TELEGEI

Home

Банкирдің өлімі. Махаббаттың ажалы

Зияш Телеуова

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Банкирдің өлімі. Махаббаттың ажалы

Кітаптағы шытырман оқиғалы шығармалар бас кейіпкердің аузынан естіген əңгіме желісімен жазылды. Ұзақ жыл ауданда прокурор болып қызмет істеген заңгер қоғамдық құрылыс өзгеріп, еліміз тəуелсіздік алған соң, отставкаға шығып, қорғаушы болып жүрген де, бұрынғы шəкірті ішкі істер бөлімінің тергеу басқармасын басқаруға қолқа салады. Ол осы жаңа қызметінде қарамағындағы тергеу ісінен тəжірибесі аз жаста

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Телеуова З. Т 32 Банкирдің өлімі. Махаббаттың ажалы: Романдар. – Алматы: «Жазушы», 2013. – 296 бет. – «Жаңа заман əдебиеті. Проза» сериясы. ІSBN 978-601-200-444-1 Кітаптағы шытырман оқиғалы шығармалар бас кейіпкердің аузынан естіген əңгіме желісімен жазылды. Ұзақ жыл ауданда прокурор болып қызмет істеген заңгер қоғамдық құрылыс өз ге ріп, еліміз тəуелсіздік алған соң, отставкаға шығып, қорғаушы болып жүрген де, бұрынғы шəкірті ішкі істер бөлімінің тергеу бас қар ма сын басқаруға қолқа салады. Ол осы жаңа қызметінде қа ра ма ғын да ғы тергеу ісінен тəжірибесі аз жастарды қылмысты əш ке ре леу де гі алуан əрекеттердің қыр-сырына үңілдіріп, тəлімгерлік көр се те ді. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 © Телеуова З., 2013 ІSBN 978-601-200-444-1 © «Жазушы» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Т 32

Банкирдің өлімі

БАНКИРДІҢ ӨЛІМІ

Маң даланы артқа тастап зуылдап келе жатқан жүрдек по йыздың доңғалақтары дүңк-дүңк, дүрс-дүрс, осы ырғақ жүр гін ші лердің өткен-кеткен өмір белестерін еріксіз есіне түсіргендей, əр кім өз ойымен əуре. Тербеліс ырғағымен ысырылып түскен кі та бым ды көтеріп алып, түнделетіп қасымызға орналасып, төсегінен тұ рып жатқан ақ шашты, кескін-келбеті келіскен, дене бітімі қо мақ ты сапарласыма ден қоя қарадым. Осы аралықта кітаптың сыртына үңілген ол: – Шыңғыс Абдуллаев па, детектив оқиды екенсіз ғой? – деп таң да на жымиды. – Оқимын. Осы тақырыпқа қалам тартсам деген жоспарым бар, – деп түсі игіден түңілме дегендей, мен де жаңа танысты жатыр қа ма дым. – Сонда жазушымысыз? – Журналистпін. – Енді екеуі бауырлас қой. Жуынып-шайынып келген купедегі серіктесім, терезеге қарап: – Пойызға отырсам, оның қозғалыс əуенімен, зымырап өтіп бара жатқан уақыттың арасында бір байланыс барын сезінгендей күй ге түсемін. Сіз журналистпін дегенде, менің жүрегім бір дір етті. Менің сүйіп қосылған жарым да журналист болатын. Серігімнің əңгіме-дүкенге ықыласын сезе қойдым. – Онда жол қысқарсын əңгіме айтыңыз, – деп қолқа салдым. – «Жолдасың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген. Енді жаз ғыш тар мен кездессең сөйтеді. Менде бір емес, бірнеше детектив жазатын бастан кешкен оқиғалардың желісі бар. Се бе бі бү кіл саналы ғұмырымды қылмыс ашуға жұмсадым, бірақ алдымен шəй ішіп алайық. Шай ішіп көңілді жайлаған соң, əңгіме ай ту ға болады. Ол қолына аққұман ұстап, қайнаған су əкелуге кетті.

БІРІНШІ ТАРАУ

Аспанды торлаған бұлттар ыққа қарай жөңкіле көшуде. Ауық-
ауық себелеп жауған жаңбыр тамшылары машинаның əйнегіне
со ғып, төмен сорғалайды. Соңғы он жылдықта салынған мөлтек

Зияш Телеуова ау дан ның шетіне кірген тергеу бастығы бір жүрген ізімен бірнеше рет жүріп, банкир соңғы рет баратын саунаны таба алмай əуреге тү су де. «Жолдас із кесуші, болдырайын дегенсің бе?» деп, іштей күйгелектеніп келе жатқанда, кенет оң жағындағы ескі үйдің маңдай ша сын да ғы жазуға көзі түсті. Осы арадан талай рет өткенде оны байқамағанына таңданды. Бір пысық көне үйдің сыртын əрлеп, саунаға айналдыра салыпты. Райстың нарық заманымен келіспейтін бір нəрсесі – ол ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп үйренгендерге «қалай ба йы саң, олай байы, əйтеуір байы» деп ұзын арқан, кең тұсау салып жі берген тəрізді. Мүмкін, бұл баяғы кеңес үкіметі құрылардағы жаңа экономикалық саясатпен бара-бар уақытша кеңшілік шығар. Солай бола тұрса да, ұзақ жыл органда қызмет істеген заңгерге бү гінгі бет алыстың құйтырқы жақтары көп боп көрінеді. Дүниенің бар қызығын байлыққа балағандар өлген-тірілгеніне қарамай, бі рі ненбірі асып түсу марафонына қатысып кеткендей. Кешегі өлара шақты басынан өткерген Райс уақыт өткен са йын өзін суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын шыңдалған шар болаттай сезінеді. Өткен ғасырдың соңын ала кеңес үкі ме ті нің басына келген Горбачев бұдан былай ескі жолмен жүре ал май тынды ғын майын тамыза баяндап, басқарудың бір ізділігінен əб ден жа лық қан көпшілікті бірден аузына қаратқан. Қызыл сөзге шебер, қызу қанды генсектің алғашқы екпініне елітіп, демократия мен жариялылық тəрізді құлаққа жағымды сөздер жие айтыла бас та ған соң, жұртшылық сол жаңғырған, жаңарған кезеңге жетуге асықты. Бірақ қалай? Тіпті сөзді түйдектетіп, көпшілікті аузына қа рат қан көсемсөз иесінің өзі қиялындағы қайта құруға қалай барудың анық жолын білмеді. Сол себептен де қолындағы билік бишігінен тез айырылып, сөзден гөрі қара күшке бейім жуан жұдырық Ельцинге тізгінді бере салды. Сырт қарағанда ешбір күш бұза алмайтындай, бірақ көп тен ха лық тан қол үзіп, ат төбеліндей адамдардың ғана ырзығына айнал ған коммунистік партия жеңіліс тапқанда, осыған дейін отарлау құрсауына түскен одақ құрамындағы республикалар сəтті кезең ді пайдаланып, бірінен соң бірі сан ғасырлар аңсаған арманы азаттыққа қол жеткізді. Заңгерлер үшін ол мезгілдің қиындығы бір төбе еді. Ескі заң қолдануға келмей, жаңасы күшіне еніп үлгермеген тұстағы уақыт сынынан мүдірмей өткен аудан прокурорларының арасында Райс та жүрді.

Банкирдің өлімі Тергеу бастығы сауна жанына келіп тоқтағанда ғана, өзін ма зала ған ойлардан бірден сергіп, сырттағы дабыл түймесін бас қан да, іштен шашы ұйпа-тұйпа, ұйқылы ояу жас жігіт басын қылтитты. – Бұл саунаның қожайыны кім? – Мен. – Сен немене өзің күзетші, өзің қожайынсың ба? – Иə, күндіз адам көп болмайды. Сосын өзім отырам да, кешке күзетші жалдаймын. – Мен тергеу басқармасының бастығымын. – Бұрын тергеуші келген. Енді бастығының өзі келсе, ба сы мызға бақ қонайын деген екен, – деп, алға түсті. – Бақ па, сор ма, оны көре жатармыз... – Сіз де банкирдің өлімі жайлы келген шығарсыз.Саунаға мың сан адам келеді. Ол да солардың бірі. – Əрине. Дегенмен, банкирдің ас қазанынан у табылды. Ол сауна дан шыққан соң, саяжайына барып, қайтыс болады. Уды осы сау на ның ішінде қызмет істейтіндер немесе оған келгендердің бірі сал ға ны факті. – Мен көрген-білгенімнің бəрін тергеушілерге айтқанмын. – Осы саунаға банкир тұрақты келетін бе еді? – Иə, тұрақты келетін. – Ашыналарымен де осында кездесе ме? – Қалталы мырзалар қатын айналдырмай не істейді? – Сіздің саунаңызда кездесетін көңілдестерін білесіз бе? – Стюардесса. Арасында бір сары шашты менеджер қызбен де ке ліп-кететін. Бəрін бірдей есте ұстау мүмкін емес қой. Бізге ақ шасын төлесе болды. – Бөлек кабинасы бар ма? – Иə. – Ал оған қызмет көрсетуші кім? – Түнгі күзетші арақ-шараптарын апарып береді. – Сол күнгі күзетші кім болды? Өзіңіз болдыңыз ба? – Ол түні кезекші болған жігіт жұмыстан шығып кетті. – Неге? – Оны айтқан жоқ. Айлығы жақсы жұмыс тауып алдым деген. – Қайдан? – Банкіден деді ғой деймін. – Аты-жөнін айтсаңыз? – Пірімбетов Сайын. – Ол жігіттің мінез-құлқы, тəртібі жайлы не білесіз?

Зияш Телеуова – Ну, жас жігіт қой, арасында ішіп қояды. Жеңілтектеу... – Қай банкіге жұмысқа тұрды? – Қазір, ана жақта əйелім жүр, содан сұрап білейін. Ол сылбыр көтеріліп, ішкі есікке еніп кетті. Көп ұзамай қайта шықты да: – Қайтыс болатын банкирдің мекемесіне дейді, – деді. «Бұл жіптің ұшы болар ма? Ол бірнəрсе айтып қоймай, көз алдымда жүрсін деп, қылмыс жасаушыны əдейі жанына ша қыр ды ма екен?» – Сауна нешеге дейін жұмыс істейді? – Таң атқанша. – Ал ана қайтыс болатын банкир сол күні сағат нешеде шық ты? Қасында кімдер болды? – Оны мен білмеймін. Сол күні кезекші болған Сайын. Айтпақ шы Ұлтуған бар ғой, еден жуатын əйел, білсе сол білер. Қазір ша қы ра йын. Қолына таяқшасын сүретіп кірген орта жастағы əйел қарсы орын дық қа отырды. – Сіз сол күні жұмыста болған екенсіз, не байқадыңыз? – Банкир сол күні көңілсіз келді. Ұялы телефонмен бі реу лер ге қатты ұрысты. Стюардессамен де əңгімелері жараспады ма, анау көп отырған жоқ. – Оларға біреу шарап немесе арақ апарды ма? – Əрине, стюардесса сыра ішеді. Бір бокал сыраны қызмет көрсе ту ші, кірген бойына апарады. Бұл жолы да солай болды. Бірақ сол күні стюардесса ешнəрсе ауыз тимеген болу керек, тез шықты. Сірə, сырасын ішпеген де болар. – Ішпесе, сол сыраны банкирдің өзі ішіп қоюы мүмкін бе? – Мүмкін, əшейінде келіншек жартылай ішіп, мырзаға ұсы нып отырғанын талай көргем. – Сосын не болды? – Сосын мен басқа кабиналарды тазартуға кеттім. Бір ай на лып келіп, олар отырған кабинаның есігін ашып қарасам, банкир ағаш тақтаның үстінде шалқасынан түсіп жатыр екен. – Ұйықтап жатты ма, əлде мас болды ма? – О жағын анық біле алмадым. Жақын барып қараған жоқ пын. Ішіп алған еркектерде жөн болмайды. Жанына баруға жү рек сіндім. Ішімнен ұйқың қанған соң, тұрарсың дедім де, есігін жаптым. Арада бір-ер сағаттай уақыт өткенде, екі жігіт пен бір қыз қол тығы нан сүйемелдеп, сыртқа сүйреп бара жатқанын көріп қалдым. – Оларды танисыз ба?

Банкирдің өлімі – Жігіттерді бірінші рет көруім. Ал қыз банкирдің қыз мет тесі – менеджер. – Сөздерін естідіңіз бе? – Иə. – Уланып қалған болу керек. Ішін тазартайық. Аузына су құйың дар! – деп дабырласып бара жатты. – Жүрегі соғып тұр ма? – Есін біле ме? – дегендерін анық естідім. Бір байқағаным аяғы сүйретіліп бара жатты. – Онда ол өліп қалған болды ғой. – О жағын білмедім. – Рақмет. Сіз маған көп көмектестіңіз. – Менің көрген-білгенім осы. Райс орнынан тұрды. «Сонда түйіннің шешуі қайда? Шынымен бұл қылмыста əйелдердің өзара қызғанышының ізі бар ма? Не болса да, сол күнгі күзетшіден, менеджерден, стюардессадан жауап алу керек». * * * Тергеу бастығы аулада машинасын қойып жүрген ағаш тү бі нің бос екенін көріп, көлігін сол араға қойды. Өкшелеп келе жат қан шетелдік машина рөліндегі көршісі ыржиып, басын шайқады. – Бұрын барсаң, орын бар деген осы, кешігіп келген өзің нен гөр, – деп мырс еткен бұл онымен қол алысып, амандасты да, подъезге бірге кірді. Көршісі – бизнесмен. Бір кезде «фирмама заңгер бо лы ңыз, жақсы жалақы төлеймін» деп қыр соңынан қалмаған. Онда отс тав ка ға енді шыққан Райс «Менің сауда-саттықтан түк хабарым жоқ» деп ат-тонын ала қашқан. Содан соң қолайлы жұмыс таба алмай біраз жүріп қалған соң, не болса да үйреншікті диірменімді айналдырайын деп қорғаушы болып орналасты. Арада бір жыл өткенде бұрынғы шəкірті ішкі істер де пар та менті нің бастығы болды да, мұның қыр соңынан қалмай, ақыры тергеу басқармасының бастығы қызметіне тағайындаған. Райс үйіне кірмей жатып, күтушісі Анна Иванованың сынына ілікті. Ертеңгілік қолына түскен көнелеу көйлегін киіп жүре берген үй иесіне, ол дүрсе қоя берді. – Райс Сапарович, үстіңіздегіні қайдан тауып алдыңыз? Ол деген сəн нен əлдеқашан қалған? Сіз қызметтегі адамсыз. Осылай тал ғам сыз киіне салуға бола ма екен? Мен сізге көйлек дайындап қой ған мын, көрмегенсіз ғой, – деп ренжіді.

Зияш Телеуова – Мария Ивановна, сізге мың да бір рақмет. Менің көйлегіме кім қарап тұр дейсіз? – деп қалжыңдады үй иесі. – Қателесесіз. Елу алты ер адамның дер шағы. Əлі үйленіп, балалы-шағалы боласыз. Айналаңызға қараңыз, сізге қырындап жүр ген қыз-келіншектер қаншама десеңші? Əлі тойыңызды өзім өт кі зіп, аяғым сарсылғанша билейтін боламын. – Ой-хой, деңіз. Онанда немерелерді үйлендіретін күнді айтыңыз. – Тіпті де олай емес. Олардың əке-шешесі бар. Ол солардың жұ мы сы. Ал сіз қартайғанда жалғыз қалмай, серік іздеуіңіз керек. – Сіз бар емессіз бе? – Мен келесі жылы алпысқа толамын. Сізге бірер жылдан артық қызмет көрсете алмаймын. Бұл өкінішті, дегенмен шын дық. Қа зір дің өзінде бір күн ауру, бір күн саумын. Бүгін қара саннан алды, əрең деп қозғалып жүрмін. – Мария, мұндай əңгімені қайдан шығардыңыз. Əлде нашар ұйық та ды ңыз ба? – Ол да рас. Күн бұлт. Сүйек-сүйегімнің бəрі сыздап, тө се гімнен əрең тұрдым. – Бірден солай демейсіз бе? Одан да базардағы əйелдер бан кирдің өлімі туралы не есітіп, не қойды екен, соны айтыңызшы? – Əйелдерді бүгін көрдім... Олардың айтуынша, жұрттың арасында, бақталастықпен акционерлердің бірі өлтірген деген ла қап тараған. Беті-қолын жуып, сүртініп тұрған Райс таңдана қасын керді. – Бар жаңалық сізде екен ғой. – Иə, иə, есіме енді түсті. Ол аз болса, бір орынбасары сауда үйін салып жатқан көрінеді.Ол ақшаны қайдан алады. Бан кі ден алмаса деген. – Міне, жаңалықтың көкесі. Оны базардың əйелдері қай дан біледі? – Райс Сапарович, олар барлық сауда үйлерінің қо жа йын да рын мені мен сізден жақсы біледі. Сондай-ақ қай жерде не салынып жатқанын, оның қожайындарының кім екенін, тіпті олар дың қай уақытта, не үшін текетіресіп қалғандарына дейін айтып бере алады. Олардан анкета толтыртып алсаңыздар, бү кіл ком мер сант тардың не ішіп, не қоятынын, қайда барып, қайда дем алатынын қол ға ұстатқандай етіп айтып береді. – Кəдімгі цыган поштасы тəрізді десеңізші... Тергеу бастығы алдына ақ жайма төсеп, тамақ үстелінің жанына отырды.

Банкирдің өлімі – Сіздің осы хабарыңыздан соң, тамақ ішпеуіме де болатын еді. Бірақ мынадай тəтті астан қалай құр қалам. Сіз маған аса құнды деректер айтып бердіңіз. – Олай болса, мен кете берейін, Алена жалғыз. – Жарайды, жарайды. Ыдыс-аяқты өзім де жинастырам. Кешке қарай тіпті əуреленбеңіз. Жатар алдында менің тамақты көп ішпей ті нім ді білесіз ғой. Алаңдамай дем ала беріңіз. Алжапқышын шешіп, есікке беттеген күтуші кемпір: – Мен дайындап қойған көйлекті киіңіз! – деп қабағын тү йіп, саусағын шошайтты. – Жақсы, сіздің айтқаныңыз болсын, – үй иесі, есікті жа уып қалуға орнынан тұрды. Қызметшісі кеткен соң, бар ойы банкирдің өлімінің айналасына қайта ойысты. Сағат үште оның орынбасарынан жауап алу ға барады. «Жел болмаса шөп басы қимылдамайды» дегендей ел аузын да ғы сөздің жаны бар болар. Демек, банкінің қаржылық қо рын тексерту қажет. Оның акционерлерінің осы жердегі, шет ел дер де гі есеп шотындағы капиталын білу артық болмас. Банкир кімге болса да, біреуге қолбайлау болған. Немесе қомақты ақшаны жұм сап қойып, оны қайтара алмайтынын білген соң, сол қылмысын жабулы қазан жабулы күйінде қалдыруды ойлаған акционердің бірі арам ойын жүзеге асырған. Сонда ол кім? ЕКІНШІ ТАРАУ Райс криминалистерді тыңдап болған соң, оңаша қалып, тергеу амалдарын таразыға салды. Содан соң қарамағындағы тергеу ші лерін жинап, лездеме өткізді де, жиналғандарға, сауалдарың бар ма дегендей жіті көз тікті. – Райс Сапарович, банктің қаржылық операцияларын қалай тек се ре міз? Прокуратура оны тексеруге рұқсат бере ме? – деп жаңа дан ғана бөлім бастығы болған жас жігіт əлде біреулерге көңілі тол ма ған дай мұрнының астынан міңгірледі. – Ол үшін тексерудің қажеттігін дəлелдеңіз. Қаржы полициясын тартыңыз. Олар финанс жағына талдау жасап, ірі қаржы махи на ция сы орын алған жоқ па екен, соны біліп берсін. Егер ак ционер дің бірі ақшаны ысырапқа ұшыратып, немесе басқалай операциялар жүзеге асырған жағдайда, өзінің бəсекелесін жолынан тайдыру амалын қолдану нарық заңының регрессивтік тəсілі. Ондай да олар, кедергі келтірушіні қалайда құртуға жанталасып əрекет

Зияш Телеуова етеді. Адам жалдауы да мүмкін. Мысалға, банкирдің орынбасарлары қандай адамдар? Олардың қаржылық капиталы, ком мер ция лық табыс көздері, т.б. Осындай мəліметтердің бəрі біз дің ала қа ны мызда жатуы тиіс. Тың деректер табылса, жедел ха бар ла сың дар. Мен барлық уақытта байланыста боламын. Тергеу бастығы осымен бітті дегендей қадап айтса да, терезе жақта отырған тергеуші: – Ол акционерлік қоғам. Қаржылық операцияларын қалай тексерміз? – деп орнынан қозғалақтады. – Акционерлік қоғам болсын, жеке меншік иесі болсын – барлы ғы на заң біреу. Олар түріне, меншігіне қарамастан республика аумағында күші бар заңдарға бағынады, соның шеңберінде жұ мыс іс тей ді. Сондықтан қылмысты ашу барысындағы іс-əре кет тер дің қан да йы на болсын батыл кірісуге құқылысыздар... – Рұқсат па? – машықтанушы қыз мектептегі əдетімен қолын кө тер ді. Отырғандар ду күлді. – Сұраңыз. – Акционерлерге тексерудің мəнін қалай түсіндіреміз? Стажердің аузынан шыққан сауалдың орындылығына риза болған бұрынғы прокурор. – Ешқандай түсіндірудің қажеті жоқ. Ондағы ақшаға тірелетін операциялардың заңдылығына көз жеткіземіз дейсіздер. Ак ционер лер дің өзара үлесін, түскен табысты қалай бөлісетінін, үкі метке төленетін салықтардың уақытылы түсіп тұратындығына көз жеткізесіздер. Заңсыз қаржы шығыны жоқ па, егер ешбір бұзу шылық болмаса, акционердің əріптестерінің қылмысқа қатысы болма ға ны. – Түсінікті. – Онда боссыздар. Тергеу бастығы кабинетіндегілер шыққан соң, банкирдің орынба са ры ның қызмет нөмірін терді: – Тыңдап тұрмын. – Бұл тергеу басқармасының бастығы полковник Райс Сапаров. Сізбен кездесуім керек еді. – Не жайлы? – Банкирдің өлімі жайлы? – Оған менің қандай қатысым бар? – Мен сіздің қатысыңыз бар деп айтқан жоқпын. Кейбір мə се лелер бойынша сауалдарға жауап беруіңіз керек. – Сонда бұл жауап алу ма?

Банкирдің өлімі – Солай деуге де болады. Кездесетін уақытты белгілейік. – Сағат үш. – Жақсы. Полковник алдындағы қағазға қарап, екінші дəрежелі банкіден бір жыл ішінде жұмыстан шығарылғандардың тізіміне үңіл ді. Оның ішінде бұрын сотталған үш күзетшінің аты-жөні тір кел ген. Олардың не үшін, қанша отырғандары туралы да мəліметтер жинақ тал ған. «Жарайсыңдар, жігіттер, біраз тер төккен екенсіңдер». Демек, осылардың əрқайсысының сенбі күні түнде қайда болғанын анық тау керек. Оған қоса осы арада Бертильонаж теориясын қолда нып, бұрын қылмыс жасағандардың түрі-түсін, кескін-келбе тін, бой өлшемін, саусақтарының ізін электрондық жүйемен бір ор талық тан ған қорымен салыстыратын мүмкіндік болса, қыл мыс ты ашу процессі əлдеқайда жеңілдер еді. Мəселен, ол барлық адамдарды бас сүйегінің ұзындығына қарай үш топқа бөледі. Əрбір топ бас сүйек еніне қарай үш топ тама ға бөлінсе, ондағылар сол қолдың сұқ саусағының көлеміне қарай үш секцияға тарайды. Осылай жіктеліп кете береді. Бұл деген қыл мыс ашудың біртұтас ғылыми тұжырымдамасы. Қытайда жұмыс қа жалданатындармен келісімшартқа тұрғанда, олардың ортан қо лын тушқа батырып, мөр ретінде қолданады. Бұл əр адамның сұқ саусағының тек қана өзіндік ерекшелігін дəлелдейді. Қылмыс жа са ған адамның саусақ іздерін тап басып аша білгеннің өзі қанша ма жетістік! Ұялы телефон ызылдады. – Райс Сапарович, банкирдің машинасы табылды. Ертең алып келу керек, – деді орынбасары. «Қаржыгердің машинасы табылды. Бұрын сотталғандардың, банк қызметкерлерінің баршасының қол таңбаларымен машина ішін де гі таңбаларды салыстыратындай мүмкіндік болғанда ғой, шір кін! Əттең, қиял қиянда, қол қысқа». Əйтсе де жедел хабардан соң тергеу бастығының көңілі көтерілді. Өлі нүктеден жылжу байқал ған дай. – Онда машинаның ішіне мұқияттап экспертиза жасатыңдар. Сосын бұрын сотты болған күзетшілерді іздеттіріңдер. Олар дың сау сақ та ры ның ізімен машина ішіндегі таңбаларды са лыс ты рыңдар. Бұл жақсы хабар. Демек, біздің ісіміз оңға басайын деді. Мен бү гін банкирдің орынбасарына шығамын. Ал, қаржы полициясы тексеруді қашан бастайды. – Ертең деп уəде берді.

Зияш Телеуова – Тездету қажет. Тағы сөйлесіңіз. – Жарайды. Райс банкирдің машинасының табылуы көп күдіктің бетін ашады деп ойлады. «Егер олар əккі қылмыскер болса, көлікті құр тып жіберуі керек еді. Демек, бұлар қылмыстың мұндай түрімен бұ рын айналыспағандар. Машинаны неге жары жолда қалдырды? Əлде шекарадан алып өте алмады ма? Əлде басқалай төтенше жағ дай туындады ма?» Райстың неше түрлі қылмысты түп-тамырынан бастап қо па руда жиған тəжірибесі мол еді. Бірақ бұл қылмыс – оның өмір соқ пағы нан өзгешелеу ортада, адамдардың мінез-құлқы, мақсат-мүд де сі түбегейлі өзгерген ортада жасалған ерекше қылмыс болатын. Сол себептен де бұл шытырман оқиғаға толы шиеленіскен түйінді шешу дің ұзаққа созылатынын ол алдын ала болжай алмаған еді. * * * Тергеу басқармасының бастығы Ішкі істер департаментінен шыға беріп, қалың қабақты қара сұр адаммен бетпе-бет келіп қалды. Анау қадала қарады да, ерінін жыбыр еткізді. Райс оны бір ден таныды. Бұрынғы обком хатшысы. Ол екеуінің арасындағы қызмет бабындағы келіспеушілік, прокурордың лауазымдылардың алдында лəппай тақсыр деп жығыла салмайтын бір беткей мі не зі нің кесірінен туындаған. Оқиға да күні бүгінгідей есінде... Аудан прокуроры жұмысқа ертелетіп келгенде, көмекшісі: – Сізге облыстан телефон соқты, қосайын ба? – деді. – Қосыңыз. Əр жағынан хатшының өктем үні естілді: – Райс Сапарович, егер қалаға келсеңіз, маған соға кетіңіз, сізбен жеке əңгіме бар. – Жақсы, – прокурор телефон тұтқасын самарқау орнына қоя салды. Ол əңгіменің не туралы болатынын білді. «Айырлысар ер ер дің артық қасын сұрайды» дегендей. Бұлар заңға сайыспайды дегенді де түсінбейді. Жақында райком хатшысының баласы бір компанияда отырып төбелес шығарады. Қасындағылар ол құтырынып қой ма ған соң, қол-аяғын байлап тастап, өздері əбден көңіл көтеріп, үйді-үйлеріне тарайды. Ішінде біреуі ананың аяқ-қолын шешіп, оян ған ша жанында қалады. Таң алдында ұйқысынан тұрған тентек қа сын да қанен-қаперсіз ұйықтап жатқан жігітке бас салып, бірнеше жерден пышақ салып өлтіреді.

Банкирдің өлімі Бірінші хатшының жалғыз ұлының адам өлтіруі аудан жұртшы лы ғын дүр еткізді. Санкция берерден бұрын прокурор оны каби не ті не алдырып, оңашада жауап алды. Қылмыс жасадым деп қым сын бай тұрған өркөкірек жігіттің бас-аяғын шолып шыққан прокурор: – Күнде бірге жүрген жолдасыңды қалай өлтірдің? – деп сұ рады. – Олар мені сабап, қол-аяғымды байлап тастады. Оянсам қалған да ры қашып кетіпті, анау жанымда ұйықтап жатты. Түндегі көр сет кен қорлықтары есіме түсіп, бар өшімді содан алдым. – Сен оны ұйықтап жатқанда өлтірдің бе? – Əрине, бəрібір өлтіретін болған соң, ұйықтап жатқанда өл тірген дұрыс емес пе? – Жасаған қылмысыңа өкінбейсің бе? – Өкінбеймін. Шын дос болса, қол-аяғымды байлатпас еді. Сол күні хатшының өзі де келді. Прокурор оған бұлтартпас айға ғы жеткілікті ауыр қылмыс жасалғандықтан, істің сотқа жолданатынын, заңның орындалуын қадағалаушы орган ретінде тергеу барысына ешбір қыспалаушылық жасай алмайтынын тү сін дір мекші болды. Баласын кепілдікпен қамаудан босатып алуға келген аудан біріншісінің жүзі өрт сөндіргендей түнеріп, біраз сазарып қалды да, сəлден соң: – Сіздің көмегіңізсіз-ақ шешерміз, – деп артына зіл тастап, шығып кеткен. Облыстан соғылған қоңыраудың осы оқиға төңірегінде екенін прокурор іштей сезді. Олар аудан орталығынан шыққанда, аспан тегіс бұлттанып, тас жолға өткінші төгіп өтті де, іле жел күшейіп, дауыл көтерілді. Сіркіреп бастаған жаңбыр үдеді. – Бірден ақ үйге. Бастығының онда барса, көңіл күйі бұзылатынын білетін жүргі зу ші басын изеді. Салқын да жайлы кең бөлменің қақ төрінде отырған бірінші хатшы Райс есіктен кіргенде, қағаздан басын көтерместен: – Келіңіз, отырыңыз! – деді самарқау үнмен. Сəлден соң: – Неге шақыртқанымды біліп отырған боларсыз. Бізде қа білет ті, халықпен жұмыс істей білетін кадр табу оңай емес. Ондай адам ның баласы сотталатын болса, өзі де қызметтен кетеді. Солай емес пе? Прокурор таңдана қасын керді. «Сонда баласы адам өлтірген басшы қалай ел басқармақшы?» деген сауал жанарында тұрды ма,

Зияш Телеуова анау алдындағы қағаздарын аударыстырып, бір нəрсе іздегендей сы ңай танытты. – Жүніс Жалғасович, мен заңға бағынамын. Қылмыс жасаған адам ның заң жүзінде жазалануын ғана талап етемін. Қылмыс жаса ған əкесі емес, баласы. Баласының қылмысы бұлтартпас ай ғақтар мен дəлелденген соң тұтқынға алуға санкция берілді. Ал əке сінің қызметте қалу-қалмауы ол сіздің құзырыңызда. – Ал егер, сіз менің орнымда болсаңыз не істер едіңіз? – Мен сіздің орныңызда емеспін, өз орнымдамын, өзіме тие сі лі істі ғана атқаруға құқылымын. – Біз бір мақсаттағы мемлекеттік мүддені көздейтін адамдар емеспіз бе? – Мемлекеттік мүдде заңдылықтың бұзылмауынан, қо ғам да ғы адамдардың тəртіпті бұзбауынан, адам өмірінің қауіпсіздігін қамта ма сыз етуден тысқары нəрсе емес. Бұл тұрғыда бəріміз де мемлекетке қызмет көрсетушіміз. – Ал баланың əкесі де біз бен сіз сияқты мемлекет мүддесіне қыз мет етіп келе жатқан адам емес пе? Оның мүддесін кім қорғай ды? – Мен сізге айттым ғой, ол кісі сіздің номенклатураңыздағы қыз мет ке рі ңіз, ол жағын өзіңіз шешесіз. – Міне, сол себепті де, сізді шақырып, көмек сұрап отырмын. – Адам өмірі қиылған ауыр қылмыс жасалды. Бұл жерде қылмыс жасаушының кімнің баласы екені есепке алынбайды. Оның жа са ған қылмысы заңмен қаралып, соған қарай жазасын алады. – Мұның бəрін сіз айтпай-ақ біліп отырмын. Маған осы ты ғырық тан шығатын жолды айтыңызшы? – Əкесі баласына жауап бермейді деген сөз заңда жа зыл ма ғандық тан, мен ондай жолды айта алмаймын. Ол кісі баласының тəрбие сі не қалай да жауап беруі тиіс. Хатшы орнынан маңғаздана тұрып, жаңбыр тамшылары бірінбірі қуалай домалап бара жатқан терезе əйнегіне тесіле қарады. Кеу де сін керіп бара жатқан ашуды қалайда шығарып алмай, алдын да ғы заң əрпін кемірген прокурордың көңілінде өзін заңды бұр ма лау ға жол беруші деген күдік тудырмау үшін де, өзін-өзі ұстап, сыр алдырмау керектігін сезді. – Сіз аудан прокуроры болып көп отырдыңыз ба? – Мен аудан прокурорынан бұрын да, осы салада тергеуші, про ку рор дың орынбасар болып көп жыл қызмет жасағандықтан, өз кə сі бім ді жетік білемін. Сондықтан мұндай іске ешбір бедел салу дың ретсіздігіне сізді сендіре аламын.

Банкирдің өлімі – Ту, өзіңіз, тіпті, сөзге тоқтамайды екенсіз? Жалпы айтқаным ғой, генерал болам деп армандамайтын солдат солдат емес, солай емес пе? – Мен барлық шен мен шекпенді, адам құқының бұзылмауына қорғаушы болу арқылы адал алсам, содан биік шен мен шекпен жоқ деп білемін. Обком хатшысы алдына келгенде, құрдай жорғалайтын про курор лар дың талайын көрген əккілердің бірі. Бірақ, жа рам сақ та нуды, жасқануды білмейтін, алған бетінен қайтпайтын прокурорды бірінші рет көруі. Оның басына «мынадай мықтысынған мы ғымдар ды Ауған соғысына айдап жіберіп, жынын қағып алу керек қой» деген жымысқы ой келе қалды. Сол бойы өзінің тап қы ры лығы на риза болғандай, күлімсіреді де: – Жақсы онда, сіздің көмегіңізсіз-ақ, бірнəрсе етерміз, бара бері ңіз! – ол үстел астындағы түймені басып қалды. Аудан прокуроры ақ үйден шыққанда, манағы жаңбыр ашылып, бұлт ыдырап, айналада мамыражай тыныштық орнапты. Қаз-қа тар машинаның арасынан ақ волгасын тез тапқан ол жүргізушісіне: – Кеттік, – деді. Жолдың екі жағы көк мақпал көмкерген дала. Кеңдік пен керімсал сұлулықтың белгісіндей тамылжыған табиғат көрінісі Райстың көңіліне кіреуке шалдырған жаңағы бір сəттен тез арылтты. Бірақ ол сол күннен бастап қызметтен жоғарылауына жасанды тосқауыл жасалып, бас-аяғы бір ай ішінде ешбір себепсіз жұмбақ жағдайда басқа облыстың шет аудандарының біріне қызметке ауыс тырылатынынан хабарсыз күйде еді. Алдынан құс өтпесе, адам кесіп өтіп көрмеген обкомның бірінші хатшысы «қыңыр, қырсық прокурордан» құтылудың амалын ол кеткен бойы іздестіріп, жан-жаққа телефон шала бастады. Дегенмен оның Ауған соғысына жіберу туралы арам ойы жүзеге аспады. Арада біраз уақыт өткенде, прокурорды жоғары жақтағы бас ты ғы шақырды да: – Сізді басқа облысқа жібергелі отырмыз. Уақытша, тə жі ри бе алмасу үшін. Бұған қалай қарайсыз? – деп күмілжіді. – Əйелімнің жүрегі ауырады. Оңтүстік жаққа от басымды кө шіре алмаймын. Əзірге өзім барамын, – деді. – Ол жағын өзіңіз шешесіз. Прокурор ол бұл бұйрықтың астарында өзіне əдейілеп ұйымдас ты рыл ған зымияндықтың жатқанын сезсе де, үй ішіне тіс жармады.

Зияш Телеуова Райс жаңағы жүз танысқа қатысты өмірінің бұралаң жолдарын есіне алып, банкирдің орынбасарымен кездесуге асықты. ҮШІНШІ ТАРАУ Жүрсіннің жүрегіне ас батпады. Аспазшы көкөніспен безендірген борщтан бір-екі рет ұрттап, ысыра салды да, қою шай құй ған жұқа кесені қолына алып, оны да ішуге зауқы соқпай, мазасыз көңіл күймен орнынан тұрды. Күйеуінің бар қимылын бағып отырған жас келіншек: – Неменеге ас алмай отырсыз? – деп əшейіндегі əдетімен ті лін шайнап, еркелей үн қатты. Тоқал еркектің бауырынан жаралған деген сөзді əлдебір жерден естіген мырза алғашқы əйелін тастап, қызметтік қызықпен сү йіп алған сұлуына жақтырмай қарады. – Банкіде не болып жатқанын бес саусақтай біліп отырып, қамсыз қылымсуың-ай, саған мен өліп қалсам да бəрі бір шығар, – үй иесі аяқ астынан тарс жарылды да, орындығын қаттырақ ысырып, екін ші қабатқа көтерілді. Қосылғалы мұндай дүңк етпе мінез танытпаған ерінің қы лы ғына таң қалған Сайраш не орнында отырарын, не күйеуінің со ңы нан ерерін білмей біраз дағдарды. Бетіне жел боп тимейтін күйеуінің аяқ астынан ши шығаруы те гін нен тегін емес екенін білген əйелдің жүрегі бір сұмдықты сезгендей суынды. Үй күтушісі: – Апай, түскі асты дұрыс алмадыңыздар ғой, жинап тастайын ба? – дегенде ғана есін жиды. – Жақсы, жинасаң жинай ғой, ағаң басым ауырды дейді, мен де онша мəз болмай тұрмын. Мүмкін, бүгін магнитті күн болар. – Иə, мына көрші үйдегі Мағрипа апайдың да қан қысымы көте рі ліп ауырып қалды. Дəріханадан дəрі-дəрмек əкеп бердім. – Айттым ғой, ауа райының бір кінəраты бар. Жібек ха ла ты ның етегін жүре түзеген сұңғақ бойлы кербез келіншек, жоғары қа батта ғы жатын бөлменің есігіне таянғанда, ұялы телефонмен сөй лескен ерінің даусын анық естіді. – Бəке, қызықсыз, өлсе банкінің бастығы өлді. Оған бола бүкіл қаржы операциясын тексертудің қандай қажеттігі бар? Прокуратура санкция беріпті. Қазір түстен кейін қаржы полициясының адамдары келмекші?

Банкирдің өлімі – Заңы солай дейсіз. Заң деген қазір биліктің қолында емес пе? Сіздің де бар қолқаңызды орындадық. Маған солардың тексермегені керек. Анау сауда үйін салғанда несиеге алған, бірталай қарыз да рым болатын. Соның орынын толтыруға үлгере алмадым. Əржағындағы адам ұзын сонар əңгімеге кетсе керек қаржыгер: – Ə-ə..., ы м... ым..., солай деңіз. – Түсінбейтін не бар... Түсінем ғой... – Қысқасы, менің өтінішімді орындай алмайтын болдыңыз ғой. Ақша керек уақытта жанымнан шықпайтындар, жаным қы сыл ғанда жон арқасын беріп жорта жөнелетіндігін ойламаппын. Ар тық айтсам, айып етпеңіз... Жүрсіннің сөйлесіп болуын күткен əйе лі май паң дап жанына жақындады. – Не болды? Маған айтпаймысыз? Басын құс жастықтан көтеріп алған қожайын: – Сен не сотпысың, прокурормысың? Неге саған айтуым керек! Бəріңе керек тек бір-ақ нəрсе – ол, ақша! Ертең мен сотталып кетсем, мен келгенше, сен де байға шығып тынасың. Егер мен ақ ша ны оңды-солды шашып отырмасам, сен маған тимейтін едің. Солай емес пе? Сайраштың аппақ өңі бозарып, қой көздері шарасынан шыға, ұшы шошақтау мұрыны қусырылып, жұп-жұқа еріні дірілдеді. Аузына келгенді құсып жатқан азулы күшке қазір не айтса да өт пейтін сияқты. Отызға дейін оң жақта отырып қалса да, бетінің əрі, сөзінің нəрі бойындағы бойжеткенді бір көргеннен ұнатқан Жүрсін жиырма жыл оттасқан əйелінен жеріп шыға келген-ді. Ойға алған мақсатына жету үшін, некелі əйелімен айырылысып, сүр бой дақ атанып, бозбала құсап қыздың кабинетіне күніне жүз кі ріп, жүз шығатын... Аңдыған жау алмай қоймайды деп, ақыры үй ле ніп тынды... Сайраштың төркін жағы болса «отырған қыз орын табар» деген, билік басындағы атпалдай азаматқа бұйырды деп, кү йеу дің бұ рын екі баласы мен əйелін тастаған айыбын бетіне баспай, бірден майдай жарасып, тіл табысып кеткен. Бірақ тұрмысқа шық қа лы бі раз болса да, нəресте сүйе алмай, ішқұста болып жүрген келіншекке күйеуінің аяқ астынан мінез көрсетуі шаншудай қадалды. – Ешбір қылмысы жоқ адам, қараптан қарап қорықпайды. Неге сонша абыржисыз, – деп тіксіне сауал қойды. – Сенің ойыңша, мынадай сəнді сарай, қымбат жиһаз, ана салынып жатқан Сауда үйі айлыққа келіп жатыр екен ғой. – Əрине, айлыққа келіп жатқан жоқ. Бірақ несие беріп, содан ақша айналдырып жүрген жоқсыздар ма?

Зияш Телеуова – Дұрыс, өзің бұрынғы банк қызметкері болған соң білесін. Бізден гөрі несие бөліміндегілердің қалтасы қалың. Ондай бірде бар, бірде жоқ нəрсемен көл-көсір боп тұра алмайсың. – Сіз қызықсыз, мен талап қоюдан аулақ болатынмын. – Мен жоқтықтың құрсауында өскен адаммын. Сол үшін қа лайда байлыққа жетем деп, өз-өзіме ант еткенмін. – Маған ондай ант бермегенсіз. Менің жылап жатқан балам жоқ. Бір басымды қалай да асыраймын. Сіз жөнінде қателескенімді енді түсінген сияқтымын. Сайраш шорт бұрылып, төменге беттеді. Ұялы телефон ызылдады. Банкирдің ашулы үнінен сəл тосылып қалған хатшысы: – Жүрсін Манарбекович, қаржы полициясының адамдары келіп, сізді күтіп отыр, қашан келесіз? – деді. – Қазір. Төменге түскен үй иесі холлдағы жұмсақ диванда теріс қарап жат қан келіншегінің жанына сəл аялдады да, тез басып, шығап кет ті. Далада дауыл. Бірінен-бірі қалғысы келмей, бəскелесе көшіп бара жатқан бұйра бұлттар қаланың үстімен жылжып барады. Басты ғы ның түнерген түрінен сескенген жүргізуші лəм-мим демей рөл ге жабысты. Əр жерде тиіп-қашып жұмыс істеп жүріп, бір жабайы ағайындарының жəрдемімен банк бастығы орынбасарының шө пір лі гі не əрең қол жеткізген Асанның су жаңа джипке əлі қы зығы басылмаған. Бастығының неге сонша көңілі бұзылғанын біле алмай, дел-сал. Анау машинадан түсіп жатып: – Ешқайда кетіп қалма, маған керексің! – деп дүңк етті. Соңынан қарап қалған жігіт күрсіне басын шайқады. Бас тықтар ға жағу оңай емес. Асанның он саусағынан өнері тамады. Əнші, күйші, арасында кілем тоқиды. Соңғы өнерін үлкен əжесі үй реткен. Ол кісі мақтадан майын шығарып түкті кілем тоқитын өнерлі жан еді. «Жігітке жеті өнер де аз» деп немересіне өзі бі ле тін өнерінің бəрін үйретіп үлгерді. Солардың бəрінің де отбасын асыру ға септігі тимеген соң, көлік жүргізушілік курсты бітірді. Əкеше ше сі нен басқа сүйеніші жоқ жалғыз басты жігіттің мына заманда оқитын да, тіпті үйленетін да шама-шарқы шамалы. Тапқантаян ға ны пəтер ақысы мен күнделікті тамағынан ауыспайды. Осы сəт банктің менеджері Анар ұшып қасына келді. Жігіт жайнап сала берді. – Асан, ұйықтап жатырмысың? – Сəлем, сүйкімді бойжеткен. Суретіңді салар ма едім?

Банкирдің өлімі – Менің суретімді салып не істейсің? Күнде көріп жүрген жоқпы сың? – Қыздар деген көбелек тəрізді. Бүгін бар, ертең жоқ. Біреуді ұна тып ұшып кетсең, суретіңді ұстап қалам да. – Ұшсам алысқа ұшпайтын шығармын. Бастық жұмсады. Хабарландыру алатын жерлерге барып келейік. – Қандай хабарландыру? Қыз қолындағы бір бет қағазға қарап, дауыстап оқыды. – Тез арада 90 пайызға салынып біткен Сауда үйі сатылады. – Мəссаған.Оны сатпаймын. Салып болған соң, соның директоры болып, қолымды жылы суға малып отырам дейтіні қайда? Мені күзет қызметінің бастығы етуге уəде берген. Бұған аяқ астынан не боп қалды? – Білмеймін. Қаржы полициясы келіп тексеру жүргізуде. Бəрі банкирдің өліміне байланысты. – Анар, бұдан сені мен маған келіп кетер ешнəрсе жоқ. Бүгін кешке қайда боласың? – Жұмыста. Енді мына комиссия кеткенше, ерте шығу қайда... – Қай уақытта шықсаң да, күтіп алам. Ұялы телефоныңды айтшы, жазып алайын. Жігіт қыздың нөмірін өзінің ұялы телефонына көшірді. – Түнгі бірде шықсаң да күтемін. Қыз хабарландыру беруге ішке еніп кеткенде, жігіт оның суретінің нобайын сызып қой ды. Келген соң, қолына ұстатты. Мəз болған бойжеткен: – Шынында, неге суретші болмадың? – Қалтам таяз. Қаржы тапсам, əлде де арманыма жетемін. Ал егер сендей сұлу жарым болса, күндіз-түні шабыттанып сурет салар едім. – Ой, жігіттер-ай, қолдарыңа түсіргенше, осылай үз ді ге сін дер. Қол да рыңа түскен соң, қадірін кетіресіңдер. Қыз сықылдап күл ді. – Анар, жұмыстан кейін бір жерге барайықшы? – Звонда. Көрерміз, – қыз үкідей үлпілдеп ұшып барады. Жі гіттің көңілі көкте, əн салғысы келді. Осы кез ол машинасынан тү сіп жатқан бір кездегі өз ауданының прокурорына көзі түсті де, кабинадан секіріп түсіп, солай қарай жүрді. – Ə, сері жігіт, қалай, сен осында істейтін бе едің? Мынау орынбасардың көлігі ме? – Иə, мен жүргізушісімін. – Көптен істеп жүрмісің? – Жоқ. Жақыннан бері.

Зияш Телеуова – М-м... солай де, маған ұялы телефоныңның нөмірін айта салшы? Асан телефон нөмірін берді. Прокурорды көзімен ұзатып тұрып, оның неге шұқшия қал ғаны на таң қалған жүргізуші иығын көтерді. Шынында да, орынбасардың басына бұлт үйірілмесе еді. Неге бəрі бірдей айналдырады? Əлде бастықтың өліміне бұның бір қаты сы бар ма? Жігіттің ойына соңғы айлардағы суыт жүрістері түсті. Көктем айында бастығы сауда үйін салатынын, бұдан былай көп жүретіндіктен, жанар май шығынын толығымен өз мойнына ала тын ды ғын айтқан. Айтқандай бұларға тыным болмады, күніне мың шақырымдай жол жүріп, қаланың түпкір-түпкірін аралайды. Əр есікке кірген сайын бастығы ақша салған конвертті қолына алады да, шыққан соң: – Нағыз жемқорлар! Алдымен алақанын жылытпасаң, еш нəр се бітірмейді. Тіпті бітіп тұрған қағазыңды шырқ айналдырып бермей ді, – деп күйіп-пісті. Осылай талай есіктің табалдырығын тоздырып, қыруар қаражат жұмсап, сауда үйін салуға рұқсат алды. Оның сансыз есіктің əр жағындағыларға беріп кетіп жатқан ақ шасы ның қайдан шығып жатқанын Асан да сұрамайды. Оны өзінің мін де ті не де санамайды. Бірақ бірде шыдамай: – Осыншама шығынды кейін қайтарып ала аласыз ба? – деді. – Əрине, қайтарам, амандық болса, берер жылда мына жаман ағаң миллиардер атанады. Сенің тойыңды өзім жасаймын. Ол жемті гін алыстан көрген қара құстай қарқылдап, мұның жауырынынан қақ қан. Сол Сауда үйі салынып бола бергенде, орынбасар мен бірінші бас тық пен екеуінің ортасында шатақ шықты. Жүрсін біразға дейін қа ба ғын ашпады. Сауда үйінің құрылысы да тоқтап қалды. – Аға, не болды құрылыс материалы жоқ па? – Ақша таусылды. Бастығының өмірі бітпейтіндей көл-көсір етіп жұмсайтын ақша сы бітіп қалды деген мұның құлағына Сырдарияның суы сарқы лып қалды дегенмен бірдей естілсе де, қайталап сұрауға бата алмады.Содан бір жеті өткен соң, жұмыстан қайтып келе жатқан жолда, Жүрсін: – Асан, бүгін түнде бір жерге барып келуіміз керек. Бойдақ жігіт сің, свидания жоқ па? – деді. – Жоқ. Жұмысыңыз болса барам ғой. – Онда сағат он екіде біздің үйдің қасына кел.

Банкирдің өлімі – Кеш емес пе? – Жоқ, кеш емес. Олар сол түні Орынбордың шетіндегі офиске қонды. Ертеңіне ертелетіп, сол қаланың бірнеше сауда нүктелерін аралады. Бас тығы бір қағаздарға қол қойдырып, құрылыс материалдарының құжат та рын жасады. Одан соң біреулермен ұялы телефон арқылы сөй лес ті де, бұлар қаланың шеткі ауданындағы бір жа тақ ха на ның жанына тоқтады. Сыртта екі жігіт күтіп тұр екен. Асан оларды тани кетті. Бұрын банкіде күзетші боп істегендер. Түсіп амандасайын дегенде, Жүрсін: – Отыра бер, – деп бұйырды. Ол анау екеуін ары алып кетіп, оңаша сөйлесті. Біраз күткен жүр гі зу ші қалғып кеткен екен. Бастығы көңілді үнмен, иығынан қоз ға ды. – Кеттік. Көрдің бе біздің жігіттерді. Тұран осыларға күн бермей, жұмыстан шығарды. Ал бұлар болса, машина сату бизнесімен айналысып, əбден байып алған. – Түрлеріне қарағанда, бай адамға ұқсамайды. – Ой, сен баласың. Жалпы нағыз бай адамдар өте сараң келеді. Олар киер киімге, ішер асқа жарымайды. – Сонда ақшаны не үшін жинайды? – Байыған үстіне баю үшін. – Баяғының Қарабайы десеңізші. – Олар қолға түскен ақшаларын үстінен пайыз табу үшін қарыз ға береді. – А...а... енді түсіндім. Сіз қарызға ақша алған екенсіз ғой. – Ой, сен əлі баласың. Коммерциядан хабарың жоқ. Қазір кім қа рыз ға ақша береді. Пайызға береді. – Бəрібір қарыз ғой. – Жоқ. Ол қарыз емес, ол бизнес. – Ой, ағасы мен соның бəрін түсінетін болсам, осылай ма ши наның рөліне жабысып, жаламға жұқ болмайтын айлыққа қарап күн кешем бе? – Шыда, енді аз шыдасаң, екеуміз де байимыз. – Сіз онсыз да жарлы емессіз. – Асан, осы сапарымызды ешкімге айтпай-ақ қой. Бастығы көз шырымын алмаққа қисайды да, артынша қорылға басты. Арада бір айдай өткенде, банк бастығы өлтірілді. Пəледен машайық қашыпты деп, аузыма ие болайын деген жі гіт сəлден соң, таныс қыздарына телефон шалып, қылжақтасуға көш ті.

Зияш Телеуова

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Кеш келіп, төсегіне құлай кеткен Айдарды əлдекімдердің текетірескен шаң-шұң даусы оятты. Үй иесі Мырза тері жинайды. Бұрын ауылда заготовитель болған ол қалаға көшіп келген соң, лайықты кəсіп таба алмай, ірі қараның терісін жинап, оны тон тігетін түріктерге өткізумен айналысады. Бұл сауда-саттығы күнкө ріс ке жарағанмен, айқай-шуы жетерлік. Кейбір ақкөздер шұ рық те сік терісін əкеп тұрса да, «Ананікін аласың, менікін неге ал майсың, көрсетейін саған көрімді, кімді басынып тұрсың!» – деп жұды ры ғын ала жүгіргенде, үй иесі пəтерде тұратын екі иығына екі кісі мінгендей Айдарды көмекке шақыратын. Жуан жұдырықтар аласа үйдің есігінен екі бүктеліп шығып келе жатқан алпамсадай алыпты көргенде, бақыр түгел бас қайғы дегендей, алды-артына қа ра май зытады. Сырттан тағы да сигнал түсе ме деп жатқан жігіт даладағы дауыс тар алыстап барып, тым-тырыс болғанда ғана, қайтадан көзін жұм ды. Бірақ таңғы тəтті ұйқыдан оянып кетіп, енді ұйқысы келмей қойған соң, терезеден сары жапырақтары сиреп, сидиып қалған қарағайларға көз тікті. Күн бүгін де бұлтты. Терезе əйнектеріндегі тамшылар бəй кү нə жанның көз жасындай мөлдіреп тұнып қалған. «Қаланың қыз да ры жыламайды, ақша ұстатсаң, ойыншыққа алданған баладай, мəзмəйрам болады». Жігіт əлденеге езу тартты да, орынан тез тұ рып, киіне бастады. Үй иесінің əйелі Баршагүл Айдардың тұрып жатқанын байқап: – Ояндың ба, бүгін ерте тұрдың ғой, əйда, шайға кел, жаңалық көп, – деп ішкі бөлмеден дəлізге шығып бара жатып, дауыстады. Үй иесі шай үстінде айтылатын қызық əңгімеден құр қалатындай: – Не күбірлеп жүрсің. Естіген-білгеніңді, асықпай-саспай шай ішіп отырып айтпаймысың, – деді кейісті үнмен. – Айдарды оятып, жаңалықты екеуіңе бірдей айтайын дегенім ғой. Кеше бір банкирді саяжайында өлтіріп кетіпті. – Неге өлтірген? – жаман хабарға əбден құлағы үйренген Мырза жайбарақат сұрады. – Қайдан білейін. Ақша үшін шығар. – Ім... бұл пəле жоқ болса да жаман, бар болса да жаман. – Абыржымаңыздар, мұның бəрі уақытша құбылыс, – дастарқан басына отырып жатқан Айдар үй иесін жұбатқысы келгендей, салмақ пен сөйледі.

Банкирдің өлімі Баршагүл бортиып піскен бауырсақты оның алдына ысырып: – Айтқаның келсін, əйтуір өлім-жітім көбейіп кетті ғой, – деп, тер ші ген маңдайын сүртті. Денесін əрең көтеретін қара ала мысық пысылдап келіп, Ай дардың қолына сүйкенді. Оның алдына бір түйір бауырсақ тастады. – Көрші үйден сүт əкеп бергем. Бауырсаққа тісі өтпейді. Кəрі мы шық қой, – Баршагүл кесесін ерніне апара беріп, қолын сілтеді. Мысық бауырсақты əп-сəтте жеп қойды. – Қараңыз, тісі өтпейді дейсіз, бір-ақ асады, – Айдар пырылдап ұй қы ға кеткен мысықтың арқасынан сипады. Айдар осы үйдің иесімен қалаға келер жолда танысқан. Мырза ның ауыл жақтағы бір ағайындарынан қайтып келе жатқан беті екен. Терезеге қарап, үнсіз отырған оны сөзге өзі тартқан. – Қалаға жұмыс іздеп бара жатқан шығарсың? – деді. – Иə, армиядан келгеніме біраз болды.Отыра-отыра ішім пыс ты. – Бұ жақта таныстарың бар ма? – Армияда бірге болған жігіттер шақырған. – Шақыруын бəрі шақырады. Тоқтайтын жерің бар ма? – Жоқ. Біз бұл жақтікі емеспіз. – Оралманбысың? – Тараздан көшіп келдік. Шешемнің төркіндері осында. – Е, нағашы жұртың да бөтен емес қой. Əкең бар ма? – Əкем бе... – жігіт күмілжіп қалды. – Əкем басқа əйел алып кетті. – Е, тағдыр деген сол. Біреу баланың басқан ізіне зар болса, бі реу бар баласын тірідей жетім етеді. Қонатын жерің болмаса, біздің үйге жүр. Сосын шақырған достарыңды тауып аларсың. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп дегендей, қобалжу үстінде келе жатқан Айдар қуанғаннан алғысын жаудырды. Сол келгеннен осы үйде тұрып қалды. Ерлі-зайыптылардың өз кіндіктерінен бала жоқ екен. Аға йында ры нан асырап алған киімшең баласы, есейген соң, өз əке-ше шесін тауыпты. Кешегі жекешелендіру тұсында бұлар тұратын ұжымшар пайға түсіп, мал-мүлік талан-таражға ұшырағанда, Мырза сияқ ты орта буын өкілдері күнкөрісінен де, үйреніскен ортадан да айырылып, ұшарын жел, қонарын сай біліп қалды. Азғантай жиған-тергенін шашып алмай тұрып, баспана алып қалу қамына кіріскен ол қаланың арзанқолдау «Шанхай» жағынан, жер үй сатып алды. Содан соң, күнкөріс қылатын кəсіп іздеп көріп еді. Жұмыс іздеп жүргендерден аяқ алғысыз қалада қо лай лы

Зияш Телеуова еш нəр се табылмады. Баршагүл совхозда кассир болған. Бірақ ол бі лі мі де мұнда ешкімге керек болмай қалды. Екеуі бірдей жарға қа рап қалған соң, отағасы ауылда істеп қалған кəсібінің ізімен, тері жи нау ға кірісті. Бір ауылдасы араға таныстарын салып, оны-мұны қа ға зын жасап, патент алып берген соң ғана, тексерушілердің діңкіл де ген тоқпағынан құтылып, ісі оңға басты. Үйінің жанына «Ірі қараның терісін аламын» деген жарнама іліп қойып, жұмысқа кіріскен Мырзаның ауыл арасындағы тіршілігі мен мұндағысының арасы жер мен көктей екендігіне күн санап көзі жете бастады. Қалай десең де ауыл адамдары көнбісті. Олар далаға лақтырып тастайтын терісінің тиын-тебен құрағанына мəз болатын. Мұндағылар əкелген туарының сапасына қарамай, сын таққыш. Кейбір пысықтар терісін тапсырған құрлы жүйкесін жеп бітеді. Əрі-беріден соң, өзі де мінез көрсететін болып алды. – Алмаймын, ал не істейсің. Сапасы төмен. Басқа жерге апарып тапсыр, – деп қақшияды. Жұлмаланған терісіне əкесінің ақ құ нын сұ рап тұрғандар, содан соң барып сабасына түседі. Одан соңғы қиыншылық, маңайда не көп, жұмыссыздар мен қаң ғы бас тар көп. Тері жинап күнкөрісін айырып отырған отбасы ауыл жаққа қыдырып кеткенде, екі үш рет үйлеріне ұры түсіп, дүние-мүлкінің ат-көпірін шығарыпты. Сірə, іздегеннін таба алмай, ашу лан ған болса керек, ыдыс-аяқтарына дейін сындырып, біраз шы ғын ға ұшыратты. Содан соң Мырза қабаған итін ұстады. Ит десе ит-ақ. Өзі есік пен төрге жететіндей дүрдиіп, басы дорбадай боп өседі екен. Арсылдап үргенде көшені басына көтереді. Түнде аула ішіне қоя береді. Сонда да елегізитін үй иелері Айдарды пəтерге алғалы алаңсыз ұйықтайды. Үй иесі көп сөйлемейді. Əңгіме тыңдауды ұнатады. Осы үй дегі бастан жарлылықтың орнын толтыратын əйелінің аузын ашса жү ре гі көрінетін ақжарқын мінезі. Ол – бар тетігі аузында ақкөңіл жан. Осы маңайдағы бар жаңалықты кішкене базардан, дүкен ішінен естиді. Бір қасиеті – оған базбіреулердей өз жанынан қосып, өті рік ті шындай етіп айтуды білмейді. Естігенінің ішінде алыпқаш па сөз болса, ол Баршагүлден емес, көшедегі немесе дүкендегі айт қыштар дың тамызығын көп салып жіберулерінен болып жатады. Əйе лі нің естігендерін тыңдай отырып, ертеңгі қою шайды баптап іше тін үй иесі, анда-санда: – Сұмдық қой! Бұл адамдар аңға айналып бара ма? Ақша десе ар-ұяттан безеді. Ойбай-ау, кейбіреулер бір тиын үшін тө бе ле су ге да йын тұрады ғой! – деп кейістік білдірді.

Банкирдің өлімі
Баршагүл күйеуіне алара қарады.

– Бер, бір тиынын алма. Неңе жетпей жатыр!

– Мен бермейді деймісің. Кейде ұсақ болмайды.

– Дүкеннен əкеп беріп жатқан жоқпын ба?

– Ол жаламға жұқ болмайды. Алда күздік пен соғым уақыты

таяды. Сен ана дүкеншілеріңмен сөйлесіп, ұсақ болса, көп қып за-
пас жаса.

– Дəмеш болмаса, жас қыздар тиын өзімізге де керек деп бет

бақтырмайды.
Үй иесі томсарып отырған Айдарға бұрылды да:

– Сен түнде кеш келдің ғой. Бірдеңеге ұрынып қалған жоқ пы-

сың? Бұл маңайдың балалары бұзық. Сырттан келгендерді бірден
біледі.

– Олар қорқақтарға кездесіп, қоқаңдап жүрген шығар.

– Батыр бір оқтық деген. Қазір сенің қара күшің ешкімге керек

емес. Сақтанып жүргенің жөн, – деген Баршагүл жас жігіттің кеу-
дем соқ мінезін жақтырмай, қабағын шытты.

* * * Шай ішіп болып, бөлмесіне кірген Айдар ызылдаған ұялы телефонын құлағына тосты. – Босс, сəлем! – Мираспысың? – Енді кім деп едің? Түнде бір туған күнге барғанмын, басым қатты ауырып, оңбай қалдым. Жолдан сыра алып, маған келсейші? – Мен барам дегенше, сенің басың жазылып үлгермей ме? – Банкінің ауласындағы менің тачкамды ал. – Жол жүру ережесін дұрыс білмеймін. Бұл ұсынысыңды қабыл дай алмаймын. – Сендей де дос болама, шақырғанда келмейсің. – Сен босқа шақырып тұрған жоқсың. Сыра ішейік деп аз ғырып тұрсың. Менің ондайға тəбетім шаппайды. – Кел. Айтатын əңгіме бар. – Жарайды. Адресіңді айт. Айдар Мирас айтқан адресті қойын кітапшасына түртіп алып, жолға шықты. Күздің алғашқы айы салқын. Көшеде адам-қара аз. Жексенбі бол ған соң, қалалықтар дем алуда. Аялдамада жеңіл киінген бір-екі бойжеткен бүрісіп, көшенің автобус көрінетін бас жағына көз ті гу де.

Зияш Телеуова Көп күттірген «Газельге» тоңып қалған бойжеткендер лып етіп, бірінші отырды. Олардың ізін алған Айдар бойжеткендерге сіңіп қал ған темекінің мүңкіген иісінен жерініп, түп жақтағы орын дыққа барып жайғасты. Есік аузындағы масломер бала: – Салон іші бос. 5, 11, 12 мөлтек аудандар. ГАЗель 20, 21, 22 маршрутпен жүреді, – деп сұңқылдағанда аузы-ауызына жұқ пайды. Көлік орнынан қозғала бергенде, есікті жапты да, іштегілерге: – Жол жүру ақысын бірден төлеп тастаңдар, – деп тағы та қылдай жөнелді. Айдар өзінің алаңсыз балалық шағын есіне түсірді. «Байғұс бала кешке дейін зар жақ болып, əбден сілесі қататын болар» деп ананы мүсіркеді. Мирастың, пəтерін тауып, есігінің қоңырауын басқанда: – Бұл кім? – деген жіңішке үні естілді. Ішке кірер-кірмесін білмей аңтарылып тұрғанда, есік ашылды. – Наконец-то, кел, кел, сені асыға күттім. Танысып қой, мынау менің қалыңдығым, аты – Сəуле. Аққұбаша қыздың қап-қара қай қы кірпіктері бірден назарға ілігеді екен, «кірпік жалғап алған болар» деп ойлаған Айдар «түу, менің де ойламайтыным жоқ екен деп» өз-өзінен қысылып, қызара күлімсіреді. – Төрге шығыңыз, – деп, қыз сызылды. – Кофе əкелсін бе, əлде шай ма? – Кофеге де қарсы емеспін. – Ендеше кофе. – Айдар, естідің бе, шефті саяжайында өлтіріп кетіпті. – Қалайша! Кеше ғана сау емес пе еді? – Иə, жұма күні екеумізді шақырып алып ұрысқанда сап-сау болатын. Айдардың даусы зор. Оның жəй сөйлегені əміршінің үкі мін дей. Бір жағынан банкіге келген кейбір клиенттер Құдайдың кін ді гі нен түсе қалғандай, есік алдындағы күзетшілерді көзіне де ілмей, басакөктеп ішке өтеді. Ондай кеудесіне нан піскендер Айдардың айбарлы үнінінен сескеніп, жуасып қалғанымен, бастыққа кір ген де, есік алдындағы қатал күзетшінің үстінен құшақ-құшақ арыз айтуды да ұмыт қалдырмайды. Жұма күні жұмыс аяғында хатшы қыз: – Бастық шақырып жатыр, – деп телефон шалды. Есіктен кір ген бойы банкир оған дүрсе қоя берді. – Сенікі не күш. Келген клиенттерге неге айқайлайсың? – Олар күзетшілерді тыңдамайды. Құжаттарын көрсетуден бас тартады.

Банкирдің өлімі

– Сені жұмысқа алғанда, өзіңді қалай ұстау керектігін айтты

емес пе? Сен өзің қай жақтансың?

– Ауылданмын. Бастық алдындағы түймені басып қалды. Жү-

гі ріп кірген хатшыға:

– Қауіпсіздік қызметінің бастығын шақыр, – деп зірк етті. Анау

кірісімен, оған дүрсе қоя берді.

– Осы мен сіздерге ауылдан келгендерді алмаңдар. Қаланың жі-

гіт те рін алыңдар деп қашанғы айтам?

– Сонда біздің жазығымыз не? – деді ашу қысқан Айдар. Бас

бан кир дің көзі аларып кетті.

– Сен аулыңа барып, мал қораңды күзет!

– Мынадай жұмыстан, мал қораны күзеткен артық. Тексермей

жі бе ріп қойсақ, қайда қарап тұрсыңдар деп жер-жебірімізге же-
тесіздер, жіберсек тағы кінəлі боламыз. – Айдар ашудан жарыла
жаздады. Қатардағы күзетшіден мұндай мінезді күтпеген банк қо-
жа йы ны:

– Жаз арызыңды. Жоғалт көзіңді! – деп алдындағы үстелін жуан

жұдырығымен соғып қалып, қауіпсіздік қызметінің бастығына:

– Мынадай тілі мен жағына сүйенгендерді ендігəрі жұмысқа қа-

был дай тын болсаңыз, менен жақсылық күтпеңіз, – деп гүжілдеді.

– Керегі арыз болса, жазам! – Айдар есікті жұлқи ашып, атып

шықты.

– Мені де шақырды, – деді Мирас. – Компьютерлер неге дұрыс

жұ мыс істемейді деп ұрысты.

– Көне, қазір барлық жерде – Пентуим-ІV. Сізге соны алу ке-

рек, – деп мен де алған бетімнен қайтпадым.

– Онда ақша тап та ал! – деді. Банкир ол емес, мен сияқтымын.

Содан соң, – жөндей алмасаң, орынды босат, – деп ашу шақырды.

– О, кей, – дедім кетіп бара жатып.

– Компьютер-бағдарламашы қазір ұшпай тұрған жоқ па? Өзім

де айлығы тəуір жұмысқа кеткім кеп жүрген.

– Сонда екеумізді де жұмыстан шығарды ма?

– Шығарам деген, бірақ сол бұйрыққа қол қоюға үлгермей, о

дүниелік болып кетіпті.

– Сонда оны не үшін, кім өлтірген?

– О жағын білмеймін. Менің білетінім қызмет бабымен соңғы

ұрысқаны біз болғандықтан, екеуміз күдіктілер қатарындамыз.

– Оны өлтірген біз емеспіз ғой!

– Əрине, біз емеспіз. Бірақ оның өліміне байланысты банктің

барлық қызметкерлерінен жауап алады. Онымен қызмет бабында

Зияш Телеуова соң ғы рет ұрысқандар біз болғандықтан, күдік бізге түсуі əбден мүм кін. Сондықтан да сенбі күні түнде қайда болғанымызды куəлан ды ра тын адамдар керек, түсіндің бе? – Оны қай уақытта өлтірген? – Қайдан білейін, қасында тұрды деймісің? – Сенбі күні үйде болғанымызға үй иесі куə болмай ма? – Менің шырт ұйқыда жатқаныма қалыңдығым куə. Бірақ олар өз адамдарымыз есебінде куə бола алмаса ше? – Мирас, істемеген қылмысымызды мойнымызға қиып салмас. – Старик, мұндай да аңқау болуға болмайды. Полиция қазір терең деп тергеп бас қатырмайды. Кімді күдікті деп тапса, ұрып-соғып бар қылмысты мойнына қиып салады. Сосын ақтығыңды дəлел деп көр. Оның ішінде сенімен мен сияқты «крышасы» жоқ тар іздесе таптырмайды. Өздері қылмысты аша алмайтынын біл ген соң, бастықтарына жақсы атты көріну үшін, біздейлерді құр бандық қа шала салады. Айдар жұмсақ диваннан тұрып, терезеден сыртқа қарады. Есік алдында балалар ойнап жүр. Қоқыс салатын контейнерлерді қаңғы бас тар аударып-төңкеруде. – Мыналар сіздің аулада да бар екен ғой. – Бомждарды айтамысың? Олар қайда жоқ дейсің? Қоқысты шашып, қобыратады да жатады. – Оларды да түсінуге болады. Аштан өліп бара жатқан соң, қалған-құтқанды теріп жеп, жүрек жалғайды. – Меніңше, олар жалқаулықтың кесірінен өмір сүруден же ңілген жандар. «Адам саналы жолды дұрыс таңдамаса, жануардан да тө мен болады» деген екен Джеймс Аллен. – Мирас, сенің пəлсапаң терең. Жазушы болу ойыңда жоқ па? – Қазір ешкім кітап оқымайды. Сондықтан ол арманымды өзім тежеп тастағам. – Бекер болған. Жақсы кітап қалай да оқылады. Дегенмен, жазушы болмағаның да жақсы. Олардың да өмірі адам қы зы ғар лықтай емес. Жақында банкіге бір жазушы кеп, өзі жазған кітабын өзі сатып жүрді. Ал сенің мамандығың – қазір таптырмайды. Та бы сың да жақсы. Ал банкирдің өліміне келетін болсақ, сен бос қа үрей лене сің. Бізден бұрын банкир мырза қанша адамды жұ мыс тан шығар ды. Оны өлтірген солардың бірі болса ше? Жалпы жұмыстан шы ғар ға ны үшін өлтірді деп болжам жасау қисынды ма? Егер жұмыс тан шығарғаны үшін өлтіре беретін болса, бастық қалмас еді. Солай емес пе? Бұл өлімнің басқалай құпиясы бар болар.

Банкирдің өлімі Мирас Айдарға сүйсіне қарады. – Сен нағыз данышпансың. – Онан да компьютеріңді ашшы. Ойын ойнайық. Айдар пəтеріне кештетіп оралғанда, үй иесі есік алдында жүр екен. – Баршагүл ауырып қалды. Учаскелік дəрігерді шақырдым, қарап жатыр. – Жəй ма? – Қан қысымы жоғарылап кетті. Соңғы бес-алты жылдықта жабысты. Дəрігер дəріні үзбей ішіп жүр деген. Бірақ ол бір күн тə уір болса, екінші күні дəрі ішуді ұмытады. – Үйге кіруге бола ма? – Болатын шығар. Дəрігер мана келген. Айдар кіре берісте, дəрігер қызбен бетпе-бет жолықты. – Сəламатсыз ба? Баршагүл тəтейдің саулығы қалай? – деп жігіт оның жолын бөгеді. – Қазір қан қысымы түсті. Бірақ ертеңге дейін қозғалмай жатып, дəрілерін ішуі керек. Сіз оңтүстік жақтансыз ба? – Оны қайдан білдіңіз? – Сол жақтың адамдары ғана тəте деп тəттілеп сөйлейді. – Сізді шығарып салсам қарсы болмайсыз ба? – Əзірге көше жарық. Кешке қарай учаскелерді аралағанда сіздей «телохранитель» керек-ақ. – Мен дайынмын. Таныс болайық. Есіміңіз кім? – Дария. – Менің есімім – Айдар. Қалаған уақытта хабарласып, телехранительдікке шақыруыңызға болады. Ұялы телефонымның нө мі рін берейін. Немесе өз телефон нөміріңізді қалдырыңыз. Қыз кол сөмкесінен телефон нөмірі мен аты-жөні жазылған визиткасын ұсынды. – Оһ,о. Менде бұл вариант жоқ. Сондықтан сізге өзім звондаймын. Қара торы күлімкөз бойжеткеннің күлкісі əдемі екен деп түй ді жігіт. Қай жерден оқығанын қайдам күлкісі əдемі əйел сүй кім ді лігі мен қатар қауіпті деген жолдар ойына оралды. – Көріскенше, – қыз қолын бұлғады. – Əзірге, – Айдар мектепте ғашық болған қызы Жаннадан соң, жү ре гін дір еткізген бойжеткен көзден таса болғанша, үйге кір меді. Ол ұмыт бола бастаған алғашқы махаббатымен кездескен сə тін есіне алды...

Зияш Телеуова
* * *

Сол күні жұмыс орнына отырысымен жорналға үңілген Айдар сыңарының есіктен кірген қара көзілдірікті бойжеткеннің алдына түсіп құрдай жорғалағанын көріп, назарын солай аударды да, сол бойы өз-көзіне өзі сенбей сілейіп қалды. Жанна! Өзінің балаң махаббаты! Алғашқы албырт сезімі! Мектептен басталған дос ты ғы махаббатқа айналып, оның қайғысын қаншама жыл тартты де сеңші. Енді ғана ұмытыла бастағанда, алдынан қайта жалт етіп, есі нен адастыра жаздады. Қыздың мектептегі достары қойған жапсырма аты Жанна Д’Арк болатын. Нəп-нəзік қыз ашуланғанда кім мен болса да, жұдырықтаса кетуге дайын тұратындықтан, сыныптастары оған осындай қосымша ат қойған. Айдар екеуінің ара сын да ғы ал ғаш қы сезім мектеп бітірген кеште махаббаттың бал айына ұласып, бір айдай ыстық құшақтары жазылмаған екі жас, содан соң екі айырық жолға түсіп, бір-бірінен көз жазып қалған. Арада бірнеше жыл өткенде тап осылай жүздесу екеуінің де үш ұйықтаса түсіне кірмеген нəрсе. Аң-таң болып қалған Айдар одан көзін алмай, орнынан тұрды. Екінші күзетші Тұрсын бой жет кеннің біресе ана жағына, біресе мына жағына шығып, жік-жапар боп жалпылдап жаны қалмауда. Үлкен қара көздері от шашқан сұлу: – Бастығың бар ма? – деді қатқыл үнмен. – Жанна Жарасовна, сіздің келгеніңізді хабарлай қояйын, – Тұр сын ның ісіңкі көздері бұрынғыдан да жұмылып, екі бүктелгені сонша, кəдімгі сиқыршыдан аумай қалды. – Шефтің жұбайы келіп тұр. Кірсін бе? Сізге əруақытта есік ашық қой. Бастық өзінде, – деп, алдына түсіп бүлкілдей жөнелді. Тұр сын ның соншама жағымпаздануынан өзін жайсыз сезінген келін шек Айдардың жанына, сəл кідірді. Оның көзінде: «Жерден шықтың ба, көктен түстің бе? Осылай кездесем деп ой ла ма ған ем?» деген жазу тұрды. Көрмегелі бес-алты жылдың жүзі өтсе де, онша өзгере қой маған Жаннаны Айдар көзімен ұзатып салды. Мектепте жүргенде бірін-бірі көзден таса қылмай, бір сəт көрме се іздеп жүретін екі жас мектеп бітірген кеште, бойларын билеген бал сезімді билей алмай, тағдырларын мəңгі қосқандай болған. Содан соң қыз оқуға түсті де, Айдардың үйі ол жақтан біржолата қо ныс аударды. Сөйтіп екеуінің жолы екіге айырылған. Ол кезде оқу ға түсетін жағдайы болмаған ол əскерден келген соң, жұ мыс қа

Банкирдің өлімі орналасқан. Ауыр ойға шомған Айдар қыздың іштен шығып келе жат қа нын көрді. Ол бұның жанына өте беріп, бір тілім қа ғаз ды үсте лі нің үстіне тастай салды. Сыртқы есік ашылғанда, қа ра ма-қарсы соққан желден қағаз анадай жерге ұшып түскенде, жалма-жан көтеріп алған Тұрсын: – Жанна Жарасовна, қағазыңыз түсіп қалды, – деп соңынан жүгір ді, оған жақтырмай зілдене қараған сұлу: – Ол менікі емес, ана серігіңдікі, – деді. Бірақ қағаздағы жазуға көз жүгіртіп үлгерген Тұрсын бұл екеуі нің арасында бір жасырын сырдың барын білгендей, жымысқы күл кі мен жымиды. Оны байқап қалған Айдар: – Жанна екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Тіпті бұл жерде кездес ті рем деп ойламағандықтан, сасып қалдым, – деп ақталды. – Ой, сұм бала, мектепте оқығаннан да басқа сырларың бар шығар. Əйтпесе саған записка жаза ма? Немене мынадай сұлу əйелмен, бастықтың əйелімен жақын болу жаман емес. Хе, хе, мынадай əйел дің басқан ізін сипаудың өзі бақыт қой. – Сандала ма, сенің осындай арамза екеніңді білсем, жаныма жо лат па ған болар едім, – Айдар жұдырығын түйіп атып тұрғанда, жо ға ры дан түсіп келе жатқан банкир: – Енді кезекшілікте отырып, төбелесейін деп пе едің! Асықпа, мен сенің мəселеңді шешемін! – деп саусағын безеді. Ашудан булыққан Айдар қолындағы қағазды төс қалтасына салды. Онда «Айдар сенімен тап осылай кездесем деп ойламаған едім. Бұл да тағдырдың бізге арнаған тəлкегі болар. Сенбі күні, кеш кі сағат 9-да «Тау самалы» кафесіне кел, күтемін. Жанна.» деген жазу тұрды. Белгілеген мерзімде кафенің жанына барған жігіт су жаңа джиптен түсіп жатқан қызды көріп, қарсы жүрді. Қара көйлек киген талдырмаш жас келіншектің сұлулығы өткен-кеткеннің назарын өзіне аударады. Ол Айдардың қолын алып, жеңіл күрсінді де, ішке кірейік дегендей ишарат жасады. Қара көлеңке кафе ішінде адам аз. Бұрыш жақтағы оңашалау үстелге жайғасқан соң, Жанна: – Сені қонаққа мен шақырдым. Сондықтан ас мəзірін алып, тапсырыс бере бер. Ақшасынан қысылма, мен төлеймін, – деді. – Асқа зауқым соғып отырған жоқ. – Менің де, бірақ кафеге кірген соң, ас ішіп отырмаса болмайды. – Жақсы. Айдар жеңіл-желпі тапсырыс берді де, қарсысында отыр ған Жаннаға қайта көз салды. Жылдар бойы түнде түсінен,

Зияш Телеуова күн діз ойынан шықпаған ғашығы жанында отырса да, алыстап кеткендей суық, жат. – Онда сенен көз жазғалы бастан кешкендерімді айтайын, тыңда, – деді қыз жүзін төмен салып. – Мектеп бітіргеннен кейін жұбымыз жазылмаған бір ай мен үшін бар өмірімнің енді қайталанбайтын қызығындай, ең ба қытты ша ғым дай боп есімде қалды. Сенің үйің ауылдан көшіп кеткен соң, əке-шешем мені Алматыға оқуға жіберді. Мектепті алтын медальмен бітірген маған оқуға түсу қиын болмады. Бірақ мен үшін тағ дыр дың ащы сыны алда екен. Оқуға түсіп, студенттік өмір басталысымен, тұла бойымдағы өзгерісті байқай бастадым. Ақыры анама екеуміздің арамызда болған оқиғаны айтудан басқа амалым қал ма ды. Анам бұл сұмдықты естігенде жылап-сықтап, басқа шарасы қалмаған соң, шарлы шаһарды шарлап жүріп бір татар кемпірді тауып, маған түсік тастатқызды. Кемпір бала өсіп кеткен деп азарда-безер болғанымен, аяғына жығылып ағыл-тегіл болған анамды аяп, мені үйіне алып қалды. Күніне бір дəріні ерітіп ішкізіп, он бес күн дегенде түсік тастатып болды. Содан соң да сені іздеп, талай хат жаздым. Таныстардан сұрадым. Бірақ сен құмға сіңген судай ешбір хабар-ошарсыз сол кеткеннен мол кеттің. Мүмкін сол кез де гі қиындықтарға сəйкес байланыс та дұрыс жұмыс істемеген шы ғар. Сенен əбден күдерімді үзген соң, оқу аяқталар уақытта, бес жыл бойы соңымнан қалмаған Тұранға тұрмысқа шықтым. Бəрібір жатсам-тұрсам сені есімнен шығара алмаған соң, балалы болсам, көңілім бөлініп, тағдырдың маңдайға жазғанына көн дігіп кетермін деп, дəрігерге барғанымда, гинеколог: – Сіз бала көтермейсіз. Себебін өзіңіз білесіз дегенде, тө бем нен біреу суық су құйып жібергендей болды. Мен өзімнің орны толмас қателік жіберіп алғанымды сонда ғана білдім. Бірақ бəрі кеш. Тұран біреудің жалғыз баласы. Ақыры ойлап-ойлап оның обалына қалмауды жөн көрдім. – Тұран, екеуміз айырылысайық. Мен дəрігерге бардым. Бала кө те ре алмаймын. Сенің бағыңды байламайын, маған рұқсат бер, – де дім. Бірақ ол мені коммерциялық есеп-қисабын жүргізетін менеджер, оған қоса екінші əйелі етіп ұстағысы келді. Бұл мен үшін ең ауыр жаза. Сырласу сəтінен соң, екеуі жəй таныстай, салқын қоштасты. Ол Жаннаның жүрегінің жылуы қалғандай тілдей қағазды ұзақ сипалап, төс қалтасына салған.

Банкирдің өлімі * * * Жұмысқа келген Айдар есікке қарам-қарсы қабырғаға банк бас ты ғы ның суреті ілініп, жанына аза гүлі қойылғанын көрді. Қызмет кер лер бір-бірімен иек қағысып, қайғыны бөлісуде. Полиция да қарап жатпаған екен. Түс мезгілінде үш тергеу ші банк қызметкерлерін біртіндеп шақырып, жауап ала бастады. Кезек күзетшілерге де келді. Айдар қасындағы Тұрсынның бір нəрсе ні бүлдірмесіне күмəнданып, оған жалтақтап қарап қоя ды. Анау қабағын түйіп алған. Бұның жанына жақындамайды. Əрі-беріден соң Айдар өзін-өзі жұбата бастады. Өлтірмегенім анық. Несіне қорқа мын. Қала сыртындағы саяжайына апарып суға тұн шық ты рып өл ті ру деген қанішер қарақшылардың ғана қо лы нан келетін жа уыздық. Ол көңілдестерімен немесе басқа бір ком мер ция лық бақ та ласта ры мен көңіл көтеруге барып, соңы ша тақ қа ұласқан шығар. Бір кезде Тұрсынды жауапқа шақырды. Ол кетіп бара жатып Ай дар ға сүзіле бір қарады. Бар бəле сенен деп бара жатқандай. Айдар тік сі ніп қалды. Ананы көп ұстамаған тергеушілер іле Айдарды ша қыр ды. Айдар ішке кіргенде, біреуі орындықта, екеуі əрлі-берлі жүрген үш тергеушінің үшеуі де бұған жалт қарап, жігіттің басынан аяғына дейін жіті сүзіп өтті. Орындықта отырған тергеуші: – Есімің кім? – деді. – Айдар. – Қай жақтыкісіз? – Таразданмын. – Ол жақтан мында қалай келіп жүрсің? – Мында нағашыларым тұрады. – Əке-шешең бар ма? – Шешем бар. Əкеммен ажырасып кеткен. – Банкіде қай кезден бастап жұмыс істейсің? – Бір жыл болып қалды. – Банк бастығы туралы не білесіз? – Күзетші банк бастығы туралы не білуші еді? – Қандай адам дегенім ғой? – Білмеймін. – Ал жұма күні неге ұрыстыңдар? – Жұмыс бабымен. – Оның отбасын білесіз бе? – Жоқ.

Зияш Телеуова – Міне, осы жердегі жауабыңыз шындыққа жанаспайды, Айдар мырза, – деді түрегеп тұрған тергеушінің бірі. – Банкирдің əйелі жақын арада күйеуіне келді ме? Айдар Тұрсынның сатқындық жасағанын бірден сезді. – Келді. – Сіз бұрын ол кісімен таныс па едіңіз? – Мектепте бірге оқыдық. Менің ұнатқан қызым. – Міне, міне, енді шындыққа жақындап келесіз? – Ол кісі сізге не жазып қалдырды. – Ештеңе де. – Мүмкін мынау шығар... Банкінің нысанды киімін киіп, көйлегінің төс қалтасында қалдыр ған қыз жазған қағазды Тұрсын ұрлап алып, жауап алған тергеу ші лер ге ұсынған. Айғақ зат қолдарына іліккен тергеушілер құты рып тұрды. – Бұл сіздің көңілдесіңіз банкирдің əйелі екеуіңіздің ұйым дасқан қылмыстарыңыздың дəлелі. – Біз қылмыс жасаудан аулақпыз, – Айдардың амалы таусылды, – Жаннамен мектепте бірге оқыдым. Арада көп жыл өткен соң, күт пе ген жерден кездесіп қалдық. Ол ана қағазды жазып, оңаша кездесуге шақырды. Біз сенбі күні кеште кафеде отырып, өткенкеткенді еске алдық. – Бұл айтқандарымның растығына сол күнгі кафе қыз мет ші ле рі куə болатынына сенімдімін. – Оны тергеу барысында анықтаймыз. Ал қазір ешқайда кетпеу туралы қолхат жазыңыз, – деді жауап алып отырған тергеуші. БЕСІНШІ ТАРАУ МАРИЯНЫҢ ƏҢГІМЕСІ

Жедел жиналыстан түскі тамақтану мезгілін жіберіп алған Райс
үйіне таянғанда жүргізушісіне:

– Түстен кейін кештеу келерсің, – деді де, машинадан түсті.

Үйінің есігін қосалқы кілтімен ашып кіргенде, тəтті тағамның
иісі мұрнын жарды.

– Райс Сəкенович, бұл сіз бе? – деді Мария Ивановна.

– Əрине, басқа кім болушы еді, – деп үй иесі күлді.

– Бүгін Алена ауырып қалып, балабақшаға жібермедім. Сон-

дық тан сізге тамақты енді ғана жасап жатқаным.

Банкирдің өлімі – Өзім де соны білгендей, кешігіп келдім емес пе? Қайда, ол кіш кен тай қуыршақ? Қап мен оның үйде екендігін білмедім. Шырын суын ала келетін едім. – Үйге Клара келген. Соған қалдырып кеттім. – Солай ма? Онда шайды өзім де жасап ішем. Бара беріңіз. – Райс төр бөлмеге киім ауыстыруға өтті. – Айтпақшы, сіз сол əйелдерді тағы да айналдырып, соңғы жаңа лық тар ды сұрап алыңыз. – Жарайды. Сұрайын. – Қылмысты ашу қиын болып барады... Алжапқышын шешіп, аяғына сүйретпесін киіп жатқан кемпір: – Бұрын патша үкіметі кезінде, халық көп жиналатын жерде тың шы лар болған. Оларды «құлақ» деп атаған. Талай қылмыс, əсіре се қалтаға түсетін ұрылар солардың көмегімен ашылып оты рылған. Қазір, Құдай сақтасын, үйіңде отырған жеріңнен өлтіріп кетсе де, аша алмайды, – деп күңкілдеді ол шығып бара жатып. * * * Райс пен Марияны екі үйдің босағасына түскен қасірет жа қындат қан. Мария бұлармен көрші болғанда, Саша атты үп-үлкен ұлы бар еді. Ол мектеп бітірген соң, кəсіптік техникалық оқуға тү сіп, құ ры лыс шы мамандығын алды. Одан əскерге барып келіп, əп-əсем қызға үйленді. Райс бірде жұмыстан келгенде, есік алдына тоқ таған жедел жəрдем машинасынан Марияны түсіріп жат қан адамдарды көріп, қасына барғанда, көршісі: – Сашамнан айырылып қалдым, – деп дауыс салды. Байғұс əйел ді қалай жұбатарын білмей дағдарған Райс жанындағылардан не болғанын сұрады. Көп қатарлы үй салып жатқан құрылысшы, се гі зін ші қатардағы балканды сылап жатқанда, аяғымен балшықты басып тайып кетеді де, төмен қарай құлдырай жөнеледі. Бұл қайғы лы оқиғадан кейін келіні бір жастағы Аленаны енесіне тастап, кү йе уі мен бірге жұмыс істеген инженерге тұрмысқа шықты. Содан бері кемпір немересін бағады. Əйелі өліп, балалары басқа қалада тұратын көршісі Райсқа тамақ істеп, үй-ішін тазалайды. Кемпірге базарда бірге отырған саудагер əйелдер жиі келеді. Үйіне одан бұрын келіп, қазан-аяғын салдыратып жүрген Роза: – Мария Ивановна, заңгерің үйленген жоқ па? Үйленбесе таныс тыр саң шы, – деп қалжыңдады.

Зияш Телеуова – Ол өзінің əйелін өлердей сүйеді. Жап-жас келіншектер звондайды. Бірақ оның ойында үйлену деген жоқ. Қызметтен қалған соң, балаларының қолына барып тұрмақшы. – Келіні бақса жақсы, қазіргі келіндерді көріп жүрген жоқ пысыз. Біреуі сіздікі, құп-құттай балапанды сізге қалдырды да, кү йеуі нің беті жабылмай жатып, басқа біреуге тұрмысқа шықты. – Қой, Роза, оның дұрыс емес. Мен өлсем де Аленамнан айырылмайтын едім. Қайта келінім жақсы екен. Баласынан өлідей айырыл ды, немересін ермек ете тұрсын деп қалдырған жоқ па? Жеті са йын тамағы мен киімдерін əкеп беріп кетеді. Сендер тек біреуді жа ман дау ға дайын тұрасыңдар-ау. Келіннің жеті сайын келмек түгелі, тиген күйеуіне еріп басқа қа ла ға кетіп қалғанын біліп отырса да, əйелдер кемпірді одан əрі рен жіт кі ле рі келмей, əңгімені созбады. Енді олар қалада өршіп тұр ған ұры-қары мен кісі өлімін қажауға көшті. Кемпірдің есіне қожайынының тапсырмасы сап етті. – Əй, қатындар, сендер ана банкирдің өлімі туралы не ес ті дің дер? – Мария, сен Агата Криста құсап тергеуші боп жүрген жоқ пысың? – Солай десе де болады. Қолымнан келсе көмегімді аямас едім. Ол сондай өз кəсібіне берілген жан. Жатса да, тұрса да ойлайтыны құрып кеткір қылмысты ашу. Жалпы бұл кісі əнебір кино бар ғой, үнемі ақ плащ киіп жүретін бір көзі қитар ма, қисық па кім еді? – Комиссар Мэгре ме? – Есімде тұратын ба еді. Əйтеуір білгіш қой. Менің қо жа йы ным да сол сияқты. – Табысы да көп шығар. – Ол жағын білмеймін. Бірақ дем алу дегенді білмейді. – Сізге көп төлей ме? – Ой, арам қыздар-ай, ол коммерциялық құпия. Кемпірді айналдырайын деп пе едіңдер. Түу, мен не дедім жаңа сіздерге? Клара кемпір бірнəрсе бұқтырып қойған қазанға қарады. – Аш адам не айтады. Бұқтырылған картоп пен ащы қияр болса, оған қоса жүз грамм болса, біз сізге базардағы естігендеріміздің барлығын айтып беруге дайынбыз. – Қарашы, мұның аузының салымын. Əлде мен жоқта қа занның қақпағын ашып қарадың ба? Əйелдер сылқылдап күлді. – Айттым ғой, бұлар қазан-аяқты жайлап алған. Олай болса неге отырсыңдар, мына үстел үстін жинастырып, жасамайсыңдар ма,

Банкирдің өлімі əлде мен сендерге қызмет көрсетеді деп олайсыңдар ма? Əйелдер дас тар қан жасай бастады. – Айтпаса түк білмейді. Мен келгенше шай даярлап қойсаңдар қай те ді. Ұйықтар бөлмеге кірген кемпір, түскі тəтті ұйқыға кеткен не ме ре сі нің маңдайынан иіскеді. – Жетім ботақаным, ұйықтай ғой. Əкесінен аумай қалғанын қарашы. – Мария апай, шай дайын. – Иə, қазір, қазір. Кемпір жеңілдеу ала шыт көйлегін киіп, ас үйге беттеді. – Құлағым сіздерде, айта беріңдер. – Қазіргі полиция базардың ішіне жансыз болып бір күн кірсе, барлық қылмысты ашады. Себебі сауда жасаушылар қаланың əр түпкірінен келеді. Ал не көп зат көп, сондықтан мұрынан шаншылып жатқан ешкім жоқ. Кейде күні бойы бір затымыз өтпейді ғой. Ондай күндері салымыз суға кетіп, күніміз босқа өткендей боламыз, – деді Клара. – Ондай да əркім өз ауласында, маңайында түнде не болғанын, кеше не болғаннын айтып уақыт өткізеді. Неше түрлі сұмдықты естисің ғой. – Банкирдің өлімі туралы не айтып жатыр? – Ту, Маша апай, тіпті шыдамсыз болып кетіпсіз ғой, соны айтайын деп отырған жоқпын ба? Біріншіден барлық бай адамдар тəрізді банкирдің некелі əйеліне қоса көңілдестері бар. Естуімізше біреу емес, бірнешеу. Оның суық жүрісін біліп қалған əйелі айырылам деп шатақ шығарыпты. Жұрттың өсегіне қарағанда, ол банкирдің есеп-қисабын жүргізеді. Сондықтан ол заңды түрде ажы рас қы сы келмей, пайдалануды көздесе керек. Ал нақсүйері стюардесса дейді. Қазіргі байлар тіпті екі қатынды місе тұтама, қыз мет істейтін жерде менеджері тағы бар көрінеді. Вобщем, базар да ғы қатындардың айтуынша, осы қатындар таласқан, біреуі екін ші сі нен қызғанып у берген, оны байқаусызда банкирдің өзі ішіп қойыпты. «Біреуге ор қазсаң, өзіңе көр қазарсың» деген осы. – Ерунда, ол жұрттың өсегі. Қатындар таласып, сондай ірі банкирді у беріп өлтіре салған ба? – Роза əріптесінің байламына кө ңі лі тол ма ған дай, қолын сілтеді. – Оны саяжайында өлтірген. Менің естуімше, оны өлтірген бақ та лас та ры – акционерлер. – Роза, əйелдердің айласы мен зұлымдығы қазір ер кісілерден асып кетіп жатқан жоқ па? Неге олай дейсің! Оны күнде естіп жатқан жоқпысың. Пышақ салып, күйеулерін өлтіре салып жат қан дар

Зияш Телеуова ше? Оған қарағанда, у беру деген оп-оңай емес пе? – Клара ер нін шүр тит ті. – Менің Сашам секілді бірудің жалғыз баласы дейді, – кем пірдің иегі кемсеңдеді. – Шешесіне де оңай тимеген болар. – Ал менің естігенім, бар бəле шешесінен, ол тамыр-та ныс тықпен баласын банкінің бастығы етіп, бұрынғы бастықты алдырып тас та ған. Əйелі бедеу болған соң, екінші əйел ал деп азғырған. Шешесі нағыз айдаһар дейді. – Туған анасы баласына өлім тілемейді, – Мария Ивановна өзі көріп білмеген əйелді қорғай бастады. – Əрине, дегенмен, біреуге қиянат жасамау керек қой. Біреуге зор лық жасағандарға, Алла тағала осындай қорлық көрсетеді дейді. – Ой, Құдайым-ай, асылық айтпаңыз. Менің Сашамның кімге жазығы бар? Біреудің ала жібін аттамайтын. – Мүмкін, сіздің күнəңіз бар шығар. Кемпір көз жасына булығып, алжапқышының етегімен бетін басты. – Иə, мен Құдай алдында күнəһармын, – деп даусы дірілдеп, ора ма лын іздеп қалтасын сипалады. Бірі қасығын аузына апара беріп, бірі қияр тістемекке ың ғайлан ған екі əйелдің көздері бақырайып, оған таңдана қарады. – Солай, шынында да, əр нəрсенің сұрауы бар шығар, – деп Мария күрсініп, ұзақ сонар əңгіме айтуға кірісті. «Мен үш ағайынды жігіттің ортаншысы Михаийлға тұрмысқа шыққанмын.Сендер менің жас күнімдегі сəнімді көрген жоқ сыздар ғой. Көзім аспан түстес көкпеңбек, жүзім қаймақтай аппақ, жанарым жұлдыздай жарқырайтын. Мұрным пістедей түп-түзу. Алтындай сары шаштарым бұйра болғандықтан, күн сəулесіне ша ғылы сып, көздің жауын алатын. Өзім қылдырықтай жіп-жіңішкемін. Кө ше де кездескендер қайырылып қарамай өтпейтін. Талайдың аузы ның сілекейі шұбырып, соңымнан қалмай, сілікпесі шығатын. Жі гі тім де сұлу болатын. Біз екеуміз қосылғанда, бірі ай,бірі күн деп жарастығымызға бүкіл деревнья таңданған. Бізге көз өтіп кетті ме деймін. Оның бəрі құрсыншы. Ата-енемнің табалдырығын атта ған нан, қырықтың бел ортасындағы қайынағам екі көзімен мені ішіп-жеді. Күн өткен сайын маған əбден аңсары ауған ол ар мен ұяттан біржола безді. Бөшкедей сар қарын əйелі қызғаныштан жарыла жаздайды. Мен байғұс күйеуімнің ізінен қалмай, оның қо мағай көзінен тасаланумен жүрдім. Бəріміз бір үйде тұрдық. Оңа ша қал сам болды, қайынағам маған қол салатын болды. Ақыры бір

Банкирдің өлімі күні үйдегілердің барлығы қалаға базарлап кетті де, екеуміз оңа ша қалдық. Базаршылар оралмайтындай уақыт өткен соң, қай на ғам қолымнан шап беріп ұстай алды да, «Машажан, ешкім білмейді, тек қана екеуміздің ортамызда қалады. Мен сені сүйемін. Қаласаң екеуміз басқа жаққа қашып кетейік» деп маған бас салды. «Бұ ныңыз қалай, туған ініңіздің төсегін ластауға қалай ұятыңыз барады?» деп жұлыса кеттім. «Сен білмейді екенсің ғой, інісі өлсе, келі нін ала беруге дін рұқсат етеді»деп құмарлықтан есі кеткен қайна ғам мені құшақтап төсекке сүйрелей жөнелді. «Құдайға шүкір іні ңіз өлген жоқ қой, ол тіріде көзіне шөп сала алмаймын» деп барынша қарсыласып бақтым. Бірақ таудай еркек дегеніне жетіп тынды. Одан соң, ол тіпті үйреніп алып, маған қол салуын жиелетті. Күйеуім де бір нəрсе сеземе, маған суық қарай бастады. Сөйтіп жүр ге нім де, бір дос қызым тың көтеруге Қазақстанға жұмысқа кетіп бара жатқанын айтып, менімен қоштасуға келді. Тірідей екі от тың арасында қалып жүрген мен оған ілесіп, тамұқтан қашып құ ты лу ды ойладым. – Катя, мені де ала кетші. Менің бұл үйден кетуім керек. Кетпесем болмайды. Басыма түскен бақытсыздықты кейін айтам, – деп көз жасымды көлдетіп, дос қызымның етегіне орала кеттім. Ме нің не нəрсеге болса да бел буған кейпімді көрген ол: – Жүр, онда, кеттік, – деді. Егіс басынан келе жатқан қайнағам мені тоқтатпақшы болғанда: – Катяны шығарып салып, қайтып келем деп алдадым. Ба қы тымыз ға қарай, біздер разъезге келген бойы пойыз келе қалды. Екеуміз Тың қайдасың деп тартып тұрдық. Сонда Сашаға аяғым ауыр болатын. Шынымды айсам, екі ағайындының қайсысының баласы екендігін де білмеймін. Көп ұзамай біздің жерде Чернобыльдың апатты оқиғасы болды. Олар тұрған поселке атом стансасының жанында болатын. Олардың барлығы радиация сəулесінен зардап шеккендіктен, көп ұзамай қайтыс болды. Осыны естігенде, Құ дайдың қарғысына ұшырадық-ау деп ойладым». Алдарындағы тамақтарын ішуді ұмытып, əңгіме тыңдап қал ған əйелдер: – Мария апай, сіз күнəңізді сезіп, екеуінен де кетіп қалған, адал адамсыз ғой. Мүмкін күйеуіңізге айтсаңыз, ол түсінер ме еді. – Жоқ, ол мен үшін бауырынан айырылар еді. Олай етуге болмайды. Ол жерде менің сұлулығым ғана кінəлі болатын. Қайнағам да еркек – сұлу əйел көздің құрты. – Содан соң, тұрмысқа шықтыңыз ба?

Зияш Телеуова

– Əрине, шықтым. Өзімнен біраз кіші жігітке тұрмысқа шық-

қан мын. Жүргізуші болатын. Ол да қайтыс болды. Одан туған қы-
зым қазір Ресейде тұрады. Құдайға шүкір, оның тағдыры ме ні кі не
қарағанда сəтті. Мені шақырады. Бірақ мына кішкентай бо та қа-
ным ды кімге тастап кетем, ендігі жерде осыны жеткізсем деймін,

кім білсін. Кемпірдің əңгімесінен уақыттың қалай өткенін біл мей
қал ған екі əйел, сағаттарына қарады.

– Түскі үзіліс бітіп қалды. Мария Ивановна, сізді тіптен де біл-

мейді екенбіз ғой. Қандай берік адамсыз.

– Басқа түссе, бəріне көнесіз. Əр адамның маңдайына жа зыл-

ған тағдыры əртүрлі.Одан қашсаң да құтылмайсың. Ой, əңгүдік
басым-ай, сіздерге өткен-кеткенімді мылжыңдап отырып, ана кі сі-
нің тапсырмасын ұмытып кетіппін ғой.

– Тек, біз айтты демеңіз. Естіген құлақ та жазық жоқ деген. Біз-

ді кі лақап қой, – екі əйел безек қақты.

– Сендер айтты демеймін. Базарда отырғандар айтты деймін.

Бар, барыңдар! – Мария қуақылана көзін қысты.
Жұмысқа жиналған Райс күтушісінің базардағы əйелдерден ес-
ті ген соңғы жаңалықтарын мұқият тыңдап, кемпірге алғысын жау-
дырды.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

МЫРЗА

Айдар кештетіп келгенде, пəтерінде тосқауылда отырған же-
дел қызметкерлер тобы оны машинаға отырғызып ала жөнелді.
Мырза қатты састы Банкі күзетшісінің мойнына қылмысты іле
салу оңайдың оңайы. Оның үстіне бастық пен бұлардың арасында

бол ған жанжалдың куəлері бар. Тырнақ астынан кір іздейтін по-
ли ция ға одан артық не керек? Шынында да, мұның алдын алмаса
болмас. Сақтықта қорлық жоқ деген. Ол көп жылдар прокуратура-
да жасаған ескі досын есіне алды. Телефоны да бір жерде жазулы

сияқты еді. Үйге кіргенде абыржыған Баршагүл оған енді не іс те-
мек сің дегендей сұраулы жүзбен қарады.

– Əлгі біздің үйге келіп, талай қонған прокурордың телефон

нө мі рін білемісің?

– Оны қайтесің?

– Саяжайда өлген банкир Айдардың бастығы екен. Ол жұма

күні қармағындағы Айдарға, тағы бір қызметкеріне қатты ұрысып,

Банкирдің өлімі
жұ мыс тан шығарам деп қоқан-лоқы жасапты. Енді бұларды кү дік-
ті лер деп қамауға алуда.

– Қойшы қайдағыны айтпай, Айдардың қолынан кісі өлтіру

келмейді. Бірақ қазір кімнің кім екендігін ажыратып жатқан заман
ба? Алдын алып, ақылдасып қойғаның да жөн. Ана қалың дəптерді
алып қарашы. Сонда барлық таныстар мен тума-туыстардың теле-
фон нөмірлері жазулы.

Кітапшаны ақтара отырып, үй иесі сол ескі танысымен ал ғаш-
қы танысқан сəтін есіне алды.
Ерте тұрған Мырза ауыл-шетіне қарай жаяу аяңдап, та би ғат тың
таңғы уылжыған шағында серуендеп жүрді. Шағын ауыл жым-

жырт ұйқы құшағында. Əр жерден, «өк», «əй, қарасан келгір» деп
тентек сиырларымен ұрысқан əйелдердің үні ауада қалқиды. Боз
жусанды жапырып келе жатқан аяғының астынан, ертелетіп не
іс теп жүрсің, ұйқымды бұздың ғой дегендей шыр етіп шегіртке

ұшты. Шолпан жұлдыз сөнбеген.
Ауылдың шет жағындағы кеңсенің жанына «милиция» деген
жазуы бар машина келіп тоқтай қалды да, ішінен форма киген кісі-
мен бірге учаскелік милиционер түсті.

«Бұлар таң атпай не істеп жүр» деп ойлаған Мырза солай қа-
рай аяңдады. Азғантай ауыл тым-тырыс ұйқыда жатқанда, серуен-
деп жүрген бұған олар да назар аударып, темкілерін тартып, кү тіп
алды.

– Ассалаумағалейкум. – Мырза олармен амандасты.

– Уəликумсалам, – қолын созған майордың жасы мұнымен қа-

рай лас екен.

– Міне, осы кісіні понятой есебінде қасымызға ертіп алуға бо-

лады, – деді ол учаскелік милицияға.

– Не болды, жайшылық па?

– Ойбай, Мəке, қайдан жайшылық болсын, ана сенің құр да сың,

салпаң құлақ Сары түнде əйелін өлтіріп тастапты.

– Садық па, қалайша?

– Ішкен, сосын үйіне келіп ұрыс шығарып, есіктің қа йы ры-

лы сын да тұрған балтаны əйеліне қарай лақтырып жібергенде, ол
əйел дің басына тиіп, жарып өткен.

– Ой, мəжүгін балалары жетім қалды-ау. – Мырза шиеттей төрт

баласы бар үйдің шаңырағы ортасына түскеніне қатты қайғырды.

– Мəке, ерте тұрып жүр екенсіз. Енді бізге көмектесіп жі бе рі-

ңіз. Сол жерге барайық. Бір жағынан серік боласыз, бір жа ғы нан
куə боласыз.

Зияш Телеуова Мырза бір түрлі болды. Төбеден түскендей жаман хабар оған қат ты əсер етті. Садықпен кішкентайынан бірге өскен. Оның əкесі əке сі мен жандай құрдас болатын. Бірақ əкесі де өле-өлгенше осы ащы суға құмар боп, ақыры сол құмарлығы түбіне жетіп, мас күйін де жүк тиеген машинаға отырып, содан ұшып өлген. Енді міне, баласы мынадай күйге ұшырады. Əйелінің есімі – Сыр ға. Ол да осы ауылдың қызы. Қара торының сүйкімдісі, көзі жау таң дап тұрған қыздың бір міні – тілінің мүкісі. Жасында ауыл балалары мазақтап, оның көп сөздерін күлкі ететін. Жақындап кетсе, Сырға: «трактор», «көр», «сор», – деп айтшы деп қыр соңынан қал май ды. Байғұс қыз сотқар балалардан зыр-зыр қашатын. Р-ға тілі келмейтіндіктен, ол айтқанда: трактор – тлактол; көр – көл, сор – сол болып шығады. Бірақ танадай көзі жарқыраған, мінезі де ашық сүй кім ді қызды ауыл болып ұнататын. «Сорлының аты сорға жығы ла ды» Сол мінінен қорғаштап, талай жігіттерге ыңғай бермеген қыз Садыққа тұрмысқа шыққан. Алғашқы кезде тым-тəуір отбасына айналып, балалы-шағалы болған соң, салпаң құлақ сары ішуді бастады. Əрі-беріден соң, «сақау қар» деп жыны əйеліне түсетін болды. Міне, соның ақыры. Бұлар үйге таянғандай, əйелдердің жылаған үні естілді. Есік алдынан шоқша сақалды қарт қарсы жолықты. «Əйелдің əкесі» деп учаскелік күңк етті. Бəрімен бас изеп амандасқан оның қатты тол қып тұрғаны білінді. – Қайырлы қаза болсын, – деді майор. Іле Мырза да көңіл айт ты. – Əй, қарақтарым, қызымның ажалы өзінің ерінен болған соң, дің кем құрып, ел бетіне қарай алмай тұрмын. Жауыз деп айтуға да аузым бармайды. Бəрі осы арақтың қарсығы. Жүріңдер дегендей алға түсті. Қазақы үш бөлмелі жер үйдің ауыз ғы үйінде отырған əйелдер жоқтау айтып, дауыс шығара беріп еді, ақсақал: – Тоқтатыңдар! Бұл милиция, – деген соң, тым-тырыс болды. Өлік жатқан бөлменің қайырылысында басын ұстап жерге қарап отыр ған дəу сары орынынан тұра беріп еді. Майор оған зілдене көз тастады да: – Отыра бер. Отыр, енді саған отырудан басқа ешнəрсе қалған жоқ. Əлде мастығың əлі тараған жоқ па? – деп ақырды. Анада үн жоқ. Арт жақтан кірген Мырзаны көріп, көңілі босап, оған жау таңдап қараумен болды. Бұрын құрдас деп көрген жерде əзіл де сіп тұ-

Банкирдің өлімі ра тын ауылдасының мына мүсəпір халіне қарауға мұның да жүзі шыдамады. Учаскелік милиционер: – Мəке, мында жақындаңыз дегенде де, не істерін білмей аңыр ды. – Басынан жараланған. Мынау жатқан балта. – Милиционер көр се тіп жүр. Əйелдің беті-жүзін қан жуып кетіпті. Учаскелік оны қай та жауып тастады да. Қозғауға болмайды. Криминалист келеді, содан соң алынады, – деді. – Айыпталушы алға түсіңіз! Милиция əйелін өлтірген жігітті ма ши на ға отырғызды. Қаладан келген прокурор учаскелік милиционерге: – Сен апарып қамап таста. Мен криминалисті күтем, – деді. Сол жерде қаладан ертелетіп шыққан қонаққа Мырза: – Онда біздің үйге жүріп шай-су ішіңіз, – деп үйіне шақырды. Райсқа Мырзаның кең де таза үйі, сөйлеп тұрған қонақжай əйелі қатты ұнады. Содан кейін осы жаққа қарай жолы түссе, үй ие сін өзі тауып алып, екеуі балық аулауға, құс атуға бірге баруды əдет ке айналдырды. Осылай біраз жылғы қарым-қатынастары кейінгі кезде үзіліп, Мырза ескі танысынан хабарсыз қалған. – Қай бетті қарап отырсаң, арт жағында еді ғой, – Баршагүл кітап ша ны алып өзі қарады да: – Міне тұр ғой, – деді. Мырза жазулы нөмірді теріп еді, əр жағынан автожауап қақ сап қоя берді. Ол əйеліне қарап: – Мынаған не деу керек? – деп тұтқаны көрсетті. – Сен білмей тұрғанда, мен қайдан білем. – Сен көп білесің ғой, барлық жаңалықты сенен естиміз. – Дүкенге күнде барсаң, сен де естисің. – Дүкенге барғандардың бəрі əңгіме тыңдап тұра қалмайтын болар. – Əрине, бəрі емес, мен сияқты қолы бостар. Онда тұрған не бар екен. Өсек айтпаймын, өтірік айтпаймын. Əркімдердің ес ті генбіл ге ні не құлағымды түргенім үшін де кінəлімін бе? – Жарайды, жарайды. – Мырза ашуланғанда əдемі сүйір мұрны ның ұшы жыбырлап, қызарып кететін əйеліне күле қарады: – Кешке қарай тағы звондап көрермін. Күндіз жұмыста болар. Келесі күні телефон шалғанда, Райс: – Мырзеке, сенің де даусыңды еститін күн бар екен-ау. Қазір кел. Тез кел, əйтпесе жұмысқа кетіп қалам, – деп қуанғанын жасыра алмады.

Зияш Телеуова Райстың жатырқамай, ашық-жарқын сөйлескеніне көңілі орнына түскен Мырза үйінен жедел-ғабыл шығып, қозғала берген ав то бус қа ілікті. Есік аузына жақындау орынға жайғасқан Мырза масломерге: – Балам, Пушкин саябағынан түсем, өтіп кетпейін, – деп ескертті. – Онда барлығы түседі. Соңғы аялдама, – деді бала. Мырза қалғып кеткен ол, жүргіншілер сыпырылып түсіп бара жатқанда, есікке қарай ұмтылды. Саябақ ішіндегі орындықтың бірін де газет оқып отырған Райс Мырзаны анадайдан танып, қарсы жүр ді де, көзілдірігін шешіп, құшақтасып көрісті. Екеуінің де көңіл де рі босады. – Сенің Баршагүлің қасыңда ғой. Шын жетім мен, құр да сың нан айырылып қалғаныма біраз болды, – деп күрсінді Райс. – Естімедім. Естісем бір төбемді көрсетер едім, – деген Мырза кө ңіл айтты. – Жүректен қапыл кетті. Саябақтың жанындағы төрт қатарлы үйдің екінші қа ба тын да ғы Райстың үйі əйелі жоқ үй сияқты емес тап-таза, көңірсіп тұр. – Бала-шаға алыста. Бір балам Астанада, бір балам Алматыда. Шақырады. Бірақ бірталай жасқа келгенде, үйренген ортаны тастап, ешқайда кеткім келмейді. Бір жалғыз басты көрші кемпірді күтушілікке жалдадым, сол тамағымды істеп, киімімді жуып қояды. – Ал жұмыс жағдайың ше? – Прокуратурадан зейнетке шыққам, жақыннан бері Ішкі іс тер департаменті жанындағы тергеу басқармасын басқарамын. Үйде отыру қиын. Мырза бұл хабарға қатты қуанды. – Өзің ше, қалаға қашан келдің. Бəкең қалай? – Қалаға көшіп келгеніме ек-үші жыл болды. Жұмыс таба алмай біраз қиналдым. Сосын ауылдағы кəсібімді қолға алып, тері қабылдадым. Жаман емес. Үйрендім. Баршагүл үйде. Қан қы сы мы көтеріліп, жиі ауырады. – Ауылдарыңнан бірдеңе қалды ма? – Жоқ, түгелдей жоқ. Тұрғындары жан-жаққа көшті. Көбісі аудан да, қолы жеткендері қалада. Мен сол тұста қалаға келіп үй сатып алғанмын. Сонда тұрып жатырмыз. – Дұрыс жасағансың. – Өзім де солай ойлаймын. Əуелгі уақытта қиындау болғанмен, қа зір үйрендік.

Банкирдің өлімі Ас үйге кіріп, шай қойып үлгерген Райс: – Жүр, ендігі əңгімені шай үстінде жалғастырайық, – деді. Ер адамның қолынан шай ішуге ыңғайсызданған Мырза: – Босқа əуреленгенсің. Саған айтатын əңгімем бар. Соны тыңдап, ақыл-кеңес берсең деп ем. – Құлағым сенде. – Райс таңданғандағы əдетімен қою қасын кө тер ді. – Реке, менің баламның жоқтығын білесің. Бірақ бір жақсы жігіт ті үйіме жатқызып, соған үйреніп қалғанмын. Өзі тəрбиелі бала. Қалаға келе жатқан сапарында жол үстінде танысқанмын. Бан кі ге күзетшілікке орналасып, жұмыс істейді. Сол банкінің бас ты ғын біреу лер саяжайында өлтіріп кеткенге ұқсайды. Соған кү дік ті лер дің ішін де Айдар да бар. Тергеушілер жұмысына барып жауап алыпты. Бұл бала банк бастығымен шатысып қалса керек. Жаңа ер тең гі лік полиция келіп, үйден алып кетті. Кеше жауап алғанда еш жаққа кетпеу туралы қолхат жаздырып алыпты. Мен оның адал ды ғы на сене мін. Сондықтан ақ-қарасы шешілмей қалама деп алаң дау лы мын. – Мəке, əзір мəн-жайға қанық емеспін. Егер сен айтқан жі гіт тің кісі өліміне қатысы жоқ болса, қолымнан келген көмегімді аямаймын. – Реке, маған сенсеңіз, бұл бала қосақ арасында бос кетуші. – Алдын ала абыржып қайтесің. Мен сенің адам танитыныңа се не мін. Кісі өліміне шыныменен қатысы жоқ болса, ақталады, бəрін уақыт шешеді. Райс ескі досын үйіне машинамен апарып салды.

* * *
Райс сағатына қарағанда, тергеушілермен кездесетін уақыты
болып қалған екен.
Жолдан криминалистер отырған ғимаратқа соқты. Бас са рап-

шы ға:

– Банкирдің өліміне байланысты анализ сараптамалары дайын

ба? – деді.

– Онда талай қызықтар бар, – деген тəжірибелі криминалист,

əлде бір қағаздарды аударыстырып, бір нəрсені іздеді.

– Біріншіден, мəйіттің асқазанынан екі дүркін ішкен удың көп

мөл ше рі табылды. Соның əсерінен қатты ұйықтап кеткен болу ке-
рек. Содан соң оны сол ұйқылы-ояу күйінде қаза етуі де мүмкін.
Екін ші ден, қолында есірткі инесінің ізі барлығы анықталды.

Зияш Телеуова
Соң ғы жаңалыққа таңданған тергеу бастығы ойланып қалды.

– Сіздер маған оның қай уақытта өлгенін дəл айтып бере ала-

сыз дар ма? Сосын удың əсері қанша уақытқа дейін созылады.
Одан басқа асқазанында спирт ішімдіктері бар ма?

– Иə, ол сыра, оған қоса «Қазақстан» конягін ішкен.

– Онда ер адамдармен кездескен болды ғой.

– Мүмкін.

– Заттарындағы қолтаңбалар туралы не айтасыз?

– Қалтасынан əмияны табылды.Онда да ер адамның сау сақ та-

ры ның ізі бар.

– Ішінде ақша бар ма?

– Жоқ.

– Машинасы табылды деген рас болса, содан бір нəрселер

анық та лар.

– Ə, машинасын ертең алып келеді. Мұқият түрде экспертиза

жасау қажет. Қылмыс жасағандар туралы тырнақ ілігетін татымды
нəр се табылмай тұрғандықтан, сіздерден аса мұқияттылық талап
еті ле ді.

– Дəрінің аты қандай, ол дəрігердің рұқсатымен беріле ме?

– Оны айтуға болады. Нитразипан. Бұл бау-бақшадағы жəн дік-

тер ді аластауға пайдаланылады.

– Жақсы. Кейінірек тағы соғамын. Кез келген тың деректер бо-

йын ша жедел хабарлауларыңызды сұраймын. Наркологтың сарап-
тамасын дайындаңыз.
Райс бұл жолы қылмыс жасаушылардың біреу емес бірнешеу
екендігіне көз жеткізгендей, көңілсіз шықты. Жəне бұл жəй ғана

банк күзетшісінің қолынан келмейтін қылмыс. Демек, банк кү зет-
ші сі нің бұл қылмысқа қатысы жоқ. Оны босаттыру керек. Жазығы
жоқ адамды жапқанмен, одан жағдай өзгермейді.
Бүгін тағы да орынбасардан жауап алуға бармақшы. Не болса

да, бар пəлені банкирдің бақталастарының арасынан іздеу керек
сияқты...

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Акционер

Кең бөлменің төрінде отырған орынбасардың қарсы алдында
үл кен экранды теледидар, бір жағында «Ноутбук» компьютері,
байланыс телефонының неше түрі бəйгеге қосылатын арғымақтай

Банкирдің өлімі
сапта. Еуро жөндеулі, қымбат кеңсе жиһаздарымен жабдықталған
бөл ме нің сəнділігі өзгеше. Оның фонында өзі шағын денелі, аласа
бойлы орынбасар ғана көзге қораш көрінеді. Сары жалақ бет əл пе-

ті, шүңірек көзі, жұп-жұқа еріні, тар маңдайы онша кең ойлайтын
кемеңгер жан еместігін де білдіргендей. Қаржыгер орнынан шап-
шаң көтеріліп, тергеу бастығына қолын ұсынды, оның ортаңғы
сау са ғын да ғы «перчатка» деп аталатын гауһар тасты сақинаның

ба ға сын білетін, тəжірибелі заңгер, болымсыз ғана езу тартты:

– Бөлмеңіз жайлы екен.

– Иə, бірақ қызметіміз мазасыз.

– Онда тыныш орын іздеу керек қой.

– Сол тыныш орын табылмаған соң, отырмыз.

– Кеңес үкіметі тұсында мынадай қымбат жиһаздарға тіпті бі-

рін ші хатшылардың қолы жетпейтін. Дегенмен қазіргі ак цио нер-
лер дің жағдайы жаман емес қой деймін. – Тергеу бастығы кекет-
кені немесе қызыққаны белгісіз жұмсақ жымиды.
Үстел астындағы түймені басқан Жүрсін:

– Сізге кофе ме, əлде көк шай ма?

– Жоқ рақмет. Жаңа ғана түстік ішіп шықтым. Біздің жасымыз-

да артық су ішу зиянды.
Орынбасар көмейіне кеп кептелген «сіздің жасыңызда құс жас-
тық ты қолтыққа алып, жантайып жату керек» дегенді айт па ға ны-
мен, талайды көрген тарлан оның емеурінін түсінді.

Жүрсін мырза тамағын кенеп, сəл-пəл жөткірінді де, теледи-
дарды сөндіріп тастап, құлағым сізде дегендей тергеушіге қарады.

– Акционерлік қоғамның жұмыс істеп жатқанына қанша жыл

болды?

– Үш жылдан асты.

– Акционерлер үшеусіздер ғой.

– Иə үшеу едік. Қазір екеу боп қалдық.

– Қайтыс болған қаржыгермен сіздің қарым-қатынасыңыз қан-

дай еді?

– Соңғы бірер айға шейін қалыпта болды деп айта аламын.

Əри не, жұмыс болған соң, келісе алмаушылық болып тұратын. Бі-
рақ оның отбасындағы ұрыс-керіс, сосын өзінің жеке басының тəр-
ті бі қызметке кері əсер етті.

– Отбасын жақсы білесіз бе?

– Əрине, білемін. Бірінші алған əйелінен перзент көрмеген соң,

екінші рет үйленуге ниеттеніп жүрген. Содан болар некелі əйелі,
бірнеше рет жұмысқа келіп, ұрыс шығарды. Сөзіміз ауыр болма-
сын марқұм Тəкең – осы заманның Дон Жуаны еді ғой. Нақ сү йер

Зияш Телеуова стюардессасының аяғы ауыр. Осы мекемедегі менеджер қыз бен кө ңіл дес болып, ол да жүкті деп естиміз. Əріптестердің айтуынша, соң ғы сы шешесінің қалауы. – Банкирдің осындағы көңілдесімен сөйлесуге бола ма? – Əрине, несие бөлімінде, шақыртып берейін. – Сіз Сауда үйін салуға қаржыны қайдан алдыңыз? Орынбасардың бұл сұрақты жақтырмай қалғаны бірден байқал ды. Алдындағы сандар толы қағазды ысырып тастап, креслосына шалқайды да: – Қазір кеңес үкіметі емес. Оған қоса мен мемлекеттік мекемедегі қызметкер емеспін. Мемлекеттік қызметшілердің өзі се нім ді өкілдерін сайлап алып, бизнесін бишігінен тұрғызып, ал шаң дауда. Бұл менің жеке коммерциялық құпиям. Сіздің бұл сұ ра ғы ңыз ға жауап бере алмаймын. – Банкир қастандықпен немесе бақталастықпен өл ті ріл ме генде, сіздің жеке құпияңызға ешкім қол сұқпаған болар еді. Қыл мыс жасалғандықтан, сұраққа жауап беріңіз? Орынбасардың жүзі бозарып, ерніне апара берген кофесін орнына қойды да: – Мен түсінбеймін.Сіз мені күдіктілердің қатарына қосып қойған жоқсыз ба? – Қылмыс ашылғанша, ол кісінің жанындағылардың əр қай сысы на күдік түсуі мүмкін. Егер қатардағы банк күзетшісі кү дік ті лер қатарына жататын болса, сіз қалай тыс қаласыз? – Кешіріңіз, мен банкирдің əйелінің ашынасы емеспін. – Күзетшінің ашынасы екендігі де дəлелденбеген дерек. – Ол енді сіздердің жұмыстарыңның кемшілігі. – Сіз біздің жұмысымызға баға бере алмайсыз. Сондықтан тергеу аяқталғанша, еш жаққа кетіп қалмау туралы қолхат бересіз. – Сонда қалай, менің демалыс алуыма, жол жүруіме тыйым салына ма? – Өкінішке орай, қылмыс ашылғанша, ешқайда кетпейсіз! – Банкирдің машинасы Орскінің түбінен табылды. Енді ішінде кімдер болғаны іздестірілуде. Машина ішіндегі қол таңбалар сараптамасы анықталған соң, біршама нəрселердің беті ашы лады. Соңғы сөзді естігенде, орынбасардың қабағы дір етті. Шы рылда ған телефон тұтқасын көтеріп, қайта тастай салды. Оның бар қимы лын мүлт жібермей отырған прокурор: – Машинаны өртеп жібермей, немесе сатып саудаға жаратпай, өз де рі қашып кеткеніне қарағанда, олар біреудің тапсырмасымен қи мыл да ған тəрізді.

Банкирдің өлімі
Жуасып қалған қаржыгер:

– Қаржыны несиеге алғанмын. Ол жетпеген соң, акционер ре-

тін де банкіден біршама ақшаны пайдаланғаным рас. Сауда үйін
са ту ға шығарып, сол қарыздың орнын толтыру əрекеттерін жасау-
дамын. Оның соңғы сөзіне онша мəн бермеген бас тергеуші:

– Жаңағы айтқан менеджерді маған шақырып беріңіз, – деп бұ-

йыр ды.
Орынбасар түймені басып қалды. Жедел кірген хатшысына:

– Жаңылсын келсін, – деді де, – осында отырып сөйлесе бе рі-

ңіз, бөлімдерді аралап шығатын жұмыстарым бар, – деп шығып
кет ті.
Есіктен имене кірген бота көз ашаң жүзді бойжеткенге:

– Мында келіп отырыңыз, – деген Райс қойын кітапшысына

бір де ңе лер ді түртіп алды.

– Бұл мекемеде көптен қызмет істейсіз бе?

– Оқу бітіргеннен бері.

Анайы сұрақты қоюдың ретін таба алмай мүдіріп қалған тергеу
бастығына, қыздың өзі:

– Сіз қайтыс болған банкирмен арадағы жағдайды сұрамақшы

шы ғар сыз. Бір-бірімізді ұнаттық. Ол əйелінен айырылып, маған
үй ле ну ге уəде берді, – деді.

– Банкирдің сізден де басқа көңілдесі бар екенін білдіңіз бе?

Қыз соңғы сəнге қарай бояған шашын сұқ саусағымен кейін
ысырды.

– Білдім. Бірақ ол мені қалады. Біз мешітке барып, некемізді

мол да ға қидырдық.

– Сонда қалай, банкирдің өлетінін алдын ала білдіңіз бе?

– Жоқ.

Менеджер күрсінді.

– Онымен кездескен алғашқы айлардан соң, ана болатынымды

сездім. Біреулер арқылы оның шешесімен кездесіп, болған жай-
ды баяндадым. Анасы мені бірден ұнатты, сəбилі болатынымызды
естігенде, тіпті есі шықты. Сосын Тұран əйелінен заңды түр де ай-
рыл ған ша, мешітке апарып, молдаға некемізді қидырды.

– Мұның бəрі жасырын өтті ме?

– Əзірге осылай бола тұрсын. Кейін бəрін реттеймін деген.

– Сіз банкир қайтыс болатын күні қайда болдыңыз?

– Өз əке-шешемнің үйінде. Шешемнің туған күнін тойладық.

Тұран да келем деп уəде берген. Күтіп-күтіп келмеген соң, өзіміз
отырдық.

Зияш Телеуова – Оны іздеп ұялы телефонына шықтыңыз ба? – Шықтым. Жауап бермеді. – Содан соң көрген де жоқпысыз. Қыз басын шайқады. – Жерлеу рəсіміне қатыстыңыз ба? – Жоқ. – Тұран қайтыс болған соң, шешесі сізбен хабарласты ма? – Жоқ. Қалталы қарыжыгердің артын əбден былықтырғанына көзі жеткен тергеу бастығы енді оның нақсүйері атанған стюардессадан жауап алуды ойлады. Бірақ менеджердің бар шындықты ашып айтпай отырғанын іші сезді. Сезсе де, əзір қыспалау ерте деп түйді. СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

ҒАЛАМТОР

Н. қаласындағы акционерлік қоғам филиалының директоры
компьютер экранындағы қаптаған сандарға үңілді. Бір кезде бас
бан кі нің есеп-қисабын бақылау үшін оның қаржы операцияларын
кодпен ашты. Олар менің қалтасын ақтарып жатқанымды білмей-

тін де болар. Ана Дон Жуанның қыз-келіншектен қолы босамай-
ды. Ал провинциядан келген Жүрсін мырзаның компьютердің
құ пия ла рын білуге өресі жетпейді. Мен неге соны пайдаланбай-
мын? Су маң еткен сиқырлы ой жас банкирдің көңілін əп-сəтте

жаулап алды. Сөй тіп ана билік басындағылардың буын құртына
ай нал ған қара сұр бəйбішеден неге кегімді қайтармасқа! Ол ең
əуе лі менің іші-бауырыма кіріп, баласын орынбасар етті. Оған қа-
на ғат тұтпаған «крестная мать», жоғары жақтағы шенеуніктердің

аузын майлап, мұны ысырып тастады да, баласын акционерлік
қоғамның президенті етіп тағайындатты. Акционерлердің бірі
ре тін де банктің коды қолымда тұрғанда, оларды тақыр жерге
отырғызып кетуіме, не ке дергі? Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін

білікті компьютер-бағ дар ла ма шы ғана керек емес пе? Оның ойы-
на Самараның академиясын жаңадан ғана бітіріп келген бағ дар ла-
ма шы Марал түсті.
Алдындағы түймені басып қалды да, есіктен көрінген хатшы

қызға:

– Маралды шақыр! – деп əмір етті.

Ұзын бойлы əдеміше жігіт жүгіріп кірді.

Банкирдің өлімі

– Марал, акционерлік үлесім бар бас банктің есепшотынан бел-

гі лі бір мөлшердегі капиталды компьютер арқылы өз есепшотыма
аударып алуыма бола ма?

– Кодын білетін болсаңыз болады, бірақ бұл...

– Мен сол банктің бастығы болып қызмет істедім. Сондықтан

оның барлық операциялары, коды əзірге қолымда. Міне, қараңыз,
мен олардың қаржылық жағдайын тексеріп отырмын. Өзіңіз бі ле-
тін дей, біздің банктің финанстық жағдайы мəз емес. Оған тұр ғын-
дар дың əлеуметтік əл-ауқатының нашарлығы əсер етуде. Несие

алушылар аз. Қазір банктердің барлығы несиеден түсетін па йыз-
бен күн көруде. Ал «А» қаласының халқы бай. Ол мұнай өнім де рі-
нің ортасында. Сол себепті бізге ең болмаса аз уақытқа па йыз дан
пайда тауып, қор жинайтын қомақты қаржы ауадай қажет. Оны

несиеге алсақ, пайызымен қайырамыз. Аз уақытқа осындай қар-
жы ны аударып алсақ, пайызынан пайда тапқан соң, қайтарар едік.

– Но, Манас Жаулыбаевич... дей берген бағдарламашыны бан-

кир бөліп жіберді.

– Білем заңсыз. Бірақ мен сол банкінің акционерінің бірімін.

Сон дық тан түскен түсімге ортақпын. Егер бұл операция ашылып
қал са, мен сені қорғап қаламын. Есіңде болсын, егер мен айтқан
ақ ша ны аудара алсаң, бір пайызы сенікі.

– Ондай операциялар істеуге болады. Бірақ ол жақта да білгір

бағдарламашы болуы мүмкін.

– Бар. Бірақ ол сен сияқты академияны үздік бітірген жоқ.

– Сонда қанша?

– Маған керегі 100 мың доллар.

– Вы что!? Ондай көп қаржы бірден білінеді. Ол банкінің капи-

тал қоры қанша екенін білесіз бе?

– Білемін. Білген соң айтып отырмын. Бұл оларға түк емес.

Жəне осындай əрекетті ашам дегенше, біз ол ақшаның жартысын
болса да қайта аударамыз.

– Уəде бере алмаймын. Бірақ каналдарын көрейін.

– Байқап көр, егер осы долларды айналымға түсіре алсаң, бір

пайызы сенікі.

– Кодын көрсетіңіз.

– Мында кел.

Бағдарламашы директордың ноутбугынан банктің кодын есіне
сақтап алды.

– Қанша уақыт керек.

– Незнаю, попробую поработать, риск большой.

Зияш Телеуова – Кто нерискуюет тот... – Знаю. – Ну давай, специалисту как ты, я доверяю. Бағдарламашы кеткен соң, Манас əуелі өзін əбжыландай арбап, қойны-қонышына кіріп алған Қатира ханымнан өш алатынын, оның жанын білдірмей ауыртып, баласының барын сүліктей сорып алу дың амал-айласының табылғанына мəз болып, рақаттана жымиды. Көз алдына 100 мың долларынан айырылып қалып, не істерге білмей ызаға булыққан Тұранның қара сұр бет-əлпеті елестеді. Жасынан вундиркенд атанған Марал бастығының ұсынысына таң дан ған күйде жұмыс орнына келді. Шынында, ол егер сол банкі нің акционері болса, өз үлесін алуға құқылы. Егер қаржы айналымы ересен ауқымды екінші дəрежелі банк болса, мұндай көлемдегі ақ ша ның басқа жаққа қолды болғанын, аз уақытта байқамай қа луы да мүмкін. Қазір қаншама миллиондар мен миллиардтар ай на лымға түсіп, пайыз тапқан соң, иесіне қайтарылуда. Көруге болатын нəрсе. Мүмкін интернет арқылы бұл идеяны жүзеге асыруға болар. Ол үшін бастықтың ноутбугін уақытша сұрап алу керек. Жемежемге келгенде, оның компьютері арқылы жасалған опе ра ция ларға мен жауап бермейтін боламын. Бағдарламашы кенеттен пайда болған проблемадан құтылудың оңай жолын тапқанға қуанып кетті де, бастықтың қабылдауына қайта жүгірді. – Манас Жаулыбаевич, бұл процестерді интернет арқылы орындаса қауіпсіз. Сондықтан маған уақытша пайдалануға өзі ңіз дің ноут бу гі ңіз ді берсеңіз. Мен үйде отырып, түнде жұмыс істеймін. Көп тен кеудесіне шер боп қатқан кегін қайтарудың жолын тап қандай боп рақаттанып отырған қаржыгер: – Ал, қанша керек болса, сонша ал! Оның ішінде сол бан кі нің қаржыға байланысты барлық деректері мен операциялары бар, – ол алдындағы шағын компьютерді жинап, қорабына салды да, Марал дың қолына ұстаты. Өзінің арманына айналған компьютер қолы на тигенде, бағдарламашы қанат біткендей ұша жөнелді. «А» қаласындағы бас банктің президенті Тұран компьютербағ дар ла ма шы Мирасты шақырып алып, жер-жебіріне жетіп ұры са тын күні «Н» қаласындағы акционер қомақты қаржыны элек трон дық байланыс арқылы өз есеп шотына аударып үл гер ген еді... Соңғы кезде көңіл күйі болмай жүрген бас банкирдің түн гі ойын-сауықтардан басы мең-зең боп отырып, компьютердегі есеп-

Банкирдің өлімі
қисапқа көз жүгірткенде, ұйқылы-ояу қалпынан бірден арылды.
Ол білгір финансист болғанымен, қызметке салғырт қарап, қыз-
қырқынды қызықтаумен, күнделікті кіріс-шығыс операцияларын

бақылауды мүлде ұмытқан. Жаннаға деген сезімі суымай, одан
алыс та ған сайын ғашықтық дертіне шалынған Тұран қолындағы
бар байлығы мен билігінің өзі сүйген əйелдің жүрегін жібітуге
жарамайтын түкке тұрғысыз бірдеңе болып шыққандығынан да

жігері құм болған болатын. Қаржыгердің терең жан күйзелісінен
туындаған салғырттығы мен салақтығын пайдаланған жан-жа ғын-
да ғы лар, əрқайсысы өз қалтасының қамын ойлап, банкінің тұ ра-
лап, кіріс пен шығыстың ара салмағының алшақтағаны сонша, ал-

дын да ғы тоқсандық есепті көргенде қаржыгердің төбе шашы тік
тұр ды. Оны аяғына дейін қарамастан, компьютерін өшіре салған
банкир, үстіне кіріп келген Мирасқа:

– Сені кім шақырды! – деп дүрсе қоя берді.

– Банкир мырза, жаңа ғана байқадым. Біздің есеп-шоттан қо-

мақ ты қаржы ұрланған тəрізді.

– Не деп сандалап тұрсың?

– Электрондық жүйеден өзгеріс көрдім.

Ноутбугін қайта ашқан банкир:

– Қайда? Ұрлаған кім?

– Шамасы сіздің акционерлеріңіздің бірі.

– Қашан, қанша ұрлаған?

– Дəл білмеймін. Бірақ шамасы 100 мың доллар.

– 100 мың доллар?

– Сонда осыған дейін қайда қарадың?

– Маған кодпен жұмыс істеуге рұқсат бермегенсіз.

– Ал, бүгін қалай рұқсат алдыңыз?

– Есеп бөлімі, тексеріп беруді өтінді.

– Олар алдындағы есебін білмесе, қайда қараған!?

– Ақша аударылып кеткен соң, интернет арқылы қолды болған.

– Не деген сандырақ!!

– Бұл сандырақ емес, факт.

– Жоқ. Сонда сендер не істеп отырсындар?

– Тұран... бағдарламашы оның əкесінің атын ұмытып қалды.

– Айта бер!

– Мұны есепшілер білмейді. Олардан өтіп кеткен соң, басқа

есепшотқа жетерде аударылып алынған.

– Сонда мұны істеген кімдер?

– Сіздің «Н» қаласындағы акционеріңіз.

Зияш Телеуова – Онда сен қайтадан неге аударып алмайсың? Мирас басын шайқады. – Енді тек қана, өздерінің аударуын күтесіз. – Оңбаған. Сұмырай. Мен оған көрсетем, ұрлағанды. Акционердің ұялы телефон нөмірін тере бастады. – Алло... Алло... – Ə, тыңдап тұрмын! – Бұл қай бассыздық, бұл қай басынғандық!! Неге менің ақшам ды ұрлайсың!! – Сен бассыздық жасап, менің орнымды тартып алғанда, мен көнгенмін. Ол сенің ғана ақшаң емес, менің де ақшам. Бірақ қа рызға алдым. Пайызын өндірген соң, қайтарамын. Менің бан кім нің сенікіндей капитал қоры жоқ. Дағдарыстан шығатын басқа амалым қалмады. Телефон үнсіз қалды. Тұран мырза ашудан жарылып кете жаздады. Бір жағынан акцио нер дің барымтасы жанына батып барады. Бірақ анау өзінің істе ген зорлығын алдына келтіріп, ал не істесең оны істе деп міз бақпай ды. Бəрібір ол енді бірден қайтармайды. Тіпті аудармақ түгілі, ме нің үлесім деп, əрі-беріден соң сіңіріп кетеді. Қала шетіндегі сау на ға барғанда, ішін жалап бара жатқан 100 мың доллар оған маза бермеген. Ол қайта-қайта акционерге телефон соғып, ертеңге де йін ұрланған ақшаны қайтармаса, полицияға хабарлайтынын айтып қорқытты. Бірақ қайтармаған күнде, қандай əрекет жасауды өзі де білмейді. Сол арада ана жақтан sms арқылы, саған ме нің менджерлерім барып жолықсын, қайда боласың деген хабар түс ті. Шала мас қаржыгер, саяжайының адресін айтып, түнде сонда болатынын жазды...

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

АДАСҚАНДАР

Жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрып жатқан екі жігіттің
бірі Құралған көне теледидардан «боевик» қарап жатып, қалғып
кет ті. Қасындағы серігі дыз еткен ұялы телефонға жабысып, біреу
жұ мыс қа шақырып жатқан болар деген үмітпен, ас үйге жөнелді...

Қа ла ға жұмыс іздеп ауылдарынан келгелі екі жылдай болып қалған
жі гіт тер əр жерден тиіп қашып, тиын-тебен тауып өлмешінің кү-
нін көріп жүргендері болмаса, тұрақты жұмыстары да жоқ. Бір

Банкирдің өлімі бан кі нің филиалына күзетші боп кіріп еді. Одан да басшыларына жақ пай, шығып қалды. Ақшасы өнімді жерге жұмысқа орналасуға тамыр-таныстық керек. Шалғай бір түпкірде өсіп, қала өмірінің қыры мен сырын білмейтін екі жігіт жатақхананың бір бөлмесіне пə терақыны əрең тауып төлеп, шықпа жаным шықпалап күн өт кізу де. – Қайрат, қайдасың, əй? – Құралған басын кір-кір жастықтан кө тер ді. Əбден тозығы жеткен тұс қағаздар əр-жерден жыртылып, оның астынан жалаңаш жар көрінеді. Кімнен қалғаны белгісіз еденге қошқар мүйіздері əбден желініп біткен жұлма-жұлма көне киіз төселген. Көне болса да, тас еденнен ызғар өткізбей тұрған қам сау да сол. Тозығы жеткендіктен желімі ашылып, тұмсығы ыржиып кеткен Құралғанның бəтеңкесі төрге қарап ырсиған күйі жам бас тай жығылған күйі жатыр. Ол болса мына қу тіршілікті қалай жеңілдетіп, қалай ел қа тарлы өмір сүрудің айла-шарғысын жасауды білмей, кейінгі кездері өз-өзінен түңіліп, түнеріп жатып алатынды шығарған. Бұл жолы да əлдекімді боқтап, іштегі күйігін басатын жалғыз оты темекісіне жармасты. – Қазір, қазір. Қайда... қайда? Саяжайда... жалғыз ба? Сонда не іс тей міз? Ім... Білмеймін. Ойланып көрейін. Не дейсіз? Өзім құтқа рып алам дейсіз бе? Онда уəде... Уəдеге тұратын болсаңыз. Аяқ астынан... Дегенмен сізге сенеміз. Сізге барып па, жұмыс тауып бе ре сіз ғой. Үйде... Ім...ойланып көрейік... – Ау, Қайрат, не жоғалып кеттің! Кіммен сөйлесіп жатсың сонша? – Құреке, бір іс бар. Бірақ сенің қалай қарайтыныңды... – Жұмыс па? – Иə, жұмыс. Бірақ жəй жұмыс емес. Адам өлтіру. Қолындағы темекісін тұтатып тұрған Құралған есің дұрыс па дегендей ананың жүзіне сескене қарады да: – Ендігі қалғаны сол еді. – Сенің есіңде ме, банкінің бұрынғы бастығы. – Əрине, есімде. Ол басқа қалада емес пе? – Иə. Сол жақтан жаңа ғана менің ұялы телефоныма звондады. – Қызық екен. Сенімен амандасуға ма? – Ол менімен амандасып не істесін. Тапсырма берді. Егер орында саң жұмыс тауып беремін. Үй алуға көмектесем. 10 мың доллар бе ре мін деді. – Мəссаған, батпан құйрық, жолда қалай жатқан құйрық. Сонда не істеуміз керек?

Зияш Телеуова – Қазіргі банкінің бастығын өлтіруіміз керек. – Сонда адам өлтіруге 10 мың доллар бере ме? – Ол жағын түптемедім. – Өмірі тышқан мұрнын қанатып көрмеген біздер, он мың доллар ға адам өлтіреміз. Ол екеумізге бөлгенде 5 мың доллардан тиеді екен. Оған үй аласың ба, машина аласың ба? Ал сен ана мыр за ның үй алып берем, жұмыс беремін деген құрғақ уəдесіне сеніп тұр мысың? Қазіргі уақытта уəдесінен шыққан алпауыттарды көрдің бе? Қанша жерге жұмысқа тұрдық, жұмысқа алар да бəрін үйіп-тө геді де, жұмысын істетіп алған соң, істеген еңбегіңнің ақысын бермей к... бір тебеді. Шатақ шығарсаң, сотқа бар дейді. Қал та сын да көк тиыны жоқ жалаңаяқтарды сот не істесін. Олар да қал та сын да тиын-тебені барлардың ісін қарайды. Біз сияқты киерге киім, ішерге ас таппай жүрген қайыршылар кімге керек!! – Түу, Құреке, қай-қайдағыны айтып, зарлап кеттің ғой. – Онан да тоқ етерін айтшы. Мына тапсырманы орындай аламыз ба? – Бізге бəрі бір емес пе? Қайда барсаң Қорқыттың көрі. Егер 50 мың доллар берсе, орындаймыз. – Қанша, қанша?! – Бұл да екеумізге бөлгенде түк емес. Бірақ 25 мыңнан бөліп алып, ең болмаса жатақханадан осындай бір бөлме сатып алып, адам құсап өмір сүрер едік. Сен ана заказ беріп отырған мырзаңды ма ған алып бер, мен сөйлесейін. Қайрат өзінен гөрі өмірдің ащы-тұщысын көп көрген Құ ралған ның сөзінің жаны бар екеніне көзі жеткен соң, банкирдің нө мірін терді. Қаржыгермен əрі-бері қидаласқан анау ашуға басты. – Онда, 10 мың долларға адам өлтіретін кісіні басқа жақтан ізде! Менің шартым – 50 мың доллар. Жəне де ол алдын ала карточкемізде жатып, көзімізбен көріп, қолымызбен ұстауымыз керек. Əгереки, тапсырмаңызды орындай алмасақ, өзіңізге қай та ра мыз. Бірақ біз көп уəдеден көктетіп ештеңе көрмеген, күнкөрісі кəрі кемпірдің күнінен де қараң қалған жоқ-жұқа адамдармыз. Карточкені тексерген соң ғана, сізбен дұрыстап сөйлесеміз. Осымен біт ті дегендей телефонды Қайратқа қарай лақтырып тастады. Тым-тырыс тар бөлмеде екеуінің дем алысы бірі-біріне ес ті леді. Екеуінің де көңілін «егер осыған бас тіксек, одан арғы тағ ды рымыз не болады?» деген сауал, бірақ бұдан басқа алдарында сайрап жатқан жол көрінбейді. Жоқшылық деген жадаулық қана.

Банкирдің өлімі – Сұрағанымызды бере салады деп ойлаймысың? – деді Қай рат. Анау иығын көтерді. – Білмеймін. Елу мың доллар бізге ақша, оларға түк емес? Берейін десе бере салады. – Мəселе тапсырмасын қалай орындаймыз. Қолымызды қа лай былғаймыз сонда. Бірақ мынадай қу тіршілікте не істеу керек? Жасымыз отыздың үстіне шықты. Үй жоқ, күй жоқ. Азып-тозған түрі міз мынау. – Сонда да, кісі өлтіріп түрмеде отырудан артық қой. – Мына түрімізбен бір күн болмаса, бір күні түрмеге түсеміз. Жатақхананың ұзын дəлізінен төбелескендердің айқай-шуы, боқ та ған сөздер, мас қыздардың балағаттасқан үндері естілді. Бұлар дың есігін біреу бар күшімен бір тепті. – Нақұрыс, барып аяғыңды жұлып алар ма еді. – Тоқта, мұндай ірлі-ұсақты бұзықтармен төбелесіп сот тал ғанша, қалтаңымызды қалыңдатып алып, сотталайық. Олардың ойын түсіне қалғандай, телефон ызылдап қоя берді. Екеуі де алуға қорыққандай үрпиісіп қалды. Ақыры Құралған алды. – Құреке, сіздердің сұраған ақшаларыңызды беремін. Ұялы те ле фон ға карточкеңіздің нөмірін жіберіңіз. Жарты сағаттан соң ақша түседі. Тексерулеріңе болады. Субъект сенбі күні саунада болады. Ортадағы адамдар сіздерді қажетті жерге апарады. Қол қойды ра тын қағаз соларда. Қолындағы телефонға жабысып қалған жігіт тілсіз. Көзі ұя сы нан шығып, қасындағыға серігіне қарап, шекесін сұқ саусағымен бұ рап жіберді. Оның кімді ақымақ деп отырғанын түсінбеген Қай рат: – Не болды? Отказ берді ме? Əрине, қанша бай болса да, ондай ақ ша ны лақтырып жіберу оңай емес. – Сұраған ақшаны карточкеге аударады. sms-пен карточке нө мірін жібер деп жатыр. Енді не істедік? – Бəрі сандырақ. – Онда барып көз жеткізелік. Арада бір сағат өткенде жатаханадан асығыс шыққан екеуі орта лық та ғы банкоматқа барып Құралғанның карточкесін тексергенде, естерінен танып құлап қала жаздады. Олар сол жерді біраз айнал шық тап жүрді де, қайтып келе жатып, екі бөтелкі сыра алды. – Енді бізден бай адам жоқ. – Құралған күмілжіді. – Ананы қалай өлтіреміз. Оны өлтіреміз деп жүргенде, жа нында ғы күзетшілері өзімізді жазым етсе, бай боламыз деп жүріп, басымыздан айырылармыз, – Қайрат желкесін қасыды.

Зияш Телеуова – Оны неге өлтіруге құмар болды екен. – Ау, бақталастық та. Анау келіп орнын тартып алды. Тағы бірде ңе ле рі бар шығар. – Сонда өлтіру керек пе? – Қазіргілер ақша үшін ешнəрседен тайынбайтын болды емес пе? – Соның бірі біз болдық, – деп қосып қойды Қайрат. – Жетім бол ға ны мыз да дұрыс болды. Сотталып кетсек, анамыз сорлайтын еді. Ұялы телефон дыз ете қалды. Əр жағынан таныс үн: – Жігіттер, ертең сағат түнгі бірде орталық сауда үйінің жанында сіздерді Ниваның жүргізушісі күтіп тұрады. Егер жоспар өз гере тін болса, тағы да хабарлаймыз. – Қа... л...ай? – дей берген Құралған үзілген телефонды ұстап қалды. – Енді қалай өлтірем деп сұрайын деп пе ең?! Буындырып өлтіре салмаймыз ба? Байлар бірін-бірін өлтіріп байып жатса, біз неге қорқамыз.Обалы соларға. Қайраттың үні бір шешімге келгендей қатқыл шықты. Өзекті жан ға бір өлім. Бүйтіп ит тіршілік кешкеннен бір күнде болса, шай қап қалайық. Солай досым. Демек, шегінетін жер жоқ. ОНЫНШЫ ТАРАУ

Түн баласы көз ілмеген екі жігіт ертеңіне жұмыссыздар тұ ра тын мүйіске барған жоқ. Күні бойы ұялы телефондарын бағып, тырп етпестен жатып алды. Кейде осындай қатерлі іске бас тіккен де рін бірінен-бірі көріп, шекісіп те қалады. Кейде екеуі де өз ойларымен өзі болып, тым-тырыс отырады. Шалқасынан жатқан Құ рал ған: – Қайрат, оның ойына біз қайдан келе қалдық. Бағымыз ба, сорымыз ба? Біз біреуді өлтірмек түгелі, бұрын-соңды төбелесіп те көр меп піз. Енді аяқ астынан бас кесер болып шыға келетінімізге, бар ған сайын күмəнім көбейіп барады. Əлі де кеш емес, осыдан бас тартсақ қайтеді. – Сосын, мұндай ұсыныс бізге екінші рет түспейді ғой. – Судың да сұрауы бар. Бір дырдай банкирді өлтіріп, із-түзсіз жо ға лып, ұстатпай кету мүмкін бе? – Сен екеумізге мүмкін емес шығар. Бірақ талай атақты адамдарды өлтіргендер табылмай, сол күйінде ізім-қайым жоқ болып кетіп жатқан жоқ па?

Банкирдің өлімі – Тіпті ана банкир бізді түрмеге тығып тастап, ақшасын өзі қайтып алмасына кім кепіл! Қайрат басын көтеріп алды. – Мəссаған, Құреке, осындай ақылды болсаң, неге келістің. Біздің тілімізді кесіп құнтитып, құлағымызды кесіп шұнтитып тастамаса, өлтіруге кім заказ бергенін айтпаймыз ба? Əйтпесе, сол құ рып қалғыр банкирің бізге керек пе? – Ім... оның да жаны бар. – Қайрат деймін. Сонда оның көзін бақырайтып қалай өл ті реміз. Обал ғой. Мал емес адам. – Ол саунадан шықса, араққа тойып алған болар. Мас адамды өлтіру оңай. Ана менің құрылыста пайдаланған темір балғам бар ғой, ап-ауыр. Қарақұстан бір соғамыз. Ол есінен танып қалады. Сосын арт жағында отырған сен, ана қаптың аузын байлап жүр ген кен дір арқанды мойнына салып жіберіп, тартып қаласың. Бітті. – Сосын оның өлігін қайда тастаймыз. Көміп тастаймыз ба? – Оның қабірін қазып болғанша екі сағат уақыт керек. Соған де йін сенің жүйкең оның жансыз денесін көріп тұруға шыдай ма? – Құдай сақтасын... – Демек, қала сыртындағы екпе орман ішіне тастай саламыз. Өзі міз Ресейге өтіп кетіп, ізімізді жасыра тұрамыз. – Ау, шекарадан қалай өтеміз? Машинаға құжатымыз жоқ қой. – Өте алмасақ, машинасын да ағаш арасына тастап кетеміз. Сонда полиция машина үшін өлтірген екен деп ойлайды. – Мұның да дұрыс. Сол арада телефон дыз етті. Екеуі тағы үрпиі сіп алдарында жарылғыш жатқандай алуға асықпады. Ақыры Қай рат көтерді. Бұл банкир емес, бірақ соның адамы. – Жігіттер ертең түнгі сағат екіде «Марс» кафесінің қа сын да күтем, қара түсті Нива нөмірін жазып алыңыз. Сендердің бі рің нің қолыңда газет, біріңнің қолыңда көзілдірік болсын. Сау бо лың дар. – Тіпті, уақыт таянған сайын маза болатын емес. Ана мыр за ға айтып, бас тартсақ па екен. – Осы айдың пəтерақысын төлеген жоқпыз. Ертең үй иесі шыға рып жіберсе, қайда паналаймыз. Қаңғыбастар түнейтін құ дықтар ға түсеміз бе? – Меніңше, ана мырзаның айтқанын орындаудан басқа амалымыз жоқ. – Ертең қылмысты неге жасадың дегенде, осындай уəж айт сақ, бізге жеңілдік бола ма, болмайды ғой.

Зияш Телеуова – Талай кісі өлтіріп ізін жасырушылар құтылып кетіп жатады. Біздің де жолымыз болып кетер. – Білмеймін. Алдымыз тас қараңғы тəрізді, ертеңіміз бар ма, жоқ па? Бар болған күнде біреудің қанын жүктеген күнəһар бо латын ды ғым ды ойласам, өмір сүргім келмей кетеді. – Құралған екі қо лы мен шекесін қысты. – Бірақ біздей жетім-жітіктер мен кедейкепшіктерге басқа жол бар ма? Ол да күмəнді нəрсе. – Не болса да екеуміз ендігі тағдырдың тартуын бірге көреміз. Қайрат досының қолын қысты. Күздің күні əп-сəтте бұзылып кəрі еменнің жапырақтарын жұлма лап, жұлып кетіп жатқан жынды жел ысқырып, үйлердің арасын жалғастырған телефон сымдары мен электр желілері шай қа лып, үзіліп түсердей əсер қалдырды. Жел сəл саябырсығанда, те ре зе ні тырс-тырс жаңбыр тамшылары ұрғылады. Терезеден түн қараңғылығына телмірген жігіттер табиғаттың аяқ астынан тас-талқан бұзылуын өздерінің көңіл күйлерімен астарлас бір құбылыстай көріп, аспанға үрке көз тікті. Ұзын дə лізден мас қыздардың: – Ай лавлю, əй, красавчик, – деген масаң дауыстары естілді. – Мə саған, салдақы, бұл менің күйеуім, аулақ жүр, – деді біреуі. – Нағыз ит байласа тұрғысыз жер. – Балалары бар отбасыларына обал-ақ, – деді Қайрат, – бүгін түн де жаңбыр жауып тұрса, біздің жолымыз болар. – Жүр онан да мешітке барып, садақа беріп шығайық. – Сен Құдайға сенесің бе? – Сенсек те сенбесек те, барып шықсақ артық болмас. – Мына ұсқынымызбен бе? – Құралған желімі ашылып, ырсиып кеткен аяқ киіміне қарады. – Ол жерге, онсыз да біз сияқтылар барады. – Қайрат ананы зор ла ған дай боп киіндіріп, үйден алып шықты. Бұлар сыртқа шыққанда айналаны қою қараңғылық басып, баға на басындағы шамдардың əлсіз жарығы жанына жақын бар ған да ғана аяқ жолды көрсетіп, осымен болдым дегендей, артыңда қала бе ре ді. Көшенің ой-шұқыры жүрісті мандытпаған соң, олар адам жүретін тротуары кеңдеу келесі көшеге шықты. – Сағат қанша болды? Ой үстіндегі Құралған селк ете қалды. – Шошып кеттің ғой. – Тоқсан жолдың торабындамын. – Құреке, осы сен Құдайға сенесің бе?

Банкирдің өлімі

– Əрине, бір сенетін, сиынатын күш болу керек.

– Жақында мен бір түс көргенмін.

Елең ете қалған Құралған кілт тоқтады.

– Ау, оны неге, баяғыдан айтпадың?

– Онша мəн бермеген едім. Енді мынадай оқиғаға кезіккен соң,

осыған дөп келіп тұрған тəрізді.

– Ал онда айта ғой.

– Айтсам. Екеуміз, атқа мінгесіп келеді екенбіз. Артымыздан

қас қыр қуды. Менің қолымда мылтық. Сен жан ұшырып: «Ат! Ат!»
дей сің. Мен атайын десем, ата алмаймын. Содан алдымыздан теңіз
кө рін ді, кəдімгі Аралдың теңізі. Артымызда қасқыр, алдымызда
те ңіз. Тоқтамай көк теңізге қойып кеттік. Аттың қайда кеткенін

біл мей мін, екеуміз малтығып жүріп бір ағаш сынығына жармасып,
жан сақтап қалыппыз.

– Ой, қандай түс дейсің, содан соң баяғыдай көгалда көбелек

қуып жүрміз бе, мал қайырып жүрміз бе... оянып кеттім. Сол сəтте
сонау рақат өмірде жүре тұрмай, тез оянғаныма өкінгенімді көрсең.
Құралған Қайратты қапсыра құшақтап, екі бетінен алма-кезек
сүйді.

– Енді Құдай үйіне бармасақ та болады. Бізге онсыз да Құ дай-

дың рақымы түскен екен. Біздің жолымыз болады. Көр де тұр. Қас-
қы рың қауіп-қатер, су атасы Сүлеймен одан құтқарып бізді алып
қа лып, қайыққа салғаны, жолымыз болғаны. Көр де тұр!

– Мен саған айтуға қорықтым. Суға кетіп жүргеніміз, жаман

ырым деп ойладым.

– Ешбір түсті жаманға жоруға болмайды. Тек қана жақ сы лық қа

бұру қажет.

– Сен солай жорып тұрмысың?

– Жоқ. Сенің түсің шынында да жақсы түс.

Ұялы телефон ызылдады.

– Иə. Тыңдап тұрмыз.

– Жарайды. Сол жерде тұрамыз.

– Манағы жігіт. Стадион тұрағының қасынан күтіңдер деді.

– Шынымен осы іске тəуекел етеміз бе?

– Басқа жол жоқ. Иə байимыз. Иə түрмеде шіриміз.

Екі жігіт аялдамаға келіп, бір сағаттай тұрды. Бір машина жа-
ры ғын жылпылдатты. Жүгіріп барған екеуі аттарын атап, ішіне
сүң гіп кетті. Жауырыны қақпақтай жүргізушінің бетінде табақтай
қара көзілдірік. Өзі артқа бұрылып та қарамады. Шефтің тапсыр-

масы:

Зияш Телеуова – Мынау шарт. Осында біздің есеп-шотқа түскен ақшаны қайта ру дың кестесі жасалған. Егер осы кестені бекіттіріп, банкирдің қо лын қойдырып алатын болсаңдар. Оны өлтіріп, қанын мойынға жүк теу дің қажеті шамалы. – Ал, ақ... дей берген Қайраттың қара саннын Құралған бұ рап алды. Анау тілін тістеді. – Шефтің сіздермен келісімі сол күйінде қалады. Тек банкир қол қойған шартты жоғалтып алмаңдар. Қол қоюға күштеп көн ді ре сіңдер ме, үгіттеп көндіресіңдер ме, ол сендердің проблемаларың. – Қол қойылған үлгісі бар ма? – Əрине. Бірақ бізге оргинал керек. Егер мына шартқа дəл мынадай етіп қол қойдырып алсаңыздар, əңгіме бітті. Жігіт қол қойыл ған қағазды көрсетті. – Бізге бере тұрыңыз. Мүмкін ол алдап басқаша қояр. Біз салыстырып тұруымыз керек. Жүргізуші көзілдірігін қозғап қойып: – Бұрын да осындай іспен айналысып жүрген кəнігі киллер бол дың дар ғой, – деді. – Құдай сақта... Құралғанды Қайрат түртіп қалды. – Əрине, талай сойқанды көргенбіз. – Несі бар, бұл да табыс көзі. Сол күні сауна жанына барып, бақылау орнатқандар Тұранды салып алған джиптің соңынан түсіп, саяжайға дейін ілесіп отырды. Қаржыгерді апарған қыз айналған соң, оның шығуын аңдыды. Сая жай дың қалың ағаштарының арасынан ауладан көз алмай отыр ған Қайрат: – Қыз кетті. Банкир ұйықтап қалған болса керек, – деді. – Онда қалай кіреміз? Рөлге сүйеніп қалғып кеткен жігіт басын көтеріп алды да: Сағатына қарап: – Оһ, бітті жігіттер. Менің уақытым өтті. Мен екіге дейін деп келіскенмін. Түсіңдер. Əр қарата өздерің қимылдайсындар – О, кей, бай-бай, – деді де бұларды машинадан түсіріп, түн қараң ғы сы на сіңіп жоқ болды. Екі жігіт көзге түрткісіз қа раң ғы лыққа көз үйретіп шамалы тұрған соң, тың тыңдады. – Ол малұғын осында жатса, бірдеңе қылармыз. Ал, анау алып кетсе ше? – Егер алып кететін болса, мұнда тасып не істейді. Тек қа сын да күзетшісі болмаса де... Ағаш бұтақтарына аяқ-қолдарын жырғызып, үйге жа қын да ған екеуі, кірпішпен қаланып тасталған тас дуалдан мойындарын созып, ішке үңілді. Тым-тырыс.

Банкирдің өлімі – Ішке кірейік, – деді, – Қайрат. – Сенің арқаңды тос. Мен секі ріп түсейін. Секіріп ішке түскен жігіт сəл тұрды да, əр жақтан қысқа темір бас пал дақты көтеріп, сыртқа берді. Кірер есік жабық. Те ре зе лердің темір торы жоқ екен. Біреуін жаппай тек қапсырып қо йып ты. Содан ішке жайлап енген екеуі төменгі жақтағы бөлмелерде тірі жан ның жоғына көз жеткізген соң, жоғарыға көтерілді. Бір қо рыл естілді. Олар алға жылжыды. Саунасы бар бөлменің үлкен тақ тасын да шалқасынан жатқан банкирдің өлі-тірісі белгісіз. – Тірі ме? – Тірі сияқты. – Фонарыңды жақшы. – Біреу көріп қалмай ма? – Терзелерді жап. – Енді жақ. – Тамырын ұстап қарайық. – Тірі сияқты. Бірақ бұған не болған? – Аналар əдейі əкеліп тастап кеткен болды. – Мейлі ғой. Енді қалай қол қойдырамыз. – Шырақ бар ма? – Əне, бар. – Жақ. – Қолын ұстап көрші. Ыңғайға көне ме? – Көрейін. – Енді манағы қағазды ал. Қолының үлгісін ал да, соған ұқ сатып қол қойдырып алып көр. – Асықпа. Мұнда бізден басқа тірі жан жоқ. – Онда екеулеп тұрғызайық. Банкир былқ-сылқ. – Кеудесінде жаны бар демесең, есін білмейді. – Мүмкін ұйқысы қатты шығар. Əбден батылданып алған екеу банкирді сүйемелдеп отыр ғызып, қолының сыртынан қаламды ұстап тұрып, қағаздағы үл гі сіне қарап, шартқа қолын көшірді. Шамалы қисық түскені болмаса, оның қолы екендігіне ешкім күмəн туғызбайды. – Бітті. Кеттік! – деді банкирдің қанын мойындарына жүк темей, тапсырманы орындағанына мəз болған Құралған. – Жоқ. Бүкіл ұстаған жерімізді орамалмен мұқият сүртейік. Қол таңбамыз қалмасын, – деді Қайрат, – асыққан шайтанның ісі. Жа қын маңдағы саябақтан ит үрді. Шошып кеткен екеуі демдерін

Зияш Телеуова
іші не алып, біраз тың тыңдады. Банкир ышқынып, дыбыс шы ғар-
ған дай болды.

– Өліп қалып, бəлесіне қалармыз. Тез жүр, – деп асықтырды

Құралған.

– Менің байқауымша, банкир келе болмайды. Мұны уланды-

рып əкеліп, лақтырып кеткенге ұқсайды.

– Мейлі, бізден көрмесе болды.

– Обал болды.

– Енді дəрігер шақырайын деп пе едің.

– Шақырса несі бар.

– Өлтірейін деп келген адамыңды, өлейін деп жатыр деп дə рі-

гер ге көрсетемісің.

– Онан да бұл жерден тез жоғалайық.

– Мынауымыз жараса.

– Жарайды. Жарамаса, ақша беріп жаратады.

– Онда кеттік.

Екеуі саяжайға қалай кірсе, солай шығып, терезені қапсырды.
Құ рал ған ізін сүртуді ұмытпады, сыртқа темір баспалдақпен шы-
ғып, оны да ысқылап, ішке лақтырып жіберді. Екеуі саябақтың қа-
лың ағаштарының арасындағы соқпақ жолға түсіп, алды-арттары-

на қарамай зыта жөнелді.
Олардың іздерін ала саяжайдың жанына мотоцикил келіп тоқ-
тады.

ОН БІРІНШІ ТАРАУ

СТЮАРДЕССА

Райс жауапқа келген стюардессаға орын ұсынды. Ұзын бойлы
аққұбаша жас келіншектің, қара көздеріне мұң ұялап, тағдырдың
бар салмағы бет əлпетінде жазулы тұрғандай əсер етті.

– Қайтыс болған банкирмен қашаннан бері таныссыз? – деп

бас талды көңілсіз диалог.

– Бір жылдан асты.

– Саунадан шамамен сағат нешеде кеттіңіз?

– Шамамен емес, сағат он екіде кеттім.

– Сіз кеткенде банкир мас па?

– Бірталай қызу болатын.

– Сол сауна ішіндегі басқа адамдар есіңізде қалмады ма?

– Жоқ.

Банкирдің өлімі – Сіз бұрын-соңды ұйықтататын дəрі пайдаланған жоқсыз ба? – Жоқ. – Сол күні не туралы сөйлестіңдер? – Мен босанатын уақытымның таяп қалғанын, арадағы қа ты насы мыз ды заңды түрде рəсімдеуді тездету керектігін айттым. Ол «Қазір азаматтық некемен тұрып жатырғандар қаншама. Ба ла ға əкелігімді мойындаймын. Менің некеде тұрған əйелім бар еке нін біле тұрып, осы əңгімеге неге орала бересің» деп ашуланды. Мен оған ренжідім де, кетіп қалдым. – Бокалға құйылған сыраны іштіңіз бе? – Жоқ, ешнəрсеге тəбетім тартпады. – Бұрын кездескен сайын ішетін бе едіңіз? – Иə, мен сыраны ұнатамын. Тіпті жүкті болғалы сыраға жерікпін бе, аңсарым ауып тұрады. Мұны сауна қызметкерлері де жақ сы біледі. Маған сыра даярлап қояды. – Сізге сол сыраға у қосып, қастандық жасалуы мүмкін бе? – Əрине, менің күндестерім көп. – Мысалы, заңды некедегі əйелі дейсіз ғой. – Жоқ. Некедегі əйелі айырылуға қарсы емес. – Онда менеджерден мұндайды күтуге бола ма? – Мүмкін. Бірақ анығын білмеген соң, біреудің обалына қалу қиын. – Ал ініңіз қайда? – Ол ма? Меніңше Ресейдегі Андрейдің əпкесіне кетті ғой деймін. Бұрын да осындай саяхаттары жиі болып тұратын. – Тоқтай тұрыңыз. Ініңіз жоқ па? – Иə, екеуі де хабарсыз. – Қай уақыттан бері? – Біраз боп қалды. Олар күзде Андрейдің Орынбор облысында тұратын апасының бау-бақшасын жиысатын. Бұл жолы да сонда кеткен шығар деп ойлаймын. – Қай күннен бастап жоғалды? – Банкир өлтірілген күні қайда болды? – Екеуі сол күні кетті ғой деймін. Иə, сенбі күні кеткеннен оралмады. – Сізбен байланысқа шыққан жоқ па? – Жоқ. Мен ұялы телефонымның нөмірін өзгерткенмін. – Неге? – Банкирдің шешесі баласынан бас тартуымды сұрап жиі звондайтын болды.

Зияш Телеуова

– Не себепті?

– Жетімдер үйінде өскен қызды менің балам ала алмайды.

Əке-шешеңнің тарихын да білемін. Əкең маскүнем екен. Бұл тұ-
қым қуалаушылықпен менің немереме де ауысуы мүмкін. Менің
баламнан біржолата күдеріңді үз. Егер жақсылықпен қалмайтын
бол саң, басқа амал табамын. Ішіңдегі балаңның амандығын ойла

деп қорқыта бастады. Ақыры мен телефон нөмірімді өзгерттім.
Сол арада інім жоғалды. Олар менің бұрынғы телефоныма звон-
дайтын болса керек.

– Тоқта Марина, сен ініңнің қай күні жоғалғанын есіңе түсір.

Бан кир дің өлімінен кейін бе? Əлде сол күні ме?

– Точно, есіме түсіре алмаймын. Ол əшейінде де жиі жо ға ла ды.

Қай күні екенін айта алмаймын. Мүмкін, сол шама. Иə, иə енді
есіме түсті. Мен банкирмен ұрысатын түннен бері.

– Олар банкирдің саяжайын біле ме?

– Əрине, талай барған.

– Імм. Енді не істейсің? Ініңді іздемейсің бе?

– Білмеймін. Олар үш-төрт айдан соң да келе беретін.

Тергеушінің ұялы телефоны əндетті.

– Алло!

– Реке, бұл мен ғой, Мырза. Мына құрдасың сені көптен көр ме-

дім деп, бүгін кешке ас-су əзірлеп отыр. Айдар босаған соң, анасы
да келді. Сізге алғысын жаудыруда. Тек, келе алмаймын деп айт па-
ңыз, Баршагүл ренжиді.

– Қап, уақыт тығыз. Амал жоқ, Бəкеңді ренжітуге болмайды.

Нешеге?

– Сағат жетіге. Күтеміз.

Тергеушісін шақырып алып, стюардессадан жауап алуды аяқ-
тау ды соған жүктеген тергеу бастығы далаға шығып, сағатына қа-
ра ды. Орынбасарға баратын уақыты болыпты.
* * *

Тергеу басқармасының бастығы банкіге қайта барғанда, орын-
басар тіксініп қалды. Алғашқы бюрократтығынан із қалмаған. Ор-
нынан атып тұрып, есік алдынан қарсы алды.

– Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

– Жоқ сізге əзір сұрағым жоқ. Маған менеджерді шақырып бе-

рі ңіз ші.

– Жақсы, – иығынан ауыр жүк түскендей болған орынбасар

жалма-жан түймені басып қалды да, хатшысына:

Банкирдің өлімі – Жаңылсын келсін, – деді. Менеджер тез келді. – Келіңіз, қайта-қайта мазалағаным үшін айып етпеңіз. Тергеу жұмысы осындай. Əлденеге абыржыған менеджер боп-боз. – Мүмкін су ішерсіз. Үстел үстіндегі минерал судан стаканға құйып ұсынды. – Сабыр сақтаңыз. Сосын маған тек қана шындықты ай ту ға тырысыңыз. Тіпті сіз айтпаған күнде де, бірқатар жағ дайлар дың беті ашылып қалғандықтан, сіздің ақ сөйлегеніңіз бұдан былай, өзіңізге жəрдемдесетінін ескертемін. – Жаңылсын, банкир қайтыс болатын күні, саунаға неге барды ңыз, сіздің барғаныңызды білетін адамдар бар. Сондықтан, бар шын дық ты өзіңіз айтқаныңыз дұрыс. – Маған банкінің сол күнгі күзетшісі «Бір пəлеге ұшырадық. Тұ ран ес-түссіз. Тіпті өліп қалмасын» деп телефон шалды. – Неге сізге телефон шалады? – Менің көңілдестігімді білетін. – Сосын не болды? – Мен банкіде бұрын күзетші болып істеген екі жігітті қа сы ма алып, саунаға бардым. Оның жағдайы шынында да, нашар екен. Машинасына салып, саяжайына апарып жатқыздым да, үйі ме қайттым. – Неге саяжайға апардыңыз? – Ол ішкенде үй-ішін мазалағысы келмей, сонда барып дем алатын. – Оған біреу у қосқан сыра берген. Немесе оның көңілдесіне арналған у қосқан сыраны өзі ішіп қойған. Эксперт қорытындысы оның асқазанында удың көп мөлшерде болғанын көрсетті. – Уды кім салуы мүмкін? – Білмеймін. Тергеуші ауыз бөлмеге шығып, орынбасарға: – Маған Сайынды шақырып беріңіз, – деді. Бөлмеге қайта кірген тергеу бастығы жас келіншектің абыржулы жүзіне көз тоқтатты да: – Сіздің ата-анаңыз кім? Олардың бұған қандай қатысы бар дегендей, менеджер таңдана қарады да: – Екеуі де педагог. Бірі ағылшын тілінен, бірі тарихтан дəріс береді. – Лауазымды қызмет істейтін тума-туысқандарыңыз бар ма?

Зияш Телеуова

– Нағашым – депутат.

– Туған нағашыңыз ба?

– Туған нағашым. Бірақ олардың бұған қандай қатысы бар?

Есіктен сығалап, рұқсат па екен деп кірген жігітті көргенде, ме-
нед жер дің өңі күлдей боп күреңітті.

– Олардың іске тікелей қатысы жоқ. Бірақ біреулер үшін

маңызы болуы мүмкін. Жақсы, əзірге бара беріңіз.

– Ал, сіз отырыңыз.

– Ал, Сайын мырза, шындықты, тек шындықты айтуға ке лі се йік.

Сіз банкир қайтыс болатын саунада күзетші болған екенсіз. Банкир
қайтыс болатын күні не көріп, не білдіңіз, соны айтыңызшы?

– Мен өткенде айтқам. Соны тағы қайтала деймісіз.

– Сіз шындықты айтқан жоқсыз. Бізге шындық керек.

– Ол күні банкир əдеттегіден кеш келді. Біраздан соң оның нақ-

сү йе рі стюардесса кірді, бірақ сөздері жараспады ма, көп аялда-
мады.

– Стюардесса келген бойы, оған у қосылған сыраны апарған

сен емеспісің?
Көзі бақырайып, кірпігі қағылмай қалған жігіт:

– Менің апарғанымды қайдан білдіңіз? – деп қайыра сұрады.

– Əрине, білемін... Жəне де сіз сол қыз ішетін шарапқа бі реу-

лер дің азғыруымен у салдыңыз. Барлық пəле сол удың шамадан
тыс салынып, оны стюардесса емес, банкирдің өзі ішіп қояуынан
бол ған.
Қас-қағымда жігіт жалп етіп, тергеушінің аяқ астына құлай кетті.

– Ағатай, бəрін біліп отырсаңыз, несін сұрайсыз? Мені кешіре

кө рі ңіз, білмегенді Құдай да кешіреді демей ме?

– Бірақ Құдай мойнында біреудің қаны бар адамды кешіре ме,

жоқ па?

– Мені алдап-арбап, басымды айналдырды. Содан соң, у бан-

кирге емес, стюардессаға арналды. Мен оның қолына ұстатып ке-
тіп едім. Ол ішпей сол күйі үстелге қойып, банкир ішіп қойыпты.
Мен оны ішкен адам өліп қалатынын білмедім, мықтаса ұйықтап
қа ла ды деп ойлағанмын. Ағатай, енді не істеймін? Қарап жүріп

сотталатын болдым ғой. – Жігіт өкіріп жылады.

– Саған уды берген кім? Жұмысыңа қанша төледі?

– Маған оны у деген жоқ. Ұйықтататын дəрі деді. Стюар дес са-

ның бокалына салып жібер. Əр жағын көреміз деген.

– Кім солай деген?

– Мен оны айта алмаймын. Обал ғой. Айтпаймын дегенмін.

Банкирдің өлімі

– Онда, өзің біл. Шындықты айтқанша қамауға аламыз.

– Бірінен-бірі банкирді қызғанып жүрген қатындар ғой.

– Кімдер?

– Айтпаймын деп уəде еткенмін.

– Егер кісі өлімі болмаған жағдайда уəдеден шығатын едің.

Енді бəрін айтуыңа тура келеді. Əйтпесе, оны өлтірген сен деп қа-
мау ға аламыз.

– Ағатай, мен оны өлтіріп қайтем. Ол банкир. Мен күзетші.

– Саған қанша ақша берді. Жоқ. Ақша алудан аманмын. Тек ай-

лы ғы жақсы жұмысқа орналастыруға əуде берді.

– Кім?

– Менеджер. Ол стюардессадан қызғанып істеді ғой деймін.

– Сосын сені банкіге күзетшілікке алғызды солай емес пе?

– Солай. Бірақ банкир түнгі бірде, саунаға қайта келді. Демек,

ол удан уланып өлген жоқ. Бірақ есалаң сияқты көрінген. Менед-
жерді іздеді. – Сайқал. Көзіме көрінсе, шашын бір талдап жұ ла-
мын, – дегенін өз құлағыммен естідім. Сірə, соны іздеп келген бо-
луы керек. Боқтап жүріп, бір бокал сыраны қағып салды.

– Тоқта, тоқта, ана сюардессаға арналған бокалды ма?

– Иə, ол сол күйі тұрған. Толтырып қойған болуымыз керек.

– Түбінде сен салған у сол күйі еріп тұрды ғой.

– Дəл, солай. Оны біз шайған жоқпыз.

– Түсінікті. Ол уды екінші рет ішкен болды ғой.

– Мүмкін.

Тергеушінің ұялы телефоны ызылдады.
Үй қызметшісі тамақ дайындап қойғанын айтты.

– Рақмет, Мария Ивановна, бүгін бір жерге қонаққа барушы ем.

Тоңазытқышқа салып кетіңіз. Ертең түскі асқа келем, əуре боп қай-
те сіз. Өзім тамақтанам. Сау болыңыз.
Телефонын қалтасына салған тергеу бастығы:

– Сонымен, жігітім, не істейміз. Уақытша ұстайтын оқшау

орын ға қазір барасың ба, əлде ешқайда кетпейтіндігің туралы қол
хат бе ре місің.

– Уды салған сен ғой.

– Мен салдым.

– Қандай мөлшерде.

– Білмеймін, маған кішкене пакетпен əкеліп берген. Мен соны

аудара салдым.

– Əрине, сіз шамадан тыс салып жібергенсіз. Ол бірте-бірте

денеге жайылып, спирттік ішімдікпен араласып, əбден əлсіреткен.

Зияш Телеуова – Менің соған басым жетті дейсіз бе? Ұйықтап қалып, кейін атып тұрады деп ойлағам. Шынымен, ажалы сол дəріден болған ба? – Оны кейін анықтаймыз. – Жарайды, əзірге қолхат жаз. Күзетші қолхат жазды. Тағы да сан сауал. Қылмыста қалталы мырзаға таласқан əйелдер дің қызғаныш ізі бары анық. Шешесінің стюардессаға арнап құр ған торына баласы түскен болса ше? Мүмкін, бəрі мүмкін. ОН ЕКІНШІ ТАРАУ ҚАРА КИІМДІ ƏЙЕЛДІҢ ҚҰПИЯСЫ

Қатира жасынан қоңыр тіршіліктің қолбаласындай жалтыра-
тып киім кию, жарқылдап той тойлауды білмей, бірде аш, бірде тоқ
күн кешкендіктен, бой жеткенде де сыланып-сипануды білмей, бір
жа ма ға йын да ры ның оқудағы баласының басын айналдырып, тез

тұрмысқа шығып алды. Қара торының əдемісі, сөйлеген сөзі мір-
дің оғындай пысық қызды жігіттің ата-анасы ұнатып, баласы оқуы-
на жүріп кеткенде алақандарына салып аялаған соң, көп баланың
ортасында күтімсіз жүрген Қатира аз уақытта қарға аунаған түл-

кі дей құлпырып шыға келді. Қыздың құрығына оңай ілігіп, кө ңі лі
əрі-сəрі боп жүрген жігіт дипломын алып үйіне келгенде, гүл дей
жайнап кеткен жас келіншегін көріп, əбден есі кеткен.
Адамды арбай білетін Қатираға иі жұмсақ күйеуін басқару

қиын ға соқпады. Зауытқа инженер болып тұрған Мұқанның бы-
лай ғы жерде қызметтен жоғарылауы əйелінің айла-шарғысына
қа рай тез құбылып, аз уақытта бас инженер, одан директордың
бі рін ші орынбасары деген лауазымдарға жоғарылады. Осы тұста

қо ғам да қайта құрылыс басталды да, отбасы ошақ қасы болса да
талайлардан қулық-сұмдығын асырып, тақырға отырғызатын əйел
дағ да рып қалғанымен, жоқшылықтың бұғауына ілінбеуге бел
буып, саудагерлікпен айналысты. Сөйтіп бұрынғы айлыққа қа ра-

ған дəуірін тез ұмытып, байлыққа барар жолға түсті.
Коттеджінің тұтас қабырғасын алып тұрған пластикалық те ре-
зе нің пердесін көтеріп көшеге қарап қақшиып отырған қара киімді
əйел, ойын-күлкісі жарасып, ұзап жара жатқан екі жастың соңынан

ұзақ қарады. Олар мынау кең дүниеде тек екеуі сияқты шат-шады-
ман сол қос ғашыққа қарап отырып, марқұм боп кеткен Ажарды

Банкирдің өлімі есі не алды. Онда қылшылдаған қыс болатын. Ақ түтек боранның арасында екеуі кездесіп қалған. Жұмыртқадай аппақ қыздың көзі от шашып, ашудан жарыла жаздап тұрды: – Сен Мұқанды сүймейсің, ол менің жігітім. Қатира, өтінем, біз дің махаббатымызға кедергі болма? – Бұл жалғыз аяқ жолдан өтіп кеткісі келіп еді, анау кес-кестеп тұрып алды. Аппақ жүзіндегі үл кен қара көздері, тік тартылған қыр мұрыны, оймақтай аузы сирек сұлулықтың белгісіндей. «Құдай-ау, мынадай ажарымен су мұрын Мұқанды не істейді екен! Менің осындай көркім болса, сенің аузынан сөзі, үстінен бөзі түскен былжырағыңа қарамас та едім. Соншама ғашық болатындай, оның не бір ерекшелігі бар екен» деп ойлады. – Сен оны сүймейсің, онан да ана мұғаліміңді қаратып ал! – деді қыз ашынып. Осы арада Қатираның біреу кішірейсе, кергіп шыға келетін кесір лі гі ұстады да, қызды жолынан итеріп жіберді. – Мықты болсаң, тартып ал. Мен оған күйеуге шығамын! – деді міз бақпастан. – Ол мені сүйеді. Сен есеппен оның басын айналдырып жүр сің. Сен онымен бақытты бола алмайсың! Біреудің бақытын тартып алып, бақытты болуға болмайды! Шырқыраған қыздың үні көпке дейін құлағында тұрып алды. Шынымен сол қыздың көз жасы жібермеді ме екен? Бұл бə рін сол бір көзі соқыр, көңілі суық мұғалімге ерегісіп жасады емес пе, сол оқу-тоқусыз ас ішіп аяқ босатар біреуге қосылды деп ойламасын деп, каникульға келген студенттің басын айналдырып, кө зіне ілмеген мұғалімнен өш алуды ғана ойлаған.Сүймеген адамына қосақталған сол ақымақтығының азабын өмір бойы тартты... Қатира он бірінші сыныпта оқып жүргенде, де не шы нық ты рудан сабақ беретін ұстазына өлердей ғашық болды. Қаншама көз жасының төгілгені өзіне ғана аян. Бұрын денешынықтыру са бағы на бірде қатысып, бірде қатыспайтын ол белсенді болып алды. Онымен қоймай барлық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. Мектепте сол мұғалімнің төбесі көрінген жаққа алаңдау мен, күні бойы жүріп алатын. Тіпті бір күні сабақтан тосып тұрып: – Осы сіздің қалыңдығыңыз бар ма? – деп сұрақ қойды. – Досанова, менің қалыңдығымның бар-жоғының саған қан дай қажеті бар? – мұғалім тас-талқан боп ашуланды. – Оқушының мұға лі мі не осындай сұрақ қоюы орынсыз, – деп қайырып тастады.

Зияш Телеуова Ашуға булыққан қыз жүгіріп бара жатып, ағыл-тегіл жыласын кеп. – Досанова... деген мұғалімнің даусын естісе де, екі құлағын қо лы мен тарс жауып, бұрылмады. Көп ұзамай денешынықтыру пəнінің мұғалімі, əн-күйден сабақ беретін мұғалім қызға үйленді. Қатира оған іштей ерегісіп, студент атағы бар Мұқанға күйеуге шыға салды. Сөйтіп сүймеген адамға өзі сүйкеніп, күйеуге шыққан Қатира арада жиырма жыл өткенде, көресіні сол күйеуінен көрді.Ойласа іші шоқ түскендей өртенеді. Тіпті сүйіп қосылған жарың көзіңе шөп салса, кешіруге болатын шығар. Соқыр тайлақтай соңына еріп, не айтса соған көне салатын, момақан Мұқанның өзінен бас қа көңіл де сі барлығын естігенде, ол қорлықтан жарылып өле жаздады. Өзі де күйеуінің соңғы кезде көңіл күйінің көтеріліп, жүріс-тұры сы ның ширақтанып кеткендігіне іш тартып, əлденеге сезіктенетін. Сөйтіп жүргенде, бір жақын жеңгесі, араға шоқ тастады. – Тентек қыз-ау, осы Мұқан өзгеріп кетті емес пе? Өткенде ана дүкендеріңнен алдында кездесіп қалдым. – Ақ жеңеше-ау, не істеп жүрсің? Ағамызды үйді отырғызып қо йып,өзің көңіл көтеріп жүрген жоқпысың? – дегені. Онымен қой май, андайда көзі күлімдеп тұрған аққұбаша əдемі келіншекті көр сетті. – Танымадың ба, баяғы біздің ауылдағы Ажар ғой демесі бар ма? Сол жерде оның мектептегі ғашық болған қызы есіме түсті. – Ой, көк шұнақ, Ажарды əлі ұмытпаған екенсің ғой, – деппін сас қа ным нан. Ол болса арқа-жарқа. – Неге ұмытайын, мен оны сүйе тін едім ғой, демесі бар ма. Мен не дерімді білмей, ернімді тіс тедім. Ал анау ашынасы тіпті ешнəрседен қысылатын емес. Дү кен ге кіріп, қалағанын алып қағанағы қарқ, сағанағы сарық болып жүр. Төбесіне біреу суық су құйып жібергендей болған Қатира соңғы кезде аралары алшақтап бара жатқан күйеуінің жасырын жү рісі нің сырын білсе де, жеңгесіне суық жымиды. – Мұқанның ондайы жоқ. Оны сүйетін болса, сол кезде неге тастап кетті. Ер адам болған соң, ескі танысын көріп, дүкенді көрсе тіп, мақтанған болар, – деді де, жабулы қазан жабулы күйінде қал сын деген сыңай танытты. Қайнысының жасырын жүрісін аңдамай айтып қойғанына өзінөзі жерлеп отырған жеңгесі қайтайын деп сол бойы асығыс орнынан тұрды. Қатира болса отырған орнынан тапжылмады. Табиғатынан жұм сақ мінезді Мұқанды қызметтен өсірем, үй-күйін қатарынан

Банкирдің өлімі кем қылмаймын деп көп жұлқынған пысық əйелдің бар істеген ісі құм ға сіңген судай, із-түзссіз жоғалып, соның бəрі күйеуінің бұ ған деген махаббатын оята алмағанына пұшайман күйде. Бір жа ғы нан ішкі даусы «Сен де оны сүймейсің ғой. Ендеше оған не кінə та ғасың. Оны сүйгенінен айырып, біреуден кек алу үшін құр бан дық қа шала салған өзің емеспісің» деп сыбырлады. Сонымен Қатираның азапты күндері басталды. Ол жал ғыз дықтың зардабын тартып, күндіз-түні күтудің не екендігін білді. Сонда да, сыртқа сыр бермей, сырбаз қалыптан аумады. Бірақ іші қа зандай қайнады. Мұқан Ажардың ерте қайтыс болған күйеуінен қалған балаларына бар жиған-тергенін тасып, өзі де бар мен жоқ тың айналасы болып анда-санда бір көрінетінді шығарды. ...Ажар кенеттен жол апатынан қайтыс болған соң ғана, Мұ қан үйі не оралған. Əйелдің ажалы күнде болып жатқан жол апатына жорылды. Қатира Тұран стюардессаға үйленем дегенде, үзілді-кесілді қар сы шықты. Ол жалғыз баласының бұрынғы қателігін қай та ламай, төркін жағы текті қызға үйленуін қалады. Осы арада кө рікті қыз-келіншектерге қызыққыш баласының қызметтес ашынасы менеджермен жақын танысып, оның нағашысының депутат екенді гін көңіліне қатты түйді. Тұранға осындай қайын жұртпен жақын да су керек. Ертең біз олай-бұлай болсақ, сиынғаныңнан сү йенге нің күшті болсын деген заманда, қолтығынан демейтін бі реу дің болғаны дұрыс деп шешкен банкирдің шешесі, күн-түн демей стюардессадан құтылудың амалын іздеген... Бірақ өзі құр ған тор ға өзі түсетінін болжай алмаған. Əлде бұл көп асқанға бір тосқын, өзінің зорлық-зом бы лы ғының қарымтасы ма? Қаралы əйел көп күнəсін қалай жуарын білмегендей, соңғы кезде Құдайға құлшылық етіп, бес намаздан басын ал ма ған мен, оның бар ойы – өзі себеп болған қылмысты құпия күй ін де қалдыру болатын. Қатеден істелген адасу кешірімді, баламды жезөкше сай қалдар дан сақтандырам деп, өз отыма өзім күйдім емес пе?! Ендеше Құдай менің күнəмді кешіруге тиіс деп өзін-өзі ақтайды. «Бұл қате лі гің-ақ бола қойсын, ал анау Ажардың ажалы да, сенің құр ған қақ па ның нан болған жоқ па?!» деп əр жағынан біреу дауыстайды. «Ол менің некелі күйеуімді тартып алып, күнəға батты. Еш нəрсе сұраусыз жатқан жоқ. Судың да сұрауы бар демей ме, сон дық тан өз отбасымның бүтіндігі үшін күресуім де кешірімді». Осылай өз өмірінің ой-шұқырынан шыға алмаған əйел еш кім ді көр мей тін де, естімейтінде күйге түскен. Жалғыз баласы қай тыс

Зияш Телеуова бол ға лы терезе алдында қаздиып отырған əйел сұлбасын бай қа ған көр ші-қолаңдар қаралы үйден қорыққандай, анадайдан айналып өтеді. Жалғыз баласынан айырылу оңай ма, есі ауысқанға ұқсайды деген лақап тарады. Таспиғын санап мүлгіп отырған əйел, күтуші қыздың: – Апа, егер мен керек болмасам кете берейін, – деген даусынан кө зін ашты. Көгілдір түсті көйлегінің жағасы алжапқышының бауы ның астында қалып, бұйра шаштары қобырап тұрған бойжеткенге бадырайып қараған əйелдің есіне бірнəрсе түскендей: – Ажар... – деді. – Апа, мен Асылмын. – Ə... солай ма? Мұқан қайда? – Көкем, бүгін Азаматтың туған күні деген. – Ол кім? Қыз сəл аузын ашып, қипақтады. Əйелдің даусы қатқылданып, көзінен ашу оты ойнады. – Кім екенін білмейсің бе? – Мен сіз біледі ғой деп ем. Көкемнің Ажар тəтеден туған баласы емес пе? – Ім...Солай ма... Қателесесің, мен білмейтін нəрселер көп. Мүм кін сенің айтып тұрғаның да соның бірі шығар. Қыз көзін жыпы лық тат ты. – Ол нешеде? – Онға толды деген? – Мен мұны неге білмеймін. – Елдің бəрі біледі ғой. Сізден қорыққаннан... – Мен сонша құбыжықпын ба? – Жо-ға, əпке, сіз өте мейірімді, ақылды адамсыз. Қаралы əйел қыздың сөзін естіген жоқ. Тұла бойын лып еткізген ашу, басына қанын шаптырып, көз алды қарауытып, басы айналды. Тек ерні ғана жыбырлап, оның арасынан шыққан шық қан дыбыс өзінен əрі аспады – Ақылды! Мұндай ақылды болғанша, ақымақ болғаным ар тық еді. Ақылдан тапқан пайдам қайсы? О, сұм тағдыр! Қойдан жуас қоңырым, ол да мені алдады. Ол да менен тəуір. Баласы бар. Өзі сүйген əйелінен бала сүйді. Ал менің тағдырым ше? Өмір бойы жалғыздықтан жапа шеккен бақытсыз бейшара мен емеспін бе? – Мен кеттім. – Қатираның жауабын күте-күте та ғат сыз дан ған күтуші ол үндемеген соң, рұқсат берген болар деп, тездетіп киі ніп, сырт қа жөнелді.

Банкирдің өлімі – Бəрі жалған, бəрі алдамшы... күбірлеген əйел ызылдаған ұялы телефонды самарқау қолына алды. Əр жағынан: – Апай, мен ғой, Жаңылсынмын. Үйде болсаңыз келуге бола ма? – Кел! Əйелдің даусы салқын шықты. – Жарты сағаттан соң келемін. Қатира орнынан тұрып, өзінен басқа тірі жан қалмаған кот тедж дің бөлмелерін аралап шықты. Бір кезде көздің жауын алатын қымбат жаһаздарға қарап. «Ессіз дүние. Тұранның дүниесі. Əдіра қалған боқ дүние. Егер мен олай-бұлай боп кетсем, кімнің қо лы на көшеді. Мұқанның Ажардан туған баласына ма?» Осылай қан ша уақыт жүргені белгісіз əйел домофонның даусынан селт етті де: – Кір, есікті жауып кір! – деп бұйырды. Əйелдің суық үнінен сел тиіп қалған менеджер, не істерін білмей сексиіп тұрды. «Не болса да ақылдасуым керек. Мен оның баласының баласын көте ріп жүр емеспін бе, маған жауыздық жасауға дəті бармас» деп ойлады. Бі рақ өмірден көрген-білгені таяз жас жауыздықтан жауыз дық туа тынын есепке алмаған еді. – Ұялма кіре бер, үйде ешкім жоқ. – Ағай бір жаққа кеткен бе? – Бір тумаларының шаруасымен кеткен. Кел, ас үйге барып, шай ішелік. Күн салқын тоңған боларсын. – Мазаланып қайтесіз. – Бір-бірімізге серік болып, шай ішейік дегенім ғой. Асығыс бол ма саң. – Жо-ға. Бүгін сенбі ғой. Жұмыста болғанмын. – Ол жақта не жаңалық бар? – Пəлендей жаңалық жоқ. Бірақ тергеушілер келіп, үсті-үстіне жауап алуда. Бүгін бастығы келіп, бірталай қажады. – Солай ма, шай қояйын. Асықпай отырып əңгімелесейік. – Апа, сіз əуре болмаңыз, шайды мен жасай қояйын. – Қайтесің, біреудің үйінің ыдыс-аяғының қайда тұрғанын таппай сың. Сен түгілі, күтушілерге сеніп кеткен мен əрең үйлестірем. Сонымен не туралы сұрады? – Олардың түрлері жаман. Анау саунаның күзетшісіне шы ғып, сол күні менің барғанымды біліп қойған. Тұранды ешкім буындырып өлтірмеген. Ол ұйықтататын дəріні шамадан тыс ішуден қайтыс болған деген түйінге тірелген тəрізді. Сол себепті егер бұ дан əрі жауапқа алатын болса не деуім керек, сізбен ақыл дас қа лы келдім.

Зияш Телеуова Аққұманға су еселеп тұрған қара сұр əйелдің қолы дір етті. Су аққұманның сыртына төгіліп, газ өшіп қалды. Ол газды жақты да, өзіне таңдана жəне сескене қарап қалған қызға бұрылды: – Күзетші ұйықтататын дəріні саған кім бергенін біле ме? – О не дегеніңіз. Оны менен басқа тірі жан білмейді. Мен сіз туралы тіс жарған жоқпын. Олар дəріні қайдан, кімнен алдың деп əзірге сұраған да жоқ. Бірақ бұл тек бəленің басы ғана, түптің түбін де сұрайды. Сонда не демекпін? Шəйнек пен аққұманды үстел үстіне əкеп, ақ кестелі сүлгімен жабулы тағам толы дастарқанды ашты. – Ал, тамақ іш. Саған жақсылап тамақтану керек. Саспа бір нəр се ойлап табармыз. Өзіңнің жүкті болғаныңа қанша? – Үш ай. Қатираның ішкі дүниесі астан-кестен. Қылмысының жалғыз куə сі алдында. Ол əрине, жауап алу тегеурініне шыдай алмай, дəрі ні кім бергенін, стюардессаның көзін құртуды кім ойлап тап қанын түбінде айтып қояды.Олай болған күнді өз етін өзі жеген құзғын өзі болмақ. Демек, мұның көзін қалайда құрту керек. Уа қыт ты оздырмай қимылдау керек! Сол стюардессаға арналған назипанды бұ ған да ішкізе қойса, оның да көзі жойылады. Сонда бар құпия ашылмай, мəңгі құлыптаулы қалады. Ал бала ше? Ол əлі жан кірмеген бір тұтам ғана қан. Бұл мерзімде түсік тастатуға болады. Демек, жан кірмеген ұрықтың сауабы болмаса, обалына қалатын кез емес. Неде болса да, бүгін, осы сəтті пайдаланып, қимылдайды. – Сен бүгін асықпай қонып кет. Үйде адам жоқ. Жалғызсырап отырғам. Ертеңге дейін бір амалын табармыз. – Апа, мен… дей берген қызды қапсыра құшақтаған əйел: – Асыққан шайтанның ісі. Ертең жауапқа барғанда, сөзіміз бір жерден шықсын десек, мəселені жан-жақты ойластырайық. Қыз сұп-суық əйелдің қолына қолы тиіп кеткенде, іштей шо шын ғанмен, амалсыздан басын изеді. – Төр үйге барып теледидар қарап дем ал. Мен ыдыс-аяқты жинастырып болған соң, барамын. Амалсыздан көнген ме нед жер дің бір ойы алды-артына қарамай, далаға қаша жөнелу. Бірақ іш тен ашылатын есіктердің барлығы тарс жабық екенін ойлағанда, ол өз аяғымен келіп қапасқа қамалғанын мойындады. Мені ая ма ған мен баласының ұрығын аяр. Жауыздық жасамас деп өзін-өзі жұ бат қан ол төр бөлмеге барып отырды. Ұялы телефонын алып, күйеуінің нөмірін терген Қатира: – Бүгін үйге келмей-ақ қой. Мен бейіттің басына барып шы рақшы ның қасында қонам. Баламды сағынып жүрмін. Құран ба ғыш-

Банкирдің өлімі
тай мын, – деді де əр жағындағының жауабын күтпестен, кнопканы
басып жіберді. Күтуші əйел мен аспазшы қызға да телефон соғып,
олар ға да ертең демалыс беретінін хабарлады.

Бұдан бірер жыл бұрын жеке үйдің бау-бақша учаскесін кү те-
тін орыс жігіті берген қорабшаны тыққан қуысты тағы қарады.

– Катя, бұл бау-бақшаның зиянкестеріне өте пайдалы. Суға қо-

сып сеуіп жіберсең құрт-құмырсқа жоламайды. Бірақ егер дозасы
көбейіп кетсе, құрт-құмырсқаға да, адамға да қауіпті. Егер шама-
дан тыс етіп пайдаланса өлтіріп жібереді. Сондықтан адам қолы
жетпейтін жерге тығып қой, – деп қайта-қайта ескерткен.

– Өкінішке қарай, адамды өлтіріп жіберетіні сыннан өтті, – деп

күбірледі əйел. Өз ойын іске асырудың сəті ұйықтар алдында деп
түйді де, ол да төр бөлмеге кірді.

– Тоңып отырған жоқпысың? – деді түбіті бұрқыраған шəліні

қыз дың иығына жапқан əйел, – біз жас кезімізде тоңуды білмейтін-
біз. Қыстың қақаған аяздарында бір капрон калготкімен жү ре тін-
біз. Сол есуастығымнан болар, бір бала туып, байланып қал ға ным.
Үш-төрт балам болса, бұлай қайғырмаған да болар ма едім. Бі рақ

Тұранымның жолы бір бөлек, бір жарық жұлдыз еді ғой. Неше аға-
йын ды сың?

– Екі ағам бар.Үшеуміз.

– Қыздан жалғыз екенсің ғой.

– Иə, мені де анам жалғызым деп еркелетеді.

Қыз қолындағы «Бурда» сəн жорналын үстел үстіне тастады да:

– Апай, айып етпеңіз, мен үйге қайтайын. Үйге бүгін соғам деп

уəде берген едім. Сізбен тек ақылдасып шыққым келген, – деді.

– Қайда асығасың, бүгін қонып кет. Таңертеңгісін машина ша-

қыр тып, апарып тастатам. Сен менің келінім емеспісің. Тұран еке-
уің ді мешітке апарып, неке суын ішкізгенім есіңде ме? Баламнан
айырылып қайғыдан қан жұтып отырғанымда, басымды сүйеп,
қам көңілімді жұбатуға жарамағаныңа ренжулімін.

– Өзіңіз жағдайды білесіз. Оның заңды əйелі болды. Мен жұрт-

тан ұялдым.

– Бүгін жұрт жоқ. Асықпа. Алда қалай өмір сүреміз. Баланы

қай те міз. Сол туралы сөйлесейік. Тамақ салып қойдым.

– Күтушілеріңіз қайда?

– Күтуші «шешем науқастанып қалды» деп сұранып кеткен.

Жал ғыз сы рап отырған соң, саған қонып кет деп отырғаным ғой.
Оңа ша қалсам болды түрлі ойға түсемін. Оңай деймісің, бетіне
қа рап отырған азаматтан аяқ астынан айырылып қалу. Əйел көз
жасына ерік берді.

Зияш Телеуова – Апа, сізді түсінемін. Жыламаңызшы, жарайды, кетпейін, тек жыламаңыз. Мен де Тұранды қатты сүйетінмін. Оның қыз-ке ліншек көрсе көрсеқызарлығын біле тұрып, өз сезімімді тыя алмадым. Енді міне, баласын алдырып тастауға да қимай жүрмін, елдің бе ті не қалай қараймын? – Алдырғаны несі? Мен оған баламның фамилиясын беремін. Өзім қолыма аламын. Бала ешнəрседен таршылық көрмейді. Ондай ойдан аулақ бол! – Ал мына тергеушілер бар шындықты біліп қалса, сізді де, мені де түрмеде шірітетін болар. – Біз Тұранды өлтіріп аламыз деп ойладық па? Ана сал да қының көзін жою үшін жасағанбыз. Егер ойға алғанымыз орын далған да, Тұранның көзі тірісінде бізге ешкім ештеңе істей алмайтын еді. Ит жоқта шошқа үредінің кері келіп тұр. Қазір бəрі сатулы. Ол біздің абыройымызды төкпеу үшін бар ақшаны төгіп, полицияны да, тергеушіні де, бəрін-бəрін сатып алатын еді. Мен соған сен дім. Қатираның көз алдындағы қап-қара теңбіл ұлғайып, қара сұр жүзі бұрынғыдан да сұсты көрінді. Кішкене шүңірек отты көздері жылтылдап, атылайын деп тұрған улы жыланды елестетті. – Ақша сізде де бар емес пе? Олай болса, балаңыздың өлі мін неге жаптырып тастамайсыз. Бəрібір болар іс болды. Оның удан өлгені анықталса,, дəріні бергендерді соттап жібермей ме? Алдында жылтылдап жанып тұрған камин пешіне қарап, ойға батқан қаралы əйел, мына қыздың өзіне ақыл үйрете бас та ға нын ұнатпаса да, онысын білдірмеді. – Əлі кеш емес, көрерміз, онан да жүр кешкі асымызды ішейік. Қыз сыртқы есікке ұрлана көз тастады. Бірнеше кілт пен шынжырлап тастаған ашпалы құлыптар үмітін бірден үзді. – Мынадай үйде тұрғандар асыл тұқымды ит ұстаушы еді. Сізде иттің үргені де естілмейді. – Ит болған. Немістің қабаған иті. Тұран қайтыс болған соң, бір қимас досы, қалап алды. Ас үйдеге дайын асты алдарына əкелген соң, Қатира: – Қызым, екеуміздің де қайғымыз бір. Соны жеңілдету үшін аздап коньяк құйып жіберейін. Оның денсаулыққа пайдасы бар. Кө ңіл ді көтертіп, бойға қан жүргізеді. Мен, күнде жатарда бір жүз грамм ішем. Кəдімгідей қайғым жеңілдеп, жақсы ұйықтаймын. Бұл маған дəрігердің берген кеңесі. Сенің де жүзің боп-боз. Қаның аз шығар. Кəні, оңашада алып қоялық. Ісіміз сəтті аяқталып, амансау мен əже, сен ана атануың үшін, алып қоялық.

Банкирдің өлімі Тұла бойын қорқыныш жайлаған менеджерді соңғы сөз жі бітіп жіберді. Несі бар, ішпей жүрген нəрсесі емес. Банкідегі қызкеліншектер олжа түскенде, жұмыстан соң бас қосып, жиі кө ңіл көтереді. – Жақсы, сіздің денсаулығыңыз үшін деп, коньяк құйылған рюмканы түбіне дейін қағып тастады. Бір түрлі түп жағы қышқыл се зіл ді. Қыздың ішін от жалап өткендей, тұла бойы қызынып, бірден басына барып тигендей, көз алды кілегейленіп, есі ауып, құлап бара жатты. – Туу, мына ішімдігіңіз күшті ме, ап-а, – дей беріп ол үстел үс тінен ауып түсті. Ес-түссіз қалған қызды қолтықтап, ауыз бөл ме де гі диванның үстіне жатқызған əйел оған коньяк қосқан дəрінің қа лай əсер еткенін білгісі келгендей тамырын ұстады. Оның тамыр əл сіз соғады. Əйел енді одан қалай құтылу керектігін ойлады. Оның де несін, ана бақшаның арғы шетіндегі қара топырақтың астына кө міп, үстін жауып тастау керек. «Тез, тез, адам көрмей тұрғанда, ойын жүзеге асыру керек. Кім біледі, Мұқанның келіп қалуы да мүм кін. Мына шалажансарды көтеру де оңай. Қазір жаны шығып кетсе, қара тас болып көтеретпес». Ол үйдің астыңғы жертөле қа ба тына түсіп, үлкен кенеп қапшық тауып алды. Оның ішіне қол-аяғы шидиген арық қызды салу қиынға түспеді. Қапшыққа салып жатып, қыздың тамырын тағы ұстап көрді.Ол соқпай қалғандай көрін ді. Не болса да бəрі бітті. Ол қапшықты арқалап аулаға шыққан да, айналада қараңғы қоюланғанмен, алғашқы жауған ақ қардан дала жап-жарық екен. Қапшықты дуалға сүйеген əйел жан-жағын жіті шолып шықты. Биік етіп қоршалған аула ішінде сезікті ешнəр се байқалмаған соң, бау-бақшаның ана шетіндегі қара топырақ үйіл ген жаққа апарды. Қапшық ауырлап кеткен. Демек оның жаны шық ты. Енді көміп тастаса, мəйітінен құтылудың амалын таң атқан ша табар. Он қадамдай жерге көк тер боп əрең жеткен əйел қапшық ты тастай салып, анадай жерде тұрған күрекпен қара то пы рақты ойып қаза бастады. Мəйіт сыяды дегендей шұқыр дайын болған соң, көтеріп салды да, қапшықты суырып алудың қажеттігі жоқ деп ойлап тездетіп көме бастады. Топырақтың сыртын көміп, оны көлде нең көз байқап қалмасын дегендей, күзден қалған ағаш тар дың бұ тақ та ры мен жапты. Тұла бойының тоңазығанын сезген ол өзі нің бір көйлекпен шыққанын байқап, үйіне қарай тездете адым да ды. Менеджердің өлгеніне ешбір күмəні қалмаған Қатира енді оны сол тыңайтқыш топырақпен бірге, қала сыртына шығартып, кө міп

Зияш Телеуова
тастату амалын ойластырып, күл-қоқыс таситын машиналарды га-
зеттегі хабарландыру бойынша іздей бастады. Жеке үйден қо қыс
шы ға ру шы лар деген хабармен телефон соғып, жүкшілердің таң-

ер тең ерте келуін, ақысын жақсылап төлейтіндігін шегелеп айтты.
Өзі отырған орнында, қалғып кетті.

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

МЕНЕДЖЕРДІҢ О ДҮНИЕДЕН ОРАЛУЫ

Түннің бір уағында көзін ашып алған менеджер мұп-мұздай қа пас та жатқанын сезіп, шошып оянды. Қол аяғы сіресіп қатып қал ған дық тан, қозғалуға мұршасы жоқ. Мұрнына сыз топырақтың иісі келді. «Қанішер, баласына берген дəріні беріп, өлді деп көміп тас та ған екен ғой» деген ой басына сап етті. Жəйлап қозғалып көрген де, үстінде ауыр бірдеңе барын, бірақ өзінің қапшықтың ішінде жатқанын сезді. Кендір қапшық топырақты ішке жібермей, ауа келіп тұрғандықтан тұншықпаған қыз қолын созғанда, мұп-мұздай то пы рақ қа тиді. Қапшықтың аузы жабылмаған! Есін енді-енді жиған қыз ішкі қалтасынан ызылдап жатқан ұялы телефонының үнін естілді. «Анам» деген ой оның есін тез жиғызды. Мен тірімін, енді тез арда құтылу керек. Жан-дəрмен қол-аяғын жыбырлатып еді, үсін де гі топырақ ауыр да емес сияқты.Қимылдаған сайын суыл даған үні естілді. Демек, шығуға болады. Ол тағы да бар күшін салып қимылдағанда, қапшықтың ауыз жағынан тесік пайда болды. Түн. Ол енді топырақтың астынан шығуға қорықты. Анау қанышер жауыз ды ғы на жалғыз куə ретінде көзін жойып жіберуге əрекет жасады. Қыз жатқан күйі қалтасын сипалап ұялы телефонын тапты. Үйі нің нөмірін терді. Анасы ұйықтамаған екен. – Апа, тез полцияға хабарла, мен мынадай адрестемін. Мені өлтірмекші. Ауладағы қара топырақтың астындамын. – Не! Не дейсің?! – Апа, тез, тез, хабарла! Қыз қапшықтың шетінен көрінген тесікті қайтадан қымтап жауып, тырп етпей, демін ішіне тартты. Шешесі сасып, полицияға хабарлай алмай қалса ше, деген оймен, 02-ні өзі терді. Кезекші бос болмады. Мүмкін апам шығар деген оймен, ол бір минуттан кейін, тағы терді. – Алло, кезекшімісіз. Мені құтқарыңдар! Есік алдындағы қара топыраққа көміп тастады. Дуалдан секіріп түсіңіздер. Ит жоқ. Адресті жазып ал.

Банкирдің өлімі – Жақсы. Қазір патрульдерге жүргендерге хабарлаймын, – деді əр жақтан. Осы кезде коттедж жақтан дыбыс шыққандай, бірдеңе гүрс етті. Қыз екі бүктеліп, сіресіп қалды. Аяқ дыбысы бас жағына тоқ та ды. Үстіндегі бұтақтардың қозғалғаны естілді. Қара терге түс кен қыз, қорыққанынан қалшылдап, аттай тулаған жүрегінің дыбысын тыңдады... Іштей енді төбелессем де жан бермеспін деп тү йін ген мен, қорыққаннан аяқ-қолынан жан кетіп, дірілдегені сонша, тісі-тісіне тимеді. Осы кез қалтасындағы ұялы телефоны ызылдады. Қыз қолымен баса қойды. Кетіп бара жатқан Қатира жер астынан шыққандай тосын дыбыстан шошынып, тоқтай қалды. «Ұялы телефон! Ана қыздікі! Қап, əттеген-ай, ұмытып кеткенім-ай. Бірақ енді ол ешкімге де, ешуақтта жауап бермейді. Звондап, звондап қояр». Əйелдің өліктің сұп-суық денесін аударып, қал та сы нан ұялы телефонын алуға жүрегі дауаламады. Тұрып тың тыңдады да, үйіне кірді. Бұл кезде қыз телефонын өшіріп тастап, сырт қа құлағын тосып, бүрісіп қалған. «Аналар, мынау үйге кіріп кеткен соң келсе екен. Құдайым-ай, əше йін де келіп болмайтын полиция келе қалса ғой, бəрін бүл діре ді. Ол енді өзіне келетін көмектің кешігіп, Қатира үйіне кіріп, ұйық та ған соң, келгенін тіледі. Қыздың тілегі қабыл болды ма, əлде қазіргі полицияның жайбасарлығы себеп болды ма. Арада аттай бір сағат өткен соң, дуалдан қарғып түсіп жатқандардың күбір ле ген дыбыстары естілді. Сызды топырақтың астында əбден жаураған қызға əр минут жылдай. Уақыт жылжымай тоқтап қалғандай. – Қара топырақ қайда? – деп дауыстады келгендер. – Тш, неге айқайлайсын. Тш, – деді қасындағы. – Əне, қара топырақ. Жүр сонда барайық. Қыз жалма-жан қыбырлап, қапшықтың аузынан қолын шы ғарып, бұтақтарды жыбырлата бастады. Топырақтың қасына келген жігіттің бірі оны байқап шошып түсті. – Əне, анау бұтақтың асты жыбырлайды. Тез аш! – Ой, сұмдық-ай; Тез, тез, бейшара жүрегі жарылып кет пе ге нін айтсайшы. Екі жігіт бұтақтарды лақтырып, анадай жердегі кү рек ті алып, топырақты аудара бастады. Қапшықты көріп, ішіндегі дірілдеген қызды суырып алғандар: – Сені бұлай еткен кім? – деп таңданды. Қыз əлсіз үнмен:

Зияш Телеуова – Кейін айтамын. Тез бұл жерден алып кетіңдер. Ананы жа быңдар, – деп өзін көмген шұңқырды көрсетті. Екі жігіт оны то пы рақпен жапқан соң: – Енді мені, алып кетіңіз. Бəрін кейін айтам, – деді қыз дірілдеген денесін игере алмай. Ажал аузынан қалған бейшараны екі жігіт екі қолтығынан сү йемел деп қоршалған дуалдың жанына апарып, əр жағына белгі берді. Əр жағында дайын тұрғандар қызды көтеріп алды. Машинаға отыр ған соң ғана, қыз үйінің нөмірін теріп: – Апа, мені құтқарды. Қазір келем! – деп жылап жіберді. «Не болды? Сені неге өлтіргісі келді?» дегенге: Себебін тергеу шіге ғана айтамын. Сіздер мені үйіме апарып тастаңыздар, – деп жалынды. – Жақсы. – Егер мүмкін болса, мен туралы оқиғаны құпия сақтауды өтіне мін. Мен өзім бəрін айтамын. – Үйіңіз қайда? Қыз адресін айтты. * * * Таң алакеуімде келіп белгі берген күл-қоқыс шы ға ру шы ларды, қақ па ны ашып қарсы алған қара сұр əйел, қалың қабақты шү ңі рек көз машина жүргізуші мен дөңгелек жүзді жас шамасы жиыр ма лар дың ішіндегі қағылез экскаватор жүргізушісіне ау ланың түп жағындағы қара топырақты көрсетті де, екеуін жанына ша қы рып: – Бұл топырақты терең шұңқырға апарып, үстін қалыңдап көміп тастаңдар, мынау ақысы, сосын не көргендерің туралы еш кімге айтпаңдар, деп екеуіне мың доллардан екі мың доллар ұс тат ты. Бұрын қолдарына доллар ұстап көрмегендердің көздері ұя сы на шыға бадырайып кеткені сонша, топыраққа қауіптене қарды да, қолдарын жылытып бара жатқан доллардан айырылмау үшін екеуі жүзі суық əйелге. – Жарайды, құп болады. Сізді біз, біз сізді көрген жоқпыз. Жүк тиейтін машинаға қара топырақты толтырып тиеп алған олар ауладан шығып қала сыртына бет алды. Іштей қобалжулы əйел ауыр жүк мойнынан түскендей болғанмен, бір түнде қара то пы рақ ты қайда жібердің деп күйеуі сұраса, не деймін деген сауалға жа уап іздеп басын қатыра бастады.

Банкирдің өлімі Аяқ астынан байып қалған жүк тасушылар қаланың қоқыс төге тін орнынан өтіп барып, арғы жағындағы терең ордың жанына тоқ та ды. Машина жүргізуші: – Бізді осыншама жарылқайтындай бұл топырақтың ішінде не бар екен, көрсек қайтеді? – Иə, мен де соны ойлағанмын. Егер адам мəйіті болса, жаңағы кемпірге қайта барып, қалтамызды қалыңдатуымызға болады. Адам өлімінің құны екі мың доллар емес қой. – Қайдағыны айтасың. Ондай сұмдықтан сақтасын. Шынында да топырақтың арасында не бар, көрейік. Жүк машинасының жүр гі зу ші сі машинаның үстіне шықты да, топырақты олай-былай аударып, одан кенеп қапшықтан басқа ешнəрсе таба алмады. Таң қал ған ол: – Сонда мына топырақ пен кенеп қапшық үшін екі мың долларды ұста та салды ма? – Дұрыстап қарасаңшы? Ішінде есірткі бар шығар. Кейде есірткі таратушылар қорыққаннан осылай күл-қоқысқа лақтырып жібе ре ді. Тағы да топырақты əрі-бері аударған жүргізуші: – Маған сенбесең, өзің қара, ештеңе жоқ, – деп секіріп түсті. Экскаватор жүргізушісі топырақты əрі-бері аударып көрді де: – Жаңағы əйелдің есі ауысқан шығар. Құр топырақты көміп не істейміз. Осы араға төгейік те, шаруамыздан қалмайық, – деп қолын сілтеді. Қоқыс тасушылар бұл оқиғаның жұмбағын шеше алмай, аяқ астынан олжалы болғандарына мəз боп, қалаға оралды. * * * Сұмдық түс көріп оянғандай болған менеджер жақын адам дары ның ортасында отырса да, өзіне-өзі келе алмады. Ол өзін өл ді ге санаған Қатираның одан арғы іс-əрекетіне ойша болжам жасады. Ол, əрине, ең бірінші анау қара топырақтан құтылуға асы ға ды. Қандай жолмен? Ең бірінші ол күл-қоқыс тасушыларды сатып алатын болу керек. Менеджер полицияға телефон шалып, Райстың ұялы телефонын алды. Оған тез арада құпия түрде кездесу керек екенін айтты. – Жарайды, «Самал» кафесіне келе аласыз ба? – Əрине, келе аламын. – Жарты сағаттан соң күтемін. Қызының дауысын есітіп, бөлмеге кірген əкесі:

Зияш Телеуова – Мен сені ешқайда жібермеймін. Саған қастандық жасалды. Қас тан дық жасалып қана қойған жоқ. Олар сені өлтіріп жіберуді ойлады. – Менің тез арада тергеу бастығымен кездесіп, болған оқиғаны айтуым қажет. – Олар сенің өлігіңді топырақтың астынан таппаған соң, тағы іздесе қайтесің. Саған қазір ешқайда шығуға болмайды. – Мен тергеушімен жүздесуім керек. – Бəрін айтып үлгеруім керек. – Кездесетін жеріңе өзім апарамын, – деді əкесі шарасыздықтан. – Жарайды. Ескі қаланың ең ұзын көшесінің бойына орналасқан «Самал» кафесіне тергеу бастығы қыздан бұрын келді. Кафенің іші кө гіл дір. Бір жақ қабырғасына теңіздің көрінісі майлы бояумен са лын ған. Онда тулаған толқындар арасында қанатымен су сызған ша ға ла. Су жағасындағы кемелер саяхатқа шақырып тұрғандай. Үс тел дің үстері сəнділігімен көз тартады. Оңашалау үстелге келіп жай ғасқан Райс даяшыға тапсырыс берді. – Екі кофе, – деді. Ақ көйлек, қара шалбар, мойнына кө бе лек ше галстук байлаған жас жігіт екі кофе əкеп қойды. Сағатына қарап қойып, газет жаңалықтарына көз жүгірткен тергеу бастығы есіктен кірген менеджерді көрді. Өзін еркін ұс тайтын қыздың бүгінгі түрі оның бір оқыс хабар алып келе жат қа нын сездіргендей. – Отырыңыз, немене сырқаттанып қалған жоқпысыз ба? – Ажал аузынан оралдым. – Қалайша? Менеджер басынан өткендерін айта бастады. – Сіз онда неге бардыңыз? Бұрын да баратын ба едіңіз? – Бұрын бір-екі рет барғанмын. – Неге? – Ол стюардессаның жетім қыз екенін білген соң, Тұран екеуміз дің арамыздағы «служебный романды» біліп қалып, менің қызға ны шым ды қоздырып, анаған қарсы қойды. Тезірек жүкті бол саң, балама сені алып беремін, – деді. Аяғым ауырлаған соң «Сүй ген ада мың өзіңе қалсын десең, олар саунаға барғанда, стюар дес са ның бокалына мына дəріні салып жібер. Менің балама жетімханада өскен қыздың керегі жоқ. Егер сен бала туып берсең, сені ал ғы зам деп сендірген болатын. Оның бұл жоспарын менен бас қа еш кім білмейді. Ал ана сауна күзетшісі мені ғана біледі. Ол жеме-жемге

Банкирдің өлімі келгенде, мені ұстап береді. Сондықтан банкирдің шешесі өзінің қылмысы ашылмай қалу үшін менің көзімді құр ту ды ойлады. Маған сол баласына берген дəріні беріп, есімнен тан ған уа қытта, өлді деп ойлап, ауласындағы қара топырақтың астына көм ді. Мені құтқарған ылғал топырақ. Ол бұрын қолданған дə рі нің мені де сеспей қатыратынына ешбір күмəнданбады. Сас қа лақ тап жү ріп қап шық тың аузын байлауды ұмытты. Менің бағыма қарай, қал тамда ғы ұялы телефонды алып қалу есіне келмеген. Райс Сапарович, бə рі бір мен ақтала алмайтын шығармын. Енді бұдан былай не істеуім керек? – Енді сен ең болмағанда бір жеті тірі екендігіңді білдірмеуің керек. Сондықтан ешкімнің көзіне түспейсің. – Маған айтқандарыңның бəрін қағазға түсіріп, қолыңды қой. Қыз дың алдына бір бет қағаз бен қаламсап қойды. Тергеуші қайтадан газетке үңілді. – Енді кофе ішіп алыңыз. Екеуімізбен арада болған əңгіме құпия күйінде қалсын. Керек уақытта өзім хабар беремін. Қалтасындағы ұялы телефоны ызылдады. – Жолдас полковник, егер уақытыңыз болса, ішкі істер бө лі мінің бастығына соғып кетсеңіз. Сіздің келуіңізді сұраған. – Жақсы, жарты сағаттан кейін боламын. Райстың бар ойы өлімнің жұмбағы шешілді ме, шешілмеді ме – соның төңірегінде. Менеджердің басынан кешіргендері, банкир дің уланудан өлмегендігін дəлелдеп бергендей. Менеджердің бо йын да ғы уды қара топырақ сорып алса, банкирдің бойындағы уды саунаның суы сорып алуы керек. Демек, өлімнің себебі бұл да емес. Бұл жерде бұдан да басқа біреулер бар. Олар кімдер? Райс осы қылмыс қашан ашалады деп безілдеп жатқан жоғары жақтағылардан, əлде де болса бір жетідей мерзім сұрап алуды ойлады. Оның ішкі түйсігі бойынша, бұл қылмыстің бұдан да басқа терең сырлары бар. Нағыз қылмыс жасаған жауыз кім? Оның ішкі дау сы банкирдің шешесі деп сұңқылдады, бірақ өзі оған сенгісі кел ме ді. Себебі ол қалай дегендеде ана ғой, ананы өз туған баласын өл тір ді деп жазаға тарту қисынға келе бермейді. Бас тергеушінің болжамынша, бұл өлімге себепкер тағы біреулер бар. Ол кімдер? Соны табу керек.

Зияш Телеуова ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ КЕК Стюардесса саунадан келгенде, інісі компьютер алдында отырды. Апасының мұңлы жүзі мен ісіңкі көзіне қараған Роллан: – Сестрицка, опят этот кабан тебя растроил? – деп сұрады. – Саған не керек. Сабағыңды оқы. Енді өзіміз күн көретін боламыз. Ол менен бас тартты. – Уəдесінен айнып кетті ме? – Ия, қалталы мырзаға кім бала туып бермейді. Менеджер де жүкті. Шешесі маған үйленуге үзілді-кесілді қарсы, ана менеджерді қалады. – Менеджер сенен сұлу ма? – Жоқ. Оның əке-шешесі бар. Біздей жетімдер кімге керек. Он беске жаңа толған жасөспірімнің кеудесін ашу кернеді. Ызалана жұ ды ры ғын түйді. – Мен саған айтпадым ба? Байларда ұяты жоқ деп. – Мен оның ұятына қызыққан жоқпын, ақшасына қызықтым. Өзің ойлашы пəтерді, жиһазды, саған компьютерді ол болмаса, кім алып береді? – Ол «сені сүйемін, некелі əйелім етіп аламын» деп уəде берген жоқ па? – Біздейлер күйеуге ұнатқаны үшін шықпайды. Кімнің қал та сы қалың соған шығады. – Баласын не істейді? – Балаға қарасып тұрам деп уəде берді. – Бұл да сені алдаудың бір түрі. – Мүмкін. Қыз жатын бөлмесіне кіріп, есігін жауып алды. «Қорлық. Бұл қорлықты көргеннен өлген артық. Ол сұ мы райды өлтіремін» деп ойлаған Роллан, киімдерін жүре киіп, сырт қа шықты. Сол бетімен автобусқа отырып, Андрейдің үйіне барды. – Андрей, мотоциклің жүре ме? – Жүреді. Бірақ түн ішінде қайда барамыз? – Артынан айтып түсіндіремін. Апасын талай іздеп барған саяжайды табу қиынға түспеді. Қызыл кірпіштен қаланған дуалдан ішке үңілгендер банкирдің мерсе де сі нің аулада тұрғанын көрді де, ішке ырғып түсті. Сая жай дың есігі құлыптаулы екенін көрген соң, өздері кіріп талай та мақ та-

Банкирдің өлімі
нып, керегін алып кететін арт жақтағы терзеден ішке енді. Ас тың-
ғы бөлмелерде тірі жанның жоғына көз жеткізген Андрей екін ші
қатарға көтерілді. Жартылай ашық есікке қол фонарының жа ры-

ғын түсірді де:

– Жездең ұйықтап жатыр, – деді.

– Қазір оятамыз.

– Қайтесің, ұйықтай берсін. Тамаққа тойып алайық. Арақ-ша-

рап тың неше түрі бар. Анада жеген қара уылдырықтың дəмі əлі
таңдайымнан кеткен жоқ.

– Айуан, ол менің апамды мазақ етті.

– Ты что?

– Шын айтамын. Мен кегімді алу үшін келдім.

– Ол оянса, екеумізді де, далаға лақтырады ғой.

– Сондықтан оянбай тұрып, қимылдау керек. Анау қол фона-

рын банкирдің бетіне түсірді.

– Өзі тірі ме, қозғалмайды ғой?

– Қасына барайық.

– Жансыз адам сияқты. Жарық жақсақ қайтеді.

– Оянып кетсе, əл бермейді ғой.

Есік алдындағы жылтылдаған су жаңа қара мерседесті көр ген-
нен есі кеткен Андрей Ролланның «кек алу» деген қыжылын кеу-
десіне түйіп, оның дірілдеген қолынан қысып ұстады да:

– Балақай, мұндайда батыл болмаса болмайды. Мына таблетка-

ны жұтып жіберсең, алдыңдағы арыстаннан да қорықпай ақырып
шыға келетін боласың деп, алақанына таблетканы тықты.

– Бұ не?

– Айттым ғой, қорықпайтын боласың.

Бала аузына салды да, жұтып жіберді. Сəлден соң басы ай нал-
ған дай болды да, артынан не істеп, не қойғанын білмейтін есалаң
күй ге түсті. Андрейге де керегі сол болатын.
Ол шала жансар жатқан банкирдің тамырын ұстап көрді де, жа-

нын да ғы қалтасынан есірткі толы инені тамырына тығып жіберіп:

– Прощай, Батя! – деп қарыннан сипады.

Қара мерседесінің кілтін, қалтасына салды. Сосын сағатқа қа-
ра ды. Түнгі үш. Нағыз қимылдайтын уақыт. Саяжайдағылар шырт
ұйқыда. Енді мына күшіктен құтылсам. Қара мерседеске отырып
алып, Ресейге тартамын. Андрей ас үйдегі бар тамақты ма ши на-

ның арт қы жүк салатынына толтырды. Есірткі таблеткесінен ке-
йін ұйық тап кеткен баланы артқы орындыққа тастай салды. Кəнігі
қыл мыс кер банкирдің жансыз денесін қозғап көрді де, өзінің ізін

Зияш Телеуова жасыру үшін, бассейннің суының ішіне ауыр денені домалатып жібер ді. Іштей «мұны бізге дейін біреулер у беріп, өлімші еткен. Сондық тан оның өлімінің ашылуы екі талай нəрсе. Егер бү гін түнде шекара асып кетсем, құйрығымды ұстатпас едім. Ал ана боқ мұрын ды мотоциклге байлап, саяжай жанындағы терең суға батырып, көзін құрту керек». Ол түнгі үште саяжайдан қара мерседеспен шыққанда, айналада өлі тыныштық орнаған. Саяжайдан ұзаңқырап шығып, машинаны тоқтатып, мотоциклді айдап келді де, былқ-сылқ жас баланы мотоциклге матап-байлап, жардың басынан тұңғиық суға итеріп жіберді. Мотоцикилдің суға күмп еткен даусы түнгі тыныштықты жарып өтті. Судың жағасына жақын жердегі күзетші оқыс дыбыстан оянып, біраз тың тыңдап жатты да, далаға шығуға ерініп, қай та ұйықтап кетті. Кəнігі қылмыскер қара машинаға қызыққанымен, оның құ жатта рын сыз кеден шекарасынан өткізе алмайтынын ойлап, амал сыздан орман ішіне тастады да, өзі таң атқанша əр жаққа өтіп үл гер ді. Осылай ізін жасырған Андрей өзін құқық қорғау орган да ры ның таба алмайтындығына сенімді күйде еді... ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

КҮДІК Шым-шытырық шытырманның шешуін таппаған тергеу бас тығы көп жыл қызметтес болған генералға барып шығуды ойлады. Ол кісінің уақытындағы қылмыстың түрлі іс-əрекеттері тіптен де бас қа ша болатын. Дегенмен пікірлесу артық етпес деп түйді. Орнынан шапшаң көтерілген Райс көмекшісіне бірер сағаттан кейін болатынын ескертті. Бұрын көп жыл облыстың ішкі істер бөлімін басқарған генерал əділдігімен, кəсібіне берілгендігімен беделге ие болған білгір адам болатын. Кезінде кез келген қылмысты тез ашуымен қатар, оның қай уақытта, кімнің қолымен жасалғанын дөп басып, біліп отыратын. Көп адам осы кісінің көріпкелі бар шығар деп таң қа ла тын. Генерал əр қылмыстың қолтаңбасын, мінездемесін бірден бі ле тін болғандықтан, ол туралы аңызға айналған алыпқашпа əң гі ме лер көп. Неше бір қанқұйлы қылмыс жасаған қанішерлердің өзі оған кек сақтамай, бостандыққа шыққан соң да құрмет көрсетіп, халжағдайларын айтып тұратын. Осындай екі дүниеде – қыл мыс ты

Банкирдің өлімі жасаушылар мен қылмыс ашушылар арасында қылкөпір салып, ешкімге қиянат жасап көрмеген тарланмен тілдесу де бір ға ни бет. Соншама биік шенге, беделге ие бола жүріп, байлық пен ман сапқа қызықпаған мұндай ар-ожданы таза адамдар бүгінгі күн де рі іздесе таптырмайтын қазынаға айналған тəрізді. Ол зей нет кер лікке шыққан соң, көп қабатты үйдегі пəтерін жеке үйге айырбастап, соның жанындағы 6 сотық жерге бау-бақша өсіріп, соны ермек етумен күн өткізіп жүр. Өзінің ескертпей, келе қалғанына қысылған тергеу бастығы: – Кешіріңіз, сізді көрсем деген ой көптен мазалап жүрген. Соның сəті бүгін түсті. Мына бір сыйлығымды қабыл алыңыз, – деп, ол «Қазақстан» коньягін үстел үстіне қойды. Генералдың жүзіне жылылық жүгірді: – Шетелдік ішімдік əкелмей, өзіміздің үйренген жауымызды əкел ге нің ұнап тұр. Мұны жалғыз ішсем, ауырып қаламын. Екеу леп қаужалап көрейік. Сосын келген бұйымтайыңды да айта отырарсың. Ол жедел тұрып, қабырғадағы ыдыс-аяқ тұрған жəшік тен екі рюмка алып, ас үй жаққа: – Қонаққа тіске басар əкеліңдер, – деп дауыстады. Үй қызметшісі үстел үстін тағамдармен толтыра бастады. – Дем алысыңыз қалай? – Қалай болғанда да, қайтадан қызметке алмайсыңдар ғой. Тіпті сіздің осы келісіңіздің өзі маған қатты əсер етуде. Күр кі ре ген күн өткен соң, тұнжыраған түн келеді деген, өткен күнді қан ша аң са ған мен оның ауылы алыс. Кейде таң атып, күн батпайды. Бұл əр кім нің басына түсетін кəрілік деген керімсалдың салмағы. – Иə, сіздің айтып отырған ауылыңыз бізге де алыс емес. – Дегенмен, қызметке кіріскенің жөн болған. Əлі жассыңдар ғой, – генерал екі рюмкеге толтыра коньяк құйды – Ал айта бер, құлағым сенде. – Бұдан екі ай бұрын қаладағы екінші дəрежелі банктің президентін саяжайында өлтіріп кетті. – Естідім. – Соның қолтаңбасы кімге тəн деп ойлайсыз, сіздің пікіріңізді білгім келеді. – Мəссаған. Бұрынғы қылмыс пен қазіргінің айырмашылығы жер мен көктей. Қазір қоғамдық құрылыс өзгеше, демек, қыл мыстың жасалу жолы мен амалдары да өзгерді. Адам əр уақытта қоғам ға тəуелді. – Бұл қылмыста бірнеше əрекеттердің ізі бар. Сіздің тə жі ри беңіз де сондай кездесті ме?

Зияш Телеуова – Неге кездеспесін. Бір күнде бір адамға бірнеше рет шабуыл жасалуы, бір адамның бірнеше адамды бір түнде өлтіруі – бұ рыннан келе жатқан қылмыстың түрі. Мен сізге біреуін айтып берейін, бір түрмеден шыққан тасжүрек бір түнде əйелін, екі баласын өлтір ді. Қылмысты жасағанда əйелін алдап алып шығып, зорлап, сосын басын кесекпен жарып өлтіріп, үйіне оралып, балаларын буын дыр ған. Ес-ақылы дұп-дұрыс. – Бұл қылмыста да қатыгез қылмыскердің қолының ізі бар. Сонымен қатар ол көңілдесіне арнаған уды ішіп қойып уланады. Сол уланған күйінде саяжайда жатқан оған, менің болжамымша, тағы біреулер қастандық жасаған. Бірақ олар кімдер, соның ізіне түсе алмаудамыз. – Несі бар, барлығы бір адамның ісі болуы да мүмкін. Тіпті кездей соқ оқиғалардың қиылысып қалуы да ғажап емес. Өмірде бəрі болады. Адам ойы жетпейтін қат-қабаттардың қалтарысында адам өлі мі кездеседі. – Бізге қол байлау болып тұрған жағдай, оның бірнеше кө ңілде сі, оған қоса заңды əйелі, оған қоса қызметтік бақталастары жеткілікті. Сондықтан оның ажалының кімнің қолынан болғанын бал ашып білмесек, басқалай болжам жасау қиынға соғуда. – Ол ойың да дұрыс. Біз баяғыда бір қанқұйлы қылмысты аша алмаған соң, бір цыган əйеліне, карта аштырғанбыз. Не болды дейсіз, айтқаны дəл келді. Ал қазір бақсы-балгер деймісіз, көріпкел дей мі сің, əйтеуір қаптап кетті емес пе? Біздің тергеушілер сол цыган əйеліне карта аштыруға ылғи баратын. Кейін өзім тыйым салдым. Сонда да олар жасырын баруын қоймапты. – Бізге де кеңес бересіз бе? – Ол кісі əбден қажымаса, менің қызметшім біледі. Кейде мен алдырып, қызыққа аштырам. Бір жағынан ермек болады. Барып шық. Одан келіп-кетер зиян жоқ. Қайыр, мына ағаңды карта ашатын цыган əйелдің үйіне апар. – Сізді мазалағаным үшін кешірім өтінемін. – Олай қашпа! Əңгімені өзің бастадың. Енді, аяғын айтып кет. Күтемін. – Уəде беремін. Есік алдына ере шыққан отставкадағы генерал, бұлар жүріп кеткен соң да, орнынан тапжылмай ұзақ тұрды. – Жалғызсырайтын сыңайлы, – Райс артына бұрылып, қарады, – ол кісіге өте қиын. «Жұмыстағы жылдарымның қалай өткенін білмей қалушы едім, қазір бір күнім бір жылдай» деп қапаланады. – Орынды сөз.

Банкирдің өлімі – Сен қазір менен бұрын кіріп, бөтен адамдардың болмауын бақыла! – Жарайды. – Жаңағы кісі айтқан соң, сынағым келіп отыр. Əйтпесе, сенбейтінмін. – Өкінбейсіз. Болжамдары дəл келеді. ТАРО Екі қабатты сырты қызыл кіріпішпен қапталған үйдің алдында бейсауат жан көрінбеді. Үйге тақап тоқтаған машинадан жедел түскен генералдың күтушісі жүгіріп кіріп кетті де, тез шықты. – Кіріңіз. Екі жағына гүл егілген тас жолмен тіке жүрген Райсты ауыз үйден күтіп алған жас əйел, ішке бастап, төр бөлмеге өткізді. Ор тада ғы үлкен үстелдің жанында карталарын жайып тастап отырған кем пір дің қай ұлттың өкілі екенін бірден айыру қиын. – Аманбысыз, – деді, өзін қолайсыз сезінген бас тергеуші, көріп кел ден гөрі орта қол кəсіпкердің үйіне ұқсайтын жиһаз толы үй-ішін жіті шолды. – Төрлетіңіз, көптен заң адамдары ат ізін салмаған. Сіз иə біреу дің сілтемесімен, иə өте тығыз іспен келдіңіз білемін. Кемпір сынай қарап, күлімсіреді. – Картаңызды салып, сөйлетіп көрсеңіз? – Кімге, неге? – Бұдан біраз бұрын бір банкир саяжайында өлтірілді.Сол туралы картаңыз не дер екен? – Отырыңыз. Ең бірінші картаға сенім артыңыз. Барлық бас қа ойларыңыздан аулақтап, тек сол оқиғаны есіңізге алыңыз. Əйел қолындағы картасын араластырып, аударыстырып отырып, үш-үштен қоя бастады. Бірталай үнсіздіктен соң. – Үш əйелі бар ма?, Міне, төртінші қара көйлекті қара сұр əйел. – Ол шешесі болар, – таңданған Райс картаға қадала қалды. – Ақша, көп ақша. Арақ-шарап. – Өлтірген кім? – Банкирге у берілген. Бұл əйелдердің қолымен жасалған. Бірақ осы төрт əйелдің қайсысының ісі, оны айта алмаймын. Бірақ банкир удан өлмеген, оған бір түнде бірнеше рет қастандық жасал ған. Алыс жолдан келген екі жолаушының жолы сайрап жатыр. Олардың да түсі суық. Бір қағаздар. Міне, мыннан тағы бір-екі

Зияш Телеуова адам ның суыт жүрісі шықты, бірі алыс жол тартады. Шым-шы тырық. Негізі ісіңіз ашылып тұр. Барлық күдіктілер қолыңызда, бірақ адам өлтірген қылмыскер қашып үлгерген. Оны бір жетінің о жақ бұ жағында ұстайсыздар. Банкирдің саяжайының қасында су барға ұқ сай ды. Оған бір адамның жолы тірелген. Мүмкін судың астында. Осы ертең-арғы күні бір суыт хабар аласыздар. Негізі қылмыс ашылады. – Рақмет. Райс қолына түскен бес мыңдықты үстел үстіне тастай салып, сыртқа шықты. Тергеушінің тез шыққанына таңданған жүргізуші мен жол көрсетуші орындарына жайғасты. – Райс Сапарович, тез шықтыңыз ғой. – Ойымдағының бəрін айтты. Таңғаларлық жағдай. – Мен де бұрын сенбейтін едім. Інім хабар-ошарсыз кетіп келге нім де, жолда келе жатыр, ертең үйіңде болады, – деді. Сенген жоқ пын. Ешкімге айтқан да жоқпын. Келесі күні кешкілік інім үйге кіріп келгенде, бұл кісінің көріпкелдігіне таң-тамаша болдым. – Су... су, ол қандай су, саяжайға соға кетейік. Сонда бұрыл. Əбден жолдың маршруттарын біліп алған жүргізуші, үнсіз бұрылды. Бұралаң-бұралаң жолмен қалың ағаштың арасына түскен машина саяжай поселкесінің түп жағындағы табиғаты тамаша алаң ға орналасқан банкирдің саяжайының жанына тоқтады. Екі қа тар лы қы зыл кірпіштен салынған саяжай бар сырын ішіне тығып тымырайды. Машинадан түсіп, жоғары қарай жаяу өрлеген тергеуші сая жай үйлерінің аулаларына үңіліп, сөйлесетін жан іздеп, мойынын созумен болды. Ең шеткі үйдің жанына келіп тоқтап: – Кім бар? – деп дауыстады. Саябақтың түп жағынан қаба са қал қария: – Мен бармын, – деп дауыстады да, түзеп жатқан ары ғы нан аттап, бері аяңдады. Айнала тамылжып, ағаштардың арасынан себелеген күн сəулесі күздің соңғы жылуын аямай төгуде. – Күзде суарып тастаса, жер қатпайды. – Саламатсыз ба, полицияданбыз. – Полиция, бұрын милиция дейтін еді. Жарайды. Менің сізге не қажетім бар? – Сіздің саяжайыңыз ба? – Иə. Балалар қарамайды. Мен қысы-жазы осындамын. – Түнде де қонасыз ба? – Қонамын. Маған қалада не бар. – Анау банкирдің саяжайын көрдіңіз бе?

Банкирдің өлімі – Иə. Онда қыз-қырқынды алып, өзі көп келетін. Сосын бір-екі рет екі баланың түнде сонан шығып бара жатқанын көрдім. – Банкир тап сондай үлкен балалы болатын жасқа келмеген тəріз ді. Біреуі тіпті ересек. Жиырма үш-жиырма төрттердегі жігіт. – Түрі-түсін аңдамадыңыз ба? – Жоқ, олар кешкі қара көлеңкеде, мотоциклмен бір-екі рет келді. Бірі ересек, бірі он үш-он төрттегі бала. – Ал қыркүйек айының жиырма тоғызы күні осында қон ды ңыз ба? – Мен осында тұрақты түрде қонамын. Қалаға балалар қо нақ қа шақырса немесе туған күндері болса ғана барамын. – Сол күні түнде бір оқыс оқиға болғаны есіңізде қалған жоқ па? – Тоқтай тұрыңыз. Ол күні мен жалғыз болған жоқпын. Бір ескі досымыз екеуіміз өткен-кеткенді айтып кеш жаттық. Ұйықтап кеткен екенмін, бір нəрсе гүрс етті. Шошып оянып, біраз жаттым. Егер жалғыз болғанда, шығып, айналаны қарап келетін едім. Қасым да қонақ жатқан соң, қайта ұйықтап кеттім. – Жақын жерде су бар ма? – Бар. Бірақ бұл жердің суы терең, айналасы құлама жар. Сондық тан суға шомылатындар əрірек барып, тайызға түседі. – Сол су қайда? Қарт ағаш шарбақтың аузына шығып: – Міне, былай қарай жүз қадам жүрсеңіз, алдыңызда. Тергеу бастығы артындағыларға қолын сілтеді де, өзі жаяу солай қарай жүрді. Шынында алдында құлама жар. Оның астында көкпеңбек терең судың беті шымырлап, жайлап ағады. Судың астын жедел тексерту керек. Ол байғұс баланы суға лақтырып жіберген болды деп түйді де, шапшаң бұрылып, машинаға барып отырды., – Қазір сізді жолдан тастап кетеміз. Генералға кейін соғамын. Ты ғыз істер бар. ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ Талай күндерге созылған сот процессі жүруде. Тəжірибелі заңгер өңкей жастарға мынадай қиын қылмысты іспен мемлекеттік айып тау шы лық ты жүктеуге тəуекел ете алмай, оның ең жауапты бө лі гін өз міндетіне алған. Қарсылық білдіргендерге, тергеудің денін өзім жүргізгендіктен, айыптау да менің міндетім деп тоқ етерін бір айтты.

Зияш Телеуова Адам қарасы көп жиналған сот процесіне осы іске қатысты куəлар мен күдік түскендер, қаза болған банкирдің тума-туыс қан да ры түгел қатыстырылды. Мемлекеттік айыптаушы мінберге шық қанда алдыңғы қатарда қара жамылып қақшиып отырған бан кир дің ше ше сі не қарағанда, ананың қара сұр жүзінің мың құ был ға нын бай қа ды. Талай қым-қиғаш қылмысты басынан өткерген тə жі ри белі тарлан өзінің жүрек тұсының шымырлап шаншығанын бай қап, қал та сы нан нитроглицериннің бір түйірін тілінің астына салды. Мырза мен Айдардың жанында отырған Шолпан оның қатты тол ға ны сын сезіп, «бекем болыңыз» дегендей, күлімсіреді. – Бірнеше айға созылған тергеу барысында барлық жағдай жан-жақты анықталып, банкирдің өліміне байланысты барлық айғақ тар жиналғандықтан, қылмыс жасағандардың қылмысы толық дə лел ден ді деп есептейміз, – деді бас тергеуші, – отбасының трагедиясынан басталған бұл істе банкирдің қызметіне қатысты себепсалдар жоқ деген тұжырымдама жасалды. Бұл өлімнің басты себебі – банкирдің көңілдесі стюардессаға арналып дайындалған уды оның байқамай ішіп қоюынан болғандығын сараптама дə лел де ді. Ол уды бір емес екі рет ішіп, шарапқа əбден езіліп тұр ған удың салдарынан жүрегі əлсірейді. Осы тұста оған екінші рет қастандық жасалып, көңілдесі стюардессаның кəмелетке тол ма ған інісіне еріп жүрген баскесер қылмыскердің – Андрейдің қо лы мен оның де не сі не есірткінің шамадан тыс мөлшерімен ине шан шыл ғанды ғын сарапатама көрсетті. Осы есірткі онсыз да əл сі реп жат қан қар жы гер дің ажалына себеп болады. Бұрын сот тал ған кə ні гі қылмыс кер жанындағы кəмелетке толмаған баладан құ ты лу үшін, оған да есірткі беріп есінен тандырып, содан соң, мотоциклге байлап, сая жай жанындағы терең суға тастап жібереді. Бұдан əрі қанқұйлы қыл мыс кер, мерседесті орта жолда қалдырып, өзі шекарадан өтіп кетеді. – Енді уды кім ойлап тапты, ол кімге дайындалды, соған кө шейік. Уды баласының стюардессаға қатты көңілі ауғанын бай қа ған Қатира ханым дайындайды. Қара сұр əйел: – Жалған! Жала жаппаңыз! Мен жалғыз баламды өлтіруге қолым бармайды! – деп отырған орнынан дауыстады. – Тыныш отыруыңыз сұралады. Сөз кезегі сізге де келеді, – деп сот төрағасы ескерту жасады. – Сіздің берген уыңызды алған, оны пайдаланған адамдардың өз кінəсін толық мойындаған түсінектемелері бар.

Банкирдің өлімі – Осы қылмыстың басты себебі, жетім балалар үйінде өскен қыз ды балаңыздың болашақта жары болуын қаламағандығыңыздан өр бі ген. Одан гөрі төркін жағы мығым менеджер қызды келін болу ға қолайлы, лайықты көргендігіңізден, стюардессадан осындай əдіс пен құтылғыңыз келгендігі анықталды. Оның куəсі бар. – Оңаша бөлмедегі куə кірсін! Залға кірген менеджер қара сұр əйелге қарап: – Жауыз! Ең болмаса, ішімдегі нəрестені, балаңыздың баласын аямадыңыз ба? – деп ызалына тіл қатты. – Сен... Сен... Өлген жоқсың ба? Қатира орнынан тұра беріп, сылқ етіп отыра кетті. – Менің көзімді жойып, өзіңнің қылмысыңның жалғыз куəсін құр ту ды ойлаған екенсің ғой... менджер сұп-сұр болып əйелге төне түсті, – сіздің қолыңыз қанға малынған адамсыз, мен тек кез дойсоқ сəттілікпен тірі қалдым. Біреуге ор қазсаң, өзіңе көр қа зарсың деген. Балаң сенің қазған торыңа түсіп қаза болды. Бірақ сіз онымен де тоқтаған жоқсыз. Өзіңіздің жауыздығыңызды еш кім нің ешуақытта ашпауын қаладыңыз. Мен кейін білдім, сіздің кү йе уіңіз дің көңілдесі Ажардың жол апатынан қайтыс болуы да сіздің ма ған жасағандай қайрымдылығыңыздың арқасы екен. – Жалған! Жалған жала жаппаңыз! – Қатираның үні дірілдеп шықты. – Сіздің жасаған қылмысыңыз өз бөлтірігін өзі қаужаған бө рі нің ісіндей жан-жақтың барлығын бүлдірді. Жазықсыздан жа зық сыз жандарға күдік түсті. Сіздің жасаған қылмысыңыздың құй тыр қы - лы ғы сондай, талай қиындықтарға кездестік. Бірақ адам қо лы мен жасалған қылмысты, адам ашпай қоймайды, – деді мемлекеттік айыптаушы, – сондықтан өз баласының ажалына өзі себеп болып, ауыр қылмыс жасаған Қатира ханымды бас бос тан ды ғы нан заң тармақтарына сəйкес айырып, жазалануы сұ ра ла ды. Оның аз ғыруы мен қылмысқа барған, бірақ өзі содан зардап шеккен ме нед жердің аяғының ауырлығы ескеріліп, шартты түр де бас бос тан ды ғы нан айыру сұралады. Кəмелетке толмаған стюар дес са ның іні сі нің ажалына жеткен, өте қауіпті қылмыскер Андрейге қа таң ре жим де гі 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бе кі тіл ді. Бірнеше күнге созылған сот процесінің үкімі мемлекеттік айып тау шы ның сұраған баптарынан ауытқымай, əділдікпен жария ланды. Күдіктен біржолата арылған Айдар мен Мирас тергеушілерге рақ мет те рін айтып, мəз-мейрам болды.

Зияш Телеуова
Райс болса Мырзаның қонаққа шақырғанын есіне түсіріп, сон-
да баруға асықты.

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Күздің күні қараңғылық ерте түседі. Жарықтанбаған кейбір кө-
ше лер, тас қараңғы.
Ақ кірпіштен қапталған жеке үйдің ауласының алдында тұрған
Мырза қонағын қақпа алдынан күтіп алды.

Ауланың ішінен ит үрді.

– Мырзеке, ит иесіне тартады дейтін. Мынау кімге тартып ашу-

лы болған, – деп қалжыңдады Райс.

– Қаланың иті даланың адамына тарта ма? Өзімнің ауылда мо-

мын төбетім болған. Көрдіңіз ғой. Төбесінен ат ойнатсаң да мыңқ
етпейтін. Біз көшерде ұшты-гүйлі жоғалды. Артынан көршім ауыл
сыртынан өлігін көрдім деп келді. Жақсы ит өлігін көрсетпейді де-
ген сол.

– Япырай-а, халық айтса қалып айтпайды деген. Біздің əр сө зі-

міз дің дəмі бар.
Баршагүл кірер ауызға шығып, амандасты.

– Жолдасыңыздың қайтқанын естімедік, айып етпеңіз, – деп

жуып-шайды. Қарсы бөлмеден шыққан Айдар киімдерін алып ілді.
Бір бойжеткен дастарқан жасап жүр. Төрдегі үстелдің үсті та-
ғам ға толы.

– Реке, қалаға келіп қалалық болдық. Төрге шығып отыра бе рі-

ңіз, – деді Мырза.

– Дұрыс. Біз жерге отырудан гөрі үстелге үйренгенбіз.

– Біз де осыған үйреніп қалдық, – деп күлді Баршагүл. Тағы да

ит үрді.

– Айдар, осы келген мамаң шығар, қарап келе қойшы, – деді

үй иесі.
Ауыз үйге шешініп, ішке енген əйелдің аққұбаша өңі мен үл кен
қара көздеріне көзі түскен Райстің жүрегі шым етті. Адам адам-
ға ұқсай береді екен-ау. Шолпан мен Гүлназымының арасында бір

ұқ сас тық бар тəрізді. Қараған сайын жалғыздықтың зардабын тар-
тып жүргендіктен бе, жүрегі сыздап, көңілін сағыныш биледі. Тіп-
ті екі бетінің ұшындағы күлімсіреген сайын ойнап шыға келетін
шұң қы ры на дейін аумайды.

– Шолпанды танисыз ғой, – деді Мырза.

– Көп болмағанмен, көз таныспыз, – деп күлді заңгер.

Банкирдің өлімі

– Ал, Реке, тағы бір жаңалық – анау жүрген Айдардың қа лың-

ды ғы, – деп Дарияға қарап иегін көтерді. Соңғы сөзге елең еткен
жі гіт тің анасы, қыз жаққа жалт қарады. Артық айтып қойдым ба
деп, Баршагүлге жаутаңдаған Мырза:

– Енді қалғанын Бəкең айтар, – деп сөз аяғын жұта салды.

– Бəрін қалдырмай айттың ғой. Айдар жас бала емес, өз теңін

тауып тұрған соң несі айып... Дария – менің дəрігерім.

– Ой, атқышсың-ау. Сенің ғана дəрігерің емес. Осы учаскенің

дə рі ге рі десеңші ең болмаса.

– Бəкең өзін жақсы емдеген соң, келін болуға ыңғайлы деп таң-

дап алған болды, – деп əзілдеді Шолпан.
Қуанған мен қорыққан бірдей деп, жүзі біресе қызарып, біресе
бозарған əйел мұндай жаңалықтың үстінен шығам деп ойламаса
керек. Аузына сөз түспей, əркімнің бетіне жалтақтап қалды. Оның

тол ға ны сын сезген Баршагүл:

– Келініңнің көрімдігін өзіме бересің. Көрімдік алып барып

көрсетуім керек еді, – деп қалжыңдады.

– Қалағаныңызды алыңыз. Мұндай да қуанышқа жететін күн

бар екен-ау! – Əйел қалтасын ақтара бастады.

– Ой, əуре болмаңыз, ойнап айтамын. Келінді үйіңе түсіргенде

бе рер сің, – деп Баршагүл ат-тонын ала қашты.
Көптен қазақы əзіл-қалжыңды естімеген Райс мəз болып əйел-
дер дің сөзін бар ынта-ықыласымен тыңдады.
Сол бойы тағам əкелінді.

– Мəке, баяғыда күздік соятын əдетіңіз бар еді. Содан жа ңыл-

ма ған сыз ба?

– Одан жаңылып қалған да кездеріміз болды. Құдайға шү кір,

қа зір қалпымызға түсіп келеміз. – Мырза табақ толы етті турауға
көш ті.
Райс қырынан отырған Шолпанның сыры кетсе де сыны кет-
пеген сұлу жүзіне тағы көз қырын салды. Əйелдің кезінде керім

сал болғанын айғақтайтын кербез қимылдары мен суреттей кес кін-
келбеті көз тартады. «Құдай-ау, пайғамбар жасына таяп қал ған да,
ғашық болып қалғаннан саумын ба» деп қысылған Райс əйел жақ-
қа қарамауға тырысты.

Басқа қонақ болмағандықтан, екеуі қатар отыр. Бір қызығы
əйел дің үстінен даланың жұпар ауасының исі аңқиды. Үндемей
отыра беруді жөн санамаған Райс:

– Ауылдың əңгімесін айта отырыңыз, – деді.

– Күні бойы мектептің жұмысынан қол босамайды. Біздің əң гі-

ме міз бала тəрбиесі. Ол сіздерге қызық бола қоймас. Шолпанның

Зияш Телеуова дауысы сыбызғыдай сызылып шықты. Үні де майда. Сөйлеген са йын, жіңішке қастары түйіліп барып, жазылады. Жалпы əдемі əйел дер дің барлығы бір-біріне ұқсайды дегенді бір жерден оқыған. Прокурор іштей «Бар қимылы менің Гүлназымымды еске салады екен» деп терең күрсінді. – Қай жақтан едіңіз? – Тараздан. Күйеуім сол жақтыкі болатын. Бірақ дəм-тұзымыз жараспады. Сосын төркінімнің жанына көшіп келдім. Бұдан əрі сөзді созбаған тергеу бастығы осындай əйелден де айырылатын еркек болады екен-ау деп таң қалды. – Жүр, Реке, таза ауаға жүріп келейік. – Мырза ас ішіп болған соң, қонағын оңашаға шақырды. . Аулаға шығып темекіні рақаттана сора бастаған Райс: – Айдардың қалыңдығы жақсы екен, – деді. – Шешесі жаман ба? – Бас құда болатын болдың, – деп Райс əңгімені бұрып жіберді. – Бұйырса, боламыз. – Ал шешесі қай пəннің мұғалімі? – Биолог па, математик пе, есімде жоқ. Қалаға көшіп келгісі келеді. – Əрине, қазір ауылдың да жайы кетті ғой. Үйге кірейік деді, – тергеу бастығы неге екенін көзіне жылы ұшыраған сүйкімді бейнеге тағы бір қарағысы келді. Олар кіргенде, əйелдер əңгімесін тыя қойды. Дастарқан басындағылар əр нəрсенің басын шалып, бірталай отырды. Ұялы телефонына хабардың белгісі түскенде, Астанадағы баласына кешке хабарласамын деген уəдесі есіне түскен Райс, жалма-жан телефонын ашып қарағанда: «Сақ болыңыз. Бүгін үйге қон ба ңыз» деген жазуды оқыды. Райс: – Тықыр таянғанын білген, біреулер жанталасуда, – деп мырыс етті. – Ол да банкирдің өліміне байланысты ма? – Жоқ, Мəке, бізде одан да басқа талай-талай жуан жұ ды рықтар ға қатысты істер бар. Солардың бірі болар. – Тышқаннан қорыққан егін екпейді. Олар қорқытты екен деп, істерін жауып тастай алмаймыз. – Сонда да сақтықта қорлық жоқ. – Сақтанғаннан емес, олардың не іздегеніне көз жеткізу үшін, бүгін сіздің үйдің құдайы қонағымын. Ал ертең көрерміз.

Банкирдің өлімі – Дұрыс. Дұрыс. Түн ішінде жол жүрмей, қона кетіңіз. Мырза келесі бөлмеге шығып, əйелдерге тапсырма беріп, қайта оралды. Екі еркекке төр үйге төсек салып берген əйелдер қарсы бөл ме ге жайғасты. Айдар мен Дария əлдеқашан кетіп қалған. Үй-іші көшеден олай-былай өткен машиналардың жа ры ғы мен секунд сайын жап-жарық болады. Көзі ілініп кеткен Райс ұялы теле фон ның ызылдаған үнінен оянды. Сағат төрт екен. – Райс Сапарович, сіз қайдасыз? Меніңше, сіздің үйге ұры түсті, – деді Мария Ивановна абыржыған үнмен. – Мен басқа жердемін. Үйімде алатын ешнəрсе жоқ. Сіз де жата беріңіз. Мен қазір полицияға хабарлаймын. Ал сіз есігіңізді ешкімге ашпаңыз, жарай ма? Мырза басын көтеріп алып: – Жайшылық па? – Үйіме ұры түсіп жатыр дейді. – Не дейді? – Олар мені іздеп жүрген болар. Қазір мен полицияға телефон соғып, адресті айтамын. Күтушім есігінің глазогінен қарап, оларды көріп тұрмын деп звондады. – Сұмдық екен. Байқамасаңыз жазым болып кетіп жүрерсіз, қазір адамның сұрауы жоқ болып барады. – Мырзаның ұйқысы шайдай ашылды. – Полицияға хабарладым. Үйіме барып, есігімді жаппасам болмайтын болды, – деп қозғалған Райсқа: – Іздеп жүргендер болса, мен мындамын деп барасыз ба? Əліптің артын бағыңыз, – деп Мырза тоқтау салды. Бірақ Райстың манағы тəтті ұйқысы келмеске кетті. Тағы ұялы телефон дыз етті. – Райс Сапарович, полиция келіп, екі жігітті ұстап, алып кетті. Есігіңізді мендегі кілтпен жаптым. – Тіпті жақсы. Жатыңыз да ұйықтаңыз, – деді Райс. – Тыныштық па? – Мырза тағы басын көтерді. – Ұрыларды ұстапты. Десе де ұйқысы келер емес. Көз алдында сот процесіндегі қара жамылған əйел. Психологтар оның есі ауысқан деп диогназ қой ды. Жазадан солай құтылатын түрі бар. Бірақ ар жазасы бар жазадан ауыр. Енді Андрейді ұстау ғана қалды. Оған іздеу жарияланды.

Зияш Телеуова ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІ Тергеу бастығының кезекті жұмыс күні оқиғаға толы болды. Шие ле ніс кен түйіндер шешілді. Иығынан ауыр жүк түскендей бол ған Райстың үйіне соқпағанына бір тəулік болғаны есіне түсті... Түскі тамаққа келгенде, Мария Ивановна: – Райс Сапарович, мынадай режиммен жұмыс істейтін болса ңыз. Денсаулықпен қоштасасыз. Мерзімінде ыссы тамақ ішпей сіз, – деп ұрыса жөнелді. – Мария Ивановна, за то, қылмысты аштық. – Ал кешегі сотқарлар, пəтеріңізден не іздеді? – Тіпті білмедім. Мені іздеген болар. Олармен айналысатын уақыт қайда? Үй-ішіне қарасам, бəрі орнында. – Сіз қашан келеді деп қол қусырып қарап отырамыз ба? Ана келіншектер келіп, жинасып кетті. – Базарда отыратын ба? – Базарда отырса ше? Олардың барлығы сіз дегенде ішкен асын жерге қояды. – Мені қатты мақтаған соң қайтсін. – Жо... ға имандай шыным. Мен бейбақ өсітіп тоқтамай кетем. Шаршап келген шығарсыз. Тамағыңыз дайын, киімдеріңзді өтектеп қойғам. – Рақмет. Рақмет. – Сізді қалай үйлендірсем екен...а. – Əуреленбеңіз. Одан да барып дем алыңыз. Су себілінің астына тұрып сергіп алған заңгер тамағын ішті. Теледидарды ашып, соңғы жаңалықтарға құлағын түрді. Сол арада кітап сөрелерінің қопарылысып жатқанына көзі түсіп: – Малұғындар одан не іздеді екен? – деп ашуға булығып, кітаптарды реттестіргенде, бұрын көзіне түспеген қызғылт түсті қалың дəптерді көріп, ашып қалғанда, Гүлназымның маржандай тізілген жазуы көзіне оттай басылды. ГҮЛНАЗЫМНЫҢ КҮНДЕЛІГІ Жазу – менің мамандығым. Бірақ көптен қол шығып кеткен соң, қаламды, біртүрлі жүрексініп ұстадым. Бір көргеннен ғашық етіп, өзге дүниені ұмыттырған, жан жарым, сен жұмыс бабымен болса

Банкирдің өлімі да алыстап кеткенде, өзімді елсізде қалғандай сезіндім. Жиырма жылдан артық жұбымыз жазылмаған, біріміздің бетімізге біріміз жел боп тимеген жан серігім əлдекімдерден шетқақпай көргендігін білдірмей, сабырлылық сақтағанымен, оның жан күйзелісін тү сіндім. Бірақ «іш қазандай қайнайды, күресерге дəрмен жоқ» дегендей, əліптің аяғын бағудан басқа амал бар ма? Жалғыз ғана дəтке қуат, оның адалдығына, біреудің ала жібін атта май тын ды ғы на сенемін. Сенемін де, əділ жолдан тайдырғысы кел ген дер дің, оның аяғынан шалғандығына күмəнім қалмайды. Қызық, оқып жүргенде, курстастарым тағдырдың тауқыметін тарт қан дар ғана ақын немесе жазушы болады деп, қызыл-ке ңірдек боп айтысып жататын. Осы күні сол пікірлердің де жаны бар ғой деп ойлаймын. Кейде адам жазайын деп жазбайды, жанына жансыз қағаздан медеу іздеп, ішіндегі шерін сыртқа шығару үшін жазады екен-ау. Аяулы жарым, сен үйден алыстап кеткелі осыны се зін дім. Бұрынғы əмпəй-жəмпай болып жүргендерге телефон шалайын десем, олардың қандай көңіл күйде сөйлесетіндігін біле алмай дағдарам. Бұрын прокурордың əйелі болған соң, бəрі жалпылдап, іші-бауырыма кіріп кете жаздайтын. Ал қазір солардың кө бі сі еріндерінің ұшымен əзер амандасып, тіпті кейбіреуі көрсе де көр ме ген дей боп өте шығады. Сонда олар мені тек сенің əйелің бол ған соң ғана сыйлаған екен ғой деген ой келеді маған. Егер олай болса, қандай жасандылық десеңші! Олар адамды мансабына қарай сыйлап үйренгендер екен ғой. Бұдан артық пасықтық бола ма! Өзім тым жақсы журналист бола тұрып, бойымдағы бар талантымды, өзім сүйіп таңдаған мамандығымды махаббатымның жолына құрбан ете салыппын. Кейде өкінем. Егер қолымнан қа ламым ды тастамасам, осындай күн үшін ғана күлтілдегендер туралы мақала жазар едім. Бірақ сенің жолыңа құрбан еткен нəрсенің баршасына өкінбеймін. Есесіне сүйіктіммен өмір сүрдім. Нағыз бақыт тың не екенін білдім. Сол үшін де жолымда сені кездестірген тағ ды ры ма дəн ризамын. Адамдардың мінез-құлқы мені қатты ойландырады. Бір сəт, күйкі тірліктің құрбандарына қолымды бір сілтедім де, сен қасымда жоқ кездері екеуміздің ең бақытты болған сəт те рі міз ді қағаз бетіне түсіріп, саған қалдырайын деп, қолыма қалам ұс тадым. Ең бірінші екеуміздің танысқан сəтімізді есіңе түсірейін. Мен онда телдидарда журналист болып істейтінмін. Прокуратураға, бас па сөз мəслихатына барғаным есіңде ме? Прокурордың кө мекші сі саған жетелеп апарды.

Зияш Телеуова

– Гүлназым, мына жігіт саған сұхбат береді, – деді. Сенің бо-

йың ұп-ұзын болғандықтан, төменнен жоғары қарадым. Көзің өт-
кір екен, тура қараудан имендім. Сен қадала қап, күлімсіредің де:

– Сізді тыңдап тұрмын, – деп жаныма жақындадың.

Мен сол жерде-ақ сенің үп деген лебіңнен ұшып кететіндей,
бір керемет күйге түсіп, жүрегім атқақтап, кеудемнен шығып бара
жат қан дай сезімге бөлендім. Сұхбат алып болған соң, мен:

– Қосымша сұрақтарым болса, хабарласайын, қызметтік теле-

фон нөміріңізді беріңізші, – дедім. Сен жалма-жан телефон нө мі-
рің ді жазып бердің де, менің созған саусақтарымды ұзағырақ ұс-
тап тұрып, қоя бердің. Қолың жанып тұр екен.
Сол күні сенің түр-тұлғаңды көз алдымнан кетіре алмай, есі ме

сен түскенде жымиып жүрдім. Бес жыл бойы ақын-жа зу шы лар дың
арасында оқығандығымнан, талай қара сөздің қанын, өлең сөз-
дің жанын шығарған шешен де, көсем де жігіттердің сұлу сө зі не
селт етпеген жүрегім, сені бір көргенде-ақ майдай еріді. Мүм кін,

махаббат деген осы шығар! Осыған дейін тасжүрек атанған сұлу
сенің бір жалт еткен жанарыңнан күйіп-жанып жүре берді. Осы
ма екен жұрттың күндіз-түні аузынан тастамайтын ма хаб бат тың
құдыреті? Өзім зарыға, жабыға күткен, енді кездеспесе, жал ғыз

өтуге бел буған қасиетті сезім иесі сенбісің? Сол күннен бастап
сені тағы да бір көрсем, жаныңда қас-қағым сəт болса да, тұра
тұрсам деп армандадым. Сосын алған сұхбатымды қарап отырып,
сенімен хабарласудың бұдан өзге реті болмасын түсініп, телефон

нөміріңді тердім.
Жүрегім дүрсілдегені сонша, өзіме естіліп тұрды.

– Бұл теледидардан, Гүлназыммын. Сенің қуанып кеткеніңді

даусыңнан аңғардым.

– Сізді тыңдап тұрмын, – сұрағыма, қысқа жауап бердің де:

– Гүлназым, уақытың болса, бүгін бір жерге барып дем ала-

йық, – дедің. Көңілім судай тасыды. Бірақ əдеп сақтап, кешке қа-
рай хабарласайық, – деп сызылдым. Сен де ренжіген жоқсың. Тіп ті
бұ рын нан көріп-біліп қойған танысымдай-ақ аңқылдап.

– Жақсы, жұмыс аяғанда телефон шаламын, – дедің емес пе.

Содан соң екеуміз жиі кездесетін болдық. Кездескен сайын уа қыт-
тың қалай өте шыққанын білмей қалатынбыз. Бір күні бір до сың
үй ле ну тойына шақырғанын, соған мені алып барғың келетінін
айт тың. Мен ыңғайсызданып, бас тартым. Ертеңіне жұмыс ая ғын-

да күтіп тұрып:

– Гүлназ, мен сені мамамен таныстырайын, сосын үйлену тойы

жайлы сөйлесейік, – деп, мен үшін де, өзің үшін де шешімді бірден

Банкирдің өлімі
айтып тастадың емес пе? Шынымды айтсам, сені құлай сүйгеніме
се нім ді болғандықтан, сен не десең де көне бергем...
Анаң маған қатты ұнады. Ол байғұс жалғыз баласының тас

төбеден түсіргендей етіп, қалыңдығын бірден жетектеп келетінін
күтпесе керек. Мені қай жерге отырғызуды білмей, біресе төрге,
біресе ас үйге жүгіргені естен шығар ма? Қарапайым ғана, қара
дүрсін тұрмыс құрып отырған ана мен баланың аста-төк той

жасауға шамасы келмеген. Тіпті қалыңдық киетін қымбат көйлек
те алған жоқпыз. Бірақ сол сəттер менің жүрегімде мəңгі жазылып,
мен бір патшаның баласына тұрмысқа шығып жатқандай шат тық-
қа бөленгенімнің өзі неге тұрады! Сенің жаныңда мəңгі жү ре ті-

нім ді ойласам болды, аяғым жерге тимей, ұшып жүрген қа нат ты
періштенің күйіне енетінмін. Маған сенің жаныңда жүрудің өзі
қол жетпес бақыт болып көрінетін. Апам екеумізге көнелеу ағаш
кереуетке төсек салғызды. Сол күндері сен күн сəулесі, мен се нің

шуағыңнан нəр алып, сенен қуат алған гүл тəрізді едім-ау. Шір-
кін, бұдан да өткен сұлу сөздер болса, сол күндерді суреттеп жаза
берер едім, жаза берер едім. Осы күні сол бақытты жылдарымды
күнделік етіп, күн сайын жазып отырмағаныма өкінемін.

Жаным, кейде сондай бақытты болып кеткеніме өлердей қор қа-
тын мын. Сол себептен сен бірнəрсеге ұшырап қалама деп үрей ле-
ніп, көзіме көрінгенше, байыз таппайтынмын. Осы шат-шадыман
күн дер дің артында, бір қасірет бардай, келер күндерден сеске-

нетінмін.
Сендей бақытты маған сыйлаған анаңды да ренжітпеуге ты-
рыс тым. Бірде ол кісі:

– Ертеңді кеш хабар жүргізем деп жүгіре бермей, еріңді кү тіп

үйде отыр. Ертең балалы боласыңдар. Райс аман болса, бір отбасын
асырайды, – деп құлақ қағыс жасады. Мамандығымды қимасам да,
сенің анаңның көңілін қалдырмайын деп, кезекті демалыстан ке-
йін, жұмысқа шықпай қалдым.

Сонда сен əзілдеп:

– Оның не, мен тағы бір журналисті тауып алсам қайтесің, –

де дің.
Апамның құлағы шалып қалған болу керек.

– Прокурордың əйелі секеңдеп, əркімннен сұхбат алып жүре

ме? Сен журналист тапсаң, ол да тағы бір прокурор табар. Əзірге
балаларын өсіріп алсын, – деп ұрысып тастады Менің білініп қал-
ған ішіме көзің түскен соң ғана, айыпты адамдай абдырап қал дың.
Əй, қожанасырым-ай. Жаныңдағы əйеліңнін жүктілігін де біл ме-

Зияш Телеуова дің бе, деймін. Əлде осындай ұсақ-түйектерді көзіңе іле бер мей тін ірілігің бе? Тек екеуіміз оңаша қалғанда ғана, неше ай болды деп сұрадың. Сен түскі тамағыңды ішіп кеткен соң, апам: – Бұл тұқым қуалаушылық деген керемет нəрсе. Бар мінез-құлқы əкесінен аумаған. Ол кісі қызметте жүріп, үйде не болып жат қаны на, бала-шағасына көңіл аудармайтын. Атамыз қазақ ердің азығы түзде, қазығы үйде деп бекер айтпаған ғой деп жымиды. Шынымды айтсам, бар жақсы қасиеттерін баласында қал дырған əкесіне де ризашылығым шексіз.

* * * Бар дүниені ұмытып, күнделікке үңілген Райс өзін сүйдім-күйдім деп бір ауыз сөз айтпаған, сөзге сараң, сезімге бай сүйікті жары ның жан дүниесін енді ашып отырғандай, тапжылмай отырып, күн де лік ті əрі қарай оқыды. * * * Күнделігімді бір айдай қолым ала алмадым. Үйдің анау-мынау жұмысы көбейді. Сағын мектепті биыл бітіреді... Экономист бол ғы сы келеді. Ал кішісінің арманы – сен сияқты заңгер болу. Тіп ті екеуі де ержетіп қапты. Кеш болса үйде тұрмайды. Ал мен болсам, күндіз елең-селең тірлікпен сенің алыста екеніңді ұмытсам, кешке қарай жалғызсырай бастаймын. Сен бес-алты айдан соң, ораламын деп едің, уақыт жылжымайтын сияқты. Айт пақшы, бүгін дүкен ішінде, əкімнің əйелімен бетпе-бет кез де сіп қалдым. Бұрынғы елпілдеуі жоқ, ернінің ұшымен əрең амандасты. Дү кен ші мен сөйлескен болып, маған дөң айбат танытумен тұр ды. Ал ана төртбақ келіншек, бұрын көрсе болды иіліп-бүгіліп жаны қалмайтын, бұл жолы мені көзіне де ілмей, əкімнің əйелінің алдында құрдай жорғалады. Адамды лауазымына қарай сыйлайтындар осындайлар екен ғой, деп оған жирене қарадым. Олардың маған əдейі естірте айтқан сөздері құлағымда қалды. – Балаңызды босатыпты. Ұзағынан болсын. – Əумин! Қосақ арасында бос кетіп еді ғой... – Əрине, əрине, сіздердей ата-аналар баланы жаман етіп өсіре ме... – Шүкір, шүкір.

Банкирдің өлімі Олардың сөзінің аяғын есітімедім. Сен қызмет бабындағы жағдай ды үйге айтып келмейтінсің. Сонда да болса, соңғы кездегі кө ңіл күйіңнің болмауы, ақыры басқа облыстың, басқа ауданына ау да ры луың əкімнің баласының қылмысты болуымен астарлас жат қан ды ғын сезетінмін. Енді соған көзім жеткендей. «Япыр-ау, қыл мы сы дəлелденіп, ісі сотқа жолданғандарды да, ақтап алуға болады екен-ау. Тіпті бүкіл аудан жұртшылығына мəлім болған оқиға ны жаба салу, бұларға оңай болғаны ма?» деп ойландым. – Жеңгей, жеңгей, – деген дауысқа жалт бұрылып қарасам, сенің орынбасарың екен: – Рекеңнен хабар бар ма, балалар қалай, өз денсаулығыңыз ше? Үйіңізге жеткізіп тастайын, мəшинаға отырыңыз, – деп қоярда қой май, көлігіне мінгізді. Жолда келе жатқанда: – Жеңгей, жабырқамаңыз. Рекең адал азамат қой. Көр де тұ рыңыз, ол кісіге облыстан қызмет беріледі. Ондай прокурор ілу де бі реу ғана, – деді. – Рақмет, – дедім ақ көңіл жанның ағынан жарылғанына ішім жылып қалды. Айтқаны келсін, бірақ əділдігі үшін жазалауға бола ма? Тіпті ауа райы қолайсыз жаққа науқасқа шалдыққан əйе лім ді алып бар алмаймын дегеніне қарамай жіберді емес пе? Бірақ сен ме нің əйелім науқас деп айтпағанда шығарсың. Біреудің алдында ақ та лу, жағдай айтып жалыну, сенің қолыңнан келмейтін іс. Мен өзім енелі болғанша, ене туралы басқаша ойлайтынмын. Оның себебі – менен бұрын тұрмысқа шыққан құрбыларымның кө бі сі енелерін ұнатпайтын. Тіпті ерлерімен дəм-тұзы жа рас па ғанды ғы на, ең бірінші енелерін кінəлайтын. Соларды естігенде мен де шошитынмын. Жəне де үй тұрмысының тіршілігіне де ебедейсізбін. Осыған қарамастан, енеммен бірден тіл табысқаным – мен үшін сəттілік еді. Мен ол кісіден үйдің тұрмыстық ұсақ-түйегінен бастап, келгенкеткен қонақты қалай күту керектігіне дейін үйрендім. Бір күні апам, баласына көңілі толмай: – Əкесі осындай біртоға қатал адам еді. Кісіге сырын бермейтін. Əйел адамға тіпті ішін алдырмайтын, – деп қалды. Мен «жоқ менің күйеуім олай емес» деп қалай айтайын. – Апа, балаңыз ренжітті ме? – дедім. – Мені не деп ренжітеді? Күні бойы баламен алысып отырған əйеліне бір жылы сөз айтып, көңілін аулауды білмейді, – деп кейіс білдірді. Мен сыр бермедім.

Зияш Телеуова Мен жер үстінде жұмақ болса жан жарымның құшағы дер едім. Сенің төсектегі мейірімділігіңе, өзіме деген сүйіспеншілігіңе ешбір теңеу таппаймын. Көз тимесін деп, оны ешкімге айтпаймын. Қыз ға на мын. Мен ылғи да жүрек жағыңда жатушы едім ғой. Сен мені еркелетіп «жүрегім менің» дейтінсің. Əйелін шын сүйген еркек қана солай деп айтады. Мендей бақытты əйел жер жүзінде жоқ. Ме нің шамшырағым, сен аман жүргенде, менің төрт құбылам түгел ғой. Қызық, сені сағынғаннан соңғы күндері жазуға құмар болып алдым. Менің арманым – алыста жүрген арысымның аман-есен, үйге оралуы. Сағынысып көрісер сəтіміз. * * * Наурыз айы. Биылғы көктем ерте түсті. Қалың түскен қар тез еріді. Ауа райы ылғал болған соң ба, жүрегім жие шаншып, түн баласы ауа жетпей, қиналамын. Дəрігерге барғанымда ұзақ тыңдады. Түрлі дəрілер жазып беріп, мүмкіндігіңіз болса, үлкен қалаға барып, кардиологке көрінуіңіз керек деді. Кіші бала мектеп бітіруі керек. Əзірге үздіктердің қатарында. Мен ауруханаға жатып алсам, оқу ла ры нашарлап, балалар жүдеп қалады ғой. Олар да қорқады. Жү ре гім ауырады десем, жанымнан шықпайды. – Мама, папама айтсаңшы. Мүмкін жұмысын ауыстырар. Сені дəрігерге көрсетер, – деп жалынады. – Қой қызметтегі адамды алаңдатпайық. Папаң уақытша кеткен, өзі де ыңғайын тапса, келеді деп қоямын. Аяулы жарым, егер мен олай-бұлай болып кетсем, осы екі ботамды жеткіз. Маған сенің анаң өлерінде алтын алқа сый ла ған. Сол алқаны осы күнделіктің ішіне салдым. Апам маған «жал ғыз баламды саған тапсырдым, жан серігі бол, жалғызсыратпа, қан дай ауырлық болса да бірге көтеріп, сүрінген жерінде демеу бол, жығыл ған жерінде жанына табыл» деген болатын. Кеудемде шыбын жаным тұрғанда, сенің көлеңкең боп өтсем, соған риза болар едімау. Бірақ айналдырған ауру алмай қоймас дегендей, санаулы күн дерім қалған сияқты. Енді күн өткен сайын өзімді емес, мынау əлемжапырақ дүниеде артымда қалып бара жатқан сендерді ойлайтын болдым. Сен ер адамсың, жалғыз өмір сүруге тиісті емессің. Оның ішінде сен сияқты бар уақытын, бар өмірін өзінің сүйікті кə сі біне арнаған жанға жалғыз өмір сүру қиын. Тамағыңды дайындайтын, үсті-басыңды күтетін, сырыңды бөлісетін серік керек. Сон-

Банкирдің өлімі дық тан, жан жарым, анаң маған аманат еткен алтын алқаны өзі ңе қалдырып, оны өзің көңілің қалған адамға сыйлап, қалған өмі рің ді бақытты өткізуіңе тілектеспін. Мұны өзің үшін емес, мені уайымсыз жатсын десең, жаса! Сені жалғыз қалдыруға қимай, қай ғы дан қан жұтумен артына қарайлай-қарайлай кетіп бара жатқан мендей құралайың үшін жаса! Менің сенен ақтық өтінішім осы. Райс еріксіз тамған көз жасын сүртіп, күнделік дəптерді па рақтап қалғанда, жарқыраған алтын алқа жерге сылқ етті. * * * Ұялы телефон ызылдады. – Алло, тыңдап тұрмын. – Жолдас полковник, банкирдің орынбасары Жүрсін мырза жол апатынан қайтыс болды. Оған əдейі қастандық жасалуы да мүмкін. – Қашан? Қай уақытта? – Орынбор тас жолының бойында, кешкі сағат алтыда. – Жүргізушісі ше? – Жүргізуші ауруханада. Өмірі қауіпсіз. – Жарайды. Кейде осылай бір түйіндіі шешіп бола бергенде, тағы бірінің пайда болатыны бар. Тергеуші алтын алқаны алақанына салып, ұзақ отырды.

* * *
Ұзақ сонар əңгіме жол қысқартып, діттеген жерімзге қалай
жет ке ні міз ді білмей қалыппыз. Бурыл шашын кейін қайырған отс-
тав ка да ғы полковник:

– Бұл болған оқиға. Егер əрі қарай тыңдағыңыз келсе, телефо-

нымды жазып алып қалыңыз, – деп күлімсіреді.

– Осы айтқаныңызды қағазға түсіріп, шытырман оқиға желісі-

мен жазып шығайын. Содан соң хабарласам, – деп уəде бердім.

– Окей, – деген сапарласым, жүктерін көтеріп сыртқа беттеді.

Осы кітапты оқып шыққан соң, менің бас кейіпкерім де хабар-
ласар деген үмітпен мен де əзірге нүкте қоймай отырмын.
Бірінші кітаптың соңы.

МАХАББАТТЫҢ АЖАЛЫ Су бұрқағына қарап ойға батқан жігіт үнсіз біраз тұрды. Оның бар ойы Таңгүлі екеуінің махаббатына қарсы шыққан от ба сы ның құ пия сы на ауысты. Сəлден соң кейін бұрылғанда, қанға бө гіп жатқан қыздың жансыз денесін көріп, өкіріп үстіне құлады. Оқиға болған жерге тез жеткен полиция ауыр қайғыдан сұлық түсіп отырған жігіттің қолын артына қайырып, ала жөнелді. Маздап жанған сезім отын мəңгі өшірген қара ниетті қарақшы, қою түнді жамылып, зым-зия жоғалды. БІРІНШІ ТАРАУ

АТЫЛҒАН ОҚ Жас сəулетші Нұртасқа темір жол вокзалы маңының көрінісі ұна май ды. Архитекторлық құрылысы жаңа заманға сай емес. Өткен ғасырда салынған үйлер, жыпырлаған көліктер, сауда-саттық дүң гір шек те рі кім-кімнің де талғамынан шыға қоймайтыны анық. Осында келген сайын жаңа жобасы есіне түседі. Біраз есікті тоздыр ға ны мен, оның талай күн, талай түн көз майын тауысқан дүние сі не ешкім мəн бермеді. Бір рет қала мэріне ұсынғанда, қа ражат есебін көрген ол «мұны байыған соң, əкелерсің» деп өзіне қайыр ды. Қалтасынан ұсақ тиындар іздестіріп, газет алуға бұрылған жігіт екінші қатардан түсіп келе жатқан жүзтанысты көріп, селт етті. Париждің сəн моделінен аумаған бойжеткен мұның ғана емес, айналасындағылардың назарына бірден іліккен тəрізді. Құрықтай мойынын паңдана бұрып, мінсіз жүзіндегі үлкен қара көздері жаудырап, ұзын кірпіктерін шанши бұған тесіле қарады. – Таңгүлі! – Нұртас! – қыз лап еткен қуанышын игере алмағандай, жа қындай беріп, қалт тоқтады. Нұртас таң қалды: «Құдай-ау, бір мезгіл екі рет қайталана ма, осыдан біраз жыл бұрын КИМЭП-тің бірінші қабатында тұрып, жо ға ры дан түсіп келе жатқан осы қызды көріп, бірден ессіз ға шық бол ған. Сол көрініс айна қатесіз қайталанып тұрғандай. «Менде галлюцинация шығар» деп ойлаған жігіт көзін жұмып, басын шай қа ды.

Зияш Телеуова Жоқ. Нақ өзі. Сол алғаш көргендегідей жанары рентген сəуле сін дей жан дүниесін кескілеп, жандырып барады. Оның сөзбен айтып жеткісіз сұлулығын достары Клеопатраға теңейтін! Тағы да əзəзілдің тырнағына іліккені ме?! Осы қыздың қайғысынан есі ауып кете жаздаған жоқ па?! Ол əрең дегенде өз-өзіне келді. Павильонға неге келгенін ойына түсіргендей, қолындағы ұсақ тиындарын сатушыға ұсынды: – «Спорт жаңалықтарының» соңғы санын бере салыңызшы? Мелшиіп қалған қыздың қайқиған қою кірпігіне мөлдір жас тамшылары ілінді. – Кешір мені... Үні дірілдеп, ерні сəл ашылды. – Кешіре алмаймын, Таңгүлі! – Жігіттің ішінде булығып тұрған жанартаулары атылып кеткендей, ашудан шиыршық атты. – Мені сені кездестірген күніме, сен деп атқан таңыма, сен деп батқан күніме лағынет айтамын. Сен қансыратқан жүрегімді жамап-жасқап, əлі де болса өмір сүргім келеді. Сен мені сатып кет тің! Менің алғашқы кіршіксіз сезімімді, кір шалмаған махаббатымды көзді-ашып жұмғанша, байлыққа айырбастадың! Ең өкініш ті сі, сенің сол бет пердеңді бес жыл бойы көрмей, көр соқыр бол ған ды ғым ғана... Қаққан қазықтай бір орнында тапжылмай қалған қыздың аяққолы сал болып қалғандай, міз бақпады. Іштей «Егер мен білген шындықты білсең, сен мені бұлай жазғырмас едің, кешір жаным, бас қа амалым қалмады...» деп күңіренді. Нұртас жүгіре басып, қаз-қатар тұрған көліктердің шет жа ғында ғы джипіне отырды. Жаңа ғана кездескен бейнені көз алдынан аластағысы келгендей, қолын сілкіледі. Қайда ондай күш! Жү регі өрт болып өртеніп, қызды бұрынғыдан да қатты сүйетінін, оны сағынғаны сонша, осы арадан кетпей, ең болмаса сыртынан бір көріп қалғысы келетіндігін сезінді. Сосын не істерін білмей, іш тен тынды. Өмірге құштар ақжарқын, ақкөңіл жігітті сүйгенінің опасыз ды ғы тозақ отына салғалы қашан?! Сол аярды күтпеген жерден кездестіргенде, оған деген ашуы ілезде тарап, ынтызарлығы күшейе түскеніне ызаланып, тұла-бойы от боп жанып барады. Қайда барып сөндірер, кімге барып шағынар?!. Неге сонша алдандым! Неге сонша соқыр болдым! Ақыры шам ның жарығын алам деп мерт болған көбелектің күйіне түс тім! Неге ғана жолықтым баянсыз махаббатпен?! Жігіт жан-жа ғын дағы лар дың жолын бөгеп тұрғанын сезіп, жалма-жан машинасын

Махаббаттың ажалы
оталдырды да, беті ауған жаққа безе жөнелді. Ешкімді көргісі кел-
меді. Ешкіммен сөйлескісі келмеді.
Өткен күндердің өзегін өртеген өкініші мен күйініші енді ғана

жазыла бергенде, қайтадан бетпе-бет келуі ауыр соққы болып тиді.
Тіпті, еркінен тыс бір күш итермелеп, оны бəз-баяғыдай еркелет-
кісі, жұпар исі аңқыған шашынан иіскегісі келді.
Ол өзін «Намыссызбын! Жігерсізбін!» деп іштей қанша рет

қай ра са да, қызды алда-жалда жек көріп кете алмапты. Тіпті, оны
ұмыт тым, енді көргім келмейді деп жүргені – өзін-өзі жұбатуы
ғана екен...
Нұртастың есіне студенттік кездері түсті. Сол шақтың мəң гі лік

бастарында тұрмағанын айтсаңшы?! Қандай шат-шадыман күн дер
еді!
Ол күн сайын лекциядан соң, Таңгүліні төменгі қатардан кү тіп
алатын. Пəтерді де бір көшенің бойынан жалдады. Екі қыз бір ге

тұрады. Нұртас та сол маңайды жағалаған. Барлығының ішім-жемі
бір. Нұртас пен Таңгүлі бір-бірін көрмесе тұра алмайтындай, шын
ғашықтар еді-ау. Қос ғашық тəтті сезімнің жетегіне еріп майдай
балқығанмен, Нұртас өзін-өзі билей алмаған адам хайуанмен бір-

дей деген ұстанымнан танбаған. Мүмкін сонысы орны толмайтын
опық жегізді ме екен, осы күндері ойласа, іші удай ашиды. Ылғи ол
күнге де жетерміз-ау деп, ішкі дүлейін тежеп тастайтын.
Əдетте сұлу қыздар бағасын біліп, кекірейіп немесе сұғанақ

көз дер дің сұқтана қарағанына мəз болып, қылтың-сылтың ететін
болса, Таңгүлі жер қозғалса қозғалмайтын салмақтылығымен, кір-
пияз ды ғы мен дараланатын. Оның бұл ерекшелігі Нұртастың се ні-
мін шыңдай түсті.

Қыздың томаға-тұйық мінезіне қарама-қарсы, ашық-жарқын,
кім ге болса да əдемі əзілі дайын тұратын Нұртасты қызғанғандар
Таң гү лі ге «суық сұлу» деп ат қойып, айдар тағып, сыртынан күн-
дей тін. Ұзын бойлы, дөң мұрын, қырғи қабақ, екі бетінен нұры та-

мып тұратын Нұртасқа талайлар ғашық болғанмен, оған та лақ тай
жа быс қан тəкаппар сұлудан тартып алуға батылдары бармайтын.
Талайларды тамсандырған, талайларды таң қалдырған екеуі-
нің арасындағы пəк сезім мен мөлдір махаббатты бір күнде өші-

ріп, берген сертінен, өлмей айрылмаспыз деген антынан аттап
кеткен опасыз жанды қалай кешіруге болады?! Осылай оңа ша да
мүжілген жігіт əрі-беріден соң, ол да мен сияқты өткенді ойлап,
өкініш отынан өртенеме екен деген ойға түседі. Сосын өзінің кек

сақтамайтын жігерсіздігіне ызаланып, ашудан жарыла жаздайды.

Зияш Телеуова
Бір сəт ең қымбат тойханада дүрілдетіп той жасап, фейерверг-
тен от шашып, олигархтың баласының қолынан ұстап, лимузин-
нен түсіп, үлбіреп бара жатқан аққудың көгілдіріндей сұлуды көз

алдына елестетті.
Сол күні Нұртас мейрамханадан шықпай, таң атқанша ішкен.
Жағдайын түсінген достары жанынан шықпады.

– Осыдан кейін қыздарға қалай сенуге болады? Байлық десе

басынан айырылады. Періштеге балап жүрген сұлуымыз сай қы-
ма зақ болып шықты, – деп күйінгендерге Нұртас «не смейте!» деп
саусағын шошайтып, сес көрсеткен.
Содан бері екі жыл өтті. Бүгін сол жазылмайтын жарасы, тау-

сылмайтын мұңымен бетпе-бет кездесті. «Ол мұнда не істеп жүр
екен, əлде олигархтың баласынан айырылып үлгерді ме?» Сəу лет-
ші түрлі ойдан шаршап барып, ұйықтап кетті.
* * *

Күздің ерте түсетін кеші. Күн бұлтты. Сіркіреп бастаған жауын, бірте-бірте үдей түсті. Саябақтың қасына көлігін қойған Нұртас рөлге басын сүйеп біраз отырды. Таңгүліні вокзалдан көр генде, өшіп бара жатқан сезім қоламтасын біреу көсеп қалып, ол қай та бықсығандай, əрі-сəрі күйге түскен. Соңғы кезде оған деген сү йіспен ші лі гі орны толмас өкпеге, сатқындықты кешірмейтін кекшілдікке ұласып бара жатқандай, оны еске алмауға тырысатын. Осы соң ғы сы ақыры жеңіске жетті ме, көргенде жер-жебірене жетіп, бұ ры лып жүре берем деп ойлайтын. Бі...ра..қ. қай...да?! О, Құдірет! Оның көзіне көзі түскенде, сол өкпесінің бəрі желге ұшқандай, өзі құ лай сүйген сүйкімді бейне баяғыша магниттей тартып, бойын əрең биледі. Ұмытылып бара жатқан уыз сезім жүрегін шымырлатып, көңілі құлазыды. Бір ауыз сөзге келмей, көлденең көк аттыға еріп кеткен бейбаққа қарауға, енді онымен тілдесуге ешбір зауқым жоқ деп жүргенде, тағы да сергелдеңге түсті. Осылай мең-зең күйде жүргенде, ұялы телефонынан «Ақырға рет өтінемін, айтатын бір ауыз сөзім бар. Кешкі сағат онда саябақтағы су бұрқақтың жанында кездесейік» деген sms-ті оқыды. Оқыды да, тағат таппады. Ер кі нен тыс бір күш безілдетіп, əр минутті, əр секундті санап, уақыт өтіп болмады. Саябақта демалушылар сиреген. Алагеуімде бақтың ішіндегілерден гөрі, жанынан өтіп бара жатқан қара-құра басым. Бей уақыт та жүргендер келім-кетімдер. Əлдебір себептермен сəбилерін

Махаббаттың ажалы бала-бақшадан кеш алғандар баласының қолынан тас қылып ұстап, зыр жүгіріп барады. Жігіт өткен-кеткенге үнсіз қарап отырып, ойға шомды. Осыдан екі жыл бұрын болашағы ап-ашық күндей еді. Оқуын бітірген соң, сүйгеніне үйленіп, одан сəби сүйіп, мыналар тəрізді бала-бақшаға жүгіріп, жұмысына барып, тіршіліктің ең бақытты, ең лəззатты шақтарын басынан өткерем деп ойлаған. Құ ры лыс архитекторы өзінің жеке өмірін осылай жоспарлап, одан соң сəулет өнерінің жаңа туындысын сызып, керемет шаһар тұрғыз сам деп қиялдайтын. Оның осы көрікті ойы мен көркем болашағының бір күннің ішін де күлі көкке ұшты. Алғашқы соққы басқа біреуден емес, өзінің туған анасынан келді. Офисінде Таңгүліні шешесімен бірге көр ген. Анасы аяқ астынан тулап «Ол қызға үйленбейсің, только через мой труп» деп аспанға ырғыды. Ешнəрсеге түсініп болмайтын шытырман оқиға сол күні жалғасты. Ұялы телефонына қыздан «Нұр тас, мені ұмыт! Мен басқаны сүйемін!» деген хабар түс кен де, жі гіт есінен танғандай болып қалды. Сол бойы аласұрып, жұмбақты шешуге тырысты. Қыз болса ұялы телефонын тарс өшіріп тастады. Оның жолын күндіз-түні тосып, екі көзі төрт болған Нұртас арада бір тəулік өткенде, ажал айырмаса, адам айырмас деп жүрген Таңгүліні шетелдік кө лік тен бір жігіттің қолтығынан демеп түсіріп жатқанын өз көзімен көрді. Онымен де қоймай, екеуі бір-бірін қимағандай, емініп ұзақ тұр ды. Бес жыл бойы алақанына салып аялаған ақ гүлін біреудің таптап тас та ғын сезгендей болған Нұртас енді қайтып ол маңға жоламайтындай боп безіп кеткен. Сертін бұзып сергелдеңге салған сұ лудың есі мін бұдан былай ауызына алмасқа ант еткен... Ол ол ма, арада аз уақыт өткенде, жанына балап сүйгені мұнай олигар хы ның баласына тұрмысқа шығып, шет елге кетіп тынды. Таяуда вокзалда көрген сəттен бастап, Нұртас оны баз-баяғы қал пын да сүйетіндігін сезініп, өзімен-өзі арпалысты. Енді ғана көңі лі суып, жаралы жүрегі жалғыздыққа үйренгенде, сұрқия сұлу тағы алдын орады. «Е, сорлы жүрек! Сорлы сезім! Сені өші ріп тастайтын, жүректі жұлып тастайтын бір күш болсайшы! Сон шалық ты азапқа тап болғаным, бағым ба, сорым ба?! Кеудеңді ая қаптай етіп жүретін Нұртас, өрлігің қайда! Намысың қайда! Ақ, адал жүрегіңе қан жылатып қанжар салған қара бетті кешіре са ла мысың?! Жоқ! Жоқ?! Ешқашан көргім, лебізін естігім келмейді десе де, соның тартқан кермесіне көгенделген қозыдай маңырай бе ретін маубас болғаның ба?! Жігіт ызадан атқып шыққан көз жасын

Зияш Телеуова сүрт ті. «Сонда да менің жазығым не?! Не деп ақталмақ?!» Кө кі регі не шер болып қатып, шерменде күйге түсірген осы са уал да рының ғана жауабын білгісі келді. Сағатына қарады да, машинадан тү сіп, алға жылжыды. Айнала қою қараңғылық. Кеңестік дəуірде көл табанға егіл ген ағаш тар тез өсіп, ну орманға ұласқан. Соларды сиретіп, ортасын сая бақ жасағандықтан, жан-жағындағы биік қарағай мен емендер дің арасы ит мұрны өтпестей қалыңдық. Саябақ ішіндегі əр жерден жылтыраған неон шамдарының жарығы түбінен əрі аспайды. Жігіт су бұрқағының жанындағы орындықта отырған қыз ды анадайдан таныды. Ол да орнынан көтерілді. Екеуі де аман дас қан ишаратпен бастарын изесті. Қыз күрсінді. Жігіт оның жанынан əрігерек ысырылып, қо лапай сыз дау қимылмен отырды. Оның бар болмысынан «Ай та тының ды тезірек айт, сенің қасыңда отыруға зауқым жоқ» деген көңіл күй есіп тұрды. – Түсінем, – деді Таңгүлі. Жігіттің ашуы лап етті. – Нені түсінесің?! Менің алданған, азапқа түскен жанымды түсі нем демекпісің? Түсінбейсің, Таңгүлі! – деді ызадан жарылардай, – оны мен сияқты басынан кешірген адам ғана түсінеді. – Сенің ойыңша, мен басымнан кешірмеген екенмін ғой?! Жігіт қолын сілтеді. – Жоқ! Сен мен сияқты сүймеген екенсің! Сен мені өтірік алдап жүргенсің. Саған мен емес, байлық керек екен. – Жалған! – қыз ұшып тұрды. – Жалған?! Сонда сенің қылығыңды қалай түсінуге болады? – Қалай түсінсең, олай түсін. Саған тұрмысқа шығуыма анам рұқсат етпеді. «Ол жігітке шықсаң, бізді көрмейсің! Екінің бірі» деп табандап тұрып алды. Нұртастың даусы оқыс шықты. – Немене олар астыртын сөз байласып алған ба, менің де анам солай деген! Дегенмен, сен əп-сəтте күйеуге шығып үлгердің. Маған деген мəңгі сөнбейтін сезімің де, қас қағымдық екен. Ақтал, ақ тал! Сен естіген үкімді, мен де естігем! Бірақ мен айтқан серт, берген уəдеден тайғам жоқ. Ондай ойым болғанда жоқ. – Мен сені ұмыту үшін, көз көрмес, құлақ естімес жаққа кетіп қалайын деп шешім жасадым. Бірақ қателігімді кеш түсіндім. Нұртас, мен сенен басқаны ешуақытта сүйген емеспін. Сүйе алмайды екенмін. Кешір жаным! Менің алдымда анам мен екеуің та ра зыға түстіңдер. Қайсысыңды таңдарымды білмедім. Ақыры – өзім ді құр бан еттім. Бұл құрбандығымның тым артық екенін кеш тү сін-

Махаббаттың ажалы дім. Сенсіз маған өмір жоқ! Тым болмаса сен дем алған ауамен дем алайын, сен жүрген жермен жүрейін деп елге оралдым. Мені ке шір мей ті нің ді де білемін. Оны өзім де қаламаймын. Тек бір-ақ өті ні шім бар, менің ендігі жерде өмір сүруім үшін тырнағым ілінетін бір сəуле керек. Онсыз мен тағдыр тұманында адасамын. Маған аналық бақыт бер! Маған сəби сыйла! Мен сенен онан ар тық ешнəрсе талап етпеймін. Талап етуге хақым жоқ. Егер сенен сəби сүй сем, соны өмір бойы алақаныма салып əлдилеп, соны ғана бақы тым деп өтер едім! Қыз тізерлеп отыра кетті. Арқалығы бар орындықтың арт жағы ну орман. Нұртас су бұрқақ қа қарай бұрылды. Қыз бүгіліп барып, орнынан тұрды. Осы сəт те ағаштың арасынан дыбыс қорғағышы бар револьвердің үні «таңқ» етті. Су бұрқағына қарап, ойға батқан жігіт ештеңе естімеді. Үнсіз біраз тұрды. Оның бар ойы, екеуінің махаббатына қарсы шыққан отбасының құпиясына ауысты. Сəлден соң кейін бұрыл ған да, қанға бөгіп жатқан Таңгүлінің жансыз денесін көріп, өкі ріп үстіне құлады. Қыз атылған жерге тез жеткен полиция ауыр қайғыдан сұлық тү сіп отырған жігіттің қолын артына қайырып, ала жөнелді. Маздап жанған махаббат отын мəңгі өшірген қара ниетті қа рақшы, қара түнге сіңіп, зым-зия жоғалды. ЕКІНШІ ТАРАУ БАС ТЕРГЕУШІ

Қазан айы жаңбырлы, салқын. Өткен ғасырда салынған екі қатар лы кірпіш үйлер уақытпен бірге тозатын адам тəрізді бұ рыш тары жарылып, іргетастары мүжіліп, күні өткенін көзге шұқып көрсе тіп тұрғандай əсер етеді. Тергеу бастығы жаңадан салынып жатқан үйлерден жайлы пəтер алуға талай рет оқталғанымен, үй реншік ті жерін қимады. Кешегі қатты нөсерден үйдің сылақтары тағы да түсіп, сыртынан ұсқынсыз көрінгені сондай, алғаш рет «пə тер ауыстырмасам болмайтын шығар» деп ойланды. Есік алдына ке ліп тоқтаған қызметтік көлігіне отыра беріп: – Мына суық өтіп барады ғой, – деп күңк етті. – Пешті қостым. – Дұрыс жасағансың.

Зияш Телеуова Райс төс қалтасын қарманып, ызылдаған ұялы телефонын тауып алды. –Тыңдап тұрмын. Жолдамын, аздан соң, кабинетте боламын. Прокуратурадан отставкаға шыққан полковниктің тергеу басқар ма сын басқарғанына таяуда үш жыл. Өзіне салса осы мерзім зейнеткерлікке шыққанға дейінгі бар жылына татиды. Бірақ адам баласы тозаққа да үйренеді дегендей, жаңа қызметіне де еті үйрен ді. Кейде шыдамы сыр беріп, кетіп қалғысы-ақ бар. Ал жұ мыс күні басталып, оның шым-шытырығына енген соң, кету түгілі, өмі рі нің қыл үстінде тұрғанын ұмытып, ажал аузына талай-талай барып қайтады. Ондайда қырау басқан шашын, біразға келген жасын тарс есінен шығарып, есіл-дерті қылмысты ашуға ауып, қа ра ма ғын да ғы өрімдей жастардың оққағарындай қауіп-қатердің өтін де жү ре ді. Ертелетіп келіп, есік аузында тұрған тергеушісі Асхатқа: – Кіріңіз, – деп есікті ашық тастап, төрге озды. Орта бойлы қағы лез жас жігіт қолындағы қағаздарын аударыстырып, ілесіп ішке енді де: – Баяндауға рұқсат етіңіз! – қолын шекесіне апарды. – Отырыңыз. – Райс ресмиліктен күнделікті жұмыс кестесіне көшуге шақырды. – Қалай тыныштық па? – Кісі өлімі екеу. Біреуі саяжайда, бұрын сотталған адам. Екінші сі суға батқан машинаның ішінде тұншығып қалған қыз. Қалған да ры үйге түсу, көшедегі бұзақылық, жеңіл-желпі жарақат алған дар. – Ұрылармен, бұзақылармен учаскелік полиция айналыссын. Анау атылған қыздың өлімінен белгілі болған бірдеңе бар ма? – Əзірге жоқ, жолдас полковник. – Жарайды. Бара бер. Бас тергеуші үстелінің үстінде жатқан қалалық «Эврика» га зеті нің соңғы нөмірін алып, күндегі əдетімен ондағы «Факт нашей жизни» бетіне көз жүгіртті. Онда «Авиатор-2» бау-бақша ұжы мында ағайынды екі жігітті өлтірген қылмыскердің 1992 жылы осындай адам өлтіргені үшін 10 жылға сотталғаны, ал 2000 жылы қарақ шы лы ғы үшін тағы да 10 жылға сотталып, арада 4 жыл өт кен де шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны жазылған. Сол қанқұй лы қылмыскердің қолынан бұл жолы 29 жəне 30 жастағы бір үйдің екі боздағы қаза болған. Полковник таңдана басын шай қа ды. Осындай баскесерлерді түрмеден жеңілдік жасап босата берген

Махаббаттың ажалы соң, олардың қолымен талай жан түршігерлік қылмыстар жа сала тын дық тан, қазір қарапайым халық қорғансыздық күйге тү су де. Қан ды қол қарақшыларды түрмеде шірітудің орнына, бос тан дық қа жі бе ріп, жұрттың басын қауіп-қатерге тігушілер жазаланса ғана, ауыр қылмысқа тосқауыл қойылмақ. Қала көшелерінде саңырауқұлақтай қаптап кеткен ма ши налар ға шабуыл жасау қайтадан бас көтерген. Солар туралы бү гін гі нөмірде де «Toyota-Land Cruіser» 2010 жылғы машинаны ұры лар қуып кеткендіктен, жəбірленуші шығынды 16 миллионға ба ғалап ты. Тап осындай маркалы 2009 жылғы көлік те қолды болыпты. «Өз-өзіңе мықты бол, қоңсыңды ұры етпе» дегендей, жалпы, мұн дай қылмысқа көлік иелері де кінəлі. Қазір көптеген көліктер далада жатқан іспеттес, оларды күзетшісіз, көшеде, есік алдында қал ды ру ға иелері қорықпайды. Көлік қожайындарының осындай қам сыз ды ғын пайдаланған баукеспелер қапысын табуда. Тергеу бастығы газетті былай ысыра беріп, ондағы «Ма хаб баттың ажалы» деген мақаланы көріп, қолына қайта алды да, ал дында ғы кнопканы басып қалды. Есікті ашқан көмекшісіне «Асхатты ша қыр» деп бұйырды. – Қыздың өлімі туралы журналистерге мəлімет берген кім? – Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы болар. – Мен сіздерге айттым емес пе, менің рұқсатымсыз ешбір мə лімет берілмесін деп. Оқыдыңыз ба, ол жігіттің кінəсі дə лел ден бе гені не қарамастан, сүйген жігіті қызды атып өлтіріпті деп сенсация жа са ған. Əлі ешнəрсенің беті ашылған жоқ. Алдын ала болжау жасалмасын дегенім қайда! Ал қазір жігіттің ата-анасы дау шы ғар са не дейміз?!. Кешіріңіз, баспасөз хатшысы кінəлі дейміз бе? Шынында да, бұл мұқият тергеуді қажет ететін оқиға. Жігіттің оған қа ты сы бар ма, жоқ па, оны тергеу барысы ғана анықтайды. – Жолдас полковник, аты-жөні жазылмаған ғой. – Құдай сақтағанда, сол ғана біздің ақталатын жеріміз. Ал ол жі гіт тен жауап алдың ба? – Алдым, бүгін тағы шақырамын. – Жақсы, бара беріңіз. Райс кеше өзінің қабылдауында болған күдіктінің шешесінің қы лы ғын есіне түсіріп, қабағын түйді. – Қызды Нұртастың өлтіруі мүмкін емес. Олар бір-бірін шын сүй ген ғашықтар. Бар бəле қыздың ата-анасынан. Олар бай лық қа қы зы ғып, сүймеген адамына тұрмысқа берді. Солай болса да, екі

Зияш Телеуова жас бірін-бірі ұмыта алмады. Бұл қызғаныштан жасаған кү йе уі нің ісі, – деп, қайта-қайта пысықтады. Баласы үшін шырылдап отқа түсуге даяр отырған ананың қайғы сы на ортақтасуға тырысқан тергеу бастығы: – Сіз алдын ала абыржымаңыз. Бұл өлімнің бірнеше версиясы болуы мүмкін. Тергеу барысында барлығы тексеріледі. Сондықтан қа зір бір шешім айту қиын, ақырын күтіңіз, – деп басу айтқан. Орнынан тұрып, есікке жете берген əйел, бір нəрсесін ұмыт қал дыр ған дай, қайта оралып, сөмкесінен қомақты пакетті алып, үс тел үстіне қойды. Мұндай тосын қылық күтпеген Райс əп-сəтте абдырап қалды. Баласы қылмыс жасады ма, жасамады ма белгісіз, тек күдікті ретінде оқшау орында уақытша отырғаны үшін пара беру деген не деген сұмдық! Тергеу бастығы алдындағы пакетке бомба жатқандай үрке қарады. – Бұл, əзірге, балам аман-есен құтылатын болса, əлі де қо мақ ты сый жасауға əзірмін! Райстың құлағы шыңылдап, ашудан тұтығып қалды.. – Алыңыз! Жедел түрде алыңыз! Əйтпесе, қазір сізді ұс та тып, пара бергеніңіз үшін жаптырып тастаймын! Полковниктің түтеп кеткен жүзіне, ашудан дірілдеген сау сақ тары на қарап, сасқан əйел: – Кешіріңіз, қазір бəрі алады ғой. Қысылмаңыз, екеумізден басқа ешкім білмейді! – деп күмілжіді. – Тез, алыңыз! Болмаса, қазір кезекшіні шақыртам! Ғалия пакетті алып, сөмкесіне салды. – Түсінбедім. Сіз ерекше жансыз ба, əлде менен ғана алмайсыз ба? – Кабинетті босатыңыз! Менің алдыма екінші рет келуші болма ңыз! Сіздің бұл ойыңызды білгенде, кіргізбейтін едім! Райс жедел қызметкерлерін жинады. Тергеушілер атылған қыздың қасында болған жігіттің кінəсі туралы бұлтартпас айғақтың жеткіліксіздігін, бүгін босатпаса, қамау да отырғанына 72 сағаттан асып, заңсыздыққа жол берілетіндігін айтты. – Онда қолынан еш жаққа кетпеу туралы қолхат алып, кепілдікпен босатыңдар. Ана күйеу жігіттің айналасын тексеру қажет. Əйелі екеуі заңды түрде ажырасқан ба? – Жоқ. – Асхат, күдіктіні босатпай тұрып, маған алып кел!

Махаббаттың ажалы Райс оның шешесінің оқыс қылығынан соң, жігіттің адал ды ғына да күмəнданайын деді. Ақшаның құдіретімен күн көріп, көз дерін май басқандар болса, олардан бəрін күтуге болады. Сон дық тан жігітті жібермес бұрын, өзім сөйлесейін деп шешті. – Құп болады, жолдас полковник, қазір уақытша оқшаулау орнына телефон соғып, сізге əкелсін деп айтайын. Жапонияның ертеден келе жатқан «нинсо» деп аталатын ғылы мы адамның бет əлпетін «ашық кітапқа» балап, кімнің кім екенін бет əлпетінен білуге болатынын дəлелдеп шыққан. Ұзақ жыл бойы талай қылмыскермен бетпе-бет келіп жүрген Райс жауапқа əке лін ген дер дің белгілі бір қылмысты жасаған-жасамағанын кескін-келбетіне, сыртқы түріне қарап отырып байқауға болатынына кө зін жеткізген. Оның болжауынша, адамның бет əлпеті – оның жан дүниесінің айнасы. Соған қарап, оның не нəрсеге қабілетті, не нəр се ге қабілетсіз екендігін айыруға болады. Алдындағы қыл мыстық істердің том-том болған тігіндісін оқып отырған бас тер геу ші, бөлмеге күдіктіні кіргізгенде басын көтерді. Бір көргеннен назарға ілігетін ұзын бойлы, қырғи қабақ сымбатты жігіттің өзін-өзі ұстай білетін сабырлы, салмақтылығы көз ге ұрады. – Отырыңыз, Нұртас Сартаев боласыз ба? – Сартаев Нұртас Ертісбайұлы. – Мамандығыңыз? – Құрылыс архитекторы. – Қай жақтан бітірдіңіз? – Алматыдағы КИМЭП-ті. – Қашан? – Екі жыл бұрын. – Қайда істейсіз? – Қалалық архитектура мекемесінде бөлім бастығымын. – Жобаңызбен салынған үйлер бар ма? – Бар. Аяқталып қалды. Жаңа мөлтек ауданда. – Жақсы, қаза болға қызбен арадағы қарым-қатынасыңыз туралы айтып берсеңіз? Нұртас басын көтерді. – Ол менің ұнатқан қызым. Бес жыл бойы бірге жүріп, бірге тұрдық. – Сонда жақын қарым-қатынаста, дəлдеп айтқанда, ерлі-зайыпты есебінде болдыңыздар ма? Жігіт біраз үнсіз отырды.

Зияш Телеуова – Егер сенсеңіз, болған жоқпыз. Біріншіден, біз бір-бірімізге өлер дей ғашық болдық. Бір-бірімізге сендік. Пəтерде тұрдық. Отба сы лық жағдайға дайын емес сияқты болып көріндік. Оқу бі ті ріп, қыз мет ке орналасқан соң, үйленуді ұйғардық. Бəрі де аяқ астынан бұ зыл ды. Бір күні анам офисінде қызды шешесімен бірге кө ріп, ол қызға үйленуіме үзілді-кесілді қарсы екендігін айтты. Оның анасы да дəл осындай үкім шығарыпты. Алдымыздан адам айтса сенбейтін асу пайда болды. Осы түйін шешілмей жатып, қыз оли гарх тың баласына тұрмысқа шығып үлгерді. Күтпеген жерден біз дің аялаған асыл махаббатымыздың күлі көкке ұшты. Егер шет елдердегідей тергеу ісі болса, мен солардың қызметін міндетті түрде пай да лан ған болар едім. Өкінішке қарай, бізде тергеушілік қызмет дамымаған. Қызды бір жеті бұрын вокзалдан көрдім. Ол кешірім сұ ра мақшы болды. Мен ашуланып, қайырылмадым. Көп ұзамай сая бақ та кездесуге шақырған sms түсті. Əр жағын өздеріңіз білесіздер. Оны не үшін атты? Менің ойымша, ол оқ маған арналған, қа раң ғы да қарақ шы ның қолы қалт кеткен болуы керек. Біздің сəт сіз дік ке ұшыра ған сезіміміз – екеуімізге ғана ортақ қасірет еді. Сонда ма ған немесе оған оқ атқан үшінші адам кім? Соны менің де біл гім келеді. – Сонда осындай жауыздыққа кім барады деп ойлайсыз? – Білмеймін. Қызғаныш шығар. Менің ойымша, ажы рас пақ шы болған күйеуі ғана осындай қастандық жасай алады. Бірақ, бі реудің обалына қалғым келмейді. Оның қандай адам екенін білмеймін. Кесім айту қиын. – Сіз еш жаққа кетпеу туралы қолхат қалдырып, кепілдікпен босанасыз. Бірақ бұл сізден күдік түсті деген сөз емес. Нағыз қылмыс жасаған адам табылғанша, сіз күдіктінің қатарындасыз. Сондық тан бізден рұқсатсыз, еш жаққа кетіп қалмайсыз. Қажет болса, кез келген уақытта жауапқа шақырамыз. – Бұл өлімді ашуға сіздер қандай мүдделі болсаңыз, мен де сондай мүдделімін. Нағыз қылмыскер ұсталмайынша, менің жаным жай таппайды. Себебі күдіктің өтінде мен тұрмын. Мұндай жүкпен тыныш өмір сүру мүмкін емес. Жігітті алып кеткен соң, Райс тергеушілерін қайта жинады. – Бұл жігіт қылмыс жасағанға ұқсамайды. Нағыз қыл мыс кер ді іздеу керек. Күйеу жігіттен жауап алдыңыздар ма? Асхат желкесін қасыды. – Жауап алдым. Ол да ұқсамайды.

Махаббаттың ажалы – Ұқсамайды деген сөз ғана, біз күдік түскендердің қыл мыс ты иə жасағандығын, иə жасамағандығын нақты дəлелдейтін бұл тартпай тын айғақ іздеуіміз керек. – Ата-аналары үйленулеріне неге қарсы болған, соны біл дің дер ме? Ешкім жауап қатпады. Өз бетінше ізденбейтін қызметкерлеріне көңілі толмаған тергеу басқармасының бастығы: – Қылмыс іздеудің бет жағында қалқып жүрмей, түп-тамырын қазу керек қой. Жарайды, жұмыстарыңа кірісіңдер! Сол бойы шыр еткен телефонды көтерген Райс, тыңдап болып, тұрып бара жатқан қызметкерлеріне отырыңдар деп қолымен ишара жасады. – Үйінде өлтірген бе? Криминалистер барды ма? Қазір жіберемін. – Олигархтың баласын өлтіріп кетіпті. Үйінде. Асып кеткен. Немесе асылып өлген. Əлі анықталмаған. – Мұны қалай түсінесіздер?! – Мүмкін ол қызды немесе жігітті атуға киллер жалдап, кейін ақша беруден бас тартқан болар, – деді Асхат. – Ім... мм.. вариантың дұрыс. Соны дəлелдейтін факті керек. Демек, қызды өлтірген сəулетші емес. Оның қатысы жоқ. Оны босату керек.

Талай қанқұйлы қылмыстың ізін суытпай ашатын Райс осы
жолы тығырыққа тірелгендей, күн-түн демей жүргізіп жатқан із-
де ніс те рі нен нəтиже шықпағандығына алаңдаулы. Қазір қылмыс
жа сау дың түрі өзгерді. Асылып өлу, буындыру, дəрімен уландыру –

та ғы сын-тағылар. Бірақ көпшілік орында, адам аяғы басыл май тұ-
рып, оқ атқан қылмыскерді таба алмау – құқық қорғау ор ган да ры-
ның қауқарсыздығын көрсетеді. Жығылған үстіне жұдырық деген-
дей, олигархтың баласының өлімі тағы қосылды. Бұл екі өлім нің

арасында байланыс болуы əбден мүмкін. Ол сүйгеніне кездесуге
барған əйелін атып, өзі ар азабына шыдамай асылып өлсе ше?
Олай болған күнде де, қалай дəлелдеуге болады?
Қала тұрғындарын дүр сілкіндіріп, қоғамдық пікір туғызған

қыл мыс ты уақыт өткізбей ашу тергеушілердің алдына бірінші
кезекке қойылды. Ел ішінде алып-қашпа əңгіме көп. Соның қай-
сы сы на құлақ салсаң да, қыздың өлімі туралы түрлі жорамалдар
айтылуда. Бірақ екі отбасы да əзірге артық сыр ашпайды. Сонда оқ

иесі кім? Нұртастан бірнеше рет жауап алынды. Ол жаралы арыс-

Зияш Телеуова тан тəрізді. Оның айтуынша, су бұрқақтың жанында серуендеп жүр ген дер ді өз көзімен көрген. Бірақ қылмыс болған сəтте бəрі тым-тырақай қаша жөнелген. Солардың бірі болмаса, бірі оқ атқан адамды көрмеуі мүмкін емес қой. Полиция сол маңайда болған бір ғана жігітті əрең деп қолға түсіріп, əзірге соның айтқан мəліметтері на зар ға алынуда. Оның айтқан құнды пікірі: «Қыздың жа нын да ғы жі гіт мылтық атылғанда, су бұрқаққа қарап тұрды. Оқ ату шы ның жі гіт ті көздегені, немесе қызды көздегені белгісіз. Меніңше, ол жігіт ті көздеді, оны байқап қалған қыз кеудесімен қалқалап, оқ со ған тиді» деген сөзі. Бұл Нұртастың өлімге қатысы жоқтығын дə лелдей тін басты айғақ. Демек, қараңғыны жамылған қарақшы қыз дан емес, жігіттен құтылуды ойлаған? Сонда не үшін? Ол кім? * * * Тергеу бастығы келесі күні жұмысқа келісімен лездеме өткізді. – Атылған қыз бен олигархтың баласының өлімі жайлы тергеу не болып жатыр? Ана жігіттің əкесі Астанаға барам, арнайы комиссия шақыртам деп, айқай-шу көтеруде. Балам мен келінімді өлтір ген жауыз бостандықта жүргенде, қарап отырмаймын деп, елді дүрліктіруде. Қандай жорамалдар бар? – Криминалистер қызды олигархтың баласы өлтіріп, кейін өзі асылып өлген деген версия жасайды. Қызды атқан револьвер керуе тінен табылды. – Оған қоса күйеу жігіттің қойын кітапшасынан «21-қазан. Сағат он. Саябақ, су бұрқақ. Борис» деген жазу табылды. Асхат тамағын қырнады. – Осы жазудың қашан жазылғандығын, ондағы Борис де ген нің кім екендігін анықтау туралы жұмыстар жүргізілуде. Райс басын көтеріп алды. – Ұмытпасам. Бұл қыздың атылған күні. – Иə, қыздың атылған күні. – Ал, Борис деген кім? – Білмейміз. Соған сұрау салынды. – Ол біреудің жапсырма аты болуы мүмкін. Бұрын сотталған болса, түрмеде отырып шыққандардың тізімін қарау керек. – Киллер болуы да мүмкін. Олигархтың баласы оған тапсырыс беріп, қызды аттыруы мүмкін. – Айғақ бар. Қыз атылған револьвер, олигархтың үйінен табылды емес пе?

Махаббаттың ажалы

– Онда əкесі неге аспанға атып жатыр?

– Сезікті секірер болмасын.

– Вообщем, кітапшадағы сөзді тексертіңіздер. Борис деген кім?

Түр ме ден шыққандардың, киллерлердің ішінен іздеңдер. По ли-
ция ға тапсырма беріңдер!

– Майра!

– Иə, тыңдап тұрмын жолдас полковник!

– Сіз, осы отбасыларының ар жақ-бер жағын зерттеп, біліңіз.

Қажет болса, таныстарын, қатысатын отбасыларын тауып алып
сөйлесіңіздер! Барлық құпияны білуіміз керек. Соның əрқайсында
өлімнің сыры жатуы мүмкін.

– Асхат, олигархтың үйіне бақылау орнат!

– Майра, машықтанушы қызды қасыңа ертіп ал. Ол да үйренсін.

Мен сендерге үш күн мерзім беремін. Кез келген жаңа деректер
мен мəліметтер дер уақытында хабарлансын. Мен департамент
бастығына үш күннің ішінде қылмыс ашылады деп уəде бердім.
Егер аша алмайтын болсаңдар, отставкаға кетемін.

Полковниктің соңғы сөзінің қатты əсер еткені сонша, бөлме
ішінде өлі тыныштық орнады.

– Енді ашылайын деп тұрған істі ашу керек қой, – бастық дау-

сын жұмсартты.
* * *
Тергеушілері шығып кеткен соң, бас тергеуші безілдеген теле-
фон тұтқасын көңілсіз көтерді.

– Ау, Реке, амансыз ба, көптен хабарласапай кеттіңіз, аман–

саулық білгім келген, – деді ескі танысы Мырза. Тергеу бастығының
даусы бірден өзгерді.

– Мырзеке, сіз бе едіңіз, жоғарыдағы жан алғыштарым ба де-

сем, түнде үй қызметшім, өзіңіз білесіз ғой, Мария Ивановнаның
жүрегінің талмасы ұстап, ауырып қалды. Жедел жəрдем шақырып,
ауруханаға жөнелттім. Немересін қайда жіберерімді білмей,
көршіге тастадым.

– Бізге əкеліңіз. Баршагүл мəз болсын. Бүгін Шолпан келді.

Сізді қонаққа шақырғалы отыр едім.

– Қол тимейтін шығар. Кешке қарай хабарласайық. Онда

жүргізушім баланы сіздерге апарып тастасын. Əзірше бола тұрсын.

– Жарайды, жарайды.

Зияш Телеуова Соңғы кезде қала тынымсыз. Жастардың арасында текетірес көбейіп, өлім-жітім жиіледі. Облыстың терроризмнен де құр алақан еместігін айқындайтын оқиға да құқық қорғау органдарын дүр сілкіндірді. Тəжірибелі заңгер мұның бəрінің түп-тамыры адам факторына барып тірелетінін сезеді. Бірақ «баяғы жартас бір жартас» деп ұлы ақын зар жылап өткендей, сыбайластық, тамыр та ныс тық пен жең ұшынан жалғасу, билік басындағылардың жеке бас тың қамын ойлаудан əрі аспауы, пагон таққандардың мафиямен ауыз жаласуы, қарапайым халық пен құқық қорғаушылар ара сында ғы қарым-қатынасты ушықтырып, қоғамдағы ауа-жай бір күн былай, бір күн олай, тұрақтылықтан алыстап бара жатқандай. Полковник таяуда əзербайжан жазушысы Чингиз Аб дул лаевтың «Связной из Багдада» романын оқыды. Бұл роман Қа зақ станда болған оқиғаның желісімен жазылған, егер ондағы оқиға ойдан шы ға рыл ған болса, күнəсі мен кінəсі жазушының ар-ожданында. Онда Павлодар түбіндегі ядролық қалдық сақтау көмбесінен жарыл ғыш жасауға қажетті элементтің террористік мақсатта ұр ла нуы жəне оның барлық кедендік бекеттерден, əскери шекарадан еш бір тосқауылсыз өтіп кеткендігі баяндалады. Қазіргідей жа уап сыз дық белең алғанда, ондай оқыс оқиғаның кез келген жерде орын алатынына күмəн келтірмейтіндейсің. Бірақ оны басқа ел дің жа зу шысы ның жазғаны өкінішті. Жалпы, желісі қоғамдағы қа лып тас қан шындық ахуалды баяндайтын кітаптардың жетімсіздігі, рухани құл ды рау дың бастамасы екендігін жазғыштардың ес кер мей тін ді гі, өкінішті. Жоғарыдағы романның авторы оқырманға сауал қоя отырып, оған өзі жауап береді. «Сіз Беслан немесе Буденновка оқиғасының неден болғанын қалай түсінесіз? Осыларға қарап отырып, құқық қор ғау органдарының бір-бірімен қаншалықты ауыз жаласып қалған ды ғын болжағандай болмайсыз ба? Əйтпесе, осыншама қаружа рақ қайдан алынады? Олардың барлығын шет елден əкелді дегенге сенесіз бе? Əрине, жоқ. Барлығы жергілікті жерден сатып алынады. Қару-жарақтан гөрі бір бума доллар əкелу жеңіл емес пе? Соның күшімен бүкіл проблеманы шешуге болады. Осы оқиға лар да əскери құпия сеніп тапсырылғандардың ішінен біреуі террористермен ауыз жаласып, ақша табуды ойлағандығына, мен риясыз сенімдімін». Əзірбайжан жазушысының кітабында ядролық қалдықтар лабораториясы мен улы элемент тасымалданған бөшкелерден ра дияция сəулесін алып зақымданған адамдар бейқамдықтың құр ба ны

Махаббаттың ажалы болып, мезгілсіз ажал құшады. Осы жолдарды оқығанда, қал дық кө міл ме ген қаласы мен даласы кемде-кем қазақ халқының қан дай қауіп-қатердің өтінде тұрғанына көз жеткізгендей боласың. Егер осы кітапты əрбір ұлтжанды азамат оқып шығатын болса, ұр па ғымыз дың амандығы үшін байлыққа ұмтылу емес, алдымен яд ро лық қа уіп-қатердің көзін жоюға ұмтылу керектігін ұғынар ма еді?.. Қаланың шет жағындағы түрменің жанына келіп тоқтаған Райс көз алдынан көсіліп шыға келген кең далаға көптен көріспеген көзкөр ге ні мен қауышқандай телміре қарады. Қазақ қуанса құ йын датып шабатын даласы, қайғырса жығылып жылайтын даласы, сол баяғы момақан күйінде томсарады. Дала перзентінің жүрегі дір етті. «Қайран дала, қайран қазақ, бірде жылап, бірде күліп, қай да кетіп барасың?!» Оның қарсы алдындағы айқара ашылған есіктен ылғи қо ңырқай киім киген жас жігіттерді полиция қаумалап бір жаққа алып бара жатты. Ғасыр қылмысына жататын «алтын бандыларынан» жауап алуға келген тергеу бастығы талай келіп жүрген жолымен түрме қо жайы ны отырған сұрғылт ғимаратқа беттеді. Осы кезде ұялы телефоны шыр етті. – Жолдас полковник, сізбен ақылдасу керек болып тұр, – деді Асхат. – Бір сағаттан кейін боламын. Ол алдынан қарсы кездескен түрме бастығымен қол алысты. – Комиссар Мегрэ, келдің бе ? – Шерлок Холмс жетіспейді, амал жоқ, өзім жүрмін. – Менің кабинетім бос. Сонда алып келеді. – Рақмет. ЕСКІ ТАНЫС Райс түрмеден шыққан соң, ауруханаға соғып, үй қыз мет ші сінің тəуірленіп қалғанын білгеннен кейін, Мырзаның үйі не беттеді. Адам мінезі аумалы-төкпелі. Бүгін ертеңгіліктен бастап, қыз метте гі аужайға байланысты, көңіл күйі болмаған, түс ауа сабасына түсті. Қарамағындағы тергеушілерінің тəжірибесіздігі іске қол байлау болса, олардың əлеуметтік жағынан қор ғал ма ған ды ғы да күнделікті жұмыстарына əсер етпей қоймайды. Көбісі пə тер жалдап тұрады, балалары бала-бақшаға орналаспаған, əйел де рі жұмыс сыз. Соған қарамастан, олар аянбайды. Бірақ əр кə сіп тің ба ғын

Зияш Телеуова жандыратын өз орындаушысы болады, мысалға, тілшілікті қо лынан жазу келетіндер атқара алатын болса, дəрігерлік арнайы дипломы бар, мейірбан жандардың қолынан келеді. Тергеушілік те сол сияқ ты ерекше кəсіп. Бұған шынында да анау əлемге əйгілі «сыщиктер» тəрізді қылмысты ашуға таланты мен қабілеті жететіндерді тарту қажет. Бірақ ондай тума таланттарды қайдан табасың? Жас тар дың ішінде ізденіспен іс атқаруға тырысатындар табылады. Со лар ға материалдық, моральдық қолдау жасау жағы жетіспейді. «Қыс қа жіп күрмеуге келмейді» дегендей, жалақы мөлшері есептеулі, артыққа қимылдатпайды. Үкімет айлықты өсіргенімен, на рық қым бат шы лы ғы нан тұрмысты жақсартуға ықпалын тигізіп тұр ғаны шамалы. Əйтеуір, ата-анасы, пəтерлері барлары амалдап күн кө ру де. Бір жас тергеушіні қанша ұстап қалғысы келсе де, ұстай алмады. Оның азғантай айлығы пəтер жалдаудан ауыспағандықтан, ақы ры мұнай компаниясына заңгерлік қызметке ауысты. Оның қыл мыс ашудағы қабілеттілігі ерекше танылатын. Амал не, жіберуге тура келді. Ол кетерде: – Жолдас полковник, қайтып келемін. Шамалы қор жинап алайын, – деп ақталды. – Жарайды, жарайды, қай уақытта келсең де, саған есік ашық, – деп шығарып салған. Бірақ ол айналып келем дегенше, бұл креслода кім отыратыны белгісіз. Райстан өзге адам болса, оның қылмыс ашудағы талантын бағалай ма, əлде болмаса «бұрын неге шық тың, бізде орын жоқ деп, шығарып сала ма?» Оны кім білсін. Райс тың ендігі үміт артатыны Асхат, қазір ауыр қылмыстық істер со ның мойнында. Бөлімдегі барлық тергеушілердің істері бастан асады. Тек қана кісі өліміне байланысты əрқайсысына екі-үш іс ілін ген. Бес-алты жылдан бері сүйретіліп келе жатқандары да бар. Олар дың ашылар-ашылмасы да белгісіз. Бір жағынан қоғамдағы аура соған қолайлы. «Көрмедім деген бір сөз, көрдім деген көп сөз» деп куəлер полицияға жəрдем беруден бас тартады. Қалың ой үстіндегі Райс Мырзаның үйіне тақап барып тоқ тады. Терезенің алдындағы қарағай мен қайыңның жапырақтары сар ға йып, сидиып, əйнектен үйдегілердің жүріс-тұрысы анық көрі не ді. Шашын желкесіне түйген бойшаң əйелді сұлбасынан таны ған Райс «Шолпан кетпеген екен ғой» деп іштей қуанып қал ды. Қар сы шыққан Мырза: – Біз сізді келе алмайтын шығар деп, күдер үзіп отыр едік, жұмы сы ңыз дың мəн-жайын білеміз ғой. Ас дайын. Мақтап жүреді екен сіз, – қалбалақтап алдына түсті.

Махаббаттың ажалы – Ой, Мырзеке, сізді мақтамағанда кімді мақтаймын? Күздің күні осы қалада күздік соятын жалғыз сіз. Қыста соғым соятын жал ғыз сіз. – Енді үйреніп қалған ауыз, жемей тынбайды. Сөзді аз сөйлегенмен мəнерлеп, ұтымды айтатын, жүріс-тұ рысы кербез, ой-өрісі кең, қандай тақырыпта болсын жазылып сөйле сіп, серігін жалықтырмайтын Мырзаны Райс қатты сыйлайтын. Тіп ті, соңғы жылдары осындағы бірге туған туысындай, араласқұ ра лас болып алды. Төргі бөлмеден көрінген Баршагүл мен Шолпан: – Саламатсыз ба, хош келдіңіз? – деп екеуі қатар дауыстады. – Мына Мырзекеңнің еті таусылатын емес. Ет дегенде бет бар ма, уақыт тауып келдім. – Сіздің келгеніңізге əруақытта қуаныштымыз. Көптен соқпай кеттіңіз. Күздік демегенде, бүгін де келмейтін едіңіз, – Баршагүл ашық мінезімен, тарпа бас салды. – Мына Шолпан да мақтап жүреді екен, бүгін конференцияға келіпті. Райс қырын қарап тұрған əйелдің шырайлы жүзіне, тіп-тік дене сі не шақтап тігілген қоңыр қызыл костюм юбкесінің бар сымбатын нобайылап, жарасып тұрғанына көз жүгіртіп үлгерді. Кей бір əйелдердің жасына жас қосқан сайын жасарып, гүлдей тү се тін дігін бұрын да аңғарған. Көрмегелі біраз уақыт болған та ны сы ның құл пы рып, екі бетінің нұры тамып, жəудір көздері кү лім деп тұрға нын байқады. Шығыс сұлуларына тəн сопақша бетіне сəн бе ріп тұрған үшкір мұрны да шебер суретшінің қолынан шық қан дай мінсіз. Алғаш танысқанда өзінің өмірден ерте өткен аяулы жары Гүлнəзбен бір ұқсастықты тапқандай болған тергеуші осы жолы оның өзіне тəн бір тартымдылығы бар құпия жан екенін се зін ді. – Мұғалімдер конференциясы тамыз айында өтіп кетпеді ме? – Жоқ. Мектеп директорларының жиналысына келдім. Жа қыннан бері директор болып тағайындалдым, – деді Шолпан жанарын жалт еткізіп. – Иə, Шолпанның сондай жаңалығы бар екен. Бізде бүгін естіп, құтықтап жатырмыз, – деген Мырза қонағын төрге өткізді. – Қазір мектеп директорлығына ешкім жолағысы келмейді. Мен де ат-тонымды ала қашқанмын. Мұғалімдер дауысқа салып сай ла ған соң, басқа амалым қалмады. – Қазір қай жерде де оңай емес. Ондай-ондай проблемалардан бəріміз де құр алақан емеспіз. Дегенмен, əріптестеріңіз сенім арт-

Зияш Телеуова қан соң, қуануыңыз керек, құтты болсын, – деп Райс оның қо лын қысты. Шолпан қызара күлімсіреді. Үлкен баласы банкіде күзетшісі болып жүргенде шаталып, қосақ арасында бос кеткелі тұрғанда, қол ұшын созған Райсқа оның алғысы ұшан-теңіз. Ұзақ жыл өзін əйел ретінде бақытсыз се зі нуі, сүйдім-күйдім деп қосылған күйеуінің қызықты отбасынан іздемей, қыз-келіншек қуалап кетуі, жүрегіне жазылмас жара сал ған. Ал ғаш қы сүйгенінен көңілі қалған əйел содан соң, ешкімге ал данбау ға, ешкімге тұрмысқа шықпауға серт бергендей, томаға-тұйық өмір кешуде еді. Сөз салғандар, қырындағандар болғанмен, сезіміне серік таппаған соң, жалғыздықты хош көрді. Ең алғаш Мырзаның үй-іші арқылы танысып, басына қиын іс түс кен де көмек көрсеткен заңгерді үлкен ілтипатпен, жиі есіне алатын. Жақында оны ұжымы зейнеткерлікке шыққан директордың орнына ұсынды. Алғашқыда азарда-безер басын ала қашқанымен, «ба ла ла рың болса қалада, жұмысты білесің» деп ауданнан келген өкіл көндірді. Бір есептен ол да жақсы екен. Қазір күні бойы мектептен шықпай, уақытының қалай өткенін білмей қалады. Бі рақ жанын жегідей жеген жалғыздығы, арқа сүйер азаматының жоқты ғы үнемі білінеді. Тіпті, мойынына жауапкершілік жүгін салып ал ға лы, сондай бір сыр бөлісер, қиналғанда ақыл берер серіктің ке рек ті гін анық сезінеді. Ондайда Райсты есіне алады. Баршагүл қанша мақтап жа қындат қы сы келгенімен, қаланың лауазымды қызметкерінің бұған көңі лі ауып, тең санауы екіталай. Солай бола қалған күнде де, балалары үйлі-баранды болып, оң-солын танығанда, екі жарты бір бү тін боламыз деп тұрмыс құруы да қисынсыз тəрізді. Бірақ сонау алдамшы махаббатынан кейін, көңілін селт еткізіп, оңашада ойландыратын жанды көрген сайын тұла бойын билеген əлдебір елегізуден арыла алмайды. Біразға келіп қалғанмен, жүзін ал дырма ған, келбеті келіскен, киім киісі, жүріс-тұрысы ерекше мұндай ер азаматпен қайда барса да, қай ортада жүрсе де өзінің мəртебесі биік болатынын да сезеді. Осындай азаматқа жар болуды тек қана мен емес, кез келген əйел армандайтын шығар деп Шолпан жие ойланады. Міне, бүгін қайта жүздескенде, көңілі тағы алабұртып, үнемі асы ғып жүретін, үнемі бұған аса бір ыстық ықыласпен қарап, сонымен жүрегін жылытатын Райстың бұл жолы да, аздан соң бə рі-

Махаббаттың ажалы
мен сыпайы қоштасып, бұларға беймəлім өз дүниесіне сіңіп ке-
тетіндігіне қынжылды.

– Шолпан! – Бұл селк етті.

– Ойланып отырсыз ғой. – Райс иығынан сипады.

– Кешіріңіз, – деп жымиған əйелдің бетінің шұқырына күлкі

үйі рі ліп, сүйікті жарын есіне салды. Райстың жүрегі сағыныштан
сыздады.

– Сіздің ауылға қонаққа баруға бола ма?!

– Əрине, о не дегеніңіз! Қонаққа есігіміз ашық. Мырзеке, бə-

рі ңіз келіңіз! Сіздерді шақырып жіберу көңілімде жүрген. Мына
тынымсыз тіршіліктен қол қалт етпейді. – Əйел ағынан жарылды.

– Тіпті, кешіктірмейік. Келесі жексенбіде қонақ болып ке ті ңіз-

дер!

– Келесі жексенбі дейсіз бе? Онда барамыз. Егер менің бір ты-

ғыз жұмысым болып қалмаса, жоқ, тығыз жұмысым болса да ба-
рамын. Райс əйелдің саусақтарынан ұстады. Ол жанарын төмен
салды.

– Шыныңызды айтыңызшы, жалғызсырамайсыз ба?

– Сіз ше?!

– Жақында жан жарымның өзіме жазып қалдырған күнделігін

тауып алып, оқыдым. Содан кейін ойлана бастадым. Реті келгенде,
сіз ге де оқытармын.
Сырттан Мырза кірді.

– Мырзеке, келесі жексенбіде Рекеңді, сіздерді қонаққа ша қы-

рып отырмын, – деді Шолпан сасқалақтап.

– Біз дайынбыз, ең бастысы осы кісінің қолы бос болса бол-

ды, – деді үй иесі.

– Мен уəде бердім, – Райс орнынан тұрды, – Енді жүретін уа-

қыт болды.

– Қалайша, əлі ерте емес пе? – Шолпанның сөзі шын жү ре гі-

нен шыққаны сонша, Райс жалт қарады. Жанарлары түйіскенде,
бұдан былай бір-бірінен көз жазып қалғысы келмейтіндігін екеуі
де сезінді.
«Атылған қыз туралы қылмыс ашылған соң, жалғыздықпен

қош та сам» деп ойлаған бас тергеуші шытырман оқиғаны шешуге
асықты.

Зияш Телеуова

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

БЕКБОЛДЫҢ КҮНƏСІ Жаңашыл басхатшы М.Горбачевтың «əр нəрсені өз атымен атайық» деген атақты ұраны қала мен даланы шарлап жүргенде Бекбол дың екі ұлдан кейінгі қызы дүниеге келді. Ерте тұрып кеңсеге бара жатқан совхоз директоры есігінің алдындағы кішкене тө бешік тен сап-сары сарғалдақтың гүл ашып тұрғанын көріп, та ңырқа ды. Қызымның атын Сарғалдақ немесе Қызғалдақ деп қойсам ба екен. Бұл ненің белгісі? Үйінің алдынан белгі берген ғұмыры қыс қа сарғалдақтың нышанын неге жорырын білмей, ішке кірген соң, «есік алдында жердің тоңы жібімей гүл ашқан сарғалдақты көр дім, қызымыздың атын гүлге байланыстырып қояйық» деді əйе лі не. – Гүл жақсылықтың нышаны. Сəбиіміз сұлу, бақытты болсын, атын Таңгүлі қоялық! Сəбираның аузына бұрын-соңды естімеген əдемі аттың түсе қал ға ны на қуанған Бекбол сəбиді қолына алып: – Сенің атың – Таңгүлі! Таңгүлі! Таңгүлі! – деп үш рет ай қайлады. Сөйтіп əкесі азан шақырып ат қойған сəби гүлдей жайнап, көрген нің көз жауын алатындай көркем болып өсті. Тілі тəт ті, қы лығы қы зық ол, тіпті, осы үйдің шайқалып бара жатқан шаңырағын тіктеп қалды... Қырыққа шығып қылшылдап тұрған Бекбол декретке шық қан əйе лі нің орнына экономист болып келген қылықты келіншекті ал ғаш көрген сəттен көңілі алабұртып, оның бойынан бұрын өзі кез дес тір ме ген құпия сəнді, жанарынан ғажайып бір сəулені көрген дей, оны көрмесе тұра алмайтындай, ынтызарлыққа тап болды. Қалада сыланып-сипанып, күтініп үйренген Ғалияның ұзын шашын өріп, Юля Тимошенконың тəжіндей етіп, маңдайына орап қоюы, қаймақтай өңді жүзі құлпырып, үлкен қой көзі үнемі кү лім сіреп, сиқырлы құпиясын сақтай, еркелей қарайтындығы, оның жан дүниесін астан-кестен етіп, ғашықтық дертіне шалдықты. Құ лыншақ тай денесіне шақтап киетін киімі, үстіне сепкен əтірінің хош иісі кеңшардың жұпыны кеңсесіне өзгеше бір леп əкелгендей, бүкіл еркек біткен соның ғана сəнін қызықтап, осы ауылдағы жалғыз əйел сол сияқты, ауыздарының суы құрып, қылығын қызықтаудан жа лық пай ды.

Махаббаттың ажалы
Сұлу келіншек келгелі күйеулерін кеңсеге жіберіп, үйде отыр-
ған сыңарларының жаны шүберекке түюлі. Əудемде бір-бірін көре
қалса:

– Жаңадан келген экономисті көрдің бе? – деп сыбырласады.

– Көрген жоқпын, бірақ шаш түйісі əлгі бір Украинадағы кө-

рік ті келіншектің үлгісі дейді. «Ғалияға шашы жарасқаны сон-
дай, оның жанында Юляныкі далада қалады, нағыз қас сұлудың
өзі. Біз дің бастықтан ол келгелі маза кетті. Көрмесе отыра ал-
майды. Минут сайын шақырады» деп біздің үйдегі аңдамай ай-

тып қалды, – деді агрономның əйелі инженердің əйелін көшеде
кездестіргенде.

– Бұл еркектерді қойсайшы. Беті қызарған əйел көрсе, аусыл

бол ған сиырдай ауздарының суы құриды. Біреудің қаңсығы, бі-
реуге таңсық деген, анау Украинадағы сұлудың шаш түйісі біздің
қа зақ əйелдерінен қалған. Бұрын бұрымдары ұзын барша қазақ
əйел де рі шаштарын орап, төбелеріне түйіп жүрген. Оның несіне

дүр лі ге қалды екен, қаласа, ертең ауылдың барлық əйелі бастары-
на сондай орама жасап шығады.
Кеңсеге өзі көрікті, өзі басы бос жас келіншек келді деген соң,
көңілі қылпылдап жүрген инженердің əйелі қауіптің өз кү йе уі нен

аулақ екенін естіген соң, есін жиды.

– Ой-бүй, байғұс-ай, Сəбираның басына күн туды десеңші. Ер-

кек тің бір құсы түссе, түбі қоймайды, – деп қапаланды.
Сол күні күйеуінің түскі асын беріп, шығарып салған бойы ди-
рек тор дың үйінен бір шыққанда, Сəбира жаңадан дүниеге келген
қы зыл ша қа сын емізіп отырды. Кірген бойы:

– Күйеуің түсте келді ме? – деп көзімен үй ішін тінтті.

– Келді, жайшылық па? – Сəбиін бесікке таңған Сəбира оның

бетіне сезіктене қарады.

– Қайдан жайшылық болсын. Сенің орныңа қаладан бір əде мі

келіншек келіпті. Бүкіл еркек балға үймелеген арадай соның айна-
ласынан шықпайтын көрінеді. Əлгі біздің үйдегі үйге келсе болды,
оның сүйкімділігін, жүріс-тұрысының бөлектігін айтып, құ ла ғым-
ның құрыш етін жейді. Сен көрдің бе?

– Жоға, шаранамен қайда шығамын. Бекбол көп сөйлемейді

ғой. Қаладан экономист келді деді де қойды.

– «Үндемегеннен үйдей бəлі шығады» деген. Сен күйеуіңе көп

сене берме! Олардың бəрі солай. Көрікті əйел көрсе, кө бе лек тей
айналып, ақыры отқа түседі. Сосын құтқарып көр.

Зияш Телеуова – Сонда не істеймін? Емшектегі қызылшақаны тастап, со ңы нан еріп жүремін бе? Егер ондай ойы болса, бəрібір тоқтата ал май сың. Сəбираның қамсыздығына күйіп-піскен құрбысы: – Сен осылай қамсыз отыра берсең, ол өз дегенін істемей ме? – деді. – Сендер бір нəрсе білесіңдер ме? Күйеуім осы кезге дейін сені мім нен шыққан емес. Жел сөзге еріп, желігуім жөн болмас. Мектептен оралған екі тентек əйелдердің сөзін бөліп жіберді. Үшінші баласын босанып, өзінің жасынан əлдеқайда кексе көрі не тін сары қарын құрбысына бірталай қарап отырған ин же нердің əйелі терең күрсініп алды да, етегін қағып, орнынан тұрды. Сəбира сырттай сабырлылық сақтағанымен, бір сұмдықты сезгендей, əрі– сəрі күйде. Ал Бекбол болса шынымен ғашықтық дертіне шалынды. Əрібе рі ден соң сезімін жасыруға күші жетпейтіндей халге түсті. Үйлен ге ні не он бес жыл болған əйелімен екеуінің арасында мұндай бір-біріне құмарлық болды ма, болмады ма, оны таразылауға шамасы жоқ. Əйелімен институтта оқып жүріп, танысып, үлкен достық тың артында үлкен махаббат тұрады дегеннің жаны бар ма, ақы ры екеуі қосылған. Бірақ Бекболда оған мына тосыннан пайда бол ған келіншекке дегендей ессіз құмарлық, көрмесе тұра алмайтындай ғашықтық болмағаны анық. Сол өзі өмір бойы күткен, күйдіріп жандырып, көрмесе тұра алмайтындай күйге түсірген ерекше сезім бұған кешігіп жеткен тə різді. Директор таңертеңгі жұмысты Ғалияны шақыртудан бас тайды. Көңілі алып-ұшып, есіктен жымиып көрінетін жас ке лін шек кабинетке кірген бойы, оның айналасы көктем шуағына бө ле не ді. Көзі мен көзі тоғысқанда, келіншектің жүзі лып етіп, жанарын алып қашады. Күн өткен сайын екеуін де билеп төстеп алған алапат тартылыс күшінің бір күні асып-тасып, жарға жығатынын сезгендей, əйел соңғы кезде онымен көрісуден қашқақтай бастады. Ша қыр са, жа нын да ғы лар ды жібереді. Ол солай алыстаған сайын Бек бол дың та ға ты таусылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Бір күні жиналыстан кейін, жұрттың артын ала шығып бара жат қан Ғалияға: – Сəл кідіре тұр! – деп дауыстады. – Жай ма ? – деді келіншек естілер-естілмес үнмен. Орнынан атып тұрған Бекбол: – Қашанғы осылай бір-бірімізді қинаймыз. Жаным, Ғалия, мен сені сүйемін! – деп бауырына тартты.

Махаббаттың ажалы – Бірақ сіздің бала-шағаңыз... – дей бергенде, ауызын ал қа нымен басып: – Бəрін кейін, кейін, мен кештетіп үйіңе барамын, күт! – деді. Сол күннен бастап, өз үйіне баратын жолды ұмытқан Бек бол ды бір жасқа толған Таңгүлінің қатты ауырып, ауруханаға түсіп қа луы ғана оралтты. Тосырқаған балалары, əйелінің жабырқау жүзі аяқ астынан махаб бат қызығына бөленіп, желігіп жүрген Бекболдың ар-ұятын шым шы ла ды. Өсіп қалған ер балалары жанынан бір елі кетпей, қай да жүргенін, үйге неге келмейтінін сұрап мазасын алады. Жаңа ғана тəй-тəй басқан қызалағының тəтті қылығы оның əкелік мейірімін оятқаны соншалық, ақыры ол бала-шағасын тірі жетім етіп, осы жасқа келгенде, жеке басының қызығымен же лі гуі нің жөнсіздігін амалсыз мойындады. Бір жетіден соң, ат ізін сал ған да Ға лия да бұрынғыдай күйіп-жанбай қарсы алды. – Қызың қалай, тəуір ме? – деді мұңайып, – Шүкір, беті бері қарады. Бірақ менен айырылар емес, өзі тіптін тəтті, ұлдардан қылуасы бөлек. – Бекбол ағынан жарылды. – Түптің түбінде осының боларын білгенмін. Əке-шешемнің қо лын да қалған баламды мен де сағынып жүрмін. Балалардың көзі нің жасына қалмайық. Сенімен өткен күндер менің есімде мəң гі қалады. Бұл жерде жүрсем, ұмыта алмаспын. Арызымды үс те ліңнің үстіне қойып кеттім. Келгенің жақсы болды. Қалай хош айтысарымды білмей отыр едім. – Ғалия, мен сені шынымен ұнаттым, бірақ махаббаттан да зор міндетім бар екенін, кеш те болса ұқтым. Ол – əкелік парызым. Сон дық тан, сен де мені кешір! Өмірде өзіңдей аяулымның бар лығын кө ңі лі ме медеу етіп жүрермін. Сен маған шын сүю лəз за тын се зін дір дің. Бекбол бұдан əрі тұрса, француз əтірі аңқыған аядай бөл ме ден шыға алмай қалатынын сезгендей, далаға атып шықты. Артынан: – Бекбол, Бекбол, тоқтай тұр!.. – деген əйелдің үні құмығып ес тіл ді. Бірақ үш сəбиінің шырқыраған үні құлағынан кетпеген əке алды-артына қарамай, адымдап, ұзай берді. Ғалия сол күні қалаға жүріп кетті. Содан кейін олардың жолдары тоғыспады. Күйеуінің көзіне шөп салғанын көпке дейін көңіліне дық сақтап жүрген Сəбира да бас қа түссе баспақшыл дегендей, басына түскенге көніп, бара-бара отбасындағы жарастық қалпына келе бастады. Соның бəріне Таңгү лі нің сүйкімді қылығы себеп болғаны сонша, əкесі қолы қалт

Зияш Телеуова етсе, қызын айналып-толғанып, жүрегін жандырған ғашықтық сезі мін балаға деген балдай махаббатпен сөндірді. Содан соң күлтөбеде күнде жиын деген мезгіл туды. Біраз жыл дəуірлеген кеңес үкіметі құлап, елдің тəуілсіздікке қолы жет ті. Бұрынғы қоғамдық құрылыс ыдырап, ұжымшар мен кең шар лар жеке меншікке қаратылып, нарықтық заманның ілгері-кейінді ырға ғы на ілесу басталды. Сол өлара кезеңдердің қызығы мен шы жығын бастан өткерген басшының бірі – Бекбол. Қоғам қайта құрылғанға дейін совхозда он жыл директор болға ны мен, санасы сан саққа жүгіріп, бір дұрыс кеңес беретін жанашыр таппай қиналды. Ауданға барса «Сен не істеп жүрсің, бəрі жеке меншікке қарайды. Құжаттарыңды дайында» деп қо қаң дап отырған шенеуніктер, шынтуайтқа келгенде, не істеп, не қоятын да рын өздері де білмейтін. Олардың əуселесін көрген Бекбол «Адамдарды не істейміз, олар қайда барып күн көреді? Жылдар бойы жиналған халықтың қазынасы кімнің қалтасына түседі?» деген сауалдармен бас қатырды. Бəрі де тұман. Солай бола тұрса да, əрі-беріден соң, «шаш ал десе, бас алатындардың» асықтыруымен же ке ше лен ді ру басталды. Алғашқы кезде іргелес көршілеріне қарап, олар не істесе, соны істеді. Кейін жоғары жақ не десе, соны іс те ді. Əрі беріден соң, халықтың ортақ мүлкі талан-таражға түсіп, тіс те ген нің аузында, ұстағанның қолында кете барды. Жоғары жақтағылардың ындынын байқаған Бекбол қолдағы барын шөміштеп совхоздың мүшелеріне пайға тарата бастады. Бірақ бұрынғы бір орталықтан басқару мен бағыну болмаған соң, əр адамның қолына тиген қазына байлығы суға сіңген құмдай із-түссіз жоғалды... Бекбол бір кітаптан «тарих соққысынан оған на ғыз кінəлілер емес, жазықсыз жандар зардап шегеді» деген дə йек сөз ді оқыған. Соны қай жазушының, қай қайраткердің жазғанын есі не түсіре алмай қойды. Кім болса да тауып, дəл айтқан деп түйді. Сонымен арада əрі тарт та, бері тартпен бес-алты жыл өт кенде бұрынғы гүрілдеп тұрған кеңшардың орнын сипап қал ған дар беті ауған жаққа көшіп, күнкөріс қамын іздей бастады. Сол жылдары отбасымен қалаға көшіп, пəтер сатып алып, инженерлік маман ды ғы ның арқасында күзетшілер дайындайтын ЖШС-ін аш қан Бекболдың шаруасы шалқып кетпегенімен, күн кө рі сін айы ру ға жетті. Бірақ қазір қарап отырса, қазіргі билік ба сын да ғы лар бə секе ле сіп баю жолына түскен. Көпке болсын, қатардағы қа ра па йым халықтың тұрмысы жақсарсын деп жан салып жатқан еш кім к өрін бей ді. Бекбол бұрынғы билік басындағылар мен қа зір гі лер дің

Махаббаттың ажалы ара сы ның жер мен көктей екендігін сезеді. Бұл оның ке ңес тік то тали тар лық режимді аңсағандығы емес, бай мен кедейдің жігі ашылма ған, адамның бағасы байлықпен өлшенбеген кезеңді ба ға лауы. Он жыл бас инженер, он жыл кеңшар директоры болған ол еңбек адамдарымен бірге өсіп, біте қайнасып, мұң мен зарын бір ге бөлісіп, əр отбасының тіршілігін бес саусағындай біліп, олар дың мұң-мұқ та жын бірге шешісуге тырысатын. Бірақ қайта құру кезінде сол хал қын қалыпқа салып ұстап тұра алмады. Осы күн ге дейін ащы өкі ніш өзегін өртейді, кейбір ұжымшарлар мен кең шар лар дың хал қы ның ауыз біршілігі, ынтымағы күшті болып, қаймағы бұ зылмай қал ды. Акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеу лі се рік тестік деп аттарын түрліше өзгертіп, затын өз герт пей, тұр ғын да рын көші-қон нан аман сақтап қалды. Бұ лар дың кең ша ры на сырт тан қызы ғу шы лар көп болды ма, іштегі аз ғы ру шы лар мықты болды ма, же ке мен шік деген желеуді жамылып, талан-та раж ға са лу шы лардың арандай аузына, сонша жыл тырбынып жиған-тер ген де рі аз уақыт та сыйды да кетті. Ортақ малды жинау, өсіру бір не ше жыл дар ға созылғанымен, жым-жылас ету бір-екі жылдан аспады. Оның ішінде «колхоз –совхоз құрыды, енді бар қаржыны қаланы көр кей ту ге жұмсаймыз» деген, жоғары жақтағылардың дүм пуі жер жарды. Ұзақ жыл кеншар басқарған, халықпен жұмыс жасауда бір талай тəжірибе жинақтаған ол əуелгі кезде өзін басшылыққа шақы рар, бір дұрыс қызмет берер деп дəмеленген. Бірақ күн өт кен сайын ол үміті үзілді. Тамыр-таныссыз, біреудің сүйе мел де уін сіз ен ді гі жерде билік басына барудың мүмкін еместігіне көзі же тіп, өз тіршілігін өзі жасай бастады.

* * * Салық комитетіне баратын ол, үйінен ертелетіп шыққанда, жапы рақ та ры сарғая бастаған бұтақтардың басына қонақтаған бі ренсаран торғайларға, қала төбесінде қалың бұлттай қаптаған қара қар ға лар ға көзі түсті. Соңғы кездері қарғалар қара құрымдай қаптап кеткен. Сағатына қараған Бекбол салық комитетінде өшіреттің көп болатынын еске алып, жылдамдықты қосқанымен, таңғы жұмыс қа барар мерзімде тоғытылған көліктер тосқауылы жүрісін мандытпады. Ғимараттың маңында қаптаған машиналардан ине шаншар жер жоқ. Бекбол бір көліктік орынды əрең деп тауып, соған ор нықты. Ішке кірген соң, адам-қара сығысқан терезенің алдына барып

Зияш Телеуова «соңы кім?» деп дауыстады. Тап жанынан өтіп бара жатқан се міз сары, бұны қай жерде көрдім дегендей, тесіле қарады да: – Ау, сен Бекбол емеспісің?! – деп қалт тоқтады. – Иə, өзің дəуде болса, Ғалым шығарсың! – Ой, батыр, көріспегелі қанша жыл, қанша күн?! – Бірге оқыған курстасы Бекболға құшағын аша ұмтылды. Олар шетке шығып, амандық-саулық сұрасып, қайда жүргендерін, не кəсіппен айналысып жатқандарын білісті. – Мен мұнай компаниясының вице президентімін, – деді Ғалым, – салық комитетінің бастығында бір шаруам боп, ертелетіп кі ріп шықтым. – Инженерлік мамандығың пайдаға асқан екен ғой. Мен ондай табысты жерге қол жеткізе алмадым. Совхоздың директоры болып, ауыл жақта көп жүріп қалдым. Одан оны бір жаққа шығару керек болды. – Ау, нағыз майлы жерде болдың ғой. Ондай билік басында жүр ген дер дің көбісі байлыққа белшесінен батып қалды емес пе? – Менің сондай қулық-сұмдыққа қабілетім шамалы болды ғой деймін. Тіпті, осында келгелі Сəбираны жұмысқа орналастыра алмай жүрмін. – Сəбира ма, ол жақсы оқыды ғой. Мə, мынау менің визиткам, ма ған жібер, жұмыс тауып беремін. – Жақсы. Көп рақмет. – Сен олай сызылуды қой, саған баяғы заман емес, заманың түл кі болса, қасқыр боп шал дейтін кезең осы. Егер басқа да пробле маң болса, хабарлас. – Мен сол баяғы қалыптан шыға алмай жүрмін. – Көрініп тұр. «Жаңа жүз достан, ескі бір дос артық» дегендей, Бекболдың əп-сəтте көңіл көтеріліп, үйіне жеткенше асықты. Курстасымен кез де сіп қалғанын əйеліне айтқанда, ол тіпті жерден жеті қоян тапқан дай, қуаныштан жарыла жаздады. – Елдің бəрі сондай тамыр-таныстықпен күн көріп жатқанда, көз көр ген досыңды тапқаның жақсы болды. Сондай шетелдік компа ния ға сен де ілігіп кетсең, жақсы болар еді. – Маған жұмыс берем десе, ертең барам, тездетіп қонаққа шақы рып, аралас-құралас болып кетейік. Сəбира өзінің ескі де, жаңа таныстарына байланысты талай күт пе ген оқиғалардың болатыны қаперіне кірместен, ертеңгі күн ге асық ты...

Махаббаттың ажалы

БЕСІНШІ ТАРАУ

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ

Сəбираның көңіл күйімен күздің «бабье лето» деп аталатын шуа ғы астарлас келді. Қалаға келгелі төрт қабырғаға телміріп, іш құса болған ол жұмыс берушіге кешіктірмей баруға бел байлады... Ғалымды өзі де талай көрген. Бірақ арадағы соншама жыл адамды қалай өзгерткенін бір Құдай білсін. Қазір бір күннен кейін көргендер, өзгеріп шыға келеді. Оның қасында арада аттай жиырма бес жыл өтті емес пе? Осындай күмəнді ойлардан сергіп, тұрақтағы машинасына кеткен қызын күтіп алуға есік алдына шық қан ол өткір сəулесімен айналаны жадыратқан күннің жы луының жауырынынан өтіп бара жатқанын сезді. Сапырылсқан қала жұрт шы лы ғы ның бірі автобусқа, бірі такси тұрағына, біреулері тағы бір жаққа асығып барады... Бəрі бірінен бірі қашып бар жатқан дай бейтаныс, беймəлім дүниенің адамдары. Аздан соң, қылышын сүйретіп қыс келетінін ойлаған Сə би ра осындай шақтың кеңшарда нағыз қарбаласқа толы болатынын есіне алды. Ауылда тұрғанда жылдың осы мезгілінде малға жем-шөп дайындап, қора-қопсыны жамап-жасқап, басшыдан қосшыға де йін қауырт күн кешетін. Бастықтардың үйі де мал ұстайтын. Сəбира үй шаруасына ұқыпты, бала тəрбиесіне икемді, қонақжай, қа ра па йым қа сиет те рі мен ел арасына аты шыққан қадірлі бəйбіше атан ған. Бас тық тың əйелімін деп кеудесін көтеріп, ешкімге астам шы лық жасауды білмейтіндіктен, ауыл тұрғындары оны қатты сыйлайтын. Қазір ойлап қараса, ол кезде ертеден кешке дейін бітпейтін үй тір ші лі гі мен, тамақ пісіріп, балаларын мектепке шығарып салып, кү йеуін жұмыстан күтіп, бір сарынды өмір сүрген екен-ау. Сонда да, сол бір сағымдай бұлдырап алыстап бара жатқан күндерін қимас тық пен еске алады. Үй шаруасына да, дала шаруасына да үл гере тін, онымен де тынбай, бір-біріне қыдырудан қолы босамайтын, қай ран ауылдың ақжарқын, асыл жандары қайда жүр екенсіңдер?! Бекбол да, Сəбира да қалаға көпке дейін үйрене алмады. Бекбол – жылқышының баласы. Мал дəрігері болам деп Алматыдағы ауылшаруашылық институына оқуға түсуге барғанда, қасындағы достарына еріп, талапкер аз болған соң, инженерлер даярлайтын факультетке құжаттарын тапсырды. Онысы дұрыс болғандай, колхоз-совхоз тарап, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен тұста мал дəрігерлері ешкімге керек болмай қалды. Көбісі қолдарына

Зияш Телеуова ала дорба ұстап саудагерлікке кірісті. Өзінің қолынан келмегендер əйе лі нің, бала-шағасының сөмкесін тасумен күн өткізді. Тіпті бір аг ро ном ның колхоз базарында қайыр сұрап тұрғанын көрген Бекбол тап соған өзі кінəлідей, оған қарауға жүзі шыдамағанын, көп ке де йін аузынан тастамай айтып жүрді. Қызының машинасына отырған Сəбира көшедегі бірін-бірі баса көктеп бара жатқан көліктер легінен шошынды. Бағдаршам жасыл көзін жағып болмастан, жүйткіп бара жатқандарды көр генде, жағасын ұстап: – Мынау бір есерсоқ қой, осындайлардың кесірінен күнде жол апаты болып жатқан жоқ па, қызым байқа! – деп ескертті. Осы сəт үлкен қара көзілдірікті үшкір мұрнының үстіне қон дырып алған рөлдегі қызының қаннен-қаперсіз, сағыз шайнап отырға нын көріп, күліп жіберді... – Сен тіпті, саспайсың ғой! – Апа, бұл күндегі жағдай. Ондайларға жүйкеңді жұқарта берсең, инфаркт боласың. Тыныш, уайымдамай отыра бер! Осы кезде бағдаршамда қызыл шам жанып тұрғанына қа ра мастан, бір қара джип зу етіп өте шықты. – Ақымақ! – Қыз сигналын басып қалды. – Мына жолмен күнде қалаға барсам, мен шынымен инфаркт болатын шығармын, – деп Сəбира жүрек тұсын басты. – Үйренесің. Қаладағылардың бұған көзі үйренген. Таң ер тең гісін жұмысқа баратын уақытта, кешке жұмыстан қайтатын уа қытта, күнде осындай қарбалас. Əне, гаишниктер, жаңағыны қуып барады. – Ол ұстата ма? – Əрине, ұстатпайды. Ескі қаладағы ең үлкен ғимараттың алдына тоқтаған қызы: – Мынау СНПС – Қытай компаниясы. Сені шақырған па памның досы осында. Өзің кіресің бе, апарайын ба? Сəбираның жалғыз кіруге жүрегі дауаламады. – Бірге кірейік, жұмысыңнан қалып қоймайсың ба? – деп күміл жі ді. – Мен сағат онда жаңа мөлтек аудандағы бір мекемеге барам. Оған дейін кіргізіп кетейін. Есік алдындағы күзетшіге, қолдарындағы визитканы көр сеткен соң, ол талон берді. Сыртқы есіктен енгеннен еуро жөн деу ден өткен мекеменің безендірілуі мұнай пұшпағын ұстап отыр ған дардың кеңсесінен қаржы аямағанын білдіреді. Олар аты-жөні есік ке

Махаббаттың ажалы жа зыл ған вице-президенттің кіре берісте отырған хат шы сы на қабыл дау ға келгендерін айтты. Хатшы қыз телефонмен сөй лес ті де: – Жүріңіздер! – деп алға түсті. Дағарадай кабинеттің төріндегі былғары креслоға жайғасқан орта бойлы сары кісі, орнынан ұшып тұрды. Оның қарсы ал дын дағы креслода шалқайып отырған жас жігіт те қоса тұрды. – Сəбира ханым, көрмегелі көп болды. Тіпті, өзгермеген екенсіз, – деген вице-президент Сəбираның қолынан сүйді. – Мына жас сұлу кім болады? Дəуде болса, қызың шығар? – Таңгүлі, – қыз жымиды. – Таңгүлі! Қандай əсем есім... Өзі де атына сай екен. – Ал мынау менің балам – Азамат. Америкадан кеше ғана кел ді. Сонда қызметте. Еуропаның талай сұлуын көрген Азамат Таңгүлінің кө рік ті лігі не қайран қалды. «Бізде де осындай сұлулар болады екен-ау, мұның қасында еуропалықтар далада қалады!» Осы кез жас сұлу одан əрман таң қалдырайын дегендей, көз ілді рі гін шешті. Қыздың үлкен бота көздерін жапқан ұп-ұзын қалың кір пік те рі қадалғанда, жігіттің жүрегі дір етті. Қаймақтай аппақ жү зін де гі түп-түзу қыр мұрыны, оймақтай ауызындағы үлбіреген ері ні, құрықтай ұзын мойыны табиғат аямай берген сұлулықты паш етеді. Күлімсіреген сайын, екі бетінің шұқырына күлкі жиылып, қараған жанды еріксіз еліктіреді. Азамат қыздан көзін ала алмады. – Шынында да, Бəкеңнің мынадай сұлу қызы бар екенін білмедік қой, – вице-президент күлімсіреді. – Араға жиырма бес жыл салып көріскен соң, қайдан білесіз. Шү кір, екі үлкен баламыз үйленді. Немерелер де бар. Бұл кіші қызы мыз. Дизайнер болып жұмыс істейді. Мен осында жеткізіп таста деп, жабысып алғанмын. – Дизайнер?! – жігіт таңдана қасын керді. – Осында сіздің маман ды ғы ңыз бен жұмыс жасайтын мекемелер бар ма? – Əрине, – қыз күлімсіреді. – Папа, сізге дизайнер керек емес пе? Баласының қылығын ерсі көрген əкесі, басын шайқады. – Мен жұмыс іздеп келген жоқпын. – Қыз орнынан асығыс тұрды. – Апа, сөйлесіп болған соң,телефон шаларсыз! Қайтарда соғып, алып кетемін. – Сау болыңыз! – Вице-президентке əдеппен басын иген қыз шап шаң басып, есікке беттеді. Аспаннан түскен таңғажайып ару-

Зияш Телеуова дан көз жазып қалудан қорыққан президенттің баласы орнынан ұшып тұрды. – Айып етпесеңіз, шығарып салайын. Сырт қарағанда екеуі бір-біріне үйлесе қалған жастарға қарап басын шайқаған Ғалым: – Сəке, екеуі бір-біріне лайық екен, – деп қалжыңдады. Вице-президент арада аз уақыт өткенде, ауызынан шыққан сөздің шын дық қа айналатынынан хабарсыз, бұйырған сөзді айта салған. – Бөлімдегі экономистің жаңа жылға дейін контрактісі бар. Содан кейін кетеді. Біз сені соған көмекші етейік. Жаңа жылға де йін біраз уақыт бар, үйреніп аласың ғой. Институтты үздік бітіріп, совхозда бас экономист болған, нарық тық қарым-қатынастардан да хабары бар Сəбираның жұмыс бе ру ші нің талабына көнбеуге амалы қалмады. Таңгүліні көргеннен есі кеткен Азамат оны өкшелеп кө лі гі не дейін шығарып салып қана қоймай, қоярда-қоймай ұялы те ле фоны ның нөмірін жазып алды. Машинаның есігін қол ты ра уын ның терісінен тігілген жылтыраған туфлиімен тіреп, жаптырмай тұрды. – Мүмкін, бүгін бір жерге барып дем алармыз? Мен сізді ең қым бат ресторанға, ең қымбат кинотеатрға апаруға дайынмын. Қала са ңыз, Америкаға алып кетемін. – Рақмет, уақытым жоқ. – Таңгүлі көзілдірігін киіп, жүруге асықты. – Онда уақытыңыз болған уақытта, маған маякните! – Көрерміз. – Қыз қылқуырдай қадалған жігіттің қылығын қызық та ған дай, жымиды. Осы жылылықты пайдаланған джентльмен: – О’ кей, – деп қолынан сүйді. Қыз жігіттің жылымшы ернінен тітіркеніп, қолын тартып алды. Оның арада санаулы күн өткенде, осы жігітітің некелі жары атанатыны үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді... * * * Арада бір жеті өткенде Сəбира жаңа қызмет орнынан түскі үзіліс ке шығып бара жатып, күйеуінің бір кезде көңілдесі Ғалиямен бетпе-бет ұшырасты. Сəл толысқанымен жас кездегі бедері мен сəн-салтанатынан айырылмаған келіншек мұны да танып, ернін жыбыр еткізіп, амандасқан ишарат жасады. Оның ізін ала ішке

Махаббаттың ажалы кір ген жас жігітті көргенде, Сəбира есінен танып қала жаздады. Ол – қызының сүйген жігіті Нұртас еді. Төбесінен біреу суық су құ йып жібергендей, шошынғаны сондай, аттап басуға əлі жетпей, бір орнында қатып қалды. «Сонда бұл Ғалияның баласы болды ғой!» деген ойдың өзі оған қорқынышты болып көрінді. «Тіпті, Бек бол дың баласы болса ше!» Маңдайынан бұрқ еткен суық терді ала қа ны мен ысырған əйел «Жоқ! Жоқ! Мүмкін емес. Қырсығынан сақ тай гөр!» деп іштей күбірледі. Сол сəтте: – Мама, қажет болсам, телефон шал! – деген Нұртастың дауысын анық естіді. «Жоқ. Жоқ. Ол мүмкін емес. Бұл əйел Бекболмен əуре болатында, бір баласы бар деп еститін. Сол болар. Егер сол болғанда, өзі нің өмірдегі ең қымбаттысы, асыл жарын құшағынан суырып алып, бір жыл бойы көзінен жас, көңілінен қайғы кетірмеген əйелмен ендігі жерде құдағи деп сызылып, сыйластықта болуы керек пе?! Бұған оның ерік-күші жете ме?! Бір кездегі от ба сы сы ның жылуын кетіріп, бала-шағасын шулатып, күйеуінің нақ сү йе рі не айнал ған əйелді енді құдағи деп қалай қабылдамақшы?! Бұл жағ дай ас қы нып кетпей тұрып, алдын алу керек. Асығу керек, кешігіп қалмай тұрып, алдын алу керек! Егер қызы араласып қой са ше? Сонда да мұндай махаббатқа жол бермек емес. Ол менің өлі гім ді аттап қана, Ғалияның босағасын аттайды!». Күтпеген соққыдан есін жия алмаған ол түскі асқа жақын арада ғы кафеге барғанымен, алдындағы астан татып алмай, бір кесе шайды зорлана ішіп, орнынан тұрды. Кабинетіне келген соң, жанындағы экономистен: – Сіз Ғалияны танисыз ба? – деп сұрады. – Аһ, Ғалия Өсербаевна ма, олардың офисі екінші қатардағы құ ры лыс компаниясы. ЖШС-де күйеуі директор, өзі экономист. – Нұртас соның баласы ма? – Иə, үлкен баласы. Жақында оқу бітіріп келді. Архитектор. Бір қыздың маңдайы жырта қарыс болып ашылғалы тұр. – Сонда баласы біреу ме? – Мен көп білмеймін. Бірде туған күніне шақырған. Жұрт тың өсегіне қарағанда... Сəбираның жүрегі аузына тығылды. – Жұрттың өсегіне қарағанда, екі бала да алғашқы күйеуінен ту ған. Қазіргісінен бала жоқ. Оны неге сұрадыңыз? – Əншейін. Сəбираның ойы сан-саққа жүгірді. Ол осы жолы адам ойының бармайтын жері, баспайтын тауы жоқ екеніне көз жеткізгендей

Зияш Телеуова
күй де. Егер, оның кіші баласы Бекболдан туған болса ше, деген
суық ой сумаңдағанда, өзін қоярға жер таппады. Басын ұстап, бір
түс ті күйге түскен оның түріне шошына қараған қызметтесі:

– Сəбира Таласовна, түріңіз бұзылып кетіпті. Ауырып отыр ған

жоқсыз ба, сіз барлық бағдарламаны жақсы меңгергенсіз. Сон дық-
тан үйіңізге барып дем алыңыз, су əкеп берейін бе?
Осы кез үстеріне:

– Кіруге бола ма? – деп, жүзі гүл-гүл жайнаған Ғалия келді.

– Пəлі, Ғалия Өсербаевна, сізге бар уақытта қуаныштымын!

Өзі ңіз қалай жасарып, сұлу болып кеткенсіз! Просто, прелесть! –
деген əріптесі орнынан ұшып тұрып, қарсы жүрді. Анау Сəбираға
қа рап басын изеді.

– Не жаңалық, Нұртасыңыз үйленейін деп жатқан жоқ па? Қан-

дай керемет жігіт! Қандай əдепті, мəдениетті! Қандай сүйкімді!
Біз дің компанияның барлық қыздары ғашық. Ол сізге келгенде,
бар лы ғы терезеден қарап тұрады.

– Тіфə, тіфə, тіл-көзден аулақ болғай. Ондай жаңалық болса,

бі рін ші сіздерге айтам ғой.

– Ой, біздің қыздардың іштері күйіп өртеніп кететін болар.

– Жақсы жігіт мыңдікі, жақсы қыз бірдікі, – деген бар емес пе.

Ға лия баяғы еркін де, сұлу күлкісімен сылқылдады. Сəбираның
тұла бойы түршікті. Оның осы күлкісі менің қақ төрімнен төгіліп,
тағы да Бекболдың жүрегіне шоқ түсіруіне қалай жол бермекпін!
Өкі ніш ке орай, күйеуі ашынасын ұзақ жылдар ұмыта алмаған.

Сонда Сəбира күндіз екеу, төсекте төртеу боп өмір сүрудің кү йі-
гін басынан өткерген. Ғалия төмен қарап, қағаздарды ауыстырып
отыр ған Сəбирадан сескенді ме, ананы ымдап коридорға ша-
қыр ды. Екі əйелдің шиқылдаған күлкісі, жүйкесіне əбден тигені

сонша,алдындағы қағаздарын жинастырып, шыр еткен телефон
тұт қа сын көтере бергенде, Ғалым кірді.
Əдеп сақтап орнынан көтеріле берген Сəбираға:

– Отыра бер, қалай үйрендің бе? Сені мақтап компьютердің құ-

ла ғын да ойнайды деп жатыр. Үйде отырып жұмыс істегенсің ғой?

– Құрдасыңыздың барлық бухгалтерлік, экономистік құ жат та-

рын мен жасап беремін. Ол да жұмыс. Асыл тұқымды жылқы фер-
масын ашамын деген соң, бүкіл бизнес жоспарын құрдым.

– Олай болса, мына кісіні жібере береміз. Ол жоғарыдағы құ ры-

лыс компаниясына ауысқысы келіп жүр. Сол жайлы сөйлесіп тұр
ғой деймін. Біз ешкімді ұстамаймыз. Менің келген бұйымтайым,
сен бі ге сіздерді отбасыңызбен үйге қонаққа шақырамын. Жаңа

Махаббаттың ажалы
Бекеңе айттым, қызыңды да ала кел. Біздің Азамат қайта-қайта сұ-
рап жатқан. Жастар танысып-біліссін, біздің достығымызды жал-
ғас тыр сын.

– Əуреленіп қайтесіз, біз шақырып жібереміз деп жүргенбіз.

Бекболдың жайбасарлығын білесіз ғой.

– Игіліктің ерте-кеші жоқ.Үлгереміз.

– Ал, қазір кете берсеңде болады. Келесі жетіден бастап өзің

істейтін боласың.
Бастықтан рұқсат алған Сəбира жиналып шыққанда, екі келін-
шек əлі сөйлесіп тұрды. Ту сыртынан қадалған көздерден жауыры-
ны шымырлады. Аналардың:

– Шеф, шеф... деген сөздерімен қатар, – вообщем то она собра-

жает, – дегендерін анық естіді.
Есік алдында шешесін күтіп тұрған Таңгүліні Нұртастың ше-
шесі терезеден көріп, бұдан аз уақыт бұрынғы Сəбираның кү йі не
тү сіп, шоқ басып алғандай, орнынан ырғып түсті. Оның да өзі нің

бір кезде көңілдесі болған, кіші баласының əкесі Бекболмен құда
болып, қайта кездесуге зауқы соқпаған еді...

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

КҮЙЗЕЛІС

Басының сақинасы қатты ұстаған Сəбира қызының машина-
сына аяғы тиісімен, көзін тарс жұмып алды. Қатты ашуланғанда
немесе бір нəресеге жүйкесі жұқарғанда сол жақ шекесінен жар-
масып, көзін аштырмай тастайтын бұл ауру əбден сүйегіне сіңген.

Сонау күйеуі көзіне шөп салатын жылдары жиі ауырып, қалаға
келгелі сиреген. Бүгін таңертеңнен көзінің алды көбелектеніп,
аурудың алғашқы белгісі білінді. Қазір шекесі солқылдап, шығып
барады. Анасының əп-сəтте ұстайтын басының сақинасы барын

білетін қызы, машинаның креслосын шалқайтып:

– Жатып, көз шырымыңды ал, дəріңді іштің бе? – деді.

Шешесі басын изеді. Осы кезде қыздың ұялы телефоны шы-
рылдады.

– Алло, тыңдап тұрмын. Нұр, мамамның мегрені ұстап, жұ мыс-

тан үйге алып бара жатырмын. Бүгін бе, үйге барған соң кө ре мін.
Кешке қарай звонда!

– Өте сағындым. Көріскенше. – Қыз телефонды шөп еткізді.

Кө зін тарс жұмғанмен, құлағы есітіп жатқан шешесінің жүрегі қан

Зияш Телеуова жылады. Бетіне жел боп тимейтін жалғызын аяды. «Уһ, жаным-ай, енді қайтейін!». Жалын толы үні аузынан атып шықты. – Сəл шыда, үйге жақындадық. – Қызы анасының қолының сыртынан сипады. «Бұл тағдырдың маған дайындаған сыны мен сыйы көп екен ғой». Сəбира налыды. «Құдай-ау, көп жігіттің ішінен сол сайқалдың баласын кездестірмей-ақ, басқа біреуді қаласа қай те ді екен?! Бірақ жүрекке əмір жүрмейді. Өзі талай өліп-өшкен дер ді көзіне ілмей, Бекболдың көлеңкесін қуалап жүрді емес пе?!» Бұлар таяуда ғана элиталы үйге көшкен. Үйіне кіре берісте тағы бір аналгинді аузына салып жіберген Сəбира: – Шай қой. Екеуіміз əңгімелесуіміз керек! – Шешесінің кү йініш ті үнін ескі сырқатынан шаршағандыққа балаған Таңгүлі: – Қазір, киімімді ауыстырайын, – деп бөлмесіне жүгірді. Сəбира залдағы жұмсақ диванға жантайып, үй ішіне көз салды. Ол өзінің отбасын ерекше жақсы көреді. Өзі қолымен сатып алған əрбір жиһазы, анау қабырғалық жəшіктегі қымбат ыдыс-аяқ тары, түрлі сувенирлер ол үшін өзінің өмірінің бөлінбес бір бөл шегін дей, көзіне ыстық. Қайсысын қай күні, қайдан алғанына де йін біледі. Соларды күніне бір сүртіп, орын-орнына мұқияттап қо йып, жұп-жұмсақ алақанын бір тигізбесе, көңілі көншімейді. Осылай даладан сырқаттанып келгенде, өмір бойы маңдайының тері мен ала қа ны ның табы сіңген дүние-мүлкінің ортасында ыңқыл-сыңқы лын ұмытып, жаны жай табатын. Қазір де өзіне-өзі келе бастады. Тіпті, солқылдап бара жатқан бір жақ шекесі басылайын деді. Орыстардың «туған үйіңнің қабырғасы да көмектеседі» деген сө зі нің жаны бар-ау деп түйді. Сосын қызымен екеуінің ара сын дағы алдағы əңгіме есіне түсіп, қабағын шытты. Осы кезде ас үйден: – Апа, шəй дайын, – деген көңілді үн естілді. Орнынан баяу көтеріліп, залдан ас үйге өткен Сəбира Таң гү лінің қаймақтай аппақ мінсіз жүзіне көзін тікті де, оған табиғаттың сұ лу лық ты аямай бергеніне сүйсініп, оның алдында əлі талай жігіт тің табынатынын көңіліне медеу тұтып, сенімді үнмен сөзін бастады. Бірақ ол бақтың тек қана сұлулыққа тəуелді емес тай ғақ тығын ескермеген болатын. – Қызым, менің əңгімем саған жақпас. Ең бірінші сұрағым – Нұр тас екеуіңнің араңда қандай байланыс бар? – Таңгүлі жа на рын тө мен салып, қолындағы жұқа кесенің ернеуін сипады. Анасымен мұндай тақырыпқа бұрын-соңды сөй лес пе ген діктен, жүзіне лып етіп қан жүгірді.

Махаббаттың ажалы – Ешқандай, біз бір-бірімізді ұнатамыз. Біздің дос ты ғы мыз ға бес жыл болады. Институттың алғашқы курсінде танысқанбыз. – Оған да шүкір. – Сəбира ауыр күрсінді. – Апа, əрине, біз сөз байласқанбыз. Оқу бітіріп, жұмыс істеп, пə тер мəселесін шешкен соң, қосыламыз деп шешкенбіз. Сіз турасын айтсаңызшы, Нұртас ұнамай ма?! Сəбираның ұнамайды деп айтуға аузы бармады. Жұрт мақ та ған жігітті қыз жақтаған дегендей, жігіт жаман емес сияқты. – Қызым, біреудің обалына қалып қайтем, жігіт жақсы болар. Бірақ мен оның анасын көргенде, ескі жараның аузы өз-өзі нен ашылды. Мен бір сыр айтайын. Одан арғы шешімді өзің қа былдай сың. Мұны айтпауға менің хақым жоқ. Анасының бұрын-соңды тісінен шығармаған бір құпияны айтқы сы келіп отырғанын сезген қыздың жүрегі дүрсілдеп, аузына ты ғыл ды. «Сонда не? О, Құдайым-ау, егер Нұртас екеуімізге байланысты болса ше!» – Əкең совхоздың директоры болғанда, Нұртастың ше ше сі оның қарамағында қызмет істеді. Сол жылы сен дүниеге кел дің. Өзі сұлу, өзі жесір əйелдің кеңсеге келуі, бүкіл ауылды дүр лік тір ді. Сонымен қысқасы, сенің əкең мен Нұртастың шешесінің арасында «служебный роман» басталды... Таңгүлі орнынан атып тұрды. – Апатай, бір нəрсені шатыстырып тұрған жоқсыз ба?! – Мен болған оқиғаны ғана айтып отырмын. – Сонда Нұртас менің ағам ба? – Ол мүмкін емес. Себебі Ғалия біздің ауылға жұмысқа келгенде, оның бірінші сыныпта оқитын баласы бар деп естігенбіз. Сол осы Нұртас болды. Ол сенен алты жас үлкен. Бірақ, ол біздің ауылдан кеткенде, сенің əкеңнен аяғы ауыр деген өсек өрттей қау ла ды. Демек, ол үйде сенің қандас бауырың өсіп жатыр. Қыздың жүзі ақ шүберектей оңып, буын-буыны босап, отыра кетті. – Əрбір ата-ана қызы бойжеткен соң, құтты орнына қон дыр ғанын жақсы көреді. Бірақ мен бір кезде өзімді жесір еткен, балаларымды жетім еткен əйелді отбасыма енді жақындатқым келмейді. Шешең ендігі қалған өмірінде тыныш, алаңсыз, бақытты өмір сүрсін десең, Нұртасты ұмыт! Қыз жаңағы сəтте, Нұртастың өзінің туған бауыры еместігіне қуан ған, ізінше анасының «ол үйде қандас бауырың өсіп жатыр» деген сөзі оны есеңгіретіп тастады.

Зияш Телеуова Сəбира ауыр қозғалып, орнынан тұрды. – Ештен кеш жақсы деген. Мен бар шындықты айттым. Ендігі ше шім сенде. Не мені, не оны таңдайсың. Екінің бірі! Отырған орнында тас мүсіндей қатып қалған Таңгүлі ай на ласын да ғы бар тіршілік бір сəтте мəн-мағынасын жой ған дай мелшиіп қалды. «Қалайша, мен оны біржолата ұмыта аламын?! Ұмытпа ған да, осыдан соң, оны бұрынғыдай жақсы көру, онымен бір ге тұ рып, ба қыт ты боламын деу мүмкін бе?! Жоқ! Жоқ! Ол мүм кін емес! Осы кезде оның ұялы телефоны безілдеп, бетінен Нұр деген жазу шық ты. Қыз дірілдеген саусақтарымен бос емес деген кнопканы басты да, телефонын өшіріп тастады. Оның шекесі дызылдап, ше ше сі нің «Əкеңнің бір кездегі көңілдесі, оның үйінде қан дас ба уы рың өсіп жатыр...» деген сөзі құлағында ызылдап тұ рып алды. Ол əрең деп өз бөлмесіне жетті де, есігін тарс қылып жауып алып, төсегіне құлай кетті. Қыздың бар өмірі киноның лентасындай көз алдынан тізбектеліп өтіп жатты. Өткенін ойласа, бəрі-бəрі Нұртаспен байла нысты. Таңгүлі осы кезге дейін онсыз өмір бар, онсыз тіршілік бар деп ойламаған екен. Ол бір сəтте өзін қоршап тұрған қара орманынан айырылып, жапанда жалғыз қалғандай сезінді. Тіпті, сырын айтар, жанына жақын тартар досы да жоқ екен. Ол осы кезге дейін бар тіршіліктің мəні де, сəні де Нұртас деп келген екен. Оның достары – мұ ның досы. Оның қалауы – мұның қалауы. Бұл өзіне таңдау тас та мап ты! Соншалықты еркін билеген бұл қандай ессіз махаббат?! Əлде басқалай бір сыр бар ма?! Қыз үнсіз егілді. Егер ол менің ту ған ағам болғанда ше, білмеген у ішеді деген осы. Бұл біздің қа те міз бе? Жоқ, ата-анамыздың қатесі! Бірақ солардың кү нə сі нің азабын біз тартуға тиістіміз. Осы əділдік пе!? Сұлулықтың да сыны мен салмағын сезінетін ол, кейде өзінің елден ерекше көріктілігі бақытқа емес, бақытсыздыққа бастайтындай, тұла бойын қорқыныш билейтін. Нұртастан көз жазып қа ламын ба деген үрейге толы күндерді басынан өткеретін. Маңын жаға лап жүрген көптеген сұғанақ көздерді сезсе де, олардың сүй ге нінің көзіне түсіп, қызғанышын оятпауды қалайтын. Бірақ үнемі бір сенімсіз сезімде, сергелдең күйде жүретін. Соның аяғы осы екен ғой! Ендігі өмірінің мəні не? Шынында да, бір кезде əкесінің нақсү йе рі болған жігіттің анасын, бұл екінші анам деп қабылдай алар ма? Жоқ! Жоқ! Тіпті, оны қойғанда, оның үйінде қандас бауыры өсіп жатса? Оны кім деп атауға тиіс?! Демек. Бəрі бітті. Жү ре гіңді жұлып таста! Сезіміңді су құйып сөндір! Ертеңнен бастап, тіп-

Махаббаттың ажалы ті, қазірден бастап Нұртас деген жігіт сенің өміріңде болған жоқ. Бұдан былай болмайды да! Қыз қолына сурет салған альбомын алып, екеуінің бірге жүр ген бақытты шақтарының белгісіндей суреттердің барлығын ұсақ тап тұрып, жыртты. Барлығында «Жаным-ау, менің не жазығым бар?» деп, күліп тұрған Нұртас. «Оны шешеңнен сұра!» деп ыза ланған қыз, қолындағы суреттерді күлдей ғып жыртып, өртеп, оның бықсып жанған отына қарап отырды. Көңілі дал-дұл. Кенеттен соққан қатал соқыдан есеңгіреп, жұлма-жұлма күйде қалғып кеткен қыз, біраздан соң оянып, не болып, не қой ға нын есіне түсірді. Есіне түсірді де, көңілі əлем-жапырақтанып, ен ді гі өмірінің қаңырап қалғандығын, алдындағы арман-мақ са ты ның бəрі құрдымға түсіп кеткендігін, тағдырдың мұндай ауыр сынын кө те ру ге өзінің шама-шарқының жетпейтіндігін сезінгендей, тағы көз жасына ерік берді. Ұялы телефоны əндетті. Құлағына тосқанда, олихаргтың баласы екен. – Таңгүлі, привет! – ол бұрынан таныс-біліс досындай саң қылда ды. – Ұйқыдан тұрып жатырмысың. Біздің поколение ұйқыны жақсы көреді, – деп өзімсіне сөйледі. – Мен оған жатпаймын. – Бүгін уақытың болса, бір жерге барып дем алайық. Жанын жеген уайым-қайғымен жекпе-жек қалудан қорыққан қыз: – Жарайды. Кешке хабарлас, – деп ұялы телефонын тастай салды. Тағы телефон. Бұл Нұртас. Қыз тетікті басып қалды. Іле sms түсті. «Таң, не болды. Кездесейік. Мен сені мəңгі сүйемін!» деген жазу шықты. Қыз сол бойы: «Ал мен сені сүймеймін. Нұртас, бəрі бітті. Мені аясаң, енді мазалама!» деп жазып жіберді. Сөйтті де таңғалды. Жүрегі бұрынғыдай алып-ұшпайтын тə різді. Жүрегі бұрынғыдай ол деп солқылдап соқпайтын тəрізді. Бір мар ғау күйде. Шынында да, біз пешенедегі жазудан аттап кете алмайтын шығармыз. «Жазмыштан озмыш жоқ». Ол ылғи бір нəрсе ден қауіптеніп, ылғи бір нəрседен сезіктеніп жүретін. Оның не екенін өзі де білмейтін. Тым бақытты болып кеткеніне сен бей тін. Жалпы, «бір-бірін құлай сүйген ғашықтар ешуақытта қо сыл май-

Зияш Телеуова ды, қосылған күнде бақытты бола алмайды» деген қағида дұ рыс шы ғар. Қыз ұмытылған бір жағдайды есіне түсірді. Жаздың жайма шуақ күнінде бір топ студент көшеде келе жатқан, қыздар жолдың жие гін де отырған бір сығанға алақандарын алма-кезек тосып, бал аштырды.Таңгүлі ұмтылғанда Нұртас: – Бəрі өтірік. Алдыңды болжап қайтесің, – деп қақпалады. Бірақ оның біреу қақпаласа, қасарысып қалатын өжеттігі ұстап, бақсы ға қолын жайды. Сұлудың сүйріктей саусағына, сүйкімді жүзіне қа рап көз ала алмай отырған бақсы басын шайқады. – Оңаша қалдырыңдар! – деп анталап тұрғандарды əрі қуды. – Ой, сұлу бойжеткен, сенің нұрлы бейнең тартылып қалған жанарыма жарық түсіргендей, көз алдым жарқ етті. Жүзің нұрлы, жү ре гің таза болғанымен, тағдыр жолың тас артқандай ауыр екен. Қыз дың білегінен ұстаған бақсының тұла бойы қалшылдады. Көзі жұ му лы. – Бұл жалғанда сүйгеніңе қосыла алмай, арманда өтеді екен сің. Өмірің қысқадан, көңілің құсадан болады екен. Өзің қандай кө рікті едің... уһ... аһ... суф, суф... тіфə, тіфə, қаш бəле, қаш бəле... Тіл көз дің сұғы бар екен... Алдыңда асу бар... Алыстарға қашу бар... Қыз ашуланып, қолын жұлып алды да, бақсының алдына тұтас мың теңгелікті тастай салды. – Е, пенде байғұс, мен сендердің ақшаларың үшін жазмыштан озып, жалған сөйлей алмаймын... Бақсы жұмулы көзің ашып алды. Көзі өзі аспан түстес көкпеңбек, жанары сұп-суық екен. Ол əрі қарай у... у... у-у... е... байғұс қыз... бақытсыз қыз,.. – деп селкілдеді. Кейін шегінген Таңгүлінің құп-қу өңіне үңіліп, дірілдеген саусақ та ры нан ұстаған Нұртас: Əдеттегідей жарқын жүзбен қарқылдап күлді. – Не деді, сонша бүлінетіндей, мен саған айттым ғой барма деп. Олар ақша алу үшін жұртты алдайды, – деп жұбатты. Бақсының ашқан балы көпке дейін көңілін күпті етіп, ойынан шықпай жүргенімен, келе-келе ол да ұмытылған. Енді сол алымжұлым сығанның айтқандары есіне түсіп, тұла бойы түр шік ті. Жаман дық ты білмеген жақсы деуші еді. Құдай-ау, сол си қыр шы ның алдына мені кім сүйреді десеңші! Шынымен оның айтқаны келсе ше?! Бірақ адамның тағдырды өзгертуге күші жете ме?! Жетпейді. Тағ дыр деген бір еркіңнен тыс күш. Жетелесе, еріп отырасың. Есікті түртіп, артынша, бас сұққан əкесі: – Қызым, ауырып қалған жоқсың ба? – деп сұрады.

Махаббаттың ажалы Таңгүлі бөгде біреуді көргендей, оның бетіне самарқау, самсоз кейіппен тесіле қарады. Жанындай жақсы көретін ерке қызының жа на рын да ғы жат, жатырқау сезімін байқаған Бекбол оның жан дүние сін де бұл білмейтін бір құбылыстардың болып жатқанын сезгендей, əлденеге тіксініп қалды. – Көңілсізсің ғой, бəрі жақсы ма? – Аздап сырқаттанып қалдым, – деген қыз көз жасын көр сетпей, теріс айналды. – Онда жатып дем ал. Бүгін бармай-ақ қой. Жұмыс жағыңа айтармыз. – Жоқ. Барамын. Жиналып жатырмын. Əйелінің де, қызының да көңіл күйлерінің бұзылғанын неге жорырын білмеген Бекбол «бұл əйелдерді түсініп болмайсың» деп басын шайқады. ЖЕТІНШІ ТАРАУ

АДАСУ

Таңгүлі анасымен болған əңгімеден кейін өң мен түстің арасын да ғы дай өмір кешуде. Қызының сарылып жатып алатын немесе бір мұңды əуендерді тыңдап, өз бөлмесінен шықпай қоя ты нын сез ген əкесі. – Қызыңа не болды? – деп сұрады. Сəбираның «Сенің жас күнгі қылтың-сылтыңыңның кү нə сін көтеруде» деген сөз тілінің ұшында тұрса да, «қазіргі жас тарды адам түсінбейді» деді де, қойды. «Ау, анасы болып, сөй лес пей місің!» деп күйеуі шытынады. Бекболдың сөзі түрткі болды ма, Сəбира қызының бөлмесіне барып, есігінен сығалап: – Бүгін кешке Ғалымдар қонаққа шақырды. Шаштаразға барып келейік, – деді. – Бара бер, мен осылай-ақ барам, – деді ол. «Бармаймын деп айтпағанына шүкір» деп ойлаған шешесі, – өзің біл, мен кеттім, – деп жүре дауыстады. Қызының аяқ астынан өзгергені əкесінің жанына қатты батты. «Мүм кін жігітімен араздасып қалған болар, татуласар» деп үміттенді. Бекбол əйелі мен қызын алып, ауқаттылар тұратын мөлтек аудан да ғы Ғалымның екі қатарлы сəнді коттеджісіне келгенде, күн

Зияш Телеуова қы за рып ұясына батып бара жатты. Сыртын келістіріп көтерген үй дің кіре берісінен бастап, талғаммен қойылған шетелдік жи һаздар көздің жауын алады. Холлдағы Париждік гобеленмен қап талған кресло, нағыз ағаштан ойылып жасалған орындықтар, жұмсақ диван, экраны ат шаптырым үй кинотеатры, анау-мынаудың қо лына түсе бермейтін қымбат дүниелер. Ғалымның əйелі Сəуле томпақ бет, мұрнының ұшы келтелеу, күлім көз, ашық-мінезді сөйлеп тұр ған жан екен. Вице президент көптен көрмеген достарына үй жа йы ның сəн-салтанатын өзі аралатып жүріп көрсетті. Азамат Таң гү лі ні бильярд ойнайтын, спортпен айналысатын залға алып барып, Шве ца рия дан жаңадан ғана əкелінген тренажерлармен түрлі жат ты ғу лар жасап, қонағының көңілін аулауға барын салды. Қыз үйді тамашалап: – Бұл үйде неше адам тұрасыңдар? – деп сұрады. – Үшеуіміз. Қазір ата-анам ғана тұрады. – Бауырларың қайда? – Мен жалғызбын, – жігіт күлді. – Келешекте осының ішін бала лар ға толтырсам деген арманым бар. Таңгүлі қызарып кетті. Жігіт оның білегінен ұстады. – Таңгүлі, сол балалардың анасы сен болсаң ше? – Осы кезге дейін іздемедіңіз бе? – Осы кезге дейін, сізді кездестірмедім. Енді айырылып қал ғым келмейді. – Бұл сөзіңіз тым асығыстық, сіз мені тіпті, білмейсіз, – қыз жай ба ра қат жауап қатты. Егер басқа уақытта, біреу осылай сөз салса, онысы шаншудай қадалып, бас салып ашуланар еді. Қазір оған бə рі бір сияқты. Нұртас болмаса, кез келген кісіге күйеуге шығып кете беретініне күмəні де қалмаған. Сүйгеніме қосыла алмайтын бол ған соң, тезірек күйеуге шыққаным да дұрыс деп шешкен. Жанын да ғы еуропалық білім алған, сымбатты жігіт ендігі жерде іздесе таптырмайтын, өзіне лайық жар екендігін іштей мойындаған қыз зорлана күлімсіреді. – Таңгүлі, мен сізге бірден ғашық болып қалдым. Сізді көргелі менде маза жоқ. Жаным, тек қана мендік болшы. Төбеме көтеріп жү ріп, бүкіл Еуропаны аралатамын. Жұрттың бəрі көрсін, менің жа рым ның қандай сүйкімді екенін. Тек қана, жауабыңды айтшы! – Білмеймін, көрерміз. Танысқанымыз жаңа емес пе. Қыздың үзілді-кесілді кет əрі демегеніне мəз болған жігіттің қуаныштан төбесі көкке жетті.

Махаббаттың ажалы Жастар жарасымды əзілмен қонақ күтетін залға кіргенде, үлкен дер оларға сұқтана көз тікті. Жұптары жарасқан қыз бен жігітке сүйсіне қараған аналары балалары теңін тапқандай, дастарқан басында шүйіркелесіп «бұйырса құда-құдағай болып та қалармыз» де ген ді айтып қалып отырды. Кешеге дейін сөз байласқан жігіті бар қызының аяқ астынан ши шығаруын неге жорырын білмеген Бекбол ғана алаңдаулы көңіл күйден арылмады. Оның ішкі түйсігі келе жатқан бір жамандықты сездіргендей, бір сергімей қойды. Ал Сəбира болса, осындай ауқатты үйге қызы келін болып түссе, бір бас, бір тақ дегендей, өзі би, өзі қожа болып шыға келетінін ойлап, оның Азаматпен тіл табысып кетуін шынымен тіледі. Қонақ тар ас-су ішіп, біраз əңгіме дүкен құрған соң, Бекбол: – Ғалеке, қонақта отырған жақсы, бірақ өз үйің одан да жақсы, – деген бар емес пе, біраз отырдық енді қайтайық. Сіздер де дем алы ңыз дар, – деп, кететін ыңғай танытты. – Жастар ше? – деген Сəбираға, Сəуле: – Азамат өз қонағын өзі шығарып салады, олар біз құсап шаршай ды деймісіз. Мүмкін театрға, киноға баратын ойлары бар шығар. «Осындай ата-анасы бар, текті сұлуды келін етіп түсірсем, аяқ астынан байып кеткендерін көре алмай жүрген тума-туыс та ры ның іштері бір күйер еді» деп ойлаған ол қызына алаңдаған Сə би ра ны иығынан қағып: – Екеуі де бала емес, көңіл көтерсін, тіпті, əрі кетсе, құда-құ дағай болармыз. Несі бар, іздесең таптырмайтын жұп болайын деп тұр. Так что, құдағи, жастардың ісіне араласпайық, – деген жарасымды əзілмен сыртқы есікке дейін қапсыра құшақтап шы ға рып салып, қоштасарда бетінен сүйді. «Құдағи, құдағи» деп бірнеше рет айтты, кім білсін аузына Құдай салып тұрма? «Əйтеуір Нұртасты ұмытса болар, несі бар, бай десе бай, көрікті десе көрікті. Біреудің маңдайға басқан жал ғы зы. Қыз дың беті бері қарап, жүрегі жібісе болды ғой» деп ойлаған Сəби ра жолда бара жатып, өзінің жастық шағындағы бір оқиғаны есіне алды. Сəбира институттың соңғы курысында жүргенде, əке-шешесі бір құрдастарының баласына икемдеп, жігіт те мұны ұнатып қалып, каникулға келгенде, үйінен шықпай қойған. Жатса-тұрса есінен Бекбол кетпей, тезірек Алматыға жетуге асығып жүрген қыз каникулға шыққалы бір телефон шалмаған оған өкпелі. Бекболды сыртынан иемденіп, оны көрмесе тұра алмайтындай күйге түс кен-

Зияш Телеуова мен, жігіт тарапынан ешбір ишара жасалмағандықтан, көңілі күпті. Ақыры өзі телефон шалды. – Сəлем, мен іздемесем, өзің іздейтін түрің көрінбейді, – деп бір ден өкпе-назын ағытты. – Сəбираш, – жігіттің қуанғаны үнінен сезіліп тұрды, – анам ауырып, ауруханаға жатқыздым. Шүкір, беті бері қарады. Ха барлас қа ның қандай жақсы болды. – Сені тіпті, үйленіп те қойған шығар деп қорықтым. – Саған айтпай қалай үйленемін, – жігіт күлді. – Ол мəселені көп кешікпей шешу керек, апам ауырады. Кездескенде, шешерміз. Пока, көріскенше. Сəбираның сол күнгі қуанышында шек болмаған. Тіпті, күнде жақтырмайтын «күйеу жігітті» жарқын жүзбен қарсы алды. Ана бай ғұс мұны жақсылықтың нышанына жорып, қызды икемдеп, арасында сүйіп алғысы келді. Екеуінің екі нəрсеге мəз болып отырға нын сезген қыз одан əрі шыдай алмай: – Мен сүйген жігітіммен сөйлестім. Сен неге мəз болып отырсың? – деп сұрады. Анау да, бұл ойлағандай аңқау, аңғал емес екен. – Мен өзім сүйген адамның қуанышына ортақтасып отырмын. Сенің жүзіңнің бақыттан нұрланғанын көріп, қуанып отырмын, Сə би ра, сүймеген жүрекке зорлықпен сүйкімді бола алмайсың. Ертең жол жүретініңді біліп, қоштасқалы келдім. Қайда жүрсең де ба қыт ты бол! – деп қолынан сүйді. Содан соң олар кездеспеді. Қыз бен жігіт бір-бірін сағынысып көрісті. Көп ұзамай Бекбол сөз салды. Сəбира өзінің сүйгеніне солай тұрмысқа шыққан. Бі рақ жігіттің тап өзіндей өліп өшкен ғашықтық сезімге берілмегенін, ол күн өткен сайын сезініп, оның зардабын кейін тартты. Енді қызының тағдырын ойлады. Егер ол сүймеген адамына тұрмысқа шығуға бел байласа ше? Өмірі өксумен өтпей ме?! Əлде болмаса, бір кезде некелі күйеуін тартып алып күңіренткен Ға лияның баласына тұрмысқа шығуға рұқсатын бере ме? Іштей бір дауыс «Қызыңның бақыты үшін бəріне көн» десе, екінші бір да уыс «Дү ние де жігіт құрып қалса да, оған жол жоқ» деп үдере кө те ріле ді. Сəбираның аналық сезімі мен өзімшілдігі таразыға түсіп, бір шешімге келе алмай, құсалықпен күн кешіп жүргенде, барлық түйін ді қызы шешті де тастады. «Асыққан шайтанның ісі» деп, оның сол қадамының неге апарып соқтырарын білгенде ғой... Əттең, болашақты кім болжаған...

Махаббаттың ажалы Таңгүлі жүрегінен Нұртасты біржолата өшіріп тастауға бел буды. Өмірінің қиын кезеңінде кездескен Азамат оған құт қа ру шысын дай болып көрінді. Сүйгеніме қосыла алмайтын болған соң, ма ған бəрібір деген тоқтамға келген қыз жігіттің ыңғайына тез көн ді. Тағдыр соққысынан майысқан жас сұлуды қақпанына түсір ген олигархтың баласы асығыс үйленді де, жас жұбайлар шет елге жүріп кетті. СЕГІЗІНШІ ТАРАУ ТҮС Құрылыс компаниясының президенті Жайлау үйде шөп басын сындырмайды. Оның есесіне мазасыз. Қолындағы затын қайда қой ға нын білмей, жоқ жерде жанжал шығарады. Ері де, əйелі де үй тір лі гі не онша көңіл бөлмейді. Олардың артын жинап, заттарды орын-орнына қойып жүретін Жания жақынан бері асқазаным ауырады деп Сарыағашқа курортқа кеткен. Содан бері ерлі– зайыптылар кафеге барып тамақтанып, үйге киім ауыстырып, аяқ суытып алу ға ғана бас сұғады. Бүгін де кешкі асты рестораннан ішіп, кірген бойлары. Жаратылысынан адамға үйірсек, кімнің болса да тілін оңай тауып, кісіні магниттей тартатын Ғалияны құрылыс ком па ния сының президенті шынымен ұнатып алған. Обалына не керек, содан бері дос-жарандары көбейіп, өмірі той-думанға айналды. Араласатындар бұдан гөрі жайдары, аузын ашса жүрегі көрінеті ақ кө ңіл Ғалиямен дастарқандас болуды қалайтындай, қонаққа бару, қо наққа шақыру осы үйдің кезекті дəстүріне айналды. Бұрын мұн дай ырду-дырдумен ісі жоқ Жайлауға құлашын кеңінен жайып, қыды рыс тап жүру шынымен ұнаған. Іштей «Құдайға шүкір, ақшаны тауып жатырмыз, неге шайқап жүрмеске!» деп үйде отыра алмайтын сауықшыл əйелінің ығына əбден көшіп болды. Тек үйге келсе, көз ге шыққан сүйелдей болып көрінетін оның кіші баласын көрсе, қара жыны қаптайды. Бүгін оның көңіл күйін бір хабар бұзды. Бұрын аралас-құ ра лас болған ескі танысымен кафеде кездесті. – Əсемнің жаңалығын естің бе? – деді ол салғаннан, – Құ дай берді. Əйелі қайтыс болған бір азаматқа күйеуге шығып еді, арыстай ұл туды. Анау мұны табалап əдейілеп айтып тұрғандай, Жайлау үнсіз қалды. Соны байқаған жолдасы:

Зияш Телеуова – Естімеп пе едің, жақсы, онда көріскенше... – деп қипақтап, орныннан тұрып, сыртқа шыға жөнелді. Түскі тамақтануға келген Жай лау дың тəбеті ешнəрсеге шаппай, іле шыққанда, жа ңа ғы ның біреуді күтіп тұрғанын көріп, жанына барып, темекісін тұтатып: – Күйеуі кім болып қызмет істейді? – деп сұрады. – Менің таныстығым жоқ. Дегенмен Əсем бақытты болуға лайық ты жан ғой. Қуаныш болған соң, айтып жатырмын. Көңіліңе ауыр алма. «Əйел қырық шырақты деген осы. Бұрынғы қайтыс бол ған əйелінен бір баласы бар екен. Соны Əсем бауырына басып, өліп-өшіп өз балам деп кеткен. Ықыласына берген болар. Өзі де нə рес те лі болды» – деп, үйдегі құрдасың айтып отырған. Осы хабардан соң Жайлау ішін жалап бара жатқан күйікке шыдай алмай, ащы судан көбірек алып жіберіп, үйіне келген соң ұрыс-керістің көкесін көрсетті де, өзі машинасына отырып, безе жө нел ген... Содан түннің бір уағында коттеджінің жанына келіп тоқтады. Шала мас оны осы жолы «мына сарайды кімге арнап салдырдым!» деген ой алғаш рет мазалады. Бүгінде ет жақын туыстары да қалма ған. Жалғыз інісі жол апатынан қайтыс болды. Артында екі бала қалды... Олармен хабарласпағалы қашан... Бизнеске енді-енді аралас қан да, келіні бір-екі рет көмек сұрап телефон шалған, бі рақ мұның ыңғайын байқаған болар, содан бері хабар-ошарсыз. Ен ді гі балалары есейген шығар. Біле білсе, інісінің балаларының бө тенді гі бар ма, қызық қуып, қатын алып, оның тастанды балаларын асырап баққанша, өзінің жалғыз інісінен қалған тұяқтарына қамқор лық жасаса, бұған кім кедергі жасады?.. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деп, бар қаражатын дағарадай сарай салуға жұмса ған, сөй тіп жұртты таң қалдыруға асыққан Жайлау қос жетімегіне қам қор лық жасап, жалғыз бауырының артында қалған қос көзін қа на ты ның астына алуға жарамағанын есіне алып, езілді. Жайлау бала кезінен бауырмал, ақкөңіл, аңғалдығымен, ай нала сын да ғы лар ға қайырымдылығымен, қарапайымдылығымен аға - йын-туманың үлкен үміт артқан баласы еді. Мектеп бітіріп, оқу ға түс кен жылы əкесі мен шешесі күтпеген жерден теп-тез ауы рып, арасы бір айға жетер-жетпесте қайтыс болды. Он оқып жүр ген інісі жападан-жалғыз қалған соң, сырттай оқуға ауысып, ауы лы на орал ған Жайлау кеңес үкіметі құлап, қайта құру жүріп жат қан кезең ге тап болды. Жасынан есеп-қисапқа зерек, ол кең шар да кассир болып, іні сін оқытып, үйдегі бірді-екілі малына қа рап, ша ңы ра ғын құ лат пау ға бар күшін салды. Обалына не керек, ауыл адам да ры ның

Махаббаттың ажалы кө ңі лі көл дария ғой. Екі баланы қараусыз қал дыр ма ды. Шешесінің абысын-ажындары, келіндері мен көз көр ген де рі кір-қоңдарын жуып бе ріп, алма-кезек үйлеріне ас-су ішуге ша қы рып, күн құр ғатпай тын. Жайлау сондай көңілдері дарқан, ауыл дас та ры ның қар лығаш тың қанатымен су сепкендей жақ сы лық та ры ның қа йы ры мын немен қайтарам деп сол кез де қат ты толқитын. Сондай қай ғы сы мен қуанышы бірге болған ала қан дай ауыл адамдарының басына ата жұртынан айырылу зіл-заласы түс кен де, мұның жетімдігі түк болмай қалды ғой. Ауылдастарының туып-өскен жерін қимай күзеліске ұшы ра ғанын көзімен көрген Жайлаудың қазіргідей тас бауыр, қа йы рым сыз болып қалыптасуына, жетімдіктің ауыр салмағы, жоқ шы лық тың зарын тартып, əркімнің ала қабын арқалауы себеп болды ма? Кім біл сін? Адамды заман тəрбиелейді деген қағида бекерден-бекер ай тыл ма ған болар. Кеңшар жекеменшікке таратылғанда, Жайлауға он қой мен бір сиыр тиді. Ол да ауыл атқамінерлерінің мұның əкесі мен ше шесі нің өмір бойы осы арада жұмыс істегендігін есепке ал ған ды ғы. Ел-жұрт жел айдаған қаңбақтай амалсыздан тым-тырақай кө шіп жатқанда, əкесінің көзін көрген Таубай ақсақал, Жайлауды өзі не шақырды. – Ал балам, не ойың бар? Елдің түрі мынау. Балапан басына, тұ рым тай тұсына деген заман. Басқа жақта ет жақын, тума-туыста рың бар ма? – Жоқ. Облыс орталығында жоғары оқу орнында сырттай оқимын. Тыныс та сонда барып оқуын жалғастырады. Мына мал мен үйді қайда қалдырамын, соны білмей отырмын? – Малың бірден өтпейді. Ата-анаң сендерді маған аманаттап ке тіп еді. Алмағайыпқа тап болғанда, аманаттың да ауырлығын сез дім. Мен мына жақын жердегі темір жол бойына қоныс аудар ға лы отырмын. Үй-жайыңды бұзып алып кетіп, өткенінше сатып, қа ра жат қылып беруге тырысамын. Малдарың біздің малдың ішінде жүре берсін. Қала сендерге қақпасын ашып, нан-суын дайындап тұр май ды. Естеріңді жиғанша, сатып нəпақа қы ларсың дар. Елді қан ша қимағанмен, күнкөріс қалмаған соң, енді алды-артыңа қа ра май, ініңді жетектеп жүріп кет. Маңдайыңа жазыл ға нын кө рер сің. Алғаш кезде жұмсайтын, пəтер жалдайтын тиын-тебенің бар ма? – Бар. – Онда жолың болсын!

Зияш Телеуова Інісін жетектеп көне чемоданын сүйретіп қалаға келген Жайлау жұмыс таба алмай көп сандалды. Оның сырттай оқып жүр генді гі, мектепті жақсы оқығандығы ешкімді селт еткізбеді. Ақы ры базарға барып, саудагерлердің арбасын тасыды, машина жуды. Інісі біреудің мейрамханасының айналасын сыпыруға жалданды. Қаланың шет жағынан бір жертөлені жиырма мыңға жал даған олардың тапқан-таянғаны пəтер ақысы мен күнделікті та мақта ры нан ауыспады. Осылай тақұл-тұқыл күнкөріспен Жайлау оқуын бітіріп, экономист-қаржыгер мамандығын алып шықты. Іні сі мұнай саласының мамандарын дайындайтын колледжді бітір ді. Оқуын бітірген соң, мал-мүлкін қалдырған ақсақалға барып, оның жинап қойған ақшасына қаланың шет жағындағы жа тақ хана дан бір бөлмелі пəтер сатып алды. Сол күнгі інісі екеуінің қуаны шын да шек болмады. Мына екі қатарлы коттеджді салып алған да, ондай қуанбаған шығар. Сыз иісі шығатын төбесі салбырап тұрған жертөледен құтылып, хан шатырына кіргендей болды. Екеуі базарға барып, ең арзан тұс қағазын алып, түнімен əр жа ғын да көк тасы шығып тұрған қабырғаға жапсырып, əйтеуір жа ңар тып ал ған да ры на мəз болды. Сосын Жайлау жұмыс іздеп, бір жаңадан ашылып жатқан ЖШС-ке экономист болып орналасты. Үс тінде дұрыс киімі жоқ, ол таныс жігіттердің бір киер киімін сұ рап алып, бастықтың алдынан сынақтан өтті. Есепке жүйрік, қа ла ға келгелі тиіп қашып компьютерді меңгеріп алған Жайлау аз күн де бар лық программаларды тез үйреніп, қабілеттілігімен таң қал дырды. Бастық та алғыр жасты тез аңғарып, оған тəуір айлық бе ріп, пайдаланып қалуға барын салды. Сол компанияда бес жыл жүр ген Жайлау нарықтың қыры мен сырын бес саусағындай біліп алды. Ен ді гі арманы – өз алдына коммерция орталығын ашу. Бі рақ қал тасын да көк тиыны жоқ. Бір күні колледжді бітірген соң инс ти тут қа сырттай оқуға түскен інісіне: – Тыныс, сен вахталық əдіспен жұмысқа тұр. Оқуыңды бі тір ген соң, инженер боларсың. Мен мына үйді сатамын, – деді. Баспананың зарын тартқан інісі: – Тағы далада қаламыз ғой! – деп шоршып түсті. – Жоқ, далада қалмаймыз. Мен өз алдыма сауда нүктесін ашып алғым келеді. Айлықпен жарымасымыз анық. Оны ашу үшін қолда алғашқы қорың болуы керек. Осы пəтерді сатудан басқа амал таппадым. Ағасына арқа сүйеп үйренген бала өзің білесің ғой дегендей иығын көтерді де қойды.

Махаббаттың ажалы Екеулеп жүріп інісіне вахталық əдіспен істейтін жұмыс тауып, үйлеріне қуанып оралды. Ертеңіне Жайлау інісін аттандырып тұрып, оның алысқа кеткісі келмей қобалжыған түрін көріп, қат ты босады. Ол сол арада солқылдақтық танытса, бауырының кетпей қа ла ты нын біліп, жауырынынан қақты да, тез бұрылып, жү гі ре жө нел ді. Екі көзінен соралап аққан жасын қолымен сүртіп, была йы рақ барған соң, бар өмірден көрген тауқыметін оңашада ішінен шығарып алғысы келгендей, еңкілдеп жылады. Алысқа ке тіп бара жатқан жалғыз інісін əлдебіреулер ренжітіп, əл де бі реу лер ден жəбір көретіндей, ілгері басқан аяғы кері кетті. Сондай ме йі рімді лік ті, бауырмалдықты қай жылдың жықпылында, қай күн нің қалтарысында жоғалтқанын, қазір айырып айта алмас еді. Ақша жасаймын деп арпалысып жүріп, тиынның датын жалаған са раң, қара басының қамынан басқаны ойламайтын қатыгез біреу болып шық қа нын өзі де аңғармай қалды. Əлде бұл нарықтың қатал заңы ма? Ондай заңы бар қоғамның адам баласына берері бар ма? Жатақханадан алған бір бөлмесін сатып, зыр жүгіріп талай те сік тен, талай шіренген шенеуніктердің алдынан өткен Жайлау құ ры лыс компанияларына керекті тұс қағаз сататын дүкен ашып алды. Ашылар кезде ауылдағы ақсақалға барып, қарызға деп тағы бі раз қаражат жинап əкелді. Бірақ сол қарыз берушілер осы күнге де йін қайтар деп сұрамады, бұл қайтаруға асықпады. Сонымен ол да ұмытылды. Жайлаудың ашқан коммерциясы керек уақытында, керек жерден ашылған сауда нүктесі болып шықты. Аз уақытта қал та сы на науадай құйылған ақша кешегі жалаң аяқ, жалаң бас азып-тозған күндерін тез ұмыттырып, кеудесіне нан пісірді. Бірер жыл келіп-кетіп жүрген інісі мұнайлы ауданның бір ауқатты от басы сы ның қызына үйленіп, балалы-шағалы болып, сол жақта тұрақ тап қалды. Ақшаның құдіреті мен күшін түсініп, əбден құныққан Жайлау банкідегі есепшотының қомақтылығын ғана ойлайтын дə ре же ге же тіп, компаниясын ірілеген үстіне ірілеп, билік ба сын да ғы лардың кө зі не түсуге ұмытылып, інісі екі балалы болғанда да, барып тө бе сін көрсетуге жарамады. Ақыры тұманды күні жолға шыққан Тыныс жол апатынан қайтыс болғанда ғана бір барды. Інісінен аумайтын екі ұлды көргенде, ет бауыры елжіреп, көз жасын тия ал ма ған Жайлау үйреншікті орнына оралған соң, оларды да тез ұмытты. Бұл күнде бүкіл қаланың биліктілері оның ашса алақанында, жұм са жұдырығында. Бірақ кейінгі кездері қай-қайдағы есіне түсіп,

Зияш Телеуова кө ңіл қошы бір түзелмей-ақ қойды. Соның бірі алғаш сүйіп алған жары Əсемнің басқа біреуге тұрмысқа шығып, одан балалы болуы. Ең бірінші ЖШС-ін ашқанда хатшы етіп жұмысқа қабылдаған Əсем нің көріктілігі, тапсырылған іске ұқыптылығы сүйсіндіріп, көп ұзамай үйленген. Компания үлкейген соң, «Енді сен үйге қара!» деп əйелін отырғызып қойды. Қол байлау болатын баласы жоқ келіншек бірер жыл отырған соң, күйеуінің наразылығына қара май, басқа компанияға жұмысқа орналасты. Сөйтіп жүргенде Ға лия ны кездестірген Жайлау оған бір көргеннен ғашық болып, екеуі нің мінез-құлқы, тіпті, бизнестегі жоспарлары үйлесе кеткен. Оның үстіне жиырма жылдан бері құрсақ көтермеген бедеу əйелін жаңартуды өзі де ойлап жүргенде, іздегенге сұраған дегендей, балалары бар жесір келіншекпен тіл табысуын сəті түскен іске бала ған Жайлау Əсеммен тез ажырасты. Содан соң Ғалияға үйленіп, оның балаларын өз баламдай көрем деп уəде берген Жайлау кейінгі кезде ішіп алса, не айтып, не қойғанын білмейтін ауруға шалдықты. Бұл жоқшылықты көп көріп, сонау жылдары ылғи мастар мен наркомандар тұратын жа тақха на ның бір бөлмесінде інісін бауырына тас қылып қысып жатып ұйық тай тын қорқынышты түндерінің жүйкесіне тигізген əсері ме, кіндігінен бала сүйе алмағандығының наласы ма, оны өзі де болжай алмайды. Бір қызығы сол мас күйіндегі айтқан сөздерін айық қа сын мойынына алмай, азар да безер болады. Өзінің есінде түк қалмайды. Еңсесін түсірген ойлармен үйінің жанына келіп тоқтаған Жай лау үйіне кіргісі келмей, машинаның ішінде біраз отырды. Бұ рын қара-құраң кісі жүрген соң дағарадай үйдің кеңдігі бі лінбей тін. Қа зір екеуінен басқа адам жоқ үш жүз шаршы метр үйдің іші құ ла зып, кірсе қай-қайдағыны есіне салады. Соңғы кезде сарайдың сəн салтанаты дүниеқор, сылқым сұлу Ғалияны да қы зық тыр май тын тə різ ді, ол да селқос. Жайлау Нұртастың ұялы телефонын терді. Телефон ұзақ гуілдеді де, кенет үзіліп кетті. «Иттің баласы!» Жайлау төбесінен төніп толықсып тұрған айға қарап, ай жа рығы мен əбден шаршағанша ойнайтын ауылының тұп-тұнық кешін, мау жы ра ған түнін, сол кешкі тұнықты бұзып-жарып үйінің қа сы на тырылдап келіп тоқтайтын əкесінің тракторын есіне алды. Кенет ол жымиды. Егер тірі болғанда əкесі мен шешесі баласының мынадай кең сарай салып алғанын көрер еді. Шіркін, тірі болғанда ғой! Олар сияқты сексендегі шал-кемпірлер жүрген жоқ па? Соншама

Махаббаттың ажалы неге ерте өлді екен? Оның мойны салбырап, көзі ілініп кетті де, іле қо рыл ға басты. Ұйықтап жатып түс көрді. Тап баяғыдай үнемі солярканың иісі шығып жүретін күрткесін киген əкесі мен үстінен сүт иісі шы ғатын анасы бұның үйіне келіп жүр екен. Қол ұстасып мұның коттеджін ара ла ған апасы «Мынадай cарайларда бұрын хандар мен билер тұ ра тын. Бұл біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмеген нəрсе. Жайлаужан, қалай байыдың? Ата-бабаңның тапқан-таянғаны ішкен асынан, киген киімінен ауыспаған ғой. Ал сен, осының бəрін маң дай тер, табан ақыңмен таптың ба? Əлде... Ойбай-ау, мына үйің қаңырап тұр ғой. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дегендей бала-ша ғаң қайда?! (Шешесі əдеттегідей бетін шымшыды). Ең болмаса, ана інің нің жетімектерін жинап алып, со лар ға шарапатыңды ти гіз бей мі сің!» Кейуана əлденеге ренжігендей, көзін жаулығының ұшы мен сүрт ті. Ал əкесі лəм-мим демеді, бұ ған қы рын қарап есіктен шығып бара жатып, «халықтан алған қа рызың ды қайтар! Ол ана дүниеге бар ған да алдыңнан өгіз болып өкіріп шығады дегенді ұмыт тың ба?!» деген даусы күңгірлеп естілді. Екеуі де ұзай берді. Шошып оянған Жайлау апалақтап жан-жағына қарап, өзінің ма ши на ның ішінде ұйықтап кетіп, түс көргенін енді ұққандай «біссміл лə, біссміллə» деп кəлиме қайырды. Толықсып туған ай ұй қыда ғы қалаға мол сəулесін төгіп, жер бетіндегі пенденің қо лы мен жа сал ған күнəлəрінің жалғыз куəсіндей үнсіз жылжып ба рады. ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ ШЫРМАУЫҚ

Қызыл кірпіштен қаланған үлкен коттедж Ербол үшін туған үйі сияқты емес, ылғи ілгері аттаған қадамы кейін кетіп, əрең деп кі реді. Есік қапталындағы тор ішіндегі басы қауғадай алабай ғана қыңсы лап, құйрығын бұлғаңдатып қарсы алады. Осы үйде онымен қыды ра тын да, қалған-құтқан тамақты беретін де Ербол. Соны бі ле тін ит бұл қақпадан кіргенде, темір торға асылып, арсалаңдап, еркелеп, ас пан ға атылады. Бүгін де, оны көргенде үрерін немесе қың сы ларын білмегендей, соның екі ортасындағы бір дыбыс шы ғарды. – Жат! – Ербол итке ақырып қалды. – Ит иесіне тартады деген. Сен де ана месқарынға ұқсап, тамақ сұраудан əрі аспайсың! Ол қал та сын сипады. Жанын емдейтін дəрі тапқандай, оны иіскеп

Зияш Телеуова көр ген ше асықты. Сыртқы есікті бірнеше рет бұрап əрең ашты. Үйде тірі жан жоқ. Бірінші қатардағы өзінің бөлмесіне шешініп, ас үйге кірген ол ертеңгілік тамақты дайындап, бетін жауып кеткенін кө ріп, татып алмастан бөлмесіне беттеді. Ұялы телефоны ызылдады. Нұртас екен. – Ербол, келдің бе?! – Иə... – Үйде боласың ба?! – Басқа баратын жерім жоқ. – Мен бүгін ертерек келемін. Екеуміз сөйлесейік. – Мейлі... – Тамағыңды іштің бе?! – Жоқ, тəбетім тартпады. – Жақсы, онда дем ал. – Жарайды. Ерболда сырт қарағанда бəрі бар сияқты. Бірақ ішкі өртеніп жатқан жан дүниесін емдейтін дауа таба алмай, тығырыққа тірелгелі қа шан! Ешбір жасыратыны жоқ, тіпті, тап қазір əкесі табылғанның өзін де, кеудесінде қатып қалған шер енді ерімейтін сияқты. Осы кезге дейін жігерінің құм болғаны, өзін ешкімге керексіз делқұлы ре тін де сезінуі, оның жан дүниесін əлдеқашан езгілеп, өмір-те ңіз шайындысымен мұны жағалауға шығарып тастағандай. Ал жа ғада ғы лар жанын ауырта тепкілеп, тұла бойының сау тамтығын қалдыр май, ұрып-соғып кеткен тəрізді. Ол керуетіне шалқасынан құлады. Еурожөндеуден өткен бөлме, аспалы төбедегі шашылған жұлдыздай шамдар, соңғы үлгідегі шетелдік жиһаздар, компьютер, құбылған терезе пердесі, ауа тазартатын конденционер – бəрі оның көңілін бір селт еткізбейтін, үй рен шік ті дүниелер. Нұртас оқу бітіріп келгенде, жасандырып қойған бөлмесін көріп ерекше қуанған, анасының бетінен сүйіп, өгей əкесінің қо лынан қысып, рақметін айтқан. – Міне, мəдениетті адам, ана інің сенен үйренсін, «жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» деп, дөрекілік танытқанан бас қа, ешбір ілтипат көрмейміз, – деп сол жолы өгей əкесі өкпесін айтып тастаған. Олар мұның сабаққа зерек, үй шаруасына ыңғайлы, көп сөйле мей тін қасиеттерін еш уақытта бағаламайды, барлық уақытта үл кен ағасының көлеңкесінде қалып, жаман деген жапсырма атты ие ле ніп алғалы Ербол ол иірімнен шығам деп ойлауға дəрменсіз.

Махаббаттың ажалы Осындай көңіл күйдің əбден құлдырауына түсіп тұнжыраған жас жі гіт көшедегі есірткі сатушылардың назарына тез іліккен. Жастар дың психиологиясын сырттай зерттеп, шетке шыққанын қағып алу ға үйренгендер, терең депресияға ұшыраған оны дəл танып, қар мақ та ры на іліндірген... Жас жігіт қалтасындағы пакетін сипады. Шынымен еңсесін бас қан ауыр қайғыдан арылып, сергитін халге жеткізе ме, əлде жұрт айтып жүргендей тəуелділік күйге түсе ме?! Маған бəрібір емес пе? Айналадағыларға да бəрібір. Олар бұрынғыдан бетер түңі ле ді. Ол дірілдеген саусақтарымен пакетті ашып, ішінен бір шөкім шөпті алып иіскеді. Сол бойы түшкірініп, есінеп, көзінің алды қа ра уы тып, басы айналды. Сосын бір шөкімін ернінің астына салып сорды да, сол бойы тұла бойы балқып, ұйықтап кетті. Содан алакеуімде бір оянып, жүрегі айнып, құсқысы келген соң, тəлтіректеп далаға шықты. Күні бойы тамақ берілмеген ит қың сы лап, торды айқаптай кеудесімен соғып, бүлінді. – Қазір, қазір... Жолдағы бірнəрсеге сүрініп-қабынып үйге кірген Ербол ас үйдегі түскі асын апарып итаяққа құйды. Əбден қарны ашып тұрған алабай табақты жалап тастады. Бойы тоңазып, қал ты ра ған жігіт иттің ішетін азығын суға езіп тағы алдына қойды. Басы шыр айналды. Есіктен кірген екеу оның көзіне төртеу болып кө рін ді. Дауыстар алыстан күмбірлейді. Иттің мойына асылып, мүл гіп отыр. – Ха.. ха қара, екеуі құшақтасып қапты. Иттің күшігі. Ей, сайқал, сен айтшы, мынаны кімнен тудың?! Маған неге бір бала туып бер мей сің? Уəдең қайда?! Мен сені, сенің күшіктеріңді сол үшін ба ғып-қағып отырған жоқпын ба?! Мас болса не айтып, не қойғанын білмейтін күйеуінің сөзі шым байына батып кеткен Ғалия: – Сенімен жиырма жыл тұрған əйелің туып бермеген баланы мен қайдан туып беремін. Біле білсең, сен бедеусің. Тағы жиырма қа тын алсаң да, балалы бола алмайсың. Жетер енді, маған, менің балаларыма тіл тигізгенің!.. – Өшір үніңді, қанден иттей қыңсыламай. Мен болмасам, са ған мынадай дəурен қайда?! Тілің шығайын деген екен. Көр се те йін мен саған! – Жайлаудың жуан жұдыры түйіліп, жоғар көтерілді. Осы кезде иттің мойынын құшақтап отырған Ербол: – Жолбарыс, айт! – деп оны босатып жіберді. Арсылдаған ит иесінің балтырына жармасты. Иттің өткір тісінен жан даусы шыққан үй иесі.

Зияш Телеуова – Иттің күшігі! Қаныңды ішем! – Үйге жүгіріп кіріп кетті де, қо лы на пистолет алып шықты. Қас қағымда не істерін білмей, сасып, екі ортаға жүгірген Ғалия ның: – Ойбай, өлтірді! – деген жан даусы шықты. Осы кезде қақ падан кірген Нұртас інісін қалқалап тұра қалды. – Тоқта! Атпа! Мылтықты таста! – Нұртастың даусы өктем шықты. – Міне, тағы бір күшігің келді! Бəрібір сенің қаныңды ішем, арамза неме?! – Не дедіңіз?! – Оның жанына атылып барған Нұртас, жа ға сы на жармаса кетті. – Не істейсің, айтқаным айтқан! – Жауыз! Олай деуге қалай ауызың барады?! – Өтірік десең, шешеңнен сұра! Көзі ұясынан шығып, шашы қобырап дірілдеген анасына шамда на қараған Нұртас: – Апа, не есітіп, не көріп тұрмын! Осы екен ғой менен жа сы раты ның? Болды! Бəрі бітті! Ербол, жинал! Кетеміз бұл үйден! Тап қазір кетеміз! Ол екі көзі қанталап, есеңгіреп отырған інісін жерден сүйемелдеп тұрғызды. – Нұртас, кешір мен, сендер үшін... – Біз үшін бұлай жасамауың керек еді.. Ашуға булыққан Нұртас інісімен екеуінің киімін машинаға лақты рып, түн жамылып, өзінің əлі де жөндеуі бітпеген жаңа пə те рі не көшіп тынды. Қара түнге еніп бара жатқан қара джиптің ішіндегі Ер бол дың басында бір-ақ ой ұялады. «Пистолет, өгей əкесінің пистолеті бар екен. Оны қалай қолға түсіруге болады. Əзірге олардың əр қай сысын да коттедждің бір-бір кілті бар. Соны пайдалану керек». Іні сінің бұл ойынан хабарсыз Нұртас түндей түнеріп, артындағы өгей əке сі мен шешесінің хан сарайындай үйіне жиіркене қарап, алыстап бара жатты. * * * Кешкі коорпоративтен көп ішіп қойған күйеуінің үйге келіп қой ған «концертінен» кейін, Ғалия сырт киімін шешпей құлай кетіп, қорылға басқан оған назар аудармастан, балаларының босап қал ған бөлмесіне барды.

Махаббаттың ажалы Байлыққа тоқ көңілінің шырқы бұзылып, безініп кеткен балаларын ойлап, өзін қоярға жер таппады. Өзінің көркіне, кімнің болса да іші-бауырына кіріп алатын ашық-жарқын мінезіне сеніп, əйел адамға ақылдылықтан гөрі, ажарлылық бақыт сыйлайды деген ұста ным ға бек сенетін Ғалия алғаш рет тығырыққа тірелді. Ал ғашқы күйеуіне жастық, албырт сезіммен ұнатып шыққанмен, оның жай ғана мұғалімдіктен əрі аса алмайтын күнкөрісін көңіліне місе тұтпаған. Бара-бара таңдаған адамының өмір бойы басын қа ты рып бала тəрбиелеу үшін ғана жаралған жан екендігін білгенде, кө ңі лі тез суынған. Күнделікті берген сабағынан басқа қақ-сұқпен ісі жоқ, ең болмаса мектеп директоры да бола алмайтын маубастығына көзі жеткен соң, төрт жасар Нұртасын жетектеп ажырасып тынды. Одан соңғы қызмет бабында кездескен ашынасы Бекболға шынымен ғашық болып, барлық сəн-салтанатын тек қана соған ар на ға ны мен, шынтуайтқа келгенде, бұл үшін бала-шағасын тас та май тын ды ғын сезген күннен бастап, одан да суынып, қалталы бизнесмен табуды армандаған. Тек бір өкініші, Бекболдан бойына біткен балаға тү сік жасау уақыты өтіп кеткендіктен, амалсыз дүниеге əкелуге мəж бүр болды. Дегенмен, жүрген жерін ойын-сауық етіп, жарқылдап, жайнап жүретін Ғалия көп ұзамай құрылыс компаниясының президенті Жайлауды кездестірді. Жайлау жүзіктің көзінен өткендей жас келіншекті көргенде, бір ден аңсары ауып, кабинетіне кіргенде, көзімен ішіп-жеп, оның құ лын мүшесін көргенде, жұтқыншағы бүлкілдеп, жұтынып-ақ қал ды. Өзінің бір көргеннен қызыққанын білдіргісі келмей: – Отырыңыз. Бұрын қай жерде қызмет істедіңіз? Отбасы жағда йы ңыз?.. – деп қолындағы түйіндемеге үңілді. – Екі балаң бар. Кү йе уің жоқ па? – Жоқ, дəм-тұзымыз жараспады. – Келіншек қою кірпігін жыпы лық та тып, төмен қарады. – Қазіргі программаларды білесің бе? – Білемін. Мен үйде отырып жұмыс істедім. Кəсіпкерлердің бизнес жоспарларын, отчеттарын үйден істеп беремін. Қазір де жасап жүрмін. Əйтпесе, екі баламды кім асырайды. Екі беті албырап, қыр мұрнының үсті сəл тершіп, соңғы сəнмен қиылған шашын жіңіш ке саусақтарымен кейін жинаған жас əйелді басынан аяғына де йін шолып шыққан Жайлау: – Жақсы. Бірақ бізде құрылыс компаниясы. Балаға қарайтын уа қы тың болмайды. Уақытпен санаспайсың, – деді. – Менің сіңілім бар. Балаларға көбіне сол қарайды.

Зияш Телеуова – Жарайды. Отдел кадрға барып, мынаны беріңіз. Қалғанын өзде рі біледі. – Компания президенті оның түйіндемесінің шекесіне бұ рыш та ма жазып, қолына берді. – Рақмет. – Ғалия жымия қоштасып, есіктен шықты. Алғаш көргенен құмарлық сезімін оятқан келіншектің қы лықты лы ғы ның қыры неде екенін түсінгісі келгендей компания қо жайы ны оңашада ойланып қалды. Неге екенін белгісіз оны тағы көргі сі, еркелеп сөйлейтін əдемі үнін тағы бір естігісі келді. Сонымен арада бір ай өтпей жатып, құрылыс компаниясының бастығы мен Ғалияның арасында махаббат хикаясы басталды. Ға лия оның неден, қалай басталғанын да білмейді. Жайын ауыз, жал пақ бет бастығын өліп-өшіп сүйген сезімді басынан кешірмесе де, осындай үлкен компанияның қожайынының қанатының астына нақ сү йе рі болып енсе, бағының жанатынын сезген ол, оның кө ңі лін қалдырмауға тырысты. Қылықты келіншекті құлай сүй ген Жайлау көп ұзамай əйелінен айырылып, үйленейік деп қыл қуыр дай қадалды. Бір жағынан жиырма жыл тұрған əйелінен бала сүй ме ген соң, бала туып отырған келіншектен нəресте сүюді армандады. Ұнатқан əйелі, бала туып беретін болса, ол барлық жи ған-тер ге нін оның жолына шашуға дайын еді. Алғашқы кезде оның екі ба ла сы ның барлығы да қаперіне кіріп шықпады. Бірақ жүре келе Ға лия ның бірінші баласының некелі күйеуінен туғанын, екін ші сін жолдан туып алғанын білгенде, көңілін қызғаныштың қызыл оты жайлап, əйеліне деген бұрынғы ыстық сезімі суиын деді. Ғалия экономист есебінде, баға жетпес маман болып, есеп-қиса бын келістіре бастаған соң ғана бəріне көндіккен. Бірақ кіші баланы көрсе, қара жыны қаптайды. Біреу оның маңдайынан соғып, «қал таң да ақшаң сыймай жүріп, осындай салдақыны алдың» деп табалап тұрғандай, не болса соны сылтау етіп, жоқ жерден ұрыс шы ға рады. Бүгінгі соның ең асқынған көрінісі. Қымбат машина, неше түрлі шетелдік жаһаз, құндыз ішіктің түр-түрін киіп, қолына гауһар тасты сақинадан бастап неше түрлі асыл тастарды қалдырмай салып, шалқып жүруге үйренген əйел балаларының анау-мынау «ер ке лі гін» баршылықтың буы деп есептеп келген. Оның бір-ақ қай ғы сы бар болатын. Ол қолын жылы суға малған күйеуінің арманын орындап, оған бір бала туып бере алмағандығы. Бірақ ол өзі нің кінəсі емес екенін де білетін. Біле тұрып, күйеуінің бетіне басып айтуға батылы жетпейтін. Əрі-беріден соң өзі де сезетін бо-

Махаббаттың ажалы лар деп ойлайтын. Əбден жəбірі асып кеткен соң, бүгін бар шындық ты ақтарып салды. Шындығында, Жайлау бедеу болып шықты. Екеуі дəрігерге көрінгенде, тіпті, қазіргі сурагаттық əдіс те кө мек тес пей ді, оның ұрығы жарамсыз деген байлам айтқан соң, Ға лия ол əңгімені жабулы қазан күйінде дегендей, қозғаусыз қалдыр ды. «Өлетін бала отпен ойнайды» дегендей, бүгін балаларын да, өзін де сөгіп, сай-сүйегін сырқыратқан соң, ішіндегісін ақтарып салды. Осы уақытқа дейін ақылына сүйенбей, ажарына сүйеніп келген əйел балаларының орнын сипап қалғанда ғана есін жиды. Таразы басына байлыққа қызығып басын байлаған күйеуі мен одан зор лық-зомбылық көріп, үйден безе қашқан балалары түсті. Əсі ресе, соңғы кезде үй иесінің мінезі өзгеріп, Ғалияға айтпайтын сөзі қал май тын... Қараңғы бөлменің ішінде қақшиып, ойы онға, санасы санға бөлін ген əйел ішін ит жалағандай, өзін дода-додасы шығып далада қалған қуыршақтай сезінді. Ендігі қалған өмірін осылай қу тізесін құ шақ тап, араққа тойып алған күйеуінің боқтық сөзін есітіп өт кізе тін ді гі не көзі жеткенде ғана, ұлдарының алдындағы кінəсін се зініп, ендігі мағынасыз өмірінің мəнін жиһаз толы үйдің бұрыш-бұры шы нан іздегендей, мелшиіп таң атқанша кірпік қақпады.

* * * Ерболдың ойынан өгей əкесінің пистолеті кетпей қойды. Қалта сын да ғы коттедждің кілтін қолымен сипалады. Кешке қарай сол үйге телефон соқты. Ешкім жауап бермеді. Демек, аналар қо нақ та. Осы сəтті пайдалану керек. Ол тез киініп, көшеге шығып такси ұс та ды. Коттеджге таяп келіп, ат шаптырым қоршалған дуал дың сыртында тұрып, тың тыңдады. Сырттан аяқ дыбысын естіген ит абалады. Бір шумақ кілттен қақпаның кілтін тауып алып ашқан жі гіт «Жолбарыс, жат!» деп жекіді. Ит тынышталып, қыңсылай бастады. Коттеджде жарық жоқ. Қол фонарымен бөлмелерді мұқият қарап шыққан ол «егер питолетті сейфке салса, онда ала алмаймын» деген күдікпен кереуеттің оң жағындағы тартпаны ашып қал ған да, пистолетті көріп, демін ішіне тартты. «Ашық ауыз, өзіңе осы керек...» Қолы қалтырап, суық қаруды жалма-жан қой ны на тықты. «Маған көздеген оғыңмен, өзіңнің үніңді өшір ме сем, Ербол атым құрысын!». Ол сыртқы есікке жақындай бергенде, таяп қал ған машинаның үні естілді. Коттедждің сыртқы есі гі не аме ри-

Зияш Телеуова
кан дық құлып салынғандықтан, өзінен-өзі жабылып, жағ да йын
же ңіл дет ті. Ербол жанұшырып иттің үйшігі жанындағы қақпаның
артына бой тасалады. Сəтін салғанда, ит үрмеді. Жайлау мен Ғалия

үйге кірген сəтте, ашық қалған қақпадан зып етіп далаға шыққан
жі гіт алды-артына қарамай зыта жөнелді.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

ПИСТОЛЕТ Қала жұртшылығы дүрлігуде. Жас сұлудың саябақта атылуын, одан арада бір жеті өткенде, олигархтың баласының үйінде асылып өлуін, əркім əр түрлі саққа жүгіртуде. Бірінші күні Нұр тас ты қамап тастап, үш тəуліктен кейін босатқан соң, Ғалияның жү ре гі орнына түскен. Бірақ «Екеуін бірдей кім өлтіруі мүмкін?!» деген сұрақ жатса да, тұрса да көкірегін кеулеп, маза берер емес. Ана қал та лы мырза Ғалым полицияның есігін тоздырып, баласы мен ке лі ні нің өлімін Нұртасқа жауып қояр емес. Оны қайтадан қа мау ға алуды талап етуде. Тергеу бастығы қылмысының дə лел ден бе ге нін айтып, уақыт создыруда. Бірақ нағыз қылмыс жасаған адам табылмаса, күдік Нұртастың мойнынан түспейтіні анық. Таңертеңгісін киініп, сыртқа шығып бара жатқан Ғалия қалт тоқ та ды. Оның ойына Жайлаудың пистолеті түсті. Бір көргенде тартпасында жатқан. Ол жалма-жан тартпаны ашып қалды. Қару ұшты-күйлі жоқ. Тұла бойы дірілдеп, жүрегі дүрсілдеп аузына тығы лып, сейфті ашты. Онда да жоқ. «Ой, сұмдық-ай, енді қайт тім! Оны тек Нұртас пен Ерболдың бірі алуы мүмкін. Шынымен, аналар дың ажалына жеткен Нұртас болса ше?!» Екі тізесі дірілдеп, орнынан қозғала алмай қалған əйел сырттан машинаның сигналын естіп, асып-сасып далаға жүгірді. – Неменеге шығып болмайсың? Соншама сыланып-сипанатындай тойға барамысың?! – Ауырып тұрмын. Жүрегім қатты шаншып кетті. Балалары бө лек кеткелі көңіл хошы болмай жүрген əйелінің сөзіне Жайлау сенді. Сұп-сұр боп кеткен өңіне қарап: – Мүмкін ауруханаға барарсың? – деді. – Сен жұмысыңнан қалма, мен өз машинамды шығарып, дə рігер ге барып көрінейін. – Ғалия жүрегін ұстады. – Жіберген сияқты. Бі рақ кардиограммаға түсейін.

Махаббаттың ажалы – Менде бүгін жиналыс. Онда ақырындап, өзің барып, тексеріл. Күйеуінен оңай құтылғанына қуанған əйел, өз машинасын ауладан шығарды. Сосын аздап тыныстап, Нұртастың нөмірін терді. – Жұмыстамасың! Кілтіңді беремісің, сендерге жататын тахта əке ліп тастайын. Қазір қолым бос. Жайлау жиналыста. – Болады. Əйтпесе жерге жатып жүрміз. Ас үйге де бірдеңелер керек. – Онда кілтіңді бер. Офисіңнің жанында күтемін. – Өзім көмектесейін. – Жұмысыңнан қалма! Дүкеннің жұмысшылары тасып, құ рып береді ғой. – Баласының қанен-қаперсіз салмақты жүзі Ға лия ны ты ныш тан дыр ға ны мен, үйінен пистолеттің жоғалуы, оның жанын жай тапқызбады. – Апа, өңің бұзылып кетіпті. Ауырып тұрған жоқпысың?! – Жоқ. Жайлау екеуіміз ұрысып қалдық. – Тағы да ма?! – Үйреншікті əдет... Жиһаз дүкеніне барып, тахта, үстел мен үш орындыққа ақша тө леп, мекен-жайды айтып кеткен Ғалия ұлдарының үйіне жеткенше асықты. Екі бөлмелі пəтерге кіріп, барлық тесіктерді қа рап шық қан Ғалияның көзі жатын бөлменің батериясының ар тынд ағ ы ораулы затқа түскенде, сілейіп қалды. Екі-үш аттап барып, орал ған қа ғаз ды ашып жібергенде, ішінде пистолет жатты. «Сұм дық, құры дық! Демек, бұл өлімге Нұртастың қатысы бар! Мына айғақты құрт па са, бейшара бала, түрмеде шіриді! Кету керек, тез арада мына ның көзін құрту керек! Бірақ қайда?! Суға лақ ты ру керек!» Əйел қол сөмкесіне қаруды салып алып, дедектеп далаға шықты. Сол арада «Жайлау пистолетім қайда десе, не айтам. Ол бірден балалардан көріп, полицияға хабарлайды» деген суық ой сумаң етті. «Онан да орнына... орнына..., жақсылап тазартып, орнына қою керек...». «Жайлау жоқта орнынан қойып үлгеру керек» Осы кезде ұялы телефоны ызылдады. Ол сөндіріп тастады. Қол-аяғы дірілдеп кө лі гін əрең меңгерген əйел үйінің есігін ашып, жатын бөлмедегі сейфке пистолетті қойды. Одан соң қолына қай та алып, спирт баты рыл ған орамалмен жақсылап сүртті. Қолы дір-дір, бет аузы жыбыр-жыбыр ететіндей, алақанымен маң да йы нан моншақтаған терін сүртті. Сосын барып есік алдына шы ғып, ұялы телефонының қақ па ғын ашып қарады. Жұмысшылар екен.

Зияш Телеуова

– Қазір келе жатырмын. Күте тұрыңдар.

Тағы телефон. Бұл Жайлау.

– Ғалия қалайсың?!

– Жақсы. Магнитті күн дейді. Қан қысымым жоғары. Дəрі іш-

тім. Үйге барып жатам.

– Мен түскі асқа келмеймін. Бір адамдармен ресторанда та мақ-

та на мыз.
Ғалия өзінің оңашада есін жиып алатынына қуанды.

– Жақсы. Маған алаңдама. Түстен кейін жұмысқа шығамын.

– Əуре болма, бүгін жатып, дем ал!

Балаларының үйіне жиһаздарын түсірткен соң, есігін жа уып,
Нұртасқа кілтін қайырды.
Анасының боп-боз өңіне көз тіккен Нұртас:

– Апа, сен шынымен науқастанып жүрсің ғой деймін. Дə рі гер ге

барып көрінсеңші, – деді.

– Бүгін магнитті күн дейді. Үйге барып дем аламын. Ана ме бел-

де рің ді өздерің қойып аларсыңдар.

– Көп-көп рақмет. Айлық алған соң сатып алармын деп жүргем.

– Ербол қалай?!

– Жаман емес.

Үйіне келген Ғалия пистолетті алып, тағы сүртті. Оқ шан тай да-
ғы патрондар түгел орнында екен. Əйелдің көңілі орнына түс кен-
дей, жұмсақ диванға жантайып, қорқынышты ойлардан сəл сер гіп,
мызғып кетті.

* * *
Ішкі істер бөлімінен шыққан тергеуші қыздар жүргізушіге ад-
ресті айтты.

– Майра, шеф шынымен отставкаға кетсе, не болады?! – Лари-

са қол сөмкесінен айнасын алып, шашын түзеді.

– Ойлаудың өзі қорқынышты. Ондай бастықты сосын тауып

көр. Мына істі қалайда ашуға тырысу керек.

– Онсыз да аянып жатқан жоқпыз. Тупик, вот и все!

– Куəлер көмектеспейді. Маған салса, саябақта болғандарды

қыл мыс ты жасырғаны үшін жауапқа тартар едім.

– Заңда ол бап қаралған. Бірақ əр адамның рахымшылық се зі мі

болмаған соң не істейсің?!
Жаңа мөлтек ауданның шет жағына сəндеп салынған кот тедж дің
сыртқы көрінісін тамашалаған қыздар есік алдында біраз аялдады.

Махаббаттың ажалы – Мынадай коттеджді салуға қанша ақша керек?! – Бұлар коммерсанттар! Біз екеумізге мұндай үй қайда?! – Мұндай сарай түгілі екі бөлмелі пəтер алсам, жүрегім жарылып, қуанар едім. Соған қол жеткізу қиын болып тұрған жоқ па? Лариса домофон тетігін басты. – Бұл кім? – деді іштен. – Прокуратурадан, тергеушілерміз. Ғалия Өсербаевамен сөй лесуі міз керек. Аздаған үнсіздіктен кейін есік ашылды. Орта жастағы қара торы əйел: – Кіріңіздер, Ғалия ханым ауырыңқырап отыр. Залға өтіңіз, – деді. Ат шаптырым залдағы көз тартатын жиһаздар ортадағы үл кен дөңгелек үстел мен тап сол тəріздес орындықтардың сəнділігі бірінен-бірі өтеді. Прокуратура дегеннен жүрегі зырқ еткен Ға лия ның ойына бірден пистолет түсті. Өңі бозарып, қабағы қатқыл тартып отырған ол қонақтарын ізетпен қарсы алды. – Отырыңыздар, – деп жұмсақ креслоны көрсетті. – Сырқаттанып отырғаныңызды естідік. Дегенмен біздің тапсырмамыз тығыз болғандықтан, сізбен тілдесіп кетуге тиіс піз. – Майра алдындағы ауқымды үстелдің бір шетіне қағаздарын жа йып қойды. – Түсінемін. – Ғалия Өсербаевна, сіз бар сырды жасырмай айтатын бол саңыз, өзіңіздің де, біздің де уақытымызды алмайсыз. Айтыңызшы, ба ла ңыз бен өлген қыздың қосылуына неге қарсы болдыңыз? Сұрақтың өзі күткендей болмағанына шүкіршілік еткен Ға лия, үй күтушісіне: – Қонақтарға кофе əкел? – деп бұйырды да, маңдайына түс кен шашын кейін ысырып, атлас халатының етегін жымқырып жайланып отырды. Сəл тамағын қырынып, баптап сөйледі. – Мен баламның өзімен бір институтта оқитын сұлу қызға ғашық болып, екеуі уəде байласып жүргенін бұрынан білетінмін. Одан арғысы мені көп ойландырмады. Нақты үйленем деп жат паған соң, уақытында көрерміз деп, ол қыз қай жақтікі, əке-ше шесі кім деген сауалдарды қоймадым. Екеуі де оқу бітірді. Бір күні қыз ды шешесімен бірге офисте көрдім де, төбемнен жай түс кендей күйге түстім. Несін жасырайын, сіздер қызметте жүргенмен, заты əйел адамдарсыңдар ғой. Алғашқы күйеуіммен дəм-тұзым жараспай, айырылдым. Ал балам сүйген қыздың əкесі бір кездегі

Зияш Телеуова қыз мет те сім жəне көңілдесім болған еді. Жеме-жемге келгенде, ол бала-шағасын қимаған соң, арақатынасымыз үзілді. Бірақ бір-бірі міз ді қатты ұнаттық, одан айырылысқанда, ішімде үш айлық нəрес тем болатын. Яғни, Нұртастың сүйген қызы – Таңгүлінің інісі. Қыс қа сы, сол себепті бұл некеге үзілді-кесілді қарсы шықтым. Менің ше, қыздың шешесі де осындай шешім айтты. Бар сыр – осы. Одан кейінгі жағдайды өздеріңіз білесіздер. – Сонда Нұртас пен Таңгүлі бірге туған бауырлар ма? – Лариса көзін жыпылықтатты. – Жоқ. Екінші балам Ербол мен Таңгүлінің əкесі бір. – Қызды атқан Нұртас емес делік, сонда кім деп ойлайсыз? – Нұртас емес. Бірақ білсем, əлдеқашан сіздерге көмектесер едім. Менің бір-ақ білетінім, баламның қолынан мұндай іс келмей ді. Себебі ол қызды қатты сүйетін. Ол өлтірмек түгілі, ол үшін өмірін қиюға даяр болатын. – Ғалия ауыр күрсінді.. – Мүмкін, өте жақсы көрген соң да, басқа біреуге қимаған шығар. – Бəрібір ол мұндайға бармайды. Оған сенімдімін.. – Балаларыңыз қазір қайда? – Олар бөлек шығып кетті. – Неге? – Тумаған əкелерімен келісе алмады. Соңғы кезде Жай лау дың мінезі өзгерді. Ішімдік ішсе, үйге тиісетін əдет шығарды. Ер жеткен балалар оған көне ме? – Кіші балаңыз не істейді? – Институтта оқиды. Қазір ағасымен екеуі бірге тұрады. – Олардың адресін айта аласыз ба? – Əрине. Тергеуші қыздар өздерінің естіген соңғы жаңалықтарын бас тықта ры на жеткізуге асықты. «Бірақ бұл не береді?» деп ойлады жолда келе жатып Лариса, бұл қыз бен жігіттің неге қосыла ал ма ған ды ғының себебі ғана. Қызға оқ атқан қылмыскер бəрібір белгісіз. ОН БІРІНШІ ТАРАУ

ƏЙЕЛ СЫРЫ Қаладан қонақ шақырғалы Шолпанда маза жоқ. Ол қонақ күтпе ге лі қашан. Іштей алдағы сенбіге дейін неше күн қалғанын санап қояды. Бар болғаны бес жыл күйеуімен отасып, содан бері жал-

Махаббаттың ажалы ғыз дық тың зарын тартып келе жатқан əйелдің жанға ашпаған сыры ның бірі – Райсты алғаш көргеннен бері өзі тұншықтырып таста ған, əйелдік сезімінің бас көтеруі. Алғашқы кездері лауазымды адам ның өзіне назар аударуы екі талай нəрсе екендігін ойлап, оны ой ла мау ға тырысатын. Бірақ екі баласы да қалаға кетіп, төрт бөлме лі үйде жалғыз қалғанда, елегізіп, дүниеде жалғыздықтан ауыр нəр се жоғын басынан өткерді. Бара-бара оғанда еті өліп, мектептен шаршап келіп, басы жастыққа тигенде, ұйықтап кететін. Бірақ арасында қан қысымы көтерілетіндіктен, биылғы оқу жылы жақын жер де гі ауылдан қатынап оқитын оқушы қызды үйіне жатқызды. Екеуі шүйіркелесіп тамақ пісіріп, ананы-мынаны айтып, тіпті, адам болып қалды. «Япыр-ай, бұрын неғып ойыма келмеген. жалғыз дық бір Құдайға жарасыпты» деген рас екен-ау, деп мəз болды. Оқушысы елгезек, үй жұмысына епті, қолы тигенде бірді-екілі мал ға да қарап тастайтын пысық, тəрбиелі қыз. Тіпті, ол келгелі Шол пан ның қан қысымы дұрысталды. Бұрын үнемі қорқып, адам жоқ та көтеріліп кетсе қайтем деген үреймен де, өзінің жағдайын нашарлатып алғанын енді білді. Алдағы келетін қонағын ойласа, əлденеге қобалжиды. Бір көрген нен көзіне жылы ұшырап, бұған ерекше ілтипатпен қараған Райс ойынан бір шықпайды. Құдай-ау, осы жасқа келгенде, шынымен ғашық болып қалдым ба, балаларым ер жетіп, немере сүйем бе деп үміттеніп жүргенде, желіккенім не жетіскенім деп бір ауық өзі не-өзі тоқтам салады. Бірақ сондай азаматпен бас қоссам, балаларыма да, өзіме де қамқор болар еді деген үміті жоқ емес. Заман мынау, кімнің қолында билік бар, кімнің қалтасында ақша бар, сол сөй леп тұрған шақ. Əлі қайда, оларға жұмыс керек, жақсы тұрмыс керек. Жалғыз басты жесір əйелдің қолынан не келе қойсын. Айдары ана жылы шатылғанда, Райс болмағанда оның күнінің не болатынын бір Құдай білсін. Қосақ арасында бос кетіп, сотталып ке те тін бе еді. Шолпан жұмсақ диванда отырып, қозғалақтап жанжа ғы на қарады. Сара өз бөлмесінде сабағын оқып отыр. «Мына бала болмағанда, биыл үйге де қарай алатын түрім жоқ. Ерте кетіп кеш келемін. Мұғалімдерді де басқару оңай еместігін, директор болып тағайындалғалы сезіне бастады. Кейде солардың қылығына ашуланам деп қан қысымы көтеріледі. Ондайда «өле алмай жүрмін бе, əуелде неге бас тартпадым. Сабағымды беріп жөніме жүретін кісі екенмін» деп өкінеді. «Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» дегендей, мұның өмірден көрген құқай-сұқайында олардың ісі жоқ. Бір де-

Зияш Телеуова ңе деп сынаса, бастық болып, бармағын батырып жатқандай, бұртиып шыға келеді. Педагог ретінде əр баланың жанына үңіліп, олар дың психиологиясын терең зерттеуге ұмтылыс жасап, шын бе рі ліп жұмыс істеп жүргендер шамалы, сабақ беріп болысымен əр қай сы сы əр түрлі сылтау айтып мектептен тайып тұрады. Шолпан мұғалімдерді жинап алып: – Сендер бірінші орынға ұстаздық парыздарыңды қойыңдар. Бі ре уің үйде бала-шағам бар дейсіңдер, біреуің күйеуім ерте кел деп айтты, біреуің малыма шөп салатын едім деп, мектептен қашу ға дайын тұрасыңдар! Біздің əрқайсымыз өмірі бітпейтін шаруамызды күйттеп, балаға білім беруді тек қана ақша табу көзі деп қа рай тын болсақ, онда ұстаз емеспіз. Ұятымызды ысырып қойған адамдармыз, – деп ұрысты... Сосын сабаққа келгенде бастарынан орамалдарын тастамай, онысын əдептілікке, имандылыққа балайтын əйел мұғалімдерге қалыңдар, – деп ишара жасады да: – Үйлеріңде шаштарыңды бастырып, орамал тарт қан да рың ды түсінемін. Бірақ сабаққа бас киімсіз кірулеріңізді сұ рай мын. Бұл сіздердің балаларды білім нəріне сусындатудағы мə де ниет ті лік тері ңіз, білімді маман ретіндегі киіне білу сипаттарыңыз болуы керек, – деді. – Орамалға бірнеше жылдан бері өзіміз де, оқушыларымыз да үй ре ніп қалды. Директор шеш деп айтты дейміз бе? – Мен сіздерге шеш деп бұйырып отырған жоқпын. Мектеп – білім беру ордасы. Мұнда тамақ істемейсіңдер, малға қа ра май сыңдар, қонаққа немесе садақаға бармайсыңдар. Бұл шəкірттерге білім беретін қасиетті мекен. Сіздердің қызмет орындарыңыз. Сіз дер балаларға білім берумен қатар əдемі киінуді, əдемі сөйлеуді, кез келген ортада өздерін ұстауды үйретіп, эстетикалық талғамын қалып тас ты ра тын үлгісіздер. Үш-төрт мұғалім директордың сөзін тыңдап отырып, келістік дегендей, ыңғай танытты. – Дұрыс қой. Бұрын бізге мұндай ескерту жасаған ешкім жоқ. Мектепке үстімізге ілінгенді киіп келе бердік. Бұған шамданатын ешнəрсе жоқ. Алдағы уақытта айтқаныңызды ескереміз. Шолпан жалғыз отырып, мұғалімдердің сөзін есіне алды. Сосын жымиды. Адам қызық, тез иланғыш, тез сенгіш, тез елікте гіш. Бұдан жиырма шақты жыл бұрын бастарыңа орамал тарт десе, оны надандық деп түсінетіндер, енді керек жерде де, керек емес жерде де, орамалдан айырылмайды. Үй шаруасындағы əйел болса бір сəрі, балаларға білім беріп жүрген жоғары білімді

Махаббаттың ажалы
педагогтар мектепке қалай болса солай келе салуға дағдыланып
барады.
Оның ойы тағы да қонақтарына келіп тірелді. Терезеден көр ші

үйдің сылауы түскен жарын, төбесіндегі əлдеқашан тозығы жеткен
шұрқ тесік шиферін көріп, келген қонақтардан ұят болатын бол-
ды-ау деп ойлады. Өзінің үйінің түрі де оңып тұрмаған. Көп тен
жөндеу көрмеген. Қысқа жіп күрмеуге келмейді. Ауыл мұ ға лі мі-

нің үйі бизнесменнің коттеджі емес екенін ескеретін болар. Баласы
мен келіні жұма күні келіп дайындықты өздері жасамақшы. Шол-
пан жас кезінде тəуір хозяйка болатын. Содан кейін бар уа қы тын
мектепте өткізетіндіктен, бұрынғы білетіндерінің бəрін ұмы тып,

қолы шығып кетті. Ал егер, қайтадан хозяйка болатын күн туа
қалса, не істер екен? Кім білсін? Шолпан бірнеше жылға со зыл-
ған бір сарынды өмірден запы болғанын жиі сезінетін. Шынында
да, бəрін тастап, қалаға барып, жайлы пəтерде, қолын жылы суға

малып неге отырмасқа?!

– Апай, төсегіңізді салып қойдым.

– Ой, айналып кетейін, сен болмасаң не істер едім. Сабағыңды

оқыдың ба?!

– Оқыдым.

– Жақсы, онда жатып дем ал! Мен далаға шығып, таза ауада

жү ріп келейін.

– Дала салқын. Тоңып қалмаңыз.

Шағын ауылдың көшелері құлаққа ұрған танадай тым-тырыс.
Əр жерден үрген иттің, анда-санда былай-былай өткен ма ши на ның
салдыры естіледі. Тымырсық тіршіліктің тылсым салмағы мұ ның
ғана емес, əр үйдің еңсесін түсіріп, қоңырқай тұрмыстарын паш

еткендей, кейбір үйдің мұржасынан түтін сыздықтап шықса, кей-
біреулері дымсыз сораяды.
Шолпан бұрынғы кеңшардан қалғандардың күнкөрісінің қан-
дай екенін мектепке баратын балалардан біледі. Институтта оқып

жүр ген де тұрмысты қарын билейді деген теорияны оқыған, ол уа-
қыт та оның іс жүзіндегі сиқының қандай болатынындығын білме-
гендіктен бе, тереңнен ойлап, бас қатырмаған.
Күздің қоңырқай кешін жамылып тұрған үйлердің арасын ара-

лап келе жатқан мектеп директоры осы тұрғындардың ырабайда
біреуінің ғана жұмысы барлығын ойлады. Өзінің үлкен баласы
армиядан келген соң, бір жылға жуық жұмыс таба алмай, ақы ры
танысы жоқ, тамыры жоқ қалаға қаңғырып кеткен-ді. Ол жақта та-

лайына Мырза мен Райстай жақсы адамдар кездеспегенде, күн нің

Зияш Телеуова не болатындығын кім білсін? Тіпті, түрмеде шіри ме? Əр ауылда ең болмағанда, төрт түлік мал өсіретін ферма ашылса, ата-бабасы малмен күн көрген қазақтың жағдайы жақсарар ма еді? Кім білсін... Шеткі үйдің жанынан өте бергенде ішінен шаңқ-шұңқ еткен да уыс тар естілді. «Бұл үйде қай бала тұратын еді?» деп ойлады Шолпан. Ə, ана үнемі салдыр-салақ жүретін таңқы мұрын қара бала екен ғой. Сірə, əке-шешесі ішетін болды-ау. Үй жақтан түр лі боқ тық сөздер борады. Үйдің жанындағы ағаштар күздің сал қы ны ұрып, сидиып қалған. Төбеден бір топ құс тізбектеле ұшып, оңтүс тік ке қарай бет алып барады. «Жарықтық жылы жаққа бет алды-ау, енді күн салқындайды. Биыл мектептің жылу жүйесі қалай болар екен?» Аяғы кедір-бұдыр жерге сүрініп кеткен ол, күн жауса бал шық тан жүргізбейтін ауыл-арасы жолының азабын есіне алды. Осы мен неге уайымға салына беремін. Осы ауылдан бір күн бір жақ қа кетсем, қайтып көргенше асығатыным қайда? Əлде шынымен, қалаға кеткім келіп жүр ме? Өз үйінің ауласына келіп, оны-мұны шұқылаған əйелдің қолы ешнəрсеге батпады. Адам бір қазықты мың айналып, күнделікті ісін қайталай беретін болса, мезі болатыны рас екен. Жиырма жылдан бері құрап-сұрап қиыстырып келе жатқан мал қорасы, тауық күр ке сі оны əбден жалықтырғандай. Соңғы кезде байқап жүр, айқай-шуы жетерлік бала тəрбиесі де ығыр еткен бе, мектепке де амал жоқтықтан барады. Ол өмірінің бұдан гөрі қызықтау, бұдан гөрі жарқындау жақтарын аңсайтын сияқты. Шолпан есігінің ал дында ғы, ағаштары мүжіліп, аяқтары сықырлап шаққа тұрған ұзынша орын дық қа отырды. Мынау орындыққа да бір отыз жыл болды. Осы үйді сатып алғанда, осы арада тұрған. Ал жақсы, үйреншікті өмір ырғағың кенеттен өзгере қалғанда, жаңасына үйреніп кете ала мы сың? Қанша жыл өзімен-өзі болып кеткен ол, енді бі реу дің айт қа ны мен жүріп, айдағанына көне ме? Сұңғыла əйел Райс тың қо нақ қа шақырды дегенді сылтау етіп, осы жолы жай келмейтіндігін де сезетіндей. Бірақ соған өзі дайын ба? Тұла бойы тоңа зы ған ол үйге кіріп, жатын бөлмесіне беттеді. Жұма күні қаладан келетін соңғы автобуспен артынып-тартынып келген баласы мен келіні оған базардағы барды көтеріп келгендей болды. – Азғантай адамға соншама шашылғандарың не? – За-то какие гости, – баласы шешесін құшақтап, – Райс мырза ның жақсылығын қалай қайырам деп жүруші едім. Ең болмаса ша қы рып, қонақ етіп жібергеніміз дұрыс болды.

Махаббаттың ажалы – Қонақ күтуді де ұмытып қалыппын. – Мама, ешбір алаң болмай, жұмысқа кете беріңіз. Дас тар қанды өзіміз əзірлейміз. Тек салатын етіңізді шығарып кетсеңіз! – Əрине, əрине. – Шолпан мұздатқыштан ет шығарып, табаққа салды. – Жібіп тұрсын. Ертеңгісін аса беріңдер. Жылқының еті кемінде екі, екі жарым сағат қайнауы керек. Түнімен үй жинап, салаттарын дайындаған келіні, ертеңгісін де таң атпай тұрып, ас үйде жүрді. Аяғы ауырлай бастаған ке лі нінің ширақтығы ұнаған Шолпан «Осы күнгі келіндер ұйқыдан бас көтермейді. Жалқау» дегенді көп еститіндіктен, іштей шү кір ші лік етіп, аузын ашса жүрегі көрінетін ақкөңіл Дарияның пы сық ты ғы на да дəн риза болды. Бір жағынан баласы да қолқабыс беріп жүгіріп жүр. Үйден көңілі көтеріліп шыққан Шолпан жолда бара жатып, баласы мен келінінің көңілінде титімдей арамдық жоғын ойлап, іштей қысылды. Райс қолқа сала қалған күнде не деп жауап беремін деп қиналды. Мектептен ертерек оралған Шолпан төр үйдің ортасындағы үс тел үстіндегі неше түрлі салаттар мен жұқалап туралған қазы, қар та, тіл, қақталған тауық еті, қуырылған балық, орама етіп пі сіріл ген еттің ортасындағы ағарып тұрған жұмыртқаны көріп, мыналарды қай уақытта жасап үлгерген деп таң қалды. Тағамнан ма йысып тұрған үстелден көзін ала алмаған Шолпан: – Мынаның бəрін қашан дайындап үлгердің? – деп таңданды. – Бірсыпырасын түнде дайындап, тоңазытқышқа салып қойғанмын. Ертеңнен бері Сара көмектесті. Қолының ебі бар екен. Са баққа түстен кейін баратын оқушысына қараған Шолпан, оның алдын май дақтарымен бүлдіріп алған көйлегіне көзі түсті. – Алжапқыш байлау керек еді. – Көне көйлек. Ештеңе етпейді. Есесіне неше түрлі салат жасау ды үйрендім. Осы кезде терез алдына келіп тұра қалған қара джиптен тү сіп жатқан қонақтарды көрген Шолпан: – Келді, – деп сасқалақтап, жатын бөлмесіне кіріп кетті. Жү ре гі дүрсілдеп, үсті-басын айнадан шолып өтті. «Мұным не, осын ша жасқа келгенде, жас балаша елпілдеп» деп қысылды. – Апа! – даладан ішке кірген кіші баласының даусы естілді. – Қонақтарды қарсы ал!

Зияш Телеуова

– Иə, қазір, қазір. – Шолпан ішкі бөлмеден шыққанда оның ал-

бы ра ған жүзіне көзі түскен келіні:

– Апа, ауырып тұрған жоқсыз ба? Жүзіңіз қызарып кетіпті? –

деді.

– Жо-ға, көптен қонақ қарсы алмағандықтан, қобалжығаным

ғой. – Базаргүлді алға салған ерлер есік алдына аялдады. Базаргүл
алдынан шығып сəлем салған Дарияға:

– Бақытты бол, қарағым. Менің қолымда өскен қы зым дай сың.

Сəлем салып əуре болмасаң да болады, – деп маңдайынан сүйді.
Алена Базаргүлден айырылмайды. Шолпан кіп-кішкене қыз ды
қызықтап, қолын алып амандасты.

– Мария Ивановнаның немересі ғой.

Хабардың шет жағасын естіген Шолпан, сыртқы есіктен кір ген
Райс пен Мырзаға жоғары шығыңыздар деген ізет жасады.

– Қайырлы болсын. Есітіп жатырмын, – деп Райсқа бұрылды.

– Ең қиыны – немересінің жайы. Əзірге Бəкең бағып жүр.

– Ешқандай қиындығы жоқ, қайта қызды болып қуанып қалдым.

– Ал, қонысың жайлы болсын! Үйің толған той болсын!

– Əумин! Дастарқан да дайын, қолдарыңызды шайып, бірден

отыра беріңіздер. Дария мен Айдар бəрін дайын етіп қойыпты. Ме-
нің де осы сіздердің алдарыңызды кірген бойым.

– Тіфə, тіфə, тіл-аузым тасқа, келініңнің қолы алтын екен. Жай-

на тып қойыпты ғой, – бар тетігі аузында Базаргүл сампылдап жү-
ріп, Аленаның қалың жемпірін шешіп былай қойды.

– Көрдің бе, қаншама тəтті тағам бар. Жүр, қолымызды жуып

келейік. – Қызды жетектеп, жуынатын бөлмеге беттеді.

– Аленаға əжесінің қайтыс болғаны туралы əлі естірткен жоқ-

пыз.
Райс Шолпанға қарап айтты.
Оның жанарында «бұл қызды не істеймін, ақылыңды айт» де-
ген жазу тұрды.

– Жоғары шығыңыздар! Қысылмай кең отырыңыздар. Сіздер-

ден басқа қонақ жоқ, – деп үй иесі күлімсіреді.
Шай ішіп болған соң аулаға шыққан Райс Мырзаға:

– Мырзеке, асықпаңыз. Əлгі миссияңыз туралы айтам. Əлі ерте

сияқты. Мен де үйіме шақырайын. Аралас-құралас болайық. Со-
дан кейін көрерміз.

– Мен де солай ойлап отырғам. «Асыққан шайтанның ісі, асық-

па ған арбамен қоян алады» деген бар. Негізі асықпағаның дұрыс.

– Өткендегі атылған қыз туралы қылмыс ашылды ма?

Махаббаттың ажалы

– Сол менің басымды қатырған оқиғаның бірі болып тұр. Қыз

өл ген де жігіті қасында болған. Жалпы, екеуінің қосылуына қыз-
дың да, жігіттің де ата-аналары үзілді-кесілді қарсы болыпты.
Бі рақ екі жағы да сыр ашпайды. Менің ойымша, бұл отбасылық
трагедия.

– Онда сол отбасылардың жақын таныстарынан, тума-туыста-

рынан сыр тарту керек қой.

– Не дедіңіз?! Бұл менің басыма неге келмеген! Негізі, сізді

көмекші етіп алатын шығармын.

– Өзіңіз отбасылық трагедия деп айтып тұрсыз ғой. Бірақ, қыз

басқа біреуге шығып кетсе, сол күйеу жақты да дұрыстап зерттеу
керек.

– Ол жағын да ескеріп жатырмыз. Тергеушілерімнің тə жі ри бе сі

жетіспейді. Ылғи жастар.

– Қазір солардың заманы болып тұр ғой. Қылмыс жасап жат-

қан дар да жастар. Сондықтан білуі керек.

– Желең шығыпсыздар, тоңып қалмайсыздар ма? – Айдар жан-

дарына келді.

– Əзірге тоңбаған сияқтымыз.

– Мырза аға, үйге кірейік. Тамақ дайын, – жігіт əдеппен қо нақ-

та рын алға жіберді.
Қол жуып дастарқан басына отырғандар қазы мен жаясы шыл-
қы ған семіз жылқының етін көріп, ішпей-жемей тойды.

– Пай, пай, шіркін жылқының еті! Біздің осы тəбетіміз тұр ған-

да, жылқыларымыз құрып кетпесе болар еді, – деп күлді Мырза.
Ал менің есімнен бұрынғының ұрыларының:

– Ет тəттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім, – деген сөзі

кетпейді.

– Қайда барсаң да, ұры мен қылмыстан əрі асып кете ал май -

сың. – Мырза құрдастығын пайдаланып, əзілдеп алды.

– Енді кəсіп болған соң, – деген Райс қызарып, əйелдерге қа-

ра ды. Олар өздерімен өздері екеуара бірнəрсені айтып, бұлардың
қал жы ңын естімеген сыңайлы.
Сүр етке тойып алған соң, уыздай айран əкелінді. Базаргүл бір
жұтқан соң:

– Шолпан, өзің ұйытасың ба? Жібектей екен. Мен қалай ұйыт-

сам да осылай шықпайды, – деді.

– Ой, пəлі бір жаңалық болатын шығар. Базаргүл өзінің қо лы-

нан келмейтін бір нəрсесін өзі мойындады. – Мырза шын ние ті мен
күліп алды. Қызарақтаған Базаргүл:

Зияш Телеуова

– Мен қолымнан келмейтін нəрсені келмейді деймін. Сен ғой

бір нəрсеге ерегіссең, табандап тұрып алатын, – деді.

– Онан да осында бірер күн қалып, айранды мынадай етіп ұйы-

ту дың сырын үйрен!

– Үйренетін ешнəрсесі жоқ. Сіздер сүтті қолдан сатып ала сыз-

дар. Саудагерлер сүтке су қосып сатады. Сондықтан су ара лас қан
сүт тен мынадай айран шықпайды. Ол Базаргүлдің кінəсі емес. –
Шолпан құрбысын аяқ астынан тағылған айыптан арашалады.

– Шынымен де солай шығыр. Бар өнерімді салып-ақ бағам. Бə-

рі бір іріп кетеді. Немесе бетіне су жиналып тұрады.
Əйелінің ашуына тиюді жалғастырған Мырза:

– Ақталма, ақталма, ауылда тұрғанда да мынадай айран ұйыт-

қан жоқсың, – деп, өшіп бара жатқан отқа май құғандай болды.
Ашу лан ғанда əдемі мұрнының ұшы тершіп, екі беті албырап шыға
келетін Баршагүл:

– Бұл еркектерді қойсайшы. Жақсы ат бермейді ғой, – деп ері не

қарап, көзін алартты.

– Ой, Мырзеке, біздің құрдастың тамағының тəттілігін осылай

теп-тез ұмытып кетуің жарамайды. Өзім Базаргүлдей етті баптап
ұстайтын хозяйканы көрген жоқпын, – Райстың шын кө ңі лі мен
айтқаны сонша, дастарқан басындағылар бірден жадырады.
Жүзі албырап, құлағына таққан кіп-кішкене сырғасы неге еке-

нін діріл қағып қозғалған Шолпанға қараған Райс оның тұңғиық
сырға толы жанарымен кездесіп, əлденеге абыржып қалды. «Мүм-
кін осы жолы айтқаным дұрыс болатын ба еді...» Сол бойы Мыр за-
ға қарағанда оның «жүрейік» дегенін ұқты.

– Шолпан, құрметіңізге көп-көп рақмет. Біз жүрейік. Ендігі

кезекте біздің үйде қонақ болып кетесіздер, – деп орынан тұрды.
Əйел дің жанары жалт етіп, басын изеді.
Алдын ала дайындап қойған пакетті Аленаға ұсынып:

– Мынау саған сыйлық, – деп бетінен сүйді.

– Жолдарыңыз болсын. Егер кемшілік болса, айып етпеңіздер.

– Жақсы отырыс болды, – деді Райс Шолпанның қолын қы-

сып, – Тағы да кездесеміз ғой.
Қонақтарын шығарып салған Шолпан оларды қимағандай арт-
та ры нан қарап қалды. Жанынан келген Айдар.

– Апа, қалаға көшкің келіп тұрған жоқ па? – деп сұрады.

– Қазір сіздер де кетесіздер. Жалғыздықтан қажыдым. Өстіп

жүргенде...

Махаббаттың ажалы

– Райс аға, қаладан жұмыс тауып беруге көмектесер, мына үйді

сатып, пəтер алайық.

– Сенің құлап тұрған үйің кімге керек?

Айдар сырты көптен сыланбай, азып кеткен үйге қарады.

– Шынында да, жөндеу керек екен. Жазғы еңбек демалысымда

жөндеймін. Сосын сатып көрелік.

– Көрерміз...

Дария енесінің бір құпиясын сезгендей, анадай жерде тұрып
күлімсіреді.

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

ТАБЫСУ Бекбол қалаға жақын жерден жылқы фермасын ашқалы өзі нің күзетшілер дайындайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестігін кіші баласына беріп, фазендаға біржолата көшіп алды. Сүйікті қы зы ның қазасынан кейін əйелі екеуінің көңіл бөлетін ермегі осы қожалық. Қала сыртына салынған коттедж қаланың у-шуынан аулақ тыныш. Жұрттың түрлі өсек-аяңы мен алыпқашпа əң гі меле рі басылғанша, осы араға қоныс аударғандарына Сəбира да дəн риза. Асыл тұқымды айғыр сатып алып, кəдімгі қазақтың қа за натын өсіруді қолға алған бұрынғы кеңшар директоры Бекбол тыным көр мей ді. Жаңа кəсібіне жан сала кірісті. Банкіден несие алып, Түр кия дан екі асыл тұқымды айғыр сатып алды. Олардың тұратын орны, жем-шөбі ерекше күтімде. Жылқышы жалдаған Бекбол оған сене бермей, көбінесе өзі жүреді. Алыстан сатып алған айғырдың бі рін мініске үйреткен Бекбол оның төрт аяғы теңселген жорға екендігін білгенде, қатты қуанды. – Сəбира, бұдан туатын құлындардың барлығы жорға болады, – деп төбесі көкке жетті. Бекболдың жылқы өсіруге ықыласы ауғаны сонша, қалаға барған сайын жылқы туралы ғылыми кітаптар сатып алып, жылқы өсір ген көнекөз қарияларды іздеп барып ақылдасады. Бірде жылқы ның азығын жан-жақты зерттеген ғалымдардың мынадай тұ жыры мын оқыды. – Жылқы – ажырықты жыл бойы, шиді –қыстан көк тем ге дейін, изенді – жыл бойы, ебелекті күзде жəне қыста, тас бұ йыр ғын ды – күзде жəне қыста, көкпекті – күзден көктемге дейін, май қа ра ны – күзде жəне қыста, бетеге, боз селеуді жыл бойы жей-

Зияш Телеуова ді, – дегендей ғалым жылқының не жейтінін, не жемейтінін түп теп зерттеген екен. – Міне, мына жерде қымыз туралы жазылған, қарашы, амандық болса, жаз шыққан соң қымыз ашытамыз, – деп газетті əйеліне ұсын ды. Қымыз ашытпақ түгелі, оны ащы, жұрт несіне қызғады деп татып алмайтын Сəбира күйеуінің көңілін қалдырмау үшін басылымды қолына алды. Онда биенің алғаш байлағанда ашытатын қы мыз ды – «уыз қымыз», алғаш рет құлындаған қулық биенің сү ті нен ашытылғанды – «қысырақ қымызы» немесе «ту қымыз», қы мыз дың үстіне саумал құйылып келесі күні қорытылатынды «тү не ме қымыз», ашып кеткен қымыздың үстіне үстемелеп сау мал құ йып жуасытқанды «жуас қымыз», сабадағы мол қордың үс ті не күн сайын сүт құя отырып, бірнеше күн жинаған қымызды «қо раба лы қымыз» деп аталатындығы жазылған екен. – Биелер суалатын уақытта сауатын, қымыз ашытатын маман іздемесең. Мен бəрібір келістіре алмаспын, – деді Сəбира газетті ысырып. Жалғыз қызынан айырылған соң, ешнəрсеге қызықпай, көбіне тұнжырап жүретін əйелін немен сергітуді білмеген Бекбол: – Қымыздың емдік қасиеті күшті. Сондықтан қаладан қы мызха на ашып, халықтың сауабына қалу игілікті іс деп білемін, – деп оны қалайда иландырғысы келді. – Бекбол, тергеушілер хабарласқан жоқ па?! – Жоқ. Азаматтың өлімінен кейін тым-тырыс. Олар əйелін атып тастаған соң, өзіне-өзі қол жұмсап, асылып өлді деген пікірге тоқтай тын тəрізді. Істі жауып тастауы да мүмкін. Өздері хабарласамыз деген. Тіпті, бізді ұмытып кеткен шығар. Соғып білу керек еді. – Мм... – Бекбол, мен саған бір сыр айтуым керек. Бұдан əрі шыдай алар емеспін. – Далаға шығуға ыңғайланып, тонын ала берген күйеуі қалт тоқтады. Өзі де Сəбираны мазалайтын бір нəрсе барын көп тен сезетін. – Мен Таңгүлінің алдында кінəлімін. – Не деп отырсың?! – Мен қызымды сүйгеніне қоспай, бақытсыз еттім. Аяғы мынадай болды. – Сəбира, есіңді жи! Өзіңді-өзің қажай бергенмен, өлген адам тірілмейді.

Махаббаттың ажалы – Егер мен өзімшілдігімді жеңіп, қызымның бақытын бай ла маған болсам, бұлай болмас па еді! – Сəбира еңіреп жіберді. – Түсіндіріп айтсаңшы! – Бекбол, оның сүйген жігіт Нұртас – Ғалияның баласы... Мен соны білдім де, сенің бір кездегі көңілдесіңмен құдағи болғым келмей, екеуінің қосылуына үзілді-кесілді қарсы шықтым. Оған қоса, сол үйде сенің балаң бар. – Қайдағы бала?! – Ғалия біздің ауылдан кеткенде аяғы ауыр болатын. Ол сөз жоқ, сенің балаң. Есік алдында қалт тоқтап, ашуланған Бекбол: – Сен осының бəрін қайдан білдің? Көріпкелің бар ма? – деп тіксінді. – Ғалияның офисі мен менің офисім бір ғимаратта. Бір күні Нұр тас оны жұмысқа əкеліп тастады. Мен жігітті бірден таныдым. Қасымдағы əйелден сұрап едім. Ол Ғалияның бірінші кү йе уі нен қалған бала, бұдан басқа да бір баласы бар, – деді. Екінші ба ла ның əкесі сен екеніңді жобаладым. Осыдан соң Таңгүліге бар шын дықты айттым. Бекболдың жүзі күреңітіп, қолындағы қамшысының сабына сүйеніп отыра кетті. – Менің олай істемеуім керек еді. Қызымның бақытына жол ашуым керек еді. Бірақ оған тəуекел ете алмадым. Мен екі ойлы болып жүргенде, түйінді Таңгүлі шешті. Сүйгенін ұмыту үшін, сүй ме ген адамының етегінен ұстады. Бірақ ол өз қателігін кеш түсін ді. Е,сорлы қызым-ай, қайдан білейін бұлай болатынын... – Осының бəрін уақытында неге айтпадың? – Саған айтуға батылым жетпеді. – Енді болар іс болғанда, несін айтасың! – Балалар үйінен бір қыз асырап алайық. Таңгүлінің орнын бассын. Біздің жанымызды жұбатсын. Сол қызыма ұқсас бір қызды мəпелеп өсіргім келеді. – Жарайды... Үйден шыққан Бекболдың не ашуланғаны, не өкінгені бел гі сіз кеудесі дызылдап, не істерін білмей дағдарды. Əттең, кеш... кеш... Уақытында білгенде, мүмкін, бір амалы табылар ма еді? Таң гү лінің тағдыры қайғылы қазамен аяқталмаған болар ма еді. Қы зының мезгілсіз мерт болуының бір себебі – өткен өмірінің өт келде рі мен қиысуы Бекболдың өзегін өкінішпен өртеді. Бейуақытта у ішкендей теңселген əке, шетте тұрған атқа мініп, даланы бетке

Зияш Телеуова алды. Айнала ала қар. Жусанның қылтиған басы көрінетін жерде аттың тізгінін тартқан Бекбол аттан түсіп, қолына іліккен қар аралас топырақты қарпып алып, уыстай құлады. Дүниеде өз пер зенті нің бақытсыздығына өзін кінəлі сезінген əкеден бақытсыз, одан шарасыз жан жоқ шығар! Соқыр болғыр көзім неге көресің, са ңырау болғыр құлағым неге естисің деп өкірді. Еліктің лағындай ерке қызын, тағдырдың тасқалдағынан тайдырмай, қолтығынан де меудің орнына, шыңырауға итеріп шырылдатқан өзі екен ғой... Өзі бір кезде құмығып, құмарын тарқатпақшы болған алдамшы дəу реннің, алдынан ор қазып, оған бауыр еті баласының түсетінін бі ліп пе?! Кешір, жан балам, бір кезде нəпсісін тия алмаған, көр се қы зар əкеңнің күнəсіне сен күйген екенсің ғой!... Бəсе ойымнан кетпей қойған сол бір жат та, салқын көзқарасың мені кінəлау екен ғой. О, қу тағдыр, бір кезде бір-бірін құлай сүйген екі мұңлықтың қыз бен ұлын бір-біріне ғашық еткенің, не мазағың?! Не азабың?! Əлде мені жазалауың ба?! Онда мені, мені неге көрмедің?! Неге мені отқа күйдіріп, суға салмадың?! Неге мені тозақ отына жандырмадың? О, қу тірлік, мөлдір сезімге қол созған балапанымның басына түскен қасіретке өзім себеп болған екенмін ғой! Ешкімге жа зық та рың жоқ, асау арманға қол созған бəйкүнə жастар емес пе едің дер?! Сен дер дің бір-біріңді сүюіңе, сүйікті болуыңа кедергі кел ті ру ге біз дің хақымыз жоқ еді ғой! Жүрегіңнен өліп-өшіп сүйген жанды жұ лып тастаудың қандай қиямет-қайым екенін бір кезде өз басынан кешірген Бекбол бордай үгілді. Ботадай боздады. Өмірге бақыт үшін, сүю үшін, күлу үшін жаралған жалғыз қызының жолына жастық-мастығының жуа болып біткеніне жаны күйді. Өз кеу де сін өзі төбелеп: «Кешір, қозым! Сені алған бетіңнен қайтара алатын ба едім, алмайтын ба едім, кім білсін? Бұл адам баласының кеудесінде өзінен басқаның қайғы-қасіретімен есептескісі келмейтін көрсоқыр сезім бар. Солардың ішіндегі ең сорақысы, ең қа ты гезі – өзінен басқамен санасқысы келмейтін менмендік. Сенің анаң сол сезіммен жекпе-жек келгенде, тым құрығанда құрсағын жарып шық қан баласының бақыты үшін де сол көрсоқыр өзім шілді гін жеңе алмапты. Оның есесіне енді қайғыдан қан жұтуда. Енді мен қоса жерлегенде, жер жебіріне жеткенде, не табам?! Егер адам баласы бір-біріне сəл мейірімдірек болса, сəл кішіпейілдірек болса, өмірде жауыздық атаулыға жол берілмеген болар еді-ау!.. Мен осы кезге дейін білмеген, көрмеген баламның өсіп жатқанын өз əйелімнің аузынан естідім. Осы əділдік пе?! Біз бір-бірімізді сүюді білгенде, сол сезімнің куəсі нəрестемізді мойындауға неге ұя-

Махаббаттың ажалы ла мыз?! Мені өз перзентімнен бас тартады деп кім айтты?! Бəрін де орын-орнына қоюға, бəрін де реттестіруге болатын нəрсені, өзі міз ушықтырып, ақыры орны толмайтын опық жедік. Осыған кім кінəлі?! Қайран, таң шығындай тазалықтың белгісі Таңгүлім, мына күнəкəр əкеңді, өзінен-өзі аса алмаған шешеңді кешір!» Жапан түзде күңіреніп қанша отырғанын өзі де аңғармаған əке беті-жүзін жуған жас мұз болып қатып, тұла бойы əбден то ңа зы ған шақта ғана орнынан тұрды. Жел көтеріліп, айнала ақ түтекке ұласты. Бекбол атын жетектеп, жаяу ілбіді. Көкжиекті қызыл бояуға малып, батыстан соққан ыз ғы рық желдің лебімен домаланып бара жатқан шар сияқты күн ұясына батып барады. «Қызым, сен өмірге жылап келіп, жылап кеттің. Ендігі менің парызым – əкесіз өскен бауырыңды тауып алып, соны бақытты ету. Бұл өмірде адам қолымен жасалған нəрсе нің бəрі адам қолымен түзеледі. Тек кеш болып қалмасын...» деп кү бір ле ді қайғымен қан жұтқан əке. Ашумен кеткен Бекболды уайымдап, өзін қоярға жер таппай жүрген Сəбира қырау-қырау боп есіктен кірген Бекболды көр генде, елпілдеп алдынан шықты.. – Адасып кетті ме деп қорықтым. – Адасып болдық. Енді баламды тауып алуым керек. Уəдем – уəде, балалар үйінен қыз асырап алып, маңдайына шаң тигізбей өсіреміз, – деп тонын шешті. ОН ҮШІНШІ ТАРАУ

АЖАЛ

Жұмыстан кеш келген Нұртас үйден бір жат иіс сезгендей, де-
мін ішіне тартып, жатын бөлменің есігін ашты.

– Ербол!

Ол ес-түссіз жатқан інісін көріп, жалма-жан тамырын ұс та ды.
Дереу жедел жəрдемнің нөмірін теріп, дəрігер шақырды да, үс тел
үстіндегі кішкене бос пакетті көріп, шоршып түсті. Есірткі! Бұл
не?! Өңім бе, түсім бе?! Жетпегені осы еді.

Жалма-жан мұздай суды інісінің басына құйып, көзінің қа ра-
шы ғын айналдырған Нұртас оның аузына да су құя бастады.

– Жұт! Жаның барында жұт, ақымақ! – деп айқайлады.

– Пистолет? Пистолет қайда? – деп сыбырлады інісі.

– Сандырақтама! Қайдағы пистолет?

Зияш Телеуова Осы сəтте екі дəрігер ішке кірді. Жігіттің қолын, тұла бойын тегіс қарап шыққан дəрігерлер: – Егілуден аман. Анашаны көп тартып, содан уланған. Система құйып, тазарту керек. Тездетіп емханаға жеткізейік. Жүрек со ғы сы тым нашар. «Пистолет, пистолет...» деп сандырақтаған інісін жандəрмен күй де ауруханаға жеткізген Нұртас, ол есін жиған соң ғана, анасына хабар салды. Сол бойы Ғалия да жетті. Ұзын коридорда отырған Нұртас: – Есі кіресілі-шығасылы, сандырақтап сөйлейді. Қайдағы пистолет екенін білмеймін «пистолет, пистолет» деп қоймайды, – деді шешесіне. Ғалияның өңі сұп-сұр боп кетті. Баласының өзі тауып алып, орнына қойған пистолетті іздеп жатқанын түсіне қойды. Осы санды ра ғын тергеушілер естісе, сөз жоқ, қыздың өлімін Нұртастан көре ді деген ойдан шошынғаны сонша, тағат тауып отыра алмады. – Енді қашан есін жинайды?! – Білмеймін. Нұртас ұялы телефоны шырылдаған соң, қолына алды. – Саламатсың ба, Нұртас, мен Таңгүлінің папасымын, Ербол қай да? – Таңданған жігіт шешесіне қарап иығын көтерді. – Ол ауырып, ауруханаға əкелдік. – Қай ауруханада? – Жедел жəрдем ауруханасында. – Мен барып шықсам, бола ма? – Қазір жағдайы ауыр. Есін жинағасын болмаса... – Соншалықты қатты науқас па? – Иə, уланған. – Мен оны көруім керек. – Жай ма? – Кездескенде айтамын. Сіздер сондасыздар ма? Ғалия да сонда ма? – Иə. – Жарар көріскенше... Шыдамы таусылған анасы: – Ол кім сонша қадалып қалған? – Таңгүлінің əкесі. Ерболды сұрайды. Оның Ерболға қандай қаты сы бар? – Ғалия бір бозарды, бір қызарды. Ақыры: – Əкесі ғой... – деді.

Махаббаттың ажалы – Əкесі?! – Жігіт ток ұрғандай селк етті. Аздан соң барып есін жиып, басын ұстады. – Осы екен ғой, осында екен ғой бар сыр... Қайран Таңгүлі! Сенің нəзік жаның тосын соққыны көтере алмай, сынған екен ғой! Нұр тас тың бетін жас жуды. Оның жан күйзелісін сезген анасы: – Кешір, балам, мен бұлай болатынын қайдан білейін. Біз де бір-бірімізді қатты ұнатқан едік. Соның куəсі – Ербол, – деп төмен қа рап күбірледі. – Апа, біздің жазығымыз не? Таңгүлі кінəлі ме еді? Неге қа тал шешім жасадыңдар?.. Ол – менің əкем емес, Ерболдың əкесі ғой. – Бізді ойландыратын мұрша бердіңдер ме? Болар іс болды. Ербол есін жиса, мен кіріп шығайын. – Ғалия ішке кіргенде, өңі бо зар ған ұлы көзін ашып, қайда екенін білгісі келгендей, алақтап жат ты. Анасы келіп бетінен сүйді. – Қорқыттың ғой, қалайсың? – Тəуірмін. Маған не болған? – Есірткіден уланғансың. Мұндай əдетті қайдан шығарып жүрсің? Ербол үндемеді. – Ербол, Жайлаудың пистолетін неге алдың? – Керек болған соң... – Сол пистолетті үйден тапса, қыздың өлімін ағаңнан кө ре ті нін білемісің? – Білемін, бірақ кім алғанын білмей басым қатуда. – Оны мен орнынан апарып қойдым. Енді түсіндің бе? Енді пистолетті аузыңа алушы болма! Əйтпесе, ағаңды немесе өзіңді түрме де шірітесің. Қазір əкең келеді. Дайын бол! – Қайдағы əке? – Кəдімгі əкең... Тамақ əкелдім. Мына жерге қояйын. Ғалия палатадан шығып, Нұртастың жанында тұрған Бекболды көргенде, жүзі лап етті. Сымбатты, қыр мұрынды қырғи қа бақ, жігіт ағасын өзінің əлі де сүйетінін сезгенде, бетіне тура қа рай алмай, төменшіктеді. Бекбол бір кездегі бар дүниені ұмыт тыр ған се зі мі нің ұшқынын іздегендей, Ғалияға тесіле қа ра ған мен, арада ғы қилы-қилы кезең сонау бір тəтті сезімнің ешбір жұ қа на ғын қалдырмай ұшырып алып кеткендей. – Ғалия, сау-саламатсың ба? – деді салқын ғана. – Шүкір, кіріп шығасың ба, мен айттым, келетініңді... – Дұрыс болған. Ештен кеш жақсы деген. Шындықты жа сы ру ға болмайды. Балалардың кінəсі жоқ қой...

Зияш Телеуова Нұртас теріс айналды. «Əттең.. Таңгүлі.. неге асығыс шешім жасадың! Əкең қан дай есті адам. Бізді түсінетін еді ғой...» – Жігіт іштей күңіренді. Үстіне жамылған халатын дірілдеген саусағымен көтерген Бекбол ішке кіргенде, Ербол кеудесін тіктеп, жастыққа сүйеніп отырды. Оның көз алды тұманданып, құлағы шыңылдады. «Шыда, Ербол, осы сəт емес пе еді күткенің» деп өзіне дем береді. Есікті жайлап ашып, салмақпен кірген Бекбол өзінің бала кезіндегі бей не сін көргендей, оған сұқтана қарады. «Құдды өзі. Япыр-ау, осындай да ұқсастық бола береді екен-ау. Екеуі бір тамшыдан жа рал ған дай!» Оның не ойлағанын сезгендей, баланың көңілі босады. – Мен сізді көп күттім ғой... Неге... мені жетім еттіңіз?! – Ба лаң жастың кеудесінде сартап болған шері көз жасымен бірге сор ғала ды. – Балам... кешір... мен білмедім ғой... Бекбол құшағын ашып, Ерболды бауырына қысты. Жетім көкірек боп өскен жігіт əкесінің иісіне еміреніп, тас қып құшақтап алды. – Мені енді тастамаймысың? – Əрине, жазылып шыққан соң, қала сыртындағы жылқы фермасына алып кетемін. Сол жақтан біржолата айығасың. – Жылқы фермасы?! Сіздікі ме? – Иə. – Тамаша! Мен жылқыны жақсы көремін. – Атаң жылқышы болған. Бұл тұқым қуалайтын қасиет. Көзін жыпылықтатқан Ерболдың аузына сөз түспеді. Мұн дай да болады екен-ау, бақытсыздық болмаса, бақытқа тап бо л ма ған болар едің дегеннің де жаны бар ма?! Өмірден түңіліп жүр ген жі гіттің көңілін шуақ жайлап, бар дүние əп-сəтте құлпырып, жан-жағы жайнап кеткендей, атып тұрып, жүгіре жөнелгісі келді. Іле ішке енген Нұртас: – Құттықтаймын, əкеңнен аумапсың, аузынан түскендейсің. Еш қан дай ДНК керек емес, енді еркелікті қоятын боларсың. Ал, мына қисықтығың, тіпті, кешіруге болмайтын нəрсе! Мұндай əдетті қайдан таптың? – Қайғымды басайын дегем. – Ойынан от шығады деген, өміріңмен қоштаса жаздадың. Бір жаман жері, енді сені жарылқаушы «достарың» қыр со ңың нан қалмай тын болады. – Нұртас, мен осы институтта оқығым келмейді. Басқа жақ қа барып, оқуға түскім келеді. Журналист болғым келеді. Экономист боласың деген апам ғой.

Махаббаттың ажалы – Жə, өзіңнен де бар. Тұрақты пікір білдірмедің. Біресе сəу летші болам дедің, біресе тарихшы болам дедің. – Ана кісі, то есть əкем, ауруханадан шыққан соң, жылқы фермасына алып кетем. Сонда дем аласың дейді. Биыл дем алып алып, келесі жылы оқуға түсем қайтеді... – Шынында да, солай дұрыс шығар. Себебі «жана шыр ла рың» енді сенің ізіңнен қалмайды. Оларға ақша керек. Əрі-бе рі ден соң қорқытып, қоқан-лоқы жасайды.Əзірге көздерінен таса бола тұрғаның дұрыс. Ербол басын изеді. Коридорға шыққан Нұртас сөйлесіп тұрған Ғалия мен Бек болдың жанына келді. – Сізге рақмет! Ербол мүлдем өзгеріп, көңілі көтеріліп қа лыпты. Тіпті, сізге қазір еріп кетуге дайын. – Қайда кетеді?! – Ендігі жерде əкесімен тұрғысы келеді. – Сəбира не дейді?! – Сəбираның өзі айтты, əйтпегенде мен білмейтін едім. – Апа, ең дұрыс шешім, Ербол əкесінің жанына барып дем алсын. Əйтпесе, жағдай қиын болып кетуі мүмкін. Меніңше, сіз дер кезінде қол создыңыз. Оған əке тəрбиесі, əке қамқорлығы же тіс пей жүрді. Ендігі жерде Ерболдың не істейтінін, қайда оқитынын өзіңіз шешіңіз. – Мындағы оқуы ше? – Апа, ол бұл мамандықты қаламайды. Сіздің айт қа ны ңыз бен түсті ғой. Сондықтан зорламайық. Бекбол машинаға отырған соң, өзіне-өзі таң қалды. Сонау жылдары күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған Ғалия сұлу оны еш селт еткізбеді. Байырғы бір ескі танысын көргендей, сал қын амандасып, салқын қоштасты. Оған отбасындағы қай ғы лы жағдай себеп болған шығар. Десе де сол күндерінің бір жы лы лы ғы қалмағаны өкіндірді. Кеудесіне сақтап жүрген қимас бей не сін біржо ла та жоғалтып алғандай, əрі-сəрі күйге түскен Бекбол өзі нен аумай қалған баласын есіне алып қана жымиды. * * *

Ғалия ауруханадан салы суға кетіп оралды. Ол Бекболмен бір
көрісуді армандайтын. Ал көрісті, бұдан көрмегені жақсы еді. Со-
нау жылдардағысы алдамшы ғана сезім екен. Соған көзі жет ті.

Зияш Телеуова Бекбол бұған самарқау. Бұл əйелдің жүрегін оңдырмай жаралады. Оның сонау кездегі ынтық ықыласы тек қана еркек адам ның көрсе қы зар лы ғын дай, əдемі əйелді уақытша қызықтағанындай із-түссіз кеткендей. Екеуінің арасындағы сол бір күндердің куəсі Ербол болмағанда, ол тіпті, жүздесуді де қаламайтын сияқты. Ға лия оны шынымен сүйген, талай жылдар үздігіп күтумен жүрді. Екеуі екі айырық жолға түссе де, ұмыта алмады. Біраз уақыт елең деп, із деп келер, тағы да көрісерміз деген үміттен арылмаған. Бі рақ Бекбол қатты екен. Немесе ол тек лап еткен құмарлықпен ғана шек тел ді. Сол құмары тарқаған соң, мұны біржолата ұмытты. Бү гін көр генде Ғалияның көзі соған жетті. Көңілі құлазып, жал ғыз сы рап қалды. Бұл дүниеде өзін жанындай жақсы көріп, үне мі аңсап жү ре тін, сүйгені бар əйелден бақытты жан жоқ шығар деп ойлады. Коттедждің жанына келіп, көлігін сөндірді. Жайлау мен еке уінің арасындағы салқындық күннен-күнге асқынып, соңғы кез де бір-бірін іздемейтін болды. Ғалия сəнді сарайға сыртынан қа рап, ойға шомды. Осы үйді салғанда, оған дүние-мүлік сатып ал ғанда, қуанышында шек болмаған. Қазір сол үй толы жиһаз, жал тыра ған ыдыс-аяқ, неше түрлі құндыз тондар, гауһар тастар – бəрі де қызықтырмады. Өзін айдалада адасып, қаңғалақтап жүрген қау қарсыз бейшарадай көріп, жиі торығады. Елдің бəрінің байлық, байлық деп жанын салып жүргенінің түкке тұрғысыздығына осы күні ғана көзі жеткендей. Бір кезде өзі де солай ойлаған. Сол байлыққа жетем деп, əйел жанды Жайлаудың алдынан олай ойқастап, былай ойқастап, бар өнерін салып, өзіне қаратып алған. Енді ойлап отырса, содан тапқаны не? Жылуы жоқ үйден жатырынан шыққан балалары шошып, бет-бетімен кетті. Ербол əкесін тапты. Бір күні Нұр тас тың да əкесі іздеп келуі ғажап емес. Ол жекеменшік мектеп ашыпты, қазір ауқатты деп естиді. Сонда жиһаз толы Жайлаудың үйін бағып, оның сүйегінен өткен сөздерін есітіп, байлық үшін баға сын түсіріп жүре бере ме? «Сен сол үшін, байлық үшін жүрген жоқ пы сың? Енді неге көңілің толмайды?» дейді əр жағынан бір дауыс. «Мен байлықтың рахатын балаларыммен бірге көргім келді». «Олай болса, байлықты балаларыңмен бірге жасауың керек еді. Біреудің тапқан-таянғанымен қолыңды жылы суға батырғың келгені əділдік емес». Ғалия ашуланды. «Мынадай қағынған саудасат тық заманда қайдағы əділдік, қайдағы еңбек! Заманың түлкі болса, тазы болып шал деген нарық заңы осы емес пе?!.» «Олай болса байлыққа жеттің, енді қалай шалқимын десең де өз еркің

Махаббаттың ажалы өзің де!» «Мен өз ойымнан айныдым. Бұған дейін бар бақыт пен қы зық байлықта деп ойлайтынмын. Ол адасқандық екен. Мен тұйық қа тірелдім. Мені қазір мына жиһаз толы үй қызықтырмайды. Осы үйден кеткім келеді де тұрады. Бірақ қайда?» Əйел аяғын санап басып, үйге кірді. Араққа тойып алған Жайлау алдынан аюдай ақы рып қарсы алды: – Иə, бүгін ашынаңмен кездесіп, көңіліңді бірледің бе? Əке сін тауып балаң мəз болды ə!.. Көңіл күйің неге жоқ?.. Өткен күн дерің ді сағынып тұрмысың? Сені кім ұстап тұрған, балаларыңның со ңы нан бар! Мен саған мына дүние-мүлікті қалдырмаймын. Мен өл ген соң, артымда қалатын мұрагерлікке қызығып жүр ген бо ларсың?! Босқа əуре болма! Мына дүние-мүліктің иесі бар. Мен оны інімнің екі баласына өсиеттеп қойғанмын. – Күйеуі но та риал дық контардан куəландырылған көк қағазды мұның көз алдына тосып, шо шаң дат ты... – Міне, сенбесең?! Тапқан екенсің нақұрысты. Менің үй-кү йімді басып қалғың келді ғой. Анау жетімектеріңе мені жегізгің кел ді ғой. Мə, аларсың... – Ол саусағының арасынан бас бармағын шығар ды. – Сен бұдан былай, бұл үйдің қызметшісің! Жаңа қызметің ұнай ма? – Естігендері етінен өтіп, сүйегіне жеткен Ғалияның көзі шарасынан шықты. – Мейлі не қылсаң ол қыл... Мен де өлмеймін, сен сияқты қу бас емеспін. Балаларым бар... – Қайда сол балаларың, анау қаңғып жүрген шибұттар ма? Олар сені бақпақ түгілі, өздерінің тамағын əрең тауып жүр! Бірақ ең басты көздеген мақсатың... менің байлығымды басып алу емес пе? Енді менің өлгенімді күт! – Өтірікті соқпа! – Маған сүйіп тиген екенсің ғой. Алғашқы тиген күйеуіңді ақша жасай алмайды деп тастап кеттің. Одан кейінгі сенімен көңіл кө тер ді. Саған үйленуді ойламапты да. Менің басымды бай лы ғы ма бола айналдырғаныңды өтірік деші? Айта алмайсың! Сен ой ла ған арам дық ты мен ойламайды деп саған кім айтты? Қараңғыда үйден ашумен атып шыққан Ғалия машина рөліне отырды. Жүйткіп келе жатқан машинамен бірге өмірінің де өтіп бара жатқанына есеп бермеген əйел қас қағымда қиылыстан шыға келген КамАЗ-дың астына кіріп кетті...

Зияш Телеуова

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

«САЙТТАҒЫ» ХАТТАР Ұлу жылының қытымыр қысы жеңілді. Ылғалды көктемінің бұрқ еткен көк иісі аңқаны ашады. Бірер жылдықта отырғызылған жас талдар бүршік жарып, күн сəулесі қай жақтан түссе, солай қарай майысады. Маусымдық гүлзарларға əлі гүлдер отыр ғы зыл маған дық тан, қара топырағы ғана қопырайды. Бір шөкім бұлты жоқ ашық аспан көгінде қыран құс қалықтайды. Содан сескенді ме, қала төбесін айналшықтаған қаптаған қара қарғалар бір сəт жымжылас жоғалды. Биыл Нұртас қатал қыспен бірге, қатал тағ дырдың сынын басынан өткерді. Өзі құлай сүйген Таңгүлі кісі қо лынан қаза тапты, одан соң сүйікті анасы Ғалия жол апатынан мерт болды. Жігіт басына түскен ауыр қайғыға бордай езілмей, нар ға тəн қылық көрсетті. Дегенмен ең қымбатты екі адамынан бір жылда айырылуы Нұр тас ты талай жылға есейтіп, бұрынғы ақжарқын, жарқылдаған жай дары мінезі салқын қанды сабырлылыққа ауысты. Өмірден көр ген құқайын еңбекпен емдеуге тырысқан ол өзінің ойға ал ған жобаларын іске асыру үшін күндіз-түні сызудан бас кө тер ме ді. Қол жетпеген аяулы арманы Таңгүлі мерт болған жерге «Махаббат күмбезін» тұрғызып, бар ғашықтар тəу ететін ескерткіш ашу ды ойлап, бойындағы бар талантын күмбез тұрғызуға жұмсады. Сəулет ші нің бұл ұсынысына қала мэрі қолдау көрсетіп, қаржы бөл гендік тен, ашылуына да аз уақыт қалды. Нұртас су бұрқағының жанынан көтерілетін Махаббат күм безін қиялында өрді. Аспанға атылған ақ сəуленің арасынан қыз бен жігіттің бір-біріне қол созған бейнесі бейнеленбек. Ол күндіз күн сəулесіне шағылысып, дұрыс көрінбегенмен, түндегі көрінісі тіп ті, ерекше. Доғадай иілген екі балдақтың ішінде, бір-біріне ұм сы нып тұрған қос ғашық пайда болады. Қосылмай кеткен қос бей не дей бірі көрінсе, екіншісі көзден таса болып құбылып тұ ра тын дықтан, қараған жанның жан дүниесін шымырлатып, əл де қай да ғы сағынышы мен мұңын оятады. Оның болжамы бойынша күм без Таңгүлі қаза болған күні ашылмақ. Тек құрылысшылар серттен таймаса болды. Қыз оққа ұшқан жерге келгенде, ақырғы сөзі есіне түсті. Көпке дейін ол «сүйем» деп айтқысы келген болар деген Нұртасқа осы жолы «сайт» емес пе екен, мүмкін, «сайтты қара» деп айт қы-

Махаббаттың ажалы сы келген шығар деген ой сап етті. Үйіне асығыс оралған ол компьютерін қосып, сайтын ашқанда, Таңгүлінің өзіне арнап жаз ған ақырғы хаттарын көрді. Америкадан хат Жарық дүниеде жалғыз сүйгенім, жарық жұлдызым Нұр тас, ең біріншіден сенен аяғыңа жығылып, кешірім сұраймын. Ке ші ре алсаң, мендей ақымақты кешір! Өзімнің түзеуге келмейтін қа те лігім ді ойласам, өртеніп кете жаздаймын. Бірақ өз қолымды өзім кесе алмай, ішқұса болып өмір сүрудемін. Мұның бəрі – менің асы ғыс шешімімнің кесірі. Өз бақытымды өз қолыммен тұңғиыққа батырдым. Мен анамның аузынан екеуіміздің отбасымыздың ара сында ғы құпияны естігенде, біріншіден, қатты жақсы көретін əкем ді сенің анаңнан қызғандым. Тұла бойымды қызыл көз қыз ға ныш жайлап алып, басқа ешнəрсе ойлауға шамамды келтірмеді... Сол сəтте «олар да сенімен мен сияқты бір-біріне өлердей ғашық болған шығар» деген ой келгенде ғой... Кектен кешірім басым болар ма еді?! Əттең, ақымақтың ақылы түстен кейін келедінің кері келді ғой. Білмеймін мені не əзəзіл түрткенін, үзілді-кесілді кесім жасап, сенен бірден безіп кеттім. Осы уақытқа дейін бір-біріне адал деп жүр ген ата-анамның арасында алалық жатқаны есімді тандырып тастады. Бірақ «адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» дегендей, əркімнің жүрегінде бір құпия жататынын мен қайдан білейін. Қайран Нұртас, жалғыз қайғым, жалғыз қуанышым, мен сөй тіп араға өткелі жоқ өзен ағыздым, асуы биік асқар тау тұр ғыз дым. Тағдырымыз тас-талқан боп, екеуіміз екі айырық жолға түстік. Осы кезге дейін бұның бəрі менің басымда емес, өзге біреудің басында өтіп жатқандай мең-зеңмін. Құдай-ау, «сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей, əліптің артын бақпай, көлденең көк ат тының жетегіне еріп жүре бергенімді айтсаңшы! Сенің алдыңда ақталайын немесе алдап-арбап аянышыңды оята йын деп отырған жоқпын. Тек сенің жараланған жүрегіңнің жарасын жазбасам да, жеңілдетіп, ең болмаса ғаламтор арқылы сырлас қым келеді. Егер екеуіміз осындай шым-шытырық жағдайға кездеспегенде, бақытты болар ма едік?! Егер осының бəрін кеш біл ген де, бір-бірімізге кешіріммен, түсіністікпен қарар ма едік! Кім білсін?.. Аяулым Нұртас, өз ақымақтығымнан өзім опық жеп, сенен жы - рақ та жүргеніме екі жыл өтті. Артым өрт, алдым тұман. Елге қайт - сам, екеуімізді сергелдеңге салған махаббат машақатына қай та дан шалығатын сияқтымын, қорқамын. Бірақ сен мені ке шір мей сің.

Зияш Телеуова Оны да білемін. Сенің орныңда мен болсам да, ке шір мес едім. Бір сəт біздің тəтті сезімімізді тас-талқан еткен анам ның əң гі ме сі нің тө ңі ре гін де ойланамын. Өзімді оның орнына қоя мын. Егер мен болсам, қызымның бақыты үшін, құпияны сақтап қа лар ма едім... Не сін жасырайын, кейде анам неге солай етпеді екен деп, қа пала на мын. Бірақ, ол мүмкін емес қой. Адам қолымен жа сал ған іс, адам қолымен бəрібір ашылады. Бірақ өзімнің кешірілмейтін қате, түзелмейтін іс жа са ға нымды, мойындаймын. Мойындадым да, өмірден түңілдім. Обалына не керек, Азамат менің өзіне деген ешбір сезімімнің жоқ екен дігін біл ді, бірақ кінəламады. Қайта қолдан келгенінің бəрін жасады. Қа ла саң, екеуміз екі бөлек тұрайық. Бірақ елге барған соң ғана ажыраса аламыз деп, маған бостандық берді. Бірақ жат жерде қайда барамын! Ол жалдаған вилланың жоғарысында мен, төменінде ол тұ рып жатырмыз. Жұмысқа бір көлікпен барамыз. Екі жылға жа сал ған контрактымыз біткен соң, елге қайтамыз. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген рас екен, жатсам-тұрсам, ел-жұртым естен шықпайды. Көбіне балалық шақты, өзің мен бірге өткен студенттік күндерді сағынамын. Осындайда не болса да өз ортаңда, туған жерде жүрген сен менен əлдеқайда ба қыт ты болып көрінесің. Біз бақыттың өлшемін махаббатпен, бай лық пен өлшейміз, ал туған еліңнің топырағын басып жүруден асқан ба қыт жоқ екенін, одан жырақтап кетпей сезінбейді екенбіз. Өкінішті-ақ! Мен тағдырыма өкпелеп, өзімнен өзім қашыппын. Бірақ адам өзінен өзі ешқайда қашып құтылмайды екен! Ойланып қа ра сам, менің жеке басымның сəтсіздігі, жат жерлік болып жүр ге ні ме қара ған да, түкке тұрғысыз бірдеңе болып көрінді. Мен бұ рын Еуро па ның сəулетті шаһарына, жоғары мəдениетіне қы зы ға тын мын. Бі рақ ол көзден тасаның бəрі жақсы деген адасушылық екен. Қа зір не көрсем де, салыстырмалы түрде бағалаймын. Туған же рің нің топырағы да ыстық дегенді түсінемін. Бүгін осымен жазуды аяқтаймын. Жұмыс істеуім керек. * * * Аяулым Нұртас, хатымды жалғастырайын. Əйтеуір бір кезде маған деген ашуың тарар, сонда оқырсың. Бүгін көшеде саудагерлер сатып тұрған қып-қызыл қыз ғал дақты көрдім. Студенттік кезімізде табиғат аясына шығып қыз ғал дақ тергеніміз, сондай бір саяхатта тау бөктерінен теріп алған бір уыс

Махаббаттың ажалы қызғалдақты сенің тізерлеп тұрып табыс еткенің, қыздардың «Нағыз джентльмен!» деп сақылдап күлгендері есіме түсті. Сол шақ қалай ғана енді оралмайды?! Біздің жас композиторларымыз баянсыз, мұңлы махаббат туралы көптеген əндер шығарып жүр, со лардың көбісін ұялы телефоныма жазып алғанмын. Соларды тың дап отырып жүрегім қан жылайды. Жаным Нұртас, біз екеуміз неге ғана кездестік екен?! Кездескен болсақ, неге ғана осылай тағ дырдың қолындағы ойыншыққа айналдық екен! Менің сұлу жү зім ді көріп, сен жүрегіңді айықпас дертке шалдықтырдың. Саған менен басқа да жан бер десе жанын беретін сұлулар көп еді ғой. Бірақ сен мені ғана қаладың. Мен сені қаладым. Амал не, тағдыр бізге қа тал сынын дайындапты. Мұнда жүріп жарасқан жұптарды көрсем, қандай армансыз жандар деп қызығамын. Осы күндері сенің не күйде жүргеніңді білгім келеді. Бір арманым бар, сыртыңнан болса да, көзімнің қиғымен бір көрсем. Уақыт емші дейді ғой, бірақ ол мен үшін айтылған сөз емес. Мен тіпті уақыт өткен сайын, сені сағына түсемін. Мүмкін, сен үйленген де шығарсың. Бірақ сенің жүрегіңнің тек қана мен деп соғатынын білемін. Бұл жа ра ның екеу міз дің де жүрегімізде мəңгі жазылмайтынын да білемін. Мен бүгін бірі қара нəсілді, екінішісі ақ нəсілді жұптарды көрдім. Тіпті бірінің тілін бірі түсінбейді. Мен ағылшын тілінде ер кін сөйлеймін ғой. Екеуі бір зат сатып алуға келіп тұрды. Мен олардың қиналысын түсініп, жандарына барып аудармашылық қыз мет ат қар дым. Менің ағылшын тілін білетіндігіме таң қалған қара нəсіл ді: – Сіз қайдансыз? – деп сұрады. – Қазақстаннан, – дедім. – О, кей, о кей, большое спасибо, – деп орысшалады. – Сіз орысшаны қайдан білесіз? – дедім. – Россия, Патрис Лумба. Олардың Ресейде оқығанын түсіндім. Бірақ екеуінің екі тілде сөй леп, бір-бірін түсінбегеніне қарамастан, олардың арасындағы сү йіс пен ші лік таңғалдырды. Бұл да махабаттың заңы. Олар бір-бірі мен жүректерімен ұғысады ғой. Мен қатты əсер алдым. Мен бір фирмада дизайнер болып жұмыс істеймін. Онда əр түрлі тілде сөйлетін түрлі ұлт өкілдері бар. Бірақ олардың бір-бі рін түсінбей ұрысып жатқанын естіген жоқпын. Менің бойымдағы екі өнерім, бірі – табиғат берген сұлулық. Екіншісі – он сау са ғым нан өнері таматын шеберлігім. Бұл екеуі де əжемізден маған ауыс қан генетикалық мұра.

Зияш Телеуова Əкем бірде мені алдына алып отырып: – Бұл қызым əжесіне ұқсаған. Əжеміз туғанда шаңыраққа ел арасында сирек кездесетін бөдене деген құс қоныпты. Қазақ халқы ның бір ерекшелігі балаға бұйырған атты қоя берген ғой. Бала жерге түскен соң, шаңырақта қонақтап отырған құсты көрген əйел дер мұның аты «Бөдене» болсын деп шешіп тастапты. Əжеміз күн санап құлпырып, ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу болып өсіп ті. Көздің жауын алып өсіп келе жатқан бойжеткенге атының сай еместігін сезген ауыл адамдары оны «Бөкен-ай» деп атап кетіп ті. Ол Бөкенай сұлу атанып, ақылымен, ажарымен елді аузына қа рат қа ны мен тұрмай, бармағынан бал тамған шебер екен. Ол тіккен киімнің құны үйір-үйір жылқы, атан түйеге бағаланыпты. Өзі сұлу, өзі шебер əжеміз ақылдылығымен сүйгеніне қосылып, бақыт ты өмір сүріпті. Сол əжемнің сұлулығы да, қолының шеберлігі де менің басыма ауыпты, ал ақылдылығын білмеймін. Мектепте жүргеннен киім пішіп, түрлі сəн жорналдарын жинап, үйдің бір бөлмесін тігін шеберханасы етіп алдым. Барлық киімдерімді өзім пішіп, өзім тігіп кие тін едім. Əке-шешем біреулерге ақша қосып, Жопаниядан ті гін машинасын алдырып берді. Сол күнгі қуанышымды көрсең, жұрт көлік алғанда қуанады. Ал мен болсам, əлемге аты жайылған жапон дық тар дың тігін машинасына қолым жеткеніне мəз болып, бірнеше күн үйден шықпай, іс тіктім. Онымен жұмыс жасау сондай же ңіл, əрі киіміңді ойдағыдай сəндеуіңе болады. Сол өнерімнің ма ған көп пайдасы тиді. Мен фирмада əрі дизайнер, əрі пішуші мін де тін атқарамын. Арасында аудармашы боламын. Əйтеуір уақы тым ның қалай өткенін білмей қаламын. Енді, амандық болса елге жеткен соң, сəн үйін ашсам деп қаржы жинап жүрмін. Табысым жақсы. Мұндай ақша біздің жақта түске қана кіреді. Күндіз ешнəрсе ойлауға мұршам болмайды. Кешке үйге кел ге н соң ғана ойланып, түс көріп жүргендей күйге енемін. Мен бұл жақта не істеп жүрмін! Нұртас қайда, мен қайдамын деп ойлаймын. Кейде жынданып кете жаздаймын. Қасымда сырласатын достарым жоқ. Далаға шықсам, мұндағы экзотикаға толы табиғат кө рі ні сі нің бəрі маған жат болып көрінеді. Көшенің бəрі бейтаныс адам дарға толы. Мен жапанда жалғыз өмір сүріп жатқандай əсер аламын. Əркімнің өзінің туған жері – Мысыр шаһары деген рас екен. Мынау менің елім емес, мынау менің жерім емес. Мынау менің халқым емес. Мен адасып жүрген құс сияқтымын. Құдай-ау, өзгелер шет елге кетуге неге құмар?! Шет елде оқығысы, тұрғысы, жұмыс

Махаббаттың ажалы істегісі, тіпті шет елдің азаматтығын алып, сол жақта қалып қой ғысы келеді. Сонда олар қандай топырақтан жаралған жандар екен?! Мен армияда жүрген солдаттар сияқты қабырғаға күнтізбені іліп қойып, өткен күнді сызып тастаймын. Күн өткен сайын қуа на мын. Есіл-дертім – еліме жету. Тіпті, сол жақта тозақ оты болса да тү суге дайынмын. * * * Жаным Нұртас, жатсам-тұрсам сенімен өткізген бақытты күнде рім нің əрбір минутын, əрбір секундын есіме алып, содан жаным лəз зат алады. Бұл жарық дүниеде сенің барлығыңа, сені сү йе тін дігі ме қуанамын. Осы күні оңашада отырып, сені сағынғанда өлең жазатын болдым. Сені көріп нұрланғанмын жарығым, Сені сүйдім, сенсің менің жалыным. Мəңгілікке қалдым қалай көз жазып? Сағынамын, ақ қағазға сөз жазып.

Кеш түсіндім, кешір мені асылым, Жастығыма тұншығады жас үнім. Оңбайтындай опасыздық жасадым, Кешір мені, кешіре гөр, ғашығым! Осындай жолдарды жазғанда сəл-пəл болса да жеңілдеп қа ламын. Сосын ойлаймын ақындар ішкі шерін ақ қағазға төгіп тар қатқан да, мен сияқты күйге түсетін шығар деймін. Əрине, менің шатпайым мен шын ақынның өлеңдерінің арасы жер мен көктей ғой. Сонда да, саған деген сағынышымды, көңілімнің зарын өлеңмен өр ген де, тəп-тəуір шығатын тəрізді. Мен сенсіз сыңарынан айырылған аққу тəріздімін. Аққу сы ңары нан айырылса көп өмір сүрмейді дейді ғой, сірə, менде ұзақ өмір сүр мес пін. Сондықтан көңілімдегі бар зарымды осы күнделігіме тү сі ріп кеткім келеді. Осылай арамыз бір күнде жер мен көктей боларын кім ой лаған... Бірақ менің əкем мен сенің анаңның арасындағы болған бір кездегі жақындық біздің жарқын болашағымызды бұлдыр етті. Ең бірінші ойымнан өзім де шошыдым. Егер Нұртас менің туған ағам болса қайтем дедім, бірақ Құдайға шүкір, олай болмай шық-

Зияш Телеуова ты. Бірақ сіздің үйде қандас бауырым өсіп жатқанын ес ті ген де, есеңгіреп қалдым. Бірақ осының бəрі біздің шынайы се зі мі міз дің алдында түк емес екендігін, сенен біржолата айырылғанда ғана сезіндім. Бірақ бəрі кеш. Соны білдім де айырылмас мұңға, жазылмас жараға тап болдым. Басқа біреуге күйеуге шықсам, сені біржолата ұмытам деуім, өзімді-өзім алдау болып шықты. Қайта күн өт кен сайын сені бұрынғыдан да қатты сүйетіндігімді, сенсіз мына өмір дің мəні жоқтығын түсіндім. Есіңде ме, қыздар мені «Нұртастың бөтекесі» деп ма зақ тай тын. Əуелгі кезде ашуланып жүрдім. Бірақ келе-келе оған үй ре ніп кеттім. Тіпті, маған ол ұнайтын болды. Сонда бір қыз: – Адамда екі бөтеке болады. Бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Екеуі бүлк-бүлк етіп бірге соғып тұрады, – деді. Сонда бір қыз тұрып, ол теңеуің дұрыс емес, қазір бір бөтекесін алып тастап өмір сү ріп жатқандар қаншама?! Қазақта талақтай жабысып дейді, ол «Нұр тас тың талағы» деп күлді. Мен оларға қарап не дерімді білмей тұрдым. Əрі-беріден соң: – Мейлі, не десеңдер о деңдер, біздікіндей махаббатты бас тары ңа берсін дедім. – Əумин, бірақ, сенің тек соның көлеңкесіне айналып жүре беруіңе қарсымыз. – Сонда мен оның басындағы қалпағы болуым керек пе? – деп мен ашуландым. Қайран бақытты күндер десеңші! Мен сенің көлең кең болуға да, көбелегің болуға да, көзіңнің қарасы болуға да да йын сияқты едім. Бірақ алғашқы сыннан оңбай сүріндім. Осы күні ойлаймын. Махаббаттан басым айналған мен сен ұнат қан киімді киіп, сен ұнатқан тағамды ішіп, сен ұнатқан əндерді тың дай ды екенмін. Сен барған жерге барып, сенімен барған жерде се нің билегеніңе, сенің жүрген-тұрғаныңа мəз болып қарап тұрады екен мін. Тіпті, кейбір пысықай қыздар сені биге шақырып, жанымнан жұлып алып кететін. Сонда саған көз нұрымды қандырып, қызы ға, құмарланып қарап тұрушы едім-ау! Қайран қайырылмай кеткен күндер! Қапыда айырылған, мөлдір махаббатым! Ұялшақ, ұяң, алғашқы ақ махаббатым! Мен сенің ғылыми тақы рып тар да жасаған мақалаларыңды беріле тыңдап, екі көзімді сенен алмай отыратынмын. Сен де залдан мені іздейтінсің. Мен сау сақ та рым ды көтеріп белгі беремін. Шыққан соң екеуіміз қызу айтысамыз. Мен сенің кейбір болжамдарыңмен келіспейтінімді біл ді ре мін. Сонда сен:

Махаббаттың ажалы

– Сен неге осындай ойларыңды жинақтап жазбайсың! – деп

мені өз жолыңа итермелейтінсің.

– Бір үйден бір ғалым, – деп күлетінмін.

Сонда менің алақанымды алақаныңа салып:

– Сен маған ғалым ұлдар мен сұлу қыздар сыйлайсың, – деп

мəз болатынсың.
Мен саған сонша бағынып, сені ием деп басымды игенмен, сен
мені ешуақытта басынып, астамшылық жасаған жоқсың. Оның бір
себебі – сенің ішкі жан сұлулығың, тəрбиелілігің, ішімдік пен те-

ме кі атаулыға жоламайтын мəдениеттілігің болса керек. Сені дос-
та рың «ғалым» деп мазақтайтын. Кейде «періште»дейтін. Біз кү-
ле тін біз.

– Таңгүлі, айтшы, бұл періште ғой? – дейтін Дəуір. – Бұл адам

баласын ренжітпейді. Оның ішінде қыздарға қол тигізбейді. Сені
ақ гүлдей аялап жүреді. Менің жалғыз ғана қызым бар. Ол – Таң гү-
лі. Оған күн тигізбеу, суыққа тоңдырмау менің парызым! – деуден
бір танбайды. Сен қызарақтап күлесің.

Мен күн сайын сенімен өткізген сол бір бақытты шақ та рым ды
еске алуға бос уақытымды бөлемін. Өткен-кеткен күндерге сая хат
жасап, қанат бітіп, қиялыммен ұшып кетемін. Бірде кафеде та мақ-
та нып отырып, ұзын бойлы, саған ұқсайтын бір жігіттің əрі қарап

кофе ішіп отырғанын көріп, жанына жетіп бардым. Басыма «Ол
мені іздеп, осында келіп жүрсе ше?» деген ой сап етті. Тіпті, шет
елде жүргенімді де, тарс ұмытып кетіппін. Бейтаныс жігіттің беті-
не тесіле қарап қалсам керек. Ол сасқалақтап:

– О кей, – деді.

Ол тіпті, саған ұқсамайды екен. Көзі тұздай, еуропалық. Мен
осы есімнен адасармын деп орныма келіп отырдым.
Қайда менің жүрегімнің дүрсілі?
Қайда менің сезімімнің бүршігі?

Қайда менің қуанышты күндерім,
Қайда менің арман толы түндерім?
Қайда менің таңдап сүйген асылым?
Қайда менің жалғыз ғана ғашығым?

Зарланамын, жапа шегіп жат жерде,
Жетер ме екен құлағыңа осы үнім! –
деп өлең шығардым.

Зияш Телеуова * * * Жаным Нұртас, соңғы күндері мен жаман түстерді көп кө ретін болдым. Үнемі саған қолым созып жылап жүрем де, құр дымға құлап кетем. Елге қайтуға да аз уақыт қалды. Азаматпен жиі кездесіп, сөйлесіп тұрамыз. Екеуіміздің арамызда ешқандай се зім жоқ. Дос болып қалуға уəде байласқанбыз. Ол да ел жақты са ғынып жүр. Енді қайта келмеймін дейді. Жалғанда жалғыз сүйгенім! Менің шалыс басқан қадамымды кеш! Мен сенен осылай тез көз жазам, сенен осылай мəңгілікке ажырасып қалам деп ойламаған едім. Бірақ кеудемде шыбын жаным барда, сені ұмыта алмайды екенмін. Қайта бұрынғыдан да қат ты сүйем. Екеуміздің арамызда аттап өте алмайтын ор барын, ар намыс деген зор барын сеземін! Сенің биігіңді аласартуға өзім де бармас едім. Сені ондай еңкеюге қимас едім. Сен олай еңкейетін бол саң, мен сені сүймес едім. Асқар тауым аласарма, тек қана маған деген адал сезіміңе дақ салмай, өмір бойы таза ұстасаң болды. Сенен басқа ешнəрсе талап етпеймін. Тек қалған өмірімде, сен жүр ген аумен дем алып, сен жүрген жерді басып жүрсем болды. Егер мен мезгілсіз өміріммен қоштассам, маған арнап, өзіңе арнап махабаттың күмбезін тұрғыз. Ол сенің қолыңнан келеді. Ме нің қазіргі кезде бірақ арманым бар, сенің көзіңе қарап тұрып, сенен кешірім сұрау. Саған бақыт тілеу. Мəңгілік сенің махаббатың – Таңгүлі. Айтпақшы, менің соңғы кезде Азамат туралы пікірім өзгеріп жүр. Ол маған білдірмей, із кесуші жалдап алып, соңыма салып қой ған сияқты. Компьютерді де ашатынын байқаймын. Адам аласы ішінде деген осы. * * * Аяулы Нұртас, мен оңашада біздің кіршіксіз махаббатымызға ке дер гі келтірген не деген сұраққа жауап іздеймін. Ол меніңше адам бо йын да ғы өзімшілдік, кекшілдік, өткенді кешіре алмаушылық. Сондай сезімнің құрбаны біз екеуміз болдық. Адам жүрегіне сыймайтын қасіреттен жазғыш болып кетеді екен-ау. Мен компьютерге отырып, саған хат жаза бастасам, қайғым жеңілдеп, сенімен күнде кө рі се тін сияқты күйге түсем. Сен менің хатымды оқып жатырсың ба, оқы май жатырсың ба, оны да ойлап бас қатырмаймын. Түбінде оқи ты ның ды білемін. Мүмкін оқып отырған да шығарсың. Қа лай-

Махаббаттың ажалы да сенің жағдайың маған қарағанда жеңілдеу, саған мені ұмы ту же ңіл деу, бұрынғы достарды көресің. Ал мен жел айдаған қаң бақтай жат елден бірақ шықтым. Қазір интернетті ашып, одан бірден ел жақ та ғы хабарларды іздеймін. Ел тыныш болсын. Негізі шетке шық қан соң патриот болып кетеді екенсің. Қазақ «қолда барда алтын ның қадірі жоқ» деп не үшін айтқан дейсің. Ішінде жүргенде, біз дің мəдениетіміз де, өркениетіміз де өзге елдерден артта қалды деп ренжиміз. Былай қарасақ, анау Африка, Индия елдерінің жоқшы лық тың құрсауынан шыға алмай жүрген қайыршылық қалпын көр ген де, біздің елде шүкіршілік қой. Сол барымызды базарлап, соны уысымыздан шығарып алмай, халқымыздың кəдесіне жарата біл сек жарайды. Жаным, сенімен тіпті, саясатқа дейін барып қалдым ғой. Ме нің сенен басқа сырласарым жоқ. Ең болмаса оқып жүрмін деп қана жауап қатшы. Мен жүрегіме жиналған бар мұңымды тар қа та йын. Мен мында керемет сəулет өнерінің туындыларын, керемет та биғат ты тамылжыған сұлу жерлерді көремін. Бірақ бəрі де туған жердің қарапайым қара тасына жетпейтін тəрізді. Суық, көңілге сəу ле түсірмейді. Туған елдің күні күліп шығатындай тəрізді, Сəулесімен жылындырып бар ізді. Қалам ыстық, далам менің дарынды, Ыстық сəлем жолдайыншы жалынды! Нұрым, сені, елді сағынғанан ақын болып кеттім. Тіпті бұрын қа лай байқамағанмын, тəп-тəуір дарыным бар екен! Бұрын қа зақша жазып, өлең шығармақ түгелі, қазақша сөйлей алмайтындай көрінетінмін. Бірақ туған тілім тегімде жатыр екен. Мен кішкентайымда əжемнің тəрбиесін, əжемнің əлдиін тыңдап өскен жанмын. Сол əжемнің тілі көкірегімнің көмбесінде көмулі екен. Қа зір тек соның тілінде сөйлеп, соның тілінде жазғым келеді. Сен қа зақша оқыдың ғой, менің жазғандарымның қатесі болса күлме. Нұр, соңғы кезде табиғаттың неше түрлі сиқырлы құ бы лыс тары болып жатыр емес пе? Бүгін мұнда қар жауды. Кəдімгі ақ қар. Есіңде ме, Алматының алғашқы жауған ақ қарын екеуіміз ылғи бірге қарсы алып, бірге тамашалайтын едік қой. Мен кө зім ді тарс жұмып, сол өткен күндерге ораламын. Сенің күз киетін киі мің жоқ болып екеуіміз орталық ЦУМ-ға барған күні қар жа па лақтап жауып тұрған. Сенің қолтығыңа тығылып, қарға ала қа ным ды

Зияш Телеуова тостым. Айнала қандай тамаша еді. Моп-момақан үйлер, мүл гіп тұрған ағаштар көптен сағынған қонағын күткен үй иесіндей, аспаннан жауған ақ нұрға құшағын жайып тұрғандай əсер еткен. Біз екеуіміз бірге жүргенде, төрт құбыламыз түгел ең бақытты жандардай едік-ау! Сен менен, мен сенен көз алмайтынбыз. Ойлап отырсам, біз мəңігі бір-бірімізді сағынып, мəңгі бір-бірімізге қол созып өтуге жаралған ғашықтар екенбіз.Сондай бақытты күндердің енді қайтып оралмайтыны қандай өкінішті! Сен дүкенді, базарды аралағанда менің қолымнан адасып қала тын дай тас қылып ұстап алатынсың. Мен сенің сол қылығыңды ұна та тын едім. Ал өмірде сондай табандылық көрсете алмадық. Мен бірінші сынақтан-ақ сүріндім. Мүмкін бұлай да болмас еді. Отбасына байланысты оқиға болмағанда, мен сенен өлсем айырылам ба?! Біз екеуімізге тағдыр ең қиын сынын тосқан екен. Бəрібір мен саған деген сезімімді сөндіре алмадым. Қайда жүрсемде, сен қа сым да сың, сен жанымдасың! Қайда барсам да сен туралы ойлаймын. Қайда жүрсем де сен бір елі көңілімнен шықпайсың. Көз алдымда тұрасың да қоясың. Сен менің ғана Нұртасымсың! Өткенде айтып едім ғой, менің соңыма адам салып қойған тəріз ді. Əне біреу есіктен қайта-қайта сығалайды. Барып бі ле йін ші. Олар менің компьютерімнің кодын білмей жүр. Оны біле алмайды. Оли гарх тың баласының қалтасы қалың болғанымен, элек трон дық жүйені мендей меңгермеген. Сені мəңгі сүйетін Таңгүлің. * * * Аяулым Нұртас, мен қас қағымда екеуміздің бақытымыздың тамырына балта шаптым. Менің ақымақтығыма бола сен жа бы ғып, жалғыздықтың зарын тартып жүргеніңді ойласам, өзімді қоярға жер таппаймын. Мен сені сүйдім. Күндіз күннен қызғандым, түн де айдан қызғандым, жымыңдаған жұлдыздардың сəулесінен сені көлегейлеп, тек менің ғана сəулеммен нұрланғаныңды қала дым. Бəрі де өтті кетті. Осы күні сенің анаң менің əкемді мен сияқ ты сүйген шығар деп ойласам, оларды да кешіре алады екенмін. Əттең, бəрі кеш. Уақытты кері айналдыруға адамның құ діре ті жетпейді. Енді саған бақыт тілеуден басқа амалым жоқ. Мен сені өзімдей өле-өлгенше сүйетін бір адамды білемін. Ол – Нұ рила. Ол əлі күнге күтіп, екі көзі төрт болып жүрген шығар. Ең бол-

Махаббаттың ажалы
маса сүйгеніне қолы жетіп, Нұрила бақытты болсын! Кейде осы
бақытсыздықтың бəрі соның көз жасынан ба деп те ойлаймын.
Бі реу ді жылатып, бақытты бола алмайсың дегеннің де жаны бар

шы ғар. Орталарыңа мен түстім емес пе? Мені көрдің де, сен ма-
ған ғашық болдың. Сенің аяқ астынан бұзылуың Нұрилаға да оңай
тимеді.
Шынында да, екеуің бақытты болуға лайықсыңдар. Тілімді ал-

саң, Нұрилаға үйлен. Мен соны шын жүрегімнен қалаймын. Оның
сені сүйетіндігін бұрынан білетіндіктен, оған сенемін. Ол саған
адал жар бола алады.
Міне, көзіме ұйқы тығылып, жастыққа басым тисе ұйықтап кет-

ке лі отырмын. Кейде түнімен неше түрлі жан шошырлық түс тер
кө ріп, көз ілмей шығамын. Сосын ұйықтар алдында саған хат жаз-
сам, жеңілденіп қаламын. Осы интернетті ойлап шығарған адам ға
мың рақмет. Ал, аяулы досым, əзірге сау бол. Тағдыр жазса, кө рі-

сер міз, көріспесек,өз отын өзі сөндірген мендей ақымақты ке шір.
Сені мəңгі сүйетін – Таңгүлің.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

ТЕРГЕУ ТҮЙТКІЛДЕРІ

Қайғылы махаббат оқиғасына баланған іс ашылып, киллер қыл-
мы сын мойындағанымен, Райстың ішкі түйсігі осы істе бір шикілік
барын сезгендей, соның айналасын қазбалай береді. Оңаша отыр-
ған да үстіне кірген Асхаттың бір нəрсені айтқысы келіп тұрғанын

сезген ол басын көтерді.

– Жолдас, полковник, саябақта атылған қыз туралы бір тың

дерек айтқан куəгер табылды. Жаңа ғана келіп, сол күні көрген-
біл ге нін айтты. Үйінің жанында тұрып, саябақтан жүгіріп шыққан
қыз бен қақтығысып қалған. Ананың қолынан пистолет ұшып тү-
сіп ті.

– Не дейсің? Қайда ол жігіт?!

– Қазір сізге кіргізейін. Басынан кешкендерін өз аузынан ес-

тіңіз.
* * *
Көп қатарлы үйге жылу жібергелі Сағын тыным көрмейді. Жеті
атасынан бастап малшы болған оның қалаға көшіп келуіне жұ мыс-

Зияш Телеуова сыз дық себеп болды. Кеңшарда трактор бригадасының бригадирі болып жүргенде, ол күнкөрісінен де айырылған соң, бар жи ғантергеніне қаладан үш бөлмелі пəтер сатып алды да, мұнай өні мін өндіретін компанияда вахталық əдіспен үш жыл оператор боп іс теді. Табысы да жаман болмаған. Бірақ қыстың көзі қырауда үш жүз шақырым жол жүретін автобустың соққысы мұның белінің құяң ауруын қопсытып, ақыры шойырылып қалған соң, тастауға мəжбүр болды. Қаланың ішінен күзетшілік тауып еді, ыстық-суығы алма-кезек келіп есік аузында тағы қиралаңдап қалды. Ақыры жұмыссыз отырғанда, көп қатарлы тұрғын үйдің жиналысына қатысқандар, кондоминиум етіп сайлады. Көпке дейін тілін бұрап атын жөндеп айта алмаған қызметінің қазақша баламасы осы үйдің жылуына, суына, құбырларының жарылмауына жа уап беретін жандайшабы өзі екен. Жаңа қызметіне келіншегі кə дім гідей қуанды. Қайтсін енді, жоқшылық та қысып барады. Екі ба ла ға киім мен тамақ тауып беру күн өткен сайын оңайға түспеуде. – Осыдан байып жатқандар көп, – деп кəдімгі күйеуі мұнай компа ния сы ның президенті болып сайланғандай мəз болған əйеліне қа рап, Сағынды күлкі қысты. – Байитын жер болса, жиналысқа қатысқандардың барлығы аттонын ала қашқаны несі?! Мен жұмыссыз отырған соң, амал сыз келістім. Мысалы, өзің комуслуганы төлемегелі қанша уақыт өтті? – Сен айлық алған соң төлейін деп жүрмін. Соңғы бір жыл бойы төлей алмадық. – Ал енді төле, маған төлейсің! Ол айлығым содан жиналады. – Қойшы, қайдағыны айтпай, енді қолыңа билік тиген соң, əйтіп-бүйтіп құтылармыз... – Пəтер иелерінің бəрі сен сияқты. Бəрі ебін тауып екі аса ғы сы келеді. Бəрі сылтау іздейді. Бар болса да, қолындағы тиын-те бе нінен айырылғысы жоқ. Немесе тиынның датын жалаған сараңдар. – Соқпасын, бəрінің үйінде еурожөндеу, кірсе-шыққысыз. Сөйте тұра қайыршы бола қалады. – Болмаймын деп едім, сенен басқа ыңғайлы ешкім жоқ, өзі міз кө мек те семіз, – деп тұрғындар қылқуырдай қадалды. Бəрібір үйде отырмын, мұны да көрейік... Содан бері бір жыл болып қалды. Сағын тұрғын үйдің жертө ле сі мен алысып келеді. Кеңестік кезеңде тартылған құбырлар іріп-шіріген, оны паластикалық құбырларға жаңартып, ауыс тыру үшін қыруар қаржы керек. Тұрғындар осы үйден кіріп шық қанда ры болмаса, астарын су алып, төбесі құлап қалса да, мыңқ етер

Махаббаттың ажалы емес. Кондоминиум белін түбіт шəлімен орап алып, жер тө ле ден шық пай ды. Бір күн əне жері, бір күн мына жері кетіп жат қан құбыр лар ды қолынан келгенінше жамап жасқайды. Кешке қарай жұрт жұмыстан үйлеріне келді деген кезде, қолына дəптерін алып ком му нал дық төлемді жинауға шығады. Жүз пəтердің іші нен бұны жылы шыраймен қарсы алатын үй иелері саусақпен са нар - лық. Көбісі ай сайын төлейтін төлемді ол жан қалтасына салатындай, көздерін алартып, жақтырмай, жиырылып қарсы алады. Са ғы най оларға жертөледегі құбырлардың жарылып істен шы ғып жат қа ны нын, аула сыпырушыға айлық беру керектігін айтып ақ тер-көк тері шығады. Ал кейбір кесіп алса қан тамбайтын Шықбер мес Шы ғай бай лар «көк тиын қара бақырым жоқ, ақша алғасын тө лей мін» деп шы ға рып салады. Ондайда зығырданы қайнап, «ертең жиналыс ша қы рып, құжаттарын өздеріне тапсырам. Кімге берсе, сол алсын, ма ған десе итке тастасын» деп салы суға кетіп үйі не оралады. Тұрғындардың дені баяғы кеңестік кезеңдегі екі аяқты үкі меттің мойнына салып жіберіп, бəрін солар істеп береді деген арам тамақ тық пиғылдан арыла алмаған. Жекеменшікке айналған үй лердің су алып жатқан жертөлесін сырттан баяғыдай сары Иван ке ліп ақысыз жөндеп, ауланы қара Иван сыпырып кететін тəрізді. Кейбір пəтер иелерінің осындай керітартпалығынан, ком му наль дық тө лемін ай сайын төлеп отырғандар жəбір шегіп, күннің суығында жылусыз, салқын сусыз, ыссы сусыз қалатын түрі бар. Сондай ке сіп алса қан тамбайтын сараңдардың суын, жылуын қиып тастайтын амалдар да табылып жатыр деседі, ол бұларға жеткенше қай заман. Əй, ит тірлігі-ай, өсітіп əркімнен сөз есітіп, əркімге қол жайып жүрем деп ойлап па еді. Сағын таяуда бұрынғы аулының жұқанасы қалған стансадағы ағайын-тумаларына қыдырып барғандағы оқиғаны есіне алып, ерік сіз жымиды. Барған бойы ауылдың шал-шауқандары жиналған садақаға түсіп қалғаны, онымен амандық-саулық сұрасқандардың бірінші сауалы қайда жұмыс істейсің болды. – Мұнай компаниясында вахталық əдіспен істейтін едім, денсау лық жарамады, қазір кондоминиуммын дегенде, вахта деген сөз далада қалды. Барлығының құлақтары елең етіп, бұған Барак Обаманы көргендей тесірейіп, бірқатары тамақтарына шашалып, аңыра я қарап қалды. Ауыл ақсақалы Дəрібай тамағын кенеп, сақалын сипап жаңағы бұрын естімеген сөзін қайталамақ болды.

Зияш Телеуова – Сағынжан, кондо...мина ма, немене өзі атауы қиын екен, жаңа дан ашқан бизнесің бе? Ұялғанынан жерде тесік болса кіруге əрең қалған жігіттің бас изеуден басқа амалы қалмады. Бірақ бір кезде əкесінің көзін көрген ақсақалды алдарқатуға дəті шыдамады. – Жо-ға, көп қатарлы тұрғын үйдің үй басқарушысымын. – Е.. сөйдеп түсіндіріп айтсаңшы... – Ой, онда тұрмысың жақсы екен ғой. Ана бір жылдары біздің ауылда тұрған Жаңбырдың əйелі де əлгі не деп едің... аты қиын-ақ қой. Сол жұмысты тауып алып, байып кетіпті. Қазір қарамағында бір не ше үй бар дейді. Астында машина, коттедж салып алған көрі не ді. – Ал, қарағым, қызметің құтты болсын! Өзіңе жұғысты болсын! Біз мына жақта отырып қаладағы ауыл дас та ры мыз дың бірбір қызметтің пұшпағына ілігіп, біз болмасақ мына ба ла ла ры мызға немесе немерелерімізге бір шарапаттарының тигенін қа лай мыз. Мына елдің түрі мынау. Қарамағыңда жұмыс болса, ме нің не ме рем биыл оқу бітіріп келіп, осы ауылдың көшесін шуылдатып бос жүр. Соны қамқорыңа ал! – Қарт сақалын сипап, бұған үміт те не қа рады. Сағын өмірінде мұндай тығырыққа тірелмеген-ақ шығар. Өзі екі қолға бір күрек таба алмай, амалсыздан кондиминиум болып жүр ген де, өзгелерге жұмысты қайдан тауып берсін. Пəтер иелерінен ай сайынғы коммунальдық төлем ақыны уақытында жинай алмай, қара тер боп, есік алдын сыпырушыға айлық бере алмай, ебіл-себілі шығып жүрген мүсəпір халін бұлар қайдан білсін! – Енді іріленіп, КСК болып жатсақ қарастырамын ғой. Жа ңадан қолға алып жатырмын, – деп күмілжіді. Содан кейін дас тарқан басындағылар еттің майлысын, қазы-қартаны мұның алдына ысыра бастады. – Қаланың бір ішек болып қалған адамысың ғой, алсаңшы, – деп жалпылдады. Біреуі: – Ресторандар мен кафеде тұрып қалған, сосын əлгі лездеме пешке жылытып беретін қаланың тұрып қалған ауқатымен мынаны салыстыруға болмайды, алсаңшы, – деп жанашырлық білдірді. Əй, ауылдың ақ көңіл адамдары-ай! Оның үй жағалап ті ленші нің күнін көріп, жертөленің сасық иісін иіскеп жүргенін қай дан біл сін! Бірнеше күн төрлеріне отырғызып, қолды-аяққа ти гіз бей қо нақ етті. Сол сапардан қалаға келгенде, ертегілер еліне барып қат қан дай, есін жия алмай, сасып жатқан жертөлеге түсуге беттемей бірнеше күн жүріп алған.

Махаббаттың ажалы Телефон шыр етті: – Əй,к ондоминиум бала, үйіміз ұлып кетті ғой, жылу қайда? – Комуслуга төледіңіз бе? – Сенің ақша-ақша деуден басқа қасиетің бар ма? – Қазір ақшасы жоқ адамның ешбір қасиеті жоқ? Төменде құбыр жарылып жатыр. Ақша жинамайсыңдар. Қалай жаңартам? – Елдің бəрі беріп жатқан жоқ па? – Ешкім бермейді. Ертең жиналыс жасап, өздеріңе тапсырамын. – Мен үйдемін, қазір алып кет! Осылай тығырыққа тіремесең, бұларға дауа жоқ. Ол есік алдына шығып, жертөленің темір есігін ашып, қол фонарын жағып, түп жағына жылжыды. Кеше ғана жаматқан құбырынан ыссы су ат қы лап жатыр. Буы жақындатар емес. Сол бойы трансэнергияға телефон соғып, бригада шақыртты. – Күт, бір сағаттың əр жақ-бер жағында барып қалады, – деген соң, есік алдында шығып жол тосты. Қазан айының ызғырық суығы. Бұлар тұратын мөлтек аудан сая бақ пен іргелес. Саябақ жақтағы қалың ағаштардың басы уілдеп, шуылдаған қамыстың дыбысын шығарады. Əрлі-берлі жүрген оның тұла бойы тоңазып, əбден шыдамы таусылды. Сағатына қара ған да, оннан жиырма минөт кеткен екен. «Бұлар енді түн ортасында келе ме, подвал суға толатын болды» деп ашуланған кондоминиум машина жолын кесіп өтіп, шағын кафенің жанындағы гүл зар ға арнап қара топырақ төгілген орамның жанынан өтті. Биік емен ағашын қалқалап, көше жаққа көз тігіп тұрғанда, сырт жа ғынан соққан біреудің екпінімен, шоршып түсті. Ананың қо лын да ғы қаруы ұшып түсті. Сағын тұла бойы ток соққандай дір етті де, анау қаруын тапқанша, жасырынып үлгеруге тырысып, жалт бұ ры лып қаша жөнелді. Үстінде спорттық киімі бар, басына тоқыма шапке киген орта бойыл қағылез бейтаныс қаруын іздеп жанталасуда. Сағын тап аяғының астына түскен пистолетті көрді де, ая ғы ның ұшы мен итеріп жіберді... Сол бойы жанұшырып ауласына жеткен соң, артына бұрылып қа ра ды. Жаңағы қаруын тапқан болуы керек, қарсы үйдің бұ рылы сы на қарай зытып барады. Бұны іздейтін түрі кө рін бей ді. Тұрған орнынан баспалаған кондоминиум ананың машинасына отырып жат қа нын көрді. Қараңғыда көлігінің нөмірін айыра алмады. Ма ши на ға отырған соң бас киімін шешіп тастаған қару иесінің ша шы ның желбіреп бара жатқанын көріп «неужели, қыз» деп таңданды.

Зияш Телеуова Бұл 21 қазан күнгі кешкі 22.30-да болған оқиға еді. Содан бері жігіт сол күні саябақта қыз атылғанын, қылмыскерді көрген-білген куəлар болса, ішкі істер бөліміне хабарласуды сұраған хабарландыруды талай рет оқыды. Оқыған сайын, сол күні кештегі оқиға ны есіне алады. Бір жағынан кешкі қараңғылықта көрген суыт жүргіншінің бет əлпетін дəлдеп айтып бере алмайтынын ойлайды. Бірақ қолынан ұшып түскен қаруы су жаңа пистолет. Шашы желбіреген қыз. «Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз» басым пəлеге қалар» деп, біразға дейін тəуекел ете алмады. Бір жа ғы нан мынадай үдеп бара жатқан қылмысқа тосқауыл қойылмауының басты себебі өзі сияқтылардың тергеушілерге көмек көр сет пе уі нен екендігін сезеді. Бір кезде өзі де пагон тағуды армандаған, бі рақ əке-шешесінен ерте айырылып, тума-туысқандарының қо лын да өскен жеке басты жігіттің оқуға қолы жетпеді. Көп ойланып толғанған Сағын ақыры көргенін айтуға тергеу бө лі мі не келді. Оның жеткізген мəлімдемесін қайта-қайта пысықтап жазып алған Асхат кондоминиумның сол күнгі кеште қылмыскермен бетпебет келіп қалғанын сезді. – Сəке,оқ қағарыңыз бар екен. Сіз бізге өте қажетті мəлімет беріп отырсыз. Енді бұрынғы күдік түскендердің суретін, фотороботын жинақтаймыз. Соларды қарап, кісі өлтірушіні анықтауға көмек те суі ңіз ді сұраймыз. – Мен оның бет əлпетін аңғармадым, бірақ ол ер адам емес, қыз екені анық. – Қыз?! – Мен оған бəс тіге аламын. – Міне, қызық! Қылмысты мойындаған ер адам. – О жағын білмеймін. Менің көргенім, сары шашты бойжеткен. – Қаруы пистолет дейсіз бе? – Иə, оны да анық көрдім. – Мм... мм, міне, шытырман. Қызға револьвердің оғы тиген. – Көрген көзде жазық жоқ. Қылмысты кім жасағанын анықтау сіздердің міндетіңіз. Рұқсат етсеңіз, мен кеттім. – Əрине, əрине, сізге көп-көп рақмет. Куəгер шығып кеткен соң, іс ашылып, мойнынан ауыр жүк түскен дей болып отырған Асхат бүйректен сирақ шығарған оған не ал ғыс, не қарғыс айтарын білмей дал болды. Шеф бəрібір түбіне жетпей тынбайды. Сондықтан енді сол қызды іздеуге тура келеді. Бі рақ қайдан?! Ол кім?!

Махаббаттың ажалы * * * Куəгердің сөзінен соң, Райс тергеушілерімен ақылдасып, шалт іске кірісті. – Асхат, Нұртас қызмет жасайтын мекемеге өзің бар. Оның қаза болған қыздан басқа біреуі болды ма, бар болса кім, соны білу керек. Жігітке екі қыздың таласуы мүмкін ғой. – Сен келгенше, мен де ораламын... Райс сыртқа шығып, машинасына отырысымен, жүргізушісіне: – Қыз атылған саябаққа! – деді. Қыз атылатын су бұрқағының жанына келген бас тергеуші орындыққа төніп тұрған қалың емен ағашына таяп барып жоғары жақ та ғы бұтақтарына көз жіберді. Екі метр биіктіктегі бір-біріне жанаса өрілген бұтақтардың қуысын көргенде, таңдайын қағып, басын шайқады. «О бастан, өзі осы өлімді қыздың қолымен жа салған болса ше?» деп бірнеше дүркін ойлаған. Бірақ өлімді мо йында ған киллердің табылуы. Оның барлық күдігін шайып жіберген. Райс анадай жерде өтіп бара жатқан бойжеткенді тоқтатты: Қолындағы куəлігін көрсетті де: – Айып етпесең, мына ағашқа шығып, ана қуысқа отырып көрші. Сіздің бойыңыздың өлшемін білгім келеді? – деді. Қыз таңырқай қарағанымен, мына кісінің жай адам еместігін түр-түсінен білгендей, ағашқа жақындады. – Өзің шыға аламысың? Қыздың қол аяғы ұзын екен, киікше атылды. Бірақ бір-екі рет ұмтылғанымен, шыға алмай, қайта түсті. – Мойныңдағы шарфыңды бұтаққа лақтыр! Қыз ұзын шарфын лақтырып жібергенде, ол бұтаққа барып ілінді. – Вот, енді шығып көр. Шарфпен тартылған қыз лезде қуысқа барып дік етті. – Молодец! Қыз екі бүктеліп отырды. «Ал ана қыздың бойы аласалау болуы мүмкін.» – Бойыңыз қанша? – Метр жетпіс. – Жарайды... жақсы, енді мына су бұрқақтың жанындағы орындық қа қараңыз, жақсы көріне ме? – Бəрі де алақандағыдай... – Енді түсіңіз. Сіз маған көмектестіңіз. Рақмет! – Оқасы жоқ. Жəрдемім тисе қуаныштымын.

Зияш Телеуова – Демек, бəрі белгілі болды. Жігіттің бұрынғы сүйгенімен осы арада кездесетінін білген бақталасы ағаштың қуысында жасырынып отырған. Киллер ағаштың төменгі жағын қалқалаған. Мүмкін екеуі бір мезгілде атқан болар... Бірақ қайсысы? Бір қызығы, екеуі бірін-бірі көрмей, екеуі де мен өлтірдім десе ше? Қыз бəрін көріп тұр ған болуы керек. Киллер сол бойы бой тасалаған. Ал ана қыз оқи ға орнындағылар кеткенше күтіп отырған болды. Егер ол үй бас қа ру шы ға соқтықпағанда, қылмысының ашылмай қала беруі де мүм кін... Райс кабинетіне келген соң, ешкімді қабылдамай, тер геу ші лерін күтті. Револверьді қайтадан сараптамаға беру керек. Асхат бірден бастығының кабинетіне келді. – Сізді күтіп отыр! – Көмекші орнынан атып тұрды. Есіктен кірген тергеушісінің жүзіне барлай қараған Райс: – Жаңалық бар ма? – Болғанда керемет! Нұртастың мектепте жүргенде сөз бай ласқан қызы бар екен. Институтта өлетін сұлуға ғашық болып, сол қызбен арадағы қатынасын үзген. Бірақ ол күтуден талмаған. Ақыры нақсүйері олигархтың баласына тұмысқа шығып кеткен соң, жі гіт ті іздеп барып, екеуінің арасындағы байланыс қайтадан жалға са ды. Қазір екеуі үйленудің қамында тəрізді. – Қыз қайда? – Қыз ағылшын тілінің аудармашысы. – Жауапқа шақыру керек. – Қашан? – Қазір шақырыңыз. Қазір шақырсаңыз, мен оны бір жерге апарамын. Бүгін мойындатамыз. Көзі алақандай болған Асхат бастығына қарап күлді. – Жол.. дас.. по.. – Қазір сол қызды алып кел! Сосын сөйлесеміз. Нұрила тергеуші куəлігін көрсеткен бойы, орнынан атып тұрды. Қыздың боп-боз болып кеткен түрінен, оның сасқанын бай қаған Асхат білініп қалған ішіне көзі түскенде, қатты қо бал жы ды. «Байғұстың аяғы ауыр екен ғой деп ойлады. Бұл Нұртастың баласы болды ғой». – Той қашан? – Келесі айда. – Жігітіңіздің аты кім?! – Нұртас.

Махаббаттың ажалы

– Саябақта атылып өлетін сұлудың сүйген жігіті ме? Оны сіз

қайдан білесіз дегендей Нұрила жалт қарады.

– Загске арыз беріп қойдыңдар ма?

– Иə, балалы болатын болған соң, солай шештік.

– Сізді тергеу басқармасының бастығы шақырады.

– Нұртасқа айтайын.

– Қажет емес. Керек болса, өзіміз алдырамыз.

Ішке имене кірген бойжеткеннің аяғы ауырлығын көрген Райс-
тың қылмыс ашуға деген құмарлығы, нағыз қылмыскердің қо лы-
мен істегенін мойнымен көтеретін айыпкер есебіндегі сəтін көр-
сем деген кəсіптік қызығушылығы су сепкендей басылды. Бас ты-

ғы ның көңіл күйінің неге бұзылғанын сезген Асхат қызға:

– Отырыңыз, – деді.

– Жодас полковник, сіздің алдыңызда Нұрила Мұңайтпасова.

– Сіз Нұртас Сартаевты білесіз бе?

– Білемін, ол менің сүйген жігітім. Тойымыз болмақшы.

– Ə... тойдың күнін де белгілеп қойған екенсіздер ғой?..

– Ал, Таңгүлі Бекболқызын білесіз бе?

Қыз төмен қарады.

– Білемін. Нұртастың бұрынғы қызы.

– Ал оны кім атқанын білмейсіз бе?

– Оны күйеуінің киллер жалдап аттырғанын жұрттың бəрі бі-

леді.

– Сіз де солай ойлайсыз ба?

– Енді қылмыс ашылған болса, қалай ойлауға болады?

– Біз де солай ойлағанбыз. Бірақ сол қылмыс жасалған күнгі бір

куəгердің көргендері біз білмеген құпиялардың бетін ашты.
Қыз сұп-сұр боп, жанарын төмен салды.

– Əлдеқашан ашылған қылмыстың куəгерін бүгін тауып отыр-

са ңыз дар, оған менің қандай қатысым бар?

– Біз сізді соған қатысыңыз болған соң шақырып отырмыз.

– Сол күні сағат кешкі он мен он бірдің аралығында қайда бол-

дыңыз?!

– Есімде жоқ. Тоқтай тұрыңыз, үйімде телевизор қарап отыр-

дым. Түріктің «Листопад» филімі жүріп жатқан.

– Соны растайтын адам бар ма?!

– Менің əке-шешем ауданда. Жалғыз тұрамын.

– Сол күні Нұртастың бұрынғы қызымен кездесуге баратынын

білдіңіз бе?

– Иə, білдім.

Зияш Телеуова

– Кім айтты?!

– Нұртас айтқан.

– Мұныңыз шындыққа жараспайды.

– Келесі бөлмеде Нұртас тап осындай сұрақтарға жауап бе ріп

отыр. Мен компьютерден қарап отырмын. Бұл сұраққа ол «білмей-
ді, мен айтқан жоқпын деп жауап берді.» Сонда сіз оның кездесуге
баратынын қайдан білдіңіз?
Қыз үнсіз.

– Нұртастың телефонына түскен sms-ті оқыдыңыз ба?!

– Иə.

– Қайдан?

– Сол күні екеуіміз бірге болғанбыз. Ол жуынуға ваннаға кет-

кенде, телефонына хабар түсті. Мен алып оқыдым.

– Сосын.

– Сосын ол кешке біреулермен кездесетінін айтты. Мен қа ла ға

жақын жердегі туыстарыма кеттім.

– Жаңа ғана үйде болдым дедіңіз. Енді туыстарыма бардым

дейсіз. Сол туыстарыңыздың нақты адресін айта аласыз ба?!
Қыз жауап бермеді. Сəлден соң барып:

– Нақты адресін білмеймін. Машинамен барып, машинамен ке-

темін, – деді.

– Түсінікті. Нұрила енді пистолетті қайдан алғаныңызды ай ты-

ңыз шы?!
Қыз атып тұрды.

– Қайдағы пистолет?!

– Оны сізден сұрап тұрмын?

– Нұртас үйінде пистолеттің болғанын растайды. Інісі өгей əке-

сі нің үйінен əкеліп, батерияның артына тығып қойған. Оны өзі де
кейін білген. Сіз сол пистолетті пайдаландыңыз ба?!

– Мен ешқандай пистолет көрген жоқпын.

Райс алдындағы түймені басып қалды.

– Асхатты шақырыңыз, жігітті алып келсін!

Нұртас пен Асхат кірді. Асхаттың қолында пистолет. Қыздың
өңі бұзылып, бетін бұрды.

– Мына пистолетті ұстап көрдіңіз бе?

– Нұртастың үйінен көргенмін.

– Көргенсіз, оны пайдаланып, орнына қайта əкеліп қойғансыз.

– Өтірік! Жала жаппаңыз! Нұртас бірдеңе десеңші!

Жігітте үн жоқ. Осы кезде ішке кірген кондоминиумге, Райс:

Махаббаттың ажалы – Келіңіз, келіңіз, сіздің көргеніңіз мына пистолет пе? – Таң ғалған жігіт қызға бір, пистолетке бір қарады. – Иə, ол менің аяғымның астына түсті. Ол жер жарық болатын. Дəл өзі. – Ал мына қызды танимысыз? – Нұрила, орныңнан тұршы! – Иə, бойы, дене бітім келеді. Спорттық костюмі, басында тоқыл ған шапкесі болды. Жүгіргенде, шашы желбіреп кетті. Жігіт қа сы на жақындап келді. Иə, осындай сары шашы болатын. Нұртас орнынан атып тұрды. – Нұрила, мұны қалай түсінуге болады? Қалай ғана қолың барды! – Кешір жаным, мен сені ешкімге бергім келмеді. Қыз бетін басты. – Сəбиіміз үшін кешір. Мен өзімді-өзім билей алмай қалдым. Ол саған қосылғысы келді. Сəби сыйласаң, сонымен бақытты болам деді. Оның артының не болатынын ойлағанымда, шыдай алмадым. Бөлмеде өлі тыныштық орнады. Райс алдындағы стаканға графиннен су құйып алып ішті. – Нұрила Мұңайтпасова, өзіңіздің кінəңізді мойныңызға аласыз ба? – Аламын... тек қана махаббат отына күйгенім үшін, кешірім сұ раймын. Сəбиім үшін кешірім сұраймын. – Ол жағы тергеу аяқталғасын шешіледі. – Райс сұлық түсіп отыр ған Нұртасқа қарады. – Бекем болыңыз, өмірде мұндай күтпеген шытырман оқи ға лар бола береді, бірақ алдын ала абыржымаңыз. Са рап та ма шы лар дың нəтижесіне қараймыз. Пистолет соларға тапсырылады. – Таңгүлі екеуіміз ата-аналарымыздың күнəсінің азабын тарттық. Енді менің балам біздердің күнəмізден жапа шегетін бол ғаны на қапаланамын! Тергеуші мырза, сəбиімнің болашағы үшін көмек те сі ңіз. Əрине, енді той болмайды. Мен тек сəбиім тордың əр жа ғын да дүниеге келмесе екен деп тілеймін.. – Қатты қайғырмаңыз, Таңгүлінің өлімі пистолеттің оғынан емес, револьвердің оғынан екенін сараптама көрсеткен. Бұл жерде əлі де күмəнді нəрселер бар. Қызға екі оқ емес, бір оқ тиген. Сондық тан Нұриланың қылмысы толық дəлелденген жоқ. – Енді қайда əкетті?

Зияш Телеуова

– Қазір түсініктеме алып, хаттама толтырған соң, кепілдікпен

босатады. Ендігіні сараптама көрсетеді.

– Рақмет.

Нұртас Нұрила екеуінің көңіл жарастырған тұстарын есіне
алып, ауыр күрсінді.

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

ҚЫЗҒАНЫШ

Оқиғаның барлығын сырттай бақылап жүрген Нұриланың сөну ге айналған үміті қайта тұтанып, жүрегін жаулап алған жі гіт тің бетін бері қаратар кезең келді деп түйді. Ол алған бетінен қайт пайтын қайсар, өзінің мақсатына жету жолындағы кедергілерді қа лайда жеңуге күш салатын тəуекелі басым өткір қыз болатын. Нұртас пен Нұриланың бір-біріне деген ерекше сезімі оныншы сыныпта оянды. Қоғамдық жұмысқа белсенді, оқу озаты олардың жолдары қиылыса беретін. Мектеп бітірген соң, бір қалаға, бір оқу орнына баруға уəде байласқан қыз бен жігіт қоштасу кешінде, таң шапағын бірге қарсы алып, құшақтарын жаза алмай, ұзақ қыдырды. Сол күні Нұриланың бақыттан басы айналып, бар дүние құлпы рып, айналасы шаттыққа толып тұрғандай көрінді. Жатса, тұрса Нұр тас тың бейнесі көз алдынан кетпей, күлімдеп жүреді. Ақы ры Ал ма ты ға бірге аттанып, бір институттың екеуі екі факультетіне: жігіт архитекторлық, қыз ағылшын тіліне түсіп, екеуі де студент атанды. Студент болған қуаныштарын бірге тойлаған олар Ал ма ты ның ең əсем жері – көрікті Көктөбесіне көтерілді. Нұрила Нұр тас тың қолтығына тығылып тұрып, Алатаудың қар басқан шың да ры на құмарта қарап, осылай тұра берсем, мына сұлулық бұ зыл ма са, біздің құшағымыз осылай мəңгі ажырамаса деп тіледі. Керімсал табиғат құшағында сүйіктісімен бірге жүрген жігіттің де сол сəтте басқа алаңы жоқ еді. Сұлу болмағанымен сүйкімді, елік тің лағындай ерке Нұриланы ол да қатты ұнатқан. Қыздың аш белінен құшақтап өзіне тартып, үлбіреген ерніне қа да лып, жан дүниесі сезім буына балқып, өліп-өшкен. – Əне, тағы біреулер таяп қалды, – деп қыз талай рет есін жиғыз ған.

Махаббаттың ажалы – Екеуіміз оқуды бітірген бойына үйленеміз, – деген сонда жі гіт сезіміне мас болып, – мен сені сүйемін! Жігіттің аузынан өзі үздіге күтіп жүрген сөзді естіген қыз ға қанат бітті. Сол жерде екеуі: – Оқуымызды бітіргенше, жұбымызды жазбайық, – деп уəде байласқан. Екі жас айтқан уəде, берген серттерінен шыға ал май мыз деп те ойламаған. Көзге көрінбейтін тағдыр тылсым сыйын дайындап, аздан соң екеуін екі жағаға лақтыратынын да болжамаған. Бұның бəрі Нұртастың Таңгүлімен кездесер сəтіне дейінгі жағдай. Жігіт аспаннан түскендей боп кездескен жас сұлуды көр ген күн нен бастап, майдай бұзылды. Бұған дейінгі Нұрилаға деген сезі мі шынайы емес екен. Ғашықтық дертіне шалынған байғұс қыздың күнде жолын күтіп жүретінін көрсе де көрмегендей, көзіне іл мей кете барады. Нұрила жігітті магниттей тартқан Таңгүлінің сəн сарайының мо дельеріндей киім киісін, жүріс-тұрысын, ерекше сұлулығын көр ген де, Нұртастан біржолата айырылғанын сезді. Сезді де алғаш қы махаббатының айықпас мұңына батты. Қайда барса да, кім ге қараса да көз алдынан Нұртас кетпейді. Оның өзін сүйген шақ та ры ішіне шоқ болып түседі. Ол күнде сабақтан соң, алды-артына қарамай кетіп қалам деп өз-өзіне уəде берсе де, тасада тұрып, жі гіт тің шыққанын күтеді. Сұлуын қолтықтап, мəз-мəйрам болып бара жатқан оның соңынан қарап тұрып, көз жасын төгеді. Кейде тосып тұрып: «Опасыз, маған айтқан антың, берген уəдең қайда?» дегісі келеді. Бірақ оны «ол мені сүймеген екен» деген ой ғана тоқта та ды. Бірде екеуі бетпе-бет жүздесіп қалды. Нұриланың ашулы жү зі нен өкпелеп жүргенін бүгін байқағандай жігіт қалт тұрды. – Нұрила! – Нұртас! – Қыздың үні жалын атып шықты. Бар қайғысы мен өк пе сі кеудесіне сыймай, көз жасына булығып қалды. – Кешір мені, екеуіміз дос болайық! Таңгүлі жақсы қыз, – деп қо лы на жармасты. Қолын жұлып алған Нұрила жүгіре жөнелді. «Мен сені сүйемін. Сенімен қалай дос боламын. Мен сені ешкімге бергім келмейді!» деп іштей сан рет қайталады. Нұрила соң ғы кездері түрлі ойларға берілетін. Өзіне бұйырмаған жігіттің ешкімге бұйырмауын қалайтын. Кейде ол кенеттен Нұртас өліп қалып, басына қара жамылып жоқтап отырғандығын түсінде кө ретін. Махаббат пен зұлымдықтың арасы бір-ақ қадам деген рас па?! Нұрила екі ғашықтың бақытты түрлерін көрсе, түрлі дұш пан дық

Зияш Телеуова ойларға бой алдырады. Кейде өзінен-өзі қорқып, жексұрын ойларды басынан шығарайын десе де, желімдей жабысып, қыр со ңы нан қалмайды. Институтты бітіріп, диплом алатын кешті олар бірге тойлады. Сол күні жиынның жұлдызы болып, түрлі биді талмай билеп, əн салып, көптің көңілінен шыққан Нұрила жұмбақ сұлуының жанынан шықпай тұрған Нұртасты талай рет биге шақырды. Жі гіттің құшағында жүріп, айналасындағылардың бар-жоғын ұмыт қан Нұрила осы сəтте екеуіне қанат бітіп аспанға, басқа бір пла не та ға ұшып кетсек қой деп армандады. Тіпті осылай екеуі құ шақ та рын жазбай жүріп, мынау жарық дүниемен біржолата қоштаса салса, ешбір өкінбес еді. Би аяғында, ол жігттің иығына басын сү йеп, құлағына сыбырлады. – Той қашан? – Жұмысқа тұрып, пəтер мəселесін шешкен соң. Нұриланың есіне оқуға түскен жылы жігіттің өзіне «оқу бітірген соң, үйленеміз» деген сөзі түсті. Көптен тозған жүйкесі осы жерде сыр білдірді ме, ол: – Сен түбінде маған үйленесің. Көр де тұр! – деп, бұрылып жүре берді. Қыздың алдында үнемі кінəлі сезінетін жігіт сыр білдір мей, Таңгүлінің жанына таяған. – Немене ренжісіп қалдыңдар ма? – Жай, əшейін, ескі достармыз ғой, тіл табысармыз. Нұртас көзімен Нұриланы залдың ішінен іздеп таба алмады. Қа раң ғы түнді жамылып, жалғыз кеткен қыз осы жолы Нұртасты жек көріп кетті. Сонша жыл жүрегін тілгілеп, ерік күшін жаулап ал ға ны үшін де, өзін басқа біреуге айырбастап кеткені үшін де, одан кегін қайтарып, өш алуға бел буды. Ақылды да, асау қыз соншама жыл əуре-сарсаңға салып, өзін осыншама қорлаған жігітке ен ді гі жерде есесін жібергісі келмеді. Мен көз жасыма тұншығып, ба қыт сыз болып жүргенде, олар неге бақытқа кенелуі керек? Ана қыз дың менен несі артық! Қызғаныш пен өшпенділік оның кеудесін жайлап алды. Əр адам өз бақыты үшін күреспесе, оған біреу ба қыт ты əкеліп бере салмайтыны анық. Нұриланың аяғына талай жі гіт тер жығылып жүрсе де, оның жүрегі бірде-біріне жібімей қой ды . Нұртастан басқаға көңілі аумады. Күн өткен сайын сезім суынар, оның орнын біреу басар деген үміті ақталмай, зарығумен күн өткізуде. Нұрила Таңгүлінің олигархтың баласына тұрмысқа шығып, шет елге кеткенін естігенде, сенерін де, сенбесін де білмей, дал

Махаббаттың ажалы болды. Талайды тамсандырған жарасымды жұптың аяқ астынан ай рыл ға нын неге жорырын білмеді. Бірқатар достары «Бұл Нұ рила ның қолынан келген іс деп, бұған қырын қарады». Мейлі, кім не десе ол десін, бірақ ендігі кезек менікі деп қыз Нұртаспен кездесуге асықты. Жұмыс орнына іздеп барды. Бұрынғы Нұртасты біреумен алмастырып жібергендей, жабырқау жүзін көргенде: «Ə, жыл ты раған ның бəрінің алтын емес екенін енді түсінген бо лар сың» деп табалады. Өзі Тəңірідей табынған Таңгүлінің аяқ астынан басқа біреуге тұрмысқа шығып кетуі жігіттің жүрегіне жазылмастай жара салып, қыз біткенге қырын қарап жүрген ол Нұриланы да са мар қау қарсы алды. Əрі-бері отырған соң: – Нұрила, сен түбінде маған үйленесің деп едің. Сенің кө ріп келің бар шығар, неге олай дедің? – деп сұрақ қойды. Қыз шынымен абдырап қалды. – Менің жанымның жарасын, өзіңнің жаның ауырғанда ғана тү сі не йін деген екенсің. Əрине, мен саған ызам келген соң айта салдым. Мен сені одан артық сүймесем, кем сүйген жоқ едім. Бірақ мені көзіңе ілмедің. Мені бағаламадың. – Онда енді үйленейік! – Сүйгеніңе ерегісіп, жараңның орнын мен жаласын деп отырсың ғой. Амал жоқ, мен байғұс оған да көнемін. Бірақ сенің онымен ешбір байланысың жоқтығына көз жеткізуім керек. Мен де адам баласымын. Менде де жүрек бар. Ертеңгі күні сүйгенің кеткен жағынан қайта оралса, мені тағы зар жылатып, жарға жығып кете берсең қайтемін. Мен ондай қорлыққа енді төзе алмаймын. * * * Ертеңгілік бас қосудан соң, компьютеріне отырып, жобаларын қарай бастаған Нұртас ұялы телефонының əуенін есітіп, қолына алды. – Нұртас сəлем! – Сəлем! – Бүгін жұма, қандай жоспарың бар? – Əзірге ешқандай. – Онда кешке киноға барайық. – Мүмкін, ресторанға? Кинодан жасымыз өтіп кеткен сияқты. – Нағыз джентльменсің!

Зияш Телеуова – Анда-санда болады ғой. – Онда кешкісін хабарласайық. Нұриланың көңілі көтеріліп, жүгіре басып бастығына кірді. – Нəзира Махмутовна, түстен кейін рұқсат етесіз бе? Дү кен дерге барып, имиджімді өзгерткім келіп еді. – Оһо, міне жаңалық! Мүмкін тойға барармыз? – Шаштаразға барам, сұлулық салонына кірем, рұқсат ете сіз бе? – Əрине, жұмыс, жұмыс деп, жеке өмірді ұмытуға болмайды. Əйт пе се, мен сияқты жалғыз қаласың! – Уақытында тұрмысқа шыға алмай қалған кəрі қыз ағынан жарылды. – Что вы, Нəзира Махмутовна, сіздің таңдауыңыз мықты болып жүрген шығар. – «Таңдаған тазға, ақылы азға жолығады» дегенді естен шы ғарма. Жалпы, таңдауға емес, тағдырға сеніп, көзді жұмып, уа қы тында тəуекел ету керек. Менің саған үлкендік ақылым осы. Уа қы тыңды өткізіп алма. – Мен таңдауды əлдеқашан жасағанмын. Соны күтіп жүр мін. Сəті түссе, бүгін бағымды сынап көремін. Қыздан мұндай ашықтық күтпеген бөлім бастығы күліп жіберді. – Қазір кете бер, тек результатын айтатын бол! – Саусағын шошайтты. – Немедленно, кешке дейін өзіңді ретке келтір. Сəт ті лік тілеймін! Нұргүл бастығының кабинетінен атып шықты. Екі көзі шоқ ша жайнап, алабұртқан ол үнемі алды қатты, көп сөйлемейтін бас тығы ның лезде өзгеріп, бұған соншама кеңшілік жасағанына қай ран қал ды. Орнына келіп, компьютерін сөндіріп, қол сөмкесіне ұсақ түйегін салды. – Бастық бір жаққа жұмсады ма? – деді қарсы үстелдегі қызмет тесі. – Иə, тығыз жұмыс. Бүгін түстен кейін болмаймын. Сұ ра ғандар ға солай деңдер. – Гуд бай, – ол қолын бұлғап, жүгіре басып шығып кетті. – Интересно, как они нашли общии язык! – Терезе жақтағы көк көз сары қыз иығын қиқаң еткізді. – Нұрила, пысық қыз ғой! – А, за что, бастық ее не любить? – Кого она любить?

Махаббаттың ажалы – Старые девы все злые! – Ішкі есік ашылғанда қыздар жым болды. – Нұрила кетіп қалды ма? – Өзіңіз бір жаққа жұмсап жіберген сияқтысыз. – Иə, иə, Света, келіп кет. – Сары қыз орнынан ұшып тұрды. Нұрила далаға шыққанда, аспан ашылып, бұлттар жөңкіліп көшіп бара жатты. Машинасына отырып жатып «қызық, кəрі қыз дар ашу лан шақ болады» деген рас шығар. Біздің бастық бірде түйе, бір де бие дегендей, бабын таптырмайды. Бүгін маған сонша жібігені несі екен? Мүмкін, жолым болар! Қыздарды отырып қалды деп кінəлауға бола ма? Көңілі сүймеген адамға қалай шықпақ. Мысал ға, өзі Нұртастан басқа адамға ешуақытта тұрмысқа шық пас еді. Сүймеген адамға сүйікті болам деп өзін-өзі алдап өмір сүр генше, жалғыз жүргені артық!» Қыз шет елдік машинасының автоматты жүйесін іске қосып, алға жылжыды. Жаңадан тұраққа ке ліп тоқтап жатқан іргелес компанияның заңгері бұған қолын кө тер ді. Қыз басын изеді. Бұл жігіт те көптен қырындап жүр, бө лім де гі лер оны мақтағанда ауыздарының суы құриды. Нұрилаға ол тіп ті де ұна май ды. «Əрине, Нұртастың басқан ізіне татымайды». Сүй генің нің ұрысқаны да сүйкімді. Қыз кең көшеге түскен соң бұрынғы барып жүрген шаштараз салонына бұрылды. Өзінің шеберіне таңертеңгісін сағат екіге жазыл ған, сырт киімін шешіп, креслоның босауын күтіп, үстел үс тінде жатқан сəн жорналдарын парақтады. Ішінен Таңгүліге ұқсас модельерді көріп, соған ұзақ қарады. Қысқа қара көйлек киіп, шашын соң ғы сəнмен бояған қыз бақталасынан аумай қалған. «Менде де осындай қара көйлек бар ғой. Соны кисемші. Осы шаштың үлгісін шеберге көрсетейін». Қыз қолына жорналды алып салонға кірді. – Маған мына қыздың шаш үлгісі ұнайды. – Париж. – Жасап бере аласыз ба? – Жасауға тырысамыз. Салонға үш сағат уақытын кетірген қыз итальяндық киімдер сататын дүкенге кіріп, біраз айналды. Ақыры ақшыл түстес шифон көйлекті киіп, айна алдында тұрып, əрі-бері айналды. Сатушы қыздар ды көмекке шақырды. – Сіздің түсіңіз. Керемет үйлесіп тұр. Өкінбейсіз, – деді менеджер. – Егер жігітіңізбен кездесуге барсаңыз, сізден көзін ала алмайды.

Зияш Телеуова Нұрила айнадан өзіне қарап тұрған, қара торы күлім көз, келте мұрын қызға қарап: – Сұлу болмағанмен сүйкімдісің. Сұлудан көңілі қалған жі гіттің жүрегі жібімей көрсін! – деп көзін қысты. – Аламын! – Екі ойлы болып тұрған сатушылар жүгіре жөнелді. Осы кез телефоны шырылдады. – Нұрила! Қалай уəде, уəде ме? – Əрине, мен шаштаразға, одан соң киім дүкеніне барып əмияным ды жұқартып тастадым. – Онда мен ресторанға звондап, тапсырыс беремін. – О, кей! * * * Қала көшелері соңғы жылдары көп өзгерген. Көшедегі ком мерция лық дүкендерді, ресторан, кафелердің маңдайын бе зен дір ген жү гірт пе жолды неон шамдары түнгі қаланы түрлі түске бө леп, көз дің жауын алады. Белгіленген уақытта үйінің жанына келген Нұр тас қа Нұрила ас үйінен төбесіне су кетіп жатқанын айтып, біраз күте тұруды өтінді. Жігіт түнгі қалаға қарап, ойға кетті. Осындай кездесер сəт тер де Таңгүлінің қанатын қомдаған құстай аяғын сəндеп басып, үкі дей ұшып кездесуге шығатынын есіне алды. Жүрегі сыздап, кө зі не жас үйірілді. Қыз ерекше жүрісімен жан-жағындағылардың бə рін еліктіріп кеп, үлбіреген ерінімен бетінен өбетін. Сүйгенінің ле бі нен Нұртастың тұла бойы балқып, жан дүниесі жадырайтын. Таң гү лі көзінің үстін қарамен жұқалап жүргізетін, ерніне білінер бі лін бес далап жағатын, онысы көбіне байқалмайды. Ал егер сондай макияж жасамаса, он бес, он алты жастағы балауса деп ой лай сың. Медеуге, Шымбұлаққа барғанда боянбайды. Саяхатта кез де сіп қалған таныстары «Қарындасың ба?» деп, жабыса кететін. Жі гіт аһ ұрғанда, ішкі шері сыртқа шыққандай, жеңілденіп қалды. «Қыз бен кездесуге келіп тұрып, өткен күндерді ұмыта алмасаң, келер кү нің не болады?» деп өзіне-өзі ұрысты. Ұмытам деп өзіне сан рет ант беріп, азарда-безер болған жі гіт оңаша қалса болды, сүйгенімен бірге жүрген күндерін еске алады. Сағынады. Оның бейнесі жүрегіне мəңгі жазылып, ұмы тылмас қылықтары, есін тандыратын еркелігі көкірегін қарс айырып, мына өмірдің мəні мен сəнін ол өзімен бірге алып кеткендей, жан дү ние сі зар қақсайды. Ендігі өмірінің бəрі құр далбаса, кеу де сі

Махаббаттың ажалы қуыс кеуешек болып көрінеді. Мұндай күйден серпілмесе, тол қынға қажалған тастай мүжіліп, бір күні омырылып түсетіні де сөзсіз. Жақында студенттік жылдардағы досы Жолдаспен екеуі ұзақ сырласқан. Оның əжептəуір ақындығы бар. Қонақ үйде оңаша отырып, өмір туралы, өздерінің бастан өткен-кеткендері туралы тү ні мен əңгіме-дүкен құрған. Жас жігіттер отырған қонақ үйі нөмірінің есігін əлсін-əлсін қақ қан түнгі «көбелек» қыздар да маза бермеді. – Қара, Нұртас, бұлар да бір кезде біреуді сүйіп, біреудің сүйікті сі болған шығар. Сəтсіз махаббаттан бастарын тауға да, тасқа да ұрып, ақырында осындай жолға түскен болар. Бұларды не деп кі нə лай мыз. Олар түгілі мына біз, екі иығымызға екі кісі мінгендей нар жігіттер Мəжнүн болып кете жаздадық емес пе?! Дү ниеде сүйгеніңнен айырылғаннан артық қасірет жоқ шығар! Мен де се нің сыңарыңмын. Сенің жағдайың менен тəуірлеу, Таңгүлі сені сүй ді ғой. Оған өзіміз куəміз. Сенен басқа жанды көзіне ілмейтін. Оның сұлулығындай сұлулықты алып жүріп, махаббатқа сонша жыл берік болу, əр қыздың қолынан келе бермейді. Ал менің жү регім ді жаулаған қыз маған жылы шырай бермеді. Қанша зарланып аяғына жығылсам да, жібімеді. – Таңгүлінің сезімге беріктігі осы ма? – қызып алған Нұр тас, өзеуреп, елірді. – Бір аптада күйеуге шығып үлгерді. Осы ма уə деде тұрғаны? – Қалай айтсаң да, мен оны жамандыққа қимаймын. Оның бір астарлы сыры бар. Өзің айтып отырсың ғой. Анам үзілді-ке сіл ді қарсы шықты деп. Оның анасы да сондай шешімге келген. Неге? Нұртас иығын көтерді. – Ау, сүйгенің шын болса, соның түбіне жетпеймісің? – Түбіне жетем деп жүргенде, қыз өзінің түбіне өзі жетті. – Жоқ, досым! Мен білетін Таңгүлі бұлай жасамауы керек еді. Бір кезде мен де оған ғашық болып өлең шығарғанмын. Айтып берейін бе? Түстің бе көктен, шықтың ба жерден, білмедім. Аққудай екен, мойныңды бұрып, игенің. О, періштем, жалт етіп маған қарашы! Жамалыңнан нəр алып, кірпігімді ілмедім. Не керек маған Париждің айдай сұлуы, Жүрегінде қалмаған титтей жылуы.

Зияш Телеуова Қалқалап сені көлеңкеммен жүрейін, Пай, пай, жүз қыздың сенде қылығы! – Осы өлеңді Таңгүліні көргенде шығардым. Ол кейіннен се нің сүйіктің болып шықты. Бəрібір оны көрген сайын, бір өлең шы ғарып жүрдім емес пе? Сенен қорыққаннан көрсетпейтінмін. – Мен сендей ақын болғанда, өлең ғана емес, том-том романдар жазар едім. Ондай өнерден құралақанмын. – Нұртас, мен саған достық ақыл айтайын. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. Бұл өмірде сүйгеніне қосыла ал ма ған жалғыз біз емеспіз. Жалпы, бір-бірін құлай сүйгендердің қо сы луы өте сирек құбылыс. Мына ерлі-зайыпты болып, бала сүйіп жүр гендер дің барлығы бақытты жандар деп ойлаймысың? Ерунда, көбісі бастарына ноқта салып жүргендер. – Сонда ноқтаны сенде сал демекпісің? – Енді күйеуге тиіп, Америкаға кетіп қалған ғашығыңды кү тіп қартаймайсың ғой? Əлде, күйеуін тастап, саған оралар деп үміт тене мі сің? Сенің өзіңе лайық жар таба алмауың мүмкін емес. Жалпы, сен қыз-келіншектің сүйіктісі болатынсың. Қазірде жан-жа ғыңа қара! Əне бір сүйкімді, өрттей лаулаған өткір қыз қайда? Са ған өлердей ғашық еді ғой. – Нұрила ма? – Иə! – Осында. – Күйеуге шыққан жоқ па? – Жоқ! – Демек, əлі сенен үміттеніп жүр. Давай, əңгімені қой. Тез де тіп үйлен! Қалың ой үстіндегі Нұртас селк етті. – Əй, əй, свиданияға келген жігіт ұйықтап қалдың ба? – Нұр гүл терезені түртіп тұр. Оның көз алдына Таңгүлі тұрғандай, терезе əйнегіне бақырайып қарағаны сонша, қыз шошып кетті. – Немене, сонша тесіле қалдың? – Есікті шапшаң ашып отырған қыз еңкейіп, Нұртастың бетінен сүйді. Салонның ішін француз əтірі «Шанельдің» хош иісі жайлады. – Қыздардың иісі əдемі, – деп күлді Нұртас. – Постаралась! – Оценим! – Екеуі қосыла күлді. – Достардан ешкімді көрген жоқпысың?

Махаббаттың ажалы

– Мен жұмыстан бас алмаймын. Егер сəулетшілік ма ман дық-

тың осындай қиындығын білсем, əуел бастан таңдамас едім.

– Мектепте жүргенде архитектор болам дегенсің.

– Оның қиын екені білмеппін. Ол кезде қиял-ғажайып ер те гі-

нің шылауында жүрдік. Ал, өмірде сол армандаған шаһарларды
тұрғызудың құйтырқылары көп болатынын кім білген?

– Мен болсам ағылшын тілінің аудармашысы болып, шет елде

жүремін деп ойлағам. Маған біреу шет елге бара ғой деп жолда-
ма ұсына салатындай. Ондай жолдама біз сияқты қа ра па йым дар-
дың қолына түсе бермейтінін ойламаппын. Шынында да, арман
мен шынайы өмірдің арасы жер мен көктей екен. Шет елде оқу ға,

жұмыс істеуге билік басындағы шенеуніктер мен қалталы мыр за-
лар дың балаларының ғана қолдары жетеді. Біздің жұмыс тап қа ны-
мыз ға шүкіршілік.

– Нұртас, жайлап жүрсейші, жүрегімді ұшырдың!

– Жылдамдықтан қорқамысың?

– Əрине, қаланың ішінде осылай жүруге бола ма?

– Қасында сендей сұлулар келе жатқан жігіттерге жүруге бола-

ды деген ереже бар.
Қыз күлімсіреді.

– Амандық керек! Сондықтан, өтінем! Жай жүрші!

Олар ең қымбат ресторанның жанына келіп тоқтады. Жігіт
кө лік тің есігін ашып, қызды қолтығынан сүйеп түсірді. Мұндай
жайлы жерлерге келушілер көп болмайтындықтан, күзетшілерден
бас тап, даяшылар есіктен кіргеннен құрдай жорғалады. Екі адам-

дық ка би на ға тапсырыс бергендерді дем алатын орындарына де-
йін шы ға рып салды. Талғампаз жігіт Нұриланың киім киісі мен
жү ріс-тұ ры сын жіті бақылап, оның сымбаты мен сəнінен мін таба
алмады. Қыз барынша көңілінен шығуға тырысып бағыпты.

Итальяндық кухнияның аспазшылары дайындаған тағамдар
мен шотландық вискиді ұртап, шет елдік əуендерге құлақ тігіп
отыр ған қыз бен жігіт біразға дейін ортақ тақырып таппағандай,
қыс қа-қысқа тілдесуден əрі аспады. Мейрамхана іші қонақтарға

толып, қыздар мен жігіттер кабиналарынан шығып, бір-бірін
биге шақыра бастағанда, Нұрилаға келушілер көбейіп, қыз оларға
əдеп пен қарсылық білдірді. Нұртас қыздың қолынан демеп биге
ша қыр ды. Талай кештер мен ойын сауықтарда ұршықша үйріліп,

қыз бен жігіттердің ортасында жүретін «зажигалка» Нұриламен
би ле гі сі келгенімен, екеуінің бұрынғы арақатынасын білетін
Таң гү л і ден бата аламайтын. Ал Таңгүлі баяу билер болмаса, қы-

Зияш Телеуова
зу қан ды еу ро па лық билерді билеуден бас тартатын. Көбіне то-
пырлап, жұл қы нып жүргендерге жымиып қарап тұратын. Кейде
ар қа сы қозып кететін жігіт оны жалғыз қалдырып ортаға түседі.

Ондайда Таңгүлі өзі нің Нұрила құсап билей алмайтындығына
шынымен өкінетін.
Бұл жолы Нұрила Нұртасты өзі икемдеп, шет жаққа тартып,
жай ырғақпен қозғала бастады. Нұртас қыздың құлағына аузын

тақап:

– Неге ортаға түспейсің?

– Жас емеспіз. Ақыл тоқтаттық. Студенттік шақты есіңе алып

тұр мысың?

– Сенің жұртты есінен тандырған билерің əлі есімде.

– Соның бəрін сен үшін істейтінмін. Қазір сен қасымдасың.

– Мен болмасам, билемейтін бе едің?

– Билеймін. Бірақ ешкімнің көңілін жаулауға тырыспаймын.

Өзім лəззат алу үшін ғана билеймін. – Қыздың ыстық демі құ ла ғы-
ның түбін шарпып өтіп, жігіттің денесін бойлады, ол талдырмаш
денені өзіне қарай тартты.

– Нұрила, кетсек қайтеді... – Қыз үнсіз басын изеді.

Мейрамханадан шыққан қыз бен жігіт қол ұстасып, кө лік те рі-
не отырды.

– Қайда барам десең сонда апарамын. Бірақ екеуіміз ғана бола-

тын болайық. – Жігіт қыздың шашынан иіскеді. – Менің пə те рім де
інім бар.

– Жігіт қызды алып қашудың орнына, қыз жігітті алып қа ша-

тын заман осы шығар. Менің үйім оңаша.

– Сені осындай ашық-жарқын мінезің үшін жақсы көремін.

– Бірақ... сүймейсің!

– Есесіне сен сүйесің! Мен сенен кейін үйренемін!

– Оған да келістік.

Есік алдындағы автотұраққа машинаны қойып, Нұрила пə те рі-
не кіргенде, жарық жағуға қолын созған оның қолын жігіт ұс тай
алды. Бір сəт екеуі де бойларын билеген алапат сезімнің жетегі-
не еріп, құшақтасып, жатын бөлмеге енді. Таң атқанша бір-біріне

өліп өшіп, тəн лəззатынан естанды болған екі ғашық, көз шыры-
мын алып оянғандарында, күн арқан бойы көтеріліп, бөл ме ге жа-
рық нұрын төгіп тұрды.

– Нұртас, бір сұрақ сұрайын, ашуланбаймысың?

– Мың сұрақ қойсаң да ашуланбаймын.

– Таңгүлі екеуіңнің араңда ешнəрсе болған жоқ па?

Махаббаттың ажалы – Ешкім сенбейді. Бірақ ешнəрсе болған жоқ. Мүмкін, солай бол ға ны да дұрыс шығар. – Енді мен саған бір өтініш айтайын. Маған мұндай сұрақты алда ғы уақытта қойматын бол. Мен бүгіннен бастап өмірімнің жаңа па ра ғын бастадым. Оның басты кейіпкері тек екеуіміз ғана. Орнынан тұрып, жуынуға беттеген жігіттің бұлтылдаған бұлшық еттері, құрыштан құйылғандай сом денесіне сүйсіне көз таста ған қыз бақыттан басы айналып, көзін жұмды. Осы кезде жігіттің ұялы телефоны шылдыр етіп, оған хабар түскенін білдірді. Жалма-жан қолына алып қараған Нұриланың тұла бойы ток ұрғандай дір етті. Тағы суық сұлу! Ол ұялы телефоннан Нұртасты кездесуге шақырған sms-ті оқыды. «Жоқ, сұлуым, енді ойын аяқталды. Нұр тас ендігі жерде тек қана мендік болады». Қыз тас түйін күйге тү сіп, жалма-жан телефонды орнына қойды. Ішін алай-түлей қызға ныш тың қызыл оты жалап бара жатқан Нұрила, қайда барса да қыр соңынан қалмай қойған Таңгүліден қалай құтылуға болатынын ойлап, бас қатырды. «Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деп, күйеуін менсінбеген сұлудың Нұртасқа тағы да қармақ салғалы тұрғанын сезгенде, өзін қоярға жер таппады. Егер ол келіп тағы мойнына асылатын болса, жігіттің төтеп беру екі талай нəрсе. Нұрила Нұртастың өзін Таңгүліні сүйетіндей ес сіз сезіммен, көзсіз махаббатпен сүймейтіндігін біледі. Сол себепті де Таң гү лі ден қорқады. Бірақ бұл жолы ол неден болса да та йын байтын ды ғын, сүйген жігітін қолдан шығарып алмау үшін, от жанып тұр са, сол отқа түсіп, жанып кетуге даяр екендігін сезінеді. Енді өліс пей беріспеймін деп шешті. Бір рет жеңілдім. Екінші рет жеңіс менікі. Жеңіске жетіп тұрып, одан айырылып қалатын Нұ ри ла емес! Күйеуге шығып, екі жыл шет елде серуендеп келіп, Нұр тасты тағы айналдыруы қай басынғаны?! Сонда Нұртас желп етіп, бара қояр ма екен?! Қалай ойласа да, Нұрила жігіттің бар май тынды ғы на бəс тіге алмады. Ойы онға бөлінген қыз, қайта-қайта алдын ораған Таңгүліні жек көргені сонша, атарға оғы болмады. Бір сəт шет елдік фильм дер де гі жігітке таласып, неше түрлі зұлымдыққа барып жатқан қыз дар дың қылығын ойлады. Олардың да махаббаты менікі сияқты еш кім мен бөлісуге келмейтін ерекше шығар. Ал мен ше?! Мен не іс те й мін? Осылай қолымды қусырып, бауырымнан барымды біреу суырып алып бара жатқанда қарап отырамын ба? Жоқ, Нұрила! Енді алысу керек, қажет болса атысу керек! Өз бақытыңды қолдан шы ға рып алмай тұрып, қорғап қалуың керек! Нұртас бұрынғы Нұртас емес,

Зияш Телеуова
қазір ол сенің құшағыңның да ыстық екенін білді. Тіпті тойлары
туралы да келісіп қойған. Бұйырса, балалы да болып қалар...
Бірақ не істеу керек?! Оның есіне Нұртастың үйінің жи һаз да-

ры ның шаңын сүртіп жүргенде көрген пистолет сап етті. Бір сəт өз
ойынан өзі шошып кеткендей, самсарып қалды. Бірақ бақ та ла сы-
нан құтылудың басқа амалын таппағандықтан, «егер пистолет сол
жерде тұрса, оны қолға түсіру керек» деген байламға келді.

Ваннадан су-су боп, орамал жамылып шыққан жігітке кү лім сі-
рей қараған қыз:

– Нұртас, көйлегіңнің жағасы кірлеп кетіпті, үйіңе барып киі-

мің ді ауыстыр. Сосын пəтеріңді тазартайын, маған кілтіңді тастап
кет, – деп еркелей қарады.

– Сен болмасаң ғашығым,.. – əр жағын білмеймін, – жігіт əн-

дет ті де қызды құшақтады. – Жарайды, сенің айтқаның болсын.
Тіп ті, шайды біздің үйден ішейік, тоңазытқышта торт бар. Өткенде
ту ған күнімнен қалған. Тез киін.
Үйінен шай ішіп, киімдерін ауыстарған соң барып, телефонына

қараған жігіттің жүзі күреңітіп шыға келді.

– Немене, бір нəрсе болды ма?

– Жо-ға, жұмысқа баруым керек...

– Жарайды. Мен үй жинап, тирге барып шығамын. Менің хоб-

биімді білесің ғой.

– О’ кей.

Жігіт шығып кеткен соң, жатын бөлмеге жүгіріп барған қыз
пис то лет тің орнында тұрғанын көріп, қалшиып қалды. «Мұны кім,
не үшін тықты екен? Мұндай сəттілік бола бермейді. Егер өз ба-
қы тың үшін өзің күреспесең, өмір бойы бақытсыз болып өте сің.

Таңгүлі келгелі Нұртастың көңіл күйінің бұзылғанын тағы бай қа-
ды. «Егер жаздым, жаңылдым мені кеш десе, өзі де етегіне намаз
оқып жүрмеген Нұртас сұлуын кешіре салуы əбден мүмкін».
Нұрила қолына пистолетті алып, айналдырып көрді. Оқ шан та-

йы толып тұр. Ой, Құдай-ау, мен не ойлап тұрмын? Ендігі қал ға ны
адам қанын мойныма жүктеу еді. Қыздың қолы қалтырап, ті зе сі
дірілдеп, біраз тұрды. Қолында пистолет. Ол бір сəт ғайыптан пай-
да болған қаруға таңдана қарады. Сен қайдан пайда болдың? Кім ге

арнап сені əкеліп мұнда тығып қойды? Оның əржағында бір əз əзіл
дауыс «Осыдан басқа амалың жоқ, сол қыздың көзін құрт па саң,
енді саған Нұртас жоқ!» деп сыбырлайды. «Саған Нұр тас сыз өмір
жоқ. Онсыз өмір сүре алмайсың. Енді оны ешкімге берме, қыз ды

қараңғыда бір оқтық қыл!» деп жанын жеп барады. Қыз тең се ліп

Махаббаттың ажалы орнынан тұрды. Сөмкесіне пистолетті тықты. «Тап маған əзір леп қойғандай, қайдан шыққан қару? Неге мұнда тұр? Əлде, Нұр тас ана олгархтың баласын атып тастағысы келіп жүрме? Сұм дық қой! Оның да маған айтпаған жасырын сырлары болды ғой. Нұр тас, жаным, мені неге беріліп сүймейсің? Мені сүймейсің білемін. Бі рақ мен сені ешкімге бергім келмейді». Қыз үйден шығып, көлігіне отырды. Қай жаққа бартынын, не іс тей ті нін өзі де білмейді. Саябаққа барып бірақ тоқтады. Су бұрқақ тың жанына барды. Күздің ызғырығы ағаштардың бұ тақ та рын жұл қы лап, су бұрқақтың суы жан-жағына шашырап, көл-көсір еткен. Қазан айында су бұрқақтарды сөндіретін еді. Мынаны неге қал дыр ды екен деп ойлады қыз. Аяғының астына жапырақтарының жартысы сарғайған, жартысы көкпеңбек кішкене бұтақша ұшып түс ті. Жазда жайнап жататын екпе гүлдерді жинап тастаған. «Мына орын дық қа келіп отыратын болар?» Қыз орындыққа қарай иіліп, жа пы ра ғы мен жартысын жауып тұрған емен ағаштың басына қара ды. Адам құшағына сыймайтын ағаштың ұшар басы теңселеді. Өр ме леп шығып, ана бір-біріне жабыса өрілген бұтақтың қуысына ты ғы лып отырып алса, ешкімнің көзіне түспейді. Сосын дауыстары да анық естіледі. Олардың сөздеріне қарап, не істейтінін ше ше ді. Қазір қала сыртына шығып, қаруын сынап көруі керек. Нұ ри ла кішкене кезінен мерген. Əкесімен аңға шығып, құралайды көз ге ататын. Бірақ аң мен адамды атудың айырмашылығы жер мен көктей. Қыз Нұртасқа телефон соқты. – Нұр, кешке қайда боласың? – Пысық қыз, бүгін дем ал! Ертең өзім хабарласамын. Бүгін жұмыс та рым бар! «Білем, қандай жұмыс екенін». – Онда мен мына жақын жердегі апамның үйіне барып келемін. Жоқ, келмеймін, сонда қонамын. Қаламен іргелес поселкеде тұрады. – Келістік. Жолың болсын. Қыз қала сыртына шыққан соң, қалың ағаштардың арасына барып, жан-жағына мұқият қарады. Қыбырлаған жан көрінбейді. Сосын пистолетті қолына алып, анадай жерде домалап жатқан шыныны тікейтіп қойды да, он аттам қашықтықтан көздеп, пис то леттің шүріппесін басып қалды. Түк даусы шыққан жоқ, бірақ шыны күл-талқан болды. «Міне, сəттілік, дауыс басары бар. Бұл бір бай адамның қаруы болды. Жай адамдар мұндай қымбат қаруды қолға түсіре алмайды. Босаған патронды лақтырғысы келді де, қай та-

Зияш Телеуова дан оқшантайға салып қойды. Ататын уақытта алып тастармын. Əзірге толық болып тұрсын» деп ойлады. Қолы шықпапты. Бас қа амалым жоқ. «Маған да Нұртассыз өмір жоқ. Мықтаса сотталармын. Бəрібір Нұртас менікі ғана болады». Қыз белін бекем буды. Пистолетті сипалап, сөмкесіне салды. Нұрила саябаққа ерте келді. Су бұрқақты алыстан айналып, айналасын əбден зерттеді. Бақтың ішіндегі аспалы көпірдің үс тінен өтіп бара жатқан жас жұбайларға қызыға қарады. Сонша жыл күткен сүйгенімен енді табысып, енді бақытты өмірді бастаймын деп жүргенде, Таңгүлі тағы алдын кес-кестеді. Өзі бір кезде тастап кеткен жігітті, көңіл көтеріп болған соң, тағы ай нал дыр мақшы. Осы əділдік пе? Өзіңді сүйген адамды осылайша қор лау ға бола ма? Жоқ, енді оған мен жол бермеймін! Жетер осы ма за ғың мен азабың! Мүмкін Нұртас кездесуге келмес деген үміт оты жылт етті. Ылайым, солай болғай. Бірақ, əй қайдам, Нұртастың хабарды оқығандағы жүзінің бұзылып кеткенін көріп тұрды емес пе? Демек, əлі ұмыта алмаған. Оны өзі де сезіп жүр. Кейде өзінен-өзі тү йі ліп, сағаттар бойы ешкіммен сөйлеспей қояды. Шет елден қай тып келіпті, вокзалдан көрдім деп біраз сенделді. Сонда өмір бойы осы қыз алдымнан айналып шыға бере ме? Ал егер, ол кү йеуі нен айырылыпты, басы бос, мен соған кеттім десе, не болады? Онда Нұрилаға өмір бар ма? Ондай қорлыққа бұл шыдай алар ма?» Нұрила талай қыр соңынан қалмаған жігіттермен көңіл қо сып көруді ойлаған. Онысынан ештеңе шықпады. Басын дуалап ал ғандай, Нұртас ұйықтаса түсінен, тұрса ойынан шықпайды. Ақы ры оған шықпаса, жалғыз өтуге бел байлаған. Нұртастың беті бері қарағалы ол ұшып жүрген қанатты періште тəрізді. Өз бақытына өзі сенбейді. Одан айырылып қа ла тындай, көзінен таса қылғысы келмейді. Осындай өлшемі жоқ өрт тей сезімді қалай сөндіре алады? Немесе басқа біреудің сөндіруіне жол береді. Таңгүлі күйеуге шыққан соң, одан біржолата құ тылдым деп, көңілін бірлеген. Бүгін одан түскен sms-ті оқығанда, төбе сі нен жай түскендей болды. Зарығып жеткен бақыты қолыннан суысып шығып бара жатқандай, шыбын жаны шырылдады. Не істеу керек? Нұртасты сөзбен иландырып, сүйгенінен тайдыру ешкім нің қолынан келмейді. Ендігі амал бақталасының көзін құрту ғана. Нұрила аласұрды. Қыз есалаң күйде. Бір кезде Бəледен қашқан Машайық құсап, алды артына қарамай осы арадан қаша жөнелгісі келді. Бі рақ сүйгенін мəңгіге жоғалтып алатын болса, содан соңғы өмірінің

Махаббаттың ажалы мəні неде екенін білмей дал болады... Нұртас бүгін Таң гү лі нің қолы нан жетектеп кететін болса, одан арғы жарық күнді, жар қы ра ған таң ды Нұрила көргісі келмейді. Демек, оған жалғыз ғана таңдау қал ды. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Екеуінің бірі ғана Нұртас ты сүюі керек. Осылайша сандалып жүрген қыздың бар ойы кешкі кездесуде. Саябақтың ішінде алагеуім басқанда, жылымық қар жа па лақ та ды. Бұл жерге түскен бойына еріп кететін алдамшы қар. Қыз кешке қарай үйіне соғып, спорттық киім киіп, қайта келді. Кө лі гін сол маңайдағы көп қабатты үйдің ауласына қойды. Сосын су бұр қақтың жанында адам қарасының азайғанын күтті. Адам аяғы əб ден сиреген соң, өзі күндіз белгілеп кеткен ағашқа өрмелеп шы ғып, бұтақтың қуысына жайғасты. Бір-біріне жабыса өрілген бұ тақ тың арасына еркін сыйған қыздың, көз алды алақандағыдай. Қо лы на қыстырып келген минералды суды жұтып тамағын жібітті. Бі рақ қол-аяғы дірілдеп, иегі сыртылдап, бебеу қаққанын қояр емес. Əрі-беріден соң, бақталасын бір оқтық қылу ойынан айныды. Олардың өзара келісімін естіген соң ғана, бір шешім жасайын деп бекінді. Бірақ амал қанша, Таңгүлі ең болмаса аналық бақыт бер деген сөздерді үздігіп айтқанда, қыздың қолы еріксіз шүріппеге же тіп барды. «Сайқал, ана олигархтың баласынан неге тумадың? Үз ді гіп, қойныңа аласың, сосын Нұртастың басы біржолата байланады! Сосын құтқарып көр! Жоқ, бұл аярлығыңа жол жоқ!» ол орнынан тұра берген қыздың жүрек тұсын көздеп шүріппені басып қалды.. Олигархтың баласы жалдаған киллер еменнің түбінде отырып, атты. Қыз құлап түскен бойы, киллер безіп, темір жолды бетке алып қаша жөнелді. Ағаш басында отырған Нұрила өлік пен Нұр тас ты полиция алып кеткен соң ғана түсіп, жан ұшырып келе жатып, кондоминиуммен соғысып, қолындағы пистолетін ұшы рып алды. Бірақ оның түн ішінде мұның кім екенін байқауы екі талай нəрсе болғандықтан, сабасына түсіп, Нұртастың үйіне бұ ры лып, пистолетті орнына қойды. Келесі күні пистолетті тауып, алып кеткен Ғалия ол арқылы қылмыс жасауға əрекет жасалғанынан да мүл де хабарсыз болатын.

* * *
Райс сараптамашылардың қорытындысын алып келген бойы
тергеушілерін шақырды.

– Сонымен, не істейміз?

Зияш Телеуова – Сараптама қыздың пистолетінен оқ атылмағанын, онда бос патрон болғанын дəлелдеді. Демек, саябақтағы қыз киллердің револьверінен атылған оқтан мерт болған. – Бəрібір қастандық жасауға əрекет жасалған факті бар ғой. – Ол қыздың аяғы ауыр екен. – Жақсы, Асхат, екеуін де маған шақыр. Жалпы, өте көп қиындық тар ға кездескен жастарды бұдан артық мазаламаған дұрыс. Нұртас пен Нұрила екі бөлек келді. Отырыңыздар деп белгі берген тергеу басқармасының бас тығы, алдындағы қағаздарын ысырып қойып, екеуіне алма-кезек көз салды. Нұртастың қабағы қатыңқы. Нұрила селқос. – Өмір сіздерді қатал сынға салып, күтпеген оқиғалардың кейіп ке рі не айналдыңыздар. Мен сіздерді түсіне отырып, ал да ғы уақытта асығыс шешім жасап, бұдан əрі оқиғаны ушық тыр маудың кейбір өзім білетін жолдарын естеріңе салуды дұрыс кө ріп отырмын. Нұртас, сіз өте ауыр қайғыны бастан кешірдіңіз. Сіздің орны толмас қайғы-қасіретіңізге ортақтаса отырып, өзінің ба қы ты үшін күресудің бір жолы бақталасынан құтылу деп ойлаған Нұри ла өзінің қателігін кеш те болса, толық түсінер деп ойлаймын. Əрине, біреудің өміріне қастандық жасалып, ол кездейсоқ сəт тілік тен жасалмай қалған болса да, күдікті жазасын алады. Бі рақ Нұрила əйел адам болғандықтан, сəби күтіп жүргендіктен, жаза жеңілдетіледі. Бізде қазір тараптардың бір-бірін кешіруіне, ке лісі мі не қарай қысқартылатын істер бар. Бұл қылмысты ізгілендіру ние тін де гі шаралар. Соған байланысты екеуіңіз келісімге келетін бол са ңыз дар, Нұриладан айып алынып тасталады. – Түсіндім, – деді Нұртас басын көтеріп, – мен ондай қағазды жаза аламын. – Əрине, бұл уақыт жазатын жара. Сондықтан сіздер өз-өз де ріңіз ге келулеріңіз үшін уақыт керек. – Қазір екеуіңіз де 256 кабинеттегі тергеушіге барыңыздар, қажет қағазды сол жерде толтырасыздар. Ал сəбилеріңіздің бо ла шағы үшін түсініскендеріңіз дұрыс. ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ НИНДЗЯ Райс соңғы бір жетіде түйдектеліп ашылған қылмыстардың іс қағаздарын қарап отырды. Тергеушілері де күн санап тəжірибе жи-

Махаббаттың ажалы нақ тап, төселіп қалғандарын дəлелдеуде. Көмекшісі Асхаттың келіп тұрғанын айтты. – Кірсін. – Хабарлауға рұқсат етіңіз, жолдас полковник. – Отырыңыз. Барлық істермен таныстым. Жарайсыңдар. Жі гіттер ге өте ризамын. Жан аямай-ақ қимылдаған екен. – Ниндзя тəрізді, – деп күлді Асхат. – Жолдас полковник, сізге ылғи айтқым келеді. Біз жас ке зі міз де ниндзя дегенді басқаша ұқтық. Оларды Жапонияның ең тап қыр, ең шапшаң жауынгерлері деп ойладық. Бəріміз ойын ой на ған да ниндзя сияқты ұшқыр, төбелескіш, шапшаң болуға тырысатынбыз. Кейіннен олардың ең сұмпайы адам өлтіргіш, қанішерлер екендігін білгенде таң қалдым. Олар қарсы келгендердің бетін ке сіп, тамағын орып жібереді екен. Оларды елінде «мунэатэ» деп атап, аттарын естігеннен жай халықтың тұла бойы түршігетін болған. – Уақытыңыз тығыз болмаса, мен сізге ниндзя туралы қы зық ты хикиялар айтып бере аламын. – Бүгін тыңдауға болады. Айта бер. Көзілдірігін түзеп қойып, тамағын қырнаған Асхат сөзін бастады: – Мен бала кезімнен жапондықтардың осы жауын гер ле рін дей нағыз жаужүрек болып өсуді армандадым. Ағаштан ағашқа се кіріп, талай рет аяқ-қолымды сындырдым. Олар туралы фильм дер ді іздеп жүріп көрдім, видео қарадым. Ақыры бірталай мə лі мет тер алдым. Сосын алған бетімнен айныдым. – Ол неге? – Соны айтамын. Ниндзияларды елінде «Көзге кө рін бей тіндер» деп атайды екен. Олар туралы талай аңыздар тараған. Со ның ішінде олар құрбақаға, құсқа, жыланға айналып кете берді-міс. Қанат бітіп, аспанға ұша алады. Биік тосқауылдардан қас қа ғымда оқша атылады. Судан лезде құп-құрғақ болып өте шығады. Былай қарасаңыз қиял-ғажайып ертегі. Бұлардың көбісін ниндзялар, яғни «синобилердің» өздері таратқан. Бірқатарын халық ойлап шығарған. Шындығында да, олар адам баласының қолынан келмейтін талай күрес өнерін меңгеріп, атағын алысқа жайған. Оларды сəби кезінен түрлі қиындықтарды жеңуге баулығаны сондай, қа ра па йым адамдардың санасына сыймайтын нəрселерді жа сау ға қол жеткізген. Жəне де олардың өздерінің өмір сүру заңы болған. Онысы біз үшін нағыз тағылық. Қаталдық, сатқындық, алдау оларға тəн қасиет болып есептелген. Елінде олар туралы «ниндзя

Зияш Телеуова сияқ ты жауыз» деген ұғым тараған. Олар өмір сүру нəпақасын, өлім ге тапсырыс алумен айырған. – Қызық, «Махаббаттың ажалы» қылмыстық оқиға желісіне ұқсай ды екен. – Сізге сол үшін айтып отырмын. Олар көп ақша талап етеді. Бі рақ ниндзяға сенім артуға болады. Олар тапсырыс алса, қандай қиын дық болса да алған бетінен қайтпаған. Тіпті, өз өмірлерін құрбан еткен. Жəне барлық уақытта көздеген мақсатына жетіп отырған. Синобилер, яғни ниндзялар зұлымдықты мадақтаған, бі рақ тапсырыс берушіге қиянат жасамаған. Олардың бұл заңын бəрі бұлжытпай орындаған. – Бізде тапсырыс беруші сөзінде тұрмаған ғой. – Солайы солай ғой. Бізде киллер деген бұрын болмаған. Бұл біз дің халқымыздың менталитетіне жат нəрсе. Ал ниндзялар бесік тен белі шықпай жатып, адам өлтіруге машықтанған. Мен сізге бір оқи ға айтып берейін. Бір атақты ниндзяның қас-жауы болған. Олар оны өлтіріп, басын шауып алады, бірақ өлтіргендерінің сол адам ба, əлде басқа біреу ме, оған көздері жетпейді. Сол себептен бас ты оның сегіз жасар баласына көрсетіп «Танисың ба?» депті. Бала кө зі нен бір тамшы жас тамызбай, қатып қалыпты. Егер олай етсе, ол əкесін масқаралаған болар еді. Оның бет əлпетінен осы сезі ле ді. Кіш кен тай ниндзя құрметпен басын иіпті. Сол бойы қай ғыны кө тер алмай, ішін жарып жіберіп, ерлікпен қаза тауыпты. Оны көр ген жаулар нағыз дұшпанды өлтірдік деп жөн-жөніне кетіпті. Бі рақ ба ла ға ұсынылған бас оның əкесінікі емес, қателікпен өлті ріл ген бас қа біреудің басы болатын. Бала əкесін құтқару үшін, ой лан бас тан өзін құрбандыққа шалып жібереді. – Əңгімең өте қызықты екен. Шынында да, көзілдірік киген жігіт тер өте ақылды, білімді болады дейді. Біздің құқық қорғау органдары көзілдірік кигендерден қашады. Маған сендей көзіл ді рікті тағы бір екі-үш жігіт берсе, қуанар едім. – Жолдас полковник, тағы бір қызықты оқиғаны айтып берейін. – Айта бер. – Жалпы, ниндзя өнері деген орта ғасырда Жапонияда дə уірлеп тұрған. Олар өткен жерден ұшқан құс, қыбырлаған аң қалма ған деседі. Қазір ондай секталар жоқ. Ал қазіргі фильм де гі лер олардың жұқаналары ғана. Ниндзялардың тағы бір зұ лым ды ғы мен тапқырлығы аса ірі қолбасшы Уэсугиге жасалған қас тан дықта ры мен тарихта қалған. Қолбасшы өзін аңдушылардың арам пиғы лын сезіп, күзетшілерін күшейтіп, қамалынан ұшқан шыбын

Махаббаттың ажалы өт пей тін дей бақылау орнатады. Біздің қазақ халқында «аңдыған алмай қоймайды» деген сөз бар. Сол сөз осы оқиғаны оқығанда ерік сіз есіме түседі. Ниндзялардың ең қауіптісі карлик-ниндзя деген болады екен. Оларды арнайы саз құмыраларда қалыпқа салып өсір ген. Олар шынашақтай болғандықтан, кез келген тесіктен өтіп жүре береді. Осындай карлик-ниндзя тас қамалдан сызат тауып өте ді де, князьдің жатын бөлмесіне кіре алмаған соң, оның ерте ме, кеш пе əжетханаға баратынын ойлап, əжетхана шұңқырына тү сіп, мойынын қылтитып күтіп отырады. Ақыры қолбасшы жан-жа ғында толған күзетшілерімен дəрет алуға шығып, əжетханаға кір генде, шұңқырда жатқан ниндзя оның дəретке отыратын жанды жері нен найзасын бойлатады. Жан даусы шыққан князь тіл тартпай мерт болады. Ниндзя əжетхананың шұңқырында бамбук трубасымен дем алып, жата береді. Самурайлар басшыларының ажа лы ның неден болғанын білмей жанталасады. – Сен кəдімгідей ниндзя əдістерін зерттеген екенсің. – Олардың адам өлтіру тəсілдері түрліше. Мамусигама деген улы жыланмен, кез келген дұшпандарының қапысын тауып, сеспей қа ты рып отырған. Олар туралы кітаптар оқығанымда, жа уыз дықта ры нан жаным түршікті. Қазір біздегі кейбір қылмыстарда, мысалы, беттеріне бетперде кию, сол ниндзялардың қол таңбасы байқа ла ды. Олар өлер алдында ешкім танымасын деп беттерін ті ліп жі бер ген. – Өкінішке орай, біздің жастарымыз шет елдіктерге елік теу ден бірінші орын алады. Соның нəтижесінде – киллер, хаккер, педофиль сияқты қылмыстың түрлері бізде де пайда болды. – Оның рас. Сонымен олигархтың баласы киллерге қанша беруге уəде берген? – Елу мың доллар. – Қанша?! – Елу мың... – Қолына алғаны бар ма? – Ол дəлелденбеді. Тапсырысты орындаған соң беремін деген. Сосын уəдесінен айнып, олигархтың баласы полиция ша қы рамын деп қоқан-лоқы жасағандықтан, киллер оны өлтіруге мəж бүр болған. – Олигархтың əке-шешесі ол туралы біле ме? – Олар қайғысынан оңалмағанға ұқсайды. Ақша туралы əң гі ме болған жоқ. Киллер жігітті үйлерінен бұрын-соңды көрген жоқпыз деп азарда-безер. Баласының онымен бір кезде бірге оқы ған-

Зияш Телеуова ды ғын, дос болғандығын жоққа шығарды. Ол – қанішер, қыл мыскер, оның менің баламмен дос болуы мүмкін емес деп безілдейді. Бірақ олар бір ауылда тұрып, бір мектепте оқыған. Оны таныстары растады. – Киллердің əке-шешесі бар ма екен? – Шешесі, қарындасы. Олардан да жауап алдық. Ешнəрсе білмейміз, үйге ақша əкелмеді дейді. Райс екі ғасырдың куəсі боп, екі қоғамдық құрылыстың қыл мысы ның тергеу жұмысын жүргізіп отырғандықтан, бұрынғыға қара ған да, қазіргі адамдардың сана-сезімінің, өмірге көзқарасының, жалпы, адалдық пен адамдыққа деген өлшемдерінің мүлде өз геріс ке ұшырағанын сезеді. Үйге түскендерден, басқалай ұсақ-тү йек ұр лық жасағандардан жауап алғанда, бəрінің беретін жауабы бір текті. «Жұмыс жоқ. Басқа амал жоқ болған соң, ұрлық жа са дық» деп ақталады. Шынында жұмыс жоқ екен дейін десе, мер зім дік басылымдарда неше түрлі мамандықтарға шақырған хабарландырудан көз сүрінеді. Айналып келіп, осының бəрі жалқаулықтың ке сі рі ме деген тоқтамға келеді. Кеңестік кезеңде жұмысқа тұр маған адам арнайы заңмен жауапқа тартылатын. Сондықтан адамдар жұмыс істеуге міндетті болатын. Қазіргі жағдай өзі жұмыс іс те гі сі келмейтін жалқауларға жағымды. «Жұмыс жоқ, енді не іс тей мін?» деген желеумен, оңай олжа іздейтіндер көбейген. Қылмыс жасаушылар да солардың арасынан шығады. Асхат кеткен соң, Райс жанындағы том-том болған іс қа ға зын қолына алып, ашып қарады. Аты шулы «алтын ұрыларының» ісі. Кəдімгі жиырма бірінші ғасырдың еруопалықтарға еліктеген детективтік шығармаларында кездесетін қылмыстың түрлері. Дегенмен біздің «тергеушілер мықты» деген тоқтамға келген тергеу бас ты ғы, ноутбугін өшіріп, іс қағаздарына үңілді. Осы іс тің үстін де тергеушілеріне «оқымайсыңдар, интернет қарамайсыңдар, қыл мыс ты ашудың жаңа əдістері мен түрлерін мең гер мей сің дер» деп қатты ұрысып, бірнеше күн дем алыс бермей жұмысқа салған кездері болды. Нəтижесінде аты шулы алтын ұрлауға байланысты қылмыс ашылды. Ұйымдасқан шайка мүшелері ұс тал ды. Олар 50 миллион теңгенің алты келі алтынын, 150 мың тең ге касса түсімін алғандарын мойындады. Тергеу барысында анықтал ған дай ұйымдасқан қарақшылар алтынмен айналысатын саудагерлер мен кəсіпкерлерді аңдып, олардың күнде жүретін жолын, кү зет ші ле рі нің бар жоғын біліп алған. Дүңгіршектерін ашатын, жабатын уақыттарынан дейін белгілеп қойған. Жемтігінің соңына

Махаббаттың ажалы түс кен ұрының бірі өзінің көмекшісіне «субъект қақпадан кірді, дүңгіршегіне қарай кетті» деп хабарлайды. Павильонға кірер ауызда күтіп тұрған анау дүкенші дүңгіршегіне кіре бергенде, оның қолындағы алтын салған сөмкеге жармасады да, күтпеген жерден қарсылыққа кездеседі. Əйел сөмкеден өлмей айырылар емес. Шешінген судан тайынбас деп, ұры оны аяғынан шалып, кеу десі нен итеріп жібереді. Бірақ саудагер оны шыбын шаққан құр лы көрмейді. Тек ұры екінші рет соққанда ғана есінен танып құ лай ды. Жан-жағына жиналып қалғандарға «тайып жығылды, кө мек те сіңіз» деген ұры қолтығына тығып үлгерген сөмкені қы сып, ба зардың екінші жағында тұрған сыбайластарына қарай зыта жө нел ді. Сол сөмкенің ішінде 100 білекке тағатын алтын білезік, 180 сырға, 30-дан астам мойынға тағатын алқаның ілмесі, 37 алтын алқа – бар лы ғы 10 миллионның заты қолды болған еді. Сол бойы қылмыс тық іздестіру органдарының, тергеу бөлімінің жедел қыз меткер ле рі мен барлық желілері іске қосылып, ұрылар көп ұза май ұс тал ды. Алтын ұрлауға байланысты тағы бір ірі қылмыс басқа қа ла да ұйымдастырылып, оның объектісі ерлі-зайыптылар болды. Бұл ша буыл ға ұрылар мұқият дайындалған. Олар кəдімгі кри ми нальдық фильмдердегідей, қару-жарақ қолдануымен қауіпті бол ға ны тергеу бастығының есінде. Бандының екі мүшесі алтын бұ йымда рын сататын ерлі-зайыптыларды базардың сыртқы қақпасына кір ген нен бастап қоршауға алып, контейнерге жақындағанда, күйе уі не қысқа мылтықтан оқ атады. Бірақ ол жан-дəрмен күйде сөмке сін контейнердің ішіне лақтырып үлгеріп, бандыларға қар сы лық көрсетеді. Осы кезде ұрылардың бірі контейнерге өтіп, əйел ден алтын салған сөмкені тартып алуға əрекеттенеді. Осындай ай қас ты бай қап қалған базардағы саудагерлер көмекке ұмтылып, қа рақ шылар қашып құтылады. Алтынға деген ұрылардың қызығушылығы мұнымен де тынбай, орталық базардың біріндегі зергерлік дүңгіршекке шабуыл жасалды. Дүңгіршекке видеокамера орнатылғанымен, оның көзін ұры лар баланың шұлығымен көлегейлеп тастайды. Ішке кірген ұры лар үш сейфті ашып, оның ішінен 19 алтын білезік, 208-ден астам алтын алқа, 1000-нан астам алтын сақина, 400 алқаға та ғатын ілме, 154 ер адамның қолына тағатын алтын балдақ алып шыға ды. Саудадан түскен 155.000 ақша да қолды болады. Бұл ұр лықты жасаушылар бірнеше күн бұрын дүңгіршекті ерекше ба қы лау ға ал ған дар екен.

Зияш Телеуова Ақпан айының сегізі күні таң сыз бере ұрының біреуі сауда үйі нің төбесіне жұмысшылардың бірімен ере шығып, қа сын дағы лар дың көзін ала беріп жасырынып қалады. Бандының бас тығы оған sms тастап «Кешке дейін шыда. Бəрі ойдағыдай болады. Осы операция сəтті аяқталса, сен несиеңнен құтыласың, жоқ шылық тың не екенін білмейтін боласың!» деп жазады. Үмітсіз шайтан, базар жабылғанша төбеде жатқан ұры дүңгершектің бірінен ба ла ның шұлығын сатып алып, камераның көзін жабады. Сосын сыбайластарына хабарлайды. Одан белгі күтіп отырғандар, алтын сататын дүкенге кедергісіз кіріп, ондағы сейфті қолдарындағы тілу аппаратымен оңай ашады. Бірақ əлденеден шошынып, аппараттарын орындарында қалдырып кетеді. Бұл кейін заттай айғақ болып, қыл мыс ты ашуға жəне мойындатуға көмегін тигізді. Осы қарақшылардың қылмысының ізі «Меринос» дүкеніне түс кен дер дің қолтаңбасынан тағы білінді. Онда ұйымдасқан топ бет те рі не бетперде киіп, дүкеннің витринасын бұзып, бірнеше құн дыз тон алып, қашады. Олардың жүрек жұтқандығы сондай, дү кен нің күзетке қосулы тұрған дабылы да қорқыта алмайды. Осы топ тың ұрланған алтындары мен тондары көрші Орынбор қа ласын да сатылады. Олар алтынның бірсыпырасын түс ті металл ретін де пайдаланады. Құқық қорғау органдарының бір лес кен қимы лы ның арқасында ұсталған ұйымдасқан топ мү ше ле рі мұн дай жол ға жұмыссыздықтан, банктен несие алып, тө лей ал ма ған дықтан барғандықтарын айтып, ақталады. Бірақ олар кез келген қылмыс тың жазасы бар екендіктерін ескермейді. Сот тал ған дар дың ең үл ке ні 43-те, одан кейінгілері 19 бен 27 жас тың ара сын да ғы лар. Ашылуы талай-талай қиындықтар мен кедергілерге кездестірген осы заманның атышулы ұрыларының том-том істерін əрі ысырып қойған бас тергеуші саябақта атылған қыздың ажалына да ақша себеп болғанын ойлады. Олигархтың баласы бақталасын ақша ның күшімен жойып, қыздың жүрегін жаулап алам деп жос парла ған ға ұқсайды. Біреуге ор қазсаң, өзіңе көр қазарсың дегендей, ақыры өзі қазған орына өзі түседі. Ал ана киллер жігіттің сөзіне кейде түсініп, кейде түсінбей қой ға нын айтып, тергеуші «былай қарасаң, киллер деуге қи майтын ақыл-есі дұрыс, көрнекті жігіт. Оның мұндай жолға не се беп ті түс ке нін білу қиын» деп шағынған. Ішкі байланыс телефоны шырылдады. – Жолдас полковник, сізге бір мектеп директоры келіп тұр. – Мектеп директоры!

Махаббаттың ажалы Райс ондай танысының жоқтығын есіне түсіріп, қайта звондады. – Асхат, маған кім келіп тұрған, біліңіз! – Райс Сапарович, сіздің танысыңыз – Шолпан Тұрарова. – Кірсін, кірсін, кабинетке кіргізіп жіберіңіз! Райс кабинетінің ішін көзімен шолды. Еуропалық жөндеуден өткізілген кең бөлмеге мебельдерді жаңадан алдырған. Оны өзінің қарсылығына қарамай, аяқ астына кілем төсеген. Қазір бөл ме ге сəн беріп тұрған сол тəрізді. Есіктен батылсыздау енген Шолпан қызметтік нысанды киімдегі Райстан қаймығып, ың ғай сыз да нып, тұ рып қалды. Ол бұрын Мырзаның үйінде кездесіп, жақын тартып кеткен адам мен кең кабинеттің төрінде былғары креслода отырған əс кери шендегі Райстың арасындағы жер мен көктей айыр ма шы лық ты сезгендей: – Түу, бекер келген екенмін. Менің ауылдан келгенім бі лі ніп тұрған шығар, – деп аяғының астындағы кілемге қарады. – Кешіріңіз, аяқ кимімді шешуім керек еді... – Ешқандай қысылмаңыз. Жоғарылаңыз, отырыңыз. Тергеу басқармасының бастығы үстелінің астындағы кнопканы басып қалды. – Шай ішесіз бе, кофе ме? – Рақмет... мен бір... – Шай əкеліңіз. Подносқа шай құйған екі кесе мен өрік-мүйіз салған тарелканы алып ішке енген жігіт, оны жайғастырып, шығып кетті. – Ыстық шай алыңыз. – Балаларыңыз аман ба? – Шүкір, шүкір... Мектепте бір оқыс оқиға болып, сізбен ақылда су ға келгенмін. Ұялы телефоныңызды да білмеймін. Амал жоқ, іздеп келдім. Айып етпеңіз... – Оқасы жоқ. Мен қуаныштымын. Райс шырылдаған телефондарды сөндіріп тастады. – Тыңдап отырмын. Əшейінде əйелдік наз көрсетіп, өзін паң ұстайтын Шолпан сол еркіндігінің қайда кеткенін білмей, сасқалақтады. – Мен өзімнің түкке тұрмайтын проблемаммен сіздің уа қыты ңыз ды босқа алғаныма тағы да кешірім сұраймын. Бірақ сіздің ақыл-кеңесіңіз керек болып тұр. – Шолпан, ол не дегеніңіз, ешбір қысылмай, айта беріңіз. Райс орнынан тұрып, əйелдің қарсысына барып отырды. Оның бойынан бұрынғыдай даланың иісі аңқиды. Кеудесін тіп-тік ұстап,

Зияш Телеуова қырын отырған əйелдің көрікті жүзіне тесіле қараған заңгер саусақ та ры нан ұстады. – Мен сіз қай кезде, нендей мəселемен келсеңіз де қуа ныш тымын. Сол себепті қысылмай айта беріңіз... – Мектептің сегіз оқитын балалары, екеуі екі сыныпта оқи ды, бір қызға таласып, шекісіп қалды. Одан соң, олардың ара сын дағы жанжалды шешуге жиналған əкелері керісіп, тіпті бой бермей, төбелеске дейін барып, біреуі қатты жарақат алды. Олар енді поли ция ға арыз жазып, прокуратураға дейін барымыз деп айқай-шу кө те ру де. Айналып келгенде, балаларға дұрыс тəрбие бермеген сынып жетекшісі, сосын мен кінəлімін. Шолпанның көзіне жас толып, қалтасынан бет ормалын із де ді. Райс үстел үстіндегі қағаз сүрткішті ұстатты. – Осындай іске жылауға бола ма? – Мен шаршадым. Сосын сізге келдім. Көмектесіңіз. Сол бойы аудандық прокуратураға телефон шалған Райс əр жағын да ғы əріптесінің хал жағдайын, үй-іші, бала-шағасын сұрап бір талай сұхбаттасты. – Жəке, менің телефон шалып отырғаным, сіздің жақтағы бір мек теп тің ата-аналары келісе алмай қалыпты. Арыз түсті ме? Түспе се, полицияда шығар. Соларды беттестіріп, айқай-шусыз ке лісті ріп жіберсеңіз қайтеді. Бала деген бүгін керіседі, ертең татуласады демейтін бе еді. Соны көп дабыра қылмай, келістіре са лы ңыз, сіз деген дипломат едіңіз ғой. Қалаға келгенде, менімен ха бар ласы ңыз. Жарайды, келістік. – Енді уайымдамасаңыз да болады. Онан да екеуміз бір дəм хана ға барып тамақтанайық, түс болып қалды. – Рақмет. Мен бүгін қайтуым керек. – Қайтсаңыз, апарып тастаймыз. Райс алдындағы ішкі байланыс телефонына: – Ертуған қайда, менің өз машинамды шығарсын! – Қазір мен сізді күнде өзім түскі асқа баратын дəмханаға апарып тамақтандырам, сосын əр жағын тағы көрерміз. Шолпан басын изеді. Ресторанның бөлек кабинасына кірген олар, жайғасып отырды. Керемет безендірілген мейрамхананың ішінен Шолпан көзін ала алмады. «Осындай жерге күнде келіп тамақтанатын болды ғой» деп ойлады. Тапсырыс алуға келген даяшыдан ас мəзірін қа ра ған Райс: – Неге тəбетіңіз тартады?

Махаббаттың ажалы – Өзіңіз қалаған тағамды ала беріңіз. Мен мұндай орындарда бұ рын-соңды болмағандықтан, тағам түрлерін білмеймін. – Шолпан қызарып кетті. – Оқасы жоқ. Сіздің талғамымыңызбен бірте-бірте таныс боламыз. Мысалға, бірінші тағамға борщ дедім, екіншісі итальяндық кух ня ның қуырылған картобы мен бұқтырылған ет. Үшінші не, ойлап табыңыз... Əйел қызара күлімсіреді. – Шай. – О... біздің қазақтың сүт құйған қою шайы. Шай ішсем кө ңі лім жай деп бекер айтылмаған ғой. Түскі тамақты асықпай ішкен соң, Райс кабина ішіндегі демалатын жұмсақ диванға отырып, қасына Шолпанды шақырды. – Отырып дем алыңыз. Ас басайық. Шолпан бəрінен де аяқ киімінен қысылды. Ауыл арасында жол жоқ, күнделікті киетін аяқ киімімен мектептен қалаға жүріп кеткен. Ата-аналар сəл нəрсеге бола соттасып, олардың айқау-шуы облыс қа жететін болса, білім департаментіндегілер мұның маң да йынан сипамайтыны анық. Сасқанынан беттің арын беліне түйіп, ескі танысынан көмек сұрай келген. Көшеге киетін арзанқол еті гі мен тергеу бастығының кабинетіне кіріп барғанымен тұрмай, кі ле мін басқанын айтсайшы. Өлімнен ұят күшті деп, кірерге жер таппады. Онымен қоймай қаланың ең қымбат ресторанына сол етігімен кіру ге тура келді. Аяғын диванның астына қарай тасалаған əйел, іштей оған Райстың көзі түспесе екен деп тіледі. – Шолпан, менің сізге көптен айта алмай жүрген сырым бар... Əйелдің жүрегі атқақтап, екі бетіне қан ойнап шыға келді. «Ұят-ау, өзім іздеп келіп, аузына сөз салғандай болдым-ау. Өзі де қы зық екен» деп ойлады. – Осы арада айту ыңғайлы деп ойлайсыз ба? – Жоқ, ыңғайлы деп отырғаным жоқ. Бірақ реті келіп тұрған соң, айтпасқа болмайды. Маған тұрмысқа шығыңыз, бұл көптен ойымда жүрген сөз. Шолпан күлімсіреді. – Бүгін сізді іздеп келмегенімде, бұл сөзді еститін бе едім, естімейтін бе едім? – Еститін едіңіз. Өзім əдейілеп барғым кеп жүрген. Бірақ өзіңіз білесіз, желпілдеп жүретін жас емеспіз. Ылғи кейінге қал ды ра беремін. Жалғыздықтан мен де шаршадым. Соңғы кездері сондай көңіл күй жиі болады. Сізді жиі ойлаймын. Көргім келеді. Ен ді гі қал ған өмірімізде бір-бірімізге серік болып өтуге қалайсыз?

Зияш Телеуова – Сіз маған бөтен адам емессіз. Бірақ тап біздің жасымызда сіз бен біз бұл мəселені өзіміз шеше салу қиын ғой. Ер жеткен балаларымыз бар. Мен соңғы автобустан қалып қоймай тұрғанда, жүрейін. – Өзім жеткізіп тастаймын. – Көңіліне ұнаған əйелден бүгін көз жазып қалса, арасы суып кететіндей көрінген Райс, оның қарсы лы ғы на қарамастан, көлігіне отырғызып, жолға шықты. Бұлар қа ла дан шыққан бойына бұзылған ауа райының арты ұйтқығын борасынға ұласты. Ақ түтекте қырық шақырым жерге түннің бір уа ғын да жеткен Райс, қайта жолға шығам дегенде, Шолпан жалынып-жалбарынып, сырт киімдерін шешіп, сол күні алып қалды. ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ КИЛЛЕР Қаланың элиталы ауданындағы екі қабатты сəнді коттедж – Азамат тың əкесінің үйі. Гүрлеп тұрған кеңшарда инженер болып қызмет істеген Ғалым, ол жекеменшікке айналғанда, қорамсаққа қол салып, бір салғанда мол салғандардың бірі. Көршілес кеңшардың директоры болған Бекболдың түрін көргенде, күлкісі келген. Төрт тү лі гі жер қайысқан шаруашылықтың бұрынғы директорының жеке мен шік ті желеу етіп, жеп қарық қылмағаны көрініп тұрды. Ал бұ рын нан тамырын тереңге жайып, жоғары жақпен ауыз жаласып қалған өзі сияқтылардың асығы алшысынан түскен. Ғалым жұ мыс жасайтын совхоздың директоры анау-мынау құжаттарды даяр лаған да қорқа соқтап, қулық-сұмдығы мол инженерге билік бе ріп қой ды. Соның арқасында Ғалым байлыққа белшесінен батып, қала дан бірнеше пəтер сатып алды. Солардың бір-екеуін қым ба ты на ұрып жіберіп, мынадай коттедж салып алды. Мұнайды сорып жатқан қытайлық компанияға вице-президент болуы да, сол қо мақ ты қаржының арқасы. Түлкі заманды қасқыр боп шала білген қалталы мырзаның бұл күнде түу десе түкірігі жерге түспейді. Оның жан дегенде жал ғыз баласы Азамат мол дүниені шайқап, құрық салдырмас құ лан дай боп өсті. Тамақтың тəттісін, киімнің ең қымбатын киіп, бұл ғаң дады. Мектепте жүрген кезінің өзінде ұстаздар оның беделі бекем, қалтасы қалың əкесінен сескеніп, ұрысып жарымайтын, ке рі сін ше, «Азаматжан, болашағың зор баласын ғой. Сабағыңды дұ рыс тап оқы саң шы!» деп жалбақтайтын. Осылай əй дейтін əже, қой дейтін

Махаббаттың ажалы
қожа жоқ өскен баланың кейбір момақан сыныптастарына, жас мұ-
ға лім дер ге істемеген ісі, көрсетпеген қорлығы жоқтың қасы еді.
Кей бір өзіне жақпаған мұғалімдердің сабағын жандайшаптарын

ай тақ тап қойып, өткізбейін десе, өткізбейтін. Сабақта отырғысы
келмесе, ұялы телефонымен машина шақырып, кетіп қалатын.
Онымен де қоймай, ерке тотай қыздарды да ала кетіп, үйлеріне
жет кі зіп тастайды. Ал қыздар болса, сынып жетекшілеріне арыз

ай ту дың орынан, шет елдік көлікке мінгендеріне мəз-мəйрам бола-
ды. Бұл мектепте жүргендегі қисық қылығы. Енді бозбаладан боз
жі гіт ке жеткенде, қаладағы кафелер мен ресторанның бірде-бі рін
қал дыр май, сұлу қыздармен, көрікті келіншектермен көңіл кө тер-

ді. Аң са ры ауғандарын қаладан тыс жердегі саяжайына апарып,
дегенін істеп, қолдарына аз-мұз ақша ұстатып қоя беретін.
Жалғыз баласының осындай ойын-сауыққа құмарлығын ата-
анасы да білді. Білсе де, жас кезінде ойнап-күлсін деп ойлап, ке-

ші рім мен қарады. Тек ойыннан от шығып, біреудің əлі кəмелетке
тол ма ған қызын саяжайға алып кетіп, абыройын төгіп, кейіннен
ата-анасы арыз жазып, айқай-шу шығарғанда, қыруар ақша ша-
шып, əрең құтылған. Осы оқиғадан соң, мұнай олигархы, ба ла сы-

ның қар сы лы ғы на қарамай, шет елге оқуға жіберді.
Кетіп бара жатқанда:

– Шет ел саған, ашсаң алқаныңда, жұмсаң жұдырығыңда ұс-

тай тын алақандай шаһар емес. Ол жаққа барғанда, мұндағы қи қаң-
сиқаңыңды доғарасың. Мен саған енді көмектеседі екен деп дə ме-
лен бе! Осының өзінде бірталай шығынға баттық. Енді ақыл-есің ді
жинайтын уақытың болды, – деп қатты ұрысты.

Дегенмен баласы жат жерге барған соң, бұрынғы Дон Жуан ды-
ғын қойды ма, əйтеуір атын шығармады. Оқуын бітірген соң, оны
бұ рын ғы «достарына» жолтпаудың қамын ерте ойлаған əкесі шет
елде контрактымен жұмыс істейтін жолдама даярлап қойды. Əри-

не, ол да босқа келмеді.
Сол арада Азамат сүйген сұлуын кездестіріп, үйленем дегенде,
ата-анасы көктен тілегені жерден табылғандай, қуаныштары қо-
йын да ры на сыймай, барын шашып, ұлан-асыр той жасады. Шы-

нында да, үш ұйықтаса түстеріне кірмейтін Таңгүлідей аруды əп-
сəт те алақанына қондырған баласына Ғалым мен Сəуле бұл жолы
дəн риза еді. Той-думан бірнеше күнге ұласты. Той тараған соң,
енді келінге жолдама керек деп əкесі қалтасын толтырып, бас қа-

ла ны бір айналып, оны да алқанына салып келді.

Зияш Телеуова Осылай туғалы маңдайы жырта қарыс жалғыз ұл өліп-өшіп сүйіп алған Таңгүлінің жүрегін жібіте алмай қор болды. Үйленген кез де тым жақсы көңілдері жарасып, тəннің де, жанның да лəзза тын сезінгендей болған жас жұбайлардың жарастығы көпке созылмады. Күн өткен сайын Таңгүлі некелі күйеуінен қашықтап, ір ге сін аулақ сала бастады. Түрпідей жиырылып, оның жүріс-тұры сын, сөйлеген сөзін жақтырмайтындай шамшыл болып алды. Ешкім кеудесінен итеріп көрмеген өркөкірек Азамат, əйелі кеу десі нен итерген сайын оған ынтыға түсті. Сосын қулыққа көшті. – Таңгүлі, біз асығыстық жасадық білем. Жүрекке əмір жүрмей ді. Қаласаң əзірше бөлек тұрып, тағы да бір-бірімізді сынап кө ре лік деген ұсыныс тастап, тұрған вилланың бірінші қабатына өзі көшіп, екінші қабатын келіншегіне берді. Бірақ жас сұлудың бас қан ізін аңдитын ізші жалдады. Елге келгенде жағдай өзгерді. Баласы мен келінінің қабағы қатың қы екендігін енесі бірден байқады. Өзі де «Келініміз бедеу болмаса еді. Екі жылдан бері сəбилі болатын уақыттары болды. Ондай болса, ештен кеш жақсы. Жалғыз баланың бағын байламай, те зі рек бір жағына шығу керек» деген ойда жүрген. Баласы оңаша қалғанда: – Немере сүйгіміз келеді. Біздің жасымыздағылардың екі-үш немересі бар, – деп құлаққағыс етті. Ойда-жоқта тығырықтан шығу дың жолын тауып берген анасына риза болған Азамат: – Мен сіздерден бата алмай жүрмін. Меніңше, Таңгүлі бала көтер мей тін тəрізді. – Дəрігерге көріну керек қой. – Көріндік. Əйелің бедеу деді. Жүрегін ұстаған Сəуле: – Бəсе, өзім де сезгенмін. Өзің жалғызсың. Ондай əйелдің не керегі бар. Қоя бер. – Сендер рұқсат етсеңдер? – Қалай рұқсат етпейміз. Тезірек ажырас. Бізге немере керек. Жұрттың бəрі сұрайды. Тіпті, ұят екен. – Жарайды. Мен де солай ойлаймын. Бірақ Азаматтың ажырасу ойына да келмеген. Ол көптен бері өзін менсінбеген тəкаппар сұлудан қалайда кек алудың амалдарын ойластырып жүрген. Азамат холлдағы креслода шайқалып, плазмалық те ле ди д ардың ат шаптырым экранына қарап отырғанда, Таңгүлі бөл ме сі нен

Махаббаттың ажалы шығып, ваннаға кіріп кетті. Оның сыланып-сипанып шы ғып болмайтынын білетін Азамат осы сəтті күнде аңдып отыратын. Бүгін де, шапшаң тұрып, жатын бөлмеге кірді де, ұялы телефонына үңілді. Жіберілген sms-тен қыздың саябаққа Нұртасты ша қыр ған хабарын оқыды. Оған түскен жауапты да тауып алды. Демек, бү гін саябақтағы су бұрқақтың жанында, кешкі сағат 22-де кездеседі. Ол зып етіп бөлмеден шықты да, орнына отырды. Ұялы телефонын қо лы на алып, ескі танысының нөмірін терді. – Борис, мен Азаматпын. – Оһо, Азик. С приездом! – Менің телефонымды қайдан таптың? – Достардан. – Бəке, кездесейік. Гольф ойнайсың ба? – Ондай ойын бізде бар ма? – Менің үйімде, аулада гольф ойнайтын көгал бар. – Мен Америкада болған жоқпын. Ойнау білмеймін. Бірақ сенімен кездесіп, өткен-кеткенді еске алуға қарсы емеспін. – Сағат бірде күтемін. Азамат Бұқарды жақсы біледі. Бір ауылда өсті. Көше балалары сəл нəрсеге келісе алмай қалып, аузы-мұрындарын шиедей қы лып жатқанда, соның ішінде ылғи бойы сорайып, даусы гү рілдеп Бұқардың жүретінін байқағандықтан, оны өз жағына тартып дос болуға тырысқан. Ауқаты отбасының жалғыз баласы ша ғын ауылда компьютерді де бірінші болып иеленді. Сондайда он да ғы қым-қиғаш ойындарды көруге Бұқарды ғана шақыратын. Сөйтіп екеуі ортақ тіл табысып кеткен. Кеңшар тарап, қалаға көшіп келген соң, вокзалда арба итеріп, жүк тасып жүрген ескі досын көріп, танымаған сыңай танытып, бұрылып кетті. Артынан сотталып кеткенін естіді. Ерте есейген Азамат қыз-қырқынның қызығын тауыса алмай, көп таңдаудың ішінен кімді қаларын білмей жүргенде, Таңгүліні құ лай сүйді. Өзін тым жоғары бағалайтын мырза, қыздың өзін сүйе тін ді гі не күмəнданбаған. Оның үстіне кез келген əйелдің кө зін жаулап, көңілін көншітетін үй тұрмысына, байлығына сенген. Бірақ Таңгүлі ерекше жан болып шықты. Бір көргеннен жан дү ниесін баурап алған сұлудың сырының тереңде екенін, өзін тағдыр тал қы сы нан алып шығар құтқарушысындай көріп, етегінен асығыс ұс та ға нын, жігіт жүре бара білді. Түсінді де, оның жү ре гін де өзі не деген жылы сəуле ұялату үшін қолынан келген бар айла-шар-

Зияш Телеуова
ғы сын істеп бақты. Бірақ, махаббатқа зорлық жүрмейдінің ке бін
киіп, не істесе де, басын тасқа соға берді.
Күн өткен сайын Таңгүлі бұған жат болып, алыстаған үстіне

алыстай түседі. Азамат сүйгенінен біржолата айырылып қалмай
тұ рып, бір амал жасау керек екендігін ойлап бас қатырды. Ақыры
оның бар ғана амалы, сұлудың жүрегін жаулап алған Нұртастың
кө зін құрту деген байламға келді. Сол арамза оймен басына сан

түр лі қулық-сұмдық, соның ішінде сəулетшінің көлігіне жа рыл-
ғыш орнату, жүрген жолын белгілеп, көлік апатын жасау, жұ мыс-
тан шығар уақытында аңдып тұрып бір оқтық ету. Тіпті, бол ма ған
күнде пəтерінің кіре берісінде күтіп тұрып, жазым ету. Бұ лар дың

бəрі күнде болып жатқан қылмыс болғандықтан, ешкімді таң ғал-
дыр май ты ны на шүбə келтірмеді. Осындай арам пиғылмен түр лі
жоспар жасап жүрген Азаматтың Таңгүлінің ұялы телефонына
түскен sms-ті оқығанда қаны қарайды. «Көрсетемін мен са ған ба-

сын ған ды, қаныңа бөгіп жатпасаң, менің Азамат атым өш сін. Тап
сол кездесу сəтінде, жаныңды жаһаннамға жібермесем, жер басып
жүр ме йін!» деп өзіне-өзі серт берді.
Жуынатын бөлмеден шыққан Таңгүлінің түп-түзу балтырына,

тіп-тік сұңғақ бойына, иығын жапқан жібек шашына сұқтана қа ра-
ған Азамат «Дайындала бер, сүйгеніңмен бүгін қоштасасың, сонда
кімді қорлағаныңды түсінетін боласың!» деп түнерді.
Таңгүлінің көркем жүзіндегі бота көзі кімге қарса да кү лім-

деп тұратын. Күйеуі оны кез келген жаннан қызғанатын. Бү гін ға-
шы ғы нан мəңгі айырылып, сол көзге жас ұялататынын ой ла ған-
да зымияндықпен жымиды. «Сүйгеніңмен кездесуге дайындалып
жүр сің ғой. Дайындал! Дайындал! Кеудемде шыбын жаным болса,

қуа нып үлгермей-ақ, көзіңе көл-көсір жас ұялатармын» деп ой ла-
ған ол, креслоның басын қолымен уыстады.
Сосын:

– Таңгүлі, бүгін үйіңе барамысың? – деп дауыстады.

– Иə, қазір, ертеңгілік ішіп болған соң, сонда барамын. Бүгін

қо нып та қалуым мүмкін. Мүмкін емес, точно, қонып қаламын.

– Сен əлі де менің əйелім екеніңді ұмытпа? Заңды түрде айы-

рылыспай тұрып, үйіңе қонып қалуыңа рұқсат етпеймін.

– Біздің ерлі-зайыпты ретіндегі қарым-қатынасымыз үзілгелі

қа шан?! Қаласаң, ертең загске барайық. Енді созатын не бар?

– Созатын ешнəрсе жоқ. Ертең болса, ертең...

Махаббаттың ажалы * * * Бұрынғы ауылдасы Азаматтың шақыруын неге жорырын білмеген Бұқар алдындағы сырасын ішуге тəбеті тартпаған соң, орнынан тұрды. Ол жақыннан бері азық-түлік дүкенінде жүкші еді. Ауыр-ауыр жəшіктерді қолмен тасып, сəл тыныстаған кезде қарсы да ғы дүңгершектен сыра алып ішетін. Осындай бір сəтте Азамат звондады. Бір кезде оның əкесі кеңшардың инженері жəне ди ректор дың орынбасары, мұның əкесі зоотехник болып жұмыс істеген. Сол бір алаңсыз балалық шағын ойласа, өмірден өз орнын таппай, əр жерде қаңғалақтап жүрген жігіттің ішкі дүниесі əлем-жəлем боп, өз-өзінен түңіліп кетеді. Əкесі кеңшардың атқамінерлерінің қа тарын да болған бұлар сайлы үйі, төрт түлік малы бар ауқатты от басы ла ры ның бірі болатын. Ол кезде Бұқар мен Азаматтың терезесі тең, екеуі арасынан қыл етпейтін дос еді. Бір қызығы, бүкіл ауыл ба ла ла ры ның атаманы бастықтың баласы Азамат емес, қол-аяғы бал ға дай, денесі шымыр, жұдырығы тигендерді зар қақсататын Бұ қар. Мектеп мұғалімдері бағаны алалап қоятындықтан, Азамат жақсы оқитындардың қатарына ілігетін. Одан білімі кем емес Бұқар орташалардың санатында жүретін. Сөйтіп жүргенде ауылға ақыр за ман орната келген қайта құру басталды. Дағарадай үйін, мал-мүл кін сатқан Бұқардың əкесінің бар жиған-тергені қаланың шет жағындағы арзан аудандардың бірінен екі бөлмелі пəтер алуға ғана жетті. Оның бəрі ештеңе емес екен, əкесі жұмыс таба алмай сандалды. Ертеңгісін кетіп, кешке дымсыз оралатын ол, кейін көше де гі қаңғыбастармен бірігіп, тапқан-таянғанын арақ қылып, үйге əрең келетін күйге жетті. Ақыры əркімнің жүгін тасып, ауласын сыпырып, əбден азып-тозып, ішімдікке салынды. Ол кез на ғыз аласапыран шақ. Мектеп бітірген Бұқар одан əрі ақша төлеп оқитын оқуға жағдайы келмей, пойыздан түскендердің жүгін таситын бір арбаны жұдырығының күшімен əрең иеленді. Онда да те ке тірес. Кім шапшаң, кім күшті соның жолы болатын нағыз бір үзім нан ға таласқан шəлкес жер сол ара. Бұқар ол жерге ішпеген күні əке сін де ертіп апарады. Сондай бір күні келесі учаскенің өзіндей апай тө сі мен екеуінің басы піспей қалды. Кешкі алакеуімде келетін жолаушылар пойызын күтіп алуға жү гір ген жүк тасушыларды кеудесімен кимелеп артындағы əкесі не жол салып келе жатқан жігіттің, аяғынан шалып жіберген Жалау:

Зияш Телеуова – Əй, күшік, өзің алдымызды кес-кестегеніңмен қоймай, əкеңді ертіп келдің бе? Қазірден бастап көзін құрт! Онсыз да жарып жатқан жоқпыз! – деп, гүр етті. – Жауыз! Сенің аузыңдағыны тартып алып жатқан жоқпыз. Бұйыр ға нын алады! Екеуі де арбаларын тастап, жұлыса кетті. Осы кеде вокзалда патрульда жүрген полиция жетіп келіп, ай-шайға қарат пай екеуін де бөлімге ала жөнелді. Іздегенге сұраған, олардың ең əлі келетіні осындай жүк таситындар мен вокзал алдында онымұны сатып жүрген ұсақ саудагерлер болатын. – Жігіттер, тоқтаңдар, жас балалар ғой, аяңдар! – деп жал барын ған əкесін, кеудесінен итеріп, анадай жерге ұшырып түсірді. Сонымен ауылдан келген аңқау жас ашылмаған қылмыстың бəрін арқалап, бірнеше баптармен екі жылға бас бостандығынан айы ры лып кете барған. Жазықсыздан-жазықсыз түрмеде отырып шық қан ол, үйіне оралғанда, əкесі қаңғып жүріп қайтыс болып, жал ғыз анасы өлмешінің күнімен күнін көріп отырды. Қа рын дасы колледж бітіріп, тұрмысқа шығыпты. Шешесінің айтуынша, кү йе уі коммерсант, тұрмыстары жақсы көрінеді. Бірақ Бұқар түрме ден шық қа лы бір хабарласпады. Анасы кішкене баласы бар, үй ден шыға алмайды деп жақтады. Сотталған аты бар ағасының қа рын да сы ның үйіне баса көктеп баруға зауқы соқпады. Бірақ екі жылдан бері көр ме ген бауырын сағынып жүр. Бірге туған жалғыз аға сы екі көзі төрт болып қамауда отырғанда, артынан бір іздеп бару ға жа ра ма ға ны на өкпесі қара қазандай болғанымен, кек сақ та маған. Біреу-бі реу ге ренжитін заман ба? Бұқар бостандыққа шық қан соң, ың қыл-сың қыл анасымен, өзінің күнкөрісін айыратын жұ мыс іздеп, табанынан сарсылды. Ол бұрынғы өмір тарихын жасырып, кір ген жерінде бір-екі ай жұмыс істейді, артынан оның сау сиырдың боғы емес ті гін біліп қалған жұмыс берушілер, əй те уір сылтау тауып шығарып жібереді. Соңғы кірген жерінен де қа шан шы ғарып жіберетіні белгісіз, шықпа жаным шақпамен жүр. Осылай қыл пыл дап жүргенде Азамат звондады. Көз көрген ғой, мүмкін қол үшін созар деген үмітпен, түстен ке йін барын киіп, адрес жазған бір тілім қағазды қалтасына салып, жолға шықты. Сыртынан көз тартатын зəулім сарайға кіруге бата ал ма ған дай, жан-жағына алақтап қарап біраз тұрды. Сосын барып домофонды басты. Іштен сəн-салтанаты келіскен сұлу бойжеткен шығып, есік ашты. – Саламатсыз ба.

Махаббаттың ажалы – Азаматтың үйі осы ма? – Кіріңіз, сізді бақта күтіп отыр. Бойжеткен үйдің арт жағын қолымен сілтеді. «Үйіне ша қы руға менсінбей отыр ғой, бай – байға, сай – сайға дегендей, мені не іс те сін!». Түрлі түсті мрамор төселіп тасталған ауладан өткен ол кө гал дың ортасында қамыстан тоқылған креслоның үстінде теңсе ліп отырған сұлу жігітті шыраматты. Ол орнынан тұрып, бұған қар сы жүрді. – Арада қанша уақыт өтті, Борис, досым! – құшағын аша ұмтыл ды. Өзінің түрінен қысылған жігіт именіп, қолын ұсынды. Спорттық киім киініп, қолына гольф таяғын ұстаған Азамат ша қыр ған қонағының мынадай ойыннан ауылының алыс екенін сезгендей, қысылған түр көрсетті. – Көрмегелі көп болды. Қалайсың? – Жүріп жатырмыз. Əкем қайтыс болды. Анам сырқат. – Сені отырып шықты дегенді естідім ғой. – М... м... ондай да болған. – Бұқардың ашуы келді. «Мынау бөрінің бөлтірігі мені жауапқа тартудан сау ма?» Жалпы, сол кезде кеншардың директорының оң қолы болған Ға лымды қарпайым халық жек көретін. «Бүкіл совхозды жалғыз жұ тып, байып кетті» деп оны əлі күнге дейін қарғайтындар табылады. «Шынында да, мынадай байлықты қай еңбегімен тапты дей сің, халық тың тапқан-таянғанын иемденіп, шіреніп отырғандары мынау? Біз болсақ, күн көре алмай, əркімге көз сүзіп жүрміз». – Жі гіт бұрын ғы ауылдасына жек көре қарады. – Кофе ме, шай ма? – Жоқ. Рақмет! Жүремін. Жұмысқа баруым керек. – Жұмысың қай жерде. Кім болып жұмыс істейсің? – Жүк тиеушімін. Ол да тұрақты емес. – Борис, мен саған тапсырыс бергелі отырмын. Əрине, көп ақшаға! – Қандай? – Менің сұлу əйелім бар. Жаңа саған есік ашты. Сен көрсін деп əдейі жібердім. Сол бүгін сүйгенімен кездеседі. Ашық айтқанда, любовнигі. Соның көзін құртатын адам керек. – Сонда не істеу керек? – Өлтіру керек. – Одан басқа амал жоқ па, айырылып кет! – Болмайды. Мен оны сүйемін! – Ол сүймесе, зорлап ұстайсың ба?

Зияш Телеуова – Борис, біз ер адамдармыз ғой. Тірі жүрсек, ешкімге намысымызды таптатқымыз келмейді. – Ол сіздерге тəн сезім... Бір кездегі дауылпаз жігітті тағдырдың сындырғанын сезген Азамат: – Жақсылап төлеймін. Егер ешкім білмейтіндей, жым-жылас қылсаң, елу мың доллар төлеймін! – деді. Бұқар жалт қарады. – Елу мың доллар! – Иə, айтқаным айтқан. – Мм... солай де... – Мен бұрын төбелескенім үшін сотталдым. Адам қанын мойныма жүктеп көрген жоқпын. Басқа біреуді тауып ал! – Сонда өмір бойы осылай қайыршы болып өтпекпісің? – Маған жаның ашып отыр ма? Ол менің проблемам... – Дегенмен маған кешке дейін хабарлас. Қару дайын, жоспар дайын. Ақша да дайын! Азамат визиткасын ұсынды. Бұқардың қолы еріксіз созылды. – Хабарлас. Қорықпа, барлық жауапкершілікті өз мойыныма аламын! – Азамат онымен балалық шақты бірге өткізген дос деп сөй лес кен жоқ, ақшаға сатып алуға болатын қару ретінде көріп, солай шығарып салды. Бір кездегі ауылдасы шақырғанға көңілі алып ұшып барған Бұқар дың салы суға кетіп, үйіне əрең жетті. Үйден шешесі: – Жұмыстан іздеп жатыр ғой, сен қызға баратындай қатып киініп, жөніңе жүрсің. Бұл жерден де қуып жіберетін шығар, – деп уа йымдады. Жаңа ғана көрген сəнді сарайдан кейін өзінің жөндеу көрмей азып-тозып тұрған екі бөлмелі пəтерін көргенде, жігіттің көңілі ала бұрт ты. Əжетханасының суы жүрмейтін, ваннаның іріп-шіріген құбырларының бəрінен су ағатын, еденге төселген төсеніштің қай замандыкі екені белгісіз, көтеріліп кетіп, сүрінбесең жүре алмайтын халдегі үйінің сүдініне қарап, қу кедейліктен шығатын жол жа ңа ғы мырзаның тапсырысын орындау екендігін мойындағандай тоң то рыс күйге түсті... Анасы шай іш деген соң, ас үйге келгенде, қатқан нан мен шекерден басқа дым жоқ дастарқанды көріп, нəр татып алмастан жатын бөлмесіне барып, басының жалатқан жылты рақ та ры ұшып, дат басқан темір кереуетке құлай кетті.

Махаббаттың ажалы «Мына залымға келіссем, не болады?! Ендігі қалғаны адам қанын мойныма жүктеу еді. Қалтасында көк тиыны жоқ, бұрын сотты болды деген сорақылығы бар, мұны тəуір айлығы бар жұ мыс қа ешкім жолатпайды. Тіпті, шопырлыққа да алмайды. Еш кінəсі жоқ сотталды емес пе, мықтаса енді қылмыс істеп сотталар...» Ол телефонды алып, олигархтың баласының ұялы телефонын терді. – Мен ғой. Келістім. Қай жерде кездесеміз? – Үйде ешкім жоқ. Тағы да үйге кел! – Нешеде? – Қай уақытта келсең де үйдемін. Күтемін. Бұқар телефонды тастап жіберді. Азамат миығынан күлді. Бұқардың мінезін білетін. Ол бірнəрсеге бірден келіспейтін. Бар лық уақытта қарсы шығатын. Бір айналып сабасына түсіп, көнді ге тін. Адамның сүйекке сіңген мінезі түзелмейді екен-ау. Ол орнынан атып тұрып, сейфтен револьверді алып, айналдырып көрді, іші не екі оқ салды. Біреуі Нұртасқа арналған, екіншісі қолы қалт етсе, қайталауға деп түйді. Балкондағы креслоға қайта отырып, көшедегі əрі-бері өт кендер ге қарап,темекісін сорды. Күн сіркіреп тұр. Аспанның батыс жа ғын торлаған қара бұлттар жабағыдай сіресіп, жауатын түр танытады. Ылғи ығай мен сығайлар тұратын коттедждер көшесінде тірі жан көрінбейді. Қай уақытта қараса да – осы. Өлі тіршілік. Бұ лар далаға шықпай ма? Балконға шығып темекі тартқан сайын, айналасына көз сүзгенімен, самсыраған үйлерден бір тіршіліктің бел гі сін сезбейді. Кіріп-шығып жатқан үлкендер де, бала-шаға да кө рін бей ді. Балконға төніп тұрған емен ағашының жапырақтары сиреп қалыпты. Діңгегі мықты адам құшағына сыймайтын берік ағаш тың басына бір топ құс ұшып келіп қонақтады. Бір қара ала мы сық, оларды көріп, ағаштың басына өрмелеп, бауырлап, жата қа лып, аңдуға көшті. Оны қызықтаған жас мырза көзін алмады. Қара ала мысық, жемтігіне жақындап барып, соңғы рет атылуға оң тай лан ды. Ағашқа барынша жабысып алған. Осы сəт, қауіп-қатер ді сезді ме, барша құс лап етіп аспанға көтерілді. Қара ала мысық мөлиіп, аспанға қарады. «Бұл жолы сəті түспеді, келесіде қаға сың...» Үй иесі мырс етті. Сосын балконға төніп тұрған жуан бұтақ тар ға көзі түсті. «Ағашқа шыққан адамның балконға секіріп түсуі оп-оңай-ау. Əкем не ғып мұны байқамаған. Негізі, бұл қарағай үй салудан бұрын, өсіп тұрса керек. Сірə, кесуге қимаған болар». Осы кезде қалта телефоны ызың етті.

Зияш Телеуова

– Ау, тыңдап тұрмын. Кіммін дейсіз? Марина!

– Азик, мені ұмытқан жоқпысың! Көп сұлудың қайсысы екені

есінде қалмаған жігіт қулыққа көшті.

– Əрине, ұмытқан жоқпын.

– Сені шет елге кетті деген.

– Келдім. Егер мені шын ұмытпасаң, бүгін саябақта кездесейік.

– Нешеде?

– Мм... Қалай десем екен? Сағат онда орыс шіркеуінің қа сын-

да кездесейік. Бірақ көрмегелі көп болды. Сізді қалай танимын?...

– Ой, Азик, машинадан түссең, мен сені өзім-ақ іздеп табамын.

Мен сені бір сəт те есімнен шығарған жоқпын. Сендей кайфті қа-
лай ұмытуға болады.

– О, кей!

Іздегенге сұраған. Ол менің сағат онда қасында болғаныма куə
болады. «Мына дəуді саябаққа апарып тастап, қызбен қы ды ра-
мын». Табылған айла.
Көп ұзамай қайта келген Бұқарды олигархтың баласы басқаша

қарсы алды. Күтушіге тапсырма беріп, үстел үстін тағамға тол-
тыртты.

– Мен сенің келісетініңді білгем. Бір күнде болса, өмірді шай-

қап молшылық көргенге не жетсін! Жүр, мен саған үйімді көр се те-
йін. Үй иесі екі қатарлы коттедждің қымбат жиһаздарға толы бөл-
ме ле рін аралатты.

– Темекі тартатын болған соң, бөлмем балконның қасында.

Мы нау спортпен айналысатын зал. Тренажерлардың барлығы
Швей ца рия дан əкелінген.

– Мына жақта əйелімнің жатын бөлмесі.

– Əйеліңмен бөлек бөлмеде жатамысың?

– Əрине, маған да еркіндік. Оған да еркіндік.

– Олай болса, оның көңілдесінде нең бар?

– Тш... тш... егер айырылам демегенде, тимейтін едім.

Бұқардың болконнан төніп тұрған қарағайдың жуан бұ тақ та ры-
на көзі түсті. «Бай адамдар күзетші ұстайды, видеокамера қон ды-
ра ды дейтін. Қызық, мына үйде ондай көрінбейді».

– Өте жайлы үй екен. Күзетшілеріңіз, видеокамераларыңыз бар

шығар....

– Жақыннан бері, əкем күзетшілерді босатты. Қайтеміз, асып

бара жатқан бай емеспіз. Мына көршілер де ұстамайды. Елден
ерекшеленбейік деген. Ал видеокамераны əуелден қойған жоқпыз.

Махаббаттың ажалы
Азамат айтарын айтып болып, секем алып қалды. Бір кездегі ауыл-
дасы оның сөзін естімеген сияқты, басқа жаққа қарады...

– Ал мен тапсырмаңды орындай алмасам, құр қол қалам ба?

Алдымен задоток бересің! Аш-жалаңаш жігітке бірдеңе беріп ауы-
здандырып қоймаса, болмайтынын сезген Азамат, жатын бөл ме сі-
не барып, бір бума доллар алып келді.

– Мынау жиырма бес мың! Қалғанын кейін.

– Елу мың дедің ғой?

– Иə, міне жиырма бес, қалған 25 мыңын іс орындалған соң...

– Енді жоспарыңды айт!

– Мен бүгін саябаққа барып, су бұрқағының жанында болдым.

Айналасы қалың ағаш. Сол ағаштардың арасында тұрып, қа пы сын
та ба сың. Кешкі онда қараңғы түседі. Адам көп болмайды. Мыл-
тық тың дыбыс басатыны бар. Киімің қоңыр болсын. Бетіңе маска
тақ.

– Оны қайдан аламын?

– Бетіңді көзіңе дейін байлап ал! Оқ атып, дəл тигізгеніңе кө-

зің жеткен соң, саябақтың темір жол жағына қарай өт. Сол жақ та-
ғы жол бойына жасырын, айналада ешкім жоқта, машинаға ке ліп
мінесің. Мен сол жақта күтіп тұрамын. Егер уақытында келе алма-
сам. Күт! Түсіндің бе?

– Түсінбейтін несі бар. Қолындағы көк қағаз алақанын қыз ды-

рып бара жатқан жігіт орнынан тұрды.

– Сағат тоғыз жарымда орталық сауда үйінің алдынан алып ке-

тем. Аулада тұрған машинаның нөміріне қарап ал!

– Жарайды. Бірақ қазір сол жерлерді маған апарып көрсет. Күн-

діз жүретін жолымды белгілеп алайын. Өзімше дайындалайын.
Бұл қоян аулау емес, адам өлтіру. Оған алдын ала дайындық керек.
Сен ертерек айтуға уақыт таппадың ба?
Байдың баласы Бұқардың анайы, дауыс көтере сөйлегеніне

шам дан ған мен, шыдап бақты.

– Өзім кездесетіндерін бүгін білдім.

– Алды-арты осы емес шығар. Тағы кездеспей ме?

– Оған менің көзім жетіп тұрған жоқ. Сосын некелі əйелің бі-

реумен ауыз жаласып, сыртыңнан көзіңе шөп салып жүрсе, қалай
шы дай сың?

– Жарайды. Онда сол жерге кеттік. Екеулеп іс-қимылды анық-

та йық. «Сонда мен саған ақшаны не үшін беремін!» дегісі келген
олигархтың баласы, онысын айтпай қалды. Екеуі үйден шықты.

Зияш Телеуова * * * Күн бұлтанып тұрғанымен, жауын жаумады. Кешкілік жауын шақырған жынды желмен дауыл көтеріліп, көшелер шаңданып, үй дің жандары күл-қоқыспен бұрқырай жөнелді. Төгіліп жатқан сары жапырақтар мен жұқа қағаздар қаңбақтай қаңғалақтап, ауамен араласып аспанда қалықтады. Осылай бұрқыраған цик лон ның артын ала, жаңбыр сіркіреді. Қалықтап жүрген сары жапырақтар мен цалафан қалталар бұйырған жерге қона бастады. Орыс ме шіті нің жанына келіп тоқтаған Азамат күндіз звондаған қызды іздеп жан-жағын шолды. Анадай жерде сирағы сидиып, басына зонтик кө ле гей леп бұлғаңдап тұрған бойжеткенді көріп, машинадан түсті. Бұны таныған қыз, жанына жүгіріп келді. Бетін аямай бояған қыз сұлу болмағанмен, сүйкімді. Жігіттің іші-бауырына кіріп, құшақтап өлтіріп барады. Қай жерден көр генін, қай жерде танысқанын есіне түсіре алмаған атақты Дон Жуан тап қазір қылмыс жасалып жатқанда, қыздың жанында болғанына ғана риза. Бар ойы оқиға болатын жақта. – Күн бұзылып барады, тоңып қалдыңыз ба? – Жылытатын жігіт қасымда тұрғанда, неге тоңамын! – Машинаға отырайық. – Басқа көңіл көтеретін орындар жоқ па? – Марина, бүгін уақытым тығыз. Кейін өзім хабарласамын. Жігіт көлігінің əйнегін ашып қойды. Құлағы түрулі. Өзіне жабысып, мойнына білегін асқан қыздың темекі сасыған демінен бетін алып қашты. – Азик, нежули ты не помнишь, мен сенімен өткізген түнімді ұмы та алмай қойдым. Ал сен болсаң талай шет елдік сұлуларды көр ген соң, меня забыл. Да... красавчик ты мой... Осы кезде по лиция ның дабылы естілді. Дыз еткен қалта телефонын құлағына тосты. – Слушаю... – Үйде шешем ауырып қалыпты. Марина, қайда қалдырайын? – Фу, болғаны ма? Уақытымды босқа өткізіп... – Мə... Қыз қолына ұстатқан жүз долларды көріп қуанып кетті. Ну, кафенің қасында қалдыр. Қызды айтқан жеріне жеткізген Азамат, саябақты айналып барып, темір жол жағына тоқтады. Жол жиегінен ытқып шыққан киллер машинаға келіп отырды. Екі иығынан дем алған ол біразға дейін тіл қатпады. Азаматтың шыдамы таусылды.

Махаббаттың ажалы – Не болды? Соңыңнан түскендер бар ма? – Жоқ. Бірақ сұмдық болды. Ана қыз... төсін оққа тосып, жі гіт ті қалқалап қалды. – Не дедің?! – Машина кілт тоқтады. – Сонда өліп қалды ма? – Енді кеудесін оққа тосқан соң, не істеуші еді? Əн сала ма? Азаматтың жүрегін біреу шымшып алғандай, дыз етті. Бірақ кереметтей өкінішті де сезбеді. «Несі бар, маған бұйырмайтын бол ған соң, ол да дұрыс. Бірақ, мына тапсырысын шатыстырған баскесерге қыр көрсететін жер осы...» – Сен немене, мен саған əйелімді өлтір деп заказ бердім бе? – Мен көздегенде, қыз жүрелеп отырған. Қараңғыда менің тұрға ным ды көріп қалды ғой деймін. Атып тұрып, жігітті кеудесімен жапты. Оқ дəл жүрегіне тиді. – Əкел, қаруды! Арт жақта отырған Бұқардың даусы бірден өзгерді. – Жоқ! Мырза, ең бірінші ақша! Ақшаны бергенде, мыл ты ғыңды қайтарамын. Осы уақытқа дейін тышқан мұрнын қа нат па ған мені адам өлтіруге жетелеген сенің ақшаң! Қайыршылық өмірден шаршадым! Қазір бір шұңқырға апарып ауната салсаң, менің іздей тін адамым жоқ. Ақшаң өзіңде қалады. Сондықтан ақшаны қо лы ма тигізген минөтте ғана қаруыңды аласың! – Мен жаныма ақша алып шыққан жоқпын. Онда хабарлас. Қай жерден түсірейін. – Осы жерде. Бұқардан құтылған соң, ол саябаққа барды. Іші тып-тыныш. Еш нəр се болмаған сияқты. «Бұл малғұн өтірік айтқан шығар...» Осы кезде ұялы телефоны шырылдады. – Азамат, қайдасың? Үйге тез кел! * * * Осы оқиғадан кейін Бұқар бірнеше күн телефон соғып, Азаматтан жауап ала алмады. Ақыры үш күн өткен соң, екеуі телефонмен тілдесті. Амандық жоқ, саулық жоқ, олигархтың баласы айқайға басты... – Сен малғұн, мен қатынымнан айырылып қаралы болып отырға ным да, телефон шала бересің! Қаруды қайтар! Мен саған əйелім ді емес, оның көңілдесінің көзін құрт деп тапсырыс бердім ғой. Əйе лім ді өлтіріп, ақша талап етуге қалай дəтің барады?

Зияш Телеуова – Мен əдейі атқан жоқпын. Оның өзі түсті оққа. – Соқпа! – Демек,уəдеңнен шығатын ойың жоқ қой. – Жоқ. Қаруымды əкеліп бер! – Жақсы. Түрмеде бай адамдардың уəдесіне еш уақытта сенуге болмайды. Олар сөзінде тұрмайды. Сондықтан ең əуелі ақшасын алып алмай, тапсырысын орындауға болмайды деген түремшіктердің сө зін талай естіген. Өз басына түскен соң ғана, соған көзі жетті. Бұ қар кеше ғана тай-құлындай тебісіп бір ауылда өскен Азаматтың мұны басынып отырғанына күйінді. Тіпті, оның бет əлпетінен оқтың əйеліне тигеніне ешбір өкініш білдірмей, солай болғанына ри за лы ғын сезгендей болған соң, оның бұл жалтарысының ақша бермей құтылып кетудің амалы екенін біліп, əбден қанына қа райды. «Өле тін бала отпен ойнайдының» кебін киген қалталы мыр заға үкім ді өзі шығарып, олигархтың үйін қарауылға алды. Өт кен де келгенде қақпаның жанындағы торда тұрған баспақтай не міс тің овчаркасын көрген. Көрші үйдің жанындағы ағаштың қал қа сында тұ рып, кірген-шыққандарды бақылауға алған киллер мыр за ның əке сі мен шешесі джипке отырып кеткен соң, қолында ша руа шылық сөм ке сі бар күтушінің шыққанын көрді. Жанына жа қын да ғанда қы рын қараған жігіт оның ұялы телефонмен сөйлескенін сөзін анық есітті. – Үйге келе жатырмын. Олар тойға кетті. Баласы мейрамханада, кеш келемін деген. Бүгін дем алатын болдым. Пока! Демек, мырза кеш келеді. «Иə ақшаңды бересің немесе жарық дү ние мен қоштасасың! Екінің бірі! Сенің жаның ана сұлудың жанынан артық емес шығар! Менімен ойын оңайға соқпайтынын біл! Басынайын деген екенсің! Бəрібір қолымды қанға боядым. Оны боят қан сен. Демек, барлығына кінəлі де сенсің!» Көшеде біраз жүріп, жақын жердегі кафеге кірген Бұхардың жаны жай таппады. Азаматтың телефонына звондады, ол бірден өшіріп тастады. «Қарай гөр, əйелін аттырады да, өзі қыз-қыр қынмен ойын-сауық құрудан босамайды. Сонда ол ма қылмыскер, мен бе?! Мен өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Ол қаннен-қаперсіз тай раң дау дан тыйылар емес... Ақшасына сенеді ғой... Ақшаң ажалдан арашалап қалса көрерміз... Залым...» Бір адамды өлтіргенде не, екі адамды өлтіргенде не, бəрібір енді жазадан құтыла алмайды!» Оның көз алдына жүгіріп шығып қақпаны ашқан жас сұлу елес те-

Махаббаттың ажалы ді. «Ой, байғұс-ай, өзі де үріп ауызға салғандай екен, мені де шайтан азғырды ма, бірақ мен оны емес, жігітін өлтіруге кезеніп едім, шырылдап араға түсіп мерт болды, сорлы. Соншалықты жақ сы көрді ме екен?!..» Киллер орнынан тұрып, көшені бойлап, объек тісі нің үйінің қасына келді... «Ешкім жоқ. Үйге кіріп, ты ғы лып жатсам ба екен. Жоқ. Қасына көңіл көтеріп жүрген қыз да рын ер тіп келуі де мүмкін ғой...» Қақпаға жақындап еді, иттің үр ге нін ес ті ді. Қал та сын да ғы бір кесек колбасаны алып, оны қалай тас тау ды ойлады. Еменге өрмелеп, төменде жұлқынып тұрған итке лақ тыр ды. Сосын ақылды иттер ұйқы келтіретін таблетканы жемейді де генді естігені бар еді. Қарап тұрды. Ит аш па, жеп қойды. Кө рер міз, ұйықтаймысың, ұйықтамаймысың... Айналаға қою қараңғылық түсті. Ұйқысын ашайын деп, кө шенің басына қарай жүрген Бұқар осылай келе жатқан джипті алыстан байқады да, салынып жатқан үйді тасалады. Азамат жалғыз түс ті. Теңселіп, дуалдың түбіне қуығын босатты. Темекі тартты. Тəл ті рек теп жүріп, қақпаны ашып, көлігін ішке кіргізді. Үйге жақын келген киллер оның жалғыздығына көз жеткізгісі келіп, тағы да мұқият қарады. «Жалғыз! Өзі мас! Осы сəтті пайдалану керек!» Олигархтың баласы алдымен үйінің бар бөлмесінің жа рығын жарқыратып жақты. «Демек, ол бірнəрседен сезіктенеді. Қорқа ды». Ол ішке кірген соң, ағаштың басына шығып алған Бұ қар оның жүріс-тұрысын бақылауға алды. Шамалыдан соң, жа рық тың бə рін сөндірді. Жатын бөлмесінің əлсіз шырағы ғана қал ды. Жанжағына тағы жіті қараған Бұқар ағаштың бұтақтарын қосарлап алып, балконға аяғын тіреді. Ақырындап, ашық тұрған терезеден ішке түсті. Мырзаның жатын бөлмесіне кірісімен, оның шешінбестен қорылға басқанын көріп, жəшіктерінің тартпаларын, қол жетер жер лер дің барлығын ашып, ақша іздеді. Ештеңе таба алмаған соң, Аза мат тың жанына барып, бетіне стакандағы суды шашып жіберді де, револьверді маңдайына таяды. – Мырза! Тұр! Азаматтың мастығы тез тарады. Екі көзі шарасына симай, алақта ған ол: – Борис, уəдем уəде! Мен шетелден тауып келген табысымды бер дім. Енді əкемнен сұрауым керек. Ақшаңды бір жетіде тауып бе ре мін, – деп дірілдеді. Ол қас қағымда жігіттің қолындағы тапаншаны қағып жіберді. Екеуі қараңғыда алыса кетті. Ырс-ырс, Гүрс-гүрс...

Зияш Телеуова – Иттің баласы. Түрмеде шірітемін! Аларсың менен ақшаны! – Бір де аш, бірде тоқ Бұқар анау бірнеше рет соққанда, əлсіреп қалды. Екеуі де ұшып кеткен револьверді іздеп жанталасуда. – Сенің мұндай екіжүзді екеніңді білгенде, жоламайтын едім. Қа ның ды ішем! – Бұқардың қолына тахтаның үстіне тастай салған мыр за ның былғары белбеуі түсті. Жанына жақындай берген оның басын қайырып, желкесінен соғып қалғанда, май басқан дене былқ етіп, аяғының астына түсті. Былғары белбеуді мойынына салып жібе ріп сүйреп, спорт залында жаттығу өткізетін тренажеріне асып, байлап тастады. Қырылдаған үн басылған соң ғана демін алған киллер, «тілеп алған аурудың емі жоқ» деп, оның жатын бөлмесінің бұ ры шы на ұшып түскен револьверді тауып алып, ойланып тұрды да, сүр тіп-сүртіп, кереуеттің үстіне лақтырды. Сөйтті де, балконнан ағаш қа, одан жерге қарғып түсіп, қара түнге сіңіп кетті. Ол бұл жолы шімірікпестен, əлденеге кеудесі жеңілдеп, адымдап бара жатып «Қанға қан, жанға жан!» деп күбірледі. * * * Бұқардың бар ойы қарындасын көріп, оның жағдайын білу. Дү кен дер ден бір сыдырғы киім, супермаркеттен азық-түлік алып, үйі не келгенде, анасы шошынып қалды. Жұмысқа кіргеніне бір ай болмаған баласының айлық алатын уақыты болмаған. Бір сұм дықты сезгендей, кеудесін уайым жайлады. Бұрын кездейсоқ сотталып кеткен баласы, енді нағыз қылмыстың жолына түссе қайтеді?! Үкімет тің құрығы ұзын, бəрібір ұстайды... – Мынауың не? – Тамақ. – Қай ақшаңа алдың? – Кассадан. – Қайдағы касса? – Апа, Ақмаралдың үйінің адресін айтшы? Өзім барып көрісіп шығайын. – Қайтесің, олардың мазасын алып, шошып кетер. – Мен не, адам шошырлықпын ба? – Жоға... сотталды деген атының өзі жаман ғой. – Телефон шалып айт, ағаң кіріп шығады де... Қипақтаған анасы аздан соң қызымен сөйлесті. – Ақмарал, амансыңдар ма, саған Бұқар кіріп шыққысы ке ле ді. Өзің де келе алмадың. Түстен кейін бе, жақсы онда түстен ке йін барады.

Махаббаттың ажалы Бұқар іштей «Бірге туған бауырыңның үйіне рұқсат сұрап бару деген не сұмдық!» деп ренжіді. Оның көз алдынан кіш кен та йында есік алдына картоп көміп, от жағып жүріп, көйлегінің ете гін отқа шалдырып алып, енді не киемін деп жылаған Ақ марал дың бейнесі кетпейді. Қалаға келген соң, бұрынғы күйлерінен айырылып қалған бұлар бірде аш,бірде тоқ, киер киімге, ішер тамаққа жарымайтын тапшылыққа тап болып, көне киімдерін жамап-жасқап киіп жүрген қарындасын аяйтын. Содан кейін бұл сотталып кетті. Қарындасына өзінің ағалық парызын өтей алмай, қам қор лығын жасай алмағандығына іші удай ашиды. Бірақ қайда барса да Қорқыттың көрі деп, тығырыққа тіреп қойған талайсыз тағ ды ры еңсесін көтертпеді. Екі қолға бір күрек дегендей, қара жұ мыс тың да тұрақты, айлығы өнімдісін таба алмай қор болды. Мектепте жүр ген де, пысық, еті тірі, қатарларының арасында беделі бар жігіт тің жігерін жоқшылық құм етті. Бұрынғы достары қа зір оған жолы болмаған, қолынан түк келмейтін қауқарсыз деп қа рай ды. Кө бі сі кездесе қалғанда сəлемдесуге де жарамайды. Мектептегі жа қын достарының бірі олигархтың баласы шақырғанда, кө мекте сер деген үмітпен барған, бірақ ол сотталғандығын пайдаланып, киллер етіп қойды. Онымен тұрмай, уəдесінен шықпады. Қала шетіндегі бұрынғы саябақтардың орнына салынған қапта ған үйлердің сыртқы формасы əртүрлі. Кейбіреулері кірпіштен мансард етіп тым жақсы көтерілген болса, көбісі қалай болса солай, не болса содан жамап-жасқалып салынған. Шама-шарқы келмегендер баспана болса болар деп отырған тəрізді. Бұндай жерге қо ныс тан ған дар дың көбісі оралмандар немесе ауданнан қоныс аудар ған жарлы-жақыбайлар. Қалтасындағы учаскенің нөмірін қарап келе жатқан Бұқар əр үйге көз тігуде. Белгілі бір көше жоқ, шашып тастай салған тарыдай үйлердің нөмірлері де шатысып кеткен. Күздің суық желі жұқа киімінен өтіп кеткен жігіт бүрсеңдеп, қаң ға лақ тап келеді. Бір үйдің жанындағы трактордың қаңқасы, үюлі шөп өзінің бір кездегі ауылын есіне түсіргендей, жүрегі сызда ды. Бұқар жасында тентек болатын. Даусы зор, ылғи жанындағы қос шы балаларға команда беріп жүретін баласын əкесі мақтан тұтып, «генерал болады» дейтін. «Қайран əке, қайдағы генерал, өмірім түрмеде өтетінін білмедің-ау, білмегенің де жақсы болды!» Ол ақ кірпіштен қаланған, төбесі көк қаңылтырлы үйдің қасына келіп, қо лын да ғы нөмірге қарады. Осы үй. Ауладан ішке еніп, есікті тықыл дат ты. Аяғын сүйрете басып, қисалаңдаған қара сұр кемпір айқай лап шықты:

Зияш Телеуова

– Ə, бұл кім, есікті ашып кетіпсіңдер ғой!

– Сəлем бердік! – Сірə, кемпір хабардар болса керек, ернін жы-

быр еткізді. Қатыңқы қабағынан жақтырмағаны білінді.

– Осы қаңғыған қайыршылардан-ақ басымыз бəлеге қалды, –

деп күңк етті.

– Мен Ақмаралдың ағасымын.

– Ақмаралдың ағасы бар дегенді бірінші рет есітіп тұрмын.

Ішкі есіктен қолына сəбиін көтеріп шыққан қарындасы да,
аман да су ға қара сұр кемпірден қорыққандай табалдырықта тұрып
қал ды. Ағасының жалғыз бауырым мойнына асылып егіл-тегіл
жылар, сағынған шығар деген үмітінің күлі көкке ұшты. Ол тіпті,

мұ ның келгеніне қуанбаған тəрізді. Аяғын шешер-шешпесін біл-
мей аң та рыл ған Бұқар:

– Сені көріп кетейін деп келдім. Қалайсың? – деді.

– Шүкір. – Қыз тағы да кемпірге жалтақтады. – Жоғары шық-

сайшы!

– Жоқ. Асығыспын. Тек саған айтатын бір-екі ауыз сөзім бар

еді.

– Баланы əкел! – Кемпірдің дауысы өктем шықты.

Екеуі далаға шықты.

– Өздерің салып алдыңдар ма?

– Иə, жоқтан бардан құрап. Əйтеуір тұрғыздық.

Қарындасының балпанақтай сəбиін бауырына басып иіскей ал-
ма ға ны на өкінгендей:

– Аты кім? – деді.

– Мағзұм.

– Марал! Мен тағы ұзаққа кетіп қалуым мүмкін. Апама қара,

сосын сені ұзатқанда дүние-мүлік те бере алмадық қой. Мынаны
ағам «қыз сандығы» деп беріп кетті де. Ешкімге ештеңе айтпа. Мен
тағы да отыратын шығармын. Талайыма осындай жол жазылған
сияқты. Апам да қаржыдан таршылық көрмесін деп, сандығына

аз ған тай тиын-тебен салып кеттім. Өзің амандығын біліп, қамқор
бола жүр. – Қыздың алақанына доллар тыққан жігіт бетінен сүйді.

– Кешір мені, енді көрісеміз бе, көріспейміз бе...

Үні құмығып шықты да, жалт бұрылып жүре берді.

– Бұқан... Аға... мұның не?! – Өкпек желдің өтінде шашы жел-

біреп тұрған Ақмаралдың жасқа толы жанарына енді қайырылып
қа ра ғы сы келмей, Бұқар сүрініп-қабынып емпеңдеп бара жатты.
Əке сі нің өзін еркелетіп айтатын «Бұқан»деген сөзін қарындасының
аузынан естігенде ет-бауыры езілді. «Қайран əке, адасқанның алды

Махаббаттың ажалы жөн арты соқпақ деген, алаңғасар, ақымақ балаңды кешір!» деп, қи сық-қисық көшелердің арасында автобустың аялдамасына шыға тын жол таба алмай адасып көп жүрді. Сөйтіп жүріп, қа рын да сының енесіне өкпеледі. Ең болмаса нан ауыз ти, отырып шай-су іш деп айтпаған қара кемпірдің қылығы қытығына тиді. «Мен туған құда баласы емеспін бе? Артында дымы жоқ деп қарындасымды басынады-ау, иттер» деп кіжінді. Тірі болып жүрсем, төріңде отыру ға лайықты екенімді дəлелдермін деп күбірледі. Бірақ қалай дəлел дей ті нін өзі де білмеді. Қаланың кіре берісіндегі кафеге кірген ол, бір бокал сыра алып, шет те гі үстелге отырып, полицияға барып, қолымен істегенді мойын мен көтеру керек екендігін салмақтап отырғанда, сырттан кірген еңгезердей екеу қасына жетіп келді. – Ау, батыр, бізді менсінбей отырсың ғой, ашта көрген құ қай ды тоқта ұмытпа! – деп аналар оған төне түсті. – Мені тоқ жүр деп кім айтты? – Тоқ жүрмесең томпиып, сыра ішіп отырмайсың ғой? Сені киллер болып кетті дейді ғой? – Қайдағы киллер! – Шыныңды айтқың келмейді... ə. Олжаңды бөліскің кел мей ді. Бірақ бізден оңайлықпен құтылмайсың? – Менің сендерде жұмысым жоқ. Өзіммен өзім жүрмін. Нелерің бар? – Бас білмейтін өгіздей мөңкіме, нақұрыс! Біз бостандыққа шық қан соң, бірлесіп қимылдаймыз. Табысымыз ортақ болады деп келіскеніміз қайда? Олигархтың баласының тапсырысымен сая бақ та ғы қызды өлтірген сен! Қанша алдың? Ақша қайда? – Оны айтқан кім? Содан барып алыңдар! Ананың біреуі жанынан жалт еткізіп пышақты суырды. – Қазір бауыздап жіберем. Алға түс! Еңгезердей екі жігіт Бұқардың қолтығынан алып, есік ал дын дағы көне москвичке отырғызды. Анадай жерде подносын кө тер ген даяшы оларға қадала қарап қалған. Даяшы қызға қараған Бұ қардың жанарында «көмектес, полицияға хабарла!» деген жазу тұрды. Тү сін ді ме, түсінбеді ме, кім білсін! Көзін байлап қала сыртындағы саяжайлардың біріне апарған қарақшылар: – Ақшаны қайда тыққаныңды айтпасаң, осында жатып іріп-шіріп өлесің, – деп қорқытты. – Кім сендерге мен ақша алды деген? – Бұқар қасарысты.

Зияш Телеуова – Олигархтың баласы біздің жігіттерге «саған елу мың бердім» деп телефон шалған. – Онда өзінен тағы сұраңдар. Дəу жігіт қасындағыға қарады. – Звонда, сұра! Азаматтың ұялы телефонын терген жігіт ұзақ күтіп тұрды. – Бұл кім? Тыңдап тұрған полиция! Бұл кім?! – Жігіт телефонын өшіре салды. – Əй, есуас, сен неге алдайсың! Мен полицияға түстім. Ұялы телефон ызылдады. – Жаңағы телефонға звондаған сенбісің? – Иə, сен кімсің? – Мен танысы едім. Азамат керек еді. – Ол жігіт қайтыс болды. Сен кімсің? – Қалайша? Жігіт телефонын өшіре салды. – Сен неге арандатасың? Сен оның өлгенін біліп тұрып, неге айтпадың? – Міне, көрдің бе, оның ақшасын алған киллерді басқа жақтан ізде! Менің оған қатысым жоқ. – Оның өлгенін қайдан білесің? – Газеттерде жазды. Асылып өліпті. – Бəрібір біз сені жібермейміз. Жат! Осында! Екі жігіт оны саябақтың жертөлесіне итеріп жіберді де, сыртынан құлып салды. Қап-қараңғы жертөлеге топ ете қалған Бұқар: – Қанішерлер, тым болмаса жарық жағыңдар! – деп айқайлады. Бі рақ жарықтың тетігі іште екендігін көрген соң, тынышталды. Банкіде толып тұрған тұздамалар мен варениелер бұны аштан өлтір мей тін тəрізді. Жер сыз болған соң, баспалдақтың үстіне жайғас қан Бұқар манағы даяшы қызды ойлады. Ол хабарлар ма екен. Ха бар ла ған ның өзінде, қай саябақтың жертөлесінде кімнің қа маулы жатқанын полиция қайдан білсін?! Арада бір жеті өткенде тергеушілер оны саябақтың жер тө ле сінен тауып, тұтқындады. * * * Жан-жағы тікенек тормен қоршалған биік сұр дуалдың əр жағын да ғы түрменің қатал тəртібіндегі сотталушылар серуенге шыққан. Бұқар айналасындағы тағдырластарының əр қайсысын сыртай сыннан өткізуде. Бұл топта аса қауіпті қылмыскерлер, мойны-

Махаббаттың ажалы на адам қанын жүктегендер. Қалың қабақты қара сұр мұның сəл кі дір ге нін көріп, желкесінен түйіп жіберді. – Қыдырып жүрген жоқсың. Жолды бөгеме! Оның аласы басым қасқыр көзі жалт етті. Бұқар жалт қарады. Бірақ үндемеді. Ананың даусына алда келе жатқан жауап берді. – Əй, қасқыр бет, ақырма, бұл жер саған да пейіштің жұмағы емес. Бəріміз бірдейміз! – Үрме, күшік! Сен кімсің, менің аузыма қақпақ салатын. Бұл жерде тек қана менің дегенім жүреді. Көрсетемін мен саған қарсы ла су ды... Бақылаушы бұлардың жанына таяды. – Сөзді тоқтат! Қалағанов, сөзді тоқтат! Бұқардың желкесінен тағы ауыр қол нұқып қалды. Тұтқынның есіне түнгі шайқас түсті. Бұларға жаңадан келіп қосылған Бұқарға топ басшысы қасқыр бет қара ерекше шүйілді. Ағаш кереуеттің үстін де тұнжырап отырған оның жанына келіп, бетіне үңілді. – Түрмеден шыққан соң, ақшамды қайда жіберем деп ойланып отырмысың, киллер мырза?! Көп ойланба, табысыңды бəрімізбен бөлісесің. Бізге сырттан хабарлағандай, сен елу мың долларға адам өлтіргенсің. Ой...хой, қаншама ақша! Оны қайда жібермексің?! А... айтшы.. Əлде коттедж тұрғызасың ба, онда сен тұрып үлгермейсің... мына біз мүмкін үлгерерміз. Он жыл отырдық, енді бірер жылда шығып қалуымыз мүмкін ғой... Үмітсіз шайтан... – Жаның барында айт, ақшаны қайда тықтың? – Мен ешқандай ақша алған жоқпын. Ақша берем деп уəде берген, иттің баласы уəдесінен шықпаған соң, өз түбіне өзі жетті. – Сен мені алдай алмайсың. Сол ақшаның ең болмаса жартысын алмай, сен қолыңды қанға былғамайсың... Онан да шыныңды айт! Айтпасаң, аузыңа есіртік құйып, есіртіп жіберемін. Сосын құпияң ды өзің-ақ айтасың, түсіндің бе... Бұл жер саған нағыз тозақ болады... Соған көзіңді жеткізем. Əй, нақұрыстар! Ине! – деп айқай ла ды көзі ұясынан шыққан қанішер. Келесі нарда отырған үш жас жігіт орындарынан атып тұрды. – Тоқтат, бұл бассыздықты! Ең болмаса түрмеде зорлық-зом былық көрмейік! Нең бар, ақша сенікі емес, оныкі. – Сендер мынаумен бірге келдіңдер ме? Қарай гөр бұларды. Шық бері!.. деп ақырды. Оған олар қозғалған да жоқ. – Біз саған бұдан былай ешкімді қорлатпаймыз. Мұн да ғы лардың бəрі де, сен сияқты қара жүрек қанішер емес. Өзін-өзі тү сін бе-

Зияш Телеуова ген дер. Адасқандар. Қателік жасағандар! Сол үшін сазайын тартқан дар! Енді оларды сен сияқты жауыздардың жазалауына жол бер мей міз! – Жарайды! Бүгін бұл əңгімені тоқтатайық. Бірақ мен сенің жоның нан таспа тілемін. Ішіңді теріс айналдырамын. Маған айтасың! Əйт пе се, бір түндік қыламын! Үш жігітке алғыспен қараған Бұқар əбден тозығы жетіп сы қырлап қалған кереуетке қисайды. Сосын басын ұстап, солқылдап бара жатқан шекесін қысты. «Неткен ақымақ! Неткен соқыр!» Оның дауыс қатты шығып кетті. Жанына келген жаңағы үш жігіттің бірі оны жұбата бастады. – Қорықпа, ол саған енді тиіспейді. Бұдан былай бірігіп, мұндай жуан жұдырықтарға қарсы тұрмасақ, құрып кетеміз. Былай қара күшің бар, ақылды жігіт сияқтысың. – Қайдағы ақылды! Ақылды адам осылай істей ме?! Ақы мақпын. Дүниеде менен ақымақ адам жоқ. Əйтпесе қазулы орға өзім барып түсем бе?! Мен қаңғырып жүрген қайыршы емес едім. Не басыма күн туды десеңші! Ақша, ақша деген алапес өмірге қы зықтым! Аяқ астынан байып шыға келгім келді. Ай на лам да ғы лар дың «Қарашы, Бұқардың пысығын, адам қатарына ілікті деп айт қа нын естігім келді... Қазір қалтасында ақша жоқ адамның адам емес, ең төменгі сорттардың қатарына жататындығын сездім. Бас қа дүниеге, байлардың дүниесіне алшаңдап басып кіргім келді. Кедейліктен намыстандым. Құр намыс! Қалай байығанын қай дам, анау пысықтар құсап мен де машина мініп, үй салып, тал таң дап жүргім келді. Мүмкін олар да қылмыс жасап жүрген шы ғар?! Қазынаны ұрлап жатқан шығар, бір-бірін ұрлап жатқан шы ғар! Бірақ олар ұсталмайды. Ал мен болсам, ондай оңай жолды білмедім. Сөйтіп адам қанын мойыныма жүктеуге бардым. Ал ана қыз бай ғұс сүйген жігітін кеудесімен қалқалап, бостан босқа өлді. Сонша лық ты сүйген болды ғой. Оның жігітін өлтіруге маған қыр уар ақша берем деп уəде берген олигархтың баласы нағыз сұмпайы, сай қал дың өзі болып шықты. Жеме-жемге келгенде, менің заказым ды дұрыс орындамадың, жігітті өлтірудің орынына əйелімді өл тір дің, саған мынау да жоқ деп қолын шығарды. Əбден көзін май бас қан қанішерді өз қолыммен асып кеттім. Бірақ кімді жеңдім?! Өз түбіме өзім жеттім. Мен қылмыс жасағаннан анау байлық пен шай лық қа былыққан дүниенің бет-бейнесі өзгере қойды ма?! Жоқ. Еш нəр се өзгермейді. Темір тордан бақылаушы:

Махаббаттың ажалы – Жат, тыныштал! – деп айқайлады. Бəрін ойша таразылап жатқан Бұқардың жаны тынышталар емес. Ол мынау қапаста өмір бойы отырмауды əлдеқашан шешкен. Өз қолыңмен кескен қолыңды, өзің қайта жалғай алмайсың. Демек, қор өмірден құтылудың амалын табу керек. Ол ішіне орап алған жіңішке кендір жіпті сипап қояды. Бүгін ел ұйқыға кеткен соң, бұл да оянбайтын ұйқыға кетеді. Бұған қалған жалғыз жол сол. Жарық сөніп, бақылаушының аяғының сыртылы алыстаған соң, барақтың ішінен əр түрлі қорқынышты дыбыстар шыға бастады. Бұқар қараңғы бұрыштардағы көртышқандардың шиқылы мен жарды кемірген үндерін естіп, тұла бойы түршікті. Ол жасынан құрт-құмырсқадан өлердей қорқатын. Олардың өлген адамның мə йі ті жер астына түскен соң, кеміретінін жие есіне алатын. Енді қа раң ғы да былай-былай жүгірген тышқандардың сыртылдағаны, əл де не лер ді кеміргені анық естілді. Қапырық иісті қараңғы барақтың іші əр жақтан ысылдап-пысыл да ған үндерге толып, біреу жылағандай, біреу-біреуге ша ғынған дай түрлі дыбыстар күшейе түсті. Торлы терезеден түскен ау лада ғы шамның əлсіз жарығы мұның кереуетінің ернеуіне ғана жетіп тұр. Аяғын көсіліп қалғанда, жамылғыштың астынан түрткілеген көр тыш қан ның сұп-суық тұмсығын сезген ол, шошып кетті... Аяғын сермеп қалғанда кереуеттен домалап түскен көртышқанның жыл ты ра ған көзі көкпеңбек боп жанып тұрды. «Астапыра-алла, тірідей жем болатын болдым-ау» ...дірілдеген жігіт, көпшігін лақты рып жіберді. Жанындағы көршісі: – Тиме, ол тоңған соң, келіп жүр. Тірі адамға тимейді, – деп күңк етті. Тұла бойы қалшылдаған ол лақтырған көпшігіне қолын созып, көтеріп алды. Көртышқан кереуеттің аяқ жағында көзін жылтыратып, шоқиып тұр. Ит қорлық! Ит өмір! Жігіт басын жамылғышымен орап алды. Осы кезде оң жа ғы нан тізерлеп, жанына келген қасқыр көз қара, пышағын жылт еткізді. – Ертеңге дейін ақшаны қайда тыққаныңды айтпасаң, ба уыз дап өлтіремін! – деп гүж етті. Тор терезеден айдың жаңа туған қиығына қараған жігіт, оның шалқасынан жатқанын көрді. «Ай шалқасынан жатса өзі не жайлы, шаруаға жайсыз» дейтін ауыл адамдарының сөзін есі не түсірді. Сырласындай болған ай сынығын көрген жігіт өмі рі нің ең бір қи мас шақтарын есіне алды. Өзі тоғыз оқып жүріп сақ ман ға бар-

Зияш Телеуова ған да жанынан шықпайтын күлімкөз сары қыз есіне түс ті. Еке уінің қой күзетінда отырып, не болса соған мəз болып күл ген де рі, ақыры бұл кететін күні қыздың мұның тізесіне басын қойып, пысылдап ұйықтап қалғаны, тəтті ұйқыдағы қыздың бетінен бірнеше рет сүйіп алғаны... Сол күні оның ұйқысын бұзбайын деп өзі таң атқанша қозғалмай отырған. Сақман бітіп, оралған соң да, қойшы ның ерке қызы Бұқардың көңілінен шықпай қойды. Реті келсе сол ауылға барып келгісі келетін. Бір күні əкесінен сұ ра ған да, қойшы ның басқа жаққа көшіп кеткенін естіді. Оның қайда көш ке нін ешкім білмейді. Əттең, ересектеу болғанда іздеп бармас па еді. Мектеп оқушысының қолынан не келсін. Сол бір балауса бейне мұның жүрегін ылғи жылытып жүретін. Қолы қалт етсе, көзін жұмып, оның күлгенін, өзіне еркелеп қарағанын ойлап, қияли күй ге түсетін. Оны енді кездестірмеспін деп үміті үзіліп жүргенде кездес ті. Одан кездеспегені жақсы еді-ау. Онда Бұқар арбакеш болып по йыз дан түскендердің жүгін тасып жүрген. Бір күні жолаушылар пойызы келіп, арбакештер жүкке таласып, сора-сора болып жүрген де, қолында жас баласы бар келіншек: – Əй, бала, менің жүгімді ала салшы! – деп айқайлады. – Қанша бересің? – Немене тақылдап тұрсың? Жұрттың бергенін берем. Оның бетіне жалт қараған Бұқар қатып қалды «Жұмаш!». Ол мұны танымады. Арбакеш қырын қарап, арбасын сүйретіп, жү гіре жөнелді. Жүкті айтқан жеріне апарды да, келіншектің бер ге нін алып жөніне кетті. Былайырақ барып, қарап тұрды. Оның артынан жеткен дəу қара, қолындағы баланы көтеріп алды. Екеуі таксиге отырды. Бұқар бір жағынан қыздың өзін танымағанына намыстанды. Көрінгенге жалпылдап жүрген арбакештердің ішінде, мұның да жүретінін қайдан білсін! Сақманға барғанда кеңшар ор та лы ғында ғы белді атқамінердің баласы болатын. Білмегені, танымағаны жақ сы болды! Бірақ жігіттің ұнжырғасы түсіп кетті. Осы кезге де йін сол бір күлімкөз сары қызды көрсем деген арманының күлі көк ке ұшты. «Оның көрмегені, мені танымағаны жақсы болды. Мен оның есінде тұла бойы арман мен қиялға толы бозбала күйімде қалатын болдым» деп ойлады. Сол арада қалғып кетті. Түсінде ауылының қара жолымен жүгі ріп келе жатыр екен. Анасы құшағын ашып қарсы жүрді. Кешір, қай ран анам, кешір! Ашық күні адасқан балаңды кешір. Адамға екі өмір берілмейтінін кеш түсіндім. Мен бір өмірде алаңғасар, ақыл-

Махаббаттың ажалы
сыз болған екенмін. Екінші өмірім ана жақта болса, осы қатемді
тү зеу ге тырысамын. Құшақ жайып келе жатқан анасын əлдеқашан
о дүниелік болған əкесі мен əжесі ауыстырды. Олар барлығы шай

ішіп, арқа-жарқа боп отырды... Əжесі «Кел, ботам шаршадың ғой,
дем ал!» деп алдына шақырды. Əжесінің мап-майда алқанын беті-
не басып, ол маужырап бара жатты.
Таңертеңгісін қозғалыссыз жатқан жігіттің мойнына əбден ба-

тып кеткен қылдай жіңішке кендір жіпті қарауылдар əрең шеш ті.
Оның құпиясын өзімен бірге ала кеткен өліміне қасқыр бет қана
қатты қайғырды.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ ТІРШІЛІК Кəбира ас үйіне барып газға шəйнек қойды. Қабырғаның əр жа ғы нан көрші үйдің балаларының даусы естілді. Төбеден бірнəр се гүрс етті. «Түу, пəтшағар, қанша айтса да, – тентектеріне, төменде үй бар, қойыңдар, – деп тыю салмайды. Кең далаға үйре ніп қалғандар ғой, қайтсін-ай». Бір жағынан осы көршілерінің қы быр-жыбырын қарасын етіп күн көріп жатқан жайы бар. Подъезге шықса болды, амандық-саулық сұрасып, оны-мұны айтып, бір сер ги ді. Мұнда тұратындардың көбісі кешегі өларада қаңғалақтап қа ла ға көшіп келгендер. Сондықтан бəрінің мұңы да, сыры да бір. На ғыз қала тұрғындары бір подъезден кіріп шыққанымен, бір-бірімен аман-саулық сұраспайды дейді. Қайтіп шыдайды екен, шіркіндер?! Бір-бірінен беттері ұялмай ма екен?! Қарға тамырлы қазақ емес пе! Əй, мына қыз да тұрмысқа шыққалы бұзылды. Анда-санда болса да, ат ізін салып анасының амандығын біліп кетуге жарамайды... Енесі де аюдай ақырған көкбет болып келді ғой, сорлыға. «Жуас қой жүндеуге жақсы» деп, үндемеген сайын мойнына мініп алды. Құдай берген екі бала – екеуі екі түрлі. Қызы Ақмарал қой аузынан шөп алмайтын момын болса, ұлы Бұқар кішкентайынан басынан сөз асырмайтын асау. Əй, сорлылар, екеуінің де оңып жүргені шамалы. Тым жуас бол ған да жаман екен, болмаса арыстай ұл туып отырып, қорлыққа көне бере ме?! Басына берсе, балаңды ал да, үйге кел, сөйтіп сен де мінез көрсет деп талай ұрысты. Бірақ адам бойына біткен мінезқұ лық тан əрі асып кете алмайды екен-ау. Мұндай шыдамды болар ма?! Ана адуын енесінің сөзі жаман ғой, көріңде өкіргір, өзі жары-

Зияш Телеуова май отырса да, қу кедейден қатын алып, ең болмаса, жұрт сияқты «қыз сандығы» да келмеді, шешең де тесік моншақ екен деп бұны да қо сып, жер-жебіріне жетеді ғой. Бұның апарғандарын санатқа қос пай, көпіріп отырғанда, бір-екі рет тіктеліп, айтып тастамақшы бол ған Кəбира қызын аяды. Оның үстіне шешесіне еріп, соңғы кезде күйеу бала да қоқаңдайтын болған. «Жұрттың төркіндерін қара шы, ығай мен сығай, бір-бірін шақырысып, бірі біріне қонаққа барып арқа-жарқа болады да жатады. Сенің дұрыс төркінің де жоқ деп ылғи бетіне басады. Əй, қу жалғыз, сен де сол байғұс қыздың бе ті не шіркеу болдың. Бір қисайған жүктің түзелмейтіні сияқты, тү зел мей қойдың ғой. Тағы не бүлдіріп жүргеніңді бір Құдай білсін! Ана жүрегі қарсы айырылып күрсінді. Бұқардың айтқандары есіне түсті. – Апа, шынымды айтсам, ақталатын бетім жоқ. Сеніміңді ақта ма дым. Ақмаралдың барған жері де қолайлы болып тұрған жері шамалы ғой деймін. Тым асып бара жатса, жылатпай, қолыңа ал! Екеуің күн көресіңдер, баласын бақ! – Сен ше? – Мен, сірə, тағы ұзаққа кетемін. Сандыққа ақша салып кет тім, тарыққан уақыттарыңда алып, жұмсаңдар. Ешкімге көр сет пей, өзде рің қажеттеріңе жаратыңдар. Мен бұны ешкімнен ұрлап алған жоқ пын. Еңбегім. Сондықтан сұрауы жоқ. Қорықпаңдар. Егер полиция келсе, ештеңе көрген жоқпыз. Үйге ақша əкелген жоқ деңдер. Түсіндің бе? Егер ақшаны біреу-міреу біліп қалса, менің жағ да йым ауырлайды. Сондықтан ауыздарыңа ие болыңдар! – Еңбегім дегенің қайда? – Еңбегім. Бірақ оны ешкімге айтудың қажеті жоқ. Аман болсам, оралармын. Ұзаққа кетсем, кешір! Маған тек сенің кешірімің ғана керек. Бұлай өмір сүрем деп ойлаған жоқ едім. Осылай болды. Ағыс қа қарсы жүзе алмайтын əлсіз болып шықтым. Кешір! Содан бері бірнеше күн өтті бала жоқ. Кəбира сандығын ашып қарап, шошып кетті. Қатталған доллар. – Ой, соры арылмаған, сорлы басым. Бұл тағы бір нəрсеге ұрынған екен ғой. Мынаны не істеймін? Полицияға апарып беремін бе? Еш кім ге тіс жармаңдар деді. Енді мынаны не істеймін... Кəбира буын-буыны босап, орнынан тұрды. Қолындағы ораулы ақшаны қай да жіберерін білмей дағдарды. Осы қу қағаз үшін дүние тастал қан болып, адамзат бай-кедейге бөлініп, екі жарылып, адам адам ның қанын ішін жатқанын ойлап, тұла бойы түршікті. Құдайау, мұң сыз да күнімізді көріп, дəурен сүрген едік қой! Тіпті, ол

Махаббаттың ажалы кез де ақша жоқ деп ойланбайтын едік. Сонда сол заман мен мына за ман ның айырмашылығы неде? Заман жаман емес, адам жаман дейтін кезең осы ма? Қарап отырсаң адамның пиғылы өзгерген. Еш нəр се ні қанағат тұтпайды. Есіл-дерттері баю. Соның бірі өзінің баласы! Жан қинап жұмыс істегеннен гөрі, қылмыс жасап, оңай ақша тап қы сы кепті. Онысы кімге бақыт əкелді десеңші! Жалғыз қал ған анасына ма... Қарындасына ма?! Əй, қайдам! Кəбира қолын да ғы түйіншекті сандыққа қайта салып, ауыр күрсінді. Ол күнде кешкілік басы жастыққа тигенде, өзі бүкіл өмірін өткіз ген ауылын ойлайтын. Күйеуі Ақберді тракторшы, өзі сауыншы, кеңшардың бір белді мүшесі еді. Ақберді екеуі бір ауылда туып, бір ауылда өсіп, бір-бірін сүйіп қосылды. Олар көпке дейін шарлы шаһарды да көрмеді. Аласа жертөледе тұрып-ақ өздерін ең бақытты жандар сезінетін. Сол үйлері өздеріне сəн-салтанатты сарайдай көрінетін. Ақберді ішімдікті аузына алмайтын, темекі тартпайтын, қолы қалт етсе, от басына оралудан өзгемен ісі жоқ ең беқ қор жан еді. Кейін ғой, қалаға келген соң бұзылғаны... Ал балаларын қалай жақсы көретін еді. Бір күн көрмесе тұра алмайтын. Кəбира сиыр сауудан кешігіп келсе, қолдан келген өне рін салып тамақ істеп қоятын. Əкелерінің тамағын, əсіресе, балалары сүйсіне ішетін. «Ой, дəурен-ай десеңші, сол сыз иісі арылмайтын жер үй жер үстіндегі жұмақтай көрінетін. Əлі күнге ойласа, жү регін қимастық кернейді. Құдай-ау, сүйген жарымен, сүйікті балаларымен өткізген сол күндері көзден бір-бір ұшты ғой... Ол кезде ер тең қалай өмір сүреміз деп ойламайтын. Ол жастығы ма, əлде елжұрт ты ертеңіне сендіріп қойған үкіметтің мықтылығы ма?! Оны осы күнге дейін білмейді. Есінде қалғаны – беріректе көршісінің баласы біреулермен төбелесіп, екі жылға сотталды. Кəбира сонда оған ілесіп, облыс орталығын көрді. Екеуі артынып-тартынып, түр ме ге барды. Сол күні кешке дейін аяғынан сарсылғандары əлі есін де. Неге екенін түрме бастықтары кездесуді кешіктіре берді. Ақы ры кешке қарай ғана баласын көрген Салқын шыққан соң да өк сі гін бас алмады. «Азып кетіпті. Тұла бойы көк ала. Ұрады ма кім білсін, айтпайды деген». Ақыры сол бала түрмеден қайтпады. Сол іштегілермен төбелесіп, жылына жыл қосып алды. Кейін сол түрмеге Бұқардың арқасында өзі де талай барды. Кім білген өгіз ге ту ған күн бұзауға да туатынын. Бұл да талай жылады. Есік түрткен дей болды. Орнынан тұрып, есікке барған Кəбира: – Бұл кім? – деді. – Апа, мен ғой.

Зияш Телеуова – Ақмаралмысың? – Иə, ашсаңшы! Беймезгіл уақытта келген қызының жүрісінің тегін емесін сезген шешесі абдырып есікті ашты. Қолына сəбиін көтерген қызы ішке енді. – Жайшылық па? – Қалай жайшылық болады. Шыдамның да шегі бар. Шыдап болдым. Енді көрмегенім сол үй болсын. Құдай-ау, қызының бақыт сыз ды ғы да қуаныш əкелгені ме, Кəбра шынымен қутыңдап қал ды. Жұпар исі аңқыған сəбиді көтеріп алды. Осы баланы еркін сүйе алмай қор болған. «Ойбай, тиме, сен түгелі өзіміз де сүй мейміз» деп адуын құдағайы жолатпайтын. – Мейлі, өзің солай шешсең болды, – деп баланы келесі бөл меде гі кереуетке жатқызып, шешіндіре бастады. Бір түрлі үйі толып, бая ғы бір бақытты шақтарын елестеткендей, Кəбира күліп тұрып, күр сін ді. – Əлгі жалғыз, тағы жоқ. Тағы бірдеңеге ұрында ма деймін. – Қойшы апа, бала емес қой, келер. – Əй, қайдам, жүрегім бір сұмдықты сезгендей қорқа берем. Өмі рі түрмеде өтетін шығар. – Өмірдің түрмесінен, о жақтың түрмесі жеңілдеу болса ше, апа? – Қой атама, бір күн болса да бостандықта жүргенге не жетеді! – «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деген заманда Бұ қан сияқты ер көңіл жігіттерге кеудесін көтеріп, ешкімге бас ұрмай өмір сүру оңай емес, апа! Біреу ауыстырып жібергендей тақылдап тұрған қызына жел бітір ген не екендігін білмей дал болған Кəбира басын изеді. Ақмарал күйеуге шыққанға дейін банкіде менеджер боп қызмет істеп, алғырлығымен көзге түскен. Күйеуге шыққан соң, ана көкдолы енесінің пысы басып, жүнжіп сала берді. Соңынан қалмай күйдім-сүйдім деп жүрген күйеуі де шешесінің алдында əл сіз болып шықты, мұны қорғаудың орнына ,бір үйлі жанның қол шоқпа ры болып алды. Өстіп əбден қорлық көріп жүрген Ақмаралға аға сы ның іздеп келуі, онымен де тұрмай қомақты қаржы беріп кетуі қанат бітіргендей. Ағаң неге келді деп сүліктей қадалғандарға сыр білдірмеген ол, баласын киіндіріп, дымын білдірмей, сол үйден біржолата кетіп қалған. – Апа, енді бұрынғы Ақмарал жоқ. Жұмысқа шағамын, мына не ме ре ңіз ді бағыңыз. Енді қорлық өмірге көнбеймін. Ертеңнен

Махаббаттың ажалы бас тап көлік жүргізушінің курсына жазылып, несиеге көлік аламын. Реті келсе, бұдан əрі өзім ақша табуға тырысамын. – Бөпең жас емес пе? – Қайдағы, бірге толды. Енді өлмейді. – Аналар іздеп келсе қайтеміз. – Келе берсін. Енді ол үйдің есігін қайтып аттап баспаймын. Қы зы ның неге болса да тəуекел еткен түрін көріп, Кəбираның көңі лі бітіп қалды. Бірақ бұл неге аяқ астынан желікті деген сұраққа жа уап таба алмады. Өзі де қызына ашылмады. Бұқар сол кеткенен мол кетті. * * *

Ақмаралдың есінен сол күн кетпейді. Артынан іздеп келген аға сын шығарып салып үйіне кіргенде, екі кемпірдің өсегі қызып жатты. – Сенің келініңнің төркін жағы төгіп тұр ғой. Біздікінің дымы жоқ. Сотталып жүрген сотқар ағасы бар. Сол келіп тұр. Ибай-ау мына тілі шықпаған балаға əкелген бір түйір ойыншығы болсайшы... – Əй, төркінінде тұрған не бар?.. Ең бастысы алған адамың дұрыс болсын. Келінің жақсы ғой, біздікін айтпа, көкбет, ə десең мə дей ді. Бəріміздің аяғымызды бір етікке тығып отыр. Аузымызды аш сақ, ылғи қайыршы, бүйте берсеңдер, əке-шешеме кетіп қалам деп, кедейлігімізді бетімізге басады. – Ау, өйтіп кергіген келінге кете бер демейсің бе? – Қалай айтамын. Баламның да жұмысы жоқ. Соның əкесінің барып кел, алып келінде жүр. Аямай жұмсайды, бірақ беретін ақша сы мардымсыз. – Күнкөріс қиын. Қилы-қилы кезең болды ғой. Баяғыда кол хоздың қырманында істеп, бала-шағамызды асырап едік. – Біздікі кет десең де кетпейді. Қайда барады. Ағасының түрі анау, қаңғып жүргені. Шешесінің жартымсыз зейнетақысы кім нің жаламына жұқ болсын. Құтыла алмай отырмыз! Бəрібір, төр кін жұртыңның ауқатты болғанына не жетсін! Ақмарал тас түйін болды. «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», артынан іздеп келген бары да, нары да, жалғыз ағасын үйіне кір гі зіп, бір аяқ шай іш деуге жарамаған енесіне ызаланып, жарылып кете жаздап кіргенде, кемпірдің өзін сыртынан даттаған сөзі қам шы болды. «Болды, жетер осы қорлағаның!» Ол түптегі аядай қа раң ғы

Зияш Телеуова бөлмеге келіп, ұйықтап жатқан сəбиін тастай етіп киіндірді. Өзінің іске жарайтын көйлек-көншегін қол сөмкесіне салып, сампылдасып отырған кемпірлердің жанына өтті де, қол арбаға баланы салып, шешесінің үйіне беттеді. Анадай жерге барып артына қайырылып қараған келіншек етегі елпі, жеңі желпі болып салысқан үйде жылт етер жылу қал ма ғанын сезгенде, аяғы-аяғына жұқпай ширақ адымдады. Қайрат екеуі колледжде танысқан. Қара торының əдемісі, талдырмаш денелі, мақпал шашты, қара көзі жаудыраған Ақмарал көп жігіттің назарын аударғанымен, үнемі күлдіріп жүретін Қайратты жанына жақын тартқан. Соны ұнатқан. Ұнатқан дегені бер жағы, есіл-дерті сонда, ғашық болған. Екеуі жұбын жазбай оқуларын бітірді. Есеп жа ғы на епті Ақмарал жанар-жағармай стансасына оператор болып орналасты. Табысы да жақсы болды. Көліктеріне май құюға келіп, қыз дың жанынан қылжақтап кетпей қоятын бозбала да жетерлік еді. СТО-ға механик болып орналасқан Қайрат жұмыс уақыты біті сі мен, осы стансаның жанынан шықпай, қызды қызғанып, аяғын аттап бастырмады. Ақыры екеуі үйленіп тынған. Қыз байғұс алдында аюдай арқыраған енесінің барлығын қайдан білсін?! Бір елді қуан тып, жалғыз анасын суалтып, келін деген атаққа ие болды. Қай рат құда түсем дегенде, қыз өзінің жалғыз ағасының түрмеден отыр ған ды ғын, анасының құда күтіп, қыз ұзатуға шамасының келмейтіндігін айтқан. Бірақ жүзіктің көзінен өткендей, пісіп тұрған жү зім дей қыздан айырылып қалудан қорыққан жігіт ойланбастан «алып қашам, тек келіссең болды» деп деп табандап тұрып алды. Үй де гі анасының «ол не деген, қадірі жоқ, құны жоқ, қыз бола ма, əке сі болмаса, шешесі бар емес пе, алдынан өтпейміз бе?» деген ыз ға рын қызға айтпай бүгіп қалған. Бір күні жұмыстан кеш шыққан қызды машинасына мінгізіп алып, ақ пен қызылдың арасында үйінен бір-ақ шығарған. Келін болып түскен соң, енесіне оның түнгі кезекке баратыны ұна ма ды. Күйеуі де ұрыс шығарды. Сонымен екеуі екі жақтан мүжіп, қолы ақ ша дан кетпейтін жұмысынан шығуға мүжбүр етті. Содан бастап Ақ ма рал дың оларға толық тəуелді өмірі басталды. Сүйгенім де, сү йе не рім де осы деген Қайрат анасына қарсы бір ауыз сөз айта алмайтын жасық болып шықты. Үйде анасының ақ дегені ақ, қара дегені қара. Үй ішіне үстемдігін əбден орнатып алған енесі ке лінге итаяқтан сарсу ішкізді. Отырса опақ, тұрса сопақ, не істесе де жақ тыр май жер-жебіріне жететін енесі Қайрат пен екеуінің арасын да ғы махаббат сезімінің аз уақытта күлін көкке ұшырды. Аяғы

Махаббаттың ажалы
ауырлап, енді өзінің емес, сəбиінің жағдайын ойлаған Ақмарал
осындай тозақ өмірге көніп жүрді. Бірақ соңғы кезде Қайрат үйге
қон бай тын ды шығарды. Ұялы телефонына звондаса, өшіріп тас-

тайды. Осындай іші қазандай қайнап жүргенде, енесінің жалғыз
аға сын ит екен, кісі екен демей, үйіне кіргізбей жібергені шым-
байына қатты батты. Осы арада ішектей созылған шыдамы да
шорт үзілді. «Мұндай итшілік өмірден, күйеусіз-ақ өтейін» деген

тас-түйін шешімге келді. Үрпиіп есік аузында тұрған анасына:

– Мен бір жолата келдім, – деді.

– Қой, қайдағын айтпа, ашуымды басқанша десеңші, – деп ше-

шесі бəйек болды.

– Апа, ең болмаса, мені сен түсін. Бəрімізді қорлап, басымызға

шы ғып болды. Енді төркіні төгіліп шалқыған бай келін тауып ал-
сын. Ана баласы да бұзылды. Үйге қонбайды. Шешесі төпелеп,
ірік-шірік деп отырған соң, оның да көңілі басқаға ауған шығар.
Мен болдым. Бұқан қайда?

– Білмеймін, саған соқты ма?

– Соқты. Жалғыз бауырыма үйге кір, төрге шық, – деп те айт-

пады ғой.

– Оған бола ұрыс шығарып қайтесің...

– Апа, осы сен емеспісің көн-көн, алғашқы кезде ондай-ондай

болады деп, əбден мойыныма мінгізген. Олардың бізден несі ар-
тық? Мен енді ешнəрсе тыңдағым келмейді. Ол үйге қарай аттап
баспаймын.
Ақмарал төркініне кетіп, балпанақтай ұлды алып кеткенімен,

артынан іздеп барып, үйге қайт, ашуыңды бас дейтін жан болма-
ды. Кəбира осындай бір алдан өту болмас па екен деп, алаңдаумен
күн өткізді. Бірақ құтылғанына қуанғандай, жігіт жақтан сыбыс
бі лін бе ді. Бұл кезде ағасының істі болуымен, соның соңында ба-

сын қатырып жүрген Ақмарал да өткен өмірін біржолата жауып
тас та ған дай, күй кешті. Ағасымен соңғы рет кездесуге барғанда
«Марал, ешнəрсе көрмедім, білмедім – бір сөз. Мен ұзаққа кететін
болармын. Өз күндеріңді өздерің көруге тырысыңдар. Апам саған

аманат. Мені кешір, екеуіңнің алдыңнан миллион рет кешірім сұ-
рай мын. Хош» деген хатын алды. Өзімен кездесуге рұқсат бермеді.
Жылай-жылай күн өткізген Ақмарал қорғаушыдан ағасының ұзақ
жыл ға сотталғанын естіген соң ғана, ешбір амал жоғын біліп, кү-

де рін үзді. Онсыз да жүрегі нашар анасына ағасының қыл мы сы-
ның мəн-жайын айтқан жоқ. «Талай көп жылға сотталғандар шы-
ғып жатыр. Аман болса шығар» деп жұбатты.

Зияш Телеуова Бір күні ел ұйқыға кеткенде, сандықты ашып, ағасының қалдыр ған ақшасын санады. Жиырма мың, өзінің қолына ұстатып кеткен бес мың доллар бар. Сосын газеттерден хабарландыруларды қа рап, бір сауда павильонының сатылатындығын оқып, телефон нө мі рін жазып алды. Ертеңіне іздеп барып, жұмыс істеп тұрған ша ғын дүкен екендігін көрді. Ағасының қорғаушысы болған Қорған ды жұмысынан алып келіп, дүкеннің барлық құжаттарын, сертификатын көрсетті. Екеуі нотариальдық конторға барып, құ жаттар дың түпнұсқасының заңдылығын тексерді. Бəрін болған соң, қыз дүкеннің қожайынмен саудаласып, іші вагон, сыртын кірпішпен қаптаған шағын павилонды он бес мың долларға сатып алды. Қорғаушының «ақшаны қайдан алдың?» деген сұрағына. – Жанар-жағармай стансасында оператор болып екі жыл жұмыс істегенде жинадым. Күйеуімнен тығып, осы ақша үшін ажырасып кеттік, – деп жауап берді. Сонымен Ақмаралдың бизнестегі жаңа өмірі басталды. Ол тынымсыз жүгіріске түсті. Дүкенді азық-түлікпен өзі қамтамасыз етіп қой май, бір мезгіл сауданы өзі жасайды. Барлық есеп-қисапты өзі ба қы лап, кіріс-шығысты өзі жүргізеді. Үйіне түннің бір уағында ке ліп құлайтын қызын аяғанымен, шешесінің қолынан келетіні оның бір жастағы сəбиін бағып-қағу ғана. Соның өзі бұрынан ыңқыл-сыңқылы бар кемпірді жүдетіп бітті. Шешесінің қажыған түрін көрген қызы: – Апа, шыда, енді аз күнде көлік сатып аламын. Орыстар доверяй но проверяй дейді. Сауданың əрбір тиынын үнемдеп, əркімнің қал та сы на түсіп кетпеуін бақылап отырмасаң, жұмыс жүрмейді. Қа зір адал адам жоқ, бəрі де бір-бірін алдап, қалтасын қалыңдатуды ғана ойлайды. Сондықтан өзім жүрмесем болмайды. Аздап қор жинап алған соң, Нұрымды бала бақшаға береміз, Бұқанның басын қа рай та мыз, – деп дем беріп қояды. Қыздың еңбекқорлығы зая кетпеді. Бұрын жүрмей тұрған шағын дүкеннің саудасы гүрлеп жүрді. Аз уақытта айналасындағы жер ді жекеменшікке айналдырып алған ол, қосымша құрылыс жүр гі зіп, қызыл кірпіштен кеңейтіп, бір жағы өндірістік тауар, бір жағы азық-түлік болатын супермаркет ашуға рұқсат алды. Рұқсат алып алды деген бер жағында ғана айтылған сөз, Ақмаралдың кірме ген тесігі қалмады. Əйтеуір күнделікті саудадан түскен қар жысын беріп, бір бума қағаздарына қол қойдырып алды. Айналасы бір жылда көтерілген көрнекті сауда орталығы осындай жанкешті ең бе гі мен тұрғызылып, жұмысы жүріп кетті.

Махаббаттың ажалы Супермаркетін ашып, алғаш келушілерін қабылдап жүрген Ақма рал жанына шашы жалбыраған сары қыз ерткен Қайраттың салон ға кіргенін көріп, əдейі қарсы жүрді. Дүкеннің аты «Нұрлы», мұны жалғыз баласы Нұрымға арнап атаған. Арада аттай екі жыл өтсе де, балам бар деп, бір соқпаған қатыгез əкенің көзіне қа ра ғысы келген Ақмарал жанына барып бір-ақ тоқтап: – Кіріңіздер, қалауларыңызды қараңыздар, – деп дауыстады. Шарлы қалада кімінің немен айналысып, не ашып, не жауып жатқа нын білу қиын. Шешесінің «бір күні қаңғып өзі келер» деген сө зі нен шыға алмаған Қайрат супермаркеттің киімін киіп, өзі де құл пы рып кеткен Ақмаралды тани алмай қалды. – Иə, бұл менмін. Мынау – менің дүкенім. Нұрымның құр ме тіне «Нұрлы» деп атадым. – Ақ... ма ...рал! Сен мұнде не істеп жүрсің?! – Айттым ғой. Бұл менің дүкенім. – Мүмкін емес... – Немене, шешеңнің айтқанына еріп, менің қолымнан түк келмейді деп ойлап па едің? Менің төркінім бай емес, оның есесіне қа зір өзім баймын. Солай деп шешеңе айта бар! Сұп-сұр болып кеткен күйеу жігіт жанындағы қалыңдығын итермелеп, дүкеннен тезірек шығуға асықты. Ақмарал біртүрлі жеңілденіп қалды. Талай-талай сөзді уа қытын да айта алмай, есесін кетіріп алғанына ылғи өкінетін. Ондайда «үлкенді сыйла, алдынан кесе өтпе, сөзін кешіре сал» деп тым бұ йы ғы етіп тəрбиелеген анасына ренжитін. «Бұл тəрбиең дұрыс емес, адам өзінің басын өзі қадірлеп, өзінің қасиетін өзі қадірлей біл ме се, өзге өз дегенін істейді. Сондықтан дұрысты дұрыс, бұрыс ты бұрыс деп, көзге шұқып айта білу керек. Мінезсіз адам мінсіз адам деген ұғым қате» дейтін оған. Өз кабинетіне кірген Ақмарал жанын жеген жалғыздығын сезін ген дей, көзіне келіп қалған жасын сүртті. Жалғыз ағасы түр ме де қайтыс болғанан бері, ол жиі жылайтын. Анасына көр сет пей, түні баласы көпшігін құшақтап еңіреп шығатын кездері басым. Оның қа зір гі бар арманы – өмірден шалыс басып, қыршын кеткен ағасы ның басын қарайту. Жазға дейін ақша жинап, жаз шығысымен басына күмбез тұрғызып тастағысы келеді. Үйіне кештетіп оралып, есік алдына машинасын қойған Ақма рал есігінің сыртына таяп келгенде, іштен күбірлеген дауыс естіді. Есікті аша беріп, өзін əбден мезі қылған енесінің үнін есітіп, жиырылып қалды. «Ұятсыздар, баласы, бүгін мұны дүкенін көрген

Зияш Телеуова соң, аяғына жығыл, жаздым, жаңылдым деп, алып кел деп жіберген екен ғой. Көресің енді менің желкемнің шұқырын» деп ойлады. Нұрымның алдына ойыншық үйіп қойған енесінің бұрынғы адуын бет-бейнесін біреу қолмен сыпырып алғандай, бет-ауызына жы мыс қы күлкі үйіріліп, орнынан ұшып тұрды. – Ой, жаным-ау, əбден жүдеп бітіпсің ғой. Ақша табу оңай ма, мына бала құдағайды да шаршатқан екен, – деп мəйпеңдеп, Ақ марал дың бетінен сүюге ұмтылды. Ақмарал оның қолын қақпалап, ішкі бөлмеге өтті. – Шаршаған болар, – деп шешесі бəз-баяғы жұмсақтығымен жуып шайып. Бөлмесінде бірталай болып, киімін ауыстырып шыққан Ақ марал енесіне тіктеп қарап: – Сізді кім шақырды?! – деді. Сосын өзі жауап берді. – Менің байлығым ба? Мен оны мына алақаныммен, маңдай те рім мен жасадым. Оған сіздердің ешқандай қатыстарыңыз жоқ. Осы кезге дейін бізді іздемеген едіңіздер. Балаң бүгін дүкенімді көр ген соң, бар аяғына жығыл, ол байып кетіпті, деп жіберген екен ғой. Менің мына бір жапырақ баламнан басқа ешнəрсем жоқ уақыт та, сіздерден естімеген сөзім жоқ. Жалғыз ағам артымнан іздеп бар ған да, төрге шығарып, бір кесе суыңды беруге жараған жоқсың. Сендер соның бəрін ұмытқанмен, мен ұмытқан жоқпын. Сендерден көр ген қорлығымды ешуақытта ұмытпаймын. Балаңа айта бар, мен əл де қа шан айырылам деп арыз беріп қойғанмын. Ол қашып жүр. Менен емес, балаға алимент төлеуден қашып жүр. Мен ондай кө лең ке сі нен қорқатын қорқақтардан балама алимент алмаймын. Өзім өсіремін. Енді жолыңыз болсын! Басқа айтарым жоқ! – деді де, бұрылып кетті. – «Жуастан жуан шығады» деген осы, «мынау енді бізге қа тын болып қарық қылмас» деп долданған енесі алды-артына қа ра май, шыға жөнелді. Жаз шыға Ақмарал ағасының басын қарайтуға кірісті. Шы рақшы ның қасындағы екі құрылысшыны алып, қызыл кірпіш пен ақ кір піш тен араластыра өріп, төрт құлағын айшықтап тастаған мазарды көрсетіп, менің ағама да тап осындай қоршау салып беріңдер деп тапсырыс берді. Əбден қолы үйренген құрылысшылар бас-аяғы жиырма күнде тұрғызып болған бейітке қара граниттен құлыптас орнатып, ағасының суретінің астына «ескерткіш орнатушы анасы, қа рын да сы» деп жаздырды. Анау өзі көрсеткен төрт құлақты, ортасына күмбез көтерген бейітпен бірдей болып шыққанымен, айна-

Махаббаттың ажалы ласына қоршайтын шынжыры ғана жетіспейді екен. Оны Ресейге қа ты най тын коммерсанттарға заказ беріп алдырған қыз, анасына бе йіт тің құрылысының барлығы біткен соң ғана көрсетуді ойлады. Ақы ры бас-аяғы екі жетінің ішінде келіп жеткен шынжыр қоршау да орнатылды. Жұмыстан өте шаршап оралған Ақмаралдың баласына да, анасына да қарауға мұршасы келмей, құлады. Тек көзі ілініп бара жатып: – Апа, бүгін Бұқанның басын қарайтып болдық. Ертең апарамын, – деді. Түнімен көз ілмей, таң сəріден қамырын ашытып, жеті нан пісірген анасы, бар тəуір киімін кереуетінің үстіне шығарып, дайындап тас-түйін отыр екен. Баласымен кездесуге бара жатқандай, соншама дайындалған анасына таңдана қараған қызы: – Тым ертелетіп тұрыпсың ғой. Мен дүкенге нан түсіріп барып барамын. Жеті наныңнан қыздарға да ала кетейін. Ол ертеңгілік ша йын ішісімен, тəтті ұйқыда жатқан ұлының маңдайынан иіскеп, жү гі ре жөнелді. Терезе алдына барып, машинасын от алдырып, əйнегін сүртіп жүрген қызына қараған Кəбираның оған қолыңнан түк келмейді, жа сық сың, пысық емессің деп талай ұрысқаны есіне түсті. Ал қазір, өзінің жұмсақ мінезін жұлып тастаған оташы сияқты бет қарат пай ды. Əбден көңілі қалған болар, күйеуіне де, оның отбасына да бір жібімей қойды. Қайта ширатылып, күн сайын қай рақ қа жанылған пышақтай өткірленіп, өз бетімен өмір сүруге əб ден үйре ніп алды. Қайтсін-ай, тағдыр маңдайынан сипамаған соң, тастай қа тып қалды ғой. Бір жағынан өзінен басқа сенетін де, сү йе не тін де жанашыры жоғын сезеді. Күн демей, түн демей ең бек етті. Мектепте алғыр, əсіресе, матиматика сабағынан зеректігімен та ныл ған ол есеп-қисапты дөңгелентіп алып кетті. Тіфə, тіфə, Құ дай тіл-көзден сақтай көрсін. Қазір өз тағдырына өзі би, өзі қожа дəрежеге жетті. Сонда да жалғыз өзіне қиын ғой. Жатса-тұр са жал ғыз қы зының тілегін тілеп, жұмыстан сəл кешіксе, жаны мұр ны ның ұшына келетін байғұс шешесі, оның тынымсыз тірлігіне де үй рен ді. Қызының ойына алған ісі ағасының басын қарайту болатын. Оған да Құдай жеткізді. Терезеден көз алмай машина қоз ғал ған ша қа рап тұрған Кəбира көзінің жасын жаулығының ұшы мен сүр тіп, пысылдап ұйықтап жатқан немересінің қасына барып қи сай ды. Түс мезгілінде ғана оралған Ақмарал немересін киіндіріп, өзі малынып киініп есік алдында жүрген анасын отырғызып алып, жолдан базарға соғып, гүл алды.

Зияш Телеуова Жаздың жарқыраған күн шуағы. Күн жылынғалы қала көк торғын ға бөленіп, ерте көктемнен ағаштар гүлдеп, қар қалың түс кен жерлердің ұзақ жатқан балшығы кеуіп, тас жолдың маңайы шаң датып шыға келген. – Жаз шықса болды, топырақ борайды. Биылғы жаз мүмкін жаң быр лы болар. Бүгін тіземнің басы сырқырап жүргізбей қалды, – деген Кəбира екі тізесін уқалады. Қалаға келгелі алпысқа келген кем пір лер дің жүздері жылтырап, жасын бермей, жалтылдап жүрген де рін көргенде Ақмарал, жасынан бұрын қартайып, қазірдің өзін де жетпісті беріп тұрған анасын аяйтын. «Бұл байғұсқа жалғыз ба ла ның қайғысы батып кетті ғой, сосын өмір бойы былай тартса былай, олай тартса олай жетпейтін жоқшылық діңкəлетті.» – Апа, сені курортқа жібергім келеді. Бір дем алып кел! – деді жолдан көз алмай келе жатқан қызы. – Бұқанның басын қарайтып болдым, енді сені дем алдырып, денсаулығыңды түзеуім керек. – Сонда балаға кім қарайды? – Дым да қылмайды. Бір он бес күнге қарамағымдағы қыздар бағады. – Қой, ойбай, танымайтын біреуге, тумаң емес, туысқаның емес, жалғыз баланы бақтырып... бір нəрсеге ұшырап қалар. – Қойшы, апа, айлығын берсем, күні бойы дүкенде сарылып тұ рып сауда жасағаннан гөрі, үйде тыныш отырып, бала баққан ар тық емес пе?! Саған дем алу керек. Ана басқа кемпірлер құсап, сен де аяғыңды емдет, ванна қабылда. – Олар байлар ғой. Ақшаларын қайда жіберерін білмей жүрген. – Құдайға шүкір ендігі сен де жарлы емессің! – Апа, Бұқар қалдырған ақшаны жинап, басын қарайтуға жұмса дым. Міне, есеп-қисабы! – Құлыным-ау, мен сенен есеп сұрамаймын ғой. Еңбегім деп еді. Өзінің еңбегі өзіне мазар тұрғызуға жараса жарады ғой. – Мен ағамның алдында қарыздар болып жүргенмін. Өз ақ шасын өзіне жұмсадым. Сыртынан қоршалып тасталған қорымға жұма күні келу ші лер көп екен. Шешесін жетектеген Ақмарал неше түрлі үлгімен тұр ғызыл ған қорымның ішін аралай жүріп, ағасының анадайдан көзге ұрып тұрған мазарына жақындады. Жерге түскеннен бері көрмеген Кə би ра көзге ұрып тұрған бейіт үйін көргенде, өлгені тіріліп, өшке ні жанғандай дауыс шығарып жылады. Көкірегінде шер болып қат қан сағынышы мен қайғы-қасіретін төгіп жеңілденіп қалсын

Махаббаттың ажалы
дегендей қызы да үндемеді. Қолтығынан сүйеп, ұзынша орын дық-
қа отырғызды. Қолындағы гүлін қойды.

– Бұл дүниеге сыймай кеткен қарғам-ау, жатқан жерің жайлы,

топырағың торқа болсын! Не айтайын, сені Құдай кешірсін. Адам-
ға жəбір көрсететіндей, арамдығың жоқ еді. Бір адастың да, дұ рыс
жолға түсе алмадың ғой, жарығым! – деп жылады кемпір. – Қал-
ған жерде, алдыңнан жарылқасын. Басыңдағы үйің құтты болсын.

Артыңдағы жалғыз бауырыңа шапағатыңды тигізіп, аруа ғың мен
желеп-жебеп жатқайсың, құлыным! Бақи дүниедегі үйің еш кім нен
кем болмай, ешкімге бас игің келмейтін кеудеңе сай болыпты ғой,
жал ғы зым! – Кəбира топырақ салды.

Қара мрамор құлыптастың ортасындағы сурет Бұқардың мек-
теп бітіретін жылғы түрегеп тұрып түскен сүреті екен. Қара торы,
бұйра шашты жас өспірім күлімсіреп тұр. Баласының алаңсыз тұр-
ған албырт шағына қарап, ана тағы бұзылды.

– Ой, арысым-ай, алды-артын ойламаған, аңғалым-ай, бұлай

боларын кім білген!

– Апа, ауырып қаларсың, көп жылама. Енді бізді ойла! – көз

жасын əрең тиған Ақмарал анасын құшақтады.

– Шүкір ғой, жаным, шүкір ғой. Артыңда қарлығашың болма-

са, осылай басыңа кім ескерткіш тұрғызып, кім қадірлейді?! Кө-
зім нің жасы далаға, – деп анасы сабасына түсті.
Жандарынан өте берген жас келіншек қалт тұрып, андайдан
көз ге ұрып тұрған, көрнекті мазарға жақындап келді де, амандасу

ишаратын жасап, сосын құлыптасқа үңілді. Бұл Бұқар жəрдемші
болатын шопанның қызы – Жұмаш. Бір сəт үңіліп тұрып, ернін
жыбырлатты. Жүзінен қатты қобалжу білініп, Ақмаралға:

– Сенің ағаң ба? – деді.

– Иə.

– Неден қайтыс болды?

– Ауырды.

– Иманды болсын. Бала кезімде кездескенім бар еді.

– Сіз қай ауылдыкі боласыз?

– Ол ауылдан көшкелі қашан...

Келіншек алда кеткен күйеуін қуып жеткісі келгендей, шап-
шаң басып ұзай берді. Жан дүниесі жылап барады. «Бəсе, жа рық
дүниеде жоқ екен ғой. Əйтпесе бір кездесер едік қой. Өзінің жү-
ре гін де алғаш балауса сезімін оятып, ұзақ жылдар бойтұмардай

сақ тап жүрген аяулы бейнесін көрмейін деген жерінен көргенін
қа ра шы. О, қу дүние!»

Зияш Телеуова

– Бұл кім екен-ай, кім болса да танитын болып тұр ғой. Ой, Құ-

дай-ай, артында бір шарана да қалмады-ау. Ең болмағанда, орны-
да бар оңалар деп отыратын едік. Қайтейін енді, қарғам-ау, қайсы
бірін айтайын. Иманды бол!
Олар қайтар жолда тап Бұқардың басына көтерілгеннен ау-

майтын мазардың басына тоқтады.

– Екеуінің салымы бір сияқты.

– Иə, апа, осыны тұрғызған құрылысшылардың адресін шы рақ-

шы дан сұрап тауып алғанмын.

– Бұл кімнің бейіті?

– Бұл бір байдың баласы. Оны сен танымайсың.

Ақмарал оның есімін ағасының сотында талай естіген. Қара
мрамордан жасалған құлыптастағы сұлу жігіт жымиып күлімсіреп
тұр. «Е, бақытты болуға ақшаң да көмектеспеген байғұсым, жас
сұ лу дың обалына қалып, сен де жатсың қара жерде, саған ал дан-

ған, ме нің аңқау ағам да жатыр жер астында. Қара жер бар лы ғын
теңестірер деген осы. Əдейілеп істемесем де, менің алаңғасар ағам
мен сенің мол ақшаңа тұрғызылған үйің бір қалыптағыдай болып
шық қан екен. Қайтем енді, жатқан жерлерің жайлі болсын», – деп

кү бір ле ді Ақмарал.

– Е, қарғам-ай, байы не, кедейі не, бұл жерде бəрі бірдей. Бай,

жарлы деген тек əшейін пендешілікте айтылатын сөз ғой, – деді
ш еше сі бетін сипап.

– Иə, солайы солай ғой... бірақ қазір барлық пəле соның айнала-

сында болып жатыр ғой, – деп Ақмарал анасын қолтығынан демеп,
машинаға беттеді.

ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ

КҮМБЕЗ

Наурыз айының жаймашуағы көшеге жан бітіріп тұр. Жүріп тұ-
ру шы лар дың саны күрт өскен. Алғашқы жылымықпен ағаш тар дың
жапырағы бүршік жарып, гүлдей бастады. Нұртас бос уа қы тын да
саябақтың ішінде серуендеп, көңіл күйін сейілтетін. Бүгін де əлі

қосылмаған су бұрқақтың жанынан өтіп, ұшар биікке бекітілген ел
жалауына қарап тұрғанда, күтпеген жерден курстасымен бетпе-бет
келіп қалды. Екеуінің де мамандығы – архитектор. Оқу бі тір ген
соң хабарсыз кеткен. Тіпті, бір қалада тұратындықтарын біл мей ді

екен. Нұртас ықыластана амандасты. Мұның басындағы ба қыт сыз

Махаббаттың ажалы жағдайларды естімеген Құлан үнемі бір-бірінен айырылмайтын жұп тар ды есіне сақтап қалғандай: – Ау, Нұреке, қасыңдағы сұлуың қайда? – деп əзілдеді. – Жалғыз серуендеуді ұнатамын. – Бұл саябақ көпшілікке жасалған қамқорлықтың бір нышаны. – Мен де солай ойлаймын. Тарихта билік басындағылардың аты осындай халық үшін жасаған игілікті істерімен артында мəңгі ге қалған ғой. – Мысалы, Париждегі Эфиль мұнарасы, Қытай қорғаны, Египет тің пирамидалары, Тəжмахал, өзіміздің Түрікстан шаһары ғасыр лар бойы көне мəдени мұраны дүние жүзіне мəшһүр етіп келеді. – Біз сияқты сəулетшілердің бар арманы, сондай бір ес керт кіш орнатып, оны тарихта қалдыру емес пе? – деді Нұртас, – бі рақ кейде тауың қайтады. Қаланың жаңа мөлтек аудандарының жобасын жа сау ға қатысқалы, алғашқы үйлердің ажары мен безендірулері жаман болмағанымен, құрылыс барысында жобаның түп нұс қа сынан ауытқып кетуден, көптеген олқылықтар жіберілуде. Прорабтар мен инженерлер: – Уақыт тығыз, үлескерлер мезгілінде бітіріп бермедіңдер деп, жа ға дан алуда. Кейбіреулер сотқа беруден тайынбайды, уақытында тап сыр ма ға ны мыз үшін, ақшасынан пайызымен қайырамыз, – деп ес керт пе ле рі ме көңіл бөлмейді. Таяуда құрылыс компаниясының пре зи ден ті шақырды. – Еуропаның сəулетіне жетуге бізге əлі ерте. Ең алдымен басында баспанасы жоқтарды пəтермен қамтамасыз етуге тиіспіз. Сіз дің біліміңізге, талғамыңызға шек келтірмеймін. Бірақ біздің жағ дай ды түсініңіз. Объектіні уақытында тапсыруымыз керек, – деп реніш білдірді. – Бəрі түсінікті. Бірақ қаланың көркі – осы үйлерден басталады. Қи сық-қисық үй тұрғызсақ. Ол ертеңгі күні құлап қалып жатса, əр адам ның тірнектеп жинаған тиын-тебені желге ұшпай ма? Кейін ел дің бетіне қалай қараймыз? – деп мен де өз пікірімді дə лел де мекші болып табандадым. – Əзірге ешкімнен арыз түскен жоқ. Сондықтан жобадағы кейбір элементтер орындалмағаны үшін, жұмысқа қол байлау бол маңыз! – президент айттым бітті, кестім үзілді дегендей шорт кетті. Пəтер иелерінен миллиондап жиналған қаржының үйдің ажарын келтіретін детальдарға жетпей қалуына архитектор кү мəн ді, бірақ «жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» дегендей,

Зияш Телеуова оның шырылдаған жан далбасасымен санасып жатқандар шамалы. Осының шет жағасын күтпеген жерден кездесіп қалған курстасына айтып, шағынды. – Əрине, əрине, пікіріңе мен толық қосыламын. Нұреке, қызме тің қайда? – Қалалық архитектурада. Өзің ше? – Мен облыстық акиматтың құрылыс бөлімін басқарамын. Пікі рің ұнап отыр. Бізге қызметке келуге қалайсың? – Мен əзірге дайын емеспін. Кейін хабарласайық. Тұрғын үйлер дің жобасын сызумен қатар, осы саябақтың ішінен жастарға арнап бір күмбез көтеріп жатырмын. Осында күн сайын келіп, соның құ ры лы сын көріп кетемін. Сондықтан осы істі бітіргенше, нақты жауап айта алмаймын. Ұсынысыңа рақмет. – Сіз талантты сəулетшісіз ғой. Ойға алған ісіңді тын ды ра тыны ңа күмəнім жоқ. Сұлуыңа сəлем айт. Нұртас екі жағына көгал төселген тротуармен жүріп, қолдан ағызылған су арнасының үстінен өтетін көпірге келді. Енді сəл жүрсе Таңгүлі екеуі ақырғы рет кездесетін су бұрқағы. Түрлі суық қа шыдамды гүлдер өсіріліп, жасанды көгалдар төселген айнала құлпырып тұр. Балалар ойнайтын қалашықтың құрылысы да аяқталуға жақындап қалыпты. Саябаққа облыстың түпкір-түп кі рінен тұрғындар ағылып келіп, оның көркінен лəззат алып жатады. Келешекте əрбір мөлтек ауданнан осындай демалыс орындары ашылып, сол аймақтың жас-кəрісі дем алатын мүмкіндік жасалса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар сауық-сайранға онша қызы ға қоймайтын қала халқын осындай орындарда көңіл кө те ру ге, би билеп, əн салып, демалысын қызықты етіп өткізе білуге дағ дылан ды ру да керек. Нұртас өзінің көкірегіне ұялаған махаббат күмбезіне осы саябақ ішінен орын іздеген. Мұнда келетіндердің жас шамасын зертеп жүр ге ні не де көп болды. Көбісі жастар, бір-бірін ұнатқан жұптар. Үй ле ну тойын жасап жатқан жас жұбайлар мұнда соқпай кетпейді. Олар дың өзеннің үстінен өтетін аспалы көпірге құлыпты самсатып қой ған да рын көрген бір қарияның сөзі есіне орала кетті. – Ой, Аллам-ау, мына не деген көп құлып? Мына көпірді біреу көтеріп кетпесін деп іліп қойған ба? – дегенде көптен күлкіні ұмыт қан Нұртастың өзі мырс еткен. Бір жас келіншек: – Апа, бұл мына үйленіп жатқан жастардың махаббаты берік бол сын деп салып жатқан ырымдары ғой, – деп түсіндірді.

Махаббаттың ажалы – О, Жасаған, естімеген елде көп деген. Оған қарап тұрған не бар, загске тұрмаған. Еш жерге құлып салмаған ата-бабаларымыз балалы-шағалы боп ұзақ ғұмыр сүрген. Бүгінде бүгін үйленсе, ертең айрылып жатады. Сонда мына құлыптарын алып кете ме? Үлкен ксінің пəлсапасы өте қызықты. Нұртас бір-екі айдан кейін орны босап қалған құлыптарды көз алдына елестетті. Оның орнынан басқа құлыптар салынады. Нұртастың осы саябаққа күніне бір рет келмесе, əлденесі ұмыт қалғандай көңілі елегізиді. Ал мамыр айында саябақтың су бұрқақ тары іске қосылады. Кешке қарай түрлі əуендермен бірге атқы лай тын су бұрқақтарының түнгі көрінісі тіпті, тамаша. Ол кезде саябақ ішінде серуендеушілерден ине шаншар жер болмайды. Жер де гі жұмақ орны осы ара сияқты болып көрінеді. Осы демалыс орнына қатысты Нұртастың өз қиялы, өз арманы бар. Ол осының ішіне келіп дем алатын ғашықтар тəу ететін махаббат күмбезінің жобасын жүрегін жандырған сүйгеніне са ғы нышы мен сызып, қиялында тербетті. Оның əлемде кездеспеген, ешкім нің қолы жетпеген жұмбақ түрін, өзінің сөнбейтін сезіміндей сұлу да, мəңгі сиқырлы ғажайып əуенін тапқысы кеп əуре сарсаңға түс ті. Қияли күйде жүріп, бір кездегі аяулысының аққу бейнесін ті ріл тіп, бір-біріне іңкəр жандарды осы ескерткіштің жанында табыстыруды мақсат етті. Əр қалыңдықтың ақ мамықтай көйлегі мен басындағы желегін көргенде, оның астында Таңгүлінің таң ғажайып бейнесін кө ретін дей елеңдейді. Кеше бір жас сұлуды көргенде, жанарын аудара алмады. Қалыңдық шынында да сүйкімді екен. Жігітінің қолынан ұс тап аяғын сəнмен басатын жеңілдігі, жалт етіп қарағаны, бір кездегі жан-тəнімен сүйген жанының қимас қылықтарын есіне тү сір ді. Бір кезде ақ көйлекті қыз ақ көбелекке айналып аспанға ұшып бара жатқандай көзінің алды бұлдырады. Басын шайқаған Нұр тас өзінен-өзі қорықты. Шынымен Мəжнүн сияқты есімнен ада сып кетсем қайтім?! Осы кез ұялы телефоны дыз етті. – Нұртас қайдасың? – деді Нұрила. – Саябақта. – Өзім де солай ойлағам. Келуге бола ма? Соңғы оқиғадан кейін Нұрилаға суынып кеткендей бол ға нымен, оның бойындағы нəрестесін ойласа, жібіп сала береді. Тергеушімен болған əңгімеден кейін оған деген ашуы тарқап, ақы лы алға шыққандай. – Жақсы, тез кел, күтемін!

Зияш Телеуова Өзен жағасындағы орындыққа келіп отырған Нұртас жанына келіп отырған үш бойжеткеннің өзіне сұқтана қарағанын жақ тырмай, əрірекке барып жайғасты. – Осы күні жігіттер қыздардан қашады... – Өзі сұлу екен. – Албина, сенің сұлу жігіттерден аузыңның салымы бар, айналдырып көрсейші. – Сөйлесетінге ұқсамайды. – Между прочем, мен бұл жігітті күнде көремін. – Онда басы бос болды ғой, – темекісін соза тартқан бойжеткен Нұртасқа сұқтана көз тікті. – Түу, қыздар, қараған сайын ғашық болып барамын. Қандай сымбатты. Темекім сөніп қалды. Анаған барып, тұтатып келейін. Қалған қыздар сылқылдап күлді. – Тұзақ құруға көшті. – Айып етпеңіз, тұтатып жібермейсіз бе? Нұртас қызға жалт қарады. – Тартпаймын. – Сізбен сөйлесуге бола ма? – Мен қалыңдығымды күтіп отырмын. – Кешіріңіз... – Оқа емес. Осы кез анадайдан көрінген Нұрила қолын бұлғады. Иығын қиқаң еткізіп, бойжеткен алыстай берді. – Қыздар айналдырып жатқанға ұқсайды. Нұрила Нұртастың бетінен сүйді. – Қызғанасың ба? – Əрине. – Не жаңалық? Айта бер... – Нұртас мен узиге түскенмін. Қыз балалы боламыз. Нұртастың тұла бойын ыстық қан жайлап кеткендей ду етті. Оның мына жарық дүниеде жақсылық бар дегеннен күдер үзгені қа шан! Соның бəрін жоққа шығарғандай өмірге келе жатқан тірші лі к тің иесі оның жан дүниесін жылытып, əп-сəтте көңілін көкке кө тер ді. – Нұрила, мен Таңгүліге арнап махббат күмбезін көтеріп жатырмын. Сен мені қолдайсың ғой. – Əрине, қолдаймын. Сосын қызымыздың атын Таңнұры деп қоя йық. Таңгүлінің құрметіне. Ол да сондай сұлу болсын. – Тек қана бақытты болғай.

Махаббаттың ажалы

– Нұрила, тойды кешіктірмейік. Мен солай шештім. Əйтпесе

қы зы мыз ға не дейміз. Сен туған соң үйлендік дейміз бе?

– Мен сені қатты сүйгендігімнен, ақымақтыққа барғаныма өкі-

не мін. Бірақ, менің қолымды періштелерім қақты. Соған мың да
бір шүкіршілік. Нұртас, мен сол оқиғаның алдында қаланың шеті-
не шығып, жаттығу жасағанмын. Сонда бос патронды қайта орны-
на салғаным есіме түсті. Сондықтан пистолет атылмаған. Сəбиіміз

үшін менің ақымақтығымды кешір! Əрең деп қолым жеткенде, се-
нен айырылып қалғым келмеді. Мені де түсін... Мен саған өлердей
ға шық пын...
Нұртас Нұриланы құшағына тартты. Сəбиі соны байқағандай

те уіп қалды. Тұла бойын тұңғыш рет əкелік сезім билеген жігіт:

– Мəссаған, мына тентек əкесін тебеді ғой, – деп Нұриланың

құр са ғы ның сыртынан қолымен сипады.

– Ол да біліп жатыр ғой.

Саябақтан шығар ауыздағы орындықта қисайып отырған кісіге
үңіле қараған Нұртас оның Жайлау екенін таныды. Қасында аузы
ашық бөтелке. Анасының қазасынан кейін көріп тұрғаны осы.
Əбден азып-тозған кəсіпкердің омырауы ағытылып, үстіндегі бір

кездегі қымбат костюм-шалбары умаждалып, тарақ көрмеген бұй-
ра шашы ұйысып қалған. Неге екенін Нұртас оны аяп кетті. Қа сы-
на барып сəл тұрды. Анау аузын ашып, мойынын қисайтып ұй қы ға
кеткен. Мына түрінде көшедегі қаңғыбастардан аумайды.

– Нұртас, бұл кім?

– Жай, таныс.

– Жүрсеңші, кеш болып кетті.

Тағдыр талқысынан байлығы да құтқара аламаған ескі таны-
сын мүсіркегендей, терең күрсінген жігіт Нұриланы жетектеп,
алға адымдады.
* * *

«Махаббат күмбезі» ашылатын сəтте Нұртас қатты толқыды.
Қа ла да ғы жастардың барлығы сол күні саябаққа ағылды. Ес керт-
кіш тің алдына жасалған сахнаға əншілер шығып, жастық, махаб-
бат туралы əндер орындалды. Күн жып-жылы, үп еткен жел жоқ.

Нұртас Таңгүліге оқ атылатын кештегі күннің сұп-суық сал қын-
ды ғын, улеген жел үдере соғып, қара ниетті қарақшының қылмыс
жасауына жағдай жасағандай, айналаның түнеріп тұрғанын ойла-
ды. Ал бүгінгі кеш тамылжып тұр. Сəулетші қобалжып, ес керт-

Зияш Телеуова кіш тің мынау жиналған қара құрым халыққа қалай əсер етерін ойлап, бір орында сабыр сақтап тұра алмады. Ол жобаны қия лын да туғызғанда, өзінің ғана кеудесіне сыймай бара жатқан махаббат мұ ңын, сағынышын, қайғысы мен қасіретін, арман мен аң са уын – бə рін ескерткішке сыйғызбақшы болған. Ол өзінің ғана жан-жара сы ның жаршысы болған дүниенің көптің талқысына тү се тінді гін ойлап толқыды. Бір жағынан күмбез олардың талғамынан шыға ма, шықпай ма деген күдік кеудесін жайлап алды. Əркімнің де жүрегінде бір орындалмаған арманы, қолы жетпеген қиялы, ашыл ма ған сыры, айтылмаған мұңы болса, сол кем-кетігін толтырып тұ ра тын бір керемет сиқырлы сезім дүниесін жасасам деген жі гіт тің арманы орындалды ма?! Сол сауалға жауап беретін сын сағат осы. Нұртас қатты қобалжудан жанына келіп амандасып жат қан дардың да кімдер екендігін, не айтып жатқандығын естуден қалды. Бар ойы əзірге жасырулы қолтаңбасының пердесі ашылғанда, көрер мен дер қандай əсер алатындығының маңайында. Жүрегінің мəң гі алауын бойына біткен таланты арқылы өзгелерге ұқтыра алар ма? Ұлы сезімге қойылған ескерткіш оның ұлылылығын паш ете алмаса, елдің ынта-ықыласына бөлене аламайтындығын сезеді. Сол үшін де жаны жай таппауда. Алаңға жиналған жастар бір-бірін биге шақырып, билей баста ды. Шенеуніктер жиналды. Бəрі Нұртастың қолын алып, құттық тау да. Жігіт жиналғандардың арасынан Таңгүлінің ата-анасын іздеді. Барып амандасқысы келді. Бірақ аяғы бір орынға же лім де ліп қалғандай, орнынан қозғалуға мұршасы жетпеді. «Жаным, Таң гүлі, сен жанбай жатып сөніп, саған ескерткіш орнатам деп ойлап па едім... Тағдыр бізбен қатал ойын ойнады. Біз одан же ңіл дік. Сені ұмыт пау үшін əлі де талай өнер туындысын тудырамын. Мынау со ның бір ғана бөлшегі. Қолыма қалам алған сайын, сенің нұрлы бей нең нің бір сəулесі соған сіңіп жатады. Себебі, менің мына жүре гім соғып тұрғанда, сенің де жүрегің соғып тұрады! Менің шыра ғым сөнгенше, сенің де шырағың сөнбейді!» деп күбірледі. Елбасы атындағы саябақта жастарға арналған күмбездің ашылуы на арнайы концерттік бағдарлама дайындаған мəдениет са ласы ның қызметкерлері ойын-сауықты қыздыруда. Бір кезде ортаға шық қан қыз бен жігіт Мұқағали Мақатаевтың «Махаббат диалогін» оқи бастағанда, жұрт сілтідей тынды. – Құс болып ұшып жоғалсам, не етер едің? – деді көгілдір көйлек киген ару.

Махаббаттың ажалы – Сені іздеумен мəңгілік өтер едім, – деген жігіттің даусы күмбірледі. – Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? – деді қыз сыңғырлап. – Күл боп бірге соңыңнан кетер едім, – деді ер жігіт елігіп. – Бұлдырасам сағымдай не етер едің? – деді көрікті қыз кү лімсіреп. – Жел боп қуып ақыры жетер едім, – деді сері жігіт көгілдір көкті қолымен нұсқап. – Қайғы əкелсем басыңа не етер едің? – деді сұлу күлімдеп. – Қойшы, сəулем, бəрін де көтеремін, – деп жігіт қызға қолын созды. Жастар ду қол соқты. Нұртас ақиық ақынның монологын тыңдап, қатты тебіренді. Жанына Таңгүлінің əкесі мен шешесі, інісі Ербол келіп, көрісті. Олардың қасында Нұрила. Əріректе Райс, Шолпан, Мырза, Базаргүл. Шет жаққа жаңадан келіп қосылғандарды да таныды. Азаматтың əке-шешесі. Вице-президент, отырған зəулім сарайын баласы мен келіні өлген соң, балабақшаға тапсырып, же тім балалар үйінен бала асырап алып, көп қабатты элиталы үйге кө шіп ті дегенді естіген. Сахнаға көтерілген қала əкімі: – Құрметті достар, бүгін біз бен сіз болып, адам бойындағы ең қасиетті де, қастерлі аяулы сезім махаббатқа арналған ес керткіш күмбезін ашуға жиналдық. Біз бүгін жас арудың, қас кү нем қарақшының қолынан өмірі үзілген жерде тұрмыз. Бұл ес керт кіштің авторы – талантты сəулетші Нұртас. Оның бұдан бұрынғы қолтаң ба сы біздің жаңадан салынып жатқан мөлтек аудандардағы үйле рі міз ден жұртшылыққа танымал. Оған шығармашылық жетістіктер тілей отырып, бүгінгі ескерткішті ашамыз. Мəңгі жастыққа, мəң гі махаббатқа тағзым етейік! – деді. Қала əкімінің орынбасары ескерткіштің алдындағы көк лентаны қиды. Оркестр атақты сазгердің «Құстар қайтып барады» əнін орындады. Алаңдағылар тым-тырыс. Нұртас көзінен тамған жасын көле гей леп, тағзым етті. Қала мэрі қасына Нұртасты шақырды. – Осындай керемет күмбездің авторына сөз берейік! Ду қол соғылды. Нұртас сəл үнсіз тұрды. – Біріншіден, осындай салтанатты сəтке келгендеріңіз үшін сіздер ге көп-көп рақмет! Менің айтарым, бізде жаңа заман дəс тү рі-

Зияш Телеуова мен жыл сайын жастардың төл мерекесі «Махаббат күні», орысшасы «Валентина күні» деп аталып жүр, мерекеленеді. Бұдан былай сіздер осы араға келіп, бір-біріңе деген көрікті ойларыңды, көр кем сөздеріңді айта аласыздар деп ойлаймын. Менің айтарым, дү ниеде гі ең сұлу, ең тамаша махаббат сезімін қадірлей бі лі ңіз дер! Одан қапияда көз жазып қалмаңыздар! Махаббаттарыңыз мəң гі лік болып, жұптарыңыз жазылмасын! Ескерткіш ашылғанда, қан қысымы көтеріліп, басы айналған Сə би ра орындыққа отырды. Қасындағылар: – Қыздың шешесі! – деп күбірлесті. – Жедел жəрдем шақырайық! – деп абдырап қалды. Сəбира таңда йы на дəрісін салып, басын шайқады. – Жоқ, жоқ рақмет. Өзіме-өзім келе бастадым. Арманда кеткен асылым, Таңгүліме арналған ескерткішті көрейін, – деп қолын алға сілтеді. Оны қолтығынан сүйемелдегендер алға жылжыды. – Бұл мəңгі жоғалмайтын аққу сезімге арналған ескерт кіш! Құрметті жастар, жас ғашықтар, осында келген сайын бой ла рыңда ғы аяулы сезімдерің таусылмай, өмірдің тек қана жарқыраған жақ сы лы ғы на бөлене беріңдер! Мына күмбездегі бейнеге қа рап тұр са ңыз көп нəрсені ұғасыз. Соны жүректеріңмен ұғып, жан дарың да ғы бақыттан айырылып қалмаңдар! Біз жастарды осындай сəт тер мен, осындай пəк сезімге арналған орындармен тəрбиелеуге тиіс ті міз, – деді алға шыққан Сəбира. – Біз дырду-дырду əуен дерден, тойып тағам ішіп, тек қана байлық туралы əңгіме айталатын ресторандар мен кафелерден шаршадық. Ендігі жерде махаббат турлы жырлар оқылсын, махаббат туралы əндер айтылсын. Біздің ақын-жазушыларымыз осы араға келіп, жаңа жырларын оқитын болсын. Кəсіпкерлерге құлаққағыс, енді осы арадан «Қос ғашық» деп аталатын кафе ашылсын деп тілеймін. Оған тек қана бойларында ақ адал сезімі бар, бір-бірін шын сүйген жастар ғана жиналатын болсын. – Дұрыс! Дұрыс! – Көпшілік гу етті. Ескерткішке жабылған жабу толық түсірілді. Жан-жақтан от шашу аспанға атылып, жиналғандар ду қол соқты. Иіліп тұрған до ға ның ішінде бірі-біріне қарай қол созып тұрған қыз бен жі гіт тің бейнесі ақ сəуледей жіп-жіңішке боп аспанға өрлеген ұзын ай шықтың ішінен сəт сайын көрініп, іле сағымдай ирелеңдеп қос сұлба жоқ болады. Жалт етіп жоғалатын көкке қолын созып тұрған ару ға қарап үлгермейсің, екінші жағындағы иілген доғаның ішінен жі гіт тің сұлбасы шығады. Алға қарай лық еткен жастар демдерін

Махаббаттың ажалы іш те рі не тартып, тынып қалған. «Анау – Таңгүлі, анау – Нұртас». Бұ лар дың бейнесінің алма-кезек шығатыны, олардың табыспай кеткен тағдыры тəрізді. «Керемет!» «Осындай махаббатқа оқ атқан қан ішер лер, Құдайдың қарғысына ұшырап, өздеріне өздері қол жұм са ған дейді». Қыз бен жігіттің ескерткіштегі бейнесі жүгіртпе шамдармен алма-кезек көрініп, оларды көріп қалуға ұмтылғандар легі алға қарай лықсуда. Нұртастың көптен күткен сəтінің қас қағымда өте шықанына кө ңі лі босады Тап осы күнді Таңгүлі тіріліп келетіндей боп күт кен. Қа сы на келген Нұрила: – Нұртас, «Махаббат күмбезі» керемет! Мен тап осындай болады деп ойламаған едім. – Таңгүлінің анасы қайда? – Байғұс өзіне-өзі əрең келді. – Жүр, барайық. Сəбира жанына келген Нұртасты көріп көңілі босады. – Рақмет, жаным, Таңгүліме мəңгі ескерткіш тұрғыздың. Са ғынып келіп едім. Мауқымды бастым. – Апа, нағыз бақытты Таңгүлі емес пе, артында осындай мəң гі ескерткіш тұрғызатын адамы бар. Мəңгі сөнбейтін махаббаты бар, одан бақытты адам жоқ! Мен өзімді осылай беріле сүйіп, махаббат күмбезін орнататын жігітім болса, ойланбай-ақ өле салар едім, – деген бойжеткен Сəбираға гүл сыйлап, бетінен сүйді. ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ БРИФИНГ Қала іші тымырсық. Көлік легінен толастамайтын жолдардың ойылып-ойылып қалған тұстарын жамап-жасқап жатқан жол жөндеу ші лер əр тұстан көрінеді. Бітпейтін де, қоймайтын да бір іс деп ойлады заңгер. Кешеден бері демалысқа шығуға берген рапортына қол қойылмай, қайтарылған соң, көңіл күйі онша емес. Ұзақ жылдар демалуды білмегендіктен, Шолпан екеуі Алматы жаққа барып демалып қайтуды ойлаған. Амал не, күн құрғатпай қылмыстың неше түрі белең алып тұрғандықтан, сіңбіруге мұрша жоқ. Соның бірі сая жай дан бес бірдей адамның мəйітінің табылуы. Қалада болсын, далада болсын, əр тұрғынға, əр адамға байланысты есеп-қисап жол-

Зияш Телеуова ға қойылмағандықтан, олардың қайдан келгендерін, кімдер екенін де бірден анықтау қиын. Жалпы, республика тұрғындарына байланысты бір орталыққа бағындырылған базалық мəліметтер болса, құ қық қорғау органдарының жұмысы əлдеқалай жеңілдер еді. Өзге елдердей санымыз көп болмаса да, адамдарымыздың əр жақ, бер жа ғын жинақтай алмай, əлекке түсуіміздің өзі қыр сыз ды ғы мыз дан болса керек. Əсіресе, босқындар мен шекарадан рұқсатсыз өтіп кет кен дер дің, іргелес елден жұмыс іздеп келушілердің нақты есепке алынбауы, қылмыскерлерді іздегенде қолбайлау болады. Бү гін Райс журналистермен брифинг өткізуге уəде берді. Кейбір қылмыстардың тергеуі аяқталып, іс сотқа жол дан ған ша жарытып жауап ала алмайтын жазғыштардың өкпесі қара қа зандай болып жүргенін сезген соң, олармен кездесуге келісім берген. Əсіресе, саябақта атылған қыз туралы неше саққа жүгірген ла қап тарағандықтан, сұрақтардың қарша борайтынын сезіп, дайындалды. Бірақ тілшілердің кейбірі титімдейді түйедей етіп, жаз ған да жанынан қосып жіберетін болғандықтан, олармен кездескенде өте сақтық жасмаса, сау басқа сақина тілеп алу оп-оңай. Сол себептен де, журналистермен кездесуге, əккі басшылар болмаса, кө бі нің жү ре гі дауаламайды. Алдыңғы қатардағы тіс қаққан тілші сұрақты бүйірден қойды. – Райс Сапарович, қазіргі басшылар журналистермен кездесуден бас тартады. Сіз бізге қалай уақыт бөлдіңіз? – Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Бірақ менің де уақытым ты ғыз. Сұрақтарыңызды нақтылап берулеріңді өтінемін. – Саябақтың ішінде қызды атқан киллер ұсталды деген рас па? – Ұсталды. – Бұл өлімнің басты себебі не деп ойлайсыз? – Оқиға туралы мерзімдік басылымдарда көп жазылды. Сон дағы айтылғандарды қайталамай-ақ қояйын. – Райс Сапарович, күйеуі киллер жалдаған ба? – Киллерді жігітті өлтіруге жалдаған. Қыздың жігтке көз дел ген оққа кеудесін тосып, мерт болғаны шындық. – Адамдарды өлтірту үшін ақшаға жалданатын киллер ұйы мы бар ма? – Бізде ондай мəлімет жоқ. Бұл қылмысты жасаған киллер бұрын бір рет сотталған. – Бұрын да адам өлтіргені үшін бе? – Жоқ. Бұрын бұзақылық жасағаны үшін. – Олигархтың баласын кім өлтірген?

Махаббаттың ажалы – Ол келіскен ақшаны беруден бас тартқандықтан, кил лер дің қо лы нан қаза тапқан. – Осы қылмыстардың бəрі дəлелденді ме? – Дəлелденбесе, қылмыс ашылды деп айтылмайды. Қылмыс жасаушы ұсталып, жасаған қылмысын толық мойындаған соң, ісі сот қа жөнелтіледі. Сот үкімі шықты. – Жалпы, күннен-күнге өршіп тұрған қылмыс туралы не айтар едіңіз? – Біз жыл сайын қылмысты салыстырмалы түрде сараптап отырамыз. Қылмыстың пайда болуы, жасалуы барлық уақытта адам факторына барып тіреледі. Ұлы Абай бабамыз «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп атап айтып кеткен ғой. Ме ніңше, мұның бəрі жұмыссыздықтан, еңбек етпей оңай олжа та бу ға əрекеттенудің салдары. Адамдарды еңбек етуге мəж бүр лей тін дей заң керек. Адам тəрбиесіндегі кейбір кемшіліктің, ішімдіктің салдары қылмысқа апарып соқтырады. – Қыз бен олигархтың баласының өлімі қанша уақытта ашылды? – Бес айда ашылды. Бізде бірнеше жылдан бері ашылмай жүрген ауыр қылмыстардың барлығын есепке алсақ, бұны тез ашылды деп бағалауға болады. Райстың қалта телефоны ызылдады. – Кешіріңіздер, менің сіздерге бөлген уақытым бітті. Қо сым ша сұрақтарыңыз болса, тергеушілерден анықтауларыңызға болады. * * * Кабинетіне келген Райсты есік алдында күтіп тұрған Асхат: – Райс Сапарович, сізбен бір адам кездескісі келеді. Ол тек сізбен ғана сөйлесем дейді. Қабылдайсыз ба? – Жарайды. Мұқият тексертіңіз. – О жағына қам жемеңіз... Ішке кірген жас жігіттің бас аяғына жіті қараған тергеу бастығы: – Отырыңыз, құлағым сізде, – деді. – Сізге сұранғаныма кешірім өтінемін. Мен «қара риэлторлар» бандысының жетекшісімін. Басын оқыс көтерген Райс алдында отырған жігіттің жүдеп-жада ған жүзіне қарады. – Мен өзім келдім. Бұдан əрі өмір сүре алатын емеспін. Мені елес қуып жүр, – деді мойны салбыраған жігіт. – Өзім мына қо лым-

Зияш Телеуова мен өлтірген адамдарымның елесінен құтыла алмадым. Бұл ма ған жоғары жақтың əмірімен келген жаза. Ақыры алдыңызға өзім келдім. Өзімнің кінəмді мойындағаным үшін, сіздерден жеңілдік болар деген үмітпен келдім. Онсыз да мен Құдайдың қаһарына ұшыра ған жанмын... – Сіздің келіп, қылмысыңызды мойындағаныңыз үшін же ңілдік тер қаралғанымен, жаза жасаған қылмысыңызға қарай бе рі ле ді. Ол қылмыстың түріне қарай қаралады. Егер ауыр қылмыс жа са саңыз, соған лайық жазаланасыз. – Қолыммен жасағанды, мойнымен көтеруге дайынмын. – Жақсы, – тергеу бастығы көмекшісін шақырып: – Асхат келсін, – деп бұйырды. – Асхат, мына кісіден жауап алыңыз, сосын менімен хабарласарсыз. – Жолдас бастық, мені соңымнан қалмайтын елестерден құтқар са ңыз дар екен?.. – қол-аяғы дірілдеп, көзі ұясынан шыққан жігіт ке аянышпен қараған Райс: – Психологқа көрсетіңіз! – деп бұйырды. ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ ЖАҢА ҚОНЫС Райс пен Шолпан қоныс аударған соң, Мырза мен Базаргүлді үй ле рі не шақырды. Оларға əбден бауыр басып кеткен Алена қуанған нан үйді басына көтерді. Ас үйде жүрген Шолпан: – Қарай гөр, таң атып алса, сіздерді аузынан тастамайды. Ба заргүл апаға апарып таста дейді де отырады, – деп күлді. – Базаргүлді мен де əрең ұстап отырамын. Аузын ашса, қызым жылап жүрген жоқ па екен деп, тағат таппайды. – Онсыз да ертең барады. Ертең жұмыс күні басталады. Шолпан жұмысына қосылады. Апта аяқталғанша, оған қарауға уа қыты мыз болмайды. Енді жаз шыққанша, сіздерде бола тұрады, – деді Райс қыздың шашынан сипап. – Иə, біздей кемпір-шалы барлардың алаңсыз жұмыс жа са уы на болады, – Базаргүл қалжыңдады. – Қайдағы кемпір-шал, екеуіңіз де жап-жассыздар. – Шолпан Базаргүлді құшақтады. – Менің балаларыма қамқор болдыңдар, енді Аленаны өсіріп, тойына келесіздер!

Махаббаттың ажалы

– Ой, хой, десеңізші, орыстар мечтать не вредно, дей ме...

– Несі бар, бар болған жетпіс бесте боласыңдар. Ол деген мына

тұрған жер емес пе?

– Айтқаның келсін. Балалар қайда? – деді Баршагүл жан-

жағына алақтап.

– Айдар іс сапарда. Дарияның əкесі сырқаттанып, ауруханаға

түсіп қалыпты.
Райс пен Мырзаның бастары қосылса, ауыздарына тыным бол-
майды. Олардың əңгімелерінің жараса кететінін білетін Шолпан
мен Базаргүл ас үйге кірді.

– Бірнеше жыл əйелі жоқ үй деп ойламайсын, – деді төрт бөл-

ме лі үйді аралап, жасауына, тазалығына көңілі толған Базаргүл. –
Тіп ті, ас үйінің ыдыс аяғына дейін жалтырап тұр. Бұның бəрі Але-
на ның əжесінің қолы, иманды болсын бір тазайын, ерінбей еңбек
ететін кісі деп Рекең аузынан тастамайтын.

– Бұрынғы үйін қимай, əрең көштік.

– Дұрыс. Мұндай азаматтар неше бір үйге көшіп жатыр. Бұ рын

жалғыз болған соң, көңіл күйі болмаған ғой. Бар қызықтарың ал-
да рың да. Қандай кең, сайлы үй. Құтты болсын!

– Рекең не десе сол болады. Өзі көшем деген соң, көндім.

– Дұрыс, шешімің дұрыс. Алтын басты əйелден, бақыр басты

еркек артық деп қазекең білмей айтпаған. Оның үсітне Рекеңдер
асыл азамат қой. Бағың бар екен, енді соны бағалай біл!
Базаргүл өзінің үлкендігін пайдаланып, ақылын айтып таста-
ды. Шолпан оны көңіліне ауыр алған жоқ.

Жұмсақ диванға отырған Мырза теледидарды ашып, каналда-
рын ауыстырып жатқан Райсқа қарап:

– Мынау заман не боп барады? Газетті қолыңа алсаң, неше

түр лі қылмысты оқып төбе шашың тік тұрады. Мен көбінесе «Эв-
рика» мен «Диапазонды» оқимын. Мектепте орысша оқыған соң,
солай қарай тарта беремін. Ал оқысам, шошынам. Ана бір орыс жі-
гі ті анасын өлтіріп, төр бөлмесінің астына көміп, бір жылға жуық

ұстаған. Сонда ол анасының зейнетақысын алып тұру үшін сондай
қылмысқа барған деседі. Сұмдық емес пе?! Мысалға «Диапазон»
газетінің соңғы №8\943\ нөмірінде Ш. қаласында жас мұ ға лім ді
өлтірген үш қара жүрек қанішерлер туралы жазыпты. Кешке қа рай

дүкеннен келе жатқан əйелді ұстап алып, машиналарына салып,
қала сыртына шығарып зорлап өлтіреді. Өлтіргендерімен қой май,
өр тей ді. Ол əйел байғұстың үш баласы жетім қалыпты. Сондай

Зияш Телеуова қара жүректер енді дұрыс жазасын алса жақсы ғой, жазаланбай қалып жатқандар қаншама? Бұл қашан тоқталады? – Мырзеке, енен жауап күтіп отырсыз ба? Мен де өзіңдей пендемін дегендей, менде сол оқиғалардан хабардармын. Тіпті қол дарын қанға малған жауыздармен күнбе-күн кездесіп жүрмін. Жүре гі міз қан жылайды. Адам айуанға айналып бара ма десең, олай емес. Бəрі сол ішімдіктің, тəрбиесіздіктің, адамгершіліктің таяз дығы ның кесірі. Ондайларды дер уақытында қоғамнан алас та мау дың ақыры, осындай қайғы-қасіретке соқтыруда. – Меніңше, əлеуметтік жағдайдың нашарлығы, жұмыссыздық құртып барады. – Енді оны біз шешпейміз ғой. Біз тек қылмыспен кү ре се міз. Бірақ əлеуметтік жағдайды шешпей, қылмысты азайтам деу қия ли жағдай тəрізді ме деп мен де ойлаймын. Жалпы, Мырзеке, ме нің демалғым келіп жүр. Бір қорғаушылық контор ашып алсам, сонда уақыт өткізіп, Шолпанның қою шəйін ішіп, жантайып жатсам деп жүрмін. – Оның да дұрыс. Сонда қылмыспен кім күреседі? – Жастар бар ғой. Жақсы тергеушілер өсіп жетіліп келеді. Əлі бірер жыл істей тұрамын. Онда да Шолпан рұқсат етсе. – Не деп жатсыңдар, құлағымды шулатып? – Тұздалған қияр алып келген Шолпанның жүзі күлімдеп, жанары жалт етті. – Ой, Шолпан, мына кісіні əбден жүгендеп алыпсың ғой. Шолпан рұқсат етсе, істеймін, рұқсат етпесе, үйде отырамын дейді. Осындай мықты комиссарларды үйге қамап қойсаң, қылмыспен кім күреседі? – Қылмыспен жастар күрессін. Жазға дейін көреміз. Қазір қорқы ныш ты. Оған дейін шыдамым жетсе, – деп Шолпан Райсқа еркелей қарады. – Ə..ə... түсінікті. Жолбарысқа тұзақ құрылған екен. Дегенмен ол бір ден беріле қоймас, əліде бір-екі рет атылар, – деп күлді Мырза. – Жалпы, қылмыспен күресу деген не? Мырзеке, менің тү сіні гім ше, бұл адам баласының санасына айналасынан түсетін қақ. Сол қақты болдырмау үшін жан-жақты тəрбие керек. Адам ең бірін ші өзін сүйіп өсуді үйренуі тиіс. Содан соң жақын-жуық та рын, айналасындағы адамдарды сүйе білуге үйренуі керек. Оның бə рін үй ре те тін отбасы мен Отаны. Осы екі ұяның мейірімі мен қамқор лы ғы на бөленген адам ғана нағыз адам болып шығады. Егер екеуі нің де қамқорлығын дер уақытында сезінбесе, ол тас бауыр,

Махаббаттың ажалы қан дай қылмыс болса да шімірікпей жасай салатын қанішер болып қалыптасуы, мүмкін. Сондықтан адамның қандай болуы ол өс кен, тəрбиеленген ортаға байланысты. Мысалға, жетім балалар үйінде тəрбиеленіп жатқандардың ата-ана мейірімінен ада бол ғаны өз алдына, оған Отаны мен мемлекетінен қамқорлық же тімсіз болса, олардың тағдыры қыл үстінде тұрады. Оларда баспана бар ма, жұмыспен қамтылған ба, оларға қамқор болатын белгілі бір мекеме мен тағдырына жауапты адамдар бар ма? Міне, осы мəселенің барлығы шешілуі тиіс. Қылмысты болдырмау үшін, əр адамға жан-жақты қамқорлық жасалуы қажет. Олардың ең бек етуіне мүмкіндіктер туғызу керек. Жалпы, «еңбек етпеген ембейді» деген заң болуы керек. Еңбектің қандай түрі болсын ба ға ла нуы керек. Кабинетте отыратын емес, қолмен қара жұмыс жа сау шылар дың беделі мен бағасын арттыруға күш салынуы керек. Бізде қыл мыс кер лер дің дені ауыр еңбекпен айналысушылар, демек, осы еңбектің қоғамдағы орнын биікке көтеру жетіспейді. Қол ең бекті кез келген адам жайлы киіммен, көтеріңкі көңіл күймен, жақсы төленетін жалақымен атқара білетіндей жағдайдың жасалуы ойластырылмаған. Қарапайым еңбеккердің еңбегі ана қарны тоқ мырзалар мен кекірейген шенеуніктерден жоғары бағаланып, жақсы пəтер, шет елдік көлік соларға тиесілі болса, олар қоғамдағы тең сіз дік тен құтылады. Өздерін өмірдің тұтқасы деп ойлайды. Ал қа зір гі кезде олардың тапқан табысы киер киіміне, ішер тамағына жет пей ді. Оның есесіне «ауырдың асты, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай олжаға кенелген тоғышарлар тоқшылықта. Бір мемлекеттің шы ғар ған тауарын екінші мемлекетке тасып, оны қымбатына сатып жүрген саудагерлер, қарапайым еңбек адамдарының маңдай тер, табан ақысын сыпырып алып, қалтасына салып, байып, ал шаң басуда.Осы қалыптасқан жағдайды өзгертпесек, өспейміз, өр кенде мей міз. Сіз менің осы пікіріммен келісесіз бе?! – Жүз пайыз келісемін. Сондай, «еңбек етпеген ішіп жемейді» деген реформа жасау керек. – Мырзеке, шыдаңыз. Уақыт оны да туғызар. – Ал мына қысық көздерің де қаптап барады ғой. Ақыры барлық байлығымызды, майлы жерімізді тартып алып, солардың бодан дық бұғауына түсетін күн тумай ма?! – Мен детектив кітаптарды көп оқимын. – Жұмысың сондай ғой. Онсыз бола ма?! – Бір қызығы сол кітаптар тек қана қылмыс емес, қоғамның бар лық проблемасын қозғайтындығымен тартымды. Өзіңіз де

Зияш Телеуова оқып көріңіз. Мен сізге беремін. Көбінесе Акуниннің кітаптарын оқи мын. Ол өткен ғасырдың мұрағаттық құжаттарымен жұмыс жасап, бүгінгі күннің көкейтесті мəселесін қозғайды. Жазушының ше бер лі гі де сонда. Соның «Алмасная колесница» деген кітабын оқып отырғанымда, мынадай жолдар бар. Сіз орысша оқыдыңыз ғой. Түсінікті болсын. Сол күйінде айтайын «...За-то, потом, когда китайцам сделается тесно, они покажут миру, что такое настоя щие завоевание. Они не будеть греметь оружием и отправлять заграницу экспедиционные корпуса. О нет! Они покажут другим странам, что жить по китайский лучше и разумнее: И тогда другие народы сами пожелают жить по китайски! И постепенно все станут китайцами, пускай на это уйдет еще несколько поколение» Осы жолдарды оқығанда еріксіз ойланбаймысыз? Көрдіңіз бе, бұл біздің халықтың бір рет басынан өткерген қа сіре ті, біз тап осындай жолмен орыстардың тұрмысы, мəдениеті бізден жақсы болғандықтан, соған еліктеп, соны қабылдадық. Соларша өмір сүруді өзіміздікіне қарағанда жеңіл санадық. Мұның бəрі нені меңзейді. Өзіміздің тұрмысымызды өз халқымыздың менталитетіне сай гүлдендіріп, өзге халықтың тұрмысына қы зық пайтын дай дəрежеге жеткізу үшін жан салып, күресу керек екендігін дəлелдейтін тарихи тағылым. Біз басқа халықтың тұрмысына еліктеу ді қойып, өзіміздің тұрмысымызды солардан артық етуге жан салуымыз керек. Сонда ғана, ұлтымызды сақтап қаламыз. Сонда ғана ешкімнің табан астына түспейтін боламыз! Сонда ғана өзі мізді-өзіміз дəріптейтін күйге жетеміз! Мырза Райстың білімі мен болжамының тереңдігіне тəнті болып, оны тыңдаған үстіне тыңдай бергісі келеді. Іштей «Шіркін, осындай адамдар билік басында болса ғой. Сонда ғана біздің ба ғымыз жанар еді» деп байлам жасайды. – Мыналар көп саясатқа кетіп қалғанға ұқсайды. Тамақ дайын, қол жуыңдар, – Базаргүл қолына ұстаған орамалын үстелдің басына ілді. – Мына Рекеңнің білімі – энциклопедия. Осындай адамдар ел басқаруға араласа ғой, шіркін. – Қиналмаңыз Мырзеке, мен өзімнің білген-түйгендерімді, тергеу ші лік тəжірибелерімді, кітапқа түсіру үшін бір қаламгермен бір ге жұмыс жасап жүрмін. Сізді де көмекке шақырамын. – Міндетті түрде. Қуана, қуана қабыл аламын. Осы кез Райстың ұялы телефоны шыр етті.

Махаббаттың ажалы

– Райс Сапарович, пəтерді тартып алушыларға байланысты

қыл мыс тық істің бір мүшесі қолға түсті.

– Жақсы. Өздерің дұрыстап қараңдар.

– Тағы да оқиға ма? – Мырза мұртын сипады.

Райс қолын көтерді.

– Достар, енді қылмыс туралы бір ауыз сөз болмасын. Енді ең

болмаса үйде демалайын.

– Дұрыс. Бірақ əлгі айтқан сөзіңді ұмыта алмай отырмын. Сол

кі тап ты берші. Мен де оқып шығайын. Соншама қалай дəл айтады.
Жазушылар деген дана халық қой.
Екінші кітаптың соңы.

МАЗМҰНЫ Банкирдің өлімі ....................................................................... 3 Махаббаттың ажалы ........................................................... 109

«ЖАҢА ЗАМАН ƏДЕБИЕТІ. ПРОЗА» сериясы Зияш Телеуова БАНКИРДІҢ ӨЛІМІ  МАХАББАТТЫҢ АЖАЛЫ Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова ИБ № 7271 Басуға 21.07.2013 қол қойылды. Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым. Шартты баспа табағы 15,0. Баспа табағы 18,5. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙