еді,
Ондай-ақ әулие емес, бір пенде еді.
Сақаптар Мәуияға аунаған соң,
Қырғанын білмеуші ме ең Әлі шердің.
Сақаба, әулиені қоймай қырған,
Көңіліне жақпаған соң тамам елін.
Сыйласа «мұсылман» деп қырмас еді,
Бұлар да сол сияқты жауым менің.
Қаласаң мейлі алтын, мейлі жұрт ал,
Не жайлы Қатағанды тәуір көрдің?
Сөйледі Әбілғазы сонда тұрып,
Өтініп, қол қусырып, құлдық ұрып:
—Бәрі де тағдырдағы жазу шығар,
Ақырын ойланамын қайдан біліп.
Пайғамбар ғайып ісін болжамаған,
Жазасы—тауысыпсың бәрін қырып.
Жібермек тіпті құртып, Құдайға қас,
Бұлар да дүниеде болсын ұрық.
Зерің де, шаһарың да керек емес,
Қоймасаң, қыз берейін тарту қылып.
Бұтаға қорғалаған торғай қалар,
Қайтпаған нәмірт най үміт, көкке шығып.
«Болса да кәпір, нәй үміт қайтпасын» деп,
Оғына балықты ұстап қарам қылып,
Зеріңді, тағымды ал, жұртымды да ал,
Жалынып қайта-қайта құлдық ұрып...»
Есім хан лажы жоқ бермек болды,
Ұсынып тұрғаннан соң, мойын ұсынып,
Қоштасып, көп дүние алып, қайтып кетті,
Зер, алтын ізет қылған тіпті көп-ті.
«Бұзық халық саған бір сыр көрсетер» деп,
Дайындап қайта-қайта айтып кетті.
«Ант пенен бұл халыққа әуәде жоқ,
Сонда бір сөйлесермін саған»,—депті.
Әзірше алып қалды ажыратып,
еңсегей бойлы ер есім
Сөйлейін қалғандардан біраз кепті.
Біраз күн сыр берместен жүріп еді,
Бір күні хан қызына ғашық бопты.
Төсектен бір күн түнде ұрлап алып,
Жабылып, ортаға алып, арын төкті.
Түсініп анық бұзық екеніне,
Есітіп, Әбілғазы қаһары кепті.
Түгелдей дарға аспақ боп тұрғанда,
Жиылып уәзірлері арыз етті.
«Әй, тақсыр, баста сұрап өзің алдың,
Көп айтып, зарлап еді бұзылғанын.
«Тілеген жаңбыр, еңбек басқа» дейді,
Бұрыннан ескі, көне адамдарың.
Семірсе арық адам, басқа тебер,
Май етер, бақсаң, ауызды арық малың.
Онан да екі-екіден алысқа айдап,
Таратып әр патшаға жібер бәрін.
Бұл жәбір, бұл жаза да соған жетер,
Мүсәпір түрткісі бар барша адамның...
Бұл күнде Ауған, Бұқар арасында,
Бар дейді сол таралған Қатағанның.
Бір шеті шаһар Бұқар атыраптан,
Бір шеті Қайсар Күләп»,—дейді намын.
Бұл жақтан бір жайлы боп қайтып еді,
Бұл жақта не боп жатыр Есім ханың?
Хан Тұрсын Ханабадта бой бермей тұр,
Өзгенің тамам етіп қырды бәрін.
Ада қылып Есім хан,
Еркек жынысын жайлады,
Бала да болса жамдады.
Буаз қатын кез келсе,
Ішін жарып, жамғарды.
Бір қалғанда бір күні
Қаңлы қызы кез болып,
Даяр тұрды жаллаттар
Басын кесіп алғалы.
Айрылмастың қатыны,
Тапсырып кеткен осыны,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түсініп жайын, аңдады.
Есім хан дос еді,
Атасы оның әм тағы.
Қызы тұр зарлап жалынып,
Тарылды бұ да налынып,
Батпай тұр сұрап алғалы.
Жауап берді Есім хан,
Естіп мұны барша жан.
«Шешілсін, досым қапаң» деп,—
«Байдың қызы Дарқан» деп.
«Шанышқылы» дейді туылып,
Дарқан боп содан таралған,
Сұрасаң тарих санадан.
«Олай емес, бұлай» деп,
Біреулер мұны сөйлейді:
—Туылған егіз ұл»,—дейді,—
Құдайназар—ағасы,
Арназар—дейді інісі.
Құдайназар, Дарқан боп,
Аталады бәрісі.
Жайылған мәшһүр жабысы.
Ақиқат жер—бұл,—дейді,—
Інісінен Ерназар
Туылыпты үш бала,
Таралған қалың ел,—дейді.
Шежіре сана білгені,
Баба Дербіс әулие
Болған екен пірлері.
«Шаныш, құлым» деген себептен,
Ат тағылып келеді,
Дуалы ауыз ілгері.
Сол заманнан бері қарай,
Өсіп-өніп көбейіп,
Іргелі жұртқа теңелді.
Болмағанда мұндай іс,
Бір тайпадан көп еді,
Патшалы ел еді.
Нағашылы, жиен боп,
Қаңлы, Шанышқылы дегені.
еңсегей бойлы ер есім
Заманында Қоқанның
Сіргелі мен Дулатқа
Сүйек қас боп кеп еді,
Арада істер көп еді...
Бұлардан көңілі тынған соң,
Қосынын жинап Есім хан
Ханабадқа жөнеді,
«Хан Тұрсын сонда» деп еді.
Ташкентпенен арасы,
Сәскелік қана жер еді.
Оң бетінде Шыршықтың
Бір шақырым бар еді.
Қатын, қызын, малайын
Бірге алып қасына,
Құтылып жалғыз кеп еді.
Басқадан үзіп күдерді,
Бұрыннан соң істетіп,
Бекем еді қаласы,
Тегіс еді даласы.
Салынған жері дөңестеу,
Биік еді шамасы.
Аспап, әнжам сай қылып,
Пенде бұзып кірмейтін
Болат еді қақпасы.
Саяхат, дәріханасы,
Ортасына қойылып,
Мүкәмбалы жиылып
Керекті нәрсе үйіліп,
Алтын, күміс әмбесі,
Амандап барып бір өзі,
Қасында жоқ жолдасы.
Хан Тұрсындай ханыңның
Болар еді үш қызы—
Қоңырбике, Айбике,
Нұрбике дейді нәмдері...
Есім ханның келерін
Анасы шексіз біледі,
Тауысқанын көп елді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үш қоржын бас алтынды
Арғымаққа салдырып,
Жол қаражат жам қылып,
Әлі деген қызметкер
Бар еді сарты алдырып.
Арыздасып, қоштасып,
Жыласын қанша, сықтасып:
—Қияметте көрермін,
Есім ханға тұс болмай.
Шоры болып жүргенше,
Жарылқасын алдынан.
Тірі болсаң, шырақтар,
«Бізден де қалсын ұрық» деп.
Ерге таңдап тиерсің,
Қор болмайтын дүниең бар,
Қалағаның киерсің,
Өздерің тауып жүйесін,—
Деді де енді анасы,
Құшаққа кеп еңіреді.
Есім ханнан ілгері
Шығарып жолға жіберді.
Күн-түн қатып жүреді,
Орта жүз Тобықты еліне
Әлі сартты басшы қып,
Тұс боп соған келеді,
Ерлерге таңдап тиеді.
Еліне Тобықтының нәсіп болды,
Қаңғырып, тәңірі айдап тура келді.
Жазылған пешенеге жұмыс болар,
Әлі сарт тура бастап алып келді.
Атақты ерлер шығып ұрығынан,
Нәсілінен қыздың тұяқ қалыпты енді.
Шәкәрім санасын жазған екен,
«Ақиқат бұл—мамамыз анық» дейді.
Есім хан Тұрсын ханмен не қып жатыр,
Қамал қып Ханабадқа барып па еді?
еңсегей бойлы ер есім
Хан қамалы
Жиылып барып көп қосын,
Айналасын қоршады.
Жақындап барып ілгері,
Жол таппады көргелі.
Есігі болат темірден,
Шапса қылыш жүрмеді.
Биіктен тартып садағын
Дүркін-дүркін жіберді,
Қардай болып түнерді,
Тағы өлтірді көп ерді.
Оққа ұшырып жіберді,
Алатау батыр дегенді.
Жарып өтіп жүректен,
Сауыттарын талқан қып,
Қара жерге тірелді.
Жазым қылды көп ерді.
Оқ жерден жетер сырлығып,
Серпіліп қосын жөнелді.
Жалғыз өзі сұс қылды
Қуғыншы қазақ көп елді.
«Әдіс қылсақ, қайтер» деп,
Оң жағына келеді.
Қарғадан сақ хан Тұрсын
Оларды да көреді,
Әдісқой әккі неме еді.
Жауған қардай садағын
Тартып-тартып жіберді.
Сап-сабымен қиратып,
Тағы өлтірді көп ерді.
Әр оғына он өлді,
Қырына келсе, қырық өлді.
Айналып келсе арқадан,
Құлата берді шалқадан.
Бірқатары тағы өлді,
Инедей көзге ілмейді.
«Тауысар оғым» демейді.
Сол жағынан кеп еді,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ашылды үдеп өнері.
Қиратты тағы нешеуін,
Болмаса ақыр өледі.
Қайтсін байғұс хан Тұрсын,
Таусылып қалды көмегі.
Атырабын қаланың
Төрт тараптың тамамын,
Неше дүркін ат шауып,
Әлденеше айналып,
Есім хан үзді күдерді.
Әр айламен ептеді,
Түнінде де кетпеді.
Атқан оғы аспандап,
Таса жерге жетпеді.
Зеңбірек, мылтық, доп атса,
Қаласынан өтпеді.
Іші шала болған соң,
Алысқа ұзап кетпеді,
Ең қиын жауы осы еді.
Өлтірмей кетсе, еп пе еді,
Мұныңдағы кетпейді.
Мінажат қылып зарланып,
Бірнеше күнді өткерді.
Ұйқы көрмей, ас ішпей,
Диқат болып жырлады,
Болмай тұр мақсат-мұраты.
Ерте тұрып Есім хан,
Таң қарасы болғанда,
Тамашалап айналып,
Биікке пәс зер салып,
Көзін тігіп тұрды.
Ербең етті бір нәрсе,
Анық байқап көргенше,
Қаланың шығып басына,
Бір әйел келді қасына.
Шошайтып қолын нұсқалап,
Су шығатын бұрышына,
Мезгіл-мезгіл тұрады.
Су кіретін жер екен,
еңсегей бойлы ер есім
Анықтаса сияғы.
«Тілегіңді берем» деп,
Әйелге уәде қылады.
Хан Тұрсынның қатыны
Осының айла-ақылы.
Ерлерін өңкей жияды,
Тесігінен сияды.
Қосынды жиып, шақ болып,
Қақпасын талқан қылады.
Ұйқысын тездеп оятып,
Даяр болып тұрады.
Ақырын барып қозғады,
Ұйқысынан оянды.
Түсінеді өзі де,
Үстінде жоқ құралы.
Есім ханның жауабы:
—Пайғамбардың сүннеті,
Жауап сәлем бердім мен,
Жәке, не қып айрылдың
Дария шалқар көліңнен,
Ажырап құрбы теңіңнен.
Біреуі де қалмады
Мың кісілік әрқайсы,
Жора-жолдас бегіңнен,
Қазақтан көп еліңнен.
Бағың тайып астыңнан,
Тәжің түсті басыңнан.
Арылды құрал тәніңнен
Бәрі кетті қашыққа,
Енді өзіңді жасытпа!
Пешенеде бар шығар,
Көресіз де Тәңірден».
Хан Тұрсын айтты: «Шырағым,
Не қылса Құдай, ұнадым,
Анықтап білмей сөзіңді,
Керең боп тұр құлағым.
Өлмесе, бәрі жойылсын,
Оларды не қылайын,
Осы ма еді уайым?!
18-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тәжі-тағым тауысса,
Саған табыс қылайын,
Інімсің ғой қияйын,
Дүниеде қызық өлімді.
Нәубет-нәубет көрулі,
Дүниеге тұлға бол,
Тұл қалғанға ие бол,
Бәрі саған берулі.
Ел түгіл, тақ, жерімді,
Қылып ем мен де тәнтімін,
Қылғаныма шыдайын...
Есім хан сонда сөйледі:
—Асы жапы пендеміз.
Кім ақысын жедің бе,
Жылатып жетім, жесірді,
Сөз айтып, қорлық бердің бе!?
Маған да кезек келді ме?
Бар шығар көп қатамыз,
Тәуекел атты атамыз:
«Ит пенен құсқа жем қылмай,
Айналайын, хан Тұрсын,
Жасыра кеткін» деді ме?
Гүлханымдай анамыз,
Үстінде бүтін киім жоқ,
Быламық іштім, етім жоқ,
«Айналайын, хан Тұрсын,
Құлақ салшы» деді ме?
Қарындасым Ханымша
Әрқайсыңа жалтақтап,
«Жәкетай», сірә, деді ме?
Арам, алал жегізгем,
Ұлым, қызым дегізген,
Қарсы тұрып ажалға,
Енді жәрдем берді ме?
Хан Тұрсын сонда сөйледі:
—Қам сүт емген пендемін,
Пенде боп нені көрмедім.
Қасарғанға қасарып,
Қарсы қылыш сермедім.
еңсегей бойлы ер есім
Мен де жаза бергемін
Өзім де тірі күнімде.
Зарлап тұрса бір адам,
Көз жасын қабыл көрмедім.
Ханның басын хан алар,
Қардың басын қар алар.
Қуып қашып кезекпен,
Қарайып дүние жоғалар,
Жазуға не шара бар?!
Жақсы адам жанды қинай ма,
Жаманның ісі табалар.
Өліге азар бергенмен
Мына сөзің бара-бар.
Иман айтып Құдайға,
Намаз оқып алайын.
Көрдім, көндім, Құдай-ау,
Иманымды сұрайын,
Жетерсің ақыр мүддеңе,
Сабыр қып ерлер тұра бер,
Жаның шығып бара ма?
Есім хан қабыл көреді,
Азырақ сабыр береді.
Дәрет суын даярлап,
Қатыны жақын кеп еді,
Бармағын тістеп, бас шайқап,
Теріс қарап бұрылып:
«Е, опасыз» деді енді,
Әйеліне түнерді.
Екі рекет намазбен
Қыбылаға жүзін жіберді.
Салауат айтып Расулға,
«Лә иллаха» деп еді,
Толғап-толғап садағын,
Мекірегін жіберді.
Жүрегінен қақ жарып,
Қара жерге қан тамып,
Түйреп оғы қадалып,
Шымырқанып, шырқанып,
Қашан жаны шыққанша,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сірә, бір сыр бермеді.
Отырып еді тізерлеп,
Сол бойынша жөнеді.
Тәуіп, құшнаш жүрегін,
Сыбанып екі білегін,
Ақтарып жарып көреді.
Додаланып, шырғалып,
Самал тұрса ырғалып,
Шудасындай түйенің
Жүрегінің түгі бар еді.
Сүйектерін түгендеп,
Жаназа оқып, кебіндеп,
Сағанасын тұрғызып,
Жалаулап белгі жүргізіп,
Бұйырған жерге көмеді.
Ханабадта деп еді,
«Надан достан, зерек қас».
Әттең, дүние, опаң жоқ,
Ап жатырсың себеп боп.
«Жазым болды-ау бір ер деп.
Мен де өтермін дүниеден,
Осындай болып кезек кеп».
Есім хан жылап жіберді:
«Дүниеге тоймас қу көзім,
Тындың ба, сірә», деді енді.
Ақтарып көрсе қазынасын,
Алтын, күміс, гауһар тас.
Қуанысып кәрі, жас,
Кемі жоқ, тіпті көп еді,
Қытайдай мүлкін дер еді,
Төгілген жері теңелді.
Бөгеді олжа көп елді,
Бәрін де артып келеді.
Тәуекел ханның тәжісі
Бір сандықта тұр екен.
Көңілі шат боп, қуанып,
Басына Есім киеді.
Хан Тұрсынның қатынын,
Айтайын енді ақырын:
еңсегей бойлы ер есім
Күн сайын сыйлап кетеді.
«Жүйе» деп тентек мақұлын,
Жайылып жастық болады,
Қабағына қарады.
Осындай ізет көрсе де,
Күн сайын азып барады.
«Қандай,—деп,—мұның себебі»,
Есім хан бір күн сұрады.
Қатынның мынау жауабы:
—Хан Тұрсынның маған қызметі,
Осындай боп ізеті:
Қырық қойдың май жілігі
Әр күніне дайын боп,
Тұрушы еді қайыл боп.
Жақсылығын айтамын,
Азбай, тақсыр, қайтейін,
Өлгеннен соң жазым боп,
Өгейсіндім соны деп...»
Есім ханның қаһары кеп,
«Опасыз жалған әйел» деп,
Болса да, мен дұшпан ем.
Сондай күткен еріңді
Маған ұстап бердің, деп,
Кімге опа қыласың,
Берейін саған жаза!—деп,
Қинап-қинап өлтірді,
Қатын да кетті тамам боп.
Қатынның мынау болды ақыр түбі,
Ғибрат ал үлкен-кіші, ойлап мұны.
Еркексіз әйелдің де күні болмас,
Әйелсіз еркектің де болмас күні.
Опалы алалына кез қылмаса,
Бір опық жегізеді ақыр түбі.
Бұл дүние, ол дүниеге залалы бар,
Осындай кесапаттың тисе бірі.
Өз байын дұшпанына ұстап берді,
Осындай-ақ бір еркек жақсылығы.
Күткеннен опа қылса, қылар еді,
Бар ма еді еш нәрседен тапшылығы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түбіне не ерлердің әйел жеткен,
Ойлағын, үлкен-кіші, жақсы, мұны.
Есімді анасына келтірелік,
Осындай тақалды ақыр жаудың түбі.
Ана насихаты
Енді келіп Есім хан,
Анасын іздеп жолықты.
Аман-есен көріпті,
Ботадай боздап, көрісті.
Өкпесін айтып зарлады,
Жүрегі қалған шемен боп.
—Өтірік пе, рас па?
Түсім бе осы, өңім бе?
Қозым, сені көргенім.
Көргеніме сенбеймін,
«Елестеп қаял жүр» деймін.
Не көрмедім дүниеде!
Алысқа кетсең, арман боп,
Қалбыр жүрек боп өлдім.
Бір-ақ өлім көрмедім,
Туғаның кейін болған соң,
Өлгеннің қадірін білмейсің.
Басыңа келсе, білесің,
Ата-анасын алдында ал,
Баланың дағы қалмасын.
Сенде мендей боларсың,
Үйленіп қатын аларсың,
Қатын-бала табарсың,
Ұл сүйіп, қызды боларсың.
Өз жайыңа қонарсың.
Өзен, суға барарсың...
Атаң кетті жайланып,
Көрмей қалдың арманда
Қартайған әкең қарасын.
Мені қайдан табарсың,
Ұялас ұшқан сұңқарың,
Қанат-құйрық, жұбайың,
еңсегей бойлы ер есім
Іздеп, сұрар жекжатың,
Артта медеу, миятың,
Ханымшаң кетті қай жаққа,
Оны қайдан табасың?!
Қайта жасап ата-анаң,
Інімен бітіп қарындас,
Түгендер ме еді шаласын.
Арт жағыңнан көгертіп,
Сідігіңе дарытса,
Перзентті, балам, боласың.
Қызба табан желікпе,
Әрдәм қиял ойыңыз,
Мас буын әлі бойыңыз.
Елде жаршы қойдырып,
Төрт түлік малдан сойыңыз.
Ақ батамды берейін,
Құтты болсын тойыңыз!
Өлгенге Құран оқытып,
Сағанасын бекітіп.
Қосылып ем он бес жасымда,
Бірге жатсам қасында,
Құдай қосқан жолдасым
Бабаатада қап еді.
Терең қазып тепкілеп,
Қасына бірге қойыңыз.
Келеді, балам, жақындап,
Түсімде көрген осы кәп.
Біздің де болар тойымыз,
Мүдделі осы ойымыз...
Топырақтан бір түріп,
Ақ туына жүгіріп,
Маһшардың жарқын күнінде,
«Үмбетім» десе Пайғамбар,
Өткенге тоба келтірдім.
Көргенге шүкір бір уа бар...
Насихатым және де:
Жалаңаш, шөлейт жер еді,
Байтағыңды тұрғызба
Түркістан атты қалада.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ауасы салқын, жері саз,
Тірлікке бейнеті аз,
Сары қымыз, сырбаз ет,
Көңілің қош, қысы-жаз,
Шымкент, Сайрам жарасар,
Осында тұрсаң жарасар.
Әзірет Сұлтан атасы
Сансыз баптың жайы бар.
Көгере жайлау Алатау,
Еріксең, әр қилы аңы бар.
Екі Келес, бір Талас,
Қозыбағар, Иірқас,
Төңіректе сәні бар,
Асанқайғы сөзі бар.
Наны тәтті, ісі күш,
Бір қиялға ауыр іс.
Еңбекпен күн көретін
Ташкент деген бір шаһар,
Әділ сұрап, қатты тұт.
Көшпелі, қопал жұрт еді,
Сақтаған ғана айуан мал.
Жыламасын бұқараң,
Нашардың бағы боп жүргін,
Жетім-жесір, балалар.
Олжаға көп жүгірме,
Дүниең жетер бүгінге.
Адамымен жолдас боп,
Ғаріптердің көңілін ал,
Дуасы алтын емес пе,
Жетік пірден бата ал!
Берекесін соң мыңға арзыт,
Артымда, балам, аман қал!
Бұ да шала қалмасын,
Көкім бидің сөзі бар.
Тірлігі Есімнің
Осындайша көп еді,
Сарамжал қылып кеп еді.
Қимай тұр кезі беруге,
Қашырғанда серік боп,
еңсегей бойлы ер есім
Бұ да қырып кеп еді.
Қырылып, қашып біткен соң
Хан Тұрсынның байтағын
Көкім би жайлап қап еді.
Былай шығып Есім хан,
«Былай тұрғын» демеді.
Ер Көкімнің сондағы
Айтқан сөзі бұл еді:
Көкім би Ташкентке бек сайланды
—Армансыз, ер Есім хан, олжаландың,
Бір тайпа түгел алып олжаларын.
Арманың бұл жалғанда қалғаны жоқ,
Мүддеңнің бәрі болып, ырзаландың.
Ынтымақ, ауыз бірлік қып тұрайық,
Сайлы жұрт, жасаған жау, қырса бәрін.
Найыбың өзіңнен соң мен болайын,
Баласын қырғыз-қазақ бір санағын.
Артыңнан мен інің боп сүйенейін,
Қолайтты, қатты жауға жұмсап алғын.
Бір шеті халқыңыздың Қапқыз болды,
Бір шеті Қытай болып шегараңның.
Ұрыссақ, еш патшадан бос келмейміз,
Баршасы түгел тұрса бұқараңның.
Бытырап ауыз бірлік болмаған соң,
Русия жақындатты Қырым ханын.
Халқымен Ауған, Бұқар шырын болып,
Үйреніп ғылым, өнер бірталайын.
Кәпірге оң жақтағы қарсы тұрып,
Кірейік қоластына Түркияның.
Қамын да балалардың ойлау керек,
Еңбексіз жегеннен соң жұрттың нанын.
Сөзінің мынау айтқан жөні келді,
Бас изеп жұрттың бәрі «Тура» деді.
«Шағылып орыстан да қалып ек» деп,
Ұнатып «мақұл» десті көбі де енді.
Мысалы, әскер басы адамдай қып,
Іштері бір-біріне жылы келді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ташкеннің найып сайлап қаласына,
Неше уақ халқы тыншып, тыным болды.
Осымен біраз уақыт кетті өтіп,
Халқы шат, сансыраған халі кетіп.
Есім хан жақсы жерден үйленген соң,
Келеді ұл ержетіп, қыз бойжетіп.
Бір күні ер Есім хан қамданады:
«Зиярат қыламын,—деп,—Қашқар өтіп.
Әртүрлі асыл, қымбат нәрсе алды,
Нәзірім осы болсын, көрсем жетіп...
«Барамын,—деп,—Қашқарға»,
Есім батыр қам қылды.
Уәзір, ханын жам қылды.
Уәзірі—Жақсығұл,
Алшын-Жаппас Жиембет,
Сүлеймен ұлы Сиқымбай,
Ілгеріден уәзір бұл.
—Көкім би, саған бұйрық бұл!
Ташкенттің жасап, қарасын,
Ойран болған ордасын,
Түзетіп, жасап, тәуір қыл,
Тапсырдым саған, мұны біл.
Осы күнде Ташкентте
Көк күмбез деген орын бар,
Піна қылған Көкім би.
—Дайындадым артымды,
Болжам, байқа халқыңды.
Ер Жиембет, Жақсығұл,
Ертең өткен жау болса,
Бос келместен, аңдып тұр.
Қашқарға барып келейін,
Көрмеп едім неше жыл.
Көп айтысып қоштасып,
Кідірместен жүреді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Аман-есен көреді.
Құшақтасып, көрісіп,
еңсегей бойлы ер есім
Жайы-күйін терісіп,
Аңсап тіпті кеп еді.
Әңгімесі көп еді,
Хан Тұрсын жайын қалдырмай,
«Тамамдап бәрін жайладым,
Қашқанын тауып, қоймадым,
Тауыстым,—деп,— адамын»,
Бәрін де айтып береді.
Бір күптігөй арман бар,
Ақыреттік уайым.
Құпия баян қылайын,
Хан Тұрсынның қатынын.
Сауыт-сайман, әнжаммен,
Ұстап ап, зина қып едім.
Айтқан сөзі батылдың:
«Игілігін төсектің
Хан Тұрсыннан көп көрдім,
Сенен көрдім, азамат,
Игілігін үйірлік
Салмағы ауыр бөксемнің,
Есесін оның жеткердің...»
Пұшайман болып, ойланып,
Айтқан сөзін жек көрдім.
Заманым қандай болады,
Кешер ме осы күнәмді?
Аппақ қожа ойланып,
Қаялданып сөйледі:
—Ғайып ісін болжал қып,
Пайғамбар да демеді.
Құдай өзі біледі.
Сонда-дағы, шырағым,
Жұбатпасам бір кеппен,
Көңіліңе келеді.
Жәседің сенің қойылар,
Қоспа судың өзені.
Бір замандар болғанда,
Сары жүзді, қой көзді
Адам алып, ем қылар,
Бір нәрсеге тәніңді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Кешілмесе сол уақта,
Күптігөймін мен енді,
Ақыретің болсын,—деп,
Сонда да дұға береді.
Осы сөздер мақал боп,
Көп заманға келеді.
Құлақтанып біреулер,
Біреуден біреу есітіп,
Әңгімеде дер еді.
Өр жағынан Шымкенттің,
Тіке құйған саласы
Сайрам су оны дер еді.
Қасқа су барып құйылған,
Айналып бір тығырдан,
Қоспа өзені сол еді.
Қуандық, Жаныс бір ата,
Отан қылған жер еді.
«Нарбай сазы»—деп еді.
Байжігіт, Жандар дейтұғын,
Ағайынды неме еді.
«Бар,—деп,—ашып дүние»,
Адамның басын көреді,
«Қазандай үлкен» деп еді.
Отқа салып, күйдіріп,
Жауырына аттың себеді,
Жақты ма бұл іс өзіне?
Бардам болып, өрледі,
Онан соң кемдік көрмеді.
Тірі күнде есіттім,
Осы адамдар өздері
Кешегіде бар еді.
Есім ханның мүрдесін
Осы күнде сол дейді.
Өтірік пе, рас па,
Шежіре сана дегені!
Есім хан қайтпақ болды көп күн жатып,
Қожа мен мауқын басты қона жатып.
—Тақсыр-ау, сырттан дұға қып тұрыңыз,
еңсегей бойлы ер есім
Алыстан ғайып-ана, сәлем айтып.
Енді жүз қияметте көрісерміз,
Үзілсе нәсіп болмай және қайтып,
Бегімен, ерлерімен амандасты...
Қашқардан Шымкент, Сайрам келді қайтып,
«Елеуреп елдің жайын біліп тұр» деп,
Хандарға ұзақ-жақын сәлем айтып...
Қазаққа сондай заман болған емес,
Көсіліп қол-аяғын тыныш жатып.
Ілгергі көнелерден бір сөз қалған,
Сылтау қып, тарынғанда, осыны айтып:
«Есім хан, Сиқымбаймен өліп тағы,
Айтатын күн көрдік»,—деп, мақалдатып.
Байтағы онан кейін Шымкент болған,
Ташкентте Көкім бидей бегі жатып.
Жаз болса, Алатауды жайлап жүрген,
Ұлы жұрт, кіші жұртқа желі тартып.
Дегені «Үлкен Орда», «Кіші Орда»,
«Бәйбіше» деген жер бар бүгін де артық.
Қызығын дүниенің көріп өткен,
Жау жүрмей маңайынан онан қайтып.
Онан соң күллі қазақ мамыр болды,
Мал бітіп, қарын тойып, тәуірленді.
Қой бітіп, қоңсы қонып қарасына,
Қарны аш, жалаңаштар іздеп келді.
Мүддесін көңілдегі әркім істеп,
Диқандар сүдігер қып тәуір жерді.
Желпініп жүйрік атпен көкпар шауып,
Қаламай халқы ауырды қалыпты енді.
Тәсімін сауда-саттық әркім істеп,
Қауыпсіз әр патшаға барып келді.
Жетім ұл, жесір қатын мың қой айдап,
Бозторғай ұя салды жүніне енді.
Жаман қыз, жаман қатын былай қалып,
Сұлу қыз, жүйрік атты бәрі іздеді.
Пұшық қыз, кер шолақты таңдап тиіп,
Мінәсар, әркім сүйіп, теңін тапты.
Отырып халық орнында, хан тағында,
Дұшпанға құлақтары түрулі еді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Хан өсиеті
Шақырып, Есім айтты, қазақ ұлын:
«Қадірін білісу керек бұл дәуірдің.
Көлденең, қарсы жауға неше шаптық,
Кейде жау, кейде барып жұртқа ұрындық.
Сырбаз жеп, қымыз ішіп, ақымақ боп,
Зілінде жарамайды көшпелігің.
Даланың жазын жайлап, көгін көктеп,
Өнерсіз тағы садда аңқаулығың.
Қалалы, орнықты ел болмадыңдар,
Киіз, туырлық ағаш үй тірлігің.
Қарның тоқ, уайымың жоқ болғаннан соң,
Қамы жоқ инедейін кейінгінің.
Қай жерге қарсы жауың қуып, шаншып,
Қатты жау қалмақ еді кердең-күрдең.
Талқыңа қуып шығып, белін буып,
Салмақты патшаларға теңелдірдім.
Менен соң күнің қысым, малың талан,
Көп болар, алты ауыз боп, көрген күнің.
Парласам бір-ақ жүзге жасым келер,
Түбіңе жетер түбі алалығың.
Бұл жақта—жапон-қытай, бұл—жақта орыс,
Біреуі алмай қоймас өнерлінің.
Менен соң қилы-қилы заман болар,
Қоңсы боп, шегір көзді адам қонар.
Атаны бала рая қылмайтұғын,
Ағаға іні қарсы табан қояр.
Біріңді-бірің шағып, күнде өлтіріп,
Мал-мүлкің, қатын-балаң талан болар.
Соратын теспей қаның, басшы болып,
Ақырың осыменен тамамдалар.
Біріңнің бақайыңнан бірің тартып,
Мен емес, мына күндер саған болар.
Мейлің қор, мен кеткен соң, мейлің зор бол,
Менен де санаулы күн ада болар.
Қос-қос орда, қос орда
Қосылып қонбас бізден соң.
еңсегей бойлы ер есім
Бала сыйлап атасын,
Құрметтемес бізден соң.
Жетегіне ағаның
Іні жүрмес бізден соң.
Ауыз бірлік, ынтымақ,
Бола бермес бізден соң.
Бала қамын ойланып,
Ер тумайды бізден соң.
Ғылым-өнер үйреніп,
Қазақ болып қарайып,
Халық болмас бізден соң.
Қарсы тұрып қарасып,
Жаумен ұрыспас бізден соң.
Берекелі күндер боп,
Мамыр болмас бізден соң.
Тиын пара жеместен,
Төре жүрмес бізден соң.
Қалай болсаң, олай бол,
Өзім, қазақ өлген соң».
Есім хан осылай деп еді,
Барша жұрт жылап жіберді...
Дүниеге кімдер келмеді,
Құдайдан бөлек өледі.
Солар да дүниеден кетті өтіп,
Санаулы уақтылы күндер жетіп.
Есім хан балаларын үйлендірді,
Тегі бар, сұлу қыздан деректетіп.
Екі ұл екі қатыннан пайда болған,
Қояйын аттарын да мәлім етіп:
Деуші еді Көркем Уәли, Уәлибақы,
Хан болды, бұларға да кезек жетіп.
Баласы бәйбішенің, хандық тимей,
Араз боп, Үргенішке кетті өтіп.
Арасын есептесең төрт атамен
Тоқтайды хан Абылай ханға жетіп.
Қолында Төле бидің түйе бағып,
Біраз күн жәбір көрген, тарлық жетіп.
Сол күнде мәшһүр болып, хан сайланған,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қонтажы тұрғанында күш көрсетіп.
Қасым хан—отыз ұлдың біреуі еді,
Хан болды Кенесары одан өтіп.
Наурызбай, Кенесары өлгеннен соң,
Қарады Русияға, хандық кетіп.
Түсінде Тәуекел хан он ай көрген,
Осылар сол көргені тарап кетіп.
Бәрі де осал кісі болған емес,
Дұғасы Аппақ қожа дарып кетіп.
Әмбесі Шыңғыс ханның нәсілі еді.
Баяндап бас жағында айтып еді.
«Қожа—нұрдан, төрелер—сағымнан» деп,
Шежіре санада да айтушы еді.
Тарайды Әмір Темір осы ұрықтан,
Бәрі де бұл әулеттің барыт еді.
Жеті жүз елу жылдай жұртқа ие боп,
Сұраған төрелердің нәсілі еді.
Қалдырмай, мұны-дағы баяндайын,
Бір сөзді хан Абылай деген еді.
Абылай ханның дегені:
«Мысалы, біз—жолбарыс,
Бізден қабылан өнеді.
Қабыланнан қасқыр туылар,
Қасқырдан түлкі төменгі».
Қан шеңгелдеп туылған
Қасым хан қабылан боп еді.
Қасқырдай шапқан жауына
Наурызбай, Кене төре еді.
Ешкім осал демеген
Кене менен Науан төрені.
Орыспенен ұрысып,
Алдынан қашқан бұлтылдап,
Түлкісі Сыдық төре еді.
Хандығы кетіп, тауысып,
Пәстеп-пәстеп кеп еді.
Шыңғыс ханның нәсілінен
Мұнан соң хандық түгелді.
еңсегей бойлы ер есім
Арасында қазақтың
Шежіре сана аралас
Бұдан үлкен әңгіме,
Болған емес тағы да.
Нысаны бар жерлердің,
Сөздерінің бәрі рас.
Таусылды өлеңі
Мұны жазған ақынның.
Перзенті Жаныс затының
Қазанқап—атын дер еді.
Осы сөздің ішінде,
Жаныстың халқы нәсілінен,
Құдайберді баласы
Әлібек би боп аталды.
Алты ұлы бар осының:
Бесінші ұлы—Төле би.
Ең кенжесі—Елібай.
Мұны жазған ақының
Сонан барып тарайды.
«Үш алаштың баласын
Сұраған үш би», деп айтар,
Қазақтардың мақалы.
Қаз дауысты Қазыбек
Бұл кісінің баласы,
Айтып ем Шаншар мырзаны.
Кіші жүздің билерін
Жидебай деп атайды,
Заманнан бері қарай.
Есептесек болжал қып,
Сегіз ата тарайды,
Санап қоссам баланы.
Атадан ата тарауы...
Тамамдайын бұларды.
Есім хан төре, патшадай
Баршаны жеткіз мұратқа,
Қол жайып дұға қылалы.
19-0273
Қолыма қалам алып хат жазайын,
Ақтарып өткендерден сөз қозғайын.
Жарандар, құлақ салсаң бұл кеңеске,
Айтайын Есім ханның мен жағдайын.
Із қалған белгілі боп әр ғасырда,
Жамағат құлақ салып тыңдасын да.
Қазаққа әділдікпен патша болып,
Есім хан ел билеген өз тұсында.
Ол өзі жұртын сұрап даналықпен,
Мекен ғып тұрған Сырдың жағасында.
Қақ жарған қара қылды әділдікпен,
Халықтың алған ықылас-батасын да.
Сол кезде жерге талас қазақ, қалмақ,
Сыр өзен Қамыстақтың арасында.
Алайда астам көңіл шапқыншылар
Алдында кім тұрғанға қарасын ба?
Осындай сабаз басшы тұрған кезде
Сұмырай жау елді басып ала алсын ба?
Жүреді, қалай тартса, қалам деген,
Немене, теңсіз болса, заман деген!
Азырақ Дорбанқордан сөз бастайын
Қазақты бір-ақ жалмап алам деген.
Дорбанқор қалмақтардың ханы еді,
Көп жерге қанды ойран салып еді.
Ол өзі батырсынған өте жауыз,
Зорлықпен талай елді алып еді.
Басынып қазақ халқын көзіне ілмей,
Топтанып Қамыстаққа барып еді.
Есім хан
есім хан
Тұмсығы тасқа тиіп келген жерден,
Қазақтың батырлығын танып еді.
Мың кісі Қамыстаққа Дорбан барды,
Қазақпен он сегіз күн соғыс салды.
Ақыры соққы көріп біздің жақтан,
Мыңнан үш жүз адам әрең қалды.
Жазуға қалам алып басшым қағаз,
Есім хан—тым айлакер, әділ сабаз.
Еліне даналықпен басшы болып,
Дұшпанды соққылап ед көтертпей бас.
Тазартып туған елін құтқаруға
Сайланып атқа мінді кәрі мен жас.
Сөз бар ғой: «Доңыз өлмес құр айғайдан»,
Ер жүрек батырлар да дайындалған.
Өмірін арнамақшы ер ел қорғауға
Құтқармай барған жауды ойына алған.
Топырлап жауыз жаулар мерт болады,
Ерлерден соққы көріп қаруланған.
Ол кездің бір заңы бар соғысында
Майданға жекпе-жек кеп кезек салған.
Талай бар ер жүректер от боп жанған,
Екі жақ тілдесуге елші салған.
Басына заман ақыр төнсе елдің,
Кім кешпес белшесінен қызыл қаннан.
Тең болса зейін-қайрат жігіт кем бе,
Қандай жан өкінеді арам терге!
Өмірдің ащы-тұщы қызықтары—
Үн қосқан қу ағашқа бейне перне.
Түседі аққу көктен шалқар көлге,
Қандырып мейірін ол шөлдегенде.
Майдан қып қазақ-қалмақ жиналыпты,
«Жидекті ну орманы» деген жерге.
Қалмақтан Ұран деген батыр келді,
Қазақты көзге ілмей бір шіренді.
Кеудемен тауды қағып жіберердей:
«Кешікпей батырларың келсін» деді.
Есім хан бұйрық берді бір балаға,
Сыйынып жаратқан Хақ тағалаға.
Кім біледі жастың алды не боларын,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Дариға-ай, одан есе ала ала ма?
Аты еді бұл баланың Әбеуқайдар,
Айғайлап бата берді ақсақалдар.
Қолына қылыш алып кетіп барад,
Елі үшін еңіреген қаһармандар.
Ойнатып қасқа атпен жетіп барды,
Майданда екеуі де ойын салды.
Айбынды екі батыр айқасқанда
Жарқылдайд шақ-шұқ етіп қылыштары.
Қырандай жарқыраған бейнелерін
Көріп тұр тамашалап халықтары.
Әбеу ер елі үшін өзі құрбан,
Армансыз халық үшін шықса жаны.
«Өлсең де намысыңды жіберме» деп,
Дем беріп айғайлады елдің бәрі.
Дем берген елдің айғай-ұранымен,
Әбең ер күшін жинап қаһарланды.
Тәңірім қуат беріп талапты ерге,
Дұшпанның сілкіп басын кесіп алды.
Арам тер жаны шықпай тыржың қағып,
Төбедей төңкеріліп о да қалды.
Шулады сұмырайлар анталаған.
Мерт болды Ұран батыр қалмақтардан.
Дұшпанмен алысуға белді буып,
Батырдың екі көзі отша жанған.
Қалмақтан намыстанып біреу келді,
Екі жақ сап түзеген оны көрді.
Ұзын бой, тарбақ танау, мол денелі,
Жағымсыз келбеттері көзге ілінді.
Әбеңмен ұстасуға таяп қалды,
Сонда Әбең туған елін есіне алды.
Бұған да арыстандай қарсы ұмтылды,
Жауыздан енді аяну жарамайды.
Атпенен таяп келіп о да тұрды,
Батыр да ыңғайланып мойын бұрды.
Найзамен бұл итті де түйреп алып,
Батырдың бағы жанып, жолы болды.
Бірінің бағы жанса, бірдің соры,
Астында ойнақ салды қасқа торы.
есім хан
Қалмақтан екі батыр мерт болған соң,
Шегінді дұшпандардың қалған қолы.
Қазақтың бұл ісіне шыдай алмай,
Майданға өзі келді Дорбанқоры.
Ол келіп қаһарланып айғай салды,
Найзаға қос шашақты ту байлады.
Бұл сұмның айбарынан үрейленбей,
Батыр да белдесуге ыңғайланды.
Тартысып екі батыр, қызды майдан,
Күшіне көрермендер қалды қайран.
Ақырып Әбең ер де айғайлады,
Елі үшін шықса жаны, етпейді арман.
Екеуі алыса алмай жүрді бір күн,
Ұрады бірін-бірі дүркін-дүркін.
Майданда екі қыран таласқандай,
Қарайды қызығына халқы шіркін.
Кеш таяу, дем алатын уақыт болды,
Күшінен батырлардың ат болдырды.
«Біз де енді тоқтап қалып осы жерде,
Көріссек ертең»,—деді Дорбанқоры.
Есім хан өзі келіп айырады,
Қырандай батырын ол қайырады:
—Әбеуім, деміңді ал, асыңды іш,
Асықша алысуға күн бар тағы.
Сонымен екі жаққа айрылысты,
Демалып, рахаттанып ішіп асты.
Ат беріп неше түрлі батырына,
Мадақтап халық жатты әлгі жасты…
—Туған жер, маған қымбат өскен елім,
Тың жерде құтқарғанды дос дер едім,
Ел үшін тар кезеңде кеуде керіп,
Жұрт үшін құрбан болған талай керім.
Еңбегі ұмытылмас батыр ердің,
Келеді талай ерлер қорғап елін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ертеңгі болжау айтып келер іске,
Есім хан нұсқау беріп жиды елін.
Сөзіне Есеңнің ел салды құлақ,
Қайтпайды өздігінен мынау қалмақ.
Сұмырайдың бәрін түгел құртпағанда,
Қор қылып бізді дұшпан алар жаулап.
Халқына жігер берді ер данышпан,
Еліне көсем болар ақылы асқан.
Беделді, өзі шешен Есен ағай,
Сөйлесе, май шығарған қара тастан.
Майданға ертеңінде барды бәрі,
Көруге тамашалап жас пен кәрі.
Жиналып түгел халық болғаннан соң,
Дорбанқор «Жекпе-жек!» деп, айғай салды.
Әбең ер жекпе-жекке барды тағы,
Не болар бұл майданда жастың халі.
Дорбанқор қылыш алып жетіп келді,
Ойнайды мінген кері арғымағы.
Тағы да бұл екеуі алысады,
Шыдамай ат аяғы шалысады.
Шіреніп оқты көзбен кейде атысып,
Теңеліп кейде күштер қарысады.
Созылды осы соғыс жарым күнге,
Ерлікпен бұл екеуі түсті көзге.
Жөн ғана екі батыр шаңдатады,
Соғысқан жан көрінбейді онан өзге.
Екі жақ көз алмастан қарап тұрды,
Қыран құс талқандардай құрған торды.
Қали мен Жанәбілдің күресіндей,
Шіркін-ай, естен кетпес жұлыс болды.
есім хан
Көз алмай екеуінен қалың адам,
Күшіне екі ердің жан таң қалған.
Тең келіп қайраттары екеуінің,
Бірі өліп не бірінен төгілмей қан.
Кеш кіріп, бір мезгілде бесін болды,
Әбеңнің көзі ашумен қанға толды.
Аюға қарсы ұмтылған арыстандай,
Түсірді аттан жұлып Дорбанқорды.
Ер Әбең ақ алмасын қолына алып,
Қан толған екі көзі ашуланып.
Бүлік сап өлім қуған сұмырайдың
Аямай жүрегінен салды барып.
Ақ туын мұсылмандар қолына алып,
Батырдың ерлігіне мейірі қанып.
Қазақтың бағы жеңіп бұл соғыста
Дорбанқор жатты өлігі ыңыранып.
Өлген соң дұшпандардың Дорбан ханы,
Қайғыға шомды жаудың қалғандары.
Текені өзі келген көздеп атып,
Жауыздан қазақ халқы есені алды.
Шегінді қалған жаулар кейін қарап,
Шыбын жан тіршіліктен етер талап.
Атақты батырынан айрылған соң,
Қазақтан қорлық көріп тозды қалмақ.
Адамзат қол созады әр арманға,
Өткен іс ойға түсер еске алғанда.
Біреуге қастық ексең, қайта айналар,
Егіз ғой жақсы-жаман бұл жалғанда.
Ызғарлы күзді күні қазан желді,
Қорғайды нағыз адам туған елді.
Қалмаған жамандығы кәпір қалмақ,
Тозғанын торғайдай боп енді білді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тоздырып қалмақтарды біздің қазақ,
Қалмақтар қазақтарға болды мазақ.
Қалмақты бұл соғыста қазақ жеңіп,
Көрсетті шапқыншыға түрлі азап.
Қарамай арт жағына қашқан жауыз,
Кетті олар сай-салаға тозып жалғыз.
Тарихта болған іс қой естен кетпес,
Халықтан шапқыншылар алған қарғыс.
Қазақтың батырлары қаруланып,
Қалмақтың арт жағынан қуып барып.
Олардан екі мыңдай жылқы әкелді,
Қосымша тұтқындарды олжаға алып.
Қалмақтар қорлық көріп тозғаннан соң,
Ақыры Маңыраққа кетті ауып.
Әсілихан Алтай таудың патшасы еді,
Қалмақтар арыз қылды соған барып.
Әсіліхан естіп білді барлық жайды,
Хабарлап маңайына елін жиды.
«Неше жыл күшті жинап соғыспасақ,
Амалы Есім ханның қиын»,—дейді.
Алтай мен Маңыраққа хабар айтып:
«Қазаққа алданбаңдар бекер жатып.
Екі жыл дайындалып күшті жинап,
Оларды біз жаулаймыз құл-күң етіп».
Деп ханы хабар берді аумағына,
Қарауыл қойды әскер тау жағына.
Қазаққа қастандығын жинап тағы,
Қаратпақ жаулап елді қармағына.
Әсіліхан тағы ойлап, қайғыланды,
Ойға алып Дорбанқордай асыл ханды.
«Қайтарып Дорбанқордың мен есесін,
Тоздырып тозыңдай ғып қазақтарды».
есім хан
Қиялдап о да тағы ойға батты,
Жағалап нөкерлерін көзбен атты,
Деді ол: «Ден алармын үлкен есе,
Көрсетпей қазақтарға рақатты».
Сұмырай бұл өзінше батырсыған,
Әр күні қастандығын сайлап жатты.
Болса да арасы жау достығы жоқ,
Қазақтар бұл істерден хабар тапты.
Есім хан хабар тапты жау жайынан,
Қорқушы еді қалмақтар да айбарынан.
Өмірде халқын сүйген әділ сабаз
Келетін жауға қарсы дайындалған.
Есім хан халқын жиып, ақыл сапты:
—Қашқан жау Алтайдағы ханын тапты.
Олар кеп қайта аралап, жеңсе бізді,
Көрсетпейді бұл дүниеде рақатты.
Ер халқым, қалай ақыл айтасыңдар,
Жиналған барша халық кәрі-жасың бар!?
Отырмын жөнді осылай баян етіп,
Көпшілік қандай амал табасыңдар?
Жиналған жаусырасып барлық елдер,
Тасыған күші жойқын кемеңгерлер.
«Көптің күші жиналса, көл» деген ғой.
Ер жүрек батырларға не тең келер?
Келе алмай дұшпан қалды көңлі қайтып,
Іздеді әдіс-амал ойға батып.
Неше рет жиналса да, топты жиып,
Қазақтан өлтірген жоқ бір кісі атып.
Әсіліхан бурадай боп күркіреді,
Зұлымдық бейнесінен көрінеді.
Өзіне кез болса еді ақырында
Біреуге қазып қойған дайын көрі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бата алмай қазақтарға қалды сонан,
Сырты бүтін болып жүр, іші түтін.
Түбінде сәтсіздікке ұшырайды
Қаскүнем зиянкестің жолын қуған.
Әсіліхан Қамыстаққа тағы барды,
Жаусыраған бейнемен анталады.
«Келсе келсін майданда сынасайық»,—
Деді де, дайындалды қазақ жағы.
«Үйренген жау тартысқа жақсы» деген,
Ер жүрек дайын тұр ғой батырлары.
Тағы да үлкен майдан басталады,
Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы.
Патшаның бағы тайса, соры қайнап,
Тиынға жарамайды алтын тағы.
«Тәуекел не көрсек те, соғыстық» деп,
Қол қойды қазақ-қалмақ екі ханы.
«Түбінде қандай болып кетеді?» деп,
Бұл іске кейбіреулер таңданады.
Кейбіреу үрейлі сөз таратып жүр,
«Не болар жеңілсек,—деп,— елдің қамы?»
Қорғауға, жанды тігіп туған елді,
Тас түйін болып жүр ғой батырлары.
Қол қойды екі батыр соғысуға,
Баспақшы жеңілгенін қос азуға.
Кім біледі, қандай жағдай іс боларын
Алланы ........*
......* eкеулеп кеп бата алмайды.
Басыңда бақ жұлдызың тұрған кезде,
Бетке алып ешкім сені ата алмайды.
Таң қалтар кейбір істер жамағатты.
Бұл күрес шынықтырды қазақ жақты.
* Қолжазбада өшіп қалған
есім хан
Қазақтың бақ жұлдызы берік болып,
Әсіліхан қоқаңдаған кейін қайтты.
«Сөкпеңіз,—деп,—елдің жасын,
Қасқырдай ойлады,—деп,—қара басын».
Белгі боп арт жағымда қалар ма екен,
Мен жаздым Есім ханның бұл қиссасын.
Қазақтың бас батыры Олжаш атты
Маңынан жан баспаған кәрі қатты.
Өз тұсында адамның арыстаны,
Заман заңы адамды толқындатты.
Уақыт Олжашқа бір ой салды,
Атырапты тітіретіп, даңқы жарды.
Қазақты жабдықтауға сайман алмақ,
Құралға Қарқаралы тауға барды.
Қасына отыз жігіт ісмерді ерітіп,
Екі-екіден қос атқа ер ертетті.
Ағаш жонып алатын өткірді алып,
«Азық жолда» деді де, жүріп кетті.
Жазға салым келді де, жаздай жатты,
Азыққа құлан, киік, арқарды атты.
Оқ жонып, найзаға сап, садақ иіп,
Алпыс атқа жүк Олжаш дайындатты.
Қос тіккен қалың таудың арасында,
Күн беттей ең үлкен дарасында.
Жауға жарақ, құрал-сайман, тұр ағаштар,
Жыныс біткен қалың ну арасында.
Кептіртіп бітірді әбден оғын жонып,
Сап жасап, садақ иіп әбден болып.
Жаз таусылды, күз келді, мезгіл жетті,
Қайтпақ болды, артатын жүгі толып.
Олжаш батыр
олжаш батыр
Қарауылға шығарды қырағысын,
«Қатпар таудың болжа,—деп,—іш пен тысын».
Жан-жаққа қарауылшы көз жіберді,
Биіктің тауып шығып бір тұрғысын.
Ел жақтан келе жатқан көрінді шаң,
Салт атты санап еді он шақты жан.
«Елді кеп қалмақ шауып кеткен ғой» деп,
Қобалжып, жүрек тулап, лепірді қан.
Жақын келді, таныпты, Шаншар абыз.
—Батыр қайда, сен жүрсің тауда жалғыз.
Қатаған елді шауып, қыз әкетті,
Батыр хабар таппас,—деп,—ел қылды аңыз.
—Біз аман, біз түп-түгел өзің көрген,
Батыр барда қорқайық неменеден?!
Амандық-жамандықтан хабарыңды,
Абызеке, өзің айт елден келген.
—Бір шетін елдің келіп шапты қалмақ,
Сұрастырмай мен кеттім артын талдап.
Батырға бастан-аяқ баяндады,
Қайтқалы жатыр еді ол да қамдап.
Алпыс атқа аспап артты, ерін ерттеп,
Ер қаруын сайлап ап, елге жетпек.
Қатағанға қаһарын қатты тігіп,
Ашуланып, асығыс жүрді өктеп.
Батыр келді, көп қару-сайман артып,
Күн-түн жүріп үдере, жанбар тартып.
Елге әкеліп, ерлерге үлестірді,
Найза, айбалта саптарды жарқылдатып.
Батырға амандаса Есім келді,
Сол күнде қазақ ханы Есім еді.
«Қатағанды қол жиып, шабыңыз» деп,
Қазақтан қалың әскер жиып берді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жетерлік жол бойына азық-түлік,
Батырлар қуанышпен ойнап-күліп.
Бірде қазақ шабады, бірде қалмақ,
Заманы тиыштық жоқ, бүліншілік.
Бел шешіп төсегіне ер жатпайды,
Жылқыға ат жіберіп оттатпайды.
Үйде найза сүйеулі, белдеуде аты,
Дайындықсыз жүрегіне ас батпайды.
Күнде шу, шығып жатқан аттан айқай,
Қараңғы тиыш өткізбес кешті батқан.
«Құба қалмақ заманы» делінетін,
Найзасын жауға кезеп шартылдатқан.
Кезенген кезек тұспатта ма,
Кек алмай, жүрегіне ас бата ма?
Қатаған елді шауып қыз әкетті,
Аттанбай қазақ қарап тек жата ма?!
Қазақтың бас батыры Олжашының,
Ту ұстап, тұлпар мінген қолбасының,
Қайсібірін қағазға сыйғызайын,
Түгелдеп қасына ерген жолдасының.
Ауыздық қарш-қарш шайнап тұлпар аты,
Десе де елге кетпес ердің ақы.
Кектескен, кезек шапқан, шартылдатқан,
Осы екен сол кезде елдің қияпаты.
Олжаш батыр ерлігі, елге сіңген еңбегі,
Ерлері ертегінің ертеде өткен.
Ел болмас ерегессе, кегі кеткен,
Кек алған кескілесіп, кем түспестен.
Ханды шапқан, қастасса, өктемдікпен,
Таптаған талай жауды, елін құртып.
Ел қорғап, жанды аямай еңбек еткен,
Қазақты қалың жаудан талай сақтап,
олжаш батыр
Батыр-ақ аты шыққан сол себептен.
Тас қорғанды талқандап, қамал бұзып,
Айдаған қалың қолды талай шептен.
«Теңдеспін» деп, тепсінген сан батырды,
Найзағайға желек қылып еңіреткен.
Өз елін саясында сайрандатып,
Мал-басын тел өсіріп, өркендеткен.
Жаңа талап жас ерді баулап бастап,
«Өр көкірек болсын» деп, еркіндеткен.
Көптің қамын ойлаған көсем батыр,
«Сені» десе, сескенбей, сертке жеткен.
Қайтпаған атқан оқтан қанды жүрек,
Тепсінбес тебіреніп тегіндіктен.
Ашуланса, аласұрған арыстандай,
Айдыны атырапты тітіреткен.
Кәрін тіксе, қаһарлы арыстандай,
Безгектей бет келгенді секілдеткен.
Ақырса, тау күңірентіп, тасты жарған,
Кем болғанда, бір күндік жерге барған.
Дұспанды ерегескен шауып алып,
Есепсіз ерген елге олжа салған.
Қайратына халқы еріп, хан сыйлаған,
Ел үшін ер атанбас жан қимаған.
Шығай ұлы Есім ханның заманында,
Осы еді ер Олжаш қол бастаған.
Қазақта сол заманда қолдың басы,
Сан батыр сайып қыран бар жолдасы.
Қара би Майқы ұлы—ақылшысы,
Ойшылы—Асан қайғы отағасы.
Қаһарлы батыр екен қайтпас беттен,
Тас шоқпар тар кешуде таймас серттен.
Ақ найза, сырлы садақ, алмас қылыш,
Көкпең көк темір киіп, жарқ-жұрқ еткен.
Ажал ойнап оғынан жауға тартқан,
Қос-қосынан қорамсақты қос атқа артқан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Асынған шығыршықта ақ айбалта,
Сауытқа сабы тисе, сартылдатқан.
Желекті тулы найза алты қарыс,
Жеке батыр шығысып шайқасқанда.
Сауыт-сайман, дулыға тас-талқан боп,
Жер теңселіп, бұршақтай тас ұшқанда.
Қаупі жоқ, ағып жүрсе қаны судай,
Соғысса, соққыласып күн-түн тынбай.
Оқ тескен, қылыш кескен, кемітпеген,
Қас батыр кемімес, сүйек сынбай.
Түрімен түксигенде елді үркіткен,
Дұспаны беттемеген кәрін тіккен.
Өрескел өр көкірек, өткем батыр,
Артықша жан шошырлық келбет біткен.
Қара жерге басқан ізі қарша батқан,
Азуын айға безеп қаршылдатқан.
Долданса, доптай басты домалатқан,
Аузынан қанды көбік бұрқылдатқан.
Даусынан жай түскендей жер жаңғырған,
Сан жауға тайсалмастан жалғыз барған.
Әмірінен жан шошып, ел күңіренген,
Қалмақ ханы Қатағанның басын алған.
Дулығалы басы бар ақ ордадай,
Қасы қарыс, қабағы биік жардай.
Кең маңдай, екі көзі жанған шоқтай,
Көп ботаның ішінде жалғыз нардай.
Сақалы салбыраған ерді жауып,
Сауытқа салбырайды, тисе барып.
Құлағы тебінгідей, жағы астаудай,
Даусынан талай адам қалған талып.
олжаш батыр
Жалындай арыстанның жонын жапқан,
Тұтасқан желке шашы құйымшаққа.
Қаһарланса, қасында тұра алмаған
Қашаннан қасына ерген жолдастары.
Осындай ерекше екен ер нұсқасы,
Ақ болат күнге шаққан дулығасы.
Сауыты тоғыз қабат жібек қаттау,
Белдік пен оқ таятын шарайнасы.
Баспаған басып патша маңайынан,
Қамшымен қан ағызған самайынан.
Ел қорыған, еңбек қылған—ердің салты,
Ханды айдап, қазына артқан сарайынан.
Кектессе, керемет қып, кегін алған,
Асусыз асқар белден тың жол салған.
Талқан қып тас қамалды жалғыз бұзып,
Қанжарын, қаһарланса, қанға малған.
Аузынан айдаһардай зәрін шашса,
Бетіне жан болмаған қарай алған.
Ашу, айқай шартылдап жай тасындай,
Толықсып, сақтанғандар естен танған.
Жан түгіл, қара тас та қақ жарылған,
Кезінде кез кеп қалса, қаһарланған.
Семсерден сегіз қабат қан сорғалап,
Қан жұтып, қабақ шытпай, қорғалаған.
Батырдың өз тұсында қаһарманы,
Жетпеген бір өзіне мыңның әлі.
Тас жаңғырып, құлағанда айқайына,
Адамның не қап қалсын, шықпай жаны.
Сан батыр шақ келмеген қарсыласқан,
Қайратты қара болат әлем асқан.
Басын шауып, алмадай домалатып,
Ағызып ханның қанын судай шашқан.
20-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазақтың бас батыры сол заманда,
Ақ найза, алты қырлы алмас қолда.
Шіріген жерде қалған жіптей үзген,
Сауытты тоғыз қабат, толғағанда.
Дулыға, темір болат қалқандарды,
Ұрғанда быт-шыт қылып, талқандады.
Тас шоқпар тау қопарып ойын алған,
Не еткен күш көтереді осыларды!
Ту ұстап, тұлпар мініп, аты шықты,
Еске сап ертеде өткен алыптарды.
Жанын сап жағаласып, жауға бермей,
Есепті ел қып кеткен артқыларды.
Өзінің заманында атақ алып,
Дабысы алыс кетіп, даңқы жарды.
Қариядан ертеде өткен естіп, ұғып,
Қиссасын қисындадым ойда барды.
Ерте өткен ер Олжаш қазақ асқан,
Жауының жағаласқан көңілін басқан,
Атақты қалмақ ханы Қатағанды,
Басын алып, әлемге қылған дастан.
Ертеде аңыз еткен ел сөзінде,
Әлемге аты шыққан ер сөзінде.
Шығайұлы Есім ханның заманында,
Ғасырдың он алтыншы бас кезінде.
Олжаш шықты аттанып, туын байлап,
Ақ найза көк жүзінде нажағайлап.
Ұранға қолбасының атын атап,
Күңіреніп, «Олжаштап» шықты айқайлап.
Айдыны арыстандай көрген жанға,
Қас батыр төтеп берген мың мен санға.
«Қалмақты қызыл қанға бояймын» деп,
Малыпты қып-қызыл қып төсін қанға.
олжаш батыр
Қып-қызыл төсін қанға малған,
Көп қарап сипаттауға көзім талған.
Қызыл ту қан майданға арнап тіккен,
Айдыны көкке шығып, өрттей жанған.
Олжаш шықты сапарға қаһар шашып,
Көрмеген өмірінде жаудан қашып.
Қан майданда қызыл ту арнап тігіп,
Батырлар қуанышты сондай тасып.
Көк мойын тұлпар атты батыр мінген,
Боратып қара жерді қардай басып.
Батырға ақсақалдар бата берген,
Қош айтып бұқаралар жапырласып.
Тұра алмас айбатынан жауы қайтпай,
Қаһарлы қас батырың қара тастай.
Қайрат қып, қамал бұзып, жауды жеңбей,
Ер болмас, ел аузына атақ шашпай.
Ерлердің қазақтағы жиды бәрін,
Атақты аты аталған батырларын.
Ат сайлап, азаматын жабдықтады,
Қару-жарақ асынып, саймандарын.
Әлемнен асқан батыр—қыран сайып,
Алмасын айға сермеп, құлаш жайып.
Бес мың батыр жиылды ой мен қырдан,
Бір үлкен жорық болды таңғажайып.
Тартқанда, тасты бұзған сырлы садақ,
Сан жаудың жүрегінен атқан қадап.
Шарайна, сауыт қаттау бөгет болмай,
Зуылдап талай өткен қанды жалап.
Болат жебе сауытқа шарт тигенде,
От шашқан нажағайдай, көрсең қарап.
Кеземес бет келгенге сұр жебесін,
Таңдаулы батырларын атқан қалап.
Жазымсыз жалғыз оқпен жайратады,
Анық мерген, жығады оғын санап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батырдың бадырайып аты шықпас,
Бір өзін жауға шаппай мыңға балап.
Қайратын бағалаған сырттан сынап,
Көргендер қасына ерген жүрген жанап.
Қарсы шауып қамалды бұзған ерді,
«Батыр» деп, басшы қылған аймақ-алап.
Еліне тиген жаудан кегін алған,
Бекерге жылатпайды елді қанап.
Елі деп еңірейді ер етек толып,
Жасынан Отан қорғап, еткен талап.
Қалың қолды қашырған аш арыстан,
Жан-жағын жайпап қырып, еткен жалақ.
Жауға кек кетірмеген кейпін көріп,
Сыртынан сынап халқы тамашалап.
Жасынан ер Олжаштың аты шыққан,
Адамнан түрі бөлек көкжал сырттан.
Қазақтың өз тұсында бас батыры
Серпіліп сескенбеген атқан оқтан.
Жол тартты бес мың әскер қаруланып,
Ер ерттеп бас-басына, қос ат алып.
Жер күңірентіп жөнелді елден шығып,
Барлаушы алдын ала жерді шалып.
Жолшыбай алыс-жұлыс, ойын-сауық,
Анық батыр «жау бар» деп, қылмас қауіп.
Сайрандап сахарада жүрген елдің,
Алыпты ортасынан ханын тауып.
Қалмақтың барлаушысы қолды көрген,
Ертерек еліне кеп хабар берген.
Қамал құрып, ортаға ханын сақтап,
Сырттан шеп боп тұрды өңкей мерген.
Олжаш шепке шауып, садақ тартты,
Жер жарған жебелі оқпен зуылдатты.
олжаш батыр
Көкпеңкөк темір киген көп қалмақты,
Болат оқпен от шашып, шартылдатты.
Шыдамай заһарлы оқтың екпінімен,
Қорқысып қалың қолдың төккінінен.
Бір білетіні баса алмай, шепті тастап,
Қашты қалмақ батырдың екпінінен.
Қамалдың ортасында Қатаған хан
Басынан садақ оғы зуылдағанда,
Жабысты жерге бұғып жатаған хан.
Қалың қол шепке шауып келед қаптап,
Қамалдан өте алмастай ешкім аттап.
Қамалды ер Олжаш бұзып кірді,
Қамалды қарсы тұрған жанын сақтап.
Ақ найза алты қарыс сумаңдатты,
Семсермен сегіз қабат жайпап шапты.
Қоғадай қып жапырып қалмақ қолын,
Қамалды тас-талқан қып ойрандапты.
Сауытты көк сүңгімен түйреп тесті,
Дулыға тас шоқпардан аспанға ұшты.
Астында ақ тұлпары, қолда туы,
Қатаған Олжашқа кеп кездесті.
Қатаған жекпе-жекке өзі шықты.
Жасынан батыр, балуан ол да мықты.
Алтынды ер ақ тұлпарды ойнақтатып,
Жалтылдап жасыл желек тумен кепті.
Майданда батыр мен хан қарсыласты,
Ажалдан тайсалмастан байлап, басты.
Ақ найза ақ сауытқа сарт-сұрт тиіп,
Көк жасыл нажағайдай отты шашты.
Шайқасқан екі батыр күшке сеніп,
Көтерді көк сүңгімен тескен еніп.
Отқа үйіткен сирақтай лақтырды,
Құлады қара құстай жерге төніп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қасына ханның көрді батыр түсіп,
Аузынан қара қанын жатыр құсып.
Қатаған тілге келмей өліп кетті,
Денесін топырақ тартып, жерде құшып.
Белгіге ханның алды басын кесіп,
Байлады қанжығаға, ернін тесіп.
Ту жығылып, хан өліп, қалмақ қашты,
«Жанды сауға қылмасақ, болмас» десіп.
Сан батырды найзаға желек қылды,
Батырлар кие соғып, жауды қырды.
Қалмақты қотаннан қойдай айдап,
Сел суындай қан жапты қара жерді.
Мал-мүлкін жиыстырып, алды айдап,
Қамал бұзып, ханды өлтіріп, салды жайғап.
Орнын құртып, ордасын ойран қылды,
Қазынасын нарға артты, жалау байлап.
Олжаш Қатағанды шауып алды,
Ерген елге есепсіз олжа салды.
Ордадан оқ өтпес қоршап қойған,
Хан қызы бес бикені тауып алды.
Бес бике—ханның қызы ханшалар-ды,
Қалдырмай бес бикені алып кетті.
Сауға сұрап батырға ханым кепті,
Тұрсын ханым батырға депті сауға.
«Сауғаға не сұрайсың?»—деген екен,
«Сүт сулатқан Оразбике кенжем» депті.
Сұрапты кенже қызын Тұрсын ханым,
Бақты бол, барған жерге, қарақтарым.
Хан өліп, басымызға қара түсті,
Бақ көшіп, қарашыдан кетті сенім.
Әкеңнің ер Олжаш кесті басын,
Бес бикем—әлпештеген гауһар тасым.
олжаш батыр
Қатаған жар жолында жанын қиды,
Қайтарып алды Олжаш Сұлушашын.
Шешесі бес бикеге қош айтысты:
«Көрем деп ойлап па едім мұндай істі?—
Әкең өлді»,—дегенді қыздар естіп,
Зар жылап ұшып көкке, жерге түсті.
«Қызыңды қайтармаймын» деді батыр,
Сауғаға мал-қазына берді батыр.
—Бермесең, Оразбикені өзіңіз ал,
Бар еді бес бикемде құтым, батыр.
—Алмаймын өзім қызды, ханды өлтірдім,
Ханымын сауға сұрай мен келтірдім.
Әкесінің қанын жүктеп, қызын алсам,
Махаббатсыз, қызықсыз өмір өткізем.
Одан рақат таба алмас менің өмірім,
Ерге қажеті жоқ әуренің.
Өз ініме беремін, ұзатпаймын,
Ханым, сізге сертпенен берем сенім.
Сол себептен қызыңды ала алмаймын,
Өмірді қасіретке сала алмаймын.
«Жар» деп алып, күңдікке ұстап, кем-қор қылып,
Жас қыздың обалына қала алмаймын.
Егдеден келіп қалдым орта жасқа,
Жас әйел бой ұрмай ма өз тұстасқа?
Өмірді махаббатсыз, күшпен ұста,
Қасірет пен қапасын тартпай босқа.
Алған соң, жас әйелден бала болар,
Менен туған балаға ана болар.
Махаббатқа парда сап, қанмен жудым,
Әкесінің қайғысы саны болар.
Жүрек, қаны үйлеспес, алғанменен,
Тұрсын ханымға Олжаш солай айтты.
Батыр бекіп, қыздардан бойын тартты,
—Оразбикемді алмасаң, ер Олжашым,
Өспесін, өтпесін,—деп, ханым қайтты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұл сөзге ер Олжаш ойға кетті,
Өте батыр кеткен соң сөзі күшті.
«Назаланды-ау, бір қызын берейін» деп,
Шатырдан шыға батыр құрақ ұшты.
Қараса, Тұрсын ханым кетіп қапты,
Астында желмаясы аттай шапты.
«Қайырмаймын, қайтқан екен, барсын» деді,
Артына ханым қайтып қайрылмапты.
Олжаш бес бикені келді алып,
Байқастап, әрбір түрлі сынға салып.
Белгісі бес бикенің дәретінің—
Тіледі қара жерді қарыс жарып.
Қалмақ шауып, ханды өлтіріп, батыр келді,
Жабылып, жапырлап ел «сауға» деді.
Мал-мүлікті, атты елге үлестірді,
Бес бикені басқа елге жібермеді.
Таратты елді ырза қып, олжа беріп,
Үлесті малды әркімдер айдап келіп.
Қалың елді қарық қып жіберген соң,
Беріпті бес бикені үлестіріп.
Бір туысқан інісі Жүгіней еді,
Кенже қызды—Оразбике соған береді.
«Өзің ал деп еді ғой» деп,
Жүгінейге сол оймен беріп еді.
Айбике, Нұрбике, Қызданбике—бұл үшеуін
Келмеді бір-бірінен айырғысы.
Әкесімен әкесі бір туысқан,
Бар еді Шаншар деген жақын інісі.
Үш бикені Шаншарға тұтас берді,
«Абыз ғой, теңдікпенен ұстар» деді.
Енді қалған Қоңырбике деген қыз-ды,
Соны сұрап, «маған бер» деп, әркім келді.
Тобықты Сары батыр атшысы екен,
Батырдың атын ерттеп жастан ерген.
олжаш батыр
«Ер еңбегі мойнымда кетпесін» деп,
Қоңырды сүйікті ері соған берген.
«Олжаңды үлестірдің көпке,—деді,—
Өзің түгіл, жеткіздің көпке,—деді,—
Қызданбикені маған неге бермедің?»—деп,
Батырға Құдайберлі өкпеледі.
«Мен қалайша бес қыздан құр қалам,—деп,
Есімге жүгініске барамын»,—деп,
Шаншарға Құдайберлі кісі салды:
«Маған берсін, Қызданбикені аламын,—деп,
Үлкенің мен едім,—деп,—тазадан туған.
Жек көргенің мен бе едім шетке қуған?!
Шаншарға Құдайберлі кісі салды:
«Бірін берсең болмай ма,—деді,—маған?!»
Ағайынды екеуі сөзге келді.
Таласып хан қызына, егерлесті,
Батыр ағам сыншы еді елге мәлім.
Бір ойменен айырмай маған берді,
Шаншар абыз Құдайберліге ашуланды.
Сөзбенен тоқтаса алмай, күшке барды,
«Ауылымның жанына жолама» деп,
Ағасын найзасымен қуалады.
Үсенге Құдайберлі қашып кепті,
Үсен шығып, Шаншарға «Тоқта!» депті.
Түсін бұзып ағасы ақырған соң,
Құдайберлі: «Үсен, бола қалған екенсің»,—
деп, қайтып кетті.
Батырға тағы барды Құдайберлі,
—Шаншардан Қызданбикені әпер,—деді.—
Шаншар інің болғанда, мен бөтен бе?—деп,
Назын айтып, ағасына өкпеледі.
—Шаншардың өсетінін сынап едім,
Ақ бұлт басқа ортадан аруағы зор.
Соның үшін үш бикені тұтас бердім,
Шаншарым шалқып жатқан кен болады,
Басына бақ, алдына мал толады.
Әлемге аты шығып нелер жақсы,
Ұл туып аруақты, жүлде алады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Байқағам, Шаншарымда шарапат бар,
Ел асқан шарапатты адам шығар.
Сені менен мен түгіл, Бошан ұрқы,
Сыйлы қып, аруағына пана қылар.
Үш бике үш рулы ел болады,
Басына дәулет орнап, бақ қонады.
Аты шығып, әшкере елден асып,
Мал-басқа айналасы лық толады.
Сенің де, менің де ұрқым аз болады,
Өнімсізге ақылы аз мәз болады.
Қызықпа бұйрықсызға, Құдайберлі,
Қисынсызға қызыққан таз болады.
Құдайберлі батырдан бата алмады,
Шаншардай аты алысқа аталмады.
«Азғырып Қызданбикені алсам-ау» деп,
Үйінде аласұрып жата алмады.
Бұл іске Шаншар абыз назаланды,
Шаншарда қасиет пен кие бар-ды.
Төрт болыс атақты ел Шаншар болды,
Назадан Құдайберлі өспей қалды.
Сол кезде заты ноғай Асан қайғы,
Таппақ боп жер жүзінен жақсы жайды.
Жеті жыл желмаямен жаһан кезіп,
Өткізген көп қайғы ойлап, өмір зайқы.
Сонда да жер шетіне жете алмады,
Бар тапқаны Жиделі Байсын болды.
Амурдың дариясынан өте алмай,
«Қазанды орыс алады» деп, қашқан екен.
Арып-ашып, жол жүріп талай жерден,
Арқадағы қазаққа қайғы салып,
«Орыстан алыс кет» деп, үгіт берген.
Аңқаулары қазақтың соған ерген,
«Әулие болашақты білген» деген.
«Арқадан артық жер жоқ» дегендер қап,
олжаш батыр
Қайғымен бірге ауыпты оған сенген.
«Орысқа қарамаймыз» деген оймен,
Талай адам кетіпті біздің елден.
Байсынды да қойған жоқ орыс алмай,
Қайсыбіреу жерсінбей, қайтып келген.
Асан, Үсен бір туған Олжаштан,
Қазаққа басшы болған қолбасыдан.
Екі Асан бірігіп ап, Байсын тартты,
Біздің Асан батыр екен әу басынан.
Әкесі ер Олжаш жасында өлген,
Батырлықта бір серт бар «Қайтпан» деген.
Ағасына ерместен Үсен қалды,
«Ермедің» деп, інісіне өкпелеген.
Біздің Асан көп ел бопты, Байсын барған,
Көз көрмей, құлақ естіп, хабарланған.
«Қарғаған ағасының назасынан,—
Деуші еді,—Үсен солай өспей қалған».
Жарандар, үміт үзбе дүниеден,
Софылар ақыреттің қамын жеген.
Мекені Қызылжардың аржағында
Бар екен жалқы жігіт бір енеден.
Аты екен ол жігіттің Сәтбек мырза,
Көрген жан құрметіне болад риза.
Ағалар, дүниеде мехнат көп,
Кез болдым бір пәлеге, патша Құда.
Көкшетау—Сәтбек мырза мекен жері,
Дүниеде жалқы жігіт болған сері.
Қиссасын аз әңгіме қыла қалсам,
Жақсының сөзбен тарқар қайғы-шері.
Жегіпті парлап шана қаракерге,
Жатқандай ой түседі саналы ерге.
Екі ауылы—екі жаққа қонған екен,
Қондырды екі ауылды екі жерге.
Мекені бәйбішенің Бұрматалды,
Құдайым бірдей берген бас пен малды.
Тәңірім өзі тілек бергеннен соң,
Тоқалға Орал таудан орын салды.
Бір отыз күн бәйбішеде тұрады екен,
Көңілін дүние-малға бұрады екен.
Тоқалда бір отыз күн және тұрып,
Сайран ғып екі арада жүреді екен.
Сәтбек батыр
сәтбек батыр
Жүреді екі ортада сайран айлап,
Кермеге отыз атты қатар байлап.
Қолында бәйбішенің бір ай жатып,
Соғымын сойғызыпты әбден жайлап.
Қолында бәйбішенің бір ай жатты,
Құданың еткен нәсіп дәмін татты.
Соғымын кіші үйімнің сойғызам деп,
Пар жегіп екі бозбен үйге қайтты.
Қаруын тегіс алды сайманымен,
Ерттеп ақ айлақты мініп алып,
Жөнелді бір Алланың пәрменімен.
Болғанда түн ортасы келді жетіп,
Үйіне тез жетуге көңіл етіп.
Ел жатып қалатұғын уақыт еді,
От шықты терезеден жалт-жұлт етіп.
Қақпаға ақ айлақты тастай берді,
Байлаулы тоғыз атты көзі көрді.
Жанында әрбірінің бір ақ балта,
Келгенін бір дұшпанның енді білді.
Үйіне малайының келіп кірді,
Болғанын бір сұмдықтың енді білді.
Жарық ғып жан-жағына қарап тұрса,
Кесулі он екі адам басын көрді.
Көрді де малайынан тысқа шықты,
Бұл Сәтбек өзі батыр, нәмән күшті.
Қайтып кеп орта үйіне көзін салса,
Үш ұлын бәйбішенің қырып сапты.
Қайтып кеп тоғыз атты шешіп алды,
Жанынан бір ақ балта таңдап алды.
Болсын деп тым болмаса бәрі жаяу,
Аттарын Бұрматалға айдап салды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қайтып кеп төр үйіне көзін салды,
Болды деп бір қасірет ойына алды.
Самаур, әшкетөлке алдында тұр,
Бәтішті тоғыз кәуір қамап алды.
Сәтбектің мұны көріп қорықты жаны,
Көзіне көрінгенде бұ қылғаны.
Басымды алып қашып жөнелейін,
Көрермін мен де осындай әңгімені.
Басымды алып қашып жөнелермін,
Есім жоқ, жол таба алмай бөгелермін.
Бәтішпен не де болса бір болайын,
Барғанмен жалғыз қашып не болармын?!
Есікке мұны айтты да келіп тұрды,
Құрбан ғып Бәтіш үшін жанын қиды.
Бір қайла шыға қалса, қылармын деп,
Қолына алмас балта алып тұрды.
Бастығы ол тоғыздың кәпір Жармақ,
Біреуі ат көздеуге болды бармақ.
Есіктен шығып келе жатқанында,
Ұрыпты көкжелкеден әдейі арнап.
Алмадай ұшып түсті басы жерге,
Құдайым қуат беріп Сәтбек ерге.
Кәпірлер кезектесіп шыға берді,
Сегіздің басын кесті осы жерде.
Шықпаған жалғыз енді Жармақ қалды,
Көңіліне ап ойламайды бас пен малды.
Өлтіріп сегіз дұшпан сүйреп тастап,
Қолына тағы балта алып тұрды.
Кейіді ашуланып Жармақ кәпір,
Құдайға сиынып тұр Сәтбек батыр.
Есіктен шығып келе жатқанында,
Қорыққаннан жан қала ма мұнан ақыр.
сәтбек батыр
Кетіпті бір иығына балта кіріп,
Иығын шауып түсті Құдай беріп.
Сау қалған бір қолымен ұстай алып,
Барады дөңгелентіп оны үйіріп.
Көтеріп сол қолымен ұрды жерге,
Көңілде өлімнен жоқ басқа нәрсе.
Қимылы айдаһардай көрінеді,
Жиһанда кез болмадым мұндай ерге.
Жығылған орынынан түрегелді,
Құдайым Сәтбек ерге қуат берді.
Бар екен бір төбеті Сәтбек ердің,
Алысқан қорасында мұны көрді.
Сәтбек ер бұл Жармақты жыға алмай жүр,
Ағалар, бұл сөзіме мойныңды бұр.
Босанса, бір қайранды қылар еді,
Темірмен қара төбет байлаулы тұр.
Алысып итке таман жақын барған,
Сегіздің Сәтбек ерің басын жарған.
Ерігіп шынжырында тұрған төбет,
Жармақтың тақымынан ұстап алған.
Әркімге әрбір пәле кез келеді,
Сол халде күші кеткен мезгіл еді.
Болысып қара төбет Сәтбек ерге,
Тақымын бұ кәпірдің езгіледі.
Жармақтың алып-соғып кесті басын,
Қызыл қан қылды олардың ішкен асын.
Бәтіш қыз үйде талып қалған екен,
Әкесін көргенінде төкті жасын.
Алысқан Жармақпенен Сәтбек ерің,
Ұстаған қара төбет тақым жерін...
Жармақпен тоғыз кәуір қырып салып,
Бәрінің сол арада қазды көрін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бәрін де осы жерде қырып салып,
Тоғыздың ақ балтамен басын жарып.
«Қатты науқас болған соң әкелдім» деп,
Бәтішті жөнеліпті үйіне алып.
Тастады мүкамалын осы жерге,
Жармақпен тоғыз кәуір салды көрге.
Білдірмей қылған ісін бөтен жанға,
Барады Бәтішпенен қайтып үйге.
Мұнан соң бірқатар заман өткен,
Тоғыз қашқын хабары бұрын кеткен...
Сәтбектің осылайша өлтіргені
Мағұлым боп, патшаға хабар жеткен.
Тоғызы айдалғаннан қашқан екен,
Талайдың қанын судай шашқан екен.
Құдайым Сәтбек ерге душар қылып,
Басынан арамдығы асқан екен.
Талайдың мұнан бұрын басын алған,
Қуаты еш адамның жетпей қалған.
Сәтбектің мұндай ісін тергемекке,
Шақырып патшаға хабар алған.
Итімен патшаға жетіп келген,
Патша тақта отырып мұны көрген.
Өзінің не тақырыпта қылғандығын,
Былай деп патшаға хабар берген.
Мекенім Бұрматалда болушы еді,
Екі үйім—екі жаққа қонушы еді.
Мал-жаны бір-бірінен бөлек болып,
Соғымды қыс болғанда союшы еді.
Соғымын үлкен үйдің бердім сойып,
Жөнелдім кіші үйіме асқа тойып.
Пар жегіп екі бозбен мен жөнелдім,
Соғымын мен соймаққа көңіл қойып.
сәтбек батыр
Келдім де кіші үйіме аттан түстім,
Тоқал қойған екі шыны шайдан іштім.
Келсем де сабыр, тахат қыла алмадым,
Жүрегім алып-ұшып мен байғұстың.
Бұйырдым малайыма ат ерттетіп,
Үйіме түн ортада келдім жетіп.
Тоғыз ат байлаулы тұр қора алдында,
Әйнектен мен қарадым сабыр етіп.
Кесілген басы жатыр он екі адам,
Жүрегім енді болды тым-ақ жаман.
Орта үйімде үш ұлым өліп жатыр,
Сығалап келіп көрсем оған таман.
Енді кеп төр үйіме көзім салғам,
Бәтішті тоғыз кәуір қамап алған.
Самауыр алдында тұр баршасының,
Бәрінің ортасында қызым қалған.
Қолыма алмас балта алдым енді,
Есіктің дәл қасына бардым енді.
Біреуі шығып келе жатқанында
Балтамен діл басына салдым енді.
Алмадай ұшып түсті басы жерге,
Құдайым қуат беріп біздей ерге.
Бір-бірлеп енді үйден шыға берді,
Сегіздің басын кестім дәл сол жерде.
Балтамды тағы алып тұрдым барып,
Аяғында Жармақ келді ашуланып.
Есіктен о да шығып келгенінде,
Басына балтаменен қалдым салып.
Ұрғанымда бір иығына балта кіріп,
Бір иығын шауып түсті Құдай беріп.
Сау қалған бір қолымен ұстай алып,
Барады дөңгелентіп мені үйіріп.
21-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жеңе алмай бұл Жармақты қалдым енді,
Басыма бір бәлені салдым енді.
Қорада қара төбет байлаулы еді,
Алысып соған таман бардым енді.
Тақымнан қара төбет алды сонда,
Мен дағы қайраттанып қалдым сонда.
Екеулеп бұ Жармақты жыққан кезде
Басына балтаменен салдым сонда.
Бәтішім мені көріп төкті жасын,
Осындай көрген халде тамашасын.
Менің қылған әңгімем осы болды,
Керек болса, кесіңіз, міне, басым!
—Әй, Сәтбек, мен көрмедім ерді,—дейді,—
Тәңірім тілеуіңді берді,—дейді,—
Алым бермей тұрыңыз сіз жылына,
Саған да менің рахымым келді,—дейді.
Сәтбектің қылған ісі қош көрінді,
Иті мен екеуіне шен берілді.
Алым бермей тұрады осы күнде,
Жақсылардың тілеуін Құдай берді.
Төбетке бір қарғыны тағып берген,
Патша медаль беріп, жақсы көрген.
Құдай өзі сақтаса, бәле бар ма,
Үйіне аман-есен қайтып келген.
Қайтыпты алым бермей патшаға,
Қайран қалды кіші-іні, үлкен-аға.
Еліне қайтып келіп, той қылдырып,
Көп жанды қаратыпты тамашаға.
Қызыл тілім, сөйлеші,
Өнеріңді жасырма.
Ғылым—өнер білмедім
Нашарлықтан жасымда.
Бір дарақтан үш бұтақ
Өркендеп өскен басында.
Қойдай үркіп, қояндай
Секеңдеген уақытта,
Тиянақ жоқ халықта,
Он төртінші ғасырда.
Ойға, қырға шұбырып,
Әр түбекке тығылып,
Таудың жүрген тасында.
Ел аузында ертегі,
Кітапқа бұрын жазылмай,
Терушісі жоқ болып,
Аққағазға басылмай,
Ерлердің қылған ерлігі
Қалды қашан ашылмай?!
Сонда халық еңіреген,
Мұнарлы тұман ашылмай.
Ұлы жүз Үйсін бабасы,
Үйсіннің екі баласы—
Абақ пен Тарақ емшектес,
Абақтың Тарақ ағасы.
Сол уақытта Жалайыр
Мекендеген мекені,
Ағашаяқ, Аққолтық,
Жиделібайсын бер жағы.
Орақты батыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қырықжайын деген дария
Қонысы соның жағасы.
Кіші жүзбен көп бопты
Жер үшін тартыс таласы.
Жер, су үшін қағысып,
Бірін-бірі шабысып,
Кетіпті елдің мазасы.
Бөлініп жүрген аз ауыл
Ешкімге келмес шамасы.
Қиылып құлын желісі,
Шабылып жауға өрісі,
Жылаған күнде баласы.
Ескелді би ержеткен,
Балпықтың бала кезінде.
Қиыр жүріп, шет қонған,
Жылау менен ойылған,
Азғана елдің көзі еді.
Балпық он төрт жасында,
Ескелді бидің қасында,
Жалайырды жинап ап,
Сонда айтқан сөзі еді:
—Мынау жатқан іргелес,
Бұны бізге жер қылмас.
Негізі бізді ел қылмас,
Қолынан қоныс бермейді.
Түбінде шатақ болады,
Өзді-өзіміз соғыссақ,
Кіші жүз бен Ұлы жүз
Жасиды, көңіл солады,
Қайғыға іс толады.
Күнде жылар баламыз,
Тілінер күнде сабамыз.
Кіші жүзбен соғыссақ,
Келмейді біздің шамамыз.
Қырда қиқу, ойда ойран,
Күнде ұрыс болған соң,
Кетер елдік мазамыз.
Әркімнен соққы жеген соң,
Тірідей жетер қазамыз.
орақты батыр
Қырғи тиген торғайдай,
Қорқамын, қаңғып тозамыз.
Отырмалық қамалып,
Абақ-Тарақ атамыз,
Үйсіннен өткен таралып.
Мұнымыз біздің жарамас,
Бауырласты табалық.
Қай жерді басып барамыз?
Кетсек кең жер табамыз.
Бұл жерден көшіп ауалық,
Бос жатқан кең жер табалық.
Шулады халық ақыл деп,
Айтқан сөзің мақұл деп.
Үлкен өзен, кең өріс,
Бір басын көпке теңейтін,
Ұрыста жауды бөгейтін
Белгілі, белді батыр жоқ.
Қынабыңда қынаулы,
Тас кесер асыл болат жоқ.
Бастаушы, басшы болмаса,
Аяқты қия басу жоқ.
Осы жер қоныс болмас деп,
Көшелік енді деседі.
Үй іргесін көтеріп,
Уық бауын шешеді.
Ағашаяқ, Аққолтық,
Қырықжайынның бойынан
Жалайыр ауып көшеді.
Сол көшкеннен үдере
Ақмешітке жетеді.
Жер қайысқан қалың ел
Бұл жерге де сыймайды.
Мұнан тағы ауған соң,
Орнында қалды бөлініп,
Ішінде арық мешеуі.
Одан тағы ел көшті,
Ақтесікке жетеді.
Ақтесік те бос емес,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сыйыспай тағы ауған соң,
Орында қалды көше алмай
Халықтың арық нешеуі.
Тағы көшіп онан соң,
Түркістанды жағалап,
Қызылқұмды кезеді,
Тағы екі жыл жер бопты.
Қаратаудың етегі,
Өзбек, қырғыз қысқан соң,
Мазасы тағы кетеді.
Қаратауда тұра алмай,
Сырдариядан өтеді.
Жалайырды азсынып,
Қойға тиген қасқырдай,
Мазасын алды әр елдің
Елеңсері, есері.
Сыйып тағы отырмай,
Сырдан төмен сырғыған.
«Теңіз деген жер бар» деп,
Оңға қарай жылжыған.
Төрт ай көшті төмендеп,
Сары қоңыр белменен,
Бұлақсыз дала шөлменен,
Нашарлап халық келеді.
Жаздың айы, күн жылы,
Қалмады құлын-тайлары.
Болдырды бота, түйе де,
Жал қалмады биеде,
Ермеді лақ ешкіге.
Өзен таппай, өктеді,
Қалмады бұзау сиырда,
Ел шұбырды қиырға.
Оңаша өзен болмаса,
Аз елге жер-су тие ме?
Бір жағы—адыр, қоңыр бел,
Өлкесі толған сексеуіл,
Бөлек-бөлек құмы бар,
Бөлшек-бөлшек суы бар,
орақты батыр
Көшкен елдің іргесі
Орнығып енді тиеді.
Сексеуіл қалың, ну қамыс,
Бұрын адам жүрмеген,
Елсіз жатқан бір өзен,
Сырын ешкім білмеген.
Қасқыр, қабылан, жолбарыс,
Тел өсіп жатқан жер екен.
Күн батысы—көп түбек,
Жан-жағы көп көл екен.
Суында балық шолпылдап,
Қаз, үйрегі қаңқылдап
Оралып жатқан өлең шөп,
Егістік жері тегі көп,
Шаруаға жайлы, жағдайлы,
Безеліп өзен, гүлдеген.
Жайылған малы тояды,
Ұзамайды іргеден.
Малға жайлы өрісі,
Ел қырсығын кескендей,
Сулы жердің егісі.
Қадалды тікен табанға,
Жағдайлы жер боп еді
Оңаша жатқан жақсы өзен,
Бұл сияқты көрмеген
Көшіп жүрген заманда.
Қасқырдай болып қой жейтін
Жолықты сонда адамға.
Атын айтса, жан қорқар
Жолықты жаман арамға.
Сексеуіл қалың, ну қамыс
Арал-арал түбегі.
Жалмауыз шығып сол жерден
Елдің ұшты жүрегі,
Қайғымен халық жүдеді.
Шыдай алмай бәлеге
Жұрттың кетті іреңі.
Жейтін мезгіл болғанда
Қораға түскен қасқырдай
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әр үйге келіп кіреді.
Әрбір күнде кісі жеп,
Халықты өстіп бүреді.
Аз ауылдың тоқтаған
Осы жер еді тірегі.
Шошыды әркім жанынан
Үйде адам тұрмады.
Түн бойы адам жатпайды,
Тажалдың болып тырнағы.
Қойдай болып үрікті,
Ешкім ерлік қылмады.
Пәлеге қайрат таба алмай,
Қысылып сонда шулады.
Көргені қорлық болмады,
Ағашаяқ, Аққолтық
Қаратау менен Сырдағы
Көрген күні күн екен
Ойлағанда жылдағы,
Құдіреттің бұл бір кез қылғаны,
Ойда жоқ жерден кеселі.
Ең жақсысы қоныстың
Амандық пен есені,
Көшелік енді деседі.
Қаңтарда жауған қалың қар
Қысылды елдің мешеуі.
Айдарлы, егіз тұлымды
Жалғыздың өлді нешеуі.
Көшіп халық кететін
Болып отыр қырылып.
Қалың қар, аяз үскірік,
Жалаңаш жалпы ұрынып,
Көшерін қайда білмейді
Енді халық шұбырып.
Өлетін болды шал-шабыр,
Боранға ұшып сұлынып.
Көшпейін десе тағы да,
Адам жейтін жалмауыз
Апшысын елдің қуырып.
орақты батыр
Он екіге жаңадан
Жасы жетіп ілінген.
Сөйлесе, бал тамады
Жұғымды жұртқа тілінен.
Арыстандай денелі,
Алғыр қыран сұңқардай,
Салалы саусақ жебелі.
Талдырмаш қана жас бала,
Халыққа сонда сөйледі.
Ақсұңқардай түрінген,
Белгілі жұртқа батырдай
Күш-қайраты білінген.
—Ескелді, Балпық, сөз тыңда!
Жаман қатын, жас бала,
Ел көшкенде солар да
Қырылар сонда жалаңаш,
Етек, жеңін түрінген.
Күн қақты болған арық мал,
Көшкенмен қайда жеткізер,
Арық-тұрақ сүрінген.
Тәуекел бұған айдалық,
Қыстың көзі қырауда
Болмайды көшіп бүлінген.
Кіші жүз барсақ, шабады,
Қаратау барсақ паналап,
Өзбек, қырғыз қамады.
Елсізге келсек еңістеп,
Жалмауыз қолын салады.
Қайда барсақ азамыз,
Біз қайтіп ел боламыз.
Сорлы ел болдық, дүние-ай,
Үлкен қырсық ілінген.
Кең жердегі не керек,
Балпық, сенің білігің?
Қысылған елге болмаса,
Ақылмен табар тірлігің.
Егіз туған, екі би,
Ел болар жақты ойлалық.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Береке мен бірліктің
Үй іргесін көтеріп,
Алғызбайық түңлікті.
Қысылған ғарып біз болдық,
Ақылдасар кім бүгін?!
Танып едік жер кезіп,
Жақсы-ақ еді осы су,
Сексеуіл, қамыс, тораңғы,
Тал, үйеңкі шыққан ну.
Қырғауыл, қоян, қарабай,
Қаз, үйректі көлде аққу.
Отырмадық біз мұнда
Жылауменен күнде ду,
Бұл судың аты болды Шу.
Қалың қарда қырылар
Жұртым, енді көшпеңдер.
Үй іргесін көтеріп,
Уық бауын шешпеңдер.
Тәуекелге сыйынып,
Қоялық енді көшкенді,
Осыған елдік істеңдер.
Жалаңаш адам, арық мал
Сергелдең жолға түспеңдер.
Көшер болсақ бұл судан,
Елдіктің кетер сыңайы,
Қауіпке қарсы тұралық.
Жалаңаш сары бала үшін,
Кемпір менен шал үшін,
Қаңғыған қарда мал үшін,
Көпшіліктің қамы үшін
Еркек тоқты құрбандық,
Бір шыбындай жан қуаты.
Осыны айтып Орақты,
Орнынан ұшып тұрады,
Халықтан бата сұрады.
Орақты бұл сөзді айтқанда,
Сексендегі бабалар,
Алпыстағы аналар,
орақты батыр
Сегіздегі балалар,
Қорғаймын елді деген соң,
Ұлардай шулап жылады.
«Көп адам бұған бармасын,
Оншақты адам шығалы».
Қорғаймын елді деген соң,
Ел қуанып тұрады.
Құлынынан тайда емген,
Құнанында арда емген,
Дөненінде орда емген,
Бестісінде үйреткен,
Жібектен арқан сүйреткен,
Дәл жетіде жасы бар.
Келтелі шашақ жібектей,
Әдемі кекіл шашы бар.
Кебеже қарын, кең танау,
Кез жарым келген басы бар.
Жебелей басып желгенде,
Еті қызып келгенде,
Ойынды еті бұлтылдап,
Әпшісін жердің қуырып,
Алдында дию кез келсе,
Екпіндеп басып қашырар.
Көксерек ат көңілді,
Саптаяқтай ерінді,
Құйма тұяқ қиылған
Жүргенде жүріс өнімді.
Он жетіде Орақты
Көксерек атты ерттейтін
Қорғаймын деп елімді,
Көксерегін тұлдады.
Көксеректің сипаты
Құлжа мойын сағақты,
Жолбарыстай қабақты.
Бұрынғы ерлер жолымен
Қанжарын батыр қайрады,
Садақтың оғын жайлады,
Шоқпарын белге байлады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көксерек атқа ер салды,
Елін енді қорғауға
Істеді батыр айланы.
Қалқанын киді басына,
Жолдас алды қасына,
Көпке бата сайланды.
Батырларша желбегей
Орақты он жеті жасында
Халықты батыр бағады.
Мекені қайда болар деп,
Әр жерден батыр қарады.
Қалың тоғай жыныстан
Басқан ізін табады.
Ізін бағып байқаса,
Алты қарыс табаны.
Есік пен төрдей жер еді,
Адымдап басқан қадамы.
Басқан ізін көрген соң,
Үрейі жұрттың қалмады.
«Қорықпа, жұртым, мұнан деп,—
Кез келсе, қайрат қылам»,—деп,
Орақты оттай жанады.
Еліне келіп Орақты,
Тағы да ақыл салады.
—Әділетті ер болса,
Халықтың бағы өрлейді.
Ескелді, Балпық, отырсың,
Басыңды қосып тең,—дейді.
Бұл сияқты пәлені
Амалменен алмасақ,
Күресіп шама келмейді.
Шуламасын қалың ел
Ақылдасып көр,—дейді,—
Ақылдаспай болмайды,
Ізі алпауыт неме екен,
Оңайлықпен өлмейді.
Тәуекелге бумай бел,
Еш нәрсе босқа өнбейді.
орақты батыр
Ескелді сонда сөйлейді
Орақты батыр балаға:
—Ақылдасып отырсың,
Алдыңда екі ағаңа.
Бұдан қайрат етпесек,
Жыламай бала қала ма?
Батыр туар ел үшін,
Жақсы туар көп үшін,
Өз отаның—ел үшін
Орақты сынды, шырағым,
Бір шыбын жан садаға!
Ондай болса, баралық,
Жалмауыз жүрген далаға.
Ақыл дария кемеңгер
Жүректі батыр, қайратты ер,
Қамданбай енді қала ма!
Халықты қорғап бағатын,
Қысылса, ақыл табатын
Шығаннан шыққан кісі бар.
Ол уақта ел санама,
Он бір кісі келіпті,
Жалмауыз жүрген ну қамыс,
Қалың тоғай араға.
Басқан ізін көрген соң,
Жер шолып жүрген адамдар
Түсті ой мен санаға.
Белгілі адам бұл емес,
Шығатын жеке дараға.
Балпық би сонда айтады:
—Бұған бір ақыл жасайық,
Қабыл алса Тағала.
Іздеп тапшы аралап,
Жалмауыз жүрген түбекті.
Тәуекелге сыйынып,
Бекітті ерлер жүректі.
Сындырма деп белімді,
Шулатпа деп елімді,
Ел иелері тіледі,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір Алладан тілекті.
Адамға зиян келместі,
Қолынан адам берместі,
Тапты ақыл ретті.
Өнермен өнер туғызып,
Жасамақ болып бір кепті.
Бір өнерпаз бар екен,
Сол жүрген қалың еліңде.
Соңыңда жұрттың қуатты,
Өнері соның көңлінде.
Адамнан шыққан өнерпаз
Ақыл, өнер жөнінде.
Қимылда, батыр Андабай!
Өнеріңді бір көрсет,
Қамданар күнің сенің де.
Қолыңнан батыр келеді,
Осыны істеп көрелі.
Көп үшін, жаным, ерінбе,
Білесің, батыр Андабай,
Әзәлда тегі жаратты,
Білгіш пенен наданды.
Білгіштің көңлі айнадай,
Наданның көңілі қараңғы.
Орақты інің көп үшін
Бәйгеге басын салған-ды.
Осы жерде қалың үйеңкі
Толып тұрған тораңғы.
Тораңғыдан сен жаса
Алты-жеті адамды.
Ілгері болсын адамнан
Нұсқасы, болсын жарамды.
Балпықтың айтқан бұл сөзін
Андабай мақұл алады.
Ағаштан адам шаппаққа
Жуан ағаш қарады.
Жасаса адам болатын
Төрт-бес ағаш табады.
Араменен аралап,
Шығарып саусақ салалап,
орақты батыр
Пормалап адам шабады.
Жасады бастап екі қыз
Жібектен көйлек кигізіп,
Бетіне бояу жағады.
Құйрығынан жылқының
Басына бұрым тағады.
Түлкінің көзін көз жасап,
Айрықша ақыл табады.
Құмырсқа белді, ақ маңдай,
Таң шолпаны секілді,
Қас пен көздің арасы.
Күміс саусақ салалы,
Ақ бетінде кіршік жоқ,
Жауған қардай тамағы.
Қиылған қалам секілді,
Жасалған қыздың қабағы,
Бар кемдігі тілі жоқ.
Порымына қараса,
Адамзаттан міні жоқ.
Ажарына қараса,
Көргенде құмар қанады.
Жаны бар егер қыз болса,
Көрген адам ғашық боп,
Құмардың оты жанады.
Қыздармен бірге тұрғызса,
Айыра алмай қалады.
Көзін сүзіп күліп тұр,
Он бестегі қызға ұқсап,
Ай секілді ажары.
Андабайдың өнері
Айтқандай ақыл салады.
Екі жігіт толымды,
Көзтартарлық порымды,
Ағаштан тағы жасады.
Егделі келген бәйбіше,
Тағы жасап ағаштан,
Төртеуінің қасына
Көбейтіп тағы қосады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Адамы түгел біткен соң,
Үй көшірді онан соң,
Жалмауыз жүрген қалыңға.
Қалыңға барып үй тігіп,
Көз тартарлық ішіне
Жиды жабдық бәрін де.
Асқызып қазан, от жағып,
Екі жігіт, екі қыз,
Бәйбіше отыр жанында.
Неше күн жүріп бағады,
Күн батса от жағады.
Осы үйге түбі келер деп,
Жүреді батыр маңында.
Екі қыз отыр бұраңдап
Ақ орданың ішінде.
Кәмшат бөрік басында,
Інжу-маржан шашында.
Күлімсіреп күлген боп,
Екі жігіт шынтақтап
Қыздардың отыр қасында.
Есік жақтан еңкейіп,
Бір әйел қазан асуда.
Осы жерде ұйқысыз
Он күн, он түн күзетті,
Ешбір хабар болмады.
Бір күні түнде отырса,
Төменгі қалың тоғайдан
Келе жатқан хабар болады.
Сығалап батыр қараса,
Жаңғыз жаяу келеді.
Бақылап сырттан байқаса,
Жолым үйдей денелі,
Үйге жапқан түңдіктей
Бас киімі жебелі.
От жанған үйді көрген соң,
Қорқу, сасу ойда жоқ,
Бүлкілдей басып келеді.
Қораға шапқан қасқырдай,
Іркілмей үйге енеді.
орақты батыр
Бозбала, қызды көрген соң,
Адамға құмар айуан
Жемекке енді төнеді.
Шеңгелін қызға салады,
Күтірлетіп бөледі.
Қайрат, қайтпас жүректің
Осы жерде болды керегі.
Жүрегі ердің таймайды,
Күш, қайрат тасып қайнайды.
Қолына алған қорамсақ
Мықтап белге байлайды.
Батырдың осы өзі деп,
Маңдайдың жалғыз көзі деп,
Садақтың оғын айдайды.
Айламен үйге кіргізіп,
Батыр тапты амалды.
Орақ атқан жалғыз оқ
Маңдайдағы көзден қадалды.
Атқан оқ көзден өтеді,
Желкеден шығып кетеді.
Оқпен бірге түскенде
Бұзғандай болды қамалды.
Қарбалаңдап қолына,
Тигеннің бәрін уатты,
Күл қылып түгел құлатты.
Қайтадан атып батырды,
Тырп еткізбей сұлатты.
Пәледен елін құтқару
Батырға үлкен мұрат-ты.
Жалмауызды өлтіріп,
Көрсетіп елдің көзіне,
Халқын түгел қуантты.
Орақты болды аз елдің,
Сүйенетін тірегі.
Жолбарыстай жүректі,
Арыстандай білекті,
Адамзаттың зерегі.
Орақтының күшімен,
22-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Батырдың ерлік ісімен,
Қорықпай бала ұйықтады.
Халқына тиіп көмегі,
Қалғаны бар артында,
Жалғыз, сірә, демеді.
Ел үшін туған жас перен,
Халықтың қамын жегені.
Еркек тоқты құрбандық
Аман болса елім дегені.
Атақты пәле өлген соң,
Байтал жусап, бала ұйықтап,
Тыныштық халық көреді.
Жер шалып батыр жатпайды,
Көп үшін көңіл бөледі.
Өлгеніне жалмауыз
Екі-үш апта боп еді.
Бақылап жүрсе жол тосып,
Өлең айтқан секілді,
Ыңырсып біреу келеді.
Бұғынып тұрып Орақты
Көреді мұны сыртынан.
Үстіне киген киімі
Көрінді жанат-бұлғыннан.
Жіңішке белі шыбықтай,
Бойы ұзын сырықтай,
Мұндай адам тумайды,
Жаралып адам ұлтынан.
Нұсқасына қараса,
Жанат та нұрдың негізі,
Жаралғандай ұрқынан.
Жыландай жылжып аяңдап,
Түлкідей басып сылтыған.
Жылау да емес, ән де емес,
Шығады даусы сыңсыған.
Аузын ашып дем алса,
Жалын, от шығар ұртынан.
Қатарына келгенде,
Шат болды батыр күлімдеп.
Қорамсаққа қол салды,
орақты батыр
«Туған күнім бүгін деп,—
Қолдай көр, Кемел пірім»,—деп,—
Қолға алдым сені, темір оқ,
Сенен басқа досым жоқ»
Серт айтып тартты садақты,
«Ойдағы жерден ілін» деп.
Күшпенен шыққан жалғыз оқ
Жөнелді сонда дірілдеп.
Жалмауызға жетеді,
Бүйірден өтіп кетеді.
Тораңғыны қақ жарып,
Бір жидеге қадалып,
Тұра қалды дірілдеп.
Ұстай алды ашумен,
Бір ағашты күрілдеп.
Қолы тиген ағашы
Уатылып қалады.
Шыңғырған даусын есітіп,
Батыр оттай жанады.
Көктегі жұлдыз секілді
Көксерек ат ағады.
Ағызып келіп ағынмен
Көк желкеден шабады.
Бар киімін сыпырып,
Басы мен қолын сол жерде
Батыр кесіп алады.
Халқына кеп береді,
«Тапқан олжам мынау» деп,
Алдына жайып салады.
Басы мен қолын көргенде
Көбінің есі қалмады.
«Ел қорғайтын батыр» деп,
Аузына халқы қарады.
Қатқан жерден тоң кетіп,
Жаз келді сонда жылтырап.
Мұнарын шашып бұлдырап,
Дария беті бусанып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үйрек ұшып, қаз қонып,
Су ақты жосып сылдырап.
Қара жер беті көгеріп,
Қара жердің көгіне
Хайуанаттар кенеліп,
Семірді арық дыңғырап.
Көлде бақа құрылдап,
Таста байғыз ән салып,
Ағашта бұлбұл шырылдап.
Шыбын, шіркей тіріліп,
Бас қосып түгел дуылдап.
Құмырсқа шығып інінен
Жол тартып о да қимылдап.
Өрісте бие құлындап,
Көк пенен жер жібіді,
Нұр шашып жұлдыз жымыңдап.
Қыз, келіншек ән салып,
Қой алдында қылмыңдап.
Жердің жүзі көгеріп,
Көк орай шалғын болады.
Арық малы семіріп,
Қарыны ашқан тойынып,
Халықтың көңілі толады.
Жазға аман жеткен соң,
Жұрт жиылып қонады.
Беткейге жатып шал аунап,
Үй қасында бала ойнап,
Шаңлақты жерде нар аунап,
Жанның бәрі болды мәз.
Тамашада көлде қаз,
Жадыратып жайнатып,
Нұрын шашып келген жаз.
«Осы жерге егін ексе» деп,
Ақылдасты ел біраз.
Сонда Балпық сөйлейді:
—Бір әңгіме айтайын,
Тыңдасаңдар, балалар,
Алтын тапқан аналар,
Жасы үлкен ағалар!
орақты батыр
Халқын қорғап тұратын,
Бәлеге жеке шығатын,
Бір басы мыңға татитын
Ел үшін туған даналар!
Көп ақылы дария
Қалмасын үйде балалар.
Осы отырған жеріміз
Өзені құрақ, бойы шым,
Тоғайы қалың, өзі тың,
Бір жағы мынау Қоңыр тау,
Аралас жатқан бұйрат құм.
Суында балық, қаз, үйрек,
Алып жесек жаны бар.
Лайықты жер екен
Азғана ауыл паналар.
Ойланып жүрген ойымда
Бір кішкентай және бар.
Сылдырап аққан мына су
Жалмауыз шығып жерінен
Алты ай қыстай болды ду.
Қойға қасқыр шапқандай,
Халқымыз болды күнде шу.
Ірге жайсыз тиген соң,
Жақсы қоныс болмайды,
Дегенменен қанша ну.
Жер болар бізге бүгінде,
Өркендеп өсіп молайсақ,
Сыймайды халық түбінде.
Жері сортаң болған соң,
Көңліме менің қонбай тұр,
Ойдағы қоныс болмай тұр.
Жағдайсыз келер халыққа,
Күндердің осы күнінде.
Ұнатпай тұр көңілім,
Бұл қоныстың түрін де.
Алдымызда бар шығар
Бізге лайық бір өзен,
Берекелі шын өзен.
Ұнатсаңдар, ойлаймын,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көшейік, жұртым, кідірме.
Балпықтың сөзін мақұлдап,
Жұрт көшелік деседі,
Үй іргесін шешеді.
Бұл судың атын «Шу» қойып,
Жалайыр Шудан көшеді.
Шуды тастап жалайыр,
Үдере көшіп кетеді.
Сол көшкеннен тоқтамай,
Алакөлден өтеді,
Қошқарбайға жетеді.
«Топарға» жетті еңкейіп,
Ешкімнің емес мекені.
Топарға да тоқтамай,
«Ілеге» жетті шұбырып.
Жердің түрін байқаса,
Үлкен өзен, кең арна,
Қыдырлы бір жер көшелі.
Егін салар жері бар,
Жайылым жері тағы бар.
Қызыл изен, көк жусан,
Шөбі бар мекен ететін,
Ел қырсығын кесетін,
Жер екен дәулет өсетін.
Ірімшіктей құрағы,
Бір түп шидің түбіне,
Паналап жүз қой тұрады.
Кекіре, жантақ, күйреуік
Біріне-бірі сұлады.
Қырғауыл, қоян, қаз, үйрек
Өзендерден шығады.
Қырына біткен қызғалдақ,
Белуардан изені,
Тоғайындағы жидегі,
Маужырап тұр дәндері.
Піскен кезде иіліп,
Бұтағынан сынады.
Қырында бөкен құлан бар,
орақты батыр
Көлінде балық, бұлан бар.
Тоғайда жүрген елігі,
Байқасақ қарап көзігі.
Қарақұйрық қаптаған,
Нелер жақсы ірі аң бар.
Сүйсінді Балпық көрген соң,
Іздеп тапқан жеріне,
Жеріне сәйкес көліне,
Жеріне шыққан шөбіне,
«Осы жер қоныс болар,—деп,
Негізі менің еліме».
Бұл жерге тартыс салатын,
Қорқытып тартып алатын
Жақын ел жоқ шенінде.
Келген жылы жалайыр
Ілеге егін салады.
Арасынан Іленің
Астық алып сол жылы,
Қарық болып қалады.
Ашығып келген халықтың
Астыққа тойды тамағы,
Ашылды жұрттың қабағы.
Шұбырып жүріп жалайыр
Бір жақсы қоныс табады.
Қараша айы туған соң,
Майқұрақ, Қорыс, Ақ дала,
Тұсында жатқан Абанқыр
Қыстауға халық тарады.
Ел орнығып қонған соң,
Меншікті жері болған соң,
Балпық пенен Орақты,
Ескелді биді басшы қып,
Алдынан жер шолады.
Атырауды айналып,
Қаракенге барады.
Қаракен бойы Қаратал,
Ішіне шыққан бүлдірген.
Бүлдіргені жұпардай,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мұрынын исі жарады.
Аққан суы мөлдіреп,
Ішсе, сусын қанады.
Қараталдың өлкесі
Іледен де бағалы.
Қараталды өрледі,
Жерінің артық көрнегі.
Ой мен қырын байқаса,
Жанға бірден жағады.
Өрлей жүрді өңкей ер,
Қараталды жағалап,
Үштөбені далалап,
Дауылбайдың басына
Шықты барып аралап.
Қанжарлары қайраулы,
Садақтары сайлаулы,
Балтасы жанында байлаулы.
Жасанған жаудан таймайтын
Бәрі де алғыр азамат.
Келіп шықты тобымен
Дауылбайдың басына.
Төтелей келді тік жүріп
Қызыл жол-жол тасына.
Қалың шөпті қақ жарған
Сүйретінді із жатыр,
Келсе, тастың қасында.
Не бар деп сонда ойлады,
Ақылдасып осында.
Айдаһары кез келді
Өңшең болат асылға.
Орақты батыр сол кезде
Дәл жиырма бір жасында.
Орақты батыр сол жерде
Жолдасына сөйледі.
Айдаһарды көрген соң:
«Қасыма бірің ер» деді.
Бәрі түгел шулады:
—Айдаһар деген тілсіз жау,
орақты батыр
Барма, батыр, сен!—деді.
Орақты тұрып айтады:
—Мұның заты бір жылан,
Менің затым адамзат,
Қалайша күшім кем,—деді,—
Көрмей жатып қашқан соң,
Өлгенмен басым тең,—деді.
Жолдасы қалды иіріліп,
Қызыл тастың қорымын,
Орақты батыр өрледі.
Біраз жүрді тасты өрлеп,
Еш нәрсе де көрмеді.
Еш нәрседен қайтпаған—
Жас батырдың талабы.
Тіктілеу келген қорым тас,
Өрлеп соған барады.
Ұйықтап жатқан сол жерден
Айдаһарды табады.
Жақындап батыр барғанда
Көтеріп басын алады,
Батырға жылан қарады.
Қайрат жасап қамданбай,
Айдаһардың батыр кеп,
Желкесінен шабады.
Қайратпен шапқан қанжары
Айдаһардың басын қақ бөліп,
Қара тасты қабады.
Бұл қайратын көрген соң,
Құмары жұрттың қанады.
Батыр болды талапты,
Асынды белге садақты,
Ел үшін туған бағландар,
Елге лайық жер тауып,
Ауыл қонар көл тауып,
Тұлпарларын жаратты.
«Қаратал, Іле—екі су
Елге қоныс болар» деп,
Атбасын елге қаратты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ілеге қарай жол салды
Қараталдан төтелеп.
Сексеуіл, қалың жыңғылды,
Адыр-адыр қызыл құм,
Құдық қазды әр жерден.
Жол салды бұзып кеселеп,
Жол бермес қалың дүлейден.
Кезек-кезек жол ашып,
Келе жатыр жекелеп,
«Есеке, елге жетсек» деп,
Сөйледі Балпық ентелеп.
—Оның рас, шырағым,
Барсақ болар ертерек.
Осыдан біз барғанда,
Бала-шаға қуанып,
Алдымыздан шыға алмас,
Байқадым, батыр, еркелеп.
Айланып қалған секілді,
Елдің күні қараңғы,
Кісі жейтін тағы да,
Кез келді білем наданға.
Енді орнынан таппаспыз,
Осы барған заманда.
Негізгі қас бір бәле
Кез келген шығар адамға.
Күн-түн қатып жеделдеп,
Келді сонда еліме.
Келсе, орнында елі жоқ
Қондырып кеткен жерінде.
Әр жерге жүгі шашылған,
Жұрттың түрін байқаса,
Көрінді былай көзіне
Бүлінген елдің жөнінде.
Қатты жүрді сабаулап,
Емес деп адам тегінде.
Қасқыр көрген қойдай боп,
Есі кетіп үріккен.
Тіккен үйден айрылып,
Төрттен-бестен біріккен.
орақты батыр
Бала жылап, нар өліп,
Денесі елдің дүрліккен.
Ақыл кетіп ағадан,
Күш кетіпті жігіттен.
Қойдай болып шуылдап,
Жетті елге сүрліккен.
Үркіп жүрген халықтың
Қалыпты арық мешеуі.
Айдарлы, егіз тұлымды,
Өліпті жастың нешеуі.
—Бала да болса, панамыз,
Қорғайтын бізді бабамыз.
Тірлігің екен, қарағым,
Халқыңның аман-есені.
Батыр мен биді көрген соң,
Кеткендей болды халықтың
Кеудесінен кеселі.
Қараңғыда көреді,
Ұйықтап жатқан адамды
Түнде ғана жеп еді.
Пәленің түсін көрместен,
Жалмауыз шықты деп еді.
—Ендігі пәле, қарағым,
Түсі суық келеді.
Шыдамай зәріне қырылып,
Қойдай болып өледі.
Бір қой бір қыз күніне
Тамағына береді.
Бас жағы адам, қарағым,
Бөксесінің жүні бар.
Адам да емес, ит те емес,
Әйтеуір жаман түрі бар.
Біреуі қара, біреуі ақ,
Аузынан көбік ағады,
Сала құлаш тілі бар,
Түсі суық у мен зәр.
Қорыққаннан көмейден
Жүрмей қалды татқан нәр.
Өзіңнен қайрат болмаса,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Заманымыз болды тар.
Жан қысылған мезгілде
Өзің түгіл, қарағым,
Ізіңе халқың болды зар.
Мына сөзді есітіп,
Орақты қылды талапты.
Жер жарылып, күн шығып,
Мезгілімен таң атты.
Алды қолға садақты,
Байлады қанжар, жарақты.
Сол күні елді көшірмей,
Ерулетіп қаратты.
Қанжарды батыр қайрады,
Садақты белге байлады.
Көксерек атқа ер салып,
Жабдықты батыр жайлады.
Бұған бір қайрат істеуге
Енді батыр ойлады.
Сонда батыр ойлады:
«Менің атым кім,—дейді,—
Ел үшін тудым шын,—дейді,—
Еркек тоқты құрбандық,
Қамданар бүгін күн», дейді.
Оралбике өзінің
Қарындасын шақырып:
—Қарағым, бірге жүр,—дейді,—
Кел алдыма мін, дейді.
Оралбике бала ғой,
Қорыққаннан жүрмейді.
Орақтыны шешесі
Сонда қарғап тілдейді:
—Оңбайсың, шешек, оңбайсың,
Пәлені іздеп қайдағы
Тілеп жүрсің өзіңе,
Болмаймын, бала, сөзіңе.
Ақырында, қу балам,
Жалғыз қыз түсті көзіңе.
Батыр сонда айтады:
—Айналайын апатай,
орақты батыр
Сен жылайсың мен үшін,
Мен жылаймын көп үшін,
Ұлың мен қызың құдайы
Осы отырған ел үшін.
Ұл-қызыңда арман жоқ,
Тазаласа пәледен
Жалайырдың өрісін.
Жылама, бауырым Оралжан,
Мырзаш пенен үшеуміз
Бір құрсақтан өнгенбіз.
Бір құрсақтан жалғанның
Жарығына келгенбіз.
Бір құндақта жатқамыз,
Бір бұлақтан татқамыз.
Бір емшектен емгенбіз,
Баласындай үйректің
Бір-бірімізге ергенбіз.
Қаның менен қаным бір,
Жаның менен жаным бір,
Тәнің менен тәнім бір,
Қорықпа, жалғыз бауырым,
Меніменен бірге жүр.
Ақыл таппай сандалған
Халықтың кеулі қайғы, кір.
Не де болса Алланың
Салған ісін көремін.
Менің тірі шағымда
Өлемін, сірә, демегін.
Өзім тірі тұрғанда
Ажалға неге беремін?!
Сенен бұрын, шырағым,
Алдыңда сенің өлемін!
Сені мен менде арман жоқ,
Пәледен аман тазартсақ,
Өрісін мынау көп елдің.
Үріккен мынау ел үшін,
Тазармаған жер үшін,
Қимылдайын тәуекел!
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Пайдасын қашан көремін,
Денеге біткен өнердің?!
Өлемін деп қорықпа,
Оралбике, қарағым,
Әдейі ертіп барамын.
Бір емшектен бір емген,
Бауыры жақын адамның.
Әлі түсіп көрген жоқ,
Кісі деп жүрген наданның.
Біреудің қызын байласам,
Жақсы болар егер де,
Қайратымнан таймасам.
Басым болса өзімнен,
Қорықсам, бұғып қаламын.
Егер де бүгін қорықсам,
Сенің даусың шыққанда
Жанды ортаға саламын.
Қорықпай-ақ еріп жүр,
Жалмауызды көргенде
Бір айласын табамын.
Көп үшін басым құрбандық,
Тілеймін елдің аманын.
Ел қорғау үшін бауырың,
Түсті барып ішіне
Қайнап тұрған қазанның.
Алып жүрді бауырын,
Аузына байлап ажалдың.
Келетұғын жолына
Қарындасын байлады.
Садақтың оғын сайлады,
Қанжарын батыр қайрады,
Шаладай батыр жайнады.
Қашан түсін көргенше
«Қандай нәрсе екен» деп,
Сонда батыр ойлады.
Түске жуық болғанда,
Екі нәрсе келеді.
Нұсқасы адам секілді,
орақты батыр
Көз ұшында зырқырап.
Аузынан аққан көбігі,
Будақ-будақ бұрқырап.
Біреуі қара, бірі ақ,
Қарасын қыз көргенде,
Шықты даусы шырқырап.
Бауырдың даусы шыққанда,
Қайнады ердің жүрегі.
Темір болды білегі,
Қаһарына мінеді.
Сүйегі кетті сырқырап,
Садақты батыр сайлады.
Алатын қасқыр бүркіттей,
Батырдың көзі жайнады.
Тұсына таман келгенде,
Оқты батыр бір атты,
Екінің бірін құлатты,
Зәлімнің бірін жайғады.
Жығылғанда қарасы,
Ақкөбік барып шайнады.
Орақты атқан жалғыз оқ,
Жөнелді сонда гуілдеп.
Серт айтып атты күшпенен
«Туған күнім бүгін» деп,
Қаракөбік тұралмай,
Жығылып жатыр күрілдеп.
Қайтадан атқан жалғыз оқ
Жөнелді сонда дүрілдеп.
Ақкөбіктен өтеді,
Жүрегін үзіп кетеді.
Бір терекке оқ тиіп,
Тұра қалды дірілдеп.
Батырдың көңлі шат болды,
«Қолдай көр, Кемел пірім» деп,
Болды ердің дегені.
Қаракөбік, Ақкөбік
Орақты батыр оғынан
Екеуі де жөнеді.
Халықтың болды панасы
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бір ердің білген өнері.
Пәледен халқын құтқарып,
Оралып батыр үйіне
Аман-есен келеді.
Қиын-қыстау пәленің
Жоғалтты көзін нелерді.
Тазарып жұрттың өрісі,
Неше күндей той болды,
Ақ даланың кемері.
«Сен болдың бізге жүрек,—деп,—
Жау көрсек, бізге қажымас.
Құйма құрыш білек,—деп,—
Қорықсақ барып паналар.
Халқымызға тірек,—деп,—
Жалайырға тиянақ
Ноқта ағасы сен бол»,—деп,—
Орақтыға сол жерде
Халқы бата береді.
Сонан кейін Жалайыр,
Қаратал—Іле екі су,
Мекен етіп жерледі.
Қаңғайдан қонып алдымен,
Көк даланы өрледі.
Қонысы жағып бұл елдің
Мал мен басы молайып,
Дәулеті тасып кенелді.
Иесіз жатқан байтақ жер
Менікі етіп ие боп,
Ешбір адам келмеді.
Аз елдің көзі ашылды,
Өлшеусіз несіп шашылды.
Еш жамандық көрмеді.
Сыналар ердің жүрегі,
Ақ найза мен білегі,
Мұқаншыға барғанда
Қанды майдан бір қызық
Сол арада кез келді…
Кез келмеген бұларға
орақты батыр
Әрбір ұлттан қалмады.
Дүнген деген қалмақтан
Ханның қолы шабады.
Бытырап кеткен қалың ел,
Бір бөлек жатқан ауылды
Қалмақтың қолы шабады.
Жүреді екен Орақты
Іленің аққан суында,
Жетіжалдың қырында,
Тасмұрынның құмында,
Батырға хабар барады.
Көксерек аттың құйрығын,
Жалыменен тарады.
Қаңтардағы бурадай
Түйілді ердің қабағы.
Ер тоқымын бішпаңдап,
Сауырын аттың жабады,
Қанжарын қынға салады.
Білекке іліп садағын,
Көксерек атқа «шу» деді.
Еті қызған мезгілде
Көксерек желдей гуледі.
Табаны құмды суырып,
Әпшісін жердің қуырып,
Қаратал, Іле—екі су,
Көксерек ат қысқартты,
Екі өзеннің танабын.
Талаптанды жас батыр,
Құрал-жабдық жасады.
Мұқаншыға жүрмек боп,
Ақтөбені асады.
Ақтөбеден асқан соң,
Сарбұлақпен сартылдап,
Көксеңгір тауды бөктерлеп,
Қурайлыны басады.
Тұлпардан туған Көксерек
Арандай аузын ашады.
Еті қызып келгенде,
23-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сауырдан тері төгіліп,
Ұртынан көбік шашады.
Алты сағат басқанда,
Қарқыны келген дариядай
Батырдың көңлі тасады.
Қарқынмен барып шығады
Мойынқұмның беліне.
Батыр жетті бесінде
Мұңлық боп қалған еліне.
Жау шауып кеткен ғарып ел,
Жылай берді шуылдап,
Орақтыдай еріне!
Сонда батыр сөйлейді:
—Жылама, жұртым, жылама,
Сендерді шапқан осы жау,
Адам ба, заты пері ме?
Пері болса, соғармын,
Жолатпасын шеніме.
Адам болса, тығармын
Әкесінің көріне.
Жылаған елді көрген соң,
Батырдың тасып қайраты,
Шапшыды таудың өріне.
Еркек тоқты құрбандық,
Сендер үшін байладым,
Ғазез басты өлімге.
Жау артынан қумақ боп,
Сауытын батыр киеді,
Ат құйрығын түйеді.
Ақырғанда дауысы
Алты қырдан асады.
Оралып жатқан Қоңыр тау
Жау жүрген жердің жиегі.
Шаңғарақ таудың бойында
Көк судың аққан ойында.
Дүңген деген қалмақтың
Шаһарына тиеді.
Темір қалқан басында,
орақты батыр
Жолдасы жоқ қасында.
Қаптап жатқан қалмақтың
Қаласына кіреді.
Дабылды батыр қағады,
Ханның елін шабады.
Қалмаққа ойран салады,
Қашқандары қалмақтың
Ханына о да барады.
Дүңген хан халқын жиғанша,
Қазақтың қалың қолымен
Батыр бұзды қамалды.
Талап қылып талпынбай,
Мұратқа адам жетер ме?!
Ел үшін туған егейлер
Майданға кірмей кетер ме?!
Қалмақтың Ақсай ерімен
Орақты шықты жекеге.
Батырлық, ерлік күн болды
Жүрген күнде жекеде.
Ақсай мінген атының
Маңдайда бар төбелі,
Орақтының қасында
Ақсай таудай денелі.
Мың кісілік кемедей
Келген екен Ақсайдың
Дене тұлға кемелі.
Күрек тісі күректей,
Тоқпақтай айдар, тұлымды,
Қошқар тұмсық мұрынды.
Басы үлкен қазандай,
Құндыздығы жебелі.
Екі батыр сайысқа
Жеке-жеке келеді.
Алдыменен Орақты
Ақсайға кезек береді.
Ақсай шапты ақырып,
Желекті найза желкілдеп,
Шаншуға жақын келгенде
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Балтаменен бір салып,
Найзасын екі бөледі.
Ағындап Ақсай өтеді,
Артынан бала жетеді.
Дәл жүректің басынан,
Шеміршектің қасынан
Найзамен бала көмеді.
Атынан дәуді ұшырды,
Қаңбақтай жерге түсірді.
Ақ төбел атты жетектеп,
Орақты батыр жөнелді.
Ақсайды батыр өлтіріп,
Қасқыр қырған қойдай қып,
Қалмақтың елін бөледі.
Көшелерін қан қылып,
Қақпанның аузын шаң қылып,
Қанын судай төгеді.
Быт-шыт боп қашқан қалмақты
Сай-сайдан батыр тереді.
Қанжарменен тіледі,
Найзаменен іледі.
Түлкі алған бүркіттей,
Кез келгенін бүреді.
Қан майданда қайтпайды,
Бала бүркіт түлегі.
Қашуға қалмақ бет алып,
Тау ішіне кіреді.
Дүңген ханның іргесін
Үркітіп батыр түреді.
Жіңішкежүрек, Шыңбұлақ
Сол сайды өрлеп шу деді.
Үркіп қалмақ қырылып,
Қырғынға түсіп сүрініп,
Сол сапарда жүдеді.
Жерінен қалмақ ауған соң,
Қиналды қатты бір жаны.
Тау-тауда қапты қазан мен
Саптыаяқ, күбі, құмғаны.
Қазан қалған сол тауды
орақты батыр
Қарала ағаш Қазанның
Асуы деп біледі.
Отыз бір жасқа келгенде
Орақты батыр халқына,
Бұқара халық, жалпыға
Тірек болып тіреді.
Қаратал, Іле—екі өзен,
Сонан кейін меншікті
Жалайырға жер бопты.
Орақты батыр шыққан соң,
Аз басы көпке тең бопты.
Су мен жерге ие боп,
Содан кейін ел бопты.
Онан бұрын жалайыр
Көрінгенге жем бопты.
Көрінген елге тозаңдап,
Мүсәпірмен тең бопты.
Қатар жатыр Іле, Шу,
Көктал, Лепсі, Қаратал,
Ақсу, Көксу, Жетісу—
Жалайырдың мекені.
Қаратал, Іле—екі су,
Өніп-өсіп жалайыр
Екі өзенде отыр ну.
Орақты жайын айтайын:
Тұрлықожа баласы,
Орақты тапқан қонысы—
Қаратал, Көксу жағасы.
Өткеніне олардың
Бес-алты ғасыр шамасы.
Облысымыз Алматы,
Ауданымыз Қаратал,
Екі колхоз болады
Сол Орақты баласы.
Дүңген ханның қаласы,
Мынау жатқан Дүңгене
Осылай деп айтатын
Халқымыздың білгені.
Ел аузында айтылып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ертегі болып жүргені.
Жиюшы жоқ артында,
Баспаға бұрын кірмеді.
Көксудың аққан бойында,
Дүңгененің ойында,
Қант завод салынып,
Денесі нұрға малынып,
Күміс терек егіліп,
Жоңышқа, қылша себіліп,
Жаңа өмірдің нұрымен
Сәнді өзен боп гүлдеді.
Енді келді жазатын
Бұл поэма кезегі.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
БАТЫР ЖӘНІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ
«Батыр Жәнібектің өлеңі»—ХV ғасыр оқиғаларын баян
дауға арналған тарихи жыр үлгісі. Томға енген тарихи жыр
лардың ішіндегі ең көлемдісі. Жыр Қазақ хандығының негізін
қалаған хандардың бірі Жәнібек ханның (ХV ғ. басы—1470)
жас кезіндегі ерлік істерін көркем тілмен әңгімелейді.
Шығарма оқиғасының уақыт мөлшері, деректі дәлдігі нақты
өмір шындығымен сәйкес келмегенімен, жырда Жәнібек хан
тұсындағы тарихи оқиғаларға қатысты жағдаятттар эпикалық
туынды табиғатына тән көркемдік тәсілмен суреттеледі.
«Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын жырды ақын
Омарбай Малқаров 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан тұрғыны,
белгілі халық ақыны, жыршы Орынбай Таймановтан жазып
алған. Қолжазба бұрын еш жерде жарияланбаған. Жәнібек
хан тұлғасын дәріптеуге арналғандықтан, кеңестік идеология
шеңберіне сай келмейтін ескі заман шығармасы ретінде тыйым
салынған сияқты.
Жалғыз ғана нұсқасы бар, алғаш рет жұртшылық наза
рына ұсынылып отырған жыр мәтіні толық қалпында сақтал
ған. Тарауларға бөлінбеген. Өлеңдік құрылысы жыр үлгісіне
құрылған. Жырда батырлық эпос элементтері де кездесіп
қалады.
Жырдың сюжеттік желісі батырлар жырына ұқсайды.
Әзірет сұлтан заманында Ноғайлы елін басқарған Әлібек деген
байдың бір балаға зар болып, әйелі Қарлығаш екеуі қартай
ған шақтарында әулие кезуі, Шашты әзіз диуана аян беріп,
перзенттің өмірге келуі, ата-ананың зарығып көрген Жәнібек
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
атты ұлының жастайынан ержүрек болып, батырлығымен
жұртқа танылуы, он төрт жасында-ақ халқын сыртқы жаудан
қорғау мақсатында қалмақ ханы Қараманға қарсы жорыққа
аттанып, жеңіске жетуі, Арқадағы көп қалмақтың ол жорықта
жүрген кезінде елін шауып алып, қарындасы Мақпалды
тұтқын етуі, соңынан Жәнібектің халқын қалмақтардан боса
туы сияқты жекелеген жыр оқиғасы «Қобыланды батыр», «Ал
памыс батыр» жырларының желісін қайталайды.
Шығарманың негізгі идеясы—туған халқын сыртқы шап
қыншылықтан қорғау болса, тарихи жырға тән басты белгісі—
жалғыз ғана Жәнібектің жеке басын дәріптеп, қалмақ батыр
ларымен жекпе-жегін әсірелеп қана қоймай, жауға қарсы
күрестегі ел бытыраңқылығы, ағайын алауыздығы, осы қиын
жағдайдағы бас кейіпкердің кейбір дәрменсіздігі елес береді.
Жырда Жәнібектің хан болып сайланғанға дейінгі өміріндегі
бұл келеңсіз жайт қалмақ ханы Қараманға қарсы аттанған
кезінде нақты байқалады. Сол сияқты Жәнібектің жорықта
жүргенін пайдаланып, көп қалмақтың батыр елін шапқыншы
лыққа ұшыратуы, қауіп-қатерден қашқан халықтың туған же
рін тастап, Сыр бойына қарай аууы, Жәнібектің жаудан өшін
алып, жеңіске жетуі, ең соңында ноғайлы елінің Жәнібекті хан
сайлауы тарихи шындыққа сәйкес келеді.
Хан көтеріп батырды
Хан Жәнібек атанып,
Ноғайлының баласы
Қалмақтан шапқан құтылып,
Сонан соң шықты жарыққа.
... Хан Жәнібек хан болып,
Кейінге тарих қалды енді,—
деген жыр жолдары бас кейіпкер Жәнібектің ноғайлы елінің
ханы болып сайланғанын әйгілесе, жыр соңы:
Бүлінген халықты жинап алып,
Жай-жайына келтіріп,
Жағасына Арыстың
Ханқорғанда хан болып,—
ғылыми қосымшалар
деп аяқталып, Жәнібек ханның елді біріктірудегі рөлі айқын
көрсетіледі, тарихтағы нақты жағрапиялық өзен атауы да ай
тылады. Ал өмірдегі Жәнібек хан Шу өзені бойында хандық
билікке келген. Соған қарамастан, екі өзен де Оңтүстік өлкелер
де орналасуы себепті жыр оқиғасы тарихи шындықтан алыста
майды. Сондай-ақ жырда шығарма оқиғасы өткен оңтүстік
өңірдің Алматы, Бішкек, Әулиеата сияқты көне қалалары ат
тарының кездесуі де тарихилықты аңғартса керек. Ал Жәнібек
тің елін қалмақтар басып алған кезде болыс, старшын сайлауы
ның өткізілуі қазақ даласындағы орыс отаршылдығынан сыр
беріп, жырдың ХІХ ғасырда өмірге келгендігін айғақтайды.
Жырдың қолжазбасы 1947 жылы сол кездегі Қазақстан
Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қоры
на түскен. Қазір де осы кітапхана қорында сақтаулы: 778-
папка. 3-дәптер. Жыр тарауларға бөлінбеген. Бастан аяқ жыр
үлгісіне құрылғанмен Жәнібектің жорықта жүрген кезінде елін
қалмақтардың шауып алуы бірыңғай қара сөзбен баяндалып,
соңы қара сөзбен аяқталады. Оның өзі жер-су аттарының шығу
тарихынан сыр шертіп, түсінік береді. Ал негізгі жыр желісі
Жәнібектің Арыс өзені жағасында Ханқорғанда хан болуымен
аяқталады.
Жыр мәтінін Орталық ғылыми кітапхана қорынан қол
жазбатанушы М.Шафиғи көшіріп алып, томға ұсынды, ал
текстологиялық тексеру жұмыстарын филология ғылымының
кандидаты С.Сәкенов жүргізді.
С. Қорабай
ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ
«Еңсегей бойлы ер Есім» атауы жыраулар поэзиясында,
аңыз-әңгімелерде жиі кездескенмен, ірі жыр үлгісіндегі көп
нұсқалары бүгінгі күнге жетпеген. Томға ұсынылған жырдың
осы нұсқасын халық ақыны Қазанғап Байболовтың жырлау
ында хатқа түсіріп, 1938 жылы Орталық ғылыми кітапхана
ның сирек қорына тапсырған—И.Ырсымбетов. Өкінішке орай,
ол туралы басқа мәліметтер кездеспейді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры алғаш рет 1991 жылы Ал
маты қаласындағы «НБ-Пресс» баспасында жеке кітап түрінде
жарық көрді. Кітапты баспаға дайындағандар: филология
ғылымдарының докторы, профессор М.Мырзахметов, тарих
ғылымдарының докторы, профессор М.Қойгелдиев, пенфило
логия ғылымдарының кандидаты М.Қалдыбаев.
«Моңғолдың құпия шежіресінде» Бодонжардың билікке қол
жеткізгенге дейін өзен жағасында аң аулаумен күн кешкені ба
яндалады. Осы мотивтің қазақ жырында Шыңғысқа таңылуы
на қарап, монғолдың аталмыш шежіресінің сюжеттері қазақ
даласына ауызша айтылу арқылы жайылғанын шамалауға бо
лады. Мысалы, «Аңшыбай» жырының да бас кейіпкерін бала
лар сабап, ауылдан қуып жібереді, сөйтіп, Аңшыбай төрт жа
стан он жасқа толғанға дейін дарияның жағасында жалғыз өзі
құс атып жеумен күнелтеді.
Бодонжардың, Шыңғыстың, Аңшыбайдың билікке келмес
тен бұрын аң аулаумен күн көруі ғұрпын өткерудің соңғы кезе
ңінде кәмелеттік сынақтан сүрінбей өткен жасөспірімдердің
ормандағы үйде тұрып, не аңшылықпен, не қарақшылықпен
күн көруге мәжбүр болғанын еске түсіреді.
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында Шыңғыс хан дүниеге
келгендігі ғажайып құбылыс ретінде, көрсетілген болашақ би
леушінің анасының құрсағынан қан шеңгелдей туғаны айтыл
ды. Бұл мотив «Моңғолдың құпия шежіресінде» де Шыңғыс
ханның ғайыптан пайда болғанын көрсету үшін қолданылғаны,
кейіннен Қасым хан мен оның ұлы Кенесарыға да таңылғаны
белгілі.
Қазақ фольклорының үлгілерінде Шыңғыс ханның әртүрлі
көркемдік тәсілдерімен дәріптей бейнеленуі оның қазақ дала
сына жасаған басқыншылығына қарамастан, халқымыздың
жадында жағымды кейіпте сақталғанын айғақтайды.
«Еңсегей бойлы ер Есім» жыры тек тарихи мағлұматтарды
бойында мол сақтауымен ғана емес, эпос өнерінің ғасырлар
бойғы дамуы барысында қалыптасқан ғажайып типологиялық
мотивтерді жеткізуімен де құнды.
Пікіріміздің дұрыстығына Есім ханның болашақ су тұл
парының енесімен шағылысқан таңғажайып мақұлықтың ша
ғылысқаны жырда:
ғылыми қосымшалар
«Жарылып дария күңіренді
Бір хайуан шығып келеді.
Кеудесі—жылқы, басы—адам,
Осындайша сүйегі.
Байталға келіп асылды,
Иіскелеп, аймалап,
Түсіп кетті қайтадан,—
деп суреттелуінің өзі-ақ дәлел болады. Бұл қазақ эпосындағы
дәстүрлі образдардың бірі болып табылатын су тұлпар бейнесі
нің дамытылған түрі.
Қазақ жырларындағы тұлпарлардың судан шыққан бей
мәлім айғырдың үйірде жүрген биеге шауып кетуінен пайда бо
луы «Шора батыр» жырының Молда Мұса жырлаған нұсқасын
да да баяндалды.
Бұл сюжеттік сарын—түркі-моңғол халықтарына ортақ.
В.А.Гордлевский, М.Сағатов, В.Г.Юматов, М.Н.Лосиевский
ебектерінде сипатталатын су айғырлары немесе тұлпарлары қа
зақ аңыздарында да кездеседі. Ал жартылай жылқы, жартылай
адам болып табылатын зооморфтық сипаттағы мақұлықтар—
әлем халықтарына таныс құбылыс. Бұл тұста еске, ең алдымен,
Мұхаммед пайғамбардың кеудесі жылқы, басы адам кейпін
дегі көмекшісі Пырақ пен грек мифологиясындағы кентаврлар
түсері хақ.
Тәуекелдің өзіне дейінгі Шайбани нәсілдеріне кеткен есесін
қайтару жолында бірқатар ірі жеңістерге жетіп, Орта Азияға
жасаған ең соңғы жорығын сәтті тәмамдауға, яғни ең соңғы
Бұқар бекінісін шабылдау кезінде жараланып, соның зардабы
нан Ташкент қаласында қаза болғаны—тарихи шындық. Есім
сұлтан ол кезде жырда баяндалғандай, Қашқарда жайбарақат
қыдырып жүрмей, ағасының қасында болған. Басып алынған
Самарқандты ұстап тұру үшін Тәуекел Есімді жиырма мың
қолмен қалдырып, өзі жетпіс мың қолмен Бұқарға аттанған.
Кейін Бұқардың маңындағы істің қиынға айналғанын білген
Есім де Тәуекелдің әскеріне қосылады.
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында бас қаһарманның әкесі
ретінде көрінетін Тәуекел хан—шындығында, Есімнің ағасы.
Қадырғали Жалайыр өз шежіресінде Тәуекел хан мен Есім
сұлтанның Шығай ханның Яхшым бегі деген бәйбішесінен
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
туғанын атап көрсеткен. Жыршының Тәуекелді «Тәуке»
деп те атайтыны да, осы Қадырғали Жалайырдың еңбегінде
Тәуекелдің аты «Төкей» деп жазылғаны салдары болуы мүмкін.
Ал Есім ханның жырда Тәуекел ханның ұлы ретінде көрінуіне
Қазақ хандығының тағы да алғашқысына соңғысынан мұра бо
лып себеп болған секілді. Жырда көрсетілгендей, Тәуекелдің
қырықтан асқанда көрген ұлы—Есімнің он сегізге толғанда
Тұрсын ханның қолынан қаза табуын тарихи деректер раста
майды. Шындығында, Тәуекел Қазақ хандығы тағына 1882-
1898 жылдар арасында отырды.
Жырда бұл шындық бұрмаланған. Бұның себебі—ақындық
қабілеті бар айтушылар дайын жырды өзгеріссіз айта беруді
місе тұтпай, өз біліктілігінің деңгейінде жырға өзгерістер мен
толықтырулар да енгізіп отыратындығында. Шығармада Есім
ханның Қатаған қауымын түгел қырып жібергені баянда
луы да—тарихи шындыққа сәйкес келмейтін әсірелеу. Есім
және Тұрсын хандардың арасындағы қанды қырғыннан кейін
Қатағандардың ежелгі атамекені—Қазақ даласынан Өзбек
еліне қоныс аударғаны да рас. Алайда олардың елеулі бөлігі
қазақтың Шанышқылы руына сіңген. Сонымен қатар Есім
ханның қалмақты шабу үшін алып барған және Тұрсын ханмен
шешуші шайқаста пайдаланған қолының да құрамында Қата
ған руының жауынгерлері болған. Зерттеушілер қақтығыстан
аулақ жатқан жерлерде, солардың ішінде Шығыс Түркістанда
да Қатаған қауымының адамдары көп болғаны туралы жазады.
Ұсынылып отырған туындының өзге қазақ жырларынан
тағы бір басты өзгешелігі—онда Тәуекел мен зайыбының
Құдайдан бала сұраған тілегі қазақ эпосы үлгілерінің басым
көпшілігіндегідей, Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің басына
түнегеннен емес, Бұқардағы Бахауиддин әулиенің бейітіне
зиярат еткен соң, Қашқардағы тірі әулие Аппақ қожаға
барғаннан кейін орындалғаны. Бұл құбылысты Қазақстанның
елеулі бөлігіне кезінде Нағыш-пенді Бахауиддиннің өзі және
оның ізбасарлары басшылық жасаған сопылық орденнің, тіпті
Аппақ қожаның зор ықпалымен байланыстырған жөн сияқты.
Алайда Аппақ қожаны Есім ханның пірі ретінде көрсетудің
еш қисыны жоқ екенін айту керек. Тарихи деректерде ол Есім
мен Тұрсын хандардың айтулы қақтығысы болғанда небәрі екі
жастағы сәби еді.
ғылыми қосымшалар
Жырда Тұрсын ханмен ақтық айқаста Есім ханға күш
біріктірген билеушілердің көп болмаған себебі—эпос поэти
касы бойынша, халықтың идеалы болып саналатын батыр,
хан өте ерекше, керемет адам болып көрсетіледі, мінсіз хас
қаһарман ретінде дәріптеледі. Міне, жырда қырғыз қолының
Есім ханның Тұрсын ханды жеңіп, қашырғаннан кейін ғана
әскери қақтығысқа араласқанын баяндау осындай тәсілді
жүзеге асыруға қызмет етіп тұр. Сондай-ақ жырда Есімнің
одақтастары ішінен Көкім бидің ғана бейнеленуі, ал Тұрсын
ханның жақтасы, қамқоршысы ретінде Үргеніш ханы Әбілғазы
баһадүрдің ғана көзге түсуі туындыда эпикалық жинақтау
тәсілінің қолданылғандығына мысал болады.
Жинақтаушылықты жыр уақытына назар аударғанда да
байқаймыз. Мәселен, жырды оқырман Есімнің Қазақ ордасы
тағына отырған кезі мен Тұрсын ханды өлтірген уақытының
арасы екі жылдан аспайтын мерзім деген әсер алады. Әкесі
өлген соң елге оралған Есім хан алдымен Ташкентті шабады,
одан кейін Үргеніштен қайтып келе жатқан Тұрсын ханмен
соғысып, жеңеді. Бұл оқиғалар, ары кеткенде, бір айға созы
лады. Ұзамай, Әбілғазы баһадүр аталған екі ханды татуласты
рады. Әбілғазы еліне қайтпай тұрып, Есім елін Тұрсын ханға
тапсырып, өзі қалмақтарға қарсы жорыққа аттанып, сол са
парда бір жыл жүреді. Одан арғы оқиғалардың да бір-екі айдың
ішінде шешімін тапқаны байқалады. Демек, жырда көрініс
беретін уақыт сығымдалған, ал тарихи деректер Тәуекел
қайтыс болғанын, Есімнің Қазақ хандығының тағына отырған
уақыты—1598 жыл екенін, ал Тұрсын ханның 1627 жылы
өлгенін айғақтайды. Ендеше, Қазақ Ордасы тарихының жиыр
ма тоғыз жылы жырда екі жылға сыйыстырыла баяндалған.
Міне, бұл—фольклорда эпикалық уақыт ерекшелігін көрсете
тін поэтика заңдылығы.
Сонымен, жеті мың жолдан тұратын көлемді де күрделі
эпикалық туынды нақты тарихи шындықтың ізімен дереу
туған дүние емес, ол небәрі ауызша тарихнама үлгілерінің бірі.
Сол себепті, оны шынайы тарихи баламасы ретінде қабылдау
ға болмайды. Өзге де көркем шығармадағылардағыдай, бұл
жырда да тарихи шындық пен поэтикалық қоспалар тығыз
астасып жатыр, яғни тарихи шындық эпостың ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрлеріне бағындырыла баяндалған. Мұның
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
дәлелі ретінде Шыңғыс ханның ғайыптан пайда болуы, болашақ
ұлы билеушіге лайық балалық шағын, керемет жағдайларда
билікке қол жеткізуі; Тәуекелдің перзентсіздіктің зарын тартып
қиналып, тарыққан сәтте Есімді Құдайдан сұрап алуы; жырдағы
кейіпкердің өз тілегі бойынша ғайып болуы; бір қаһарманның
сандаған жауларды жалғыз өзі қыруы; бейнеленген қарулы
қақтығыстардың шешуші сәтте бас кейіпкердің бір өзі көптеген
жауды өлтіру арқылы көрсеткен қайрат-жігеріне тәуелді болып
отыруы, жырдың жағымды кейіпкерлерінің мінсіздендіріле,
керісінше, жағымсыз кейіпкерлердің мінез-құлықтарын боя
малай бейнеленуі, эпос поэтикасына тән әсірелеу, шендестіру,
тағы да сол сияқты тәсілдердің молдығын айтуға болады.
Қазанқап Байболұлы жеткізген «Еңсегей бойлы ер Есім»
жырында оқиғалар көркем, шұрайлы тілмен баяндалған.
Туындының мәтінінде кездесетін аздаған араб, парсы, көне
түркі сөздері жинақтың қосымшасындағы сөздікке енгізілді.
Жырдың толық мәтіні Орталық ғылыми кітапхананың сирек
қорындағы түпнұсқа (513-бума) бойынша өзгеріссіз дайын
далды.
ЕСІМ ХАН
«Есім хан» жыры Қытай Халық Республикасында шығатын
«Шалғын» журналының 1987 жылғы үшінші санында жария
ланды. Соңында берілген түсінікте: «Айтып берген—Боранбай
Ләмжанұлы. Жазып алған—Оразбек Қанапин»,—деген мәлімет
келтірілген. Өзге нұсқалары кездеспейді.
Жырда аталған кейіпкерлердің Есім ханнан өзгелерін та
рихта анық болды деуге негіз боларлық деректер кездеспейді.
Жыр оқиғаларының болған жерлерінің «Қамыстақ», «Жидекті»
деген топонимикалық атаулары да Қазақстанның кез келген
түкпірінен табылуы мүмкін болғандықтан, бұл шығармада
нақтылы қай уақытта болған оқиға бейнеленгенін тап басып
айту мүмкін емес.
Дегенмен, Есім ханның жырда бейнеленгендей, қалмақтар
дың басқыншылығына әлденеше рет ойсырата тойтарыс беріп,
оларға өзінің үстемдігін мойындатқаны—тарихи шындық.
Мысалы, В.А.Моисеев ХVІІ ғасырдың екінші онжылдығының
ғылыми қосымшалар
ортасына қарай қазақ пен қырғыздың кейбір билеушілері
ойрат феодалдарына тәуелді болып, ал сол ғасырдың екінші
онжылдығының соңына қарай Есім ханның ойраттарды бірне
ше рет ойсырата жеңіп, оларды бітім жасауға мәжбүр еткені ту
ралы жазған.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы үш ғасырға созылған
күресінің тарихында жаудың Алтай тауының арғы бетіндегі
ата мекенінен келіп, қазақ қолынан жеңіліс тапқан кездерінде
әрдайым сол тауды паналап отырғаны да шындық.
Қазақтардың тегеуірінімен жоңғарлардың Маңыраққа қа
рай шегінуі Есім ханнан кейін де әлденеше рет қайталанға
нын Үмбетей жыраудың Бөгенбайды жоқтап шығарған әйгілі
толғауындағы:
«Қозы Маңырақ, Қой Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ.
Одан да жауды қашырдың,
Алтай таудан асырдың»,—
деген тармақтар да айқын аңғартады.
Томға ұсынылған «Есім хан» жырының мәтіні 1987 жылы
«Шалғын» журналында жарияланған нұсқаның негізінде дай
ындалды.
ОЛЖАШ БАТЫР
«Олжаш батыр» жырын жеткізуші—белгілі жырау Жақ
сылық Төлепов. Тапсырушы—Қазақ КСР Ғылым академия
сының Тіл және әдебиет институты 1949 жылы ұйымдастыр
ған Гурьев экспедициясының мүшесі Аралбаев Жұбаныш. Бір
ғана нұсқада жеткен туынды бұрын еш жерде жарияланбаған.
Оның қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана сирек қорының
560-бумасында сақтаулы.
Жырдың бас кейіпкері Олжаш батыр туралы дерек өте си
рек кездеседі. Жырдағы:
Шығайұлы Есім ханның заманында,
Ғасырдың он алтыншы бас кезінде
Олжаш шықты аттанып, туын байлап,—
24-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
деген жолдар Есім хан мен Олжаштың ортақ жауы ретінде
қалмақтың ханы Қатағанның бейнеленуі бұл туындыға Есім
және Тұрсын хан арасындағы қақтығыс орын алған 1627 жыл
оқиғалары арқау болған деген қорытынды жасауға болады.
Мұндай тұжырым жасауға негіз беретін дәлелдің бірі—«Олжаш
батыр» жырында да жеңілген хан қыздарының үлеске салы
нуы тарихының баяндалуы. Мұндай жағдай «Еңсегей бойлы ер
Есім» жырында да бар. Онда Тұрсын ханның әйелі өзінің Айби
ке, Нұрбике, Қоңырбике деген қыздарына Тобықты елін өздері
іздеп тауып, қазақтың игі жақсыларын таңдап тию жөнінде
тапсырма бергені және қыздарының сол кеңесті бұлжытпай
жүзеге асырғаны айтылады. Ал «Олжаш батыр» жырында Ол
жаш Қатаған ханның Оразбике, Айбике, Нұрбике, Қызданбике,
Қоңырбике атты бес қызын өзіне қарасты елдің қандай кісілері
алуы керек екендігін шешкені сөз болады. Жалпы, Тұрсын
хан қыздарының әкесі өлгеннен кейінгі тағдыры Шәкәрім
қажының шежіресінде, Қабанбай батырдың және Жанбике
руының шежірелік аңыздарында әңгімеленеді. Сондай-ақ Шақ
шақ Жәнібек батыр туралы жырда және М.Тынышбаевтың
зерттеу еңбегінде келтірілген Арғынның Қаракесек руының
шежіресінде Қатаған ханның қыздарына қазақ батырларының
үйленгені баяндалады.
Халық арасында біршама уақыт ауызша айтылып барып,
қағазға түскен бұл дереккөздерінде «Тұрсын хан», «Қатаған
хан» деп аталған билеушілердің бір кісі екені екеуінің қыздары
ның аттарынан (Айбике, Нұрбике, Қоңырбике), «Олжаш ба
тыр» жырында Қатағанның Есім хан бастаған елге шабуыл
жасаған оқиғасынан айқын аңғарылады. Соған қарағанда,
қазақ халық әдебиетінің бірқатар үлгілерінде Тұрсын хан
қарамағында болған қазақ руының атауы оның есіміне айна
лып кеткені аңғарылады.
Қосымша деректер болмағандықтан, Олжаш батырдың
нақты қай уақытта өмір сүргенін дәл басып айту қиын. Ал
Шығайұлы Есім хан жырда көрсетілгендей ХVІ ғасырдың бас
кезінде емес, екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші жар
тысында өмір сүрген. Есім ханның нақты қай жылы туғаны
туралы нақты мәлімет болмағанмен, таба алмасақ та, оның
Қазақ Ордасының тағына 1598 жылы отырғаны белгілі. Осыған
қарап, Олжашты да ХVІІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар
ғылыми қосымшалар
санатына қосуға болар еді. Бірақ бұған жырда кездесетін өзге
де анахронизмдер Олжаштың өмір сүрген дәуірі эпоста дәл
көрсетілген деуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, анахронизмнің
мына үлгісін алайық:
Қара би Майқы ұлы—ақылшысы,
Ойшылы—Асан қайғы отағасы.
Майқы биді түркі тектес халықтардың бірқатары өздерінің
арғы атасы деп есептейтіні, «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы—
Майқы би» деген қанатты сөзді олардың әрқайсысы-ақ айта
тыны, кейбір шежірешілер оны Шыңғыс ханның замандасы
деп білетіні белгілі. Сондықтан Майқынының ұлы Олжаштың
ақылшысы болғанына сену қиын. Сол сияқты Асан қайғының
өмір сүрген дәуірі басқа. Оның үстіне жырда Асан қайғы
мен Олжаштың ұлы Асан бірлесіп, Жиделі Байсынға қоныс
аударғаны да айтылады.
Тарихи жырлардың көпшілігінде жиі байқалатын жыр
шының өз руынан шыққан, немесе өзі жырлап отырған
шығарманың бас кейіпкеріне айналған батырды өзге адам
дардың бәрінен ықпалды, артық қасиетке ие етіп көрсетуге
ұмтылушылығы да—субъективизмнің бір түрі. Осындай субъ
ективизм жырдағы Есім хан мен Олжаштың арақатынасынан
да байқалады. Жырда Есім ханның бас кейіпкерден әлдеқай
да төмендетіле бейнеленгені Олжаш жоқта елін шапқан жауға
өз бетінше ешқандай қарсылық көрсете алмай, оған хабар
беріп, шақыруымен келген Олжашқа әскер жинап берумен
ғана шектеліп, жорыққа қатыспауынан, ханнан қаймықпай
Қатаған қыздарын Олжаштың үлестіруінен байқалады. Бұл
жерде бас кейіпкерді дәріптеудің ежелден келе жатқан дәс
түрлі тәсілі қолданғандығын ұғыну қиын емес. Жалпы, әлем
эпосы үлгілерінде бас кейіпкерді әсірелей көрсетудің жиі
пайдаланылатын әдісі туындының бас қаһарманын сол елдің
билеушісінен басым деңгейінде суреттеу болып табылатынын
еске түсіру қажет.
Томға ұсынылған «Олжаш батыр» жырының мәтіні Орта
лық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған түпнұсқа
ның (560-бума, 1-дәптер) негізінде дайындалды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
СӘТБЕК БАТЫР
«Сәтбек батыр» жыры халық жадында сақталған тари
хи жырлардың шындыққа жақыны. Мұндай қорытынды жа
сауға жырдың өзге эпикалық туындылардан бірқатар елеулі
өзгешеліктері негіз болады. Эпикалық жырларда, әдетте, бас
кейіпкерді дәріптеу, оны өзгелерден қай жағынан болса да
артық, яғни мінсіз етіп бейнелеу мақсаты басты нысанаға ай
налады. Эпостың ғасырлар бойы қалыптасқан осынау дәстүрі
«Сәтбек батыр» жырында бұзылған. Оған бас кейіпкердің
бірқатар әлсіздіктері жасырылмай баяндалуы—айғақты дә
лел. Ермак бастаған жауыздардың жасаған қанды сойқанын
көріп-білген Сәтбектің жаны шығардай болып үрейленуі, тіпті
алғашқы сәтте қырғыннан аман қалған жалғыз жақыны болып
табылатын қызы Бәтішті тастай қашуға оқталуы, тек кейінірек
қана өзін-өзі әзер тоқтатуы, өзге қаһармандық жырлардағы
дай, жауымен ашық айқасқа түспей, олардың қапысын тауып,
байқаусызда бір-бірлеп өлтіруі, Ермактың жалғыз қолына әлі
келмей, дәрменсіз күйге түскен сәтте қызын көмекке шақы
рып, оған итті босатуды тапсыруы, сөйтіп барып, жанын аман
сақтап қалуы да—айтылған пікірге толық дәлел.
«Сәтбек батыр» жырында халық эпосының өзге нұсқала
рында кездесетін поэтикалық қоспалар: бас кейіпкерді әсі
релей бейнелеу, оқиғаларды халық мұратына сәйкестендіре
әрлей баяндау, суреттеу және тағы да басқа мінсіздендіру
тәсілдері, көркемдік қиялдың нәтижелері, тағы сол сияқтылар
байқалмауы шығарманы алғаш тудырушы да, оны сақтаушы
лар да халық тарихында орын алған елеулі оқиғаны келер
ұрпаққа ешқандай қоспасыз, болған қалпында жеткізуді мақсат
етіп қойған деген ойға жетелейді. Соның нәтижесінде шығарма
көркемдік жағынан ойсырағанымен, танымдық-мағлұматтық
жағынан ұтқан.
Томға ұсынылған жырдың мәтіні Ақылбек Сабалұлы 1909,
1911 жылдары Қазан қаласында жариялаған кітаптардың
негізінде дайындалды.
ғылыми қосымшалар
ОРАҚТЫ БАТЫР
«Орақты батыр» жырын орындаушы—Қалқа Жапсарбаев,
жинаушысы—Қапез Елікбаев. Туынды толық аяқталған, ӘӨИ-
дің Қолжазба қорында сақтаулы (237-бума, 3-дәптерде, қазіргі
әріппен жазылған). Жыр «Орақты батыр» деген атпен жеке
кітап болып (Талдықорған, 1995) басылды, алғы сөзін жазған—
зерттеуші О.Исмайылов.
Жырда баяндалатын оқиғалардың болған уақытын Қалқа
Жапсарбаев: «он төртінші ғасырда» деп көрсетеді. Дегенмен
бұл жырға жалпы фольклор туындыларында, оның ішінде эпос
үлгілерінде жиі байқалатын көпқабаттылық (полистадиаль
ность) құбылысы тән екенін айту қажет.
Бір ескеретін жайт—жырда Орақтының жалмауызды өлті
руге қолданған тәсілі хикаялардағы батырлардың жезтырнақ
ты жою үшін пайдаланған амалына ұқсайды. Егер хикаялар
да батыр жезтырнақты алдаусырату үшін бөренені ұйықтап
жатқан адамға ұқсатып бүркеп қойса, Орақты батыр Андабай
ұстаға тапсырма беріп, ағаштан екі қызбен, екі жігіттің, бір
бәйбішенің мүсінін жасатады. Ұста бұл мүсіндерді тірі адамнан
ешқандай айырмасы жоқ түрде безендіріп, киіндіріп, оларды
үйдің ішіне отырғызып қояды. Соларды жеу үшін келген жал
мауызды Орақты атып өлтіреді.
Адамның жезтырнақпен кездесуі туралы сюжет өте ескі
болса да, оны көркем фольклорда пайдалану—белгілі әдіс. Хи
каяларды айтпағанның өзінде, мәселен, «Өтеген батыр» жы
рында бұл сюжет өте әдемі баяндалған.
Ал енді жырдың тарихқа қатысын сөз ететін болсақ,
мұнда тарихтан біршама алшақтық бар екенін байқаймыз.
Жыршының айтуынша, «Орақты батыр» оқиғасы ХVІ ғасырда
болған, демек, Орақты батырдың өзі де сол шақта өмір сүрген
болып саналады. Жырдағы шындық—Жалайыр руының Сыр
дарияны, Шу бойын мекендегені. Бұл туралы М.Тынышбаев:
«Жалайыр ордасы Темірдің өрлеуінің бас кезінде оған қолдау
көрсетті, бірақ 1370 жылы ол оның қарсыластары—Дулаттар
жаққа өтті, сол үшін оларды Темір талқандады және ыдырат
ты... Біздің Жалайырларымыздың негізгі бөлігін Шуманақтар
құрайды, оларға 1370 жылы Сырманақтардың босқындары
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
келіп қосылды»,—деп жазады (Тынышбаев М. История ка
захского народа. – Алматы, 1998. – С.71).
Ал жырдың бас кейіпкері Орақты батыр жырда Ескелді,
Балпық билерден жас болып бейнеленеді. Алайда зерттеуші
О.Исмаиловтың айтуынша, Орақты ХV ғасырда туған сияқты:
«Демограф ғалымдардың есебі бойынша, әр ғасырда үш ұрпақ
өмір сүреді. Демек, он жеті ұрпақ алты ғасырға аздап толмайтын
мөлшерге келеді. Екінші сөзбен айтқанда, қазіргі 1998 жыл
дан алты жүзге шамалы ғана толмайтын 578 жылды алып та
стайтын болсақ, 1420 жыл шығады. Шамамен алғанда, бұл—
Әлшағырұлы Орақты батырдың туған мерзімі. Демек, Орақты
батырдың бұдан алты ғасыр бұрынырақ өмірге келгендігі
шындыққа саяды» (Әлем тарихындағы Жалайырлар. – Алма
ты, 1999. – 323-б.). Мұндай ойды жыршы да айтады:
Орақты жайын айтайын:
Тұрлықожа баласы.
Орақтың тапқан қонысы—
Қаратал, Көксу жағасы.
Өткеніне олардың
Бес-алты ғасыр шамасы.
Жырда Орақтының ақылшы ағалары ретінде бейнеленетін
Ескелді мен Балпық—Жалайыр руының ХVІІІ ғасырдағы
қазақ-жоңғары соғысының қаһармандары әрі көсемдері. Ал
жыр кейіпкерлерінің бірі—Андабай ұста да сол екі бидің за
мандасы. Демек, бұл туындыда Жалайыр руының қазақ жерін
мекендеген дәуірінің әртүрлі уақыттарында орын алған қоныс
қа орналасу, атамекенді басқыншылардан қорғау оқиғалары
фольклордағы тарихи тұтастану мен эпикалық жинақтау тәсі
лі арқылы топтастырылып, Орақтының, Ескелдінің және Бал
пықтың саяси күрестерімен байланыстырыла баяндалған.
Жырға ел аузында сақталып келген аңыз әңгіме негіз
болғанын жыршының өзі туынды соңындағы:
Осылай деп айтатын
Халқымыздың білгені.
Ел аузында айтылып,
Ертегі болып жүргені,—
деген жолдар арқылы сездірген.
ғылыми қосымшалар
Деректерге қарағанда, Қалқа ақын жырға арқау болған
оқиғалар туралы әңгімелерді кезінде өзінің ұстазы Жолбарыс
ұлы Бақтыбайдан естіген сияқты.
Классикалық қаһармандық эпос үлгілерінде бас кейіпкер
дің қарсыластары қалмақ, қызылбас, ындыс, т.с.с. тарихи жау
лар болып табылатыны белгілі. Ал тарихи жырлардың бірқа
тарында кейіпкерлердің әртүрлі құбыжықтармен арпалысуы
да бейнеленген. Мәселен, «Бердіқожа батыр», «Өтеген батыр»
жырларында бас кейіпкерлердің қарсыластары адам ғана бол
май, айдаһар, жезтырнақ секілді мифологиялық кейіпкер бо
лып келеді.
Осындай үрдіс «Орақты батыр» жырынан да байқауға бола
ды. Оған жоғарыда тоқталған Орақтының жалмауыздарды өл
тіруі айғақ болады. Сонымен қатар жырда Орақтының айдаһар
ды және Қожа Ахмет Яссауидың қарғысына ұшырап, адамнан
құбыжыққа айналған, бас жағы адам, бөксе жағы ит кейпіндегі
Ақкөбік және Қаракөбік атты жалмауыздарды өлтіргені де
суреттеледі. Бұның сыры—сыртқы шапқыншылықтардың
салдарынан ел тәуелсіздігі ең бір көкейкесті мәселе болып
тұрған уақытта, ел қорғаған батырлардың ерліктері тура
лы жырлар халықтың рухани сұранысқа ие болғандығында.
Ал бертініректе, бейбітшілік орнаған заманда көпшілік эпос
үлгілерін тек ғибраттық, танымдық қажетін ғана өтеу үшін
емес, көңіл көтеру үшін де тыңдайтын кезде жыршылар да осы
ны ескеріп, өздері орындайтын туындыларға сейілдік мақсатта
қиял-ғажайып оқиғаларды қосуға бейім тұратыны байқалады.
Қазақ эпосы үлгілерінен жиі байқалатын құбылыстардың
бірі—қазақ халқы және онымен туысқандық немесе тату көр
шілік қарым-қатынаста болған халықтардың арасында бол
ған ірілі-ұсақты жанжалдарды қалмақтармен болған әскери
қақтығыс етіп көрсету. «Орақты батыр» жырында да бас қа
һарманның Дүнген деген қалмақтың ханы мен оның қалың
әскерін жалғыз өзі тойтарып, ойсырата жеңгені бейнеленеді.
Томға енген мәтін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының Қолжазба қорындағы (237-бума) түпнұсқаның
негізінде дайындалды.
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Аппақ қожа (лақап аты—«Һидаятулла»)—ХVІІ ғасырда
Шығыс Түркістанда өмір сүрген қожа, ишандардың ірі өкіл
дерінің бірі. Аса күрделі тарихи тұлға. Ата-бабалары «қылыш
қожалар» әулетінен тарайды. Өз әкесі Мұхаммед Юсуф деген
адам—Орта Азияда өмір сүріп, ислам әлемінде «Ағзам» деген
дәрежеге жеткен ғұлама Махтұм Ағзамның ұрпағы. Мұхаммед
Юсуфтің өзі де оқымысты, сопылық жолын ұстаған адам.
Аппақ қожа 1626 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл деген
жерінде дүниеге келіп, 1694 жылы 68 жасында Қашқарияда
дүниеден өтеді. Ол 1630-40 жылдары әкесінен сопылықты үй
реніп, Қашқарияда жұрт таныған сопылық дәрежесіне жетеді.
1644 жылы әкесі өлгеннен кейін оның орнын иелеп, өзін «Пір»
деп жариялайды. 1635 жылдан 1677 жылға дейін 42 жыл өмірін
Құмыл, Тұрпан, Қарашаһар, Күшар, Ақсу, Қашқар, Жаркент,
Үштұрпан, Яңасар, Сыртқол, Бадахшан (Ауғанстан), Кашмир,
Касан, Ферғана, Іле, Ражидан (Жамму) сияқты жерлерде мазар
ларды аралап, имандық, сопылық жолында жүріп, уағыз айтып
көптеген мұсылмандарды сопылыққа тартып, мүрит топтаумен
(жинау) өткізген. Мазарларға зиярат етіп жүріп олардың ішінен
бірнешеуін таңдап алып, қалпына келтіріп жөндетеді. Мыса
лы, Қашқарда «Хан қожа ордасы», Жаркентте «Алтындарым»
(Алтын мазары), Тұрпанда «Асхабул-Каһаб», Күшарда «Мау
лана Аршидин Уалиолла», Ақсуда «Құрмыш ата» сияқты ма
зарларды қайта қалпына келтіріп, бұл орындарды сопылықты
уағыздайтын орталықтарға айналдырған.
Аппақ қожа заманында сопылық ағым осылайша таралып,
дамып барып, ақырында өз ішінен «Ақ таулық», «Қара таулық»
ғылыми қосымшалар
деген бір-біріне қарама қарсы екі топқа бөлініп кетеді. Аппақ
қожа жағындағы қожа-сопылар «ақтаулықтар», Әбейдолла қо
жа жағындағы сопылар «қаратаулықтар» болады. «Ақтаулық
тар» бастарына ақ тақия, «қаратаулықтар» бастарына қара
тақия кию арқылы өзгешеленген. Бұл түсті тақиялар олардың
топтарының белгісі болып есептелген. Осы белгілер арқылы
оңтүстік Тянь-Шань өңіріндегі ұйғырлар, мәселен, Қашқардан
бастап Тұрпанға дейінгі жердегілері «ақтаулықтар», Жаркент
тен Қотанға дейінгі жерлердегілер «қаратаулықтар» болып екі
жаққа бөлінген.
Мұның аяғы қарулы қақтығыстарға дейін апарып, қан тө
гілген. Осы діни қақтығыстар өз аясынан шығып, сол заманның
әлеуметтік, саяси өміріне әсер етіп, билік жолындағы тақталас
күресіне ұласқан. Осы күресте өз ықпалының күшін мығым
екенін сезінген Аппақ қожа жоңғар ақсүйектерінің көмегіне
сүйене отырып, 1678 жылы 165 жылға созылған (1514-1679)
Жаркент хандығының соңғы ханы Смайыл ханды тақтан
құлатып, оның орнына өзі хан болады.
Аппақ қожа хан тағына отырған соң, өзі ұстанған сопылық
ағымды мемлекеттің діні әрі заңы ретінде қолданған. Айнала
сына 300 мыңдай мүрит топтап, осылар арқылы сопылық жо
лын күллі ұйғыр халқының арасына және Орта Азия мұсыл
мандары арасына таратып, орындауды уағыздаған.
Аппақ қожаға 1694 жылы өзінің туыстары у беріп өлтіреді.
Ол хан тағында 16 жыл отырды.
Әліайдар — Әзірет Әлидің есімі. Оспаннан кейін билік басы
на келген төртінші әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед
пайғамбардың немере інісі әрі оның Фатима атты қызын алған
күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—
орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп,
талып қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда
оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны
айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында,
оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, Хазірет
Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен за
мандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген
деп дәріптелген.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше балама есімдер
тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз
әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды
тұлпардың нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Балпық Дербісәліұлы (1705-1780) — би, батыр. Әкесі мол
дәулетімен атағы шыққан бай, анасының есімі—Ақбалық. Сөз
бастаған шешен, қол бастаған батыр ретінде Балпықтың аты
Ескелді бимен қатар айтылған, екеуін халық «егіз би» деп атаған.
Балпық жоңғар шапқыншылығы кезінде өзінің аға достары
Ескелді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы
жалайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының
біраз бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қырылып ке
туден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі асып, Сыр бойын
да тұрақтаған соң, бірқатар жорықтарды басынан кешірді.
Аңырқай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі
Текелі қаласы маңындағы соғыстарға қатысқан. Әділ сұлтан
ара ағайындығымен жалайыр мен жаныс руларын табыстыр
ған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған. Әкелі-
балалы билердің еліне сіңірген қызметі туралы Ш.Уәлиханов
жазған, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Сара Тастамбекқызы
т.б. ақындар жыр еткен. Зираты Үштөбе қаласының түбінде.
Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен VІ-VІІ ғасырлар тоғысында
өмір сүрген)—қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық
және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп ең
бек сіңірген тарихи тұлға. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің Үйсін
бірлестігі құрамындағы албан, суан, дулат, сарыүйсін, шапы
рашты, ысты, ошақты тайпаларының түп атасы. Бәйдібек
тің есімі жазба деректерге аз кездескенімен, халық жадында
жақсы сақталған. Ол дәулеті шалқыған байлығымен, ұлысты
басқарған парасаттылығымен белгілі. Жетісуды, Арыс өзені
нің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді
басқарған. Мұхаммед Хайдар Дулат (1499-1551) «Тарих-и Ра
шиди» атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы
би (XІІ-XІІІ ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім
ғылыми қосымшалар
елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүр
гізген арғы бабасы Бәйдібек екенін, одан бері қарай «...бұл ел
атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып»,
елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты дәлелдер
келтірген. Бірақ Бәйдібек бидің әкесі Қараша (шамамен 530-604)
жайлы Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жыл
дары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің VІ-VІІ ға
сырларда өмір сүргенін дәлелдейді. Халық жадындағы көп де
ректер Бәйдібектің жеке өміріне байланысты. Оның үш әйелі
болған. Бірінші әйелі Сары бәйбіше Байтоқты атты ұл туып,
одан Түргеш (Сарыүйсін) дүниеге келеді. Екінші әйелі Зеріптен
туған Жалмамбеттен Шапырашты, Ошақты, Ысты өрбиді.
Үшінші әйелі әулие Домалақ ана деген атпен белгілі Нұрила
дан Тілеуберді (ел арасында Жарықшақ немесе Жарықбас),
одан Албан, Суан, Дулат тараған. Бәйдібек бидің осы немереле
рі 7-ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас
тайпаларды қалыптастырды. Басқыншылармен бір шайқаста
Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған алты ұлы қаза тапқан.
Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында «Алты Са
рыбейіті» деген киелі жер қалған. Бәйдібек сүйегі Балабөген
өзенінің жағасында жерленген. 1998 жылы Бәйдібектің Қара
хан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің орнына Бәйдібек
және Қасиетті бес ана тарихи ескерткіш кешені жаңадан са
лынды. Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Алғабас ау
данына Бәйдібек есімі берілді.
Домалақ ана (Нұрила) (шамамен VІ-VІІ ғ.ғ.) — тарихи тұлға,
халықтық шежіреде Ұлы жүз бірлестігіндегі кейбір рулардың
түп анасы, абызы ретінде баяндалады. Аңыздарда Домалақ
ана—түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Әкесі
нің есімі—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. Бәйдібек
биге тұрмысқа шығып, ақылдылығымен, даналығымен, таза
лығымен елге аты шығады. Тағы бір аңыз бойынша, түп тегі
түрікпен Қара Хайдар Домалақ ананың даналығына тәнті бо
лып, «Диһнат мама» (парс.—Әулие ана) деп атапты-мыс. Уақыт
өте келе тілдің дыбыстау заңдылығына орай, өзгерістерге
ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Домалақ ана ел арасын
дағы ушыққан дау, асқынған араздықтың бейбіт шешімін та
буға да өз үлесін қосып отырған. Ел билеген азаматтардың өзі
кейбір келелі мәселелерді шешерде Домалақ анамен кеңесіп
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
отырған. Домалақ анадан тараған ұрпақтарының бәрі де бі
ліммен, ақылымен көзге түсіп, ел билеген.
Ермак Тимофеевич (т.ж. белгісіз—1585)—қазақ-орыс ата
маны, Көшімнің Сібір хандығын күйреткен Сібір жорығын
басқарушы. Кім екені, ата тегі, фамилиясы белгісіз. Строганов
тар Обь пен Ертіс бойындағы өз иеліктерін Сібір хандығынан
қорғау үшін 1577 жылы Ермак отрядын шақырған.
Ермак 1579 жылдың маусым айында (1581 жылы бо
луы да мүмкін) 1650 адаммен жорыққа аттанып, Сібір хан
дығының орта шеніне жетеді. Тобылдың жағасында Көшім
әскерін талқандап, 1582 жылы Сібір хандығының орталығы
Қашлықты басып алды. Сібір хандығы құлағанмен, бірақ
Көшімнің қолында зор әскери күш сақталып қалды. Ермак от
ряды Тура, Тавда, Тобыл, Ертіс алқабындағы ханты, мансы,
татар, башқұрттарды Россияға қаратты. 1585 жылдың тамы
зына қараған түнде Ермак 150 жасақшысымен Ертістің Вагай
мен қосылар жерінде Көшімнің тұтқиылдан соққан шабуы
лына ұшырады. Отряды талқандалып, қашпақ болған Ермак
Ертіс өзеніне кетіп өлді.
Ескелді би Жылгелдіұлы (1692 ж.ш.–1780)—би, шешен,
қолбасшы, Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен
немересі. Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан.
Ескелді би «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылда
ры Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ, Тәттібай мерген, Малта
бар, Құлжан сияқты батырларды өз маңына жинап, жоңғар
шапқыншылығына қарсы қанды шайқастарда қаһармандық
көрсетті. Кейін Ескелді би бастаған жалайыр қолы Аңырақай
шайқасына, Аягөз, Таскескен мен қазіргі Текелі қаласынан
әрідегі Жолбарыс сайы, Балдырғанды, Қызқұлаған деген жер
лерде өткен шайқастарға қатысып, қазақ жерін жаудан азат
етуге елеулі үлес қосты. Халық арасында «Ескелді би айтты»
деген ұлағатты сөздер кең таралып, ол жөнінде Қабан жы
рау, Бақтыбай Жолбарысұлы, Сара Тастамбекқызы т.б. жыр
толғаған.
Есім хан. Еңсегей бойлы ер Есім (т. ж. б.–1645)—Қазақ
Ордасының ханы (1598-1645), Шығай сұлтанның ұлы. Қа
зақ хандығының астанасы Түркістан қаласында тұрып, би
лік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел ханмен бірге
Түркістаннан Самарқандқа дейінгі жерді Қазақ хандығы құ
ғылыми қосымшалар
рамына қосқан. 20 мың әскерімен өзі Самарқандта қалып,
ағасы Тәуекел 80 мыңдай әскермен Бұхараға аттанды. Бірақ
жеңіске жете алмады. 1598 жылы Тәуекел қайтыс болған
соң, хан тағына отырды. 1599 жылы Бұхар хандығымен
шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ
хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр
бойы Қазақ хандығы билігінде болды. ХVІІ ғасырдың басын
да Тәшкентті билеуші Тұрсын мен Есім хандар арасында
билік үшін күрес шиеленісе түсті. Тұрсыннан жеңілген Есім
хан Шығыс Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымның ордасына
кетеді. (Кейбір зерттеулерде Есім хан Шығыс Түркістанға Абд
әр-Рахым ханның тілегі бойынша барған деп көрсетіледі). Абд
әр-Рахым ханның қызы Падшаһ аруға үйленеді. Абд әр-Рахым
Есім ханның ағасы (кейбір деректерде інісі) Күшік сұлтан
ның қызын алады. Бұл кезде Шығыс Түркістан хандығының
ішкі саяси жағдайы шиеленісіп, өзара талас-тартыстар күшей
ген еді. Есім хан Абд әр-Рахым ханмен біріге отырып, Шығыс
Түркістандағы көптеген қалаларды қайтадан хан билігіне
бағындырады. Сөйтіп, Шығыс Түркістан хандығының Абд
әр-Рахым хан төңірегіне топтасуына жәрдемдеседі. Осы тұста
билікке таласқан өз ағаларынан қуғын көріп, қашып жүрген
Әбілғазы Баһадүр Есім ханды паналап, оның қолында үш ай
дай тұрады. Шығыс Түркістан хандығына арқа сүйеген Есім
хан 1628 жылы Тұрсынды өлтіріп, Қазақ хандығының билігін
қайтадан толық өз қолына алып, бір орталыққа бағынған ірі
мемлекет құрды. Есім хан ойрат қалмақтарымен күресте ерлік
пен батылдықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім»
атанды. Есім ханның қалмақтар мен Тұрсынға қарсы күресінде
Қарасай, Алатау, Жалаңтөс, Жарылқамыс, Сүлеймен, Маян
бай, Жиембет т.б. батырлар ерлігімен көзге түсті. Жиембеттің
«Уа, Еңсегей бойлы Ер Есім» деп басталатын жыры осы кезеңге
туған. Қалмақтарға қарсы күресте Есім хан Батыс Қазақстан
жеріндегі ноғайлармен арадағы қарым-қатынасты күшейтті,
қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Есім ханға ар
нап қырғыз жеріндегі Кеңсай шатқалында ескерткіш салын
са, ол Тәшкентте қырғыз Көкім биге күмбез орнатқан. Есім
хан билігі тұсында Қазақ хандығының әскери қуаты күшейіп,
300-400 мыңға дейін атты әскер топтастыра алған. Ал бұл
кезде көршілес үлкен мемлекеттер Иран 50-60 мың, Ресей
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
70—80 мың, Қытай 100 мыңдай ғана атты әскер шығарған.
Есім хан Жетісу жеріндегі Қазақ хандығының ықпалын
күшейту мақсатында Шығыс Түркістанмен саяси байланысын
жақсартты. Ел билеудегі жол-жобалар мен әдет-ғұрыптар тура
лы ережелер жинағы—«Есім ханның ескі жолы» қазақ елінде
ХVІІ—ХІХ ғасырлар ортасына дейін сақталып, қызмет етті.
Ресей деректерінде Есім ханның тұсында қазақ халқы арасын
дағы жеті атаға дейін некеге тұрмау тәртібі заңдастырылғаны
туралы айтылады. Ол қазақ халқының ата салтының сақта
луына ерекше мән беріп, Қазақ Ордасының бірлігін нығайтып,
шекарасын кеңейтуге үлкен үлес қосты. Есім хан Түркістанда
жерленіп, қабірінің басына кесене орнатылған.
Жамшит—ежелгі Иранның есімі аңызға айналған пат
шасы. Аңыз бойынша, 700 жыл билік еткен Жәмшит шарап
ішкен ыдысынан немесе сиқырлы шам арқылы бүкіл дүние
тіршілігін көріп отыратын болған.
Майқы би (Байқы, Байки, Байқу т.–ө. ж. б.)—ежелгі қа
зақ қоғамында аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, ше
шен. Әділ билігімен, шешендік сөз өнерімен түркі халықтары
арасында кең тараған. Шежірелерде Майқы би деген атпен
өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны
б.з.б. Үйсін мемлекетінің билеушілерінің бірі деп есептейді.
Ол Майқы би Мәнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 ж. өмір сүрген
және аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде
кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (шамамен 1105-1225)
Шыңғысханның замандасы әрі оны хан көтерген 12 бидің
ішінде болған. Парсы тарихшысы Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-
тауарих» атты шығармасында (қошындық Байку деген атпен)
Майқы бидің Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесетін оң
қолы, ақылшысы, бас биі болғаны, ХІІІ ғасырда Жошы хан
ның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қанатын
басқарғаны айтылды. Осы дерек моңғол жылнамасы «Алтын
тобчида» да бар. Кейбір халық аңыздарында Майқы би Ор
манбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын
құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-
би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың
шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі және
Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде
ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (Ұлы
ғылыми қосымшалар
жүздің арғы атасы) Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би, одан
Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Кейбір
шежірешілер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп, Ұлы
жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың әдет-ғұрып, сал
тын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару етуде
Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең тара
ған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы—Майқы би» деген мақал
бар. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір
сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен аты көп айтылғандықтан
жалпытүркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген.
Орақты (XV ғасырда өмір сүрген)—қол бастаған батыр. Ке
рей және Жәнібек хандарының тұстасы. 1465 жылы шаңырақ
көтерген Қазақ хандығының нығаюына үлкен үлес қосқан.
Ойрат басқыншыларына қарсы шайқаста ерлік көрсеткен.
Тегі Жалайыр руынан шыққан. Халық ақыны Қ.Жапсарбаев
«Орақты батыр» атты дастан (1962), жазушы О.Исмаилов по
весть жазды. Батыр жерленген шоқы бұрыннан «Орақты төбе»
деп аталады.
Төле би Әлібекұлы (1663-1756)—дәстүрлі қазақ қоғамының
қайраткері, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы»
заңын шығарушылардың бірі. Төле би—Дулат тайпасының
Жаныс руынан. Тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін
бай да, би де шықпаған, олар «қарашоғыр» атанған қара ша
руа болған. Төле би—оқыған, сауатты, жастайынан халқының
ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған адам. Ол 15-20 жа
сында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге та
нылды. Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жаула
суда еді. Тәуке ханнан кейін Төле би Ұлы жүзді билеп, жоңғар
басқыншыларына уақытша тәуелді болып, соның белгісі ретінде
алым-салық төлеп тұрған. Төле би Орта жүздің биі Қазыбек
Келдібекұлымен, Кіші жүздің биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге
әз-Тәукенің басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қала
сын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағынды
руға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар-
ойрат шапқыншыларына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ,
қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құру
ға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатысады. Ол Ресей
мен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру
ға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді. Төле би 1749 жылы
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке жиені Айтбай бастаған
елшілік жіберді. Неплюев Төле биге жолдаған жауап хатында
(1749 ж. 26 қыркүйек) оның Ресейге қосылу ниетін қолдап, екі
елдің арасындағы сауда-саттық байланыстарын дамытуға күш
салуын өтінген. Ол Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлармен
бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарып,
қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуге басшылық
етті. Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар
сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл,
мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған.
Төле бидің денесі өзі 12 жыл бойы билеген Ташкент қаласына,
Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойып, үлкен
ескерткіш орнатылған. Оңтүстік Қазақстан облысында Төле би
есімі берілген аудан бар.
СӨЗДІК* Адиса (хадиса) /а/—оқиға, кездейсоқ болатын құбылыс тар Азада /а/—бос, еркін Аркан /п/—тіреу, діңгек Аси (ғасый)—күнәкар Асы жапы (ғаси жапи) /а/—күнәкар, қатыгез Атас парас (Аташпараст) /п/—отқа табыну Аумат—бағы жану, жолы болу Әдиса /а/—кездейсоқ туылған оқиға Әдия (хадия) /а/—сый, сыйлық Әзіз, ғазиз /а/—құдіретті, қымбатты, даңқты, ұлы Әрдам /п/—әр қилы, жан-жаққа, әр жаққа, сан саққа Әрдәм қиял—қиялдану, ойға кету, әртүрлі ойларға шому Бадалы /а/—бодауы,қайырымы, орнын толтыру, баспа-бас айырбастау Бадарына—төңірегіне, маңайына Баж /п/—салық, аламан-салық Бажын—төлем алу Базыға—кейбіреуіне Байтақ /п/—пайтақ, орталық, астана Бандіңкен—ұстаудан Бант (Банд) /п/—байланыс, дәнекер Башарат /а/—адам, адамзат Башырат /а/—хош хабар Бәдалі—беделі, абыройы * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз 25-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бәшәрт—жәрдем, жақсылық жасау
Бей абсир—абыройсыз, әбүйірсіз
Бей сарамжал /п/—бейғам, қамсыз
Бузрук—үлкен, ұлы адамдар
Бұқтырма—стратегиялық жер
Бір пасаң—бір шақырым
Гүләні—өз заманында онда қару-жарақтың даңқы шыққан
Ғазат /а/—қасиетті
Ғазат—соғыс, қасиетті соғыс
Ғар /п/—үңгір
Ғибадат /а/—табыну, бас ұру, құлшылық ету
Дарамат, дарамад /п/—пайда, табыс, кіріс
Дас беру—төтеп беру
Дауамат /а/—жалғасы, үздіксіз, дайым
Диқат /а/—көңіл аулау, назар салу, көңіл бөлу
Дүрри гауһар—дүр гауһар, гауһар шашты
Діқат—көңіл бөлу, абайлау, назар салу
Жаби (жафи)—қатыгез, мейірімсіз
Жаллат /а/—жендет, баскесер
Жам /п/—ыдыс, тостаған (шарбат ішетін)
Жамал /а/—көрік, дидар, келбет, сұлулық
Жамғарып—жинау, басқару мағынасында
Жамдады—жинақтады, орнына келтірді
Жамдарың—бәрің, барлығың
Жамына—есіне, жадына
Жанабыңа—құрметіңе деген мағынада
Жанат көлем—сәуле берем
Жасад /а/—өлі дене, сүйек, мәйіт
Жәседің /а/—мәйіт, өлік
Жеті ықылым /п/—жеті қат әлем
Жомшы—Сартоқты
Жорғауында—маңайында,төңірегінде
Жүсі деп—пәле деген мағнада
Зайыр—тегінде, әсілінде, түбінде
Зақымет—зақым, зиян
Зарпы—зары
Заһар—у, улы зат
Зина /а/—нәсіпқұмарлық, жыныстық қатынас
Зина қып—нәпсіқұмарлыққа салыну
ғылыми қосымшалар
Зілінде—негізінен, түбінде
Има /а/—ишара, тұспал, ым, ымдау
Испаһанлы қылыш—Исфахан Ирандағы қаланың аты.
Өз заманында ол қалада жасалған қару-жарақтардың даңқы
шыққан. «Испаһанлы қылыш» Исфаханда жасалған болат
қылыш деген сөз.
Кадран /п/—құрметті, сыйлы
Карам—қасиетті
Кауір—кәпір, дінсіз мағынасында
Келме айтып—кәлима айтып, иман келтіру деген мағы
нада
Керік—зарапа (жираф)
Көксіме—көкірегім деген мағынада
Күсәмет—араздық
Қабағат—шұғыл, зәру, өте тығыз, істер
Қабақат—қабағат, шұғыл
Қайыл (хайыл)—мойындау, көну
Қайыл боп /а/—мойындау, тану, мойын ұсыну
Қалендер—бағынып, бағынышты, кезбе, деруіш, қайыршы
Қараж (хараж)—шығу, сыртқа шығу
Қарап, хараб /а/—білдіру, қирату, бұзу
Қилан—төлеуші
Қопал—епсіз, ебедейсіз
Қорымал—қормал, ие болу, тірек болу
Қошан—қосын, жасақ
Құрбасы, құрбашы—мансап аты, топ басы, қолбасы мағы
насында
Құрсан боп (хурсанд) /п/—көңілді, қуанышты
Құрсандықпен, хұрсанд—ризалық сезіммен
Құшнаш—бақсы-балгер, емші
Қыраж, хираж /а/—сырты, сыртқы
Лат /а. п./—исламға дейін Қағбада тұрған буттақ аты; та
қыр, кедей, аш-жалаңаш
Лат-Манат—қалмақтардың табынатын иесі, құдайы
Мабада —алда-жалда, егерде, кей кезде
Малайк /а/—періштелер
Маламат /а/—айыптау, кінәлау, сөгу, мін тағу, ұрысу
Манжур—халықтың аты (манжурлар)
Манзур—мақұл болу, мақұлдау
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мустажаб /а/—мұсылмандық шарттың бір түрі; қабыл
данған, бекітілген деген мағынада
Мустынсап дұға—дуагөй, әулие
Мұдам—ой, арман, мақсат
Мұстажан дұға—дұғагөй, әулие
Мүкамбал, мукаммал /а/—кемелденген, жетілген, үлкен
Мүкаммалын—жиһаздар, мүліктер
Мінәсар, миасар /а/—қолы жету
Нағыра /а/—айғайлау, бақыру, өкіріп жылау
Най үміт—үмітсіз, күдер үзу
Найыб /а/—орынбасар, екінші адам
Наланы—қайғыны, зарды
Нам /п/—аты, аталуы, есімі
Нама /п/—хат, арнау, шығарма
Насыраны жойт—ислам дініне сенбейтін қауым
Наһан /п/—дәу, үлкен, ірі ,алып
Наһлнсіген—күпсінген
Нәмі—аты
Өтен—отан мағынасында
Пада /п/—табын, мал (ірі қара) табыны
Пайлады—байқады, сезді, білді, аңғарды
Пайтахт /п/—астана, орталық
Пал қылып—ойлау, бал ашу, қиялдану
Памдат, бамдат—ақшам намазы
Панайында—панасында, паналау мағынасында
Парсаң /п/—қашықтық өлшемі, шақырым
Пасейер—соңында, аяғында
Пәнт, панд /п/—ақыл, кеңес, өсиет, уағыз
Пәс етем—төмендетем
Пәйті /п/—орайы, ыңғайы
Пешене—маңдай
Пешенеден—маңдайдан
Рауа /п/—арманына жету, қажеті орындалу
Рауаж /а/—дамыды, өсті, таралу, өсу, кеңею
Рауға—қолайлы
Рәббім /а/—жаратушы ием
Реңдер—жақсылар, ұлы адамдар деген мағынада
Сағымнан пайда болған—ескі уақыттан қалған халық аңы
зында Шыңғыс хан сағымнан тумай, күннің нұрынан жарал
ғылыми қосымшалар
ды. Қария сөздің айтуынша, Аланқуа ерсіз күнмен шағылысып
одан Шыңғыс туады.
Садда /п/—қарапайым, аңқау, жабық, бөгет, тоспа, қабырға
Сам—самиттер
Сана /а/—жыл
Сарамжалап—айырып, талдап
Саргерделер—сардарлар, әскер басы
Сарпай—шапан жауып, тон кигізу
Сәп—назар аудару
Сүбісадық (субухсадық) /а/—таң, таң шапағы, рауан
Сүдігер—жыртылған жер
Сүйір халқы—Сирия халқы
Табым бар—көңіл күйі жақсы деген мағынада
Тағын—тағы да
Тақсымы /а/—бөлісі, үлесі
Тас үй—қыш үй
Тасыманда—тастақ жерде
Тәсір қылды—әсер берді, әсер етті
Тәсіс қып /а/—құру, жасау
Тұғыл—тұқыл, түбір
Тұтасы—жағасы
Тылсымат /а/—тылсым, сыр, құпия
Тіллә /п/—ділда, алтын ақша, алтын
Уажіб /а/—міндет
Үзірі (хұзыр)—құзыр, құзырында болу, алдында болу,
қабылдауында болу
Үстіні /п/—тіреу, діңгек
Хам /п/—шикі, піспеген
Хараб қып /а/—ойрандау, жою, бүлдіру
Харам—арам, тыйым салынған
Шамғарып /а/—екі сөзден құралған. Шам—Дамаск, ға
рып—батыс
Шәнінен—атақ-абыройы
Ширындік—әдеппен жұмсақтықпен
Шоры—күң мағынасында
Шумалдай /а/—құмырсқадай, құмырсқа сияқты
Шымал, шимал /а/—солтүстік
Жер-су атаулары
Ақсу—Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би, Сайрам
аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Сырдария өзенінің ала
бындағы Арыс өзенінің сол жақ саласы. Талас Алатауының
солтүстік беткейіндегі Мұздықтан бастау алады. Жоғарғы ағы
сында аңғары тар шатқалды, тік жарлы, бұралаң келеді. Не
гізінен мұздықтар мен қар суымен толығады. Суы бау-бақша,
егістік суаруға пайдаланылады. Өзеннің жоғарғы ағысы бойын
да Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Алабында ежелгі Сай
рам (Исфиджаб) қаласының орны бар.
Алтай—Оңтүстік Батыс Сібір, Монғолия, Қазақстан аума
ғындағы тау жүйелері. Оның оңтүстік және орталық бөлігінде
орналасқан Сарымсақты, Табын-боғда, Қатын және Шу Альпісі
оңтүстік пен солтүстікке қарай созылып жатыр. Мәңгілік қар
жамылып жатқан шыңдарының кейбірі (Болула шыңы) 4550 м
биіктікте орналасқан. Алтай тауларынан Обь, Ертіс, Қобда
өзендерінің салалары бастау алады.
Ауғанстан—Орта Азия жазығы мен Үндістанның ұлы өзен
дері аралығындағы созылып жатқан мұсылман мемлекеті.
Әулиеата—ежелгі Тараздың орнына ХVІІІ ғасырда салын
ған қала. 1864 жылға дейін қоқандықтар қоластында болды.
1938 жылы Жамбыл есімі беріліп, 1997 жылы көне атауын
қайта иеленді.
Бабата—орта ғасырлардан сақталған қала жұрты. Оңтүс
тік Қазақстан облысы Созақ ауданы Бабата ауылының маңын
да. Бабата—Түркістан мен Сайрамнан кейінгі орында әулие
бабтардың Қыпшақ даласына ислам дінін таратуында үлкен
орталық болған кенттердің бірі. Кентті діни орталыққа айнал
дырған адам—Ысқақ баб. Ол кісіні халық «Баб ата» деп, кентті
ғылыми қосымшалар
де соның есімімен атап кеткен. Бабата кенті ғылыми әдебиетте
көптен белгілі, орта ғасырлардағы жазбаларда жиі кездесіп
отырады. Ғылыми әдебиеттерде Баб ата Х ғасырдағы жазба
деректерде кездесетін Баладж қаласының орны деген пікір де
бар. Қазан төңкерісіне дейін осы маңдағы қыстақта Баб Ата
медресесі жұмыс істеген. Медресе ғимараты күні бүгінге дейін
сақталған. Баб Ата күмбезі де осында.
Балдыбірек—Тянь-Шаньның Қаратау сілемі. Бадам-Сай
рам өңіріндегі Ақсу-Жабағылы қорығындағы кішкене өзен
дердің бірі.
Бел—Алатау мен Қазықұрт тауларының ұштасқан тұсын
дағы үстірттің аты. Келес өзені Алатаудан бастау алып, осы Бел
жазығы арқылы өтеді.
Бұхара—Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығында
ежелгі Түркі халықтарының өзбек тармағы құрған хандық.
Ол 1920 жылға дейін жеке өмір сүріп, 1924 жылы террито
риясы Өзбекстан, Түрікменстан, Үндістан Республикасының
құрамына енген. Бұхараның бір бөлігі Пянди өзені бассейнін
дегі (Амударияның басқа ағысы) таулы өңірімен, екінші жағы
Қашқадария, Зарапшан мен Амударияның төменгі ағысында
(Қызылқұм, Ұртаушул т.б.) құмды даламен ұштасып, шестесіп
жатады. Негізгі тұрғындары өзбек, тәжік, түрікмен және қазақ
халықтарынан құралған.
Еділ (Волга )—Ресей мемлекетіндегі, жалпы Еуропадағы
ең ірі өзен. Тверь облысының жерінен бастау алып, Каспий
теңізіне келіп құяды. Жалпы ұзындығы 3587 шақырым бол
са, Еділ бассейініне қосылатын өзендер мен көлдердің ауқымы
78558 шақырымды құрайды.
Жайық—Оралдың оңтүстігін, яғни Батыс Қазақстан облы
сын басып өтіп, Атырау арқылы Каспий теңізіне құятын арна
лы өзен. Башқұрт Республикасы, Ресейдің Челябі, Орынбор об
лыстарын да қамтиды. Бастауын Орал тауынан алады.
Жаркент—Алматы облысы, Панфилов ауданның әкімші
лік орталығы. Алматы қаласының оңтүстік шығысына қарай
300 шақырымдай қашықтықта орналасқан бұл қаланың тари
хы әлемге көне замандардан бері танылған.
Келес—Сырдария алабындағы өзен. Қазығұрт, Сарыағаш
аудандары арқылы ағып өтеді. Қаржантаудың батыс беткейі
мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тарихшылардың дәлелдеуінше, Келес даласы б.з. бұрынғы
Сақ тайпаларының ата қонысы. Түркі-монғол тілдерінде «ке
сірткелі», «Кесірткелі өзен» мәніндегі атау.
Қазығұрт тауы—Талас Алатауының оңтүстік-батыс сіле
міндегі аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстікке
қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Ежелгі аңыз
да дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабияның
Жуда тауында, Х ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқтаған
делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша, топан су қаптаған
да Нұқ пайғамбар («Топан су» мифінің көне нұсқасында Нұқ
пайғамбардың есімінің орнында «Йвшқар-ата» («Жылаған-
ата», «Жылауық ата» деген кісі есімі де қолданылады) кемесі
Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Сөйтіп, топан су
қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы
бітімі кемеге ұқсас Қазығұрт тауынан басталған. Кейін ислам
дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар туралы аңызбен
ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған.
Қарадария—Қазақстанның оңтүстігіндегі өзен аты. Түрік-
иран тілдерінде «Қара өзен» мәніндегі атау.
Қаратал—Алматы облысының Ескелді, Көксу, Қаратал
аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Балқаш-Алакөл алқабын
дағы суының молдығы және арнасының үлкендігі жағынан
Іледен кейінгі орында. Қаратал Жетісу (Жоңғар) Алатауын
дағы мұздықтардан басталып, Балқаш көліне құяды.
Қарамұрт—Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық округ ор
талығы. Ақсу ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым
жерде, Қызылсу мен Ақсу өзендері аралығында орналасқан.
Қасқасу—Оңтүстік Қазақстандағы кішігірім өзен. Мұндай
өзен атаулары Қазақстан территориясында көптеп кездеседі.
Мәнжүр—шығыс Азиядағы Қытай елінің бір бөлігі. Сол
түстігімен шығысында Ресеймен (Амуссури өзендері бойы
мен), Жапониямен (Кореямен), батыс жағында Монғолиямен,
оңтүстігі Сары теңізбен шектесіп жатыр.
Мырзашөл—Сырдарияның жоғарғы ағысының сол жағын
алып жатқан құмды шөл. Солтүстік жағы Оңтүстік Қазақстан
облысының жеріне кіреді.
Омск (қазақша—Омбы)—Орталық Сібір өлкесіндегі Омь
өзенінің Ертіске құйылатын тұсында орналасқан Ресейдің
ғылыми қосымшалар
Омбы облысының орталығы. Омбы облысы Қазақстан солтүсті
гінің көп жерімен шектеседі.
Сайрам (Исфиджаб, Испиджаб)—Оңтүстік Қазақстанның
орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сай
рам кентінің оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12
шақырым жерде. Сайрам туралы алғашқы дерек Махмұт Қаш
қаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде кездеседі. Онда
«Сайрам—Исфиджаб деп аталатын ақ қаланың аты» делін
ген. Демек, Сайрам—Исфиджабтың кейінгі атауы. ХV-ХVІІІ
ғасырларда ірі сауда, қолөнер және діни орталық болған.
Сайрамсу—Арыс алқабындағы өзен. Төле би, Сайрам ау
дандары жерімен ағады.
Созақ—Созақ ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталы
ғы. Аудан орталығы Шолаққорған ауылынан солтүстік-батыс
қа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Созақ ауданының ор
нында Орта ғасырларда Созақ (Хузак) көне қамал-қала болған.
«Хан-Мазары» дейтін жерде Әбілқайыр, Жәнібек хандардың
сүйектері жатыр.
Сырдария—Орталық Азия мен Қазақстанның ірі өзен
дерінің бірі. Ертедегі грек жазбаларында Laxartes, ортаға
сырлық араб еңбектерінде Сейхун деп аталған. Басын На
рын мен Қарадария өзендерінің қосылған жері Орталық
Тянь-Шань сілемдерінен алып, Арал теңізіне құяды. Жал
пы ұзындығы 2219 шақырым. Сыр бойында ежелден халық
тығыз қоныстанған. Бойында Шардара (Оңтүстік Қазақстан),
Қазалы, Қызылорда (Қызылорда облысы) т.б. қалалары бар.
Талас—Қырғыз Алатауынан бастау алып, Талас жазығы
арқылы Мойынқұм құмдарына сіңетін, V ғасырдан белгілі
өзен. Оның бойынан шаһар салынып, қала VІ ғасырдан кейін
Тараз деген атпен мәшһүр болған. Бұл аттас Талас өзені Алматы
облысының Райымбек ауданында да бар.
Тоғыс—Төле би ауданындағы ауыл, Қазығұрт ауылдық
округ орталығы. Аудан орталығы—Ленгер қаласынан солтүс
тік-батысқа қарай шақырым жерде орналасқан.
Томск—Ресейдің батыс Сібір өлкесіндегі ірі қалаларының
бірі. Кеме қатынасы мен Томск Темір жолы жақсы жолға қо
йылған Тайга бекетінен 80 шақырым қашықтықта орналасқан.
Батыс Сібірдегі ірі өндіріс, сауда орталығы болып саналады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шолаққорған—ортағасырлық қала. Созақ ауданы Шолақ
қорған кентінің солтүстік-шығыс жағында орналасқан.
Іле өзені—Қазақстандағы санаулы мемлекетаралық өзен
дердің бірі. Алматы облысының Райымбек ауданындағы Лаба
сы тауынан бастау алып, Қытай Халық Республикасының Іле
қазақ автономиясының аумағында толығып, Панфилов, ұйғыр
аудандарының жері арқылы Балқаш көліне құяды.
РУ АТАУЛАРЫ
Албан—Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай
па. Ата мекені—оңтүстік-шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді.
Дулат—Бәйдібектің кіші әйелі Домалақ енеден туған бала
сы Жарықшақтан тараған тайпа.
Суан—Жарықшақтың осы атты ортаншы баласынан өрбі
ген тайпа.
Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын аты.
Жаныс—Дулаттың Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда кең
тараған тармағы.
Томға енген жырларды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Байболов Қазанқап (1891, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Төле би ауд. Ұзынбұлақ ауылы—1945, сонда)—халық ақыны.
Балалық шағында Бекасыл мектеп-медресесінде оқып, Сай
рам, Шымкент медресесінде білімін жетілдірген. Аққұм
ауылындағы мектепте ұстаздық етеді. Жасынан халық ауыз
әдебиеті үлгілерін бойына сіңіріп өседі. Әуелі жыршылық жо
лына түсіп, суырып салма ақындық өнеріне жетілу үстінде
қисса-дастандарды жатқа айтып жүріп, өзі де жанынан өлең
шығарып машықтанады. 1934 жылы Қазақстан Жазушылар
одағының тұңғыш съезіне халық ақыны ретіне қатысып, осы
жылдан бастап баспа сөзде өлеңдері жиі жарияланады. «Толғау
өлеңдері» (1939), «Халық қаһары» (1949), «Халық ақындары»
(1965), «Пернедегі термелер» (1968) сияқты жинақтарды өлең,
толғаулары жарияланып, халық арасында танымал ақынға ай
налады. Қазақстан—қазақ халқының өткен замандағы бастан
кешкен тарихи оқиғаларын эпикалық жанрда жырлау арқылы
халықтың тарихи жадын жаңғыртуға үлес қосқан дарынды
ақын. Оның ел ішінде кеңінен таралған «Төле бидің тарихы»,
«Еңсегей бойлы ер Есім», «Өкірік Найман туралы» тарихи
қисса-дастандары XVІІ-XVІІІ ғасырларда қазақ елінде болып
өткен тарихи оқиғалар желісін терең де көркем суреттейді.
Бұл туындыларда айтулы хандар мен билер, айбынды батыр
лар туралы соны деректер мен мағлұматтар мол қамтылған.
«Сайыпжамал сұлу», «Шеризат—Күлшат» сияқты жырлары
ғашықтық тақырыпқа арналған. Ақын—ел ішінде айтылып
жүрген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырумен де
айналысқан. 1943 жылы Алматыда өткен ақындар айтысын
да қызылордалық саңлық ақын Нартаймен сайысқа түсті. Осы
ғылыми қосымшалар
айтысы 1966 жылы жарық көрген «Айтыс» кітабының үшінші
томында басылды.
Жапсарбаев Қалқа (1886, Алматы облысы, Көксу ауданы,
Мұқыр ауылы—26.1.1975, сонда)—халық ақыны, композитор.
Жас кезінен жыр-дастандарды жатқа айтып, өзі де өлең шы
ғарған. Өзінің замандастары К.Әзірбаев, И.Жылқыайдаров,
Ү.Кәрібаев, Е.Қандеков, Қ.Терібаев сынды ақындармен айтыс
қа түскен. «Орақты батыр», «Қарлығаш пен дәуіттің достығы»,
«Дана қыз», «Тұрлымбет туралы аңыз», «Партизан Шәймер
ден» т.б. дастандарын шығарып жырлады. «Қалқаның әні»,
«Қалқаман желдірмесі», «Жайқоңыр»әндері мен «Мұсабек Сең
гірбаев» атты поэма жазған. Бес өлеңдер жинағының авторы.
Сабалұлы Ақылбек (Ақылбек бин Сабал Тұрабаев) (1880,
бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Ақбота болысы—
1919, Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Бестерек мекені)—
ақын, жыршы, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Шығыс әдебиетінің атақты қисса-дастандарын қайта жырлап,
уақиғалы дастандар жазған. 1902, 1911), «Бозжігіт» (1910,
1911), «Марғұба», «Ибраһим», «Хикмет Нығмет» (1911), «Қы
рық уәзір» (1911, 1920), «Алтын балық» (1912), «Самұрық»
(1915) т.б. дастандар жеке кітап болып жарық көрді.
Тайманов Орынбай (1884-1946)—Қазақстанның оңтүстік
өңіріне танымал ақын, жыршы. Бозбала шағынан ел аралап,
өлең-жыр айтып, айтыстарға түскен. Оның қызылордалық
Әлібек Бәйкеновпен өткен жыр жарысы, өзге де өлең, толғау-
термелері оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып, ХХ ға
сырдың 30-жылдары мерзімді баспасөз беттерінде, ұжымдық
жинақтарда жарияланды (Айтыс (1-т. 1966; Пернедегі терме
лер, 1965 ) жарияланды.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түрік
/тат/—татар
/к.т/—көне түркі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде
жарық көрген кітаптар
1. Сәтбек батыр.—Қазан, 1909. 2. Сәтбек батыр.—ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы:
Ш.353. 1-дәп., араб әрпінде. Жырлаушысы Ақылбек Сабалұлы,
жинаушысы Әуелбек Қоңыратбаев.
3. Сәтбек батыр.—ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы:
Ш.881/1, араб әрпінде. 4. Еңсегей бойлы ер Есім.—ОҒК-ның Қолжазба қорында
сақтаулы: Ш.513, араб әрпінде. Жырлаушысы—Байболов Қа
занғап.
Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер
1. Азибаева Б. У. Казахский дастанный эпос.—Алматы,
1998. 2. Ақылбек Сабалұлының қиссалары (Түсінігін жазып,
баспаға дайындаған Ж.Қамалқызы).—Түркістан: Мирас, 1998. 3. Беляев Е. А. Арабы, Ислам и Арабский халифат в раннее
средневековье.—Москва, 1966. 4. Гордон С. Ханаанская мифология // Мифология древнего
мира.—Москва: Наука, 1977. 5. Қасқабасов С. А. Миф пен әпсананың тарихилығы // Қа
зақ фольклорының тарихилығы.—Алматы: Ғылым, 1993. 6. Қоңқашбаев Г. К. Словарь казахских географических наз
ваний.—Алматы: Наука, 1963.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
7. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған—
Халифа Алтай.—Мәдине, 1991. 8. А. Әбдірахманов. Қазақстанның жер-су аттары.—Алма
ты: Ғылым, 1959. 9. Қойшыбаев. Қазақстанның жер-су аттары сөздігі.—
Алматы: Мектеп, 1985. 10. Еңсегей бойлы ер Есім.—Алматы: Жалын, 2005. 11. Жетісу энциклопедиясы.—Алматы: Арыс, 2004. 12. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы.—Алматы: Қазақ
энциклопедиясы, 2006. 13. Ислам. Энциклопедия. Бас ред. Р. Н. Нұрғалиев.—Ал
маты: ҚЭ, 1995. 14. Ислам. Краткий справочник.—Москва, 1983. 15. Арабско-русский словарь.—Москва, 1968. 16. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 17. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10-том.—Алматы:
Ғылым, 1974-1986. 18. Персидско-русский словарь. І-ІІ т.—Москва, 1970.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис
терства образования и науки РК продолжает работу по подго
товке и изданию очередных томов стотомного Свода казахского
фольклора «Бабалар сөзі», издаваемого в рамках Государствен
ной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
Пятьдесят шестой том открывает серию исторических песен.
Всего будет подготовлено и издано пять томов произведений
исторического характера.
Исторические песни казахского народа возникли в период
борьбы с джунгарским нашествием как отклик на события об
щественной и военной истории. Первый крупный тематический
цикл исторических песен рисует события ХV века—периода воз
никновения Казахского ханства. В исторической песне «Батыр
Жәнібектің өлеңі» («Стих батыра Жанибека») главным героем
выступает Жанибек, один из основателей Казахского ханства и
династии казахских ханов. Исторические песни «Еңсегей бой
лы ер Есім» («Большой Есим-герой »), «Есім хан» посвящены
деяниям Есим-хана.
В ряде исторических песен «Сәтбек батыр», «Мырза Сәтбек
батыр» приведены эпизоды противостояния казахского батыра
Сатбека против тирана-завоевателя Ермака в ХVІ веке. В мно
гочисленных исторических песнях изображена борьба казах
ского народа против джунгарских завоевателей в ХVІІІ веке,
где главными героями выступают известный хан Абылай,
знаменитые бий Толе, Казыбек, прославленные батыры-пол
ководцы эпохи правления Абылай-хана Богенбай, Кабанбай,
Жанибек, Олжабай и др.
26-0273
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Последний значительный цикл исторических песен—о на
ционально-освободительном
движении
казахского
народа
против царской России, Кокандского и Хивинского ханств
под предводительством Кенесары-хана, внука Абылай хана,
Жанкожы-батыра, Есет-батыра и др.
Ранние исторические песни о событиях ХV-ХVІІ вв. по
стилю и масштабности эпического повествования близки
героическому эпосу, исторические песни же о борьбе казах
ского народа против джунгарского нашествия в ХVІІІ в. и
против колониального ига в ХІХ в. сближаются с народно-
лирическими песнями.
Предлагаемый вниманию читателей 56 том свода «Бабалар
сөзі» включает в себя исторические песни «Батыр Жәнібектің
өлеңі», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Есім хан», «Олжаш батыр»,
«Сәтбек батыр», «Мырза Сәтбек батыр», «Орақты батыр».
Историческая песня «Сатбек батыр» была известна еще
в начале ХХ века. Вариант песни, исполненный Акылбеком
Сабалулы, был издан отдельной книгой в 1911 году. В настоящий
том включен этот вариант произведения, который отличается
своей оригинальной словесно-языковой структурой и арсена
лом художественных средств.
Том подготовлен в соответствии с принципами издания
серии «Бабалар сөзі», снабжен вступительной статьей ака
демика НАН РК, доктора филологических нак, профессора
С.А.Каскабасова, посвященной историческим песням, а также
научными приложениями, которые включают в себя: сведения
о публикуемых текстах и их вариантах; краткий историко-
фольклористический и текстологический анализ текстов;
данные об исторических и религиозных деятелях, имена кото
рых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских
и персидских слов, терминов и понятий, а также географичес
ких названий; данные о племенах и родах, встречающихся в
исторических песнях; сведения о сказителях, собирателях и
публикаторах; список использованный литературы; резюме на
русском и английском языках.
Все тексты, включенные в данный том, публикуются впер
вые и подготовлены адекватно рукописным оригиналам.
Объем тома—25,5 п.л.
Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Mаdenі Mura» («Cultural herіtage»). 56 volume opens the serіes of hіstorіcal songs. Іn total fіve vo lumes of hіstorіcal works wіll be prepared and publіshed. Hіstorіcal songs of Kazakh people appeared durіng the perіod of fіghtіng wіth Djungar іnvaders as a reactіon to the events of socіal and mіlіtary hіstory. Fіrst bіg thematіc cycle of hіstorіcal songs����������������������������������������������������������� ���������������������������������������������������������� descrіbes������������������������������������������������� ������������������������������������������������ the��������������������������������������������� �������������������������������������������� events�������������������������������������� ������������������������������������� of XV century — the perіod of forma tіon of Kazakh khanate. Іn hіstorіcal song «Batyr Zhanіbektіn olenі» («Batyr Zhanіbek’s poems») the maіn hero іs Zhanіbek, one of the founders of Kazakh khanate and dynasty of Kazakh khans. Hіstorіcal songs «Ensegeі boіlі er Esіm» («Bіg Esіm hero»), «Esіm Khan» are devoted to the feats of Esіm Khan—the khan of Mіddle Zhuz. Number of hіstorіcal songs «Satbek batyr», «Myrza Satbek batyr» descrіbe epіsodes of struggle of Kazakh batyr Satbek agaіnst thyran-іnvader Ermak іn XVІ century. Many hіstorіcal songs des crіbe the struggle of Kazakh people agaіnst Djungar іnvaders іn XVІІІ century where the maіn heroes are the well known khan Abylaі, bіy Tole, Kazybek, famous batyrs-commanders of the epoch when the rulers were Abylaі-khan, Bogenbaі, Kabanbaі, Zhanіbek, Olzhabaі and others. The recent sіgnіfіcant cycle of hіstorіcal songs іncludes natіon al-lіberatіon movement of Kazakh people agaіnst Tsar Russіa, Ko kand and Khіva khanates under the leadershіp of Kenesarі-khan,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР grandson of Abylaі khan, Zhankozha-batyr, Eset-batyr and others. Earlіer hіstorіcal songs about the events of XV-XVІІІ centurіes are close to heroіc epos іn regard of theіr style and scale of epіc narratіon, whereas hіstorіcal songs about the struggle of Kazakh people agaіnst Djungar іnvasіon that took place іn XІX century and agaіnst colonіal suppressіon іn XІX century are close to folk lore-lyrіcal songs. The proposed 56 d volume of the collectіon «Babalar sozі» іn cludes hіstorіcal songs «Batyr Zhanіbektіn olenі», «Ensegeі boіlі er Esіm», «Esіm khan», «Olzhash batyr», «Satbek batyr», «Oraktі batyr». Hіstorіcal song «Satbek batyr» was well known already іn the begіnnіng of XX century. Versіon of the song performed by Akyl bek Sabaluly was publіshed as a separate book іn 1911. The volume іs prepared accordіng to the prіncіples of «Babalar sozі» serіes , іncludіng іntroductory artіcle devoted to hіstorіcal songs wrіtten by S.A.Kaskabasov, member of the NAS of Kazakhstan, Doctor of Phіlology as well as scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіc—folklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. All texts іncluded іnto thіs volume are publіshed for the fіrst tіme and weer prepared adequately to the manuscrіpt orіgіnals. Volume —25,5 p.p.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Тарихи жырлар хақында ....................................................... 8 Мәтіндер Батыр Жәнібектің өлеңі .................................................... 39 Еңсегей бойлы ер Есім ......................................................118 Есім хан ..........................................................................290 Олжаш батыр ...................................................................300 Сәтбек батыр ...................................................................316 Орақты батыр ..................................................................323 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................361 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................376 Сөздік ..............................................................................385 Жер-су атаулары ...............................................................390 Ру атаулары .....................................................................395 Томға енген жырларды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................396 Шартты қысқартулар ........................................................398 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................399 Резюме ............................................................................401 Summary ..........................................................................403
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 56 том ИСТОРИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Г. Бектібаева Компьютерге терген: Г. Құрманғали Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2435 Теруге 02.10.09 жіберілді. Басуға 30.11.09 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 25,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №0273. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру