TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 58 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 58 том

«Бабалар сөзі» сериясының 58-томына «Бөгенбай батыр», «Бөгенбай батырдың бірінші жорығы» атты жырлар, «Қабанбай батыр» жырының халық ақындары Қ.Әділбеков, Е.Ахметов, Қ.Омарұлы, Т.Мағзиев т.б. жыршылардың репертуарына енген он бір нұсқасы ұсынылды.

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б.Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.

Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

УДК 398

ББК 82.3 (5 Қаз)

Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,

Күзембаева С.A., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б.,
Сахарбаева К.С.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған

Томның редакция алқасы:
Б.Әзібаева, Т. Әлібеков,
С.Қорабай (жауапты редактор), А. Тойшанұлы

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Абылқасымов Б., Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Әлібекұлы А.,
Қорабай С., Шафиғи М.

Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2010.
Т. 58: Тарихи жырлар.—432 бет.

ІSBN 9965-35-855-9

«Бабалар сөзі» сериясының 58-томына «Бөгенбай батыр», «Бөгенбай
батырдың бірінші жорығы» атты жырлар, «Қабанбай батыр» жырының
халық ақындары Қ.Әділбеков, Е.Ахметов, Қ.Омарұлы, Т.Мағзиев т.б.
жыршылардың репертуарына енген он бір нұсқасы ұсынылды.

УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)

ІSBN 9965-35-855-9  (т. 58)
© Әдебиет және өнер институты, 2010

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09

Б 12

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәдени
мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып
жатқан «Бабалар сөзі» сериясы бойынша 100 томдық фольклор

басылымын дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда.
Серияның 58-томына халық арасында кеңінен танымал
болған Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай тура­лы
тарихи жырлар еніп отыр.

Ел тарихында «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп
аталған қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқын­
шылығына қарсы азаттық соғысы туралы көптеген тарихи
жырлар туғаны белгілі. Ел жадында сақталып жеткен бұл

жырларда сол замандағы тарихи шындық жарқын көрініс тап­
ты. Осы томға енген Бөгенбай батыр туралы жырларда атақты
қолбасшы Қанжығалы Бөгенбай батырдың ерлік істері, халық
арасындағы ру тартыстары, ортақ жауға қарсы күрестегі ел

бірлігі көркем суреттеледі.
Халқымыздың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық
күресі тарихында ерекше орны бар даңқты тұлға Бөгембай
Ақшаұлы XVІІІ ғасырда қазақ батырларының жолы үлкен

ақсақалы болғандықтан ел аузындағы жыр-аңыздарда оны
айрықша құрмет тұтып «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп
атаған. Бұқар жырау айтқандай, «халықтың қамал-қорғаны»
атанған Бөгембай батыр Абылай хан бастаған ұлт бірлігі үшін

күрестің ұйтқысы ретінде танылды, 1710 жылы Қарақұмда
өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық
жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жос­
пары мақұлданғанда үш жүз әскерлерінің бас сардары болып

Бөгенбай батыр сайланды. 1726 жылы Бөгембай бастаған қазақ
әскері Бұланты өзені бойында қалмақтарға күйрете соққы бер­
ді, атақты Аңырақай шайқасында Қанжығалы қарт Бөгембай
басшылық еткен Орта жүз қолы еліміздің тұтастығын сақтап

қалуда ерекше ерлік көрсетті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

58-томға енген халық ақыны Молдажан Жадайұлы жыр­
лауындағы «Бөгембай батырдың бірінші жорығы» атты та­рихи
жырда Бөгембай батырдың елін, жерін қорғау жолындағы ер­
лік істері әспеттеледі. Атақты батыр туралы алғашқы жыр нұс­

қасын көрнекті тілтанушы ғалым Сәрсен Аманжолов ел аузы­
нан жинап, 1936 жылы Алматыда жеке кітап етіп құрасты­рып
латын әрпінде шығарған «Бөгембай батыр» жыры көлемді де
көркем туынды. Бұл ұзақ тарихи жырда Бөгембай батырдың

қандай да бір шайқастары туралы айтылмайды, онда шәу
тартқан қарт Бөгембай тұлғасы көбірек байқалып, батагөйлік
бейнесі суреттеледі.
«Бөгембай батыр» жырының басты сюжеттік арқауы—біл­

гір болжамы бар, алысты жақыннан көретін ел ағасы кей­
піндегі Бөгембай батыр бейнесі арқылы ел тұтастығы мен бір­
лігін сақтау, бейбіт жұртқа іріткі салған алабөтен араздық пен
содырлыққа тиым салып, ағайынды татуластыру. Жыр ұзақ

болғанымен қиян-кескі ұрыс, қантөгіс шайқастар жоқтың
қасы. Қалмақтар шабуылы да жанамалай ғана айтылады. Жыр­
да бірлік пен бітім, ел татулығы әңгімеленеді. Жер, су аттары,
кісі есімдері тарихи шындыққа сәйкестігімен ерекшеленеді.

Қазақтың төрт түліктің ішінде ерекше құрметтеп, әрі дәулет,
әрі сән санаған малы жылқы екендігін «Қубас ат» жыры айқын
дәлелдеп, ер қаруы бес қару саналған заманда ат батырдың
қанаты болғандығына айқын көз жеткізеді.

Қабанбай батыр жаумен жекпе-жекке шыққанда астындағы
аттары шыдамай, талай рет майып болып кете жаздап өзіне
қолайлы ат іздеп жүріп, осындай жылқыны Боранбай би ау­
ылынан тапқандығын, сол Қубас атты тапқан соң ғана атқа

жарып, талай жорықтарда ұзақ жылдар бойы сенімді серігі
болғандығын жыр оқиғасы айғақтайды.
Томға енген тарихи жырлар топтамасында ХVІІІ ғасыр­дағы
жоңғар басқыншылығына қарсы күресте ерекше ерлік үлгі­сін

көрсетіп, қазақ әскерін басқарған атақты қолбасшы Қабан­бай
батыр туралы шығармалар ерекше орын алады.
Қабанбай (шын аты Ерасыл) Қожағұлұлы найман ішінде
Қаракерей атасынан шыққандықтан Қаракерей Қабанбай ба­

тыр атанған. Кішкентайынан батыл, ержүрек, қайтпас батыр
болып өскендіктен замандастары оны Қабанбай деп атаған. Он
үш жасынан қайсарлығымен көзге түсіп, сыртқы жаулардан

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

ел кегін қайтарған. Сол уақыттан бері үнемі ат үстінде болып,
бүкіл өмірін туған халқының тәуелсіздігі үшін күреске арна­
ған. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргіз­ген
жүз жылдық соғысында өзінің қанаттас серігі—Қубас аты­мен

ұрыс даласында талай рет жеңіске жеткен. Қабанбай батыр
қазақ әскерлеріне қолбасшылық жасап, еліміздің оңтүстік
және шығасы өңірлерін жоңғар басқыншыларынан азат етеді.
Осы шебер әскери басшылығы мен көзсіз ерлігі үшін ол «Хан

батыры» атанады.
Еліміздің түкпір-түкпірінде Қабанбай батыр жорықтары­
нан сыр шертетін көптеген тарихи жырлар мен аңыздар сақ­
тал­ған. Шын мәнінде, Сарыарқа, Алатау, Ұлытау, Оңтүстік Қа­

зақ­стан өңірлерінде, Қытайдың қазақтар қоныстанған шығыс
аймағында Қабанбайдың атақты Қубас атының тұяғы тимеген
жер жоқ шығар. Сол себепті Қабанбай батырдың ерлік істері
ұрпақтан ұрпаққа жетіп, халқымыз даңқты қолбасшы есіміне

байланысты жәдігерлерді көздің қарашығындай сақтап келеді.
Бұған ол туралы тарихи жырлар айқын дәлел бола алады.
Қабанбай батыр ерліктеріне арналған жырлардың ХХ ға­
сырда ел аузынан жазылып алынған бірнеше нұсқасы бар. Та­

рихи жырлардың бұл томына батыр туралы жыршы Түсіпхан
Мағзиев жырлауындағы «Қабанбай батыр қиссасы», халық
ақы­ны Қыдырмолда Әділбеков жырлап берген «Қабанбай ба­
тыр туралы жыр», 1934 жылы Семей фольклорлық экс­пе­

дициясы­ның мүшесі Сәкен Байырбеков жазып алған «Ер Қа­
банбай», Қайыр­бек Омарұлы жырлаған «Қаракерей Қабанбай
батырдың әңгі­месі», халық ақыны Ержан Ахметов жырлап
берген «Ер Қабан­бай», Мәули Сағымбаев жырлаған «Қаракерей

Қабанбай батыр», жазушы Зейнолла Сәнік жариялаған «Қисса
ер Қабанбай», Бағы­бай Мергенбаев орындаған «Қабан­бай
туралы жыр», Шаяхмет Кәрібаев ел аузынан жазып алған
«Қабанбай батырдың қиссасы» атты нұсқалар еніп отыр. Жыр

мәтіндерінің көлемі әр түрлі: бір нұсқада мол, бір нұсқада—аз.
Жыр кейіпкері—Қабанбайды таныстыру эпизодының жол
ұқсастықтарында сәйкес келетін тұстары болғанмен шумақ
ұйқастығы сирек кездеседі. Жырдағы оқиға­лар үш ірі қақты­

ғыс төңірегінде шоғырланған: 1. Қабанбайдың бірде қырғыз,
бірде қалмақ батырымен; 2. Қабанбай мен туысы Дәулетбайдың
араздығы; 3. Қабанбайдың қайта шапқан жаумен арадағы

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

қақтығыстары. Барлық нұсқаларда осы ком­пози­ция­лық тұтас­
тық сақталған.
Қабанбай батыр туралы тарихи жырлардың негізгі сю­
жеттік арқауы—жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес, қыр­

ғыздардың қазақ даласына оқтын-оқтын жасаған шабуылда­
рына тойтарыс, ел басына қауіп төнген қиын сәтте қазақ­тың
белгілі батырларының Қабанбай туы астына жиылуы, ел бір­
лігін ойлаған ғұлама абыз Бұқар жыраудың көрегендігі. Басқа

тарихи жырларда елдің игі жақсыларының бұлайша бірігуі
сирек. Мұның өзі Қабанбай батыр туралы жырлардың сыртқы
жауға шайқаста бүкіл халықтық күрестің жаппай сипат ал­ған­
дығын анық байқатады.

Бұл томның бір ерекшелігі—жинаққа Қабанбай батырдың
қанаттас серіктері Қубас аты мен Ақбас атаны туралы «Қубас
ат» және «Ақбас атан» тарихи жырлары еніп, алғаш рет жария­
ланып отыр.

Том соңында берілген ғылыми қосымшалар жинаққа ен­
ген тарихи жырлар мәтіндеріне жазылған түсініктемелерді
қамтиды. Сондай-ақ қосымшаларда араб, парсы тілдерінен ен­
ген, қазір қолданыста жоқ сөздерге байланысты сөздік, жер-

су атауларына сипаттамалар, мәтіндерде ұшырасатын тарихи
тұлға­лар туралы түсініктер, тарихи жырлардың жинаушы­
лары мен жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі

қысқаша мазмұндамалар берілді.
Томды дайындау барысында ХХ ғасырдың бірінші жар­
тысында ел аузынан жиналған, жазып алынған араб, латын
әріптеріндегі қолжазбаларға текстологиялық жұмыстар жүр­

гізіліп, жырлардың мәтіндері мұқият тексерілді. Түп­нұсқа
мәтіндердегі қате жазылған сөздер қазақ тілінің жалпыға ортақ
жазу нормаларына және шығарма мазмұнына сәйкес түзе­тілді.
Мәтіндердегі көне түркілік формалар еш өзгеріссіз бері­ліп,

түпнұсқаның сөз қолданысы сақталды.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының қолжазба қорында сақталған түпнұсқа
қолжазбалар мен жеке ғалымдар архивінен алынған материал­

дар негізінде дайындалды.
Томның көлемі—27 б.т.

Өтіпті біздің қазақ жақсы жайдан,
Естіген тамаша етіп, қалар қайран.
Қазақтың құба қалмақ заманында
Сөйлейін қанжығалы Бөгенбайдан.

Өтіпті қанжығалы қарт Бөгенбай,
Мекені көшіп-қонған Шет қурайда-ай.
Қазақ пен қалмақ атыс қылған кезде
Әкесі аруақ қонған ер Маянбай.

Ерлікпен Бөгенбай да тартыпты күй,
Сол күнде қанжығалы тоғыз мың үй.
Қасына жолдас болған ерлеріне
Түскенді шабындыдан қылыпты сый.

Бөгеннің әркім естіп, білген атын,
Біледі Маянбайдан туған затын.
Сол күнде Бөгенбайдың баласы жоқ,
Алса да бала үшін он төрт қатын.

Ерліктің ер Бөгенбай қуған затын,
Түзеткен сайып қыран салтанатын.
Қан төгілген соғыста жаяу қалып,
Беріпті жолдасына мінген атын.

Бөгеннің жүрген жері күнде думан,
Бұл арадан қалмақты қолмен қуған.
Нәсілінде саяқтық болса керек,
Он жеті ұл, бір қыз екен бірге туған.

Бөгенбай батыр

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазаққа үлгі болған Бөген қарты,
Ерлердің бола бермес мұндай арты.
Әкесі Маян өлген күндерінде
Бар екен еркек кіндік тоқсан алты.

Жасында жетпіс алты дүние салған,
Әркімді жазым етер мына жалған.
Ешбір ханға бағынбай Бөген батыр,
Жеке жол қанжығаға өзі салған.

Маянның атасының аты—Егіз,
Дәулеті, мал байлығы ұшан-теңіз.
Жайлауы Көксе, Қияқ деген жерде,
Көшуі бір айшылық, естісеңіз.

Қан ішер егескенге бермепті кек,
Қатындар айтады екен «қос туған» деп.
Баласы Маянбайдың жауға аттанса,
Қалмапты еркек кіндік «қыл құйрық» деп.

Елінде билеп жүрген екі төре,
Майекең өсіріпті ерік бере.
Дәулеті олардың да асқан екен,
Төреге Маянбайдың жүрген ере.

Маянбай дүниеден қайтқаннан соң,
Бөгеннен жепті таяқ өле-өле.
Төрелік дәрежесін қылдырмапты,
Асқандық емей, сірә, ол немене?!

Төрелер өткен күнін сағынып тұр,
Сорына Маянұлы қағынып тұр.
Қамшыдан қорыққанынан екі төре,
Құл болып Бөгенбайға бағынып тұр.

Бір табы қанжығаның дулат дегін,
Олар да жоқтайды екен төре кегін.
Бөгенбай оларға да қамшы жұмсап,
«Төресің, білемісің,—дейді,—тегің».

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Құлжабек, Есімбек пен—екі төре,
Айрылған төреліктен қамшы көре.
Бұларға қанжыға емес қазақтар да
Жүр екен іштен тынып, әбден өле.

Туысқан Маян, Жоян бірге ғана,
Егізден туған ұлын тоғыз сана.
Ағасы Маянбайдың Жоян ерден
Туыпты жиырма екі еркек бала.

Он ұлы туған екен бәйбішеден,
Аналық—тоқалының аты екен.
Бәрінің батыр сынды тұрпаты бар,
Тоқалдан туған ұлы он екі екен.

Тоқалдың үлкен ұлы ер Қасқабай
Сол кезде жиырма беске жасы келген.
Сол күнде ол Бөгенбайға серік екен,
Жалынды, шыны желді, көрік екен.

Қайратты болғандығы былай тұрсын,
Тұтынған жолына да берік екен.
Әркім-ақ Қасқаны ер көреді екен,
Бөгеннен қалмай о да келеді екен.

Бөгенбай Аналықты құрмет етіп,
Олжаны Қасқамен бірдей бөледі екен.
Аналық артық туған адамзаттан,
Еркекше түспейді екен мініп аттан.

Бөгенге жақсылықты тілейді екен,
Кем емес қасына ерген азаматтан.
Кеп тоқтар Аналыққа сөз қалпына,
Кемеңгер еді жүйрік ел салтына.

Бөгенбай былайша ер болғанменен,
Шықпапты Аналықтың бір алдына.
Егізде Аналыққа көнбес жан жоқ,
Бөгеннің бұл Аналық көңіліне тоқ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бөгенге ел өкпелеп кетсе дағы,
Сөйлессе, Аналықтан кетері жоқ.
Аналық жан-тәніндей көреді ерді,
Бұрынғы төреліктен мүлде айрылып,

Құлдай боп екі төре тағы келді.
Екпіні Бөгенбайдың желдей ескен,
Дұшпанмен қарсыласқан сан белдескен.
Қалмақтың Шынар деген ханының да

Тағында, қайрат қылып, басын кескен.
Бөгеннен ыза, қорлық көп көрген соң,
Байсынның өзенінен қалмақ көшкен.
Хан еді Әбілмәмбет жарым елге,

Әйтеуір, хан ед деген аты белге.
Оны да Бөген хан деп танымады,
Басқандай көңілі бар ед ханды жерге.
Өйткені Уәлименен тату еді,

Ол көшіп кетсе дағы алыс жерге.
Өкпелеп, «хан болмадым» деп көшіп еді,
Бөгенбай Уәлименен серттесіп еді.
Ол бұрын көшіп кетті азғана үймен,

Бөгенбай көше алмады, көшпекші еді.
Уәлиге,—арман етті «ермедім деп,
Ай жүзін Уәлижанның көрмедім» деп.
Қас болды Әбілмәмбет атыменен,

«Уәлиге хандығыңды бермедің» деп.
Ала боп қазақ елі тұрған шағы,
Өсе алмай Әбілмәмбет тұрған бағы.
Оқыста қалмақтардан қаза тапты

Бөген күткен Уәлидің аруағы.
Сонда да ханға Бөген бағынбайды,
Ерікті—күші жеткен не қылмайды.
Әбілмәмбет неше жарлық қылса дағы,

Бөгенбай жарлығынан табылмайды.
Бөгенбай қаһарланса, іс қылады,

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Шабады, қан қылады, күш қылады.
Дерегін соғыс болар білсе Бөген,
Жаратып тұлпарларын құс қылады.
Сол күнде Бөген келді елу бірге,

Түскендей болған екен көңілі кірге.
Баласыз Бөгенбайдың айтқан сөзі:
«Арт жағым не болады, қайран дүние?!
Басымда он сегіз мың жылқы малым,

Түйе, қой, толып жатыр мүкамалым.
Бір күні дүниеден көзім жұмсам,
Болатын белгім де жоқ артыма ие!»
Талайдың алып еді малын тартып,

Талайды шауып алған, қайраты артып.
Бөгенбай елу бірде ойға түсіп,
Жылаған, баланы ойлап, қайғы тартып.
Бек жақсы бір ағасын көреді екен,

Сөзіне соның айтқан ереді екен.
Жылқы малы өспейтін мал болған соң,
Жыл сайын жылқы еншісін береді екен.
Егінбай сол ағасы екен аты,

Бар екен бала-шаға қолғанаты.
Болыпты он жеті ұл аз да болса,
Сарыбай кенжесінің деген аты.
Баласы бәрі толық, бәрі бағылан,

Той, ойында, алыста жүлде алған.
Бөгенбай Сарыбайды жақсы көред:
«Осы батыр болар,—деп,—туымды алған.
Өзімнен, ұлым түгіл, қызым да жоқ,

Мұраға ие болар иен қалған­».—
Деп ойлап ер Бөгенбай жүреді екен,
Бар болса не тілегі—береді екен.
Бір болып мал мен басы, еншілес боп,

Қарындас, қанаттас боп келеді екен.
Етуге сән-салтанат киім киіп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Келіндері жорғаны алып мінеді екен. Бөгеннің елу бірде қайғырғанын Егінбай жалғыз өзі біледі екен. Бұл қайғы Егінбайға қатты батты, Деп ойлап: «Бұл қайғыдан өледі екен. Тағдырға адам, салса, көнеді екен, Шырағың жанып тұрған сөнеді екен. «Балалар, бұрынғыдай ат мінбеңдер!— Деп ойлап, Бөген ағам береді екен. Қауіпсіз, қайғысыз-ақ ер еді ғой, Сұрасақ, ат пен киім береді ғой. Көңіліне Бөгенбайдың бір іс келді, Шын тарылса, көңіліне келеді ғой...» Егінбай балаларын тыйды солай, Көрмеді бұрынғыны енді қолай. Бөгеннің қабағына көп қарайды, Қайғысы баласыздың емес оңай. І Сол жылы—қоян наурыз келген жылы, Өз әлін Бөген байқап білген жылы. Көңіліне бала деген қайғы кіріп, Бойында қалмап еді ерлік сыны. Көзіне көрінбейді дүние бәрі, Қанша қой, қалың жылқы, дүние-малы. «Артымда бір шырылдақ болмады-ау» деп, Бала үшін Бөгенбайдың қылған зары: —Атым Бөген атанған, Атам Егіз аруақ-ты. Қазақ түгел қолменен Талай қырдым қалмақты. Батпандай оқ салғанда, Табандап тартып қалғанда, Бір шыбықтай көрмеуші ем Иілген оқты садақты.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Теңдесім менің болып па ед
Өзім тұстас қазақта?!
Сып етіп жалған өте ме,
Бір белгі жоқ арт жақта.

Кім білмейді затымды,
Жидым-ау талай қатынды.
Көз жасымды бір көріп,
Бөгенбайдың ұлы деп,

Кім ататар атымды?
Көп дәулетке молықтым,
Қай дұшпаннан қорықтым!
Талайды алған басым-ау,

Не қарғысқа жолықтым?!
Мұны айтып, ер Бөгенбай жатты үйде,
Түскен соң, қайғы тартып, мұндай күйге.
Жылаудан екі көзі көрмес болды,

«Жалт етіп өттің бе,—деп,—шіркін дүние?!
­Жасаған көз жасымды көрмес пе екен,
Тілекті, тәубе қылсам, бермес пе екен.
Алда жал, артта құйрық көрінбейді,

Артымнан бір шырылдақ ермес пе екен?!
Жайлауым—айлық көшер Көксу, Қияқ,
Бөгенбай, кетті сенен ерлік, сияқ.
Ант еттім енді атқа мінбеспін деп,

Артымда болмаған соң жалғыз тұяқ!».
Қайғысы Бөгенбайдың артты күнде,
Жатады зар еңіреп күндіз-түнде:
«Ерліктен тапқан опам жоқ екен ғой

Бар кемдік осы күнде, міне, менде.
Басымнан толық дәурен өтіп кеткен,
Түбіне бұл дүиенің кімдер жеткен.
Енді атқа, қан төгілсе, мінбеймін» деп,

Бөгенбай өз­өзіне сонда ант еткен.
2-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР ІІ Бөгенбай жата тұрсын қайғы тартып, Қайғысы, қасіреті күнде артып. Құлжабек, Есімбектен сөз келеді, Кем емес, бұлардың да айласы артық. Бөгеннің қайғы тартқан көрді кезін, Әуелі дулаттарға салды сөзін. Төрелік таңдайынан не қып кетсін, Танытпақ болды елге тағы өзін. Дулаттар оған кетті түгел еріп, Алады шет жүргенді жиып-теріп. Бар еді Құлжабекте бір сұлу қыз, Шығарды оны «ел жи» деп ерік беріп. Ол қыздың өзі зерек, Зейнеп атты, Бұлбұлдай сайрап тұрған сөзі тәтті. Бұл қыздың сұлулықта теңдесі жоқ, Ерекше жүріс қылды салтанатты. Есімбек, Құлжабектер ұйғарған соң, Бір күні Қасқабайды барып тапты. «Теңдесім осы елдегі сіз-ақ қой» деп, Қыз Зейнеп аңғал ерге кісі сапты. Әрі жастық, батырлық, әрі аңғалдық, Сөзіне қыздың айтқан сене қапты. Зейнеппен бір бас қосып сөйлесуге, Үй тігіп, тай сойысып, жер болжапты. Зейнептің Қасқабайға айтқан сөзі: (Алаяқ кәпір екен қыздың өзі) —Өзге елден сұлтан, төре іздемеймін, Егіз ед қанжығаның алтын тезі. Мінеки, жасым келді он сегізге, Көңілім түсіп кетті, батыр, сізге. Антпенен сізге қатын болмақпын мен, Әуелі бір тілек бер, батыр, бізге.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Дұшпанға салсам салмақ—білегімді,

Қайтарған жауап бар ма жүрегімді?
Қыз Зейнеп, сен оны айтсаң, менде не бар,
Ала бер, не десең де тілегіңді!
Зейнеп айтты: «Тілегім сізде менің,

Ерлігіңді білемін әбден сенің.
Бөгеннің қылған ісі өзіңе аян,
Әкеме бір билетсең қанжыға елін?!
Екі сөз айта алмаймын бұдан былай,

Қорлықта әкем, ағам жүрді жылай.
Қорыққаннан кейде үйде ас ішпедік,
Құдайдай болды бізге бұл Бөгенбай.
Бөгенбай өз жөніне бара берсін,

Бейпілдік бетіменен сала берсін.
Жайлауға, Шет қурайға біз баралық,
Ермесе, ер Бөгенбай қала берсін».
Бұл сөзге Қасқабай да: «Жарар, деді,

Бұл сөзден ашылмасын хабар, деді.
Бізбенен елдің көбі бірге көшер,
Қаңғырып сонда Бөген қалар»,—деді.
Екеуі қол алысып, уәде соқты,

Басқаға бұл кеңестен хабар жоқ-ты.
Бөгеннің бұл туралы білері жоқ,
Өзінің жайлауына көшіп бопты.
Қастығы туысқанның қандай қиын,

Қасқабай қыз сөзімен жазым етті.
Жау талап, жап-жадағай болғандай ұрт,
Екі күнде үдере көшіп бітті.
Бес мыңдай қанжығаны бөліп алып,

Қасқабай Шет қурайға кетті салып.
Мінер ат, киер киім болмаған соң,
Егінбай жан сақтамақ ойда қалып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Отыз күндей бұлар көшіп тоқтамастан,
Белгілі айтқан жерге қонды барып.
Басына Сары шоқының Бөген шығып,
Қарайды төңірекке көзін салып.

Қараса, артынан ел көрінбейді,
Отырды «Бұл қалай?» деп аң-таң қалып.
Қайғыға мен түскен соң, қалмақ келіп
Қалған ба? Елді,—дейді,—қалмақ алып...»

Кідірмей, жаңа талап інілерін
Жіберді шақырып ап, бәрін жанып.
Бексұлтан, Сәдірбек пен ер Айдарқан
Ел артын түгел шолып, көрді барып.

Деп келді: «Бізді алған жау оңай емес,
Артығын тең жарымнан қапты алып».
Есітті бұл хабарды ер Бөгенбай,
Отырып төмен қарап басын салып.

Баладан жаудың ісі жаман батып,
Қайғырып сонда еліне, қалды талып.
«Қалмаққа талай қылған ісім бар ед,
Әкетті-ау, енді,—деді,—кегін алып!»

Осымен қарт Бөгенбай жатсын жылай,
Деп жылар: «Қайран заман, қайран күн-ай!
Өзгеге көп қайғырмас іс бар еді-ау,
Ауылы жоқ «Үлкен отау» және Егінбай.

Қасқабай, Сарыбайдың біреуі жоқ,
Алатын, ел кездіріп, хабар бір-ай!»
Қайғысы саналы ердің күнде артады,
Аузынан, уһ десе, күй тартады.

Бұрынғы бала деген қайғыменен
Екеу боп, қайғы жағын ұзартады.
Көмілді ер Бөгенбай көрге қазбай,
Кімге айтсын ен далада қайғы-назды-ай.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР «Бір хабар арттағы елден бола ма» деп, Жатыпты Көксуында алты ай жаздай. ІІІ Қайғыны күннен күнге Бөген табар, Бұрынғы қайғысына қайғы жамар. Алтай жаз Көксуында жата тұрсын, Алайық Шет қурайдан енді хабар. Батыры бар Қасқабайдай қол басында, Қасында талай ерлер жолдасы да. Құлжабек баяғыдай төре болды, Тиген соң өз билігі өз басына. Жібектен керме арқан тартып қойып, Жапқызды қызыл манат ордасына. Аналық зар еңірейді мұны көріп, Тұрған жоқ Қасқабайға ерік беріп. Үйінде Жоянбайдың көк бедеу бар, Ат еді ер мінетін, жанға серік. Қасқабай көк бедеуге міне алмады, Аналық оны қиып бере алмады. Үш айдың жүзі болып бара жатыр, Бір-бірін бөлінген ел көре алмады. Сондағы Аналықтың айтқан зары: —Төренің ел бүлдірді-ау мынау қары!— Ұрсады Қасқабайға «өспегір» деп,— Сартқа ердің, балам, бар ма беттің ары! Қан төкпей, қайғы қыспай, көріспессің, Белгілі Қос туғанның аюлары. Бермейді, не десең де, төре қызын, Төренің баспа деймін басқан ізін. Аулымды берекелі екі айырдың, Болмасын, ей, Қасқабай, өмірің ұзын!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шалқыған, үйрек ұшқан көлім қайда,
Бақ қонған Қос туғандай елім қайда?!
Қазаққа басшы болып жауын қырған
Қарағым Кенжетайдай ерім қайда?!

Құрағы алтай жазға таусылмайтын,
Көрем бе, Көксу, Қияқ жерім қайда?!
Қасқабай, өспегір-ай, тумай кеткір,
Түбіңе сарттың қызы ертең жеткір!

Мен көрген Қос туғанның бірі болсаң,
Қан төкпей, көріспессің, қолың өткір!
Сауармын ақ сүтімді көкке қарап,
Қарағым, Кенжетайым, қалқам Манап!

Туғаныңды сен шіркін сартқа саттың,
Жүресің ел көзінше қайтіп қана-ақ?!
Қарағым, жандай менің бауырым-ай,
Құт қылған берекелі ауылым-ай.

Қазаққа басы болып олжа салған,
Қарағым Кенжетайым, тәуірім-ай!
Мұнымен жата берді жылай-жылай,
Көл қылып көзі жасын бұлай-бұлай.

Алданып қыз қолына түсіп алған,
Бұрылып қарамады ер Қасқабай.
Маңайын өзге бала баса алмайды,
Кенжеұлы—бірге жылар Қалыбек-ай.

Жатыпты төре ордасын тігіп алып,
Хандығы тұра ала ма түбі барып.
Дулат пен төре ақылы бір-ақ жерде,
Болыпты қалған мың үй екі тарап.

Ер бар еді шекті деген елден шыққан,
Бөгенмен бірге жүріп, сөзін ұққан.
Ол ердің аты Сыңғыр деген еді,
Соғысып талай жауын жерге тыққан.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Сол шықты, алпыс кісі жолдасы бар,
Кенеттен Қурай шымнан келіп шығар.
Бұл жерден бұрын жаулар көп жүретін
Алдынан жер қайысқан бір мал ұшырар.

Сыңғыр ер мұны көріп, қалды таңға:
«Жігіттер, жау болмасын, әбден аңда.
Бұ жерде бұрынғы күн жау болушы ед,
Осыны мал демеңдер, жау деп ойла!»

Осымен жүре-жүре малға жетті,
Бұл жерде ел барлығын естімепті.
Екенін, қай ел екен, білейін деп,
Аяңдап ортасына Сыңғыр кепті.

Аралап келе жатыр қалың елді,
Салтанат ордаларды көзі көрді.
«Екен деп Әбілмәмбет ордасы бұл»,
Ордаға бұлтармай-ақ тура келді.

Салтанат хан ордасы манат жапқан,
Төредей-ақ көрінді қанды қақпан.
Қолында күміс таяқ бір сұлу қыз
Жүр екен үкісі бар бұлғақ қаққан.

Астында алтын жапқыш ер-тоқым бар,
Сөйлесті жолаушыға түспей аттан.
Сыңғыр:

—Жарқыным, айтшы, кімнің бұл ордасы?

Қай бектің, қай төренің бұл қордасы?
Біле алмай елдің жөнін келіп тұрмын,
Келген бе Әбілмәмбет қазынасы?..
Қыз Зейнеп:

—Қолымда ұстағаным күміс таяқ,

Тұрсың ба біздің басқа хандықты аяп?
Ордасы Құлжабектің,—дейді Зейнеп,—
Ел жөнін білмейтұғын неткен саяқ?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ер Сыңғыр мына сөзге ашуланды:
«Білемін Әбілмәмбет елде хан-ды!
Кешегі Құлжабекті құп білемін,
Дәрежең қашан бар ед хандық сәнді?»

Зейнеп:

—Япыр-ау, мынау хандық сайлауын-ай,

Бөгеннің жүрмеуші ме ең айдауында-ай?!
Сөзіңде артықтық бар, жарықтығым,
Ұзақ қып тұрса игі едің жайлауыңда-ай!
Жарайды, батыр Сыңғыр, көрдім сөзің,

Ерсің ғой құн жоқтайтын сенің өзің.
Төрелік, төрелігім танымасаң,
Төрт болар, батыр Сыңғыр, екі көзің.
Мұнда жоқ, Сыңғыр, Бөгенбай да,

Ерліктен қыла алған жоқ о да пайда.
Жолдас боп Бөгенбайға көп еріп ең,
Көрдің бе, жолдасыңның бейіті қайда?!
Сыңғыр:

—Көріп пе ең Бөгенбайды, балам, өзің?

Баласың жап-жас қана, қалай сөзің?!
Әлібің Бөгенбаймен жау екенсің,
Төрт болар, білем, қаншық, екі көзің!
Зейнеп:

—Тұр екен қаның қайнап жолдасыңа,

Ит Маян би болып ед үй басына.
Соңында Көксу, Қияқ қалды ұлып,
Айта бар, барсаң, сәлем қу басыңа.
Мұны естіп, Сыңғыр батыр ашуланды,

Шыдамай қыз сөзіне қатуланды.
Қылуға қызбен ұрыс ұялмай-ақ,
Қылышын қынабынан суырып алды.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР Еркіне ер Сыңғырдың қоя бермей, Жолдастар сабыр десіп, ұстай қалды. Қыз дағы ашуына мініп алып, Жіберді: «Ел жинал!» деп айғай салып. «Ішінде қалың елдің жарамас» деп, Жөнелді жолдастары қамап алып. Сыңғырды жолдастары кетті алып, Қыз қалды: «Ел, жиыл!» деп айғай салып. Аруағын Бөгенбайдың жоқтамаққа, Сыңғыр ер: «Соғысамын,—дейді,—барып!» V Жанжалсыз, жазым таппай, кетті жүріп, Сыңғырға қайғы бітті, демі құрып: «Қазаққа басы болған қайран Бөген, Болдың ба қызға мазақ, аруақ шіріп?! Еліңнің береке жоқ арасында, Қанжыға кесел кіріп баласына. Қазаққа қамқор болған Бөгенбай-ай, Болдың қыздың мазақ табасына?! Опасыз өткен екен мына жалған, Ер Бөген, талай елге олжа салған! Бөгеннің баласының жоқтығы осы-ау, Дегені қыздың «қу бас» дүние жалған?!. Есітіп менің тірі тұрғаным-ай, Ер Бөген, жарамадым құрбаныңа-ай. Кешегі кемшілікпенен жүрген иттің Ел жиып, бүгін хандық құрғаны-ай! Қазаққа әке болған қайран Бөген, Басыңнан бақ қайтты ма, шіркін, Бөген?! Осы жолдан аман-сау қайта қалсам, Ел жиып, қайтарармын сөздің кегін!»

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мұны айтып, батыр Сыңғыр кетті жолға,
Барады жылай-жылай әзер, зорға.
Белгілі Қурай шыңды бауырлайды,
Қарасып, жау бар ма деп, оңды-солға.

Тауы бар Қурай шыңның заңғар биік,
Сыңғыр ер қыз сөзіне келед күйіп.
Деген сөз «қу бас» деген естен кетпей,
Кетеді анда-санда көңілі иіп.

Бөгеннің қыстауының бауыр жағы,
Кеш болып, қайтқан мезгіл күннің сағы.
Бұрыннан жау жүретін белгілі жер,
Белгілі ер Сыңғырға жердің шағы.

Саладан жалғыз адам шыға келді,
Кісі жалғыз атты бұлар көрді.
«Жаумысың, елмісің?» деп жалғыз өзі
Анадай жерге келіп дауыс берді.

Ер Сыңғыр: «Өзің кім?» деп айтты оған,
Көп қой деп қараған жоқ жалғыз бұған.
«Қырамын жау болсаңдар,—дейді және,—
Айтпаңдар, алдаусырау сөзді маған!»

Қараса, өзі жастау бір жас бала,
Шыққан жері бекініс қиын сала.
Астында желқом салған көк аты бар,
Деп айтты: «Білмегендер күшін қара!

Біз—бейбіт жолаушымыз жайға жүрген,
Сен—жалғыз, сірә, кімсің сайда жүрген?
Арғы атам шекті деген ел болады,
Жерім жоқ жауды көрсем бір мүдірген».

—Білейін екеніңді алты шекті,

Қанжыға шектіменен бір-ақ текті.
Жау болып, жазым етіп, алдап жүрме,
Бермеспін, көп болғанмен, мен де кекті!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Баланың бұл сөзіне аң-таң қалды,
Сыңғыр ер сипатына қарай қалды.
«Бөгенбай өлген екен, ел келіпті,
Көрдім бе тас түлектен бір көкжалды?!

Өзің айт аты-жөніңді, жаным, маған,
Көпке аздың күні бар ма жалынбаған.
Атаңды бабаңменен айтып берші,
Жаным-ау, жас екенсің жалындаған».

—Егінбай—әкем аты, Сарыбай—атым,

Болады Маянбайдан арғы затым.
Ақырса, ағам Бөген қамалды алған,
Жері жоқ жауға болған, сірә, қатын.
Баласы Маянбайдың түгел батыр,

Ерегіссем, түсірермін заман ақыр.
Қазақтың өзім қандас ері түгіл,
Қылғанмын қалмақты да таза тақыр!

—Жарайды, балам, Сарыбай, білдім сөзің,

Жас түлек ер екенсің сенің өзің.
Бөгенді қыз бен қатын мазақ қып жүр,
Шықты ма, оны көрмей, екі көзің?!
Сынғанын көрсетпесін ердің сағын,

Біледі түгел қазақ: Бөген—бағын.
Тумағыр, туа шөккір, атың өшкір,
Маянның жоғалтыпсың аруағын!
Көзбе-көз естіртейін оны саған,

Тумағыр, өтірік ер болма маған.
Құрып тұр құлың хандық осы күнде,
Тірі ме, бар ма өзі Бөген ағаң?
Мұны естіп, бала Сарыбай келді жақын,

Сырнайшы, сыбызғышы,өзі ақын.
Сөйлесіп Сыңғырменен бастан-аяқ,
Білісті артық-кемді сөздің парқын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айтады сонда Сарыбай бастан-аяқ,
Жолдағы көргендерін тастамай-ақ.
Үйіне Сыңғыр ерді қонақ қылды,
Кеңінен сөйлесуге өңшең саяқ.

Бөгенді «қу бас» деген сөзді естіп,
Егінбай өз басына салды таяқ:

—Жоқтаңдар Бөген қанын, түгел қазақ,

Болды есіл сұңқар қызға мазақ.
Жалғызыма қимаған мұндай болды,
Түсті ме аяғына шыны тозақ?!
Білдім ғой жаңа келіп ұрғандығын,

Дүниенің бізден бетін бұрғандығын.
Жараса керегіңе он сегіз ұлым,
Ниязым болсын және құрбандығың!
Егінбай талып қалды жылай-жылай,

«Шынымен болған ғой,—деп,—заман былай».
Айтары есі кірсе қарғап, сілеп:
«Керекке жарамадың, өңшең ұл-ай...
Аруағы әкемнің де жоғалды да,

Шынымен қашқын төре оңалды ма?
Көрмегір қызығыңды он жеті ұлым,
Көрінбе, бәрің жоғал, көз алдыма!!!»
Түрегеп сонда Сарыбай сұрап бата:

—Тірлік болмас,—деді,—үйде жата.

Бұл жолы құрбандыққа мен барайын,
Беріңіз батаңызды, Сыңғыр ата?!
Қол жайып, сонда Сыңғыр бата берді,
Сарыбай әумин айтып, түре келді.

Бата алып, желқом ермен тайын ерлеп,
Бет қойып Шет қурайға жүре берді:

«Осы жол, ажал жетсе, өлейін деп,
Төренің салтанатын көрейін деп,

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР Жол болып аруақ қолдап, тисе қолға, Сазайын Зейнеп қыздың берейін деп»... VІ Жол жүріп, сегіз күнде тыным алмай, Жүргенге Жауыркөк те келед талмай. Болғанда дәл тоғыз күн таң мезгілі, Шұбалған ән есітті бала Сарыбай. Таң қалды ән салғанға бала Сарыбай, Бұл әнде бір мағына болды бардай. Жүк артқан жүз түйеге сұлу Зейнеп, Байқалды оның дағы әні бардай. Орданы жүз түйеге артып алған, Сегіз қыз салтанатпен әнге салған. Екенін сұлу Зейнеп Сарыбай танып, Бір сөйлеп қалайын деп қарсы барған. Қыз дағы Сарыбайды көрді танып, Бойына қорқу кірді шымырланып. Далада иен тегін кез болған соң, Кете ме деп қорықты қырғын салып. Зейнеп: —Ортасы екі ауылдың ел ме, жау ма? Сарыбай, аманбысың, денің сау ма? Замандас түсің бірге інім едің, Әңгіме айт, біраз ғана көңілді аула. Сарыбай: —Қыз Зейнеп, төре қызы, сен бір ерке, Болыпты әкең бүгін елге серке. Орданы жүз түйеге артып алып, Көшкенің, үріккенбісің, бүгін ерте?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Зейнеп:

—Қорқатын үркініш жоқ біздің баста,

Сарыбай, мұндай кесел сөзді таста.
Қаңғырып ойда қалған, сорлы кедей,
Денсаулық, жан аманын көңіліңе ұста!
Сарыбай:

—Келемін мен бір хабар салайын деп,

Еліме бөлек кеткен барайын деп.
Жұмысым саған менің осы болсын,
Қатын қып сені келдім алайын деп.
Зейнеп:

—Мен, сірә, болар ма екем сендей жасқа,

Сор мінген, кедей байғұс, біл, жол басқа.
Маянның бұрынғы көп желігі жоқ,
Қолымда саған қарсы батыр Қасқа.
Сарыбай:

—Алармын, Қасқа түгіл, алаңды да,

Тау түгіл, ойрандармын салаңды да.
Бой жеткен өзің түгіл, кәрің менен,
Қырғынға бір салармын балаңды да.
Зейнеп:

—Қадірлес сөзің қайда сыйласыңа,

Кесел қып бөгеу салма қимасыңа.
Өңгеріп ескі әруақты жүр екенсің,
Бөгендей сәлем айтқын қу басыңа.
Сарыбай:

—Зейнеп-ау, білемісің менің атым,

Белгілі Маянбайдан туған затым.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Кім қу бас екендігін бір көрерсің,
Өзіңді кемшілікте қылсам қатын!!!
Зейнеп:

—Сарыбай, саған айтам мен білгір сөз,

Таң ата көшкен екен, болдым ғой кез.
Аулымда ертең кешке қынаменде,
Сонда кел, күтіп алам, естісеңіз.
Той болар қынаменде ордамызда,

Көресің бір сый-сияпат ортамызда.
Келмесең, өзің жолық әруағыңа,
Тапсырып, мен тосамын, дәм мен тұзға.
Сарыбай:

—Қарасаң, кімің бар ед жан-жағыңа,

Егессем, кім пар кеп ед салмағыма?
Өз белгің не, айтып қой, Зейнеп сұлу,
Келмесем, мен жолықтым әруағыма!
Зейнеп:

—О, бәле, қызығыңа молығайын,

Сен келсең, көңілім тынып, толығайын.
Келмесең, өз әруағың өзіңе ғой,
Күтпесем, қатын болып жолығайын!
Сарыбай:

—Ордаңды сәнмен тіксең, бие байлап,

Ортаңа мен келермін Маянбайлап.
Таныдым сөз төркінін айтпасаң да,
Мені алмақ, сенің көңлің жіпсіз байлап.
Көр қазба біреуге деп Зейнеп сұлу,

Өзіңе боп жүрмесін сорың қайнап.
Маянның аруағы жоқ болмаса,
Бәлем, сарт, түсірермін Тәшкенге айдап!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұларды көрген адам аң-таң қалған.
Уәдені не десе де байлап салған,
Келмекке ертең кешке серт айтысып,
Сарыбай кейінгі елге кетті әрман.

«... Екпінім,—қыз айтады,—желдей ессе,
Сарыбай кеп-ақ қалар, ажал жетсе.
Арманым сонда менің болмас еді,
Қасқабай Сарыбайдың басын кессе!

... Егіз ұл қан төгісіп күреспесе,
Кетер ед сонда жау боп өңкей кеще!»
Сарыбай ойлап барад: «Мынау қалай?..
Бұл жерде сау шықпағым екі талай.

Бір Егіздің баласы ек бір туысқан,
Барайын Аналыққа жанасалай.
Аналық ақылы көп, даңғыл еді,
Алмай ма мені жаудан арашалай?!

Қасымда жолдасым жоқ, атым жаман,
Басыма туар екен қандай заман?!
Хан, қараны көндірген Аналық ед,
Барайын мұңымды айтып соған таман».

Көшіпті хан ордасы күні бұрын,
Жас бала жылап, төкті беттің нұрын.
Жол жүріп көк шолақпен тыным алмай,
Жетіпті қалың елге кешкітұрым.

Қаптаған жылқы көрді жер қайысқан,
Иесі, керегі не, бәрі дұшпан.
«Көремін не де болса ертеңгі күн,
Әйтеуір, бір ажал бар бізді қысқан!»

Аралап көп жылқыны келе жатыр,
Кенеттен Қалыбекпен жолығысқан.
Қалыбек немере еді Сарыбайға—
Баласы бір Егіздің бір туысқан!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Келді де Қалыбекке амандасты,
Сарыбай екі көзден төкті жасты.
Жүгірді аттан түсе Қалыбек те,
Шын қойды «бауырым» деп ықыласты.

—Сарыбай, аманбысың, қарағым-ай,

Жау десе, артта қайрат, жарағым-ай.
Егер тауып, екі жаққа кеттік көшіп,
Ой, дәурен, болар ме екен баяғыдай?!
Құт болған Кенже ағатай жүр ме аман?

Баруға шама да жоқ елге таман.
Байқаусызда Қасқабай бастап кетті,
Болады-ау, осы істің арты жаман!
Сарыбай қорлық көрген көп жылайды,

Бар сөзін Қалыбекке кеп жылайды.
«Ағаке есіттің бе, ой, Қалыбек,
Кенжені қу бас депті» деп жылайды.

—Мен келдім өзім жалғыз, өзім баяу,

Астымда көк шолақ ат, жүрмін жаяу.
Бауырлас туысқан ең, ей, ағаке,
Ажалға ертеңгі күн келдім таяу.
Берсеңдер көк бедеуді осы жолға,

Көңілімде болмас еді биттей қаяу!
Қалыбек естіп сөзін, көп жылайды,
О дағы Кенже қамын жеп жылайды.
«Жеңешеңмен екеуіміз өлмей жүрміз,

Қайрат жоқ Қасқабайға» деп жылайды.
Жылауда жеңешеңнің екі көзі,
Ерте-кеш «Кенже» дейді айтар сөзі.
Жерім деп Көксу, Қияқ жылағанда,

Адамның көңілі қайғы болады өзі.
Көк бедеу менде де жоқ бүгін, жаным,
Сенен ат аяғаным не қылғаным!»
3-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жеңешеңнен сұрасаң, бермес пе екен,
Ол да ұнатпас әруақтың жылағанын.
Сарыбай айтты қызбен сөз байлағанын,
Бір пәле қыз Зейнептің ойлағанын:

«Астымда мінер атым болса еді,
Зейнептің келтірмес ем ойлағанын.
Қыз Зейнеп салып тұр ғой бізге қармақ,
Егіз ұлын бір-бірімен алыстырмақ.

Ертең кешке ордаға мен бармақпын,
Болса да көтеріп ап ауыр салмақ.
Дегені төре қызы болмаса екен,
Қасқабай қала алмайды-ау бізге ынтымақ».

Қасқабай азып кетті бізден өзі,
Қыз десе, қызарады екі көзі.
Тура айтса, жеңешеме қарсы келер,
Осы күнде қан төкпек бар мінезі.

Көк бедеу байлаулы тұр үйде бүгін,
Бермек түгіл, көре алмас адам түгін.
Күнінде бес биенің сүтін ішіп,
Тұрады ойын салып иен-тегін.

Құрсау бар төрт аяққа қойған салып,
Қасқабай міне алмай жүр бедеуді алып.
Алам деп неше мезгіл сұрап келіп,
Бұл күнде тоқырап тұр көңілі қалып.

—Әйтеуір, тірі жүрміз өлмеген соң,

Кенженің алтын жүзін көрмеген соң.
Қорқытты ер Қасқабай елдің бәрін,
Еркімізді, әрең жүрміз, бермеген соң.
Бір үй бар көк бедеуге тігіп қойған,

Жеңешем жаңылған жоқ ақыл-ойдан.
«Аман боп, Кенжетайды көрсем дейді,
Өлім ғой айрылғаным жалғыз тайдан».

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Мойнына арқан тағып ойнақтатып,
Үш мезгіл жер шөбінен тұрад татып.
Кеш әкеп, баяғыдай үйге байлап,
Ешкімге бере алмайды жарқылдатып.

Жеңешем маған ерте ақылдасқан,
Балада жалғыз менмін жақындасқан.
Жыласа ертелі-кеш жан шыдамас,
Қасқаға емшегінің сүтін шашқан.

Мен саған айтатұғын бір ақылым,
Демеймін жолы болар бұзақының.
Орнынан айтқан сөзін шығармайық,
Зейнеп қыз ел бүлдірген бұзақының.

Балалық қылма, Сарыбай, ей, қарағым,
Бөтен ғой деп ойлама, мен—жақының.
Сұрасаң жеңешемнен, атты бермес,
Тіліне еш адамның қазірде ермес.

Әуелі ел жайынан хабар беріп,
Көрісіп жеңешеммен, бар да тілдес.
Көрерсің көк бедеуді қазір барсаң,
Көк бедеу ымырт жабылмай үйге кірмес.

Қапысыз жабдығын ал түгел сайлап,
(Баба шал көк бедеуді жүрер байлап).
Белгілі көк семсер мен ақ сауыт бар,
Ала шық ер-тоқымын түгел жайлап.

Түн бола аттан салсам, қапы қалма,
Осындай қайламен ал, сұрап алма.
Сөзіме аттандаған ере алмасаң,
Айрылдың көк бедеуден, амал бар ма!

Далада мен жүрейін жылқы бағып,
Айтарсың жеңешеме мұңды шағып.
Жөн сөзге ат беруі екі талай,
Жеңешем білмей қалсын, жүрміз нағып?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сарыбай елге таман жүріп кетті,
Кеш болды, Аналыққа келіп жетті.
Көрген соң Сарыбайды сонда Аналық:
«Сағынған қарағым» деп зар еңірепті.

Сұрайды жылап тұрып елдің жайын,
Сарыбайдың айтуына сөзі дайын:
Қазаққа басшы болып, ұран салған,
Жалғызым, аман ба екен Кенжетайым?

Қайғыдан қан жүрегім күнде менің,
Келгенің жақсы болды-ау, қалқам, сенің.
Жалғызым қай күйде екен, уа, дүние-ай,
Қайғы еді келмегені сол Кенженің?!

Қайғысын, бәрін айтып, отыр қозғап,
Түйедей ботасы өлген отыр боздап.
Аздан соң үйге кіріп сусын берді,
Сарыбай алар істі отыр болжап.

Қалың ел қаптап жатқан сақтанбаған,
Жігіт жоқ қанжығада мақтанбаған.
Түн болды, көз байланған мезгіл еді,
Бұрқ етті ащы дауыс аттандаған.

Шу етіп, жұрттың бәрі үрпиісті,
Құлаққа түнгі дауыс қандай күшті.
Өзіне керектісін жинай бастап,
Көздеді енді Сарыбай сонда тысты.

Дауысқа аттандаған елеуіреп,
Шал менен көк бедеу де арпалысты.
Сарыбай жетіп барып атқа таман,
Ер салды үш айылды болмай шабан.

Мұрсаты айыл тартар болмаған соң,
Секіріп мініп алды сол жалма-жан.
Жөнелді көк бедеуге мініп алып,
Бір шоқтық, бір сауырға мінді барып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Көк бедеу тыңдап тұрған айғай жақты,
Адамдай тартып барад тура салып.
Үстіне бедеуінің мінді жайлап,
Барады жүрген сайын көзі жайнап.

Айғай шыққан дауысты келіп тапты,
Сол жерде ер-тоқымын мінді байлап.
Екеуі Қалыбекпен кетті жүріп,
Мал жайына, ел бейбіт қалды кідіріп.

Бір шығып кетіпті ел жүрмейтін бетке,
Бармаққа ертең кешке сөз пісіріп.
Сарыбай көңілі толды жолдасына,
Біледі қас қылмасын өз басына.

Зейнеппен серт айтысқан уақыты сол,
Бармақшы ханның кешке ордасына.
Жатады әлгі тауда кешке дейін,
Ынтасы Сарыбайдың жанжал бейім.

—Қалыбек, ей, ағаке, туысым бір,

Тыңдаңыз, бір кеңесті мен сөйлейін.
Тілеген осы ісім өз басыма,
Барамын ханның кешке ордасына.
Бәрі жау ондағының, бізге мәлім,

Кіремін, сөйтсе дағы, ортасына.
Ордадан аман шықсам, өлмей егер,
Келмесе, қаным кімде, ат қасыма?
Қалыбек, мұны айтқан соң, еңірейді зар:

—Қарағым, айналайын, бала сұңқар!

Ордадан шыққан күнде ат бермесем,
Қалай да сенің қаның мойнымда бар.
Осылай бұл екеуі серт етісті,
Сарыбай бойға жиды барлық күшті.

Қаупі жоқ ат, қарудан бүгінгі күн,
Көрсетпек хан ордада қиын істі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мінгені екі тұлпар екі жастың,
Бет қойып хан ордаға құйылысты.
Келеді қос тұлпармен бөкеңдетіп,
Жас түлек жау көрмеген жалын күшті.

Ордаға таяу келіп аяңдаған,
Жанымыз ардақты-ау деп аянбаған.
Орданың қарсы алдында жанған от бар,
Мәнісін бұлар да жоқ баяндаған.

Келеді жанған отқа аң-таң қалып,
Қыз тұрды неше түрлі қайла салып.
Тігілген хан ордасы сегіз қанат,
Жаяулар сансыз кісі қамап алып.

Бәрінің қолдарында қаруы мол,
Өтуге мүмкін емес көпті жарып.
Екеуі біраз сонда кеңеседі,
Айқасып жол үстінде тұра қалып.

Қалыбек ақыл айтты інісіне,
Өзінің бірге туған сірісіне:

—Қарағым, ажал жетіп барамысың,

Дулаттың мына сансыз қылышына?
Болады арты қайғы осы істің,
Қыз алып, қызық көру құрысын, е!..

—Осы ма жалғыз маған түскен қармақ,

Қолдаса, серпілтермін, қонған әруақ.
Ажалдан адам қашып құтыла ма,
Әйтеуір бір өтеді дүние бейбақ.
Қайтемін тірлікте аяп жанды?!

Аттан жаяу түспекке дайындалды.
Кенжені «қу бас» деген сөзді естіп,
Қылмақшы оған құрбан шықса жанды.
Үстінде ақ сауыт бар, қолда семсер,

Бос тұрып Қалыбектен ағады тер.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Шылбырын көк бедеудің түре салып,
Сарыбай: «Аға,—дейді,—батаңды бер!»
Қалыбек жалынады атасына,
Інісі қолын жайды батасына.

—Жаратқан жалғыз Құдай, жәрдем берсең,

Адамның түзеуші едің ғой қатасын да!
Сарыбай, тілеп тұрсаң, міне батаң,
Қолдасын әруақ қонған Маян атаң.
Қолдасын Ғайып ерен, қырық шілтендер,

Жөндесін, Тәңір бастап, болса қатаң!
Бата алып, бала Сарыбай қадам басты,
Артық емес, он алтыға келген жас-ты.
Қылыш алған үш жүздей жаяу бар ед,

Аяңдап соған таман араласты.
Көреді қызды дулат Тәңіріндей,
Патшаның тұтып тұрған әміріндей.
Қолына қылыш алған ылғи дулат,

Жау іздеп, аңсап тұрған бәрі бірдей.
Сарыбай келе жатыр қадам басып,
Дулаттар бірге жүрді қатарласып.
Қылыш ұр демей ұрар бұйрығы жоқ,

Әмірі қыз Зейнептің сондай асып.
Атта тұр екі жүзден артық кісі,
О дағы істеп қойған қыздың ісі.
Бәрінің қызсыз қимыл етері жоқ,

Көрінбек қыздың ақыр бір белгісі.
Қарай көр Маянбайдың баласына,
Әскердің жаяу жүрді арасында.
Кісідей қымыз ішкен дулат шулап,

Кіріп тұр ел билеудің таласына.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Келеді бала Сарыбай үйге таман,
Болар деп іштен ойлап «қандай заман».
Бір ауыз сөйлейтұғын еш адам жоқ,
Дулаттың жаусыраған түрі жаман.

Ортасын көп дулаттың аралайды,
Бетіне бір адамның қарамайды.
Кешегі ойнап жүрген жас бала ед,
Көп адам Сарыбайды танымайды.

Жан-жақтан жаяу кісі тұрған бағып,
Келеді Сарыбай бала қайқаң қағып.
Самсаған сары қолдың арасында
Келеді қорқынышсыз бала нағып?

Аттыны алыс қойған анадайға,
Біреу жоқ сонша топтан тұрған жайға.
Ордаға «ойран-ақ» деп кіріп кетті,
Жалғыз-ақ жігіт сөзін қыз сынай ма.

Сарыбай қалар емес сөзден тайып,
«Әулие, қолда,—дейді,—Ерен ғайып!»
Ордаға сән-салтанат құрған екен,
Тастапты есік, төрге кілем жайып.

Сарыбайдың түрін көріп, Зейнеп сұлу,
«Қажымас!—деп қалады қыз—азайып».
Қолына Зейнеп сұлу сыбызғы алған,
Қасында көп қыз отыр әнге салған.

Біреуі үйге кірмей көп дулаттың,
Бәрі де тыста қалды қылыш алған.
Қарайды сұлу Зейнеп ерге таман,
Сарыбай кеп отырды төрге таман.

Жайнаған алтын тудай айбаты бар,
Қорқатын көңілінде жоқ, түрі жаман.
Сарыбай қызға айтады: «Келдім саған,
Нендей сый бермек едің келсем маған?

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Мен өлсем, артымда бар сансыз Егіз,
Сен өлсең жетер ме екен тайға бағаң?!
Зейнеп:

—Сарыбай, ей, бейшара, кедей сорлы,

Басыңа жиып келдің ажал қорды!
Ішіне хан орданың кіретұғын,
Бар еді не жұмысың әлде о құрлы?!
Сарыбай:

—Бір хабар келіп едім салайын деп,

Жәрдемші өткен бабам панайын деп.
Теңдесім, Зейнеп сұлу, сен болған соң,
Келіп ем қатындыққа алайын деп.
Зейнеп:

—Мен сендей жан көрмедім әуре-сарсаң,

Қыз алмақ екенсің ғой ойда қалсаң.
Бетіңе «мен» дегенің таңба болар,
Жарайды, мені қойып, шешеңді алсаң.
Сарыбай:

—Ей, Зейнеп, білесің ғой, мен—Сарыбай,

Мен саған кете алмаспын бір дарымай.
Қылайын, сені алмасам, шешем қатын,
Болсын ба, маған тимесең, Құлжабек бай?!
Зейнеп:

—Көңіліңді, Сарыбай, сенің жай қылайын,

Басыңа, іздеп келсең, қайғы дайын.
Қаңғырған сорлы кедей, кет жөніңе,
Әкемді, саған тисем, бай қылайын!
Сарыбай:

—Аулым көшіп қонды кеңшілікке,

Ай, Зейнеп, сені алмаймын теңшілікке.
Салдақы, жұрт бүлдірген жүзіқараны
Алармын, бұрымың кесіп, кемшілікке!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Зейнеп:

—Садаға кетсең менің ар жағыма,

Лайықты жазаң даяр қалжағыңа.
Асыққан ажалына сорлы кедей,
Жете ме көзің тірі қалмағыңа?
Қаңғырып ойға-қырға тозып кеткен

Сенесің әлі Маян әруағыңа.
Басыма бағым қонған осы кезім,
Сен түгіл, Бөген келмес зардабыма!
Қаңғырып, көк шолаққа желқом салып,

Іліндің, міне, бүгін қармағыма.
Сарыбай:

—Көңіліңді асқандықтан кешірермін,

Көп қылып бұл күніңді көсілермін.
Баласы Маянбайдың қырылмаса,
Басыңнан ажал желін есірермін!
Ей, Зейнеп, кім екенін алсаң ұғып,

Жау десе, Маян жатпас үйде бұғып.
Кесіп ап екі бұрымың, табан тіліп,
Еліңді бір шабармын ойнап-күліп.
Зейнеп:

—Қарағайдай көп дулат, қайғы көрсем, өлмексің,

Айғай салып шақырсам, әміріме келмексің,
Қораға кірген қоянның тез жазасын бермексің!
Екпіні Сарыбай есіп тұр, иттің көңілі өсіп тұр,
Айтқан сөзі өңменді қылыштай боп кесіп тұр.

Дыбысын иттің шығармай, қылыш суыр,

кел дағы ұр!
Дулаттар үйге кірді жыпырлап,
Босаға кетті сықырлап.
Апыр-топыр көпшілік, кіріп жатыр тапырлап,

Алдыменен Бекежан кіріп келді сапылдап.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бала Сарыбай байқайды, жаудан не қып

тайқайды,
«Ей, жігіттер, бүйтпеңдер,—деді де

төрге қайқайды.
Туысым бірге жақынмын, қызға ерме» деп

жалпайды.
Асығып кірген Бекежан ашумен бас шайқайды.
Сарыбай семсер суырды, заманын

дулат қуырды,
Бұрын ұрған Бекежанға оның да көңілі суынды,
Ажалына асыққан дулат қанға жуынды.
Дулатқа салды күдерді, ажалды бермек шідерді,

Хан орданың ішінде тартып алып семсерді,
Үш-төрт бұлғап жіберді.
Біреулер қалды өкіріп,
Қан шыққан соң қайратқа

Сарыбай алды бекініп.
Жабықты тілді қылышпен,
Быт-шыт қылды екі ұрып.
Секіріп құстай ұшады,

Қайратпен қылған іс еді.
Айтқан сөзде қапы жоқ,
Өзі де шапшаң кісі еді.
Ордадан тысқа секіріп,

Нысана атып түседі.
Сарыбай тұрды ол жаяу,
Қан ішіп көңілі тұр баяу.
«Қандай күйде болды?» деп,

Қалыбек те тұр таяу.
Қажымас о да ер еді,
Сарыбайды көреді.
Жетектегі бедеуді

Көлденең әкеп береді.
Сарыбай атқа мінеді,
Қалыбек сонда күледі.
Таң мезгілде туған ай,

Ат маңдайын дәл қойып,
Айға таман жөнеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аттан хабар сонда алған,
Ұрандап айғай қыз салған.
Астында қасқа тұлпар бар,
Қасқабай батыр із салған.

Ер қаруы—бес қару,
Із түзетіп аңғарған.
Желіп кеткен екеуге
Таяу келді жандәрмен.

Сарыбай артқа қарайды,
Қайрат пен күшін балайды.
Жаудан беті қайтпаған
Жақындап Қасқа жанайды.

Мұндай емес толғаулы,
Көрген батыр талайды.
Түн ішінде көз соқыр,
Сарыбай білмес ол жайды.

«Атымды ұста, Кәке» деп,
Қалыбектен сұрайды.
Жау жақындап, таянды,
(Аруақ қонған Маян-ды).

Дулат пенен төреге
Оқ атары аян-ды.
Атынан сонда түседі,
Өзі шапшаң кісі еді,

Ол келмесе, өлім жоқ.
Қасқабайды айдаған
Ажалдың қуған ісі еді.
Қорамсаққа қол салды,

Бір салғанда мол салды.
Сегіз қайың, бір шойын,
Тоғыз оқты қолға алды.
Шағындап салар кісі емес,

Жетпейтін оның күші емес.
Тоғыз оқты қабаттап,
Түгел салып қарманды.
Соғыстың болды базары,

Мұқалмас ердің ажары.
Шойын түсті қолына,

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Батырдың келген ажалы.
Қапысыз тұрып тартады,
Жас қайраты артады.
Қараңғы түннің ішінде

«Дәл жүректің басы» деп,
Көмескілеп тартады.
Зырқырап оғы кетеді,
Қасқа атты ерге жетеді.

Зымырап шыққан шойын оқ
Төңкеріп тастап өтеді.
Тағы да әрмен кетеді,
Ажалдыға жетеді.

Қабаттап шапқан көпшілік
Он сегіз ерден өтеді.
Әуелде бұған бастапты,
Қырғындай қылып тастапты.

Үйір атқа бос келген
Таныды Қалыбек қасқа атты.
Қалыбек:

—Сарыбай, тоқта, қарағым,

Былғанды қанға балағың.
Жауға жабдық жасаған,
Өзіңе тиді жарағың.
Жеңешемнің қарғысы

Дәл келді өмір шолағың.
Айырдың, Сарыбай, жағаңды,
Сілейтіп аттың ағаңды.
Жалғанда кегім бір бітпес,

Қандырдың, төре, табаңды!
Кетірермін сыныңды,
Көп қылармын күніңді!
Бір басыңа жүзбенен.

Ой, бауырым, Қасқабай,
Бітірермін құныңды!

—Тоқта, Сарыбай, тарт қолды,

Болдық бүгін қан жолды.
Ұлы жиын, халайық,
Бөгелме енді со құрлы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Соны айтып, мінгізді атқа Сарыбайды,
Көпшілік Сарыбайға дарымайды.
Тоқталмай, бір жүргеннен жүріп кетіп,
Көксудан іздеп тапқан Бөгенбайды.

Шықты да былай таман, ақылдасты,
(Ішінде кісі де жоқ бұған басты)
«Жеңешем бұл жұмысты біліп қалсын,
Артымыз әйтпегенде іс болмас-ты».

Соны айтып, елге таман келді жетіп,
Кетпекке Аналыққа хабар етіп.
Аналық ұйқылы-ояу жатыр еді,
Тұсына дүбірлетіп келді жетіп.

Аналық: «Бұл кім,—деді,—келген таяу?
Қан жұтқан болар, болса көңілі қаяу».

—Қан төгіп біз қайғыны тауып келдік,

Жеңеше, жатырмысыз ұйқылы-ояу?
Аналық: «Бұл кім,—деді,—келіп тұрған,
Екпіндеп тұлпар атпен желіп тұрған?
«Қан төктік» дегендерің не деген іс,

Тәуір ме кісі өлтірген, мына антұрған?!
Айырылып көк бедеуден қалдым кеше,
Болса жөн өлтіргенің елге есе.
Сан кісі өлтіргенмен пайдасы жоқ,

Қасқабай, төре, дулат ел билесе».
Сөйлейді екеу барған елден саяқ,
Айтады істегенін бастан-аяқ:

—Өлгенін неше кісі біле алмадық,

Жан сақтап, аман келдік, жемей таяқ.
Табылар, айтпағанмен, сөздің шыны,
Тұсау боп, жүргізбейді қылыш қыны.
Қан толып екі көзге, көрмей кеттік,

Өлгені нешеу екен, әлде кімі?
Бірақ та өлді Қасқабай жазым тауып,
Соғыста тұра алмадық қылмай қауіп.
Қарғысың Қасқабайға тура келді,

Қарғап ең, ықыласпен емшек сауып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР Айтпаңыз бұл хабарды басқа жанға, Ертең кісі жіберсең төре ханға: «Қыз бермек боп ерімді өлтірдің» деп, Іргеңді бөлек салып, жаса санға. Сонда отырып Аналық: «Жүрегім-ай, Қасқабай, сынамысың, тірегім-ай?! Аруағы атакемнің аман қоймас, Қарғап ем, болған екен тілегім-ай! Аруағы атакемнің аман қоймас, Әуелден тұқым едің қанға тоймас. Сөзінсіз Кенжетайдың іс қылмаңдар, Ақылдас Кенжетайға, әбден ойлас. Өзім қып өз жұмысым тыйғызармын, Төрені бір қауызға сыйғызармын. Төреге ертеңгі күн кісі салып, Мал-жанын құрбандыққа қиғызармын. Екеуі түн ішінде кетті жүріп, Тұрмады бір орында еш кідіріп. Жол жүріп алты күндей тыным алмай, Белгілі тас шоқыға кетті кіріп. ІX Отыр ед Сары шоқыда қарт Бөгенбай, «Болды,—деп,—ел шабынды мынау қалай?» Елдің қайда кеткенін біле алмайды, Көрмегі бұдан былай екі талай. Сол кезде екеу шықты жанасалай, Қараса көз жіберіп әлдеқалай. Қасында жас түлектен ерлері бар, Отырған кәрі-жасы қалды қарай. Екі адам келе жатыр бөкеңдетіп, Отырғандар қарайды аң-таң етіп. Қырағы Бексұлтан жас гөзел еді, Таныды көк бедеуді ол дәлдетіп. —Мінгені көк бедеуді кім екенін, Таныдым Қалыбектің шын екенін.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір хабар шабынды елден енді білдік,
Кенже аға, таптық,—деді,—ел мекенін.
Бөгенбай естіп мұны, еңіреді зар:

—Болғанға жаным құрбан елден хабар.

Қолында қай дұшпанның қор болды екен,
Қылар ем кең дүниесін келіссіз, тар?!
О деген бұ дегенше келді жетіп,
Астында екі тұлпар екпіндетіп.

Хал-жайын бастан-аяқ баян қылды,
Жыласып болғаннан соң көріс етіп.
Айтады естігенін бірін қоймай,
Келгенін және де айтты қанға тоймай.

Өлгенін Қасқабайдың айтып еді,
Бөгенбай: «Бауырым!» деп салды ойбай.
Ішіне батырдың да қаптады шер,
Маңайын жинап алды Бөгенбай ер:

—Төренің осы күнін көп қылайын,

Дулатты қысқан екен бір шығын тер!
Елінің ат шаптырып, бәрін жиды,
Қайратын, ашуланып, кәрін жиды.

—Хан болған Құлжабектің қылығына

Ақыл тап енді, елім, бәрің,—дейді.
Балалар, бере келген елден хабар,
Бір сізден кім бар,—деді,—ақыл табар?
Қалғанша қан менен жан күтіп алды,

Не десең, біздің басқа ақылың сал.
Үлкені Сарыбай мен Бексұлтан ер,
Тұманбек, Жұманбек пен Айдарқандар.
Әрбірі мың кісілік жауынгер ед,

Ақылшы бәріне де Бөген шебер.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бәрі де бір Маяннан туған текті,
Дұшпанға егескенде бермес кекті.
Аттарын жетеуінің түгел айтсақ,
Екеуі Сәдірбек пен Тыныбек-ті.

Сол күнде он бестерде бұл алты ер,
Сарыбай он жетіде жауға шебер.
«Сарыбай—сағым жетпес» дер Бөгенбай,
Ақылды сөз табатын ол кемеңгер.

Көксуда жайын жатқан бие байлап,
Аттанды төрт мың кісі Маянбайлап.
Жылқыдан Нарқызылды алдыртыпты,
«Жан сақтар төл аты» деп қойды сайлап.

Бейітіне Маянбайдың үй қондырып,
Күзекке көп жылқыны жүрді айдап.
(Бейіті Маянбайдың он бес күндік),
Жігіттен атқа мінер қалмады түк.

Өлгені Қасқабайдың екі жара,
Төренің бұл қылғаны бітпейтін кек.
Жаратты қос-қос тұлпар бозбалалар,
Ішінде Бөген сұңқар ақыл табар.

Биені неше жүздей байлап тастап,
Қымызды қанып ішті жиналғандар.
Мінгені Бексұлтанның Ақкекіл-ді,
Жануар ер мінерлік ат секілді.

Құнына елу түйе беріп алған,
Ер мініп, жауға салса, доп секілді.
Маянның саңлақтары жиылып ап,
Төреге салмақ болды бір үкімді.

Сол жерде келген халық жатып алды,
Лайықтап алмақ болды сәтті күнді.
Мінгені жас түлектер тұлпар аты,
Бөгеннің толып жатыр қолғанаты.

4-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қырғын қып талай жаудың бетін алған,
Дүйсенбі еді әуелден-ақ Маян сәті.
Төрт боз ат төрт діңгекке қойды байлап,
Сайланды сегіз батыр қару сайлап.

Ақ туын Маянбайдың жерге шаншып,
Бөгенбай ұран салды Маянбайлап.
Мойнына кемер белбау тұрды салып,
Кейде талып, кейде есін жиып алып.

«Әкекем, аруағыңнан белгі көрсет!
Бұл күнде,—деді,—балаң болған ғаріп».
Күн ыстық, әуе қайнап, дуылдаған,
Халық көп, жиылған жұрт шуылдаған.

Бөгенбай көп зарланып жылағанда,
Шайқалып ту созылып, суылдаған.
«Жасаған берді,—дейді,—тілегімді,
Қайтармас жауға салған білегімді.

Көп барсаң, қолға байлау боласыңдар,
Сегізің тоқтатыңдар жүрегіңді!»
Байлаулы төрт боз атты айтып сойды,
Жиылған жұрт қымыз бен етке тойды.

Бастығы сегізінің Сарыбай боп,
Белгілі Шетқурайға бетін қойды.
Бөгенбай бата берді балаларға,
Сақтаса жалғыз Құдай, бәле бар ма?

Не керек көп жаманды көмекке ертіп,
Тағдырдан, сақтамаса, шара бар ма?!
Батасы:

—Бақытың өссін, ырысың,

Білінсін жауға дыбысың.
Сарыбайға қарсы келмеңдер,
Қарсы келген адамның
Тұқымы өспей құрысын!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Жауға шапсаң ұзарсын,
Ұстаған қолға қылышың!
Сегізің барып, төренің
Бітіріп қайт жұмысын!

Сегізі тұлпарын мінген баптап,
Найзасын, болат қылыш алған саптап.
Батасын қарт Бөгенбай бергеннен соң,
Бейіттен шыға шапты «аруақтап».

Қос артқан төрт түйе мен төрт кісі алды,
Көп елі сонан кейін қайтты қаптап.
Көрем деп жауды қашан кезенеді,
Серпіліп, көптен шығып, түзеледі.

Жас түлек бұрын соғыс көрмесе де,
Сарыбай садақ жетпес гөзел еді.
Жол жүрді дамыл алмай Шетқурайға,
«Қолда!» деп жалынады Маянбайға.

Бауыры Шетқурайдың Қарабастау
Белгілі сегіз күнде түсті сайға.
Қостарын жайлап тікті келген артып,
Байлады кемерлерін керме тартып.

Болғанша Маян сәті сонда жатқан,
Жас түлек өңкей манап қайраты артып.
Жеті күн сол бастауда жатты жайрап,
Кезекті жауға лайық қару сайлап.

Ән тартып сыбызғымен қорқынышсыз,
Ұранын көтереді Маянбайлап.
Ел жатыр Шетқурайдың биігінде,
Қасқаны құзғын жеген күйігінде.

Жиылған төре, дулат ақылдасты,
Таппақ боп бір ақылды күндіз-түнде.
Аналық бір жағынан салған хабар:

—Бітпейтін, ерім өлген, құным да бар.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Берем деп төре қызын, алдап барып,
Оқ ату, лайық па қылыш шабар?!
Ақылы Аналықтың жұрттан артық,
Қан қыздырып, іргесін бөлек салар.

Жау десе, жабырқамай қайнайтұғын,
Әуелден Егіз атаң мінезі бар.
Дулатты жиып алып қыз кеңесті,
«Бұл Егіз тапқан-ау,—деп,—нан жеместі!»

Інісі Бекежанның Бекбау деген,
Бірігіп, бой теңелтіп, біргелесті.
О дағы қару-жарақ жиып жатыр,
Дулаттың бәрі түгел болды батыр.

Бекбау да қызды алмаққа сөз байлапты,
Болса да айрылмасқа заман ақыр.
Хабар жоқ, жиын ел де сөзбен әлек,
Бауырда шатыр тігіп батыр жатыр.

Шетқурай деген биік бір үлкен тау,
Тап-тату ел боп кетті осындай жау.
Сөзі де Аналықтың батып барад,
Мағлұм—еш адамнан үйренбес дау.

Сол кезде жексенбінің күні болды,
Қыз Зейнеп ақыл ойлар оңды-солды.
Бие ағыта жылқыны айдап шықты,
Басында қайғысы көп о да сорлы.

Жылқыны Шетқурайға жая салды,
Қаптатып тауға әкеп қалың малды.
«Сасқан кісі тұз жалар» дегендей-ақ,
Атын тастап, биікке шыға қалды.

Жан-жаққа көзін салып жіберіп ед,
Бауырда жатқандарды көріп алды.
Дүниенің жақындады кең мен тары,
Зейнептің бойға түсті қайғы-зары.

Тауда отырып таныды ердің бәрін—
«Жас түлек Маянбайдың балалары!»

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Ішінде танып көрді Қалыбекті,
«Бірі ойда, бірі қырда бірігіпті!
Адамның құты ұшқан соң оңала ма?
Барар жер жоқ екен ғой бізге»,—депті.

Білмедім, қанша адамды ажал қысты,
Егіздер ақылменен қосылысты.
Еркек болсам, ел тауып кетер едім,
Жаратқан Құдай неге қыз байғұсты?!»

Тұра кеп тұрған жерден буыны құрып,
Үстіне бір жалпақ тас міне түсті.

—Ешкімнен көретұғын жұмыс емес,

Бастаған мен ғой,—деді,—бұл жұмысты.
Сонда Зейнеп жылайды,
Өз-өзінен мұңайды.
Жайнаған жауды көрген соң,

Қайтіп сорлы шыдайды?!
«Алты мың—әкеме көп жылқы біткен,
Қыз болсам нетер ед бойды күткен.
Қырғын келгір, Маян-ай, неткен елсің,

Тастүлек балапандай арттан жеткен».
Отырды сонда сұлу аз тыйылып,
Өлімге өзін байлап, жан қиылып.
«Жалғыз мен қайғырғанмен не болады?

Бір ақыл табар,—деді,—жұрт жиылып.
Дүйсенбі ертеңгі күн—Маян сәті,
Байлаулы кермеде тұр тұлпар аты.
Болса да Бөген қу бас, арты мол ғой,

Жетпегір, жеткен екен қолғанаты!»
Қыз Зейнеп жаяу жүрді атқа таман,
«Қалармын,—деп ойламас,—жаным аман.
Тілге келсе, көрмеспін кемшілікті,

Сөйтсе де істің болды арты жаман».
Баршамен белін байлаған,
Жылқысын елге айдаған.
Қайғы толып ішіне,

Бұлбұлдай Зейнеп сайраған:

—Желіккен жауға кез болдым,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болмады ісім ойлаған.
Жау қолында кеттің-ау,
Қаракөк, торы көп жылқым,
Шырақтай көзің жайнаған!

Ордамды ойран қыла ма?
Сорлы Зейнеп, жылама,
Алды-артым болды бірдей жау,
Қайда барсам, япырым-ау.

Теңдесім де жетер ед,
Бөгенге тиіп нем бар-ау?!».
Жылқыны айдап, Зейнеп те үйге жетті,
«Сақтаныңдар, жау бар» деп хабар етті.

—Бауырында Қурай шыңның қаптап жатыр,

Білмеймін қанша екенін, көрдім,—депті.
Ел жиылып, қайратқа мінді бәрі,
Дуылдасып сөйлесіп жас пен кәрі.
Не болар, іс ақырын қайдан білсін,

Дулаттың құтырды батырлары.
Керме қып, ұстамақ боп дайындалды,
Жауға бермей, сақтамақ бәрі жанды.
Дулаттың кәрі-жасын жиып алып,

Иірді жесек салып жылқы малды.
Мінерлік атын баптап сайланады,
Қылышы жауға шабар қайралады.
Інісі Бегежанның Бекбау ерге

Қыз Зейнеп «тиемін» деп жайланады.
Осылай бола тұрсын дулат-төре,
Болады ертеңгі күн қандай төре.
Мал сойып, елін күтіп, жинап жатыр,

Тамағы ішкен-жеген әлде кере.
Сарыбай ат күзетті, жатпай өзі,
Ертең-ақ жауға шабар келді кезі.
Таңертең ат әкеліп байлап қойып,

Ұйқыға біраз кетті екі көзі.
Тұрысып жас түлектер, ыстық қылып,
Алысып бірін-бірі жүрді жұлып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Жігіттер, ат ерттеңдер, берді Тәңір!—

Сарыбай баяндайды сонда тұрып:

—Түс көрдім жаңа ғана жатқан жерде,

Түсімде көрдім,—дейді,—Маян ерді.
«Осы жолы бас боп барамын» деп,
Атакем маған келіп хабар берді.
Бір заманда Бексұлтан кеп жүгіріп,

—Келдім,—деді,—мен дағы бір түс көріп...

Әрқайсысы әртүрлі түс көріпті,
Қалыбекке жорытуға келді тұрып:

—Мен дағы атекемді көрдім,—дейді,

Ат-түрін әбден байқап тұрдым,—дейді.
Айыр сақал, кісі екен ұзын бойлы,
«Қарағымды көрмек үшін келдім» дейді.
«Қарағым, келіп едім көрейін деп,

Дәрежең, үстем болсын мерейің деп.
«Маяндап» тынышымды кетірдіңдер,
Келіп ем енші бөліп берейін» деп.
Үстінен ақ сауытын берді шешіп,

Жоқ екен өн бойында ешбір тесік.
Қолында бір қамшыға көп қызықтым,
Қамшысын бермей кетті, халім нешік?!
Қылышы белінде тұр қынабында,

Атакем не себептен келді мұнда!
Астында маңғұл қасқа торы аты бар,
Шыға ма, деп ойлаймын, түсім шынға.»
Тыныбек сонда айтады: «Мен де көрдім,

Қуанғаннан орнымнан түрегелдім.
«Енші берем, қарағым», дегеннен соң,
Қылышын маған берді, «бер» деп едім».

—Жасаған берген екен тілегімді,

Дұшпаннан қайтармасын жүрегімді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қамшысын маған берді,—деді Қалыбек,
Ілулі бүлдіргесі білегімде.

—Бұ жолы жау қалмайды біз алмаған,

Көңілім бұл сапардан тұз алмаған.
Ат ерттеп, «Маянбайлап» ұран шақыр,
Айтайын ақылымды енді саған:
Қалыбек сегіз қос ат алсын қолға,

Ту алып, Сарыбай шықсын құба жонға.
Алтауың аянбастан жауға шапсаң,
Қосшылар түйеменен қалсын мұнда!
Мұны айтып, атқа мінді дуылдасып,

Алғандай неше мыңды қолмен басып.
Ежелден жау дегенде сайтаны бар,
Тұрмайды Маянұлы жауға жасып.
Жарлығын Сарыбайдың қабыл алды,

Атына аруақтап ерін салды.
Қалыбек ат жетектей жөнелгенде,
Қосшылар қозғалмастан мұнда қалды.
Жөнелді туын алып Сарыбай тауға,

Белсене аттанады алтау жауға.
Дүйсенбі—Маян сәті атқа мінді.
Дулаттар қылар ма екен жанын сауға?!
Ұраны көкке шықты «Маяндаған»,

Ұрыста өңкей жастар аянбаған.
Бет қойып осы жерден тура шапты,
«Бір таңда-ақ тигізем,—деп,—төре, саған!»
Маяндай Ақкекіл ат мойын созып,

Жөнелді шапқан жерден Сұлтан озып.
Тұлпар ат неше күндей бапқа келген,
Тарта алмай алақаны келед тозып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бұрқ етіп аш кезеңнен бұлар асты,
Бесеуі арт жағынан қатарласты.
Түрі бар арыстандай Бексұлтанның,
Тұра алмай беті айбатқа, жауы қашты.

Тақымын созып келген тұлпар атпен
Самсаған сары қолға араласты.
Қарашы Маянбайдың баласына,
Жау көп қой, «біздер аз» деп қарасын ба?!

Есіктей кірген жері болып кетті,
Қурай шың өлік сыймай даласына.
Талайлар сорлы болды қаза тауып,
Жау десе батыр тұрмас аңсары ауып.

Кез келсе, найзаменен кетті түйреп,
Қырады, қалыңдаса, қылыш шауып.
Тауда тұр ер Сарыбай туды басып,
Өнері алты жастың барады тасып.

Өлімге дулат елі қалды байып,
Салаға талай ерлер кірді қашып.
Тыныбек жетіп келді бір уақытта,
Сарыбай түк көрмепті қара басып.

«Жұрт шапқан, ел бүлдіріп, кісі өлтірген,
Барад,—деп,—ойбай, Зейнеп әне қашып!»
Туды алып Тыныбек қалды тұрып,
Сарыбай жөнеп берді атын бұрып.

Қылт етіп бір кезеңнен Зейнеп асты,
Буыны қыз сорлының келед құрып.
Қыз Зейнеп бір кезеңнен жаңада асты,
Сарыбай Нарқызылға қамшы басты.

Садақтың қынабынан шыққан оқтай
Зымырап «ә» дегенше кеп айқасты.
Жалт қарап Сарыбайды көрді танып,
Ұмтылды жеке ауызды суырып алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Сарыбай, саған өлмей ат бермен» деп,
Ұмтылды ұрысуға қарсы барып.
Заты әйел ұрысуға жарамады,
Сарыбай жеке ауызға қарамады.

—Айтқан серт, сұлу Зейнеп, бұлай емес!—

Зейнептің қашқандығын табалады.

—Зейнеп-ау, сертің қайда маған айтқан,

Адам боп жүре ала ма серттен қайтқан?
Қарсы тұрып қатындыққа келмесең ед,
Жұрт бұзып, ел бүлдірген сен бір сайтан!»
Тұра алмай табандасып қарсы барып,

Қыз сорлы серттен қайтып, болды ғаріп.
Берік ұстап төбе шаштан, аттан жұлды,
Жөнелді тақымына басын алып!
Зейнеп:

—Сарыбай, қорлығыңа көне алмаймын,

Ажалсыз ызаменен өле алмаймын.
Теңдікке тегістетіп алмас болсаң,
Әуелгі айтқан сертте қала алмаймын.
Сен—Маян, мен—ханзада, атам—төре,

Жүргенбіз жақсылықты бірге көре.
Жақсы аттың жалында әкеп өлтірмесең,
Жүрермін кемісем де кәсіп тере.
Сарыбай:

—Болмайды сертім екі айтқанымнан,

Өлгенім жақсы серттен қайтқанымнан.
Тілермін табаныңды, Зейнеп, сенің,
Болады әкең байың айтқаныңнан.
Зейнепке тарлық кірді, қысылысып,

Астына арыстандай ердің түсіп.
Дауысы анда-санда бір шыққанда,
Қояды тақымымен қысып-қысып!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Шабылған елге келді аялдамай,
Келеді Нарқызылмен аяңдамай,
Зейнепке үлкен қауіп ілініп тұр.
Қалмағы бұдан тірі екі талай.

Қырылып, қирап жатқан елге келсе,
Шабылған төре ауылы әсіресе.
Бексұлтанның атын ұстап жалынып тұр,
Күндігі мойынында бір бәйбіше:

—Қарағым, айналайын, Бексұлтан жас,

Адамда қаза тапқан кейіп болмас,
Едің ғой кіндік балам, айналайын!
Еліңді қырғындатпа, ей, гәуһар тас!
Құрысын төре хандық құрғандығы,

Құдайдың көрініп тұр ұрғандығы.
Ажалды жан өлімнен құтылмайды,
Өлгендер елдің болды құрбандығы!
Не десе де көнелік, сөзді байла,

Өлген жан тірілетін дәурен қайда.
Бір келген қырсық шығар біздің басқа,
Қылмады Зейнеп қызым елге пайда!
Осы екен Құлжабектің бәйбішесі,

Қырғыннан шыққан екен елдің есі.
Бір қыздың қыздырмалы тіліменен
Өз елін өзі Бөген шапқан несі?!
Ел шарпылып түсіп тұр жанған өртке,

Еліңді салма,—дейді,—ұзақ дертке.
Әйелден еркек ісі жаман болды,
Қарағым, мен тоқтайын айтқан сертке!
Не дерін біле алмай тұр Сұлтан батыр,

Кемпірдің жылау сөзі толып жатыр.
Жас бала түк көрмеген, түк білмеген,
Жалғыз-ақ қырғын істі біледі ақыр.
Сөйлескен екеуінің сөзін тыңдап,

Жақындап Сарыбай да келе жатыр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Азғана сөзді тыңдап аял етті,
Зарлаған әйел сөзі өңменге өтті.

—Серт байла деген сөзі әбден жөн ғой,

Берейік бір серт байлап, Сұлтан,—депті.
Сертіміз ұзақ емес, қысқа болар,
Тірі жан көшін артсын ертең,—депті.
Ертең ерте жүк артқан жан болмаса,

Өкпелеме бір тірі жан қалмаса.
Өзім өлсем, құтылып кетер едің,
Күн аял сұрамаңдар жан далбаса!

—Бұл сертіңе разымын, қалқам, Сарыбай!

Кемпір жылап, бас қойды сонда зарлай.
... Қырғында атқан біреуі әлі де жүр,
«Тоқта!» деп Сарыбай тартқан сонда керней.
Қырғынға қанжыға елі қалды батып,

Талайлар-ақ безерген қалды жатып.
«Қатын ер қашқан жауға» деген қайда,
Айдамақ болды ертең дуылдатып.
Басында көнбеймін деп қарысып ед,

Соғыстың аздап дәмін қалды татып.
Жегені желкесінен не ғып түссін,
Қозғады ертең ерте көшті тартып.
Кеш бола ер жоқтауға шықты бұлар,

Орыны Қасқабайдың қашан толар.
Түнделетіп жыласпай кеткен ерлер,
Ерін жоқтап жылауға болды құмар.
Сөйлесті, бір азғана аял тапты,

Төрелік дулатқа да тимей қапты.
Жоқтауға Қасқабайды «бауырымдап»,
Ауылына Аналықтың енді шапты.
Аналық отыр екен жолда күтіп,

Жүктерін артып қойған, көш түзетіп.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Келе жатқан ерлерге қарсы шықты:
«Балалар, тоқтаңдар!» деп жарлық етіп.

—Жоқтайтын ерлеріңді жерің қайда,

Таппайсың бұл жылаудан ешбір пайда.
Көксуға қонып алсақ, келісер ед
Жылауың, ер жоқтауың сондай жайда.
Тоқтаңдар, жылауды қой, қарақтарым,

Жасақты жауға жайлы жарақтарым!
Ол дағы толып жатқан аталы ел,
Жазым боп жазылмасын қабақтарың.
Жарлығы Аналықтың жанға жайлы,

Бұл сөзі Сарыбайға құп ұнайды.
«... Көш, көш!» деп бәлекетті көшіргендей,
Қайта кеп бұл дулатқа бұрқырайды.
Көңілі өскен көтеріңкі өңкей жастар,

Атқан оқ ел үстіне зырқырайды.
Есімбек, Құлжабекпен кетті қашып,
Шабынды көрген елдер қалған жасып.
Түйенің жабуына кіргендер бар,

Жан сақтау жер іздесіп қара басып.
Есімбек, Құлжабектің сегіз қызы
Зарлады қара салып қатарласып.
Батырлар өз сүйгенін ілестірді,

Оқ атып төре құлын желдестірді.
Есімбек, Құлжабектің сегіз қызын
Түйеге екі-екіден мінгестірді.
«Айтқаным екі болып кетпесін» деп,

Сарыбай Зейнеп шашын бір кестірді.
Сорлының екі бұрымын алды кесіп,
Тайлақтай жетелеген мұрнын тесіп.
Еркіндей ел алдымен Егіз көшті,

Басқасын шабынды елдің ілестіріп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күн ыстық, Зейнеп сорлы болды жаяу,
Өлмеген жан кеудеде тұрды таяу.
«Мұндайын кемшілікті көрсеткенше,
Не етеді жаратпасаң, бір Құдай-ау!»

Көшті артып, алдын бастап кетті Аналық,
Көңіліндегі мұратқа жетті Аналық.
Сегізі серпіліп кеп елді шапқан,
Қылған жоқ бұл соғыста еш балалық.

Елді айдап келе жатыр артын сырып,
Өлтіріп талайларды қолмен қырып.
Бұл жолда бес жүз жетпіс кісі өліпті,
Бастаған Зейнеп теріс Құдай ұрып.

Зейнептің аты дағы шығып кетті,
Елді егер қырғындатқан бір сапырып.
Жаяулап сорлыЗейнеп кейін қалса,
Сарыбай кез кеп кетіп, қояды ұрып.

Келеді сорлы Зейнеп өлмеген соң,
Не керек, күш-қарымы келмеген соң.
Бүгінде Маянбайға шақ келмей тұр,
Шаң басып, беті салтақ, терлеген соң.

—Кім қу бас, Зейнеп сұлу, білдің бе анық?

Ұмытып қалма, сөзге болмай қанық.
Маған тисең, болмақшы Құлжабек—бай,
Боп жүрме, мұнан былай сөзге танық!
Сарыбай ілгерілеп кетті озып,

Зарлайды Зейнеп сорлы табан тозып.
Тілге келсе, бір арбап алар еді,
Жаралған сөз дегенде топтан озып.
Бір мезгіл Бексұлтанға кез боп қалды,

Бір ауыз сөзбен Зейнеп арбап алды.
Тілге келсе, адамның бұлбұлы еді,
Ерлердің ортасына бүлік салды.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Сөйледі Зейнеп сорлы қайғы-зарды:

—Көңілімде, ей, Бексұлтан, мұңым бар-ды.

Мал беріп елден таңдап қыз алсаң да,
Алмассың мендей тауып лайық жарды.
Құтылсам Сарыбайдың қорлығынан,
Мынадай жолсыз қылған зорлығынан.

Қарағым, ей, Бексұлтан, мұнан құтқар,
Қалмайын не десең де жарлығыңнан!
Жас түлек мынау сөзге жарар деді,
Жүгіріп Сарыбайға барады енді.

—Бір қызбен мұнша ұстасып неге керек,

Атын беріп, киімін кигіз, —деді.
Сарыбай:

—Бексұлтан, мынау сөзге келме жақын,

Ойласаң туысқандық Тәңір хақын.
Айтқан серттен қайтқаннан өлгенім жөн,
Сертім бар болсын деген шешем қатын.

Бексұлтан:

—Е, Сәке, айтқан тілді алмаймыз ба,

Біреуге біреу өкіл салмаймыз ба?
Бір сапарда тілімді алғызбасам,
Төреге бәріміз де бармаймыз ба?!
Сарыбай:

—Азғаның жарамайды, Сұлтан, сенің,

Балалық қылмай, ойла сөздің жөнін.
Зейнепке айтқан серттен қайтқанымнан
Өлгенім анық жақсы, жаным, менің!
Бексұлтан:

—Сарыбай, жалғыз сен бе елді шапқан,

Ел шауып, егер қылған несі мақтан?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Зейнепке айтқанымды мен қыламын,
Сарыбай, қылдырмасаң, енді сақтан.
Бұл сөзге Сарыбайдың келді ашуы,
Ішіне кіріп кетті қыздың уы.

Садағын мойнындағы жұлып алды,
Құрылды екі арада сайтан туы.
Сарыбай:

—Бексұлтан, күшің артық менен сенің,

Бұл жерде көріселік күштің кемін.
Бір қызға айтқан сөзден кемігеннен
Болғаны лайық қой жөні өлім!
Бұрылып Бексұлтан да тұра қалды,

Садағын ол да жұлып қолына алды.
Қызықтырған қыз кәпір сұлулығы
Ортаға жаяу жүріп, бәле салды.
Тыныбек өздерімен бірге туған,

Сабалап, мұны көріп, келіп қалды.
Иә, Сәке, ашуыңа сабыр қой,—деп,
Келді де Бексұлтанды салып қалды.
Тыныбек:

—Мына елдің бізге қарар көзі қайда,

Қылғандай, не жазып ек, жауға пайда?!
Бексұлтан, адастың ғой айтқаныңнан,
Үйдегі қарттың айтқан сөзі қайда?!.
Бір жақтан Айдарқан да жетіп келді,

Батырлар хабар алып, жиылды енді.
Басына Бексұлтанның қамшы жауып,
Көп жаза туыстардан берілді енді.
Шыдамай, аттан түсіп отыра кетті,

Түбіне бар Егіздің бір қыз жетті.
«Құрысын балалығың, жаным-ай!» деп,
Аналық көк жорғамен жетіп кепті.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Айтады сылтаулатып балалықты,
Көрмейді о да тәуір алалықты.
Көрген соң, сонда Сарыбай зар еңіреді,
Ақылды батагөйі Аналықты.

Сарыбай:

—Өлгенім жақсы еді ғой менің бүгін,

Жеңеше, білесіз ғой сөздің тегін.
Долданып ақылыма сыймай кеттім,
Кеткенше, өлсем еді, қызға кегім!
Атамын Бексұлтанды, жібер қолды,

Өлгенім тірліктен оңай болды.
Бексұлтан күші артық, өлтіреді,
Бармаймын үйге тура осы жолы!
Шығасым бір Маяннан туған затым,

Бексұлтан, Тыныбек те қолғанатым.
Сертім бар Зейнеппенен байлап айтқан,
Қылам ба тірі жүріп шешем қатын?!
Тұрады Сарыбайды қамап алып,

Шақырды Бексұлтанды кісі салып.
Аналық: «Құрысын-ай, балалық!» деп,
Әкелді Бексұлтанды өзі барып.

—Басында қаталықпен айтып ем,—деп,

Жығылды Сарыбайға сонда барып.
Осындай ортасында бір іс туды,
Тоқталды, қыла жаздап айғай-дуды.
Бексұлтан қаталығын мойнына алып,

Көзінің жасыменен бетін жуды.
Батырлар жалғыз сөзбен өстіп жатыр,
Шегінді жалғыз сөзбен екі батыр.
Жақсылық онда дағы болмаған соң,

Қыз Зейнеп өлмеген соң келді ақыр.
Жолығып Тыныбекке душарласып,
Бөгелді сөз айта алмай аузын ашып.
5-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тыныбек өзі айтады: «Зейнеп сұлу,
Ақылыңнан жаңылдың,—деп,—қара басып!
Жаңылдың қара басып ақылыңнан,
Айырмақ көңіліңде екен жақынымнан.

Ортама сайтандығың өтпей қалды,
Тоқтаттық біз екі ерді апырымнан.
Сен, сорлы, Сарыбайға жалынсаңшы,
Кемшілікпен Сарыбайға налынсаңшы.

Өзіне ол сабаздың кемімесең,
Жақсылық саған болмас жалғыз тамшы!».

—Бұрынғы менің жүрген күнім қайда,

Қарағым, бұ сөзің де маған пайда.
Көнейін не десең де айтқаныңа,
Иілтіп, ақыл айтшы Сарыбайға!

Ел шапқан еді атаң бұрын жүріп,
Талайдың олжа қылған елін қырып.
Жорасы батырлардың не болады,
Жүргені бар ма ішінде әйелді ұрып?!

Басыма түсіріп тұр менің кемдік,
Сөзім жоқ елге айтатын жалғыз емдік.
Ел шапқан бұрын талай ата-бабаң
Әйелді қор қылып па, бермей теңдік!

Тоқтаймын мен ерлердің жорасына,
Қамалдым мен қайғының қорасына.
Ел шапқан төре елінде біреу де жоқ,
Атаңның жүгінемін мұрасына!

Батырдың түздегі ісі үйге бармас,
Баласы Маянбайдың сен—жеке алмас.
Жолына батырлардың бір түсемін,
Сарыбай мұны айттың деп басымды алмас.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Мойнымда тентектігім өзімде тұр,
Бұл сөзге, әй, Тыныбек, мойныңды бұр.
Алдына Бөгенбайдың жүгінемін,
Кінәлі, әзер болса, Зейнеп құрғыр.

Мұны естіп Тыныбек те кетті жүріп,
Сөйлейді Аналыққа байқап тұрып.

—Әйелді шабындыда қайтеді екен,

Жүргендер болып па екен әйелді ұрып?
Жеңеше, сіз көрмеген ақыл бар ма,
Әйелді ұрсақ, бізді мақұлдар ма?!
Бұл сөзбен ережеге түспек Зейнеп,

Тіл кесілмей, құрғырың тақылдар ма!
Бұрылып тұра қалды сонда Аналық:

—Есітсе, қиын екен, бүкіл халық.

Сарыбай ұрған ісін тоқтатады,
Жарамас дегеннен соң бұл балалық.
Шырағым, саған айтар Сарыбай сөзім,
Бойына Ұлы судың тоқтаталық.

Әйелге таңдау ерік беретұғын,
Кәпірдің тілін кесіп, сөз салалық.
Бар қызын ханзаданың жиып алды,
«Ерлерден таңдап ал» деп ерік салды.

—Мұндай күн біздің басқа туа ма?—деп,

Қыз Зейнеп қуанғаннан айтып қалды.

—Балам-ау, талай күндер өткен, деді,

Талайлар тілегіне жеткен, деді.
Бұрынғы ерлер салған жорасы осы,
Әйелге таңдау беріп кеткен,—деді.
Қыз Зейнеп сонда-ай айтады: «Мен алмаймын,

Бойыма таңдау сөзге сене алмаймын.
Қорқамын Сарыбайдан таңдау алсам,
Еріксіз қорқытуға көне алмаймын».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аналық Сарыбайға айтады сөз:

—Сарыбай, Зейнеп сөзін естісеңіз!

«Серт тұрмас қылыш үстінде» деген сөз бар,
Бұрынғы серттескенді қоямысың?
Сарыбай: «Қойдым,—деді,—серттің жайын,
Бұл итпен көп қарысып не қылайын.

Бұрымын шолақ аттай кесіп алдым,
Зейнептің кемшілігі жұртқа дайын.

—Әуелгі таңдау кімге?—деді тұрып,

Бұлбұлдай сөйлесе қыз кетер жүріп.
Қыздары ханзаданың қара салған,
Отырды бір-біріне бетін бұрып.

—Әуелгі таңдау саған, Зейнеп балам,

Көңіліңді кімге тұтып, қылма алаң.
Айтса, қайтпас сөзінен, ерік берді,
Сарыбай әуелден-ақ сөзге сараң.
Зейнеп:

—Сарыбай, сен алдың ба, мен алдым ба?

Құтылдым қатындықтан көз алдыңда.
Кімді таңдап тисем де, ерік өзімде,
Менікі әуелгі сөз өз алдыңда.
Сарыбай:

—Зейнеп-ау, өзің қызсың, өзің зерек,

Қайта айтып бір айтқанды неге керек?
Итке тисең жүре бер, сұлу Зейнеп,
Әйтеуір, кемшілікке түссең керек.
Зейнеп сонда орнынан түрегелді,

Кімге тиер ақылын біле берді.

—Шашым түгіл, басымды кессең дағы,

Сен өлтірсең, арман жоқ мені,—деді.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Сарыбай, сенен басқа кісім бар ма?
Ұмтылып мен қайтейін балаларға.
Қыран едің қиядан шөп алатын,
Қор қылар көзді шұқып қара қарға.

Зейнептің әркім қарар ойынына,
Жатпақшы Сарыбайдың қойынына.

—Тілім түгіл, басымды кессең дағы,

Арман жоқ,—деп асылды мойынына.
Қыз кәпір тауып кетті тиер жөнін,
Батырдың сөзге балқып, иер жөнін.
Ортадан әлдеқалай іс тумасқа,

Байқады, даңғыл еді, артық-кемін.
Бұл сөзге Аналық та: «Пәлі-ай!—деді,
Келді жаңа мына істің сәні-ай,—деді.
Жаман болса, сөз таппай сандалар ед,

Істеген істерінің дәлі-ай!»—деді.
Таңдаумен төрт қыз тиді Бексұлтанға,
Артқы қыз түсер екен қандай санға?!
«Алмаймын төре қызын» дегенменен,

Бола ма ереже сол ер қашқанға.
Өзінің қалағанын сүйіп жатыр,
Әрбіреу әр адамға тиіп жатыр.
Қалыпты жалғыз-ақ қыз орынында,

Таңдауға көне алмады осы кәпір.
Амал жоқ қамалаған сөзге келді,
Ол өзі бір адамды көздеп еді.
Басына қара шапан жамылып ап,

Басқадан мұның ойы өзге келді.
У екен іші толған бұл кәпірдің,
Зейнепті тұра сала сөгеді енді:

—Әй, Зейнеп, әуелінде қылдың қалай,

Демедің: «Ел билемек екі талай».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кеселді келмейтұғын шақырып ап,
Дегенмен бола ма екен енді «бәле-ай».
Әуелде тимек болып, елді жидың,
Өлімге Қасқабайды көзбен қидың.

«Аға өлсе, жеңге—мұра» деген қайда?
Қорыққаннан Сарыбайға, міне, тидің!
Қазақтың қалдырдың-ау мазағына,
Салдың ба барлық жұртты азабыңа.

Маяннан басқа жанға тиген адам
Құдайдың кете ме екен тозағына?!
Кетірдің қанжығадай елдің жайын,
Өкініп өткен іске не қылайын.

Жұмаққа Маян алған қыздар барсын,
Қалыбек, қайда отырсың, менің байым?!
Ұялтты қыз Зейнептің мінін айтып,
Зейнеп қыз босана алсын енді қайтып.

Төренің сегіз қызы орнын тапты,
Болды жұрт жөнелмекші жүгін артып.
Зейнеп айтты: «Бармаймын елді көріп,
Таңдаттың, ризамын, ерік беріп.

Тек жүрмей Бөгенбайға тіл тигіздім,
Өлсем де енді барман, қоңыз теріп!
Қарт еді қасиетті, әруағы зор,
Бермесе сол ықылас боламын қор.

Бұл күнде қаңғып өлсем—маған лайық,
Алдымда құрулы тұр темірден тор.
Сары су қайғылымын жүрегімді,
Тілеген беремісің керегімді?

Үйдегі қарт бабадан ықылас алмай,
Келтіріп жүре алмаймын сүреңімді.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Берсең кел, тілегімді, бір сөзім бар,
Кәрі-жас барлығыңа қыламын зар.
Кінәмді менің деген кешер болса,
Сонда елге барар-ем, Бөген сұңқар».

Аналық мына сөзді қабыл алды,
Шақырып Сарыбайға ақыл салды.
«Кәнеки, тілегіңді тілеші» деп,
Зейнепті жылы сөзбен жұбандырды.

Зейнеп айтты: «Тілекті берсең егер,
«Сүйінші!» деп батырға берем хабар.
Ел шауып тілектерің келді деймін,
Қайғыма сонда менің бір іс табар.

Сөзімді менің айтқан кешер ме екен,
«Ей, балам, кештім сөзің» десер ме екен?
Үйде жатқан Бөгенге тіл тигізіп,
Мен сорлы, ақылы жоқ, есер ме екем?

Қасыма жолдасым мен атымды бер,
Алмасам қарттан ықылас, көңілім кер.
Ол менімен ойнайтын сұңқар емес,
«Жолықтым не бәлеге, Тәңірім!» дер.

Кәрі еді қадалғаны қате кетпес,
Бөріге ит қарғысы, сірә, жетпес.
«Сүйінші!» деп алдына барсам екен,
Ықыласын, асыл еді, бермей кетпес».

Аналық ат пен жолдас бермек болды,
Қасына бір басшы адам бермек болды.
Басына келіншектің шәлі жауып,
Алдына қарт Бөгеннің келмек болды.

Торқа киіп, жорғасын алды мініп,
Бұрынғы күнге түсті қыз түрленіп.
Жалғыз-ақ шаш кесілген кемдігі бар,
Жөнелді салтанатпен тым гүлденіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Егізден бір басшыны берді бұған,
Қыз зерек өзі білген, өз қылығын.
Тілге келсе, алмайтын адамы жоқ,
Бөгенге көрсетпекші бұлбұлдығын.

Жол жүріп бір-екі күн, келіп жетті,
Келін боп үй сыртында сәлем етті.

—Мен келген бейшара едім сонша жерден,

Сүйінші, ерлер аман келді!—депті.
Бөгеннің бәйбішесі келіп шықты,
Зейнептің зарлап келген сөзін ұқты.
Адамды тілге келсе ерітетін,

Мінезі сондай артық, қыз қылықты.

—Кінәм көп, мен бейшара, батыр—ерге,

Жолыққан есектеймін арам терге.
Апеке, алдыңызға келдім бүгін,
Қаратып, қайтармаңыз, қара жерге.
Сүйіншім алатұғын—дәл өз басым,

Көп еді қыз да болсам елде қасым.
Сұрайтын басқа менің дәнемем жоқ,
Берсін деп шын сұраймын ықыласын.
Келін боп келіп тұрмын ауылыңа,

Апеке, жақын тартсаң бауырыңа.
Еңкейіп егілгеннен жылап тұрды
Батырдың душар қылма дауылына!
Қолынан бәйбіше алды сонда ұстап,

Зейнеп сұлу бір жүрді аққуға ұқсап.
Жалынды сәлем етіп анадайдан,
Бұрынғы кәдуілгі келінге ұқсап.
Айтады Бөгенбайға келген жайын,

Жауының ерегессіз өлген жайын.

—Қыран құс тышқанменен ойнай ма екен,

Балалық болып кетті, не қылайын?!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Тағы да бір тілегім менің сізден,
Жақсыға жалыныштан күдер үзбен.
Әкемде, ағамменен бір кінә жоқ,
Не қылсам жазықты істің бәрі бізден.

Біз—қоймыз, көрінгенге жегізбесең,
«Келген ел шабындыдан» дегізбесең.
Қондырып төре ауылын өз жұртына,
Ешкімге кем, қор қылып күлгізбесең.

Алса екен құдаласып үйден барып,
Келгенге шабындыдан көңілім ғаріп.
Берсеңіз тілегімді, түгелдеп бер,
Жөндесін кейінгі елді кісі барып!

Бөгенбай ашып салды шын жүрегін,
Берісіп келінінің бар тілегін.

—Кінәң бар елді қырған, кештім, жаным,

Тоятын толық алған тастүлегім!
Еш кемдік жүргізбесін араларға,
Қыран мен бірдей емес қара қарға.
Кешпейтін сүйіншіге дәнеңем жоқ,

Құдайым жол берген соң балаларға.
Жіберді екі-үш кісі басты адамнан,
Табылар пайдасыз іс қас наданнан.
«Қолқа жоқ сөз тапқанға» дегендейін,

Қыз Зейнеп көрсетті өзін асыл адам.
Ел болып егерліктің түбін жойды,
Алмаққа құдаласып, қылды тойды.
«Білетін сегіз қырлы келінім» деп,

Бөгенбай Зейнеп басын мақтап қойды.
Осымен қанжыға елі жатты жайға,
Бағынды төре-дулат Бөгенбайға.
Атанып «Жеті кенже» бұл сапардан,

Кетіпті ат-атағы әлдеқайда.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дүбірі Жеті кенже жерді жарған,
Қайдағы қиын дауға іздеп барған.
«Бұрынғы бабам салған жол осы» деп,
Қалмақтан, қазақ түгіл, талайды алған.

Мінгені жас түлектер өңкей тұлпар,
Жау десе, жабырқамай, болды іңкәр.
Қос тігіп, жаусыраса, шығып кетер,
Алдырмас ешбір жауға болды қырқар.

Маянды басып жатыр жылқы мен қой,
Ауылы Маянбайдың күнде ұлы той.
Туғанға еркек құлын ат шаптырған,
Жорасы ер Бөгеннің, міне, осы ғой!

Жаусырап Жеті кенже елді кезген,
Мал-жаннан, жау бар десе, түгел безген.
Сағымдай Сарыбайдай басшысы бар,
Адамның ішкі ақылын оймен сезген.

Алшынға қаптаған жау қалмақ еді,
Қырғыннан нелер жиын қалмап еді.
Қос атпен Бөгенбайға алшын елі:
«Айыр!» деп кісі салып, зарлап еді.

Соған да ер Бөгенбай жіберіпті,
Қалмайды, бармаймыз деп, сірә, тіпті.
Аттанды Ақай деген бір жас бала,
Он төртте қалыпты ердей болды мықты.

Аруағы Маянбайдың көтеріліп,
Алшынды келген жаудан айрыпты.
Түсірген Барқытбелден әрмен айдап,
Олжалап талайларын алған байлап.

Жау алған, көңілі өскен өңкей саңлақ
Алты айда аман келген оттай жайнап.
Бір жылдай тыным алды үйде тұрып,
Жаусырап тағы дағы жүр құтырып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Аржағын Сырдарияның арман қылды,
«Сол жақты бір көрсек,—деп,—әттең, жүріп!»
Бұл жайды Кенже ағаға ақылдаспақ
Болды да, Бөгенбайға кетті кіріп.

Жөндерін барар жердің бірі білмей,
Отырды «қайтеміз?» деп аз кідіріп.
Бөгенбай сөз сұрады балалардан,

—Ел жаудан аман ба?—деп,—аралардан.

Кісі сап Әбілмәмбет жатыр маған,
Бөтен жоқ айта қалар со хабардан.

—Не керек, Әбілмәмбет, сірә, сізге?

Хан, қара бағынып тұр өзіңізге.
Бармаққа бір жолаушы көңіліміз бар,
Кенже аға, бата берсең егер бізге!
Бер жағын Сырдарияның араладық,

Бұл жақта жау бар ғой деп қарамадық.
Басыңда бақыт тұрған заманыңда
Рұқсат бер, Сыр ар жағын аралалық.
Со жақта қазақтан да ел бар дейді,

Есітеміз қалмақ алып күнде жейді.
Мінеки, наурыз айы жаңа туды,
Рұқсат берсең, біз соған барсақ,—дейді.

—Сарыбай, туыңды әкел, мен көрейін,

Ту сөйлесе, рұқсатын мен берейін.
Тиіспе ақ безенген жұртқа бекер,
Дәрежең үстем болар, жол-мерейің!
Ақ туды Бөгенбайға әкеп берді,

Қараңдар қасиетті Бөген ерді.
Мойнына кісен салып, ту көтеріп,
Бөгенбай зарлықпенен еңіреді.
Айдынды ту әркімді қыздырады,

Ер Бөген туға қарап зар жылады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өзі-өзінен қозғалып сонда ақ ту,
Желпініп көкке қарап созылады.
Ер айтты: «Ей, Сарыбай, тыңда сөзді,
Ту бұрынғы толқудан түрін бұзды.

Тілесең, рұқсат беріп, жіберемін,
Шырағым, баса көрме жаман ізді.
Жолықпа ақ безелген елге бекер,
Ерлерге жақсылық жол шын дәнекер.

Біреудің қызықтырған бос сөзіне
Қызығып, жастықпенен ерме бекер.
Түсерсің арамдықпен назалыққа,
Сарыбай, баста жаным, тазалыққа.

Біреуге бейкүнәдан тиісем деп,
Жолығып жүре көрме тек шақ-шұққа.
Бұ жолдан аман қайтсаң елің көріп,
Біреуге қыздырмамен кетпей еріп.

Жерінде жолыға жүрген кім де болса,
Құрметтер, жөніңді айтсаң, сыйын беріп».
«Жарар» деп, батаны алып, жүрмек болды,
Бастайды дүйсенбіде шығар жолды.

Жүк артып төрт түйеге, қосын теңдеп,
Бұл жолға аттанғаны он бес болды.

—Бекерге жүріп алмай, тез қайт, жаным,

Таяу тұр Барқытбелде жау да мәлім.
«Ер кетсе, ел иесіз болады» деген,
Ойлаңдар, қайда жүрсең, елдің әлін.
Жөн тартып дүйсенбі күн жүріп кетті,

Бір төртеу жолдас болып бірігіпті:

—Еліне сыртқы қорған барамын,—деп,

Олар да таныс адам, заты шекті.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Жол жүріп жетті Сырға тура бастап,
Он бесі Сыр бойынан әрмен аспақ.
Төрт шекті өз жөнімен жүріп кетті,
Ел салты—айырылыста амандаспақ.

Көрмеген бұрын Сырды туып, сірә,
Көргендей Қарамысқа келді тура.
Қарауыл бір кезеңнен тартып еді,
Бұл жердің байқап білді ені қысқа.

Бар екен көкше мұзы жалғас біткен,
«Сол мұзбен өтеміз» деп жүріп кеткен.
Екі күн тынбай жүріп мұз үстінде,
Ақыры Сырдариядан әрман өткен.

Аржаққа шығып алып, тікті қосын,
Ел жөнін байқамай-ақ келген тосын.
Екенін қайсы бір ел қайдан білсін,
Дегені-ақ жалғыз айтар: «Қазақ болсын!»

Үш күндей арғы жағын аралады,
Ешкімге байыз қылып қарамады.
Бір қалың бір түбекте жылқы жатыр,
Үйдегі айтқан сөзді санамады.

Қас қарау айғыр сапты тобышақтан,
Бір қалың жайын жылқы қаптап жатқан.
Қызығып бұл жылқының оңдысына,
Ел жаққа айдамаққа мақұл тапқан.

Жылқының он мың таяу қоймай тайын,
Тек жатқан елдікі еді бейпіл жайын.
Дариядан бермен қарай айдап өтті,
Үйдегі сөзін қойып Бөгенбайдың.

Кәрінің сөзі түгіл, өзі кетті,
Мөлшері он мың жылқы айдап өтті.
Жылқының құлындаған мезгілі еді,
Бер жақта он бес күндей аял етті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Келер деп қуғыншыны есінде жоқ,
Ерлердің қайраттары көңілге тоқ.
Аздырмай адам ұлын не ғып қойсын,
Алдаған шақырады дүние деген боқ!

Бір байдың Алтай деген балалары,
Бұл Сырдың мал сыймаған салалары.
Бәйбіше, тоқал болып егер тауып,
Сол жылы ашылған ед аралары.

Алтайда бәйбішеден тоғыз ұл ед,
Тоқалдан үшеуі ұл, біреуі қыз ед.
Дейтұғын Қанышайым қыздың аты,
«Мырза» деп ат қойылған бір бұлбұл ед.

Кенжесі он екі үйсін Қанышайым,
Біледі бұл үйсіннің түгел жайын.
Сол күнде он сегізге жасы келген,
Ол елдің менсінбеуші ед мырза, байын.

Сол елде бір құл бар ед өзі асқан бай,
Жылында боталаушы ед жүз түйе сай.
Жылқысы, қой мен сиыр толып жатыр,
Сол құлдың қатыны өліп, кетірді жай.

Алтайдың үлкен ұлы—Қопа батыр,
Қопаға барлық үйсін салады ақыл.
Құл байғұс Қанышайымды алмақ болып,
Малы көп, сөйлесуге бара жатыр.

Қопамен сөйлесіпті қалыңмалға,
Көп мал аз боп көрінер Қопа салға.
Жүз түйе қарғы бауға алмақ болды,
Келісті мың қараға барлық санға.

Ер Қопа жүз түйе алып үйге келді,
Қанышайым мұны естіп, күйзелді енді.
Алтай бай, шешесімен осы қыздың,
Сорлы қып осы жылы күзде өледі.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Тоқалдың Орда деген баласы бар,
Болған соң екі қатын арасы бар.
«Құлға мен қарындасымды бермеймін» деп,
Билеуге екі жақтың таласы бар.

—Бұрын сен қарындасың бердің байға,

Құл емес, аталы ұлдан бердің жайға.
Үйі сынық құлға берем дегенің не,
Бетіңде, Қопа, сенің арың қайда?!
Осы күнде жиырма мың ірі қараң,

Барлығы анығы рас Алтай байда.
Үйі сынық құлға беріп қарындасың,
Қылмашы, құның құрғыр, малдан пайда!

—Сен, арсыз, билеме де, баспа ізімді,

Айтамын, қайда болсам, бұл сөзімді.
Қызықсаң малға қатты, бай екен деп,
Бой жеткен бере берші өз қызыңды!
Екеуі осыменен араздасты,

Билейтін бұрын Қопа мал мен басты.
Баласын төрт үйсіннің жиып алып,
Еншіге бұл екеуі көп таласты.
Қопаның көңілінде бар басқа бөлмек,

Ұл мен қыз, кәрі менен жасқа бөлмек.
Баласы екі қатын—екі ру ел,
«Екіге бөлемін» деп Орда елірмек!
Үйсіннің, ат шаптырып, жиды бәрін,

Айтады екеуі де ойда барын.
Ұл-қызына Алтайдың малды бөлді,
Бере алмай немереге ата малын.
Бөліп ап Орда малын, кетті көшіп,

Қорғанға көшіп барды ел бөлісіп.
Қалың ел Қопаменен мұнда қалады,
Ордамен сегіз жүзі кетті босып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір жерге Қорған деген барып жетті,
Жер екен өзі берік, жайлауға епті.
Басынан Сырдарияның өтіп кетіп,
Бұрынғы ата жерін тастап кетті.

Бір шал бар Байсал деген Алтай байда,
Енші алған ұлдай болып ол да жайда.
Еншілес Алтай баймен көп болыпты,
Кәрі үйін Алтекеңнің осы ұстауда.

Шал менен Қанышайым кәрі ордада,
Ордамен бірге көшіп кетті мұнда.
Ортасы екі ағайын қатты жау боп,
Қояды жылқы алысып анда-санда.

Қопаның бар тілегі қызды әпермек,
Көпшілік өзінде тұр, бойы сергек.
Жас жігіт Орда батыр көнер емес,
Ызамен бойын жеңген ашу кернеп.

Сол іске тура келген ер Сарыбай,
Жылқыны айдап кеткен түгел қоймай.
«Бұл малды Орда алды» деп ойлап Қопа,
Алғанын қайдан білсін көрмей, ойлай.

Баяғы өрлеп кеткен бір төрт жігіт,
Олжа мал құдандадан қылған үміт.
Ауылына Алтай байдың өрлеп қонды,
Жолаушы алыс жолға шыққан соң шет.

Жиылған әр ауылда топты көрді,
Малы көп бір ауылға жақын жүрді.
Біз—жүрген алыс жолдың адамымыз,
Осында қонамыз деп хабар берді.

Келген үй—Алтай байдың кәрі ордасы,
Үйде еді жалғыз ғана қыздың басы.
Мейманды тыста тұрған қарсы алмаққа
Жұмсады Байсал шалды қыз баласы.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Көкектің жазғытұры туған айы,
Бола ма босқан елдің, сірә, жайы.
Әкеліп төрт кісіге сойған малы—
Қысырдың бір шұп-шұнақ жирен тайы.

Бір бай үй келген жері сегіз қанат,
Байлығы көрініп тұр сән-салтанат.
Жалғыз қыздан басқа ие көрінбейді,
Астында шәйі көрпе неше қабат.

Қонақтар жатып алып кеңеседі,

—О, бәле! Байлығыңа жөн!—деседі.

Шіркін-ай, басы бос па осы қыздың?!
Жөпшенді біреулерге бермес,—деді.
Мұндай қыз бола ма екен халайықта,
Секілді сипаты бар алтын тақта.

Біздің Маян ауылы секілденген
Ауылға кез келер ме ед аруақты?!
Қыз жатыр естіп сөздің бәрін тегіс,
«Жолаушымен қалайша кеңесеміз?!

Дегені «Маян ауылы» қандай екен,
Құлаққа тимеуші еді бұрын дабыс!
Алды-артым бірдей жау боп қағынып тұр,
Жаңғызым көпке қорқып бағынып тұр.

«Құл құда болды» деген жаман атақ
Бойыма қорлық болып тағылып тұр.
Таңертең мейманымнан білсем мұны,
Анықтап көрінер еді сөздің шыны.

Уа, дүние-ай, кіші ағама серік болса,
Мен, сірә, болмас ем-ау малдың құлы!»
Таңертең қонақтармен сөзге келді,
Сұрайды кім екенін, қандай елді.

—Дейтұғын «Маян ауылы» ауыл бар ма,

Аймағы атағымен қандай еді?
6-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Белгілі Маян ауылы бұл қазаққа,

Атағы жеткен шығар осы жаққа.
Кәрі батыр Бөгенбай бақыт қонған,
Салып тұр кезеуілін ол жан-жаққа.
Қазақта одан асқан ауыл болмас,

Шарпуы күнде тиер жау қалмаққа.
Ерлікпен маңындағы аймақты алған,
О дағы Жеті кенже жауға аттанған.
Жау десе жабырқамай атқа мінер,

Бәрі батыр жалынды сайдақталған.
Қолбасы—Сарыбай ер еркін жүрген,
Ерлігін тұтас елдің бәрі көрген.
Егескеннен есе алған жалғыз ауыл,

Қалмайды қоршылықта қасына ерген.
Дегенім Жеті кенже немерелес,
Ізденіп қайда жаумен қылады егес.
Бес күн болды бізбенен бірге шығып,

Дарияның аржағына өтті тегіс.
«Аржағын дарияның көреміз деп,
Жазасын жаудың, тапсақ, береміз деп.
Жау болмаса, сайрандап, жерді танып,

Аттанды, еріккеннен келеміз» деп.

—Аты кім Сарыбайдан басқа ердің?

Атағын есітелік асқан ердің.
Аттарын өзгесінің естімеп ек,
Мейманым, бәрекелде, хабар бердің!

—Бексұлтан, Тыныбек пен ер Айдарқан,

Қарамас, ашуланса, бетіне жан.
Құрманбек, Думанбек пен екі батыр,
Біреуі ер Садырбек өңкей сұлтан.
Қажымас, жаудан қатпас өңкей сұңқар,

Мінгені теке жәуміт, өңкей тұлпар.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Нұсқасын бір көргенде көз тояды,
Осындай ауылым бар жұрттар іңкәр.

—Жақсы екен бірге туған жақындары,

Бір жерден табылған соң ақылдары.
Ерлердің атын естіп, таныс болдық,
Бойдақ па әлде бар ма қатындары?

—Тыныбек деген батыр анық бойдақ,

Жүреді «қыз алсам» деп тегінде ойлап.
Өзгесінің қатыны бар деп білем,
Қиғаш қас, қатындары өңкей жайнақ.
Қонақтар қош айтысып, болды жүрмек,

—Қалай болар,—деді қыз,—аз кідірмек?

Неше күнде қайтарын білдіңдер ме,
Батырлар қыла ма екен ұзақ ермек?

—Біз айрылып кеткелі бес күн болды,

Кесуге бола ма екен ұзақ жолды?!
Бір жұманың ішінде қайта айналар,
Ойлаймыз,—деп қонақтар атқа қонды.
Олар кетті, қыз түсті ақыл-ойға,

Түспеді, терең кетті жақын ойға.

—Алып кел торы ала атты,—деп бұйырды,

Айтқаны жеңгесіне,—Барам тойға.
Қасына бір жігітті жолдасқа алды,
Мойнына садақ алып, қылыш салды:

—Бір іске жан ойламас жүрмек болдым,

Малыңа ие бол,—деп тастап шалды.
Астында екеуінің екі мықты ат,
Жағасын Сырдарияның құлдай салды.
Болғандай көрінеді күн де қысқа,

Жер алыстап кеткендей қыз байғұсқа.
Жол жүріп бес күн өтіп, алтыншы күн
Жетеді әзер-әзер Қарамысқа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жайылған қалың малды көзі көрді,
Қос тіккен көзі көрді өңкей ерді.
Жайылған көп жылқыны аралап ед,
Өзінің ата малын таныды енді.

—Әкеме қыдыр қонған қайран жылқы,

Қиыннан әкем байғұс жиған мүлкі!
Байлықтың ауыр дәулет арқасында
Болып ед туған балаң көтеріңкі.
Кез болдың ереуілдеп шыққан ерге,

Түстің-ау қуғын көріп қара терге.
Көп жылқым көк алалы қайран менің,
Ала кет мені дағы барар жерге!
Жылқының ішін келіп аралаған,

Қайғысы ет жүрегін жаралаған.
Қасқарау тобышақтан айғыр салып,
Аттарын тел өсіртіп, саралаған.

—Артыңнан амандаса келіп тұрмын,

Разы болшы, жылқым, жалғыз маған!
Қостағы біреу тұрып атқа мінді,
Бұларды қуғыншы деп батыр білді.
Білмекке кім екенін тура жүріп,

Екеуге жылқыдағы жетіп келді.
Астында бос аты бар бір жас бала,
Екен деп қызды жігіт, сәлем берді.
Киінген еркек киім, қару-жарақ,

Шалбары қызыл манат, құндыз балақ.
Астында екеуінің екі тұлпар,
Ерлердей қамал бұзар етер жалақ!

—Сіздер кім мал аралап жүрген келіп?

Білмекке келіп едім хабар беріп.
Рұқсатсыз мал аралап неге жүрсің?
Айтыңдар жөндеріңді қосқа жүріп.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Шырағым, кім болады ұран затың?

Бар еді жоқ жоғалтқан бір қажатым.
Үйірін қысырақтың жауға алғызып,
Болдырды неше күндей мінген атым.
Белгісі—қысырағым өңкей шұбар,

Мойнында барлығының таққан тұмар.
Шаршадым неше күндей малымды іздеп,
Қосылып сіздің малға жатқан шығар?

—Бар болса, табарсыздар малыңызды,

Айтыңыз қосқа барып барыңызды.
Белгісіз кім екенің жау секілді
Білдірмей кетпексіз бе халыңызды?
Ілесіп бұл баламен бірге жүрді,

Қостағы батырларға сәлем берді.
Келген соң «қосмалдақ» деп құрметтесіп,
Атынан келген ерді көтереді.
Сөйледі жоқ жоғалтқан жұмыстарын,

Біледі жай емесін, жұмыс барын.
Өзгесі «еркек қой» деп біліп отыр,
Сарыбай танып көрді қыз жоспарын.
Құрметтеп, бақырдағы ас түсіріп,

Сөйледі батыр Сарыбай сөзден сырып:

—Бар болса, жұмысыңды орындаймын!

Шырағым, келіп қапсың бойың ұрып.
Жұмысың мұнда келген қатты шығар,
Жүруге лайық емес ел қыдырып.
Қыз:

—Бар, сізден жөн сұраймын әуел бастап,

Жұмысым болса дағы, былай тастап.
Айбаты арыстандай ер екенсіз,
Кеткендей дұшпаныңды жермен жастап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сарыбай сонда айтады ата затын,
Мақтан қып сөйлеп кетті қолғанатын.
Сарыбай:

—Атам Маян әруақты, ағам Бөген,

Қолбасы мен—Сарыбай, білсең, атым!
Адамдай сыйласатын көрінесің,
Алып қайт керегіңді, азаматым.
Естиін өз жөніңді кім екенің,

Ата жұрт, ру, туған жер мекенің.
Қаруың бір басыңа түгел жеткен,
Інімдей белгілі тұр ер екенің!
Қыз:

—Біреу бер ортаңыздан маған аңдап,

Немесе өзім сұрап алсам таңдап.
Бар болса, қажетімді соған айтып,
Кетейін өз жөніме, болмаса бақ.
Сарыбай:

—Таңдауды келген жанға беруші­ем,

Жақсыны сырттан танып көруші­ем.
Өзіндей теңдес жандар кез болғанда,
Қайнатқан қорғасындай еруші­ем.
Ала ғой сұрағаның, айтқан шыным,

Бар екен өз басыңда анық білім.
Дейтұғын ала-құла еш нәрсем жоқ,
Бәрі де, бөтені жоқ, менің інім.
Қыз:

—Бәріңіз бір атадан жалғыз текті,

Есітем бермейді деп жауға кекті.
Мұңымды соған айтып білдірейін,
Берсеңіз ортаңыздан Тыныбекті.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Болғаны бір аз ғана кеңесейік,
Тоқтатып сөзді, ақылға теңесейік.
Мінгізіп Қаншайымды сонда атқа:

—Жігіттер!—деді Сарыбай,—сөйлесейік!

Тыныбек, барамысың жекпе-жекке?
Бұл өзі келген жоқ қой, сірә, текке.
Батырлық сартылдаған салтын таста,
Сыншы ғой келіп тұрған бір бүлікке.

Деген сөз «Батыр аңғал, артық балуан»,
Жүйрік бар өз әлінше алуан-алуан.
Әншейін күшпен ала қоям деме,
Ұнайды ақылменен ұйытып алған».

Тыныбек: «Барам,—деді,—берсең ерік,
Адамға қайрат-күшке ақыл серік.
Ол, сірә, менен артық көрінбейді,
Бар шығар жастық пенен бойда желік».

Сарыбай сонда айтады: «Осы қалай?
Алуың осыны сен екіталай.
Бұл өзі бадырайтып басып алмас,
Жылым ғой келіп тұрған жанасалай.

Осы қыз сізге бекер келген емес,
Бұдан бұрын қыз бізге ерген емес.
Сөзіне сөзді тауып, дәл басып айт,
Көрген жан көрінеді елден егес».

—Бәлі, Сәкең жігітті қыз дейді екен,

Осы келген, білген кім, шын қыз ба екен?
Салтанаты жігіттен бөтен емес,
Қыз жүріп етуші ме ед түзді мекен?
Бәрі де айтады: «Бұл қыз емес,—деп,

Қызды жігіт дейтұғын біз емес»,—деп.
Ду күлісіп жіберді өңкей батыр:

—Сәкең алжып кетті ғой бізге ілесіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Мінеки, батырлықтың түрі осылай,

Көнбесең, өкінерсің қазір, бәле-ай!
Ойсыз шіркін көрмейді еш нәрсені,
Тізгінін тарқан бармағы тұрды қалай.
Тура көзі тұрмайды, тайқысып тұр,

Нұсқасынан төгіліп бетінен нұр.
Ат үстінде тұрғанда көзім шалды,
Тізгінін тартса, бармағы майысып тұр.
«Білерміз» деп Тыныбек барды жайға,

Бірі нанбай «қыз» деген Сарыбайға.
Айтқаны Сарыбайдың анық екен,
Иілді барғаннан-ақ қыз нысайға.

—Тыныбек, бар жайымды сөйлейін мен,

Арттан қуып келмегім емес ед жөн.
Дегенге «Маян ауылы» іздеп келдім,
Мен дағы өз орнымда емес ем кем.
Сөйлесін деп ортасында барлық халды,

Тыныбек таза тыңдап, құлақ салды:

—Қабыл көрсең, халымның айттым бәрін,

Әркімнің өзі сүйер теңі бар-ды.
Өз атым—Қанышайым, ағам—Орда,
Әкем—Алтай, үйсінмін жатқан солда.
Баласы Алтай байдың Қопа батыр,

Біз бостық егер тауып, Қопа онда.
Бір құлға қызыл құлақ бермек болды,
Бармаққа көңілім жоқ ондай қорға.
Сан саңлақ ауылыңа саялаған,

Қыранмын, құтқара көр, түскен торға!
Өзіңдей аруақты ауыл іздеп тапсам,
Тигендей жұмақ жемісі бүгін қолға.
Теңдесім, ей, Тыныбек, замандасым,

Артыңнан іздеп келдім ұзақ жолға.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Айтады төрт шектінің қонғандығын,
Қонақтың жайлы, жақсы болғандығын.
Тең көрсең өз басым мен ауылымды,
Болар ем жолдарыңда құрбандығың!

Бір итке малға бола бермек болған,
Өгейлік ағам ісі, жалғандығы.
Өзіммен бірге туған бауырым бар,
Өзіңмен малға теңдес ауылым бар.

Көре кет ауылымды, алыс емес,
Болмаңдар «кім екен» деп шалға құмар.
Тыныбектің ынтызары кетті бұған:

—Қанышайым, сенбеймін бе, шіркін, саған!

Бұл жолы баруыма уақытым жоқ,
Бір мөлшер айтар едім, нансаң маған.
Өз басың—әйел заттың қара тілі!
Түрің бар гүл шешектің қызыл гүлі.

Сөзіңе сенің айтқан тұрмын әбден,
Осы айда іздеп табам келер жылы!
Мамырдың туып тұрған, міне, он бесі,
Бола ма жақсылықтың ерте-кеші.

«Қыз алман шабындыдан» дегенім бар,
Келер жыл деген ісім—соның ісі.
Келіп тұр, тілегенім, дәл кезінде,
Не қылсаң, келер жылға дайын боп тұр,

Сертіңнен тайып кетсең, кінә өзіңде.
Бұл сөзге Қанышайым ойланды көп:
«Сөз арты қалай болар, ұзады деп.
Асыққан әйел затқа үлкен ұят,

Қайырсам, енді ұят болды-ау деп.

—Жарайды, о да болса қанағатым,

Сертіңе уәде айтшы, ей, қанатым!
Жазбаса бір Тәңірге, шара бар ма?!
Кетеді, көп сөйлесе, сөзден татым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Алыссам, жан шыдамас зардабыма,

Соғыста оқ ілінген бармағыма.
Қарт бабам—қасиеті бар батыр Бөген,
Еш дұшпан жүре алмаған жан-жағыма.
Қаптайды, майдандаса, қанды тамырым,

Міне, серт, жолығайын аруағына!
Келер жыл осы мамыр он бесінде,
Өліп кетсем, амал жоқ, кетті есімде.
Өлмесем, бір табайын—уәде сол,

Тыныбек жаны болса денесінде.
Осылай шарт—уәдені қойды екеуі,
Басқаның ұнамайды бәлен деуі.
Тыныбек мөлшер күнді айтқан сөзі,

Амалсыз тоқтап қалды қыз көкейі
Аттанып шығып кетті үйден бір өзі.
Сарыбайға барлық сөзді баян етті,
О дағы бұл айтқанды жарар депті.

Бексұлтан: «Бәлі, оттауын-ай, ей, Тыныбек,
Дегеннен қорықтың ба «Ала кет-ті».
Сарыбай бата берді қолын жайып:

—Жүрмеңдер, жас жігіттер, серттен тайып.

Ылажсыз күшпен алса, амалың жоқ,
Жеткізсін мұратыңа Ерен ғайып!
Келермін, тірі болсам, өзім бастап,
Кетпесең Қанышайым өзің тастап.

Осы айдың бүгінгі күн он бесінде
Тұрыңдар уәдені мықтап ұстап.
Батырлар қосын артты ерге ептеп,
Сұлтан жүр Қанышайымға: «Ере кет,—деп.

Келер жыл келеміз бе, келмейміз бе,
Онан да бірге жүр»,—деп сөзін діттеп.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Қыз:

—Іліндім, ей, қырандар, қармағыңа,

Егесте шыдамас жан зардабыңа.
Қайтуға айтқан сөзден дұрыс болса,
Кетейін жөн боп тұрса аруағыңа.
Бұл сөзді қайта айтқызшы бауырыңа,

Екі айтқан сөз қиыны, ауыры да.
Армансыз дүниеден өтер едім,
Маянның келін болсам ауылына!
Сарыбай, Тыныбекке Сұлтан келді:

—Құдайым тілегіңді қолға берді!

Өзі келген қызды бекер кейіндетіп,
Тыныбек, неге болдың мұнша делбі?!
«Жүр» десең, қазір еріп кетем, дейді,
Шіркінді артта қалған не етем, дейді.

Айттыршы туғаныңа, жарайды деп,
Армансыз дүниеден өтем,—дейді.
Сарыбай: «Бәлі!—деді,—батыр Сұлтан,
Ерлерге лайық па осындай сан?

Өлгенім екі айтқаннан жақсы емес пе?
Бұрылма мұндай сөзге, Тыныбекжан!»
Қыз айтты: «Нәсіліңе болса дұрыс,
Тілеуім мен сіздерде емес, бұрыс.

Екі айтып, сөзден тайсаң, ей, батырлар,
Артымда қарамаймын қалса да ырыс».
Тоқтады сөз аяғын соған байлап,
Қош десіп, болды қайтпақ қыз да сайрап.

Елге аман қайтар бетке қосын артты:

—Тілекке жәрдем қыл,—деп,—Маянбайлап.

Тыныбек қайта келіп амандасты,
Айыру қиын болды екі жасты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жалғанның ең қиыны бұл-ақ екен,
Екі жас қосқаннан соң ықылас-ты.

—Сөзіңді тоқтатыппын бекер айтып,

Барасың, Қанышайым қыз, үйге қайтып.
Басында бір сөзбенен байлап едім,
Шіркін-ау, тастап кетем қиып қайтіп?!
Қыз:

—Менің де жүрегімді тұрсың тесіп,

Таныстық, Тыныбекжан, бір сөйлесіп.
Жолына бабаң салған дұрыс болса,
Байлай кет қанжығаңа басым кесіп.
Барады сенде кетіп менің қаным,

Күніңді кейін байлап не қылғаның?
Демесең жан кеудеде, ей, Тыныбек,
Білмей тұр осы сорлың жығылғанын.
Жайшылық екі тілек сыйысады,

«Қош!» десіп бірін-бірі қиысады.
«Ұзақшыл тәңір ісі» деген сөз бар,
Көз жасын көптен соң-ақ тыйысады.
Қайтады Қанышайым жылай-жылай,

Он екі жылдай болды осы он екі ай.

—Көрмесең бейітімді, нанба сөзге,

Қайтейін, бір келмесең, Тыныбек-ай.
Тілегін екі жастың берер болса,
Тысқары топырақтан қылсын Құдай!
Екеуі қол алысып, қошын айтып,

—Барам,—деп қыз жылады,—үйге қайтып.

Басында бір ойменен деп қалған соң,
Барады Тыныбек те қайғы тартып.
Бір айтпас, айтса, қайтпас—ердің ісі,
Анық тұр осындайдан ер белгісі.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Қанышайым өлмеген соң әрең жетті,
Болғандай сөйлескені көрген түсі.
Еліне амандықпен ерлер барған,
Ішінде Тыныбектің толық арман.

Үйдегі қасиетті қарт бабаға:
Осы,—деп,—қыздың жайы, хабар салған.
Айтады Сырдан өтіп жүргендерін,
Сөйледі бастан-аяқ көргендерін.

Жерінен алты қонақ ат өксітіп,
Сөйледі сондай қыздың келгендерін.
Бөгенбай ұғып отыр сөздің бәрін,
Не түрлі жақсы-жаман болғандарын.

—Қалыпсың жас баланың обалына,

Жөн емес жасты қанға салғандарың.
Ажалдан Тәңірі аман сақтап шықса,
Бара гөр, бойда болса биттей халің.
Өтті ғой сүйегіме қыздың зары,

Жөн емес, жас Маянның сұңқарлары.
Алсаң да алтын тауып, аз аялдап,
Не етер ед, орындалса істің бәрі?
«Әкемнің аулына келін болсам»,—

Дегені сүйегімнен кетті әрі.
Өзім өлсем, артымда қалғандарға
Тиісті орындауға қыз арманы.
Осы жыл қыстың беті келді зарлап,

Ілінді сүзек науқас елге қармақ.
Бексұлтан, Тыныбек пен Думанбектер,
Сәдірбек науқас болды анық арнап.
Екі елдің ортасында егер болып,

Сарыбай сонда жүрді сөзді шарлап.
Сарыбай сөз бітіре сонда кетті,
Наурыздың аттанатын айы жетті.
Науқас боп жатқан ерлер оңалмады,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жігітке қыз қарғысы тәуір болмас,
Бөгенбай Тыныбекке: «Аттан»,—депті.
Айдарқан, Тыныбек пен Ақай бала,
Жетеу болып бұл сапарға аттаныпты.

Жүрмейді қос-қос атсыз әуел бастан,
Жетекке Ақкекілді ала кетті.
Адаспай Қарамысқа барып еді,
Сол жерде сасық тұман қаптап кетті.

Жүргенін қайсы жолмен айыра алмай,
Қорғаннан шығып кетіп, әрмен өтті.
Ортада күн мөлшерін қарастырса,
Арада үш ай өтіп, маусым кепті.

Бір жаңбыр таусылмай тұр тұман басып,
Жол таппай жолаушылар кетті адасып.
Болса да қараңғы түн табар еді,
Сарыбай болмағаны қара басып!

Сөйлейік Қанышайым халі-жайын,
Жаулығы туысқанның тұрған дайын.
«Ел шауып, не қылсам да, әперем» деп,
Қопа да үкімдеді барған сайын.

Қорғанның бауырында жалғыз есік,
Құятын Сырға барып жалғыз кесік.
Сыртынан жау кеп мұны ала алмайды,
Кірмесе қорған жақтың тауын тесіп.

Жолдасы аз ұрысуға табан тіреп,
Орда да жұбатып тұр пәлен десіп.
Туғанша мамыр айы тың келіп ед,
Жолықты қыз ауруға үміт кесіп.

Мамырдың ортасында келе алмады,
Тілегі Қанышайымның бола алмады.
Келгенше сол уақытқа сыр берген жоқ,
Бір адам қыздың жайын біле алмады.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Науқас қыз жеңгесіне айтты сырын,
Айтпай-ақ шыдап еді бұдан бұрын:

—Бір жігіт күн байлаған серті бар ед,

Күні өтті, менің дағы кетті түрім.
Тірі боп жүре алмаймын қадам басып,
Аһ десем, жалын шығар аузымды ашып.
Мамырдың он бесінде келмек еді,

Уәде қылып едік, біз сөз байласып.
Жеңеше-ау, Ордашыма айтпа мұны,
Бұл күнде бір-ақ тай ғой қыздың құны.
«Арманда Еркежаным өлді» дерсің,

Құрысын төмен етек қыздың күні.
Жігіттің аты—Тыныбек, елі—Маян,
Бұл сөзім серт айтысқан Тәңірге аян.
Көрмесем Тыныбекті тірлік жоқ,

Қайтейін, іште дертті кімге жаям?
Соны айтты нашар халге ілінген-ді,
Дерт басып, сырқат күштеп білінген-ді.
Әйтеуір жаны жатыр кірпік қағып,

Бір сөз жоқ, нарау тартты тілі де енді.
Маусымның бес жаңасы болып қалды,
Ұзаған науқасты жұрт жүрмес бағып.
Ажалға таяулаған мезгіл жетті,

Амалсыз жаны жатыр, айтпас шағып.
Сонда да үйсін күнде хабар салған,
Нашар хал науқасынан хабар алған.
Қасында екі жүздей садақшы бар,

Келтірмес Орда жауды тас қорғаннан.
«Сауықса, бір күн барып аламыз» деп,
Үйсіндер сырттан байқап, хабарланған.
Жылқысын бұдан көріп келген шақта

Ашумен Қанышайым бір сөз салған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ол сөз де көкейінде ер Қопаның:

—Алдырам, қайтсемде,—деп,—қалса жаның!

«Жылқымды жау айдаған көрдім» деп ед,
Сонымен ақылы бір, білем мәнін.
Екі кек көңілімде бірдей бар-ды,
Көрсетермін тоқалға кең мен тарды.

Орда бастап алдырды бар жылқыны,
Болмаса білмеген жұрт қайдан барды?
Қас болар азарында қарындасы,
Орданың қолға түспес ықыласы.

Бір күнде шауып алып кетер еді,
Бұларды сақтап тұрған қорған тасы.
Ол кезде жеті батыр бір алыста,
Көрмеген бір қиын жер жазы, қыста.

Күн жауын, ат жүрмейтін батпақ болып,
Жөн табар мезгілі жоқ осы тұста.
Бір күні күн ашылып, бұлт тарады,
Жайына тауда жүріп жол қарады.

Өздері қорған тастың сыртында екен,
Ел барын ылди жақта аңғарады.
Түсіп тұр бұлар жолдың әуресіне,
Көз түсті жаңа күннің сәулесіне.

Ұмытып өлер халін сонда Тыныбек,
Түседі Қанышайым қыз есіне.
Айтқан күн уәде сөз өтіп кетті,
Қайғымен бас қояды тізесіне.

Әзермен жүре-жүре тауға жетті,
Бір биік үлкен тауға шығып кетті.
Басынан осы таудың қарап тұрса,
Қалың ел бауырында көрініпті.

Түсетін жол таба алмай таудан құлап,
Отырды елді көріп бекер жылап.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бір дауыс «шу-шу» деген естіледі,
Кеш мезгілі тың тыңдап, салса құлақ.
Бір елудей түйе бар жақын жатқан,
Түйені қуып тауда, бақылдатқан.

Елге барар дәрмен жоқ бүгін мұнда,
Қос тігіп, ыстық қылып бақыр асқан.
Астыңғы қия тастан біреу келді,
Астында көк бие бар біреу көрді.

Дедектеп келіп қалған шалды көріп,
Алдынан қарсы шығып сәлем берді.
Сұрамақ елдің жайын хабарласып,
Шал сорлы мұны көріп қалды сасып.

Келе алмай аузы сөзге, кемсең қағып,
Шал өліп қала жаздап, қара басып.

—Шалеке, біз—жолаушы жолда адасқан,

Жарамас үлкен кісі бекер сасқан.
Түйе ме іздегенің—міне жатыр,—
Деген соң, шал бейшара аузын ашқан.
Бір қақты сонда иегін: «Ие, ие,

Шырағым, іздегенім менің түйе.
Ортасы еліміздің жау боп тұр ед,
Сондықтан қорқып едім жаным күйе.
Шалменен сонда тұрып сөйлесті сөз,

Бір тілді Құдай айдап келтірді кез.
Бастан-аяқ сұрады елдің жайын,
Ел не керек, керегі—жалғыз-ақ қыз.

—Бар ма екен Қанышайым аман-тірі?

Не керек, бұл ел бізге көптің бірі.
Алыстан іздеп келген біз жолаушы,
Шешілсе ризамыз көңіл кірі.
7-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Уа, шіркін, Қанышайым қарағым сол,

Дегенге шама да жоқ «Сен аман бол».
Әйтеуір тірі жатыр өлмеген соң,
Ол өлсе, иен қалар дәулеті мол.
Мен—кәрі, Қанышайым—менің балам,

Оны да сау қоймады Алла Тағалам.
Науқасқа алданам деп, түйе іздемей,
Мезгілсіз жүрмін, балам, көңілім алаң.
Тыныбек түйені айдап бірге жүрді,

Болғанын нашар халді енді білді.
Шу-шулеп түйені айдап жаяу түсіп,
Әзермен түн ішінде елге кірді.
Ортасы ауылының жүр шартылдап,

Қазанда ет асылған, от жарқылдап.
Аттылар түн ішінде қайшы алысқан,
Кейбіреу сөйлесед те, алар жылап.
Үйіне шал әкеліп түсірді ерді,

Бөгетсіз Тыныбек жас үйге кірді.
Қасында екі қатын, бір қыз отыр,
Бір табыт Қанышайымды көзі көрді.
Шал байғұс қаудырақтап от басында,

Сөйлесіп бір қатынмен жүр қасында.
«Аты, аты...» деген сөзін есітеді,
«Анық ер көрінеді өз басы да»
Тыныбекті айтып жатыр соған мақтап,

Тыныбек үйге кірген босаға аттап.
Шал сөзді бастан-аяқ айтып болды
Әлгі бір жас қатынға қалбалақтап.
Бір қатын үйге кірді маң-маң басып,

Аз тұрып артқа қарап, есік ашып.

—Ие, мырза, көрісетін жөн бар ғой,—деп,

Кеп тұрды көрісуге жақындасып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Тыныбек, аманбысың, айналайын!

Білдің бе Еркежанның халі-жайын?
Ертерек келе алмадың, ей, Тыныбек,
Еркемнің халі осылай болды уайым.
Көрісіп бұл екеуі амандасты,

Көзінен қатын Нәркес төкті жасты.
«Тілегі есіл жастың болмады-ау» деп,
Бейшара, төрге таман қадам басты.
Табыттай қос төсекте жатқан қыздың,

Келді де әлгі қатын бетін ашты:

—Еркежан, жан бойында, міне жатыр,

Құрмадым сән-салтанат сізге шатыр!
Сөйлесер жайың бар ма, ей, Еркежан,
Сүйгенің Тыныбекжан келіп отыр!
«Аһ!» деп кеуде кере аузын ашты,

«Уһ!» деп лебінің отын шашты.
Көтертіп қолтығынан қыз бейшара,
Көтерді Тыныбекті естіп, басты.
Айығып ауруынан, тілге келді,

Тілегін көксеп жатқан Тәңірі берді.
Қасында екі жүздей садақкер бар,
Үйіне ас ішуге Орда келді.
Қатыны Ордаға айтты: «Келді бір ер,

Алыстан келген адам көп жүріп жер.
Еркежан ермен сөзді байлағанын
Алдында ауруының хабар берер.
Сол кісі іздеп тапты осы күнде,

Көрсеңіз, қазір отыр келіп түнде.
Тұқымы Маянбайдың қанжығалы,
Алыстан сонша іздеп мұнда келді.
Еркежан бұрын оны көрген екен,

Уәдені өзі байлап берген екен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айтып ед ауырарда маған өзі,
Сен ақыл сөзге енді берсең екен!».
«Көруге жаным құмар ондай ерді»,—
Деп еріп қатынымен бірге келді.

Орданың салтанатын көріп Тыныбек,
Иіліп, түрегеліп сәлем берді.
Көрісіп, сұрасады хал-жайларын,
Танысты батырлардың ыңғайларын.

Қасына кісі қосып шалға ертіп,
Алдырды жолдастардың қалғандарын.
Қонақты күтіп жатты төрт-бес күндей,
Қопадан кісі кеп тұр тыным бермей.

«Жеріме менің айтқан қызды бер» деп,
Үкімін көрсетіп тұр жағы сенбей.
Айтыпты осы сөздің барлық жайын,
Сөйлесті ақылдасып сөз ыңғайын.

—Айдарқан, ендігіңді сен біл,—деді.

Осы итке қорлық қылған не қылайын?!

—Деп, айтсаң, бере алмаймын саған қызды,

Қырсаң да, күттім деші бәрімізді.
Жалғыз-ақ қара көрсет өзің бастап,
Сонан соң сол ауылға жібер бізді!
Елшіден хабар берді осы сөзбен,

Бұл сөзге ашуланды ақылы кем.
Ел жиып, шауып алмақ болды сонда,
Өз ауылын өзі шауып, қылмақшы жем!
Аттарын күйлендірді бұлар баптап,

Көп үйсін қолын жиып келді қаптап.
Қасына сегіз жүздей кісі ертіп,
Бұлар да қарсы шықты, бойын шақтап.
Ақ туын Маянбайдың тікті барып,

«Қолда,—деп,—Маян батыр!»—аруақтап.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Шығыпты жекпе-жекке екі жақтан,
Бұл жерде жеңіп алса, болды мақтан.
Айдарқан Ақкекілмен шықпақ болды,
Үйсін ер, күшті болсаң, енді сақтан!

Жас Ақай аттан түсіп, тілек тілеп,
Бармаққа жекпе-жекке байланды бел.
Берген соң Ақай ерге Орда батыр,
Жас сұңқар шыға келді жаңа түлек.

Баласы Маянбайдың соғыс көрсе,
Кетеді шыдай алмай, қайнап жүрек.
Қопаның өз баласы шықты бұған,
О дағы жігіт екен ер құсаған.

Аударып Ақай атын алғаннан соң,
Амалсыз беті қайтып, тайды табан.
Осындай біздің елде жігіт бар ма ед,
Бұл істің көрінбеді түрі жаман.

Сол күні жекпе-жекте жетпіс бір ат,
Алғаны Ақай жастың болды аян.
Еш адам жекпе-жекке шыға алмады,
Ұрысып жас баланы жыға алмады.

Алатын неше қайла қылса дағы,
Дұшпанын жерге жастап тыға алмады.
«Жабыл!» деп Ақай сонда салды айғай,
Қолдады осы жолы ер Маянбай.

Аруағы атакемнің шын қолдаса,
Үйсін ел сау қалмағың екі талай?!
Ат қойды қылыш алып мыңдай кісі,
Ойлады қан төгер деп найза ұшы.

Маянның бар баласы атқа мінді,
Бұл іске қайнап кетті қайрат-күші.
Сол күні ұрыс болды кешке дейін,
Маянбай соғыс десе тұрар бейім.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қырғынға үйсін елі қалды байып.
Қайтысы кеш болған соң үйге кейін.
Үйсіннен қалған кісі қамалып тұр,
Басына қылыш, найза сабалып тұр.

Бұрынғы адасқандықтан қалды Қопа,
Қайғыға қайғы келіп жамалып тұр.
Енді үйсін беттер емес ұрысуға,
Дайын жоқ табан тіреп тұрысуға.

Үйіне Орда батыр қайтып түсті,
Келісіп, қызығысып айғай-дуға.
Жатыпты он шақты күн дамылдасып,
Жиылды үйсін елі жапырласып.

«Бұл елге шеттен біреу келген екен,
Өнері бұл Орданың кетті-ау асып?!»
Естілмей елдің сөзі неғып тұрсын,
Бір жұмыс тапқан болды ақылдасып.

Шөлінен Ақ кезеңнің тоспақ болды,
Сол жерге сусын жиды елден тасып.
«Қырылып, әзер болса, біз қалармыз,
Қалалық,—десті,—шөлде бір айқасып».

Сайланып сегіз жүздей кісі аттанды,
Бұл сөзден хабарсыз боп Орда қалды.
«Қарағым, амандықта жөн тапсаң» деп,
Айдарқан Тыныбекке ақыл салды.

Той қылып бермек болды қарындасын,
Қапыда, хабары жоқ, не қыласың?!
Үй тігіп, қанша малды айдап бермек,
Артықша арттырмақшы қазынасын.

Кейінгі Бөгенбайдан сөз басталық,
Той тойлап, жырын жырлап бұлар қалсын.
Бір күні қарт Бөгенбай көреді түс,
Мәнісін көрген түстің біледі күш.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

«Бір кесел жолаушыға бар екен» деп,
Шақырды Маян ұлын бәрін тегіс.
Айтады Сарыбайға: «Тыңда сөзім,
Түс көрдім бір жамандық менің өзім.

Жазым боп, жау қолында қап жүрмесін,
Тез аттан, басшы болып, жаным өзің!
Шөлін тап Ақкезеңнің тезден барып,
Түсімді жорып тұрмын ойға салып.

Нұсқасы көрген түстің қиынырақ,
Көргенде өзегімді кетті жарып».
Аттанды абыр-сабыр, жолдас жиып,
Тоқталып жата алмады көңіл тиып.

Жолдас боп он бес кісі келе жатыр,
Сол уақытта күн ыстық боп кетті күйіп.
Жол бастап бұлар дағы бара тұрсын,
Жөнелткен Орда дағы қарындасын.

Бір сойқан Ақкезеңде болмақ болды,
Қопаның салуынша бар ынтасын.
Ақкезең сегіз күндік айналасы,
Суы жоқ, қураған шөл сай-саласы.

Осынша қан төгісіп егер болған—
Бір қыздың алық-берік тайталасы.
Жөнелді дүйсенбі күн жүгін артып,
Шығарып сап, Орда мырза кетті қайтып.

Әлінше суды алты меске байлап,
Түйеге сыйғанынша алды артып.
Жетекке отыз түйе жүгін артқан,
Жабылып жақсы кілем, арқан тартқан.

Жолымен Ақкезеңнің тура аспаққа,
Мөлшерлеп айтып берген жолмен қайтқан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Жау жоқ» деп келе жатыр жадағайлап,
Дәл шөлге кіріп келді күліп-ойнап.
Батырлар жау дегенмен істері жоқ,
Сауыттарын қанжығаға алған байлап.

Қырынан Ақкезеңнің асқан шақта,
Мезгілі шалқар түс ед сол уақытта.
Самсаған сары қолға жолығыпты,
Мінгені барлығының өңкей лақпа.

Көп кісі келе жатыр дабырлаған,
Ат қойып мың сан адам жабырлаған.
Қапылыста сауыттарын кигізбеді,
Тоқтатар жер ме екен бұл ерлер бағын.

Соғысты бет-бетімен «Маянбайлап»,
Қор болды Қанышайым соры қайнап.
Шеңгелге аттан түсіп жасырынды,
Түйені иіре сап, атын байлап.

Төрт күндей су ішпеген аттың бәрі,
Маянның енді састы батырлары.
Танысып Айдарқан мен Тыныбекті,
Жабылды, ұрыс қылды жас пен кәрі.

Найзалап, қылыш шауып, садақ тартып,
Кеткендей үйсіндердің қайраты артып.
Ақкекіл тұмсығынан шаншылады,
Болдырып, су ішпеген, қаны қатып.

Тыныбек тұрды сонда аттан түспей,
Түсірді атынан да үйсін күштей.
Күдерді шыбын жаннан үзген мезгіл,
Бұрынғы жүрген күні көрген түстей.

Соғысты тауға таман жаяу басып,
Үйсіндер келе жатыр жапырласып.
Соғысып бет-бетімен кеткен ерлер,
Білмейді не болғанын асып-сасып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Әзермен тауға шықты ер Тыныбек,
Әйтеуір, жан сақтауға барды қашып.
Құтылар көрінбейді қашқанменен,
Шаң-тозаң араласты аспанменен.

Садақтың оғын қолмен қағып алып,
Өзіне тигізбейді атқанменен.
Сол кезде жиырма жері жараланды,
Күн ыстық, ет жүрегі оттай жанды.

Қасқыр тартқан қойдай боп отыр батыр,
Білмейді не боларын енді халі.
Түс ауып, күн төбеден кеткен шағы,
Бұл кезде төмендеген ердің бағы.

Маянның іздеп шыққан батырлары,
Тілегін шын берген ғой, келген шағы!
Жолықты ең әуелі артқан жүкке,
Қарамай, жетті келіп артқан түкке.

Таныды торала аты ер тоқыммен,
Ем бар ма Сарыбай сынды шын зерекке.
Жатыр ед Қанышайым өлмей жаны,
Қалмап ед қорыққаннан бетте қаны.

Бетіне ақ мамықтай шеңгел тиіп,
Сорлының кетіп жатқан сондай сәні.
Таныды Сарыбайды бұғып жатып,
Орнынан сонда тұрды қыз да атып.

Хал-жайын Сарыбайға айтқаннан соң,
Жөнелді Маянұлы шеру тартып.
Үстіне ақ жотаның шыға келсе,
Ақкекіл сенделіп тұр қаны қашып.

Жарадан жануардың сау жері жоқ,
Ит үйсін әлсіреткен атын атып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жөнелді тауда жүрген адам жаққа,
Жалынып «қолдай көр» деп аруаққа.
Артынан көк бөрідей келіп тиді,
Тыныбек өлер халге жеткен шақта.

Әкетті қалың жауды тура қуып,
Тыныбек талып қапты, қаны суып.
Қорлыққа Ақкезеңде ұшырапты,
Көрмеген бір қиынды өзі туып.

Қорлыққа қиын шөлде ұшырады,
Ат жүрмей, Айдарқан да қысылады.
Нарқызыл әзер жетіп келе жатыр,
Осы жерде асқан үйсін тосылады.

Қып-қызыл тұла бойы аққан қаннан,
Күдерін үзген кезде шыбын жаннан.
Батырлар бірін-бірі қайдан тапсын,
Біреуді біреу көрмей ұшқан шаңнан.

Жығылды Нарқызыл ат омақатып,
Сол жерде Айдарқан да қалды жатып.
Тиген соң арыстандар тыңнан келіп,
Қырғынға үйсіндер де қалды батып.

Қалғаны жан сауғалап қашып жатыр,
Белгілі Қу кезеңнен асып жатыр.
«Үйсінді көп қуғанмен түк болмас» деп,
Жаралы жатқандарға қайтты батыр.

Жығылған Айдарқанды көзі көрген,
Қасына тура басып жетіп келген.
Сабалап өзін-өзі жатыр екен,
Айғайға қаны қызып тура келген.

Нарқызыл өлген екен қаны кетіп,
Есіл ат қаза тапты ажал жетіп.
Ақылы Айдарқанның түзу екен,
Сөйлесті сөзге келіп, жөні қайтып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Шабысып тауға келді көзі көрген,
Күш-қайрат кеткен екен Тыныбек ерден.
Әйтеуір, кеудесінде жаны барын,
Сарыбай көзі жетіп, өзі көрген.

Өңгеріп түйе қалған жерге келді,
Меңзетіп тастатыпты есіл ерді.
Нұсқасын Тыныбектің көргеннен соң,
Зарланып Қанышайым жылай берді.

Шығыпты бір саладан Ақай бастап,
Бесеуі бір кетіпті қолын ұстап.
Олардың денесінде жарасы жоқ,
Келіпті үйсіндерді жерге жастап.

Суы жоқ Ақкезеңді көзі көрді,
Түйеге жаралыны артып жүрді.
Күн-түні тыным алмай жүріп келіп,
Бір соқыр бастауы бар тапты жерді.

Сол жерде біраз жатып дамылдасты,
Айдарқан өздігінен алар басты.
Әл-жайы Тыныбектің нашар болып,
Сол жерде төрт күн күтті бұл науқасты.

Еліне өлмей келді, аман жаны,
Тоқталып тыйылмады аққан қаны.
Келген соң Бөгенбайға айтты бәрін,
Жонында Ақкезеңнің не болғанды!

Ақкекіл, Нарқызылдың өлген жері,
Жаралы болып келді атақты ері.
Бөгенбай мұны естіп қайғырады,
«Ақкекіл, Нарқызылым, қайран!» деді.

—Батырлар, қуаныңдар, амандыққа,

Жолықтық енді қиын жамандыққа.
Қанатты құстай едік ат барында,
Іліндік енді шындап шабандыққа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екі атым екеуі де емес арзан,
Мен шығар күн жоқ екен қайғы-зардан.
Жарайды жау болмаса, ештеме етпес,
Жау болса, бұрынғыдай жоқ қой шалжаң!

«Жау жоқ» деп жадағайлап жатпаңдар жай,
Көрінді маған қиын осы екі тай.
Ер сақтар ат болмаса, ерлік қайда?!—
Деп жылап, көп қайғырды, қарт Бөгенбай.

Ертеде қалмақ ханы өлген Шынар,
Тұқымы сол қалмақтың жауға құмар.
Жалғыз ұлы тоғыз жасар қалған екен,
Өзі батыр, бұл күнде хандығы бар.

Қаранай—оның аты, өзі батыр,

—Қазақтан кек алам,—деп келе жатыр.

Өлтіріп Бөгенбайды, кегімді алсам,
Көңілімде арман қалмас!—дейді кәпір.
Бөгенбай жетім қылған күшпен айдап,
Өлтірді хан әкемді қолмен байлап.

Кетпейді құлағымнан салған даусы
Ұрандап ойрандаған «Маянбайлап».
Қасына он тоғыз мың қалмақ алған,
Қазаққа беттеп тура келіп қалған.

Кезеңнен Барқытбелдің бермен асып,
Қырғындап жүрген жерге ойран салған.
Бөгенбай түс көріпті бұған тағы,
Ат жоқ боп, кеміп тұрған бұл бір шағы.

Түсінің көріп тұрған түрі жаман,
Осыған Бөгенбайдың сынды сағы.

—Ұйқыда бір дария көрдім бағып,

Шалқытқан бір жағынан отын жағып.
Су үстінде қара төбет арсылдайды,—
Деп түсін әркімге айтты, мұңын шағып.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—От жағып, суға залал қыла алмай тұр,

Су толқып, от жалынын жыға алмай тұр.
Үстінде қара төбет қара судың,
Ұлынып, арс-арс етіп, шыға алмай тұр.
Түс көріп, түн ішінде оянғанда,

Ағыпты қысылғаннан маңдайдан тер:
«Көретін қартайғанда түсім бе еді,
Түс болды бұ не деген, Тәңірі шебер?!.»
Шақырып Сарыбайды алды батыр,

Сарыбай кіріп келсе, жылап жатыр:

—Сарыбай, менің күнім қараң болды,

Бар екен мені аңдыған бір жау кәпір.
Қартайған шағым, жас жетіп,
Заманым кеткен күн өтіп.
Еліңді жи жар салып,

Қаруыңды түзетіп.
Бүгін жатып көрдім түс,
Көргенім қатты қиын іс.
Еліңнен саңлақ жиғызып,

Беліңді байлап, түйініс!
Бір жағымда жанған от,
Шалқып суға жете алмас.
Шалқыған оттың жалыны

Толқыған судан өте алмас.
Үстінде бар бір қара ит,
Аузын көрдім жеке алмас.
Жан-жағымнан жабылып,

Екі дұшпан қысып тұр.
Осы түсті көрген соң,
Көңіліме қайғы түсіп тұр.
Қартайған жасым, әлім жоқ,

Сонан жаным шошып тұр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

От пенен су қабысып
Қосыла алмас, қара иттің
Аузы бар пышақтай.
Осыдан зәрем кетті ғой...

Қолдамаса Маянбай!
Мұны естіп, Сарыбай да жидырды елін,
Ойламас екі айтад деп Бөген ерін.
Ел жинап күн-түн қатып жүргенінде,

Қалмақтар қусырыпты қазақ елін.
Бес күннің бесін кезі болған шақта
Шапқылап біреу келді телім-телім.
Жылады Бөгенбайға келген адам,

Хабарды жаман айтты берген адам:

—Қасында жер қайысқан—деді әлгі,

Қаранай хан кеп жатыр бізге таман.
Аузында «Бөгенбай» деп тақ-тақ етер,
Мен келдім соны естіп сізге таман.
Бір қайрат батыр сізден табылмаса,

Кететін қан-жын қылып түрі жаман.
Мал түгіл, жаннан үміт үзіп тұрмыз,
Әкетіп алып жатыр малды семіз.
Нөкерін кәпір иттің айтып болмас,

Саны жоқ әскерінің ұшан-теңіз.
Жидырды қанжыға елін дамыл алмай,
Аттанды «қыл құйрық» деп адам қалмай.
Бөгенбай «Мен де барам» деген еді,

Көп жабылып қойғызды, әзер қалды-ай!
Сарыбай он мың болды елін жинап,
Батырлар күйзелер жол жанын қинап.
Мінуге Бексұлтанға ат табылмай,

Жаяудың аз алдында кетті жылап.
Нарқызыл, Ақкекіл мен болды керек,
Өлген жан тіріле ме, неге медет?!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бөгеннің былтырғы айтқан сөзі келді,
Тек емес, қасиеті бар ед зерек.
(Ел жиып орта жолдан жарақтанып,
Қазаққа тең болам деп келсе керек).

Ханына Әбілмәмбет кісі барды:

—Тартатын қазақ ек,—деп қайғы-зарды.

Саған да керек болар күнім болар,
Бірге алыс мына келген қалмақ қарды!
Қорқады Әбілмәмбет, бара алмады,
Азамат жаусыраған қала алмады.

Жүз кісі атақтыдан атаныпты,
Үйінде намысты ерлер тұра алмады.

—Қалсаң қал, Әбілмәмбет, үйде өзің,

Қазақтан саған айтқан менің сөзім.
Ханы едің қазақтардың атақталған,
Жөн болса, өзің-ақ ал, бұл мінезің!
Мұны айтып Сарыбай да кетті былай,

Дұшпанға таба қылма,—дейді,—Құдай.
Таусылар аруағыңның мезгілі ме,
Қиында қолдаушы едің, ер Маянбай!
Қалмаққа қазақ қарсы жақындады,

Ауызы Қаранайдың сақылдады.

—Қолыма Бөгенбайды тірі берсең,

Жау болмай, қайтамын!—деп қаңқылдады.
Бұ сөзге қазақ неғып бассын аяқ,
Сөйлейді өткен күнді бастан-аяқ:

—Әкемнің қырық тоғызда басын кескен,

Мен бала едім,—дейді,—жалаң аяқ.
Әкемнің өз тағында кесті басын,
Со күнде тоғызда еді менің жасым.
Беріңдер Бөгенбайды тірі қолға,

Қазағым, сонда өлімнен құтыласың!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болмаса жоғалтамын түгел қырып,
Еріңді өлтіремін бір-ақ ұрып.
Қызың —қатын, ұлыңды жетім қылып,
Асырам Барқытбелден төгілдіріп!

—Біз оған тоқтамаймыз, тұрысамыз,

Шеп тартып екі жақтан құрысамыз.
Күніңді айт, Қаранай,—деді Сарыбай,
Біз дайын, ертеңгі күн ұрысамыз.
Әуелі, соғыс қалай бастайтұғын,

Біз—қазақ соғысыңнан қашпайтұғын.
Қорыққаннан кісі ұстап бере алмаймыз,
Күні жоқ қалмақ иттің аспайтұғын.

—Мен даяр, ертеңгі күн келем бетке,

Қазақ ит, өзің дағы қашып кетпе!
Әуелгі соғысымыз былай болсын,
Шығайық алдыменен жекпе-жекке.
Таңертең майдан тартты ер Қаранай,

Қандай жан жанын сақтап қалады жай?!
Денесі бар адамнан артық екен,
Басында дулығасы мұнарадай.
Бір кәпір—өзі артық жуан кеуде,

Қазақ та кеміте алмас бәлен деуге.
Астында қара тұлпар мінген бастап,
Жолы екен мынау иттің жауын жеуге.
Сарыбай: «Бірің бар» деп көпке айтады,

Жөні жоқ қолбасшының «сен шық» деуге.
Тұманбек келіп, деді: «Берші жолды,
Салайын ит қалмаққа қолдан торды.
Ақкекіл, Нарқызылмен өлген жылы,

Жалғыз-ақ, болған екен аттан сорлы».
Тұманбек бата алады «Барайын деп,
Қалмақтан өлтіріп кек алайын деп.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Сыйынып Маянбайдың аруағына,
Жылайды, «жаратушы панайым!» деп.
Жөнелді майдан тартып Қаранайға,
Қаранай жан екен деп қарамайды.

Астында көк аты бар бір жас жігіт
Өзіме теңдес қой деп баламайды.
Қаранай: «Кімсің,—деді,—жауым қазақ?
Бейшара, өлесің!—деп қылды мазақ.

Әкеп бер Бөгенбайды, құтыласың,
Мойныңа, өлтіремін, салып тұзақ!»

—Тұманбек—менің атым, атам—Маян,

Туыспыз Бөгенбаймен еліме аян.
Ит қалмақ, не десең де, қыл ісіңді,
Соғыстан, сен айтты деп, қалай таям?!
Қалмақ айтты: «Кезекті кім алады?

Жобасы бұрынғының не болады?».

—Әуелі қалмақ кезек алатұғын,

Жеңілген қайткен күнде құр қалады.
Оны естіп ер Қаранай тұрды, қашпай:
Өлмессің сен де, қазақ, қарсыласпай.
Әуелі ұрысымның мәнісін көр,

Тұруға енді болмас соғыс ашпай!
Қаранай атқа қамшыны
Қабындап салып қағынды.
Жаусыраған ит қалмақ

Бурадай болып шабынды.
Алыстан келген айдынмен
Соғысуды сағынды.
Анадай кетіп барады,

Ат мойнын бұрып алады.
Тұлпардың бүйірін қыздырып,
Қамшыны қатты салады.
8-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сегіз қырлы найзаны
Ыңғайлап қолға алады.
Қазақ тұр шулап аруақтап,
Қаранай шауып барады.

Қалмақ ханы Қаранай,
Қағынып шапты қарамай.
Тұлпар атпен секіртіп,
Төндіріп найза барады-ай.

Қалмақ шоқы көрінді,
Тұманбек тұр баладай.
«Жан шығатын жер сол деп,
О да тілеп, жол бер» деп,

Қарысқан қатты қолымен
Сегіз қырлы найзаны
Шұрқылтайдан салады-ай!
Найзадан ұстай алады,

Сіресіп қатып қалады.
Жамандатқыр көк шыбық,
Шыдамай қатты салмаққа,
Майысып жығылып барады.

Қалмақтың күші білінді,
Қармаққа Тұман ілінді.
Қарысқан ерге шыдамай,
Көк ат арттан сүрінді.

Айрылды қолы найзадан,
Жоғалды Тұман айладан.
Дәл жиырма екі жасында
Қалмақ ит жасты жайлаған.

Жалғыз шапты иекке,
Қазақ шапты сүйекке.
Қалмақ та қаптай соғысып,
Көп тартысты бұл кекке.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Қазақ алып жөнелді,
Өлгеннің бермей денесін.
Қазақтан сен кетті ғой,
Аруақ қолдап демесін!

Қалмақтың көңілі алыста,
Құрытпақ елдің келесін.
Қаптаған соғыс болған соң,
Қай өлгенді елесін?!

Сәдірбекке оқ тиді,
Суырды дұшпан шегесін.
Қазақтан төрт жүз кісі өлді,
Белгілі ерге күш келді.

Қалмақтың санын кім білсін,
Одан да талай жөнелді.
Кеш болған соң қайтысты,
Артқанын білмес қай күшті.

«Бауырым!» деп шуласты,
Өлген кісі келмес-ті!
Екі күн көмді өлігін,
Қалмақ ап тұр ерлігін.

Қаранайға жазым жоқ,
Өзінің баспай желігін.
Сарыбай мен Бексұлтан
Бірге туған бауырлас

Жоқтайды екі серігін.
Үшінші күн түзеліп,
Мінді қалмақ керігін.
Жекпе-жекке баруға,

Бексұлтанға таппады,
Мінетін аттың керігін.

—Ей, Сарыбай, өлейін,

Өлмесем, қайтып келейін.
Жаяулықтың жолы жоқ,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір ат тауып берсеңіз,
Қазасын қалмақ берейін!
Найзасына сүйеніп,
Туысқанға күйініп,

Зар еңіреді Бексұлтан,
«Бауырым!» деп иіліп.
Сарыбай айтты: «Қарағым,
Артымда қайрат-жарағым.

Мінетін ат болмай тұр,
Қолда бар ма баяғым?
Біреу айтпас шығам деп
Соғыстың көріп аяғын.

Өзің таңда бір атты,
Әперейін, қарағым!».
Бексұлтан айтты: «Әперсең
Ақанайдың ала атын,

Мен мінуге жарадым».
Ақанайды шақырды,

—Ат бер,—деп салды ақылды.

Біз өлсек, аман қалмайсың,
Алайық мына кәпірді!

—Қаптаған соғыс боп кетсе,

Өзім өліп қалам,—деп,
Ақанай бермей, шатылды.
Бексұлтан сонда: «Өлім бір,
Қалмақтан босқа өлгенше,

Сен өлтір!»—деп ақырды.
Көп жұрт келіп жабылды,
«Бер, деп айтып ақылды.
Қалмақтан аман қалмаймыз,

Алмасақ осы батырды!».
Ақанай амалсыздан аттан түсті,
Біреуден, не десең де, көптік күшті.
Мініп ап Ақанайдың ала атына,

Бексұлтан салмақ болды қиын істі.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Қош-сау бол, мен келмесем бұл барғаннан,

Құтылдым атсыз болған бір арманнан.
Аянар осы жолдан нем бар менің,
Айрылдым екі қанат—қос қарғамнан.
Аруақ қолдап, тілекті берген болса,

Алармын ит қалмақты жандәрменнен!
Жөнелді соғысуға атын айдап,
Шулады арттағы жұрт «а, Құдайлап».
Атына қамшы салып бұлдыратты,

Айғайлап ұран салып «Маянбайлап».
Дауысы қатты шықты «Маяндаған»,
Соғыста батыр еді аянбаған.
«Келбеті Қаранайдай бар» деп айтты,

Сыртынан қалмақ, қазақ аяндаған.
Қаранай оны көріп, толды көзі:
«Ер ғой,—деп,—дәл лайық мұның өзі!»
Өлгенше кемимін деп кім айтады,

Артық тұр Қаранайдың айтқан сөзі.
Білдірді Бексұлтан да Қаранайға,
Мәлімдеп кім екенін өзін-өзі.
Құтырған арыстандай аласұрып,

Тұнжырап қанға толды екі көзі.
Қаранай: «Кезекті бер маған, қазақ,
Жүруің ұзақ емес сенің, аз-ақ.
Әуелден қазақ-қалмақ соғысқанда,

Кететін қазақты етіп қалмақ мазақ!».

—Ала бер кезегіңді, қалмақ батыр,

Бір ажал екеуімізге келе жатыр.
Қайтсек те бірімізге жеңу керек,
Жүрмеспіз, алыс емес, білсең, ақыр!
Қаранай кешегідей өнер бастап,

Сұлтанды майдан жерге кетті тастап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құтырған арыстандай болып келді,
Көңілінде: «Өлтірем,—деп,—жерге жастап!»
Қолына ер Қаранай алды найза,
Батырдан төгеді,—деп,—қанды найза.

Сұлтан да—алтын жүрек ердің бірі,
Көңіліне кірер емес, қорқу қайда!
Табандап орынында таймай тұрды,
Қаранай қос қолдап кеп найзаны ұрды.

Шап беріп найзасынан ұстап алып,
Найзасын сонда Сұлтан лақтырды.

—Батырым, ер екенсің сен де,—деді,

Сен ал енді кезекті, кел де,—деді.
Әуелгі өзіңдей боп тұрып қалам,
Найзаңды алар-ақпын мен де,—деді.
Бексұлтан қара алаға қамшы басты,

Көзінен қан аралас төкті жасты.
Ұзақ барып, анадай жерден шауып,
Қалмаққа енді келіп жақындасты.
Найзаны сол қолына алды ыңғайлап,

Суырды көк семсерді, бауын байлап.
Қолына бүлдіргесін іліп алып,
Келеді бір қылуға амал сайлап.
Қасына Қаранайдың келді жетіп,

Барынша тұлпар атын екпіндетіп.
Найзаны көздеп тұрған батыр қалмақ,
Найзаға қолы ұмтылды қарбаң етіп.
Найзаны Қаранайға бере тастап,

Семсермен жазым қылды салып өтіп.
Ұрған қол, өткір қылыш тиді қатты,
Сыр етіп ақ сауыттан әрмен батты.
Желкеден дәлдеп ұрған күшіменен

Ит қалмақ ат мойнынан омақасты.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Жығылды Қаранай ер омақасып,
Бексұлтан ұрып жыққан қайраты асып.
Артынан даяр тұрған Ақай бала
Сүйегін Қаранайдың қалды басып.

«Ханымыздың сүйегін бермейміз» деп,
Қалмақтар өңмеңдеді дуылдасып.
Қазақтың дайын тұрған батырлары
Атына «а, Құдайлап» қамшы басты.

Дәл түстің мезгілінде қазақ, қалмақ
Қырғынға бір батуға араласты.
Қалмаққа қазақ тиді арыстандай,
Кем болды шыққан қалмақ сақтап басты.

Боп кетті қазақ бүгін арыстандай,
Серпілді қалмақ қашып жарысқандай.
Екі жұрт араласқан қырғын болды,
Ажалға кез қылыпты талай жанды.

Есесін әкесінің іздеп келіп,
Мәнісі Қаранайдың мұндай болды.
Қалмақтар сол қашқаннан алып қашты,
Қалғаны Барқытбелден әрмен асты.

Бойында Желдіөзектің қырғын тауып,
Бейшара талай қалмақ қанын шашты.
Бер жағы Желдіөзектің қазақ жері,
Кеткендей болды анық қалмақ кері.

Ел жиылып өлгенін есепке алса,
Болыпты бір мың үш жүздей өлгендері.
Кеткелі батырларға он сегіз күн,
Бөгенбай ұйықтамапты содан бері.

«Соғыстың не болғанын көремін» деп,
Қосқа да келіп қапты Бөген ері.
Бөгенбай есіткен соң қайғырады,
Оқыста өлгендігін інілері.

Ас беріп өлгендерге, бейіт соғып,
Қазақтың бір қайғырып қайтқан жері.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екі жыл аман тұрды ұрыс көрмей,
Ерлерде аттаныс жоқ сонан бері.
Жазында жаңбыр жаумай жер шөл болып,
Күйзелді мал жая алмай қанжыға елі.

Жел болса, жер жүзінен шаң шығады,
Мал сауса, сүт орнына қан шығады.
Бала жоқ Бөгенбайдың өз басында,
Қайғырып, баланы ойлап, жан шығады.

Келеді күйзелген жұрт Бөгенбайға,
Кеткен соң малдың сиқы ашығады.
Бөгенбай екі қайғы бірдей күтті,
Бөгеннің қайғыменен заманы өтті.

Ақыл жоқ бұл кәріде осы күнде,
Жұтайды қанжыға мен сонда шекті.

—Мен көрген биылғы жыл түсім жаман,

Осы елден мал ұрығы қалмайды аман.
Сақтауға мал ұрығын ақыл ойлап,
Шықпаса азаматтар шетке таман.
Су шықпай қазған құдық құрып жатыр,

Бұған да қайғырады Бөген батыр:

—Малды айда, беттен барып қоныс ізде,

Бозбала ел сақтайтын, тігіп шатыр!
Бөгеннің бір құлы бар Бектұр атты,
Жайлауда жылқыменен жалғыз қапты.
Қасында жылқышылар толып жатыр,

Су таппай, мал да, жан да шаңырқапты.
Салмайды жерге басын малы шулап,
«Тоқтамай жер екен,—деп,—шабар саулап».
Бөгенге ақылдаса Бектұр барды:

«О жерде мал тұруы болмады бап!»
Шақырып Сарыбайды ақылдасты,
Қанжығаны түгел жинап, қосты басты.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бұл жерде мал ұрығы қалмайтынын
«Ойла,—деп,—жан сақтауды елге шашты».
Бөген айтты: «Бар еді айғырым бір,
Салғалы соны үйірге жиырма бес жыл.

Біреуің соның жайын біліп келші,
Жер жайын білмес пе екен көкжал айғыр?
Көкжалым қыдыр берген білген шығар,
Көп жерге жер қарауға жүрген шығар.

Сарыбай, соны барып өзің біліп,
Сонан соң қайта маған берші хабар».
Сарыбай Бексұлтанмен жүріп кетті,
Жылқыға екі күнде келіп жетті.

Малшылардың бәрін де қоста ұйықтатып,
Екеуі көп жылқыны күзетіпті.
Жараған көкжал айғыр бауырынан,
Тер аққан айғызданып сауырынан.

Үйірінің ортасында мойнын салып,
Көргенде бұл екеуін оқыранған.
Жануар айтатұғын тілі де жоқ,
Жылқының жүдеп біткен күйі де жоқ.

Жылқыдан кеш болғанда шыға қашты,
Кеткенін оның қайда білуге жоқ.
Таңертең ертеменен айғыр келді,
Бойлаған тұла бойы қара терлі.

Осындай көкжал айғыр күйде екен деп,
Бөгенге келіп бұлар хабар берді.
Басында Бөгенбайдың жылқы малы,
Жетеді елу мыңға қосса бәрі.

Өзінде жалаң ғана он сегіз мың,
Қайтпаған ауыл еді мал ажары.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Егіздің бар саңлағын жиып алды,
Бөгенге жүр деген соң, жүрді бәрі.
Үш мыңға бір-бір қосты тігіп алып,
Егіздің жүрмек болды батырлары.

Қосты артып құрбандығын сонда сойды,
Жайлауда өңшең батыр қылды тойды.
Жылқыға, ерлер атқа мінгеннен соң,
Көкжал да бетін қарап желге қойды.

Үйірі жөнеледі бұдан қалмай,
Мөлшерлі тоқтар емес жерге бармай.
«Қош» десіп батырлармен кейін қайтты,
Батасын берді дағы ер Бөгенбай.

—Жақын болса, хабарды берерсіңдер,

Алыс кетсе, бір-ақ кеп көрерсіңдер.
Жаудан аман сақтасын Тәңір бізді,
Ажал жетсе, үйде де өлерсіңдер!
Жүйрік ат, қыран бүркіт қолдарында,

Жылқының кетті ерлер жолдарында.
Жүз он бес жігіт болып аттаныпты,
Ақыл табар сапарды оңдарында.
Көкжал кеп кейбір жерге жайын жатар,

Сонда қосты тігеді қатар-қатар.
Көкжал айғыр жөнелсе бетін қойып,
Жабырласып азамат қосын артар.
Осымен қырық бес күн көшті талмай,

Кей жерге көкжал кетер басын салмай.
Барыпты ащылы қолат кең салаға,
Батырлар еріп барды бұдан қалмай.
Жер екен—жердің жері бұ кең сала,

Бір жағы биік таулы жатқан дала.
Қояндай бетегесі бір жағы көл,
«Бағулы бай қонысы» деген, бәлі!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Арықтап әзер жеткен жылқылары,
Жай жатып, қанды азамат ұйқылары.
Семірді ақша майлап арыған мал,
Жер екен шөбі шүйгін, малға дәрі.

Бір айдай осы арада жатты жайлап,
Желіні қайта құрып, бие байлап.
Көкжалдың бастап келген жерін қара,
Семірді барлық жылқы ақша майлап.

Ол жерде қасқыр, түлкі аңның бәрі,
Құтқармас аңға түскен қырандары.
Жүйрік ат, батыр жігіт бәрі сонда,
Түзетіп Бөгенбайдың берген сәні.

Жер екен он екі абақ құс қонатын,
Жер емес қарастырса, қыс болатын.
Жауынгер өңкей батыр тас түлектер
Кермеге байлап қойып жатыр атын.

Ел көшіп келіп қалды күз бетінде,
Жылқының жарым жігіт күзетінде.
Берік боп жауынгерлер өз-өзінен,
Шыққан соң тым бекінді ел шетіне.

Қатарға жүз он бесі тұра қалса,
Түрі жоқ жан шыдайтын келбетіне.
Абақтың билеушісі Сәдір төре,
Құнан би нақыл айтқан, ақыл бере.

Ел жиып Сәдір төре шаппақ болды,
Жылқыны қыстауында жатқан көре.
Құнанға барып төре ақылдасты,
Жинаған жауға лайық ылғи жасты:

—Бір қалың олжа болар мал келіпті,

Қаптап кеткен бір жылқы тау мен тасты.
Қалайша бөтен жылқы бақтырамын?!
Ақыл берсең, осыны шаптырамын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жалғыз күнде абаққа талатайын,
Орынын осы малдың таптырамын!..
Сұраусыз неткен адам келіп жатқан,
Бұл не деген үлгісіз, Құдай атқан!

Көптен көбе байқасам—жүз-ақ жігіт,
Түспейді деп есіттім тұлпар аттан.
Құнан айтты: «Бермеймін бұған ақыл,
Келген қонақ шабылған емес мақұл.

Өз бойына сенбесе—шетке шықпас,
Меніңше, жігіттері өңкей батыр.
Не жаудан немесе бір жұттан қашқан,
Алатын жер үлесін қарындастан.

Қонаққа келіп жатқан залал қылма,
Төре, сөзің бұл болса ақылдасқан».
Бұл жиынға сайланды Сарыбай да,
Қалуға бір көрісіп осындайда.

Қасына жиырма жігіт ертіп алып,
Іздеп кеп төре менен Құнанбай да,
Құнанның ауылында жиылысты,
Сарыбай сол ауылға барып түсті.

Төреге кіріп келіп, сәлем беріп,
Көп елмен атқа мінер жүз көрісті.

—Ассалауғамалейкүм, тақсыр төре,

Қабырғаң мінсіз жабық, қалың сере.
Жеріміз мал қалмайтын жұт боп қалды,
Тақсыр-ау, өлемін бе сені көре?!
Құнан би түрегеліп амандасты:

(Алмады сөзін мақұл Сәдір төре)

—Жөніңді баян қылшы, жаным,—деді,

Қай елсің, жатыр едің қайдан келе?

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Сарыбай сонда айтады елі жайын,
Шетқурай, Көксу, Қияқ жері жайын.
Атасы Маянбайдың атын айтып,
Сөйледі сонан кейін Бөгенбайын.

Би Құнан екі көзден төкті жасты,
Сарыбайға анық беріп ықыласты.

—Бөгеннің осы күнде өзі бар ма?

Отыз жыл көрмегелі асыл тасты.
Қазаққа олжа салған қайран Бөген,
Олжа алдық ерген күнде иен тегін.
Шырағым, қалай жайсаң, солай жайыл,

Жоқтап еді Бөген батыр қазақ кегін.
Екі жыл жолдас болдым Бөгенбайға,
«Сыйға—сый, сыраға—бал» деген қайда?!
Ерлігіне Бөгеннің ерген қазақ,

Мал түгіл, қылмап па еді басты пида?!
Құнан би түгел білді ауыл жайын,
Жақындап бара жатыр айтқан сайын.
Ерулігім, қонағым, осы-ақ болсын,

Қонақ бол біздікіне, Сарыбайым!
Төренің күші кетті, Құнан көнбей,
Көрген сайын жылқыны тұрды шөлдей.
Құнанмен араласып жақын болды,

Төрені төмендетті, есе бермей.
Мінгені Бектұр құлдың торы жорға,
Кигені атлас маңылық өңкей торға.
Абақтың бір ауылы қонақ қылса,

Атынан әзер түсер зорға-зорға.
Осының бәрі мұның малы,—дейді,
Бөгеннің жалғыз ұлы, жаны,—дейді.
(Елу мың жылқыға ие болған соң ол,

Ұл демей, оны Бөген неме дейді?!)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төренің жалғыз сөзде терістігі,
Жоқ еді одан кейін керістігі.
«Осыдан қайтып есе қайырам?» деп,
Кетпей жүр Сарыбайдан төре кегі.

Төренің жалғыз қызы Қадиша атты,
Артықша жүріс-тұрыс салтанатты.
Көл аңдытып, қаршығаны қолына алған,
Белдеуден жібермейді қос жорға атты.

«Төре қызын Бектұрға бере ме?» деп,
Сарыбай Құнан биді елші сапты.
Құнан айтса, көнбейтін төре қайда,
Ұлы екен деп, құдалық болып қапты.

Мың жылқы бөліп берді қалыңмалға,
Аққуды алмақ болды қара қарға.
Құлға әкеп төре заттан қыз айттырған,
Ісі осы Сарыбайдың, амал бар ма?!

Мал аман жаздай жатып, жазға шықты,
Ешкімнен сескену жоқ, бәрі мықты.
«Бөгеннің ұлы болса, бір келер» деп,
Бой жеткен қыз күйеуден дәме қыпты.

Айттырғанға мәз болып Бектұр сорлы,
Бармапты қыз маңына бір де тіпті.
Жамандықтың арт жағы шолақ тұр ғой,
Күйеуін «құл» дегенді есітіпті.

Ақылды, өзі зерек адам екен,
«Бұл істің не болар» деп артын күтті.
«Ортадан қан төгіліп кесел табар,
Жай тұрмас, дау көрінсе, екі ел мықты.

Қан төктірмей қалпымша мен кетейін,
Тағдырдың бір жазуы болар» депті.
Жаз шықты, Маянұлы қайтпақ болды,
«Елге аман жетсек-ау,—деп,—берсе жолды».

«Бұқа—буға» дегендей болып қайтты,
Қызды алам деп қуанып Бектұр сорлы.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Бөгеннен он мың жылқы құлындапты,
Қайта айналып есен-сау елін тапты.
«Мал аман, азаматтар келеді!» деп,
Бөгенге «сүйінші» кісі шапты.

Қарт Бөген өзі шықты алдарынан,
Сағынған батырларды салдарынан.
Қанжыға, шекті менен ақ сүйек боп,
Айрылған адал етті малдарынан.

Жылқысын көргеннен соң қуанады,
Ерлерді аман көріп, жұбанады.
Жылқының амандығын көрсетпекке,
Малды әкеп мөлшер сайға қамалады.

Қарады қарт Бөгенбай көзін салып,
Үйірін үш айғырдың көңіліне алып.
Көкала, Көкжал менен Нарқызылдың
Бірі жоқ, екі айғырды көрді танып.

Шақырды: «Мұнда әкел,—деп,—Сарыбайды,
Елу мың айдап кеттің құлын-тайды.
Жоғалтсаң бәрін түгел, не қылайын,
Қайда,—деп,—Көкжал айғыр?—қолын жайды.

Қоя ма бұлтарғанмен Бөген батыр,
Бола ма жасыруға айтпай ақыр.
Бектұрға қыз айттырған жөнін сөйлеп,
Бір бастап, жайын айтып келе жатыр.

Байқады кәрі Бөген сөздің ізін,
Белгілі айттырғаны төре қызын.

—Шырағым, айтқан сөзің сыйы кетті,

Сөзіңнің аяқ жағын тоқтат өзің!
Бөгенге қайғы түсті уайымнан:

—Көрмесем кімнен көрем, Құдайымнан.

Құлымды ұл дегізген Тәңірім-ай,
Тың едім, айрылдам ба бұл жайымнан?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сарыбай, айтқан сөзің бұл бола ма,
Құл шіркін жеті қойлық ұл бола ма?!
Аққуды қарға баптап алдырмақсың,
Бұл сөзің нәсіліңе жөн бола ма?!

Сәдірбек—он екі абақ ел төресі,
Бір құлға қызын сата бергені несі!
Әкемнің аруағына берген екен,
Деген соң Маянбайдың немересі.

Маяннан бірін алсаң нең кетеді,
Түбіңе артқандығың бір жетеді.
Жолықпа мұндай сөзге екіншілей,
Шырағым, бүйте берсең ар кетеді.

Малымды арман қылып мен не етейін,
Бұл малға сендер ие менен кейін.
Артымда ұлым түгіл, қызым да жоқ,
Бермейді жылағанмен кешке дейін.

Сол қызды не қылсаң да, біреуің ал,
Кетпесін сілекейсіз шаян боп мал.
Тез барып бұл жұмысты бітірмесең,
Көрерсің менен бір іс, көңіліңе ал.

Жиып ап жолдастарын қайта жүрмек,
Бұ жерде бола алмады жай кідірмек.
Жүз бие, елу түйе малды алып,
Ауылға барарында той мал бермек.

Екі күн аялдан соң жүріп кетті,
Жол жүріп он екі күн барып жетті.
Той қылып неше күндей елін жиып,
Күйеуге төре қызын бермек бопты.

Қолында Қадишаның тотысы бар,
Оңаша оған қарап жылайды зар.
«Ел ортасы жау болып кете ме» деп
Ойлайды, ақыл менен сабыры бар.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Бір сөзді айтам,—деді,—тотым, саған,

Бір хабар қонақтардан әкел маған.
Сенімен мен баратын ием қандай,
Иеміз тәуір ме екен әлде жаман?
Есітіп тоты кетті қанат қағып,

Отырды жақсы-жаман сөзді бағып.
Сарыбай тотыменен сөйлеседі:

—Ей, тотым, бұл араға келдің нағып?

Тоты:

—Келіп ем қонақтарды көрейін деп,

Соңынан жақсылардың ерейін деп.
Иеміз баратұғын қандай екен,
Әдейі келдім соны білейін деп.
Сарыбай:

—Қарап көр, тотым, енді біздің жайды,

Танып ал—қандайымыз сізге ұнайды.
Бәріміз бір кісінің баласымыз,
Кім ұнаса, соны біз көрдік жайлы.
Елудің қырық тоғызы бір атадан,

Жалғыз-ақ Бектұр байғұс жеке атадан.
Баласын Маянбайдың кеміте алмас,
Қаракөк үзілмеген жеті атадан.
Осының бәрін танып тоты білді,

Тоты да зерек еді, өзі тілді:

—Бір кісіден басқаңыз жарар еді,

Сол болып өшірмесін қызыл гүлді!
Сарыбай:

—Ей, тотым, сенің өзің сөйле жайды,

Әйтеуір, сенің иең табар байды.
Осы үйдегінің біреуі ие деп біл,
Қайсысына жіп тақсаң, сол ұнайды.
9-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұламын қанатыңды шағым айтсаң,
Менен тірі қалмайсың, сорлы қайтсаң.
Онан да жөн сөзбенен иеңе бар,
Иең де разы болар солай айтсаң.

Тоты естіп осы сөзді қызға барды,
Көңілінде ойлап барад қайғы-зарды.
«Қор болып, құлға ием кете ме?» деп,
Жеткенше жылауменен көз қызарды.

Сөйлемес тоты байғұс әңгімесін,
Ойлады «Айтамын,—деп,—мұның несін,
Қадиша менен өзі аз біле ме,
Өзі де ойлайды ғой бір өлмесін!»

Отырды өз бағына ұшып барып,
Ұяда бұғып жатыр қонып алып.
Тотыны бұғып жатқан көзі көрді,
Қыз қараса төсектен тұра салып:

—Тотым-ау, сен отырсың нені бағып?

Айтпайсың келгеніңді маған нағып?
Жақсы десең, қуантар жөнің бар ед,
Жаман болса, айтсаңшы маған шағып.

—Бөтен жоқ құдалардың арасында,

Бәрі де жігіт екен жарасымды.
Кісіні лайықсыз көре алмадым,
Ойладым бір кісінің баласындай.

—Тотым-ау, есек қандай, қашар қандай,

Танисың—тәуір қандай, нашар қандай?!
Маған айтар сөзіңді жөндедің бе,
Жыладың ба екі көзің жасарғандай?!

—Сұрама менен оның әңгімесін,

Өзің де білесің ғой сөз жүйесін.
Тәңірдің бір жазғаны болады ғой,
Көрерміз тірі болсақ, сөзге иесің!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

—Жарайды, бала тотым, бар ақылың,

Сен едің қолымдағы бар жақыным.
Кім де болса ішіңе сыйғыз, тотым,
Ұмытпай, ойыңа алып жүр, осы ақылым.
Қарасам жау көрінед жан-жағымда,

Қарайтын жан көрмедім бет сағыма.
Үйде бір Бөген деген кәрі бар деп,
Барамын тірі отырған аруағына.
Он отау, жүз түйе артып жасау берді,

Байлығын келген жұрттың бәрі көрді.
Тамаша неше күндей тойын қылып,
Шешесі қыздың бірге қасына ерді.
Қыз мінді Алаяқты ырғақтатып,

Үкілеп құйрық-жалын, бұлғақтатып.
Шыққан соң жол үстінде сөйлеседі,
Батырдың әрқайсысын сөзбен тартып:

—Бізде жоқ айтатұғын, жаным, бір сөз,

Сен сөз айтсаң—ұялып, мүдіреміз.
Батырдың аруағына келеміз ғой,
Қай түрлі шығарады батыр мінез.

—Құныңды үйдеп жоқтап, бізді айдаған,

Қондырмай үйге үш күн, түзге айдаған.
Атаңның әмірінен жан артпайды,
Жөн табар бір лайық, жаным, саған.
Келіпті елге таяу-жақынырақ,

Барсын да сүйіншіні біреу сұрап.
Алушы табылмайтын күні бар ма,
Кетіпті түстік жерден ол зымырап.
Бір адам шауып барды сүйіншілеп,

Алардың жөнін қармап, ақы тілеп.
Бөгенбай отыр екен өз үйінде,
Қайғыға тағы түсіп сонда «үһілеп»:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Құл қатыны келін боп келе ме екен,

Осындай қорлық жанға бере ме екен?!
Бойына Байсын судың ата-енесі
«Апарып, сол құлдарға берсін» деген.
Қорлықта тірі отырмын өлмеген соң,

Артымнан бір шырылдақ ермеген соң.
Құлымды «ұл» дегізген құдайым-ай,
Немене көздің жасын көрмеген соң.
Келтірме маңайыма, әкет аулақ,

Ортамды сөз басады кесел қаулап.
Бір тұлды алып келіп бейнетім не,
Жолатпа маңайыма, аулағырақ?!
Әлгі адам шауып барып айтты тағы,

Ала алмай сүйіншіні сынып сағын.
Жабырқамай, жайнаған Қадиша қыз
Басынан кетіп қалды күн баяғы.
Атынан жерге таман құлағаны,

Әл кетіп, талып түсіп, сұлағаны.
«Жолықтым қандай күйге, апыр-ай!» деп,
Жырменен қыздың сонда жылағаны.
Шешесі басын сүйеп, жасын тимай,

Отырды: «Жалғызым!—деп, қызын қимай.
Қарағым, мұндай күйге жолықтың ба?
Құлыным, арпа ішінде жалғыз бидай!».
Қыздың сөзі:

—Бөген, Бөген, Бөгенге,

Бөгенұлы дегенге
Ен салмаған енсіз бар,
Ен саласы дегенге,
Иесіз кеткен көп тайға

Таңба бассын дегенге.
Ақ сұңқар едім аспанда,

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Ұша алмайтын кез болдым
Асусыз асқар кезеңге.
Қайтіп қана шыдаймын,
Жиделі судың бойында

Балық пенен шортанның
Ішін жарсын дегенге.
Көз жасымды көрмей ме,
Аруаққа келген мен сорлы,

Көрейікші демей ме.
Бөгенде әйел мол дейді,
Тілегім қабыл дәл болса,
Бір шырылдақ ермей ме!

Күтер едім өтсем де,
Жалғанда байсыз кетсем де.
Ардақты басым азайып,
Басымнан бақыт кеткен бе?!

Бір адам бәйбішеге айтқан барып,
Әлгіндей қыз сөзінен хабар салып.

—Адасқан Бөген тұрсын өз жайына,

Көремін Қадишаны өзім барып!
Алдынан шашу шаша апармаққа,
Тай тұяқ, екі қоржын жамбы салып.
Жақын жер, алыс емес, ауыл жаны,

Алдынан келінінің жетті барып.
Жылауы Қадишаның жан күйгізед,
Батырлар бәрі де отыр аң-таң қалып.
Бәйбіше батыр сөзін «қойшы әрі» деп,

Түйені жүргізеді бұрып алып.
Жылауы бейшараның осылай деп,
Бөгенге тағы біреу айтқан барып.

—Бұл ісім ашуменен ағат екен,

Көрейін өзім дағы,—деді,—барып.
Өткен күн қайта басқа қайдан қонар,
Берген жоқ түк жақсылық қайғы мен зар.
Өзімде ұл жоқ болғанмен, туысқан көп,

Біреуі келген жанға,—деді,—болар!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бәйбіше алып келед үйге таман,
Құдағи батырменен қылды аман.

—Аруақты, қасиетті атаңызға,

Бір балам келді,—деді,—сізге таман.
Адыра құлың қалсын әкесімен,
Алыстан естіген сөз қандай жаман!
Бөгенбай, Құтты болсын келініңіз,

Алыстан біздің қалай келуіміз
«Келген дәулет—кеткен сор» деген қайда.
Жөн бе екен бізді сыртқа тебуіңіз?!

—Бұл сөзді мойынға алдым, жазам даяр,

Мынау жазым жалған ғой жолдан таяр.
Құдағи, мен сорлыдан не сұрайсың,
Жасырын нем бар дейсіз сізден аяр.
Отауын тікті ауылға жақынырақ,

Той қылды неше күндей ақыр бірақ.
Тойын қылып, ойынын ойнаса да,
Бөгенбай «қайтемін» деп отыр бірақ.
Бектұр құл кете барды өз үйіне,

Қызға өкпелеп бұрынғы ит күйіне.
Біреуді біреуге әкеп теңеп қойған
Жалған ғой жазымы көп ит дүние!
Бөгенбай ой ойлады жалғыз өзі,

Жалғыз-ақ күші келер екі көзі.

—Біріне осы иттердің бермеймін,—деп,

Айтады құдағиға жалғыз сөзді.

Апамнан бір туысқан туған бала,
Құдағи, барсам қайтед сұрап ала?
Лайық қызыңызға сол жиенім,
Екеуін қосар болса Алла Тағала!

Құдағи: «Мынау сөзің мақұл, деді,
Құдеке-ай, шын екенсің пақыр, деді.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Өзім барда қызыма бір белгі бер,
Жөн болса, жиеніңді шақыр»,—деді.
Жылқыдан тақыр атты алдырыпты,
Көңілін жас Маяндар қалдырыпты.

Қасына бір-ақ жолдас ертіп алып,
Шектіге ер Бөгенбай үйден шықты.
Барыпты апасына ер Бөгенбай,
Барғаны тегін емес бала сұрай.

Бар екен тоғыз ұлы апасының,
Ақымнан алмақ емес басқа ұлды-ай!
Көрісті апасы кеп бауырына,
Келмеген он жыл ұдай ауылына.

Ақымның жиырмаға шыққан жасы,
Салмақ ед бала қылып бауырына.
Айтады жылап тұрып Бөген жұмыс:

—Дейтұғын жиендерім Ақым, Қылыш.

Ақымды бала қылам, маған берсең,
Қалғаны, өзгелері саған дұрыс!
Ұстап тұр өз қолыңа Қылышыңды,
Айтамын іздеп келген жұмысымды.

Бермесең Ақымыңды, кетем үйге,
Шығарма бауырым деп дыбысыңды.

—Қарағым, ішке сыймас жыламасам,

Жиылмас сөз табылып құрамасам.
Ақымнан басқа бірін алсаң екен,
Суалтқан ақ сүтімді сұрамасаң.
Ақшал бай жылап тұрды кемсең қағып,

Тұр еді көріскелі сырттан бағып.
Мұң-зар көп Бөгенбайда бала десе,
Шыдасын естіген жан бұған нағып?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екеуі тартысып тұр Ақым жасқа,
Бөгенбай тоя алмай тұр ықыласқа.
«Құдайдан бала тартып ап па едің?» деп,
Ақшал бай бәйбішесін салды басқа.

Кемпірді тақ еткізіп басқа салды,
Бөгенбай бұған разы болып қалды.
Алты күн аунап-қунап сонда жатып,
Ақымды бала қылып қолына алды.

Ақым да батыр болған өз елінде,
О дағы Бексұлтандай гөзел еді.
Жеті күн елі-жұртын жинап алып,
Бөгенбай қош айтысып жөнеледі.

Таңертең елден шығып жүріп кетті,
Бойына бір өзеннің келіп жетті.
Астында қара ала атты жалғыз адам,
Артынан елден шығып қуып кепті.

Қараса, бір сұлу қыз жорға мінген,
Бөгенбай кім екенін қайдан білген.
Ақымға келген жерден сөз салады:

—Уәделі сөзің қайда ермін деген?

Ей, Ақым, қой тоғыта бармап пе едік,
Онда бір уәдеге салмап па едік.
Не түрлі бай-патшалар келсе дағы,
Біз байғұс айтқан сөзде қалмап па едік?!

Мен сені қуып келдім сөз салмаққа,
Мен тимекпін, уәдең бар мені алмаққа.
Үш жылдай сені күтіп қалмадым ба,
Сен өзің кеткен шақта жау қалмаққа!

Мойнына Ақым жастың салды сөзді,
Су бойы төрт-ақ кісі келген кез-ді.
Сондағы қыздың ақыр айтқан сөзі:

—Жауап бер, әуре қылмай енді бізді!

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

Не дерін білмей қалды Ақым сасып,
Ақымды қыздың сөзі тұрды басып.
Бөгенбай қыз сөзіне разы боп,
Ақымға: «Сөз айт,—деді,—ақылдасып».

Ақым айтты: «Менде жоқ ешбір ерік,
Байлаған едім, рас, сөзді берік.
Не десеңіз—өзіңіз тиянақтат,
Мойынға сөз түскен соң неге керек?».

—Жығылып қиын екен қыздан сасқан,

Бұ күнде ерік біткен біздің бастан.
Шырағым, маған таман жақын кел,—деп,
Қызбенен Бөген сонда ақылдасқан.
Қыз айтты: «Мен қайтемін, айттым сөзім,

Төрт болған жолын қарап екі көзім.
Ақымға бұ жалғанда сөз кешпеймін!
Бар еді айтсам қайтпас бір мінезім!».

—Әуелі, жарықтығым, апарайын,

Салқын үй алдында тұр мұның дайын.
Сөзіме менің айтқан тоқта, жаным,
Қайта кеп, құдаласып алдырайын.
Бала десе, басымда ми қалмайды,

Сөзіме тоқта, балам, айналайын!
Бөгеннің бұл сөзіне тоқтады қыз,
Боп қалды бостығы жоқ ноқталы қыз.
Бөгенмен қол алысып, уәде етті,

«Күтем,—деп,—тірі болсам, келесі күз!»
Үйіне қыз қош айтып, кетті кейін,
Ауылына келіп жетті кешке дейін.
Бөгенбай Ақымды алып үйге келді,

Той қылды ат шаптырып ұлы жиын.
Қуанды інілері бәрі бірдей,
Ақымды қыз Қадиша аңдып жүрді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Басынан бақытты болған адам екен,
Қуанды деп: «Тілегім қолға берді!».
Сөйледі сонда Бөген қалған қызды:

—Артымыздан қуып келді,—дейді,—бізді.

Тоқтаттым құдағиым сенің үшін,
Қылмаймын сөзге сынық дедім сізді.
Бұ жайды есітіпті Қадиша да:

—Апырмай, бола ма екен мұндай жара?!

Тойымызды екеуіміздің бірге қылсын,
Әкелсін осы қызды не қылса да!
Мен разы болдым,—деді,—атакеме,
Апаке, әкелет деп пәлен деме.

Бақытты Тәңір берген ешкім алмас,
Деген сөз «Ер етегі—алтын кеме!».
Бейшара, о да мендей қыз емес пе?
Біреуі зарлағанның біз емес пе?

Осы ауылдың үш-төрттен қатын алу—
Мұралы атасынан ізі емес пе?!
Бұ сөзді Бөгенбайға айқын айтты,
Ер Бөген разы болып қалды қатты.

Батасын неше мәрте берді білем,
Ер Ақым төрт жолдаспен қайта қайтты.
Сегіз күнде шектіге қайта барды,
Қызды алып он бес күнде қайта салды.

Той қылып мұнда әкеліп ұлы жиын,
Қолына екі асылды бірдей алды.
Ақым—ұл, Бөген—әке болып тұрып,
Бөгенбай сексен жаста дүние салды.

Сөйлейін бір хикая өткендерден,
Артында аты қалған батыр ерден.
Дерегім дәлелдейін тіл мен құлақ,
Мен емес шежіре оқып көзбен көрген.

Болмасын тағы менде мақтау-боқтау,
Тек қана істеп кеткен істен тоқтау.
Аяңды жақсы үйренбей жорға болу,
Әуелі, атқа да ұят шоқырақтау.

Естіген талай сөзді кәрі құлақ,
Қылмай ма естіген сөз мида тұрақ.
Қартайып ми азайып шайқалса да,
Сөйлейін білгенімді бір азырақ.

Ескі сөз ертегілер ел ауызында,
Бір жерге қосыла алмай жүр бытырап.
Айтқан сөз біреу олай, біреу былай,
Жыртылған ескі нәрсе тозыңқырап.

Шуда жіп, жуан ине бар құралым,
Көрейін еңбек қылып құрап-жамап.
Бір шебер машинеге салса ерінбей,
Болмай ма жұрт көрелік жап-жақсы зат.

Ескіні жаңалыққа айналдырған,
Ағымы заманның бізге сабақ.
Жасарып мен де жаңа болмаймын ба,
Тусам да бұл заманнан бұрынырақ.

Бөгенбай батырдың бірінші
жорығы
(Молдажан Жадайұлы нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Олақтық оңбасын» деп қарғаймын да,
Деп айтып қателессем басты құлақ.
Ізінен ғылым-білім шықпаған соң,
Шіркін-әй, болмай тұр-ау өте ұнамдырақ!

Алды-арты қараңғыға бірдей тұйық,
Сөкпеңіз, тыңдағандар, мені сынап.
Байқасақ бұрынғы замананы,
Болыпты төрелерде қазақ ханы.

Ел қамы, шеннің қамы екі түрлі,
Төрелер қайсысы болып табылады?
Сәмеке, Әбілқайыр, Әбілмәмбет,
Бұлардың қарауында қазақ қалды.

Басшысы ойлап кетіп бас пайдасын,
Қалыпты орындалмай ел арманы.
Қалмақтан соққы көріп Сыр бойында,
Дәлел сол Арқаға ауып шұбырғаны.

Қазақтың белгісіз ғой арғы жері,
Белгілі көзге түсер із шамалы.
Әйтеуір сыр бойында жүрді дейді,
Сағанақ деген қала орталығы.

Ғасырдың он екі, он бес арасында,
Құралып Сыр бойынан табылғаны.
Кім болды, қайда жүреді одан бұрын,
Белгісіз кімнің-кімге бағынғаны.

«Ақтабан шұбырынды» дейтін жорық
Көтеріп шымылдығын айқындады.
Жаулық боп қазақ, қалмақ ортасында,
Ел шауып бір-бірінен жылқы алады.

Ел қорғап еңбек қылған сол жаз бойда,
Қазақтың қол бастаған батырлары.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Біреуі сол батырдың—ер Бөгенбай,
Орта жүз руынан арғын табы.
Бөкеңнің тоғызыншы атасы екен
Арғынның нәсілінен Қанжығалы.

Атанып Қанжығалы қарт Бөгенбай,
Артқыға осы күнде ұран қалды.
Жас Жантай ақылшы, Атан жеткіншегі,
Бөкеңнің жамағайын туыстары.

Екі жүз жиырма жылдай бұдан бұрын,
Қалмақ пен Бөкең соғысқаны.
Ескі сөз естігеннің есте барын
Отырмын әңгіме ғып қозғағалы.

Сөз қылып қозғайтыным бір Бөгенбай,
Батырлар Бөкең тұсында болған талай.
Тозғындап Сырдан қазақ үріккен кезде,
Бастары кеткен екен қосыла алмай.

Ел бермей елге билік қаша берген,
Есалаң қасқыр тиіп үріккен қойдай.
Әр таптың батырлары өз бетімен
Ел сақтап кеткен екен айырыла алмай.

Бастарын батыр бидің қосқан кезі,
Тұсында таққа мінген хан Абылай.
Бөкеңді жеке талдап сөйлеушінің,
Әлеумет, тыңдасаңыз жайы осылай.

Ер өткен қанжығалы қарт Бөгенбай,
Сол ердің өмір тарихы болған қандай.
Нобайлап жұрт айтқанмен әңгіме ғып,
Тіпті көп қалған жері орындалмай.

Отыз жас шамасында Сырдан көшкен,
Тарихтан әркім іздеп жүр таба алмай.
Мың жеті жүз жиырма үшінші жылы шамасы
Үркіпті Сыр бойында қазақ қалмай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ел екен бейбіт жатқан жайлап Сырды,
Қапыда қалмақ шауып қырғын қылды.
Үрерге ит, сығарына биті қалмай,
Бет алып Сарыарқаға ел шұбырды.

«Ақтабан шұбырынды» дейтұғын сол,
Жолшыбай аштан өліп көп қырылды.
Келгенде Ұлытауға біраз тоқтап,
Қалғаны қырылғаннан есін жиды.

Жанына жау жарасы батқан халық
Сол жерде сұрыптапты батыр биді.
Ол кезде батыр Бөкең тақуа адам,
Ешкімді күшім бар деп жауламаған.

Қазақтың қара ғана биі болып,
Тоқтатып елді тыйған дау-жанжалдан.
Амалсыз атқа мінген батыр болып,
Көрген соң қазақ қорлық қалмақтардан.

Жолдассыз бір жағдайда жалғыз жүріп,
Арқаның қоныс қарап жерін шалған.
Жолдассыз жалғыз жүру себеп мынау—
Бай салғырт, батыр аңғырт дейді омырау.

Сарысу, Нұраға кеп елдің алды,
Қалмақты қолға түскен қылған талау.
Арғынның кейін қалады қалың елі,
Азғана ел бөлініп шыққан қанжығалы.

Баласы жеті момын быт-шыт болып,
Қалмақтың қатты тиген соққылары.
Сары жетім кіші жүзде Шақшақ елі,
Шыңғысқа тобықтыға бертін келді.

Атығай—қарауылмен, бәсентиін
Арғынның дүрмегінде жүре берді.
Дейтұғын жеті момын осы халық,
Бұлар момын шешейден туған анық.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Момынның бір баласы Қанжығалы
Деп солай дәлелдейді кәрі тарих.
Қалмақтар бұл алапта көшіп жүрген,
Арқаның кең даласын кешіп жүрген.

Орталық мәдениет жоқ бұларда да,
Даланың аңындай боп босып жүрген.
Бір күні елін жиды ер Бөгенбай,
Кейінгі ел келуіне аялдамай.

Жолдасы төрт батырға ақылдасты—
Толыбай, Досай мен Атан, Жантай.
«Жетпеспіз көшпен қуып қашқан елді,
Буайық тәуекелге байлап белді.

Ашығып ел жүдесе, қиын болар,
Бетке алып күн шығысқа жүргім келді».
Дейтұғын Мәмбет ұлы Атан батыр,
Бөкеңмен бала жастан қосқан ақыл.

Толыбай, Досай менен Жантай қошеметпен
Батырдың айтқан сөзін көрді мақұл.
Мейрамның Толыбай батыр ол бір ері,
Айдабол Сүйіндіктен шыққан тегі.

Аз елмен о да көшіп, елін бастап,
Бөкеңмен қанаттас боп келген еді.
Бұл жерде түгел де емес қанжығалы,
Жаусырап озып шыққан батырлары.

Іретті жігіттері—бәрі жеп бас,
Малмаяқ мешеулері кейін қалды.
Жинағы бес батырға ерген елдің,
Үй дейді екі-ақ жүздей ел долбары.

Сөйлесті кеңес қылып жол жабдығын,
Аз елдің басын құрап батырлары.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бөгенбай сөз беріпті Атан ерге,
Екен деп бұл не айтады сынағалы.
Сөйледі сөз берген соң Атан батыр,
Кісі екен майда сөзді, жібек ақыл.

—Шырмалған жау торына деп айтады,

Сақтанбай бейбіт жатып қазақ қапыл.
Ел шеті жаудың беті осы қоныс,
Айтайын, ұнатсаңыз, мен бір ақыл.
Іреттеп қол жартысын бөліп алып,

Ел сақтап қалсын мында екі батыр.
Ашыққан қазақ та жау, қалмақ та жау,
Қалуы елдің ессіз емес мақұл.
Малыбай Досаймен елде қалып,

Бөкеңмен Атан, Жантай ереді ақыр.
Бір жүздей адам ертіп қол мөлшері,
Бет алып Күншығысты келе жатыр.
Нұраның басын көктей кесіп өтті,

Есілдің аңғарына қойып бетті.
Бейсауат көз үшінде бір топ қара
Көзіне батырлардың көрініпті.
Білмейді аң ба, мал ма, я адам ба,

Көрген соң о да қашып жөнеліпті.
Бұлар да болжай алмай не екенін,
Ат қойып қашқан затты қуып кетті.
Бұл қашқан құлан болды байқағанда,

Шоқтай боп жұбын жазбай жөнеліпті.
«Аң болса, қумайық» деп тоқтағанда,
Кездейсоқ бір қос атты бола кетті.
Батырлар ақылдасты мұны көріп,

Келмейді шақырса да атой беріп.
Күншығыс қайсысы деп бетін түзеп,
Барады қашып кетіп ол жөнеліп.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Шалғыншы-қарауылшы десті бұлар,
Бұл жұртын дүрліктірмек, хабар беріп.
Аптығып аласұрды Жантай батыр,
«Суытбай бізде ізінен жөнелік».

Жантайға Бөкең сонда ақыл салды,
Шұбалып қолдың арты кейін қалды.
Аттары арық шеру, бәрі мешеу,
Бізге еріп олар, сірә, жүре алмайды.

Далаға тастап кету жөн бола ма,
Ылғи жас жол көрмеген балаларды.
«Асығыс—шайтан ісі» деген қайда,
«Емес пе бас амандық олжа алды».

Үшеуі ақылдасты сонда тұрып,
Жүретін жолдарына план құрып:

—Қуайын қос аттыны,—дейді Бөкең,

Кейін қайт екеуіңіз сабыр қылып.
Шашылған қолдың артын жинап алып,
Тоқтарсыз бір-екі күн тынықтырып.
Жобамен менің кеткен келерсіздер,

Құдайға тапсыр, кетсем жазым болып.
Дейді Атан: «Лайық ба жалғыз бару,
Бізге ұят, үлкен намыс сізден қалу.
Артында бекіністе қалың жау бар,

Жөні сол—қос аттының қайта салу.
Жолдаспен бірге өлгенде арман бар ма,
Аянбай ашық жұмсап жауға қару.
Жата ма батырлыққа,—дейді,—Бөке,

У ішіп көре-біле өле қалу».
Болмайды Бөкең қанша тоқтау салса,
Алысты оймен шолып оймен шалса.
Жүректің кілтін ашып шын сырының

Сөз айтты Бөкең сонда бір тамаша:
5-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Жеткіншек бауырларым, ұқ,—деп айтты,

Залымнан зәбір көріп жұрт жыласа,
Жаудан кек әперетін елін қорғап.
Құдайдан зарыққан ел ер сұраса,
Сол елдің бірі болып есептеліп.

Артқымда өзім өліп, ізім қалса,
Барлаушы өткен күнді болмай қоймас.
Сол кезде атыңды атап, ауызына алса,
Өлсем де, болмаймын ба өлмегендей.

Ісім боп сүйінерлік жұрт таңдаса,
Тигенге өзің тимей, шыдау қиын.
Қорлыққа көне беру айуанша,
Жауменен жағаласпау бұрыс па екен?

Құр жылап, көз уқалау балаларша,
Ел қорғау—ерге борыш кешілмейтін.
Ер сол ғой сол борышын жақсы атқарса,
Шарықтап дүниені кезген шақта.

Қыранның құйрығы бар қанат талса,
Сол құйрық сіз болмақсыз, бауырларым.
Ағаңыз жазым болып жауда қалса,
Қазақтың қалмаққа жоқ еш жазығы.

Тексеріп әділ Құдай өлшеуге алса,
Құралып бір қосылар қазақ басы.
Жете алмай жайлаулары кейін қалса,
Алдынан жер босатып, қоныс тауып.

Қоялық жолымызды Алла оңдаса,
Көп заман жүрдім кірмей мұндай іске,
Көз жұмып құр шұлғумен сопыларша.
Қазақтың тегіс сәлем баласына,

Ризамын құрбандыққа мені шалса.
Толғанып долдық билеп кетті, батыр,
Арбасқан апсинменен оқ жыланша.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Мынадай Бөкең тағы айтты нұсқа,
Атанжан, жас Жантайды байқап ұста.
Қанды көз, алғыр қыран мұзбалағым
Қалмасын жазым болып түсіп тасқа.

Шабыты келсе, тұрғы таңдамайтын,
Ұқсаған мінезі бар қыран құсқа.
Алыстан көруші едің ақылменен,
Кетпесін жолдас болып асығысқа.

Халқына қауіп туған уақытта,
Түскеннен арманы жоқ сандалысқа.
Ерігіп ер келсе, қақпа бетін,
Жалғыз-ақ үзеңгі бауын мықтап ұста.

Екеуі қала берді амандасып,
Бет алып тартты жалғыз Күншығысқа.
Хош айтып жүріп кетті Бөкең батыр,
Астында жамбы кер ат, қолда шатыр.

Көк мұнар жайып қойған керегедей,
Бетке алып тізбек тауды келе жатыр.
Шағында талма түсте шыққан екен,
Күн батып, намаз шамның болды-ау ақыр.

Кездесіпті сол арада бір үлкен көл,
«Тынығып, қонайын» деп ойлады ақыр.
Кер атты таң асырып байлап тастап,
Қаперсіз қалды жатып бейқам батыр.

Өзінің мезгілінде таң бозарды,
Көлден құс «тұр» дегендей қиқу салды.
Суатқа дәрет ала барған батыр
Сол жерден бір айбалта тауып алды.

Екі аттың ізі жатыр құмға батқан,
«Қалған,—деп,—қос аттыдан мұны аңғарды.
Еншалла, жолым болар бұл сапарда»,
Деп Бөкең жау қаруын ырымдады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айбалта болып қиақ қара қапты,
Жебесі жырта қарыс ырғай сапты.
Ығында бір биік тұр осы көлдің,
Балтаны соған шығып жерге шапты.

Суырып қалтасынан орамалын,
Сабына айбалтаның ту байлапты.
«Кез болса Атан шешер осыны» деп,
Қалдырды Бөкең сүйтіп бір жұмбақты.

Жөніне жүріп батыр кете барсын,
Сөйлейін енді аз ғана артқы жақты.
Атанмен батыр Жантай кейін барды,
Шашылған қолдың артын жиып алды.

Тынығып бір-екі күн сол арада,
Жобамен Бөкең кеткен аяңдады.
Бұлар да әлгі көлге келді жаңа,
Тартады қарыны ашқандар судан қоға.

Сал байлап бозбалалар көлге түсіп,
Кәні боп тойып қалды жұмыртқаға.
Тынығып, тыраңдасып жатты көлде,
Қарауыл қарау керек Атан ерге.

Басына бір биіктің шығып еді,
Балта ұңғылатып оңайлап шапқан жерге.
Сабына орамалдан ту байлапты,
Ұйғарды мұны істеген Бөкеңдерге.

Бөкеңнің оймен шешіп бұл жұмбағын,
Мәнісін түсіндірді жатқан елге.
«Балтаны Бөкең болар жерге шапқан,
Ол мысал осы арада жат» деп айтқан.

—Сабына балтаның ту байлағаны,

Қарауыл қатты қойып деген сақтан.
Айналып бір келеді осы араға,
Тапқаным менің осы бұл жұмбақтан.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Осы көл десіп бізге жайлы қоныс,
Тойғандар жұмыртқаға бек ұнатқан.
Орнығып аунап-қунап бұлар жатты,
Асады жұмыртқа әкеп күнде бақыр.

Түс көріп ұйқысында қатты шошып,
Ақыра түрегелді Жантай батыр:

—Атты ертте, ал жүрелік жатып болмас,

Атанды қарауылдан жылдам шақыр.
Кісі екен шапшаң мінез, тым күйгелек,
Қоймады көпшілікке дегбір ақыл.
Мұны естіп қарауылдан Атан келген,

Сұрайды «не болды?» деп Жантай ерден.
Қанталап екі көзі, ашу билеп,
Атанға айтты сонда түсін көрген:

—Шошындым қорқынышты бір түс көріп,

Теңізге Бөкем түсті қайық мініп.
Көтеріліп көл жүзінде қалың толқын,
Қып-қызыл судың беті қанды көбік.
Қайығы батар-батбас суға толып,

Жүрмейді ессе дағы бір жөнделіп.
Қағып жүр көп толқынды қанатымен,
Аспаннан ақтұйғын құс ағып келіп.
Білмеймін ақырының не болғанын,

Жорышы зерек едің ой жіберіп.
Ойлады жорымаққа Атан түсін,

—Қосасыз қорқынышқа мұның несін.

Қорқыныш емес, түсің қуаныш қой,
Жориын бересіз бе сүйіншісін?
Бөкешім көлге жүзсе, олжа дағы,
Теңіздей тегін олжа табылмағы.

Қолына ескек алып, қайыққа мінсе,
Жанбыгер астындағы арғымағы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Малтығып қайық суға жүзе алмаса,
Арықтап жануардың болдырғаны.
Майданға кірген болар осы сағат,
Жүр екен аттан келмей ердің бабы.

Кездескен көл жүзінде қалың толқын,
Қаупі бар қамалаған жау болмағы.
Қаптаған судың бетін қанды көбік,
Ол жаудан маңыз кетіп қырылғаны.

Толқынды қағып жүрген ақтұйғын құс
Бөкеңдей аруақты ердің бағы.
Нәрсе жоқ бақыт жеңбес дүниеде,
Түсіңнің осы болды жорымағы.

Шабытқа ұшар күнің әлі кейін,
Батырдың алғыр қыран мұзбалағы.
Сабыр қыл, тоқта Жантай, жібермеймін,
Бөкеңнің бар ма есіңде тапсырғаны?

Тоқтады амалсыздан Жантай ақыр,
Тоқтатты Атан толғап айтып ақыл.
Кездесті қандай кепке, қайда барды,
Жаңағы жалғыз кеткен Бөкең батыр.

Арқаның Бөкең кезді сар даласын,
Танысып бәрін көрді сай-саласын.
Жағалап Кәрітауға кірген кезде,
Бір қалың көрген екен қол қарасын.

Бұл жерді мекен қылған шың деген жұрт,
Қазаққа дұшпандығы тіпті басым.
Деп естіп сары Ұлытауға қазақ келді,
Табуға жиған екен бозбаласын.

Қос атты осы қолдың шалғыншысы,
Мөлшерлеп өлшегенде сөз шарасын.
Қалмақтың бұл бір тобы байқағанда,
Айтады таратқандар ат атасын.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Білмейді Бөкең қолдың кім екенін,
Пері ме, я шайтан ба, жын екенін.
Соғысқа бірінші рет кірген жері
Осы екен бақытын сынап ер Бөкеңнің.

«Тимесе өзі маған, мен тимеймін,
Неғылам қанын жүктеп бұл шіркіннің».
Қалмақша ұран салып, қамап алды,
Сезінді сонда батыр жау екенін.

Төрт жүз қол бір кісімен соғыс салды,
Доптай боп талай бастар домаланды.
Кетеді біреу ұрып, біреу шауып,
Біреулер атып та жүр нысананы.

Шарайна белдік белде сауыт-сайман,
Бастыра киген батыр дулығаны.
Күмістен нақыстаған алтынменен
Қылыштың жарқылдайды балдақтары.

Ашулы арыстандай түсі суық,
Тандырды жауды есінен айбаттары.
Сықылды жайдың оғы шапшаңдығы,
Қашқанды құтқармайды арғымағы.

Мысалы тұтатылған бір сіріңке,
Тоғайды қалың орман жандырады.
Өлген өліп, өлмеген жан сауғалап,
Қалмақтың қалың қолы ыдырады.

Соғысқа кірмей бата шеттеп жүрген,
Ішінде күрең атты біреу бар-ды.
Ақырда Бөкеңменен қарсыласып,
Қасында аз кісі бар осы қалды.

Астында күрең тұлпар сондай жүйрік,
Күннен-күн асқан сайын зымырады.
«А, шіркін, жылқы болсаң, осындай бол!» деп,
Батырдың көңіліне ат ұнады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әр жерде мұны Бөкең бетке алды,
Қуғанмен жамбы кер ат жете алмады.
Қанша ұрыс салып жүріп осы қалмақ,
Батырға қатты берген соққыларды.

Қаша ұрыс салып жүріп осы қалмақ,
Батырға қатты берген соққыларды.
Қашады, ұрады да, жеткізбейді,
Аяғы бұл соғыстың көпке ұзайды.

Бөкеңнің астындағы жамбы кер ат
Жануар мойыны қатып арықтады.
Сүрініп алды-артынан белі солқылдап,
Көсіліп бұрынғыдай шаба алмады.

Шабысқа желіс тұрсын жарай алмай,
Бір кезде оқыранып тұра қалды.
Жолдастан айырылғалы дәл жеті күн,
Жоқ екен содан бері тыныққаны.

Тор соққан тобығынан ақиықтай,
Есіл ер аттан қор боп тарығады.
Болмайды қанжығасыз ер сірәсіз
Жантайдың түс көрген осы шағы.

Аттан күй кеткен соң, көп соққы жеп,
Батырдың өзі дағы қалжырайды.
Еңкейіп сонда Бөкең ат үстінен
Қолына жұдырықтай бір тас алды.

Айналып ұрмақ болып келген жауды,
Маңдайдан сол таспенен періп қалды.
Таңдамас бақыт бопты деген осы,
Өкіріп күрең аттан жау құлады.

Қалмақтың аттан түсіп кесті басын,
Батырға мұның дағы өткен зары.
«Қылам,—деп,—тірі болсам сені қоныс»,
Сол таудың тасын Бөкең ырымдады.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Қамданды енді Бөкең атты ұстауға,
Ат екен қару қылар мініп жауға.
Үстінде ер-тоқымы құйрық тігіп,
Бет қойып ат қашады Кәрітауға.

Көп қуды ұстаймын деп атты батыр,
Қуғанмен ат жеткізбей келе жатыр.
Ат кіріп Кәрітауға адастырып,
Батырға ұстатпай-ақ кетті-ау ақыр.

Соғысқан бағанағы жерге барды,
Үйіліп төбе-төбе өлік қалды.
Үш жүз тоқымды жинап алып,
Баяғы балта шапқан көлге салды.

Тынбастан тығыз айдап екі арада,
Көліне өзі қонған жақындады.
Отырған қарауылды батыр Атан
Шоғырмақ қарасынды көзі шалды.

«Япырм-ай, жау болар ма, неғылған топ?!»,
Ақылға салып Атан көп ойланды.
«Ақырын күтіп байқап көрейінші,
Нобайы Бөкең кеткен жобаларды».

Бермеді қолға хабар дүрліктіріп,
Бар екен сол сияқты сабырлары.
Отырды үміт-қауіп қарасында,
Сүйткенше Бөкең дағы келіп қалды.

Үш жүздей ер-тоқымды жылқы айдаған,
Екені мұның Бөкең танылады.
«Сүйінші, келе жатыр Бөкешім!» деп,
Ойдағы жатқандарға айқай салды.

Атты шауып, жаяуы жүгірісіп,
Қой менен қозыдай боп жамырады.
Қосылды бір-біріне сол арада,
Ат мінді мінгескендер жеке-дара.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ат мініп жабдықтады ер-тоқымды,
Мал сойып тамақтанып батты олжаға.
Баяғы балта шапқан тау басына
Белгі қып тастан қалап үйді оба.

Жүрсін деп ұмтылмай көңілімізде,
Ат қойған осы тауға «Балтақара».
Биігі Балтақара дейді осы күн,
Осындай себептерден қалған жора.

Шалқары Балтақара дейді осы күні,
Үлкен көл жұмыртқалы сол арада.
Тынығып осы арада біраз жатты,
Қайғылы Бөкең ойлап Күрең атты.

«Не екен,—деп,—ер қанаты білесіз бе?»,
Атанға Бөкең айтты бір жұмбақты.
«Ат болмақ ер қанаты» деген сөзді,
Байқамай Атан сонда айтып салды.

«Күреңді іздеп таппай жүрмейін» деп,
Наза боп батыр тұрмай жатып апты.
Жүзден жүйрік мініп ала жаздан,
Соққысы бір қалмақтың жаман батты.

Қашқанда құтылады, қуса жетет,
Шіркін-ай, сол ат мені таңырқатты.
Батырдың қарап тұрсаң жағдайына,
Сұлуға ғашық болған ер сияқты.

«Қайтсе де сол атты іздеп табармыз» деп,
Жас Жантай, ақылшы Атан мақұлдапты.
Бар қолдың іренішсіз барлығы да
Іздеуге бет түзеді Күрең атты.

Атты іздеп Кәрітауға қайта келді,
Қасына ту көтеріп бар қол ерді.
Арылтып Кәрітаудың сай-саласын,
Күреңді қашып кеткен іздейді енді.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Жүргенде бөлек-бөлек тауды сүзіп,
Бір топқа ат ерімен кез келеді.
Шаптырды сүйінші Бөгенбайға,
Бір аптық далақ қағып жетіп келді.

Аузына ат деген сөз түспей қалып,
«Ерімен, ерімен» деп айта берді.
«Тауды айтып, ерімен деп тұрсың» деп,
Мазақ қып әлгі адамға жұрт күледі.

Қазақтың ұзын бұраң жалпақ тілі
Сол тауға «Ереймен» деп атақ берді.
Ереймен атаныпты содан былай,
Болмаса негізгі аты Кәрітау еді.

Аттың сыны
Жұрт көріп таңырқапты Күрең атты,
Бір сыншы айналдырып көп сынапты.
Тұлпардың мүшесі бар денесінде,

Таңдамас арық-семіз күй мен бапты.
Күдірден күдір асса,
Тұлғасы жануардың бар сияқты.
Мынау ор, мынау ылди демес шапса,

Жалғыз-ақ болар депті басы қатты.
Алды-артын айналдырып көріп-көріп,
Мүшесін түгел талдап баяндапты.
Түйенің шоқтық жері өркешіндей,

Кетпейтін ер мойнына тиянақты.
Салпы ерін, кең танаулы, қалың езу,
Ойламас шөлде жүрсе сусамақты.
Сүрінбес қиын жерде, я жығылмас,

Тік бақай, жуан сіңір, сом тұяқты.
Дыбысты түстік жерден сезетұғын,
Естігіш, сергек екен тік құлақты.
Кең келген көтендігі ала майлы,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күй таңдап керек қылмас жарамақты.
Кең құрсақ, кебеже қарын, қабырғалы,
Жесе де тамақ қылар топырақты.
Құндыздай құлпыратын асыл жүнді,

Тер төгіп көксемейтін аунамақты.
Қыл түбі құйрығының жуан екен,
Білмейтін сары аязда бұл тоңбақты.
Қысқа жон, ұзын бауыр жазық екен,

Үстіне мінген адам болар бақты.
Өткізіп сыншының сынауынан,
Ер салып атты Бөкең мініп апты.
Ол тағы Кәрітауды аралады,

Бір тайпа ел көшіп жүрген табылады.
Адам жоқ қол көтеріп қарсы келер,
Шығармай қыннан қылыш шауып алды.
Соғыс та Бөкең кірген бітсе керек,

Бұл елдің бас көтерер батырлары
Қазына, қамқа, торғын алды бұйым,
Толтырып тоғанаққа талай нарды.
Алмайды қара малды мал екен деп,

Айдапты табын-табын жылқыларды.
Ат мініп, киім киіп, батты олжаға,
Батырдың құстай түлеп жолдастары.
Күн көріс қара малын қылсын депті,

Жазықсыз кемпір мен шал, балалары.
Біреулері наразылық қылса керек,
«Осы елге мал қалдыру жарамайды».
Сөйлепті үгіт сөзін ақыл айтып,

Бөкеңдей қол бастаған ағалары.
«Өзіңе қарсы келіп қаруласқан,
Өзіне-өзі обалы жаудың қаны.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Кемпір-шал, жас балада жазық бар ма,
Сондайың өздеріңнің қайда қалды.
Өлшеусіз жыртқыш болу жарай ма екен,
Дым шығып кете беру шектен әрі.

Кеселі ер жолының ынсапсыздық,
Ашылып кете берсе тіпті араны.
Өзімшіл, күншіл, күндес көрсеқызар,
Қалдыру керек сондай салт-сананы».

Қысқаша түсіндіріп ақыл сөзін,
Ақырын осыменен тамамдады.
Олжаға әбден тойып ырғап-жырғап,
Кейінгі Сарысудағы елге барды.

Елде жоқ тамақ, киім жүдеу екен,
Ауқат қып судан сүзіп балықтарды.
Батырдың ең алғашқы сапарында-ақ
Бұрынғы шараға ел толып қалды.

Қараша қауыз туды, салқын түсіп,
Қам қылды ел осы араға қыстағалы.
Ел үшін еңбек қылған ер Бөгенбай
Атақты батыр басшы сол жерді алды.

Осы жыл Сарысуды қыстап қапты,
Халінен кейінгі елдің хабар алыпты.
«Кіші жүз ауды—деген хабар келді,—
Бетке алып Ырғыз,Торғай, Орал жақты».

Атығай—қарауыл мен басентиін
Момынның бірталайы сонда қапты.
Тобықты, сары жетім, шақшақ момын
Бастары ел ауғанда қосылмапты.

Арғынның қалың елі орталықта,
Даласын Арал, Каспий жағалапты.
Әр елдің өз ішінен шыққан батыр
Бөкеңдей о да халқын асырапты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақтың көшпелі елін арқадағы
Тұс-тұстан қойдай қырып шапқын сапты.
Халқына кіші жүздің бастық екен,
Хан болып Әбілқайыр мінген тақты.

Мың жеті жүз қырқыншы жыл шамасы,
Патшаға сол бастапты бағынбақты.
Патшадан дүбараңдық шен алмаққа,
Өзеннен Еділ деген қала сапты.

Разы болмай бұған қалған момын,
Тауыпты содан кейін бұл алапты.
Білмеймін кездескенін қандай себеп,
Сары жетім шақшақ елі көшпей қапты.

Әр батыр қоныс алып өз күшімен,
Қалмақты қуып шауып жер босатты.
Бастаған батырлардың тізесімен
Қоныс қып Сарыарқаны ел тарапты.

Бөгенбай Толыбаймен бұрын келіп,
Шақырған «кел мұндалап» аруақты.
Момын мен сүйіндіктің көршілігі
Жобасын байқасаңыз сол сияқты.

Таласы әркімдердің бар осыған,
Сөз айтса, мен тоқтатар ем тиянақты.
Бөгенбай Толыбаймен ел шапқанда,
Дейді олар: «өзге батыр қайда қапты!»

Қысқасы әрқайсының бір-бір дәптер,
Жеке айтып керек қылар талдамақты.
Қуандық, Сүйіндіктің ауған елі,
Таяп кеп Ұлытауға тоқырапты.

Қуандық руынан Тілен батыр,
Әңгіме бұл ерде де бар сияқты.
Ол үшін еңбек қылып батырлықпен
Көшпелі қалмақ елін тынбай шапты.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Тіленнің тізесіне шыдай алмай,
Қалмақтар көшіп-қашып бой ұзатты.
Қасқырдан үріккен қойдай қашқан қалмақ
Бір тауды бекініс қып қорғалапты.

Артынан қуған батыр тауып алып,
Бұл елді осы жолда жаман шапты.
«Тілек жоқ, Тілен келсе, біздің деген»,
Қалмақта мақал болып сөз тарапты.

Шөгерген бір салаға тоқсан нарды,
Жүк артқан бәріне де тоғанақты.
Арылтып осы таудың ой-шұңқырын,
Мұны да батыр Тілен іздеп тапты.

Тоқсан нар шөгерген тау нар шөккендей,
Мәңгілік өлмейтұғын атақ қапты.
Қарқаралы, Қарағанды арасында
Нобайы осы таудың бар сияқты.

Ел үшін қысылған шақ ер сандалып,
Жан жолдас, жақын-туыс жауда қалып.
Ерлерді жеке-жеке талдамасақ,
Болмай ма түсініксіз сөз былғанып.

Батыр қайда барды мұнан кейін,
Азғана соны талдап сөз қылайын.
Қамы үшін қазақ жас баланың
Қыс жатты Сарысуды қоныстанып.

Көңілі тоқырамай бұл араға,
Жаз тағы көрмек болып жерді шолып.
Қосылды көшіп келіп осыларға
Кейінгі көп арғыннан біраз халық.

Сабырлы Қантай келді қарауылдан,
Бөкеңнің мұнда екенін хабарланып.
Сүйіндік Күлікұлы Сексен келді,
Өзінің туыстарын ертіп алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Атан Сүйіндіктің ту көтеріп,
Қосылды Толыбайға ұран салып.
Сүйіндік, момын болып басын қосып,
Осы екен шыққан жері ыңғайланып.

Момын мен Сүйіндіктің көршілігін
Бұрын да сөйлеймін ауызға алып.
Артқы елден жаяу жалпы келіп жатыр,
Мал бөліп келгендерге беріп жатыр.

Үй болды бес-алты жүз жаз шыққанша,
Он шақты қолбасшысы болды батыр.
Май туды, бие байлап бой көтеріп,
Шалғынды көкорайға құрды шатыр.

Жағдайға келешекте жол сызбақ боп,
Бас қосып батыр, билер толғайды ақыл.
Сол жерде сөз сөйлепті топты жарып,
Сүйіндік руынан Толыбай батыр.

—Ей, Бөке, сізбен еріп көшіп келдім,

Көп болмақ, қарашы, сіздей ердің.
Ел сақтап үйде жаттым, еңбегім жоқ,
Ризамын, бірдей ғып олжа бөлдің.
Түбінде іздеп бізді таппай қоймас,

Салмағы кейін жатыр қалың елдің.
Тігіліп ел алдынан қарақшы боп,
Таңдаулы шұрайлысын алсақ жердің.
Ұранын Сүйіндіктің шақыруға

Келеді құй болдылап ту көтергім.
Бірің би, бірің батыр қандай, Бөке,
Қол жайып ықыласты бата бергін.
Қантай би көтеріліп қолын жайды,

Шақырып «әмиінге» Бөгенбайды.
«Ерлердің аруақты бірі болып,
Тудырсын алдыңнан күн, артыңнан айды».

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Күліктің төрт баласын қосып беріп,
Көшірді бір тайпа ел ғып Толыбайды.
Бастарын Есіл, Нұра кесіп өтіп,
Далбаны бетке алғанға көш ұқсайды.

Осымен осы батыр бара тұрсын,
Сөйлейін тағы талдап Бөгенбайды.
Батырлар ақылдасты жер шалмаққа,
Бір жерге ел қондырып жұрт салмаққа.

Әуелі елдің алдын орнықтырып,
Сол жерге артын әкеп жинамаққа.
Түзетіп содан кейін жол жабдығын,
Аяусыз қалмақ жаудан кек алмаққа.

Атанды Жантай шешен қасына ертіп,
Тағы да Бөкең өзі мінеді атқа.
Тапсырды қалған елді Қантай биге,
«Ат пенен күш жина,—деп,—азаматқа».

Досайды басшы қылды қалған қолға,
«Сақ болып жата бер,—деп,—малды бақ та.
Қалмақтың қалың көшкен сүрлеуімен
Тағы да тартты үшеуі Күншығысқа.

Шықпаған осы жолда көп қол алып,
Әшейін көріп қайтбақ жереді шолып.
Үшеуі ақылдасты жүрер бетін,
«Қай жерді көреміз,—деп,—сынға салып».

Сөйлейді екеуіне ер Бөгенбай:

—Бір іс жүр енді менде орындалмай.

Тасымен жауды жығып ырымдап ем,
Сол тауға жөн келмес қоныстанбай.
Жолдас боп Атан, Жантай қасына ерді,
Батырдың айтқан сөзін мақұл көрді.

Екеуін таныстырып Ерейменге,
Алғашқы соғыс болған жерге келді.
11-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бөкеңнен бұлар кіші жас шамасы,
Дейді екен ат атамай, «отағасы».
Басына бір биіктің келіп түсті,
Жақпар тас, аққан бұлақ айналасы.

Отырды кеңес құрып биік тауда,
Мақсатын көңілдегі орындауға.
Күндік жер көрінеді сол биіктен,
Егер де ерінбесе көз қарауға.

Қырандай биік таста отыр қонып,
Болмайды жер шаршысын көзбен шолып.
Айдын көл жарқыраған талай-талай,
Көргенде көз сүйінер жатыр толып.

Тоғайлар бітік шыққан көп қалың ну,
Кәусардай бұлақтардан ағады су.
«Жаз жайлау, қыс қыстауға бірдей екен»,
Деседі лайықты қоныстану.

Теп-тегіс жазық екен айналасы,
Туды ғой адам жерден жер анасы.
Еметін жер емшегін заман болса,
Халықтың өзгертіліп салт-санасы.

Сарбала қара қазан жағдайына
Табылар түгел болып шаруасы.
Егерде беріп кеткен Ерейменге
Үш ердің ақылдасып бар бағасы.

Осылай белді байлап, бекітті ойды,
«Істерміз көшіп келіп, дейді, тойды».
Сәйкес қып жаратылыс порымына
Тау мен көл, бұлақтардың атын қойды.

Көрінді жарқыраған екі үлкен көл,
Арасы екеуінің жап-жақын жер.
Тауы бар арасында аққан бұлақ,
Ат қойды Бөкең соған деп «Қоржынкөл».

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Үш таған таудың аты Кереге тас,
Дәл солай жаратылыс, анығы рас.
Порымына сәйкес келген жердің аты,
Бәрі де Бөгенбайдан қалған мирас.

Обалы Қоржынкөлге бір жақын тау,
Кездескен осы арада алғашқы жау.
«Өзіне-өзі обалы шіркіннің» деп,
Сол тауға «Обалы» деп ат қойыпты-ау.

Тағы да талай жерге қойған атты,
Санауға бәрін түгел басым қатты.
Алысты отырғанда көзбен шолып,
Өздері отырған тау ұмытып қапты.

—Ат қоймай осы тауды мен ұмыттым,

Атан сен екеумізден бұрын шықтың.
Қарауыл таудан көп қараушы ең,
Ал енді атын сен қой бұл биіктің.
Батырлар басын изеп ырғайды көп,

Бірі айтып, бірі шешіп ұнайды деп.
Отырды сол арада тәмсіл қылып,
Ат қойған Атан батыр «Ырғайлы» деп.
Басынан Ырғайлының аттанды ақыр,

Жағалап Оңтүстікке келе жатыр.
Басына бір биіктің шығып еді,
Бауыры толған шұңқыр қара тақыр.
Порымына жаратылыс сәйкес қылып,

Ат қойған «Мың шұңқыр» деп Жантай батыр.
Шеттегі шыға беріс тауға келді,
Түсетін аспан жерге ыстық еді.
Тастарын күнге қызған қолмен басып,

Сол тауға «Күншалған» деп атақ берді.
Сол бетпен барған екен Қаракөлге,
Бір аю ақырыпты жақын жерде.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Атқалы қолға садақ ұстағанда,
Бөгенбай былай дейді Жантай ерге:

—Итке де қыласың ба оқты шығын,

Қой, тоқта, ұят болар, батыр, мұның.
Қамшымен жүгіріп кеп бір тартқанда
Шығармай қатқан екен аю дымын.
Үш батыр осылайша жүріп, жер шалыпты,

Халыққа көшіп келер жол салыпты.
Сыртында Қара көлдің биік шоқы,
«Аюлы» сол себептен аталыпты.
Сол жолы Ерейменге көшіп келді,

Қондырды Ырғайлыдан Атан ерді.
Атанның Қаратауы атанғаны
Қыстап қоныс қылғаннан кейін еді.
Шағындау бір көлге кеп Жантай қонған,

Көрген мал көшершілік арық болған.
Сол жерде мал семіріп майдан баспай,
Себебі сол болыпты «Майкөл» қойған.
Бөгенбай өзі қонды Қоржынкөлге,

Жұрт салды жауды таспен жыққан жерге.
Ырымын ойындағы орындады,
Үлкендер айтушы еді әңгімеде.
Маймасар осы көлде қайтыс болды,

Бөкеңнің бірге туған інісі еді.
«Ат өлмей, өзі өлсе де, қалады» деп,
Басына бір биіктің дәпіндеді.
«Майекең» деп атаймыз сол биікті,

Моласын менің дағы көзім көрді.
Сол кәрі тағы айтайын мынадайды,
Бертін ол заманнан созы ыңғайлы.
Баурына Ерейменнің қоныстанған,

Белгілі Қарқабаттың Өтеубайы.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  БІРІНШІ  ЖОРЫҒЫ

Өтекең қылжыр, қисық, сотқар адам,
Кісінің айтқанына бағынбаған.
«Мен жердің негізі атын қолданам» деп,
«Кәрітау» деп бір шоқыға ат байлаған.

Баласы Өтеубайдың Зілқара да,
Мирас боп бірден-бірге жер қалады.
Алдына Сейпаланың тұрған биік
Әлі де «Кәрі-ау» деп аталады.

Осымен бірінші жорық бітсін тоқтап,
Барады сөйлей берсем, сөз бұлақтап.
Абылай Бөгенбайды жолдас қылып,
Айтып жүр әңгімеде жұрт қосақтап.

Кішкене тоқталайын Абылайға,
Ол күнде ол Абылай жүрген қайда.
Туды ма, тумады ма кім біледі,
Қалайша жолдас болған Бөгенбайға.

Арқадан Оңтүстікке қалмақ қашты,
Тауынан Талқы Құлжа әрман асты.
Қуып бара жатқанда сол қалмақты,
Абылай Бөгенбайға душарласты.

Ол күнде Абылай хан болған жоқ,
Хан тұрсын, жөні түзу жан болған жоқ.
Бір бидің бағады екен қой, түйесін,
Кімдерді қорламаған бұл жоқшылық.

Сол биге сәлем бере Бөкең барды,
Жолдасы Атан, Жантай батырлар-ды.
Сынменен бақытын сынап Абылайдың
Қоярда қоймай биден сұрап алды.

Тоқтадым сөйлемей-ақ ендігіні,
Әрине, мен айтпай-ақ жұрт біледі.
Абылай Бөгенбайға кездескені
Мың жеті жүз отыз сегіз—сол жыл еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екінші жорығында Абылайдың
Үш жүз боп басын қосқан мезгілі еді.
Құтылып Сабалақ аттан Әбілмансұр,
Сол топта кім екені белгіленді.

Бөкеңнің бірінші жорық жүрген кезі
Бұл тұстан он, он бес жыл бұрын еді.

Бісмілла, сөз бастайын Қабанбайдан,
Атасыз адам пенде туар қайдан?!
Үш жүзге ұран болған ер Қабанбай,
Шақырған аруағын бүкіл найман.

Өтіпті сахабалар иманы көп,
Кең сарай имандығы болады деп.
Ер екен артық өткен шарапатлы,
Сиынар білген адам «Қабанбай» деп.

Ерлігі Қабанбайдың жаннан өткен,
Сол кезде қырғыз екен кегі кеткен.
«Батырдың бірі қалмай аттансын!» деп,
Үйсін мен орта жүзге хабар жеткен.

Шұбарым, арғымағым, арыстаным,
Сөз бермей ауыздыға қарысқаным.
Жер келген екіталай ерегеспен,
Болаттың суын тапқан данышпаным.

Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Басынан Қаратаудың күн салғаным.
Ауызға «ә» дегенде тола түскен,
Сөзіне ер Қабанбай ұйғарғаным.

Айтайын, айт десең, мен арысыңды,
Қорғайтын қан майданда намысыңды.
Қас батыр Қабанбайдың бір інісін
Қырғыз шауып, батырдың сағы сынды.

Қисса ер Қабанбай
(Алматы басылымы, 1991)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жел соғар құбыладан бетке жұмсақ,
Батыр жоқ Қабанбайдай ойлап тұрсақ.
Қожағұл, Өмір, Дәулен бәрі де аман,
Шабылған жалғыз ауыл Қарақұрсақ.

Кей жаман айрылады мал баға алмай,
Жарымес жаңылады сөз таба алмай.
Арысын қырғыз шауып кеткеннен соң,
Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай.

Кейбіреу жоғалады мал таба алмай,
Нас жаман айрылады сөз таба алмай.
«Қабекең қайғыланды» дегенді естіп,
Келіпті өзі батыр хан Абылай.

Мінгені ханекемнің қара кер-ді,
Еседі бейне желдей қара жерді.
«Қабекең қайғыланды» дегеннен соң,
Батырдың өзі тұстас бәрі келді.

Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай,
«Жауымнан қалам ба,—деп,—кек ала алмай!».
«Намысын Қабекеңнің әперем» деп,
Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай.

«Жатушы ед елімізде сары қазы жеп,
Шабатын біз қырғызға не қылып ек.
Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Керейден іздеп кепті ер Жәнібек.

Мінгені батырлардың ақ пен көк-ті,
Алты ай мінсе, арымас тас пен көкті.
«Бас қосты барлық батыр» дегеннен соң,
Керейден өзі жәдік Жантай кепті.

Қолына жақсы қыздың алған тарақ,
Батырлар жиылған соң жатпас қарап.
«Бас қосты барлық батыр» дегеннен соң,
Келіпті көкжарлыдан Көкжал Барақ.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Атыңнан айналайын, ер Қабанбай,
Қырғыздан қаламыз ба кек ала алмай?!
«Бас қосты барлық батыр» дегеннен соң,
Келіпті мұрынтайдан би Мұрынбай.

Жайлаған иен тауды арқар-құлжа,
Жігітке атып алса, тегін олжа.
«Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Келіпті шаншықұлдан Бердіқожа.

Мінгені батырлардың көкше серек,
Көрінген бауырынан тал мен терек.
«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті байғанадан батыр Шүрек.

Базардан алып келген сырлы ашамай,
Батырлар өтіп кетті-ау көп жасамай.
«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Тоқпақтан іздеп кепті ер Қасабай.

Атыңнан айналайын, ер Қабанбай,
Сиынған ең алдымен дер Қабанбай.
«Бас қосты барлық батыр» дегеннен соң,
Келіпті Тоғас, Қосай ер Дәулетбай.

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .*
Келіпті Қаз дауысты ер Қазыбек,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .**
Үйсіннен іздеп кепті Райымбек.

Қонғаны ауылымның қара торғай,
Болса да өзге қиын, өлең оңай.
«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті қаптағайдан Қарашоқай.

Мекені еліміздің Тарбағатай,
Сөзімнен жаңылдырма, Бектеу атай.
* Қолжазбада бір жол өшіп қалған.
** Қолжазбада осы жол оқылмады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті төрт қос атпен тентек Матай.
Мінгені батырлардың қара ала аяқ,
Шабады саяғына қарамай-ақ.

«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті терістаңбалыдан Жалғыз қарақ.
Қабекең ат тұяғын тағалатты,
Жағасын Қара Емелдің жағалапты.

«Тоқымды ат ерттесе аудармас» деп,
Алыпты жан жолдасқа Шағалақты.
Балалар заңың қандай, заман қандай,
Басында батыр туып Бұлантайдай.

«Сақ еді, қарауылға шалдырмас» деп,
Үйсіннен алдыртыпты Ақшабдарды-ай!
Бас қосып барлық батыр түгенделді,
Батыр жоқ Қабанбайдай бұларда енді.

Астына ауыр қоржын азық салып,
Батырлар Ат тауына жөнелді енді.
Аттанды тамам батыр үйде жатпай,
Шабады, жау көрінсе, тізгін тартпай.

Барлық пен Қызыл тұзды басып өтіп,
Ілеге суыт жүріп тіке тартты-ай!
Қабекем жиып алған жамағатты,
Аға-іні тамам батыр тастан қатты.

«Тепкіме бір жараса, сол жарар» деп,
Үйірден ұстап мінген Қубас атты.
Батырлар күндіз жүріп, түнде жатты,
Ат арып, арқасына ері батты.

Бір айда Ат тауына әрең жетіп,
Шеріктің жарым аты арып қапты.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Батырлар бұл араға зорға жетті,
Жауына жібермес боп орда кекті.
Жануар шын тұлпардың өзі емес пе,
Қубас ат дәл бабына сонда кепті.

Бұл жерде ат оттатып бір ай жатты,
Баспалап жау жағдайын сұрай жатты.
Аш қалып саспайтұғын батырлар да,
Союға тура келді шұрайлы атты.

Бір күні Барақ тұрып айтам деді,
«Жауыңды алдырмаған қайтем деді.
Далада қаңғырмаймын атым сойып,
Қоста бар ер жақсысы, қайтам» дейді.

«...Атаң жақсы екенін анаң білер,
Қатын шайпау болғанда адам жүдер.
Тәубасы тоқ кісінің бойы тоғай,
Сабыр қыл, аз ғана күн үзбей күдер».

Қабекең бұл сөзді айтып күлімдейді,
Іздеген жау бұл шеннен білінбейді.
Жапанда жел жоқ мезгіл жатқанында,
Ақ туы аспан кернеп гүрілдейді.

Жігіттер «һай» дегенде «о» дейтұғын,
Ақшабдар қарауылға бар дейтұғын.
Бозбала киім тастап, жеңілдеткен,
Қасқайып шаршы топқа сал дейтұғын.

Абыржып бозбалалар сасып қалды,
Жүгіріп жүген ала атқа барды.
Қабекем Қубас атқа мініп алып,
Туынан гүрілдеген жеті айналды.

Ақшабдар қарауылға тура шапты,
Қарауыл Тесік тастан сығалапты.
Қырғыздың өз ішінен бүлік шығып,
Бір тайпа ел сол араға келіп қапты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екі жақ сайыспақ боп туын тікті,
Найзалы, қаруы мол өңшең мықты.
Қазаққа «жекпе-жекке келіңдер» деп,
Қырғыздан жалғыз қара біреу шықты.

Қырғыздар абыржиды сасқалақтап,
Тұрған жоқ қапияда өзін баптап.
Әтеке—осы келген жалғыз қара,
Кес-кестеп ат ойнатып тұр бұлғақтап.

Алдымен оған шықты ер Дәулетбай:
«Қырғызды қайтпаймын,—деп,—

жерге аунатпай».
Найзамен Әтекені ілемін деп,
Жығылды аттан ауып ер қаумақтай.
Әуеден қар жауады жерге жастап,

Келіпті берейін деп Құдай бастап.
Бөгенбай жекпе-жекке кез келгенде,
Бөгемді қолға ілмеді түйіп тастап.
Қабекең туды ұстап тұрды байқап,

«Кірсем,—деп,—қолтығымның құршы тарқап».
Келгенде жекпе-жекке Барақ батыр,
Оны да шыдатпады қырғыз шайқап.
Қабекең айбаттана айғай салды,

Ақ найза алты қырлы қолына алды.
Ашумен кәрін төгіп ер Қабанбай,
Жекпе-жек Әтекеге өзі барды.
Тіресіп екі батыр айқасады,

Қағысып найзаменен шайқасады.
Ала алмай бірін-бірі ары-бері,
Аңдысып, арбасады, байқасады.
Найзалар қағысады, шарқылдайды,

Тебінгі бір-біріне сартылдайды.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Қаһарлы ер Қабанбай қайраттанып,
Кекті ашу кеуде кернеп алқымдайды.
Қабекең Қубас атты жанып алды,
Кәпірді бұғанадан періп қалды.

Құлатып Әтекені құрыстырып,
Қаңбақтай үш көтеріп жерге салды.
Жағалап Алатауды қырғыз келген,
Ол қырғыз түнде келмей, күндіз келген.

Көрген соң әкесінің мерт болғанын,
Жетелеп ақбас тайлақ бір қыз келген.
Қабекең ақ найзасын шоқтайды енді,
Ойбайлап қыз әкесін жоқтайды енді.

Ойбайлап қыз әкесін жоқтағанда,
Батырлар құлақ салып тоқтайды енді.
Келеді бір қыз төтелеп,
Ақбас тайлақ жетелеп.

Зарлаған даусы шығады,
«Емеде қоқи, әке» деп.

—Отырмайын, тұрмайын,

Батырларға барайын.
Сүйегін бер,—деп,—әкемнің,
Қиылып сауға сұрайын.
Көл тартылар таяз боп,

Ер сарғаяр малы аз боп.
Көшпе десем көшіп ең,
Ағайыныңмен араз боп.
Көшпе десем көштің бе,

Үйіңнің бауын шештің бе?!
Бастап келіп еліңнің
Тақ түбіне жеттің бе?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жатқызды сені Қабанбай,
Қапысын қалдың таба алмай.
Мінген атың Көкторғай
Не қып қалдың шаба алмай?!

Әлгінде жүрген Әтиім,
Ажалың неге шорт болды-ай!
Қашса да қоймай Бөгенбай—
Қалдың ба, ойбай, кек алмай!

Батырдың қалдың астында,
Мүкаммалды шаштың ба?!
Қабанбайдың найзасы—
Қайың бір ағаш күрт болды.

Әтиімнің найзасы—
Қарағай болды, морт болды.
Қазақтан шыққан Қабанбай
Қақ жүректен атуын.

Айналайын Әтиім,
Арыстай болып жатуын.
Аяқ пенен шөміштеп,
Мал кетеді еңістеп.

Қазақтан келген көп батыр
Кетті ғой, ойбай, тегістеп!
Аяқ пенен табақтап,
Жасау жидым қадақтап.

Қазақтан келген көп қасқыр
Кетті ғой, ойбай, тамақтап!
Ойыл менен Қиылды-ай,
Керей, найман жиылды-ай.

Қалың батыр жабырлып,
Үлеске салды сиырды-ай!
Мен білмедім ойыңды-ай,
Қабанбай қылды тойыңды-ай!

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Мұнша батыр жиылып,
Үлеске салды қойыңды-ай.
Аузыңнан алды күлкіңді,
Көзіңнен алды ұйқыңды.

Мұнша батыр жиылып,
Үлеске салды жылқыңды.
Жылқыңнан алды асауды,
Жүгіңнен алды жасауды.

Өлтірдің менің иемді,
Босаттың менің жүйемді.
Мұнша батыр жиылып,
Үлеске салды түйеңді!

Түйеңнен алды теңіңді,
Ала алмай қалдың кегіңді.
Қабанбайдан жеңіліп,
Неге алды Құдай ебіңді?!

Сары ат мінсем, таға жоқ,
Қазине кисем, жаға жоқ.
Қайткенде адам болармын,
Алдымда үлкен аға жоқ.

Етік кисем, байпақ жоқ,
Жейде кисем, шапан жоқ.
Қайткенде адам болармын,
Алдымда тұрған апам жоқ.

Ойбайдан басқа күнім жоқ,
Ой-жанымда тыным жоқ.
Қайткенде адам болармын,
Артымда өскен інім жоқ.

Ағасы жоқ сұм қызбын,
Інісі жоқ қу қызбын.
Әуедегі жұлдызбын,
Арманым көп бір қызбын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жапандағы құндызбын,
Су ішінде жалбызбын.
Еңіретпе, қазақ, еңіретпе,
Бір енеден жалғызбын.

Ішкенде асың бал шығар,
Артқан түйең нар шығар.
Еңіретпе қазақ, еңіретпе,
Мендей де балаң бар шығар.

Отырмайын, тұрайын,
Отырмай амал қылайын.
Көңілі өскен көп батыр,
Батырдан сауға сұрайын.

Сауға берсең өзіме,
Сөйлеп тұрған сөзіме.
Тыңдашы менің мұңымды,
Мұңымды шағам өзіңе!

Сұрағаным сіздерден,
Жалғыз қасық қаным ғой,
Сіздерге жетпес әлім ғой,
Бір Құдайға мәлім ғой.

Бірің мені аларсың,
Алып үйге барарсың.
Қойың болса соярсың,
Тойың болса қыларсың.

Үнемі қатын мен болман,
Орныңды сипап бір күні,
Саныңды қағып қаларсың.
Қыздың сөзі қанық-ты,

Қазақтан да анық-ты.
Ақкөңілшек Қабанбай
Қыз сөзіне қамықты:

—Ей, жарандар, жарандар,

Бәрің маған қараңдар!

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Әрбіріңнің үйіңде
Осы қыздай балаң бар.
Осы қызды тонама,
Тонаса олжа бола ма!

Көзінен аққан қанды жас,
Сірә да, бізді қоя ма!
Есен болсам бір жолға
Тағы да өзім бастайын,

Қыздың сөзін қостайын.
Астына қыздың ат беріп,
Осы жерге тастайын.
Айтқанындай бұл қызға

Мінетұғын ат берді.
Әкесінің сүйегін
Көптен сұрап ап берді.

—Ей, жарандар, жарандар,

Бәрің маған қараңдар!
Өзге көшке барыңдар,
Көрінгенін алыңдар.
Ұрғашыға тимеңдер,

Еркегін қырып салыңдар.
Өзгесі көшке барыпты,
Көрінгенін алыпты.
Ұрғашыға тимепті,

Еркегін қырып салыпты.
Ел сағынған көп батыр
Елге қарай қайтыпты.
Ерікпейтін Қабекем

Шағалақты қасына ап,
Қыз күзетіп қалыпты.
Түн ортасы болғанда,
Байқаса жоқ Шағалақ.

12-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тыным тауып жата алмай,
Барыпты қызға жағалап.
Қазина қара бүрмелі,
Отыз екі түймелі.

Шағалақ жүр жағалап,
Қыз бетінен сүйгелі.

—Қарағым, қалқам, Шағалақ,

Не қып жүрсің жағалап?!
Үзбеші қыздың түймесін,
Суырма қыздың инесін.
Құдайдан келген бұйрық жоқ,

Қыз бетінен сүймек жоқ.
Қызды қорғап Қабанбай,
Қоя берді жекелеп.
Сауғасын алып қыз енді,

Қайтты еліне төтелеп.
Қабекең елге қайтады,
Ақбас тайлақ жетелеп.
Басы бар ақ тайлақтың жылқы астаудай,

Көзі бар таудан аққан тас бастаудай.
Бұтының арасынан ел көшкендей,
Он кісі өркешіне мінгескендей.
Жүрісі жануардың таңқалдырып,

Денесі көкті тіреп күнде өскендей.
Қолында моллалардың сызығы еді,
Туады әңгіменің қызығы енді.
Алдыңғы озып кеткен көп батырлар

Қабаңның тайлағына қызықты енді.
Дәулетбай сұрап келді «аға ғой» деп,
«Қырғызды олжалаған заман ғой» деп.
Қолқалап ағасына еркелейді:

«Ағаның бір олжасын алам» ғой деп.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Дәулетбай, не деп тұрсың сөз деп айтып,

Кетпей ме бермей қойсам көңілің қайтып.
Жетпістің жетеуіне жасым келді,
Жүрейін өле-өлгенше жүгімді артып.

—Әрқайда жұмсаушы едің керегіңе,

Артыңнан жақсы болсын еруіме.
Жауыңның олжа берсең бір тайлағын,
Қуана барар едім келініңе.

—Дәулетбай, алған едің бірталай мал,

Сөзіме менің айтқан құлағың сал.
Ағаңның бір тайлағын не қыласың,
Берейін үйден таңдап жеті атан ал.

—Арқада қалың дейді арқар-құлжа,

Жігітке атып алса тегін олжа.
Жауыңның қия алмасаң бір тайлағын,
Ол үшін ата малын қылман олжа.

—Мұсама мінемін мен бермесіңе,

Соңыңа бұдан былай ермесіме.
Ажал кеп осы жерде өліп кетсем,
Сенемін терең қазып көмбесіңе.

—Мұсама мен де міндім бермесіме,

Артыңнан ит болайын ермесіме.
Кім өліп, кім қаларын Құдай білер,
Ал өлсем, қайғырасың сен несіне?!
Бас қалқа—хан Абылай қой-қойлады,

Дәулетбай Қосайды ертіп үйге салды.
«Сынық ине, сыдырым таспа алман» деп,
Түйесін өрістегі жия барды.
Ағадан осылайша көңілі қалды,

Түйенің үйге барар қомын салды.
Жеті күн, жеті түнде үрдіс көшіп,
Бойына Ащысудың жетіп барды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқаның ат суардым бұлағына,
Еліктің ат жетпейді лағына.
Дәулетбай Ащысуға кетті деген
Шалынды батырлардың құлағына.

Дәулетбай барған жанға келмей қойды,
Барғанға жылы жауап бермей қойды.
Көңілі ағасынан қатты қалып,
Беттерін барған жанның көрмей қойды.

Айнала жел соғады Алакөлге,
Алакөл сусын болған талай елге.
«Әркімнің өз тілеуі өзіне» деп,
Қабекең көшіп кетті Сарыбелге.

Қабекең Сарыбелді қыстап шықты,
Жабысып дерт қуықтан ұстап шықты.
Қабанбай қатты науқас деген хабар
Арғын мен алашқа да барып жетті.

Кей жаман жоғалады мал таба алмай,
Нас жаман аңырады сөз таба алмай.
«Қабанбай науқас болды» дегенді естіп,
Келіпті көңілін сұрай хан Абылай.

Мінгені ханекемнің қаракер-ді,
Асады бейне қаздай қара жерді.
«Қабекең науқас болды» дегенді естіп,
Батырдың өзі тұстас бәрі келді.

Сексеннің сегізінде Бұқар келді,
Көңілін Қабанбайдың сұрай келді.
Болса да жасы жеткен үлкен адам,
Солқылдап жас баладай жылай келді.

Бұқар жырау жылайды,
Көзінен жасын бұлайды:

—Тоқсанға жасым келгенде,

Басуға келмес аяғым.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Арқам күнге күйгенде,
Табаным жерге тигенде,
Шәңкіштен алған таяғым.
Айналайын Қабанбай,

Жау келгенде жарағым,
Алыстан асып дау келсе,
Түрулі тұрған құлағым.
Жақыннан жарым жау шықса,

Белдеудегі пырағым.
Мың жылқыны суарған
Төскейден аққан бұлағым.
Кеше түсте естідім,

Қабанбай ауру дегенде,
Жетімсіреп жыладым.
Бір Құдайдан сұрадым:
Арғыннан айттым жүз кісі,

Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі—
Үш жүз кісі болар ма
Айналайын Қабанбай,

Қара мойын лағың?!
Әулиенің арты едің,
Бұл дүниенің қарты едің.
Айналайын Қабанбай,

Қайда болар тұрағың?
Бұқар сонда тұрады,
Тұрып бір кеңес құрады:

—Бурылдай деген сауыт бар—

Жағасы бар, жеңі жоқ,
Ағайынды адамның
Өкпесі бар, кегі жоқ.
Дәулетбайға барыңдар,

Ептеп-ептеп айтыңдар,
Еппен алып қайтыңдар.
«Елден кетіп қалдың» деп,
Ежірейіп айтпаңдар.

«Ауа көшіп кеттің» деп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ажырайып айтпаңдар.
Ептеп-ептеп айтыңдар,
Еппен алып қайтыңдар.
Қабанбай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Дәулетбайға бармаңдар,

Барғаныңмен келмейді,
Бетімді менің көрмейді.
Қабекең сонда жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.

Айналайын елім-ай,
Басымды бердім өлімге-ай!
Дәулетбайды қайтейін,
Үш қайтара сәлем де

Сол үйдегі келінге-ай!
Дәулетбайды сегізде
Серуенге ертіп барып ем.
Тоғыз жасар күнінде

Қоңырат деген бір елден
Айттырып беріп алып ем.
Кекілік деген кезеңнен
Аяңдап жүріп асқанда,

Аяғын дік-дік басқанда,
Қырық әйел ішінен
Ізін артық көріп ем.
Ұрғашының дегдары

Болады ғой деп сеніп ем.
Сөйткенде бір келінге
Дұғай да дұғай сәлем де.
Шағалақ мінсін Қубасты,

Шынқожа мінсін Бөрте атты,
Екеуі алсын төрт атты.
Бір кідіріс болмасын,
Күндіз-түні шабыңдар.

Кеш батқанша шабыңдар,
Таң атқанша шабыңдар,
Ертеңінде және шауып,

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Ащысудың бойынан
Дәулетбайды табыңдар.
Шағалақ мінді Қубасты,
Қубастай жылқы тумас-ты.

Шынқожа мінді Бөрте атты,
Екеуі алды төрт атты.
Батпанда-батпан шабады,
Түске дейін шабады.

Түсте артына қараса,
Үш күндік жер қалады.
Батпанда-батпан шабады,
Кешке дейін шабады.

Ертеңінде және шауып,
Ащысудың бойынан
Дәулетбайды табады.
Дәулетбайдың әйелі

Дәулетбайға айтты: «Қу қашқын!
Елді тастап сен неге,
Қаңғырып Ащысуды астың?!
Әтиіме бір кәдік,

Тегін емес еліміз.
Дәулетбай не қып жатырсың,
Дүбірі шықты-ау Қубастың».
Бұлардың сөзі түгемей,

Шағалақ келді дүбірлеп.
Дәулетбай айтты: «Бұл кім?»—деп.
Шағалақ сонда «мен» деді,
Дәулетбай үрке үн қатып:

—Не қып жүрсің сен?—деді.

—Тас қорғаның бар еді,

Босағасы құлады.
Қос бәйтерек бар еді,
Біреуі оның сұлады.
Үш байжігіт баласы

Төбеге шығып жылады.
Қабықсыз қу ағашты

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қатындар отын қылады.
Үш арыстың баласы
Кімді орын қып тұрады.
Осыны айтып Шағалақ,

Қамығып сонда жылады.
Бірден сенбей Дәулетбай,
Қайталап тағы сұрады.
Қабекеңнің келіні

Жылап бір кетті бай-байлап,
Екі бетін ап салды,
Бетінен қаны тыз қайнап.

—Дәулетбай-ау, Дәулетбай!

Отырсың не қып бүктеліп,
Ақ бидайдай түктеліп?!
Сұрағаның құрысын,
Бір тайлақ па еді ырысың?!

Асқар белден айрылдым,
Жасқан жездей майрылдым.
Айналайын атам-ай,
Қапыда калдым, айрылдым!

Далаға шығып ақырды,
Абысынын шақырды:

—Ұйқыларың қанбайды,

Сендерді Құдай алмайды.
Шолпан туа көшіңдер,
Ертерек қыл қамыңды.
Түгендеп айда малыңды,

Ақсақ-тоқсақ қалмасын.
Әтиім жайын біліп қап,
Артыңды Әтеке алмасын.
Абдрасын ақтарып,

Асыл бұйым ап салды.
Теңін шешіп ақтарып,
Тегіс бұйым ап салды.
«Қуатым, күнім қайнағам,

Жазыла гөр!» деп салды.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Ей, Дәулетбай, Дәулетбай,

Өкпелеттің ағаңды,
Кетірдің менің бағымды.
Жау келгенде көрермін
Мың кісілік шамаңды.

Талқан етіп айырар
Ертең-ақ біреу жағаңды!
Ей, Дәулетбай, Дәулетбай,
Бармаймысың бауырыңа,

Иен қалған аулыңа.
Өкпелеген түйе мал,
Жатыр ғой, әне, иен мал.
Иен малға, Дәулетбай,

Енді барып ие бол!
Ей, Дәулетбай, Дәулетбай,
Отырсың не қып бүктеліп?!
Атыңды алдыр, Дәулетбай,

Кешікпей енді жүрелік!
Дәулетбай енді тоспады,
Әйелінің сөзін қостады.
«Қайда қалдым, аға» деп,

Бармағын жұлып тастады.
Үш байжігіт баласы—Жұмық, Тоғас, Мәмбет
Дәулетбай мінді жеке атқа,
Төртеуі мінді төрт атқа.

Батпан да батпан шабады,
Таң атқанша шабады.
Сарыбел көшіп кетсін бе,
Таң сарғая таяды.

Ауылдың шетіне ілініп,
Қойшыдан жөн сұрайды.
Бір қойшы тұрып «бар» дейді,
Бір қойшы тұрып «һай» дейді.

«Көк серкені айттым Құдайға,
Шәй-шәй, қойым, шәй» дейді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Кеше қойдан қалып ем,

Қабекеңнің ауылына
Көңілін сұрай барып ем.
Сұлық жатыр Қабанбай,
Екі аяғын жимайды,

Кетуге сізді қимайды.
Еріндерін жалайды,
«Келді ме—деп,—Дәулетбай?»
Есік жаққа қарайды...

Қойшыдан өтіп Дәулетбай,
Ауылға жетіп барады.
Елін көріп қайғырған,
«Уай, бауырым!» салады.

Дауысын естіп бауырының,
Қабанбай талып қалады.
Бұқар сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ей, Дәулетбай, Дәулетбай,

Ағаңның көңілін қалдырдың!
Қалдырғанмен қоймадың,
Қос атпенен алдырдың.
Алдырғанмен қоймадың,

Кегің бардай ойыңда,
Нашар жатқан ағаңды
«Ой, бауырымдап» талдырдың!

—Жанымай асыл өтеді,

Жалынбай жақсы кетеді.
Туысқаны шын болса,
Бір тілдеспей Қабекең
Менімен неге кетеді?!

Қабекең үнсіз жатқанда,
Келіні келді қасына,
Атасынан айналып,
Тізесін қойды басына.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Айналайын атам-ай,

Қолыңнан сарқыт жемедім.
Басыңды сүйеп, жан атам,
Қолымнан сусын бермедім.
Қолымнан сусын берсем мен,

Арманым бар дер ме едім!
Қабекең сонда жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.
Ешнәрсені кек қылмай,

Ниетін беріп сырласып,
Бұрынғыдай отырды.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .*
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .

—Әлсіреп барып талыппын,

Мен жүректен қалыппын.
Дәулетбай, едің қайратым,
Қосай едің болатым.
Мына отырған жеңгеңнің

Мен бір сырын айтайын:
Қолын жумас арам-ды,
Ас бермейтін сараң-ды.
Қиямет күні болғанда

Алайын сенен баламды.
Құлынды бие мінгізбе,
Жамаулы көйлек кигізбе.
Жасымнан мінген төл атым,

Қолынан алма Қубасты.
Баяғы жүрген Қабанбай
Қатыны мынау дегізбе!
Ауылыңды шетке қонғызба,

Жылқыңды шетке салғызба.
Жанашыр жақын балаңды
Жау артынан қуғызба!
Жау қолында кетсе егер,

Қайтып елге жетер ме.
* Бұл жерде үш өлең жолы түсіп қалған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жете алмаса еліне,
Ол сүйектен кетер ме?!
Мұңлықтың жайын айтайын:
Ерде ақыл болар ма,

Қонысынан ауған соң?
Әйелде ас болар ма,
Біреуден сауын сауған соң?
Бұдан мұңлық өтер ме—

Бұл сүйектен кетер ме?!
Қорлықтың жайын айтайын:
Жақыныңнан жау шықса,
Айғырың қалар арқырап,

Құлының қалар шырқырап.
Бұдан қорлық өтер ме,
Бұл сүйектен кетер ме?!
Зарлықтың жайын айтайын:

Қозысы өлсе, саулық қой
Артында қалар маңырап.
Ботасы өлген түйенің
Түгемес зары аңырап.

Бұдан зарлық өтер ме,
Бұл сүйектен кетер ме?!
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .*
Қабанбайдың сол сәтте

Шағалақ келді қасына.
Жиылып алды көл бопты
Көзінен аққан жасына.

—Шағалақ-ау, Шағалақ,

Неғып жүрсің жағалап!
Аузы-басың жыбырлап,
Қатындарша күбірлеп.
Шыбын жан бойдан шыққанша,

Жатырмыз ғой, мінеки,
Кірпігіміз қимылдап.
* Бұл жерде бір өлең жолы өшіп қалған.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Жүгіріп шықтым белеңге,

Қубас ат шөп жұлмайды дегенге.
Қысылмасам хан батыр,
Еңіреп сізге келем бе?!
Әтеке ұлы Садыр қол басы,

Мың кісімен Қаранұр
Келіп түсті өзенге...
Састым ғой, аға, састым ғой!
Қабанбайдың көзі тірісінде

Елін шабам дегенде.
Мұны естіп Қабекең,
Қабағат қатты сұстанды.
Қатуланды керемет,

Жапырардай дұшпанды.
Қаһары қатты кісі екен,
Қаһарланып кетіпті.
Шашы ұзын кісі екен,

Маңдайын жауып кетіпті.
Кірпігі ұзын кісі екен,
Бетін жауып кетіпті.
Сақалы ұзын кісі екен,

Кеудесін жауып кетіпті.
Буырқанғанда сыртына
Түгі шығып кетіпті.

—Арасанға ат айттым,

Қорасанға қой айттым,
Тәңіріме тай айттым.
Құдай, маған дем салшы,
Қубас атқа ер салшы.

Әлсіреген денемді
Түске дейін қатайтшы!
Арасанға ат айтты,
Қорасанға қой айтты,

Тәңіріне тай айтты.
Қабылдап Алла тілегін,
Буынын әбден қатайтты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құдай оған дем салды,
Қубас атқа ер салды.
Осы кезде Қабекең
Батыр боп қайта туады.

Өзгеден шапшаң Шағалақ
Алты құлаш белбеуін
Беліне әкеп буады.
Шаттанып халық жиылды,

Аспанды кернеп ұраны.
Қабекеңнің ақ туы
Желбіреп көкте тұрады.
Сонда дейді Қабанбай:

—Ей, Шағалақ, Шағалақ!

Ертіп едім жасыңнан,
Жүз кісіге бағалап.
Қубас атты алып кел,
Төрт аяғын тағалап.

Шағалақ сонда Қубасты
Қабекеңе алып келеді.
Иесін танып жануар,
Оқырана береді.

Қубастың сырын Қабанбай
Ежелден-ақ біледі.
Төл атымен серттесіп,
Соңғы рет жауға мінеді.

—Жануарым, Қубасым,

Тайыңда арда еміп ең,
Тақталы торы болып ең.
Құнаныңда арда еміп ең,
Құндақтай торы болып ең.

Дөненіңде арда еміп ең,
Дөңбектей торы болып ең.
Бестіңде арда еміп ең,
Белгілі торы болып ең.

Алтыңда арда еміп ең,
Арғымақтай болып ең.

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

Жеті жаста үйреттім,
Жібектен арқан сүйреттім.
Жер жасырған соғысқа
Өзім мініп барып ем.

Әтекенің қызын мен
Сауырыңа салып ем.
Жануарым, Қубасым,
Бір Құдайға мәлім ең.

Мен келдім жетпіс сегізге,
Сен келдің отыз сегізге.
Сенен басқа ат мінсем,
Мінгендей болдым өгізге.

Сені мініп шапқанда,
Тартынбай түстім теңізге.
Ей, Қубасым, Қубасым,
Қабанбай өлді дегізбе.

Төрт арыстың баласын
Енді ешкімге жегізбе.
Сақалымның ағында,
Өлерімнің шағында,

Өнерің болса аяма!
Қадаған қамыс құлақты,
От орнындай тұяқты,
Шаба алмасаң, саған серт!

Қан майданда қасқайып,
Жайратпасам, маған серт!
Топты жармай тұйғындай
Қолауласаң, саған серт!

Қарсы келген жауыма
Қара тамақ найзамды
Қадамасам, маған серт!
Қайратқа мінген Қабанбай

Садақ жетер жерлерді
Тартып кетіп барады.
Қылыш жетер жерлерді
Қырып кетіп барады.

Ұстарадай жау тобын
Тіліп кетіп барады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жекпе-жек келсе, найзамен
Іліп кетіп барады.
Өлексесін жауының
Үйіп кетіп барады.

Алпыс аттан әр жерге
Түйіп кетіп барады.
Жетпіс аттан әр жерге
Жиып кетіп барады.

Кез келгенін құлатып,
Орып кетіп барады.
Ойсыратып дұшпанын,
Торып кетіп барады.

Шын жүйрігі астында,
Дулығасы басында.
Қол бастап келген осында
Дәл он алты жасында.

Көріп қалды Қабанбай
Садыр деген баланы.
Еңістен төмен желеді,
Көңілін тоқсан бөледі.

Жайратып жауын Қабанбай,
Балаға таман келеді.
Жасқанбай сонда бала да,
Батырға қарсы тұрады.

Ашулы жүрген Қабанбай
Балаға мойын бұрады.
Бұғанадан найза жеп,
Бала жерге құлады.

Қасындағы Абылай:

—Кесейін,—деді,—басыңды,

Құртайын,—деді,—жасыңды.
Қабанбай айтты: «Абылай,
Өлтірмеші баланы,
Ұлғайтпашы жараны!

Бұл да біздей ер екен,
Он алтыда қайран жас
Ерігіп шығып жүр екен».
Көнбеді бұған Абылай:

ҚИССА  ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Ұрысты бұзып жылқы алған,

Күймені бұзып қыз алған,
Қынадай қырып еліңді
Бұл жоңғар не қылмаған?!
Бала айтты:

—Мен сетермін,

Ордаңды талқан етермін.
Тез өлтір мені, тез өлтір,
Өлтірмесең қолыңмен,
Кейін қалған еліңнің

Нақ түбіне жетермін!
Қынынан хан Абылай пышақ алды,
Атынан сырт айналып түсе қалды.
Сөзіне Қабекеңнің қарамастан,

Баланы қақ жүректен ірей салды.
Өлтірді он алтыда қайран жасты,
Батырлар қанын ішіп мауқын басты.
Қолбасы өлгеннен соң, қалған қырғыз

Соққыға шыдай алмай тұра қашты.
Аяғы тайып сонда үзеңгіден,
Хал кетіп Қабанбай да қатты састы.
Жанына Дәулетбайды шақырып ап,

Есіл ер ел-жұртымен арыздасты:

—Ей, Дәулетбай, бері кел,

Бері кел де, мені көр!
Амалмен құрған қақпанды
Ақылды пенде баспайды.
Тәңірім жазған жазудан

Өлшеулі ғұмыр аспайды.
Тез жеткіз мені үйіме,
Түсе алмаспын күйіме.
Жас бала, жесір қатынды

Тапсырамын кіміме?!
Өкпелеген тайлақты ал,
Тайлақ тұрғай аймақты ал.
Өкпелеген биенді ал,

13-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Биең тұрғай түйеңді ал.
Қалды ғой саған иен мал,
Арманда менен қалмаңдар.
Арманың болса айтып қал!

Ертеңгі күн дүйсенбі,
Сендерді қайғы еңсерер.
Жұрт күйзеліп қабағат,
Жердің жүзі теңселер.

Арқаға арнап бейіт соғып,
От орныма қойыңдар.
Таратып тегіс ас беріп,
Ту биені сойыңдар!

Мен өлген соң қырғыздар
Сүйегімді ұрламақ.
Сондықтан мен өлген соң,
Күзетіп үш күн тұр қарап.

Дүйсенбі күні өтпекпін,
Үш күннен соң Мекеден
Сүйегімді алуға
Ақбас атан жетпек күн.

Алыс-туыс демеймін,
Кәпір-мұсылман демеймін,
Кім бұрын атымды атаса,
Соны қолдап кетпекпін!

Әуелі сөз сөйлеймін Қабанбайдан,
Атасыз адам пенде туар қайдан.
Қайырдың мына заман заманы боп,
Ұлысқа бодан болған арғын, найман.

Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Жолынан Арқауылдың күн шалғаным.
Жиылса арғын, найман өңкей маңғаз,
Сөз екен ер Қабанбай ұйғарғаны.

Кей жаман аңырады сөз таба алмай,
Шын жаман жан сақтамас мал баға алмай.
Арғын—қаратекені қырғыз шауып,
Қан құсты, қайғы тартып ер Қабанбай.

«Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Қанжығалы келіпті ер Бөгенбай.
«Қабанбай Бөгенбаймен бас қосты» деп,
Мұрыннан аттаныпты ер Боранбай.

Қолында тәуір қыздың алған тарақ,
Отырмас, ел күйзелсе, ері қарап.
«Бас қосты ана үшеуі» дегеннен соң,
Аттанды көкжарлыдан Көкжал Барақ.

Ертістің арғы жағы күлдір самай,
Қылышы Кене ағаңның көлдір мамай.
«Бас қосты арғын, найман» дегеннен соң,
Аттанды жұртқа бас боп төре Абылай.

Қаракерей Қабанбай
батырдың әңгімесі
(Қайырбек Омарұлы нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айтамын мынау сөзді үптеп-жүптеп,
Бітеді тауға сасыр, қойжелкен.
«Бас қосты тамам батыр» дегеннен соң,
Керейден іздеп кепті ер Жәнібек.

Тауда жүр ойнақ салып арқар-құлжа,
Жігітке артқанда ие түсер олжа.
«Тамам батыр бас қосты» дегеннен соң,
Аттанды Шанышқылы Бердіқожа.

Қабанбай жиып алды жамағатты-ай,
Жауды көрсе, шабады тізгін тартпай.
«Тамам батыр құралды» дегеннен соң,
Тоғас Қосай аттанды ер Дәулетбай.

Жігіттер, заман қандай, заң қандай-ды,
Қолында батыр туы бұлаңдайды.
«Сақ еді қарауылға, шалдырмас» деп,
Алдырды қарауылға Ақшабдарды.

Қабанбай жиып алды жамағатты,
Ағыны сонша жанның тастан қатты.
«Тоқымын жүз кісінің алдырмайд» деп,
Тумадан алдырыпты Шағалақты.

Қабанбай жиып алды жамағатты-ай,
Жауды көрсе шабады тізгін тартпай.
«Тебінгіге бір шыдаса, сол шыдар» деп,
Үйірден ұстап мінді Қубас атты-ай.

Қабекең ұстап мінді Қубас атты,
Батырлар күндіз жүріп, түнде жатты.
Жеріне баратұғын өлшеу қылсаң,
Бір айда Алатауға әрең жетті.

Шеңгелің саспайтұғын сол емес пе,
Сол тауда ат тойынтып бір ай жатты.
Жылқыда ондай жылқы енді қайда,
Екі айда бапқа Қубас әрең жетті.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Батырлар азықтары әбден бітіп,
Бес күндей тілін тістеп қарап жатты.
Бір күні Барақ келіп: «Айтам, деді,
Қырғыздар алдырмапты, қайтем, деді.

Далада атым сойып қаңғырмаймын,
Рұхсат бер, ер жақсысы, қайтам»,—деді.

—Ата жөнін білмеген бала билер,

Қатты шайпау төсекте арам жүрер.
Тәубесі тоқ кісінің болмайтұғын,
Біраз күн аш жүрсеңдер, аран жүрер.
Соны айтып, ер Қабанбай күлімдеді,

Жуырда алар қырғыз білінбеді.
Ақ туы Қабанбайдың шаншып қойған
Талқан боп, жел жоқ, күн жоқ дүрілдеді.
Батырлар сол арада сасып қалды,

Жүгіріп батыр Барақ атқа барды.
Қабакем Қубас атқа қарғып мініп,
Ақ туды дүрілдеген жеті айналды.
Ал, жігіттер, жігіттер, ал дейтұғын,

Қарауылға Ақшабдар бар дейтұғын.
Батырлар атыңды ұстап жеңілтектен,
Бір соғыс шалқар түсте бар дейтұғын.
Ақшабдар қарауылға шыға шапты,

Бас бағыт тесік тасқа қарай сапты.
Қару ап, қатар түзеп, бөлек шығып,
Бір тайпа ел қырғыз болып келіп қапты.
Бір тайпа ел қырғыз болып келіп қапты,

Алды-артын қазақ қамап алып қапты.
Қырғызда да бар екен не данышпан,
«Жеке-жеке, қазақ» деп біреу шапты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аспаннан қар жауады жерге жастап,
Әкелді Құдай айдап, ажал бастап.
Қанжығалы Бөгенбай кез келеді,
Болмады Барақпенен қоса жайпап.

Қабанбай туды ұстап тұр, жауды байқап,
Биік тау отырғаны үлкен ойқап.
Көкжарлы көкжал Барақ кез кеп еді,
Болмады Дәулетбаймен қоса жайқап.

Қабанбай Шағалақты қасына алды,
Ақ туды Шағалаққа бере салды.
«Қозғалтпай туды ұстап тұр» деді де,
Ақ найза алты қырлы қолына алды.

Кірпік қақпай телміріп ашуланып,
Жүгіртіп ол қырғызға таяу барды.
Жақындап оң жағынан келіп еді,
Қырғыздың бас сауыты ағытылды.

Ер Қабанбай сол күн жас бозбаладан,
Өтті қырғыз Барақпен екі арадан.
Қубастың жанбасына жанып алып,—
Қырғызды бұлғап алды бұғанадан.

Қырғызды іліп алып жерге салды,
Бөгенбай жердегі атты іліп алды.
Батырдың жығылғанын көргеннен соң,
Зар илеп қалың көштен бір қыз салды.

Батырлар жатқан тауға қырғыз келді,
Ол қырғыз түнде келмей, күндіз келді.
Батырдың жығылғанын көргеннен соң,
Ақбас атан жетелеп бір қыз келді.

Ал батырлар сол жерге тоқтайды енді,
Ақ туды қанға малып шоқтайды енді.
Өліп жатқан қырғызды құшақтап-ап,
Аз ғана қыз әкесін жоқтайды енді.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Қыздың жыры:

—Алакөл тасыр саяз боп,

Ер сарғаяр малы аз боп.
Қаның бір төгіліп аңырдың-ау,
Ағайын елмен араз боп.
Көшпе деп ем көштің бе,

Үйдің бауын шештің бе.
Мүкаммалың шаштың ба,
Қазақтың қалдың астында!
Аузыңнан алар күлкіңді,

Көзіңнен алар ұйқыңды.
Ерігіп жатқан көп қазақ
Сиырып алар жылқыңды.
Жылқыңнан алар асауды,

Жүгіңнен алар жасауды.
Түйеңнен алар теңіңді,
Әлгінде жүрген әкем-ау,
Ала алмай кеттің кегіңді!

Жекеге шыққан Бөгенбай,
Кеттің-ау, әкем, кек алмай!
Майдандасқан Барағың,
Қапыда қалдың, қарағым!

Кейін келген Дәулетбай
Шығарған еді бейнетті-ай!
Қарсы келген Қабанбай
Қапысын қалдың таба алмай!

Ебіңді Құдай кетірді-ай,
Көкторғай итпен шаба алмай!
Біздің қырғыз найзасы—
Қарағай ағаш, морт болды.

Қабанбайдың найзасы—
Емен ағаш, берік болды.
Әлгінде жүрген әкем-ау,
Ажалың неғып шорт болды?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аяқ пенен табақтап,
Сөз сөйлеймін сабақтап.
Қазақтан шыққан Қабанбай
Кетті ғой, ойбай, тамақтап!

Аяқпенен үш-мүштеп,
Малың кетті еңістеп.
Қазақтан шыққан Қабанбай,
Кеттің-ау, ойбай, тегістеп!

Емеде қоқи айттым-ау,
Арыстай болып жаттың-ау!
Қазақтан шыққан Қабанбай,
Бұғанадан аттың-ау!

Отырмаймын, тұрайын,
Белімді бекем буайын.
Көңілің бір өскен Қабанбай,
Батырдан сауға сұрайын.

Сауға берсең өзін бер,
Сөйлеп тұрған сөзім бер?!
Қарайған қара басын бер,
Қиылған қара қасын бер?!

Сіздерден болған өлім ғой,
Бір Аллаға мәлім ғой.
Елді шауып аларсың,
Олжа қылып барарсың.

Бір қойың сойып біреуің,
Көңілсіз мені аларсың.
Отырмайын, тұрайын,
Белімді бекем буайын.

Көңілің бір өскен Қабанбай,
Өзіңнен ақыл сұрайын.
Қара бір жорға мінгем жоқ,
Қазина, торқа кигем жоқ.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Қайтсем адам болармын,
Артымда өскен сіңілім жоқ.
Күндіз жүрсем күлкім жоқ,
Түнде жүрсем ұйқым жоқ.

Қайтсем адам боламын,
Артымда бауыр, інім жоқ.
Сары ат мінсем, тағам жоқ,
Ақ сауыт кисем, жағам жоқ.

Қайтсем, адам болармын,
Алдымда тұрған ағам жоқ.
Тасқа бір қонған байғызбын,
Бастауға біткен жалбызбын.

Туысқан-туған менде жоқ,
Мен бір сұмырай жалғызбын.
Ішкен бір асың бал шығар,
Артқан түйең нар шығар.

Еңіретпе, қазақ, еңіретпе,
Ұл да-қызың бар шығар.
Қыздың сөзі қанық-ты,
Қазаққа енді анық-ты.

Ер Бөгенбай көңілшек,
Қыз сөзіне қамықты.

—Ей, жарандар, жарандар,

Бермен маған қараңдар!
Осы қызды тонама,
Тонап олжа бола ма?
Көзден аққан қанды жас,

Ақыр да бізді қоя ма?!
Өлтірдің қыздың иесін,
Босаттың жұрттың жүйесін.
Қыз қолында лайық

Алайын жалғыз түйесін.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ана көшке барыпты,
Көшті шауып алыпты.
Жоғары көшке барыпты,
Түгін қоймай алыпты.

Ерлікпенен Қабанбай
«Біреуі мерт қып кетед» деп,
Шағалақты қасына ап,
Қыз күзетіп қалыпты.

Қыздың аты—Қарашпан,
Ақылынан адаспан.
Қыздың киген киімі
Үш жүз алпыс түймелі.

Шағалақ жүр жаутаңдап,
Қыз бетінен сүйгелі.

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Неғып жүрсің жағалап.
Жау баласын сүймеші,
Үзбеші жалғыз түймесін,
Сындырма жалғыз инесін.

Қайдан білдің, шіркін-ау,
Көз жасының тимесін.
Шағалаққа тидірмей,
Ақ бетін де сүйдірмей,

Астына сүйеген ат берді,
Атакеге хат берді.
Әкесінің сүйегін
Қыз алдына сап берді.

Қыз кетті сонда төтелеп
Батырлардың артынан.
Өзі келді Қабанбай
Ақбас атан жетелеп.

Дәулетбай келді жетіп «ағам ғой» деп,
«Қырғыздан олжа қылған заман ғой» деп.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Дәулетбай өз пікірін айта салды,
«Жақсы аға, осы олжаңды алам ғой» деп.
Мұның несін отырсың сөз деп айтып,
Бермей кетсем, қалмай ма көңілің қайтып.

Жетпістің жетеуіне келді жасым,
Өлгенше жүрейін де қосымды артып.
Қай-қайда айдаушы едің өліміңді,
Соңыңнан болсын тәуір ер сұ...*

Қырғыздың бір тайлағын маған қисаң,
Апарып қуантайын келініңді.
Сөз шықты бермейтұғын ат атанды,
Дәулетбай бермеген соң көңілі қалды.

—Қырғыздың бір тайлағын не қыласың,

Алсаңшы өз тумамнан жеті атанды.
Арқар деген тауыңда арқар-құлжа,
Атқа түйе жігітке тегін олжа.
Бір тайлағын қырғыздың қимағасын,

Сірә да, жеңгем малын қылман олжа.
Түйенің қызықтысы пернесіне,
Алланың көп қайғырма келдесіне.
Атасаң өз тумаңнан жеті атанды,

Мұсама шын-ақ мінемін мен бермесіме.
Ер Жантай басу айтып, қой-қойлайды,
Дәулетбай Кембайды ертіп елге салды.
Олардан үш күн бұрын елге келіп,

Тал түсте түйенің қомын салды.
Түйенің үш күн, үш түн қомын шешпей,
Бойына Қызылсудың барып қалды.
Еліктің оқ жетпейді лағына,

Шұршыт көл еру болды бұлағына.
* Қолжазбада бір сөз өшіп қалған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дәулетбай Қызылсуды еру деген,
Естілді ер Қабанбай құлағына.
Жиылып тамам батыр түндейді енді,
«Батыр жоқ Дәулетбайдай бүгін де енді».

—Шапшаң барып елге көшіріп әкел,—деп,

Шағалақты Шыңқожа жіберді енді.
Жетелеп жеті атанды екеу келді,
Кісіге келмейтұғын бекер келді.
Дәулетбай екеуіне келмей қалды,

Жылы шырай екеуіне бермей қалды.
Дәулетбай екеуіне келмеген соң,
Қабекем онан арман көңілі қалды.

—Өзім басы боп барып ем Алакөлге,

Қанша өктем қылып ем осынша елге.
Әркімді өзі Құдай сақтасын,—деп,
Қабанбай көшіп кетті Сарыбелге.
Екеуі екі басқа кекті болды,

Аз күні өкпе шайған өтті болды.
Бір қыстай Сарыбелді қыстап шығып,
Айырылған қуығынан дертті болды.
Қазаққа сау болса да, өзіне өтті,

«Ауруға мен осындай шалдықтым» деп,
Арғынға найманменен хабар жетті.
Ауруы күннен-күнге төмендейді,
Көруге іңкәр болды Дәулетбайды.

«Көңілін Қабанбайдың сұраймын» деп,
Сексеннің сегізінде Бұқар келді.
Есіктен үйге кіре жылай келді,
«Бір бидай арпа ішінде—асылым» деп,

Көңілін Бұқар жырау сұрай келді.

—Бір бидай арпа ішінде—асылым-ай,

Сені де көп көрді ме Құдайым-ай!
Қазағымның қалқаны Қабанбай,

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Зар болармын таба алмай.
Өлмейді деп жүр едім,
Мұбада сұмырай заман-ай!
Сенің дертің аударып,

Құдай маған берерме-ай,
Көзімнің жасын көрерме-ай!
Үлкен тауға шыққанда,
Шәңгіштен алған таяғым.

Арқамды күнге күйдірмес,
Шәрден киген бояғым.
Алыстан сөз келгенде,
Түріліп жатқан құлағым.

Қашқан жауды құтқармас
Белдеудегі пырағым.
Мың жылқыны суарған
Қайнардан аққан бұлағым.

Сен аурусың деген сөз,
Кеш естідім, қарағым.
Естідім де жыладым,
Құдайдан сені сұрадым.

Арғыннан айттым жүз кісі,
Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі,
Алшыннан айттым жүз кісі—

Төрт жүз кісі зекет қып,
Жалғыз сені тіледім.
Құдай сені қояр ма,
Көзім жасын көрер ме?!

Төрт жүз кісі байладым,
Төрт жүз кісі, қарағым
Қара мойын лағың,
Әулиенің арты едің.

Қарағым, қалқам, Қабанбай-ау,
Қай жерде өлсең тұрағың?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабекем күрк-күрк жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.
Бұқардан күнді сұрады,
Сұрады да жылады:

—Бүгін айдың нешесі,

Күн қараңғы кешесі.
Он үші айдың—дүйсенбі,
Жанның бәрі күйзелді.
Мен сауымда көргенмін,

Дүйсенбі күні өтпекпін.
Сүйегім ...* кетпекпін.
Қапыда менен қалмаңдар,
Арманда болып кетпекпін.

Тағы да Бұқар тұрды енді,
Әңгіме дүкен құрды енді:

—Шағалақ пен Шыңқожа,

Бермен таман келіңдер,
Жатқан ерді көріңдер.
Жалғаннан батыр өтеді,
Сендер маған сеніңдер.

Ақберен деген сауыттың
Етегі бар, жеңі жоқ.
Ағайынды кісінің
Төбелессе, кегі жоқ.

Мен кісі танысам,
Қабанбайдың адам болар кейпі жоқ.
Шағалақ пен Шынқожа,
Дәулетбайға барыңдар,

Барып хабар салыңдар.
Мына ағасын көрсін де,
Өз қолынан көмсін де.
Ақыретте қайтеді,

Араздасып қоштасып,
Ризалық берсін де.
* Бұл жерде бір сөз өшіп қалған.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Қабанбай күрк-күрк жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.

—Бұқардың сөзін алмаңдар,

Менің тілім алыңдар,
Дәулетбайға бармаңдар.
Барсаң дағы келмейді,
Келіп мені көрмейді.

Кетерінде атаған,
«Өлсең сені көрмен деп,
Терең қазып көмбен» деп.
Сегіз жасар күніңде

Сені де жолға ертіп ем,
Тоғыз жасар күніңде
Қоңырбөрік деген үйсіннен
Қоймай айттырып беріп ем.

Түскенде үйде жоқ едім,
Бір сапардан келіп ем.
Екі қыз бар қасында,
Желегі бар басында.

Бес белеңнен асқанда,
Аяғын тық-тық басқанда,
Ұрғашының дегдары
Боларсың ғой,—деп едім.

Сүйткен қайран келінге
Дұғай да, дұғай сәлем де.
Тағы да Бұқар тұрды енді,
Тағы бір кеңес құрды енді:

—Өлінің тілін қызы алмасын,

Тірінің тілін ұлы алмасын.
Шынымен кетті Қабанбай,
Енді бізге тұра алмасын.
Шағалақ, мінші Қубасты,

Шыңқожа, мінші Бөрте атты,
Ал қосарға төрт атты.
Сол шапқаннан шабыңдар,
Қызылсудың бойынан

Дәулетбайды табыңдар.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Араз екен демеңдер,
Араздасып айтпаңдар.
Өтірік екен демеңдер,
Ел бүлдіріп қайтпаңдар.

Осылай-осылай деп,
Ептеп бір алып қайтыңдар.
Шағалақ мінді Қубас атты,
Шыңқожа мінді Бөрте атты.

Төрт атпенен түн қатты,
Түске дейін шауыпты.
Түсіп артына қараса,
Үш күндік жер қалыпты.

Ел жататын уақытта
Қызылсудың бойынан
Дәулетбайды тауыпты,
Екеуі барды дүбірлеп.

Сол заманда төсекке бел шешіп жатпақ екен. «Тыста елді
дүбірлеткен бұл кім?» деп дауыс белгі берген екен.
Шағалақ айтты: «Мен»,—деді,

—Апырмай, нағып жүрсің сен?—деді.

Қубас аттың үстіне
Төрт атқа қомды теңдеді.
Төрт байыстың баласы
Төбеде қалып еңіреді:

—Тас қорғаның бар еді,

Бір шекесі құлады.
Қос бәйтерек сен едің,
Мінеки, бірі сұлады.
Қабығы жоқ қу ағаш

Қуарып жерге түскен соң,
Қатындар отын қылады.
«Қанжауғырым не айтад?» деп,
Дәулетбай қайта сұрады.

«Сұрағаның құрсын» деп,
Дәулетбайдың қатыны
Төсектен ұшып тұрады.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Түрегелді ойбайлап,
Бетінен қаны тым қайнап.
Абдырасын ақтарды,
Асыл бұйым ап салды.

«Қарағым, қалқам, қайнағам,
Жаратпадым» деп салды.

—Тірі күнде көрмедім,

Сыбағаңды бермедім.
Есік ашып енгізіп,
Қағып сырмақ салмадым.
Су құйдым ба қолыңа,

Қайырлы бата алмадым.
Атыңды шешіп белдеуден,
Аттандырып артыңнан,
Қуанып-күліп қалмадым.

Қарағым, қалқам, қайнағам,
Бөтен емес, өз ағам.
Қанатымнан айрылдым,
Жасыған жездей майрылдым.

Ашпа көзіңді, Дәулетбай,
Қандай да күні айрылдым!
Тысқарға шығып ақырды,
Абысынын шақырды.

—Сендерді Құдай алмады,

Ұйқыларың қанбады.
Шолпан туа үйді жық,
Таң сарғая түйені арт.
Ақсақ-тоқсақ қалмасын,

Жасауылды қалың сал.
Артыңды қырғыз алмасын,
Қатын сүйтіп шөптеп жүр,
Төрт атты ұстап ерттеп жүр.

Дәулетбай отыр қасында бүктеліп,
Ақ бидайша түктеліп.

—Көрмейсің бауырыңды,

Иен қалған ауылыңды.
14-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ертең біреу талқандап,
Жыртады шіркін сауырыңды.
Мінбеймісің атыңа,
Жеткізді Құдай антыңа.

Ертең біреу олжа қып,
Салады шіркін артына.
Көрмеймісің ағаңды,
Алысқан жыртар жағаңды.

Үйбай-ау, сонда көрермін,
Ағаекемсіз бағаңды.
Қатынның сөзін қостады,
Қайтадан екі ат ұстады.

Атқа мініп Дәулетбай,
«Уа, дариға, ағам» деп,
Білегін жұлып тастады.
Олар алды төрт атты,

Сегіз тұлпар түн қатты.
Түн бойынша шауыпты,
Таң мезгілі болғанда,
Елдің шетін тауыпты.

Күн шығатын уақытта
Ел шетіне кеп жетіп,
Үш қойшыны тауыпты.
Келіні бұрын жетіпті:

—Қарағым, қалқам, қайнағам,

Тірі ме?—деп сұрапты.
Бір қойшы айтты «ай» деді,
Бір қойшы айтты «шай» деді,
Бір қойшы айтты «бар» деді.

—Кеше кеште мен бардым,

Көзімізбен күзеттік,
Қолымызбен түзеттік.
Сендерге қарап жатыр ғой,
Есіктегі сәулеге

Жалтақ-жалтақ қарайды.
«Қорай да, қорай, көк серке,
Қойым да кетіп барады».
Қойшыдан өте салады,

Ауылға шауып барады.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

«Ой, бауырым» сала Дәулетбай,
Ауылды үш айналдыра шабады.
Кетексі бауыры келген соң,
Талықсып батыр құлады.

Кіріп бір келіп келіні,
Құшақтап басын алады.
Аузынан аққан сілекей
Айналдыра жалады.

—Айналайын жақсы аға,

Күйіп ішім барады...
Тағы да Бұқар тұрды енді,
Жылап бір кеңес құрды енді:

—Туысқаның құрысын,

Тірідей көңілін қалдырдың.
Қалдырғанмен қоймадың,
Қос атпенен алдырдың.
Туысқан сендей жан жоқ қой,

«Ой, бауырым» салып талдырдың.
Қорлыққа-қорлық, Қабанбай,
Зарлықта-зарлық Қабанбай,
Зар болармын таба алмай.

Еділ менен Жайықтан
Ерігіп шауып өтпейді.
Ту көтеріп атқа мін,
Аруағы болса Қабанбай,

Бір тірілмей кетпейді.
Қабанбай күрк-күрк жөтелді,
Ұшып басын көтерді.
Жасынан ерген жолдасы

Абылай келді өтерде.
Шағалақ жүр тысқарда,
Ауызы-басы жыбырлап,
Әрбіреуге сыбырлап.

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Нағып жүрсің жыбырлап,
Қатынбысың сыбырлап.
Бері маған алып шық,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мен отырмын тыншықпай,
Көкіректен жан шықпай.
Зорға-зорға қыбырлап,
Шағалақ келді қасына,

Тізесін қойды басына.
Кіргенде көл болды,
Көзінен аққан жасына.

—Айналайын Қабеке-ау,

Көзің тірі жатқанда,
Қорлық деген осы ма?!
Мың кісіге бас болып,
Әтеке жырық баласы

Садыр бала келіп тұр.
«Көзі тірі жатқанда,
Көңіліне нық болсын деп,
Елін шауып кетем» деп,

Кекілік дейтін кезеңде
Мәмбет хабар беріп тұр.
Талып бір жатқан Қабанбай
Ұшып басын көтерді.

—Әулиге ат айтшы,

Пайғамбарға бата айтшы,
Қорасанға қой айтшы,
Өліп бір жатқан денемді
Сау кісідей қатайтшы.

Ертең сәскеге дейін жаным қой,
Жаудан кегімді алайын!
Жаудан өлсем, шейітпін,
Жерге қойсаң, бейітпін.

Көзім тірі жатқанда
Қорама келіп кейіттің.
Байжігіттің тазы едім
Таудан түлкі қоймаған.

«Құмарлан» деген тазы едім,
Сәскеге дейін жаным қой,
Жаудан өлсем, шейітпін.
Қара қазан Садыр бала,

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Тартынбай шап, бол, бала!
Жар болғай бабам дұғасы,
Сарт болмасаң, бір қара!
Алладан пәрмен сұрады,

Орнынан ұшып тұрады.
Тұрғанын біліп батырдың,
Жабықта тұрған ақ туы
Желбір қағып байқасаң,

Көтеріліп барады.

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Он алтыңда ертіп ем
Бір өзіңді, қарағым,
Жүз кісіге бағалап.
Алып бір келші Қубасты,

Төрт аяғын таймастай істеп тағалап.
Ноқта-жүген қолға алып,
Жүгірді атқа Шағалақ.
Бестідегі күніндей,

Безеңдеді Қубас ат.
Жүреді екен жағалап,
Ноқта, жүген ілген соң,
Аяғын алды тағалап.

Батырға алып келеді,
Хайуан да болса жолдасы,
Батырды танып Қубас ат,
Оқыранып береді.

Елу бестегі күніндей
Ұшып атқа келеді.
Маңдайынан бір сипап,
«Аллалап» атқа мінеді.

Тақымы ердің тиген соң,
Лып беріп Қубас жөнелді,
Маядай мойнын созады.
Тарта-тарта батырдың

Алақаны тозады.
Көк айыл болып көпірді,
Жер басқаннан озады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ауыздықты басады,
Езуден көбік шашады.
Кекілік дейтін тік кезең
Қубаспен шауып асады.

Ақбөрте аты астында,
Дулығасы басында,
Садыр деген бір қырғыз
Келген екен дәл сонда,

Дәл он алты жасында.
Ұрадан төмен желеді,
Елін тоқсан бөледі.
Қайтатұғын ер емес,

Қарама-қарсы батырға
Талмай ұшып келеді.
Қабанбай биік өрісі,
Бойына түсті перісі.

Найзаменен салды енді
Болмайтұғын баланы.
Қақ жүректен салады,
Туы қолдан ұрады.

Тыпырлатып Қабанбай,
Найзамен түйреп тұрады.
Абылай түсе жүгірді,
«Кесейін, ұлым, басыңды,

Құртайын,—деді,—жасыңды».
Ер Қабанбай көңілшек,

—Ей, Абылай, тұра-тұр,

Бұ да өзіңдей ер екен.
Өз елінде сері екен,
Жас өспірім бала екен.
О, дариға, дүние-ай,

Жекеге шығып жүр екен.
Абылай хан өкпелеп: «Қабеке,—деп,
Жау мұнда не қылмаған біздің елге,
Қысымы сен жатқалы өтіп еді,

Аядың ер, Қабанбай, мұны неге?

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Өлтіріп мұны тынбадым,
Бәйбішемді күң қылған,
Бозбаламды құл қылған,
Өрісімді бұзып мал алған,

Күймемді бұзып қыз алған.
Аямадың мені енді,
Өлгенше көрмен сені»,—деп,
Өкпелеп тұра жөнелді.

Жерде талып бір жатқан жас бала
Өстіп басын көтерді.

—Қабанбай, мені тез өлтір,

Аясаң мен кетемін,
Артыңда қалған жұртыңның
Мен түбіне жетемін.
Қолына төре Абылай пышақ алды.

Атынан ашуланып түсе қалды.
Сөзіне Қабекеңнің қарайламай,
Басынан қақ жүректің есіп алды.
Өлтіріп он алтыда қайран жасты,

Абылай қанын жұтып, мауқын басты.
Батырым мың кісіні өлтірген соң,
Ит қырғыз туы құлап, бәрі қашты.
Жабылып ол қырғызды бәрі қуды,

Жете алмай арттан өріп қалды енді.
Ол жерде тоқталмастан қырғыз қашты,
Қабекем Қубас атқа қамшы басты.
«Сен жауды кәрі мұндар құтқардың» деп,

Кекілік ылдиында арыздасты.
Тайыңда арда еміп ең,
Тегі торы деп едім.
Құнан жаста арда емдің,

Құнтай торы деп едім,
Дөнен жаста арда емдің,
Дөңбектей торы деп едім.
Алты жаста арда емдің,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқан тағып қойып ем.
Жеті жаста арда емдің,
Жер қайысқан қол бастап,
Алакөлге барып ем.

Осы келген қырғыздың
Елін шауып алып ем.
Жалғыз қызын қырғыздың
Ат көтіне салып ем.

Ақ түйесін қолынан
Еріксіз тартып алып ем.
Сені мінген күнімде
Қайықсыз түстім теңізге.

Сенен басқа мал мінсем,
Болушы ем мінгендей өгізге.
Сен келдің отыз сегізге,
Мен келдім жетпіс сегізге.

Қартайған екен қос кәрі ит,
Құтқарды жауды дегізбе.
Ал Қабанбай осыны бастайды енді,
Келсе қанша қырғызы, саспайды енді.

Қайраты әуелгідей бойға түсіп,
Бес жүз бозды сәтке қырып тастайды енді.
Қабанбай қардай борады,
Бестідегі күніндей.

Мың кісінің алды-артын
Қубаспен шауып ұрады.
Түк жібермей Қабанбай,
Ерін қоймай қырады.

Бір жылғаға салады,
Жұрт олжаны алады.
Ертең сәске уақыт болғанда,
Уағдалы күн таянып,

Аяғы үзеңгіден шығып барады.
Жалын құшып Қубастың,
«Аллалап» барып Қабанбай,
Еңкейіп барып тұрады.

Ағасының көңілін Дәулетбай,

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ӘҢГІМЕСІ

Дәл сол жерде келіп сұрады.
Дәулетбайды көрген соң,
Ер Қабанбай жылады,
Көзінің жасын бұлады:

—О, Дәулетбай, бері кел,

Бері кел де мені көр.
Өкпелеген түйеңді ал,
Түйе түгіл қалады,
Міне, қатын, иен мал.

Апар мені үйіме,
Түсе алмаспын күйіме.
Қиналды менің жаным-ай,
Кәпір, қазақ асын ішкен

Он бес құлақ қазаным.
Бір биені сояды,
Қазанына салады.
Бірі қалмай алдына,

Жұрты жиылып барады.
Келінін танып Қабанбай,
Сонда азырақ сөйледі:

—Әйел де болсаң тапсырдым,

Қара құрсақ Мәмбетті
Қара Емелге жи,—деді.
Қорлықтың жайын айтайын,
Еркекте ақыл болмайды,

Қонысынан ауған соң.
Ағайынға өкпелеп,
Ел шетіне барған соң.
Ауылды шетке қонғызба,

Жақсы көрер баласың,
Жау көтінен қуғызба.
Ат-айғыр жүрер оқырап,
Құлын-тай жүрер шырқырап.

Бозбала жүрер өріліп,
Ат-айғыр жүрер қырылып.
Онан қорлық өте ме,
Ол сүйектен кете ме?!

Азарлықтың жайын айтайын,
Әйелден ақыл қалмайды

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Біреуден сауын сауған соң.
Көшін жөнекей ұрысып кеп,
Қолынан жұлып алған соң.
Әркімге барар шермеңдеп,

Бермесе, көңілі көр болар,
Қайтады көзі телмеңдеп.
Одан зарлық өте ме,
Ол сүйектен кете ме?!

Дәулетбай еді қанатым,
Қосай еді қайратым.
Мына отырған сұм жеңгең
Жас күнінен мінген төл атым.

Екі емшегін көрсетіп,
Жамаулы киім кигізбе,
Құлынды бие мінгізбе.
Байжігіттің баласы

Шет найманға жегізбе.
Жеңгеңнің жайын айтайын
Аса кесір сараң-ды,
Қолын жұлмас арам-ды.

Қош, Дәулетбай, аман қал,
Қарасатынға тапсырдым
Қатын менен баламды.
Мен сауымда көргенмін,

Дүйсенбі күні өтпекпін.
Өткен күні ғайыптан,
Ақ түйе маған жетпектін.
Үш күнде көрде мен тұрсам,

Сүйегімді қырғыз алып кетпектін.
Кәпір, қазақ алыс-жуық демеймін.
Аруағымды кім бұрын ауызына алса,
Соны қолдап кетпекпін.

Базардан боқша-боқша бөз келеді,
Атқан оқ ажалдыға кез болады.
Жамағат, құлақ салып сөз тыңдасаң,
Азырақ Қабанбайдан сөз келеді.

Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Арқауыл үлкен бауда күн шалғаным.
Аузыма «а» дегенде тола түсіп,
Сөзіне ер Қабанбай ұйғарғаным.

Болғанда арғын, найман арысыңды,
Қабекең алып берген намысыңды.
Батырдың Қабанбай заманында,
Кетіпті қалмақ шауып арысыңды.

Қан құсты, қапаланды ер Қабанбай,
Қалмақтан кетіпті кек алалмай.
«Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Келіпті төмен түппен ер Абылай.

Жігіттер, жақсы қалай, жаман қалай,
Жүреді қайда жаман мал бағалмай.
Жалаңдар сөз білмейтін ел ішінде,
Жығылар нақақ дауға сөз табалмай.

«Жолда өзім еріп барайын» деп,
Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай.
Жеріңде Арқа сауыр арқар-құлжа,
Табылса атқа түйе, тегін олжа.

Қабанбай туралы жыр
(Бағыбай Мергенбаев нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Бас қосты өңкей батыр» дегеннен соң,
Келіпті әдейі іздеп Ажықожа.
Жігіттер, отырмаңдар бекер қарап,
Жел сөзді неғылайын сізден аяп.

«Бас қосты өңкей батыр» дегеннен соң,
Аттанды көкжалдыдан Көкжал Барақ.
...........................................................*
Қабанбай сонша батыр жігіт алып.

Батырлар жүрмек болды қарап жатпай,
Жау көрсе, шапқандай-ақ тізгін тартпай.
«Бас қосты өңшең батыр» дегеннен соң,
Аттанды Қосай, Мәмбет, ер Дәулетбай.

Жиылып өңшең батыр аттан етті,
Айнала сонша батыр дастан қыпты.
«Тепкіме қандай батыр шыдайды» деп,
Жылқыдан ұстап алды Қубас атты.

Батырлар түнде жүріп, күндіз жатты.
Жігіттер, жер мөлшерін қарай қойшы,
Бір айда Алатауға әрең жетті.
Шеріктің жарым аты арық боп қап,

Бабына сонда Қубас әрең жетті.
Шеңгелді ерікпейтін қарап қойшы,
Сол жерде ат семіртіп бір ай жатты.
Азығы батырлардың таусылып қап,

Бес күндей тілін тістеп қарап жатты.
Жол атын алып жүрген Құдайы айтты,
Бір сөзді Барақ сонда айтам деген.
«Жауыңды алдырмайтын қайтем деген,

Далада атым сойып қаңғырмаймын,
Қоста бар ер жақсысы, қайтам деген».
* Қолжазбада бір өлең жолы өшіп қалған.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Қабанбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Білмеген ата жөнді балаң білер,

Төсегі жаман қатын арам келер.
Табысы жоқ кісінің болушы емес,
Аш болсаң азғана күн, аран жүрер.
Қабанбай соны айтты да, күлімдейді,

Ақ туы Қабанбайдың дүрілдейді.
Туынан дүрілдеген жеті айналып,
Қабекең қосқа кіріп күлімдейді.
Жігіттер киім тастап жеңілшектеп,

«Бір соғыс неғылса да бүгін» дейді.
Көрінсе ал біреуді, ал дейтұғын,
Ақшабдар қарауылға бар дейтұғын.
Ақшабдар қарауылға шыға сапты,

Қалмақтың өз ішінен бүлік шығып.
Бір тайпа ел көшіп, жақын келіп қайтты,
Үш қоршап, қазақ елі қоршап апты.
Бар екен қалмақта да не данышпан,

«Қазақ» деп жеке-жеке біреу шапты.
Тұрады ол Қабекең жауды байқап,
Бір кірсе қолтығымнан құшар борқап.
Бір жерде кез келіп еді Көкжал Барақ,

Болмады Бараққа да найза шайқап.
Тұрады ол Қабанбай жауды байқап,
Бір кірсе қолтығынан құшар торқап.
Бір жерде кез келіп еді ер Дәулетбай,

Болмады Дәуекеңе түріп тастап.
Шақырып Шағалақты қасына алды,
Ақ туын Шағалаққа бере салып,
Қабекең Қубас атқа қарғып мініп,

Ақ найза толғамалы қолына алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шіркінді неге қылды бағанадан,
Өтсеңші Барақпенен екі арадан.
Кәпірге кірпік қақпай тұра шауып,
Тастайды іліп барып бұғанадан.

Сол кезде жиылысып қырғыз келді,
Ол қырғыз түнде келмей, түнде келген.
Әлгі жау мына қыздың әкесі екен,
Жетелеп ақ бас түйе бір қыз келді.

Ақ туын Қабекеңнің шоқтайды енді,
Батырлар олжа алған тоқтайды енді.
Баяғы қыз әлгі жаудың қызы екен,
Әкесін бір азырақ жоқтайды енді:

—Алакөл тасыр таяз боп,

Ер сарғаяр мал аз боп.
Көшпе десем, көштің ғой,
Өзің үйді шештің ғой.

Жақпа десем, жақтың ғой,
Өзің бастап шықтың ғой.
Бастап шыққан еліңді
Ал көлеңке тықтың ғой.

Сені өлтірді Қабанбай,
Қапысын қалдың табалмай?!
Тола түскір Көкторғай,
Неғып қалдың шабалмай?!

Әтиімнің найзасы
Қарағай болды, морт болды.
Қабанбайдың найзасы
Емен де болды, шорт болды.

Қара ат мінсем, таға жоқ,
Қазине кисем, жаға жоқ.
Қайткенде адам боламын,
Алдымда өскен ағам жоқ.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Ағасы жоқ сұм қызбын,
Сіңлісі жоқ қу қызбын.
Мен-ай өзі білмеймін,
Осылай болған бір қызбын.

Ойбайдан басқа күнім жоқ,
Бір жанымнан басқа тыным жоқ.
Қайткенде адам боламын,
Артымда өскен інім жоқ.

Тасқа біткен байғызбын,
Суға біткен жалбызбын.
Алдымда жоқ, артымда жоқ,
Бір енеге біткен жалғызбын.

Артқанда шермең нар шығар,
Ішкенде асың бал шығар.
Зарлама, қазақ, зарлама,
Мендей де балаң бар шығар.

Сендерге жетпес әлім ғой,
Сендерге біткен малым ғой.
Сіздерден сұраған әкемнің
Бір шыбындай жаны ғой,

Бір қасықтай қаны ғой,
Бір Құдайға мәлім ғой.
Мені алып барасың,
Ат көтіне саларсың.

Бір қойыңды соярсың,
Қатын қылып аларсың.
Баянды қатын мен болман,
Біріңді мініп қашармын,

Орнымды сипап қаларсың.
....................................*
Тонау олжа бола ма?!
* Қолжазбада бір өлең жолы оқылмады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көзімнен аққан қара қан,
Сірә, сені қоя ма,
Жаныңды сенің қоя ма?!
Зарлатпа, қазақ, зарлатпа.

Қыздың сөзі қанық-ты,
Көңілшек екен-ді Қабанбай,
Қыз сөзіне қамықты.

—Жарандар-ау, жарандар,

Жарандар, маған қараңдар!
Осы қыздың мен өлтірдім иесін,
Осы қыз босатты жанның жүйесін.
Тағы да жауға бастайын,

Ана көшке барыңдар,
Көрінгенді алыңдар.
Ана топқа барыңдар,
Топтан олжа алыңдар.

Ерігіп жатқан көп батыр
Үйге қарай салыңдар.
Ана көшке барыпты,
Топтан олжа алыпты.

Ерігіп жатқан топ батыр
Үйге қарай салыпты.
Ерікпейтін Қабекең
Қыз күзетіп қалыпты.

Шағалақ жүр сонда жағалап,
Қыз бетінен сүйгелі.
Қыз үстінде кигені
Үш жүз алпыс түймелі.

Шағалаққа сүйгізбей,
Тірі жанға тигізбей,
Қыз мінгендей ат беріп,
Әкесіне хат беріп,

Әкесінің сүйегін
Алдына сап беріп,
Батырлар кетті төтелеп.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Күншілік жерге барғанда,
Артынан келді Қабекең
Ақ бас түйе жетелеп.
Басы бар жануардың жылқы астаудай,

Төсі бар жануардың төс астаудай.
Он кісі өркешіне мінгескендей,
Ортасы борбайының ел көшкендей,
Кілемнің ат басындай сызықты енді.

Жарықтық нар да емес, мая да емес,
Батырлар сол түйеге қызықты енді.
Дәулетбай: «Қабанбай бірге туған ағам ғой, деп,
Қырғызды олжа қылған заман ғой, деп,

Ағамның бір тайлағын алам ғой» деп,
Дәулетбай үйдеп айтып,
Кетеді бермеген соң көңілі қайтып.

—Жетпіс жетіге келді менің жасым,

Жүретін өле-өлгенше көшімді артып.

—Жұмсайсың қай-қайдағы өлімге

Соңыңнан жақсы болсын еруіме.

—Қырғыздың бір тайлағын қисаң маған,

Апарып қуантайын келініңді.
Дәулетбай уәдеден енді танды,
Бермеген соң ағадан көңлі қалды.

—Қырғыздың бір тайлағын неғыласың,

Берейін өз түйемнен жеті нарды.
Жерінде Арқа сауық арқар-құлжа,
Осысы сараңдық қой, Әділ қожа.
Қырғыздың бір тайлағын қимаған соң,

Өлгенше жеңге малын қылман олжа.
Дәулетбай осы арада демейсің бе,
Қабекеңнін көзі жетті бермесіне.

—Алмасаң өз түйемнен жеті атанды,

Мұсама мен де міндім бермесіме.
15-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Мұсаңа сен де мінсең бермесіңе,

Соңыңнан ит болайын ермесіме.
Қайсымызға өлім жетіп, өліп кетсек,
Тесе алып, топырақ салып көмбесіме.
Батырлар сол арада қайғы ойлады,

Ер Жантай босалқалы айғайлайды.
Тал түсте түйенің қомын салды,
Дәулетбай кірмей кетті ана дуға.
Жақсылар мас боп жатыр малды буға.

Түйенің үш күн, үш түн қомын алмай,
Қоныпты Алакөлді ащы суға.
Қайнардың ат суғарды бұлағына,
Еліктің оқ тимейді ылағына.

Дәулетбай Ащысуға кетті деген
Естілді Қабекеңнің құлағына.
Жиналып өңшең батыр түгелденді,
Батыр жоқ Дәулетбайдай біздерге енді.

«Көшіріп шапшаң барып алып кел» деп,
Шағалақ Шынқожамен жіберді енді.
«Көшіріп келейік» деп екеуі барды,
Кісіге келмейтұғын бекер барды.

Кеуілі шынымен қалған екен,
Дәулетбай түзу жауап бермей қалды.
«Барып бекер бастап Алакөлге,
Қылып қанша өктемдік осынша елге.

Әркімді қайда жүрсе Құдай сақтар,
Көшейін мен де былай Сарыбелге».
Қабекең Дәулетбаймен өшті болды,
Екеуі келмейтұғын алыс жерге көшіп қонды.

Бауырын Сарыбелдің бір жыл қыстап,
Айрылған қуығынан дертті болды.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

«Айырылып қуығынан болды дертті,
Болса да қазаққа сау, өзіне өтті.
Жолықты бір нәрсеге осылай» деп,
Арғынға найманменен хабар етті.

Сексен сегізінде Бұқар кепті,
Ол Бұқар келсе дағы жылап кепті.

—Қарағым, қалқам, шырағым,

Сені ауру дегенді
Кеше естіді құлағым.
Мың жылқыны суғарған
Сарқылмас қайнар бұлағым.

Қашқан жауды құтқармас,
Белдеуде тұрған пырағым.
Жел жағымда
Жайылып жатқан саяғым,

Ұлытаудың тасына
Сүйенетін таяным.
Еменнен біткен таяғым,
Арқамды күнге күйдірмес

Шәрден алған бояғым.
Арғыннан айттым жүз кісі,
Керейден айттым жүз кісі,
Өзімнен айттым жүз кісі—

Осы жиған төрт жүздің
Басы өзім боламын.
Қара мойын қағынды
Айтатұғын ылағың.

Сағымнан біткен Қабанбай,
Қайдан да болар тұрағың?
Тағы да Бұқар жылайды,
Қайғырып қатты жырлайды:

—Ақберен деген сауыттың

Етегі бар, жеңі жоқ.
Ағайынды кісінің
Өкпесі бар, кегі жоқ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ауру жатқан Қабекең
Адам болар кебі жоқ.
Шағалақ мінсін Қубасты,
Шынғожа мінсін Бөрте атты,

Екеуі алсын төрт атты.
Түске шейін шабыңдар,
Түстен кейін босатып,
Ана екі атпен шабыңдар.

Келіп жатар уақытта,
Ащысудың басында
Дәулетбайды табыңдар.
Дәулетбайды қатынымен

Тезірек алып қайтыңдар.
Қабекең күрк-күрк жөтелді,
Шынтақтай басты көтерді.

—Бұқардың тілін алмаңдар,

Дәулетбайға бармаңдар.
Тіріде айтқан «көрмен» деп,
«Өлсе де, ақ арулап көмбен» деп.
Тағы да Бұқар жылайды,

Тағы да кеңес құрады:

—Менің тілімді алыңдар,

Дәулетбайға барыңдар.
Араз кісі демеңдер,
Адырайтып айтпаңдар.
Өкпелі кісі демеңдер,

Өкімдік қып айтпаңдар.
Ептеп-ептеп айтыңдар,
Ептеп алып қайтыңдар.
Қабекең күрік-күрік жөтелді,

Бұқардан қүнді сұрады,
Сұрады да жылады.
Бұқар айтты: «Құдай білер,
Бүгін айдың он екісі—жексенбі.

Ертең айдың он үші,

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Күнің аты—дүйсенбі.
Бүгін болса жексенбі,
Жанның бәрі теңселді.
Ертең болса дүйсенбі,

Жанның бәрі күйзелді».

—Ертең түсте өтпекпін,

Ақмойнаққа қойыңдар.
Мекеге сүйегім кетпейтін,
Сүйегім Меке кетпесе,
Жоқ болғаны тілегім,

Не болады бұл елім?!
Кәпір көрсе етімді,
Дәріш қылар өтімді.
Жемтік қылып кетеді-ау

Артымдағы жетімді.
Жауда өлсем, қазымын,
Байжігіттің азымын.
Құмнан түлкі қоймаған

«Құмарлан» деген тазымын.
Бұқардың тілін алсаңдар,
Дәулетбайға барсаңдар,
Дәулетбайды нетейін,

Дұғай сәләм келінге.
Бұл жалғаннан не алайын,
Ол жалғанға барайын.
Жесір бала, жесір қатынды

Сол келіннен алайын.
Сегіз жаста күнінде,
Серуен құрып жүргенде,
Керуен жолдың үстінде

Алып беріп ем ініме.
Желегі басында,
Сыртынан бір-ақ көріп ем.
Жәй таңда жайжаңтарыңда,

Жайтаңдар алып келіңдер.
Шағалақ мініп Қубасты,
Шынқожа мініп Бөрте атты,
Екеуі алған төрт атты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түске шекті шауыпты,
Кедей жатар уақытта,
Ащысудың бойында
Дәулетбайды тауыпты.

Жетіп келді дүбірлей,
Бел шешпек күн жоқ екен,
Дәулетбай жүгіре шықты бұл кім? дей.

—Шағалақ атты мен,—дейді,

—Даусы белгілі ер шешен,

Неғып жүрсің сен?—дейді.

—Жүрейін неғып мен,—дейді,

Бізді Құдай жөндейді.
Қубас аттың бауырына
Төрт қап күміс теңдейді.
Бес байыстың баласы

Төбеде тұрып еңрейді.
Қабығы жоқ қу ағаш
Қатындар отын қылады.
Қос бәйтерек бар еді,

Біреуі соның сұлады.
Тас қорғаны бар еді,
Бір шекесі құлады.
Қабекеңнің ақ туы

Кімдер ұстап тұрады,
Кімді ұран қылады?
«Қанжауғыр-ау не деген?» деп,
Дәулетбай қайта сұрады.

«Сұрағаның құрсын» деп,
Дәулетбайдың қатыны
Үйде отырып жылады.
Шыға келді ақырып:

—Осы ауылдың қатындары оңбайды,

Ұйқылары қанбайды,
Айтса, тілді алмайды.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Шолпан тұра үйің жық,
Таң сарғайа жүгіңді арт.
Ақсақ-тоқсақ қалмасын,
Жасауылды қалың сал,

Артыңды қалмақ алмасын.
Үйіне келсе,
Дәулетбай отыр бүктеліп,
Ақ бидайдай түктеліп.

Дәулетбай-ау, Дәулетбай,
Неге отырсың бүктеліп,
Ақ бидайдай түктеліп?
Бармайсың ба баурыңа,

Қараң қалған аулыңа.
Өкпелеген түйеңді ал,
Түйең түгіл,
Қалды ғой саған иен мал.

Көшпе десең, көштің ғой,
Өзің үйді шештің ғой.
Таласқан түйең құрысын,
Мың кісілік ағаңды

Кетірдің көшіп бағамды.
Бағаламай ағаңды,
Қара жерге тықтың ғой.
Өзің емес, қазақты

Қайстырып жықтың ғой.
Алды ажал ағаңды,
Ағаңнан қалып не болдың,
Көрінген жыртар жағаңды.

Көремін-ау, батырым,
Сонда сіздің шамаңды.
Жаныңда мен тұрмадым,
Жағымды бата алмадым.

Қолда келін болмадым,
Қолынан бата алмадым.
Қайткенде мен оңалам,
Қайынағамның қолында

Келін болып қалмадым.
Мен бір ғайып құс болдым,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тірі болмай өмірден,
Қайтсем дағы жоғалам.
Абдырадан ап салды
Асыл бұйым заттарды.

«Айналайын атама
Жаратамын» деп салды.
Теңді, бұйым заттарды
«Айналайын Әтиге

Жаратамын» деп салды.
Қатынның сөзін қостады,
Тап жүрерге келгенде,
Дәулетбай «ой, баурымдап»

Білегін жұлып тастады.
Олар да алды төрт атты,
Бұлар да алды төрт атты,
Керуен жолымен түн қатты.

Екі ортасы иендей,
Үндемей кетті-ау атты.
Таң атты күн шыға,
Келіп жетті қойшыға Дәулетбай.

Қойшыдан барып сұрады,
Сұрады да, жылайды.
Қойшы сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Неше барып көңілін сұрап ем,

Таң атқанша күзеттік,
Аяғын оңдап тұзеттік.
Сіздерді тосып жатыр ма,
Есіктен түскен сәулеге

Жалтақ-жалтақ қарайды.
Шөлдеп жатыр ғой деймін,
Сусын берсе ішпейді,
Астыңғы ернін жалайды.

«Құрай да-құрай көк серке»,
Қойым кетіп барады,
Айтсам бір жағым талады.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

«Аулы баурымның анау» деп,
Қойшы кетіп қалады.
Ауыл төбесін көрген соң,
Дәулетбай «ой, баурым» деп шабады.

Дәулетбай екенін білген соң,
Қабекең талып барады.
Дәулетбайдың қатыны
«Айналайын Әтидің

Сілекейін алам» деп,
Аузын келіп жалады.
Келіні екенін білген соң,
Онан сайын талып барады.

Бұқар сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Дәулетбай-ау, Дәулетбай,

Ағаңның неғып жүрсін,
Тіріде көңлін қалдырдың.
Онымен де қоймадың,
Қос атпенен алдырдың.

Дәулетбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Еділ менен Жайықтан

Ерікпей шауып өтпейді.
Туысқаны менімен
Рас болса Қабекең,
Бір сөйлеспей кетпейді.

Ерлік те ерлік, Қабанбай,
Ерлік қалай, Қабанбай?!
Қорлықта-қорлық, Қабанбай,
Қорлық қалай, Қабанбай?!

Зорлық та зорлық, Қабанбай,
Зорлық қалай, Қабанбай?!
Мұңлық та мұңлық, Қабанбай,
Мұңлық қалай, Қабанбай?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабекең күрк-күрк жөтелді,
Шынтақтап басты көтерді.
Дәулетбай қалқам, келдің бе?
Өкпелеген түйеңді ал,

Түйең түгіл қалды ғой саған иен мал!
Мына отырған жеңгеңнің бір мінезі бар,
Айтамын, айтпағанда қайтейін,
Апасын да тыйып ал.

Қолын жумас арам-ды,
Тамақ бермес сараң-ды.
Мен өлген соң сорлының
Көрген күні харам-ды,

Онысын да тыйып ал.
Ақырмай жұмса баламды,
Ойымда жүр харам-ды.
Мен өлген соң сорлының

Көрген күні қараң-ды.
Екі емшегін көрсетіп,
Жыртық көйлек кигізбе.

Қаңырағын түтетіп,
Құлынды бие мінгізбе,
Құрау-құрау дегізбе.
Бес байыстың баласын

Сыртқы жауға жегізбе.
Ерліктің жайын айтайын,
Айтпағанда қайтейін.
Жылқыңды шетке салғызба,

Жылқыңды жаңа жау алса,
Сүйекті болар бозбала,
Жау артынан барғызба.
Айғырың жүрер орқырап,

Құлынтай жүрер шырқырап.
Өз малыңды көргенде
Сай-сүйегің кетер сырқырап,
Бозбалаң жүрер жиылып.

Көңілі өскен сұм қалмақ

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Сұрасаң жауап бермейді,
Артына қарап бұрылып.
Сонан қорлық өте ме,
Сол сүйектен кете ме?!

Зорлықтың жайын айтайын,
Айтпағанда қайтейін.
Еркек зарлық, малы жоқ,
Қатың зарлық, бала жоқ,

Құдайға қылар шара жоқ.
Еркекте ақыл қала ма,
Қонысынан ауғанда.
Әйелде ақыл қала ма,

Біреуден сауын сауғанда.
Көшкенде көлігін тартып алғанда,
Туырлық жұртта қалғанда.
Содан зорлық өте ме,

Сол сүйектен кете ме?!
Мұңылықтың жайын айтайын,
Айтпағанда қайтейін.
Жазы-күзі дертті ғой

Алып келген бақсысы,
Дауасын таппай кетті ғой.
Сонан мұңлық өте ме,
Сол сүйектен кете ме?!

Соны айтты да Қабекең,
Әрең жатыр қимылдап.
Есік жақта Шағалақ жүр,
Бірдеңе деп ауыз-басы жыбырлап.

Қабекең сонда сөйлейді:

—Шағалақ-ау, Шағалақ,

Неге жүрсің жағалап?!
Боламысың жыбырлап,
Қатынбысың сыбырлап.
Еркек адам секілді

Қатты-қатты-айтпас па,
Сартылдатып жүрмес пе,
Мен іліктен қалдым ба?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шағалақ сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Әр не ойға төніп тұр,

«Көзінің тірісінде шабам» деп,
Әтеке жырық мың кісімен келіп тұр.
Қабекең күрік-күрік жөтелді,
Шынтақтай басты көтерді.

—Құдай-ау, маған дем салшы,

Қубас атқа ер салшы!
Бүгін түсте өтпекші ем,
Кешкі сәске кең салшы!
Тәңіріме тай айтшы,

Құдайыма қой айтшы.
Бүгін түсте өтпекші ем,
Бие сауым тым болса,
Көңілімді қатайтшы!

Жаудан өлсем, шейітпін,
Жерге көмсе, бейітпін.
Көз тіріңде көрдің бе,
Мына тұрған Жырық ит.

Тәңіріне тай айтты,
Құдайына қой айтты.
Өлгелі жатқан Қабекең
Сау кісідей қатайды.

Күрік-күрік жөтеліп,
Шынтақтай басты көтеріп,
Жеңін тағы сұғынып,
Қынай белді буынып,

Шығарға шықса Қабекең,
Қубасын ерттеп қойыпты.

—Қубасым-ай, Қубасым,

Біліп едім алаштан
Сендей жылқы тумасын.
Тайыңда арда еміп ең,
Тағы торы болып ең.

Құлында арда еміп ең,
Құла торы болып ең.
Дөненіңде арда еміп ең,

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Дөңбектей торы болып ең.
Бестіңде арда еміп ең,
Бесті торы болып ең.
Алтыңда арда еміп ең,

Арқан тағып қойып ем.
Жетің және еміп ең,
Жер жасырып қойып ем.
Сегізіңде ұстап мініп ем,

Алатауға барып ем.
Мына тұрған сары иттің
Кенже қызын алып ем,
Сауырыңа салып ем.

Меке деген жеріңе
Төрт барып-ай, бес қайттым,
Біреуінде бос қайттым.
Сені мінген күнімде

Қайықсыз түстім теңізге.
Сенен басқа мал мінсем,
Мінгендей болушы ем өгізге.
Сен келдің отыз сегізге,

Мен келдім жетпіс сегізге.
Батпанда-батпан батпандай,
Батпандап таң атқандай.
Ат құйрығын түйіп ап,

Қабекең айғай сала шапқанда,
«Ойбай, Қабанбай тірі» деп,
Қалмақтар жөнін табады.
Е, дегенше болмайды,

Мың кісіні мұнара қып,
Бір төбеге үйеді.
Бұ да сіздің заман ғой,
Айта қалсаң, ұран ғой.

Олжасын тірі жанды тастамай,
Үлестіріп тегіс береді.

—Ай, Дәулетбай, Дәулетбай, бері кел,

Бері кел де, мені көр.
Кетті ғой менің кетерім,
Үйіме қайтіп жетемін.
«Құдай-ау, саған нетті» деп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Не деген ажал жетті» деп,
Үйіне сүйеп әкетті.
Көкқасқасын қойыпты,
Бір шөбін аузына салады.

Тірі жанды тастамай,
Тегіс үлестіріп берді.

—Ай, Дәулетбай, Дәулетбай,

Бүгін мені күзетпе,
Қатын балам жүдетпе.
Қане, тұршы сөздерің,
Жылатпашы өздерін.

Бетіне перде ұстай берді,
Сүйтті де өткен Қабанбай.
Қалдық қой, міне, таба алмай!
Тамам, тамам.

Азырақ сөз сөйлейін Қабанбайдан,
Адамзат ата-анасыз туар қайдан.
Кәпірдің кешегі өткен заманында,
Орысқа қарап еді түгел найман.

Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Басынан Арқауылдың күн шалғанда.
Жиылса арғын, найман, өңкей қазақ,
Сөз еді ер Қабанбай ұйғарғаным.

Кей жаман қамалады, сөз таба алмай,
Кей жаман жан сақтамас, мал баға алмай.
Арысын қара текі қырғыз шауып,
Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай.

Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай,
«Қырғыздан кетем бе—деп,—кек ала алмай».
«Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай.

Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай,
Ақылды бұлар жатыр жөндей алмай.
«Бөгенбай Қабанбаймен бас қосты» деп,
Келіпті өзі бас боп төре Абылай.

Қолында сұлу қыздың тұрар тарақ,
Батырлар жиылған соң жатпас қарап.
«Бас қосты төре, қара дегеннен соң»,
Келіпті көкжарлыдан Көкжал Барақ.

Қабанбай батырдың қиссасы
(Шаяхмет Кәрібаев нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабекең жиып алды жамағаты-ай,
Шабады, жауды көрсе, тізгін тартбай.
«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті әдейі іздеп ер Дәулетбай.

Атқаны батырлардың арқар-құлжа,
Табылса атқа түйе, тегін олжа.
«Бас қосты сонша батыр» дегеннен соң,
Келіпті Жиылы таудан Бердіқожа.

Қабекең жиып алды жамағатты-ай,
Шабады, жауды көрсе, тізгін тартпай.
«Тоқымын жүз кісінің аудармас» деп,
Қос атпен алдырыпты Шағалақты-ай.

Қос атпен алдырыпты Шағалақты-ай,
Шабады, жауды көрсе, тізгін тартпай.
«Сақ еді қарауылға, шалдыртпас» деп,
Үйсіннен алдырыпты Ақшабдарды-ай.

Үйірден ұстап мінді Қубас атты,
Батырлар күндіз жүріп, түнде жатты.
Жеріне баратұғын мөлшер қылса,
Айында Алатауға әрең жетті.

Жылқыдан ондай жылқы туу қайда,
Бабына сонда Қубас әрең кепті.
Сайманын, қару-жарақ түзетіп ап,
Алатауда ат семіртіп бір ай жатты.

Бір күні Барақ батыр: «Әйтем, дейді,
Жауыңды алдырмайтын қайтем, дейді.
Далада атым сойып қаңғырмаймын,
Қоста бар ер игісі, қайтам,—дейді.

Төсекте жаман қатын арам жүрер,
Білмеген ата жөнін бала білер.
Тәубасы тоқ кісінің болмайтұғын,
Біраз күн аш жүрсеңдер тәубә кірер».

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Қабекең бұл сөзді айтып күлімдейді,
Жуықта алар қырғыз білінбейді.
Ақ туы Қабекеңнің шаншып қойған
Тал түсте, жел жоқ, күз жоқ, дүрілдейді.

Батырлар мұны көріп шошып қалды,
Жүгіріп жүген алып атқа барды.
Қабекең Қубас атқа қарғып мініп,
Ақ туды шаншып қойған жеті айналды.

Жігіттер ал дейтұғын, ал дейтұғұн,
Ақшабдар қарауылға бар дейтұғұн.
Бозбала атыңды ерттеп жеңілтектен,
Бір соғыс не қылса да бар дейтұғын.

Ақшабдар қарауылға шыға шапты,
Астынан тесік тастың қарай ғапты.
Қырғыздың өз ішінен бүлік шығып,
Бір тайпа ел қырғыз босып келіп қапты.

Бір тайпа ел қырғыз босып келіп қапты,
Алды-артын қазақ елі қамап апты.
Бар екен қырғызда бір данышпан,
«Жекіме-жек кел» деп біреу шапты.

Мұның аты Әтеке жырық деген,
Түсірген талай жаудан олжа тегін.
Садақшы, өзі батыр қайраты мол,
Өлтіріп талай жауын, алған кегін.

Аспаннан қар жауады жерге жастап,
«Келдім, кетпейін деп Құдай бастап».
Алдымен ер Бөгенбай кез геп еді,
Қоймады оны қырғыз түріп тастап.

Қабекең тұр алыстан жауды байқап,
Бір кірсем қолтығымның кірісі тарқап.
Көкжарлы Көкжал Барақ кез геп еді,
Қоймады Дәулетбаймен қоса шайқап.

16-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабанбай мұны көріп ашуланды,
Шақырып Шағалақты қасына алды.
Ақ туды Шағалаққа бере салып,
Ақ найза алтықырлы қолына алды.

Әлі жас ер Қабекең бозбаладан,
Қайда екен Барақ нағып бағанадан.
Қубасты жанбасына жанып алып,
Қырғызды салып қалды бұғанадан.

Қырғызды бұлғап алып жерге салды,
Дәулетбай түсіп, басын кесіп алды.
Қырғыздың жығылғанын көргеннен соң,
Зар қағып көштен шыға бір қыз салды.

Батырлар жатқан жерге қырғыз келді,
Бұл қырғыз түнде келмей, күндіз келді.
Қырғыздың жығылғанын көргеннен соң,
Жетелеп ақ бас атан сол қыз келді.

Батырлар сол арада тоқтайд енді,
Найзасын қанға бұлғап шоқтайд енді.
Қырғызды өліп жатқан құшақтап ап,
Азырақ қыз әкесін жоқтайды енді:

—Алакөл тасыр таяз боп,

Ер сарғаяр мал аз боп.
Қаның бір түртіп, көштің бе тап-тату елмен?!
Көшпе десем, көштің бе,
Уықтың бауын шештің бе?!

Қазақтың қалып астында,
Мүкаммалың шаштың ба?!
Аузыңнан алды күлкіңді,
Көзіңнен алды ұйқыңды.

Ерігіп жатқан көп батыр
Араға салды жылқыңды.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Түйеден алды теңіңді,
Алалмай қалдың кегіңді.
Мың кісілік әкекем,
Кетірдің нағып ебіңді?!

Әуелі келді Бөгенбай,
Артынан келді Дәулетбай.
Үшінші келді Қабанбай,
Қапысын қалдың табалмай.

Ебіңді Құдай неге алды,
Көкторғай итпен шабалмай?!
Біздің қырғыз найзасы
Қарағай ағаш, шорт болды.

Қабекеңнің найзасы
Қайың да ағаш, берік болды!
Айналайын әкекем,
Ажалың неден шорт болды!

Айналайын Әтиім,
Арыстай болып жатуын!
Қазақтан шыққан Қабанбай
Қақ жүректен атуын!

Аяқ пенен табақтап,
Сөйлейін сөзді сабақтап.
Қазақтан шыққан көп батыр
Кеттің ба қойдай тамақтап!

Отырмайын, тұрайын,
Енді не амал қылайын.
Айналайын Қабеке-ай,
Өзіңнен сауға сұрайын!

Сауға бір берсең, өзін бер,
Сөйлеп бір тұрған сөзін бер?!
Қиылған ғана қасын бер,
Қарайған ғана басын бер?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сізден болған өлім ғой,
Бір Құдайға мәлім ғой.
Сұрағаным сіздерден
Бір шыбындай жаным ғой.

Мені де қатын қыларсың,
Ат көтіне саларсың!
Қалаулы қатын мен болман,
Орнымды сипап қаларсың!

Қара бір торқа кигем жоқ,
Қара бір жорға мінгем жоқ.
Мен жыламай, кім жылар,
Артымда сіңлі, інім жоқ.

Сары ат мінсем, таға жоқ,
Қазине кисем, жағам жоқ.
Мен жыламай, кім жылар,
Сүйенер алдымда ағам жоқ.

Артқанда түйең нар шығар,
Ішкенде асың бал шығар.
Еңіретпе, қазақ, еңіретпе,
Мендей де қызың бар шығар.

Қыздың сөзі қанық-ты,
Қазақтан да анық-ты.
Ер Қабекең көңілшек,
Қыз сөзіне қамықты.

—Ей жаранлар, жаранлар!

Бәріңнің де балаң бар.
Бастығың сенің Бөгенбай,
Бері маған қараңдар!
Мына қызды тонама,

Тонап олжа бола ма?!
Ана көзден аққан жас,
Сірә, бізді қоя ма?!

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Жоғарғы көшке барыңдар,
Көшті шауып алыңдар.
Төменгі топқа барыңдар,
Топты талап алыңдар.

—Осы сөзді «мақұл» деп,

Жанның бәрі «ақыл» деп,
Жоғарғы көшке барыпты,
Көшті шауып алыпты.
Төменгі топқа барыпты,

Топты талап алыпты.
Ерінбейтін Қабекең
Шағалақты қасына ап,
Қыз күзетіп қалыпты.

Қыздың киген киімі
Алпыс екі түймелі.
Шағалақ жүр жағалап
Қыз бетінен сүйгелі.

Қабекең сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Неғып жүрсің жағалап,
Аузы-басың жыбырлап,
Қатындардай сыбырлап?!
Сындырмашы түймесін,

Жау бетінен сүймеші.
Қайдан білдің, Шағалақ,
Көз жасының тимесін.
Қыз сөзіне қысылды,

Қырғыздың қаны жосылды.
Қыз әкесін ап берді,
Қыз алдына сап берді.
Қыз қайтты сонда төтелеп,

Қабең қайтты қосына,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Батырлардың артынан
Ақбас атан жетелеп.
Дәулетбай жетіп келді «ағам ғой» деп,
«Қырғызды олжа қылған заман ғой» деп.

Жетіп кеп ағасына еркелейді:

—Ағеке, бір олжаңды алам ғой,—деп.

—Дәулетжан, сөз деп тұрсың несін айтып,

Кетпей ме, бермей қойсам, көңілің қайтып.
Жетпістің жетеуіне жасым келді,
Жүрейін өле-өлгенше косымды артып.
Басы бар ақбас атан жылқы астаудай,

Көзі бар тастан аққан тас бастаудай.
Арасы екі бұттың ел көшкендей,
Өркешке он бес кісі мінгескендей.
Нар да емес Ақбас атан, мая да емес,

Батырлар айтқан сөзден таяр емес.
Екеуі ағайынды кекті болды,
«Қой десе», тілді алып қояр емес.
Қабекең мына сөзді аңғартады:

Дәулетбай, қолыңды жай, ал батамды.
Жолыңа сенің келген болсын ырым,
Берейін өз үйімнен жеті атанды.

—Келіп ем үміт қылып саған таман,

Үйіңнен түйе ал деген сөзің жаман.
Қырғыздан шауып алған олжа емес,
Алуға жеңгем малы маған арам.

—Түйенің қызығасың пернесіне,

Құдайдың көз жете ме бермесіне.
Алмасаң жеті атаңды өз қолымнан,
Мұсама міндім бермесіме.

—Мұсаңа сен де мінсең бермесіңе,

Түйенің қызығасың пернесіне.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Қырғыздың сен қимасаң бір тайлағын,
Мұсама мен де міндім көрмесіме.
Есентай екеуіне бас қолқа айтты,
Дәулетбай Қосайды ертіп үйге қайтты.

Түйенің үш күн, үш түн жүгін шешпей,
Бойына Қызылсудың келіп қапты.
Батырлар сол арада күндейді енді,
«Батыр жоқ Дәулетбайдай бізде» дейді.

«Шақырып шапшаң барып алып кел» деп,
Жіберді Шағалақ пен Қожантайды.
Жетелеп жеті атанды екеу келді,
Кісіге келмейтұғын бекер келді.

«Кек қылмай, осыменен келіңіз» деп,
Қабекең Дәулетбайға хат жіберді.
Сонда да ер Дәулетбай келмей қалды,
Бұларға жылы жауап бермей қалды.

Дәулетбай шақырғанда келмеген соң,
Көңілі Қабекеңнің жаман қалды.
Дәулетбай көшіп кепті Қызыл көлге,
Бұл хабар мәлім болды талай елге.

«Әркімнің өз қылығы өзіне» деп,
Қабанбай көшіп кетті Сарыбелге.
Екеуі ылайымды кекті болды,
Екеуі өкпе шайған өтті болды.

Бір қыстай Сарыбелге қыстап шығып,
Айырылған қуығынан дертті болды.
Айырылған қуығынан болды дертті,
Болса да қазаққа сау, өзіне өтті.

Ауруын осындайлық естіген соң,
Көңілін Бұқар жырау сұрай кепті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сексеннің сегізінде Бұқар келді,
«Бір бидай арпа ішінде қарағым-ай,
Сені де көп көрді ме Құдай?!» дейді.
Бұқар:

—Қарағым, қалқам Қабанбай,

Жаратқан сені бір Алла-ай!
Өлмейді деп жүруші ем,
Мына бір сұмырай заманды-ай!
Биік тауға шыққанда

Шәңкіштен алған таяғым,
Арқамды күнге күйдірмес
Шағырдан алған бояғым.
Қашқан жауды құтқармас

Белдеуде тұрған пырағым.
Сен ауырды дегенді
Кеше есітті құлағым.
Арғыннан айттым жүз кісі,

Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі—
Үш жүз кісі, Қабанбай,
Саған айтқан ұлағым.

Ендігінің арты едің,
Бұрынғының қарты едің.
Айтып кетші, Қабанбай,
Қай жерде болар тұрағың?!

Қабанбай күрк-күрк жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.
Бұқардан күнді сұрады,
Сұрады да жылады.

—Бүгін айдың нешесі,

Күн жексенбі кешесі.
Мен сауымда көргенмін,

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Дүйсенбі күн өтпекпін.
Арызың болса, айтып қал,
Арманда менде қалмаңдар.
Сонда Бұқар сөйлейді,

Сөйлегенде бүй деді:

—Ақберен деген сауыттың

Етегі бар, жеңі жоқ.
Ағайынды кісінің
Ашуы бар, кегі жоқ.
Мен кісіні танысам,

Қабанбайдың, жамағат,
Адам болар кебі жоқ.
Дәулетбайға барыңдар,
Барып хабар салыңдар.

Мына ағасын көрсін де,
Өз қолынан көмсін де.
Ақыретте қайтеді,
Арыздасып қоштасып,

Ықыласын берсін де.
Қабанбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Менің тілімді алыңдар,

Бұқардың тілін алмаңдар.
Шақырғанмен келмейді,
Дәулетбайға бармаңдар.
«Өлсең, сені көммен деп,

Тірі болсаң, көрмен» деп,
Кетерінде атаған.
Жасынан-ақ шіркіннің
Мінезі еді қатаған.

Сегіз жасар күнінде
Серуенге жолға ертіп ем.
Тоғыз жасар күнінде
Тоғышақ деген бір елден

Қыз айттырып беріп ем.
Келінім үйге түскенде
Бір сапарға кетіп ем.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алты қырдан асқанда,
Аяғын дік-дік басқанда,
Ұрғашының деғдары
Боласың-ау деуші едім.

Қайран да, қайран келініме
Дұғай да, дұғай сәлем де.
Сонда Бұқар сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Өлінің тілін тірі алмас,

Тірінің тілін өлі алмас.
Қабекең тілін қойыңдар,
Менің тілімді алыңдар.
Шағалақ мінсін Қубасты,

Шынғожа мінсін Бөрте атты,
Қосарға алсын төрт атты.
Түніменен шабыңдар,
Күніменен шабыңдар.

Ертеңгі түн болғанша,
Қызылсудың бойынан
Дәулетбайды табыңдар.
Араз екен демеңдер,

Өтірік айтып қайтпаңдар.
Осылай-осылай деп айтып,
Ептеп бір алып қайтыңдар.
Осы сөзді «мақұл» деп,

Жанның бәрі «ақыл» деп,
Шағалақ мінді Қубасты,
Шынғожа мінді Бөрте атты,
Қосарға алды төрт атты.

Түніменен шабады,
Күніменен шабады.
Ертеңгі түн болғанда,
Қызылсудың бойынан

Ел жататын уақытта
Дәулетбайды табады.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Жетіп келді дүбірлеп,
Шыға келді Дәулетбай:

—Дүбірлеген бұл кім?—деп.

Шағалық тұрып: «Мен»,—деді,

—Дауысы белгілі кісі екен,

Шағалақбысың, сен?—деді.
Шағалақ сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Неге де бекер жүрейін.

Қубас аттың үстіне
Төрт қап құмды теңдеді.
Төрт байыстың баласы
Төбеде қалып еңіреді.

—Тас қорғаның бар екен,

Бір шекесі құлады.
Қос бәйтерек сен едің,
Мінеки, бірің суладың.
«Мына қанжауғыр не дейт?» деп,

Дәулетбай қайта сұрады.

—Сұрағаның құрсын, деп,

Төбеңнен Құдай ұрсын, деп,
Дәулетбайдың қатыны
Төсекте жатып жылады.
Айналайын қайнағам,

Бөтен емес, өз ағам,
Тірі күнде көрмедім,
Қолымнан сусын бермедім.
Аттандырып салмадым,

Артыңнан қарап қалмадым.
Көзіңді аш, Дәулетбай,
Арысыңнан айрылдың,
Қанатыңнан қайрылдың.

Шыға келді айғайлап,
Бетінің қаны тез қайнап.
Шыға сала ақырды,
Абысынын шақырды:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Ұйқыларың қанбады,

Сендерді Құдай алмады.
Шолпан туа үйің жық,
Таң сарғая жүгіңді арт.
Ақсақ-тоқсақ қалмасын,

Артыңды қырғыз алмасын.
Қатын сүйтіп шөптеп жүр,
Төрт атты ұстап ерттеп жүр.
Дәулетбай отыр бүктеліп,

Ақ бидайдай түктеліп.
Қатыны келіп сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Бармаймысың баурыңа,

Иен қалған аулыңа?
Ертең біреу жыртады,
Жағалассаң жағаңды.
Ағаекемсіз көрермін

Мың кісілік шамаңды.
Бармаймысың еліңе,
Ауылда қалды иен мал.
Құлқының құрғыр, Дәулетбай,

Таласқан барып түйеңді ал.
Сол уақытта Дәулетбай
Қатынның сөзін қостайды.
«Уа, дариға-ай, ағам» деп,

Бармағын шайнап тастайды.
Олар алды төрт атты,
Бұлар алды төрт атты,
Сегіз атпен тұңғатты.

Түніменен шабады,
Күніменен шабады.
Ертеңгі түс болғанда
Сарыбелдің бойынан

Үш қойшыны табады.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Келіні озып барады,
«Тәуір ма,—деп,—қайнағам?»
Қойшыдан кеп сұрады.
Бір қойшы тұрып «білмеймін» деп,

Екінші қойшы «білем» дейт.

—Түніменен күзеттік,

Қолымызбен түзеттік.
Сусын берсек, ішпейді,
Көсілген аяқ жыйылмайды.
Есіктегі сәулеге,

Сендерді тосып жатыр ма,
Жанлақ-жалтақ қарайды.
Онан да өте шабады,
Е, дегенше болмайды,

Екі белдің астынан
Ағасының ауылын
Дәулетбай да табады.
Ағасының ауылын

Көргеннен соң Дәулетбай,
«Ой, бауырым» салып шабады.
Туысқан бауыр келген соң,
«Ой, бауырым» атты берген соң,

Толықсып батыр талады.
Келіні кіріп келеді,
Ағыл-тегіл салады.
Дәулетбай кіріп келеді,

—Тәуірмісің, қалай?—деп,

Қайта-қайта сұрады.
Сұраса да Қабекең
Талықсып жауап бермеді.
Сонда Бұқар сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Сұрағаның құрсында-ай,

Тірідей көңлін қалдырдың.
Қалдырғанмен қоймадың,
Қос атпенен алдырдық,
Туысқан сенде жоқ па еді-ай!

«Ой, бауырым» салып талдырдың,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Еділ менен Жайықтан
Қайық салсам өтбейді.
Ұран салшы, бозбала,
Аруағы болса Қабекең,

Бір тілдеспей кетпейді.
Сол уақытта тыс жақтан
Кіріп келді Шағалақ.
Ұран салды айғайлап:

—Айналайын Қабеке-ай,

Жатырмысың сен тірі?!
Қара Емелдің жағасын
Алды ғой қырғыз қамалап!
Қабекең күрк-күрк жөтелді,

Шынтақтап басын көтерді.

—Әулиеге ат айтшы,

Қорасанға қой айтып,
Өлгелі жатқан денемді
Түске шейін қатайтшы?!
Әулиеге ат айтты,

Қарасанға қой айтты.
Өлгелі жатқан денесін
«Байжігіттің аз едім,
Таудан түлкі қоймаған,

«Құмарлан» деген тазы едім.
Жаудан өлсем, шейітпін,
Көрге қойса, бейітпін.
Қорама келіп бұл қырғыз,

Мені мұнша кейіттің».
Әулиеге ат айтты,
Қарасанға қой айтты.
Өлгелі жатқан денесін

Сол бір кезде қатайтты.
Алладан пәрмен сұрады,
Орнынан ұшып тұрады.
Өзгеден бұрын Шағалақ

Алты құлаш белбеумен

ҚАБАНБАЙ  БАТЫРДЫҢ  ҚИССАСЫ

Тұра сап белін орады.
Тұрғанын біліп батырдың,
Желбір қағып ақ туы,
Шаңырақтан шығып барады.

Қабанбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Ертіп едім жасыңнан
Жүз кісіге бағалап.
Е, демге болмай шіркін-ай,
Алып келші Қубастың

Төрт аяғын тағалап.
Алып кел де, ерін сал,
Төрт аяғын бостау тарт,
Шап айылын бекем тарт.

Қартайып еді жануар,
Төселіп өнер таба алмас,
Жас күніндей шаба алмас...

Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан,
Шын батыр болмаса, сөз шығар қайдан.
Соғысқан қазақ, қалмақ заманында
Ерлігі жұртқа мәлім жарық айдан.

Найманның бір руы—қаракерей,
Таралып халық болып қанат жайған.
Руы Қабанбайдың байжігіт еді,
Бақ қонған Қыдыр дарып осы жайдан.

Қабекең талай жаудың тасын шаққан,
Тұсында ер болды ма одан асқан.
Қабекең жауға шапса Қубас атпен,
Қойша үркіп жау беттемей тұра қашқан.

Қазаққа кең қонысты алып беріп,
Беттетпей жау біткеннің алдын тосқан.
Қабекең он үшінде жауға аттанған,
Соғыста оты шығып қайраттанған.

Болмаса ұлы ерлігі халық айтар ма еді,
Артқыға сөз қалмас ед құр мақтаннан.
Шұбарым, арғымағым жүлде алғаным,
Басынан Арқауылдың күн шалғаным.

Аузыма «ә» дегенде тола түсед,
Сөзіне ер Қабекең ұйғарғаным.
Қабекең сан соғыста ерлік еткен,
Өтсе де талай заман бізге жеткен.

Қабанбай батыр қиссасы
(Түсіпхан Мағзиев нұсқасы)

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Қабекең бір жорықта жүрген кезде,
Қалмақ кеп бір руын шауып кеткен.
Орта жүз арғын, найман алысыңды,
Қалайша жауға берсін арысыңды.

Батырдың Қабанбайдай заманында
Дұшпанға беріп пе еді намысыңды.
Есітіп бұл хабарды ер Қабанбай,
Қайғырды «қалам ба,—деп,—кек ала алмай».

Қайғылы ер Қабанбай дегенді естіп,
Мұрыннан іздеп кепті ер Боранбай.
Әр жақтан келіп жатыр батыр қалмай,
Ұлы күш бола ала ма жұрт жиылмай.

«Бас қосты тамам батыр» дегенді естіп,
Келіпті қанжығалы қарт Бөгенбай.
Жүрген жоқ батырлар да бекер қарап,
Бұл сөзді не қыламыз жұрттан аяп.

Есітіп бас қосқанын тамам батыр,
Келіпті көкжарлыдан батыр Барақ.
Жігітке мал да қанат, жан да қанат,
Ұшырған қыран құсты құйрық, қанат.

Есітіп жиналғанын көп батырдың
Келіпті төртуылдан ер Баймұрат.
Жерімде Арқа дейтін арқар-құлжа,
Деген бар атқа түйе тегін олжа.

«Бас қосты тамам батыр» дегенді естіп,
Тумадан іздеп кепті ер Шынқожа.
«Жиналды тамам батыр» дегенді естіп,
Шанышқылыдан о да келді Бердіқожа.

Сол кезде бір мылтық бар күлдір мамай,
Ұл берген, сүйген құлға сары самай.
17-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Намысын Қабанбайдың әперсін» деп,
Қазаққа жарлық қыпты хан Абылай.
Батыры сол заманның үйге жатпай,
Шабады, жау көрінсе, тізгін тартпай.

«Намысын Қабанбайдың әперем» деп,
Аттанды Тоғас, Қасен, ер Дәулетбай.
Сөйлесе, қызыл тілден шығады өрнек,
Ақынның міндеті ғой айтып бермек.

«Бас қосты тамам батыр» дегенді естіп,
Керейден о да келді ер Жәнібек.
Қабекең ұстап мінді Қубас атты,
Ағыны көп батырдың тастан қатты.

Халықтың алды-артын жию үшін,
Үш күндік ел шетіне шығып жатты.
Қосыны батырлардың толып жатыр,
Бәрі де жауға шапқан өңшең батыр.

Жиналып қалмақ елін шауып алмақ,
Белгісіз не болары істің ақыр.
Осылай бас қосыпты өңкей ерлер,
Бәрі де топ бастаған кемеңгерлер.

Ақындар, балуандар мен шешендер бар,
Өнерсіз осы топты деп жүрмеңдер.
Ән, күлкі, ойын-сауық күндіз-түні,
Өкінді бұл жиынға келмегендер.

Құралған әр рудан тамам батыр,
Шешендер сөз сөйлесе, балдай татыр.
Бірі олай, бірі бұлай гу-гу еткен,
Бос сөз де арасында толып жатыр.

Жарқылдап қылыш-найза, белде садақ,
Кигені үстеріне темір жарғақ.
Батырлар асығуда тез жетуге,
Кейінгі елден шыққан күнін санап.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Жүрісі ұлы дүбір той сияқты,
Ән салған екі-екіден өңшең манап.
Жол жүріп бір ай болды деген кезде,
Жақындап Алакөлге келді таяп.

Қалың қол жолда жүрді бір ай қатты,
Қамшылап астарында мінген атты.
Жетті де Алакөлге, қосын тігіп,
Тапжылмай ат семіртіп бір ай жатты.

Ап жүрген азық-түлік, қор таусылып,
Бес күндей тамақ таппай қарай қапты.
Батырлар амал таппай қиналады,
Көп қосын азығы жоқ жиналады.

Далада атты сойып қаңғыру ма,
Біле алмай не қыларын ойланады.
Бір сөзді сонда Барақ айтам деді:

—Жауыңды алдырмайтын қайтем,—деді.

«Елің тап есің барда» деген сөз бар,
Мен тура, енді, елге қайтам,—деді.
Қабекең: «Асықпалық, жөні болар,
Сабыр ет, келешекті Құдай білер.

Тобасы тоқ кісінің жүрмейтұғын,
Ашықсақ, аз ғана күн аран жүрер».
Қабекең соны айтып күлімдеді,
Жуықта жау қарасы білінбеді.

Жел жоқ, құз жоқ, нақ талтүс мерзімінде
Ақ туы Қабанбайдың дүрілдеді.

—Жігіттер, ат дайында, алды барла,

Ақшабдар жау келетін жақты шарла.
Бір шайқас не қылса да болғалы тұр,
Киім таста, қару ал, қапыл қалма!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақшабдар әр соғыста еретұғын,
Күндіз-түн қарауылда жүретұғын.
Қырағы көз, өткір адам еді,
Түстіктен жау қарасын көретұғын.

«Жау бар,—деп,—пәлен жерде» келе жатқан,
Хабарды батырларға беретұғын.
Ақшабдар «ал» дегенде тұра шапты,
Қарауыл Тесіктастан қарай шапты.

Қалмақтың өз ішінен бүлік шығып,
Бір тайпа ел жақын көшіп келе қапты.
Көшкен ел, жер қайысып келді қалмақ,
Жау болса, жіберердей түгел жалмап.

Қосыны көш алдында іріктеліп,
Батырлар келе жатыр алдын барлап.
Көрді де жау қарасын тоқтай қалды,
Бір қырғын, міне, қазір соғыс болмақ.

Соғыста не жеңесің, не өлесің,
Белгісіз екеуінің бірі болмақ.
Батырлар қосындарын сапқа түзеп,
Кәрілер шапқылап жүр көшін қорғап.

Жау күтіп, дайын тұрған қалың қазақ
Қалмақты алды-артынан алды қоршап.
Әтеке батыр
Сарала сауыт алқылдап,

Алтынды тұрман сартылдап,
Қосыннан дара бөлініп,
Жалғыз шапты бір қалмақ.
Бес қаруын сайланып,

Қылыш, найза жарқылдап,
Тартынатын ер емес,
Не қылса жаудан артылмақ.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

«Жекпе-жек қазақ шықсын» деп,
Түз құсындай шаңқылдап,
Көкторғай атты борбайлап,
Найзасын қолда оңдайлап,

«Жекпе-жек, қазақ, жекпе-жек»,
Шауып келет айғайлап.
Ер Барақ қарсы шапты көкжалменен,
Көзіне батыр еді жанды ілмеген.

Келді де Әтекеге найза салды,
Соғыстың әдісі жоқ ол білмеген.
Тигізбей Әтеке де қағып қалды,
Дұшпанға бұ да батыр жол бермеген.

Қылса да қандай қайрат, болар емес,
Қайраты артық екен өзге ерден.
Әтеке қайта оралып шоқпар ұрды,
Көрмейді ер Барақты адам құрлы.

Шоқпардың зардабынан басы айналып,
Шыдамай батыр Барақ атын бұрды.
Дәулетбай таяу жерде о да тұрған,
«Қайтет,—деп,—Барақ ерді мына ант ұрған».

Ат қойды Әтекеге көре сала,
Қарғытып көр торыны терең ордан.
Қанталап екі көзін ашу қысып,
Ұмтылды бір-біріне екі тарлан.

Қылыш ұрып найзамен шайқасып жүр,
Мұндайда өлдім құшар қапыл қалған.
Дәулетбай орай тауып найза салды,
Әтеке тигізбестен қағып қалды.

Не қылса, қапы кетпеу жанталасып,
Істеп жүр соғыстағы барша амалды.
Қабекең қарап тұр ед артын байқап,
Әтеке Дәулетбайды қалды шайқап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сауытты жыртып, етке найза батып,
Шыдамай Дәулетбай ер шықты тайқап.
Қайратын Әтекенің көзі шалды,
Шақырып Шағалақты қасына алды.

«Кәпірді не болса да көрейін» деп,
Қубаспен Әтекеге өзі барды.

—Әтеке, маған көрсет қайратыңды,

Жау жеңген арыстандай айбатыңды.
Кез болдың ажалыңа өзің бүгін,
Оп-оңай қағып алам сайтаныңды.
Сөз сөйлеп мұнан әрі керіспеді,

Ұмтылды қылыш шауып өліскелі.
Қалмады жұмсалмаған бес қару да,
Батырлар оңайлықпен беріспеді.
Салған найза сынып жатыр бытырлай,

Қояр емес бірін-бірі жапырмай.
Қанталап екі көзі жұлысып жүр,
Арты қалай болар екен япырмай-ай!
Қылыш, найза оңды-солды қағысты,

Қарулары қармақ болып қалысты.
Шоқпармен де ұрды күшін аямай,
Өлтірісіп бітірмекші соғысты.
Бар қарумен не түрлі әдіс қылысып,

Қолдан келген ойларын тауысты.
Ат үстінен табандасып тіресіп,
Қылыштары қайта-қайта шабысты.
Екеуі де тайсалатын ер емес,

Бірі-біріне өлмей бермес намысты.
Шашақ та қолда, найза сабы тулы,
Қубас ат шапқан сайын дамытулы.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Көз қыры Қабекеннің түсіп кетсе,
Сауыттың бас түймесі ағытулы.
Найзаны «ә» дегенше оңдап алды,
Дәл көздеп бұғанадан ұрып қалды.

Өкіріп аттан қалмақ құлап түсіп,
Құшақтап қара жерді жатып қалды.
Қансырап аттан қалмақ құлаған соң,
Жібермей астындағы атын алды.

Қабекең әлі мықты бозбаладай,
Кәпірді неге қойған бағанадан.
Сүйсініп жауға қылған ерлігіне,
Көргендер Қабекеңе болыпты таң.

Әтеке жазым болды жекпе-жекте,
Қалмақтың ауыр болды тұрған көпке.
Қабаңа жекпе-жекке батыр шықпай,
Бөгелді не қыларын білмей текке.

Қиналды Әтеке өліп қалмақ қолы,
Жеңілді Қабанбайдан болмай жолы.
Шуласып не қыларға ақыл таппай,
Қалың қол сеңше толқып дел-дал болды.

Енді қол бастайтұғын батыр Серін,
О дағы жау қиратқан кемеңгерің.
«Жабыл» деп қалмақтарға бұйрық берді,
«Қалма,—деп,—соғысқа енбей бірде-бірің».

Екі қол араласты опыр-топыр,
Қараңғы шаң боп кетті қалың кәпір.
Екі жақ қылыш, найза сілтесіп жүр,
Зілзала болғандай-ақ ой менен қыр.

Топырлап аттан түсті талай қалмақ,
Бұл жолы қалмақтарға түсті салмақ.
Қан ақты майдан жерде бұлақтай боп,
Өмірін талай жастың ажал жалмап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жарқылдап қылыш, найза оңды-солды,
Қалмақтар бұл соғыста қырғын болды.
Қалмақтың өлігінен ат жүре алмай,
Сай-сала сансыз елік қанға толды.

Қалмақтың қорқақтары көшке қашып,
Соғысқан мықтыларын қырып болды.
Тығылды көшке барып қашқандары,
Біле алмай не қыларын сасқандары.

Қазақпен қарсы тұрып соғыса алмай,
Жан таппай бет-бетімен босқандары.
Соғыстан хабар алды көштегі елі,
Жеңіліп қырғын тапты қалың қолы.

Әтеке, Серін батыр қатар өліп,
Суалды қалмақтардың шалқар көлі.
Өлгенін әкесінің естіген соң,
Зар жылап атқа мінді қыздың өзі.

Әтеке қызының қазақ батырларына аттануы
Әтеке қызы Қабике
Ойбай салып жылады,
Көзінің жасын бұлады.

Өлгенін естіп әкенің,
Қайтып тағат қылады.
Көк жорғаға мінеді,
Қолына қамшы іледі.

Ақбас нарды жетелеп,
Батырларға жөнелді.
Келе жатыр ойбайлап,
Бетінің қаны тұр қайнап.

Жасақты жауға жолығып,
Келіппіз ойбай сер қайнап.
Ақбас атан жетелеп,
Келе жатыр төтелеп,

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Жаудан қорқып іркілмей,
Зарлап келді «әкелеп».
Нарға жапқан кілемнің
Шашағы жерде күлтелеп.

Астындағы көк жорға
Ұмтыла басып ентелеп.
Қабекеннің келді қасына,
Әкесінің басына.

Омырауы боялып,
Көзінен аққан жасына.
Әкесін қыз келді де жоқтайды енді,
Ақ туын Қабанбайдың шоқтайды енді.

Естіп зарлап тұрған қыздың зарын,
Қайрылып Қабанбай да тоқтайды енді.
Үстінен жібек шапан шешіп алды,
Апарып әкесіне жаба салды.

Тайсалмай жауға келген батыр қызға
Қабекең неткен ер деп аң-таң қалды.
Қыздың жоқтауы:

—Алакөл тасыр саяз боп,

Ер сарғаяр малы аз боп.
Елден шықтың бөлініп,
Аз нәрсеге араз боп.
Боялған үстің қан киім,

Қайтейін, қайран әтиім.
Қазақтан шыққан Қабанбай
Сүбеден баялап атуын,
Әлгіде жүрген әтекем,

Арыстай боп жатуын.
Талауға салды түйеңді,
Жұртың бір қалды иенді.
Жесір қатын, жас бала

Не болады күйі енді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аузыңнан алды күлкіңді,
Көзіңнен алды ұйқыңды.
Қазақтан шыққан көп батыр
Қуғынға салды жылқыңды.

Ойылды мен қиылды
Мұнша батыр жиылды.
Қазақтан шыққан көп батыр
Сойысқа салды қойыңды.

Түйеден алды теңіңді,
Алалмай өлдің кегіңді.
Бітті ме өмірің, сорлы әке,
Кетіріп Құдай ебіңді.

Өлтірді сені Қабанбай,
Қапысын қалдың таба алмай.
Қара да сені басты ғой,
Көкторғай атпен шаба алмай.

Көтере алмай найзаны,
Домалап түстің қояндай.
Найзамен шаншып Қабанбай,
Шағып түсті шаяндай.

Қайранда-қайран әтекем,
Сені іздеп қайдан табам-ай?!
Қыздың Қабекеңе айтқан арызы:

—Отырмайын, тұрайын,

Енді амал қылайын.
Қазақтан шыққан батырлар,
Сіздерден сауға сұрайын.
Үш атадан жалғыз ед

Жеткізбеген Құдайым.
Әкемнің бер сүйегін,
Жаны болса, бағайын.
Жаны кетсе кеудеден,

Арулап өзім қояйын.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Батыр алса, басып жер,
Орын жолды тосып жер.
Бәрің де тудың анадан,
Жетімнің көзжасын көр.

Артқанда түйең нар шығар,
Ішкенде асың бал шығар.
Зарлатып қазақ еңіретпе,
Мендей де қызың бар шығар.

Судағы жүзген құндыз ем,
Тауға да біткен жалбыз ем.
Еңіретпе мені, қазақтар,
Мен осыдан жалғыз ем.

Сарыт мінсем, тағам жоқ,
Қамқа кисем, жағам жоқ.
Еңіретпе мені, қазақтар,
Алдымда өскен ағам жоқ.

Сөйлесем, сөзге сапам жоқ,
Көңілімде менің қапам жоқ.
Еңіретпе мені, қазақтар
Алдымда өскен апам жоқ.

Қасқа бір жорға міндім көп,
Қызық дәурен сүрдім көп.
Зарлатпа мені, қазақтар,
Артымда өскен сіңлім жоқ.

Қайғының көрдім ауырын,
Жайлаушек жердің сауырын.
Зарлатпа мені, қазақтар,
Артымда жоқ бауырым.

Зорлықпен мені де аларсың,
Еліңе алып барарсың.
Қасіретпен зарлатып,
Көзімнің жасын оярсың.

Жауыма қатын бола алман,
Сендермен өмір сүре алман.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өзімді-өзім өлтірмей,
Жалғанда тірі тұра алман.
Айырсаң әке-шешемнен,
Өмірге көңіл бұра алман.

Нелер батыр өтпеді,
Шөлейтті қанмен суарған.
Мен де соның бірімін
Жас өмірім қуарған.

Қыз айтқаны анық-ты
Зарына қыздың қаныпты.
Қабекең көңлі бос екен,
Қыз сөзіне қамықты.

Қыз жылап, арыз айтып егіліп тұр,
Елжіреп жас жүрегі бөгіліп тұр.
Әкесі өліп, қырылып азаматы,
Қан жұтып қабырғасы сөгіліп тұр.

Сұлу қыз бойын сылап өскен өзі,
Он жеті, он сегізге келген кезі.
Қыпша бел, алма мойын, жазық маңдай
Дейтұғын перизаттың нағыз өзі.

Қайғысы әкесінің жанға батып,
Бозаңдап жүдеу тартқан нұрлы жүзі.
Әйелде мұндай сұлу бола бермес,
Демесең діні бөлек қалмақ қызы.

Қыз кигені күймелі,
Омырауы алтын түймелі.
Шағалақ жүр жаутаңдап,
Қыз бетінен сүйгелі.

Әй, Шағалақ, Шағалақ,
Неғып жүрсің жағалап?!
Қолға келіп түсті деп,
Қорлама қызды табалап!

Үзбе қыздың түймесін,
Суырма жалғыз инесін.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Алладан келген бұйрық жоқ,
Көзінің жасы тимесін.
Осы қызға жолама,
Жолап олжа бола ма.

Көзінен аққан қанды жас,
Сірә да, бізді қоя ма.
Қабекең сонда ақырды,
Дәулетбайды шақырды.

—Тоқтат ана қырғынды,

Жылатпай мына пақырды!
«Қатын, бала қырмақ жоқ»
Бұрыннан қалған нақыл-ды.
Қарсыласқан жау болса,

Көрсет заман ақырды.
Ат, айғыр алсын, түйе алсын,
Азық-түлік, бие алсын.
Үй мүлкін талап зарлатып,

Ұсақ олжа қылмасын.
Қатын, қызын әкетіп,
Орынсыз зорлық болмасын.
Дәулетбай батырларға келеді енді,

Хабарын Қабанбайдың береді енді.
Тоқтатып жасақтарын қайтарып ап,
Батырлар бұл жарлыққа көнеді енді.
Бөгенбай ақыл айтты кәрі батыр:

—Біткен жоқ әлі де жау толып жатыр.

«Не ексең, соны орасың» деген мақал,
Қызығып дүние боққа болма ғапыл.
Алалық азық-түлік, күш, көлікті,
Түгел ап малы-мүлкін қылмай тақыр.

Қашаннан қайырымды ел емеспек,
Күн көрсін жау да болса жетім-жесір.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осылай елге қайтты қазақ қолы,
Кек алды жауды жеңіп осы жолы.
Көңілі өскен жауын жеңіп қалың қосын,
Ән мен күй, өлең-жырға орта толы.

Қабекең қызға айтты: «Тұрма бекер,
Зарладың бағанадан сол да жетер.
Әкеңнің сүйегін ал, бердім саған,
Егесте іс етер ем бұдан бетер.

Қазақты әкең шапты жатқан текке,
Ұрынды өзі келіп жанған өртке.
Кеткен жоқ қапылыста жазым болып,
Түсірдім күшім асып жекпе-жекте.

Әкеңді ырза бол бергеніме,
Сөзіңе жылап айтқан көнгеніме.
«Тек жүрсең, тоқ жүресің» деген сөз бар,
Кінәлі Әтеке өзі өлгеніне.

Мен дайын, өлмей қалса, кегін алсын,
Мәз болмай, тірі қалса, жүргеніне.
Қыз кетті әкесін ап елге қайтып,
Батырға құлдық айтып бергеніне.

Қабекең ақ бас нарды бостап алды,
Қайрылып кейін қалған қосқа барды.
Жасақтың артын тосып өзі қалып,
Қайтарды елге қарай басқаларды.

Соңынан екі күнде Қабаң келді,
Шағалақ жан жолдасы қасына ерді.
Жетелеп малдан бөлек ақбас нарды,
Келгенін батырлардың көзі көрді.

Жазған хат ақ қағазға сызықты енді,
Келбеті бұл түйенің бұзық-ты енді.
Нар да емес, қоспақ та емес, сол жануар
Батырлар мұны көрген қызықты енді.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Баурынан ақ бас түйе ел көшкендей,
Бойы зор бәйтерекпен тілдескендей.
Мінезі сондай жуас, мыңқ етпейді,
Бейнебір ботасынан бірге өскендей.

Басы бар жануардың жылқы астаудай,
Көзі бар жануардың тас бастаудай.
Теректей төрт аяғы және жуан,
Бір құлаш жерді алады бір басқандай.

Дәулетбай келді сонда «ағам ғой» деп,
«Қубастан басқа жылқы шабан ғой деп.
Олжаға қалмақтардан келген бір мал,
Сауғаға бір тайлақты алам ғой» деп.

—Сұрайсың бұл түйені сөз деп айтып,

Кетпесін, бере алмасам, көңлің қайтып.
Сексеннің екеуіне жасым келді,
Сұрама, мен жүрейін қосымды артып.

—Айдаушең қайда қиын әліміңе,

Артыңа мен даяр ем еруіме.
Қалмақтың маған берсең бір тайлағын,
Мақтанып апарайын келініңе.

—Бардық қой осы жолға қару сайлап,

Жауды алып, аман қайттық күліп-ойнай.
Берейін өз малымнан жеті атанды,
Көз салма менде қалсын ақ бас тайлақ.

—Қабанбай, басшы болдың мың сан қолға,

Батырлық атың шықты оң мен солға.
Сауғаға ақ бас тайлақ берсең алам,
Үйдегі жеңгем малын қылман олжа.

—«Тайлақтың ынтық болдың сен несіне,

Бір түйе кәрі ағаңда жүрмесін бе.
Алмасаң үйден берген жеті атанды,
Мұсыма менде міндім бермесіме.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Көз жетті бұл түйені бермесіңе,

Мен дағы ант етемін ермесіме.
Қайсымыз қаза жетіп бұрын өлсек,
Текілеп терең қазып көмбесіме.
Батырлар бұл егеске қатты ойланды,

Жәнібек келіспейді деп қой-қойлады.
Үстіне сыдырым тасба алмастан,
Дәулетбай Қосайды ертіп үйге салды.
Көп қосын баяу жүріп кейін қалған,

Дәулетбай үш күн бұрын елге барған.
Түйені өрістегі жия барып,
Кідірмей үйді жығып қомын салған.
Дәулетбай күндіз көшпей, түнде көшті,

Қабаңмен тайлақ үшін болып өшті.
Үдеріп үш күн, үш түн тынбай көшіп,
Түйенің Ащысу суда қомын шешті.
Арқаның ат суардым бұлағына,

Киіктің оқ тимесін ылағына.
«Дәулетбай көшіп кетті» деген хабар
Естілді Қабанбайдың құлағына.
Батырлар түнде жүріп үдереді,

Өкпемен Дәулетбай ер жөнеледі.
Артынан жеті атанды бірдей беріп,
Шынқожа мен Шағалақты жібереді.
Жетелеп жеті атанды бұлар келді,

Келгенін Дәулетбайдың көзі көрді.
«Тастасын Дәулетбай ер өкпесін» деп,
Қайнағаң келініне түйе берді.
Дәулетбай жеті атанды көрмей қойды,

Келсін деп шақыртып ед келмей қойды.
«Атаң бір, енең бөлек ел едің» деп,
Жіберген жеті нарды алмай қойды.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Шынқожа Шағалақпен қайтып келді,
Жетелеп жеті нарды тартып келді.
«Алмады, не келмеді Дәулетбай» деп,
Көргенін Қабанбайға айтып келді.

—Бардық қой осы жауға қару сайлап,

Жауды алып, аман қайттық күліп-ойнап.
Істеп ем байжігітке қанша өктемдік,
Болардай оған өкпе жалғыз тайлақ.
Әркімді сақта Құдай өз бетімен,

Жақсылық, я жамандық ниетінен.
Дәулетбай көшіп кетсе, бара берсін,
Маған да табылар қоныс ел шетінен.
Соны айтып Қабаң көшті Сарыбелге,

Байжігіт сәлем айтып қалған елге.
Қазақтың қалмақпенен жер арасы
Қыстады аулы барып ұлы көлге.
Баянсыз солардан да өтті жалған,

Екі бір түйе үшін кекті болған.
Осы қыс Қабанбай жайсыз тиіп,
Ұзаған ем қонбайтын дертті болған.
Ауру басқаға сау, өзіне өтті,

Найманға арғын менен хабар кетті.
«Хал-жайын Қабанбайдың білейін» деп,
Сексеннің сегізінде Бұқар кепті.
Кәрі жырау Қабаң көңлін сұрай келді,

Көргеннен Қабанбайды жылай келді.

—Бір бидай арпа ішінде асылым-ай,

Сені де көп көрді ме Құдай,—деді.
Қазаққа тірек батырым,
Қасыңа келіп отырдым.
Ауырмақ үшін шикі ет,

Қайырлы қылсын ақырын.
18-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әулие туған қарағым,
Сүйенішім, таяным,
Кетеуің кетіп қалыпты,
Қандай да болар тұрағың?!

Себеп берсін жаныңа,
Бір Құдайдан сұрадым.
Күрік-күрік жөтелді,
Шынашақтап басын көтерді.

—Қанша батыр болсаң да,

Дүние шіркін бекер-ді.
Ауру ап тұр алқымнан,
Ажал жақын жетер-ді.
Дәм біткен күні тірлік жоқ,

Ақырғы өмір бітер-ді,
Сексен екі жасымда
Дүниеден білдім кетер-ді.
Көп ед қазақ жаулары,

Бітпей жүрген даулары.
Мен кеткен соң дүниеден,
Белгілі дұшман қаулары.
Алмақ болып кектерін

Аңдыған жаудың саулары.
Берік бол, жауға алдырма,
Баланы жетім қалдырма.
Таптатып жауға жеріңді,

Халықтың көңлін қалдырма.
Береке-бірлік кетіріп,
Ауылды шетке қондырма.
Өзіңе-өзің мықты боп,

Жау құрығын салдырма!
Ылағын жау алмасын,
Барлық қазақ елінің.
Жау баспасын топырағын,

Туып-өскен жеріңнің.
Жау ішпесін суынан,
Айдын шалқар көліңнің.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Айтуға басқа сөзді келмей шама,
Талықсып жатты демін ала.
Бір күнде топ бастаған қайран батыр,
Ісіне Құдіреттің бар ма шара!

Бұқар айтты: «Дәулетбай келмеген бе,
Хал-жайын Қабанбайдың білмеген бе?!
Араз боп бір тайлаққа мүлдем безіп,
Ауырған ағасын көп көрмеген бе?!

Дәукеңе кісі жібер, барып келсін,
Хабарын Қабанбайдың анық білсін.
Қабанбай екіталай өмірде тұр,
Көзінің тірісінде көріп қалсын.

Тездетіп күндіз-түні тынбай жүріп,
Қалайда Дәулетбайды алып келсін.
Қабекең есін жиды біраз жатып,
Барады дерт ауырлап жанға батып.

Сонда да қайратты ер тілге келіп,
Сөйлесті Бұқарменен аз тіл қатып:

—Әуре боп Дәулетбайға жібермеңдер,

Ант етіп көрмеймін деп кеткен айтып.
Мен ырза Дәулетбайға келмесе де,
Өзі білсін ырайына келсе қайтып.
Дәулетбайдың әйелін

Қыз күнінде көріп ем.
Дәулетбайға айттырып,
Болмай алып беріп ем.
Ұнатып ақыл мінезін,

Әйелден асқан ақылды,
Болар-ау деп сеніп ем,
Сәлем айт сол келінге.
Құтты болсын жолы деп,

Ақ батамды беріп ем.
Ажал жақын, жас жетті,
Кім құтылған өлімнен.
Жетім бала, иен мал,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қиямет мақшар күнінде
Алайын мен келіннен.
Туысым десе Дәулетбай,
Өкпесін қойып келсін де.

Іздемей мені көрімнен,
Қан үшін қазақ жері үшін
Жан тәніммен берілгем.
Ел шетіне жау келсе,

Тайсалмай жалғыз көрінгем.
Дүниені қолмен теңсеген
Нелер мықты батырлар
Жер астына көмілген.

Бұқар:

—Шағалақ күн-түн демей барып келсін,

Шынқожа тұлпар мініп қасына ерсін.
Өзі де естіген соң шыдай алмас,
Келінді Дәулетбаймен алып келсін.
Хабарды Дәулетбайға бермей болмас,

Тездетіп тіпті қазір жүрмей болмас.
«Өзі жақсы жыласарға деген қайда»
Келмесе, Дәулетбайдың өзі де оңбас
Шағалақ мініп барсын Қубас атты,

Тоқтамай күндіз-түні жүрсін қатты.
Басқа мал Қубас атқа ілесе алмас,
Берейін Шынқожаға мен Бөрте атты».
Бұқар берді астынан

Шынқожаға Бөрте атын.
Бабы келген кезінде,
Бөкенше бұ да жортатын.
Ылдидағы шабыстан

Қайқаңға келсе артатын.
Шағалақ мінді Қубасты
Жылқыдан мұндай тумас-ты.
Мінгендері қос тұлпар

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Екі батыр жол басты.
Қосар алып бір-бірден,
Қаруларын жанға асты.
Шыға шапты тоқтамай,

Шапқанға тұлпар талмасы.
Ертеңгі кешкі бесінде
Қосар атын алмасты.
Түн ортасы ауғанда,

Аулына Дәуең жолғасты.
Дәулетбай жатыр еді ұйқылы-ояу,
Дүбірі қос тұлпардың келді таяу.

—Түн қатып, тұлпар мінген ел ме, жау ма?—

Деді де қылыш ұстап шықты баяу.
Батырлар өз заманда бел шешкен бе,
Үнемі даярлықта белдескенге.
Ерттеулі тұлпарлары дайын тұрад,

Бес қару қолдарында ергескенге.
Келгендер сәлем берді Дәуең ерге,
Боялып мінген аттар батып терге.
Неғылса үлкен сұмдық болған шығар,

Түн қатып жүрмеген де құр бекерге.

—Асығыс түн ішінде жүріпсіңдер,

Сайланып өңшең тұлпар мініпсіңдер.
Қырғын сап, жау шапқаннан ел аман ба?
Түрлерің тіпті асығыс келіпсіңдер.

—Батыр-ай, жау келген жоқ әзір аман,

Сөйтсе де іс болып тұр тіпті жаман.
Қабекең қатты науқас әл үстіңде,
Ағаңыз тез келсін деп айтты сәлем.
Мұны естіп Дәулетбай ер кетті шошып,

Сұрауға дәті бармай артын тосып.
Біле алмай неғыларын тұрып қалды,
«Көруге жазса екен,—деп,—Алла несіп».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Тірегім, арыстаным, қайран ағам,
Қас батыр ел қорғаны алтын жағам».
Дат қылмай құр еңкілдеп жылай берді,
«Сақта,—деп,—ажалыңнан Қадыр Ием!

Қашаннан ауру еді, халі қалай?
Боп кетсе олай-бұлай, болдым қараң.
Құласа алтын терек оңымдағы,
Оны іздеп тірі күнде қайдан табам».

Естіді үйдегі әйел бұл хабарды,
Зарлады амал таппай неғыларды.
Жүгіріп ойбай салып үйден шығып,
Жетпей-ақ батырларға талып қалды.

Шағалақ тоқтау айтты жеңгесіне,
Мықтылық керек қашан алласына.
Қайнағаң әзір тірі, үйінде-бар,
Сенеміз бүгін ертең өлмесіне.

Дәулетбай отыр бүгіліп,
Қабырғасы ойлап қайғырып,
Көзінен жас төгіліп.
Не болар деп заманым,

Сүйегі бордай үгіліп.
Әйелі келді қасына:

—Отырсың,—деп,—неғылып?

Бір тайлақ үшін ағаңнан
Бөліне көштің қағынып.
Несіне енді жылайсың,
Көзіңнің жасы ағылып.

Орныңнан тұр, қайрат қыл,
Алласына бағынып.
Аспандағы қыран да
Торға түсер жаңылып.

Қайта оралмай өткен іс
Отырғанмен аңырып.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Онан да тез қамданып аттанайық,
Даярлап қару-жарақ саптанайық.
Белгісіз ажал деген қас қаққанша,
Найқалып уақыт жоқ баптанарға.

Әйелі Дәулетбайдың есін жиып,
Сабыр қылды көзінің жасын тиып:

—Қарағым ел қорғаны арыстаным,

Барады-ау ойлағанда ішім күйіп.
Бөлініп бір түйе үшін көшіп кеттің,
Болмаса отырмас па ем сусын құйып.
Бол қамдан, аттаналық қазір жылдам,

Көмек жоқ құр жасуға қайғы мұңнан.
Ағаңды тірісінде көрмей қалсаң,
Өкініш болар саған тіпті жаман.
Оятты абысынын «тұрыңдар» деп,

Асығыс көштің қамын қылыңдар деп.
Көшіңдер малын жиып ертең ерте,
Үйді жық, жиналыңдар болыңдар деп.
Қалмасын тай, тайынша, жетім тоқты,

Басқаны көш қамынан қойыңдар деп».
Соны айтып үйге кіреді,
Асыл таңдап ішінен,
Жарай ма деп көреді.

Абдырасын ақтарып,
Алтын-күміс алады.
Теңін шешіп ішінен
Асыл бұйым алады.

«Барғанда керек боп жүрер,
Заманым қандай болады».
Толтырып қоржын асылға
Көтеріп атқа салады.

Олай-бұлай боп кетсе,
Қайтып орны толады.
Ойлап кетсе Қабаңды,
Кейде есінен танады.

Көп тұрмады айланып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ішпеді тамақ жайланып.
Атқа мінді асығыс,
Жүруді ғана ойланып.
Таңдап мінді тұлпарды,

Азық-түлік байланып.
Дәулетбай батыр келеді,
Бес қаруын сайланып.
Тоқтамай күндіз-түні жүріп келет,

Қабанбай қандай халда Алла білет.
Асығып дамылдамай келе жатыр,
Аяң жоқ, бірде шауып, бірде желет.
Суыт жүріп жақындап келді ауылға,

Қой өріп, қойшы шықты қарауылға.
Білмек боп Қабанбайдың халі-жайын,
Дәулетбай асығуда, үнемі алда.
Қойшыдан жақындап кеп сөз сұрады,

—Қабекең халі қалай, тірі бар ма?!

—Батырай, түні бойы сонда болдық,

Қалған жоқ үйде отырып жанды қарға.
Төмендеп сағат сайын бара жатыр,
Тосқаны келер-ау деп сіз болар ма.
Үнемі есік жақта екі көзі,

Дәулетбай келе ме дейт барлық сөзі?
Мұны естіп тағат таппай Дәулетбай ер,
Жылады жас сорғалап екі көзі.
Ауылға тұра шапты шыдай алмай,

«Болдым,—деп,—сор маңдайдың анық өзі».
Ауылды үш айналып шауып шықты,
Алам деп садағасын өзінше ұқты.
Қабаңа келген пәле маған келсін,

Болайын садағасы құрбан тоқты.
Дәулетбай аттан түсіп үйге кірді,
Ауырған ағасының жайын көрді.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

«Кешір,—деп,—ағаттығым сізге қылған»,
Құшақтап екі аяғын жылай берді.
Келіні сәлем етіп о да келді,
Келгенін келінінің Қабаң білді.

«Қайнағам сілекейін ап қалам» деп,
Қабаңның ауыз-мұрнын жалайды енді.
Қабекең талып кетті көргеннен соң,
Келгенін Дәулетбайдың білгеннен соң.

Бұқар айтты: «Жылауды тоқтатыңдар,
Кеудеде жан барында келгеннен соң!»
Бұқар айтты: «Дәулетбай,
Қабаңның көңлін қалдырдың.

Ат шаптырып іздетіп,
Өзіңді зорға алдырдым.
Оныменен қоймадың,
Айнала шауып ауылды,

Әлсіз жатқан адамды,
Міне, тағы талдырдың.
Қабекең біраз жатып есін жиды,
Дәулетбай да көзінің жасын тыйды.

Кешіріп Дәулетбайдың қаталығын,
Тапсырды халқыменен қалған үйді.

—Дәулетбай, қалқам, бері кел,

Жақын келіп мені көр.
Өкпелеген түйеңді ал,
Түйе тұр ғой, артымда
Қалды ғой әне иен мал.

Қосай еді қанатым,
Дәулетбай еді қайратым.
Басқаға жаман болса да,
Мына отырған жеңешең

Жасымнан жолдас тұл атым.
Жеңгеңнің жайын айтайын,
Әйелден шыққан қылап ет.
Қара керей байжігіт,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аузына қарап ет.
Мына отырған жеңгеңе
Жыртық көйлек кигізбе,
Құлынды бие мінгізбе.

«Әкесі өлген жетім» деп
Ел қыдырып баламды,
Ауыл үйге кіргізбе.
Соны айтып талықсыды көзін жұмып,

Қайратты ер жатыр әзір есін біліп.
«Қайнағам оң батасын ап қалам» деп,
Келіні зар жылап жүр сусын құйып.
Әтеке батыр Қабанбайдың найзасының зардабынан оңалып,

тірі қалып Қабанбайдан қалай болғанда кек алу мақсатымен
қазақ ішіне жансыздарын жіберіп, үнемі аңдысып жүреді екен.

Әтеке үнемі аңдып жүретұғын,
Жансыз сап, хабар алып білетұғын.
Ішінде мұздай қатқан ескі көкті
Күн тосқан демін тауып алатұғын.

Жансыздан хабар алды барып келген,
Аралай қазақ ішін жүріп келген.
Қабанбай әл үстінде қатты ауыру,
Анық деп хабарлады көріп келген.

Әтеке елін жиып салды хабар:
«Ел басы батырларға ақыл табар.
Қабанбай ауру дейді әл үстінде,
Уақыт келді, міне, елін шабар.

Кеудеде жан жатқанда елін шабам,
Зердесі көкірегінде кетсін мұндар.
Еркектен сойыл соғар жан қалмасын,
Қазақта бекер өлмес қарсы тұрар».

Бурадай қаңтардағы қалшылдайды,
Көпіріп жоқты шатып былшылдайды.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Қалмақтан жер қайысып жиналды қол,
Алдында не болар деп қымсынбайды.
Қыз білді соғысатын бұл хабарды,
Алдына әкесінің жетіп барды.

—Қалайша Қабанбаймен соғыспақсың,

Жинап ап жасақталып елде барды.
Қабанбай сені өлтірмей, тірі берген,
Есітіп жылап айтқан қайғы зарды.
Сені өлтіріп, мені әкетсе, не істер ең,

Көрмедім, әке, сендей пейілі тарды.
Қазақты жеңу қиын, батыр халық,
Көңіл бұр айтқаныма құлақ салып.
Соғысып қазақпенен көріп ең ғой,

Жеңілдің, батыр болсаң, сонда нағып?!
Бекерге қырғызасың қалмақ елін,
Жылайды қатын, бала жесір қалып.
Құйрығын жатқан жылан өзің бассаң,

Қайрылып у тілімен алар шағып.
Бұл жолға тілімді алсаң, барма деймін,
Тыныштықпен отыралық малды бағып.
«Барма» деп әкесіне көп айтады,

Әкесі тыңдамаса қыз қайтеді!
Есіне қыз кеңесін алмақ тұр ғой,
Қосынын онан әрмен көбейтеді.
Тыңдамай қыздың сөзін жүріп кетті,

Еліне Қабанбайдың бұрып бетті.
Дамылдап жол ортада тынбай жүріп,
Бір жеті мөлшерінде келіп жетті.
Жақындап ел шетіне келіп қалған,

Жұрт көрді жер қайысқан қалың топты:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жар салды елге шауып хабаршылар,
«Аңдысқан Әтеке жау өзі кепті.
Ауырып Қабаң жатыр әл үстінде,
Кім бастар жауға қарсы мына көпті?!

Шағалақ үйге кірді асып-сасып,
Біле алмай неғыларын өңі қашып.
Білдірмей Қабанбайға жасақталды,
Бұқармен кәрі жырау ақылдасып:

—Дәулетбай, қаруыңды ал, халқың баста,

Дұшманмен айқасқа шық қарсыласып.
Қабекең тағы азырақ жиды есін,
Уақыт таяп қалған ұлы бесін.

—Айтыңдар күбір-сыбыр бұл не деген,

Түсті ме бастарыңа үлкен қысым?

—Бір ауыр іс болып тұр,

Жақындап дұшпан келіп тұр.
Шабамын деп ауылды,
Мың кісіге бас болып,
Әтеке батыр келіп тұр.

Ақыл таппай ел, жұртың,
Қысылтаяң болып тұр.

—Құдай-ау, маған дем салшы,

Қубас атқа ер салшы.
Ұлы сәскеде алушы ең,
Күн батқанша кең салшы.
Арасанға ат айтшы,

Қорасанға қой айтшы,
Әлсіреп кеткен денемді
Күн батқанша қатайтшы.
Арасанға ат айтты,

Қорасанға қой айтты.
Талқысып жатқан Қабаңның,
Денесін Тәңірім қатайтты.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Ұшып тұрды ақырып,
Аруағын шақырып.
Көрсет дұшман қай жақта,
Кетейін деп жапырып.

Үйдей шықты ойланып,
Бесқаруын байланып.
Қубастың келді қасына,
Асықпай басып жайланып.

Дайын Қубас тұр екен,
Ер-тоқымы сайланып.

—Ей, қубасым, қубасым,

Жауға серік жолдасым!
Ерге серік сендей ат
Білемін енді тумасын.
Соңғы рет жауға шабамын,

Болдыру сенде болмасын!
Байжігіттің баласын
Бөтен жауға жегізбе,
Ел шетіне кіргізбе,

Аруағыма тигізбе.
Сені мінген күнімде,
Тартынбай түсіп кетуші ем
Еділ менен Теңізге.

Басқа жылқы мінгенде,
Мінгендей болушы ем өгізге.
Тайыңда арда еміп ең,
Тайлақтай торы болып ең.

Құнаныңда арда еміп ең,
Құнылы торы болып ең.
Дөненіңде арда еміп ең,
Дөңбектей торы болып ең.

Бестіңде арда еміп ең,
Белгілі торы болып ең.
Жетіңде арда еміп ең,
Жер жасырған қолменен

Алакөлге барып ем,
Жайратып жауды салып ем,
Бір Құдайға мәлім ең.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Соны айтып атқа мінеді,
Алла деп жауға жөнеді.
Жер қайысқан қалмақтың
Тобына жалғыз енеді.

Оң келгенін оңынан,
Сол келгенін солынан,
Қойға тиген қасқырдай
Қиратып жалғыз жүреді.

Жаудан қорқып тайсалмай,
Егескен дұшман Әтеке
Оғанда жетіп барады.
Сөзге келіп тұрмады,

Мойнын да бұрмады.
«Қақ жүректің басы деп,
Өлер жерің осы» деп,
Толғамалы найзамен

Толғай түйреп алады.
Суырып найзаны алғанда,
Қаны ішіне толғанда,
Қимылдарға дәрмен жоқ,

Әтеке аттан құлады.
Дұшманына қас батыр,
Өз еліне бас батыр
Қорқырап жатқан қалмақтың

Басын кесіп алады.
Қалғандарын қашырып,
Белден-белге асырып,
Кіші бесін кезінде,

Жайратып жауын тынады.
Күн батуға жақындап,
Мерзімді уақыт толады.
Әзер жетіп ауылға

Қабанбай батыр талады.
Қубас аттан түсіріп,
Көтеріп жерге салады.
Айрылдық деп батырдан,

Халқы шулап жылады.
Біраз есін жиған соң

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР  ҚИССАСЫ

Үйіне алып барады.
Халқыменен қоштасып,
Иманын Хақтан сұрады.
Айтар сөзі көп еді,

Дем қысқарып барады.
Сонда да сөзге келіп біраз жатты,
Күшейіп ауруы жанға батты.
«Мен кетем дүниеден қош болыңдар,

Өмір сүр, ағайындар, тату-тәтті.
Тоздырып ел бірлігін жауға алдырып,
Келтірме аруағыма жаман атты».
«Халқыңа өсиетіңді айтып кет» деп,

Қабаңа жиналған топ арыз айтты.

—Менен ақыл сұрадың,

Жүрегімді бұрадың.
Жеткізбесе амал не,
Тірліктегі мұрадың.
Дұшманыңа жеңіліп,

Шыбын жаннан түңіліп,
Қайратың кетіп бойыңнан,
Азамат қаны төгіліп,
Күшің кетіп қолыңнан,

Қан жұтсаң қабырғаң сөгіліп.
Жеріңді жауға таптатпа,
Еріксіз көнсең беріліп.
Олжаға түсіп қыз, келін,

Зар жыласа егіліп.
Талауға түссе мал-мүлкің,
Құтырған дұшман желігіп.
Бірлік кетіп еліңнен,

Құт шайқалып жеріңнен.
Қол бастайтын ерің жоқ,
Ел бастайтын биің жоқ.
Қожа болса көрінген,

Қайрат қылып дұшманға,
Шыға алмасаң үйіңнен.
Қосылмаса бастарың,
Қайырылмаса достарың.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сен қиналып жүрсең де,
Болмаса ісі басқаның.
Мұнан да қорлық өтерме,
Зейіл болып дұшманға

Бас имендер бөтенге.
Соны айтып ер Қабанбай жұмды көзін,
Тауыса алмай көкейдегі айтар сөзін.
Жөнелді бұл пәниден бақи жаққа,

Зар қылып қалғандарға басқан ізін.
Айрылып Қабанбайдан болды қиын,
Болар ма бұрынғыдай ұлы жиын.
Жан кетіп шамшырағың сөнгеннен соң,

Өлгенге керегі не дүние бұйым.
Бұқар айтты; «Дәулетбай, есіңді жи,
Тірілмейт өлген адам Қабаңды қи.
Досың аз, дұшманың көп бұл бір заман,

Сөзімді менің айтқан есіңе түй.
Дәулетбай, білек сыбан, белді буын,
Кім ұстайт Қабанбайдың қалған туын.
Қара керей ауыртпағы сенде қалды,

Қарсы тұр қайраттанып, Хаққа сиын».
Осылай Бұқар жырау бата берген,
Қалғандар Дәулетбайдың соңына ерген.
Қабанбай осылайша өтіпті деп,

Естиміз бұрынғыдан қалған сөзден.

Арыңдап сөйле қызыл тіл,
Бөгеліп, тоқтап қамалмай.
Нөсердей төгіп желдеші,
Арқадан соққан самалдай.

Білімі көптің көбейді,
Білмей қоймас бағаңды-ай.
Қалмақ пенен қазақ жау бопты
Бұрынғы өткен заманда-ай.

Дұшпаннан халқын қорғаған
Қаракерей Қабанбай.
Қабанбайдан жеңіліп,
Таппапты-ай қалмақ амалды-ай.

Батыр болып туыпты,
Балапандай қорғапты
Алыс пенен жуықты.
Белін шешпей белсеніп,

Тыңдамас ыстық-суықты.
Қазаққа тиген қалмақты
Соққы беріп қуыпты.
Сөйлейін қаракерей Қабанбайдан,

Атасыз адам пенде туар қайдан.
Абылай, Қабанбайдың заманында,
Ешкімге бағынбайтын арғын, найман.
Қабанбай туралы жыр

(Қыдырмолда Әділбеков нұсқасы)
19-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халыққа батыр едің тиген пайдаң,
Абырой бірдей болған ақыл-айлаң.
Үш жүзге ұран болып даңқың шығып,
Аруағың естілетін анадайдан.

Жау десе бастайтұғын өңкей сарбаз,
Жиылар соғыс десе әлде қайдан.
Барлық ел пайда көрген қайрат күштен,
Жақсының даңқы шығар әрбір істен.

Қазақты дұшпандарға жегізбестен,
Халық үшін қан майданға талай түскен.
Ел болар ағайынды-абысынды,
Қабанбай жауға бермес намысыңды.

Біреу кеп Қабанбайға хабар қыпты,
«Жау шапты жақын менен алысыңды».
«Елімді мен тіріде кім шапты?!»,—деп,
Батырдың ашумен аз сағы сынды.

Батырдың кемелденіп жасы толған,
Қару-жарақ, найзасы түспей қолдан.
Қанша шапса, болдырып талықпайтын,
Құбақұс дейтін дүлдүл аты болған.

Тоқтатпас ел намысы мұндай ерді,
Мінді де Құбақұсқа жолға жүрді.
Кәрі-жас, ер-әйелді бірдей қырған,
Келді де бұл соғысты көзі көрді.

Мынау қорлық қазаққа қарап тұрсақ,
Езілген елді жоқтап көңіл бұрсақ.
Астында қара қазан бір ат қапты,
Қойыпты мұның атын «Қарақұрсақ».

Алты арыс хабар қылды Орта жүзге,
«Ерінбей елдің қамын бәрің де ізде.
Күнде кеп қалмақ қамап шабатұғын»
Деймісің осал қазақ жалғыз біз бе?!

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Ел үшін күйзеліпті ер Қабанбай,
«Қалмақтан қалам ба,—деп,—бір кек алмай».
Батырдың бұл хабарын естіген соң,
Келіпті Тоғас, Қосай, ер Дәулетбай.

Ер қосылар шын болса халық солай,
Елдің шетін жау шапқан емес оңай.
Хабарды жақын жерден бұрын естіп,
Мұрыннан келді шауып ер Боранбай.

Жау шапса, жоғалмай ма халық тоза,
Шабу керек біреуден біреу оза.
«Ерінбей ел намысын іздесем» деп,
Шанышқылыдан келіпті Бердіқожа.

Жыр қылып жаза берсек, ел назы көп,
Қалмаққа ел шабатын не жазып ек.
Халықтың қанын жоқтап, қамын жейтін
Келіпті қаз дауысты ер Қазыбек.

Бұл хабар кетті талай елге тарап,
Халықта бар ғой батыр нелер қарақ.
«Жау шапты елдің шетін» дегеннен соң,
Келіпті көкжарлыдан Көкжал Барақ.

Жұрт біріксе, дұшпанға кетпейді кек,
Батырлар басын қосты тұрмасқа тек.
«Үш жүз түгел жиналды дегеннен» соң,
Керейден іздеп келді ер Жәнібек.

Қазақтың айырлмасын жақын-жаты-ай,
Жігіттер, белді буып енді қатай.
«Тамам батыр бас қосты» дегеннен соң,
Келіпті атышулы тентек Матай.

Қалмақ күнде ел шапса, кетер маза,
Берелік дұшпандарға ауыр жаза.
«Дұшпанға ел намысын бермейміз» деп,
Тумадан келіп қосылды ер Шынқожа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Намысты, кекті батыр болмас жуас,
Ел үшін елеуреген кәрі мен жас.
«Қаны сұйық қалмақты жайратам» деп,
Үйсіннен іздеп кепті Сарышуаш.

Батырлар басын қосты талай-талай,
Болады қандай заман бұдан былай.
Хабарын батырлардан естіген соң,
Төреден іздеп кепті хан Абылай.

Шатыр тігіп, тізіліп байланды ат,
Қай күні болады деп көңіліміз шат.
Жау десе жатпайтұғын жарамдылар,
Төртуылдан келіпті ер Баймұрат.

Келмеген еш адам жоқ тұс-тұстан,
Жиылып талай ерлер басын қосқан.
«Соқтыққан дұшпаныңды қырамын» деп,
Қыржыдан да келіпті батыр Бостан.

Белгілі жақын жолдас сыр шаша ма-ай,
Өткен ғой талай жақсы көп жасамай.
Жау жарағын дайындап, сайманданып,
Тоқпақыдан да келіпті ер Қасабай.

Оңай емес халықтың басын құрау,
Батырлар жау көрінсе дайын тұр-ау.
Көбіне ақыл айтып басқаратын
Келіпті көп жасаған Бұқар жырау.

Кім білер келешекте болар халқы,
Тапсырды бір Аллаға бас пен малды.
Жасынан жарамды деп ертеді екен,
Қабекең Шағалақты қасына алды.

Қабанбай жиды солай жамағатты,
Жау келіп ел шапқаны жанға батты.
«Қазақ сөйтіп жиылды» дегеннен соң,
Шошынып қалмақтар да естіп жатты.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Бұл жерде қалмақ қалмай үркіп кетті,
Жоңғардың қақпасынан көшіп өтті.
Бұратола, Тақия, Майлы, Жайыр,
Орқашар дейтін тауға барып жетті.

Бірқанша батырлармен жүріп кетті,
Кегі кеткен жау жаққа түзеп бетті.
Селікі, Борлы, Сарытау, Тоқта деген,
Міне, осындай тауларды басып өтті.

Жол тауып қиын таудан жүре алмады,
Қалмаққа бара салып кіре алмады.
Тоқтады сол араға демін алып,
Жүргеннен аттың ерін бір алмады.

Көп батыр қамалыпты жол таба алмай,
Дұшпаннан кете ме шын бір кек алмай.
Ағаштарын қиратып, тас қопарып,
Ашуланып кетіпті ер Қабанбай.

Жол шығарып қопарды талай тасты,
Қабанбай шығарып қопарды талай тасты.
Қабанбай бастап келген кәрі-жасты.
Ат ерттеп, айылдарын мықтап тартып,

Жолы жоқ асқар биік таудан асты.
Биікке шығып тұрды тамам батыр,
Соғыста бір-біреуі жүзге татыр.
Жылқышылар айдаған әнге салып,

Көп жылқы тауға қарай келе жатыр.
Көрген соң шауып келді әлгі малды,
Қамалап жан-жағынан қоршап алды.
Ұрмай-соқпай өлтірмей ақылменен,

Бес-алты жылқышыны ұстап алды.

—Жөніңді айтсаң, біз сені байламаймыз,

Жылқыңды ұрыларша айдамаймыз.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазақ елін шапқанның бастығын айт,
Одан басқа момынды жайғамаймыз.

—Бастығымыз Қоңғыдыр жырық, деді,

Еш адам алмас мұны ұрып, деді.
Біз де оны жақсы адам дей алмаймыз,
Талайдың қанын ішкен қырып,—деді.
Өзі бай, өзі мықты, өзі батыр,

Ақ үйінен бір бөлек тіккен шатыр.
Қырық жігіт күзетеді күндіз-түні,
Төсекте әлі тұрмай ұйықтап жатыр.
Батырлар сырын ұғып келді жанап,

Қалмақты қалмады-ау ду-ду қамап.
«Бар, оят!» деп жіберді бір жылқышыны,
«Армансыз соғысалық бірден санап».

—Менің атым—Қабанбай, жолдасым көп,

Кегім бар, келгенім жоқ бекерге тек.
Ұйықтап жатқан жеріңде аралассам,
Қалмай ма арманда боп, «япырмай» деп.
Жылқышы шауып келді өңі қашып,

—Батыр-ау, оянсаңшы көзіңді ашып.

Қабанбай батыр бастаған қалың қазақ
Еліңді шабамын деп кепті-ау басып.
«Сені оят, армансыз қып шабам, деді,
Соққы беріп жайыңды табам», деді.

«Ұзын да өш, қысқа да кетті кегім,
Қазақтың қанын ішкен арам» деді.
Бұл өзі кеткен батыр сасқалақтап,
Қан басты қайда кетсін қашқалақтап.

Атағын Қабанбайдың естиді екен,
Орнынан әрең тұрды сасқалақтап.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Қаны қашып кетірді беттен нұрды,
Төсектен шошып кетіп қарғып тұрды.
Қалмақтың жарамдысын жинап алып,
Қазақпен соғысуға мойын бұрды.

Терең сай, келді қалмақ өзекпенен,
Бұзақар ел бүлінер кезекпенен.
Сол заманда соғыстың ғадеті екен,
Шығатын жекпе-жекке кезекпенен.

Қалмақтан біреу шықты еңгезердей,
Бұрыннан келеді екен ырық бермей.
Найза алып, араласып кеткеннен соң,
Қан толып кетеді екен көзі көрмей.

Бұқар тұрып Бараққа: «Бар!,—деп айтты,
Бөгеліп тоқтап қалған ар, деп айтты.
Аңғалдау, алаңғасар көрінеді,
Найзамен ішін түйреп жар»,—деп айтты.

Тартынып тайсалмады, шықты Барақ,
Сауыт киіп, асынып қару-жарақ.
Барды да қалмақпенен араласты,
Дұшпанды кетті салып тұрмай қарап.

Найза кіріп, өтпеді денесінен,
Екі елдің еруледі егесінен.
Шойын қаққан шоқпармен ұрды Барақ,
Қалқанын талқан қылып төбесінен.

Еңкейіп сонда қалмақ жерге бұқты,
Бұрқырап аузынан миы шықты.
Ажал тұрса қорықпайтын батыр Барақ,
Алпамсадай кәпірді жерге тықты.

Қалмақ шулап төгіпті көзден жасын,
Қарғып түсіп қалмақтың кесті басын.
Ат сайманын тастамай алып келген,
Бараққа берді Абылай ықыласын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ер Барақ барған батыр сүрінбеді,
Қабанбай қайраттанып дірілдеді.
Ақ туы Қабанбайдың жел жоқ, құз жоқ,
Өзінен-өзі тұрып дүрілдеді.

Қалмақтар қазаланып сырнай тартты,
Шығыпты тағы бірі бұзбай шартты.
Бұл дағы бой бермейтін батыр екен,
«Бар» деп шулап шығарды Аспан қартты.

Қалмақтың басы сөйтіп қанасыпты,
Батырлар күш сынасып, санасыпты.
Қасабай, Боранбай мен Шыңқожалар,
«Мен барам, мен барам» деп таласыпты.

Жүр екен Қабанбайға құлақ түріп,
Қалмақтан ол бұзылды сүттей іріп.
Сайманын лақтырып, қол көтеріп,
Аспанқарт қазақтарға кетті кіріп.

Ашуланып Қоңғыдырдың өзі шықты,
Жан-жаққа аты шығып болған мықты.
«Ер кезегі үшке дейін» дегені рас,
Соғыстың шартын ойлап сырын ұқты.

Ақ ту тұр дүр-дүр етіп соқпастан жел,
Соғыстың ақыры осы бір үлкен бел.
«Осыған сіз ылайық» дегендей қып,
Қабанбайға жалтақтап қарайды ел.

Қабекең қорқар емес қылып қауіп,
Құбақұс мініп еді атын тауып.
Түксиіп сақал-мұрты кеткен екен,
Кетіпті қалың қасы көзін жауып.

Қабанбай көпшілікке беріледі,
Құбақұс құлаш жайып керіледі.
Қаңтардағы бурадай көбік шашып,
Айбары айдаһардай көрінеді.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Қалмаққа кезек берді келіп батыр,

—Кісің өліп, адамың кетіп жатыр.

Батырым, армансыз боп қимылдап көр,
Соғыстың аяғы осы, білсең, ақыр.
Тұр еді қалмақ тағы дайындалып,
Найзасын да түзеді қолына алып.

Екі қабат киінген көк сауыттан
Аямай қақ жүректен кетті салып.
Салғанмен ешнәрсені тыңдырмады,
Найзасы көк сауытты сындырмады.

Өлтіре алмай қалған соң шошып кетіп,
Қалмақтың екі көзі бұлдырады.
Басқаны өлтіргенмен ұға ма адам,
Қабанбай қатты қарап сығалаған.

«Сауыттың бір осалдау жері еді» деп,
Қалмақты кетті салып бұғанадан.
Шыңғырып Қоңғыдырдың даусы шықты,
Найзасын қатты сермеп, нығап тықты.

Ат үстінен көтеріп әлсіретіп,
Жаны шығып болған соң жерге жықты.
Қалмаққа ажал беріп ұрғызды енді,
Жау жақтан жылап-жырлап бір қыз келді.

Адамның сай-сүйегін сырқыратып,
Қыз сөзі батыр мойнын бұрғызды енді.
Қыздың жыры:
Қыз еңіреп жылайды,

Көзінің жасын бұлайды.
Әкесінің сүйегін
Қабекеңнен сұрайды.

—Сүйегін берсең әкемнің,

Оған неңіз құрайды.
Әкесі өлсе жыламай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Баласы қайтіп шыдайды.
Арызымды ал, Қабанбай,
Қапысын қалдық таба алмай.
Ажалы жетті-ау әкемнің,

Айтулы атпен шаба алмай.
Арманда қап, атакем,
Қалыпсың жанды баға алмай.
Қабанбайдың найзасы

Тұрар ма саған қадалмай.
Ақбас тайлақ әкелді,
Тарту қылам түйемді,
Шулатып елін жетім қып,

Өлтіріп кеттің иемді.
Соқтығып сенің еліңе,
Білмепті әкем киеңді.
Мақтанып айдап келушет,

Құлынды жылқы биеңді.
Түйе емес, тайлақ нар еді,
Айтқаным сізге зар еді.
Еліңді қырып шапқан соң,

Ашумен көңілің тар еді.
Жылатпай бер әкемді,
Мендей де балаң бар еді.
Арызымды алмасаң,

Сізге де кейін ар еді.
Соқтығып қазақ еліне,
Әкемнің ісі қара еді.
Қабанбайдың сөзі:

—Сүйегін бердім, әкеңді ал,

Шуламасын кемпір-шал.
Қалғаныңа тимеймін,
Жақсы тыңлап, құлақ сал.
Қыз бенен тиме халыққа,

Сендерге жетер басқа мал.
Қоңғырдың жылқысын
Тойғаныңша айдап ал.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Біз тоқтап енді тұрамыз,
Қайтадан мойын бұрамыз.
Қазаққа қайта соқтықсаң,
Біріңді қоймай қырамыз.

Ел ашуланып, ерді өлтірмес
Дегендей тоқтам қыламыз.
Қалмақтар шулап жылады,
Тоқтамға осы ұнады.

Соқтықпасқа қазаққа,
Осындай тоқтам қылады.
Кегін алып қалмақтан,
Қазақтың көңілі тынады.

Қоңғырдай батыры
Бас ұрып жерге сұлады.
Қалмақпен тоқтам жасады,
Әлгі таудан асады.

Қуанысып батырлар,
Қайтуға аяқ басады.
Еншідей жылқы бөлісті,
Олжадан кімдер қашады.

Қабанбай:

—Батырлар жылқы айдадың,

Қоңғыдырды жайғадың.
Бәрің дағы жарайсың,
Соғыстан бірің таймадың.
Тату қып қыздың әкелген

Көрдіңдер ғой тайлағын,
Разымысың бәрің де,
Тайлақты маған байладың.
Олжаны бөліп беруге

Абылайды сайлайды.
Абылай сонда: «Жөн, деді,
Олжаны бөлген мен, деді.
Мен көргенде дүниеге

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мұндай түйе келмеді.
Өлгеніңше қосыңды арт,
Таласа қоймас ел, деді.
Әлі де сіздің олжаңыз,

Мен байқасам кем»,—деді.
Бұқар тұрып:

—Разы емеспін мен,—деді,

Төресініп отырып,
Теңгермейсің пендені.
Шын айтып көтерелік көңіл татып,
Білемін Абылайдың төре затын.

Ұсынбай үлкен-кіші жолдастарға,
Өзі алған Қоңғыдырдың мінген атын.
Абылай айтты: «Бұқар-ау, қалай айттың,
Билікті менен бұрын талай айттың.

Бұл жерде пәлен дерлік жұмыс емес,
Қызығып ләпсіңе қарай айттың».
Бұқар айтты: «Абылай,
Жөніңді айтшы кім едің,

Қалмақ шауып жүдедің.
Төле бидің үйінде
Малын баққан құл едің.
Көтеріп халық хан сайлап,

Сонда біраз үдедің.
Көңіліңді көтерме,
Адамның сен де бірі едің.
Көрсетіп сен де қараңды,

Ілесіп көпке жүр едің.
Еліңді қалмақ шапқанда,
Өлмей қалған тірі едің.
Қабанбайдан сен қашан,

Бұрын жауға найза тіредің».
Шауып келді бұларға
Қаз дауысты Қазыбек:

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

—Жақсы болар тегінде,

Айтқан сөздің азы деп,
Жолымыз боп қайтып ек,
Жауға кетпей намыс кек.
Қалай алсаң жетеді,

Осы жолы табыс көп.
Байқап тұрсам мынау сөз,
Сендерге емес ылайық.
Ала болмай өзіміз,

Береке-бірлік қылайық.
Өз малымды бұйырт деп,
Бір Алладан сұрайық.
Өкпелеспей тату боп,

Ел болып басты құрайық.
Бәріңді халық айтады
Ылғи асыл құрыш деп.
Мен айтпасам сіздерге,

Кім айтар мұның бұрыс деп.
Қазыбектің бұл сөзін,
Батырлар айтты «дұрыс» деп.
Жау соқтықса бір жақтан,

Құлақтарыңды түріс деп.
Қабанбай разы етті талай елді,
Үш жүздің баласына енші бөлді.
Бұрыннан мекен етіп жүреді екен,

Ащысу, Есіл Нұра, Сарыбелді.
Қоштасып батырлармен айырылысып,
Үйіне аман-есен қайтып келді.
Бастаған ер Қабанбай талай қолды,

Жетпістің жетеуіне жасы толды.
Қалмақты қазақ жеңіп болған кезде,
Ауырып ер Қабанбай науқас болды.
Қатайды ауруы жанға батып,

Қайран ер атқа мінбей қалды жатып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үш жүздің баласына бірдей еді,
Қазақты көрген емес жауға сатып.
Қорғаған елді жаудан қайран батыр,
Кім болар бұл кеткен соң іске татыр.

Жолығып сәлем беріп, көңілін сұрап,
Атын білген адамдар келіп жатыр.
Сарыбел аулы қонды бұлағына,
Бұл науқас қайран ерге ұнады ма.

«Қабанбай қатты ауырып қалыпты» деп,
Естілді қалмақтардың құлағына.
Қалмақ айтты: «Мынау сөз жақсы-ақ, деді,
Көзі тірі жатқанда шапсақ, деді.

Тірідей елін шауып, малын айдап,
Ордасын талқан қылып шапсақ,—деді.
Бұрынғы кеткен кегін ойға салды,
Жақсылап саймандарын қолына алды.

Қабанбай Сарыбелде деп еститұғын,
Дүрілдеп бес жүз қалмақ келіп қалды.
Қатты ауырған ұшынып,
Жүргелі жатқан ұсынып.

Қалың жауды көрген соң,
Жылады халқы қысылып.
Үйреніскен Шағалақ
Әр іске қалған ысылып.

Қабанбай айтты: «Шағалақ,
Нағып жүрсің жағалап.
Ауыз басың жыбырлап,
Айталмай бір сөз ағалап.

Жағаламай қайтейін,
Келіп тұр қалмақ қамалап.
Сіз мұндай болды деген соң,
Келгені ғой табалап.

Сіз сау болсаңыз, шіркін-ай,
Қиратпас па едің бағана-ақ!
Ақ ордаңыз шағылса,

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Саудырап қалар сағанақ.
Тауға шапса таймастай,
Асылмен атын тағалап.
Қоңғыдырдың баласы

Қожығыр мошқа келіп тұр.
«Қарсы келер жан жоқ» деп,
Өзіне-өзі сеніп тұр.
Сіз сау болсаңыз, сөйтер ме ек,

Көңілдің оты сөніп тұр.
Қабанбай басын көтерді,
Қақырынып жөтелді.

—Тірі күнде кім білген,

Келер менен кетерді.
Алып келіп ерттеші,
Құбақұс дүлдүл сетерді.
Маңдайы терлеп батырдың,

Өне бойын су басты.
Жердің беті мұнарып,
Түнере төпей бу басты.
Халықтың қанын жоқтайтын

Осындай батыр тумас-ты.

—Ақсарбас сойып бата айтшы,

Бір Аллаға ат айтшы.
Шын Қабанбай ғып жаратсаң,
Буынымды, Алла, қатайтшы.
Төрт түліктен тағы да,

Бір-бір түрлі зат айтшы.
Шынқожа мен Боранбай,
Көңілін сұрап кеп еді,
Амандасып жолығып,

Тәуірсіз бе деп еді.
Абырой беріп бір Алла,
Ауылда қонақ кеп еді.
Үзеңгі жолдас сау күнде

Біріне-бірі сеп еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Орнынан қарғып тұрады,
Алладан көмек сұрады.
Ақ туын алып айғайлап,
Қалмаққа мойнын бұрады.

Қожығыр қалмақ қарсы кеп,
О дағы қайрат қылады.
Найзамен шаншып Қабанбай,
Көтеріп жерге ұрады.

Боранбай мен Шынқожа—
Бұлар да жауды қырады.
Қалмақтар шулап қашыпты,
Қабанбайды көрген соң.

Қашпай шыдап тұра ма,
Өлтіре соққы берген соң.
Ес қалмады қалмақта,
Ең бастығы өлген соң.

Қара бұлттай Қабанбай,
Қан жауғызып төнген соң.
Құбақұс аты құсша ұшып,
Қуғанын басып жетіпті.

Науқастығы білінбей,
Атқа орнығып бекініп,
Сақал-мұрты түксиіп,
Бет аузын жауып кетіпті.

Қазақтан қалмақ қашықтап,
Әр өзендерден өтіпті.
Талайы жерге бас ұрды,
Қалмақтың тобын қашырды.

Қазақтың айдап жерінен,
Ерентаудан асырды.
Қабанбай теңдес батырлар
Өткізді сондай ғасырды.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Артына тарих қалдырып,
Сырларын қашан жасырды.
Батырлар сондай тасқынды,
Тастады қуып қашқынды.

Қабанбайдың зорығып,
Науқасы қайта асқынды.
«Жақсылап үйге жеткізіп,
Жұмсақтаңдар астымды.

Өлгелі жатқан батырдың
Бұқар көңілін сұрайды.
Бейнесін көріп шошынып,
Ойға түсіп мұңайды.

Сегізінде еді сексеннің,
Кемсеңдеп Бұқар жылайды.
Қабанбай сөйтіп жатқан соң,
Жыламай қайтып шыдайды.

«Әлде қалай болар?» деп,
Бұқар байқап сынайды.
«Қимады сені бізге» деп,
Аузына алды Құдайды.

—Сен науқас деп, батырым,

Естіді кеше құлағым.
Аманыңда көрсем деп,
Келгенше әрең шыдадым.
Сөйтсе дағы, шырағым,

Халің қалай өзің айт.
Ел шетіне жау келсе,
Ерттеулі тұрған пырағым.
Шөліркесем ыстықта,

Көлеңкелі құрағым.
Қу заманға сенім жоқ,
Қай жерде болар тұрағың?!
Арғын менен найманнан

Алты кісі айттым жолыңа,
20-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қара мойын мен сенің
Құдайға айтқан ылағың.
Айналайын Қабанбай,
Сендей жақын адамды

Енді қайдан табармын?!.

—Алладан келген әмірге

Разы болып тұрамын.
Мынау қатты науқаста
Табарсың, аға, қайтіп ем.
Молдаларды шақыршы,

Аузыма иман салсын дем.
Кешіріңдер бәрің де,
Сөзімде болса артық-кем.
Қолдарыңнан кетемін,

Ит пен құсқа болмай жем.
Жүректен өрлеп қу науқас,
Қысты ғой мынау алқымды.
Арыздасып қоштасам,

Шақырып берші халқымды.
Сусын беріп, есік аш,
Келтіріп маған салқынды.
Үш жүздің ұлы, бұзбаңдар,

Береке-бірлік қалпыңды,
Жауға бермей қорғаңдар
Қазақ деген халқыңды.
Зират соғып, нәзір бер,

Біледі халық даңқымды.
Неше күндей күзетті,
Қолдарымен түзетті.
Қайсысын жоқтап зарладық,

Батырдың мұндай жүзі өтті.
Өзі тұр ғой батырдың,
Артында қалмай ізі өтті.
Құстөсек, жастық жайға қап,

Жамбасынан сыз өтті.
Ажал, шіркін, аямай,
Айырды бүгін елінен.

ҚАБАНБАЙ  ТУРАЛЫ  ЖЫР

Қаз-үйрек қалды қаңқылдап,
Аққу ұшып көлінен.
Айтулы қайран арыстан,
Ажал оқ тиді белінен.

Қазаққа қоныс ап беріп,
Қалмақты қуған жерінен.
Орын алар ондай ер
Бейіштің жақын төрінен.

Көлеңкелі бәйтерек
Ажалы жетіп құлады.
Қазақтың биік шынары
Бас ұрып жерге сұлады.

Кешегі жүрген көп батыр
Жетім қалып жылады.
Итіскен қандай адамдар
Өлген соң бітіп тынады.

Жаратқан аманатын тәннен алды,
Қабанбай қазақ ері дүние салды.
Татымды тасқорғаны құлағаны,
Алты арыс, төрт төңірек жетім қалды.

Батырға, сөйтіп, тағдыр жеткен екен,
Қу өмір талай жаннан өткен екен.
Қай жылдарда өткенін біле алмады,
Жетпістің жетеуінде кеткен екен.

Қабанбай кек әперген талай жолда,
Атын білмес адам жоқ оң мен солда.
Ұранын ұрулардың атап кеттім,
Аруағы батырлардың, өзің қолда.

Ескілікті тарихтардан жинап тауып,
Өлең қып жырлап берді Қыдырмолда.

Тұлпарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Басынан Арқаулының* күн шалғаным.
Аузыма «ә» дегенде тола түскен,
Қабанбай, Кенесары ел қорғаным.

Қабекең артық туған есіл ерім,
Олжаға қарық қылған ерген елін.
Бір күні батыр Қабан жаусырады,
Жидырды хабар беріп тамам елін.

Атады үлкен мерген арқар, құлжа,
Жігіттер атқа түйе тегін олжа.
«Ел жиды ер Қабанбай» дегенді естіп,
Келіпті шанышқылы Бердіқожа.

Қабекең күттірмеді келген елді,
Реттеп іріктейді өңкей ерді.
«Жиылды батыр сонша» дегенді естіп,
Найманнан өзі батыр Жантай келді.

Бір хабар бар қазаққа кеткен тарай,
«Батырлар қамданды»,—деп,—жауға қарай.
«Жиылды батыр сонша» дегенді естіп,
Келіпті қанжығалы қарт Бөгенбай.

Ер Қабаң осы жолы бір алмақ кек,
«Қырғызға дайынданған аттанам» деп.
Ер Қабанбай
(Ержан Ахметов нұсқасы)

* Кейбір нұсқаларда «Арқауыл» делінеді.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

«Жиылды батыр сонша» дегенді естіп,
Келіпті Шақшақұлы ер Жәнібек.
Сиынып бір Аллаға қылған талап,
Өңшең ер жата ала ма босқа қарап.

«Жиылды батыр сонша» дегеннен соң,
Келіпті көкжарлыдан көкжал Барақ.
Ағыны батырлардың тастан қатты,
Батырлар күндіз жүріп, түнде жатты.

«Тепкіме осы менің жарайды» деп,
Үйірден ұстап мінген Қубас атты.
Бесінде бейсенбі күн қосын артты,
Жиырма бес күн жол жүріп өңшең батыр,

Қырғызға қырын тіккен жақындапты.
Қырғызға бұлар келіп жақындапты,
Жиналған алты жүздей барлық халқы.
Қубас ат шабар күйіне келген екен,

Лашкердің өзге аттары арықтапты.
Жиылған өңшең бағлан батыр ерлер
Бір суда ат тойдырып дамылдапты.
Қабекең сонда мұртынан күлімдепті,

Бұлар қырғыз өз жұрты білінбейді.
Бұлты жоқ, дауылы жоқ шаңқай түсте
Ақ туы Қабекеңнің дүрілдейді.
Батырлар сол арада сасып қалды,

Қолына жүген алып атқа барды.
Қабекең Қубас атқа жайдақ мініп,
Ақ туды жеті айналып айғай салды.
Көретін түстік жерден ер Шағалақ

Қарауыл кетіп еді ерте қарап.
Бөрте атпен шауып келіп хабар айтты,
«Қалың көш келеді екен таудан асып».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ту ұстап тауға шықты батыр Қабан,
Жөнелді көшке қарай қол самсаған.
Тоқтатып көшті сайға иіре тастап,
Лашкерге қарсы шапты бір жалғыз жан.

Астында көк тұлпар бар қатқан жарап,
Бір өзін шыға келді мыңға балап.
Айбатын шыққан ердің көргеннен соң,
Шыға алмады ешкім бұған оңашалап.

Жібермей қолдың алдын иіреді,
Батырлар ыза болып күйінеді.
Ұмтылды шыдай алмай Жантай батыр,
Найзамен түйрей мұны жібермеді.

Қабекең кейін қалған жауды байқап,
Батырлар бата алмай тұр бәрі тайқап.
Келіп еді жекпе-жекке қарт Бөгенбай,
Оны да жолатпады найза шайқап.

Қабекең кейін тұрған қолды бастап,
Қырғыздың көрініп тұр өнері асқан.
Ұмтылды таудан құлай ер Қабанбай,
Ақ туды Шағалаққа бере тастап.

Бітеді суға балдыр басы бүрлі,
Жебесі найзасының сегіз қырлы.
Қырғызға жеке тұрған келсе жетіп,
Сауыттың тамақ түймесі ағытулы.

Жетпістің жетеуіне келген Қабан,
Сол күнде қимылы артық бозбаладан.
Қамшыны Қубас атқа жанып-жанып,
Қырғызды іліп түсті бұғанадан.

Найзаны өлер жерінен бұлғап салды,
Жығылып ат артында қырғыз қалды.
Көштегі көріп тұрған елден шығып,
Жетелеп ақ бас түйе бір қыз салды.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Қыз түріне қарасаң,
Оймақтай аузы қара көз.
Келген жерден егіліп,
Сөйледі сонда мұндай сөз:

—Айналайын әтиім,

Арыстандай боп жатуын.
Артыңда шулап жылап тұр
Құрбы да құрдас татуың.
Шығып елден салақтап,

Енді мен қайда барармын,
Екі көзім алақтап.
Қасықтап жиған қайран мал
Төгілді бүгін табақтан.

Қазақтан қасқыр шыққан да,
Кетті ғой бүгін тамақтап.
Жиылған өңшең батырлар,
Көзімнен аққан жасты көр.

Әйелге олжа салсаңдар,
Әтекемнің басын бер.
Қыздың іші күймелі,
Алпыс екі түймелі.

Шағалақ жүр жаутаңдап,
Қыз бетінен сүйгелі.

—Батыр-ау, мені аларсың,

Алып та елге барарсын.
Орнықты қатын болмаспын,
Орнымды сипап қаларсың.
Қабекең сонда тұрып кеп айтады,

Алдында қыздың қамын жеп айтады:

—Алыңдар көшпен, елден барынша олжа,

Қыз бас маған ерік деп айтады.
Батырлар мұны естіп шапты көшті,
Даралап алды-алдына олжа үлесті.
Сүйегін әкесінің қызға беріп,

Қабекең «қыз өзі аман қайтсын» депті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қуанды қыз мұны естіп Қабан ерден,

—Жоқ едім мұндай ерді көзім көрген.

Шабынды қолға түскен бір әйелге
Таңдатып екі басты бірдей берген.
Ақ түйе қыз әкелген нарбас таудай,
Басы жануардың жылқы астаудай.

Тік тұрған адамдай бар екі өркеші,
Арасынан төрт аяқтың ел көшкендей.
Дәулетбай келді сонда «ағам ғой» деп,
Келді де ақ түйеге бұйда тақты,

«Ағамның бір олжасын алам ғой» деп.

—Дәулетбай өзге малдың бәрін сен ал,

Жететін екеумізге бар ғой көп мал.
Өлгенде сүйегімді артам бұған,
Әуре боп бұйда тақпа, көңлің қалар.

—Көп дәулет керегі жоқ малдың маған,

Ағаке, берсең осы тайлақты алам.
Таласып бір тайлаққа қолым қақсаң,
Қайтейін түсте* дей кете барам.
Қабекең сол түйені шын бермепті,

Қол кешке бір түбекке келіп жетті.
Қасына оншақты адам ертіп алып,
Тоқтамай ер Дәулетбай жүріп кетті.
Тоқтамай сегіз күнде елге жетті,

Қабанды көрмеймін деп айтты сертті.
Таң ата ауылының көшін артып,
Дәулетбай кіші жүзге ауып кетті.
Дәулетбай сол кеткеннен кете барды,

Екі ерге жалғыз тайлақ іріткі салды.
Есітіп бұл хабарды елге келіп,
Өкініп батыр Қабан қайғыланды.
* Анық оқылмады

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Осымен өтті арада бір жаз, бір қыс,
Дәулетбай қайда кетті бұл белгісіз.
Болғанда келесі жыл күзгі маусым,
Ауырып ер Қабнбай болды халсіз.

Жидырды молла менен қожаларды,
Қабекеңе жиылып демін салды.
Науқасы меңдеген соң батыр Қабан,
Шақырып Шағалақты қасына алды.

Қабан бір сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Дәулетбай кетті алысқа,

Енді мені көрмейді.
Бүгінгі күн дүйсенбі,
Дүние беті күйзелді.
Мен жан берем, Шағалақ,

Бейсенбі күн бесінде
Бабам аян бергенде.
Өзің мін сен Қубасты,
Қубастай жылқы тумас-ты.

Жолдасың мінсін Бөрте атты,
Және алыңдар төрт атты.
Бұл шапқаннан шабыңдар,
Жатар орын болғанша.

Сары судан өтіп кетпесе,
Дәулетбайды табыңдар.
Ер Шағалақ, қамданып,
Отырсың ба паңданып.

Мінезі қатты Дәулетбай,
Тірі десең, келмейді.
Жаназаға шақырып,
Келдім деп хабар салыңдар.

Таңертең ерте жөнелді,
Қош айтысып ел қалды.
Шағалақ мінді Қубасты,
Қубастай жылқы тумас-ты.

Жолдасы мінді бөрте атты,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екеуі алды төрт атты.
Сол шапқаннан шабады,
Түс әлеті болғанда,
Артына бұлар қараса,

Айшылық жерге кеп қапты.
Тоқтамай тағы шабады,
Жатар орын болғанда,
Сары судың бойында

Дәулетбайды табады.
Жетіп келді дүбірлеп,
Жүгіріп шықты «Бұл кім?» деп,
Дәулетбайдың қатыны.

Шағалақ сонда: «Мен»,—дейді,

—Неғылып жүрсің сен,—дейді.

—Арыстандай айбынды,

Алатаудай айдынды,
Таудан орғып жол салған,
Егескен жауға қан жауған
Ер Қабекем жол тартты,

Келіп ем хабар бергелі.
Бейсенбі күн сәтіне
Жамбасы жерге тиеді.
Өксіп келіні жылады,

Көзінің жасын бұлады:

—Арысым, қайран ағакем,—деп,

Етпетінен жерге құлады.
Естіп мұны Дәулетбай,
Үш ұмтылып орнынан
Әрең зорға тұрады.

Шағалаққа жақындап,
Қайтадан қайта сұрады.
Дәулетбайдың қатыны
Келді байының қасына.

Жылап тұрып сөйлейді,
Қара салып басына:

—Неге отырсың иіліп,

Аш күзендей бүгіліп?!
Бармаймысың баурыңа,
Адыра қалған аулыңа.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Ағакем, ойбай, кеткен соң,
Дұспан мінер саурыңа.
Дәулетбай сонда тұрады,
Бұл сөзге мойын бұрады.

—Тірі ме—деп—Қабекем?

Қайырып қайта сұрады.
Шағалақ жауап береді,
Бұл дағы сондай ер еді:

—Мен кеткенде тілі жоқ,

Қолымен әркімге бірдемені дер еді.
Қалпетіне қарасам,
Сені күтіп жатқандай
Қабекем түрі бар еді.

Әйелі Дәулетбайдың ақылды екен,
Хабарын Шағалақтың «мақұл» деген.
«Жөнелтем әтекемді қолымнан» деп,
Тең шешіп екі тоғыз жасау бөлген.

Қубасты Дәулетбай өзі мінді,
Бөрте атты қатынына ерттеп берді.
«Таң ата түндік бауын шешіңдер» деп
Әйелі мен екеуі түнде жүрді.

Кетеді қос тұлпармен бұлар шауып,
Көре алмай қалам ба деп қылды қауіп.
Ауылдан қой жаңа өріп шыққан кезде
Ауылын Қабекеңнің алды тауып.

Қойшы кеп Дәулетбайға сәлем берді,

—Қабекем тірі ме? деп сұрайды енді.

Шал байғұс, «Қабекем-ай» деп кемсеңдеп,
Айта алмай арғы жағын жылайды енді.
.....................................................*
.....................................................

Сусын берсем ішпейді,
Төменгі ернін тістейді.
* Қолжазбадағы екі өлең жолы оқылмады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күркіреп демін алады,
Жағалай көзін салады.
Сені тосып жатқанға
Мен білсем сол ұқсайды.

Қабекем аулы осынау,
Қойым да кетіп барады.
Әйелі Дәулетбайдың түсті аттан,
«Ауылға барамын деп қайтіп атпен».

Бір жігіт Дәулетбайды көзі көріп,
Келді деп Қабекеңе хабар еткен.
Дәулетбай аттан түсіп үйге кіріп,
Қайғырып ағасы үшін күңіренді:

—Күнәмді кеше гөр,—деп,—менің қылған,

Бас ұрып аяғына жылай берді.
Қабан бір сонда сөйледі,
Күрік-күрік жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді:

—Дәулетбай қалқам, бері кел,

Бері кел де, мені көр.
Көтерейін басымды,
Қолтығымнан сүйей бер.
Сөзіме менің құлақ сал,

Иесіз мынау қалың мал,
Өкпелеген түйеңмен
Соның бәрін қосып ал.
Қалған мынау жас жеңгең

Жыртық көйлек кигізбе.
Мұқтаж қылып дүниеге
Үй қыдыртып жүргізбе.
Кешегі батыр қатыны

Кетіпті жүдеп дегізбе.
Даладан Шағалақ келді үйге кіріп,
Алдына Қабекеңнің тағзым қылып.

—Келініңіз ұлықсат сұрайды, кірсін бе үйге,

Қалайын дейді қолымнан сусын беріп.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

—Ұлықсат, кірсін,—дейді батыр Қабан,

Келіні үйге кіріп сәлем қылған.

—Кеше гөр ықыласыңмен, жан ағаке,

Менің де сізге істеген болса күнәм.

—Бәрін де кештім,—деді,—екеуіңе,

Абыройын берсін Тәңірім екі дүние.
Ақылынан ашуы бұрын еді,
Қашан да ақылшы бол Дәулетіме,—
Деп Қабан екеуіне бата берді,

Бәрі де көрген жанның зар еңіреді.
«Қолымнан ағакеме дәм татқызам» деп,
Келіні тостағанмен қымыз берді.
Шағалақ тыстан кірді үйге,

Жағалап батыр, билерге
Бір нәрсе айтып сыбырлап,
Сасқан түрмен тұрды үйде.
Қабекең сонда сөйледі:

—Ау, Шағалақ, Шағалақ!

Неғып жүрсің жағалап,
Қатынбысың сыбырлап,
Өлейін деп жатқанда,
Кірпігім менің қимылдап?

—Ауылды, қырғыз келіп тұр,

Қабанбайды өзінің
Тірісінде шабам деп.
Мың кісіге бас болып,
Әтеке жырық келіп тұр.

—Өлгелі жатқан жанымды

Ит қырғыз келіп кейітті.
Қубас атқа ер салшы,
Молдалар маған дем салшы!
Әулиеге ат айтшы,

Қорасанға қой айтшы.
Өлгелі жатқан денемді
* Жол бос қалған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сау кісідей қатайтшы!
Ит қырғыздың қазасын
Берейін қолдан жазасын!
Тұрып Қабан киінді,

Арыстандай жұлынды.
«Ғайып ерен, қырық шілтен,
Әзірет Әлі, Үрістем,
Бүгін мені қолда» деп,

Аруақтарға сиынды.
«Мен келдім жетпіс сегізге,
Сен келдің жиырма сегізге.
Осынау жауға шаба алмай,

Қартайды Қубас дегізбе».
Серттесіп атыменен ер Қабанбай,
Ақырған шығып даусы арыстандай.
Қабекеңнің даусын естіген соң,

Жөнелді қырғыз қашып шыдай алмай.
Артынан аш бөрідей тиді жалғыз,
Қырғынға қалды батып келген қырғыз.
Бес жүздей келген жаудан өлтіріпті,

Ер бар ма Қабанбайдай ойласаңыз.
Бір дөңнің басына кеп түсті Қабан,
Шақырды Дәулетбайды «кел» деп маған.
«Басымды сүйей бер» деп иман айтып,

Сол жерде ер Қабанбай дүние салған.
Шығардым қисса біраз бәйіт,
Болсын деп аз әңгіме жұртқа жайып.
Бұрынғы өткен ерлерге дұға қылшы,

«Әумин» деп қол көтеріп көп халайық.

Қолыма хат жазайын қалам алып,
Бұзылды жылдан жылға заман азып.
Аз ғана Қабанбайдан сөз қозғалық,
Тыңдасаң, жамағаттар, құлақ салып.

Аз ғана сөз қозғалық Қабанбайдан,
Адамзат ата-анасыз туар қайдан.
Орыстың мына заман заманы деп,
Болыпты түгел бодан тамам найман.

Шұбарым, арғымағым дүлді аламын,
Басынан Арқауылдың күн шалғамын.
Бас қосып керей, найман жиылғанда,
Сөз енді ер Қабанбайдан ұйғарамын.

Кей жаман ақырады сөз таба алмай,
Кей жаман күн көре алмас мал таба алмай.
Арасын Қаратеке қырғыз шауып,
Қан құсты қайғы болып ер Қабанбай.

(Қырғыздан қалам ба деп кек ала алмай.)
«Намысын Қабекеңнің әперем» деп,
Келіпті қанжығалы ер Бөгенбай.
Ақылды бұлар жатыр жөндей алмай.

«Бас қосты екі батыр дегеннен» соң,
Мұрыннан іздеп кепті би Боранбай.
Қаламды хат жазуға қолға алып ек,
Батырға намыс алған бір қанып ек.

«Бас қосты бұл үшеуі» дегеннен соң,
Керейден іздеп кепті ер Жәнібек.
Ер Қабанбай
(Сәкен Байырбеков нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ертістің арғы жағы күлдір мамай,
Қылышы Кене ағаңның күлдір сарай.
«Бас қосты бұл үшеуі» дегеннен соң,
Аттанды өзі бас боп төре Бабай.

Қолында жақсы қыздың алтын тарақ,
Батыр келсе, отырмас текке қарап.
«Бас қосты төре, қара» дегеннен соң,
Аттанды көк жардыдан көкжал Барақ.

Қабекең жинап жатты жамағатты,
Шабады жау дегенде тізгін тартпай.
«Аттанды төре, қара» дегеннен соң,
Келіпті тоғас Қосай, ер Дәулетбай.

Батырлар жау дегенде тұра шапты,
Сайланып қылыш, найза қолына апты.
«Тоқымын жүз кісінің аудармас» деп,
Тумадан алдыртыпты Шағалақты.

Қабекең жинап жатыр батырларды,
Бодамсыз ерік өзінде неге зарды.
«Сақ еді қарауылға шалдырмас» деп,
Үйінен алдыртыпты Ақшабдарды.

Жылқыдан ұстап мінді Қубас атты,
Батырлар күндіз жүріп, түнде жатты.
Жеріне баратұғын мөлшер қылса,
Айында Алатауға әзер жетті.

Аттары батырлардың арықтапты,
Азығы батырлардың түгесіліп,
Ат тойынтып бір ай жатты.
Тас басып кеше күндей таудан өтті,

Талай ат тәуір деген ұшып кетті.
Жылқыда енді болар тұлпар қайда,
Бабына сонда Қубас әзер жетті.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Бір сөзді Барақ батыр айтам дейді,
«Жауыңды алдырмайтын қайтем,—дейді.
Далада атты сойып қаңғырмаймын,
Қоста бар ер жақсысы, қайтам дейді».

«Төсекте жаман қатын әрең жүрер,
Білмейтін ата жөнін бала білер.
Тәубесі жоқ кісінің болмайтұғын,
Азырақ асықсаңдар әрең жүрер».

Мұны айтып ер Қабекең күлімдейді,
Жуықта олар қырғыз білінбейді.
Ақ туы Қабекеңнің шаншып қойған
Далада жел жоқ, құз жоқ дүрілдейді.

Батырлар мұны көріп сасып қалды,
Жүгіріп жүген алып атқа барды.
Қабекең Қубас атқа қарғып мініп,
Ақ туды дүрілдеген жеті айналды.

«Жарандар, ал деп айтты, ал деп айтты,
Ақшабдар, қарауылға бар деп айтты.
Бозбала атыңды ерттеп жеңілтіктен
Бір соғыс не қылса да бар деп айтты».

Ақшабдар қарауылға тура шапты,
Жан-жаққа тауға шығып көзін сапты.
Қырғыздың өз ішінен бүлік шығып,
Бір тайпа ел қырғыз ауып келіп қапты,

Алды-артын қазақ қамап алып қапты.
Бар екен бір данышпан қырғыздарда,
Алдынан жеке-жеке жолын апты.
Аспаннан қар жауады жерге жастап,

Келді ме берейін деп құдай айдап,
Бөгенбай қарсыласып барып еді,
Қоймады Бөгенбайды күйреп тастап.
21-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабекең туды ұстап тұр жауды байқап,
Кірсем деп қолтығының құршы тарқап.
Көкжарлы көкжал Барақ барып еді,
Қоймады Бөгенбаймен қоса шайқап.

Шақырып қасына алды Шағалақты,
Соғыстан Құдай артық берген бақты.

—Ақ туды сен қозғалтпай ұстап тұр!»—деп,

Қабекең ашуланып тұра шапты.
Әлі жас ер Қабекең бозбаладан,
«Қойды,—деп,—Барақ нағып бағанадан».
Қубасты жанбасынан жонып алып,

Қырғызды бұлғап алды бұғанадан.
Қырғызды іліп алып жерге салды,
Дәулетбай атып келіп іліп алды.
Қырғыздың жығылғанын көргеннен соң,

Зар қағып көштен шыға бір қыз салды.
Батырлар жатқан тауға қырғыз келді,
Ол қырғыз түнде емес, күндіз келді.
Өлгенін әкесінің көргеннен соң,

Жетелеп ақ бас атан бір қыз келді.
Батырлар сол арада тоқтайды енді,
Найзаны қанға бұлғап сақтайды енді.
Жетелеп ақ бас атан әкелген қыз

Әкесін өліп қалған жоқтайды енді.
Қыздың зары

—Алакөл құрғар таяр боп,

Ел сарғаяр мал аз боп.
Шыбының айдап кез болдың,
Тап-тату елмен араз боп.
Көшпе деп ем көштің бе,

Үйіңнің бауын шештің бе.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Қазақтың қалып астында,
Мүкәмалың шаштың ба?!
Көзіңнен алды ұйқыңды,
Езуден алды күлкіңді.

Ерігіп жатқан көп батыр
Қиқулап айдар жылқыңды.
Ойым менің қиылды,
Керей, найман жиылды.

Ерігіп жатқан көп батыр,
Қырғынға салар қойыңды.
Жатқыздың, қазақ, йемді,
Босатайын жүйемді.

Қазақтан шыққан көп батыр
Қырғындап айдар түйеңді.
Теңнен алды жасауды,
Жылқыңнан алды асауды.

Ерігіп жатқан көп батыр
Түйеден алды теңіңді,
Тастадың кейін еліңді.
Айналайын әкекем,

Ала алмадың кегіңді.
Майдандасқан бар шағың,
Қапыда қалдың, қарағым.
Жаныңа себеп болмады,

Асынған қару-жарағың.
Жекеге шыққан Бөгенбай,
Одан да қалдың кек ала алмай.
Жастығыңды алып жатпадың,

Ыңғайыңа келе алмай.
Қайраты асқан Қабанбай
Қапысын қалдың таба алмай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ебіңді Құдай неге алды,
Көкторғай атпен шаба алмай.
Соңыңнан келді Дәулетбай,
Іздеп келді бейнет-ай.

Артыңда қалдық біз шулап,
Бұғанаңнан қан кетті-ай.
Біздің қырғыз найзасы—
Қарағай ағаш, морт болды-ай,

Қабекеңнің найзасы—
Қайың ағаш берік болды-ай.
Әлгіде жүрген әкекем,
Ажалың неден шорт болды-ай.

Аяқпенен табақтап,
Сөз сөйлейін сабақтап.
Қазақтан шыққан көп батыр
Кетті ғой ойбай тамақтап.

Аяқпенен шөміштеп,
Малың кетті еңістеп.
Қазақтан шыққан көп батыр
Кетті ғой ойбай тегістеп.

Отырмайын, тұрайын,
Енді не амал қылайын.
Айналайын Қабеке-ау,
Өзіңнен сауға сұрайын.

Сауға берсең, өзін бер,
Сөйлейтұғын сөзін бер.
Қиылған қара қасын бер,
Жалғыз ғана басын бер.

Сізден өлген өлім ғой,
Бір Құдайға мәлім ғой.
Сұрағаным сіздерден
Бір шыбындай жаны ғой.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Мені де қатын қыларсың,
Ат көтіне саларсың.
Қалаулы қатын мен болмай,
Жерімді сипап қаларсын.

Сары ат бір міндім, таға жоқ,
Қазине кидім, жаға жоқ.
Қайткенде адам болмақпын,
Алдымда тәте, аға жоқ.

Қара жорға мінгем жоқ,
Қара торқа кигем жоқ.
Қайткенде адам боламын,
Артымнан ерер жеңге жоқ.

Тасқа қонған байғызбын,
Суға шыққан жалбызбын.
Туысқан-туған менде жоқ,
Мен бейшара жалғызбын.

Артқанда түйем нар шығар,
Ішкенде асым бал шығар,
Зарлатпа, қазақ, зарлатпа,
Мендей де қызың бар шығар!

Қыздың сөзі толықты,
Қазақтар да танықты.
Ер Қабекең көңілшек,
Қыз сөзіне қамықты.

—Ей, жарандар, жарандар,

Бәріңнің мұндай балаң бар.
Бастығың Барақ, Бөгенбай,
Ағатай, маған қараңдар!
Осы қызды тонама,

Тонап олжа бола ма!
Көзінен аққан анау жас
Біздің қолға қоя ма?!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жоғарғы көшке барыңдар,
Көшті шауып алыңдар.
Төменгі топқа барыңдар,
Топтан олжа алыңдар.

Жоғарғы көшке барыпты,
Көшті тауып алыпты.
Төменгі топқа барыпты,
Топтан олжа алыпты.

Шағалақ пен Қабекең
Қыз қасында қалыпты.
Қыздың аты—Қарашапан,
Ақылынан адасқан.

Қабекем деп қыз болмас,
Артықта туған алаштан.
Қыздың киген киімі
Алпыс екі түймелі.

Шағалақ жүр жағалап,
Қыз бетінен сүйгелі.

—Ей, Шағалақ, Шағалақ,

Нағып жүрсің жағалап?
Қабекеңе тығылып,
Қыз байқұс жүр ағалап.

—Суырма қыздың инесін,

Ағытпа қыздың түймесін.
Қайдан білдің, байғұс-ау,
Көзінің жасы тимесін!
Қыз мінгенге ат берді,

Қыздың көңлін тапты енді.
Әкесінің сүйегін
Қыз алдына сап берді.
Қыз жөнелді Әтекелеп,

Зарлап жылап, әкелеп.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Қабекең де келеді
Ақ бас атан жетелеп.
Дәулетбай жетіп келеді «ағам» ғой деп,
«Қырғызды олжа қылған заман ғой» деп.

Алдында ағасының еркелейді:

—Ағаке-ау, бір олжаңды алам ғой,—деп.

—Мұның несін отырсың сөз деп айтып,

Бермей кетсем, қалмай ма көңлің қайтып.
Жетпістің жетеуіне келді жасым,
Жүрейін өлгенімше қосымды артып.

—Әр жерде айдаушедің өліміңе,

Соңыңнан болсын тәуір еруіме.
Қырғыздың бір тайлағын маған қисаң,
Апарып қуантайын келініңді.
Сөз шықты бермейтұғын, ат аталды,

Дәулетбай бермеген соң көңлі қалды.

—Қырғыздың бір тайлағын не қыласың,

Алсаңшы өз тумамнан жеті атанды.

—Арқар деген тауыңда арқар-құлжа,

Табылса атқа түйе тегін олжа.
Қырғыздың қимасаңыз бір тайлағын,
Сірә да, жеңге малын қылман олжа.

—Басы бар ақбас атан жыл құсындай,

Екі көзі таудан аққан тасбұлақтай.
Бұтының екі арасы ел көшкендей,
Үстіне он бесі кісі мінгескендей.

—Түйенің қызығасың бейнесіне,

Алланың кім көнбейді бермесіне.
Алмасаң өз тумамнан жеті атанды,
Нысанама мен де міндім бермесіме.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Түйенің қызығамын бейнесіне,

Алланың кім көнбейді бермесіне.
Егерде қазаң жетіп бұрын өлсең,
Нысанама мен де міндім көнбесіме.
Батырлар қой қойлады басалға айтып,

Дәулетбай өкпеледі көңлі қайтып.
Түйенің үш күн, үш түн қомын шешпей,
Жөнеледі Аштысуға жүгін артып.
Айдын көл ат шалдырдым құрағына,

Еліктің оқ жетпейді құр лағына.
«Дәулетбай Аштысуға барды» деген
Естілді Қабекеңнің құлағына.
Дәулетбай сол кеткеннен кетіп қалды,

Артында Қабекең қалды қайғы етіп.
Шыңғысқа Шағалақты жіберіпті,
Жеті атанды екеуінен жетелетіп.
Екеуі жеті атанды жетелепті,

Кісіге келмейтұғын бекер кепті.
Дәулетбай барғанменен келмей қалды.
Мінезі сондай қатты, өкпелепті.
Келмек түгіл еш жауап бермей қалды,

Сөзіне бір айтқан екі ермей қалды.
Шақыртқанда Дәулетбай келмеген соң,
Батырдың одан жаман көңлі қалды.
«Барып ем өзім бастап Алакөлге,

Өктемдік жүргізіп ем талай елге.
Құдай сақтар мені де келмесе» деп,
Қабекең көшіп кетті Сарыбелге.
Екеуі ағайынды кекті болды,

Ішіне кек сақтаған өтті болды.
Қабекең Сарыбелді қыстап шығып,
Жел ұстап қуығынан дертті болды.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Болса да қазаққа сау, өзіне өтті,
«Қабекең дертті бопты» деген хабар
Арғынға найманменен түгел жетті.
Кез қылған Қабекеңе мұндай дертті,

Ажалға себеп болған құдірет-ті.
Науқасын Қабекеңнің естіген соң,
Көңілін Бұқар жыршы сұрай кепті.
Есіктен кірмей жатып жылай кірді,

Сол кезде сексен сегізге Бұқар келді.
«Арпа ішінде бір бидай қарағым-ай,
Сені де көп көрді ме Құдай» дейді.
Бұқардың жыры:

—Қарағым, қалқам Қабанбай,

Қор боламыз таба алмай.
Өлмейді деп жүрушем,
Опасыз пәни жалған-ай.
Биік тауға шыққанда,

Шаңкіштен алған таяғым,
Шымырдан алған бояғым.
Мың жылқыны суарған
Қайнардан аққан бұлағым.

Сен ауырды дегенді
Жаңа естіді құлағым.
Естідім де жыладым,
Көзім жасым бұладым.

Арғыннан айттым жүз кісі,
Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі,
Қарағым, қалқам Қабанбай,

Үш жүз кісі жолыңа
Құрбандық болсын ылағың.
Әуеліңнің арты едің,
Ендігінің қарты едің,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қарағым, қалқам Қабанбай,
Қайда да болар тұрағың?!
Қабекең сонда жөтелді,
Шынтақтап басын көтерді.

Бұқардан күнді сұрады,
Сұрады да жылады:

—Бүгін айдың нешесі,

Ай қараңғы нешесі?
Айдың басы дүйсенбі,
Елдің де бәрі күйзелді.
Мен сауымда көргенмін,

Дүйсенбі күн өтпекпін,
Сүйегім Мекеге кетпекпін.
Арызың болса, айтып қалыңдар,
Арманда менен қалмаңдар.

Бұқар сонда тұрады,
Тұрып кеңес қылады:

—Ақберен деген сауыттың

Етегі бар, жеңі жоқ.
Ағайынды кісінің
Ашуы бар, кегі жоқ.
Мен кісіні танысам,

Қабекеңнің, сірә да,
Кісі болар кебі жоқ.
Дәулетбайға барыңдар,
Барып хабар салыңдар.

Мына ағасын көрсін де,
Өз қолымен көмсін де.
Ақыретте қайтеді,
Мырзалығын берсін де.

Шағалақ мінші Қубас атты,
Қубас аттай жылқы тумас-ты.
Шынқожа, мінші Бөрте атты,
Қосарға алшы төрт атты.

Күн-түн демей шабыңдар,
Ашты судың бойынан

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Дәулетбайды табыңдар.
Араз еді демеңдер,
Адырайтып айтпаңдар,
Өтірік кетті демеңдер,

Ел бүлдіріп қайтпаңдар.
Осылайша, жөнімен,
Ептеп алып қайтыңдар.
Қабекең сонда жөтелді,

Шынтақтап басын көтерді.

—Менің тілімді алыңдар,

Бұқар тілін алмаңдар.
Барғаныңмен келмейді,
Дәулетбайға бармаңдар.
Өліп қалсам, көмбе деп,

Тірі болсам, көрме деп,
Жасынан еді шіркіннің
Сүйегі берік қатаған.
Сегіз жасар күнінде,

Серуен жолға ертіп ем.
Тоғыз жасар күнінде
Қоңырат төбелімен
Қыз айттырып беріп ем.

Түскенде келінім жоқ едім,
Бір сапарға кетіп ем.
Алты қырды асқанда
Аяғымды қисық басқанда,

Ұрғашының қадырлысы
Боласың ғой деп едім.
Сөйткендегі қайран келініме
Дұғай-дұғай сәлем де.

Бұқар сонда тұрады,
Тұрып кеңес құрады:

—Өлінің тілін тірі алмас,

Тірінің тілін өлі алмас.
Жалғаннан көрер Қабанбай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Енді бізге тұра алмас.
Шағалақ, мінші Қубасты,
Қубастай жылқы тумас-ты.
Шынқожа, мінші Бөрте атты,

Қосарға алшы төрт атты.
Түні бойы шабыңдар,
Ашты судың бойынан
Дәулетбайды табыңдар.

Араз еді демеңдер,
Адырайтып айтпаңдар.
Өтірік еді демеңдер,
Ел бүлдіріп қайтпаңдар.

Осылайша, жөнімен,
Ептеп алып қайтыңдар.
Түні бойы шауыпты,
Аштысудың бойынан

Дәулетбайды тауыпты.
Жетіп келді дүбірлеп.
Шыға келді: «Бұл кім?»—деп.
Шағалақ сонда: «Мен»,—деді,

—Нағып жүрсің сен?—деді.

—Бекер нағып жүрейік,

Құдай бізді жөндеді.
Төрт болыстың баласы
Төбеде қалып еңіреді.
Қубас аттың үстіне

Төрт қап құмды теңдеді.
Тас қорғаным бар еді,
Бір шекесі құлады.
Қос бәйтерек сен едің,

Міне, бірің сұлады.

—Мына қанжауғыр не дейді,—

Дәулетбай қайта сұрады.
«Сұрағаның құрсын» деп
Дәулетбайдың қатыны
Төсекте жатып жылады.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Шыға келді ойбайлап,
Бетінің қаны тыз қайнап.
Қарағым, қалқа қайнаға,
Тірі күнде көрмедім,

Қолымнан сусын бермедім.
Артыңнан қарап қалмадым,
Қағып төсек салмадым.
Қанатымнан қайрылдым,

Жасаған жездей майрылдым.
Көзіңді ашпа, Дәулетбай,
Апырмау, нағып айрылдым.
Шығарға шығып ақырды,

Абысынын шақырды:

—Сендерді Құдай алмайды,

Ұйқыларың қанбайды.
Шолпан туа үйіңді жық,
Таң сарғая жүгіңді арт.
Ақсақ-тоқсақ қалмасын,

Артыңды қырғыз алмасын.
Қатын сөйтіп ептеп жүр,
Төрт атты ұстап ерттеп жүр.
Дәулетбай жүр бүктеліп,

Ақ бидайдай түктеліп.

—Көрмеймісің баурыңды,

Иен қалған аулыңды.
Ертең біреу жықпай ма
Талқан қылып сауыңды.
Көрмеймісің ағаңды,

Кетірмей ме бағыңды,
Ертең біреу жыртпай ма
Соққыласа жағаңды!
Сенің сонда көрермін

Мың кісілік бағаңды!
Дәулетбай қатынның сөзін қостайды,
Енді жылқыдан таңдап төрт ат ұстайды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аттанарға келгенде ер Дәулетбай
Бармағын сонда шайнап тастайды.
Бұлар алды төрт атты,
Олар алды төрт атты,

Сегіз атпен түн қатты.
Ертең сәске болғанда
Бір қойшыға кез бопты.
Дәулетбайдың қатыны: «Тірі ме?»—деп,

Қойшыдан келіп сұрапты.
Бір қойшы айтты «әй» дейді,
Бір қойшы айтты «бүй» дейді.
Бір қойшы айтты: «Мен бардым,

Бүгін түнде күзеттік,
Қолымызбен түзеттік.
Сусын берсек ішпейді,
Көсілген аяқ жимайды.

Есіктегі сәулеге жалтақ-жалтақ қарайды.
Сіздерді тосып жатыр ма,
«Құрай да құрай көк серкем».
Қойым да кетіп барады».

Қойшыдан өте салады,
Ауылға жетіп барады.
Қабекеңнің ауылын
Үш айнала шабады.

Тете бауыры келген соң,
Батыр да талып қалады.
Сілекейін аузынан
Келін де жалап алады.

—Тәуір ме?—деп Дәулетбай

Қайта-қайта сұрады.
Бұқар сонда тұрады,
Тұрып кеңес құрады:

—Сұрағаның құрысын,

Тірідей көңлін қалдырдың.
Оныменен қоймадың
Қос атпенен алдырттық.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Туысқан сендей жоқ па еді,
«Ой, бауырымды» салып талдырдың.
Еміл менен Жайықтан
Қайықсыз кісі өтпейді.

Ұран салшы, Боранбай,
Аруағы болса Қабекең,
Бір тірілмей кетпейді.
Шағалақ келді қасына,

Егіліп алып көлбеді
Көзіңнің аққан жасына.
Айналайын Қабеке-ау,
Қорлық та, қорлық осы ма?!

Көзің тірі жатқанда
Көңілді болып кеткейсің.
Әттегене болмасын,
Садыр деген келіп тұр,

Еліңді шауып кеткелі,
Келіп хабар беріп тұр.
Қабекең сонда жөтелді
Шынтақтап басын көтерді:

—Арасанға ат айтшы,

Қорасанға қой айтшы,
Өліп қалған денемді,
Біразырақ қатайтшы.
Байжігіттің өзі едім,

Жау жолына қаз едім.
Таудан түлкі қоймаған
«Құмардан» деген тазы едім.
Ертең түске жаным ғой,

Жаудан өлсем қазам ғой.
Атыстан өлсем, шейіт ем,
Көрге қойса, бейіт ем.
Көзім тірі жатқанда

Қорама келіп кейіттің.
Орнынан ұшып тұрады,
Алладан медет сұрады.
Түрегеліп Шағалақ,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Белбеуменен белін орады.
Алты қырлы ақ найза
Қолына әкеп береді.
Найзасын қолына алған соң,

Таянып батыр тұрады.
Дүрілдеп сонда ақ туы,
Шаңырақтан шығады.

—Ей, Шағалақ, Шағалақ

Сені қасыма ертіп ем,
Мың кісіге бағалап.
Алып келші Қубас аттың
Төрт аяғын тағалап.

Шап айылын бекем тарт,
Төс айылын босаң тарт.
Кәріліктің соңы деп,
Бір шығайық екі қарт.

Кәртейіп еді жануар,
Төселіп өнер таба алмас,
Бұрынғыдай шаба алмас.
Жүгірді атқа Шағалақ,

Қара Емілдің жағасын
Алыпты қырғыз жағалап.
Шағалақ сонда әкелді,
Аяғын аттың тағалап.

Қабекеңді көрген соң,
Оқырана береді.
Маңдайынан бір сипап,
Тәу етіп атқа мінеді.

Тақымына тиген соң,
Жазғы түскен сағымдай
Бүктетіліп жөнелді.
Көк айыл боп күмпіріп,

Тірі малдан озады.

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Тарта, тарта батырдың
Алақаны тозады.
Алдынан тосып жиылған
Төбе қараны көреді.

Соғысуға батырмен
Жекпе-жекке келеді.
Ақ бөрте аты астында,
Тоғалай бөркі басында,

Сәдір деген бала екен,
Дәл он алты жасында.
Жекеге шыққан баланы
Бұғанадан салады.

Жан жеріне тиген соң,
Жығылып бала қалады.
Артынан келді Абылай:

—Құртайын деді жасыңды.

Қылмағаның жоқ еді,
Алайын келіп басыңды.
Ер Қабекең көңілшек,

—Ей, Абылай, тұра тұр.

Бұ да өзіңдей ер екен,
Өз елінде сері екен.
Ә, дәриға, шіркін-ай,
Майданға шығып жүр екен.

Абылай өкпеледі Қабекеңе,
«Жау мұнда не қылмады біздің елге,
Ызасы сіз жатқанда өтіп еді,
Аядың мұны, батыр, мұнша неге?

Өлтіріп мұны тынбадым!
Айдарлымды құл қылған,
Тұлымдымды тұл қылған,
Ауыл шауып, жылқы алған

Аямадың мені енді.
22-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жалғанда көрмей сені енді»,—
Деп өкпелеп төре жөнелді.
Жерде талып жатқан жас бала,
Ұшып басын көтерді:

—Қабанбай, мені тез өлтір,

Өз алдыңда көз өлтір.
Аясаң мен кетемін,
Артыңда қалған жұртыңның
Мен түбіне жетемін.

Қолына сонда Абылай пышақ алды,
Атынан сырт айналып түсе қалды.
Сөзіне Қабекеңнің қарайламай,
Басынан қақ жүректің есіп салды.

Сол жерде қанын төгіп судай шашты,
Өлтірді он алтыда қайран жасты.
Бастығы мың кісінің өлгеннен соң,
Ит қырғыз шыдай алмай қайта қашты.

Қабекең ал ойынды бастайды енді,
Келсе де қанша қырғыз саспайды енді.
Қайраты бұған қонып отыз бесте
Бес жүзін бір сөткеде қырып тастайды енді.

Қабакең Қубас атқа қамшы салды,
Қырғыздың қанын сонда судай шашты.
«Бір жаудан құтқардың» деп,
Атыменен бір екі ауыз арыздасты:

—Тай күніңде арда еміп,

Тағалы торы болыппең.
Құнаныңда арда еміп,
Құмай торы болыппең.
Дөненіңде арда еміп,

Дөңбек торы болыппең.
Бесті күніңде арда еміп,
Белгілі торы болыппең.
Алты жаста арда еміп,

ЕР  ҚАБАНБАЙ

Ардақты торы болыппең.
Жеті жасар күніңде
Жер майысқан қол ертіп,
Алакөлге барып ем.

Осы келген қырғыздың
Жалғызын алып ем,
Ат көтіне салып ем.
Сені мініп жүргенде,

Қайғысыз түстім теңізге.
Сенен басқа мал мінсем,
Мінгендей болдым өгізге.
Кәртейгенде қос кәрі,

Құтқардың жаудан дегізген.
Сен келдің отыз сегізге,
Мен келдім жетпіс сегізге.
Жаудан кегін алады,

Мұқыратып болады.
Түс мезгілі болғанда,
Үзенгіден аяғы
Шығып кетіп барады.

—Азайды уақыт жетіп халім менің,

Алланың кез болып пәрмені.
Шақырды «Бері кел» деп Дәулетбайды
Үйіме тез жеткіз енді мені.
Дәулетбай, қалқам, бері кел,

Бері кел де, мұны көр.
Кетті ғой менің кетеуім,
Үйіме қайтіп жетемін.
Жеткізе гөр үйіме,

Түсе алмадым күйіме.
Жесір қатын жетімім
Тапсырайын бәріңе.
Қиналады менің әз жаным,

Дүниеде жоқ арманым.
Кәпір қазақ ас ішкен
Он бес құлақ қазаным.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тірі жанды құр қойма,
Үлестіріп олжа бер.
Еркекте ақыл қалмайды,
Қонысынан ауған соң.

Қатында ақыл қалмайды,
Біреуден сауын сауған соң.
Бұдан қорлық өтер ме,
Бұл көкейден кетер ме.

Дәулетбай еді қанатым,
Қосай еді қайратым.
Мына отырған жеңгеңді
Тапсырайын мен сізге.

Екі емшегін көрсетпе,
Жыртық көйлек кигізбе.
Елмен бірге көшкенде,
Құлынды бие мінгізбе.

Ел шетіне қаңғыртпа,
Егіз ешкі сауғызба.
Дәулетбай, қалқам, аман бол,
Қолыңнан сенің алайын

Қиямет күні баламды.
Мен сәуемде көргенмін,
Алланың ісіне көнгенмін.
Мен дүйсенбі күні өтпекпін,

Сүйегім Мекеге кетпекпін.
Арызың болса, айтып қал,
Арманда менен қалмаңдар.
Алыс жуық демеймін,

Ұранымды кім айтса,
Соны қолдап кетпекпін.

Аз-көптік, барлық-жоқтық бір Құдайдан,
Жақсыға құрмет етсек осындайдан.
Қазақта бұдан бұрын болып өткен,
Сөйлейін Қаракерей Қабанбайдан.

Атамыз әуел бастан адам өткен,
Таралып ер Әділден талай өткен.
Қазақтың бұрынғы өткен заманында
Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өткен.

Дейтұғын ер Қабанбай сабаз өтті,
Ауызынан қайтармайтын келген кепті.
Қырғыздың Аманалы батырымен
Екеуі аңда жүріп болған кекті.

Екеуі аңда жүріп болған кекті,
Кектесіп бір-біріне «қылам» депті.
Батырдың Қабанбайдай өзі жоқта
Бір елін Аманалы шауып өтті.

Бір жұртын Аманалы шауып өтті,
Қызын қатын, қатынын жетім етті.
Атанған ер Қабанбай заманында
Пәндәдан ондай қорлық көрген жоқ-ты.

Тұлпарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Әр қайда құба жоннан жол салғаным.
«Ә» дегенде ауызға түсетұғын,
Сөзінен Қабанбайдың үлгі алғаным.

Қаракерей Қабанбай батыр
(Мәули Сағымбаев нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болғанда арғын, найман абыз сынды,
Бүлдірген көп қырғыз арысыңды.
Кеткенде қырғыз шауып арысыңды,
Әперген Ер Қабанбай намысыңды.

Кей жаман үйде отырып мал баға алмай,
Кей шешен келістіріп сөз таба алмай.
Ел жұртын қырғыз шауып алғаннан соң,
Қайғылы болып қан жұтты қарт Қабанбай.

«Қайғылы болып қан жұтты» дегеннен соң,
Арғыннан келген екен ер Боранбай.
Ақылын әлі де отыр түзей алмай,
«Қырғыздан қалдым ба,—деп,—кек ала алмай».

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Келіпті қанжығалы жас Бөгенбай.
Жігіттер, отырмайық бекер қарап,
Жел сөзді не қыламыз бекер балап.

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Келіпті көкжарлыдан көкжал Барақ.
Бітеді тау жағалай құба желкек,
Сөйлейін жауабымды жұртыма ептеп.

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Сыбаннан келген екен ер Жәнібек.
Мінгені батырлардың қара герді,
Шабады қалай баспай қара жерді.

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Жасында сексен сегіз Бұқар келді.
Тауында Арқар дейтін арқар-құлжа,
Жігіттер, аттан тегіс, тегін олжа.

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Сыбаннан келген екен ер Шыңқожа.
Батырлар түнде жортар, күндіз жортпай,
Шабады жау дегенде тізгін тартпай.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

«Жиылды тамам батыр» дегеннен соң,
Келеді ту ұстайтын ер Дәулетбай.
Заң қандай осы күні, заман қандай,
Шабады жау дегенде дамыл алмай.

«Шалдырмас қарауылдың жүйрігі» деп,
Үйсіннен алдырыпты Ақшабдарды-ай.
Қабанбай Қубас атты тағалатты,
Бір өзін он мың ерге бағалапты.

Ат ерттесе тоқымын аудармайтын,
Қасына жолдасқа алды Шағалақты.
Қасына ертіп алды өңшең ерді,
Топжарған өңшең балуан кемеңгерді.

Ұзап кеткен қырғыздан кек алмаққа
Тұп-тура Алатауға жөнелді енді.
Әскерін Алатауға бастап келді,
Соңынан ертіп келді сонша қолды.

Қырғызбен соғысуға жан таба алмай,
Далада ассыз, сусыз бір ай болды.
Далада ассыз, сусыз бір ай болды,
«Әркімге мәдәт берсін Құдай» дейді.

Далада атын сойып әуре болмай,
«Еліме ер Бөгенбай жүрем» дейді.

—Бір сөзді батыр Барақ айтам, дейді

Жауыңды алдырмайтын қайтем, дейді.
Далада атым сойып әуре болмай,
Ендеше мен де еліме қайтам,—дейді.
Қабанбай сонда тұрып күлімдейді,

—Қой, қайтпайық, сабыр ет, інім,—дейді.

Сол күні жел жоқ, күз жоқ шаңқай түсте
Ақ туы Қабанбайдың дүрілдейді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қабанбай сонда тұрып айқай салды,
Қубасқа «бісмілда» деп мініп алды.
«Бір қырғын шаңқай түсте болады» деп,
Туынан дүрілдеген үш айналды.

—Бозбала, тез-тезінен қамдан, дейді,

Туымның сыры мағлұм болған, дейді.
Бір қырғын шаңқай түсте болады екен
Жігіттер, атыңды ерттеп, қамдан,—дейді.
Жігіттер атын ерттеп қамданады,

Қару-жарақ заттарын қолға алады.
Ат ерттеп, жабыр-жұбыр жатқан шақта,
Бір ауыл үріккен қырғыз кез болады.
Таң қалды мұны көріп жас пен кәрі,

«Жау келді» деп қуанды жұрттың бәрі.
Кешегі Қабанбайдың елін шапқан
Осы екен Тәңір айдаған Аманалы.
Жамиғат, құлағыңды сал мына кепке,

Ер оңбас аруаққа болған шекті.
Інісімен таласып Бұйракөкке,
Жауымен аңдып жүрген кез келіпті.
Аттанды ер Қабанбай туын алып,

Батырлар жау келді деп бек қуанып.
Алдында қамап тұрған жауды көріп,
Бір батыр көштен шыға келді шауып.
Қиқулап «жекпе-жектеп» келді батыр,

Қару-жарақ сайманды жарқылдатып.
Келгенде «жекпе-жектеп» қырғыз шауып,
Көкжарлы қарсы барды Барақ батыр.
Батырға жаудан қиын қорқып қашпақ,

Кез қылған ажалдыны Құдай бастап.
Көкжарлы көкжал батыр барған шақта
Найзамен өте берді іліп тастап.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Тезектей түсіп жерге көкжал қалды,
Батырға жаудан түсу қандай ар-ды.
Мұны көріп ұмтылып ат қамшылап,
Жасында сексен сегіз Бұқар барды.

Көрсе қайран болғандай мынау ерді,
Қорынып жаудан қорқып қалмайды енді.
«Кәрі байғұс сені де бейнет айдады» деп,
Оны да іліп тастап жүре береді.

Ерегіссе дұшпандай ерді қараша,
Мәдәт бер деп келеді Алла Тағала.
«Жаным-ау мынау қырғыз қайтеді?» деп,
Ат қойып жетіп келді Бердіқожа.

Ар жақтан Бердіқожа батыр келді,
Дұшпанын ерегіскен онда көрді.
Айқасып астын-үстін болған шақта,
Іліп алып Аманалы өте берді.

Мынау бір пәле болды барған жанға-ай,
Барғанды түсіріп тұр дамыл алмай.
«Жаным-ау, мына қырғыз қайтеді?» деп,
Ат қойып жетіп келді ер Дәулетбай.

Ар жақтан ер Дәулетбай батыр келді,
Дұшпаным ерегескен о да көрді.
Айқасып астын-үстін болған шақта,
Іліп алып Аманалы өте берді.

Жөнелді Дәулетбайды іліп алып,
Қарапты екі жақтан екі халық.
Інісін найза ұшында көргеннен соң,
Қабанбай Қубас атты қалды салып.

Найзадан Дәулетбайды тастай берді,
Дұшпанын Қабанбайдай көзі көрді.
«Құдайдан тілегенім сен едің» деп,
Ат қойып Қабанбайға жетіп келді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Килікті екі батыр сонда барып,
Қарайды екі жақтап екі халық.
Қарасуға тігілген аудай қылып,
Жөнелді ер Қабанбай іліп алып.

Қабанбай іліп алып өте берді,
Көрдің бе бұл сияқты қайран ерді.
Басынан тоғыз қабат айналдырып,
Батырды толғап-толғап соқты жерге.

Қырғызды соқты жерге іліп алып,
Арыстандай болып жатты естен танып.
Тұла бойын қан қылып қорқыратып,
Сұлатып арыстандай қойды салып.

Ер туған барша халық Аманалы,
Өзгеден бөлек еді оның заты.
Ұл баладан кем еді Аманалы,
Жапа-жалғыз бар еді бір перзенті.

Жамиғат, құлағың сал мына сөзге,
Тыңдайтын және келді сөздің түрі.
Әкесін найза ұшында көргеннен соң,
Көшінен зарлай шықты жалғыз қызы.

Бірталай Алатаудан қырғыз келді,
Қырғыздар түнде келмей, күндіз келді.
Нар да емес, түйе де емес бір жануар
Жетелеп көштен жайлап бір қыз келді.

Алтыннан кілем жапқан ақ бас нарға,
Нарды көрген тамаша болар таңға.
Көк қозғалып, қара жер тебіренді,
Қыз қарып әкекелеп зарлағанда.

Әкесін құшақтады сонда барып,
Айқара алты кілем жаба салып.
Әкесін келіп құшақтап қыз жылады,
Батырлар сөз тыңдады ортаға алып.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Қыздың зары:

—Алакөл тасыр саяз боп,

Ер сандалар мал аз боп.
Қаның да түртіп қаңғырдық,
Өз еліңмен араз боп.
Көшпе деп ем, көштің ғой,

Өзің де бауды шештің ғой.
Қазақтың қалып астында,
Қаныңды судай шаштың ғой.
Ай, бой-бой, боз әтиім,

Садақты байлап атуың,
Қайғылымын, қайтейін.
Арыстандай болып жатуың,
Қазақтың қалып астында,

Қаңғырып қанға батуың.
Қазақтың алған найзасы—
Қарағай болды, берік болды,
Қырғыздың алған найзасы—

Емен де болды, мерт болды.
Жаңағы жүрген әтиім,
Амалың неден шорт болды.
Көзімнен алдың ұйқымды,

Көңілден алдың күлкімді.
Көңілі өскен көп батыр
Үлеске салар жылқыңды.
Мен білмедім осыңды,

Айдап келген сорыңды.
Көңілі өскен көп батыр
Үлеске салар қойыңды.
Әуелгіде барғаның,

Қапыда өткен, қарағым,
Ертең қайдан табармын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Екінші келген Бөгенбай,
Одан да қалдың кек алмай.
Амалым бар ма қайтейін,
Айдай келген ажалды-ай.

Жатқызған сені Қабанбай,
Қисынын қалдық таба алмай.
Арманда болып өттің бе,
Көкторғай атпен шаба алмай.

Амалым бар ма қайтейін,
Қапыда өткен дүние-ай!
Отырмайын, тұрайын,
Бұған бір айла қылайын.

Көңілі өскен көп батыр,
Сендерден сауға сұрайын.
Ей, батырлар, сауға бер,
Сауға берсең өзін бер.

Жылап тұрған көзім көр,
Өксіп тұрған жасым қор,
Әуре болған басым көр.
Батыр олжа басып жер,

Батпақ судай шашып тер.
Батыр туған Қабанбай,
Тілегімді менің қабыл гөр.
Біреуің мені аларсың,

Ат көтіне саларсың.
Үнемі қатын болмаймын,
Ақыр да бір күн қашармын.
Қыздың нұры он төртінен туған айдай көрініп, батырлар­

дың жолдасы Шағалақтың қызды жағалағаны
Сонда қыздың кигені
Қырық сегіз сентті түймелі.
Қабанбайдың жолдасы

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Қыз тиетін күң болса,
Шағалақ жүр жағалап.
Құрмалдық деп ойлап тұр,
Қыз бетінен сүйгелі,

Тырнақтап жиған дүниені.
Шағалақтың бұл сырын
Батыр туған Қабанбай
Айтқызбастан білгені.

—Ей, Шағалақ-ау, Шағалақ

Неге жүрсің жағалап?!
Жау баласына тимек жоқ,
Ұлықсатсыз сүймек жоқ.
Үзбе жалғыз түймесін,

Сындырма жалғыз үкісін.
Қайдан білдің байғұстың
Көзінің жасын тимесін.
Жұмақ пенен тамұқты,

Қыздың сөзі анық-ты.
Көңілшек еді Қабанбай,
Қыз сөзіне қанықты.
Жатқыздым қыздың иесін,

Босатты қыздың жүйесін.
Өзге олжасын алмапты,
Қыз қолынан алайын
Жетелеген түйесін.

Қабанбайға жақты енді,
Ақырын ойлап сөзінің.
Ер Қабанбай бақты енді,
Асалмайтын тау емес,

Алалмайтын жау емес,
Сынбасын,—деп,—сағыңыз,
Астыңа мін деп ат берді.
Арыстандай қылып әкесін

Қыз алдына сап берді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қыздың сөзі:

—Қырғыздың бардың шебіне,

Ұстамады теңіне.
Сорлы болған әтиім,
Құзғынның қалдың жеміне.
Ұл перзентің жоқ еді,

Сорлы болған әтиім,
Мұнша неден жүдедім.
Ай-бай, бой-бой, дүнием-ой!
Қабанбайдың жолдастарына айтқаны

Қабанбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді.
Батырларға: «Кел, дейді
Құдай айдап келгенсін,

Өз қылғанын қыл»,—дейді.
Сүй дегенде батырлар,
Көшке қарай шабады.
Басын қуып найзалап,

Малға ойран салады.
Ерікке қоймай таласып,
Жұрт олжалап алады.
Қабанбайдың қолында,

Ақбоз атан қалады.
Түйенің сипаты:
Басы бар осы атанның он бес кездей,
Отыз ер арқасына мінгізгендей.

Ұзынды жануардың тап осындай,
Астынан аяғының ел көшкендей.
Көзі бар жануардың шаңырақтай,
Қырық аршын жауырыны бар салған тақтай.

Басында қырық құлаш алтын бұйда,
Тұрады жетелеуге адам батпай.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Атанды тамаша етті жұрттың бәрі,
Мұндай хайуан көрген жоқ жас пен кәрі.
Інісі Қабанбайдың ер Дәулетбай
Келіпті ағасынан сұрағалы.

Дәулетбай жетіп келіп: «Ағам, дейді,
Қисаңыз осы олжаны алам, дейді.
Ей, аға, осы олжаны маған қисаң,
Мақтанып келініңе барам,—дейді.

Қабанбай айтады:

—Шырағым, Дәулетбай, маған сырыңды айтып,

Мен бермесем, кетер сенің көңлің қалып.
Сұрама осы атанды мен десең,
Жүрейін өле-өлгенше қосымды артып.
Дәулетбай:

—Ей, аға, сенің білдім бермесіңді,

Бермесең ант ететін көрмесімді.
Тіріде жолдас болып соңыңа ермен,
Өлсең, әм өлігіңе енбесімді.
Қабанбай ашуланып: «Бермен»,—дейді,

Дәулетбай ашуланып: «Көрмен»,—дейді.
Әскерін ортасынан бөліп алып,
Арасына алты айшылық жерге кетті.
Жеті жыл арасында кәмәл өтті,

Сегізінші жыл болған шақта
Қабанбай өлетұғын болды дертті.
Елу күн болған екен күні қойып,
Ажалдан жатқан екен хабар болып.

«Дүйсенбі күн дүниеден өтем» дейді,
Жұртына жиылсын деп хабар салып.
Қабанбай ат шаптырды қорқып-сасып,
Сырқаты қатты болып қаны қашып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жиылып елі-жұрты келіп қалды,
Қалуға Қабанбаймен бақұлдасып.
Бақылдың елі-жұрты сұрай келді,
Өлімге кім қияды мұндай ерді.

Сырқатын Қабанбайдың қалып естіп,
Тоқсан алты жасында Бұқар келді.
Әуелі Бұқар тыстан кірді жылай,
«Арпа ішінде бір бидай жалғызым-ай,

Ғұмырың тұтамдай-ақ қалған шақта,
Сені де көп көрді мен маған Құдай».
Бұқар:

—Қабанбай-ау, Қабанбай,

Зар болармыз таба алмай.
Тізіліп қарап тұрармыз,
Бұрынғыдай шаба алмай.
Саған берген ажалды

Аударып маған берсеші,
Сорлы болған мағанда-ай!
.....................................*
Ауырды деп Қабанбай

Естіп келді құлағым.
Үйсіннен айттым жүз жігіт,
Алшыннан айттым жүз жігіт—
Үш жүз жігіт болсайшы

Қарамойын ылағың.
Жаһаннан озған Қабанбай,
Қайда болар тұрағың?!
Жұртым мұнда келіңдер,

Сұмдықты мына көріңдер.
Жау аларын көрдің ғой
Жайылып жатқан еліңді.
* Бір жол оқылмады

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Өрт аларын көрдің ғой
Жайлау-қыстау жеріңді.
Қабанбайды көрдің ғой
Өтейін деп жатқанын.

Дәулетбайға барыңдар,
Батырға хабар салыңдар.
Мына ағаңды көр деңдер,
Өз қолыңнан көм деңдер.

Қияметте қайтерсің,
Арыздасып қал деңдер.
Сүй дегенде Қабанбай
Күрк-күрк етіп жөтелді,

Шынтақтап басты көтерді.
Білдіңдер ме, жарандар,
Мына пәни дүниені
Енді бізден өтерді.

Қабанбайдың сөзі:

—Дәулетбайға бармаңдар,

Барам деп қапы қалмаңдар.
Барғаныңмен келмейді,
Тірі де мені көрмейді.
Енді менен сәлем де,

Қарағым, қалқам келінге.
Бұқар айтады:

—Барма десең Қабанбай,

Ақылыңнан танғаның,
Дәреніңнің қалғаны.
Сенен хабар алмаса,
Дәулетбай батырдың

Ішінде кетер арманы.
Дәулетбайға барыңдар,
Шақырта хабар салыңдар.
Мына ағаңды көр деңдер,

Өз қолыңнан көм деңдер.
23-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қияметте қайтесің,
Арыздасып қал деңдер.
Араз екен демеңдер,
Үнсіз қылып айтпаңдар.

Ақымақтанып сөйлемей,
Ақырын былай байқаңдар,
Бұлайша деп айтыңдар.
«Тасқорғаның бар еді,

Бытырап сынып құлады.
Бау шарбағың бар еді,
Бірі күймей құлады.
Қос терегің бар еді,

Бірі құлап сұлады.
Қабығы кеткен қу талды
Қатын олжа қылады.
Үш байыстың баласы

Қайда барып сияды,
Кімді туған қылады?!».
Осылай деп айтсаңдар,
Дәулетбай өзі біледі.

Жіберетін елшісі
Сырқаты Қабанбайдың болды қатты,
Ұстады Бұйра көк пен Қубас атты.
«Ертеңгі екіндіден қалмай кел» деп,

Жұмсайды қайыра айтып Шағалақты.
Таң да атты, таң ертеңгі елден кетті,
Арада бір күн ғана күндер өтті.
Алты айшылық жер екен екі арасы

Үш күнде Дәулетбайға жетіп кепті.
Дүбірлеп үй сыртына біреу келді,
Дәулетбай үйде жатып «бұл кім депті?»
Өзі де қауыптанып тұрады екен,

Шағалақ тыста тұрып «менмін» депті.

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Дәулетбай даусын танып «кімсің?» дейді,
«Ат шаршатып не үшін жүрсің?» дейді.

—Өрт алып өріс қалмады,

Жайлау-қыстау жерімнен
Өзің де білген шығарсың,
Бір сұмдықтың болғанын,
Менің келген жөнімнен.

Тасқорғаның бар еді,
..............................-
Аллад парман болғасын,
Барша халқың жылады.

Сүй дегенде Дәулетбай,
Жан-жағына қарады.
«О, дариға, дүние-ай» деп,
Бір күрсініп алады.

Ақыл таппай сандалып,
Қатынына қарады.
Қатыны сонда байсалды,
Екі бетін алып салды.

—Осы ма сенің қиғаның,

Мойныңды маған бұрғаның.
Дүние, хайуан табылар,
Бозбала жиған думаның
Ақбидайдай жіктеліп,

Ақтарыдай түктеліп,
Әлі де білмей тұрсың ба,
Төбеңнен Құдай ұрғанын.
Бармайсың ба баурыңа,

Есіз қалған аулыңа.
Тірі де көрмен деп едің,
Енді сенің көрейін
Бармайтұғын бауырыңды.

Ертең шықсаң далаға,
* Қолжазбада бір өлең жолы өшіп қалған

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дұшпан жыртар жағаңды.
Сонда сенің көрейін
Мың кісілік бағаңды.
Тіріде көрмен деп едің,

Қатырды Құдай табаңды.
Келініңіз үйдеп тең алды,
Төңкеріп терін көп салды.
Жүгін алып ақтарып,

Әртүрліден мол салды.
«Өлген болсаң, ағажан,
Қылайын зират» деп салды.
Бәуеске де шектірді,

Бұйракөк пен Қубасты.
Қубастай қайран тумас-ты,
Босқа дағы жүрместен
Өзге малды жекпес-ті.

Ойпақ жерден орғытып,
Тегіс жермен сырғытып,
Қалқып өтіп барады
Түлкі жортпас тоғайдан

Түнде жортып барады.
Елге келіп қалады,
Өгіз баққан қойшыдан
«Ағакем тірі бар ма?» деп,

Сұрап хабар алады.
Қойшының жауабы:
Қойшы сонда сөйлейді,
Сөйлегендей бүй деді:

—Қабанбайдың бұл күнде

Болар болмас халі бар,
Шығар шықпас жаны бар
Иман айтқан молда бар,
Қайғылы болып жылаған

Нашар халық сонда бар.
Келе ме деп кезеріп,
«Жалғыз баурым» деп жатыр,

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

Екі көзі есікте,
Кешікпей енді сен де бар.
Сүйдегенде Дәулетбай,
Шыдамай айқай салады.

«Ағакем» деген даусы
Құлаққа жетіп барады.
Қубас аттың дүбірін
Қабанбай естіп біледі.

«Дүбірлеген бұл кім? деп,
Бірақ шығып қара» деп.
Інің келді дегенде
Шежіредей тіл бітіп,

Тұра келді күлімдеп.
Дәулетбай кірді есіктен,
«Аға-екем» деп ақырып.
Қабанбай төрде отырды,

Құйылған судай сарыпы.
Бірін-бірі құшақтап,
Өткен назды айтқанда
Жұрт жылады қайғырып.

Қабанбай айтты: «Інімсің,
Қарағым інім, күнімсің.
Белгі қылып алып ем
Қырғыздың ақ бас атанын

Елімнің ескі кегі үшін.
Сен дүниеде көрмен деп,
Айрылдың қарағым опасыз.
Не айтайын есен бол,

Дәулетжан, жалғыз серігім!
Гигапкүл деген қалмаққа
Тоғыз жылдай барып ем.
Ерегескен дұшпанның

Алмадай басын алып ем.
Не айтайын, есен бол,
Қарағым, қалқам, келінім!»

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Ой, қайран ағекем,

Өтемісің дүниеден?!
Жігітліктің шағында
Жүйріктен басқа мінбеген.
Сұлудан басқа сүймеген,

Жібектен басқа кимеген,
Бетіне дұшпан келмеген,
Келсе теңдік бермеген.
Мың-мың жылқы айдаған,

Сарылап қазы жинаған.
Қырық шағын желімен
Желілеп бие байлаған.
Есіл менен Нұраның

Арасына симаған.
Мәшрип пенен мағриптан
Асыл қоймай жинаған.
Сүйткенде, қайран ағаекем,

Соның бәрін тарих қылып,
Өтемісің дүниеден?!
Сонда баяғы Қабанбайдың қолынан өлетін Қырғыздың
Аманалы батырының інісі Біләл дейтін Қабанбай мен

Дәулетбай құсап, жаудан алған малға таласып көшіп кетіседі
екен. Қабанбайдың елін алғашқы шапқанда Қубас аттың
інісі Бұйракөк қырғыздың батыры Аманалының қолында
кетеді. Аманалымен оның інісі Біләл сол Бұйракөкке тала­

сып екі айрылған. Сол сапарында Аманалы батыр Қабанбай­
дың қолына кездеседі екен. Сол кездескен сапарында Ама­
налы батыр Қабанбайдың қолынан өледі екен. Міне, осылар
сияқты, Қабанбай мен Дәулетбай да ақ бас атанға таласып

екі айрылады. Ауырып жатқан Қабанбай Дәулетбайдікіне
кісі жіберіп, шақыртып алады. Бұл екеуі кездесіп, табысып
жатқан кезде баяғы Аманалының інісі Біләл естіп, ағамның
кегін Қабанбайдың көзі тіріснде алып қаламын деп, бес жүз

әскермен шабуға келеді.
Сол келген сапарында елінің бір жағынан тиіп, бірсыпыра
елді қиратады. Мұны өлім үстінде ауырып жатқан Қабанбай
естиді. Содан бұл жауға басқа адам баласы бата алмаған соң,

Қабанбай батыр бек қатты назаланып, «менің Қубас атымды

ҚАРАКЕРЕЙ  ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

әкеліп бер» деді. Атын алдырғаннан кейін Қабанбай батыр елін
жиып алып өсиет айтады.
Өзі төсектен тұрып, ол жаудың бетін қайтарамын, бірақ
менімен еріп барған халық ертең түс кезінде дайын болыңдар.

Үйткені мен осы сапардан үйге келмеймін. Үйге қайтып келе
жатқанда екі шақырым шамасында, ат үстінде дүниеден өтемін.
Мен дүниеден өтерде атымның төрт аяғы тізесінен жерге кіреді.
Сол жерде зират қылыңдар. Мен сол қабыр ішінде болам ба?

Жоқ па? Осы өсиетті бітіргеннен кейін жауға аттанады. Жауды
айтқандай қырады. Содан кейін баяғы айтқанындай, сол айтқан
жеріне зират қылады. Айтқанындай дұға қылып, болғаннан
кейін, зиратын ашып қараса, киімін тақталап жинап қойып, өзі

ғайып болып ұшып кетіпті.

Кім білмес наймандағы Боранбайды,
Бес байыс Боранбайлап ұрандайды.
Қазақтың ұран шықса, қаны қызып,
Ер жігіт өз үйінде тұра алмайды.

Үш жүзге байлықпенен аты шыққан,
Естиміз асқан бай деп Бұланбайды.
Бұлардың ата-тегі туысы бір,
Кейбіреу нақ айтпаса, біле алмайды.

Байыстың елге әйгілі бес баласы,
Үлкені Сарымырза—ер данасы.
Шүрентай Қаржыменен екі анадан,
Сыбанның Ахметпен бір анасы.

Айтылған Сарымырза алты бала,
Белгілі бұл балалар жалпыңа да.
Жолымбет, Бейімбет пен ер Жолбалай,
Айтатын енді үшеуін артын ала.

Берді, Көшен, Таңылбай бір анадан,
Алтауы бір атадан емес дара.
Әжіғұл, Жолымбеттің екінші ұлы,
Біледі бастан-аяқ халық мұны.

Туыпты Әжіғұлдан Дәуіт мырза,
Ашылар, қуа берсе, тарих сыры.
Атақты ұл болыпты Мырзаштан үш,
Еліме нақ әйгілі бұл белгілі іс.

Қубас ат

ҚУБАС  АТ

Қалқаман, Мұлқаман мен Жауар дейді,
Барлығы бір атадан өткен туыс.
Міне, осы Мұлқаманнан Ұлан, Бұлан,
Найманда бай болмапты асқан мұнан.

Тұқымы Қалқаманның би Боранбай,
Нәсілі, ата қуса, бірге туған.
Найманға би Боранбай билік айтты,
Артына аруақты болған ұран.

Тұсында Абылайдың ақылшы боп,
Серік боп ордасында қызмет қылған.
Байыстың бәйбішесі аты—Мұрын,
Мақта апай, Сарымырза туған мұнан.

Байжігіт—Мақта апайдың жалғыз ұлы,
Емес пе Байжігіттен Мәмбет туған.
Мәмбеттен ер Қожағұл туған болса,
Қабанбай шөбересі боп тараған.

Ұрпағы бес Байыстың жиен дейді,
Білген жан бұл араға қылмас күмән.
Қабанбай—орта жүздің арыстаны,
Жау сасқан даңқын естіп алыстағы.

Қабанбай, ер Бөгенбай заманында
Кетпеген дұшпанына намыстары.
Болған соң әрі жиен, әрі серік,
Болады келісі мен барыстары.

Қазақтың ескі жосын әдетінде,
Арада арыс-беріс арыстары.
Дәулетін Бұланбайдың сөз етейін,
Демеңдер сөз мазмұны алыстады.

Мал біткен Бұланбайға дейді халық,
Кезінде бақыт қонған, Қыдыр дарып.
Қырық қос ірі қара болған екен,
Қойының сексен қора болуы анық.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бітіпті бес мың жылқы, үш мың түйе,
Бәріне Ұлан, Бұлан болған ие.
Сиыры екі мыңнан асқан екен,
Қалдырмай ұққанымды айтсам, міне.

Үстінде отыз мыңның қойы болыпты,
Секілді мұнан да асқан жүре-жүре.
Емес пе көргені аз бір адамның,
Тарихты ұғынасың сұрап біле.

Бұланбай елге жаққан беруімен,
Елінің айрылмапты сенімінен.
Біткеннін осы байға үш мың түйе
Естідім бір шөбере келінінен.

Әйгілі бұл әңгіме үлкендерге,
Үлкендердің ішінде білгендерге.
Қабанбай қолқалапты «бір ат бер» деп,
Аулына Боранбайдың бір келгенде.

Қазақта талай-талай шығыпты ер,
Еліне жаудан қорған болыпты бел.
Сайыста елді жаудан құтқаратын,
Жігітке тұлпар атты серігі дер.

Ғали мінген дүлдүлді,
Сейтбаттал мінген сары атты,
Ерлерге сай тұлпарды
Серік қып Алла жаратты.

Қамбар мініп Қасқа атты,
Ер Қосай мінді Торы атты.
Ер Тарғын мінді Тарланды,
Қарабек мінді Қара атты.

Алпамыс мінді Шұбарды,
Қареке мінді Ала атты.
Дәл осындай ат керек,
Ер жігітке талапты.

ҚУБАС  АТ

Осындай бір ат шығар ма,
Араласақ алашты.
Араладым, таппадым,
Байжігітті—Қарасты.

Құнына шыдап алалық,
Табылса, бір ат жарақты.
Алакөлдегі шайқасқа
Бердекең берді бір атты.

Осы атқа мінген соң,
Кең жайдым жауға құлашты.
Сайысқа түсер майданда
Серігім осы тұрақты.

Мың жылқыңа бермеймін
Бердекең берген Сұр атты.
Басқа ат мінсем, желе алмас,
Жау қарасын көре алмас.

Ат жалында болмаса ер,
Сазайын жаудың бере алмас.
Екпіндеп алға шықпаса,
Сермеуге келмес көк алмас.

Бес қару толық болмаса,
Дұшпанын жойып жеңе алмас.
Елін келіп жау шапса,
Ер жігіт қалай кек алмас.

Жауын жеңіп жойғанша,
Неше тәулік дем алмас.
Үш тәулік шаптым—талмады,
Алдына жылқы салмады.

Болдырмаған бір жылқы,
Осыдан басқа қалмады.
Омақа асып, жер құшты
Жоңғардың талай қалмағы,

Елі тозып күйзелсе,
Еріне түсер салмағы.
Болдырса да өз аты,
Бердекең қай алмады.

«Болмасын жаудан оқыс» деп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өз басын маған арнады.
Болдырып аты талай ер,
Шайнаулы кетті бармағы.
Ер жеңісі атта екен,

Қажеті ерге қатты екен.
Қор болып қолға түскенше,
Майданда өлген жақсы екен.
Оққа ұшып атым қалғанда,

Жаздадым кете арманда.
Бердекеңнің ерлігін
Ұмытпан бұл жалғанда.
Таңдаулы деген ат шыдар

Бірнеше тәулік шабысқа.
Шыбын жанын пида қып,
Ер жігіт түсер намысқа.
Дүркіреп жау тигендей,

Өрт қойғандай қамысқа.
Қалжырап дене болдырып,
Қолыңның қары қарысса,
Ерге серік ат екен.

Арпалыста—алыста,
Қамқоршым едің ақылшым,
Үйреткен ақыл арысқа.
Ақылшым әрі нағашым,

Осындай бір ат қарайын,
Табылса, шыдап алайын.
Берекең мына сөзге құлақ салды,
Шақырып Үмбетбайды қасына алды.

Хат жазып Бұланбайдан ат сұралық,
Ат болсын, ерге лайық маңдай алды.
Ат болсын ат болғанда елден ерек,
Мүсіні, сыны ерекше болсын бөлек.

Өзі айтып Үмбетбайға хат жаздырды,
Тапсырды «осындай ат тауып бер» деп.
Биіктігі өзіндей болсын,
Местігі өзімдей болсын.

Есіп жеткенде екпінінен жел есіп,

ҚУБАС  АТ

Жүрісі Қазыбектің сөзіндей болсын.
Құлағы қамыста болсын,
Еріні талыстай болсын.
Екі көзі ботаның көзіндей болсын,

Шекесінің арасы қарыстай болсын.
Қабағы бүркіттің қабағындай болсын,
Шықшыты бураның сағағындай болсын.
Жылқыңыздан осындай бір тай шығар,

Мүсіні менің қойған талабымдай болсын.
Жалы жібектей болсын,
Қасқа тісі күректей болсын,
Жігері бабына келген түлектей болсын.

Белдемесі қанатты болсын,
Жаясы жалпақ алапты болсын.
Бір көргенде үш қаралық
Осындай сұлу жарақты болсын.

Сауыры құлындай болсын,
Кекілі балаға қойған тұлымдай болсын.
Егесте ердің серігі болсын,
Өңі-түсі бірыңғай болсын.

Тұяғы жұмыр болсын,
Денесі шымыр болсын.
Құтқармайтын қуғанды,
Қайыспас, мінсе, тұғыр болсын.

Құйрығы төгіліп тұрсын,
Талданып сөгіліп тұрсын.
Самсаған қалың жорықта
Мүсіні жұртқа көрініп тұрсын.

Тілерсегі төмен,
Екі бұты алшақ болып,
Артынан қараса,
Төс сүйегі көрініп тұрсын.

Осындай талаппенен сұратты атты,
Болсын деп жылқы ішінде бек сымбатты.
Қол қойып, аяғына мөрін басты,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Туыстас замандасы Бұланбайға
Жіберді бір жігіттен осы хатты.
Қолына алып келіп тапсырған соң,
Қағаздың Бұлан мырза бетін ашты.

Қағаздың мәнін ұқты оқып көріп,
Отырды әр сөзіне ой жіберіп.
«Сыншының оймен жазған қиялындай
Жылқыдан шығар ма деп мұндай көрік.

Ойлады болады деп ерег серік.
Сыны бар діл жиырма жеті жерде,
Табылса бір жылқыдан түгел келіп».
Өзі оқып Бұланбайдың хатты болды,

Шешенге мұны жазған көңлі толды.
Ұққан соң қонақ үшін керектігін
Табылса, неғылса да бермек болды.
Хатты алып екінші рет Әбіш көрді,

Осы еді бітіретін әр істерді.
Жылқыдан бес жарым мың лықсып жатқан
Бір тайды таба алмауды намыс көрді.
Әбіштен енді хатты Қолбай алды,

Мырзалар аты шыққан маңдай алды.
Ұрқынан Мұлқаманның қайтсе шығар,
Бұ дағы намыс көрді малды алуды.
Үшеуі ақылдасты аттың сынын,

Көрмеген пайым етіп бұдан бұрын.
«Жиырма жеті түрлі порымы бар,
Жылқыдан туа ма деп мұндай құлын».
Сұрады шақырып ап Өсербайды,

Білетін жігіт еді жылқы сынын.
Қасында қысы-жазы болғандықтан,
Жөні бар білетұғын жылқышының.
Әртүрлі ер басынан өтер майдан,

Табылар, ізденбесе, бекер қайдан?

ҚУБАС  АТ

«Бар ма,—деп,—жылқымызда осындай ат?»
Сұрады қос бастығы Өсербайдан.
Өсербай аз отырды жауап қатпай,
Бірі жоқ отырғанын таңдай қақпай.

Сәйгүлік жылқыдағы саңлақтарды
Ойланды ой жүгіртіп аспа-саспай.
Сынға сап, таразылап ой жүгіртсе,
Ойына олқы келді бәрі жақпай.

Ойына арда емген дөнен түсіп,
Қуанды «таптым-ау,—деп,—жаза баспай».
Аздан соң байға қарап жауап қатты:

—Ойға алдым тола ма деп талай атты.

Жуас-ау жылқыңызда бір пырақ бар,
Көңіліме сынға толып осы ат жақты.
Жануар былтыр құнан, биыл дөнен,
Отырсыз аттың жайын сұрап менен.

Желіде жеті күндей жатпап еді,
Шын тұлпар мынау, өссе, болар деп ем.
Енесі содан бері туғаны жоқ,
Жануар жүйрік еді бөлек ерен.

Бұл дөнен содан бері сүт емеді,
Мінгізбей қазіргіше күтіп келем.
Бір жеті өткен жылы жуасыттым,
Белгілі құлынынан жылқы деген.

Шабысы желісінен бейне сағым,
Асырмай һәм кемітпей айтсам нағын:
Ат желіп аяңына жете алмайды,
Алдына жылқы салмас, тапсаң бабын.

Бір тұлпар ерге серік бола ма деп,
Болжап ем өз ойымша болашағын.
Хаттағы айтқан сипат табылады,
Шындыққа әрқандай іс бағынады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бара алмай ешнәрсенің байыбына
Кейбіреу айдаладан шабынады.
Шықпаса шежіренің қойған сыны,
Өсербай жылқы бағып неғылады?!

Бай айтты: «Рақмет, Өсербайым,
Емессің бекер жігіт қарапайым.
Көрелік барлығымыз түгел көзбен,
Келер күн осы араға болсын дайын.

Жолаушы, жиендер кеп дәм татсын деп,
Қонаққа Бөрекеңді шақыртайын.
Ел келіп жайлауына орныққан соң,
Деп жүрем қонақ қып дәм татырайын».

Әкелді келесі күн соны барып,
Ұқсады сынағанда порымы анық.
Өлшепті сыншы айтқан әр белгіні,
Байқаса, нағыз тұлпар болуы анық.

Шабысы, желісі мен жүріс жағы
Тұр екен бұл үшеуі толып алып.
Құлашың жаясына әрең жетер,
Өлшеді бозбалалар соны барып.

Барлығы атты сынап көрді көзбен,
Келмейді жоқ барлыққа айтқан сөзбен.
Салпы ерін, ұзын тісті, тостаған көз,
Кем емес, артылмаса басы көзден.

Жібек жалды, сал мойын сала құлаш,
Сыншының болып шықты айтқаны рас.
Шу асау секілді емес, мінезі кең,
Жануар емес тарпаң екен жуас.

Сымбатты сырты сұлу, мүсінді еді,
Қойғандай қолмен жасап пішінді енді.
Көпшілік жануарға разы боп,
«Қоя бер, жылқы да еркін жүрсін деді».

ҚУБАС  АТ

Сонымен бұл арадан тарасыпты,
Сол кезде мұндай дәурен жарасыпты.
Найманда бұдан мырза болған емес,
Бұл байды найман тұр ғой, Алаш ұқты.

Шақырып Берекеңді кетті Қолбай,
Жарлығын байдың айтқан екі қылмай.
Қасында екі жігіт атқосшы бар,
Тайпалып астарында жорға жылмай.

Мырзалар қонақ үйге келіп түсті,
Мөлшерлер келсе керек талмау түсті.
Беруге биге сәлем келгендер де
Отырып көппен бірге қымыз ішті.

Айтысты «биге сәлем береміз деп,
Дидарын ақсақалдың көреміз деп.
Кеп жатқан Байжігіттен жиендерді
Қонаққа шақыруға келеміз» деп.

Мырзалар сәлем берді биге келіп,
Отырған Қабанбайлар үйге келіп.
Орнықты жаулаға кеп біздің ауыл,
«Жиендер қонақ болсын бірге келіп».

Арасы екі ауылдың шалғай емес,
Қарасын, дөңге шықса, тұрар көріп.
Қолбайлар түстігін жеп аттаныпты,
Күтпек боп қонақтарды үйге келіп.

Арнаулы көкорайға тігілді үйлер,
Қонаққа Қабанбай мен келді билер.
Әңгіме ат туралы естіген жұрт
Ағылып көбеймесе, емес сирер.

Жігіттер қонақтарды жатыр күтіп,
Жайлауы атшаптырып бәрі бір жер.
Күн-түні ойын-сауық тамашада,
Мәз болды ұлан-асыр жиылған ел.

24-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кезекпен қонақтарға сәлемдесіп,
Қол берді Қабанбайға көрмегендер.
Даңқына Қабанбайдың көп ел қанық,
Отырды дидарласып бүгін танып.

Кәрілер жасы ұлғайған әсіресе,
Жүргендер ынтық болып құмарланып.
Боранбай барлық жұрттың ел ағасы,
Түзеткен сан қисықты жөнге салып.

Кәні боп әділетті билігіне,
Алдына жылап келген аш пен арық.
Бұланбай—ел ырысы жомарт еді,
Кем толып, аш тоғайып болған қарық.

Жаяуға ат, жарлыларға ас болыпты,
Аңызда осылай деп айтар тарих.
Жылқыдан Әбіш мырза өзі ұстатып,
Араға арда емгенді келеді алып.

Биігі өркеші жоқ нардай екен,
Таң қалды кескініне көрген халық.
Бір атты жиеніне әкелді деп,
Айтыпты қонақтарға біреу барып.

Көруге арда емгенді бәрі келді,
Жақсыны көрмек үшін деген анық.
Сүйегі арда емгеннің жардай екен,
Жылқының сол кездегі маңдайы екен.

Мақтауға айта берсе не сыймайды,
Кейбіреу айтып жатыр «нардай екен!»
Аянына лекілген ат желеді,
Жүрісі жануардың желмая екен.

Арасы екі аяқтың екен алшақ,
Сыншының айтқан сөзі емес жаңсақ.
Ұнатты Қабанбайдың серіктері
«Тұлпардың өзі десіп жүрген аңсап».

ҚУБАС  АТ

Алдымен, бұған мініп желіп көрді,
«Байқа» деп желе жортып ерік берді.
Басы болып Әбіш, Қолбай байдың ұрқы,
Жылқыдан өздері алып ерік келді.

Жылқыға біте бермес мұндай мүсін,
Таныды ел сымбатынан қайрат-күшін.
«Ер туса, ердің аты бірге тумақ»,
Жаралған жануар ғой батыр үшін.

Сал мойын, сом денелі, етсіз басы,
Шығыңқы белдемелі омыртқасы.
Сол жерде көрген халық мақтанысыпты,
Болғандай жануар деп ер жолдасы.

Көрсетті Боранбайға «қараңыз» деп.
«Арда емген әлі де еміп жүре берсін,
Жібертті—суалғанда аламыз» деп.
Ішінде бұл келгеннің ақсақалы—

Барлығы құрмет етер ағамыз деп.
Бірден ат, барлығына шапан берді,
«Жолы үлкен біз нағашы ағаңыз» деп.
Осы атты алты жаста алған екен,

Ауысқан бірден-бірге жалған екен.
Келгенше алты жасқа сүт емген соң,
«Арда емген» деп аңыз боп қалған екен.
Даңқына сан сайыста кір жұқтырмай,

Осы атпен жауға ойран салған екен.
Талай жыл Қабанбайға серік болған,
Жылқыдан бөлек туған саңлақ екен.
Жоғарғы Боранбайдың жазған хаты

Кезі екен жүріп тұрған елге дәті.
Айтады кейінгілер аңыз қылып,
Осы деп Қабанбайдың Қубас аты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өмірдің бұл бір шындық айғағы екен,
Болатын ерге серік һәм қанаты.
Ерлерді өткендегі ауызға алу,
Қазақтың тарихтағы салт-санаты.

Бұл шындық Қабанбайдың ат алуы,
Демейді тарихшылар қате мұны.
Енесі суалған соң сүтпен бағып,
Ұдайы алты жылға апаруы.

Емеспіз арда емгеннің өз иесі,
Ұқтырған осылай деп сөз жүйесі.
Таралған аңыз болып алғашында,
Оны айттым басқы сөздің жалғасында.

Маусымбай осылай деп айтқан екен,
Ескіше өз қолымен жазбасында.
Біз қазір естігеннің мұрагері,
Өтіпті талай заман содан бері.

Түзетер не толықтар деп ойлаймын,
Бірі болсақ нақ білетін бізден гөрі.
Айырар білімпаздар жалған, нағын,
Ұққаным бұл тарихтан менің шағым.

Дастан қып естігенді баяндадым,
Болымсыз Қабанбайдың бір бұтағын.

Жақсы ат пен арқалы атан бас сүйегі, Елімнің аялауы емес тегін. Ат-жалы, атан-қомы, ержігітпен Үшеуі арқалаған өмір жүгін. Салтымыз бабалардан қалған әдет, Биікке шығарамыз күні бүгін. (Жағабай қарттың өлеңінен). І Қырық алтыншы жылдың күзінде, Азаттық күрес кезінде, Құбылып тұрған қоңыр кеш Әлі күнге есімде. Ауылдан кеш шыққанбыз Мөлшері кеші бесінде. Аң қуып, сейіл құрмақпыз Құбақан құба белдерде, Әңгіме-дүкен құрмақпыз. Ақсақалды Жағаекең Көпті көрген көне еді. Әңгіме айтса, керемет, Тамызып майын береді: —Ерлікті халық ұмытпас, Елмен тірі ер аты. Алтынға бірақ тат жұқпас, Асылдың артық қуаты. Қазаққа біткен бәйтерек, Ақбас атан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болыпты батыр Қабанбай.
Досына жұмсақ жібектей,
Қасына барыс, қабандай.
Шоқтығы биік Қабекең

Көкжалдың арлан өзі екен.
Қуаты, күші қайтпаған,
Жетпіске шыққан кезі екен.
Ел шетіне жау тисе,

Қиқу сала аттанған.
Жауды жеңбей, егессе,
Ыстық тағам татпаған.
Жорықта баптап мінері

Қубас аты—жүйрігі.
Керме жалды, апай төс,
Жылқының сәйгүлігі.
Жорықта қосын артатын,

Сары-ала туын байлайтын,
Ақбас атан аруана,
Шабысқа айлық талмайтын.
Күш атасын танымас,

Тоқсан пұт жүк көтерген
Ондай алып табылмас
Бұл күндері жер-көктен.
Алты қанат ақ үйден

Бойы биік болыпты.
Басы шаңқан ақ қардай,
Шудасы қара, жүні көк,
Табаны қара қазандай,

Азу тісі қарыстай,
Жануардың зоры екен.
Ақбас атан, Қубас ат—
Батырдың жол серігі.

Алатау, Алтай арасын,
Қобының шөл даласын
Желіп жүріп шарлаған.
Елге мәлім ерлігі

Алыптар талай өткен ғой.
Айналып аты аңызға,
Бізге де солай жеткен ғой.

АҚБАС  АТАН

Ауыздан тарап ауызға,—
Деді де Жағаң тоқтады,
Нұсқады биік жартасты:

—Көріңдер алып белгісін,

Ана бір тұрған зор басты...
Аттарды байлап ойпатқа,
Өрмелей бердік жартасқа.
Алыптың басын, шынында,

Анықтап көрсек болмас па ...
Он құлаш арқан бойындай
Көтерілдік өрмелеп.
Оқтау үйдің орнындай

Бар екен қуыс дөңгелек.
Ернеуде үшеу отырмыз,
Ортада қарт Жағабай.

—Қол тигізе көрмеңдер,

Үгітерміз байқамай,—
Деп Жағаң оны сипады.
Жөргектегі баладай
Өткен тарих белгісін,

Әлпештеді, аялай.
Көз қуысы шарадай,
Кеңсірігі апандай,
Милығы кең қазандай,

Бас сүйектің бір өзі
Кішігірім атандай.
Осы екен малдың алыбы,
Жылжып өткен заман-ай...

Даланың көкжал батыры
Жорықтас досын сыйлапты.
Шығарыпты биікке,
Ит пен құсқа қимапты:

«Киелі бас қой бұл ақбас,
Жыл сайын келіп ием бас.
Байлайық ақтық, балалар,
Киелі тас—бұл жартас».

Әдейі қойған бұл жерге,
Ұрпақтарым көрсін деп,
Байлады Жағаң шүберек,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР «Бізден де құрмет болсын» деп. Аттанып, желе жөнелдік, Бетті түзеп батысқа. Жағаң үнсіз келеді, Көз жіберіп алысқа. ІІ —Айтыңыз, Жаға Ақбастың Қашан, қалай өлгенін. Ажалы жетіп өлген соң, Үңгірге қалай келгенін,— Қоныштан алып шақшасын, Айтуға Ақбас аңызын, Тежеді Жағаң ат басын. —Алдымызда Алакөл, Ар жағы үлкен Сары тау. Қабекеңнің тұрағы— Баурайы шалғын бақша-бау. Бұлдыр да бұлдыр күн өткен, Бұлдырап талай жыл өткен. Баяғы бейбіт заманда Бұл тұстан жібек жолы өткен. Жетпіске жеткен жасында, Құндыз бөркі басында, Ел іші тыныш шағында, Қосшысы бар қасында, Шығысқа қарай Қабекең Серуен құрып, жол шеккен. Ақбасты алып жетекке, Қубасты баптап мініпті, Ел жағдайын білмекке Жайымен алты ай жүріпті. Қобының шөлін аралап, Боғданың кезіп баурайын, Асықпай жүріп абайлай, Байқапты ел мен жер жайын. Саят құрып аралап, Айналып Жоңғар өлкесін.

АҚБАС  АТАН Қайтыпты батыр аяңдап, Жетелеп ақбас еркесін. Маңында қостар көп болды, Әр ру елдің батыры. Қошемет етіп ел жүрді, Тігіліп қатар шатыры. Қонақ боп батыр жаз бойы, Разы боп Жоңғар еліне. Жолай келіп түнейді Ебінұрдың көліне. ІІІ Сарғайып қоңыр күз болды, Қабекең қайтар кез болды. Жырғалаң халқы жиылып, Достық пен бірлік сөз болды. —Көңілден артық сыйлық жоқ, Ризамын, халқым, пейіліңді,— Деп Қабекең қош айтты Жырғалаңның еліне. Ақбасты ұстап жаратып, Қомын салды беліне. Алып келіп шөгерді Қызылтұздың көліне. Қажетінше тұз жинап, Ақбасына артыпты. Майлының жота-жонына Төтелей жол тартыпты. Түн қата жүріп, таң ата Қоңыробаға жетіпті. Тынығуға сол маңда Қабекең бел шешіпті. Бурыл тартқан бетеге Самал желмен билейді. Тау бөктері қалың ел, Он екі абақ керей-ді. Төрт түлік мал саз беті, Толықсып тұр келбеті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түгін тартсаң, май екен,
Жасыл кілем қазоты.
Қабекеңді көрген соң
Ақбоз үйлер тігілді.

Сары қымыз сапырды,
Ту бие, бағлан сойылды.
Кең жазықта көсіліп,
Тұлпарлар түсті жарысқа.

Білектерін түсіріп,
Жігіттер шықты сайысқа.
Шіреніп садақ тартысты,
Белдесіп күш сынасты.

Батырдан бата алуға
Бар өнерін салысты.
Түнде айтылып ән мен жыр,
Күндіз думан жалғасты.

Үш күн, үш түн осындай
Қызыққа қызық ұласты.
Төртінші күн болғанда
Қабекең ерте аттанды.

Жолдастары қасында,
Жетекке алып аттанды.
Желе жортып барады,
Қошаметшіл қалың топ

Осындай да бір оқыс
Болар деген ойда жоқ.
Асты тартпа бұл жердің,
Былқылдаған беті шөп.

Салмақты атан кенеттен
Бір тартпаға келді дөп.
«Бақ» еткен дауыс маңайды,
Селт еткізед сол бір сәт.

Оқыранып бұрылды
Топ алдындағы Қубас ат.
Қабекең жетіп келгенде
Ақбастың көзі мөлтілдеп,

Жұлқынып жатты жануар,
Айдары ғана желпілдеп.
Тартпадан оны шығару,

АҚБАС  АТАН

Түсер ме екен оңайға.
Амалын табу керек-ті,
Ақыл керек мұндайда.
Арқанды қиып сапымен,

Лақтырды қапты маңайға.
Кереге төсеп саздаққа,
Қабекең мінді қайратқа.
Сақал шашы тік тұрып,

Жейдесін тесті түктері.
Ырғап-ырғап көтерді,
Тізесін де бүкпеді.
Қайратына батырдың

Қайран қалды көрген жан.
Үш ұмтылды зор Ақбас,
Тұра алмады орнынан.
Омыртқасы үзілген,

Алыптан ұшпақ шыбын жан.
Бауыздады Қабекең,
Сапысын алып жанынан.
Қырық ошақ қаздырды,

Қырық қазан ет асқан.
Етін елге таратып,
Ризалық алмақ Ақбастан.
Жырғалаң мен Құлыстайдан

Барлық, Жайыр, Майлыдан,
Естіген ел жиылды
Жақыннан да қиырдан.
Кәрі демей, жас демей,

Бала демей, бас демей,
Бәріне ет асатты,
Мынау дос, мынау қас демей.
Ел үшін туған Қабекең

Батыр, палуан, ер екен.
Ел достығын ойлаған
Етек, жеңі кең екен.
Ақбастың басын өңгеріп,

Шығарған үңгір жартасқа.
Ұрпағына бұл деген
Өнеге-үлгі болмас па!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

* * *
Алыптың басы бұл күнде
Тұр ма екен әлі үңгірде?
Сақтаулы бірақ есімде

Жағаң айтқан әңгіме.
Өзіммен бірге кетпесін,
Не болмайды өмірде.
Толғадым жыр кестесін,

Ұрпақтар білсін дедім де.

Томға енген мәтіндерге түсініктеме «Бөгенбай батыр» тарихи жыры жоңғар шапқыншылығы кезінде Абылай ханның сарбаздарын басқарған қанжығалы қарт Бөгенбай мен оның аталас туыстарының ерлік жорықтары мен ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік заманды сипаттайды. Бөгенбай батыр туралы жырлардың нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорындағы 74, 326, 334, 383, 476, 517, 829, 1176 папкаларда және ӘӨИ қолжазбалар қорындағы 356, 692, 886, 889 бумаларда сақталған. Бөгенбай батыр туралы жырды ең алғаш қазақтың көрнекті ғалымы Сәрсен Аманжолов 1927 жылы Ұлан ауданы, төртінші ауыл қариясы Құсайын Мүсәпірұлы деген кісінің жырлауы бойынша жазып алып, 1935 жылы Алматыдағы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан жарыққа шығарады. С.Аманжолов жырға жазған алғы сөзінде: «Құсайын «Бөгенбайды» екі түрлі күймен құбылтып, қызықты етіп айтады. Оның әнін ерекше жазу керек... Әңгіменің қызықтығы, сөзінің тазалығы, өлеңнің кестелігі біз көріп жүрген өлең-жырлардың көбінен артық. Бұлай бүтін, дұрыс өлең сақтай білу Құсайынның артықша адам екенін көрсетеді»1—деп жазады. Жоғарыда көрсетілген қолжазбалардағы кейбір өзгерістер мен қоспа жолдарды есептемегенде мәтіннің негізгі желісі С.Аманжолов жазып алған нұсқамен толық сәйкес келеді. Жырдың Қытай қазақтары арасында тараған нұсқасы да сақталған. Үрімжілік Шерияздан Сұлтанбайұлы жаңғырта жырлаған нұсқа Құсайын Мүсәпірұлы жырлаған нұсқамен 1 Бөгенбай батыр. Құраст: С.Аманжолов.—Алматы: Қазкөркембас, 1935.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР мазмұндық жағынан бірдей2. Тіпті кейбір жолдары дәлме-дәл келеді. Десек те Шерияздан нұсқасы кейінірек толықтырылып, кейбір кісі есімдері өзгертілгені байқалады. Соған қарағанда жырдың бастау көзі бір болуы мүмкін. Бөгенбай батыр туралы жыр 1991 жылы «Семей таңы» га­ зетінің қаңтар, ақпан айларындағы сандарында, сондай-ақ С.Дәуітұлы құрастыруымен 1993 жылы Алматыдағы «Жалын» баспасынан шыққан «Алмас қылыш» атты кітапта3 жариялан­ ды. «Ақтабан шұбырынды» заманында тарих сахнасына шық­ қан қазақтың ержүрек ұлы Қанжығалы Бөгенбай жайында өз за­манында Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара сынды жыраулар жыр тол­ғап, оның ерлік істерін дәріптеген. Мәселен, «Бөгенбай ба­ тыр» жырында оның ер тұлғасы: Қара сұс адам екен, түсі суық, Ашуланса, келмейтін ешкім жуық. Биік қабақ, қыр мұрын, тым келбетті, Еңселі, жауырынды, бір кең иық! деп сипатталады. Жырда тек Бөгенбайдың ерлік істерімен қатар, махаббат пен адалдық, әдет пен ғұрып, салт-дәстүр мәселелері көтеріле­ ді. Қанжығалы қарт Бөгенбайдың төңірегіндегі Сарыбай, Ты­ ныбек, Бексұлтан сынды тұлғалардың, Аналық, Зейнеп, Қаны­ шайым сияқты әйелдердің мінез-құлқы көркем суретте­леді. Мәсе­лен, Зейнеп пен Сарыбай арасындағы тартыстың басталуы, Сарыбайдың Зейнеп ауылын шабуы, қыздың өз қалауымен Сарыбайға қосылуы қызықты баяндалады. Ұсынылған мәтін ӘӨИ-дегі Қолжазбалар қорындағы Ш.886 (7) түпнұсқасы бойынша дайындалды.

А. Әлібекұлы 2 Бөгенбай батыр // Бабалар сөзі: Жүз томдық. —Астана: Фолиант, 2006. – Т. 29. – 106-240-бб. 3 Алмас қылыш: Батырлар жыры (Құраст. С.Дәуітұлы). —Алматы: Жалын, 1993. – 41-155-бб.

ғылыми  қосымшалар «Бөгенбай батырдың бірінші жорығы» атты жыр бұрын еш жерде жарияланбаған. Жырдың қолжазбасы ОҒКның қолжазбалар қорында (Ш. 517, 2-дәп.) сақтаулы. Осы жырдың қорға тапсырған 1946 жылғы Ақмола—Көкшетау экспедициясының мүшесі—Бозтай Жақыпбаев. Жырды ай­ тушы Ақмола облысы, Еркіншілік ауданының тұрғыны— Жадайұлы Молдажан. Мәтін кеңсе қағазына қарындашпен кирилл әрпінде жазылған. Көлемі—850 жол. Жыр «Бөгенбай батыр», «Бөгенбай батырдың сөзі», «Аттың сыны» деген тарауларға бөлінген. Шығармада ертеде Сығанақ қаласы Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың бас қорғаны болғаны, Сыр бойындағы қазақтар­дың қалмақтардан қатты соққы көріп Арқаға ауғаны, «Ақтабан шұбырындыға» ұшырағаны, қазақ пен қалмақ жауласқан кездегі Бөгенбай батырдың ерлігі баяндалады. Жырда батырлар жырына тән кейбір сарындар көрініс тапқан. Солардың бірі—«түс көру», «түс жору» мотиві. Мәселен, Жантай батыр Бөгенбайға қатысты қорқынышты түс көріп, шошып оянады: —Шошындым қорқынышты бір түс көріп, Теңізге Бөкем түсті қайық мініп. Көтеріліп көл жүзінде қалың толқын, Қып-қызыл судың беті қанды көбік. Қайығы батар-батпас суға толып, Жүрмейді ессе дағы бір жөнделіп. Қағып жүр көп толқынды қанатымен, Аспаннан ақтұйғын құс ағып келіп, Білмеймін ақырының не болғанын, Жорышы зерек едің, ой жіберіп,— деп, Атанға түсін жорытады. Атан түсін қорқыныш емес, қуанышқа жориды. Түс­—шығармада Бөгенбайдың болашағын болжау, оқиғаны әрі қарай сабақтастыру қызметін атқарады. ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында «Бөгенбай батырдың бірін­ші жорығы» деп аталатын тағы бір қолжазба сақтаулы4. 4 Бөгенбай батырдың бірінші жорығы. Ш. 815, 1-дәп. Жинаушысы—Оспа­нов Қайырбай. Целиноград обл. Ерейментау ауданы. 1970. 25-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұл жырдың Жадайұлы Молдажан нұсқасы (Ш. 815, 1-дәп.)
мен Оспанов Қайырбай жинаған мәтінді текстологиялық тұр­
ғыда салыстыру барысында, Оспанов Қайырбай нұсқасы
Жадайұлы нұсқасын ешбір өзгеріссіз қайталайтыны анық­

талды. Соған қарағанда, екінші мәтін Жадайұлы Молдажан
қолжазба­сынан көшірілгендігін топшылауға болады.
Жадайұлы Молдажан жырлаған туындының тілі көркем,
оқиғасы қызықты баяндалады.

Томға ұсынылып отырған «Бөгенбай батырдың бірінші
жорығы» жырының мәтіні ОҒК-ның Қолжазбалар қорындағы
(Ш.517, 2-дәп.) түпнұсқадан тікелей әзірленді.
Қ. Алпысбаева

Қабанбай батыр туралы жырлар
Қабанбай туралы жырларды халқымыздың ХVІІІ ғасырда­
ғы тарихынан бөле қарастыру мүмкін емес. Революцияға дейін­
гі Н.Рычков, И.Паллас, А.Левшин, Ш.Уәлиханов, А.Чулочни­

ков, М.Вяткин, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, Б.Сүлейменов,
С.Толыбеков, В.Шахматов, Н.Аполлова, В.Басин, Т.Шойынбаев
еңбектерінде

ХVІІІ

ғасырдағы
қазақ
өмірінің
әлеумет­

тік-экономикалық жағы әртүрлі көлемде, әртүрлі бағытта
зерттелді, еліміздің саяси тарихы жан-жақты көрініс тапты.
Қабанбай батыр туралы халық арасында кең тараған жырдың
қазақ әдебиеттану ғылымында әр жылдары сөз арасында еске

алынған тұстары аз емес. С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқа­
нов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов,
Н.Смир­нова сияқты аға буын ғалымдардың тарихи жыр туралы
еңбектерінің қай-қайсысында да Қабанбай батырға арналған

жыр ұмыт қалған жоқ. Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай
туралы шығармалар бірде батырлық жыр, бірде тарихи жыр
санатына қосылып келді. Шын мәнінде Қабанбай батыр тура­
лы жырлар тарихи жыр жанрындағы фольклорлық туынды­

лар екендігі жөніндегі пікір 1940 жылдары-ақ қалыптасқан
болатын. КСРО ҒА Қазақ филиалы дайындаған «Қазақ әдебиеті
тарихының» І томындағы (1945) «Тарихи жырлар» тарауында
«Қабанбай батыр» жырына да орын берілді. Тарауды белгілі

әдебиеттанушы-ғалым Қайым Мұхамедханов жазды.

ғылыми  қосымшалар
Қазір Қабанбай батыр жырының ХХ ғасырда ел аузынан
жазып алынған мәтіндері оннан асады. Қазақстан Республи­
касы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми

кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының қолжазбалар қорында Қабанбай батыр туралы
жырдың жиырмадан астам нұсқасы бар. Мәтіндерді салыстыру
нәтижесінде жырдың бірнеше вариантты екендігі анықталды.

Қазақ тарихи жырларының бұл томына Қабанбай батыр тура­лы
жырдың төмендегі алты нұсқасы еніп отыр.

1.  Қабанбай батыр қиссасы. 1976 жылы жыршы Түсіпхан

Мағзиев тапсырған нұсқа бойынша дайындалды. Бұрын еш
жерде жарияланбаған. Жыр мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында
сақтаулы. Томға ұсынылған мәтінді дайындаған М.Шафиғи.
Көлемі—1150 жол.

2.  Қабанбай батыр туралы жыр. 1976 жылы халық ақыны

Қыдырмолда Әділбеков жырлаған нұсқа. Мақсұт Шафиғидің
жеке қорынан алынған мәтін негізінде дайындалды. Көлемі—
580 жол.

3.  Ер Қабанбай. 1934 жылы Семей фольклорлық экспеди­

циясы жинаған. Ел аузынан жазып алған—экспедиция мүшесі
Сәкен  Байырбеков. Семей облысының қай елді мекенінде жа­
зылып алынғандығы белгісіз. Жолды дәптер қағазына көгілдір
сиямен, араб әрпімен жазылған. ОҒК-ның Қолжазба қорын­

да­ғы мәтінді (Ш. 666, 2-дәпт.) томға М.Шафиғи дайындады.
Көлемі—722  жол.

4.  Қабанбай батыр. Жыр мәтіні ОҒК-ның Қолжазба

қорында сақтаулы (Ш. 666, 5-дәпт.). Жырлаушысы—Нұғыман
Байма­тайұлы. Жинаушысы—Рахметұлы. 1946 жылы Шығыс
Қазақ­стан облысы Тарбағатай ауданындағы Андреев атындағы
колхозда сарғыш қағазға қара сиямен, араб әрпімен жазылған.

Томға осы мәтінді М.Шафиғи дайындады. Көлемі—360 жол. 5.  Ер Қабанбай. 1967 жылы халық ақыны Ержан Ахметов

жырлап берген нұсқа. ӘӨИ қорында сақтаулы жыр мәтінін
томға М.Шафиғи дайындады. Көлемі—1120 жол.

6.  Қаракерей Қабанбай батыр. Мәули Сағымбаев жырлаған

нұсқа. Фольклортанушы-ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор Б.Ш.Абылқасымов дайындап құрастырған
«Қабанбай батыр» кітабында (2005) алғаш рет жарияланды.
Томға осы мәтін еніп отыр. Көлемі—620 жол.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кейіпкерді таныстыру—барлық нұсқада кездесетін сюжет­
тік желіден тыс тұрған эпизод. Мұнда жыршы Қабанбай батыр
туралы білгендері мен түйгендерін ортаға салады. Көлем жа­
ғынан әртүрлі: бір нұсқада мол, бірінде—аз. Әртүрлі нұсқа­

лар­да­ғы таныстыру эпизодының жол ұқсастықтары кейде дәл
келетіні бар, шумақ ұқсастығы сирек ұшырасады.
Қазақта бұдан бұрын болып өткен,
Сөйлейін Қаракерей Қабанбайдан.

(М.Сағымбаев)
...Халыққа батыр едің тиген пайдаң,
Абырой бірдей болған ақыл-айлаң.
Үш жүзге ұран болып, даңқың шығып,

Аруағың естілетін анадайдан.

(Қ.Әділбеков)
...Шұбарым, арғымағым, жүлде алғаным,
Басынан Арқаулының күн шалғаным.
Жиылса Арғын-Найман, өңкей қазақ,

Сөз еді ер Қабанбай ұйғарғаным.

(Е.Ахметов, Е.Байырбеков)
Жыршылардың жырға кіріспесі, шабыт шақыруы, тың­
даушыларын бейімдеуі осылай басталады. Жыр кейіпкері
Қабанбай—ел қорғаны идеясы алдын ала хабарланып қояды.

Нұсқалардың бәрінде экспозицияның өткен шақпен келуі
шығарманың тарихи уақиғалармен қат-қабат тумай, кейінірек
дүниеге келгенін аңғартады.
Жырды шежіре-қарасөзден бастау екі-ақ нұсқада кездеседі.

Ержан Ахметов Қабанбайдың бала күнінен бастап, елін жау
шапқанға дейінгі аралықтан мағлұмат береді. Жырдағы етек-
жеңі мол кіріспе Ержан ақындікі. 1120 жолдық қолжазбаның
мөлшермен 240 жолы таныстыруға арналған.

Қабанбайдың кім екенінен хабар беру, таныстыру эпизоды­
нан кейін сюжеттік желі басталады. Жырдағы оқиғалар үш ірі
қақтығыс төңірегіне шоғырланған. Олар: Қабанбай мен қырғыз
батырының; Қабанбай мен Дәулетбайдың; Қабанбай мен қыр­

ғыз батырының қақтығыстары.

ғылыми  қосымшалар
Нұсқалардың бәрінде осы композициялық тұтастық сақ­
талған. Қ.Әділбековте ғана Қабанбай мен Дәулетбай арқалаған
жүкті Абылай—Бұқар егесі ауыстырған.

Тарихи фактілерге қарағанда, қазақ пен қырғыз халық­
тарының арасында бүкіл халықтық сипат алған соғыс болған
емес (мәселен қазақ-қалмақ арасындағы сияқты). Ал жекеле­
ген феодалдық соқтығыстардың болып тұруы—сол қо­ғамның

ішкі заңдылықтарынан туатын құбылыс. Мұндай аракідік жан­
жалдар XVІІІ ғасырдағы қазақ-қырғыз қарым-қатынасында да
оқтын-оқтын бой көрсетіп тұрған. «Начиная с момента паде­ния
джунгарского владычества и почти до вхождения Киргизии в

состав России, для политической истории киргизов харак­тер­ны
постоянные стычки с казахами, набеги и нападения на них». Ру,
жер-су, адам аттары мен оқиғалардың кейбір ұқсастығы 1764-
1770 жылдарға сілтейтін сияқты. Сюжеттік желідегі ірірек

және мәндірек деген эпизодтарды қуалай отырып, тарихи факт
пен жыр деректерін салыстырып байқайық.
Шапқыншылық эпизоды Нұғыман Байматайұлынан өзге
нұсқалардың бәрінде бар. Нұғыман вариантын біз «Қабанбай

батыр» жырының жарияланған түрі болған соң еске алып от­
ырмыз. Әйтпесе бұл нұсқа көлемі жағынан да, көркемдігі
жағынан да айтарлықтай емес, тек көпшілік қауымға алғаш
белгілі болғандықтан басылып кеткен. Себебі ХІХ ғасырда

жазылып алынған И.И.Березин, Г.Н.Потанин архивтеріндегі
материалдар отызыншы жылдары әлі ашылмаған болатын.
Қарастырылып отырған эпизодтың (шапқыншылықтың) жыр
дамуында атқаратын қызметі ерекше. Өйткені ол—Қабанбай

жорығын ақтап алатын дәлел. Нұғыман нұсқасында негізгі
ұйтқының ұмыт қалуы жырдың көркемдік мұратына қайшы
келеді. Сондықтан да өзі жау іздеп шығатын батырдың жағым­
ды тұлға бола алмайтыны түсінікті.

М.Сағымбаев жазып алған нұсқада қырғыздың Аманалы
батырымен қазақтың Қабанбай батыры аңда жүріп кектесіп
қалады. Қабанбайдың жоқ кезін пайдаланып, Аманалы
қазақ елінің бір бөлігін шауып кетеді. Аңда жүріп кектесу

батырлақ эпостан ауысқан дәстүр болса да, ол басқа вариант­
тарда кездеспейді. Шабылған ру аты бірде Қаратекі, бірде
Қарақұрсақ, бірде Қарақұрсақ-Әліс болып, әр нұсқада әртүрлі
аталып отырады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ержан Ахметов нұсқасында қазақ елін қалмақтар шабады.
Бас кейіпкерінің бірі Әтеке-жырық—қырғыз, ол қалмаққа
сіңген, қазаққа қалмақтарды бастап әкелген әскербасы
ретінде суреттеледі. Қалмақтар 1757-1758 жылдардан кейін

шапқыншылық жасау мүмкіншілігінен айрылғаны белгілі.
Міне, осы орайда М.Вяткиннің: «Абылай үшін оңтүстіктегі
саяси жағдайлар тиімсіз қалыптаса бастады. Қырғыздар
1764 жылы Ұлы жүз бен Орта жүздің бірқатар руларын шап­

қыншылыққа ұшыратты» деген сөздері ойға орала кетеді.
Біздіңше, жырдағы шапқыншылық көрінісі нақ осы тарихи
шындықтың жаңғырығы.
Қыдырмолда нұсқасында шапқыншылық оқиғасына кө­

бірек көңіл бөлінеді. Қабанбай батыр бойындағы елдік мақ­
саттар тұлғалана түседі:
Шыдатпас ел намысы мұндай ерді,
Қубасқа қарғып мініп жолға жүрді.

Кәрі-жас, ер-әйелді бірдей қырған,
Келді де бұл соғысты көзі көрді.
Мынау сойқаннан соң Қабанбай қайратына мінбесе, қан
қақсатқан дұшпаннан елінің кегін алмаса, онда оқиға былайша

шиеленісіп, жырдың көркемдік мақсаты орындалмаған болар
еді.
Қазақтың нелер адуынды батырларының Қабанбай туы
астына жиылуы ширыққан жіптің күрмеуі шешілмей тын­

байтынынан хабар береді. Жырдың тарихи негізін анықтауға
себі тиер деген оймен, кісі есімдерін түгел келтіріп көрелік:
мәселен, қанжығалы Бөгенбай, Көкжарлы Көкжал Барақ, ке­
рей Ер Жәнібек, шанышқылы Бердіқожа, керей Жантай ер,

тоғас Қосай, тума Шағалақ, мұрын Боранбай, үйсін Сары Шуаш,
қыпшақ Есімқан, қыржы Бостан, тарақты Баймұрат, тоқпақ
Қосабай, Матай батыр, сыбан Шыңқожа, Қазыбек би, Бұқар
жырау, Ажақожа, Дәулетбай, Ақтамберді, Баймұқан т.б.

Қазақтың XVІІІ ғасырдағы белгілі батырларының, жы­рау­
ларының бірталайының есімдері аталып отырғанын байқай­
мыз. Басқа тарихи жырларда (XVІІІ ғасырдағы) батырлардың
бұлайша топтасуы сирек. Жырдағы кісі аттарына зейін сал­

ғанда олардың найман, арғын, үйсін, керей руларынан екені

ғылыми  қосымшалар
аңғарылады. Енді осыны Шоқан Уәлихановтың «Аблай с силь­
ным войском из аргинцев, найманов и уйсунов... разбил ... хотя
киргизы дрались насмерть» деген сөздерімен салыстырсақ,

біршама ұқсастық табамыз.
Өзге нұсқалардың бәрінде Қабанбай бастаған қалың қол
қырғыз Алатауына қарай жүрсе, Ержан Ахметов жырлауында
бұған мүлдем кері бағытта—Көкқайнар, Сарқолсың, Қаратауға

қарай бет түзейді. Ержан нұсқасында тағы бір тосын оқиға—
Бердіқожа батырдың жолда Қабанбай шолғыншыларына
жолығып, оларды тұтқындауы, ауылына әкеліп жөн сұрасуы,
өз басынан өткен хикаяларды шертуі, ақырында қалмақ

жаққа жол тартқан Қабанбай қосынына қосылайын деп тілек
етуі, ауылыма қонақ бола кетсін деуі, шолғыншылардың оны
Қабанбайға жеткізуі. Бірақ Бердіқожа оқиғасының атқарып
тұрған қызметі жоқ. Себебі Қабанбай Бердіқожа ауылына

тоқтамайды да, оны әскеріне қосып та алмайды, яғни Қабанбай
жорығы мен Бердіқожа арасында байланыс байқалмайды.
Бұл эпизодтар «Қабанбай батыр» жырына басқа бір жырдан
қосылып кетуі, әлде аңыз негізінде Ержан ақын өзі ойдан қосып

жіберуі де мүмкін.
Қазақ қолы Алатауға бір ай жүріп жетеді. Іздеген дұшпан
жолықпай тағы бір ай далада жатады. Әскердің азық-түлігі
таусылып, қысылтаяң кез тақалғанда Көкжал Барақ кері

қайтпақшы болады (М.Сағымбаев нұсқалары). Міне, «Қабанбай
батыр» жырындағы осы деталь Шоқан жазған тарихи деректің
бұлдырап көрінген сәулесі секілді.
Біз Шоқаннан келтірілген жоғарырақтағы үзіндіде Барақ

есіміне байланысты тұсын әдейі кейінге сақтаған едік. Онда
Абылай жорығы Барақ жеңілісінің есесін қайыру ретінде
жалғасқаны айтылатын.
Жырда Барақтың шыдамсыздық көрсетіп, кейін қайтамын

деуі тарихи шындықты—Барақтың қырғыздардан жеңіліс
тауып, қашуға мәжбүр болғанын тұспалдайтын емеурін екені
анық. Барақты Қабанбай тоқтатады:
Сол күні жел жоқ, құз жоқ шаңқай түсте,

Ақ туы Қабанбайдың дүрілдейді.

(М.Сағымбаев)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Енді бір нұсқаларда (мысалы, М.Сағымбаевта) бұл бүліктің
ағайынды адамдар арасындағы алауыздықтан (олжалаған
дүниеге таласып) болғаны айтылады.
Шоқан Уәлиханов қырғыз манаптары Есенғұл мен Әтекенің

жауласып қалып, соңғысының Саты асуы арқылы ауа көшуі ту­
ралы жазады. Жырда хабарланатын бүлік және оның ағайынды
адамдар арасында болуы шынайы деректермен, атап айтқанда
Әтеке—Есенғұл араздығымен дәлме-дәл келеді. Шоқан жасаған

шежіре-схемадан Әтеке-жырық пен Есенғұлдың төртінші ата­
дан қосылатынын көреміз.
Қыдырмолда нұсқасында жау тору эпизоды өзгеше. Онда
қазақ қолының айдалада жатуы, ашығуы, Барақтың қайтпақшы

болуы, жау көшінің көрінуі сияқты детальдар жоқ. Оның орны­
на қазақ қолының Алатаудан асуы сияқты шындықтан хабар
беретін суреттер бар:
Жол тауып Алатаудан жүре алмады,

Қырғызға бара сала кіре алмады.
Тоқтады сол арада дем алуға,
Неше күн аттың ерін бір алмады.
Ағаштарын қиратып, тас қопарып,

Арындап ат айылын мықтап тартып.
Жолы жоқ асқар биік таудан асты...
Құрылысы тек тарихи жырға тән осы қарапайым сурет­
тен жанр ерекшелігі айқын бой көрсеткен. Батырлық эпостың

негізгі көркемдік құралдарының бірі гипербола тарихи жыр
жанрында өз мәнін жоғалта бастайды. «Қабанбай батыр»
жырының нұсқаларын оқи отырып, осындай түйін жасауға бо­
лады.

Ұрыс эпизоды көп нұсқаларда ұқсас. Негізгі айырмашылық
адам аттарында ғана. Көштен бөліне шауып, жекпе-жекке
шығатын батыр М.Сағымбаевта—Аманалы, Н.Байматайұлы,
Е.Байырбеков варианттарында қырғыз батырының есімі ай­

тылмайды. Оның жүректілігін, ерге тән қайрат-күшін көрсету
үшін жыршылар қарсы шапқан қазақ батырының бірнешеуін
жеңіліс таптырады. Батырлық жырда әбден қалыптасқан
бұл әдіс тарихи жыр жанрында өзгеше сипат алған: найза­

ғылыми  қосымшалар
лар қақырап сынып, қылыштар майыспайды, батырлардың
жаны шығатын тұс желкесінде де, кіндігінде де емес. Ұрыс
эпизодындағы көркем шындық кәдуілгі қарапайым өмір

шындығынан алыстамаған күйі суреттеледі. Қырғыз батыры
Қабанбай қолынан мерт болады, жалғыз Е.Ахметов нұсқа­
сында өтірік өледі (бұл жырдың соңында белгілі болады).
Жекпе-жекте батыры өлген соң, көштен ақбас атан жете­

леген бір қыз зарлай шығады. Жоқтау көлемі мен көркемдігі
жағы­нан әр нұсқада әртүрлі. Мәселен, М.Сағымбаев нұсқа­
сында ол 58 жолдан тұрса, Байырбековте—90 жол. Қыздың
аты екі нұсқада ғана аталады: Т.Мағзиевте—Қабике, Е.Байыр­

бековте—Қарашапан. Қыз әкесін (бір нұсқаларда ағасын)
жоқтап қана қоймайды, оны кінәлайды да:
Көшпе деп ем, көштің бе,
Уықтың бауын шештің бе?

Қаның да түртіп қаңғырдық,
Өз еліңмен араз боп.
Қыз зарына қабырғасы қайысқан Қабанбай олжадан ниеті
бар Шағалақ сынды жолдасын маңайына да жолатпай, басына

сауға беріп:
Ей, жарандар, жарандар,
Маған таман қараңдар!
Осы бір қызға тиіспейік,

Қанеки, енді тараңдар!—
дейді.
Қабанбай—Дәулетбай арасындағы тартыс жыр көлемінің
үштен бірін алып тұр. Біз қарастырып отырған нұсқалардың

бәрінде де бұл ұзын-сонар оқиғаның қысқаша сілемі мынан­
дай: 1.  Қыз жетектеп келген ақбас атанның Қабанбай үлесіне
тиюі. 2.  Оның Дәулетбайға да ұнап, Қабанбайдан олжа сұрауы.

3.  Қабанбайдың ақбас атанды қимауы. 4.  Дәулетбайдың

өкпелеп, әскерін бөліп әкетуі. 5.  Басқа батырлардың да қош
айтысып, елді-еліне тарқауы. 6.  Қабанбайдың Дәулетбай
соңынан адам жіберуі. 7.  Дәулетбайдың илікпей, Алакөлге
көшуі. 8.  Қабанбайдың Сарыбелге қоныс аударып, дертті бо­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

луы. 9.  Ауруы меңдеп, үш жүзге хабар салған соң, Бұқардың
көңіл сұрай келуі. 10.  Бұқардың ағасымен бақылдасып қалсын
деп, Дәулетбайға кісі жөнелтуі. 11.  Дәулетбай мен әйелінің
жолға жиналуы. 12.  Жолда қойшыларға кездесуі, олардың

Қабанбай туралы хабары. 13.  Дәулетбайдың ағасымен көрісуі. 14.  Бұқардың Дәулетбайға ренжуі. 15.  Ағаның ақ көңілі,

Дәулетбайды кешіруі.
Міне, осы оқиғалар әртүрлі өзгерістермен барлық вариант­
та жырланады. Тек Қыдырмолда нұсқасында ғана Қабанбай—
Дәулетбай араздығы жоқ. Оның орнын Абылай—Бұқар ара­

сында тұтанған дау басқан.
Байқап тұрсаң мынау сөз,
Сендерге емес лайық.
Ала болмай өзіміз,

Береке бірлік қылайық.
Өкпелеспей тату боп,
Ел болып басты құрайық,—
деп, Қазыбек би екі жақты татуластырады. Қабанбай—

Дәулетбай дүрдеараздығын ұзақ суреттегенде жыршылардың
айтпақ болғаны осы идея екені ап-айқын көрініп тұр. Төте
жол тапқан Қыдырмолда версиясы да Қабанбай—Дәулетбай
кикілжіңін бүге-шүгесіне дейін қазып, талай мінез-құлықтың

сырын ашатын өзге жыршылар нұсқасы да бір ғана көркемдік
жүк арқалаған. Бүтін ел бола алмау трагедиясы—«Қабанбай
батыр» жырының ашына айтатын түп қазығы. Қабанбай мен
Дәулетбайды, Абылай мен Бұқарды татуластырып, табыстыру

арқылы халық жыры өз көкірегінде аяулы арман, асыл идеа­
лын білдірген.
Қайта шапқан жау—жырдың үшінші, шешуші сатысы.
Енді қайтып тиіспеспіз деп уәдесін бергендер Қабанбайдың

дерттілігін пайдаланып, тағы келеді. Келе тыныш елді қыра ба­
стайды.
Н.Байматайұлы, Е.Ахметовте—Әтеке-жырық, Қ.Әділ­бе­
ковте—әкесі Әтекеннің кегін қуған Сұлтанқара, Е.Байырбе­

ковте Ер Садыр, М.Сағымбаевта ағасы Аманалының кегін қуып
Біләл келеді.

ғылыми  қосымшалар
Сөйтіп, екі нұсқада Әтеке, бірінде Садыр, бірінде—
Сұлтанқара, енді бірінде—Біләл аталады. Осы оқиғаның ра­
сында да тарихи негізі бар ма? Болса, төрт түрлі версияның

қайсысы шындыққа жақын. Мұны нақты анықтау мүмкін емес.
Дегенмен кейбір параллельдер жүргізіп байқайық.
Қара Емілдің жағасын,
Алыпты қырғыз жағалап.

...Ақбөрте аты астында,
Доғадай бөркі басында.
Садыр деген бала екен
Дәл он алты жасында.

(Е.Байырбеков)
«Абылай туралы жырды» еске алайық. Онда қырғыздың
Есенғұл, Ер Садыр дейтін батырлары қазақ елінің бір бөлігін
ойрандап кетеді. Абылай әскер жинап, қырғыздарды Сарыбел­

де қирата жеңеді. Садыр қайтадан кек алуға жиналады. Абылай
сасады. Ақыры Садыр қазақ әскерінің қолынан мерт болады.
Барлай түссек, оқиғалар жіктелісін мұнда да үш топқа бөлуге
болады екен: 1. Қырғыздардың қазақ елін шабуы. 2. Абылайдың

қырғыздарға соққы беруі. 3. Қырғыздың қайта айналып ша­
буы. Екі жырдың композициялық ұқсастығы сезіледі. Сөз
жоқ, бұлар 1770 жылғы жорықтың екі түрлі көрінісі. Біріндегі
уақиғалар Қабанбай төңірегіне, екіншісінде Абылай төңірегіне

шоғырланған.
Қабанбай өлім аузында жатса да, күш бітіп, жауын жеңеді.
Қабанбай өлімі—жырдың шарықтау шегі.
Қ.Әділбековтен өзге нұсқалардың бәрінде жыр мифпен

аяқталады. Ол—Қабанбай сүйегінің молада жатпай, ұшып
кетуі. Жырдың осылайша тәмамдалуының тарихи сыры болуға
тиіс, дұшпан сүйегін қорламасын деген ниетпен жаугершілік
заманда ірі батырлар сүйегі жасырын қойылатын болған.

Қабанбайдың туған, өлген жылдарын анықтауды ниет еткен
тарихшылар дәлелдемелерін көргеніміз жоқ, жырдың барлық
нұсқаларында Қабанбай 78 жасында дүние салады. Бұқар сол
кезде 88-де, Бұқар жырау шамамен 1693 жылы туған деп са­

налып жүр. Жыр мәліметтері, кейбір құжаттық, шежірелік
мағлұматтар мен ұрпақ ауысуының санына және ауызекі по­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

эзия өкілдері шығармаларының материалдарына қарағанда,
Қабанбайдың өмір сүрген уақыты 1703-1781 жылдар арасы ма
деп жорамалдауға болады. Жырда Қабанбай өмірінің бір-ақ
сәті, қырғыз-қазақ арасындағы кикілжің бейнеленіп қалған.

«Қабанбай батыр» жырының гуманистік мақсаты айқын:
бейбітшілік, тыныштықты соғысқа қарсы қояды. Бұл орайда
ол тіпті бүгінгі күннің де талабын қанағаттандыра алады дер
едік. Қабанбай—шабылған елінің намысын қуушы. Ол қырғыз

жұртына өздігінен соқтықпайды. Жыр бүтін қырғызды емес,
«қара қазан, сары баланың» мазасын алған сотқар батырларын
ғана айыптайды. Оны қазақ еліне енді қайтып тиіспейміз деген
уәдесінен тайып, Қабанбай өлім үстінде жатқанда қайта шапқан

жау эпизодынан анық көреміз. Әділетсіздік пен опасыздық
жеңіліс табады, ажалмен арпалысып жатқан Қабанбай қаптап
келген жаудан күшті болып шығады. Халық жыры мұнымен
туған жерді қорғаудың қасиетті рухын мадақ етеді.

Жырда Қабанбайдың ерлігіне қоса, адамгершілік қасиет­
теріне де назар аударылып отырады. Қабанбай—ақкөңіл.
Қарашапан қыздың жоқтауына жүйкесі босауы, дұшпан бол­
са да, жас Садырды аяп, өлтірткісі келмейтін детальдар бұған

жақсы дәлел. Қайырымдылық, кішіпейілділік, кешірімді­
лік мінездер ақкөңілділікке жалғаса берілген. Жыршылар
Қабанбай бейнесі арқылы ерлік пен елдік туралы халық идеа­
лын жарқырата ашқан. Халықтық мақсаттан пендешілікке

ауудың қателікке ұрындыратынын ақбас атан дауы тәп-тәуір
байқатқан. Осы арқылы халық жыры сүйікті қаһарманын сы­
нап та алады. Қабанбай мен Дәулетбайды қайта жақындастыру
арқылы ынтымақ пен ел басының бірлігі уағыздалады.

Дәулетбай—жырдың негізгі кейіпкерінің бірі. Прототип
жөніндегі нақты дерегіміз жоқ. Жырда ол Қабанбайдың інісі бо­
лып суреттеледі. Шындығында, Қабанбайдың Дәулетбай деген
інісі болмаған. Мәселе кімнің туыс, кімнің алыстығында емес,

кейіпкерге жүктелетін міндетте болса керек. Дәулетбай—туыс
атаулының жиынтық бейнесі. Ел тірегі Қабанбай арқасында
ол да «батыр». Ең өкініштісі сол—жауға келгенде жасқаншақ,
әлсіз де, өз ағасы Қабанбаймен текетіресуге әзір. Жалғыз

тайлақ үшін жаға жыртып, аға көңілін жарадар етеді. Діні де
қатты: қалағанын ала қойсын деп Қабанбай кісі жібергенде
міз бақпайды, одан әрі тұлданады. Әтекеден осылар қауіпті.

ғылыми  қосымшалар
Жырда Қабанбай—Дәулетбай арасына көп мән берілетіні де
сондықтан.
Дәулетбайдың әйелі—ақылды адам. Досқа күлкі, дұшпанға

таба болған қайнаға қадірін сол көбірек сезінеді. Күйеуінің
бірбеткей, қыңыр, өзімшілдігінен қаймықпай, бар айыбын беті­
не айтып салады. Қабанбай да келіні туралы жақсы пікірде.
Шағалақ—Қабанбайға жолдас, адал, ақкөңіл. Қайда жұм­

саса, сонда шауып жүргені. Шағалаққа батырлық міндет жүк­
телмеген. Олжа бөлісу кезінде ол Қарашапан қыздан дәмелі
болады. Қабанбай қызға бостандық бергенде, бұл Дәулетбайға
ұқсап, олжадан қағылдым деп өкпелеп те жатпайды. Қадіріңді

білмейтін туыстан, жақсы жолдас озады екен. Шағалақ бейнесі
жыршыларға сол үшін қажет болған.
Абылай—Е.Байырбеков, Қ.Әділбеков нұсқаларында көзге
көбірек түседі. Басқа нұсқаларда Абылай қол жию эпизодын­

да ғана аталса, мына екі нұсқада кейіпкер дәрежесіне көтері­
леді. Ол: Қабанбай—Абылай, Садыр—Абылай диалогтары­ның
енгізілуі, Абылайдың Қабанбаймен жекпе-жекте жеңіліс­ке
душар болған Садырды өлтіруі. Бұл эпизодтар арқылы жыр­

шылар Абылай ханның қаһарлы, қатал мінезін көрсетуді ниет
еткен.
Қазыбек би Қ.Әділбеков нұсқасында ғана көрінеді. Тари­
хи Қазыбек 1770 жылғы қазақ-қырғыз жанжалына қатыса

алған жоқ. Өйткені ол 1765 жылы қайтыс болған. Сондықтан
кейіпкер Қазыбекті біз Қыдырмолда жыршы қиялының жемісі
демекпіз.
Аталған нұсқалардың көбінде Бөгенбай қол жию эпизо­

дында ғана аталады, тек М.Сағымбаев вариантында тағы екі
рет төбе көрсетеді: бірінде Барақпен бірге кері қайтамын десе,
екіншісінде қырғыз батырының тегеурініне шыдай алмайды.
Әрине, детальдар тарихи Бөгенбай туралы ештеңе айтып тұрған

жоқ. Бұл арада халықтың ауызекі творчествосында көп жыр­
ланатын Қанжығалы Бөгенбай мен орыс құжаттарында есімі
жиі кездесетін Бөгенбай батырдың екеуі екі бөлек адам екенін
ескерген дұрыс.

Бұқар жырау барлық нұсқада бар. Кейіпкер Бұқар өзінің
өмірлік тұлғасына қатты ұқсайды. Оның жырда атқаратын
қызметі де өмірдегі сияқты: ақылшы, ел бірлігін ойлаған дана
жырау. Ол Қабанбай жорығымен оның өлімінің басы-қасында

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

болады. Бұқар жырау жұрт сүйген Ер Қабанбай үшін өз жанын
қиюға әзір.
Халық жыры Қабанбаймен бірге Бұқар жырауды да
өзінің сүйікті кейіпкеріне айналдырған. Бұқар жыраудың

толғауларынан таныс кейбір сөздер «Қабанбай батырда» да
жүр. Мысалы, Абылаймен тіресіп қалғанда айтылған:
Еліңді қалмақ шапқанда
Өлмей тірі жүр едің.

Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің!?
Қырғыз
немесе

қалмақ
батырлары
ішінен
кесегірек

тұлғаланғаны—Әтеке-жырық. Оның ерлік қасиеттері жекпе-
жек кезінде айқын танылады. Алайда түзу жолдан тайып,
өзгенікіне қызығу сияқты қисық пиғылға серіктес ерлік абы­
рой әпермейді, қайта ажал тұзағына ілігуге себепші болады.

Қарашапан қыздың жоқтауында әкенің теріс қимылының сы­
налуы да содан.
Екінші есте қаларлық батыр—мәрт жігіт Садыр. Қабанбай
өлтірткісі келмегенде:

Жасымнан жауға талай араластым.
Бұл жерде қазір мені өлтірмесең,
Еліңді құртпай тыныш таба алмаспын,
деп шынын айтудан жасқанбайды. Қабанбайдың тоқтауымен

әзер шыдап тұрған Абылай ер Садыр тілегін жылдам орындай­
ды. Жыр суреттеуінде Садыр Қара емілдің бойында Қабанбайды
шауып аламын деп келіп қаза табады. Халық шығармасы
қырғыз батырының ерлігін әділ бейнелей отыра, туған жер­

ден жырақ барып шетінеудің сыры неде екенін де жақсы айта
алған. Басқа варианттардағы Аманалы, Сұлтанқара, Біләлдер
аталмыш екі кейіпкер орнында аталады.
Қазақ фольклорында батырдың жан серігі атқа көп орын

берілетіні белгілі. Байшұбар, Қарақасқа, Ақауыз, Тайбурыл,
Шалқұйрық, Шаңтимес қатарына Қабанбайдың Қубас атының
да қосылары анық. «Қабанбай батырдың» батырлар жырына
ұқсастау келетін тұсы да осы Қубас ат бейнесіне байланысты.

ғылыми  қосымшалар
Кейбір нұсқаларда Қубас ат Тайбурыл сияқты, алты айшылық
жолды алты-ақ күнде алады. Немесе Қабанбайдың өлер ал­
дындағы атымен арыздасуын алайық. Бұл да батырлық жыр­

дан тамыр алған дәстүр екені айқын. Бірақ ол барлық вариант­та
бірдей сақталмайды. Сондықтан да Қубас ат бейнесі батыр­лық
эпосқа тән сипаттарға әлі де жете қоймаған.
Ақбас атан—антикалық әдебиеттегі «араздық алмасы»

(яблоко раздора) рөлін атқаратын сияқты Е.Байырбеков
нұсқасында:
Екі көз таудан аққан тас бұлақтай,
Бұтының екі арасы ел көшкендей.

Үстіне он бес кісі мінгескендей,
Түйенің қызығасың бейнесіне,—
деп суреттелсе, М.Сағымбаев нұсқасында теңеулер одан әрі өсе
түседі.

Көзі бар жануардың шаңырақтай,
Қырық аршын жаурын бар салған тақтай.
Басында қырық құлаш алтын бұйда,
Тұрады жетелеуге адам батпай.

Атанды тамаша етті жұрттың бәрі,
Мұндай хайуан көрген жоқ жас пен кәрі.
Жануар малдың төресі екен-ау. Дәулетбай сұраса сұраған­
дай-ақ, Қабанбай бермесе берместей-ақ екен дегізгендей.

Көшпенді қазақтың арасына іріткі түсіріп, алауыздық әкелген
«алма» болмай, атан болуы әбден заңды. Шығыс Түркістанда
«Қабанбай батыр», «Қабанбай ат байлаған» дейтін жерлер бар.
Майлы Жайыр тауларындағы Саз дейтін жайлаудың төменгі

жағында «Түйебас» аталатын жер бар. Ол Қабанбайдың Ақбас
атанының басы қойылған жер деседі. Жыр материалы мен
аңызы осылай ұштасады.
Жырда Алакөл, Ащысу, Сарысу, Қызылсу, Еміл, Есіл, Нұра

сияқты өзен-көл, Алатау, Сарыбел, Көкқайнар, Сарқолсың,
Қаратау, Арқарлы сияқты жер аттары кездеседі. Қазіргі
Ақмола өңірінен бастап Шығыс Түркістанға, одан Алатауға
дейінгі орасан үлкен аумақ қамтылған. Біздің географиялық

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

атауларды әдейі келтіріп отырғандағы мақсатымыз—жырдың
тарихи сипатын сезіне түсу. Расында, тарихи Қабанбай әрекеті
осы жерлер аралығында жүргізілген. Тарихи дәлдіктің
жыр материалымен сәйкес келетінін бірнеше атау арқылы

дәлелдей түсуге болады. Арқаулы атауы әр нұсқада әртүрлі:
Арқауыл—Арқаулы—Арқарлы. Кейін қай жердің атауы
екенін жыршылардың да өздері ұмыта бастаған. Семей облы­
сы Мақаншы ауданында жергілікті тұрғындар тау деп атайтын

жоталар бар. Қазір жұрт сол төбелерді Арқалды тауы дейді.
«Арқалды» атты совхоз да болған. Арқаулы—Арқарлының
кейінгі фонетикалық өзгеріске түскен түрі. Шоқан «Арқарлы»
деп жазады. Арқаулы—Алакөлге жақын. Бүгінде Қабанбай

ұрпағы қоныстанып отырған жер.
Жырда көп аталатын географиялық атау—Сарыбел. Бірне­
ше варианттың айтуынша, Қабанбай Сарыбелде дүниеден өтеді.
Халық аузында «Абылай аспаған Сарыбел» дейтін сөз қалған.

Нұсқалардың бәрінде дерлік Қабанбай Сарыбелді бір қыстап
шығып (Мәулиде 7 жыл), дертке ұшырайды. Соған қарап
Қабанбай өмірі шынында да Сарыбелде үзілмеді ме екен деген
ой туады.

Б. Абылқасымов,
С. Қорабай
«Қисса ер Қабанбай». Жыр алғаш рет «Шалғын журналының
1981 жылғы 2-санында жарияланды. Кейін осы мәтін З.Сәнік

пен Б.Садыхан құрастырған «Қаракерей Қабанбай» деп атала­
тын кітапта5 басылғаны мәлім. Мәтіннің көлемі 910 жолдан
тұрады.
Аталған жырда қазақ пен қырғыз әскерлерінің екі рет

бетпе-бет кездесіп соғысқаны суреттеледі. Бірінші соғыста
қырғыздардың Қабанбай елін шауып кетуі, қырғыздардан
кек алу үшін жорыққа аттанып, қырғыздармен Алатау
етегінде шайқасып, сол айқаста қырғыздың бас батыры

Әтеке жырықты Қабанбайдың жекпе-жекте өлтіруі, Әтеке
жырықтың қызының әкесін жоқтауы т.б. оқиғалар суреттел­
5 З.Сәнік, Б.Садыхан. Қаракерей Қабанбай. —Алматы, 1991.—75-102-
беттер.

ғылыми  қосымшалар
се, екінші соғыста Қабанбай науқастанып жатқанда, алғашқы
соғыста қаза болған қырғыз батыры ұлының әке кегін алу үшін
тұтқиылдан шабуыл жасауы, бұл шайқаста қырғыздың қолын

бастап келген батыры ер Садырдың Абылай хан қолынан қаза
табатыны баяндалады.
Бірінші жолғы соғыста қаза болатын батырдың есімдері:
аталған нұсқада Әтеке жырық болса, ал «Қабанбай» туралы

жырлардың басқа нұсқаларында Аманәлі, Қоңғыдыр жырық,
есімі жоқ (С.Байырбеков нұсқасы) болып келеді. Ал екінші
жолғы соғыста қырғыздың қолын бастап келіп, жекпе-жекте
қаза табатын батыры: Ер Садыр (З.Сәнік., Б.Садыхан), Әтеке

жырық (Б.Мергенбаев, Е.Ахметов, Е.Байырбеков, Т.Мағзиев
т.б.), Қожығыр (Қ.Әділбеков), Білал (М.Сағымбаев) екенін
көреміз.
Осыларды тарихи айғақтармен салыстырсақ, жырдағы

бірінші жолғы шайқаста жекпе-жекте қаза болатын Әтеке
жырық, Аманәлі, Қоңғыдыр жырық, есімі жоқ—төртеуі бір
адам екендігін, яғни Шоқан Уәлиханов жазбасындағы Жай­
ыл батыр екендігін аңғаруымызға болады. Жайыл Абылай

қолынан мерт болады. Абылай қырғыздарды Ыстықкөлдің
жағасына дейін қуып барған. Бұл жерде қырғыз батыры Әтеке
жырықтың тұрағы бар,—дейді Ш.Уәлиханов6.
Әтеке жырық Абылай әскерімен болған соғысқа қатысқан.

Алайда «Қырғыз ССР тарихының» мәліметіне қарасақ, Әтеке
би 1784 жылы тірі7.
«Абылайдың Әтеке жырықпен соғысқаны» деген аңызда
Әтеке жырықтың соғысқа қатысқаны, бірақ қырғыздар жеңі­

ліске ұшырағанда оның Абылайдың қолына түспей қашып
кеткені, сөйтіп, аман қалғаны баяндалады. Осы аңызда Абылай
әскерімен соғыс кезінде қырғыздың Жайыл деген батыры қаза
болғаны айтылып кетеді8.

Жырда суреттелетін, яғни қырғыздармен екінші жолғы
соғыста жекпе-жекте Абылайдан (кей нұсқаларда Қабанбай­
дан) жеңілетін ер Садыр, Қожығыр, Әтеке—бұлар бір адам,
яғни ер Садыр деп топшылауға болады. Сонымен, Қабанбай ту­

6 Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1.—Алматы, 1961. – С. 375.
7 История Киргизии. Т. 1. — Фрунзе, 1963. – С. 273.
8 Ер Қабанбай. ӘӨИ, 324-папка.
26-204*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР ралы жырда да, Абылай туралы жырда да Садыр қаза табады. Екі жырда да Садыр Әтекенің баласы деп айтылады. Тарихта болған Садыр Әтекенің баласы емес, бірақ жырда оның өліміне байланысты суреттелген оқиғаның тарихи негізі бар. Абылай хан Шелек өзенінің жоғарғы жағында отырған Сарбағыштар ауылына шабуыл жасағанда, осы шайқаста Әте­ кенің баласы Қарабек қаза тапқаны жөнінде Ш.Уәлиханов жа­ зады9. Бірақ Шоқан Қарабектің батырлығы жайында ешқандай дерек келтірмейді. Қабырғасын тастан қалаған бір моланы қырғыздар Әтекенің баласы Қарабектің мазары деп көрсетуі ту­ ралы ғана әңгімелейді. Бірақ Әтеке жырықтың баласы Қарабек Абылай ханның әскерімен болған соғыста қаза тапқандығы шын болған оқиға. «Тарихи эпосты жасаушы халық жыршыла­ ры осы Қарабекті даңқты Садыр батырмен алмастырғаны анық байқалып тұр. Халық жыры оны Әтеке жырыққа айналдырып жіберген» деген зерттеуші А. Ғабдуллинаның пікірі10 орынды айтылған деп ойлаймыз. Сол сияқты екі жырдағы жоқтау да ба­ стауын осы Әтеке әйелі Бикемжан жоқтауынан алатын сияқты деген фольклортанушы ғылымдардың пікіріне қосыламыз11. Жырда бейнелеген қазақ пен қырғыздар арасындағы қақтығыстар—XVІІІ ғасырда шын болған оқиғаларға негіз­ делген. Шығармада Қабанбай төңірегіндегі болған Абылай, Дәулетбай, Шағалақ, Шынқожа, Боранбай, Бұқар жырау т.б.— бәрі де өмірде нақты болған, тарихта есімдері қалған ірі тари­ хи тұлғалар. Олардың тарихи жырда бейнеленген ерліктері, мінездері т.б. тарихи шындыққа сәйкес келеді. Оқиға болған, шайқастар өткен жерлер дәл көрсетіледі. Сол жер атаулары бүгінгі күнге дейін сақталған. Әрине. тарихи жыр тарихтың дәлме-дәл көшірмесі емес, ол—халық даналығының көркем шығармасы. Сондықтан кейбір детальдері өзгеріске ұшырауы, тың сарындардың қосылуы заңды. «Қисса ер Қабанбай» атты жыр толық аяқталған, тілі жатық, оқиғасы қызықты болып келеді. Мәтінде аздаған араб, парсы және жергілікті сөздер кездеседі. Ондай сөздер қазақшаланып 9 Валиханов. Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1.—Алматы, 1961. – С. 253. 10 Ғабдуллина А. Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар. Фил. ғылм. кандид. дәрежесін алу үшін жазылған диссертация. – Алматы, 1995. 11 Абылқасымов Б. // Қазақ тарихи жырларының мәселелері. —Алматы, 1979; Ғабдуллина А. Аталған еңбек. – 66-б.

ғылыми  қосымшалар
олардың контекстік ұғымдары томның соңындағы арнайы
сөздікке топтастырылды.
Томға ұсынылып отырған мәтін 1991 жылы Алматыда

шыққан «Қаракерей Қабанбай» басылымы бойынша әзірленді.
Қ. Алпысбаева
«Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі». Жырдың атал­
ған варианты бұрын еш жерде жарияланбаған. Қолжазбасы

ОҒК-ның Қолжазба қорында (Ш. 666, 6-дәп.) сақтаулы. Жыр­
дың мәтіні Қайырбек Омарұлының айтуынан жазып алынып,
қорға 1935  жылы түскен. Кім тапсырғаны белгісіз.
Қ.Омарұлы жырлауындағы «Қабанбай батыр» жырының

байырғы желісі барынша сақталған. Бас қаһармандардың есім­
дері, іс-әрекеті, шығармадағы мотивтер тізбегі де ұқсас болып
келеді. Мысалы, «Қабанбай батыр» туралы тарихи жырлардың
ең көркем, тұрақты мотиві—науқастанып жатқан Қабанбайдың

төсектен тұрып, тұлпарын ерттетіп шайқасқа шығуы. Тарихи
жырларда батырдың басқа уақыттағы іс-әрекетінен гөрі, соғыс
кезіндегі күш-қайраты, ерлігі айрықша мадақталып, әсіреленіп,
асыра көтеріледі. Осы тұста Қ.Омарұлының Қабанбайдың

шайқас кезіндегі іс-әрекетін суреттеуде ауыз әдебиетінің әр
алуан көркемдік тәсілін қолдана отырып, екпіндете, шалқыта,
шыңына жеткізе әсірелей жырлағаны аңғарылады. Аталған
жырда осы көріністі суреттеуге мол орын берілген. Жырдың

осы мотивінде қиял қоспалары бар екенін де байқауға болады.
Мысалы, қатты науқастанып жатқан қарт Қабанбай соғысқа
аттанады, өзге батырларға қарағанда артық ерлік көрсететін
қимылдары осының алдында ғана тарихи оқиғаның кейіпкері

болып көрінген батырды енді ертегі кейіпкерін ұқсатып
жібереді. Бірақ жырда қиял қоспалары болғанымен, Қабанбай
батырдың қартайған шағында айқасқа қатысқаны тарихи де­
ректерге сәйкес келеді.

Қабанбай батыр жайындағы біз қарастырып отырған жыр­
лардың негізгі мазмұны—XVІІІ ғасырдың екінші жартсында
қырғыз бен қазақ арасында болған қақтығыстар. Яғни жырда
бейнеленген оқиғалар тарихи шындықтан алшақ емес. Себебі

ол кезде қазақ пен қырғыз елдері арасында болған қақтығыс­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР тар, қазақтарға алдымен қырғыздардың өзі тиіскендігі, бірақ қазақ әскерінің соққысына ұшырап жеңілгенін тарихи дерек­ тер растайды12. Қысқасы, жыршы «Қабанбай батыр» жырының байырғы сюжетін сақтай отырып, көркем тілмен өзінше жырлағаны аңғарылды. Томға ұсынылған «Қабанбай батырдың әңгімесі» жырының мәтіні ОҒК-ның Қолжазба қорында сақтаулы (Ш. 666, 6-дәп.) түпнұсқа бойынша әзірленді. Қ. Алпысбаева «Қабанбай туралы жыр». Бұрын баспа бетін көрмеген бұл жыр мәтінін Бағыбай Мергенбаевтың орындауында 1946 жылы Баслов Құрманғазы жазып алған. Жырдың қолжазбасы ОҒКның Қолжазбалар қорында (Ш. 666, 4-дәп.) сақтаулы. Жыр мәтіні шақпақ жолды дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Көлемі—660 жол. Б.Мергенбаевтың орындауындағы жырдың мазмұны «Қа­ банбай батыр» туралы жырлармен өте жақын, ұқсас болғаны­ мен, айтылуы, көркемдігі, жазылған уақыты және көлемі жағы­нан айырмашылықтары бар. Аталған жырдың сюжеттік құрылымында басқа қазақ эпостарындағы секілді батырға лайық тұлпар, атымен серт­ тесу, күші басым жау, жалбарыну сияқты тұрақты мотивтер ұшырайды. Солардың бірі—батырдың қонысын шабуға жау келіп қалғанда, Қабанбайдың Аллаға жалбарынып: —Құдай-ау, маған дем салшы, Қубас атқа ер салшы. Бүгін түсте өтпекші ем, Кешкі сәске кең салшы! Тәңіріме тай айтшы, Құдайыма қой айтшы, Бүгін түсте өтпекші ем, 12 История казахской литературы. Т. 1. – А., 1968; История Киргизии. – Фрунзе. Т. 1. 1963; Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1. 1961; Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы, 1996.

ғылыми  қосымшалар
Бие сауым тым болса
Көңілімді қатайтшы...
деп сұрауы, сол тілегінің орындалып, қайтадан батыр болып

туатын тұсы.
Жырда айрықша ықыласпен суреттелетін бейненің бірі—
батырға сын сағатта көмек беретін жәрдемшісі астындағы
тұлпары—«Қубас ат».

Қабанбай батыр майданға кірер алдында «Қубас» тұлпары­
мен былай:

—Қубасым-ай, Қубасым,

Сені мінген кезімде
Қайықсыз түстім теңізге.
Сенен басқа ат мінсем,
Мінгендей болушы ем өгізге.

Сен келдің отыз сегізге,
Мен келдім жетпіс сегізге,

—деп серттеседі. Батырлардың бүкіл тағдыры астындағы аты­

мен тығыз байланысты болғандықтан, Қубас аттың бейнесін
суреттеуде жыршының төгілген тілі, суреткерлек шеберлігі
ерекше көрінеді. Қубас атпен серттесу көрінісі Е.Ахметов пен
Қ.Әділбеков нұсқаларында кездеспейді.

Б.Мергенбаев нұсқасы толық аяқталған, тілі жатық, оқиғасы
қызықты, мазмұнды болып келеді.
Мәтінде аздаған араб, парсы, татар т.б. сөздері кездеседі. Он­
дай сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы

сөздікке топтастырылды.
Томға ұсынылып отырған «Қабанбай туралы жырдың»
мәтіні ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақтаулы түпнұсқадан
(Ш. 666, 4-дәп.) еш өзгертусіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева
«Қабанбай батырдың қиссасы» жыры бұрын баспа бетін
көрмеген.
Ауыз

әдебиеті
үлгілерін
жинаушы—Кәрібаев
Шаяхмет бұл жырды ел аузынан жинап, қағазға түсіріп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

1947  жылы ОҒК-ның Қолжазбалар қорына тапсырған. Жыр­
шысы белгісіз. Мәтін бір жолды дәптерге қарындашпен ки­
рилл әрпінде жазылған. Көлемі 540 жолдан тұрады. Аталған
жыр мәтінін «Қабанбай» туралы басқа жырлармен салысты­

рып қарағанда, мазмұны ұқсас болғанымен, оқиға дамуында,
өлең құрылысында және көлемі жағынан біраз өзгешеліктері
бар екені аңғарылады. Мысалы, Қабанбайдың әскері жауды
талқандап, көп адамын тұтқынға алғанда, солардың арасы­

нан бір қыз қаза болған әкесін жоқтап, ақ бас түйені жетелеп,
Қабанбай алдына жасқанбай барып:

—Мені де қатын қыларсың,

Ат көтіне саларсың.
Қалаулы қатын мен болман,
Орнымды сипап қаларсың...—
деп батыл сөйлейтін эпизод бар. Осы тұстағы тұтқын қыздың

мінезі «Ер Тарғын» жырында қарт Қожақ батырға тайсалмай
қарсы тұрып: «Ей, қарт Қожақ! Атыңның басын тарт, Қожақ»
дейтін Ақжүністің қайраттылығын еске түсіреді.
Осы эпизод «Қабанбай туралы» жырлардың бәрінде кез­

дескенімен, көлемі, көркемдік жағынан әртүрлі болып келеді.
«Қабанбай туралы» жырлардың барлық нұсқаларында қы­
сылғанда жөн табатын, адасқанда жол табатын Бұқар жырау
бар. Жырда Бұқар жырау ел бірлігін көздеген дана қарт болып

сипатталады. Дәулетбай Қабанбайдың ақ бас түйені бермегені­
не ренжіп басқа жаққа көшіп, екеуі араздасып жүргенде олар­
ды ақылмен татуластырады. Аталған нұсқада осы көріністі
суреттеуге басқа нұсқаларға қарағанда мол орын берілген.

Қ.Әділбеков жырлаған нұсқада Қабанбай мен Дәулетбайдың
араздығы айтылмаған,сондықтан бұл эпизод кездеспейді.
«Қабанбай батырдың қиссасы» атты жыр аяқталмай қал­
ғанына қарамастан, тіл көркемдігі жағынан шебер жыр­ла­ға­ны

аңғарылады.
Мәтінде татар, араб парсы т.б тілдерден кірген аздаған сөз­
дер кездеседі. Ондай түсініксіз сөздердің қазақ тіліндегі бала­
ма­лары томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды.

ғылыми  қосымшалар
Томға ұсынылып отырған «Қабанбай батырдың қиссасы»
жырының мәтіні ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы
қолжазбадан (Ш. 666, 1-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева
Қубас ат. Қабанбай батырдың қанаттас серігі Қубас ат ту­
ралы сыр шертетін бірден-бір тарихи жыр. Ер қанаты—атқа
арналған мұндай халықтық шығарма жоқ десе де болады.

Жырда ерлігімен бүкіл халық қошаметіне ие болған Қабанбай
батырға лайық ат таңдау жайы баян етіледі. Оқиға шежіреге
тереңдеп барып, Абылай ханға ақылшы болған батыр Боранбай
бидің Қабанбай батырға нағашылық туыстығын атап көрсетеді.

Бидің жақын туысы Бұланбай байдың асқан дәулеті де әңгіме
өзегі болады. Қабанбай батырдың тілеулестері Бұланбайға ат
сұрап хат жазады. Болашақ жүйрік, жауынгер аттың сынын
келтіреді. Жылқы жануарын жақсы білетін Өсербай сыншы көп

жылқының ішінен алты жасына дейін сүт емгендіктен «Арда
емген» атанған дөненді таңдайды. Жыршы Қабанбай батырдың
болашақ ер қанаты—тұлпарына тамаша көркем сипаттама
жасайды. Боранбай бидің жиені Қабанбай батырға арғымақ

атты таңдап мінгізіп, құрмет көрсетуінен бүкіл ел құрметі
байқалады. Жыр Қабанбай батырға Қубас деген есіммен талай
жыл жорықтас серігі болған атын әйгілеумен аяқталады.
Ел аузындағы Қубас ат туралы аңызды Маусымбай деген

кісінің айтуы бойынша жырлаған. Жыр алғаш рет 1991 жылы
шет елдерге тарайтын республикалық «Шалқар» газетінде, одан
кейін 1992 жылы Семей облыстық «Семей таңы» газетінде жа­
рияланды. Томға Семей облысы, Таскескен ауданы, Тасбұлақ

ауылының тұрғыны Тұрысбек Құдайбергенов жариялаған
нұсқа енгізілді. Жыр мәтінін томға М.Шафиғи дайындады.
С. Қорабай
Ақбас атан. Бұл жыр Қабанбай батырдың тағы бір қанаттас

серігі Ақбас атан хикаясын баяндауға арналған. Шығыс
Түркістанның Тарбағатай аймағында тұрған Жағабай деген қарт

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

1946 жылы бір топ жас жігітке Қабанбай батыр және оның Қубас
аты мен Ақбас атаны туралы айтқан әңгімесін бір ақын жырға
айналдырған. Авторы белгісіз шығарма әңгімеші қарттың та­
рихи оқиға болған өңірдегі биік жартас басында тұрған зор бас

сүйек атақты Ақбас атаннан қалған бір белгі екенін айтуынан
басталып, жастар өтініші бойынша осы қасиетті жануар туралы
жеке баяндалады. Оның өзінде жыршы Ақбас атанның батырға
қалай келгендігі туралы айтпай, соңғы сапары тұрмысынан ғана

сөз қылады. Қабанбай батырдың қартайған шағында серуен
құрып сапар шеккенде Ақбас атанды жетекке алып, Қубас атты
баптап мінгенін әңгімелейді. Батырдың сапар барысындағы сән-
салтанаты көркем кестеленіп, Ебінұр көлі жағасына түнеген

кезде беті шөп, былқылдақ жерде Ақбас атанның кездейсоқ
сүрініп, омыртқасын үзуі, киелі жануарды сол жерде сойып,
етін елге таратуы нанымды суреттелген. Ақбас атанның батыр
өміріндегі орны халық қошаметі арқылы нақты көрсетілген.

Жыр мәтінін томға М.Шафиғи дайындады.
С. Қорабай

Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер
Абылай
(1711-1781)—қазақ
ханы,

көрнекті
мемле­
кет қайраткері, қолбасшы, дипломат. Қазақ халқының
ХVІІІ  ғасырдың Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық

күресін ұйымдастырушылардың бірі. Абылай 1730-40  жыл­
дардағы шайқастарда әскери қайраткерлігімен, қолбасшылық
қабілетімен ерекше көзге түседі, жауға қарсы қазақ халқының
басын біріктіре біледі. 1738-41 жылдары Абылай бастаған қазақ

қолы Жоңғар басқыншыларына қарсы бірнеше дүркін соққы
береді. 1771 ж. оның басқаруындағы қазақ әскері жерімізді
жоңғарлардан біржолата азат етеді. Терең саясаткерлігімен,
кемеңгерлігімен танылды.

Барақ Шүрекұлы (шамамен ХVІІ ғ. соңы—ХVІІІғ. орта­
сы)—қазақ
халқының
жоңғар

басқыншылығына
қарсы
соғысына қатысқан батыр. «Көкжал Барақ» деген атпен
бүкіл қазаққа белгілі болған тарихи тұлға. Қабанбай батыр

әскерінің бір қанатын—өзі шыққан көкжарлы, сарыжо­
март руларынан құралған сарбаздарды бастап шығыстағы
Ертістің оң жағалауынан Алтай туларына дейінгі кең алқапты
қалмақтардан босатуға қатысқан.

Бармақ Мұхаммедқалиұлы (1703, Солтүстік Қазақстан
облысы, Целинный ауданы - өлген жылы белгісіз, Орынбор об­
лысы, Ақбұлақ ауданы)—жоңғар басқыншылығына қарсы
күресте ерен ерлік көрсеткен батыр, қолбасы. 1723-1758 жж.

Еділ-Жайыққа батыстан тиіскен қалмақ басқыншылығына,
Маңғыстауды басып алған түрікмендерге, шығыстан баса-
көктеп кірген жоңғар шапқыншылығына қарсы халық
қозғалысын басқаруға қатысқан.

Баян Қасаболатұлы (1715-1757)—қазақ халқының жоңғар
басқыншылығына қарсы соғысында ерлігімен көзге түскен ба­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

тыр, қолбасы. Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген.
Баян батырдың ерлігіне Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде жоғары
баға берген. Мағжан Жұмабаев батырдың ерлік істері туралы
«Батыр Баян» поэмасын жазған. «Шаңды жорық» оқиғасында

қаза тапқан.
Бердіқожа (шамамен 1690-1770)—қазақ халқының жоң­
ғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында
үлкен маңызға ие болған батыр, қолбасы. Ұлы жүзде Төле би­

ден кейінгі үлкен саяси қайраткер, қолбасшы мәртебесінде
құрметтелген. Шанышқылы Бердіқожа батыр есімімен белгілі
болып, көптеген тарихи шайқастарда Ұлы жүз жасақтарына
басшылық еткен.

Боранбай Қалқаманұлы (шамамен 1704-1802)—қазақ хал­
қының жоңғар басқыншылығына қарсы соғысына қатысқан
батыр, би. Тарихи-әдеби деректерде Боранбай мен Қаракерей
Қабанбай есімдері қатар жүреді. Ол қазақ хандығының

тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылай хан жүргізген сая­
сатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосты.
Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1775)—қазақ халқының жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерек­

ше рөл атқарған батыр, қолбасшы. ХVІІІ ғасырдағы қазақ
батырларының жолы үлкен ақсақалы болғандықтан, халық
аңыздарында «Қанжығалы қарт Бөгенбай» деп атап кеткен.
Орта жүз қолын басқарған Бөгенбай батыр Қаракерей Қабан­

бай, Шақшақ Жәнібек, Керей Жәнібек және т.б. батырлармен
бірлесе отырып, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуға ерекше
ерлік көрсетті, ұлт бірлігі үшін күрестің ұйтқысы болды.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693-1787)—әйгілі жырау,

көрнекті қоғам қайраткері, ел арасында «көмекей әулие» деп
атанған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресте
Абылай ханға дұрыс жөн сілтеп, халықты жауға қарсы күресте
біріктіруде, бір ту астына топтастыруда үлкен рөл атқарды.

Жәнібек Қошқарұлы—қазақ халқының жоңғар шапқын­
шылығына қарсы күресін ұйымдастырушылардың бірі, ба­
тыр, қолбасшы. Абылай әскерінде қол бастап, ханның негізгі
кеңесшілерінің бірі болған, ел басқару және мемлекетаралық

қатынастарға белсене араласқан. «Шақшақ Жәнібек батыр»
есімімен белгілі болған. 1743 жылы Ресей патшайымы Елиза­
вета Петровнаның жарлығымен тархан атағы берілген.

ғылыми  қосымшалар
Жәнібек Бердәулетұлы (шамамен 1713-1792)—жоңғар
шапқыншылығына қарсы азаттық күрес батыры, шешен.
Абылай хан әскерінде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы

Бөгенбай және т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар
басқыншылығына қарсы соғыстың соңына дейін қатысқан.
Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға
шапқан батырлығымен көзге түсіп, ел арасында «Ер Жәнібек»

есімімен әйгілі болған.
Қабанбай Қожақұлұлы, Қаркерей Қабанбай (1692-1770)—
қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде
ерекше ерлік көрсетіп, талантты қолбасшы ретінде аты шыққан

батыр, қазақ әскерінің басшысы. 16 жасында жоңғар батырын
өлтіріп, атағы елге жайылады, жылқыға шапқан қабандарды
жайратқан қылығынан кейін Ерасыл аты қалып, Қабанбай
батыр атанады. 1717 жылы Аякөз шайқасында ерекше көзге

түсіп, батыр атына ие болады. 1726 жылы Бұланты шайқасына,
1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына қатысып, Абы­
лай ханның батырларының біріне айналады. 1741 жылы
Шыңғыстаудағы Шағаң шайқасында ақбоз атпен топ жарып,

жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады. 1 түмен қазақ әскерін
басқарып, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын
жоңғарлардан босатады, 1752-1756 жылдары Жетісу, Алтай,
Тарбағатай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында

қазақ әскеріне басшылық етеді. Астана қаласы маңында
Қабанбай батырға ескерткіш-монумент тұрғызылған. Жазушы
Қабдеш Жұмаділов батыр ерлігі туралы «Дарабоз» атты тарихи
роман-дилогия жазды.

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764)—қазақ халқының ХVІІ-
ХVІІІ ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және
мемлекет қайраткері. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан
Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен, хан кеңесінің белді бір

мүшесі болған. Абылай хан тұсында мемлекет басқару ісіне жиі
араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Халық арасында «Қаз дауысты Қазыбек би» есімімен белгілі.
Қалдан Серен (1693-1745)—жоңғар хандығының билеу­

шісі, қолбасшы. Әкесі Сыбан Раптан 1723 жылы әскерін жеті
топқа бөліп, қазақ жеріне басып кіргенде Қалдан Серен оны
мың жауынгерді басқарып, Балқаш пен Қаратау өңірін ба­
сып алған. Әкесі өлгеннен кейін 1727-1745 жылдары жоңғар

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

хандығын билеген. Қалдан Серен тұсында қазақ жеріне жоң­ғар
шапқыншылығы күшейіп, Жетісудың біраз бөлігі, Іле Ала­тауы
мен Балқаш арасын жаулап, қазақ пен қалмақ арасындағы
Аңырақай, Бұланты шайқастары, Қалмаққырылған оқиғасы

Қалдан Серен хандық еткен кезде болды.
Сары батыр (шамамен 1703-1757)—қазақ халқының
жоң­ғар шапқыншылығына қарсы соғысына қатысқан батыр.
Атақты Баян батырдың аталас туысы. «Шаңды жорық» оқиға­

сы кезін­де Баян батыр жасағында қалмақтармен шайқаста қаза
тапқан.
Олжабай
Толыбайұлы

(1709-1785)—жоңғар
басқын­
шы­лығына қарсы күрескен қазақ батырларының бірі. Абы­
лай ханның ту ұстаушы батырларының қатарында болған.

1735 жылы Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардан азат ету
жорығына, 1736 жылы Баянауыл өңірін Қалдан Серен әскерінен
босатқан шайқастарға, 1756 жылы қазақ жеріне басып кірген
Қытай әскерін талқандауға қатысады. Абылай хан жоңғар

қолына түскенде оны құтқаруда ерекше еңбек сіңіреді. Абылай
оны ерен ерлігі үшін «Ер Олжабай», «Қу Жарғақ» деп атаған.
Халық шежірелерінде, ауызекі әңгімелерде Олжабай тура­лы
өте көп айтылады, өлең, жыр, дастандар да баршылық. Та­ри­

хи жырларда қазақ сарбаздары «Олжабайлап» ұрандап, жауға
шапқандығы туралы айтылады.
Шағалақ Өмірұлы—ХVІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ баты­
ры. Қабанбай батырдың жақын туысы, серігі. Қазақ әскерінің

бақауыл тобын басқарған. Қабанбаймен бірге қазақ жерін
жоңғарлардан босатқан барлық соғыстарға қатысқан.
Шыңқожа Базарқұлұлы (1706-1768)—жоңғар шапқын­
шы­лығына қарсы азаттық күресте ерлік істерімен көзге түскен

атақты батыр. «Тума Шыңқожа батыр» есімімен белгілі болған.
Шығыс Қазақстан облысындағы Аякөз ауданында батыр
есімімен аталатын ауыл бар.
Шөрек батыр—жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық

күресте ерлік істерімен көзге түсіп, Қабанбай бастаған жасақта
көптеген ұрыстарға қатысқан батыр. «Байғана ер Шөрек»
есімімен аты шыққан. Батырдың жауға шапқанда ұстаған
қасиетті туы қазірде ұрпақтарында сақтаулы.

СӨЗДІК* Алал /т/—адал Әлім /а/—оқымысты, ғалым Әуләд /а/—үрім-бұтақ, ұрпақ, әулет Берен, перен /п/—қыран, ер, батыр, өжет Ғазал /а/—шығыс поэзиясында негізінен кемі үш, көбі он екі бәйіттен түзілетін бірыңғай ұйқасы бар лирикалық өлең Ғазиз /а/—күшті, қуатты, құрметті, қымбатты Ғазрайил /а/—әзірейіл, мұсылмандардың ұғымынша, жан алушы, қаза періштесі Ғаріп /а/—мүсәпір, міскін, бейшара Ғарық болу /а/—суға бату, кету; суға батқан Дағуа /а/—атақ, дәреже; үгіт, насихат; ұран, үндеу; талап; дау; міндет-мақсат Зекет /а/—мұсылманның бес парызының бірі; нысапқа жеткен бір жылдық мал-мүлкінің қырықтан бірін беру Құдауанда /п/—Құдай, Тәңірі Лама, келең, кешіл—буддалардың діни адамдарының дәрежелері Мехнат /а/—байқау, сынау; пәле, қырсық, уайым, ауырт­ палық, бақытсыздық Найын—шылым шегетін трубка Паруардегер, пәруардигар /п/—жасаған құдай, тәңірі де­ ген мағынада Пахымлап, фахима /а/—түсіну(етістік) Перғауын /а/ —Мысыр (Египет) патшаларының атауы Тауап /а/—құлшылық Уаң—лауазымды атақ Фарман, пәрман /п/—бұйрық, әмір, жарлық * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондық­ тан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз

Жер-су атаулары
Алакөл —Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының
аумағында орналасқан көл. Батыстан шығысқа қарай созылып
жатыр. Көл маңында көптеген тарихи оқиғалар мен шайқастар

болған.
Алтай—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке.
Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 километрге созы­
лып жатыр. Алтай тау жүйесі солтүстік-батыстан оңтүстік-

шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін
жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс
өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жо­
тасы арқылы бөлінеді. Алтай тауының ең биік шыңы Мұзтау

(4056 метр). Көне Алтай қазір Орыс Алтайы, Монғол Алтайы,
Қазақ Алтайы деп бөлініп кеткен. Алтайдың үштен бірі ғана
Қазақстанның үлесінде.
Ақтүбек —Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы

елді мекен атауы.
Ақшоқы —Алтай тау жүйесіндегі тау аты. Шығыс Қазақстан
облысының Күршім ауданы аумағында орналасқан.
Ақши—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы

елді мекен атауы.
Арқа —Сарыарқа ұсақ шоқылар жүйесінің халық ара­сын­
дағы жалпылама аты.
Арқарлы—Балқаш-Алакөл ойысындағы ұсақ шоқылы тау­

лар. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жа­
тыр.
Арқауыл—тау, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ау­
данында. Халық этимологиясы Қаракерей Қабанбай батыр

жекпе-жекте өлтірген қалмақ батыры Арқауылдың атына орай

ғылыми  қосымшалар қойылған дейді. Ал ғылыми этимология бойынша Арқауыл— таза ороним (тау аты). Демек, Арқауыл «Арқатау», яғни мал­ дың арқасына ұқсас, көлбеу біткен тауға берілген атау. Ащысу—Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облы­ сының Жарма, Аякөз, Абай аудандары жерімен ағады. Бөкенбай—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданын­да­ ғы тау, елді мекен атауы. Белтерек—Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында­ ғы елді мекен атауы. Доланқара—Күршім ауданындағы тегіс келетін тау жота­ сы. Ебінұр —Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономиялы райо­ нының солтүстік-батысындағы тұзды көл. Көлдің солтүстікбатыс жиегі Жетісудағы Жоңғар қақпасына тіреледі. Ертіс—өзен. Моңғол Алтайының Хора—Улус—Нур көлінен бастау алып, Қобда өзеніне құяды да, Қара Ертіс аталып, Зай­ сан көліне келіп құяды. Одан шығып, Шығыс Қазақстанның Өскемен, Семей өңірлері мен Павлодар облысын және Омбы қаласын жанай өтіп, Тобыл өзеніне қосылады. Тобылдың әрі Ханты-Мансий жағынан өтетін Объ өзеніне құяды. Ұзындығы— 4248 км. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 1700 км. құрайды. Ертіс атауы VІ-VІІІ ғ.ғ. көне түркі жазба ескерткіштерінен белгілі. Қазақ тіліндегі «Ертіс» гидронимінің атауы көне оралалтай, түркі-моңғол бірлестігі кезіне тән Арцис / Эрцис деген атауға сәйкестене бейімделген түрі, «өзен» немесе «арынды, тасқынды өзен» мағынасын береді. Есіл—Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қара­ ғанды, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Жайыр —Алтай тау жүйесіндегі тау. Жылытау—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданын­ дағы елді мекен атауы. Күршім—Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облы­ сы, Күршім ауданы жерімен ағады. Ұзындығы—230 километр. Сарымсақты және Күршім жоталарынан басталып, Күршім ауданының батысында Бұқтырма бөгеніне құяды. Алтай тау жүйесінде орналасқан Күршім тауы да бар. Қайыңды—Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан, Катон-Қара­ ғай, Үржар, Көкпекті аудандарындағы елді мекен атауы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қызылсу —Ертіс алабындағы Шар өзенінің саласы. Шығыс
Қазақстан облысы, Жарма ауданының аумағы арқылы ағады.
Қызылтас—Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы
елді мекен атауы.

Қушоқы —Алтай таулы өлкесінің тау аты.
Майқапшағай—Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданын­
дағы елді мекен, кеден атауы.
Маңырақ—Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауда­нын­

дағы елді мекен, тау атауы.
Мойылды—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданын­
дағы елді мекен атауы.
Нұра —Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен ағатын

өзен. Ұзындығы—978 километр. Қарқаралы тауының батыс
сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Сауыр—Зайсан көлінің шығысында жатқан тау жотасы.
Ұзындығы—140 км., 3816 м. Сауыр сөзінің топонимдік мағы­

насы: «таудың аяқталар жатаған тұсы».
Сайқан—Зайсан ауданы мен Қытай Халық Республикасының
шекаралық аумағында орналасқан тау жотасы.
Сарыарқа —Қазақтың ұсақ шоқылығы. Қазақстанның

орталық және шығыс бөлігін қамтитын физикалық-геогра­
фиялық өлке. Қыратты, ұсақ шоқылы және аласа төбе­
шікті жазық. Батысы Торғай ойысынан басталып, шығысы
Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін 1200 километрге созы­

лып жатыр. Солтүстігі Батыс Сібір жазықтығына, оңтүстігі
Балқаш көліне ұласады. Ені батыс бөлігінде 900 километр,
шығысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 километрге
жетеді. Сарыарқаға Қарағанды, Ақмола облыстарының жері

толықтай, Көкшетау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар
облыстарының біраз жері кіреді.
Сұлушоқы —Алтай тау жүйесіндегі тау аты.
Тарбағатай—Қазақстан мен Қытай Халық Респуб­лика­сы­

ның шекарасында орналасқан биік тау сілемдері, жота.
Теректі—Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданындағы
елді мекен, өзен атаулары.
Терісайырық—Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауда­

нындағы жер атауы. Бір географиялық объектіге қарама-қар­
сы, я болмаса арнасы айырылып, ағысын басқа жаққа өзгерт­
кен өзенді сипаттай қойылған атау.

ғылыми  қосымшалар
Ұзынбұлақ—Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауда­
нын­дағы жер атауы.
Шар—Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті, Жарма

аудандарының аумағы арқылы ағатын Ертіс алабындағы өзен.
Ұзындығы—259 километр. Шар өзені Сарыарқа мен Алтай
тауы­ның аралық шекарасын бөледі.
27-204*

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Абылқасымов Болатжан Шайзадаұлы (1950, Шығыс

Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы—2009,
Алматы қаласы)—фольклортанушы-ғалым, филология ғылы­
мы­ның докторы, профессор. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-
ды бітірген. 1973-1992 жылдары М.О.Әуезов атындағы

Әдебиет және өнер институтында аға лаборант, кіші ғылыми
қызметкер, ғалым-хатшы болып еңбек етті. 1992-2006
жылдары Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогика инсти­
тутында филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2006-2009
жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҰУ-інің профессо­
ры. Қазақ фольклорына арналған көпте­ген монографиялық
еңбектер мен зерттеулер авторы. Қабанбай батыр туралы ел

аузында сақталған тарихи жырларды жинап, жеке кітап етіп
шығарды.
Ахметов Ержан (1879, Шығыс Қазақстан обл., Тарбағатай
ауданы, Шілікті ауылы—1967, сонда)—халық ақыны, жыр­

шы, 1920-1956 жылдары Қытайдың Тарбағатай өңірінде
тұрып, туған жерге қайтып оралған соң ақындық, жыршылық
өнерін жалғастырып, ел аузындағы қисса-дастандар мен жыр,
аңыздарды жинаумен айналысады. Өз жанынан да қоғам, өмір

ағысы туралы өлең-толғаулар шығарып, «Мырзаш батыр» да­
станын жазады. Ақын батырлық жырлар мен ақындар айтыс­
тарын жинап, жұртшылыққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ер­
жан ақын жырлаған «Арқалық батыр», «Қабанбай батыр»,

«Бердіқожа батыр» тарихи жырлары, «Бақтияр», «Бозжігіт»
және т.б. көптеген дастандар, Әсет пен Ырысжанның айты­
сы көптеген жинақтарға еніп, ғылыми айналымға енгізілді.

ғылыми  қосымшалар
Е.Ахметов ел аузынан жинаған, жырлаған ауыз әдебиетінің
үлгілері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты­
ның қолжазба қорында сақтаулы.

Әділбекұлы Қыдырмолда (1901, Шығыс Қазақстан облы­
сы, Үржар ауданы, Жарбұлақ ауылында—1987, сонда)—халық
ақыны, жыршы. 1932-1956 жылдары Қытайда тұрып, елге
қайтып оралғаннан кейін ақындық өнерін жалғастырып, ел

аузындағы ауыз әдебиеті мұраларын жинаумен айналысады.
Қыдырмолданың айтып орындауындағы атақты ақын Әсет
Найманбайұлының бірнеше өлеңі мен «Қабанбай батыр» та­
рихи жыры грампластинкаға түсірілген. Ақын-жыршының

шығармалары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының қорында сақтаулы.
Жадайұлы Молдажан (1879, Ақмола облысы, бұрынғы
Еркіншілік

ауданы—1958,
сонда)—халық
ақыны.
Жас­

тайынан жоқшылық зардабын көп тартып, озбыр болыс­
тар мен байлардың әділетсіз іс-әрекеттеріне қарсы шығады.
Губернаторға тіл тигізгені үшін 1905-1906 жылдары Семей
губерниясының Зайсан уезінде айдауда болады. 1916 жылы ақ

патшаның маусым жарлығына наразылық білдіріп, Ереймен­
тау көтерілісіне қатысады. Кейін жаңа өмірді құруға атсалы­
сады. Жас күнінен ақындық талантымен көзге түсіп, көптеген
өлеңдер мен дастандар шығарады. Оның «Бөгенбай батыр»,

«Сабалақ», «Олжабай батыр» атты дастандары қазақ халқының
жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін жырлауға
арналған. «1916 жыл оқиғасы» атты поэмасында Ереймен­
тау өңірінде болған ұлт-азаттық туралы шынайы суреттеледі.

Ақынның «Ереймен тауы» және басқа өлең-жырлары туған
жерге сүйіспеншілік пен жаңа заман туралы жырлайды. Оның
шығармалары ОҒК қолжазба қорында сақтаулы.
Жақыпбаев Бозтай (1887-1970)—Павлодар облысында

туып-өскен. Көрнекті жазушыларымыздың бірі. Қазақ ССР
Ғы­лым академиясының Тіл және әдебиет институтында қыз­
мет істеген (1938-1950). Ол Сатыпалдының шығармалары мен
ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған.

Жылқыайдаров Иманжан (1882, Қарағанды облысы,
Ұлы­тау ауданы, Ұлытау кенті—1973, сонда)—халық ақыны.
Көрнекті жазушы Мұқан Иманжановтың әкесі. Көптеген
тарихи дастандар мен өлең-толғаулар авторы. 1959 жылы

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Жастарым, жайна» атты таңдамалы шығармалар жинағы
жарық көрген. 1947 жылы академик Ә.Марғұлан басқарған
тарихи-этнография­лық экспедицияға қатысып, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаған.

Кәрібаев Шаяхмет—Шығыс Қазақстан облысының Са­
мар ауданында туып өскен. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін
жинаушылардың бірі. Ол туралы басқа деректер жоқ.
Омарұлы Қайырбек—Шығыс Қазақстан облысының Күр­

шім ауданында туып-өскен. Ол туралы басқа өмірбаяндық де­
ректер жоқ.
Оспанов Қайырбай—Ақмола облысының Ерейментау ауда­
нының тұрғыны. Ол туралы басқа деректер жоқ.

Түсіпқан Мағзиұлы—1906 жылы Шығыс Қазақстан об­
лысы, Зайсан ауданы, Ақарал аулында туған. Ең әуелі діни
сауат ашып, одан соң Зайсандағы орталау мектепте оқыған.
1928  жылдарда колхоздастыру жұмысына араласады. Бі­

рақ би тұқымы ретінде 1930-1935 жылдары тәркіленіп, жер
ауда­рылады. 1936  жылы отбасымен бірге Қытай асып кетеді.
1955  жы­лы алғашқы көштің басын бастап, туған жеріне қай­
тып оралады.

Т. Мағзиұлы өмірдің қыры мен сырына әбден қанық, көп
тоқыған адам. Араб, парсы, түркі және орыс жазбаларын оқи
білген, шығыс елдері әдебиетінен хабары мол болған. Татар­
ша шыққан тәпсірлер бойынша Құран аяттарын мазмұндай

білген. Діни аңыз-дастандарды, Әсеттің «Ағаш ат» («Қызыл
табан Хасен»), «Шеризат» қиссаларын, Маусымбай жыраудың
«Майқы» шежіре-дастанын, өлеңмен жазылған найман, ке­
рей шежірелерін, «Ер Едіге», «Салиха-Сәмен», «Ер Тәуке»,

«Сәтбек батыр» жырларын жатқа айтқан. Абай, Шәкәрім,
Міржақып өлеңдерін ел арасына таратқан. «Қабанбай батыр»
қиссасын, «Мырзаш батыр» жырларын жырлаған, өр Алтайдың
ономастикалық аңызда­рын жинаған, найман шежіресінің

схемалық жүйесін жасаған. 1990  жылы Алматыда қайтыс
болған.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр

дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы

/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
/қ/—қытай

/к.с./—көнерген сөз
/к.т/—көне түркі

Пайдаланылған әдебиеттер 1.  Құрбанғали Халид. Тауарих Хамса. —Алматы, 1992. 2.  Қазақ тарихи жырларының мәселелері.—Алматы, 1979. 3.  З. Сәнік, Б. Садыхан. Қаракерей Қабанбай.—Алматы,

1991. 4.  Әлібек Т., Алпысбаева Қ., Әуесбаева П. Қазақ фольклоры

текстологиясының кейбір мәселелері.—Алматы, 2004. 5.  Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т. 1.—Алматы, 1961. 6.  История Киргизии. Т. 1. — Фрунзе, 1963. 7.  История казахской литературы. Т. 1.—Алма-Ата, 1968. 8.  Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-

кайсацких орд и степей.—Алматы, 1996. 9.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов. —

М., 1968.

10.  Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 11.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

12.  Қазақ тілінің сөздігі. —Алматы, 1999. 13.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 14.  Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. —М., 1970. 15.  Татарско-русский словарь.—М.: Советская энциклопе­

дия, 1966. 16. Турецко-русский словарь.—М.: Русский язык медиа, 2005. 17.  Ғабдуллина А. Қабанбай туралы тарихи жырлар мен

аңыздар. Филология ғылымдарының кандид. ғылыми дәреже­
сін алу үшін жазылған диссертация.—Алматы, 1995.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Минис­
терства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов стотомного свода казахского
фольклора «Бабалар сөзі», издаваемого в рамках Государствен­

ной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
Пятьдесять восьмой том этого свода включает тринадцать
исторических песен: «Бөгенбай батыр», «Бөгенбай батырдың
бірінші жорығы» («Первый поход батыра Богенбая»), «Кисса ер

Кабанбай» («Кисса о храбром Кабанбае»), «Қаракерей Қабанбай
батырдың әңгімесі» («Повествование о батыре Кабанбае из рода
Каракерей»), «Қабанбай туралы жыр» («Песня о Кабанбае»),
«Қабанбай батырдың қиссасы» («Кисса о батыре Кабанбае),

«Қабанбай батыр қиссасы» («Кисса, повествующая о батыре
Кабанбае»), «Қабанбай туралы жыр» («Песнь о Кабанбае»), «Ер
Қабанбай» («Храбрый Кабанбай»), «Ер Қабанбай» («Храбрый
Кабанбай»), «Қаракерей Қабанбай батыр» («Батыр Кабанбай

из рода Каракерей»), «Қубас ат» («Конь Кубас»), «Ақбас атан»
(«Белоголовый холощенный верблюд»).
Исторические песни «Богенбай батыр», «Первый поход ба­
тыра Богенбая» посвящены восхвалению подвигов легендар­

ного полководца, прославленного батыра эпохи правления
Абылай хана Богенбай батыра, снискавшего в свое время сре­
ди казахских воинов огромный авторитет и уважение, за что в
народе его прозвали «Қанжығалы Бөгенбай», т.е. «Богенбай из

рода Канжыгалы»
Среди произведений фольклора, включенных в данный том,
особое место занимают исторические песни о знаменитом баты­
ре Кабанбае.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кабанбай (Ерасыл) Кожагулулы—один из организаторов
национально-освободительной борьбы казахского народа с
джун­гарскими завоевателями в ХVІІІ веке, полководец. Вы­
шел из рода Каракерей, мощной ветви племени найман. О  том,

почему Ерасыла называли Кабанбаем, сложены легенды. С ма­­
лых лет Ерасыл рос сильным, смелым и принципиальным,
поэтому ровесники нарекли его Кабанбаем. С тринадцати лет
он был отважным бойцом, преследовал врагов и отомстил им.

И с тех пор находился в седле, всю свою жизнь посвятил борьбе
за независимость родного народа. В период столетней войны
казахов с джунгарами он со своим легендарным конем Кубасом
одерживал победы на полях сражений. Кабанбай батыр во главе

казахских войск освобождал от джунгарских завоевателей
южные и восточные регионы нашей страны. За этот героизм
и умелое руководство удостоился звания «Хан батыры»
(«Богатырь хана») и снискал уважение в народе как «Қаракерей

Қабанбай батыр» («Батыр Кабанбай из рода Каракерей»).
Почти во всех уголках нашей Родины ходят легенды и
народные предания о том, что Кабанбай батыр везде успел
побывать. Об этом свидетельствуют и исторические песни о нем.

В действительности, нет места в Сары-Арке, Алатау, Улытау,
Туркестане, восточных регионах Китая, где не ступали копыта
легендарного коня Кабанбая Кубаса. Поэтому из поколения
в поколение восхваляется героизм Кабанбая, и наш народ

продолжает хранить как святыню все, что связано с именем
знаменитого полководца, о чем свидетельствуют исторические
песни о нем.
В национальной фольклорической науке жанр историчес­

кой песни досконально не изучался. Многие из них в советский
период были объявлены антинародными и находились под
запретом. Среди них были предания, сказания и исторические
песни о выдающемся полководце Кабанбай батыре. В настоя­

щее время известны более двадцати исторических песен о нем,
большое количество преданий и легенд о походах и сражениях
батыра.
В 58-й том свода «Бабалар сөзі» включены исторические

песни «Қабанбай батыр қиссасы» в исполнении известного
сказителя Тусупхана Магзиева, «Қабанбай батыр туралы жыр»
в воспевании народного акына Кыдырмолды Адилбекова,

ғылыми  қосымшалар
песня «Ер Қабанбай», записанная в 1934 году членом Семей­
ской фольклорной экспедиции Сакеном Байырбековым, исто­
рическая песня «Ер Қабанбай», воспетая известным народным

акыном Ержаном Ахметовым, песня «Қисса Ер Қабанбай»,
опубликованная в Китае писателем Зейноллой Саником и другие
исторические песни, воспетые сказителями Кайырбеком Омар­
улы, Багыбаем Мергенбаевым и Маули Сагым­баевым.

Различны объемы текстов этих исторических песен. В
них события о Кабанбае развиваются вокруг трех крупных
столкновений: 1. Сражение Кабанбая в одной песне с кыр­
гызским, в другой—с калмыцким батыром; 2. Ссора Кабанбая

с родственником Даулетбаем; 3. Битва Кабанбая с повторно
нападавшим врагом. И во всех вариантах сохранена эта
композиционная общность.
Своеобразие исторического опыта народа, условия жизни

обусловили не только идейное содержание исторических песен
о Кабанбай батыре, но и самобытность их художественной
структуры, оригинальность поэтического звучания. Основная
сюжетная канва исторических песен о батыре Кабанбае —

борьба против джунгарского нашествия, отпор периодическим
вторжениям кыргызов в казахскую степь, сбор известных
казахских батыров под знаменами Кабанбая в трудное для
народа время, прозорливость великого мудреца Бухар жырау,

думавшего об единстве страны. В других исторических песнях
редки случаи такого объединения знатных людей. Это четко
обозначает, что в песнях о батыре Кабанбае всенародная борьба
против внешнего врага получила всеобщий характер.

Главная особенность этого тома—в него вошли исторические
песни о верных помощниках Кабанбай батыра — боевом коне
Кубасе и белоголовом холощенном верблюде Акбас атане,
которые были под стать хозяину и верно служили ему в трудных

походах. Эти песни публикуются впервые.
Том подготовлен в соответствии с принципами издания
серии «Бабалар сөзі», снабжен научными приложениями,
которые включают в себя: сведения о публикуемых текстах

и их вариантах; краткий историко-фольклористический и
текстологи­ческий анализ текстов; данные об исторических и
религиозных деятелях, имена которых встречаются в текстах;
словарь древнетюркских, арабских и персидских слов, терми­

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

нов и понятий, а также географических названий; данные о
племенах и родах, встречающихся в исторических песнях; све­
дения о сказителях, собирателях и публикаторах, список ис­
пользованный литературы; резюме на русском и английском

языках.
Все тексты, включенные в данный том, публикуются впер­
вые и подготовлены адекватно рукописным оригиналам.
Объем тома—27 п.л.

Summary The staff of the M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art contіnues the work on preparatіon and publіshіng of the volumes of the Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» іn the frame of the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). Volume fіfty eіght of thіs Collectіon іncludes thіrteen hіstorіcal songs: «Bogenbaі batyr», «Bogenbaі batyrdіn bіrіnshі zhorygy» («Fіrst trіp of Bogenbaі batyr»), «Kіssa er Kabanbaі» («Kіssa about brave Kabanbaі»), «Karakereі Kabanbaі batyrdіn angіmesі» («Story about Kabanbaі batyr from Kereі clan»), «Kabanbaі turalі zhyr» («Song about Kabanbaі»), «Kabanbaі batyrdіn kіssasі» («Kіssa about Kabanbaі»), «Er Kabanbaі» («Brave Kabanbaі»), «Kubas at» («Kubas horse»), «Akbas atan» («Whіte head camel»). Hіstorіcal songs «Bogenbaі batyr», «Bogenbaі batyrdіn bіrіnshі zhorygy» are devoted to the eulogy of the feats of the legendary commander, glorіfіed Bogenbaі batyr who lіved durіng the epoch when Abylaі-khan was the ruler, who had huge authorіty and respect among Kazakh soldіers and was named by people as «Kanzhіgalі Bogenbaі», і.e. «Bogenbaі from Kanzhіgalі clan». Among the folklore works іncluded іnto thіs volume, hіstorіcal songs about well-known batyr Kabanbaі are on a specіal place. Kabanbaі (Erasyl) Kozhagululy іs one of the organіzers of natіonal-lіberatіon struggle of Kazakh people agaіnst Zhungar conquerors іn ХVІІІ century and commander. He orіgіnates from Karakereі clan, a powerful branch of Naіman trіbe. There are many legends about why Erasyl was named Kabanbaі. Sіnce chіldhood Erasyl was a strong, courageous and self conscіous boy and therefore hіs frіends named hіm Kabanbaі. Sіnce thіrteen years he was a brave fіghter, who chased the enemіes and has

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР revenged them. Sіnce then he always was іn a saddle, he has devoted all hіs lіfe to the struggle for іndependence of natіve people. Durіng centenary war of Kazakh people wіth Zhungars he and hіs legendary horse Kubas has fought tіll vіctory on battle fіelds. Kabanbaі batyr leaded Kazakh armіes and released south east regіons of our country from Zhungar conquerors. For thіs heroіsm and skіlful management he was awarded a tіtle «Khan batyr»(«Bogatyr khan») and was respected іn people as «Karakereі Kabanbaі batyr» («Batyr Kabanbaі from clan Karakereі»). Almost іn all corners of our Motherland there are legends and folk storіes about Kabanbaі batyr who has vіsіted all places. Hіstorіcal songs also testіfy about thіs. Actually there іs no place іn Sary-Arka, Ala Tau, Ulytau, Turkestan, east regіons of Chіna where Kabanbaі batyr wіth hіs legendary horse Kubas dіdn’t come. Therefore heroіsm of Kabanbaі and our people was told from generatіon to generatіon as a relіc and everythіng that іs connected wіth the name of the well-known commander іn hіstorіcal songs whіch testіfy about thіs. Іn natіonal folklore scіence the genre of hіstorіcal song was not deeply studіed. Many of them durіng the Sovіet perіod have been declared as antіnatіonal and were prohіbіted. Among them there were legends, storіes and hіstorіcal songs about outstandіng commander Kabanbaі batyr. Now more than twenty hіstorіcal songs about hіm and many legends and storіes about campaіgns and battles of batyrs are known. Volume 58 of the Collectіon «Babalar sozі» іncludes hіstorіcal songs «Kabanbaі batyr kіssasі» performed by the well known storyteller Tusupkhan Magzіev, «Kabanbaі batyr turaly zhyr» іn performance of people’s akyn Kydyrmolda Adіlbekov, a song «Er Kabanbaі», wrіtten down іn 1934 by the member of Semeі folklore expedіtіon Saken Baіyrbekov, a hіstorіcal song «Er Kabanbaі», performed by the well known natіonal akyn Erzhan Akhmetov, a song «Kіssa Er Kabanbaі», publіshed іn Chіna by the wrіter Zeіnolla Sanіk and other hіstorіcal songs performed by storytellers Kayrbek Omaruly, Bagybaі Mergenbayev and Maulі Sagymbayev. Texts of these songs have varіous volumes. Events іn hіstorіcal songs about Kabanbaі develop around three large collіsіons: 1. Battle of Kabanbaі wіth Kіrghіz batyr іn one song, wіth Kalmyk batyr іn another song; 2. Quarrel of Kabanbaі wіth relatіve of

ғылыми  қосымшалар Dauletbaі; 3. Fіght of Kabanbaі wіth repeatedly attackіng enemy and іn all varіants thіs composіtіon unіty іs kept. Basіc plot of hіstorіcal songs about batyr Kabanbaі іs a struggle agaіnst Zhungar іnvasіons, repulse of perіodіc attacks of Kyrgyz people of Kazakh steppe, unіtіng of promіnent Kazakh batyrs under banners of Kabanbaі durіng dіffіcult tіme for the natіon, wіse of a great man Bukhar zhyrau who thought about the unіty of the country. Іn other hіstorіcal songs cases of such unіty of notable people are rarely met. Іt means that іn the songs about Kabanbaі batyr a natіonal struggle agaіnst the external enemy has receіved a general character. The maіn feature of thіs volume іs that іt іncludes hіstorіcal songs about true helpers of Kabanbaі batyr—horse Kubas and whіte-headed camel Akbas atan who were matchіng the owner. These songs are publіshed for the fіrst tіme. The volume іs prepared accordіng to the prіncіples of publіshіng of the serіes «Babalar sozі» and іs supplіed wіth scіentіfіc supplements. Scіentіfіc supplements іnclude data on publіshed texts and theіr varіants; short hіstorіcal-folklorіstіc and textual analyses; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures, dіctіonary of old Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms and concepts and geographіc names; data on clans and trіbes mentіoned іn hіstorіcal songs; data on storytellers, collectors and publіshers, lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh languages. Volume sіze —27 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Бөгенбай батыр ................................................................. 11 Бөгенбай батырдың бірінші жорығы (Молдажан Жадайұлы нұсқасы) ......................................139 Қисса ер Қабанбай (Алматы басылымы, 1991) ..................167 Қаракерей Қабанбай батырдың әңгімесі (Қайырбек Омарұлы нұсқасы) ..........................................195 Қабанбай туралы жыр (Бағыбай Мергенбаев нұсқасы) .......219 Қабанбай батырдың қиссасы (Шаяхмет Кәрібаев нұсқасы) ..........................................239 Қабанбай батыр қиссасы (Түсіпхан Мағзиев нұсқасы) .......256 Қабанбай туралы жыр (Қыдырмолда Әділбеков нұсқасы) ....................................289 Ер Қабанбай (Ержан Ахметов нұсқасы) ...........................308 Ер Қабанбай (Сәкен Байырбеков нұсқасы) .........................319 Қаракерей Қабанбай батыр (Мәули Сағым баев нұсқасы) ............................................341 Қубас ат ..........................................................................360 Ақбас атан .......................................................................373 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................383 Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер ..................................409 Сөздік ..............................................................................413 Жер-су атаулары ...............................................................414 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................418 Шартты қысқартулар ........................................................421 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................422 Резюме ............................................................................423 Summary ..........................................................................427

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 58 том ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э. Заманбек Компьютерге терген: М.М. Меңлібаева Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2457 Теруге 14.01.10 жіберілді. Басуға 29.02.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №204*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙