Мазмұнға өту
Home

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі

Ботагөз Уатқан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі

Авторы: Ботагөз Уатқан

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі УДК 323/324 ББК 66.3 (5 Қаз) Қ 18 Құрастырушылар: Составители: А. Əлхан, т.ғ.к. (к.и.н.) К.Н. Балтабаева, Б. Заут, Г.Ə. Омарова, Б. Уатқан Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген республикалық ғыл.-практ. конф. материалдары (Павлодар қ., 8 маусым 2012 ж.) = Вклад соотечественников в развитие казахстанского общества: Материалы республиканской науч.-практ. конф., посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Павлодар, 8 июня 2012 г.) / Жауапты ред. Т.А. Мамашев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 96 б. қазақша, орысша

ISBN 978-601-7023-49-2 Бұл ғылыми жинақта аталмыш конференцияға қатысушы ғалымдардың баяндамалары топтастырылған. В данный научный сборник включены доклады ученых вышеназванной конференции. ISBN 978-601-7023-49-2

УДК 323/324

ББК 66.3 (5 Қаз) © Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012 Қ 18

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ОҚЫРМАНҒА Шет елдердегі қандастарымызбен тығыз байланыс орната отырып, Қазақстан жəне одан сырт жерлерде тұрып жатқан қазақтардың экономикалық-əлеуметтік, мəдени, рухани, діни жəне өмірлік келелі мəселелерін шешуге жəрдемдесу мақсатында құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына биыл 20 жыл толып отыр. 2012 жылдың 8 маусымында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облысы Əкімі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынның қолдауымен Павлодар қаласында «Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» тақырыбында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай конференция өткізді. Іс-шараға Астана, Алматы, Петропавл жəне Павлодар қалаларынан мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар мен ұстаздар, сондай-ақ облыстың барлық он ауданынан жиналған оралмандар қатысты. Алдымен Павлодар облысының үлгісінде оралмандардың қоныс аударуы мен орналасуы жайында баяндайтын, Болат Зауттың табысты басқарып келе жатқан Қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалының «Құтты қоныс» деректі фильмін көпшілік тамашалай алды. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облыстық филиалының басқарма мүшесі, Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалының төрағасы Амантай Əлхан конференция жұмысын ашып, модератор ретінде жүргізді. Осы конференция жұмысына ерекше қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған азаматтарды атап айтсақ: «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Болат Аманбаев; Павлодар облысы əкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Бауыржан Ауталипұлы Капенов; Павлодар облысы Мəдениет басқармасының бастығы Қанат Сарсенұлы Каримов; Павлодар облысының Тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Кабжан Шорманұлы Еділбаев; жеке кəсіпкер Тоғтал Күнішай, Заут Нұрхамит, Сабит Есенбай, Хайса Мұхитжан жəне www.kayranelim.com сайтының əкімгері Əлбек Елубайұлы Аяғанов. Осы азаматтарға шексіз алғыс айтамыз. Павлодар облысы бойынша елдің, облысымыздың дамуына еңбегі

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі сіңген кейбір қандастарымыз жəне мемлекеттік мекеме басшыларын марапаттау рəсімі жүргізілді. Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін белгімен Əлхан Амантай, Заут Болат, Хандсурен Талғат марапатталды. Облыс əкімінің Құрмет грамотасы Жақсылық Мұхит, Бұрхан Шаяхмет, Қағибат Азамат, Сабит Есенбол, Ескермес Тұрдаханға тапсырылды. Облыс əкімінің алғыс хаты Апи Шамсия, Баймағамбетов Хайдар, Каримова Жанылай Ағабекқызына тапсырылды. Облыстық мəслихаттың Құрмет грамотасын Облыстық Мəслихаттың депутаты Нүкенов Қайрат Теміршотұлы, Əбу Тлеухан, Айдаубай Бөкенбай, Хырхынбай Жамал, Байдолда Маратқа тапсырды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының марапаттаулары: Ерлан Арын Мұхтарұлы – Павлодар облысының əкімі; Демеуов Бəкір Саматұлы – Облыстық қаржы басқармасының бастығы; Бексеиітова Бахыт Маханқызы – Облыстық білім беру басқармасының бастығы; Қанаева Рысты Мойылжанқызы – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиал директоры; Рахимов Ерсайын Жəкенұлы – Облыс бойынша бақылау жəне əлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директорына берілді. Республикалық Оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің марапаттаулары: Вербняк Александр Федорович – Екібастұз қаласының əкімі; Пішенбаев Нығман Құдайбергенұлы – Май ауданының əкімі; Искакова Бекзия Зейнуллақызы – Ақсу қаласының əкімінің орынбасары; Каримов Қанат Сарсенұлы – Облыстық мəдениет басқармасының бастығына берілді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының жылдығына орай жас ақындардың жыр мүшайрасы өтті. Жүлделі орынға ие болған ақындарға сыйлық тапсырылды. Олардың ішінде: Бас жүлде – Амантай Жарқынбек, «Тілім менің» атты өлеңі үшін, 1ші орын – Сахаба Тілеуберді, «Көш» атты өлеңі үшін, 2-ші орын – Сағидолда Қазбек, «Тəуелсіздік» атты өлеңі үшін, 3-ші орын – Қашым Қарлығаш, «Сенен ұқтым анажан» өлеңі үшін жəне Хонж Алпысбай «Қазақ болсаң» атты өлеңі үшін. Қазылар алқасының төрағасы Арман Ғани – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Ертіс дидары» газетінің бас редакторы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар облыстық филиалының жетекшісі, ақын. Ақындардың ұсынған өлеңдерін жан-жақты сараптап, əділ бағасын берген қазылар алқасының мүшелері: Ақын Алақанұлы – Қазақстан

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі жəне Моңғолия жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы; Мұхит Жақсылық облыстық көші-қон полиция басқармасының қызметкері, ақын; Əлхан Амантай – Республикалық оралмандардың «Асар» ҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының төрағасы, ақын; Шодыр Нұржайна – облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі, ақын. Конференция жайдарлы жағдайда өтті, соңынан жастардың қатысуымен Гала-концерт берілді. Жас дарындар бəйгесінің нəтижесі бойынша жеңімпаз атанғандар өз өлеңдерін көпшілікке оқыды. Конференциядан соң Қауымдастықтың талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Күлғазира Балтабаева ауылдық жерлердегі оралмандар отбасына сауалнама жүргізіп шықты. Болат Заут пен Амантай Əлха сынды азаматтар сапар кезінде көмек көрсетті. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылғаннан бері, Президентіміздің орасан зор еңбегінің нəтижесінде шетелдегі қазақтардың ұлт ретінде өсіп-өркендей беруіне Қазақстан тарапынан игі шаралар жасалынуда. Тəуелсіз Қазақстан – əлемдегі барлық қазақтың менің Отаным, атамекенім, жерім деп көңіл толтырып айтатын елі мен жері. Елбасының Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне арнап өткізілетін кіші құрылтайларға қолдау көрсетіп, көмек беретіндігі жайлы айтқан пікірін құрылтай делегаттары асқан ризашылықпен қабылдағаны белгілі. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы осы жобаның демеушісі болып отырған «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамына шексіз алғысын білдіреді. Халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер, басқа да мəдени іс-шаралар өткізілуіне, Қауымдастықтың шеттегі ағайындар арасында жыл сайын жүргізіп келе жатқан мəдени-танымдық іс-шараларына, əлем қазақтарының кіші құрылтайларына əрдайым қолдау білдіріп, демеушілік көрсетіп келе жатқан «Самұрық-Қазына» Ұлттық əлауқат қоры» Акционерлік қоғамы еліміздегі ең ірі мекеме ретінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауына орай жəне соңғы өткен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайындағы берген тапсырмасына байланысты, демеушілік міндеттерін бұлжытпай орындап келеді. ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Ерлан Мұхтарұлы Арын, Павлодар облысының əкімі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ Құрметті ағайын! Қадірменді жерлестер! Жас мемлекетіміз үшін биылғы жыл ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар аңсаған Тəуелсіздікке қол жеткізген ерекше жыл. Тағдырдың талқысымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарымыздың атамекенге ат басын бұрғанына жиырма жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында ат қазығын байлар атамекенге 300 мыңға жақын отбасы көшіп келді. Осылайша ел халқының саны 1 миллионнан астам қандастарымызбен толықты. Дүниежүзінде өз қандастарын еліне шақырып, қаржы бөлген үш-ақ мемлекеттің біріміз. Олар: Израиль, Германия жəне Қазақстан. Бұл ретте шетелден келуге ниетті қандастарымызды жаңа өндірісті өңірлер мен ауыл шаруашылығы саласына кеңінен тартудың жолдары сараланып, қаралады. Ол үшін шеттен келген мамандарды қажетіне байланысты орналастырып, қайта даярлау мен оқытуды қамтамасыз ету мəселесі оң шешілген. Елбасымыздың 2011 жылы 25 мамырда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде: «Барар жерің Балқан тау, ол да біздің барған тау» деген ғой бұрынғы өткен бабаларымыз. Қазақ ел болғалы басынан нелер кешпеді. Жағасынан алған жоңғармен алысты. Қапыда қалып «Ақтабан шұбырындыға» ұшырады. Отаршыл Ресей империясымен арпалысты. Оның орнын басқан Кеңестік тоталитарлық жүйенің соққысына ұшырап, аштықты басынан өткізді. Қысқасы «Мың өліп, мың тірілді»,– деп атап өткен болатын. Ұлы көш 1991 жылы басталған. 1993 жылы сырттан келген қандастарымызды қолдау мақсатында квота өмірге келді. Квота бойынша 2005-2008 жылдары 15 мың отбасы оралды. Бұдан да көп келер еді, алайда 16,5 млн. халқы бар еліміз жылына 20 мыңнан артық қандастарымызды қабылдай алмайды. Себебі оған қаражат, орнала-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі сатын орын дайындау қажет. Сол себепті, квота 20 мыңға ұлғайды. Енді халықтың көші-қоны туралы мəліметтерді сөйлетсек, биылғы қаңтар-мамыр айларында ғана Қазақстанға 155 460 адам көшіп келсе, осының 65,4 пайызы қандастарымыз. Мұның ішінде 11274-і ТМД елдерінен, 3132-сі басқа мемлекеттерден қоныс аударғандар. Елімізден кеткендер саны аталмыш уақыт аралығында 150243 адам болса, соның тек 5,2 пайызы ғана қазақтар, 69,1 орыстар, 7,7 украиндар, 5,6 немістер жəне 12,4 пайызы өзге ұлт өкілдері. Əлемнің 40қа тарта елінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Олар бес құрлыққа бөліне қоныстанған. Əсіресе, кəрі Еуропада қазақ диаспорасының үлкен тобы бар. Қазіргі алаңдатып отырған жағдай, мұндағы қазақтар арасында аға буын өкілдері азайған сайын, туған тілін білмейтіндер көбейе түсуде. Аға толқыннан кейінгілердің дені Түркияда ұзақ жылдар тұрғаннан кейін қазақшадан гөрі түрік тіліне бейімделіп кеткен. Жастар болса немісше, ағылшынша, французша, қай елде тұрса соның тілінде көбірек сөйлейді. Бұған алаңдаған араларындағы үлкендері өз тілі үшін күресуде. Осындайда еріксіз туған жерінде тұрып жатсада, қазақша сөйлеуден ат-тонын ала қашатын қандастарымызды көріп көңіліміз қалады. Жалпы еуропалық қазақтар дегеніміз кімдер? Бұлардың басым көпшілігі Кеңес үкіметі тарапынан жасалған қуғын-сүргіннен бас сауғалап Қытайға өткендердің ұрпақтары. Шетелге бет алғандардың алғашқы тобы көшпегенде, ақ пен қызыл айқасқан қырғындарға жəне кешегі Кеңестік қызыл саясаттың жаппай ұжымдастыру науқаны кезіндегі асыра сілтеушілікке ұшырап құрып кетер ме еді. Қайта, құдай сақтап бабаларымыз көрегендік танытып, шетел асты. Атақонысынан үдере көшуге өмірінде өз жерінен аттап шықпаған алаш жұртын тағдыр мəжбүрледі. 1950 жылдары бұлардың бір тобы Пəкістан жəне Үндістан арқылы Түркияға көшкен. Бауырлас түрік жері ғана жайлы қонысқа айналды. Кейін жұмыс іздеп, басқа да себептермен біразы ол жерден Еуропаға қоныс аударған. Қазір сол қазақтар өздерінің ана тілдерін, ұлттық қасиеттерін, мəдениетін, салт-дəстүрін сақтап қалу, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін 10 қазақ орталығын құрып, олардың айналасына топтасқан. Орталықтар өзара байланысын, жұмысын белгілі бір жүйеге келтіріп, үйлестіріп отыру мақсатында Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясы деген шағын ұйым құрған. Еуропа қоғамдастықтары алдына қойған аталған мақсатын жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар қолдануда. Ең бастыларының бірі жыл сайын кəрі құрлықтың қазақтар қоныс тепкен бір елінде өтетін «Еуропа Қазақтарының Кіші Құрылтайы» деген дəстүрлі Құрылтай.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Оған Еуропадағы қазақ диаспорасының жүздеген өкілдерімен қоса, Алматыдағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері, Қазақстанның үкімет адамдары, ғылым, əдебиет, өнер қайраткерлері, əн-би ансамбльдері, баспасөз қызметкерлері қатысады. Ресей Федерациясын 1 миллионға жуық қандастарымыз жайлаған. Өкінішке орай, олар да орыстанып кетудің аз-ақ алдында. Бесіктен белі шыққаннан бастап балабақшада, мектепте өзге тілді естіп өссе жас ұрпақ қайтпек. Кəрі Еуропадағыдай еркіндік мұнда байқалмайды. Мысалы, Қытайда Бейжіңнен тəулік бойы телеарналар мен радиодан қазақша хабар таратылады. Өзбекстан, Моңғолия, Иранда да осылай. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелге барған сапарларында қазақ диаспораларымен жиі кездесіп жүр. Елбасы алғашқы күннен бастап өз қандастарымызды Қазақстанға қоныс аударып, ел үшін еңбек етіп, ұрпағын өсіріп, қасиетті туған мекенде қанат жаюға шақырып келеді. Ертістің Павлодар өңірі де оралмандарды құшақ жая қарсы алды. Айталық, Павлодар облысына 1991жылдан 2012 жылдың 1 наурызына дейін 6960 оралман отбасы, отыз бір мыңға жуық адам қоныс аударып келген. Олардың 30712-сі Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. 30987 адамның 14873-і еңбек жасындағылар (48); 14875-і (48) 16 жасқа дейінгі балалар, 1239 (4 пайызы) зейнеткерлерді құрайды. Еңбек жасындағы оралмандардың 1785 (12) жоғары білімді, 1933 (13) кəсіби орта білімді, 6991 (470) орта білімді, 4165 (28 пайызы) бастауыш білімді; білім саласының қызметкерлері 898, медицина саласының мамандары 424, мəдениет саласының мамандары 122, ауыл шаруашылығы мамандарын 3670 адам құраса, 94569 адам басқадай мамандық иелері, ал 153 адамның еш мамандығы жоқ. Атамекенге келген шетел қазақтарының көші Қазақстанның күрделі демографиялық ахуалына оң əсерін тигізді. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болған ана тіліміздің де қолданыс аясының кеңейуіне қандастарымыз аз үлес қосқан жоқ. Тілі шыққан баладан бастап еңкейген қартқа дейін ана тілінің қасиет, құдіретін өз ортасында дəріптеп келеді. Басқаны айтпағанда, бір ғана Моңғолиядан келген 169 тілші республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі қазақ тілді БАҚтарда жемісті еңбек етуде. «Қазақстан-1» ұлттық арнасының тілшісі павлодарлық қандасымыз Айбек Қобдабай, «Маса.кz» сайтының бас редакторы Ардабек Салдатбай, «Абай.кz» порталының шеф редакторы Əбдіхалық Өміржан

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі солардың қатарында. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында Жарқынбек Амантай, Бақытбек Хамит, Ғабит Бөкенбай, Нұржайна Шодыр, Гүлжайна Түгелбай, Кəмесхан Махаббат, Сауырбай Бекболат, Қызырхан Шəкірт сынды тілшілеріміз жемісті еңбек етуде. Қазақтың бай салт-дəстүрі, əдет-ғұрпы мен ұлттық өнеріне де қандастарымыз зор үлес қоса отырып, оны өзіндік ерекшелік, бояу, нақыштағы төл туындыларымен кемелдендіріп байыта түсті. Қоғамның əр саласында жемісті еңбек етіп, ел алғысына бөленген қандастарымыз облысымызда жүздеп саналады. Солардың ішіндегі шоқтығы биік, еңбегі елеулі кейбіреулерінің атын атай кеткеніміз артық болмас. Белгілі ақын-жазушылар Алақан Ақын, Əміре Дөрбетхан, Жақсылық Мұхит, ғылым докторлары Аятхан Мағаш, Қаман Ұлықпан, ғылым кандидаттары Жанайхан Еркін, Қырқынбай Жамал, Көлпек Айнагүл, Азамат Тілеуберді, ұлағатты ұстаздар Қағибат Азамат, Ертісхан Өміргүл, Зəби Мəриям, Табарак Гулсін, танымал дəрігерлер – Айдаубай Бөкенбай, Қадыр Төлеген, Зарықхан Мұратбек, білікті инженерлер Əбу Тілеухан, Арғынбай Серік, өнер тарландары Жанайхан Еркін, Азамат Тілеуберді, Оралжан Шайзат, Бақдəулет Бақыт, Хансурен Талғат, кəсіпкерлер – Сəбит Есенбол, Шодыр Нұрқиса, Заут Нұрқамит, Сақатай Хошут, Қайса Мұхитжан, Санат Болатбек, Жұмабай Кəмелбай, Асен Жомарт, мемлекетті қызметкерлер – Ескермес Тұрдыақын, Амантай Докторхан, Қызыр Мұғыраж, Ақын Жоламан, Имантай Махамбет, Байлаубай Жəнібектер ел үшін игілікті іс тындыруда. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жəне республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалдары құрылған сəтінен бастап атамекеніне оралған қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеу барысында жылдар бойы кешенді шара, жүйелі жұмыстар ұйымдастырып, шетел қазақтарымен қарымқатынасты жаңа деңгейге көтеріп, нақты нəтижелерге қол жеткізді. Мəселен, көш, қандастарымыздың тыныс-тіршілігіне қатысты республикалық, облыстық деңгейде, аудан, қалааралық конференция, дөңгелек үстел, семинар, тренингтер өткізіліп, өзекті мəселелерді талқыға салып, сараптап, оны шешу жолдары мен ұсыныстарын билік, құзырлы мекемелерге уақтылы жеткізіп, мəселенің оң шешімін табуына өз қолғабыстарын тигізіп келеді. Қандастарымыздың мүддесі мен құқықтарын қорғау, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес түрлі жеңілдіктер алуына қатысты сан түрлі құжаттарына аударма жасау, рəсімдеу, Қазақстан қоғамының, елдің жағдайын таныстыру, халықтың тұрмыс

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі салтын, заң құқық, кəсіпкерлікті үйрету, тұрғын үй салу үшін қала аумағынан жер телімін алуына, жұмысқа орналасуына жəрдемдесу, қандастарымыздың ел өміріне қосып отырған сүбелі үлестерін жұртшылыққа насихаттап, өнер, талант иелері, дарынды жастарды қолдау тұрғысында ауқымды істер тындырылды, Тындырылған іс, атқарылған шаруа аз емес. Бүгін оның бəрін түгендеп шығу мүмкін емес. Осы орайда қоғамдық ұйымдар тарапынан атқарылған игілікті істерге жергілікті билік өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан, қала əкімдері, жекелеген азаматтар, кəсіпкерлер жан-жақты көмек, қолдау көрсетіп отырғандығын ерекше айта кеткіміз келеді. Облысымызға келген қандастарымыздың əрқайсысы бүгінгі күні Қазақстан қоғамынан өз орнын тауып, балаларын оқытып, жұмыс, кəсіптерін дөңгелентіп, тəуелсіз еліміздің өсіп өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, Қазақстан қоғамының қызығын да, қиыншылығын да күллі қазақстандықтармен бірге көріп жатқанына дəн риза. Елге оралған əр қазақтың рухани əкесі, қамқоршысы, əлемдегі күллі қазақтың үміті мен сенімі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында «Қазақстан – дүниедегі əр қазақтың қастерлі құбыласы! Қазақстан – əлемдегі барша қазақтың қастерлі қара шаңырағы! Алаштың айбыны, барша қазақтың ортақ Отаны – Тəуелсіз қазақ елі мəңгі жасасын!» деген еді. Қазағымыз рухты, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын ағайын! Назарларыңызға рахмет!

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Талғат Асылұлы Мамашев, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚТАРМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАС, АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖƏНЕ АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТУРАЛЫ

Құрметті ағайындар, қадірлі бауырлар! Бүгін Кереку өңірінде, Сарыарқаның төрінде, мынау тамаша ғимаратта облыс əкімінің қолдауымен осындай үлкен іс-шараның куəсі болып отырмыз. Еліміздің тəуелсіздігінің 20 жылдығын былтыр ғана атап өттік. 20 жыл тарихи кезеңде əрине, үлкен уақыт емес. Адам өмірінде 20 жыл тəй-тəй басқан баланың жетіліп қалған, аяғына тұрған кезеңі деп есептесек, біз сол кезеңде талай ғасырлар жүріп өтпеген белестерден өтіп, биіктерге жеттік. Əлем таныған, дүние жүзі мойындаған, дүниенің төрт бұрышындағы алып елдердің президенттерімен біздің Елбасымыз иық тіресіп тұрып, мəселелерді шешіп, Қазақстан деген елді, жерді əлемге танытып жүр. Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен осы ұланғайыр даланы кезінде қалай сақтап қалып, қазақ деген елді əлемге танытып, жеке мемлекет болсақ деп армандап жүрсе, сол арманға бүгінгі ұрпақ жетіп отыр, біз сондықтан да бақыттымыз ағайындар. (қол шапалақталды) Президент 1992 жылы Түркияға барған сапарында сол жердегі қандастармен кездесіп отырып, шеттегі қандастарды атамекенге келуге шақырған деп айтып жүр. Ол дұрыс емес. Қазақстан Республикасы өз Тəуелсіздігін 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жариялаған болса, осы жылдың 31-і күні, яғни екі аптадан кейін Елбасы Н. Назарбаев қазақ радиосы арқылы бірінші рет шеттегі қазақтарды шақырып сөз сөйлеген екен. Осылайша, егемендік жариялағанымызға екі-ақ апта өтісімен Президент бірден төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қазақтарды атажұртына шақырды. Ол

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі кезде жұмыс шаш етектен еді. Мемлекет құру керек, тəуелсіздікті бекемдеу керек, елдің экономикалық əл-ауқатын көтеру керек, елдегі көптеген күрделі мəселелерді шешуге қатысты қауырт жұмыстар барысында Президентіміз шеттегі қазақты атамекенге көшіру туралы шешім шығарған. Біз мұрағаттардан қарап, іздеп, осының бəрін анықтадық. Қауымдастықтың 20 жылдығына орай кітап дайындап жатырмыз. Сол кітапқа осы деректердің бəрі енгізілетін болады. Содан бері Ұлы көш 20 жыл бойы толастамай жалғасып келді. Бүгінгі сіздер сол заманның жемісі, сол жұмыстың нəтижесінің куəгерісіздер. (Қол шапалақталды) Жаңа ғана облыс əкімінің баяндамасында оралман ағайындардың облыс экономикасын дамытуға қосқан үлесі туралы толық айтылды. Олардың жеткен жетістіктері сөз болды. Құптарлық жағдай. Мен қысқаша ғана «оралман» деген кім деп айтатын болсам, біріншіден, сырттағы ағайын біздің Қазақстанның генофонды, алтын қоры. Егемендік алғаннан кейін бір миллионға жуық қазақ келді. Қазақстан қоғамына олардың бергенін ауыз толтырып айта аламыз. Олар алдымен, қазақтың санын көбейтті. Егемендік жариялаған кезде осындағы қазақтың саны 40 пайызға жетпейтін болса, бүгінде 65 пайыздан асып отыр. Қазақстанның экономикасының дамуына өз үлесін қосып жүрген ағайындар мыңдап саналады. Өнерге, ғылымға, əдебиетке қаншама тың күштер келіп қосылды. Оралмандар қазақтың бай салт-дəстүрін, тілін, дінін, əдет-ғұрпын сақтап əкелгендер, сонымен қатар еліміздің ұлттық өнеріне де өздерінің зор үлестерін қосты. Биыл күзде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығын атап өтеміз. Шетелдегі ағайындарды шақырып, осы жерге келген ағайындар, зиялы қауым өкілдерін шақырып, жалпы жұмысымызды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындаймыз. Соның ішінде 20 жылда үлкен тəжірибе жинақтадық, кемшін тұстарымызда көп болды, қиыншылықтар да бастан өтті, жетістіктеріміз де баршылық. Көші-қон барысында неше түрлінің бəрін көрдік. Оны сіздер де жақсы білесіздер. Оралмандардың арасында жыл сайын жер ауыстырып, квота алып, көші-қонды бизнеске айналдырғандар да болды. Оларға осы салаға жауапты адамдардың да көмектескенін білеміз. Кейбіреулер тоғыз-он балалы болып, артық квота алуды көздеді. Ал Қытайдан келген ағайындар жалған дипломмен келіп, алды сотталды. Қазір оралмандарға байланысты баспасөз беттерінде түрлі əңгіме жүр. Оның дені жаңсақ пікірлер. Біреулер: «Көш тоқтап қалды» деп, байбалам салуда. Бірақ, көш тоқтаған жоқ жəне тоқтамайды да. 2010 жылы Президент жарлығымен Еңбек жəне халықты əлеуметтік

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті таратылып, осы көшіқонның жұмысын жандандырады, бір арнаға түсіреді деп Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полиция комитетіне берілген болатын. Шынын айту керек, Көші-қон полиция комитеті жұмысты алға жылжыта алған жоқ. Енді тек ішкі жағдайға қарап, көші-қон жөнінде жаңа концепция жасап жатырмыз. Осы мемлекет жасап жатқан жаңа концепцияда көшіп келетіндерді енді тек солтүстік облыстарға, атап айтар болсақ Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарына қоныстандыру қарастырылып жатыр. Болашақта сол бағдарламамыз жүзеге асып, көш жаңа қарқынға ие болады деп сенеміз. Көші-қон – саясат. Оны дұрыс түсіну керек. Мемлекет қазақтарды көшіріп əкелмей тұрып, орналастыру мəселесін шешіп алуы керек. Осының бəрі үлкен жұмыс. Мемлекеттің басты саясаты – қазақтың санын көбейту. Бірақ, осыдан былай көшіп келген ағайынның қолына ақшаны ұстата салмай, осы қаражаттың бір бөлігін оларды ортаға кіріктіруге, оқытуға, бейімдеуге жұмсау қажет. «Нұрлы көш» бағдарламасының екінші кезеңі жасалып жатыр. Оны дұрыс түсіну керек. Сондықтан, шеттегі қандастарымыз хабарласса барлығына сəлем айтыңыздар, көш тоқтамайды. Қауымдастық жыл сайын дəстүрлі кіші құрылтайды Еуропа елдерінде өткізіп келеді. Сондағы ағайындармен қауышып, еліміздің тыныс-тіршілігін толық түсіндірудеміз. Біз осы жұмысты ары қарай жалғастыра береміз. Ал енді, сөз соныңда осы үлкен іс-шараны ұйымдастырған облыс əкімшілігіне алғысымды айтамын. Қоныстанған ағайындарға оң көзбен қарап, əкімшілік, басқарма басшылары қолдан келген көмегін жасап жатса онан артық қолдау бола ма?! Өте тамаша конференция өтіп жатыр, Болат пен Амантай ары қарай жұмысын жандандыра берсін, жалғастыра берсін. Бұл осы мақсатта өтіп жатқан республика бойынша бірінші шара. Енді басқа өңірлерде де осындай шаралар өткіземіз. Бұл ағайындардың көңілін көтеріп, бір марқайтып қойсақ деген мақсат. «Біріңе қазақ бірің дос, болмасаң істің бəрі бос» - деп Абай атамыз айтқандай бірлік, ынтымағымыз жараса берсін! Тəуелсіздігіміз мəңгі болсын, аман болыңдар ағайындар!

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Бодаухан Қайрат, Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты РЕСПУБЛИКАДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІ ТУРАЛЫ Тəуелсіздік жылдарында республика аумағына миллионнан астам ағайындар қоныс аударды. Бұл тəуелсіз елдің ұлы жеңісі, қазақ халқына тағдыр сыйлаған жемісі. Сан ғасырлар ата-баба аңсаған осы жеңіс пен жеміс еншісіне тиген бүгінгі ұрпақ ең бақытты. Атамекенге қоныс аударған ағайынның барлығы жаңа ортаға қалыптасып, қоғамның сан саласына қызмет етіп, ұрпағын өсіріп, ел игілігіне араласуда. Қоныс аударғандардың 54 пайызға жуығы еңбек жасындағылар, 26,5 пайызы балалар мен жасөспірімдер, небəрі 4,5 пайызы ғана зейнет жасындағылар. Осы деректерден-ақ, оралмандардың Қазақстан қоғамына қандай үлес қосып отырғанына нақтылы баға беруге болар. Моңғолиядан бастау алған алғашқы ұлы көш 1991 жылдың наурызында ел аумағына «еңбек шарты» бойынша ұйымдастырылды. Ол кезеңде тəуелсіздік жарияланып та үлгірмеген, көшті ұйымдастырып, реттеудің құқықтық тетіктері жасалмаған болатын. Бастапқыда кеңестік жүйенің тетіктері мен инфрақұрылымдары (колхоз, совхоздар, мемлекеттік кəсіпорындар мен шаруашылық субъектілері) ыдырамаған кезеңнің өзінде 13188 жанұя (61609 адам) қоныс аударуы шеттегі ағайынның атамекенге деген ыстық ықыласы мен ынтасының куəсі. Олар келген соң қаншама құқықтық, əлеуметтік қиыншылықтарды бастан кешірді. Ешбір құжаттары болмады. Соңы 11-12 жылдан кейін ғана Қазақстан азаматы атануға мүмкіндік алды. Сол кезеңде іске асырылған жекешелендіру үдерісіне де қатыса алмады. Қазақстан азаматы атанбауы оларды моральдық, психологиялық тұрғыдан «өз елінде жат» атандырып, жергілікті халықтың алдында төменгі деңгейдегі адамдар санатында қабылдайтын көзқарастар қалыптаса бастады. Бірақ, қарапайым халық оларға жанашырлықпен қарап, жатсынбауына, ортаға қалыптасуына үлкен ықпал етті. Өйткені, олар шын мəнісінде иесіз қалған əлеуметтік топ ретінде айқындалды.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Бұл үрдіс барлық жерлерде етек алғанымен, жекелеген шаруашылықтар мен аудан, кəсіпорын басшыларының арасында нағыз «азаматтық» танытқандары да болды. Тіпті, оларды «алыстан келген ағайын» деп ерекше қамқорлыққа алып, қолдады. Сол кезеңде ауылдардан өз тарихи отандарына қоныс аударған басқа ұлт өкілдерінің (орыс, неміс, еврей, т.б.) баспаналарын алып, орналасуына мүмкіндік жасалды. 1993 жылы қабылданған «Көшіп келу туралы» ҚР Заңы өте үлкен роль атқарып, квота жүйесі қалыптасып, баспанамен қамтамасыз ету, мал, мүлік беру, ауылдық жерлерде шаруашылықпен айналысуға жер телімдерін үлестіру тетіктері қалыптасты. Алайда, бұл Заңның да орындалуы жергілікті чиновниктердің ынта ниетіне тікелей байланысты болып қала берді.

1991-2003 жж. басқа мемлекеттерден квота бойынша жəне квотадан тыс қоныс аударған қазақтардың саны туралы мəліметтер* Кесте 1 Жылдар Квота (жанұя саны) Нақтылы келгендер (саны) Түсініктеме Келген жанұялардың квотаға қатынасы жанұя адам 10 000 9 441 45 632 Еңбек мин. Көші-қон деп, мəліметтері бойынша 94,4 7 000 4 472 19 216 Еңбек мин. Көші-қон деп, мəліметтері бойынша 63,9 5 000 3 631 14 462 Еңбек мин. Көші-қон деп, мəліметтері бойынша 72,6 4 000 4 636 17 025 Ф17-П бойынша 115,9 2 180 2 528 9 026 Ф17-П бойынша 116,0 3 000 3 776 12 978 Ф17-П бойынша 125,9 Облыстық мəліметтер бойынша 533,6 12686 Облыстық мəліметтер бойынша 1098,0 28726 Облыстық мəліметтер бойынша 1517,5 10337 34625 Облыстық мəліметтер бойынша 389,3 16026 42327 Облыстық мəліметтер бойынша 320,5 Барлығы: 40 435 72 110 246 435

178,3 Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 1991-92 жж. еңбек шарты бойынша келгендер 13188 61609 Еңбек мин. Көші-қон деп, мəліметтері бойынша Барлығы (13 жылда келгендер) 85 298 308 044 Оның ішінде оралмандар. 79285 жанұя (307410 адам) Оның ішінде, 13 жылда квотамен жəне еңбек шарты бойынша келгендер 40 093 177504 40093 жанұя (177504 адам) Квотадан тыс өз бетімен келгендер 45 205 130 540 39192 жанұя ( 130540 адам)

  • Дереккөз: ҚР Көші-қон жəне демография Агенттігінің деректері бойынша Оралмандардың мекен-жайын ауыстыру себептері, % Ауа-райы сəйкессіздігі 18,3 Жұмыссыздық 26,2 Баспанасыздық 14,6 Жергілікті халықпен ұғыса алмау 2,4 Ағайындар, туыстарға жақын болу үшін 26,2 Басқа себептер 12,2 ( БҰҰ Даму бағдарламасы зерттеулерінен) Зерттеулер көрсеткендей бастапқы мекен-жайын ауыстыруға басты себеп 52,4 пайызы жұмыссыздық пен ағайын-туыстарға жақын болуды көрсеткен. Демек, көші-қонды ұйымдастыру стихиялы түрде жүргізіліп, ағайындардың белгіленген мекен-жайға тұрақтануын қамтамасыз ететін құқықтық, əлеуметтік тетіктері жасалмаған. Ал, қоныс аударушылардың жергілікті халықпен байланысы олардың жаңа ортаға моральдық, психологиялық тұрғыдан бейімделуіндегі басты фактор екенін ескерсек, бұл тұрғыда ешбір теріс көзқарас жоқтығы байқалады. Яғни, шеттегі ағайынның қазақстандық қоғамға тез сіңісіп кетуіне жергілікті халықтың оң ықпалы жоғары болып отыр. Ендеше, 20 жылдан астам уақыт аралығында көші-қон үрдісі неге үлкен мəселелер қатарына қойылып, үнемі дау-дамай толастамай жататынын қорытындыласақ: 1. Көші-қонның идеологиялық негізі қалыптаспады. Шеттегі ағайынның келуі мемлекеттің ең басты стратегиялық саясаты, идеологиясы дегенді ашық айту керек. Кімнен қорқамыз! Ұлан байтақ жер-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ге кім ие болуы керек, Отанды кім қорғап, материалдық игіліктерді кім жасау керек екені əркімге түсінікті емес пе?! Сол үшін Елбасы халықтың санын 2015 жылы 20 миллионға жеткізуді тапсырды. Қазекем «Елге ел қосылса құт» деп бекер айтпаса керек-ті. Шартараптан қазақ жеріне ағылған ағайын басынан қилы-қилы тағдыр кешіп, тəуелсіздікке жаңа ғана қадам басқан қазақ қоғамына құйылған тұнық бастау, тың күш десек артық айтқандық болмас, сірə. Қоғамның баға жетпес байлығы – адам. Бұл əлімсақтан дəлелденген шындық. Қазақстан Республикасының Ата Заңында да дəл осылай делінген. Шыр етіп дүниеге келген сəбиді өсіріп, ержеткізіп, оқытып, жетілдіріп, қоғамға пайдасы тиетін жеке адам етіп қалыптастыру үшін ерен еңбек, қыруар қаражат жұмсалады. Қандастарымыз Қазақстан қоғамына келген дайын адам капиталы болатын. Мəселен, Қазақстан Республикасына шет елдерден көшіп келген қандастарымыздың ішінде 70-тен астам ғылым докторлары, 250 ғылым кандидаттары бар екен. Қандастарымыздың 40 мыңнан астамы – жоғары білімді, 93600 адам – арнаулы орта білімді, 230 мыңдайы – орта білімді. Қазақстанға тұрақты мекендеуге келген қандастарымыздың көпшілігі ауыл шаруашылығы қызметкерлері, олардың саны – 86031 адам, білім беру қызметкерлері – 16997, дəрігерлер – 9407, мемлекеттік қызметкерлер –1034, кəсіпкерлер – 11203, басқа мамандық өкілдерін – 221670 адам құрайды. Көші-қон идеологиясы қазақ мемлекетінің ұлттық идеологиясының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасуы маңызды болатын. Бастапқыда «еңбек шарты» негізінде басталған көш, квота жүйесімен жалғасып, бұл іс үлкен «науқаншылдық» сипат алды. Себебі, шеттегі қазақтың атамекенге, елге деген шексіз ынтасын мемлекет Қазақстанның демографиялық, геосаяси, стратегиялық бағыттарымен ұштастырып, жүйелі ұйымдастырудың бағдарламасын жасамады. Бұл негізінен мемлекеттің стратегиялық жүйелі тұжырымдамасы болуы керек еді. 2. Ұйымдастырудың құқықтық негізін нақтылы жасау керек еді. Бұл көші-қон саласындағы жіберілген олқылықтардың бірі. Бастапқыда қабылданған «Көшіп келу туралы» ҚР Заңы біршама бағыттарды қамтығанмен уақыт талабына сай бола алмады. Негізінен «Шеттегі ағайындардың келуі туралы» ҚР Заңы қабылдануы керек еді. Өйткені, сол кезде өз қандастарын атамекенге оралтуды қолға алған əлемдегі 3 мемлекеттің бірі ретінде өзіндік жол, бағыт қалыптасып, дамуы маңызды болатын. 1997 жылы қабылданған «Халықтың көшіқоны туралы» ҚР Заңы жалпы мəселелерді айтудан аспады, этникалық көші-қонды үйлестіру туралы арнайы тарау іс жүзінде орындалмады.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 3. Ұйымдастыру, үйлестіру жəне басқару жүйесі: Көш басталған алғашқы кезеңнен бастап-ақ бұл ауқымды істің тізгіні болмады. Бастапқыда əр аудан, колхоз, совхоздар қалай қаласа солай ұйымдастырып, реттесе Заң бойынша құрылған Көші-қон жəне демография агенттігі «Біз ағайындарды көшіріп əкеліп, барлығын жайғастырып, қатырып жатырмыз..» деген науқаншылдық деңгейде ғана қызмет атқарғандықтан, стихиялық сипаттан шыға алмады. Осы кезеңнен бастап көші-қон тек бір мекеменің ғана мойнындағы іс-қызмет деген түсінік қалыптасып, жетім баланың күйін кешті. Ал, əр индивидтің тұрған мемлекетінен шығуы, Қазақстан шекарасын аттауы, белгілі мекенге жетуі, орналасуы, құжаттануы, əлеуметтік, құқықтық, жеке басқа байланысты т.б. сан-cалалы проблемалары əр мекемемен, келген ортасымен, жекелеген адамдардың қарымқатынасымен тікелей байланысты болатыны ешбір ескерілмеді. Ағайын арасында əуре сарсаңға түсу, адасу, өкпе-наз көбейсе, бір жағында «екі жеп биге шығу» сияқты көріністер бой көрсете бастады. Көші-қонның құқықтық жəне басқару жүйесіндегі əлсіздігі əкімгерлік, қағазбастылық, көзбояушылық сипаттарды орнықтырып, жемқорлықтың мықтап дамуына жол ашып берді. 4. Саяси немесе мақсатты бағыттағы қарсы көзқарастар: Қазақ мемлекеті əр қазақтың «қастерлі құбыласы, көзінің қарашығы». Ал, көштің етек алып, «ой-бауырымдап» ағайынмен қауышуы қай дұшпанға жағар дейсің! «Елге ел қосылса құт» деп Елбасымыз айтқандай кімге қазақ елінің құтқа айналуы ұнайды! Əр қимылды іштей аңдыған белгілі топқа қазақтың берекесін, бейбіт өмірін бұзуға əрқашан жол ашып беретін өзіміз! БАҚ-ның бірі «Оу, шүйінші ағайын келді!» деп жар салып жатса, басқарушы орган өзінің кереметін көрсетуге асығып «маңызды ақпармен» айналысып кетеді, екінші БАҚ «ағайын қаңғып қалыпты», «Үкімет немесе əкім бермей қойыпты», т.с.с. ағайынның «жанашыры» болып əуре, ал, үшінші БАҚ «Оралман алып кетіпті», «қашып кетіпті», «ұрлапты», т.с.с. ақпарларды тарата берді! «Новое поколение» (НП) газетінің 2012 жылғы 5 маусымдағы санында жарияланған «Жақын шетелдердегі отандастар – Россия үшін орасан зор əлеует» (Соотечественники из ближнего зарубежья – колосальный потенциал для России) атты мақалада ТМД істері бойынша Федеральдық агенттік басшысының орынбасары Георгий Мурадов – жақын шетелдердегі басқа ұлттардың өзін Ресей мақсатына пайдалану керектігін, орыс тілінің маңыздылығын арттырып, жастарды сол тілге бағыттауға іс əрекет жасалатынын

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі жайып салған. Сұхбат Қазақстандық басылымға жарияланып, сіз бен бізге ашық ескертіп отыр. Ал, бұл бер жағы ғана. Сол Ресей өзіне дайын адами капиталды тарту үшін «Отандастар» бағдарламасын жасап, бұрыңғы Кеңес Үкіметінің құрамындағы мемлекеттерден ұлтына, нəсіліне қарамастан Ресейге шақырып отыр. Олар Ресейге ниетін, жүрегін бере ме? Сонда тұрақты қала ма? дегенді де есептеп отыр. Бірақ, Ресей ертеңін бүгін ойлап жанталасуда. Ниеті белгілі. Ал, біз еліме, Отаныма келейін, Отан үшін қызмет істеп, тілімді, дəстүрімді сақтайын, ұрпағым қазақ болып қалсын, сонда өлейін деген ағайынды кеудеден итеріп, ат қойып, айдар тағып, тіпті «қажетсіздер» қатарына қостық. Қандай масқара! 5. Көші-қонның басты объектісі кімдер еді Шын мəнісінде, шеттегі ағайын тайлы-тұяғымен шұбырып келгенде Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды емес пе! Бірақ, оларда қазақ елінен «аламын» емес, «беремін» деген ниетінің басты орында тұруы ешбір күдіксіз жіберген мекенге барып орналасуына жол ашты емес пе!! Өйткені, олар азат елге шаңырағын, ұрпағын жеткізу бақыты бұйырған ұрпақ! Тəңірдің бұл сыйынан артық оларға не керек еді! Шет елде кім «қазақ екенсің» деп маңдайынан сипап, басына сарай, бауырына қазан салып беріп еді! Қайтсем тілім, ділім, дəстүрім, рухым сақталар екен деп, сол үшін бəріне де төзіп, тіпті сол титулдық ұлттан жан-жақты жоғары тұру арқылы ғана олармен дастархандас болу мəртебесіне ие болып жүрген жоқ па еді! Ал, материалдық игіліктің аса маңыздылығы болмады. Міне, шеттегі қазақтың болмыс, бітімі меніңше осылай еді! Келген ағайынның 54 пайызы еңбек жасындағылар, 26 пайызы жасөсіпірімдер, балалар, небəрі 4,5 пайызы ғана зейнеткерлер. Ендеше елге кімдер келіп жатыр? Шеттен келген ағайын дайын адами ресурстар. Оларға мемлекет ешбір материалдық жəне моральдық тұрғыдан шығындалған жоқ. Қайта олар елге бар білімін, болмысын рухани күшін алып келді. Осында ұрпағын өсіріп, қазақ елінің тəуелсіздігі үшін, көркеюі үшін қызмет жасайды. 6. Қазіргі жағдай Көші-қон саласындағы қордаланған күрделі жағдай көштің тоқырауына əкелді. Өткен жылы қабылданған Заң тармақтары қалыптасқан жағдайды жүйелі шешуге қауқарсыз болды. Əлемді қамтыған экономикалық дағдарыс та өз ықпалын тигізбей қоймады. Ал, басқару жүйесі өзгеріп көш тізгіні ІІМ қарамағына берілуі проблеманы онан əрі ұлғайтты. Себебі, бірден-бір əлеуметтік орган Еңбек

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі министрлігінің өзі көші-қон мəселесін 20 жыл бойы қосалқы бөлшек ретінде қарағандықтан тығырыққа тірелумен болды. Екі жыл бұрын «алақайлап» қабылданған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы да діттегендей болмады. Бағдарламаның жалпы бағыты, идеясы дұрыс. Бірақ, бұл өте асығыс қабылданды жəне оны жүзеге асырудағы «пилоттық» жобаларға дұрыс баға берілмеді. Істі қолға алған бұрынғы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев қызметтен ауысқан соң «жетім» бола қалды! Бастапқы кезеңдерді жүзеге асыру барысында қорытынды жасап, олқылықтарды саралап, бір жолға салуға болар еді ғой! Іске асыру тетіктері де жасалған болатын.

Халықта «балық емес, қармақ бер» деген жақсы сөз бар. Келген ағайынға берілген квота ештеңе емес! Ол, босқа төленген қаржы. Оның жарымы сан түрлі құжат жинауға, қағазбастылыққа, арлы-бері жүгіріп шығындалуға, бір бөлігі «параға» кетеді. Ал, құрамында 5 адамы бар жанұяның алатыны 600-700 мың ғана теңге. Ал, қолына тиетіні ше? Онымен қалай баспана алмақ, қалай орналаспақ! Ал, сырт көзге «оралманға үйіп-төгіп» беріп жатқан көрініс! Республика аумағына 1991-2011 жылдарда 225028 отбасы немесе 871282 адам ( Көші-қон комитетінің деректері) қоныс аударған, жемқорлық етек алып, басқару жүйесіндегі олқылықтар етек алған 2009 жылы квота 20000 отбасы болса, келген отбасы 15534 (77,0), 2010 жылы квота 20000 отбасы болса, келген отбасы саны 8917 (44,5) 2011 жылы квота 20000 отбасы болса, келген отбасы саны 7755-ке (35,2 пайызға) дейін төмендеген. Мұның түрлі объективтік, субъективтік себептері бар. Өкінішке орай, осы себептерді айқындап, талдап баға беретін, нақтылы бағыттарын тұжырымдайтын Көші-қон комитеті немен айналысты! Ал, көш тағдырын ІІМ беру мүлде қателік. Егер Заң орындалмаса, əлеуметтік тағдыры дұрыс шешілмесе, ие болып басқаратын мемлекеттік тетік дұрыс жұмыс атқармаса «тəртіп» ешбір роль атқармайды. Біз құқықтық, демократиялық мемлекетпіз. Қайта, мəселені күрделендіріп, үлкен əлеуметтік, тіпті саяси кикілжіңге де апарады. Мұны да бастан өткердік ғой. Ұсыныс Қазақ көшінің идеологиялық тетігі жасалуы керек: Бұл тұрғыда, «шеттегі қазақтың мемлекет үшін қажеті бар ма?» деген сұраққа жауап беретін уақыт келді. Егер мемлекет үшін (демографиялық, саяси, экономикалық, рухани, маңызды болса ең алдымен «олар кімдер»? дегенге баға беру керек сияқты. Əсіресе, ақпараттық жүйенің қарыштап,

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі түрлі саладағы жарнамалардың, саяси ойындардың күшеюі, шеттегі қазақ пен қазақ еліндегі қазақтың ара жігін аша түсуде. Сондықтан, арнайы бағытта ақпараттық, танымдық-идеологиялық шараларды ұйымдастырып (арнайы телеарналар ашу, арнайы жобалар ұйымдастыру арқылы шеттегі ағайынның тыныс-тіршілігі туралы қоғамға таныстыру, келген оралманның жетістіктерін, игі істерін, келген ағайынға ыстық ықылас танытқан басшыларды, жеке азаматтарды, мекемелер, тіпті облыс, аудан, қалалар туралы тұрақты беріп отыру), келіп орналасқан ағайынның Отанға, жалпы Қазақстан халқына деген сүйіспеншілігін арттыратын ақпараттарды көбейту. Бұл тек оралманның емес қазақ халқының қаншама қырларын ашар еді. Оралманға берілетін баға, көзқарас түбегейлі өзгеруі керек. Қазақ елі үшін олар дайын капитал! Оралман мəселесін жалпы қазақ мəселесінен бөліп қарамау: Бөліп қарау келген ағайынның жаңа ортаға бейімделуіне, сіңісуіне оң ықпал бермейді. Оралман мəртебесі белгілі бір құқықтық əлеуметтік мəселелерін шешуге бағытталған уақытша тетік ретінде насихатталуы керек. Құқықтық жүйе: «Қазақтарды Қазақстанға əкелу туралы», немесе «Этникалық қазақтарды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданса. Ол Заң шығатын мемлекетінен бастап, Елге келуі, орналасуы, əлеуметтік, құқықтық бейімделуі, мемлекет тарапынан белгіленген нақтылы көмектер, субсидиялар, жеңілдіктермен қатар ағайынның да мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершіліктері, яғни, Заңдарын сақтау, елдің бірлігіне, экономикасына, ішкі тұрақтылыққа жауапкершілігі тайға таңба басқандай ашық, анық болса. «Халықтың көші-қоны туралы» қазіргі Заң бір кітап! Тіпті оны көші-қон маманы, қарапайым заңгер де түсінуі қиын! Басқару жүйесі: 20 жыл ішінде біршама тəжірибелер жинақталды. Бірақ, көші-қонды ұйымдастыру, басқару органы жеке қалыптасуы керек. Кедендік одақ, Еуразиялық одақ идеялары шарықтаған кезеңде сыртқы жəне ішкі көші-қон мəселесі де күрделене түспек. Елбасының 2015 жылы халық санын 20,0 млн-ға жеткізу керек деген тапсырмасы жай сөз емес, үлкен стратегия. Демек, демографиялық мəселелерді шешу, келген ағайынды қажет деп танылған аумақтарға, елді мекендерге, шекаралық аймақтарға орналастыру, ішкі көші-қонға да осы тетіктерді қолдану арқылы халықтың стихиялық қозғалысын реттеу арнайы органның басты бағыттары болуы керек. Кезінде осы бағытта құрылған Көші-қон жəне демография Агенттігі сенімді ақтамады. Енді сол қателіктерге талдау жасап, мəртебесі

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі де жауапкершілігі де жоғары арнайы орган құру талабы туындап отырған сияқты. Əлеуметтік кепілдік: Мемлекеттен тегін қаржы беру, нарықтық қатынаста дұрыс тəсіл емес. Қайта, олардың мүмкіншіліктерін өздеріне, мемлекет игілігіне жұмсау анағұрлым маңызды. Ол үшін, оларға баспана салуына, шаруашылықтар ұйымдастыруына, кəсіппен айналысуына жол ашып бастапқы 2-3 жылға пайызсыз, онан кейінгі кезеңдерде белгілі пайызбен қайтарымды несие беру жүйесін қалыптастыру! Бұл ағайынның мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттырумен қатар, оның бір мекенге тұрақтануына ықпал етіп, мемлекеттік жаңа инфрақұрылымдар, зауыт, фабрикалар, аурухана, мектеп, балабақша, рухани бағыттағы жаңа жүйелердің қалыптасуына жол ашады. Ұлан байтақ территориямыздың əр түкпірінен жаңа тыныс, тіршілік көздері ашылады.....Керегеміз кеңейіп, санымыз артып, демографиялық серпілістерге жетеміз. Елбасының арманы, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты осы емес пе! Шеттегі қазақ мəселесі: Шеттегі қазақтың барлығын Қазақстанға əкелеміз десек – утопияға айналатыны сөзсіз. Бірақ, олар əлемнің қай түкпірінде жүрсе де қазақ елінің бір бөлшегі, үзілмес тамыры. Оларды зерттеу, қолдау елдің, Отанның жетістігімен ақпараттандыру, тілін, салт дəстүрін, рухани қазынасын сақтауға, дамытуға ықпал ету Қазақстан мемлекетінің борышы! Арнайы құрылған органның басты лауазымдық міндетінің бірі – осы болуы тиіс. Қоғамдық күштер əсерін пайдалану: 20 жыл уақытта келген ағайынның елдің саяси, қоғамдық, рухани, экономикалық өміріне етене араласып, ел игілігіне қызмет жасап отырғанын белгіледік. Олардың арасынан да əртүрлі саяси, қоғамдық белсенді топтар шыға бастады. Ол болуға тиісті үрдіс. Алайда, олардың бағыты, көзқарас, ұстанымдары мемлекеттік саясатпен ұштасып жатады. Өйткені, көбісі ағайындардың бейімделуіне, ортаға сіңісуіне ықпал ету, мемлекеттік саясатты насихаттау бағытында жұмыстар атқаруда. Əсіресе, шеттегі ағайынды ұйымдасқан түрде көшіріп əкелу, құжаттануына, ортаға бейімделуіне ықпал етуге пайдалану керек. Мұндай істер Германия, Израиль мемлекеттерінде жолға қойылған. Сондықтан, осы ұйымдардың да іс қызметіне талдау жасап, баға беріп, жетістіктерін насихаттап, кемшін тұстарын тезге салып бағыт беру керек. Олардың да күшін мақсатты бағыттарға жұмсау маңызды. Себебі, оралманның проблемасын шоқпар етіп, саяси ұпай жинайтын топтар да бар! Олардың мақсаттары басқаша екенін түсіну керек. Жалпы оралман атауы туралы да түрлі пікірлер қалыптасуда.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Бұл тұрғыда көші-қон ісімен айналысатын мемлекеттік органдар мамандарының пікірін де белгілеуді жөн көрдім. 1) Оралман мəртебесін беру дегенді тоқтату қажет. Келген қазақты көші-қон полициясы дереу қабылдап 2-айдың ішінде ҚР-ның азаматтығын алып берсе. 2) ҚР-ның азаматтығын алған этникалық қазақтар Қазақстан Республикасының қай елді мекенінде жұмыспен қамтылу, қол жетімді баспана алу мүмкіндігі бар болса сол жерге барса. 3) Сол жерде қайта оқу, жаңа мамандық иелену мүмкіндігіне ие болса. Ал, шет елде жатып өтініш бергендердің өтінішін Агенттік қарап, əкімдермен келісіп, шешіп СІМ-і консулдық мекемелері арқылы жауап берсе. 4) Жаңадан құрылатын Органның атауы: Қазақстан Республикасы Көші-қон үрдісін бақылау жəне ұйымдастыру Агенттігі деп аталса. Бақылау дегенде жаңа заңда көші-қон үрдісімен айналысатын 7-8 министрлік бар. Солардың əр қайсысының атқарып жатқан жұмыстарын бақылап, есеп алып Үкіметке дер кезінде хабарлап отыру қажеттігі. Ал, ұйымдастыру дегеніміз кімді қай елді мекенге орналастыруды жергілікті əкімдермен бірлесіп, жедел түрде жүйелі ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Зиябек Ермуханулы Кабульдинов, директор Научно-практического центра «Евразия», ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, С.А. Макен, доцент кафедры «История Казахстана» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева НОВЫЕ МЕХАНИЗМЫ ПЕРЕСЕЛЕНИЯ И АДАПТАЦИИ СООТЕЧЕСТВЕННИКОВ НА ИСТОРИЧЕСКОЙ РОДИНЕ Сегодня за пределами Казахстана проживают более 5 миллионов наших соотечественников казахов. Они расселены примерно в 42 государствах мира. Часть из них живет на традиционной казахской земле, часть переселилась туда в следствие военно-колонизационных и колониальных мероприятий царского правительства и советского государства. Казахи расселены в Китае – 1,5 млн., Узбекистане – 1,5 млн., России – 1 млн., Монголия – 170 тыс. человек и в других странах. В местах их прежнего расселения идет постепенный процесс некоторого ухудшения социально-экономического положения. Вопервых, существует угроза ассимиляции. Например, в Китае, Узбекистане постепенно закрываются казахские школы, в России – они практически полностью отсутствуют. В Узбекистане были периоды, когда местные казахи были вынуждены пойти на смену национальности, с казахской на узбекскую. В Китае, в места компактного проживания казахов, постепенно заселяют этнических китайцев, существуют ограничения по численности рождения детей. Во-вторых, в России против представителей народов Центральной Азии, в том числе и казахов, действуют скинхеды, несмотря на то, что правительство этой страны активно пытается бороться с этим позорным явлением. По некоторым оценкам, численность «скинов» доходит до 50 тысяч человек. Для чего же нужны нам оралманы? Почему мы пытаемся активно их переселять в Казахстан? Первое. В целях обеспечения независимости Казахстана. Последние события в мире наглядно показали, что особое внимание следует уделять переселению соотечественников в страну. Выделение

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі албанского Косово из состава Сербии, Приднестровья из Молдавии, Абхазии и Южной Осетии из Грузии, наглядно показывают, что нечто подобное может произойти и в Казахстане. Ведь обеспечение независимости Казахстана будет во многом зависеть от соотношения титульной нации и многочисленных диаспор, от роста численности казахского населения страны в общей доле граждан. Эту задачу во многом будут решать казахские переселенцы. По исследованиям ученых-политологов для того, чтобы обезопасить страну от возможности появления межэтнических конфликтов и сепаратизма, численность коренного населения страны должна составлять не менее 75%. Второе. Мы начнем решать демографическую проблему. Ведь Глава государства поставил важную задачу довести численность населения страны до 18 миллионов человек к 2020 году, которую можно решить за счет активной переселенческой политики. В семьях соотечественников существуют устойчивые традиции рождения большого количества детей. Третье. Мы решим вопрос нехватки рабочей силы. Постоянное и массовое импортирование дешевой рабочей силы из Узбекистана, Киргизии, Китая, Таджикистана не совсем выгодно экономически. Из страны уходят миллиарды долларов. Эту нишу могли заполнить этнические казахи, когда в стране остаются налоги и все заработанные деньги они потратят здесь, в Казахстане, пополняя бюджет страны. Четвертое. Переселение казахов решило бы вопрос повышения статуса государственного языка. Выходцы из Узбекистана, Китая и Монголии прекрасно владеют государственным языком. Переселенцы из России высказывают искреннее желание изучать государственный язык. Пятое. Путем активного переселения восторжествует историческая справедливость. Потомки тех казахов, кто с оружием в руках защищал эту землю, получат законное право вернуться на историческую родину. Шестое. Мы получим экономические, культурные и спортивные дивиденты. Они оправдают все расходы, понесенные на переселение казахов. По некоторым оценкам, с учетом естественного прироста и переселения, вне квоты, численность вернувшихся на родину соплеменников составляет около 1 миллиона человек. Они начинают играть важную роль в социально-экономической, научной, культурной и политической жизни страны. Велик их вклад в динамично развивающийся Казахстан. Так, Ж.Малибеков, приехавший в страну из Уз-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі бекистана, является автором государственного герба Республики Казахстан, Халифа Алтай из Турции – один из первых, кто перевел с арабского на казахский язык Коран, ученый С. Каржаубай, из Монголии, является одним из немногих в мире, кто свободно читает и исследует древнетюркскую каменную письменность. Мустафа Озтюрк был известным и многократным чемпионом мира по таэквондо, обладателем 6-го дана, Муқаметханұлы Набижан, прибывший из Китая, в рамках государственной программы «Культурное наследие» переводит из китайского на казахский язык многие источники по древней, средневековой и новой истории казахов. Бахыт Сарсекбаев, прибывший из Узбекистана, стал единственным олимпийским чемпионов из числа казахов в Пекине, Майра Мухаметкызы, приехавшая из Китая, поет в Ла Скале, знаменитая танцовщица Шугла покорила весь мир своими танцами и своей танцевальной школой и т.д. Инициатором переселения казахов в Республику Казахстан является Глава государства Н.А. Назарбаев. 29 сентября 1992 года в г. Алма-Ате на Первом Всемирном курултае казахов Президент Казахстана обратился к соотечественникам с призывом вернуться на родину. Ежегодно Казахстан из бюджета выделяет огромные финансовые средства на их обустройство. Ежегодно для детей казахской диаспоры устанавливается 2 % квота для поступления в вузы страны. По инициативе Главы государства периодически проводятся Всемирные курултаи казахов и малые курултаи в зарубежных странах. Оралманам до 2012 года государство обеспечивало: выплату специальных государственных пособий, пособий по инвалидности, по случаю потери кормильца и пенсий по возрасту; освобождение от консульских сборов за выдачу виз на въезд в Республику Казахстан; предоставление отсрочки от службы в рядах Вооруженных сил. С сентября 2007 года стали создаваться Центры адаптации и интеграции оралманов. Но на пути переселения и адаптации имеются ряд проблем, которые надо срочно решать: приостановлена квота на переселение; представителей казахов-переселенцев практически нет в руководящем звене в системе государственной службы. Репатрианты практически не представлены в Мажилисе и Сенате страны, а также Ассамблее народа Казахстана. Слабо представлены они и в областных, городских и районных маслихатах. Многие потенциальные переселенцы вынуждены годами обивать пороги миграционной полиции, которая в силу специфики своей деятельности, не имеет опыта и возможности качественно заниматься вопросами переселения. Большинство орал-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі манов, чтобы попасть в заветную квоту, годами не получают гражданство, но живут в Казахстане. Выдаваемые ранее оралманам денежные пособия, отмеченные в бюджете страны как для «приобретения жилья», крайне недостаточны для их обустройства. Существует долгая процедура принятия гражданства и получения казахстанских документов (более 3 месяцев). К примеру, в Израиле евреи, прибывшие на историческую родину, получают гражданство в течение одного часа в аэропорту Бен-Гурион в городе Тель-Авив. Не совсем понятен и прозрачен механизм получения земельных участков переселенцами в городских акиматах. Оралманам, переселяющимся в сельскую местность, не выделяются земельные паи для занятия сельским хозяйством, так как земля уже вся распределена. Это обстоятельство заметно ухудшает социально-экономическое положение оралманов, если их отправлять в сельскую местность. Дети репатриантов встречают трудности при поступлении на учебу: в Узбекистане, Турции, Туркмении осуществлен перевод алфавита на латиницу, в Китае обучение ведется на арабской графике, а в последнее время все школы переходят на китайский язык. Выделяемая 2 % квота на поступление в вузы страны крайне недостаточна и т.д. Оралманы не обеспечиваются жильем. Не совсем продуман вопрос регистрации по месту их прибытия. Никто целенаправленно оралманами, почти не занимается. С ними миграционная полиция занимается в тот момент, когда оралман приходит и просит включить в квоту. Соотечественники пенсионного возраста по принятию гражданства Казахстана получают минимальный размер пенсии, который в 2-4 раза меньше, чем в России и Китае. Нет отлаженной системы проверки и контроля за прибытием, передвижением и получением льгот соотечественниками. Отсутствуют законы, четко и внятно регламентирующие переезд и адаптацию соотечественников. Они испытывают и серьезные трудности при оформлении гражданства, обходя разные кабинеты в разных частях города. С целью обеспечения открытого, массового, качественного и комплексного переселения казахов на историческую родину мы предлагаем ряд рекомендаций и предложений организационного, законодательного и финансового характера: 1. Следует создать отдельное Министерство по делам репатриации этнических казахов с 16 региональными подразделениями (14 областей, гг. Астана и Алматы).

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 2. Принять отдельный закон «Правила переселения и адаптации соотечественников в Республике Казахстан». 3. Разделить территорию страны на 16 переселенческих районов, границы которых совпадают с административно-территориальным делением страны. 4. Должна быть существенно повышена заработная плата сотрудников нового ведомства с целью предупреждения коррупционных нарушений. 5. В каждом городе и районном центре необходимо централизованно открыть общественные объединения оралманов, в которых должны работать представители соплеменников, вышедшие из разных стран: Китая, Монголии, Узбекистана, Монголии, Кыргызстана и так далее. 6. Во все регионы заблаговременно отправить экспедиции с участием видных ученых, географов, краеведов, представителей местных исполнительных органов, топографов, геодезистов, старейшин местностей с целью выявления переселенческих участков (для строительства усадеб и ведения фермерских хозяйств) с наличием инфраструктуры (по опыту царской России, переселявших в Казахстан крестьян). 7. Документы на отводимые земельные участки и сами участки должны быть подготовлены заблаговременно. 8. Заблаговременно должны быть подготовлены казахстанские документы. Право получать соотечественниками вид на жительство ограничить двумя годами. 9. Переселенцев следует принимать, исключительно, начиная с весны, в теплое время года, например, в период с 1 марта по 1 сентября. Под роспись выдавать переселенцам юрты, палатки, временные вагончики в период строительства и обзаведения отдельным домостроением. В зимнее время следует заниматься поиском переселенцев и подготовкой их приема. 10. Необходимо срочно отменить создание адаптационных центров как неэффективные и затратные, а высвободившиеся деньги пустить на переселение репатриантов и строительство домов. 11. В первые 5 лет все переселенцы должны быть освобождены от всех видов государственных налогов (на землю, строения, автотранспорт, получение казахстанских документов и т.д.). 12. В первые три года, по желанию самих призывников и их родителей, дети переселенцев могут быть освобождены от службы в рядах Вооруженных сил Республики Казахстан.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 13. Из числа самих переселенцев в местах компактного проживания репатриантов необходимо создавать отдельные сельские округа, во главе которых должны быть выбраны справедливые, грамотные, авторитетные, честные и порядочные переселенцы. 14. В составе депутатов от Ассамблеи народа Казахстана необходимо делегировать одного депутата от числа репатриантов-казахов, имеющих ценз оседлости в 5 лет, хорошо зарекомендовавший себя на поприще защиты прав казахских переселенцев. 15. Ежегодная квота для поступления в колледжи и вузы страны должна составлять не менее 5 % от общего количества выделенных мест по государственному заказу. 16. Между семьей переселенца или прибывшего отдельного лица заключается договор с государством от имени регионального представителя Министерства о несении определенных обязательств перед государством, чтобы исключить случаи обратного оттока или фиктивного приезда. 17. При Министре по делам репатриации необходимо создать единую компьютерную базу по всем репатриантам с целью контроля за их размещением, передвижением и предупреждением получения повторных льгот. 18. При расселении соотечественников необходимо учитывать принцип компактного расселения родственников и бывших односельчан. 19. Рассматривать как самый лучший и апробированный вариант переселения, когда заблаговременно заготавливаются небольшие жилые дома с хозпостройками в пригородах городов (до 30 км) и лишь потом осуществляется переселение. Им удобно находить работу в городах и обучать своих детей. 20. В местах компактного проживания соотечественников по согласованию со странами проживания должно работать Государственное предприятие «Елге оралу», в задачу которых входит агитация, методическая помощь в переселении в Казахстан, помощь в организации поездок ходоков (представителей) в места предполагаемого переселения. Возможно, эти функции необходимо передать Всемирной Ассоциации казахов. 21. Следует заметно расширить круг консульств и представительств Казахстана (в МНР, КНР, Узбекистане, России и так далее). 22. При проектируемом Министерстве по делам репатриации необходимо создавать НИИ по изучению казахской диаспоры и ирреденты.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 23. С целью активного привлечения репатриантов на государственную службу предоставлять специальные квоты в размере 3 % в Академию государственной службы при Президенте РК. 24. По согласованию с МОН РК необходимо заметно скорректировать правила организации ЕНТ применительно к детям казахских переселенцев. 25. Министерству следует разработать «Памятную книжку для переселенцев» по образцу тех, которые издавались в царской России для крестьян –переселенцев и ходоков. 26. Необходимо перераспределить поток оралманов с южных регионов, где высока плотность населения, безработица, землетрясения, в северные, центральные, северо-восточные, восточные районы Казахстана. 27. Для зарубежных казахов необходимо издать книгу по истории Казахстана на различных языках. 28. Деятельность акимов областей и районов оценивать и по количеству переселенных и устроенных на работу соотечественников. 29. При начислении пенсии обязательно учитывать их размеры, которые были в стране выхода, не допуская уменьшение суммы выплаты. 30. Для оформления всех казахстанских документов необходимо использовать принцип «одного окна», куда переселенцы могли бы сдать и получить казахстанские документы. 31. Правила переселения особо ценных специалистов, ученых нужных для страны специальностей должны осуществляться по особой программе. Их надо искать по всему миру и создавать для них особые условия. 32. В каждом городе и районном центрах следует создавать Центры трудоустройства соотечественников. Безусловно, эти и другие меры, позволят репатриантам быстро и безболезненнее вернуться и интегрироваться в казахстанское общество, что также будет обеспечить стабильность в стране.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Айтмұхамбет Қасымбайұлы Тұрышев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Мəшһүртану ғылыми-практикалық орталығы, ф.ғ.д., профессор ОТАНЫМ – МƏҢГІ ОЙЛАҒАН! Көк тудың желбірегеніБақыттың елжірегені. Қиырда қалған қазақтың Азат Отанға жете алмай, Көзінің мөлдірегені. (əні - Е. Зейіпхан, сөзі – А. Ахметбекұлы) Біз сөзімізді Абайдың: «Жер жүзінде екі мың миллионнан артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар (астын сызған – А.Қ.). Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас аяғында үш айналып көрген кісі толып жатыр. Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен? Əй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» – деп бастаймыз. Қандастар (оралмандар) туралы айтқанда, олардың тарихи отанына оралуын қазақ тарихынан бөліп алып қарастыра алмаймыз. Олар – диаспора өкілдері. Тарихи оқиғаларға байланысты өзінің туған қандастарынан бөлініп қалып, басқа жерде өмір сүруге мəжбүр болған. Арқада күн жылы болса, арқар ауып несі бар. Қазақ жерінде болып өткен геноцид қандастарымыздың өзінің туған Отанын тастап, басқа танымайтын, жат жерге ауып кетуіне əкелді. Ресей патшалығының, одан қалды қызыл кеңес əміршілік-темір тəртіп жүйесі қазақ халқын қолдан қасақана қыруды ұйымдастырды. Бұдан бұрын «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» деп аталған қырғында шыбындай

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі қырылған қазақтың санында есеп жоқ. Əнет баба көшке ілесе алмай төбеде қалды. Ит терісіне жазған уəдесін бұзған ақ патша қазақтардан қара жұмысқа солдат алып, атылған оқ пен зеңбіректің добының астына айдап салды. 1916 жылғы патшаға қарсы ұлт-азаттық көтерілісте қазақтар мылтықсыз қырылды. 1917-1918 жылдары қазақтар да екіге бөлініп алып, бірін-бірі қырды, кедейлерді байға айдап салды, қыздарды зорлады (Ақбілекті қараңыз), ұлдарды себептен себепсіз айдалаға апарып атып тастап отырды (Əменге қатысты оқиғаны қараңыз). Олар елден ауған қазақтарды қызық ретінде қоян секілді қуып жүріп өлтірді. Қазақ деген хайуанаттар паркіндегі жүндес маймылдар сияқты көрінді. 1921–1931 жылдары аштық басталды. Қазақтар аштықтан хайуанға айналып, өз баласын өздері асып жеді. Адамның алақаны мен табаны ащы болған соң желінбеді, далада шашылып жатты. Ақ боз үйлер иесіз қалды, ішінде жезөкше аңға ұқсаған кісі етімен күн көріп жүрген адам кейіпті жынды мысық кемпір пайда болды (Ғ. Мүсіреповті қараңыз). Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын – деген ұран 40 миллион жылқыдан 40 мыңын қалдырды. 1897 жылғы Ресей империясы жүргізген санақта қазақтардың жалпы саны 4 млн. 84 139 адам болған екен. Өзбектер 1 миллион 690 мыңды құраған. Енді жүз жылдан кейін өзбектер 25 миллион, қазақ – 9 миллионға əрең жетті. Абай шамамен 1860 жылы қазақтың саны 2 млн. екендігін жазды. Тұрар Рысқұлов Сталинге жазған хатында: «Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан – 313 мың адам; 1931 жылы аштықтан – 755 мың адам; 1932 жылы аштықтан –769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалттық. Жиыны – 1 млн. 750 мың адам. 1 миллионан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. 1929 жылы Қазақстандағы 40,5 млн. малдан 1933 жылы тек 4,5 млн. ғана қалды» – деп жазды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар саны 100 мыңнан асса, соның 25 мыңы атылып кетті. Қолдан жасалған жұт пен аштыққа, орыны толмас опатқа кім жауап береді? Обал, сауабы кімге? Құныкер біз болсақ, құнын кім төлейді? Əрине, Сталин, 7 рет сотталған Голощекин жəне қызыл империяның мойнына жүктейміз. Осы орайда, Украинада да ашаршылық болды. Халық саны жағынан əлемде 28-ші орын алатын Украинада болған ашаршылықты «геноцид» деп 28 мемлекет мойындады. Жоғары Рада «ашаршылық-геноцид» ұғымын білдіретін заң жобасын қабылдап, Біріккен Ұлттар Ұйымына Украинадағы ашаршылықты геноцид деп тану туралы ұсыныс жолдаған еді.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Қандастарымыздың ата-бабасы ұрпақ қамын ойлап, шет елге ауып кетті, жолда не бір қиыншылықтарды көрді, көбі жол азабын көтере алмай өліп қалды. Кейбір бұзақы адамдар қамсыз, босып келе жатқан жұртты көріп, қыздарын тартып алды, балаларды тартып алды, барлық малдарын, аздаған алтындарын, дүние мүлкін талан-таржыға салды (С. Шəріповты қараңыз). Ол елге барғаннан соң да, сіңіп кеткенше, не бір қиыншылықтарды көрді. Өлмеген құлға өлі балық деген. Мың өліп, мың тірілген қазақ осы нұрлы күнге де жетті. Отандастар елге оралып, біріншіден – байырғы қазақ ескіліктерін (көне сөзді) алып келді, ата-баба құндылығын жеткізді. Екіншіден – қазақтың саны өсті. Бүгінгі күні 16 миллионнан астам халықтың 7 миллионы ұлты қазақ азаматтары, 3 млн. шет елде, жиыны шамамен 10 миллионнан астам ұлты қазақ азаматтары бар екен. Айталық, шет елде тұратын қазақтар саны 1990 жылдары былай болған: Қытайда 1.300 мың, Моңғолияда 120 мың (қазір жергілікті өсім көбейді), Ауғаныстанда 40 мың, Түркияда 25 мың, Иранда 15 мың, АҚШ-та 10 мың, ФРГ-да 7 мың, Канадада 5 мың, Францияда 4 мың, Пакистанда 3 мың, Англияда 2 мың, Швецияда 1 мың, Австралияда 0,9 мың, Арабстанда 0,8 мың, Австрияда 0,6 мың, Аргентинада 0,4 мың, Үндістанда 0,3 мың. Сенегалда 1 қазақ отбасы тұрады екен. 1994–1995 жылдары Моңғолия Республикасынан Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филология факультетіне 30 шақты қандастармыз қазақ тіл жəне əдебиеті бөліміне оқуға түсті. Мəней Риза, Ертісхан Өміргүл қазақ-моңғол тақырыбына байланысты алғашқы диплом жұмыстарын сəтті қорғады. Мəней Батырбек өлеңдері елді елең еткізді. Жанарыс Қызыр Мəшһүртану ғылымипрактикалық орталығында істеп, алғашқы оқу құралын баспадан шығарды. Амантай мырзамен Ломова көшесінде көрші болып тұрдық. Ұлдары мен қыздарымыз араласып, өздеріміз бір туғандай болып, күні бүгінге дейін амандығымыз дұрыс. Шəкірттерім Павлодар аймағының түкпір-түкпірінде түрлі қызмет саласында жүр. ПМУ-де менің əріптестерім, ғылым докторлары қызмет істейді. Мен оларды мақтаныш тұтамын. Шəкірттерім қазақ тіліне қандай жатық еді. Əсіресе, байырғы қазақтың ұмытылған халық əндерін, күйлерін алып келіп, орындағанда айызың қанады. Майра Мұхамедқызын (Керей) опера əншісі ретінде аса құрметтеймін, балаларыма үлгі етемін. Қандастармыз тек қана рухани салада емес, шаруашылықтың кез келген қиын сыры мен қырын үйреніп, елімізге зор табыс əкелуде. «Көк тудың желбірегені» – деген өлең нағыз ұлттық шығарма болып есептеледі, əні – Ермұрат Зейіпхандікі, сөзі – Алмас Ахметбекұлыныкі.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Мақаланың басында сөзімізді Абайдан бастағанымыз тегіннентегін емес. Қуғын-сүргін заманда қазақтар бірін-бірі көрсетіп, домалақ арыз жазып, кейбірі бірін-бірі айдатып жіберген. Абайдың «Мұның бəрі – қазаққа қазақтан басқа жауы жоқ» – дегенді тарих өзі дəлелдеп жатты. Əдет қалса да, ауру қалмайды, мұның жарқын көрінісі 1986 жылғы оқиғада тағы да көрінді. Қайрат Рысқұлбеков Голощекин бейнесіндегі адамның қазақ елін басқаруынан қатты қорықты. Колбин мен Голощекиннен ұқсастық тапқандай болды. Қаңғып келген шүрегей елді бүлдіре ме деп қорықты. Ашаршылық қайталана ма деп, қуғын-сүргін қайталана ма деп қорықты. Сол үшін мыңдаған қазақ жастары сияқты алаңға шықты. Ашаршылық қазақтарға нəубет, орны толмас қасірет əкелді. Егер де Абай айтқан жаман мінездеріміз жоқ болғанда, бəлкім қазақ мұнан да аз өлер ме еді, кім білсін. Абай қазақты достыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, білімге, ғылымға шақырады. Оның асыл сөзі күні-бүгінге дейін өзінің құнын жойған жоқ. Қазақ ел болам десе, Абай айтқан, өзі көзімен көп көрген, жаман əдеттен арылуы керек. Руға, жік-жікке «аққу, шортан һəм шаян» болып бөлінбеуіміз керек. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының жылдығына орай «Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» – атты мəртебелі жиынның да мақсаты осы. Бұндай алқалы жиын Павлодар облысында тұңғыш өтіп отыр. Осы – ісшараның өтуіне қолдау беріп, көмек көрсеткен Облыс əкімі Ерлан Арын Мұхтарұлына ризашылығымыз зор. Сөз соңын мына өлең шумағымен:

Көк тудың желбірегені – Елдіктің асқақ өлеңі. Əр жаққа тартпай қазағым, Бір сөзге жинал дегені – деп, аяқтағанды жөн көріп отырмын.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Ақын Алақанұлы, Моңғолия, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы «ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА ҚҰТ» ДЕГЕН ҚАЗЕКЕМ Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы құрылғаннан бергі жиырма жылдың дересінде көптеген келелі мəселелердің оңтайлы шешілуіне мұрындық болып, нəтижелі іс тындырғаны баршамызға аян. Əуелі бұл қоғамдық қауымдастық тарихи қилы-қилы кезеңдерде дүниежүзінің қырықтай еліне тарыдай шашылған қандастарымыздың тағдырына байланысты мəселелермен тікелей шұғылдана отырып, олардың ұлт ретінде жойылып кетпеуіне бағытталған жан-жақты саяси, рухани, əлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыра білді. Соның арқасында қауымдастықтың халықаралық аренада беделі артып, өзін кеңінен таныта білді деп айтуға болады. Екінші жағынан қауымдастықтың Төралқа төрағасы Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың болуы да ұйым беделінің артуына тікелей əсерін тигізіп отырғаны айдан анық. Қазіргі таңда алыс, жақын шетелдерде тұрып жатқан қандастарымызды қойып, тарихи отанына көшіп келіп, азаматтығын алып, əлдақашан орналасып қойған оралмандардың өзі Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы десе, өздерінің қамқоршы қарашаңырағындай сезінетіні жасырын емес. Қауымдастықтың Төралқа төрағасының бірінші орынбасары болып, осынау беделді ұйымның тізгінін қолма-қол ұстап келе жатқан, қазір осы салтанатты жиынға құрметті қонақ ретінде қатысып отырған Талғат Асылұлы Мамашев мырзаның да қазақ ұлтының тартысты тағдыры жолында аянбай тер төгіп, адал қызмет атқарып отырғанын зор ризашылық сезіммен атап өткім келеді. Еліміз тəуелсіздік алып, алғаш шетелдердегі қандастардың көшіқоны басталғаннан бергі жиырма жылдың ішінде біздің Павлодар өңіріне қоныс аударған оралмандарға байланысты нендей де бір келеңсіз жайттар кездескен жоқ деп мен толық сеніммен айта аламын. Қазіргі таңда алыс, жақын шетелдерден көшіп келгендердің бəрі дұрыс орналасып, жергілікті жұртшылықпен етене араласып сіңісіп, мамыражай тіршілік кешіп жатқанына тəуба дейміз. Біздің негізгі мақсатымыз да осы емес пе еді. Бір анығы – біздің Ертіс-Баян өңірінде

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі оралман ағайындарға байланысты жақсы бір климат қалыптасқанына қуанамыз. Бұның объективті, субъективті бірнеше түрлі себебі бар. Бірінші себеп – жергілікті халықтың бауырмалдылығы, көшіп келген ағайындарға жылы қабақ танытып, бауырына баса білгендігі. Екінші себеп – облыс басшылығынан тартып, барлық департамент, басқармалардың тізгінін ұстап отырған лауазым иелерінің көші-қон мəселесін ұлттық саясат ретінде түйсініп, кезінде дұрыс жұмыс жасағандығының арқасы. Бұл орайда облыстық көші-қон басқармасын ұзақ жылдар басқарған Əбдіқалықов Идиат, Алкеев Еркін, маман қызметкерлер Əлхан Амантай, Жақсылықұлы Мұхит, Қауымдастықтың облыстық филиалының басшысы Заут Болат қатарлы азаматтардың адал қызметтерін бөлекше атап өткім келеді. Үшінші себеп – индустриалды, аграрлы өңірдің нендей бір жұмысқа орналасуға, əр адамның өз бетімен кəсіп қылуға зор мүмкіндігімен қатар, қасиетті Арқа төсі, ұлы Ертіс бойының қоңыржай климатының қолайлылығы дер едім. Осынау салтанатты жиынға қатысып отырған құрметті қауым, егер сіздер қолдасаңыздар, көптен бері көкейімде жүрген бір ұсыныспікірімді айтқым келеді. Ол: естіген сайын əр қазақтың жан-жүрегін тебірентіп, ерекше ұлттық, патриоттық сезімге бөлейтін «Көк тудың желбірегені» атты əннің сөзі мен əнін жазған авторларды халықаралық «Алаш» сыйлығына ұсынсақ деймін. Қолдағандарыңызға рахмет.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Əлхан Амантай, Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮРДІСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН КЕМШІЛІКТЕР, АЛДАҒЫ МАҚСАТТАР Өз тарихи Отанын – қазақтың киелі топырағында бір шаңырақтың астында топтасып, ұлттық мемлекет құру ата-бабаларымыздың ғасырға жалғасқан асқақ арманы еді. Арғы тарихты айтпағанның өзінде Алаш идеясының түп қазығы да осы ұстаным болатын. Қазақ халқы тəуелсіз мемлекет ретінде ғана өз ұлтының мүддесін қорғап, ұлттық санаға негізделген қазақ қоғамын құра алатыны еді. Алайда бұл мақсатқа жету үшін ғасырлар бойы сан түрлі тарихи кезеңдерден өтуге тура келгені баршаңызға мəлім. Кешегі кеңес дəуірінде де қазақ халқы көптеген тарихи ақтаңдақтарды басынан кешіп, шаңырағы бөлек болса да өзгенің ықпалына бой ұсынып, əккі саясаттың құрбанына айналып, түрлі зобалаң, нəубеттердің кесірінен қырғынға ұшырап қана қоймай ұлттық төл болмысынан ажырап қалуға жақын қалған болатын. Ғасырлар тоғысында басынан қилы-қилы заман өтіп, тағдыр талайына ұшырап мың өліп, мың тірілген қазақ халқының жұлдызы оңынан туып, Алла тағаланың мейір, шапағатымен тəуелсіздікке қол жеткізді. Тəуелсіздік қазақ халқына оп-оңай келген жоқ. Оны тарихтан жақсы білесіздер. Сондықтан бүгінгі қазақ қоғамы үшін елінің тəуелсіздігінен ардақты, киелі ұғым жоқ. Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті шет елдерде тұратын қазақтарға «ақ тілек айтып» елге оралам деушілерге есігіміз ашық деп ресми мəлімдеген болатын. Əр кез атамекенін аңсап, қазақ жерінде болып жатқан əр оқиғаға құлағы түрік ағайын бұл тілекті қуана қабыл алып, ат басын атамекенге бұрған маңызы да, мағынасы да ерекше тағы бір тарихы көшті

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі жедел бастап жіберген еді. Көштің алғашқы легі атамекеніне Моңғол жерінен келіп жеткен-ді. Осы орайда Қазақстан өз тəуелсіздігін алған сəтте шет елдегі қазақтар ерекше толқып, тебіренгендігін айта кеткім келеді. Өйткені, тəуелсіздік, бостандық, еркіндіктің қадірін олар өте жақсы білетін жəне ол əрқайсысының көкейінде жатқан асқақ арманы болатын. Көш, шет елдегі қандастарымыз тұрғысында Елбасының ұстанған салиқалы саясатының арқасынада Тəуелсіздіктің 20 жылында алыс жəне жақын шет елдерден өз тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына 1 млн-ға жуық қандастарымыз оралды. Елге оралған қандастарымыз Қазақстан халқының бүгіндер шамамен 10 пайызын құрап отыр. Бұл нақты нəтиже. Алайда 20 жылдық көш тарихының жағымды да жəне жағымсыз да əсерлері болды. Шетелдердегі қазақтарды көшіріп алу оңай шаруа емес, əрине. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Үкіметі атамекенге келген қазақ отбасыларын баспана, жұмыспен қамту жəне олардың тыныс-тіршілігіне қатысты сан-түрлі мəселелерді шешу тұрғысында кең ауқымды жұмыстар атқарды. Осы мақсатқа республикалық қазынадан қыруар қаражат жұмсалды. Бұл Елбасының ұстанған айқын саясатының негізінде жүзеге асырылған ұлағатты іс болатын. Елім, жерім деп келген қазақтың келген жеріне тастай батып, судай сіңуіне жергілікті қазақтардың ыстық ықыласы, риясыз көңілі өте үлкен демеу болғандығын ерекше атап өткіміз келеді. Шетелдерден келген қандастарымыз тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жаңа қоғам қалыптасу барысындағы қиыншылықтарды да, жетістіктерді де Қазақстан халқымен бірге бөлісіп, Қазақстан Республикасының толық қанды азаматы ретінде солармен бірге бір мақсат, бір мүдде үшін жұмыла білді. Қазекем «елге ел қосылса құт» деп бекер айтпаса керек-ті. Шартараптан қазақ жеріне ағылған көш басынан қилы-қилы тағдыр кешіп, тəуелсіздікке жаңа ғана қадам басқан қазақ қоғамына құйылған тұнық бастау, тың күш десек артық айтқандық болмас, сірə. Қоғамның баға жетпес байлығы адам. Бұл əлімсақтан дəлелденген шындық. Қазақстан Республикасының Ата Заңында да дəл осылай делінген. Шыр етіп дүниеге келген сəбиді өсіріп, ержеткізіп, оқытып, жетілдіріп, қоғамға пайдасы тиетін жеке адам етіп қалыптастыру үшін ерен еңбек, қыруар қаражат жұмсалады. Қандастарымыз Қазақстан қоғамына келген дайын адам капиталы болатын. Атамекенге келген шетел қазақтарының көші Қазақстанның

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі күрделі демографиялық ахуалына оң əсерін тигізді. Көш келмеген жағдайда Қазақстандағы қазақтардың саны бүгіндер елу пайызға да жетпеген болар еді, демек Қазақстан қоғамының, мемлекет құрушы ұлттың ахуалы бүгінгі дəрежеде болмасы белгілі еді. Шетелден көшіп келген қазақ отбасыларының дені көп балалы болып келеді. Өйткені олардың бар байлығы ұрпағы болатын, сол арқылы ғана олар өзгеге бодан өмірден аман-сау қалған-ды. Шетел қазақтарының атамекенге ат басын тіреген көші негізінен ауылдық жерлерге қоныстандырылды, нəтижесінде қайта құру, жекешелендіру барысында күрделі жағдайға тап болып жабылуға шақ қалған ауылдағы қазақ мектептері қайта түлеп, жабылғандары қайта ашылып ел мерейі үстем болып еді. Мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болған ана тіліміздің де қолданыс аясының кеңейюіне қандастарымыз аз үлес қосқан жоқ. Тілі шыққан баладан бастап еңкейген қартқа дейін ана тілінің қасиет, құдіретін өз ортасында дəріптеп келеді. Қандастарымызбен жұмыс жасайтын көптеген шенеуніктер солардың талабымен қазақша тіл сындырды. Басқаны айтпағанда бір ғана Моңғолиядан келген 169 тілші республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі қазақ тілді БАҚтарда жемісті еңбек етуде. «Қазақстан-1» ұлттық арнасының тілшісі Павлодарлық қандастарымыз Айбек Қобдабай, «Маса» кz сайтының бас редакторы Салдатбай Ардабек, «Абай» кz порталының шеф редакторы Əбдіхалық Өміржан солардың қатарындағы серкелердің бірі десек Жарқынбек Амантай, Бақытбек Хамит, Ғабит Бөкенбай, Тойшыбай Амантай, Айнұр Тоқтархан, Нұржайна Шодыр, Гүлжайна Түгелбай, Комисхан Махаббат, Сауырбай Бекболат, Қызырхан Шəкірт, Саяхат Нұрғайым, Қашым Қарлығаш, Тілеубек Сахаба, Шұғайып Қымбат, Көлтай Кəлелхандар облыстық БАҚ-да елеулі еңбек етуде. Қазақтың бай салт-дəстүр, əдет-ғұрпы мен ұлттық өнеріне де қандастарымыз зор үлестерін қоса отырып, оны өзіндік ерекшелік, бояу, нақыштағы төл туындыларымен кемелдендіріп байыта түсті. Өзгені айтпағанда көзден ғайып боп бара жатқан бүгіндер той, мерекенің сəніне айналған еңселі, керегесі кең, шаңырағы биік, сəн-салтанаты жарасқан қазақтың ақшаңқан киіз үйлерін де қандастарымыз алып келген жоқ па. Оқуда үздік, еңбекте екпінді, өнерде өрен жастарымыз мыңдап саналады, солардың ішінде жұртшылыққа танылып жүрген Жұпанхан Айбек, Тілеухан Роза, Амантай Жарқынбек, Қонжы Алпысбай, Болатхан Əміржан, Хызыр Мейрамбек, Сағидолда Бауыржан, Шəкім Ма-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі усым, Рысбек Серік, Амантай Еркебұлан, Болат Салтанаттардың ел игілігіне қосар үлесі зор. Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігі жəне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалдары құрылған сəтінен бастап атамекеніне оралған қандастарымызды жаңа ортаға бейімдеу барысында жылдар бойы кешенді шара, жүйелі жұмыстар ұйымдастырып, шетел қазақтарымен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, нақты нəтижелерге қол жеткізді. Мəселен, көш, қандастарымыздың тыныс-тіршілігіне қатысты 2006, 2008–2009, 2011, 2012 жылдары республикалық, облыстық дең гейде, аудан, қалааралық конференция, дөңгелек үстел, семинар, тренингтер өткізіліп, өзекті мəселелерді талқыға салып, сараптап, оны шешу жолдары мен ұсыныстарын билік, құзырлы мекемелерге уақтылы жеткізіп, мəселенің оң шешімін табуына өз қолғабыстарын тигізіп келеді. Қандастарымыздың мүддесі мен құқықтарын қорғау, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес түрлі жеңілдіктер алуына қатысты сан түрлі құжаттарына аударма жасау, рəсімдеу, Қазақстан қоғамының, елдің жағдайын таныстыру, халықтың тұрмыс салтын, заң құқық, кəсіпкерлікті үйрету, орналасуына жəрдемдесу, қандастарымыздың ел өміріне қосып отырған сүбелі үлестерін жұртшылыққа насихаттап, өнер, талант иелері, дарынды жастарды қолдау тұрғысында ауқымды істер тындырылды, 2010 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалымен бірлесе отырып облысымызға Моңғолияның Баян-Өлгий, Қобда аймақтарынан атамекенге көшуге ниетті болса да көшіп келуге қаржылық мүмкіндігі жоқ, көп балалы 152 отбасының 730-дай адамы көшіріліп əкелінді. 2006–2009 жылдары Республикалық оралмандардың «Асар» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен Павлодар қаласының аумағындағы Шаукен, Темір жолшылар, Кенжекөл селоларынан қалада тұратын баспанасыз қандастарымызға 270-ге жуық жер телімі беріліп, осы өңірлерде қандастарымыздың ауылы бой түзеді. «Қайран елім» сайтын ашып əлемнің 20-дай еліндегі қандастарымызбен қарым-қатынас орнатып, көш, қандастарымыздың тыныс-тіршілігіне қатысты барлық жетістіктер мен мəселелер бойынша жұртшылықпен күнделікті байланысқа шығып, пікір алмасып отырмыз. Тындырылған іс, атқарылған шаруа аз емес, оның бəрін тəптіштеп айтып шығу мүмкін емес.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Осы орайда қоғамдық ұйымдар тарапынан атқарылған игілікті істерге жергілікті билік өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан, қала əкімдері, жекелеген азаматтар, кəсіпкерлер жан-жақты көмек, қолдау көрсетіп отырғандығын ерекше айта кеткіміз келеді. Бұл айтылған əңгіменің барлығы көштің жағымды əсерлері. Көштің жағымсыз əсерлері де аз болған жоқ. Адам өмір сүру үшін ең əуелі өзіндік баспана, кəсіп, жұмысы болуы шарт. Онсыз өмір, тіршіліктің де кетеуі кетеді. Шет елдерден көшіп келген жүздеген отбасы түрлі себептермен үй, баспана ала алмады. Азаматтығы болмағандықтан көшіп келген бетте оларға берілген тұрғын үйлер жеке меншігіне берілмеді, жекешелендіруден де ешбір үлес ала алмады. Қайта құру, нарықтық экономика барысында ауылдың жағдайы дағдарысқа ұшыраған сол бір ауыр жылдары баспанасы, жұмысы болмаған оралмандар қалаға жақын өңірлерге күн көріс қамы, балаларын оқыту үшін қайта көшуге мəжбүр болып ішкі көші -қон етек алды. Бұл жағдай елге оралған қандастарымызды еріксіз тығырыққа тіреді. Осылай тұрғын үйі жоқ отбасыларының саны күрт өсіп кетті. Көш тарихында Қазақстан Республикасының «Халықтың көшіқоны» туралы заңы 3 рет қабылданса да, көшіп келген қандастарымызға ешқандай əлеуметтік кепілдік берілмеді. Көш, қандастарымыз мəселесі жөніндегі мемлекеттік құзырлы мекемелердің мəртебесі сан рет өзгертіліп, бірде құрылып, бірде таратылып жатты. Оралмандардың тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мəселелер қордаланып, жылдар бойы жалғасып, лайықты шешімін таппады. Заңның осал тұсын шебер пайдаланып, оралманның орайын келтірген осы іске жауапты шенеуніктер жемқорлыққа белшесінен батты. 20 жылда шеттен келген қандастарымыз өзге елдерде шарасыздан бұрмаланған аты-жөнін де дұрыстап жаздыруға қол жеткізе алмады. Жергілікті жерлерде оралманмен орыс тілді шенеуніктердің арасында көптеген түсінбеушіліктер туындады. Сондықтан олар оралман десе ат-тонын ала қашатын болды, оралманның жұмысқа орналасуы қиямет-қайымға айналды. Осы іспен айланысатын жергілікті жерлердегі құзырлы мекемелер жоғарыға жалған мəліметтер беруден аса алмады. Жұмысы жоқ, күн көрісі төмендеп кеткен көптеген оралман отбасылары күл-қоқыс қазып, темір теріп күнелтуге мəжбүр болды. Біршама отбасылары қиыншылыққа төзбей келген елдеріне қайта көшіп кетті. Қазақстан Үкіметі 1991–1993 жылдары шетел қазақтарын

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ұйымдасқан түрде көшіріп əкелген болатын. Оған қыруар қаржы жұмсалса да, нəтижесі көңіл қуантарлықтай болатын. 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын көшіп келуге арнайы квота белгілеп отырды. Құзырлы мекемелер ендігі кезекте өз күшімен көшіп келген отбасыларымен ғана жұмыс жасайтын болды. 2008 жылдан бастап квота саны жылына 20 мың отбасына белгіленді. Бірақ соңғы жылдары белгіленген квотаның орындалуы республика бойынша 30-40 пайыздан аспады. Белгілеген квотаны қалай орындау туралы құзырлы мекемелер нақты жұмыс ұйымдастырмады, кім келеді деп қол қусырып қарекетсіз отыра берді. Шын мəнінде шет елдерде атамекеніне көшуге ниетті мыңдаған отбасылары жағдай, қаражаттары болмағандықтан Қазақстан Республикасына жетуі мұң болып, көздері жəудіреп, көмек күтумен болды. Есесіне жағдай шамасы бар, пысықайлар Қазақстанда тұру үшін емес, квота алу үшін жаздың жайма шуақ күндерінде көшіп келіп, қыруар қаражатты қалтасына басқан соң келген елдеріне тайып тұруды əдетке айналдырды. Бұл жерде тағы да заңның солқылдақ тұсы опық жегізді. Квотаға енген отбасы мүшелері кем дегенде 6 ай кейде тіпті бір жылда ғана Қазақстан Республикасының азаматтығына қол жеткізетін. Осы аралықта шетел паспортымен емін-еркін жүрген оралман отбасы қалаған уақытында келген елдеріне кете беретінді. Қорыта айтқанда, өткен 20 жылда көші-қон тұрғысында нақты мақсаттағы, болашақты болжаған өміршең концепция жасалмады, бұл істе дəйектілік, жауапкершілік жетіспеді, ол ағыммен, науқанды шара ретінде ғана ұйымдастырылып, нəтижесі бақылаусыз қалды. Дегенмен де, Елбасының қолдауымен Қазақстан Респубикасының Үкіметі шет елдерден келген қандастарымыздың жаңа ортаға кірігуіне бағытталған нақты жұмыстар атқарып, оларға зор қамқорлық көрсетіп үлкен сеніммен қарағаны белгілі. Алайда осы сенімді ақтамаған қандастарымызда аз болмағаны жасырын емес. Оралманды партизандыққа балап, масылдық көзқарастан арыла алмай, артық кетіп, асыра сілтейтіндерде болды. Ондайлар күллі қандастарымыздың атына кір келтіріп жататын. Қазақстан шетелдегі қазақтың тарихи Отаны десек те, олар үшін жаңа орта. Жаңа ортаның қыр-сырына қанығып, қалыптасу оңайоспақ шаруа емес. Ол үшін ең əуелі келген ағайынның өзінің ниет, ықыласы болуы шарт. Келген қандастарымыздың көбі жұмысы, үй-күйі болмаған соң жергілікті халықпен етене-жарқын араласа алмай өзімен-өзі болып

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі қалу салдарынан ортаға бейімделе алмай, жаңа ортаның озық тұрмыс салтына кіріге алмай жүріп қалған жайы да бар. «Көш жүре түзеледі» демеп пе еді қазекем. Облысымызға келген қандастарымыздың əрқайсысы бүгінгі күні Қазақстан қоғамынан өз орнын тауып, балаларын оқытып, жұмыс, кəсіптерін дөңгелентіп, тəуелсіз еліміздің өсіп өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, Қазақстан қоғамының қызығын да, қиыншылығын да күллі қазақстандықтармен бірге көріп жатқанына дəн риза. Шетелдерден келген қандастарымыз атамекенінен жырақта, өзгеге бодан болып жүріп көрмегені жоқ, ұлты үшін, ұрпағы үшін жан алысып, жан берісіп, қан майданда қанды қырғынға ұшыраса да өзінің өрлігін, тілін, ділін, дінін, салт дəстүрін сақтап қалды. Олардың дені өжет, бетке айтатын, айтқанынан қайтпайтын, қайсар мінезді болып келеді. Атамекенге олар бостандық, еркіндік іздеп келді, өсемін, өрлеймін деп қазақтың қара шаңырағының керегесі болып керілуге, уығы болып шаншылуға келген. Алайда, Қазақстан қоғамында оралмандар туралы оң пікір əлі де қалыптаспай отыр Қандастарымызды жабайылар, оқымаған, білімсіздер, алаяқтар, тіпті лаңкестер деп оларға қарсы БАҚ-ы арқылы майдан ашылып жатыр. Мұндай жаңсақ пікір, жағымсыз əңгімелер, негізсіз айыптаулар мен кінəлаулар соңғы кезде қарапайым халықтың арасында ғана емес, тіпті жоғарғы билік деңгейінде де айтылатын болды. Мұндай уəждер негізсіз, ұшқыр ойдың ұшқыны немесе арандатудың айласы. Осының салдарынан төменгі сатыдағы ойы таяз, өресі тар шенеуіктер оралмандарға сендер сондайсыңдар, мұндайсыңдар деп мін тағып, қырын қарайтын болды Мұндай арандатушылық Қазақстанда қазақтың санының артуынан зəресі кетіп қорқатын, биліктегі өз ықпалынан айырылып қалмауды ғана ойлайтын, ұлттық рух, намыстан мақұрым «қара орыстардың» іс əрекеті екендігі белгілі. Дегенмен олар діттегеніне жетіп те жатқан секілді. Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен шет елдегі қазақ отбасыларының Қазақстан Республикасына көшіп келуіне арналған квота 2015 жылға дейін ресми тоқтатылды. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ҚР-ның көші-қон, оралманға қатысы саясаты тығырыққа тіреліп тұр. 20 жылдан бергі ұстаным өз мүмкіндігін толық сарқып бітті. Енді жаңа бағыт, жаңа заң, жаңа құрылым қажет. Бірақ ол əзірге жоқ. Ал, шет елдердегі қазақтарға Қазақстан ауадай қажет.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Біріншіден, Қазақстан олардың тарихи Отаны. Екіншіден, 20 жылға жуық жалғасқан көш үрдісі барысында шет елдерде тұратын мыңдаған отбасыларының ата-анасы, бала-шағасы, ағайын туыстары атамекенге келіп қоныстанды. Демек қазақ отбасы екіге бөлініп қалды, бір бөлігі шетте, бір бөлігі атамекенде. Олар тарихи Отанында бір бірімен қосылғысы келеді. Үшіншіден, қазақтар тұратын шет елдердегі саяси, экономикалық ахуал салдарынан Қазақстан Республикасына оралуға ниетті болса да өздігінен көшіп келуге мүмкіндігі жоқ кедейленген, көп балалы отбасылары атамекенге жетсек деген арман, үмітін тек Қазақстанмен ғана ұштастырып отыр. Қиналған сəтте атажұрттағы ағайын қол ұшын береді деген сеніммен күн кешуде. Төртіншіден, шетелдердегі қазақтар көбісі елге оралып, жаңа ортада жаңаша өмір бастап, өсіп-өнгісі келеді. Көш тарихи құбылыс, ол ешқашан тоқтамайды да. Қазақстанды тарихи Отаны деп санайтын, атамекеніне оралуға ниетті əрбір қазақ қастерлі Қарашаңырақ астына топтасып, ұлттық мүдде үшін жұмған жұдырықтай жұмылғанда ғана тəуелсіздігіміз тұғырлы, ұлтымыз мəңгілік жасайтын болады. Сондықтан ат басын атамекенге бұрған шет ел қазақтарының көшін тоқтатпайық, ағайын! Қазағымыз рухты, тəуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Күлғазира Нұранқызы Балтабаева, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСІ: ҚАЗАҚСТАНҒА ҚОНЫС АУДАРУШЫЛАРДЫҢ САНДЫҚ ӨСІМІНЕН ОЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ КЕЛЕШЕГІНЕ ДЕЙІН Əлемде 3 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар екен. Бір ұлттан тұратын бірде-бір мемлекет жоқ. Шыққан тегі мен ұлттық санасына қарағанда, əлемдегі барлық қазақтар саны 15 миллиондай. Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Ресейдегі қазақтар өзінің ата-жұртында өмір сүруде, ал қалған қазақ диаспорасы əртүрлі жағдайларға байланысты қоныс аударуға мəжбүр болғандар. Айта кетерлігі, қазақтардың өздерінің атамекен жерлерінде азшылықта болуы Тəуелсіздікке қол жеткізген күнге дейін орын алып келген (1926 ж. – 58,5, 1939 ж. – 37,8, 1959 ж. – 30, 1989 ж. – 39,7 пайыз). Қазақ диаспоралары шарықтаған нарық экономикасы мен азаматтық қоғам орнаған елдерде ғұмыр кешуде (АҚШ, Түркия, Франция, Англия, Алмания, Швеция жəне т.б.) жəне қазіргі экономикалықəлеуметтік жəне саяси реформалар жүріп жатқан дамушы елдерде өмір сүруде (Қытай, Ресей жəне т.б.). Осыған орай шеттегі қазақ диаспорасының бай нарықтық тəжірибесі осыған сəйкес ділі мен санасындағы құндылықтық басымдықтар егемен Қазақстан үшін өте пайдалы жəне құнды. Шетелдегі қазақтардың елдік жəне этникалық сапасы, саны, орналасу жақындығы мен тарихи факторы диаспораның көші-қон əлеуетінің жəне 1993 жылдан бергі орнаған 10000 отбасының, 2005 жылдан – 5000 отбасына артық, 2009 жылдан – 20000 отбасының көші-қон квотасы бағамына шешуші болып табылады. Көші-қон полициясы Комитетінің этникалық репатриация туралы ресми мəліметтері бойынша (2011 жылдың қыркүйек айындағы жағдайына қарай) елімізге 210225 оралман отбасы немесе 824170 адам қоныс аударды [1]. Репатрианттардың жалпы санынан қоныс аударушылардың

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ішінде саны жағынан бірінші орында Өзбекстаннан келген қазақтар тұр (60,1), екінші орында – Моңғолиядан келгендер (13,3), үшінші орында – Қытайдан келгендер (10,3), төртінші орында – Түркіменстаннан (7,8) жəне бесінші орында – Ресейден келген қазақтар – 4,3 пайыз. Өзбекстаннан келген оралмандар Оңтүстік Қазақстан (Жамбыл Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары) өңірлеріне, Моңғолиядан келген оралмандардың 63 пайызы Солтүстік өңірді (Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары) қоныстанған. Қытайдан келген оралмандардың көпшілігі (89 пайыздан астамы) Шығыс өңірдегі Шығыс Қазақстан облысына таңдау жасаған, ал, Оңтүстік өңірде – Алматы облысында қоныстанғандар көп. Түркіменстаннан келген оралмандардың 80 пайызы Батыс өңірлерге (Атырау мен Маңғыстау облыстары), ал Ресейден келген оралмандардың 76 пайызы Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында қоныстанған. Қазақтардың Қазақстанға оралуы табиғи өсіммен қатар қазақтар санының 10 млн. адамға көбеюіне де ықпал етті, ал олардың үлес салмағы 2009 жылы 53,4-тен 63,1 пайызға дейін өсті, яғни бүгінгі күні этнодемографиялық, əлеуметтік, көші-қон үдерісін эндогендік негізде анықтайды, халықтың мəдени сабақтастығың қалпына келуіне, туған тілдің, дəстүрдің, салттың, халықтық өнердің молайуына, мемлекеттік тілдің əсіресе, солтүстік-шығыс өңірлерде таралуына ықпал етеді. Оралмандардың ниеттеріне қозғаушы күш болған, оның халықаралық қауымдастықты мойындауы, елдің қарқынды дамуы, бабалар жеріне қайта оралуы, қазақтың ата-бабасының жерінде мемлекеттікті қалыптастыруға қатысу, егеменді мемлекетті сақтау мен дамыту, бірыңғай ұлтқа ену болып табылады. Өскелең ұрпақтың тағдырына деген алаңдаушылық жақын жəне алыс шет елдердегі қазақтардың көңілін жақындастырады. Тарихи отандарында шетелдегі қазақтар мен оралмандар мынадай жайттарды мүмкін деп табады: 1) этникалық (қазақылығын) ұқсастығын сақтап қалу; 2) туған ана тілін мəдени, тілдік жəне этникалық ассимиляцияға ұшырайтын басқа мемлекеттердегі титулды ұлт ортасынан шығу арқылы ұлттық сана-сезімін, ділін сақтап қалу; 3) тəуелсіз Қазақстан қорғауында болу жəне Қазақстан азаматтығының құқы мен міндеттерін алу, балаларына бəсекеге қабілетті арнайы орта, жоғары жəне жоғары білімнен соңғы білім беруге, жастарды жұмысқа орналастыру; 4) өздерінің мəдени жəне рухани деңгейін көтеру;

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 5) отбасының əрбір мүшесінің экономикалық хал-жағдайын жақсарту; 6) Қазақстанның түпкілікті тұрғындарымен, сондай-ақ басқа елдерден келген репатрианттар арасынан туыстық байланыстарын қайта орнату; 7) өзін көрсете білу жəне жергілікті қазақтармен теңесу; 8) қоныс аударған соң қалалық тұрғын дəрежесін жоғалтпау. Бұрын (2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін) келіп жатқан қандастарымыздың тұратын жері тек олардың өз тілектерімен айқындалатын, бұл осы облыста мемлекеттік реттеуді қиындатқан болатын. Оралмандардың 60 пайызға жуығы онсыз да демографиялық қысым көріп отырған төрт облысқа (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстары) жинақталған. Осыған байланысты, «Халықтың көші-қоны туралы» (2011 жылдың 16 тамызында өз күшіне енді) Заңының тұтас бір тарауы тарихи отанына оралу мақсатында қоныс аударуға арналып отыр. Квота ең алдымен Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан жəне Қостанай облыстарына шетелдегі қандастарымыздың қоныстануы үшін бөлінуі қажет. Көші-қон квотасына енгізілген оралмандар біржолғы жəрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты тек қана Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаннан кейін алуы мүмкін. Көші-қон квотасына енгізілген оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайда біржолғы жəрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат есептелмейді жəне (немесе) төленбейді. Бұл оралмандарға тиісті жеңілдіктер мен жəрдемақыларды жалған құжат арқылы алу жағдайларына жол бермейді. 2011 жылға дейін де осындай жағдайлар аз емес еді. Мысалы 2010 жылы Алматы, Атырау, Павлодар жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында мүлдем елімізге келмеген немесе əр түрлі аумақтан квотаны 2 рет алған тұлғаларға 42 млн. сомасында қаражат бөлінгені жөнінде 64 дерегі тіркелген. Ұқсас деректер бойынша соңғы 3 жыл ішінде 10 қылмыстық іс қозғалған. Оралмандарға берілетін жəрдемақы қоныстану үшін белгіленген жері бойынша төленеді, ал белгіленген өңірден тыс жерге (алғашқы үш жылдың ішінде) немесе Қазақстан Республикасынан (алғашқы бес жылдың ішінде) тыс шығатын болса төленген жəрдемақы қазынаға қайтарылуы тиіс.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Оңтүстік аумақта орналасқан оралмандарға қарағанда солтүстік аумақтағылар жəрдемақыны 2,4 есеге артық алатын болады. Аталған іс-шаралар еңбек ресурстарының артықшылығын көріп отырған аймақтардағы шиеленісуді бəсеңдетеді. Бейімделу мен қалыптасудағы қиындықтар мемлекеттік орындардың кереғар іс-қимылдарымен байланысты болды, атап айтсақ қағазбастылық, сөзбұйдалық, оралмандарды жемқорлық əрекеттерге тарту. Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеу меттік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің соңғы қайта құруы жəне оның қорғаныс құрылымын – Ішкі істер министрлігіне қосу, біздің көзқарасымыз бойынша тəжірибе жүзінде оң нəтиже беріп отырған жоқ. Мойындайтын бір жағдай, ТМД, Еуропа, Түркия елдеріндегі этникалық қазақтардың есебінен болатын көші-қон көзі Қазақстан үшін, тек оқу мен іскерлік көші-қоны, туыстық байланыстан басқа, негізінен өз мəресіне жетті. Егерде қазіргі заманауи еуропалық қазақ диаспораларының аға буыны Қытай, Пəкістан, Сауд Арабиясы, Ауғанстан, Түркия елдерінде өсіп-өнген болса, ал жас ұрпағы басқа социумда – əлеуметтік ортада – Еуропаның дамыған елдерінде, ірі мегаполистер, басқа ұлттық ортада, қазақ тілін білмей жəне ұлттық мəдениеттен мүлдем тысқары өсіп келеді. Тұрақты экономикалық жағдайы, зейнеткерлік қамтамасыздығы, Ресейде бəсекеге қабілетті білім алу мүмкіндігі бар жас ұрпақтың қазақ тілінен мақұрым қалуы, қазақтардың Ресей Федерациясында түпкілікті тұрақтап қалу таңдауын анықтап беріп отыр. Моңғолияның ішкі аудандарында (Уланбатыр, Селенгі мен Орхон, Эрденет өзендері аралығындағы) өмір сүретін қазақ жастарының ана тілін білмеуі, жергілікті ұлтпен етене араласуы жəне қазақи мəдениетінің жоғалуы ақырын күту тұрғысын көрсетеді. Соңғы жылдары, саны жағынан 1,3 млн. адам (2003 ж.), ең көп қазақ диаспорасы өмір сүретін Қытайда аз ұлттарға қатысты саясат, атап айтқанда, білім беру саласы, едəуір өзгеріске ұшырады. Тəуелсіздік жылдары қазақстандық азаматтыққа барлығы 850 мыңнан астам адам қабылданды, олардың ішінде 821 мыңы немесе 98 % пайызы оралмандар. Сонымен қатар, қазақстан азаматтығына қабылдау туралы өтінім білдірген жағдайлардың бірқатарында олардың өтініштерін қарау нəтижелерін күтпестен, елдерді аралау немесе Қазақстаннан мүлдем кетіп қалу жəне белгісіз уақытқа басқа мемлекеттерге шығып кету фактілерінің жиі кездеседі. Соңғы екі жылда азаматтыққа

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі қабылданған 95487 оралманның, 7 мыңнан астамы № 6 нысандағы анықтаманы алуға өтініш білдірмеген. Ішкі істер органдары оларды нақты тұру орындарын анықтау жəне Қазақстан Республикасының жеке куəліктерімен жəне төлқұжаттарымен құжаттандыру шараларын қабылдауда. Этникалық репатриация мəселесі Қазақстан үшін бірқатар себептерге байланысты əлі де өзекті болары сөзсіз: 1) көші-қон ауыртпалықтарының, кеңестік жəне одан кейінгі кезеңдегі этнодемографиялық теңсіздіктің орнын толтырады; 2) елдегі демографиялық жағдайды тұрақтандырады, қазақтардың үлес санын арттырады; бүгінде қазақ тұрғындарының үлес саны 67% болуы отандастарымыздың (оралмандардың) есебінен; 3) шекараға жақын жердегі стратегиялық маңызды көші-қон ағымын реттейді; 4) халықтың мəдени сабақтастығын қалпына келтіруге, туған тілдің, дəстүр мен салттың, халық өнерінің байлығына ықпал етеді, түрлі өңірлерде мемлекеттік тілдің таралуына, əсіресе солтүстікшығыстағы тілдік кеңістіктің ұлғайуына əкеледі; 5) басқа ұлттық ортада өмір сүруге дағдыланған этникалық қазақтардың тəжірибесі, нарықтық қатынастарға ерте бейімделулері қазақстандық қауымдастықтың оңтайлы əлеуметтік байланыстары жүйесіне еркін араласуларына, ел экономикасын дамытуға оңды əсер береді; 6) тарихи əділеттіліктің орнауына, ұлттық ойдың құрамдас бөлігі ретінде халықтың біртұтас болуына ықпал етеді. Репатрианттарға əлеуметтік қолдау көрсету мəселесі де əрі қарай жетілдіруді қажет етеді, өйткені оралмандардың көпшілік бөлігін экономикалық нашар дамыған өңірлер мен мемлекеттерден келетіндер құрайды. Əлеуметтік көмек берерде: оралмандарды оқыту мен қайта даярлауға бөлінетін қаржыны ұлғайту, ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту; адрестік əлеуметтік көмек көрсетуді нарық қағидасына сəйкес жетілдіру (жағдайы нашар азаматтарға, оның ішінде əйелдер мен балаларға); ана мен баланы əлеуметтік қорғаудың жүйесін нығайту; тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету. Қоныс аударуға бейіл танытпай, сол елде қалуды ойлап отырған этникалық қазақтар туралы да мемлекеттік саясатқа түзетулер енгізу керек. Отандастар жəне этникалық қазақтармен ара-қатынасты үзбей байланыс жасап отыру жəне оны дамыту мемлекеттік саясаттың

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі көші-қон саласындағы алдағы маңызды жұмыстарының бірі болып қала бермек. Қазақстан, үлкен аумақты алып отырған ел, халық саны аз ғана, оның үстіне өңірлерді біртегіс жайламаған, еңбек ресурстарына тапшы, экономикалық қорын кəсіби маманданбаған Орталық Азиядағы арзан жұмыс күшін пайдалану арқылы толтырады. Сондықтан этникалық көші-қон бағдарламасын орындау, ел мен оның өңірлеріндегі демографиялық жəне əлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететін міндет ретінде өзекті болып қала бермек. 1 «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ-ның ағымдағы мұрағаты

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Болат Заут, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Павлодар облыстық филиалының басшысы АТАМЕКЕНГЕ АТ БАСЫН БҰРҒАН ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ КӨШІН ҰЙЫМДАСҚАН ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАЖЕТ Қазақ елі ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тəуелсіздік туын тіккен тұста-ақ, Тұңғыш Президентіміз ел өміріндегі қарбалас шақ, қауырт жұмыстарға қарамастан 1991 жылы «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» айтып, қысылтаяң қиын сəттерде төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды жер бетіндегі жалғыз ортақ Отанымыз Қазақстанға шақырды. Президентіміз 1992 жылы Түркияға барғанда Ыстамбұлдағы ағайындармен кездесіп отырып, əлем қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізу туралы мəселе көтеруіне байланысты осы бас қосуды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің арнайы 709 қаулысы шығып, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, жарғысы бекітіліп, төраға болып Президент Н.Ə. Назарбаев сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Жарғысына сəйкес, алыс, жақын шетелде тұратын қандастарымыздың атамекенге келіп кетуіне, қарым қатынас жасауына, келген ағайынға ортақ шаңырағымызды көрсетіп таныстыру, құжаттарын жедел рəсімдеп көмектесу мақсатында республикамыздың 8 облысы, Астана, Алматы қалаларында қауымдастықтың филиалдары құрылып, əлемнің 32 елінде осы қауымдастықтың мəдени орталықтары жұмыс істеуде. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Павлодар облыстық филиалы 1998 жылғы 19 мамырда алғаш құрылғанымен, əртүрлі себептермен біраз уақытқа дейін жүйелі түрде жұмыс жүргізе алмаған. Осыған орай, Алматы қаласында 2006 жылғы наурыз айында өткен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқасының кеңейтілген мəжілісінде Қауымдастықтың Павлодар облыстық филиалын қайта құру мəселесі шешілді. Соған байланысты Қауымдастық Жарғысына, филиалдың Ережесіне сəйкес, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден қайта өткізілді. Сөйтіп, филиалдың жұмысы жолға қойылды. Бұл ретте, көшіп келген қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделіп кетуіне байланысты

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі мемлекеттік органдардың қатысумен дөңгелек үстел, конференциялар ұйымдастыру біздің тұрақты жұмысымызға айналды. Жыл сайын облыс əкімдігінің Ішкі саясат басқармасы ұйымдастыратын «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сəйкес атамекенге көшіп келген қандастардың жаңа ортаға бейімделіп кетуіне байланысты, құқықтық жағдайларды шешуге жариялаған конкурсқа біздің филиал да қатысып, 4 мəрте жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні облыстық филиал облысымызға Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен атамекенге біржолата қоныстануға көшіп келген қазақ диаспорасын, өкіл ретінде тіркеуге алып, төлқұжаттарын рəсімдеу, аударма жасау, олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауына, ықтияр хат алуына қолдау көрсету, басқада құқықтық ақыл кеңес беріп, мүмкіншілікке қарай қолдан келгенше көмектесудеміз. Облыстық қауымдастықтың филиалы құрылған күннен бастап-ақ, жергілікті басқару органдары Көші-қон басқармасы, Көші-қон полиция басқармасы, Оралмандардың «Асар» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалымен күнделікті байланыста жұмыс жасайды. Ал, Облыс əкімшілігі, Облыстық ішкі саясат департаменті, Тілдерді дамыту басқармасы, Қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту басқармаларымен бірлесіп іс шараларды өткізудеміз. Елбасы Н.Ə. Назарбаев ІІІ құрылтайда: «Қандастарымыздың тұрып жатқан жерлерінде жағдай жасап, олармен қарым-қатынас жасайық» – деген болатын. Филиал тарапынан кейінгі жылдары Моңғолиядағы қазақ мəдени орталығына атамекенде жарық көрген қаламгерлердің кітаптарын, компакт дискілер мен күй табақтарын жеткізіп, еліміздің өркені жайлы, экономикалық жетістіктерін, мəдениет саласындағы табыстарын таныстырып, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігін зерделеп, ұсыныс тілектерін құзырлы министрліктерге таныстыруды қолға алдық. Мəселен, Моңғолия елінің батыс таулы өлкесінде орналасқан қандастарымыз тығыз мекендеген Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласының əкімі, қала əмірі Қайсанай Қабдыразақұлы бастаған, құрамында аймақ депутаттары, мемлекет қызметкерлері, денсаулық, мəдениет саласының мамандары, өнер шеберлері, шағын кəсіпорын басшылары бар бір топ делегаттар Қауымдастықтың облыстық филиалының ұсынысы бойынша, Павлодар қаласының əкімі Бəкір Саматұлы Демеуов мырзаның арнайы шақыруымен 2007 жылғы 8 қыркүйекте өткізілген Павлодар қаласы күніне қатысты. Моңғолия қазақтары 1991 жылы Қазақ елі тəуелсіздігін жариялаған

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі күннің ертеңінде-ақ атажұртқа қарай көш керуенін бастаған жұрт екені тарих алдында шындық болып қала береді. Аллаға шүкір, сонан бері атамекенге осы елден оралғандардың саны да жүз мыңнан асыпты. Алыс жəне жақын шетелдерден келген 30 мыңнан астам қандасымыз Ертіс өңіріне сіңісіп, жергілікті тұрғындармен етене жақын араласып кетті, Қазақстан топырағында туған ұрпақтың өзі есейіп, ер жетті. Павлодар облысындағы оралмандардың қоғамдық ұйымдары тарапынан өткен 2010 жылы Моңғолияда болған қаhарлы қыс, ойылған жұттың салдарынан негізгі кəсібі болған малы қыруар шығынға ұшырап, қиын жағдайға тап болған қандастырымызға қол ұшын беру мақсатында Парламент Мəжілісінің жекелеген депутаттарының көтерген ұсынысын ескеріп, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің тікелей қолдауымен басқа да құзырлы мекемелердің мақұлдауымен маусым-қазан айлары аралығында атамекенге оралуға ниетті болса да өздігінен көшіп келуге қаражаты болмай отырған көп балалы отбасыларын арнайы шарт бойынша Павлодар облысына 152 отбасын (727 адам) 750 кг. дүние-мүлік, жүгімен бірге көшіріп əкелдік. Бұл өте күрделі де аса қиын шаруа болса да барлығы сəтті жүзеге асырылды. Павлодар облысындағы қоғамдық ұйымдар тарапынан өз тəжірибемізге сүйене отырып, 2011–2013 жылдары Моңғолиядан қазақ отбасыларын ұйымдасқан түрде көшіріп əкелуге арналған бағдарламаны жасап үкіметке, этникалық көші-қон қоғамдық комиссиясына ұсындық. Бағдарлама жүзеге асып, Үкімет тарапынан қолдауға ие болса, шеттегі қандастарымызды елге оралту, орналастыру, жайластыру ісін өркениетті ел деңгейіне сай əрі ұтымды, əрі тиімді жолдарымен ұйымдастыруға болатынына сенімдеміз.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Досан Баймолда, философия докторы - PhD, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің кафедра меңгерушісі

«НҰРЛЫ КӨШ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖƏНЕ МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫ 2009–2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007–2015 жылдарға арналған тұжырымдамасына сəйкес президент Н. Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен əзірленген еді. Өз қандастарын елге шақырып қоныстандыруда басқаларға үлгі болған Германия жəне Израиль секілді елдердің көші-қон тəжірибесіне негізделген бұл бағдарламаның мақсаты – этникалық көшіп-келушілерді яғни шетелдегі қандастардың көшін, Қазақстан аумағында еңбек ету үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын (атажұрттарына көшіп кеткен неміс, орыс, кəріс, шешен тағы басқалардың) еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын басым көпшілігі қазақтар болып келетін азаматтарды ұтымды қоныстандыру, жайлы жайғасуына жəрдемдесу еді [1]. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша сырттан көшіп келушілерді негізінен Қазақстанның солтүстік, орталық жəне шығыс аймақтарына қоныстандыру жоспарланған болатын. Осы мақсатқа арнап үкімет қыруар қаржы бөлді. Қазақстанның еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Нұрлы көш» бағдарламасы 2009– 2011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттен бұл бағдарламаға 197 миллиард теңге қарастырылған. Үш жылда бұл бағдарлама бойынша 60 мың отбасын, орта есеппен 300 мың адамды көшіріп алу жоспарланған болатын. Алайда «Нұрлы көш» бағдарламасына жұмсалған қаржы жағдайын тексерген Қазақстан Республикасының Есеп комитеті 2009–2011 жылдардағы «Нұрлы көш» бағдарламасы тиімсіз іске асырылыпты деген қорытындыға келді [2]. ҚР Президентіне тікелей бағынатын жоғары қаржылық бақылау органы болып табылатын аталмыш комитеттің мəлімдеуінше, «Нұрлы көш» бағдарламасының шараларын іске асыру барысында тиісті мониторинг жəне ведомствоаралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылмағандықтан жоспарланған 21 ісшараның 9-ы ғана орындалып, 3-уі орындалмаған, ал 9 іс-шара са-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі пасыз орындалған. 2009–2011 жылдары Бағдарлама шеңберінде 2567 этникалық қазақ отбасына тұрғын үй берілген. Бағдарлама шеңберінде жалпы құны 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға салынған 3223 пəтердің 622 пəтеріне ел қоныстанбаған. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында 138 екі пəтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған құны 51,6 млн.теңгелік 18 пəтер тұруға жарамсыз, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Солтүстік Қазақстан облысында құны 42,0 млн.теңгеден астам соманы құрайтын бір пəтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмай қалған. Міне бұл республикалық бюджеттің қалай жұмсалғандығына бақылау жасайтын құзырлы мекеменің айтып отырғаны. Жалпысы оу-бастан «Нұрлы көш» бағдарламасын кең түрде насихаттап жүргізу мəселесінде кемшіліктер көптеп орын алғаны белгілі жайт. Бұны 2009–2010 жылдары Моңғолияға жəне Қытайға жұмыс сапарымен барғанымда өз көзіммен көрдім. Ондағы ағайындардың «Нұрлы көш» бағдарламасы туралы есігендері болмаса нақты мүмкіндіктері жайында көбінің білмейтіні байқалды [3]. Соған қарамастан «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде 2009–2010 жылдары Моңғолиядан барлығы 1317 отбасы немесе 6271 адам Қазақстанға қоныс аударған. Олар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары жəне Алматы қаласы мен Астана қалаларына көшіп келді. 2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 150 ден астам отбасы барлық жан саны 750 дей адам Моңғолияның Баян-Өлгей жəне Қобда аймағынан Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарына көшіп келді. Көбісі жол қаражатына керек ақшаны əрең деп тауып келді. Алайда сол кісілерге «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша берілетін көмек ақшалары бір жылдан астам уақыт кешіктіріліп берілді. Олар бұрын көшіп келген ағайын туыстарын паналап бір қысты амалдап өткізген. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 2011 жылы Моңғолияның əр түкпірінен Қазақстанға қоныс аударсақ деген отбасылар саны көп болды. Жалпысы «Нұрлы көш» бағдарламасының жүйелі түрде іске асуына көп кедергілер туындады. Əсіресе, мынау Көкшетау облысының Қызылжар деген ауылына жəне Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласына көшіп барған оралмандар өздерінің хал-жағдайлары жəне бағдарлама бойынша берілген үй-баспаналары жағдайына қатысты қыс бойы ақпарат құралдары арқылы реніштерін, сын пікірлерін білдірумен болды. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойын-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ша олардың жұмыс орны, мектебі, ауруханасы, балабақшасы, адамға қажетті барлық инфрақұрылымдары əзір болуға тиісті болған. Олар салынып бітпеген. Жұмысы жоқ адамдар үкімет салып берген үйбаспанаға ай сайын төлейтін 25-30 мың теңге шамасындағы ақшаны қалай төлей алсын! Оған қоса аз уақыттың ішінде сапасыз салынған үйлер Қызылжар мен Курчатовтың суығына шыдамай, жарыла бастаған. Осындай қиындықтарды бастарынан кешкен оралмандар зар жылаумен болды. «Нұрлы көш» бағдарламасының жүйелі түрде іске аспай жатуының басты бір себебі, бұл көші-қон саласын жайлаған жемқорлық болып отыр. Мысалы, ҚР Бас прокуратурасының жария лаған мəліметіне назар аударсақ, Солтүс тік Қазақстан облысында «Нұрлы көш» бағдарламасына бөлінген 137 миллион тең ге əлдекімдердің жеке пайдасына жұм сал ған. Маңғыстау облы сын да осындай 136 миллион теңге қолды болса, Шығыс Қазақ стан, Оңтүстік Қазақ стан сияқты бірнеше облыстарда салынуы тиіс 700 үйдің қар жысы жалған ақпар жасау арқылы желге ұшқан. Ал, Қазақстанға мүлдем келмеген немесе бұрын жəрдемақы алған ора лман дар ға жалған құжатпен заңсыз қаржы тө леу салдарынан 80 миллион теңге талан-таражға түскен. Жақында ғана Өскеменде белгісіз біреулер Моңғолиядан көшіп келмеген 17 қазақ отбасының атынан «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша квота алып, жалпы сомасы 24 млн. теңгені жымқырғаны туралы хабарланды [4]. Прокурорлардың айтуынша, белгісіз біреулер Моңғолиядағы қандастардың құжаттарын əкеліп, оларды квота алатындардың тізіміне қосқан. Ал оралмандарға тиесілі қаржы кімнің қалтасында кеткені əлі анықталған жоқ. Міне, көші-қон саласын жайлаған осындай жемқорлық жəне бей-берекетсіздік шеттегі қандастардың ата-жұртқа жетіп, жайлы қоныстансақ деген үмітін шайып, жақсы тілектеріне үлкен тұсау болып отыр. Сондықтан көші-қон саласындағы жемқорлыққа карсы күресті күшейту арқылы жұмысты жандандыру оны жаңа деңгейге көтеруді заман бізден талап етуде. Ал, Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында Елбасы Н. Назарбаев «Нұрлы көш» бағдарламасының екінші кезеңін бастаймыз, бағдарламаны тоқтатпаймыз дегенді айтты [5]. Егер қазақтың санын 20 миллионға жеткізейік десек, онда ұлы көштің бұйдасын кеңірек ағытып, «көш көлікті болсынды» басымырақ айту жөн болмақ.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Пайдаланған əдебиеттер мен дерек көздер: 1 «2009–2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы»// www.e.gov.kz/wsp 2 www.esep.kz2012 3 Баймолда Д. Моңғолия сапары //Алтын Бесік. 2009. - №5. 4 www.procuror.kz 5 Назарбаев Н. Қазақстан – дүниедегі əр қазақтың қастерлі құбыласы /Дүниежүзі қазақтарының 4 құрылтайында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. 2011. - 26 мамыр.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Шайхислам Тəкібайұлы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы БІЗ ҰЛТ ТАҒДЫРЫ ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ ҮШІН КЕЛГЕН ЕДІК Естен кетпес сонау 86-шы жылдағы ұлт намысын оятқан желтоқсан жаңғырығы, 90-шы жылдардың басында Тəуелсіздіктің алаң-елеңінде бөркімізді аспанға атып, арман арқалаған ұлы көштің басталғаны. Əуелгіде аңыз ертегі іспетті естілгенімен, көп ұзамай тізбектелген жүк көліктерінің ауыл арасына қаптап кеткеніне жұрт елең етті. Қызыл империяның көп жылғы құрсауынан жаңа босап, билік қолына тиген сəтте шеттегі ағайынын жинауға алғашқы Президентіміздің ұлтжандылық батыл қадамын ел нағыз ерлік деп бағалады. Туған жер, ағайын туыстан ажырау қаншалықты қиын болса да арнайы жіберілген көлікпен атамекенге жету əр қазақтың арманы болды. Əлемде демографиялық бетбұрыс қарқын алып, əр ұлт өз жоғын жоқтай бастағанда, қазаққа да қолайлы мүмкіндік туды, тəуелсіздік үшін тер төгейік деген асқақ арманмен ұлы көштің алғашқы қарлығаштары қатарында атамекенімізге жеттік. Біз ата-бабадан бойға сіңген Алтайдың өршіл рухын, еркін ашық мінезін, қаймағы бұзылмаған тіліміз бен дінімізді, салт-дəстүрімізді ала келдік. Атамекендегі ағайындар бізді құшақ жайып қарсы алды, шашу шашты, жүрекжарды тілектерін айтты, бізге құт келді деп ақ баталарын берді. Кешіктірмей баспанамен көмектесті, жергілікті əкімшілік, мекемелер мен шаруашылықтар мүмкіндігінше жұмыс орындарын ұсынды жəне мемлекеттен арнайы бөлінген қаржы есебінен мал жəне ақшалай жəрдем жасады. Сол кезеңде Павлодар обылысы, Май ауданы, Ақшиман ауылына келген біздің көшті қарсы алып, жаңа қоныста ел болып кетуімізге шынайы туысқандық жəрдем жасаған совхоз директоры Асылхан Тəңірбергенұлы, мектеп директоры, кейін сол ауылдың əкіміне тағайындалған Асжанов Тұрғанбек, Май аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жұмағали жəне жеке

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі шаруашылық иесі Омышов Қайыр ағамыз есімдері жəне жалпы қонақжай қарапайым ауыл тұрғындарының мейірімділігін біздің ағайындар ұмытпайды. Атамекенде алғашқы тірлігіміз басталған ол жер бізге екінші туған жеріміз сияқты. Бұл 1992–1993 жылдары Моңғолиядан келген 55 отбасын қоныстандырып, ұлын ұяға, қызын қияға өрбіткен киелі мекен. Сондай-ақ, басқа да елді мекендерге бөлініп қоныстанған қиынқыстау кезеңде ағайындарымызға жанашырлық жасап, тұрақты мекенденуіне себепкер болған Екібастұз қаласы Байет совхозының директоры Еламан марқұм, Ақсу ауданы Ақжол ауылының əкімі (қазір зейнеткер) Мержан Қозыбағарұлы, Құркөл ауылының əкімі (қазір зейнеткер) Қаршыға Шаяхметұлы т.б. асыл адамдарды құрметтейміз. Ел егемендігі үшін күрес жолында тəуелсіздікпен бірге жасасып, көптеген тарихи оқиғалардың куəсі болып, 20 жылдық белеске шыққанымызды мақтаныш тұтамыз. Өткен жылдарға үңілсек, əрине елім деп еңіреп келген қандастар көптеген қиындықтарды да бастан кешірді. Əуелі туған жерінен, ағайын туысынан бөлінді, мұнда келген соң шашырап кеткен туыстарын таппай адасты, орыс тілді ортада тіл табыса алмай қиналды, əр түрлі деңгейдегі мамандар лайықты жұмысын таппай, күнкөріс үшін екі қолға бір күрек ұстады. Көпшілігі баяғы көшпенді əдіспен ұстанған ата кəсібі мал жəне егін шаруашылығымен шұғылданып кетуге мүмкіндігі болмады. Өйткені жайылымы кең көшпенді əдіс пен тұрақтанған шаруашылықтың айырмашылығы үлкен еді. 1994–1998 жылдардың жекешелендіру науқаны кезінде халық арасында ұрлық пен тонау қатар өрбіді. Өсірем деп үміттенген атамекеннен берген көмек жəне еншіміздің біразын сол уақытта жоғалттық. Онымен бірге шеттен келгендерді шеттету, кемсіту көзқарас ел арасында белең алды. Қайсыбірі ауа-райы қолайсыздығынан жерсінбей, кері қайтты. Осыншама қиындықтарға қарамастан, олар ұлт болашағы, ұрпақ тағдыры үшін алға ұмтылды. Жұрт қатарында күн көріс жасап, ұрпақтарын өсірді, оқытты. Олар бүгінгі қоғамның əр саласында қызмет етіп, егемен елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жатыр. Əсіресе, тілді, дінді жəне ұлттық өнерді, ғылым мен білімді дамытуға белсене араласып жүрген азаматтар мен азаматшалардың үлесі басым. Оларды барынша қолдап, басқаға үлгі көрсетіп жүрген ұлтжанды тұлға ретінде Павлодар Мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық маслихаттың депутаты Ерлан Мұхтарұлы Арынды атап өткім келеді. Бұл кісі ұлтымыздың мұңы мен жоғын жоқтап, көп іс-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі шаралар атқарған салихалы азамат. Өзі басқарған Университетте де мемлекеттік тілдің мəртебесін жоғары қойып, оны əр ғылым салалары бойынша дамытуға, қазақ тіліндегі оқу-əдістемелік құралдарды көптеп шығаруға баса назар аударып отырды. Іс басындағы азаматтарымыздың барлығы да осындай ұлт жанашыры болуын қалаймыз. Жəне де мұндай адамдар ел ішінде көптеп табылатынына сеніміміз зор. Атамекенге келген қандастардың ұсынысы бойынша облыстық көшіқон комитеті, кейіннен «Асар» бірлестігі жəне Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының облыстық бөлімі құрылды. Аталған мекемелер шеттен келген қазақтар үшін өздеріне жүктелген қыруар істерді жауапкершілікпен атқарды, бұл мекемелер көшіп келушілердің мұңын түсініп, жоғын жоқтады. Олардың құжаттарын рəсімдеуге, əлеуметтіктұрмыстық жағдайын түзеуге, құқықтық мəртебелерін қорғауға, мамандардың жұмысқа орналасуына, өнер мен мəдениет, салт-дəстүрді насихаттауға, дамытуға тікелей араласып белсенді еңбек етті. Алайда, ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында көші-қон бөлімі қысқарып, бұрыннан жалғасып келген көптеген қызметтердің иесіз қалғаны өкінішті. Мемлекеттік тіл заңы аяққа басылып, оның орындалуы арман қуған сағымға айналып бара жатқаны шеттен көшіп келем деп ниеттенген қазақтарға, əсіресе туған тілімде оқып, өсіп, жетілем деп үміттенген жастарға ауыр соққы болып, жалпы қазақ елінің тəуелсіздігі мен көші-қон үрдісінің тоқырауына əкеліп отыр. 2011 жылдың мамыр айында өткен бүкіл Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайында Президентіміздің ендігі іс-шаралар тойланатын емес, ел тəуелсіздігі мен ұлт болашағы үшін нақты толғантатын мəселелерге бағытталсын деп ескерткені есімізде. Осы Құрылтайда қаралған мəселелер мен қойылған мақсаттар бойынша Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жəне «Асар» қауымдастығының Павлодар облысындағы бөлімі облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен еркін пікір алмасу жиынын өткізген болатын. Мұнда жиналған зиялы қауым өкілдері шеттен келген қандастардың бүгінгі жай күйі, қоғамдағы орны, олардың ертеңгі арман-мұраттары, көші-қон тағдыры, ұлт болашағы жөнінде сөз болды. Мұнда айтылған көп мəселенің түйіні тағы да мемлекеттік тілдің тағдырына қатысты өрбіді. Бұрын мемлекетті басқару салаларында өз ұлтымыздың өкілдерінің болуын қалап едік. Ол арманымыз толық орындалды деуге болады. Енді өзімізбен-өзіміз күресетін күрделі əрі қиын кезеңге тап болдық. Мұхтар Шаханов ағамыздың айтуынша:

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Айналамыз етек алған рухсыздану өрісі, Мемлекет басқаруда отырғанның жартысынан көбісі, Ұлтын, тілін менсінбейтін шалалардан құралған. Енді олардан ұлтты қорғау бəрімізге болды арман. Бүгінгі күні мемлекеттің мүддесін ойламайтын, ұлтын сыйламайтын шенді, шекпенділер көбейіп бара жатқаны елдігімізге үлкен сын болып тұр. Бір мысал айта кетейін. Ана тіл мен тəрбиенің бастауы болатын ұлттық балабақшалар көптеп ашыла бастағанда үкілі үміт артып едік. Бүгінгі күні солардың көбінде орыс тілді қазақтар орын тепкен. Одан тəрбиеленіп шыққан бүлдіршіндердің көбісі баяғы орыс тілінде сайрап тұр. Көптеген қызмет көрсету орындарында мемлекеттік тілде сұрақ қойсаң, орыс тілін талап етеді. Бұларды заң жүзінде тексертуге барсаңыз,сөз өтпейтін мықтыларға тап боласыз. Сын түзелмей, мін түзелмейді дегендей осы мінді түсініп қабылдаудың өзі үлкен даналыққа жатады екен. Жоғарыда айтылғандай көшіп келген Моңғолия қазақтарының көпшілігі екінші дəрежеге жататындар деген қоғамдық көзқарастың туындауына себепкер болған кейбір жағдайларды түсіндірейін. Осы мақаланың басында жазылған алғаш көшіп келген жылдардағы əр алуан тұрмыстық қиыншылықтар кезінде амалы таусылған жұрт күл қоқыстан металл қалдықтарын теруге мəжбүр болды. Жыл өте келе металл түрлерінің бағасы өсіп, қолма-қол ақша алатын негізгі табыс көзіне айналды.Осыдан көптеген ағайындарымыздың тұрмысы түзелді, мал басын өсірді, балаларын оқытты. Алғашқы бетте уақытша кəсіп ретінде есептелгенімен біздің ағайындар осы іспен бүгінгі күнге дейін 15 тен астам жыл айналысып келеді. Атасы көрмегенді баласы көреді немесе ауру қалса да əдет қалмайды дегендей бұл кəсіп енді ұлттың, ұрпақтың ата кəсібінен қол үзуіне жетелеп отыр. Бүгінгі жеткіншек сіздің ата мекенде көрсеткеніңіз осы, оқысам да жұмыс жоқ, осыдан басқа табыс жоқ деп ата ананың ақылына бағынбайтын болды. Өмір бойы қолданып келген ұлттық киім, киіз үй жабдықтары, ер тоқым ат əбзелдері, ою өрнекті тоқыма, сырмақ, түс киіз, түрлі зергерлік бұйымдар, оларды өндіру технологиясы бүгінгі ұрпақтың түсіне де кірмейтін болды. Осыны көрген басқа жұрт бізді ежелден күл қоқыс теріп кəсіп еткен төменгі санаттың адамдары деп түсінуі мүмкін емес пе. Сондықтан қазіргі аға буын халықтың ішінен іскер шеберлердің басын қосып ата кəсіпті салт дəстүрді жаңғырту, соңғы жылдарда жоғалып кеткен құндылықтарымызды қалпына келтіру кезек күттірмейтін мəселе болып отыр. Биылғы үкіметтің бизнес

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі бағдарламасына осыны енгізсе Нұрлы көштің даму болашағына үлкен серпін берер еді. Бүгінгі күні ата мекенде қоныстанған жəне шетелде бөлініп қалған қазақтардың ұрпақтарының рухани туысқандық жəне мəдени байланысы тығырыққа тіреліп отыр. Кешегі күні түбі бір атаның балалары тағдыры басқа екі елде 20 жыл өмір сүргенде қазақ тілінде ауызша немесе жазбаша қатынаса алмайтын жағдайға келді. Сол себепті Елбасының айтуынша шеттегі қазақ жастарын ата мекенде оқытуға жағдай жасау немесе сол елдерде қазақ мектептерін дамытып, оқу білім жүйесін дамытуға мемлекетаралық келісім шарттар жасау қажеттігі туындайды. Біз мұнда шетелден күн көріс немесе мол табыс үшін емес ұлтымыздың болашағы мен ұрпағымыздың қамы үшін тарихи отанымыз Қазақ мемлекетінің өркендеп жетілуіне үлес қосу үшін келген едік. Тəуелсіз еліміздің 20 жылға толуына мақтанумен қатар болашағымыз үшін жетістіктеріміз бен олқылықтарымыз жөнінде пікір алмасайық ағайын. Ендігі асыл арманымыз тəуелсіз еліміздің тірегі болған қазақ тілінің мəртебесін асқақтату. Бұған əр қазақтың намысы жəне ұмтылысы қажет. Екінші жағынан мемлекеттік тіл заңын бұзған мекеме жəне жеке тұлғаларға қатал шаралар қолдану жəне қадағалау істері басқа заңдардың орындалуымен бірдей деңгейде жүруі керек.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Гульнара Тазабековна Жумасеитова, кандидат искусствоведения, доцент, главный научный сотрудник Института литературы и искусства им. М.О.Ауэзова «ҚАРА ЖОРҒА» – ТАНЦЕВАЛЬНОЕ НАСЛЕДИЕ КАЗАХОВ ЗАРУБЕЖЬЯ Казахстан – огромная страна, находящаяся в самом центре Евразийского континента, имеет очень древнюю богатую историю и в то же время является одним из самых молодых суверенных государств мира, совсем недавно отметившего 20 лет провозглашения своей независимости. В сегодняшнем становлении государства и его дальнейшем развитии немалая роль отводится казахам, проживающим в странах ближнего и дальнего зарубежья, так как более одной трети всех казахов проживает за пределами Казахстана. Подавляющее большинство представителей казахской диаспоры, являются хранителями культурного наследия казахского народа. Именно диаспора, в силу особых условий выживания и сохранения своей культуры, волею судьбы стала более строгой носительницей и хранительницей культуры своей прародины. В тоске по родине зарубежные казахи не только сохранили то, что помнили, но и, сохранив в душе национальную идею о своей свободной и независимой родине, сочинили много интересных и самобытных произведений и, что интересно и немаловажно, вернули нам когдато утерянные духовные ценности. Казахские диаспоры за рубежом, в таких странах как Монголия и Китай, сохранили исконные образцы древних казахских танцев, во многом утерянных в современном Казахстане в силу ряда общественно-политических перемен ХХ века. Одним из таких популярных казахских танцев, возрожденным и возвращенным ими, стал танец «Қара жорға». С конца 90-х годов, в Казахстане этот танец начали исполнять на всех праздниках и значимых мероприятиях, возраст танцующих не имел ограничений, от детсадовских ребятишек до аташек и апашек. По стране и за ее пределами прокатилась новая модная волна: исполнение этого танца на огромных площадях большим количе-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ством людей, на различных флэшмобах и массовых национальных представлениях. Вначале самый большой рекорд был установлен в Китае, когда в Синьцзян-Уйгурском автономном округе его одновременно станцевали 13370 человек, из которых более 80 % процентов составили казахи, а остальные китайцы, уйгуры, дунгане и др. Данное исполнение было зафиксировано представителями Книги рекордов Гиннеса и принята официальная заявка на включение танца в данную книгу. В Казахстане массовым исполнением «Қара жорға» в г.Астане отличились студенты Казахской юридической Академии во главе с ректором М. Нарикбаевым. Этот танец массово танцевали представители казахской диаспоры в Нью-Иорке и Лондоне, Малайзии и Турции. В настоящее время, в Китае в Алтайском крае чиновники от образования ввели в школах специальную гимнастику, построенную на элементах танца «Қара жорға». Вслед за ними, в некоторых казахстанских санаториях и здравницах больным для лечения болезни суставов, позвоночника и периферической нервной системы, прописывают регулярное исполнение этого танца. Таким образом, на заре ХХI века, в Казахстане «Қара жорға» стал самым известным и распространенным казахским танцем, в 2009 году по решению ООН, он был признан национальным танцем казахов. Но, к сожалению, до сегодняшнего времени в среде самих казахов нет единодушного признания данного танца, так как постоянно звучат различные противоречивые мнения о его происхождении. Так, некоторая часть населения говорит, что это не казахский, а монгольский танец, какая-то часть отзывается о нем, как о танце шаманском, есть и такие, которые вообще отрицают наличие в прошлом в жизни казахов самого танцевального искусства. Первый и доказанный факт трудами исследователей различных гуманитарных наук нескольких поколений: танец в жизни казахов существовал еще в глубокой древности. Одним из свидетельств являются многие памятники материальной культуры, относящиеся к II-I тыс. до н.э., петроглифы и наскальные изображения на территории Казахстана. Наши далекие предки, в тяжелой борьбе за существование, пытались дополнять трудовые процессы различными эмоциональными телодвижениями. Но, в связи с кочевым образом жизни и другими социальными проблемами, каких-либо законченных форм и установленных движений, до нас не дошло. Но, в народной памяти и бесценном эпическом наследии, а также в легендах и сказаниях оста-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі лись, хранимые и передаваемые, порой неосознанно, из поколения в поколение, их сюжетная тематика, танцевальная лексика и эстетические идеалы прекрасного. В начале 30-х годов, в процессе становления профессионального театрального и музыкального искусства, началось интенсивное развитие и национальной хореографии. Приглашенный балетмейстер Али Ардобус, за неимением широко развитых форм и образцов казахского танца, создавал пластику на основе обрядов, подражания традиционным занятиям кочевников. В этот период в Казахстане получили широкое развитие такие танцы, как «Насыбайшы», «Қоян-бүркіт», «Киіз басу», «Шашу», «Аққу» и др. В их числе был и танец «Қара жорға». По заметкам балетмейстера Д. Абирова танец «Қара жорға» - это пластический рисунок наблюдения не просто за скачущей лошадью, а именно бегом иноходца, отличающегося своим необычным бегом рысью или галопом. Ритмический перебор копытами, вальяжно-гордое покачивание головой из одной стороны в другую, развевающаяся грива на бегу – так и напрашивались на идею пластической интерпретации. «В танце «Қара жорға» мы обнаруживаем движения, напоминающие бег иноходца и покачивание плеч. Все это передается, как и в других народных танцах, не в форме подражания, а в художественнотанцевальном образе. Характер и ритм движений иноходца отражает и музыка этого танца» (1). «Существовали такие виды «Қара жорға» как: «қос-жорға», «еркек-жорға», в Восточном Казахстане «Қара жорға» исполнялся как парный танец, на манер «қазалу-қашу», а на Каспии, по сообщениям Керея Кодарова, «Қара жорға» называли «шайтанкок». Кроме того, особая манера этого танца существовали в Алтайском округе, в СарыСуме, а также в Тарбагатае» (2). Профессиональная запись танца «Қара жорға» с нотным материалом сделана Д. Абировым и А. Исмаиловым в 1961 году, для книги «Казахские народные танцы», она есть и в книге «Тайна танца» известной казахской танцовщицы Шары Жиенкуловой. Эти данные и факты неоспоримо свидетельствуют о том, что в танцевальной культуре казахов был танец «Қара жорға», но как явствует из описания, композиционного плана и зарисовок казахстанских хореографов, это совершенно другой танец, ни в чем не похожий на танец «Қара жорға», привезенный казахами зарубежья и весьма популярного в Казахстане последние несколько лет. Более близким и похожим на этот танец, является танец «Буынби», восстановленный на основе записей

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі известным балетмейстером, исследователем и пропагандистом казахского танца О. Всеволодской-Голушкевич. О танце «Қара жорға», привезенного казахами зарубежья, известно следующее. Этот танец появился очень давно, так как казахские историки Китая свидетельствуют, что упоминания о нем сохранились на древне-орхонских письменных памятниках. Во времена древних гуннов, уйсунов и ханства Найман-Керея, воины в минуты отдыха между длительными военными походами, воткнув свои копья в землю, танцевали. Среди этих танцев в древних китайских источниках упоминается и танец «Жылқы биі», или как его еще называли сами монголы «Ма у». И, разумеется, в те времена этот танец танцевали и казахи, и монголы, и киргизы, и таджики. Есть вероятность, что казахский «Қара жорға» берет свое начало именно с этого танца. Есть сведения и о том, что этот танец появился и стал развиваться вместе с появлением баксы, отсюда его второе название «Бақсы биі». Именно под кюй «Қара жорға», баксы входили в транс, для камлания и лечения людей. Под музыкальное сопровождение они начинали монотонно двигаться по кругу, приводили в движение все мышцы и суставы. Темп движений убыстрялся и в таком состоянии, они начинали свое завораживающее театральное действо. Китайский исследователь казахского танца Уан Жияч, в своей статье «Истоки казахского танца и его особенности», тоже упоминал об этом танце. Он писал, что для казахского народа, ведущего кочевой образ жизни, конь является священным животным, его крыльями и смыслом жизни. Конь нужен на пастбище, при кочевке и на войне. В казахском народном танце «Қара жорға», распространенного в местах компактного расселения казахов, опоэтизированно рисовался кочевой образ жизни казахов, особенности их мышления и чувств, радости и горести. Были периоды, когда танец забывался и не исполнялся, но в генетической памяти народа он сохранился и в этом большая заслуга казахской диаспоры Китая. По другой версии, «Қара жорға» – танец казахов рода Керей, которые компактно проживали в Алтайском районе Синьцзяна. В 80-х годах прошлого века, в процессе сбора образцов культурного наследия казахов в этих районах, были обнаружены записи таких танцев, как «Аю биі», «Қара жорға», «Ортеке биі», «Көк түйме», «Шешеке биі». Сюжет танца «Қара жорға» в этих рукописях описывался следующим образом. В далекие времена одному жигиту удалось поймать и оседлать дикую лошадь, на ней он прискакал в свой аул. Пойманная

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі им лошадь оказалась черным иноходцем. Свое удовольствие и радость от победы джигит выражает в танце вначале на лошади, а затем и на земле, сойдя со своего нового вороного коня. Его односельчане радостно встречают и приветствуют своего удачливого и ловкого земляка. Все вышеперечисленные факты говорят о том, что танец «Қара жорға» – древний танец казахов, берущий свое начало еще с времен широкого распространения шаманизма, переживший все тюркские войны и великие переселения. Вместе с тем, это такой же танец и монголов. Долгое проживание на одной большой территории, общая тюрко-монгольская история, когда мы все разговаривали на одном древнетюркском языке и прекрасно друг друга понимали, делает общими и некоторые образцы культурного наследия. Есть только определенные особенности в трактовке и исполнении этого танца казахами и монголами. Монголы в основном используют только верхнюю, то есть лопаточную часть спины, танец идет в сопровождении национальных ударных инструментов. Казахи же танцуют по-иному, приводя в движение все суставы своего тела. Раньше танцевали под одноименный кюй, сейчас под мелодию кюя «Сал күрең», со специально написанными словами Ушкына Жамалбекулы. Первым в Казахстан танец «Қара жорға» привез Арыстан кажы Шадетулы, казах, родившийся в Китае, живший вначале в Турции, а затем долгие годы в Германии. Приехав в Казахстан в 1995 году, впервые этот танец он исполнил в 1999 году. По его словам, танцу он научился еще в детстве, от своего отца. В то время, в Китае «Қара жорға» танцевали многие казахи на различных мероприятиях, его родственники, занимавшиеся искусством баксы, под этот кюй и определенные танцевальные элементы, входили в необходимый транс. Вернувшись на Родину, он обучил этому танцу несколько человек, по приглашению Министерства культуры из Китая приезжали группы и отдельные исполнители, демонстрировавшие «Қара жорға» в разных исполнениях и интерпретациях, что способствовало возрождению массового интереса к танцу в Казахстане. Танец, сохраненный и привезенный казахами зарубежья, стал очень близок духовному мироощущению и темпераменту современных казахстанцев, занял свое место в их сердцах. Учитывая, что казахское хореографическое искусство обладает достаточно ограниченным количеством широко известных и древних танцевальных образцов, необходимо на разных уровнях популяризировать танец «Қара жорға» и окончательно признать его истинно

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі казахским национальным танцем. Конкретные действия в этой области на государственном уровне Казахстаном уже начаты. Таким образом, в марте этого года Национальным комитетом Казахстана по НКН направлена заявка в ЮНЕСКО для включения танца «Қара жорға» в Репрезентативный список нематериального культурного наследия человечества. А это говорит о том, что процесс в области признания этого танца казахами начался и нет никаких оснований отказываться от замечательных образцов танцевального искусства, сохраненных для нас казахами зарубежья. Список использованной литературы и источников 1 Абиров Д. История казахского танца. А.: Санат, 1997. - С. 86. 2 Исмаилова А.А. Казахский национальный танец «Кара-жорга» // Казахстанский мир балета. - 2010. - № 3. - С. 18.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Кулгазира Нурановна Балтабаева, директор Аналитического центра Всемирной Ассоциации казахов, кандидат исторических наук Айтбала Жамкеновна Баймагамбетова, доцент Казахского Агро-технического университета им. С. Сейфуллина, кандидат философских наук, доцент ВКЛАД РЕПАТРИАНТОВ В РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВЕННЫХ НАУК КАЗАХСТАНА Процесс переселения этнических казахов на историческую Родину, начавшийся с 90-х годов, получил дальнейшее развитие с обретением Казахстаном независимости, началом заметных перемен во всех сферах общественной жизни и ростом его международного авторитета. В этом важном, для консолидации казахского народа процессе, самое активное участие приняла зарубежная казахская интеллигенция, в том числе научно-педагогическая. В ходе репатриации этнических казахов зарубежных стран с 1991 года Казахстан получил высококвалифицированных специалистов во многих отраслях науки и техники. В данной работе мы фрагментарно отметим лишь одну сферу – общественные науки, в частности, историю, востоковедение, право, экономику, и только касательно государственной миграционной политики Казахстана, не обращаясь к работам госслужащих, журналистов и писателей. 13 апреля 1992 г., в коллективном письме на имя Президента РК Н.А. Назарбаева, в числе авторов которого был член Парламента и депутат Великого Собрания Монголии Сартқожаұлы Қаржаубай, подчеркивая признательность монгольскому народу за развитие казахской общины, вместе с тем акцентировалось внимание, что создание независимого Казахстана актуализирует проблему консолидации казахского народа, разделенного государственными границами: «Монғолия біздің өмір сүруіміз үшін қаншалықты қолайлы болғанымен, қазақтар біртұтас ел болып, бас қосуымыз керек. Қазақ халқының тарихқа кеткен есесін қайтару үшін, сөйтіп Қазақстанды əрі азат, əрі іргелі елге айналдыру үшін барлық

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі қазақтың бас біріктіруі қажет. Монғолиядағы 130 мың қазақтың бір пəтуаға қелген мақсат–мүддесі осы» [1]. В соответствии с квотой иммиграции на 1993 год, впервые утвержденной Указом Президента Республики Казахстан, из Монголии было запланировано переселить в 13 областей Казахстана 3,0 тыс. семей [2], а фактически прибыло – 3518 семей [3]. Первый социологический опрос среди казахов Баян-Ульгейского аймака Монголии был проведен в 1992 г. учеными-экономистами. Среди них – Бодаухан Кайрат из Монголии, Назым Шеденова, а руководитель проекта – тогда еще кандидат экономических наук Ерлан Мухтарович Арын. Сегодня Ерлан Мухтарович Арын – Аким Павлодарской области, Бодаухан Кайрат – председатель Республиканского объединения оралманов «Асар». Анкета ученых-экономистов содержала 32 вопроса, которые охватывали социально-экономический блок, вопросы по миграционным установкам респондентов и проблемам переезда в Казахстан. По результатам опроса ученые заключают: «переезд в Казахстан привлекает представителей казахской диаспоры из-за двух важных обстоятельств: во-первых, решение национального вопроса, поскольку казахи представляют национальное меньшинство в Монголии (4,6% населения республики в 1992 г.) и, соответственно, имеют проблемы по сохранению и развитию национальной культуры, реализации своих жизненных планов, в том числе и профессиональной карьеры; во-вторых, более низкий уровень жизни казахов в Монголии, неразвитость социальной инфраструктуры, преобладание сельскохозяйственной направленности в экономике Баян-Ульгейского аймака. Поэтому, по их мнению, переезд в Казахстан откроет более широкие возможности для образования детей, проживания и работы в городах, решение национального вопроса и реализации себя как представителей этнической общности, улучшения материального положения семьи» [4]. Особо отметим вклад ученых, из числа репатриантов, в организацию процесса репатриации в Казахстан из зарубежья. Их личный пример подвиг многие казахские семьи принять решение о смене гражданства. Часть из этих ученых состоялась в профессиональном плане за границей, другая часть влилась в научную школу Казахстана, пройдя аспирантуру и докторантуру в академических институтах и ведущих университетах за счет государственной поддержки со стороны Казахстана. Так, в Национальной Академии наук РК обучались, работали и защитили диссертации из Монголии: лингвист, доктор филологических

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі наук Қалиасқарұлы Қабидаш, этнологи, кандидаты исторических наук Қатран Досымбек и Хинаят Бабақұмар, экономист, кандидат экономических наук Бодаухан Кайрат, из Китая – историк, синолог, доктор исторических наук Нəбижан Мұқаметханұлы, лингвист, кандидат филологических наук Ғабитханұлы Қайрат, востоковед, кандидат исторических наук Ошан Жанымхан, археолог Сұнғатай Сағынтай и многие другие репатрианты. В 1989 г., кандидатскую диссертацию в Институте истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова, защитил известный сегодня в мире специалист по древнетюркской рунической письменности, доктор филологических наук, руководитель научного центра ЕНУ им. Л.Н. Гумилева Сартқожаұлы Қаржаубай. Научную школу КазНУ им. аль-Фараби, КазНПУ им. Абая, Павлодарского государственного университета им. С. Торайгырова прошли с защитой диссертаций, филолог Гүлжан Ахметбек, историки Зəкенұлы Тұрсынхан и Зиябек Кабульдинов, востоковед Базылхан Нəпіл, правовед Роза Омиртай и др. В их подготовку большой вклад внесли академики М.К. Козыбаев, К. Нурпеисов, Р.Н. Нургалиев, Т.С. Садыков, Г.С. Сапаргалиев, С.А. Каскабасов, А.Н. Нысанбаев, Е.М. Арын, А.К. Кошанов, доктора исторических наук Х. Аргынбаев, К.А. Акишев, М.Х. Абусеитова, доктора филологических наук Н. Оралбаева, М. Мырзахметов, А. Дербисали и др. В ученом звании «доктор наук», влились в казахстанскую науку из Монголии Қинаятұлы Зардыхан, первый среди казахов Китая доктор исторических наук – Еженханұлы Бахыт, в 1991 г. успешно защитивший диссертацию в Нанкийском университете по древней истории Китая. Отечественная наука и высшая школа, благодаря репатриантам, получила высококвалифицированных, «штучных» и редких специалистов в различных отраслях общественных наук. Их научные труды, в основном, создаются на государственном языке РК, что способствует развитию научной терминологии на казахском языке. Ученые привлекают, недоступные отечественным специалистам, документы из зарубежных архивов, научную литературу на китайском, монгольском, японском, венгерском, турецком, арабском, персидском, английском языках. А также статистические данные той или иной страны, что значительно обогащает методологию, методику, историографию и источниковую базу исследований. К тому же, надо признать, что общественные науки испытывали в 90-х годах острую потребность в специалистах по древнему и дореволюционному периоду, восточных письменных источниках, не имели

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі выхода на зарубежные архивы сопредельных государств, а контакты с зарубежными учеными не имели устойчивого характера и не всегда поддерживались по идеологическим соображениям. Сегодня многие из соотечественников, обретшие историческую Родину, стали не только востребованными и авторитетными учеными и экспертами, но и лучшими педагогами национальных университетов и колледжей нашего государства, воспитателями подрастающего поколения. Известный в Монголии государственный деятель, заместитель Премьер-министра Монголии (1990–1991 гг.), заместитель Спикера Парламента Монголии (1991–1992 гг.) Қинаятұлы Зардыхан, после репатриации в Казахстан, в 1997 г. перешел на научную деятельность в Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова. К его книге «Моңғолиядағы қазақтар», изданную Всемирной Ассоциацией казахов в 2001 г. и в 2007 г., [5] обращаются все казахстанские исследователи, специализирующиеся по казахской диаспоре, миграционным процессам современности. Ранее, в Алматы, вышла в свет работа ученого «Жылаған жылдар шежіресі» («Летопись слезных лет») [6]. Ценные сведения о социально-экономическом положении казахов в Монголии, их трудовой миграции в Казахстан с 1991 года, причинах и уроках реэмиграции, можно почерпнуть из этих книг ученого, лично внесшего большой вклад в поддержку политики Президента Казахстана по репатриации казахов. В Институте истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова были подготовлены монографии Нəбижан Мұқаметханұлы «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары» и «Қытайдағы қазақтарың қоғамдық тарихы» [7]. В Казахстане, с апреля 1993 г. Нəбижан работал под научным руководством академика М.К. Козыбаева, защитил кандидатскую и докторскую диссертации, ныне – профессор КазНУ им. аль-Фараби, лучший педагог КазНУ 2008 года и Республики Казахстан 2009 года. В его трудах содержатся ценные сведения по казахам, проживающим в Китае, официальные статистические данные Китая, в том числе, по современному периоду. Н. Мұқаметханұлы вошел в авторский коллектив первого в отечественной науке междисциплинарного исследования по казахской диаспоре – коллективной монографии «Казахская диаспора: настоящее и будущее», изданной в 2005 г. в Астане. 14 сентября 2011 г. Н. Мұқаметханұлы, выступая с докладом «Қазақ диаспорасының ұлттық танымы мен тəуелсіздік санасы – ұлттық біртұтастанудың ұйтқысы» на международной конференции Всемирной Ассоциации казахов

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі об адаптации и интеграции оралманов в казахстанское общество, обратил внимание, что на практике следует учитывать четыре типа этнокультурной среды, из которой вышли репатрианты. Речь идет о влиянии монгольской культурной среды, китайской, советской и мусульманской, к последней он относит казахов из Афганистана, Ирана и Турции [8]. Однако, проживая в разных государствах и в разных политических системах, этнические казахи сохранили приверженность традиционной культуре и ценности миропонимания. Это их цементирует и объединяет на исторической родине, и в целом, консолидирует казахский народ. Эти наблюдения ученого подтверждаются в практике адаптации и интеграции репатриантов. «Қазақстаннан тысқары елдерде өмір сүретін қазақтар, қашан да өздерінің ұлттық болмысын сақтауға баса назар аударады. Олар өздерінің ұлттық тіл, дін, ділдерін (менталитет) жақсы сақтаумен қатар, дəстүрлі тұрмыс салты мен қолөнер кəсіптерін де айтарлықтай жалғастырып дамытып отырады. Əсіресе, этникалық қазақтар шоғырлана қоныстанған Моңғолия мен Қытай қазақтарында ұлттық дəстүрлі мəдениет айтарлықтай жақсы сақталған жəне дамыған. Осындай мəдени ортадан отанға оралған қандастарымыз Қазақстан қоғамына тың күш, жаңа мəдени леп əкелді. Дəстүрлі мəдениет бойынша айтқанда: біріншіден, қазақтың қаймағы бұзылмаған тілін, дəстүрлі дінін жəне тұрмыс салтын əкелді; екіншіден, қазақтың ұлттық рухын, мінез-құлықтың, ақылдың моральдық қасиеттерін əкелді; үшіншіден, дəстүрлі қолөнеркəсіптің түрлі үлгілерін əкелді; төртіншіден, қазақтың дəстүрлі емшілік өнерін əкелді; бесіншіден, қазақтың дəстүрлі əн-би музыкасын жеткізді», – справедило указывает Н. Мұқаметханұлы. Что касается научного вклада репатриантов, ученый подчеркивает: «...отандық тарих ғылымына жаңа ғылыми күш əкелді. Олар Шығыстың ескі қолжазбаларын түпнұсқадан тікелей оқып пайдалана алатын тарихшы лингвист мамандар, Зардыхан Қинаятұлы, Сартқожа Қаржаубайұлы, Нəпіл Пазілханұлы (ескі моңғол, манчжур жəне түркі руникалық жазуларды оқитын тарихшы, филологтар), Ислам Жеменей (ескі парсы жазбаларын оқитын филолог), Бақыт Еженханұлы, Сағынтай Сұғатайұлы жəне басқалар (авторда солардың қатарында, ескі қытай жазбаларын оқитын тарихшылар), жаһандану үдерісін зерттеп жүрген посткенестік аясындағы белгілі ғалымдардың бірі философ Еркін Ұланұлы». Материалы кандидатской (1997 г.) и докторской диссертации (2003 г.) выпускника Омского государственного университета З.Е. Кабульдинова

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі легли в основу монографий, в которых превалирует историко-демографический аспект: «Казахи Тобольской и Томской губернии во второй половине XVIII-н. XX вв.» и «Казахи внутренних губерний России во второй половине XIX-начале XX в.», изданных под грифом Павлодарского государственного университета имени С.Торайгырова [9]. Опираясь на российские архивные документы и фольклорные источники, автор относит дату заселения казахами юга Западной Сибири к началу XIII в. По его мнению, вторичное заселение региона происходит после разгрома джунгар, с середины XVIII в. В этот период, статус казахов характеризуется отсутствием регламентации правовых отношений с органами власти. В конце XIX – начале XX вв., на территории внутренних сибирских уездов, часть казахов вынуждена была перейти в состав крестьянских обществ, чтобы не оказаться без земли, на волне массового переселения крестьян из Европейской части России. Миграции крестьян ускорили переход казахов к оседанию и земледелию. Ученый плодотворно работает как по дореволюционному периоду, так и современной истории казахов Российской Федерации, в том числе, по практике адаптации оралманов в РК [10]. В его публикациях показана роль Главы государства в возвращение этнических казахов на историческую Родину, в консолидации народа Казахстана [11]. В 1998 г. лично Зиябек Нурмуханович и семья его родителей, проживавшая в ауле Байдалы Омской области, оказала большую поддержку ученым Академии наук, в том числе Кулгазире Балтабаевой, в проведении исследования этнических казахов Омского Приртышья. На примере Астраханской области, Г.Д. Урастаевой впервые воссоздана история и тенденции национального образования казахов в России [12]. Ученый-востоковед Ислам Жеменей, уроженец Исламской Республики Иран, издал в Алматы в 2007 г. книгу «Иран қазақтары (тыныстіршілігі, салт-дəстүрі)» [13]. В ней, на основе работ зарубежных историков и этнографов, воспоминаний казахов-беженцев от коллективизации и голода в 1929-1933 гг., воссоздана трудная судьба бывших скотоводов на чужбине, тяжелая адаптация в иранское общество с огромными людскими потерями, стремление казахов сохранить в инонациональной среде родной язык, национальную культуру, традиции, обычаи, установить связь со своей исторической Родиной, казахами Турции, Афганистана и вернуться на землю предков, что стало возможным только за годы Независимости Республики Казахстан. С большой теплотой написаны строки о роли Динмухамеда Ахметови-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ча Кунаева, который ходатайствовал перед шахом Ирана Мухаммедом Риза Пехлеви, за своих соотечественников, которые десятилетиями не могли получить гражданство Ирана, земельные участки, медицинскую помощь, высшее образование. Итогом тридцатилетнего творческого труда Ислама Жеменей в Иране и Казахстане стал также «Казахско-персидский словарь», изданный в 2007 г. В текущем году, Всемирная Ассоциация казахов подготовила к печати историческое исследование ученого «Иран жəне иран қазақтары. Тарихи зерттеу» [14]. Ислам Жеменей в Казахстане в 1999 г. защитил кандидатскую, в 2007 г. – докторскую диссертацию в Институте литературы и искусства им. М.О. Ауэзова. Во второй половине 90-х годов, начинается изучение нового явления, как беженцы в странах СНГ, а также Казахстана. С 1996 г. Агентство по статистике РК, стало вести учет и публиковать данные о беженцах-репатриантах, из числа этнических казахов зарубежных стран, в первую очередь из зон военных действий и гражданской войны – Афганистана, Таджикистана. 30 сентября 1997 года принимается постановление Правительства Республики Казахстан № 1388 «О дополнительных мерах по организации переселения беженцев-репатриантов» [15]. Правам беженцев посвятила свою кандидатскую диссертацию «Босқындарың құқұқтық мəртебесі туралы» Роза Омиртай, уроженка Монголии [16]. К 20-летию Независимости Республики Казахстан, подготовлена книга «Тəуелсіздік жемісі» (автор идеи, составитель Мұратхан Шоқан), содержащая 118 очерков о вкладе в развитие суверенного Казахстана репатриантов из Китая, Монголии, Турции, Узбекистана, Каракалпакстана, России, Кыргызстана. В них нашли краткое отражение их достижения в области науки, образования, культуры, медицины, искусства, спорта, в развитии малого и среднего бизнеса, приведены высказывания наших соотечественников о патриотизме, о месте иммиграции в новейшей истории Казахстана [17]. Большинство из них принимает активное участие и в деятельности Всемирной Ассоциации казахов, которую возглавляет с 29 сентября 1992 года Президент РК Нурсултан Абишевич Назарбаев. Книгу предваряют слова Н.А. Назарбаева из Послания народу Казахстана 2011 года: «Біз талайы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын Атамекенге жинаған əлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты». «Бұл Қазақстанға қосылған адам ресурстары ғана емес, сонымен қатар елімізге құйылып жатқан мəдени, ғылыми-техникалық жəне экономикалық байлық

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі бұлақтары болып табылады. Өйткені оралмандар отанға қазақтың дəстүрлі мəдениетімен қоса, өздері өмір сүрген елдердің кейбір озық мəдениеттерін де ала келді», – справедливо отмечают ученые-историки [8, с.160]. В частности, в книгу «Тəуелсіздік жемісі» включена статья доктора исторических наук Зəкенұлы Тұрсынхан, в которой приведена такая характеристика репатриационной политики Казахстана: «Бұл ұлттың ұлт болып ұйысуының, үлкен елдіктің белгісі еді... Оралмандардың көптен келуі елімізде қалыптасып отырған түрлі проблемаларды оң шешуге серпін бермек. Атап айтқанда, бұл проблемалар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, экономиканы өркендету, жұмыс қолын көбейту, ұлттық қауіпсіздікті нығайту секілді көптеген салаларға қатысты болып отыр...Дегенмен көші-қон үрдісі кемшіліктерден де ада емес. Сырттан келген ағайындарды орналастыруда бұрыннан қалған бюрократтық кедергілер мен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық, кейбір психологиялық кедергілер келуші ағайындардың көніліне кірбің түсіргені де рас...бір қуанарлығы, оны түзетуге деген құлшыныс күшті. Өйткені тəуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз» [18]. Действительно, благодаря Независимости Казахстана, тысячи наших соотечественников обрели свою историческую Родину, и сегодня вносят достойный вклад в развитие науки, конкурентоспособного образования, спорта, медицины, культуры, казахского языка и духовности своего народа. Использованные источники и литература: 1 Архив Президента Республики Казахстан (АП РК). Ф. 5–Н. Оп. 1. Д. 1270. Лл. 160–164. 2 АП РК Ф. 75–Н. Оп. 1. Д. 1280. Л. 4 об. 3 АП РК. Ф. 5–Н. Оп. 1. Д. 4098. Лл. 42–44. 4 См.: Казахская диаспора в Монголии: социально-экономическое положение и миграционные установки / Авторы: к.э.н. Е.М. Арынов, Н.У. Шеденова, К. Бодаухан / – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 1993. – 41 с. 5 Зардыхан Қинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы: ДҚҚ, 2001; 2кітап. – Алматы: ДҚҚ, 2007. 6 Зардыхан Қинаятұлы. Жылаған жылдар шежіресі. – Алматы, 1995. 7 Мұқаметханұлы Н. XVIII-XIX ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары. – Алматы: Санат, 1996.; Он же. Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920). – Алматы: ҚАЗақпарат, 2000.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі 8 Мұқаметханұлы Н. Қазақ диаспорасының ұлттық танымы мен тəуелсіздік санасы – ұлттық біртұтастанудың ұйтқысы // Ұлттық идея – отандастардың тəуелсіз Қазақстанның игілігі жолында бірігу факторы: халықаралық ғыл.-теор. конф. материалдары (Алматы қ. 14 құркүйек 2011 ж.). / Жауапты ред. Т.А. Мамашев. – Алматы: Атажұрт, 2011. – 160-161 бб. 9 Кабульдинов З. Казахи Тобольской и Томской губернии во второй половине XVIII-н. XX вв. (историко-демографический аспект). – Павлодар, 2001.; Он же. Казахи внутренних губерний России во второй половине XVIII-н. XX вв. (историко-демографический аспект). – Павлодар: Изд-во ПГУ имени С. Торайгырова, 2002.; Он же. Казахи России в XVIII-н. XX вв. – Алматы: Баспалар үйі, 2009. 10 Кабульдинов З. Основные проблемы этнических казахов при переселении и адаптации на исторической родине // Материалы международной научной конференции «Переселение соотечественников на историческую родину: опыт, проблемы, решения (на примере Казахстана, России, Украины, Германии, Греции, Израиля, Польши и др.) (10-13 декабря 2010 года) / Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева. – Одеса: ТОВ «Елтон», 2011. – 274 с. С. 37-41. и др. 11 Кабульдинов З. Нурсултан Абишевич Назарбаев и возвращение этнических казахов на историческую родину // Республика Казахстан: политическая модернизация. Сб.выступлений и статей / Под общей ред. А.С. Сагынгали, Б.М. Каиповой. – Астана, 2008. – С. 164-174; Он же. Роль Главы государства в консолидации народа Казахстана // Менің Елім. – 2009. – № 1. – С. 60-66. 12 Урастаева Г.Д. Национальное образование казахов в России. История и тенденции (на примере Астраханской области). – Актобе: ТОО «А-Полиграфия», 2004. 13 Ислам Жеменей. Иран қазақтары (тыныс-тіршілігі, салтдəстүрі). – Алматы: Зерде, 2007. 14 Ислам Жеменей. Иран жəне иран қазақтары. Тарихи зерттеу. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2012. 15 Собрание Актов Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан. - 1997. - № 44. - Ст. 405. 16 Омиртай Р. Босқындарың құқұқтық мəртебесі туралы: заң ғыл. канд...автореф. – Алматы, 2010. – 27 бет. 17 Тəуелсіздік жемісі / Құраст. М. Шоқан. – Алматы, 2011. – 256 бет суретті. 18 Зəкенұлы Тұрсынхан. Тəуелсіздік – ең үлкен құндылық // Тəуелсіздік жемісі. / Құраст. М. Шоқан. – Алматы, 2011. – 43 б.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Ботагөз Уатқан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі ЕСІҢ БАР ДА ЕЛІҢДІ ТАП... Көш басталған 1990-шы жылдары біздің үйіміз Уланбатыр қаласының орталығында орналасқан «Их дэлгүүр» яғни қаладағы ең үлкен орталық сауда үйінің жанында болатын. Жақын сыйласып, араласып отыратын көршілеріміз елге танымал, белгілі қоғам қайраткері Қинаятұлы Зардыхан, бұрынғы Геология, тау-кен министрі Ұтқанұлы Мəуліт, Моңғолия Мемлекеттік университетінің профессоры, ғылым докторы, математик Əбішұлы Мекей, Моңғолия Үкіметі басшысының көмекшісі, ғылым докторы, марқұм Тотилаұлы Дөрбетхан, Моңғолия Су шаруашылығы министрлігінің Институт директоры, ғылым кандидаты марқұм Абдоллаұлы Серікбай, Моңғолия қазақтары арасынан шыққан алғашқы кəсіби дипломат Қадырұлы Сайран еді. Жолдасым Досан Моңғолия Ғылым Академиясының Химия институтында аға ғылыми қызметкер, ал мен Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағы Орталық Комитетінде (бұдан былай – МРЖО ОК) əдістеме кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарып жүргенмін. Наурыз тойы қарсаңында Тұрысбекұлы Аятхан аға мен Заханқызы Сағат апай Қазақстанға жұмысшы күшін жіберу үшін Монғолия үкіметінен рұқсат алғанын, соған ұйымдастырушы кісі іздеп жүргенін айтып, мені жұмысқа келмес пе екен деп сұрағанын жолдасым Досан жеткізді Моңғолия Революцияшыл Жастар Одағының Орталық комитетінде соңғы бірнеше жылдың ішінде үш рет қысқарту жүріліп, жүзден астам кісіден он алты адам қалғанбыз. Оншақты жыл қызметтес болған достарымды қыймай жүргенімде біраз уақыт өте шықты. Бір күні көшеде Аятхан аға мен Сағат апайға кездесіп қалдым. Ол екеуі «бізге жұмысқа кел, айлығыңды жақсылап төлейміз» – деді. Оның үстіне ата бабамыз армандап, қолы жетпей кеткен, өзім оқып білім алған атамекенге кетудің бірден бір жолы осы дегенді түсіндік. МРЖООК-дегі жұмысымнан өз еркіммен бас тартып, Моңғолия Еңбек министрлігі жанындағы Еңбек биржасына ұйымдастырушы болып 1991 жылғы мамырдың бірі күні қабылдандым. Көші-қон наурыз айында басталып 97 адам сол кездегі Талдықорған

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі облысы, Сарыөзек ауданына құрылысшы, малшы болып келген. Одан кейін үш ай бойы бірен-саран көш болғаны болмаса, көбінесе шетел паспортын күту, келісім-шарт жасау сияқты дайындық жұмыстары жүрілген. Қазақстанға жұмысшы күшін алып жатыр деген хабар Моңғолияның түпкір-түкпіріне тарап, жан-жақтан қазақтар ағылып келіп жатты. Эрденет, Багануур, Налайх, Дорноговь, Селенга т.б. елді мекендерінен астана Уланбатырға келіп, барар жерлері жоқ, күні-түні құжат күтіп көгалда жатқан қазекеңдерді көргенде аяушылығым артып кетті. Екі қазақтың басы қосылса, көш туралы ойлар айтылып, «Не болып жатырсыңдар?», «Қашан көшесіңдер?», «Босқа əуре болып қалмайсыңдар ма?»... деген сияқты үміт пен күдік арпалысқан ауыр сұрақтар туындайтын. Көп адамдар келешегі зор деп қолға алған істерінен бас тартып, атамекенге аттануға белді бекем буды. Моңғолия Еңбек министрлігінде алғашқыда ресми ешбір құжатымыз болмасада, аяқ асты басталған көші-қон жұмысы өз жалғасын тауып жатты. Жұмыс уақыты кешке бітетініне қарамастан ары-қарай түнге дейін жалғастыра беруге Еңбек министрлігі тарапынан қысым жасалмады. Құжат толтыру жұмыстарын атқарып жүргеніме небəрі апта болмай жатып Монғолия Министрлер Кабинетінен жұмысты тоқтату жөнінде жеделхат келіп түсті де, отырған бөлмеміздің есігіне құлып салып, жауып тастады. Көші-қон биржасының бастығы Д. Пүрэвбаатардан не болды деп сұрасам, «білмеймін, сенің қазақтарың арыз жазыпты, соны тексеріп жатыр» деп жауап қатты. Көшке байланысты Моңғолиядағы қазақтар екіге бөліндік: Бірі – көшті жақтаса, екіншісі – көшке қарсы болып үгіт нəсихат жүргізді. «Біреудің елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», – дейді жақтаушы топ, ал бір елдің бодандығында отырған елге барып не жақсылық табасыңдар, одан да осындағы бодандығымыз артық емес пе деушілер екінші топтағылар болатын. Сол екінші топтағы кейбір азаматтардың кесірінен жұмысымыз төрт күнге тоқтап тынды. Көптеген дау дамайдан соң мамырдың он бірі болар кешке жақын үйге Министрлер Кабинетінен телефон соғып ертеңнен бастап жұмысқа кірісе беруге болатынын айтты. Жұмысқа қайтадан құлшына кірісіп кеттім. Алғашқы бір ай бойы шетел төлқұжаты Моңғолия Сыртқы істер министрлігінен беріліп келді де, кейін Ішкі істер министрлігінің паспорт бөліміне ауыстырылды. Бұл екі министрліктегі таныстарымның арқасында жұмыстың жүрілуіне көптеген мүмкіндіктерге ие болдым. Ол кезде интернет, компьютер деген жоқ, тақылдатып машинкамен басамыз. Қате жіберуге болмайды, өшіріп жасау мүмкін емес. Содан бір машинканы үйге алып кетіп, жа-

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі зуыма рұқсат етілді. Жарты ай еркін жүрдік. Паспорттарды үйге алып келіп, түнімен жазып, ертеңінде жұмысқа барып бес алты мөр басатынмын. Абырой болғанда үлкен қателік жасамадым, бірақта бір жолы... Біздің қазақтар қызық қой, паспортты қолдарына алмай тұрып, поезға билет сатып алатын да мені сол вагонда күтіп отыратын. Осы жəйтті білетіндіктен мен оларға құжаттарын теміржол бекетіне əкеліп беретін едім. Сондай күндердің бірінде асығыс жүріп біреудің паспортының қосымшасына бір баласы тіркелмей қалыпты. Төлқұжаттары дұрыс болмаған соң ол адамды баласымен шекарадан кері қайтарған. Келді. Сыртқы істер министрлігіне барып, мəн-жайды түсіндірдім. Өздері атқаруға тиіс жұмысты менің басыма үйіп қойған қателіктерін түсінді де дереу түзету жасап, көмектесті. Сонда теміржол қызметкерлері маған «Өө, хөөрхий» (Е, байғұс) деп аяушылық білдіріп, əлгі паспортқа мөр басылған соң бұрынғы билетімен поезға тегін салып жібергені бар. Моңғол ағайындар – кең, қайырымды, жақсы халық екенін осыдан-ақ біле жатарсыз. Министрлер кеңесінің тексеруінен кейін бір апта өтер өтпесте Еңбек министрлігі жанындағы көші-қон биржасы құжат жазатын адамдарды жаңадан тағайындап бас маман қызметіне Цэцмаа, хатшы қызметіне Болормаа есімді моңғол келіншектерді жұмысқа қабылдады. Атамекенге кетемін деушілердің саны күн санап өсіп отырды. Жұмыстағы жағдайды былай қойғанда үйге келген соң да маза жоқ, түнімен ұйқы да жоқ деуге болады. Күн-түн демей телефон безілдеп тұрғаны. Оған жолдасым жауап береді, балалардың оқуына, тəрбиесіне сол көңіл бөліп қалды. Ол менің жұмыстарыма түсіністікпен қарады. Моңғолияның түкпір-түкпірінен телефон шалғандар, ағылып келіп жатқандарда есеп жоқ. Моңғол ағайындардың ішінен қазақтардың көшкеніне қарсыластар да шыға бастады. Əсіресе, біздің қазақтар көп шоғырланған БаянӨлгийде тұратын ұраңқай деген жұрттың өкілдері газет, журналдарға қазақтарды «сатқындар» деп те айыптап, жарыса жазып жатты. Бір айдан соң құжат əзірлеу жұмысы Ішкі істер министрлігінің құжат бөліміне ауыстырылды. Осы министрлікке тапсырыс беріп, солардан алатын болдық. Еңбек министрінің бірінші орынбасары Ганбаатар маған: «көкалда жатқан қазақтарыңа – ол жерге жатуға болмайды деп айтып, бұл жерден кетсін» дегенде «басқа отыратын жерлері жоқ, олар қайда барады», – дедім. Сол кезде Корей еліне жұмыс істеуге ағылып кетіп жатқан моңғол жастары көп еді. Бəрінен де маған батқаны мынадай жағдай: шетелге шыққысы келген моңғол ұлтының өкілдеріне құжаттар қазақ кісілердің есімімен қалай болса-солай беріле бастады. Олай жазуға негіз де жоқ

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі емес. Қазақтардың арасында моңғол есімділер көп еді. Төлқұжат тотыратын Болормаа бір моңғолға «Пионерийн .......» деп паспорт жасап бергенін айтып мақтанды. Бұдан басқа да жетіп артылады. Айтсаң пəлеге қалып, жұмыстан өзің кетіп қалуың мүмкін еді. Іштей аһ ұрып күресуге дəрмен жоқ жүрдік. Себебі, мен жұмысқа шыққан соң төрт күннен кейін басшылар Қазақстанға кетіп, маған шығарған ешбір бұйрық та жоқ, тек ауызша келісілген бойынша жұмыс атқарып жатқан болатынмын. Арада екі ай уақыт өтті, ешбір келісім-шарт жоқ, берілуге тиісті құжаттар бітіп кеткен. Қазақстан Еңбек министрлігіне телефон соғып, Памир Камалиев жəне Мешітбек Дəрекеев деген азаматтардан басшыларымыздың қайда жүргенін сұрап, келісім-шарт күтіп отырғанымызды жеткіздім. Олар бұл екі кісі жайында ешбір хабары жоқтығын айтты. Тамыздың 19-шы жұлдызында Кеңестер одағында төтенше жағдай (ЧП) туындады. Бұл өте үлкен əсер етті. Енді шекара жабылады екен деген гу-гу əңгіме кетті дейсің... Құжаттарды толтырумен ғана шектелмей поездың билетіне тапсырыс беру, көшіп жатқандардың моңғол киіз үйіне лицензия алумен де тікелей айналыстым. Өйтпесем болмайтын болды. Ал, қазақ киіз үйі барлар ондай лицензия алмайды. Кеденшілердің де сеніміне кірдім. Уланбатыр қалалық кеден басқармасында жерлесім əрі туысқаным Ниязбекқызы Рина үлкен қолдау көрсетті. Осы сіңілімнің арқасында көшіп жатқан қазақтардың жүктерін көп ұстамай вагонға тезірек тиейді, артады. Қазекеме жанымыз ашыған біздер бəріне-бəріне аянбай тер төгуге тура келді. Ол кездегі мақсат – моңғол болып бара жатқан қазақтар тезірек атамекенге жетіп қазақ болса деген ниет. Мұндай орай қайтып келе ме, жоқ па деген ой үнемі мазалайтын, əйтеуір тезірек елге жете берсе болғаны деп ойладық. Сонымен еңбек шарты дегенді желеу етіп төлқұжаттарын тезірек жаза бердім. Сондай-ақ, талай-талай оқиғалардың куəсі болдым. Бұрынғы келісім-шарттар бітіп, енді қайттік деп отырғанда Қазақстаннан совхоз басшылары, екі кісі – Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, Қаратал совхозынан Əлжанов Мухсин Сəрсенбекұлы мен Жəмші совхозынан Аханов Бегендік Рахметұлы Ұлан-Батырға келді. Олардың келісім-шарттарында 50-75 жанұя аламыз деп жазылған екен. Осы екеуіне айтып əр санның артына нөл қосып 500-750 жанұя, яғни орта есеппен 1250 паспорт алатын рұқсатқа ие болдым. Көшетін елдің көптігі соншалық, көбірек сан көрсетуден басқа амалымыз қалған жоқ. Көшпен бірге айтыс-тартыс толастар емес. Бекетте кезіккен қазақтар да «сен, немене елді бүлдіріп жүрсің, өз жайыңа жүре бермеймісің», – деп маған дүрсе қоя береді, содан қызыл кеңірдектесіп қалып жүрдік.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Небір қисынсыз əңгімелер айтылғанын жоғарыда жаздым. Осындай кəуесек сөздерді де ешкім елемеді деуге болмайды, біраз ойланып қалып жүрді. Моңғолия үкіметінің кеңшілігі сол, «көшіп барамыз əскердегі баламызды босатып беріңіз», – деп сұраған жандарға Көшіқон биржасының анықтамасымен əскери міндетінен босатып отырды. Əскери борышын өтеу мерзімі үш жыл болатын. Еңбек шартымен делінген соң тек еңбек жасындағылар ғана көшуі керек еді, бірақта көшке еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін енді. Жоғары жақтан кеңшілік көрсетуіне көш басталар алдындағы қазақтардың қоқанлоққысы əсер етті деп ойлаймын. Алғашқы көш Моңғолияның астанасы Уланбатыр басталып, оның барлық аймақтарын шарпыды. Əсіресе, ішкі өлкедегі қазақтардың тезірек кетуіне күш салдық. Өйткені олар сол уақытта ана тілдерінен айырылуға шақ қалған. Ал, Баян-Өлгий аймағындағы қазақтар нағыз қазақ салт-дəстүрін сақтаған, тілі таза да шұрайлы, басқа жұрт қызыға да қызғана қарайтын ұлттардың бірі болды... Есің барда еліңді тап дегендей əлемнің түпкір түпкіріне тарыдай шашыраған қазақтардың Қазақстан Тəуелсіздігін алған 20 жылында бір миллионнан астамы атажұртқа оралды. Тəуелсіздігіміздің тұғыры берік те баянды болғай! Қауымдастықтағы жылдар Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 1992 жылғы қыркүйектің 29-да Алматы қаласында өткен Əлем қазақтарының тұңғыш құрылтайының ұйғарымына сəйкес дүниеге келді. Қауымдастық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде

тіркелген республикалық мəртебесі бар халықаралық үкіметтік емес қоғамдық бірлестік. Негізгі міндеті – шетелде тұратын қазақтармен мəдени-рухани, оқу-білім жəне іскерлік бизнес салаларында байланыс жасау. Өз Жарғысында белгіленіп, бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мəдени-рухани, оқу-білім жəне экономикалық салада жасалған келісім-шарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады. Қауымдастық жанында ақсақалдар алқасы, ғылыми, өнер жəне студент жастар, бизнес, туризм орталықтары жұмыс істейді. «Алтын бесік» журналы, «Туған тіл» альманағы, «Атажұрт» баспа

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі орталығы жəне «Қазақ елі» (2004-ке дейін) газеті, өз өнімдерімен оқырмандарын қуантуда. Дүние жүзінің 35 елінде Қауымдастықтың бөлімшелері мен өкілдіктері, сондай-ақ, Республикамыздың Астана қаласы мен 7 (Алматы, Атырау, БҚО, ОҚО, СҚО, Павлодар, ШҚО) облысында филиалдары бар. Біз күнделікті жұмысымызда шетелдегі қазақ мəдени өкілдіктерімен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Қауымдастық дүниеге келгеннен бері төрт құрылтай өткізді. Айтулы күн... 1994 жылғы қыркүйек айының бірі – ерекше айтулы күн. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына бас маман қызметіне жұмысқа орналастым. Сол күннен бері жиырма жылға жуық уақытта біраз жұмыстар атқарылыпты... Осы уақытта қазақтың көрнекті, ұлтжанды, небір жайсаң жандарымен қызметтес болдым. Олар: Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері, марқұм Найманбаев Қалдарбек, қазіргі басшым, бұрынғы Мəдениет министрі Мамашев Талғат, белгілі драматургжазушы Балғабаев Сұлтанəлі, ғұлама дінтанушы Халифа Алтай, талантты ақындар – Бөдешұлы Жəркен, Салықбаева Гүлнар, жазушылар – Иманасов Сəкен, Нұрмағанбетов Тынымбай, Сарбалаев Бақыт, Құрманғалиев Қуаныш, Шапай Тұрсынжан, Қасым Аманжол, ардагер ағаларым – Оразаев Батырбек, Мұқашев Сапарғали, Дəулетов Тілек, замандастарым – Балтабаева Күлгазира, Меңдіқұлова Гүлнар, Жұртшыбаева Рысжан, Көшекбаева Дариға, інілерім – Қанабеков Ержан жəне Серікжан, Серікбай Бейсенбек, Шəкен Жəди, Елгезек Ақберен, Еркін Ерген, Қайрат Құл-Мұхамед, сіңілдерім – Қанабекова Қымбат, Орынбекова Жанна, Телғозиева Кенже, Сатыпалдиева Шынар, Құрманғалиева Құралай, Мешел Нұрсəуле, Мұқашева Жанар, Ертай Мəдина, Дəлел Өміргүл, Сүлейменова Гүлназ, Сыздықова Рахима, Қалиева Бағила, марқұм Оспанов Қалдар мен Ермұрат Зейіпхан т.б. атауға болады. Облыстық филиалдардың жетекшілері Əділбаев Жұмəділ, Əлімгерейұлы Өтепберген, Губашев Асыланбек, Заут Болат, Қонысбек Байдулла, Салмұрзин Сағындық, Түсіпбаев Мұрат, Теңізбаева Маржан, Дəрібаев Қажыданбек, Жəмеков Жетес, Жайнақов Дамир, марқұм Əжібеков Табанды. Мен үшін бұлардың əрқайсысының орны бөлек. Бəрімен де бір ананың баласындай тіл табысып жұмыс істедім, кейбіреулерімен əлі қызметтес болып келемін. Жақсының өзі өлсе де, ісі өлмейді.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Тоқсаныншы жылдардың басында Білім жəне ғылым министрі болған, марқұм Шаяхметов Шайсұлтан ағамыз шетелден көшіп келген қандастарының жағдайын керемет түсінгендігі соншалық, Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсем деп өтініш білдірген барлық талапкерлерді қабылдатқанының куəсімін. Кейбір ағайындардың оқу бітіргендігі туралы аттестаттары болмаса да, кейін əкелемін деген сөздеріне сеніп, сол жастарды оқытты. Олар бүгінгі күні Тəуелсіз Қазақстанның бір кірпіші болып қаланып, əр салада абыройлы қызметтер атқарып жүр. «Жақсының өзі өлсе де, ісі өлмейді», – дегендей Шаяхметов Шайсұлтан ағамызды ешқашан ұмытпақ емеспіз. Еңбек министрлігі жанындағы көші-қон басқармасында Еншісі бөлек ел атанып, жұмыр жердің түкпір-түкпіріне тарап кеткен қайран қандастарымызды тауып, атажұртқа қауыштырып отыратын мекеме құрылғанда қуанбаған қазақ қалмаған шығар. Əу баста Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігін Саят Бейсенов басқарып тұрған шақта дүниеге келген кеңсе, он шақты жылдан соң қайта оралды. Көші-қон демография департаментіне алғаш билік жүргізген Ғазиз Есмұқанов мырза оңаша отау құруды армандаумен кеткен еді. Министрлікті С.Бейсеновтен кейін Н.Коржова ханым, Агенттікті Зауытбек Тұрысбекұлы, Алтыншаш Жағанова, ал, Комитет болған кезінде Ғазиз Есмұқанов, Жазбек Əбдиев, Мұрат Аманбаев, Қабылсаят Əбішев басқарды. Алыстан келген ағайындардың барар жері – осы мекеме болатын. Тоқсаныншы жылдардың алғашқы кезінде көбінесе Моңғолиялық қазақтар көптеп келіп жатқан кезең еді. Бейсенов Саят басқаратын министрлік жанындағы көші-қон департамент (1997 ж. қаңтарынан басқарма) бастықтары болған Есмұқанов Ғазиз, Камалиев Памир, Рақымжанов Нұрлан, Ізбанов Мұхит; Бөлім бастықтары –Арғынбаев Данияр, Қонақбаев Марат, Тоқсанбаев Марат, Дəуітбаев Сейтхан. Мамандар– Дəрекеев Мешітбек, Ешмұхамедов Кенжетай, Əбибеков Ахмет, Құсайынова Ғалия, Ибрагимова Фарида, Қаржаубаев Аслан, Мұқияев Орал, Əбілқасымов Серік. Алматы қаласы мен облысы бойынша: Нұрланов Аманкелді, Идрисова Светлана, Мұрынова Жаннат, Рəзия, Құсайынқызы Зухра, Жаппаров Мұрат, Жиенбаев Ғазиз, Шықабаев Бақберген, Нарымбетов Шамшиддин, Аңсатбаев Мұратбай, Манасбаев Тұрлыбек, Кəрімова Гүлзада, Ысқақова Гүлсім, Ысқақова Нүрзия, Күрентаева Гүлшат қатарлы көптеген азаматтар абыройлы еңбек етті.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Ү Н Д Е У Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевқа Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Тəуелсіздіктің алғашқы күнінен басталған көшпен, Сіз ұстанған салиқалы саясатыңыздың нəтижесінде шет елдерден өз тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына 1 млн-ға жуық қандастарымыз оралды. Олар шамамен Қазақстан халқының 16 пайызға жуығын құрап отыр. Маңызы да, мағынасы да ерекше ұлы көштің 20 жылы ауыз толтырып айтар нəтижелерге толы болды. Елге оралған қандастарымыз тəуелсіздіктің қызығы мен қиыншылығын күллі Қазақстан халқымен бірге көріп, еліміздің дамуына елеулі үлестерін қосуда. Конференцияда бұл туралы нақты деректермен, сан түрлі дəлелдер келтірді. Алайда, Қазақстан қоғамында оралмандар туралы оң пікір əлі де қалыптаспай отыр Қандастарымызды жабайылар, оқымаған, білімсіздер , алаяқтар, тіпті лаңкестер деп оларға қарсы БАҚ-ы арқылы майдан ашылып жатыр. Мұндай жаңсақ пікір, жағымсыз əңгімелер, негізсіз айыптаулар мен жөнсіз кінəлаулар соңғы кезде қарапайым халықтың арасында ғана емес, тіпті жоғарғы билік деңгейінде де айтылатын болды. Мұндай уəждер негізсіз, ұшқыр ойдың ұшқыны немесе арандатудың айласы екендігі белгілі. Дегенмен мұндай əрекеттер көшке көлеңке түсіріп те үлгірді. Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен шет елдегі қазақ отбасыларының Қазақстан Республикасына көшіп келуіне арналған квота 2015 жылға дейін ресми тоқтатылды. Ал, шет елдердегі қазақтарға Қазақстан ауадай қажет. Біріншіден, Қазақстан олардың тарихы Отаны. Екіншіден, 20 жылға жуық жалғасқан көш үрдісі барысында шет елдерде тұратын мыңдаған отбасыларының ата-анасы, бала-шағасы, ағайын туыстары атамекенге келіп қоныстанды. Демек қазақ отбасы екіге бөлініп қалды, бір бөлігі шетте, бір бөлігі атамекенде. Олар тарихи Отанында бір бірімен қосылғысы келеді. Үшіншіден, қазақтар тұратын шет елдердегі саяси, экономикалық ахуал салдарынан Қазақстан Республикасына оралуға ниетті болса да өздігінен көшіп келуге мүмкіндігі жоқ кедейленген, көп балалы отбасылары атамекенге жетсек деген арман, үмітін тек Қазақстанмен ғана

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ұштастырып отыр. Қиналған сəтте атажұрттағы ағайын қол ұшын береді деген сеніммен күн кешуде. Төртіншіден, шет елдердегі қазақтардың көрмегені жоқ, олардың көбісі елге оралып, жаңа ортада жаңаша өмір бастап, өсіп өнгісі келеді. Бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының көші-қон, оралманға қатысты саясаты тығырыққа тіреліп, 20 жылдан бері ұстанылған саясат өз мүмкіндігін толық сарқып біткені белгілі болды. Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, елге оралған əр қазақтың рухани əкесі, қамқоршысы, əлемдегі күллі қазақтың үміті мен сенімі –тек өзіңізсіз. Көш тарихи құбылыс, ол жалғаса берері сөзсіз. Қазақстанды тарихи Отаны деп санайтын, атамекеніне оралуға ниетті əрбір қазақ қастерлі Қарашаңырақ астына топтасып, ұлттық мүдде үшін жұдырықтай жұмылғанда ғана тəуелсіздігіміз тұғырлы, ұлтымыз мəңгілік жасайтын болады. Сондықтан ат басын атамекенге бұрған шет ел қазақтарының көші тоқырауға ұшырамағаны абзал. «Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі» атты республикалық конференцияға қатысушылар Павлодар қаласы, 2012 жыл, 8 маусым

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 20 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЖЫР МҮШƏЙРАСЫ Жыр мүшəйрасының мақсаты: қандастарымыздың Қазақстан қоға мындағы тыныс-тіршілігін жұртшылыққа таныстыру; жастардың шығармашылығын қолдау, жас ақындардың таланттарын шыңдау. Сараптау нəтижесінде жүлделі орындарға ие болған ақындар Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуының 20 жыл дығына орай ұйымдастырылатын мəдени шараларға арнайы ша қырылып, өлеңдерін оқитын болады. Жарияланған жүлде бойынша мүшайраға өз өлеңдерін 13 ақын жолдаған: Қазыбек Сағидолда, Зұлқарнай Ермұрат, Мəней Батырбек, Мұхит Серік, Хонжы Алпысбай, Тілеуберді Сахаба, Амантай Жарқынбек, Қашым Қарлығаш, Қызыр Мейрамбек, Саяхат Нұрғайым, Қымбат Шұғайып, Болатхан Əміржан жəне Саяхат Оразбек. Талапкерледің өлеңдерін қазылар алқасы оқып, талқылап, сарапқа салды. Нəтижесінде қазылар алқасы келесідей шешім қабылдады: Амантай Жарқынбек (бас жүлде) Сахаба Тілеуберді (1-орын), Сағидолда Қазбек (2-орын), ал 3-ші орын Қашым Қарлығаш жəне Хонжы Алпысбайға берілді.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ Тілім менің Тілім менің – Абайға əлди айтқан тіл, бұл алдымен, Рысқұл боп оятқам Тұрарды мен. Бұқар болып іркідім Абылайды, Жəне солай Махамбет шығарды дем. Менің тілім – мұңдасқан Бозінгенмен, Баянды іздеп сабылтқан Қозыңды елден Қыз Жібектің сұрапыл сағынышы, Оралмаған Төлеген боз мінген ер. Менің тілім – ақтабан шұбырынды, «Елім-ай» деп іздегем тұғырымды. Кетбұғының күйінде жатыр үнім, Сыбызғылар жеткізген сыбырымды. Менің тілім – Исатай – Ақтабаны, Зеңбіректер тұмсығы аттағаны. Аққулары айналған Жетім көлім, Бауырына баса алмас жат баланы. Менің тілім – екпіні Құлагердің, Ақсақ киік – еркесі бұла белдің Ахмет боп атылып жатыр едің, Желтоқсанды жаңғыртып тұра келдің. Менің тілім – жесірі хас батырдың, Түндігінде түлеген басқа түннің. Сынып кеткен қамшысы Жиреншенің, Мұқаң болып мен оған таспа тілдім. Менің тілім – өзге əні Шəкəрімнің, Өзегіме ақ шашу шаша білдің. Салқынқанды халқымның салт-санасы Ат жалынан найзама шашақ ілдің. Менің тілім – Кенекем алдаспаны, Билерімнің құрулы малдастары. Қажымұқан білегі құдіретті, Салып жатыр жаманды жамбасқа əні.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Менің тілім – Əуезов терген кітап. Бүкіл түркі жұртына берген бұтақ, Діңі болған тілімнің жайы бүгін, Керуенге ұқсайды келген жұтап. Менің тілім əлемнің кереметі Байқай алмай жүрсіңдер керек етіп. Мойындамай көр енді əй, Адамзат, Тарихымды берейін дерек етіп... Тілеуберді Сахаба Көш Іздері өшкен жоқ түздегі көкбелде, Жүздері сынықтау, өкпелі өткенге. Біздегі жұбаныш, боз ала таңда елең, Көш кетті шұбырып құс келген көктемде. Əжемнің ақ моншақ жасына көміліп, Атамнан ақ бата сұрағам. Кетерде ең алғаш көш жүріп, Егіліп бір рет жылағам. Қиясың, қию да қиын-ау, Ақ сүтін анамның татқан жер Бабамның бабасы жатқан жер. Жабағы жалына жармасып, Тай мініп шапқан жер. Белдеуде ақ бозы байлаулы əкемнің қалды үйі, Ішінде ақ бесік, Бөлеулі анамның əлдиі. Бұралқы күй кештім бір сəтке белгісіз, Шертілмей бар күйім. Иесіз боз інген күзгі жұрт, Ботасы байлаулы. Қалдырып құла түз қоңыр кеш

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Ең соңғы жайлауды Көш кетіп барады мекеннен мекенге Көкбөрі қаруы сайлаулы. Қалды онда қаңырап, Бабамның мазары, Шырқалмас құс əні Естілмес даламның наз əні. Еңсеңді қалайша түсірмес егілтіп, Тарыдай шашылған қайранда қазағым Төбемде түнеріп бұлт жылап барады, Көгімде күн ауып, Естіртіп азалы үн. * Күн туды мен үшін сен үшін қайтадан, Таңы атты тəуелсіз даламның. Еседі алдымнан ерке Ертіс толқыны, Сарыарқа самалың. Қол бұлғап өзіне киелі, Алынбас нар қазақ қамалың. Бұл менің мекенім Абылай ақырған жауына, Кеш енді кешігіп келемін, көңілім назалы. Еш енді жатсынба Даланың тағысы деп мені, Көш енді, көш тағы Бар қазақ күтіп тұр көктемі. Бар қазақ күтіп тұр көктемі, Желбіреп көк туың. Нар қазақ намысың жігерлі, Қалды азап. Мұнарлы өтті күн. Төбеңнен бұлт төніп, шашсада қаһарын, Өшкен жоқ. Өшпейді от тілім. Өйткені Бұқардың жыры бар, Өшпейтін бұл жерде текті үн.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Көш келді төсіне Сарыарқа даласы, Самайы салқын су, кең жайлау сағасы. Ақ орда, ақ мекен, арманы жоқ сірə, Сенде өскен əр қазақ баласы. Керегең жайылды кең дала төсінде, Көтеріп шаңырақ көк аспан көгінде. Сəбилер күледі əр үйдің төрінде, Мал толды бетеге беліңде. Махамбет бабамның арманы осы еді, Тəңірден тілеген тегінде... Қазыбек Сағидолдаұлы

Тəуелсіздік Тұманды тарих таң құлаштатқан, Сарыны сүргін əнді бастатқан. Желтоқсан десе қалың қазақтың, Кірпіктеріне қанды жас қатқан. Бодандығымыз бұзылғанменен, Күнің өзгерді құзырлы əнменен. Жазым боп кеткен жастарды ойласам, Аппақ қарыңнан қызыл қан көрем. Сырбаз сезімді сыныма бүгін, Сүрініп тасқа құлаған ұлың. Желтоқсан желі ескенде естимін Жас нəрестенің жылаған үнін. Баланың хаты сыр кернегені, Ананың жасы сүртер денені. Бұрқанса боран көзім алдында, Қоңыраулы бесік құр тербеледі. Ұлыңды ұрып басталып еді, Қызыңды қарға тастады деді. Қапас түрменің қамытын киіп, Құрбандық болған жастарым еді.

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Өткенді сыйлап келер елдігің, Кең болса жұртым керегең бүгін. Жан пида болған жастармен келді, Қайран қазағым егемендігің. Қашымқызы Қарлығаш

Сенен ұқтым, анажан Бой жеттім бе шыныменен, тəңірім, Құп алармыз жаратушы əмірін. Бойжеткенмен сақтаулы ғой санамда, Асыл ана маған айтқан əлдиің. Мейірім, шуақ шашып келдің жаныма, Көпшілдікті сіңіргенсің қаныма. Өз нұрыңды қоса бердің анажан Арайланып атқан əрбір таңыма. Алыс кетіп сағынғанда өзіңді, Тежеу қиын сағыныш атты сезімді. Қиналғанда есіме алам əрқашан «Сен қайсарсың», – деген отты сөзіңді. Ассам қырын өмір атты белестің, Жүрсемдағы қуып мама елес күн. Өзің берген ақылыңның арқасы Мен адасып – алжасқан да емеспін. От намысқа жанып тұрып сүюді, Сенен ұқтым санамда ол түюлі. Толқынымен соқсада өмір қаншама Сенен ұқтым отбасы үшін күюді... Сенен ұқтым ерге басты июді!

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Хонжыұлы Алпысбай Қазақ болсаң...

Бермейді маза, бермейді бір сəт ой тыным, Естимін неге доңыздың долы қорсылын! Өліара мұңға батсамда тілім амал не, Кереқабында тұншығып жатыр қойшының?! Қазақтың тілі қомында келген түйенің Қорқыттың жеткен қобызы болып киелі үн Сақтардан қалған асылдан-асыл сүйегім, Сондықтан мен де анамның тілін сүйемін! Дұшпанын кеткен алқызыл қанға бөктіріп, Көк Тəңір ием, деп білген бабам – Көк Түрік. Анамнын сүті, бабамның рухы сыйлаған, Тегімде бар ед тектіден қалған тектілік. Күлуші ем кейде қазақтың қара шалына, Талшыбық мінген бал ғұмыр бала шағымда, Деуші еді əкем көз жұмып күнім, қарама, Буынсыз тілдің бұлынғыр бола шағына! Сол сөзді қазір санамда жүрмін саралап, Таппай тұр жаным тағдырдан мынау саябақ. Қазақтың тілі – азаттық үні айбынды, Кешегі кештен, ертеңгі таңға аманат!

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі МАЗМҰНЫ Оқырманға.................................................................................................3 Е.М. Арын. Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі......6 Т.А. Мамашев. Шетелдегі қазақтармен қарым қатынас, атқарылған жұмыстар жəне алдағы міндеттер туралы............................................11 Б. Қайрат. Республикадағы көші-қон үрдісі туралы..............................................14 З.Е. Кабульдинов, С.А. Макен Новые механизмы переселения и адаптации соотечественников на исторической Родине........................................24 А.Қ. Тұрышев. Отаным – мəңгі ойлаған!........................................................................31 А. Алақанұлы. «Елге ел қосылса құт» деген қазекем..................................................35 Əлхан Амантай. Қазақстан Республикасындағы көші-қон үрдісі: жетістіктер мен кемшіліктер, алдағы мақсаттар....................................37 К.Н. Балтабаева. Көші-қон үдерісі: Қазақстанға қоныс аударушылардың сандық өсімінен олардың сапалық келешегіне дейін........................45 Б. Заут. Атамекенге ат басын бұрған қандастарымыздың көшін ұйымдасқан түрде жүзеге асыру қажет..................................51

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Д. Баймолда. «Нұрлы көш» бағдарламасы жəне Моңғолия қазақтары.....................54 Ш. Тəкібайұлы. Біз ұлт тағдыры ұрпақ болашағы үшін келген едік..............................58 Г.Т. Жумасеитова. «Қара Жорға» – танцевальное наследие казахов зарубежья...............63 К.Н. Балтабаева, А.Ж. Баймагамбетова. Вклад репатриантов в развитие общественных наук Казахстана................................................................................................69 Б. Уатқан Есің бар да еліңді тап..............................................................................78 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевқа Ү Н Д Е У................................................................................................85 Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай жыр мүшəйрасы................................................87

Қазақстан қоғамының дамуына қандастарымыздың қосқан үлесі Басуға 23.08.2012 жылы қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16. Көлемі 6 б.т. Офсетті қағаз. RISO басылыс. Таралымы 500 дана. Тапсырыс № Бағасы келісімді. Подписано в печать 23.08.2012 Печать офсетная. 6 п. л. Тираж 500 экз. Заказ № Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы 050002, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов қөшесі, 43А. Ғылыми басылым Корректорлар: Г. Омарова, философия ғылымдарының кандидаты К. Қонырбаева Мұқабасын көркемдеген: Б. Серікбай ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай өткізілген республикалық ғыл.-практ. конф. материалдары (Павлодар қ., 8 маусым 2012 ж.) = ВКЛАД СООТЕЧЕСТВЕННИКОВ В РАЗВИТИЕ КАЗАХСТАНСКОГО ОБЩЕСТВА: Материалы республиканской науч.-практ. конф., посвященной 20-летию Всемирной Ассоциации казахов (г. Павлодар, 8 июня 2012 г.) / Жауапты ред. Т.А. Мамашев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. – 96 б. қазақша, орысша

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙