TELEGEI

Home

Геометриялық фигуралар

Асқар Жұмаділдаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Геометриялық фигуралар

Қазақстанның белгілі ғалымы, қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Жұмаділдаевтың шығармашылығының басым көпшілігі ғылымға негізделген. «Қосу мен азайту», «Медеттің есеп кітабы», «Геомертиялық фигуралар», «Шығайбайдың қулығы», «Алда...

4-7 жастағыларға арналған

Асқар Жұмаділдаев. Геометриялық фигуралар

Бұрыштар мен сызықтар,
Атын жаттап тізіп қал.
Ақылы көп балаға
Зейін қояр қызық бар

Квадрат қой мынауың,
Оңай екен сұрауың.
Сәл қиындау келтіру
Домбыраның бұрауын.

(Квадрат)
Мынау емес төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш
Бұның аты – дөңгелек,

Дөңгелекті дөңгелет.
(Дөңгелек)
Жаңбыр жауса сай толар,
Ойнақтайтын тай болар

Дөңгелегің не десең,
Толықсыған Ай болар.
Үшбұрышты білеміз,
Табанында жүреміз.

Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ, күлеміз.
(Үшбұрыш)
Бұрыштарын табамыз,

Бұған келер шамамыз.
Атау-мынау сұрақты
Жаңғақтайын шағамыз.
Бұл не?

(Үшбұрыш)
Төрт қабырға тең болса,
Төрт бұрышы тең болса
Жауап берер балақай,

Ой өрісі кең болса.
Бұл не?
(Квадрат)
Төртбұрышқа үшбұрыш

Үй төбесін жабамыз.
Ақыл, қайрат, күш-құрыш
Еңбекпенен табамыз.
Көрнекті математик, академик-ғалым Асқар Жұмаділдаевтың

бұл кітапшасы бүлдіршіндерге жаратылыстағы нәрселер кескіні геометриялық фигуралардың ерекшелігін танытуды мақсат етеді. Тақпақтардың тілі жеңіл, оңай жатталады. Кітапша 4-7 жастағы балаларға, олардың ата-аналары мен балабақша тәрбиешілеріне арналған.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙