TELEGEI

Home

Педагогика

Мағжан Жұмабаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Педагогика (Мағжан Жұмабаев, #7614)

Шығармада батыс пен шығыстың озық психологиялық-педагогикалық ілімдері қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық танымымен, салт-дәстүрімен және мінез-құлық ерекшеліктерімен таңғажайып үйлесім тапқан. Автор баланың жан-жақты жетілуін тәрбиенің төрт негізі — дене, ақыл, сұлулық (эстетикалық)...

ПЕДАГОГИКА

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

І N TR O D U C T І O N

ііі

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Қ

Т АРТ У

азақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін
алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі.
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір

қазақ мұғалімдері!
Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылам.
Ниетімнің
тазалығы

үшін
тартуымды
қабыл
кѳріп

алыңыздар.
Мағжан Жұмабаев

1

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

С ѲЗ АЛДЫ

ұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер
курсында оқылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге
шейін басылып шығып жарық кѳре алмады. Бұл айып менікі
емес, бүлінген замандікі.

Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге болмайды.
Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұрылмастан желе
бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға
ұмтылдым. Шамасы келгенше қазақ қанына қабыстыруға

тырыстым
(Кѳп
пайдаланылған
Рубинштейн,

Скворцов,
Смирновтардың педагогика туралы еңбектері).
Бізде бұрын жасалған пән тілі болмағандықтан, түрлі
терминдерге тап басқандай қазақша сѳз табу кѳп күшке тиді.

Қалайда курстарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза
орыс сѳздері қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі
болып кеткен шет сѳздерді қазақшаға аударам деп азаптануды
тиісті таппадым.

Мен педагогика майданында бәйгі алып жүрген жүйрік
емеспін. Кітаптың құрылысында, тілінде, түрлі ат қоюда, хатта,
кітаптың жалпы негізінде кѳп кемшіліктер болуға мүмкін.

2

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Мұғалімдер тексеріп оқып, қате жерлерін кѳрсетсе, сансыз
рахмет айтар едім.
Мағжан Жұмабаев
1922 жыл, 15 сентябрь, Қызылжар.

3

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ЖАЛ П Ы П Е ДА Г ОГ И КА

Жетекші сѳз

ТӘРБИЕ ДЕГЕН НЕ?

Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан
иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс ѳсуіне кѳмек
кѳрсету деген сѳз. Ал енді адамзат туралы айтылғанда,
адамның

баласын,
кәміл
жасқа
толып,

ѳзіне-ѳзі
қожа
болғанша, тиісті азық беріп, ѳсіру деген мағынада жүргізіледі.
(Адамзат дене һәм жан аталған екі бѳлімнен тұрғандықтан,

бұл екі бѳлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі
болғандықтан, дұрысын айтқанда адамға шын мағынасымен
«адам» деген атты осы жан ғана беретіндіктен, адам баласын
тәрбие қылу дегенде, әрине, адам баласының әсіресе, жанын

тәрбие қылу керек деп ұғу керек).
Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам
баласы туғанда ѳте әлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың
тѳлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан

жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам баласы туғанда

5

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым
әлсіз. Ѳсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки адам баласы
осылай ѳте әлсіз боп туып, аса сараң ѳсетіндігінен, оның
денесіне, жанына азық беріп, ѳсуіне кѳмек кѳрсетпей, яғни оны

тәрбие қылмай болмайды.

6

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Т

Т Ә РБ ИЕ Б Ѳ Л І МД ЕР І

әрбие тѳрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы
тѳрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде
ол жѳпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық, сықылды

тұрмыста жиі ұшырайтын кѳріністерді елемейтін мықты,
берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл
табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сѳз, нәзік үн, әдемі түрден
ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан

жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты
болса, міне осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие
алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана
осы тѳрт тәрбиені дұрыс орындасын. Бала ауру не зағып болса,

баладан емес, тәрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала
кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала
білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші
жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші

кѳтерсін» деген иран елінің мәтелі - шын дұрыс мәтел.

7

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Т

Т Ә РБ ИЕДЕН МАҚСҰТ

әрбиеден мақсұт адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса
барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі
әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты.

Қысқасын айтқанда, тәрбиедегі мақсұт "адам" деген атты құр
жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып
шығару.

8

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

П Е ДА Г ОГ И КА Қ А Н ДА Й П ӘН ?

із жоғарыда адам баласының тәрбиеге мұқтаж екендігін,
оған қандай тәрбие беру керектігін, һәм ол тәрбиені не
үшін беру керек екендігін айттық. Жә, тәрбие керек. Бірақ,
балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (ата-ана, мұғалім)

тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ақ, ешнәрсені оқып-
білмей-ақ ѳз бетімен бере ала ма? Әркім ѳзі-ақ жол тауып
кеткендей бала тәрбиесі соншама бір жеңіл нәрсе ме? Жоқ.
Бұлай емес. Бала тәрбиесі бір ѳнер, ѳнер болғанда ауыр ѳнер,

жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін ѳнер. Баланы дұрыс
тәрбие қылу үшін әркімнің ѳз тәжірибесі жетпейді. Басқа
адамдардың
тәжірибесімен

танысу
керек.

Сол

басқа
адамдардың тәрбие майданындағы тәжірибелерін кѳрсеткен
жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек.
Тәрбие пәні - педагогика деп аталады.

Педагогика грек елінің сѳзі. Пед – бала, агоги – жетектеу
деген екі сѳзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып,
мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдар педагог деп аталған.
Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан

кѳрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, ғылым ѳсіп адамзат

9

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ѳнерленген сайын педагог деген есім қадірлі, қасиетті болып
барады.

10

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

П Е ДА Г ОГ И КА М Е Н ЖАҚ С Ы Т АНЫ С

Б О Л У Д ЫҢ К Е Р Е К Т І Г І

алаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен
қолданатын жолы — ѳз тәжірибесі. Яғни бала күнде ѳзі
қандай тәрбие алған, һәм баланы бұрын ѳзі қалай тәрбие
қылған. Міне, осы жолмен жүреді. Әрине, бұл жолды тіпті

қисық жол деуге болмайды. Қисық болу былай тұрсын, тәрбие
туралы әрбір тәрбиешінің ѳз тәрбиесі - аса қымбат нәрсе.
Адамның ѳз тәжірибесі - жүріп кеткен жолы. Ол жолдың
жақсы-жаман жағы кѳз алдында сайрап тұр. Істегеннен кѳрген

анық. Кѳргеннен бастан кешкен анық. Бірақ бұл әркімнің ѳз
тәжірибесі қанша қымбат болғанмен, қатесіз жол деуге
болмайды. Бір адамның тәжірибесі тым тар, тым бірбеткей
тәжірибе. Тәрбиешінің ѳзіне қолайлы болған жол тәрбие

қылатын балаға қолайлы болмасқа мүмкін. Тәрбиеден мақсұт

— баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес.

Келешек ѳз заманына лайық қылып шығару ғой. «Балаңды
ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген
Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар. Бұл – бір.
Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт

тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден
қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі

11

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

баяғыдан бері сыналып, кѳп буын қолданып келе жатқан
тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сѳз жоқ, ұлт
тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы ѳз
ұлтының

арасында, ѳз

ұлты
үшін
қызмет
қылатын

болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие
қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында
ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт
тәрбиесінің жақсылық жағы кѳп болған сықылды, жамандық

жағы да кѳп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі
ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде
ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың
біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі,

керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола
бермейді.
Жоғарыда айтқаннан кѳрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие
беру үшін, тәрбиешінің ѳз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен

таныс болуы жетпейді екен. Бұлар - бірбеткей шикі
тәжірибелер. Бұлар сыннан ѳткізіліп, пісірмеген күйде берік
негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын,
алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында

шабылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі
ұлттан
түрлі
заманда

шыққан
тәрбие
ғалымдарының
ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін

шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс
болу керек.

12

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

П

П Е ДА Г ОГ И КА Ғ А ЖӘ Р Д ЕМШ І

П ӘНДЕ Р

едагогика адамның денесін, һәм жанын дұрыс тәрбие
қылу
жолдарын
ізденетін

пән

болғандықтан,
педагогика пәнімен дұрыс пайдалана білу үшін, екінші түрлі
айтқанда, адамды дұрыс тәрбие қыла білу үшін адамның
денесі, һәм жанының жайын кеңес қылатын басқа пәндермен

таныс болуға тиісті. Бұл пәндер тѳмендегілер.
Дене туралы пәндер:
Анатомия. Адам денесінің құрылысын баяндайды (Денеде
қандай мүше бар, жаратылысы қандай).

Физиология.
Адам
денесінде
болатын

кѳріністерді
баяндайды (тұру, жүру, демалу сықылды).
Гигиена. Саулықты сақтау пәні.
Гимнастика. Саулықты бекіту үшін түрлі дене қозғалысы

туралы.
Жан туралы пәндер:
Психология. Адамның жанының жайын, жан тұрмысын, жан

13

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

П

кѳріністерін, жан күштерін, ақыл-ойдың жайын баяндайтын
пән.
Логика. Дұрыс ойлау жолдарын кѳрсететін пән.
Этика. Құлық туралы пән. Яғни адамшылық не? Осыны

баяндайды.
Педагогикаға тағы бір керекті пән
едагогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат
қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие

дүниесінде қандай білімпаздар ѳткен, олар қандай жаңа
жолдар
тапқан.
Міне,

педагогика
тарихы
осыларды
баяндайды.

14

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

П

П Е ДА Г ОГ И КА Б Ѳ Л І МД ЕР І

едагогика пәні беске бѳлінеді: 1) Жалпы педагогика. Адамның дене, һәм жан

күштерін, тәрбие жолдарын кѳрсетеді. 2) Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын керсетеді. 3) Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп белгілі

бір пәнді қалай оқыту жолын кѳрсетеді. Мысалы, мектепте
қазақ тілін қай жолмен оқыту керек екендігін үйрететін пән
қазақ тілінің методикасы деп аталады.

4) Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай

ұсталуға тиісті, сыныптарға шәкірттерді қалай бѳлу керек, оқу
пәнін қалай белгілеу керек, міне, осылар сықылды мектеп
құрылысы жұмыстарын кѳрсетеді.

5) Педагогика тарихы. Бұл пәннің не нәрсені кеңес

қылатындығы жоғарыда айтылды.

15

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

Ж

ЖАЛ П Ы П Е ДА Г ОГ И КА

алпы педагогика екі нәрсе жайынан сѳйлейді: 1)
Дене тәрбиесі 2) Жан тәрбиесі
Дене тәрбиесі
аңа туған бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның

жан тұрмысы әлі білінбейді. Сондықтан ата-ана жас
баланы тәрбие қылғанда күшінің кѳбін баланың дене
тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға
болмайды. Жан дұрыс тәрбие қылынса болады, дененің қанша

керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене - жанның кабы. Қап
берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның
құралы. Құрал мықты болса иесі де мықты. «Сау жан сау
денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелі -

шын дұрыс мәтел.
Жаңа туған баланы тәрбиелегенде тәрбиеші тѳмендегі
нәрселерді білуге, һәм істеуге тиіс.
Ѳлшеу. Егерде сау болса, жаңа туған баланың салмағы 8

қадақ шамасында болады. Нашар, ауру бала 6 қадақ

16

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

шамасында, нағыз сау, таза бала 10-11 қадақ шамасында
салмақты болады. Бастапқы 2-4 күн ішінде түрлі себептерден
баланың туғандағы салмағынан 1/2 - 3/4 - қадақ шамасында
кемиді. Мұнан соң бірте-бірте салмағы арта бастайды. 7-10

күнде туғандағы салмағына қайта түседі. Айдың аяғында,
туғандағы салмағынан 1/3 артады. Мұнан соң салмақ арту
шабандай береді. Екінші жыл бойына бастапқы салмағының
1/5, үшінші жыл бойына 1/10, ал енді тѳрт жастан онға шейін

жылына 4-5 қадақтан артып отырады.
Бала сау болып туды ма, ауру болып туды ма, сау болып
ѳсіп келе ме, жоқ ауруға айналды ма - осыларды дұрыс біліп
отыру үшін жоғарғы мѳлшер бойынша баланы ѳлшеп отыру

керек. Бастапқы айда күн сайын, мұнан соң жыл толғанша
жетіде екі-үш рет, екінші жылда жетіде бір, үшінші жылда
айында бір ѳлшеп отыру мақұл.
“Баламды безбенге сал” деп айттың деп қазақтың ыршып

кетуінде сѳз бар ма?! Тәрбиенің басқа түрлерін ести келе,
адуын әжелер ыршымақ түгіл сѳгіп тастар. Әйткенменен, амал
қанша,
кѳтерерміз.

Мойнымыз
жуан
болғанмен,
ѳзіміз

жуаспыз. Біздің бар тілегіміз ыршыса ыршысын, ұрысса
ұрыссын, тек біздің айтқанымызды естісе екен. Қайткенмен де
біреу болмаса біреу, жүздерін болмаса да мыңнан біреу осы
педагогика кѳрсеткен жолмен жүрер деп сенеміз. Біз ѳзімізді

ақынның:
Сѳзімді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,

Солардан аз да болса белгі қалар, –
деген сѳзімен жұбатамыз.
Жылылық. Баланың да, жеткен адамның да ѳлшеулі
жылылығы (Цельсий бойынша) 37 – 37.5 градус болады. Бірақ,

жаңа туған бала денесінің жылылығы бастапқы күндерде түрлі
себептерден мынау ѳлшеуден 2-3 градус кем болады.
Әйткенмен де ұзамайды, бұрынғы қалпына түседі. Және

17

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

баланың да, жеткен адамның да жылылығы бір тәулік ішінде
бір қалыпта тұрмайды. Біресе ѳлшеуден асып кетеді, біресе
тѳмен түседі. Жылылықтың тѳмендейтін уақыты – таңертең.
Жоғарылайтын уақыты кеш. Дене жылылығы “термометр”

деген бір құралмен ѳлшенеді. Осы құралмен баланың денесін
күнде ѳлшеп тұру керек. Жылылық белгілі ѳлшемде тұрса,
баланың сау болғаны, не жоғарылап, не тѳмендеп кеткен болса,
баланың ауру болғаны. Жылылық ѳлшеніп отырылса, келе

жатқан науқастың алдын алуға болады. Болмаса, науқас билеп
алып, баланы қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның
науқас екенін білу, кѳбінесе пайдасыз болып шығады.
Дем алу. Жаңа туған бала бір минутта 44-40 рет дем алады.

Мұнан соң бірінші жыл бойынша 40-35 рет, екінші жылда 28,
үшінші жылында 25 рет, сѳйтіп кеми-кеми, 15 жаста бір
минутта 20-17 рет дем алатын болады. Міне, дем алудың осы
мѳлшерден кем немесе артық болуы баланың сау болмауын

кѳрсетеді. Баланың дем алуын ояу отырғанда санау қиын.
Ойнап, қозғалып отырғанда дем алуды мѳлшерден арттырып
жібереді. Дұрысы, ұйықтап жатқанда санау.
Тамыр соғу. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150

рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады.
Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 70-65-тен
аспайды. Бала ояу отырғанда, әсіресе, жылағанда тамыр соғуы
жиілеп кетеді. Мұндайда мѳлшерлі соғудан 20-25 рет артық

соғады. Баланың тамырын бала ұйықтап жатқанда байқау
керек. Сонда белгілі мѳлшерден тамыры артық я кем соқса,
баланың сау болмағаны. Тамырын ұстау арқылы бір адамның
ауру-сау екені білінетін болса, тамыршылық деген әулиелік

емес екені ѳзінен-ѳзі кѳрініп тұр.
Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз тамыршыны
жынымен сѳйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен тілдесіп отыр деп
біледі.

Бала бѳлмесі. Мынау сѳзді оқығанда “атыңның басы тиіп,
жорғасы қалып па?” дегендей, қазақтың ѳзіне үй бітіп,

18

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

баласының жорғасы қалып па деп күліп кекетуші де табылар.
Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Ѳнерлі
ауылдың адамы түгіл малы да жатпайтын бір былық қора.
Қазақтың қысқы үйінің кѳбі жермен-жексен болып жатқан

шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқанның кѳзіндей
ғана бір тесік. Есіктен, тесіктен, үстінен аңырап тұрған суық.
Желдің жыбыр-жыбыр сѳйлегенін, дауыл, боранның адасқан
аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы қазақтың қысқы үйіне кір.

Шым қабырғадан, тѳбедегі сирек салынған сырғауылдың
арасынан сорғалаған су. Жер әбден саз. Босағада қатар-қатар
малдың тѳлі. Иіс-қоңыс, түтін. Егер қазақ жаз шығысымен
мынау сасық үңгір зынданын тастап, киіз үйіне шықпаса, сѳз

жоқ, бірнеше жылдың ішінде қырылып бітер еді. Мінеки, жыл
он екі ай ішінде сегіз-тоғыз ай қазақ тұратын үйдің түрі осы.
Әрине, мұндай үйде тұрған қазаққа бала бѳлмесі пәлендей
болсын деп айту орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз

келешекте: сорлы қазақ мәңгі сасық үңгірде құрттап, шіріп
жата бермес, тұрмысын түзетер деп сенеміз. Бізге жұбаныш
ақынның әлгі ѳлеңі.
Сѳзге келейік.

Бала бѳлмесінің ішінде 6-5 куб сажын ауа болсын. Және ауа
жиі-жиі жаңартылып тұрсын. Бала жатқан үйде кір жуу, кір
кептіру, кірлеген киім тастау жарамайды. Себебі, кірдің кірі бу
болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян

келтіреді. Бала бѳлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек.
Жаңа туған бала жатқан бѳлменің жылылығын Рьюмер
бойынша 17-18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 17-16
градус, мұнан соң 15-16 градус болуы тиіс. Қандай үйдің,

әсіресе, бала бѳлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы
үйде тәрбиеленген баланың ѳсуі шабан болады. Тамағы қанша
жақсы болса да, зағып, нашар болып ѳседі. Сондықтан бала
жатқан бѳлменің жарығы мол болуы керек. Бѳлменің жарығы

мол болу үшін терезелері оңтүстік күн шығысқа, не оңтүстік
күн батысқа қарауы шарт.

19

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Терезелері тура оңтүстікке қараған бѳлме қыстыгүні
жарық, жылы болғанымен жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал
енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бѳлме қашан
да қолайсыз. Сѳз аяғында қазақтың үйінде бала ѳсіруі,

асырауы туралы бір-екі ауыз сѳз айтып ѳтейік.
Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге
болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел
тиіп, суық тиіп ауру болуына кѳп себепші. Бірақ баланы киіз

үйден біржола бездіріп кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды
болғаны сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің
ішінде баланы ұстай білуде. Таза ауа сол киіз үйде болмағанда
қайда

болады?
Тегінде
жаратылыспен
бауырласып

құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге ѳскен
қазақ баласын аса нәзік етіп, үлбіретіп тәрбие қылмағаны
дұрыс
болар

еді.

Бұл

сѳзбен мен

балаңды
баяғыдай
“шалбардың ішіне салып асыра” дейін деп отырғаным жоқ. Ол
заман озды ғой. Әйткенмен де қазақ баласының тәрбиесі қазақ

тұрмысына қабысуы мақұл.
Баланың тамағы. Баланың жақсы ѳсуі үшін оның тамағы
жақсы болуға тиіс. Тамақ баланың ѳсуіне қарай ѳзгеріп отыру
керек. Бастапқы кезде балаға ең дұрыс тамақ – ананың сүті.

Сүттің ішінде денеге керек заттардың бәрі бар. Ана сүті бала
ѳскен сайын ѳзгеріп отырады. Ана бір себептерден баласын
емізе алмайтын болса, әрине қолдан асырауға тура келеді.
Бірақ, емізуге мүмкін болғанда абзалы – ананың ѳзі емізу.

Статистикалық санақ пәнінің кѳрсетуі бойынша ана сүтін
емген жүз баладан 15-20-сы ғана ѳледі. Ал, қолдан асыраған
жүз баладан бір жылда 65 бала ѳледі.
Қолдан асырау. Қолдан асырағанда балаға лайықты тамақ

– ешкі сүті. Бұл болмаған күнде сиыр сүті. Бірақ сиыр сүтінде

ақ (белковина) пен май кѳп, қант аз. Сондықтан сиыр сүтін
сұйылту һәм тәттілеу керек. Жаңа туған балаға берілетін сиыр
сүтіне үш есе су қосу керек. Мұнан соң 2-3 айға шейін бір
бѳлім сүт, екі бѳлім су, 3 айдан 6 айға шейін екеуін де бірдей,

20

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ал тоғыз айдан былай таза сүттің ѳзін беріп отыру керек. Бір
ішкізгеннен қалған сүтті екінші рет беруге жарамайды. Балаға
беретін сүттің жылылығы адам денесінің жылылығындай
болуы керек.

Сүтті тәттілеу үшін сүтке кәдімгі қант салу керек. Бір стакан
сүтке бір бал қасық қант жетеді. Балаға берілетін сүт сау
сиырдың жаңа туылған сүті болсын. Әр сиырдың сүтін бір
бергеннен бір ғана сиырдың сүтін берген дұрыс. Сүт, ыдысы

таза болсын һәм берілетін сүт қайнатылуға тиісті.
Емізік. Қолдан асырағанда балаға тамақ беру үшін
қолайлы әдіс – емізік. Ішіндегі сүтін емізіп болған соң құр
емізікті балаға сорғызып қою тіпті дұрыс емес. Біріншіден,

баланың іші желге толып аурулы болуға себеп болады.
Екіншіден, желімнен жасалған емшек баланың денесіне зиян
келтіреді. Баласына құр емізікті сорғызып қойып, ауыл
қыдырып ѳсек аңду анаға лайықты іс емес, баланы таба білсең,

ерінбей дұрыс баға біл.
Аралас тамақтандыру. Анасы емізген бала біраз ѳскен соң
анасының сүтінен басқа тамақ тілей бастайды. Ол уақытта ана
сүтінен басқа тамақ бере бастауға мүмкін. Жай тамақты алты

айсыз бере бастау дұрыс емес. Жай тамақты бергенде әуелі
жеңілінен бастап, бірте-бірте ауырына кѳшу керек. Мысалы
былай: сиыр сүті, бал қаймақ, ақ ірімшік, қатық (ащы қылып
ұйытпау шартымен), қаймақ, жұмыртқа, сорпа.

Ал енді жас балаға (бір жасқа толған) май, нан, ет беру тіпті
дұрыс емес. Қызыл иегімен қажалатқызып балаға нан беріп, ет
беріп, сорғалатып май беріп қойған ана, баланың досы емес,
қасы. Маған майлы бауырсақ, қазы, қарта бере кѳр дегенде

баласына ет, нан шайнап беретін ана – ананың нағыз оңбағаны,
барлық денесі, асқазаны тіпті нәзік баланың нан, май, ет жеп
кѳтеретін қанша күші бар? Қазақ баласының ауру болуы,
кѳбінесе осы талғамай тамақ жегеннен болады. “Ауру – астан”

деген қазақ мақалынан айналып кетсең болмас па?
Тамақтандыру тәртібі. Баланы ананың ѳзі емізсе баланы

21

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

белгілі бір тәртіппен тамақтандыру керек. Баланы ана емізген
күнде емізу тәртібі былай: жаңа туған баланы күндіз 2-3
сағатта бір, түнде 3-4 сағатта бір емізу тиіс. Ал енді бала ѳскен
сайын емізуді сиректете беру керек. Былайша бірінші айда

тәулікте 8-9 рет, 4-айға шейін 7-8 рет, жарты жасқа шейін 7
рет, 9 айға шейін – 6 рет.
Түн – ұйқы уақыты. Сондықтан баланы түнде сирек
емізуге әдеттендіру керек. Мысалы, 5 айлық баланы түнде бір

емізу
жетеді.
Баланы
қолдан

тамақтандырғанда да

тамақтандыру тәртібі осы. Бірақ қолдан тамақтандырғанда
тамақ белгілі бір мѳлшермен беріліп отыруға тиісті. Бала
тамағының
мѳлшері

баланың
асқазанының
зорлығына
байлаулы. Жаңа туған баланың асқазанына бастапқы жетіде 3

қасық ас сыяды, екінші жетіде – 6 қасық, екінші айда – 9-10
қасық. Міне, осы асқазанның зораюына қарай балаға берілетін
тамақ мѳлшері де зорайып отыруға тиісті.
Балаға тамақты тәртіппен беру оның дұрыс ѳсуіне, аурулы

болмауына, мінезінің дұрыс болуына да кѳп пайдасы бар.
Балаға тамақ тәртіпсіз, ретсіз, былапыт берілсе, бала аурулы
болады. Асқазаны бұзылады, ішкен-жеген тамағын сіңіре
алмайды. Жер жүзінде балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел

екеу болса, біреуі – қазақ әйелі. Бала ұйқысы қанып оянса да,
бір жері ауырып, яки тѳсегі тынышсыз болып жыласа да, оны
шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына
сала қояды. Түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып

алады. Емшек – балада, ана – ұйқыда. Баланың аузынан
емшегін алса, баланың қолына басқа бір тамағын ұстатады.
Сорлы баланы бір минут тамақтан босату жоқ. Яки мынандай
іс те болады.

Шеше не бір жұмыспен, не жай қыдырып кезіп кетеді, мана
кеткен шеше әлі жоқ.
Ерте күн түс болды. Түс кеш болды. Бала аштан аш жатыр.
Қарны ашады. Шырқырап, ішегі қатып, жылайды. Бишара

бала жылап-жылап әлсіреп, талып барып ұйықтайды. Кешке

22

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

келіп ұйқылы-ояу талып жатқан баланы кѳріп: «Құлынымның
тамақ іздемей, жыламай, тәтті ғана ұйықтап жатқанын
қарашы!» – дейтін шешеге не дерсің?
Қазақ қатыны! Ѳзіңде ѳзіңнің қастығың болмаса, баланың

аузын астан алмай, аспен ұрып жығып, болмаса тамақ
бермей,
аштан
қатырып,

талдырып
ұйықтатып
бала
асырауыңды қой. Тамақты беріп-беріп балаңды қарнын

қапақтай, бұтын таяқтай кѳк қарын, ши борбай қылма.
Балаңды аурулы қылма. Асты мезгіл-мезгіл беріп, тәртіпке
үйрет. Тамақты тәртіппен берсең, балаңның дені сау болады.
Құр ас иесі қомағай болмайды. Аузынан ас түспейтін мешкей

болмайды. Тамақты тәртіппен ішіп үйренген баланың мінезі
де дұрыс болады.
Емшектен айыру. Бала аурулы болмаса, бір жасқа
толғанда ана сүтінен басқа ас ішіп, біраз тісі (8-12) шыққан

болады. Міне, осы уақытта баланы емшектен айыру керек.
Айырғанда күл, кѳмір сеуіп, насыбай жағып әурелемей-ақ,
емізуді сиретіп, баланы бірте-бірте (3-6 жеті ішінде) бездіру
керек. Ал енді кейбір қатындардың еркелеткеннің жѳні осы

екен деп, 5-6 жасар балаларын арда емізіп қоюлары тым-ақ
ұнамсыз іс. Ұнамсыз ғана емес, балаға да, анаға да зиянды іс.
Екі жасар һәм үш жасар баланың тамағы. Екі жасар
баланың денесі әжептәуір берік болады. Сондықтан бұл жаста

балаға бірте-бірте ет, нан сықылды күшті ас беруге мүмкін. Ет
бергенде жеңілінен бастау керек. Ешкі, қой, сиыр еті. Жылқы
еті ауыр. Оны 2-3 жасар балаға бермеген дұрыс болар.
Баланың асқазанына лайық нан – бидай ұнынан пісірілген

нан. Балаға май ішкізу тіпті дұрыс емес. Кәмпит, пряник, ѳрік,
мейіз сықылды тәтті беруге де жарамайды. Бір жасқа толмаған
бала түгіл, 2-3 жасар балаға да қымыз ішкізу мақұл емес.
Қымыз баланың тынышын алып, мең-зең беймаза қылады.

Екі-үш жасар балаға тәулікте тѳрт рет тамақ беру керек. Түнде
емес, күндіз, тѳрт сағатта бір. Балаға тамақты бѳлек үйде беру
артық (дұрыс). Үлкен кісілермен бірге ішіп, бірге жесе,

23

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

үлкендерді еліктеп, мѳлшерден артық ас ішеді. Мұның зиян
екені белгілі.
Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кірден
тазартады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін кѳтереді.

Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы үш
айға дейін Рьюмер бойынша – 29 градус. Үшінші айдан жыл
аяғына дейін 28 градус, екінші жылда 27 градус, мұнан
былайғы жылдарда 26-25 градус болып, бала ѳскен сайын

тѳмендей берсін. Ең тѳмендегенде 22 градустан кем болмауға
тиісті. Жаңа туған баланы су ішінде 5 минут, ай жарымдық
баланы 8 минут ұстау керек. Бұдан артық ұстауға болмайды.
Бала әлсіреп қалады.

Әуелгі тоғыз күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға дейін
бір рет, 6 айға дейін жетіде 3-2 рет, екі жастан соң жетіде бір
шомылдырып
отыру

керек.
Баланы
тамақ
берердің,

ұйықтаудың
алдында
шомылдыру
артық.

Баланы
шомылдыратын үйдің жылылығы 17-18 градустан жоғарырақ
болсын.
Баланы шомылдырып болған соң, әсіресе, қолтықтарын,

мойнын, шабын жақсылап қарау керек. Кѳзін, құлағын, басын
таза ұстау керек. Былық қолыңмен баланың кѳзін тазалаушы
болма. Неше түрлі кѳз ауруы осыдан болады. Тамақ бергеннен
кейін баланың аузын тазалап отыру керек. Таза шүберекті

қайнаған суға малып, шынаяққа орап тазарт. Есін білген
баланы ас ішкеннен кейін аузын шайқауға үйрету керек. Аузы
иісті болмайды, тісі бұзылмайды. Пісуіне, шынығуына тұзды
судың пайдасы бар. Ал енді, баланы маймен сылау тіпті де

дұрыс емес. Май терінің тесіктерін бітеп тастайды. Еңсені
кѳтертпейді. Ауырайтады, кірлетеді, терлетеді. Баланы “ѳс, ѳс,
ѳс!” деп денесінің құрыс-тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ
еп керек. “Ѳс, ѳс, ѳс!” деп баланың бір жерін шығарып

алып жүрме.
Киім. Баланың дұрыс ѳсуінің негізгі бір шарты киімнің
дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап,

24

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

шымқап, үлбіретіп ѳсірудің де қажеті жоқ. Бұлай ѳскен бала
аурымпаз болады. Шынықтырамын, денесін берік қыламын
деп, жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынықтырамын
деп жүріп, ауруға шалдықтырып, жазатайым ѳлтіріп алуы да

мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, сырттың суығын
денеге жібермейтіндей болуы керек. Сондықтан да, бала киімі
жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілуі қажет.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жарамайды.

Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға мүмкін.
Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас баланың
денесіне зиян келтіруі оп-оңай. Баланың киімі қолпылдаған
кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, шақ болсын.

Балаға биік ѳкшелі етік кигізу, белін белбеумен қысып тастау
жарамайды. Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі болсын деп
емес, ыңғайлы болсын деп білу керек.
Бѳлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бѳлеуге

атымен қарсы. Баланың дұрыс ѳсуіне, қаны жүруіне, асы
сіңуіне кесел деп кѳп дәлелдер кѳрсетеді. Бұл дәлелдердің
салмақты екендігіне талас жоқ. Бірақ қазақ тұрмысы кѳзінен
қарағанда бѳлеуден безуге бола қоймас. Кѳшпелі абыр-сабыр

тұрмыста бѳлеудің пайдасы да болып шығар. Әңгіме бѳлей
білуде. Тас қылып бѳлеп тастасаң, қанын тоқтатпақ түгіл,
жанын да шығарып аларсың. Саулығына зиян келтірмей бѳлеу
туралы ой жүгірту үшін бесік хақында сѳз қозғамай болмайды.

Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жѳргегі,
тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың таза,
жинақ жатуына кѳп себепші. Бірақ әңгіме мұнда, осы бесікке
баланы қалай бѳлеу керек. Қазақ қатыны баланы жѳргекке

орап, бесікке екі жерден кеудеден бір, аяқ үстінен бір тас
қылып таңып тастайды. Бұлай таңып тастау, әрине, балаға
зиянды. Баланы бесікке бѳлейтін болсақ, осы зияннан қалай
құтыламыз?

Маған мынадай бір ой келді, баланы екі жерден қысып, қан
жүруіне кесел қылмас үшін, тартпаны кеңейту жолын

25

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қарастыру керек. Менің ойымша тартпаны екеу қылмай, біреу
қылсақ. Біреу қылғанда, баланың мойнынан аяғына жететіндей
қылсақ. Енді тартпа демей-ақ жабу дейік. Жабу бесіктің бір
жағына, айталық, 6-7 баумен байланған болса, баланы

жѳргегімен орап, тѳсегіне салып, әлгі жабуды жаппай жауып,
бесіктің екінші жағынан алып келіп, тағы 6-7 баумен байласақ.
Міне, осындай жабумен таңылса, аса зиянды болмас еді. Бұл
бір – тәжірибе кѳрмеген ой. Мүмкін, қате болуға. Мен үшін

емес, баласын дұрыс тәрбие қылу үшін ата-ана осы ойды бір
тәжірибе қылып кѳрсе, игі болар еді.
Жә, баланы бесікке бѳлеуді мақұлдадық. Қалай бѳлеу
туралы да ой жүгірттік. Енді тербетуге келейік.

Күн батып барады. Үй іші қара кѳлеңке. Қыс болса, сасық
үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап
кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың етегінен,
шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр жел кіріп,

жолдасын жоғалтқан жандай мұңды, зарлы бір қоңыр әнге
басады. Үйдің бір босағасында бесік тұр. Ішінде бѳлеулі бала
жатыр. Жылап-жылап шаршаған. Енді айқай салып жылауға
шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. Бесік жанында баланың

анасы жоқ. Әлдеқайда кеткен. Мал жайлап, шаруа қылып жүр
ме? Әлде кѳрші үйдің қатынымен басын шұлғи-шұлғи бір
қысыр кеңесте отыр ма? Кім білсін, бесік жанында кѳзі кѳрдей
сұп-сұр

бір

кемпір
отыр.
Құрысқан
қолы

бесіктің
арқалығында. Салмақпен бесікті тербетеді. Бала ыңыранады,
бесік күңіренеді, кемпір де күңіренеді.
Әлди-әлди, ақ бѳпем,

Ақ бесікке жат бѳпем.
Жылама, бѳпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін…
Әлди-әлди, әлди-ай… –деп күңіренеді кемпір. Кемпірде
талу жоқ. Тербетеді, күңіренеді, тербетеді.

26

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала ұйықтады.
Кемпір күңіренеді. Болмаса сол кеште, бос үйде бесіктің
жанына жас баланың жеті жасар апасын отырғыз. Жел
жылайды, бесіктегі бір жасар да жылайды. Жанында отырған

жеті жасар да жылайды. Бос үйде дауыс шығарып, қорқуын
азайту үшін бесікті тарсылдатып тұрып тербетеді. Әлде не
уақытта бала ұйықтайды. Бесік жанында ѳксігін баса алмай
апасы әлі отыр.

Не болмаса, мынадай картинаны кѳз алдыңа алып кел. Түн.
Бала бесікте бѳлеулі жатыр. Жанындағы тѳсектегі шешесі
қалың кѳрпені жамылып шырт ұйқыда. Қарны ашты ма,
тоңды ма, тѳсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде бала оянып

жылайды. Бастап ақырын жылайды. Елең де қылған ана жоқ.
Дауысты молайтыңқырайды, оянған ана жоқ. Шыр-пыры
шығып, пырылдап, ішегі түйіліп жылайды. Ыңырана түсіп
шеше оянады. Бастап тербетіп ақырын қозғайды. Оған бала

уанбайды, «тұрмадың» деп ашуланғандай айқайын үдете
түседі. Үй ішінде жел долданады, шеше де долданады. «Ѳй,
кѳгала келсін, шешек шықсын», - дейді шеше. Тарс-тұрс, тарс-
тұрс тербетеді. Баланың айғайын бесіктің тарсылы жеңеді.

Әлде не уақытта бала ұйықтайды. Баласын күбірлеп қарғай-
қарғай қорылдап, ұйқыға кетеді шеше. (Әрине, қазақ
қатынының кѳбі мұндай емес қой. Бірақ кѳбі осындай десек,
аса адаспаймыз. Пысық, сергек, бала қадірін білетін аналардан

мына сѳзіме кешірім сұраймын.)
Жә, күңірене-күңірене баланың әжесі ұйықтайды. Жылай-
жылай
бала

ұйықтайды.
Қарғай-қарғай
баланы,

ана

ұйықтайды. Баланың осы ұйқысы сау ұйқы ма? Шын ұйқы
ма? Жоқ.
Бұл дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйықтату емес, шайқап-шайқап
баланың басын айналдыру, естен тандыру.

Тербетіп ұйықтату – баланы талдырып ұйықтату деген сѳз.
Тербетіліп ұйықтатылған бала ұйықтап жатқан жоқ. Талып
жатыр. Ѳзіңді бір нәрсеге тас қылып байлап тұрып, ерсіл-

27

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қарсыл шайқап-шайқап тербетіп-тербетіп талдырып тастаса,
жақсы болар ма? Қазақ әйелі! Балаңда қасың болмаса,
тербетпе баланы. Бесік – баланың жататын орны. Естен
тандырып, талдыратын орны емес. Осыны ұғыну керек,

ұғу керек.
Ұйқы.
Ұйқысы
тыныш

болу
үшін
баланы
кѳзді

шағылыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айғайы жоқ
жерде ұйықтату керек. Әсіресе кенет айқай болмасын.
Баланың тыныш ұйықтауына себеп болатын бір нәрсе –
баланы

белгілі бір

уақытта
ұйықтату.
Және
баланы

жаратылыстың ѳзі ұйқы үшін белгілеген уақытында яғни
түнде ұйықтату керек. Баланы түнде ұзақ ояу отырғызу дұрыс
емес. Баланы тамақ берісімен ұйықтату тіпті жѳнге келмейді.
Ұйқысы тынышсыз болады, һәм саулыққа зиян. Тамаққа тоя

сала ұйықтату – біздің жалпы зиянды әдетіміз. Ұйықтағанда
дененің, мүшенің бәрі демалатын, тыншығатын уақытта,
асқазанға сен тынықпа, мынау жеп-ішкеніңнің бәрін сен
қайнатып денеңе сіңіріп қой деу тіпті жѳнге келмейтін бір

зорлық емес пе? Ол сорлы қайтсін, бұл қызметті атқара
алмайды. Міне, осындайдан асқазан бұзылып, адамда неше
түрлі аурулар пайда болады.
Жас бала тіпті кѳп ұйықтайды. Жаңа туған бала ұйқыдан

тамақ үшін ғана оянады. 24 сағат бір тәуліктің 20 сағатын
ұйқымен оздырады.
Бала жарты жас шамасында әжептәуір уақыт ояу отырады.
Әйткенмен де екі жасқа қарағанша ояуынан ұйқысы кѳп

болады. 2–3 жасар бала күндіз 1–3 сағат, түнде 9–12 сағат, 4–5
жасар бала күндіз сирек ұйықтағанымен, түнде 10–11 сағат
ұйықтайды. 6–7 жасар бала 8–10 сағат, 12–13 жасар бала 8–9
сағат ұйықтайды. Жеткен адамға 6–7 сағаттан артық ұйқы

дұрыс емес.
Қозғалуы. Адам денесі қозғалуды тілейді. Адам неғұрым
жас болса, солғұрлы қозғалуды кѳп тілейді. Екі жасар дені сау
бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні бойы шаршау

28

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

білмей, ойнайды да жүгіреді. Бала жүре бастамаған күнде де тек

отырмай,
аяқ-қолын
шолтаңдатып
отырады.

Бірақ
бастапқы кездегі баланың қозғалуы оймен, тілеумен қозғалу
емес, «рефлекс» бойынша соқыр қозғалу. 5–6 айдан былай
бала маңайындағы нәрселерді ұстауға, қолына алып ойнауға

ѳзі тілей бастайды. Міне, бала қозғалуды ѳзі тілей бастаған
кезде ана оған түрлі жеңіл ойын кѳрсетіп, кѳмекші болу керек.
Бірақ кѳмекші боламын деп қозғалуға шамасы жоқ баланы
зорлықпен қозғалуға үйрету дұрыс емес. Жаңа туған бала

басын һәм барлық денесін билей алмайды, оның шамасының
келетіні – жату. Бала тѳрт ай толмай басын билей алмайды,
жеті-сегіз ай толмай еркін отыра алмайды. Сондықтан 4 айға
толмаған

баланы
жатқан
орнынан

кѳп

қозғай
беру
жарамайды.
Тегінде, баланы ѳзінің отыруға шамасы келмейтін кезде

еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға ықтимал.
Жас баланы кѳтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян келеді, бұл

– бір. Екінші, кѳтеріп үйрету ата-анаға бір пәле ғой. Аяғы бар,

тілі бар дардай баланың «Апа, кѳтер, әке, кѳтер» деп мазаны
алуы ұнамды ма?.. Жас баланы арбаға салып сүйреу –
қазақтың бір қате жұмысы. Тақтай арбаның ішіне жаман
кѳрпеге оратқызып, баланы салып алып, 6–7 жасар балалар:

«Мен ағамның қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны
дүрілдеткенде баланың не жаны қалады? Үлбіреген жас денеге
зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы
еңбектеуден тыюға дұрыс емес. Еңбектесін, қозғалсын, жас

күшін жұмсай берсін. Бірақ бала еңбектейтін жер таза, тегіс
болсын, мүмкін болғанда тегіс жерге кілем тѳселген болсын.
Қазақтың еңбектеген баласының күні қараң ғой. Ол баланы
қараушы болмайды. Бала еңбектеп от орнына барып күйіп

қала ма, күл, кѳмір жей ме, нәжіске былғана ма, сызға, сазға
отыра ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы күл, топырақ,
үрпиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың неше түрлі ауру
болатындығы осы сыз ѳтуден. Сызда, былық жерде асыралса,

29

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

мал баласы да оңбайды ғой. Адам баласы мал баласы емес,
баланы жақсылап бағу керек. Баланы қолынан ұстап тәй-тәй
қылуды дұрыс деуге болмайды. Денесінің бір жеріне зиян
келтіруге мүмкін. Кейбір ата-ана баланың тәй-тәй болғанын

қызық кѳріп, тәй-тәй болғысы келмей орнынан тұрмай
отырған баланы еріксіз тұрғызып тәй-тәй қылады. Бұл істері,
әрине, қате. Балаға итарба жасап беру дұрыс емес демейміз.
Бірақ

итарбамен
зорлап
жүргізбе
дейміз.

Жағалағысы
келгенде үстелді бала ѳзі-ақ жағалайды ғой. Итарба да
баланың жанында жай тұрсын. Жүргісі келсе бала ѳзі де
жүреді. Шеше бірақ байқап отырып, баланы арбаға дұрыс

ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай мен он алты ай арасында бала
жүруге үйренеді. Есте болу керек, баланың мешел болуы тәй-
тәй кеш болғандықтан, итарбасы болмағандықтан емес,
аурулы болғандықтан. Балам мешел болмасын десең, балаңды

дұрыс күт...
Серуен. Ылғи үйде, нашар ауада бала құп-қу, нашар,
меңіреу болады. Сондықтан баланы күн сайын таза ауаға
серуенге шығарып тұру керек. Киіз үй ашық ауамен бірдей.

Киіз үйдегі баланы шығарсаң да бір, шығармасаң да бір. Ал
еңді қазақтың «қысқы үй» деп аталған үңгіріндегі баланы
әлсін-әлсін серуенге шығарып тұрмай болмайды.
Үй саулыққа дұрыс салынған болса да, баланы серуенге

шығарып тұру керек. Себебі үйдің ауасы бұзылып отырады.
Алты ай толмаған баланы қыстыгүні серуенге шығару
жарамайды. Баланың саулығы нашар болса, доқтырлар бір
жасқа толмай қыстыгүні шығаруға қоспайды. Күзгі, жазғы 2

градустық салқында бір жылдық баланы күн сайын 15–20
минут серуенге шығаруға болады. Ал енді 2 жастан былай
баланы күн сайын кем дегенде 15–20 минут серуенге шығарып
отыру керек. Жаңа оянған яки шомылдырылған баланы су

жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серуенге шығаруға
нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 сағат арасы.
Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор ѳзгеріс. Жас

30

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

иекті жарып бірінші тісі 6–8 ай арасында шығады. Иекте
тамыр кѳп болғандықтан, тісей бастағанда бала әжептәуір
ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық болады. Аузынан
сілекей шұбырады. Бала әлсін-әлсін қолын аузына сала береді.

Мұндай уақытта баланы таза ауа, серуенге жиі шығару керек.
Жылы суға жиі-жиі шомылдыру керек. Балаға тісі тѳмендегі
ретпен шығады. Тісі тѳрт түрге бѳлінеді.
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай арасында

шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – тѳрт. 12–16 ай арасында
шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 17–20 ай арасында
шығады. Тѳртінші түр – түпкі азу. Саны – 4, 20–24 ай
арасында шығады. Міне, осымен баланың 20 сүт тісі болған

болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе бастап, 7–11 жас арасында
балаға дәйімгі тісі шығады. Яғни жаңағы айтылған – 20 тісі
түсіп қайта шығып, олардың үстіне тағы азу қосылады. 12
жаста тағы тѳрт азу шығады. Сѳйтіп, дәйімгі тістің саны 28-ге

толады. 22–25 жас арасында тѳрт азу шығады. Мұны ақыл
азуы дейді.
Баланың сүт тісі ѳте нәзік болады. Ыстық та, суық та
жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұзылымпаз

келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұстау керек. 3 жастан
былай тамақ берген сайын баланың аузын жуып отыру керек.
Тісті жаман бұзатын нәрсе – тәтті. Жас балаға тәтті беруге
жарамайды. Біраз ѳскен соң беруге мүмкін, бірақ аз һәм сирек

беру керек.

31

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

ЖАН Т Ә РБ ИЕСІ

астапқы кезде жѳпшенді білінбейтін баланың жан
тұрмысы бала ѳскен сайын бірте-бірте біліне бастайды.
Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар
алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала ѳскен сайын

тәрбиеші күшінің кѳбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай
беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат
нәрсесі де, жұмбақ нәрсесі де сол – жан. Қиын тәрбие тілейтін
де сол – жан. Жанды дұрыс тәрбие қыла білу үшін жанның

жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.

32

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

П

П С И Х ОЛОГ И Я

(Жан тілі)
сихология – ескі пән. Бұл пәнді пән қылып дүниеге
шығарушы – Айса пайғамбардан бұрын болған грек
ұлтынан

шыққан
Александр
Македонский
(Ескендір

Зұлхарнайын) патшаның тәрбиешісі Аристотель данышпан.
Психология деген сѳз грекше екі сѳзден құралған. Психо –
жан, логос – сѳз деген мағынада. Яғни жан туралы сѳз, жан
туралы пән деген сѳз болып шығады.

Жанды ешкім кѳрмесе де, жанның барлығында дау жоқ.
Бірақ бұл жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі
туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне
негізделген. Біріншісі, жан денеден бѳлек ѳз алдына бір нәрсе

дейді. Бұл – баяғыдан бері келе жатқан пікір. Қазақтың жан
шыбын сықылды бір зат, ѳлгенде ауыздан ұшып шығып кетеді,
ұйықтағанда мұрнынан шығып серуендеп жүреді-мыс деген
ертегісі – осы пікірдің бір сәулесі.

Бұл жан денеден тіпті бѳлек, ѳз алдына қандайда болса бір
зат деген пікір «спиритуализм яки идеализм» деп аталады.
Екінші пікір – жан деген дене іскерлігінің әсіресе нерв

33

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

системасы мен ми іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген
жеке зат жоқ, жан деген – дененің бірлігі деген сѳз. Бұл пікір
«материализм» деп аталады.
Үшінші пікір – жан деген жан кѳріністерінің жиынтығы

дейді. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм барлық жан
кѳріністерінің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм»
яғни эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де адамзат бұл күнге
шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат

екені
білінбеуінен
жанның
барлығына

қүмән
қылуға
болмайды. Жан бар. Барлығы сол – оның істері, кѳріністері
бар. Ақша қарда жосылып жатқан айқын ізге түссек,

алдымызда аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол
сықылды, жалғыз-ақ айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп
отырып адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға
жете алған жоқ. Яғни істері, кѳріністері бойынша жанның не

зат екенін қанша білмекші болса да, әлі күнге біле алғаны жоқ.
Бірақ бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы
тәрбие қылу үшін жанды кѳзбен кѳріп, қолмен ұстамай-ақ,
оның істерін, кѳріністерін жақсы тексеру жетеді.

34

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

ЖАН К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н І Ң Д Е Н Е

К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н Е Н АЙЫ РМАСЫ

ан кѳріністері мен дене кѳріністерінің арасында кѳп
айырма бар:

1) сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан, дѳңбек,

құдық белгілі бір орын алып тұрады. Қандай зат болса да,
оның орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып
тұрған орнын ѳлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр
дейміз. Ѳлшемеген болсақ, пәлен зат зор, не болмаса кіші, яки

пәлен зат пәлен заттың не оң жағында, не сол жағында тұр
дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың ѳзі түгіл ол заттың ісі де
белгілі бір орын алады, яғни белгілі бір орында болады.
Мысалы, жүру – адамның ісі. Осы іс белгілі орында болмай

ма? Әрине. Ал еңді жан кѳріністері белгілі орын иелемейді.
Мысалы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп тұр, яки
пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп айта
алмаймыз. Жан кѳріністері жалғыз уақытпен ғана ѳлшенеді.

Біз жан кѳріністері туралы, ой туралы пәлен уақытта болды,
яки қазір ғана болып тұр дей ғана аламыз. Бұл – бір айырма.

2) Сыртқы дүние заттары һәм кѳріністері сезім мүшелері

арқылы білінеді. Мысалы, бір малды кѳріп, бір иісті иіскеп,
жылылықты сипап білеміз. Ал енді жан кѳріністерін сыртқы

35

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сезімдермен білуге болмайды. Мысалы, ұялу деп аталған жан
кѳрінісін не кѳріп, не татып, қысқасы сезім мүшелерінің
біреуімен біліп бола ма? Әрине, жоқ. Біз екінші адамда болып
тұрған жан кѳрінісін ѳзімізді-ѳзіміз сынаумен ғана білеміз.

Мысал үшін ұялу деген жан кѳрінісін алайық, қасымызда бір
кісі бір орасан істі істеді де, қызарып кетті, біз осы кісіде ұялу
жан кѳрінісінің болғанын біле қоямыз. Мұны қалай білдік. Ұят
деген бір зат болып кѳзімізге кѳрінді ме? Яки иіс болып

мұрнымызға келді ме? Жоқ, бірі де болған жоқ. Біз жалғыз-ақ
қарсыда отырған кісінің бетінде кенет қызылдық кѳрдік, басқа
еш нәрсе сезгеніміз жоқ. Олай болса жаңа қарсыдағы адамда
ұялу жан кѳрінісі болды деген білім бізге қайдан келді? Мұның

мәнісі мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс істеп,
жанымыз қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда осы ұялу
кѳрінісі болып қалған уақытта бетіміз дуылдап, қып-қызыл
болып кеткен, сонда біз біліп қойғамыз: «Ә-ә-ә... жанда ұялу

кѳрінісі болғанда бет қызарады екен» деп. Жаңа қарсымыздағы
адам қызарғанда біздің оны ұялды дегеніміз осы. Яғни ана
адамның бетінде қызылдықты кѳргенде, біздің ѳз басымыздан
кешкен іс есімізге түсе қалды, яғни біз ѳзімізді-ѳзіміз сынай

қойдық. Қысқасы, жан кѳріністерін адам сыртқы сезімдерімен
біле алмайды, ѳзін сынап қана біледі.

3) Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки кѳріністер бір

уақытта бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу
сықылды дене кѳріністері бір уақытта болып жатады, біріне-
бірінің бѳгеті жоқ. Ал енді жан кѳріністері бір уақытта
болмайды. Олар бірінің артынан бірі болады. Мысалы, біз бір

уақытта екі ой ойлай аламыз ба? Жоқ. Дұрыс, кей уақытта
ойлар бірінің артынан бірі нажағайдың жарқылындай тез-тез
келгенде, бізге осы ойлар бір-ақ уақытта болған сықылды
кѳрінеді. Бірақ бұл кѳрінуі ғана, шынында әрқайсысы әр

уақытта, яғни бірінің артынан бірі келіп-кетіп жатыр.

36

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

ЖАН К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І МЕН Д Е Н Е

К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І АРАСЫ НДАҒ Ы

Б АЙ Л АМ

ан кѳріністері мен дене кѳріністері арасында қанша
айырма болғанымен, араларында тіпті жақындық
жоқ емес, қайта бірлік, байлам бар. Дене жанға, жан денеге
байлаулы, біреуінің біреуінсіз күні қараң.

Ѳзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де сау,
жақсы болады. Яғни ақылымыэ түзу, сезіміміз дұрыс,
қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса, яки
жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз да

шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер
қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс
жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады.
Яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады. Ой күңгірт тартады,

сезім топастанады. Қайрат жасиды. Денең салбырап ауырған
кезде ыстық қою шайды ішіп жіберсең, денең жадырап кетеді.
Денең жадырап кеткен соң, жаның жадырап кетеді. Бұл
мысалдармен біз жанның денеге байлаулы екенін кѳрсеттік. Ал

еңді дене де жанға байлаулы, жан кѳріністері денеге қатты әсер
береді. Адамның кѳзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның
қандай күйде екені кѳрініп-ақ тұрады. Қайғы һәм ойлау денені
жабықтырады, қуаныш адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді.

37

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ақынның «бетке шықпай қала ма жүрек ізі» дегені жанның
жайын білетіндігі ғой. Қорыққанда дене дірілдеп, қан қашып
кетеді. Аса қатты қорыққаннан, яки аса күшті қайғыдан
бірнеше сағатта шаштары аппақ болып қалғандар да болған.

Міне, жан кѳрінісінің денеге әсер беруі қандай дәрежеге
жетеді.

38

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ә

ЖАН К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Н ҮЙРЕНУ

ЖО Л Д АР Ы

р нәрсені үйренудің белгілі түзу жолдары бар. Жан
кѳріністерін үйренудің жеке жолдары бар.
Ѳзін бақылау жолы
Жан кѳріністерін үйренудің жолы, бірінші – ѳзін бақылау.

Адам ѳз

жанының
кѳріністерін

ѳзі

бақыламаса, жан

кѳріністерімен таныс бола алмайды. Мысалы, ашу, қуаныш
сықылды жанымыздың кѳріністерін бақыласақ қана біз
олардың қандай мінезде екенін һәм араларында қандай
айырма бар екенін біле аламыз. Бірақ бір жан кѳрінісін сол

кѳрініс болып тұрғанда бақылау оңай емес. Себебі ѳзін
бақылау деген сѳз адамның яғни жанның бір уақытта екі іс
істеуі, әрі бақылаушы, әрі бақыланатын зат болуы деген болып
шығады. Бұл істе мүмкіндік аз. Бұған мысал алайық. Менде

ашу деген жан кѳрінісі болып тұр, яғни мен ашуланып
тұрмын. Егерде мен осы ашуланып тұрғанымда осы ашу
кѳрінісін бақылай бастасам, яғни ашудың тууына не себеп
болды, ашу деген қандай нәрсе екен деп ойлай бастасам, сол

ашу бұрынғы күйінде тұра ма? Әрине, тұрмайды. Мұндай
ойға кірісумен ашудың күші кеми бастайды. Осы мен неге

39

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ашуланам деп ойлай бастасаң, ашуың біте қалады. Міне, ѳзін
бақылаудың оңай емес екендігі осыдан кѳрінеді.
Әйткенмен де, жан кѳрінісі артық күшті болмаса, ѳзін
бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып отырған адам

сол ашуының себебін тексеріп отыруға мүмкін.
Бірақ ѳзін бақылау деген сѳздің шын мағынасы – ѳткенді
еске түсіру деген сѳз. Мысалы, ашу деген жан кѳрінісін
бақылау үшін біз бұрын ѳткен бір ашуымызды, яғни бұрынғы

бір ашуымыздың не себептен туғанын, қалай күшейгенін,
қандай мінезді болғанын һәм қалай басылғанын еске түсірсек,
сол уақытта біз ашу деген жан кѳрінісін ѳзін бақылаған
жолмен бақылаған боламыз. Ѳзін бақылау деген сѳз – бұл

мағынада бұрын болып озған жан кѳріністерін еске түсіріп
тексеру деген сѳз болып шығады. Адамға ѳзін-ѳзі тексеру,
ѳзіне-ѳзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Ѳзін- ѳзі
тексеріп, қаталарын кѳруге адамның менмендігі бѳгет болады.

Әйткенмен де, бұл адамның ѳзін-ѳзі тексеруі – оның жан
тұрмысының ѳркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт. Ѳз
қатасын кѳре білген адам келешекте сол қатаны істемеуге
ұмтылады Адамның ѳзін-ѳзі яғни ѳз қатасын ѳзі кѳре білуі

оның жанының идеалға, қасиетті қияға ұмтылатын мінезі
барлығын кѳрсетеді.
Міне, осы себептен зор жазушылардың ѳздері жазған
әсерлеріне кѳңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. Жазаласа,

ѳртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба киім киіп, аш-
жалаңаш жүретін бұзақылық, күнә деген нәрсені білмейтін
дуаналардың ѳз кеуделерін ѳзі жұдырықтап:
Кешіре гѳр, құдайым,

Кѳп қой менің күнәйім,–
деп зарлаулары ѳздерін тым тексеріп, кішкене қаталарын
тым зор кѳріп жіберулерінен, жандары ұмтылатын қияның
тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның бәрі дуана

болмағанмен, ѳзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды.
Ѳзінен ешбір кемшілік кѳрмей, қата таппай, ѳзіне-ѳзі риза

40

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болып, мәз болып жүретін адам зор адам емес, шѳбір адам
болады. Жаны жабайы, ауданы тар болады.
Бақылау
Жан кѳріністерін үйренудің екінші жолы – бақылау, яғни

бір адамның ѳзінен басқа адамдардың жан кѳріністерін
бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып ѳткеміз, жан кѳріністерін
сыртқы сезімдермен бақылауға болмайды деп. Сондықтан
басқа адамның жан кѳріністерін бақылау дегенде оның жан

кѳріністерінің сыртқы белгілерін бақылау, тексеру керек деп
ұғу керек. Мысалы, біреудің пішініне, қозғалуына, сѳзіне,
жүріс-тұрысына
қарап,

бақылап,
солар
бойынша

жан

кѳріністерін тексереміз.
Біз егер ѳзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан
кѳріністерін бақыламасақ, біздің жан кѳріністері туралы
біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы кѳп адам бір

адамның пішінінен, жүріс-тұрысынан, бір-екі ісінен, біраз
сѳзінен ол адамның қандай мінезді екенін біліп ала қояды.
Мүмкін болғанша тәрбиешінің шыншыл «физиономист»
болуы керек.

41

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

ЖАН Т ҰРМ Ы СЫ НЫ Ң Т ҮЗУ Б О Л У

Ш А Р Т Т А Р Ы

ан тұрмысының, жан кѳріністерінің түзу, сау болуы
үшін нерв системасының сау болуы шарт.
Нерв системасы
Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене

арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне
байлайтын
байлам-нерв
системасы

деп

аталады.
Нерв
системасы екі бѳлімнен тұрады: орда бѳлім (ми, жұлын) һәм
бұтақ бѳлім. Нерв системасының бәрінің түбі – бастағы ми.

Мидан 12 егіз нерв шығады. Бұл нервілер мидан шығысымен
бұтақтанады. Онан соң бір-біріне қосылады, бір-бірімен
топталады. Барып-барып тағы бұтақталып, денеге жайылады.
Бұлардың кейбіреулері теріге барып бітеді. Кейбіреулері

сыртына шығып, жат бір түрде шоғырмақталып бір құрал
болып, аппарат болып бітеді.
Нерв системасының қызметі
Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы.

Жан ми арқылы сыртқы дүниеде һәм ѳз денесінде не болып
жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені қозғайды. Егер ми
зағып болса, яки зиянданса, адамның жан тұрмысы дұрыс
болмайды. Мидың белгілі бір жері зиянданса, адамның қол-

42

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

аяғы қозғалмай қалады, яғни «паралич» болады. Мұны біздің
қазақ «пері соққан» дейді. Яки тілі, кеңірдегі сау болып тұрса
да, сѳйлей алмай тілсіз болып қалады. Яғни афазия ауруы
пайда болады.

Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның сымы
сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық тасиды. Бұл
нервілер қызметтеріне қарап екіге бѳлінеді. Біреулері әсерді
сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, яғни миға алып барады.

Бұл нервілер сезу нервілері, яки ордаға ұмтылатын нервілер
деп аталады.
Бұл нервілер арқылы біз салқын, жылымық, жарық, дауыс
сықылды сыртқы дүние кѳріністерін білеміз. Ал енді біреулері

әсерді ордадан нервінің ұшына алып барады. Бұлар қозғау
нервілері, яғни ордадан қашатын нервілер деп аталады. Бұл
нервілер арқылы біз қол-аяқ һәм бар денемізді қозғаймыз.
Егерде бір мүшенің сезу нервілері кесілсе, мысалы, саусақтың,

ол уақытта саусақ еш нәрсені сезбейтін болады. Егерде,
мысалы, саусақтың қозғау нервілері кесілсе, ол уақытта саусақ
тіпті қозғалмайтын болады.
Нерв системасының саулығын сақтау

Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай нәзік
һәм қандай қымбат екендігі ашық кѳрініп тұр. Олай болса,
жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап, оған
зиян келтірмеске керек... Мысалы, балаға миға зақым

келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа ұру
жарамайды.
Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамайды.
Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің жап-жас баласына

шылым тартқызып, «қарағымның аузынан түтінді пәлен
тѳредей шығаруын қарашы» деп қарқ-қарқ күліп мәз
болатындары бар. Мұның надандық, есерлік екендігінде не сѳз
бар? Балаға алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені

ішкізудің дұрыс еместігі ѳз-ѳзінен белгілі тұр.
Нерв системасын ѳсіру һәм берік қылу

43

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Нерв системасының сау болуы керек болған сықылды, оның
дұрыс ѳсуі һәм берік болуы да керек. Бар дененің жақсы
ѳсуінің шарты денені тек жатқызбай жұмыс қылдыру болса,
нерв системасының жақсы ѳсуінің һәм берік болуының да

шарты сол. Нерв системасына әсіресе миға істететін жұмысы
сол мидың ѳсу дәуірлеріне тура келетін болсын. Есте болсын,
адамның бар денесі бастапқы кезде ѳсуді ғана біледі. Біраздан
қозғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адамда есті

тұрмыс басталады. Сондықтан балаға бастапқы кезде оның
сыртқы сезімдерін ұлғайтатын һәм дене мүшелерін кѳп
қозғалтатын
жұмыстар

істету
керек.
Сурет
салдыру,

жабыстыру (балшықтан түрлі заттар жасау), қол еңбегі һәм
гимнастика сықылды. Мұнан соң бала ұлғая, ѳсе келе оның
істейтін жұмыстары да тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв
системасының тәрбиесі дененің ѳсуіне қабысып отыруға тиісті.

Белгілі жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, ѳткір
һәм талмайтын берік болады. Миын іскер қылып үйренген
адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай отырған күнде
де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал енді «жасыңда қылжың

болсаң, ѳскенде мылжың боларсың» деген мақал ып-ырас.
Мидың қажуы һәм оны тынықтыру. Ми – дененің бір
мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан да
қажиды. Қажыған соң тынығуды керек қылады. Миды бет

алдына жұмсай беру күшін азайтады, хатта оны паралич
соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң да,
мидың ѳзімен жұмыс қылсаң да, мида бір у пайда болып
отырады. Сол уды қан жуып алып кетіп, миды тазартып

отырады. Егерде жұмыс тым қатты болса, миға у тым кѳп
жиылады да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей
қалып, нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты
жұмыс істеткенде, қан миға ұмтылып, ѳзге дене ашығып

қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен ақылға
жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты доғару, не

44

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да, яғни
бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам
тынығады. Мысалы, кѳру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту
жұмысына кѳшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып

қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып
тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз
тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады?
Бұған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғалмай

отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек отыру.
Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату,
таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ойын һәм
гимнастика туралы алдымызда тағы сѳз қозғармыз.

Жан кѳріністерін тап-тапқа бѳлу
Жан кѳріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп
негіздері бойынша үш тапқа бѳлуге болады: білу яки ақыл
кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат кѳріністері.

Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек,
қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки кѳрінісінің сынын
белгілейміз, заттар яки кѳріністер арасындағы байламды яки
айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз.

Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір
мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.
Жан тұрмысының бірлігі. Адамның жан кѳріністері
жоғарғы үш тапқа бѳлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне

жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында берік байлам бар.
Яғни адамның жан тұрмысында бірлік бар. Екінші түрлі
айтқанда, адам бір іс істегенде, осы үш тап жан кѳріністерінің
үшеуі де қатынасады. Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды.

Сонда біз саусағымыздың ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім
ісі. Саусақтың ауырған себебін тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол
ауруды жеңілдетуге, бітіруге, жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат
ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне осы үш тап жан кѳріністерінің

үшеуі қатынасатын болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат
үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір

45

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

адамның осы үш тап жан кѳріністері тең болмай, біреуі
таразыны басып билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес.
Бұл туралы данышпан Абайдық тѳмендегі сѳзі шын дұрыс сѳз.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды асық жүрек,
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бѳлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жѳнін білмек.

46

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ә

АҚЫ Л К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Я КИ ЖАН Н ЫҢ

Б І Л У І

ӘСЕРЛЕНУ

серлену ұғымы. Нерв системасы алып келген әсерді
жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп аталады. Жан
алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады.
Әсерлену кѳрінісі қалай болады? Әсерлену кѳрінісінің

болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге,
яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады.
Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады. Осы әсерді нерв
орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми осы келген әсермен

әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв
системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – әсерлену деп
аталады.
Әсерлену кѳрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену

кѳрінісі болу үшін тѳмендегі шарттар табылу керек. 1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз

болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы,
бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине, әсер
бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды. Яғни жан
бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның себебі

әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті болса да,
әсерлену
болмайды.
Мысалы,

күшті
дауыс
құлақты

47

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

тұндырады, шулатады. Бірақ одан жан дұрыс әсерлену ала
алмайды.

2) Бір әсерден соң екінші әсерге шейін белгілі бір уақыт

ѳтсін, яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену
болу үшін екі әсердің арасында белгілі бір уақыт ѳтуге тиісті.
Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нервке берген әсері
тоқталған күнде не нервтің ѳз-ѳзінен біразға шейін қытығы

басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер бірінші әсердің
артынан іле-шала келсе, екі әсер қосылып кетіп, екеуінің де
мінездері ѳзгереді. Мысалы, зырылдауық қатты айналғанда,
бір дѳңгелек болып қана кѳрінеді. Егерде сол зырылдауықты

түрлі бояуға бояп зырылдатсаң, ана бояулардың бірі кѳрінбей,
зырылдақ сұр болып кѳрінеді.

3) Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге

іскерлігін жұмсасын. Егерде әсер миға барып жетпесе,
әсерлену болмайды. Мысалы, кѳру нервісін мидан айырсақ,
жанда кѳру әсерленуі болмайды. Және миға келген әсерге
жанның іскерлігін жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни

жанның
іскерлігі
басқа
затта

отырса,
жанда
әсерлену
болмайды. Мысалы, біз бір қызық кітап оқып, яки қызу

әңгімеге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз.
Қан майданда кѳзіне қан толып жан алып, жан беріп жүрген
жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді. Грек ғалымы
Архимед туған, ѳскен шаһарына жау кіріп, шаһар іші азан-

қазан, айғай-ұйғай болып жатқанда, ешбір дыбыс естімей,
ѳзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып отырды дейді.
Әсерленудің іші, күші һәм тоны. Әсерленудің сын-
сипаты әсерленудің іші деп аталады. Яғни біз бір сыртқы сезім

арқылы болатын әсерленуден екінші сыртқы сезім арқылы
болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, бір дыбысты, түсті,
иісті, дәмді бір-бірінен айырамыз. Мысалы, қараны ақтан,
жусан иісін сасыр иісінен айырамыз.

Түрлі сезім арқылы алынатын әсерленулердің, хатта бір
сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасындағы айырма

48

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

зор.
Зорлығы
сонша:
оларды-бір-бірімен

салыстыруға
болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті дәм арасында, яки
жусан иісі мен адамның айғайы арасында қандай айырма
барын, яки қызыл түс пен сары түс арасында, тұщы дәм мен

ащы дәм арасында қандай айырма барын айта алмаймыз.
Себебі, бұларды салыстыруға мүмкін емес. Бір әсерленудің
сынын білу үшін сол әсерленудің адам жанында болуы шарт.
Мысалы, тума соқырға түстің не екенін, тума саңырауға

дыбыстың не екенін ұқтырып болмайды. Себебі олардың жаны
дыбыстан, түстен әсерленіп кѳрген емес.
Әсерлену кѳрінісінің дәрежесі әсерленудің күші деп
аталады. Мысалы, біз ауыр салмақ пен жеңіл салмақты, қатты

дыбыс пен ақырын дыбысты айырамыз. Әсерленудің күші
сыртқы әсердің күшіне байлаулы. Сыртқы әсер күшті болса,
әсерлену де күшті болады. Бірақ әсерленудің дәрежесінің
артуы әсер дәрежесінің артуына ылғи тура келіп отырмайды.

Яғни әсер бір есе күшейгенде, әсерлену де бір есе күшейіп, яки
әсер екі есе күшейгенде әсерлену де екі есе күшейіп
отырмайды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап тұрып,
тағы бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни

әсерленудің күшейгенін айқын сеземіз.
Ал енді, егер біз қолымызға бір пұт гир ұстап тұрып сол бір
пұтқа бір қадақ гир қоссақ, онда салмақтың артқанын тіпті
сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерлену әсердің әр түрлі

ѳсуін тілейді. Мысалы, салмақ һәм дыбыс әсерленулері күшею
үшін әуелгі әсердің үстіне жаңадан сол әсердің ѳзінің үштен
бірі қолданылуы шарт. Ал енді жарық әсерленулері күшею
үшін яғни күшейгені сезілу үшін әсердің тағы жүзден бірі

қосылуы шарт.
Әсерленудің жұғымды яки жұғымсыз болуы әсерленудің
тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерлеулерінің жұғымды һәм
жұғымсызы бар. Бақырған дауыс – жұғымсыз. Қоңыр әуен –

жұғымды. Әсерленудің тоны кѳбінесе біздің денеміздің қандай
күйде екенін кѳрсетеді. Дене сау болса, әсерлену жұғымды

49

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болады. Дене ауру болса, әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы,
ауру адамға еш нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерленулер де
оған ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яки насыбай
салғанда, хатта аяғын кескенде аурудың не екенін сезбейді. Есалаң

адам ѳз денесін ѳзі тас-талқан жара қылса да, ауруды білмейді.
Әсерленулерді орындастыру. Әсерлену орда нервте,
мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай жеріне әсер
болса, біз әсерленуді сол жерге алып барамыз. Мысалы,

саусағымызды суық затқа тигізгенде, суық саусаққа әсер
бергендіктен, біз суық әсерленуін саусаққа алып барып
жапсырамыз. Яғни саусақ тоңды дейміз. Міне, осы әсер
денеміздің

қай

жерінде
болса,

сол

жерге
әсерленуді
орындастыру.
Перцепция. Әсерленуді туғызған себепті яки затты табу

перцепция деп аталады. Мысалы, біз бір саусағымызды шоққа
басып алып күйдіріп алсақ, біздің жанымызда күю әсерленуі
пайда болады. Сол уақытта біз алдымен қай жерде әсер
болғанын табамыз (локализация), одан соң не себептен бұл

әсерлену болғанын, яғни саусақты шоққа басып алғаннан
мынау әсерленудің болғанын ойлап табамыз (перцепция).
Апперцепция.
Әсерленуді

бұрынғы
болған
тәжірибелермен
толықтыру

апперцепция деп

аталады.
Мысалы, біз бір шағым қант кѳрсек, соның бір ақ зат екендігі
туралы әсерлену алып, осы әсерленуді бұрынғы тәжірибемен
яғни

қанттың
қаттылығы,
тәттілігі

һәм

суға
салғанда
еритіндігін еске түсіріп толықтырамыз.
Перцепция

мен

апперцепция
арасындағы
байлам
мынадай: перцепция неғұрлым күшті болса, апперцепция

сонша әлсіз болады. Һәм керісінше, апперцепция күшті болса,
перцепция сонша әлсіз болады. Мысалы, бір затты ең алғаш
кѳргенде бізде перцепция күшті. Кѳп кѳргенде апперцепция
күшті.

Ал енді апперцепция перцепцияны тіпті жеңіп кететін

50

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болса, ол уақытта адамда иллюзия яғни сезім алдауы пайда
болады.
Иллюзия – болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену
жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. Келе жатқан бір кісіні

екінші біреу деп ойлап қалу, шілікті қасқыр деп білу, міне,
осылар – иллюзия. Аристотель тәжірибесі яғни орта саусақ
пен сұқ саусақты айқастырып (ортаны сұқтың үстіне салып),
екеуінің арасында бір домалақ нәрсені домалатқанда, әлгі бір

домалақ нәрсенің екеу болып кѳрінуі, бұ да иллюзия. Екі
қолымызға екі ыдыс алсақ, екеуі бір-біріне тіпті ұқсас болса,
екеуі де бір нәрседен жасалған болса, екеуінің салмағы да
бірдей болса, бірақ екеуінің зорлығы екі түрлі болса, осы екі

ыдысты біз екі қолымызбен кѳтерсек, бізге зор ыдыс жеңіл
кѳрінеді. Мұның себебі – біз зор нәрсенің салмағы ауыр
болатындығына
әдеттенгенбіз.

Зор

ыдысты
кѳтермекші
болғанда біз мұның салмағы ауыр ғой деп күшті кѳп
даярладық. Бірақ күткеніміздей күшіміз кѳп жұмсалмай

қалды. Сондықтан зор ыдыс бізге жеңіл болып сезіліп отыр.
Міне, бұ да иллюзия.
Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері
арасындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кезде

тұманды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де айыра
алмайды.
Және
бала

локализация,
перцепция

һәм

апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, баланың қолы
ауырады екен, бала құр жылайды, тынышсызданады. Яғни
балада ауру әсерленуі болады. Бірақ бұл әсерлену қай жерден
болып тұр, оны білмейді. Ауырған жерінің аяқ екенін

білмейді, яғни әсерленуге локализация жасай алмайды. Және
осы аурудың не себептен болғанын білмейді, яғни перцепция
жасай алмайды. Балада апперцепция жоқ. Сондықтан шоққа
қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы апарып басады. Бұл

істерге бала бірте-бірте, әсіресе сипау һәм кѳру сезімдері
арқылы үйренеді. Шоққа қолын кѳбірек басса, күю қолда

51

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болғанын, оны күйдірген шоқ екенін, шоқтың күйдіретіндігін
біледі.
Әсерленуді бѳлу. Барлық әсерленулер екіге бѳлінеді:
жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы сезім

әсерленулері.
Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерленулері
денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене әсерленулерін
былай бѳлуге болады: 1) ет әсерленулері (кесіп, соғып алғанда,

ұйып
қалғанда,
шаршағанда,
демалғанда

болатын
әсерленулер); 2) нерв әсерленулері (нервтің солуы һәм ауруы,
саулық әм жадырау әсерленулері); 3) тамақтану һәм қан жүру
әсерленулері (ашығу, сусау, жүрек айну һәм жүрек ауырғанда

болатын әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері (тұншыққанда,
жѳтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын әсерленулер); 5)
жылылық, суықтық әсерленулері.
Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына

болмаса, білу-ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ. Бірақ
бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл тұрмысына да
әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке болып, тым бетімен ѳскен
бала дене тұрмысы кішкене ғана бұзылса да, айталық, бір

жеріне бір нәрсе тиіп кетсе де, кішкене жѳтелсе де, жылап,
тынышсызданып, мазаны алады. Бұл дене әсерленулерінің
жақсы тәрбие қылынбағандығынан.
Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: кѳру, есту,

иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы
заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі
һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім
береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел

болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса
қымбаттары – кѳру мен есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау –
ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан тұрмысы үшін аса
қымбат сезімдер емес. Бұлар кѳбінесе дене тұрмысына қызмет

қылады.
Сыртқы сезімдерді тәрбие қылу. Сыртқы сезім адамның

52

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың бұл
сезімдерін аса жақсы тәрбие қылу керек. Бірінші, бұл
сезімдердің сау һәм берік болуына, екінші, бұл сезімдердің
ѳткір, терең, дұрыс болуына ыждиһат қылу керек. Және бұл

сезімдерді тең тәрбие қылу керек. Бұлардың біреулері жақсы
тәрбие қылынып, біреулері нашар тәрбие қылынса, жан-
тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Онда да кетіктік, кемдік
болмақ.

Енді сыртқы сезімді жеке-жеке тексерейік.
Кѳру. Кѳру құралы – кѳз. Кѳз ұясы деп аталған
шұңқырдың

арт

жағында
мидан
кѳру
нервтері

келіп
бұтақтанады. Сыртқы дүниедегі бір зат яки бір кѳрініс кѳру
нервтеріне әсер береді. Нервтер бұл әсерді миға алып барып,
миды оятады. Мидан әсерді жан қабыл қылып алып, жанда

кѳру әсерленуі болады. Таза кѳру әсерленулері екеу: жарық
әсерленулері һәм түс әсерленулері. Бұлардан басқа тағы екі
әсерлену бар: заттың қозғалысы һәм түрінен әсерлену, екінші
түрлі айтқанда, зорлық һәм қашықтық әсерленулері ұзақ

тәжірибелерден соң ғана болады. Бұл сѳздің дәлелі мынау:
тума соқыр адам операция жасап доктор кѳзін ашып
жібергенде заттардың түрін айырмайды дейді. Мысалы,
заттардың қайсысы домалақ, қайсысы тѳрт бұрышты екенін

айырмаса керек. Және кѳзі ашылған тума соқыр заттардың
қашықтығын да айырмайды дейді. Яғни заттардың бәрі кѳзге
жап-жақын тұрғандай. Аяқ аттаса соғылып қалатындай
кѳрінсе керек. Тегінде жас бала да бастапқы кезде осы кѳзі

жаңа ашылған тума соқыр сықылды болатын шығар-ау.
Баланың кѳру әсерлері. Баланың кѳру сезімі бірте-бірте
кѳп тәжірибелер арқылы ғана ұлғаяды. Бастапқы кезде
баланың кѳзі тіпті кѳрмейді деуге болады. Жаңа туған баланың

кѳзіне жақындатып бір затты алып барсаң, бала кірпігін де
қақпайды. Тегінде баланың ұзақ уақыт кірпік қақпауы –
кѳрмегендіктен. Жұмыс қылмаған дене шаршай ма? Қажи ма?
Әрине, жоқ.

53

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Бала ең алдымеи жарықты кѳреді, шамға қарайды. Шамды
жүргізсең, шамға еріп кѳзін жүргізеді. Бірақ балада екі кѳзбен
бір жерге қарау тез болмайды. Баланың бір кѳзі бір затқа
қарағанда, екінші кѳзі екінші затқа қарап тұрады. Яки басы бір

жаққа бұрылғанда, кѳзі екінші жаққа қарап тұрады. Үшінші
айға қарағанда ғана бала екі кѳзімен бір жерге қарай алады.
Және бала бастапқы кезде кѳзін билеп, ѳзі тілеп, бір затқа
қарай алмайды. Баланың кѳзін билеп, ѳзі тілеп қарай бастауы

екінші айда басталады. Ал енді үшінші, тѳртінші айда бала
бақылап қарауға үйрене бастайды. Бұл уақытта баланың бар
ісі заттардың түсін һәм түрін айыру болады. Үш жасқа дейін
бала түстерді тѳмендегі тәртіппен айырып үйренеді: сары,

қызыл, күрең, қара, алқызыл, сұр, жасыл, кѳк. Түр айыру
қиынырақ болғандықтан, заттардың түрін бала кеш айырады.
Әйел бала түстерді, ер бала түрлерді тезірек айырады деседі.
Ал енді заттардың қашықтығын айыру балаға ѳте қиын

жұмыс. Алты айға толған бала да кішкене саусақтарын жайып
аламын деп айға ұмтылады. Бала заттардың қашықтығын кѳп
тәжірибелерден соң ғана айыра бастайды. Екі жасқа қарағанда
бала кәдімгідей кѳретін болады.

Кѳру сезімін тәрбие қылу. Кѳру сезімін тәрбие қылу
дегенде алдымен кѳзді зиянды нәрселерден сақтау деп ұғу
керек. Кѳзге шаң, түтін тигізбеу, кѳзді әлсін-әлсін жуып тұру,
былық саусақпен ұстамау, уқаламау, шағылыстырғандай

жарыққа қаратпау, қараңғыдан жарыққа кенет шығармау
керек. Және балаға нәрсені тым жақын алып келіп қаратпау
тиіс. Кѳз бен нәрсенің арасы 5–10 дюймнен жақын болмасын.
Жақын қаратып әдеттендірсең, бала сығыр (близорукий)

болады. Яғни сығалап қарамаса, кѳрмейтін болады. Баланы
нәрсеге түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды. Баланың жүре
қыли болуы да осыдан.
Кѳру сезімін жақсы тәрбие қылу үшін кѳзді зияннан сақтау

ғана жетпейді. Бәлки, кѳру сезімінің күшті болуына күш
жұмсау керек. Біз жоғарыдағы сѳзден білдік: бала түрді, түсті

54

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

һәм қашықтықты кеш айыратын кѳрінеді. Міне, тәрбиеші
балада осы әсерленулердің дұрыс оянуына кѳмек кѳрсетуі
керек. Яғни ойнау үшін түрлі түсті доп, түрлі түсті қағаз һәм
ағаш беруі мақұл. Бұлармен бала түстерді айырып үйренеді.

Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету үшін балаға түрлі
зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп, қағаздан түрлі
зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек. Кѳру сезімінің
күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе – балаға сурет

салғызу. Сурет салу баланың кѳру сезімін ұлғайту үстіне
әдемілік сезімін де ұлғайтады.
Кѳру сезімінің жан тұрмысына керектігі. Сыртқы алты
сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы кѳру сезімі.

Жанымызда болатын барлық әсерленулердің, екінші түрлі
айтқанда, біз барлық білімнің 3/4-ін осы кѳру сезімі арқылы
аламыз.
Басқа

сезімдер
арқылы
алынған
білімдерді,

әсерленулерді кѳру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы,
бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты кѳргіміз келеді.
Хатта басқа сезімдерді жабайы, ѳтірікші кѳреміз. Кѳзбен
кѳрмеген соң қойшы дейміз. Адамның әдемілік сезімінің

ұлғаюына да кѳру сезімі кѳп кѳмек кѳрсетеді. Әдемі түс, әдемі
түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу кѳріністері адамның
әдемілік сезімін тереңдетпей қоймайды.
Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан шығып,

құлақта есту нервтері бұтақтанады. Бір дыбыс осы есту
нервтеріне әсер береді. Әсерді нервтер миға алып барып, оны
оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту әсерленуі болады.
Есту әсерленулері екі топқа бѳлінеді: шу һәм дыбыс.

Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу деп
аталады.
Желдің
зуылы,

судың
сылдыры,
жапырақтың
сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді белгілі бір

тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп,
яки музыкалы тон деп аталады. Әннің әуені, домбыраның,
қобыздың күйі, адамның сѳзі сықылды. Адам сѳзі азғантай
ғана негізгі дыбыстардан яғни сол дыбыстардың бір-бірімен

55

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

бір олай, бір былай қосылуынан тұрады. Қазақ сѳзі 24-ақ
дыбыстан тұрады.
Баланың есту әсерленулері. Бастапқы кезде бала тіпті
естімейді десе болады. Мысалы, жаңа туған баланың бесігі

жанында айғай салып сѳйлескенде, оянбайды. Баланың есту
сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бастайды. Тѳртінші жетіде
бала күшті дыбысқа селт етпесе, оның мылқау болғандығы.
Үшінші, тѳртінші айда балаға бесік жыры әжептәуір әсер

береді. Бұл уақытта бала дыбыстың жұмсақ, қоңырын, қатты,
тынышсызын айыратын болады. 4–5 айда бала дыбыстың
қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын
болады. Алты айда дыбысты ѳзі тілеп тыңдайды. Бір жылдың

аяғында дыбыстарды түгел айырып, сѳздерді ұғып, хатта
сѳйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сѳз, жылы сѳз) байқай
алады. Екінші жасқа қарағанда бала сѳз дыбыстарын ѳзі айта
алатын болады.

Есту сезімін тәрбие қылу. Баланың есту сезімін тәрбие
қылу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан сақтау деген сѳз.
Мысалы, баланы қисық яки еңкейтіп ұстау жарамайды. Себебі,
басқа шапшыған қан құлаққа зиян келтіреді. Қатты дыбыс,

құлаққа суық тигізу, шомылдырғанда су жіберу жарамайды.
Құлық ағып, яки басқа түрлі баланың құлағы ауыра бастаса,
тез докторға емдету керек. Надан алдауыш дәрігерге емес,
ғылым иесі докторға. Әсіресе қызылшадан соң баланың құлағы

ауырымпаз болады. Қысқасы, ауру білінсе-ақ, емдету керек.
Баланың құлағын зияннан сақтаумен бірге баланың сақ
құлақ болуына да кѳмек кѳрсету керек. Құлақтың сақ, естімпаз
болуы үшін баланың түрлі дыбысты ести беруі шарт.

Сондықтан ана баланың жанында ешбір уақыт үндемей
отырмауы керек. Дұрыс, ол анасының сѳзін ұқпайды.
Әйткенде де әдеттене берсін. Біз айтпай-ақ, баласы еш нәрсені
ұқпаса да, баласын шын сүйген ана ѳзі-ақ айналып-толғанып

жатады ғой.
Қысқасы, балаға қандайда болса дыбыс естіртпей қою

56

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

К

дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, судың
сылдырын, жібектің судырын, шѳптің сыбдырын, темірдің
қаңғырын, һәм жанды заттардан шығатын дыбыстарды,
жылқының кісінеуін, қойдың маңырауын, мысықтың мияуын,

құстың шырылын ести берсін. Бала малдың дыбысына
еліктегіш болады. Бала қошақанша маңыраймын деп әуре
болып жатады.
Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға түрлі

музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Домбыраға
түрлі күй тартып отырсаң, алдыңда отырған бала тырп етпей,
шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне
аса кѳп әсер беретін – бесік жыры. Баланы қолына алған,

баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай
үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Бала сѳзін ұқпаса да
күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди, ақ
бѳпем» деп басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл

жырдың күйі де, сѳзі де тәтті. Біраз есейген балаға жырлау
үшін қазақ әйелі тѳмендегі бесік жырымен таныс болса игі
болар еді.
есік жыры

үнім, айым,
Еркетайым,
Бѳлейін енді.
Тыста дауыл,

Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы тѳсек,

Жата ғой, қозым,

57

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Әлди, бѳпем,
Әлди, бѳпем,
Ұйықта, жұм кѳзің.
Құлыншақтар,

Қозы, лақтар –
Бәрі-ақ ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – кѳз нұрым,

Кір тәтті ұйқыға.
Сая жаным,
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел,

Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл.
Беу-беу, бѳпем,

Беу-беу, бѳпем,
Әлди, әлди-ай!
Сәулем, еркем,
Күні ертең

Толарсың сен ай.
Пісіп алмам,
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.

Сұлу сүйрік,
Жорға жүйрік
Тайға мінерсің.
Қара жарғақ,

Түлкі тымақ
Шоқтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,

Қысып сүйермін.
Мініп тұлпар,

58

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Алып сұңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сѳзім,
Жасты кѳзім,

Сағынып күтермін.
Қызық іздеп,
Қыздар кѳздеп,
Елдер кезерсің.

Тарлан шүйіп,
Сұлу сүйіп,
Үйден безерсің.
Қуып бақыт,

Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен – бейшара,

Жастар тѳгермін.
Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.

Сен еріме,
Жас бѳріме
Қарсы кім тұрар?
Алмас қылыш,

Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен, сырттаным,
Арыстаным,

Жауды қуарсың.
Туған жерден,
Ѳскен елден
Ерге не қымбат?

Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,

59

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Е

Шаңға, қанға бат.
Айбатыңды,
Қайратыңды
Кѳріп қарт анаң

Тѳгіп жасын,
Жайып шашың,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем,

Кѳрсет, ием,
Сол алтын күнін.
Ұйқың тәтті,
Ұйқың қатты,

Қозым, құлыным.
Жаным да сен,
Тәнім де сен,
Қарашығым-ай!

Әлди, бѳпем,
Әлди, бѳпем,
Әлди, әлди, әлди-ай!
сту сезімінің жан тұрмысына керектігі. Адамның

дыбысы жан тұрмысына байлаулы. Жан жат болса,
дауыс та жат шығады. Жан күңгірт болса, дауыс та күңгірт.
Жанның терең түкпірінде жатқан ыстық сырларды ашып,
шешіп беретін адам сѳзінен қымбат дүниеде не нәрсе бар?

Міне, бізді шет адамның жанымен шын табыстыратын нәрсе –
осы есту сезімі.
Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту
сезімі. Біз егер жануарлардың шулауы, бұлттың күркіреуі,

судың
сылдыры
сықылды
жаратылыстың

түрлі
әуенін
естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мылқау болып кѳрінер еді.
Есту сезімі адамның кѳру сезіміне де кѳп кѳмек кѳрсетеді.

Кѳз нәрсенің сыртын кѳреді. Құлақ бізге бір заттың ішін,

60

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

жанын шешіп береді. Грек данышпаны алдында тұрған кісіге:
«Қане, сѳйлеші. Мен сені кѳрейін»,– дейді екен. Мылқауға
қарағаңда тума соқырдың ақылды, құлықты болуы һәм оның
жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік болуы осыдан.

Адамның әділеттілікті сүю сезімін тереңдететін де – осы
есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені балқытып,
адамға терең ой салмай ма?
Құлақтан қіріп бойды алар

Тәтті ән менен мұңды күй.
Жүрекке терең ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, –
дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді. Шат

күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі ѳлгенде ѳлім
күйі, тойда қуаныш күйі, соғыста адамды есалаңдандырып
кѳтеріп жіберетін соғыс күйі ойналуының мәнісі осы. Грек
елінде бір әдемі ертегі бар. Орфей деген күйші күйімен, әнімен

тағы аңдарды ұйытып алады екен. Қазақтың әдемі ертегісінде
Қорқыт қайда барса да алдынан кез келе берген кѳрден, яғни
жанын жеген ѳлім туралы ойдан құтылам ба деп бір тоқтаусыз
қобыз тартатын болыпты. Қысқасы, баланың жаны кетік

болмай, бүтін болсын десе, тәрбиеші баланы әннен, жырдан,
музыкадан қашырмасын.
Сипау сезімі. Сипау сезімінің құралы – адамның терісі.
Мидан һәм жұлыннан шығып, сипау нервтері теріге келіп

бұтақтанады. Сипау нервтерінің кѳп жиылған жері – қол. Қол
болғанда, саусақтардың ішкі жақ бас терісі. Мұнан соң –
алақан, тілдің ұшы, ерін, мұрынның ұшы, саусақтардың
сыртқы жағы, табан һәм жақ терісі. Сипау сезімінің ең әлсіз

жері – арқа.
Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қаттылығын,
тегістігін,
бұдырлығын,

ѳткірлігін,
топастығын

һәм

ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз.
Баланың сипау сезімін жақсы тәрбие қылудың керектігінде
дау жоқ. Сипау сезімін тәрбие қылу үшін алдымен сипау

61

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сезімінің құралы – теріні түрлі зияннан сақтау керек. Теріні
кір басып кетсе, сипау сезімі топас болып қалады. Екінші,
балаға түрлі нәрсе бере беру керек. Сипау сезімі жақсы тәрбие
қылынса, тіпті ѳткір болады. Мысалы, кассада отыратын

адамдар саусағымен бір сипап жіберіп, қағаз ақшаның асылы
мен жасығын айыра қояды. Соқырлар қолымен ақшаларды,
һәм жазылған қағаз бен жай қағазды айырып біле алады.
Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адамның

кѳрген, яки естіген нәрсесін ұстап кѳргісі келмей қоймайды.
Ет сезімі. Ет сезімінің құралы – терінің астындағы ет. Етке
келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі арқылы біз ѳз
денеміздің қандай халде екені, яғни қозғалып тұр ма, тек тұр

ма, қозғалғанда қалай қозғалып тұр, тек тұрғанда қалай тек
тұр, міне, осыны білеміз. Бұл бір. Екінші, ет сезімі арқылы
түрлі заттардың салмағын білеміз.
Баланың еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен ѳседі һәм

бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы ѳсіп, берік болсын деген
тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Ал енді бала
мектепке кіріп, сабақ оқи бастағанда оған әлсін-әлсін
гимнастика жасату керек. Бірақ гимнастиканың шарттары бар.

Сол шарттар табылмаса, гимнастикадан пайда орнына зиян
шығады. Мысалы, гимнастика лайықты киімде, таза ауада
болсын. Әсіресе гимнастика бір міндетті іс сықылды, сабақ
сықылды болмасын. Мұндай гимнастикадан бала безіп кетеді.

Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның білімін
арттыруына кѳп кѳмек кѳрсетеді. Біздің сыртқы дүниедегі
заттар туралы толық білімді болуымызға осы ет сезім себепші.
Заттардың түрін һәм салмағын біз осы сезім арқылы ғана

білеміз.
Иіскеу һәм тату сезімдері. Иіскеу сезімінің құралы –
танаудың терісі. Сол теріде иіскеу нервтері бар. Ауада ұшып
жүрген иіс сол нервтерді қытықтап, одан әсер миға барады.

Иістің арнап қойылған аттары жоқ. Иіс не заттан шықса, сол

62

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

заттың атымен жүргізіледі. Мысалы, сасырдың иісі, жұпардың
иісі деген сықылды.
Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үстіне тату
нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, қышқыл, ащы,

тұзды, тұщы.
Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы үшін аса
қымбат сезімдер емес. Бұлар – денемізге қызмет қылатын
сезімдер. Бұл сезімдер басқа ішкі сезімдерді оятуға ұста

болады. Мысалы, жақын адамның иісі сіңген бір нәрсені
иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе қалады.
Жас бала қолына түскен нәрсенің бәрін аузына апарып
салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы тату сезімі.

Бала қолына түскен нәрсені татып білмекші болады. Балада
татудан соң оянатын сезім – сипау. Біраздан соң кѳру һәм есту,
бәрінен соң иіскеу сезімі.

63

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

А

ІСКЕ РЛІК

дам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана
емес, барлық жан кѳріністері болу үшін бір шарт бар.
Ол шарт – іскерлік. Іскерлік сыртқы дүниедегі бір затқа яки
ішіміздегі бір жан кѳрінісімізге, ойға, ішкі сезімге, қайратқа

жанның тѳнуі, нүктеленуі деген сѳз. Іскерлік болмаса, біз
сыртқы заттардан әсер алып, олармен таныса алмаймыз.
Ойымыздың дұрыс, ашық болуы, ішкі сезімдеріміздің жанды
болуы,

қайратымыздың
түзу

бет

алуы осы

іскерлікке
байлаулы.
Іскерліктің түрлері. Іскерлік тѳмеңдегі түрлерге бѳлінеді:

1. Әсер берген заттың яки кѳріністің мінезіне қарап екіге

бѳлінеді. Еріксіз іскерлік һәм ерікті іскерлік. Біз тілемеген
уақытта яки тілегімізге қарсы бір нәрсе біздің іскерлігімізді
еріксіз тартса, міне осындай уақытта болатын іскерлік еріксіз
іскерлік деп аталады.

Мысалы, біз шын ынтамен бір кітап оқып отырмыз.
Іскерлігіміз кітапта, кенет үй артында біреу ән шырқай
бастады. Сонда осы ән біздің іскерлігімізді кітаптан еріксіз
тартып алады. Ал енді егер біз ѳзіміз тілеп бір нәрсеге

64

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

іскерлігімізді ѳзіміз аударсақ, міне осындай уақытта болатын
іскерлік ерікті іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз қазір бір ѳлеңді жаттап алайықшы деп жаттап
отырғанда іскерлігімізді ѳз еркімізбен ѳлеңге жұмсап, жан-

жақта сѳйлесіп жатқан сѳздерді естімейміз. 2. Іскерлік табандылығына қарап екіге бѳлінеді: табанды

іскерлік, табансыз іскерлік. Бір затқа қажымай қадалған
іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-жаққа кѳз, құлақ
салмай, бар дүниеден безіп үйрену үшін бір әнді қайта-қайта
домбыраға салып отырған жігітте табанды іскерлік болып

отыр. Ал енді бір затқа тұрақтай алмай, бірінен-біріне
секіретін іскерлік табансыз іскерлік деп аталады. Ѳзі бір әнді
домбыраға салып үйренем деп отырып, біресе сѳзге кірісіп,
біресе домбыра тартып отырған жігітте табансыз іскерлік

болып отыр. 3. Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік екіге

бѳлінеді: ішкі іскерлік һәм тысқы іскерлік. Сыртқы дүние
затына жұмсалған іскерлік сыртқы іскерлік деп аталады.
Ѳзіміздің бір кѳрінісімізге жұмсалған іскерлік ішкі іскерлік
деп аталады.

Баланың
іскерлігі.
Баланың
іскерлігі

жеткен
адам
іскерлігінен кѳп тѳмен, кѳп нашар. 1. Баланың іскерлігі ерікті
емес, еріксіз яғни бала ѳзі тілеп іскерлігін бір нәрсеге байлай

алмайды. Бір нәрсе еріксіз тартса, сонда ғана бала іскер бола
алады. 2. Баланың іскерлігі ішкі емес, сыртқы. Яғни сыртқы
заттарға ғана іскер бола алады. Ѳз жанында болып жатқан
кѳріністерге іскер бола алмайды. 3. Баланың іскерлігі табансыз.

Бала бір нәрсеге табанды іскер болам десе де, бола алмайды.
Бір нәрседен екіншіге әп-сәтте ауып жүре береді. «Жас бала
жеңсікқой, әуесқой» деп қазақ дұрыс айтады. Балада табанды
іскерлік 11–12 жастарда ғана бола бастайды.

65

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

І

ІСКЕ РЛІКТ ІҢ Қ ЫМ БА Т Т ЫЛ ЫҒ Ы

ҺӘ М ОН Ы Т Ә РБ ИЕ Қ ЫЛ У

ЖО Л Д АР Ы

скерлік – жан тұрмысының негізі. Бала іскер болмаса,
ешнәрсе ұқпайды һәм ешнәрсе үйрене алмайды. Іскерлік
осындай қымбат болса, сѳз жоқ, оны тәрбие қылу керек.
Тәрбие қылудың жолдары мыналар:

1. Әсер күшті болса, бала еріксіз іскер болады. Мысалы,

мұғалім қатты сѳйлесін, тақтайға жазғанда айқын қылып
жазсын, балаға кѳрсететін суреттің бояуы ашық болсын...
Балаға кеспелі әліп-бидің берілетін себебі осы. Және де есте
болу керек, әсер неғұрлым күшті болса, іскерлік те сонша

күшті болады дедік қой. Ал енді сол әсердің ѳзінің күшті
болуына бірнеше шарт бар. Бірінші, әсерді қабыл алуға
сыртқы сезімдер неғұрлым кѳп қатынасса, әсер сонша күшті
болмақ. Сондықтан балаға бір нәрсені білдірмекші болғанда,

сол нәрседен әсер алуға баланың кѳп сыртқы сезімдерін
қатынастыруға тырысу керек. Мысалы, баланы бір затпен
таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сѳйлеп қана қойма,
алып келіп балаға кѳрсет, кѳрсетіп қана қойма, сол заттың

суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанба, балаға балшықтан
сол затты жасат. Әсердің күшті болып, іскерлікті кѳп
тартуының бір шарты осы. Екінші, әсерді қабыл алу денеге

66

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қолайсыз болмасын. Денеге қолайсыз болса, әсердің қүші
бітеді. Әсердің күші бітсе, іскерлік бітеді. Мысалы, бір нәрсеге
қанша іскер болып отырсаң да, отыруың қолайсыз болса,
іскерлік

бітіп
қалады.
Баланы
партаға

жатқызбау,
таяндырмаудың керектігі осыдан.

2. Әсер жеке болсын. Егер біздің кѳз алдымызда бір ғана зат

тұрса, біз сол затқа іскерлікті кѳп жұмсап, тексеріп қараймыз.
Егер бірнеше зат тұрса, іскерлігіміз бытырап, жақсы қарай
алмаймыз. Бір әсермен әсерленіп, соған іскерлігін жұмсап
отырып, екінші әсердің ѳзін тыйып қалу балада тіпті

болмайтын жұмыс. Бала бір әсерден бір әсерге тез кѳше
береді. Сондықтан балаға сабақ берген уақытта баланың
алдында оның іскерлігін бѳлгендей беріліп отырған сабаққа
жанасы, қатынасы жоқ ешнәрсе тұрмасқа тиіс. Балада жақсы

оқысам, молдадан мақтау, сый аламын, жаман болсам,
молдадан таяқ жеймін, ұрыс естимін деген ой да болмасын.
Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмсалып, мұғалімнің
беріп

отырған
сабағын
білейін
деген

шын

ынтамен
тыңдамайды.

3. Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа болса, іскерлікті

сонша кѳп тартады. Бір нәрсе қанша жат, қызықты болғанмен,
ылғи кѳз алдымызда тұрса, біраздан соң ол біздің іскерлігімізді
оятпайтын болады, біз оны байқамайтын боламыз. Сондықтан
бала іскер болсын десең, балаға әсерді жаңалап беріп отыру

керек. Мысалы, бір сабақтың артынан екінші түрлі сабақ.
Қазақтың ендігі жас балалары баяғы күн батқанша балдырған
жас балаларды қалғытып, мүлгітіп «әліпсін-ә, әлбәсін-әй,
әліптүр-әу» дегізіп шұлғытып қоятын надан молдалар

заманында тумағанына қанша шүкірлік қылса да аз-ау. Түрлі
сабақты ауыстырып отыру ғана емес, бір сабақтың ѳзін де
түрлендіріп, жаңалап беруге болады. Мысалы, бір харіппен
таныстырғанда, мұғалім әуелі харіпті кѳрсетіп, онан соң кеспе

харіптің ішінен тапқызады. Онан соң жазғызады. Қысқасы,
баланың іскерлігі сѳніп қалмас үшін әсерді жаңалап отыру

67

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

керек. Бірақ түрлендіргеннің жѳні осы екен деп, үсті-үстіне
бастырмалай беру жарамайды. Онда бала біреуіне іскерлігін
тоқтата алмай қалады. Міне, баланы түрлі ойыншыққа кѳміп
тастаудың дұрыс емес екендігі осыдан. Жаңа бастаған жас

балаға 5–10 минуттан артық сабақ беру дұрыс емес. 4. Жаңа алынатын білім мен ескі білімнің қатынасы болсын.

Біз ѳзіміздің туғандарымыз яки таныстарымыз туралы сѳз
естісек, іскерлікті жұмсап, құлақты түріп тыңдай қаламыз.
Егер жат кісілер туралы сѳз болса, тыңдамаймыз. Міне, балаға
білім бергенде осы жолды ұстау керек. Яғни балаға білім

бергенде жақыннан алысқа, таныстан жатқа кѳшіп, жаңа
білімді ескі білімге байлап беру керек. Мысалы, балаға
дыбыстарды
айыртқанда,

балаға
таныс
сѳздерді
алып,

дыбыстарға айырту керек. Жағрафия оқытқанда тұрған
ауылдан бастау керек.

5. Болашақ әсерге даярлану болсын. Яғни бір нәрсені күтіп

барып жолықтырсаң, сол нәрсеге іскерлік күшті болады.
Сондықтан мұғалім балаларға жаңа бір нәрсені білдірмек
болғанда балаларды күткізіп, даярландырып қойсын. Мысалы,
сұрауды жалпы класқа берсін. Сонда бар класс құлағын түріп

тұрады.
Іскер болмау себептері. Жоғарғы айтылған шарттар
табылмаса, адам іскер болмайды. Олардан басқа іскер
болмаудың тағы мынадай себептері бар:

1) Дененің һәм жанның шаршауы. Жұмыс қылып дене

шаршаса, яки бір іс істеп жан шаршаса, адамда іскерлік
болмайды. Класта отырғанда баланың тез шаршауы оның
ақылының жұмыс қылуынан, әсіресе тік отыруынан һәм
ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында балалар

іскер болмай бастаса, мұғалім дереу балаларды босатып,
жүгіртіп, ойнатып, кластың ауасын жаңарту керек. Бір
сабақтың
ішінде

де

балаларды
тұрғызып,
отырғызып
гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда

бала сергіп қалады. Ән мен гимнастиканы бір келтіруге де

68

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болады. Бір сағаттық сабақтың орта кезінде солай істелсе,
балалар тіпті кѳтеріліп қалады.
Мысалы, балалар қосылып айтады («У дедушки Якова
семеро детей» әнімен – М.Ж.).

Баяғыда болыпты тоғыз тоңқылдақ,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз тоңқылдақ.
Олар ішпейді, жемейді,
Қарнымыз ашты демейді.

Бір уақыт істеді былай
(дегенде екі қолды жоғары кѳтереді);
Құрсақтары тоғыздың тоғыз қорқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қорқылдап,

Сонда да олар жемеді,
Жыртаң-жыртаң күледі.
Сѳйтіп істеді былай
(дегеңде қолдарын қанаттай жаяды);

Жата берді тоғызы тоғыз қоңқылдап,
Тоғызы, тоғызы, тоғыз қоңқылдап,
Олар ішпеді, жемеді,
Бәрі де аштан ѳледі.

Ѳлгенде істеді былай
(дегенде екі қолды тѳмен жібереді).
Мұғалімдер
қолайлы

тапса, осы

ѳлеңді
айтқызып,
гимнастика жасатар. Әрине, бұл ѳрнек үшін ғана.

2) Жанның толқынданып тұруы, яғни бір іспен, яки

уақиғамен жан толқынданып тұрса, жанда іскерлік болмайды.
Толқын басылып, жан тыныштануы керек. Мысалы, ойнап,
жүгіріп, ән салып тоқтасымен бала іскер бола қоймайды.
Мұғалім осыны ескеру керек.

3)

Іскер
болмаудың
үшінші
себебі

бейғамдық
(рассеянность). Бейғамдық тума да болады, жүре де болады.
Бейғамдық екі түрлі – тіпті ешбір нәрсеге іскерлікті тоқтата
алмайтын адамның бейғамдығы һәм бір нәрселерге іскер

болып,
басқа
нәрселерге
іскер

болмайтын
адамның

69

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

бейғамдығы. Бұл екі бейғамдықтың бастапқысын бір ауру деп
атауға болады. Бұл – терең, ұзақ тәрбие тілейді. Ал енді
екіншісін зиянды бейғамдық деуге болмайды. Қайта мұндай
бейғамдық данышпан адамдарда кѳп ұшырайды..

Жоғарыда саналған іскерлік түрлерінің ішінде адамға ең
қымбаты адамның терең, толық білімді болуына себепші
болатыны, сѳз жоқ, ерікті іскерлік. Сондықтан тәрбиеші күшін
баланың ерікті іскерлігінің ѳркендеуіне жұмсау керек. Ерікті

іскерлікті ѳркендету әсіресе, жоғарыда айтылған іскерлік
шарттарын орындаумен танылады.

70

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

С

С У РЕ Т Т Е У

уреттеу ұғымы. Бір заттан яки кѳріністен болған
әсерлену, зат яки кѳрініс жоғалса, ол да, яғни әсерлену
де тоқтайды. Бірақ әсерлену ѳзі тоқтағанмен, жоғалғанмен,
оның жанда ізі қалады. Яғни жанды заттың яки кѳріністің

суреті қалады. Мысалы, біз жаздыгүні кѳрген кемпірқосақты
қыстыгүні суреттей аламыз.
Міне, осы заттың ѳзі бізге әсер беруден тоқтаған күңде де,
біздің ой мен жанымызда сол затты тірілте алуымыз, сол

заттың суретін кѳз алдымызға алып келуіміз суреттеу деп
аталады.
Суреттеу мен әсерлену арасындағы айырма. Суреттеу
мен әсерлену арасындағы айырмалар: 1) әсерленудің болуына

жан да, дене де қатысады. Ал енді суреттеу – жалғыз жанның
ғана ісі; 2) әсерлену әсер беріп тұрған зат болса болады. Зат
жоғалса, тоқтайды. Ал енді суреттеу қайта зат жоғалса –
болады; 3) суреттеудің күші әсерленудің күшінен кем болады.

Мысалы, күн күркіреуді есту бар. Күн күркіреуді еске түсіріп,
оймен суреттеу бар. Күн күркірін ойлап, суреттеп отырғанда
біз естіп отырғандағыдай қорықпаймыз. Ал енді егер

71

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

суреттеудің күші әсерленудің күшіне жетсе, ол уақытта
суреттеу ауруға айналады. Аурулы суреттеу галлюцинация
деп аталады.
Галлюцинация – бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки

кѳріністі суреттеу деген сѳз. Бұл адамның миы, жалпы сау
болмағандықтан болады. Мысалы, ѳлген адамды кѳру, жын,
пері кѳру, әлдеқайдағы бір затты кѳру, жоқ дауысты есту
сықылды. Қазақтың бақсы-балгері осы галлюцинация ауруына

ұшырағандар ғой.
Суреттеулердің бѳлінуі. Суреттеулер ауданына қарап
екіге бѳлінеді: жалқы суреттеу һәм жалпы суреттеу. Егер біз
жалқы бір затты суреттесек, жалқы суреттеу деп аталады.

Мысалы, Сәрсенбай деген бір жалқы адамды суреттеу болады.
Ал енді біз бір-біріне ұқсас, тұқымдас кѳп затты суреттесек,
жалпы болады. Мысалы, жалпы сиырды суреттеу жалпы
суреттеу болып шығады.

Суреттеулер ішіне қарап тағы екіге бѳлінеді: жабайы һәм
күрделі суреттеулер. Заттың ѳзін емес, сынын ғана суреттеу
жабайы суреттеу деп аталады. Мысалы, қаралықты яки
қызылдықты суреттеу сықылды. Ал енді затты барлық

сындарымен суреттеу күрделі суреттеу деп аталады. Мысалы,
қара сиыр, жирен атты суреттеулер сықылды.
Баланың суреттеулері. Бір затты дұрыс суреттей алу үшін
сол заттан адам жанында кѳп әсерлену болу шарт. Егер бір

заттан бірлі-жарым ғана әсерлену болса, ол уақытта заттың
барлық сыны жанда қалмайды. Баланың әсерленулері әлсіз.
Бұл – бір. Сыртқы заттармен бала жаңа танысып келеді, яғни
балада әсерлену әлі кѳп болған жоқ. Бұл – екі. Міне, осы

себептерден бастапқы кезде баланың суреттеулері дұрыс
болмайды. Жас балада бір заттан әсерлену болғанда, заттан
түгел әсерлену емес, сол заттың бір балаға жат кѳрінген
сынынан ғана болады. Мысалы, бала қанттан әсерлену алғанда

қантты қатты ақ зат деп емес, тура тәтті бір зат деп қана біледі.

72

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Сондықтан ол екеуі де тәтті болғандықтан, қант пен кәмпитті
айыра алмайды.
Балада дұрыс суреттеу болу үшін оның жанында кѳп һәм
ашық әсерленулер болуы шарт. Сондықтан тәрбиеші баланы

кѳп заттан әсерлендіруге, әсерлендірген соң, дұрыс һәм ашық
әсерлендіруге ыждиһат қылу керек.

73

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

С У РЕ Т Т Е У АССОЦИАЦИЯСЫ

іздің жанымызда сансыз кѳп суреттеулер бар. Осы
суреттеулер қанша кѳп болғанымен, біз оларды бір-
біріне араластырып, жанастырып алмаймыз. Мұның себебі біз
суреттеулерді

байлам-байлам
қылып
байлаймыз

да,

жанымыздың әр түкпіріне тастаймыз. Бізге бір байламның
ішіндегі бір суреттеу керек болса, біз сол суреттеулерді алып
келеміз. Бұл суреттеу анау ѳзімен бірге байлаулы тұрған
суреттеулерді бірге ала келеді. Міне, осы суреттеулерді бір-

біріне байлау суреттеулер ассоциациясы деп аталады. Бірақ
суреттеулерді беталдына бір-бірімен байлай беруге болмайды.
Байлаудың яғни ассоциацияның белгілі жолдары бар. Олар: 1)
жақындық ассоциациясы; 2) тұқымдастық ассоциациясы.

74

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

ЖАҚ ЫН Д ЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ

ір уақытта яки бірінің артынан бірі болған әсерленулерді
біз бір байлам қылып тастаймыз. Яғни сол бір уақытта
яки бірінің артынан бірі болған әсерленулердің біреуін
суреттегенде, сонымен бірге байланған әсерленулер ѳздері

келіп суреттеледі. Жақындық ассоциациясы дегеніміз осы.
Жақындық ассоциациясы екі түрлі болады: 1) орында бірлік
ассоциациясы һәм 2) уақытта бірлік ассоциациясы.
Орында бірлік ассоциациясы. Біз бір затты суреттесек,

сол заттың жаныңда тұрған басқа заттарды да суреттемей
қоймаймыз. Мысалы, біз киіз үйдің оң жақ босағасында тұрған
кебежені суреттесек, соның жаныңда тұрған қазан, ошақ,
шелек, астау ѳздері ана кебежеге еріп келіп суреттеледі.

Балада осы орында бірлік ассоциациясы күшті болады.
Мұның себебі бала басқа сыртқы сезім құралдарына қарағанда
кѳзді кѳп жұмсайды. Балаға не нәрсе үйретсең де, кѳрсетіп
(наглядно) үйрету керек екендігі осыдан. Балаға берілетін

кітаптың ірі харіппен басылуы және осыдан. Орында бірлік
ассоциациясы балаға, әсіресе жағрафия оқығанда кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Картадан бала бір жерді атаса, соның жанындағы
екінші жер кѳз алдына елестей қалады.

75

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Уақытта бірлік ассоциациясы. Бір уақытта яки бірінің
артынан іле-шала суреттеулердің бірі келсе, басқалары да
соған еріп келеді. Мысалы, біз ұстау үшін бір атқа құрық
салғанымызды суреттесек, аттың үркіп кеткендігі, біраз барып

тоқтағаны, біздің жүгендегеніміз ѳздері келіп суреттеледі.
Уақытта бірлік ассоциациясы балаға әсіресе тарих оқығанда
кѳп кѳмек кѳрсетеді. Бір нәрселерді, мысалы, ѳлең жаттағанда
да біз осы уақытта бірлік ассоциациясымен пайдаланамыз.

Яғни белгілі бір сѳздерді бірінің артынан бірін айтуға біздің
кеңірдегіміз машинаша үйреніп қалған болады. Егер жаттаған
ѳлеңді суылдатып айтып отырғанда тоқтай қалсақ, біз қазір
жаңылып қаламыз.

Осы

уақытта
бірлік
ассоциациясына
ұқсас,

себеп
ассоциациясы бар, яғни екі кѳрініс іле-шала бірінің артынан
бірі келеді. Соңғы кѳріністің болуына әуелгі кѳрініс себеп
болады. Сіреңке сызсаң, жарық болады. Бірақ барлық бірінің

артынан іле-шала бірі болатын екі кѳріністің әуелгісі соңғының
болуына себеп деуге болмайды. Бұлай болу әншейін тура
келіп қалудан, қазақ айтқандай, мергеннің басуына құланның
қасынуы тура келгеннен яки басқа бір себептен болуға мүмкін.

Мысалы, қонақ келген күні қой егіз тапса, қонақтың
құттылығынан емес. Қой егіз қозыны қонақ келген соң
кѳтерген жоқ қой одан пәленше ай бұрын кѳтерген. Қойдың
егіз табуы қонақтың келуіне тура келіп қалды.

Бірінің артынан бірі болатын екі кѳріністің біреуі біреуіне
ылғи себеп болып отырады деп ұғу адамды зор қатаға түсіреді.
Қазақтың неше түрлі ырымдары осы қате ұғынудан туған.
Тәрбиеші баланы осы қатеден, яғни ырымшыл болудан сақтау

керек.

76

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

Т ҰҚЫ М ДАСТ Ы Қ АССОЦИАЦИЯСЫ

із бір нәрсені суреттесек, соған тұқымдас, ұқсас екінші
нәрсе бір орында, бір уақытта болмаса да, ана нәрсеге ѳзі
еріп суреттеледі. Тұқымдастық ассоциациясы дегеніміз осы.
Тұқымдастық

ассоциациясы екі

түрлі: 1)

ұқсастық
ассоциациясы һәм 2) қарсылық (контраст) ассоциациясы.
Ұқсастық ассоциациясы. Біз бір нәрсені суреттесек, соған
ұқсас екінші бір нәрсені де суреттейміз. Мысалы, біз бір

адамды суреттесек, сол адамымыз пішіні, сѳзі, жүріс-
тұрысымен біздің бір досымызға ұқсайтын болса, сонда біз
мынау досымызды да суреттейміз.
Осы ұқсастық ассоциациясы бойынша оқуды тез һәм

жақсы меңгеріп алу үшін оқу материалын концентр қылып
құрудың керектігі келіп шығады. Концентр – бір пәнді
басқыштап, кеңейтіп оқыту деген сѳз.
Қарсылық ассоциациясы. Бір нәрсені суреттегенде соған

тіпті ұқсамайтын қарама-қарсы нәрсені суреттеуге болады.
Қысты суреттегенде – жазды суреттеу, қараны суреттегенде –
ақты суреттеу, байды суреттегенде кедейді суреттеу сықылды.
Бұл қарсылық ассоциациясы тұқымдастық ассоциациясына

жатады. Себебі біз тұқымы жат екі нәрсені бір-біріне байлай

77

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

алмаймыз. Суреттегенде, соған қарсы болып, тіпті тұқымы жат
екінші нәрсе суреттелмейді. Мысалы, қысты суреттегенде, оған
қарсы сиырды суреттемейсің, бәлки жазды суреттейсің. Себебі
қыс пен сиырдың тіпті тұқымы басқа.

Балаларды оқытқанда қарсылық ассоциациясының кѳп
пайдасы тиеді. Бір нәрсені балаға ашық ұқтырмақшы болсаң,
сол нәрсенің қарама-қарсысын алып кел. Мысалы, балаға жер
ортасының

ыстығын
түсіндірмекші
болсаң,
солтүстіктің

суығымен салыстыр.

78

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Е

ЕС ( ЗЕ ЙІН )

с һәм еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай
сақтай білуі ес деп аталады. Ал енді сақталып тұрған
суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп
алып келе білуі еске түсіру деп аталады.

Әр адамның есі әр түрлі. Кейбіреулер тез алып, яғни тез
жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады, бірақ
тез ұмытпайды. Кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды.
Адамның білімді болуына, әрине, естің осы тѳртінші түрі, онан

соң үшінші түрі пайдалы.
Адамның есі тағы тѳмендегі түрлерге бѳлінеді:

1) Кѳру есі. Кѳру есі күшті адам нәрсенің сыртқы түрін

есінде ұстап қалады. Мысалы, таныс адамдарының пішіні
есінде болады, аты, фамилиясы есінде болмайды. Яки бір
шәкірт бір пәннің бір жерінен жауап беріп тұрғанда сол пән
кітабының айтып тұрған сѳздер жазылған бетін кѳргендей

болады. 2) Есту есі. Есту есі күшті адам заттың дыбысын есінде

ұстампаз болады. Мысалы, кейбір адам таныс адамдарының
аты, фамилиясы, пішінін де ұмытып қалып, жалғыз даусын
ғана есінде ұстайтын болады. Яки кейбір шәкірт сабақты ѳзі

79

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

оқығаннан да мұғалімнің сѳйлегенін тыңдағанда тез жаттап
алатын болады.

3) Қозғалу есі яки мотор есі. Қозғалу есі күшті адам заттың

қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы, кейбір адам
таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпайтын болады. Адамда
осы ес түрлерінің біреуінің күшті болуы кѳбінесе тұқым
қуалайды. Мысалы, әнші, домбырашы, ѳлеңшінің баласында

есту есі күшті болады. Және бір адам кѳңіл қойған нәрселеріне
есті болып, кѳңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін.
Мысалы, ѳлеңші ѳлеңді тез жаттампаз болады. Атақты
жаратылыс ғалымы Линей ѳсімдік аттарын жаттауға шебер

болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Адам ѳмірі үшін естің керектігі. Ес ѳмір үшін аса керек.
Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, ѳмірінде
адамның білімі артпас еді. Адам адам да болмас еді. Ес болса

ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай
алады. Ес неғұрлым мол, бай болса, ой да терең болады. Терең
ойлы адамдардың аса есті болғандығы бізге тарихтан белгілі.
Балада ес болмаса, оған ешбір нәрсе үйретуге мүмкін емес.

Сондықтан тәрбиеші баланың есті болуына аса кѳп күш
жұмсау керек.
Баланың есі. Жеткен адамның есіне қарағанда баланың есі
тым әлсіз. Бала тез ұмытады. 2–3 жасар бала аз уақыт ата-

анасынан айырылып тұрса, оларды танымай қалады. 9–12
жасар бала шетелде ана тілін біржола ұмытып қалады. Бала
ұмытып қалып, бір нәрсенің атын қайта-қайта сұрай береді,
бір кѳрген нәрсесін қайта-қайта қарай береді. Ес түрлерінен

балада есту есінен кѳру һәм қозғалу есі күшті.
Есті ѳркендету жолдары. Естің ѳркендеуі үшін тѳмендегі
шарттардың орындалуы керек.

1) Әсердің күштілігі. Әсер күшті болса, есте ұзақ ұсталады.

Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл боран сықылды күшті
кѳріністер тез ұмытылмайды. Қатты дауыс пен ашық
ұқтырылған сабақ баланың есінен шықпайды. Бір сабақтан

80

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

бала күшті әсер алу үшін баланың сол сабаққа құмар болуы
шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім ѳзі құмар болу керек.
Мұғалім сабақ бергенде ѳзі есіней түсіп, ыңылдап тұрса,
шәкіртте құмарлық бола ма?

2) Сыртқы сезімдердің кѳбінің қатынасуы. Бір затпен

танысқанда сыртқы сезімдердің кѳбі қатынасса, ол зат
ұмытылмайды. Міне, балаға бір нәрсені білдіру керек
болғаңда, осы жолды ұстау керек. Яғни, мүмкін болғанынша,
баланың сыртқы сезімдерінің кѳбін қатынастыру керек.

Мысалы, бір заттың түрін де кѳрсет, дыбысын да естірт,
ұстатып та кѳр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз.
Баланың жаратылысының ѳзі осыны тілейді. Бала ѳзінің
кѳрген нәрсесін ұстағысы келеді, естіген нәрсесін кѳргісі келеді.

Ұстаған нәрсенің дәмін татқысы келеді. Міне, осы жолды
ұстағанда баланың білімі берік болмақ. Мысалы, дұрыс жазу
үшін құр ережелерді білу жетпейді. Қолдың, кѳздің, құлақтың
әдеттенуі шарт.

3) Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау. Бір нәрсенің еске

тез алынуы һәм естен тез шықпауы үшін ол нәрсенің бұрын
есте бар нәрсеге байлануы шарт. Мысалы, саудагер заттардың
бағасын есте ұстампаз келеді. Мұғалім осыны ескерту керек.
Яғни бір нәрсені бала есіне тез алсын һәм есінде ұзақ ұстасын

десе, балаға жаңа беретін білімді жат күйінше бермесін,
баланың бұрынғы таныс білімдеріне байлап берсін.

4) Пысықтау. Бала жаңа білімді неғұрлым кѳп пысықтаса,

есінде сонша берік болып қалады. Бұрынғы Рим елінен қалған
бір дұрыс мәтел бар «пысықтау – білудің анасы» деген.
Мұғалім балаға оқытқан нәрсесін кѳп пысықтату керек. Бірақ,
мұғалім, құрғақ жаттауға кірісіп, баланы бұзып алып жүрме.

Осы жоғарыдағы айтқан шарттар табылмаса, адам ессіз,
ұмытшақ болады. Бірақ психология пәні адамда біржола
ұмыту болмайды дейді. Яғни адам бір білген нәрсесін біржола
ұмытпаса керек. Тек кейбір нәрсені еске түсіру қиын болады

дейді.

81

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Адамның жасындағы ѳзгеріске қарап ес ѳзгерісі.
Бастапқы кезде нәрсені еске шабан алып, тез ұмытады. Естің
аса күшті болатын кезі – 7 мен 15 жас арасы. Сыртқы
дүниемен, адамзат тұрмысымен жаңа таныс болып келе

жатқанда адам бір нәрсені білуге, бар білгенін есте ұстауға
ұмтылады.
Естің
қатынасуын

қатты
керек
қылатын
ғылымдарды үйренуге нағыз қолайлы шақ – осы 7 мен 15

арасы. Бұл жеткіншектік шағы деп аталады. Бұл жасында бала
ѳмірлік білім даярлайды. Яғни бұл жаста баланың міндеті ой
жүргізіп білімді іске асыру емес, білімді молайта беру,
даярлай беру, бар нәрсені еске ала беру. Ал енді жігіттік

жасында адам жаңадан жаттай беруге емес, бар білімді оймен
тереңдетуге ұмтылады. Жігіттіктен соңғы кекселік шағында
адам ойын белгілі бір бетке салып, ѳзінің ұстаған жолына
қатынасы бар нәрселерді ғана еске алатын болады. Ал енді

шалдық шағында адамның есі бірте-бірте сѳне бастайды. Бір
нәрсені тез еске алмайтын, алса, тез ұмытып қалатын болады.
Шалдық шағында адамның жас күніндегі естері кѳзге елестей
береді. Шалдардың жастық шағын кеңес қыла беретіңдері сол.

«Балаларым, тегі, мен қартайсам керек, жастықтағы істерімді
кѳп айта беретін болдым-ау!» – депті Абылай хан.

82

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Қ

Қ И Я Л

иял

ұғымы.
Жанның
ѳзінде
бұрыннан

бар

суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп
аталады.
Мысалы, қанатты ат, яғни тұлпар болады деп қиял қылу,
жеті басты адам яғни жалмауыз болады деп қиял қылу

сықылды. Бірақ адам жанында тіпті болмаған суреттеулерден
сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр заттардың түстері
туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес.
Еріксіз һәм ерікті қиял. Егер жанымыздағы суреттеулерді

біз билемей, суреттеулер бізді билеп алып кетсе, яғни
жанымыздағы суреттеулерден жаңа бір суреттеу жасаймыз
деп ѳзіміз қайрат жұмсамай, бар суреттеулерден жаңа
суреттеулер ѳздері жасала берсе, міне, жанның осы ісі яғни

бұрынғы суреттеулерден жаңа суреттеудің ѳз еркімен жасалуы
еріксіз қиял, бос қиял яки мечта деп аталады. Ояу отырып
берекесіз бос қиялға батып отыру, яки ұйықтап жатқанда түс
кѳру сықылды. Ал енді жанымызда бар суреттеулерден жаңа

суреттеулерді қайрат жұмсап, ѳзіміз тілеп жасау ерікті қиял,
берекелі қиял яки фантазия деп аталады. Мысал үшін
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалын» алайық. Дәл

83

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

романда суреттелгендей Жамал деген қыз қазақта болған емес.
Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... деген қазақтың
қыздары бар. Осы – сүйгенімен қосыла алмай, қосылса,
бақытты ѳмір сүре алмай, сар даланы кѳз жасымен кѳл

қылатын қазақтың сорлы қыздарын оймен бірге жинасаң,
солардың бәрінен сорлы, бәрінен бақытсыз Сәрсенбайдың
Жамалы келіп шығады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан
бар суреттеулерден яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала...

суреттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал
суретін қайрат жұмсап ѳзі тілеп жасап отыр.
Фантазия тѳмендегі жолдармен жасалады:

1) Заттардың ѳздерін яки олардың бір мүшелерін зорайту

яки кішірейтумен. Мысалы, біз бойы бір тұтам ергежейлі
деген адам болады екен деп, тѳбесі кѳкке тиіп жүретін алып
болады екен деп қиял қыламыз.

2) Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мысалы, адам

басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жануар болады-мыс
деп қиял қылу сықылды.

3) Реті келгеңде ѳздері де жиыла алатын кѳріністерді бір

суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адамға жиюмен.
Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбалалардың
мінезін һәм олардың тұрмысындағы болған кѳріністерді,
уақиғаларды

Жамалға
жинап
отыр.
Міржақып

қолдан
жасамай-ақ, сондай мінезді, сондай тұрмысты Жамал деген
қыздың шынында болуы да мүмкін.
Адам ѳмірі үшін фантазияның керектігі. Фантазия

ѳмірдің гүлді, кѳрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз
адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңітеді. Фантазиясыз
жаңадан бір нәрсені ойлап табуға мүмкін емес, фантазия
құлықты түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына ѳзімізді

қойып, құлықсыздықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезімін
тереңдетеді. Біз неше түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы
ғана ләззат ала аламыз.
Фантазиясыз адам ѳмірі үнсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ.

84

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Мылқау ѳмірге үн беретін, сақау ѳмірге тіл беретін, жоқты бар
қылатын, барды гүлді, кѳрікті қылатын, бізді арсыға аяқ
басқызып, тәңірімен тілдестіретін – сол фантазия. Осы
фантазияны қазақтың ең терең сыршыл ақыны Шәңгерей

Бѳкеев мынадай деп суреттейді:
Таудағы тас ұядан,
Лашындай сарыққан қиядан
Шалқып сѳзім шығады,

Ойласам пікір-қиялдан.
Аспалап қиял кетеді,
Шыққан оқтай жаядан.
Жасындай барып жалт етіп,

Кѳк капусын ашады,
Жарығына алданып,
Дидарға қадам басады...
Баланың қиялын – фантазиясын тәрбие қылу жолдары.

Біз жоғарыда қиял деген жандағы бір суреттеулерден жаңа
суреттеу жасау дедік. Бұдан кѳрінеді: қиял терең һәм бай болу
үшін жанды суреттеулер кѳп болу керек екен. Адам неғұрлым
білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болсын десек,

оның білімді болуына ыждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен
кѳзбе-кѳз таныссын. Оның есінде, жанында кѳп білім болсын,
жан-жануардың
тұрмысын

бақыласын.
Жаратылыстың
тұрмысымен таныс болсын. Міне, сонда баланың қиялы ѳткір
һәм бай болмақ.

Қиялды ѳркендетудің екінші жолы – баланы қиялды аса
керек қылатын ғылымдармен таныс қылу: әдебиет, тарих,
жағрафия, жаратылыс сықылды.
Сѳз арасында арнап қазақ баласының қиялы туралы бір-екі

сѳз

айтып
ѳтейік.
Жаратылыстың
құшағында,

меруерт
секілденген кѳк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем
үстінде күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге
жүгіріп, алдындағы малымен бірге ѳріп, сары сайран далада

туып, ѳсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, ѳткір, терең

85

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болуға тиісті. Бірақ қазақ қиялы тәрбие кѳрген жоқ, әлі тағы,
әлі бала. Біз күндер, жылдар ѳткен соң қазақ қиялы тәрбие
алып, тереңдеп, адамзат дүниесін бастайтын бір жарық
жұлдыз болар деп иманымыз кәміл.

Тағы бір сѳз. Орыс учительдерінің аузыңда және солардан
сабақ алған қазақ оқығандарының аузында бір сѳз бар – қазақ
баласы әдебиет, тарих сықылды ғылымдарға зерек болмайды,
бәлки математика, есеп пәніне зерек болады деген. Мен бұл

пікірді қате ме деп ойлаймын. Менің ойымша, қазақ баласы
математикаға емес, әдебиет, тарих, жағрафия, жаратылыс
сықылды ғылымдарға зерек болуға тиісті. Дәлелім: қазақ
баласының жаратылысы осыны тілейді. Баланың атаға тартуы

рас болса, сиқырлы даланың баласы қазақ баласы да
қиялқұмар болуға тиісті. Яғни ол әдебиет, тарих сықылды
қиялды кѳп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті. Ал
енді

орыс
школасында
оқыған
қазақ

баласының
математикашыл болуы: әдебиет, тарих сықылды ғылымдарды
сѳйлеуге, жазуға орыстың тілін білмеген соң бейшара қазақ
баласы

тіл

керек
қылмайтын
математиканы,
есепті

айналдырмағанда қайтсін.
Баланың фантазиясы һәм оның ѳркендеуі. Балада қиял
ерте
оянады.

Бірақ
оның
жанында
суреттеулер

аз

болғандықтан, қиялы да бай емес. Әйткенмен де бала
әсерленімпаз болғандықтан, оның аз, тайыз қиялы ашық,
жанды болады. Бала түсін ѳңім деп біледі. Балаға дүниедегі
бар заттың бәрі жанды сықылды кѳрінеді. Баланың түсінуінше

дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін, бәрі болатындай.
Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады. Жоғарғы ерні қыбырлап,
тѳменгі ерні жыбырлап Қобыландының Тайбурылы сѳйлейді
десең, кѳк ешкінің құйыршығы жұлынып қалған соң, бір

құйыршық бала болыпты десең, қотыр тай құрық салғанда
құнан болды, жүгендегенде дѳнен болды, ерттегенде бесті ат
болды десең, бала осылардың бәрін шын кѳреді.
Ертегі. Жан тұрмысы ѳркендеу үшін, яғни ойы, ақылы

86

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

кеңейіп, құлқы түзеліп, тілі баю үшін жас балаға ертегі – тым
қымбат нәрсе. Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ертекке
шын кѳңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды.
Жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға

ѳтірік айтпа деген құрғақ сѳзің желге айтылғанмен бірдей.
Егер сен балаға ѳтірікші туралы ертек айтсаң, сол ертекте
ѳтірікшінің ѳтірігінен қор болғанын, зиян кѳргенін суреттеп
алып келсең, міне, бала ѳтірік айтпау керек екендігін сонда

ұғады. Қысқасы, балаға ертегі – тым қымбат нәрсе. Бірақ
ертегінің ертегісі бар. Кейбір ертектер баланы бұзудан басқаға
жарамайды. Мысалы, дию, пері, жалмауыз кемпір, аруақ,
кѳрден кебінін жалмап шығатын обыр, жын- шайтан секілді

ертегілерді балаға айту тіпті дұрыс емес. Мұндай ертегілер
баланы бұзады, қорқақ, жасық қылады. Қазақтың баланы
«бѳки келеді», «қызыл кѳз келеді» деп қорқытулары да тым-ақ
жарамайтын іс.

Бала ойыны. Баланың қиялы әсіресе ойыңда жарыққа
шығады. Ойын – балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала
әсерлерімен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыста нені
кѳрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат болып

қашады, біреуі құрық салады. Шырпыларды тізіп-тізіп кѳш
жасайды. Балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап,
таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді.
Жалқы һәм жалпы ойын. Тіпті жас бала жалқы ойынды –

жалғыз
ойнауды
жақсы
кѳреді.

Әлі

тілі
еркін
жетілмегендіктен, ол басқа балалармен қатынаса алмайды. Ал
енді ѳскен сайын жалпы ойынды бірігіп ойнауды жақсы кѳре

бастайды. Жалғыз ойнаса, іші пысады. Жалпы ойын баланың
тілінің ѳркендеуіне кѳп пайда. Бірігіп ойнағанда тоқтаусыз
қозғалып, күліп, былдырлап сѳйлей береді. Жалпы ойын
жалпы тұрмысқа яғни басқа адамдармен бірігіп тұруға

үйретеді. Ѳзінің сѳзін, тілегін біреуге тыңдатып, басқаның
тілегін, сѳзін ѳзі тыңдап, қысқасы біріккен тұрмыстың бірінші
шарты – жалпы заңдарды орындап, атқарып үйренеді. Ал енді

87

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

жалқы ойын яғни жалғыз ойнау баланың алаңғасар, еліктегіш
болмай, ѳз ісіне ынталы, тиянақты болуына пайдалы. Бірақ
осы екі түрлі ойынның екеуінің де кемдік жағы бар. Ылғи
жалғыз ойнап үйренген бала тағы, менменшіл болып, ылғи

кѳппен бірге ойнап үйренген алаңғасар, тиянақсыз, еліктегіш
болып шығуға мүмкін. Сондықтан дұрысы – ойынның екі
түрін кезекпен ауыстырып отыру.
Осы түрдің қай түрімен болса да ойнап отырған баланың

ойынын бақылауға тәрбиеші міндетті. Бірақ бақылаймын деп
бүлдіріп алма. Бүлдіріп алу былай болады: былай ойна деп
бұйырсаң,
баланың

ойыннан
ынтасын
суытып
аласың.

Баланың ойынына үлкен адам кіріссе, балаға ойынның қызығы
бітеді. Ойын – баланың ѳз ісі. Баланың ойынына кірісуші
болма. Баланы бір нәрсені бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.
Есте болу керек, бақыла деген сѳз қарауылда тұрған солдаттай

қабағыңды түйіп қақиып тұр деген сѳз емес. Олай тұрсаң, бала
ойнай алмайды. Егер енді баланың ойынына қатысқың келсе,
ѳзің бала болып қатыс. Яғни ойындарына бѳгет, оралғы болма.
Балалар сенің жеткен адам екеніңді сезбейтін дәрежеде

болсын.
Ойыншықтар. Ойыншық деген сѳз – баланың жанындағы
суреттеулердің белгісі деген сѳз. Балаға уқалауына кѳнетін, не
қылса соған жарайтын жабайы ойыншық баланың ішін

пыстырады. Балаға нағыз қолайлы ойыншық бір үйім құм
деген бір педагогтің сѳзі дұрыс сѳз. Базардан алып келген
әшекейлі ойыншығыңнан бірде құрық болатын, бірде ат
болатын бір шыбық балаға кѳп артық. Әшекейлі жат бір

ойыншықпен бала сүйіп ойнамайды. Алады да, сындырып
тастайды. Және балаға кѳп ойыншық беру жарамайды. Олай
болғанда балада іскерлік болмайды.

88

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

О

ОЙ Л А У

йлау ұғымы. Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял
жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, яки
оның бѳлімдерін, мүшелерін білеміз. Мысалы, мен бір
жылқыға қараймын, оның бар мүшелерін, ол мүшелердің

қандай екенін һәм қандай қызмет атқаратынын байқаймын.
Осылай тексеріп қараған соң сол жылқы кѳз алдымнан кетсе
де, мен оны суреттей аламын, бірталай заман ѳтсе де мен оны
еске түсіре аламын. Егер кѳп жылқыны кѳрген болсам, қиял

жүргізіп, басқа түрлі жылқыны да суреттей аламын. Мысалы,
бір арғымақ жылқы болар деп ойлай аламын. Міне, менде осы
жоғарыда айтылған жан кѳріністері болса, мен жылқыны
білген боламын. Тағы мен жылқыны қарап, тексеріп тұрып

мынадай нәрселер істеймін: жылқыға мына мүшелер неге
керек екен, мына бір мүше болмаса, жылқыға не болар деп
ойлаймын,
яғни

жылқының
мүшелерінің
арасыңдағы
байламды табамын. Бұл ғана емес, тағы ойлаймын, жә,

жылқының мүшелерінің арасында мынадай байлам бар екен.
Бұл жылқының мүшелері қойдың мүшелеріне ұқсай ма –
ұқсайды. Жылқының ана мүшесі қойдың ана мүшесіндей,
мынасы мынасындай. Ә, қой мен жылқы, екеуі де тѳрт аяқты

89

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

жануар екен деймін. Енді мен жылқыны жалғыз біліп қана
тұрғам жоқ, ұғып тұрмын. Яғни жылқының мүшелері
арасында қандай байлам барын, жылқы мен басқа тѳрт аяқты
жануар арасында қандай ұқсастық, қаңдай айырма барын мен

ұғып тұрмын. Міне, осы заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан
кѳрінісі ойлау деп аталады. Ойлау ұғым, хұкім һәм ой
тізулерді жасаумен болады. Енді осы үшеуін шешейік.
Ұғым һәм оның жасалуы. Бір-біріне ұқсас бірнеше

заттарды
суреттесек,

біз сол

заттарды
бір-бірімен
салыстырамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар кѳп
адамды біз бір-бірінен айырамыз. Себебі оларды бірінен-бірін

айыратын сындары бар. Бірақ сол адамдардың айыратын
сындары болған сықылды соларды бірін-біріне ұқсататын да
сындары бар. Дене бітімдері сықылды. Әрине, салыстыру үшін
заттарды тар тапта алсақ, олардың ұқсастықтары кѳп болады.

Егер кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. Мысалы,
жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу оңай. Себебі
араларында ұқсастық кѳп. Ал еңді жылқы мен ағаш
арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі араларында

ұқсастық аз. Қысқасы, біз бір затты бір затпен салыстырғанда
олардың
әрқайсысының
ѳздеріне

ғана
арналған
дербес
сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ

сындарды екеуіне де жабамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз.
Яки екі заттың, яки кѳп заттың ортасынан оймен жасалған бір
зат шығады. Мысалы, мен адам туралы ойлаймын. Сәрсембай,
Бейсембай, Фахыредден, Иван туралы емес, жалпы адам

туралы.
Сонда

мен

Сәрсембайдың
қара
шашын,
Фахыредденнің сопақ басын, Иванның сары сақалын, яғни

солардың әрқайсысының дербес сындарын алып тастап, бәріне
ортақ сындарды, мысалы, екі аяқты, екі қолды болуы, сѳйлей,
ойлай білуі сықылды ортақ сындарды аламын. Міне, осы кѳп
заттардың ортақ сыңдарын алып жия білу, екінші түрлі

айтқанда, зат туралы ой, ұғым деп аталады.
Ұғым мен суреттеу арасындағы айырма. Суреттеу

90

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қашанда болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген
сѳз – сол затты белгілі бір орында, белгілі бір уақыттағы
түрімен, барлық сындарымен тірілтіп алып келу деген сѳз.
Мысалы,

адамды
суреттеу
деген

не

Сәрсембайды, не

Бейсембайды, әйтеуір дербес бір адамды суреттеу болып
шығады. Белгілі бір түрсіз жалпы адамды суреттеу мүмкін
емес.
Ал енді ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни

бір топ заттардың әрқайсысының дербес сындарын алып
тастамасаң, ұғым болмайды. Мысалы, жылқы туралы ұғым –
әрбір жылқының дербес сыңдарын алып тастасаң, торылығын,
кѳктігін, жалдастығын, қайқылығын сықылды, сонда ғана ұғым

болады. Яғни ұғым болу үшін заттардан алып, жалпы зат
жасау керек. Бірақ дүниеде жалпы зат болмайды. Мысалы,
дүниеде жалпы жылқы жоқ: не кѳк, не қара... Сондықтан ұғым

– ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады.

Ойлау мен

қиял
арасындағы
айырма.
Қиял

суреттеулерден жасалады. Ал ойлау болса ұғымдардан
жасалады. Мысалы, Қобыландының Тайбурылы туралы біз
ойлаймыз, қиял жүргіземіз. Жалпы жылқы туралы біз қиял
қыламыз, ойлаймыз. Қиял – суретті, жанды кѳрініс, ойлау –

белгісі бір тірі суретсіз жалаңаш кѳрініс. Қиял мен ойлау
арасындағы айырма – осы.
Ұғымның іші һәм ауданы. Бір ұғымды басқа ұғымдардан
айыратын сол ұғымның сындары ұғымның іші деп аталады.

Сол ұғымға кіретін заттар ұғымның ауданы деп аталады.
Мысалы, құс деген – ұғымның сыны, яғни ұша алатындығы,
тұмсығы, қанаттары – бұлар іші болады. Ал енді құс деген
ұғымға кіретін заттар: торғай, қарға, бүркіт, үйрек... –

ұғымның ауданы болады.
Ұғымның іші мен ауданының арасы. Іші мен ауданын
салыстырғанда әр ұғым әр түрлі. Іш пен аудан арасында
қарсылық бар, яғни ұғымның іші неғұрлым кең болса, ауданы

сонша тар болады. Ал енді аудан неғұрлым кең болса, іш

91

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сонша тар болады. Адам һәм қазақ, ағаш һәм қайың деген
сықылды.
Ұғымдардың ішіне қарап бѳлінуі. Егерде ұғымның бір
ғана сыны болса, ондай ұғым – жабайы ұғым деп аталады.

Мысалы, тәттілік деген ұғым – жабайы ұғым. Ал енді ұғымның
сыны кѳп болса, ондай ұғым күрделі ұғым деп аталады.
Мысалы, ағаш деген ұғымның сыны кѳп, сондықтан ол –
күрделі ұғым. Егер бірнеше ұғымдардың бір яки бірнеше

ортақ сындары болса, мұңдай ұғымдар ұқсас ұғымдар деп
аталады: қасқыр, түлкі сықылды. Егер бір ұғымның сындары
екінші
ұғымның

сындарына
қабысатын
болса,
мұндай

ұғымдар қабысатын ұғымдар деп аталады: хайуан һәм жануар,
қазақ һәм алаш сықылды. Ортақ сындары болмаған ұғымдар
ұқсамайтын ұғымдар деп аталады. Адам һәм тас сықылды
сындары бір-біріне қарсы болған ұғымдар қарсы ұғымдар деп

аталады: жақсылық, жауыздық сықылды.
Жалаңаштау. Біз жылқы, ағаш, адам сықылды заттар
туралы ғана ойлаймыз. Сол заттардың қаралық, аласалық,
кәрілік,

қайырымдылық
сықылды
сындары
туралы

да

ойлаймыз. Яғни бір затты жалаңаштап, сынын бѳліп алып, сол
сынды жеке бір зат сықылдандырып ойлаймыз. Заттың сынын
заттан бѳліп алып, сол сынды жеке бір зат қып ойлау
жалаңаштау деп аталады. Осы заттан бѳлініп алынған сын

ұғымы жалаңаш (абстракты) ұғым деп аталады. Қаралық,
алыстық, жақсылық сықылды барлық сындарымен алынған зат
ұғымы киімді (конкретті) ұғым деп аталады: жылқы, ағаш,
мұрын сықылды.

Ұғымдардың қомағына қарап бѳлінуі. Кѳп заттарды
қомағына алатын ұғым жалпы ұғым деп аталады. Қомағына
санаулы заттарды ғана алатын ұғым дербес ұғым деп аталады.
Қомағына бір-ақ затты алатын ұғым жалқы ұғым деп аталады.

Жалпы ұғым дербес ұғымның тұқымы деп аталады. Дербес
ұғым жалпы ұғымның түрі деп аталады. Бір ұғым оны қандай
ұғыммен салыстыруымызға қарап, әрі жалпы, әрі дербес, әрі

92

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

тұқым ұғым, әрі түр ұғым болуға мүмкін. Мысалы, «адам»
деген ұғым «қазақ» деген ұғымға қарағанда, жалпы һәм тұқым
ұғым. Ал енді сол «адам» ұғымы «жанды зат» деген ұғымға
қарағанда дербес һәм түр ұғым.

Ѳзінің қомағына басқа ұғымдарды алатын ұғым соның
қомағына кіретін ұғымдарға қарағанда бағындырушы ұғым
деп аталады. Ал енді бағындырушы ұғымның қомағына кіретін
ұғымдар бағынушы ұғым деп аталады. Жоғарғы бір ұғымға бір

дәреже бағынатын ұғымдар бірге бағынатын ұғымдар деп
аталады. Мысалы, «ағаш» ұғымы терек, қайың, қарағайға
қарағанда
бағындырушы

ұғым,
терек,
қайың,
қарағай

бағынушы һәм бірге бағынушы ұғымдар.
Жалпылау һәм шектеу. Дербес ұғымдардан жалпы ұғым
жасау жалпылау деп аталады. Мысалы, біз ағаштардың,
шѳптердің, гүлдердің дербес сындарын алып тастап, ортақ

сындарын ғана алып, ѳсімдік деген жалпы ұғым жасаймыз. Ал
енді жалпы ұғымдардан дербес ұғымдар жасау шектеу деп
аталады. Мысалы, біз сындарды қоса- қоса қайың деген ұғым
жасаймыз.

Категория.

Бір

ұғымдарды
жалпылай-жалпылай

ең

жалпы, ең жоғарғы ұғымға жетеміз. Ең жалпы, ең жоғарғы
ұғым категория деп аталады. Категория үшеу:

1) зат (адам, жануар, тас, зат); 2) сын (түс, түр, сын); 3) іс (сѳйлеу, бѳлу, істеу).

93

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Х

Х Ұ КІ М

ұкімнің жасалуы. Ұғымдарды жеке-жеке ойлаған
сықылды, біз оларды бір-біріне байлап та ойлаймыз.
Яғни біз екі ұғымды қатар алып, сол екеуінің арасында не
байлам барын, не байлам жоғын табамыз. Мысалы, бізде

«жылқы», «шабу», «ұшу» деген үш ұғым бар. Біз осы ұғымды
бір- біріне байлап байқаймыз да, «жылқы» ұғымына «шабу»
ұғымын байлау мүмкін екенін тауып, «жылқы шабады»
дейміз. Сол «жылқы» ұғымына «ұшу» ұғымын байлау мүмкін

емес екендігін тауып, «жылқы ұшпайды» дейміз. Осы екі ұғым
арасында байлам хұкім деп аталады.
Хұкім берілген ұғым – ие деп, иеге жапсырылған ұғым
айтылыс деп аталады. Айтылыс иенің ісін кѳрсеткендіктен, ол

хұкімнің іші деп аталады.
Ұғым мен хұкім арасындағы айырма. Бір заттың ұғымын
ойлағанда, сол заттың сыны заттың ѳзімен бірге, яғни зат
сынымен қосылып, бір зат болып ойланады. Ал енді сын заттан

жеке ойланып, біз сол жеке сыңды затқа алып барып не
бекітеміз, болмаса заттан сол сынды алып тастаймыз. Мысалы,
«қызыл сиыр» деген сѳз ұғым болады. «Сиыр қызыл» деген сѳз

– хұкім болады. Біріншіде сиыр деген заттың қызыл деген

94

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сынын затпен бірге ойлап отырмыз. Екіншіде қызыл сынын
шеттен алып келіп бекітіп отырмыз.
Хұкімдердің
бѳлінуі.

Хұкімдер
былай
бѳлінеді:

1)

жасалуына қарап, 2) қомағы яки санына қарап, 3) іші яки
сынына қарап, 4) ие мен айтылыс арасындағы байланысқа
қарап, 5) хұкімнің шындық дәрежесіне (модальность) қарап.

1) Хұкімнің жасалуына, яғни біз иеге айтылысты қайдан

алып отырмыз, соған қарап екіге бѳлінеді;
а) шешетін хұкім (анализ хұкімі). Егерде иеге сол иенің ѳз
ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, шешетін хұкім жасаған
боламыз. «Кѳмір қара, қар суық» деген сықылды;

б) қоспа хұкім (синтез хұкім). Егерде біз иеге сол иенің ѳз
ішінде жоқ бір сынды айтылыс қылсақ, қоспа хұкім жасаған
боламыз. «Құлақ құлдыр, шаш сары» деген сықылды.

2) Қомағы яки санына қарап хұқім үшке бѳлінеді:

а) жалпы хұкім. Егерде ие қомағы таратылмай, ѳзіне
бағынатын дербес ұғымдардың бәрімен кәдімгі күйінде
алынып хұкім жасалған болса, мұндай хұкім жалпы болады.
Адам ақылды деген сықылды;

б) дербес хұкім. Егер иенің бұрынғы қомағы таратылып
алынып хұкім жасалған болса, – бұл хұкім дербес болады.
«Кей адам ақын болады» деген сықылды;
г) жалқы хұкім. Егер иеміз жалқы болса, хұкім де жалқы

болады. «Абай ақын болған» деген сықылды. 3) Ішіне яки сынына қарап хұкім екіге бѳлінеді:

а) бекітетін хұкім. Айтылыс сын иеге жапсырылып
бекітілсе, бекітетін хұкім болады. «Жылқы шабады» деген
сықылды;
б) бекітпейтін хұкім. Айтылыс иеге бекітілмей, бекерленсе,

бекерлейтін хұкім болады. «Жылқы ұшпайды» деген сықылды. 4) Ие мен айтылыс арасындағы байламға қарап үшке

бѳлінеді:
а) кесімді хұкім. Егерде сын (айтылыс) затқа (иеге) күдіксіз,
шартсыз байланатын болса, «адам ѳледі деген сықылды;

95

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

б) шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарттармен
ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар жанады», «жаз
жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г) бѳлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсырылып, бірақ

қайсысы екені кѳрсетілмесе, яки бір айтылысқа бірнеше ие
кѳрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз табар», «Я мақсұт,
яки ѳлім – екіден бір» деген сықылды.

5) Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бѳлінеді:

а) мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың мүмкін
екендігі ғана кѳрсетілсе, «мүмкін Марста халық бар шығар»,
«сар далада адасып, суық кебін жамылып қалармын, кім
біледі» деген сықылды;

б) шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы
тәжірибе, бақылау, куәлік арқылы тексеріліп, шын деп
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсынов –
қазақ тілін кѳп тексерген», «Абылай – данышпан хан болған»

деген сықылды;
г) міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір
сынның бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам сүйгіш
келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» деген сықылды.

Хұқімдер жоғарыда саналған бѳлімдерге бѳлінгенмен, бір
хұкімде әлденеше бѳлім табылуға мүмкін. Мысалы, «қар
суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, әрі бекітетін, әрі
киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.

96

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

О

ОЙ Ш ЫҒ А Р У

й шығару қалай жасалады? Біз бір ұғымды екінші
ұғымға
байлап
қойып,

яғни
хұкім
жасап
қана

қанағаттанбаймыз, бәлки осы хұкімді басқа хұкімдермен
салыстырып,

осы

хұкімді
анықтаймыз.
Мысалы,

біз

«Сәрсембай» һәм «ѳлу» деген ұғымды аламыз да, осы екеуінен
жасалатын «Сәрсембай ѳледі» деген хұкімді анықтау үшін
басқа хұкімдермен салыстырамыз, яғни «Сәрсембай һәм ѳлу»
ұғымдарын «адам» деген ұғымға байлап қараймыз, яғни

былай ой жүргіземіз: «Адам ѳледі. Сәрсембай – адам. Ендеше
Сәрсембай да ѳледі»,– дейміз. Осында біз «Сәрсембай ѳледі»
деген жаңа хұқімді ана бізге бұрыннан белгілі екі хұкімнен
шығардық, туғыздық. Міне, осы бір яки бірнеше хұкімдерден

жаңа бір хұкім туғызу ой шығару деп аталады.
Ой шығару үш түрлі жолмен болады: 1) дедукция, 2)
индукция, 3) аналогия.
Дедукция – ойдың бір жалпы заңнан дербес бір кѳрініске

кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалпы ойдан жалқы бір ой
шығару дедукция деп аталады. Мысалы, жалпы адамзат
ѳледі деген ойдан Сәрсембайдың ѳлетінін шығарамыз. Кѳп
пәнді, әсіресе математиканы үйренгенде, дедукцияның кѳп

97

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

пайдасы
тиеді.

Жай

тұрмыс
үшін

де

дедукция кѳп

қолданылады.
Мысалы,
доктор
әрбір

аурудың
жалпы
сындарын білген соң, ауырып жатқан бір адамның ауруы не
екенін табады.

Силлогизм – дедукцияның кѳп қолданылатын түрі.
Силлогизм бағыты – екі хұкімнен жаңа бір хұкім шығару.
Жаңа шығарылған хұкім нәтиже деп аталады. Нәтиже
шығарылған екі хұкім қазба деп аталады. Қазбалар һәм

нәтиженің ішіндегі ұғымдар термин деп аталады. Былайша
нәтиженің айтылысы – зор термин, нәтиженің иесі – кіші
термин. Ал енді қазбалардың ішінде болып, нәтиже болмаған
ұғым орта термин деп аталады. Орта термин зор термин мен

кіші терминді байлайды. Ал енді ішінде зор термин бар қазба
зор қазба деп, ішінде кіші термин бар қазба кіші қазба деп
аталады. Мысалы, «адам ѳледі, Сәрсембай – адам, ендеше
Сәрсембай ѳледі» деген сықылды. Силлогизмде «ѳледі» деген

ұғым – зор термин. «Сәрсембай» ұғымы – кіші термин.
«Адам» ұғымы – орта термин. «Адам ѳледі» – зор қазба,
«Сәрсембай – адам» – кіші қазба.
Толық һәм шолақ силлогизм. Үш бѳлімі де түгел, яғни

орта, зор қазбалары һәм нәтижесі бар силлогизм толық
болады. Ал енді екі қазбасының біреуі түсіп қалған силлогизм
шолақ силлогизм (интимема) болады. Мысалы, біз «Адам
ѳледі, ендеше Сәрсембай ѳледі» десек, кіші қазбаны түсіріп,

қалдырып, шолақ силлогизм жасаған боламыз, сѳйлегенде
кѳбінесе осы шолақ силлогизм қолданылады.
Силлогизмдердің бѳлінуі. Силлогизмдер жабайы һәм
күрделі атанып екіге бѳлінеді. Егерде нәтиже екі хұкімнен яғни

зор һәм кіші қазбадан ғана тудырылған болса, мұндай
силлогизм жабайы деп аталады. Жабайы силлогизм ѳзі үшке
бѳлінеді:
кесімді,

шартты, һәм

бѳлмелі.
Мысалдар:

а)

Борышын жасырған ѳледі. Сәрсембай борышын жасырды,
ендеше Сәрсембай ѳледі; б) Суық болса, су қатып қалады.
Кѳлдің суы қатып қалды. Ендеше суық болды; г) Мынау жылқы

98

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

не сенікі, не менікі. Жоқ, ол сенікі де емес, менікі де емес екен.
Ендеше мынау жылқы басқанікі.
Егер бірнеше силлогизмдер қосылып, солардың бірінің
нәтижесі екіншісіне негіз болып отырса, міне осылай бірнеше

силлогизмнен жасалған бір силлогизм күрделі силлогизм деп
аталады. Мысалы, Сәрсембай – адам, әрбір адам ѳз ұлтын
сүйеді, ендеше Сәрсембай да ѳз ұлтын сүйеді (бірінші
силлогизм). Сәрсембай ѳз ұлтын сүйеді, ѳз ұлтын сүйген адам

ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан қылады, ендеше
Сәрсембай да ұлтының бақыты үшін ѳз бақытын құрбан
қылады.
Күрделі силлогизмдер де кѳбінесе сѳйлеудің сұлу болуы

үшін ортадағы нәтижелер қалдырылып, ең соңынан бір-ақ
нәтиже шығарылады, яғни күрделі силлогизм қысқартылады.
Қысқартылған күрделі силлогизм сорит деп аталады.
Сенека данышпанның сориты: «есті адам қанағатты,

қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам кѳнтерлі, кѳнтерлі
адам қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті адам

– сол бақытты».

Күрделі силлогизмдер де жабайы силлогизмдер сықылды
кесімді, шартты һәм бѳлмелі аталып үшке бѳлінеді.
Силлогизмнің дұрыс болу шарттары:

1) Екі қазбаның біреуі бекінетін болу керек. Әйтпесе екі

бекерлейтін қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал: «Адам – мал
емес, маймыл – адам емес. Ендеше?».

2) Екі қазбаның біреуі екіншісіне қарағанда жалпы болсын.

Әйтпесе екі дербес қазбадан нәтиже шықпайды. Мысал:
«Кейбір адам ѳнерлі, кейбір адам қысық кѳз. Ендеше?».

3) Орта термин екі қазбадан да болсын, болғанда бір

мағынадағы бір ғана сѳз болсын, әйтпесе нәтиже шықпайды.
Мысал: «Наурыз – ұлт мейрамы. Менің атым Наурыз.
Ендеше?».
Силлогизмнің керектігі. Силлогизмнің жан тұрмысы

үшін пайдасы сол: негізгі бір заң бойынша толып жатқан

99

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

кѳріністерді шешеміз. Дүниеде сансыз заттарды, толып
жатқан кѳріністерді адам ѳзі сынап, ѳзі бақылап бітіре
алмайды. Мысалы, жер жүзіндегі бар адамның, болған һәм
болашақ адамның бәрінің ѳлетіндігін адам ѳзі сынап бітіруге

мүмкін емес. Біз бір адамның ѳлуі туралы хұкім шығармақ
болсақ, пәннің һәм кәрі тәжірибенің «адам ѳледі» деген
хұкімін аламыз да, «пәлен адам ѳледі» деп хұкім шығарамыз.
Бала «ѳтірік айту нашар» деген негізгі заңды білсе, ѳзі де ѳтірік

айтпайтын болады.
Индукция.
Ойдың
дербес

кѳріністерден
жалпы
кѳріністерге кѳшуі, екінші түрлі айтқанда, жалқы ойдан
жалпы ой шығару индукция деп аталады. Мысалы, біз

тарихтан бақылауымызша: «Жер жүзіндегі әрбір тап елдің
ұлтшылдық арқасында ғана ѳнерленгенін біліп, біз жалпы
адамзат ұлтшылдық арқасыңда ғана ѳнерленеді» деген жалпы
заң шығарамыз.

Индукция түрлері. Индукцияның екі түрі бар; толық һәм
кем индукция. Егер біз шығарылатын жалпы негізгі заңға
кіретін кѳріністердің бәрін ѳзіміз сынап, бақылап барып
жалпы заң шығарсақ, біз толық индукция арқылы шығарған

боламыз. Мысалы, біз бір жылдағы он екі айдың әрбір айының
күнін санап, ешбір айда отыз бір күннен артық күн болмайды
деуіміз сықылды. Бұл толық индукция адамның білімін
арттырмайды.

Егерде біз бірнеше заттарды яки кѳріністерді бақылап, сол
бақыланған заттар, кѳріністерге ұқсас, тұқымдас барлық
заттар, кѳріністер туралы бір ой шығарсақ, онда біз кем
индукция арқылы шығарған боламыз. Мысалы, біз жер

жүзіндегі барлық ағаштың суда қалқығанын бақылаймыз.
Жоқ,
ѳмірімізде
бірнеше

ағаштың
қалқығанын
бақылағанымыз бар. Бірақ біз аз ғана ағаштың қалқығанын
бақыласақ та, жер жүзіндегі барлық ағаш суда қалқиды деген

жалпы заң шығарамыз.
Кем индукцияның дұрыс болуының шарты – бақыланған

100

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

кѳріністер арасындағы байлам берік болуға тиісті. Байлам
берік болмаса, мысалы, бір кѳріністің жанында екінші кѳрініс
уақытша тұрған болса, нәтиже шықпайды. Мысалы, қазақ
кѳбінесе тымақ киеді. Соған қарап қазақ біткен тымақ киеді,

тымақ кимеген адам қазақ емес деп нәтиже шығару, әрине,
дұрыс емес. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген
сықылды ырымдар – бәрі индукцияның қаталығынан туған.
Индукцияның керектігі. Адам білімін осы индукция

арқылы ғана байыта алады. Әсіресе кем индукция арқылы. Біз
индукция арқылы заттар, кѳріністер аралығындағы байламды
белгілейміз, негізгі заңдарды табамыз. Заттар, кѳріністер
араларындағы байламға қарап тап-тапқа бѳлеміз. Бұл – бір.

Екінші, біз аз ғана бақыланған заттар, кѳріністер арқылы
бақыланбаған, кѳрмеген, білмеген сансыз заттар, кѳріністерді
шешеміз. Хатта келешекті де болжаймыз. Баланы үйреткен
уақытта біз оған бірнеше мысалдар арқылы жалпы заңды

баланың ѳзіне тапсырамыз.
Бірақ біз заттарды, кѳріністерді жақсылап бақыламай,
араларындағы байламды терең тексермей, асығып үстірт
нәтиже шығарсақ, бұл нәтижеміз қате болады. Осыдан сақтану

керек. Асығып үстірт нәтиже шығару балада кѳп болады.
Ѳзінің аты бар, тоны бар бала жер жүзіндегі баланың бәрінін
аты, тоны бар деп нәтиже шығарады. Дүниеде аш, жалаңаш,
сорлы балалар бар десең, нанбауға мүмікін.

Аналогия. Екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екенін
тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін
ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес кѳріністен
дербес емесіне кѳшуі аналогия деп аталады. Мысалы,

астрономдар (кѳк ғылымына жетік адамдар) айтады: Марста
біздің Жердің ауасындай ауа бар, суындай су бар, ендеше
Жердегі сықылды Марста да жан иесі бар дейді. Міне, бұл –
аналогия бойынша шығарылған нәтиже.

Аналогия жай тұрмыста да, пәнмен бір нәрсені тексергенде
де кѳп қолданылады. Әсіресе бала кѳбінесе осы аналогиямен

101

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ойлайды. «Пәлен бала тайға мініп жүр, мен неге мінбеймін».
«Пәлен баланың пәлендей ісін мұғалім ұнатпады, ендеше,
онда мен ондай іс істемеймін» деп ойлайды бала. Аналогия да
индукция сықылды кейде қате болуға мүмкін. Қате болуы екі

зат, яки екі кѳріністің бір-біріне болмашы бір сында бір-біріне
ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығарудан болады.
Мысалы, киімдері ұқсас екі адамның білімдері де бірдей деп
нәтиже шығару, әрине, қате.

Гипотеза. Кейбір кѳріністердің арасындағы байламды
бақылауға мүмкін болмайды. Ол уақытта біз бұл кѳріністер
туралы жалпы заңды жорып, болжап қана шығамыз. Жалпы
заңды жорумен, болжаумен шығару гипотеза деп аталады.

Мысалы, физикадағы әрбір зат молекула аталған негізгі ең
ұсақ бѳлімнен тұрады деген гипотеза сықылды.
Баланың ойлауы. Бала айналасындағы заттарды, кѳріністі
біліп қана қоймайды, соларды ұққысы келеді. Яғни солар

туралы ұғым жасауға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады. Үш
жастан былай бала дамылсыз «Мынау не? Бұл неге жатады?
Мынау іс не үшін істеледі?» деген сықылды сұрауларды бере
береді. Міне, осы сұраулар балада ойлау болатынын кѳрсетеді.

Бірақ баланың ойлауы терең ойлау емес. Балаңың жанында
суреттеулер

аз.

Суреттеулерден
ұғым
жасай
алмайды.

Сондықтан баланың бір зат туралы ұғымы сол заттың суреті
болады. Мысалы, бала ағаш туралы ойлағанда, белгілі бір ағаш
туралы ғана ойлайды. Баладан «Зат деген не?» деп сұрасаң,
«Жылқы» дейді. «Бѳрік деген не?» деп сұрасаң, «Менің бѳркім,

атамның бѳркі» дейді. Баланың жаңа ой шығаруы да терең
емес. Дедукция бойынша жалпыдан жалқыға, индукция
бойынша жалқыдан жалпыға ой жүргізуді бала білмейді. Бала
аналогия бойынша ойлайды. Мұнда да кѳбінесе сыртқы

болмашы сындарына қарайды. 2 жыл 10 айлық бір бала
тәрелкеге су құйып, ішіне ет салыпты. Не үшін? Етті суға
ерітем деп. Бұрын солай қантты еріткені бар екен. 10 жасар бір
америка баласының мұғалімі тапал бойлы ашуланшақ адам

102

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

болыпты. Бір уақытта осы мұғалім кеткен соң әкесі басқа бір
мұғалім алыпты. Бұл мұғалім де тапал екен. Сонда жаңа
мұғалімте бала айтыпты: «Мен сізден қорқам, сіз ашуланшақ
шығарсыз»,– деп. «Оны қайдан білдің?» – деп сұрайды

мұғалім. «Сіз де тапал екенсіз»,– депті бала.
Ойлаудың жан тұрмысы үшін керектігі һәм оны
ѳркендетудің тиістілігі. Ойлау адам ѳмірінде аса қымбат
орын алады. Ойлау болмаса, адам басқа жануар сықылды

заттарды, кѳріністерді құр жадына, есіне ғана алып, жат бір
кѳрініс ұшыраса, оны шеше алмайтын, оған түсіне алмайтын
бір жан иесі ғана болар еді. Келешекте не болатынын,
тұрмысы қалай ѳзгеретінін білмейтін бір саңылаусыз соқыр

болар
еді.
Адам
ойлау

арқасында
ғана
заттардың,
кѳріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларды бар

қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын
ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай
білетін адам – шын мағынасымен адам.
Ойлау осындай қымбат кѳрініс болса, әрине, оны ѳркендету

керек. Әсіресе тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне кѳп
күш жұмсау керек. Тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала
ұғымды, хұкімді теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп
кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл адам

болып шығады.
Ойлауды ѳркендету жолдары. Ойлау – жанның ѳте бір
қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші

баланың
ойлауын
ѳркендеткенде
сақтықпен

басқыштап іс істеу керек. Ѳркендету жолдары мыналар: 1) Баланың жанында дұрыс әсерленулер һәм ашық

суреттеулердің кѳп

болуына
ықтиһат
қылу
керек.

Әсерленулер, суреттеулер ѳздері аз болып және дұрыс һәм
ашық болмаса, баланың ұғым, хұкім жасауы һәм ой шығаруы
қате болады. Ойдың ѳзінің терең болуы үшін әсерлену һәм
суреттеулердің кѳп һәм ашық болуы керек. Қанша дегенмен

адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір

103

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

пікірді ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш пікірді айтуда қасиет
жоқ, бала пікірді суреттеудің ѳзінен шығарып алсын.

2) Бала заттарды, кѳріністерді ұқсас сындары бойынша тап-

тапқа бѳліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, харіптерді бѳлу,
ѳсімдікті, жануарды тап-тапқа бѳлу сықылды. Бірақ баланы
заттарды,
кѳріністерді

тап-тапқа
бѳлгізіп
үйреткенде,
жеңілден ауырға кѳшуді естен шығармауға керек.

3) Бала кѳріністердің, ойлардың араларындағы байламды

һәм олардың қайсысы қайсысына себеп екенін тауып үйренсін.
Бұл балаға мысалдардан ереже – заң шығартқызып үйрету
сықылды істермен болады.
Адам жанының ақыл яғни білу ісі туралы жалпы бір-екі

сѳз. Адамның ақыл-есіне жалпы кѳз салсақ, кѳреміз: ақыл-есі
бірте-бірте басқыштап ѳркендейді екен. Былайша: біз сыртқы
сезім құралдары арқылы сырттан түрлі әсер алып, бізде түрлі
әсерлену болады. Яғни әсерлену арқылы біз сыртқы заттардың

сындарымен
танысамыз.

Бұл

сыртқы
дүниені
біле
бастауымызда бірінші адым. Заттың түрлі сынынан болған

әсерленулерді бірге қосып, барлық сыны мен заттың ѳзін
суреттейміз. Яғни біздің жанымызда суреттеу болады. Бұл –
білудің екінші адымы. Онан соң сол заттан біз айырылсақ та,
біз оның суретін бұрынғы қалпында еске түсіреміз. Сол есте

сақталған суреттерден жаңа бір сурет жасаймыз, яғни қиял
қыламыз. Онан соң суреттеулердің сындарын оймен тексеріп,
олардан ұғым жасаймыз. Ұғымдардан хұкім жасаймыз,
хұкімдерден жаңа бір ой шығарамыз. Бұдан кѳрінеді: ақыл ісі

әсерленуден басталып, суреттеу, ес, қиялды ѳтіп, ойға жетеді
екен. Ақылдың осылай басқыштап ѳркендеуін білген тәрбиеші
сѳз жоқ баланы дұрыс тәрбие қылу жолын білуге тиісті.

104

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

Т ІЛ

анның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның
жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын
сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика,
біреуі – сѳз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене

арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды).
Мимика тілін әркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нәрсені
ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика
арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі –

сѳз. Біз сѳз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре
аламыз һәм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сѳз
болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сѳзбен бекітіп
тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сѳз болмаса,

сѳзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, жер жүзіңдегі
осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді.
Қысқасы, жан кѳріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сѳз.
Тілдің адам ѳмірінде һәм ұлт ѳмірінде ұстаған орны.

Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз
сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық кѳрмей, қор
болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа
шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын

105

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сыртқа шығарып, басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы
бар. Жазушы, ақын деген сѳз – ойлаған ойын әдемілеп
жарыққа шығара алатын адам деген сѳз. Тілі кем болса,
адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің

жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы, адамның толық
мағынасымен адам аталуы тіл арқасында.
Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де
қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып

жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы
үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы
ұлттың құри бастағанын кѳрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе
болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы,

тұрмысы, мінезі айнадай кѳрініп тұрады. Қазақ тілінде
қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық,
біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере кѳшкен
тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі

кѳрініп тұр. Казақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі
түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл
жоқ. Түрік тілімен сѳйлеймін деген түрік балалары күндерде

бір күн

айналып
қазақ
тіліне
келмекші.

Қазақ
тілін
қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың
әдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді.

Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен
тілдің негізі қазақ тілі болса, сѳз жоқ, түрік елінің келешек
тарихында қазақ ұлты тѳрден орын алмақшы. Келешектің
осылай болуына біздің иманымыз берік.

Жарық кѳрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,
Таза, терең, ѳткір, күшті, кең тілім.
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмең тарта аларсың сен, тілім.

Баланың тілі. Бала а дегенде іңгәлауды ғана біледі, яғни
мағынасыз бір дыбыс.
Іңгәлау

баланың
жанында
болған
жағымсыз

әсерленулерді дыбыспен жарыққа, сыртқа шығарғаны. Екінші

106

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға бірте-
бірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш ерінмен
айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады. Сол кезде баланың
жанында суреттеулердің, һәм ұғымдардың ұшқындары да

бола бастайды. Яғни, маңайындағы заттарға қарап, олардан
әсер алып, әсіресе олардың күшті бір сынынан күшті әсер
алады да, сол затқа сол баланың қарауыңда күшті сыны
бойынша ат қояды. Яғни сѳз жасайды. Мысалы, сиырды «мѳ»

дейді, мысықты «мияу» дейді. Екінші түрлі айтқанда, бала
затқа атты сол заттан шыққан дыбысқа еліктеп қояды. Бір
жылдың аяғында бала кѳп сѳздерге түсінетін болады. Бірақ
ѳздері айта алмайды. Бір жасар баланың білетін сѳздері 10-15-

тен артпайды.
Ал енді бала жаңа жүре бастаған кезде (2-нші жаста) оның
сѳз үйренуі біраз тоқтап қалады. Жүріп үйреніп алған соң,
тағы сѳзге кіріседі. Бір жарым жас кезінде бала бірталай сѳз

айта алатын болады. Бірақ түгел айта алмайды. Сѳздің не
басын, не аяғын ғана айтады. Мысалы, баланың ішем дегені де

– «іш», ішеді дегені де – «іш», іш дегені де – «іш». Ал енді бала

айта алмайтын дыбыстың орнына екінші дыбыс қолданады.
Мысалы, «р» орнына «и» жүргізеді. Кейбір адамдардың
баланың ѳз тілінше сѳйлеп, балаға тез ұқтырам деп, яки
баланы еркелетіп әдейі тілдерін бұзып, балаша шолжыңдап

сақау болып сѳйлейтіндері бар. Бұл – зор қате. Бұлай сѳйлеу
баланы түземейді, бұзады. Баланы адастырып, оның сѳзді
дұрыс сѳйлеп үйренуіне бѳгет болады. Бала сѳзін дұрыс
сѳйлеген үлкен кісінің сѳзіне қарап дұрыстайды ғой. Бала

бастап заттардың атын (зат есімдерді), онан соң заттардың ісін
(етістіктерді), онан соң заттардың сынын (сын есімдерді) айтып
үйренеді.
Екінші жылдың аяғында бала қысқа сѳйлемдерді айта

алады. 3–4-інші жылда бала жап-жақсы сѳйлейтін болады.
Бала тілінің дұрыс ѳркендеуінің бірінші шарты балаға сѳзді
бұзып сѳйлемеу керек. Және балаға ұқпайтын жат сѳз

107

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

үйретпеу керек. Екінші – баланы ѳзі теңді балалармен бірге
ойнату керек. Баланы ешбір уақыт сѳзден тыймау керек.
Былдырласын, шолжыңдасын – сѳйлей берсін. Ал енді
баланың тілін шын дұрыс жолға салатын, дұрыстайтын,

байытатын – мектеп.

108

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

ІШКІ С Е З І М К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І

із жан тәрбиесіне кіргенде жан кѳріністерін үшке бѳліп
едік: ақыл кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат
кѳріністері деп. Ақыл кѳріністерінің қандай түрлерге бѳлінуін
һәм оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін біз жазып

ѳттік. Енді ішкі сезімдерге кѳшеміз.
Ішкі сезімдер. Адам бір нәрседен әсерлену алып, сол
нәрсемен таныс болып тұрғанда, адамның жаныңда не
жағымды, не жағымсыз бір күй болмай қоймайды. Мысалы,

жағымды дыбыстан әсерлену алғанда, жан жағымды күйде
болады. Жағымсыздан жағымсыз күйде және болып озған бір
әсерленуді суреттеу жасағанда да жанда не жағымды, не
жағымсыз

күй

болады.
Мысалы,

біз

жақсы
кѳрген
адамдарымызды суреттесек, жанымыз жағымды күйде болады.
Жек кѳрген адамымызды суреттесек, жанымыз жағымсыз

күйде болады. Қысқасы, әсерлену уақытында яки суреттеу
уақытында жанымызда не жағымды, не жағымсыз бір толқын
болмай
қоймайды.

Міне, осы

әсерлену һәм

суреттеу
уақытында жанда болатын толқын ішкі сезім деп аталады.
Әсерлену мен ішкі сезім арасыңда кѳп айырма бар.
Әсерлену дене мен жанның қатынасуымен болатын кѳрініс.

109

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ішкі сезім – таза жан кѳрінісі. Бұл – бір. Екінші, әсерлену
арқылы біз сыртқы заттармен танысамыз. Ал енді ішкі сезім
арқылы біз заттарға, кѳріністерге баға береміз. Егер қадірлі деп
тапсақ, жанымыз жағымды күйде болады, қадірсіз деп тапсақ,

жанымыз жағымсыз күйде болады.
Ішкі сезімдердің жасалуы. Адамда ішкі сезім болу үшін
біздің
жанымызда

бұрын
бірнеше
әсерленулер

һәм

суреттеулер болу шарт. Себебі ішкі сезім бір тұқымдас
бірнеше
әсерленулерді

һәм

суреттеулерді
бір-бірімен
салыстырумен болады. Мысалы, біз «мына қартина әдемі
екен»

десек,
сонда

біз сол

картинаны
оймен
басқа
картиналармен

салыстырып
айтып
отырмыз.
Салыстырылатын

бұрынғы мен

жаңа екі

суреттердің
бұрынғысы ішкі сезімнің негізі деп, соңғысы ішкі сезімді
оятушы деп аталады. Негізгі суреттеу әр адамда әр түрлі
болады. Әрбір адамңың ішкі сезімі сол адамның жанының

қандай күйде тұруына, оның біліміне һәм денесінің қандай
күйде тұруына байлаулы болады. Мысалы, бір әннен бір
уақытта
жағымды

әсерлену,
екінші
уақытта
жағымсыз

әсерлену алуға мүмкін, яки білімді, оқыған адам бір нәрседен
жағымсыз әсерлену алғанда, сол нәрседен оқымаған надан
адамның алған әсерленуі жағымды болуға мүмкін. Яки сау
адамның бір нәрседен алған әсерленуі жағымды болғанда, сол

нәрседен ауру адамның алған әсерленуі жағымсыз болуға
мүмкін.
Ішкі сезімдердің сыртқа шығуы. Жаңда болған әрбір
ішкі сезім сыртқа шықпай, яғни денеге әсер бермей

қоймайды, не бет ѳзгереді, не дауыс ѳзгереді, не жай денеде
бір әсер болады. Мысалы, ұялғанда бет қызарады, қорыққанда
дауыс, дене дірілдейді. Халық ішкі сезімдердің орны жүрек
деп біледі. Бұл пікірде әжептәуір дұрыстық бар. Шынына

келгенде әрбір ішкі сезімнің болуына ми себепші, бірақ ішкі
сезімнен

кѳп

әсерленетін

жүрек.
Мысалы,
қуаныш
уақытында жүрек жұмысын жылдам атқарады – «ойнайды»,

110

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ал енді реніш уақытында жұмысын шабан атқарады –
«қысылады».
Ішкі сезімдердің бѳлінуі. Бірінші, ішкі сезімдер мінезіне
қарап екіге бѳлінеді: жағымды һәм жағымсыз ішкі сезімдер.

Яғни қандай болса да ішкі сезім мінезіне қарағанда не
жағымды, не жағымсыз болмай қоймайды. Екінші, ішкі
сезімдер күшіне қарап бѳлінеді. Күшіне қарағаңда сезімді екіге
айыруға болады: жанның күйі һәм аффект жан күйі. Адамда

бір ішкі сезімнің ұзақ болуы ж а н к ү й і деп аталады. Мысалы,
адамда қайғы ұзақ болса, оның жан күйі де қайғылы мінезді
болады. Кейбір адамдардың жаны ѳмір бойы бір күйде
болады. Мысалы, туғаннан бері тарлық, кемдік, жоқтық, науқас

кѳрмеген адам ылғи қуанышты, шат болады. Ѳмір бойы
кемдік, тарлық кѳрген қу қанжыға адам жадырауды білмейтін
болады.
Аффект. Тіпті күшті болған ішкі сезім аффект деп

аталады. Аффект кѳбінесе кенет болады. Оны құйынмен
ұқсастыруға болады. Ішкі сезім аффект дәрежесіне жеткен
уақытта жанның басқа күштері әлсіреп, жұмысы шабандап
қалады. Мысалы, ашу уақытта, қатты қорыққан уақытта ақыл

жѳнді жұмыс қыла алмайды. Аффект тым күшті дәрежеге
жеткенде, не істеп, не қойғанын ойлай алмайды. Мысалы,
күшті аффект уақытында адам тѳбелесіп қалады. Кісі ѳлтіріп
тастайды. Кенет күшті болатын аффект адамның денесіне де

күшті әсер береді. Бетті қуартады, қызартады. Денені
дірілдетеді,
күлдіреді,
жылатады,

кейде
кенет
шашты
ағартады. Аффект нерв системасына күшті әсер береді,

аффектіден соң адам әлсіреп қалады.
Ішкі сезімдер тағы екіге бѳлінеді: ѳзімшілдік (эгоизм) ішкі
сезімдер һәм кѳпшілдік (альтруизм) ішкі сезімдері. Кіндігі
ѳзімізде болған, яғни біздің не әлсіздігімізді, не күштілігімізді

кѳрсететін ішкі сезімдер ѳзмшілдік ішкі сезімдері деп аталады.
Ұялу,
қорқу,
батырлық,

ашу, жек

кѳру,
тәкаппарлық,
күншілдік сықылды. Ал енді басқа адамдар һәм жаратылыс

111

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

үшін болатын ішкі сезімдер кѳпшілік ішкі сезімдері деп
аталады: достық, аяу сықылды.
Баланың ішкі сезімдері. Баланың тұрмысында ішкі сезім
зор орын алады. Бала бір нәрседен әсерлену алғанда, ол

әсерленудің жағымды яки жағымсыздығын бірінші орынға
қояды. Баланың ішкі сезімдері тез, жеткен адам сезімдерінен
былайша айрылады: 1) баланың ішкі сезімдері (ұшқыр. – ред.)
болады. Жылдам оянады. Мысалы, бала тез қуанады, тез

қайғырады, күлуі де, жылауы да тез; 2) баланың ішкі сезімдері
күшті, құйындай екпінді болады. Мысалы, баланың қолындағы
ойыншығын ойнап қана алсаң да, ол қатты ашуланады; 3)
баланың ішкі сезімдері тұрақсыз, құбылымпаз, құйындай тез

басылады. Мысалы, қатты ашуланып тұрған бала бір қызық
нәрсе кѳрсе, қуанып кетеді, күліп жібереді. Ішкі сезімдердің
адам ѳмірінде ұстаған орны зор. Әсіресе баланың ѳмірінде
ішкі сезім кѳп рѳл ойнайды. Біздің ісімізге белгілі бет

алдыратын – кѳбінесе осы ішкі сезімдер. Біз жағымды нәрсені
істейміз, жағымсызды істемейміз. Бізде жағымды сезім
оятпайтын істі біз шабан, кѳңілсіз істейміз, оятатын істі
шаттықпен, шын ынтамен істейміз. Адамның бақытты,

бақытсыз болуы да осы ішкі сезімдерден. Жѳпшенді нәрседен
жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым сезімпаз
адам бақытсыз. Сондықтан ішкі сезімдерді дұрыс тәрбие
қылу керек.

Ішкі сезімдерді тәрбие қылу, тәрбиеден мақсұт һәм
тәрбие жолдары. Баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғаңда
тәрбиеші алдымен баланы үйрету керек. Дұрыс, пайдалы,
жоғары нәрседен ләззат алуға, тѳмен, пайдасыз нәрседен

жиренуге һәм осы ұмтылу мен жиренуді терең, берік қылуға
тырысу керек. Бұл мақсатқа жеткізетін жолдар:

1) Дұрыс ішкі сезімдердің кѳп болуына, нашарлардың

болмауына жәрдем кѳрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз ішкі
сезімдерді
оятатын
себептерден

сақтау
керек.
Мысалы,
балалардың біреуіне базарлықты, ойыншықты кѳп беріп,

112

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

біреуіне аз беріп, арада күншілдік туғызбау керек. Жануарды,
малдың тѳлін, мысықты әуре қылғызып, ұрғызып үйретпеу
керек, бала қатал болып шығады.

2) Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал.

Бала
еліктегіш,
маңайындағы
адамдардың,

әсіресе
ата-
анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сѳйлегенде
ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала да

қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Қымс етсе
ашуланып, ақырып-бақырып қоя беретін ата-ананың баласы
да сондай. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс
мінезді болу керек.

Ѳзімшілдік ішкі сезімдердің біреуі – ашу. Екінші кісі
тарапынан бізге әдейі кѳлденең тартылатын бір бѳгетке,
кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда
болады. Бізге бір жансыз нәрсе зиян қылса, кедергі болса, яки

бір

адам
байқамай
бізге
кедергі

жасаса, біз

оған
ашуланбаймыз. Қысқасы, ашу сезімі адамда екінші бір адамға
қарсы ғана оянады. Баланың ашуланып қуыршақты, шыбықты
ұруы баланың сол нәрселерді жанды деп білуінен. Ашу ең

күшті дәрежеге, құтыру дәрежесіне жеткенде, адам ақылынан
айырылып, не істегенін білмейді. Балада қайрат әлсіз, бала
ѳзінің күшін шамалай алмайды һәм маңайындағы нәрсенің
бәрін жанды деп біледі. Сондықтан балада ашу сезімі тез

оянады: ол жылдам ашуланады. Баланың ашуы жылаумен,
айғай салумен һәм ашу тудырған нәрсеге зиян келтіруге
ұмтылумен жарыққа шығады. Бала қатты ашуланғанда не
шалқасынан, не етпетінен домалайды, жер тепкілейді. Қолына

түскен нәрсені тырнайды, тістейді. Баланың мұндай ашуын
бітіру үшін долданып жатқан баланы байқамағандай болу
керек. Бала ѳзі басылған соң, ұрыспай, жай ғана балаға былай
долданудың ұнамсыз екенін, түбі пайдасыз екенін ұқтыру

керек. Ашуланған бала сол ашуды туғызған нәрседен ѳш алуға
ұмтылады. Балаға ѳш алдырып үйретпеу керек. Адамнан,
малдан ѳш алдыру былай тұрсын, жансыз нәрседен де ѳш

113

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

алдыру дұрыс емес. Мысалы, табалдырыққа сүрініп жығылған
балаға табалдырықты ұрғызу яки ұру жѳнге келмейді. Ѳш
алдырып
үйрету

баланы
малға,
жанға

бәріне де

қайырымсыз, қатал қылып шығарады.
Қорқу сезімі адам жанында адам бір бақытсыздық
күткенде болады. Қорқу сезімінің бірнеше басқышы бар.
Жеңіл қорқу тынышсыздану деп, қатты қорқу үрей ұшу деп

аталады. Қорқу сезімінің күштілігі келе жатқан қорқыныштың
шамасына,
дененің
сезімпаздығына

байлаулы.
Қиялы
бұзылған яки денесі ауру адам қорқақ болады. Корқу сезімі
неғұрлым күшті болса, оның жанға һәм денеге әсері де сонша

күшті болады. Үрей ұшқанда адам қозғала алмай, сѳйлей
алмай қалады. Есінен айрылады, кейде кенет шашы да ағарып
кетеді.
Бала тым қорқақ келеді. Мұның себебі – баланың қиялы

тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықырлаған есіктен
қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламайды.
Әсіресе кѳп қорқытылған бала тым қорқақ болады. Ал енді
қорқытылмай ѳскен бала батыр болады. Мұндай бала қараңғы

үйге кіріп жүре береді. Жалғыз жатып ұйықтай береді. Баланы
қорықпайтын ер қылып ѳсіру үшін оның денесін һәм жанын
сау, берік қылып тәрбие қылу керек. Алдымен баланы ешбір
уақыт қорқытпау керек. Бѳки келеді, жалмауыз кемпір келеді,

пері, жын, шайтан, албасты, обыр келеді деген сықылды
сѳздермен баланы қорқыту қып-қызыл зиян. Мұндай сѳздерді,
ертегілерді, әңгімелерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы су жүрек,
қорқақ болады. Жасында қорқытып үйренбеген бала ѳскенде

ер болады. Ер болып үйренуден адамға ер болу керек деген
құр сѳз пайда бермейді. Ерлікке іспен үйрету керек. Мысалы,
қараңғы үйге кіруге қорқатын баланы үлкен адам ѳзі бірге
алып кіргізіп үйретсе, бала қорықпайтын болады. Тырсыл-

гүрсіл, қатты атыс, соғыстың ішінде жүрген адам қорқудың не
екенін білмейді.
Жоғарыда айтылған баланы қорқыту қате деген сѳзден

114

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

балаға жаза қылудың дұрыс еместігі келіп шығады. Яғни
баланы
жазамен
қорқыту

еш

дұрыс
емес.
Жазамен
қорқытқанда бала нәрсені істегісі келіп істеп, болмаса

істемегісі келіп істемейді емес, жазадан қорыққаннан ғана не
істейді, не істемейді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді.
Баланы ұру, соғу ісі – адамшылыққа ұнамайтын іс. Ұрылып,
соғылып

тәрбие
қылынған
бала
жанының

бар

жақсы
мінездерінен, ақылынан, есінен айрылып, миғұла болады.
Ѳтірікші, алдауыш болады. Су жүрек, жасқаншақ болады. Ұру
баланың денесіне де кѳп зиян келтіреді.

Қазақта бала ұрмайтын ата-ана сирек шығар. Талай ата
«жүгермек» деп, талай ана «кѳкала келгір» деп жап-жас
балаларын салып-салып жіберіп, сілейтіп тастаушы еді-ау!
Әсіресе молдекелер!

Таң атқаннан күн батқанша, кѳк шыбық сынғанша сабайды.
Баланың кѳзі кітаптан кішкене бұрылып кетсе, салып жібереді.
Қарғыс тигір кѳк шыбықтың сорлы баланың арқасына шып-
шып тимейтін шағы бар ма еді? Кѳк шыбық тиген сайын

қайқаңдап, жас жүрегіміз елжіреп, кѳзіміз ыстық жасқа толып,
зарменен әліпсін-ә, әлбәсін-әй деп талайымыз отырмап па
едік? Молда атын кѳтерген хайуан бар күшімен құлағымыздан
тартқанда, тістеніп тұрып тілімізді тартқанда, талайымыздың

құлындағы дауысымыз құраққа шықпайтын ба еді?
Надан молданың осындай хайуандық әсерінен талайымыз-
ақ «сабақ», «молда» деген сѳздерді естігенде денемізге суық су
құйып жібергендей болмаушы ма едік.

Қазақтың кейінгі буын балалары! Хайуан құлықты надан
молдалар заманында тумағаныңа қанша шүкірлік қылсаң
да аз.
Ал енді баланы ұрма, ұрыспа, сѳкпе дегеннен бала біржола

тізгінсіз болсын, істеген істері туралы ешкімге жауап бермесін
деген сѳз шықпайды. Абзалы, тәрбиеші баланың нашар істі ѳзі
істемеуіне, нашар мінезден ѳзі қашуына тырыссын. Яғни ешкім
айтпай,

қорқытпай,
баланың

ѳзі

жамандықтан,
нашар

115

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

мінездерден жиренетін болсын. Баланы мұндай қылып
шығару қорқыту, үркіту арқасында емес, бәлки махаббат,
жылы сѳз, жұмсақ іс арқылы ғана болуға мүмкін. «Жылы-
жылы сѳйлесе, жылан інге кіреді» есте болу керек. Таяқ

адамды емес, үйретсе аюды ғана үйрете алар.
Жоғарыда біз бала істеріне жауапты болуға тиіс дедік. Бұл
сѳздің мағынасы баланың нашар ісіне жаза шеттен алынып
келінбесін. Яғни бір нашар іс үшін баланы ұру, ұрсу, бір нәрсе

бермеймін, яки бір нәрсесін алып қоямын деп қорқыту
жарамайды. Бұлай істегенде бала нашар істен сол істің нашар
болғандығы үшін тыйылмайды, бәлки таяқтан, сѳзден аман
қалу үшін, бір нәрсені алу, яки бір нәрседен айрылып қалмау

үшін ғана тыйылады. Ал енді бала нашар істен сол істің
нашарлығын біліп тыйылсын десек, сол істің нашарлығын
іспен кѳрсету керек. Яғни нашар істің нәтижесі де нашар
болатынын бала іспен кѳрсін. Мысалы, ѳтірік айтқан адамның

сенімі кетеді, ұрлық қылған адамның қадірі кетеді.
Ұялу сезімі. Егерде біз ѳзіміз қымбат кѳретін адамдарымыз
мінегендей бір мін іс істесек, біздің жанымызда ұялу сезімі
болады. Жер жүзінде ұялмайтын адам жоқ. Бірақ білімі,

тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы да әр түрлі болады.
Мысалы, білімсіз адам айылын жимайтын істен білімді адам
ұялып ѳліп қалады. Жұмсақ мінезді адам ұялшақ келеді. Ұялу
оңай нәрсе емес. Адамға ұялудан күшті жаза жоқ. «Ѳлімнен

ұят күшті» дейді қазақ. Қазақтың бұрынғы күнде нашар іс
істеген адамдарға істеген жазаларының кѳбі ұялту болған.
Мысалы, қазақтар әйелді қара ѳгізге теріс мінгізіп, бетіне күйе
жағып, үстіне құрым жауып ауылды айналдырады екен. Әрбір

елдің заңыңда ұялтуға негізделген жаза нағыз қатты жаза деп
саналады. Сондықтан тәрбиеші баланы ұялтып, жаза қылуға

ѳте сақ

болуы
керек.
Ұялту,
келемеж

қылу
баланың
жақсылыққа, жоғарылыққа ұмтылатын барлық ынтасын
байлап, ѳлтіріп, баланы жасық, ынжық қылады. Бала

қорғаншақ, ѳзіне-ѳзінің сенімі жоқ, жасқаншақ болады. Ұялу

116

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

сезімінің қарсысы – ѳзіне-ѳзі разы болу сезімі. Адамда бұл
сезім басқалар оны жақсылағанда, мақтағанда болады. Ѳзіне
ѳзі ылғи риза болып жүретін тәкаппарлық сезім пайда
болады. Тәкаппарлық сезімі яғни адамның ѳзін ірі деп санауы,

шектен шығып кетпесе, әрине, дұрыс сезім, дұрыс мінез. Бірақ
шектен шығып кетпесін, яғни адам ѳзінің істері, мінездері
ірілігін емес, тѳмендігін кѳрсетіп тұрғанда, ѳзін ірі адам деп
санайтын болмасын. Жоғарыда айтылған себептерден баланың

ѳзіне-ѳзі разы болу сезімін ѳте сақтықпен тәрбие қылу керек.
Баланың ѳзін мақтама, ісін мақта. Мақтағанда мақтауға
тұрарлық ісін мақта. Баланың жеңіл істерін мақтай беру
балада менмендік, ретсіз тәкаппарлық туғызады. Қайта бір

жеңіл дұрыс ісі болса да, нашар шәкіртті мақтау керек.
Қалайда мақтауға мырза болу жарамайды. Бір шәкіртті, бір
баланы мақтау басқа балалардың рухын түсіреді, ынтасын
ѳлтіреді. Ал енді жақсы оқуы, дұрыс құлқы үшін шәкірттерге

сый (наград) беру, үлестіру тіпті дұрыс емес. Мұндайда сый
алған балалар сый алу үшін ғана тырысып, кеуделеріне
орынсыз менмендік, ретсіз тәкаппарлық кіріп, сый алмаған
балалар күншіл һәм ѳзіне-ѳзі сенбейтін жасық болып шығады.

Күншілдік ішкі сезімдерінің бірі – аяу һәм достық. Аяу
сезімі әр адамда болады. Адам бір нәрсені аяғанда бір мақсұт
үшін яки сол нәрсе дұрыс болғандықтан аямайды, тек сол
нәрсе аяныш кѳрінсе, аяйды. Біз суға батып бара жатқан

адамды кѳрсек, осыны құтқарып, осыдан олжа алайын деген
оймен емес, ешбір ойсыз, жанымызды ѳлімте байлап толқынға
кіріп кетеміз. Яки біз ѳзінің тиісті, жолды жазасын тартып
жатқан, яки тартайын деп тұрған бір жазалы адамды кѳрсек

те, аяймыз. Қасірет, бейнет кѳрген адам неғұрлым бізге жақын
болса, сонша терең аяймыз.
Біреуді біреу аяп, қайғысына ортақтасқандай, қуанышына
ортақтаса алмайды. Біреудің қуанышына ортақтасу орнына

адамда күншілдік пайда болады. Бұл жалпы адамдықтың бір
тѳмен, ұнамсыз мінезі. Бір ғалым айтыпты: қайғыға ортақтасу

117

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

үшін адам болу жетеді. Қуанышқа ортақтасу үшін періште
болу керек. Тәрбиеші балада осы мінезді де әлсіретуге ұмтылу
керек.
Достық сезімі адамда сол адамның жанына екінші бір

адамның жаны барлық мінездермен үйлесетін болса, сонда
болады, Аяғанда адам ойламай, аңдамай аяйды. Дос болғанда
ойлап, аңдап дос болады. Екі дос бірге болса, араларында
достық беки береді. Егер айрылса, достық әлсірейді. Аяу сезімі

адамда ерте басталады: бір жасқа толмаған бала күлсең –
күледі, жыласаң – жылайды. Ал еңді достық ақыл біраз
орныққан соң болады.
Жеткен адамдардың баланы аяуы балаға ѳте қымбат.

Баланы кім аяса, оған сол жақын. Ата-анасы ѳліп, жетім қалған
баланы ең алғаш кім бауырына тартса, бала соған бауыр басып
кетеді.
Бала біраз есейіп, басқа балалармен ойнай бастаған кезде,

онда достық сезімі оянады. Бірге ойнайтын балалардың ішінен
бала ѳзіне дос тауып алады. Достық сезімінің балаға кѳп
пайдасы бар. Досының кѳңілін тауып үйреніп, бала ѳзімшілдік
мінездерден аулақ болады. Ѳзінің дос баласының сѳзін бала

үлкен адамның сѳзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан
тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қам
қылуға міндетті.
Ішкі сезімдердің біреуі – іш пысу. Іш пысу – кѳңілсіз бір

сезім. Іш пысудың жоғарғы дәрежесі – еш нәрсеге қызықпау,
еш нәрсеге ұмтылмау. Еш нәрсеге қанағаттанбау дәрежесінде
іш пысу апатия деп аталады.
Іш пысудың бас себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ

адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қылатын адам іш
пысудың не екенін білмейді. Баланың сотқар, тентек болуы
ѳзіне лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан соң әр
нәрсеге тиісіп, бүлдіре береді.

Іш пысудың екінші себебі – бір түрлілік. Бір түрлі әсерлер,
бір түрлі суреттер адамды жалықтырады, қажытады, ішін

118

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

пыстырады. Мысалы, біз бір кітапты қайта- қайта оқысақ, бір
әңгімені қайта-қайта тыңдасақ, біздің ішіміз пысады. Мұғалім
бір сѳзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің де іші пысады.
Әсерлер, суреттер тез алмасса да, адамның іші пысады.

Мысалы, кѳз

алдымызда
түрлі-түрлі
нәрселер
тез-тез

алмасқандықтан, біздің отарбада кетіп бара жатқанда ішіміз
пысады. Мұғалім үсті-үстіне тѳпеп, түрлі білімді, түрлі сѳзді
айта берсе, баланың да іші пысады. Мұғалімнің шеберлігі ѳзі
білген білімінің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен,

жинақты, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол
баланың іскерлігін ѳзіне қарата алады. Болмаса баланың
іскерлігі
басқа

нәрсеге
ауып
кетеді.
Сабақ

уақытында
балалардың
ойнауы,
тыныш

отырмауы,
бір-бірімен
сѳйлеулері мұғалімнің жинақ, жігерлі бола білмегендігінен.
Ішкі сезімдердің адам үшін ең қымбаттары – сұлулық һәм

құлық сезімдері.

119

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Ж

С Ұ ЛУ ЛЫ Қ ( Э С ТЕТИ К А ) С Е З І М ДЕ РІ

аратылыстың һәм искусствоның сұлу заттары адам
жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл,
күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шетсіз-
түпсіз қара кѳк теңіз, түрлі шѳптер мен толқынданған дала,

бұлтпен таласқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері,
ерке
сұлу

ай,

жұлдызды
түн,
міне
осылар

сықылды
жаратылыстың сұлу заттары, кѳріністері яки искусствоның
тылсымдай жанды билеп алып кететін ән, сиқырлы сѳз, сұлу
картина сықылды әсерлері адам жаныңда бір ләззат, бір

сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. Архитектура,
сұлу
сурет
(живопись),

скульптура
сықылды
пластика
искусствосы адамның кѳру сезімін сиқырлап барып, жанда

сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат іздеуіне, сұлу
нәрсені
сүюіне,

кѳріксіз
нәрседен
жиренуіне,
хатта

жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тыйылуына кѳп кѳмек
кѳрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы
тәрбие қылынуға тиісті.
Сұлулық сезімдерін тәрбие қылу. Әр адамңың сұлулық

сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреудікі

120

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

музыкадан, біреудікі сұлу суреттен, біреудікі поэзиядан.
Искусствоның әйтеуір ірі бір түрінен ләззат алмайтын,
біреуіне құмар болмайтын адам болмайды. Тәрбиешінің
міндеті – балада искусствоның қандай-қандай түріне ынта бар

екенін тауып, сол ынтасын, сол туғызатын сұлулық сезімдерін
ѳркендету.
Ѳркендету
жолдарынан

тѳмендегі
жолдарды
кѳрсетуге болады:

1)

Балаға
жаратылыс
сұлулығынан
ләззат

алғызу.
Жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың
былдырын,
судың

сылдырын,
жапырақтың
сыбдырын,
орманның

күңіренгенін,
теңіздің
гүрілдегенін
естісін;

жымыңдаған жұлдыздар себілген кѳк шатыр кѳкті, түрлі түсті
кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды кѳрсін.
Жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында
болсын. Балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады. Тәрбиеші

жаратылыстағы түрлі сұлулықтарға баланың іскерлігін аудара
білу керек.

2) Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақты, ретті, таза

болсын. Таза деген сѳзді қымбат деп ұғу қате. Тегінде
қымбаттың бәрі сұлу деп ұғу қате ғой. Баланың маңайындағы
нәрсе қымбат болмасын, таза, ретті, тәртіпті болсын. Үйдің іші,
киім-кешек, ыдыс-аяқ – бәрі таза болуға тиісті. Баланың үсті-

басы, денесі, беті-қолы – бәрі таза ұсталуға тиісті. Баланың
маңайындағы жүрген адамдар ретті, тәртіпті, таза болуға
міндетті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны істейді. Тазалыққа
үйренген бала таза болады. Былыққа үйренген бала былық

болады. Ас жеп отырып әжесі жалаңаш қолымен мұрнын
сіңбіріп яки баланың нәжісін ұстап, қолын жѳндеп шаймастан
тағы асқа кіріссе, бала да осыны істейді. Кейбіреулердің
былықтықты ырыс кѳруі надандықтың әбден асқынғандығы

ғой.
Баланың маңайындағы сѳйленетін сѳздер де әдепті, сұлу
болуға тиісті. Былық сѳздерді естіп ѳскен бала ѳмір бойы
былық, былапыт тілді болады. Отағасы-ау! Бала-шағаның

121

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

алдында былық-былапыт сѳздерді сапырып сѳйлеуіңді қой.
Қайдағы құдай атқан сѳздерді естіп ѳскен ұлыңда қандай әдеп
болады, қызыңда қандай қылық болады?!
Және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары

да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты кѳріп
ѳскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Жер
жүзінде біздің қазақтың денесінен, қазақтың жүріс-тұрысынан
жексұрын дене, жексұрын жүріс-тұрыс кемде-кем-ақ шығар.

Аяғы қисық, жауырыны қушық. Ақыл қарында тұратындай-
ақ, қарны буаз биенің қарнындай салбырап жатса, би болады-
мыс! Семіз болып пысылдап отырса, айбынды «адам» болады-
мыс! Кейбір мырзалар сал боламын деп жүргенде қиқаңдай

ма керек, бұраңдай ма керек, қарап тұрсаң жүрегің айнып,
құсқың келеді. Осыларды кѳріп ѳскен қазақ баласының
денесінде не сұлулық болады? Қазақ! Жұртқа күлкі болмайын
десең, бұл мінездеріңді таста, балаңды сұлу, сымбатты қылып

ѳсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты
сүйсе, оған ауру үйір болмайды.

3) Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек. Бала

неше түрлі сұлу үндерді естісін. Неше түрлі сұлу түрлерді,
түстерді кѳрсін. Сұлу сѳздер, сұлу ѳлеңдер жаттасын. Түрлі
музыка құралдарының әуендерін тыңдасын, сурет салып
үйренсін, ән салып, музыка құралдарын ойнап үйренсін. Міне,

осыларды естісе, баланың сұлулық сезімдері ѳркендейді. Білу
керек, топас адам – тірі ѳлік.

122

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

А

Қ Ұ Л ЫҚ С Е З І М ДЕ РІ

дам ѳзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп
отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады.
Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой
һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу

– адамның жаратылысының ѳзінде бар нәрсе.

Ойдың яки істің ізгі яки жауыз болуына қарап, сол ойға яки
іске іштен баға бергеңде, адамда болатын жағымды яки
жағымсыз сезімдер құлық сезімдері деп аталады. Құлық
сезімдері жасқа, дұрысын айтқанда білімге қарап, әр адамда әр

түрлі болады. Білім неғұрлым тѳмен болса, құлық сезімдері де
сонша тѳмен, тар болады. Мысалы, білімі кем адам бір ой яки
іс түбінде пайдалы болып шығар ма, жоқ па, оны байқай
алмай, сол уақытында жағымды, пайдалы болса, оны ізгі ой,

ізгі іс деп біледі. Ұрлық қылған надан адам «ұрлық түбі
қорлық» екеніне кѳз жібере алмай, уақытындағы пайдасын
ғана кѳреді. Бала барлық еркелігінің, барлық тілегінің
орындалып

отырғанын
ғана
жақсы
кѳреді.

Еркеліктің
орыңдалуын ізгілік деп біледі, еркеліктің орыңдалмауын
жауыздық деп біледі. Ал енді адам есейген сайын, дұрысы,
білімі артқан сайын оның құлық сезімдері де жоғарылай,

123

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

тереңдей, кеңейе береді. Яғни адам ақылы тереңдеген сайын
дүниеде

ол

жалғыз ѳзі

тұра
алмайтындығын,
басқа
адамдармен бірге тұруға мұқтаждығын, ѳзінің ойын һәм ісін

басқа адамдардың ойлары һәм істерімен қабыстырып отыруға
міндеттілігін, яғни ѳз басына келетін пайдаға ұмтылып, ѳз
басына келетін зияннан безбей, сол ѳзгемен бірге дүниеде
тұратын басқа адамдарға да пайда келіп, зиянның болмауын

тілеу тиістілігін, міне, адам білімі, ақылы тереңдеген сайын
осыларға ұмтылады. Яғни оның құлық сезімдері осылай
тереңдейді.
Мысалы, балада бір ауыздан анасын сүю сезімі оянады.

Ананы сүю, анаға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу деген сѳз.
Біраз ес білген соң туысқандық сезімі, яғни араласып
айналасында жүрген адамдарды сүю сезімі оянады. Онан соң
білім тереңдеңкіреген кезде адамда елін сүю сезімі оянады. Ѳз-

ѳзін сүю сезімі жер жүзіндегі барлық адамзатты сүю сезіміне
алып барады. Бұл сѳздердің кѳрінісі – ізгілік деген сѳздің
дұрыс, һәм толық мағынасы мынау екен: әр адамның ѳзін сүюі,
яғни жауыздықтан безіп, ізгілікке үмтылуы, туысқандарын

сүюі, яғни оларға жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, ѳз елін сүюі,
яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп,
зиян келтірмеу, һәм басқаларға зиян келтірткізбеу, ең негізінде
біткен адамзатты дос, һәм бауыр кѳру екен. Міне, кімде-кім

ѳзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, ѳз елін сүйсе, әсіресе біткен
адам баласы бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
«Әсіресе» деген сѳзді қосуымыздың мәнісі мынау: адамның
ѳзін-ѳзі сүюі, туысқандарын сүюі бұл ол адамның құлық-

мінездерінің тѳмен тұрғандығын кѳрсетеді. Ѳзін-ѳзі соқыр
сезіммен мал да сүйеді, пайдаға ұмтылады, зияннан безінеді.
Туысқандарын мал да сүйеді, бие құлынын қорғайды.
Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін ѳзін сүю,

жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі
шарт. Ѳзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей,
жалпы момын халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық

124

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

пайдасын ѳз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі
адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан
бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір
ѳлеңінде:

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі кѳп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш,–

дейді. Міне, алашты халық десек, халықты шын сүйген адам
«жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.
Ѳз елін сүю дегеннен адам ѳз халқынан басқа халықтарды
мейлінше жек кѳрсін, басқа халықтарға қасқыр болып тисін

деген сѳз шықпайды. Бұлай болса жер қанға тұншығып,
бұзақылық белең алып, жауыздық ѳрлеп, жер жүзінде тыныш
тұрмыс болмас еді. Европа мемлекеттерінің мына 1914
жылдан бері қан тѳгіп жатқаны, одан бұрынғы да соғыстар

бұған айқын дәлел. Әрбір халық бір-біріне жау болсын деп ұғу
қате, адам ѳз халқының адамдарын сүюінің үстіне басқа
халықтардың адамдарын да сүюге міндетті. Міндетті ғана емес,
еріксіз сүймек. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл –

адамның жаратылысындағы негізгі мінез.
Осы жерде «дін сезімдері» деп аталатын сезімдер туралы
бір-екі сѳз айтып ѳтейік. Бірқатар адамдарда мынадай бір
пікір бар: адамның құлық сезімдері күшті болу үшін, яғни

адам ізгі болу үшін, жауыздықтан тыйылып, еркіндікке
ұмтылу үшін адамда дін сезімдері күшті болуы керек. Дін
сезімдерінің негізі – дүниені жаңартушы, дүниеде барлық
нәрсені істеп тұрушы бір тәңір бар деп сену һәм сол тәңірге

адам ѳзін пенде деп білу. Тәңірінің құдіреті алдында адам
ѳзінің
әлсіздігін
сезіп,

тәңірге
құлшылық
қылу,
яғни

жауыздықтан тыйылып, ізгілікке ұмтылу. Барлық кемшіліктен
азат тәңірге жағу үшін барлық кемшіліктен безу.
Ізгілік істесе – тәңірінің кѳңілін табуға, разылығын алуға,
махаббатын тартуға яғни жұмаққа кіруге сену. Жауыздық

125

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

істесе – тәңірінің наразылығын алуға, ашуына, қаһарына
ұшырауға яғни тамұққа кіруге сену. Міне, дін сезімдерінің
негізі – осы. Осы дін сезімдері күшті адам яғни тәңірінің
барлығына, құдіретіне сиынып, онын махабатын алуға,

қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам ѳмір бойы ізгілікке
ұмтылып, жауыздықтан безбек.
Дін сезімдері туралы пікір осы. Бұл – баяғыдан бері келе
жатқан пікір. Бұл пікір туралы бұл күндегі үстем ой, ғылымға

сүйенген үстем ой мынадай: дін сезімдеріне мұнша артық баға
беру, адамды жауыздықтан бездіріп, ізгілікке ұмтылдыратын –
дін сезімдері ғана деп ұғу дұрыс емес. Құлық сезімдері, яғни
адамның жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылатын мінезі

адамның жаратылыстарында бар. Кісі ѳлтіру, ұрлық қылудың
жауыздық екенін білу үшін дінді білу шарт емес. Ізгілікті сезу

– адамның жаратылысына, табиғатына берік байланған нәрсе.

Дін ескі емес, адам ескі. Дін ескі емес, жаратылыс, табиғат ескі.
Ізгілікке ұмтылдыратын дін адамның жаратылысын жасаған
емес, ізгілікке ұмтылатын адамның мінезі дінді туғызған.
Сондықтан адамның кұлық-сезімдеріне дін сезімдерін негіз

қылып алу, адамның құлықты болуын дінді болуына байлау
дұрыстыққа келмейді. Бұл – бір.
Екінші, адамның бір нәрседен тыйылуы, бір нәрсеге
ұмтылуы екінші бір затты сыйлағаннан, сол затқа жағыну үшін

болмай, дұрыстық үшін болса, нағыз тынымды, тиянақты, игі
ұмтылу һәм тыйылу осы болмақ. Бір адамды сыйлап істелген
ізгілік рия болса, «тәңіріні» сыйлап істеген ізгілік те рия.
Рияның адамға пайдасы жоқ. Рия адамды түземек емес,

бұзбақ. Кемшіліксіз идеал бар: адам дүниеде ісін идеал үшін
істесін, идеал үшін тұрсын, және сол идеалдай түгел боламын,
кемшіліксіз боламын деп ұмтылсын.

126

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Қ

Қ Ұ Л ЫҚ С Е З І М ДЕ РІ Н ѲРКЕ НДЕ Т У

ЖО Л Д АР Ы

ұлық сезімдерін ѳркендету үшін тѳмендегі жолдарды
кѳрсетуге болады.

1) Баланың маңайындағы адамдардың құлықты болуы.

Бала ізгі құлық пен жауыз құлықты айыра алмайды. Оларды
бала маңайындағы ересек адамдардың сѳздері һәм істері
бойынша ғана айырады. Солар бойынша ғана ізгі мен жауыз
құлық туралы ұғым жасайды. Мысалы, бала атасының ұрлық

қылғанын білсе, ұрлық қылу ізгі құлықтан саналады екен деп
ұғады. Сондықтан баланың ізгі құлықты болуы үшін оның
маңайындағы адамдар, ата-ана, туған-туысқандары ѳздері ізгі
құлықты болуға тиісті. Ұяда не кѳрсе, ұшқанда соны қылады.

Және баланың бірге ойнайтын жолдастары да дұрыс, ізгі
құлықты болсын. Балаға ересек адамнан ѳзіндей бала жақын.
Бала ѳз құрбысына еліктегіш, ѳз құрбысының тілін алғыш,
құлқына, мінезіне сенгіш келеді. Ѳзінің ізгі, жауыз құлқын

бала құрбылары арқылы жарыққа шығарып әдеттенеді.
Сѳгіседі, ұрысады, тѳбелеседі, ұрласады, ѳтірік айтысады. Осы
себептерден
тәрбиеші

баланың
жолдастарының
дұрыс
құлықты болуларына ѳте ықтият қылу керек. Балада құлық

сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі үшін балаға әдебиеттен,

127

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

тарихтан ѳрнек әңгімелер сѳйлеу һәм оқыту керек. Әрбір
ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлыққа ѳрнек болғандай
әңгімелер толып жатыр. Солармен дұрыс пайдалана білу
керек. Яғни әдепті бол, әділ бол, ѳтірік айтпа деген сықылды.

Құрғақ, жалаңаш сѳзде пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың
әрбірі әдейі киініп ѳрнек күйінде ғана келсін. Ѳрнектен
нәтижені бала ѳзі-ақ шығарып алады.

2) Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу. Үй һәм

мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдеттендірсін.
Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм мектептегі тәртіп
құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне
қарап тәртіп ѳзгеріп отырмасын. Тәртіп ѳзгермейтін ізгі құлық

заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең
жарамайтын
болып
отырса,

балада
тәрбиешіге
сенім
қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты

тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден,
ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін
нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұрып
кетеді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланың

ѳтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне қамаудан.
Маңайындағы
тәртіп,
тұрмыстың

құрылысы
баланың
жаратылысына қайшы болса, бала ондай тәртіпті аттап ѳтеді.
Үшінші, тәрбиеші мен баланың арасы ѳте жақын болуға тиісті.

Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында
сенбеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата
алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше
алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе,

ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады.
Жасырмайтын болса, ѳтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз
құлықтарға орын да қалмайды.

3) Баланы құлық туралы ой жүргізіп үйрету. Бала

барлық
ізгі
құлықтарды

ѳзі

басынан
кешіріп,

яки

маңайыңдағы адамдардан кѳріп, біліп бітіре алмайды.
Алдағы
ѳмірінде
құлықтардың

әлденеше
түрлеріне

128

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

ұшырауға мүмкін. Ол уақытта мен мына құлықпен таныс
емеспін, сондықтан мұны ешнәрсе деп айта алмаймын деп
отыра алмайды ғой. Алда, болашақ ѳз істеріне һәм басқа
адамдар ісіне құлық кѳзінен баға бере алуы үшін оның құлық

туралы ерте күннен ой жүргізіп үйренуі тиіс қой. Сондықтан
тәрбиеші, балаға түрлі істерді құлық кѳзінен салыстырып,
сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе,
құлық туралы белгілі берік бір ұғымға ие болады. Ол уақытта

алдағы ѳмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен
қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады.

129

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

Қ А Й Р А Т

із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерінен ақыл
һәм ішкі сезім кѳріністерін баяндадық. Енді жан
кѳріністерінің үшінші түрі қайратқа кѳшеміз.
Қайрат ұғымы. Біз ақыл кѳріністері арқылы сыртқы заттар

туралы, яғни олардың ѳзі, ісі һәм күші туралы білім аламыз.
Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын
білеміз, һәм ол күйді жағымды не жағымсыз деп бағалаймыз.
Ал енді жанымызда тағы бір күш, тағы бір кѳрініс бар. Жан бір

нәрсені
істеуге,
болдыруға
ұмтылады,

яки

істемеске,
болдырмасқа ұмтылады. Және бұл ұмтылу соқыр ұмтылу
емес, аңды, саналы ұмтылу. Міне, осы бір мақсатқа жету үшін
жанның аңды ұмтылуы қайрат деп аталады. Әрине, жан құр

ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшін
денені іске қосады. Жанның қайрат күші арқылы істелетін іс
ерікті іс деп аталады. Ал енді адамның қайрат қатыспай,
еріксіз істейтін істері де болады. Мысалы:

1) Импульс ісі. Яғни кейбір істерді сырттан ешбір әсер

болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді. Мысалы, ұйқыдан
оянғанда адам керіледі, созылады.

2) Рефлекс ісі. Яғни сыртқы бір әсерге адамның аңы

130

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қатыспай, денесінің ғана жауап беруі. Мысалы, кѳзге бір затты
жақындатсаң, кірпік жабылады, тоңсаң, дірілдейсің.

3) Соқыр сезім (инстинкт) ісі. Атадан қалған мұра

бойынша адамның аңын қатыстырмай істейтін істері. Соқыр
сезім адамның ѳзінің һәм тұқымының аман болуына қызмет
қылады. Мысалы, бала ешкім үйретпей, емшек емеді. Яки құс
қыс жақындағанда жылы жаққа ұшып кетеді.

Ал енді адамның қайрат туғызған ісіне аң қатыспай
болмайды. Мысалы, менің жазғым келсе, аңменен, ойменен
қағаз алам, қалам алып, сияға малам һәм осылар сықылды
басқа тиісті істер істеймін. Міне, бұл қайрат ісі. Қайраттың бет

алысы екі жақ: жан кѳріністері һәм сыртқы дүние. Мысалы,
мен қайрат жұмсап бір ойды еске түсіремін. Яки жерде
жатқан бір нәрсені кѳтеру үшін еңкейем.
Қайрат түрлері. Қайрат тѳмеңдегі түрлерге, дұрысырақ

айтқанда, басқыштарға бѳлінеді: тартылу, ұмтылу һәм тілеу.
Қайрат адамда ә дегеннен берік, ашық болмайды. Бастапқы
кезде бір әсер мен белгілі бір беталыс болмай, белгілі бір
мақсұт болмай, бір нәрсеге жан жай тартылады. Мысалы, бала

аштықтан жылайды, тыпырлайды, жаны жағымсыз күйде
болады. Жанында бір азап болады. Бірақ бала осы жағымсыз
күйдің, осы азаптың аштықтан екенін аңдап біле алмайды,
оған сүт керек екенін біле алмайды. Міне, жанның осындай

күйі тартылу деп аталады. Ал енді тартылуға аң қатысса, яғни
адам, не нәрсеге болса да ѳзінің мұқтаж екендігін аңдап, анық
білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не нәрсе екендігін анық біле
алмаса, жанында ұмтылу болады. Мысалы, біз ыстықта

сусаймыз, сусын тауып, сусынды қандыруға ұмтыламыз. Бірақ
бізге кез келетін сусынның қандай болатынын білмейміз.
Егерде біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу
тілеуге айналады.

Тілеу, суреттеу һәм ішкі сезім арасындағы байлам. Бұл
үшеуінің арасында берік байлам бар. Суреттеу болмаған
нәрсені адам тілей алмайды. Мысалы, естімеген, білмеген

131

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

тамақты тілеуге мүмкін емес. Және адамның жағымсыз ішкі
сезімі беретін нәрсені де тілеуі мүмкін емес. Бір нәрсенің суреті
біздің
жанымызда

неғұрлым
ашық
болса

һәм

оның
жанымызда жағымды сезім туғызуы бізге белгілі болса, біз сол
нәрсені қатты тілейміз.
Қайрат қалай жасалады? Қайрат тѳмендегі басқыштарды

ѳтіп барып іске асады. Жанымызда бір тілек бар. Сол тілекті
іске асырғымыз келеді. Тілектің іске асуының тиістілігін
бекітетін себептер дәлел яки мотив деп аталады. Бұл –
қайраттың бірінші басқышы. Ал енді бір тілектің іске асуының

тиістілігін кѳрсететін қарсы себеп те болады. Қарсы себеп –
қарсы дәлел яки контр мотив деп аталады. Дәлелге қарсы
дәлел шыққанда, біз бұл екеуін салмақтаймыз, салыстырамыз.
Осы дәлел мен қарсы дәлел салмақтау дәлелдердің күресі деп

аталады. Бұл – екінші басқыш. Егер дәлел мен қарсы дәлелдің
қүші бірдей кѳрінсе, адамда толқу пайда болады. Дәлелдер
күресінен кейін ақырда адам екі жақтың бір жағына жеңгізіп,
бетін бір жаққа түзейді. Бұл үшінші басқыш. Бетті бір жаққа

түзеу бекіту деп аталады. Бекітуді іске асыру орындау деп
аталады. Бұл тѳртінші басқыш. Орындау жолында адам түрлі
бѳгетке ұшырап, бѳгетті жеңе алмай қажып, жасып, бекітуін
қайтып алуға мүмкін. Бұлай істемес үшін адам табанды болу

керек. Табанды адам – қайраты күшті адам.
Қайраттың керектігі. Қайрат адам ѳмірінде аса қымбат
орын алады. Адамның дене һәм жан ісін тізгіндеп, белгілі
жолға салып ѳркендететін – сол қайрат. Мысалы, нәресте

шақта адамның денесі қайрат қатыспай ѳз бетімен қозғалады.
Ес кірген соң қайрат жұмсалып қозғалады. Жүргенде аяқ
қозғалуы
сықылды.

Жан

ісінде
қайрат
іскерлікке

кѳп

қатынасады. Шынында, қайрат жұмсамай адам іскер бола
алмайды. Қайраттың ішкі сезімдерге әсері мол. Қайнап келіп
қалған ашуды біз сол қайраттың қаруымен басамыз ғой.
Қысқасы, қайрат адамның барлық ісін тізгіндеп жолға

салмақшы, жүзеге шығармақшы. Қайрат арқылы ғана адам

132

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

жанындағы қалың күштер жарық кѳрмекші. Ѳмірде адам
басына қиын-қыстау істер келгенде, қажытпай алып шығатын

– сол қайрат. Сермеген қолды аспандағы айға жеткізбесе де,

ойлаған ойға жеткізетін – сол қайрат. Сондықтан тәрбиеші
баланың қайратын ѳркеңдету үшін қызмет қылуға міндетті.

133

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

1

Қ А Й Р А Т Т Ы ѲРКЕ НДЕ Т У

ЖО Л Д АР Ы

) Тәрбиеші баланы денесін дұрыс билеп, дұрыс қозғалуға
үйретсін. Дене мүшелері қайраттың тез қозғалатың, тез
орындайтын қаруы болуға тиісті. Бала мүшелерін теріс қозғап
үйреніп бара жатса, тәрбиеші тез түзесін. Сол уақытта бала

қандай іске қай мүшені қозғау керек һәм қалай қозғау керек,
соған әдеттенбекші. Жазғаңда, тіккенде саусақтарды қалай
ұстау сықылды.
Тәрбиеші баланы әсіресе жан істерін қайратқа дұрыс

бағындыруға үйретсін. Бала әсіресе тілегіне қожа бола
алмайды. Не тілесе, соны жүзеге шығарғысы келеді. Бала
болмайтын нәрсе болмайды деп ұғады. Тура мағынасымен
аспандағы

айға
ұмтылады.
Тәрбиеші
баланы

осындай
қияңқылықтан сақтауға міндетті. Балаға әрбір тілектің алдын,
артын,
болдыратын

һәм

болдырмайтын
себептерін
салмақтатып, тексеріп үйретуге міндетті. Терең тексеріп
келіп,

тілекті
жүзеге
шығару
қайраттылық

болатыны
сықылды, тексеріп келіп, тілекті тоқтатып қалу да зор
қайраттылық. Есте болу керек: арыстан айға шапса, мерт
болмақшы, ѳтпес жарлық бойға қорлық болмақшы. Тілектің

алдын, артын тексеріп үйренген адам балалықта ебетейсіз

134

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

еркеліктен,
қияңқылықтан,
есейгенде
есерліктен

аман
болмақшы.

2) Баланың қайраты күшті болуы үшін тәрбиеші баланың

барлық ісін тізгіндей бермей, әрбір істе балаға ерік берсін.
Бала ѳз еркімен денесін қозғап, жүгіріп үйренсін. Әсіресе
жанды жұмсап үйренсін. Яғни бала ѳз бетімен бір нәрсені
тілеп, сол тілектің алдын, артын тексеріп, сонан соң иә

болдыруға, иә болдырмауға ѳзі әдеттенсін. Сол уақытта
баланың қайраты ѳркендемек. Әрине, баланың ісі, тілегі
пайдасызға, зиянға айналып бара жатса, тәрбиеші кіріседі ғой.
Бірақ баланы ылғи тізгіндеуден сақтану керек.

Әдет. Әрбір іс дене ісі болсын, жан ісі болсын, алғаш
істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істелгенде
қиыңдық біраз жеңілденеді. Егерде кѳп істесек, ол істі тіпті
жеңіл істейміз. Және сол істі ылғи істегіміз келіп тұрады.

Істемесек, бір нәрсені жоғалтқандай боламыз да тұрамыз.
Белгілі шарттар болғанда, белгілі бір түрде іс істеу әдет деп
аталады. Мысалы, жазған уақытта саусақтарды былай ұстау,
әрине, қиын. Оған қанша қайрат жұмсалады. Бірақ біраздан

тіпті жеңілге айналады. Ойламай-ақ, ешбір қайрат жұмсамай-
ақ, саусақтарымыздың ѳзі солай икемделе береді. Адам
ѳмірінде әдет кѳп орын алады. Лейбниц деген ғалым адамның
барлық ісінің тѳрттен үшеуі әдет болады дейді.

Әдеттің адамға кѳп пайдасы тиеді: 1) Әдет арқасыңда адам
белгілі ғана істерді істеп, тақақтап ұшына шығады, анық
орындайды. Әрбір істің басын шала бермейді. 2) Істің
тиянақты, кѳрікті болуына себепкер, әдеттенген істі адам

тиянақты істейді. 3) Уақытты һәм күшті далаға жібермейді,
бәлки үнемдейді. Әдеттенген істі кѳп күш жұмсамай адам тез
һәм жеңіл істейді. Әдеттену болмаса, адам бір істің соңында
мыжып отырып қалып, басқа жаңа істерге уақыты болмас еді.

Әдет – әсіресе, тәрбиешінің қолында күшті құрал. Әдеттендіру
арқасында ғана баланы дұрыс жолға салуға мүмкін. Шекспир:
«Жақсы әдет – жақсылыққа бастайтын періште»,– дейді.

135

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Орыстың тәрбие ғалымы Ушинский: «Жақсы әдет – ѳсімге
берген ақша, адам ѳмір бойы соның ѳсімін пайдаланады.
Жаман әдет – борыш, адам ѳмір бойы сол борыштың бір
ѳсімімен азап шегеді»,– дейді.

Адам ѳмірінде әдет осындай зор орын алатындықтан,
тәрбиеші
барлық
күшін

жұмсап,
баланы
неғұрлым
жақсылыққа әдеттендіруге міндетті. Бала нашарлыққа бір

әдеттеніп қалса, оны қайта түзету оңай нәрсе емес, есте болу
керек. Ауру қалса да, әдет қалмақ емес. Әдет тым бойға сіңсе,
құмарлыққа айналады.
Құмарлық шектен шықпай белгілі мѳлшерде болса, әрине,

пайдалы. Құмарлық болмаса, адам ѳмірде белгілі бір жолды
қуып та кете алмайды. Бірақ кѳбінесе құмарлық шектен
шығып кетеді. Кѳбінесе адам бір нәрсеге құмар болса, басқа
барлық нәрседен кѳзді жұмып безіп кетеді. Бір тілекке басқа

тілектің, бір нәрсеге басқа нәрсенің бәрін құрбан қылады,
құмар болған нәрсенің пайдалы, пайдасызына да қарай
алмайды. Сол құмарлық жолында ұяттан, ардан, барлық
адамшылықтан айрылады. Мысалы, қиссадағы Қарынбайдың

малға
құмарлығы
сықылды.
Маскүнем

адамның
арақ
құмарлығы сықылды. Мұндай құмар адам – сау адам емес,
ауру

адам
болады.
Мұндай
құмарлық

адамды
ѳрге
сүйремейді. Сондықтан тәрбиеші балада мұндай құмарлықты
болдырмауға міндетті.

136

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

МІНЕЗ

ір адамның барлық ісін басқа адамдардың істерінен
айыратын сипаттар мінез деп аталады, адамның ойының
яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына кірмейді. Ойы бір
дәрежеде һәм сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі әр

түрлі болуға мүмкін.
Яки жауыз һәм мейірімді адам, құлықты һәм құлықсыз
адамдар мінездес болуға мүмкін. Сондықтан мінез ақылға яки
сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы һәм мінез

қайрат дәрежесіне қарап былай бѳлінеді. Егер бір адамның
қайраты күшті болса, сѳзінен бір айрылмайтын, екеуі екі бѳлек
жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі қатты мінез, күшті
мінез, берік мінез деп аталады. Егерде сѳзбен, оймен іс бір-

біріне қабыспайтын болса, ауыз айтқанда, қол істей алмаса,
ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады.
Мінездің жасалуы. Мінез адамның жаратылысына қарай
тума болады һәм басқа сыртқы себептермен тұрмыс түрі,

жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды жүре пайда болады.
Тума мінез кѳбінесе тұқым қуалап келеді. Дененің аурулы яки
сау болуы, ақылды, ақымақ болу, ашулы, жасық болу сықылды
тума мінез темперамент деп аталады.

137

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бойынша тума
бір түрлі мінезі болады. Мысалы, сыртқы дүние әсерлерінен
ѳзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі сезімдердің ѳзінше бір
түрлі оянуы сықылды. Міне, осындай тума мінез темперамент

деп аталады. Темперамент тѳрт түрлі. Сангви ник, холерик,
флегматик һәм меланхолик темпераменттері.

1) Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді жеңіл һәм

тез алу, бірақ терең ала алмау. Сангвиник адам ұшқыр,
ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден екінші әсерге секіріп
түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз адам
болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап кететін болады.

2) Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм терең

алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақтай бермейді. Бір
алған әсеріне мықты, бекем болады. Кѳздеген мақсатын
қадағаламай,
тиянақтамай,

жолда
шала
қалдырмайды,
табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені тез шешеді,

тез орындайды. Бірақ холерик адамның ашуы шапшаң һәм
қатты болады. Сол ашу себебімен кѳп уақытта ұнамсыз істер
істеп тастайды. Тіпті бір бет, қияңқы болады.

3) Флегматик темпераменті – әсерлерді әлсіз алу һәм ішкі

сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады. Флегматик
адам – ауыр мінезді адам, түрлі әсерге кѳрсе қызар болмайды.
Мәселені тез шешуге асықпайды, іс істегенде саспайды.
Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқын қанды болады.

Басын жарып, кѳзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез
бастап кете алмайды. Бірақ бір бастаса, салпақтап артынан
қалмайды.

4) Меланхолик темпераменті – адамның ішкі сезімдердің

билігінде болуы, ѳзінің ішкі сезімдеріне, жалпы айтқанда,
ѳзінің ішкі дүниесіне берілген. Меланхолик адам аулақты
жақсы кѳреді. Ешкімге сенбейді. Істе қалтылдақ, жасқаншақ
болады. Тұрмыста кедергі ұшыраса, оның жүні жығылып,

қайраты сѳніп, жасып қалады. Меланхолик адамның үміттен
уайымы, қуаныштан қайғысы кѳп болады. Аз ғана кедергі оны

138

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қалың уайымға, қайғыға түсіреді. Меланхолик адам ѳзіне
берілген. Ѳзім деген кісіге құл болғандай жақын болады. Бірақ
ана кісіден бұған жақпайтын қарсы мінез шығып қалса, оған
қас болып кетеді. Мұндай меланхолик адамның сіркесі су

кѳтермейді. Сондықтан мұндай адам бір бет, қыңыр-қисық
болады.
Темпераменттің бұл тѳрт түрі бір-біріне қатыспай, таза
күйінде ғана болады деуге болмайды. Кѳбінесе бұлар бір-

біріне
аралас
болады.
Мысалы,

бір

адамда
сангвиник
темпераменті мен холерик темпераменті аралас болады. Бір
адамда

флегматик
темпераменті

мен

меланхолик
темпераменті аралас болады. Һәм темперамент тұрмыстың
һәм тәрбиенің әсерімен ѳзгереді. Және темпераменттің түрлі
болуы біраз жас, ер, әйелдік һәм тұқымнан да болады.

Мысалы, кѳбінесе жас шақта адам сангвиник болады, ерлікте
холерик болады, кәрілікте флегматик болады. Кѳбінесе әйел
сангвиник болады. Ер холерик болады.
Қалайда әрбір адамда осы тѳрт темпераменттің біреуі

денірек болмай қоймайды. Денірек болатын темперамент
хатта нәресте шақтан біліне бастайды. Сондықтан тәрбиеші
баланың
нәресте

шағында-ақ
оның
тума
мінезін

һәм

темпераментінің түрін байқап, біліп қоюға тиіс, балаға оның
темпераментінің түріне қарай тәрбие беру үшін. Бірақ берік
білу керек: темпераменттің анасы жақсы, мынасы жаман,
анадай темпераментті ірі адам, мынадай темпераментті тѳмен

адам деуге болмайды. Адамды ірі қылатын темперамент емес,
ақыл мен құлық. Ақылы терең, құлқы сау адам қандай
темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға түсіп кете алады.
Темпераментті

тізгіндей
білу
үшін
адамның

жақсы
тәрбиеленуі керек.
Мінез тәрбиесі. Балада берік һәм дұрыс мінез пайда болу
үшін тәрбиеші мынау негізгі екі шартты орындау керек: 1)

Баланың ѳз қолынан келетін іске балаға толық ерік беру.
Басқаның күшіне, кѳмегіне сеніп кетпей, ѳз қолынан келмейтін

139

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

істе ғана тәрбиеші кѳмек кѳрсетіп жіберуге міндетті. Күштен
асатын іске кірісіп баланың тауы шағылмас үшін. 2) Баланы
құбылмайтын, ұсақтықпен қажытпайтын темір тәртіпке
(дисциплина) бағындыру керек. Баланы еркіне жіберу оны

ерлікке, батырлыққа үйретсе, темір тәртіпке бағындыру оны
шыдамдылыққа, табандылыққа үйретеді. Осы екі жағы тең
адамның мінезі күшті болмақ қой. Баланы тіпті еркіне
жібермеу оны жасқаншақ, жасық, қорқақ қылады. Ал тіпті

тізгінсіз қоя беру, ләм-мим демей, оның бар еркелігін орындай
беру баланы бейбастақ, ессіз тентек қылып шығарады.
Осы екі жақтың біреуіне аударып жібермей, баланы ортада
ұстай білу үшін тәрбиеші мынаны істеу керек:

1) Балаға бір нәрсені істе дегенде ақырмай-бақырмай,

салмақпен һәм

былай да

жарайды
деген
сықылды
табансыздық кѳрсетпеу керек. Тәрбиешінің табансыздығын

сезсе, бала оны сыйлаудан, тілін алудан қалады. Және
тәрбиеші ѳз ісінде тиянақты, табанды болуға керек. Бала адам
айтар емес, еліктемпаз болады. Тәрбиеші тиянақты болса, бала
оның тиянақтылығына еліктейді. Тәрбиеші тиянақсыз болса,

бала оның тиянақсыздығына еліктейді. 2) Балаға бір нәрсені істе дегеңде де, істеме дегенде де сол

бұйрықтың себебін ұққандай қылып балаға ұқтырып отыруға
керек. Себебін ұқса біраздан соң бала ѳз бетімен- ақ дұрыс іске
ұмтылып, теріс істен тыйылатын болады. Ерінбей, жалықпай
балаға әрбір істің себебін ұқтыра беру керек. Мәні-жайын

ұқтырмай, құр бұйрық беруші адам – тәрбиеші емес.
Данышпан Абай айтқандай, «ұстаздық қылған жалықпас
үйретуден балаға», тәрбиеші баланың қаһарлы қожасы
болмасын, жұмсақ жолдасы болсын.

140

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Б

Б АЛ АН ЫҢ ЖАЛ П Ы ЖАР АТЫЛ ЫС Ы

із кітабымыздың басынан бері жан кѳріністерін, яғни
ақыл, ішкі сезім һәм қайратты баяндадық. Ержеткен
адамға қарағанда баланың сол айтылған кѳріністері басқарақ
түрде

болатынын
білдік.
Мысалы,
баланың

әсерленуі,
суреттеуі, ойлау һәм сезуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа.
Баланың бұл жан кѳріністерінің әрқайсысының жеке- жеке
алғанда басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас

алғанда да басқалық бар.
Бірінші, баланың барлық жан істері бір-біріне берік
байланған
болады,

бірімен-бірі
берік
жүреді.
Мысалы,

баланың денесі мен жаны, ақылы мен сезімі, сезімі мен
қайраты – бәрі бірге іс қылады, бұлар бір-бірімен күресе
білмейді, бірін-бірі тізгіндей білмейді. Бала бір нәрсеге
ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі,

қайраты – бәрі бірге жұмсалады. Бала шақта алынған әсердің
ѳмір бойы естен шықпауының мәнісі сол: бала шақта алынған
әсер
ержеткенде

адамның
ақылының,
ой-пікірінің

һәм

мінезінің қандай дәрежеде һәм түрде болуына негіз салады.
Балалықта ылғи жағымды әсер алынса, адам ѳмір бойы шат

141

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

кѳңілді болмақ. Балалықта жағымсыз әсер алынса, қорлық,
жоқшылық кѳрілсе, адам ѳмір бойы қасіретке бейім болмақ.
Екінші, бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті қарап
отыра алмайды. Бірақ бала не істеуге һәм қалай істеуге

білмейді. Сондықтан ол ересек адамдардың не істегенін һәм
қалай істегенін ѳнеге қылады. Баланың еліктемпаз болуы
осыдан. Еліктеу, затында, тіпті теріс нәрсе емес. Еліктеу
адамның жаратылысында бар нәрсе. Еліктемейтін адам

болмайды. Себебі бар нәрсені ѳз ойымен таба алмайды, оған
ѳмір де жетпейді. Бәлки басқалардан қалған ұнамды нәрсені
ала қояды. Жалғыз-ақ жан ісі тіпті әлсіз балада еліктеу тым-ақ
күшті болады.

Жоғарыда
айтылғанша,
баланың
жаратылысы

ересек
адамның жаратылысынан басқа болғандықтан, тәрбиешінің
негізгі ұстайтын жолы:

1) Бала еліктемпаз болғандықтан, баланың ылғи сұлу һәм

құлықты әсерлер алуына ыждаһат қылу керек. Әсіресе
баланың ата-ана һәм тәрбиешісі – солардың ѳздерінің барлық
істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті. Баланың еліктейтіні –
солар. Және бала тіпті сенімпаз болады. Сондықтан баланы ѳз

күшіне ѳзін сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей
берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан
сақтану керек.

2) Бала ешбір уақытта іссіз тұра алмайтын болғандықтан,

балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сол уақытта бала
ѳмір бойы пайдалы іске әдеттеніп кетеді. Болмаса, балаға
пайдалы іс берілмесе, ол уақытта бала ѳз бетімен қайдағы
нашар, зиянды істерге әдеттеніп кетеді.

Ұзын сѳздің қысқасы, бала кәдуілгі адам болғанымен,
баланың жаратылысында кѳп басқалық бар. Мұхамбет
пайғамбар: «Сѳзді әрбір адамның ақылына қарай сѳйле»,–
депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ѳзінің шамасына,

жаратылысына қарай беру керек. Жас бала – жас бір шыбық,
жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде

142

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін
десең, сындырып аласың. «Баланы – бастан» деген сѳздің
мәнісі осы. Тәрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен
жіберу емес. Яки отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, кѳрбала

қылып ѳсіру де емес. Баланы тәрбие қылу – тұрмыс
майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару
деген сѳз. Қалса – ѳзін, асса – барлық адам баласын адал
жолмен ѳрге сүйрейтін ер шығару деген сѳз. Тұрмыста түйінді

мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін
қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола
білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі болатын
тѳрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы мұндай адам қылу

үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай,
шаршамай үйрете білу керек. Данышпан Абайдың тѳмендегі
сѳзімен біз кітабымызды тамамдаймыз:
Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға.

143

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

С О Ң Ы

144

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазына» ұлттық
ғылыми­практикалық орталығы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙