Бабалар сөзі 65 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 65-томына бұрын жарияланған мақал-мәтелдермен бірге, ел аузынан жазылып алынған қолжазбалар мен көне басылымдардан көшірілген халық туындылары енді.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А, жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.
Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
УДК 398 ББК 82.3 (5 Қаз) Б 12 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Күзембаева С.А., Әлібеков Т., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қ. Алпысбаева, Т. Әлібеков (жауапты редактор), С. Қасқабасов Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Қ.Алпысбаева (жауапты шығарушы), Т.Әлібеков, С.Қосан Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2010. Т. 65: Қазақ мақал-мәтелдері.—488 бет. ІSBN 978-601-292-098-7 «Бабалар сөзі» сериясының 65-томына бұрын жарияланған мақалмәтелдермен бірге, ел аузынан жазылып алынған қолжазбалар мен көне басылымдардан көшірілген халық туындылары енді. УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз) ІSBN 978-601-292-098-7 (т. 65) © Әдебиет және өнер институты, 2010 ІSBN 9965-619-60-3 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010 00(05)—09
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып
отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы
лымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс төрт томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді сала
сы болып саналатын эпостық шығармаларға, бір томы шағын
жанрлардың үлкен бір саласы жұмбақтарға арналды. Дәлірек
айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір
томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының жи
ырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандармен жұмбақтардың
жеке-жеке томдары баспаға әзірленіп, елу бес томы басы
лым көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фольклоры
на арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—
фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген
жаңа басылымын оқырман қауым үлкен ризашылықпен қарсы
алды.
Осымен, әзірге қазақ фольклорының ең көлемді әрі маңызды
саласына жататын эпос жанрының ертегі, аңыз мифтерден өзге
түрлерін баспаға әзірлеу аяқталды.
Ал оқырман назарына ұсынылып отырған 65-том мақал-
мәтелдерге арналып отыр. Халық даналығының, ұлттың
рухани-әлеуметтік бай тәжірибесінің нәтижесінде мыңдаған
мақал-мәтелдер дүниеге келді. Олардың көпшілігі есте жоқ ескі
замандарда тапқыр, шешен, данагөй сөз зергерлерінің аузынан
айтылып, біртіндеп бүкіл халыққа ортақ өсиет, үлгі сөз ретінде
мақал-мәтел аталып кеткен. Мақал мен мәтелдің арасын
да айтарлықтай шекара болмағанмен өзіндік стильдік белгі-
қазақ мақал-мәтелдері
бедерлері бар екені мәлім. Мақалдар кейде ұзынды-қысқалы
болып, бірнеше тақырыптық мазмұнды қамтиды. Мысалы:
«Көп ойлаған табар, көп үрлеген жағар» деген сияқты мәтелдер
қысқа, нұсқа құрылымы мейлінше ықшам түрде жасалып,
бір ғана нақты ой-түсінікті меңзейді. Мәтелдер мақалдарға
қарағанда әбден тұрақтанған канондық мәтінге ие. Мысалы:
«Әлін білмеген әлек», «Әліпті таяқ деп білмейді», «Ойына
қарай бойы» т.б.
Мақал-мәтелдер ұлттың рухани байлығы мен сан ғасыр
лық мәдениетінің көркем көрінісі ғана емес, сол халықтың
ой-санасы, зердесі мен даналық деңгейінің де жарқын шежіре
сі. Халқымыздың сөз мәйегі саналатын бұл ғажайып мұра
ның байып, жинақталып, ел игілігіне айналуына көптеген
қазақ жинаушылары да қызмет етті. М.С.Бабажанов
тың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның, Ә.Диваевтың,
Б.Дауылбаевтың, М.Ешмұхамедовтің, М.Ысқақбаласының,
А.Баржақсыұлының,
Т.Ізтілеуұлының,
Ө.Тұрманжанов
тың, Б.Ақмұқанованың, Б.Момышұлының, М.Әлімбаевтың,
Б.Адамбаевтың т.б. ел зиялыларының бұл бағытта мол еңбек
сіңіргені белгілі.
Бұл томға ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты қызметкерлерінің әр жылдары ғылыми, әдеби-
фольклорлық және этнографиялық экспедициялар кезінде ел
арасынан жинаған материалдары, ҚР БҒМ ҒК ОҒК-ның Си
рек кітаптар қорында және ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған
мақал-мәтелдер жинақтары, сондай-ақ бұрын-соңды жарық
көрген әртүрлі кітаптардағы халық мұрасының көпшілігі
еніп отыр. Мақал-мәтелдер мәтінінің көлемі үш томға жос
парланды. Екінші, үшінші томдарға Қытай Халық Респуб
ликасы, Өзбекстан Республикасы, Монғолияны мекендеген
қазақтар арасында айтылып, сол жақта кітап болып басылған
материалдар, сондай-ақ кезінде Н.Н.Пантусов, А.Е.Алекторов,
П.М.Мелиоранский, В.В.Катаринский, Ә.Диваев, Я.Лютш,
Ә.Құрышжанов т.б. бастырған жинақтарға енген мақал-
мәтелдер үлгілері сараланып, салыстырылып әзірлену үстінде.
Мақал-мәтелдердің вариант-нұсқалары мен баламалары
көп ұшырасады. Кейде авторлық мақалдар мен халықтық
сөз мәйектері араласып, бір-бірінен ажыратылмайтындай бо
лып кеткен. Осы тектес мәселелерде фольклор ғылымының
құрастырушылардан
көзқарастарына орай, мүмкін болғанша, дұрыс шешімін қа
былдауға тырыстық.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен
ген мақал-мәтелдерге жазылған түсініктемелер, мәтіндерде
кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атаула
рына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен жырлау
шылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша
түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың си
рек қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі—30,5 б.т.
Қазақтың халық әдебиеті туындыларының қатарына жа
татын елдік мұраның санатындағы барша жанрдың ішіндегі
тұрқы жағынан ең шағыны болып есептелетін мақалдар мен
мәтелдердің ұлтымыздың рухани өмірінен алар орны ерекше.
Ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа ұласа келіп барынша
сұрыпталған, мазмұны мен үндестік үйлесімі мейлінше түлеген,
келелі ой, кемел пікірді иеленетін бұл жанрға жататын әрбір
жеке туындының өз уақытында кейінгі заманның повесть, ро
маны секілді сүйекті жанрларының фабуласының жүгін арқа
лағаны кім-кімді де ойландырады. Тұтастай алғанда, халықтық
философияның қайнар көзі болып саналатын мақалдар, ерекше
өрнектілігі арқасында айшықты тұрақты тіркеске айналған
мәтелдер—ұлтымыздың ойлау категориясының көрсеткіші
іспеттес. Осыны тереңнен пайымдайтын қаламгерлер әулеті қай
кезде де өздерінің көркем шығармаларында болсын, мақала,
очерк, суреттемелерінде болсын мақал, мәтелдерді кеңінен пай
даланып келген. Бүгінгі таңда елдік мұраны халық санасына,
әсіресе жас ұрпақтың санасына кеңінен орнықтыру мақсатында
тек баспасөз бен кітаптар арқылы ғана емес, радио мен теле
хабарлар тарату жүйелері арқылы да мақалдар мен мәтелдер
кеңінен насихатталу үстінде. Бұл—жаттап алып, ойға сақтауға
оңтайлы мақалдар мен мәтелдердің философиялық қуат-күшін,
тәрбиелік мәнін үлкен-кішіге бірдей дарытудың тиімді жолы
болып табылатындығының нақтылы көрінісі болса керек.
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде де мақалдар мен мәтелдердің
ел арасынан жиналып, кітап болып жариялануына біраз
көңіл бөлінгені белгілі. Социалистік құрылысты, партияның
кемеңгерлігін насихаттау жолына айрықша мән беретін за
ХАЛЫҚПЕН ҒҰМЫРЛАС РУХАНИ МҰРА
халықпен ғұмырлас рухани мұра
манда «Партия—халықтың көзі, құлағы, партия—халықтың
ақыл-шырағы. Партия—айымыз, күніміз, партия—жеңісті
туымыз», «Партия айтса болғаны—жеңістің қолға қонғаны»
(Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. Алма
ты, 1959, 20-бет) секілді мақал-нақылдар шығарылып, елге
таратылып отырды. Бірақ қоғамдық формация ауысқан за
манда мұндай бір қайнауы ішіндегі дүмбілез туындылардың
өзінен-өзі қолданылыстан шығып қалатындығын уақыттың өзі
көрсетіп берді. Сонымен қатар сол замандарда да шын жүректен
шыққан Отанға, елге деген шынайы сезімді білдіретін еңбек
тақырыбына арналған, ел мүддесі үшін күресетін майдангерлер
ісін көрсететін «Ердің атын еңбек шығарады», «Отан—оттан
да ыстық», «Отан—елдің анасы, ел—ердің анасы» сияқты
бірсыпыра өміршең мақалдар өмірге келген. Мұның өзі халық
атты кемеңгердің қай кезде ел мүддесіне қызмет етер өміршең
туындыларды өмірге әкелуге қабілет-күшінің жеткілікті
болғандығын көрсетеді. Өйткені ар мен намыс күніне сан рет
таразыға тартылып жатқан майдан даласында «Отан үшін
отқа түс—күймейсің, арың үшін алыссаң, өлмейсің» секілді
қаһарлы да, айбынды мақалы әрбір жауынгердің жүрегіне
тура жол тауып жатқан Бауыржан Момышұлы сынды қолбасы
перзенттері жүрді. Ал сол Баукең сияқты біртуар азаматтар
дың қатарында жүргенмен, бүгінгілерге есімі беймәлім жауын
герлер шығарған «Пулемет қонысын талғайды, Автомат ада
мын талғайды», «Зеңбірек зіркілдесе, жаяу солдат еркіндейді»
дейтін мақалдардағы «зеңбірек, автомат, пулемет» сөздері
бұрынғы қазақ мақал-мәтелдерінде кезікпейтін тың лексика
лар болатын. Ал осы мақалдардың қай-қайсысы да бұрынғы
ежелгі қазақ мақал-мәтелдерінің түзілу үлгісімен жасалған.
Мұның өзі, түптеп келгенде, мақал-мәтел жанрының заманы
на қарай, мазмұн жағынан әртүрлі болғанымен, көркемдік
түзілісі жағынан ежелгі үлгіден күні бүгінге дейін пәлендей
айырмашылығының жоқтығын көрсетеді.
Жалпы мақал-мәтелдерде, солардың ішінде қазақ мақал-
мәтелдерінде де беріден алғанда, бүтін бір халықтың тұтас
ел болып өмір сүру жолына бағыт-бағдар беретін, әріден
алғанда күллі адам баласының жер бетінде ұжданды тірлік
иесі болып өмір кешуіне жол сілтейтін ғибраттылық қағидасы
жинақталған. Олай болса әуелден ақырға дейін адам баласы
қазақ мақал-мәтелдері
ның сындарлы, ұжданды-арлы болып өмір сүруін уағыздайтын
барша дін атаулымен, адалдық жолда болғандарды әспеттеп,
одан безінгендерден жирендіретін, сүрінгендерді өз дәреже
сінде жазалайтын мораль, заң атаулымен бұл мұраны түбір
лес, рухтас деп тануға болады.
Рухтас болатын себебі—ақыл-ойдың қазанында қайнап
шыққан, шыңдалуы қапысыз кез келген тұжырымды пікір,
бұл—кісілік жолында тебіренген жанның, сан тарапқа қармақ
салып, ақыры іздегенін ілгендей болған сананың қызметінің
нәтижесі. Ол—телегей-теңіз өмірдің тәжірибесінен туын
дайды. Ал тұжырымды пікір қандай формада өрнектеледі,
қандай жолдармен халыққа ұғындырылады, ол оның иесі
мен иеленетіндердің ұстанған бағытына, қоғамдағы орнына,
дайындық дәрежесіне, ең бастысы, олар өмір сүріп отырған
қоғамдық
құрылыстың
болмысына
байланысты.
Кезінде
М.О.Әуезовтің «Қазақ мақал-мәтелдерінің бір ерекшелігі—
оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар
мен сарындардың мол ұшырасатындығы» (Әуезов М. Жиырма
томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том.
187-б.) дейтіні де осыдан.
Рас, мақал-мәтелдер белгілі бір қоғамда өмір сүргендердің
барлығынан бірдей бұлжытпай орыңдалуы қатаң талап етілетін
заңдар кодексінің немесе дін қағидаларының жинағы емес.
Бірақ сандаған ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе
жатқан осынау қарапайым қазына—сол халықтың бүкіл бол
мысын, өмір жолын паш ететін елдік ескерткіші болуымен
қастерлі.
Тәрбиелі қыз, арлы жігіт, ел қорғайтын азамат, халық қа
мын қамдайтын ел ағасы, ұлыстың анасы болуға лайық кемең
гер бәйбіше қандай болу керек, елдің қадірі, жердің қадірі, ата-
ана мен ағайынның қадірі неде, осының барлығы—мақалдар
мен мәтелдерде қапысыз өрнек салған. Өйткені атамекеннің,
оның иесі халықтың елдік болмысы, елдікке жеткізетін
қоғам мүшелерінің кісілік келбеті— арлылығы мен әділдігі,
әдептілігі мен өнерлілігі, еңбекқорлығы мен кәсіби шеберлігі,
тек ағайын-жекжатпен ғана емес, күллі адам баласымен үлгілі
қарым-қатынасы, керек десеңіз дипломатиялық байланыс
тарының жөн-жосығын осынау халық даналығының қастерлі
мұрасынан қиналыссыз табуға болады.
халықпен ғұмырлас рухани мұра
Әрине, мақал-мәтел атаулының бәрінің стилі, калориттілігі
бірдей емес. Бірақ ел үшін қызмет ететін, кей ретте әрқилы
түсінуге болатын астарлы ойға қаныққан халықтық қазынадан
мін емес, ыңғайда ізгі мақсатқа жолықтырар мағына ізделеді.
Мәселен, «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», «Өзге елде
сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Айырылған ел азады,
қосылған ел озады», «Әркімнің туған жері—Мысыр шаһары»
секілді мақалдардың қай-қайсысы да туған жер, туған елді
қастерлеуге үндейді. Бірақ айтылу интонациясы әртүрлі.
Алғашқы екі мақал тыңдарманына жекіріп тұрғандай әсер
қалдырады. Өйткені ол—төрт жағы төрт құбыла болып, ша
дыман тірлік кешіп отырған ел көсемінің емес, қайткенде
елдің іргесін бүтіндеймін деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей
қамығып жүрген азаматтың көкірегінен шығып тұрған лебіз.
Демек, бұл—шырғалаңды көп көрген қазақ халқының қай тұс
тағы болса да, әйтеуір бір жанын шүберекке түйіп, бүтін ел болу
үшін күресіп жүрген кезіндегі психоэмоционалдық қалпынан
хабардар ететін ұлттық мақал.
Мақалдар мен мәтелдерді мазмұнына қарап, шартты түрде
болса да, тақырыптарға бөлуге болады. Сондай-ақ ел өмірін
сипаттаған қалпына қарай, сөздік құрамына байланысты,
олардың біразының шамамен қай кезде дүниеге келгендігін де
мөлшерлеу қиын емес. Мысалы: «Жұтаған жұртын мақтайды»,
«Ел даусыз болмас, жер жаусыз болмас», «Ел үшін еркек кіндік
құрбандық», «Ел басқарар жігіттің етек-жеңі кең болар», «Бота
қотыр болса, енесін былғайды, енесі келесін былғайды», «Бірдің
кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге», «Екі қоян қусаң, біреуін
де тұта алмассың», «Би асылдан асыл болмас, би асылмен жол
дас болсаң, мұрадың, сірә да, хасыл болмас», «Көпке жаққан,
көкке жаққан», «Өсекке кірмесе, есепке кірмес», «Жарлының
ұлы болғанша, малдының құлы бол», «Атадан бата алмай үй
болмас, ордадан үлгі алмай би болмас», «Бардың баласы би бо
лар, жоқтың баласы қамшы астында иі болар», «Баусыз оймақ
қолда тұрмас, байсыз қатын үйде тұрмас», «Кіші қатын—кісі
қатыны», «Жаман адаммен сөйлессең, ұрлығын айтар, жа
ман әйелмен сөйлессең, қарлығын айтар», «Бесік баласы бес
түлейді, ел жаманы кеш түлейді» секілді мақалдар—ең бері
дегеннің өзінде, қазақтың Қазан төңкерісіне дейінгі тірлігінің
мазмұнынан шыққан, сол заманда өмірге келген туынды
қазақ мақал-мәтелдері
лар. Ал мынау: «Ұстамен дос болсаң—ісің бітер, молдамен дос
болсаң—басың кетер», «Кәрі қызбен келіскенше қырық күн
өтеді, қырық тонна көмірді өңдіруге бір күн жетеді», «Ақыры
байдың баласы аштан өлер», «Кедейдің келді заманы, құрыды
байдың амалы», «Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті»,
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Жаттығуда
қиналсаң, соғыста қиналмайсың» секілді мақалдар—сөз жоқ,
қазақтың Кеңес өкіметі заманында, басқа халықтардан естіген
нақыл сөздерінің, насихат әңгімелерінің әсерімен шығарған,
өздерінің бастарынан кешіп отырған жайларынан хабардар
ететін дүниелер.
Әрине, мақалдар мен мәтелдердің авторы да—халық, есінде
сақтаушысы да—халық. Бірақ сол әр қилы замаңда өмірге кел
ген мақалдарды кейінгі заман адамының түсініп, қабылдауы
әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, осыдан әлденеше жүз жыл
бұрын өмірге келген «У жесең руыңмен», «Ханда қырық
кісінің ақылы бар» деген мақалдарды кешегі бір тұстарда та
лайлар рулық қоғамды, хандық дәуірді дәріптеудің көрінісі
деп түсініп жүрді. Ал, шындығында, осынау ілгергі мақалды
«не қиындық көрсең де, небір аласапыран алапатты кезге тап
болсаң да, еліңмен бірге бол» деген ойдан өрбімеген деп кім айта
алады. Екінші мақалдың ханның кеңесші-ақылшысы қырық
уәзірімен байланысты айтылғандығын кім теріске шығара ала
ды. Егер хан төңірегінде жүрген пейілі түзу ақылмандардың
ой қорытындыларын белгілі жағдайда дұрыс пайдаланатын
құрыштай берік пікір иесі болса, оңдай адамды тек хан болғаны
үшін ақымақ деуге бола ма?! Ал, түптеп келгенде, осы мақалдың
астарында тек әлгіндей түзу шешімді билік иесін құрметтеу
ғана байқалып қоймайды, сонымен қатар өзгеден иығы жоғары
тұрған жанның өзінің де барлық пікірі өзінікі емес, халықтікі,
төңірегінде жүргендердікі екенін тұспалдап жеткізу бар. Осы
жағынан келіп қарағанда, бұл тіптен де ханды дәріптеу емес.
Хандық билікті қанша уақыт болса да басынан кешірген
халқымыз, сол елдің бас билеушісіне деген елдің көңіл-күйін
екінші бір мақал-мәтелінде «Хан сыртынан жұдырық» де
ген тұжырым арқылы берген. Мұның астары ілгергі мақалдан
да терең болуы мүмкін. Өйткені еліме адал қызмет көрсетіп,
барлығын тәртіппен ұстап жүрмін дейтін билеушіге бүкіл
халықтың бір кісідей риза болмауы немесе оны қолдамауы
халықпен ғұмырлас рухани мұра
әуелден ақырға дейін болатын жағдай. Тарихта хан сырты
нан жұдырығын түйіп кіжінетін ғана емес, сол ханның басын
шауып алатын жағдайлар да талай рет болған. Жай адам бол
сын, ханзада болсын, оның өзін қандай лауазыммен атағанына
қарамастан, үлкен билік иесін халық хан деп атаған. Сөйтіп,
«Ханның басын хан алар, қардың басын қар алар» деген
тұжырым жасаған.
Халықтың сандаған ғасыр бойы өзімен бірге өмір кешіп
келе жатқан мақалдары мен мәтелдері кейде уақыт өте келе,
қоғамына, дәуіріне қарай сыртқы тонын өзгертіп, мазмұнын
жаңа заманның ыңғайына қарай біраз бейімдеуі мүмкін.
Мәселен, кешегі кеңестік дәуірдің саясат науқанының тұсында
«Араздықты ағайыннан, әділдікті орыстан табамыз» де
ген секілді мақалдар шықты. Бәлкім, бұл мақал бір кездегі
«Ағайын бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмай
ды», «Ағайының бар да дұшпаным жоқ деме, абысының бар
да күндесім жоқ деме» деген секілді күншіл, қызғаныш иесі
жанның көзіне көп түспейтін жаттан гөрі, жанында жақынына
кісәпірлік қылып, қадірлі қандасының қасиетін аяқасты
ететін мүсәпірлігін әшкерелейтін терең мағыналы мақалдар
дың тонын өзгерткен түрі болуы мүмкін. Бірақ сәтті шықпаған.
Идеологияға қызмет етуші бұрынғы терең ойды күмән мен
күдікке оранған сөздер тіркесіне құрбандыққа берген. Ондай
жағдайлар кешегі, әсіресе саясатшыл уақыт тұсында аз болған
жоқ. Бірақ бір сүйсінерлік жайт—қарапайым халық өзінің ата-
бабасы пайдаланып келген ежелгі мақал-мәтелдерден безінген
емес.
Соның арқасында көне ұғым, көнерген сөздерден құралатын
ежелгі мақалдардың өзі ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы біздің
заманымызға жетті. Мұның айқын көрінісі—бұдан мың жыл
дай бұрын хатқа түскен «Кодекс куманикус», «Диуани лұғат-
ат түрік» атты шығармаларда кездесетін, онан кейінгі заман
дарда өмірге келген сандаған мақал-мәтелдер қазіргі кезде де
молынан пайдаланылып келеді. Ал бұл, сөз жоқ, ұлттық сана,
ұлттық менталитеттің қалай болғанда да тез деформацияға
ұшырамайтындығын көрсетеді. Сондай-ақ бұл іргелі жұрт
болған қауымның мақалдары мен мәтелдерінің тек ауызша
шығарылған көркем шығарманың нұсқасы ғана емес, оның сол
елдің ұлттық болмысына куәлік ететіндігін де дәлелдейді.
қазақ мақал-мәтелдері
Мұхтар Омарханұлы: «Қазақ мақал-мәтелдерінің дені өлең
түрінде келеді. Және сондағы сөздердің өзара үндесіп, үйлесіп,
ассонанс, аллитерациялардың мол болғандығына қайран
қаласың»,—деп жазады (Әуезов М. Жиырма томдық шығарма
лар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 187-б.). Өйткені
қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой
иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындардың араласуымен
жасалған. Өмірдің елеулі жайларынан қорытынды шығарған
ақын-жыраулардың біраз шығармаларының кейбіреулерінен
мақал-мәтел аралас сөздердің кездесуін де, иә болмаса пәлен
деген би, пәлен деген шешен осындай-осындай оқиғаның
тұсында былай деген екен, деп айтылатын кейінгіге жеткен
мақалдарды, міне, осы тұрғыда қабылдаған орынды. Мысалы,
Ыбырай Алтынсариннің «Жинақылық сараңдыққа жатпай
ды», «Ауырғаннан аяған күштірек» секілді сөздері мен Абай
Құнанбаевтың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,
«Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді», «Егер ісім өнсін десең,
ретін тап», «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге
жолығар» сияқты ойлы тіркестерін бұл күнде, халық ежелден
елге етене мақалдар мен мәтелдер ретінде қабылдайды. Авто
рын халық деп есептейді. Ал, шындығында, бұл сөздер әлгіндей
жағдайлардың негізінде өмірге келген туынды екендігінде дау
жоқ.
Мақалдар мен мәтелдер негізінен халықтық мұра, ауыз
әдебиетінің туыңдысы ретінде ел санасынан орын алатын
дықтан, көбінесе айтушылар оның авторының кім екендігін
тергеп-тексеріп жатпайды. Сол себептен де бергі кездің ада
мы айтқан өткір сөздер болмаса көбінің авторы ұмытылады.
Ұмыттырмау үшін сөз иесі үлкен даңқ пен беделдің иесі болудың
үстіне, оның мақал-мәтел ретінде ел қабылдаған сөздері өзінің
авторлығымен баспа бетінде жарыққа шығуы ләзім. Мәселен,
халқымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының
Отан соғысы кезінде айтқан отты сөздері, белгілі халық
ақыны Қайып Айнабековтің мақалдары, ұзақ жылдар бойы
өзге халықтардың бірнешелеген мақалдары мен мәтелдерін
қазақша сөйлеткен, осы тарапта бірнеше кітап шығарған,
өзінің төлтума мақал-мәтелдерімен де белгілі Халық жазу
шысы Мұзафар Әлімбаев пен Халық жазушысы Қадыр Мырза-
халықпен ғұмырлас рухани мұра
Әлидің, сондай-ақ қарт қаламгер Саламат Хайдарұлының
мақалдар мен мәтелдер жинақтары соған дәлел.
Мақалдар мен мәтелдердің бір-біріне өте ұқсас әртүрлі
нұсқада, бірнеше вариантты болып келетін жағдайлары да жиі
кездеседі. Оның басты себебі—табиғатында ақындық қасиеті
бар ділмар кісілер кейде біле тұра, кейде өзінің ырқынан тыс
ұқсас жай, ұқсас оқиғаға байланысты мақал-мәтел сөздерін
басқаша формада береді. Ал ол кейде сәтті, кейде сәтсіз шығуы
мүмкін. Соған қарамастан, халық сол айтылған сөздер өздерінің
талғамына жауап берерліктей шамада болса, оны пайдаланудан
бас тартпайды. Бірақ сол сөздердің қай-қайсысы да халықтың
тезінен, сұрыптауынан өтіп отырады. Өйткені халықтың са
насына хас зергердің қолынан шыққандай сыңғырлаған
сұлу, өткір ойлы, терең мағыналы мақал-мәтелдер ғана тез
орнығады. Сондықтан ел ауыздан-ауызға тарап айтылу бары
сында мақал-мәтелдердің жүдеген түрін емес, түлеген түрін
қабылдайды. Әйтсе де, халықтық мұраны жинақтау барысын
да асқан шебердің қолынан шыққандай небір кестелі көркем
мақал-мәтелдер де, орташа ғана қарапайым нақысты сөздер
де хатқа түсетіні мәлім. Ал хатқа түскен елдік мұраға мұрын
шүйіріп қарау кім-кімге де болса жат қылық болып саналады.
Бүгінде кітап болып шыққан жалпы қазақ мақал-мәтелдерінің
ұзын ырғасы бес томдай болады. Аманшылық болса, соның дені
осы «Бабалар сөзі» басылымы атауымен оқырманға жол тарта
тын шығар деп ойлаймыз.
Әлбетте, терең мағыналы сөз бен ойдың астарлы болуы
мақалдардың табиғатына тән. Бір қарағанда аңға, құсқа, малға,
ауа райына байланысты айтылған секілді көрінетін мақал-
мәтелдердің, түптеп келгеңде адамның іс-әрекетіне байланыс
ты шығарылғанын аңғару қиын емес. Бұл ретте М.О.Әуезовтің
«Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне
ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді» деуі тегінен-
тегін емес. (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы.
Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 187-б.). Мәселен: «Ордалы
жыланмен ойнама», «Есек семірсе, иесін тебер», «Бұқаның
арамзасы бұзау арасында», «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен
ұят кетеді», «Аспандағы тырнаны ұстаймын деп, қолыңдағы
шымшығыңнан айырылма», «Аспаңдағы сұңқардан қолдағы
тұрымтай артық», «Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Құланның
қазақ мақал-мәтелдері
қасуына—мылтықтың басуы» секілді мақалдар тек жылан,
есек, ат, аң мен құсқа байланысты ғана айтылған тұжырымдар
емес. Түптеп келгенде, мұның ар жағында адамның құлқы мен
қылығы жатыр. Сондықтан да мақалдар мен мәтелдер мейлі
аң мен құстың қылығын, ит пен малдың мінезін сипаттасын,
немесе еңбек адамдарының кәсібі мен өзара қатынастарын,
жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін, үлкен мен кішінің, еркек
пен әйелдің мінез-құлқын баяндасын, түптеп келгенде, оның
барлығы қоғамда өмір сүргендердің қоғамдасып тірлік кешуі
керектігіне, жақсы мен жаманды айырып, дұрыс бағалай
білуі қажеттігіне үңдеуден туған; ізгі жанды ізгі өмір іздеп
келетіндей сенімге илаңдырудан бастау алған; өмірдің тірегі—
атаны, тұрағы—ананы қадірлеудің, елді, Отанды қастерлеудің,
білімдарлыққа жетудің жолын меңзеген.
Қоғам өміріндегі жақсылық пен жамандыққа орай, жаңа за
ман, жаңа кәсіпке байланысты да (ата кәсіп, мал шаруашылығы,
егіншілік, балықшылық туралы мақал-мәтелдер, сірә, мол
ғой) мақал-мәтелдер аз шықпаған. Мысалы: «Әлі жетпеген
ақыретшіл», «Құл құнсыз, күң пұлсыз», «Алтын басты әйелден
бақыр басты еркек артық» деген мақалдардан өмірі теңдік көре
алмай кіжінумен келе жатқан жеке адамдардың, соның ішінде
құнын даулар артыңда қаумалаған қауымы жоқ құлдың,
қалыңын сұрар төркіні жоқ күңнің ғана басындағы траге
дияны емес, әділетсіздіктің бел алып, асқынып тұрған сәттегі
қоғамның қалпына деген әлеуметтік ойдың қарсылық лебізін
сеземіз.
Ал «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Ат жақсысы
арбада болар, жігіт жақсысы саудада болар», «Бұрынғының
баласы «іңгә» деп туса, ендігінің баласы «теңга» деп туады»,
«Әкең бермегенді базар береді» секілді мақалдардан бұрынғы
жайбарақат жатқан қазақ еліне заңы, дәстүрі бөлек елдердің
тірлігі араласқанын, сондықтан пысық жігіт атаулының көбі
саудаға, белді аттың бәрі кіре тартуға шыққанын, ал сол сау
да дегеннің өзіне халықтың беріліп кеткендігі сондай—өмірге
келтірген балаларының өзі іңгәлап дыбыс шығарудың орны
на «теңгалап» жылайды деп, сол жаңа дәуірдің құлқын бір
жағынан мысқылдаған, кекесінді аңғарамыз. Бірақ, қалай
болғанда да, сол саудамен айналысқан ел болсын, басқаша
тірлік кешкен қауым болсын, солардың барлығының тізе бүгіп,
халықпен ғұмырлас рухани мұра
мойындары білім, біліктілік дегенді «Білекті бірді жығады,
білімді мыңды жығады», «Ақыл—тозбас тон, білім—таусылмас
кен», сондықтан білім жолын қуу керек деген идеяны жалау
етіп желбіретіп, ту етіп көтереді.
Ал сол игерілетін білім үшін, ел болу үшін қажетті бар
нәрсенің бастауы—еңбек. Халық осыған қатты ден қойғанда:
«Ердің атын еңбек шығарады», «Еңбегі аздың өнбегі аз»,
«Жатқанға жан жуымас», «Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер,
ақымаққа ақыл үшін күлкі берер» деген сияқты тура мағыналы,
сондай-ақ астарлы мағыналы көптеген мақалдар шығарған.
Енді осынау біліммен, болмаса басқаша еңбекпен айналыс
қан жанның толып-толысатын, үлкен нәтижелерге жететінін
білетін сұңғыла қауым соларды асып-тасудан сақтандырып:
«Болған кісі болдым демес, болдым десе, болғаны емес» деген
ғибрат сөз айтады. Әрине, өмір болған соң ақылдының өзінің
аяғынан алдыратын жайлар да кездеседі. Халық ондай адам
дарды да демеп, сүйейтіндей сөз тапқан. Мысалы: «Жаңылмас
жақ, сүрінбес тұяқ жоқ», «Жақсының артынан сөз ерер,
жаманның артынан шөп ерер» деген мақалдар соның дәлелі.
Әлбетте, ғасырдан ғасырға ұласып, халықтың өзімен бірге
жасасып келе жатқан елдік мұра—мақалдар мен мәтелдердің
көбісі, негізінен, үлкен тебіреністің нәтижесінде өмірге кел
ген. Оның қастерлілігі де, қарымдылығы да осында. Әсіресе
елдің бүтіндігі, халықтың ынтымағы секілді жайларға бай
ланысты айтылған мақалдар ұлттың жан дүниесінің көрінісі
сияқты. Мәселен: «Ырыс алды—ынтымақ», «Алтау ала болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бірлігі
жоқтың—тірлігі жоқ» дегендер—сол ынтымақ, бірліктің күші
қандай екендігін көрсететін нұсқалы сөздер. Ал сол ынтымақты
елдің де басына төнер қатері мен қаупі жеткілікті. Өйткені
«Жау қайда деме, жар астында, бөрі қайда деме, бөрік астын
да». Олай болса, оны қорғайтын азамат керек. Сондықтан да
халық: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Батыр
бір өледі, қорқақ мың өледі», «Жігіттің құны—жүз жылқы,
ары—мың жылқы» деп, ел басына күн туса, жауға аттанатын
айбарлы ерге ерекше салмақ артады. Ондай жігіт майдан дала
сында немесе басқа бір жағдайда қолға түсіп қорлық көрсе де,
өзінің ардақтысы—Отаны үшін «Жауға жаныңды берсең де,
2-299*
қазақ мақал-мәтелдері
сырыңды берме» деген ұлы қағиданы ақырына дейін ұстануы
шарт деген ойға иландырады.
Қазақ халқы генетикалық негіздерге, тектілік мәселесіне
қатты мән берген. Сондықтан да кез келген ер мен әйел ата-
анасына, тұқым-зәузатына кір келтірмеуге тырысып баққан.
Сол үшін ол ең алдымен өн бойында міні жоқ адам болуға әрекет
жасаған. Мәселен: «Хас арғымақ белгісі—аз оттар да, көп жу
сар, хас жақсының белгісі—аз сөйлер де, көп тыңдар», «Тексіз
жігіт тезекпен тең», «Жақсыдан жаман туса, ем табылмас, жа
маннан жақсы туса, тең табылмас», «Жақсыдан жаман туса—
жыннан пайда болғаны, жаманнан жақсы туса—нұрдан пайда
болғаны», «Жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар,
жаманның басына іс түссе, бір тулар да басылар» деп келетін
мақалдарда «жақсы болып жүргендердің барлығы арғы ата-
тегінің дұрыстығынан» деген идея ұсынылады. Ал егер «жа
маннан» туған біреу ойламаған жерден жүйрік шығып, елдің
азаматы болса, оған оның ата-тегін қомсынатындар қасына еріп,
ақылын алуға бармайды. Сондықтан әркім өзінің «теңімен» бо
луы керек, өйткені «Балта сабынан озбайды» дейді.
Бұл мақалдар, бір жағынан, тектілік үшін күреске, текті
жерден қыз алып, тектілермен жолдас болуды, сөйтіп, тұқым
ды да, тәрбиені де ілгері бастыруға үндесе, екінші жағынан,
азаматтың мінезін тәрбиелеуге қызмет етеді. Текті жерден
шыққандығың рас болса, өз ортаңа жолбасшы, ақылшы болып
қызмет ет, әйтпесе: «Зорсынғанға Алла бар, сомсынғанға балға
бар» дегендей, еліңнің қадірін білмесең, сол қауым сені ілезде-
ақ: «Аузы жаман ел былғайды, аяғы жаман көл былғайды» де
ген атқа қалдыра алады, сондықтан сол ортаның қалай болғанда
да мүддесін ойлап, үдесінен шыға біл дегенге меңзейді.
Қысқаша ғана тұжырымдалғанымен мақал-мәтел атала
тын жанрдың тақырып аясы, философиялық құлашы кең.
Сондықтан да әр халықтың кемеңгер ойшылдары өз ұлтының,
қала берді өзге жұрттың мақал-мәтелдерін жинауға, оны жазған
шығармаларында, сөйлеген сөздерінде кеңінен пайдалануға
ерекше ден қойған.
Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш рет шәкірттердің оқу
құралына енгізіп, жас жеткіншектердің бұрын құлағымен естіп
жүрген мағыналы сөздерін қасиетті кітаптардың әңгімесіндей
санасына сіңіруге алғашқы қадам жасаған кісі—1879 жылы
халықпен ғұмырлас рухани мұра
жарық көрген тұңғыш «Қазақ хрестоматиясының» авто
ры Ыбырай Алтынсарин. Кейін бұл талпыныс 1899 жылғы
В.В.Катаринскийдің
«Қырғыз
мақалдарының
жинағы»,
Я.Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» (1883, Ташкент), Фон
Герннің «Қырғыз мақалдары» (Семей, 1898) секілді жеке
кітаптары мен А.Е.Алекторов, Ә.Диваев, П.М.Мелиоранский,
А.Васильев, Н.Н.Пантусов т.б. ғалымдардың Астрахань,
Торғай, Ташкент секілді қалалардан шыққан әртүрлі жур
налдар мен газеттерде жариялатқан жекелеген материалдары
арқылы жалғасын тапты.
Бұл шаруадан қазақ оқығандары да сырт қалған жоқ.
Мәселен, Бейбіт Дауылбаев деген азамат 1892, 1894 жылғы
«Дала уалаятының газеті» басылымының бірнеше санында,
М.Ешмұхамбетов деген кісі сол газеттің 1894 жылғы бірнеше
санында қазақтың көптеген мақалдары мен мәтелдерін жа
риялапты. Бұлардың барлығы XX ғасырға дейінгі осы тарапта
істелген шаруалар болатын.
XX ғасыр басында қазақ зиялылары халық мақалдарын
жинап, жариялауға ерекше ықылас танытты. 1914 жылы
Мейрам Ысқақ баласы, 1921 жылы Ахмет Баржақсы баласы,
1935 жылы Өтебай Тұрманжанов қазақ мақал-мәтелдерін
жеке
кітап
етіп
жариялады.
Отызыншы
жылдардың
екінші жартысындағы саяси қуғын-сүргін кезінің лаңынан
творчестволық қызметтен біраз уақыт бойы қол үзіп қалған
белгілі ақын Ө.Тұрманжанов еркіндікке шыққаннан кейін
аталмыш еңбекті 1957 жылы толықтырып, бастыртты. Ал
1959, 1993 жылдары осы жинақ аздаған өзгерістермен қайта
жарияланды.
1940—1950 жылдар аралығында, әсіресе Ұлы Отан соғысы
кезінде халық мақал-мәтелдері мерзімді баспасөз бетінде жиі
жарық көрді. 1950 жылы Кеңес Одағының батыры, филология
ғылымының каңдидаты, келешек академик Мәлік Ғабдуллин
мен жазушы Сапарғали Бегалиннің редакциялық басқаруымен
әдебиет зерттеушісі Балым Ақмұқанова құрастырған жинақ
сол жылдардағы осы саладағы іргелі ізденістердің жемісі болып
табылады.
XX ғасырдың қырқыншы—тоқсаныншы жылдары ара
лығында халықтың мақалдары мен мәтелдері жеке жинақ бо
лып жарық көрді, бұл тақырып ауыз әдебиетінің елеулі жанры
қазақ мақал-мәтелдері
ретінде ұдайы зерттеу нысанасына айналды. Осы ретте белгілі
ғалымдар Б.Шалабаевтың, М.Ғабдуллиннің, З.Ахметов пен
Б.Ақмұқанованың еңбектерін ерекше атаған жөн. Сондай-
ақ біраз жылдар бойы қазақтың мақал-мәтелдерін жинас
тыра, жариялай жүріп, мүмкіндігіне қарай, дүние жүзінің
ондаған халқының мақал-мәтелдерін қазақша сөйлеткен,
белгілі ақын М.Әлімбаевтың ерен еңбегін де атап өту ләзім.
Қысқасы, аталмыш жанр жан-жақты зерттеліну үстінде. Ал
мақалдар мен мәтелдерді зерттеушілердің қай-қайсысы да,
мүмкіндігіне қарай, осы жанрдың «ертеден келе жатқан халық
шығармаларының ескі түрі» (Ә.Марғұлан) екендігінен, оның
жиналу, зерттеліну жайларынан хабардар етеді.
Түптеп
келгеңде,
осының
барлығы—ғасырлар
бойы
ұланғайыр рухани мұраны, соның ішінде мақал-мәтелдерді
дүниеге келтірген, М.О.Әуезов тұжырымдағандай: «қазақ
халқының ... асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас
даналығының айқын айғағы» (Әуезов М. Жиырма томдық
шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 1985. 17-том. 188-б.)
екендігіне қапысыз иландырады.
Жұмат Тілепов,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Абыройды ақ отау жапты. Алтын, күміс жауған жерден де Туып-өскен ел артық. Аспандағы бұлтқа қарама, Жердегі жұртқа қара. Айырылған ел азады, Қосылған ел озады. Айырылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен. Айырылсаң үйіріңнен, Қолың кетпес бүйіріңнен. Адассаң, еліңмен адас. Айдабол, Ac ішерде пайда бол! Арқадағы ноғайды Қой бақтырған Құдай-ды. Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің, Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің. Атамекен. Ел. Халық. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.
қазақ мақал-мәтелдері Аздың атасы бір, Көптің батасы бір. Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. Айдап салдан аз өлді, Көре келден көп өлді. Аздың ашпыз дегеніне нанба, Көптің тоқпыз дегеніне нанба. Азды көпке қосқан сауап. Ағайын бар болсаң, көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды. Ағайынның аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын. Айырылмас қоңсыға ауыр сөз айтпа. Ақылды көршің—саяң, Ақымақ көрші—шаян. Ақылды көрші—төрің. Ақымақ көрші—көрің. Ақылға байлық—тозбас байлық. Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың. Ақылы асса, аға тұт, Әкімшілігі асса, пана тұт. Ақыры байдың баласы аштан өлер. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21. 22. 23. 24.
атамекен. ел. халық Ақбөкенді жатыр деме, Көшпелі елді отыр деме. Алыстағы туыстан, жақындағы көрші артық. Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп. Алдияр «алдияр» десең, далияр. Атаным сай, атым сай, қашсам, жаудан кетермін. Кетпенім сай, шотым сай, қазсам, суға жетермін. Алып, алтау жеп, жетеу болмайсың. Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көш те, айдын көлге жет. Аңдысқан ауыл болмас, Ерегескен ел болмас. Арлы болмай, абыройлы болмайсың. Артық байлық аздырар, Артық күлкі тоздырар. Арғымақ аттың баласы Аз оттап, көп жусайды, Азамат ердің баласы Аз сөйлеп, көп тыңдайды. Аспаннан киіз жауса да, Құлға ұлтарақ тимейді. Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар. Атасыз үй—батасыз, Анасыз үй—панасыз. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36. 37. 38.
қазақ мақал-мәтелдері
Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.
Атадан алтау тусаң да,
Басыңа түсер жалғыздық.
Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.
Атаңның құлы айтса да,
Әділдікке басыңды и.
Атсыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Аспаннан шұға жауса да,
сорлыға ұлтарақ тимейді. Аштың ақылы—тамағында, Жаяудың ақылы—табанында. Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ. Ашыққан—ұры, ашынған шешен болады. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала ешнәрсені ойламайды. Ашқа тартқан кешке тартады. Аш құлақтан—тыныш құлақ. Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін. Ауылыңнан алғыр шықса, атың озады, Ауылыңнан жаман шықса, елің тозады. Ауыл болсаң, қауым бол. Ауылы араластың қойы қоралас. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54.
атамекен. ел. халық Ауылдасың жақсы болса, Ағайының не керек! Алған жарың жаксы болса, Айт пен тойың не керек! Ауылы қарайластың шаруасы орайлас. Аузыңды бақсаң, би боларсың, Малыңды бақсаң, бай боларсың. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. Ауыз баққан бай болар. Әділ патша гүлстанға ұқсайды, Залым патша зымыстанға ұқсайды. Әділ би халқы үшін, Залым би құлқыны үшін. Әділетсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса, үй оңбас. Әдепсіз үйге кірме, Әкімсіз елде тұрма. Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді. Әкімнің көңілінде болсаң да, Көзінде болма. Әр ханның тұсында бір сұрқылтай. Әр елдің заңы басқа, Иттері қара қасқа. Әулекі би ат үстінен билік айтар. 55. 56. 57. 58. 59. 60. 61. 62. 63. 64. 65. 66. 67. 68.
қазақ мақал-мәтелдері Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар, Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар. Байлық неге керек, адалдан мал жимасаң, Билік неге керек, әділ билік құрмасаң. Бейбітшілік—өмір тынысы, Байлық—ел ырысы. Байлық мұрат емес, Жарлылық ұят емес. Бай мен жарлы көрде теңеседі. Байдың жаманы—қарау, Жарлының жаманы—жалқау. Бай кедейленсе де, мақтанғанын қоймас. Баймын деп саспа, бимін деп таспа. Бай болған бақырып бола ма? Бай малына сыйынады, Кедей Тәңіріне сыйынады. Бай байға құяды, Сай сайға құяды. Бай барын бермес, Жоқ қарап тұрмас. Бай—бір жұттық, Батыр—бір оқтық. Бай болып көргенім жоқ, Жарлы болып өлгенім жоқ. 69. 70. 71. 72. 73. 74. 75. 76. 77. 78. 79. 80. 81. 82.
атамекен. ел. халық
Бай кісі балпаң келер,
Жарлы кісі жалтаң келер.
Бай жаманы байталын ат қылады,
Би жаманы туысқанын жат қылады.
Бай—жарлының бақташысы.
Бар мақтанса табылады,
Жоқ мақтанса шабылады.
Бай мейірінен—күн мейірі.
Бай—тамырлас,
Би—құлақтас.
Бай тойғанынан кекіреді,
Кедей аштықтан секіреді.
Байды Құдай атқаны—жабағы жүнін сатқаны.
Байдың баласы жатық, малшысы қодаң.
Байға жалынамын деп жарлының
тоқтылы қойлық зықысы шығыпты. Байды мал басады, Жарлыны бала басады. Байдың мыңының ішінде Жарлының жалғыз тоқтысын қасқыр жейді. Байдың ісі пәрменменен, Жарлының ісі дәрменменен. Байдың малы ардақты, Жарлының жаны ардақты. 83. 84. 85. 86. 87. 88. 89. 90. 91. 92. 93. 94. 95. 96.
қазақ мақал-мәтелдері Баймын деп мақтанба, Жарлылық бар. Көппін деп сұқтанба, Жалғыздық бар. Байдан жұғар, Балдан тамар. Байды Құдай ұрарында жортуыл бастайды, Жарлыны Құдай ұрарында қатынын тастайды. Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес. Барға мәзір, жоққа салауат. Барлық жарастырады, Жоқтық таластырады. Барлық-байлық не дегізбес, Жоқтық не жегізбес. Бастаушы болса, қостаушы табылар. Бар болсаң, «жоқпын» деме, Жоқ болсаң, «тоқпын» деме. Бар болсаң, паршаменен көтіңді сүрт, Жоқ болсаң, шекпеніңмен бетіңді сүрт. Баталы құл арымас, Батасыз құл жарымас. Баталы құлға бақ қонар. Батыр деген барақ ит, екі қатынның бірі табады. Би деген ақсарағат, ілуде бір қатын табады. 97. 98. 99. 100. 101. 102. 103. 104. 105. 106. 107. 108. 109.
атамекен. ел. халық
Батыр болып, бай болсаң, патшадан нең кем?
Жарлы болып, бек болсаң, келекеден нең кем?
Бермесе де, бай жақсы,
Жемесең де, май жақсы.
Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қораға.
Бидің айтқанын құл да айтады,
Бірақ құлдың аузының дуасы жоқ.
Бірінші байлық—денсаулық,
Екінші байлық—ақ жаулық,
Үшінші байлық—он саулық.
Бай қасына көшіп бар, байымасаң, маған кел,
Қу қасына көшіп бар, құрымасаң, маған кел.
Бай қасына барып көр, бақыр болмасаң маған кел,
Хан қасына барып көр, басың кетпесе маған кел.
Бай мақтанса, май табылар,
Жоқ мақтанса, не табылар?
Байдың малын байғұс қызғанады.
Бардың ісі пәрменмен,
Жоқтың ісі дәрменмен.
Бақа көлінде патша,
Жігіт елінде патша.
Балалы үйдің ұрлығы жатпайды.
Бейбіт елде береке бар.
Би болмасаң, болма,
Би түскендей үй бол!
110.
111.
112.
113.
114.
115.
116.
117.
118.
119.
120.
121.
122.
123.
қазақ мақал-мәтелдері
Би болмасаң да, би түсетін үй бол.
Бидің әділ сөзі, тентектің тезі.
Би әділ болса, дауды тындырады,
Залым болса, сөнген дауды жандырады.
Би әділ болмаса, барған кісі сау болмайды.
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұрадың, сірә да, хасыл қалмас.
Би екеу болса,
Дау төртеу болады.
Биді Құдай ұрарында жортуыл бастайды,
Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.
Боқ жаман,
Бәрінен де жоқ жаман.
Болар елдің баласы, бірін-бірі «батырым» дейді.
Тозар елдің баласы, бірін-бірі «қатыным» дейді.
Бөлшекте де, билік ет.
Бүлінгеннен бүлдіргі алма.
Бір аштықтың бір тоқтығы бар,
Көп тоқтықтың бір аштығы бар.
Бірлігі жоқ ел оңбайды,
Тірлігі жоқ ер оңбайды.
Бірлігі жоқ ел тозар,
Бірлігі күшті ел озар.
Бір жоқты бір жоқ табады.
124.
125.
126.
127.
128.
129.
130.
131.
132.
133.
134.
135.
136.
137.
138.
атамекен. ел. халық
Бір кісі таққа мінсе,
Қырық кісі атқа мінеді.
Бір көрген—біліс, екі көрген—таныс.
Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір тәуекел жазады мың қайғының жарасын.
Бір жақсыға бітірер кем көңілдің сапасын.
Біреумен сырлас, мыңмен кеңес.
Бір де болса, бірегей болсын.
Бірдің кесірі мыңға,
Мыңның кесірі түменге.
Бір кісі мың кісіге олжа салады.
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.
Далаға түнегенше, молаға түне.
Дәулет есіктен кіреді,
Бала бесіктен кіреді.
Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде ұстаған мұздай.
Досы көпті жау алмас,
Ақылы көпті дау алмас.
Екі тау бас қоспайды,
Екі ел бас қосады.
Екі кісі—бір кісінің тәңірі.
Екінің бірі—егіздің сыңары.
3-299*
139.
140.
141.
142.
143.
144.
145.
146.
147.
148.
149.
150.
151.
152.
153.
154.
155.
қазақ мақал-мәтелдері
Екі кісі қағысса, бір кісіге орын бар.
Екінің бірі өлсе, бірі қалады,
Жалғыздың бірі өлсе, кімі қалады?!
Екі бай құда болса, араларында жорға жүреді,
Екі жарлы құда болса, араларында дорба жүреді.
Бай мен жарлы құда болса,
«қайдан құда болдық» деп,
зорға жүреді.
Ел сыйлаған жақсыны есер ғана сыйламайды.
Ел алғысын алсаң, елеулі боласың.
Ел намысы—ер намысы.
Елден ел кетсе, жұт,
Елге ел қосылса, құт.
Ел—ырыс, қыз—өріс.
Ел басқарар жігіттің
Етек-жеңі кең болар.
Ел намысын қуғанның еңсесі биік.
Ел көркі—мал,
Өзен көркі—тал.
Елде болса, ерніңе тиеді.
Елге келген селебе, селебені елеме.
Елде қырық түрлі кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.
Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.
156.
157.
158.
159.
160.
161.
162.
163.
164.
165.
166.
167.
168.
169.
170.
атамекен. ел. халық
Ел қадірін елсізде білерсің,
Ер қадірін әлсізде білерсің.
Ел тамыры жерде, ер тамыры елде.
Елдің атағын ер шығарады.
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
Ел арасы жауықса,
Епті жігіт қалыңсыз қатын алады.
Ел аузы—уәлі.
Ел аузына қақпақ қоя алмайсың.
Ел аралаған сыншы болады,
Тоғай аралаған үйші болады.
Ел барда, ер қор болмас,
Ер барда, ел қор болмас.
Ел ебелек емес,
Ер көбелек емес.
Ел-елдің түбі бір,
Ер-ердің тілегі бір.
Ел даусыз болмас,
Жер жаусыз болмас.
Ел іші—алтын бесік.
Ел іші—береке,
Көп ісі—мереке.
Ел құлағы—елу.
171.
172.
173.
174.
175.
176.
177.
178.
179.
180.
181.
182.
183.
184.
185.
қазақ мақал-мәтелдері
Ел қонысынан айырылса,
Ер ырысынан айырылады.
Ел қозғалса, жер көтермес ауыры бар,
Жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.
Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ел үшін еркек кіндік құрбандық.
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
Елдің елдігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Еліңді дау басса,
Үйіңді қарыз басады.
Елдің көркі ерімен,
Жердің көркі шөбімен.
Елмен көрген еленбес.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Жесір қатынға жалшы айғыр.
Елің еміренсе, сен тебірен.
Елшіге өлім жоқ.
Ерге дәулет бітерде,
Қарға салса, қаз алар.
Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса да, аз алар.
186.
187.
188.
189.
190.
191.
192.
193.
194.
195.
196.
197.
198.
199.
атамекен. ел. халық
Елдің күші—селдің күші.
Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас.
Ел айырылса, көбіне бар,
Жол айырылса, кеңіне түс.
Елін сатып асаған
Екі күн-ақ жасаған.
Елді сөкпе,
Кенді төкпе.
Ел мен ел қосылады,
Тау мен тау қосылмайды.
Елдестірмек елшіден,
Жауластырмақ жаушыдан.
Елдің құты—би.
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан.
«Ел көшеді» деп, отыныңды тауыспа,
«Жау келеді» деп, тамағыңды тауыспа.
Ерден аспақ бар,
Елден аспақ жоқ.
Ер елін аңсайды,
Қаз көлін аңсайды.
Ердің ісі елдің мойнында,
Елдің ісі ердің қолында.
Ер туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
200.
201.
202.
203.
204.
205.
206.
207.
208.
209.
210.
211.
212.
213.
қазақ мақал-мәтелдері
Ердің сыншысы—елі.
Ер жетіліп, бас болар,
Тай жетіліп, ат болар.
Ергежейлінің елуі жиналып,
Үрген қарынды көтере алмайды.
Еру ел ерулік берер,
Көшпелі ел көмек берер.
Есі бүтін елден кетпес.
Есің бар да, елің тап,
Есер болмай, етек жап.
Естімеген елде көп,
Есек мінген сарт та көп.
Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.
Ескі байдан жұрт қалмас,
Жаңа байдан шөп қалмас.
Ешкім анадан құл болып тумайды.
Жазда сайға қонба,
Қыста қырға қонба.
Жазды ойламаған диханның егіні семіп шығады,
Қысты ойламаған малшының малы өліп шығады.
Жағасы—жайлау, етегі—қыстау.
Жазған құлда шаршау бар ма?
Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер,
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.
214.
215.
216.
217.
218.
219.
220.
221.
222.
223.
224.
225.
226.
227.
228.
атамекен. ел. халық
Жақсымен көрші болсаң, мақтар,
Жаманмен көрші болсаң, даттар.
Жалайырға жар салған.
Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас,
Боққа тойса да, шоқығанын қоймас.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Жалғыздық бір Құдайға ғана жарасқан.
Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен бірге адас.
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеге саба толмас.
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
Жалғыздық ас ішкенде білінер,
Жарлылығың ел ішінде білінер.
Жалғыз аттың пайдасы көп,
Жалғыз жігіттің айласы көп.
Жалғыз батыр жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғызға біткен дәулеттің мәні жоқ,
Жалғыз айтқан өлеңнің сәні жоқ.
Жалғыз кісі жау алмас.
229.
230.
231.
232.
233.
234.
235.
236.
237.
238.
239.
240.
241.
242.
қазақ мақал-мәтелдері
Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, табағы жетпейді.
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жаман көрші сырыңды сыртқа жаяды.
Жаман көрші—күнде қонақ.
Жаман да болса көршіңді жамандама.
Жаман жүрісінен құл болады,
Жорға жүрісінен пұл болады.
Жаманнан би қойма, кесім алады,
Залымнан қарыз алма, өсім алады.
Жаманнан жасауыл қойсаң, еліңді
жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, малыңды дауға алдырар.
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Жантақты жерде сона бар,
Қыстақты жерде оба бар.
Жаңа байығаннан қарыз сұрама,
Жаңа би болғаннан билік сұрама.
Жас құрақ—жердің көркі,
Ынтымақ—елдің көркі.
Жасықтың мыңынан, асылдың бірі артық.
Жақыны көп жасқанбайды.
243.
244.
245.
246.
247.
248.
249.
250.
251.
252.
253.
254.
255.
256.
257.
атамекен. ел. халық
Жақсы—ардың құлы,
Жаман—малдың құлы.
Жарлылық деген жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.
Жарлыға берген кісі Құдайға
қарыз бергендей болады.
Жарлының сөзі жалған,
Жалғыздың сөзі жалған.
Жарлы байыдым десе, нан,
Жалғыз көбейдім десе, нанба.
Жарлы байғұс жамалар,
Жамалар да, жаңарар.
Жарлы болсаң да, арлы бол.
Жарлы болсаң, кентті жерді сағала,
Жалғыз болсаң, бір жақсыны ағала.
Жарлы болсаң, шашынба,
Қарыздар болсаң, дәусінбе.
Жарлыға тіл бітті,
Жабыға шыр бітті.
Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталы бол.
Жарлының аузы аққа тисе, мұрны қанар.
Жарлының байлығы—денінің саулығы.
Жарлының жалғыз қозысын қасқыр жейді.
258.
259.
260.
261.
262.
263.
264.
265.
266.
267.
268.
269.
270.
271.
қазақ мақал-мәтелдері
Жарлының ұлы болғанша,
Малдының құлы бол.
Жарлылығын жасырған байымас.
Жарлылық, сені қайтейін,
жандай досты жат еттің.
Жауды көп қашырады,
Жақсы атақ Барақта қалады.
Жаяудың ақысын атты жемес.
Жер шайқалса, төбеге қатер,
Ел шайқалса, төреге қатер.
Жер мен жерді жер жалғайды,
Ел мен елді қыз жалғайды.
Жер тоймаса, ел тоймайды.
Жер таусыз болмас,
Ел хансыз болмас.
Жер қадірін жеміссіз қалсаң, білерсің.
Жетең жаман болмаса,
Жете жарлы болмассың.
Жетесізден жетекші шықпайды.
Жолбарыс жонымен күшті,
Халық бірлігімен күшті.
Жолға жомарт қонар немесе нәмарт қонар.
Бай мақтанса, табылар,
Жоқ мақтанса, шабылар.
272.
273.
274.
275.
276.
277.
278.
279.
280.
281.
282.
283.
284.
285.
286.
атамекен. ел. халық
Жоқ болса, тұз да қат.
Жоққа жүйрік жетпейді.
Жоқшылық жомарт елдің қолын байлар.
Жұтаған жұртын мақтайды.
Жұт жылдың жазы шаң болар,
Кесірлі кедей паң болар.
Жұрт бойдаққа қалды,
Жүк тайлаққа қалды.
Жұртымның жұртында қалайын.
Жүз дос аз,
Бір дұшпан көп.
Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын.
Жүлдегерге ел сүйінер,
Қызғаншақ, күншіл күйінер.
Жүзігі барда Сүлеймен,
Жүзігі жоқта сүмірейген.
Жігіті жүзге жеткен елді жүзі қара кемітер.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Иті семіз, малы арық—жер азғаны,
Ынтымағы болмаса—ел азғаны.
Итті қонақ жараспас.
Иесіне керек болса,
Қоңсысы өкпелемейді.
287.
288.
289.
290.
291.
292.
293.
294.
295.
296.
297.
298.
299.
300.
301.
302.
қазақ мақал-мәтелдері
Иірімі жоқ суларға ерген балық не табар?
Қайырымы жоқ сұлтанға ерген халық не табар?
Кәрі болсаң, жастығыңды айтпа,
Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа.
Кедейдің қоржыны толса да, көзі тоймас.
Кедейдің керінен сақта.
Кедейге ат бітсе, «қайдан алдың» дейді,
Байға ат бітсе, «құтты болсын» дейді.
Кедей елге көшбасшы көп.
Кедейдің келді заманы,
Құрыды байдың амалы.
Кедейлік—кемдік емес.
Кедейліктен кісі өлмейді, сағы сынады.
Кедей мен бай жолдас емес,
Қасқыр мен қой жолдас емес.
Кен байлық—кең байлық.
Кеңесті елде кек болмас.
Кеңесті ел кем болмас.
Кең киім тозбайды,
Кеңесті ел азбайды.
Келген дәулет—
Кеткен бейнет.
Кетпес жарлылық—басқа қорлық.
303.
304.
305.
306.
307.
308.
309.
310.
311.
312.
313.
314.
315.
316.
317.
318.
атамекен. ел. халық
Кешке жақын өре сақтама,
Ашаршылықта төре сақтама.
Көлден кетсе, жалбыз мұң,
Елден кетсе, жалғыз мұң.
Көлігі жоқ жұртта қалады,
Сабасы жоқ сыртта қалады.
Көш жүре түзеледі.
Көшерде жұрт жаман,
Тастарда қатын жаман.
Көшбасшының киімі жылы,
Баланың жылағанын не қылсын.
Көше білмес жамандар, көшсе, көлік өлтірер,
Сөйлей білмес жамандар сөзді өзіне келтірер.
Көшерімді жел біледі,
Қонарымды сай біледі.
Көші-қонды көп сөйлеспе,
Арты керіске айналар.
Көшкен жұрттың қадірі
Қонғанда өтер.
Ер жігіттің қадірі
Өлгенде өтер.
Көштің байсал тапқаны—көкорайға қонғаны.
Даудың байсал тапқаны—төрешіге барғаны.
Көп түкірсе, көл болар.
Көп қарасса, жоқ жабылады.
Көп жүрген жерде береке жүреді.
319.
320.
321.
322.
323.
324.
325.
326.
327.
328.
329.
330.
331.
332.
қазақ мақал-мәтелдері
Көпті көрсең, көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
Киіз сатсаң, көршіңе сат,
Бір шетіне өзің отырасың.
Көп адаспайды,
Көл таусылмайды.
Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра.
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Көп ақылы алысты болжайды,
Жалғыз ақыл отбасынан озбайды.
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың ісі өнбейді.
Көп қорқытады,
Терең батырады.
Көпті сыйламағаның, өзіңді сыйламағаның.
Көп алғысы көгертер.
Көп ауызы—дуалы.
Көп ауыз біріксе,
Бір ауыз жоқ болады.
Kөп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
Көп еңбегі пәрменді.
Көп ел—сарқылмас көл.
Көп жабылса, жоқ табылады.
333.
334.
335.
336.
337.
338.
339.
340.
341.
342.
343.
344.
345.
346.
347.
348.
атамекен. ел. халық
Көп ішінде аз болсаң,
Әр нәрсе түсер ойыңа.
Ел ішінде жоқ болсаң,
Мін табылар бойыңа.
Көп қайда болса, береке сонда.
Көп қорқытады,
Терең батырады.
Көп ұйғарса, көк тоқтыңды сой.
Көп еңбек—байлықтың басы,
Көп ұйқы—кедейліктің басы.
Көпке жаққан—көкке жақын.
Көпке топырақ шаша алмайсың.
Көпке жаққан Құдайға да жағады.
Көппен көрген ұлы той.
Көкке тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.
Көптен дәметкен аздан құр қалар.
Көптен бақыт құтылмас.
Көптен қулық артылмас.
Көптен қашқан көмусіз қалар.
Көптен түлкі құтылмас.
Көпті жылатқан көп жүрмейді.
Көпті сөккен көгермес.
349.
350.
351.
352.
353.
354.
355.
356.
357.
358.
359.
360.
361.
362.
363.
364.
365.
қазақ мақал-мәтелдері
Көптің көзі—көреген.
Көптің аузы—темір талқы.
Көптің аузы—зеңбірек.
Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.
Көптік қайда болса, тоқтық сонда.
Көптің қолы ұзын.
Көпті қысқан бай болар.
Көпшілік жүрген жер—береке,
Береке бар жерде ұдайы мереке.
Көп сөйлейді залым би,
Аз сөйлейді әділ би.
Көрген жерде ауыл бар.
Көршің жаман болса, көңілің алаң.
Көрші айнасы—көршінің айнасы.
Күйі бірдің күні бір,
Үйі бірдің шиі бір.
Күң мен қордың тәні бірдей.
Күң көтінде күміс жылтырайды.
Күңнің өз күңкілін өзіне қимайсың ба?
Күңнің аузы етке тисе,
Төбесі көкке тигендей болады.
366.
367.
368.
369.
370.
371.
372.
373.
374.
375.
376.
377.
378.
379.
380.
381.
382.
атамекен. ел. халық
Күші жеткен алып та жығады,
шалып та жығады.
Күте білсең, ханшадан күң жақсы.
Түте білсең, жібектен жүн жақсы.
Кілемге бергісіз алаша бар,
Ханға бергісіз қараша бар.
Кім бай болмайын дейді, Құдайы қаламайды.
Кім би болмаймын дейді, халқы қаламайды.
Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Кісі елінде күркірегенше,
Өз еліңде сіркіре.
Қазақ байыса, қатын алар,
Сарт байыса, там салар.
Қазақ етігін майлайды,
Етігі етегін майлайды.
Қазақ жаңылса, қартына қарайды,
Орыс жаңылса, хатына қарайды.
Қазақ пен қазақ жөн сұраса келе,
Қарын бөле шығады.
Қазақтың ақылы көзінде,
Қасиеті сөзінде.
Қазақта айран көп,
Орыста мейрам көп.
Қайраңы жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ елден без.
4-299*
383.
384.
385.
386.
387.
388.
389.
390.
391.
392.
393.
394.
395.
қазақ мақал-мәтелдері
Қайырымсыз болса, ханнан без,
Өткелсіз болса, судан без,
Асусыз болса, таудан без,
Пайдасыз болса, байдан без,
Панасыз болса, сайдан без.
Қайыршының сүйген асын кім берер.
Қайран менің өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім!
Қайғың болса, ханға бар,
Қарның ашса, байға бар.
Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.
Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас.
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.
Қанша тұлпар десе де,
Мініп болмас жалсызды.
Қанша білгіш десе де,
Халық сүймес малсызды.
Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың.
Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.
Қараша үйден ханша шығады.
Қараша үйде сұңқар бар ораздыға кездесер.
Қараңғы үйде қабан күркірейді.
Қардың басын қар алар,
Ханның басын хан алар.
396.
397.
398.
399.
400.
401.
402.
403.
404.
405.
406.
407.
408.
атамекен. ел. халық
Қарға тамырлы қазақ.
Қарны аштан назары аш жаман.
Қарын тойса, қарта боқ сасиды.
Қары бар жерде қаһар бар,
Кен бар жерде шаһар бар.
Қасықтап алғанмен, көл таусылмайды,
Қанша ұры алғанмен, ел таусылмайды.
Қаузанып шығар үйің болса, ордадағы,
Қоғамшыл қарияң болса, қорғандағы.
Қатты жерге қақ тұрар,
Ынтымақты елде бақ тұрар.
Қатты қыста қамысты сағала,
Басыңа пана, малыңа қора.
Қатардан аспақ бар,
Халықтан аспақ жоқ.
Қараша хан тұсында, қатын ер тұсында.
Қашпақ-қумақ—ерге сын,
Көшпек-қонбақ—елге сын.
Қойлы бай—қорлы бай,
Жылқылы бай—сылдыр бай.
Қойлы бай—қорлы бай,
Сиырлы—сары май.
Қойды кәрі-құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.
409.
410.
411.
412.
413.
414.
415.
416.
417.
418.
419.
420.
421.
422.
қазақ мақал-мәтелдері
Қашқан жаудан құтылады,
Көшкен жұттан құтылады.
Би болатын жігіттің етек-жеңі кең болар,
Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар.
Қуыс үйден құр шықпа.
Құдайға қарсы болма.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Құл—құл емес, кім жаман туса, сол—құл.
Құлдың діңкесін «бәрекелді» құртады.
Құлды «құл» десе өлгісі келеді,
Биді «құл» десе күлкісі келеді.
Құл жиылып бас болмас,
Құм жиылып тас болмас.
Құлда құдірет жоқ.
Құлды жіберсең еркіне,
Күнде тышар бөркіңе.
Құлмен жеген құйқа құстырмай қоймайды.
Құл құтырса, құдыққа қармақ салады,
Күң құтырса, көтіне бармақ салады.
Құрастырып айтса, құлдыкі жөн,
Біріктіріп айтса, бидікі жөн.
Қыңыр көшіп бай болмас,
Қисық сөйлеп би болмас.
Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
423.
424.
425.
426.
427.
428.
429.
430.
431.
432.
433.
434.
435.
436.
437.
438.
атамекен. ел. халық
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
Қыс киімін жаз киіп, жарлы қайдан байысын.
Қысы-жазы жұмыс қып, жалғыз мая
қайтіп қайысын?
Қонысқа қарай мал өсер,
Ырысқа қарай ұл өсер.
Қонысы ауған ел оңбас,
Өрісі ауған мал оңбас.
Қопалы жерге қонбаңыз, қора өртенсе, үй кетер.
Жар басына қонбаңыз, дауыл тұрса, күй кетер.
Қорқақтың бәрі Құдайшыл.
Қырықтың бірі—Қыдыр,
Мыңның бірі—Машайық.
Қызығы жоқ өмірден
Ұйқыда көрген түс артық.
Менде болсын,
Менде болмаса да, елде болсын.
Мал басқа бітеді, қына тасқа бітеді.
Нағашым бай, қайным бай,
Жарлы қылар қай Құдай!
Миға ерген дене азбайды,
Милыға ерген ел азбайды.
Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.
439.
440.
441.
442.
443.
444.
445.
446.
447.
448.
449.
450.
451.
қазақ мақал-мәтелдері
Мың кісі салған көпірді бір кісі бұза алады,
Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады.
Мал қайыры жоқ байдан
Күш қайыры бар жарлы артық.
Мыңын жемей, бай өледі,
Бірін жемей, жарлы өледі.
Мың қосшыдан—бір басшы.
Бай—теңіз, оны жей алмаған доңыз.
Опасызда отан жоқ.
Орнында бар оңалар, орнында жоқ жоғалар.
Орыс бар жерде қоныс бар.
Орыс ойына келгенін істейді.
Ортақ өгізден оңаша бұзауым артық.
Отан от басынан басталады.
Отансыз да бір, опасыз да бір.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз ұл—ормансыз бұлбұл.
Отты шұқылаған өшірер,
Қоңсыны шұқылаған көшірер.
Отты қаузаған өшірер,
Қоңсыны қаузаған көшірер.
Отау үй—оңаша бас.
452.
453.
454.
455.
456.
457.
458.
459.
460.
461.
462.
463.
464.
465.
466.
467.
атамекен. ел. халық
Отырса, от басында,
Көшсе, жүк қасында.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Өз еліңнен шет жерде
Шуақсыз болар көктем де.
Өз жұртын танымаған
Кісі еліне би бола алмас.
Өз елім—алтын бесік,
Жат елдің түбі тесік.
Өз айыбын өзі білген жігіт би болуға жарайды.
Өз елімнің басымын,
Басы болмасам, сайының тасымын.
Өз халқының қарғысына қалған,
Өзге халықтың алғысын алмас.
Өзгеге ұл болғанша,
Өз еліңе құл бол.
Өз елімнің иті де қадірлі.
Өзі жарымағанның сарқытын ішпе.
Өзім үшін туыппын,
Жұртым үшін өліппін.
Өзбек—өз ағам,
Сарт—садағам.
Өлсең, көрің кең болсын.
468.
469.
470.
471.
472.
473.
474.
475.
476.
477.
478.
479.
480.
481.
қазақ мақал-мәтелдері
Өлі—тірінің азығы,
Бала—атаның қазығы.
Өкпеден тиген жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Өлген сарттың қойнында наны бар.
Өле жегенше, бөле же.
Өрісі жуық от оттайды,
Ауылы жуық ас ішеді.
Пайдасыз мың теңгеден
Пайдалы бір теңге артық.
Патша болсам, май жер едім.
Патша залым болса, жұрт тозады,
Патша ғалым болса, жұрт озады.
Патшаның баласын басып өтпе,
Өзі болған жігітке тәсіп етпе.
Пәлен жерде пайда бар,
Өз еліңдей қайда бар!
Сабан бол, шөп бол,
Шамаң келсе, көп бол.
Салт атты, сабау қамшылы.
Сақалды құл жарытпас.
Сатып алмай, құл болмас,
Өзіңнен тумай, ұл болмас.
Саудагер—қасық, ел—теңіз.
482.
483.
484.
485.
486.
487.
488.
489.
490.
491.
492.
493.
494.
495.
496.
атамекен. ел. халық
Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.
Сегізбін деме, тоғызға жолығарсың,
Тоғызбын деме, доңызға жолығарсың.
Сексенде сегіз байлық, сегіз жарлылық.
Семіз—көркем,
Бай—шешен.
Сорлы қатын алса, таң қысқарады.
Сұлтан сүйегін қорламас.
Тамам кедей жиылып, Құдай берген байша жоқ,
Тамам жұлдыз жиылып, аспандағы айша жоқ.
Таста тамыр жоқ,
Төреде бауыр жоқ.
Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар.
Азған елдің белгісі—біріне-бірі қас болар.
Тар қоныстан кең шиыр артық.
Тастаған таяқ сорлыға тиеді.
Тауық құсқа ұшу жоқ,
Там үйліге көшу жоқ.
Тәңірім берейін деген құлының айдап
салар жолына,
Бермеймін деген құлының іздесе,
таптырмайды пұлына.
Темір отта, адам жоқшылықта шыңдалады.
497.
498.
499.
500.
501.
502.
503.
504.
505.
506.
507.
508.
509.
510.
511.
қазақ мақал-мәтелдері
Темір байлық—тозбас байлық.
Тозған елді там жинар.
Тозар елдің жанжалы бітпес,
Озар елдің арманы бітпес.
Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанашыр бар.
Төреге ерген ерін арқалайды.
Төремен ойнасаң, басың кетеді,
Итпен ойнасаң, саның кетеді.
Туған жерге туың тік!
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Туырлықсыз тұл үйге ту байлаған не керек?
Туысы жоқ жалғызға топқа шапқан не керек?
Түркімен төрін бермес,
Төрін берсе де, өрін бермес.
У ішсең, руыңмен,
Ат сатсаң, ауылыңмен.
Ұлығың кәпір болса да, әмірін тұт.
Ұлықсыз жұрт—бассыз дене.
Ұры—қасық, ел—теңіз.
512.
513.
514.
515.
516.
517.
518.
519.
520.
521.
522.
523.
524.
525.
526.
атамекен. ел. халық
Үйде неше жансың,
Бір-біріңе меймансың.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
Үйі жоқтың күйі жоқ.
Үйде озған түзде озар.
Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзар.
Үйде туысы көпке
Түзде дұшпаны тимейді.
Үйің үй-ақ екен,
Әттең, ішінде бала болса.
Үйдегі кедейліктен базардағы кедейлік жаман.
Үйдің жылы-суығы қыс түскенде білінер,
Адамның алыс-жуығы басыңа іс түскенде білінер.
Үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды
Қайырсыздан хан қойсаң, қасиеті болмайды.
Үлкен үйдегілер күлсе,
Кіші үйдегілер езу тартады.
Үлкен үйден дәметпегеннің Құдайдан үміті жоқ.
Халық алмас қамал болмас.
Халық қартаймайды.
Халық сөзі—қаһарлы.
Халық—қапысыз сыншы.
527.
528.
529.
530.
531.
532.
533.
534.
535.
536.
537.
538.
539.
540.
541.
542.
қазақ мақал-мәтелдері
Халық ұйғарса,
Хан түйесін сояр.
Халқын алдаған би оңбас,
Қатыны салақ үй оңбас.
Халық қабылдамағанды қаулымен орыңдау қиын.
Хан әділдік қылмаса,
Хан мәнінен айырылар.
Би әділдік қылмаса,
Иманынан айырылар.
Мал бетіне қараған
Жан жарынан айырылар.
Хан екі айтса, қара болады,
Қара екі айтса, қатын болады.
Хан—қазық,
Қараша—азық.
Хан—қарақшы,
Халық—сарапшы.
Хан қарау болса,
Халық ұры болады.
Хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас.
Хан қасында уәзір білгіш болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
Хан—шаңырақ,
Халық—уық.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
543.
544.
545.
546.
547.
548.
549.
550.
551.
552.
553.
554.
555.
атамекен. ел. халық
Ханды Құдай ұрайын десе, қарашысымен
қас болар,
Байды Құдай ұрайын десе, дәулетіне мас болар.
Ханның ісі қарашаға да түсер.
Ханның қасында болғанша,
Судың басында бол.
Шайтан менен жын басқа,
Бәйбіше менен күң басқа.
Шекара берік болмай,
Басыңда ерік болмайды.
Шетте жүрсең, тарығарсың,
Туған елді сағынарсың.
Шеткі үй көшсе,
Ортадағы үй шеткі үй болады.
Шын би сөзіңді бағады,
Сұм би көзіңді бағады.
Ынтымақ—елдің ырысы.
Ынтымақты елге ешкім жетпес,
Ынтымақ кетсе, өкініші бітпес.
Ішілмеген ас умен тең,
Кісі кірмеген үй көрмен тең.
556.
557.
558.
559.
560.
561.
562.
563.
564.
565.
566.
Абыройды түзден, несібені үйден бер.
Адал досын арсыз жамандайды.
Адал дегенше, адам де.
Адам адамға қонақ,
Жан денеге қонақ.
Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.
Адам әдет етеді,
Әдет түпке жетеді.
Адам деген—ардақты ат.
Адам жайын ауылдас білмейді, істес біледі.
Адам жүрген жермен адам жүреді,
Біреу білмегенді біреу біледі.
Адам көркі—шүберек,
Ағаш көркі—жапырақ.
Адам күні адаммен.
Азаматтық–кісілік.
Жастық. Кәрілік.
567.
568.
569.
570.
571.
572.
573.
574.
575.
576.
577.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Адам құлақтан азады,
Көңілден семіреді.
Адам тілдескенше,
Жылқы кісінескенше.
Адам—ұйымшыл,
Мал—үйіршіл.
Адам өзінен кейінгілерді көріп қартаяды.
Адамнан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.
Адамның жүрген жері—абат.
Адам бір терінің ішінде арық та болады,
семіз де болады.
Адам адаммен,
Жер сумен.
Адам арын ойлайды,
Надан қарнын ойлайды.
Адам гүлден нәзік, тастан қатты.
Адамның сұлулығы шыншылдығында.
Адам адамға мейман,
Жан кеудеге мейман.
Адам мен адам арасы жер мен көктей.
Адамның басы—Алланың добы.
Адам киімімен емес, кісілігімен.
578.
579.
580.
581.
582.
583.
584.
585.
586.
587.
588.
589.
590.
591.
592.
қазақ мақал-мәтелдері
Айнаға қарап емес,
Адамға қарап түзел.
Айтпаса, кәрі кінәлі,
Тыңдамасы, жас кінәлі.
Айран ішкен құтылады,
Шелек жалаған тұтылады.
Айырылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Ақсақалдың тілін алмаған ақырында өкінер.
Ақылсыз тапқанын шашады,
Ақымақ ағайыннан қашады.
Ақылды ойланғанша, тентек ісін бітірер.
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.
Ақылды арын қорғайды,
Надан қолда барын қорғайды.
Ақылды адам сағыңды сындырмас,
Ақымақ адам жағыңды тындырмас.
Ақыл жасқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
Ақылды қыз білімге жүгінер,
Ақылсыз қыз сөзге ілігер.
Ақымақ жігіт абыройсыз іске ұмтылады.
Ақымақты түсіндіргеннен өлікті тірілткен оңай.
593.
594.
595.
596.
597.
598.
599.
600.
601.
602.
603.
604.
605.
606.
607.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Албасты да қабаққа қарап басады.
Алла жаққан шырақты
Ақымақ үрлеп сөндірмес.
Алланікі—бұйрық,
Адамдікі—зорлық.
Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады.
Алпысқа келгеннен ақыл сұра.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал көрісе келер.
Алғаны жаман жігіттің ойлағаны болмайды.
Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.
Анасын көріп қызын ал,
Атасын көріп қызың бер!
Ант атқанда абырой болмайды.
Аңдыған жау алмай қоймас.
Апамды кім алса, жездем сол.
Арамдық пен сараңдық іліктес.
Арамның ісі өрге баспайды,
Өрге басса да, одан әрі аспайды.
5-299*
608.
609.
610.
611.
612.
613.
614.
615.
616.
617.
618.
619.
620.
621.
622.
623.
қазақ мақал-мәтелдері
Апасы киген тонды
Сіңілісі де киеді.
Апама жездем сай.
Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ.
Ары жоқ жігіттен,
Намысы бар қыз артық.
Арқауын көріп, бөзін ал,
Анасын көріп, қызын ал.
Асылсаң, асыл жақсыға,
Қайыспай сені көтерер.
Асыққан қыз байға жарымас.
Ата-ананың қадірін қартайғанда білерсің.
Ат жаманы таймен ойнар,
Қатын жаманы байымен ойнар.
Аты шықпаған жігіттен
Аты шыққан төбе артық.
Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Ауыз біреу, құлақ екеу.
Аяқ—азамат, қол—мүлік,
Бас—сандық, тіл—кілт.
Аяғын көріп, асын іш,
Анасын көріп, қызын ал!
624.
625.
626.
627.
628.
629.
630.
631.
632.
633.
634.
635.
636.
637.
638.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Адамның азғаны ақыл-естен іриді.
Адам мен адам арасы—
Аспан мен жердей.
Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.
Адамнан тілеген қариды,
Құдайдан тілеген жариды.
Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ.
Айтқызған—жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан—шабандықтың белгісі.
Айыратын жаман бар,
Қосатын жақсы бар.
Аққу—құстың төресі, жалғыз жүріп оттамас.
Қас жақсының белгісі—ғайбат сөзді қостамас.
Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай шуламас.
Арғымақ аттың құйрығы—әрі жібек, әрі қыл.
Қас жақсының белгісі—әрі мырза, әрі құл.
Арық малды асырасаң, аузы-мұрныңды
май қылар.
Жаман адамды асырасаң, аузы-мұрның
қан қылар.
Арық атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Қасына қоңсы қондырмас,
Қондырса да, оңдырмас.
639.
640.
641.
642.
643.
644.
645.
646.
647.
648.
649.
650.
651.
қазақ мақал-мәтелдері
Арық пенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсы менен жаманның жаны бірдей.
Атасы жақсы көргенін айтады,
Атасы жаман бергенін айтады.
Ақылды қария—ағынды дария.
Ақыл алсаң азбассың,
Көпті көрген көнеден.
Ат қартайса, сүріншек болар,
Ер қартайса, жаңылшақ болар.
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әзілдің түбі—зіл.
Әлсіз кісі жағымпаз,
Кербез кісі қырымпаз.
Әдепті жігіт қылықты қыз.
Әдепсіз жігіт ауыздықсыз ат секілді.
Ән сазымен,
Қыз назымен.
Әркім жолдас болады амандықта,
Жақсы-жаман білінер жамандықта.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп, үйіне барма.
Бақыт келерінде жігітті ұйықтатпайды,
Бақыт кетерінде жігітті оятпайды.
652.
653.
654.
655.
656.
657.
658.
659.
660.
661.
662.
663.
664.
665.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Бай болатын жігіт айырбасшыл келеді,
Би болатын жігіт ағайыншыл келеді.
Бөрі соғар жігіт бөркінен танылар.
Бас жаман баласын мақтар,
Қас жаман қатынын мақтар.
Басыңа іс түссе, жақсы көмек етер,
Жаман күліп өтер.
Басына бақ қонатын жігіттің
Ұлы епті болады,
Қызы бетті болады.
Бастапқы қызыңды жасаулы ұзат,
Соңғы қызыңның өтуіне жақсы.
Болған кісі «болдым» демес,
«Болдым» десе, болғаны емес.
Бетпақ «жеңдім» дейді, бейшара «көндім» дейді.
Бұрынғының кісісі—
Ендігінің кішісі.
Бір кісі қырық кісіге олжа салады.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ертеді.
Бір құмалақ бір қарын майды шірітер,
Бір жаман мың қолды ірітер.
Бітісі жаман қамысты су ішінен өрт шалады,
Туысы жаман жігітті түйе үстінен ит қабады.
666.
667.
668.
669.
670.
671.
672.
673.
674.
675.
676.
677.
678.
679.
қазақ мақал-мәтелдері
Бір сынаған жаманды, екінші мәрте сынама.
Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.
Бұқаның өзі қартайса да, мұрны қартаймайды,
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.
Бойдақтың ақылы екі көзінде.
Біреу қыз алып қашады,
Біреу құр лағып қашады.
Бикештің қашты деген аты жаман.
Бойдақ қызда бұғақ қалды,
Бойдақ қойда құйрық қалды,
Қырлан, ақпан, қырлан.
Бұрынғының қыздары қырмызы қызыл жібектей,
Ендігінің қыздары түбі түскен шелектей.
Байығанда барлық адам бағалы,
Қартайғанда тек ақылмен жағады.
Бүркіт қартайса, тышқан аулайды.
Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
Бұрын туғаннан ақыл сұра,
Бұрын қонғаннан қоныс сұра.
Бір шалды бір шал «ата» депті.
Болар бала жетісінде бас болар,
Болмас бала қырқында жас болар.
Безерден Тәңірім де безер.
680.
681.
682.
683.
684.
685.
686.
687.
688.
689.
690.
691.
692.
693.
694.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Бесік баласы бес түлейді,
Ел жаманы кеш түлейді.
Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.
Бөркі жаманның көркі жаман.
Бұл сексен көрейін деген жасым ба еді,
Быламық ішейін деген асым ба еді?
Бір аяғым төрде,
Бір аяғым көрде.
Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
Біреуге қылған жамандығың өз алдыңа келер.
Гүл—жердің көркі,
Қыз—елдің көркі.
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Дау іздеген жауға жолығар.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Ебін тапқан екі асар.
Ел аралаған сыншы,
Орманды аралаған үйші болады.
Еңкейгенге еңкей, ол—атаңның құлы емес,
Шалқайғанға шалқай, ол—Құдайдың ұлы емес.
Еркек дауысты әйелден без,
Әйел дауысты еркектен без.
695.
696.
697.
698.
699.
700.
701.
702.
703.
704.
705.
706.
707.
708.
709.
қазақ мақал-мәтелдері
Елде елу түрлі адам бар.
Емшек сүті ернінде,
Бесік табы белінде.
Екі жақсы қосылса, айырылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.
Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса да, қауым болмас.
Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды.
Жетпіс өре салды,
Тоқсан торға салды.
Елу—ердің жасы,
Алпыс—пәленің басы.
Елу—ердің жасы,
Алпыс—ел ағасы.
Есік көргенді алма,
Бесік көргенді ал.
Есік алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең.
Аулыңда қартың болса, жазулы хатпен тең.
Ескісіз жаңа болмас,
Жамансыз жақсы болмас.
Ескіге жаңа өлшеуіш,
Жаманға жақсы өлшеуіш.
Еріне қызы сай,
Жеріне елігі сай.
Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені.
710.
711.
712.
713.
714.
715.
716.
717.
718.
719.
720.
721.
722.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
Есігі жаманның үйіне барма,
Шешесі жаманның қызын алма.
Жақсы қыз—жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт—көктегі жұлдыз.
Жақсы ат пен жақсы жігіт—көптікі.
Жарым жігіт жаяу жүріп
Тың киікті қуады.
Жаман теке сүзіскек,
Жаман жігіт ұрысқақ.
Жарлы болар жігітке
Қоғалы тал тап болар.
Жалғыз болар жігітке
Бедеу қатын тап болар.
Жаман күйеу қайынсақ.
Жасыңда қалжың болсаң,
қартайғанда мылжың боларсың.
Жастықта бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
Жастықтың ашар жаңалығы көп,
Қарттықтың зерттер даналығы көп.
Жас келген сайын жан тәттіленеді.
Жаны күйген Тәңірін қарғар.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам тамағынан қалады.
723.
724.
725.
726.
727.
728.
729.
730.
731.
732.
733.
734.
735.
736.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсы адам—ел ырысы,
Жақсы жер—жан тынысы.
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Жақсы қыз үйінің жайын да ойлайды,
Тиетін байын да ойлайды.
Екі жақсы қосылса, бір ұлыны мақтайды,
Екі сорлы қосылса, бір сорлыны даттайды.
Екі жақсы қосылса, бірін-бірі сыйлайды,
Екі жаман қосылса, төсекке басы сыймайды.
Екі жақсы қосылса, жарасады,
Екі жаман қосылса, шатасады.
Екі жақсы дос болса,
Түбі оның бос болмас.
Екіжүзді достан,
Ежелгі дұшпан артық.
Ел үшін еткен еңбек, ешқашан ұмытылмайды.
Жауды аяған жаралы болады.
Көкірегі жаман көпті алар.
Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?
Көргеннен көз ақы алады.
Көргенсіз жегенін айтар,
Жақсы көргенін айтар,
Көргені жаман бергенін айтар.
Күтімсіз терек түбірінен шіриді.
737.
738.
739.
740.
741.
742.
743.
744.
745.
746.
747.
748.
749.
750.
751.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Күнәсізге кір жұқпас.
Жаңа дос қадіріңе жетпейді,
Ескі дос естен кетпейді.
Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы.
Жақсы адам қартайса, қазына,
Жаман адам қартайса, қазымыр.
Жақсы құрдас демейді,
Жаман құрдас шенейді.
Жақсы құрдас—жаның,
Жаман құрдас—жауың.
Жақсы жүрген жеріне кент салады,
Жаман жүрген жеріне өрт салады.
Жақсы бала әкесін төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесін көрге сүйрейді.
Жақсы ат пәледен құтқарады,
Жаман қатын пәлені бойына жұқтырады.
Жақсы атқа ие көп,
Жақсы адамға дос көп.
Жақсы адам жалғыз болмайды.
Жақсы адамды жақтаушы көп.
Жақсы жолдас досын сақтар,
Жақсы басшы елін мақтар.
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді,
Жаман болса алғаның, тек жүргенге жетпейді.
Жақсы өз үйінде өзі—төре, өзі—құл.
752.
753.
754.
755.
756.
757.
758.
759.
760.
761.
762.
763.
764.
765.
766.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсы туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
Жақсыға айтылған сөз шыңға тіккен тумен тең,
Жаманға айтқан қайран сөз құмға төккен
сумен тең.
Жақсыға тең жоқ,
Жаманға ем жоқ.
Жақсыға шаң жуымас,
Жаманға жан жуымас.
Жақсыға бөгеу, талантқа тұсау көп.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда достық жоқ.
Жақсыдан кеңес шығады,
Жаманнан егес шығады.
Жақсымен жолдас болсаң, жаның қалар,
Жаманмен жолдас болсаң, жаныңды алар.
Жақсымен жолдас болсаң, болар шекер,
Жаманмен жолдас болсаң, күнің босқа өтер.
Жақсыменен жолдас болсаң, өмірлікке серт етер,
Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен сөйлессең, аузынан гүл төгіледі,
Жаманмен сөйлессең, аузынан жын төгіледі.
Жақсының сәулесі жақынға ғана емес,
алысқа да түседі.
Жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиер.
767.
768.
769.
770.
771.
772.
773.
774.
775.
776.
777.
778.
779.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жақсының артында аты қалады,
Жаманның артында даты қалады.
Жақсының аты жолда қалмас.
Жақсының ісі өлмейді,
Жаманның ісі өнбейді.
Жақсылыққа жамандық—арсыздың ісі,
Жамандыққа жақсылық—ердің ісі.
Жақсы аттан жығылса, жаман тобашыл болады.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Жақсы жатырқамайды,
Жаман таңырқамайды.
Жақсы жолдас ерттім дегенше,
Жарты жаудан өттім де.
Жақсыны жолдасынан таниды.
Жақсы жігіт елін қорғайды,
Жаман жігіт басын қорғайды.
Жақсының малы жиында,
Жаманның малы үйінде.
Жақсы сүрінсе, жаман табашы болады,
Жаман сүрінсе, жақсы тәубашы болады.
Жақсының ұрғаны—жаманның сүйгені.
Жақсының ісі жаңбыр сияқты,
Қас та, дос та пайдаланады.
780.
781.
782.
783.
784.
785.
786.
787.
788.
789.
790.
791.
792.
793.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсының сөзі қылдан май тартқандай,
Жаманның сөзі адыр жын қаққандай.
Жақсыға ишарат, жаманға келтек.
Жақсыға мал бітсе, ағайынның жоғына қарасады,
Жаманға мал бітсе, көрінгенмен итше таласады.
Жақсыдан жаман туса да, жаманнан
жақсы туса да,
Тартпай қоймас негізге.
Жақсының жақсы аңғарар сымбатын,
Жамандар қайдан білсін асыл мен қымбатын.
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
Жақсының жақсылығы тиер тар жерде,
Жаманның жамандығы тиер әр жерде.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы арына құл,
Жаман малына құл.
Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.
Жақсы—ай мен күндей, әлемге бірдей.
Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай.
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.
Жақсы алдында жадырарсың,
Жаман алдында тарынарсың.
794.
795.
796.
797.
798.
799.
800.
801.
802.
803.
804.
805.
806.
807.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жақсы алтын басын еңкейтсе,
Жаман боқты көтін тоңқайтар.
Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашы болады.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жақсы болсаң, озарсың,
Жаман болсаң, азарсың.
Жақсы жаныңа жолдас,
Жаман малыңа жолдас.
Жақсы жүрген жеріне кент болар,
Жаман жүрген жеріне өрт салар.
Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.
Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің,
Жаман жерге жатсаң, жаман іс көрерсің.
Жақсы жатырқамайды,
Аңқау алдамайды,
Әңгі тыңдамайды.
Жақсы адам көптікі,
Жақсы ат көптікі.
Жақсы іске келеді, жаман асқа келеді.
Жақсы қартайса да, жаман болмас,
Жақсы ат арыса да, шабан болмас.
808.
809.
810.
811.
812.
813.
814.
815.
816.
817.
818.
819.
820.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсы көпке қулық қылмайды,
Азға зорлық қылмайды.
Жақсы көрісіп, келіседі,
Жаман келісіп, керіседі.
Жақсы келді дегенше,
Жарық келді десейші.
Жақсылықтың ұрығын
Алып келді десейші.
Жақсы қыдырып жүрер,
Қыдыры артынан шұбырып жүрер.
Жақсы қырқында толады,
Жаман қырқында солады.
Жақсы қартайса да, ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да, жүрісінен танбас.
Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.
Жақсы кісі мақтанса,
«Жаманнан жата беріп қалдым» дер.
Жаман кісі мақтанса,
«Жақсыны жағасынан алдым» дер.
Жақсы суы тәтті көлмен тең,
Жаман желі қатты шөлмен тең.
Жақсының қадірін жақсы білер.
Жақсы мен жарыққа кім қарамайды.
Жақсы менен жаманның арасы жер мен күндей,
Оқыған мен оқымағанның арасы
күн мен түндей.
821.
822.
823.
824.
825.
826.
827.
828.
829.
830.
831.
832.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.
Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен қариды.
Жақсы—баста,
Жаман—асқа.
Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.
Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.
Жақсыға айтсаң, біледі,
Жаманға айтсаң, күледі.
Жақсыға айтсаң, бітірер,
Жаманға айтсаң, бүлдірер.
Жақсыға айтсаң, білер,
Жаман қамшымен тартсаң, білер.
Жақсыға берсең асыңды, өзіңнің
сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды.
Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.
Жақсыға жаман адам жуық болар,
Жаманға жақсы адам суық болар.
Жақсыға жанас,
Жаманнан қаш.
Жақсыға жармас,
Жаманмен арбас.
6-299*
833.
834.
835.
836.
837.
838.
839.
840.
841.
842.
843.
844.
845.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсыға қылған жақсылық өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық бір күнгідей
болмайды.
Жақсыда мін жоқ,
Жүйрікте сын жоқ.
Жақсыдан жаман туса, ем табылмас,
Жаманнан жақсы туса, тең табылмас.
Жақсыдан жаман туса, азап,
Жаманнан жақсы туса, ғажап.
Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туса,
Жыннан пайда болғаны.
Жаманнан жақсы туса,
Нұрдан пайда болғаны.
Жақсыдан қашпа,
Жаманнан саспа.
Жақсыдан шарапат,
Жаманнан кесепат.
Жақсымен жанас,
Жаманнан адас.
Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсаң, басың кетер.
Жақсымен жүрсең, пейіш,
Жаманмен жүрсең, кейіс.
Жақсымен бірге жүрсең,
Жақсы боларсың.
846.
847.
848.
849.
850.
851.
852.
853.
854.
855.
856.
857.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жаманмен бірге жүрсең,
Бақсы боларсың.
Жақсымен сауда қылсаң, түбі біліс,
Жаманмен сауда қылсаң, түбі ұрыс.
Жақсымен сөйлессең, көзің ашылар,
Жаманмен сөйлессең, көңілің басылар.
Жақсының айтқан ақылы—
Алуа, шекер, балмен тең.
Жақсының аттан жығылғаны да жақсы.
Жақсыға ізет,
Жаманды күзет.
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,
Ұстаның таты өлмейді.
Жақсының басына іс түссе, ашынар да, ашылар.
Жаманның басына іс түссе, бір тулар да,
басылар.
Жақсы мен жаман тең болмас,
Кішіпейілді кем болмас.
Жақсының басына іс түссе,
Бойлай береді.
Жаманның басына іс түссе,
Ойлай береді.
Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше,
Жаманның ашуы басы көрге жеткенше.
Жақсыны жамандаса, аруағы тасады,
Жаманды жаман десе, құты қашады.
858.
859.
860.
861.
862.
863.
864.
865.
866.
867.
868.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсыны жаман десең, аққудай
мойынын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
Жақсыны көрмек үшін.
Жақсыны сыйласаң, есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.
Жақсыны халық мақтар,
Жаманды халық даттар.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын,
Жаманның жамандығын айт, құты қашсын.
Жақсының жаны—жаннат.
Жақсының жасын сұрама,
жүйріктің аузын ашпа.
Жақсының жүрген жері—базар,
Жаманның жүрген жері—азар.
Жақсының күнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді.
Жақсының қадірі өлгенде білінер,
Жорғаның қадірі желгенде білінер.
Жақсының жанығаны өтер,
Жаманның қайрағаны өтпес.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсының тілі тәтті,
Жаманның жаны тәтті.
Жақсының сөзі жаннаттай,
Жаманның сөзі міндеттей.
869.
870.
871.
872.
873.
874.
875.
876.
877.
878.
879.
880.
881.
882.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жақсының үйі мен түзі бірдей.
Жақсының үйі түссе, күйі түседі,
Жаманның үйі түссе, миы түседі.
Жақсылыққа жақсылық—әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық—ер кісінің ісі.
Жақсылық суға батпас,
Жарыққа бір шығар, жатпас.
Жақсылықтың ерте-кештігі жоқ.
Жақсыға пара берме, бара бер.
Жақсының жақсылығы тиер тар жерде,
Жаманның жамандығы тиер әр жерде.
Жаман адам жақсы болмас,
қанша қыдыр дарыса да,
Жақсы адам жаман болмас,
қанша жасып қарыса да.
Жаманға жалынғанша,
Жат та, жаныңды қарман.
Жаман өзі бола алмайды,
Болған ерді көре алмайды.
Жаман адамға жақсы құрмет қараспайды.
Жаманға құрмет-сый жақпайды.
Жаман адамның басына іс түссе,
«Ішінде мынау да бар еді» дер.
Жаман адаммен сөйлессең,
Ұрлығын айтар.
883.
884.
885.
886.
887.
888.
889.
890.
891.
892.
893.
894.
895.
896.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаман әйелмен сөйлессең,
Қарлығын айтар.
Жаман адамды жақынға санама,
Жаман жолды жақынға санама.
Жаман ағайыннан жат жақсы.
Жаман артық қыламын деп, тыртық қылады.
Жаман асқа өкпелейді.
Жақсы басқа өкпелейді.
Жаман атты қамшыласаң, өрге шаппас,
Жақсының жаман адам бабын таппас.
Жаман, айтпаса, білмейді,
Ашпаса, көрмейді.
Жаман да болса, аман болсын.
Жаман етке келеді,
Жақсы ниетке келеді.
Жаман жайды білмес,
Соқыр сайды білмес.
Жаман ат жатпайды.
Жаман адам жасаққа жарамайды,
Желінсау қой қосаққа жарамайды.
Жаман адам оңай істі еш қылар.
Жаман жігіт жасында да шал.
Жаман жігіт жолдасын жауға алдырар,
Өзін ұятқа қалдырар.
897.
898.
899.
900.
901.
902.
903.
904.
905.
906.
907.
908.
909.
910.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жаман жігіт той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға қалдырар.
Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді.
Жаман кісі кекшіл.
Жаман қорыққанын сыйлайды.
Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырағы келеді.
Жаман өзі білмейді,
Білгеннің тілін алмайды.
Жаман сайға су түссе, өткел бермес кешуге.
Жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес ішуге.
Жаман сиыр соқпақшыл,
Жаман кісі тақпақшыл.
Жаман туған нағашысынан көреді,
Сөйлей білмеген атасынан көреді.
Жаман өзі түйенің үстінде келе жатып,
Жаяуға «бұқ» дейді.
Жаман шынын айтамын деп,
Сырын айтады.
Жаман өз үйіне өзі қонақ.
Жаман үлесінен құр қалар.
Жаманға ақыл айтсаң, «алдайды» дер,
Жаман атпен су кешсең, «жалдайды» дер.
911.
912.
913.
914.
915.
916.
917.
918.
919.
920.
921.
922.
923.
924.
925.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаманға жақсылық етпе,
Жақсылық етсең, қайтар деп күтпе.
Жаманға жалынба,
Жауға табынба.
Жаманға жүзіңді салма, сағың сынар,
Өгізді өрге салма, қарың талар.
Жаманға сөз айтсаң,
Ақылды таппас жауап қайтарады.
Жамандарға олжа түссе,
Бөлісе алмай қолға түседі.
Жаманға ошақтың үш бұты—үш айлық жол.
Жаманды «жаман» десе, жаси береді.
Жаманды жақсы десең, көңілі өседі,
Жақсыны жаман десең, көңіліне қаяу түседі.
Жаман айтпай, жақсы жоқ.
Жамандық қылсаң, өзіңе,
Жақсылық қылсаң, өзіңе.
Аспанға қарап түкірсең,
Өзіңнің түсер көзіңе.
Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
Жаманмен ауылдас болғанша,
Жақсымен қауымдас бол.
Жаманмен егес,
Жақсымен кеңес.
926.
927.
928.
929.
930.
931.
932.
933.
934.
935.
936.
937.
938.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жаманмен жанатта болғанша,
Жақсымен тозақта бол.
Жаманнан жарты қасық ас қалар.
Жаманның ақылы түстен кейін кіреді.
Жаманның берген асынан
Жақсының айтқан сөзі артық.
Жаманның бір қылығы артық.
Жаманның көрсеткенінен,
Жақсының айтқаны анық.
Жаманнан қарыз алсаң,
Тар жерде жаныңды алар.
Жаманның қолына бергенше,
Жақсының жолына бер.
Жаманның ойыны жаман,
Бұқаның мойны жаман.
Жаманның төрінде болғанша,
Жақсының көрінде бол.
Жаманның үсті су болса, кеппестей көрер,
Жаманға мал бітсе, кетпестей көрер.
Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.
Жалынсаң, жақсы кешер,
Жанысаң, болат өтер.
Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер,
Жаманға ақыл үшін күлкі берер.
939.
940.
941.
942.
943.
944.
945.
946.
947.
948.
949.
950.
951.
952.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаманның ісіне көңілің тоймас,
Жақсыға жалынсаң, жамандыққа қимас.
Жапалақ құс мақтанса, жардан тышқан
алдым дер,
Жаман адам мақтанса, жақсыны жағасынан
алдым дер.
Жапалақ көрсең, атып ал,
Жаманнан басыңды сатып ал.
Жүрісі жаман жігітті
Ел ішінде жау алар.
Жаман адам пиғылынан табады,
Жаман айғыр үйірінен табады.
Жаман жамандығынан қорқақтайды.
Жаман мақтанса, жауының жағасынан
алдым дер,
Жапалақ мақтанса, тордан құсты ілдім дер.
Жаманға шөп ереді, жақсыға сөз ереді.
Жаманның озығынан тозығы артық.
Жамандық іздеген апатқа жолығады.
Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз,
Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаманға ісің түспесін,
Қалыңға құсың түспесін.
953.
954.
955.
956.
957.
958.
959.
960.
961.
962.
963.
964.
965.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жаманға ақсақал болғанша,
Жақсыға атқосшы бол.
Жаманның көрсеткенінен,
жақсының сілтегені артық.
Жаманға ас берсең, үйіңнен шықпас,
Өлікке дұға қылсаң, түсіңнен шықпас.
Жаманның ойында—арақ пен шылым,
Жақсының ойында—өнер мен білім.
Жаманның алдына ас қойсаң,
екі қолын бірдей салады.
Жаманмен үйде оттас, елде ауылдас,
жолда қоныстас болма.
Жаманды жіберсең, «Жау жетті» деп келеді.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Жаманның түні де қараңғы, күні де қараңғы.
Жаманды «жаман» десең, бөркі
қазандай болады.
Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді.
Жаманды ісінен,
Ақылсызды сөзінен таны.
Жаман дос—көлеңке,
Басыңды күн шалса, құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт шалса, таба алмайсың.
Жаман арба жол бұзар,
Жаман адам ел бұзар.
966.
967.
968.
969.
970.
971.
972.
973.
974.
975.
976.
977.
978.
979.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаманға жолдас болсаң, жаныңда балғаң болсын.
Жаманның емі табылмас,
Жақсының теңі табылмас.
Жаманнан жәрдем сұрама,
Жүзіңді жерге қаратар.
Жаман бала әлі жеткенді ұрып жылатады,
Жақсы бала жылағанды жұбатады.
Жаман кісі мақтанса, жақсыны
жағасынан алдым дер,
Жақсы кісі мақтанса, жаманнан
жалт беріп қалдым дер.
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа,
Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Жаудың сыртында болғанша,
ішінде болған жақсы.
Жасымда бейнет бер,
Қартайғанда дәулет бер.
Жастық—жалын,
Кәрілік—көмір.
Жасың қырыққа келген соң, аяғыңа шідер түсер.
Жас қасқыр жалтаңға қашады,
Кәрі қасқыр қалыңға қашады.
Жастық—мастық.
Жастықта да кәрілік тұр,
Байлықта да жарлылық тұр.
Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.
980.
981.
982.
983.
984.
985.
986.
987.
988.
989.
990.
991.
992.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жас—кәрінің көретін көзі,
Кәрі—жастың түзейтін тезі.
Жас өспей ме,
Жарлы байымай ма?
Жемқорда қанағат жоқ, тойым да жоқ,
бар ойы—ала беру.
Жағымпазда дос та жоқ, туыс та жоқ,
бар ойы—жата беру.
Жолдастың жаманы
Бақырауық түйедей үстіңе құсады.
Жекен жерінде әз,
Адам елінде әз.
Жол білмеген адастырады,
Жөн білмеген шатастырады.
Жорға мінген жолдасынан айырылар,
Көп жасаған құрдасынан айырылар.
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.
Жылатып алған сұлудан
Еркімен келген сумұрын артық.
Жыршы қызға сыршы күйеу.
Жібекті түте алмаған жүн қылады,
Қызды күте алмаған күң қылады.
Жігітке жетпіс түрлі өнер аз.
Жігіт жанған шоқ болсын,
Шоқ болмаса, жоқ болсын.
993.
994.
995.
996.
997.
998.
999.
1000.
1001.
1002.
1003.
1004.
1005.
қазақ мақал-мәтелдері
Жігітті жігері танытар,
Ісмерді өнері танытар.
Жігіттің тәуіп еместігі
Бетіндегі безеуінен білінеді.
Жігіт сегіз қырлы,
Бір сырлы болсын.
Жігітке сейіл де—серуен, сергелдең де—серуен.
Жігіттің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені сынғаны.
Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
Жолы болар жігітке,
Жолдан жолдас қосылар.
Егіз болар жігітке,
Алғаны сырлас қосылар.
Жігіт жолдасынан белгілі.
Жігітте де жігіт бар
Азаматы бір бөлек.
Жылқыда да жылқы бар
Қазанаты бір бөлек.
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Жігіттің құны—жүз жылқы,
Ар-намысы—мың жылқы.
Жігітті тоқтық қосады,
Тоқтық қоспаса, жоқтық қосады.
Жасында жігітшілік қылмаған,
Өмір қызығынан құр қалады.
1006.
1007.
1008.
1009.
1010.
1011.
1012.
1013.
1014.
1015.
1016.
1017.
1018.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Жігіттің үш жұрты бар:
Ата жұрты—күңшіл,
Ана жұрты—сыншыл,
Қайын жұрты—міншіл.
Надан достан тура дұшпан артық.
Нағыз адам ізгі ойдан арылмас,
Санасыз ез жақсылыққа жарымас.
Ит жаманы түз қорыр,
Жігіт жаманы қыз қорыр.
Кәрі қызбен келіскенше, қырық күн өтеді,
Қырық тонна көмірді өндіруге бір күн жетеді.
Кәрі қыз ер таңдамайды,
Өлген ер жер талғамайды.
Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.
Келін қыз болмас,
Күйеу ұл болмас.
Келін қайын ененің топырағынан жаратылады.
Келін көбейсе, кемің көбейеді.
Көз қорқақ, қол батыр.
Көз—нұрдың ұясы,
Көңіл—сырдың ұясы.
Көз—таразы,
Көңіл—қазы.
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,
Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.
1019.
1020.
1021.
1022.
1023.
1024.
1025.
1026.
1027.
1028.
1029.
1030.
1031.
1032.
қазақ мақал-мәтелдері
Көңіл сырын көз білдіреді.
Көргеніңе илан, естігеніңді тексер.
Көрер көз бен естір құлақ тоймайды.
Көргенді жерден қыз алсаң, көлденең сөзі болмас,
Көргенсіз жерден қыз алсаң, керіссіз кезі болмас.
Күйеу келсе, қыз тұрмас,
Бесін болса, күн тұрмас.
Көшермен елге жұрт жаман,
Кетермен қызға үй жаман.
Көргендіден қыз алсаң, тік тұрып
мейманыңа қызмет етер,
Көргенсізден қыз алсаң, қойныңа жатқанын да
міндет етер.
Көруші жоқта естуші куә.
Көп жатсаң, түс көресің,
Көп жүрсең, іс көресің.
Кісі болар кісіні кісесінен танимын,
Кісі болмас кісіні мүшесінен танимын.
Күйген көңіл ырымшыл.
Кісі қатесіз болмас,
От түтінсіз болмас.
Кісімін дерсің,
Кім екеніңді басыңа іс түскенде білерсің.
Кісімсіген жігітті үйінде көр,
Кісінеген айғырды үйірінде көр.
1033.
1034.
1035.
1036.
1037.
1038.
1039.
1040.
1041.
1042.
1043.
1044.
1045.
1046.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Кісідегінің кілті аспанда.
Күннің жаманы кетер,
Адамның жаманы кетпес.
Кәрі білгенді пері білмейді.
Кәрі жатса, қунайды,
Жас жүрсе, қунайды.
Кәрінің бары игі.
Кәріге—құрмет,
Жасқа—міндет.
Кәріліктің алды,
Жастықтың арты.
Кәрі қойдың жасындай жасым калды.
Көңіл қартаймайды,
Көз қартаяды.
Көңілі қарау жолдасынан айырылады,
Көп жасаған құрдасынан айырылады.
Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Көп қарттың ішінде бір бала жүрсе, дана болар.
Көп баланың ішінде бір қарт жүрсе, бала болар.
Көп жасаған құрдасынан айырылады,
Қатыны сұлу жолдасынан айырылады.
Керегіңді көнеден сұра,
Көне білмесе, көп жүргеннен сұра.
Көп жасаған көмбенің үстінен шығады.
7-299*
1047.
1048.
1049.
1050.
1051.
1052.
1053.
1054.
1055.
1056.
1057.
1058.
1059.
1060.
1061.
қазақ мақал-мәтелдері
Көп жаңылса, көнеден сұрайды,
Көне жаңылса, көргендіден сұрайды.
Көсенің қарығаны көрінбейді,
Шабанның арығаны білінбейді.
Кісіге жақсылық қыламын деп, көңілшек өлер.
Қарсы келген кәрілік
Қара нарды шөктірер.
Қайта шапқан жау жаман,
Қайтып келген қыз жаман.
Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз күйеу болмайды.
Қараңғыда жыласа да, қарындастың үні белгілі.
Қазақ адасса, қартына қарайды,
Орыс адасса, картасына қарайды.
Қайындаған күйеуден қарғылаған тазы артық.
Қариясы бар үй—қазынасы бар үй.
Қартқа төр де жақын, көр де жақын.
Қағазға тіл бітірген—қалам,
Жансызға «жан бітірген»—адам.
Қараңғыда көзім жоқ,
Тиіп кетсе, сөзім жоқ.
Қатын өлсе, бір үйір жылқы,
Бала өлсе, бір түндік ұйқы.
Қара кісіден қан шыққанша,
Сары кісінің жаны шығады.
1062.
1063.
1064.
1065.
1066.
1067.
1068.
1069.
1070.
1071.
1072.
1073.
1074.
1075.
1076.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Қарау адам—күншіл,
Мекер адам—міншіл.
Қасқа бас қайызғақсыз болар.
Қас жаман қасындағысын қарақтайды.
Қас арғымақ белгісі—аз отар да, көп жусар,
Қас жақсының белгісі—аз сөйлер де,
көп тыңдар.
Қас жаманда ар болмас.
Қарамықтың дәні болғанша,
Бидайдың сабаны бол.
Жаман елдің жақсысы болғанша,
Жақсы елдің жаманы бол.
Қарғаның жүзі—бір кесек,
Жаманның жүзі—бірге есеп.
Қас жақсы арытпас,
Қас жаман жарытпас.
Қас жаман күн жаумай су болар.
Қас жаманның белгісі—қасына барсаң көрмейді,
Суға кетіп бара жатсаң да,
қолының ұшын бермейді.
Қырықтан артық жас жоқ,
Қымыздан артық ас жоқ.
Қатыннан қауіпті қас жоқ,
Ұйқыдан жаман нас жоқ.
Қырықта қылау түсер,
Сақал-мұртқа қырау түсер.
Қырықта қылаң, елуде елес.
1077.
1078.
1079.
1080.
1081.
1082.
1083.
1084.
1085.
1086.
1087.
1088.
1089.
қазақ мақал-мәтелдері
Құлпырған жас—гүлденген өмір.
Қырсыққан жігіт мал таппас,
Адасқан жігіт жол таппас.
Қолы шебердің қолы толмайды.
Қисық қабырғадан, қыңыр адам қиын.
Қорқақ қойдың басынан да қорқады.
Құл мен қожа майданда теңеледі,
Жас пен кәрі білімде теңеледі.
Құнысты көр ғана түзейді.
Қырсыққан қыз бай таппас,
Қырсыз жігіт мал таппас.
Қыз жақсы болса, елдің көркі,
Жаман болса, үйдің жұты.
Қыздың қонағы жауың.
Қыз жақсы болса, ұлмен тең,
Жаман болса, күңмен тең.
Қыз жерден шыққан жоқ,
Ұл көктен түскен жоқ.
Қыздың малы сауын да, дауың да болар.
Қыз көңілі күпті.
Қыз—жау.
Қыз таңдаған жігітті қыз да аңдайды.
Қыз баққаннан қысырақ баққан оңай.
1090.
1091.
1092.
1093.
1094.
1095.
1096.
1097.
1098.
1099.
1100.
1101.
1102.
1103.
1104.
1105.
1106.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Қыз бен жылқы жаудыкі.
Қалыңсыз қыз болса да,
Кәдесіз қыз болмайды.
Қыз өссе, елдің көркі,
Шаңырақтың құты.
Қыз көрмеген қыз көрсе, уалап жүріп өлтірер,
Қой көрмеген қой көрсе, қуалап жүріп өлтірер.
Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.
Қыздан—ибалық, әйелден—адалдық.
Қызды ел көреген,
Ешкілі қой өреген.
Қызды шалекең алмапты, малекең алыпты.
Қыздың малы—қардың суы.
Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
Қыз—ауылдың көркі,
Жігіт—ауылдың серті.
Қыз алмаған жігіттің қырық қыздан дәмесі бар.
Қыз тілінбеген қарбызбен тең.
Қыз дегенде, тоқсандағы шал басын
көтеріп алыпты.
Қыз—жат жұрттық.
Қыз көрейік,
Қыз көретін жігітті біз көрейік.
1107.
1108.
1109.
1110.
1111.
1112.
1113.
1114.
1115.
1116.
1117.
1118.
1119.
1120.
1121.
1122.
қазақ мақал-мәтелдері
Қыздың көзі шөпшекте,
Жігіт көзі емшекте.
Қыз күнінде қыздардың бәрі жақсы,
Жаман қатын қайдан шығады?
Қыздың қырық жаны бар.
Қыз—қонақ.
Қыз қылығымен сүйкімді,
Ұл әдебімен сүйкімді.
Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.
Қыз өссе, үйге жұт,
Ұл өссе, үйге құт.
Қыз өсірдім, бойжетті, еріне кетті,
Ұл өсірдім, ержетті, үйіне кетті.
Қыз—халықтың гүлі,
Өлең—сауықтың гүлі.
Қызға берген білінбес.
Қызға бергенді Қызыр өтейді.
Қызға қырық үйден тыйым,
Қала берді қара күңнен тыйым.
Қызды ауыл көңілді.
Қызды ауылдың иті жатпас.
Қыз емес қыздың аты—бәрі қатын,
Қойыпты қызықсын деп «қыз» деп атын.
1123.
1124.
1125.
1126.
1127.
1128.
1129.
1130.
1131.
1132.
1133.
1134.
1135.
1136.
1137.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Қыздың баласындай,
Қолдың саласындай.
Қызы бардың назы бар.
Қызды үйдің жеңгесі сүйкімді.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Қызым үйде, көзі түзде.
Қыздың ерлігі қырғында білінеді,
Әйел демей, алдына жан жүгінеді.
Қызды ел алмайды, жау алады.
Қыздың ең жаманы ат жеміне жарайды.
Қызды жеріне бер,
Жерін таппасаң, еріне бер.
Қыздың көзі қызылда,
Әйелдің көзі әдеміде.
Қызды кім айттырмайды,
Қымызды кім ішпейді?
Қызды таныс алады,
Таныс алмаса, қоныс алады.
Қойшының қызы қой келгенде іс тігер.
Қисық болса да, жол жақсы,
Қыңыр болса да, қыз жақсы.
Қысыла-қысыла қыз болдым.
1138.
1139.
1140.
1141.
1142.
1143.
1144.
1145.
1146.
1147.
1148.
1149.
1150.
1151.
1152.
қазақ мақал-мәтелдері
Құмға төккен білінбес,
Қызға берген көрінбес.
Қысың қатты болса, қопалы көлді қыста,
Заманың бұзық болса, бір жақсының
етегінен ұста.
Қимас достың қадірін айырылғанда білерсің.
Қыран құс алыстан байқар,
Әділ кісі шынын айтар.
Қыңыр кісіден түзу сөз шықпайды.
Мал таппас жігіт болмас, құрарын айт,
Бала таппас әйел болмас, тұрарын айт.
Мал дара тартады, адам қара тартады.
Мақтаған өткізеді, шапқан өлтіреді.
Мисыз басқа адырайған көз бітер,
Берекесіз ауызға саудыраған сөз бітер.
Мың қосшыға бір басшы,
Жаман адамның тілі ащы.
Оң қолың қылыш көтерсе,
Сол қолыңмен бас.
Он үште—отау иесі.
Ондай-ондай ханның қызында да болады.
Отырған қыз орнын табар.
Отызында орда бұзбаған,
Қырқында қыр аспайды.
1153.
1154.
1155.
1156.
1157.
1158.
1159.
1160.
1161.
1162.
1163.
1164.
1165.
1166.
1167.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Отыз күн оразаның бір айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар.
Опасыздың отына жылынба.
Өз басындағы тұманын көрмей,
Кісі басындағы мұнарын көреді.
Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар.
Өзін ғана ойлаған—жамандықтың белгісі,
Өзгенің қамын ойлаған—адамдықтың белгісі.
Өзі болған жігіттің түп атасын сұрама!
Өлген арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.
Өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та жоқ.
Өсетін елдің қарты қазына болар,
Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.
Өсектен сау сонау қыз,
Шайқалмаған сары уыз.
Өткелден өткенше қызыңды алайын,
Өтіп алған соң, қызыңды ұрайын.
Өтпес пышақ қол кесер.
Ақылы жоқ жамандар
Жақсылармен егесер.
Пайдасы бар жігіттер
Дария, шалқар көлмен тең.
Пайдасы жоқ жігіттер
Ел қонбайтын шөлмен тең.
1168.
1169.
1170.
1171.
1172.
1173.
1174.
1175.
1176.
1177.
1178.
1179.
1180.
1181.
қазақ мақал-мәтелдері
Палуанның жаманы жығылған соң талтаяр,
Қарауылдың жаманы алдырған соң қалқаяр.
Пейілі жаманды ит қабады,
Ниеті жаманды Құдай табады.
Сабырсыз еркектен сабырлы әйел артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
Сақалға ақ түсті,
Көңілге дақ түсті.
Сараңның тамағы орта,
Жомарттың тамағы шипа.
Сегізге келгенде, тісім түсті,
Сексенге келгенде, ісім түсті.
Сексенде сегіз байлық,
Сегіз жарлылық.
Сексен шықпай, тоқсан кірмейді.
Сенімен қосыла жамандаған сені де
сырттан жамандайды.
Соқырды қарауыл қойсаң,
Үстіңе жау келтірер.
Су иеріге и болмас,
Сұғанақ жігіт би болмас.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
Сынған қолдың салмағы мойынға түседі.
Сыйласаң шалыңды, жарылқайды бәріңді.
1182.
1183.
1184.
1185.
1186.
1187.
1188.
1189.
1190.
1191.
1192.
1193.
1194.
1195.
1196.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Сырты бүтін, іші түтін.
Сиыр сипағанды білмейді,
Есек есіркегенді білмейді.
Сиырға су көрсетпе,
Жаманға сый көрсетпе.
Судың басы бұлақ болса да, аяғы құяр теңізге,
Жақсыдан жаман туса да, тартпай
қоймас негізге.
Сыпайы сүйгенін сыйлайды,
Жаман қорыққанын сыйлайды.
Тамағы жаман жігіттің
Қабағы жаман.
Таңдаған тазға жолығады,
Ақылы азға жолығады.
Тартынып үзген—шабанның ісі,
Өткізіп қуған—жаманның ісі.
Тас бауыр ұл туған анасын жамандайды.
Тауансыз адам—табансыз адам.
Тексіз жігіт тезекпен тең.
Таудың басын көр де, түбіне барма.
Жақсының өзін көр де, үйіне барма.
Тәуіптің тәуірі—ауруыңа ауру қоспағаны.
Тентек шоқпар жинайды.
Тентектің ақылы түстен кейін кірер.
1197.
1198.
1199.
1200.
1201.
1202.
1203.
1204.
1205.
1206.
1207.
1208.
1209.
1210.
1211.
қазақ мақал-мәтелдері
Түйедей бой бергенше,
Түймедей ой берсін.
Түсі қара болса да,
Іші сара болсын.
Тұзды көп сақтама, су болар,
Қызды көп сақтама, күң болар.
Төркін десе, қыз төзбейді,
Көкпек көрсе, түйе төзбейді.
Төрімнен көрім жуық.
Тексіз жерден қыз алма.
Тіленші—адам сайтаны.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ.
Түсі игіден түңілме.
Түсінбейтін де—қырсық,
Түсінгісі келмейтін де—қырсық.
Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
Ұлдың өзі өскендей,
Келіннің өзі түскендей.
Ұл—орнықты алтын ту,
Қыз—айдыннан ұшатын қу.
Ұялған қыздан құр қалар.
Ұялмаған бұйырмағанды жейді.
1212.
1213.
1214.
1215.
1216.
1217.
1218.
1219.
1220.
1221.
1222.
1223.
1224.
1225.
1226.
азаматтық–кісілік. жастық. кәрілік
Ұят келсе, кәріге келеді,
Жастың несі кетеді?
Үй артында төбе болса,
Ерттеулі аттай.
Аулында қария болса,
Жазулы хаттай.
Үлкенге жол бер, өзің де қартаясың.
Шабанға таяқ өтпес,
Жаманға сөз өтпес.
Шалдарда да шалдар бар,
Шалдан артық бала бар.
Шал шашын боятып, жасын жасырғанымен,
Белінің бүкірейгенін жасыра алмайды.
Шарасыздан шалға кетіп барамын.
Шешесі өсекшінің—қызы өтірікші.
Шыққан қыз шиден тысқары.
Ысылмаған адамнан кедір-бұдыр сөз шығады.
Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.
Ілгері басқан жасты кері кеткен кәрі тоқтатады.
1227.
1228.
1229.
1230.
1231.
1232.
1233.
1234.
1235.
1236.
1237.
1238.
Адам еткен әкеңнің атын ақтап жүргейсің.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Ағаның үйі—ақ жайлау.
Ағайын тату болса, ат көп,
Абысын тату болса, ас көп.
Ағайын ащы, мал тұщы.
Ағайынның азары болса да, безері болмас.
Ағайын өкпеге қиса да, өлімге қимайды.
Ағайын жауға керек,
Мал дауға керек.
Ағайын бар болсаң, көре алмайды,
Жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
Ағайын—ағайынның айнасы.
Ағайын бір өлі, бір тіріде.
Ағайынның ұрысы—торқаның жыртығы.
Ағайының барда «дұшпаным жоқ» деме,
Абысының барда «күндесім жоқ» деме.
Отбасы, ағайын-туыс,
әлеумет
1239.
1240.
1241.
1242.
1243.
1244.
1245.
1246.
1247.
1248.
1249.
1250.
1251.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Алыста жүрсе, кісінескен ағайын,
Жақында жүрсе, тістескен ағайын.
Ағайынға қарап мал өсер,
Ағашқа қарап тал өсер.
Ағайынның сырты бүтін, іші түтін.
Алтау араз болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу тату болса, төбедегі келеді.
Атасы ұрар болар, інісі тұрар болар.
Ағайын алуға бар, беруге жоқ.
Ағайынның беті қисық болса да,
Бауыры қисық болмайды.
Ағайын туған кімде жоқ,
Сыйласпаса, жат жуық.
Ағасы қадірлі болмай,
Інісі содырлы болмайды.
Ағаны бордан,
Ініні зордан.
Ағаны көріп іні өсер,
Ананы көріп сіңілі өсер.
Ағаның үйі—ақ бесік,
Айдап келді ақ несіп.
Ақыл айтсаң, мақұл айт.
Арғымақты жамандап,
Кәне, тұлпар тапқаның.
Ағайынды жамандап,
Кәне, туған тапқаның.
1252.
1253.
1254.
1255.
1256.
1257.
1258.
1259.
1260.
1261.
1262.
1263.
1264.
1265.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақша қарда көп жүрсең, көзің бір күн қарығар,
Ағайыннан шет жүрсең, көңілің бір күн тарығар.
Атқа ердің батқанын иесі білмес, ат білер,
Ер жігіттің қадірін жақыны білмес, жат білер.
Іштен шыққан шұбар жылан.
Ананың сүтін ақта, жүрегіне күйе жақпа.
Адам болатын бала қонаққа үйір,
Ат болар тай саяққа үйір.
Ата—асқар тау,
Ана—бауырындағы бұлақ,
Бала—жағасындағы құрақ.
Атаның жақсысы жездедей-ақ.
Атасы бұлан атпағанның баласы құлан атпайды.
Атасыз ұлдың аузы үлкен.
Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.
Аналы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Атасыз жетім—арлы жетім,
Анасыз жетім—шерлі жетім.
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі еді.
Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрейді.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын есікке сүйрейді.
1266.
1267.
1268.
1269.
1270.
1271.
1272.
1273.
1274.
1275.
1276.
1277.
1278.
1279.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар.
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінен ит қабар.
Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.
Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.
Атадан алтау туса да,
Басына бір жалғыздық түсер.
Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,
Ағайынның қадірін қаралы болғанда білерсің,
Жанашырдың қадірін жалалы болғанда білерсің.
Ата—балаға сыншы.
Анаға баланың алалығы жоқ.
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Ажалды ана жеңеді,
Ана жеңбесе, бала жеңеді.
Алты бала таппай ана болмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Аспанның сәні—ай, жұлдыз,
Үйдің сәні—ұл мен қыз.
8-299*
1280.
1281.
1282.
1283.
1284.
1285.
1286.
1287.
1288.
1289.
1290.
1291.
1292.
қазақ мақал-мәтелдері
Атаның өспейтін ұлы өнбейтін дауды даулайды.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
Атасын құрметтеп тұрған баланың
тілеген тілегі қабыл болады.
Ата—бәйтерек,
Бала—жапырақ.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Ата тұрып, бала сөйлесе, шіркіндігі,
Аға тұрып, іні сөйлесе, еркіндігі.
Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.
Ата өліп бала қалса, мұратына жеткені,
Бала өліп ата қалса, арманы іште кеткені.
Атадан мал қалмаса да, тал қалсын.
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас.
Албырт анасының қойнын ашыпты.
Алыс жерге құда болсаң, түйе-түйе ас келер,
Жақын жерге құда болсаң, түйе-түйе сөз келер.
Аузынан ана сүті кетпеген,
Белінен бесік табы кетпеген.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Ат болатын құлынды мүшесінен танимын.
1293.
1294.
1295.
1296.
1297.
1298.
1299.
1300.
1301.
1302.
1303.
1304.
1305.
1306.
1307.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,
Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала «аш болам» деп ойламайды.
Ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә»
демес,
Жетімдікті көп көрген үш шақыртпай «ә» демес.
Асыққан—шайтанның ісі.
Атың жаман болса, қырың кетер,
Анаң жаман болса, арың кетер.
Артында қызы қалғанның ісі қалғаны,
Ұлы қалғанның өзі қалғаны.
Ат ерінді келсін,
Ер мұрынды келсін.
Аяғын көріп асын іш,
Анасын көріп қызын ал.
Арын сатқан әйелден төрт аяқты мал артық.
Абысын алдыма шықпасын,
Қарайып артыма қалмасын.
Айлас қатын—мұңдас.
Алған жарың жақсы болса, ат үстінен дүбір ет,
Алған жарың жаман болса, шиге кіріп сыбыр ет.
Алғаның жаман болса, көңілің жарым,
Атың шабан болса, талар қарың.
Алғаны жақсы жігіттің, әрқашан ісін оңдайды.
Алғаны жаман жігіттің ісінің сәті болмайды.
1308.
1309.
1310.
1311.
1312.
1313.
1314.
1315.
1316.
1317.
1318.
1319.
1320.
1321.
қазақ мақал-мәтелдері
Алқызыл гүл—жердің сәулеті,
Асыл жар—ердің сәулеті.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десең болмас па!
Алтын басты әйелден
Бақыр басты еркек артық.
Алты қатын асқа барса, әрқайсысы
өз мұңын айтар.
Арсыз қатын қаралысында семіреді.
Асыл әйел—әрі еркек, әрі қатын.
Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Атың жаман болса, арманың кетеді,
Алғаның жаман болса, мейманың кетеді.
Атың жаман болса, сатып құтыларсың,
Қатының жаман болса, қайтіп құтыларсың?!
Ағашты жердің ырысы мол,
Бауырмашылдың туысы мол.
Айырылған азады, қосылған озады.
Ақылды жау ақымақ туысыңнан артық.
Ақылы жоқтың жақыны жоқ.
Атасы басқамен қоян аулама,
Алар да, қойнына салар.
Атадан алтау едік,
Өле-өле жетеу болдық.
1322.
1323.
1324.
1325.
1326.
1327.
1328.
1329.
1330.
1331.
1332.
1333.
1334.
1335.
1336.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Атасы басқаны Құдай қосады.
Үйірі басқаны ноқта қосады.
Ашу ағадан, кешіру ініден.
Атаның жаман ұлы малға ортақ,
Әзірейіл жанға ортақ.
Атың жаман болса, сатып құтыласың,
Туысың жаман болса, қайтіп құтыласың?!
Әйел ақылсыз,
Бақа көріксіз.
Әйел ерден кетсе де,
Елден кетпейді.
Әйел жерден шыққан жоқ, о да еркектің баласы,
Ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.
Әйелдің жолы жіңішке.
Әйел жомарттық қылғанда,
Еркек намарттық қылғаны—өлім.
Әйел қырық шырақты.
Әйел төмен етекті.
Әйел өз қылығын білмей,
Еркекке өкпелейді.
Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа.
Әдепсіз бала—
Аяққа шалынған шала.
Әкесі құрдастың, баласы да құрдас.
1337.
1338.
1339.
1340.
1341.
1342.
1343.
1344.
1345.
1346.
1347.
1348.
1349.
1350.
1351.
1352.
қазақ мақал-мәтелдері
Әкесін сыйлаған ер болар, сыйламаған жер болар.
Әкесін сыйламағанды,
Баласы сыйламайды.
Әкеңде жоқ арғымақ, шешеңде жоқ арғымақ,
Саған оңай болып па, биік жардан қарғымақ.
Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін.
Әкенің жауы балаға дос болмайды.
Әкеңнің төріне сенбе,
Маңдайыңның теріне сен.
Әкесі бейауыздың баласы боқауызшыл.
Әке дәулеті балаға дәулет болмайды.
Әке қарғысы—оқ,
Шеше қарғысы—боқ.
«Әй» дер әже жоқ,
«Қой» дер қожа жоқ.
Әйел пәлені көркінен табады,
Ер жігіт пәлені сөзінен табады.
Әйелінен ұялған баласыз өтеді.
Әйел жаман десең, анаң оның ішінде.
Әйел көркі ақылда.
Әйел жерден шыққан емес, ел баласы,
Ер кісі көктен түскен емес, әйел баласы.
Әйел күйеуін сыйлауды білмесе де,
қызғануды біледі.
1353.
1354.
1355.
1356.
1357.
1358.
1359.
1360.
1361.
1362.
1363.
1364.
1365.
1366.
1367.
1368.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Әр елден келін келер,
Әртүрлі ырым етер.
Бала әкеден сынық сүйем кем туады.
Баланың өзі туғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Бабасы еккен ағашқа баласы саялайды.
Бабасы еккенді баласы орады.
Балаға тиме, бәлесі жұғады,
Қатынға тиме, қарасы жұғады.
Балалы үй—гүлстан, баласыз үй—көрістан.
Бала—жаның, мал—иманың.
Баланың жақсысы—қызық,
Жаманы—күйік.
Баланың өнерлісі—жұмақ, өнерсізі—тозақ.
Балаң жаман болса, арманың кетеді,
Әйелің жаман болса, келгенің кетеді.
Баланың ісі шала.
Балаң тілалғыш болса ғажап,
Тілазар болса азап.
Басшысыз ауылдың баласы бассыз.
Болар бала бесікте белгілі.
Би болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл.
1369.
1370.
1371.
1372.
1373.
1374.
1375.
1376.
1377.
1378.
1379.
1380.
1381.
1382.
1383.
1384.
қазақ мақал-мәтелдері
Бала—адамның бауыр еті.
Бір бала атасына жете туады,
Бір бала атасынан өте туады,
Бір бала кері кете туады.
Бел астындағыдан бесіктегі бала да үміттенеді.
Бай баласы мақтанса,
«жылқыдан жорға міндім» дейді,
Би баласы мақтанса,
«парадан шапан кидім» дейді.
Балаң болса, шоқ болсын,
Шоқ болмаса, жоқ болсын.
Баласы бардың өзі ойнар,
Баласы жоқтың көзі ойнар.
Бала—әкенің мұраты, қыз—әкенің жұраты.
Бала,
Баланың ісі шала.
Баланы жастан,
Қатынды бастан.
Балалы үй—базар,
Баласыз үй—мазар.
Балаға дәм берсең, үйіңнен шықпайды,
Өлікке дәм берсең, түсіңнен шықпайды.
Балаңды жұрт мақтаса,
Бәрінен сол сүйгі.
Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
1385.
1386.
1387.
1388.
1389.
1390.
1391.
1392.
1393.
1394.
1395.
1396.
1397.
1398.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Баласы жоқ ханым тұл,
Баяны жоқ ғалым тұл.
Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
Балаға қызмет бұйыр,
Артынан өзің жүгір.
Баласы көп іс бастайды,
Түйесі көп көш бастайды.
Бала күлкіге тоймас,
Жаман ұйқыға тоймас.
Бала—көңілдің гүлі, көздің нұры.
Бала қорыған жерге өш.
Бала өз нәпақасын өзі ала туады.
Балам өсті дегенше, батыр өсті десейші,
Батыр өнер білмесе, қапыл өсті десейші.
Баламен ойнама, шаршарсың,
Шаламен ойнама, күйерсің.
Балаға пышақ бермесең, бір жылар,
Пышақ берсең, көп жылар.
Бала соққан кездіктің басы жарық.
Балаға торғайдың көлеңкесінен суық тиеді.
Баланың тентек болмағы үйінен,
Жігіттің тентек болмағы биінен.
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
1399.
1400.
1401.
1402.
1403.
1404.
1405.
1406.
1407.
1408.
1409.
1410.
1411.
1412.
1413.
қазақ мақал-мәтелдері
Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.
Балалық шағың—патшаның тағы.
Болатын бала он бесінде «баспын» дейді.
Болмайтын бала жиырма бесінде
«жаспын» дейді.
Бардың баласы би болар,
Жоқтың баласы қамшы астында и болар.
Бар қарындас жақында болмасын,
Жоқ қарындас алыста болмасын.
Бойдақты ұлым деме,
Бұқаны малым деме.
Бойың жетсе де, ойың жеткен жоқ.
Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.
Болар бала боғынан.
Бай күндіз бәйбішесін,
Түнде тоқалын жақсы көреді.
Байы өлген қатын келіншек болады,
Кедей болатын жігіт еріншек болады.
Байсыз әйел үйде тұрмас,
Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Байтал шауып, бәйге алмас.
Байтал жүйрік парқы жоқ,
Қатын-шешен нарқы жоқ.
1414.
1415.
1416.
1417.
1418.
1419.
1420.
1421.
1422.
1423.
1424.
1425.
1426.
1427.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Бақа жарығы суымен,
Қатын жарығы ерімен.
Бақпаса, мал кетеді,
Қарамаса, қатын кетер.
Бала таппаған қатыннан, лақтаған ешкі артық.
Бастас қатын—астас.
Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.
Бірліктен бездіретін де әйел,
Сұмдықты сездіретін де әйел.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Ағайынның арасын бір жаман сөз ірітеді.
Бір ұрғашының айласы қырық есек,
Бір қашырға жүк болар.
Бәйбіше—Құдай бұйрығы.
Тоқал—иттің құйрығы.
Бәйбішеге малын берер,
Тоқалға жанын берер.
Бедеу қатын бойын сылар.
Би болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.
Біз де қатын болармыз,
Қапқа тары салармыз.
Білімді әйел басыңа қарайды,
Білімсіз әйел жасыңа қарайды.
1428.
1429.
1430.
1431.
1432.
1433.
1434.
1435.
1436.
1437.
1438.
1439.
1440.
1441.
қазақ мақал-мәтелдері
Бір қатын—сылаумен қатын,
Бір қатын—қынаумен қатын,
Бір қатын—сынаумен қатын.
Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ.
Бірге тумақ болса да,
Бірге өлмек жоқ.
Бойдақ екеніңді керілгеніңнен білдім,
Екі қатынды екеніңді ерінгеніңнен білдім.
Бұлт шығып, жаңбыр жаумай, елді алдайды,
Әйелдің айлакері ерді алдайды.
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман әйелдің тілі ащы.
Бажаны бажа көрсе, басы қышиды.
Балалығыңды сағынсаң, нағашыңа бар,
Бозбалалығыңды сағынсаң, қайныңа бар.
Баланың сөзі батпандай,
Келіннің сөзі кетпендей.
Бар барын айтады,
Жоқ зарын айтады.
Құда базын айтады,
Құдағи назын айтады.
Біреу болса—құда,
Екеу болса—ұя.
Бөлемісің, бөлені көре тұра өлемісің.
Бойдақ жігіт—жұрт күйеу.
Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын сұрауық.
1442.
1443.
1444.
1445.
1446.
1447.
1448.
1449.
1450.
1451.
1452.
1453.
1454.
1455.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Ердің атын қатын шығарады,
Қатынның атын отын шығарады.
Ер елді басқарса, әйел отбасын басқарады.
Елін разы қылмаған жігіттен,
Ерін разы қылған әйел артық.
Ерлі-зайып тең болса, тоймен өтеді,
Бірі артық, бірі кем болса, оймен өтеді.
Еркектің құрметі өз үйінен басталады.
Еркек ер мінезділігімен,
Әйел биязы мінезділігімен сүйкімді.
Еркек үйдің иманы, әйел үйдің жиғаны.
Еңбекші қатынның қолы жіп иірсе,
Аяғы бесік тербетеді.
Еркекке жүрек, әйелге тірек керек.
Ердің асылы күшінен білінеді,
Әйелдің асылы ісінен білінеді.
Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар,
Бір баласы бардың тек қана қара қоңы бар.
Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала—үйге жаққан бояу.
Ер бала—он бесте отау иесі.
Еркенің көзі кеппес,
Жорғаның тері кеппес.
Еркенің көзі жасты,
Етегін бұзау басты.
1456.
1457.
1458.
1459.
1460.
1461.
1462.
1463.
1464.
1465.
1466.
1467.
1468.
1469.
1470.
қазақ мақал-мәтелдері
Ерке баладан есер бала жақсы.
Екі жарты—бір бүтін.
Екі жақсы қосылса, өлгенінше дос болады,
Екі жаман қосылса, өлгенінше өш болады.
Екі қатын алыпсың,
Бір пәлеге қалыпсың.
Екі қатын алғанның құлағы тынбас,
Есекке мінгеннің аяғы тынбас.
Екі қатын ұрысса,
Ұрлығы мен қарлығын айтар.
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Екі аяқтыда бажа тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Екі қатынның баласы—екі рулы ел.
Емшек берген әрі жат,
Еңсе берген бері жат.
Ер көңілін кім ашар,
Жарқылдаған жар ашар.
Ат көңілін кім ашар,
Қадірін білген ер ашар.
Ер қадірін білмесең,
Жесірлік берсін сазаңды.
Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.
Ерге жаққан қатын елге де жағады.
1471.
1472.
1473.
1474.
1475.
1476.
1477.
1478.
1479.
1480.
1481.
1482.
1483.
1484.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Ерін сыйлаған әйел елін де сыйлайды.
Еркек—бас, ұрғашы—мойын.
Еркек болып мал таппаған,
Әйел болып бала таппаған.
Еркек көп болса, отын жоқ,
Қатын көп болса, су жоқ.
Еркек көрсе, рас,
Қатын көрсе, жаңылыс.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Еркек сөйлесе, жолы ашылады,
Ұрғашы сөйлесе, беті ашылады.
Еркек дауысты қатында ұят болмас,
Қатын дауысты еркекте қуат болмас.
Ердің ері—егеудің сынығы.
Ердің атағын аты шығарар, не қатыны шығарар.
Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі.
Ерлі-қатын керісер, керісер де келісер.
Ерте тұрған еркектің ырысы артық,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан
не пайда.
Етегім бе, жеңім бе,
Осы менің теңім бе.
1485.
1486.
1487.
1488.
1489.
1490.
1491.
1492.
1493.
1494.
1495.
1496.
1497.
1498.
1499.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз,
Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз.
Жақсы ұл көңіл тоғы,
Жаман ұл мұрын боғы.
Жақсы бала еліне бас болады,
Жаман бала еліне қас болады.
Жаман да болса ұрпақ қалсын,
Өз орныңда отын жақсын.
Жалғыз ұлы бар кісінің шығар-шықпас жаны бар,
Екі ұлы бар кісінің өкпе, бауыр, жалы бар.
Жалғыз баласы атқа шапса,
Анасы үйінде тақымын қысады.
Жабыны жауға мінбе, «жалы бар» деп,
Жаманмен құда болма, «малы бар» деп.
Жаман жақыннан таныс артық,
Атасы басқа алыс артық.
Жаман күйеу қайынсақ.
Жаман құдаңды өкпелетсең,
Жақсы құдаңның көңілі қалады.
Жетім бота жетекке ергіш.
Жиен ел болмас,
Желке ас болмас.
Жиен ел болады, малы болса,
Желке ас болады, майы болса.
Жетесінде жоқ жас бала
Тоқсандағы шалмен тең.
1500.
1501.
1502.
1503.
1504.
1505.
1506.
1507.
1508.
1509.
1510.
1511.
1512.
1513.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Жеті атасын білмеген—
Жетімдіктің салдары.
Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
Жақын жандар таласса, жатқа жем болар.
Жетім бала жалтақ келер.
Жетімді жегенше, етіңді же.
Жетім өсе береді, жесірге өсек ереді.
Жыламаған балаға емшек бермейді.
Жетім ақысы—тәңір ақысы.
Жылауық болса да, баланың бары жақсы.
Бақырауық болса да, түйенің бары жақсы.
Жылайтұғын баланың үш күн бұрын көзі қышиды.
Жылайын деген бала
Әкесінің сақалымен ойнайды.
Жат туыс болмайды,
Туыс алыс болмайды.
Жаман әйелден гөрі, бойдағым жақсы.
Жаман еркек әйелінің жанын жеп рахаттанады.
Жақсы әйел—үйдің кемесі,
Жаман әйел—шайтанның егесі.
Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.
Жатып ішер жалқау қатын
Сормаңдай ерге тұс келер.
9-299*
1514.
1515.
1516.
1517.
1518.
1519.
1520.
1521.
1522.
1523.
1524.
1525.
1526.
1527.
1528.
1529.
1530.
қазақ мақал-мәтелдері
Жер дауынан жесір дауы қиын.
Жесір қатынға Бұқарадан ит үрер.
Зерделі зайып құт, береке, ырыс болар,
Зердесізі оттың басын, жүрген жерін ұрыс қылар.
Зинақор әйелден өтірікші бала туады.
Жақсы әйел—жігітке біткен бақ,
Жақсы жер, жайлы қоныс—алтын тақ.
Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.
Жақсы әйел—теңі жоқ жолдас,
түбі жоқ сырлас.
Жақсы болса, жан серігің қатын болар,
Іні бәрінен жақын болар.
Жақсы еркектің ішінде ері менен ат жатар,
Жақсы ұрғашының ішінде бесігімен ұл жатар.
Жақсы болса алғаның, үйіңнен кісі кетпейді,
Жаман болса алғаның, шын досың да шеттейді.
Жақсы қатын—ырыс,
Жаман қатын—ұрыс.
Жақсы қатын—жарым ырыс.
Жақсы қатын—зейнет,
Жаман қатын—бейнет.
Жақсы қатын жүн қарыз алады,
Жаман қатын су қарыз алады.
Жақсы қатын жарының жақсысын
асырар, жаманын жасырар.
1531.
1532.
1533.
1534.
1535.
1536.
1537.
1538.
1539.
1540.
1541.
1542.
1543.
1544.
1545.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Жақсы ағайын сыншыл,
Жаман ағайын күншіл.
Жақсы қатын—үй дәулеті,
Жақсы шапан—той дәулеті.
Жақсы әйел жолдас, жаман әйел оңбас.
Жақсы әйел өміріңді ұзартар,
Жаман әйел үстіңе тұз артар.
Жақсы қатын белгісі—былғары қылар теріні.
Жақсы жар—жұмақ,
Жаман жар—дозақ.
Жар қадірін білмесең,
Жалғыздық берер жазаңды.
Жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар,
Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Жаман ініге аға болма,
Жаман тонға жаға болма.
Жаман қатын алғанша,
Қатынсыз жүрген жақсырақ.
Ақымақ балаң болғанша,
Баласыз жүрген жақсырақ.
Жаман атқа мінгенше,
Жаяу жүрген жақсырақ.
Жаман қатын байының жалғыз атын сойғызар,
Жақсы қатын жолдасын жоқтан құрап тойғызар.
1546.
1547.
1548.
1549.
1550.
1551.
1552.
1553.
1554.
1555.
1556.
1557.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаман қатын—төсегінен белгілі,
Жаман жігіт—есебінен белгілі.
Жаман қатын төркіні келсе,
төрге шығып тайтаңдар.
Жанбаса, отын жаман,
Жаға алмаса, қатын жаман.
Жақсы елге түскен келін, келін болады.
Жаман елге түскен келін, келісап болады.
Жақсы келін—келін.
Жаман келін—өлім.
Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
Жақыныңнан жау шықса,
Жаныңды қояр жер таппайсың.
Жеңім жаман болса да, жағам жақсы,
Өзім жаман болсам да, ағам жақсы.
Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
Жаман сиыр жатырын жейді,
Жаман туыс жақынын жейді.
Жеті атасын білген ер, жеті рудың қамын жер,
Жеті атасын білмеген ер, өз құлағын өзі жер.
Жағымсызды жақыны да жарылқамас.
Жаулығы болса, қатын,
Жалыны болса, отын.
Жаулығы бар деп, қатын деме,
Жалыны бар деп, отын деме.
1558.
1559.
1560.
1561.
1562.
1563.
1564.
1565.
1566.
1567.
1568.
1569.
1570.
1571.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Жаулық тартқанның бәрі қатын емес,
Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.
Жесір қатын желбуаз.
Жолдасың жаман болса, алыс жүріп, түн қатпа,
Қатының жаман болса, кісі алдында тіл қатпа.
Жолдас күту—жарға сын,
Жалған сөйлеу—арға сын.
Жолдан жолдас қосылса, жол болмасқа немене.
Алғаны сырлас қосылса, мол болмасқа немене.
Итпен ойнасаң, үрерсің,
Баламен ойнасаң, күлерсің.
Итті жаман үйреткен салақ қатын.
Көп мақтаған бала көңіл қалдырады.
Кішкентай өспей ме,
Көкейіңді теспей ме!
Кекшіл бала—дықшыл.
Көңілсізден көзсіз бала туар.
Күлшелі бала сүйкімді.
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
Келін-келін, келін бақ,
Келмей жатып сөзін бақ.
Келін бой жасырады,
Даусын таудан асырады.
1572.
1573.
1574.
1575.
1576.
1577.
1578.
1579.
1580.
1581.
1582.
1583.
1584.
1585.
1586.
қазақ мақал-мәтелдері
Келін жаман емес,
Келген жері жаман.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр,
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр!
Келіннің құлағына алтын сырға.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Көп күлсе, қардың ісі,
Көп берсе, бардың ісі.
Көргендіден қатын алсаң, қадіріңді біліп өтер,
Көргенсізден қатын алсаң, көрсетумен күнің өтер.
Келін керіліп тұрмас,
Қайнаға қарап тұрмас.
Келін қадір білмейді, бетті көреді,
Қатын қадір білмейді, етті көреді.
Кемпірі бардың кәпірі бар.
Кіші қатын—кісі қатыны.
Көлінен айырылған қаз жетім,
Кемпірінен айырылған шал жетім.
Күндестің күні де күндес, күлі де күндес.
Күндес күнде өш.
Қадіріңді білмес туыстан,
Сырыңды білген дос артық.
Қайын енесі ас ішпес
Қабағын түйген келіннен.
1587.
1588.
1589.
1590.
1591.
1592.
1593.
1594.
1595.
1596.
1597.
1598.
1599.
1600.
1601.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Қорықпас келін
Қой басынан қорқады.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
Қатын қатуланса, қазан қайнатар.
Қатын дауласса, баласы жауласады.
Қара наннан қалашым жақсы,
Жаман ағайыннан алашым жақсы.
Көсеу ұзын болса, қол күймес,
Ағайының көп болса, жағаңа қол тимес.
Күйеудің атымен күл тасы.
Күйеу—жүз жылдық,
Құда—мың жылдық.
Күшік күйеу болғанша,
Иттің күшігі бол.
Қазақ байыса, қатын алады, сарт байыса, үй салады.
Күндес қатын күнде ауру, қала берсе түнде ауру.
Қарағай бойы қар жауса да, жұтамайды сауысқан
Қанды қалпақ кисе де, қиыспайды туысқан.
Қадір білмес қарындастан
Қаймана қазақ артық.
Қойныңдағы қатыныңа сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.
1602.
1603.
1604.
1605.
1606.
1607.
1608.
1609.
1610.
1611.
1612.
1613.
1614.
1615.
1616.
қазақ мақал-мәтелдері
Қатыны жалқау, байы самарқау
үйден қонақ қашады.
Қатыны азған болса, күйеуі жазған болады.
Қатынды тепсең, сағы сынар,
Баланы ұрсаң, бағы сынар.
Қатының қартайса, шешеңдей ұрсады.
Қатының жақсы болса—жұратың.
Қатыны өлген қызы бар үйге қарап жылайды.
Қатын өлсе, сақал-мұртқа жау тиер.
Қатының жемқор болса, ұрды Құдай,
Атың жемқор болса, берді Құдай.
Қатын—үйде, еркек—түзде.
Қатын қарыспа болса, қырсық алыста болмас.
Қаңтар болмай, су тоңбайды.
Қатын шайпау болмай, ер жалғыз үй қонбайды.
Қапияда қатын ақыл табады.
Қарыздан да қатын ал,
Қатының қалар жаныңда.
Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрер кісінің атын алма, тайын ал.
Қатын алсаң, отын ал,
Бір құшағын артық ал.
Қатын—ақылсыз.
Бақа—құйрықсыз.
1617.
1618.
1619.
1620.
1621.
1622.
1623.
1624.
1625.
1626.
1627.
1628.
1629.
1630.
1631.
1632.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Қатын ашуланса, қазан қайнатар.
Қатын ашынса, қатты айтар,
Бала ашуланса, бетің қайтар.
Қатын-балаға қарамай қаңғығаннан без,
Қазан асқан үйді аңдығаннан без.
Қатын бастаған ел қараң қалады.
Қатын ер қасында,
Қараша хан қасында.
Қатын ерге қарайды,
Ер жерге қарайды.
Қатын ерімен,
Дихан жерімен.
Қатын жолда,
Бала белде.
Қатын кімнің қатыны,
Ала қаптың қатыны.
Ала қабың жоқ болса,
Әлдекімнің қатыны.
Қатын көп болса, іс бітпейді,
Түйе көп болса, жүк сыймайды.
Қатын қалса, бай табар,
Бала қалса, мал табар.
Қатыны өлген мен байы өлген қосылса,
Түнде екеу, күндіз төртеу.
Қатын өлді қамшының сабы сынды.
1633.
1634.
1635.
1636.
1637.
1638.
1639.
1640.
1641.
1642.
1643.
1644.
1645.
қазақ мақал-мәтелдері
Қатын өлсе, үйің кетеді,
Басыңнан күйің кетеді.
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
Қатының жаман болса, ата алмассың,
Алып барып базарға сата алмассың.
Қатыны жоқ үй—жетім.
Қатынсызға кемпір де қыздай көрінеді.
Құда болғанша, ата-тегін сұрас,
Құда болған соң, кім де болса, сыйлас.
Қанына тартпағанның қары сынсын.
Қойлы қатын құйрық жейді.
Қайындағы күйеуден қарғылы тазы артық.
Қараның таққа мінгені—бір-біріне құда түскені.
Құда болғанша құлын-биін сұрас,
Құда болған соң, құл да болса, сыйлас.
Құда құрдасыңдай болсын,
Құдағиың сырласыңдай болсын.
Құданы Құдай қосады,
Досты періште қосады.
Құдадан алған санауға бар да, қарауға жоқ.
Құдалық белгісі—сый,
Қоныс белгісі—ши.
Құдасымен Құдай ұрған араз болар.
1646.
1647.
1648.
1649.
1650.
1651.
1652.
1653.
1654.
1655.
1656.
1657.
1658.
1659.
1660.
1661.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Құданың құдасы—құнан қойдың сорпасы.
Құдандалының малы бір,
Анық достың жаны бір.
Құдағи сыйымен жарасады,
Қуырдақ майымен жарасады.
Құдашамен құда ойнар,
Қошақанмен бөрі ойнар.
Құдашадан Құдай ұрған құр қалар.
Құрбыңның асқанын құдасынан білерсің.
Құл күйеуге күң жеңге,
Мәмілесі бір теңге.
Қыз шағында қызыл шоқ,
Қатын болған соң қадірі жоқ.
Құдайдан қорықпағаннан қорық.
Қызың жақсы болса, ердің бағы,
Ұлың жақсы болса, елдің бағы.
Қыз шыққан жерден ұл да шығады.
Қыз «қуыршақ» дейді,
Бала «құлыншақ» дейді.
Қыз бала өкпеші болса,
Қалың малы көп болар.
Ер бала өкпеші болса,
ЬІрысқа кесір болар.
Қыз өріс емес пе,
Ұл қоныс емес пе!
1662.
1663.
1664.
1665.
1666.
1667.
1668.
1669.
1670.
1671.
1672.
1673.
1674.
1675.
қазақ мақал-мәтелдері
Қой асығы демеңіз, қолыңа жақса, сақа тұт,
Жасы кіші демеңіз, ақылы асса, аға тұт.
Малыңның жоғын ағайының білдіреді,
Қадіріңнің жоғын қатының білдіреді.
Мейірімдікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
Мұртына қарай іскегі,
Сабасына қарай піспегі.
Нағашысымен күрессе,
Жиені жығылар.
Орақ ұстап әкең қалғанша,
Оймақ ұстап шешең қалсын.
Ойнақтаған бала от басар.
Ойнай білмес бала шешесін түртіп ойнар.
Ораздының баласы он бесінде «баспын» дейді.
Оңбағанның баласы отызында «жаспын» дейді.
Отқа барған қатынның отыз ауыз сөзі бар.
От отынға, ақылсыз әйел дүниеге тоймайды.
Отыз ұлым болғанша,
Оқыранған шалым болсын.
От жақса да жібімес, қалған көңіл мұзбен тең,
Жақсы қатын алсаңыз, қартайғанша қызбен тең.
Өзіне қарай қосағы,
Қазанына қарай ошағы.
Өзі жаманның қатыны кетеді,
Елі жаманның ақысы кетеді.
1676.
1677.
1678.
1679.
1680.
1681.
1682.
1683.
1684.
1685.
1686.
1687.
1688.
1689.
1690.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Өз анаңды сыйласаң,
Өзгенің анасына тіл тигізбе.
Өгей ана бауырмал,
Көрде жатып қол бұлғайды.
Өлетін бала молаға қашады.
Өз қолында жоқ болса, атаң да жат.
Өз балаң өзекке тепсең де, кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де, тұрмайды.
Өзі жығылған бала жыламайды.
Өзіңдікі өлтірмес, жат жарылқамас.
Өз ағаңды жамандап, қане, жақын тапқаның,
Алғаныңды жамандап, қане, жақсы тапқаның?!
Өкпе кімге жарасар, қарындасқа жарасар,
Қарындастың ішінде қадірлеске жарасар.
Өнегелі дана жоқ жерде өнерлі бала да жоқ.
Өспес ұл өнбес дауды даулайды.
«Өлі-тірісін» берген соң,
Өлі күйеу жатар ма!
Пайғамбар да күйеуін сыйлапты.
Сақау қыздың тілін анасы ұғар.
Саналы әйел ишаратты сезімпаз,
Аяр әйел бір желаяқ кезімпаз.
Сұлу алған жолдасынан айырылады.
1691.
1692.
1693.
1694.
1695.
1696.
1697.
1698.
1699.
1700.
1701.
1702.
1703.
1704.
1705.
1706.
қазақ мақал-мәтелдері
Сүйерімнің арқасында сүймесімді сүйдім.
Сүйек жегжат сүйретіп жүріп күнелтер,
Ауыз жегжат жайын айтып жөнелтер.
Су сүзілмес, сүйек үзілмес.
Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.
Сиырдың сүті болсын,
Әйелдің ісі болсын.
«Сіз, біз» деген жылы сөз ағайынға жарасар.
Сусыз жердің шөбі иесіз, ұлсыз ердің малы иесіз.
Таздан—жарғақбас, кедейден малбаққас бала туар.
Талапты ерге нұр жауар.
Тауда туған құлынның екі көзі таста болар,
Ашаршылықта туған баланың екі көзі аста болар.
Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес.
Талапты бала талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай.
Тегі бір бірін-бірі теппейді,
Тегі бөлек бірін-бірі ептейді.
Тең теңімен,
Тезек қабымен.
Теңі келсе, тегін бер.
Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер,
Тоқалы күшті болса, бәйбіше байдан безер.
1707.
1708.
1709.
1710.
1711.
1712.
1713.
1714.
1715.
1716.
1717.
1718.
1719.
1720.
1721.
1722.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Төркіні жақынның төсегі жиылмайды.
Төркінге сенгеннің төбесі тесік.
Төркіні жаман әйелдің төбесі жарық.
Төсектен шошыған күйеу оңбайды,
Көнектен шошынған бие оңбайды.
Туысы жақын жақын емес,
Жүрісі жақын—жақын.
Тумысынан жаманға ақыл үйретіп болмайды,
Туғаннан адасқанды шақыртып болмайды.
Туысы жаман туғанын жамандайды.
Тумаң бар,
Туысқандай болмайды.
Тұрман бар,
Құйысқандай болмайды.
Туысы бірдің—уысы бір.
Тура айтсаң, туысыңа жақпайсың.
Тураушыдан туғаның болсын.
Туысы бірге түртпейді,
Түбі бірге кетпейді.
Тісі шыққан балаға
Шайнап берген ас болмас.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
Ұлдан туғанның ұлығы жоқ,
Қыздан туғанның қиығы жоқ.
1723.
1724.
1725.
1726.
1727.
1728.
1729.
1730.
1731.
1732.
1733.
1734.
1735.
1736.
1737.
қазақ мақал-мәтелдері
Ұлыңды алып, қыз берсе, қорлағаны Құдайдың,
Қызыңды алып, ұл берсе, сыйлағаны Құдайдың.
Ұл өссе, ұрпақ,
Қыз өссе, өріс.
Ұқсамасаң, тумағыр.
Ұл он беске келгенше, қолыңдағы қобызың,
Он бестен асқан соң, тіл алмаса, доңызың.
Ұлыңды өзің жөнге салмасаң,
Өмір тезге салады.
Ұл туғанға, күн туар.
Ұлды ұясында баулы.
Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол.
Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол.
Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол,
Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.
Ұлыңды ұлықтыға жұмса.
Ұятсыз қатын тұзсыз ас секілді.
Ұяты жоқ ұл жаман,
Қылығы бұзық қыз жаман.
Үйде бір күн ұрыс болса,
Қырық күндік ырыс кетеді.
Қыз жаманы қыраудай, о да кетер бір күні,
Кетпес қырау кіліндей жаның үйір әр күні.
Үйіңде екі сиырың болса, айран болар,
Екі қатының болса, ойран болар.
1738.
1739.
1740.
1741.
1742.
1743.
1744.
1745.
1746.
1747.
1748.
1749.
1750.
1751.
1752.
отбасы, ағайын-туыс, әлеумет
Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.
Үйі жыртықты тамшы жейді,
Ағайыны азды қамшы жейді.
Үлкен бастар,
Кіші қостар.
Үш күндігін ойламаған әйелден без,
Үш жылдығын ойламаған еркектен без.
Үш қатынның басы біріксе,
Отырған жері жәрмеңке.
Үлкеннің мыңына бергенше,
Баланың біріне бер.
Үш баланы өсіргенше,
Үш шаһар апат болады.
Шешесі бар жетімнің басында тарақ, қол ойнар,
Шешесі жоқ жетімнің басында бит пен
сірке ойнар.
Шығысы жаман қамысты су ішінде өрт алады,
Туысы жаман баланы анасының құрсағында
дерт алады.
Шыбық тисе, шыңқ етер.
Ырыс қашса да, туыс қоймайды.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
10-299*
1753.
1754.
1755.
1756.
1757.
1758.
1759.
1760.
1761.
1762.
1763.
1764.
Абайламай түстім тереңге,
Енді маған сай қайда!
Адам болып жүргенің адамдықта,
Тонды тастап қашарсың жамандықта.
Адамдықтың белгісі—
Иіліп сәлем бергені.
Шын достықтың белгісі—
Көп кешікпей келгені.
Азған жанға жын жолдас.
Ақылды ойлағанша,
Тентек ісін бітірді.
Алаңғасарға әрі құла десең,
Бері құлайды.
Ай десе, аузы бар,
Күн десе, көзі бар.
Ақ айналар,
Қара байланар.
Ақ көңілді адамға
Біреудің сырқауы барады.
Ар. Ождан. Мінез
1765.
1766.
1767.
1768.
1769.
1770.
1771.
1772.
1773.
ар. ождан. мінез
Ақ иіліп сынбайды.
Ақ жүрген адам азбас.
Аққа қара жоқ,
Қараға шара жоқ.
Ақыл ауыздан,
Мерей көзден.
Ақылды адам батпан-ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.
Алғырт ойын бұзар, тентек жиын бұзар.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Арамдық түбі—реніш,
Адалдық түбі—кеніш.
Арлы арына қараса,
Арсыз «жеңдім» дейді.
Арсыз «жеңдім» дейді,
Арлы «көндім» дейді.
Аса қу болсаң,
Алқымыңнан асыларсың.
Аса ынжық болсаң,
Аяққа басыларсың.
Асыққан ісін бітірмес,
Ақылды ер атын жітірмес.
Асыққан жетпес,
Бұйырған кетпес.
Асыққан кісі зиянға келер.
1774.
1775.
1776.
1777.
1778.
1779.
1780.
1781.
1782.
1783.
1784.
1785.
1786.
1787.
қазақ мақал-мәтелдері
Асықпаған арбамен қоянға жетер.
Асықпаған артта қалады.
Аталы сөзді арсыз қайырады.
Аузына ие болғанның қолында ұяты бар.
Аузы жаман ел былғайды,
Аяғы жаман төр былғайды.
Ауру емес, жын емес,
Мінезді қайтіп жазамыз?
Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Аурудан әдет жаман.
Ашыққаннан құныққан жаман.
Ақымақ ақылсыздығын мойындамайды.
Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас.
Ақжарқын адамның ағайыны көп.
Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек.
Арамның адымы қысқа.
Арсызға алты күн мейрам.
Асыққан ойына жетпес.
Асыққан шайтан ісі.
Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар.
Абырой табам десең, кем болма.
1788.
1789.
1790.
1791.
1792.
1793.
1794.
1795.
1796.
1797.
1798.
1799.
1800.
1801.
1802.
1803.
1804.
1805.
1806.
ар. ождан. мінез
Алғаш өз айыбыңды біл,
Кейін басқаға күл.
Алғаш ойла, кейін сайла.
Алпысқа дейін асыр,
Жетпістен соң жасыр.
Арадан қорықпа, жаладан қорық.
Ашу тыю—тау жұту.
Ақылды деп айтса болар, айтпай білсе,
Жомарт деп айтса болар, сұрамай берсе.
Ақымақтың мал табуға кемісі жоқ,
Ақылдың мал табуға себі жоқ.
Аса дихан ішінде ас жатады,
Аса жалқау күнде аш жатады.
Әдептен аттаған қылға сүрінер.
Ақпейілдің аты арымайды,
Тоны тозбайды.
Ақпейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкәппар болсаң, тас жерсің.
Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.
Асып қарама, басып қара.
Айхай, көкірек,
Не демейді сұм жүрек!
Аузымен орақ орған.
1807.
1808.
1809.
1810.
1811.
1812.
1813.
1814.
1815.
1816.
1817.
1818.
1819.
1820.
1821.
қазақ мақал-мәтелдері
Айқай менің өз үйім,
Кең сарайдай боз үйім.
Аталастың аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.
Әдепсіз аяқ боқ басады.
Әдептілік, ар-ұят—
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез, тағы жат—
Надандықтың белгісі.
«Әрі жат» деген төсек тарлығы,
«Бері жат» деген пейіл барлығы.
Әркім өз ойынан хабар береді.
Әркім өзі шыққан төбешігін биік болсын дейді.
Бұлт болса, күн жауар,
Ашық болса, жылынар.
Өскен, туған жерлерін
Тентек кісі ұмытар.
Бір елде бір тентек жүрмей ме.
Бидайдың кеудесін көтергені, дақылы тоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені—ақылы жоқтығы.
Боламын деп жүріп болмай қалған—тантық,
Болмаймын деп жүріп болған артық.
Білімсіздің білгені:
«өзім толық білем» дер,
«өз ақылыммен жүрем» дер.
Бір асқанға—бір тосқын.
1822.
1823.
1824.
1825.
1826.
1827.
1828.
1829.
1830.
1831.
1832.
1833.
1834.
ар. ождан. мінез
Біреуді азаптағаның—
Өзіңді мазақтағаның.
Біреуді қор тұтсаң, қор боларсың,
Біреуді зор тұтсаң, зор боларсың.
Бояушы бояушы дегенге
Сақалын бояйды.
Бөтен елге сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Бостан-босқа қорғанба,
Саған кісі нанбайтын болар.
Бір ақылды мың пәледен құтқарады.
Береке көпте емес, қанағатта.
Басың аман болсын десең, тіліңді тоқтат.
Кең болса, кем болмас.
Бар барын жейді,
Ұятсыз арын жейді.
Берген жомарт емес,
Алған жомарт.
Берген мырза емес, алған мырза.
Берместің асы піспес.
Берместің үйінде
Бесті қымыз тұрады.
Бір қу бар, қолынан бүлдіру келеді,
Тілінен күлдіру келеді, бітімге жоқ.
1835.
1836.
1837.
1838.
1839.
1840.
1841.
1842.
1843.
1844.
1845.
1846.
1847.
1848.
1849.
қазақ мақал-мәтелдері
Біреулер басқа таласар,
Арада қулар тойынар.
Бет көрсе, жүз ұялады.
Бетім жаман болса да,
Ниетім жақсы.
Бетіне келер ұятын
Өзі біліп жуса игі.
Беттің арын белбеуге түйіп...
Бетегеден биік,
Жусаннан аласа.
Бөрік кигеннің намысы бір.
Бұйыққан көңіл ашылар,
Бұрқанған боран басылар.
Дандайсығанның қолы даңққа жетпес.
Даярға—аяр.
Дүниеқор—дүниенің құлы.
Елінде жақсы болса, пайдасы тиер,
Содырлы тентек болса, найзасы тиер.
Елгезектің қарны тоқ.
Есердің мақтағанынан,
Естінің даттағаны артық.
Екі сараңның бір-біріне қолы әзер жетеді.
Екі қу кешкі ақшамда кездеседі,
Екі ит жерошақ басында кездеседі.
1850.
1851.
1852.
1853.
1854.
1855.
1856.
1857.
1858.
1859.
1860.
1861.
1862.
1863.
1864.
1865.
ар. ождан. мінез
Елді қу бұзады,
Сүтті су бұзады.
Емен ағаштың иілгені—сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны—өлгені.
Үлкен қате—ешқашанда қателеспеймін деу.
Ер намысы—ел намысы.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Екі тентек елге сыймас.
Екі тау қосылды десе, нан,
Бұрынғы бұзық түзелді десе, нанба.
Елірменің ебі жоқ.
Еркені есірткеннің, басыңа секірткенің.
Екі тентек кездессе,
Төбелеспей тарқамайды.
Есер жігіт желіксе, енесімен ойнар.
Есер жігіт сәнқой келер.
Есердің ақылы түстен кейін келді.
Есердің тобы екеуге жетпей тозар,
Ездің қайраты жау кеткен соң қозар.
Есіктен келіп төр менікі деме,
Ылдидан келіп өр менікі деме.
Жалқауға сөз айтсаң, адам таппас сөз айтады.
1866.
1867.
1868.
1869.
1870.
1871.
1872.
1873.
1874.
1875.
1876.
1877.
1878.
1879.
1880.
1881.
қазақ мақал-мәтелдері
Жалқауды жұмысқа жұмсасаң,
сылтаудың астында қаласың.
Жалқаудың жанына барсаң, жаның түршігеді.
Жатқа сырыңды айтпа, әркез өтірік айтпа.
Жасырын жымысқадан ашық айқай артық.
Жаңа биден билік сұрама,
Жаңа байығаннан қарыз сұрама.
Жақсы ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Жақсыда жаттық жоқ.
Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше,
Жаманның ашуы өзі өліп кеткенше.
Жаманның ақылы түстен кейін,
Жақсының қадірі істен кейін.
Жақсы ниет—жарым ырыс.
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.
Жамандықты көп қуған
Пәлеге жолығар.
Жақсылықты көп қуған
Байлыққа жолығар.
Жаусыз жақынын жейді,
Ішіндегі пақырын жейді.
Жүре берсең, көре бересің,
Көре берсең, көне бересің.
1882.
1883.
1884.
1885.
1886.
1887.
1888.
1889.
1890.
1891.
1892.
1893.
1894.
1895.
ар. ождан. мінез
Жер астынан жік шықты,
Екі құлағы тік шықты.
Жын соққаннан «мың» соққан жаман.
Жын да бейімдіні қағады.
Жуастан жуан шығады.
Жорға мінген жолдасына қарамас.
Жүні жығылғанның үйі жығылады.
Жарамсақ жаркелеш,
Жұртқа күлкі жарым ес.
Жігіттің құны—жүз жылқы,
Ары—мың жылқы.
Жігітке саяқ қосылады,
Қуға қу апақ-сапақта кез болады.
Жоқ—жомарт, жолаушы—мырза.
Жомарт жоқтығын білдірмейді,
Жүйрік тоқтығын білдірмейді.
Жомарт жоқты білмес,
Батыр көпті білмес.
Жолдас болсаң қуға,
Басыңды салар дауға.
Жүн жеп жабағы т... сараң.
Жүректің жолы ыстық,
Білектің жолы суық.
1896.
1897.
1898.
1899.
1900.
1901.
1902.
1903.
1904.
1905.
1906.
1907.
1908.
1909.
1910.
қазақ мақал-мәтелдері
Жұпыны—жұғымды,
Сыпайы—сүйкімді.
Зорлық көргенді Құдай көреді.
Зорсынғанға Алла бар,
Сом темірге балға бар.
Кедейге кедей қайыр қылса,
Қу таңданады.
Кең пейілдің ішінде кен жатады.
Кісінің көзіне көзің түссе,
Көңілі жібіп, мейірі түсер.
Кішіпейілділік—кісінің көркі.
Кішіпейілділіктен кішіреймейсің,
Кішіпейілділік—кішілік емес, кісілік.
Көз көзге түссе,
Мейірі жүзге түседі.
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
Көзім—хат,
Көңілім—шот.
Көңілі қарау сырласынан айырылады.
Көре тұра айтпасаң,
Көргенсіз дер.
Біле тұра айтпасаң,
Жетесіз дер.
1911.
1912.
1913.
1914.
1915.
1916.
1917.
1918.
1919.
1920.
1921.
1922.
1923.
1924.
ар. ождан. мінез
Көргенді кісі көргенін айтар,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.
Көргеннен көзақы алған.
Көрмесе—жат,
Көріспесе—ұят.
Көргенсіз дегенді кек тұтпа,
Көргеннен көрмегенің көп.
Кең болсаң, кем болмайсың.
Кімді қор тұтсаң,
Сонан зар тартарсың.
Кісі жапа көрмей, опа көрмес.
Кемшілік көрмей, маңдайына тимес.
Көргеннен көзақы сұрама.
Көріне зорлық—басқа қорлық.
Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол.
Кісінің бергені кісіге ырыс бермес.
Кісі аты—тершіл,
Кісі киімі—кіршіл.
Кісі жырын жырлама,
Өз жырыңды жырла.
Кісі есігі сом темір,
Ерітуге ер керек.
1925.
1926.
1927.
1928.
1929.
1930.
1931.
1932.
1933.
1934.
1935.
1936.
1937.
1938.
1939.
қазақ мақал-мәтелдері
Кісінің үйінде құл болсаң,
Өз үйіңде ұл боларсың.
Кісінің жоғын кісі
Өлең айтып жүріп қарайды.
Кісідегінің кілті аспанда.
Көлденең кісі
Көңілге қарамайды.
Кер кеткеннің сақалы
Кеңірдегіне шығады.
Кісі соятын кісінің
Пышағы ішінде жүреді.
Көпке тентек—Құдайға шет.
Кісі сөзін жөн көрмес, еш адамды теңгермес.
Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?
Күнде ұрысқанның ары жоқ,
Күнгей беттің қары жоқ.
Көкірек шіркін кекірек атады.
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Күлегештің тұзы жеңіл.
Күншілдің күні шықпайды.
Күшпен сүйкімді бола алмайсың.
Кісінің ең жаманы талапсыздық.
1940.
1941.
1942.
1943.
1944.
1945.
1946.
1947.
1948.
1949.
1950.
1951.
1952.
1953.
1954.
ар. ождан. мінез
Қорқақты қуа берсе, батыр болар,
Жараны қаси берсе, қотыр болар.
Қабағы жаманның тамағы жаман.
Қабақ сынса, қайғы жоқ.
Қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл,
шәкіртсіз ғалым тұл.
Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыздық
Жарлының жалғыз атын сойдырады.
Көл бақасыз болмас,
Адам қатесіз болмас.
Қасқадан алаяқ туады,
Қотырдан қыршаңқы туады.
Қалған көңіл—шыққан жан.
Қалауын тапса, қар жанады.
Қорыққанға қос көрінер.
Қас қабағынан белгілі,
Сараң табағынан белгілі.
Қаскүнем қарақтан өледі,
Қомағай тамақтан өледі.
Қиындық,
Қиындыққа жиындық.
Қисық ағаштың түбіне қонба,
Қыңыр адамның үйіне қонба.
Қолымен қосаяқ соққан,
Аузымен орақ орған.
1955.
1956.
1957.
1958.
1959.
1960.
1961.
1962.
1963.
1964.
1965.
1966.
1967.
1968.
1969.
қазақ мақал-мәтелдері
Қой аузынан шөп алмайтын момын.
Қолы ашықтың жолы ашық.
Қоғалы көл, нар қамыс,
Айдын көлдей от жанар.
Пейілі жаман кісіні
Түйе үстінен ит қабар.
Қудың аяғына су жұқпас.
Қу қарамай қабады,
Ұры басын жалмайды.
Құдай малыңды алса да, пейіліңді алмасын.
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
Қырқына шыдаған, қырық біріне де шыдайды.
Қыңырайғанда қолыңнан келері бар ма.
Мақтаншақтың арты ашық.
Мақтаншақтық
Өтірік айтқызады,
Өтірік көңіл қайтқызады.
Малым жаным садағасы,
Жаным арым садағасы.
Малымды алса алсын,
Пейілімді алмасын.
Мейірімділік жүректен,
Мейірімсіздік білектен.
Менмен—жігіттің соры,
Төменшек—жігіттің қоры.
1970.
1971.
1972.
1973.
1974.
1975.
1976.
1977.
1978.
1979.
1980.
1981.
1982.
1983.
1984.
ар. ождан. мінез
Кішіпейіл, кең жайлау—
Жігіттің зоры.
Менменнің тәубасы қабыл болмайды.
Момынның ісін Құдай оңдайды.
Момын—жаманның інісі.
Момынның есебін қу табады,
Қудың есебін Құдай табады.
Мықтыға момын күш қылмас.
Надан адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Назары аштың ақыры оңбас.
Озбырдың өзегі талмас,
Өмір бойы мейірі тоймас.
Озбыр олжа үшін өледі,
Күншіл күндеумен бөледі.
Озған—мұрат,
Қалған—ұят.
Озбырдың өзегі талмас.
Ойлай берсең, ой да көп, уайым да көп,
Ойнай берсең, ойда жоқ, уайымда жоқ.
Оңбағанның саяғы
Екеуі жүріп тебісер.
Оңқа ойын бұзар,
Тентек жиын бұзар.
11-299*
1985.
1986.
1987.
1988.
1989.
1990.
1991.
1992.
1993.
1994.
1995.
1996.
1997.
1998.
қазақ мақал-мәтелдері
Орынсыз ұялшақ болма,
Жамандықтың белгісі ол да.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
От бергені—ниет бергені.
Отты қозғаса, өшеді,
Қуды қозғаса, көшеді.
Өсер бала өрісшіл,
Өспейтін ұл керісшіл.
Өткір пышақ қынға қас,
Өткір сөз жанға қас.
Өз ашуын баса білген
Өзгеден аса білер.
Өз ұятын білген кісі
Бір кісіге төрелік береді.
Өзі жемес, өзгеге бермес.
Өзі тоймастың көзі тоймас.
Өзім сасып жүргенде,
Тасып жүргеннен берді.
Өзім тоямын, көзім тоймайды.
Өзің жын болсаң,
Кімге пір боласың.
Өз отына қан құйған,
Кісі отына май құймас.
Өз бетін аямаған,
Кісі бетін шиедей қылады.
1999.
2000.
2001.
2002.
2003.
2004.
2005.
2006.
2007.
2008.
2009.
2010.
2011.
2012.
2013.
ар. ождан. мінез
Өзін-өзі мақтаған өліммен тең.
«Өзім білемін» деген жылар,
«Көп біледі» деген күлер.
«Өзім білем» деген өрге баспас.
«Өзім білем» деген жігіттің
Басына ойран салғаны.
«Көп біледі» деген жігіттің
Басына қорған болғаны.
Өзіңді ер деп білсең,
Дұшпаныңды шер деп біл.
Өз жұртын танымаған
Кісі еліне би болмас.
Өз қатесін көрмеген
Кісінің қатесін сезбейді.
Өз түйең жоғалса,
Қайдан қарар едің?
Өз өлтірмес,
Жат жарылқамас.
Өз үйің, өлең төсегің—сабырлық.
Өзі жығылған өкінбес.
Өзі қылған өкінбес.
Өзі құлаған жыламас.
Өзін-өзі мақтаған өлімнен сәл ілгері.
Өзім илейтін терінің пұшпағы.
2014.
2015.
2016.
2017.
2018.
2019.
2020.
2021.
2022.
2023.
2024.
2025.
2026.
2027.
2028.
қазақ мақал-мәтелдері
Өзім ойласам тайлы, құлынды бие тиеді.
Біреуге ойлатсам, аяғым анда-санда бір тиеді.
Өзінікі өзіне оттай ыссы.
Өзім үшін туыппын,
Жұртым үшін өліппін.
Өзінің кетпендей мінін көрмей,
Біреудің шидей мінін көреді.
Өзімдікі дегенде,
Өгіз қара күшім бар.
Біреудікі дегенде,
Болар-болмас ісім бар.
Өзімдікі деген басын ұстайды.
Өлімнен ұят күшті.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
Өтірік пен шынның арасы бір-ақ елі.
Көзбен көрген рас, құлақпен естіген өтірік.
Өтірікке үйірдің жаны күйеді.
Өтірік шықпай қоймайды,
Күшті жықпай қоймайды.
Өтірікшінің куәсі қасында, құраны қолында.
Пәле қуған пәлеге жолығады,
Жала қуған жалаға жолығады.
Пәленің екі көзі жоқ,
Қайда жүрсең де, қармалап табады.
2029.
2030.
2031.
2032.
2033.
2034.
2035.
2036.
2037.
2038.
2039.
2040.
2041.
2042.
2043.
ар. ождан. мінез
Пәледен машайық қашыпты.
Пәле ізденіп таспа,
Өзі келсе саспа.
Пейілі жаман кісіден күседі,
Өз асын өзі жасырып ішеді.
Пейілі жаман пәлеге жолығады,
Бітпейтұғын жалаға жолығады.
Пұт болдым деп мақтанба,
Онан да ауыр батпан бар.
Рас-өтірігін білместен,
Адырая қоймаңыз.
Елірмелі жігітке
Әр кез жолдас болмаңыз.
Сабыр түбі—сары алтын,
Сарғайған жетер мұратқа.
Сыпайы сырын жасырмайды,
Пұшық мұрнын жасырмайды.
Сүтпен келген мінез
Сүтпен кетеді.
Сөйлеуік ауыз—жыбырлауық.
Сабырлық қуанышқа жетер,
Ашу күйінішке кетер.
Сида ағашта көлеңке болмайды,
Сырдаң қаққан адамда береке болмайды.
Салдыры бар, салмағы жоқ.
Сабыр еткен, мұратына жеткен.
2044.
2045.
2046.
2047.
2048.
2049.
2050.
2051.
2052.
2053.
2054.
2055.
2056.
2057.
қазақ мақал-мәтелдері
Сабыр қылсаң елден бетер,
Жақсылық ұзамай жетер.
Сабыр түбі—сары алтын.
Сарғайған жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.
Сабыр—күн түсірмейтін сая,
Асығыс—аунатып кететін мая.
Сабырлы шыдар,
Сабырсыз жанар.
Сабырлының бағына алма бітер,
Сабырсыздың бағына қауға бітер.
Саздау жердің ағашы—
Сабырсыз ердің сазасы.
Сараң байды қоңыз десе болар,
Ішпей-жемей боқтық жиған.
Қайырлы жігітті ер десең болар,
Жолдасы үшін жанын қиған.
Сараң бай союға қозы таппай,
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрапты.
Сараң да бір, сасық су да бір.
Сараң иттен сорпасын да қызғанады.
Сараңға Сырдың суы да жетпейді.
Сараңнан сарқыт жегенше, иттен тартып же.
Сараңның өзі тойса да, көзі тоймас,
Сасқанда ернің табылмас.
2058.
2059.
2060.
2061.
2062.
2063.
2064.
2065.
2066.
2067.
2068.
2069.
2070.
ар. ождан. мінез
Сен салар да мен салар,
Атқа жемді кім салар!
Сыйласарға жат жақсы,
Жыласарға өз жақсы.
«Сіз» деген әдеп, «Біз» деген көмек.
«Сіз» деген сыпайылық,
«Сен» деген анайылық.
Сойқанды әкеден сотқар ұл туады.
Сіз тұрыпсыз тікейіп,
Біз тұрыппыз тікейіп.
Жерге түскен қамшыны
Кім алады еңкейіп.
Сыпа болсаң, төреңнің қасында бол,
Дихан болсаң, егісіңнің басында бол.
Сыпайы тоңбас, қалтырар.
Сыпайы өз қоң етін өзі ойып жейді.
Сыпайыға өлім бар да, қорлық жоқ.
Сыпайыны арығында бақ.
Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
Сыпайының алдында сүйек жатсын.
Сыпайының күлгені—тісін көрсеткені.
Сыпайының қарағаны—сұрағаны.
Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.
2071.
2072.
2073.
2074.
2075.
2076.
2077.
2078.
2079.
2080.
2081.
2082.
2083.
2084.
2085.
2086.
қазақ мақал-мәтелдері
Сыпайының сырын біл де қой.
Сыртың сайлы болғанша,
Ішің майлы болсын.
Сопы сұмнан шығады.
Су да төмен қарай ағады,
Кішіпейіл кісіге жағады.
Сұмырай келсе, су құриды.
Сұрамай бергенді жомарт десе болады,
Айдамай жүргенді жүйрік десе болады.
Сүтпенен кірген мінез
Сүйекпенен бірге кетер.
Сараңның асы піскенше, таудың талы піседі.
Сын түзелмей, мін түзелмес.
Тар пейілдің ішінде тас жатады.
Тәкаппарды тақ көтерер,
Ол да шақ көтерер.
Тәні сұлу—сұлу емес,
Жаны сұлу—сұлу.
Тентектің аяғы сегіз, семіздің аяғы семіз.
Тентек ұялып қоймайды, қорқып қояды.
Тентектің тек жүргені—машақат.
Тентек таяқ жегенді ұят көрмейді,
Таяқтағанды мұрат көреді.
2087.
2088.
2089.
2090.
2091.
2092.
2093.
2094.
2095.
2096.
2097.
2098.
2099.
2100.
2101.
2102.
ар. ождан. мінез
Тентектен текті де туады, телі де туады.
Тентектің өнері—төбелес.
Тентек болсаң, асады,
Жуас болсаң, басады,
Орташа болсаң, бағың тасады.
Тентек жұртқа тентек.
Тентек туған жерін ұмытар.
Тентек өзін дәу санайды,
Жантақ өзін бау санайды.
Тентек шоқпар жинайды.
Тентекке—келтек.
Тентекті тентек десең,
Бөркі қазандай болады.
Тентектің таяғы сегіз,
Бірі тимесе, бірі тиеді.
Тентектің ақылы түстен кейін кірер.
Тек жүрген тоқ жүреді.
Топ көрмеген—қорғаншақ,
Топтан озған—қызғаншақ.
Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды Құдай табар.
Түсінен қорыққан Құдайы береді,
Ісінен қорыққан қуға ереді.
2103.
2104.
2105.
2106.
2107.
2108.
2109.
2110.
2111.
2112.
2113.
2114.
2115.
2116.
2117.
қазақ мақал-мәтелдері
Түйенің еті дүмбілез,
Әркімге біткен бір мінез.
Тіл ерді қабырға салар,
Нарды қазанға салар.
У жасаған удан өледі,
Найза ұстаған жаудан өледі.
Ұят кімде болса, иман сонда.
Ұят—иман белгісі.
Ұяттыда иман бар.
Ұят—иманның қабы.
Ұялған тек тұрмайды.
Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.
Ұялмаған бұйырмағаннан жейді.
Ұялмаған өлең айтады,
Әуейі ат қосады,
Дарпаз машық көрсетеді.
Ұялмаған ұялтады.
Ұяттан адам өлмейді, сағы сынады.
Ұятсыз қатын—тұзсыз ас,
Әдепсіз жігіт—жүгенсіз ат.
Ұқыпты етегін жабады,
Ұқыпсыз ұятын табады.
Ұзын арқан —кең тұсау.
2118.
2119.
2120.
2121.
2122.
2123.
2124.
2125.
2126.
2127.
2128.
2129.
2130.
2131.
2132.
2133.
ар. ождан. мінез
Ұра алмайтын ұл таяқ көтереді.
Ұрыға үйірдің малы күйеді.
Үндеместе пәле бар,
Екі ұртында шала бар.
Шын жомарт жоқтығын елемейді,
Шын жүйрік тоқтығын елемейді.
Шойын қара,
Шойын қараның ойын қара.
Шөлдің қамысы болмайды,
Жаманның намысы болмайды.
Ылдидың да өрі бар,
Өтіріктің де жөні бар.
Ынсап, ұят, терең ой—асыл зейнет, біліп қой.
Іш мерездің ішінде
Ит өліп жатса, білмессің.
2134.
2135.
2136.
2137.
2138.
2139.
2140.
2141.
2142.
Абырой—ар еңбегі.
Азапты ойдан дер кезінде серпіле біл,
Көңілді көтеріп, желпіне біл.
Азған елге жасауыл болма,
Азғана асқа бекауыл болма.
Аз сөйлеп, көп тыңда.
Айқаймен асырып айтқаннан,
Ақылмен үндемей қалған артық.
Айғақ өлер, кепіл төлер.
Айқайға аттан қоспа.
Айтсаң, сөзіңде тұр.
Айтсаң, уәдеңе жет,
Уәдесіз Құдайға шет.
Ақымақпен тойға барғанша,
Ақылдымен бірге тас тасы.
Ақыл-кеңес—әмір емес.
Ақылдан жақын дос бар ма!
Сабырлық. Пейілділік.
Адалдық. Әдептілік
2143.
2144.
2145.
2146.
2147.
2148.
2149.
2150.
2151.
2152.
2153.
2154.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Ары таза жігіттің жаны таза.
Ақылды қасыңнан қорықпа,
Жарымес досыңнан қорық.
Ақымақтың ақырына бақ,
Тентектің мақұлына бап.
Ақымаққа Тойтөбе жол ма!
Ақыл—гауһар бағасыз,
Ақымақ—ауру дауасыз.
Ақылдың өлшемі—парасат.
Ақылың болса, алдымен арыңды сақта,
Сонан соң малыңды сақта.
«Ақ» дегені—алғыс,
«Қара» дегені—қарғыс.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
Алтын алма, бата ал,
Бата алтын емес пе!
Алтын ерің атқа батса,
Алтынын ал да, отқа жақ.
Алтын тапсаң, санап ал.
Алтын шыққан жерді белден қаз.
Алты жыл аш болсаң да, атаңның әдетін тастама.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Ақылсыз алғанына, ақылды бергеніне қуанады.
2155.
2156.
2157.
2158.
2159.
2160.
2161.
2162.
2163.
2164.
2165.
2166.
2167.
2168.
2169.
2170.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақ та болсаң ант ішпе,
Айрандай бойға жұғады.
Арық айтып, семіз шық.
Асатпай жатып «құлдық» деме.
Ат сатсаң, аулыңмен ақылдас,
Ауылың болмаса, бөркіңмен ақылдас.
Ащы болсаң, тұздай бол,
Тәтті болсаң, балдай бол.
Аласаны ойға санама,
Жақсыны жатқа санама.
Аспа төгілерсің, саспа сүрінерсің.
Ашқа қазан астырма, тоңғанға от жақтырма.
Алғыс алған текті емес,
Қарғыс алған көктемес.
Арызқой аяушылық тілемейді.
Асығыстақ пен ашудан ақыл күңгірт тартар.
Арық—айқын, семіз—шың.
Әуелі көпке сал, ұнамаса қайтып ал.
Әлділігіңе сенбе, әділдігіңе сен.
Әдепті әдепсізден үйрен,
Жақсыға үйрен, жаманнан жирен.
Әркімнің өзі шыққан тауы биік болсын.
2171.
2172.
2173.
2174.
2175.
2176.
2177.
2178.
2179.
2180.
2181.
2182.
2183.
2184.
2185.
2186.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Бақ келді деп таспа,
Жау келді деп саспа.
Бақыршының басы болғанша,
Алтыншының аяғы бол.
Бестің басы болғанша, алтының аяғы бол.
Білместікті кешірмесең,
Білгендігің қайда!
Біреуді көріп пікір қыл,
Біреуді көріп шүкір қыл.
Бір сынаған езді
Егіз екі сынама.
Біреу әзіл айтса,
Сен әділ айт.
Біреу ойнап сөз сұраса,
Сен шындап жауап бер.
Біреу жәбір етсе,
Сен сабыр ет.
Біреуге ор қазба,
Ор қазсаң терең қазба,
Өзің түссең, қайтесің!
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле.
Бойыңа сенбе, ойыңа сен.
Болған іске болаттай бол.
Боларыңда болып өт,
Боз жорға аттай желіп өт.
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек.
2187.
2188.
2189.
2190.
2191.
2192.
2193.
2194.
2195.
2196.
2197.
2198.
2199.
2200.
қазақ мақал-мәтелдері
Бұрын туғаннан ақыл сұра,
Бұрын қонғаннан қоныс сұра.
Біреу берсе аманат,
Оған қылма қиянат.
Бейбітшілік жолында жан берсең де, қорынба.
Бармын деп таспа, жоқпын деп саспа.
Бармен базар ет, жоқты қайдан қазасың.
Баймын деп мақтанба,
Жарлымын деп арланба.
Біткен соң мақта кеспейді,
Қоя тұр бітпей бөскенді.
Бес саусақтың бірін тістесең, бәрі ауырады.
Болар-болмасқа ашынба.
Бір күндік жолға шықсаң, бір апталық азық ал.
Бал тәтті деп бармағыңды жұтпа.
Буынсыз жерге пышақ ұрма.
Бергенді тастама, бермегенге қақсама.
Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма.
Ғалым алдында аузыңды тый.
Досыңның жоғын жоқтай біл,
Жауыңа мылтық оқтай біл.
Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше,
Шалқайғанда шалқай, төбең көкке жеткенше.
2201.
2202.
2203.
2204.
2205.
2206.
2207.
2208.
2209.
2210.
2211.
2212.
2213.
2214.
2215.
2216.
2217.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Еңбегіңмен нан тап та,
Адал жүріп жан сақта.
Ер ұл тап, еркелетіп жат.
Ескі байды еске салма, жаңа байдан қарыз алма.
Есің кетсе, ешкі жи, ешкі жияр есіңді.
Еменді құлат құрайтын кезінде,
Баланы үйрет үйренетін кезінде.
Ер ісіне елікте, құмартпа, ессіз желікпе.
Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.
Екі кісі ұрысса,
Бір кісі арашашы болсын.
Енші алма,
Енші алсаң, кеш алма!
Еңкейгенге еңкей,
Атаңның құлы емес.
Шалқайғанға шалқай,
Құдайдың ұлы емес.
Есігі жаманның төріне отырма,
Кәсібі жаманның қасына қонба.
Есікті керме,
Табалдырықты баспа.
Есіктен орын табылса, төрге озба.
Жағың сынса да, сағың сынбасын.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан асса, досыңа қыл.
12-299*
2218.
2219.
2220.
2221.
2222.
2223.
2224.
2225.
2226.
2227.
2228.
2229.
2230.
2231.
2232.
қазақ мақал-мәтелдері
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.
Жаңбырмен жер көгереді,
Батамен ер көгереді.
Жапалақ көрсең, атып ал,
Жаманнан басыңды сатып ал.
Жақсылық қылсаң, жасыр,
Жамандық көрсең, асыр.
Жақсылық көрген жеріңе еңбекте де, жет,
Жамандық көрген жеріңнен еңбекте де, қаш.
Жақсының жақсылығын көзіне айт, көңілі өссін,
Жаманның жамандығын айт, көңілі өшсін.
Жасыңда көндігерсің,
Көндігерсің де жеңдігерсің.
Жасыңда қылжың болсаң,
Өскенде мылжың боларсың.
Жаралы құсқа тас атпа.
Жау іздегенге жасыл түссін.
Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.
Желінсау қой қосаққа кірмейді,
Құр табаққа бата жүрмейді.
Желпілдеген жеңілтек болма, ұшырып кетеді.
Желмен жарыспа,
Көлеңкеңді қума.
2233.
2234.
2235.
2236.
2237.
2238.
2239.
2240.
2241.
2242.
2243.
2244.
2245.
2246.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, cay қайт.
Жетпеске жүгірме,
Келмеске кейіме.
Жығылсаң, нардан жығыл.
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме.
Жығылғанды сұрама, күлгенді сұра.
Жолдасыңның жоғын қарас,
Табылмаса да, кеуліне жақсы.
Жүз кісінің жүзін танығанша,
Бір кісінің атын біл!
Жүйесін тауып жұмыс қыл,
Жерін тауып тыныс қыл.
Жалғыз жүріп жол тапқанша,
Көппен жүріп адас.
Жоғарғыны көріп пікір ет,
Төменгіні көріп шүкір ет.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың тезін тап.
Желге қарап түкірме, өз бетіңе шашырайды.
Кезінде қайра балтаңды аспай-саспай,
Кезі кеткен соң қалады түкке аспай.
Кейде бұққан озады,
Жарысқа көп түспе,
Атың ариды, тоның тозады.
Келбеті келгеннен кеңес сұра.
2247.
2248.
2249.
2250.
2251.
2252.
2253.
2254.
2255.
2256.
2257.
2258.
2259.
2260.
2261.
қазақ мақал-мәтелдері
Кекшіл болма, епшіл бол.
Келгенді кеудеден итерме.
Келмей жатып қорықпа,
Көрмей жатып торықпа.
Кімнің соңына ерсең, соның сөзін сөйле.
Кілем сатсаң, елге сат,
Бір шетіне өзің отырасың.
Кісінің түймедей ісін көргенше,
Өзіңнің түйедей ісіңді көр.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
Көзінше мақтама, сыртынан даттама.
Көрмей жатып түңілме,
Көрмес көзбен үңілме.
Көрпеңе қарай көсіл.
Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.
Күштімен күреспе,
Бармен тіреспе.
Күншілдің «күнім» дегеніне сенбе,
Аярдың «айналайынына» сенбе.
Күштімен алыспа, жүйрікпен жарыспа.
Күшіңе сенбе, істеген ісіңе сен.
Қадіріңді білгенге жұмса.
2262.
2263.
2264.
2265.
2266.
2267.
2268.
2269.
2270.
2271.
2272.
2273.
2274.
2275.
2276.
2277.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Қадіріңді сынайын десең,
Досыңнан жер сұра.
Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
Қайрақтай қатты берік бол,
Бір-біріңе серік бол.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Қалаға барғаннан үш күнге шейін ақыл сұрама.
Қалпағына қарап қарсы алсаң,
Ақылына қарай аттандыр.
Қараңғыда қырық күн қалтырағанша,
Жарықта бір күн жалтыра.
Қараңғыда жарық,
Қиындықта ақыл керек.
Қарғайын десем жалғызым,
Қарғамайын десем жалмауызым!
Қарғыстың ең жаманы:
«Өзің білме, білгеннің тілін алма!»
Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
Қашқанды қума,
Танығанды сұрама.
Қой толғағыңды берме, толғағыңды бер!
Қолыңмен істегенді
Мойныңмен көтере біл.
Қолыңда барды қадірле,
Жиясың сонда бәрін де.
2278.
2279.
2280.
2281.
2282.
2283.
2284.
2285.
2286.
2287.
2288.
2289.
2290.
2291.
2292.
қазақ мақал-мәтелдері
Қолыңа түскеннен айырылма.
Қолың көтере алмайтын шоқпарды
беліңе қыстырма.
Қоянмен ойнама, шаршарсың,
Отпен ойнама, күйерсің.
Құдықтан су ішкен
Қазғанға рақмет айтады.
Құр аяққа бата жүрмес.
Бидайдың нанын жеген
Еккенге рақмет айтады.
Қудың құрығынан сақтан.
Мал сақтама, ар сақта.
Мал үшін таласпа,
Ар үшін талас.
Мақтаса, таспа,
Даттаса, саспа.
Мойның көтермейтін дулығаны басыңа киме.
Молданың істегенін істеме,
Айтқанын істе.
Мықты болсаң, нардай бол,
Салмақты болсаң, ауыр жүктей бол.
Намысты нанға сатпа, намыстың намы бар.
Оймен тон пішпе, қиялыңда сорпа ішпе.
Омыртқаңмен ойлас,
Қабырғаңмен кеңес.
2293.
2294.
2295.
2296.
2297.
2298.
2299.
2300.
2301.
2302.
2303.
2304.
2305.
2306.
2307.
2308.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Оң көзіңе сол көзің қарауыл болсын.
Отпен ойнама, күйерсің,
Сумен ойнама, батарсың.
Оразаның оны қалды,
Кемпірлердің көні калды.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен білмесе, кішіден сұра.
Өзі білмегеннің аузына қарама.
Өзі сөнгелі тұрған отқа су шашпа.
Өзі болған жігіттің атасын сұрама.
Өзіңді бір рет сыйлағанға екі рет құрмет ет.
Өзің болғанша иттің қосын жек,
Өзің болған соң, итере тастап кет.
Өзіңнен бір көйлек бұрын тоздырғаннан
ақыл сұра.
Өзіңді өзің мақтама,
Көпке өкпе сақтама.
Өзің санамай, сегіз деме,
Өзің сынамай, семіз деме.
Өлмегеніңе қара жер!
Өлсең, көрің қара жер!
Өміріңді қисаң қи, құпияға тіліңді тый.
Өткен іске өкінбе,
Өкінгенмен жеткізбес.
2309.
2310.
2311.
2312.
2313.
2314.
2315.
2316.
2317.
2318.
2319.
2320.
2321.
2322.
2323.
қазақ мақал-мәтелдері
Өткен іске өкінбе,
Жетпесті қума.
Сыйлағанды сыйла,
Атаң құлы түңілер.
Сыйламағанды сыйлама,
Пайғамбар ұғылы түңілер.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сау басыңа сақина тілеме.
Сыртын көріп,
Ішінен түңілме.
Қарасын көріп,
Күшіңнен түңілме.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Сүймегенге сүйкенбе.
Табақпен дос болғанша,
Қабақпен сыйлас болған артық.
Тар жерден тамаша болма,
Кең жерге қорықшы болма.
Тастай батып, судай сің.
Тоймасқа берме, толмасқа құйма,
Тойшыл болғанша, ойшыл бол.
Тәуекел қыл да, тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Тәуекел дариясына сал кеме,
Иә, шықсын, иә шықпасын, қам жеме!
Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малың бер,
2324.
2325.
2326.
2327.
2328.
2329.
2330.
2331.
2332.
2333.
2334.
2335.
2336.
2337.
сабырлық. пейілділік. адалдық. әдептілік
Көре-көре сүйінсін.
Жек көрген досыңа
Жек көрген малың бер,
Көре-көре күйінсін.
Темірді қызғанда соқ.
Темірді қызған кезде соқ.
Тек жүрсең, тоқ жүрерсің.
Тірнектеп жиғанды уыстап шашпас болар.
Тым биік болма,
Құлап сүйегің сынады.
Тым аласа болма,
Төбеңннен әркім жүреді.
Тісің барда ысқыр,
Мұрның барда пысқыр.
Орташа болсаң, ақыңды ешкім жемейді.
Тобыңа қарап шүкір ет,
Бұқараға қарап пікір ет.
Тоқпын деп тасыма,
Жоқпын деп жасыма.
Төсегіңе қарай аяғыңды соз.
Төрт босағаң төр болсын.
Төрде орын барда, төменге отырма.
Түзу жолда қисық жүрме.
Түнде тырнағың сынса,
Таң атқанша желімдеп қой.
2338.
2339.
2340.
2341.
2342.
2343.
2344.
2345.
2346.
2347.
2348.
2349.
2350.
2351.
қазақ мақал-мәтелдері
Түсі игіден түңілме.
Әсіре қызыл тез оңар.
Уәде беруден бұрын орындалуын ойла.
Ұрып-ұрып оймен жүргенше,
Ұрғызып-ұрғызып қырмен жүр.
Үрген итке үндеме,
Өзіңді үстем санасаң.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Үлкен іске кірісерде
Ұсағын да ұмытпа.
Үйіңе келгенде,
Үйдей өкпеңді айтпа!
Үйге кірерде дыбыс қыл,
Ентелемей дұрыс кір.
Халықтан ұял, Құдайдан қорық.
Шағымшының үйі күйсін,
Сіңір қажап, сірі кисін.
Күйік күлше таппасын,
Дәмді тамақ татпасын.
Шақырғанға бар, қуғаннан қаш.
Шеге қақсаң, тойтар, бәлекетті қайтар.
Іс бұйырсаң, ызғарыңды жайып отыр,
Ызғарың жоқ болса, жайыңа отыр.
2352.
2353.
2354.
2355.
2356.
2357.
2358.
2359.
2360.
2361.
2362.
2363.
2364.
2365.
2366.
Айта біл, оғаш айтсаң қайта біл.
Айла—алтау, ақыл—жетеу.
Айтпаса, білмейсің,
Ашпаса, көрмейсің.
Айтушы ақылсыз болса,
Тыңдаушы ақылды болсын.
Ақыл арымас, алтын шірімес.
Ақымаққа айтқан сөз
Ағып жатқан сумен тең.
Ақылы асса, аға тұт.
Ақылдың жүрегі—өлшем таразысы.
Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.
Ақымақтың алды-арты болмайды.
Ақшасыздың қолы келте,
Жалқаулардың тоны келте.
Ақыл. Білім. Парасат
2367.
2368.
2369.
2370.
2371.
2372.
2373.
2374.
2375.
2376.
2377.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақыл, қайрат, білімді
Тең ұстаған зор болар.
Ойсыз, жігерсіз, білімсіз
Өмір кешкен қор болар.
Ақылды үйренуге құмар,
ақымақ үйретуге құмар.
Ақылды адам ерінбейді,
Қуатты адам сүрінбейді.
Ақымақ ойбай салар, ақылды ойға салар.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Ақыл ауысады,
Ырыс жұғысады.
Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Ақыл ойдан артық емес.
Ақыл тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
Ақыл таппай амал жоқ,
Атқыш бұзбайтын қамал жоқ.
Ақ Еділдің өзі болмасақ та, бұлағымыз,
Ақылды бастың өзі болмасақ та, құлағымыз.
Ақылды адам айтқызбай біледі,
Ақ сұңқар қаққызбай іледі.
2378.
2379.
2380.
2381.
2382.
2383.
2384.
2385.
2386.
2387.
2388.
2389.
2390.
ақыл. білім. парасат
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды деп айтса болар,
Айттырмай өзі білгенді.
Жомарт деп айтса болар,
Сұратпай өзі бергенді.
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақымақ мақтанса, аяғын сындырар.
Ақылды өтірік шаршатады.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа тоқпақ.
Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан басыңды алып қаш.
Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
Ақылдының алдымен жүр,
Ақымақтың артымен жүр.
Ақылдының сөзі қысқа,
Айта қалса—нұсқа.
Ақылсыз бас
Аяққа дамыл бермес.
Ақылсыз адам айқайлай келеді,
Жан-жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай-жай келеді,
Жан-жағын байқай келеді.
2391.
2392.
2393.
2394.
2395.
2396.
2397.
2398.
2399.
2400.
2401.
2402.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кең келер.
Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді,
Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.
Ақылсыз жігіт—ауыздықсыз ат.
Ақылы аздың азабы көп.
Ақылы жоқ жаманға
Ауыл малы бұралқы.
Ақылы жоқ адамға
Адырайған көз бітер.
Дуасы жоқ ауызға
Сылдыраған сөз бітер.
Ақымақ бастан ақыл шықпас,
Ақыл шықса да, мақұл шықпас.
Ақымақ білмес атының арығанын,
Көсе білмес жасының кәрілігін.
Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.
Ақымаққа айтқан сөз зая кетер.
Ақымаққа іс тапсырған—
Жіптің ұшын жоғалтқанмен бір.
Ақымаққа айтқан сөз
Ағып жатқан сумен тең.
Ақылдыға айтқан сөз
Қолға ұстаған тумен тең.
Ақымақты ақымақ десең,
Бөркі қазандай болар.
2403.
2404.
2405.
2406.
2407.
2408.
2409.
2410.
2411.
2412.
2413.
2414.
2415.
ақыл. білім. парасат
Ақыл ойға, білім көкке көтереді.
Ақымақтың ала-құласы болмайды.
Ақымақтық—аңқаулықпен дос,
Жаңғалақтық—жалқаулықпен дос.
Ақымаққа ақыл айтсаң,
Алдайды дер.
Жаман атты суға айдасаң,
Жалдайды дер.
Ақымақтың ақылы білегінде,
Ақылдының ақылы жүрегінде.
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді,
Ырысы қайтқанның иті ұры кеткен соң үреді.
Ақымақты үйрету—өлгенді тірілту.
Ақымақ жауынды күні суға түсер.
Алтын айнымайды, ақыл азбайды.
Алтын алма білім ал,
Білім алтын емес пе!
Алдау—зұлымдық.
Алдану—ақымақтық.
Алған сабағың біреу болсын,
Тарқауы мың болсын.
Аңқау аңдамайды,
Әңгі тыңдамайды.
Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ,
Көзі бар да, құлақ жоқ.
2416.
2417.
2418.
2419.
2420.
2421.
2422.
2423.
2424.
2425.
2426.
2427.
2428.
2429.
қазақ мақал-мәтелдері
Арлы адамның белгісі шындыққа жығылады,
Арсыз адамның белгісі құр күлкіге ұрынады.
Арың үшін алыссаң, өлмейсің.
Арымақ, семірмек ойдан.
Арзымасқа
Ақылыңды тауыспа.
Асыққан жетпес, бұйырған кетпес.
Асырауын тапса, адам болар,
Оқуын тапса, білім болар.
Ата-ананың ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең.
Артық өнер бас жояды.
Атпаз көрген ат таныр,
Ұстаз көрген хат таныр.
Ашу асыққанда, ақыл басу айтар.
Ашу алдында,
Ақыл соңында.
Ашу арындайды,
Ақыл артынан аяңдайды.
Ашу—ақылдың дұшпаны,
Нәпсі—иманның дұшпаны.
Ашу—дұшпан, ақыл—дос,
Ақылыңа ақыл қос.
2430.
2431.
2432.
2433.
2434.
2435.
2436.
2437.
2438.
2439.
2440.
2441.
2442.
2443.
ақыл. білім. парасат
Ашу—ердің айбары.
Ашу келсе, ақыл кетер,
Ашудан ақыл көп болса,
Ашу не етер.
Ашу—пышақ,
Ақыл—таяқ,
Жонса жұқарар.
Ашу жұту—тау жұту.
Ашулы артынан өкінер.
Ашулының алдында тұрма,
Ашулы атасына қарамайды.
Ашушаңның анты болмайды,
Сабырсызға дәулет қонбайды.
Ашуың келсе, қолың тарт.
Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Әліпті «таяқ» деп білмейд.
Әркімнің бір ойы бар,
Қорасында мың қойы бар.
Әркім өз ойынан хабар берер.
Барыңа шүкір ет, жоғына сабыр ет.
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Бай болмасаң, болма,
Білім-өнерге сай бол.
13-299*
2444.
2445.
2446.
2447.
2448.
2449.
2450.
2451.
2452.
2453.
2454.
2455.
2456.
2457.
2458.
қазақ мақал-мәтелдері
Барша өнерді үйрен.
Баста ақыл жоқ болса,
Аяққа күш түседі.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Бойына қарай—ойы.
Бойының ұзынын қайтейін,
Ақылы қысқа болса.
Бой жетпеген жерге ой жетеді,
Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.
Бойындай бой табылғанмен,
Ойындай ой табылмас.
Болымсыздан өнер шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
Бір жас үлкеннен ақыл сұра.
Біреудің бойы аласа,
Біреудің ойы аласа.
Білім—өнер қазығы,
Өнер—өмір азығы.
Білім—таусылмас қазына.
Білімдінің алды—жарық,
Білімсіздің беті—көн шарық.
Білімдінің жүрген жері—береке,
Білімсіз, надан жұртқа күлкі, келеке.
2459.
2460.
2461.
2462.
2463.
2464.
2465.
2466.
2467.
2468.
2469.
2470.
2471.
2472.
ақыл. білім. парасат
Білімді жан жердің жүзін шарлаған,
Білімсіз адам жоқты-барды қармаған.
Білімдіден шыққан сөз сыпайы,
Алтындай жарқырайды.
Білімсізден шыққан сөз тұрпайы,
Естігенде жүрегің қалтырайды.
Білсең халықтан озасың,
Білмеген жамандар мойның неге созасың.
Білімдімен жолдас болсаң, білікті боларсың.
Білім—бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ—әлдекімнің азығы.
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні—ғаріп.
Білек сүйіндіре алмағанды, білім сүйіндіреді.
Білімнен қымбат нәрсе жоқ,
Көңілде жатса, баспайды тот.
Білім деген—гауһар бағасы жоқ,
Надандық деген—кесел дауасы жоқ.
Білместің ісін көтермесең, білгендігің қайда?
Біліктіге бұлдыр нәрсе жоқ.
Білімі жоқтың білері жоқ.
Білім—қонақ, ақыл—қожа.
Білім—сарқылмас бұлақ,
Өнер—өмірлік мұрат.
Бірлік бар жерде күш,
Еркіндік бар жерде білім бар.
2473.
2474.
2475.
2476.
2477.
2478.
2479.
2480.
2481.
2482.
2483.
2484.
2485.
2486.
2487.
қазақ мақал-мәтелдері
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, балғасы мен заты қалар.
Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан үлкен қасың жоқ.
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.
Білгенің қайсы,
Білместікті кешірмесең!
Білгеннен де өтер бір іс,
Білмегеннен де өтер бір іс.
Білместігін білдір,
Қолына алтын жүзік ілдір.
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
Білім—арзан,
Білу—қымбат.
Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.
Білім тұрған жерде иман тұрады.
Білім инемен құдық қазғандай.
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба. (Абай)
Білімді өлсе, қағазда аты қалар,
Ұста өлсе, істеген заты қалар.
Білмеген мың пәлеге тұтылар,
Білген мың пәледен құтылар.
2488.
2489.
2490.
2491.
2492.
2493.
2494.
2495.
2496.
2497.
2498.
2499.
2500.
2501.
ақыл. білім. парасат
Білмеген у ішеді.
Білмегенге үйрет,
Жерге соқаны салып сүйрет.
Білмегенді кешірмесең,
Білгендігің қайда!
Білегі мықты бірді жығар,
Білімі мықты мыңды жығар.
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Білімсіздің сөзі білектей,
Білімдінің сөзі жібектей.
Біреу білмегенді біреу біледі,
Біреу жыласа, біреу күледі.
Ғалым елден күледі,
Алым әлдекімнен күледі.
Ғалым болсаң,
Елге мәлім боларсың.
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Ғылымнан білім зор, білімсіз ғылым—қор.
Ғылым атақ-даңқ іздемейді.
Ғылымның басы—ақыл,
Ақылдың басы—төзімділік.
Ғылым ақылға қанат бітірер.
Ғылым дәреже береді, даналық бермейді.
2502.
2503.
2504.
2505.
2506.
2507.
2508.
2509.
2510.
2511.
2512.
2513.
2514.
2515.
қазақ мақал-мәтелдері
Екі тентек қосылса, даудай болар,
Екі ақылды қосылса, таудай болар.
Ел қыдырған сыншы болады,
Тоғай аралаған үйші болады.
Екі кісі бейім тұрса,
Есті кісі кейін тұрады.
Есеп білмеген есек.
Есердің ақылы түстен кейін.
Есі жоқтың ісі жоқ.
Жағың сынса да, сағың сынбасын.
Жағымпаз надан
Жаудан жаман.
Жақындықты ат айырады,
Оқымағанды хат айырады.
Жаманның өнері өкпе, орынсыз өкпелер көпке.
Жас кезіңде алған білім тасқа басқан таңбадай.
Жасы жетсе де, ақылы жас адам бар.
Жасаған білмес,
Қыдырған білер.
Жігітке жетпіс өнер аз.
Жігітке өлең де өнер,
Өнер де өнер.
Жігіттің екі өнері бар:
Атқанда жыққан, ашқанда оқыған.
2516.
2517.
2518.
2519.
2520.
2521.
2522.
2523.
2524.
2525.
2526.
2527.
2528.
2529.
2530.
2531.
ақыл. білім. парасат
Залым болма, ғалым бол.
Заң ақымаққа арнап жазылмайды.
Иманды кім десеңіз: Ана сүтін ақтаған,
Ардың туын жықпаған адам.
Кей ақымақ дұшпанымен дос болады,
Досымен қас болады.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
Кемеңгер кеңес таппай қоймас,
Кері кеткен кейіншектеп болмас.
Кеңеспен пішкен тон келте болмас.
Кеңесіп кескен бармақ ауырмайды.
Комбайыншы—мың кісі,
Қолорақшы—бір кісі.
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол.
Көп жасағаннан ақыл сұрама,
Көп көргеннен ақыл сұра.
Көп ойлаған табар,
Көп үрлеген жағар.
Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.
Көре-көре көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
2532.
2533.
2534.
2535.
2536.
2537.
2538.
2539.
2540.
2541.
2542.
2543.
2544.
2545.
қазақ мақал-мәтелдері
«Көп білемін» деме,
Көптен артық білмейсің.
Көп жүрген білмес,
Көп көрген білер.
Көп оқыған білмейді,
Көкейіне тоқыған біледі.
Көргенім бір тоғыз,
Көрмегенім тоқсан тоғыз.
Күш—білімде.
Кісі ақылын тыңдап ал,
Таңдап-талғап, талдап ал.
Кісі ақылымен бай болғанша,
Өз ақылыңмен жарлы бол.
Кісіліктің тұтқасы—даналылық,
Даналықты дарытқан—саналылық.
Кітап көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
Кітап—тілсіз мұғалім.
Кітап—көптің ұстазы.
Қалыңға құсың түспесін,
Наданға ісің түспесін.
Қатты жауған күн тез ашылады,
Қатты ашуланған кісі тез басылады.
Құдай маған түйедей бой бергенше,
Түймедей ой бер.
2546.
2547.
2548.
2549.
2550.
2551.
2552.
2553.
2554.
2555.
2556.
2557.
2558.
2559.
ақыл. білім. парасат
Қына тасқа бітер,
Білім басқа бітер.
Малға жарлылық—жарлылық,
Ақылға жарлылық—сорлылық.
Малдан жарлы қылсаң қыл,
Ақылдан жарлы қылма.
Маңдайыңмен қар тесерсің,
Ақылыңмен жар тесерсің.
Мектеп—адамгершіліктің бесігі.
Надан кісі сусыз арыққа ұқсайды,
Ілімді кісі аққан дарияға ұқсайды.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Надан өз ғайыбын білмес,
Кісі ғайыбын білер.
Ой ақылдан жүйрік емес.
Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең, табарсың.
Жолың ұзақ болғанмен,
Жүре берсең, барарсың.
Ой ойласаң, тең ойла,
Тең ойласаң, кең ойла.
Ойдың түбі—терең,
Ақылдың түбі—ерен.
Ойлай берсең, ой да көп, сана да көп,
Ойнай берсең, ой да жоқ, сана да жоқ.
2560.
2561.
2562.
2563.
2564.
2565.
2566.
2567.
2568.
2569.
2570.
2571.
2572.
қазақ мақал-мәтелдері
Ойна, бірақ жұмысты да ойла.
Ойлай білсең, дана боларсың,
Ойнай берсең, бала боларсың.
Ойлай білген он табар,
Жүре білген жол табар.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқыған—күн, оқымаған—түн.
Оқу түбі—тоқу, оқу білім бұлағы,
Білім өнер шырағы.
Оқыған ұл атадан үлкен.
Оқығаныңа мәз болма,
Тоқығаныңа мәз бол.
Оқыған қара суға қарсы жүзер.
Оқу білім береді, ақыл бермейді.
Өз ақылым—ақыл-ақ,
Кісі ақылы—шоқырақ.
Өз ақылын шамалаған қор болмас.
Өнерпаз болсаң, өр бол.
Өз айыбын білген кісі билік берерге жарайды.
Өнердің ең жаманы бұқа пішкен.
Өнер—білім азығы, білім—ырыс қазығы.
Өнер көкке жеткізер,
Білім көпке жеткізер.
2573.
2574.
2575.
2576.
2577.
2578.
2579.
2580.
2581.
2582.
2583.
2584.
2585.
2586.
2587.
2588.
2589.
ақыл. білім. парасат
Өнер алды қызыл тіл,
Орнын тауып сөйлей біл.
Өнер өлмес, үміт сөнбес.
Өнер—еңбектің жемісі,
Өнерсіздік—кісінің кемісі.
Өнер алды—бірлік,
Ырыс алды—тірлік.
Өнерсіз іс оң болмас,
Өнерлі жігіт қор болмас.
Өнерлі өрге жүзер, қайықпен жерге жүзер.
Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басынады.
Оқы да, біл,
Ойна да, күл.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Оқысаң, озарсың,
Оқымасаң, тозарсың.
Оқу алды—қызыл тіл,
Бірден соңғы мергеншіл.
Оқу—білім азығы,
Білім—ырыс қазығы.
Оқу—білім бұлағы,
Білім—өмір шырағы.
Оқу—инемен құдық қазғандай.
2590.
2591.
2592.
2593.
2594.
2595.
2596.
2597.
2598.
2599.
2600.
2601.
2602.
2603.
қазақ мақал-мәтелдері
Оқу түбі—тоқу.
Оқу ойдан озық емес.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Өз мінін білген
Өзгеге төрелік береді.
Өзіне-өзі өкпелеген—білім барлығы,
«Өзімнен артық жоқ» дегені—көңілі тарлығы.
Өнер—ағып жатқан бұлақ,
Ілім—жанып тұрған шырақ.
Өнер білсең, өлмейсің.
Өнер—ердің қанаты.
Өнер жас ұланнан,
Жүйрік тай-құнаннан.
Өнер көпке де жеткізеді,
Көкке де жеткізеді.
Өнер—таусылмас азық,
Жұтамас байлық.
Өнерді үйрен де жирен.
Өнерің болса, өлемін деме.
Өнерлі қол аш болмас,
Өнерлі қол—бақытқа жол.
Өнерлі өрге жүзер.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2604.
2605.
2606.
2607.
2608.
2609.
2610.
2611.
2612.
2613.
2614.
2615.
2616.
2617.
2618.
2619.
ақыл. білім. парасат
Өнерлі өлмес,
Өнерсіз күн көрмес.
Өнерлі бала сүйкімді.
Өнерліге өлім жоқ.
Өнерліге өрі-қыры бәрібір,
Палуанға оңы-солы бәрібір.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерлінің өзегі талмас.
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Патша ғалым болса, ел озады,
Патша залым болса, елі тозады.
Сай-сайға құйып дария болар,
Адам оқи-оқи дана болар.
Санасызға сан айтсаң да, қонбайды.
Сен оқысаң, мен тоқығам.
Талаптанған тау асар.
Тәрбие көргеннен тәлім ал.
Түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.
Үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды,
Білімсізден хан қойсаң, қасиеті болмайды.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
2620.
2621.
2622.
2623.
2624.
2625.
2626.
2627.
2628.
2629.
2630.
2631.
2632.
2633.
2634.
2635.
қазақ мақал-мәтелдері
Шарап ақылыңды қоймайды,
байлығыңды тонайды.
Шеберлікте шек жоқ.
Ілім—бұлақ.
Білім—шырақ.
Ілім-білім мың түрлі,
Тоқсан тоғызға әдеп, біреуі білім,
Әдебің болмаса, білімді ұстау қиын.
Ілім—бұлақ,
Ақыл жағалай біткен құрақ.
Ілім іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
Ілім—дария көл,
Надандық—сусыз шөл.
2636.
2637.
2638.
2639.
2640.
2641.
2642.
Абайламай сөйлеген ауырмай өледі.
Ағайыннан бөлініп кетсең саяқ,
Тәтті етіңе тиеді ащы таяқ.
Ағайынның өкпесі айтумен кетеді,
Дұшпанның өкпесі кек алумен кетеді.
Ағадан іні ақылды болса,
Үш жасы үлкен болады.
Адал істің абыройлы даңқы бар.
Адалдық түбі—кеніш.
Адалдық оздырар,
Арамдық тоздырар.
Адамда бажа тату,
Малда бота тату.
Адамның жүзіне бақпа, сөзіне бақ.
Адамның ең үлкен ұстазы—жоқшылық.
Адамның тізгіні—ақыл.
Өмір–Өнеге
2643.
2644.
2645.
2646.
2647.
2648.
2649.
2650.
2651.
2652.
2653.
қазақ мақал-мәтелдері
Адамды арман қосады,
Алшақты дәрмен қосады.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайта үйірін тапқан соң.
Айлакерлік—әлсіздіктің ісі.
Айдың жарығы өзіне түспейді.
Айдың да бетінде секпіл бар.
Айран ішкен құтылар,
Шелек жалаған тұтылар.
Алдыңғы тегершік қайда жүрсе,
Артқы тегершік сонда жүрер.
Алтын шірімес,
Дау қарымас.
Алпыс адам аттан жығылса,
Әрқайсысы өз ауырған жерін сипайды.
Арасында мұрын болмаса,
Екі көз бірін-бірі шұқыр еді.
Арман—адамға қанат.
Армансыз адам алысқа бармас.
Ақ айналар,
Қара байланар.
Аңқау астындағы атын алты ай іздепті.
Аузы күйген үріп ұрттайды.
Аяншақ көзге шөп үйір.
2654.
2655.
2656.
2657.
2658.
2659.
2660.
2661.
2662.
2663.
2664.
2665.
2666.
2667.
2668.
2669.
өмір – өнеге
Алмастың жауы қорғасын.
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
Алтынның қолда барда қадірі жоқ.
Атасы басқа аттан түс.
Аққа Құдай жақ.
Ақыл айнымас, алтын шірімес.
Ақылы көптің жақыны көп.
Ақылда баға жоқ, тәрбиеде шек жоқ.
Ақылды адам ардақты.
Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.
Ақылдан жақын дос болмас,
Ашудан жаман қас болмас.
Ақылсыз қайрат бас жарар.
Ақымақтың қолы ұзын болар.
Алушыны аңдушы жеңер.
Алып адамнан, ат биеден.
Алма ағашынан алыс түспейді.
Аңқау елге арамза молда болар.
Арақ адамды айуан етеді.
Арақпен құшақтастым дегенше,
Ақылмен қоштастым де.
14-299*
2670.
2671.
2672.
2673.
2674.
2675.
2676.
2677.
2678.
2679.
2680.
2681.
2682.
2683.
2684.
2685.
2686.
2687.
2688.
қазақ мақал-мәтелдері
Арақ ауыздан кіреді,
Аяқтан жығады.
Арақ ішкен адам—арақтың құлы.
Арақ жетектейді, жүрмесең етектейді.
Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.
Ары таза кісі өлімнен қорықпайды,
ұяттан қорқады.
Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
Ары бардың бетінде алау жанып тұрады.
Асықпаған арбамен қоянға жетеді.
Асқан төгілер, іскен жарылар.
Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.
Атадан ұл туды дегенше, батыр туды десейші.
Ащы сұрақтан тұщы жауап күтпе.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп қызын ал.
Адам жұмыстан азбайды, тұрмыстан азады.
Ауыр ой адамды тұңғиыққа да батырады,
Ерлік іске де шақырады.
Адам құлақтан азады, көңілден семіреді.
Аз қайғыны ас басар, көп қайғыны дос басар.
2689.
2690.
2691.
2692.
2693.
2694.
2695.
2696.
2697.
2698.
2699.
2700.
2701.
2702.
2703.
2704.
2705.
2706.
өмір – өнеге
Ақ ақталар, қара байланар.
Көрмес түйені де көрмес.
Асығыс арты—өкініш.
Ашушаң жақсы болмас, жақсы ашушаң болмас.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл.
Айдағаның бес ешкі,
Ысқырығың жер жарады.
Айтсаң ұғар тереңге,
Не айтайын кереңге.
Ақ қалпақты көрінсе,
Атекем менің демес пе.
Ақ жаулықты көрінсе,
Енекем менің демес пе.
Ақсақ қызға таз күйеу.
Ақсақтың ақырына бақ.
Ақты қара демеңіз,
Кәріптің ақын жемеңіз.
Алып алтау болмас,
Жеп, жетеу болмас.
Анасы қыз болмаған,
Атасы жігіт болмаған...
Апама жездем сай.
Ac ішіп, аяқ босатар.
2707.
2708.
2709.
2710.
2711.
2712.
2713.
2714.
2715.
2716.
2717.
2718.
2719.
2720.
2721.
қазақ мақал-мәтелдері
Асым піс,
Аузыма түс.
Асыра сілтеу болмасын,
Аша тұяқ қалмасын!
«Атанды Алатауда бір жығып ем».
«Атасына рақмет,
Алса да атап-атап алды ғой»!
Арымақ, семірмек көңілден.
Ар сатып алған атақтан
Тер сатып алған мал артық.
Атың шықпаса, жер өрте!
Аударыспақ ойнаса,
Шалдың көті қылпылдар.
Тақия алыспақ ойнаса,
Таздың көті қылпылдар.
Аузы қисық болса да,
Бай баласы сөйлесін.
Аузында әзілі жоқтың
Қолында келтегі бар.
Ауырмаған жамбасыңмен жат.
Азар болса, көшке берген
тайлағын қайтып алар.
Аяғын кебіс қыспаған,
Енесі ернін қыспаған.
Арам молда елді аздырады,
Арам шөп егінді аздырады.
2722.
2723.
2724.
2725.
2726.
2727.
2728.
2729.
2730.
2731.
2732.
2733.
2734.
өмір – өнеге
Арыстанның ойнынан түлкінің
мойыны үзіліпті.
Ақымақ басқа адырайған көз бітеді.
Айламенен арыстан да ауланар,
Айласыздан ақ тиін аман қалар.
Ағаш атқа жіп құйысқан.
Ағаш ұстаған жерден сынбайды.
Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.
Әзіл апат келтіреді.
Әзіл апат келтірер.
Әзіл түбі—зіл.
Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
«Әйләуләйім» келісіп,
Бойым талып қалып па?
Әжептәуір ән еді,
Пұшық шіркін быж-тыж қылды.
Әркімнің бір аңдыған жауы бар.
Әулие, аяның өзіңе, қамшымды бер.
Әдептілік—ар-ұяттың, адамдықтың белгісі.
Әйел ала алмаған қыз таңдайды,
Етік тіге алмаған біз таңдайды.
Әмір екі келмейді,
Өгіз аштан өлмейді.
2735.
2736.
2737.
2738.
2739.
2740.
2741.
2742.
2743.
2744.
2745.
2746.
2747.
2748.
2749.
2750.
2751.
қазақ мақал-мәтелдері
Әркім өзін сыйлағанның құлы.
Әркім өз бойына қарап тон пішер.
Әркім өз ойынан хабар береді.
Әркім өз лағын текешік қояды.
Әркім теңін өзі олжалайды.
Әркімнің өз жері—Мысыр шаһары.
Әсіре қызыл тез оңар.
Әке тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Бағың тасқан кезіңде,
Шобыр қоссаң, бәйге алар.
Бағың қашқан кезіңде,
Сәйгүлігің құр қалар.
Бағың асқан шағыңда
Құзғын салсаң, қаз ілер.
Бағың тайған шағында
Тұйғын салсаң, аз ілер.
Байдың қорасынан
Жарлының жалғызы жоғалыпты.
Басыңа бақ қонғанда
Елден асқан данасың.
Басыңнан бақ тайғанда
Қалыбыңа барарсың.
Басқа келген бақты қырсықты келін кетіреді,
Кесірлі бала кетіреді.
Бас аман болса, тақия табылар.
2752.
2753.
2754.
2755.
2756.
2757.
2758.
2759.
2760.
2761.
2762.
2763.
2764.
2765.
өмір – өнеге
Баста ми болмаса, аяқта тыйым болмайды.
Басқаның ақылдылығын күндеу—
Өзінің ақылсыздығын білмеу.
Батырды жауда,
Данышпанды ашуланғанда.
Достықты жоқтықта сына.
Батырдан жолды игі.
Бармақтай бақ бер, таудай талап бергенше.
Бармақтай бақыт қара суды теріс айналдырған
ақылдан артық.
Байлықтың түбі—бақылдық,
Ақылдың түбі—қазына.
Бақ құмар болсаң, бағың болмайды,
Елін сыйлаған жаман болмайды.
Бас аяқтан ақыл сұрамайды.
Басқа түскен—басбақшыл.
Бауыры бүтін пенде жоқ.
Батырлық айқаста танылады.
Бақыттың көзі—соқыр, кісі танымайды.
Бейғамнан асқан берекесіз жоқ.
Берсең, аларсың,
Ексең, орарсың.
Бетке айтқанның зәрі жоқ.
2766.
2767.
2768.
2769.
2770.
2771.
2772.
2773.
2774.
2775.
2776.
2777.
2778.
2779.
2780.
2781.
қазақ мақал-мәтелдері
Би болудан билік айту қиын.
Би болма, би түсетін үй бол.
Борышты тағам ас болмас,
Болар бала жас болмас.
Бөз—көйлек, сөз—еңбек.
Бөтен сарайдан өзіңнің қуысың артық.
Бұрау, бұраудың түбі—сұрау.
Бүлдіру оңай, түзеу қиын.
Білгенің қайсы, білмегенді кешірмесең.
Бір кескен жабу симас.
Біреуге пышақ оқтама,
Қара пышақ қарыс ұзарады.
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садақа.
Бес саусақ бірдей емес.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты.
Бір етікке екі аяқ симас.
Бір жоқ бір жоқты табады.
Бір қазанға екі бидай қуырылмас.
Бір үйде нешеусің,
Бір-біріңе қонақсың.
2782.
2783.
2784.
2785.
2786.
2787.
2788.
2789.
2790.
2791.
2792.
2793.
2794.
2795.
2796.
2797.
2798.
2799.
өмір – өнеге
Біреу «бас» десе,
Біреу «құлақ» дейді.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Біреуге асхана керек,
Біреуге баспана керек.
Біреудің ат көтермес өзі бар,
Біреудің ат көтермес сөзі бар.
Біреудің ботасына дегені
Өзінің бурасына келеді.
Бірдің кесапаты мыңға,
Мыңдікі түменге.
Біреудің қаңсығы—біреуге таңсық.
Бақ-бақ еткен текені
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсынған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Бал татыған балық сорпасын ішпейтін сорым,
Қоңырсыған қой сорпасын қалай ішермін.
Баяғының қойы маңыраушы еді,
Ендігінің қойы аузын ашады.
Белі ауырмастың нан жесін қара.
Бетің қисық болса,
Айнаға өкпелеме.
«Беу-беу, белім-ай,
Бес балаға тапқан жерім-ай».
2800.
2801.
2802.
2803.
2804.
2805.
2806.
2807.
2808.
2809.
2810.
2811.
2812.
қазақ мақал-мәтелдері
Біз де кісі болармыз,
Атқа кісен салармыз.
Бір көзін аса қарап,
Бір көзін баса қарап.
Бір қап жел едік,
«Пыс» еттік те басылдық.
Біреудің алтын басы еңкейсе,
Біреудің боқты көті тоңқайды.
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
Бөрі тартқан бөксем бар,
Иттен несін аяйын?
Бүкірдің белін қабір түзетеді.
Бұл не деген батпан құйрық,
Айдалада жатқан құйрық?
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Ғылым деген—гауһар бағасы жоқ,
Надандық деген—бір кесел дауасы жоқ.
Даңқ қуған далада қалады,
Мақтан қуған масқара болады.
Дарияға тас лақтырма, лайлата алмайсың.
Дарияны теріс ағызған ақылдан
Бармақтай бақ ілгері.
Дайын асқа—тік қасық.
2813.
2814.
2815.
2816.
2817.
2818.
2819.
2820.
2821.
2822.
2823.
2824.
2825.
2826.
өмір – өнеге
Дәулет қонған кісіге дос жиналар,
Дәулет кетсе, табалап, топырақ шашар.
Диқан жаңбыр жауғанда тынар,
Шопан өлгенде тынар.
Дәрі шөптен, ақыл көптен.
Досыңның табысына қуана біл.
Доңыздың алдында домбыра тартпа.
Дария жолы су болса да,
Ит тілімен су ішер.
Дегелек келді, кемпір шешем қыз болды.
Елдің құты—би.
Есепке кірмеген есек.
Елде болса, ерінге тиеді.
Есіктен кіріп төр менікі деме.
Ескіні ескі деме, есікті тапқанша есің кетер.
Ерте тұрған еркектің ырысы ілгері,
Ерте тұрған әйелдің бір ісі ілгері.
Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды.
Ерте тұрған қойшының егіз қоздар қойлары.
Еліне жақпаған ер жете алмас.
Ердің көркі ақыл, ақылдың көркі сабыр.
Етегі толғанға тезек кездеседі.
2827.
2828.
2829.
2830.
2831.
2832.
2833.
2834.
2835.
2836.
2837.
2838.
2839.
2840.
2841.
2842.
2843.
2844.
қазақ мақал-мәтелдері
Ет сасыса, тұз себерсің, тұз сасыса, не себерсің?
Еңбек өнімді болмай,
Тұрмыс көңілді болмайды.
Екі жеп биге шықтым.
Екі көзімнің бірі—
Егізімнің сыңары.
Екі жалаңаштың қосылуы әудемде.
Ел көшті, жау жетті деп,
Қашуына болайын.
Ердің кегі есіктен төрге озбайды,
Ездің кегі өмір бойы тозбайды.
Ет келмей жатып «тұздық» деме,
Асатпай жатып «құлдық» деме.
«Ет тәттілігін қойса,
Мен ұрлығымды қояр едім».
Етегіңізді көріп есіме түсті,
Балаңыз нешеу еді, бәйбіше?
Емініп алған байымды
Ешкі теуіп өлтірді.
Есігі жоқ, төрі жоқ,
Қай жағынан шалқиды!
Жазды күні жыланнан қорыққан,
Қысты күні ала жіптен аттамас.
Жаз киімін қыс киіп,
Жарлы қайдан байысын.
2845.
2846.
2847.
2848.
2849.
2850.
2851.
2852.
2853.
2854.
2855.
2856.
2857.
2858.
өмір – өнеге
Жайбарақаттық жанға қас.
Жақсылықтың тағдыры қыл үстінде шешілер.
Жақсы сөз—жарым ырыс.
Жақсы сөз—қаймақ, жаман сөз—тоқпақ.
Жақсы көреді екен деп, бара берме,
Береді екен деп, ала берме.
Жақсы сөз жан семіртер.
Жалшының малын жасаңға айдасаң,
Құдай қуалап қуаңға шығарады.
Жаман адам жоқ, жаман мінез-құлық бар.
«Жақсы таз» басын жасырмайды,
Жақсы әйел асын жасырмайды.
Жаманның ойны жаман,
Шошқаның мойны жаман.
Жаны бардың желі бар,
Желсіз адам тауып ал.
Жаман әйел—керауыз.
Жан тыныштық жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.
«Жат» деген атамыздың аты, тырқи қонақ.
Жау кеткен соң, қылышыңды боққа шап.
Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.
2859.
2860.
2861.
2862.
2863.
2864.
2865.
2866.
2867.
2868.
2869.
2870.
2871.
2872.
2873.
2874.
қазақ мақал-мәтелдері
Жығылған сүрінгенге күледі.
Жолдасың соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
Жаптым жала, жақтым күйе.
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жаңаны ескі сақтар.
Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ болмас.
Жасында шапалақ жегеннің,
Өскенде өкініші аз болады.
Жаяудың аттыға ілесемін деп
Таңы жыртылыпты.
Жемісті ағашқа тас атпа.
Жетіскен жеті шапан киеді.
Жоққа жүйрік жетпейді.
Жыламаған балаға емшек бермейді.
Жоқ табылмайды емес, қарауы жетпейді.
Жол қуған олжаға жолығады,
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жүгірген алмайды, бұйырған алады.
Жүйелі қарғыс жүйесін табады,
Жүйесіз қарғыс иесін табады.
2875.
2876.
2877.
2878.
2879.
2880.
2881.
2882.
2883.
2884.
2885.
2886.
2887.
2888.
2889.
2890.
2891.
өмір – өнеге
Жүргенге жөргем ілінеді,
Жатқанға жан жуымайды.
Жүріп шаршаған отырып дем алады,
Отырып шаршаған жатып дем алады,
Жатып шаршаған қайтіп дем алады?!
Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады,
Жаман-жаман сөйлесең, пышақ қынынан шығады.
Жыртық тесікке күледі.
Жігітті Құдай ұрарында жорта бастайды,
Байталды Құдай ұрарында құлын тастайды.
Есепке кірмеген—есек.
Жығылған күреске тоймайды.
Жуан жіңішкергенше,
Жіңішке үзілер.
Кірсіз күн мен ай,
Мінсіз бір Құдай.
Жаяу жаяудың көңілі—қаяу.
Жерден жеті қоян тапқандай қуанды.
Жыласа, кімнің аузы қисаймайды!
Заманы қалай болса, бөрікті солай ки.
Заманы бірдің—зары бір.
Зұлымдық күнәден ауыр.
«Ит тұяқты қоян етін жейсің,
Ешкі тұяқты шошқаны арам дейсің».
2892.
2893.
2894.
2895.
2896.
2897.
2898.
2899.
2900.
2901.
2902.
2903.
2904.
2905.
2906.
2907.
қазақ мақал-мәтелдері
Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы.
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.
Елде болса, ерінге тиеді.
Ескіні ескі деме, есікті тапқанша есің кетер.
Екі аяқты адам түгіл, төрт аяқты ат та сүрінеді.
Елге қылған жақсылық еленбей қалмайды.
Еліне жақпаған ер жете алмас.
Ердің көркі ақыл, ақылдың көркі сабыр.
Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер.
Киіз кімдікі болса, білек соныкі.
Көпті жамандаған көмусіз қалады.
Көптің ақылы—көл, аздың ақылы—шөл.
Көппен пішкен тон кең де, кем де болмайды.
Көп біледі дегені—көп білгені.
Күшіңнің көптігін белдескенде білерсің.
Көрінгеннің алыстығы жоқ,
Көтергеннің ауырлығы жоқ.
Күлді қанша үйсең де, төбе болмас.
Кісіде ақыл болмаса, көз дегенің құр әйнек.
Кімнің жерін жерлесең, соның суын сула.
2908.
2909.
2910.
2911.
2912.
2913.
2914.
2915.
2916.
2917.
2918.
2919.
2920.
2921.
2922.
2923.
2924.
2925.
өмір – өнеге
Күншіл, қызғаншақ болмау да бақыт.
Күлгенді сұра, ішінде қулығы бар,
Жылағанды сұрама, ішінде мұңдығы бар.
Келіннің аяғынан,
Қойшының таяғынан.
Кілемге бергісіз алаша бар,
Төбелеске бергісіз араша бар.
Көріктіні сұлу де, ақылдыны ару де.
Көргенді тапсаң, естігенді іздеме.
Көз соқырынан ой соқыры жаман.
Көптің көзі—таразы.
Күтімсіз терек түбірінен шіриді.
Көн етікке құрым шұлғау.
Көн қатса, қалпына барады.
Көрінгеннің алыстығы жоқ,
Көтерілгеннің алыстығы жоқ.
Көтере алмаған ауырлығы.
Күміс азса, күл болар.
Кетпеннің басын бассаң, сабы өзіңе тиер.
Көңіл—дария, көз—найза.
Көңіл бір атым насыбайдан қалады.
Күлген күле жетер, артынан қуа жетер.
15-299*
2926.
2927.
2928.
2929.
2930.
2931.
2932.
2933.
2934.
2935.
2936.
2937.
2938.
2939.
2940.
2941.
2942.
2943.
қазақ мақал-мәтелдері
Күлкі жасартады, қайғы қартайтады.
Көйлектің кірі, жуса, кетеді,
Көңілдің кірі, айтса, кетеді.
Көңілді көтермесе, кір басады.
Кең болсаң, кем болмассың.
Келгеніне сүйінбеген
Кеткеніне күйінбейді.
Көзі қарайған там бұзар.
Көңіл жақсы болғаны—
Өмір жақсы болғаны.
Көңіл жүйрік пе,
Көк дөнен жүйрік пе?
Көңілі түссе, көлдей,
Көңілі түспесе, шөлдей.
Көңілсізден күлкі шықпас.
Керең құлақ оянбас,
Бір оянса, қоя алмас.
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.
Көп күлген көттің соры.
Көгалды қуып гөлайттап,
Ыршып жүріп ән салған.
Көктемде бір тойдым,
Көбік қарда бір тойдым.
Көрмес түйені де көрмес.
2944.
2945.
2946.
2947.
2948.
2949.
2950.
2951.
2952.
2953.
2954.
2955.
2956.
2957.
2958.
2959.
өмір – өнеге
Көңіл жарасса, көш-жөнекей.
Көп ойнаған бір жылайды.
Көп ойнақтаған бота от басар,
Көп ойнаған бала боқ басар.
Күні жаманның тәні азар,
Көңілі жаманның жаны азар.
Күріш арқасында күрмек су ішіпті.
Қаршығадай бойы бар, үйдей үлкен ойы бар.
Қазақтың ақылы көзінде.
Қимылдаған қыр асар.
Қанша берік дегенмен, «тәуекел» де қажиды.
Құтырғанмен жолдас болма,
Құты қашқанмен ауылдас болма.
Қолы қимылдағанның ерні қимылдар.
Қолыңа түскеннен айырылма.
Қайрат қосшы, ақыл басшы.
Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол.
Қайтып кірер есігіңді қатты серіппе.
Қайғы қан аздырады,
Мылжың ми аздырады.
Қайғың қара қазан болсын.
2960.
2961.
2962.
2963.
2964.
2965.
2966.
2967.
2968.
2969.
2970.
2971.
2972.
2973.
2974.
2975.
2976.
қазақ мақал-мәтелдері
Қайғың болса, досыңа бар,
Қарның ашса, қосыңа бар.
Қайғыны қайрат жеңеді.
Қайғысыз қара суға семірер.
Қаралы көңіл—жаралы.
Қиындық көрген—қиыннан өткен.
Қуаныш елітер,
Асығыс кейіс келтірер.
Қуанған мен қорыққан бірдей.
Қайғыны қапа емес, қайрат жеңеді.
Құмырсқаның басқаны
Құдайға аян.
Қырық қадам үйден шықсаң,
Мүсәпірлік басқа тиеді.
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
Құлдың қалаған асын кім дайындап берер дейсің.
Қазақтың қорасы—қаласы.
Қашқан құтылар болса, қоян құтылар еді.
Қалған көңіл шыққан жанмен тең.
Қамқорлық қанат бітіреді.
Қанағат қарын тойғызады,
Қанағатсыздық жарлының жалғыз
атын сойғызар.
2977.
2978.
2979.
2980.
2981.
2982.
2983.
2984.
2985.
2986.
2987.
2988.
2989.
2990.
2991.
2992.
өмір – өнеге
Қарға баласына:
«Екі шоқып, бір қара» депті.
Сауысқан баласына:
«Бір шоқып, екі қара» депті.
Қарғаны қайырып қазға салсаң,
«Қарқ» етер де, боққа түсер.
Қарыстан сүйем жуық.
Қорыққан бұрын жұдырықтар.
Құдайдан қорықпағаннан қорық.
Қыры келгенде Қыдыр шылауыңа оралады.
Құт құтты болып келсе құт,
Құтсыз болып келсе жұт.
Қазан түбінде шеміршек қалды деп...
«Қайындарымның көңілін аулаймын деп,
Балаларым байыма тартпады».
Қақпай жатып қоңырауың сылдырлайды.
Қарадан қан шыққанша,
Сарыдан жан шығады.
Қойын алдырып, қорасын бекітіпті.
Қожаны жықпас па,
Аузы-мұрнына тықпас па!
Қонақ қойдан жуас, май берсе де, жей береді.
Құрсанған жаудан қорықпаған басым,
Қайныма барғанда жеңгемнен қорыққаным-ай!
2993.
2994.
2995.
2996.
2997.
2998.
2999.
3000.
3001.
3002.
3003.
3004.
3005.
3006.
3007.
қазақ мақал-мәтелдері
Қара бет жазылмайды,
Жара бет жазылады.
Қойшының қызы қой келгенде жүн түтеді.
Қылышты сермей алмаған өзіне тигізер.
Қотыр құлға қола сақина.
Мұрынға қарама, орынға қара.
Махаң Ақаң дейді, Ақаң Махаң дейді.
Молданың қылғанын қылма, айтқанын қыл.
Ми ойланғанша, тіл тынығады.
Мың пәлеге—бір төбе.
Мастық—өзіне-өзі жасаған қастық.
Мал, дүние, байлық—қолдың кірі.
Мен не деймін,
Қобызым не дейді?
Мен ұрлық қылған күні
Ай жарық болғанын қайтейін.
Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.
Мың таздан бір таз,
Боз ішінде шаңқан боз.
Мың қайғы бір борышты өтемейді.
Мына баланы сен таптың ба,
Мен таптым ба?!
Мысқылдың түбі—мүшкіл.
Нанның ұсағы да нан.
3008.
3009.
3010.
3011.
3012.
3013.
3014.
3015.
3016.
3017.
3018.
3019.
3020.
3021.
3022.
3023.
өмір – өнеге
Намыссыз езден
Иесін қорғайтын ит артық.
Нені қор тұтсаң, соны зар тұтарсың.
«Не болса о болсын,
Айды аспанға бір шығардым».
Не пері емес, не сері емес.
Ораза-намаз тоқтықта.
Оң қолың ашулы болса, сол қолың
арашашы болсын.
Орыны бар оңалады.
От дегенмен ауыз күймес.
Он үште отау иесі.
Ойшыл оңаша қалса да, жалғызсырамайды.
Орынды сөз жүрекке қуат.
Олақ балықшы су лайлайды.
Оң қолым, сол қолым—
Бәрі де өз қолым.
Опаға барған ағарар,
Жосаға барған қызарар.
От суымайды, сөнеді.
Ойламағанның түбі—ойран.
Оңай олжа оңдыртпас.
3024.
3025.
3026.
3027.
3028.
3029.
3030.
3031.
3032.
3033.
3034.
3035.
3036.
3037.
3038.
3039.
3040.
қазақ мақал-мәтелдері
Орайы келгенде, орала береді,
Қолайы келгенде, құрала береді.
Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең,
Ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең.
Ойын түбі шынға кетеді,
Шайтан түбі жынға кетеді.
Ойнап жүріп жылаған баланың
басы таз болады.
Ойыншының тамағы тоқ.
Ойнаса да, ойындағысын айтады.
Өз үйінде би болған,
Ұлы дауда и болған.
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде кесте тігеді.
Өзі сөйлеп, өзі күлген,
Өз құсығын өзі жеген.
Өзім жоқтау білмеймін,
Жоқтау білгеннің байы өлсін.
Өзім есек бола тұра, түйені жетектедім.
Өсіп-өнген жан едік,
Өзімізге өзіміз хан едік.
Өсекке кірмей есепке кірмейді.
Өткелден өткенше,
Қызыңды алайын.
3041.
3042.
3043.
3044.
3045.
3046.
3047.
3048.
3049.
3050.
3051.
3052.
3053.
3054.
өмір – өнеге
Өткелден өткен соң,
Қызыңды ұрайын.
Өсекке кіріспе, есепке кіріс.
Өзіңді олжалатпай,
Өзгені олжалай алмайсың.
Өсек еккен өкініш орады.
Өзіңді-өзің алдау—өкініштің үлкені.
Өтірік айтқан жанға қас,
Өткір пышақ қынға қас.
Өсек деген бәле бар өтірікпен бір туған,
Жағымпаздық жан досы бірге жатып,
бір тұрған.
Өзі жығылған бала жыламайды,
Өзіңді-өзің жаттай сыйла,
жат бойынан түңілсін.
Өзім асыраған текешік өзіме артылды.
Өсу үшін сабыр керек.
Өзі тоймаған үлкеннен сарқыт дәметпе.
Өткен іске өкінбес, өкінсең де жеткізбес.
Өтірік—қаңбақ, шындық—салмақ.
Өтірік атыңды өшіреді,
Өсек көршіңді көшіреді.
Өзі қара болса да,
Бақ-дәулеті сай болса,
Жер жарады қаңқылы.
3055.
3056.
3057.
3058.
3059.
3060.
3061.
3062.
3063.
3064.
3065.
3066.
3067.
3068.
қазақ мақал-мәтелдері
Пәлен жерде алтын бар,
Барсаң, бақыр да жоқ.
Пысық болам деп, пұшық болма!
Патшаң соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр.
Пышақты әуелі өзіңе сал,
Ауырмаса, біреуге сал.
Пішені өртенбегеннің бәрі ақылды.
Падиша Құдай емес,
Құдайдан былай емес.
Реніш түбі—кеніш.
Сөзде қаңқу жаман, ауруда шаншу жаман.
Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.
Сөйлеген кісі ақымақ болса,
Тыңдаған кісі ақылды болсын.
Сақтансаң, мың күндік,
Сақтанбасаң, бір күндік.
Сақалды қолдан бердік.
Саңырау ауызға қарайды,
Соқыр дауысқа қарайды.
Саусақ жазылса, қылдырық,
Жұмылса, жұдырық.
Соңынан келген сүйек мүжиді.
Сорлыға сойылдың жуан басы тиер,
Сыннан өтпегенді мінез деме.
3069.
3070.
3071.
3072.
3073.
3074.
3075.
3076.
3077.
3078.
3079.
3080.
3081.
3082.
3083.
3084.
өмір – өнеге
Суыған күл от емес.
Су бергенге сүйіңді бергін,
Ақ ниетіңді білсін.
Суға кеткен тал қармайды.
Судағы балыққа қуанба,
Ол әлі сенікі емес.
Сұрап бергенше, ұрып бер.
Сыйлай білген, сыйлата біледі.
Сабақты ине сәтімен.
Сәлемнің де сәті бар.
Сәті түсерде сәл нәрсе себеп болады.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.
Сезікті адам секемшіл.
Саусағың ауырса, жүрек білер,
Жүрегің ауырса, кім білер?
Сыйынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын.
Сенде жазық жоқ,
Менде азық жоқ.
Сенің атың тұра тұрсын,
Менің атым жүре тұрсын.
Сен қылғанды мен қылдым,
Сенен артық не қылдым.
Сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз!
3085.
3086.
3087.
3088.
3089.
3090.
3091.
3092.
3093.
3094.
3095.
3096.
3097.
3098.
3099.
3100.
қазақ мақал-мәтелдері
Сімілтір сімер іргеге сиер.
Соқыр—әңгі, таз—әулекі.
Соқыр көзіне сенбейді, қолына сенеді.
Соқыр көргенінен жазбас.
Соқыр тауыққа бәрі бидай.
Соқырға түн де қараңғы, күн де қараңғы.
Соқырдан көрмес туады,
Сараңнан бермес туады.
Соқырды қарауылға қойсаң,
Үстіне жау келтірер.
Соқырдың көзі көңілінде.
Соқырдың тілегені—екі көзі.
Сорлының көзі—сорлы.
Сөзден жылу берген,
Иттен сауын берген.
Сыныққа—сылтау, құлақсызға—мылқау.
Сын түзелмей, мін түзелмес.
Сырдың суы сирағымнан келмейді.
Талап пендеден, көмек Алладан.
Талап—талмас қанат.
Талапты ерге нұр жауар,
Талапсыз неме құр қалар.
3101.
3102.
3103.
3104.
3105.
3106.
3107.
3108.
3109.
3110.
3111.
3112.
3113.
3114.
3115.
3116.
3117.
3118.
өмір – өнеге
Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін.
Талаптымен таласпа.
Тас түссе талайынан.
Тек жүрсең, тоқ жүресің,
домаланып көп жүресің.
Тасада тұрып оқ ату—опасыздықтың белгісі.
Тәңір жаққан шырағыңды, адам үрлеп өшірмес.
Тесік моншақ жерде қалмас.
Тұмаудың арты құрт болады,
Тұманның арты жұт болады.
Түйсігі жоқ адамға жүз айтсаң да, түсінбес.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң, шығарсың.
Жауды мықты демеңдер,
Ерлік етсең, жығасың.
Татулық—табылмас бақыт.
Тәуекелшіл түйедей бәледен құтылады,
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
Тау тауға қосылды десе, нан,
Адамзат пиғылын оңғартты десе, нанба.
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
Теріс қарап отырсаң да, оң жауап бер.
Түстік өмірің болса, сәскелік әрекет ет.
3119.
3120.
3121.
3122.
3123.
3124.
3125.
3126.
3127.
3128.
3129.
3130.
3131.
3132.
3133.
3134.
қазақ мақал-мәтелдері
Тат темірді кеміреді,
Қайғы адамды кеміреді.
Талай масқараны көріп едім,
Бірақ әкесін арбаға байлап қойып
сабағанды көргенім осы.
Түзу көңіл қисық сөзге мән бермейді.
Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза кетер.
Таршылық болмай, кеңшілік болмайды.
Тарылмасаң, көңіл сәнді,
Тарықпасаң, өмір сәнді.
Тауларда бар тарғыл тас,
Тарықса, шығар көзден жас.
Туғанына жыламаймын, өлгеніне жылаймын.
Тоғызымыз жиылып,
Тоқты жыққан батырмыз.
Таз басқа—темір тарақ.
Таз кісінің шашы өспес,
«Айдап салдың» малы өспес.
Тышқан інінде шалқасынан жатып,
«Аспанды аяғымен тіреп жатырмын» дейді.
Талтаңдасаң талтаңда,
Ақшаң болса қалтаңда.
Тауға қарап тау болмассың.
Тоғыз той қатар келсе,
Қайсысына барарыңды білмессің.
3135.
3136.
3137.
3138.
3139.
3140.
3141.
3142.
3143.
3144.
3145.
3146.
3147.
3148.
өмір – өнеге
Топан суы қаптаса да, тобығымнан келмейді.
Туа мүкіс жазылмас.
Тумаған балаға кіндік шеше.
Төбелестен соң жұдырық.
Түсе алмасыңды білген соң,
Түйеге неге мінесің.
Тойған жерге тоғыз кел.
Тышқан ініне кіре алмай жүріп,
Құйрығына қалбыр байлапты.
Түлкінің өз терісі өзіне жау.
Уайым—ердің қорғаны.
Уайым түбі—тұңғиық, батасың да кетесің.
Тәуекел түбі—жел қайық, кешесің де өтесің.
Ұлық болсаң, кішік бол.
Ұялған тек тұрмас.
Ұят—беттің пердесі.
Ұялмаған өлеңші болады,
Ерінбеген етікші болады.
Ұлың болса, қой бақтыр, адам болар,
Көп бақтырма, аз бақтыр, надан болар.
Ұлың өссе, үлгілімен,
Қызың өссе, қылықтымен жолдас бол.
Ұйқы—жанның тынысы.
Ұқыптылық—істің көркі.
3149.
3150.
3151.
3152.
3153.
3154.
3155.
3156.
3157.
3158.
3159.
3160.
3161.
3162.
3163.
3164.
қазақ мақал-мәтелдері
Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі.
Ұсынған мойынды қылыш кеспес.
Ұяты бардың ожданы биік.
Үлкеннен өнеге, кішіден ізет.
Үлкеннің әмірі—уәжіп.
Үмітсіз сайтан болсын!
Үйің тар болса да, көңілің тар болмасын.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Шықпаған жаннан үміткер.
Шайнағаның бұйырған емес,
жұтқаның бұйырған.
Шалбары жыртық дамбалы тесікке күліпті.
Шын жүйрікте сын болмайды,
Шын жақсыда мін болмайды.
Шапанды жамағанды көріп едік,
Тақияны жамағанды көрдік.
Шәу, шәу үрген шіркін,
Домалақ үйге кірген шіркін.
Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады.
Шыбынның басына бақыт қонса,
Самұрық құс сәлемге келіпті.
Шамның жарығы түбіне түспейді.
3165.
3166.
3167.
3168.
3169.
3170.
3171.
3172.
3173.
3174.
3175.
3176.
3177.
3178.
3179.
3180.
3181.
өмір – өнеге
Іздеген мықан ағашын табады.
Іздеген мұратына жетер,
Жалқаудың өмірі кіжінумен өтер.
Іздеген табады, сұраған алады.
Ілгері басқанның иті озар,
Кepі басқанның келіні ұрлық қылар.
Ілгері басқанның иті оттайды,
Кері кеткеннің келіні оттайды.
Ісіңнің ағы білмейді,
Жігіттің бағы біледі.
Ішкен ас түске жетпейді,
Жақсы көңіл, ықылас естен кетпейді.
Іші таудан табылды, тысы қайдан табылды,
Қырылғырдың қыздары қылып берер дейсің бе?!
Ішің күйсе, тұз жала,
Сыртың күйсе, домала.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Істің басы қату болса,
Аяғы тату болады.
Іссіз отырған ғалым адам
Жаңбырсыз өткен бұлтқа тең.
Ісің ақ болса, Құдайың жақ болады.
16-299*
3182.
3183.
3184.
3185.
3186.
3187.
3188.
3189.
3190.
3191.
3192.
Абайлап сөйле сөзіңді,
қабырғаның да құлағы бар.
Ауыр істің салмағы білекке түсер,
Ащы сөздің салмағы жүрекке түсер.
Адам сөзге, мал жемге тоқтар.
Адам өлсе, сөзі қалар
Ат өлсе, ізі қалар.
Айтылған сөз—атылған оқ.
Айтар нақылы жоқтың
Табар ақылы жоқ.
Адам бір сөйлескенде жылан,
Екінші сөйлескенде құлан,
Үшінші сөйлескенде адам.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
Аз сөз—алтын,
Көп сөз—көмір.
Өнер алды–қызыл тіл
3193.
3194.
3195.
3196.
3197.
3198.
3199.
3200.
3201.
3202.
өнер алды – қызыл тіл
Айтпаса, білмейді,
Ашпаса, көрмейді.
Айтпас жерде аузыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.
Айтқан сөз, атқан оқ қайтпайды.
Айта берсең сөздерді,
Балшық басар көздерді.
Ақпа құлаққа сөз айтсаң, ағып кетеді,
Құйма құлаққа сөз айтсаң, құйып алады.
Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді,
Дуасы жоқ ауызға сылдыраған сөз бітеді.
Ақылдымен сөйлессең, ақылыңа ақыл қосылар.
Ашпаса, кім көрер,
Айтпаса, кім білер.
Аузы тынбағанның аяғы тынбас.
Анығын айту адалдық, ала сөйлеу арамдық.
Аталар сөзі—ақылдың көзі.
Аталы сөзге арсыз тоқтамас.
Ақыл сөзді санаңа сақта,
Асыл сөзді балаңа сақта.
Ақылды сөз қысқа келер,
Нақылды сөз нұсқа келер.
Артық кеткен сөз ащы,
Артық алған тұз ащы.
3203.
3204.
3205.
3206.
3207.
3208.
3209.
3210.
3211.
3212.
3213.
3214.
3215.
3216.
3217.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақы—арсыз,
Бай—қырсыз.
Алашағым кетсе де,
Айтпағым кетпесін.
Алғыға қарап, пікір ет,
Артқыға қарап, шүкір ет.
Алданған алмай тұрып сенбейді.
Алмас қылыш—майданда серік,
Асыл сөз— майданда да, сайранда да серік.
Алтын тісті ауыздан аса жаман сөз шығар.
Жаннан безген жауыздан
Жазығы жоқ көз шығар.
Алып келсем, «жолдым» дейді,
Алмай келсем, «сорлым» дейді.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер.
Аталы сөзді арсыз қайырады.
Аталы сөзге
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.
Аты жүйрік айырады,
Тіл жүйрік қайырады.
Ауыз дарбаза, сөз самал,
Ант ұрғанға не амал.
Аузы құлып сандықты
Tіc ашпаса, тіл ашар.
3218.
3219.
3220.
3221.
3222.
3223.
3224.
3225.
3226.
3227.
3228.
3229.
3230.
3231.
өнер алды – қызыл тіл
Ауызға келген түкірік—қайтып жұтса, мәкүрік.
Аузымен орақ орған...
Ауыз баққан,
Ауылдасқа жаққан.
Ауызға келген сөз арзан,
Ауылға келген бөз арзан.
Аузынан сөзі түскен,
Қойнынан бөзі түскен.
Аузына келгенін сөйлеу—ақымақтың ісі,
Алдына келгенін жеу—айуанның ісі.
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
Аузы жаман елді былғар,
Аяғы жаман көлді былғар.
Аяқтыға жол бермеген,
Ауыздығы сөз бермеген.
Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
Басқа пәле тілден.
Ботаның көркі—көзі,
Адамның көркі—сөзі.
Бір сөз бір сөздің қуғыншысы.
Бай аузында семіз сөз.
3232.
3233.
3234.
3235.
3236.
3237.
3238.
3239.
3240.
3241.
3242.
3243.
3244.
3245.
3246.
қазақ мақал-мәтелдері
Байлауы жоқ шешеннен үндемеген есті артық,
Бәйге алмаған жүйріктен белі жуан бесті артық.
«Бал», «бал» дегенмен ауыздың дәмі кірмейді.
Бал тамған тілден у да тамар.
Балаға байқап сөйлессең, ақылыңа көнер.
Байқамай көп сөйлесең, көрсетер бір «өнер».
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Батыр қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Батырдың сөзі мың теңгелік.
Батырдан кеңес сұрасаң, қылыш,
мылтық, байрағын айтар.
Шаруадан кеңес сұрасаң, ботасы мен
тайлағын айтар.
Қасапшыдан кеңес сұрасаң,
пышағы мен қайрағын айтар.
Білемін» деген көп сөз,
«Білмеймін» деген бір сөз.
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
Білген адам тауып айтады,
Білмеген адам қауып айтады.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан.
Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
3247.
3248.
3249.
3250.
3251.
3252.
3253.
3254.
3255.
3256.
3257.
3258.
3259.
өнер алды – қызыл тіл
Бір теңге беріп жырлатып,
Мың теңге беріп қойдыра алмассың.
Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын,
Бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын.
Біреу ойнап сөз сұраса,
Шындап жауап бер.
Біреудің өзі жақсы, біреудің сөзі жақсы.
Бүйректен сирақ шығарып.
Бұрынғыны айтпай,
Соңғы есіңе түспейді.
Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман адамның тілі ащы.
Дауды шешен бітірмейді, шебер бітіреді.
Екі адам естісе,
Жеті ғаламға жетер.
Екі кісі сөз айтса,
Біреуін де естімессің.
Екіленіп сөйлеп ер атанбайсың.
Еппен сөйлегеннің ерні ауырмайды.
Ер жігіттің екі сөйлегені—өлгені,
Емен ағаштың иілгені—сынғаны.
3260.
3261.
3262.
3263.
3264.
3265.
3266.
3267.
3268.
3269.
3270.
3271.
3272.
3273.
3274.
қазақ мақал-мәтелдері
Ердің көркі—сақал,
Сөздің көркі—мақал.
Ердің екі езуі қазына.
Ердің өзіне қарама, сөзіне қара.
Есіткен өтірік, көрген шын.
Жақсы сөз—жарым ырыс.
Жақсы сөз сүйіндіреді,
Жаман сөз күйіндіреді.
Жауызға айтқан жақсы сөз
Суға жазған сертпен тең.
Жігіт көркі—сақал,
Сөздің көркі—мақал.
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.
Жүз сөзден бір іс артық,
Жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.
Жақсы лебіз—жарым ырыс.
Жақсы атады деп тасыма,
Жаман атады деп жасыма.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жақсы сөз—жарым ырыс.
Жақсы сөз жан сүйіндірер,
Жаман сөз жан күйіндірер.
Жақсы сөзге жан семірер.
3275.
3276.
3277.
3278.
3279.
3280.
3281.
3282.
3283.
3284.
3285.
3286.
3287.
3288.
3289.
өнер алды – қызыл тіл
Жақсы өтіріктен
Жаман шындық артық.
Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі.
Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі.
Жақсының сөзі ақыл шақырады,
Жаманның сөзі ашу шақырады.
Жақсының сөзі диірменнен шыққандай.
Жақсының сөзі—
Шамдай жарық,
Айдай анық.
Жақсының сөзі кепіл,
Жаманның өзі кепіл.
Жақсының өзі де жақсы,
Сөзі де жақсы.
Жақсылардың үлгісі
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері
Ағып тұрған балдай.
Жақсыға ишарат, жаманға келтек.
Жақынға өтірік айтпа,
Бетің ертең қызарар.
Алысқа өтірік айтпа,
Құда болса да, қыз алар.
Жалған сөз рас сөзді жоқ қылады.
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Жаман айтпай, жақсы жоқ.
3290.
3291.
3292.
3293.
3294.
3295.
3296.
3297.
3298.
3299.
3300.
3301.
3302.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаман сөз жатпайды.
Жаманның өзін алғанша,
Жақсының сөзін ал.
Жаманға шөп батады,
Жақсыға сөз батады.
Жауабыңды сайлап жүр,
Жолдасыңның не сұрап, не айтарын білсеңіз.
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
«Жоқ» десең, жоғаларсың,
«Бар» десең, оңаларсың.
Жүйелі қарғыс жүйесін табады,
Жүйесіз қарғыс иесін табады.
Жыламасқа жылаған есіл көзім,
Тыңдамасқа айтқан есіл сөзім.
Жылап айтқан шынға нанбас,
Күліп айтқан өтірікке нанады.
Жылы-жылы сөйлесең,
Жылан інінен шығар.
Қатты-қатты сөйлесең,
Мұсылман діннен шығар.
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді ел табар.
Жүйрік атқа жал бітпес,
Тақтаққа мал бітпес.
Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.
3303.
3304.
3305.
3306.
3307.
3308.
3309.
3310.
3311.
3312.
3313.
3314.
3315.
өнер алды – қызыл тіл
Жұтаған жұртын мақтайды,
Кейде мақтау сөз даттағаннан да жаман.
Зекетсіздің малы арам,
Жетесіздің дауы арам.
Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.
Кәрінің сөзін қапқа сал,
Өлгенше ырзығың таусылмайды.
Көп сөз—боқ сөз.
Кекесін сөздің кеселі біреуді қабады,
Кейде өзіңді қабады.
Кенеуі жоқ кеудеге
Сылдыраған сөз береді.
Миы жоқ басқа
Бадырайған көз береді.
Кесірлі ауыздан
Кесепатты сөз шығады.
Кеудең толған сөз екен,
Алтыны жоқ жез екен.
Кісіге қарап, сөзін алма,
Сөзіне қарап, кісіні ал.
Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді сөз жеткізер.
3316.
3317.
3318.
3319.
3320.
3321.
3322.
3323.
3324.
3325.
3326.
3327.
3328.
қазақ мақал-мәтелдері
Көзбен көрген шындық,
Құлақпен естіген өтірік.
Көңілдің кірі айтса, кетеді,
Көйлектің кірі жуса, кетеді.
Көп айтқан ауыздың дәмі кетеді,
Көп қаққан киімнің шаңы кетеді.
Көп ішінде сөйлеген—көсемдіктің белгісі,
Көпке сөзі ұнаған—шешендіктің белгісі.
Көп қыдырған кезбе болар,
Көп сөйлеген езбе болар.
Көп тыңда, аз сөйле.
Көп сөйлеген көптен айырылар.
Көп сөйлеген я жолдасынан айырылады,
Я құрдасынан айырылады.
Көне сөз—жаңа сөздің қазығы.
Көңіл көзін сөз ашар.
Көре-көре көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.
Көш мәнісін білмеген
Көшсе, көлік өлтірер.
Сөз мәнісін білмеген
Сөзді өзіне келтірер.
Күнде бір сөз естімесең, құлағың
қалқандай болады.
Қаһарлы сөз қамал бұзар.
3329.
3330.
3331.
3332.
3333.
3334.
3335.
3336.
3337.
3338.
3339.
3340.
3341.
3342.
өнер алды – қызыл тіл
Қарағанмен көз тоймас,
Естігенмен құлақ тоймас.
«Қарағым» деген жылы сөз
Тон болып тәнді жылытпаса да,
Жанды жылытады.
Қол бастағаннан тар жерде сөз бастаған қиын.
Қалауын тапсаң, қар жанар.
Қылышынан қан тамған батырды
Тілінен бал тамған ақын алады.
Қызыл тіл—жанның мияты,
Абырой—ердің қуаты.
Қысыр сөзде қырсық көп.
Қол жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
Құйма құлаққа айтқан сөз
Құлағының астында.
Ақпа құлаққа айтқан сөз
Құба қырдың астында.
Құлақ естігенді көз көреді.
Құлақтан кірген суық сөз
Көңіліңе барып мұз болар.
Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
3343.
3344.
3345.
3346.
3347.
3348.
3349.
3350.
3351.
3352.
3353.
3354.
3355.
қазақ мақал-мәтелдері
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.
Құрдас не демейді, ит не жемейді.
Құлақтан-құлаққа жеткен сөз
Жырақтан-жыраққа кетеді.
Мылжыңға мың сөз көп емес,
Білгірге бір сөз аз емес.
Майы тамған өтіріктен
Қаны тамшылаған шындық артық.
Мықтылық жұдырықта емес, жылы сөзде.
Мақал—сөздің атасы,
Уәде—ердің опасы.
Мақал—сөздің мәйегі.
Мақал—сөздің қатығы.
Мақал—сөздің тұздығы.
Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.
Мақтау сөзді кім сүймейді,
Мәуіті шекпенді кім кимейді.
Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
Мысқылдың түбі—мүшкіл.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Ойламай сөйлесең, опық жейсің.
3356.
3357.
3358.
3359.
3360.
3361.
3362.
3363.
3364.
3365.
3366.
3367.
3368.
3369.
3370.
3371.
өнер алды – қызыл тіл
Ойлай білген сөйлей де біледі.
Орнын тапқан өтірікті
Шын десе болады.
Орынды шыққан сықақты
Сын десе болады.
От ауызды, орақ тілді шешен.
Отыз тістен шыққан сөз
Отыз руға кетеді.
Өз сөзіңді шекер дейсің,
Өзге сөзді бекер дейсің.
Өзіңді-өзің хан көтеріп,
Өзге жұртты нөкер дейсің.
Өзі қисықтың сөзі қисық,
Өзі сұйықтың сөзі сұйық.
Өзі шынашақтай,
Сөзі келісаптай.
Өнер алды—қызыл тіл.
Өтірік айтқан жерінде көп тұрма.
Өтірік—екеу,
Шындық—төртеу.
Өтірік пен шындықтың арасы төрт-ақ елі,
Көзбен көрген—шын, құлақпен естіген—өтірік.
Өтірік—қаңбақ, шындық—салмақ.
Өтірік сөз жанға қас,
Өткір пышақ қанға қас.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
3372.
3373.
3374.
3375.
3376.
3377.
3378.
3379.
3380.
3381.
3382.
3383.
3384.
3385.
қазақ мақал-мәтелдері
Өтіріктің өзіне нанба,
Ақсақты тыңдай.
Өтірікші алдымен өзін алдар.
Өтірікші айғақ қойып сөйлейді.
Өтірікшінің астында құр аты бар.
Өтірікші аптығып сөйлейді.
Өтірікшінің үйі күйсін.
Өсек айтып күн көргенше,
Есек айтып ел ақта.
Өсекке кірмесе,
Есепке кірмес.
Өсекшінің тілі қышып тұрады.
Өсиет алған өлмес,
Өтірік сөз өрге баспас.
Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді.
Өткір қылыш тәнді жаралайды,
Өткір сөз жанды жаралайды.
Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен тұтылар.
Өтірікшінің куәсі қасында жүреді.
Өтіріктің аяқ-қолы бір тұтам.
Пышағыңды қайрап жүр, не соярың білсеңіз.
Пікір таласы—шындықтың анасы.
3386.
3387.
3388.
3389.
3390.
3391.
3392.
3393.
3394.
3395.
3396.
3397.
3398.
3399.
3400.
3401.
3402.
өнер алды – қызыл тіл
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Пышақ жетесінен үзіледі,
Сөз келтесінен үзіледі.
Рас айтып зиян шек, ақырында пайда табарсың,
Өтірік айтып пайда тап, ақырында зиян шегерсің.
Сөзінен сүрінген сынар, аяғынан сүрінген тұрар.
Сиыр мүйізінен табады, адам тілден табады.
Сөздің қысқасы жақсы, арқанның ұзыны.
Сүрінбейтін тұяқ болмас,
Жаңылмайтын жақ болмас.
Су айнасы—бұлақ,
Сөз анасы—құлақ.
Сөз жарасы бітпес, қылыш жарасы бітер.
Сөзде шек жоқ, ойда түп жоқ.
Сөздің азы жақсы, қыздың назы жақсы.
Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер,
Сөз еңбек болар, боз көйлек болар.
Сөйлесе, қайдан туады, сөз-сөзден туады.
Сөйлегенше, сөзіңе өзің қожасың,
Сөйлеген соң, сөзің өзіңе қожа.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған қазынаға жолығады.
Сабырлы сөзде салмақ бар.
Сөз сөйлемес бұрын тыңдаушыңды танып ал.
17-299*
3403.
3404.
3405.
3406.
3407.
3408.
3409.
3410.
3411.
3412.
3413.
3414.
3415.
3416.
3417.
3418.
қазақ мақал-мәтелдері
Сөз сиқырлы оқтай,
Қызуы қозды оттай.
Салалап тарап сақалды,
Кәрілер айтар мақалды.
Сор сораңнан шығады,
Өтірік арамнан шығады.
Сөз анасы—құлақ,
Су анасы—бұлақ,
Жол анасы—тұяқ.
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
От тәнді жылытар,
Сөз жанды жылытар.
Сөз жүйесін табар,
Мал иесін табар.
Сөз салысқан дауға ортақ,
Ат салысқан жауға ортақ.
Сөз—сөздің көсеуі.
Сөз сөзден туады,
Сөйлемесе, қайдан туады.
Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді,
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Сөз шынға тоқтайды,
Су шымға тоқтайды,
Пышақ қынға тоқтайды.
Сөзіңді біреу сөйлесе,
Аузың қышып бара ма.
3419.
3420.
3421.
3422.
3423.
3424.
3425.
3426.
3427.
3428.
3429.
3430.
3431.
өнер алды – қызыл тіл
Сөзде қаңқу жаман,
Ауруда шаншу жаман.
Басы қату болса,
Аяғы тату болады.
Сөздің шынына қарама,
Қисынына қара.
Сөйлей білмес жаманның сөзі өтпес бір пышақ,
Сөз білетін адамның әр сөзіне бір тұсақ.
Сөйлей білмеген жаман сөзді өзіне келтірер.
Сөйлей білмес ауыздан,
Тыша білген к.. артық.
Сезген емес, білгеніңді айт,
Естіген емес, көргеніңді айт.
Сүйреңдеген қызыл тіл
Иә жауыңды қайырар,
Иә дауыңды қайырар.
Сұрай-сұрай,
Меккеге де жетесің.
Таяқ еттен өтер,
Сөз сүйектен өтер.
Талаптыдан шыққан сөз талапты ерге болсын кез.
Тарыдай сөздің таудай түйіні бар.
Тәтті сөз дастархан жайғызар.
Тәтті айтқан тәрбие бермейді,
Ащы айтқан ақиқатқа жеткізбейді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
3432.
3433.
3434.
3435.
3436.
3437.
3438.
3439.
3440.
3441.
3442.
3443.
3444.
3445.
3446.
қазақ мақал-мәтелдері
Түймедей нәрседен түйедей сөз шығаруға болады.
Тіл—жүректің тілмашы.
Тіл—ақылдың өлшемі.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Тілде бар да, істе жоқ.
Тіл—бал, тіл—ажал.
Татуға—тіл, сұлуға—сұқ.
Тауып сөйлесең, күміссің,
Таппай сөйлесең, мыссың.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.
Тәуекел тас жарады,
Жаман сөз бас жарады.
Тыймаған ауызда бәле бар.
Тыңдамасқа қор болған есіл сөзім,
Жыламасқа қор болған екі көзім.
Тіл ерді қабірге салады,
Нарды қазанға салады.
Тіл сүйексіз, ақыл түпсіз.
Тіл тас жарар,
Тас жармаса, бас жарар.
Тіл тиексіз.
Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.
Тіл қылыштан өткір.
3447.
3448.
3449.
3450.
3451.
3452.
3453.
3454.
3455.
3456.
3457.
3458.
3459.
3460.
3461.
3462.
өнер алды – қызыл тіл
Тіл тікенді де алады.
Тілге әр күн мейрам.
Тілі тәтті, көңілі қатты.
Тіземнен сүріндірсе, сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Қас шешендер сөз айтар.
Тоқсан ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар.
Тура сөйлейін десем,
Туғаныма жақпаймын.
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы—Майқы би.
Тұз астың дәмін келтірер,
Мақал сөздің мәнін келтірер.
Түндегі сыбыр
Күндізгі дүбірге жарамайды.
Түймедейді түйедей етіп.
Түстік жерге өтірік айтса,
Кешке ізіңмен артыңнан барады.
Үні жоқтың міні жоқ.
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
Ұлы сөзде ұят жоқ.
3463.
3464.
3465.
3466.
3467.
3468.
3469.
3470.
3471.
3472.
3473.
3474.
3475.
3476.
3477.
қазақ мақал-мәтелдері
Шайқап сөйлеме,
Алды-артыңды байқап сөйле.
Шайырлар қайда, сөз сонда,
Сұлулар қайда, наз сонда.
Шешен көптің опасы,
Шебер көптің апасы.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Шешендік күші—шындық.
Шешеннің тілі—шебердің бізі. (Абай)
Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
Шешеннің сөзі мерген,
Шебердің көзі мерген.
Шешенің судай төгілген,
Тыңдаушың бордай егілген.
Шындық—сегіз,
Бақыт—егіз.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Іреп қойған сойғылыққа жақсы,
Айтып қойған соңғылыққа жақсы.
Іріген ауыздан шіріген сөз шығады.
Ішімдегімнің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.
3478.
3479.
3480.
3481.
3482.
3483.
3484.
3485.
3486.
3487.
3488.
3489.
3490.
3491.
Айт айтшынікі,
Той тойшынікі.
Арбалы қонақ аштан өледі.
Ac аттынікі,
Той тондынікі.
Асқа барсаң, аш бар,
Тойға барсаң, тойып бар.
Асқа барсаң, атыңнан безерсің,
Тойға барсаң, қатыныңнан безерсің.
Аты, тоны сай кісі
Жиын-тойға барысар.
Ұлы, қызы сай кісі
Құдалыққа барысар.
Абылайдың асында шаппағанда,
Атаңның басына шабасың ба!
Аз қайғыны ас басады, көп қайғыны дос басады.
Аз да болса, көптей көр,
Шайда болса, еттей көр.
Қонақ. Қонақасы.
Ас. Тамақ
3492.
3493.
3494.
3495.
3496.
3497.
3498.
3499.
3500.
қазақ мақал-мәтелдері
Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма.
Асатпай жатып құлдық деме.
Асың дәмді болса,
Көңілің сәнді болар.
Ac біреудікі болғанмен,
Асқазан өзіңдікі.
Ac қадірін білмесең,
Ашаршылық берер сазаңды.
Ac қадірін ашаршылықта білерсің.
Ac тұрған жерде дерт тұрмайды.
Ac қалса—дәулет, іс қалса—бейнет.
Асты қорлама, құстырар,
Ерді қорлама, бостырар.
Аузы күйген үріп ішер.
Аузы дәм білмегеннің
Мұрны иіс білмес.
Аштық еңбеккердің терезесінен үңілгенмен,
Үйіне бас сұға алмайды.
Ащы менен тұщыны татқан білер,
Жақсы менен жаманды жортқан білер.
Атан алты асаса, тояды.
Аяғын көр де, асын іш.
Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бекауыл болма.
3501.
3502.
3503.
3504.
3505.
3506.
3507.
3508.
3509.
3510.
3511.
3512.
3513.
3514.
3515.
3516.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Аз ас, көп ниет.
Аз асым, даусыз басым.
Аз жеймін деген көп жейді,
Көп жеймін деген боқ жейді.
Азаныңа келмеймін,
Қазаныңа келемін.
Аз асты аяған көп астан құр қалады.
Азға қанағат,
Көпке шүкір.
Айға жетпес асыңды
Ауылдастан аяма.
Айранды көріп азба,
Қымызды көріп қызба.
Айрандай аттап, күбідей піскен...
Ақ—көздің құрты.
Ақымақ астан шошып, аштан өліпті.
Ақтаған тарың таусылар,
Ақиған көзің басылар.
Алты күн аш болсаң,
Атаңнан безерсің.
Алдыңа ас қойдым,
Екі қолыңды бос қойдым.
Арам жесең, аянбай же.
3517.
3518.
3519.
3520.
3521.
3522.
3523.
3524.
3525.
3526.
3527.
3528.
3529.
3530.
3531.
қазақ мақал-мәтелдері
Арпа-бидай ас екен,
Алтын-күміс тас екен.
Арықтың сорпасында дәм болмас,
Ақылсыздың сөзінде мән болмас.
Арықтың жілігі татымас.
Асаған білмес, тураған білер.
Ас-астың орны бар.
Ac—адамның арқауы.
Ac иесінің әлі біледі,
Асатушының қолы біледі.
Ac иесімен тәтті, табағымен қымбат.
Ac ішіп ауырғанша,
Аш болып сау жүр.
Асты аяқ әдемі.
Асы бар аяқтан аттама.
Асын ішіп аяғын теуіп...
Асы жоқ алтын аяқтың
Алтынын ал да отқа жақ.
Асың барда ел таны, беріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп.
Асың болса, дос көп,
Атың болса, той көп.
Ас табылмайды, ас табылса,
Біреуге дос табылмайды.
3532.
3533.
3534.
3535.
3536.
3537.
3538.
3539.
3540.
3541.
3542.
3543.
3544.
3545.
3546.
3547.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Ac үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
Аспаздың қарны
Асқанына тояды.
Ac көп болса, кәде көп.
Ac қадірін білмесең,
Ашаршылық берсін жазаңды.
Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық берсін сазаңды.
Ас тасыса, қатығы төгілер,
Ашу тасыса, ақылы төгілер.
Ac тұрған жерде ауру тұрмайды.
Асқа талау түссе,
Антұрған мұратына жетеді.
Асты жуыс ішер,
Ия туыс ішер.
Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, қыдыр тұт.
Асты келін—аналы келін.
Ас қадірін тоқ білмес.
Атың да сат, тоныңды сат,
Жатарыңда тойып жат.
Ауқатқа адымда,
Еңбекке дабылда.
Аш адам жүріп өледі.
3548.
3549.
3550.
3551.
3552.
3553.
3554.
3555.
3556.
3557.
3558.
3559.
3560.
3561.
қазақ мақал-мәтелдері
Аш атасын тыңдамас.
Аш ауыл айранды бұрын ішеді.
Аш кезінде берген күлше
Тоқ кезінде берген түйеден артық.
Аш кісінің ашуы жаман.
Аш қадірін тоқ білмес,
Ауру қадірін cay білмес.
Ашаршылықта жеген құйқаның
дәмі кетпес.
Ашыққан қарын тойынар,
Ашылған етек жабылар.
Аш адам ұрысқақ,
Ауру кісі тырысқақ.
Аш құлақтан тыныш құлақ.
Ашаршылықта қомағай бұрын өледі.
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға отын жақтырма.
Ашыққан қарын тоймастай,
Тойған қарын ашпастай.
Аштан өлген кісінің моласы жоқ.
Аш та отыра алмайсың,
Ашып та отыра алмайсың.
Аш тамағым,
Тыныш құлағым.
3562.
3563.
3564.
3565.
3566.
3567.
3568.
3569.
3570.
3571.
3572.
3573.
3574.
3575.
3576.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Ашқа тартқан кешке тартады.
Аштың ақылы тамағында,
Жаяудың ақылы табанында.
Аштың аңы жүрмейді,
Тоқтың тобасы жүрмейді.
Аштық ас талғатпайды,
Ғашықтық жас талғатпайды.
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
Бал құйған бармағын жалар.
Балықтың сорпасына бата жоқ.
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас.
Барыңда батып іш,
Жоғыңда сатып іш.
Бар болса сойғанның жөні бар,
Бір қойда он кісінің құны бар.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ас тәтті.
Бақыр, қазан қайнаса,
Бәріміздің бағымыз.
Бас бергенге ас бер.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Бишараның асын «бісмілла» тауысады.
3577.
3578.
3579.
3580.
3581.
3582.
3583.
3584.
3585.
3586.
3587.
3588.
3589.
3590.
3591.
қазақ мақал-мәтелдері
Бір аштықтың бір тоқтығы бар.
Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігі бар.
Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем.
Бір күн қарны ашқаннан
Қырық күн ақыл сұрама.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Мың қолды бір жаман ірітеді.
Бірді бөліп жеген,
Жартыны жарып жеген.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Біздің қолымызға да қарға тышар.
Быламық бетінен суыйды,
Көже түбінен суыйды.
Бұйырған ас тіс сындырып кіреді.
Бұл не деген батпан құйрық,
Айдалада жатқан құйрық?!
Әрі-сәрінің қонағы аштан өлер.
Әуелі тағам, сонан соң кәләм.
Балықшының қонағы жүре тояр.
Бар болсаң, батып іш, жоқ болсаң, сатып іш.
Бермеген ас умен тең,
Кірмеген үй көрмен тең.
3592.
3593.
3594.
3595.
3596.
3597.
3598.
3599.
3600.
3601.
3602.
3603.
3604.
3605.
3606.
3607.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Қайғысыз ішкен қара су
Кертіп жеген жалмен тең.
Бір аштықтың бір тоқтығы болар,
Бір тоқтықтың бір жоқтығы болар.
Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.
Быламықты ішкенде тіссіз кәрі,
Елестер өткендегі істің бәрі.
Бір тойда екі жар бар,
Бір дауда екі жар жоқ.
Бір үйде нешеу болсаң да, бір-біріне мейман.
Бұрын келген қонақ
Соң келген қонаққа орын берер.
Дәміңді түзден жазса,
Топырағыңды елден жазсын.
Дәмнің атасы—нан, анасы—тұз.
Дәметпеген астан құр қалады.
Десек тағы май артық,
Ықыласпен берген шай артық.
Досыңның асын
Қасыңдай іш.
Дүниеде тас қатты,
Тасты еріткен ас тәтті.
Ебін тапқан екі асар.
Екі бас,
Екі басқа жөргем де ас.
3608.
3609.
3610.
3611.
3612.
3613.
3614.
3615.
3616.
3617.
3618.
3619.
3620.
3621.
қазақ мақал-мәтелдері
Елде бар ерінге тиеді.
Еңкейген екі асайды,
Есесі қайтқан бір асайды.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Ертеңгі тауықтан
Бүгінгі жұмыртқа артық.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.
Ескерген ескі асынан сақтар.
Ет етке, сорпа бетке.
Ет дегенде бет бар ма?
Ет жақсысы қарта-ды,
О да нәсіліне тартады.
Етке тойсам, сорпаға иттігім жоқ.
Еттің соры—қуырдақ,
Ұнның соры—бауырсақ.
Ет бар жерде бет бар ма.
Еттің бәрі қазы емес, иттің бәрі тазы емес.
Ет жегеннің бәрі қонақ,
Енші алғанның бәрі бөрік.
Етім болмаса, шайым бар,
Тоқты қарын майым бар,
Қонақ күтер жайым бар.
3622.
3623.
3624.
3625.
3626.
3627.
3628.
3629.
3630.
3631.
3632.
3633.
3634.
3635.
3636.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Еруліге қарулы сай.
Жаман қонақ үй тінтеді.
Жаман қонақ асқа разы,
Жақсы қонақ ықыласқа разы.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Жаман қонақты кетпестей көреді,
Жаңбыр жауса, кеппестей көреді.
Жатқанның үстіне тұрған кірмесін.
Жағымсыз қонақ жатарда келеді.
Жазғы қонақтың жаманы үйге қонады.
Жатық үйінде жатық бол.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
Жатқанға жан жуымайды,
Жүргенге жөргем ілінеді.
Жалтақтап жеген жаядан, сықпай
жеген жуа артық.
Жеген білмейді, тураған біледі.
Жетім қыздың тойындай.
Жемнің түбі—азық, желінің түбі—қазық.
Замандасың болмаса, тойға барма.
Итті конақ жараспас.
18-299*
3637.
3638.
3639.
3640.
3641.
3642.
3643.
3644.
3645.
3646.
3647.
3648.
3649.
3650.
3651.
3652.
3653.
қазақ мақал-мәтелдері
Келгеннің мандайынан,
кеткеннің желкесінен сипа.
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
Келмек—сүндет,
Кетпек—парыз.
Кедей үйді бойдағы билейді,
Жаман үйді қонағы билейді.
Жайын құйрығын жеген жатпас.
Жаздық етте жасық жоқ,
Қымыз аста қасық жоқ.
Жаздың жуындысы—қысқа ас қатық.
Жақсыға берсең асыңды,
жақсы сыйлар басыңды,
Жаманға берсең асыңды, итке тастар басыңды.
Жақсы ас қалғанша,
Жаман қарын жарылсын.
Жарлы ет жесе, тісіне кіреді,
Жемесе, түсіне кіреді.
Жарты құрсақ пайда,
Бүтін құрсақ қайда.
Жатар орын—жарым құрсақ.
Жарлының бір тойғаны—шала байығаны.
Жасықтың жілігі татымас,
Пасықтың сөзі татымас.
3654.
3655.
3656.
3657.
3658.
3659.
3660.
3661.
3662.
3663.
3664.
3665.
3666.
3667.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Жау айдаса, баспа,
Дәм айдаса, қашпа.
Жерге түскен жетімдікі.
Жетімнің қарны жетеу.
Жер асыңнан жемес асың көп болсын.
Жейтін ауызды
Жемес ауыз байлайды.
Жеген ауыз жесін.
Жеп тоймаған жалап тоймайды.
Жетерін білсең, жей бер.
Жетімнің аузы асқа тисе,
Мұрны қанайды.
Жуанды жонып же.
Жұтқан жұтамас.
Жұтқаның бұйырған,
Шайнағаның күмән.
Жұтаған шүкірге тоймайды.
Жұт жетеу,
Содырмен сегіз,
Салақпен тоғыз,
Олақпен он.
Кеспе көже күші күн батқанша,
Бидай көже күші ел жатқанша.
3668.
3669.
3670.
3671.
3672.
3673.
3674.
3675.
3676.
3677.
3678.
3679.
3680.
3681.
3682.
қазақ мақал-мәтелдері
Күнде тойсаң, боларсың,
Жұмада бір тойсаң, өлерсің.
Келеді деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.
Кісі қандай болса, асы сондай.
Кеудеден жан кетпей,
Ауыздан нан кетпейді.
Көп қыдырған үзбентайға жолығар.
Көженің көннеуі болса,
Қымыздың қызуы бар.
Көже, көзіңе айтайын,
Сорпадан садаға кет.
Күріштің мәні майменен.
Күндік жолға шықсаң,
Апталық азығың болсын.
Қайнаған суда қасиет бар.
Қайғың қара қазан болсын.
Қайғысыз қара суға семіреді.
Қазақтың бөліспеген еншісі—қонақасы.
Қазан сапырғанның да суы бар.
Қазанға не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер.
Қазанға түскен қайта қапқа түспейді.
Қазаны басқаның қайғысы басқа.
3683.
3684.
3685.
3686.
3687.
3688.
3689.
3690.
3691.
3692.
3693.
3694.
3695.
3696.
3697.
3698.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса.
Қазыға тойсаң,
Қарта әлем сасиды.
Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар.
Қарын ашты,
Қатын қашты.
Қара су көз көрім жерге жеткізеді.
Қарны ашқан
Қаралы үйге шабады.
Қарны ашқан қазанға қарар.
Қарнымның ашқанына жыламаймын,
Қадірімнің қашқанына жылаймын.
Қарның ашса, ханға бар,
Мақтай білсең, нан берер.
Қарны ашқанға қара талқан майдай көрінеді,
Қатын зары өткенде, қара қатын айдай көрінеді.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.
Қалыпты қазан қайнамас,
Қайнаса да, қойылмас.
Қызыл ет кетер,
Қызарған бет қылар.
Қызғанғанды қызыл ит жер.
3699.
3700.
3701.
3702.
3703.
3704.
3705.
3706.
3707.
3708.
3709.
3710.
3711.
3712.
қазақ мақал-мәтелдері
Қыдырып жеген жамбастан,
Шақырып берген жауырын артық.
Қой еті—қоян еті.
Қонақа сын тәңір жеткереді.
Қомағай құлқынынан жазады,
Қыдырма аяғынан тозады.
Қомағайдың сыбағасы—бір асым май.
Құлақтай ет жеп,
Құмандай сорпа іш.
Қуырдақтың әкесін
Түйе сойғанда көрерсің.
Қусынып сөйлеме,
Құлшынып жеме.
Құр қасық ауыз жыртар.
Қабақтың кілті тамақта.
Қайыршының сүйген асын кім берер.
Қанағат қарын тойғызар,
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.
Қарны ашқанға көже балдай, су қымыздай.
Қатынсызға кемпір қыздай.
Құр қасық ауыз жыртар.
Қазақ соққан қалың нан, Бесқалаға мәлім нан.
Қуыс үйден құр шықпа.
3713.
3714.
3715.
3716.
3717.
3718.
3719.
3720.
3721.
3722.
3723.
3724.
3725.
3726.
3727.
3728.
3729.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Қойнында наны бардың қарны тоқ.
Қалыптың қазаны қайнамайды.
Қорлы саба сарқылмас.
Қыдырып ішкен тамақтың кенеуі жоқ,
Қыдырып сөйлеген биліктің елеуі жоқ.
Қонақ асын Тәңірі өтейді,
Келемін десе, ықыластық,
Келмеймін десе, жол ашық.
Қонақ асыңа емес,
Қабақ-қасыңа риза.
Қонақ, берсең, етіңді жейді,
Бермесең, бетіңді жейді.
Қонақ бір күн қонса—құт,
Екі күн қонса—жұт.
Қонақ келсе есікке,
Жүгіріп шық, кешікпе.
Қонақ қонбай кетпейді,
Шақырып қондырғанға жетпейді.
Қонақ қонған жеріне ауыр,
Тас түскен жеріне ауыр.
Қонақ жаман болса,
Үй иесі қыдырады.
Үй иесі жаман болса,
Қонақ қыдырады.
Қонақ мықты болса, қожасын билейді.
3730.
3731.
3732.
3733.
3734.
3735.
3736.
3737.
3738.
3739.
3740.
3741.
3742.
қазақ мақал-мәтелдері
Қонақ таңдап қонады,
Ұры басынып ұрлайды.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Қонағым, жүре тоярсың.
Қонағым сен ет деме,
Мен кет демеймін.
Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.
Қонағын сыйлаған «төрге шық» дейді.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Қонағын сүймеген
Баласын ұрады,
Ия, үйін сыпырады.
Қонақтан қонақ ұлық.
Қонаққа сұрап бергенше, ұрып бер.
Қонақтың аты жемқор болса,
Дорбаның түбін тесер.
Қораңда қой болмаса, қасқырдан ұят,
Үйіңде тамақ болмаса, қонақтан ұят.
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың.
Қонақ тоймадым демейді,
Соймадың дейді.
Қонақта өз үйіңді ойлап отыр.
Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
3743.
3744.
3745.
3746.
3747.
3748.
3749.
3750.
3751.
3752.
3753.
3754.
3755.
3756.
3757.
3758.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Қонағым, асқаныма разы болма,
Сасқаныма разы бол.
Қонаққа барғаныңда орныңды тандап отыр.
Қонақасы қазақтың бөлінбеген еншісі.
Қонақ өз несібесін ішеді.
Қонақтың көзінше итіңе де кет деме.
Қонаққа барсаң, нәпсіңді тый.
Қонағы көп үйдің баласы тоқ.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табар.
Қырықтың бірі—қыдыр.
Қыдырлы қонақ қыдырып келер,
Қыдыры артынан шұбырып келер.
Қыдырма,
Қыдырмаға сыдырма.
Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Құтсыз қонақ келсе,
Қораға қасқыр шабады.
Құры сөзге дуа жоқ.
Малымды алса алсын,
Қонағымды алмасын.
Мұнан жаманымызда да
Тойға барғанбыз.
Мешкей деген жақсы ат па!
3759.
3760.
3761.
3762.
3763.
3764.
3765.
3766.
3767.
3768.
3769.
3770.
3771.
3772.
3773.
қазақ мақал-мәтелдері
Мың сіз—бізден, бір шыж-быж.
Мешкей оттың астына қарамайды,
Үстіне қарайды.
Мінезің жатық болса,
Ішкенің қатық болар.
Мінезің қисық болса,
Ішкенің сұйық болар.
Нан—тамақтың атасы,
Ынтымақ—көптің батасы.
Назары аштың ақыры оңбас.
Немере етін жеп, сүйегін береді.
Ойыншының тамағы тоқ.
Ораздының он тамыры бір келеді.
Омыртқаны ұстап отырғанша,
Қабыртқаны алып, қағып тастай бер.
Орамал тон болмайды, жол болады.
Олақтан салақ жаман,
Маскүнем қонақ жаман.
Отыз күн оразаның бір айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
Ойыншының тамағы тоқ.
Ораза, намаз—тоқтықта.
Өкпе буға піседі, жаман дуға піседі.
3774.
3775.
3776.
3777.
3778.
3779.
3780.
3781.
3782.
3783.
3784.
3785.
3786.
3787.
3788.
3789.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Өлеңді той көтерер,
Семіздікті қой көтерер.
Өзі жарымағаннан сарқыт дәметпе.
Өзі жарымағаннан сарқыт артылмас,
Сарқыт артылса да, жарытып артылмас.
Өзіңде асың болса,
Біреуде қасың бар ма!
Өле жегенше, бөле же.
Өле табылса—тамақ,
Талқан табылса—тамақ.
Өкпе бер, бауыр бер,
Сыбағамды тәуір бер.
Піскен астың күйігі жаман.
Пышағы бар сүйгенін жейді,
Пышағы жоқ тигенін жейді.
Сақтағаныңды шығарсаң,
Сағынғаның келеді.
Сарғая сақтасаң, қызара бөртерсің.
Сауып ішсең, мың күндік,
Сойып жесең, бір күндік.
Салулы ауыз сақтағаныңды жейді.
Сіңбес астың бөгеуі көп.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сүт сұрай келіп, шелегіңді жасырма.
3790.
3791.
3792.
3793.
3794.
3795.
3796.
3797.
3798.
3799.
3800.
3801.
3802.
3803.
3804.
3805.
қазақ мақал-мәтелдері
Сүйек берген кісімнен көрейін бе,
Мүжи алмаған тісімнен көрейін бе!
Сұрап қонған соңғылыққа жақсы,
Іреген союлыққа жақсы.
Сойса, қозы өледі,
Соймаса, өзі өледі.
Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді.
Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең, нең қалар?!
Тамағына өкпелеме,
Қабағына өкпеле.
Таспен атқанды аспен ат.
Тойғанмен құрсақ жарылмайды,
Қуанғанмен жүрек жарылмайды.
Тойған ас түстен кетпейді,
Ықылас естен кетпейді.
Төреге төрт табақ, қожаға қос табақ,
Қараға төртеу ара бір табақ.
Той—тоқшылықтың нышаны.
Тойшыл жігіт ойшыл болмас,
Ойшыл жігіт тойшыл болмас.
Таз таранғанша той тарқар.
Той десе қу бас домалайды.
Той өткен соң даңғыра.
3806.
3807.
3808.
3809.
3810.
3811.
3812.
3813.
3814.
3815.
3816.
3817.
3818.
3819.
3820.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Той сылтауымен тон бітер.
Той—тәңірдің қазынасы.
Тойға барсаң, тойып бар,
Жұмысыңды қойып бар.
Тойда тоныңды сұрама.
Тойдан тобықтай.
Тойдан қыныңа жақ.
Тойға барсаң, бұрын бар,
Бұрын барсаң, орын бар.
Тойға барсаң, тойып бар,
Төрт тоныңды киіп бар.
Тойға барсаң, тойып бар,
Қомағайлықты қойып бар.
Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.
Торқалы той,
Топырақты өлім.
Торқалы той, тұмарлы жүйрік.
Тамақ тоқ,
Көйлек көк,
Уайым жоқ.
Тамақ тамұққа түсірер.
Тамақ болмай, табақ болмас.
3821.
3822.
3823.
3824.
3825.
3826.
3827.
3828.
3829.
3830.
3831.
3832.
3833.
3834.
қазақ мақал-мәтелдері
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын. (Абай)
Тамақтан өткеннің—бәрі тамақ.
Тамақтан өткен—бұйырған,
Өтпеген—күман.
Тамыр тартқан тарықпас.
Тағам тән семіртеді,
Аңшылық жан семіртеді.
Таңғы тамақ—Тәңірден.
Тар қазан тасқалақ,
Мешкей адам ашқарақ.
Тарта жесе, тай қалар,
Қоя жесе, қой қалар,
Қоймай жесе, не қалар?!
Тапқаным тамағыма,
Жұтқаным жұмырыма.
Таспен ұрғанды аспен ұр.
Тас, тасты жібітетін ас.
Тас қадақ болғанмен,
Тамақ болмайды.
Тауда туған құлынның
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың
Екі көзі аста болар.
Тойған үйге тоғыз бар.
3835.
3836.
3837.
3838.
3839.
3840.
3841.
3842.
3843.
3844.
3845.
3846.
3847.
қонақ. қонақасы. ас. тамақ
Тойсаң, тоба қыл.
Тоймай ішкен асың құрысын,
Қорлықпен жасаған жасың құрысын.
Тоймасқа берме,
Толмасқа құйма.
Тоқтық не дегізбейді,
Жоқтық не жегізбейді.
Тонғанға отын жақтырма,
Қарны ашқа қазан астырма.
Түскі асқа түстік жердегі келеді.
Кешкі асқа кештік жердегі келеді.
Тоқты сойған тоқалдар
Шөміш алып қоқаңдар.
Тоқшылықта жеген тоқпан жілік,
Ашаршылықта көзіңнен бір-бір ұшар.
Төрде отырған
Есікте отырғанға ет асатады.
Уызында тоймаған
Тоғызында тоймайды.
Ұялмаған бұйырмағаннан жейді.
Ұшқан құс, жүгірген аң—
Бәрі тамақ.
Үзіп жеген үнемге жатпайды.
Үлкен қазанда қайнағанның шикісі болмайды.
3848.
3849.
3850.
3851.
3852.
3853.
3854.
3855.
3856.
3857.
3858.
3859.
3860.
3861.
қазақ мақал-мәтелдері
Үйінде асы жоқтың
Көңілінде хошы жоқ.
Үйде асы жоқтың
Түзде досы жоқ.
Үрлеп ішкен, шайқап төккен.
Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.
Шақырғанда бармасаң,
Шақыруға зар боларсың.
Шақырусыз барған орын талғамас.
Шақырусыз барған қонақ
Қадірсіз орынға отырады.
Шыбын да балға қонады.
Ыдысына қарап, асын іш.
Ыстық сүттен аузы күйген айранды үрлеп ішеді.
Ішкен мас, тойған тоқ.
Ішкенге мәз, жегенге тоқ.
3862.
3863.
3864.
3865.
3866.
3867.
3868.
3869.
3870.
3871.
3872.
3873.
3874.
Арба сынса, отын,
Өгіз өлсе, етің.
Алдыңғы арба қайда жүрсе,
Соңғы арба соңынан жүрер.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Ағаш көркі жапырақ,
Адам көркі шүберек.
Ағаш ұстаған жерінен сынбайды.
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да, отқа жақ.
Атыңнан айырылсаң да, еріңнен айырылма.
Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар тостақ артық.
Талдырмаш таза айырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Асау ұстаған құрық еді,
Сына-сына көсеу болды.
Дүние-мүлік. Киім-кешек
Жол. Жолаушы
19-299*
3875.
3876.
3877.
3878.
3879.
3880.
3881.
3882.
3883.
қазақ мақал-мәтелдері
Аяғы кіші сүйгенін киер,
Аяғы үлкен сыйғанын киер.
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
Алтын азбас, асыл тозбас.
Айыр пішен қасында,
Кісен кереге басында.
Алмас қылыш қап түбінде жатпайды.
Алыс жолда жүргенде,
Амандыққа не жетсін.
Ащы менен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Ай жүрсең де, аман жүр.
Алыс та болса, жол жақсы,
Ақсақ та болса, қыз жақсы.
Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.
Арқан бойы жолдың
Тұсау бойы төтелігі бар.
Ауылдан шыққан күні
Байға қонба, сайға қон.
Бай пәле болады,
Сай пана болады.
Әр нәрсе асылына келер.
Басты бұзған балта, істі бұзған маңқа.
3884.
3885.
3886.
3887.
3888.
3889.
3890.
3891.
3892.
3893.
3894.
3895.
3896.
3897.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Балта шапқанша, дөңбек жол табады.
Балта сабынан озбайды.
Бос қап тік тұрмайды.
Битке өкпелеп, тоныңды отқа салма.
Бөрік адамға көрік.
Бөз көйлектің қырық күндік ыстығы бар.
Бұраудың да сұрауы бар.
Бір есікті жасау үшін
Мың есіктің үлгісін көр.
Болат кездік қап түбінде жатпас.
Болат қынға тоқтайды,
Тентек көпке тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
Буынсыз жерге пышақ ұрма.
Батырға таяқ та—жарақ.
Басты балта бұзар,
Жылқыны маңқа бұзар.
Бесатар белдескенде де керек,
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Бір мылтықтың аузына
Мың кісі сияды.
Болат бүгілмес, шорт сынар.
3898.
3899.
3900.
3901.
3902.
3903.
3904.
3905.
3906.
3907.
3908.
3909.
3910.
3911.
3912.
3913.
қазақ мақал-мәтелдері
Бір күндік жолға шықсаң,
Бір апталық азық ал.
Бір жол бар—алыс,
Алыс та болса—жақын.
Бөрі азығы мен ер азығы жолда.
Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
Ескі киімнің жылуы жоқ.
Ескісіз жаңа болмас,
Жаңасыз ескі болмас.
Ел қыдырған—сыншы,
Тоғай қыдырған—үйші,
Тоқал қатын—тыңшы.
Ер қосы жүре түзеледі.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
Етігі жаман төрге шыға алмас,
Жеңі жаман табаққа кіре алмас.
Етігің тар болғанша, қатығың қар болсын.
Ер қаруы—бес қару.
Жабу астында жал қалады,
Жал қалмаса, жан қалады.
Жаз болды деп, қыс тоныңды тастама.
Жаман киім жасты кәрідей етеді,
Кәріні перідей етеді.
3914.
3915.
3916.
3917.
3918.
3919.
3920.
3921.
3922.
3923.
3924.
3925.
3926.
3927.
3928.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
Жаңылғанды жанындағысы,
Адасқанды артындағысы білер.
Жарым құрсақтан, жатар орын артық.
Жолға шықсаң, жолдас ал.
Жол жүрсең, азығың жаныңда болсын.
Жолаушының жолда келе жатып аты өлсе,
Жолаушының соры болады, иттің жолы болады.
Жақсы жолдың ұзыны жақсы,
Жаман жолдың қысқасы жақсы.
Жаман жолбасшыдан
Жақсы сілтеу артық.
Жаман қоныстан жақсы жүріс артық.
Жатқан—бойра,
Жүрген—дария.
Жаяуға қоныс жақпайды.
Жол азабы—көр азабы.
Жолға шықсаң,
Жол азығың мол болсын.
Жолға шықсаң,
Жолдасыңды сайлап ал.
Жолдасы жаманды жау алады.
3929.
3930.
3931.
3932.
3933.
3934.
3935.
3936.
3937.
3938.
3939.
3940.
3941.
3942.
3943.
қазақ мақал-мәтелдері
Жолы болар жігіттің
Жеңгесі шығар алдынан.
Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.
Жол ақысы жүрсе бітеді.
Жолаушы үйден қырық
Қадам шыққан соң кәріп.
Жолаушыдан дәметкен мырзадан қорын.
Жолаушының азығы жолында.
Жүрген аяққа жөргем ілінер,
Жатқанға жан жуымас.
Жұт жеті ағайынды, жиенмен сегіз.
Жабулы қазан жабуымен.
Жасық пышақ өтпейді жаныса да,
Жаман «арма» демейді таныса да.
Жаңа киім жат жерде тамақ әпереді.
Жарақтыға жау жолықпайды.
Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап.
Жел тұрса, үйге арқан сал,
Жау келсе, қолыңа қылыш, қалқан ал.
Жоғалған пышақтың сабы—алтын.
Жыртық етік аяқ қажар.
Жыртық үйдің Құдайы бар.
3944.
3945.
3946.
3947.
3948.
3949.
3950.
3951.
3952.
3953.
3954.
3955.
3956.
3957.
3958.
3959.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Ине өткен жерден жіп те өтеді.
Ине өз тесігін тіге алмас.
Ине де—сыйлық,
Інген де—сыйлық.
Кебін киген келмейді,
Кебенек киген келеді.
Киім пішсең, кең піш,
Тарылтуың оңай.
Киіміне қарап қарсы алады,
Ақылына қарап шығарып салады.
Киімі жаманды ит қабады,
Ниеті жаманды Құдай табады.
Киіз кімдікі болса, білек соныкі.
Көрпеңе қарап көсіл.
Көрмегенге көсеу таң.
Көк темір көрсе, өлтірмес.
Көсеумен түрткеннің кегі кетпейді.
Көрім көргенін істер,
Көсеу түрткенін істер.
Көн қатса, қалыбына барады.
Күміс тозса, күл,
Жігіт азса, құл.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
3960.
3961.
3962.
3963.
3964.
3965.
3966.
3967.
3968.
3969.
3970.
3971.
3972.
3973.
3974.
3975.
қазақ мақал-мәтелдері
Көңілсіз ерге қару бергенше, көсеу бер.
Кемедегінің жаны бір.
Кеме келсе,
Қайық судан шығады.
Кемеге мінгеннің жаны бір,
Екі жастың тілеуі бір.
Керсеңді алдыңа қойдым,
Кездікті қолыңа бердім.
Кісі жарасын пышақты кісі көрмейді.
Кезеген аяқ боқ басар.
Көп жүрген көмбе үстінен шығады.
Кенекті сырттан сұраған...
Күміс кездік сүйкімді.
Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді,
Ағайының көп болса, адам тимейді.
Кетпеннің басын бассаң,
Сабы маңдайыңа тиер.
Күрекке жұмыс табылар.
Қылыш қынсыз болмас,
Алтын құмсыз болмас.
Қару алсаң, мылтық ал, жаяу жүрсең—
Таяғың, қарның ашса—тамағың.
Қылшылдаған пышақ қынын да тесіп кетеді.
3976.
3977.
3978.
3979.
3980.
3981.
3982.
3983.
3984.
3985.
3986.
3987.
3988.
3989.
3990.
3991.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Қисық арба жол бұзар.
Қашай берсе, тас та сынар.
Құланның қашуына
Мылтықтың басуы.
Қанжар қынында қалғиды.
Қалы кілем төрге керек,
Алмас қылыш ерге керек.
Қамқа тон да
Шүберек болар тозған соң.
Қамшы—қанат,
Құйысқан—қуат.
Қанжыға тон сақтайды,
Тон жан сақтайды.
Қаңтарда қалпақ пана болмайды.
Қасқыр ішік киген тоңбас,
Қасындағының тоңғанын білмес.
Қолағаш болса да,
Қолға тоқ болсын.
Қысты күні киім ал,
Жазды күні азық ал.
Қызыл шекпен желбегей,
Кімдерге кезек келмегей.
Құрыққа сырық жалғап.
Қазан аузы жоғары.
3992.
3993.
3994.
3995.
3996.
3997.
3998.
3999.
4000.
4001.
4002.
4003.
4004.
4005.
4006.
қазақ мақал-мәтелдері
Қазаннан қара нәрсе жоқ,
Ассаң, қарын тойдырар.
Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң, қолды тоңдырар.
Қазансыз алтын ошақтан
Қара сулы мосы артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қарасы мол қос артық.
Қара пышақ қарыс сүйем ұзарады.
Қап—қатынның қарны,
Арқан-жіп—шегі.
Қыс арбаңды сайла,
Жаз шанаңды сайла.
Қысқа жіп байлауға келсе де,
Күрмеуге келмейді.
Құрғақ қасық ауыз жыртар.
Құдығына қарай қауғасы,
Базарына қарай саудасы.
Қанжар шықты, қан шықты.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Қатты жүрсең, «Қазық аяқ» дейді,
Ақырын жүрсең, «Малма аяқ» дейді.
Қашпақ болсаң, зымыра.
Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.
4007.
4008.
4009.
4010.
4011.
4012.
4013.
4014.
4015.
4016.
4017.
4018.
4019.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Қылыш қынсыз болмас,
Алтын қожасыз болмас.
Қамшысыз кісі көсеумен қамшылар.
Мылтығыңның күмісін айтпа,
Тиісін айт.
Найзаңның ұшы тисін де, сынсын.
Оқ жетпес жерге қылыш сілтеме.
Орамал тон болмайды, жол болады.
Өтпес пышақ қол кесер.
Пұлыңа табылса, тегіндей қуан.
Пышағыңды шынымен бер,
Шынымен берсең, қынымен бер.
Пышақтың жүзі өтпелі, қыры өткелі.
Пышағыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
Сарының бәрі алтын емес.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес.
Салулы төсек, салқын үй.
Салмақ түскен арба сықырлағыш.
Сынбасты ұста жасамас.
Сабасына қарай піспегі,
Мұртына қарай іскегі.
4020.
4021.
4022.
4023.
4024.
4025.
4026.
4027.
4028.
4029.
4030.
4031.
4032.
4033.
4034.
4035.
4036.
қазақ мақал-мәтелдері
Сауытың қалың болса,
Жараң аз болар.
Сабасына қарай піспегі,
Сақалына қарай іскегі.
Сыпырғы келсе, шаң тұрмас.
Сынық арба көп ішер.
Сом темірге балға бар,
Айлакерге Алла бар.
Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер.
Сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.
Сұлуынан жылуы.
Таныған жерде бой сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
Темірдің екі басы бірдей ыстық.
Тұз шелекке жөке қапқыш.
Түйеңнен арбам жақсы оттамайтын,
Ауылға желді күні тоқтамайтын.
Түйменің инесіз күні жоқ.
Тігілмеген етігіңді мақтама.
Тез қасында кисық ағаш жатпас.
4037.
4038.
4039.
4040.
4041.
4042.
4043.
4044.
4045.
4046.
4047.
4048.
4049.
4050.
4051.
4052.
дүние-мүлік. киім-кешек. жол. жолаушы
Тоғыз қабат торқадан
Тоқтышағым терісі артық.
Тоқымына қарама,
Қоқымына қара.
Тон киген тоңбайды,
Тонау алған оңбайды.
Тоңған тонын мақтайды,
Адасқан жолын мақтайды.
Төсегіңе қарай аяғыңды соз.
Төс табаны тілінген
Атан жүрер жол екен.
Төсегінен түңілген
Атам жүрер жол екен.
Түздегі қажып жүреді,
Бірде көкірегі азып жүреді.
Бірде Тәңірге жазып жүреді.
Ұзын киім ұлымдікі,
Қысқа киім қызымдікі.
Үйде оңбаған түзде де оңбайды.
Үйдегі қан ішеді,
Түздегі май ішеді.
Үлкен пышақ ұялғаннан өтеді.
Шамның жарығы түбіне түспейді.
Шүберек тозар, тай озар.
Шөлмек мың күн сыймайды, бір күн сынады.
4053.
4054.
4055.
4056.
4057.
4058.
4059.
4060.
4061.
4062.
4063.
4064.
4065.
4066.
қазақ мақал-мәтелдері
Шақпақ,
Шақпақты отқа берген ақымақ.
Шоқпарды сілтей алмаған
Өзіне тигізер.
Шын болат қайыспас.
Шапқан озар,
Жатқан қалар.
Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас.
4067.
4068.
4069.
4070.
4071.
Адамның күні адаммен,
Дос болма топас наданмен.
Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды.
Айырылған азар, қосылған озар.
Айнымас досы бар адам, ең бақытты адам.
Артта қалғанды аю жер, бөлінгенді бөрі жер.
Ақылдассаң, шешерсің,
Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
Алты бақан, ала ауыз.
Асу-асу белдер бар,
Аса алмай жаудың аты өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.
Ата сыйласаң, алдыңа келер.
Адасқанның алды жөн, арты соқпақ.
Татулық. Достық.
Араздық-өштік
4072.
4073.
4074.
4075.
4076.
4077.
4078.
4079.
4080.
4081.
4082.
қазақ мақал-мәтелдері
Ақтан жабысқан пәледен сақтан,
Аяқ астынан жапқан жаладан сақтан.
Алдыңа бір қарасаң,
Артыңа екі қара.
Алыстан көрсең, алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.
Арашаға қоймасаң,
Арашашыға зар боларсың.
Астыңдағы атыңа сенбе,
Қойныңдағы қатыныңа сенбе!
Аюмен жолдас болсаң,
Айбалтаң жаныңда болсын!
Айтысқан соң дау емес пе,
Алысқан соң жау емес пе?!
Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салар.
Ақынның дауға септігі жоқ,
Балуанның жауға септігі жоқ.
Ала арқан кеспей арылмас.
Ат ұстаған азабынан құтылар.
Аштықтан мал, араздықтан адам жұтайды.
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
Ашылғанның айыбы жоқ,
Өзі біліп жапқан соң.
4083.
4084.
4085.
4086.
4087.
4088.
4089.
4090.
4091.
4092.
4093.
4094.
4095.
4096.
татулық. достық. араздық-өштік
Адаспаймын деген
Тал түсте адасады.
Айғақтың тазасы—
Алысқан соң жау емес пе.
Ақ та болсаң, ант ішпе,
Айрандай жұғады.
Аққа зауал жоқ,
Ақ иіліп сынбайды.
Аққа қара жоқ,
Қараға шара жоқ.
Ала жібін алмасам,
Даудың менде не ісі бар.
Ел ішінде қонбасам,
Жаудың менде не ісі бар?!
Алты аласым, бес бересім жоқ.
Алыссаң, атанды жық,
Аясаң, тұрғызып жібер.
Алыспақ бар, атыспақ жоқ.
Ағайынның ұрысы—торқаның жыртысы.
Адал тірлік етпесең,
Ұрлық етіп ас жерсің.
Айран ішкен құтылар,
Шелек жалаған тұтылар.
Айтып қылған ұрлықтың айыбы жоқ.
Ақ жалау барда «малым бар» деме,
Әзірейіл барда «жаным бар» деме.
20-299*
4097.
4098.
4099.
4100.
4101.
4102.
4103.
4104.
4105.
4106.
4107.
4108.
4109.
4110.
қазақ мақал-мәтелдері
Алдырған анасының қойнын ашыпты.
Алғанның бір беті қара,
Айғақтың екі беті қара.
Арам жесең, тойғанша же,
Ұрлық қылсаң, өлгенше қыл.
Артық дәулет басқа бейнет.
Атақты ұры аштан өледі,
Атақсыз ұры қабын толтырады.
Аттының атын алған,
Жаяудың таяғын алған.
Ауыл үйдің моншағын
Күндіз ұрлап, түнде тақ.
Аға-інің болса, дұшпаным жоқ деме,
Абысының болса, күндесім жоқ деме.
Адал дос алтыннан қымбат.
Адал жанға мың дос аздық етеді.
Аяр дос малыңды сақтайды.
Ақымақ достан ақылды дұшпан артық.
Айырылар дос аяулыңды сұрайды.
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер.
Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген «дос» жаман.
4111.
4112.
4113.
4114.
4115.
4116.
4117.
4118.
4119.
4120.
4121.
4122.
4123.
4124.
4125.
4126.
татулық. достық. араздық-өштік
Алыстағы дұшпаннан
Қасыңдағы қас жаман.
Аңдыған жау алмай қоймас.
Атаң да болса, бір жолдас.
Атасы құрдастың баласы құрдас.
Ауыз тамыр айтысып, ауысқанын алар,
Сүйектамыр сүйенісіп күнелтер.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдында төкпе.
Әкесін сыйламаған кісіні
Баласы сыйламайды.
Әрне көрсең тірлікте,
Сыйласқан жақсы бірлікте.
Әркім—сыйласқанның құлы.
Базарда мың кісі бар,
Әркім сүйгеніне сәлем берер.
Байлық байлық емес,
Бірлік байлық.
Бас-басыңа би болсаң,
Балқан тауға сыймассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Білмегенді кешірмесең,
Білгендігің қайда?!
4127.
4128.
4129.
4130.
4131.
4132.
4133.
4134.
4135.
4136.
4137.
4138.
4139.
4140.
қазақ мақал-мәтелдері
Бір көрген—біліс,
Екі көрген—таныс.
Бөлінгенді бөрі жейді,
Жарылғанды жау жейді.
Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ.
Біреуің бас, біреуің аяқ бол,
Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ,
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Біріккен жүз
Бытыраңқы мыңды алады.
Басқадан қорлық көрмеу үшін,
Өзді-өзің тату бол.
Береке бірлікте, сауық-сайран тірлікте.
Бір адал дос он арам туыстан артық.
Бір үй толы жан,
Бір-біріне мейман.
Бөріктінің намысы бір.
Балуанның жаманы
Шалдырғанда өкінер.
Күзетшінің жаманы
Алдырғанда өкінер.
4141.
4142.
4143.
4144.
4145.
4146.
4147.
4148.
4149.
4150.
4151.
4152.
4153.
4154.
татулық. достық. араздық-өштік
Басқа бәле тілден.
Бейқамдық қапы қалдырады.
Бәленің көзі жоқ, қармалап табады.
Бәлені іздеп барма,
Келсе, қашпа.
Бәледен машайық қашады.
Бәле іздеген ажалынан бұрын өледі.
Бәле келсе, сабыр қыл.
Белдескеннің белін үз,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Бір елі аузыңа екі елі қақпақ қой.
Бір кісі бастай білсе,
Он кісі жүзді жеңеді.
Болар-болмасқа иланба,
Қолыңа түскеннен айырылма.
Барымта қайтпай, дау қайтпайды.
Барымта алған мал болмас,
Бүліктің басы буырылдан.
Бұзылғаннан бұйым алма.
Бір дауда екі күмән жоқ,
Бір істе екі жаза жоқ.
Барымташы қайтыс болмай,
Дау айтыс болмайды.
4155.
4156.
4157.
4158.
4159.
4160.
4161.
4162.
4163.
4164.
4165.
4166.
4167.
4168.
4169.
4170.
қазақ мақал-мәтелдері
Барымта алған мал емес,
Қуып алған құн емес.
Басшылар құлқынын ойласа,
Басқалардың құлқыны бұзылар.
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садақа.
Би болу оңай, билік айту қиын.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Білерлігің қайда,
Білместікті кешпесең?!
Білетұғыннан да өтер бір іс,
Білмейтұғыннан да өтер бір іс.
Бір күн ұрысқан үйде
Қырық күн береке болмайды.
Бір күнгі ұрыстың
Қырық күндік қырсығы бар.
Бір нақақты күйдіргеннен,
Он қылмыстыны ақтаған артық.
Бұл заманның ісін
Есті кісі бітірмейді,
Епті кісі бітіреді.
Барымтаға қарымта.
Барымтадан қорықкан мал жимас.
4171.
4172.
4173.
4174.
4175.
4176.
4177.
4178.
4179.
4180.
4181.
4182.
4183.
4184.
татулық. достық. араздық-өштік
Берсе қолынан,
Бермесе жолынан.
Білген кісі ұрыны «пақыр» дейді,
Білмеген кісі ұрыны «батыр» дейді.
Білдірмесең, бидікін же.
Білсең, барымтам,
Білмесең, қарымтам.
Бірін жасырып алған,
Бірін басынып алған.
Бұзау ұрлаған өгізді де ұрлайды.
Басыңа іс түскенде қасыңнан табылған дос—дос
Ондай досты әрқашан қолдап,
ақылыңа ақыл қос.
Біреудің баспағына өлім тілесең,
Өзіңнің өгізің өледі.
Бөрі жоқ деме, бөрік астында,
Жау жоқ деме, жар астында.
Біреуге от жақпа,
Өзің күйерсің.
Бір күндік жолдасқа қырық күн сәлем.
Басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.
Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.
Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.
4185.
4186.
4187.
4188.
4189.
4190.
4191.
4192.
4193.
4194.
4195.
4196.
4197.
4198.
қазақ мақал-мәтелдері
Босқа бергенше, досқа бер.
Гүрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген қас жаман.
Дау арымас,
Алтын шірімес.
Дау даудан қорқады.
Дау қырық жылда бітсе де,
Қыршын кеттім дейді.
Дау шешеннен қорқады,
Шешен-мылжыңнан қорқады.
Дауың жоқ болса, кепіл бол.
Дәлдеп атып жауды жең,
Дәлелдеп айтып дауда жең.
Деспе,
Дескен соң айтысып боқ жеспе.
Дауы жаман би таңдайды.
Дауын айта алмаған биді жамандайды.
Дауды ақыл жеңеді, жауды батыр жеңеді.
Дау жүйесін тапса, мал иесін табады.
Дау құтырса, биін табар,
Ит құтырса, иесін қабар.
Даудың түбін қыз бітірер,
Судың түбін құм бітірер.
4199.
4200.
4201.
4202.
4203.
4204.
4205.
4206.
4207.
4208.
4209.
4210.
4211.
4212.
4213.
татулық. достық. араздық-өштік
Дұшпандардан бір сақтан,
Достарыңнан екі сақтан.
Дұшпанға сырыңды берме,
Сыр алдырып қырыңды берме.
Досыңмен де сөйлессең, ықтият бол,
Үй артында кісі бар, тыңдап тұр ол.
Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
Дұшпаныңның күлгені—
Сырыңды білгені.
Дос көңілі—шарайна.
Досың жүз болса да аз, жауың жалғыз
болса да көп.
Достың досқа залалы болмас.
Досың айтса—білгені,
Қасың айтса—күлгені.
Досыңа құрмет көрсет,
Алыс жолдан тос, ақылыңа ақыл қос.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Дәметпестен дәмету—
Тарыққанның салдары,
Жаудан күту жақсылық—
Зарыққанның салдары.
Дәніккеннен құныққан жаман.
Досың екі ұшты болса, дұшпаның күшті.
4214.
4215.
4216.
4217.
4218.
4219.
4220.
4221.
4222.
4223.
4224.
4225.
4226.
4227.
қазақ мақал-мәтелдері
Досы көптің күлі көп.
Досың үшін заһар жұт.
Достың тонын тойға ки, қасың көрсін,
Ызалансын, жасысын, іші күйсін.
Досқа дос жалынар.
Досың қонаққа шақырса, аш бар.
Досыңа ат берме,
Ат берсең, «ақырын жүр» деме.
Досыңның атын алма, тайын ал.
Досың ауырса, ыңқылда.
Досқа жалған сөйлесең, сенімің кетер,
Жауға сырыңды алдырсаң, түбіңе жетер.
Дос береді, жар береді, бәрін Құдай береді.
Досың екеу, қасың жетеу.
Досыңды кідіртпе, жолынан қалдырасың,
Дұшпаныңды кідіртпе, сырыңды алдырарсың.
Досыңның қасынан да сақтан,
Қасыңның досынан да сақтан.
Дұшпан құмырсқа болса да, сен оны пілдей көр.
Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
Дос бергенінің түсіне қарамас.
4228.
4229.
4230.
4231.
4232.
4233.
4234.
4235.
4236.
4237.
4238.
4239.
4240.
4241.
4242.
4243.
татулық. достық. араздық-өштік
Дос—егіз,
Дұшпан—сегіз.
Дос есебі көңілден.
Дос көргеннен түңілмес.
Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.
Досыңмен дос болғанға шаттан,
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.
Дос мас болса, қас болар.
Дос табылса, ас табылмайды,
Ас табылса, дос табылмайды.
Дос тұтқанды қадірле.
Дос сүйінсін,
Дұшпан күйінсін.
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Досым—дос,
Есебім дұрыс.
Досың ауырса, күйін,
Дұшпаның ауырса, сүйін.
Досыңа ет турат,
Дұшпаныңа шай құйдыр,
Ия қауын тілдір.
4244.
4245.
4246.
4247.
4248.
4249.
4250.
4251.
4252.
4253.
4254.
4255.
4256.
4257.
қазақ мақал-мәтелдері
Досыңа күлме, басыңа келеді.
Досыңның көзінде болғанша,
Көңілінде бол.
Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес.
Досқа күлкі,
Дұшпанға таба қылма.
Достың ақымағынан да
Дұшпанның ақылдысы жақсы.
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады.
Достың орны—төр,
Дұшпанның орны—көр.
Досы көптің қасы көп.
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Дұшпан не демейді,
Түске не кірмейді.
Дұшпанды басындырсаң, басыңа шығар.
Дұшпанның көзі төртеу.
Дұшпаннан түк тартсаң да—пайда.
Егер жау берілмесе, құртар болар.
4258.
4259.
4260.
4261.
4262.
4263.
4264.
4265.
4266.
4267.
4268.
4269.
4270.
4271.
4272.
татулық. достық. араздық-өштік
Есептескен дос болмайды,
Аңдысқан ауыл болмайды.
Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр жерде жатыр.
Екі жақсы баққа таласса,
Бір жаман таққа шығады.
Екі кісі қағысса,
Бір кісілік орын бар.
Ер құны жақсы жүз жылқы,
Қатын құны жартысы.
Ерлік түбі—бірлік.
Ер сыйлаған есікте отырмас.
Екі жақтама, бір жақта,
Әлің келсе, сыр сақта.
Екі даугер ауыл болмас,
Ит күшіктеп сауын болмас.
Ел даусыз болмайды,
Ел жаусыз болмайды.
Ел-елдің заңы басқа,
Иттері қара қасқа.
Еңкейген ерді теппес болар.
Елдессең, құшағым бар,
Жаулассаң, пышағым бар.
Ер басына жау келсе,
Ерлігі кетер басынан.
4273.
4274.
4275.
4276.
4277.
4278.
4279.
4280.
4281.
4282.
4283.
4284.
4285.
4286.
қазақ мақал-мәтелдері
Би басына дау келсе,
Билігі кетер басынан.
Ерден елтірі даулап алсаң да—теңдік.
Ерегістен ер өледі.
Есім ханның ескі жолы,
Қасым ханның қасқа жолы.
Естіген құлақта жазық жоқ.
Ердей алып, иттей қаш.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кескен жең болмас.
Ежелгі қас сүйгенмен дос болмас,
Ежелгі дос ұрса да, қас болмас.
Екі аяқтыда құрдас тату,
Төрт аяқтыда бота тату.
Елшіге өлім жоқ.
Ел болып тұрып, жау болғаннан сақтан,
Етек астынан дау болғаннан сақтан.
Ел сүйінгендей досың болсын,
Жер сүйінгендей қосың болсын.
Есепті дос айырылмас,
Есептескен дос болмас.
Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.
Елді жерде ұры болады,
Таулы жерде бөрі болады.
4287.
4288.
4289.
4290.
4291.
4292.
4293.
4294.
4295.
4296.
4297.
4298.
4299.
4300.
татулық. достық. араздық-өштік
Жаман бай Құдайдан қорықпайды,
ұрыдан қорқады.
Жазым болса, быламыққа тіс сынар.
Жазым іске жаза жоқ.
Жалғанның құсасы
Ақыретке кетпейді.
Жаман сайға су түссе,
Өткел бермес кешуге.
Жаман адамға іс түссе,
Жаныңды сұрар шешуге.
Жаманның сөзін сөйлеме,
Жалғыздың дауын даулама.
Жаңылғанға жаза жоқ.
Жаңылмас жақ болмайды,
Сүрінбес тұяқ болмайды.
Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.
Жер дауы мен жесір дауы бітпейді.
Жығылған күреске тоймайды,
Жеңілген жұдырыққа тоймайды.
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Жақынға өтірік айтпа,
Шетке сырыңды айтпа!
Жақсыға сұқтан,
Жаманнан сақтан.
4301.
4302.
4303.
4304.
4305.
4306.
4307.
4308.
4309.
4310.
4311.
4312.
4313.
4314.
қазақ мақал-мәтелдері
Жалынған қорған емес,
Жағаласқан қорған.
Жаман айтпай, жақсы жоқ.
Жаманға сыр айтсаң, жарға жығар.
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Жаманға сырыңды айтпа,
Тар жерде айғақ болар.
Жаманға айтсаң сырыңды,
Жаман бұзар шырыңды.
Жан-жағыңды жайқарсың,
Бір күн басты шайқарсың.
Жараның азабын
Жаралы біледі.
Қазаның азабын
Қаралы біледі.
Жатып қалғанша, атып қал.
Жер құлағы—жетеу,
Ел құлағы—елу.
Жасқаншақтың көзі сау.
Жауға жаныңды берсең де,
Сырыңды берме.
Жауға сыртыңды берсең де,
Сырыңды берме.
Сырыңды берсең,
Кісіден көрме!
4315.
4316.
4317.
4318.
4319.
4320.
4321.
4322.
4323.
4324.
4325.
4326.
4327.
татулық. достық. араздық-өштік
Жауға қарусыз барма,
Қарусыз барсаң, қапыда қалма.
Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан.
Жыласуға өз жақсы, сыйласуға жат жақсы.
Жақсы жігіттің арын сақта.
Жаттығуда қиналсаң,
Соғыста қысылмайсың.
Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Жақын таласса, жатқа жем болар.
Жаным десе, жан семірер.
Жазға жетсең, қыс күніңді ұмытпа.
Жақсы дос үшін жан пида.
Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,
зиянын тигізбейді.
Жаман көрген кісіңмен түзде ауыл болма.
Жаман ұры жанындағысын қармалайды.
Жаман дос—көлеңке, басыңды күн шалса,
Қасыңнан шықпайды.
Жақсылыққа-жақсылық бір кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.
21-299*
4328.
4329.
4330.
4331.
4332.
4333.
4334.
4335.
4336.
4337.
4338.
4339.
4340.
4341.
4342.
4343.
қазақ мақал-мәтелдері
Жау жоқ деме, жар астында,
Бөрі жоқ деме бөрік астында.
Жауыңнан жасырғаныңды досыңа да айтпа.
Жер жайлысы қонысың болсын,
Ер жайлысы досың болсын.
Жүрегіңді шемендейтін де,
Дертіңді шегелейтін де дұшпан.
Жалынсаң, жау басынар,
Басынар да, басыңа шығар.
Жалықпасаң, жау жеңерсің.
Жалтара шапсаң, жау қашпас,
Жауды аяған дос таппас.
Жарақты күнде жау жолықпас,
Ас бар күнде дос жолықпас.
Жартыны жарып жеген—
Татулықтың белгісі.
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.
Жаман дос жауыңмен бірге шабады.
Жаманмен жолдас болсаң, кесірі жұғар.
Жақсымен жолдас болсаң, нәсібі жұғар.
Жаман жолдастан мықты таяқ артық.
Жанын аямаған жау алады,
Малын аямаған дау алады,
Еріншек дүниеден құр қалады.
Жан ауыртқан дос емес.
4344.
4345.
4346.
4347.
4348.
4349.
4350.
4351.
4352.
4353.
4354.
4355.
4356.
4357.
4358.
татулық. достық. араздық-өштік
Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.
Жаңадан дос тапсаң да,
Ескі досыңды ұмытпа.
Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығады.
Жасанған жауды күттірме,
Жасаулы табақты күттірме.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Жау аяған жаралы болар,
Ел аяған паналы болар.
Жау кеткен соң даңғара.
Жау жағадан алғанда,
Бөрі етектен алады.
Жау жатқан жерін белгілі деме,
Жансызы жаныңда тұрмасын.
Жау жоқта жарақ көп,
Жау келгенде таяқ табылмас.
Жау малының сорпасы татымайды.
Жау санап соғыспайды.
Жау төнгенде батыр бол,
Дау төнгенде ақыл бол.
Жауға батыл бол,
Дауға бақыл бол.
4359.
4360.
4361.
4362.
4363.
4364.
4365.
4366.
4367.
4368.
4369.
4370.
4371.
4372.
қазақ мақал-мәтелдері
Жауға жалынба,
Досқа тарылма.
Жауға жаның ашымасын.
Жауға жалынсаң, өлдің,
Жағалассаң, қалдың.
Жауды аяған жаралы болады.
Жауды қара қашырады.
Жаудың азы да бір,
Көбі де бір.
Жаудың сырын жау білмес.
Жаудан жай қайтқанша жаралы қайт.
Жаудан қашсаң, жаның қалар,
Жау қолында жарың қалар,
Ішінде күйік-жалын қалар.
Жолдас қадірін жорықта білерсің,
Дос қадірін соғыста білерсің.
Жолдасы көптің қолдасы көп.
Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,
Қара басын дауға қалдырмайды.
Жолдасы жақсының олжасы жақсы.
Жолдасын тастаған жолда қалар.
Жолдасты жол айырады.
Жолдастың мыңын алма, бірін ал.
4373.
4374.
4375.
4376.
4377.
4378.
4379.
4380.
4381.
4382.
4383.
4384.
4385.
4386.
4387.
4388.
татулық. достық. араздық-өштік
Жүздің жүзін танығанша,
Бірдің атын біл.
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
Жолдас болсаң қуға, басыңды салар дауға.
Жортуыл жолдасына, ұры серігіне күйеді.
Жаман ат жауға қалдырады,
Жаман туыс дауға қалдырады.
Жерден тапсаң да, санап ал.
Жетесінде жоқ жете сыйламайды.
Зекетсіздің малы арам,
Тілсіздің дауы арам.
Ит құтырса, иесін қабар,
Дау құтырса, биін табар.
Иесі семіз, аты арық,
Түз жұтынан сақтасын.
Игілік басы—ынтымақ,
Ынтымақты елде күн шуақ.
Келер кезек, терме тезек.
Кеңесіп кескен қол ауырмас.
Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
Кеңесті жерде кемдік жоқ,
Кеңессіз жерде теңдік жоқ.
4389.
4390.
4391.
4392.
4393.
4394.
4395.
4396.
4397.
4398.
4399.
4400.
4401.
4402.
4403.
қазақ мақал-мәтелдері
Керіскеннің кесірі
Келген бақты кетірер.
Көз көрсе, жүз ұялар.
Көпті сыйлағаның—өзіңді сыйлағаның.
Көрпе салғанға көрпе сал,
Атаңнан қалған құл да болса.
Күш—бірлікте.
Келіп көрмей сыйын сұрама.
Киімнің жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
Көп ауыз бір болса, бір ауыз жоқ болады.
Көптің аузын күзетсең, күн көре алмайсың.
Көп ұйғарса, хан түйесін сояды.
Күлді қанша үйсең де, төбе болмас.
Күлме досқа, келер басқа.
Кезенген жаудың кезінен сақтан,
Сойқандының сөзінен сақтан.
Кедейдің кердеңінен сақтан,
Келіннің кербезінен сақтан.
Кесірлімен кеңеспе,
Керме иықпен егеспе!
Кірместен бұрын шығарыңды ойла.
Көз көрмей, көңіл сенбес.
4404.
4405.
4406.
4407.
4408.
4409.
4410.
4411.
4412.
4413.
4414.
4415.
4416.
4417.
4418.
4419.
татулық. достық. араздық-өштік
Көз сыртында көз бар,
Тіл астында тіл бар.
Көз жұмбай, дария кешпек жоқ.
Көргенсізбен құрдас болма,
Опасызбен сырлас болма.
Көршіңді ұры тұтпа,
Өзіңе-өзің сақ бол!
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақтан,
Күні шығып тұрып, жауғаннан сақтан.
Кесімді малға өсім бар.
Куәлі істі куә табар,
Куәсізді күмән табар.
Кеден кеден болды,
Кедергі неден болды?
Кекес-кекес, дау-жанжал
Кері кеткеннің аулында.
Кесек-кесек өтірік
Кері кеткеннің аузында.
Керісудің кесірі
Келесіні кетірер.
Көрегенді көптеген жеңеді.
Куәлі істі куә табар,
Куәсіз істі күмән табар.
Кебіс ұрлаған бір кісі,
Күмәнді болар мың кісі.
4420.
4421.
4422.
4423.
4424.
4425.
4426.
4427.
4428.
4429.
4430.
4431.
4432.
қазақ мақал-мәтелдері
Көрген жоқ болса,
Есіткен—куә.
Көмбенің иесі екеу,
Біреуі көмген,
Біреуі көрген.
Қайта шапқан жау жаман,
Қайтып келген қыз жаман.
Қалған көңіл—шыққан жан,
Бұрынғыдай бітілмес.
Қанға—қан, жанға—жан.
Қарсысы кімнің бар болса,
Қасы соның қасында.
Қас қабыры қазулы.
Касыңды бүлдіре білсең,
Досыңды күлдіре білесің.
Қашқан жаудың олжасы
Жолда қалған.
Қашқан жауға қатын ер.
Қолыңнан бір келсе, жауға екі қыл.
Қимас доспен сыйлас.
Қимас досың сұраса,
Қимасыңды бергейсің.
Қырық атан ұстама,
Қырық тамыр ұста.
4433.
4434.
4435.
4436.
4437.
4438.
4439.
4440.
4441.
4442.
4443.
4444.
4445.
4446.
татулық. достық. араздық-өштік
Қайғыңды досыңмен бөліспесең,
Өзіңе екі есе ауыр түседі.
Қашып кетсең, шашып кет.
Қатын алма, қайын ал.
Құлақтан кірген ауыр сөз,
Көңілге барып мұз болар.
Құрдас тапқан құл азбас,
Жолдас тапқан ер азбас.
Қолпаштайтын дос емес, қол ұшын берген дос.
Қара кісі ақ болмас,
Ақ кісі қара болмас.
Қолды пышақ кеспесе,
Жара болмас.
Қойға келген ұры едік,
«Әринемен» құтылдық.
Қоян қамыстан, ұры ойдан қорқады.
Қай жеңгенің—менікі.
Қойманы көмген алады,
Не көрген алады.
Қылмыс қияметке бармайды.
Қылыш астында серт жүрмейді.
Қияли сауда бұзар,
Арамза неке бұзар.
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
4447.
4448.
4449.
4450.
4451.
4452.
4453.
4454.
4455.
4456.
4457.
4458.
4459.
4460.
4461.
қазақ мақал-мәтелдері
Қауіп бар жерде қатер бар.
Қатыны семіз, ері арық,
Үй жұтынан сақтасын.
Қол күрек—шабуылда қалқаның,
Бекіністе қорғаның.
Қауіп қайдан болса, қатер содан.
Қатардан қалғанша, қатерден қал.
Қорыққанға қос көрінеді.
Қожаның қулығына сенбе,
Әзәзілдің алдауына сенбе.
Қайыңды қабық шірітеді,
Темірді от ірітеді.
Қайтып келер есігіңді қатты жаппа.
Қанды қанмен жумайды.
Мінгеспе,
Мінгессең, үндеспе.
Молда алдай да, арбай да біледі.
Мұзға сүйенбе,
Жауға сенбе!
Мәжіліске қарай ғауғамыз,
Құдығымызға қарай қауғамыз.
Мал иесі куәлі.
Мал досы көп, жан досы аз болады.
4462.
4463.
4464.
4465.
4466.
4467.
4468.
4469.
4470.
4471.
4472.
4473.
4474.
4475.
4476.
4477.
татулық. достық. араздық-өштік
Мың жаудан бір жансыз жаман.
Мың жолдас жақсы,
Мың жолдастан бір жолдас жақсы.
Наурыз тумай сүтке жарымаймыз,
Құда келмей дауға жарымаймыз.
Нақақ бәле оттан ыстық.
Негізі қара ағармас,
Негізі қисық түзелмес.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Ойыннан от шығар.
Ордалы жыланмен ойнама.
Отқа жолама, күйесі жұғар,
Қатынға жолама, қарасы жұғар,
Балаға жолама, пәлесі жұғар.
От басы ала болса,
Кереге сайын пәле болар.
Олжалы жерде ойран бар.
Отырсам «опақ» дейсің,
Тұрсам «сопақ» дейсің.
Өзі жаман туған шешесінен көреді,
Дау айта білмеген төрешіден көреді.
Өнбейтін дауды
Өспейтін жігіт даулайды.
Өткен іске өкініш жоқ.
4478.
4479.
4480.
4481.
4482.
4483.
4484.
4485.
4486.
4487.
4488.
4489.
4490.
4491.
4492.
қазақ мақал-мәтелдері
Өз басыңа дау келсе, шешендігің зая,
Өз басыңа жау келсе, батырлығың зая.
Өзіңнен жолдасың мықты болсын.
Өзі жығылған өкінбес.
Өзі білмес, өзгенің тілін алмас.
Өліспеген көріседі.
Өмірде жараспаған,
Өлгенде қараспайды.
Өнер алды—тірлік,
Ырыс алды—бірлік.
Өкпеңді көңіл жетерге айт.
Өз өлтірмейді,
Жат жарылқамайды.
Өрең жетпеске асылма,
Сөзің жетпеске бас ұрма.
Өткелім саяз деме,
Таяғыңды бойлат.
Ісім мақұл деме,
Ағайынға ойлат.
Өтпес жарақ—бойға қорлық.
Пайданы басыңа қыл,
Ауысса досыңа қыл.
Пайданың соры—
Дос үшін шеккен зиян.
4493.
4494.
4495.
4496.
4497.
4498.
4499.
4500.
4501.
4502.
4503.
4504.
4505.
4506.
татулық. достық. араздық-өштік
Палуанның жаманы
Шалдырған соң өкінер.
Күзетшінің жаманы
Алдырған соң өкінер.
Пышағыңды қайрап жүр,
Не кесеріңді біліпсің.
Жауабыңды сайлап жүр,
Не десеріңді біліпсің.
Пәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе саспа.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Сөз қуған пәлеге жолығар.
Сыйласқанға не жетсін, сыйың болса,
Сыйласып өт, өмірден миың болса.
Сыйластық бар жерде қимастық бар.
Сабаңда сыйласпасаң,
Орақта ырылдасарсың.
Саусақ бірікпей,
Ине ілікпейді.
Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.
Сөз қуған бәлеге жолығар.
Жол қуған қазынаға жолығар.
Соқыр көзіне сенбей, қолымен ұстап көреді.
Сыйласқанға не жетсін,
Сөйлескеннен не кетсін!
4507.
4508.
4509.
4510.
4511.
4512.
4513.
4514.
4515.
4516.
4517.
4518.
4519.
қазақ мақал-мәтелдері
Сыйласқанмен сыйлас,
Сынасқанмен сынас.
Сыйласқанның суын іш.
Сыйласу екі кісіге бірдей.
Сыйлық қымбат емес, сыйлау қымбат.
Сыйға—сый, сыраға—бал.
Сыйласаң, сый көрерсің.
Сабыр түбі сары алтын,
Сарғайған жетер мұратқа.
Сақтанғанды Құдай сақтар.
«Сақтансаң, сақтармын» депті.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
Сақтықты сұңқардан үйрен.
Саптаяққа ас құйып,
Сабынан қарауыл қараған.
«Сендікпін» деген сертке сенбе,
Кезегі кетпеген дертке сенбе.
Сырын білмеген аттың
Сыртынан жүрме!
Саптыаяқтың сабы тесік, ерге жолдас,
Жолдасына қас қылған жігіт оңбас.
Сыртқы жау екі ұшты,
Ішкі жау қорқынышты.
4520.
4521.
4522.
4523.
4524.
4525.
4526.
4527.
4528.
4529.
4530.
4531.
4532.
4533.
4534.
4535.
татулық. достық. араздық-өштік
Сыртқы жаудан ішкі жау жаман.
Судан тонын аямаған,
Жаудан жанын аямас.
Сүйіп алған сүтті тамырым,
Таңдап алған тәтті тамырым.
Сүйек тамыр сүйеніп күн көреді,
Ауыз тамыр айтысып артығын алады.
Сенімсіз дос болғанша,
Сенімді пышақ бол.
Таудың тасы желмен бүлінеді,
Адамның достығы сөзбен бүлінеді.
Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.
Тамырдың сұрағаны келгені,
Сұрағанын алмаса, өлгені.
Тамырды ат айырады,
Ат айырмаса, ата айырады.
Тамыр түбі—дау,
Құрдас түбі—жау.
Танымаған періштеден,
Таныған сайтан артық.
Тату болсаң, балдай бол,
Ащы болсаң, тұздай бол.
Татуға тіл тиеді,
Сұлуға сұқ тиеді.
4536.
4537.
4538.
4539.
4540.
4541.
4542.
4543.
4544.
4545.
4546.
4547.
4548.
қазақ мақал-мәтелдері
Татулық—байлық,
Тыныштық—бақыт.
Татулық—табыс.
Тісі жалтырайды,
Іші қалтырайды.
Тоң айырған май жейді,
Дос айырған боқ жейді.
Төсекте жан қосылған,
Төскейде мал қосылған.
Түз шашқанға қастық қылма.
Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.
Сол көзің оң көзіңе қарауыл болсын!
Сезікті секірер.
Сөз жүйесін тапса,
Мал иесін табады.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Су кешпей балық аулауға болмайды,
Жүз жыртпай дау даулауға болмайды.
Төре айғақ болса, бітім болмас,
Төбе тайғақ болса, шығып болмас.
Төрешіден қалмайды, айтушыдан қалады.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
4549.
4550.
4551.
4552.
4553.
4554.
4555.
4556.
4557.
4558.
4559.
4560.
4561.
4562.
4563.
татулық. достық. араздық-өштік
Ұрыс-ырысты қашырар,
ЬІнтымақ-халықты асырар.
Таулы жердің бөрісінен сақтан,
Ауыл арасының ұрысынан сақтан.
Тізерлеп күнелткеннен,
Тік тұрып өлген артық.
Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза кетеді.
Түнде ұшқыныңды жасыра біл,
Күндіз түтініңді жасыра біл.
Төрт кісі біріксе,
Төбедегіні келтірер.
Алты кісі ала болса,
Аузындағыны алдырар.
Танымасын сыйламас.
Тіріде сыйласпаған,
Өлгенде жыласпайды.
Тар жерде табысқан,
Кең жерде көріседі.
Тау тауға қосылмайды,
Адам адамға қосылады.
Теңге—тиыннан,
Ынтымақ—ұйымнан.
Тірліктің күші—бірлікте.
Түйін бір қолмен байланады,
Бір қолмен шешілмейді.
22-299*
4564.
4565.
4566.
4567.
4568.
4569.
4570.
4571.
4572.
4573.
4574.
4575.
4576.
қазақ мақал-мәтелдері
Тарамдалған саусақтан,
Түйген жұдырық артық.
Тату үйдің бақыты тасар,
Ұрыс-керісі бар үйдің ырысы қашар.
Тату болсаң, балдай бол,
Араз болсаң, тұздай бол.
Тапқан қуанады, таныған алады.
Тағыны жеткен алады,
Жарлыны кеміткен алады.
Тұлпар түп иесін табады.
Тозған қазды, топтанған қарға алады.
Топтан ажыраған торға түседі.
Топтан бөлінсең де, көптен бөлінбе.
Төртеу түгел болса, тасқа гүл өсірер.
Түбі бірге түнекте де табысар.
Түтіні түзу шықпағандар
Бірін-бірі қасқыр итше талайды.
У ішкен бір өледі,
Ант ішкен мың өледі.
Ұрыстың басы «боқ жеме».
Ұрыспай айырылысқан, ұялмай көріседі.
Ұзында өшің, қысқада кегің бар ма?
4577.
4578.
4579.
4580.
4581.
4582.
4583.
4584.
4585.
4586.
4587.
4588.
4589.
4590.
4591.
4592.
татулық. достық. араздық-өштік
Ұрып, ұрып оймен жүргенше,
Ұрғызып, ұрғызып қырмен жүр.
Ұры байымайды, сұқ семірмейді.
Ұрыстың мерейі—ерлік,
ЬІрыстың мерейі—достық.
Ұрыспай айырылған,
Ұялмай қосылады.
Ұрлық пен өсек егіз, бірі—есек, бірі—өгіз.
Ұрының қулығы ұзын.
Ұрының өмірі—қауіптен,
Жыршының өмірі—сауықпен.
Ұры—қардың серігі, қоспақ—нардың серігі.
Ұры бол, қарақшы бол—ынсапты бол.
Ұрыға мал көп.
Ұры халықпен күндіз—дос, түнде—жау.
Ұры өз малын жейді.
Ұры мен бөрі бейғамдыкі.
Ұрының қатыны өзіне лайық.
Ұрының арты қуыс.
Ұйықтаған ұйқы алар,
Ұйықтамаған жылқы алар.
Ұрының қолы қан, бөрінің аузы қан.
4593.
4594.
4595.
4596.
4597.
4598.
4599.
4600.
4601.
4602.
4603.
4604.
4605.
4606.
4607.
4608.
4609.
қазақ мақал-мәтелдері
Ұры елді жауықтырар,
Тәуіп ерді сауықтырар.
Ұрының өзіне лайықты сойылы бар.
Ұрымен жолдас болсаң, тамағың тояр.
Ұры ұрлығын қиянат демес,
Ашкөз ешқашан қанағат демес.
Ұры басқаның малын жейді, өзінің арын жейді.
Ұры басынып ұрлайды,
Қонақ таңдап қонады.
Ұры бірігерде ауыз жаласады,
Айырыларда итше таласады.
Ұры бүлікке құмар,
Шыбын шірікке құмар.
Ұры—қасық, ел—теңіз.
Ұры жете алмайтын жаяудікін алады,
Сұрай алмайтын таяудікін алады.
Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.
Ұры өле-өлгенше «ақпын» дейді.
Ұры ұрлығын қойса да,
Ұры атағы қалмайды.
Ұрыға мал құтаймас.
Ұрыны қарақшы талайды.
4610.
4611.
4612.
4613.
4614.
4615.
4616.
4617.
4618.
4619.
4620.
4621.
4622.
4623.
4624.
татулық. достық. араздық-өштік
Ұрыдан жалмауыз туады,
Жалмауыздан қанды ауыз туады.
Ұрымен жақын болсаң,
Ұятқа қаларсың.
Ұрымын дегенше, құрыдым де.
Ұрының үйі көп,
Біреуінен алады, біреуіне береді.
Ұрысы күшті болса иесі өлер,
Айғыры күшті болса, биесі өлер.
Ұрлық түбі—қорлық.
Ұрлық қылсаң, жалғыз қыл,
Екеу болсаң, бірі айғақ.
«Ұрлық қылсам, өлемін,
Шөп жесем, қақаламын».
Ұйқы жастық талғамайды.
Ұйқы—жау,
От—жау,
Су—жау.
Ұйқы менен өлім тең.
Ұрыс-дертті төмендетеді,
Жүрегіңді шемендетеді.
Ұсынған мойынды қылыш кеспейді.
Үндемеген үйдей бәледен құтылады.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
4625.
4626.
4627.
4628.
4629.
4630.
4631.
4632.
4633.
4634.
4635.
4636.
4637.
4638.
4639.
қазақ мақал-мәтелдері
Үргедектің өзіне де сенбе, сөзіне де сенбе.
Үйреніскен жау ұрыспаққа жақсы.
Шабыспақ оңай,
Табыспақ қиын.
Шығасыға иесі басшы болады.
Шолғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.
Шолғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.
Шыбын да аңқаудың аузын аңдиды.
Шықсақ, төбеміз бір болсын,
Жатсақ, көріміз бір болсын!
Шын досым деп сыр айтпа,
Досыңның да досы бар.
Шығарып салмаған жолдастың
Жолдасқа сандығы жоқ.
Ырыс алды—ынтымақ.
Ырыстан ынтымақ озар.
Ынтымақ болмай іс болмас.
Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда.
Ынтымақтың иығы биік.
Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.
4640.
4641.
4642.
4643.
4644.
4645.
4646.
4647.
4648.
4649.
4650.
4651.
4652.
4653.
4654.
4655.
татулық. достық. араздық-өштік
Ынтымақтың түбі—игілік.
Ынтымақ—өтпес сауыт,
Татулық—тамаша сауық.
Ыржыңдап күлгеннен аулақ,
Сөз тыңдап жүргеннен аулақ.
Ілгері бассаң, күндеушің бар,
Кейін кетсең, тілдеушің бар.
Ізгі іске илансаң,
Құдай сені сүйер.
Жауыз іске илансаң,
Құдай төбеңнен ұрар.
Ісің ақ болса, Тәңірің жақ.
Ісі қара төреші таңдайды.
Ісінен қорыққан қуға ереді,
Түсінен қорыққан құдайы береді.
Істің ағы біле ме,
Жігіттің бағы біле ме.
Ілем деп жүріп, ілігіп кетпе.
4656.
4657.
4658.
4659.
4660.
4661.
4662.
4663.
4664.
4665.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
Алғанды өтеу—парыз.
Аманат жұмыс әлекке салады.
Амалсыз істеген жақсылық
Алғысқа татымайды.
Арқан үзіледі,
Борыш үзілмейді.
Алаған қолым береген.
Адам бермейді емес,
Сұрауы жетпейді.
Ағайын-туғанның қызығы—
Алыс-беріс.
Құдалықтың қызығы—
Барыс-келіс.
«Аламыз» деген алған,
«Береміз» деген жалған.
Аманат,
Аманатқа қылма қиянат.
Алыс-беріс.
Сауда-саттық
4666.
4667.
4668.
4669.
4670.
4671.
4672.
4673.
4674.
4675.
алыс-беріс. сауда-саттық
Алған мұрат емес,
Алмаған ұят емес.
Алмақтың да салмағы бар.
Алыс-беріс қолынан,
Шығарып қояр жолынан.
Алып алтау болмаған,
Жеп жетеу болмайды.
Алсам, ризамын,
Тойсам, сыпамын.
Алушыдан қалмайды,
Айтушыдан қалады.
Ақымақ көп сұрар,
Ақылды аз берер.
Ақша жүрген жерде әділдікке де,
Адалдыққа да орын жоқ.
Ақшаны жерден тапсаң да, санап ал.
Ақшасы жоқ базардан,
Ат шалдырған жер артық.
Ақшада ақыл жоқ, сондықтан қалта таңдамайды.
Алғашқы сауда—сауда,
Кейінгі сауда—ғауға.
Арзан сатқан жолдасынан көреді.
Арзанның сорпасы татымас.
Алаша деп аттанамыз,
Боқжама да болса ала береміз.
4676.
4677.
4678.
4679.
4680.
4681.
4682.
4683.
4684.
4685.
4686.
4687.
4688.
4689.
4690.
қазақ мақал-мәтелдері
Аталастың саудасы айында қайтады.
Ақша болса, алақанда сорпа қайнайды.
Арзан болса, алушыдан ынсап кетеді,
Қымбат болса, сатушыдан ынсап кетеді.
Арзанның жілігі татымас.
Арзан алдайды.
Әкең бермегенді базар береді.
Әркім қолда барын ұсынады.
Әркім қолында барына жомарт.
Балықшыдан—сыралғы,
Батырдан—сауға.
Бармасаң, алыстайсың,
Бермесең, алыспайсың.
Берген жомарт емес,
Алған жомарт.
Бермесең-алмасаң, сарт боларсың,
Көрмесең-келмесең, жат боларсың.
Берсең, аларсың,
Ексең, орарсың.
Бір жоқты бір жоқ табады.
Беріп «әй, кәпір» болғанша,
Бермей «әй, кәпір» бол!
Беретін кісі келгенде
Бес қайнайды қазаным.
4691.
4692.
4693.
4694.
4695.
4696.
4697.
4698.
4699.
4700.
4701.
4702.
4703.
4704.
4705.
4706.
алыс-беріс. сауда-саттық
Бермейтін кісі келгенде
Көп қайнайды қазаным.
Бергеннің бетіне қарама.
Берген перде бұзады.
Берместің сылтауы көп.
Бермегенді беріп ұялт.
Бермегенге қақсама,
Бергенді тастама.
Білмеске берме,
Сенбеске айтпа.
Біреудің төсін жесең,
Үйіңде сыйла.
Біреудің қазын жесең,
Үйрегіңді жұлып қой.
Бүтін берсең, бүтін аларсың.
Базарда пұлы бардың көңілі тоқ.
Борыш көркі—төлеген.
Базарға барып бағыңды сына.
Базар—ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
Базар—бай, алушы—кедей.
Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар.
Базардағы ас бағына қарай піседі.
4707.
4708.
4709.
4710.
4711.
4712.
4713.
4714.
4715.
4716.
4717.
4718.
4719.
4720.
4721.
қазақ мақал-мәтелдері
Базары жақын байымас,
Бай бауырын танымас,
Сауда досқа қарамас.
Барымен базар,
Жоқты қайдан табар.
Бір пайда—пайда,
Екі пайда қайда?!
Бір пайдадан кешкен
Мың кісімен дос болады.
Бітейін деп тұрған саудаға
Беделді делдал тап болар.
Еруліге—қарулы.
Ер көп сұрап,
Азға разы болады.
Ез аз сұрап,
Көпке наразы болады.
Ер басына ерендер назар салмас па,
Есен базарына делдал салмас па.
Ертеңгі сауда—сауда,
Кешкі сауда—дауға.
Есеп, есеп білмеген—есек.
Есептемегенге бәрі түгел.
Есеппен байимын деме,
Есебіңді есеп бұзса, қайтерсің!
Есепті дос айрылмас.
4722.
4723.
4724.
4725.
4726.
4727.
4728.
4729.
4730.
4731.
4732.
4733.
4734.
алыс-беріс. сауда-саттық
Жаңа байығаннан қарыз алма,
Ескі байдан қапы қалма.
Жаңа үйленгенмен қоңсы болма.
Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас,
Жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас.
Жарлы болар жігіт
Байталын атқа айырбастайды.
Жақсы көрген досыңа
Тәуір көрген малыңды бер,
Көре-көре сүйсінсін.
Жусан саттым, шөп саттым,
Шөп сатсам да, ұқсаттым.
Иттен сүйек қарыздар.
Көп сұрамаса, аз бермес.
Кірісіне қарай шығысы.
Кілем сатсаң, көршіңе сат,
Бір шетіне өзің де отырасың.
Кесімді малда өсім бар.
Көп сыйласаң, борышың көбейер,
Көп қиналсаң, өрісің көбейер.
Қойнымнан төгілсе, қоншыма.
Қарыздан да қатын ал,
қатының жаныңда қалады.
Қолдағының құны жоқ.
4735.
4736.
4737.
4738.
4739.
4740.
4741.
4742.
4743.
4744.
4745.
4746.
4747.
4748.
4749.
қазақ мақал-мәтелдері
Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық.
Қарыз қатынасты бұзады.
Қарыз, қарызды беру—парыз.
Қарыз күліп келеді, жылап қайтады.
Қарыздарда иман жоқ.
Қалтасында тиыны жоқ,
Түйенің тісін ашып көреді.
Қымбатта бір хикмат бар,
Арзанда бір илат бар.
Не ақсағанда аларсың,
Не қақсағанда аларсың.
Пышағыңды шынымен бер,
Шынымен берсең, қынымен бер.
Сараңның пейілі тар,
Салақтың зейіні тар.
Саудагер алдымен досын алдайды,
Өзгелерді сосын алдайды.
Сауда садақпен тең,
Иілсе, тез түзей алмайсың.
Саудагерде иман жоқ, арын сатады,
Өтірікшіде иман жоқ, жанын сатады.
Саудагер есеппен байиды.
Саудада достық жоқ,
Сәлемде борыштық жоқ.
4750.
4751.
4752.
4753.
4754.
4755.
4756.
4757.
4758.
4759.
4760.
4761.
4762.
4763.
4764.
алыс-беріс. сауда-саттық
Саудагер малын сатады,
Делдал ажарын сатады.
Теңгелі жерде теңдік жоқ.
Тамыр болдың, айтыс жоқ,
Қолдан бердің, қайтыс жоқ.
Үйдегі ойды базардағы нарық бұзады.
Үйрек берген—қаз күтер.
Шығасы шықпай, кіресі кірмейді.
Шақырғанды шақырармын,
Шақырмағанға қақырармын.
Шаруаның түбі—кеніш,
Саудагерліктің түбі—борыш.
Шерлі өлмейді, борышты өледі,
Қайғылы өлмейді, қарыздар өледі.
Іздегенің пайда, қара сиырың қайда?
4765.
4766.
4767.
4768.
4769.
4770.
4771.
4772.
4773.
4774.
Ағын суда арамдық жоқ.
Ағын суы бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.
Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.
Алпыс күн тасыған су
Алты күнде қайтады.
Аты шықпаған адамнан аты бар төбе артық.
Ағаш ұстаған жерінен сынбас.
Ағашы аласа,
Алмасы тамаша.
Ағаш та ылғалды жерде көгереді.
Ала бұтаға ат бекітпе.
Атасы жер жырта білмегеннің,
Баласы тұқым себе білмес.
Ала еккен аз алады.
Астығы бар аш болмас.
Еңбек. Егіншілік. Ерлік.
Шеберлік
4775.
4776.
4777.
4778.
4779.
4780.
4781.
4782.
4783.
4784.
4785.
4786.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Арпа-бидай ас екен,
Алтын-күміс тас екен.
Адал еңбек—адамның бағы.
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.
Ағашты жапырағына қарап,
Адамды ісіне қарап таниды.
Алғаш күзет, кейін түзет.
Адамды еңбек көркейтеді,
Ағашты миуасы көркейтеді.
Алтын отта сыналар,
Адам еңбекте сыналар.
Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бәрінен қой бағып,
Көтеншек жеген озар.
Арыңды сатып ішпе,
Маңдай теріңді сатып іш.
Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас.
Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер.
«Ала келмен» іс бітпес.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Ақысын берсе, боқысын шығарар.
23-299*
4787.
4788.
4789.
4790.
4791.
4792.
4793.
4794.
4795.
4796.
4797.
4798.
4799.
4800.
қазақ мақал-мәтелдері
Арба иесі күпшектер,
Киіз иесі білектер.
Ащы еңбектен—тәтті нан.
Аузың айтқанды қолмен істе.
Адал еңбек, алғыр ой—
Анық досың біліп қой.
Ағаш кессең, ұзын кес,
Шаба келе қысқарар.
Темір кессең, қысқа кес,
Соға келе ұзарар.
Айран ұйытса, іріткен,
Тері илесе, шіріткен.
Алтынды ала білген бөле де біледі.
Алтынды еріте білмеген ірітер,
Теріні илей білмеген шірітер.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
Айласыз батыр алдырар.
Арғымақ атқа оқ тисе, жабыларша туламас,
Ер жігітке оқ тисе, жамандарша жыламас.
Айласыз батыр шошқаға шауып мерт болады.
«Адаспаймын» деген ерді,
Қараңғы тұман адастырады.
Айбынды салтын ел бұзбас,
Адамдық антын ер бұзбас.
4801.
4802.
4803.
4804.
4805.
4806.
4807.
4808.
4809.
4810.
4811.
4812.
4813.
4814.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Айлалы батыр алдырмас.
Аман ердің аты шығар.
Асыл ердің баласы
Аз сөйлер де көп тыңдар.
Арғымақ аттың құйрығы—
Әрі жібек, әрі қыл.
Ер жігіттің белгісі—
Әрі мырза, әрі құл.
Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз.
Ат арыса—тулақ,
Ер арыса—әруақ.
Ат басына күн туса,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Ат баспаймын деген жерін үш басады,
Ер көрмеймін деген жерін үш көреді.
Ат ерінді келер,
Ер мұрынды келер.
Ат аунаған жеріне,
Ер туған жеріне.
Ат ұстаған азабынан құтылар,
Ер ұстаған еңбегінен құтылар.
Әлім келсе,
Арыс суын байлар ем.
4815.
4816.
4817.
4818.
4819.
4820.
4821.
4822.
4823.
4824.
4825.
4826.
қазақ мақал-мәтелдері
Әуелі Тәңірі жерге береді,
Жерге берсе, елге береді.
Елге берсе, ерге береді.
Әділ істің—арты игі.
Әлі жетпеген ақыретшіл болады.
Әлі жетпеген Аллашыл.
Әлін білмеген әлек.
Балығы жоқ көл қысыр,
Балы жоқ гүл қысыр.
Барар жерің Балқан тау,
О да біздің көрген тау.
Білмеген жердің ой-шұқыры көп,
Көрінген таудың алыстығы жоқ.
Биік таудың басы болмасақ та,
Баурайындағы тасымыз.
Бұлағы болмаса, өзен де сарқылар.
Бітуі жаман қамысты
Су ішінде өрт шалар.
Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.
Бидай тоңға тимей,
Аузың нанға тимейді.
Байлықтың атасы—еңбек, анасы—жер.
Белі ауырмағанның нан жесін қара.
4827.
4828.
4829.
4830.
4831.
4832.
4833.
4834.
4835.
4836.
4837.
4838.
4839.
4840.
4841.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Бекершінің өнері—өсек.
Бір жыл жеміс ексең,
Жүз жыл мәуесін жейсің.
Бір кісі қазған арықтан мың кісі су ішеді.
Бақыт кілті—еңбек.
Бейнет түбі—рақат.
Бейнет қыл да, міңдет қыл.
Бейнетсіз рақат жоқ.
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Берекесіздің аулы—мерекесіз.
Бекерден Тәңірім безер.
Білек болмай тілек болмас.
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Білек түр де, еңбек ет,
Етек түр де, елге жет.
Бір еңбек еткен екі етеді,
Екі еткенін әдет етеді.
Болар іс болды, бояуы сіңді.
Бермейтін нәрсе болмайды, сұрауы келіссе.
Батыр—жай күні бір адам,
Жау көрінсе, мың адам.
4842.
4843.
4844.
4845.
4846.
4847.
4848.
4849.
4850.
4851.
4852.
4853.
4854.
4855.
4856.
4857.
4858.
қазақ мақал-мәтелдері
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ қалтырап жүреді.
Батырды оқ жеңеді,
Ер жігітті жоқ жеңеді.
Батыл болмай, батыр болмайсың.
Батыр аңқау, ер көдек.
Батыр—аңқау,
Балуан—өктем.
Батыр—аңғырт,
Бай—салғырт.
Батыр—елдің сәулеті,
Бал құрақ—көлдің сәулеті.
Батыр жарасыз болмас.
Батыр жігіт, жау жеңер,
Шешен жігіт дау шешер.
Батыр мақтанса, жауға шапқанын айтар,
Қу мақтанса, алдап қаққанын айтар.
Батыр мың қол бастайды,
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Батыр—ортақ,
Бақ—жалқы.
Батыр өлімі маржадан.
Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
4859.
4860.
4861.
4862.
4863.
4864.
4865.
4866.
4867.
4868.
4869.
4870.
4871.
4872.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Батырдан сауға,
Мергеннен сыралғы.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарды.
Батырдың басы екеу емес.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Батырсыған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Шешенсіген жігітті
Дау келгенде көрерміз.
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен, жаның күйер.
Болат қайнауда шыңдалады,
Батыр майданда шынығады.
Борай-борай қар жауса,
Жердің жүзін қар алар.
Ер жігіттің белгісі—
Жүрген жерін тазалар.
Бөрі азығы жолда,
Ер азығы жолда.
4873.
4874.
4875.
4876.
4877.
4878.
4879.
4880.
4881.
4882.
4883.
4884.
қазақ мақал-мәтелдері
Бөріден қорыққан орманға бармайды.
Гүлсіз жапырақ тұл,
Көксіз топырақ тұл.
Дария жанынан құдық қазба.
Дарақ бір жерде көгереді.
Диханшылық түбі—кеңіс,
Саудагершілік түбі—борыш.
Дихан болсаң,
Қос өзегің тең болсын.
Шаруа болсаң,
Қос етегің кең болсын.
Диханшылықтың бірі бес,
Ұқыптылық оған ес.
Дихан жауында тынады,
Балықшы дауылда тынады.
Дихан бір иіннен.
Еділ басынан лайланады,
Сағасынан тұнады.
Еділ—ел болып келгенге су,
Едірейіп келгенге у.
Емен де өскен жеріне жапырақ жаяр.
Егін өнбесе, қайғы бір жылдық,
Балаң оңбаса, қайғы ғұмырлық.
Егін піспей тұрып, қап сайла.
Еккенің піскен болса, орғаның балауса болмас.
4885.
4886.
4887.
4888.
4889.
4890.
4891.
4892.
4893.
4894.
4895.
4896.
4897.
4898.
4899.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ексең, орарсың,
Берсең, аларсың.
Егінің мақта болса, киімің бүтін болғаны.
Киімің бүтін болса, өз басың күтімі болғаны.
Егіннің түбі—ырыс,
Сауданың түбі—борыш.
Егін ексең тыңға ек,
Одан өнер өнім көп.
Егініне қарай қырманы,
Күтіміне қарай түсімі.
Екпей егін бітпес.
Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады.
Егіннің жайын еккен білер,
Арбаның жайын жеккен білер.
Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң, жүз суар.
Еріншек егіншіден
Ерінбеген науқаншы озыпты.
Егін ырыс таңдамайды,
Еңбек таңдайды.
Егінді дөңге сал,
Дөңге салсаң, көңге сал.
Егінші—мәрт, жер—жомарт.
Егістік жеріңді күз айда,
Жазға қалса, жүз айда.
4900.
4901.
4902.
4903.
4904.
4905.
4906.
4907.
4908.
4909.
4910.
4911.
4912.
4913.
қазақ мақал-мәтелдері
Ексең егін,
Ішерсің тегін.
Еңбексіз біткен мал дәулет болмас.
Еріншектің ерні жібімес.
Еріншек бейіштің есігін ашуға да ерінер.
Еңбексізге аспан асты тар келер.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Еңбек асырар, жалқаулық берекені қашырар.
Еріншекке «есік жап» десең,
«Жел жабады» дей салар.
Еңбекке бейім болсаң,
Елден кейін қалмайсың.
Еңбек пен ғылым—егіз.
Ертеңге қаратқан мың істен,
Бүгін бітірген бір ас артық.
Ердің ісі—тәуекел.
Егін күткенді күн сүйер,
Ерік күткенді ел сүйер,
Кері кеткенді кім сүйер.
Еңбексіз үміт жеміссіз ағашпен тең.
Еңбексіз отыру—шалдың ісі,
Еңбексіз жеу—салдың ісі.
Еңбегі қаттының наны тәтті.
4914.
4915.
4916.
4917.
4918.
4919.
4920.
4921.
4922.
4923.
4924.
4925.
4926.
4927.
4928.
4929.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Еңбекшінің беті—жарық,
Жалқаудың беті—көн шарық.
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Еңбек—адамның екінші анасы.
Еңбек етсең, емерсің.
Еңбек—ер азығы.
Жауын—жер азығы.
Еңбек ер атандырады.
Еңбегі ештің күні кеш.
Еңбек еткеннің мұқтажы табылар.
Еріншек барлығынан қағылар.
Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тілейді.
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.
Еңбек патшалықты асырайды.
Еңбек өмірді ажарлайды.
4930.
4931.
4932.
4933.
4934.
4935.
4936.
4937.
4938.
4939.
4940.
4941.
4942.
4943.
4944.
қазақ мақал-мәтелдері
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Еңбегі—еш, тұзы—сор.
Еңбекшінің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбектің көзін тапқан
Байлықтың өзін табады.
Еңбек түбі—береке,
Көптің түбі—мереке.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбектен қашқан
Дөңбекке жолығады.
Еңбексіз елге симас.
Еңбекшінің мұртын балта кеспес.
Еңбексіз өмір—сөнген көмір.
Елгезек екі айтқызбас.
Еңбек—бейнет емес, зейнет.
Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді.
Ерінбеген емер,
Жалықпаған жеңер.
Ерінбеген етікші болар,
Ұялмаған өлеңші болар.
Ерінбеген елге жетеді.
4945.
4946.
4947.
4948.
4949.
4950.
4951.
4952.
4953.
4954.
4955.
4956.
4957.
4958.
4959.
4960.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ерінбей еңбек қыл,
Жалықпай өнер біл.
Ерінген екі істейді.
Ерінбегеннің еңбегі өнімді.
Еріншек адам—еміншек.
Еріншекке бүгіннен ертең оңай.
Еріншекке жоқ сылтау.
Еріншекке шегіншек тап болар.
Еріншектің «ертеңі» таусылмайды.
Ердің атын еңбек шығарар.
Ер дәулеті—еңбек.
Ермек қуған пәлеге жолығады,
Еңбек қуған қазынаға жолығады.
Ерте жат та, ерте тұр,
Бір піспекті артық ұр.
Ерте тұрған өкінбес.
Есектің артын жу да мал тап.
Епті етегін жабады,
Епсіз мүрдем қабады.
Етікшіден құлаш қаш,
Бізі тиер көзіңе,
Сөзі тиер өзіңе.
Ерінбеген етікші болады.
4961.
4962.
4963.
4964.
4965.
4966.
4967.
4968.
4969.
4970.
4971.
4972.
4973.
4974.
4975.
4976.
4977.
қазақ мақал-мәтелдері
Есепсіз жақсылық жасау ер мен кемеңгердің
қолынан келеді.
Ер басы мен нар басы қайда қалмас.
Ер ел үшін құрбан.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Елдің даңқын ер шығарады.
Ерлікке де ептілік керек.
Ерден ердің қаупі бар.
Ер жақсысы қос табар.
Еркек тоқты—құрбандық.
Ез, езден без.
Екі ұштыны бір күшті қосар.
Ер азамат белгісі—түзде мырза, үйде құл.
Ер айтпас,
Айтса қайтпас.
Ер аруағы—қаруы.
Ер басына жау келсе,
Ерлігі кетер басынан.
Би басына дау келсе,
Билігі кетер басынан.
Ер басына іс түссе,
Етігімен су кешер.
4978.
4979.
4980.
4981.
4982.
4983.
4984.
4985.
4986.
4987.
4988.
4989.
4990.
4991.
4992.
4993.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ат басына іс түссе,
Ауыздығымен су ішер.
Ер басына күн туса,
Ереуіл атқа ер салар.
Ер басына кун туса,
Үйінен безеді.
Айғыр басына күн туса,
Үйірінен безеді.
Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар.
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.
Ер бір өледі, қорқақ күнде өледі.
Ер болсаң, бопсаға шыда.
Ер—егіз,
Еңбекте—жалғыз.
Ер—елдің ық жағының қаласы,
Жел жағының панасы.
Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.
Ер еруде бала мінезді,
Ер сайыста шала мінезді.
Ер жаңылып қолға түсер,
Құс жаңылып торға түсер.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
бір күнде мың кісілік.
4994.
4995.
4996.
4997.
4998.
4999.
5000.
5001.
5002.
5003.
5004.
5005.
қазақ мақал-мәтелдері
Ер жігіт өзі үшін туады,
Ел үшін өледі.
Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңіл не бермейді.
Ер жігіт үйде туып, түзде өлер.
Ер жігіт үйінен шықса,
Үйіріне қосылады.
Ер жігіт пен жақсы ат көптікі.
Ер жігітке серуен де—серуен,
Сергелдең де—серуен.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Ер жігіттің жақсысын
Жақыны білмес, жат білер.
Ер жолдасы—тәуекел.
Ер кезегі үшке дейін.
Ер көп сұрап, азға разы болады,
Ез аз сұрап, көпке наразы болады.
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Ер не көрмейді,
Ер көңіл есе бермейді.
Ер қадірін ер біледі,
Зер қадірін зергер біледі,
Сөз қадірін тапқыр біледі.
Ер қартайды, мал тайды,
Екеуледі, ей, ханым!
5006.
5007.
5008.
5009.
5010.
5011.
5012.
5013.
5014.
5015.
5016.
5017.
5018.
5019.
5020.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ер қартайса, қазаншы болар,
Қыран қартайса, тышқаншы болар.
Ер қолында мал тұрмайды,
Елек ішінде су тұрмайды.
Ер қолынан құс тоймас.
Ер қонысынан ерігіп айырылар.
Ердің қосы жүре түзелер.
Ер тарықпай молықпас.
Ер шекіспей, бекіспейді.
Ер сасқанда белгілі,
Ат шапқанда белгілі.
Ер сүрінбей ел танымас,
Ат сүрінбей жер танымас.
Ер өтірік айтпайды,
Ел өтірік айтады.
Ер өнерімен мақтансын.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Ерге лайық ат туар.
Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.
Итке берсең асыңды,
Иттер қорлар басыңды.
Ерді кебенек ішінде таны.
24-299*
5021.
5022.
5023.
5024.
5025.
5026.
5027.
5028.
5029.
5030.
5031.
5032.
5033.
5034.
5035.
қазақ мақал-мәтелдері
Ерді көрсең, қыдыр тұт,
Асты көрсең, қадір тұт.
Ерлер ырғасып сынасады,
Есерлер былғасып сынасады.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Сартты «бап-бап» өлтіреді,
Ерді «қап-қап» өлтіреді.
Ер—намысының құлы.
Ердің атағы туырлықтай.
Ердің асылы ісінен білінеді,
Әйелдің асылы тісінен білінеді.
Ер бақыттың қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.
Ердің ері, егеудің сынығы...
Ердің ерлігін білмеген,
Құдайдың бірлігін білмейді.
Ердің жақсысы елмен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады,
Ең болмаса, жеңімен ойласады.
Ердің ісі—келісу,
Ездің ісі—көрісу.
Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң.
Малдың күйін сұрама,
Қонысынан ауған соң.
5036.
5037.
5038.
5039.
5040.
5041.
5042.
5043.
5044.
5045.
5046.
5047.
5048.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ердің малы елде,
Еріккенде қолда.
Ердің сыншысы—елі.
Ел күйгенде, күйінген батыр,
Ел сүйінгенде, сүйінген батыр,
Ерегісте мыңға татыр.
Ерлігің жауда сыналар,
Ептілігің дауда сыналар.
Ерлік білекте емес, жүректе.
Ерлікте қорлық жоқ.
Есепті болмай бай болмас,
Есер болмай ер болмас.
Ерегісте ер өлер,
Екі батыр егессе,
Екеуінің бірі өлер.
Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.
Етігін шешпей ер тыңаймас,
Ер-тоқымын сыпырмай ат тыңаймас.
Жабықтан күні жарқырап,
Жайықтың суы сарқырап.
Жайық басынан жел тұрса,
Жаз да болса, қыс болар.
Жайды айтса,
Жайықтың суы ауыспас.
5049.
5050.
5051.
5052.
5053.
5054.
5055.
5056.
5057.
5058.
5059.
5060.
5061.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаман көлдің суы ащы,
Жаман әйелдің тілі ащы.
Жаман өзен өткел бермес.
Жаман жерге ащы бұта бітеді,
Жаман көлге бақа айғырлық етеді.
Жаманшылық көрген жеріңнен
Еңбекте де кет.
Жақсылық көрген жеріңе
Еңбекте де жет.
Жар құласа, жайын өледі.
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Жер тоймай, ел тоймайды.
Жер—ырыстың кіндігі,
Еңбек—ырыстың қазығы.
Жер бауыры—жазық.
Жер—ырыстың кіндігі,
Білім—ырыстың тізгіні.
Жер құрсағы қысырамас.
Жер шегесі—тау,
Дау шегесі—ант.
Жер берігінен қосың болсын,
Ер берігінен досың болсын.
Жерден жердің несі кем,
Егін шықса, гүл өссе!
5062.
5063.
5064.
5065.
5066.
5067.
5068.
5069.
5070.
5071.
5072.
5073.
5074.
5075.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ерден ердің несі кем,
Уәдесін үде етсе!
Жердің көркі тал болар,
Елдің көркі мал болар.
Жеріне қарай жыланы,
Тауына қарай қыраны.
Жеті тоқсанда жер мұздайды.
Жығылсаң, жер көтереді.
Жас ағашқа сүйеніп,
Қу ағаш күнелтер.
Жұмсақ ағашты құрт басар.
Жақсы болса, жаужұмырды ит жемей ме?
Жастанғаның жапырақ,
Төсенгенің топырақ.
Жаңбыр бір жауса,
Жапырақ екі жауады.
Жемісті ағаштың басы төмен.
Жемес жерде от бар,
Ішпес жерде су бар.
Жердің сәні егін,
Ердің сәні білім.
Жеріне қарай астығы.
Жеріне қарай егін ек,
Жолына қарай жегін жек.
5076.
5077.
5078.
5079.
5080.
5081.
5082.
5083.
5084.
5085.
5086.
5087.
5088.
5089.
қазақ мақал-мәтелдері
Жер көңді сүйеді,
Ат жемді сүйеді.
Жеріңе жақсылық қылғаның—
Тасты дей бер қырманым.
Жабайы шөп егінді аздырар,
Еріншектік ерді аздырар.
Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.
Жалқау қойшының атын әйелі жүгендейді,
Малын қасқыр түгендейді.
Жалқауға дәулет үшін ұйқы берер,
Жаманға дәулет үшін күлкі берер.
Жортқан озар.
Жатқанға жан жуымас.
Жалқау адам жарымайды,
Жат бауыр танымайды.
Жалқау тек жатар,
Жатқанның ырысы қайтар.
Жалқаулық—жаман ауру.
Жалқау—өзіне жау.
Жалқауға күнде мейрам.
Жалқаудың жауы—жұмыс.
Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
5090.
5091.
5092.
5093.
5094.
5095.
5096.
5097.
5098.
5099.
5100.
5101.
5102.
5103.
5104.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Жалғанға жалқау нанады,
Иә болмаса аңқау нанады.
Жақсы жұмыс—жанға тыныш.
Жалықпаған жауды жеңеді.
Жаман жылқы шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер.
Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
Жан аяған жау жеңе алмас,
Еріншек егін еге алмас.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жасасын, Кеңес, жасасын,
Сарысудың сазға айдадық масасын.
Жатқа жалынғанша,
Жат та жаныңды қарман.
Жігіттің ерінгені—құрдымның көрінгені.
Жігіттің күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
Жұмысы жоқ ит ойнатар.
Жұмыс қолға жұқпайды.
Жұмыстың арлығы жоқ.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың тезін тап.
5105.
5106.
5107.
5108.
5109.
5110.
5111.
5112.
5113.
5114.
5115.
5116.
5117.
5118.
5119.
қазақ мақал-мәтелдері
Жүрген аяққа жөргем ілінеді,
Жатқанға жан жуымайды.
Жүрген дайра,
Отырған бойра.
Жаман етікші біз таңдайды.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жібекті ұстай алмаған жүн етер,
Жігітті күте алмаған құл етер.
Жүк ауырын нар көтереді,
Сөз ауырын ер көтереді.
Жақсылыққа жақсылық—әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық—ер кісінің ісі.
Жауға аттанар жігіт төл атын мінеді.
Жау жеңетін жігіт жарағынан танылғы.
Жауды жеңген батырдың
Көтеріңкі көңілі жаз.
Жеңіліп қайтқан батырдың
Бауыры балшық, сырты саз.
Жауды қара қашырады,
Батыр атақ Барақта қалады.
Жауынгерге жара да жарасады.
Жонда жолбарыспен жұлқысқан батыр,
Ауылдағы дүрегейден қорқады.
Жүйрікті шапқанда көр,
Ерді сасқанда көр.
5120.
5121.
5122.
5123.
5124.
5125.
5126.
5127.
5128.
5129.
5130.
5131.
5132.
5133.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Жүк ауырын нар көтереді,
Қаза ауырын ер көтереді.
Жұртсыз ер болмас,
Үйірсіз ат болмас,
Ұясыз құс болмас.
Зердің қадірін зергер біледі,
Зәнталақ қайдан білсін!
Иірімі жоқ судан
Иірілген балық не табады!
Иіліп тұрғаны үшін емес,
Іс тындырғаны үшін бағала.
Иілген басты қылыш кеспейді.
Көктемнің бір күні—жылға азық.
Күтімі жаман ағаштың
Бітімі жаман.
Күріш арқасында
Күрмек су ішеді.
Күріш азса, күрмек болар.
Кәсіпсіз нәсіп жоқ.
Көзін тауып жұмыс қыл,
Ебін тауып тыныс қыл.
Күн көзінде еңбек еткен,
Көлеңкеде көсілер.
Күлше жеймін десең,
От жағуға ерінбе.
5134.
5135.
5136.
5137.
5138.
5139.
5140.
5141.
5142.
5143.
5144.
5145.
5146.
5147.
қазақ мақал-мәтелдері
Кедейге ақысыз сауықтан ақылы жұмыс артық.
Кен тамыры табылмас,
Еңбек етіп қазбаса.
Кәсібі бардың нәсібі бар.
Кісіден тілегеннің
Екі көзі шығады.
Еңбегіне сенгеннің
Екі бүйірі шығады.
Киіз кімдікі болса, білек сонікі.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Көп көрген—нұсқа,
Көп істеген—ұста.
Көк инемен көктеу білмейді.
Күші жеткен алып та, шалып та жығады.
Кішкене тас бас жарар.
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
Күресерге дәрмен жоқ,
Іш қазандай қайнайды.
Күш атасын танымас.
Күштінің көті диірмен тартады.
Күштінің қолы ұзын.
Күшенген жеңбейді,
Күші басым жеңеді.
5148.
5149.
5150.
5151.
5152.
5153.
5154.
5155.
5156.
5157.
5158.
5159.
5160.
5161.
5162.
5163.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Күштіде Тәңір жоқ.
Келісті кеңес ерде бар,
Қымбат қазына жерде бар.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның суын суларсың.
Көл бұрқанса, жар құлайды.
Көл жағалаған аштан өлмес.
Көл көлге құяды,
Сел селге құяды.
Шұқанаққа су жоқ.
Көлдің құты кетсе,
Құтаны үш күн бұрын кетер.
Көлдің көркі—құрақ,
Таудың көркі—бұлақ.
Көліне қарай қазы,
Жеріне қарай сазы.
Қамысты жаққанмен,
Шоғы болмас.
Көк суды ішкенмен,
Тоғы болмас.
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі.
Қарағай да өз жерінде дүрілдеп жанады.
Қастағы сояу көзді аңдиды.
5164.
5165.
5166.
5167.
5168.
5169.
5170.
5171.
5172.
5173.
5174.
5175.
5176.
5177.
5178.
қазақ мақал-мәтелдері
Қарамықтың дәні болғанша,
Бидайдың сабаны бол.
Құс жаманы—қарға.
Қыс азығын жаз жина.
Қырман басы—береке,
Көп жүрген жер—мереке.
Қимылдаған қыр асады.
Қызмет қыл да, міндет қыл.
Қалауын тапса, қар жанар.
Қалауын таппаса, май жанбас.
Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр.
Қызмет ет те, міндет ет,
Қызмет—ердің ақысы.
Еңбек етсең, емерсің.
Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса.
Қолынан келген қонышынан басады.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Қашқан жауға қатын да ер.
Қаһарлы батыр қатынынан қаймығар,
Жалқы жігіт жақынынан қаймығар.
5179.
5180.
5181.
5182.
5183.
5184.
5185.
5186.
5187.
5188.
5189.
5190.
5191.
5192.
5193.
5194.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Қайратты ерде мал тұрар,
Өнерлі ерде бақ тұрар.
Қорқаққа қылыш жұмсаудың керегі жоқ.
Қайратым болса қолымда,
Ханға сәлем бермеймін.
Қайырым болса жолымда,
Жұрт тезегін термеймін.
Қанды соғыс ерге сын,
Қаптаған жау елге сын.
Қас батырдан қорқақ туады,
Қас шеберден шорқақ туады,
Қас жорғадан жортақ туады.
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
Қорқақ көлеңкесінен қорқады.
Қорқақ қол бастай алмайды.
Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.
Қорқақты қуа берсең, батыр болады.
Қорқақтың қолы қысқа.
Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.
Қорқақтың сылтауы қойнында,
Басын сақтау ойында.
Қорыққан мен қуанған бірдей.
5195.
5196.
5197.
5198.
5199.
5200.
5201.
5202.
5203.
5204.
5205.
5206.
5207.
5208.
қазақ мақал-мәтелдері
Қорыққан бұрын жұдырықтайды.
Қорыққанға қос көрінер.
Қорықсаң, құның болмайды,
Жауды жеңбей тыным болмайды.
Қорықпасаң, бұғар ма едің?
Қылышты қорқақты
Сойылды батыр соғыпты.
Құс қарағына,
Ер жарағына.
Мінген атың жер ортақ,
Жанған отың күн ортақ.
Майсыз ағаш та майыспас.
Майысқақ тал құрық болмас,
Құрық болса да, сырық болмас.
Мәуелі ағаш майысқақ.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Молда бар жерде сөзің тый.
Мал өрісін іздейді,
Ер туысын іздейді.
Малы жоқ деп ерден түңілме,
Шөбі жоқ деп жерден түңілме.
Мықты болсаң, қоқан-лоқыға шыда.
Оқ мықты емес, доқ мықты.
5209.
5210.
5211.
5212.
5213.
5214.
5215.
5216.
5217.
5218.
5219.
5220.
5221.
5222.
5223.
5224.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Не ексең, соны орарсың.
Нас басқанды ұйқы басады.
Нартәуекел ел сақтар.
Назыңды ер көтерер,
Ер көтермесе, ел көтерер.
От пен су ерлігіңе қарамас.
От орнына шөп шықпас.
Орақшы орақ таңдамайды,
Батыр жарақ таңдамайды.
Орақшының жаманы орақ таңдайды.
Оқпанды жерге егін салма,
Жанжалды елге жақын қонба.
Отырған жерден отын кескен.
Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
Отырған омалар,
Жүрген озар.
Оймақ пішсең де, ойлап піш.
Олақ әйелдің де арманы бар.
Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.
Олақ қатын ұл туса,
Иә шүмегі жоқ,
Иә түбегі жоқ.
5225.
5226.
5227.
5228.
5229.
5230.
5231.
5232.
5233.
5234.
5235.
5236.
5237.
5238.
5239.
5240.
қазақ мақал-мәтелдері
Олақ қатынның тіршілігі бітік.
Олақтан салақ жаман.
Орашолақтың қолы шолақ.
Олақтың сөзі орынсыз жамау тәрізді.
Он екі жылда ердің құны салауат.
Отызында орда бұзбаған,
қырқында қамал алмайды.
Ожар өлерін білмейді,
Өжет қорлауға көнбейді.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Өрт пен су—тілсіз жау.
Өмірдің сәні—еңбек.
Өскеннің талабы да өсер.
Өкінгенмен іс бітпес.
Өсер елдің баласы бірін-бірі «батыр» дер,
Өспес елдің баласы бірін-бір «қатын» дер.
Өзі зордың иығы да зор.
Панасы жоқ таудан без,
Пайдасы жоқ байдан без.
Палуанға оң-терісі бірдей.
Пейіліңді кеңге сал,
Қырманыңды дөңге сал.
5241.
5242.
5243.
5244.
5245.
5246.
5247.
5248.
5249.
5250.
5251.
5252.
5253.
5254.
5255.
5256.
5257.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Сабағы жаман жемістің дәні де жаман.
Сағадағы су ішеді, аяқтағы у ішеді.
Су да басынан тұнады.
Суын ішкен құдыққа түкірме.
Жер—семіз, от—арық.
Су тасыса, кемеріне,
Ер тасыса, еліне.
Су басса, жер азады,
Қайғы басса, ер азады.
Су жүрген жер шүлен.
Балық басынан шіриді.
Судың да сұрауы бар.
Судың басы—бұлақ.
Сөздің басы—құлақ.
Сулы жер—нулы жер,
Бұлақты жер—тұрақты жер.
Суатсыз жерден суға түспе,
Буынсыз жерден пышақ ұрма.
Суымен Жайық әдемі.
Ескегімен қайық әдемі.
Сусыз жерде қамыс жоқ,
Азған елде намыс жоқ.
25-299*
5258.
5259.
5260.
5261.
5262.
5263.
5264.
5265.
5266.
5267.
5268.
5269.
5270.
5271.
5272.
қазақ мақал-мәтелдері
Соры бар жігітке,
Сортаң жер жолығар,
Айналасы ойпаң жер жолығар.
Салақ қатын тұтқышқа жарымас.
Соғыста ерлік керек,
Еңбекте бірлік керек.
Сиынғаннан сүйенгенің күшті болсын.
Су тасыса, жиегіне,
Ер тасыса, еліне.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді.
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Сусыз жерде қамыс жоқ,
Ез кісіде намыс жоқ.
Тамшы тама берсе, дария болар.
Тамшы тас тесер,
Қамшы бас тесер.
Тасты бассаң, кетілер,
Сазды бассаң, жетілер.
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Тау бұлағымен сәнді,
Көл құрағымен сәнді.
Таулы жер бөрісіз болмас,
Елді жер ұрысыз болмас.
Тізеден суға—белден тоба.
5273.
5274.
5275.
5276.
5277.
5278.
5279.
5280.
5281.
5282.
5283.
5284.
5285.
5286.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Толықсып аққан дария,
Мейірбанды кәрия.
Тисе терекке, тимесе бұтаққа.
Төгілген топырағымен толады.
Тікен гүлін қорғайды,
Ара балын қорғайды.
Жаман малын қорғайды,
Жақсы арын қорғайды.
Терлей-терлей тоған байласаң,
Қызара бөртіп су ішерсің.
Тозған елді тоған жияды.
Талабыңа еңбегің сай болсын.
Тоқсан тоғыз сұлулықтың бірі—еңбек.
Тірліктің екі тірегі бар:
Бірі—жан, бірі—еңбек.
Тек жүргенше, тегін істе.
Темірді қызған кезде соқ.
Тынымсызды жіберсең, бүлдіріп келер,
Тынымдыны жіберсең, тындырып келер.
Тоғышарға от басы айшылық жер.
Теміршінің қолында темір еріп су болар.
Темірші көміршіге үйір.
Табанды тауды жығады,
Тайсалмаған жауды жығады.
5287.
5288.
5289.
5290.
5291.
5292.
5293.
5294.
5295.
5296.
5297.
5298.
5299.
5300.
5301.
5302.
қазақ мақал-мәтелдері
Тарықпай ер тілеуін бермейді.
Тауға сүйенген ер, таудай жауды жығады.
«Тәуекел» ет те, тас жұт.
Тәуекел тас жарады.
Тәуекел тау жығады.
Тәуекел—ердің қанаты.
«Тәуекел» деп тас жұт,
Ажал жетпей өлмек жоқ.
Тәуекелсіз дария кешпек жоқ.
Тәуекелшіл судан тайынбайды.
Тәуекелдің нары күшті.
Тәуекелдің кемесі
Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
Тәуекелдің ісі—игі.
Тіреу болмай, тілеу болмайды.
Түзде жүріп жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп құрт қайнатып жатырмын.
Түсіңе сенбе, күшіңе сен.
Уайым түбі—тұңғиық, батасың да кетесің.
Тәуекел түбі—жел қайық, мінесің де өтесің.
Ұстазы жақсының ұсталығы жақсы.
5303.
5304.
5305.
5306.
5307.
5308.
5309.
5310.
5311.
5312.
5313.
5314.
5315.
5316.
5317.
5318.
еңбек. егіншілік. ерлік. шеберлік
Ұстамен дос болсаң, ісің бітер,
Молдамен дос болсаң, басың кетер.
Ұйқы тынықтырады,
Еңбек шынықтырады.
Ұста бар жерде қолың тый.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Ұста,
Ұстадан нұсқа.
Үйде шешен, дауда жоқ,
Үйде батыр, жауда жоқ.
Үргедек бұрын өледі.
Үргедек көзіне сенбейді,
Көзіне сенсе, өзіне сенбейді.
Үргедек жайшылықта тыным таппайды,
Таршылыққа орын таппайды.
Хайуанды тырнағы мен тісі танытар,
Адамды ісі танытар.
Шошынбас жүрек болмайды.
Шолақ сай тез тасиды.
Шөбі жоқ деп жерден түңілме,
Малы жоқ деп ерден түңілме.
Шөлдегі шұқанақ суға тоймас.
Шөп те басынан қурайды.
5319.
5320.
5321.
5322.
5323.
5324.
5325.
5326.
5327.
5328.
5329.
5330.
5331.
5332.
5333.
қазақ мақал-мәтелдері
Шөп жаманы—қоға.
Шегірткеден қорыққан егін екпес,
Бөріден қорыққан мал жимас.
Шөлге құдық қазған сауап,
Өзенге көпір салған сауап,
Жолға ағаш еккен сауап.
Шеберден іс қалмайды.
Шешінген судан тайынбас.
Шын батыр құйысқансыз ат мінер.
Шын батыр сын үстінде танылар.
Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Ылдисыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.
Ісі жоқтың асы жоқ.
Ісің ақ болса, Құдайың жақ болар.
Істеу қиын, сынау оңай.
Істемеген тістемес.
Істің ақыры жігіттің пақырына қалар.
Ісмердің байлығы қолында,
Ердің байлығы жолында.
5334.
5335.
5336.
5337.
5338.
5339.
5340.
5341.
5342.
5343.
5344.
5345.
5346.
5347.
5348.
Арық малды асырасаң,
Аузы-мұрныңды май етер.
Жаман кісіні асырасаң,
Аузы-мұрныңды қан етер.
Ата-анадан мал тәтті,
Алтын үйден жан тәтті.
Ағайын ащы, мал тұщы.
Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.
Алты ай баққан арықты
Бір түн ұрындырған өлтіреді.
«Айдап салдан» аз өлді,
«Көріп келден» көп өлді.
Арықты күтсең, тойынар,
Кәріні күтсең, сойылар.
Ақсақ малдың ақырына бақ.
Ажарлы мал базарлы.
Аузын аш, тісі жоқ болса қаш.
Төрт түлік.
Үй жануарлары
5349.
5350.
5351.
5352.
5353.
5354.
5355.
5356.
5357.
5358.
қазақ мақал-мәтелдері
«Ау-қу» мен жиған мал
«У-қу» мен кетеді.
Ақтылы қой баққаның—абырой-атақ тапқаның.
Анық малсақ қуанар
Қойдан туған егізге.
Анық шаруа арығын
Айландырар семізге.
Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас.
Арық қой тырысқақ,
Аш кісі ұрысқақ.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Ақсақ қой ауыл қасында,
Иә, құдық басында.
Ақсақ қой жатып семіреді.
Арық қойда төстік жоқ.
Аз қойда айран бар да, өре жоқ.
Аузы кіші, қарны әйдік,
Қой семірсе, көтерер.
Қарны кіші, аузы әйдік,
Ит семірсе, құтырар.
Арық болатын тоқтыны
Шыбын қуып оттатпайды.
Ауылда лақ туса,
Адырдың шөбі көгереді.
Айдағаның бес ешкі,
Ысқырығың жер жарады.
5359.
5360.
5361.
5362.
5363.
5364.
5365.
5366.
5367.
5368.
5369.
5370.
5371.
5372.
төрт түлік. үй жануарлары
Алты күн атан болғанша,
Бір күн бура бол.
Алыстан шабынған бураның күші қайтады.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Ажалды түйе жарды аттайды.
Ақсақ түйенің аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Атан өлсе, сойылар,
Атам өлсе, қойылар.
Күнде мұндай қансонар
Қайдан маған табылар.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі артық.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Ауырды нар көтереді,
Әзілді жар көтереді.
Асу-асу құм келсе,
Атан тартар бүгіліп.
Айыр інген кез келсе,
Мұрындығы қалар жырылып.
Атан түйеге боздаған жараспайды.
Ac—аттыныкі, той—тондыныкі.
Азамат ердің белгісі—аз сөйлер де, көп тыңдар,
Арғымақ аттың белгісі—аз оттар да, көп жусар.
Арық аттың бабын тапсаң, тұлпар,
Күйкентайдың күйін тапсаң, сұңқар.
5373.
5374.
5375.
5376.
5377.
5378.
5379.
5380.
5381.
5382.
5383.
5384.
5385.
5386.
қазақ мақал-мәтелдері
Жараған ат көзіңе қарайды.
Айғыры қандай болса, құлыны сондай.
Ала жылқы жоғалмайды.
Ат сауырға шыдамас,
Ер бауырға шыдамас.
Атың барда жер таны, желіп жүріп,
Асың барда ел таны, беріп жүріп.
Ат сатсаң, ұлыңмен ақылдас.
Ат иесі алдына мінер.
Ат—ердің қанаты.
Ат шаппайды, бап шабады,
Бап шаппайды, бақ шабады.
Аттың сыры иесіне мәлім.
Атына сенген мұрттай ұшады,
Құдайына сенген құстай ұшады.
Ат қадірін білмесең, жаяулық берер сазаңды.
Аты жоқтың ауылдасқа ақысы кетпейді.
Ат айналып қазығын табады,
Су айналып жазығын табады.
Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай жүгіреді.
Атқа бермес құнан бар,
Қызға бермес жуан бар.
5387.
5388.
5389.
5390.
5391.
5392.
5393.
5394.
5395.
5396.
5397.
5398.
5399.
5400.
5401.
5402.
төрт түлік. үй жануарлары
Ат семірсе, иесін тебер.
Ат баспан деген жерін үш басар,
Ер көрмен деген жерін үш көрер.
Атпен ойнаған тайдың арқасы шилі болар.
Атың арық болса, бір шап,
Отының аз болса, бір жақ.
Азулы ат арымас.
Ат арыса, тулақ.
Ер арыса, әруақ.
Атты қамшыменен айдама, жемменен айда.
Ат аунаған жерде түк қалар.
Ат тұяғын тай басар.
Атты кісі жаяудың ақын жемейді,
Ақын жесе, оны жұрт мақұл демейді.
Ат жүрісімен пұл болады,
Жаман жүрісімен құл болады.
Атың жақсы болса, жолдың пырағы,
Қатының жақсы болса, жанның шырағы.
Ат қосақсыз жүгірмейді.
Ат айында құлындайды,
Бие жылында құлындайды.
Атты ақысын жаяуға жібермейді.
Атты—батыр,
Атсыз—жатыр.
5403.
5404.
5405.
5406.
5407.
5408.
5409.
5410.
5411.
5412.
5413.
5414.
5415.
5416.
5417.
5418.
қазақ мақал-мәтелдері
Ат өледі,
Құс қашады.
Ат аяған жерге қарайды,
Құс аяған көкке қарайды.
Атың жемқор болса, берді Құдай,
Қатының жемқор болса, ұрды Құдай.
Ат қадірін жоқ білмес,
Ac қадірін тоқ білмес.
Ат иесіз болмас,
Қазан күйесіз болмас.
Ат жақсысы бозы болар.
Ит жақсысы тазы болар.
Ат орнына тай төлеу.
Ат үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Ер үйірін сағынса,
Айыл-тұрман тағынар.
Аттың жалында
Атанның қомында.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Ат айлығын ойлайды,
Түйе жылдығын ойлайды,
Есек екі аяғының астын ойлайды.
Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.
Аттың аты үлкен,
Түйенің табаны үлкен.
5419.
5420.
5421.
5422.
5423.
5424.
5425.
5426.
5427.
5428.
5429.
5430.
5431.
төрт түлік. үй жануарлары
Аты барға тай мінсе де, жарасады,
Асы барға сұрап ішсе де, жарасады.
Ат биеден,
Аруана түйеден.
Алып анадан.
Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.
Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл болады.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл болады.
Ат жаманы таймен ойнар.
Аттан айырылсаң да,
Ер-тоқымнан айырылма.
Ат күйгелек болса, арық болар,
Ер күйгелек болса, кәріп болар.
Ат жақсысы қартаяды,
Негізіне тартады.
Аттыға ілесемін деп,
Жаяудың таңы жыртылыпты.
Ат—адамның қанаты,
Ac—адамның қуаты.
Атдорбасын иіскемей, ат тоймайды.
Ат алсаң, ауылыңмен ал.
Аттының несібесі—алтау,
Жаяудың несібесі—жалқы.
5432.
5433.
5434.
5435.
5436.
5437.
5438.
5439.
5440.
5441.
5442.
5443.
5444.
қазақ мақал-мәтелдері
Атты жолдас болмайды арбалымен,
Жортақ жолдас болмайды жорғалымен.
Атына қарай тұрманы,
Еңбегіне қарай қырманы.
Ат пысқырса, жолға,
Байтал пысқырса, сорға.
Атқа аз арт та, қатты жүр,
Түйеге көп арт та, жай жүр.
Атың тайғақ болса,
Ақ текенің мүйізімен тағала.
Заманың тайғақ болса,
Бір жақсыны сағала.
Ат баққан аш болады,
Аттанған күні тоқ болады.
Атты күнде мінсең—тулақ,
Аптада мінсең—қунақ.
Айында мінсең—ат,
Жылында мінсең—тұлпар.
Атсыздың атасы құнсыз кетеді.
Ат қызығы арығанша,
Адам қызығы қарығанша.
Ат пен ат ақырлас болса, меңі жұғады,
Ат пен есек ақырлас болса, зеңі жұғады.
Ат—құлыннан,
Батыр—баладан.
Ат жақсысы енеден,
Зат жақсысы шеберден.
5445.
5446.
5447.
5448.
5449.
5450.
5451.
5452.
5453.
5454.
5455.
5456.
төрт түлік. үй жануарлары
Ат барда, есекке жол болсын,
Дос барда, есепке жол болсын.
Атын сабаған досынан айырылады.
Ат арбадан қашып құтылмас,
Түйе жүктен қашып құтылмас.
Аты бардың тынысы бар,
Асы бардың ырысы бар.
Атына әлі келмеген
Арысын төбелейді.
Атқа міндің—ажалға міндің.
Ат жақсысы кермеде,
Ер жақсысы түрмеде.
Ат жаманы—сүріншек,
Ет жаманы—шеміршек.
Ат айналып қазығын табар,
Су айналып жазығын табар.
Арғымақ аттың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Арқыраған айғырды үйірінде көр,
Адамсыған жігітті өз үйінде көр.
Ат үсті желді болады.
Аттылы қойшы—
Ашуы қатты қойшы.
Арғымақты байтал бастайды,
Аруақты шайтан бастайды.
5457.
5458.
5459.
5460.
5461.
5462.
5463.
5464.
5465.
5466.
5467.
5468.
5469.
5470.
қазақ мақал-мәтелдері
Арғымақ ат жабы болмайды,
Жалы кетіп арыса да.
Назары аштың көзі тоймайды,
Бақ пен қыдыр дарыса да.
Арғымақ жүйрікпін деп мақтанба,
Алдыңда талай өр бар.
Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінерсің.
Арық атқа қамшы жау,
Жыртық үйге тамшы жау.
Арық атты түс те бақ,
Қарғып тұрса қанатың.
Арық атқа қамшы ауыр,
Жыртық үйге тамшы ауыр.
Арықты мінгенше, аяғыңа мін.
Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығы сезілсе,
Жақын кісің жат болар.
Алуан-алуан жүйрік бар,
Шамасынша шабады.
Ант ұрмай ат жығылмас.
Алысты жақындататын ат,
Жақынды алыстататын жат.
Аңызды жерде ат өлмейді,
Үйірлі жерде ер өлмейді.
Ақырлас аттың мінезі жұғады.
5471.
5472.
5473.
5474.
5475.
5476.
5477.
5478.
5479.
5480.
5481.
5482.
5483.
төрт түлік. үй жануарлары
Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.
Арқанды ат қазығына оралар.
Ай мінбей атыңды мақтама,
Жыл тұрмай қатыныңды мақтама.
Асауға—тұсау.
Ауыл итінің құйрығы қайқы.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі көргенде бірігіп кетеді.
Асқа талау түссе,
Ит мұратына жетеді.
Ақсақ ит cay иттен сауға тілейді.
Аш иттің артын сұқ ит жалайды.
Ауылға жақындағанда ит озады.
Ақ ит, қара ит—бәрі ит.
Аулы жақын ит қасқырдан қорықпас.
Асы жоқ үйді ит те сүймейді.
Әркім өз қозысын қошқар қояды.
Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
Әжеме де барайын,
Бұзауымды қарайын.
26-299*
5484.
5485.
5486.
5487.
5488.
5489.
5490.
5491.
5492.
5493.
5494.
5495.
5496.
5497.
5498.
5499.
қазақ мақал-мәтелдері
«Әйт шүу» деген атанға демеу,
«Әупірім» деген ерге демеу.
Басбілгі өгізге «өк» дегізген өлім.
Бәлені қара тана бастайды.
Біреудің бұзауына дегенің
Өзіңнің өгізіңе келеді.
Болдырған сиыр молаға сүйкенеді.
Бұқа буға семіреді,
Азбан дуға семіреді.
Бұқаның өзі қартайса да,
Мұрны қартаймайды.
Бұқаның арамзасы
бұзау арасында жүреді.
Бұзауы өлген сиыр
Тұлыпқа мөңірейді.
Бойына сеніп түйе жылдан құр қалыпты.
Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.
Бесті бураның күні күркірейді.
Балаң жаман болса, дәрменің кетеді,
Қатының жаман болса, үйіңнен мейманың кетеді,
Үйге мейман келгенде бұға-бұға күнің өтеді.
Байтал түгіл, бас қайғы.
Байтал мінсең, құлын жоқ,
Саумал ішсең, қымыз жоқ.
5500.
5501.
5502.
5503.
5504.
5505.
5506.
5507.
5508.
5509.
5510.
5511.
5512.
5513.
5514.
төрт түлік. үй жануарлары
Бар қашаған құтылмас,
Жоқ қашаған жеткізбес.
Бие кәрі, құлын жас,
Келер жолы қолың бос.
Бие қоста жүріп терлесе,
Құлын босқа жүріп терлейді.
Бір биенің екі емшегі
Бірі кетсе сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші
Бірі кетсе күші жоқ.
Бір атым бар аралда,
Не қамым бар боранда.
Бір қу байтал
Екі айғырды аш қалдырады.
Бірде бие, бірде түйе.
Бір биеден ала да туады,
Құла да туады.
Бір теңге бие болмас,
Екі теңге түйе болмас.
Біреудің малын қызғанған
Өз малына ие болмас.
Бір атқа екі жүген керек емес.
Бедеу мінсең, бел аласың,
Алғыс алсаң, көп жасайсың.
Бесті айғырдың бетінен сақтан.
5515.
5516.
5517.
5518.
5519.
5520.
5521.
5522.
5523.
5524.
5525.
5526.
5527.
қазақ мақал-мәтелдері
Бие көп болса, құлын көп,
Қатын көп болса, бала көп.
Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
Бұралқы мал мінуге жақсы,
Бұралқы сөз күлуге жақсы.
Бақпасаң, мал кетеді,
Қарамасаң, қатын кетеді.
Бір ердің дәулетіне
Қырық адам мас болады.
Бассыз берген мал мазақ,
Бақсыз берген тіл мазақ.
Бұйырмаған ауыздан кетер.
Биыл ізі болса,
Келер жылы өзі болар.
Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.
Бір ауылдың малын бақпасаң,
Мың ауылдың малын бағарсың.
Белгілі малшың жоқ болса,
Беліңді бу да малға бар.
Бір мал иесіне пайда келтіреді,
Бір мал иесін өлтіреді.
Бұта түбі үй болар,
Малы көп кісі би болар.
Бұйырған малға тіс тиер.
5528.
5529.
5530.
5531.
5532.
5533.
5534.
5535.
5536.
5537.
5538.
5539.
5540.
5541.
төрт түлік. үй жануарлары
Бота қотыр болса, енесін былғайды,
Енесі келесін былғайды.
Бір бие үйдікі, екі бие—елдікі.
Байлаулы ит үреген,
Байлаулы өгіз сүзеген.
Байлаулы ит қабаған.
Бір ит көріп үреді.
Есің барда етек жап,
Қайратың барда мал тап.
Ердің малы—елдің малы.
Ешкілі қой өреген.
Есі кеткен ешкі жияр,
Ешкіні жиып есін жинайды.
Ешкі егіз туып қойдан аспас,
Ит сегіз туып елден аспас.
Ешкі егіз табады,
Шошқа сегіз табады.
Ешкіні түлен түртерінде,
Шопанның таяғына сүйкенер.
Ешкі бақтым,
Еңіреп бақтым.
Ешкі жейді ебелек,
Ешкіні жейді кебенек.
5542.
5543.
5544.
5545.
5546.
5547.
5548.
5549.
5550.
5551.
5552.
5553.
5554.
5555.
қазақ мақал-мәтелдері
Ешкі сойғанның екі малы бар:
Мүйізі пышағына сап,
Терісі бұтына қап.
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
Еркек қой бұралқы болмас.
Екі нар сүйкенсе,
Ортасында шыбын өледі.
Елсізде екі түйе айда.
Екі бие ел асы,
Үш бие бұлақ басы,
Бір бие жоқтың қасы.
Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.
Ер қанаты—ат.
Екі торының бөгделігі жоқ,
Игі жақсының бөтендігі жоқ.
Есекті отқа айдаса, боққа қашар.
Есек басыммен түйені жетектедім.
Есектің еті арам, күші адал.
Есектің күші адал, сүті арам.
Есек семірсе, иесін тебер.
Есек мінген еңбегін мінеді,
Екі жақтап тебіне.
Есек мінгеннің екі аяғына дамыл жоқ.
5556.
5557.
5558.
5559.
5560.
5561.
5562.
5563.
5564.
5565.
5566.
5567.
5568.
5569.
5570.
5571.
төрт түлік. үй жануарлары
Есегіне қарай тұсауы.
Есекке күміс ер жараспас.
Есек қодығымен,
Шеңгел собығымен.
Есек барға саналса да,
Малға саналмайды.
Есекке шалшық,
Сұңқарға талшық.
Есек жүрдек қатқақта,
Сыры мәлім батпақта.
Есектің жүгі жеңіл болса, жатаған болады.
Ел жатпай, ит жатпас.
Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
Еттің бәрі қазы болмас,
Иттің бәрі тазы болмас.
Жақсы ат—жуас,
Жаман ат—асау.
Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
Жақсы ат малдан артық.
Жақсы ат жанға серік.
Жақсы ат ажалға ара тұрмаса да,
жаудан құтқарады.
5572.
5573.
5574.
5575.
5576.
5577.
5578.
5579.
5580.
5581.
5582.
5583.
5584.
5585.
5586.
қазақ мақал-мәтелдері
Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды.
Жаман биені жабула да, кұлынын ал.
Жаман айғыр үйірін жауға алғызар,
Жаман жігіт жолдасын дауға алғызар.
Жаман айғыр енесіне тап берер.
Жаман айғыр жатырына шабады.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Жаман айғыр үйірсек,
Жаман күйеу қайынсақ.
Жаман ат өршіл,
Жаман адам төршіл.
Жауырдан жаба тоқып.
Жауыр атқа жіп құйысқан.
Жақындықты ат айырады,
Оқымағанды хат айырады.
Жалаң аттың жалымен,
Жалаң қылыш жүзімен.
Жабыны жалды екен деп сатып алма,
Жаманды малды екен деп жақын қылма.
Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас.
Жалғыз шапқан ат жүйрік,
Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
5587.
5588.
5589.
5590.
5591.
5592.
5593.
5594.
5595.
5596.
5597.
5598.
5599.
5600.
5601.
төрт түлік. үй жануарлары
Жаяушылық тартқанда, жүрмес есек ат болар,
Қарның қатты ашқанда, қара талқан
қант болар.
Жарамсыз ат жан қинар.
Жауынды күні ат көрме,
Айтты күні қыз көрме.
Жабағы, тай деп жорылар,
Жазға шықса, ат болар.
Жалғыз атың болса айғыр, жат та қайғыр.
Жайшылықта анау да ат, мынау да ат,
Ұлы дүбірде келеді шын жүйрік ат.
Желеген атқа жел жаңғырық,
Тентек жігітке тіл жаңғырық.
Жігіттің сорлысын—
Аттың жолдысы жеңеді.
Жігіттің шерулі аты қаралас.
Жорға жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Жорға жолына тоқтар,
Жақсы жөніне тоқтар.
Жорға жылқы жолмен жүрсе, жорғалайды.
Жолсызда кібіртіктеп қорғалайды.
Жорғадан туған жортақ бар,
Батырдан туған қорқақ бар.
Жорғаның қадірі желгенде білінер,
Жақсының қадірі өлгенде білінер.
5602.
5603.
5604.
5605.
5606.
5607.
5608.
5609.
5610.
5611.
5612.
5613.
5614.
5615.
қазақ мақал-мәтелдері
Жонға салсаң, жүйрік,
Жолға салсаң, жорға.
Жортар аттың тоғы игі.
Жорғаңнан да жортағым жақсы,
Межелі жерге жеткізсе.
Дарияңнан да арығым жақсы,
Оңғай ғана өткізсе.
Жылқы—малдың патшасы,
Түйе—малдың қасқасы.
Жылқы құлыннан өнеді,
Ақша тиыннан өнеді.
Жылқыда өт жоқ,
Аққуда сүт жоқ.
Жылқыны бөгелек аздырар.
Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп.
Жылқының басы мың қаладан қайтады.
Жылқы кісінеп табысады,
Адам сөйлесіп табысады.
Жылқының етін жесең, тісіңе кіреді,
Жемесең, түсіңе кіреді.
Жылқың мәстек болсын, мың болсын,
Түйең қоспақ болсын, жүз болсын.
Жылқы, айдаса, жаудікі,
Ысқырса, желдікі.
5616.
5617.
5618.
5619.
5620.
5621.
5622.
5623.
5624.
5625.
5626.
5627.
5628.
төрт түлік. үй жануарлары
Жылқы жайдым,
Жылап жайдым.
Жүзден жорға,
Мыңнан тұлпар.
Жүйрік атқа мінген Құдайды ұмытады.
Жүйрікке—тұмар.
Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.
Жүйрік аттың сауырын берік алар.
Жүйріктен жүйрік шықса,
Аяғы тыпыр-тыпыр етер.
Жүйрік бестіден шығар,
Кеңес келбеттіден шығар.
Жүйрікті кекіл қағысынан байқайды.
Жүйрік ат аяғынан ақсайды,
Жақсы жігіт ағайыннан ақсайды.
Жүйрік ат шашасына сиеді.
Жүзден—жүйрік,
Мыңнан—тұлпар.
Жүйрік шабан болады,
Мойнынан жал кетсе.
Жақсы жаман болады,
Қолынан мал кетсе.
Жақсы қойшының қозысы түлеп тұрғанда,
Жаман қойшының құнан қойы жүдеп тұрады.
5629.
5630.
5631.
5632.
5633.
5634.
5635.
5636.
5637.
5638.
5639.
5640.
5641.
қазақ мақал-мәтелдері
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.
Жаман қой ісегінде қартаяды.
Жалғыз қойдың терісі тон болмайды,
Өңшең жаман жиылса, той болмайды.
Жетім қозы тасбауыр,
Түңілер де отығар.
Жетім қозы сүтке тоймас.
Жаманның малы үйінде күйеді,
Жақсының малы жиында күйеді.
Жайылымы болмаса, мал азады,
Қайырымы болмаса, жан азады.
Жайлау жайлай білмеген
Малды айдай білмейді.
Жарлы болар жігітке
Қазалы мал тап болар.
Жалғыз болар жігітке
Бедеу қатын тап болар.
Жақсы мал—жан садағасы.
Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.
Жоқтамағанның малы түгел.
Жатар орын—жарым құрсақ.
Жаман сиыр жазда бұзаулар.
Жуас тананы падашы мінеді,
Жуас адамды әркім іледі.
5642.
5643.
5644.
5645.
5646.
5647.
5648.
5649.
5650.
5651.
5652.
5653.
5654.
5655.
5656.
төрт түлік. үй жануарлары
Жуас түйе жүндеуге жақсы.
Жығылсаң нардан жығыл,
Бұйдасын қайырмай жығыл.
Жүк ауырын нар көтереді,
Жұмыс ауырын ер көтереді.
Жаман түйе жабуын жер,
Жаман жігіт ауылын жер.
Жалғыз түйе бақырауық, жалғыз бала жылауық.
Жуас түйеге әркім ие.
Жарға біткен жантақты,
Жаннан көшкен нар жейді.
Жалғыз ұлы өлген жұртта қалмайды,
Жалғыз түйесі өлген жұртта қалады.
Жақсы ат аяғынан қалар,
Жақсы жігіт тамағынан қалар.
Жабыдан жүйрік шыққанмен,
Тұлпарменен тең болмайды.
Жарауы жаман жүйріктен,
Жарауы жақсы жабы озар.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығар.
Жақсы атты тай жағалайды.
Жігіттің сорлысын аттың жалдысы жеңеді.
Жүйріктің жауы—томар,
Түлкінің жауы—сонар.
5657.
5658.
5659.
5660.
5661.
5662.
5663.
5664.
5665.
5666.
5667.
5668.
5669.
5670.
5671.
қазақ мақал-мәтелдері
Жүйрік ажалдан құтқармаса да,
бейнеттен құтқарады.
Жақсы ит малдан артық.
Жақсы ит—ырыс, жақсы ат—тыныс.
Жетелеген төбет қораға үрмес.
Жаман ит жетелегенмен сақ болмайды.
Жетектеген ит аңға жарамас.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.
Жас қаншықтың көзі сұлу.
Жалғыз иттің үргені білінбес,
Жалғыз кісінің жүргені білінбес.
Жаман иттің атын бөрібасар қояр.
Жеңген иттің желкесінен.
Жарамсақтанған ит
Жатқанша таяқ жейді.
Жауда қалған бұлбұлдан,
Елге қайтқан ит озады.
Жолы қырсыққан итке боқ кездеспес.
Жаңғырық жалап ит тоймас.
Иесіне қарай биесі,
Сабасына қарай піскегі.
Иесіз есекті бөрі жейді.
5672.
5673.
5674.
5675.
5676.
5677.
5678.
5679.
5680.
5681.
5682.
5683.
5684.
5685.
5686.
5687.
5688.
төрт түлік. үй жануарлары
Ит айдауға көнбейді,
Жын байлауға көнбейді.
Ит—опа, қатын—қапа.
Иттің аузынан сүйек алып болмас.
Ит қой санатпайды.
Иттің басын табаққа салсаң, ыршып түсер.
Иттің жаманы ұры кеткен соң үреді.
Ит жүйрігін түлкі сүймес,
Ауру кісі күлкі сүймес.
Ит құтырса, иесін қабар,
Торғай құтырса, бүркітке шабар.
Иттің боғы дәрі болса, дарияға тышады.
Ит асы—қара быламық.
Иттің ұлығанын бөрі естімес,
Бөрінің ұлығанын Тәңірі естімес.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Иттің иесі болса,
Бөрінің Тәңірісі бар.
Иттің ырылдасқаны—амандасқаны.
Иттің атасы жоқ.
Иттің боқ жемесе, басы ауырады.
Иттің мойнына алтын қарғы тақса да,
Боқ жеуін қоймайды.
5689.
5690.
5691.
5692.
5693.
5694.
5695.
5696.
5697.
5698.
5699.
5700.
5701.
5702.
5703.
5704.
5705.
қазақ мақал-мәтелдері
Иттің ішіне сары май жақпас.
Иттің аузына түскен қан соқта,
Жаншылмай шықпайды.
Иттің жауы—дуана,
Келіннің жауы—кейуана.
Итке ит жерошақта жолығады,
Қуға қу намазшамда жолығады.
Итті «күшім-күшім» десең,
аузыңды жалайды.
Итке артқан қос жолда қалар,
Нарға артқан қос елге барар.
Итке тұмар жараспас.
Итке темір не керек.
Итті күшігінде үйрет.
Итті иесімен қинасын.
Итті қонақ жараспас.
Итаяғын ит те қориды.
Итаяғын жаламай ит тоймайды.
Иттен сауын болмас,
Иттүйнектен қауын болмас.
Ит те бойдағында керіледі.
Итпен құда болсаң,
Боқпен той жасарсың.
5706.
5707.
5708.
5709.
5710.
5711.
5712.
5713.
5714.
5715.
5716.
5717.
5718.
5719.
5720.
5721.
төрт түлік. үй жануарлары
Ит төлеуі—бір күшік.
Ит ашуын тырнадан алады,
Бит ашуын бүргеден алады.
Ит атасын танымас.
Ит аулақта доңыз төбеге шығады.
Ит—адамның құлағы.
Ит ашуын мысықтан алады.
Ит арбаның астында жүріп,
«Мен арқалап жүрмін» дейді.
Ит баласы сүйгінші,
Тұра бара құсқыншы.
Ит баласы жырымға қарайды,
Нар баласы Қырымға қарайды.
Ит балалап сауын болмас,
Бұлт болмай жауын болмас.
Ит баласын ырылдап сүйеді.
Ит баласы жүре азар.
Ит бір сүрінгенде қырық сүрінеді.
Ит жеңгенін талайды.
Ит жеген ішінен таусылар.
Ит жоқта шошқа үреді қораға,
Би жоқта құл жүреді жораға.
Ит жемес асынан дәметер.
27-299*
5722.
5723.
5724.
5725.
5726.
5727.
5728.
5729.
5730.
5731.
5732.
5733.
5734.
5735.
5736.
5737.
5738.
қазақ мақал-мәтелдері
Ит—жеті қазынаның бірі.
Ит иесі үшін,
Құс тамағы үшін.
Ит иесі үшін жүгіреді,
Құс тамағы үшін ұшады.
Ит иесіне үрмес.
Ит те иесін сыйлайды.
Ит те иесіне тартады.
Ит итті жұмсайды,
Ит құйрығын жұмсайды.
Ит қарғылы болса,
Қайырғанға қарамас.
Ит қарайды жырымға,
Бүркіт қарайды Қырымға.
Ит қорыған жерге өш.
Ит—құс.
Ит иттігін қылмай қоймас.
Ит иттігін істемесе,
Ит атынан айырылады.
Ырылдарсың, қаппассың,
Менен жақсы таппассың.
Ит не жұтса, соны құсады.
Ит ластығымен дарияны арамдай алмас.
5739.
5740.
5741.
5742.
5743.
5744.
5745.
5746.
5747.
5748.
5749.
5750.
5751.
5752.
5753.
5754.
төрт түлік. үй жануарлары
Ит—опа, хайуан—жапа.
Ит пысқырса, мал өледі,
Қожа пысқырса, адам өледі.
Ит семірсе, кісіні қабар.
Ит тойса, атасын танымас.
Ит тойған жерін табар,
Ер туған жерін табар.
Ит үрер, керуен көшер.
Ит «түйені балыққа неге
айырбастамайды екен» депті.
Ит ұяласынан қорықпас.
Ит мініп, ирек қамшылаған.
Ит терісі и болмас.
Нәпсісі жаман би болмас.
Ит тұмсығы жерде жатпас.
Көк итті көп ит жеңеді.
Көп жортқан ит күшалаға жолығады.
Кет десе, ит те кетеді.
Күніне жүз түлкі алса да,
Тазының ит аты қалмайды.
Күйі жоқ ит жүгірмес.
Қанден иттің қартайғанша күшік аты қалмайды.
5755.
5756.
5757.
5758.
5759.
5760.
5761.
5762.
5763.
5764.
5765.
5766.
5767.
5768.
5769.
5770.
5771.
қазақ мақал-мәтелдері
Көп малдан айырылғанда,
Бір малды қасқыр жейді.
Көк шулан қойдан табылады.
Кәрі саулықты бағып қозысын ал.
Кәрі қойдың басы піскенше,
Жас қойдың басы арса-арса болар.
Көпей тоқты сүтпен жетіледі.
Күн батса, қойға соқпақ көп.
Киік қағынан ішкен ешкі егіз табар.
Кәрі сиыр соқпақшыл,
Кәрия адам тақпақшыл.
Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болар.
Көрші қайырын түйе қайырады,
Иә, диірмен қайырады.
Кісі алатын бура көп жасамайды.
Кәрі атын мақтаған жолда қалар.
Күйсіз күлік жүгірмес.
Керді мінбегенде, жерді мінем бе.
Көбеңді көр де қой.
Көбең мініс көтермейді,
Мәстек жүріс көтермейді.
Көнектен шошыған бие оңбас,
Төсектен шошыған ер оңбас.
5772.
5773.
5774.
5775.
5776.
5777.
5778.
5779.
5780.
5781.
5782.
5783.
5784.
5785.
5786.
5787.
5788.
төрт түлік. үй жануарлары
Керейтіңе келіпсің,
Кер биені сойыпсың.
Қалағаным қара айғыр,
Қара айғырды алған соң,
Қалай қылсаң, солай қыл.
Қартайғанда кәрі боз жорға шығарады.
Қара арғымақтан жал кетсе,
Қарға адым жер мұң болар.
Қара көзден нұр кетсе,
Жарық күнің түн болар.
Қанша тұлпар десе де,
Мініп болмас жалсызды.
Қанша білгіш десе де,
Халық сүймес арсызды.
Қас жүйрікте сын болмас,
Қас сұлуда мін болмас.
Қашса құтылады,
Қуса жетеді.
Қос атпенен қол көп көрінеді,
Қозысымен қой көп көрінеді.
Қос күреңнің өзгешілігі жоқ.
Құлын даусы
Құр аттікіндей шығады.
Құрық тимес құлын жоқ,
Қырықтық тимес қозы жоқ.
Құлындаған биеден
Құдықтағы су артылмас.
5789.
5790.
5791.
5792.
5793.
5794.
5795.
5796.
5797.
5798.
5799.
5800.
қазақ мақал-мәтелдері
Қоңсы ақысын түйе қайтарады.
Қабырғалы қара нар
Қабырғасын сөксе де, бақ етпес.
Құтты қонақ қонса, түйесі өледі,
Құтсыз қонақ қонса, үй иесі өледі.
Қуырдақтың үлкенін
Түйе сойғанда көрерсің.
Қырық атан ұстама,
Қырық тамыр ұста.
Қолда өскен атанның
Тайлақ аты қалмайды.
Қайныңнан түйе сұра,
Қорыққаннан бие берсін.
Қарақшылы қара түйедей.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Қашарында қашарсың,
Лақтарыңда сасарсың.
Қотыр теке қора былғар.
Қысыр ешкіден
Буаз шыбыш артық.
Қайтқан малдың қайыры бар.
Қарға адым жер мұң болар, қара арғымақ арыса,
Қатын-бала қорықпас, қас батырдан қарыса.
5801.
5802.
5803.
5804.
5805.
5806.
5807.
5808.
5809.
5810.
5811.
5812.
5813.
5814.
төрт түлік. үй жануарлары
Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошыған ер оңбас.
Қайтқан малға қасқыр өш.
Қара тұяқ қарында жатпас,
Мезгілі болмай таң атпас.
Қыс малыңды бақ,
Жаз жеріңді шап.
Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.
Қой тебінсе, жер сілкінеді.
Қойдың сүті—қорғасын,
Қойды қуған оңбасын.
Қой сатқанға қора арзан,
Азық сатқанға ұра арзан.
Қойдан қойдың несі артық,
Қол басындай еті артық.
Қой күндіз қинайды, түнде сыйлайды.
Қойы семіздің қозысы егіз.
Қой азайса, қотыр лақ басшы болады.
Қой көрмеген қуалап жүріп өлтірер,
Ұл көрмеген уалап жүріп өлтірер.
Қойды шартық бұзады,
Елді қортық бұзады.
Қой үріккен жағына беттемейді.
Қошқардың жайын мал баққан біледі.
5815.
5816.
5817.
5818.
5819.
5820.
5821.
5822.
5823.
5824.
5825.
5826.
5827.
5828.
5829.
5830.
қазақ мақал-мәтелдері
Қой көрмесек те,
Ешкілі байдың қызы едік.
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
Қой иесі бірге санаса,
Қойшы басқа санайды.
Қойшының қызы қой келгенде іс қылады.
Қойшының таяғынан,
Келіннің аяғынан.
Қой дегенде, қоя қой.
Қой семізі—қойшыдан.
Қой анасы—оннан,
Жылқы анасы—бестен.
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Қой өрісі қорадан.
Қара құрт жесе, қой семіреді.
Қойға қоңырау жарамас.
Құрттаған қой далаға кетер,
Екі бұршақ, бір сабауды ала кетер.
Құрттаған қой бір кескекті ала кетеді.
Қой саны мыңға жетсе,
Керегенің басынан бас кетпейді.
Қой өлсе, қозы болады,
Келер жылы өзі болады.
5831.
5832.
5833.
5834.
5835.
5836.
5837.
5838.
5839.
5840.
5841.
5842.
5843.
5844.
5845.
төрт түлік. үй жануарлары
Қой шелді болмай, төлді болмайды.
Қой көкпарға жарамас.
Қой алты күн аштыққа шыдайды.
Қойың болмаса,
Байлықта ойың болмасын.
Қырда қырық қой су ішсе,
Ойда отыз қой нәр алады.
Қойды қорадан сат,
Астықты ұрадан сат.
Қой егіз туады:
Бірі қонаққа сойылады,
Бірі қошқар қойылады.
Қойдан қалған қозы
Қасқырға тап болады.
Қойды жел ұшырса,
Ешкіні аспанда көрерсің.
Қолаңсалы қошқарға тоқты күйлер.
Қой құйрығы қуға бітсе,
Қу Құдайын танымас.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса, сақа тұт.
Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса, аға тұт.
Қошқар болар қозының
Маңдай жағы дөң келер.
Жақсы болар жігіттің
Етек-жеңі кең келер.
5846.
5847.
5848.
5849.
5850.
5851.
5852.
5853.
5854.
5855.
5856.
5857.
5858.
қазақ мақал-мәтелдері
Қой—ұры, қойшы—өтірікші.
Қойға өзінен басқаның бәрі жау.
Қашарыңда қашарсың,
Бұзауларда сасарсың.
Қашпаған қашардың уызынан дәметпе.
Құдай жүгіртпегенді
Бұзау жүгіртеді.
Құдіретің келсе,
Қашқан бұзауды қайтарып көр.
Қу сүйекті ит те қажамайды.
Қара иттің ұяты ақ итке тиер.
Қазаннан қақпақ кетсе,
Иттен ұят кетеді.
Қабаған ит үрмей жүгіреді.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Қызғанғаның қызыл итке жем болады.
Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді.
Қорасында қойы жоқтың
Итінің сағына қара.
Қорқақ ит үреген.
Майлаған қайысқа ит өш.
Малды тапқанға бақтыр,
Отынды алғанға жақтыр.
5859.
5860.
5861.
5862.
5863.
5864.
5865.
5866.
5867.
5868.
5869.
5870.
5871.
5872.
5873.
5874.
5875.
төрт түлік. үй жануарлары
Мал малға жеткенше,
Ғазырайыл жанға жетер.
Мал—адамның бауыр еті.
Мал ашуы—жан ашуы.
Мал жисаң, қонысын тап,
Ас жисаң, ыдысын тап.
Мал басқа бітеді,
Қына тасқа бітеді.
Мал—жаным садағасы,
Жан—арым садағасы.
Малдың беті жарық,
Малсыздың беті шарық.
Мал аяған аттан құр,
Төл аяған ақтан құр.
Мал арыстанның аузында,
Түрікпеннің төрінде.
Малды баға біл,
Бабын таба біл.
Мал баққанға бітеді.
Малы бардың назы бар.
Мал бітпеген малдан үміткер,
Жаны шықпаған жаннан үміткер.
Мал—баққандікі,
Жер—жыртқандікі.
Малды жақсы баққаның,
Өзіңе абырой тапқаның.
5876.
5877.
5878.
5879.
5880.
5881.
5882.
5883.
5884.
5885.
5886.
5887.
5888.
5889.
қазақ мақал-мәтелдері
Малды жаман баққаның,
Келген бақты қаққаның.
Мал—баласы, жер—анасы.
Мал бітерінде кілемнің түгіндей,
Мал кетерінде қолдың кіріндей.
Мал төлімен жарасар,
Жер гүлімен жарасар.
Малды баға білмеген
Пайданы таба білмейді.
Мал иесіне тартады.
Мал малсақты табады.
Малы бірдің, жаны бір.
Мал балағынан өседі.
Малшы малдың жайылғанына мәз.
Малсызға малға балап, ұйқы берер,
Арсызға арға балап, күлкі берер.
Малды тауысайын десең, пұл қыл,
Азығыңды тауысайын десең, ұн қыл.
Малға бәлемет—басқа саламат.
Мал көтерер өлімді,
Дос көтерер көңілді.
Мал біткен кісінің
Иті үреген болады,
Аты жүреген болады.
5890.
5891.
5892.
5893.
5894.
5895.
5896.
5897.
5898.
5899.
5900.
5901.
5902.
5903.
төрт түлік. үй жануарлары
Малды шұбыртқан құртады,
Етті қуырдақ құртады.
Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды.
Мал көкке тоймай,
Аузың аққа тимейді.
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Малды бақсаң, қойды бақ,
Май кетпейді шарадан.
Ит асырасаң сырттаннан,
Қой бермейді қорадан.
Малы өскеннің сырты өсер.
Мал жақсысы—сиыр,
Жер жаманы—кебір.
Нар баласын қарпып сүйер.
Нар баласы бақырмас болар.
Нары бар,
Нары бардың малы бар.
Нар сәулеті—ашамай.
Нар жолында жүк қалмас.
Нәсілі жаман сиырдан
Өлі бұзау туады.
Негізі арықтан семіз шықпас.
Отыға келе, өрісі өзгеретін малды теліме.
5904.
5905.
5906.
5907.
5908.
5909.
5910.
5911.
5912.
5913.
5914.
5915.
5916.
5917.
5918.
қазақ мақал-мәтелдері
Олай тартсаң, өгіз өледі,
Бұлай тартсаң, арба сынады.
Ортақ өгізден, оңаша бұзауым.
Ойнақтаған бота от басар,
Кезеген аяқ боқ басар.
Өткелде түйенің үлкені таяқ жейді.
Өлі бураның басынан
Тірі атан қорқады.
Өлген сиыр сүтті болады.
Өгіз өлгенше өседі.
Өгіз өлетін жерінде өкіреді.
Өгізді өрге айдағанның өмірі өксиді.
Өгізді оқалақ аздырар,
Естіні ой аздырар.
Өгізге туған күн бұзауға да туады.
Өгізді қойшы—өлген қойшы,
Жеп болғанда көрген қойшы.
Өліп өскен малға сүйін,
Өлмей өскен басқа сүйін.
Өрісіне қарап мал өсер,
Өзеніне қарап тал өсер.
Өсер малда өлім жоқ.
Өрісі жақсы мал өсер.
5919.
5920.
5921.
5922.
5923.
5924.
5925.
5926.
5927.
5928.
5929.
5930.
5931.
5932.
5933.
5934.
төрт түлік. үй жануарлары
Өзін асырамаған жасық,
Өзгені асырамайды.
Өзім асыраған текешігім өзіме артылды.
Өзі келген текенің,
Өзін айтпа, көзін айт.
Өмірі зақым жылқы бақсын,
Үзеңгісін ұзын тақсын.
Өлі бөріні ит аттамас.
Семіздікті қой көтереді.
Семіз, семіздің аяғы сегіз.
Сенген қойым сен болсаң,
Күйсеген аузыңды ұрайын.
Сүтсіз қой маңырауық.
Сауынсыздың жазы болмайды,
Қауынсыздың күзі болмайды.
Сүтсіз ешкі маңырауық.
Сиырдың сүті желінде емес, тілінде.
Сиырлының үйі айран,
Сиырсыздың үйі сырдаң.
Сиыр малы сушыл келеді,
Пасық адам күншіл келеді.
Сиыр алсаң, танып ал,
Танымасаң, тарғыл ал.
5935.
5936.
5937.
5938.
5939.
5940.
5941.
5942.
5943.
5944.
5945.
5946.
5947.
5948.
5949.
қазақ мақал-мәтелдері
Сиыр су ішкенде,
Бұзау мұз жалайды.
Сиыр мүйізді өгіздің күші болмайды,
Өгіз мүйізді сиырдың сүті болмайды.
Сиыр сары болмас,
Түйе торы болмас.
Сиыр сүйкенбей жүрмес.
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
Сиыр судан жериді,
Су сиырдан жериді.
Cay сиырдың боғы емес.
Сиыр мүйізін төсейді,
Жылқы жалын төсейді,
Түйе шудасын төсейді.
Сүзеген сиырға мүйіз бермейді.
Сиыр мүйізінен жазады.
Сыйға алған аттың аузын ашпа,
Ердің жасын сұрама.
Жаман мінезінен жазады.
Сыланған аттың тісі қарымтас.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Сенің атың жүре тұрсын,
Менің атым тұра тұрсын.
5950.
5951.
5952.
5953.
5954.
5955.
5956.
5957.
5958.
5959.
5960.
5961.
5962.
5963.
5964.
төрт түлік. үй жануарлары
Сылбырдың аты шылбырына сүрінер.
Соқыр атқа қотыр ат үйір.
Сен салар да мен салар,
Атқа жемді кім салар?
Сүйкімді күшіктің жетер жері—
дүрдиген төбеттігі.
Тайдың жақсысы атқа ерер,
Аттың жаманы тайға ермес.
Тай тулап үйірінен кетпес.
Тұяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер.
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Тағасының күмісіне мақтанба,
Атыңның жүрісіне мақтан.
Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді.
Тозбас жасау болмас,
Бас білмес асау болмас.
Тұлпардың атауы бір,
Жусауы басқа.
Тұлпар бітпейді, бітсе кетпейді.
Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қияғы бүтін сұңқар жоқ.
28-299*
5965.
5966.
5967.
5968.
5969.
5970.
5971.
5972.
5973.
5974.
5975.
5976.
5977.
5978.
қазақ мақал-мәтелдері
Тұлпардың ізі бітпейді,
Тұяғы кетпейді.
Тұлпар түбін табады,
Жақсы тегін табады.
Тұлпар тегіне тартады.
Тұлпарды алтын тағамен тағаласа,
Есек емексіп аяғын көтереді.
Тұлпар шапса, жетіледі,
Сұңқар ұшса, жетіледі.
Тебегеннен теріс-кері жүр.
Тұяқты тұяқ жібермейді.
Тана пайда бермесе,
Тәңірі пайда бермейді.
Түзде бұзау жамыраса,
Үйдегі сүтке ит тиеді.
Тымырық болса, ер оңбас,
Тоңға жатса, мал оңбас.
Түстік өмірің болса,
Кештік мал жи.
Түлік төлден өседі.
Тоңға жатқан мал оңбас,
Тобырға түскен іс оңбас.
Тамыр тартқан тарықпас.
Тәңірі асыраған тоқтыны бөрі жемес.
5979.
5980.
5981.
5982.
5983.
5984.
5985.
5986.
5987.
5988.
5989.
5990.
5991.
5992.
5993.
төрт түлік. үй жануарлары
Тоғыз қабат торқадан тоқтышағымның
терісі артық.
Тоғышардың ту қойы қысыр қалады.
Теке де болса, сүті болсын,
Қоян да болса, еті болсын.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп,
Құлағынан айырылыпты.
Таудағы ешкі ыңғай берсе,
Сайдағы теке дедектеп жетеді.
Түркістанның түбін түйе шалады.
Түйе қашып жүктен құтылмас.
Түйең өлсе, қатқаның құрып қалар,
Арбаң сынса, ағашың бітіп қалар.
Түйе өлген жерде жүк қалады.
Түйенің танығаны—жапырағы.
Түйе көп болса, жүк сыймайды,
Жігіт көп болса, жұмыс бітпейді.
Түйе сойған ешкі сойғаннан дәметіпті.
Түйе тұзға келеді,
Күйеу қызға келеді.
Түйе аяғы тайғақ,
Төре аяғы маймақ.
Түйесін қу бас десең,
Иесіне тиеді.
5994.
5995.
5996.
5997.
5998.
5999.
6000.
6001.
6002.
6003.
6004.
6005.
6006.
6007.
6008.
қазақ мақал-мәтелдері
Түйе қараған жауға жолығар,
Сиыр қараған тойға жолығар.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен көр.
Түйеге—дақ, жылқыға—пышақ.
Түйе қарап жүріп, ханға жасауыл болдым.
Түйе тайғақ келеді,
Табанынан мөр кетсе.
Кәрі тайғақ келеді,
Екі көзден нұр кетсе.
Түйелі кісі—Қырға,
Түйесіз кісі—Сырға.
Түйе—байлық,
Қой—мырзалық,
Жылқы—сәндік.
Түйеге жантақ керек болса,
Мойнын созады.
Түйе тұз деп қартаяды,
Жігіт қыз деп қартаяды.
Түйе қисық па,
Жабу қисық па.
Түйені түгімен жұтқан.
Түйенің бүріккені—түкіргені.
Түйе пысқырса, боран болады.
Төбесінен ұрған қойшы,
Түйелі қойшы—тұрған қойшы.
6009.
6010.
6011.
6012.
6013.
6014.
6015.
6016.
6017.
6018.
6019.
6020.
6021.
6022.
төрт түлік. үй жануарлары
Тұлпар тегін сүрінбейді,
Алтын, ылғалда жатса да, шірімейді.
Тұлпардың тұяғы шірімес.
Түлкі алған итке сын жоқ.
Таудағы түлкіні табындағы тазы алады.
Ұры ит тойса да, тіміскілегенін қоймайды.
Ұры иттің тапқанын, сұғанақ ит жеп кетеді.
Ұлы дүбірдегі ұрыншақ,
Ұрыншақ болса, құлыншақ.
Үре білмеген ит үйіне қонақ келтіреді.
Үндемеген ит қабаған.
Үндемей қапқан ит жаман,
Борбайдан шаққан бит жаман.
Үлкен десең, түйеге жүгін,
Сақалды десең, текеге жүгін,
Ақыл іздесең, адамға жүгін.
Үйірі басқаны ноқта қосады,
Атасы басқаны Құдай қосады.
Үйде өскен бұзау түзде бұқа болмас.
Үреген ит кісі қаппас.
Шам көрмеген шам көрсе,
Күндіз шамы сөнбейді.
Мал көрмеген мал тапса,
Кісіге көз салмайды.
6023.
6024.
6025.
6026.
6027.
6028.
6029.
6030.
6031.
6032.
6033.
6034.
6035.
6036.
6037.
қазақ мақал-мәтелдері
Шаруаның иті де ұрғашы болсын.
Шөмелені шөбім бар деме,
Несиені малым бар деме.
«Шөре», «шөре» дегенді,
Лақ білмес болар ма.
Мезіреті қылғанды,
Қонақ білмес болар ма.
Шөккен түйе соққанды білмейді.
«Шөк» десе, түйе де шөгеді.
Шабан атқа қамшы демеу.
Шабандоздың қолы қатты, тақымы тас.
Шідерлі атың—өз атың,
Тұсаулы атың—бос атың.
Шүберек тозар, тай озар.
Шолақ судың ағыны қатты көрінеді.
Ылау атты жұрт көргендей тәуір ғып бер,
Болмаса бәрін құртып жауыр ғып бер.
Іс оңына басарда,
Шыбыш лақтап, тоқты қоздайды.
Ісек қойдың басы үлкен,
Саулық қойдың жасы үлкен.
Інгенімді қараймын деп,
Мінгенімнен айырылдым.
Інген жыл аралатып боталайды,
Атан айына боталайды.
6038.
6039.
6040.
6041.
6042.
6043.
6044.
6045.
6046.
6047.
6048.
6049.
6050.
6051.
6052.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Қазақ мақал-мәтелдері халықпен бірге туып, қатар жасап
келе жатқандықтан, олардың шығу төркінін анықтау мүмкін
емес. Қазіргі қолданысымызда жүрген даналық сөздердің
құрамындағы
кейбір
туындылардың
Орхон-Енесей
(VІІ-
ІХ ғ.ғ.) жазба ескерткіштерінде, әсіресе Күлтегін, Тоныкөк
ескерткіштерінде
көрініс
беретіндігі
жөнінде
ғылыми
тұжырымдар жасалғаны белгілі. Атап айтқанда, «Мұқият
тыңда, терең ұқ», «Жырақ тұрғанға—жаман сыйлық, жақын
тұрғанға—жақсы сыйлық», «Аштықта тоқтықты білмейсің,
бір тойсаң, аштықты білмейсің», «Қол қосылса, күш өсер»,
«Өлімнен ұят күшті», «Жұқаны бүктеу оңай, жіңішкені үзу
оңай»1 деген сияқты ой түйіндері халқымыздың сөз өнеріне ете
не жақын, тіпті төл мақал-мәтелдерімізге айналып кеткендігін
аңғару қиын емес.
Ислам діні мен мәдениетінің бастапқы таралу (Х-ХІІ ғ.ғ.)
дәуіріндегі Әбу-Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашқари, Ах
мет Йассауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп
Баласағұни т.б. ғұламалардың, ақындардың, Алтын Орда—
Қыпшақ (ХІІІ-ХІV ғ.ғ.) кезеңі әдебиетінің көрнекті өкілдері:
Рабғузидың, Құтыптың, Сәйф Сарайидың, Хорезмидің, Хұсам
Хатиптың, сондай-ақ ХV-ХVІІ ғасырлардағы Заһиреддин
Бабырдың, Хайдар Дулатидың, Қадыр-Ғали Жалаиыридың
ғылыми, әдеби-тілдік, діни-софылық, әдеби-көркем, тарихи-
шежірелік шығармалары мен «Кодекс Куманикус» сынды
жинақтарда пайдаланылған жүздеген сөз маржандарының
кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің түп-төркініне қатысы бар
1 Жолдасбеков М. Асыл арналар.—Алматы: Жазушы, 1990.—43-67 б.б.
қазақ мақал-мәтелдері екендігі анық. Бұл пікірге айғақты дәлел үшін аталған авторлар шығармаларынан бірер мысал келтіруге болады. Мәселен, Жүсіп Баласағұни: «Ұлық болдың, көңіліңді кішік тұт...» (4534 жол), қазақша баламасы—«Ұлық болсаң, кішік бол!»; «Ақылдың көркі—тіл, тілдің көркі—сөз. Кісі көркі—жүз, жүздің көркі— көз» (278); «Егінжай бір бұл дүние көлемі, немене ексең, соның өнеді» (4737), қазақшасы—«Не ексең, соны орасың»2 т.б. Ал Хайдар Дулатидың «Ұйқы—өлімнің бауыры», «Жиғаныңнан не қалар, о да бір күн жоғалар, Жылатқаның—жылатар, тонағаның—тоналар»3 секілді ой толғамдары мен Заһиреддин Бабырдың «Көппен көрген ұлы той», «Көпті де, азды да тәңірі береді...»4 деген түйінді тұжырымдары ішкі мазмұны жағынан қазақ мақал-мәтелдерімен өзара үндесіп жатқанын аңғару қиын емес. Түркітанушы ғалым Ә.Құрышжанов осы түркі халықтарына ортақ VІІ-ХVІІ ғасырлар аралығында жазылған шығармалардағы қазіргі қазақ халқының табиғатына жақын мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді жиыстырып, жүйелеп «Сөз атасы» деген атпен жарыққа шығарды5. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ мақалмәтелдерін жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстарына орыс фольклортанушыларымен қатар қазақ зиялылары да белсенді атсалыса бастады. Алғашқы қазақ этнографтарының бірі—М.Бабажанов өзінің қандастарын оқу-білімге шақырған мақалаларында мақал-мәтелдерді кеңінен пайдаланды6. Осы кезеңдегі елеулі еңбектердің ең бір қомақтысы— Ы.Алтынсаринның «Қазақ хрестоматиясы»7. Ол—баға жет пес оқулық ғана емес, таза қазақ тілінде, төл авторымыздың қолымен жазылған тұңғыш жинақ. Осы оқулықтың төртінші тарауы тұтасымен халық мақал-мәтелдеріне арналған. Маз мұны жағынан бұл туындылар жас ұрпақты оқу-білімге, өнерге, еңбекке баулыды. 2 Баласағұн Ж. Құтты білік /Аудар. А.Егеубай.—Алматы: Өлке.—2006.— 640 б. 3 Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди /Түпнұсқадан Аудар. И.Жеменей.—Алматы: Тұран, 2003.—354-б. 4 Бабыр З.М. Бабырнама /Аудар. Б.Қожабеков.—Алматы: Жалын, 1990.— 214, 234—б.б. 5 Құрышжанов Ә. Сөз атасы.—Алматы, 1987. 6 Бабажанов М. Санкт-Петербургские ведомости. №136, 1861. 7 Алтынсарин Т. Киргизская хрестоматия.—Қазан, 1879. – С.106-111.
ғылыми қосымшалар Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің мүшесі, осы ұйымның күміс медалінің иегері Б.Дауылбаев осы жанрды жинау мен жариялау жұмыстарына ерекше еңбек сіңірді. Оның «Дала уәлаятының газетінде» жариялаған халық туынды лардың тақырыбы сан алуан: өнер-білім, жат қылықтардан арылу, адалдық, үлкенді сыйлау, жаңа заманға бейімделу т.б. ХІХ ғасырдың 90-жылдары қазақ мақал-мәтелдердің үлгілері жеке жинақ болып басылып шыға бастады. Олардың көпшілігінде туындылар орыс тіліне аударылып, екі тілдегі мәтін қатар беріліп отырады. Мысалы, түріктанушы-ғалым П.М.Мелиоранскийдің бастамасымен жарыққа шыққан «Киргизские пословицы и загадки»8 атты басылымда 91 ха лық шығармасы топтастырылып, оларға түсінік берілсе, В.В.Катаринский құрастырған «Сборник киргизских пословиц»9 кітабында кирилл әліпбиінде басылған 1606 мақал-мәтел 25 та қырыпқа жүйеленіп, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндер қатар орналастырылған. В.В.Катаринский өзінің кітапқа алғы сөз ретінде жазған шағын мақаласында басылымға енген материал дарды жинауда Оралдан—Бақтыгереев, Ойылдан—Жұлдызов, Жұмалиев сияқты ауыл мұғалімдерінің көп көмегі тигендігін айтып, зор ризашылығын білдіреді. Бірақ ол, өкінішке орай, қазақ фольклор жинаушылары туралы толымды мәліметтер келтірмеген. Ғалым мақал-мәтелдерді тақырыпқа жүйелеудің қиындығы жөніндегі пікірін былайша тұжырымдайды: «... но нельзя не созноваться, что и наше распределение пословиц не везде выдержано вполне и можно бы указать на несколько по словиц, которые почти одиноково могли бы быть отнесены к различным отделом, а с другой стороны можно бы указать и другие отделы для наших пословиц».10 Әрине, алғаш баспа бетін көрген және өзге ұлттың өкілі құрастырған жинақ үшін аталған кемшіліктердің орын алуы заңды да сияқты. Бұл жинақтармен терең таныса отырып, енгізілген мақал-мәтелдердің көлемі ауқымды, тілі көркем, халық өмірін жан-жақты қамтитын 8 Мелиоранский П.М. Киргизские пословицы и загадки /Записки Восточного отделения русского археологического общ. 1893. – С.39-50. 9 Катаринский В.В. Сборник киргизских пословиц / Материалы по этногра фии киргиз. Издание Тургайского областного статического комитета. —Орен бург, 1899. – С.3-153. 10 Сонда. 1-б.
қазақ мақал-мәтелдері тақырыпқа бай, белгілі бір жүйемен топтастырылған, толымды жинақ екеніне көз жеткізуге болады. Орыс тіліндегі аударма лары да көңіл толтырарлық. Мәселен, «Білім тұрған жерде— иман тұрады», аудармасы—«Где знание, там и вера»; «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылады», аудармасы—«Гора с горой не сходится, а человек с человеком сойдутся» т.б. мақалмәтелдердің тәржімесінен қазіргі аудармашылардың өзі тәлім аларлықтай. В.Фон-Греннің «Из записной книжки» аталатын еңбегінің «Киргизские пословицы» деген тарауы 1898 жылы «Памят ная книжка Семипалатинской области» жинағында басылды. Басылымға енген 23 мақал-мәтелге көлемді түсінік беріліп, орысша аудармасы да енгізілген және материалдардың бәрі дерлік Семей қазақтарынан жиналғаны туралы мәлімет көрсетіліп, мазмұны бойынша реттік сандармен жүйеленген. И.Лаптевтің қазақ тіліне байланысты жазған еңбегінің «Мақалдар» атты бөлімінде 27 халық туындысы екі тілде жарияланған.11 Кітаптағы негізгі материалдар тіл туралы болғандықтан, мақал-мәтелдерге арналған сөздік, ғылыми түсінік жазу мақсат етілмеген. Дегенмен мәтіндердің сапалы аударылғандығына мына мысалдар айғақты дәлел бола алады: «Басқа пәле—тілден», аудармасы—«Язык мой—враг мой»; «Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес»—«Богатство не состов ляет цели, бедность—не порок». А.Васильев 1892 жылы «Тургайские ведомости» газетінің №33-34 сандарында жариялаған мақал-мәтелдерді кейін жеке жинақ етіп жарыққа шығарды.12 Екі тілде жарияланған 112 мақал-мәтел реті бойынша таңбаланып жүйеленген. «Дала уәлаятының газеті» басылымының 1892, 1894, 1899 жылдардағы сандарында даналық сөздердің топтама лары орыс тіліндегі аудармасымен қатар жариялануы, осы жанрға байланысты көкейтесті мәселелер мен тәржімеден кеткен кемшіліктер туралы жазылған мақалалар қалың оқырмандардың көңілінен шығып отырған. 11 Лаптев И. Материалы по казах-киргизскому языку.—Москва, 1900. 12 Васильев А. Пословицы, записанные со слов киргиз Тургайской области. —Оренбург, 1892.
ғылыми қосымшалар Белгілі фольклортанушы Ә.Диваев қазақ мақал-мәтел дерінің жиналуына, жариялануына қомақты үлес қосты. Ол 1900 жылы өзі ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинаған материалдарының негізінде жеке жинақ шығаруға қол жеткізді13. Барлығы 50 данамен ғана басылған кітапшаның алғы сөзінде мақал-мәтелдердің жанрлық табиғатына кеңінен тоқталып, олардың жиналуына көмегін тигізген Қ.Дауылбаев пен Ж.Тайшықұлы деген азаматтарға айырықша ризашы лығын білдіреді. Қазақша-орысша ұсынылған 45 туындыны әйел, отбасы, туысқандық, дін туралы т.б. тақырыпшалардың аясында топтастырған. Ә.Диваев мақал-мәтелдерді мұнан өзге «Туркестанские ведомости»14 газетінің, «Этнографические материалы»15 басы лымының 1891-1995 жылдардағы сандарында, академик В.В.Бартольдтің құрметіне арналған жинақтың16 беттерінде жариялап отырды. Сол себептен де қазақ мақал-мәтелдерінің оқылу көкжиегі кеңейіп, оқырмандары молықты, дуалы ауыз ды орыс тілді зерттеушілердің назарына ілікті. Ғалым мақалмәтелдерді мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне байланы сты түрлі тақырыптарға бөліп, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіреді. Әрине, кей жағдайларда кеткен кемшіліктерді де аңғармауға болмайды. Ол материалдарды жүйелеген кезде өте ұсақ тақырыпшаларға бөлшектеуге жол береді. Мәселен, ерлік пен батырлық, дін жайлы, адамның мінез-құлқы тура лы мақалдарды жеке-жеке топтарға жіктеп, тым ұсақтатып жіберген. Қазақ фольклорын өз қолдану шеңберінен тыс жер лерде кеңінен таныту мақсатында мақал-мәтелдердің кей топ тамаларын бірден бірнеше басылымдарға жіберіп отырған. Өз кезінде бұл әдісті кемшілік санаған Н.Катановтың сыни пікірін17 кейін Н.Смирнова да қуаттайды18. Заман ағымына орай кеткен кейбір олқылықтарға қарамастан, Ә.Диваевтың 13 Диваев А. Киргизские ведомости на правах рукописи.—Ташкент, 1900. 14 Туркестанские ведомости. №113, 1905. 15 Этнографические материалы (сказки, пословицы, загадки, приметы, были ны) туземного населения Сыр-Дарьинской области.—Ташкент, 1895. 16 Бартольд В.В.—Ташкент, 1927.—328-333-бб. 17 Катанов Н.Ф. Известия общества археологии, истории и этнографии при Казанском ун-те. 1895. Т.13. Вып.2. —С.84-87. 18 Смирнова Н. Казахская народная поэзия.—Алматы, 1964. —С.22.
қазақ мақал-мәтелдері қазақ фольклорлық мұраларын жинау және жариялау ісінде орасан еңбек атқарғанын айтуымыз қажет. Ысқақ баласы Мейрам 1914 жылы «Қазақ мақалдары»19 дейтін кітапшасын жарыққа шығарады. Жинақтың алғашқы бетінде «Жинаушыдан бір-екі сөз» атты алғы сөз іспетті мақала берілген. Кітапшаға мақал-мәтелдерден өзге өтірік өлең, тақпақ, жұмбақтар енгізілген. Араб әрпімен басылған мақалдардың жіктелуі жөнінде автор төмендегі тұжырымға келеді: «Бұрынғылардың сөздері бек керек, бек дұрыс. Мұнда әр нәрсе туралы сөз айтылады. Мысалы: береке, бірлік, әділ етер, залым етер деп жақсы мен жаман, айуандық, сопылық, надандық, жер, су, шаруа, жалқаулық, құдалық, заман ақыр белгісі әрқайсысы туралы айтқан мақал, тақпақ сөздер бар». Кітапшадағы мәтіндер қазақ тілінде ғана берілсе де, олардың қайдан, кімнен, қашан жиналғаны жайлы деректер көрсетілмеген. Мұндай кемшіліктер—XІX ғасырдың екінші бөлігі мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде басылым көрген фольклор үлгілері жинақтарының барлығына да ортақ. Бұл басылымдардың көпшілігінде алғы сөз, кіріспе, соңы сөз сияқты ғылыми мақалалар жазылмайды және тақырыпқа бөліп жүйелеуде кемшіліктер аз емес. Осы рет те Н.Остроумовтың мынадай пайымын келтіре кеткен орын ды сияқты: «Бұратана елдің мақал-мәтелдерін жинаушыдан әзірге дәйекті түсінік беруін талап етуге болмас, өйткені орыс мақал-мәтелдерінің өзіне әлі күнге, XІX ғасырдың соңына дейін түсініктеме беріліп болған жоқ қой. Тіпті, әсіресе бұратана елдің мақал-мәтелдерінің астарлы мәнін ашуды қазіргі жаңа жиналып жатқан және оның маңызын түсіне қоятын бұратаналар арасынан шыққан оқымыстылардың жоқ кезінде талап ету артық болар»20. Ғалымның бұл пікірінде үстем ойдың ұшқыны байқалғанмен де, ащы шындық аңғарылады. XX ғасырдың алғашқы ширегінен бастап қазақ мақал-мәтелдері жарияланған ұлттық басылымдар өздерінің мазмұндық, мағыналық ерекшеліктеріне орай тақырыптық жолмен жүйелене бастады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 1923 жылы Мәскеуде А.Баржақсыбаласы бастырған «Мың бір 19 Ысқақ баласы Афсай Мейрам. Қазақ мақалдары.—Қазан, 1914.—3-б. 20 Остроумов Н. Сборник материалов для Сыр-Дарьинской области. 1891. —С.4.
ғылыми қосымшалар мақал» атты мақалдар жинағын атап өтуге болады. Кітаптың «Сөз алдын» жазған белгілі қоғам қайраткері, сол кездегі «Күншығыс» баспасының жетекшісі—Нәзір Төреқұлов. Ав тор мақал-мәтелдердің идеясы халықтың арғы-бергі тарихын дағы ащы өмір шындығы, тұрмыс тәжірибесінің қорытын дысы, бастап кешкен оқиғалары, тұрмысы, мінезі, әдет-ғұрпы мен айналасындағы тіршілікке деген көзқарасы екендігін айта келіп, «Ер қазынасы—ескі сөз, ел қазынасы—ескі сөз, тіл қазынасы—ескі сөз» дейтін қанатты сөздерге түсінік беріп, мысалдар келтіреді. Н.Төреқұлов өзінің тіл жайында ғы тұжырымдарын мынадай пікірлерімен қорытады: «Енді жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы деген дей, таза әдемі тіл керек. Тілдің негізгі жұрнағы ел аузындағы ескі сөз, мақалдар. «Мың бір мақалдың» екінші керектігі осы». «Мың бір мақал» жинағымен толық таныса отырып, А.Баржақсыбаласының мақал-мәтелдерді ішкі мазмұнына терең бойлап, сәтті жүйелегенін байқауға болады. Б.Адамбаев осы жинақ туралы жазған мақаласында ескірген мақалдар көптеп кездесетінін айтып, сыни көзқарастар білдіреді21. Бірақ, бүгінгі күннің көзқарасымен қарағанда, аталған пай ымдар идеологияның әсерінен болған үстіртін пікір екендігі анық. Мақал-мәтелдер—сан ғасырлар бойы халық санасының елегінен өтіп, екшеленген нақты тұжырымдардың түйіні. Сондықтан да олар көмескіленген сайын мәнді, ескірген сайын құнды бола түсері хақ. Бір сөзбен айтқанда, А.Баржақсыбаласы құрастырған «Мың бір мақал» жинағы XX ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келген қазақ паремиологиясының алғашқы қарлығашы екендігі дау тудырмайды. Қазақ мақал-мәтелдерін жариялауға сүбелі үлес қосу шылардың бірі—белгілі ақын Өтебай Тұрманжанов. Оның құрастыруымен жылы Алматыда «Қазақ мақалмәтелдері» жинағы жарық көрді. Ол өзінің жинаққа жазған алғысөзінде жанрдың шығу төркініне, көркемдік ерекшелігі мен жүйелеу принциптеріне кеңінен тоқталып кейбір мақалдардың шығу тарихы туралы аңыздарды мысалға келтіріп, түсініктер береді. 21 Адамбаев Б. Мың бір мақал // «Жұлдыз». 1993. —5-6-бб.
қазақ мақал-мәтелдері Құрастырушы мақал-мәтелдерді тақырыптар бойынша жүйелеу барысында туындайтын қиындықтар жөнінде былай дейді: «Бір бөлімге енетін мақалдың екінші бөлімге де ауып кетуі мүмкін. Өйткені бір мақал жылқы туралы болса, дәл мағынасы адам туралы болады, яки бір мақалдың бастапқы жолы кісі ту ралы болса, кейінгі жолы мал туралы, яки керісінше болады. Бұдан қарап тұтас бір мақалды бөліп жіберуге болмайды»22. Әрине, қазақ паремилологиясының сол кезеңдегі деңгейіне көз жіберетін болсақ, құрастырушының пікірімен санаспауға бол майды. Жинаққа енген 4 мыңға жуық мақал-мәтелдердің дені Қазан төңкерісіне дейінгі туындылар болғанымен, одан «Сын түзелмей, мін түзелмейді», «Ердің атын еңбек шығарады» сияқты жаңа заман мақалдары да орын алған. Ө.Тұрманжанов өзі жинаған мәтіндерді мынадай тақырыптардың маңында топтастырады. Олар: еңбек, төрт түлік, егіншілік, кісі мен ел, байлық пен жарлылық, базар мен сауда, заман мен заң, тәңірі, дін, тіл мен өнер, білім, әдет-ғұрып, ата мен бала, денсаулық, тазалық туралы. Бұл топтамаларды ішкі мазмұнына қарай бірнеше тақырыпшаларға жіктейді. Мысалы, кісі мен ел бөлімі: адам мен ел, жақсы мен жаман, қарыз, құл, жалғыздық, көпшілік, пенделік, жан туралы т.б. Осыншама мол мұраның басылымы кемшіліктен де құр алақан емес. Жинаушы ма териалдарды қайдан, қашан, кімдерден алғаны жөнінде ғылыми түсінік берілуді ескермеген. Осы мақал-мәтелдердің жүйеленуінде 1923 жылғы А.Баржақсыбаласы жинағының сүрлеуі байқалады. Осы айтылған кем-кетіктерге қарамастан, жинақ қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қиын кезеңдері 30жылдарда жарық көріп халықтың рухани қажеттілігіне зор қызмет атқарғанын ашық айтқанымыз жөн. Қазақ мақал-мәтелдерін баспасөз беттерінде жариялау 19301940 жылдарда зор қарқынмен белең алды23. Олардың аударма топтамалары орыс тілді газеттердің беттеріне де жариялана ба стады24. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарында мақал-мәтелдер үлкен сұранысқа ие болды. Осындай отты жылдарда елімізде шыққан барлық басылымдара ерлік пен батырлыққа, Отанды 22 Тұрманжанов Ө. Алғы сөз // Қазақ мақалдары мен мәтелдері. —Алматы, 1935.—3-б. 23 Жаңа мақалдар // Социалды Қазақстан. 1937. 3-қазан. 24 Народное творчество. 1937; Казахстанская правда. 1935, 5 ноября, №12.
ғылыми қосымшалар сүюге дәріптейтін халық туындылары жаппай жарияланып тұрды. Мұндай мақсатта туындаған жаңа мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің бір тобы 1943 жылы жеке жинақ болып басы лым көрді25. Аталған басылымдарда жарияланған материал дар қан майданда жүрген жауынгерлермен тылдағы еңбекші қауымның жеңіске деген сенімін арттырды, жігерін жанып, на мысын оятты. Мақал-мәтелдерді жариялау елуінші жылдарда қайтадан жандана түсті. Оларды ел ішінен жинау, жариялау жұмыстарына ақын-жазушылар мен журналистер де белсе не араласты. Қазақ КСР Ғылым академиясына қарасты Тіл және әдебиет институты 1950 жылы қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми-көпшілік басылымын шығарды. Жинақтың редак циясын басқаруға академик М.Ғабдуллин мен С.Бегалин қатысып, оны құрастырып, алғы сөзін жазған осы институт тың ғылыми қызметкері Б.Ақмұқанова болды. Ғылыми орта да тұңғыш жарық көрген жинақтағы көлемді «Сөз басында» алғаш рет мақал-мәтелдер жайлы тұшымды тұжырымдар мен ғылыми пікірлер айтылды. Құрастырушы мәтіндердің мазмұндық-мағыналық, тақырыптық, көркемдік және құры лымдық ерекшеліктері туралы ғылыми пайымдар жасап, түрлі дәлелдер келтіреді. Олардың көркемдік суреттеу құралы (теңеу, метафора, шендестіру, параллелизм т.б.) ретіндегі қызметін анықтап, мысалдар арқылы түсінік береді. Мақалмәтелдердің тура және астарлы мағынасы туралы да тоқталып өтеді. Халық туындыларын XІX ғасырдың екінші жартысында жинаушы, жариялаушылардың аты-жөнін атап, оларға жылы пікірлер білдіреді. Жинаққа енген мәтіндерді іріктеуде Кеңес идеологиясына жат көптеген туындылардың шығып қалғаны жөнінде автордың мына сөздерінен аңғаруға болады: «Жинақ қа енгізілген мақал-мәтелдердің бәріне де сын көзімен қаралып, әрбір нұсқаның идеялық мазмұны бүгінгі тілек, мүдделерге жанасатын жақтарынан, оқушылар жұртшылығына тәрбие бе руге көмектесетін жақтарынан алып сұрыпталды»26. Жинақта топтастырылған 2500-ге жуық мақал-мәтел орналасу реті бой ынша белгіленіп, 4 бөлімге жіктеліп жүйеленген. Әр бөлім 25 Қаһарлы сөз қамал бұзар.—Алматы, 1943. 26 Ақмұқанова Б. Кіріспе // Қазақтың мақалдары мен мәтелдері.—Алматы, 1957.—5-б. 29-299*
қазақ мақал-мәтелдері
мағынасы мен мазмұнына қарай шағын: 1. Отан туралы;
2. Еңбек пен кәсіп жайлы; 3. Қоғамдық, таптық, ағартушылық,
достық; 4. Ғылым, өнер, тәлім-тәрбие тақырыпшаға бөлінген.
Бұл жинақтың да өзіндік басты кемшілігі деп айтуға бола
тын жағы—кітаптың ғылыми дәрежелі мекеменің атынан
шығарылып отырғанына қарамастан, ғылыми түсініктер жа
зылмауы, яғни ондағы материалдардың көпшілігі бұрынғы
жинақтарда жарияланғанымен, олардың қай басылымдардан
алынғаны көрсетілмегендігі болды.
1957 жылы Ө.Тұрманжановтың құрастыруымен «Қазақтың
мақал-мәтелдері» атты жаңа басылым жарық көрді. Жинақ
құрастырушының шағын «Алғы сөзімен» басталып, онда мақал-
мәтелдердің жүйеленуі туралы кеңінен сөз қозғалып, оны
дәлелдеу мақсатында мынандай тұжырымдар айтылады: «Бұл
жинақтағы мақал-мәтелдерді іріктеп тақырыпқа бөлу жағы
нан да елеулі кемшіліктер болуы мүмкін. Өйткені түр, мазмұн
жағынан алуан түрлі мақал-мәтелдерді іріктеп, кейбіреулеріне
ерекше дәйектемелер беріп дайындау үшін ұзақ уақыт тілейтін
болды. Әзір қолдағы мақал-мәтелдерді мағына, түр жағынан
кең салаларға бөлдік... Бұл іріктеуде де мазмұн жағынан екі-үш
тақырыпты қамтып жататын мақалдардың орын ауыстырып
жүруі мүмкін»27. Бұл жинақ та алдыңғы басылымдар сияқты
бөлімдерге жүйеленіп, мақал-мәтелдер сол тақырыптардың ая
сына топтастырылған. Бұл жинақ 1959 жылы және 1993 жылы
ешбір өзгеріссіз қайта басылып шықты.
1980 жылы «Жазушы» баспасынан жарыққа шыққан
«Қазақтың мақал-мәтелдері» атты жинақ өзінің мазмұны мен
көлемі жағынан толықтырылған басылым екендігі байқалады.
Егер 1957, 1959 жылдардағы жинақтарға бар болғаны 2500-ге
жуық мақал-мәтел енген болса, 1980 жылғы кітапта 5000-ға
тарта туынды қамтылған. Елуінші жылдардағы басылымдарда
мақал-мәтелдер бар-жоғы 20 тақырыпқа бөлінсе, мына жинақта
ол 29 тақырыпта жүйеленген. Атап айтқанда: қол өнер, ақыл-
ой, ғылым-білім, ұл мен қыз, той-думан, ұшқан құс, жүгірген
аң, аңшылық, саятшылық, туыс-туған, көрші-қолаң, жолау
шы, ақылды қария-ағынды дария секілді тақырыптардағы
27 Тұрманжанов Ө. Алғы сөз // Қазақтың мақалдары мен мәтелдері.—
Алматы, 1957.—5-б.
ғылыми қосымшалар
мақал-мәтелдермен толықтырылған. Жинақ алғы сөз, түсінік
т.б. ғылыми аппаратпен қамтамасыз етілмегендіктен, жаңадан
енген 2500-ге тарта мәтіндердің қайдан алынғаны туралы ешбір
мәлімет көрсетілмеген.
Дегенмен Ө.Тұрманжанов құрастырған жинақтар өзге
басылымдарға қарағанда мазмұндылығы жағынан салмақты.
Сонымен бірге құрастырушының мақал-мәтелдердің бар
лық нұсқалары мен версияларын түгел қамту, жанрлық
ерекшелігін, тақырыптық жүйесін ғылыми түрде анықтау
жөніндегі пікірлері қазір де маңызын жойған жоқ. Бұл жи
нақтарды көпшілікке арналғандықтан да, мақал-мәтелдерді
мазмұнына, көркемдік құнына байланысты тақырыптық прин
циптермен жүйеленіп, халық игілігіне айналған зор еңбектер
ретінде атап өткен.
Ө.Тұрманжанов
құрастырған
кітаптардың
кемшілігі—
бір жинақта жарияланған мақалдың келесі жинақта мәтіні
өңделіп, өзгертіліп беруі дер едік. Сөзіміз дәлелді болуы үшін
төменде бірнеше мысалдарды келтіруді жөн көрдік:
Қазақтың мақалдары мен
мәтелдері. 1957 ж.
Қазақтың мақал мен мәтелі.
1980 ж.
«Ер аруағы қарулы» (17-бет)
«Малы жоқ деп ерден түңілме,
Шөбі жоқ деп жерден түңілме».
(17-бет)
«Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды»
(18-бет)
«Ер қуаты қаруы» (14-бет)
«Малы жоқ деп ерден түңілме,
Егіні жоқ деп жерден түңілме».
(14-бет)
«Ылдыйсыз өр болмайды,
Табыссыз ер болмайды».
(15-бет)
Екінші мақалдың 1957 жылғы мәтіні түпнұсқа екендігін
дәлелдеу қиынға түспейді. Тұрмысында төрт түлік малды
тіршіліктің көзі санаған қазақ мал жайылымы үшін шетсіз-
шексіз ен даланы кезіп, көшпелі ғұмыр кешкені баршаға мәлім.
Малын ойлаған халық қашанда жайылым қарастыратыны
белгілі. Сондықтан алғашқы жинақта: «Малы жоқ деп ер
қазақ мақал-мәтелдері ден түңілме, Шөбі жоқ деп жерден түңілме» делінуі заңды. Ал екінші нұсқа елуінші жылдардағы тың көтерудің әсерінен өнделіп, өзгеріске түсуі мүмкін. Үшінші мақал да алғашқы нұсқада дұрыс екендігіне көз жеткізуге болатын секілді. Ол ескіден келе жатқан ерлік жөніндегі сөз маржандарының бірі болуы тиіс. Ілгері заман дарда батырлар жекпе-жек сайыстарда қара күшпен ғана емес, көбіне айла-тәсілмен жеңіп отырған. Қол бастаған сардарлар ірі соғыстарда ақылмен қапысын тауып, тұтқиыл әрекеттер жасаудың арқасында жауынан басым түскен. Бұл жөнінде мы салдарды тарихи әдебиеттерден көптен кездестіруге болады. Осы ретте, «Ылдыйсыз өр болмайды, қапысын таппас ер бол майды» деген алғашқы жинақтағы мәтіннің дұрыстығы дау туғызбаса керек. Кейінгі жинақтағы нұсқаның мазмұндық аясы тар, ұсақ пендешілікті үндеп тұрғандай сезіледі. Жоғарыда келтірілген жасанды әркелкіліктер туралы «Қазақ әдебиетінің тарихында» мынандай пікір берілген: «Халық ауыз әдебиетінде бұрыннан бар мақалдың тек бірер сөзін жаңадан қосу арқылы жаңа мақал жасау белең алды. Мы салы, «Ісінің ағы білмейді, жігіттің бағы біледі» деген мақал кейіннен «Жігіттің бағы білмейді, Жұмыстың бабы біледі», немесе «Ат шаппайды, баб шабады» деген «Ат шаппайды, бақ шабады» деп өзгеріске түсті. Жаңа мақал жасаудың тағы бір тәсілі ескі мақалдың құрылысы ғана алынып, сол қолмен жаңа мақал құру28. Бір айта кетерлік жайт, фольклоршы ғалымдарымыз ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамызды қасақана бұзушылықты көре тұра көзжұмбайлыққа салына тыны өкінішті. Бұндай бұрмалаушылық қазақ фольклорының барлық жанрларына қатысты екені жасырын емес. Қазақ мақал-мәтелдерін жинауда, жариялауда, зерттеу де тер төккен ғалымдарымыздың бірі—Балтабай Адамба ев29. Зерттеушінің өмір бойы жинап-терген, бірақ жариялап үлгірмеген мыңдаған мақал-мәтелдері бүгінде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. Бұл туындылар жүйеленіп, текстологиялық тұрғыда 28 Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.1. 2-к.—Алматы, 1964. —289-б. 29 Адамбаев Б. Халық даналығы.—Алматы, 1976; Мақал-мәтелдер. —Алма ты, 1996.
ғылыми қосымшалар сараланып, «Қазақ мақал-мәтелдерінің» келесі томына енгізу шаралары жоспарлануда. Өзге халықтардың мақал-мәтелдерін қазақша, төл туын дыларымызды басқа халықтардың тіліне аударуда М.Әлімбаев пен М.Аққозин30 қыруар еңбек атқарғаны белгілі. М.Әлімбаев құрастырған жинақтарда бұрын жарияланбаған төл туындыларымызбен қатар, кешегі Кеңес кеңістігіндегі барлық ұлттар мен ұлыстардың, ағылшын, араб, моңғол, вьет нам т.б. шетел халықтарының сөз маржандарын кездестіруге болады. Мәселен, «666 мақал-мәтел» жинағына 21 жұрттың туындылары енгізіліп, ол қазақ оқырмандарының рухани азығына айналды. Аудармашы М.Аққозин «Ақылдың көзі» жинағында қазақ мақал-мәтелдерін екі тілде қатар беру арқылы оларды сан ұлтты оқырманға таныстыруды мақсат тұтқан. Ол тақырып тық жүйені негізге ала отырып, жинаққа енген материал дарды 50-ге жуық тақырыптың аясында сұрыптайды. Әрине, фольклордың өзге жанрларына қарағанда мақал-мәтелдерге аударма жасауға екінің бірі бара бермейтіні белгілі. Сондықтан аудармашының орасан биік еңбегіне ризашылықпен қараған жөн. Әлбетте, тәржімелердің бәрін сапалы деп айту қиын, кет кен кемшіліктерді теріп жатпай-ақ, мысал үшін бірер мақалды келтіре кетуді жөн көрдік: «Жолдасы көптің—олжасы көп», аудармасы—«Друзей много—шире дорога»31. Бұл мақалды сәтті аударылған деп айту қиын. Сырдария, Әмудария өзендерінің аңғарына, Ангрен, Шыршық, Келес аудандарына, Қазқұрт, Қаратау бөкте ріне арнайы фольклорлық экспедицияға шығып, сол ай мақтардағы тұрғандардан жиналған мақал-мәтелдердің негізінде Қ.Саттаров құрастырған жинақ32—бұрын басылым көрмегендігімен құнды. Кітапшаға енген 2000-ға жуық мақалмәтел әліпбилік жүйемен топтастырылған. Жинаққа берілген алғы сөзде шағын жанрларды жинау, жүйелеу, зерттеу туралы мәселелер қозғалып, ғылыми түсінік енгізілгенімен оларды 30 Әлімбаев М. Өрнекті сөз—ортақ қазына.—Алматы, 1967; Ер айнасы— еңбегі.—Алматы, 1968; 666 мақал мен мәтел.—Алматы, 1960; Мақалмәтелдер, жұмбақтар.—Алматы, 1990.—156-б. 31 Аққозин М. Ақылдың көзі. Қазақ мақал-мәтелдері.—Алматы, 1990.—156-б. 32 Саттаров Қ. Ақылдың көзі.—Алматы, 1990.
қазақ мақал-мәтелдері
бүгінгі күннің талаптарына сай жүйеленген деп бағалау артық
болар еді.
Осы ретпен келгенде, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты Қолжазба және текстология бөлімінің
қызметкерлері дайындап, 2001 жылы жарыққа шығарған
«Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері» атты жаңа
жинақ көлемі мен мазмұны жағынан толықтырылған, ғылыми
тұрғыда жетілдірілген еңбек болып табылады. Жинақта
ғылыми алғы сөз, сөздік, мақал-мәтелдер туралы мәліметтер
берушілердің тізімі, дерек көздері мен жинаушылар туралы
мағлұматтар берілген.
М.Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихы», С.Сейфуллин
нің 1932 жылғы «Қазақ әдебиеті нұсқалары» кітаптарында
мақал-мәтелдерді қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде
атап өткен құнды пікірлерін есептемегенде, өзге зерттеу
лер жүргізілмеді десе де болғандай. Тек 1948 жылы жарық
көрген «Қазақ әдебиетінің тарихына» профессор Б.Шалабаев
«Мақал-мәтел» дейтін ғылыми очеркін кіргізді. Ғалым бұл
мақаласында мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйеге бөліп тал
дап, мән-мазмұнына, қызметіне, жанрлық ерекшеліктеріне
шолу жасап, олардың әрқайсысына анықтама береді. Деген
мен мақал-мәтелдердің шығу төркініне, даму, жиналу, жа
риялану тарихына, олардың фольклорлық өзге жанрлармен
болатын арақатынасы жайлы сөз қозғалмайды.
Қазақ фольклоры шағын жанрларын толымды зертте
ген ғалымның бірегейі—академик М.Ғабдуллин. Фольклор
танушы ғалым жоғарғы оқу орындарына арнаған «Қазақ
халқының ауыз әдебиеті» атты оқулығында мақал-мәтелдер
мен жұмбақтардың әрқайсысына жеке тарау арнап, жанр
ретінде жан-жақты зерттеулер жүргізген. Автордың алдыңғы
зерттеушілерден тағы бір айырмашылығы—аталған жанрдың
жиналуы, жариялануы зерттелуі жөнінде, оған қатысты
адамдардың аты-жөні төңірегінде құнды мәліметтер береді.
Олардың аттарына жылы лебіздер білдіріп, осы жұмыстарда
кеткен кейбір олқылықтарға сыни пікірлерін айтады. Мақал-
мәтелдерге қатысты түрлі мысалдар келтіріп, ғылыми тұр
ғыдан түсінік береді, олардың мазмұндық ерекшеліктеріне,
құрылысына тоқталып, ғылыми тұжырымдар жасайды.
Алайда, өзінен бұрынғы зерттеушілер сияқты, бұл еңбекте
ғылыми қосымшалар де мақал-мәтелдердің даму тарихы, көркемдік ерекшеліктері талданбайды. Бұдан кейінгі кезеңдерде шағын жанрлардың аталған са ласына бай-ланысты қалам тартқан зерттеушілердің қатарына С.Нұрышов33, Р.Сәрсенбаев34, Б.Адамбаев, Б.Әбділдиналарды35 жатқызуға болады. С.Нұрышев «Қазақтың халық мақалдарының даму та рихынан» алатын еңбегінде мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшеліктері мен сипаты, құрылысы ашылмай қалған. Зерттеуші қазақ мақал-мәтелдерін «Россияға қосылғанға дейінгі», «Россияға қосылғаннан кейінгі» деп сұрыптап, көшпелі өмірге, мал шаруашылығына байланыстыларын «байырғы», егін мен кәсіпке қатыстыларын «орыс еліне қо сылған соң пайда болған» деп жасанды, орынсыз тұжырымдар жасап, дәлелдеуге тырысады. Әрине, аталған олқылықтарға қоғамдық идеологияның да әсері болғандығы сөзсіз. Автордың сол шеңберден шыға алмағаны байқалады. Р.Сәрсенбаев «Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің лексикастилистикалық ерекшеліктері» дейтін кандидаттық диссер тациясында бұл жанрдың құрылымын, лексикасы мен сти листикасын жан-жақты талдаған. Олардың жасалу жолдары, түрі мен мазмұнының басқа жанрлармен байланысы жайлы құнды пікірлер айтылады. Мақал-мәтелдердің өзге тілдерден аударылу тәсілдері мен қол жеткен жетістіктер туралы пай ымдар жасайды. Автордың негізгі мақсаты жанрдың тілдік қасиеттерін ашу болғандықтан, мақал-мәтелдердің тарихына, көркемдік ерекшеліктеріне көп көңіл бөлмейді. Осы ретте, кенжелеп қалған қазақ паремоллогиясына тың нан түрен салып зерделі зерттеулер жүргізген жас зерттеуші Б.Әбділдинаның еңбегін атап өткен орынды. Ол қазақ мақалмәтелдерінің жанрлық ерекшеліктерін кешенді түрде тал дап, оның поэтикалық құрылымына байланысты маңызды мәселелерді шеше білген. Мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктеріне терең сұғы нып олардың өзге паремиялармен ауысу құбылысына барын 33 Нұрышев С. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихынан.—Алматы, 1959. 34 Сәрсенбаев Р. Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің лексикалық-стилис тикалық ерекшеліктері. (Кандид. дис.).—Алматы, 1961. 35 Адамбаев Б. Алтын сандық.—Алматы, 1989.
қазақ мақал-мәтелдері ша ден қояды. Паремиялардың бір-біріне ауысу құбылысы бұрын-соңды сөз болмаған, шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі болатын. Автор жан-жақты ізденуінің арқасында мақал-мәтелдерге жанрлық құрылымы мен мазмұны жағынан жақын келетін көптеген паремияларды анықтайды. Олар: велеризм жұмбақ, мақал-мәтелдер; алғыс, қарғыс мәнді мақалдар; болжамдық мәнді мақал-мәтелдер; ертегілер, қара өлеңдер мысал әңгімелерге, шешендік сөздерге, нақыл, қанатты сөздерге негіз болған мақалдар; ләтифа, қысқа әңгімелерден шыққан мақалдар: түс жору және тыйым салу мәніндегі мақалдар мен мәтелдер. Зерттеуші осы ұқсас паремиялардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, дәлелдеу үшін татымды мысалдар келтіреді. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің синонимдері мен көп нұсқалылығы жөнінде көңілге қонымды пікірлер айтылады36. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдерде қазақ фольклоры ның барлық жанрларының, соның ішінде шағын жанрлардың да халық арасынан жиналуы, жариялануы және зерттелуі ба сты назарда болып келді. Мақал-мәтелдер баспасөз беттерінде, қалың көпшілікке арналған басылымдарда көптеп жа рияланып, халқымыздың рухани азығына айналды. Олар әрқашан халықтың басына түскен сын сәттерінде бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырды. Қазақ халқының жігерін жанып ерлікке, батырлыққа, еңбекқорлыққа баулыды, намы сын оятып, жат мінездерден аулақ болуға үндеді. Сондықтан сол еңбектердің жалғасы іспетті «Бабалар сөзі» сериясының «Қазақ мақал-мәтелдері» атты бұл томы да ішкі мазмұнына, көркемдік ерекшеліктеріне қарай іріктеліп, тақырыптық принциппен жүйеленді. Ғылыми басылым болғандықтан, мәтіндер аяғына дейін бір ретпен нөмірленіп, кейбір мақалмәтелдердің өзгерген нұсқалары да енгізілді. Мысалы, «Бай Құдай ұрарында жортуыл болады, жарлы Құдай ұрарында қатынын тастайды», нұсқасы—«Биді Құдай ұрарында жорту ыл бастайды, Биені Құдай ұрарында құлын тастайды; немесе «Бай мақтанса, май табылар, жоқ мақтанса, не табылар?!»— «Бай мақтанса, табылар, жоқ мақтанса, шабылар»; болмаса— «Қоралы бай—қорлы бай, жылқылы бай—сылдыр бай»— 36 Әбділдина Б. Кіші жанрларды жүйелеу // ӘӨИ. —415-б.
ғылыми қосымшалар
«Қоралы бай—қорлы бай, сиырлы бай—сары май» т.с.с.
Томға енген мақал-мәтелдердің негізгі мәтіндері 2001 жылы
басылым көрген «Қазақ халқының мақалдары мен мәтелдері»
жинағынан, ҚР БҒМ ҒК Орталық ғылыми кітапханасы мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының си
рек қорларындағы қолжазбалардан, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жыл
ды «Халық бірлігі мен тарих жылы» деп белгілеуіне байла
нысты еліміздің түкпір-түкпіріне шыққан фольклорлық-
этнографиялық экспедициялар жұмысы негізінде жинаған
материалдар бойынша дайындалды.
Т. Әлібеков
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Абылай, Әбілмансұр (1711—5.1781)—аса көрнекті мемле
кет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы.
Азан шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің
қойған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан, Абылай
атанған. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан
нан тарайды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сай
ланады. Ел тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы
басқыншыларға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отыра
ды. Шет елдермен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өмір жолы ат үстінде
жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болады.
Сүйегі Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет Иасауи
кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде
жерленген.
Аяз би—қазақтың аңыз әңгімесінің кейіпкері, ел басшы
сы, қоғам қайраткерінің халық қиялынан туған үлгілі бейнесі.
Аяз би өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір бола
ды. Мадан ханның сынынан өтуі, оған шөп жаманы—қоға, құс
жаманы—сауысқан екенін дәлелдеп беруі, хан тұлпарының
сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айыруы, ханның
шартты жұмбағын шешіп, Меңдісұлуға үйленуі, күншіл,
ақылсыз қырық уәзірді өлімнен құтқаруы, оның даналығын,
достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін хан мойындап, Жа
манды хан көтерді. Майқы бидің қасынан орын алған екі бидің
біреуі (екіншісі—Құмырсқа) деген халық аузында аңыз бар.
Майқы би оны бір топта сөйлеген сөзінен танып, қасына
алдырған деседі. Әділдігі үшін жақсы көрген. Майқы би оларға
билікте көп ерік беріп, елшілік-жаушылық жұмыстарға жиі
ғылыми қосымшалар
жұмсаған, халықтан қол үзіп кетпесін, мұң-зарын, тұрмысын
біліп отырсын деп ауық-ауық ел аралатып отырған, олар
ды уақытында тоқтата да білген делінеді. «Аяз би әліңді біл,
құмырсқа, жолыңды біл» деген мәтел содан қалған деседі.
Аяз бидің есімі мыңдаған жыл өтсе де, өшкен жоқ. Ол туралы
ертегілер, аңыз-әңгімелер ел арасында көп сақталған.
Әзірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періште
лердің бірі, жан алғыш періштенің есімі. Адамды жаратар
алдында Алла жердің әр тұсынан саз әкелуге періштелерін
жұмсайды. Жер оларға қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Ме
кайыл мен Ысрапыл да жерден бір шөкім саз үзіп ала алмай
ды. Бұл шаруаны Әзірейіл ғана атқара алған, осы қаталдығы
үшін ол жан алғыш бас періште болып тағайындалған. Адамға
ажал мезеті жеткен кезде Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған
ағаштан әлгі адамның есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі.
Әзірейіл қырық күн мерзім ішінде сол адамның жанын алуға
тиіс.
Майқы би —ежелгі қазақ қоғамында аңызға айналған та
рихи тұлға, атақты би, шешен. Әділ билігімен, шешендік сөз
өнерімен түркі халықтары арасында кең тараған. Шежіре
лерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға
кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. Үйсін мемлекетінің
билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Майқы би Мәнұлы деген
атпен б.з.б. 178-89 ж.ж. өмір сүрген және аңыз бойынша, би
атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы
би Төбейұлы (шамамен 1105-1225 ж.ж.) Шыңғысханның за
мандасы әрі оны хан көтерген 12 бидің ішінде болған. Пар
сы тарихшысы Рашид әд-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты
шығармасында (қошындық Байку деген атпен) Майқы бидің
Шыңғысханның ел басқару ісіне көмектесетін оң қолы,
ақылшысы, бас биі болғаны, ХІІІ ғасырда Жошы ханның
Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің оң қанатын
басқарғаны айтылады. Кейбір халық аңыздарында Майқы би
Орманбет би өліп, он сан ноғайлы елі бүлінгенде қазақ ұлысын
құрған және қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-
би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың
шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі және
Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде
ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (Ұлы
қазақ мақал-мәтелдері
жүздің арғы атасы) Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би,
одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды.
Кейбір шежірешілер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп,
Ұлы жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың әдет-ғұрып,
салтын, жол-жоралғысын заңға айналдырып, қоғамдық қару
етуде Майқы бидің алатын орны ерекше. Халық арасында кең
тараған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы—Майқы би» деген
мақал бар. Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кез
де өмір сүрген әрі әділдігімен, шешендігімен жалпытүркілік
қайраткер дәрежесіне көтерілген.
Мұхаммед (Мұхаммед ибн Абдулла Әбу-л Қасым)—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, та
рихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла Таға
ланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі, ең
соңғы пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген.
Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай
бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа
толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында
сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол
қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алла Тағаланың алғашқы жарлықтары (уаһи) рамазан ай
ында хазірет Мұхаммедке Меккеден үш шақырым жердегі
Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен.
Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—
исламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды Мұхаммед
(с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың басым көпшілігі
пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық білдіріп, түрлі
қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.)
өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине қаласына қоныс
аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы деп есептеледі.
Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс аудару» деген
сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
ғылыми қосымшалар
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Ғалымдардың бір қатары Қызыр
бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланы
стырып зерттесе, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен
пайда болған деп түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың
ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел аралап
жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әртүрлі қиындықтардан қорғаушы.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт абыржымай, сабыр сақтап, Алла
Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар,
құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
СӨЗДІК
Абат—шалғынды, көкорай бау-бақшалы
Айыр—нар мен інгеннің төлі (түйе)
Ар ма—амандық сұрасу
Әңгі—есектің айғыры
Әуей—әумесер, алаңғасар
Бәлемет (бәлекет)—малға жұғатын ауру, жұт
Бойра—қамыстан тоқылған төсеніш
Бөгелек—жылқыға үйір, қансорғыш жәндік
Бұрау—жүкті бекіту үшін қолданатын ағаш құрал
Ғауға—дау-жанжал
Ерен—жаран, жұрт
Ерулік—жаңа көршіге берілетін қонақ асы
Дайра—өзен, дария
Дегелек—құстың түрі
Жабы—қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы
Жалайыр—қазақ
халқын
құраған
тайпалардың
бірі.
Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді.
Желінсау—желіннің ісіп, талаурап кететін, көбіне қойда
болатын ауру
Жортуыл—тонау, ұрлау, шабу мақсатында жасалатын
шапқын, шапқыншылық жорық
Жөргем—қой ішегінен жасалған тағам
Зала—залал
Зымыстан—қыс, аяз
Илат (уәлаят)—жұртшылық, ел
Кебір—кепкен саздауыт жер
Кекес—кекесін, кемсіту
Кеніш—молшылық, байлық, береке
ғылыми қосымшалар
Керей—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі
Кермейық—менмен, өзімшіл
Керсең—ағаштан дөңгелектеп істеген үлкен шара, тегеш
Көзе—ыдыс, құмыра
Көн—ірі қараның иленген қатты терісі
Көнек—көбінесе бие саууға арналған көннен жасалған
ыдыс
Күләл—күмән
Күрмек—күріштің арасында өсетін дақыл түрі
Қазa—балық ұстайтын құрал
Қараған—бұталы өсімдік
Маржа—әйел, қатын
Машайық—ақылды адам, абыз
Машақат—қиындық
Мая—жалғыз өркешті нар түйенің інгені, аруана
Мәуіті—оң жағы майда түкті келген қалың мата
Мекер—қу, айлакер
Мият—көңілге медеу, тірек, сүйеніш
Мосы—ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін, үш
тағанды темір құрал
Мықан—ағаш түрі
Немарт—тексіз, жетесіз, нашар
Нияз—қайыр, садақа, ас, нәзір
Парша—алтын мен күмісті араластыра отырып, тығыз
тоқыған жылтырақ жібек мата
Пешқадам—сөзуар, шешен
Сауға—батырдан сұрайтын бұйымтай, сөз, тілек
Селебе—біреуді демеу, қолдау
Сыпай (көн)—жауынгер, әскери шендегі қызметкер
Сыралғы—аңшыдан сұрайтын сыбаға
Сімер—шебер, ісмер
Сімілтір—сүмелек
Тамыр—көңілдес, дос-жар адамдар
Тез—қисық ағашты түзету үшін не түзу ағашты ию үшін
қолданылатын құрал
Тоқтышақ—қойдың төлі
Уәлі—айтқаны келетін қасиетті, дуалы
Үзбентай—көженің түрі
қазақ мақал-мәтелдері
Үргедек —құстың түрі, үркек
Хикмат—даналық
Шиыр—мал жайылып шиырлаған қоныс, жайлау
Шобыр—шабан ат
Шүлен—жомарт, молшылық
Ықтият—сақтық
Жер-су атаулары Бесқала—Қарақалпақ жеріндегі қазақтар көп қоныстанған ежелгі қалалар (Хиуа, Қоңырат, Көне Үргеніш, Хожелі, Хо резм). Бұхара—Амудария мен Сырдария өзендерінің аралы ғында ежелгі Түркі халықтарының өзбек тармағы құрған хандық. Ол 1920 жылға дейін жеке өмір сүріп, 1924 жылы аумағы Өзбекстан, Түрікменстан, Үндістан Республикасының құрамына енген. Бұхараның бір бөлігі Пянди өзені бассейнін дегі (Амударияның басқа ағысы) таулы өңірімен, екінші жағы Қашқадария, Заравшан мен Амударияның төменгі ағысында (Қызылқұм, Ұртаушул т.б.) құмды даласымен ұштасып жата ды. Негізгі халықтары өзбектер, тәжіктер, түрікмендер және қазақтардан құралған. Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады. Түркістан—Шығыс әлеміне танымал көне қалалардың бірі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда, ІV-X ғасырларда бұл қаланың орнында Шавгар (арабша Шавагар) мекені болған, 30-299*
қазақ мақал-мәтелдері
бірақ бұдан із қалмаған. XІІ-XІV ғасырларда Түркістан «Ясы»
деп аталады. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін
түркілердің діни орталығына айналған.
Сыр—Сырдария өзені. Қазақстандағы Сырдария өзенінің
аты жөнінде көптеген пікірлер, зерттеулер бар. Өзен аты тари
хи дәуірлерде бірнеше рет өзгертілген.
Б.з.д. ғасырда өмір сүрген Александр Македонскийдің
кезінде бұл өзен Яксарт деп аталған. Грек географы Страбон
ның еңбегінде де ол Яксарт аталатынын көрсетеді. Зерттеуші
лердің айтуынша, Плиний б.д-дің ІІІ ғасырында Сырдариянын
сақтардың Силис деп атағанын хабарлайды. Ал VІІІ ғ. түркі жа
зуларында Йенһу угуз аталаған. Ерте, орта ғасырдағы араб, пар
сы жазбаларында Сырдария өзені Сейхун деген атпен белгілі.
А. Левшин бұл өзеннің Сыр түрінде айтылуы Монғолдың Ку
лаку деген ханының 1283 жылы парсыларға шабуылы кезінен
бері қарай кездесетінін айтады.
Өзен атауларындағы Сыр өзенінің этимологиясы жайлы
әртүрлі болжам бар. Олардың бірінде Сыр түркі тіліндегі «Соры»
сөзі делінсе, екіншісінде ол өзбек, тәжік тілдеріндегі Сир об—
«мол су» деген сөз, ескі сақ, соғды тілдерін де. Сыр—«жақсы»,
«өте», «көп» деген ұғым беретіні айтылады.
Томға енген мақал-мәтелдерді
жинаушылар туралы мәлімет
Адамбаев Б.—әдебиеттанушы, жазушы. Ұзақ жылдар Қазақ
ССР Ғылым академиясы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтында қызмет атқарған, филология ғылымдары
ның кандидаты. Зерттеу нысаны қазақтың шешендік өнеріне,
қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерге қатысты болғандықтан,
осы салаларда ірі-ірі зерттеу еңбектерін жазды. Орта Азия
мен Қазақстанның көптеген жерлерін аралап, ауыз әдебиеті
үлгілерінің жиналуына, қолжазба қорларының қалыптасуына
белсене араласты.
Әлімбаев М.—1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ау
даны, Маралды ауылында туған. Қазақстанның халық жазу
шысы, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері. Ұлы Отан соғысына
қатысқан. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды бітірген. «Пионер»
журналында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Бас
редактордың орынбасары, «Балдырған» журналының Бас ре
дакторы болды. Ақынның 52 кітабы шыққан. М.Әлімбаевтың
300-дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан. Ол
қазақ балалар әдбиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Аспандағы
әпке» жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлығы берілді. М.Әлімбаев мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу,
басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен
де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал—сөздің
мәйегі», «Өрнекті сөз—ортақ қазына» т.б. жинақтар мен зерт
теу еңбектері бар. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын
қазақ тіліне аударды. М.Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге
аударылған.
Баржақсыбаласы А. (1896-1935)—Алаш ардагерлерінің
бірі, ақын, журналист, рухани мұралардың жанашыры.
қазақ мақал-мәтелдері Бұрынғы Атбасар уезі, Жезді болысының І-ауылда туып, жергілікті 2 класты мектепті, Омбы мұғалімдер семинариясын да С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, М.Саматов, М.Жұмабаев сияқты қоғам қайраткерлерімен бірге оқыған. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 120, 150 сандарында А.Баржақсыбаласы қазақ елінің этнографиялық материалдарын жинауға көп еңбек сіңірген Г.Н.Потанин, А.Е.Алекторов туралы тұжырымды пікірлер жазған. Көп жылдар халықтың даналық сөздерін жи настырып, соның негізінен «Мың бір мақал» атты кітап басты рып шығарды. Васильев А.В.—Шығысты зерттеуші ғалым, белгілі ориен талист, профессор. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, олардың басылым көруіне зор еңбек сіңірді. Ал кей себептермен жарияланба ған жеке мұрағаттарында сақталған көптеген қолжазбалар ды 1935-1936 жылдары Ұлт мәдениеті институтының қорына тапсырған. Олардың ішінде Кердері Әбубәкір мен басқа да ХІХ ғасырдың көрнекті ақындарының өлеңдері, айтыстары, жырлары бар. Дауылбаев Б.—Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің мүшесі, ақын, журналист. Ол 1880 жылдан бас тап қазақ этнографиясына қатысты материалдар мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен шұғылданды. Оларды баспасөз беттерінде жариялап, «Дала Уалаяты» газетінде зерттеу мақалалар жазды. Диваев Ә. (1856-1932)—этнограф, фольклортанушы. Ұлты—башқұрт. Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азия бөлімін бітірген, 1876 жылдан бастап Түркістан өлкесіне әскери қызметпен келген. Ташкент қаласында Әскери-ха лықтық басқармада қызмет еткен. Сол жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиетін жинап, зерттеп, баспа бетінде жари ялап отырған. Эпостық жырларды, ертегілерді, балалар фоль клорын, шешендік сөздерді қағазға түсірді, кейбіреуін орыс тіліне аударды. Ежелгі күнтізбе, астрономия туралы халық ұғымдарын жинады. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский, В.В.Бартольд т.б. ғалымдар жоғары бағалады. Катаринский В.В. (1846-1902)—қазақ мәдениеті мен ағар ту ісіне көп еңбек сіңірген ориенталист ғалым. 25 жылдан астам
ғылыми қосымшалар
уақыт Орынбор облысында татар, башқұрт және қазақ мектеп
тер жөніндегі инспектор болып істеді. Ол Ы.Алтынсариннің
ағарту саласындағы идеяларын қолдап, оның іс жүзіне асуы
на тікелей көмектеседі. В.Катаринский қазақ балалары үшін
«Қазаққа арналған әліппе», қазақтарға арналған орыс тілінің
бастапқы оқулығы («Первоначальный учебник русского язы
ка для киргиз» 1894) атты оқу құралдарын жазады. Оның
қатысуымен және редакциялауымен «Қазақ тілінің граммати
касы», «Қазақша-орысша сөздік», алғашқы қазақ күнтізбесі
жарыққа шықты.
Лаптев
И.—1895
жылы
Лазаревтің
Шығыс
тілдері
институтының арнайы класын бітірген. Бірінші дәрежелі ат
тестат алу үшін жазған еңбегін профессор С.Е.Саков жоғары
бағалап, «Қазақ-қырғыз тілі жөнінен материалдар» деген
кітабын бастыру туралы ұсыныс жасаған. И.Лаптевтің аталған
жинағы Москвада 1900 жылы В.Гатцук типографиясында
басылған. Кітап екі бөлімнен тұрады: халық әдебиеті үлгілері
мен қазақ-қырғыз тілінің қысқаша грамматикалық очеркі,
түсініктері.
Мелиоранский П.М. (1868-1906- Петербург)—орыс тілінің
маманы, тюрколог, Петербург университетінің профессоры
(1905), В.В.Радловтың шәкірті. Петербург университетінің
Шығыс факультетінің араб-парсы-татар бөлімін бітірген.
Ғылыми-зерттеу еңбектері түркі тілдерінің тарихы мен
көне түркі жазба ескерткіштерін лингвистикалық тұрғыдан
талдауға арналған. Орынбор губерниясы мен Торғай облысын
да болған кезеңдерде қазақ тілін үйрене жүріп, фольклорлық
мұраларды да жинауға машықтанады. «Қазақ мақалдары
мен жұмбақтары» (1898) және екі бөлімнен тұратын «Қазақ-
қырғыз тілінің қысқаша грамматикасы» еңбектерін жазды.
Көне тарихқа қатысты орхон жазуларының мәтінін аударып,
оларға лингвистикалық талдау жасады. Оның «Қазақ-қырғыз
тілінің қысқаша грамматикасы» түркі тілдерінің салыстырма
лы грамматикаларын жасауға озық үлгі бола алады.
Радлов В.В. (1837-1918)—ірі шығыстанушы, түркі тілдері
мен фольклорының үлкен білгірі. Ұлты—неміс, Германияның
Берлин қаласында дүниеге келген.
Берлин университетін бітіргеннен кейін болашақ ғалым
Ресейге келеді. Ұзамай тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне
қазақ мақал-мәтелдері
барып, оқытушылық қызмет атқарады. Осы уақыттан (1859-
1871) бастап түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеумен
белсене шұғылданады. В.В.Радлов әртүрлі ғылыми сипаттағы
экспедицияларға қатысып, фольклорлық үлгілерді ұқыпты
түрде жинап, қағазға түсіреді.
1870 жылдары В.В.Радлов «Түркі тайпалары халық
әдебиетінің нұсқалары» деген көптомдық еңбегінің үшінші
томында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады.
Саттаров Қ.—филология ғылымдарының докторы, про
фессор, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы Ташкент өңіріне ұйымдастырылған бірнеше
фольклорлық-этнографиялық
экспедицияларды
басқарған.
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырды.
Тұрманжанов Ө. (1905-1978)—жазушы, Мәскеудегі Шығыс
жастарының коммунистік университетін бітірген. Ташкенттегі
Орта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және
қазақ-қырғыз тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,
Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының
басшысы, ҚазПи-де профессор, Қазақ Мемлекеттік баспасында
бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Әдебиет
майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналдарында редактор т.б.
қызметтер атқарды. Ө.Тұрманжановтың шығармалары негізінен
балаларға арналған. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған
көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударылып, бірнеше
кітабы орыс тілінде жарияланды. Бірнеше оқулықтың авторы.
Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен де шұғылданып,
«Қазақтың мақал-мәтелдерін», балаларға арналған нақыл
сөздерді құрастырып жарыққа шығарды.
Уәлиханов Ш. (Мұхамедханафия) (1835-1865)—қазақ ға
лымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклор
танушы, ағартушы. Жеке меншік мектепте оқып хат таниды.
Шығыс тілдерінен араб, парсы, түркі тілдерін меңгеріп, Омбы
Кадет корпусын бітірген. ХІХ ғасырдың орта шенінде қазақ
ортасынан шығып халық творчествосын, этнографиясын жи
нап, оны баспа жүзіне шығаруда және сол материалдарды
зерттеуде үлес қосқан әйгілі зерттеуші.
мақал-мәтелдерге қатысты
мәлімет берушілер
ҚР Президентінің 1998 жылды «Халық бірлігі және ұлттық
тарих жылы» деп жариялауына байланысты облыстарға арнайы
жіберілген этномәдени экспедициялары барысында мақал-
мәтелдерге қатысты мәлімет берушілер:
Ақмола облысы
Байғосынова Мағира
(Ерейментау ауданы)
Қантарбаиева Мәкен
(Ерейментау ауданы)
Өтелиев Жеңіс
(Ерейментау ауданы)
Сағынаев Жасұлан
(Ерейментау ауданы)
Сұлтанова Алтыншаш
(Жақсы ауданы)
Шалғынбаева Марфуға
(Жақсы ауданы)
Шарбахұнұлы Зұхай
(Ерейментау ауданы)
Шәмішкенов Нәбден
(Жақсы ауданы)
Ақтөбе облысы
Бердімұратов Ағыбай
(Ақтөбе қаласы)
Жәкібаев Халық
(Комсомол ауданы)
Жиенғалиев Нұрыш
(Ақтөбе қаласы)
Нұғыманов Бәдір
(Мұғаджар ауданы)
Нығыметов Тіміржан
(Комсомол ауданы)
Алматы облысы
Абай Ақанұлы
(Қарасай ауданы)
Ақыш Сабырбайұлы
(Ақсу ауданы)
Алтын Омарбекқызы
(Көксу ауданы)
Ахметәлі Әбділдәұлы
(Қарасай ауданы)
қазақ мақал-мәтелдері
Әбіл Қонысбайұлы
(Балқаш ауданы)
Әнипа Тайжанқызы
(Балқаш ауданы)
Байбосынов Бейболат
(Қарасай ауданы)
Байназаров Ауғанбай
(Райымбек ауданы)
Байқыпбай Жаңғабылұл
(Райымбек ауданы)
Бидахмет Абдрахманұлы
(Қарабұлақ ауданы)
Бияздық келіні Бүбіш
(Райымбек ауданы)
Бигенбаев Мұратбек
(Райымбек ауданы)
Ғисанов Латиф
(Қаратал ауданы)
Дінислам Әлімбалаұлы
(Көксу ауданы)
Жұмагелдин Құсайын
(Сарқан ауданы)
Жүнісов Жұмаділ
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Кәдірберді Мұқайұлы
(Райымбек ауданы)
Кенжебаев Мұса
(Райымбек ауданы)
Көшкінбаев Аманкелді
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Күнбаев Молдаш
(Қарасай ауданы)
Қайролла Ыбырайымұлы
(Қарасай ауданы)
Құлмаханбетов Тұрған
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Майманұлы Бөбекбай
(Қарасай ауданы)
Мамыров Қайрат
(Алакөл ауданы)
Мұқайқызы Күлжамал
(Ұйғыр ауданы)
Мұқайұлы Қадірберді
(Райымбек ауданы)
Мұқашева Орынша
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Мұсабек Сәлменбайұлы
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Мұхаметшин Өтебек
(Көксу ауданы)
Нағиман Есімқызы
(Райымбек ауданы)
Нәзипа Оразғалиқызы
(Ақсу ауданы)
Нұртай Балбыр баласы
(Райымбек ауданы)
Өскенбаев Тоқай
(Райымбек ауданы)
Өтебаев Мырзабай
(Талғар ауданы)
Пұсырманова Фатима
(Қарасай ауданы)
Рахима Әлкенқызы
(Балқаш ауданы)
Рубай Жақанбайұлы
(Қаратал ауданы)
Рысбеков Бөкен
(Қарабұлақ ауданы)
Сағатбек Дабайұлы
(Еңбекшіқазақ ауданы)
Садықов Оразбек
(Балқаш ауданы)
Сайдуақасов Бабай
(Панфилов ауданы)
Сейілхан Сайлаубайұлы
(Балқаш ауданы)
Сұлтанбек Халилаұлы
(Талғар ауданы)
ғылыми қосымшалар
Тайғұлы Асқарбекұлы
(Талғар ауданы)
Телеу Тықырұлы
(Балқаш ауданы)
Темірбек Мезамбекұлы
(Сарқан ауданы)
Төлеужан Ұшпақбайқызы
(Талғар ауданы)
Тұрған Нүсіпұлы
(Панфилов ауданы)
Шайбекова Қорлан
(Талғар ауданы)
Атырау облысы
Ахметов Ғабдісаламат
(Құрманғазы ауданы)
Батыс Қазақстан облысы
Байқатов Биғали
(Шыңғырлау ауданы)
Бекмұхамбетова Айтбай
(Орда ауданы)
Жұмашов Мүслім
(Талөкпе ауданы)
Көбейсінов Құспан
(Орда ауданы)
Қоспаев Хасен
(Ақжайық ауданы)
Құбашұлы Шайдолла
(Талөкпе ауданы)
Мәтжанов Жүсіп
(Қаратөбе ауданы)
Табылдиев Тобанияз
(Ақжайық)
Сафуллин Нәбиолла
(Қаратөбе ауданы)
Шүкірова Гүлжамал
(Қаратөбе ауданы)
Жамбыл облысы
Айдарбек Айтубайұлы
(Жуалы ауданы)
Аяпбергенова Ұлжалғас
(Луговой ауданы)
Әбдікерімов Нұрқияш
(Луговой ауданы)
Әбдіқұлов Мәми
(Шу ауданы)
Әбділдаев Бақтияр
(Тараз ауданы)
Әбдрахманов Серік
(Қордай ауданы)
Әубәкірова Мариям
(Тараз қаласы)
Байтілен Серікхан
(Тараз қаласы)
Байғандиева Нұртай
(Тараз қаласы)
Бәйтаева Сара
(Қордай ауданы)
Бекетаев Дәбер
(Меркі ауданы)
Бектембаев Асқар
(Луговой ауданы)
Бошаев Ескендір
(Шу ауданы)
Бақыбаев Дүйсенәлі
(Луговой ауданы)
Дәулетқұлова Дәмет
(Луговской ауданы)
Дүйсенбиев Дүйсен
(Жуалы ауданы)
қазақ мақал-мәтелдері
Есімбекова Таңсық
(Шу ауданы)
Жабықбаев Дүйсен
(Луговой ауданы)
Жаманбаев Тұрсынхан
(Луговой ауданы)
Жансейітов Серпер
(Жуалы ауданы)
Жұматай Шінәсілұлы
(Луговой ауданы)
Кемтіреков Әсет
(Жамбыл ауданы)
Көшербаева Баян
(Тараз қаласы)
Қабылбеков Бексейіт
(Жуалы ауданы)
Қабышбеков Бейсенбай
(Байзақ ауданы)
Қойшыманов Бектембай
(Луговой ауданы)
Қорласбаев Қали
(Шу ауданы)
Мұрат Серікұлы Алтайтегі
(Меркі ауданы)
Нұрақаев Мағлұм
(Луговой ауданы)
Нүсіпов Кәріпжан
(Луговой ауданы)
Пірімқұлов Құлмағанбет
(Луговой ауданы)
Пірімбетов Есенбай
(Луговой ауданы)
Рақымбекұлы Ермек
(Шу ауданы)
Сағын Қыдырмаұлы
(Қордай ауданы)
Сайыпназаров Асан
(Байзақ ауданы)
Сарбасова Тұрсын
(Меркі ауданы)
Сәрсенбаева Күміс
(Қордай ауданы)
Төлеуішов Бектұр
(Жуалы ауданы)
Тұғанбаев Сәбденәлі
(Базақ ауданы)
Хамзин Болат
(Меркі ауданы)
Ырғалбеков Смаил
(Луговой ауданы)
Қарағанды облысы
Алшынбаев Айдар
(Жаңарқа ауданы)
Ахметбеков Мәжит
(Ұлытау ауданы)
Бекбалақ Қорлан
(Қарағанды қаласы)
Елшібаев Бахтияр
(Жаңарқа ауданы)
Шайгөзов Шакарман
(Ұлытау ауданы)
Қостанай облысы
Әбдіханов Сапабек
(Сарыкөл ауданы)
Ғайнутдинова Мариям
(Ленин ауданы)
Қапизжан Әнуарұлы
(Наурызым ауданы)
Нұрышев Әуезбек
(Наурызым ауданы)
Рамазанова Меңсұлу
(Сарыкөл ауданы)
ғылыми қосымшалар
Сәрсенбаев Біржан
(Сарыкөл ауданы)
Төкенова Жамал
(Наурызым ауданы)
Қызылорда облысы
Ақбаев Сүйінбай
(Қармақшы ауданы)
Ембергенов Сейітмұрат
(Сырдария ауданы)
Жақыпов Әніс
(Қызылорда қаласы)
Жакаев Ахат
(Қызылорда қаласы)
Қасымов Нұрмахан
(Шиелі ауданы)
Құдайбергенов Ибрагим
(Шиелі ауданы)
Сексенбаев Ерназар
(Қармақшы ауданы)
Шыңғысов Қали
(Қармақшы ауданы)
Маңғыстау облысы
Қорбақов Таушанбай
(Бейнеу ауданы)
Нұржанов Алқабай
(Бейнеу ауданы)
Шаханов Құрманбай
(Бейнеу ауданы)
Шәкратов Ысқақ
(Ақтау қаласы)
Оңтүстік Қазақстан облысы
Ақадыров Жолтай
(Түркістан ауданы)
Асанәлі Қарменов
(Түркістан ауданы)
Әлия Қоснабеков
(Төлеби ауданы)
Бибігүл Сапарбаева
Қолысов Қ
Тұрсынбеков Еркінбек
(Қазығұрт ауданы)
Павлодар облысы
Айман Ахтанұлы
(Май ауданы)
Айтжанов Қайыржан
(Ертіс ауданы)
Асжанов Тұрғанбек
(Май ауданы)
Әділханова Қалпеш
(Май ауданы)
Ділдәш Қабыдайқызы
(Баянауыл ауданы)
Жекенов Махамбет
(Баянауыл ауданы)
Жұмаділов Нұрмағанбет
(Май ауданы)
Қайрат Сыдықұлы
(Баянауыл ауданы)
Райымбеков Егеубай
(Баянауыл ауданы)
Серғазинов Айтбай
(Ертіс ауданы)
қазақ мақал-мәтелдері
Хамитова Зайда
(Май ауданы)
Шайхин Мерзихан
(Май ауданы)
Солтүстік Қазақстан облысы
Қанарбаева Бахыткамал
(Целинный ауданы)
Мағауина Ғайни
(Целинный ауданы)
Мағауин Уақан
(Целинный ауданы)
Молдахметова Күміс
(Бірлік ауданы)
Шығыс Қазақстан облысы
Бекен Исабайұлы
(Абай ауданы)
Ғалым Қанышбайұлы
(Абай ауданы)
Жақып Екібайұлы
(Абай ауданы)
Толымхан Қарамендеұлы
(Абай ауданы)
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/моңғ./—моңғол
/о/—орыс
/п/—парсы
/тат./—татар
/т/—түркі
/қалм./—қалмақ
/қыт./—қытай
/ж/—жергілікті сөз
/солт./—солтүстік
/оңт./—оңтүстік
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия. —Казань, 1979. 2. Алекторв А. Е. Мақалдар мен мәтелдер //Астраханский
вестник, 1894. №1369. 3. Адамбаев Б. Халық даналығы. —Алматы, 1976. 4. Адамбаев Б. Мақал-мәтелдер. —Алматы, 1996. 5. Әлімбаев М. 666 мақал мен мәтел. —Алматы, 1960. (Бұрын
жарияланбаған қазақтың мақал-мәтелдері бөлімінен алынды). 6. Әлімбаев М. Өрнекті сөз—ортақ қазына. —Алматы, 1967. 7. Әлімбаев М. Ер айнасы—еңбегі. —Алматы, 1968. 8. Әлімбаев М. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар. —Алматы, 1978. 9. Бартольд В. В. —Ташкент, 1927. —С.328-333 10. Баржақсыбаласы А. Мың бір мақал. —Москва, 1923. 11. Бабажанов М. Санкт-Петербурские ведомости, 1861.
№136. 12. Бабалар сөзі. 1-52-томдар.—Астана: Фолиант, 2004-2009. 13. Васильев А. Пословицы, записанные со слов киргиз Тур
гайской области. —Оренбург, 1892. 14. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской
области. —Ташкент, 1889. 15. Герн Ф. В. Киргизские пословицы. —Семипалатинск, 1898. 16. Диваев А. Киргизские пословицы (на правах рукописи).
—Ташкент, 1900.
17. Диваев А. Туркестанские ведомости. 1905. №113. 18. Диваев А. Этнографические материалы (сказки, посло
вицы, загадки, приметы, былины) туземного населения Сыр-
Дарьинской области). —Ташкент, 1895.
19. Дауылбаев Б. Мақалдар //Дала уалаятының газеті. 1892,
№42-46; 1894, №10.
ғылыми қосымшалар 20. Дала уалаятының газеті (1899-1902). —Алматы, 1992.
125-133-б.б. 21. Дала уалаятының газеті (1888-1894). —Алматы, 1989.
433-437-б.б. 22. Ешмұхамедов М. Дала уалаятының газеті. 1894. №32-
34; 36-38. 23. Катанов Н. Известия общества археологии, истории и
этнографии при Казанском университете. 1895. Т.13. Вып.2. 24. Катаринский В. Сборник киргизских пословиц. Мате
риалы по этнографии киргиз. Издание Тургайского областного
статического комитета. —Оренбург, 1899. —С.3-153.
25. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-10-томдар. —Ал
маты, 1998-2007. 26. Құрышжанов Ә. Сөз атасы.—Алматы, 1987. 27. Қаһарлы сөз қамал бұзар. —Алматы, 1943. 28. Лаптев И. Материалы по казах-киргизскому языку.
—Москва, 1900.
29. Лютш Я. Киргизские пословицы и загадки. Записки
Восточного отделения русского археологического общества. 1892. Вып.7. 30. Мейрам Ысқақбаласы. Қазақ мақалдары. —Қазан, 1914. 29. Остроумов Н. Сборник материалов для Сыр-Дарьинской
области. 1891. 30. Пантусов Н. Н. Киргизские пословицы, записанные
в Копальском уезде Семиреченской области. —Казань, 1900.
—Т. 17. Кн.4. — Стр.1-33.
31. Саттаров Қ. Ақылдың көзі. —Алматы, 1990. 32. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақалдары мен мәтелдері. —Ал
маты, 1935. 33. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақалдары-мәтелдері. —Алма
ты, 1959. 34. Березин И. Н. Бекмағамбетов. ОҒК. 136-бума, 1 дәп. 35. Елеусізов Ғ. ОҒК. 136-бума, 8-дәп. 36. Күнтуғанов С., Тұңғышбаев Қ. ОҒК. 137-бума, 3, 7,
9-дәп. 37. Қайнарбаев Ә. ОҒК. 136-бума, 4-дәп. 38. Құрманбаев Б., Қарымсақов И. ОҒК. 142-бума, 1-дәп. 39. Наурызбаев А. ОҒК. 137-бума, 7-дәптер. 40. Ордалиев Ханжар. ОҒК. 683-бума.
қазақ мақал-мәтелдері 41. Омаров Ө. ОҒК. 142-бума, 1957. 42. Сәрсенбаев М. ОҒК. 137-бума. 43. Төреқұлов Н. ОҒК. 642-бума, 1-дәп. 44. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.
—Москва, 1968.
45. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 46. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі // Құрастыр.:
Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.
—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
47. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 48. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі // Құрастыр.
І.К. Кеңесбаев. —Алматы, 1977. 49. Персидско-русский словарь // Под ред. Ю. А.Рубинчика.
І-ІІ т. —Москва, 1970. 50. Татарско-русский словарь.—Москва: Советская энцик
лопедия, 1966. 51. Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык ме
диа, 2005.
Пайдаланылған бумалар:
ОҒК. 1028 бума, 3-дәптер.
ОҒК. 962 бума, 2-дәптер.
ОҒК. 729 бума, 3-дәптер.
ОҒК. 717 бума, 11-дәптер.
ОҒК. 810 бума, 4-дәптер.
ОҒК. 797 бума, 4-дәптер.
ОҒК. 757 бума, 4-дәптер.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис
терства образования и науки РК продолжает работу по подго
товке и изданию очередных томов стотомного свода казахского
фольклора «Бабалар сөзі», издаваемого в рамках Государствен
ной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
Пословицы и поговорки—древний вид казахского народно-
поэтического творчества, поэтическая форма выражения народ
ной мудрости. Они охватывают почти все стороны духовной и
материальной жизни казахского народа, передаваясь из поко
ления в поколение, они совершенствовались, постепенно приоб
ретая предельную лаконичность.
65 том, представляемой общественности, посвящен послови
цам и поговоркам. Многие из них, метко сказанные в древности
устами (шешен) мастеров слова, постепенно стали для всего на
рода заветом, словом для подражания и стали называться по
словицами и поговорками. И хотя между пословицами и пого
ворками нет четкой границы, однако имеются стилистические
различия.
Поговорка (мәтел)—это обиходное выражение, метко и лако
нично определяющее и оценивающее какое-либо явление жиз
ни. В отличие от пословицы поговорка всегда одночленна, пред
ставляет собой часть суждения и обычно лишена обобщающего
поучительного смысла. Например, «Әлін білмеген әлек»—«Не
рассчитавший своих сил попадет впросак». В поговорке важны
не вывод или суждение, как в пословице, а образность, и эта осо
бенность ярко проявляется лишь при употреблении поговорки в
определенном контексте.
31-299*
қазақ мақал-мәтелдері
Богатый жизненный опыт кочевника передавался из по
коления в поколение в красочных лаконичных пословицах
(мақал). Это краткое, ритмически организованное, устойчивое
в речи, образное народное изречение. Употребляясь в перенос
ном значении—по принципу аналогии—к своему буквально
му смыслу («Не ексең, соны орасың»—«Что посеешь, то и по
жнешь»), пословица заключает в себе афористически сжатое
выражение какой-либо грани народного опыта.
Возникновение казахских пословиц и поговорок восходит
к далекому прошлому. О древности этого жанра казахского
фольклора свидетельствуют сохранившиеся письменные па
мятники тюркоязычных народов. Например, в знаменитом на
учном труде «Дивани лугат-ат-турк» («Словарь тюркских наре
чий») выдающегося тюркского ученого средневековья Махмуда
Кашкари в числе общетюркских имеются пословицы, идентич
ные казахским.
Пословицы и поговорки многие века были для казахского
народа сводом законов и правил. Разбирая и решая различные
межродовые, бытовые конфликты, судьи-бии часто обраща
лись к пословицам, опираясь на них. Для исполнения пригово
ра, разрешения спора эти образные и меткие выражения были
особенно приемлемы: в них выражались неоспоримые, самой
жизнью проверенные истины. И казахским пословицам свой
ственны сжатость, предельная точность, красочность, строятся
они при помощи метафор, метонимии, антитезы, аллегории,
сравнений.
С пробуждением интереса к казахскому народу во второй
половине ХІХ века пословицы и поговорки часто появляются
в публикациях различного характера. Казахские пословицы и
поговорки в различных газетах публиковались сначала едини
цами и десятками в качестве дополнения к этнографическим
сведениям, затем велась научная запись пословиц. По ширине
охвата и богатству материалов, по точности записи наибольшую
ценность из этих работ представляют публикации русских уче
ных Н.Пантусова, А.Васильева, М.Терентьева и др. В 1890 году
в г.Оренбурге впервые отдельным изданием выходит сборник
казахских пословиц, составленный В.Катаринским. В конце
ХІХ—начале ХХ века выходят уже небольшие сборники посло
виц на казахском языке. Собирание, публикация и изучение ка
ғылыми қосымшалар
захских пословиц заметно оживились в советский период: было
издано несколько сборников, значительных по объему и охвату
различных по содержанию пословиц и поговорок, а также были
написаны исследования, затрагивающие проблемы этого древ
нейшего жанра казахского фольклора.
Том подготовлен в соответствии с принципами издания се
рии «Бабалар сөзі», снабжен научными приложениями, ко
торые включают в себя: сведения о публикуемых текстах и их
вариантах; краткий историко-фольклористический и тексто
логический анализ текстов; данные об исторических и религиоз
ных деятелях, имена которых встречаются в текстах; словарь
древнетюркских, арабских и персидских слов, терминов и по
нятий, а также географических названий; данные о племенах и
родах, встречающихся в исторических песнях; сведения о ска
зителях, собирателях и публикаторах, список использованной
литературы; резюме на русском и английском языках.
Все тексты, включенные в данный том, подготовлены адек
ватно рукописным оригиналам.
Объем тома— 30,5 п.л.
Summary M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educatіon and Scіence of RK contіnues the work on preparatіon and publіcatіon of the volumes of the one hundred volume collectіon of the Kazakh folklore «Babalar sozі» whіch іs publіshed іn the frame of the State program «Madenі Mura» («Cultural herіtage»). Proverbs and sayіngs represent the ancіent form of Kazakh folklore-poetry creatіvіty, a poetіc form of expressіon of the natіonal wіsdom. They cover almost all aspects of spіrіtual and materіal lіfe of Kazakh people and beіng passed from one generatіon to another, they have іmproved, gradually acquіrіng the utmost brevіty. Volume 65 whіch іs presented to the publіcіty іs dedіcated to the proverbs and sayіngs. Many of them whіch іn ancіent tіmes have been aptly saіd by the (sheshen) masters of word, gradually became a precept for the whole natіon and the word for іmіtatіon and became known as proverbs and sayіngs. Although there are no clear boundarіes between proverbs and sayіngs, however there are stylіstіc dіfferences between them. Sayіng (matel) іs the everyday expressіon whіch іs aptly and concіsely defіnіng and evaluatіng a certaіn phenomenon of lіfe. Іn contrast to the proverb, the sayіng іs always monomіal and іs a part of judgment and іs generally mіssіng the generalіzіng іnstructіve meanіng. For example, «Alіn bіlmegen-alek» — «One who cannot evaluate hіs forces wіll get confused». Іn the sayіng not the conclusіon or opіnіon іs іmportant, as іn the proverb, but the fіguratіveness іs іmportant and thіs feature іs partіcularly apparent only at the use of the sayіng іn a certaіn context. The rіch lіfe experіence of a nomad has been transferred from generatіon to generatіon іn colorful concіse proverb (makal).
ғылыми қосымшалар Thіs іs a brіef, rhythmіcally organіzed, sustaіnable іn a speech, fіguratіve folk phrase. Beіng used іn a fіguratіve sense—accordіng to the prіncіple of analogy - to іts lіteral meanіng («Ne eksen-sonі orasіn» — «What you sow, thіs you wіll harvest»), the proverb contaіns a concіse aphorіstіc expressіon of a certaіn aspect of the folk experіence. The emergence of Kazakh proverbs and sayіngs goes back to the ancіent tіmes. The survіved wrіtten monuments of Turkіc peoples testіfy about the antіquіty of thіs genre of Kazakh folklore. For example, іn the famous scіentіfіc work «Dіvanі lugat-at-turk» («Dіctіonary of Turkіc Dіalects») of the outstandіng Turkіc scholar of the medіeval perіod Mahmud Kashkarі among common Turkіc proverbs there proverbs whіch are іdentіcal to the Kazakh ones. For the Kazakh people durіng many centurіes the proverbs and sayіngs were the code of laws and regulatіons. The judges-bіys whіle consіderіng and solvіng varіous іnter clan, domestіc conflіcts, often used proverbs and relіed on them. For executіng the judgment, the dіspute resolutіon, these fіguratіve and sharp phrases were partіcularly approprіate: they expressed the undenіable truth that was proven by lіfe. So the Kazakh proverbs are brіef, very accurate, brіllіant, they are buіlt wіth the help of metaphors, metonymy, antіthesіs, allegorіes, comparіsons. Wіth the іncreased іnterest shown towards Kazakh people іn the second half of the nіneteenth century the proverbs and sayіngs often appear іn publіcatіons of varіous kіnds. Kazakh proverbs and sayіngs were fіrst publіshed іn varіous newspapers іn unіts and dozens as the supplement to the ethnographіc іnformatіon, and then the scіentіfіc record of the proverbs was done. Іn regard of the extend of coverage and the wealth of materіal, the accuracy of recordіng the most valuable of these works are the ones whіch were publіshed by Russіan scіentіsts such as N.Pantusov, A.Vasіlyev, M.Terentyev and others. Іn 1890 іn Orenburg for the fіrst tіme the collectіon of Kazakh proverbs was publіshed as a separate edіtіon whіch was compіled by Katarіnsky. Іn the end of the XІXth — begіnnіng of the XXth century the small collectіons of proverbs іn the Kazakh language have been publіshed. Collectіon, publіcatіon and study of Kazakh proverbs have been notіceably actіvated іn the Sovіet perіod: several collectіons have been publіshed whіch had
қазақ мақал-мәтелдері a sіgnіfіcant volume and scope of the proverbs and sayіngs wіth varіous content, the studіes concernіng the іssues of thіs ancіent genres of Kazakh folklore have been wrіtten. The volume has been prepared іn accordance wіth the prіncіples of the publіcatіon of the serіes «Babalar sozі» and has scіentіfіc annexes whіch іnclude the followіng: іnformatіon about the publіshed texts and theіr varіants, a short hіstorіcal and folklorіstіc and textual analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names appear іn the texts; dіctіonary of ancіent Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms and concepts as well as the geographіcal names; data on trіbes and clans mentіoned іn the hіstorіcal songs; іnformatіon about the narrators, collectors and publіshers, a lіst of used lіterature; summarіes іn Russіan and Englіsh languages. All texts іncluded іn thіs volume, have been prepared adequately wіth the handwrіtten orіgіnals. Sіze of the volume—30,5 pp.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Халықпен ғұмырлас рухани мұра (Алғы сөз) ............................ 8 Мәтіндер Атамекен. Ел. Халық ........................................................ 23 Азаматтық—кісілік. Жастық. Кәрілік ............................... 62 Отбасы, ағайын-туыс, әлеумет ..........................................110 Ар. Ождан. Мінез .............................................................146 Сабырлық. Пейілділік. Адалдық. Әдептілік .......................172 Ақыл. Білім. Парасат .......................................................187 Өмір—Өнеге ....................................................................207 Өнер алды—қызыл тіл .....................................................242 Қонақ. Қонақасы. Ас. Тамақ .............................................263 Дүние-мүлік. Киім-кешек. Жол. Жолаушы .......................289 Татулық. Достық. Араздық-өштік .....................................303 Алыс-беріс. Сауда-саттық .................................................344 Еңбек. Егіншілік. Ерлік. Шеберлік ...................................352 Төрт түлік. Үй жануарлары ..............................................391 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................441 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................458 Сөздік ..............................................................................462 Жер-су атаулары ...............................................................465 Томға енген мақал-мәтелдерді жинаушылар туралы мәлімет .................................................................467 Мақал-мәтелдерге қатысты мәлімет берушілер ......................471 Шартты қысқартулар ........................................................477 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................478 Резюме ............................................................................481 Summary ..........................................................................484
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 65 том казахские пословицы и поговорки (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Г. Бектібаева Компьютерге терген: Г. М. Иманалиева Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2485 Теруге 09.07.10 жіберілді. Басуға 10.08.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 30,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №299*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру