Күн көзінде мұз жатпас
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Зәкім Жайлыбай
УДК 821.512.122 ББК 84(5Қаз) Ж19 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай З. Ж 19 Күн көзінде мұз жатпас/Құраст. Т. Зәкімұлы. – Алматы: Раритет, 2014. – 240 б. ISBN 978-601-250-224-4 Белгілі жазушы-журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зәкім Жайлыбай Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 31 жыл «Өскен өңір» газетінде Бас редактор болған. Қазақ баспасөзінің тарихында 31 жыл Бас редактор болып жұмыс істеген адам жоқ. Әртүрлі жанрға қалам ізін салған жазушы-журналистің әр жылда ры жазған мақалалары мен очерктерін жинақтап назарларыңызға ұсынып отырмыз. Зәкім Жайлыбайдың бұл жинағында кез келген туынды тарихтаным, тағылым-тәрбие тізбегі аясындағы мақсатқа сай түзелген. Өйткені көргені мен ойына түйгені көп журналист-зерттеуші, көсемсөзшілік стилі қалыптасқан қаламгердің дәйекті ізденістерінен туған бұл шығармалардың оқырман сұранысын өтеп, көпшілік көңілінен шығатынына сенімдіміз. УДК 821.512.122 ББК 84(5Қаз) © Жайлыбай З., 2014 © Құраст. Т. Зәкімұлы, 2014 © «Раритет» баспа компаниясы, 2014 ISBN 978-601-250-224-4
ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗІН ДЕ, СӨЗІН ДЕ СҮЙГЕН ЖАН Біз біле бермейміз: осыған дейін жаратылыс болды ма, болмады ма, дәл осындай өркениет өмір сүрді ме, бізге дейінгілердің білім дәрежесі, ақыл-парасаты, бітімболмысы қаншалықты деңгейде болды; ғасырлардан ғасырларға адамзат баласы нені мұраға қалдырды, қандай істі үлгі тұтты, ұрпақ санасына нені аманаттады? Тылсым дүние толып жатыр. Бірақ соның бәрінің кілті бар, өзіндік сыры бар. Ал сол сырға біреу ерте үңілді, біреу кеш мән берді, қайткен күнде де біздерге көнеден жеткен күмбір сөздің кілтін табуға талпынғандар болды. Солардың бірі – белгілі журналист, сөз зергері – Зәкім Қалмағанбетұлы Жайлыбай 1941 жылы Шиеліде өмірге келді. 1968 жылдан аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары, 1970 жылдан 2001 жылға дейін – 31 жыл осы газеттің Бас редакторы болды. «Кермек тағдыр» атты кітабында Зәкім аға былай деп жазыпты: «18 мың ғаламдағы уақытты ғарыштық өлшеммен есептегенде жер бетінде 70 жыл жасаған адамның өмірі секундтың төрттен бірі ғана екен». Ол осындай қысқа ғұмырда мағыналы өмір сүрді. Отбасының ғана емес, тұтас ұлттың тәрбиешісі болды. Қазақтың өзін де, сөзін де жақсы көрді. Танымы терең, парасаты мол, аса кішіпейіл, көркем мінезді адам еді. Қазақ баспасөзінің тарихында 31 жыл Бас редактор бо лып жұмыс істеген адам жоқ. КСРО және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зәкім Жайлыбайдың «Кермек тағдыр», «Кодекс Кумани кус – Бабалар болмысының баяны» атты кітаптары жарық көрді. «Атамекен», «Ағып өткен бір жұлдыз», «Есабыз
әулие», «Ақын Нартай Бекежанов туралы естеліктер» атты кітаптарда Зәкеңнің шығармалары жарық көрген. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін «Қазақ елі» газеті Бас редакторының орынбасары болып қызмет істеді. Зәкеңнің үшінші «Жамағат жадындағы Жақаев» атты кітабы Дала Академигі, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 120 жылдығына орай жазылған еді. 70 жасқа толған Зәкім Жайлыбайға «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Өмірінің соңына дейін қолынан қаламы түскен жоқ. Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті Зәкім Жайлыбайды көнеден жеткен осы бір асыл мұраны зерттеуге итермелеген қандай күш? Ол уақытта студенттердің басым бөлігі совет заманындағы әдеби кейіпкерлер, әдебиеттегі коммунистер бейнесі деген сияқты ешкімге керегі жоқ тақырыптардан диплом қорғап жататын. Қаншама уақыт пен қайран сөздер өткінші сая си науқанның нөпіріне «көпір» болды... Ал Зәкім Жайлы бай сол кездегі оқытушылар мен студенттер ұғымындағы «қайдағы бір» «Кодекс Куманикус» дегенді іздеп тапты. Ол дәуірде «қазақта білім болмаған, сауаты кем, мәдениеті төмен» деген сөздер сұқ саусақты безеп тұрып айтыла тын. «Шеңберден» шыққан студенттер бола қалса, арты на қоңырау байланатын. Сөйткен заманда осы бір жабық тақырыпқа қасқайып тұрып қадам жасаған Зәкең ерлігіне таң қалмасқа лаж жоқ. Оның үстіне «Халық жауының бала сы» деген бетке басылған «шіркеуі» тағы бар... Осы күнгі өлшеммен қарасаңыз, Зәкім ағаның сол уақытта «Кодекс Куманикус» деген кітаптың болғанын, оның ішіндегі сөздер басқа басқа емес, таза түркі тілінің айқын мұрасы екенін дәлелдеуге талпынысын «көзсіз ерлік» деп бағалау керек. «Кодекс Куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру – қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық және тува тілдері тақырыбымен қорғаған диплом жұмысы З. Жайлыбайдың ғылымның терең сырына үңілуге жасаған тегеурінді талпынысы бо латын. Көне қыпшақ тілінің ең іргелі, ең сүбелі ескерткіші болып саналатын «Кодекс Куманикус» кітабының кілтін
ашу арқылы біздің тіліміздің тарихы мен болмыс-бітімін ғасырлар қойнауынан аршуға ұмтылған әрекеті лайықты бағасын алуы тиіс. Адамды басқа жаратылыс иелерінен артық қылып тұрған нәрселер – сөз бен сана, парасат пен білім. «Ко декс Куманикус» кітабын зерттеуге ден қойған студент Зәкім Жайлыбайды бір ауыз жылы сөзімен жебеп, демеген қазақтың айтулы ғалымы Бейсенбай Кенжебаев екен. Бұл жөнінде Зәкең былай баяндайды: «Нағыз тарих – өмірдің өзі. Халық тарихының жылнамасы – тіл екені ақиқат. Ал «Кодекс Куманикус» тілі көне замандағы қыпшақтар тілінің ескерткіші болса, онда ол қазақ халқының ата-тегі сөйлеген тарихи тіл болды ғой. Осы бағытта талпынып көрсем де ген ой келді. Кірісіп те кеттім. Бұл ойымды профессор Бей сенбай Кенжебаевқа айтқанымда «Күрделі мәселелерді жастар зерттемегенде, енді кім қолға алмақ?» – деген еді. Ақылман тұлғаның осы айтқаны мен үшін бәйге атын көтермелегендей әсер етті». Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шәкірттің мұндай қадамға баруы, оған Бейсенбай Кенжебаев секілді небір құқайды көрген ғалымның ақ батасын беруі кездейсоқтық емес. Рух жалғастығы деген осы. Бейсекең де советтік сойылдың соққысына арқасын төсеп жүрген жан, түбінде таза ғылым түркітану саласының қайнар көзі «Кодекс Куманикусқа» бір оралып соғатынын анық білген бол са керек. Студент Зәкім Жайлыбайды «бәйге атын көтермелегендей» қанаттандырғанда ғалым ағамыз не ойлады екен? Қаншама баянсыз дүниелерді қаузап, ақ қағазды көбік сөздермен көпірткенше, «елге пайдасы бар бір еңбек қалсын» деп жас жігіттің бастамасына қолдау білдіруі де даналық. Уақыт соны көрсетті. Қазір сол кезде қорғалған дипломдық, кандидаттық, докторлық еңбектердің қайсысы біздің қолымызда? Қай мұра бізге сыйлы? Әрине, «Кодекс Куманикус» секілді көнеден жеткен күмбір сөздің артықшылығы бірден көзге ұрады. Осы ретте 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің доценті Р. Муллинаның студент Зәкім Жайлыбайға «Кодекс Куманикус» ескерткішіндегі септік жалғаулары
және оларды қазіргі түркі тілдерімен салыстыру идеясын ұсынуы таң қаларлық. Университетте түркология саласын зерттеуге ден қойыла бастағанымен, осындай кешенді еңбектің бар екенін, оны терең зерттеу, зерделеу қажеттігін алға тартқан доценттің парасат-пайымы қаншалықты терең болғанын көруге болады. Дешті Қыпшақ жері атанған Шыңғыс Ханның ұлы Жошыханға қараған ұлыстың, жалпы Алтын Орда тілі кешегі қыпшақ, бүгінгі қазақ тілі екеніне ешкім де дау айта алмайды. «Кодекс Куманикус» – қыпшақтардың жазба ескерткіші болса, қыпшақ атауының шығуына да арнайы тоқталу керек деп тұжырым жасайды Зәкім Жайлыбай. В.Радловтың айтуы бойынша, Оғыз ханның жаугершілікте жүрген батырының әйелі ағаш қуысында босанып, дүниеге келген ұлдың атын «Қыпшақ» немесе ағаштан шыққан бала Шақа, шақалақ дейді қазақ жаңа туған нәрестені. Ал «Селенгі тасы» жазуында «қапсақ» деп анық көрсеткен. Арабтар қатаң «қ» дыбысын «Қаф», ұяң «к» дыбысын «Каф» деп айтатынын ескерсек – қафсақ – қасақ – қазақ болмай ма? Олай болса, ежелгі турандықтар Сырдария алқабынан теріскейдегі Сібірді мекендеген көшпенділер атасы, ал қафсақ – қасақ-қазақ ежелден келе жатқан турандықтар ұрпағы. Дешті Қафсақ – далалық хафсақ, қасақ деп араб-иран тілділер ұлы даланы мекендегендерді тұтастай осылайша атаған еді. Араб жазуын қабылдап, Исламды мойындаған түркілер қыпшақ терминдерін қолданысқа енгізді. Хазар мемлекет тұсында Визан тия императоры Константин Богрянородный Солтүстік Кавказдағы елді Қасахия деп атағаны жөнінде дерек бар. Бұл туралы Никопов жылнамасында орыстың «Повести временных лет» тарихи мұрасынан, орыс князі Святослав пен Мстиславтың «Қасақтармен шайқасы» туралы да осы ескерткіштен оқуға болады. Қыпшақ тіліне ең жақын тіл – қазақ тілі болса, қазір өзін қазақ деп айдар таққан елден тілі бұрын пайда болған ба? Олай болмаса, қазақ деген атаудың ежелден келе жатқанын дәлелдеу қиын болма са керек», – деген Зәкім Жайлыбай тұжырымы қазіргі уақытта «қазақ» атауы қайдан шықты деп бас қатырып
жүрген кейбір ғалымдарға «соқырға таяқ ұстатқандай» дәлел емес пе?!. Зәкім Жайлыбай осы бір еңбегін өткен ғасырдың алпы сыншы жылдары диплом жұмысына арқау етті де, елдегі анасының жағдайына алаңдап, ғылымнан қол үзіп қалды. Егер сол қалпымен ғылым жолын қуса, Закеңнен айтулы академик шығары сөзсіз еді. Бірақ Зәкім Жайлыбайдың журналистік ғұмыры өте мазмұнды әрі баянды болды. Аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы бола жүріп, қазақ журналистикасының қабырғасын ұстап отырған қаншама азаматқа ұстаз болды. Өзі бейнетті сөз майданы на білек сыбана кірісіп, бедел жинады. Қазақ сөзінің маржа ны мен мәйегін терең білетін сөз зергері атанды. Ұлттың тарихи жадын сергіту, сол арқылы жас ұрпаққа серпін беру, екінің бірінің қолынан келмейді. Біздің Зәкім ағамыз «Кодекс Куманикус» сияқты көнеден жеткен сөз күмбірін қайта тірілту арқылы бүгінгі қазақ баласының кеудесіне «бізде осындай мұралар болған, біз ірі ұлтпыз» деген мақтаныш сезімін сеуіп кетті. Нұртөре ЖҮСІП, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі
Автор туралы Зәкім Қалмағанбетұлы ЖАЙЛЫБАЙ 1941 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Шиелі стансысында дүниеге келген. 1958 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Жаңақорған ауданындағы ав тобазада жұмысшы болып еңбек жолын бастады. 1964 жылы ҚазМҰУ-дің филология факультетін тамамдаған. 1965 жылы Шиелі аудандық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, екінші хатшы қызметтерін атқарған. 1968 жыл дан аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынба сары, ал 1970 жылдан 2001 жылдың шілдесіне дейін 31 жыл осы газеттің Бас редакторы болып жұмыс істеді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Зәкім Жайлыбайдың жекелеген шығармалары кезінде «Атамекен», «Ағып өткен бір жұлдыз», «Есабыз әулие», «Ақын Нартай Бекежанов туралы естеліктер» кітаптарында жарық көрген. «Кермек тағдыр» атты тұңғыш кітабы 2008 жылы жарық көрген. Бұл еңбегінде ол қазақ елінің тарихы, тағдыры мен «халық жауының» ұлы болмысындағы кермек тағдырының сабақтастығын арқау еткен. 2010 жылы оқырмандар қолына тиген «Кодекс Ку маникус – бабалар болмысының баяны» атты зерттеуі халқымыздың тарихи-тілдік құндылығы, ескі қыпшақ тілінің ең іргелі де сүбелі ескерткіші «Кодекс Куманикусқа» арналған. Өткен жылы ғана оқырманға ұсынылған автордың үшінші «Жамағат жадындағы Жақаев» атты еңбегі дара боз диқан, дала академигі, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 120 жылдығын арқау еткен еді.
Осы мерейлі мереке қарсаңында өзінің 70 жылдығын атап өткен З. Жайлыбайға «Шиелі ауданының Құрметті аза маты» атағы берілді. Жұбайы Злиха Дәуітова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі, ұстаз. Тұңғышы Шолпан Қазатомөндіріс компаниясында бас маман, Еркін Мәскеу құрылыс институтын тамамдаған, энергетик, Айман ағылшын тілінің іс жүргізушісі, Талғат экономист, кенжесі Бауыржан шығыстанушы, араб тілі мен тарихының маманы. З. Жайлыбай 2004 жылдан өмірінің соңына дейін еларалық «Қазақ Елі» газетінде Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Ол бүгінгі Тәуелсіздік туын тіккен Қазақ еліне адал қызмет етті. Педагог боп бала тәрбиеледі, ұстаз боп шәкірт тәрбиеледі. Киелі Шиеліде Жайлыбаев десе жалт етіп қарамайтын адам жоқ. Ол ақжарқын күлкісімен, биік парасат, терең білімімен біз үшін қымбат. Әкеден жеті айлығында қалып, жеті жұртқа бас болған Зәкім бейнесі барша жұрттың жүрегінде.
САРЫАРҚА: ҮЙ ӨЗЕНІ БОЙЫНДА БАБА ТҮРІК ӨРКЕНИЕТІ ТУ ТІККЕН (Ұлы Ұйғыр империясы туралы) Баба түріктің тарихи тамыры тереңде жатқанына, оның адамзат тарихының ұлы сахнасына шыққанына бірнеше мыңдаған жылдар өткеніне дәлелдер соңғы ғасыр соңында төбе көрсете бастады. Орыс халқының жазба та рихын түзеп қайта жазғанда, қазақ секілді халықтардың ауызекі айтылып келген тарихы «ұлы халықтың» тарихына қоса өріліп кете барған болатын. Жазбаша жәдігерлерде сақталып қалған тарихи деректермен сол кезеңде-ақ таны сып, ұлт тарихын дербес сомдауға әрекет жасаған Әлкей Марғұлан сынды ағалардың дауысы қазақ халқының та рихын қалыптастыруға негіз бола алмады, өйткені ұлы орыстық идеяға негізделген Кеңестік жүйе оған мүмкіндік бермеді. Түркі халқының өз замандарында сұсы басым империя құрғанын айғақтайтын жәдігері Орхон-Енисей жазбалары мен қуана қауыштық. Бұл тарихи мұрамен қазақ қауымын етене таныстыру үшін, оның тарихи-тілдік құндылықтарын тереңнен және толық зерттеу үшін Кеңестік жүйенің ыдыра уына қажетті ұзақ жылдар керек болды. Нәтижесінде, түркі халқының мемлекеттігі мен халық ретінде қалыптасуы VI ғасырдан бастау алады екен деп мәз болыстық. Алайда, Түркі тайпалары туралы құнды деректер әріректен, б.д.д. соңғы мыңжылдық кезеңінен Грекия мен Византия жазба ларынан көптеп кездесе бастады. Бұл деректерден біздер түркі тайпалары кезінде бай және қуатты болғанына көз жеткіздік.1 1 Великая степь в античных и византийских источниках: Сборник материа лов/ Сост. А.Н. Гаркавец. Алматы: Баур, 2005.130-с.
VI ғасырдың екінші жартысында Бумын қаған бастарын біріктірген түркі тайпалары орасан зор аумақты мекендеді. Күлтегін ескерткішіндегі кіші жазуға құлақ салайық: «Ілгері Шаңтүң жазығына дейін соғыстым. Теңізге кішкене жетпедім. Бергі Тоғыз Ерсенге дейін соғыстым. Ти бетке кішкене жетпедім. Кері қарай Сырдария өзенін кешіп өтіп, Темір Қақпаға дейін соғыстым. Терістікте Байырға жеріне дейін соғыстым. Сонша жерге әскер жүргіздім. Қаған болып, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым».2 Құтлық қаған тұсында қайтадан бір мемлекетке біріккен түркілердің күш-қуаты артып, Қытай мемлекетіне қарсы тұратындай дәрежеге жетті. Түркі мемлекетін дүниенің төрт бұрышына мойындату Білге қаған мен оның інісі Күлтегін батырдың маңдайына жазылған бақ болды. Әрине, бақ өзінен-өзі келе қоймайды, ол үшін Білге қаған мен Күлтегін батыр «Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым»3, деп түркі мемлекеті мен халқының мүддесі үшін бар күш-қуатын сарқа жұмсаған. Күлтегін жазбаларында түркінің біртұтас мемлекетінің айбары мен қуаты, Күлтегін батырдың ерліктері үлкен па фоспен жырланады, бұл баянның поэтикасы «Игорь жасағы туралы жырдан» әлдеқайда басым жатыр. Мұның бәрі баба қазақтың «орнында бар оңалар» деп қуанғанындай, Түркі мемлекетінің байырғы бір ізге, қалыпқа келгеніне көрсетілген шексіз қуаныштың табы секілді. Яғни, Бумын қаған құрған түркі мемлекеті одан бұрын және сан есе қуатты болған көне түркілер империясын қайта жаңғыртқан болуы тиіс... Және осы айтылып отырған көне түркілер империя сы атауы мен әкімгершілік орталығының «Үй» сөзімен, Үй өзенімен тығыз байланысы бар дейтіндей соңғы жылдары құнды деректер кезіге бастады. Алғаш рет «Үй қамалы», «Үй өзені» атауларын П.И. Рычков пен Н.П. Рычковтың «Капитан жазбалары»4 кітабында кездестірдік. Онда 1771 жылы көктемде атажұрты Жоңғарияға үдере көшкен Еділ 2 Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы: Ана тілі, 1995. 168-б. 3 Сонда. 13-б. 4 Капитан жазбалары. СПб, 1772; Алматы: Ана тілі, 1995. 104-б.
қалмақтарының соңына түскен орыс әскерінің жорығы тура лы, олардың қашқан қалың қалмақты қайыра алмай, босқа әуре болғаны баяндалған. Мамырдың ыстығына апталған және Қазақ даласының шетсіз-шексіз құмдауыт жазығынан қажыған орыс әскері өліп-талып шекараға шығып, ең жақын жатқан Үй қамалына жетіп жығылған. Н.П. Рычковтың жаз баларында Үй қамалы Тобылға құятын оның бір сала сы Үй өзенінің жағасында орналасқан делінеді және бұл қамалдан Троицк қамалы 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Әрине, өзеннің аты «Үй» екендігіне таңданыс білдірдік: «Қазекең «Үй» деп өзенге ат қойғаны несі?» екен. Анығында бұл кітапта, әсіресе, оның орыс тіліндегі түпнұсқасында қазақтың тарихы мен мәдениетіне байла нысты құнды деректер көп. Сөйтіп жүргенімізде қолға Бақытжан Әділовтың «У-улумил-ұлы ел» атты мақаласы5 түсті және ол тарихи ізденістердің жаңа бағыттарына жол сілтеді. Бұл мақаласында Б.Әділов Үндістанды отарлаған ағылшын әскерінің полковнигі Джеймс Черчвардтың «Му көне континенті» (алғаш рет 1926 жылы жарық көрген) кітабына терең талдау жасай отырып, Тынық мұхит суларына осыдан 12000 жыл бұрын шөккен Му империясының (Күн империясының) тарихы мен қазақ тарихының тамырлас екендігіне дәлелдер келтіреді. Му елінің географиялық орны Көптеген деректерде «Му елінде 10 халық (тайпа, ел) болған»6 делінеді. Ең қызығы сол – Д.Черчвардтың 60 жылғы ізденістері нәтижесінде жазылған осы кітапта жинақталған таңбалық (графикалық) материалдар негізінде Б.Әділов қазақ халқы құрамындағы 10 ру-тайпаның осы кезге дейін белгілі таңбаларын бөліп қарастырады. Кітапта (79-б.) Күн империясы Патшасының қалқанына түсінік бергенде, Д.Черчвард ондағы крестің көне Му тілінде «У-улумил» (жер, ел, империя, патшалық) деп 5 «Парасат». 1988, № 8. 27–29-б. 6 Платон, Прокл//«Кодекс Троано».
оқылатындығын айтады. Онда Ұйғыр империясы, ұйғырлардың Еуропаны игеруі, арийлар мен қытайлықтар сол ұйғырлардың ұрпағы екендігі, заманында ұйғырлардың өркениет пен мәдениеттің ең жоғары деңгейлеріне египеттіктерден көп бұрын қол жеткізгендігі туралы тұжырымдар айтылған. Басылымда, сондай-ақ жиі кездесетін (0) таңбасы «Ахау Патша, Патшалардың Пат шасы», «Ұлы Патша», «Ұлы Билеуші» деп түсіндіріледі. (161,193-бб.). Кітапта Ұлы Ұйғыр империясының кар тасы берілген және оның дәуірлеу кезеңі б.з.д. 15-ші мыңжылдық делінеді. Ұлы Ұйғыр империясының картасы Әрине, мұндағы «Ұйғыр» мен қазіргі ұйғыр халқы атауының бөлек атаулар екендігі күмәнсіз. Б. Әділов айтқан батыл болжамдар бойынша, біз «ұйғыр» атауын «Үй құр» (ел бол, мемлекет құр) деп бұйрық райға ауыстырып қарастырсақ, онда Қостанай жерінде ағатын Тобылдың бір саласы Үй өзеніне былайша ат қойылуын жаңаша түсіндіруге мүмкіндік пайда болар еді. Яғни, Үй өзені бассейнінде Д.Черчвард айтып отырған Ұлы Ұйғыр империясының негізгі әкімшілік орталығы (мегаполисі) орналасқан болуы тиіс. «Жерінің аты – еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамалықта7 «Үй – өзен, Тобыл өзенінің сол сала сы, Федоровка ауданында. Башқұрт тілінде ой-шұңқыр мағыналарын береді» деп түсінік берілген8. Әрине, бұл айтқандарға қанағаттануға болмас. Тағы да бір Үй өзені Омбы мен Новосібір облыстары жерінде ағады екен9. «Үй» сөзінің түпкі мағына-мазмұнын баба түркі тілінен іздеу қажет. Ұлы Ұйғыр империясы заманында қалыптасып үлгерген баба түркі тілін біздің замандарға жеткізген жұрт қазіргі күндері Қытайдың Гансу өлкесінде тіршілік ке шуде. «Оларды қытайша «Уйгу» дейді. Өздерін өздері «Сарыұйғырмыз» десе де, тілдері қазіргі ұйғырға келмейді. 7 Алматы: Аруна, 2006. 808-б. 8 Сонда. 520-б. 9 БСЭ. Т.44. 58-б.
Көне түркі белгілері басым. Бірақ одан да көне екендігі айқын байқалады. «Баба түркі» деуге лайық. ...Сарыұйғыр тілінің түркі әлемі үшін аса көнелігі ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ белгілі болған. ...Баба түркі аңыздары Гансуға «Батыстан келдік» дейді.10 Сарыұйғыр атауындағы сары – «көне, ертеден келе жатқан» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, (сары уайым, Сарыарқа, сарқыт) онда сарыұйғыр тілі баба түркі тілі статусына көтеріліп, Д.Черчвард кітабындағы Ұлы Ұйғыр империясының мемлекеттік тілі ретінде танылуы әбден мүмкін емес пе?! Олай болса қазіргі ұйғыр халқынан бөлектеп, Д. Черчвард кітабында ерекше аталатын мем лекет – метрополияны «Ұлы Ұйқұр империясы» деп қазақ тіліне төте аударған жөн болады. «Ұлы Ұйқұр империясының» картасына қарап, біз оның негізгі аумағы қазіргі Қазақстан, Моңғолия мен Қытай жерін алып жатқандығын, ал жүрегі қазақтың Сарыарқасында орналасқанын көреміз. «Қалалар мемлекеті» б.з.д. ІV–ІІІ мыңжылдық 1969–1987 жылдары Ресей археологтары (Гнинг В., Зданович Г., т.б.) Челябинск пен Қостанай облыстары жерінен «Қалалар елі» аталған 22 көне қаланың орында рын тауып, қазба жұмыстарын жүргізді. Б.д.д. ІV–ІІІ мыңжылдықтар кезеңіне жатқызылған бұл қалалар оңтүстіктен солтүстікке қарай 400 шақырымға со зылып, шекаралары Үй, Жайық және Тобыл өзендерімен, ал оңтүстікте Жетіқара қаласымен шектелген төртбұрышта орналасқаны белгілі болды. Қазақтардың атам заманнан осы Үй өзені бойын қоса жайлағаны Ресей үкіметі жазба деректеріне де түскен. Мы салы, Орынбор генерал-губернаторы Г. Волконский қазақтың ру-тайпаларының ХVІІІ ғасырдың аяғындағы көшіпқонған, иелік жасаған жерлерін мекендеген тайпалардағы отбасы санын есепке алған: «Керейлердің 1000 шақты 10 Әбіласан Ә. Көне сөздер құпиясы. Алматы: Ана тілі, 1995. 80-б.
отбасы Үй, Тоғызақ өзендерінің бойын, Жайлан, Жоғарғы Оралдан Далалық қамалға дейінгі бекіністер төңірегін және осы қамалдар қарсысындағы далаларды қыстады».11 Табылған 22 қаланың көне қазба орындары қазіргі Руд ный, Тобыл мен Қарталы елді мекендерінің үшбұрышында, негізінен Қостанай және Челябинск (Селебе) жерінде орналасқан. Мұндағы әрбір қала халық тұруға қолайлы етіп салынған қамал және онда ерекше үлгідегі металлургиялық пештер жұмыс істеген. Арқайым қаласының орны Күн бейнелі дөңгелек пішінді және оның жоспары жоғарыдан қарағанда свастикаға келеді.12 А. Нарымбаева бұл еңбегінде осы кезге дейін жинақталған өте бай нақтылы ғылыми материалға терең талдау жасаған және Адамзат тарихындағы неолиттік революцияның Тұран жерінде, қазақтың Сарыарқасы төрінде жасалғаны туралы батыл қорытынды жасайды. Шынында да, осыдан 5000 жыл дай бұрын, Арқайым – Сынтасты мәдениеті салтанат құрған заманда Орталық Қазақстанда, тағы сол Сарыарқа төрінде кен қазып, металл қорытқан елді мекендер өте көп болғанын мына картадан көреміз13. Металлургия мен тау-кен ежелгі ескерткіштері. Орталық Қазақстан. Е.Е. Кузьмина бойынша Және біздің Елорданың осындай металл қорытқан өркениетті өңірде орналасқаны да ерекше нышанды белгі болмақ. Мұншама үлкен өңірді қамтыған кенді аймақта өндірілген металл Арқайым – Сынтасты мәдениетін тудырған жекелеген тайпалардың емес, қайта Д. Черчвард өз кітабында қадап тұрып айтқан Ұлы Ұйқұр империясы қажеттерін өтеген деп айту орынды сияқты. Себебі бұл ту расында Ә.Х. Марғұлан мынаны айтқан: «Г.Н. Шербаның есептеулері бойынша, Орталық Қазақстанның кен орын 11 Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. Алматы: Атамұра, 1994. 80-б. 12 Нарымбаева А.К. Аркаим – очаг мировой цивилизации, созданный прото тюрками. 2-е изд. Алматы, 2007. 476-б. 13 Нарымбаева А., 119-б.
дарында 10 млн тоннадай руда өндіріліп, одан 450 мың тонна мыс балқытылған»14. Бұл аз десеңіз, Орынбордың маңындағы Қарғалы қыраттарында ресейлік археолог тар мыстың бай, көне кен орындарын тауып, ол тура лы Е.Н. Черных кезінде «Қола дәуірі Қарғалыда бастау алған» деп жар салған. Осы өңірде 500 кен орнының ізін тапқан ресейлік зерттеушілер мынадай қорытынды жасаған: «2000 жыл бойына Қарғалыда шамамен 2-ден 5 млн тоннаға дейін кен өндірілген. Осы массадан шама мен 50–60 мыңнан 120–130 мың тоннаға дейін мөлшерде мыс қорытылған. Бұл цифрлар, әрине, қола дәуірі үшін өте-мөте шындыққа жанаспайтындай боп көрінуі мүмкін. Бірақ қолда бар деректер біздердің ескі көзқарастарымыз бен ойларымызды күл-талқан етуде»15. Осынша кең көлемдегі мысты қорытуға сұраным, сөз жоқ, Ұлы Ұйқұр империясы заманында қалыптасқан болуы тиіс. Бірақ Д. Черчвард Ұлы Ұйқұр империясы осыдан 10000 жылдай бұрын өзінің өмір сүруін толық тоқтатқан деген ой айтады16. Қалай дегенде де, Му өркениетінің тікелей мұрагері ретінде Д. Черчвард кітабында аталған Ұлы Ұйқұр империясы мен Арқайым – Сынтасты мәдениетінен (Тұран өркениетінен) қалған археологиялық материалдағы генетикалық байланыс белгілері өте көп. Бұл жөнінде А.Қ. Нарымбаеваның кітабында өте құнды және жаңа мазмұндағы деректер мол келтірілген. Сондықтан алдағы жылдарда Сарыарқа жерінде жүргізілетін археологиялық зерттеу жұмыстарына қаражат бөлуді күрт өсіру және табылған қазба материалдарын «Андроновтық деп аталатын мәдениет» үлгілеріне телуді, меншіктеуді доғару қажет. Ең бастысы – «Кен қазып, өндірістік деңгейде көп көлемде металл қорытқан Ұйқұр империясы ну қарағайлы ормандары сыңсыған Сарыарқа төрін жалаңаштаған» деген ортақ ойға ойысқанымыз дұрыс болар. 14 Марғұлан Х. Шығармалары. 2 т. Жезқазған – көне және ортағасырлық металлургияның орталығы (Милықұдық қалашығы). Алматы, 2001. 15 Черных Е. Эпоха бронзы начиналась в Каргалах// Знание – сила. 2000. №8. С. 46 – 57б. 16 Черчвард Д. 91-б.
ТОМИРИС? ТҰМАР? Жоқ, Тамаырыс шығар... немесе сақ-массагет ханшайымы Томирис туралы қисын Біздің дәуірімізге дейін 530 жылы болған сақтардың патшайымы Томирис (Геродоттың жазбасы бойынша) Иран патшасы Кирмен Арал (Көк) теңізінің Солтүстік шығысындағы жойқын шайқасы тарихи деректер мен Бо лат Жандарбековтың «Томирис» атты кітабынан да мәлім. Бұл сұрапыл айқаста парсылар 200 мың жауынгерлерінен айырылған. Бір қызығы, шайқас келісілген күні таңертең сақтар аяқ астынан қиқулап аймақты басына көтеріп, шапқылап жатқан жасақтардың бұл әдеті екенін біліп ке луге жұмсаған парсылық «олар қоян қуып жүр екен» депті. Кир селт етіп, ойға батып, жамандықты сезгендей халде қалады. Енді Геродоттың «Томирис» атты дерекнамасына көз салайық. ... Кир массагеттерді бағындырып алмақшы болды. Бұл массагет дегендеріміз, әрі көп, әрі ержүрек ел деседі. Олар күншығыста, Аракс (Бұл өзен Қап тауында екені белгілі) дариясының арғы жағында исседондар елімен шектес жер де жасайды. Кейбіреулер бұларды скифтерге қосады. Массагеттерді жесір қалған патшайым билеп тұрған-ды. Оны Томирис деп атайтын. Кир оған өзінің үйленгісі келетінін айтып, жаушы жіберді. Алайда, Томирис Кирдің ниеті үйлену емес, массагеттердің жерін иелену екенін түсінді. Сөйтіп, жаушыларды құр қайтарды. Қулығынан түк өнбеген Кир массагеттерге ашық шабуылға шықты. Әскерлерін да риядан өткізбек боп, Аракстің үстінен қалқыма көпірлер құруға, осы мақсатқа жегілетін кемелердің кермесінде мұнара-қамалдар тұрғызуға бұйрық берді. Жау әскерлері осы іспен шұғылданып жатқанда Томирис Кирге шапқыншы жіберіп былай дейді: «Мидия патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер, көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес іске ұмтылма, өз патшалығыңа өз әміріңді жүргізе бер, бізді күндеме. Бірақ сен айтқан тілді алармысың, бейбітшіліктен басқаның бәріне барсың ғой!
Ал енді массагеттердің жұртына қалай да шабуылдамақ болсаң, өзен үстінен көпір салып әуреленбе, жерімізге алаңсыз кіре бер! Біз болсақ сендерге жол босатып дария жағасынан үш күндік жерге шегініп кетеміз. Кезегі келген де сендер де өстерсіңдер. Онда біз сендердің жеріңде соғысамыз». Бұл хабарды алысымен Кир парсының игі жақсыларынан ақыл сұрайды. Кеңесшілердің бәрі Томиристің жасақ қолын өз жерінде күтуге ұйғарысты. Бірақ кеңеске қатысып отырған мидиялық Крез бұған келіспеді. «Әміршім! – деп сөз бастады ол: – Егер сен өзіңді елден ерек деп білсең, әскерлеріңді де солай деп ұқсаң, мен пікір айтып әуре болмай-ақ қояйын. Ал, егер сен өзіңді кәдімгі ажалды адам деп, әскерлеріңді де өзіңдей пенде лерден құралған қол деп есептесең, ең әуелі әрдайым бір адамның жолы бола бермейтінін ұғын. Егер сен жауды өз жеріңе енгізсең, оның өте-мөте қатерлі деп білемін. Жеңілген жағдайда бүткіл мемлекетің қараң қалады. Жауыңды жеңе қалған күнде оның өз жерінде жеңіске жеткеніңдей ол жалы болмайсың. Сонымен, ақылымды алсаңдар, өзеннен өтіп, жаудың шегінген жеріне дейін баса-көктеп барайық та мынадай айла жасайық. Өз қонысымызда көп қой сояйық та, аткөпір етіп ас-су әзірлейік. Әсіресе шарап жағы сереп болсын. Осының бәрін әзірлеп біткен соң орнымызда аз ғана қол қалдырып, дарияға қарай шегініп кетерміз. Менің байқауымша тау-төбе болып үйіліп тұрған тағамды көрген жау жағы өздері бұрын татып білмеген дәмге тарпа бас са лады. Ал, одан арғысы белгілі». Осылайша екі ұдай пікірді тыңдап алған Кир әуелгі ұсынысты тәрік етті де, Крездің пікірін қабыл алды. Сөйтіп, Томириске «Уәделі жеріне шегінсін, патшалығына кіремін» деп шапқыншы жіберді. Уәдесіне опалы Томирис айтқан жерінен табылды. Кир болса әскерлерін өзеннен өткізе бастады. Массагет жеріне кіргеннен кейін түнде Кир бір түс көрді. Патшаға Гистасп балаларының үлкені елес берді. Екі иығында екі қанаты бар секілді, бір қанаты Азияны, екінші
қанаты Еуропаны бүркеп тұрғандай. Ахамендер ұрпағынан тарайтын Арсаманның баласы Гистасптың тұңғышы ол кезде жасы жетпегендіктен жорыққа қатыстырылмай елде қалған жиырмалар шамасындағы Дарий болатын. Ояна келе Кир көрген түсінің мәніне ой жүгіртті. Патша мұны тегін емес деп жорыды. Артынша Гистаспты шақыртып алды да, екеуі оңаша қалған соң көзбе-көз отырып мы наны айтты. «Гистасп! Сенің ұлыңның маған және менің мемлекетіме қастандық ойлағаны ашылды. Бұл жағдай ай дан да анық, саған оны қайдан білгенімізді де айтып бере аламын. Оның екі иығында екі қанаты бар екен деймін, қанатының біреуі Азияны, екіншісі Еуропаны бүркеп тұр. Қалай дегенде де сенің тұңғышың менің өміріме қатер төндіріп тұрғаны даусыз. Сол себепті дереу Персияға қайттағы, мен мына жауды жеңіп, елге оралғанымша балаңды жауапқа дайындай бер». Кир бұлай еткенде Дарий өзіме қастандық ойластырып жүр деп топшылайды. Бірақ, шынында, тәңірі-пірлер осы түс арқылы патшаның ажалы осында, массагеттер жерінде жететінін, ал оның патшалығы Дарий қарамағына өтетінін аңғартпақ еді. Гистасп болса патшаға былай деп тіл қатты: «Әміршім! Сенің жаныңа жаулық ойлайтын парсылықтың тумай туа шөккені игі еді! Егер ондай жау туа қалған күнде ертерек өліп кеткені абзал-ды! Парсылықтардың басын азат қып, басқаларға салық төлейтін жұртты басқалардан алым алатын елге айналдырған бір сенің басыңа сая, дертіңе дауа бола алмасақ, біздің неміз адам?! Түсіңде көргендей, баламнан басыңа қауіп ойласаң – бердім соны қолыңа, құрбан ғып шал жолыңа?». Гистасп патшасына осылай деді де, дариядан әрі өтіп, баласын тұтқындап, Кирдің келуін күтіп отырмақ боп Персияға бет алды. Бұл екі арада Кир дарияның арғы жағында бір күншілік жол жүріп, Крездің дегенін істеді. Орнында аз-кем қосын қалдырып, негізгі жасағын дария жаққа әкетті. Шабуылға шыққан массагет сарбаздарының үштен бір бөлігі қосында қалғандардың қатты қарсыласқанына қарамастан, олар ды жусатып салды. Жеңіс желіктірген массагеттер жұртта қалған ішіп-жемге кірісті. Тоя тамақ жеп, шарап ішіп алған
олар ақырында ұйқыға бас қойды. Осы сәтті бағып тұрған парсылар бұларға тарпа бас салып, көбісін қырып жіберді, одан да көбін тұтқындады. Тұтқындар қатарында Томирис патшаның ұлы – массагеттердің қолбасшысы Спаргапиз де барды. Томирис өз сарбаздары мен сүйікті ұлының қасіретті хабарын алған соң Кирге шапқыншы жұмсап, былай дегізді: «Қанқой Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың, жүзім сабағының жемісін жегізіп барып пеңде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла-амалмен массагет қолының біразын набыт еткен сен ұлымды қайтарып бер де есенсауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, массагеттердің тәңірі иесі Күн атымен ант етіп айтамын, қаншама қанға тойым сыз болсаң да, сені адам қанына сусының қанғанша бір меймілдетермін!» Кир бірақ бұл сөзді құлаққа ілмеді. Ал, Томиристің ұлы Спаргапиз мастығы айыққан соң өзінің мүшкіл халін көріп, Кирден аяқ-қолын босатуды өтінді. Аяқтан кісен, қолдан қолатқы алынысымен ол өзін-өзі өлтірді. Томирис болса, Кирдің өзі айтқан ақылға тоқтамасын білді де, бар әскерін жиып алып, парсыларға қарсы шеру тартып шықты. Бұл бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жойқын шайқас болған көрінеді. Ол ұрыс-соғыстың бары сы жайлы менің білгенім мынау болды: әуелі қарсыластар алыстан бір-біріне жебелерін жаудырыпты. Қорамсақтары құр қалған олар қанжар алысып, қолма-қол шайқасыпты. Екі жағы да аянбай алысып, ұзақ ұрысыпты. Екі жақтың да шегінгісі келмепті. Ақыры массагеттер жеңіске жетті. Пар сылар түгел дерлік қырылып, бас-аяғы 29 жыл патшалық құрған Кирдің өзі де өліп тыныпты. Томириске келсек, ол шарап ашытатын месті адам қанына толтырып қойып, қырғын тапқан парсылардың арасынан Кирдің денесін іздестіріпті. Кирдің өлігі табылған соң, оның басын әлгі қан толы меске батырып тұрып: «Әйтеуір тірі жүрмін де месем, сені жеңіп шықтым демесем, жар дегендегі жалғыз ұлымды қулықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Берген сертімді берік ұстап, енді сені сусының
қанғанша адам қанына бөктіргеннен басқа амалым қалған жоқ», – депті. Кир патша біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылы, кей де ректерде 529 жылы ұлы сақ даласына ат басын тіреді17. Әлемдік тарихнамада да тұжырым осылай. Акаде мик В.В. Струве оқиға «Сырдарияның ортасында, Арал теңізінің маңында болған» деген тұжырым айтады. Геро дот айтқан теңізге құятын өзен – Аракс емес, Сырдария (Інжу, Яксарт) өзені. Басқадай пікір болуы сенімсіздеу. Өйткені «үш күншілік жерге шегіну Қаратаудың теріскейінен Созақ арқылы, Шу өңіріне дейінгі жазықты еске түсіреді. Вавилондық әулие уағызшы, тарихта Геродотқа қалай сен сек, оған да солай сенуге болатын Бероска сүйене отырып, «Кир патша Талас даласында (Даас) өз ажалын тапты»18 деген ойға иланғымыз келеді. 2000 жылдық дәуірімізде сақ патшайымы Томиристің (Геродоттың жазбасы бойынша) Кир қолымен шайқасып, оның басын кесіп қанға толған меске басын тыққан «Іздегенің қан еді, ал іш ендеше» деген тарихи сөзі көшпенділер тарихында мәңгілік қалды. Патшайымның сол сөзі күллі әлемге аян боп, ұрпақтан ұрпаққа өлмей жетті. Шындығында патшайымның есімі Геродот айтқандай Томирис болмауы да мүмкін ғой. Әлем халықтарында бірі «ш» әрпін айта алмаса, бірі «з» дыбысын пайдаланбайды. Ал гректер көбіне «ис» жалғауын пайдаланады. Біз де То мирис сөзінің дыбысталуына байланысты Томир-ТамарТұмар деп болжамдап, Тұмар атауын пайымдап жүрміз. «Тұмар» деген сөзді осыдан 2 мың жылдан әріде сақтар қолданды ма, жоқ па, ол беймәлім. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде», «Қазақ Совет Эн циклопедиясында» «Тұмар – араб сөзі, ішіне Құран аяты жазылған үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағаз, молдалардың ауырған кісіге ырым үшін жазып берген дұға-ішірткісі» делінген. Ия, Тұмар Құран сөзі болса, ол ислам діні кіргеннен кейінгі Құран аятынан алынған. 17 Жұртбаев Т. Дулыға. 169-б. 18 Струве В. 61-б.
Тұмар сөзі сырқатқа пайдаланатын діни ұғымнан ту ындаса, бұл ұғым Тәңірге табынатын сақ-массагеттерде неғып жүр? Шындығында тұмар сөзі араб сөзі емес. Даңқты бабамыз әл-Фараби екінші Аристотель атанып Бағдат пен Шамда жүргенде мойнына бойтұмар салып жүрген. Қайтыс болар алдында «мені жерлегенде, мына мойнымдағы тұмарды (ғұлама осылай атаған) алып ішіндегіні қабіріме тастаңдар», – дейді. Тұмар ішіндегі шөкімдей Қыпшақ даласының топырағы екен. Елді, жерді сүюдің нысаны ретінде Тұмар, бойтұмар сөзі Дешті Қыпшаққа, бүкіл қазақ жұртына тарап кетті. Естіген құлақта жазық жоқ. Геродот абыз Томирис деп атаса, естігенін қағазға түсірген. Байқап қарасаңыз, қазақ «Ырыс алды – қыз» дейді. Сонау Анахарсис заманында «Басқа пәле – тілден» деген мақал келе жатса, сақ патшайымы заманында да «Ырыс алды – қыз» деп айтылмағанына кім кепіл. Қадырғали Жалайыри шежіресінде: «Ала куа хатунның ері Дабун (фонетикалық дыбыс алмасу заңы бойынша) Табын тайпасының ежелгі атауы», деп жазған. Ал Рашид ад-Дин жылнамасында Енесай қырғыздары ішіндегі Бартубурун тайпасының бір тармағы тума (тума те) аталған. Бұл тумалардың Тама болуы мүмкін», – дейді Қызылорда университетінің профессоры Әнес Жақыпұлы. Сонымен қатар, профессор тарихи терминге жаңа көзқараспен қарауды ұсынған еді. Шынында Адай, Табын, Тама, Беріш қазақ құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Ресейлік мәдениет тануын да академик Лихачев Оңтүстік орыс даласындағы бертінде бұрмаланып, Тмутаркан делініп жүрген аймақ Тама тар хан хандығы екенін дәлелдеді. Демек, Тамалардың тарих сахнасында, Қазақ тарихында алар орны ерекше. Тама жері кейде Ақтөбе облысы, Сыр бойы делінсе, қайбірі қазіргі мекені бойынша Созақ, Сарысу, Сырдария өңірлері дейді. Ал Башқұрт елінің көпшілігі, Тама, Табын руларының ұрпағы екені мәлім. Қазақ дәстүрінде ел аузындағы белгілі адамдардың шын есімі алдында ру-тайпаның атауы (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Кете Жүсіп, Тарақты Ақселеу) қосарлана қолданылатынын ескерсек,
Геродот жазған Томирис Тама Ырыс болуы мүмкін. Бұл сөз айтыла келе Тамырыс-Томириске (Геродотша) айналуы шындыққа жақын. Геродотқа жеткізген грек болса, ол Тама Ырысты Томирис демегенде не дейді?! Қазақ қазірдің өзінде қыздарына Ырысжан, Ырыс, Ырысты, Ырысгүл деп ат қояды емес пе? Ұлттық ерекшелігімізді ұлықтағанымызды да ұмытпағанымыз абзал болар. Тарихтың дерек көздеріне жүгінсек, әлемдегі жеке тұлғалардың, тіпті тұтас бір елдің атауын әр халық әртүрлі атайды. Қарасаңыз, Еуропада біз айтып жүрген «неміс» де ген ел атауы жоқ қой. Біз білетін елдің отаны «Германия», халықтың атауы «Доитч» емес пе? Ал, моңғол деген халық ежелгі тарихта кездеспейді. Ол атау «мыңқол» мағынасын өз тілдік ерекшеліктеріне қарап, бұрмалап алған өзге ел саяхатшыларының топшылауы екені белгілі. Орыс саяхат шылары «мыңқол» деген атауды «монгол» дейді. Еділ ба тырды еуропалықтар Етил, Атил, Атилла демеді ме? Сондай-ақ Томирис, Тама Ырыс аталса, қай ілімге қайшы?! Жаңаша ойлансақ еді.
«КҮЗ. БҰЛТ. ЖЕР – СҰЛУ» АЙША БИБІ КҮМБЕЗІНДЕГІ ЖАЗУДАН Айша ару – махаббат атты ұлы сезім азбасын, ғашықтар сүйіспеншілігі тозбасын деп кейінгіге жеткен жаратушы иенің аманаты іспетті. Айша – жастықтың жайнап тұрған жауқазын шағында, сертке беріктігіне қол жеткізер сәтінде мерт болып, бақилыққа бибі болып аттанған асыл ару. Айша – қыз дәуренді қысқа өмірін ғашығына арнады. Айша – тұрлаусыз өмірдің тұрпайылығына жұмсақ мейірімімен арлы жүрегін қарсы қойған ұлы дала шырайы. Айша өмірден өтердегі арманды сәтінде «Күз. Бұлт. Жер – сұлу» деп ой түйген ұлы ару. ... Әкенің рұқсатын ала алмаған Айша таң елең-алаңда құрбыларымен бірге теріскейдегі Әулие ата уәлаятын бет ке алып, көш түзегелі екі аптадай болған. Мәуренахрдай жер жаннатын алысқа тастап, тамылжыған Түркібасы жеріне сары ала күздің арайлы сәскесінде келіп жеткен. Бұрын аяқ баспаған өңір болғанымен, табиғаттың мына тылсым сұлулығы оны баурап алды. Таудан сан-мың ақ моншақтарды толқынына іліп алып мөлдіреп аққан өзен суы оны ерекше мейіріммен қарсы алғандай еді. Өмір де ген сабақтастықтың айлары мен апталары, тіпті жылдары тоқтамай өте шыққанын еске алды. Кешегі өзі шыққан туған елінде батыр жігітті ұнатып серттескен, қол алысқан сәті есіне түсті. Шаттығын солғындатып, күлкісін көмескілендірген уақыт тезі тәкаппар жігіттің тұлғасын асқақтата түскен. Өз уайымы, өз өкініші – өзіне бал. Бұл да бастан кешкен бір өмір орамы деп ұққан. Уақыт парақтарын аудара оты рып, жүрек-жарды ойын әкесіне айтқан. Бірақ қарт әмірші қызының мұнысына ықырар болмаған. Алайда, ғашықтық қайғысы мен серттескен сезім Айшаны атқа мінгізген. «Күз.
Бұлт. Жер – сұлу», – деді ол өзіне-өзі. Түркібасы елі тура лы естігені болмаса, бұған дейін көрмеген ару табиғаттың мына жомарт сұлулығына көңілі көншігендей сәл жымиды. Тау өзенінің жағасынан оңтайлы жер іздеп, аялдауға әмір еткен. Түс әлеті таянған шақ-ты. Тау самалы есіп тұрған сары күз жаймашуақ жылылығымен баурап, жүрек емін суға шомылумен дауалағысы келді. Бақытына тілектес қыздар Айша арудың меселін қайтармай суға беттеді, сусылдаған ақ жібек іш көйлек киген қыздар қауымы осы кез өзен бетіндегі аққуларды елестеткендей еді. Әр сұлудың ішкі арманы өзінде. Сезімдерін іркер емес. Өзенмен де, жағалай тізілген ағашпен де үндескендей Айша ару су там шыларынан жұлдыз шашып ізгілік ниетінің жай табуын, пәк көңілмен бақ құсы қонса екен басыма деп тіледі жарату шыдан. «Киелі құстың мекені тауда деуші еді, тау өзенінің мөлдір тамшылары куә болсын» деген тағы да өзегі өртеніп, күйгеніне өкінбей, сүйгеніне жетуге асықты. Зайырын да махаббаттан тәтті не бар. «Бұл ғасырдан неше ғасыр бұрын да ғашықтар қауышқан, біріне-бірі ернін тосқан. Шын сезімдер қай кезде де шырайлы. «Сүйген емес, сүйе алмаған – жазалы» дейтін ақындар. Сүйе алғаныма бақыттымын. Сүйгендерін сүйгендер тапса мәңгі», – деді ол ой тұңғиығына түсіп. Айша ару осы көркем ойымен шалқыта әсерленгенде, таяқ тастам жердегі Әулиеатада сүйіктісімен қауышпаймын деп ойлаған жоқ еді. Ол ұлы жүрек тілінде сөйлеген. Жағаға шығуға беттеген қыздар арасында Айша ерекше балбыраған көңілмен киімдеріне беттеді. Сапарға шығардағы жеңіл киімдерін киді де, Әулие кентіне сәукелемен баруды жөн көрді. Иіліп барып алды да, сәукелені басы на кие бергенде, Айшаның ащы шыңғырған даусы шықты. Тау жаңғырып, Айшамен бірге шырылдағандай арудың үні Түркібасы өңірін мұңға батырды. Айшаның келе жатқанын мана Таразға келген хабар шыдан естіген Қарахан келгенде, Айша талықсып кет кен еді. Сәукеле жерге түсті. Ештеңе болмағандай қара шұбар дала жыланы жазықта ирелендеп бара жатты.
Қарахан Айшаның басын сүйегенде ару: «Күз. Бұлт. Жер – сұлу», – деді де, мәңгілікке көз жұмды. «Түркібасы – Жер аруы екен» дегісі келді ме екен. Әлде осы сұлулықты қаз қалпында қабылдап, келер ұрпақ Түркібасын жерұйық мекен деп қабылдасын деп айтпақ болды ма артында қалғандарға. Қарахан Тараздан молданы шақыртып, Айша қызбен некесін қидырды. Пәк Айша Түркібасына қыз боп келіп, бақидың есігін Бибі болып ашты. Батыр ғашығының денесін көз жұмған орнында Жер ана мейіріміне табыстады. Айша бибі – шамамен ХІ–ХІІ ғасырда өмір сүрген Мауренахр аруы. Әкесі осы өңірдің беделді тұлғаларының бірі Айғожа есімді ірі тұлға болатын. Осы елге сапарлай кел ген Тараздың Қараханымен жүздесіп, Айша мен батыр бірін-бірі ұнатып, серт байласқан. Алайда елін тұтқиылдан жау шапқанын естіген бозбала жедел Әулиеата жеріне ат танады. Уәделі кезде хабар жетпегеніне алаңдаған Айша ару күйеу жігіттің еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп, ақ батаңызды алып қосылармыз деп әкесінен рұқсат сұраған. Бірақ әкесі келісімін бермеді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша 40 қыз нөкерін ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанған болатын. Ел шетіне таянған Айшаның мына тағдыры Қараханның қабырғасын қайыстырды. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік әрі адал Айшаның қабірі басында әйгілі Айша бибі күмбезін тұрғызды. Қазір сіз бен біз тамсанып, көріп жүрген Айша бибі кесенесі Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылында бой түзеген. Мың жылдан бері сан ұрпақ құдірет тұтып, әулие орын санаған бұл күмбез – ежелгі за ман көзі, мұңлы махаббат ескерткіші. Бұл өмірге кім келіп, кім кетпеген? Мына қоршаған ортада табиғат қаншама рет қайта көктеген? Халық жадында жасампаз сүйіспеншілік пен сезім тазалығының асыл бейнесі де осы Айша бибі бейнесі іспетті. ... Тараз қаласының батысында Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қараханның қабірі
басына орнатылған күмбез бар. Демек, Қараханның тарих та болғаны ақиқат. Айша бибі тағдыры, шарапатты Қарахан өмірі бүгінгі ұрпақка ой тастаса игі. Ұға алсақ, өмір жалғасып барады. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Күләш Ахметова дәуірлер сабақтастығын «Айша бибі» атты өлеңінде ғажап түйіндегендей: АЙШАБИБІ «Күз. Бұлт. Жер – сұлу» күмбездегі жазудан Күмбезін көріп анамыз Айша бибінің, Көзіме жас кеп, кеудеме толды күй бүгін. Сақтай алмаспыз бастапқы таза қалпында, Хас шебердің қалдырған қымбат сыйлығын. Өрнекке қара өмірмен бүкіл өрілген, Топырақ, мықты екен ғой тіпті темірден. Қымызға илеп, қыл қосып құйып, қыздырған Қыштарды қатал уақыт қалай кемірген. Жер сұлу – күзде. Күздегі бұлттар тым кезбе. Күздегі тірлік, күздегі көңіл мүлде өзге. Бітпейтін мұң мен сағыныш, талант бірлігі Биіктік берген, сұлулық берген күмбезге. Жасайды даңққа бөленіп бөлек өрнектер, Бас иер әлі қаншама ұрпақ, әулеттер. Әйелдің атын қалдырды мәңгі – Өз атын Қалдырмай кеткен қарапайым бір сәулеткер. Өткізді ме екен осында ол көктем, жазын да, Өнер ғой майдай сазды дәл тауып қазу да. Өнер ғой оны құю да, бірақ, шынында, Өнердің нағыз көкесі анау жазуда. Шеберлігі үшін таласпаймын да ұстамен, Тереңдігі үшін бас ием осы тұста мен. Ақындық, қандай мұндағы: «Күз. Бұлт. Жер – сұлу». Оқыған емеспін осыдан жақсы қысқа өлең.
Өміршең өлең. Не деген мықты ең, шынайы ең! Шынайылыққа табынар әлі құлай ел. Өмірдің қысқа. Өнердің ұзақ екенін Ұрпақтарына ұқтырар осы ұлы әйел. Әйелдің әнін қорғауға әр кез даярмын. Мәніне қара қайсыбір жырдың, қай әннің. Айшаға күмбез орнатқан ел ғой, туғызған – Бейнесін асыл Жібек пенен Баянның. Күмбезге қарап, тумайды қалай шалқыма, Ерлік пе, әлде елімнің үлгі салты ма? Айтайын алғыс атынан бүкіл әйелдің, Әйелге тозбас ескерткіш қойған халқыма. Халқы аялаған Айша бибі есімі үшінші мыңжылдыққа да қадам басты. Махаббатты мұң баспасын, ұрпақ сабақтастығы үзілмесін деп тілейік. АҚБИКЕШ – АЛАШТЫҢ ҚАЛҚАНЫ МЕН ҚАЛҚАСЫ Алаштың алтын арқауы «Қаратау қазақ тауының атасы, тарихың Қаратаудан басталады» деп ұлы Тұранның дуалы ауыз бабалары ай тып кеткендей, Арқа мен Сырдың ортасында көлбей құлаған қазақтың қара шаңырағы Қаратау ұлы дала ұландары үшін киелі мекен. Мық шегедей даланың теріскейі мен түстігінің бел ортасына қағылған Тәңір тауы қай кезде де ұланғайыр даланы мекендеген сан ұрпақтың атажұрты, айбары. Ұлытау – жерұйық өлке болса, Қаратау – қазақтың алтын бесігі, ықылым заманнан ұрпақтар сабақтастығының куәсі болған қара шаңырақ. Қазақи шежіре бұл таудың аты түсіне қарай емес, қазақ деген ұланның кемпір-шалы қалған ең
үлкен үй, үлкен шаңырақ деген ұғымды берсе керек. Қара сөзі қаралы деген ойды бермей ме деген сауал тууы мүмкін, бірақ «халық айтса қалып айтпайды» дегендей, жүйелі сөзге жүгінген артық болмайды. Көнекөз Тараздан түйілген жұдырықтың бас бармағындай батысқа көш түзеген тарлан таудың өн бойында не көп – аңыз көп, батыр ұл-қыздары жайлы жыр да жетерлік. Бұрынғы қазақ сол ел бастаған жаужүрек ұлы мен қызына кейінгіге сес болсын, бақилық болған бабалары мен аналарына бас ие жүрсін деп оларға зәулім ескерткіштер де қоя білген. Сауалдан туған сыр Бала көңіл қашан да білуге құштар. Немерем Нұрқат кәрі тарлан Қаратау жотасы етегіндегі «Еңбекші» ауылы нан шыға бере көзге шалынған төбе мен күн мүжіген ескі қорған қабырғаларын көргенде-ақ бұл не, ол кім деген сауалдарды қарша боратты. – Мына тау – қай тау, ата?– деген іргедегі жотаны нұсқап. – Ол, Шәулімше. Ертеде бұл жерде жемісін жер астына салатын, жеуге болатын шәулімше деген өсімдік мол өскен соң осылай қойған. – Мыңбұлақ деп неге атаған? – Бұл жерде бұлақ көзі қайнарлар көп болған. Онан соң Қаратаудан аққан көктемгі тасқын су осы ойпатқа жиналып, жазда бөлек-бөлек көлшікке айналған. Мұнда Сығанақтағы хандар демалғандықтан кейде «Хан жайлауы» деп те ай тылады. Осы сәт Балтабек: – Егеулі мен Дарбазаға да келдік, – деген. Біз көлікті кідіртіп, Егеулі әулие бұлағынан су іштік. Немерем тағы сұрақтың астына алды. – Неге «Егеулі», «Дарбаза» аталған? – Анау еңістегі қызыл төбешіктерді көріп тұрсың ба? Мына аяғыңның астындағы домалақ тастарға қарашы! Неге ұқсайды? Иә, қауын-қарбыздан айнымайды. Жаугершілікте диқан ата Егеулі әулие мына байлық жау қолына түспесін
деп анау төмендегі бидай мен мына қауын-қарбызға – «Тас бол» десе керек. Содан тас болып қалған. Ал мына Дар база аты айтып тұрғандай екі таудың ортасынан өтетін жалғыз жол. Жер жағдайын біле білмеген қалмақтарды қазақтар жота үстіне жасырынып, дарбазадан өтіп бара жатқанда қырып салса керек. Содан бері Дарбаза аталады дейтін бұрынғылар. – Неге «Ақбикеш?» – Ол былай. ... Қаратаудың ұзына бойындағы ескерткіштердің бірі де бірегейі – Сыр өзенінің теріскейіндегі Қарашық тауы тұсындағы найза шыңды «Ақсүмбе» (бір кездегі атауы Хендахор) маңындағы жотада алыстан мен мұндалап тұратын «Ақбикеш» мұнарасы. Өзге жұртқа ұзатылып келін боп түскен жеңгелер қайын жұртындағы сұлуларын «би кеш» деп атайтынын еске алсақ, тектіліктің тылсым тас тұғырындай әсер етері сөзсіз. Осы бір қасиетті өлкенің ақ сәукелесіндей көрінетін «Ақбикеш» мұнарасы ма, әлде «Ақсүмбе» мұнарасы ма – алғаш аталған қайсысы екені бізге беймәлім. Бірақ бұл аймақтың да ақтандақ тарихы тереңнен сыр шертеді. ...1254 жылы Шыңғыс ханның шаңдатқан шапқыншылығынан кейін Кіші Армения патшасы Тетум Қарақорымдағы Мөңке ханға барарда осы даланы басып өтіп, Ұлы Жібек жолының теріскейіндегі Созақ өлкесінде 4 қаланы көргенін жазады. Олар Құмкент (сол кезде Қойкент), Шолаққорған (Ұрасоған), Созақ (Хұзақ) және Ақсүмбе (Хенда хор) қалалары еді. Міне, осы тұста мұнара ежелгі атынан айырылып, моңғолша «Ақсуме», «Ақ сағым» деген атау алғанын тарих дәлелдейді. Ал қазақ болса найзаның ұшын «сүмбе» деп атаған ғой. Бұл мекенге Ақсақ Темір де ат басын тіреген. Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафарнама» атты еңбегінде Темірдің Ақсүмбеде шатыр тігіп, түнеп шыққаны айтылған. Мұндай дерек Хафиз Таныш бин Мір Мұхамед әл-Бұқардың «Абдолланама» атты кітабында да бар. Бұл кітаптан қазақтардың Созақ қаласы үшін соғысқанынан хабардар боласыз.
Ақбикеш (Ақсүмбе) тау өркешінен теріскейге құлаған өзен аңғарынан шыға берістегі 200 м биіктіктегі тау жота сына тұрғызылған. Мұнара кезінде қарауыл төбе ретінде пайдаланылған. Есігі шығыс жақтан ашылса, мұнарада бірнеше жаққа қарайтын терезе тесіктер қалдырылған. Мұнараға көтерілетін бұрандалы тепкішек жол бар. Мұнарадан көз салсаңыз 40–50 шақырымды шола аласыз. ... Қаратауға Сыр өзенінің Шиелі кенті тұсынан қарар болсаңыз, Қаратау тұтас жотасымен бүкіл өлкені солтүстік суық желінен сақтап, құшағына алғандай әсер аласыз. Шындығында кенттен шығыс теріскейге қарай 30–35 шақырым шықсаңыз, өңменіңнен өтетін бет қаратпас желге тап боласыз. Ал бұл кезде Шиеліде ұлпа қар төпелеп, да мылсыз ұрып тұрады. Кешеге дейін алыстан көкшіл мұнар көмкерген тау жотасынан өту мүмкін еместей сезінетінбіз. Тау артта қалған сәтте майда шоқылардан соң атақты «Майшы сазы» алдыңнан шығады дегенге де жүрек шіркін сене қоймайтын. Майшыдан шығысқа қарай 20–30 шақырымдай қашықтықта Ақсүмбе шыңы, Ақбикеш мұнарасы көз тарта ды. Ол елді мекен Сұлтанбек Қожановтың ауылы дегенді талай естігенбіз. Бірақ қазіргі қазақта бір әдет бар, аудан көлемінен «өзге жердегі» мәдени мұра өзіне де ортақ, ол жат ел емес, тұтас елдің мұрасы-ау деген ой кемшін. Іргеміздегі Сығанақ та, мына Ақбикеш те, тіпті сонау Сау ран да бөтендегі тарихи қазына тәрізді. Әсерлі сөзден туған құмарлық бір топ қауымды Қаратау асып, Ақсүмбеге жолға шығуға қамшы болған еді. Шаруашылықтың белді шопаны Амангелді Төленовтің отбасында болған соң, күн ысымай Ақбикешке жол тарттық. Сонау түстіктен жота үстіндегі Ақбикеш мұнарасына түскен күн сәулесінен төменде тұрған бізге Ақбикеш мұнарасы аппақ ақ сәукеле киіп тұрғандай көрінді. Әудем жерде тарихи мекен Ақсүмбе. Ежелгі тарихы мен жаңа тарихын да пайымдауға біздің білімсіздігіміз кедергі болғандай. Ауыл тұрғындарының айтуынша, Ақбикеш туралы әртүрлі аңыз бар. Мұнараның қам кесектен салынғаны көзге ұрып тұр. Жергілікті халық балшықты сүтке илеп, жылқының қылын
қосып тұрғызған дейді мұнараны. Теріскейге қараған біздерге бірнеше шақырымдағы көз жетер жердегі қозғалған, қозғалмаған нәрсе түгел көрінді. Көз ұшында шаң бұрқ ете қалғанда қасымдағы Балтабек Сыздықов: «Оһ, киік қашты», – деген. Киік қауіпті кенет сезсе, артқы аяғын тіреп топырақты бұрқ еткізеді де, желмен жарыса жөнейтіні ақиқат. Мұнарада тұрып шығыс түстік бағытқа қарасаңыз Келіншектау мен Мыңжылқы биігі, анау сайдан «Қалмаққырған» деген алқаптарды байқайсыз. Бір кезде, кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында Қаратаудың өн бойын қалмақтар жайлап тұрыпты. Осы маңайда таудан аққан өзенше әлі күнге «Дарбыт» аталады екен. Ал ол қалмақтың «Дүрбіт» тайпасының аты екені мәлім. За манында жамағаттың жадында қалған ақиқат оқиға ұрпақ ауысқан соң аңызға айнала бастайды. Хендахор, Ақсүмбе атаулары ХІІІ–ХV ғасырлардан қалса, Ақбикеш қалмақтар билеген тар жол, тайғақ кешкен заманның дала аруына арналған мұнара-мазары болар деген пікір де жоқ емес. Бірақ тарихта Ақбикеш мұнарасы ХІV ғасырдан белгілі. Темірдің соғыс жорығын жазған Шараф-ад-Дин Иаздидің айтуынша XIV ғасырда Ақбикеш осы орнында болған. «Темірдің қолы, – дейді Шараф-ад-дин, – Отырарға келген де Темір бірнеше кісіні Қаратауға жіберіп Әділшені іздетті. Оны Ақсүмбеде ұстап басын кеседі. Ақсүмбе (Ақбикеш) – Қарашық тауының биік жотасында сорайып тұрған мұнара». Аңыздан ақиқатқа Иә, Ақсүмбе – Ақбикеш оқиғалары туралы ел аузында әңгімелер көп-ақ. Соның бірін ауыл тұрғыны бізге былай деп жеткізді: «Көне ғасыр ма, мыңжылдық па, ертеде қазақта бір байдың сұлу қызы болыпты. Ғашық болып қосыла алмаған бозбала батыр аңсаған аруы өлген соң қырық жыл ел кезіп, қайыр тілеп, тапқан табысына осы күмбез бекетті салдырып, сүйегі осында қойылған», – дейді. Енді бір қисында Ақбикеш алшын руының батыр да көрікті аруы
болған. Ағасымен бірге елге жау тисе, бес қаруын асынып, атажұртты қорғаған жүрек жұтқан бойжеткен екен. Бір жан беріп, жан алысқан шайқаста Ақбикеш жау қолынан мерт болып, осы төбеге жерленген дейді. Ақбикеш қарауыл төбеден қас қақпай әлі де солтүстіктегі Шу даласына қарап тұр. Қалмақтар келген тұс, жау қолының дүбірі осы тұстан естілгендей сақ тұр. Ал Хендақор, Ақсүмбе деген қала жоқ. Ақсүмбе атты ауыл ғана бар. Теріскейі, батысы мен шығысы ақ жазық. Түстігінде Қаратаудың көкке қол созған Ақсүмбе шыңы, Қаратау жо тасы. Біз Шиеліден шығарда Ақбикеш туралы тағы бір аңыз әңгіменің куәсі болған едік: – Ақбикеш осы қарауыл төбеде алыстан шалатын қыран көз ретінде жау жағын бақылап тұратын болған. Сонау Бетпақдаламен шектесетін алқапта шырпы мен қоянсүйек, жусан мен тапал жыңғылдан өзге ағаш атау лы жоқ. Боз топырақ қалың ат тұяғынан есіліп, шаң пай да болған сәтте қарауыл төбедегі Ақбикеш жаудың келе жатқанын төбе төсіне от жағып хабарлайды екен. Барлап қарасаңыз, өзіңіз білетін Сауран қаласының маңынан басталатын қарауыл төбелер тізбегі әр 15–20 шақырым сайын бой көтеріп, осы Созақ, Ақсүмбе аймағына дейін келеді. Бұл қауіпті жағдайды жедел хабарлаудың ежелден шығыстық тәсілі еді. Кезінде Қаратаудан Ұлы тауға дейін отпен белгі беретін осындай жеті мұнара тұрғызылған көрінеді. Тұтас сақталғаны – жалғыз осы «Ақбикеш» мұнарасы. Оңтүстіктен Шымкентке бара жатқанда Темірлан кентінің шығысында Ақсақ Темір үйдірген қарауыл төбені кездестірсеңіз, одан әрі Қараспан тауы маңында, Арыс өзенінің екінші бетінде Сырдан өтіп Шардараға бет алсаңыз, тағы да Қарауылтөбе алдыңыздан шығар еді. Түркістаннан Отырарға дейінгі алқапта да қарауыл төбелерді көруге болады. АқбикешАқсүмбе мұнарасының осы түстікті торлаған Қарауыл төбелермен қатысы жоқ деп кім айта алады. ... Ақбикеш жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде мұнараға шығып теріскейге, түстікке кезек-кезек көз са лады. Төніп тұрған қауіпті байқамаған ару төменге түсіп,
қажет болған кезде дайын тұрсын деген оймен шөпшек теріп, тамызық дайындаса керек. Мұнараға шығып қараса, жақындап қалған жау қолын байқайды да, төмен түсіп асығыс от қояды. Алайда, кеш хабарланған қалың ел қапы қалып жау тау қойнауы мен Ақсүмбе түбінде отырған елге бүйідей тиіп қырып салады. Жағылған оттар Сыр бойына, шығысқа жетіп, бүкіл ел хабарланғанша жау дегеніне жетіп, Ақбикеш осы шайқаста мерт болады. Ақбикештің сүйген жігіті жау қолынан қаза болған аруды осы Карауылтөбеге елді күзеткен қалпында тік тұрғызып жерлесе керек. Мұнараның қазіргі биіктігі 12 м, алғаш 26 м болған дейді білетіндер. Қаратаудың теріскейіндегі Ақбикеш тәрізді батыр да батыл аруларына асқақтаған ескерткіш қою – бабаларымыздың қызды ұлдан кем көрмегенін дәлелдегендей. Келер ұрпақ қапы қалып, бармағын тістемесін деп елі үшін құрбан болған болашақ ана, бойжеткеннің мазар-мұнарасын мұра ретінде қалдырса керек, қайран бабалар. Атақты археолог Кемел Ақышевқа: «Кемел аға, егер Ақбикеш мұнарасы құласа, не болар еді?» – деп сұрақ қойғанда, сол кісі: «Егер шырақтарым, Құдай оны басқа салмасын, онда бүкіл Дешті-Қыпшақ даласы құлазып қалады ғой», – деген екен. Небір заманды басынан өткізген далада бүгінгі егемен елге емірене қарап, туған далаңа қалқан бол дегендей, Ақбикеш – қазақ жеріндегі қасиетті де көне ескерткіш. СЫҒАНАҚ – ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ АЙЛАҒЫ Қазақстан жері сырлы шежірелерге бай. Сол шежірелерді баяндайтын ескерткіштер де баршылық. Сондықтан көріп-білгенімізден, естіп-түйгенімізден сыр шерткім келеді. Сыр төсінде көлбей жатқан Қаратау маңы – ата қоныс. Қазақ халқы тарихының бір беті де осы Қаратауға байланысты. Қаратауды әнге қоспаған қазақ жоқ. Осы өңірді ел ежел ден мекендеп, ата-бабамыз қолына семсер ұстап, тегеурінді жауға қарсы тұрғаны да белгілі. Өз игіліктеріне атышулы
қалалар да тұрғызған. Мал да баққан, егін де салған. Бірақ сол қалалар өзінің бүгінгі мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділері ғана қалған. Ал кейбіреулерінің көп қиындықтан кейін шешіле тіл қатқаны болмаса, көпшілігінде үнсіздік ба сым. Талай төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тари хымыз, сол ертедегі сәбилік дәуіріміздің құпиясын қойнына тығып, сіресіп жатыр. Соның бірі – Сығанақ қаласы. Х–ХVІ ғасырлар аралығында бой көрсеткен көне қалалардың бірі. Қазіргі қираған үйіндісін қоса есептегенде, жалпы көлемі 13 гектарға таяу. Қала 25 шақырым жердегі Сырдариядан тартылған «Түменарық» каналы арқылы сумен қамтамасыз етілген. Бұл канал – осы күннің өзінде де суландыру жүйесі. X ғасырда Сығанақ ғұндар тайпасының, ал XI ғасырдың екінші жартысында, әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйытқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің астанасы. Ал батыс қыпшақтарының астанасы – Еділ бойындағы Саксин деген қалада тұрды. Екі қалада да сауда-саттық, айырбас орыны болғаны тарихтан белгілі. «Араб саяхатшыларының айтуынша, – дейді тарих ғылымының докторы М. Ақынжанов, – Сығанақ қаласының базарында күніне 500–700 түйелік тоғанақ пұл заттары сатылған. Киев орыстары тұңғыш рет Қазақстан даласын да сауда-саттық қарым-қатынастарын осы Сығанақ, Сак син базарларында жүргізген. Мұнда үнділер, парсылар, әсіресе, араб купецтері көп кезігетін-ді». XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы қазақ даласының ойран-топырын шығарды. Соққыға ұшырағандардың бірі осы Сығанақ болды. Сығанақ 1219 жылы жеті күндік ерлік шайқастан соң, Жошы жиһангерлерінің бөлісіне түсті. Бұл дүбірден көпке дейін, тіпті ХVІ ғасырдың ортасына дерлік бауырын жаза алмады. Тек осы жүзжылдықтың екінші жартысында Ақорда хандығының орталығы болды. ХV ғасырда өзбек хандығының қол астында, ХVІ ғасырдан қазақ хандығының иелігінде келген. Сығанақ қаласының өрлеу дәуірі ХІV–ХVІ ғасырлардың аралығы. Бұл кезеңде қалада теңге соғылып, күйдірген кірпіштен медіресе, мешіт, мавзолейлер салынған. Сол
кірпіштер күні бүгінге дейін кеңшар құдықтарын шеген деуге кәдеге асып жүр. Осы айтылғандардан-ақ Сығанақ қаласының өткенін зерттеп білу қазақ тарихына зор дерек берері сөзсіз. Медіресе, мешіт салынған қалада қалайша кітапхана болмады екен? 1000–1100 жылдық тарихы бар қаланың қойны бос жатуы мүмкін емес. Марқұм Қалмақан Әбдіқадыров бір сөзінде: «Ол кезде мен бала едім. Қаланың шығыс жағында үлкен қақпаның зор қабырғасы болушы еді. Жан-жағында үңірейген апан дар бар болатын. Бірде сол апандардың (мола болса ке рек) ішінен ашылған күйі жатқан кітапшаны байқадым, бірақ бізді «шырақшы» қуып жіберіп еді. Кейін іздеп барғанымда таба алмай қалдым», – деген еді. Осыған қарағанда бұл сөзді тегіннен-тегін айтпаған болар. Шиелі төңірегінде қала да мол, олар туралы аңыз да көп. Ол қалалар «Қызылтам», «Ақтөбе», «Бестам», «Балапантөбе», «Көккесене». Бір қызық жайт – Бестамда Сығанақ патшасымен бәсекелес хан тұрыпты. Халқына қатал болған көрінеді. Ол Сығанақ патшасынан секем алып, қарауылшыларына ар нап қолдан төбе үйгіздіріпті. Қазір «Жетімтөбе» аталатын төбе мен Бестам арасы 2–3 шақырым. 1897 жылы туған, бұрынғы тракторшы Төребаев Қожахметтің айтуынша, төбе мен қала арасы күйген кірпіш төселген ені 2м тро туармен жалғасқан сияқты. «1939–1940 жылы жер айдап жүргенімізде осы танаптан 30–40 сантиметр терендіктен кірпіш шыға берген еді», – дейді. Осы қаланың халқы бір түнде Сығанаққа өтіп кетіпті дейтін де аңыз бар. Сығанақ суды ұзындығы 20 шақырымнан астам ескі Түменарық жармасынан алды. Бұл ауданда бастауын өзімен аттас көлден алатын Бұзықұзақ жармасы пайда ланылды. Ол тасқын сумен толығып отыратын. Сығанақ маңындағы жерлердің бір бөлігі Мыңбұлақ, Шолақ, Арыстанды, Қызылтам тау-өзендерінің суымен суландырылды. Олар жүйеге келтіріліп, орталық жармаларға айналдырылды. Ол XI ғасырдан бастап қыпшақ мемлекетінің саяси мәдени және сауда орталығы болды. Сол ескі қаланың жерінде 1867 жылы П.И. Лерх, 1900–1907 жылы А.Н. Берн
штам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеу жүргізген. XII ғасырда ақын Ғиссамиддин әл Сығанақи: Болса тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жұмар едім қиналмай, – деп жазған. Сығанақты сол кездегі тарихшылар «Қыпшақ даласының айлағы» деп атаған. Өйткені ол тоғыз жолдың тора бында тұрған сауда өркендеген қала болды. Айналадағы көшпелі малшы халықтар мал өнімдерін осында сатып, өзіне керегін осы арадан алып отырған. Қалада су құбыры пайдаланылды. Айнала егін шаруашылығы күшті дамыды. Сығанақ туралы алғашқы дерек X ғасырда жазылған «Худад әл-алам» кітабында кездеседі. Моңғол шапқыншылығына дейін Хорезмшах Текештің қол астында болған. 1219–1220 жылдары Жошының әскеріне қатты қарсылық көрсеткен. Жеті күн толассыз қоршаудан кейін жау басып алып, халқын түгел қырып жіберген. XII ғасырдың екінші жартысында Ақ орданың орталығы болып, қайта жанданған. ХV ғасырдың 80 жылдарында оны қазақ ханы Мұрындық билеген. ХVІІІ ғасырға дейін дәуірлеген қаланың қазіргі орны Сунақата деп аталады. Қаланың негізгі орталығы – Қисар, көлемі 20 гектарға жуық бұрынғы шахристан мен қамал жоспарын сақтап қалған. Жекелеген аулалар бұрынғы рабад аумағына орналасқан. Тұрғын үйлерді оңтүстік және солтүстік қақпаларды қосып жататын үлкен көше кесіп өткен, батыс жақ қорған қақпасынан басталатын тағы бір құрылыстарды шағын және тұйық көшелер торабы бөліп жатқан. Жібек жолының бір тармағы Сырдария өзенінің бойымен Хорезмге шығып Каспий жағасындағы тайпалар ды, шығыс солтүстік тармағы Сығанақ арқылы Қаратаудың етегінен Сарысу, Кендірлі өзендері бойымен Ұлытау өңірін қамти отырып, Ырғыз, Жем алқабын аралай Ор, Жайық, Еділ арқылы Шығыс Еуропа елдеріне ұштасқан сауда жолы. Отырардан шыққан Жошының қолы 1219 жылы Сығанақ шаһарына келіп, оны қоршайды. Өзінің
қол астындағы мұсылман саудагері Хасан қожаны жіберіп, қала тұрғындарынан қарсылықсыз берілуді талап етеді. Сығанақтықтар Жошының өкілін моңғолдарға сатылғаны үшін жазалап өлтіреді де, қаланы қорғауға кіріседі. Шайқас бір апта күні-түні үздіксіз жүрді. Жошы қаланы әскер күшінің басымдылығын пайдаланып, әдіспен алды. Ол қала тұрғындарын қойша қырып, Хасан қожаның баласын әкім етіп тағайындады19. Ғасырлар бойы қыпшақ ұлысына астана, мәдениет орталығы болған, саудасы, базары үлкен, кең байтақ қаланың бірі – Сығанақ. Бұл қаланы бірінші рет тарихқа белгілі еткен X ғасырдың географы әл-Мақдиси. Осы ғалым Жетісу мен Сыр бойының қалаларын есіне түсіре келіп, өзінің атақты кітабында Тараз, Сұғанақ (Сығанақ) деп жаза ды. XI ғасырда Сығанақты еске түсірген – Махмұд Қашқари. Сол заманнан бері қарай ХV ғасырға дейін Сығанақ қыпшақ ұлысының астанасы болып келді. XII ғасырдан бастап исләм дінін қабыл етті. Араб жазушыларының айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған – бір ғана қыпшақ пен қаңлылар, оларды бірінен-бірін айырып болмайды. Сығанақ солардың астанасы. ХІV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті-Қыпшақ (Алтын орда) ұлысының ақша теңгелері басылып тұрды. Сығанақ ХV ғасырға дейін өмір сүрді. «Қасым, Едіге, Хақназар, Бұйдаш хандардың сүйегі Сығанақта жатыр», – дейді Әуелбек Қоңыратбаев. ХV ғасырда жарық көрген Рузбеханидің «МехманамеБұхара» кітабында Шейбани ханның атасы Әбілқайырдың сүйегі қаланың шығыс жағында жатыр деп жазылды. Бұл кітапта Шейбани тұқымдарының Сығанақта жерленетін болғаны көрсетілген. П. Лерх те мұнда өзбек, қазақ хандарының жерленгенін жазған. Белгілі тарихшы Му инаддин Натензидің айтуынша, Ақ орда ханы Ерзен Хан (1320–1344) Сығанақ қаласын зор күш жұмсап қайта қалпына келтірген. 1468 жылы Әбілхайыр өлген соң қазақ ұлысы күшейіп, Дешті Қыпшақтың барлық елі Жәнібек пен 19 Аспандияров С. Кунте – прошлое Казахстана в источниках и материалах. С. 44.
Керейге қосылды. Әбілқайырдан кейін олар Шудан қайыра Сыр бойына келіп, Сығанақ каласына орнығады. Осы ара да қазақ өзбектен бөлініп, тек «Қазақпыз» деп аталады20. Маржанидің баяндауынша, Қазақ тайпалары Сырдария, Арқа жерін мекен етіп, Сығанақ қаласын өзінің ұрпағына мұра етіп қалдырады21. Орта ғасырдағы Сығанақ қаласының саяси тіршілігін, мәдениетін, ұлан байтақ базарын, қала құрылысын, әдемі үйлерін толығырақ жазған ғалымдар Шарафуддим Иаз ди, Фазулулла ибн Рузби хани. Бұл ғалымның баяндауынша, «Сығанақ өлкесі – қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған бір жер. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл өлке тұтасынан көркейген бір өзгеше құрылыс. Оған себеп болған жерінің байлығы, елінің сыпайы, тату-тәтті тұруы. Бұл қала Дешті-Қыпшақтың шығар аузында, оның ерекшелігі қаласының байтақ шалқып жатқан бейнесі, елінің әр уақыт жақсы мінезде болуында. Сәулетті етіп салған бұл қаланың тұрғындары сондайлық көп, өздері әр уақыт қуанышта жүреді. Қаланың ба зарында күн сайын 500 түйеге артылған нәрселер кеш болғанша сатылып бітеді. Оның маңайы егін суару үшін жасалған арық, тоған. Бұл қалаға Арқадан (Дешті-Қыпшақ) Хажы-Тархан жағынан қаншама бай дүние келеді, олардың ішінде мыңдаған қой, топталған жылқы, түйе, тиыннан тігілген әдемі ішіктер, тондар, қарудан: садақтар, қайыңның бөзінен жасалған жебелер, жібек маталар, тағы басқа түрлі нәрселер бар. Сығанақ әрі бай болғандықтан оған Еділден, Каспий теңізінен, Қашқардан, Хотаннан, Мауреннаһрден қаптаған саудагерлер келіп, Дештінің халқына өзінің нәрселерін сатады. Жалпы айтқанда, Сығанақ көп елдің саудагерлері жиналып, көп жердің дүниесі келетін байтақ үлкен сауда орны». Өлеңмен Сығанақты суреттеген жерінде Рузбихан тағы былай деген: «Сығанақ – әдемі, жақсы қала, ДештіҚыпшақтың іргесі, оған Дешті-Қыпшақтың байлығы үсті20 Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. Инст. Востоковедения АН. Үз ССР.Ф 1490 л.л. 1730–740. 21 Мустафад әл-Ахбар.
үстіне келіп тұрады. Бұл көп ғалымдардың тұратын жері. «Нихайа» деген кітап осында жазылып шыққан. Оны жазу шы Хиса-Меддин әл Сығанақи 1310 жылы қайтыс болған. Ол кітаптың мазмұны Курха-Неддин Маргинани шығарған заң кітабы «Кашф зунуге» жазған талдау. Соңғы деректерде бұрын бұл қамсыз ел еді. «Ниһияны» құрастырған, «Хидаянм» зерлеген. «Ғұламалар мекені. Тағдыр жазса тағы да, Сығанақтық болар ек Сәби өмір бой көтерсе кезеңі» атты бұл шумақтың авторы, Хисам-ад-дин әл-Хусеин Сығанақи екенін нақты айтылуда. Ал, сығанақтық ақынның осы өлеңін А.Ю. Якубовский (1886–953 жж.) «Сығанақ қаласының жұқаналары» (1929 жыл) деген кітабына эпи граф етіп алған. Фаза Аллах ибн Рузбехани Исфаһани (оны кейде Маулана Исфаһани деп те атаған, 1518 жылы қайтыс болған) «Миһман нама ин Бұқара» кітабының (Бұқара лаш қонақтың жазбалары) біраз бөлігінде Сығанақ туралы жазған. С.П. Толстов өз кітабында эпиграф етіп алған өлең жол дары да осы Хисам-ад-дин әл-Хусеин ас Сығанақидікі бо луы мүмкін,22 деген ой айтады. Шығыстанушы ғалым Хи сам ад-дин Сығанақи 1310 жылы Халаб қаласында қайтыс болған», – дейді Ю.А. Якубовский23. Сығанақ қаласының бүгінге дейін келіп жеткен қорымы Сыр бойындағы Төменарық стансысынан солтүстікке қарай 19 шақырым жерде тұр. Сығанақты өткен ғасырда зерттеген ғалымдар А.О. Якубовский, С.П. Толстов, В.Бартольд, М.Веселовский, В.Каллаур, М.Кастанье, П.Лерх еді. Өзінің «Исторический обзор Туркестана» деген еңбегінде А.И. Мекшеев, «Древности на среднем и ниж нем течении по Сырдарье» атты еңбегінде Е.С. Смирнов та бұл ескерткішке байланысты мәліметтер келтірген. Сығанақ туралы деректер ресейлік Спасский жариялаған 22 Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жазбалары. Алматы, 1995. 23 Развалины Саганака.148–150-б.
«Книга большого чертежа» атты кітабында Сығанақ (ХVІ) Қаратаудың түстік бөктеріндегі қала екені жазылса, «Чер тежная книга Сибири» атты жинақта Сығанақ Сырдың оң жағындағы қала ретінде көрсетілген. Ал «Сунақ» атауын ең алғаш X ғасырдағы есімі белгісіз парсы саяхатшысының қолжазбасынан тапқан А. Якубовский болатын. М. Қашқари Сығанақты Оғыз еліндегі қала деп көрсеткен. Сығанаққа байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көптеген ғылыми тұжырымдар жасап, көзбен көріп, көңілге түйген жадынамаларын халық назарына ұсынған еңбектерден мысал келтіруге де болар еді, бірақ біз оны мақсат еткен жоқпыз. Бағдарымыз – жалпы халықтың тарихи сабақтастық арқауына орай біздің де Қазақтың ортақ тарихында, әлемдік өркениетте де өзіндік орнымыз бар екеніне танымдық деңгейде оқырмандарымыздың назарын аудару еді. Соны мен бірге хатқа түспесе де ауызекі айтылып жүрген аңыз әңгімелерді де ел игілігіне жарату болатын. Сығанақ тұсында қарт Қаратау атына сай қалың бұталы ағаштан да жалаңаш келеді. Бірақ осыдан 500–600 жыл дар бұрын біз көргендей көріксіз болмаған. «Косүйеңкі» маңында, шығыста көсіліп жатқан жерұйық өлке тау суынан молайып тұратын, жасанды көлдер қазірдің өзінде көздің жауын алады. Ескі заманда «Хан жайлауы» атанған жасыл белдік ханның аңшылық ететін орыны да болған. Теріскейінде Ақшидің, шығысында Шолақтың Дарбаза сы, теріскей шығысында Берікқара тауынан соққан са мал «Мыңбұлақтың» керімсал мекен екенін дәлелдейді. Аңызға қарағанда дәл осы тау суы мен жүздеген бұлақтар әрлеген жансая жайлауда Яссымен қосатын жер асты жол болған көрінеді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары бұл тура лы аудандық, облыстық, республикалық басылымдар жа рысып жазды. Ғалымдар, ақын жазушылар арнайы келіп қызықтады да. Бірақ ешкім таспен бекітілген кірер ауызды ашып, жер астына түсе қойған жоқ. Сырбай Мәуленов, Ақселеу Сейдімбеков, Жақау Дәуренбеков бір сапарла рында құпия жерасты жолын көріп, арнайы зерттеу керек деген тұжырымға келген еді. Алайда, Ғылым академия
сынан арнайы ат басын бұрған мамандар – бұл табиғат құбылысынан пайда болған қуыс деген уәжбен кері қайтты. Енді тарих ғылымының докторы, археолог-ғалым Мәдиар Елеуовтің қисынына назар салсақ: «Баршаның назарын, талай пікірлерге арқау болған тылсым орынды көрудің, мына Еңбекші ауылында өссем де, реті келмей жүруші еді. Сол жолы құрдастарымды ертіп, сыры белгісіз қуысқа түсуге тура келді. Алғаш ешкімнің батылы барма ды, төмен түсуге. Мен беліме арқан байлап, шағын ауыз дан қараңғы түнекке салбырап бара жаттым. Аяғым жерге тигенде, жоғарыдан түскен жарықтан үлкен өлі жыланның жатқанын байқадым. Меркіден, Шу, Мойынқұм, Сары су бағытында талай археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, небір оқыс оқиғалардың куәсі болған маған бұл онша әсер ете қойған жоқ. Көзім үйренген соң терең апанның батысында Бестамға қарайтын қабырғасынан қаланған кірпішті көріп, соны ала бастадым. Түркістан бағытында бір адам сиятын қабырғасы кірпішпен әдіптелген жер асты жолы жатты. Біраз жүріп көрдім. Қолдағы жағып алған алау от аздан кейін сөніп қалды. Қайта жаққанымда, самал соққандай болды. Мен енді ойланып, кері қайтқаным жөн дедім. Өйткені Шығыстың жер асты жолдарының жықпылының (лабиринт) көбісі тұйықталып қалады да, негізгі жолды тауып жүру оңайға түспейді. Одан әрі тыныс та тарыла бастады. Мен арнайы құралмен келіп, байыптап зерттеу керек деген тұжырымға келдім». Бұл археологтың сөзі. Мұндай жолдар қазылғанда, ол көпшіліктің көзінен таса кезде жүзеге асқан. Әр 50 не 100 метрден демалуға жеңіл болу үшін іші қуыс қамыс түтіктер қалдырылған. Олар да жай көзге байқала қоймайтын, қалың бұталардың арасынан шығарылған. Қамыс шірімейді, жа сырын түтік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ғалымның әңгімесіне құлақ қойсақ, «Табиғат мүсінші» деп кесімді пікір айту асығыстық. Оның үстіне кірпішті табиғат емес, адам жасайды ғой. Оның қалануы да табиғаттың ісі емес шығар. Жол Яссыға дейін жете ме, елде жол-жөнекей тысқа шығатын ауыздар бар ма? Бұл жол не үшін салынған? Бізге жеткен аңыздар да, осыдан
Бестамға дейін де жер асты жолы болған дейді. Хан жай лауынан құпия жер асты жолдың тұрғызылуы күмән тудыр маса керек. Тарихтан белгілі әйгілі хандарымыз жайлауға жайбарақат, еш нәрседен секем алмай, мұңсыз, мамыра жай жата бермеген болар. Әлдеқалай күн туа қалса қарақан бастарын қорғайтын амал іздеуі де мүмкін ғой... Бірер сөз Сығанақ шаһарында болған тәмсіл аңыз туралы. Есте жоқ ескі заманның бірінде Сығанақтың жас ханы өзінің сүйіктісіне құралайды көзден ататын мер ген екенін айшықтағысы келіп, ханшайымды аңға ала шығыпты. Нөкерлерімен қызық қуған хан аң-құс атудың не бір тәсілдерін айғақтай өзіне дән риза болса керек. Қай түз тағысын, ұшқан құсты қалай түсіргенін айтып мақтаныш сезімде отырған сәтте ханшаға: – Қалай, менің мергендігіме құштар болдың ба, сүйіктім, – дейді. Хан сұлуы: –Хан ием, бұл машықтық ғана ғой, – десе керек. Ханшаның көңілі болыңқырамай, жай ғана машықтық дегеніне шамданған хан бұлқан-талқан ашуланып, сарайға келген бетте әйелін төркініне жіберіпті. ... Күндер өте берді. Алайда, жас сұлудан айыры лып жалғыз қалған ханның көңілінің қошы болмай асқа тәбеті шаппай, аңға да шықпай өлместің күнін кешіпті. Қаратаудың қоңыр салқынына кеудесін тосып, әрі-сәрі отырған ханның құлағына үздік-үздік шыққан сыбызғы үні келеді. «Қайда естіген әуен! Жүрек қылын шертер неткен нәзік ән!». Сыбызғы бірте-бірте жақындап, анық естіле бастайды. Есіне енді түсті. Бұл сүйікті жары, кешегі ашудың құрбаны болған сұлудың сыбызғыда ойнайтын сазы ғой! – Шақырт сыбызғышыны! Есіктен жалбыр шаш, жас бала келе жатады. – Сен мына әуенді қайдан естідің? – депті хан салған жерден. – Кім орындады бұл әнді?! – Тақсыр, орындаушысын көргенім жоқ. – Бірақ Яссыдағы бір үйден осы әуенді жиі естимін, – депті бала. ... Яссыда бір айдай ару пайда болыпты. Пәк сұлу: «Кімде-кім там басына өгізшені көтеріп шығарып, қайта
түссе соған тұрмысқа шығамын» деп жар салған көрінеді. Бұл хабардың хан құлағына жеткеніне біраз болған. Арыны басылмаған асау жүрек ханды жолға шығуға мәжбүр етіпті. Хас сұлуы Яссыға келгеннен кейін жаңа ғана дүниеге келген жас бұзауды күніне үш рет таңертең, түсте, кешке саты арқылы там басына шығарып түсіре береді. Бір жыл, екі, үш! Күнделікті әдет, үзбей жасалған жаттығу бұзау өгізше болғанда да жоғары шығарып түсіру сұлуға қиынға түспепті. Бірде көшедегі сыбызғышы баланы шақырып алып, өзінің сүйікті әуенін үйретіп хан естісе, келер деген оймен оны Сығанаққа жібереді. ... Яссыға келген хан өгізшені көтеріп там төбесіне шығарып, қайта түсіретін балуан қызға тартса керек. Бетіне перде тұтқан сұлу Ханға өгізшені көтеріп, түсіріп, көрсетеді де: «Кәне! Сізді көрейік! Бастаңыз» деп ишарат білдіреді. Қара күшіне, баһадүрлігіне сенген хан, қыз көрсеткендей өгізшенің астынан келіп, жауырынына салып сатының бірінші, екінші басқышына көтеріліп. әрі қарай бара алмай ды. Намысқа тырысып, екі-үш рет қайталағанмен, шарт үдесінен шыға алмапты. Осы кезде бет пердесін ашып жіберген қыпшақ қызы: «Көрдіңіз бе, хан ием! Бұл да машықтық! Мен мұны дәлелдеу үшін мына бұзауды күнде өгізше болғанға дейін үзіліссіз жоғары көтеріп түсіруге машықтандым. Нәтижесі осы», – депті ханға. Уәжден жеңілген хан арудың ақылына бас иіп, Сығанаққа бірге ора лыпты. Аңыз осылай дейді. Мүмкін бұл мына шындықтың негізі шығар. Жошының жойқын күші қалаға шабуыл жасағанда ерлермен бірге әйелдер де сұрапыл шайқастарда ерлік көрсеткен. Осындай бір шайқаста ерлік жасаған Ламумбара Иақық қызының көрсеткен батырлығы жайлы оның қабірінің құлпы тасына жазып қалдырган. «Онда Ламумбара Иақық қызы асқан батырлық көрсетіп, найзаның ұшынан опат болған» деп жазылған. Ол Түркістан қаласы мұражайында өзге ескерткіштердің қатарында сақтаулы тұр дейді нақты деректер. Сан ғасыр қыпшақ даласының айлағы атанған Сығанақтың тарихы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен
тығыз байланысты болды. Бірақ оның қай кезде халқынан ада, қаңырап бос қалғаны беймәлім. Дештінің ұлық қалаларының бірі жоғарыда аты аталған хандардың ордасы болған Сығанақта шығыс қалаларына тән жер асты құпия жолдары болмады деу артық болар. 1500 жылдық тарихы бар Сығанақ шаһарының біз, тек үйінді төбесін ғана көріп отырғанымыз болмаса, Дешті-қыпшақ тарихында оның алатын орны бөлек. Көк тіреген күмбезі жоқ болғанмен күмбезді Бұқара, Самарқанмен терезесі тең, алайда қазақтың өз тарихы тәрізді зерттеушісін күтіп жатыр. ШЫНДЫҒЫ ҚҰПИЯ ШЫҢҒЫСХАН 1206 жылы Ұлы дала империясының негізін қалаған Темірші қаған болып жарияланғалы бергі 800 жылда оның тегі, алып мемлекетінің негізі, өз басының қадір-қасиеті жайлы сан түрлі қисындар тарихқа келді. Біреулер хан қанішер, жауыз, кекшіл жарты әлемді зар жылатқан қатыгез билеуші десе, енді бірі ол ақылды, дүние танымы мол, зе рек, мәмлегерлікті пір тұтқан көсем, басып алған елінің діні мен діліне көз алартпаған тұлға ретінде таниды. Ақиқатқа жүгінсек, «данышпан батыс» Македонскийді, Напалеонды, Цезарь мен Ганнибалды ұлы әскери қолбасшылар ретінде атайды. Ал, неге бүкіл Еуропа ны дегеніне көндірген, Моңғол империясын құрған, «Ал тын орданың» іргетасында аялы алақанның табы қалған Шыңғысханды мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы деп атамаймыз. Бұл жерде белгілі бір елдің тарихшысы не кезбе саяхатшысы еліне тізесін батырған өзге халықтың өкілдері туралы өз елінің сол кездегі саясаты тұрғысында қалам сілтеген. Оның үстіне Шығыстан Батысқа қай кез де болмасын тізгін жіберген Шалқар дала шабандозда ры басқыншы, варвар ретінде көрсетіліп келген. Тіпті, бергі кездегінің өзінде тарихи шындықты айтқысы келген
Қара Даван Савицкий, Лев Гумилев тәрізді ғұламалардың қуғынға ұшырағаны мәлім. Шыңғысхан мен оның әулетінің түр-тұлғасы моңғолдардан өзгеше еді деп жазады тарихи шежіре. Қаған ұзын бойлы, көкшіл көз, жирен шашты, күреңдеу келген сақалы бар денелі кісі болған көрінеді. Адамдардың осындай түртұрпаты ежелгі түркілердің сипаттамасына сай келетінін айтпай кетуге болмас. Тарих скифтер мен түркі-қыпшақтардың бет бейнесінің осындай болғанын растайды. Қызыл империя кезінде «Сұр Кардинал» Суслов орыстардың атабабасы скифтердің моласын қазуға пәрмен беріп, кейін Алтай мен Азу теңізі арасында қазылған молалардағы жерлеу рәсімінің түркі-қыпшақтардың жерлеу салтына сай келетіндіктен, доғарып тастағаны белгілі. 1206 жылға дейін «Моңғол» атауы Шыңғысхан руы бөржігеннің ішінара ғана атауы болып келген. Шыңғыс хан болып жарияланғаннан кейін қолындағы он саусақ негізінде ол өз армиясын ондыққа, жүздікке және мыңдыққа бөліп, әскери әкімшілік бағынуды енгізді. Әскер түркілерше «Қол» деп аталды. Хан кейін осы талапты бүкіл 95 мың иелігіне орнықтырды. Осылайша мың қол (Моңғол) ұлысы өмірге келді. Рашид ад-дин Мун, мон (түркіше, тува және хакас тілінде) «мың» деген мағына береді, ал «қол» әскер деген ұғым», – дейді. Демек, Моңғол мың қол, не мың қолдық әскер деген сөз. Джон Кэстельдің «Орынбордан Бұқараға саяхат» деген кітабында: «Атам заманда Есукейдің (Шыңғыстың әкесі) әкесі Ембақай хан болған. Есукейдің ханшасы Олун бике Меркіт тайпасынан. Екеуінен жарық дүниеге Темірші келді», – деп жазды. Шыңғыстың өз есімі Темірші. Ал Қытай тарихшылары өздерінің тілдік дыбысталуына иіп әкеп Тему чи деп жазып жіберген. Есукейдің бастапқы мекені Еділдің шығыс бетінде олар мұнда 50 мың түтіндей еді, – дейді. Көне деректерде Есукей – түркінің көне тайпасының бірі Қият тайпасының ханы болған. Қият тайпасы кейін Қоңырат руы ішінде аталатынын ескерсек, Шыңғысхан тарихы «алмадан алма алыс түспейді» деген ұғымның ақиқаттығын дәлелдейді.
Тарихи деректерге үңілсек, қалмақтар өз әміршісін «қонтайшы» деп атаған. Қытайлар – «боғды», парсы әулетінен тараған әміршілерді – «шах» десе, арабтар – «халиб», түріктенген мауренахр өз билеушілерін «әмір» деп атаған. Ал «хан» деген дәрежені қазақтар ғана бергені мәлім. Сондықтан 1206 жылы қазақтың көне рулары: най ман, меркіт, қоңырат, қият билері Шыңғыстауда бас қосып, ежелгі дәстүр бойынша ақ биенің сүтіне шомылдырып, ақ кигізге отырғызып, төбелеріне көтеріп хан сайлап, бұдан былайғы есімі Шыңғыс хан болсын деп пәтуласады. Лев Гумилевтің «Теміршіні хан дәрежесіне көтерген маңғұл тайпалары емес, түркі-қыпшақ рулары» деген сөзі қазақтың Шыңғыс туралы шежіресінің шындыққа келетінін дәлелдесе керек. Сол бір оқиғадан кейін Темірші әулетінен тараған тұқымға «хан» деген дәрежені тек қазақтар ғана бұйыртқаны ақиқат. Бір айтатын жайт Түркі-қыпшақтың айтулы ұлы Еуро паны дүр сілкіндірген көшпенділер қолбасшысы Аттила (Еділ) батырдың да есімі темірге, отқа киелі орын, дүкенге байланысты. Ол бала кезінде «Қонжық» атанса, есейе келе дүкен ұстап қару-жарақ соғып «Отлы» атанған. Оның бұл есімі Еуропаға Аттила, Атлы атауымен тараған. Кейбір деректерде Шыңғыс хан орыстың мемлекеттігінің негізін қалаған Александр Невскийдің ажырамас досы болды деген ой айтылады. Жошы Шыңғыстың тұңғышы. Ол Алакөлден Еділге дейінгі сайын сахараны билеген. Оның ұлы Батый атасының жорығын жалғастырып Адриат теңізінде атын суарды. Оның ұлы Сартак хан «Алтын орданың» дәуірлеген кезінде Александр Невскиймен ол Батый (қазақ Сайын хан дейді) ханның Ұлытаудағы став касында екі жыл аманатта жүріп достасқан24. Батыйдың Мәскеу князы мен оның ұлына бүйрек бұруында да негіз жоқ емес. Оның өзінен бастап төрт аталары түркі-қыпшақ қызынан туылған болатын25. Осы жерде бір айта кететін мәселе Мұхтар Мағауиннің Шыңғысхан ұлы далаға, қыпшақ ұлысына қандастарын Хорезм шахтың езгісінен 24 Ахметов Қ. Ұлы даланың Ұлытауы. 25 Бұл да сонда.
азат ету үшін шайқасты деген ойы бекер болмаса керек. Мәдениетті, оқыған ұлттар өкілінің тұжырымы мызғымас темірқазық болмауы керек. Дәл қазір әркім-ақ өз ойын айтуға құқылы емес пе? Бұрын орыстардың айтқаны жөн де сен пікір айтсаң пантюркист, ұлтшыл аталатынсың. Му син – Пушкиннің орыс жылнамасын орыс ұлтын дәріптеуге негіздеп қайта жаздырғанын ескерсек, біздің өзіміздің әркім өзінше бұрмалаған тарихымызды жаңа дәуірде жаңаша та разылауымыз қажет-ақ. Жарты әлемді уысында ұстаған Шыңғыс ханның шын мәнінде неше әйелі және қаншама нақсүйерлері болған? Дегенмен, бар деректерді суретсіз-ақ ақылға салсақ артық етпес. Шыңғысханның Бөрте, Құлан, Есуй және Есуген атты жолы үлкен, ордада өз отаулары бар төрт әйелі болған. Әрине, осы төрт әйелмен ғана шектелді десек, Шығыс билеушілерінің шындығынан алшақ кетер едік. Ақиқатында көп әйелі болғаны шындық. Оның үстіне Цзин патшасының қызы мен ордадағы кәнизәктерді қосыңыз. Шыңғыс хан қарапайым демалыс сәтінде де ару қыздарды көзімен көріп, ынтызарлығын арттырып, әр түрлі қызметке де пайдаланған. Ол бұл әдетін жаугершілікте де жалғастырған көрінеді. Оның «Он жеті сұлудан кұралған ұлттық оркестрі» жорықта ханның көңілін көтеруші еді», – дейді қытай гене ралы Мэн-Хун. Моңғол жазбалары меркіт қызы Құлан сұлу туралы, «оны Шыңғыс ерекше бағалайтын» деп жазады. Құланды ордаға алып келуге жұмсаған Наядан қызғанып, оны жазаламақ болғанда, хан Құланның уәжіне тоқтап Наяны «нағыз жігіт» деп жазадан босатқан. Шыңғысхан бірде Есуй мен Есу ген отырғанда Есуйдің күрсінгенін байқап қалады. Мына күрсіністің бекер еместігінен секем алған хан күзетшілерге маңайда бейсауат жүрген жанды әкелуді тапсырады. Олар бір жігітті әкелгенде ол: «Есуй менің қалыңдығым еді, оны менен тартып алғанда қашып кетіп едім, көп ішінде мені кім таниды деп бір көруге келіп едім деп», – мойындайды. Сезігінің шындыққа айналғанын көрген Шыңғысхан: «Сен менің жауларымның ұрпағы екенсің, олар о дүниелік болып
еді, мені басынып әйеліме көз салғың келген екен, мұнда қалма солардың артынан кет», – деп қылышпен басын шапқан. Алайда, алғашқы сүйіктісі Бөртені меркіттер алып кетіп, Шілгер балуанға әйелдікке бергенде, Шыңғысхан нақсүйерін босатып алып, оған ерекше сүйіспеншілікпен қамқорлық жасаған. Ол ордадағы ең үлкен бәйбіше, одан туғандар ғана ханзадалықтан үміткер болған көрінеді. Шайқаста ерекше көзге түскен әскербасыларға көптеген әйелінің, не ашыналарының бірін әйелдікке берген. Кермет ханның қызы Ибағуды Жүржидіге осылайша сыйға тартқан. Кезінде Қытайдың императорлар сарайынан табылған оның бес әйелінің суреті жарияланған еді. Қашанда бізді құнтсыздық талай рет сан соқтырып жүр ғой. Бұл жолы да солай болды. Міне, 800 жылдан бері Шыңғыс ханның өмірі дүниежүзіндегі ғалымдар мен жазушылардың, киноматографистердің зерттеу нысанасына айналып келеді. Әр елдің өкілі ұлы қағанды өзінше танып, өзінше тұлғалауда. Моңғолдың «Құпия шежіресінде» мынадай: Түйені жегіп, Қазақы арбаға Желе-жортып Барамын байтақ далаға, – деген шумақ бар. Демек, сол дәуірде белгілі болған қазақ атауы бүгінгі қазақ халқының тегі тереңде жатқанын аңғартса керек. Ата салтын қасиет тұтқан бағзы бабалары мыз Шыңғысты 1206 жылы төбесіне көтеріп хан сайласа, Сахараны ен жайлаған бүгінгі қазақтың көне руларының ба сын біріктірер тізгінін мықты иеге сеніп тапсырғаны көрініпақ тұр. Олай болса, Шыңғысхан қазаққа да бөтен емес. Тарихқа жүгінсек, Шыңғысхан аса жауыз, қанішер, қатыгез болмағанға ұқсайды. Дегенде, өз дәуірінің ет пен сүйектен жаралған көшпенділерге тән ақкөңілдігі, кешірімді де жомарттығы бар ұлы дала өкілі болған. Шыңғысхан им периясы 300 жыл өмір сүрді. Әлемде осынша уақыт билік жүргізгендер некен саяқ. Бұл Шыңғыс ханның ел билеудегі
өзіндік ерекшелігіне тікелей байланысты. Сенсеңіз, ол Азия арыстаны Ақсақ темірдей адамның бас сүйегінен мұнара тұрғызған жоқ қой. Сондықтан да әлем бірінші мың жылдың адамы ішінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бірінші орын алса, Шыңғысхан екінші мың жылдықтың баһадүрі атанып отыр. Мың жылға жуық әлем Шыңғысханның 300 жылдық жинаған қазынасын қайда жасырғанына басын ауыртып келеді. Біреулер өзімен бірге көмілген десе, енді бір аңызда ол бар байлығын Бетпақдалаға жасырған. Ханның құпия жасалған жер асты қоймасы әр жылы ханның дүниеге келген күні қақ айырылып, қазынаны желдетіп тұрады дегенді айтады. Қазақ осы тұл даланы Бақдала деп бе кер атамаған болар. Кейінгі ғылыми деректерде, академик Кәрім Мыңбаевтың айтуынша батысы мен шығысы 450 шақырым, түстігі мен теріскейі 400 шақырым аймақ астын да тұщы судың мұхиты жатқан көрінеді. Жаратушының нұрынан жаратылған Шыңғысхан құпиясын Тәңірі жал пы қазақтың игілігіне деп белгілі күнге дейін жария еткісі келмейтін де болар. Ұлы дала бүгінгі қазақтың болашағына тәуелсіз ел тұғырнамасы ретінде жер асты және жер үсті байлығын шашау шығармай сақтап жатқан болар. Кім болғанда да, Шыңғысхан дәуірі біздің тарихымыз. БИІК БЕСТАМНЫҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ немесе «Елім-ай» әнінің авторы кім? Елуінші жылдардың басы болатын. Екінші сынып тан бастап-ақ Сыр бойында ауыл балалары күріш орағы кезінде масақ теруге жұмылдырылса, күріш көк атыз болып бой көтергенде, оны арам шөптен арылтуға да қолғабыс беретінбіз. Жиын-терін аяқталғанда тұқымдық күрішті күрмектен айырып, тазалау да аналарымыз бен балалардың мойнында. Сынған әйнекке күрішті шөкімдей салып, күрмегін теретінбіз. Жыл сайынғы атқарылар іс осылайша жалғаса беретін.
... 1953–1954 оқу жылының қыркүйегінде Шәулімше жотасының түстігіндегі Еңбекші ауылындағы мектептің 6 сыныпта оқитын біздерді көрші Жиделі ауылына көмекке жіберді. Күріштік алқап биік ескі Қорғанның етегінде бо лып шықты. Іргесінде қол орақпен күріш орып, танапты масақтауға кіріскенбіз. Ұстазымыз Нұриддин Аюпов біз таңдана қарағыштаған биік қорған жайлы әңгімелеп жатты. Бестам қаласы, оның ежелден келе жатқан қорғаны жайлы менің бірінші естуім еді. Қорғанның саз балшықтан соғылған қабырғасы сұсты. Іргеден биікке қарағанда тақияң түседі дегендей зәулім. Ағайымыздың айтуынша, бұл жерде қасқыр бар. Қалың қабырға үстімен екі ат арба қатар жүре алады. Сонау за мандарда бұл жер үлкен қала болған. Күні бүгінге дейін сақталған зындан ішінде кісен салынған адам қаңқасы жа тыр. Дөңгелек қамалдың көлемі 108 сажын, айналасындағы үйінділерді қосқанда 400 сажындай. Қамал ортасында 10– 15 метрлік биік тұғыр тұр. Үйінділер астынан қылыш, ыдысаяқ, қалқан, дулыға сынықтары көп кездеседі. Оңтүстігі мен теріскей жағында қақпаның орны байқалады. Мына шығысындағы «ЬІзалы көл» кезінде үлкен айдын-шалқар су болған. Ғасыр басында «Қоғалыкөл» аталған. Сығанақ арқылы аққан арна осы араға арындай келіп Қарамұрын (Баламұрын) тауын бетке алып, Нәнсайға барып құйған. Ұстаз әңгімесінен есте қалғаны осы болды. Қанша қызығып, ішін аралап көргіміз келгенімен «қасқыр бар» дегеннен се кем алып түстік қақпаның маңындағы төбеден көз салғаннан артыққа бара алмадық. Бірақ ежелгі Рим мен Гректің тарихи қамалдары тәрізді ескі мұралар бізде де бар екенау деген балалық ой көкейімнен кетпей қойды. Соның құпиясын білу, онда кімдер мекендеген, қаланы тұрғызған бабалар қай ғасырдың ұрпағы, тұрғындары қандай кәсіппен айналысты, оларға біздің қатысымыз бар ма де ген сауалдарға жауап іздеу азаматтық парызым тәрізді санамның түкпірінде мызғымас орын тепті. Алғашқы қадам осы қала туралы аңыз әңгімелерді жинаудан басталды. Біздің ауылда Рахмет молда (халық «судыр молда» дейтін) деген Бұқарадағы діни оқу орнын тамамдаған
ғұлама кісі болды. Аймақ тарихы жайлы, Сыр өңірінің өткені туралы көп білуші еді. Бірақ дін адамы ретінде қудалауда жүрген кісімен сұхбат құру ол кезде, тіпті де мүмкін емес еді. Тек 60 жылдарда молдекеңмен әңгімелесудің сәті түскен. – Шартым бар!– деді ол алғаш көкейдегі түйткілімді білдірген, маған. – Айтыңыз! – Пророк, святой деген орыс сөздерінің қазақшасын айта ғой, – деді ол сақалын салалай, сипай отырып. Көзін сәл қысыңқырай қарап, мені сынап отырғандай сыңай та нытты. – Пророк – пайғамбар, ал святой – әулие, – дедім мен. – Үністөтте оқимыз деп маған талай жігіттер келді. Менің сынағым осы – екі сауал. Алайда, шіркіндерің жауап бере алмады. Өздерімен қатар оқитын өзге ұлт азаматта рынан осының мағынасын сұрасаң мүдірмес еді. Ал біздің балаларымыз дініне, діліне, тіліне мән бермейді екен-ау деп налитын едім. Сенімен үлпәттасуға болады екен. – Осыдан соң біздің әңгімеміз жарасып, сыр шертістік. ... Сыр бойындағы қалалардың көпшілігі Тұранның ана суы – Сейхуннан жыраққа кетпеген. Ол дәуірлерде дария суы тарамданып, негізінен оның оң жағалауын көмкеріп, бұл тұста Қаратаудың Баламұрын тұмсығы арқылы Нәнсай арнасына құйып Ақмешіт маңында бас сағамен қайта қауышса керек. Бестам – ежелгі қала. Ол туралы ақындар жыр арнаған сағыныш сезімдерін білдірген. Жергілікті түркі халқынан шыққан бұзырық Биязид Беста ми осы қаланың перзенті деген сөз бар. Бұқарада оқуда болғанда, діни ілімді жан-жақты меңгерген ол, дәріс берген ғұламаларға менен ақыл-ойларыңызды аямадыңыздар, әрі қарай айтарларыңыз болмаса атажұртыма кеттім де ген екен. Оның ғазелдерінде шеңгел, жиде тәрізді Сыр өңіріне тән ағаштар соншалықты сұлулығымен оқырманды таңғалдырған. Бабамыздың болмысын Софы Алдияр кітабынан табуға болады. Бұдан 900–1000 жыл бұрын Сыр алқабы жаратушының өзі берген сұлулығын сақтаған ғажайып өлке болған. Араб саяхатшыларының көпшілігі-ақ тамсана жазып жолжаз
баларына арқау етті. Әсіресе Рузбехани қалың жынысты жасыл желегін, ну қамысты шоғырда жолбарыстың бо латынын, еліктер кездесетінін, Сығанақ теріскейінде, тау етегіндегі Хан жайлауы «Мыңбұлақ», одан әрі Жент, Бар шынкент аймақтарының әсем, жерұйық мекен болғанын жазып қалдырған. Демек, осындай өлкеде тіршілік үзілмей, не бір нәубат, зілзала заман болса да талай ұрпақ ауы сып, ескі қамал-қалаларға қорған әр дәуірдің ұландары ортақ тағдырында өз қолтаңбаларын қалдырып отырған. Бестам қазір көзге қораш көрінгенмен, талайлы тарихы бар бас қалалардың бірі болған. IX–X ғасырда Көктеңіз (Арал теңізі) бен оның бір саласы Сыр атырабын оғыздар мекен етті. Қазан ханның тұсында Бестам шын мәнінде хандықтың Бастамы рөлін атқарған. Оғыз, тоғыз оғыз атауымен тарихтан мәлім бұл ұлыстың дәуірлеп, әйгілі болуы Қорқыт атаның кітабының негізгі арқауы емес пе? Кітап Қазан ханның сол заманындағы тіршілік-тынысына құрылған ғой. Хан бірде Баламұрын маңындағы қамалда Тоғыз оғыздың ел билеушілеріне ғимарат тұрғызуға пәрмен береді. Межелі күн болғанда бірінен-бірі өткен әсем де абат 9 там бой көтеріп хан иені күтіп тұрады. Алайда, хан 5 тамға ғана кіріп, танысып, қалғанына назар аудармаған көрінеді. Бұған ашуланған билеушілер қалған 4 жақсы құрылысты қиратып тастайды. Баламұрындағы қала осыдан соң Бестам аталған деген аңыз бар. Бестамда күйдірілген шаршы кірпіш, қару-жарақ, торғауыт, кіреуке жа салынып, түрлі бояулар, ақ түсті ғаныш (алибастор) темір қорытатын, әк күйдіретін пештер жұмыс істеген. Оғыздар тарих бетінен ығыса бастағанымен Бестам өз уақытына бейімделіп, халқы сол кәсібін жалғастыра берген. Оқшы ата осы Бестамдағы қару-жарақ шығаратын ұстахананың пірі, Қазан ханның батыры болған. Ол кісі қазір өз есімімен аталатын қорымда жатыр. Сондағы біз білетін әулиелердің тағдыры осы Бестаммен тығыз байланысты болса керек. Әңгімесін үзбей арқаланып, шешіле сөйлеп отырған Рекең сәл кідірістеп, маңдайын үлкен қол орамалмен сүрткіштеді. Бір сәт шиқылдап ұзақ жөтеліп, сырылдай отырып, гәпті жалғастырды. Екі қасының арасы жиырылып, әлденеге көңілі толмағандай күрсінді.
– Қазақтың басына мұң мен қайғы ұялатқан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында бұл бекініс қалмақ хонтайшысы Үнжінің қол астында болыпты. Бес тамды назарына ілмей, Шиелі өзегі бойынан «Қызыл там» қамалын салдырып сонда тұрған көрінеді. Одан әрі «Ақтөбе» деген бекетте оқ-дәрі жасатқан. Оның Бестамда тұрақтамауына қаланың тұрғындары бір түнде қамалдан шығып, қақпаны сыртынан бекітіп үдере кетіп қалуы да се беп болған деседі. Жабылған қақпа сыртына: Есентемір деген ел едік, Есебі жоқ көп едік. Ебін тауып жегенге, Таусылмайтын кен едік. Енді Есентемір дермісің, Есентемір есіңе түскенде Есектің қасасын жермісің, – деп жазып кетіпті дейді көне көз қариялар. Сол Бестам нан не қалды? Жер жетпегендей айналасын омырып, егін салды. Дәл қасынан арнасы кең канал қазылды. Қорған болса, осылардың кесірінен жермен-жексен болуға айнал ды. Бекіністер, молалар, адам сүйектері аяқ асты болды. Өзіңді өзің қорлау, өткенді мұра тұтпау, қарттарды қараусыз қалдыру деген осындай бейбастықтан, немкеттіліктен, немқұрайлы ішмерездіктен туындайды. Елім деп еміренетін адам осылай істей ме? Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед Мұстафа салаллаһу алайһи уәсаллам бір хадисінде: «Егер тау орнынан көшіпті деп естісеңіз, сеніңіз. Егер сізге біреу әлдеқандай бір еркектің мінез-құлқы өзгеріпті десе, оған сене көрмеңіз, өйткені ол түптің түбінде бастапқы қалпына қайта келеді», – депті. Бүгінгі муминдар осылай істеп отырғанда, кейінгілер де осыны қайталай ма деп сескенем. Пайғамбарымыз тағы да: «Сендерге дейінгі өткенді даму сатылары лауазымды адамдардан шыққан қылмыскерлерді жазаламай, әлсіздер мен панасыздарды ғана жауапқа тартқандықтан жойылып кетті, – дейді. Жай қарапайым халықта не тұр. Ел сенген, жамағат тізгінін ұстаған зиялылар халық тағдыры үшін тікелей жауапты
екенін Алла алдында міндет санауы парыз. Рекең осылай әңгімелей отырып іргеде тұрған шағын сандықты нұсқап: – Зәки! Мына сандық тола кітап. Құран аяттарының түсініктерінен бастап, осы өлкенің жағрапиясы мен тари хына арналған білім мен танымдық дүниелер баршылық. Мен олай-бұлай бола кетсем еге бол. Елге қажет болар. Бәрі діни тұрғыда емес. Әсіресе сырты көкшіл мына кітап өте сирек кездесетін қазына. Өзбекстан мен Қазақстан мұсылмандарының бас муфтиі Бабаханов сұраған еді, бермегенмін, – деді. Мен кітап атын, авторын жазып алмаппын. Кейін кел сем санаулы-ақ кітаптар қалыпты. Муфтидің ұлы сол көкшіл мұқабалы кітапты алып кеткен көрінеді. Көпшілігі арабша жазылған бұл дүниелерді Құран деп ұғып еншілеген. Қолыма түскендерінің 4–5-ін кейін кітап мұражайына табыста дым. Молдекең айтқан аңыз-әңгімелер Шиелінің Қосқарақұм мен Сығанақ, Қызылқұм мен Қаратау аймағындағы көпшілік қауымның жадындағы хикаяттар екеніне кейін көзім жетті. 1950 жылдарда Еңбек Ері Байдүйсен Оразов Орал қаласынан оқудан оралды. Бір әңгімесінде 90-ға келген бір кейуана менің Шәулімше маңынан екенімді білген соң: – Інім, біз бала кезімізде Бестам деген жерде болған едік. Қасында «Қоғалы көл» деген суы мол көл бола тын. Сол бар ма екен? – деп сауал қойды. Мына Бестам жанындағы «Ыза көл» соның жұрнағы емес пе екен дегенді. Шындыққа келетін жөні бар тәрізді. – 1930 жылдардың аяғында «Жетім төбенің батыс тұсынан егіске алқап ашып, трактормен жер жыртып жүргенімізде, шаршы беті тегістелген тастар қопарылып шығып жатушы еді. Бұл сол қамалдан төбеге дейін салынған жол болса керек» деген-ді. Сығанақпен дүрдараз болған бір дәуірде төбе күзет орны болса керек. Ал жол осы орынға келер сүрлеу болуы да мүмкін. Енді аңыздан, естеліктердегі ақиқатқа, ғылыми жазба лар не дейді соған тоқталсақ. Бестамды XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында В. Каллаур (1899) мен И. Кастанье (1907) келіп зерттеген. Олар қала орнымен су тартылған арықты, оның Нәнсайға барып жоғалатынын айтқан.
Оқымыстылардың айтуынша, Бестам тастан салынған қамал. Бес бірдей қамалдың болуы, оның Бестам аталу ына негіз болса керек. Каллаур кірпіш күйдіретін пештер де тапқан. Кейбір тамдардың астынан бірнеше жер асты бөлмелері, адам сүйектері кездескен. Кейін осы маңайдан тас диірмен табылған. Оның бір бетінің өзі 150 келі тар тыпты. Мұнымен кварц тастарын ұнтақтап, оны цемент ретінде қолданған. Қаланың маңызына тоқталған В.В. Бар тольд: «Батыс Еуропа тарихшылары көшпелі елдерді або риген (жабайы) деп атап олардың ешқандай мәдениеті болмаған десе, мынау қыруар қалалар соның теріс нәсілдік ғылым екенін анықтайды», – дейді. Бұл туралы Әуелбек Қоңыратбаев өз еңбектерінде ерекше тоқталған. Ал ғалымның ұлы, эпос жөне этнос жөнінде докторлық диссертация қорғаған Тынысбек Қоңыратбаевтың «Ертедегі ескерткіштер. Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті» атты зерттеу еңбегінде айрықша әңгімеленеді. Қазіргі ғылыми тұжырым деңгейінен көз салғанда Әукең айтқандай, «Сыр бойын қалалы мәдениеттің бір ошағы ретінде бағалау керек». Өкінішке орай, Бестам қаласына археологтар назары әлі күнге ауған емес. Арнайы зерттел меген де. Оның үстіне инженерлік жүйеге келтіріліп жер тегістелген кезде ескі қаланың маңы түгелдей атыз, арық астында қалған. Қазір қала орнын табудың өзі ақырет. Халықтың азалы, мұңлы әуені «Елім-ай» осы Бестамда жазылып, Алты алаштың жадында сақталған. Қорқыт ата кітабындағы кейіпкерлердің бірі Оқшы батырдың отаны, Биязид Бестамидің атажұрты болған қазақ даласындағы ескерусіз, елеусіз қалған ондаған қалалардың кебін құшып жер бетінен жоқ болуға айналды. Жоқ болғаны емей не мене, 1000 жылдық тарихы, Сығанақпен қатар аты мәлім, өркениеттің мекені болған қала бүкіл исі қазақтың 280 жыл дан бергі ән ұраны іспетті «Елім-ай» әнінің туған жері делініп XXI ғасырға дейін ешкімді ойландырып, жүрегін сыздатпа са. «Елім-ай» туралы бірнеше ақын қалам тартқан болар. Бірақ біз білетін «Елім-ай» атақты Қожаберген жыраудың: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Жаман екен айырылған қарындастан Екі көзден мөлтілдеп жас келеді», – деп басталатын дастанының түп нұсқасы осында жазылған. Қожаберген жырау жары Айшамен 1723 жылы көкек айын да Науан, Бекет деген балаларымен Бестамдағы атасы Қаблан бидің ауылына келеді. Жыраудың: Сүйген жарым Айшаның Асыл тегін сұрасаң. Кіші жүз, Алшын ішінде Он екі ата Байұлы, Есентемір елі еді. Сылаң Сырдың бойында, Мекені Бестам жері еді. Алдында өрген малының Есебі жоқ көп еді, Қайын атам Қаблан би Өз халқына бек еді. Қартайса да беделді, Айтулы ердің бірі еді, – деген шумақтары осының дәлелі. Дәл осы кезде аласа пыран басталып, Бестам қалмақтардың қанды шеңгелінің құрсауында қалған. Еліне қайта алмай, жауға жалғыз қайрат көрсете алмаған жырау былайша қамығады: Ызғарлы күншығыстан жел келеді, Шұбырған Алтай жақтан ел келеді. Еділден Үбайшы қалмақ тағы шапты Зор бөгет тас маңдайға кез келеді. Осылай екі жақтан тиді қалмақ, Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ. Қазаққа екі беттен шабуылдап. Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ... Қазаққа қиын болды келген індет, Ежелден жауға шабу ерге міндет. Шығарда жау қоршаудан күшпен бұзып, Екі ұлым майданда өлді Науан, Бекет Екі ұлым, екі атқосшым оққа ұшты, Төрт боздақ қара жерді барып құшты
Өлімін төрт сабаздың көргенімде, Өртеніп, іші-бауырым күйіп-пісті. Сол кезде өзімді-өзім тоқтата алмай, Ұрандап «Ошыбайлап» салдым айғай, Сілтедім оңды-солды көк найзаны, Жығылды талай дұшпан салып «ойбай». Екі ұлым бізге еріп келіп еді, Ақыры Сыр бойын көріп еді, Ақыры қан майданда шаһид болды Қос құлыным жау қалмаққа неғып еді. Өзекке тығылған өксік қалың жауға қарсы тұрарлық шарасыздық жыраудың «Елім-ай» әнін шығаруға себеп болғаны сөзсіз. Халық кегі, өзекті өртеген өкініш, ашуызасы мен мұңы, арман ақбары жатқан жоқ па бұл қайғықасіретке толы толғауда. Демек, Бестамда жазылып, әуенін шырқаған зарлы үн кейін Алты Алаштың аспанында қалықтаған. Бұл туралы 1991 жылдың қарашасындағы 22-і санында «Шалқар» газетінде Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан жазылған, Б. Уатқанның «Қожаберген – жырау әрі батыр» деген мақаласы жарық көрді. Үш ғасырға жуық уақыт зердесінде сақталып, қысылғанда қолдаушысы, қиналғанда дем берушісі, күресте батылдыққа баулыған, дауылпаз ән «Елім-ай» халық жүрегінің түкпірінен орын алды. Сырдария өзенінің бойындағы Бестам жеріндегі жартасқа жазылған сөз «Елім-ай» дастанымен сарын дас. Әннің сөзі сол дастаннан алынған. «Елім-ай» әнін Қожаберген Толыбайұлы шығарған» дей келіп жырау ту ралы біраз мағлұмат берді. Әсіресе Нәбиден Әбуталиев, Қаратай Биғожин, Гүлмаш Тұрсыновалардың еңбектеріне ерекше тоқталады. Ал «Қазақ әдебиеті» газетінің 1990 жылғы 16 қарашадағы санында Керімбай Боранбаев «Та ным» деген айдармен Қожаберген жыраудың «Қаратаудың басынан көш келеді» деген толғауын жариялады. Жыр ды Әлкей Марғұланның архивінен алып, араб жазуынан аударған белгілі арабист, филология ғылымының канди даты, марқұм Тоқтар Арынов еді. Одан мен 1986 жылы алған едім, – дейді автор. Осы мақалада «Қожаберген жырау 50 жасында «Елім-айды» шығарып, әйелі Айшаға
айтқызып, халықтың мұң-зарына ортақ болған адам», деп тұжырымдайды. Орысбай Әділдаұлы кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде «Қолбасшы жырау хақында» деген мақаласында «Әйгілі «Елім-ай» дастанын кім білмейді. Өзінің өмір баянымен өзектесіп жатқан қазақ халқының ән ұранындай естілетін шежіре-жырдың Қожаберген туындыларының ең шоқтықтысы екені даусыз» деп кесімді пікір айтқан. Кейінгі кездері «Елім-айды» жазды деген автор лар жайлы бірді-екілі деректер айтылып жүр. Шындыққа жүгінсек, шерлі дастанның жырау, Әз-Тәукенің ордасында Бас қолбасшы болған Қожаберген тәрізді тарихи тұлғаның туындысы екендігі шек келтірмесе керек. Олай болса, ба тыр баба қолтаңбасы Сыр бойындағы Бестамда екендігі де дау туғызбауы тиіс. Елбасының жолдауында Мәдени мұраға ерекше назар аударылғаны мәлім. Демек, биылғы жылы «Елім-ай» дастанының жазылғанына 280 жыл, ба тыр бабаның туғанына 330 жыл толмақ. Алапат заманның зұлмат күндерін еске түсіретін әдеби де мәдени мұраны елемей кету «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубәтінде шейіт болған босқындарды тарихтың талайы на тастағанмен бірдей. «Елім-ай» сарыны әр кезде де исі қазақтың ұлтжанды болып өсуінің алтын арқауы болуы тиіс. Қайғырса да, қуанса да жан жолдасы тіреуі болған Айшаға ақын былай дейді: Өлең шумағы «Елім-ай» деп бастай бер Айша жарым Біз айтпасақ кім айтар елдің зарын. Жауға шабар қасымда жасағым жоқ, Өлең айту болды ғой бар амалым. Мінгестік Айша екеуіміз жалғыз атқа, Амалдап қамшы бастық ақ боз атқа. Құтылып жаудан алыс кете бардық. Әйтеуір тұтқын болмай ит қалмаққа. Содан бері Қаратаудан талай көш асты. Беделді, биік Бестамнан бел де қалмады. Шерлі көкіректен шыққан «Елімайдың» шумақтары да ұмытыла бастады. Жан тебірентер жолдардың авторы әрі батыр, әрі жырау, Қазақ тарихын да айтулы орны бар Толыбай сыншының ұлы Қожаберген жырау да өмірде болмағандай, бүгінгі ұрпақтың есінде де
жоқ. Тек Қарамұрын тапжылмаған сол қалпы сұлық жатыр. Бестам атауы сақталған. Жемісін жер астына салатын жау жұмыр тәрізді өсімдік атауымен аты қалған Шәулімше де, саяқ тұрған Жетім төбе де орнында. Тарихи алқапта тағы бір ұрпақ XXI ғасырға аяқ басты. 280 жыл Алты Алаштың ары мен намысындай ән ұранға айналған «Елім-айдың» атажұртының тағдыры енді солардың қолында. Бестам биік, дегенде Бестам биік, Көрінер Шәулімшеден қашқан киік. Қыр мен Сыр ортасында орның бөлек, Қалай ғана кетермін көзім қиып. Бұл Бестам қаласы тұрғынының сөзі болар. «Өткеннің жақсысы тағлым, жаманы сабақ», – дейді халық. «Қазақ елі» газеті, 2004 ж. ДАЛА ҚЫРАНЫ Әлем тарихында Александр Македонский, Аттила, Шыңғысхан тәрізді санаулы сайып-қырандардың бірі Әмір Темірдің туғанына 660 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша аталып өтті. Бұл шара, әсіресе Өзбекстанда кең өріс алды. Біздің республикамызда да Темірлан (Темір ұлан) тойы ұйымдастырылды. Осындай сәттерде мен Қызылорда облысы, Ордабасы ауданында болып, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы досым Нармахан Бегалиевтан ақын Исраил Сапарбаевтың Ақсақ Темірдің «Темір қағидалары» ғибратнамесінің аудармасын қалап алған едім. Ол кезде кең көлемде басылған жоқ-тын. Шығыстың біліктілігі мен даналығын бойына сіңірген ғұламалығының белгісі мәдени мұра ретінде осы туындыны оқырмандарға ұсынбақпын. Әмір Темір өз қағидасында былай дейді: «...Немерелеріме жол жаралғы болсын деп айтарым, мен өз өмірімде он екі нәрсені алдыма нысана етіп алып,
сол арқылы биліктің биік мәртебесіне жеттім. Осы он екі нәрсенің көмегімен әртүрлі мемлекеттерді бағындырып, оларға өз әмірімді жүргіздім. Бағыма көрік, тағыма ерік сыйладым. Сендер де осыған лайықты болыңдар, амана тыма иелік етіңдер. Сонымен, он екі нұсқа: Бірінші – Алла тағаланың қалауымен Мұхаммед пайғамбардың шариғатына бас иіп қана қоймай, оған мейлінше өріс бердім. Әр жерде және әр уақытта ислам дінін қолдапқуаттадым. Екінші – Он екі тармақ пен тайпадан тарайтын адамдар арқылы мемлекеттерді әрі бағындырып, әрі басқардым. Ел мен оны басқарудың ұстынын олармен бекітіп, Сарай кеңестерін осылармен баянды еттім. Үшінші – Билікті мәмілемен, бұйрықты түсінушілікпен, істі сабырлықпен жүргіздім. Көп нәрсені біліп, сезіп тұрсам да, білмеген, сезбеген болдым. Доспен де, қаспен де түсінісуге, тіл табысуға тырыстым. Төртінші – Мемлекет істерін билік жүргізудің қарарқағидаларын негізге ала отырып атқардым. Бұрынғы үлгіүрдіске сүйене отырып, билік жүргізуде өз мәртебем мен орнымды берік ұстандым. Әмірлер, уәзірлер, әскер мен бұқара халық – бұлардың әрқайсысы өз орны мен лауазы мына қарай маған қызмет көрсетіп, одан артыққа дауалары бармады. Бесінші – ... Билік тәжін қалай кидім – солай ұйқым қашып, тынышым кетті, өз төсегімде рахаттанып ұйықтау мүмкіндігінен айырылдым. Он екі жасымда әртүрлі аймақ елдерді араладым. Азап-ақырет, мехнат-машақат шектім. Қатты-қилы әдіс амалдар қолданып, жау әскерін жайрат тым. Әмірлерім мен әскер басылардан ащылы-тұщылы сөздер естіп, жамандықтар көрдім. Бірақ естімеген, білмегенге салындым. Өзім бастап қылыш көтеріп, сем сер сайлап, арасат алаңына кірдім. Көптеген ел-жұртты бағындырдым. Жәми жұртқа атағым жайылды. Алтыншы – ... Дұрыс саясат, баянды бағдармен сар баздарымды да, бұқара халықты да үміт пен қорқыныш аясында ұстадым. Сарбаздарыма сауғалар үлестірдім. За лымдардан момын мен мүсәпірдің сыбағасын қайырдым.
Залымдар жасаған залал мен зиянкестерге көз жеткізген соң олардың тағдырын шариғатқа лайық адамдар орта сында шештім... Жетінші – Тектілер, ғұлама мен даналар, шайыр – ше шен, шежіреші – тарихшыларды айрықша назарлы һәм құзырлы адамдар деп біліп, олардан ізет-құрметімді аяма дым. Өзі де, сөзі де батыл кісілерді дос санадым. Себебі, Алла тағаланың өзі де ондай жандарды жақсы көрген. Дәруіштер мен мүскін, ғаріп пақырларды есіркеп, еледім, мүмкіндігінше көңілін қалдырмадым, қамқорлығыма ал дым. Ойы бұзық, іші сасық ғайбатшыл адамдарды сұхбаткеңесімен маңыма жолатпадым, өздерін малданбадым, сөздеріне алданбадым. Сегізінші – Бірбеттілік – бірегей мінезім болды. Бірер істі қолға алсам, бітіргенімше тыным таппадым. Сөзімді іспен тиянақтадым. Ешкімге қаттылық, ешбір істе тарлық жасағаным жоқ. Өйткені Алла тағаланың кәріне екі аяқты пенденің қай-қайсысы да ұшырауы мүмкін ғой. Адам ата дан бастап бүгінге дейінгі өткен-кеткен сұлтандардың ел билеудегі амалын, тұрмыс-тіршілігін, тағдыр-талайын көнекөз қариялардан сұрап біліп отырдым. Әрқайсысының жол-жорықтарын, қылмыс-жазаларын, айтқан сөздерін, мирас-мұраларын жадымда сақтадым, жақсы жақтары мен үлгілі істерінен ғибрат таныдым. Нәсілді бұзатын, ашаршылық пен оба әкелетін әрқалай пиғыл-әрекеттерге абай болуды өзіме парыз санадым. Тоғызыншы – Қашан да қалың бұқараның хал-жағдайынан хабардар болдым. Үлкендерін ағадай, кішілерін ұлымдай көрдім. Әрбір мемлекеттің жай-күйін, қара халықтың қас-қабағын, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін, берекет-әрекетін қалаған уақытта біліп тұру үшін дені таза, ниеті түзу адамдардан өкіл тағайындадым. Болған жайды жалған жазып, өтірік сөйлегендері болса, аяусыз жазала дым. Әкімдер мен жергілікті басшылардың қай-қайсысының халыққа тізе батырғанын естісем, сол заматта айыбына, қылмысына лайықты жаза қолдандым. Оныншы – Кімде-кім маған қалтқысыз достық көрсетсе, қадір құрметін ұмытпадым, мүмкіндігінше мен де сый-
сияпат, ізет-кұрмет көрсеттім. Кімде-кім маған адал қызмет көрсетсе, қызмет ақысына қиянат жасамадым. Кімде-кім маған дұшпандық жасаса, бірақ кейін мұнысына қынжылып, алдыма келіп, кешірім сұрап тізесін бүксе, қысастығын бетіне баспай, достық көңілімді тостым. Қайсыбір қатардағы сарбаз опагерлікті естен шығарып, қызметтес өз басшы сын жамандап менің алдыма келетін болса, ондай адамды өзіме ең қауіпті жау есептедім. Он бірінші – Билік биігіне, абырой-атақ мәртебесіне көтерілген кездерімнің қай-қайсысында да перзенттерім мен туған-туысқандарымды, жора-жолдас, көрші-қолаң және басқа да дос көңілді, қош пейілді адамдарды ұмытқан емеспін. Қиянат та қылмадым. Өз перзенттерім мен қандасқабырғалас адамдарымнан мейірім үзілген емес. Олардан жөнсіз, лайықсыз іс-әрекет көрсем, табанда аяқ-қолын ма тап, аяусыз жаза кесуге асықпадым, анық-қанығына көз жеткізіп барып шара көрдім. Он екінші – Достың бірен-сараны өзіне тән қастығына қарамай қай кезде де зиялыларды құрметтедім. Себебі, олардың әрқайсысы әртүрлі. Бірі мал мүлкіне бола өз жаны мен ожданын сатса, ендігі пәни жалғанның алдамшы біреуі жеме-жемге келгенде жалғыз жанын аямай, құрбандыққа салып жатады. Егер жау жағының мәрттік-жомарттықпен шын көңілден қызмет көрсете жүріп, ұрыс кезінде маған қылыш көтерсе де, ондай адамнан біржола күдер үзбей, ал дыма келсе, адалдығын сезсем, хал-қадірінше құрметтеп, сенім білдірдім. Бұдан былайғы жерде риясыз, адал қызмет ететініне күмән келтірмедім. Өйткені бәріміз де жұмыр басты пендеміз ғой... «Бұларға қоса тәжірибемнен тағы бір байқағаным – егер мемлекет белгілі бір тәртіп, қағидаға бағынып құрылмаса, белгілі бір құрылымға негізделмесе, онда биліктің сал танаты мен құдіреті, тағдыры мен тәлімі түкке тұрғысыз болмақ. Мұндай биліктің тұрқы мен сықпыты жамылғысыз, лыпасыз тыр жалаңаш адамға ұқсайтын болғандықтан, оны көрген жұрт жиіркеніп, бетін басып сырт айналады. Не болмаса, ол қайдағы бір қаңғырған адамдар қалай болса солай кіріп-шығып жүре беретін үсті ашық, есік-терезесі
жоқ, тоз-тозы шыққан үйден айнымайды. Сол үшін де мен өз билік, әмірімді ислам дініне сүйене, белгілі қағидаға негіздей құрдым. Мемлекет басқару барысында кездескен қандай бір мәселені де осыған сәйкестендіре отырып атқардым. Менің ұрпақ алдындағы парыз-қарызымның, атақ-даңқымның баянды болғанының түп негізі де осы дан...». СҮЙIНБИКЕ ХАНЫМНЫҢ ЗАРЫ Аукомол хатшылығынан кеткеніме екі жылдан асқанда обкомолдың идеология жөніндегі хатшысы Садықбек Хан гелдин телефон соқты. Бұл кезде мен Шиелі аудандық газеті редакторының орынбасары қызметінде болатын мын. Уақыт 1969 жылдың күзі. Коммунистік идеологияны мақсат тұтқан социалистік елдер әлемдік пролетариаттың көсемі В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу мерейтойын атап өтуге қызу дайындалып жатқан. Хатшы салған жерден обкомол Қазан қаласында өтетін одақтық семинарға менің баратыным жайлы шешім қабылдағанын айтты. Семинарға Кеңес Одағының барлық облысынан саясаттанумен айна лысатын бір ғалым және бүкіл одақтық «Білім» қоғамынан бір адам қатысатынын ескертті. Менің сапарым облыстық партия комитетімен келісілгенін де айтуды ұмытқан жоқ. Келесі күні Қызылорда пединститутының ғалымы, философ Тұрмағанбетов екеуіміз Қазан қаласына жол тарттық. Семинар Қазандағы Саяси оқу үйінде өтті. Күн сайын қаланың тарихи орындарын аралау жоспарлы жүргізіліп жатты. Семинар басталғаннан екі күн өткенде оған қатысушылар Ішім өзені бойындағы Лениннің нағашысы Бланктың мекен-жайына ат басын тіредік. Бұрынғы екі қабат жер иеленушінің үйі 1912 жылы шаруалар наразылығы кезінде өртеніп кеткен көрінеді. Көсемнің алғашқы жер аударылған
қора-қопсысы мен ғимарат қайта салынған қалпында сақталыпты. Ауланың шығыс жақ беткейінде Ішім өзені ағып жатыр. Ағашты, бұталы аймақ сұлулығымен көз тар тады. Арнайы дайындалған дәрістер оқылған соң Қазан қаласына оралдық. Ертеңіне біздерге В.И. Ленин оқыған Қазан университеті мен Қазан Кремліне баратынымыз хабарланды. Универ ситетпен танысқан соң тарихи Қазан Кремліне де келдік. Республиканың көптеген министрліктері осында орнала сыпты. Мәдениет министрлігіне келгенде бізге арнайы жол бастаушы – гид бөлініп, барлығымыз Ноғайлының даңқты қызы, әрі батыр, әрі ақын, Қазан хандығын билеген тарихи тұлға Сүйінбике ханымның мұнарасына келдік. Биіктігі 30– 40 м болатын мұнара бәз-баяғы қалпында. Кремльдегі өзге ғимараттардан еңселі әрі көкке қол созғандай тәкаппар асқақтайды. Сүйінбике ханымның кейін Ресейде Юсуповтар әулетінің негізін қалаған Жүсіп мырзаның жалғыз қызы, атақты Орақ – Мамай, Қарасай – Қази қиссасы кейіпкерлерінің туған қарындасы екенін университетте жүргенде еміс-еміс естігеніміз болмаса, оның ақиқат тіршілігі мен өмір жолын білмейтіндігімізге осы жолы көзім жетті. Сүйінбикенің тегі XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Ноғайлы – Қазақ заманында аты шыққан даңқты Едігеден басталады. Ол Сыр бойында дүниеге келіп, казақ халқының жадында ел қамын ойлаған батыр, әділ шешім айтар би ретінде қалған. Едіге 1426 жылы Ұлытауда Тоқтамыс ханның баласы Кәрімбердінің қолынан қаза тапқан. Гидтің біздің қолымызға берген түсіндірме нұсқаулығында Едіге ұрпағының шежіресі жазылыпты. Онда даңқты батырдың ұрпағы тайға таңба басқандай Сүйінбикеге дейін көрсетілген. Тікелей өз әкесі Жүсіптің тоқалынан Алшағыр, Сидақ, Жанахмет, Орақ, Орақтан – Қарасай мен Қази. Жалпы, Жүсіптен он бір ұл және Сүйінбике ханым дүниеге келген. Біз бұл жерде Сүйінбикенің өміріне толық тоқтағалы отырған жоқпыз. Алайда, бұл Иван Грозныйдың билік
құрып, Ресейді империяға айналдырудың құйтырқы саясатының жүзеге асуының алғышарттары жасала бастаған кез еді. Атақты Ноғай ордасы мен Астрахан, Қазан хандықтарын жаулау арқылы өз хандығының шекарасына кеңейту Иван патшаның айлалы саясатының негізі болды. Ол жоғарыдағы атақты хандықтардың басшыларын өзара дүрдараз ете отырып, олардың бірлігіне сына қақты. Осын дай тақталас пен бақталас, күншілдік өріс алған кезеңде Жүсіп мырза Қазан хандығын өзіне тарту үшін 1533 жылы қызы Сүйінбикені Қазанның ханы, осы хандықтың негізін қалаушы Ұлық – Мұхаммедтің ұлы Жанәлі ханға ұзатады. Хан айналасындағы алауыздық пен көре алмаушылық, іштен шалу, өзара қырқысу орыс патшасының Қазан хандығына тікелей күш қолдануына әкеп соқтырды. Міне, осылайша Қазан хандығының басына қара бұлт үйіріліп, қаралы күндер туғанда Сүйінбике хан тағында отыр еді. Қазан хандығы 1552 жылы 2 қазан күні құлады. Оны қорғаушылар түгелге жуық қырылып, тұтқынға түскен 500 сарбаз Қазандағы христиан шіркеуі алдындағы тас алаңда білезіктерінен шегеленді. Бауырларының қандай азаппен өлгенін көзіне көрсету үшін бір топ жендеттер Сүйінбикені қамаудан сүйреп шығарып, биік мінберге әкеп ұстап тұрады. Ел арасындағы әңгімеге құлақ салсаң, мына сұмдықты көрген Сүйінбике зарланып тұрып төмендегі мазмұндағы өлеңді айтыпты. Жаратушы ие қайраткерлік те қасиет берген Сүйінбике ақындық таланттан да құралақан еместігін осы тарихи өлең-үндеуімен дәлелдегендей. Татар тіліндегі осы өлең бізге таратылып берілді. Бірақ таза татар тілінде жазылған мәтінді түсіне қою оңайға соқпады. Осыдан бір-екі жыл бұрын қолыма «Алматы ақшамының» №106 (4197) нөмірі колыма түскен еді. Онда журналист-жазушы профессор Өмірзақ Жолымбетовтың «Қазанның билеушісі – Сүйінбике ханым» деген мақаласы жарық көріпті. Міне, осы мақаладан ноғай тілінде шыққан Сүйінбикенің жыр кітабынан ақын Аян Нысана лин тәржімалаған ханымның зарын оқып, мәтіннің қазақ оқырмандарына жетіп, осы уақытқа дейін аудармасын қолға түсіруді армандаған меселім орындалғанына қуандым.
Қанатымнан шарпылып отқа түстім қайтадан, Жетім-жесір болған соң етеді кім қайырды?! Шырқыратып есі жоқ, сәбиімнен айырды. Кете бардым осылай нақақ басым жалалы. Безбүйректер тынды ақыр шоқындырып баланы. Сүйінбике – атым да, затым – Ноғай, қайда менің дәулетім? Көңіл қапа, көзім жасты, жетім-жесір әулетім. Мен кеткенде күндесім жарылардай жүрегі. Әзәзілге ерді ме, жаманшылық тіледі. Астраханнан хат етіп Жәдігерді шақырды. Әрі-тәрі тарады елдің түрі ақыры. «Біреуге егер ор қазсаң, оған өзі түседі» дейтін еді. Ендеше менің көргенім – айтшы қандай түс еді?! Күні туып ездіктің еліреді ерек тым, Атажұрттан айырылдым, енді кімге керекпін?! Баян бар ма барқадар алашапқын өмірде, Қандай өркен өседі өртең шалған өңірде. Сүйінбике ханым жау қолына түскенде арын таптатқысы келмей, өзін қамаған биік мұнарадағы қапастан ебін тауып шығып, сол биіктен жерге құлап, өзін-өзі өлімге қияды. Мемлекет қайраткері, батырлығы мен ержүрек батылдығы, өресі биік ақындығы, елін сүйген патриоттық болмысы оның Ноғайлы заманындағы Қамбар батыр, Ер Тарғын, Едіге, Орақ – Мамай, Қарасай – Қази сияқты алаш жадындағы батырлармен терезесі тең екенін дәлелдесе керек. Сүйінбике ажал кұшқан 2-ші қазанды бауырлас та тар халқы күні бүгінге дейін Азалы күн ретінде атап, бүкіл ұлт болып аза тұтады. Түркі тұтастығын ескерген әрбір азаматқа Сүйінбикенің осындай ауыр да асқақ тағдыры ой салар деп есептейміз. Қазан Кремлінің теріскей тұсында Сүйінбике мұнарасы сол бір қилы кезеңнің куәсіндей көкке бой түзеген ежелгі қалпын сақтап, әлі де биік, сұсты асқақтап тұр. Жергілікті халықтың айтуынша аса ақылды да, сұлу Сүйінбике Алла берген ақындық қасиетімен мұнара төбесінде зарланып, мына шумақтарды айтқан көрінеді:
Жазмыштан озмыш жоқ екен, қуат бер бізге, жаратқан, Уақыт қандай қатыгез қасірет жерге таратқан. Мың бес жүз он бесте келіппін мынау өмірге, Шат-шадыман қарадым гүлжазира өңірге. Ата-анамның арқасы, еркетотай өстім мен, Көрген жоқпын қағажу тіршілікте ешкімнен. Атым – Сүйінбике де, затым – ноғай, қайда енді дәуренім, Сәби шағым, нұрлы жүзім, таппай сені әуремін. Бұлғақтадым бойжетіп он сегізге толғанда, Әлпештеді бәрі де хан қатыны болғанда. Тағдыр мені әкелді Қырымнан кейін Қазанға, Жанәліге қосылдым, тұрмады ол ұзақ – жазам ба? Шейіт болды ол аңдаусыз бір залымның қолынан, Алтын көріп періште тайған шығар жолынан. Ханбике болдым екі жыл, бақ тұрмады басымда, Тұл қалдым мен сонымен қайғы-қасірет қасында. Сүйінбике – атым да, затым – ноғай, қайда енді дәуренім, Сұлу шағым, нұрлы жүзім – таппай сені әуремін. Сапагерей хан болды Қырымнан келіп Қазанға, Сатқындыққа кезігіп кетті талай мазам да. Заманның запыраны қан жұтқызды адамға, Тікен өсті қауіпті әрбір басқан қадамға. Сарай іші беймаза, аласапыран болды кез, Қаумалаған жан-жақтан қаскөй дұшпан салды көз. Соғыс отын тұтатты әумесерлер сөзге еріп, Сырт айналды дүние қапелімде өзгеріп. Сапагерей он төрт жыл маңдайымнан шертпеді, Жанды жеген жегі құрт мынау маған дерт пе еді. Қан төгілді қаншама, жете алмадым мұратқа, Хан ием өліп қор болды менің жаным жырақта. Жетім-жесір қалдық біз үзілгендей жұлыным Екі жаста Өтеміс – көзімнің нұры құлыным. Сүйінбике ақында қайда енді дәуренім, Тақсірет тартып тағдырдан ит-рәсуа әуремін. Қансыраған Қазанға Мәскеу тізе батырды,
Есер билік алып тұр, заманы өтіп батырдың. Еңіреген үлкен-кіші жасқа толып етегі, Кежегесі кейіндеп, жеткізбейді жетегі. Мырзалардың кісімсіп кеудесіне нан піскен, Құлдық қамыт киген соң шықты әңкі-тәңкісі. Опасыздық әрдайым төзіміңді сарқады, Ноғай, Қырым, Қазанның хан базары тарқады. Хан орнына хан болып тұра алмадым не шара, Қан жылайды жүрегім халді көріп бейшара. Елім үшін қайтемін еткен еңбек еш күнде, Серттен тайып жүрген көп, бәтуа жоқ ешкімде Ойладым мен: «жандарға атым қалар ішінара» Ерлігіме елімде сүйінбеген аз пенде. Құлақтарға дарымай, кетіп жатыр сөз кенде. Қазандағы қасқалар ойлайды жан тынышын, Құрбан еттім өзімді тәкаппарлық құны үшін. Аңыратып айырды отырғызып күймеге, Көздерімнен нұр кетті, қалдым сұмдық күйде не? Тұтқындады екі адам емеуріні ерінде, Тақ пен тәжді қалдырып, тәрік еттім бәрін де. Сүйінбике – атым да, ноғай – затым, қайда менің бақытым?! Көңіл мұңлы, жүз солғын, көзім жасты, есіл уақытым. Лағар болсам халыққа, жетті мезгіл құба-құп, Жылап-сықтап жамиғат жатыр мені жұбатып. Қаңырап тұр соншама қаладағы бау іші, Естіледі емексіп әлдекімдер дауысы. Аспан екеш аспанның өңі суық, солған ба Ай, Шаһар да шат-шәлекей ақырзаман болғандай. Қауіп-қатер, жоқ-жітік ұшыра ма деп едім, Әзіз тілім байланып, ләм-мим демедім. Тілегім сол: «Бақытты бол, кетіп барам жыраққа», Халық қалды қамығып, әлі құрып бірақ та, Еділ жаққа шыққанда қарадым мен халыққа, Қаңсып Қазан құсайды әкесіз бір балаға. Дедім: «Міскін Қазаным, ұшты тәжің басыңнан», Түгел болып тып-типыл, жас та ағар жасыңнан.
Қайда қалды шаттығың, қайда сенің байлығың, Әрі-сәрі болғанда қашан келер жайлы күн? Қақырап қалды сарайың, сәулет кетіп жүзіңнен, Соны айтып қауыштың тұлдыр қалған түзіңмен. Сүйінбике – атым да, ноғай – затым, қайда дәурен дәулетім, Хан сарайда тұрғанбыз, тентіреп жүр әулетім. Көп жыладым әлсіреп, жол айрықтың тұсында «Иә, раббым, білмейсің қайда бара жатырмын». Қатал тағдыр, шарам жоқ, ауыр ойға батырдың, Тұғырың тас мұнара ескерткіш боп мәңгілік, Атымыз біздің өмірге келер қайта жаңғырып. Бірте-бірте барлығы бұл-бұл ұшты көзімнен, Көңіл қатты құлазып, сиық кетті сөзімнен. Сүйінбике – атым да, ноғай – затым, қайда менің дәулетім Шермендемін, көзім жасты, ит-рәсуа әулетім. Күйме зулап келеді құстай ұшып ілгері Мұңайып бас бұлғайды түздің солған гүлдері. Қорлық пенен зорлықтың өктем күші зор қандай, Не күтіп тұр тағы да алда бізді сормаңдай. Бір қалаға әкелді, мазағы ма, жарайды, Үсті-басты ішіп-жеп, тесірейіп қарайды. Отырғызды омалтып, күйме ішінде тұтқында Және егілдім еріксіз, жағдайымды ұқтым да. Одан бізді жеткізді қарғыс атқан Мәскеуге, Жалын толып кеткендей кек тұтатын жас кеуде. Қапа болып қапаста, кештім бастан сан күйді, Қит еткізбей ешқайда басқан ізді аңдиды. Ешкімнің де ісі жоқ жамылғанда біз қайғы, Тақсыретті тарттым көп, қайғы жанды қозғайды. Опасы жоқ жалғанның, жұрт ботадай боздайды, Болдым енді пұшайман, туған жерден қашықта, Адастырды тағдырым ел аман, күн ашықта...
АНА ТІЛІ – ЖҮРЕК ҮНІ Профессор П.М. Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр» деп жазды. Олай болса, бүкіл түркі халқының ортасындағы ұлан байтақ сайын даланы алып жатқан аумақтағы қазақ халқының тілі бірнеше мың жылдық тарихы бар бір ұлттың түркі тамырлас ана тілі болып есептеледі. «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды» деген-ді Мұхтар Әуезов. Ал дәл қазіргі қазақтың зиялы азаматтары өз халқының байырғы тарихын зерттеп, тара зылар болса қазақ тілінің тарихына байланысты бірнеше тілдік ескерткіштердің, жазбалардың бар екендігіне көзі жеткен болар еді. Ал осы бір аңғал да жомарт батыр халық туралы Фазаллах Ибн Рузбихан Исфахани «Бұқара жазба ларында» «...екінші тайпа ел қазақтар. Олар қайратымен, ержүректігімен дүниеге аты жайылған ел» деп жазады. Осы халықтың ана тілінің Америка құрлығындағы үндістермен ұқсастығы немесе оның көне алфавиті Орхон-Енисей жазуларының кейбір әріптерінің біздің заманымызға дейінгі 2–3 мыңыншы жылдықтарда Арабия түбегін мекендеген семит тайпаларынан тұратын бірлестік арабилердің жазулары на ұқсастығы біздің халықтың да, оның тіл тарихының да бағзылығын, көнелігін дәлелдесе керек. Қазақ халқы қазір бұдан 2200 жыл бұрын тайпалық мемлекеттік бірлестік құрған мекендерінде отыр. Енді сол халықтың ана тілі бо лып жазылғанымен салғырттықтың, енжарлықтың салда рынан алғашқы кездегідей емес тіл үшін күрестің біртіндеп бәсеңдеп бара жатқаны кімді де болса алаңдатпай отырған жоқ. «Кім де кім қай тілде ойлайтын болса, оның ана тілі де сол тіл» депті орыс ғалымы Даль. Бұл тұжырымға жүгінсек, дәл қазіргі кезде өз ана тілінің құдіретін ананың ақ сүтіндей қастерлеп, оны мемлекеттік тіл дәрежесіне
дейін көтеруге енжар қарайтын қандастарымыздың бар екендігі қынжылтады. Әлемдегі өркениетті халықтармен бірдей сан ғасырлық мың өліп, мың тірілген қазақ халқы өзінің осы күнгі ана тілімен ХХІ ғасырға аяқ басқалы отыр. Демек, әлемдегі өзге тілдермен біздің қазақ халқының тілі де терезесі тек мемлекеттік те, халықаралық дәрежеде де пайдалануға болатын тіл деп есептеуге болады. «Түркі тілдері бүгінгі құрамында біздің жыл санауымызға дейінгі 5-ші ғасырдан-ақ белгілі. Одан әрідегі ғасырлар тұңғиығына сұғына бойлап, түрлі тілдерінің тарихын тануға біздің біліміміз жетпейді, дәлірек айтсақ, білімсіздігіміз мүмкіндік бермейді. Сөз жоқ, әрідегі ғасырлар тұңғиығында да түркі тілі болған, дейді әйгілі тюрколог С.Е. Малов26. Ал көрнекті ғұлама Д.Н. Гумилев былай дейді: «Жеке адамдардың ғана емес, этностардың отаны бар. Этностардың отаны дегеніміз тұңғыш рет табиғатпен тіл табы сып, жаңа система құрған жері. Демек, қазақ халқының табиғи ортамен сабақтасқан темір қазығы – ұлан байтақ қазақ даласы. «Іргелес тайпалар маңайындағы тайпаға өзінше ат беріп отыратын болған. Олардың берген атының сол тайпаның өзін-өзі атап жүрген атынан айырмасы болды» деген Карл Маркс. Сондай атаулардың бірі «кумандар», «половец тер» ал мұсылмандардың жазбаларында «қыпшақ» қытай тарихшыларының еңбектерінде «каткин» деген аттармен кездесетін дешті қыпшақ ұлысының тарихы. 1957 жылы жарық көрген «Народная Румыния» журналының 11 са нында «По самым верным историческим данным первые люди турецкой национальности появились на нашей зем ле в Х веке одновременно с печенегами», – деп жазды. Ал половецтердің немесе қыпшақтардың ежелгі Киев Русімен байланысы өзінше бір терең әңгіме. «Князь Владимир Мо номах бес тіл білетін. Соның бірі – половец – «қыпшақ тілі» деп жазады тарихшылар. Біз бұл жерде дешті қыпшақтың тарихына емес, сол бір ұлы ұлыстың ортақ түркі тілінде сөйлегендігін айту еді. «Куман (қыпшақ) тілі заманында Ев26 Древние и новые тюркские языки. Том 11. С. 135.
ропа аралайтын әрбір жолаушыға күшті рөл ойнаған», – дейді орыс ғалымы Б.А. Мешков. ХVІІІ ғасырда француз тілі қандай керек болса, Шығыс еліне сапар шегетін әрбір саяхатшыға ХІІІ–ХІV ғасырда, куман (қыпшақ) тілі сондай қажет болды. 1337 жылы Па скель де Викторио Сарай қаласына келіп, жыл бойы ку ман тілін үйренген. Сол қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикустің» қазіргі сіз бен біз сөйлесіп жүрген қазақ тілінен айырмашылығы жоқтың қасы. Кезінде сол «Кодекс куманикусте» ондай дерек «қыпшақта да жоқ» деп айтыл са, Дешті Қыпшақтың әлемдік дамуда тарихи да, мәдени орнының ерекше екендігін аңғартса керек. Бүкіл әлемде ұлы дүрбелең ірі сілкініс тудырған ХІІІ ғасырда Еуразияны, Шығысты білгісі келген адамның қыпшақ тілін білуі керектігі тарихи шындық болса, сол қыпшақ тілінің мұрагері қазақ тілі өзінің тәуелсіз елінің мемлекеттік тілі болуына кім кедергі? ХІІІ ғасырдағы қазақ жұрты ана тілінің мәртебесін осынша дәуірлеткенде, сол ғасырда бірнеше мемлекетке өзара қатынас тілі болған бұл тілді ендігі тәуелсіздік алған сәтте шын мәнінде мемлекеттік дәрежеге көтермеу жер-жердегі қазақ азаматтарының аты на сын емес пе? Жуырда америкалық лингвистер мына дай мәліметтерді жария еткен: қазір әлемде 6 мың тіл бар. Олардың 3 мыңдайы ХХІ ғасыр табалдырығын үйтіп-бүйтіп аттайды да, жойылып кетеді. Келер ғасырға өз күшіне өзі сенетіндей күйде бара жатқандардың саны 600-дей ғана. Егер де ана тіліне деген, туған отанымыздың мемлекеттік тіліне деген көзқарас дәл қазіргідей енжар қалыпқа беріле берсе, ХХІ ғасырға үйтіп-бүйтіп жетіп, одан әрі тілімізді жоғалтып алуымыз да ғажап емес. Өйткені бір кездегі жарлықтарға қарамастан, аудандық жерлердің өзінде іс қағаздары әлі де болса мемлекеттік тілге толық көшкен жоқ. Кібіртіктемей тұсауы кесіліп, көк байрағын жоғары көтеріп ана тіліміз де аспандай береді деген шалқыма көңіл осы күні су сепкендей бірте-бірте басы лып барады. Өзінен өзі жүзеге асатындай барлық жерде жайбарақаттық басым.
БАҒЗЫДАН ЖЕТКЕН БАБА ТІЛ «Ғасырлар бойы езгіге ұшыраған ұлттар уақыт өте келе оянады. Жоқшылықтан құтылып, барлыққа ие бола ды. Үстемдік еткен ұлт ұйқыға батады. Барлықтан тарлыққа түседі»27. Париж дәрігерлік академиясының мүшесі доктор Маурики Буалле: Құрандағы ғылыми болжамдардың көпшілігі хазіреті Мұхаммед ғаллайсаламның дәуіріндегі білімдарлар деңгейінен салыстыруға келмейтін ерекше терең. Де мек, оны адамзат еңбегінің туындысы деу ақылға сыймай ды. Сондықтан құран Алла тағала тарапынан аян болып түскен кітап екенінде ешбір шүбә болмасы анық. Сондайақ, Алладан түскен күні өзгерместен хатталғаны да ешбір шүбәсіз. Біз бұған кәміл сенеміз. Құранда адам қолынан келмейтіндей оқиғаларға да айрықша көңіл бөлген жөн болар. Құран ежелгі араб тілінде «оқу» деген мағынаны береді. Ол араб тілінде жазылып, бүгінгі күндері бүкіл мұсылман қауымының қасиетті рухани заңы көзінің қарашығындай сақтайтын киелі кітабы. Ол халықтың тілінде жазылса әрбір халықтың өз ана тілі, бабаларының тілі өткен тарихи тіл. Олай болса тәуелсіздігін алған Қазақстанның мемлекеттік тілі де киелі қазақ тілі. Демек, Алла тағала Құранда айтылған тұжырымды бүкіл халыққа тіл арқылы жеткізуді бұйырған. «Құдайын ұмытқандар табиғаттың дүлей күштерін оятады. Көп асқанға бір тосқан. Есепсіз ештеңе болған емес», де ген екен Ломоносов. Олай болса, тіл қандай бір халық бол масын оның ана сүтімен дарыған қатынас құралы. Кезінде ХVІІІ ғасырда Еуропаны аралайтын саяхат шылар үшін латын тілі қалай қажет болса, ХІІІ ғасырда Шығысты аралаған жолаушылар үшін қыпшақ тілі сондай қажет болды деген ғылыми тұжырым бар. Қазақ тілі қыпшақ 27 Құран 220 аят.
тілінің қыпшақ-ноғай тобына жатады. «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды». М.Әуезов. Ал біздің ана тіліміздің өткеніне қатысты қолжазбалар дүниенің түкпір-түкпірінде кітапханаларда шашылып жа тыр. «Куман – Армян сөздігі», «Матендаран» кітапханасы Армения, әл-Фараби, Дулати, Жаухари, Юсуп Араби тәрізді ғұламалардың еңбектері де шетелдерде. Олар өз тілінде де, араб тілінде де өлмес дүниелер жазды. Олай болса, тарихы тереңде жатқан қазақ тілін бүгінгі ұрпақтың мемлекеттік деңгейге емес аяқ асты етуі тіпті де кешірімсіз. Америка Президенті Авраам Линкольн «Барша халықты біраз уақыт алдауға болады. Біраз халықты бір уақытта алдауға болады. Бірақ барша халықты барлық уақытта ал дау мүмкін емес» деген екен. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде біз өзімізді өзіміз алдап жүрген тәріздіміз. Тілдің бүкіл болмысымызға мемлекеттік деңгейі қорғалып, қазақ тілін үйретуге бет бұру айтылған-ды. Бұл Кон ституцияда айтылған. Ресми тілге дес беріп, заңмен қабылданған мемлекеттік тіл қазақ тілін өркендетуге кім кедергі болып отыр? Академик Балмұханов: «Қазақ халқы екі бірдей нәубетті басынан кешірді. Біріншісі Ақтабан шұбырынды, екіншісі ХХ ғасырдағы 33 жылғы ашаршылық пен 37 жылғы нәубет. Үшінші нәубет қазақ үшін надандық болуы мүмкін» деген екен. Ойланған дұрыс болар... ӨЗ ҚАНАТЫҢ БОЛМАСА, ӨЗГЕНIҢ ҚАНАТЫМЕН ҰША АЛМАЙСЫҢ
Шал ауруханада есін жиды. Белінен төмен сыздап сырқырағанда жанын қояр жер таппады. Неге мұнда жа тыр, не болды, есіне жуық арада түсе қоймады. Сыртта те резе алдындағы ағаштан құстың әдемі әуені естілді. Мамыр таңының атқанын күн шығар алдындағы құстардың шыры лы екенін ұқты. Есіне түсе бастады. Осыдан екі күн бұрын
«Бірлестіктің» шығысындағы егістік танапқа соқа салғаны, ХТЗ тракторына тіркелген соқа орындығында отырып оның жер жыртқан тістерінің дұрыс түсуін қадағалайтын. Брига дир Түймебек «жұмысқа ертерек кірісіңіз, Мәскеуден кел ген фототілші суретке түсіреді» дегені. Суретке де түскен, түскі аста артта қалды. Алқапты батар күннің қызыл шұғыласы орар сәтте трактордың оқыс бұрылысынан кейін не болғанын білмейді. Осы сәт аурухана дәрігерімен бірге інісі Әбу мен Дүйсенбай ере кірді. Болған оқиғаны солар айтып берді. Трактордың шұғыл бұрылысынан бейқам отырған ол соқаның астында қалған да, беліне оның бағытын бағамдайтын бел-темір түсіпті. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, екі аяғы да қозғалмай қалуы мүмкін. ... Жөнеу шалдың немересі, суреті «Правда» газетіне шыққан социалистік жарыс озаты Омар қырықтың қырқасында-ақ мүгедек атанып, балдаққа танылды. Алда жылжып жылдар өтті. Үйде қарап отыра алмай егінші Омархан аңшы шалға айналған. Жеке отырғандағы ұзақ күрсінісі шал жүрегіндегі торлаған тұманды сыртқа үрлегендей еді. Тағдырдың мына ауыртпашылығының әсері болар, оның маңдайындағы көлденең әжім қартты сұсты көрсететін. Алайда, Тәңірі сыйлаған қажыр-қайрат оның еңсесін түсіре алған жоқ. 14 құрсақ көтерген кемпірі Ақнұр қайтыс болғанда үй маңынан аулақтау шығып, көзіне жас алды деп естідік. «Алланың ерте алып кеткен нәрестелерінің қызығын көрсетуді мұның басына жазбағанына іштен налыса да қолда қалған үш қызына шүкіршілік жасайтын. Басына түскен жалғыздықты өзгеге тілемейтін» дейді ауылдастары. Мен үйге енгенде, шал теріс қарап қырын жатыр еді. «Ассалаумәлейкум» деген дауыстан, кім екен дегендей, қария бері бұрылып жатты. – А-а, сәлемші болсаң төрге шық, – деді ол. Бұл қарияның көңілі көтеріңкі сәті дегенді естігенмін. Редакцияның тапсырмасы бойынша келген мені жылы қабылдағанына көңілім көншіп, еркін барып, қасына жайғастым. Келген жұмысымды асығыс айтып та үлгердім.
– Е, жөн-ақ. Бізде не ақыл қалды дейсің. Қазіргі жастар қазақтың қазына қарттарынан гөрі теледидар мен кино-фильмдердегі шетелдің ақылмандарының айтқанына құлдық ұрады ғой. Сенің түрің жылы екен, білгенімді айта отырайын. Мұхаммед пайғамбар: «Адам баласында мықты қалыптасқан мінез-құлық, берік сенім болуы шарт», – де ген. Адам – Құдайдың өзі берген есім. Ол бүкіл 18 мың ғаламдағы тіршіліктің ішіндегі ең сұлуы, ақылды да парасат иесі. Ол – құпия. Адамның ішкі ағзасының сыры әлі толық ашыла қойған жоқ. Ал Адам деген атауды сол қалпында алған – қазақ. Бұған күмәнің болмасын. Қазақтың көпшіл, жұмсақ мінез, ақжарқын, жанды жатырқамайтындығы – Аллаһтың Адам атаға берген қасиеттерімен бірдей. – Кісілік, адамгершілік туралы не айтар едіңіз? – Ақтайлақ би: Кісі болар кісінің Кісіменен ісі бар, Кісі болмас кісінің Кісіменен несі бар, – деген. Абзалдық, адамгершілік, жақсы мінез кісіліктің ныша ны. Мінез жұмсақтығы, кешірімді болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Адам долылық пен адуындылыққа салынып ренжіскен адамына былапыт сөз айтып, долданып, аузына ақ ит кіріп, көк ит шығатын болса, қарсыласы байсалдылық танытып үндемесе, ананың жақсы энергиясы кейінгіге құйыла бермек. Бұл ғарыштық энергия, Жаратушының адамды іс жүзінде таңдауы. Адам адамгершілігі мол, адал болған сайын өзге жұрттың адалдығына азырақ күмәнданады. «Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған сайын, соғұрлым өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді», – депті Б. Паскаль. Қазақ айтады, бақыт қонса бай да, патша да болу оңай, азамат болу бақыт қонса да қиын. Май тоңғысыз жақсы мінезді болғанға не жетсін. Бәрі ақылға байланысты. – Адам жер бетіндегі тіршілік иелері ішіндегі ен ақылдысы емес пе. Ақыл туралы не айтар едіңіз?
– «Дүниедегі ең оңай нәрсе кісіге ақыл айту, ең қиыны – өзіңді өзің түсіну», – депті әл-Фараби. – Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: бірінші тәжірибе жолы – ең ащы жол, екінші – ұқсау жолы – ең жеңіл жол, үшінші – ойлау жолы – ең таза жол. Ақыл Аллаһтың сыйы, ол қанмен келеді. Марк Твен: «Менің 14 жасымда әкем топас сияқты көрінетін, оның сөздеріне зорға шыдайтынмын, бірақ 21 жасқа келгенде әкемнің 7 жыл ішінде қалай ақылды болып кеткеніне таңқалдым», – деген екен. Адамға мал бітуі – ақыл мен еңбектің нәтижесі. Осы тұжырымдардан ақылдың не екенін оқырмандар өзі зерделесін. – Қазақтың бойындағы қандай жаман қасиеттерді айта аласыз? – Ұстамды болу, мінезділіктің белгісі. Екі құлаққа бір тілдің келетіні екі есе тыңдап, бір рет сөйле деген емес пе. Біздің сөзіміз көп. Қазақта бес нашар қасиет бар десек біріншісі – жалқаулық пен енжарлық, лауазымға табыну, дінді қастерлемеу, ішімдікке құмарлық, күншілдік, әкімшілдік пен алауыздық. Қазақтың қазіргі ең басты кемшілігі – ұлттық намыс төмен, тіпті рулық намыстан да төмен. Сүйінбай бы лай дейді: Арыз-құрыз, жік, жала есеп ессе, Бір-біріңді жоқ қылар өсек ессе. Өз шешеңнің емшегін өзің турап, Итке тастау дегенің осы емес пе? Әбілда Тәжібаевтың «не тапты қазақ Құлагерді ұрып жыққаннан» деген бір қатар өлең жолы кімді де болса ой ландырары сөзсіз. Адам баласының бойындағы ең нашар қасиет – күншілдік. Күншіл болма. Ол неге менен озып кетеді деме, мен неге оған жетіп озып кетпеймін де. «Кісінің денсаулығын титімдей сатқындықтың өзі бұзады», – деген Рерих «Жанды этика» деген кітабында. Мінезің қабілетіңе дұшпан болмасын. Ішкі жан дүниең сайрап, еркің өзіңде болғандықтан да ақылгөйсіп қажеті жоқ. Санаң тайталасып тұрғанда сезімге бас ұрып және қажеті жоқ. Көрсеқызар болма. Қызықты іздеме «Нені қызығып көп іздесең, соның азабын бір тартарсың», – деген Абай.
– Отбасы, достық туралы не айтар едіңіз? – Үйінде бақытты адам – ең бақытты адам. Ер жігіттің қадірін ағайын емес «жат білер» дейді қазақ. Жат білген қадіріңді жақының да білгені жақсы. Бетеге кетсе – бел қалар, Бектер кетсе – ел қалар Берекең кетсе – нең калар. Отбасыңның берекесі – әйел. Ақылды болса жақсы, ақылсыз болса абыройыңа нұқсан келеді. Шынайы достық өте сирек кездеседі. Достық деп жүргеніміздің көбісі есепке құрылған. Өз тарапыңнан адал болсаң, пейілің түзу болса мойыма. Иманжүсіп: «Дос болып, қас болғаннан сақта, Құдай», – деген. Біраз сұхбаттастық, білем. Қорыта айтарым, кемшілігі жоқ болуға тырыспа, кемшілігі жоқ адам болмайды. Тағдыр адамның өз өміріндегі жіберіп алған кемшіліктерінің жиынтығы. «Ыстық пешке бір отырып қойған мысық, қайтып ыстық пешке отырмайды. Суық пешке де», – деген Марк Твен. Қателіктерді болдырмау да біздің тәжірибемізге, білімімізге, санамызға байланысты. «Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жандары сыпайы келеді», – дегенді А.П. Чехов айтыпты. Өз қанатың болмаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың деп сөзін аяқтады. Үш қыз өзгенің түтінін түтетті. Көп ұзамай қазақтың тағы бір ақылман қарты көз жұмды. Қарттың жарты ғасыр ашық тұрған есігі жабылды, қайта ашылған жоқ. Ия, қартая білу де өнер. Қазына болып қартаю бар, қазымыр боп қартаю бар. Аллаһ Сізге де, бізге де қолымыздан келетін істі атқаратын қуат берсін, қолымыздан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік беріп, осы екеуін бір-бірінен айыра алатын ақыл беруді нәсіп етсін!
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҮРДІСІ Әлемдегі қандай бір ұлттар мен ұлыстар болмасын, өздерінің бабалары жасаған рухани қазынаны игере оты рып ұрпақ тәрбиесін заманнан заманға жеткізіп, өрбітеді. Біздің бабаларымыз ат құлағында ойнап, жауынгерлік пен батырлықтың, ақындық пен ақылдылықтың, әншілік пен шешендіктің небір тамаша көріністерін тарихта аңыз етіп қалдырды. Аттила (Еділ), Томирис (Тұмар), Ер Тарғын мен Қобыланды, Қамбар мен Алпамыс, одан бері Әз Жәнібек пен атақты Абылай хан, Қабанбай, Ағыбай, Бөгембай, Байғозы, Райымбек тәрізді батырлар мен Жиренше, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Баба түкті шаш ты Әзиз, Қожа Ахмет Йассауи, Қарашаш пен Домалақ Ана (Нұрилла) тәрізді ғасырлар бойы қазақ халқының даңқын асырған сол сайын даланың ұл-қыздары. Оларды осын дай ұлттық шырқау биікке көтерген еліміздің өзіне ғана тән салт-дәстүрі мен ұрпақ тәрбиесінің ықпалы еді. Демек, қай бір халық болмасын, оның өз ерекшелігіне тән этнотәрбиесі ғасырлар тезінен өткен ұлттық жетістік. Олай болса әрбір қазақтың тәрбиемен ұштасқан өмірлік сабақтастығы, өт кеннен тағлым алған аталық салт, халықтық қалпы болуы шарт. ХІХ ғасырдың ортасында орыс империясының қазақ даласына жіберілген зиялыларының бірі халқымыздың бітім болмысына, жақсы-жаман жағына былайша баға бер ген екен. Жаман жағымыз: 1. Шынайы намыстың жоқтығы. 2. Шартты ержүректілік. 3. Шартты адалдық. 4. Өтірікшілдік. 5. Риялылық-пайдақорлық. 6. Мылжыңдық. 7. Бейқамдық. 8. Өсек-аяңшылдық.
- Даукестік. 10. Даңғойлық. 11. Мақтаншақтық. 12. Кәсіпқұмарлық. 13. Айлакерлік. Сол сырт көзге шалынған жақсы жағымыз: 1. Дін жағынан фанатиктер емес. 2. Сауда және экономикалық қатынастар саласында адал және сөзіне берік. 3. Ақыл-парасат жағынан алғыр әрі білуге құштар. 4. Қазақтар өте-мөте анықтылығымен айрықша. 5. Араққорлық атымен жоқ, есірткі сусындарға құмар емес. 6. Балаларды жақсы көреді. 7. Қарым-қатынаста қарапайым. 8. Ақсақалдарды сыйлайды. 9. Табиғатында ақын. 10. Дене бітімінде дені сау, шымыр келеді. 11. Ән салып, аңыз әңгімелер мен жыр тыңдағанды ұнатады. Міне, көріп отырсыздар, жат жұрттықтың жақсы және жаман жағымызды таразылағандағы ойын екшеп көрсеңіз. Сіз бен біздің әрқайсысымызға жеке баға бергенін сезінесіз. Ал осы жаман әдетіміздің бір ғасырдың ішінде қаншасынан ада болдық екен, ойланып көріңізші. Білімдіміз, дүние таны мымыз кең, мәдениетіміз жоғары, XXI ғасырға аяқ басқалы отырмыз деп кеуде соққанымызбен өзімізге тән келеңсіз іс-әрекеттеріміздің бойымыздан алшақтайтын түрі жоқ. Ал жақсы жағымызда атап көрсетілген араққорлық атымен жоқ деген сөзді қазір естіген қазақ мазақ етіп күлер еді. Сонда бір ғасырдың ішінде арақпен де, есірткімен де достасып, ұлттық болмысымызға топырақ шашқанымыз ба? Ойланып көрейікші. Үлкенді сыйлау қай халықтың да адами асыл қасиетінің бірі. Ал бұл дәстүр қазақ жұртының сүйегіне сіңген бекзаттық. Бірақ дәл қазіргі кездегі арқаға аяздай батқан нарықтық өтпелі дәуірде бұл ұлттық ерекшелігімізге де көлеңке түсе бастаған тәрізді. Қысқартып айтқанда, бізге
осы тұста ұлттық идеология тамырын тереңнен тартқан қазақ халқына тән тәрбиеге бет бұру аса қажет. Бұл жерде енжарлық та, бейқамдық та бізді жақсылыққа жетелемейді. Мұхаммед пайғамбар өз заманында: «Адам баласын да мықты қалыптасқан мінез-құлық, берік сенім болуы шарт» деген екен. Демек, үшінші мыңжылдыққа аяқ ба сарда біздің әрқайсысымыз қалыптасқан ұлттық мінезқұлқымызды қайта жаңғыртып, Қазақ елі деген берік ұлттық сенімді шыңдай түсуіміз керек. Осы жерде мынадай жайт ойға оралады. Бүкіл адамзат бір ғана рухани ділден жаратылғаны шындық. Орыс жазушысы Достоевский: «Не ықылым замандардан бері тамыр дінді мансұқ еткен адам зат сойқын соққыға душар болар» десе, ғұлама Ломоно сов: «Құдайын ұмытқандар табиғаттың дүлей күштерін оя тады, көп асқанға бір тосқан, есепсіз еш нәрсе де болған емес», – деп ой түйген екен. Жаратушы жер бетіндегі бүкіл құбылыстарды өзі қадағалап, оның өзгеруіне өзі ықпал жа сайды. Тарих бетіндегі небір империялар толып, толықсып келе 200–300 жылдан кейін ыдырап кетіп жатты. Орыс им периясы 300 жылдығын тойлады да, тарих еншісіне бет бұрса дінді талақ тастаған социалистік қоғам жоғарыдағы ғұламалардың айтқанындай құдайын ұмытып, құдіреттің дүлей күшіне тура келді, қызыл империя бөлшектеніп бітті. Тарихты талдап жатқанымыз жоқ, бірақ діннің құдіретіне, оның рухани тәрбиелік мәніне ешкім де шек келтірмеуге тиіс. Тәрбие табалдырықтан басталады. Сол отбасындағы тәрбие, әулет намысы, жас ұрпақтың санасына ұлттық қадір-қасиетті сіңіру бүгінгі тірі жүрген әрбір пенденің па рызы. Италияда бір әйел: «Сенен әнші шығады. Сен әнді күннен-күнге жақсы айтып келесің», – деп ұлына айтудан жалықпайды екен. Ал сол бала ұлы әнші Энрико Карузо аты мен бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұдан шығатын қорытынды тәрбие жүйелі болуға тиіс. Біздің бабаларымыз кезінде ба ласын немесе немерелерін қазыналы қарттар отырған жер лерге апарып жүріс-тұрысты, аңыз-әңгімелерді естітуге, одан тәлім алуға баулып келген емес пе? Ал біз баланы немесе немерені қолмен жетектеп күнделікті сырахана мен
арақ ішушілердің орталарына апара берер болсақ, ол пер зенттен ертең кім шықпақ? Олай болса, ұлттық тәрбие ғана сол халықтың болашақ тағдырын шешеді. Будда айтады екен: «Ашыған сүттен жұғынды қалған ыдысқа таза сүт құйсаң да ол бәрібір ашып кетеді. Сол секілді көкірегі таза емес адамға жақсыны айтсаң да, жа манды айтсаң да бәрібір». «Қоныстың бәрін жоғалтқан ноғайлы қазақ надан жұрт, бірлігінің кемісі», – деп жырлаған екен атақты Шалкиіз ақын. Демек, бүкіл қазақ халқына ендігі керегі ынтымақ, бірлік, бір-біріне деген мейірім шапағат. Оның да түптің түбіндегі темір-қазығы ұлттық тәрбие болмақ. Мұхаммед пайғамбар өзі жасаған кереметтер жөнінде сұрағандарға: «Мен кереметтер туындатпаймын. Мен білетін жалғыз ғана ғажайып Құран», – деген екен. Құранның түпнұсқасы жеті қат көктің үстінде деу тегіннен-тегін емес. Әлемнің иесі бір Құдай десек, онда адам баласының әрбір мұсылманның иманға келуі парыз. Моңғолиялық ақын Кәкей Жаңжұңұлы: Адам, сен өлмеймісің Ажалға көнбеймісің. Шаш-сақалың ағарды Иманға келмеймісің, – депті. Иә, үлкен иманды болмай, кіші ибалы болмайды. Ба баларымыз: «Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылык кісінің келешегін жояды, елдің иесі болып отырған өкіметті сыйламау ел ішінің бірлігін жояды. Асты күтпей, ысырап ету, үй-ішінің берекесін кетіріп, ашығуға апарып соғады» деген екен. Қай заманда да қазақ «ағадан ақыл, ініден ізет» деген емес пе?! Бұл бүгінгі таңда біздің әрқайсысымыздың жады мызда болар қасиетті ұғым болса керек. Қазақ тарихының мың өліп, мың тірілсе де үзілмей келе жатуы бағзы ұрпақ пен бүгінгі ұрпақтың табиғи сабақтастығы. Елбасы Н. На зарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын ұлттық тұрғыда көтерді. Осындай тарихи тағлымнан туындаған шешім деп ойлаған жөн. Бірақ бұл күндері осы бір киелі байланысқа жарықшақ түскен тәрізді. Ұлттық тәрбие, аталы сөзге тұру,
үлгі-өнеге көрсету, біздің әрқайсысымыздың көкірегімізде маздап жатса текті халық мәңгі жасары ақиқат. Егер үлкеніміз бар, кішіміз бар адамды ізгілікке, мейірімділікке, тазалыққа, үлкенді сыйлауға, ибалылыққа, ұяңдыққа бастайтын ұлттық тәрбиемізді жалғастыра дамыта білгенде бүгінгі таңда құлақ естіп, көз көріп отырған қасиеттің көбі болмас еді. Өзің үлкен қылығың бала-шаға Балаша мәз боп жүрсің тамашаға. Әкесі ұрысса баласына ол да достық, Баласы ұрысса әкесіне жараса ма? Ақын сөзінде, онын астарында көп мағына жатыр. Ендігі жерде ардагер аға-апалар, барша қауым, өз халқыңның ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүріне, әдетғұрпына, ұлттық қасиетіне, тәрбиесіне бет бұрмаса ұлт ретінде жойылып кетудің қаупі төніп-ақ тұрған тәрізді. Сіз не дейсіз? ӘЗИЯ – КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚЫЗЫ Мен Қалиақпар Көшкімбайұлы Әміржановпен Алматы қаласының Абылай хан және Фурманов көшесі ортасында орналасқан Республикалық аурухананың терапия бөлімінде жолыққан едім. Сырқат адамның ем-дом жасағанынан соң уақыты жетерлік емес пе, осы кезде көрші палатадан орта бойлы, сұлу кескінді, егде тарта бастаған кісі шығып әңгіме дүкеннің арнасын ашады. Менің газетте жұмыс істейтінімді естіген Қалекең келесі күні өзінің Әлемнің бас палуаны, Қазақ даласының батыры, аңыз атамыз Қажымұқан туралы қолжазбасын ұсына отырып, «Қажекеңнің Ырысты атты әйелінен София және Рашида атты қыздар бар еді. Олар ерте дүние салды. Ал Рыстыдан туған Әзия атты бір қыз бар деп естідім. Бірақ Әзиядан да, оның отба сынан да бейхабармын» деген.
... Қалиақпар Көшкімбайұлы 1926 жылы Омбы облысының Шарлақ ауданындағы Киров ауылдық кеңесіне қарасты Қаратомар ауылында туған. Мектеп бітірген соң оның еңбек жолы 1949 жылы Қазақстанның Павлодар об лысына қарасты өңірінде жалғасқан көрінеді. Осы аймақта ол он жылдан аса мәдениет саласында еңбек етеді. Тоталитарлық жүйенің кемелденген дәуірінде халқы жағынан орыстілділер басым Ертіс өңірінде қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін дамытуға ұйытқы болған. Ұлы далада ұрпақ сабақтастығын жаңғырту, тарихи тілдік құндылықтар мен өз атажұртында сан ғасыр өмір сүрген ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын ұлықтау тәрізді шаралардың өткізілуі – осы тұс еді. Қ. Әміржанов 1959–1963 жылдары Ленинградтағы жоғарғы кәсіподақ мектебінде оқиды. Алматыға келген ол әуелі Қазақстан кәсіподақтары кеңесі мәдениет бөлімінің инспекторы, одан соң 1965 жылдан 1984 жылға дейін мәдениет қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы, 1984 жылдан 1988 жылға дейін республика мәдениет қызметкерлерінің кәсіби мамандығын жетілдіру институтының директоры болған. Оның ұлттық мәдениет туралы жазған зерттеу мақалалары кезінде облыстық, республикалық және одақтық басылымдарда жарық көрген. Соңғы уақытта Қажымұқан және оның өмірі, ұрпақтары жайлы жазған деректі естеліктері тәуелсіз еліміздің мерзімді баспасөздерінде жарық көріп, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленуде. Ол кісінің Қажекеңнің 37–40 жылдардағы репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларымен қарым-қатынасы, балуанның қажы аталуы және жұбайлары жөніндегі тың деректері назар аударарлық. Күш атасының спорттық жетістіктеріне күмәнмен қарайтындарға ол кісі туралы тарихи құжаттарға сүйене отырып жазған, соңғы кездегі деректерді арқау еткен еңбектері балуан бейнесін ұлықтауда құнды дүние екені даусыз. Қаламы қарымды ұлтжанды ағамызбен әңгіме бары сында мен Қажекеңнің қызы Әзия Сыр бойындағы Шиелі ауданының – бір кездегі көсем атындағы колхоздың
«Алғабас» бөлімшесінде кешеге дейін өмір сүргені, оның ұлы Тұрлыбек, Бақтыбек, қызы Құралайдың Шиелі кентінде тұратынын айтқан едім. Қалиакпар аға ерекше қуанып: «Асылдың тұяғы туралы жаңарған Қазақ елі білуге тиіс қой. Дүниежүзінің балуаны атанған Қажекеңдей біртуар күш алыбының ұрпағын түгендеп, шырғалаңға түскен өмір жо лын бір жүйеге келтірсек, игілікті іс атқарған болар едік-ау» деді ойланып. Шиелі аудандық газетінде отыз жылдан астам жұмыс істей жүріп күш атасының қызы Әзияны толық тани алмағанымызға іштей өкіндім. Балуан өмірінің жалғасы, Омбы да тұрып әкесін жерлеуге жете алмай іш құса болып, өзегі өртенген 18 жасар Әзияның келер жылы Темірланға келіп, күш атасын жоқтауы қажырлылық пен қайсарлықтың көрінісі емес деп кім айтады. Жоқтау айту әлемдегі ешбір елде кездесе бермейтін, тек қазақ еліне тән ақыл-ой кемелдігін танытатын, тапқырлық пен шебер теңеулерді қолдана ала тын, сөз бен сезім сұлулығын көрсететін ұлттық үрдістің өзі ғой. Мәдениет қызметкері Абдулла Жұмашевтің айтуынша жоқтауды түстікке белгілі ақын, балуанның рухани досы Балтабай Тебейұлы шығарған. ... 2010 жылдың күзі. Әзияның ұлы Тұрлыбектің отба сына келдік. Бөліп берген олжасын әр адамға, Алғыс алып атадан, ағадан да, Қажекеңді көргендер бақыттырақ, Көрмей қалған біздерге қарағанда, – деп Тұманбай ақын айтқандай, осы отбасы келіннің зор тұлғасын көріп, келін ата-ененің топырағынан дегендей, күш атасының рухы жиен отбасын төңіректеп жүр екен-ау деген ойға қалдым. Әзияның жолдасы Бұқарбай 1924 жылы туылған, шаруашылықта кейінге дейін егінші болған. Әзия болса 1932 жылғы екен. Тұрлыбек, шешесі Әзияның балуанның екінші әйелі Ырыстыдан екенін, оның София, Сейфулла, Рашида,
Әшира – Бәшира атты егіз туған бауырлары болғанын айтып Қажекеңнің Темірланда тұратын балаларымен қатысып тұратынын білдірді. 1949 жылы 19 наурызда Әзия айтқан жоқтаудың сарғайған мәтінін маған ұстата берді. Ол нұсқаны Абдолла Жұмашев жария еткен «Қажымұқанды қызы Әзияның жоқтауы» атты мәтінмен салыстырған едім, айта қаларлықтай алшақтық жоқ екен. Тұрлыбек нағашы атасының тегінен де хабардар екенін аңғартты: – Нағашы жағымнан естігеніме қарағанда, атамыз Қара Қыпшақ Қобыландының тікелей он бірінші ұрпағы. Алтыбас Ернақ батырдың немересі. Орта жүзге белгілі Лұқ балуанның жиені. Алыптың анасы Кәбира ерекше қайраттылығымен көзге түскен. Күш иесінің дүниеге келуі де ерекше. Ертегілерде айтылатын батырлардың айрықша құбылыс, ауыр толғақтан соң өмір есігін ашатыны тәрізді Кәбираның қажыр-қайраты жайлы Қалмақан Әбдіқадіров: «Кәбираның қаруы ауылға аңыз болды. Отынды тоғайдан басқа әйелдер бұтарлай, арқалай әкелсе, ол құлап қалған қу ағашты түгелдей иығына салып әкеледі» деп жазды. Алып анадан деген Тұрлыбек нағашы атасының елге келгендегі көрсеткен көріністеріне қанық екенін де білдіре кетті. – Мына Шиеліге келгенде үйреншікті нөмірін көрсетіпті. Ол соғыстан кейінгі уақыт болса керек. Үстіне төрт-бес тақтай төсеп, колхоздың 1,5 тонналық «Газ-51» машинасы на 3–4 кісі мінгізіп, үстінен ерсілі-қарсылы үш рет өткізіпті. Жуандығы екі елідей сом темірді алдырып, қос қолымен иін доға жасап басынан асырып лақтырып жіберген екен. Әңгімені доғара тұрып Әзия анамыздың әкесін жоқтауын оқиық дедім мен. Ол мәтін төмендегідей еді, оқырман назарына ұсынып отырмын. Сөйлесін тілім суырылып, Жаратқанға сыйынып, Аза тұтып атама, Отырсыз халқым жиылып. Жора-жолдас, достарың, Қайғыма бірдей күйініп.
Естіген ел мен ерлердің, Тұрғаны бар ма сүйініп. Жүзім төмен боп қалды, Басыма қара киіліп. Ажалы келді төтенше, Алуға тағдыр бұйырып, Үш сағатта дем бітіп, Иманын қойды үйіріп. Тоқтау бар ма көз жасқа, Тұратын күнде тыйылып. Тоқпақтай түсті төбемнен, Еріксіз ажал құйылып. Жетім бала, жесірің. Артыңда қалды үйіліп, Әлемге түгел жайылған, Ардақты атам өрнегің. Дүние жүзін аралап, Жаһанды шайқап өрледің. Қарсыласқан дұшпанды, Қырау құрлы көрмедің. Жетпіс бес жаста күресіп, Қолыңнан намыс бермедің, Айтып-айтпай немене, Жоқ еді атама теңдерің. Алдымда, атам сен едің Сүйенгенім, сенгенім. Ғазалыңды ерте-кеш Жолымен айттым терменің. Орның бітпес атакем, Арыстаны едің сен елдің. Белдескенін бүктетіп, Алысқанын өңгертіп, Алаштың атын шығардың. Жетпіс жеті жасыңда. Қазаң жетіп өлгенің, Мұқалған күшің жоқ еді, Лаулап шығып сөнгенің. Ерте ме, кеш бұл өлім
Басына түсер пенденің Себепсіз ажал келгенді, Жаратқан өзің жөндедің. Жас жетімек болмаса, Несі бір кетер өзгенің. Айып етпе, ағайын, Жоқтаудың түстім салтына Лайық деп айтсаңыз, Атамның жетсек нарқына. Талай дәумен алысып, Дем алмай келген қалпына Ерлік еткен істерің, Шығайын айтып халқыма. Айырылдық асыл болаттан, Зар болып қымбат парқына. Не дәулерді бас тұтып, Түсірген биік даңқынан. Түркияның балуаны, Қажықабыл кеп еді. Аспанға атып, жерге ұрып, Қаңбақ құрлы көрмеді. Жиырма екі патша шет елдің, Сізсіз өтпес күресі. Балуаны герман күресіп, Мойны үзілген сол еді. Мылтық атып жақыны, Ірі қылмыс боп еді. Қайырған оғын Құдайым, Болмаса атам жоқ еді. Рүстем – Дастан бұрынғы, Анау-мынау балуанды, Ойнатқан қолда деп еді. Жиырма екі патша шетелдің, Бәрінде атам боп еді. Күрес десе күркіреп, Күші сыймай денеге, Қайнап шығып тұрады, Қайыспас өткір болаттай
Он саусағы, білегі. Күшіне сай жаралған, Денесі мен сүйегі. Қабақты келген ат жақты, Бұғақты келген иегі Өткізген арба, мәшине, Демеді жанға тиеді. Темірді илеп қамырдай, Өзінше қайрат боп еді. Қайрат күшін өлшеусіз, Қыдыр мен бақ дарытқан. Мен жылаймын ерте-кеш, Атамның қайғы зарынан. ... Қатерлі жұмыс кездессе, Кетпеген атам қасынан. Жүз мың сом төлеп ойыннан, Өзінің еңбек пұлынан. Аэроплан жасатты, Амангелді атынан. Самолет кірген соғысқа, Хабары келген хатынан. Жүз жиырма рет соғысып, Қару мен жарақ тасыған. Отан үшін, халық үшін, Күдерін үзген жанынан. Атамнан дұшпан сескеніп, Толыққан жүрек қасынан. Күреспеді екінші, Бір күресіп сыр алған Арыстандай ақырса, Жүрмеген дұшпан маңынан. Қарсы келіп алдыңда, Болмады ешкім тұра алған. Неше атақты палуанмен Бір талмастан алысқан. Жығамыз деп келгендер, Қаңылтырдай қабысқан, Жексен болып, жер қауып,
Тұрмастай болып жабысқан. Талай дәумен ұстасып, Талай дәуді жанышқан. Абырой, бағы кетпеген, Жібермей арын намыстан. Айғайласа ұрандап, Сол еді бастан сүйері. Атша тартып арбаны. Құдықтан алған түйені, Мойынын бұрап тигізген Шұңқырға сояр биені. ... Жәрдем беріп тұрады, Қайғырма халқым алаң боп, Айдархан мен Жанәбіл. Кетеді ертең адам боп, Халиолла мен Шабдарым, Алдыңда тұрса ағаң боп. Абдолла ағаң өлді деп, Жақында хатпен хабар боп. Менің халім бұл еді, Іс түрі тұр жаман боп, Көбелектерім көзсіз боп. Қалмасын күнің қараң боп. Ел шетінде қап кеттім, Ағайын-іні арам боп. Жан беруге айналды, Тоқталды сөзі тамам боп. Жердің түгел шеті Омскіден кеп едім. ... Бұрын өліп кеткенде, Қай жақтан іздеп келемін. Құшақ жайған халық үшін, Айбынды туған ер едің, Денеге күші сыймаған, Қайратқа ас сері едің. Нағашың үлкен балуан, Соған тарттым дер едің. ... Жеті жаста қап кеттім,
Атекем, кеттің қайырылмай, Ұзарыңды білгенде, Жүрер ем сізден айырылмай, Екі қыз қалдық анаммен, Жүреміз қайтып қайғырмай, Шешем өлім ояқтан, Көрстаннан жай қылды ай. Жетім қалдық екі қыз, Анамыз кетіп айбындай. Жасымнан шерлі қу жүрек, Болат та қайтсін қайырылмай. Торғайдай тоздық паналап, Ағайыннан сай қылмай, Кемтарлықтан күн кештік, Малменен басқа пар қылмай Атамның мұнда ішкені Бал менен шекер шай қылды Бақытқа жеттім дегенде, Көзімді жасқа шайдырды-ай, Аға, інімді аман ет, Бағымды бастан тайдырмай. Жас балапан қап кетті, Ұшырар қаз бен үйрегін. Аңсамай атам қайтейін. Қазір де қандай күйдемін. Бадамнан түсіп стансы, Күттім хабар тигенін. Әзияш деп өкіріп, Бетімнен ерте сүйгенің, Әлдеқашан келмекші ем. Басымды тұрмыс биледің. Қызметіңде, атажан, Тәрбиелі жүрмедім. Қапалық бастан асырмай, Арқаңда дәуір сүрмедім. Қатар-құрбы ішіне Теңдікті іспен кірмедім. Бөлектігі іргенің,
Өзгесінен айрықша, Басыма түскен бір менің. Атама келген қу ажал Өкпемнен шаншып жүр менің, Айыпқа тұтпа ағалар, Қаталық айтсам бір жерін. Тоғыз жаста Айдархан Қуаныш көрдім жүргенін. Сегіз айлық Жанәбіл, Көрдім мерей күлгенін. Шабдарды көріп тетелес, Шүкірге келді тілдерім. Асқар тау құлап айбынды, Не болар енді білмедім. Іші бауырым езілер, Атажан қамқор сен десем. Сағынбас едім атекем, Түсіме мұндай енбесең. Артыңнан келіп жоқтар ма ем, Ізденіп мұнда келмесем. Тәрбие берген атекем, Суға зар боп шөлдесем. Басылар ма еді мауығым, Тағдырға шүкір қылайын, Асылық болар көнбесем. Көрген түсті жорыттым, Сөзіме халқым нана біл Өзге сапар жол түсіп, Ұзадың ауыл-аймақтан. Не палуанды жаныштап, Асырдың күшті қайратпен. Басып оздың денеден, Не дәуді болдың жаратқан. Не наһанмен алыстың, Бармақ, қол болды шайнатқан. Өшігіп балуан көп келді, Айнала шетел жан-жақтан. Көтергенге көнбедің,
Басылып ауыр салмақтан Дүнганжа келіп күресті Қытай жұрты қалмақтан. Поддубныйға Германда Шайнаттың бір қол бармақ та, Талай дәумен ұстасып, Серке болдың шал атқан. Қажымұқан алып ең, Талайдың аузын қандатқан. Мұқалмайтын болат ең, Көпке күшін аңлатқан. Жер қозғалмас не дәуді Ұшырдың жеңіл қаңбақтан. Белдеспей ұстап шығасың, Әдіссіз іліп шалмастан. Біреулер жатыр қан құсып, Біреулер жатыр талықсып, Біреудің сынып аяғы, Біреулер таңып балдақпен. Сенімді палуан Қажыекең. Ерлікті алған мандатпен, Қорғауда болып жүреді, Ойынға барса солдатпен. Нұр тайып тұрған кезіміз, Айырылып нұрлы ажардан. Гүліміз солған кез еді, Болғанмен бірдей анармен. Қас сұңқардан айырылдық, Дуадақ, тырна, қаз алған. Ашулыға өкпе жоқ, Сөзімді болсаң шам алған. Бұрын-соңды кеткенді Бар ма екен іздеп таба алған. Тірісі үш, ал қазірге, Атамнан қалған белінен, Халиолла үлкені, Келе алмай жатыр елінен, Айдархан мен Жанәбіл,
Екі кіндік теңімен. Рашида, София, Үш қыз едік менімен. Бұл алтаудан басқаның Ажырап қалдық көбінен, Немере төрт ұл, екі қыз, Айтайық сөздің жөнімен Бәтима анам қартайған, Жүзі жұмсақ түрінен. Мінәй апай Арыста Күдер үзген елінен. Бибіжан анам отызда, Тіл қысқа жастық кемінен. Іс ақырын сұраймын, Қаралы істің шерімен. Ауырмалдық іс екен, Мекенді ауған жерінен. Қайғылы зармен ажырар, Тірі арасы өлімнен. Жоқтау зарын есітіп, Аунайды атам қабірден. Айналайын, жан ата, Жоқтайын енді Құраннан. Жоқтаған қызың Әзия, Балтабай нұсқа шығарған. 16 наурыз, 1949 ж. Заманында әлемнің әйгілі балуандарын тізе бүктірген Күш атасының өмірінің бір беті қайта ашылды. Хабарсыз кеткен Әзия осылайша ортамызға оралды. 1983 жылы алып тұлғаның туғанына 100 жыл, одан соң 1993 жыл да өтті, жылжып 2011 жыл да келді өзгенікіне таңдай қағып, тамсанатын қазақ 2013 жылы балуанның 130 жылдығында да үнсіз қалар ма екен?! «Қазақ елі» газеті, 2011 ж.
ҰСТАЗ ӨЗГЕНIҢ БАҚЫТЫН АЯЛАЙДЫ
«Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау» Зейнолла ҚАБДОЛОВ, академик
Қадірлі ұстаздарымның бірі, шәкірттерінің қас-қабағына қарап, әрбір қадамының сәтті болуын қалайтын Зей нолла ағаның жоғарыдағы ой-сарабы сырымды шер тер қаламсап ұстауға әсер етті. Аудандық газеттің отыз жылдан астам «тозағын» көріп, қысқа жазу мектебінің тезінен өткен соң ба, сан ойларға беріліп көсіле жазу ды Алла бізге бұйыртпағандай алғаш жүрексініп, қағазға тіктеген қаламсап қолға жуыспай тайғанақтай бергені рас. Бітіргеніміз сол алақандай газеттің, шағын басылымның айналасы ғой. Кім қалай қабылдар, оны ойлы оқырман өзі таңдар. Бұлай дейтінім өмір бәйгесіне қосылып, ат айы лын тартып мінгеннен бері – бірі Алматыда жүріп тілеуімді тілеп, енді бірі Шиелі топырағына келіп кешегі шәкіртіне тағы да ақ жол, ақ бата берген ұстаздарым жайлы шамашарқымша шағын естеліктер айтуды сол бір ғұламалар алдындағы парызым санағандығым еді. Артық-кемі болса кешіріп, бәрекелді десеңіздер, алғыстан басқа айтарым жоқ. Ақылман ағаның аялы алақаны Хатшы қыз есікті ашып: – Сізге Қызылорда пединститутының доценті Әли Бай жолов кіргелі тұр, – деп хабарлады. Сөйлесіп отырған ауыл тілшісінен кешірім сұрап, келген кісінің кіруін өтіндім. Мына есімді естігенде өн бойым қатуланып, ту сыртым шымырлап, қаным басыма шапты. Аузыма келген адуын
сөздерді түйдегімен ақтара салғым келіп, сан ойға кеттім. Ашуды ақылға жеңдіріп, жасандылау болса да сәлем беріп, орындық ұсындым. Ол институтқа талапкерлер қабылдауға байланысты хабарландыру әкелгенін, өзінің осы Шиелі топырағынан екенін құлаққағыс етті. Бұның өзі ақылы ха барландырудан гөрі, сұхбат ретінде берілсе, өзіміз ғой, деген ишара екенін сездім. Бұл кісі оқушы кезімізде аудан мектептерінің бірінде оқытушылық жасаған. Бірнеше жылдан бері санамды шырмап, ішімді жылан дай жалаған ғайбат айтылған бір ауыз сөздің иесі алдымда жайбарақат отыр. – Ағасы, осы сіз мені танисыз ба? – дедім төтесінен. – Жоқ, бірінші көруім. ... 1964 жылдың жаз айында профессор Әуелбек Қоңыратбаевтың кеңес беруімен ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының док торы, профессор Бейсенбай Кенжебаев пен басқа да ка федра меңгерушісі мен оқытушылары жазған өзім туралы мінездемесін алып, Қызылорда қаласына келдім. Әукең кідірместен институт ректоры Өсербаевқа кіргізді. – Өткенде келіскен жас кадрымыз осы жігіт. Мынау Бейсекеңнің қол қойған мінездемесімен танысыңыз деп бір бет қағазды ректор қолына берді. Ол дауыстап оқи бастады: Қазақтың Мемлекеттік университетінің филоло гия факультетін бітіруші Жайлыбаев Зәкімге берілген мінездеме. Жайлыбаев Зәкім 1959 жылы университетке қабылданған жылдан бастап-ақ өзінің ғылыми жұмысқа бейім екендігін байқатты. Университет қабырғасында қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп, кафедра жанындағы семинар, кеңестерде білімділігімен, кішіпейілділігімен үлкен құрметке бөленді. Ол алғашқы жылдары әдебиет тарихынан бірнеше баяндамалар жасаса, кейін осы бағытын кеңейте түсіп, тіл тарихына да көбірек ауысты. «С.Е. Малов және қазақ тіл білімі», «Тоныкөк шежіресі», «Кодекс Куманикус», т.б. тақырыптарда 2–3–4 курстарда жасаған Жайлыбаевтың ғылыми баяндамалары, студенттер және факуль тет оқытушылары арасында да маңызды еңбектер
ретінде аталып жүрді. З. Жайлыбаев өзінің диплом жұмысына қазақ тіл білімінде аз зерттелген «Кодекс кума никус» тілін арқау етті. Білімді де ғылыми жағынан терең жазылған бұл диплом жұмысы Мемлекеттік комиссияда өте жоғары бағаланып, осы уақытқа дейінгі ең жақсы жазылған диплом жұмысының бірі ретінде аталды. Осының бәрінен, университетті бітіруші Жайлыбаев Зәкімнің өз бетін анықтаған, ғылыми жұмысқа икемді, осы жолда алғашқы тәжірибелері де бар қабілетті екендігін анық көреміз. Сондықтан да төмендегі қол қоюшы кафедра меңгерушілері және оқытушылар Жайлыбаевтың осы саладағы кез келген ғылыми институттарда еркін жұмыс істеп кете алатындығына өз сенімдерін білдіреді. Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Б. Кенжебаев Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі М. Балақаев Филология ғылымының кандидаты Р. Муллина Ректор оқуын аяқтап: – Арызыңызды жазып, мына мінездемені қосып хат шы қызға табыстаңыз. Әуке! Уәде, уәде! Оқытушылыққа қабылдауға қарсы емеспін. Демалыстан соң бізге келе берсін деген кесімді сөзін айтты. Мен Алматыға келіп, Бейсекеңе болған мәселені мәлімдедім. Күз де келіп қалды. Салып ұрып Ақмешітке келсем, Әукеңнің назары пәс. Ректорға бардық: – Жігітім, жағдай өзгерді. Осында шиелілік Әли Байжоловқа сіз туралы айтып едім: – Ол күнде жол жиегінде құлап жатқан маскүнем ғой, – деп отыр. – Бізде салауатты өмір салты қалыптасқан, райымыздан қайтуға тура келді. Жаптым жала, жақтым күйе деп, тасадан тас лақтырған көреалмаушылықтың, қызғаныштың қызыл иті тырналаған күншіл қазақтың пасық әрекеті болар, әйтпесе мен ол кісіні тіпті де білмеймін деген жанайқайым тыңдаусыз қалды. Бұл менің өмірдегі омақаса сүрінуім еді.
Бұлай болады деп кім ойлаған, университет қабырғасынан енді шығып, оң-солыма қарай бастаған сәтте мына тірсектен қағу саясаты мені қатты ойландырды. «Екі дүние бір қадам» деп араққа сылқия тойып сайран салар уақыт менде болған емес. Ақшаны уыстап ұстар байлық қайдан болсын. Сұлтан (қазіргі жазушы, телевизия академигі Сұлтан Оразалинов) екеуіміз Пушкин кітапханасына таңертең кірсек, кешке жауып қайтатынбыз. Сол кездегі жігіт ағасы, міне, сақал-шашы ағарып ал пысты алқымдап алдымда отыр. Мен жоғарыдағы оқиғаны айтып бердім де сөзге келмей: – Таспен ұрғанды – аспен ұр деген, аға! Ісіңіз түсіп келіп қалған екенсіз, шиеліксіз ғой, меселіңіз қайтпасын, газетке дайындаймыз. Алаң болмай қайта беріңіз деп, – орнымнан тұра бердім. Ол орындыққа жайғасқан ауыр денесін әзер қозғалтып, түтіккен қалпы ләм-мим демей шығып жүре берді. ... Бұл оқиғаға Әукең де, әсіресе ақылман, қамқоршы ұстазым Бейсекең өте-мөте реніш білдірді. Білім ұясы басшысының істің байыбына бармай жас кадрды келе ке қылуы, мінездемеге қол қойған ғылым адамдарының тұжырымына немқұрайлы қарап, базбіреудің негізсіз ғайбатына иланып, уәдені бұзуы дүбірі мен дүмпуі көп мына ғасырдың кейбір зиялыларының өсу деңгейін, түсінік танымын көрсетеді деп өзіне де, маған да басу айтты: – Жиен, мойыма. Мына тәмсілді есіңе сақта. Былай үстірт қарағанға шыбын соншама сұм, жыртқыш емес сияқты. Ал, асылында шыбын жыртқыш, қанішер. Ол басқаның ғана қанын ішіп қоймай, бірінің қанын бірі ішеді. Сен бір шыбынды өлтірсең, соның қанын он шыбын жи налып келіп, таласып-тармасып ішеді. Қазақтың осы күнгі бірқатар оқығандары дәл шыбын тәрізді. Қарап тұрғанда олар мүләйім момақан. Ал, терең, жан-жақты тексеріп, анықтай келсең, Абай айтқандай: «Қосылмас ешбір баста ры, бірін-бірі қастыққа, қойнына тыққан тастары...». Ебін тауып, өнімсіз іс жүзінде ерегіседі, араздасады. Ақырында бірінің қанын бірі ұрттайды, бірінің басын бірі жалмайды. Бұл ащы да болса шындық. Солай екен деп өмірден баз
кешіп, түңілуге әсте болмайды. Мынаны алғашқы сәтсіздік деп қана ұқ. Ұстаздың өмір философиясы туралы бұл сөз мені ой ландырмай қалған жоқ. Осы сәт Бейсекеңнің басынан өткен қиқу замандар зобалаңы есіме түсті. – Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. Анаңның қолына барып, наныңды жегіз. Бұйыртқанын көрерміз. Құлаққа қарағанда көздің куәлігі нақты. Өзіңе және көзіңе сен. Ха барласып тұр. Шешеңе, туған-туыстарға сәлем айт. ... Бейсекең екі сөзінің бірінде Садықбек Сапарбеков ту ралы беріле әңгімелейтін. Ол кісінің қамқорлығын, әсіресе, тума-туыстарды сол аумалы-төкпелі заманда іш тартып, бағыт-бағдар сілтеп отыратынын сүйсіне сөз етуші еді. Адамға деген сүйіспеншілік, қамқорлық тәрізді қасиеттер Бейсекеңнің бойында да ерекше байқалатын-ды. ... Алматы маңындағы КНИЖ деген қоныста Садықбек Сапарбековтың өзінен екі жас кіші інісі Адырбек аға қызмет ететін. Репрессия жалыны бұл әулетті аяусыз шарпыған. Ол өзінше сыр. Астанаға келген алғашқы жыл дары нағашыммен танысып, қолым боста осында атба сын бұру әдетіме айналған-ды. Осындай бір сапарым да Бейсекеңмен алғаш рет таныстым. – Әй, сен неғып отырсың мұнда?– деген мені көрген сәтте. – Мен де: Сіз қалай келдіңіз бұл үйге? – деп қарсы сауал қойғам. – Мен туысым болған соң келіп тұрмын. – Бейтаныс жауым болса, келіп нем бар, Бейсеке, – деп мен де жабыса түскем. – Іші-бауырымызға кіріп бара жатырсың ғой. Алыс болмадың-ау, бала. Біз қол алысып, амандастық. Жайғасып болғаннан кейін нағашым мән-жайды жеріне жеткізіп түсіндіре бастады. – Сәкеңнің Бибіайым, Салтанат, Бибіайша, Бибіхадиша, Бибіажар деген қарындастары бар. Мына бала Бибіайшаның ұлы. Күйеуі репрессия құрбаны болып, бір қыз, бір ұлмен қалды. Талай құқай көрсе де мойымай осы ларды жетілдірді. Басқа салғанға не шара, бізбен де кейін табысты ғой. Нағашым Байсекеңе жүзін аударып, ойлы көзбен қарады. Аласапыран бықпырт заманның бұлты өзіңе де үйірілген жоқ па дегендей мұңлы.
Бейсекең сәл еңкейген көзілдірігін жоғары түртіп қойып әңгімеге араласты: – Адеке, бәрі де есте. Шыдап келеміз ғой. Мен Бибіхадишаны өте жақсы білемін. Қалған қыздармен жолым қиылысқан жоқ. Бауырым ғана емес, ұстазым санай мын Сәкеңді, ол кісіні жалпы халық әлі тани алмай отыр. Уақыт емші, ол замана да туар. Тамырлы дарақтың бір бұтағындай жиенмен танысып білістік, өмір алда, шарапа тымыз тие жатар. Әй, сен араласып тұр, – деп соңғы сөзді маған арнады. – Ынжық болма. Жиеннің жақсы болмағы нағашыдан, үйдің жақсы болмағы ағашынан. Нағашыларыңның наза рын пәс етпе! Бейсекең кейін «Шахнаме және оның варианттары» деген тақырыпты алып, ізденуші болып ғылым қу деген. Одан қалды аспирантураға түсіп, түркология саласына бет бұр деп ақыл берді. Қызметке араласып жүрген сәттерімде белгілі азаматтар арқылы тіршілік тынысымды қадағалап, аялы алақанын аяған жоқ. Болашағыма балауса күткен бағбандай жүрек жылуын арнаған асыл ағаның үкілі үміті басқа арнаға түсті. Оның себебін кейін білдім. ... Мен аудандық газетте редактор болып 31 жыл еңбек еттім. Әр хатшының келуі бір дәуір. Әрқилы мінез. Ұстаз ұлағатының әсері болар, олармен тіл табыса білсем керек. Жүрмін ғой, аға, сағынып Сағынып, іздеп, жүрек жылуын арнап, адамның бірінбірі туыс тұтып жүргеніне не жетсін. Өзара мейірім-шапағат ынтымақтың аялдайтын темірқазығы емес пе? ... 1969 жылдың 1 мамыр күні аупарткомдағы түнгі кезекшіліктен таңертең шығып үйге келгенім сол, кіре берісте белін қайыс белбеумен буған былғары көлбарға көзім түсті. Неде болса, жырақтан жол тартқан жолаушы болды ғой деп ойладым. Жолдасым жыға танымадым де геннен кейін, сары портфель ұстап жүретін бірімізге әке, бірімізге аға, ал баршамызға сүйікті де, білікті ұстаз болған Темкең, Темірғали Нұртазин ойыма ғайыптан сап ете
қалды. Күні бүгінгі дейін осы құбылыстың сыры ғарыштық құдіреттің аянындай болады да тұрады. Жедел кісі жатқан бөлмеге кіріп, таңғы мамыр самалы енсін деген оймен желдеткішті аша бергенім сол: – Әй, Зәкім! Келдің бе? – деді жатқан кісі. Таныс үн. О, тоба, өз ойым өзімді алдамапты, Темкең! Кәдімгі ғылым докторы, күлдіргі, әзіл аралас әңгімелерінсіз лекциясы өтпейтін ғұлама Темірғали Нұртазин. Ол орнынан тұрып, құшағын аша берді. Мен, халық жауы болып ұсталып, атуға бұйырылған әкем тіріліп келгендей абзал ағаның құшағына ене бердім. – Өй, сені орыстар да жақсы таниды екен. Жаңа вок залда сенің есімің мен фамилияңды айтқаным сол, сөзге келмей бір орыс малайы осында әкеліп салды. Пәлі, тұрғылықты ел біліп жатыр, ал өзге ұлт өкілінің сені жыға тануы жақсылықтың нышаны. Бағытыңнан тайма. ... Университетті тамамдағаныма бес жылдан енді асқан. Шәкіртін сонау астанадан ұстазы іздеп келіпті дегенді естігенім жоқ. Мына жағдай мен үшін де, мен туралы екіұшты пікірі бар жолдастар үшін де тосын оқиға еді. Өте жақсы болмағанымен ортадан жоғары оқығаным шындық. Ойыма бірінші курстағы оқиға түсті. ... Халық ауыз әдебиетінен Темкең емтихан алып маған төрт қойып, кесімін айтқан. Ерте құтылып жатақханада көсіліп жатсам досым Сұлтан Оразалинов келіп: – Сені Темкең шақырып жатыр, – деген. Салып ұрып келсем Темкең соңғы студенттерден емтихан алып жатыр екен: – Бала, мен саған қиянат жасаппын. Білімің де салыстырмалы түрде жоғарылау екен. Әнді де (ғалым сынақта халық әнін айтқызатын) жаман салған жоқсың. Ой-өріс, дүниетанымыңды кеңейте түссең қатарыңнан кем болмассың. Оқу біткенше назарымда боласың. Әкел есеп кітапшаңды, – деді де «Түзетілді. Сенуге болады. Бес» деп тізілте жазды. Ұлағатты ұстазым маған алғаш осылайша сенім артқан екен ғой. Дәм үстінде жай қара су алдырып ішіп, Сырдың суының асқазан, бауырына өте жеңіл тиетінін айтып отырды. Ба
куде өткен тюркологтардың әлемдік конференциясынан қайтарда Ташкентке аялдап, одан тура Шиеліге келгенін де сөз арасында нақтылап қойды. Менің қуанышымда шек жоқ еді. Ғалым ең алдымен аудан басшысы, бірінші хатшы Ғафур Мұхамеджановқа сәлем беретінін ескертті. Мұнан соң міндетті түрде Ыбырай ақсақалдың қолын алып, сұхбаттасып, сыр шертісіп, даңқты диқан жайлы шығарма жазбақ ойы бар екенін жасырған жоқ. Менен кейінгі кезекшілікте Рахым Мауяев отырған. Темкеңді таныстырып, бірінші хатшының бар-жоғын анықтап, хатшы бөлмесінде екенін білген соң, ғалымды аудан басшысына кіргізіп жібердік. – Реке! Сағатыңа қара! Үш минут ішінде Ғафекеңнің риза болған күлкісі естілмесе, Темкеңнің қартайғаны, – дедім мен. Сағатымызға қарап отырмыз. Үш минутқа тол май, бізге еш уақытта күлмейтіндей көрінетін Ғафекеңнің бөлмені басына көтерген көңілді күлкісі естілді. – Алды. Келісті. Іс оңға басары сөзсіз, – дедім мен. Со лай болды да. Хатшы шақыртып алды: – Бала, бақытты екенсің. Кім-кім, ал бес жыл дәріс бер ген ұзтаздың әлемдік бас қосудан келе жатып шәкіртіне ат басын бұруы бұл кездесе бермес оқиға. Әлгі 1-ші авто база директорының «Волгасын» алып, ұстазыңа жолсерік боласың. Қымыранмен қамтамасыз ету мойыныңда, оны меспен тасисың. Ыбекеңе жолықтырып, құнды деректер мен сусындатасың. Ісіңнің нәтижесінің төрешісі ұстазың, Темкеңнің өзі. ... Біз даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың ауылына келеміз. Жол бойында ғалым, ұстаз әрі жазушы Темкең болашақ кейіпкері туралы толғана сөйледі: – Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды. Елдің иесі болып отырған өкіметін сый ламау – ел ішінің бірлігін жояды. Асты күтпей, ысырап ету үй-ішінің берекесін кетіріп, ашығуға апарып соғады. Диқан – ел анасы. Халықтың асыраушысы. Қай заманда да алтынкүміс – тас, арпа-бидай – ас. Үйінде наны жоқтың сәні жоқ.
Сол нан атасы – диқан. Ал Ыбекең жай ғана қазақтың қара шалы емес, ол қазақтың егіндік алқабының осы ғасырдағы киесі. Диқандардың Алланың нұры жауған тұлғасы. Тәу ету парыз бұл қарттан. Ертең көзден ғайып болып, тарихқа ай налады. Елінің ар-намысын нарша көтерген нән қазақтың талай ұрпағы ұмыт қалып жатқан жоқ па? Ал, жерге деген сүйіспеншілікті Ыбекең кетпенінің ізінен іздеу керек. Патрио тизм, ұлтжандылық деген осы, інім. Ыбекең тыста жүр екен. Қарттың 90-ды алқымдап қалған кезі. Диқандықтың ғұламасы мен ғылымның талант ты ақылманы қол алысып, төс қағыстырды. Ыбекеңнің ірі, салалы саусақтарын жалпақ алақанымен қысып тұрып Темкең: – Эпостардағы батырлардың тұлғасы, қарулы қолдары осындай-ақ болған шығар, – деді сүйсініп. «Сапарың сәтті болсын» деп Ыбекең ғалымды үйге икемдеді. ... Дастарқан басында аупарткомның үшінші хатшы сы Дүйсенбі Смайлов, колхоз төрағасы Қазыбек Оспанов, ақындар Сабырхан Асанов, Әділбек Абайділдановтар - жайғасты. Хатшы отырғандарды таныстыра бастаған. Маған келгенде «шәкіртіңіз» деп бастай бергені сол еді, Темкең: – Жолдас хатшы, – менің осы шәкіртім бұл жерлік емесау, – деді шапшаң. Дүйсекең болса әкем, нағашым жағынан келістіре ұғындыра беріп еді, Темкең: – Жоқ, ә! Тегі, кілең қызметі де екінші бола берген соң айтқаным ғой, – деді қуақылана жымиып. Комсомолда екінші хатшы, сол кезде аудандық газет редакторының орынбасары едім. Ғалымның осы сөзі қамшы болды ма, мен келер жылы газет редакторы болып бекідім. Ұстаз өзгенің бақытын аялайды дегеннің шын екендігіне көзім жетті. Әкемдей тілеуімді тілеген ұстазымның ақ батасы болды ма, мен осы қызметте ұзақ жыл отыр дым.
Құт көзі – биік білім, терең ұғым Мектеп – ұлттың бесігі. Қазақ халқының дүние есігін ашқан әрбір ұл-қызы бесікке бөленіп, бесік жырын естіп жетілді. Жерден сан рет таяқ жеп жетіге толғанда, мектеп есігін ашып ұстаз алдын көрді. Ұстаз болса әрбір үйдің еркесін аялап, сауатын ашып, жарық дүниедегі өмірлік са парларына аттандырып отырды. Білім бастауының кәрімен сусындатып, ақ жол тіледі. Ал білім – тек оқу арқылы келетіні ақиқат. Талаптану, іздену, оқу, үйрену, тыңдау, өзін құрметтейтін әрбір адамның басты бағыты болуы да сондықтан. «Білімсіздік – бұл ымырт, оны жамандық кезіп жүреді. Көшені жарықтандыруды ойласаңыздар, марха бат, ең бастысы ақыл ойды ағартуды ойласаңыздар екен» деген Виктор Гюго. Санаға сәуле түсіру, саналы, халқына қалтқысыз еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеу ұлттық мүдде. Дана Абайдың: «Адамның адамдығы жақсы ұстаздан» де ген нақылында терең мән жатса керек. ... Өздерін «тау халқымыз» деп көтермелеп отыратын «Еңбекші» ауылы Қаратаудың кілт аялдар Қарамұрын қойнауының түстігінде жатыр. Ауылдағы бірден-бір біліктілік пен мәдени орталық мектеп болатын. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында ауыл ортасында жергілікті ұстаның бастауымен клуб үйінің іргесі қалана бастаған. Қолмен бұрап, «Центр, центр» деп безек қағатын қара телефонның өмірімізге енгені де осы кезең еді. Электр жарығы жоқ, пілте шам мен керәсін шам, түн түнегін түретін бірден-бір сәуле осы ғана. Бала тағдырына селқос қарамайтын қазаққа тән жа сампаз қаракет олардың өршіл талаптарымен ұштасқандай еді. Әл-Фарабидің «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» дегеніндей, мұнда отбасы тәрбиесіне ерек ше мән берілетін. Сондай кезеңде жеті жылдық мектепке Дәумен Шоманұлы директорлыққа келді. Педагогикалық білімі болмаса да әртүрлі пәндерден дәріс беріп жүрген ағайларымыздың ортасында институт бітіріп келген директорымыз
бізге де, ауыл тұрғындарына да жаңа бетбұрыс болатын дай әсер етті. Солай болды да әрбір оқушының үйінің тазалығы, үйдің іші мен сыртын ақтау, мектеп жанына ағаш егіп, оның әр түбін әр оқушыға бекітіп беру, мұғалімдердің көше бойына, он шақты үйден бөліп алып оқушылардың сабаққа дайындалуы мен бос уақыттарын тиімді пайдала нуын қадағалау, пән үйірмелерін қағаз жүзінде ғана емес іс жүзінде жүзеге асуын талап ету тәрізді нақты жұмыстар қолға алынды. Қабырға газетін шығару, отряд жарыстарын ұйымдастырып, тәртіп пен үлгерімді таразылау біздің на мысымызды оятқаны даусыз. Бірде ата-аналар жиналысы өтті. Сымбатты, күлімсірей қараған жылы жүз, иегін сәл ғана көтеріп мақалдай сөйлегендегі түр-тұлғасы әркімді-ақ өзіне еріксіз тартқандай еді. – Оқымай білімді боламын дегендер тормен су алғысы келгенмен тең. Шығыстың ұлы ойшылының бірі «Білім артық па, байлық артық па?» деген сауалға былай жауап берген екен: 1. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық. 2. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді. 3. Білім артық, өйткені пайғамбардан қалған мирас, байлық бақылдардан қалған мұра. 4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азай майды. Байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан. 5. Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 6. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек. 7. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны содан. 8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүниемал бүлінеді, сондықтан да білім артық. 9. Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниені шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.
- Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол адам оған мас болып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық, – деп қорытты ұлағатты ұстаз. Білімнің артықшылығын дәлелдеген, мына тәмсіл отырғандарға ғажап әсер етті. Бөлме ішінде өлі тыныштық орнады. Әрбірі өз ойымен болғаны сөзсіз. Кейін осы даналық сөз залда ілініп қойылған еді. Дәптеріме жазып алған осы парасат әуезі зердем мен зейінімді билеп алған еді. Бұның жасқа да, кәріге де бірдей қастерлі ұғым, өмірлік қағида екеніне иланған едім. Өйткені өмірдің алдында бәріміз де шәкіртпіз ғой. Кейін білдім, бұл ғибрат сабағы VІІ ғасырда өмір сүрген мұсылмандардың төрт халифасының бірі, ілімнің қақпасы атанған Әзірет Әлінің (Әли ибн Әби Талиб) сөзі екен. Дін мен ділді тәу ету мен насихаттау осындай-ақ болар! Ақылдың артық болмайтынына Сіздің де көзіңіз жеткен болар. Бұл менің ұстазым Дәумен қажы Шомановтың бір қыры ғана еді. Қайсарлық Редакторлықтың қарбаласқа толы кезеңдерін бастан кешіріп жатқан кез-тін. Бір күні бөлмеге ұжымшар төрағалығынан босап, мехколоннада жұмыс істеп жатқан Смайыл Жандарбеков келді: – Ұстазың келе жатыр, Алматыдан. Ұлды болып ем, есімін өзім қоямын деп хабарлады, ертең пойыздан түседі, – деп сүйінші сұрап жатыр. Жүзінде қуаныш. Молшылықтан қол үзіп, азшылыққа тап болғанына налып жүрген ағамыз жоқ. – Сәке, қай ұстазды айтасың? – дедім мен анығын тезірек білмек болып. – Ау, әлгі Тауман Амандосов ағаң ше?! Сол кісі. Күтіп аламыз да үйге ертіп әкелеміз. Өзі әнші, ән айтқанды ұнататынын білесің ғой. Музыкалық сауаты бар жігіттерден ала барарсың. Ағамыз үшін айтуға оп-оңай. Ал Тәукемді білетін кісі ол келе жатыр дегенге санын шапаттай қоймас. Сұсты, қай кез де де қабағы ашыла қоймайтын қыран кейпін өзгертпейтін,
шыдамдылығы мен қайсарлығы аяғын сылтып басатын сом тұлғасына ерекше тұрпат беретін. Барынша қатал, жібімейтін тоң тәрізді деп ұғатынбыз. Ал енді шүйіркелесіп көр. Бұл 70-ші жылдардың ортасы болатын. Ағамыз ортамызда. Мен кенттегі Әуез мектебінің дирек торы Мейрам Аманбаевты ертіп апарғам. Сәкең танысты рып шықты. Мені газеттің редакторы, шәкіртіңіз дегенде: – Шырамытып отырмын. Не тоқығанын отырыс бары сында көрерміз, – деді нықтап. Студент кезімізден ығып, секем алып үйренген басым, сасайын дедім. Дүниеге келген нәрестеге Елдос деп ат қойды, Тәукең. Ғалымның жүрек түкпірінен шыққан сонау Алматыдан ойланып-толғанып шаңыраққа алып келген жақсы есімі, баршаға дос болсын деген тілегі Тәукеңнің де ет пен сүйектен жаратылғанын, мейірімі мен жақсылығы тым алы ста жатпағанын аңғартты. – Қазақ бала есімін ырым етіп қояды. Мен де сондай ой мен Елдос деген есімді әкелдім. Алаштың азаматтарының ала-бөтені жоқ. Бірақ кейінгі кезде жершілдік пен ру-жүзге бөлініп, елдік бірлік, елдік намыс алаштан алыстап бара жатқандай. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп Абай айтқандай, ынтымақ пен берекені, достықты ойлайтын кез келді. Елдос – XXI ғасырдың қазағы. Санасы ақ болсын, басына бақ қонсын. Барша қазақ ынтымағы жарасқан дос болсын, – деп Тәукең тілек тіледі. – Бұл – той. Тойда әу деп ән айтар болар. Қазақ оны ауылдың алты ауызынан күтеді. Қане, көрсетіңдер өнерлеріңді. – Етіміз үйрене бастады ма, манағыдай емес. Батылдық, сенім пайда бола бастады. Төменгі курстағы мәдени шаралар ойыма оралды. – Тәуке! Мен тіл, әдебиет бөлімінде оқыдым. Сіздің декан кезіңіз. ЖенПИ-дің жаратылыстану факультетімен достық қатынас орнады ғой. Сол өзі оқыған қазақ жігіті мен жоғары білімді қазақ қызы тіл табысса деген үмітпен қолға алынған шара ма еді, әлде, бізді қанаттандырайын дедіңіз бе? Сіз сол кездесуде «Айттым сәлем Қаламқасты» орындадыңыз. Содан бері осы әнді репертуарымнан түсірген емес едім, орындап берейін, – дедім мен желпіне
сөйлеп. Ұстаз сәл жымиып, «айта бер» дегендей жылы қабақ танытты. Ән орындалып болған соң факультет атынан үш жыл қатарынан ҚазМУ-дың ансамблінде ән айтқанымды да қосып қойдым. Тәукең орындықтан тұруға ыңғай білдіріп, тік аяғын қозғай бастады. Көзіміз ғалымда. Ол кісі бойын тіктеп, айналасына бір қарап өтті де, сөз бастады: – Редактор жолдас, бәрекелді! Шәкіртіңіз дегенде қалай болар екен деп ойға қалғаным рас. Менің алдымнан жүздеген жігіттер мен қыздар қанат қақты, Қазақстанның қай жерінде болмайын, сізден дәріс алып едім деп сәлем беретіндер қаншама? Көпшілік ортасында шәкірт екенін айтып, «аузынан сөзі, қонышынан бөзі түсіп» отыратында рын көргенде, намысым келуші еді. Сен сыннан сүрінбей өттің. Газетіңнің бейнесі жақсы екен, жанрларды қамтуда ізденіс барлығы байқалады. Жауапты хатшыңа сәлем айт (хатшы белгілі журналист Мұрат Күлімбетов бола тын). Журналистиканың қыр-сырын жан-жақты білетін ғұламаның мына марапаты мені батылдандыра түсті. – Тәуке, жақсы лебізіңізге рахмет. Тілге оралып тұрғанда сіздің әрбір студенттің мұң-мұқтажына зейін ауда рып, қамқор болатыныңыз жайлы бір оқиғаны айтсам деп едім. Елден барған балалармыз ғой. Сіз туралы қатал, ешкімге илікпейтін бірбеткей, тірі пендеге жаны ашы майтын суық адам деп естігенбіз. Үшінші курста жазықсыздан-жазықсыз қазақ тілінен жазғы сессияда екі деген баға алдым. – Айта бер! Шындықты айтып отырсың. Сенің және өз еркімен екі алған сенің курстастарың туралы маған сол кезде-ақ мәлім болған. Қайта тапсыру кезіндегі төрт не бес қою керек деп айтысқандар да есімде. Мен тосылып барып, боласы болды ғой деп әңгімемді жалғастыра бердім. – Тыңға барған күзгі жұмыста тапқанымды Алматы да тұратын апайыма тапсырып, әр жексенбіде сол үйден тоя тамақ ішіп, бір сом алып апталық азық етіп жүрдім. Бір күні жаңа жылдың қарсаңында декан шақырып жатыр де ген соң алдыңызға бардым. Не жазып қалдым деген ой да
жоқ емес. Сіз: «Сен немене ауаны ауқат, суды сусын етіп жүріп жатсың ба? Отбасының жайы белгілі, үйдегі жалғыз шешең науқас, жұмыс істемейді. Неге көмек сұрап, өтініш жазбайсың маған?», – деп әңгімені тіке қойдыңыз. Сасып қалдым, бір жағы қатал да болса жанашыр сөзге көңілім босады. Мен келесі бөлмеге шығып жазайын деген оймен бұрыла беріп едім. Сіз тағы да «көз алдымда отырып осын да жаз да, тапсырып кет» дедіңіз. Не керек, ақшалы бол дым. Ұстазым разы көңілмен қозғалмай отырып тыңдады. – Аға! Ақыры айтылды ғой. Тағы бір көңілден кетпейтін бір оқиға бар еді. Қыс кезі болатын. Қазіргі «Алматы» қонақ үйінің жанындағы Панфилов көшесімен төрт студент уни верситетке қарай төмен түсіп келе жатыр едік. Алдымызда таяғыңызды жерге нығыздай қадап, нық басып кетіп барады екенсіз. Озып кетуге қымсындық, «Қарлығаш» кафесінен өте бергенде, тайып құладыңыз. Қасымдағы менен өзге үш жігіт тұра жүгіріп, қолтығыңыздан демемек болғаны сол еді, олардың қолдарын қағып жібердіңіз. Мен тұрып қалғанмын. Тік аяғыңыз икемге келмей әбігерленсеңіз де, ышқынып барып орныңыздан тұрып әрі қарай беттедіңіз. Сіздің осы қайсар мінезіңізге риза болдым. Өміріме сабақ алдым. А.Энштейн: «Маған физиктерден Достоевскийдің бергені көп болды» деген екен. Ғалым орнынан тұрып, мені кеудесіне қысты. Осы сәт менен бақытты адам жоқ еді. «Әлемді тану үшін алдымен өзіңді таны» деген Сократ. Өзіңе сен, өзіңді таны. «Адам баласында мықты қалыптасқан мінез-құлық, берік сенім бо луы шарт» дегенді Мұхаммед пайғамбар айтқан. Иман де ген сөздің мағынасының өзі сенім дегенді білдіреді. Есіңде болсын, дүниеқоңыздық күшейген жерде, рухани қуат азая береді. Бұл бір ғажап кездесу, ғибрат аларлық жүздесу болды.
ЖЫҒЫЛҒАНДЫ ДЕМЕП, ТҰРҒЫЗУ АЗДЫҚ ЕТЕДІ, ОҒАН СҮЙЕУ БОЛУ КЕРЕК Мұңлы көш немесе тағдырдың тәлкегі «Не ықылым замандардан бері тамыр тартқан дінді мансұқ еткен адамзат сойқан соққыға душар болар», – деп Ф. Достоевский айтқандай, социалистік қоғамы Кеңестер Одағы деген держава халық тағдырын асты-үсті етті. Қолдан жасалған ашаршылық Украина, Еділ бойы, Қазақстан халқын қынадай қырды. Ел өміріндегі қайғы-қасірет пен кемсітушілік 1937 жылы әсіресе шегіне жетті. Қуғынсүргінге ұшыраған халық абақтыға жабылды, Сібірге айдал ды, ел арыстары атылды. Ел қауіпсіздігіне зиян келтіреді деген желеумен белгілі бір ұлттар жер аударылды. 30ыншы жылдардың екінші жартысы Корей халқы үшін де күдік пен қатерге толы еді. Оларды да шпион, сатқын деп қуғынға ұшыратты. КСРО мен Жапония арасында соғыс бола қалған жағдайда күллі корейлер жау жағының жан сыздары ретінде қаралмақ болды. Сталин мен Молотов қол қойған құпия қаулы да осы кезеңде шыққан. Талай жылдан бері сырын сақтаған қаулының мәтіні төмендегідей: Өте кұпия (Айрықша папка) КСРО Халық комиссарлар кеңесі мен БК(б) Орталық комитетінің #1428-22 қаулысы. 21 тамыз, 1937 жыл, Корей халқын Қиыр Шығыс өлкесінің шекаралық ау дандарынан көшіру туралы. КСРО Халық комиссарлар кеңесі мен БК(б) П Орталық комитеті қаулы етеді: Жапондық шпиондардың әрекеттерін Қиыр Шығыс өлкесіне енуінің жолын кесу мақсатында мына шаралар жүргізілсін: 1. БК(б) П Қиыр Шығыс өлкелік комитетіне, өлкелік атқару комитеті мен Қиыр Шығыс халық комиссариаты ішкі
істер басқармасына Қиыр Шығыстың шекаралық: Посьет, Молотов, Гродеково, Ханкай, Хораль, Чернигов, Спасск, Шмаков, Постышев, Бакин, Вязем, Хабаров, Суйфун, Киров, Калинин, Лазо, Свободнен, Благовещенск, Тамбов, Архарин, Сталин және Блюхерово аудандарындағы барлық корей халқын көшіріп, Оңтүстік Қазақстан облысына, Арал теңізі аудандары мен Балқашқа және Өзбек КСРіне қоныстандыру ұсынылсын. Көшіру Посьет ауданынан және Гродеково төңірегіндегі аудандардан басталсын. 2. Көшіруге жедел кірісіп, ол 1938 жылдың 1-ші қаңтарына аяқталсын. 3. Көшіруге жататын корейлердің көшу кезінде өздерімен бірге мүлкін, шаруашылық заттары мен қажетті дүниелерін алуға рұқсат етілсін. 4. Көшірілетіндер қалдырған қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкі мен егісінің орны толтырылсын. 5. Көшірілетін корейлер қалауы бойынша шетелге кетемін десе, кедергі жасалынбай, шекарадан өтуіне жеңілдік туғызылсын. 6. КСРО ішкі істер халық комиссариаты көшірілу кезінде корейлер тарапынан болуы мүмкін дау-дабыр мен тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін шара қолдансын. 7. Қазақ КСР мен Өзбек КСР Халық Комиссарлар Кеңесіне қоныстанушылар аудандарға келушілердің жаңа жерлерде шаруашылықты игеруін қамтамасыз етіп, оларға қажетті көмек көрсету шараларын белгілеу міндеттелсін. 8. Жол қатынасы халық комиссариатына Қиыр Шығыстан Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-іне көшірілетін корейлерді және олардың мүлкін тасымалдау үшін Қиыр Шығыс өлкелік атқару комитетінің тапсырысы бойынша ва гондарды дер кезінде қамтамасыз ету міндеттелсін. 9. БК(б)П Қиыр Шығыс өлкелік комитеті мен Қиыр Шығыс өлкелік атқару комитетіне көшірілуге жататын аудан дармен адамдардың санын үш күн ішінде хабарлау тапсы рылсын. 10. Көшірудің барысы көшірілетін аудандардан жіберілгендердің, қоныстанатын аудандарға келгендер мен шет
елге кеткендердің саны туралы әр он күн сайын телеграф арқылы хабарланатын болсын. 11. Корейлер көшірілетін аудандардағы шекараны қорғауды нығайту үшін шекаралық әскер саны 3 мың адамға көбейтілсін. 12. КСРО ішкі істер халық комиссариатына корейлер ден босаған орындарға шекарашыларды орналастыруға рұқсат етілсін. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы БК(б) П Орталық Комитетінің хатшысы В. Молотов И. Сталин
Өз халқына деген заңсыздық пен жауыздықтың иісі аңқып тұрған осы қаулыдан соң Өзбекстанға 16 272 отба сы, яғни 76 525 адам, ал Қазақстанға 20 170 отбасы, яғни 96 256 адам 124 эшелонмен көшірілді. Бүгінгі күні Қазақстанда 105 мыңнан астам корей ағайындар тұрады. Бұл қауырт көші-қон 1937 жылдың 25 қазанынан бастап жүзеге асырылған. Пойыздағы арнайы жабдықталған екі қабатты ағаш төсек пен темір пеш олардың көбінің аман-есен қалуларына едәуір көмек болды. Алайда, жайдақ эшелондардағы жай сыз жағдай көптеген отбасылардың жақындарынан айырылып, өлім-жітімге ұшырауына себеп болды. Әсіресе қарттар мен жас балаларға ауыр тиіп көбі қайтыс болды. – Мен Қиыр Шығыста Киров ауданы, Степанов ауы лында 1932 жылы дүниеге келдім, – деп әңгімесін бастады менімен сұхбаттасуға келісім берген жетпісті алқымдаған, орта бойлы, толықша келген, қараторы кәріс ақсақалы Яков Петрович Цой. Жайшылықта жайдары жанға сонау отыз жетінші жылды еске алу ауыр соғатын тәрізді. Қабағы қатуланған ол ауруханадағы кереуетінен тұрып кетті. – Біз бір үйде алты бала едік. Мен ең кенжесімін. Тауарлық қызыл вагонға айдап кіргізгенде мен сәбилік көңілмен са пар шегетін болдым, – деп іштей қуандым. Бірақ әке-шешем мен ересек ағаларымның үнсіз кейпі салы суға кеткен сүлесоқ жүріс-тұрыстары, сұсты жүздері менің алып ұш-
қан көңілімді су сепкендей басты. Бізді Үштөбеден 15–20 шақырым қашықтықтағы далалық алқапқа әкеп тастады. Ол кездерде қақаған қыста біз келген жердегі қазақтардың өздері жартылай жерге көмілген кепе-жертөлелерде тұрады екен. Соған қарамай жергілікті тұрғындар ауып келген біздердің хал-жағдайларымызды жүрегімен сезген дей барын бөлісіп, біздің осылай тірі қалып, ел қатарына қосылуымызға қол үшін бергені менің жасымдағы әрбір кәріс азаматының есінде. Әкем мен ағаларым кепе қазып, сол жер асты лашықта қыстап шықтық. Мен осы күні сол кездегі ересектердің қайсарлығына, рухтарының мықтылығына қайран қаламын. Қарттары мен балалары нан айырылмаған үй қалмады. Сонда да олар үкіметке лағынет айтқан емес. Ұлтымда бар төзімділік бізге де жұғысты болғандай. Көктем шыға арық қазып, егістік та нап дайындалып, күріш егілді. Сол жылы біздің бағымызға қарай дақыл бітік болды. Бізді бақылайтын коменданттарға қоныс аударушылардың өлісі не, тірісі не бәрібір. Бірақ қазақ дейтін халықтың жанды жатырқамайтын, жығылғанды демеп тұрғызу аздық етеді, оған сүйеу болу керек де ген парасатты ісі кім-кімді де тамсандыратындай. Әкем айтушы еді: «Біз бұл халыққа мәңгі қарыздармыз. Сендер келешек ұрпақ, олардың риясыз пейіліне еңбектеріңмен жауап берулерің керек. Енді осы дала сендердің екінші Отандарың», – деп. Тағдыр тәлкегіне түскен қазақстандық кәрістер өздерінің аштық пен жалаңаштықты, азап-бейнетті жеңіп, аяқтарынан тік тұруға көмектескені үшін ең ал дымен, қазақ халқының кең пейілділігі мен бауырластығына борышты. КЕСЕЛДІ ЗАМАН КЕСАПАТЫ НЕМЕСЕ СҮЙЕКТЕР СӨЙЛЕМЕЙДІ – Бір түнде бүкіл ауылды аяғынан тік тұрғызып, не болғанын ұқпаған халықтың қарсылығына қарамастан
мылтық кезеп, өзіміздің милиция мен әскерилер бар ша жамағатты қораға айдаған қойдай қамап, стансыдағы қызыл эшелонға тоғытып жатты. У-да шу! Жылаған, дауыс салып зарлаған, бір үн бір үнге ұласып, вокзалды басы на көтерді. Арагідік мылтық дауысы да естіледі. Бір қауым елдің басына төнген бақытсыздық осылайша аяқ астынан басталды. Неге? Не үшін? Қайда бет алдық? Бәрі де құпия, бәрі де беймәлім. Біз кете бардық. ... Ұзақ жүрдік. Мен үшін бәрі де таңсық. Көсілген дала таусылар емес. Жер түбіне алып бара жаткандай. Не қылған бітпейтін көш. Неге кетіп барамыз? Туған жер ден қоныс аударғанымыз қалай? Маған бұл жағы тіпті де түсініксіз, қайдамыз, бір Құдайға ғана аян болса керек. Балалардың үлкені болған соң, шешем Хурмат пойыз тоқтағанда, ішуге су алып келуге жұмсайтын. Нақты есімде жоқ, Жосалы ма, Тереңөзек пе, бір стансыға су алуға түсіп, енді өз пойызыма барайын десем, бәрі де қызыл эшелон. Қайсысы біздікі екенін біле алмай, жылжып бара жатқан вагоннан қол созған кісіге қолымды ұсына бердім. Іштей ыза, алқымда өксік, жалғыз қалдым-ау деген қорқыныш еңсемді езіп барады. Жылайын десем, шешемнің сонау жылдарда айтқан «Ер жігіт жыламас болар» деген сөзі от басым алдында сүйекке дақ салатындай әсер етті. Пойызға мінгеніме шүкіршілік етіп, бауырларыммен кездесермін де ген үмітте арпалысып жатып қалғып кетіппін. Көзімді аш сам, таң атып қалыпты. Шеті де, шегі де жоқ далада пара воз қызыл эшелонды ышқына тартып, жүйіткіп келеді. Ол да асығыс тәрізді, жиі тоқтай бермейді. Жолшыбай тастап келе жатқан пойыз күзетшілері біздің Шиелі стансысында қалатынымызды ескертті. Шиеліге де келдік. Улап-шулап, жылап-сықтап жет кен, жер ауған көш жат өлкеге осылайша табан тіреді. Жақын-жуықтардың қайда қалғанын білмеймін. Ұзақ сонар сапар барысында не болғанынан да хабарсызбын. 1940 жылдардың басы мен үшін осылайша басталды... Шиелі кенті орталығындағы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының суретке түсірушісі, шешен ұлтының аза маты, адал да ақкөңіл, қазақшасы аққан судай Сайдпен
әңгімеміз дәл осылай басталған еді. Кейін білдім, ол Сайд хасан Хутаев екен. Маған ол кезде аудандық «Өскен өңір» газетінде онымен 33 жыл қатарынан бірге қызметтес бо лармын деген ой кіріп те шыққан жоқ. ... 1970 жылдардың соңы. Менің газетке редактор ретінде қол қойғаныма 8–9 жыл болып қалған. Маған дейін де 5 жылдай аудандық газеттің фототілшісі ретінде өңір тұрғындарының, шаруашылық тізгінін ұстаған азаматтардың сеніміне енген ол өз ісінің маманы ретінде аудан емес, облысқа, тіпті, республикаға есімі тарады. Одақтың «Со ветское фото» журналының жүлдесіне ие болған. Сәкең облыстық қазақ, орыс тіліндегі газеттерінің, «Социалистік Қазақстан», корей тіліндегі «Ленин кичи», «Ленинская сме на», «Лениншіл жас», «Фрондшафт» газеттерінің фото тілшісі ретінде де танымал еді. Оның архивінен еңбек озат тары мен ұжымдардың, диқандар қауымы, мал шаруашылығы майталмандары, құрылысшылар, ұстаздар өкілдерінің бейнесін көрер едіңіз. Сол жылдары Мәскеудегі ел басшыларымен суретке түскен облыс басшыларының бейнесін аудан, ауылдардағы атқамінерлер жұмыс кабинеттері төрінен көрер едіңіз. Осындай бір үрдіс етек алған сәтте мәскеуліктер талабын қанағаттандыру мақсатында «Ол Ленин емес қой» деп даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың Сайдхасан қолындағы суреттері мен ленталарын тар тып алғандай етіп Мәскеуге аттандырғандар да кездескен. Ол фотомұралардың тағдыры бүгінгі күнге дейін беймәлім. Осы оқиға өзін Сыр бойы, оның ішінде Шиелі жерінің тумасымын деп жүрген тілі де бір, тілегі де бір Саидхасанға ауыр тигені анық. «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей, аяқ астынан өзгеретін қитұрқы тірлік оны жігерлендіре түскені шындық. Уақыт билеген қарбалас сәттердің бірінде Сәкең менің алдыма үлкен форматта түсірілген бірнеше суретті тастай берді. Нар түйедей ірі сиырларды темір шынжырмен сүйреп бара жатыр. Сонау жерде өліктерді көміп бульдо зер жүр. Фотодерек мал бордақылау алаңында түсіріліпті. Аудан орталығынан тысқары орналасқан бордақылау алаңы – негізінен, малды жоғары дәрежеде қондандырып,
етке өткізетін бірден-бір орын. Ал мына айыптау су рет күпті болып арам өлген бордақы зеңгі бабалар екен. Жауапсыздықтың оспадар түрі осындай-ақ болар. Алай да, аупартком «Сурет айыптайды» деген айдармен кезекті нөмірге бергелі тұрған біздің ұсынысымызды өз бюросын да қарап, қортындысын газетке беруді міндеттеді. Аптасы на үш рет жарық көретін аудандық газет аудан халқының қорғаушысы да, қолдаушысы да болды. Жамағат кімнен зорлық, қараулық қиянат көрсе, газетке жүгінетіні рас. Жаздың күндерінің бірінде таңертең жұмыс уақыты басталғаны сол еді, бір қария кісі сырттан айқайлап кіріп, таяғымен есікті тақылдатты. Үлкен кісінің алдынан шығып есік ашқаным сол екен, есіктен шұғыл аттаған ел ағасы: – О, әкең! Қай заманда есектің құны атпен тең болған. Біздің Шиеліден бәрін кездестіресің, – деп дүрсе қоя берді. Мен ол кісіні сабырға шақырып, орындық ұсындым. Сәл іркіліп барып ол оқиғаны баяндады. Жәбірленген қарияның нұсқауымен Саидхасан теміржол бойында бір қора есекті вагонға тиеп жатқан «бизнес мендерге» барса керек. Шалдың күнделікті көлігі көзіне от тай басылсын. – Анау менің есегім, – дейді ғой қарт айқай салып. «Бақсаң бақа екен» дегендей, бұл «іскерлер» Болгария зоопаркіне етке есек артып жатады. Аталған тізімдегі бір есектің бағасы жылқының бағасымен жіберіліп жатқан көрінеді. Фототілшіні көрген барымташылар «Біз емес» деп азар да безер болады. Қария атқа айнала жаздаған есегін алып еліне қайтады. Ал «бизнесмендер» ісімен тиісті орындар айналысты. Бұл Сәкен әшкерелеген фото айыптауларының еске түскен бір парасы ғана. Өз ісіне берілген, өмірде адал оның кез келген адамға жақсылық жасап, көмек қолын созуға даяр тұратын адамгершілігіне аудан жұртшылығы дән риза. ... Мен одан анасы, бауырларымен қалай табысқанын сұрадым. – Ол бір кеселді заман болды ғой. Шиелі кентіндегі базар маңында қараусыз қалған балалармен достасып алғанмын. Мұнда келгенімізге де үш айдың жобасы болған.
Бірде базар маңынан өтіп бара жатсам, арба айдаған ше шен ұлтының кісісі маған шұқшия қарағанын байқадым. Күнде келетін жеріме ертеңіне де жолым түсті. – Саид! – деген ащы дауысты естідім. Жалт қарасам, шешем екен. Мен «ана» деп айқайлаған күйіммен жүгіре жөнелдім. Шешем құшағына қысып, басымнан сипай берді. Бірақ көз жасына ерік берген жоқ. Анамның мына қайсарлығы менің кемсеңдеуіме тосқауыл қойды. Інім Абдул бек (ел оны Паша деп кеткен) пен қарындасым Педимат пен осылай қауыштым. Мұнан кейін 1944–1948 жылдары Орынбор–Ташкент темір жолының Шиелі кентінің шығыс жағындағы №23 бекетінің «Екпінді» ауылы маңындағы балалар үйінде тәрбие алдық. Одан әрі Қарағанды қаласындағы ФЗО-ға жіберді. Осы мектепте фото түсіруді, электриктікті, шофер-тракторист мамандықтарын игеруге тура келді. Игерген кәсібім өмірлік нәпақама айналғанын көріп отырсыздар ғой. Барға қанағат. ... Шешем інім Абдулбектің қолында. Ол да ұлды-қызды болды. Қарындасым Педимат тұрмысқа шыққан, балалы-шағалы. Олар туған жерге оралды. Соғыс зұлматынан аман. Өзім Шиеліге келген соң, орыс қызы Евдокия Ни китичнамен шаңырақ көтердім. Екі қызды болдық. Қыздар Мәскеуде білім алды. Дуся (ел оның әйелін осылай атап кеткен еді) қан қысымынан кенеттен өмірден озды. Сәкең сәл ойланып қалғандай болды. Бозбалалық шақ, сымбатты, сұлу орыс аруымен бірге өткізген жұбайлық, шуақты күндер есіне түсті ме, теріс айнала берді. Шешен жігітіне тұрмысқа шығып, өзара сүйіспеншіліктің адамға тән қасиеттерін жоғары бағалаған Дуся жүзі басқа, тілі бөлек деп жанды алалаған емес. Сондықтан да Шиелі жұртшылығы Сайдхасанды ғана сыйлап қойған жоқ, Дусяның да аналық ақ жүрек, аппақ ақ тілегін бірге бөлісті. Бір-біріне ищай деп көрмеген от анасын қалай қисын. Біз қайта сұхбаттастық. – Үлкен қызым Тома Германияда күйеу баламен бірге тұрады. Үш ұл, бір қызы бар. Елде дүниеге келген Костя Бундесверде әскери қызметте. Ал, кіші қызым Лариса ғарыштық байланыс мамандығы бойынша институт бітіріп,
украиндық жігітпен бас қосты. Қазіргі жұбайым – шешен, есімі Лайла. Осы сәт менің ойыма ол үйленген сәттегі бір оқиға оралды. Алдын-ала келісім бойынша Сайдхасан Тамара атты шешен әйелдің көп қыздарының біріне сырға салуға барып, Лайланы ұнататынын айтады. Екі жақ та келісімге келіп қыз ұзатылатын болса керек. Сөз құдағи Тамараға берілгенде, Тамара: – Саид! Сен бастық Бибиш бала ғой (мен тілім шыққан кезде шешемнің Бибайша деген есімін Піша деп атасам керек. Ауылдың үлкен-кішісі: шешен, неміс, орыс оны осы лай атап кетіпті. Ал Тамараның тілі осыған келген ғой). Ол жақсы адам болған. Ол да, мен де, сен бастық та Еңбекштен (Еңбекшіден дегені ғой). Сол ауылдан мен қызы, менікі қыз алып отырған сен бастыққа күйеу баласың ғой. Ол саған қайнаға болады. Бастығың үлкен адам қайнаға деп сыйла уы керек, – десе керек. Сәкең күні бүгінге дейін мені көрсе, қайнаға деп сызы лады да қалады. Жасы үлкен кісінің ізет сақтап, қайнаға деуі бізге ерсілеу көрінгенмен, шешен ұлтының салтында бұдан басқаша болу дәстүрді аттағанмен бірдей. Оңтүстік астанаға келгелі біраз болған. Сәкеңді көр мегелі айлар өтті. Бірде жол түсіп Шиеліге барып, Сәкеңе телефон шалдым. Үйге енсек, дастарқан жаюлы. Қазақша ет асып, табақ тартты. Жүрекжарды тілек айтып, тымтырыс қалған Сәкең мен Лайлаға қарасам, екеуі де көз жа сын сүртіп тұр. – Оу, Сәке, бұл қалай? – деймін мен шын ыңғайсызданып. – Ай, Зәке, сен кеткелі бері газетте бірге істеген жігіттердің бірде-біреуі біздің үйдің есігін ашқан жоқ еді. Бәрі адамға, жеке адамның өзіндік санасына байланысты екен ғой. Қазақ «Бермесең – алыспайсың, келмесе – алыстайсың» демей ме? Алыстау осылай басталады екен ғой, – деді ол ренжіген үнмен. – Жуырда сонау Германия дан қызым менің ауырып жатқанымнан хабардар болып, келіп қайтты. Басқа ел, басқа дін, басқа салт, бірақ мен
қызымның сүйіспеншілік сезіміне қалай қарсы болмақпын. Жаратушы Ие біреу. Бірақ сол тәңірді тануға әркім әртүрлі жолмен барады емес пе? Біз оның адами ойына неге сыңаржақ қарауымыз керек. Ол тек бір ғана ділден жаралғанын ұғып, адам атына тән қасиетімен ойлана білсе болды емес пе. Менің отба сымда мұсылман да, христиан да, католик те бар, бәріміз түсіністікпен тұрып жатырмыз ғой. Адамды құдай жаратып, олар Адам ата мен Хауа анадан тараса, бүкіл адамзаттың бір әке, бір анадан тарағаны – шындық. Адам ата бізге өмір сыйлады, олай болса неге өмір үшін, ынтымақбірлік үшін бірге күреспейміз. Соғыс, зорлық-зомбылық, басқыншылық, адам өмірін қыршынынан қию не үшін ке рек? Жазықсыз жандардың қанын жүктеу ең ауыр қылмыс емес пе? Ойланыңызшы, сүйектер сөйлемейді ғой. Мен жуырда Шешенстанға барып келдім, ащы шындыққа құрылған әзіл-оспаққа тән оқиға естідім. Тоқтаған автобустан қарт шешен кемпірін алдына жіберіп автобустан түсіп келе жатса, аялдамада отырған қариялар шалға: – Әй, шал, алдында ері жүрмей, әйелін алдына жіберген шешенді қашан көрдің? Сен ұлттық салтымызды мазақ қылдың, – десе, автобустан түскен қарт: – Сендер түгел ақымақ екенсіңдер, қазір қай заман?! Соғыс уақытында алдыңда не бар екенін қайдан білесің? Мүмкін мина бар шығар? Мен қауіпсіз болу үшін алды ма кемпірімді салып жүремін, – депті. Шынында қауіп аяқ астында. Сәкеңнің мірдің оғындай астарлы әзілдері кейде қазақы қалжыңмен әдіптелген тәрізді. Туған жерінен қайтып келе жатып, орыс астанасында «Мәскеу–Алматы» пойызына билет алса керек. Купеде Сәкеңнен өзгелердің үшеуі де орыс ұлтынан екен. Әңгіме барысында кімнің қайда бара жатқаны сөз болады. Біреуі Өзбекстанға, енді екеуі Орынборға бет алған. Сәкеңе шекесінен қарап отырған біреуі: – Қазақстанға барасың ба? Әй, осы қазақтар тамақты қолмен жейді дейді, рас па? – дейді. Сәкең табан астында:
– Немене сендер аяқтарыңмен жейсіңдер ме? – депті ойланбастан. Күйеу бала қайындарын осылайша отырғызып кетіпті. Күйеу бала демекші, осы арада менің ойыма 1975 жылғы күздегі редакция өміріндегі бір тарихи дерлік оқиға түсті. Баспасөз беттерінде – сол кезде аудандық газеттер үшін мини баспахана немесе «ЭГА» аппараты өте қолайлы да қажет-ақ деген тұжырымдар айтыла бастаған еді. Оған біздің қолымыз жете қояр ма екен деп жүргенде облыстық полиграфиядан «ЭГА» машинасын алғыларың келсе, бізде тұр деген хабар жетті. Баспахана жұмысшылары мен журналистер түгел қуандық. Алып келуге Сәкең мен құрдас журналист досы Тұрғанбек кетті. Олар барса, аты дардай, жарақталуы жұрдай мүлік тұр. Неде болса алайық деген Сәкеңнің қолдауымен жігіттер 5-ші қабаттан кран жалдап түсіріп, Шиеліге жеткіздік. Сәкеңнің ондағы ойы республикалық Госкомиздатта осындай «ЭГА» аппаратының маманымен таныстығын пайдалану екен. Соның себебінен біз облыста алғашқылардың бірі болып, цинктік қатырма қаңылтырдан клише шығаруды қолға алған едік. Сәкең аппараттың құлағында ойнап, оны тез меңгеріп алды. Баспа комитетінде маманның бізге көмегі ерекше болды. «ЭГА-ның» пайдасын көрші жаңақорғандық журналистер де көрді. Бұл жаңа технология газет сапасы мен қатар беделін де арттырып, жарнамалық басылымдар шығаруға да мүмкіндік туғызған еді. Осы еңбек зая кеткен жоқ. Сайдхасан Хутаев Қызылорда облысының құрметті азаматы атанды. Қазақ сөздерін Қап тауының үндестігіне сәйкестендіріп баяу, сыпайы ғана жеткізіп отырған Сәкеңнің су сұрағанын байқап, мен әңгімемді қысқартуға ыңғайландым. – Сәке, біразға бардық білем. Сіз туған жерден жырақ кетіп, қазақ ортасында өмір сүріп, еңбек еткеніңізге өкінбейсіз бе? Тәуелсіздік және Қазақ деген ұлт туралы не айтар едіңіз? Сіздің өмірлік қағидаңыз, ұстанымыңыз тура лы білсек... – Тәуелсіз ел болу, біреуге кіріптар болмай бейбіт өмір кешу қай халықтың да арманы ғой. Тірлігі мен бірлігі
жарасқан қазақ мемлекетінің азаматы болғаныма еш өкінбеймін. Ұмытпасам, Әйтеке би айтты деген мына бір тәмсіл бар еді: «Елінен айырылған – ер бақытсыз. Жерінен айырылған – ел бақытсыз». Құдайым маған ондай күнді көрсетпегей. Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келе шек. Ең аталы сөз – осы ғой. Қап тауында туып, қазақтың Қаратауында отбасын құрдым. Ел қатарына қосқан қазақ бауырларға шын жүрегіммен алғыс айтқым келеді және басымды иемін. Ал қазақ елі қарапайым халық бізге келешегімізді қамтамасыз етті. Осында тұрып жатқаныма 60 жылдан асқан екен. Туған жерім болса да, тілім қазақ тілінде қалыптасты. Өскен жерім, өркен жайған ортам қазақ даласы болса, мен қазақ болмай кіммін?! Ал, өмірлік қағидам – адамның ала жібін аттамау, адалдықтан айнымау, досқа – адал, дұшпанға – абай болу. Біз сұхбат-әңгімемізді тамамдаған сәтте Сәкеңнің Украинадағы қызы Лаура қоңырау шалды. Өрісің кеңіп, өркенің жайылды деген осы да. Талай көш асып қазақ ауылы да сол ғұмырында алмағайып замандарды бастан кешті. Кім болғанда да солардың бәрі, қазақ жеріндегі қарапайым ауылдың аяулы алақанынан шықты. ҚАЙЫРЫМДЫ ЕЛДЕ КІМНІҢ ДЕ ЖАМБАСЫНА СЫЗ БАТПАС 1946 жылдың күзі болатын қыркүйек айының басы шық түскен салқын мінез танытты. Таңертең ертемен күндегі әдетімізше қозы-лаққа жем-шөп беріп, енелерін өріске ай дау үшін тысқа шықсам, есік алдында түсі де, тілі де бөтен адамдар отыр. Балалары бізге үрке қараса, біз оларға көктен түскендей жатырқай қарадық. Бұл біздің ауылға тұңғыш жер ауып келген шешен ұлтының көші екен. Олар бізді, біз оларды түсінбейміз. Өздерін Сәипи, Саламу,
Рамзан, Дуду деп таныстырған балалардың соңғы екеуі менімен құрдас болып шықты. Жаңа танысымның отба сы біздің ескі киіз үйге орналасыпты. Шамалы күннен соң ауданнан келген комендант ат арбамен оларды ауылдың теріскейіндегі кең алаңқайда қазылған жеркепелерге орна ластырды. Бір айдай шыбықты ат қып мініп, бауыр басып қалған достарымызды шығарып салдық. Мектепке барар жылы олардың оқушы балалары ар наулы шешен тіліндегі бастауыш мектепте оқыды. Бір жылдан соң бізге қосылды. Содан бері біз Дудумен орта мектепті бірге бітіріп, университетте де бір оқыдық. Дуду қазақша мектепті бітірсе де, өзінің кавказдық акцентін қойған жоқ. Ол айтқанын орындамай тынбайтын бір бет, зорлық-зомбылықты, өтірік айтуды жаны сүймейтін, жігерлі де көп сөйлей бермейтін жігіт болып қалыптасты. Оның анасы менің шешемнен 5–6 жас үлкен болатын. Ес жиып, етек жапқан соң, бізге жиі қонаққа келетін, алғаш ымда сып түсініссе, кейін келе бұрмаласа да қазақша ұғысатын болдық. Жазғы не қысқы сессиядан соң Дудумен ауылға бірге қайтатынбыз. Ол кезде оның отбасы Шиелі кентіне ірге тепкен-ді. Ауылдың ересектері тамырларының жаңа қонысына құтты болсын айтып, базарларын базарлап қайтатын. Сол жолы пойыздан түсіп, маған «Ертең қайтасың» деген соң, досымның үйінде түнегенмін. Қарт ана үйге кіріп, дастарқанға отырған соң, келелі әңгіме қозғады. – «Сонау Адам атаның екі ұлы Абыл мен Қабылдың бірін-бірі өлтіруінен бастап адам баласында іштарлық, кісіні кісі өлтірсе, қанға қан, жанға жан деп кек қайтару, әулеттік арды, намысты таптатпау деп ұққан әдет етек алды. Бұл біздің дәстүрімізде, тіпті мықты орныққан. Алай да, ақылман бабаларымыз елдікке, адамның жанын тек Алла ғана алады деген тұжырымға келуге шақырса да, бұл зұлымдық тоқтай қойған жоқ. Бір заманда әкесінің кегін қайтармақ болған жалғыз ұл ата жауын іздеп жүріп, оның үйіне түнделетіп келіп, малы тұрған сарайда отағасын күтіп жатады ғой. Таң ата жігіт түнгі ұйқыға беріліп, қалғып кетсе
керек. Таң қылаң бере селт етіп оянса, пышағы қолында, қасында бір тостаған сүт, нан және айыр тұр екен. Оны көрген жігіт қатты ойланады. Үй иесі келіп, сүттей ақ көңілімен «өзгеге өлім тілеме, өмір тіле», деп нан қойыпты, айырмен түйреп тастауға болар еді, қанын жүктемейін, өзі де ұғар. Құдайдың берген жанын құдай ала ды. Кекшілдікті доғарайық, – дегені ғой деп райынан қайтса керек. Менің айтайын дегенім – бәріміз де Адам атаның ұрпағымыз. Адамдық көңіл сүттен ақ болса, Алланың нәпақасы бәрімізге де молынан жетеді. Осы достықтарың маған ұнайды. Анаға ұрпағының өнгені, өркен жайғаны ләзім. Тату-тәтті өмір сыйласын сендерге, ұлдарым», – деді қарт ана. Әлі есімде, 3-курста жүрген кезімде бір күні ол көрші жатақханадағы бір жігіттен менің өзіме келіп кетуімді өтініпті. Дуду университеттің экономика факультетінде оқитын. Бар сам, досым ораза ұстапты. Біз ол кезде атеизммен сусын дап, дінді апиын, ораза ұстауды адамды азаптаудың тағы бір тәсілі деп ұғып жүрген кезіміз. Замандасымның мына ісі ерсі көрінгені рас. – Сен маған «Кинкегеман Байрақ» (шешен тілінде «Еңбек туы») газетін әкеп тұр. Шәкіртақымның жартысы сенікі. Мен сенің жағдайыңды білемін ғой. Шешең ауру, жұмыс істемейді. Оның үстіне оразаң да жоқ, жұқанаға берген сауап. Өзге алғанша, досым сен ал, деген. Мен ойланып қалдым. Әуелде тіксінгенім де рас. Байқап қарасам, ол дұрыс айтқан тәрізді, досымның өтінішін қабыл алдым. Мен газет апарып беремін, ол ақ батасын береді. Дуду университетті тамамдаған соң Алматыда қалды. Қаржы министрлігінде жұмыс істеді, кейін Талғардағы шарап за уытында директор болды. Ол ауылға келсе, қайын атасы атақты механизатор Ризван Цокаевтың үйінен телефон соғып, кәдімгі Қап тауының акцентімен «Мені таныдың ба, мен кіммін?», – дейтін өзінше қуақыланып. Бірде ол: – Қасымда кім тұр? – деді. – Мен көріпкел дейсің бе? Қайдан білейін, қасыңдағыны, – деймін. – Бұл – заңгер, полковник Рамзан Хұсайынұлы деген азамат, – дейді ол қарқылдап күліп.
Рамзан баяғы біздің киіз үйде тұрған, аталаны бірге ішкен шешен досым ғой. Олар ертеректе көшіп кеткен еді. Ол да бізді көріп шат-шадыман. Арада он шақты жыл өтті. Бірде аудандық тұтынушылар қоғамында істейтін Мәден деген көкеміз «Талғарға саудадағы тараларды өткізу бір тозақ. Бір-екі айдай әуре бола мыз. Қабылдаса жақсы, қабылдамаса, ішпей-жемей қарыз болып, шарадай басың шақшадай болады», – деген. Мен директорын сұрадым. Ол кісі – Дуду Мичураев деді. – Ау, ол менің досым Дуду ғой. Жүздесе қалсаңыз, сізге шиелілік досыңыз сәлем айтып жатыр деңіз, ар-жағын көрерсіз, – дедім. 10–15 күннен соң әлгі ағамыз маған келіп тұр. – Таң алагеуімде барып кезекте 23-ші болып тұр едім. Ол тұсымнан өте бергенде: «Сізге Жайлыбаев сәлем ай тып жатыр еді», –дедім естірте. Ол 3–4 қадам аттады да, артына қарап «Бері келіңіз», – деп кабинетіне ала кірді. Мен сені атадым. 10 күнге жетпей, тарам толық қабылданып, елге келдім. Міне, дос деп осындай жігіттерді айтады, – деді ағамыз барынша риза болып. Арада жылжып жылдар өтіп жатты. Шешенстанға кеткен достарымның тағдыры кешегі соғыс жылдарында не болғанынан бейхабар бола тынмын. Алладан амандықтар тілеп жүргенімде ойламаған жерден Грозныйдан хабар жетті. Аман-есендігін біліп, біз де бір қуанып қалдық. Ұлы бабамыз Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмеген істің бәрі бос» дегенде жалпы адамдардың достығын меңзеген ғой, сірә... ҚАП ТАУЫНАН КЕЛГЕН ЖІГІТ
Сол жылы Берікқара тауының етегіндегі «Еңбекші» ауылына бір түнде он шақты отбасын күздің қара суығында шулатып тастап кетті. Өзіміз сияқты қарасирақ балалары дірдек қағып бейтаныс адамдарға үрке қарайды. Бұлар
жер ауып келген шешен отбасылары еді. Біздің жыртық киіз үйдің іргесіне жақын орын тепкен үйелмелі-сүйелмелі ұл-қызы бар шал мен кемпір екен. Анам олардың тілін түсінбесе де, нанды, шайды ыммен көрсетіп, ауғандарға жүрек жалғатты. Қыста жел үрлемесін деп іргеге қаусыра жапқан күріш сабанына кейуаналар киімімен жата кетсе, біз балалар қимайы шыға бастаған көрпе астына жайғастық. Ертеңіне босқындар үй жағалап, қымбат білезік, сырғаларын ұсынып нан сұрады. Шешем болса, «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деген, нанды былайша-ақ бер, ештеңесіне қол созушы болма» деген-ді. «Біз ел ортасында мыз ғой. Бір таба нан екеумізге бірнеше күнге жетеді» деп тоқтам айтқан. Елуінші жылдың ортасына дейін осылай болды. Қыс қытымырынан өлім, жітім де болмай қалған жоқ. Бірақ олар мойымады. Күн жылт ете баспана соғып, кіріп алды. Олардың ұлы Рамзан екеуіміз бірінші класс есігін бірге аттадық. Олардың Меди деген мұғалімі біз оқитын мектепте арифметикадан сабақ берді. Қап тауында шер кестермен көрші болған оған қазақ тілінде сөйлеу қиынға соққан жоқ. Мен шешенше, Рамзан қазақша білмегенмен, бала жүрек тез түсінісуге жол ашты. Ол қазақшаны тез үйренді. Жетіні бітіргенде қыздарға қазақша хат жазған. Оның Тамара атты әпкесі 50-ші жылдың басында дүние салды. Көз көріп, қатар өскесін бе, оның қазасына бүкіл ауыл қайғырды. Шешен досымның әпкесі інісі мен мені қоса еркелетіп, ән салып беруші еді. Бірде аш, бірде тоқ жүрген біздерге оның жүгері ұнынан пісірген наны керемет шырын татитын. Ән де өшті. 60-шы жылдары олар Қап тауына кері көшіп кетті, жыңғыл шыбықты ат қылып мініп, қылыштасып өскен Рамзан болса есімнен кетпейтін. ... Түскі үзілісте үйде отырғанмын. Телефон шар ете қалды. Мен тұтқаны көтергенім сол, ар жағынан қазақ тілінде: – Сәлем, менің кім екенімді білесің бе? – деген сауал ды естідім. Дауысты сана таразымда салмақтап көріп едім, ешкімге ұқсата алмадым. – Мен шәулімшелік Рамзанмын ғой, – деді ол тағы да. Шәулімше – біздің ауыл жанындағы Қаратаудың саяқ
жоталарының бірі-тін. Балалық санамның қатпарында қалған Рамзан есімі жарқ ете қалғандай болды: – Қайда тұрсың? – Аудан орталығында. Қасымда экономист, зауыт директоры Дуду да бар, – деді ол тағы да. – Екеуіміз де әйелімізбен. Қазір анамызға сәлем беруге барамыз. Үйде бол, барғасын әңгімелесеміз. Мен үй жанындағы автовокзал алдында күтіп тұрғанмын. Телефон соққан аймағына қарағанда келетін мезгілі болған. Тағатсыздана бастадым. Неге екенін қайдам, үй жаққа көз салсам, солар болар – екі әйел, екі ер кісі қақпадан ішке еніп барады екен. Шешем оның екеуін де жақсы танитынына дау жоқ. Бірақ жұбайыма олар бейта ныс. Ентіге үйге жеттім. 20 жылдан астам көрмеген доста рыммен қауышып амандастық. Әйелдерімен таныстырды, олар да қазақша сайрап тұр. Екеуі де шешемнің хал-жағдайын сұрап, өздері білетін ауыл ақсақалдары мен азаматтарын түгендеп жатыр. Қос досымның әйелдерінің бірі Сыр бойынан да, екіншісі Қарағанды облысында дүниеге келген болып шықты. Осы нау жылдардағы өмір соқпақтарын айтқан Рамзан қазір заңгер екен. Дуду болса экономист, шарап зауытының директоры. Қазақ жеріне, ажалдан аман қалып, осындай дәрежеге жетуіне тілеулес болған қазақ еліне айтар алғысы мол екенін де тәптіштеп жатыр. «Қонақ келсе құт келер» деп жақсыға жоритын қазақ жылы-жұмсағын дастарқанға салары белгілі ғой. Рамзан осыған риза болғандай: – Апа, біз босып келгенде, есіңізде ме, менің әпкемнің қыста киер аяқ киімі болмай, далада балтыры қып-қызыл, шырт-шырт жарылып, жылап жүргені. Осындай сәтте сіз берген ыстық атала көженің дәмі әлі аузымнан кетпейді. Үлкен тостаққа құйылған аталаны бес-алтауымыз бір қасықпен ішетін едік қой, – деген. Осы кезде әйелі шешен тілінде құлағына сыбырлады. Рамзанның моп-момақан қой көзі шатынап қолын көтере берді. Ұрмақ ойы барын сезген мен қолын ұстай алдым. – Саған не болды. Жаман үйді қонағы билейді деп. Сен менің көп жылдан жүз көрмеген досым, қонағым емессің
бе? Бұндай әдетті сендер де әдепсіздік санайтын едіңдер ғой. Ұят емес пе? Ол қолын тізесіне қойып: – Апа, кешіріңіз, мына келініңіз – Қарағандыдағы заң қызметкерінің қызы. Жаңа «Бір қасықпен тамақ ішкенде жеркенбедіңдер ме?» деген соң ашуым келіп, салып жібергім келгені рас. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды ғой. Бала аш болам деп ойламайды» деген осы ғой. Бір қасықты кезек салысып ішкендердің бір-біріне мейірімі оянады, ол өшпейді дейтін едіңіз ғой. Әркімнің тағдыры – оның өз мектебі, өз өмір жолы. Айып етпеңіздер. Жұбайы сәл отырды да, жылап жіберді. Сөйтті де таза қазақ тілінде тізерлеп отырып дастарқаннан, барлығымыздан кешірім сұрады. Біз көзімізге жас алдық. Бұл КСРО-ның демі бітіп, ыдырауынан екі жыл бұрынғы сәт еді. Қап тауынан келген жігіттің онан кейінгі тағдыры не болғаны беймәлім. Бірақ қыран далада қазақтың туған тілінен нәр алған таудың ұлы халқының қамқоры да қаһарманы болған шығар деп сенемін. БҮГІНГЕ ӨБЕКТЕП, ӨТКЕНГЕ ӨГЕЙСІМЕСЕК... немесе 1937 жылы «Халық жауы» атанып жазықсыз жапа шеккен, әділет полковнигі Сәдуақас Мәмбеев туралы сөз Қазіргі Шиелі өңірінің Сырға иек артатын жиделі тоғайының бел ортасында «Арғын сазы» қойнауы жатыр. Сол күні біздің отбасымыз әлдебір құрметті қонақтарды күтудің қам қарекетінде жүрді. Әкем Қасым мен шешем Марияның әбігерленгеніне қарағанда ол қонақтар мына жақын жердегі Ақмешіттен атбасын бұрмақ екен. Түс ауа қос ат жеккен фаэтонмен үш кісі үй жанына келіп тоқтады. Әкеммен төс қағыстырып, амандасқаннан кейін олар да
рия жағасындағы шалғынға тігілген ақ боз үйге аяқ басты. Бұл менің есімде еміс-еміс қалыпты. Кейін шешем Ма риядан сұрағанымда бұл келген Сәдуақас Сағындықұлы деген ағаң, мына Қызылордада прокурор дегеннен артық әңгіме айтқан жоқ. «Ал қасындағысы атақты Мыржақып Дулатов екен. Бұл сонау 35–37 жылдардың аралығындағы оқиға еді. Ес біле Сәдуақас Мәмбеевтің республиканың Бас прокуроры әділет полковнигі болғанын, халқымыздың аяулы ұлдарының бірі екендігін оқып білдім» деді қарт, Соғыс және еңбек ардагері Нұрмақан Қасымов. Жал пы Мәмбеевтер туралы да зерттей жүре олардың үлкені Әбдірәсіл Мәмбеевтың кешегі Қазан революциясына дейін оқытушылық қызмет атқарғанын, көзі ашық, орысша, араб ша сауатты адам болғанына көзім жетті. Оның інісі Өтеген Мәмбеев болса Қазақстан тарихында қаржы саласында қызмет атқарған. Осындай суыртпақтап Мәмбеевтер жай лы ақиқат іздегенімде еліміздің атақты суретшісі Сабыр Мәмбеевтің жоғарыдағы әңгіме етіп отырған Әбдірәсіл Мәмбеевтің ұлы, ал Анель Мәмбееваның сол қадірлі ағамыздың қызы екенін де білдім. Сәдуақас Мәмбеевтің ұлы Марат қазір Алматы қаласында қызмет істейді деп естимін. Мен жоғарыдағы оқиғаны есіме ала отырып, еліміздің біртуар азаматы 1937 жылдың құрбаны болған әділет полковнигі 1935 жылы Қазақстандағы Орта Азия әскери округінің әскери бөлімінің прокуроры болған жазықсыз жазаланған Сәдуақас Мәмбеевтің тағдыры жайлы бүгінгі ұрпаққа ақиқат айтылар ма екен деп армандап келемін. Кім біледі, сол ақтаңдақ жылдарды республика құқық қорғау саласында әскери прокурор болып істеген Мәмбеевтің халқымыздың қаймағы атанған азаматтарын қаралауға қатысы болды деген ұғым да оның есімін жаңғыртуға кедергі болып жүр ме? Айтпақшы, Шиелі қыстағында Сәкеңнің Эленора атты қызы бар екенін кейін білдім. Зейнеткер Нұрмахан Қасымов әңгімелерді айта отырып, Сәдуақас Мәмбеевтің сонау 30 жылдары халқымыздың көзі ашық, білікті азаматтарымен қарым-қатынас жа
сап, елінің ертеңіне толғанған тұлға екенін таныдым», – деп сөзін қорытындылады. Мен Қазақ елі тәуелсіздік алған сәтте Сәдуақас Мәмбеевтің есімін қайта жаңғыртудың сәті түсіп тұрған жоқ па деген ойға қалдым. Бірақ қадірлі ағамыздың тұтқындалуы, халық жауы ретіндегі қылмысты әрекеттері жөніндегі құжат қолымызға түспегеннен кейін ол кісі туралы қалам сілтеу қиынға соққаны да рас. Бірақ мына әңгіме иненің жасуындай болса да үміт сәулесін шашқандай болды. АРМАН ҚУҒАНДАР АРМАНДА ҚАЛА БЕРЕ МЕ? немесе біртуар азамат «халық жауы» аталынып атылып кеткен Садықбек Жүнісұлы Сапарбеков есімі ұлттық энциклопедияда неге жоқ? «Есті еріңді ез тұтсаң іргемізден жау кетпес, төрімізден дау кетпес» деген қазақтың дана биінің бірі Әйтеке би. 35 жасында тәй-тәй басқан жаңа дәуірде Ғани Мұратбаевпен есімі қатар айтылған Садықбек Сапарбеков есімі Қазақ ССР энциклопедиясына енеді де, Тәуелсіздік жемісі санаған ұлттық энциклопедиядан неге түсіп қалады? Ақын Бақтыбай Айнабеков осындай ой айтқанда сенерімді де, сенбесімді де білмей дал болдым. Келе сала социализмнің ілім-білім жинағы энциклопедияны парақтай бастадым. «Сапар» түбірімен іздесем жоқ болды. Енді «Сафа» бойынша «Садықбек Жүнісұлы Сафарбеков» деп берілген екен. Неге бұлай болғаны түсініксіз. Бірақ бар болғанына шүкіршілік жасадық. Көңілімізді тоққа санап, XX ғасыр басында бүкіл Орта Азия мен Қазақ жастары Ғани мен Садықбек тәрізді қос тұлғаның айналасында тәрбиеленіп, өсіп жетілгені туралы Әуелбек Қоңыратбаевтың айтқаны ақиқат екен-ау деп қуанған едік. Бірақ осы қос қайраткерлер есімі Жолтай Жұмат айтқандай: «Соңғы жылдар бедерінде көмескі тартып, ел есінен шығып, жастар жадынан өше
бастаған тәрізді». Садықбек есімінің Ұлттық энциклопедияда жоқ болуы бізді де осындай ойға жетеледі. Энциклопе дияны ашып «Сапарбековты» таппақ оймен алфавиттің тәртібімен әр бетке назар салдым. Энциклопедияның 7 томының 551 бетінде Сафа – Гирей (1510–1549) – Қазан ханы деп беріліпті. Одан әрі «Саф алтын», «Сафонов ка», «Саф элементтер» болып жалғаса береді. Бірақ Са парбеков жоқ. Ал «Сапа» бойынша таппақ болып назар салдық, көзім шатасып кетпесе бұдан да көре алмадық. «Сапа, Сапақ Байшуақұлы, Сапалық анализ, Сапарғали Қуанышұлы, Ғайрат Сапарғалиев, Сапаров Мәлік Мұхамеджанұлы, әскери маман» деген тұжырыммен бұл да бітті. Сонда Қазанның XVI ғасырдағы ханы аталғанда XX ғасырдың 20–30 жылдарында Қазақстанның аудандары мен қалаларында өлкелері мен облыстарында басшы қызметте болған, кезінде Қазақстан Орталық Партия комитетінің үгіт-насихат бөлімін басқарған, өз уақтысында қазақтың белгілі көптеген оқыған ұл-қыздарына үлгі көрсетіп, тәрбие берген, 37 жылдың қуғын-сүргініне ілігіп, репрессияға ұшыраған Садықбек Сапарбеков шындық қайта тіріліп, жалған өлді деп жүргенде Ұлттық энциклопедияға неге ілінбей қалған. Оның есімінің өзі де қапаста қалуы ке рек пе? Неге бұлай? Оның іздеушісі болмаса артында қалың елі қазағы бар емес пе? Бүгінгі күнге өбектеп өткенді өгейсіту тәуелсіз, егеменді елдің азаматтарына сын емес пе? Уақытында С. Мұқанов, Ж. Арыстанов, Б. Кенжебаев, Ө. Тұрманжанов өздерінің естеліктерінде Садықбек туралы жүрекжарды лебіздерін білдірген еді. Жазушы-драматург Жолтай Жұмат 2003 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Ғани және Садықбек» атты мақаласында «С. Мұқанов «Өмір мектебі» атты мемуарында Садықбектің өзіне жасаған жақсылығын, дұрыс бағыт сілтегенін жанжақты сөз етеді», – деп атап өткен еді. Шындығына келгенде, Ғани мен Садықбектің 100 жылдық мерейтойы аталып та өтілмеді. Бұл қалай, Садықбектің ұрпағының сағын сындыру ма? Садықбек Жүнісұлы Сапарбековтың тегіне, әулетіне назар салайық.
І. Әңгіменің әлқиссасы «1937 жылы дүниеге келген балама аяғым ауыр еді. Әділеттің жоқтаушысы болған, жанға жаманшылығы жоқ туған ағамның халық жауы атанып, абақтыға жабылуы өзегімді өртеп, жүйкемді жүндей түтті. Боралдайдың түрмесінде деген соң бауырымды көруге келген бетім. Есік ал дында татар жігіті кімге келгенімді білгеннен соң: – Ә, сатқындар, сендей халық жауларының ұрпағын көктей солдырып, тамырымен жұлу керек. Атып-асып, советтік отанымыздан аластатқан дұрыс. Елдің де, жердің де жалғыз жанашыры сол сияқты тіпті, өзеуреп болар емес. Жаспыз, айтарымды айтып қалайын деп, жүзіне тура тіктеніп: – Әй, татар малайы, сен адал да басқалар азғын тәрізді неге қасарысасың. Жау – мына сендер. Әйтпесе сот жоқ, айып жоқ адал азаматтарды тоғытып қамауда ұстап, сен дер сияқтыларды итаршы қылып қояр ма? Ол түтігіп кетті. Мен ағамның қасыма келгенін сезбей де қалыппын. Мен жылап қалдым. Осы сәт қолында түйіншегі бар жас келіншек біздің қатарымызға жақындай берді. – Гүлеке, сіз бе едіңіз? Сәкең түнде қатты науқастанып, далаға шыға алмай қалды. Жолыға алмайсыз-ау. Келесі күні соғарсыз, – деп жатты ағам. Кейін білдік қой, Сәкең – Сәкен Сейфуллинді осы түрмеде ұрып-соғып, бет-әлпетін адам қарағысыз еткенін. Ол бір сұрапыл, сүргін, нәубет жылдар еді ғой». (Садықбек Сапарбековтың туған қарындасы Ха диша апайдың естелігінен). Бірінші айтарым: ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі дүниені дүр сілкіндірген оқиға Қазан революциясы болды. Көнекөз тарих жұмыр жерде осыған дейін де талай қоғамдық құбылыстардың, империялар мен патшалықтардың өткенін, оның бәрі де адамдардың өзара кикілжіңдері мен жер үшін дауласу ларынан туған түйсік-түсінігінен кейінгі өркениеттің туында
уына әсер етті деп тұжырымдайды. Ал, Қазан төңкерісі де жаңа социалистік қоғамды туындатқанмен тарих куә болған пендешіліктерден ада емес еді. Билік басына ұсынылғандар идея мен социалистік мұраттарды жеке басының таққа таласында табанға таптап, асыл армандарды аяқ асты етті. Бір кісідей біз бас иген көсемдер көз алдымызда беделі төгіліп, олардың орнына жаңа тұлғалар келе бастады. Бухарин, Рыков, Каменев, Троцкий, Тухачевский, Блюхер, Якир сияқты кеше ғана революцияның дауылпаздары, өзге ұлт өкілдерінің зиялыларына ақыл айтқан лениншілдер атылып кетті. Кейін атуға қол қойғандардың өзі де айыпты болып түрмеге жабылды немесе Сібірге айдалды. Кезеңкезеңге көз салсаңыз сол кездегі партия бастықтарының жұмыс бөлмесінде бірінші көсем мен сол кезеңде СССРдің тізгінін ұстаған саяси бюро мүшелерінің суреті тұрды. Ал жазалы болған бұрынғы көсемдердің суреті түгілі оның есімінің өзі ұмытыла бастады. Адал «лениншілдер» осы лайша алмасып жатты. Брежнев, Андропов, Черненко, Гор бачев келіп «ерікті елдердің мәңгілік» одағы да ыдырап, же ке-жеке егеменді елге айналды. «Мәңгілік одақты орыстың ұлы елі құраған» деп жүрсек, өз тарихы, өз дамуы, діні, тілі бөлек қазақ, украин, грузин, өзбек деген терезесі тең ұлттар екенбіз. «Советтік ел» деген жоқ, советтік Украина, советтік Қазақстан, т.б. бар екен. Біздің бір ағамыз партияға өтуге аупартком бюросына келсе, хатшы: қабырғадағы кінәлі бо лып қырылғанынан қалған саяси бюро мүшелерінің суретін көрсетіп: – Қалай қарайсың мына кісілерге, – десе, ағамыз: – Қайдам, осыларыңа да сенімім жоқ, – депті. ... XXI ғасырды аттаған үш ұрпақ өкілдерінің немерелері бүгінде «халық жауы» болып атылып, не айдалып кет кен аталарының суретін көріп, азын-аулақ білетін біздің шорқақ әңгімелерімізге разы болып жүр. Көбісі солардың тағдырынан бейхабар. Осындай азаматтардың бірі Садықбек Сапарбеков болатын. Кеңестік дәуірде жастар қозғалысының, әсіресе Түркістан жастарының көшбасшыларын атағанда Ғани Мұратбаев пен Садықбек Сапарбеков есімдері қатар атала
ды. Ғанида ұрпақ жоқ. Ал, Садықбектің әулеті, үрім-бұтағы, ұрпағының тағдыр-талайы қалай? Садықбек Сапарбеков туралы көз көргендер не айтады? Екінші айтпағым: ...Қоңыраттың Қайрақ атасынан тарайтын Жүніс қарттың алты ұлы, Жаңақорғанның Түменарық тұсының Қызылқұм жақ бетіндегі Бөрлідегі тоғайда дүниеге келіп, қарт өсіп-өнген оларға енші бермей, ауызбірлігі мен ынтымағын сақтап, жұмған жұдырықтай пісентті болып жетілуіне бас-көз болған. Атадан тәлім алған алты ұл – Мұсабек, Сапарбек, Асыл бек, Сапаралы, Кенжебек, Жұмабек аналары Өріктің жұмса жұдырығында, ашса алақанында еді. Әулеттің берекебірлігін биік тұтқан ана баласы Асылбек қаза болғанда келіні Ырсайды қайнысы Сапаралыға қосқан. Темірдей тәртіп бар ша баланың тату өсуіне, не нәрсені бірігіп шешуіне үлкен ықпал етті. Мұсабектен – Ақылбек, Әбдібек, Адамбек, Манат, Әбдіхалық және Бегайым, Сапарбектен – Садықбек, Адырбек, қыздары Бибайым, Салтанат, Бибіхадиша, Асылбектен – Айтбек, Сапаралыдан – Орынбасар, Қашпан, Шайық, Ка мал, қызы Райхан, Кенжебектен – Әнуарбек, Аманбек, Әбілқасым, қыздары Бибайша, Бибіажар, Жұмабектен – Тәңірберген, Әлмахан тарайды. ... Қызылқұмның терең ортасында «Қайраққазған» деген жерде қырық құлаштан су шыққан құдық бар. Бұл ауызбірлігі жарасқан 6 ұлдың қыс қыстауы, ал жаз жай лауы Қаратау бөктерінде болатын. Қыста мұз жинап, оны құмның көлеңкелі тұсынан қазылып, сары жігер сексеуілмен шегенделген кепеге сақтаған. Ол көбіне ауыз суға пайдаланылған көрінеді. Шаруаны қолайттаған ауыл да ұстасы мен киім тігетін тігіншісі олардың өз сұранысын қанағаттандырып отырған. Құдық басына шығыр орнаты лып, түйенің мойын терісінен жасалған бес шелек кететін қауғамен екі жігіт әуізге су құйып тұрушы еді. Шығырды нар түйе тартып тұрған. Ал су жинайтын әуіз болса, Сырдың саз топырағында жылқы қылы мен сабан қосқан жұмбаздан тұрғызылған. 10 метрлік науа арқылы мыңға тарта түйе, екі мыңға жуық қой осы құдықтан суарылған. «Өз маңдай
теріңе, өз еңбегіңе сүйен» деп үйреткен алты ұл осылайша шаруаларын дөңгелетіп әкетті. Уақыттың тамыр бүлкілін дер кезінде ұққан қарт әке алты ұлына сексеуіл жағып, көмірін алатын шағын зауыт салдырған. Кең етіп қазылған шұңқырға сексеуілді үйіп от қояды. Толық жанып жігерлер шоқ болғанда топырақпен көміп, суыған соң 200 ақауыз бойдақты айдап, 15 түйеге көмірді теңдеп, Бұқараға апарып сатқан. Бұл жұмыс бала сы Кенжебектің міндеті еді. Ол Бұқараға зергерлерге сатып, пұл қылып, мата, шай, жеміс-жидек әкеліп, оны ауылдағы әрбір үйге теңдей бөліп берген. Ер-тұрман, шолпы, сырға, тәтті қант та ұмыт қалмаған. Қарт ұлы Мұсабекке ғана кон феске алдында енші берген. Қонақ үй, жатын үй, асханаға арнайы үй тігіп, ауылдың жинақы отыруын да шал естен шығармаған. ; Қыста киіз үйді қой жүнінен киіз басып жауып, ши сыр тынан ақ селеумен көміп тастаған. Текемет жайылып, оның үстіне кілем төселіп, және іргеге кілем ілінген. Үй үстіне екі қабат туырлық жабылған, ортасында үш аяқты темір ошақта сексеуіл түнімен жанып тұрған. Бұл Жүніс әулетінің Қазан төңкерісі мен 20-жылдар соңындағы тіршілік тыны сы еді. Кейін Сәкең елге келгенде, Сыр бойына жақындап, отырықшы ел болыңдар деп кеңес берген екен. Бірақ үлкендер онша мән бермеген. 1928 жылы дүние-мүлік тәркіленгенде «алса халыққа береді екен, ала берсін» деп шалдар елдің, бала-шағаның амандығын тілеп, ірге көтермей, қоныс аудармапты. Мал кейін қайтарылған дейді. Бірақ кеткен малдың өз кемелінде қайта келуі сенімсіздеу. Сақаң 1937 жылы ұсталған соң шалдар да түрмеге қамалған. Біраз балалары соғыста хабарсыз кеткен. Аман қалған Әбдібек, Адырбек, Айтбек, Әбдіхалық, Аман бек, Камал, Әбілқасым ел қатарында еңбек етті. Алайда, халық жауының отбасы деген жалған жала бұл әулетті ғана емес, олардың құда-жекжаты мен жиендерінің де еңсесін көтертпеді. Үшінші айтпағым: 1992 жылы С. Сапарбековтың 90 жылдығы аталып өтті. Алайда көше аты берілсе де, өзі туған шаруашылыққа
Ғанидің үзеңгілес досы, Қазақстанның көптеген аймағында партия, совет, кәсіподақ қызметтерінде болған жан оты мен арына, қайратына сеніп халқына қалтқысыз еңбек еткен С. Сапарбековтың өмірі үлгі бола алмағаны өкінішті. Енді Сақаңның тағдырының кейбір қырларына, зиялы қауым өкілдері мен жақын-жуығының лебізіне назар салып көрсек. Садықбектің туған қарындасы Бибіхадишаның айтқаны: – Хадиша, айналайын, таусылмаңдар. Мұндағы аза маттар халық жауы емес. Халық жауы анау Мәскеуде отыр. Жазықсыз екенімізді келер ұрпақ таразылар, ақтар. Оны бірақ біз көре алмаймыз. Сендер куәгері боларсыңдар, әлі сол әділетті күндердің, – деді ағам. Әуелбек Қоңыратбаев, профессор, филология ғылымдарының докторы: – Сыр бойының даңқы өшпес, артында аңыздай іздері қалған С.Ходжанов, Ғ.Мұратбаев, С.Сапарбеков, Т.Жүргенов, Т.Қабылов сияқты кешегі күрес күндеріндегі ел түлектеріне ой көзін жіберсең олар өзі үшін туып, өзі үшін өлген жандар емес, халық, адам мүддесі үшін туған аяулы адамдар. Нәубет заманының құрбаны болған азаматтардың қаһармандық, кейде драмалық істерін сөз етудің бүгіндік мәні аса зор. Солардың ісі басшыға да, қалың бұқараға да үлгі-өнеге. Халық – ерлердің туған топырағы, бесігі. Содан қол үзген жерде басшы жоқ. Өз халқының сондай ғажайып ұлдарының бірі – Садықбек Сапарбеков. Садықбекті мен 1919 жылдың аяғында Ташкентте көрдім. Ташкентте мен оны С.Ходжанов, әсіресе Т.Рысқұловтың үйінде көп көретінмін. Ол кезде комсомолдың жұрт таныған екі тұлғасы болды. Бірі Ғани Мұратбаев, екіншісі Садықбек Сапарбеков еді. Ол кезде Ғани өлкелік комсомол комитетінің бас хатшысы да, Садықбек Түркістан Орталық партия комитетінің жастар бөлімінде істейтін. Ол өз кезінде аса беделді партия қайраткері болды. Қай жерде олқылық, қиындық болса, партия оны сонда жіберді. От боп жанған қажырлы большевик С.Сапарбеков сол қиындықтың бәріне төтеп берді. Садықбек жастарды
тәрбиелеуде, оларды оқытуда көп еңбек етті. Олардың ішінде Бейсембай Кенжебаев, Алтынбек Нұралиев секілді белгілі ғалымдар бар. Асқар Тоқмағамбетов, ақын: – Сәкең мені комсомол ақын деп жанына жақын тар тып, қамқор қолын созып жүрді. Тапсырмалар беріп, жазған өлең-жырларымды қарап, пікір айтуын да ұмытпайтын. Қай кезде кездессең де қол алып, қол беру салтымыз ғой. Сол күні Шымкентте темір жол ресторанында тамақтанып отыр екен. Мен жақындаған сәтте: «Комсомол ақын жақындамайақ қой, мені ұстағалы отыр, кіріптар боларсың», – деді төмен қараған күйі. Мен тоқтап қалдым. Бұл сол 1937 жыл болатын. Аманбек Кенжебеков, Сәкеңнің немере інісі, тұтынушылар одағының зейнеткері: – Мал қайта берілгенде Жаңақорғанда жергілікті ағайындар «Бұлар кедейлердің малын тартып алып байыған, Садықбектің ықпалымен сол олжа малды өндірмек» деп арызданған екен. Сәкеңе бұл да қосымша болыпты. Әкелеріміздің қайда қалғанын, соғысқа кетіп хабарсыз ғайып болған Орынбасар, Қашпан, Әнуарбектердің Еуропаның қай дала, қай аймағында көз жұмғанын білмей-ақ келеміз. Кезінде інім Камал Сапарәлиев (ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, КИЗ-де ғылыми қызмет атқарған) Сәкеңді өзге де туыс ағаларын іздеп еді. Олар тура лы деректер жоққа тән екен. Халық жауының ұрпағының қайсысына оңай болды дейсіз. Біз де жетілдік. Енді ағамыз жүз жылдығына бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай шара жа салынса өлі аруақ та, тірі аруақ та разы болар еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев: – Садықбек сол кездегі қазақ жастарын тәрбиелеуде, оларды оқытуда көп еңбек етті. Мен де солардың бірімін. Рауза Қалмағанбетқызы Жайлыбаева Сәкеңнің жиені: – Мен Сара Садықбекқызы Сапарбековамен 50 жылдардың басында Алматыдағы қыздар педучилищесінде бірге оқыдым. Оның тегіне, әкесінің атына мән бермеппін. Бірде Сара екеуіміз сырластық. Ол жаңа қорғандық Са-
дықбек Сапарбековтың қызы екенін, сен шиелілік болсаң сонда әкемнің қарындасы Бибайша тұрушы еді деп маған сұраулы көзқараспен қарады. Мен селк ете қалдым. Сәлден соң мен сол Бибайшаның қызымын, әкем Қалмағанбет Жайлыбаев «халық жауы» болып ұсталып, атуға бұйырылғанын еске алдым. Айтқаным сол – ол мені құшақтап солқылдап жылады, мен қосыла жыладым. Қос мұңлықты табыстырған Жаратушы Иенің құдіретіне таң қалдым. Сара ертеңіне сабаққа келмеді. Сөйтсем шешесі Рабиға қызының «халық жауы» болып атылған Садықбек Сапарбековтың перзенті екенін астаналықтар біліп қоятын болды деп бір түнде Ақмолаға қоныс аударыпты. Сара қазір Ташкент шаһарында тұрады деп естідім. Сәкеңнің екінші қызы Лимара мен ұлы Ернест Ақмолада тұрады дейді. Камал Сапаралиев, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты: – Сәкеңнің тағдырына байланысты Орталық Комитеттің архивіне рұқсат алып кіргенімде, өз көзіме өзім сенбедім. Сөреде қойылды деген құжаттар орны бос тұр екен. Мұның бәрі саяси ойын екеніне сонда ғана көзім жетті. Адырбек Сапарбеков, Садықбектің туған інісі: – Сапарбеков болу оңайға түскен жоқ. Республиканың 5–6 облысында бірінші хатшы болған, 1938 жылы Қайтпас деген жерде халық жауы деген жаламен атылған он тоғыздың бірі Садықбектің інісі болу мені күдіктілер сапына қосты. Темір жолда істедім. Шындығын айтқанда, мен орыс достарымның арқасында аман қалдым. Шу станциясын да басшылық жасадым. Зейнетке шықтым. Сәкең туралы ашығын айтуға қорыққанымыз рас. Атылған 19 мәйітті 19 қапқа салып тасыған машина жүргізушісімен де сөйлестім. Ол осы шындықты айтуға әзер көнді. Тісінен шығармауға ант алған екен. Атын айтпай-ақ қояйын. Ақын Бақтыбай Айнабеков: – Мен дарабоз ақын Әбділда Тәжібаев туралы телесту дияда жүргенде сұхбат алған едім. Сөз арасында Садықбек туралы айтуды өтінгенімде ақын: «Ол шын тұлға, алаштың ардақтыларының бірі еді ғой, алты облыста бірінші хатшы
болды. Республика кәсіподағын басқарды. Іздеушісі бол са, тарихтың тағы бір ақтаңдақ беті ашылып, ақиқат сал танат құрар еді. Айтпақшы, ол кісінің 600 беттік романы бар екенін өзінен естігем. Қолды болды ма, өртеп жіберді ме, кім білсін. Садықбек асқан шешен еді. Қызу сөйлесе де әрбір сөзі мірдің оғындай боп, тыңдаушыны тез ұйытып әкететін». Ақын осы сұқбаттан сәл кейінірек көз жұмды. Менің ай тайын дегенім, ол – 1937 жылғы репрессия құрбандарына әлі күнгі самарқау көзқарас. Олай дейтінім, Садықбектің 100 жылдығы атаусыз қалды. 35 жасында репрессия құрбаны болған Қазақ елінің қалыптасуына бір кісідей үлес қосқан Садықбек Сапарбековтың есімі Қазақ ССР энциклопедиясының 10 томында (Алматы, 1977, 63-бет) енгізілгенімен, Тәуелсіздік алған кездегі «Қазақстан» энци клопедиясынан түсіп қалған. Неге? Сонда бұл жай ешкімді де ойландырмағаны ма? Өмірдерек Садықбек Сапарбеков 1902 жылы Жаңақорған ауданының «Задария» елді мекенінде дүниеге келген. 1917–1918 жылдары Қызылордадағы балалар үйінде оқып, комсомол партия жұмысына ерте араласады. С.Сапарбеков 1919 жылдың қазан айында партия қатарына өтеді. Араға екі-үш жыл салғаннан кейін ол Сверд лов атындағы коммунистік университеттің жылдық курсын бітірді. 1920 жылдың күзінен 1936 жылдың 21 қазанына дейін үздіксіз партия басшысы қызметінде болады. Әуелі Шымкент, Петропавл губкомдарының насихат және үгіт бөлімдерінің меңгерушісі, 1926–1929 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1929–1930 жылдары Ақмола округтік комитетінің, 1931–1932 жылдары Қарсақпай аудандық пар
тия комитетінің бірінші хатшысы, 1932–1933 жылы Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. 1933–1935 жылдары округтер жойылған. Садықбек Қызылорда аудандық партия комитетінің хатшысы болып канал қаздыру, колхоз шаруашылығын жолға қою ісіне басшылық жасайды. 1936 жылдың мамырынан 1936 жылдың тамызына дейін Қарағанды обкомының екінші хатшысы, 1936 жылдың тамызынан 1937 жылдың мамырына дейін Гурьев окружкомының бірінші хатшысы, 1937 жылдың мамырынан 1937 жылдың қазан айына дейін Батыс Қазақстан обкомының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Сонан соң Сапарбеков Республикалық кәсіподақтары Советінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстық партия комитеттерінің хатшысы болып істейді. 1927 жылдан бастап Қазақстан өлкелік партия комитетінің үздіксіз мүшесі болып, 1936 жылы өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Тобықтай түйін немесе соңғы айтпағым: Сәкеңнің еңбек жолы, атқарған қызметтері, «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақалалары мен сөйлеген сөздерінің желілері жайлы сан рет жазылып жүр. Ал, ағаның отбасы мен тума-туыстарының тағдыры, «әркім өзі талпынбақ басына бітер бағы үшін» дегендей, жеке ша руаларын кәсіптік деңгейге көтерген әулеттің сол кездегі ісі қазіргі нарықтық талапқа сай келетіні жайлы жазылып жүрген жоқ-ау деген оймен әулетшілік психология мен жұрағаттарының ой-пікір, естеліктерін ортаға салдық. Ғасыр тамамдалып, XXI ғасырдың тарихи сапары басталғанда Садықбек Сапарбеков тәрізді азаматтарын еске алып, оның есімін мәңгілікке қалдыру тек Қызылорда облысын да, Жаңақорған ауданында емес, еліміздегі ол еңбек еткен мекендерде де лайықты аталып өтілуі керек еді. Бірақ...
ЗАҢСЫЗДЫҚ ЗАМАН ЗАРДАБЫ Мен Эленорамен әңгімелесіп отырмын. Қазіргі тегі де бөлек. Жолдасы Қарқынбек Шалбаев ұзақ жылдар теміржолда еңбек еткен, қазір олар үш қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр, зейнеткер. Әкесі жайлы шындықты айтқымыз келіп, ол кісінің өмір жолын айғақтайтын ақиқат куәлармен әңгімелесіп жүрміз дегеннен соң Эленора көз жасын бір сығып алды... «Халық жауының перзенті болғандықтан оқи алмадым» дейді қызы Эленора. 1995 жылдың маусым айының 15-і күнгі және шілде айының 26-шы жұлдызындағы «Өскен өңір» газетінде «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе», «Мемлекет және қоғам қайраткері» деген тақырыптармен қос мақала көпшілік на зарына ұсынылды. Бұл мақала аудан тұрғындарының жержерден редакцияға хат жазуына ықпал етті. – Мен Эленора Сәдуақасқызы 1937 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. Одан кейін Алматыдағы аз ғана ғұмыр болмаса әкеміз «халық жауы» болып ұсталғаннан кейін ел ішіндегі жақын-жуықтар отбасынан бір-ақ шықтық. Алғаш Ташкент қаласында нағашымыз Қойбағардың қолында тәрбиелендім. Шешем Сағат 1949 жылы о дүниеге аттанғаннан кейін «халық жауының» перзенттері ретінде менің де, апам Женяның да тағдыры өте ауыр жағдайда өрбіді. Кейін білдім, апамды зорлап ерге берген жерінде жүрегі жарылып өлген екен. Әкем ұсталып кеткенде мен екі айлық едім, ал шешем қайтыс болғанда бірінші кластан екінші класқа өткен екем. Мұның барлығы осы Шиелі топырағындағы болған оқиға. Екінші класқа өтуім мұң екен менің халық жауының қызы екенім алдымнан кесе-көлденең шыға берді. Жау деген сөзді ұқсам да кеше ғана маңдайы жарқырап, жарқын жүзінен жанның барлығын бауырына тартқан әкемді
халқын сатқан жау дегенге тіпті де сенгім келмейді. Бірақ осыдан кейін оқуымның берекесі кетті. Қазір аттарын атап қайтейін, олардың біразы о дүниелік болды, көзі тірілері де бар. «Мені халық жауының қызысың» деп не № 47 мек тепке, не № 45 мектепке бас сұқтырмады. Жағыпар Рыс манов деген ағамыз мұндай теперіш көргеннен қаладағы интернатқа берген жөн болар деп туған-туысқандарға қолқа салып еді, олар «ертең әкесі келсе не бетімізді айта мыз» деп келісім бермепті. Сонымен мектеппен де, ел алып жатқан біліммен де қош айтыстым. Неге қуатынына тіпті де түсінбедім. Шындығында заман адамды билеп те, илеп те тастайды екен ғой. Батырың жалтақ, батылың ынжық болуға пейіл болады екен. Әкем 1956 жылы елге келді. 1956 жылы Алматыға барғаннан кейін алты ай қызмет етті де, мәңгілікке көз жұмды. Әлі есімде, 1956 жылы әкем кел геннен кейін Шеген Қодаманов, Досмағанбет Қармановтар үйге келіп, әкем мен үшеуі құшақтасып жылағанда үлкен кісілердің мына әрекеті маған өте ерсі көрінген еді. Байқасам, зорлықтың, көре алмаушылық пен бақастықтың, бақталастықтың зардабы олардың ішін қан жылатып бара ды екен ғой. Әкемнің қаншалықты жоғары дәрежелі қызметтер атқарғанын мен кейін келе ұқтым. Оның үстіне аудандық газеттегі Мәскеуден шығатын «Человек и закон» жорналындағы мақалалар менің әкем туралы көп мәселеге көзімді жеткізгендей болды. «Троцкийшілдің қызы» деген атақ біз ер жетіп, етек жапқан соң да соңымыздан қалмайақ қойды. Үлкен әжеміз Бөпежан үш жасар менің әкем мен бір жасқа енді толған қызын сонау Арқадан көрпеге орап қашып, жаяу жалпылап жүріп Шиелі өңіріндегі өз ту ыстары Мәмбеевтерге келген екен. Біреудің жесірі болған әжемді шалға қоспақ болғанда, жаужүрек әжеміз Бетпақты кесіп өтіп, ұлы, менің әкем – Сәдуақасты Сыр бойындағы нағашыларына әкеліп қосқан көрінеді ғой. 17-ге қараған шағымда тұрмыс құрдым. Жолдасым Қарқынбек Шалба ев ұзақ жылдар теміржолда қызмет етті. Үш қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірдік. Қазір зейнеткерміз. Сонау 20–30 жыл дары Қызылорда астана кезінде әкем қазіргі «Ақтам»
маңындағы «Арғын сазындағы» туыстарына келгенде Шиеліден пойыздан түскен Мағжан Жұмабаев, Сұлтанбек Қожановтар әкеме қонаққа келді дегенді естігенім бар еді. Әкеміз кейінірек Мария Савельева деген кісіге үйленіп, одан Марат атты ұл көрді. Құрылыс инженері, Ал матыда тұрады. «Лимарк» құрылыс салу және жөндеу жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры. Осы от басына, әкемнің көзі Маратқа кеше о дүниелік болғанға дейін Мұхамеджан Қаратаевтың көп көмегі болды деп естимін. Мен аудан жұртшылығына өзім туралы мағлұмат бергенде мақтанайын деп емес, шерімді ақтарайын деп ойлап едім. Әкем мен әкемнің ағаларының еңбегін елеп аудандық газет бетінде сұрау салған «Өскен өңір» газетінің қызметкерлеріне өз атымнан, әкемнің Алматыдағы от басы атынан рахмет айтқым келеді. Әбдірәсіл, Сәдуақас, Өтеген Мәмбеевтер, ал Әбдірәсілдің ұлы атақты суретші Сабыр Мәмбеев, қызы медицина ғылымының докторы Анель Мәмбеевалар туралы айтар болсақ, осы бір әулеттің жоғарыдағы аты аталған ұл-қыздарын шиеліліктер шын мәнінде мақтан етуіне тұрарлық емес пе? Олай болса, ағайынды Мәмбеевтер есімін жаңғыртып, олардың атын көше, мектеп немесе шаруашылықтарға беруді шешу ау дан басшыларына аманат дегім келеді. Өмір өткелдері Марат Сәдуақасұлы Мәмбеев Шиелі аудандық газетіне өз әкесі жайлы, оның өмірі мен талайлы тағдыры туралы мақалалар жазуын құптай отырып, кейінде өзінде сақталған құжаттардың ішінен әкесінің өмірбаянын жолдапты. Сәдуақас Мәмбеев 1898 жылы бұрынғы Түркістан өлкесі, Перовск уезінің Сырдария облысының, Шиелі ауы лында дүниеге келген. Әкесі Сағындық 27 жыл ауқаттылардың малын баққан. Көп балалы отбасы жоқшылық пен тапшылықтың кермек дәмін татып, қиыншылықты сегіз жа сында ауыр еңбекке араласып өмір ауыртпалығын басынан кешіреді. 1911 жылдың шілде айында ағасы Ташкент уезінің Паркент елді мекенінде халық училищесінде ұстаздық ет
кен Мәмбеев Әбдірәсілдің қолына келіп, оқуға түседі. 1914 жылдың мамыр айында Әбдірәсіл Мәмбеев директорлық еткен орыс-түзем училищесін аяқтап Перовскіге жоғары бастауыш училищесіне орналасады. 1918 жылдың ма мыр айында бұл училищені тамамдап, Ташкенттегі педагогикалық курстің есігін ашады. 1917 жылы Мәмбеев революциялық студенттер қозғалысына қатысып, 1920 жылы РКПБ мүшелігіне қабылданады. Сол жылы Түркістан азық-түлік комиссариатында саяси комиссар болып тағайындалады. 1920 жылдың желтоқсан айынан Қызыл Армия қатарында №8 Түркістан атты әскери бригадасында басмашыларға қарсы шайқасады. Мұнан кейін екі жыл прокурордың көмекшісі болып қызмет істейді. 1925 жылы Қазақ АССР-дың құрылуына орай Сәдуақас Сағындықұлы үкімет құрамына енгізіліп, Республика Юсти ция халық комиссары және қосымша Қазақстанның проку роры болып тағайындалған. 1927 жылдан өлкелік партия комиссиясының мүшесі, облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болған. 1931 жылы әскери қызметке шақырылып, Қазақстан ОГПУ шекаралық және ішкі әскерінің әскери прокуроры бо лып, ал төрт жылдан соң Қазақстан бойынша Орта Азия округі бөлімінің әскери прокуроры болып тағайындалады. Ол осы қызметте, 1938 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарған. 1955 жылы СССР Қорғаныс Министрінің бұйрығымен «Юстиция полковнигі» шенімен әскери қатарынан шығарылған. 1955 жылы ақталып, 1956 жылы елге қайтып ора лады. 1959 жылы 13 қазанда дүниеден өткен. Сәдуақас Сағындықұлының ғұмырнамасы 30-шы жылдардағы қазақ халқының оқыған азаматтарының өмір жолымен астарлас. Еліміздің қаймағы атанған сол бір ұрпақ 1937 жылғы жап пай жазалауға душар болған көзі ашық замандастарымен тағдырлас. Оның өмір жолы осылай өрбіген.
Шырғалаң шырмауында Менің алдыма 1990 жылғы «Человек и закон» жорналының 12-ші саны жатыр. Нұрмахан Қасымұлы осы ба сылымды әкелгенде ерекше толғаныста еді. Жорналда РСФСР-дің еңбегі сіңген юрисі И. Рашковецтің «История одной реабилитации», «Его не покорили» деген тақырыпта «Тарих беттерінен» деген айдармен көлемді мақала жарияланыпты. Біздің іздегеніміз алдымыздан шығып, арман да кеткен ағаның сол бір ақтаңда жылдардағы өмірінен мағлұмат алуға мүмкіндік туды. Енді соның кейбір жолда рына назар аударсақ. Осы мақаланың алғашқы беттерінде былай делініпті. «Взять хотя бы последнюю аттестацию, подписанную 28 января 1937 года военным прокурорам САВО диввоенюристом Соколовым: «Тов. Мамбеев является, несомненно, крупным ра ботником в Казахстане, где занимал должность Нарко мюста, Наркомвнудела, Предбл КК, РКИ и др. С конца 1931 года работает в органах военной прокуратуры. Про явил себя с самой лучшей стороны. Твердый, полити чески выдержанный, принципиальный прокурор. Умеет глубоко анализировать следственные дела. В решениях самостоятелен. Много работает над повышением своей специальной квалификации. Усидчив, дисциплиниро ван. В политическом отношении является выдержанным, идеологически усточивым членом партии. В парторгани зации авторитетен. Вывод: тов. Мамбеев подлежит выдвижению на долж ность заместителя военного прокурора округа». Сәдуақас Сағындықұлының тұтқындалуынан бір жыл бұрын оның іскерлік және саяси қабілеті жөнінде осын дай баға берілген мемлекеттік машина, республиканың іс басындағы білімді де білікті, жергілікті ұлт өкілдерінің көзін жою орталықтан басқарылғандығы шындық. Әрине осын дай құйтырқы саясаттың Сәдуақас Мәмбеевті де ойлан дырмай қалмасы ақиқат. Алайда тегеурінді мемлекеттік тұрпайылық өз дегенін істеген. Мына мәселеге көз салсақ:
«Уже на второй день после ареста нарком Залин, уз нав, что прокурор категорически отказывается признать себя виновным в принадлежности к антисоветской нацио налистической группировке, приказал доставить его в свой кабинет. Здесь в присутсвии всех начальников отделов наркомата со свойственной ему напыщенностью заявил: – Проявляешь упрямство, Мамбеев? А зря. В течение шести месяцев я добивался разрешения на твой арест от наркома Ворошилова. И что? Вопреки отсутствию такого согласия, получил разрешение... Но от кого бы ты думал? От самого наркома Ежова. Так что у тебя нет другого вы хода. Подпишешь то, что от тебя требует следствие, – со храним жизнь. Иначе будешь расстрелян! Понял? Да, Садвакас Мамбеев понимал: судьба его оказалась в руках негодяев, которым он долго мешал творить безза коние. И они, конечно же, предпримут все, чтобы сломить его волю и выбить «нужные» показания. Но сдаваться он не собирался. Вызов, как говорится, был принят. Чтобы понять истоки принципиальности и стойкости Мамбеева, нужно, думаю, вначале уяснить, в каких усло виях формировался его характер, откуда непоколебимая вера в идеалы, сила воли. В Главной военной прокуратуре, к счастью, сохранились документы, характеризующие это го человека. Есть и отрывочные воспоминания тех, прав да, немногих, кому довелась общаться с ним, показания и жалобы самого Мамбеева как в период репрессии, так и во время реабилизации». Осындай аумалы-төкпелі заманда Сәдуақас Мәмбеев өзінің табандылығынан тайған емес. Ол замана өзгерісіне өзіндік баға беріп адами тұрғыда таразылай білген. Осындай жағдайда Республика әскери прокуратурасын басқарған оның адамгершілік қайратты тұлғасын өзгелер басқаша пайдаланған... «Неслучайно начальник отдела УГБ наркомата Внутренных дел республики капитан госбезопасности Викторов сообщал руководству: работая последние пять лет воен ным прокурором, Мамбеев проводил подрывную работу,
направленную на смазывание следственных дел против националистов и других антисоветских элементов, доба вим: лица, в отношении которых прокурор отказался дать санкции на арест, были в то время, но в последствии реа билитированы», – деп жазады И. П. Рашковец. Мұнан кейін автор С. Мәмбеевтің тұтқындаған сәті мен оның түрмедегі жауап беруі тұрғысында да нақты құжаттарға сүйене отырып әңгімелейді: «Предварительное след ствие по делу Мамбеева было, как того и следовало ожидать от самых элементарных процессуальных норм. На первых же допросах он подвергся столь мощному психологическому нажиму и физическим пыткам, что неодно кратно терял сознание. Его обливали холодной водой и снова продолжали допрашивать с пристрастием. Сутка ми держали на «выстойках», лишая пищи и сна. Следо ватели периодически менялись, а допрашиваемый сто ял по стойке до полного изнеможения. С легкой подачи уполномоченного 3-го отдела УГБ Холиева эта система допросов получила название «бенефис». Бұл Сәдуақас Сағындықұлының тергеудегі сәттерінің бір көрінісі ғана. Адалдық пен адамгершілікке суарылған досқа деген ақ пейілін ақырына дейін ақтай білетін азамат өзінің көз көрген дәмдес, тұздас болған замандастарын сатпағаны белгілі. Ол барлық уақытта өзіне қойған кінәні мойындамай, ал тергеушілердің көрсеткен куәлерімен беттестіруді талап еткен. Бірақ мақаладан белгілі болғанындай, бұл орындал май қалды. Бір еске алатын жай автор тағы да былай деп дәлелдеме келтіреді: «Сменивший Мамбеева на посту во енного прокурора М.Будюк, ознакомившись 5 января 1939 года с материалами дела, пишет наркому Внутренных дел республики: «Несмотря на то, что Мамбеев виновным себя ни в чем не признал и не признает, до сих пор не учине ны очные ставки с другими обвиняемыми, изобличающими Мамбеева в совершении контрреволюционных преступле ний. Но к тому времени практически не с кем было «учи нять» требуемые прокурором очные ставки. И Будюк сам участвует в допросе своего бывшего коллеги».
Раковец тергеу құжаттарымен таныса келіп мына жай ды да ескерте кетеді: «Вместе с тем инкриминируя ему антипартийную и антисоветскую националистическую дея тельность, следователи умалчивают о том, что персональ ное дело Мамбеева еще в 1937 году проверялось и рас сматривалось партийными органами. Так, бюро ЦК КП(б) Казахстана, рассмотрев на своем заседании поступившие 28 июня 1937 года материалы о его якобы принадлежности в прошлом к ходжановской и сейфуллинской националисти ческим группировкам, констатировало: «Не соответствует действительности, партийность Мамбеева сомнений не вызывает». К аналогичному выводу пришел и Президиум парткомиссии САВО 19 января 1938 года: «Считать, что факты обвинения Мамбеева не подвердились и являются прямой клеветой со стороны врагов народа с целью его дискредитации». Партиялық мінездемелер мен Мәскеуден басқарылатын халықты жаншу аппараты мемлекеттік машинаның алдында аярлық көрсетіп, өзінің сатқындық сая сатын жүргізе берді. Кейін Мәмбеевке болған сотта да аяр саясат өз дегенін істеді. Жоғарыдағы дәлелдемелер де, партиялық мінездемелер де адыра қалды. Тез, шұғыл өткен сот мәжілісі өзінің үкімін жарты парақ қағазға түсіріп, мәжілісті аяқтады. Сот үкімінде былай деп жазылған: «Мамбеев виновным себя не признал и расска зал о недозволенных методах ведения следствия. Огла шенную в суде выписку из показаний свидетелей назвал клеветнической, ложной. Свидетели на судебное заседа ние не вызывались». Сот Мәмбеевтің 1925 жылдан бастап Совет өкіметіне қарсы Қожанов басқарған ұлттық топтың мүшесі болғандығын партия мен совет үкіметіне қарсы бүлдіру әрекеттерін жүргізгендігін, Қазақстанда буржуазиялық мемлекет құру жолында Жапонияның тыңшысы ретінде жұмыстар атқарғанын айып етіп таңып, өз өкімін шығарған. «На основании изложенного, военная коллегия призна ла доказанными обвинения Мамбеева в приступлениях, предусмотренных ст.ст. 17-58-2, 58-3-И, 58-11 УК РСФСР... и приговорила: «Мамбеева Садвакаса Сагиндиковича ли
шить звания военного юриста первого ранга и подвергнуть лишению свободы в ИТЛ сроком на десять лет с пораже нием в политических правах и конфискацией иммущества. Приговор окончательный и обжалованию не подлежит». Мұнан әрі Сәдуақас Мәмбеевтің тағы сол тәрізді қазақ ұлты қаймақтарының өлім лагеріндегі өмірлері жалғаса берді. Ол Ворошиловке, Калининге, Иосиф Виссарионовичке өзінің жазықсыз екендігі жайлы хаттар жол дап жатты. Әрине оның ешқайсысына ешкімнен де жауап болған жоқ. «Человек и закон» жорналындағы Мәмбеевтің тергеу жұмысына байланысты құжаттарға бай бұл мақаланы Раш ковец былай қорытындылайды: «Повторные изучение и проверка материалов этого дела в 1955 году признали, что Садвакас Сагиндикович Мамбеев явился жертвой гнусной провокации следственных органов НКВД Казахской ССР, применявших в своей деятельности разнузданный произ вол и беззастенчивые подлоги». Ар аршыған ақиқат И.П. Рашковецтің «Человек и закон» – жорналындағы «Страницы истории» айдарымен, «История одной реаби литации» деген жалпы тақырыпта «Его не покорили» атты мақаласы сонау қазақ даласында елім деген еңсесі биік ұлдарын «Халық жауы» деген лақап жаламен жазықсыз жапа шеккен бір азаматы туралы ғана сыр шертіпті. Мұнан кейін автор 1955 жылы Мәмбеев ісімен қайта танысқанда одан бұрынғы тұтқындалған Ходжанов, Бартаев, Қалменов, Әбдірахманов, Смирнов, Желябин, Мусин, Ибраги мов, Ходжиков және басқалардың Мәмбеевті қаралады деген түсініктерінің барлығы да алаяқтықпен жасалған аяр саясат екенін дәлелдейді. Осымен байланысты сол бір күмәнді істің бірсыпырасын ар сотына салып, көпшілікке жария еткен. Мұның өзі сонау 30-жылдары жаңа қоғамның қазақ даласына жақсылық әкелетініне, бар болмысы мен сенген абзал азаматтарымыздың қызыл саясаттың құрбаны болғанын аңғартады.
БІР УЫС ДӘН Соғыс біткен бес-алты жыл ішінде де ел айдарынан жел есіп кете қойған жоқ. Қаһарлы күндердегі қатаң заң та лабы әркімді-ақ жалақтатып қойған еді. Кенеуі кеткен ша руа, шырылдаған бала-шаға көз жасын көргісі келмеген ба тыл ағалар 5 келі бидайға 5 жыл, 10 келіге 10 жыл арқалап кете беретін. Күрмегін теруге берген күрішті қап жоқтықтан өз алашаңды қап етіп тігіп, өлшеп алып, тазалаған соң тазасын бір бөлек, күрмекті бір бөлек таразыға салып өткізетінсің. Сынық әйнек бетіне жарты уыс күрішті салып жіберіп саусағының ұшымен күрмекті иірмелеп алдыңдағы жаймаға түсіріп отырғанда керосин құйылған шөлмектің білтесі жанып, таусылуға жақындайтын. Таң қылаң берген соң осы сәтте шешеміз ұжымшар жұмысына бет түзесе біз ұйқылы-ояу жылы төсекке кіріп көз шырымын алатын быз. Бұл күйбең тірлік таусылмайтындай, мәңгі жалғаса беретіндей көрінетін маған. Ауылда бидай, күріш орағынан кейін ұрланып-жырланып ауыл тұрғындары масақ теретін. Қол орақпен қанша қалдырмай орамын дегенмен, арық жиектерінде сулы ұлтандарда орылмай қалған сабақ, бау тасығанда тасалау қалтырыста бау да кездесетін. Кім біледі, оны да бір нан та лап кейін апарамын деп көзден тасалау жерге итере салды ма екен. ... Шешем сол түні өзі әкелген масақты уқалап таза бидайды тұз қосып, қуырып ыстық күйінде дастарқанға шашқан. Арасында: – Көрдің бе, аз ғана масақтан осынша бидай түскенін. Егер молдау болса, диірменге тартып, ұн ғып алуға болар еді. Бидай нанның дәмін қойсаңшы. Ғажап қой. Ертең ерте мен Мортық жақтағы ашылған аңызға барып масақ терейік. Анау Балтабайдың үйі масақтан екі-үш қап бидай алыпты. Шешем бидай мен ұнның ас басы екенін ұғындыра түседі.
Ауылдан жырақтағы танапқа жаяу бару, тірнектеп масақ іздеу мені бір еліктірмей-ақ қойды. Амал жоқ, ерте тұрып ауылдың теріскей жағындағы қара жолға түсіп бидайлыққа тарттық. Жол-жөнекей бригадир мен оның есепшісін көзім шалған. Олар қайтқан ұжымшарлардың қап-қоржындарын тінтиді екен. Шешем менің үрейлі жүзіме қарап: – Қорықпа! Біз жыңғылды сайды жағалап, Шәулімше арқылы қайтамыз. Көзге түсе қоймаспыз, – деген. ... Атыздан-атызға өтіп масақ тере бастадық. Шағын қаптың бөтегесі томпиып бірте-бірте қампиып келеді. Осылай жүріп бір бау бидайға тап келдік. Өлмегенге өлі балық деген осы. Шешем жедел бидайдың масақ басын орып алып келтектеп, уқалап дән күйінде қапқа нығыздай бастады. Әлдекімдердің даусы естілді. Байқадым, қос аттылар екен. Біз қамыс ішінде отырғанмен ат үстіндегілерге анық көрінетін сияқтымыз. Аттылар таяп қалды. – Мыналарың бидай ұрлап жатыр ғой, бригадир жол дас. Дауыс қаһарлы шықты. Аттарын ентелетіп келіп тоқтағанның бірі (жаңағы дауыс): – Қабын арқалатып қырманға апар. Қанша шықса сон ша абақтыға жабамын. – Жолдас бастық! Атызда қалған масақты теріп, бала ларына нәпақа табайын деген шығар. Соны шулатпай-ақ... Былай... – Сен не дейсің! Үкіметке қарсысың ба? Жаумысың? Шешем сұп-сұр. Мен болсам «жау», «абақтыға жаба мын» деген суық сөзден денем дірілдеп, қалшылдай бастадым. Кәдімгі қыстың күнгі шыңылтыр аязда тоңғандай тісім-тісіме тимей кетті. Екі аттының ортасында келе жатырмыз. Жұмсақ топырақты борп-борп басқан жалаң аяғымның аши бастағанын сезініп келемін. Манағы қамыс, жыңғыл мен күріш қылтығының тырнаған іздері ғой деймін іштей тоқтау айтып. Онда не тұр, жазылар. Ауылдағы келіндері «Теңгебай» атап кеткен бригадир аудандық милиция бастығына бір
нәрсе түсіндіріп келе жатқан тәрізді. Анау ұйып тыңдап қалыпты. Бір сәт милиционер жалт бұрылды да: – Е,е! Солай де. Халық жауының отбасы де. Көрдің бе, бұлар өстеді. Жымысқы әрекетімен елдің байлығын жымқырып, іштен іріткі салады. Шалы атылса да, бөлтірігін Кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелеуін қарашы. Оның жүзі қара қошқылданып, түнеріп кетті. Әкем «жау» деп жүргенде, енді шешем де, мен де түрмеде шіритін болдық деген ой мені тағы да шарпып өтті. Құлағым шуылдап, басым айна ла бастады. Шешемде үн жоқ. Бірдеңе дегенмен түсінетін жан бар ма? Әжем: «Құдайды ұмытпа, Аллаға сыйын», – деп оты рушы еді. Осындайда айт дегені екен ғой. Алланы аузыма алып күбірлеп келемін. Олар қырманға жақындағанда ат тан түсті. Милиция өкілі жедел дала қосына беттегені сол еді, Теңгебай аға бізбен қапталдаса бере шешеме: – Қаптағы бидайды тез мына қырманға төк те, қапты анау қалың қамыстан асыра лақтыр, – деді де өзі өкілдің соңынан жеделдете кете берді. Бидай төгілді. Қап та қалың қамыстың ар жағында жатыр. – Аналардан қапты ал да, өлше! Қанша шықса, сонша жылға кетеді айдалып, – деп тәптіштеп келеді. – Қапты сал! Кәне! Шешем де, мен де сұлқ тұрмыз. Үн жоқ. – Ау, қаптағы бидай қайда? Қап қайда? Жер жұтты ма? Ол дызылдаған күйде шешеме шүйлікті. – Қазымыр, шыныңды айт. Бидайды тап. Қапты әкел! – Қайдам, қайным! Қап көргем жоқ. Сізге солай көрінген болар. Бізде бидай болған жоқ, масақ тергенбіз. – Әй, халық жауының күшігі! Сен де көрмедің бе? – Көрмедім, аға! Біз масақ тердік қой. Бидай көргенім жоқ. Ол бригадирге таяп келіп, жұлып жіберердей тұтанып: – Жаңағы айғақ бидайды таппасаң өзіңді табанда ай дап кетемін, – деді зіркілдеп. – Жолдас милиция! Мен мыналарды ертіп жүр деген соң, бірге келдім. Қап та, бидай да көргем жоқ, – деді ол да біздің сөзімізді қайталап. Қырмандағылар жиналып қалған,
таразшы болса аң-таң. Біз қаппен келдік пе, қапсыз келдік пе, жұмыс басты олар қайдан білсін. Өкіл жерге бір түкіріп, көпшіліктің тесіле қараған сұсынан сескенді ме, қолындағы қамшысын етігінің қонышына бірекі рет тартып жіберді де артына беттеді. Куә да жоқ. Айғақ та жоқ. Біз аман қалдық. ТУҒАН ЖЕРДЕН АЛДЫ ОЛАР ҚУАТТЫ ... Ел «Майор» атап кеткен соғыстың сын сағаттарынан елге аман жеткен Әбдеш ағаның үйі сол күні абыр-сабыр болды да қалды. Жастық жігерін соғыстың от-жалыны шарпыған Украина жерінен келген телеграмма бүкіл әулетті аяғынан тік тұрғызған. Кемпірі келмеске кетіп, қам көңіл жүрген майдангерге тосын телехабар ерекше қуат берген дей әсер етті. Бірақ жанға сездірген жоқ. «Біз келе жатырмыз. Ұлыңыз Жорабек, келінің Валя» делінген де одан әрі пойыз нөмірі, вагоны көрсетіліпті. Көпшілік аң-таң. – Шалдың баласы бар екен ғой. – Апыр-ай, еш білдірмей келгенін-ай, ә! – деген сы быр-сыбыр көбейді. Бірі таңғалып таңдай қақса, енді бірі қарияның сезімі соғысыңды «пішту» де демегені-ау сонда деп тілін безеді. Ағайынның бұлай дейтінінің де реті бар. Сөзге жоқ, алдындағы ісін ғана білетін, ақжарқын мінезі мен жанды жатырқамайтын жүрек жылуы ел тұрғындарын ол кісі туралы өзге ой айтуына жол бермейтін. Арагідік Украи нада баласы барын айтқаны болмаса, көпшілік оны әзілге балап жылы жауып қоюшы еді. Енді міне соғыс аяқталғалы 60 жыл, келе жатқан ұлдың үлкені болса мынау. ... Қай уақытта барсаң да Әбекең мерзімді баспасөзді оқып отырған үстінен шығатынмын. Бұл жолы да солай болды. Алыстан «ат терлетіп» келе жатқан ініміз жайлы естіген соң түйінді әңгіменің түйінін шешуді қарияның өзінен бастамақ болғанмын. Шындығына келгенде майдангерге
естелік айтқызып, қанды қырғындағы өмір мен өлім арпа лысы, көрген қиыншылығы мен қалай жараланғанын, жал пы майдан жолы туралы жазуға машықтанып алдық. Сол аманат майданда адамға тән сүйіспеншілік, сезім, өзгеге деген жүрек жылуы от пен оқтың ортасында жүргенде де адами санаңды билейтініне назар аудара бермейтінімізді ұққандаймын. Мына телеграмма соны ұқтырғандай болды. – Аға, туған-туыс, құда-жекжат, алыс-жақын ағайын жеделхаттың сырын білгісі келеді. Не айтасыз? Менің бірінші сауалым осы болды. Майдан жолынан бастап, кеше зейнетке шыққанға дейін Ішкі істер саласында үзбей еңбек етіп, нақты тәртіпке үйренген Әбекең менің асығыс қимылымды жақтырмағандай сәл қырын қарады да, тез бұрылып езуінде аз-кем жымиыс пайда болды. – Әй, інім, 1933 жылдың зобалаңы туып, әке-шешеден, туған бауырлардан айырылып енді не болмақ деп аңырап тұрғанда, сол жылдары аудандық оқу ісінің меңгерушісі болған сенің әкең Қалмағанбет қол ұшын беріп, бүкіл өмір жолыма жолдама беріп еді. Енді, міне, әулетімді, туыста рым мен ел-жұртты ойға қалдырған сәттің жария болуы на ағамыздың ұлы, сенің тұңғыш куәгер болуың Құдайдың құдіреті болар. Тыңда: – Мен 1939 жылы әскерге шақырылып, Украинаның Харьков қаласынан бір-ақ шықтым. Осындағы № 222 ай дауыл полкінде борышымды атқарып жүрдім. 1940 жылы Фин соғысы басталғанда біздің батальон алғаш майданға кірді. Бұл соғыс өзіндік құпиясымен тарихта қалды. Өстіп жүргенде 1941 жылы маусымда 21-нен 22-не қараған күні Германия тұтқиылдан Кеңес жеріне басып кірді. Бұл тосын шабуыл кімді де болса ойландырмай қалмағаны мәлім. Ел тағдыры, оның ертеңі қалай болмақ деген дүдамал қиял сан-саққа жүгірді. Біздің батальон Сталинград қаласында орналасқан полкке қайта қосылды. 1942 жылдың 15 қыркүйегінде немістер Сталинградты қоршауға алып, әуеден бомбалау ды бастады. Құдай енді басқа бермесін, біз көп шығынға ұшырадық. Аспаннан бомба түсіп, снаряд жарылып, авто мат оқтары қарша жауған, танктердің жер сілкіндірген үрей-
лі гүрсілі он сегізге енді толған біз тәрізді буынға өлім тура лы ойлануға мұрша бермеді. Төзім мен табандылық, адам мүмкіндігінің жігерін, қайсарлығын қайрайтынына көзім жетті. Екі рет жаралансам да майданға қайта кіріп отырдым. Қоршауда қалған біздер жантүршігерлік қиындықты бастан кешіріп, аштықтан да аман шықтық. «Мен олай жасадым, былай жасадым» деген көпірме сөзді жақтырмаймын. Ста линград майданы туралы көп жазылды, кинокартиналар да жеткілікті. Қоршаудағы қаланың әр шаршы метрінде оқ тиіп, бомба түсіп, снаряд жарылмаған алақандай жер табу мүмкін емес. Бірақ қанша нақты ақиқат, шын көріністер әлі де жеткілікті емес тәрізді болады да тұрады маған. Сол қоршаудағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі жайлы сонау 1943 жылы Илья Эренбургтің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақтар» атты очеркі басқаны қайдам біздерге, қазақ жауынгерлеріне ерекше қайрат берді. Ол ойланып қалды. Сан қиыншылықтың куәсіндей жүзі сұрланып, қабағы қатуланды. Әлденеге назаланатын сияқты. – Кейде елге оралған майдангер құрбыларымның бірі өзгелерден артық болғанынан тірі қалғандай гәп айтқанда қаным басыма шапшиды. Туған жерінен жырақта жаумен шайқасып, көз жұмған боздақтар да құдды біздей бола тын. Бірақ сұм ажал оғы адамды таңдамайды. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей, олардың тағдырына сұм соғыс нүкте қойды. Оларды ұмыту мүмкін емес. Талай боздақтар көз алдымда ажал құшты. Олардың белгілісі ел жадында, ал белгісіз, хабар-ошарсыз жоқ болғаны қанша. Тірі қалып, ұрпақ сүюге өмір сыйлаған, та тар дәмімізді нәсіп еткен Аллаға ризашылығым шексіз. Мен қала қоршаудан ада болған соң ғана осында басталған майдан жолын одан әрі жалғастырып, Украина жеріндегі шайқастарға қатыстым. Оған әрі Еуропа шебіне де жеттік қой. Жеңіс күнін де шекарада естідік. 1948 жылы соғыс аяқталғаннан кейін үш жылдай Укра инада қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналы сып, ішкі тәртіпті сақтау сақшыларының қатарында бол дым. Сондай бір кезекті жұмыстардың бірінде жарылған
снарядтың жарықшағы тиіп, жараланып госпитальға түстім. Ауыр жарақаттан есімді госпитальда жидым. Көзімді ашсам қасымда медбике отыр екен. Ол маған жанымды жебеген періштедей көрінді. Әке-шешеден, бауырларымнан ерте айырылған, әлі шаңырақ көтермеген жанға жас қыздың аялы алақанының табы ерекше әсер етті. Ол да асты-үстіме түсіп, тез сауығуыма жағдай жасады. Өзін Ефросинья Фе доровна деп таныстырған бойжеткен менің өмір есігіме ене берді. Емделіп шыққаннан кейін оның үйінде тұрдық та. Жа ратушы Ие сыйлаған сезім құдіреті д еген осы болар, сірә. Ес жиған соң 1948 жылдың аяғында елге алып келдім. Бірақ ауа райы жақпай еліне қайтып кетті. Мына келе жатқан ұл 1949 жылы дүниеге келіпті. Есімін Жорабек қойғанмын. Сонымен Жорабек (Юра) Әбдешұлы Сәрсенбаев тұңғыш ұлым, Украинадан мені іздеп келе жатыр. Қарт сәл ойланып қалды. Мүмкін сұрапыл соғыстың өлім мен өмір арбасқан сын сағаттары есіне түсті ме екен, әлде қаһарлы күндерде жалындаған жастығының елестері санасын оятты ма? Кідіріп барып ойын қайта жалғады. – Әрине, Ефросинья із-түссіз кеткен жоқ. Хат жазысып, хабарласып тұрдық қой. Ұлының дүниеге келгенін, есімін қазақшалап Жорабек қойғанын да айтқан. Жора деген сөз дос, жолдас дегенді білдірсе, жол-жора деген де мағына береді емес пе? Қазақ отбасының жорасы болсын деген шығар. Не дегенде де, мен ана қай халықта да ана екенін, дүниеге келген нәрестенің әкесіз өскенін қаламайтынына көзім жетті. Украин қызының адалдығы таңқалдырды. Соғыс жылдары ол ғана емес жүздеген нәзік жанды Укра ин қыз-келіншектері нәрестелі болды, бірақ соның бәрі дүниеге келген сәбидің әкесімен табысуын армандады ма. Әй, қайдам. Мен осыған қуандым. – 1983 жылы, Украинаның Донецск облысы, Альврос севка қаласы, Партизан көшесі № 8-ші үйде тұратын ұлым мен шешесін іздеп барып қайттым. 1976 жылы дүниеге келген немерелерім Наташаны, 1980 жылы туған Алланы бауырыма қысып, иіскеп мауқымды бастым. Келінім Вален тина Викторовна Митасованың ибалы, инабатты қарымқатынасына риза болдым.
Бұл қарт жауынгердің шын қазақы ойдан туған жүрек жарды сыры еді. Жорабек пен Валяны тұңғыш көрген ағайын ұлдың Әбекеңнен айнымай қалғанын кейін аңыздай ғып айтып жүрді. – Аға, кеңес-фин соғысына кіріп, 1418 күн мен түнді де басыңыздан өткізіп, соғыс аяқталғаннан соң да үш жыл соғыс өрті шалып қансыраған елді мекендерді қалпына келтіруге де атсалыпсыз, содан кейінгі өмір жолыңызға тоқталсаңыз. – Күндей күркіреп, бүкіл әлемнің апшысын қуырып, алапат соғыс та артта қалды. Алпысыншы жылғы бейбіт өмір осы қалпында тұра қалғандай ғой қазір. Бауыр жан Момышұлы «Ұлы Отан соғысы туралы шындық ХХІ ғасырда жазылады» деген еді. Жара жазылғанмен тыртығы қалады. Әр жеңіс күнін тойлаған сайын оның мұңлы өткені қай ұрпақты да бейжай қалдырмайды. Демек, соғыс салған жараның санадағы салқыны өшірілмейді. Мен фин соғысында күзет қызметінде болдым. Әскери тәртіп, қырағылықпен атқарған ісіңде жауапкершілікті сезіну сені табандылыққа, қоғам алдындағы парызыңды ұғынуға қалыптастырады. Осы тәжірибелер мен қолымдағы құжат елге келген соң 1949 жылдан 1956 жылға дейін Шиелідегі командатураға басшылық етуіме жол ашты. Аудандық ішкі істер бөлімінде инспектор болып істедім. Сырттай Алма ты жоғары милиция мектебін бітірдім. «Үздік учаскелік ин спектор» атағын иелендім. 1974 жылы милиция капитаны дәрежесімен еңбек демалысына шықтым. Кейін ішкі істер министрлігі майор дәрежесіне көтерді. Әңгіме барысында қарт тиісті құжаттарын қатталған қағаздар арасынан алып ұсынып отырды. Осының өзінен ыждағаттылық, қалыптасқан іскерлік аңғарылғандай еді. – Майдандағы марапаттарыңызды да айта отырсаңыз. – Ее, соғыста кім марапат үшін шайқасқа түседі дейсің. Шыбын жаныңды шүберекке түйіп оқ пен оттың ортасын да жүресің, сен ерлік жасап жатырсың ба, жоқ қарақан басыңды қорғап жүрсің бе, ол туралы ой да болмайды. Әрбір қимыл-әрекет бақылауда болған соң марапат та қатар жүреді ғой. «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордені
мен «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдары, жалпы майданнан алған 15 медальдың иегерімін. Бейбіт өмірдегі тәуір істерімді ескеріп берілген жоралғыларды қосқанда барлығы 28 дана кәде сый бар екен. – Сіз бақыттысыз ба? – Мен бақытты болу дегенді рахат сезімде жүру деп білемін. Балалық шағым тәтті бола қойған жоқ. Ашаршылықтың дәмін таттым. Ол бір нәубет болды ғой. Жігіттік шағым түгелімен қан майданда өтті. Адамның өмірінің басым көпшілігі жұмыспен өтеді, сондықтан істеген жұмысыңнан рахат ала білсең бақыт сол. – «Бақыт та бейбақтық та алдын ала маңдайға жазу лы, ал адам өзінің пейілімен екеуінің біріне тап болады», – дейді екен қытайдың ғұламасы Лао Цзы. Сондықтан пейілің таза, ақ болсын. Солай болғанда ғана Жаратушы Ие саған жақсылық, құт-береке сыйлайды. Ал, бақыт қонса бай да, басшы да болу оңай, азамат болу бақыт қонса да қиын. – Отбасыңыз туралы да біле отырсақ. – Елге оралған соң Жәміш атты арумен көңіл қосып, шаңырақ көтердік. Екі ұл, бір қыз өсірдік. Жеңешең бақилық болды. Құдайға шүкір, 13 немере, 14 шөбере сүйіп отыр мын. «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дейді қазақ. Тоқсанға келгенде зейнеттің баянды тірлігін кешіп жатқан жайым бар. Қазір ұлым Мейрам мен келінім Бейсенкүлдің қолындамын. Қарақтарымның қалтқысыз қамқорлығына ризамын. Тоқсандағы шалда не қауқар бар дейсің, тазалық, жуыну, шайыну дегендей тұңғыштарындай мәпелеп отыр ғой. – Ғасырға жуық жасадыңыз. Алда ұлы Жеңістің 65 жылдығы келе жатыр, бүгінгі ұрпаққа айтарыңызды да естісек. – Аз жасағаным жоқ. Оны білу үшін өзің де ұзақ жасасаң көзің жетеді. Бір күнің өткенде жай ғана бір күнім өтті деме, өмірімнің бір бөлегі өтті де. Солып, төгіле бастаған гүл жапырақтарына қарап, кейін сен де солай болатыныңды ойла. Жасың ұлғайған сайын «айналайын» деген сөзді көп айт, сонда сүйкімді боласың. Бірақ «айналайының» шын
болсын. Қартая білу де өнер. Қазына болып қартаю бар, қазымыр боп қартаю бар, Алла кейінгісінен сақтасын. Бұл жеңіс шындығында Ұлы Жеңіс. Бұл Кеңес Одағы деген ел халықтарының адамзатты апаттан аман алып қалған Ұлы Жеңісі. Қанды соғыс қайталанбасын. Ел бірлігі мен ынтымағы жарасым таба берсін. Қарт майдангер Жеңістің 65 жылдығына жарты жыл қалғанда мәңгілікке көз жұмды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабында «Бұл өмірде екі есік бар, бірі өмірге кіретін есік, бірі өмірден кететін есік, өмірге кіретін есікті ашқан адам, өмірден шығатын есікті де ашады», дегендей, арда гер айтқандай бір өмір зырғып өте шықты. Сонау жылдары әкесін іздеп келген Жорабек хабар жіберілгенмен жерлеуге келе алмады. Дағдарыс пен Украинадағы жағдай әсер еткен болар. Келіні Валя сәл кейін, жауынгердің бәйбішесі Ефросинья Федоровнаның қатты науқастанып жатқанын, қараусыз қалдыра алмағандықтан бара алмайтынын жеткізіпті. Бір майдангер көз жұмды. Соғыс ардагері бір адамға кеміді. Алда Ұлы Жеңістің 65 жылдығы. Иә, уақыт өтіп бара жатқан жоқ, біз өтіп бара жатырмыз. ТӨЗІМГЕ ТІРІ ЕСКЕРТКІШ КӨРЕМ СЕНІ Мен ол ауылға жиі баратынмын. Әсіресе, Ұлы Жеңістің қарсаңында соғыс ардагерлерін мереке күнімен құттықтауға ат басын бұрғанымда азғана жеңіс сарбаздары қатарында ол екеуін көрмеуші едім. Олар да 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, батыс майдандағы шайқастарға қатысқан. Байқасам, ол екеуі генерал Андрей Власовтың армиясында болып немістерге тұтқынға түскен екен. Фашистермен шайқасып елге оралған кешегі соғыс сарбаздары оларды «Отанын сатқан опасыз» деп, тіпті, Жеңіс мерекесін бірге мерекелеуге де қоспайтын көрінеді. Олардың неміс тұтқынында болуының құпиясын білмек
болған үмітім үзілуге айналған. Екеуі де жақ ашпайды. Қызыл империяның идеологиясы саналарын улап, тіс жармауға ант алған тәрізді. Олар елге оралған соң да сот талып, Чита жақта жазасын өтеген дегенді естуім бар-тын... Біз кездегі тұтқын, кейін Еңбек Қызыл Ту орденді күрішші атанған Сейіткамал Сейтенов бірнеше рет өтініш жасаған соң, сұхбаттасуға ыңғай білдірген еді. ... Сол күні әйелі Ұрқәш, үлкен ұлы Сәкен онымен болған әңгіменің куәгері болған-ды. Қарт жауынгер (былай атаудың айыбы жоқ болар) үлкен бір сынақ тапсырудың алдында тұрғандай жан-жағына қарағыштап, әлдене жоғалтқандай сипақтап, әбігерге түсті. Қаһарлы, сын сағаттарды еске алу оңай соғып отырмағандай. Жау қолына түсу, одан соң НКВД-ның «қамқорлығымен» Чита мен Бодайбодағы түзеу лагеріне тоғытылып, «бұндағы өмірің, көрген-білгенің тура лы тіс жарушы болма» деп уәдесін алып, рәсімдеуден соң, артына қарайлап бәрін қайта баяндау шындығында қиын, әрине. – Сұрағыңды қоя бер, – деді бір кезде. – Сөзді созбай, сіздің немістер қолына түсуіңізден бастасақ... – Мен генерал Андрей Власовтың № 2 екпінді әскерінде болдым. Соғыс басталғанда ол қолбасшылық жасаған № 4 механикаландырылған корпус Украинада немістермен шайқасты. 1941 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбіндегі шайқаста Власовтың есімі ерекше шарықтады. Солнечно горск қаласын алудағы ерлігінен кейін оның суреті «Изве стия» газетінің бірінші бетінде жарияланды. Көзге түскен ге нералды көсем Кремльде жеке қабылдап, оның кеудесіне екінші орден тақты. Осы марапат оның басшылығындағы солдаттардың да рухын көтерді. Алайда, 1942 жылдың қаңтарында Ленинград қоршауын бұзып өту туралы бұйрықтың жүзеге аспауы Власовтың жігерін құм етті. № 2 екпінді армия Мясной Бор деревнясы маңындағы шайқаста тас-талқан болып жеңілді. Міне, осыдан соң генерал Вла сов немістерге берілді. – 1942 жылдың жазында біздің полк қалың орманның ішінде жайғасқан еді. Жоғарыдан бүкіл жауынгерлерге
қару-жарақтарын бөлшектеп, сүртіп, майлап, қайта жинауға бұйрық берілген болатын. Таңертеңгі астан соң алаңқайда жауынгерлер – винтовкасы бар, тапаншасы бар – жайбарақат бөлшектеп, тазалап отырған. Екеуге берілген бір винтовканы тазалап болып, енді жинай бастағанда бүкіл полк дүрлігіп кетті. Кейбіреулері атып тұрып, қалшиып қатып қалыпты. Қалың орман арасынан мұздай қаруланған неміс солдаттары шығып келеді екен. Біз осылайша бір оқ шығармай, қарсылықсыз бір сәтте фашистер тұтқынына айналдық. Сапқа тұрғанда ұзындығы бірнеше шақырымға жеткен Кеңес жауынгерлері, Ота нын сатқан опасыздар, біздер батысқа қарай қара жолды шаңдатып, ертеңі белгісіз сапарға аттандық. Біз батыс ше карадан өтіп, Польша, Чехословакия, Германия арқылы Францияға жеттік. Бір зауыттағы жұмысқа жекті. Адам төзгісіз азапты күндер өтті ғой бастан. Оның несін айта берейін. – Зауытта жағдайларыңыз, күнделікті іс-әрекеттеріңіз қалай болды? Немен айналыстыңыздар? – Зауытта тұрмысымыз жаман болған жоқ. Үш мезгіл тамақ. 10 күнде бір монша. Жалпы бетіміз бері қарап, адам болып қалдық. Ішкі жұмыстарда француздар, сырт та немістер күзетте тұрды. Зауыт құрылысы үшін тас дайындадық. Білімі барлар зауыттың ішкі жұмыстарымен айналысты. Француздардың тұтқындарға жылы қабақ танытқаны рас. Олар кейде шығыстағы соғыс жағдайын сыбырлап айтып кететін. Бірде солардың біреуі «екінші майдан ашылып, фашистерге ту сыртынан соққы беріліп жатыр, соғыс аяқталуға жақын» деген хабар жеткізді. Арада екі-үш ай өткенде Америка армиясының өкілдері зауытқа келіп, барлық тұтқындарға сыртқа шығып, сап түзеп тұруға бұйырды. Мыңдаған тұтқын сыртқа шықтық. – Кімде-кім КСРО-ға қайтқысы келсе, бір адым ілгері шықсын, – деген бұйрық берілді. Мен бір адым алға шығып тұрмын. Тұтқындар арасы нан жауынгерлер көптеп шығып жатты. Кейбіреулер: «Әй, ақымақтар! Сталин көсем аман болса, мына көргенің түк емес, барған соң Сібірге 25 жылға айдап жібереді. Неме
неге сеніп, желпініп тұрсыңдар!» – деп жатты. Туған жерге барудың мүмкіндігі туып тұрғанда, онда тозақтың оты жа нып тұрса да елге барып, көз жұмсақ арман жоқ деген ой мені жігерлендіргендей еді. Ертеңіне үш мыңға жуық тұтқын Францияның Же рорта теңізіндегі Марсель айлағына жол тарттық. Отанға оралу, туған жерге ат басын бұру үміті көзден бұлбұл ұшқалы қашан? Мына елге оралу сапары әркімді-ақ қанағаттандырғаны рас. Марсельге де жеттік. Портта бізді үлкен кеме күтіп тұр екен. Кеме Одесса қаласына келді. Таң алагеуімде жетсе де, сыртта үрмелі аспаптар оркестрі ойнап тұр. Мына марапатты көргенде рухымыз көтеріліп, жүректі қуаныш кернеді. Ел бізді ұмытпаған екен ғой. Немістің тұтқынынан аман қалған азаматтарын құшағын айқара ашып, шат-шадыман бауырына басып жатқан елге деген алғысымыз шексіз еді. Тұтқындағы тозақ тіршілік әп-сәтте естен шыққандай. Пенде шіркін басына түскен қайғыны да, қуанышты да ұмытуға бейім ғой. Біз де сондай дал-сал күйде болдық. Порт пен орталықты қосатын үлкен даңғылға іліккенде көшенің қос қапталында тұрған автоматты жасауылды көргенде жігеріміз құм болып, уайым басты. Өткенде шет жерде бізге ермей қалғандардың «Ей, ақымақтар онда барған соң сендерді опасыздар, сатқындар деп соттап Сібірге айдайды» деген сөзі жадыма оралды. Пешенеге жазылғаны осы болса, хал нешік. Шұбатылған кешегі тұтқындар жасауылдар бағыттаған жаққа сап түзеген бойы ілбіп келеміз. Бәрімізді де біздің келуімізге дайындап қойған жүк вагонына қойша айдап кіргізіп, есікті тастай ғып жау ып қойды. Біз сол жүргеннен мол жүрдік. «Тозақта қайбір сенің нағашың бар» дегендей, бұл жақта бізге бола кім ас хана дайындап, ас-ауқат әзірлейді дейсің. Өлместің күнін кешіп, Чита қаласы маңындағы лагерьге жайғастық. Түскі ас берілгенде әскери жейдеңнің етегін тосуға тура келді. Алғаш сұйық ас ағып кететін, кейін етегіміз тостаған орнына жүрді. Отанын сатқан опасыздарға нендей жақсылық жа салсын. Көнесің, не тәртіп бұзғаның үшін атыласың. Оның
үстіне қызыл жағалылар біздің власовшылар екенімізді білген соң, қит етсе ұрып-соғу, сыныққа сылтау іздеп итке талату, лагерлік тыңшыларды соңыңа салып, оның бір ауыз сөзіне бола карцерге қамау үйреншікті әдетке ай налды. Мыңдаған тұтқын – тегін жұмыс қолы. Олардың ішінде қылмыс жасағандар, саяси жаламен «халық жауы» атанғандар, біз сияқты жау тұтқынына түскендер де бар. Таңның атысы, күннің батысы – жұмыс, тамақ тапшы. Әртүрлі себептермен өлгендердің орнына басқаларды әкеледі. Осылайша жұмыс күші лагерьге үзілмей келіп тұрады. Қиындыққа шыдамағандар лагерьден қашатын. Ұстап алса, итке талатып, денесін әдейі лагерьге көзге түсетін жерге әкеп тастайды. Қашқындар лагерьден ұзақта ұсталса, атып тастайтын. Бір тәуір жері – хат жазуыңа рұқсат. Мен соңғы 7–8 жылдан бері бірінші рет ауылға осы жерден хат жазған едім. Елге 1956 жылы оралдым. Кеңестік жүйенің кигізген қамытынан құтылғанымен, «фашистер тұтқынында болған, Отанын сатқан» деген атақ күні бүгінге дейін ал дымнан шығып келеді. Маған Еңбек Қызыл Ту ордені қалай берілгенін қайдам, 1970 жылдың соңына таман күріштен мол өнім алғанымда Ленин орденіне ұсынылған едім, міне, осы жерде менің неміс тұтқыны болғаным тағы да алдымнан шықты. Рас. Сталин өлген соң, тұтқында болғандарға бостандық берілді, елге келдік. Бірақ мен тәрізді неміс тұтқынында болған жүздеген қазақстандық қашанғы сенімсіздер қатарында жүрмекпіз. Власов армиясында қазақ жауынгерлері аз болмады. Қаншасы жаза ланды. Тірі жүргендердің бірі – менің жайым мынау. Біздің тағдырымызды ойлап, зерттеп, іздеп жүрген кім бар? Бұйрықты орындаған біздердің жазығымыз не? Тірі жүрміз демесек, есепте жоқ өлікпен бірдей емеспіз бе? Сон да біздің обал-сауабымыз кімге? Жапа шеккен күйімізше бақилыққа аттанамыз да, қайтеміз? Ол салы суға кеткендей дәрменсіз кейіппен әңгімесін аяқтады. Мен үнсіз қалдым. Шындығында, ХХ ғасырдағы диктатор Сталин мен Гит лерге бірдей қызмет еткен әскери қолбасшылар арасында
генерал Андрей Власовтан өзге ешкім болмаған шығар. Тіпті, ол 1946 жылы Вермахтың генералы бола тұрып америкалықтарға қызмет етуге ниет білдірген еді, бірақ олар генерал тілегін қабылдамай тастады. Немістер генералдың қылығына сақтықпен қараса да, оны негізінен комиссарлар мен генералдар қамауда отырған Винница түбіндегі концлагерьге жіберді. Өйткені, немістің әскери басшылығы мұндай жоғары шенді офицерлерді мүмкіндігінше өз мақсаттарына пайдалануды көздейтін еді. Кейінгі дерек көздеріне қарағанда, генерал Власов фашистерге қызмет ете жүріп, тұтқындағы кеңес жауынгерлерінен құрылған «Ресей халықтарын азат ету комитеті» (КОНР) және «Орыс азаттық армиясын» (РОА) басқарған, оның өзі 1944 жылдың қыркүйегінде жасақталып, бір-ақ рет неміс-кеңес шайқасына қатысқан көрінеді. Бір деректе Власов немістерге өзі берілді делінсе, енді бір ақпаратта Вермахтың 18 армиясы 28-ші жаяу әскер полкінің сақшыларын 1942 жылдың 12 шілдесі күні Ту ховежи деревнясында тұтқындады делінген. Нақты мәліметтерге қарағанда, генерал Власовтың төңірегінде кезінде Кеңес өкіметінің жоғары награда ларымен марапатталған кәсіптік деңгейі биік әскери қолбасшылар қызмет еткен. 1945 жылы 1 наурызда онымен кездескен атақты Геббельс ол туралы өз күнделігінде: «Ге нерал Власов өте биік деңгейдегі зиялы, ерік-жігері мықты орыс қолбасшысы, ол маған аса терең әсер қалдырды», – деп жазған. Сонда Андрей Власов кім? Ресейде бүгінде оны ақтаушылар да, даттаушылар да табылуда. Біреулер ол әскери антты бұзып Отанын сатқан опасыз деп айыптаса, екінші жақ генерал Власов Кеңес өкіметінің тапсырмасы мен әдейі жау жағына өтіп, барлаушылық қызмет атқарған дегенді тілге тиек етеді. Осылайша генерал Власовтың жеке басына, тағдырына қатысты екіұдай ойға қалдыратын жайттар жетіп артыларлық. ...1945 жылдың 12 мамырында генерал Власовтың ар миясы Чехияның оңтүстік-батысында американ және кеңес әскерлерінің қыспағында қалады. Қызыл Армияға тұтқынға
түскен власовшылар сол бойда атып тасталып жатады. Власовтың өзін Пльзень қаласының маңында (Чехослова кия) І Украина майданына қарасты 13-армия 25-танк корпусының жауынгерлері қолға түсіреді. Ол жедел маршал Коневтің штабына жеткізіліп, «№32 тұтқын» деген белгімен Мәскеудегі Лефортово түрмесіне қамалады. Власов пен оның серіктерін өлім жазасына кесу жөнінде 1946 жылғы 23 шілдеде ВКП(б) Орталық Комитеті саяси бюросының шешімі шығады. Сол жылдың 30–31 шілдесінде жабық сот жүріп, Власов пен оның қасындағыларға «Отанын сат ты» деген айып тағылып, ең ауыр өлім жазасына кесіледі. Власов 1946 жылдың 1 тамызында дарға асылады. Алай да, осы жерде тағы да елең етерлік дерек шығады. Кеңес одағының үш мәрте батыры Александр Покрышкин айтып ты: «Мен Андрейді жақсы білуші едім, бойы еңгезердей бо латын. Ал, дарға Власов деп аласа бойлы біреу асылды». Тағы да күдік, тағы да жұмбақ. Бұл жұмбақты тарихшылар мен зерттеушілерге қалдырсақ, Власовтың армиясында қаншама қазақ жауынгерлері болды. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы тойланып жатқан сәтте оларды еске алып жатқан жан болған жоқ. Олардың түгелге жуығы жазаланды да ғой, бірақ заң жүзінде «опа сыз» деген қарғыстан арыла алмай, қаншасы арманда көз жұмды. Бізде Ресейдегі сияқты оларға сұрау салып, әділдікті іздеп жүргендер, әй, қайдам, жоқ та шығар?! Қазір олардың көзі тірілерінің алды 90-ға келді. Қалғанының да төрінен көрі жақын. Сонда олар «власовшылдықтың» құрбаны болып, сұраусыз бақилық болмақ па? Қызыл империяның азапты абақтысында жапа шеккен жандардың жазығы не?
ҚҰМ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚҰПИЯ ҚАБІРЛЕР НЕМЕСЕ СЫР БОЙЫНДА ЖАПОН ТҰТҚЫНДАРЫ БОЛҒАН БА? Сыр бойының Шиелі өңірі тұсында сары жал, бұйра толқын атақты Қызылдың құмы дарияға қол сала енте лей төніп жатыр. Дариядан сонау Тамды жеріне дейін кемінде 200 шақырымға жететін құм мұхитын жазда кесіп өту қиямет-қайыммен тең. Борпылдаған құм сусып басқан ізіңді лезде жоқ қылады. Дала кемесі – түйе болмаса, автокөлікпен аттап басу мұң. Арагідік тақырлар кездескен де көңілің серпілгенмен төбеңнен төнген, қарасаң тақияң түсер құм жоталары шатқалды жыраларды есіңе түсіреді. Батысы мен Шығысы Түркістаннан Ақмешітке дейін құлаш сермеген қазақ «Түндіксіз үй» атаған өңір бір қарағанда тіршілікке өте қолайсыз деп ойлағаныңызбен жаздың апта бында шыжыған ыстық, кеші өте салқын. Ал қыста жылы. Малдың нағыз жайлы мекені. Қызыл құм құпиясы жайлы осы маңайды мекендеген ел арасында не көп, аңыз көп. Қырық құлаш, сексеуілмен шегенделген құдықтарды адам баласы демі жетіп қалай қазғанына таңқаласың. Кешегі аласапыран кезде қызылдардың жалаң қылышынан шошып көшкен ел Өзбекстанды бетке алып, осы құдықтарды пана тұтқанда қуып жет кен жендеттердің құрбаны болып, денелерінің құдыққа тасталатынын сезген де жоқ еді. Қызылдың қақ ортасындағы «Қанды құдық» осының айғағы іспетті. Қызылға ен телеп еніп, ілгерілей түссеңіз жүзіп бара жатқан кемені, жүйткіген парауызды да көресің» деген сөз де жай айты ла салған қалжың емес. Бұл құпияда, тылсым көріністерде не жұмбақ бар, оны Қызыл құм ішіне бүгіп жатыр. Ал енді бір аңызда (иә, ол кезде аңыз деп ойладық) ауданның Оңтүстік батысында, дарияның түстігіндегі Жуантөбе елді мекені маңында жапон тұтқындарының 1945–1948 жылдар
аралығында болғандығы жайлы айтылады. «Сырдария» қой совхозының осы маңдағы әр кезде мал баққан шо пандары «о дүниелік болған тұтқындар жерленген бейітті көрдік» десе де жалпы халыққа жария бола қойған жоқ. Жергілікті жерде ол қияли әңгіме ретінде қабылданған да қойған. Алайда мен аудандық газетте редактор болып жүрген кезімде «Жуантөбедегі» №2 ферма меңгерушісі Мұзафар Жанаев әңгіме арасында жапон тұтқындары туралы айта келіп, құм ішінде жапондар бейіті бар екенін тілге тиек еткен. Олармен істес болған кісілердің есімін де атаған. Біз бұл жолы сол мекенге атбасын бұра алмадық. Бірақ ферма меңгерушісінің сөзін негізге алып аудандық газетке, республикалық басылымға да мақала жариялаған болатынбыз. Бірақ біздің ол пікірімізді жапон тұтқындары жайлы жан-жақты ресми деректер жинаған қазақстандық зерттеуші кісі «Қызылорда облысында жапон тұтқындары болған жоқ, енді осы мәселені көтерсеңдер заң алдында жауап бересіңдер» деп сес көрсеткен еді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң біз осы екіұдай мәселені нақты деректерді жинақтай отырып дәлелдеуді қолға алған едік. Журналист Сәфи Құрманаев екеуіміз Ба лаби, Бәйгеқұм, Жөлек ауылдарында болып, тірі куәлермен сөйлескенбіз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Егер қауым ішіндегі қырықтан астам адам әлденеге куәлік ететін болса, Алла Тағала олардың куәлігін ескереді» де ген екен. Осы кезге дейін ол қабірлерді көрген пенде сансақ ойларға кеткен де болар. Сонау жұмбақ аралда еркін өскен азаматтар көз көріп, құлақ естімеген қазақтың қызыл құмында ажал құшамын деп ойлаған да жоқ қой. Бәріне де ешбір жанға керек емес жойқын соғыс кінәлі еді. Хадисте: «Кімде-кім бөтен діннің адамын жәбірлесе, ақірет күні дүреге тартылады» – дейді тағы да. Олар тұтқын. Пәрменді орындағаннан өзге оларда қандай құқық болды. Ал бізге діні бөлек, жат, басқыншы ретінде уағыздалды емес пе? Қазақ қорымды барынша қастерлеген. Көріп, біліп тұрып бөтен діндегі тұтқындардың жатқан жерін айту қазір айып болмаса керек. Өйткені ол – Адам. Біздің Жа ратушы алдындағы, адамзат алдындағы, жасаған қайыр-
садақамыз – шыншыл сөз, айғақты ақиқат. Біз осылай шешкен едік. Өйткені өлгендер қайтып келмейді. Ол кезде де олар қазақпен соғысып, жерін жалынға ораған жоқ. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисіне жүгінсек, «Өлген адамнан ештеңе тілемеңдер. Өлген адамға тіл тигізбеңдер. Өйткені олар о баста дайындап қойған жеріне кетті». Алайда осы қабірде жатқандар фәнилік мекенін Қызылқұмнан арнайы дайындамаған болар. ... Жөлек жеріне шетелдік солдаттардың бұл екінші рет келуі еді. Оның біріншісі – Ресей империясының сол даттары. Олар қазақ жерін – Орта Азияға шығар алтын қақпаны – Жөлек елді мекенін жаулап алу үшін, яғни от арлау арқылы Ресейдің ықпалын, кеңейту мақсатында орнығып қалуға 1854 жылдың маусым айында келген бо латын. Ал екінші жат жерлік солдаттар бұл жапондықтар еді. Олар өз еркімен немесе қазақ жерін жаулап алу үшін келген жоқ. Олар екінші дүниежүзілік соғыста қолға түсіп, тұтқын атанғандар және жел айдаған қаңбақтай басында билігі жоқ бұйрықпен тұрып айдаумен жүретін айтумен жа татын міскіндер еді. Бұл жайында сол Жөлек елді мекеннің тұрғындары былай дейді: Ералы: – Бала кезіміз. Шамасы 1946–1947 жылдар болуы ке рек. Қазіргі Балтабай тамы орнында олардың барағы бо латын. Біз олардың көл жиегінен құрбақа аулайтынын қызықтайтынбыз. Оны жейді, тамаққа пайдаланады деген де таң қалып, қолымыз босаса сол маңға баратынбыз. Әлиакбар, Ұлы Отан соғысы ардагері: – Мен әскерден келгеннен кейін Түркістан әскери округінің Бәйгеқұм отын дайындау участігіне (ЛЗУ) шопыр бо лып орналастым да, жапондықтармен қоян-қолтық істес бол дым. Олар дария бойынан Қызылқұм өңіріне бойлай еніп, сексеуіл дайындаумен айналысты. Жинап қойған отын ды Бәйгеқұм темір жол стансысына жеткізіп вагондарға тиейтін. Ұмытпасам 1949 жылдары еліне қайтарылды ма, әлде басқа жұмыс орындарына алып кетті ме, әйтеуір Қызылқұм өңірінен қоныс аударғаны есімде.
Ал жасы 90-ды алқымдап қалған Ұлы Отан соғысына қатысушы Николай Коржовтың айтқандары тіптен қызық. Оның әңгімесінің тоқетерін қысқаша ғана қағазға түсірдік. – Мен екі жылдай олармен байланыста болдым. Әлгі Шайқы Баймағанбетовтың жапондық тұтқын солдаттарының саны 2000 адам болатын дегеніне келісе бермеймін. Байқауымша, олардың саны 300-дей ғана болатын. Мен олармен «Айырқұм» учаскесінде істес болдым. Ал жал пы жапондықтар қазіргі Қызылқайың өңірінен бастап со нау Тартоғайға дейінгі Қызылқұмның сексеуілді алабын да отын дайындады. Есімде бір жапон тұтқыны адасып кетті ме, әлде қашайын деді ме, ол жағы маған белгісіз Омар тамы деген жерде отырған шопанның үйін паналап отырған жерінен тауып әкелгенбіз. Шындығында біріненбірін айырып болмайтын құм төбені бір рет айналсаң қайдан келгеніңді білмей де қаласың. Жүрген ізіңді құм ба сып миың айналып, мәңгіріп тұрғаның. Олардың орыс Сережа деген аспазы болатын. Тұтқындардың азық-түлігін араққа айырбастап үнемі ішіп жүретін маскүнем еді. Талай рет оның тірлігіне қапа болып ұрып-соққаным бар. Асылы, қазақтың сөзі рас екен. «Кісінің еңбегін жеген оңбайды. Қарғадан қарға туады, ұрыдан ұры туады» деген сөзінің шындық екеніне көзім әбден жетті. Сол Сережаның өзі ақыры арақтан өлді. Ұрпағы да ұры болды. Өмірден із-түссіз өтіп тынды. Сендер қартайған шағымда келіп отырсыңдар ғой. Ең болмаса жиырма жыл бұрын келгендеріңде көбін айтар едім. Енді алжасып қалмасам олардың бір электрмен дәнекерлеушісін жақсы білетінмін. Аты-жөні Ма Цу Оки болатын. Бірде олар жатқан жертөле өртеніп біразы бақилық болды. Осы көріністі ойы ма алсам, құйқа тамырым шымырлайды. Өзім орыс болғанмен қазақ халқының ақпейіл, мейірбан, адамды бауыр тұтқан сенгіш, қолында барын өзгемен бөліп жегісі келетін табиғаты мен мінез-құлқы өзгеше халық екенін айрықша атап өткім келеді. Сол жылдары олар сұрапыл соғыстан зілзаласынан титықтап шыққандарына қарамастан есігін ашқан жапондықтарға айран, құрт, майын беріп бөлісіп отырды. Жат елдік басқыншы деп қараған
жоқ. Бұл соғыстан кейінгі нағыз қиыншылық жылдар екенін ескерсек мұның өзі теңдесі жоқ көрініс. Шайқы Баймағамбетов, Ұлы Отан соғысының ардагері: – Мен де ЛЗУ-да (отын дайындау учаскесінде) шопыр болып жұмыс істедім. Жуантөбеден сегіз шақырым жер де олардың жертөлесі болды. Олар Айырқұмнан отын дайындады, кейбірі шілде айында ауырып қайтыс болды. Өз дәрігерлері болатын. Олардың моласын Жуантөбеде көп жыл қой фермасын басқарған Мұзафар Жанаев, Қызылқайың учаскесінен Науымбек Жайсақбаев білуі мүмкін. Жапондықтар тек бізде сексеуіл дайындап қойған жоқ. Төменарық өңірінен итсигек тамырын қағып, дәріге дайындады. Егер сіздер жазатын бұл мақала Жапон елінде жария етілетін болса мынадай деректі айта кетейін. Көзі тірі қариялар болса есіне түсірер. Біз оларды Қызылқұм өңірінен әкеліп вагонға отырғызғанда олар қап-қап тасбақа алып кеткен еді. «Жол азық болады» дейтін. Бұл да еліне жеткендердің еске алып, Қызылқұмда отын жинағанынан дәлелдер деп ойлаймын. Мүмкін ұрпақтарының есінде қалған болар. Сонымен екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен жапондық солдаттардың 58900-і Қазақстанның он об лысында өндіріс ошақтарын қаз тұрғызды, мәдениет ғимараттарын соқты, шахталарында еңбек етті. («Караван», 2003, 22 тамыз) десек, олардың Сыр бойындағы Қызылқұм қойнауында сексеуіл дайындағандарын қалың жұрт біле бермеуі мүмкін. Мұның бір себебі олар жұмыс істеген ме кеме «Таштоп» (Ташкенттопливо) атты үлкен ұйымның қарауында болғандығы. Ол негізінен Түркістан әскери округіне қараған. Ал бұлардың отынын тасып вагондарға тиеп, тиісті жеріне жіберуді қамтамасыз еткен кәсіпорын «ЛЗУ» (Лесозаготовительный участок) аталып жартылай әскерилендірілген ұжым болған (олар кешеге дейін жұмыс істеп келді). Сондықтан мұндағы жапон тұтқындары Қазақстандық емес Өзбекстандық құзырлы орындардың есебінде тұрды. Кезінде «Сыр бойында жапондық тұтқындар болған жоқ» деген бір жақты тұжырымның айтылуы осыдан болса керек.
Жоғарыдағы жайлардың ақиқатын айтатын көнекөздердің де қатары сиреп барады. Енді оны зерттеу 5–10 жылға кешіксе, қорым іздері де жермен-жексен болады, не сусыған құм астында құпия қалпында қалады. Осылайша соғыстың тудырған зардабымен тағдыр тәлкегіне тап болып, өздерін «күн еліміз» деп атаған жа пондар да бір кезде қазақ жеріне тұтқын ретінде айдалып, Сырдың суын ішіп, нанын жеп, жан сақтаған екен. Озық технологияның небір үлгілерін еңсеріп отырған бүгінгі жапондықтарға бабаларының аз ғана өкілі басынан өткізген тарихы керек те емес шығар. Мүмкін бұл ақпарат әлдебір тарихшының таба алмай жүрген дерегі болар. ҰРПАҒЫМА САЛИҚАЛЫ САНА БЕР НЕМЕСЕ АҚНҰР ӘЖЕНІҢ АЙТҚАНДАРЫ Әңгіменің әлқиссасы. Әжем өзінің бидің қызы екенін жиі айтып отыратын. Жамағатқа билік айтатын кісінің ұлы да, қызы да ақылды, ойлы, парасатты болады екен ғой деп ойлайтынмын. Өйткені Ақнұр әжемнің әңгімелері осы, бүгінгі күнгі дүние танымымызға орай айтылған тәрізді. Сексеннің сеңгіріне жетіп қалған балдақты шал аңнан келгенше бәйек таппай қараша үйге он кіріп, он шығатын. Иба мен биязылыққа, әдептілікке тәрбиеленген би атаның қызы деген атқа сызат түсіру сүйекке дақ салғанмен бірдей деп түсінетін әжем қайратты кісі еді. Осы жағынан да, әңгіме айта отыруын өтінетінмін. Ол кісі сөйлегенде, тамақ жегенде тістен жұрдай қызыл иек танауының ұшына дейін келіп қайтатын. Терең әжімдері де өміріндегі көрген құқайларының сызып кеткен іздеріндей әсер ететін маған. – Айтсам айтайын, – деді бір күні күрең шайды сорап тап отырып. Келін боп түскеніме 4–5 ай болған. Ұлытаудан Сырға бет алған сол жолы Сарысудың су жайылған көлді
өңірі Телікөл іргесіне үй тіккенбіз. Енді сәл жүрсек Сыр өзеніне иек артамыз деген үлкендер. Таңертеңгі малды жайғап үйге беттеп келе жатсам жотадағы ескі құдықтың маңына 10 шақты кісі жиналып қалыпты. Сонадайдан көрген кішкене бала: (менің әкемді осылай атайтын). – Жеңеше, ескі құдыққа тайынша батып қалыпты, жігіттер шығара алмай жатыр. Соған үйлерден адам шақырмақпын деді ентігіп. Мен солай аяңдадым. Құдықтың айналасындағы жігіттер көтеруге ыңғайлы болсын деп сырық әкеліп әуреленіп жатыр екен. Ішінде қайындарым да бар. Қазақтың қару ұстар жігіттерінің мына күйбең қылығы қанымды қоздырды. Бардым да, жігіттерді кері серпіп, төрт аяқтап мелшиіп жатқан тайыншаның құйрығынан мықтап ұстап, аруақ деп жұлқа тартқанымда тана өкіре дауыстап жарқабақтың жиегінен аунап түсті. Осы күннен бастап қайындарым мені Нарқыз атап кетті. Әжем 13 ұл-қыз тапқан, бірақ құдай бір ұл да қалдырмай о дүниеге алып кеткен. Ұрпақ сабақтастығы, отанға ие бо лар бір еркек кіндік болмағаны әжемнің қабырғасына қатты бататынын көрші-қолаң әңгіме етіп отыратын. Ол кісінің қазақы қарым-қатынас, қыз-келіншектер әдебі, отбасы тәрбиесі туралы толғаныстарын жиі еститінмін. Әжем өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасын да көз жұмды. Сол кездегі бала біздер, қазір ата болып отырмыз. Бәрімізде де ата-әже болды емес пе? Сол атаәжелердің айтқандарын жинақтасаң қазақы болмыстың шежіресі шығар еді. Илансаңыз, ақылға салыңыз, шағын ой толғамымды оқи отырыңыз. Мүмкін сіз де, қолыңызға қалам аларсыз. Ұлы аналарымыз ер адамды пір тұтқан Сөз басы Қазақ адамның жеке басын ардақтай білуді Көк Тәңірінің пәрмені деп түсінген. Адам атауы – Тәңірдің өзі қойған есім. Тәңір қойған есімді сол қалпында қабылдап Адам атаны Ер ретінде, Хауананы Ана ретінде күні бүгінге дейін, кие, пір тұтқан ел – Қазақ елі.
Сондықтан да жаңа түскен келін аталарына, қайынқайнағаларына, басқа есім қойып, олардың өз аттарын бат титып айтуды ар санаған. Біздің Көшербай атамызды келіндері Жөнеу атаған көрінеді. Жөнеу, жүріп кету, көшу деген ұғымды бермей ме? Біз де солай дедік. Біздің елдегі менің Бинә деген інімді келіндері «Қызыл арақ» қайнаға дейді деп естідім. Атын атағаннан тәуір ғой, әйтеуір. Тегінде, анадан әдеп, иба көрген қыз ұлтының мұндай қасиеттерін сақтаса керек. Өзге халықтан біздің өзгешелігіміздің бірі осы емес пе? Мұндай ықылас, пейіл адамның көңіліне, бүкіл елге жағымды әсер қалдырмай ма?! Оның үстіне ер адам үйдің, отбасының беделі, тірегі. Адамата ер болса, ол есімді Тәңір өзі қойса, қазақ халқы ықылым заманнан Ер кісіні пір тұтқан, ұрпағына солай уағыздаған. Жалпы айналасы име нер, өзгелер сыйлайтын шаңырақ иесінің беделі болмаса ибалы қыз, иманды ұл қайдан шықпақ?! Жуырда Баймағанбеттің тұңғышының үйінде болғаным бар еді. Келіні әлгі «Жиенжауыстағы» Ерденнің қызы ғой. Обалы не керек, мен ішке кіре келін дастарқанын жайып, шай-пайын ала жүгірді. Қазір самаурынды ұмыттық қой, келін пеште тұрған құманды алып келуге қайнысын жұмсамақ болып: – Әй, Ақылбек құманды ала кел, – деді зілді дауыспен. Нанның бір шөкімін сындырып аузыма салғаным сол еді, зорға шайнап, әзер жұттым. Шыққасын, апырай қалыптасқан салт-дәстүрден ұлық заң жоқ, дейтін еді, қайнысына атына сай бір есім табылмағаны ма, әлде аса ақылдылар мен аса ақылсыздар ғана өзгермейді деген дей, келін өзін өзгеден де, елінің игі дәстүрінен де жоғары санағаны ма деп ойладым. Құдалықтағы қыңыр қылық Сөз қисыны Құдасын, құдайындай сыйлаған қазақ Алтайдың ар жағында жатса да Еділ–Жайықтағы, құдасына бір кел мей кетпейді, іздемей қоймайды. Бұл екі жаққа бірдей.
Мұндайда хабар жеткен қай жақ болмасын тума-туыс, ағайын-жекжат дегендей тайлы-таяғы қалмай дайында лады. Әулетке сөз келмесін деп, намысқа мінеді. Сойыс малдың қоңдылығы да, дастарқан мәзірі де пысықталып жатады. Әлгі Байділданың қызы Арал жаққа тұрмысқа шықты. Бірге оқыған жігіт дей ме әйтеуір шығанға кетіпті ғой. Қазақ айтады «Үйлену өз құқығыңды біреуге беріп, оның міндеттерін бөлісу, үйлену үшін осыған дайын болу керек. Екеуі тіл табысып отау тігіп міндеттерін бөліскісі кел ген екен мархабат, дегендеріне жетсін. «Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық» – бұл аталар сөзі. Дастарқан басында отырмыз. Қазақта жол да жоралғы да, кәде де көп. Оның көптігіне шек жоқ, бірақ ақиқат біреу. Өз көзің өзіңді алдамайды. Құдалық жол-жөнекей жұлып тастай салатын гүл емес, ол ұзақ жолдың түпкі мақсаты – екі жастың бас қосып, отау болуы. Құйрық-бауыр желінді. Құдалар әкелген кит те үлестірілді. Күткен құдалар жағынан да сый-сияпат жаса лып жатқан. Бір кезде есіктен ентелей енген бір кейуана төр ортасына келіп төңкеріле құлады да, жансыз адамдай сұлқ жатып қалды. «Ойбай, кемпір өлді, кемпір өлді» деген дауыстар шықты. Астапыралла, қазір не көп, жүрегі тоқтап жан тапсырғандар көп қой, кемпірдің демі біткен екен деп жүрегім су ете қалғаны. – Кемпір өлдінің кәдесін жасамасаңдар, бұл кісі тұрмайды, – деді бір келіншек. Енді түсіндім. Осынша жасқа келгенше құдалықта мұндай оғаш тірлікті көрген жоқ едім. Іштей шүкіршілік тіледім. Жастар жарасымына куә болған осындай сәтте «кемпір өлдінің» қыңыр қылық екені көзге ұрып-ақ тұрды. – Қайтесің «әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа». Бірақ қазақтың кейбір ісі ғасырлық қағиданы бұзады: біреуі – адамгершілік қағидасын, біреуі Құдай сөзін, біреуі өз қағидаларын бұзады.
Ас – адамның арқауы Сөз сорабы Қан тазалығын сақтау Қазақ Елі тектілігінің алтын діңгегі, Тәңір дарытқан несібесі. Қазақ тарихтың талай жойқын жұлынан, шапқыншылығы мен жаугершілігінен, қиянатынан, жойқын зілзаласынан аман қалған. Бұл ұлы дәстүр отбасындағы перзент тәрбиесінің, оларды ат мініп, ай ылын тартатын кезге дейінгі төзімді, қайратты, батыл да ба тыр, парасатты, халқына адал ұл-қыз өсіруді парыз тұтқан ата-ананың ғасыр сынынан өткен, жүйелі тәрбиесіне көп байланысты. Ал тәрбие басы бесіктен басталады. Бесіктегі балаға не ішкізіп жегізетіні бала ағзасының ауру-сырқауға төзімді болуын қалыптастырады. Ал, қазіргі заман ағысына назар салсаңыз, не бір су сындар мен шырындарды нәрестелерге бөтелкеге құйып, емізікпен бала аузынан айырмау әдетке айналды. Өзге елдің билігіне көзсіз берілу бала тамақтандырудағы әдебімізге тіпті де сәйкес келмейді. Кезінде нәрестеге кәдімгі сөкті сүтке қайнатып, сөлін бөліп алып, сұйығын балаға ішкізетінбіз. Ол әрі сусын, әрі тамақ, әрі нәресте ағзасына пайдалы, оның үстіне сыртқы әсерлерге төзімділікті қалыптастырады. Інімнің баласы үйленді. Нәрестелі де болды. Бесікке салар сәтті де атап өттік. Келіннің емшегінде сүт болма ды. Осындайда бағзыдан бері балаларды қалай тамақтандырсақ сол тәсілді келінге айтқан едім, одан түк шықпады. Дәрігерге апарып, не бір қоспаларды көгендеп қойды. Оның үстіне бесікке де жатқызуға ықтияр болған жоқ. Нәрестеде ұйқы жоқ, әлсін-әлсін оянады, қарны той маса керек, жылауды үдете түседі. Келінге де, үй ішіне де тыныштық жоқ. Адуындылығым басым болғанмен келінге жаным ашып, бесіктің тазалығы жөнінде, сөктің сүтке қайнатылған сұйығының құнарлы ас екенін түсіндірдім. Дәл сол күні кешкілік менің ойымды дәлелдегендей теледидар дан ғарышкерлерге қазы мен сөк берілетіні туралы хабар
ды келінмен бірге тыңдадық. Шындық көп, ақиқат біреу ғой, оқыған бала емес пе келін ақыры біздің айтқанымызға көнді. Үйінде бақытты адам – ең бақытты адам. Ұлттық тағам біздің қанымызға сіңген. Сондықтан да қазақ «Ас – адамның арқауы» – дейді. Талапты табалдырықтан баста Сөз соңы – Әкем марқұм айтып отыратын еді. Баласы нашар бо лып өскен бір әке баласына әсер ететін барлық тәсілдері таусылған соң есік алдына бір ағаш көміп, баласының әрбір нашар ісі үшін бір шегеден қаға беріпті. Біраз жылда ағаш әбден шегеге толыпты. Балаға бұл әсер етіп түзеле бастап ты. Енді әке баласының әрбір жақсы қылығы үшін бір ше геден суыра беріпті. Ең соңғы шегені суыратын мерекелік сәт келгенде бала жылап жіберіпті. Неге жыладың деген де, – шеге жұлынып таусылғанымен орындары үңірейіп тұр ғой», – деген екен. Үлкен де, кіші де аяқ киімін қалай болса солай лақтыра салатыны қазаққа таңсық емес. Үйде жүргенде шешем кел ген кісілердің аяқ киімдерін реттеп қоюмен бірге батпақ жа бысса жуып, кептіріп, ал қалған уақытта сүртіп қоюды та лап ететін. Шындығында бір қарағанда түкке тұрғысыз іс көрінгенмен, осының өзі жалпы мәдениетіміздің төмендігін аңғартады. Немерем де көргенін істеді. Тағы бірде тыстан онымен үйге бірге кірдім. Мен кебісімді шештім де, екеуін біріктіре ұстап бір шетке қойдым. Немерем аяқ киімін лақтырған күйі бөлмеге кіре бергенде оны тоқтатып, аяқ киімін мен қалай қойсам кебісімді, солай қой деп талап еттім. Талап ты табалдырықтан баста деген осы. Өйткені сырт көз есік алды берекесіз, ыбырсып жатса жанұядағылар жайлы пікір қалыптасады. Енжарлық, немқұрайлықты бала кезден аулақ ұстаған жөн. Баланың келешегіне жақсы.
Пенденің жас кездегі естіген тыйымдардан тағылым алуы оның жадында ұзақ сақталады. Ұрпағың – айнадағы өзің. Ұрпағың ұлықты болсын десең ұлағатты іс жаса, ұлттық санадан ауытқыма. Алла, ұрпағыма салихалы сана берсін! Мен әжемнің сөзін жадымда сақтап, өзгелерге де тәлім болар деп сіздерге ұсындым. ЕУРОПАНЫҢ ҚАРАТАУЫНАН ЖЕТІСУДЫҢ АЛАТАУЫНА ДЕЙІН Шығанға шыққан қыз Мәскеудің Қазан темір жол вокзалынан «Мәскеу–Алматы» пойызына мінгелі бері «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» дегендей, өткеніне ой тастап, алда не күтіп тұр деген күпті көңіл оның бойын бір көтертпей-ақ қойды. Кеңеске дейін қарт материктің қақ ортасындағы Югославия мемлекетінің бір аймағы Черногориядағы бойжеткен шағы мен осында таулық азаматпен тағдыр қосып, үйлі-баранды болған жылдары ойына оралғанда қазақтың «шетке шыққан қыз шиден тысқары» деген сөзі өзегін өртегендей болды. Алатау етегіндегі ауылы, достары, құда-жекжаттары тентек қыздың бұл әрекетіне не айтар екен деген екі-ұшты ой да санасынан шығар емес. Әлі есінде, кейде үйде жалғыз отырып осы істегенім дұрыс болмады ма деп торығатын. Ғылым деп қияндағы Черногорияға келуіне не жорық?! Егіншілік институтының аспирантурасын тамамдап жүре бермеді ме ел ортасында. Мәскеуден шыққандарына да біраз уақыт болды. Ұлы Қазақ даласының шекарасына 4–5-ақ сағат қалған. Жол дасы мен екі ұлы өздерінше мәз. «Бұлар неге қуанады, атажұртынан алшақ бара жатқан күйеуі Милованның ой ында не бар. Таулықтардың бір азаматының отбасын қазақ қызы атажұртына алып кетті. Бір әулеттің туған
жердегі тамыры кесілді демеді ме екен, Черногориядағы дос-жаран, көршілер мен қызметтестер». Шешесі қайтыс болды дегенді естігенде өзегі суырылып, жат жерде булығып жылай да алмаған. Талай қиындықты басы нан кешіріп, әкесіз өскен дегізбей, оқытты, Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын қызыл дипломға бітірді. Не ішем, не кием дегізген жоқ. Фәнимен қоштасар сәтте демеп, аузына су да тамыза алмадым-ау деп күйзелді. Шөлдеп, сусап кетті ме екен, – деп ол көзіне жас алды. Міне, ұшы-қиыры жоқ атамекеннің алғашқы шақырымдары пойыз атты тұлпардың тұяғы астында қалып жатыр. Ол Милованға: «Міне, менің отанымның шегі» деген көсілген даланы нұсқап. Көнекөз Орынбор даласын баса-көктеп шығысқа жұлдыздай аққан жүрдек пойыз шығанға шыққан қыздың туған жермен қауышуына асыққандай анда-санда бір дауыстап жүйіткіп келеді. Батысы мен Шығысы бір-екі сағаттық, 700 мың халқы бар черногориялық осынша кең аймақтың ауқымына тамсанып келе жатқанда алғашқы күн мен түн артта қалды. Келесі күні таңертеңгі ас үстінде Милован: «Енді неше сағат қалды?» деген. Раушан жы миып күлді: «Біз әлі бірінші мың шақырымды ғана өттік. Әлі Алматыға дейін екі түнейміз. Асықпа» деген. Ол неге асықсын. Алақандай жерде тұрып, ынтымағы жараспаған аз ғана халықтардың бір-біріне көз алартуына куә болып келе жатқан ол үшін мына ұлан-ғайыр жерді уысында ұстап өмір сүрген қазақ халқының ауызбіршілігіне, қайсарлығына таңқалды. Раушан оның үнсіз қалған жүзіне қарап ойын оқығандай болды да, сәл ғана күрсінді. Адриат теңізі бойындағы «Македония» шипажайында болғанда бір қарияға жолыққан-ды. Ол бетіне қарап тұрып: – Сен қай ұлтсың? Моңғолсың ба? – деген еді. – Жоқ, – деген Раушан. – Мен қазақпын. Қария «қазақ» деп қайталай айтып ұзақ ойланды. – Ол қай жерде? – деп қарсы сұрақ қойды. – Атақты Еділ өзені мен Каспий теңізінен Алтай тауына дейін созылған, кеше ғана Русичтерден тәуелсіздігін алған Қазақстан деген елдің қызымын, – деген. Бұл тоқсаныншы жылдың басы болатын.
Шал ойланып тұрып: – Е-е, Шыңғыс ханның ұрпағымын десеңші. Шыңғыс хан сарбаздары Адриат теңізінде аттарын суарған. Ол «госпа жа» деді де, Раушанның қолын сүйді. Ұлы дала ұландары көшпенділердің тегеуріні Алып тау маңындағыларды да тәубесіне келтірген екен ғой деген ол сонда. Иә, осы көне теңіз жағасында ол Милованды жолықтырған. Дәл осы жерде тек екі адам жолы ғана емес, өмірге деген екі көзқарас, Еуропалық және Азиялық пайым да қиылысқан еді. Таза ғылымның қысқа жолы Раушан Самсаханқызы 1990 жылы Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын қызыл дипломмен бітірген. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түседі. Жүгері селекциясы мен генетикасы жөніндегі ғылыми жұмыспен айналысып, институттың шешімімен 1995 жыл дары Югославиядағы Жүгері институтына жіберіледі. Оған себеп 1991–1993 жылдары Егіншілік институтына белгілі ғалым, жүгері генетикасының білгірі, доктор Лазар Ковыч келіп бір аспирантты өзінің қарауына беруді өтінеді. Шетел де жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеру білім келешегіне игі әсер етеді дейді ол. Білім әрекетсіз ақымақтыққа апаратын құрал дегенді де осы ғұлама айтыпты. Раушан Самсаханқызы сол 1995 жылы Белградтағы Жүгері институтына орналасады. Пәтер де алады. Маги стратурада оқып биохимия және өсімдік бөлімінде Игорь Михаилович Савичтің жетекшілігімен «Жүгері гибридтерінің бірегейлігі. Электрофорез әдістемесі» деген тақырыпта ғылыми жұмыспен айналыса бастайды. Жүгері дақылының селекциясы мен генетикасын зерттеуде жемісті жұмыстар атқарып республиканың көптеген егіншілік ғылыми-зерттеу орталықтарында іс-сапармен, барып тәжірибе жинақтайды. Орта бойлы, толықша келген аққұба өңді әдемі келіншек қазір қазақ егіншілік институты ірге тепкен Алмалыбақ ауылында «Қарлығаш» сауықтыру орталығында өз туған жерінде оқу орталығының кординаторы болып істеуде.
Әңгіме барысында оның терең білімді, елін, тілін сүйетін парасатты, ой-өрісі кең, ақыл иесі екендігіне көзіміз жетті. 11 жылдық үзілістен соң өзінің сүйікті Алмалыбақ аулы на 2006 жылы келіп, анасының шаңырағын шайқалтпай сақтап отырған қаракөз Раушан ханымның ендігі жерде туған жерде тамырын тереңге жіберіп, өркен жаятынына кәміл сенесіз. Еуропаның Қаратауынан Жетісудың Алатауына отбасымен келген оны балаларының жатжұрттық әкесінің мына аймаққа сіңісіп кетуі толғандыратын тәрізді. Ашық әңгімеден өзін аулақ ұстағысы келетіні байқалады. Әр нәрсеге байыппен, салмақты да салиқалы оймен қарайтын қазақ қызының бұл қисынды әрекеті онымен тілдесудің оңайға түспейтінін сездіргендей. Ол менің ойымды оқығандай жымиып күлді. – Байқауымша, көкейіңізде ғылым іздеп барып, оны тәрк етіп, шығандағы жігіттің махаббатының бодауында кеткені қалай деген сауал тұрған тәрізді. – Рас, алғаш бәрі де жақсы болды. Жүгері институтын да жұмыс істедім. Жұмысқа әркімнің өз орны белгілі ав тобуспен тасыды. Тәжірибелік егіс алқабы да белгіленді. Таңертең 6,45-те жұмыс басталып, 15.00-де аяқталатын. Тәжірибе орнында киетін киім, ақ халат дер кезінде үлестіріліп беріледі. Аяқ киім беруді де ұмытпайды. Тамақ тегін. Жалпы ғылым мемлекет қамқорлығында. Жүгері егу, күту, ору, жинау, тіпті сүрлемге салуға дейін әр жердегі жүгері орталықтарында болдым. – Зиялы қауым Қазақстанды біледі. Қара алтынның молдығын әңгімелеп, Отанымыздың болашағы кемел деп ағынан жарылады. Ғылымға берілгенім рас. Ерінбей-жалықпай жұмыс істедім. Зерттеген тақырыбым бойынша ғылыми еңбегімді қорғауға дайындалып та жүрдім. Бір күні директор шақырып, бізге келген қонақ Адриат теңізіне түспей кетуіне болмайды деп, теңіз жағалауындағы «Македония» шипажайына екі аптаға жолдама берді. Жер бетіндегі пейіш осындай-ақ болар. Қарлы шыңдар, көгілдір шалқып жатқан теңіз. Саф ауа. Алатаудағы Есік көлі жағасында жүргендей сезіндім. Осы тамсану мен сұлулыққа
сұқтану әсер етті ме, осында теңіз саудасы экономисі болып жұмыс істейтін Милован Масаничич – болашақ жолдасым мен таныстым. Махаббат – биік ұғым, өте сирек кездесетін адами ұлы сезім. Өзіне лайық немесе өзімнен асып түсетін, өмір атты сапарда сенімді серік таптым деп есептедім. Бұл туралы шешеммен хабарласып едім: «Басың орнында, көзің бар ғой, өзің білесің», – деді. Жұбайлық жол осылай басталды. Мұны шеф естігенде ерекше ризашылықпен қолымды қысып: «Бақыт тілеймін. Ғылыммен қатар біздің мықты жігітімізбен бас қосқаныңызға қуаныштымын. Енді еш алаңсыз ғылыммен бізде айналысуыңызға Құдай мүмкіндік туғызды», – деді. Ғылым жолы келте болды. 1909 жылы орыс авиациясының атасы Н.Е. Жуковский Мәскеудегі Жоғары техникалық училищеде өзінің атақты «Ауада жүзудің техникалық негіздері» атты лекциясын оқыған сәттерде аудиторияға студенттер сыймай кеткен көрінеді. 3–4 лекциядан соң-ақ олардың саны 70-ке жетіпті, тіпті 15-ке дейін төмендепті. Сол аз ғана топтың қатарында С.А. Чаплыгин, В.П. Ветчин кин, Б.Н. Юрьев, А.М. Черемухин, А.Н. Туполев тәрізді орыс авиациясының корифейлері бар екен. Ғылымда табанды да қиыншылыққа мойымайтын қайсар жандар ғана дегендеріне жетеді. Менің «бағыма» тау лы өңірде соғыс өрті тұтанды да кетті. Сыналар шақ Мен Раушанға сұрақ қойған жоқпын. Мағыналы да әуенді қазақ тілінің нәрлі тіркестерін келістіре сөйлеп отырған Алып таудың ортасындағы Черногорияда 11 жыл тұрып келген ұлтжанды, қазағын жанындай жақсы көретін нәзік жанның адамгершілікпен астасқан ой-өрісі сауалдар қоюды қажет етпеген. Ол әңгімесін жалғастыра берді. – Үйлену оңай, үй болу қиын дегендей, шаңырақ көтерудің қиыр-шиыр соқпақтарынан біз де өте бастадық. Әлі есімде. Аяғым ауыр болатын. Біз Милован екеуіміз көшемен келе жатқанбыз. Шіркеудің жанынан өтіп бара жа тыр едік, қарсы алдымыздан шіркеудің метрополиті шық-
ты. Бас изесіп кете беріп, ол кісі сәл кідіріп, «Сіз қайдан келдіңіз?» – деді маған қарап. – Қазақстаннан, – дедім мен. – Оның қай жерінен? – деді ол тағы да. – Алматыдан! Ол бізге қарай жайлап жақындады да: – Госпажа, айып етпеңіз. Менің алғашқы діни тәжірибем Алматыдағы Панфилов паркіндегі соборда өткен еді. Сіздің жүзіңіз қазақтарға ұқсаған соң назар аударғаным ғой, – деді ол. Қазір сіздің бір қолыңыз өмір сыйлайтын жатырыңызда болса, бір қолыңыз өмір нәрін беретін кеудеңізде тұр. Сен дерге Құдайдың шарапатын тілеймін! Мен алыстағы Ала таудан тума-туысым келгендей өзімді бақытты сезіндім. Бұл кезеңдер менің магистратурада оқу уақытыма дәл келді. Тіл үйренуге кірістім. Жалғыз қалғанда ұмытпайын деп өзіммен-өзім қазақша сөйлесем. Сұрақ қоямын, жауап беремін дегендей. Елден алып барған Абай мен Шәкерімнің, Мұқағалидің арман мен елдік намысқа, адами махаббатқа үндейтін кітаптары менің қамқоршы да, қолдаушым да болды. «Сен қазақсың, қайсарлығың мен адамгершілігің тәңір берген сый. Мұңайма, өмір сүйіспеншіліктен тұрады деп жігерлендіремін өзімді». Ф. Достоевскийдің «Ақылды іс-әрекет жасау үшін бір ғана ақыл аздық етеді», – де ген сөзі кейін А. Чеховтың блокнотынан табылған екен. Қаратаулықпен некеге тұруым менің ғана емес, адам ретінде екеудің ақыл-парасатынан, өзара түсіністіктен туындаған жүрек қалауы деп ұқтым. Тіл үйренудегі алғашқы қадам Серб-Хорват сөздігін алу дан басталды. Православие дінін ұстаған таулықтың сөзі орыс тіліне өте жақын. Жұмысқа тұрар алдында Жоғары сот алдында ант бергенмін. Қауымға енді кіріп жатқан маған мемлекет тілін үйренуге уақыт беріп еді. Кітапханадан Серб-Орыс сөздігін тауып алып, бір жарым айда тілді де меңгердім. Маңымдағылар маған өзге өркениеттен келген дей таңдана қарайды. Көп сөз таныс. Оның үстіне Осман империясының билігі кезінде мұсылмандыққа кіргендерде түркі тілінің әсері де жоқ емес. Діндестерім ораза тұтып, құрбан шалады. Бұл да
бір медет. Әйелдер шалбар киіп, ақ жамылғымен жүреді. Кешті – ақшам дейді, қасық – қашыка дегендей таныс сөздер көп-ақ. Олар да біздер сияқты анаға зор құрмет көрсетеді. Дініне берік болғандықтан да олардың бұл қасиеті ерекше көзге ұрып тұрады. Біздегідей аумалы-төкпелі, бірде көл, бірде шөл мінез емес. Балаларды жақсы көреді. Перзент ханадан тұңғышымды әкелгенде, аспанға мылтық атып той тойлады. Қыз дүниеге келгенде бұлай болмайды екен. Әке қайтыс болса, ұлдың үлкені бүкіл әулеттің басшысы болып есептеледі. Оның сөзі қалғандарға жазылмаған заң. Жер, үй тек ұлдарға қалдырылды. Қызға қалың мал береді, оны парчия дейді. Бұл – әкенің қызына деген сый-сияпаты. Жанұяның жалғыз ұлы қайтыс болса, ол үйге қара жа лау ілінеді, бұл бір тұқым бітті дегенге саяды. Бір жылға дейін ол үйде той-томалақ болмайды. Тойға шақырыла қалса тойханаға той болардан екі күн бұрын, не той өткен соң екі күн кейін ғана барып ақ тілегін айтады. Қара киім киіп жүру бір, бір жарым жылға созылады, егер бұдан кейін де шешпейтін болса, бұл салт 3 жылға созылады. Онда да тастамаса өмір бойы жамылып өтеді. Байқайсыз ба, ең бұлжымас заң – халықтың салтдәстүрі, ал заң – замананың қалыбы деген ақиқат емес пе? Ал, бізде заң сыйламау, тіпті ұлттық салт-дәстүрді ұлық тұтпау басым тәрізді. Қазір заңды жазғандардың өзі оған селқос қарайды. Әлемдегі барша халық өз тарихында ұлттық қасиетінің шырынын бүгінге жеткізеді. Бұл бал жинаған араның қасиеті іспетті. Осы ұлттық қасиеттерден ада болу халықтың жоғалуын жеделдетпей ме? Мұндай мысал тарихта көп қой. Қазақ қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан айырылма демей ме. Мен елге келген соң маңымдағыларға Черно горияда «Абай» романын оқыдым десем, олар миығынан күледі. 1997 жылы бізге шешем келді. Үлкен ұлымның есімін Велимир, екіншісін Никола деп атағанбыз. Шешемнің тілі келмей тұңғышымды – Мейірбек, кіші ұлды Сапарбай деп атап кетті. Ұлдарды шіркеуге барып шоқындырар сәтте
әңгіме басында айтқан епископ: – Сіз қарсы емессіз бе? – деп сұрады. – Құдай біреу. Тәңірді тану үшін әркім әртүрлі діни ұстанымды санасына сіңіреді. Шаңырақ иесі осы шартты ұстаса, мен неге қарсы болайын. Адам боп, азамат боп өссе ортақ қуанышымыз емес пе, – дегенмін. Ол аса бір ризашылықпен құп алып ісіне кірісті. Мен ұлдарға қазақ тілін үйрету үшін қазақ ертегілерін, мысалдарды оқып беру ден бастадым. Бертін келе Николаға да сол тәсілді пайда ландым. – Мысықсың ба, сасықсың ба? – деймін. Ол әрине сасықпын дегеннің не екенін түсінеді де, мысықпын дейді қуанышты қалыпта. Осылайша өзге жерде сын сағаттары өтіп жатты. Соғыс басталып, шешем қайтыс болған соң, анам отынын иесіз қалдырмаймын деген ой келді. Өмірге ұрпақ әкелген соң оның амандығын тілемейтін ана жоқ. Отағасына осы ойымды айтқанда ол «Жанұям қайда бол са, мен де сондамын, жер ортақ қой», – деді. Осы жерде әл-Фараби бабамның: «Бақытқа жету мақсатында біріккен адамдар қауымы – қадірлі қауым. Бақытқа жету жолын да бір-біріне жәрдем берген халық – өнегелі халық. Дәл осылайша барша халық бақытқа жету үшін бір-бірлеріне жәрдем берсе, бүкіл жер жүзі өнегелі, өмірлі болады», – деген данышпандық тәмсілі есіме түсті. Перзенттік парыз Ол туған топырағына 2006 жылы ат басын тіреді. Балалары мектепте, оқу үздігі. Орыс тілін, өз ана тілін, қазақ тілін жақсы меңгерген. Өткен жылы ғана Қарлығаш Рахымқызы іргесін қалаған «Қарлығаш» сауықтыру орнын да қызмет етеді. Бірлігі жарасқан бұл ұжым қазір Алмалыбақ ауылының тұрғындарына тіл үйрету, денсаулық, салауатты өмір салтын қалыптастыратын жаттығулар жасау, сұлулық салоны, Оңтүстік Кореялық кереуеттер арқылы емдеу, қытайлық ине салу тәрізді сан-салалы қызмет көрсетудің бел ортасында жүр. Мен алғаш кездескенде Раушанға өзіңді оралман ретінде сезінесің бе деп сұрақ қойғанмын. Ол:
– Мен шетелге тепкі көргеннен кеткем жоқ. Ғылым іздеп, іссапармен кеттім ғой. Қайтып келдім. Өз ошағыма оралдым, – деді ол сыпайы ғана. Манадан бері ұзақ сыр ақтарған Раушанның қай қадамы да құптарлық тәрізді. Қалай дегенде жат жұртқа тұқым тастамай Еуропаның Қаратауынан қазақтың Алатау ына жетіп, ат басын байлауы маған ерлік тәрізді әсер етті. Емін-еркін көсілсін деп сөзін бөлмегенім де сол еді. – Он бір жыл жат жұртта, бірімен-бірі келісе алмаған таулықтардың әр мінезінің куәсі болдыңыз. Сіз болмаған жылдардағы тәуелсіздігін алған атажұртыңыз жайлы нен дей ой түйдіңіз. – Қазақтың тарих көші елтұтқа болған нар тұлғаларымен үдере көшіп, керемет үрдістерді қалыптастырды, ғасырдан-ғасыр асып ата-баба арманына қол жеткізіп, тәуелсіздік алды. Ел сол көшбасыларындай азаматты іздеп, жетімсірейді, дағдарады, осындай алмағайып кезеңде өлілер аруағына бас иеді. Халықтың рухани қорғаны болған оларды елі әрқашан да асқар таудай пана тұтқан. Қиын сәтте медеу, сүйеніш көрген. Бұл құбылыс та рихи рухтың оянуы деп түсінемін. Ғұлама Конфуций: «Ел басы адамзатты сүйсе, елбасы игілікті сүйсе, халықтың әділдікті сүймеуі мүмкін емес. Ал халық әділдікті сүйсе, елбасы қызметінің бақытпен ұштаспауы мүмкін емес», – деген екен. Қоғам дәуір өзгерген сәтте Жаратушы Ие сол кезеңнің көш басшысын тарих сахнасына шығарады. Біз үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тізерлеп қалған елдің тәуелсіздік туын жоғары көтерген халық сенген қайратты ер. Енді бүкіл Қазақстан халқы өзінің азаматтық парызын өтеуі тиіс. Мен парызымды өтеу үшін оралдым. – Менің бір байқағаным, дүние табуға беріліп кетеміз де, адамгершілік, қазаққа тән имандылық, рухани байлық жағын ұмыт қалдыратын тәріздіміз. Қазір нарыққа да бой үйретіп, жайбарақат енді бәрі де осындай бола береді де гендей күн кешуге ауысып бара жатқандаймыз. Оның айқын айғағы – тығырыққа тірелген ауыл, базардағы қаны тамған қымбатшылық, дүкендердегі өзіміздің емес, өзгелердің ақысы аспандаған өнімдері. Енді адам капиталын сақтауға
күш жұмсау керектігіне Елбасы баршаның көзін жеткізіп отыр емес пе? – Менің бір досым: «Бір теңге үгітшінің блокноты тәрізді әрбір моральда арифметика жасырулы» дейтін. Ақылға салып көріңіз. Бізде машинамен жұмыс істейтін адамдар ды құрметтеу басым, ал сол адамдарға қызмет жасаушы лар ұмыт қалып жатады. Мен болған жақта техучилищені бітірген жастарды министр қабылдап, сәт-сапар тілейді. Онда ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды. Ел иесі болып отырған өкіметін сыйла мау ел ішінің бірлігін жояды деген ұғым басым. Олар соңғы кезде осыған тоқтаған тәрізді. Мен қай уақытта да халқымды тегін білмейтін, түсініктен тұлдыр, ертеңгі күнге сенімі жоқ, ұстанымсыз, тексіз, бей жайды болудан Құдай сақтасын деп тілеймін! – Көп рахмет! Ұлы тілек екен. Мен кейіпкеріммен тілдескен аз ғана уақытта оның ұлтжанды, ой-өрісі кең, болмысқа ғылыми тұрғыдан қарай алатын қарымды парасатына ризашылығымды білдірдім. Соңғы сауалымды қойдым. – Екі балаңыз көз алдыңызда. Достарының көбі қазақ балалары дедіңіз. Балалар келешегі туралы ойыңызды айтыңызшы! – Бала отбасының да, Отанымның да болашағы. Қазіргі қол жеткен жетістігімізді сақтай отырып, оларды жалаңаш, сомпиған қалпында емес, табиғи сұлулығымен балаларға, олардың балаларына, ұрпаққа жеткізу – біздің басты па рызымыз. ХІV Далай Лама: «Жарық дүниенің бәрі сыбай лас. Адам өзін-өзі меңгеру арқылы күллі әлемді меңгереді. Ендеше әлемдегі болашақтағы бақытымыз бен қасіретқайғымыз біздің қазіргі іс-әрекеттімізден тумақ», – деген екен. Сондықтан ұлтымның бойындағы ұлы қасиеттерін ұлдарымнан көру менің түпкі мақсатым. – Ақшаға сатып ала алмайтын бір ғана нәрсе ол – денсаулық пен адамгершілік. Мен Раушанға да, нарықтық қатынаста ауызбіршілік танытып, еліне денсаулық пен са лауатты өмір сыйлаған ұжымға осы екі қасиетті тіледім. ... Арада екі-үш жыл өткенде ол биология ғылымдарының кандидаты атағын қорғап алды.
БАСТЫ ЖАУЫП ЖҮРУ – ЕРГЕ ДЕ, ӘЙЕЛГЕ ДЕ ПАЙДАЛЫ Қазақ халқы өзінің мыңдаған жылдық тарихында қыз баланы барынша тұмшалап, хиджаб кигізіп, не паранжа жамылтып көрмеген. Сондықтан да дәл қазіргі заманда хиджаб киюді көпшілік қабылдай бермейді. Ата дәстүрін қастерлейтін замандастарымыз хиджабды «арабтарға еліктеу, жат жердің мәдениетіне бас ию» деп ұғатыны да бекер емес. Ұлттық ерекшелігіміздің ұлтсызданғаны сондай, қазір көшеде, не кеңседе, тіпті жоғары оку орындарының ауди торияларында болсын омырауын қос анарының ортасынан төмен айқара ашып, арқасын жалаңаштап, санын тізесінен жоғары жалтыратып жүретін қыз-қырқынды көргенде тіпті де таңғалмайтын болдық. Жалпы, әйел затының жарты лай жалаңаштануының көзге ерсі көрінетіндігі исламға қайшы екендігі өз алдына, бұл өрескел әдеттің қазақ мәдениетіне, менталитетіне барынша жат екеніне көз жұмып қарайтын болдық. Қазақ ұлты бесіктегі нәрестеден бастап, жерден таяқ жеген жеті жасқа дейінгі ұл-қыздарына олардың бойжетіп, бозбала шаққа жеткенде, келін болып отау құрғаннан соңғы, ана болып әже атанған шаққа дейін киетін киімдерінің түрлері мол болатын. Қыз бала бөріксіз, тақиясыз, шашбау-шолпысыз, сәті келгенде қызыл мата дан тігілген орамалсыз жүрмеуші еді ғой. Келіннің бетін ашқан соң оның басына ақ жаулық салмаушы ма еді? Бұл қыз дәуірің бітті, енді келіншек дәуірің басталды. Жас шаңырақтың жары, әйелі болдың дегенді меңземеуші ме еді? Ақ жаулық тартқан әйел, жинақы, етек-жеңді ұзын көйлек киген. Дәстүрге адалдық салт-дәстүрдің дінге қандай қайшылығы бар? Кимешек, немере сүйіп, әже атанған кейуаналарға жарасушы еді. Әйел затының сырт көзді еліктіріп, жолдан таюға итермелейтін қылықтардан аулақ
болуын ескерткен дініміз оларға тұмшалауды бұйырмаса керек. Құдайшылығына келсек, ашық-шашық жүруден алдымызға жан салмайтындай дәрежеге жеттік. Қазақы адамгершілік, әдеп, иба, қымсыну деген аяққа тапталды. Осын дайда бүркеніп, тұмшаланып алған қыздарды көргенде апыр-ай, аруларымыз иманға бет бұра бастапты-ау деп ішіңіз жылиды. Бірақ жаппай хиджаб кию, оны мектептерге де енгізу тым артық. Бұл тұрғыда шәкірттер мектеп фор масын кигені абзал. Жалпы Ислам дінге қайшы келмеген жағдайда ұлттық киім үлгісінен бас тартуға міндеттемейді. Бұл есте болатын жай. Ал орамал тарту, ерге де, әйелге де басты жауып жүруді дін де, ғылым да мақұлдайды. Өйткені ғарыштың энергиясы жер бетіндегі тіршілік иесіне әсері ба рын ескерсек, шаш ғарыштан келетін жағымсыз энергияны өзіне тез тартып алады. Ол бүкіл ағзаға зиянды. Қыз не әйел намаз оқығанда басы мен барлық денесін жауып тұратын киім кигені абзал. Ал, асханада жүргенде әйел ба ласы, қыздың шаштарын божыратпай, орамал тартқаны жөн. Бұл тазалыққа да қажет-ақ. Біз бүгінгі әңгімемізде қыздардың хиджаб киіп, тұмшаланып жүруінің кейбір жайларын ортаға салдық. Құранда еркектерге арналған арнайы сүре жоқ, ал «Әйелдер» сүресі бар екенін еске алсақ, әңгіме өрісінің тереңде жатқанын аңғарамыз. Бүркеніп, тұмшаланып жүресіз бе, жоқ па ол адамның өз санасына, тәрбиесіне тікелей байланысты. Ғұлама Н.Рерих айтыпты: «Халық жанының қымбат құпияларын ашатын бағалы бұл аңыздарды жасыру кешірілмейтін қорқақтық болар еді» деп. Бетті жауып жүруге орай да қазақта аңыз баршылық. Соның бірі әйгілі Ақсақ Темір заманынан қалған тәмсіл. ... Қаһарлы әмірдің нақсүйер сұлуы Бибіханым патшаның жорыққа аттанған сәтінде аман-есен оралуын Ал ладан тілеп ұзақ уақыт күтеді екен. Күндер, айлар, кейде жылдар жалғасып, патша аруының тағаты таусылатын да күндері болған. Осындай ұзақ сарқыла күткен бір сәтінде патшаның өзіне деген махаббатын, сүйіспеншілігін жеке-да ра иемденуді ойлап, ісіммен көрінейін деген оймен хан кел
генше әлемде жоқ сәнді мешіт салдырмақ болады. Сенімді бектің бірін шақырып, жұрттан озған шебер тауып әкелуді бұйырады. Бибінің өтінішін еш етпей ол тұтқындағы асқан шебер сәулетші арабты тауып береді. Ханым шеберге: «Өнеріңді көрсетіп, көңілім көншитіндей мешіт сала алсаң, басыңа азаттық беремін» деген шарт қояды. Сәулетші жігіт іске кірісіп, шаһарда күн санап көркем мешіт бой көрсетіп келе жатады. Алла үйінің жедел бітуін асыға күткен ханым мешітке жиі келетінді шығарады. Жас жігіт Самарқанның гүліндей майысқан сұлу Бибіханымды көрген сайын құмарлығы оянып ханшаға ғашық бо лып қалады. Кенеттен ойға қалып, бітуге таянған мешіт жұмысын кілт тоқтатады. Құрылыстың бәсеңсігенін білсе ха ным келер деп ойлап оған қояр шартын айтпақшы болады. Мына кідірістің мәнін сұраған ханымға жігіт: «Сүйгенімнің сүйгеніне бола мешіт соққым келмейді» деп шынын айта ды. «Сонда менен не тілейсің?» дегенде ол: «Ерніңнен бір сүйгізсең болды» дейді жігіт. Тұтқын арабтың мына тілегі ханымға қорлықтай, өзін аяқасты еткендей көрінеді. Дүре соққызып, таяққа жығып жазаласа да жігіт айтқанынан қайтпайды. Ханымды уайым басады. Мешіт бітпей қалса өмірдің ләззатынан айырылып қалатындай күй кешеді. Ойы сан-саққа шашырайды. Көнбейін десе бірбет жігіттің мешіт құрылысын аяқтай қояр түрі жоқ. Шебердің көңілін тауып дегеніне көнсем хан біліп қойса не болады деп те мұңаяды. Бибіханым: «Махаббатпен салыстырғанда мына фәнидегі өмір сонша қымбат нәрсе емес қой», дейді өзінеөзі басу айтып. Не де болса шебердің шартына көнуге бел байлайды. Шебер ғашығының ернінен сүйіп, дегеніне жетеді. Сөзінде тұрған ол әмір келерден бір-екі күн бұрын көздің жауын алардай ғажайып мешітті дайын етеді. Риза болған ханым жігіттің басына азаттық беріп, сыйсияпатымен жөнелтіп салады. Мешіттің сұлулығына там санып жүріп кешке қарай айнаға қараса, үлбіреген ернінің жиегінде жігіт ернінің ізі қалғанына көзі түседі. Әмір бол са, әне-міне келуге жақын. Не істемек? Әрі ойланып, бері ойланып, қылмысын жасырудың жолын іздейді. Патшаның болат білегімен құшағына қысқанын аңсаған Бибі тым бол
маса бір түнге бетімді көрсетпеуім керек деп ұйғарады да, бүкіл шаһарға: «Әйел біткен бетіне перде жауып жүрсін. Жүзін көрсетіп, еркекті қызықтырып, азғырмасын. Өйткені еркектің ойы әрдайым қасиетті мемлекеттік істе болуы керек» деген жарлық шығарады. Ханым дегеніне жетіп, сүйгенін құшып, құмарынан шығады. Қылмысын біліп қойып, мешіт мұнарасынан құлатуға әмір еткенде де ха ным Темірге аса бір мейіріммен көз тастап, жымиған күйі бақиға кете барады. Осыдан 600 жыл бұрын болды деген осы оқиға әмір Темірдің ат тұяғы таптаған өлкелердің тұрғындарының са насына сіңіп қалуы мүмкін ғой. Елді Ислам діні талаптары на, шариғат негіздеріне сай билеген өмір әйелдердің бетін жауып, пәрәнжі киіп жүруін өмірге енгізуі мүмкін емес пе? Бірақ табиғатында еркіндікті сүйген қазақ ұлты қыз баланың бетін тұмшалап, бүркенуіне жол берген жоқ. Оған болашақ ана деп қарады. «Пейіш ананың аяғының астында» деген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің пайымын өмір өлшеміне ай налдырды. Олай болса «Заман басқа, заң басқа» деген дей сусыма тіршіліктегі аз ғана үдеріске еріп, ғасыр тезінен өткен қазаққа ғана тән терең де мағыналы дәстүрлерді аяқ асты етуге жол бермеген жөн. Діни жолға құлай енген жеке тұлғаның өз еркі, өзіндік танымы сол болса жолы болсын! Алланың ақ жолынан ауытқымаса болды да. Мұсылман пендеге одан артық не керек?!
ДҮРМЕККЕ ЕРМЕГЕН ДҮРИЯ Әлемдегі қандай бір діни ұғым болмасын әйелдің жасанды түсік жасауын адам өлтірумен пара-пар деп түсіндіреді. Өткен ғасырдың басында Ресейде дәрігерлік институтты бітіріп, диплом аларда олар Гиппократ антын берген. Онда: «Мен еш уақытта әйелдің жасанды түсік тастауын қолдамаймын» делінген. Алайда соңғы жиырма жылдықта әлемдік медицина адам эмбрионы қағанақта пайда болған кезден-ақ ол ана ағзасының бір бөлігі бола алмайды, ол бөлек жаратылған тіршілік иесі деп дәлелдегеннен кейін жасанды түсік тастау кең етек жайды. Қазақ этносы ықылым заманнан жатырға біткен баланы жасанды жолмен алып тастауды еш уақытта мақұлдамаған. Құдай өмір сыйлаған адам бейнесіне ене бастаған тіршілік иесін өмір сүру құқығынан айыру, өлтіруге үкім шығару ол тек Тәңірдің қолында деп, оған жол бермеуге тырысқан. Алайда жастық жалын мен махаббат шалығына шалдыққан бойжеткен сезім құрығына ілініп, аяғын шалыс басқанда ғана қателігін түсініп ішке біткен шақаны алғашқы айларда-ақ алып тастаса ұяттан арылатындай осы ауыр қылмысқа барары сөзсіз. Бұл бір кезде үйінің оң жағында отырған, сол шаңырақтың көз қуанышы болған қызбаланың өзім білемдікке салынған менмендігінен туындаған бүкіл өмірінің салауаттығының жолын кескені кешірілмес күнәмен бірдей іс. Америкалық дәрігер доктор Бернард Натонсон нәрестенің, қағанақта, жатырда, құрсақта біліне бастаған үш айлық сәтінен оның дүниеге келгенге дейінгі дамуын көрсететін фильм түсірген көрінеді. Үш айлық эмбрион оташының құралынан ығып, оңға не солға қашатынын, тіпті айқайлағысы келіп, әбігерге түсетінін бейнелеген. Ғалымдардың айтуынша 18 күндік ұрықтың жүрек соғысы, өзіндік қан айналым жолы қалыптасатынын айтады. Жеті
аптада, не 50 күнде оның ми импульсы қозғалысқа түсіп, ішкі және сыртқы ағзалары қалыптаса бастайды. Он аптада (70 күн) іштегі нәресте өзіне тән мінез-құлығы қалыптасқан жан иесіне айналатын көрінеді. 13 аптада (үш ай, не 92 күн) ұрық басын бұра бастайды, қозғалады. Бет-аузын тыржи тып, жұдырық түйеді, саусағын сорады екен. Ғылыми жетістіктің нәтижесінде оның бүкіл дамуын көз алдыңызға әкелген кинофильмнен соң, Сіз діни кітаптарда айтылған жасанды түсік тастау қанішерлік, қатыгездікпен, адам өлтіргенмен бірдей ауыр қылмыс екенін ұғасыз. Қанша бойжеткен тұрмысқа шығып, бір нәресте көтермей арманда жүр. Ал, енді бір көбелек арулар құмарлығының құрбаны болып, жатырындағы жан иесін өлімге беріп, пәрше-пәршесін шығарып жауыз атануда. Олардың өмір жолының оңа қоюы екіталай. Жасанды түсік тастауға машықтанған қанды қол «оташыдан» жанын да, бауыр еті баласын да сақтап қалған мына оқиға есіме түсіп отыр. ... Дүрия біздің үйден екі-үш үй әрірек тұратын, Мұқан ағаның қызы болатын. Қарапайым қазақ отбасында тәрбиеленген көргені бар бойжеткен болып өсті. Мұқан ағамыз бен жеңгеміз Қалима жалғыз қыздың мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсіп, маман болуына бар жағдайды жасады. Дүрия да әке мен ана аманатын орындап, отанына оралып, қызмет атқарды. Еңбегінің жемісін жегізді. ... Ол тұрмысқа шыққанда теңіне қосылды. Азаматы да адал жігіт деп көпшілік Дүрияның сапарына ақ, басына бақ тіледі. 23–25 жастың аралығында тұрмыс құрған Дүрияның енесі, атасы, ері мен қосағы, жол оқиғасынан қаза болған жолдасының ағасының бес бірдей балалары бірге тұратын отбасына келген еді. Сонау елуінші жылдары салынған қоржын тамда екі ұлдың анасы атанды. Осылайша жүргенде Тәңірінің бергені шығар, аяғының ауырлығын сезді. Алайда, ата мен ене шиеттей балаға тағы бір ауыздың қосыларын қаламады. «Алдырып таста» деген қыңқыл мен күңкіл көбейе берді. Жолдасы кет әрі болмаса да, қос қарияға қарсы келе алмады.
Отбасы, ошақ қасындағы жүйке жұқартатын әңгімелер Дүрияға оңай тиген жоқ. Өз әкесі мен анасы «Құдай бер ген екен, Алла несібесін де қоса береді» деп қыздарын жігерлендірді. Ол бәрін де көтерді. Дүниеге Назерке келді. Жас нәрестенің гуілі, әсем күлкісі, ерке мінездері шаңырақ шаттығын шалқытты. Ата-енесі нәрестесі үшке толмай бірінен соң бірі бақиға жол тартты. Сүйіп қосылған қосағы жол апаты нан көз жұмды. Алғашқы ұлдары ержетіп, қызды ауылды қырындаған күйі, үйлі-баранды болып, іргесін аулақ салды. Дүрия Назеркесімен қара шаңырақта қала берді. ... Жылдар өтті. Назерке мектепте оқушы еді. Кенеттен Дүрия ұмытшақ ауруына шалдықты. Екі аяғы сал болып, түк істеуге шамасы келмей қалды. Назерке анасының астыүстіне түсіп күтті. Отбасының жылуы да, анасының жана шыр серігі де, үй тазалығының тап-тұйнақтай болуы мен тіпті анасына укол салу да Назеркенің аялы алақанының куәсіне айналды. Осындайда Дүрия: «Апыр-ай сол жолы кімді өлтірмек болғанбыз. Тәңірі дұрыс жолға салып, маған Назеркені бергеніне шүкір» дейтін Жаратушыға шын разы болып. Ерлі-зайыптылардың нәрестелі бола алмауы, оларды ажырасуға душар етері сөзсіз. Ал, жатырда тіршілік иесі болғысы келетін ұрықты ұясында қанды қол қасапшының қолына беру кешірілмес күнә! Осыған жол берген әйелдің онан кейінгі нәрестелерінің өмірге келуі қиындап кетуі де ғажап емес. Өле-өлгенше қиыншылық көріп, сақа басы ғана қалатыны даусыз. ДАЛАНЫҢ ДАРХАНДЫҒЫН МҰРАТ ТҰТҚАН Егеменді еліміздің бүгінгі дәуірінде Абылай заманындағы данагөй бабамыз Бұқар жыраудай Алаш аузында жүрген ақылман ағамыз Әбіш Кекілбаевтың былай дегені бар еді:
«Жүйріктігіңді сынағың келсе, жүйрік өсірген елге бар, – Құлын кезіңді көрген жоқпын деп басыңнан сипа май қалмас, жігіттігіңді сынағың келсе, азамат өсірген елге бар, – Атаңмен табақтас болмадым деп сағыңды сындыр мас». Нағыз қазақы ойды қаузаған аталы сөз емес пе? Алатаудан аударыла жол тартып қазақ даласының түстігіндегі Тараз бен Шымқаланы құшағына алып, Яссы ны аялай өтіп, батыстағы Сыр сілеміне сұғына кірген қарт Қаратау Шиелі тұсындағы Жалғыз ағаш немесе Қарамұрын аталған алқапқа келгенде кілт кідіріп, міз бақпай жатып алады. Қаратау қазақтың тауының атасы дегендей бүкіл Шиелі өңірін бауырына басып, теріскейдің суық желінен, қарлы боранынан қорғаған, қарт жота талай ұрпақты құлын кезінен мейірімімен мәпелеген көнекөз қамқоршы тәрізді. Тарихы тереңде жатқан Сығанақтан батыстағы Бірқазанға дейінгі, түстігі Қызылқұм мен теріскейіндегі Сарысуға дейінгі ұланғайыр алқапта не бір от ауызды, орақ тілді ше шендер, арқалы ақындар, батырлар мен балуандар өтті. Жезтаңдай әншілерден де кенде емес бұл өңір. Досбол, Бала би, Иманжүсіп, Нартай, Әбілда, Қалмахан, Тілеген, Сейітқасым, Дүйсенбі ақындық дәстүрдің жарық шоғыры іспетті. Ал, олардың ізбасарларының болуы заңды да емес пе? Демек, «өлеңде әркімнің-ақ бар таласы» деген дей ойын өрнекті тіл, ойлы шумақпен беруге ұмтылған талапкерлердің болуы өмір шындығы. Солардың бірі Сізге тұңғыш туындысын ұсынып отырған Дайрабай Нұрманұлы. Кезінде моңғолдар Қарамурен (Қарасу) атаған тұмсықтың түстігіндегі Бестам қаласының шығысындағы Шәулімше тау сілемінен екі-үш шақырым жердегі «Еңбекші» жетіжылдық мектебінде қатар оқыдық. «Еңбекші» ауылында руға, атаға бөлу деген мүлде болмаған еді. Азаматтардың сағы сынатындай оқиға, алып-қашпа әңгімелер де жоқтың қасы болатын. Дайрабай менен бір-екі класс кейін оқыған. Ісіне мығым, оқуда да көштен ілгері, ширақ қимылымен де көзге түсіп жүретін. Әсіресе мектеп қабырға газеттерін шығарудағы шымыр шумақтары әркімді-ақ таңғалдырғандай еді.
1970 жылы аудандық «Өскен өңір» газетіне редакторлыққа келгеннен соң Дайрабай да өзінің соңғы кездері жазған өлеңдерін ұсынды. Кім жазса да өлең атаулыға қатаң талап қоятын ақын Қанапия Дәрібаев, ұнамаса бетіне айтып «республикалық басылымдарға жариялауға болар, ал бізге бұл күйінде де жарамайды» деп қайтарып беретін. Бірді екілі, өлеңінен соң Қанекең Дайрабайды ішке тартты. Ойлы шумақтары мен тосын ұйқастары, өзіндік ізденісі бар талапкерге Қанекең сенім артқаны ақиқат, алғаш сәт сапар тілеп, өлеңдер топтамасын да ұйымдастырды. Туған жер, атамекен, ана, табиғат, адамгершілік тұрғысындағы өлеңдері оқырмандар көңілінен шыққаны даусыз. Дайрабайдың қолындағы кітапқа арқау болған өлеңдерінен төрт аяғын тең басуға талпынған, шумақтарынан көңіл шуағын дөп басқан тіркестер туындағанын байқайсыз. Дайрабай өзіндік жолы өлеңге деген көзқарасы бар, сөз саптауы қазақы болмысқа етене жақын бағытты нысана еткен. Оның «Шаттық» атты өлеңіндегі мына шумаққа зер салыңызшы: Далада әуен, көктеме ырыс алды, Далама тең көрмедім Гүлстанды. Жарылардай шаттықтан сол даладан Жүрек сүзгі тамаша сыр ұстады. Кез келген жан көзі көріп, санасы таразылаған оқиғаны жүректен өткізері даусыз. Ал, ақынның «жүрек сүзгі» деген теңеуі оның тосын жетістігі деуге болады. Қай заманда да адам Жаратушы Иенің туындысы ретінде, Адам болып қалуға тиіс. Бірақ бір ғұлама «жүз жасаған жасымда өзін-өзі ақымақпын деген адамды көрген жоқпын. Соған қарағанда әлемде ақылды көп болуы керек» дегендей ерлік пен ездік, жалған мен шындық, адамгершілік пен күншілдік, табалау мен көре алмаушылық қатар жүретіні шындық. Ол адамның ішкі санасының қабілетіне тікелей байланысты. Бұйдалап қойған ботадай, Жел сөзге еріп барасың.
Өлшеуге зердең жетті ме, Жалған мен шындық арасын, – дейді ақын күнбағыстай құбылған адамдардың кеудемсоқ әрекетіне, арзан пайымына налып. Мына шумағында: Досым, жаның таза еді, бүлінбесін Жігіт – жігіт бола ма бүгілгесін? Шын жүйріктер бабына келуші еді, Ащы тері шығып бір үгілгесін, – дейді досын қажыр-қайрат, қайсарлыққа шақырып. Ащы тер дәмі тәттірек дейді ол. Бәйгеге қосқан аттың терін үгу тәрізді теңеу дәл орнында тұрғандай. Ақын «Табиғат – Ана» атты өлеңінде: Талай ғасыр құшағын жайып жатты Аналығын әркез-ақ мойындатты. Ән, дән, өмір сыйлаған адамзатқа, Ана демей не дейін табиғатты, – дейді. Табиғат анамен етене тел өскен қазақ үшін бұл теңеу әр адамның жүрегінен орын алары сөзсіз. Жер бетіндегі тіршіліктің жасампаздығы осы табиғат ананың мейірім шапағатына көп байланысты. Экологиялық тепе-теңдіктің сақталмауы біздің табиғат ананың тынысын тарылтуымызға ұрындыратыны сөзсіз. Өмір – күрес. Бірақ Жаратушы Ие байлығын өмір сүру мәртебесіне өзгенің қол салуы адами болмысқа сай еместігін біле тұра баз біреулердің замандасының сағын сын дырып, сүріндіріп жатуын Дайрабай мына шумақтарында былайша пайымдайды: Өмірдің біз дейміз-ау таласы көп, Таласамыз келгендей аласы боп. Мансап үшін біреуді орға жығып, Жүрегінде орнаймыз жарасы боп. Жүрекке орнаған жаралар жазылар, бірақ тыртығы қалады деген ащы шындық қылаң беретін тәрізді. Қазақы төзімділік пен мейірім қай кезде де ұлттық ұлылығымыз болғаны мәлім. Зорлық-зомбылықты да,
аштықтың азабын тартқан дәуірді де, сұрапыл соғыстың зардабын көрсе де халықтық қалпынан таймаған қазақ ұлты қай заманда болмасын өзгеге қамқоршы болып келгені тарихтан белгілі. «Өмір елестері» өлеңінде ақын: Ел тапшылық, жүректе қызулы оттар Киім жамау, көздерде сұлулық бар. Қуаныш бір, қайғы бір, бәрі ортақ, Жанға жайлы, мейірім, жылылық бар, – дейді. Ия, қазақы жылылық тектіліктің өшпес шоғы. Өлең ұйқасқа бағына отырып, белгілі бір ойды беру шеберлігіне де тәуелді. Осы орайда ақын мына екпінді ұйқасымен өзінше жаңа жол ашуға ұмтылған тәрізді. Сезімге мөлдіреген жүрек тұнып. Аспанын інжу жырдың тіреп тұрып. Айта алсам айтарымды іреп тұрып, Табылса менен сондай жүректілік. Ойын түрлендіріп айта білген адамда ақынжандылық қасиет мол. Олай болса сезімге жүрек тұнып тұрғанда, ай тарын тіреп тұрып айта алатын адамда жүректілік те табы лары анық. Ой – сезім – сөз тоғысы, өнердің өз сонысы, поэзия дегенің Алаштың кең қонысы дегендей Дайрабай ақынның аяқ алысы сол қоныста кереге керері даусыз деген ой түюге тұрарлық. Даланың дархандығын мұрат тұтқан ақын Дайрабайдың сол жұртқа шаңырақ көтерер кезі келгеніне сенімдімін. ЕКI ЖАҚТЫ СЕНIМ ЕЛДIККЕ БАСТАЙДЫ Өзін жоғалтпаған шығыс Таң елең-алаңда Қытаймен шекарадағы Қорғас ке ден кешенін бетке алып, алашапқын жылдамдықпен келе жатқан жеңіл машинаға бұл екі ара түк те емес екен.
Тоғызға жиырма минут қалғанда діттеген жерімізде аттан түстік. Ары қарай шағын көлікпен шекараға дейін амалдай ды екенбіз. Шағын «газельде» біраз адамбыз. Ортамыз да «Генерал апа» атанып кеткен кейуана кімнің қай туған екенін сұрап алады да, оның тегін, үрім-бұтағын жілікше шағып отыр. Қайран құйма-құлақ қазағым-ай дейсің іштей ризалықпен. Ол кісі негізі Қытайдан Талғарға келгеніне біраз жыл болған көрінеді. Екі сөзінің бірінде Елбасын ерекше ілтипатпен ауызға алады. Ұлы даланың қариялары қашанда елдің қамын ойлап, өшпес тарихын ұрпақ сана сында жаңғырту арқылы ғасырдан ғасырға шеру тартып келеді. ... Екі жақты кедендік рәсімдерден өттік. Әп-сәтте ба баларымыз Шын атаған көк аспан еліне, Қытай жеріне аяқ тіредік. Әлем алпауыты, екі миллиардқа жуық халқы бар, нарықтың майын ішкен хансулықтардың еліне бұл менің алғаш рет аяқ басуым. Қазақстанның шығысындағы мына көз алдымда көрінген көрініс, жері де, лебі де жаңа ғана біз шыққан өңірден еш айырмасы жоқ. Тек иероглиф пен арабша ғаріппен жазылған бізге беймәлім жарнамалар ғана «Өзге елдесің» дегендей мен мұндалайды. Түсініксіз тілдер, арагідік естілген қазақы үн Қытай батысындағы түркі қазақтар мекені Іле қазақ аймағына келгенімізді сездіргендей, шекара маңы ығы-жығы халық. Бірі біз тәрізді келіп жатса, енді бірі тай-тай жүкті сүйрегіштеп ке денге ентелейді. Ақшаңызды юанға айырбастайтындар аяқ аттаған сайын жолыңды кес-кестейді. Қанша адам – сон ша үміт, сонша мінез, соншалық жады. Біз адам мұхитына сүңгіп кеттік. ... Автобуста төрт-бес-ақ адам келеміз. Қорғастан Құлжаға домбыраның қос ішегіндей тартылған екі бағыттағы асфальт даңғыл қос қабатты бәкене қызыл кірпіштен тұрғызылған тамдары бар ауыл ортасынан теріскейге бет түзеді. Міне, жазыққа да шықтық. Ені мен ұзындығы әжептәуір танапқа бөлінген егістік алқаптар қос қанатта қалып барады. Әлдекімнің ұқыпты қолы әрбір төртбұрыш атызға көкөніс, бақша, бидай, жүгері тәрізді дақылдарды соншалықты тәртіппен орналастырған. XX ғасырдың 50
жылдарында Сыр бойында кірпіш күйдіретін бір не екі ошақты пештер әрбір ауылда тіршіліктің түтінін түтетіп, әрбір үйдің тұғырын кірпіштен тұрғызып жататын еді. Жол жиегіндегі елді мекендер орталығындағы 3–4 ошақты кірпіш күйдіретін пештерді, оның алдындағы жөнелтуге дайында лып қойылған кірпіштерді көргенде біздің әкелеріміз сол кезде керемет іс бастаған екен-ау деп ойладым. Игі баста ма ошағында өшкен екен де, енді қыруар қаржыға кірпішті көрші Өзбекстаннан ат арытып тасымалдауға мәжбүрміз. Осы бүкіл халықтық қозғалыстың нәтижесін мен Тоғызтарауға барар жолда да, оның өзінде де, Үрімжі бағытындағы елді мекендерде де, тіпті Үрімжінің жықпыл көшелерінде де байқамадым. Тапал тамдар жарысып қалар емес, арагідік көп қабатты үйлер мына ергежейлі қоржын тамдар арасында ертегідегі алыптар тәрізді көкке тәкаппарлана бой созады. Әлімжан: – Бұл үйлерде жергілікті халықтар тұрады. Қысы қатал, құрғақ келетін бұл аймақта үйлер осылай ша салынады, – деген. Қайран қарапайым азға қанағат етіп үйренген, төзімді де көмбіс Қазақ халқым-ай дейсің сезіміңмен күресіп, қайда да Тәңірден тілеген қалпыңнан танбайсың-ау. Қорғас пен Құлжа арасы – 70–80 шақырым. Жер бедері Сыр бойы мен Балқаш өңірінің құмды, жоталы, сұп-сұр, ша бырлы болып келетін табиғатынан аумайды. Тарлан тарихтың талай аумалы-төкпелі құбылыстарын басынан өткізген, аспан елінің батысы болғанымен түркі қазақтардың қасиетті шығысы – даңқты Үйсін патшалығының жаннатты мекені Шынжаң жері табиғи сұлулығын сақтап отыр. Үндінің «Талмуд» кітабында «Уақыт өтіп бара жа тыр дейміз, жоқ, уақыт тоқтап тұр, біз өтіп бара жатырмыз» деп жазылған екен. Табиғаттан тек тамыры нәр алған, табиғи ортамен сабақтас, шежірелі өлке аздаған өзгерісі болмаса, сол қалпы, тек тарихи көште ұрпақтар ауысып, ғасырлар алмасып, асулар асып келеді.
Іле – інжу өзен Жан-жағымызға жалтақтап көз тастап отырған біздерді Әлімжанның: – Құлжаға да келдік, – деген сөзі жедел ес жиғызды. Міне, Кытайдағы Текес, Күнес, Қас өзендері құйған ар налардан бас алып, Іле атанған інжу өзен. Алып таулардың арынды бұлақтары Ілені шүпілдете толтырып, Жетісудың көгілдір алқасы Балқашқа құяды. Сонау теріскей жақта өзен үстінен салынған тырна аяқты көпір үстінен «отарба» өтіп барады. Бағыты – Қазақстан. Көшелерде біздегідей көлік нөпірі байқалмайды. Қозғалыс сирек. Қала ішілік даңғылдардың жиегінде тізгіндеулі «шайтан арба» (велосипед). Бағдар шамдар да көзге іліне бермейді. Қалаға енген сайын сегіз жылдан бері туған топырағына келмеген Әлімжан Кұлжаның көп өзгергенін қайталап айтып келеді. Әр жерден биікке қол созған ғимараттар қала көркін әрлендіре түскендей. Жираф мой ын экскаваторлар қаланың шартарабынан-ақ байқалады. Осы көріністердің өзі-ақ қала бейнесінің сәт сайын өзгеріп жатқанын дәлелдегендей.... Әлімжан тізгін тартар жерімізге телефон соға баста ды. Төлем ақысын юанмен емес, тиынмен төледі. Мен таңғалдым. Сөйтсем таңғалатын жайым алда екен. Оны кейін ұқтым. ... Сталин көшесінде тұратын Әлімжанның ағасы Шәкеннің отбасына да келдік. Келер қонақты алдын-ала біліп отырған бір қауым азаматтармен күнде көрісіп жүргендей, арқа-жарқа болысып жатырмыз. Шәкеннің жұбайы Гүлбану дастарқан қайысқан ас-ауқаттан алып отырыңыздар деп бәйек болады. Шәкен облыстық әкімдікте, Үкіметте жұмыс істейді екен. Екі ұлы – үлкені Әділ мен кенжесі Барлық мектепті хансуша оқыған. Біз қуаныш үстіне келіппіз, үлкен ұлы Әділ мектеп бітірушілердің облыстық тестік байқауында үздік шығып, Бейжиндегі жоғары оқу орнына түсу құқына ие болыпты. Кішісі ҚХР-дың әскері қатарына борышын өтеуге шақырылған көрінеді.
... Іле өзені бойында қазақы өрнектермен безендірілген «Қыран» кафесінде отырмыз. Іле қазақ педагогикалық институтының жігіттері қазақы дәстүр бойынша атажұрттан ат басын тіреген қонақтарға дастарқан жайыпты. Әділ есімді жігіт ағасы отырған қауымды біздерге таныстырып жатты. Құрдастар мен замандастардың әдемі, зілсіз қалжыңдары қазақы дастарқанның көркін кіргізіп-ақ тұр. – Мына кісі – Бақытгүл, осы «Қыранның» қожасы. Жолдасымен мектепті бірге тамамдаған едік. Бәрімізге де ортақ келіншек, – дейді Әділ қуақыланып. Жігіттер – пединституттың профессорлары мен оқытушылары, мұражай мен мұрағаттардың белді қызметкерлері болып шықты. Қытай деректеріне қанық қандастар Шынжаңның ежелгі тарихынан, Үйсін патшалығы дәуірінен, кешегі Оспан батыр мен оның қаруластары, Шынжаңды гоминдаңшылардан азат етуге белсене қатысқан қазақ мергендерінің ерлігі жайлы көсіле сыр шертеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы қазіргі парасатты қарым-қатынастың, екі жақты сенімнің елдікке бастайтынының куәсі болып отырғандарына ризашылығын білдірді. Әсіресе, көші-қон жай лы жергілікті халықтың тарихи Отаны Қазақстанға қоныс аударуының кейбір түйткілдеріне көңілдері толмайтынын жасырған жоқ. Әңгіме барысында олар өңірдегі таза қазақ тіліндегі үш телеарнадан, радиоэфирден қазақ тілді хабарлардың тұрақты берілетіндігі, бірнеше қазақ газеттері мен арнау лы жорналдардың жарық көретіндігі Қытайдағы аз ұлттарға қатысты саясаттың нақты көрінісі екенін алға тартты. Мен оны бізге айтылған құлаққағыс ретінде қабылдадым. Тыста келеміз. Көшеде хансулар мен ұйғырлар баршылық. Қазақтар да сәт сайын ұшырасады. Кейбірі хансуларға ұқсап кеткен тәрізді. Қала ортасында ежелгі Құлжа мешіті мен минареттері көк тіреген үлкен жаңа мешіт орталықтың сәнін келтіріп-ақ тұр. Шәкен маған ескі Алла үйі мен жаңа мешіт туралы айта бастап еді, жанымыздағы зиялының бірі: – Ей, сен! Бұл – құпия ғой. Айтуға болмайды, – деп келеді. Мәдени-тарихи мұраның осыншалықты «құпиялығы»
мені таңғалдырды. Сонау қорқынышты кезеңнің әсері ғой дедім іштей. Жол-жөнекей бір қазақ жігіті ұшырасып, «Қазақстаннан келдіңіздер ме?» деп жік-жаппар болды. Жүзінде риясыз қуаныш. Жанды жатырқамайтын қазақ ұлтының болмы сы емес пе бұл? Кездескен қандастарымыздың жасы да, жасамысы да хансуша сайрап тұр. Мұның өзі тіл жағынан «көптің аты көп» дегенді аңғартқандай. Тек мұнда мемле кет атауы берілген елдің тілі үстем. Кіндігін ашып көлбеңдеген бойжеткендер кездеспейді. Көше қиылыстарынан, Үкімет үйінің алдындағыдан басқа бағдар шамдар байқалмайды. Шайтан арбашылар да, мо тоцикл айдаушылар мен жеңіл көліктерде қауіпті жағдай тудырмай-ақ, өз бағытымен өтіп жатыр. Біз көше бойын да Шәкеннің жақын бөлесі Моңғол күреден келген Ермек Әбдірешұлы атты қандасымызды әңгімеге тарттық. Ермектің айтуынша, он үш мыңнан астам тұрғыны бар Ақсу ауылында. Ол жер Құлжадан мың метр биікте тұрады екен. Таулы жер, жазы ыстық, қысы барынша салқын. Ерекеңнің жүзіне қарап ыстық пен суыққа тотыққан моңғолдың аратын елестетеріңіз сөзсіз. Сөзге тарттық. Ол сыр тарқата бастады. – Біз Хан тәңірінің ақ қарлы шыңына қарап өстік. Нарынқолмен шектесіп жатамыз. Сарыбастаудан шыққан бұлт алдымен бізге аялдайды. Атақты «Ақаяз», «Шаты», «Ерменді» жайлаулары мекен-жайымыз. Бізден 2006 жылы Қазақстанға бір ай ішінде 30 отбасы кетті. Жақындарым Ше лекке жайғасыпты деп естідім. Атам қазақтың ортасында болғанға не жетсін. Қаржы жинап, біз де қозғалсақ дейміз. 10 гектар жерді жалға алғанмын. Дақыл ексек, оны улау ке рек, қоректендіру қажет. Бәрі де – ақша. Амалсыздан жерді майға айырбастап отырмыз. 1 гектар – 22 мың юань. Май дегенім – бір жылға жалға беру ғой. Егемен елімізде жер жетеді ғой. Мені қинайтыны – шекарадан айлап өте алмай күйзелген, жиған-тергені сарқылған ағайынды естігенде қаржы жинау қажет деген ойда болдым. Төлкұжат ала алмай зарыққан оралмандар әңгімесін естігенде, Қытайдан баратын көші-қонды мемле
кет аралық келісіммен шешуге болмас пе еді деген ойға қалдым. Қазір біздің жерімізге орталықтан хансулар «диви зиялап» келіп жатыр. Көшкен халық көбейген сайын қалған қазаққа арналған қазақ тілді мектептер жабылып, бастауыш кластың аралас мектептері ашылуда. Одан кейін хан суша оқисың. Қайтесің көнесің. Енді 5–10 жылда бәрімізді қалың хансу жұрты жұтып жіберетіне көзіміз жетеді. Бірақ біздің қолда не бар? Бара қалғанда баспана, жер, кәсіп керек қой. Ал оны Қазақстанда шешу – сөз жүзінде көл, іс жүзінде шөл. Соған қарағанда Қытайдағы қазақтардың Қазақстанға көшуі бұл қалыппен әлі жүз жылға созылар. Ол шынын айтып тұр. Мен де көзім көріп, құлақ естігенді сол қалпы жазып алдым. «Құлақтан гөрі көздікі ақиқат», – дейді ғой ақылман қазақ. Сталин көшесіне келдім. Жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар біздегіден үш есе енді, көгенделген шайтан арбалар желіге байланғандай тізіліп тұр. Үлкен арна ал дында үш-төрт кісі тұр. Шәкең таныстырып келеді. Шетте тұрған – кезінде Іле Қазақ облысының оқу-ағарту бөлімін басқарған Кәкім Бөкен деген ағамыз екен ол. Қол алысып амандастық. Кәкеңнің де пікірін білгім келіп, дәстүрлі сауа лымды қойдым. – Орынды сұрақ! Әлемнің қай мемлекетін алсаң да, тек жергілікті тұрғындар ғана мекендемейді. Аз да болсақ Қытайда сондай ұлттар қатарында өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанды Атажұрт дейсіңдер. Ал біз қай жұртта отыр мыз? Менің жеті атам, оның аталарының сүйегі осында жатыр. Сонда мен кімнің жерін мекендеп келеді екенмін? Ендеше мен өз атажұртымдамын. Зейнетке шықтым. Бала лар – Қазақстанда. Үйленген, жұмысы да бар. Мұнда қалса ұрпағымның сабақтастығы келмеске кетерін де түсінемін. Мен бұл елге шама-шарқымша еңбек еттім. Екі миллиардқа жуық халқы бар елде зейнеткерлер миллиондап есептеледі. Ал, мұнда зейнет ақыға ренжіген жан көргенім жоқ. Қазір де осы Құлжадағы мәдени орталықта игілікті іспен айналысып жатырмын. Ал, тәуелсіз Қазақстанға барған соң маған жүз долларға жетер-жетпес тиын-тебен беріп, күніңді көр демекшісің ғой. Мен аруақ аттамаймын.
Осында қалам. Алмания қазір өз қандастарына тұрған жерінде қамқорлық жасап жатыр ғой. Осылай істеуге қазіргі Қазақстанның шамасы келер. Менің айтарым – осы. Сау болыңыз, жолдарыңыз болсын! Ол жалт бұрылды да, жүре берді. Екі қазақ – екі түрлі пікір. ЖУСАНДЫ ДАЛАДАҒЫ ТОҒЫЗТАРАУ Шәкен, Әбдірашит, Әлімжан және мен Құлжадан Тоғызтарауға – аудан орталығына, автобуспен жол тартып келеміз. Дивизиялықтар қоныстанған алқаптарда соңғы жылдары егіншілік, дақыл түрлері молынан бой түзейтін болыпты. Ағаш егуге самарқау қазақтың жері хансулар қолынан сыңсыған ұзын түп-түзу теректермен көмкерілген. Екі көлік қатар жүретін асфальт төселген жол – Тоғызтарау даңғылы цемент араласқан, мүжілмеген, кең де теп-тегіс. Жол бойында даңғылды жоғарыдан кесіп өткен бірде-бір желіні кездестірмейсіз. Арагідік түйетабан пли талар даңғылға ерекше сұс бергендей. Мына тұрғысында бұдан кез келген ұшақ қонып, кедергісіз ұша алады. Демек, бұл стратегиялық маңызды қара жол болды. Атажұртта Әлімжанның түсіне атасы мен әжесі жиі еніп, 8 жылдан соң оларға құран бағыштап, ас беруге кел ген беті еді бұл. Аруақ алдындағы осы парыз да өтелді. Мақала басында айтқандай, бұл ауылдың да тұрғын үйлері мен қоралары, сарайлары, малы тұратын ықтырма, жылы жайлары – бәрі де күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Біздегідей жарты жолда қалмай, күні бүгінге дейін кірпіш күйдіретін пештер іркіліссіз жұмыс істеп келген. Жолжөнекей ірі қамыстан жасалған құрылысқа қажетті сан түрлі тоқымалар, басқа да күнделікті қажетті заттар сата тын ондаған базарларды кездестірдік. Алыстан оңтүстікте көлбей жатқан жасыл желекті көкшіл тау жотасы Үйсін тауы екен. Онда көмірдің мол кені
бар көрінеді. Бүкіл тау жотасы көмірден тұрады дейді тұрғындар. Бұл маңайда да «дивизиялықтар» ізі жатыр. Тоғызтарау – аудан орталығы. Шындығында тоғыз жолдың торабына ірге тепкен, қазіргі талаппен салынған кент. Жердің кеңдігі болар, көшелер де, оның жаяулар жүретін бөлігі де кең. Көше қиылыстарындағы 20–25 метрлік жақтаулардағы қамтыған 7–8 қатарлық құмыраларда әртүрлі гүл ерекше көз тартады. Бұл – барлық көшелерге тән әсемдік. Кенттің орталық алаңы да атшаптырым. Он қабатты ғимаратқа ауданның заң орындары мен басқа да мекемелер орналасқан. Аудандық қызметкер, Тастөбе ауылы білім бөлімінің бастығы Мұхтардың шаңырағында отырмыз. Ұстаздар, банк қызметкерлері, өзге де тұрғындармен дастарқандас болдық. Қазақы жомарттық, мол дастарқан үй иесінің көңілін анғартқандай. Шәкен мен Әбдірәшиттің домбырамен төгілте шырқаған Сарыарқа сал-серілерінің әні ұлы даланың шығысында да бар әуезімен жүрекке ұялайды. ... Әне-міне дегенше діттеген жерімізге де жеттік. Кеше көш жердей көрінген екі араны қалай өткенімізді сезбей де қалдық. Адам қолымен отырғызылған қалың ағаш. Киіз үйлер, араларына жалғыз аяқ тас соқпақтар соғылған. Ақтүбек ауылындағы бұл демалыс орны қазақ жігітінің меншігі екен. Киіз үйдің іші қазақша безендірілген. Ортадағы ұзын жозыға дастарқан жайылып, бір-екі хансу және қазақ жігіттері шай сораптап отыр. Тоғызтараудан шығарда Тоқан мен Раушан Ақтүбекте сіздерді дастарқан күтіп тұр деген-ді. Жайғастық. Таныстыру басталды. Жозы басында көлденең жатқан хансу Чисан Туван – жер басқармасының басшысы болып шықты. Қасындағы қазақ жігіті мен тізерлес отырған хансу оның орынбасарла ры екен. Әдемі жылы сөздер айтылып, ақ тілектер жалғасты. Қазақ халқының кеңдігі, жарқын, ақкөңіл болмысы да ай тылмай қалған жоқ. Аспан асты елінің еңбекқорлығы мен шыдамдылығы да тілге тиек етілді. Кезінде Лао Цзы:
«Ашық есіктерден мықты ештеңе жоқ» деген екен. «Ашық есік» саясатының екі мемлекет арасындағы жемісінің берері мол деген мәміле де қылаң берді. Қарсы отырған хансу темекі ұсынды. Мен темекі шекпейтінімді айтып, ала қоймай оның меселін қайтарған екенмін. Ұнатқан адамы на қытайлықтардың темекі ұсынатын салтын бұрын-соңды естіген емеспін. Жалпы Қытайда шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлінетіні байқалады. Әсіресе Қытай бизнесі сауда мен халық тұтынатын тауарлар өндіруге күш салынды. Сондықтан шетелдік қаржылардың біріккен кәсіпорындарға берілуі жолға қойылған. Шетелдіктер жаңа технология лар әкелсе, ішкі және сыртқы нарықта қытайлықтардың өнеркәсіп өнімдері өзгелерді басып озып жатқандығы осы дан көрінеді. Мұның бәрі әңгіме барысында аңғарылды. Былай қарағанда, екі-үш киіз үйден не пайда түсер дейсің деп ойлануың мүмкін. Бірақ осы шағын кәсіптің өзі пайдасыз емес екенін айтады отағасы. Шығыста ерте ден келе жатқан мынадай ұлағат бар: «Иә, Алла, маған қолымнан келетін істі атқаратын қуат бер, қолымнан келмейтін іске ұмтылмайтын ерлік бер, осы екеуін бірбірінен айыра алатын ақыл бер». Байқасаңыз, ештеңеге тәуекел етпеген адам еш уақытта ештеңе ұта алмайды. ОЛЖА «А» қаласындағы педагогикалық институтты сырттай оқып бітіріп, бұл жерге орналасқаныма да үш-төрт айдың беделі болған. Басыбайлы үй жоқ, бір жылға шыдар пәтер іздеуге кірістім. Таптым, келістім де бір күнде орнығып та алғанмын. Бірақ студент кезіндегідей «пәлен сомға» деген шарт айтылған жоқ, Ел арасы, ауыл ғой. Үй иесінің үлкен баласы – екі беті нарттай қызыл, зор денелі қабағы түксиген жігіт – ауылда шофер. Онда уақытпен санасу дегеніңіз аты мен жоқ. Күндіз жұмыс істеп, түнге қарай айғайға басып
ішетін де, кейде осы әдетін керісінше қайталайтын. Дәл мына жағдай маған да, әйеліме де онша ұнай қойған жоқ. Бірақ амал нешік, қыстың таяп қалғаны мынау, көндік, осы үйді қоныс етуге келдік. Бір күні түн ортасында, бәрімізге ортақ сыртқы есік тарсылдай жөнелді. Мен ояндым да есік аштым. – Сәлеметсіз бе!– келген үшеу жамырай амандасты да ішке енді. Ортасында Саңғылбай, үй иесінің үлкені. Айна шешей де оянған екен. «Келіңдер, келіңдер, балаларым» деп бәйек болып жатыр: – Апа! 2–3 бөтелке әкеліңіз. Саңғылбай сөзі – заң. Апайды аяп, бөтелке іздеуге мен шықтым. Бетім – дүкен. Ауыл дүкені түнімен ашық емес, бірақ іздегеніңіз дүкенші үйінен молынан табылады, ұшып барып, ұшып қайттым. Есіктен ене бере іштен аңқыған ащы темекі түтіні қолқаны қытықтап жөтелтіп жіберді. Есік алдында ентіге дем алып, буы бұрқыраған ақ самауыр селкілдейді. Үйішіндегі жылы ауаның күзгі түндегі шам жарығында тысқа булана шығып жатқаны байқалады. Төргі бөлмеде бағанағы үшеу және бір-екі бала дөңгелене отырып, қара киізді бұрқылдата қартаны екілене ұрады. Әлгі екеуді танымай тек иек қағыстым. Карта білмейтін маған сырттан көз салу ғана қалды. ... Шетте отырған қалың ерін, жалбыр шаш, картоп мұрын алып – ол өзіміздің Саңғылбай ғой – көбіне киіз үстіндегі тиыннан өскен ақшаны көсіп алып, басқаларға әмір ете сөйлейді: – Ей, доңыз, нәлитің қанша? – Екеу. – Мен де. –Үстіне екеу, – деді Саңғылбай екіленіп. – Сана? – Салып кел! – 29! – Пу! Мә, қағып ал. Үш тұз. Олар осылайша қызу айқайда! Саңғылбай күреп алады, қалғандары қалтаға еніп жатқан «ыстық қағазға» сүзіле қарайды. Отырыс ұзақ сілтеді. Ақ самауыр «тентек сумен» бірге сап түзеп, топтағыларға
бүре тиді. Қырлы стақан, мұрын мен иек ортасын жайлаған ауыз деген апанға ащы суды жиі-жиі төгіп жатты. Сәлден соң жай сөз қайсы, қатты сөз қайсы ажыратудан қалдық. Ісінген бет, сумаңдаған қол, айқаймен қызарған кеңірдек бәрі де осы жерге ұйлығыса қалыпты. ... Шошып ояндым. Байқаймын, таңғы төрт-бестің шамасы. Сыртқы есіктің тарсылы үйді көшіріп барады. Тұрдым. Аштым. Төбе шашым қозғалып, орнынан тұра бастаған тәрізді. Сау етіп екі милиционер кіріп келді. Денем шы мырлап барады. – Сәлем, інішек! Екеуінің үні бірдей қатқыл естілді. – Сәлеметсіз бе, кіріңіздер! – Осы кеңшардың шофері сіз бе? – Шофер көп қой, бірақ мен емес. – Сөзді қой! Басқаның бізге қажеті шамалы. Өзіңе жа уап бер. Сенің басқа құрбыларың қайда? – деді оң жақ шекесінде үлкен тыртығы бары ашулы да өктем дауыспен. – Менің құрбыларым қазір ұйықтап жатқан болар. Таңертең жұмыска барады ғой. Бірақ сіздер мені былай шатастырып тұрсыздар-ау деймін. – Қарай гөр! Немене, мүмкін сенің аяғыңа бас ұру керек шығар? – Әй, қарағым! Жиған-тергенің болса әкеле бер. – Бізді бекерге әуре-сарсаңға түсірме, – деді екінші біреуі кекесінді пішінмен! – Я, әрине, қазақпыз, қонаққа деп жиған ол-пұл бар ғой. Отырыңыздар, мен былай, нетіп, қазір закускасымен әкеле қояйын. Құдайға шүкір, табылады. – Жігітім, қиқаңды қой! Біз сенің анау-мынауыңа түсе қоймаймыз. Көзіңді аш, барыңды әкел! Өзіңе жақсы болады. – Не әкелу керек? Түкке түсінсем бұйырмасын. – Турасын айтқанда «коньяк пен закуска» емес, сенің көптен бергі «жолшыбай, олжаларың». – Мен әлі айлығымды да алмап едім, жолдас милици онер. – Жә, доғар сөзді! Олар мені қайырып тастады да, акт жасауға кірісті.
– Тегіңіз және атыңыз? – Сатымбетов Сәрсембай. – Әйеліңіз бар ма? – Я, мына тұрған кісі менің әйелім, – дедім мен екі қолын кеудесіне қысып үрейлене қарап түрған әйелімді нұсқап. – Әкең не істеген, қазір не істейді? – Әкем жоқ. – Ал, шешең? – Үй шаруасында. – Өте жақсы. Біліміңіз? – Жоғары. Пединститутты бітірдім. – А-а-а! – Олар таңдана қарады. Жоғары білімі бар, ин ститут бітірген, оңай олжамен айналысады. Әрине, тұрақты жұмыстан жұрдайсың? – Қалай жұрдайсың! Істеймін, мұғаліммін. – Қайда? Сен бізді оқыта алмайсың, шын сөйле! – Я, мен сіздерді оқытпаймын, мектеп жасындағы балаларды оқытып жүрмін. Оқытқанның не жамандығы бар? Сенбесеңіз көріңіз, – мен иығыма іле салған костюм қалтасынан куәлігімді суыра ұсындым. – Қалай тез құрастыра қойдың? – Құрастырғаны қалай? Қолыңыздағы не? Көп керістік, ақыры келістік. – Сонымен шофер емессіз ғой? – Көріп тұрсыз. Шофер үй иесі баласы. Мына бөлмеде. Әне-міне дегенше сұлап жатқан бесеу қызыл белдеулі сұр машинаға сүңгіп те кетті. Саңғылбай бастаған бұл топ түнде ғана қаптан жымқырған күрішті азсынып, «машинасымен» сатып шаш етек пайда түсірген екен. Түн ортасындағы қан май дан, иленген ақша соның алып бара жатқан буы екен ғой. ... Оншақты күннен кейін үй иесінің Саңғылбай ауыр аяғын нық-нық басып, үйге кіріп келді. Ол бізге майлы, қабақтың арасынан сығырайған көзін суыта қарап, бір-екі боқтау тастады да, тістене сызданып екі-ақ сөз айтты: – Жоғал! Тайып тұрыңдар, үйден! Біз сол күні-ақ жылы орынды суытып, «бос бөлмеңіз бар ма?» деген студенттік кезден таныс сөзді үй кезіп қайталаумен болдық. «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығар» деген осы-ау...
ДИВАЕВ – ФОЛЬКЛОРИСТ, ЭТНОГРАФ, АҒАРТУШЫ Қазақ және өзбек халықтарының фольклоры мен эт нографиясын зерттеу Абубакир Ахметжанұлы Диваев есімімен байланысты. Ұлты башқұрт, А.А. Диваев 19 желтоқсанда 1855 жылы Орынборда туған. Ол өзінің жастық шағын қазақ ауылының ортасында өткізді. Орынбордағы Неклюев кадет корпу сында және кейін жақын аймақтағы қазақтармен араласа жүріп, қазақ халқымен жете танысып, тілін үйренді. Бұл жай оның кейін қазақ халқы этнографиясы мен фолькло рын зерттеуде пайдасын тигізді. 21 жасында 1876 жылдың аяғында А.А. Диваев Ташкенттегі әскери-халық басқармасына қызметке жіберіледі. Қазақ жазирасының оңтүстігінде қызмет бабымен жүрген Диваев қазақ ауылында, қырғыз жиынында, өзбек қышлағында, жиі құрметті қонақ болған. Осы кез оның өзбек, тәжік тілдерін үйренуге себеп болды. Орыс тілін өте жақсы білетін, сол арқылы орыс және Батыс Еуропа ғылыми әдебиетіне жол ашқан Диваев этнограф-фольклорист бо луды қалады. Білімін көтере берді. Алғаш Әулие-Ата уезінде бөлімше надзирателі, кейін Сырдария облысындағы генерал-губернатордың тілмашы және кіші чиновнигі А.А. Диваев оңтүстік қазақ даласын, шығыста Әулие-Ата уезінен Арал жағалауына дейінгі аралықта көптеген киіз үйлерде болып «жас төре» сенімді достар тапты. Ол өзінің ғылыми жұмысын 1883 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне шейін жалғастырды. Орта Азия, оның ішінде қазақ халқының этнография сы мен фольклоры Диваевтың зерттеу объектісі болды. Қазақ өлеңдерінің нәзік, сыршылдығы ертегілер мен ел өмірінің сыншылдығы жас ғалымға жігер берді. Үміт отын жандырды. Диваевтың ғылыми үлкен маңызы бар аса көлемді еңбектерінің бірі – «Сырдария аймағының есеп санақ мате-
риалдарының жинақтарында» (І–ХІ том, 1891–1915 жж.) жарияланған этнографиялық материалдары болып табы лады. Мұнымен қатар Диваев еңбектері императорлық орыс географиялық қоғамының хабаршысында. «Орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлімінің жазбаларын да», «Этнографиялық шолуда», «Орыс Түркістанында» т.б. жарияланған. Бұл жинақтың беттерінде Диваев ондаған ертегілер және көптеген мысқыл әңгімелер, аңыздар, жынпері жайлы аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақ – жаңылтпаштар, қазақ халқының эпостық жырларының нұсқаларын сыршылдық әдеп-ғұрыптық, наным, ырым және бесік жырларын жариялады. Туындыларын жариялауға іріктегенде Диваев ең алдымен оқушы жұртшылыққа, көшпелі халық шығармаларына тән қасиеттерді барынша толық, мейлінше айқын көрсете алатындарын жеткізуге тырысты. Халық шығармасын айтушының аузынан қолма-қол жа зып алу Диваевтың жинаушылық қызметінің негізі болды. Ол оңтүстіктегі ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлынан көптеген өлең, жыр, сықақ, әңгімелерді жазып алды. Диваев халық поэзиясының сол халық өмірімен тығыз байланысты екенін жазбаларында жиі қайталайды. Оның жазбалары қазақтың сын-сықақ және тұрмыс салт әңгімелері туралы ғалымдардың ұғымын кеңейте түсті. Жиналған материалдарды орыс тіліне аударуда Диваев еңбегі ерекше. Қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығына байланысты сөздерді аударғанда Диваев орысша өте дәл түсіндірмелерін қатар жазған «Көже, нар, бәйбіше, айран» сөздері оған айғақ. Диваев сол кездегі түркологтардың көбімен байланысты болды. Сондықтан да ХІХ ғ. аяғындағы орыс түркологтері П.М. Мелиоранский, Н.В. Бартольд, А.Н. Самойловичтер Диваев этнографиялық еңбектерін жоғары бағалады. А.А. Диваев – «халық поэзиясы талай ұрпақтарда жасалды, сан ғасырды басынан кешірді», – деп жазды. Осыған орай «Қобыланды батыр» эпостық жырын ислам дінін қабылдар кездегі қазақ халқының күресіне жатқызды. Диваев бұрынғы Түркістан өлкесінің көрнекті ағартушысы да болды. Ол қазақ, өзбек, татар жұртшылығын
озық білімге орыс білімін, мәдениеті мен өнерін үйренуге көп күш жұмсады. 1904 жылы Диваев басшылығымен Таш кентте алғаш көркемөнерпаздар театрын ашты. Октябрь революциясынан кейін Диваев Ташкенттегі шығыс тілдер институтында қызмет істеді. Онда қазақ эт нографиясы мен тіл кафедрасын басқарды. Диваев «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Бе кет батыр», Шора батыр т.б. текстерінің қазақша вариан тын бастырды. 1923 жылы Диваев ғылыми қызметінің 40 жылдығы тойланды. Үлкен педагог, жан тәнімен халықпен бірге, талантты ғалым А.А. Диваев өз өмірін Орта Азия және Қазақстан халықтары, ұлттық мәдениетін сақтап, күшейтуге арнады. А. Диваев 1933 жылы Ташкентте қайтыс болды. Халық игілігі үшін еңбек еткен ер еш уақытта ұмытылмақ емес. Ол Совет халқы, оның ішінде қазақ халқының есінде мәңгі қалмақ. ЖІГІТТЕ ДЕ ЖІГІТ БАР АЗАМАТЫ БІР БӨЛЕК Өмір сабақтастығы заңдылық. Біреу дүниеге шырылдап келіп жатса, екінші бірі бұл пәниден қош айтысып жатады. Жер бетіндегі тіршілік атаулы осынысымен де ыстық, осы нысымен де мәңгілік болар. 1975 жылдың 18-мамыр күні де өзінің атына сай жайма шуақ, жаз иісін аңқытқан жұп-жұмсақ мінезімен жан жадыратқандай еді. Ел өзінің күнделікті тіршілігімен болып жатқан. Осындай сәтте шамалы уақыт бұрын облыстық газеттің редакторының орынбасарлығына қызмет ауыстырған Дүйсекеңнің, (Дүйсенбі Смаиловтың) телефон соққан дауысын тани кеттім: – Түстен кейін ауылда боламын. Біздің үйдегі кісіге де хабар берерсің, құдағидың үйінде бірге болайық, – деген еді. Осы уәде бойынша күтіп алысып ол кісіні жолдасы Кеңкеңмен (Кеңес) Дүйсекең құдағиы Шәрбаннің шаңы-
рағында әңгімелесіп отырдық. «Тірі пенденің бір-бірімен кереметтей тату-тәтті жүріп нілдей бұзылатын кездерінің көп екендігін, осындайда сыпсың сөздің, өсек-аяңның шеберлері үстем болады. Кейде сондайлардың тасы өрге домалайды, бірақ ол оның өзіне уақытша жақсылық әкелуі мүмкін, тегінде жақсылыққа апармаса керек. Жаңағы ай тып отырған жолдастар осында он жыл жұмыс істеп, жа нашыр он дос таба алмаса оларды кімге жатқызуға бола ды. Иманжүсіп айтыпты: «Дос болып, қас қылғаннан сақта, құдай» шынында кейбір доспын деп жүргеннің есепке құрылғанына көзің жеткенде қалай ренжімейсің? Өз басың адал болып, пейілің түзу болса, мойыма!». Ол қапалана сөйлеп отырды. Осы сәтте оның ойлы тұңғиық қара көзі сәл қысылыңқырап барып қабағының арасына қос әжім пайда бола кетті. Бұл Дүйсекеңнің ренжіген кездегі бет шырайының өзгерісі болатын. Туыстық, ынтымақтастық пен бірлікті аңсау адам баласының бірін-бірі түсінісіп, сый лап өтуі сол күнгі көп әңгіменің арқауы болды. Халықтық қасиеттер, мейірім мен шапағат, иман мен имандылық, обал-сауап мәселесі де ол кісінің саналы парасатынан бізге өсиеттей естіліп жатты. Кешке қарай, ертең таңертең жүрмейсіз бе дегенге қарамай зәру іс бар, ертерек қалаға жетейін, – деп кешкі пойызға шықты. Бәріміз шығарып салдық. ...Суық хабар таңертең жұмысқа жетпей-ақ естілді. Кеше ғана бүкіл болмысымен ақыл-кеңес айтқан ағаның қас-қағым сәтте жоқ болуы алғаш естіген кезде найзағай соққандай есеңгіреткені рас. Айтып тұрған жігіттің сөзіне де сенбестен орталықтағы ақ үйге де жеттік. Бәрі рас бо лып шықты. Осынау қайғылы қазаны естіген шиеліліктер жас пен кәрі, мейлі ол қай ұлттың өкілі болмасын өксікті көңіл, қайғылы көз жасын сүртумен еске алып жатты. Ол кісімен қоштасу сәті де бүкіл аудан жұртшылығын дүр сілкіндіріп, аяқтарынан тік тұрғызғандай еді. Қайғырмаған азамат, шер төкпеген үлкен-кіші болған жоқ. Қоштасуда өзге ұлттың өкілдері осындай кісіге де қарақшылық жаса лады екен-ау, нағыз адам еді деп жапа шеге сөйлегені көз алдымызда.
Ойлы да, дүние танымы мол, ақыл-парасаты кішінің қамқоршысы, үлкенге іні болған бір адам өмірге келді, кетті. Осылай жалғаса бермек өмір заңы, тіршілік қағидасы. Міне содан бері де 17 жыл өтіп кетіпті. Сол кезде дүниеге кел ген нәресте 17 жасқа толып отыр. Өмір одан әрі жалғасып барады. ... Баулу, қамқорлық жасаудың не екенін балаң да балалық шақта ескермейтініміз рас қой. Көбі кейін еске түседі. 1956–58 жылдары Шиелі қалашығы орталығындағы қазақ орта мектебінде оқып жүрген сәтте қолға калам алып алғашқы мақала жазып, ыстық жүректен шыққан тұңғыш өлең жолдарын да шимайлап жерден жеті қоян тапқандай аудандық газетке барып жүретін кезіміз еді. Міне, сондай сәттердің бірінде мен тұңғыш рет осынау қара торы, кең маңдайлы, сүйкімді жылы жүзді еңсегей азаматпен бірінші рет кездестім. Алғашқы тырнақ алды өлеңіме ағалық пікірін айтып жазу-сызуды тастамай серік ете беруге де кеңес бер ген. Мұнан соң жоғары оқу орнында оқып жүріп келгенде де арнайы сәлем бере барсаң қамырдан қыл тартқандай суыртпақтап отырып хал-жайыңды сұрап сені бір сынағысы келгендей: «Мына бір-екі тақырып бар еді осыған бай ланысты жазып тастасаң қалай болар екен», – деп өзіңе қолқа сала қарайтын. Әртүрлі жанрға бағыт сілтеп, соның ішінде қайсысына бейіміңнің бар екенін сезгісі келеді екен ғой. Қазіргі Шиелі ауданындағы «Еңбекші» совхозының орталығында жазылған фельетон осы Дүйсекеңнің тап сырмасымен дүниеге келген еді. Ол кейін «Лениншіл жас» газетінде жарық көрген. Жоғарғы оқу орнын да аяқтап, туған ауылымызға келіп жеттік. Астанадан берілген жолдамалардың бәрі жайына қалды. Осындай сәттерде де қолтықтан демеп Дүйсекең: «Ренжитін түгі жоқ, ел ортасына келдің, ендігісін бірге көре жатармыз» деген ой айтқан. Осылайша тау етегіндегі шаруашылықтың мектебінде жүрген кезім. 1965 жылдың жазында аудандық комсомол комитетіне келгім келетінін айтқанымда Дүйсекең: «Портфель ұстағың келген екен ғой? Шен құмарлық сенің мінез-құлқыңа тура келмес, тегінде, сені асырайтын да, сені желеп-жебейтін де қала-
мың болар, бізден күдер үзбегенің мақұл», – деген. Сол бойынша өз ойымды жүзеге асырып, Шиелі аудандық ком сомол комитетіне де орналастым. Бірақ Дүйсекең тағы да жұртпен араласып, жер танып, елмен танысу үшін комсомолдың да құдіреті жетерлік, бұл қаламының желі бар адамға қажет те болар деген сыңай танытқан. Ондағысы мені ренжітпейін дегені болуы керек. Өзінен кейінгі жастарға халқының ертеңі үшін еңбек етуге тәрбиелеу ағалар парызы болса керек. Бірақ барлығы бірдей солай деуге келісе қояр ма екенбіз? Мен жар ты ғасыр жасап, сонау өткен кезендерге назар салғанда осындай ой санама келе берді. Өйткені, менің сол бір өмір жолымды ойласам көп қамқорлық Дүйсекең тарапы нан болған екен. Аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Дүйсенбі Смайылов сізді шақырып жа тыр деді. Бұл 1967 жылдың ерте күзі болатын. Осының ал дында ғана Шиелі аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланғанмын. Партия қызметіне ауысқанға дейін «Өскен өңір» газетінің тұңғыш редакторы ретінде бірді-екілі әңгімеде аудандық газетке жауапты хатшы болып келуді ұсынған еді. Мен комсомол хатшылығының міндеті қолыма тиген соң үлкен бір лауазымға ие болғандай ыңғай таныта қоймағанмын. Хатшылыққа келгенде де Дүйсекең өз әдетінше газет бетінде жастар туралы арнаулы бет жүргізуді тапсырса, қалған кездерде ауданның мәденикөпшілік жұмыстарына қатысып кейбір қажетті жерлер де өлең оқытып, сценарий жаздыруды да ұсынып отыр ды. Жоғарыдағы шақырыс осындай жауапты кезендердің біріне арналған шығармашылық жайы болды. Комсомол комитетінде Қазан революциясының 55 жылдығы қарсаңында «Жас дәурен» ән-би ансамблін құрғанымызға да көп болмаған. Революцияның жарты ғасырлық торқалы тойына орай облыстық байқауға қатысады екенбіз. Маған революция кезеңдері, оның бедерлі өткелдері жайлы 45 минуттік сце нарий жазуды тапсырды. Мерзімді уақытта сценарий дайын болып Дүйсекеңнің алдында отырмыз. Ол кісімен бірге Алматыдағы атақты режиссер Дәурен Абиров бар екен.
Мен жазған «үлкен сценарийімді» оқып болып Дәурен Абиров: – Мына шығарма бойынша бір-бір жарым сағаттық телефильм түсіруге болады, ал маған керегі – 45-ақ ми нут деп қысқа қайырған. Мен жаңағы сценарийді қайта қарауыма тура келді. Бұрын-соңды ондай бір сценарий жа зып көрмеген комсомол қызметкеріне оңай тимегенін кез келген журналист түсінетін болар. Дегенмен, аудандық әнби ансамблі сценарийдің кейінгі нұсқасымен дайындалып, облыста жүлделі орынға ие болды. Сол жылдары ВЛКСМ Орталық Комитетінен үлкен бір бригада келіп, Қазақстан комсомолының іс жүргізу комсо мол құжаттарын айырбастау жайына тексеру жүргізген. Жасыратыны жоқ партия тарапынан аудандық комсомол комитеті жігерсіз, қайратсыз, жастар арасында белсеңділік таныта бермейді деген сөздер бізге шаншудай бататын. Ал мәскеулік мына жігіттердің келуінен соң біздің коми тетке жылы сөздер көбірек айтылды. Осы мәселемен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғафур Мұхамеджановтың да алдына кірдік. Одақтық астанадан келген жігіттің тұжырымдамасын тыңдап болып сәл күлімсіреп отырды да, бірінші хатшы орнынан тұрды. Біздің жұмысымызды мәскеуліктердің мақтағаны Ғапекеңе ұнаған тәрізді. Арада аз күн өткен соң маған Дүйсекең аудандық газеттің жауапты хатшылығына келуді ұсынды. Осы бір әңгімелесулер, біртіндеп сатыға мінгізгеңдей жылжыту лар шын мәнінде қамқоршылық та, жаңашырлық та екен. Дүйсекеңе: «Жаман жағымыз кілең бетке шығып, жұмысымыз нашар дегенді ести жүріп енді мәскеулік комиссияның мына мақтауынан кейін қолымыздан жұмыс келетінін тағы да танытсақ деген ой бар», деп жеткіздім. Дүйсекең күлді де қойды. Кейін естимін ғой Смайылов Ғафекеңе кіріп осы пікірді айтқанда хатшы: «Ойы дұрыс, логикасын құптаған жөн, істесе істей тұрсын» деп ағалық қамқорлық танытып ты. Бірақ 1968 жылдың март айында мен бюроға кірерде аукомолдың екінші хатшысы, шыққанда аудандық «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары болып бекідім. Дүйсекеңнің хатшылық қызметінде ауыл мен аудан орталығының бейнесіне әр беру, көркем шақыруларды
тұрақты орнату тәрізді жұмыстар жақсы қолға алынды. Соның үлкен бір ескерткішіндей Шиелі қалашығындағы Ленин атындағы көшенің басталуында Орақ пен Балға монументі көкке бой созды. Редакция мен партия комитеті хатшылығында жүргенде ол кісінің аялы алақаны, шын ықыласты қамқорлығын көрген жастар қазір баршылық. Соның бірі өзімен бірге келген ақын Қанапия Дәрібаев, Адырбек Сопыбеков, жазушы Оразбек Сәрсенбаев, жа зушы сол кезде мектеп оқушысы болған Серік Байханов, Мұрат Күлімбетов, Сәрсенбек Бекмұратұлы, марқұм ақынжурналист Сәрсенбек Жұмабеков «Сыр бойы» газетінде еңбек етуші Қайырбек Мырзахметов, журналист-жазушы Дархан Сапаров, Серік Пірназаров біздің газеттің журналистері Сайдхасан Хутаев, Сәфи Құрманаев, Тұрғанбек Кәрімқұловтар сол ағаның шығармашылығын жалғастырушы тәуелсіз Қазақстанның азаматтары. «Өскен өңір» газетінің алғашқы нөміріне редактор ретінде қол қойса оның оқырмандарға арнауын жазушы Қалмақан Әбдіқадыров жазған екен. Ол арнау жазушының аудандық газетке де оның редакторы Дүйсенбі Смайыловқа деген ыстық ықыласынан туғаны ақиқат. 1970 жылдың екінші майы. Осы күні Қазақ Мемлекеттік Университетінің профессоры, филология ғылымының док торы Темірғали Нұртазин туркологтардың бүкіләлемдік мәслихатына қатысып, Бакуден Ташкент арқылы Шиеліге келген екен. Түнгі кезекшіліктен үйге келсем атақты ұстазым үйде отыр. Бес жылдан соң іздеп келген ғұламаны көргенде төбем көкке жеткендей болды. Ол кісі Сырдың суын ішсем бауырымның ауырғаны байқалмайды дейтін. Күрең шайдан қана ішкеннен соң мен ол кісіні Дүйсекең мен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ғафур Мұхамеджановқа жеткізгенше асықтым. Темкеңнің шымыр да ширақ өткір әзілдері кімді де болса баурап алып әпсәтте қыран-топан күлкіге кенелтетін. Бұл жолы да солай болды. Ол кісінің алғашқы сапары Дүйсекеңмен бірге екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевқа сәлем бе руден басталған. Дүйсекең болса дастарқан билігін өз
қолына алып, жігіттерді шетінен таныстыра бастады. Та ныстыру аяқталғанда Темекең: «Мына менің шәкіртім бұл жердің жігіті болмады ғой», – деп төтесінен қойып қалды. Дүйсекең сәл кідіріп барып, – жоқ о не дегеніңіз, осы жердің-ақ азаматы, әкесі 1937 жылы халық жауы болып ұсталып, нағашысы өзіңіз білетін Садықбек Сапарбеков деген азамат екен, – деді де менің қысқаша ғана өмірімді соның ішінде мен жоғарыдағы айтқан кезеңдерді де әрі қысқа, әрі нұсқа айтып берді. Темекең осы сәтте: – Дүйсенбіжан-ау, мен ол жағын айтып тұрғаным жоқ қой, кілең екінші бола береді екен де қызметте осы жағын қоңылтақсып отырмын ғой, – деп әзілдеген. Отырған жұрт ду күлді. Осының аяғы 1970 жылы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы менің осы өмір жолымның күні бүгінге дейін ақылшысы болып келе жатқан Ғафур Мұхамеджановпен, мен еске алып отырған Дүйсенбі Смайыловтың қабылдауында болып газет редакторларына беку үшін Қызылордадағы облыстық партия комитетіне ат тануыммен аяқталды. Осы жерде мен газетке келгеніме 25 жыл толса міне 23-і жыл аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы болып келемін. Мен бұл қызметке келуімді еш уақытта да өзгеден ерекшелігім, не мықтылығым деп ойлаған емеспін. Адал басым болсын құл. Қолдан келмес іске ұмтыл, – деп Абай атамыз айтқандай, сол сапарға аттандырар алдында Ғафекең «Қайдам, сіздер көмектессеңіздер, партия сенсе, атқаруға болады ғой, жалтақтық жаса ма», – деп еді. Бюрода мұндай сөз айтқаным жоқ. Мен әлі де осы ақылды жүзеге асырып келе жатырмын деп есептеймін. Ал сол қамқоршылық университеттік ұстазым Темірғали Нұртазиннен бастау алса, Дүйсенбімен қосылып Ғафекеңнің тілегімен одан әрі жалғасып барады екен. Аудандық газетке 30 жыл болса соның 23 жылында Дүйсекеңнің қолынан куәлік алған менің естелік айтуға құқым бар болар. Бұл шәкірттік парызым мен інілік міндетім де деп білемін. Қазақ жылқы мінезді дейді. Сондықтан да болар:
«Жылқыда да жылқы бар қазан аты бір бөлек, жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек» деп пайымдайды ата қазақ. Расында, үлкен мән жатқан тәрізді. Өйткені, Ілияс Жансүгіров ақын: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел ал сын қайдан кемеңгерді» – дейді ғой. Өз ортамыздағы арыстай азаматты, ақылшы ағаны дүниеден қайтқан күні еске алсақ, бұл көз көрген туыстары мен шынайы қамқорлығын сезінген інілерінің қасиетті борышы деп ойлаймын. Кеше ғана біздің аудандық газетке сол Дүйсекең ағамыздың қазасына байланысты жазылған Жаңатастық ақын, біздің газеттің түлегі Қуаныш Түменбаевтың шумақтары түсті. Ол Дүйсекең туралы былай деп толғайды: Жаза алмап ем жан тербеп өлеңіммен, Жоя алмайсың жамандар, мені өліммен. Шындық шіркін көзіңе шұқып тұрып, Шырқыратар шаққа да сенемін мен. Қорықпайым, ағайын мен өлімнен Топырағыңа тігілген терегің ем. Бойда кетті бар арман – сол өкініш. Бермегенім көп еді, бергенімнен. Қоңырлатып қоңыраулы жиде-шеңгел Түйреңдерші тәнімді түйресеңдер. Құшақтауға халім жоқ, қаным бітті. Сүйер едім, аймалап, сүй десеңдер. Соңғы сәттің соққанын сезді бұл дем, (Өлімге қимас па еді өздігінен) Мерт боп барам мақаудың «мәрттігінен» Көре алмайтын қараудың кездігінен. Ақылың көп болған сайын өмір сүру қиындай түседі. Ақылдың азабы қарғыспен пара-пар. «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деген екен Мағжан ақын. Иә, жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек.
АУЫЛДЫҢ ОРТАСЫНДА (Фельетон ) Ауылдың нақ ортасында, Терезесі арқасында, Есігі желкесінде, Көп жасап, көпті көрген Мұржасы көк тіреген, Төбесі сабанмен жабылған, Қол қысқа кезде салынған Бір кеңсе бар. Оның қабырғасында: (табиғаттың құдіреті) Ит пен мысықтың суреті, Есектің лағы, Бәрі де салынған. Ішіне кірсең басың айналады. Көрген жан амалсыз ойланады: – Ау, бұл қай үй? Бұл кезінде мектеп, Ескіргесін ептеп, Жөнделген де Қойма болған. Мұнда қой қоздаған, Түйе боздаған, Бәрібір тозбаған, Ал, қазір бұл үй – медпункт. Есігі баршаға ашық. Бірақ іші сасық, Ауру тұрсын сау адам Мұндай ауадан Ұшынып өлуі мүмкін. Дәрігер мұны біледі, Сондықтан далада жүреді. Сырқатты сыртта қабылдайды. Бұдан еш нәрсе қағынбайды.
Жазда күн жылы – Ал қыста... Ендігі әңгіме қысқа. Медпункт жабылады, Жұрт ауданға сабылады. Иә, ауылдың ортасында Терезесі арқасында Үйренген бір үй бар Бұл – медпункт. ЕСЕК ПЕН ҰЛУ (Мысал) Кәдімгі есек те (жабыла жалқау десек те) Жабайы нарықтың арқасында, Ілініпті есепке. Мимырт өмірден, Сая тапқасын жаны, Тікірейіп жалы, Жұмырланып бөксесі, Жиі ақыратынды шығарды. Өзінен мысқал төменді Танауын көтеріп, Басынатынды шығарды. Тамырының – тұмырын Шапанының шалғайына Жасыратынды шығарды. Бірде, Көлде Сол есектің бірі (Қазір көзі тірі). Ұлуға кездесіпті. Иек астынан тілдесіпті: – Әй, сен қандай мақұлықсың?
Түрің мынау, Түсің мынау. Істеп жүрген ісің мынау! Бас дейтін бас жоқ, Ішетін, жейтін, Көретін, жүретін, Тіршілік белгісінен мақұрым, Домаланған тассың. Өзің қалай нассың! Шалшықтан шығар күнің жоқ, Мен сияқты үнің жоқ. Тегің тексіз. Өзің епсіз. Бассам жаншыласың. Сосын, Құныңды кім сұрасын. –Ал біздің әкеміз ат болған, Жарықтық барынша зат болған. Көн етікті кимеген. Сенің бабаңдай шалшықта жүрмеген. Мына менің түрім Жылтыраған жүнім Домаланған басым Тұп-тура әкем. Сондықтан да, Бізді, Әлеумет, Аттар қауымына тізді. – Рас, сенің әкеңді ат деседі, Бөспе мінез жат деседі, Бірақ та, Жауап берші мына сұраққа? Әкең ат болса, Сені неге атаған «Есек» деп? Аттай болмаған соң, Айтып жүрме өсектеп.
*** Ұлы атанам деп аласұрған Ездердің бір-ақ шығар арасынан. ТЕЛЕФОНДАҒЫ ӘҢГІМЕ – Аллоу-у! – Бұл кім? – Жүз аға! Өзіңіз кімсіз? – Тұз аға! – А, а-а! – Ау, Жүз аға, Сіздерде қалай, қазір! Үш карта ма, жоқ сыза ма? – Не дейтіні бар! Қайсысы болса да Сізсіз ойын қыза ма? – Ағаң қазір соғады, Алысқа ұзама! – Әрине, Тұз аға! Ініңіз жолды бұза ма? – Өзің де білесің ғой, Көзге түспейтін жекелеу, Орын, Сонсоң қойын дайындарсың. Бастығың үстінен арыз бар! Маған ептеп қарыздар. – Әлбетте Тұз аға, Сәлем айтармын бастық пен малдағы құдаға! – Ермекке адам ізде Ізетті білетін, Бір қарағаннан, ағасының ойын ілетін. Анау ақаңды шай бергендей Кесеге құй!
Мұны санаңа Мықтап миыңа түй! – Әлбетте, Тұз аға! – Ай, айтпақшы, Ағамыз алып кетті деп, Әлгілерің Булығып жүрмесін ызаға! Бәрі жасырын болсын. Бәрі ақырын болсын. *** – Уақыт өткіземіз деп, Ойнайтыны карта, Дегеніңе жеткіземіз деп Ойлайтыны қалта! ДОСТАРЫМ Доспен бірге өткен күнді сүймес кім, Қайғысына адал достың күймес кім. Доспен бірге шарықтаған көңілде, Нағыз досты сыйлап басын имес кім. Досым десем ойға әсем сөз келер, Дос қадірін біле білсе өзгелер Тәтті ойлар қиялымды тербетіп, Қаламыма жақсы жырлар кез келер. Маған қымбат дос қылығы наздары Бірге жүрген шат көңілді жаздары Досым үшін, достар үшін өшпестей Жүрегімде от жалыны маздады. 1958 ж., маусым
ҚЫРАННЫҢ ҚИЯЛЫ (Мысал) Қыран көтеріліп көкке, Өкпе айтыпты көпке: – Ей, мақұлықтар өңшең, – Бері қара! – Осы сендерде Бар ма сана? – Мына мен ғой, Дүниені түгел көрем Жер-жаһан қанатымның астында, Кез келгеннің қабырғаңды сөгем! Қане! Тіресерің бар ма? Әлде, отырсыңдар ма, Саулық тілеп жанға. Құдайға да жақын тұрған Мен! Оған көзіңнің қарасындай сен. Қай құсың менше аспандады, Қайсысы мекендепті, Пейішті аспандағы Ашуға мінсем, Көшірермін жерден Көре алмайтын өсек сөз, Шыға берсе елден. Мен аспаған тау Мен алмаған жау жоқ! *** Көзделген жебе Қанаттың астынан Ыстық темірдей қарыды. Лепірген алып Тағдырдың мынасына налыды.
–Уа, тәңірі! Бұл не! Кішкене шыбық Менен күшті шығып Қайғыға батырды жүректі Кімнің күші басып, Кімнің тілі өтті. *** Ер даңқы көппен Елден кетсең ұқсарсың, Қарғыс атқан қырандай Құлап түскен көктен. 1963 ж., мамыр ОЛ ҚАЛДЫРҒАН САЛМАҚТЫ ЖИНАЙДЫ Біз Шиеліде бірнеше жерге көшіп, қонумен жүріп жетпісінші жылдардың басында қазіргі поселке әкімдігі жанындағы аупартком салдырған екі қабат үйде тұрдық. Көшенің арғы бетінде орталық стадион. Күнде таңертең сон да барып жүгіруді дәстүрге айналдырғанмын. Сол кезеңде жүгіру өте пайдалы деген тұжырым бар-тын. Жүгірушілер құрамында бірінші хатшы Орекең, хирург Жәкен, партия қызметкері Мәткәрім және мен. Бұл гәп Меңлібайға жетсе керек, тыңдап отырған бір жігіт: – Мәке, ана кісілердікі дұрыс, салмақ тастамақ қой, Зәкеңнің жүгіруіне жол болсын, – десе керек. Сөйтсе Меңлібай: – Соны да білмеймісің. Зәкім солардың тастаған салмағын жинамай ма? – депті.
ИТ МЕНІ ҚУСЫН ДЕДІМ Меңлібай мен Айткүл түнделетіп пойыздан түсіп, үйлеріне келе жатса керек. Шиелі көшелері қазіргідей түнде де жап-жарық бола бермейтін. Қараңғыда келе жатып белгісіз иттің маңынан өте бергенде, олардың қорқып келе жатқанын сезе қалғандай қуа жөнеліпті. Тосын шабуылдан шошып кеткен Айткүл жедел басын қолымен жауып отыра қалып көз қырын салса, Мәкең әудем жерде қашып бара ды екен. Отырған адамды ит қаппайды деген рас болып, ит кетіп қалады. Қорқыныш сейіліп қайтып келген Мәкеңе Айткүл ренжіп: «Сені де еркек дейді-ау. Мені итке жалғыз тастап өзің тырақайлап қашқаның қалай? Өз басыңды қорғап, аман қалуды ойладың ба?», – десе, Мәкең: «Айткүл сен қызықсың. Мен келе жатқан ит мені қусын деп тұра да қаштым ғой. Оның мені қумай қоятынын қайдан білейін», – деп уәж айтыпты. БАЙҒАЗЫ Газеттің 40 жылдығы күні үйде қонақ күткенбіз. Әрине Мәкең отырыстың берекесі ғой. Кештеу тарқадық. Таңертең шешем сиырдың туғанын, төлінің ауызданып қалғанын ай тып қуантып жатқан. Осы қуанышты сезгендей Мәкең келе қалды. Қолы қалтасында апасына (шешем Қоңырат қызы) жақындап ақша ұстата берді. Шешем: «Е, қой ыңғайсыз емес пе, малдың төліне де. Елден ұят-ты, қой», – десе, Мәкең: «Апа, байғазының орын ды, орынсызы болмайды. Мына келіндерің енді шақалақ туады дейсіз бе? Бұлар доғарды. Енді байғазыны бие құлындап, сиыр туғанда, қой төлдегенде беру ғана қалды емес пе?» – дейді қуақыланып.
«БІЗГЕ НЕГЕ АЙТПАДЫҢДАР...» Тұңғыштары Мәкең мен Айткүлдің жылдар куәгері болған фотосуреттер альбомын көріп отырса керек. Құштарлана, қызыға көз жүгіртіп отырған олардың қолына Мәкең мен Айткүлдің үйлену тойының шақыруына түскен сурет түседі ғой. Олар аң-таң. «Бұлар тойға кеткенде біз қайда болғанбыз» деген оймен әке-шешесіне жетіп келеді. – Көке, апа, сендер тойға бізді неге алып кетпегенсіңдер, – дейді даурығып. Мәкең балаларына қарап: – Сендер ұйықтап қалдыңдар. Сосын біз кетіп қалдық, – дейді жайбарақат. Әлгілер: – Әкеңнің аузы, неге оятпадыңдар, біз де баратын едік қой, – депті жыларман болып. Осыны естіп отырып, әзілоспақ айту да қанмен келеді екен-ау деп ойламауыңыз мүмкін емес сияқты. МЕНДЕ ТӨРТ ЖОҚ Мәкең үйде балаларына, қазір олар да әке болды, мен де төрт жоқ деп айта береді екен. Естері кірген үлкендері бір күні сандық түбінде жатқан Мәкеңнің аттестатын тауып алса керек. Қараса бәрі үш. Балалары әкесіне келіп: – Папа, мынада бір төрт жоқ, бәрі үш қой десе: – Әй, мен өтірік айтпаймын. Менде төрт жоқ деп айт тым емес пе, – депті, еш қиналмастан. ЖАМАН БИЕНІ ЖАБУЛАП Айткүлдің әкесі Мәкеңдерге күйеу. Құлағы ауыр қария не айтсаң да басын изеп, мақұлдап отыра береді. Бірде Талапқа барып шалға сәлем берген Мәкеңе атасы: «Жағдайларың жақсы ма? Қызметтерің орынша ма? Айткүл
жанның халі қалай?» – деп сөзге тартады. Мәкең жайла нып отырып атасының естімейтінін пайдаланып: «Шүкір, бәрі орнында. «Жаман биені жабулап құлынын алып жа тырмыз» дегендей, қызыңның да бар жағдайын жасап, дүниеге ұл-қыз келтіріп, өсіріп жатырмыз ғой», – депті. Тілінің бізін сұғып отырғанында жұмысы жоқ жездесі, жай ғана: «Жақсы бопты, жақсы бопты», – деп басын изеген көрінеді. Естелік үшін деп осыларды айтқым келген еді. Достық – екі адамның қасиетті мінезі, – дейді қазақ. Ол адамдықтың бәйгесіне атын қосқан біртуар азамат болатын. «Біз бақыттымыз ғой», – дейтін ол кейде. Бұл тағы не айтайын деп отыр деп, тыңдай қоямын. Сөйтсем, сонша жұрттың ортасында: «Біздің Қоңырат жиендерінің ішіндегі ең ерекше тұлғасы Шыңғысхан, ең нашары мына редак тор ағам», – деп мені нұсқап отыр. Оның әзілі жүрекке жылы тиіп, сені ақыл дариясына шомылдырады. Талай рет хатшылардың қаһарынан да Мәкең арқасында аман қалғаным есімде. «Жамандыққа жол берілсе ақыл бейне ауыздық» дейді ғой халқымыз. Ол бәрін ақылға жеңдіруші еді. Ол ізгілікті, қарапайымдылықты, адамдықты, арды аттамайтын, адамгершілікті пір тұтатын. БАТЫР БАУЫРЖАН РҰҚСАТЫМЕН ҚОЙЫЛҒАН ЕСІМ – Сіздің табысқа жетуіңіздің сыры неде? – Мен не нәрсенің болсын жамандық жағын емес, жақсылық жағын көруге, айтуға тырысамын. Бенджамин ФРАНКЛИН ... 1980 жылдың наурыз айында әлем тарихында күріш дақылынан мол өнім алудың құтты мекені, сонау жылдары даңқты диқан Ыбырай Жақаевтың өзі «Қызылту» деп ай дар таққан ұжымдық шаруашылықтың 50 жылдық мерейлі тойы өткізілетін болды. Шаруашылықтың жылнамасы дала
академигі атанған, екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаев есімімен біте қайнасып жатқан-ды. Торқалы тойға шарта раптан ұжымшарлы ауылдың өсіп-өркендегенін, көркін, табиғатын тамашалау үшін ғана емес, тоқсанға келген дана қарттың жүзін көріп, диқандар пірі ретінде, жалпақ алақанын қысу үшін де қонақтар келіп жатты. Жолдасымды перзентханаға апаруым керек-тін. Жолжөнекей «Махаббат қызық мол жылдардың» аты шулы авторы келетінін де, осы келісті пайдаланып дүниеге ке лер нәрестенің атын Әзағаға қойдырсақ деген келісімге де келгенбіз. Осы пәтуа қаламгерге де айтылып еді. Ұл бала болса, телеграмма бер, Бәукең ағамыздың рұқсатын алып беремін, есімін Бауыржан қоярсың деген. Арада бес ай өткенде «Қазақстан әйелдері» жорналында Әзекеңнің «Те леграмма» деген деректі шығармасы жарық көрді. Бұл екі арадағы жағдайды біздің отбасымызға ғана қатысты жерін енді «Жеделхаттан» оқып, білген жөн сияқты. ... Сыртқы есіктің қоңырауы шылдырлады. Өзгелер барар деп мен орнымда отыра бердім. Есік ашылды. Ар жақтан әйел дауысы естілді. – Тығыз жеделхат. Қол қойыңыздар. «Пошташы қыз болар», деп ойладым. Тығыз жеделхат! Кімнен болды екен? Неге тығыз? Амандық па екен өзі?.. Оқып отырған кітаптың азат жолын аяқтап, тұсына белгі соқтым да, басымды көтердім. Ауыз бөлмеден әйелім кіріп келе жатты. Екі көзі жеделхатта. Мен оның бетіне қарадым. Жүзінде қобалжу жоқ, таңдану бардай. Ештеңе ұқпаған тәрізденіп, басын оң иығына қарай қисайтты. Мен қолымды создым. – Тағы бір бала туыпты – тура ана жолғыдай... «Қайдағы бала? Ана жолғы не?» деп ойладым. Тілдей сарғыш қағаз қолыма тиді. Жеделхат бүктеулі. Шетінде жалбырап жапсырма қағазы да тұр. Кімге, қайдан екеніне көз салмастан, бірден мәтінін оқуға кірістім. Маған екені белгілі, кімнен екені оқыған соң айқындалар деп ой ладым. «Балаңыз туды нүкте. Ұл болды нүкте. Бауыржаннан рұқсат керек – Зәкім»
– Бізге. Қайдан келгенін оқысаңшы. – Т.Т. Шиелі КЗР, – депті. Шиеліден болды. Қызылорда облысынан. – Алдындағы ТТ-сы не? – «Тығыз түрде» дегені болар. Ал енді қуалай бер. Шиеліде кімің бар екенін ізде. Мен ойлана бастадым. – Таптым... ... Шиеліге мен жақында ғана барып қайтқанмын. Мені вокзал басында үш азамат қарсы алған. «Сол ағайындардың аттары кім еді?». Дереу қол басындай қызыл қойын дәптерімді тауып алып, соның беттерін парақтадым. «Шиелі жігіттері» деген тізімге көзім түсіп, қуанып қалдым. Жол-жөнекей кездескен адамдардың аттарын қойын дәптеріме түртіп жүретін әдетім. Бұл жолы да «Сүгірбаев Қалдыбай, Молдабеков Жиенбек, Жайлыбаев Зәкім» деп жазыппын. Бұл – сол Зәкімнің әйелі емес пе? – дейді. Қайдағы әйел. Нағыз жігіттің өзі. – Кім екен? – Аудандық газеттің редакторы. – Журналист бауырың екен ғой. Әйелі босанған болар. – Иә. Жеделхаттың «Шиелі» дегені сөзіне таңдана қарадым. Аудандық телеграф қыздарының тартылдатып жеделхат басып жатқаны көз алдыма келді. ... Мен Шиеліге түс ауа барып түстім. Үш жігіт қолаяғымды жерге тигізбей қонақ үйге алып келді. Сол ара да толығырақ таныстым, хал-жай білістік. Әңгімелесіп отырып, шай іштік. Шай алдында жігіттердің бірі – жаңа аудандық газеттің редакторы деп танысқан азамат менен рұқсат сұрады. – Келініңізді перзентханаға апарушы едім, – деді қысыла сөйлеп. – Бар, айналайын. Келінге сәлем айт. Тілектеспін! – дедім. ... Тиісті сыйлығын алған ақсақалды орнына жеткізіп, өз орындарына жайғасқан жігіттерге көзім түсті. Сөйтсем,
олар маған таныс кешегі жігіттер екен. «Кешегі келін аманесен босанды ма екен?» деп ойладым тағы да. Көзім тағы да жеделхатқа ауды. Енді ең соныңда «Зәкім» деген ат бадырая көрінді... ... Зәкіммен ол күні бойы тілдесе алмадым. Жиналыс кезінде алыстан көргенім болмаса, үзіліс үстінде одан мүлде көз жазып қалдым. Жиналыстан соң концерт болды, қонақ асы тартылды. Қызылорда жігіттері машиналарына мініп «Қызылтудан» бір-ақ аттанып кетті де, мен Шиелідегі қонақ үйге келдім. – Біраз жантайыңыз, жақсылап демалыңыз. Түнде біздің жігіттер келіп, пойызға шығарып салады, – деді Орынбасар қоштасып жатып. – Жігіттер шынында да түнгі сағат бірден аса келді. Баяғы үшеуі. Қалдыбай, Жиенбек, Зәкім. – Осы кешегі келін босанды ма? – дедім төрге бөлмеден киініп шығып, ауыз бөлмеде мені күтіп отырған жігіттерге. Олар күліп жіберді. – Сіз ол жайды ұмытып кеткен шығар деп жаңа ғана айтып едік, – деді Қалдыбай. – Ұмытпаған екенсіз. – Ұмытпаса, сәбиіміздің атын қойып кетіңіз демекші едік, – деді Жиенбек. – Ұлбала апайдың көзіне ілінбегеніңізбен, осы жердің бір перзентіне ат қоюға әбден қақыңыз бар екен Сіздің. – Өзі босанды ма келін?– дедім мен алғашқы сұрағымды қайталап. – Жоқ, әлі босанған жоқ, – деді Зәкім. – Босанады ғой. Бірақ атын сіз қойып кетсеңіз екен. – Тумаған балаға қалай деп ат қоямыз. Ұл бола ма, қыз бола ма кім біледі? – Ұл болса да, қыз болса да өзіңіз қойыңыз, – деп өтінді Зәкім.– Бір ұлдың, бір қыздың атын айтып кетіңіз. Мен қазір жазып аламын. Ол қалтасына қолын сұғып, жазу кітапшасы мен қарындашын қолына алды. – Менің айтқан атым келінге ұнамаса қалай болады? – Ұнайды, ұнайды, – деп Зәкім қарындашының ұшын қағазға тіреді.
– Ұл болса – Бауыржан, қыз болса, Мәншүк болсын, – дедім мен ойланбастан аузыма түскен бірінші атты айтып. – Жақсы, жақсы, – деді Қалдыбай. – Тура осылай болады! – деді Зәкім. Мен айтқан аттар ды кіташасының бетіне сүйкектетіп жатып. – Бауыржан да, Мәншүк те солдат есімі, – дедім тұтқиыл қойылған сұраққа толғана тез жауап беріп. Солдат – халықтың қорғаны ғой!.. Қаламгер осы жерде Мойынқұмда болған дәл осындай оқиғаны есіне алып «Жеделхатта» арнайы баяндаған. Москвадан Алматыға баратын «Қазақстан» пойызы се мофордан өтіп стансыға келе жатты. Перрон басы дүбірге толып кетгі. – Келініңіз ұл туса, Баукеңнің атын қоюға өзінен рұқсат әпересіз ғой, – деді Зәкім құлағыма дауыстап. – Әперемін, әперемін, – деп басымды изедім. Пойыз тоқтап, мен вагонға міндім. Жігіттер оң сапар тілеп, қолдарын сілтесті. Екі күннен бері бауыр басып, құрмет, ізетіне разы болған інілерімді қимай аттандым. – Онда Баукеңе телефон соғып, рұқсатын ал. Қазір Шиеліге құттықтау жеделхат жіберейін, – деді әйелім әңгіменің мән-жайын білген соң. Күні бойы маза бермейтін, арқандаулы ақ лақ тәрізді ақ телефонның шнурын сүйретіп, алдыма әкеп қойдым. Мен Бауыржан Момышұлының үйіне телефон соқтым. Гүрілдеп таныс дауыс құлағыма келді. – Бауке, сәлеметсіз, – деп аты-жөнімді айттым. – Ә, здравием желаем, – деді ол менің дауысымды танығаннан кейін. Бұл Баукеңнің көңілді кезіндегі әдеті. Көңілді болса ол осындай. Ұлы Отан соғысына қатысқан орысшасы шалыс білетін қазақтың қарт солдаттарының әуенімен жауап береді. «Здравия желаю» дегенді «Здрави ем желаем» деп бұзып айтады. Ал, көңілсіз болса, тегіңді естіп, танып тұрса да «Ол кім?» деп шыға келеді. – Ал, гәпіргін! – Гәпірсем, Бауке жақында Шиеліге жолаушылап ба рып келіп едім, – деп бастадым, сөздің артын жеделхатқа тіредім. – Осылай да осылай, сондағы бір ініңіз бен келініңіз
бүгін туған нәрестесіне Сіздің атыңызды қоюға рұқсат сұрайды. – Кімнен? – Сізден, әрине. Тек жеделхатты менің атыма жіберіпті. Сіздің мекен-жайыңызды білмеген болар? – Оқығын жеделхатын! Мен дауыстап, жеделхатты оқыдым. – Тығыздатып берген екен ғой. Мақұл дегін онда! – Бауке, рахмет. Мен сізден рұқсат әперемін деп ол жігітке уәде еткен едім. – Әй, тоқтағын, – деді Бауыржан үні сәл қатқылдау естіліп. – Жігіттің аты кім өзі? – Зәкім Жайлыбаев. – Тегінің керегі жоқ, атын айтсаң болды маған. Ал, келіннің аты кім екен? – Білмеймін. Сұрамаппын, Бауке! Мен Зәкімнің келіншегін көргенім жоқ. Сондықтан атын сұрамауым да орынды еді. Бірақ Баукең логикасының өз заңы бар. Бұған ол бірден наразылық білдірді. – Әй, Сен өзің қызық екенсің ғой, – деді ол дауысын гүжілдете көтеріп. Мен үндемедім. – Олар балаларына менің атымды қойса, онда менің әкем мен шешем болмай ма? – Ия, Бауке, солай деуге де келеді, – дедім мен. Бұл кісі әңгімені қайда бұрып бара жатыр, – деп ойлап. – Солай деуге келеді емес, солай ғой? – Иә, солай. – Ендеше менің әкем мен шешемнің атын білуім керек емес пе? Мен Баукеңнің ойын енді түсініп, іштей разы бола бастадым. – Рас айтасыз. – Туу туралы куәлікке де әке мен шешенің аты жазы лады ғой? – Дұрыс, Бауке. «Рас», «Дұрыс» деуін десем де осы кісі қырсығып, алдыменен келіннің атын біліп бер, рұқсатты содан соң аласың деп сарт еткізіп телефонын жаба салар ма екен деп қорықтым. Олай етуге Зәкімнің телефонын да жазып
алмаппын, әйеліңнің аты кім деп жеделхат беру де ұят. Осылай ойлап сасқалақтап тұрғанымда, трубка қайтадан гүр ете қадды. – Жарайды. Бірақ келіннің атын біліп, маған кейін хабарлағын. – Құп, Бауке, – деп мен қуанғанымнан лып ете қалдым. – Жеделхат жаза білуші ме едің өзің? – Ептеп. – Онда менің атымнан ризашылық айтып, жеделхат бер. Трубканы қоя салып, дереу Зәкімге жеделхат жазуға кірістім. «Сізді және жұбайыңызды ұлдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жеделхатыңызды телефон арқылы Момышұлына оқып бердім. Ол жаңа туған нәрестеге өз атын қоюға рұқсат етті, сәбидің ғұмыры ұзақ болуына тілектестік білдірді! Сіздерге шын жүректен рахмет айтты». Біз, Әзағаң жолдаған жеделхатты алып, қаһарман Баукеңнің ризашылығына ие болғаннан кейін қуанышымызда шек болмады. Әзілхан Нұршайықов ағамыздың сөзінде тұрып, халық батырынан келісім алуға уақытын бөліп, ол оқиғаны шығармасына арқау етеді деген ой қаперімізде жоқ еді. Қаламгердің қарапайым отбасының қуанышына елдік тұрғыда мән беруі кімді де болса толғандырғандай еді. Сонау жеңіс жылдарынан бері мыңдаған Бауыржандар қазақ шаңырақтарында дүниеге келді емес пе? Бірақ оның барлығына Баукең есімі батырдың мақұлдауымен қойыла бермеген шығар деген ой сол жылы Әзағаңның Шиеліге келуі мен нәрестенің дүниеге келуі Баукең есімі берілуінде Жаратушының ықпалы болғандай сезілді маған. Тағы бір сәттілікке таңдасбасқа болмас. Арада жеті жыл өтіп, кешегі нәресте мектепке барудың алдында, 1987 жылдың жетінші айының жетінші жұлдызында Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан зайыбы Зейнеппен бірге біздің отбасымыз да болды. «Жеделхатпен» танысқаннан кейін мынандай қолтаңба қалдырған еді: «Бауыржан шырағым! Батыр атаңның есімін алып, үлкен жазушы атаңның кейіпкері болдың, енді болашақта
елдің даңқты азаматы бол, қос атаңның қасиеттері саған қонсын». Бақытжан Момышұлы, 07.07.1987 ж.
Өмір есігі мен білім есігінің табалдырығын аттау сәтінде аңыз Бауыржан ата мен оның ұлы Бақытжанның біздің отбасымыздағы кішкентай Бауыржанға назарларының аууы Жаратушының жазмышы болса, мұндай сәйкестік пен бізге бұйырған қуаныш адам өмірінде жиі қайталана бермесі анық. Бұл оқиғаның, халықтың сүйікті жазушы сы, жастықтың базарлы шағының бағбанындай Әзілхан Нұршайықовтың қаламына ілініп, шығармасына арқау бо луы әулет жылнамасының ұлықтанған беттерінің бірі болса керек. Бауыржан Зәкімұлы ғасыр басында, 2003 жылдың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің шығыстану факультетінің араб тілі мен тарихы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Өмір – өзен ағып барады. Өмір сабақтастығы үзілмесін дейміз.
МАЗМҰНЫ Жүсіп Н. Қазақтың өзін де, сөзін де сүйген жан.................................3 Автор туралы........................................................................................8 Сарыарқа: үй өзені бойында Баба Түрік өркениеті ту тіккен..............................................................................................10 Томирис? Тұмар? Жоқ, Тамаырыс шығар немесе сақ-массагет ханшайымы Томирис туралы қисын.................................................17 «Күз. Бұлт. Жер – сұлу» Айша бибі күмбезіндегі жазудан..............24 Айшабибі............................................................................................27 Ақбикеш – Алаштың қалқаны мен қалқасы.....................................28 Сығанақ – Қыпшақ даласының айлағы............................................34 Шындығы құпия Шыңғысхан.............................................................45 Биік Бестамның беймәлім беттері немесе «Елім-ай» әнінің авторы кім?............................................................50 Дала қыраны......................................................................................60 Сүйінбике ханымның зары................................................................64 Ана тілі – жүрек үні ...........................................................................71 Бағзыдан жеткен баба тіл.................................................................74 Өз қанатың болмаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың...............75 Ұлттық тәрбие үрдісі..........................................................................80 Әзия – күш атасы Қажымұқанның қызы...........................................84 Ұстаз өзгенің бақытын аялайды........................................................96 Жыгылғанды демеп, тұрғызу аздық етеді, оған сүйеу болу керек...................................................................... 111 Кеселді заман кесапаты немесе сүйектер сөйлемейді ............114 Қайырымды елде кімнің де жамбасына сыз батпас......................122 Қап тауынан келген жігіт..................................................................125 Бүгінге өбектеп, өткенді өгейсімейсек ...........................................128 Арман қуғандар арманда қала бере ме? ......................................130 Заңсыздық заман зардабы..............................................................141
Бір уыс дән.......................................................................................150 Туған жерден алды олар қуатты.....................................................153 Төзімге тірі ескерткіш көрем сені....................................................159 «Құм қойнауындағы құпия қабірлер...» ..........................................166 Ұрпағыма салиқалы сана бер немесе Ақнұр әженің айтқандары...................................................................................171 Еуропаның Қаратауынан Жетісудың Алатауына дейін................177 Басты жауып жүру – ерге де, әйелге де пайдалы.........................187 Дүрмекке ермеген Дүрия.................................................................191 Даланың дархандығын мұрат тұтқан.............................................193 Екі жақты сенім елдікке бастайды..................................................197 Жусанды даладағы Тоғызтарау......................................................204 Олжа.................................................................................................206 Диваев – фольклорист, этнограф, ағартушы.................................210 Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек...........................................212 Ауылдың ортасында........................................................................220 Есек пен ұлу.....................................................................................221 Телефондағы әңгіме........................................................................223 Достарым..........................................................................................224 Қыранның қиялы..............................................................................225 Ол қалдырған салмақты жинайды..................................................226 Ит мені қусын дедім.........................................................................227 Байғазы.............................................................................................227 «Бізге неге айтпадыңдар...»............................................................228 Менде төрт жоқ................................................................................228 Жаман биені жабулап......................................................................228 Батыр Бауыржан рұқсатымен қойылған есім................................229
Күн көзінде мұз жатпас Құрастырған Талғат Зәкімұлы Бас директоры З. Тен Редакторы А. Акишева Техникалық редактор О. Пегова Дизайн, компьютерде беттеген А. Бегалиева Корректоры С. Ыбраева Басуға 30.09.2014 қол қойылды. Қалпы 60 х 90 1/16. Қағазы офсетті. Қаріп түрі Arial. Шарт.б.т. 15,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 9624. «Раритет» баспа компаниясы 050022, Алматы қ., Масанчи к., 98 Тел./факс: 8 /727/ 260-67-08, 292-88-36, 292-87-18 E-mail: rarity_pc@mail.ru web: www. rarity.kz Тапсырыс берушінің файлдарынан «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды 050002, Алматы қ., Мақатаев к., 41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру