Əдеби жəдігерлер 7 том
Әлібекұлы А.
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Əдеби жəдігерлер сериясының 7-томына орта ғасырдағы аса көрнекті түркі ақыны Сүлеймен Бақырғанидің «Ақырзаман» кітабы еніп отыр. Бүкіл түркі халықтарына ортақ бұл əдеби жəдігерде ар-ұят, имандылық, адамгершілік мəселелері кеңінен қозғалады.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша
шығарылып отыр
“Мəдени мұра”
Мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.А.
Аяған Б.Ғ.
Əбусейітова М.Қ.
Əжіғали С.Е.
Əлімбай Н.
Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.
Досжан А.Д.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.
Қошанов А.
Құл-Мұхаммед М.А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сейдімбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
20 томды
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:
Қасқабасов С., төраға
Қорабай С., төрағаның орынбасары
Жолдасбеков М.
Жүсіпов Қ.
Келімбетов Н.
Қирабаев С.
Мағауин М.
Мұқанов М.
ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Əлібекұлы А.
Дəуітов С.
Қорабай С., жауапты редактор
Қыдыр Т.
Томды баспаға дайындаған: Т. Қыдыр
Сарапшы: С. Негимов, филология ғылымдарының докторы,
профессор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ƏДЕБИЕТ ЖƏНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
7-òîì
À¡ÛÐÇÀÌÀÍ
Алматы 2008
ІSBN 9965–806–94–2 (7-т.) ІSBN 9965–806–41–1 © Əдебиет жəне өнер институты, 2008 © «Таймас» баспа үйі, көркемдеу, 2008 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі ББК 83.3 Қаз Ə22 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті 017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы Томды басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Əдеби жəдігерлер. Жиырма томдық. 7-т.: Сүлеймен Бақырғани. Ақырзаман /Құраст.: Т. Қыдыр. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 480 бет. – (Əдеби жəдігерлер) ІSBN 9965–806–94–2 Ə22 Əдеби жəдігерлер сериясының 7-томына орта ғасырдағы аса көрнекті түркі ақыны Сүлеймен Бақырғанидің «Ақырзаман» кітабы еніп отыр. Бүкіл түркі халықтарына ортақ бұл əдеби жəдігерде ар-ұят, имандылық, адамгершілік мəселелері кеңінен қозғалады. ББК 83.3 Қаз Ə 4603000000 – 16 00(05)–08
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарық көретін «Əдеби жə дігерлер» атты жиырма томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Аталған басылымның басты мақсаты – халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен əдеби жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халықтарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV–ХІХ ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 7-ші томы орта ғасырда өмір сүрген сопы ақын Сүлеймен Бақырғанидың рухани мұрасына арналып отыр. Заманында «Хакім ата» лақабымен танымал болған Сүлеймен Бақырғани (1091–1186) бүгінгі Қарақалпақ жеріндегі Бақырған кентінде дүниеге келген. Ол – «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Иасауидің атақты төрт шəкіртінің бірі. Бар ғұмырын Хақ жолына арнаған Бақырғани түркі сөз өнерінің дамуына өз үлесін қосты. Оның қаламынан жүзден аса даналық сөз (хикмет), сондай-ақ «Ақырзаман», «Миғражнама», «Исмайыл қиссасы», «Бибі Мəриям» секілді дастандар дүниеге келді. Бақырғани бар ғұмырын Хақты тану жолына арнағандықтан да, шығармаларында Аллаға ғашықтық мəселесі кеңінен жырланды. Біздің заманымызға дейін хаттардың көшірген қолжазбалары ар қылы жеткен ақын мұрасын жариялау ХІХ ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қа дим əліппесімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиыр масыншы жылдарына дейін он алты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманын да түркі халықтарының əдебиет тарихына қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзінділер жарияланды. Тек өткен ғасырдың соңына қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда (Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған литографиялар негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хикметтері Б. Сағындықов, Р. Ахметов жəне Н. Мəтбек тарапынан қазақшаға тəржімаланып, жарық көрді1. Алайда осы уақытқа дейін жарық көрген кітаптарға ақынның барлық шығармалары енгізілместен, тек үзінділері ғана жарияланды. Тіпті ХІХ ғасырда Қазанда басылған литографиялық нұсқалар да ақынның мұрасын толық қамтыған жоқ. Онысы түсінікті де. Себебі орта ғасырда Алтайдан Кіші Азияға дейін жалғасып жатқан түркі мұсылман жұртына кеңінен тараған ақын хикметтері түркі диалектілерінде «өңделіп», бірнеше нұсқада жеткендіктен де, оның бəрін жинақтап, жариялау көп машақат пен қажырлы еңбекті талап етері анық. Оның үстіне Бақырғанидың барлық мұрасы ешқашан да бір кітап немесе бір жинақ ретінде жарыққа шықпаған. Сондай-ақ ақын шығармаларын толық қамтыған қолжазбаларды да кездестіру қиын. Осы күндері түркі 1 Сүлеймен Бақырғани. Бақырған кітабы. (Ауд. Б. Сағындықов) // Ежелгі дəуір əдебиеті. Хрестоматия /Құраст. А. Қыраубаева. – Алматы: Ана тілі, 1991. 146–176-бб.; Р. Ахметов. Сопылық сарын // Жұлдыз, 1993. №3. 148–153-бб.; Н. Мəтбек. Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) // ҚР БҒМнің, ҰҒА-ның Хабарлары. Тіл, əдебиет сериясы. 2001. №5. 81–88-бб.
мұсылман əлемінде кездесетін ортағасырлық түркі шайырларының немесе сопы ақындардың шығармаларына қатысты баяздардың (антологиялардың) іші нен тек «Құл Сүлеймен», «Хакім ата», «Хакім қожа», «Бақырғани» секілді тахаллуспен (псевдониммен) жазылған хикметтер мен даналық сөздерді іріктеп алып жарыққа шығару – Бақырғани мұрасын жариялаудағы негізгі мəселенің бірі болмақ. Осы жағын ескере келсек, «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында жарыққа шығып отырған бұл кітаптың құндылығы тек қазақ əдебиеттану ғылымының ғана емес, сонымен бірге көлемі жағынан алғанда күллі түркі жұртының рухани мұрасына айналатынына күмəн жоқ. Томға енгізіліп отырған бұл кітаптың негізгі бөлігі («Қадыр Тəңірім құдіреті, Кешті мақам Сидраты» деген өлең жолдарына дейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақтаулы тұрған «Бақырғани кітабы» атты қолжазба негізінде дайындалды. Бұл құнды да бағалы қолжазбада, негізінен, Сүлеймен Бақырғани мұрасынан басқа, хикмет жанры үлгісінде қалам тербеген бірнеше шайырлардың шығармалары да берілген. Біз тек солардың ішінен «Құл Сүлеймен», «Хакім ата», «Хакім қожа», «Бақырғани», «Сүлеймен» секілді тахаллуспен жазылған өлең жолдарын ғана тəржімалап беріп отырмыз. Ал кітаптың қалған жартысы («Қадыр Тəңірім құдіреті, Кешті мақам Сидраты» деген өлеңнен бастап) «Бақырғани кітабы» деген атпен 1848, 1898 жылдары Қазанда басылған нұсқа бойынша тəржімаланды. Бақырғани мұрасы «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында дайындалды. Сопылық əдебиеттің өзіне тəн қасиеттерін толық жеткізу мақсатында ақын шығармасының жолма-жол тəржімасы жасалды. Сондықтан кітапты аударудағы басты мақсат – ақын қолтаңбасын толық сақтау, сопылық тер миндердің мағынасын сол қалпында жеткізу болғандықтан да, кейбір жерлерде ұйқас өлшемдері бұзылып, тек мағынасы ғана ғана берілді. Сондай-ақ кейбір жерлерде ұзын бір бəйітті ұйқасына байланысты екіге бөліп бердік. Мысалы: Дəруіштердің етегін,
қадір тұтып кетейін,
Ол мекенге жетейін,
айырылып дүниеден. Томды түпнұсқа негізінде баспаға дайындап, түсініктемелерін жазған, мəтіндердің жолма-жол аудармасын жасаған – филология ғылымдары ның кандидаты Төрəлі Қыдыр. Томның көлемі – 480 б.
ХИКМЕТТЕР
Ғалымдар ғылым бірлəн1 болды əзіз,
Жəһілдер2 жəһіл бірлəн қалды əлсіз
Құл не болар құзырында өкінішсіз,
Өкініште болып құлшылық қылмақ керек.
Алла жады3 көңілдерге пана болса,
Ашылар батын4 қашан Раббыдан5 жарлық болса,
Мүрит6 керек Баязидтей таза болса,
Ондай мүрит мұратына жетпек керек.
Мүрит керек, көңілін түгел пірге берсе,
Одан кейін пір назары оған болса,
Бардан қашып, өзіңді тапсыр мұнда пірге,
Ондай мүрит мақсатына жетпек керек.
Пір мүриттің қағбасы-дүр егер білсе,
Күдік мəй7 болар ол сауапты мүрит алса,
Қай мүрит пір сырына күмəн келтірсе,
Қиямет күн доңыз секілді тұрмақ керек.
Болам деп жарандардың сұхбатында,
Қатты қорық «əл-Қариғат»8 аятында,
«Йəумə йəкунəннəс»9 сағатында,
Көп жылағын барып онда күлмек керек.
Болам деп сыйынып келдім илəһіме10,
Шайқы Ибраһим11 перзенті шайқы Ахметке,
Лайық болам деп келдім зор талапқа,
Бұ дүниені тəркі етіп кетпек керек.
Құл Сүлеймен кешкін енді жаннан рауан,
Кетсін енді батыныңнан ғапілет тұман,
Түні-күн өткізгін сен тілде Сұбхан12,
Бұдан өтіп, ол тəркі шапанын кимек керек.
* * *
Жасым жетті, өмірім өтті өкініште,
Жүрек бауырым еріп ақты бұ машақатта.
Күйіп өлдім, не қылайын бұ қасіретте,
Не өткенін, не біткенін білмеймін, достар.
Ғапілет жүгі тіземді бүкті жерге шөктім,
Жан сырымды Хаққа айтып, жасымды төктім.
Ел-халықтан қаштым, достар, жанымды бүктім,
Қылмысымның ұятынан өлдім, достар.
Белім байлап, жүрек жұтып, жолға кірдім,
Жанан13 жаққа баққанымда сырлар көрдім,
Əйел-бала, отбасымды талақ еттім,
Содан кейін жанан маған қарады, достар.
Жүрек оты іште күйді түтіні жоқ,
Ғашықтардың жүрегінің бүтіні жоқ.
Ғашық отына күйіп өлсем арманым жоқ,
«Һу-һу»14 деп арсы үстіне қондым, достар.
Арсы əзім жағасынан берік тұттым,
Дидар үшін əзіз жаннан достар өттім,
Тағатымды бұ кейіпке «уаллаһ»15 саттым,
Одан кейін хорлар қарсы алды, достар.
Қарсы алған хорларына баққаным жоқ,
Һəм төгілген дүрлерін таққаным жоқ,
Қанша қуса, дəргаһынан кеткенім жоқ,
Баршасын да дидар үшін қылдым, достар.
Жарлық келді пенделікке қылдым қабыл,
Əлсіз мұңды бишарасың болма мұңды,
Түні-күн тынбай тағат қыл, болар қабыл,
Есітіп жарлық, жаным пида қылдым, достар.
Түнде тұрып, көзімді ілмей намаз қылдым,
Түнде намаз, күндіз күні ораза тұттым,
Дəргаһына қарсы келмей, əзір болдым,
Одан кейін рухтар сəлем берді, достар.
Еңбек етпей, жолын таппас мұңды басым,
Фəналықтың16 мақамында17 ағар жасым,
Ғаріптіктің18 оты тисе кетер есім,
Уа, дариға, ғаріптікте қалдым, достар.
Қызыр19, Ілияс20 медет қылып қолымды алды,
Сұлтан Ахмет бабам келіп жолға салды,
Бір мезетте іші-сыртым заһир21 нұрға толды,
Рухым ұшып арсы үстіне қонды, достар.
Арсы үстінде шілтен22 бірлə шарап іштім,
Дертін айтып, Хаққа қарап жасым төктім,
Жетпіс батын көрінді одан өттім,
Расулалла жамалын көрдім, достар.
Құл Сүлеймен бұл сөздердің баршасы бос,
Қарадым, көрдім сенде жоқ-дүр тіпті ынсап,
Бір «аһ» десем ғарыштан өтті Қапқа23 дейін,
Лаухы Махфуз24 тақтасында көрдім, достар.
* * *
«Құл һуалла»25 сипаты анық заты,
Шексіздік һəм мəңгілік мың бір аты,
Набаттан тəтті болар Хақтың жады,
Зулжəлəл26 ұлы Тəңірдің құдіретін көргін.
Жаратты он екі мың теңіз Оман27,
Мұстафаның нұры бірлəн ақты рауан,
Ол нұрға назар салды Ием Сұбхан,
Жүз жиырма төрт мың тамшы тамды көргін.
Дүниені дүр жаратты Ием Сұбхан,
Бір назар қылар болса ақты рауан,
Демінен арсы-гүрсі28, жеті аспан,
Һəм жəне сарай асты жерді көргін.
«Лəулəкə лəмə хəлакта иллə əфлəк»29, – деді Сұбхан,
Мұстафаның нұры бірлə ақты рауан,
Баршадан əзізрегі анық иман,
Жазылған сап арсыда нұрды көргін.
Жаратты күн мен ай, сансыз жұлдыз,
Жаратты түн мен күн, қанша күндіз,
Жаратты көп періште, тау мен теңіз,
Құзыретінде Жебірейілді30 анық көргін.
Жаратты жеті тамұқ оты мен сират,
Кеңшілікпен сегіз жұмақ тіршілік суы,
Дидары ғашықтарға болар мұрат,
Һəм жəне Дəруссəлəм31 хорды көргін.
Топырақтан адам қылды білгін мақсат,
«Инни жəғилун фил арзи халифа»32 деді мағбұд33,
Қылдырды періштелерді оған сəжде,
Қылмастан шайтан лағын34 болғанын көргін.
«Əлəсту бираббикум»35 деп сауал қылды,
«Қалу бəлə»36 деп мүмін жауап берді,
Жөйт37, мұғ38, тарса39 қарсы болды,
Мүміндер оған мойынсұнғанын көргін.
«Уəлə тақрəбə һəзиһи шəжəрəтə»40 деді Жəлил41,
Азғырды Адамды ол Əзəзіл,
Бидай жеді, хабар берді ол Жебірейіл,
Одан соң ол екеуінің шыққанын көргін.
Бірі – Батыс, бірі Шығыс түсті жырақ,
Адам, Хауа тартты қанша азап,
Бір-бірінің дидарына болып ынтық,
Үш жүз жыл жылап мұрат тапқанын көргін.
Адамды жаратты, сыйлады иман,
Жаратты Хауаны көрікті сұлу (етіп),
Мақамы еді оның сегіз жұмақ,
Һəузі кəусар42 шарабынан ішкенін көргін.
Адамның ұлық ұлы Шиш нəби43,
Сансыз мың туды одан нəби, уəли44,
Ол ақиретте Хақ Мұстафа əлем мақтанышы,
Əбу Бəкір45, Омар46, Оспан47, Əли48 көргін.
Орындаумен Құл Сүлеймен қылды баян,
Жаратушылық сипатын етті аян,
Илəһім, бергін енді анық иман,
Кезекті дария ішіндегі дүрді көргін.
* * *
Тур Сина49 тауына шығып Мұса,
Хаққа ғашық болып дидар құлды көргін.
Дидар көрмек жоқ-дүр деп, ей, Мұса,
«Лəн тарани»50 жауабын бергенін көргін.
Тауға назар қылды Мəулім51 айбат бірлəн,
Ол айбаттан сезді жел сағат бірлəн,
Жүз мың ерді көрді Мұса тағат бірлəн,
Қол көтеріп, Хаққа шүкір қылғанын көргін.
Қырық қашыр көтере алмас Тəурат ілімін,
Ашып оны оқыр еді Мұса Кəлім52,
Бар ма деп айтар еді мендей ғалым,
Кенет пасық тілі бірлəн айтқанын көргін.
Сендей ғалым бар-дүр деп аят келді,
Ол аятты көріп Мұса аң-таң болды,
Тірлігін қойып, қойнына азық алды,
Аса алып, жолға қадам қойғанын көргін.
Түні-күн жүріп жетті ол суға,
Балықты қойды жол жағасына,
Құдірет бірлəн балық тіріліп сол құлға,
Мұсаны Қызырға кездестіргенін көргін.
Қызырды көріп Мұса сəлем берді,
Мұсаның сəлемін Қызыр қабыл алды,
Аспаннан бір құс келіп жерге қонды,
Дариядан су алуға қонғанын көргін.
Қызыр айтты: осы құс неге енді,
Су ішінде хабаршы ілімін саған берді,
Жаратқан Ием лəдун ілімін53 маған берді,
Мұны естіп Мұса мүрит болғанын көргін.
Қызырға берді Мұса өз еркін,
Шайқы бірлəн қылды олар зияратын,
Су ішінде салды олар ғимаратын,
Қызыр ұрып кемені тескенін көргін.
Қызыр айтар: Мұса тағат ете алмайсың,
Қай жолға бұрылсам мен бас тартпайсың,
Мен сөйлеген сөзден басқа қылмағайсың,
Серт қылып, сөзге байлам қылғанын көргін.
Екеуі барып жетті сол елге,
Ұланды өлтіріп салды суға,
Мұса айтар: жараспайды сендей ерге,
Ер өлтіріп, кемені тескенін көргін.
Кемені тесті ол пəрмен бірлəн,
Ұланды өлтірді үкім бірлəн,
Бармасын мүмін малы жала бірлəн,
Мұсаға сырларын айтқанын көргін.
Білдің бе, Мұса, тамды неге жаптық,
Астында жатқан көп алтын таптық,
Ашылмасын деп үстіне топырақ жаптық,
Мағынасын айтып Қызыр кеткенін көргін.
Өкініш жеді тілінен Мұса Кəлім,
Ғажайып істер көрді, алды тəлім,
Қарсылық қылғанында Мұса Кəлім,
Лəдун ілімін үйретпеген Қызырды көргін.
Құл Сүлеймен əуесіне тілім ұйды,
Өмір зая өтетінін енді білді,
Бұ хикметті достар үшін жəдігер қойды,
Есіткеннен дұға жары болғанын көргін.
* * *
Хақтан илһəм54 мейірімі жетіп келді,
Ой ішінде мағына (ға) тойдым, міне.
Машайығы болған достар жаны құбыла,
Ниет қылып, дұрыс жолға түстім, міне.
Жолбасшылар үшбу55 жолды көрсетті,
Өлімші едік, өмір беріп тірілтті,
Ғашық құлдар Хақ жолында жан үзді,
Мен бір ғапіл тəн тілегін бердім, міне.
Мүриттерге мұрат болмақ қызметтен ол,
Ғашықтарға дидар көрмек ғаріптіктен ол,
Тариқатқа56 мендік кірмек опаттан ол,
Міскіндік киімін кидім, міне.
Əр уақытта құзыретінде сыр қалаушы ол,
Хақ жолында жанды кешсең тағы аз ол.
Құлшылық əсілі фəна болу мұң қажет ол,
Мұңды жүрегім езіліп күйдім, міне.
Көргін достар ғишық57 бостанының гүлбағын,
Ол бостанда құрдым жəне достық торын.
Құл Сүлеймен үнсіз еді тілсіз тағы,
Рұқсат бірлə хикмет айттым, міне.
* * *
Махаббаттың майданында ғашықпын деп жүргендер,
Сүйіктісінен өзге жанды сүймес болар.
Мəңгілік суы секілді ғишық ғашықтарға,
Бұ ғишық бірлəн тірілгендер өлмес болар.
Ғашық болған кешу керек тəн-жанынан,
Ұстау керек өзін-өзі жоғалтудан,
Күнде келсе жүз мың пəле дос жанынан,
Шынайы ғашық көңілін өзгертпес болар.
Ғишық тұтқыны болған адам диуана58-дүр,
Көңілі оның ғишық жүзінен мың жара-дүр,
Міскін ғашық түні-күн əуре-дүр,
Ғашық тілім жылар тағы, күлмес болар.
Ғишық белгісі жүрегің іші кірсіз керек,
Жүзің сары, ағып тұрған жасың керек.
Реніш-пəле, қайғы-бейнет тартпақ керек,
Ғишық істері мұнымен де бітпес болар.
Құл Сүлеймен күн келгенше ғишығың бойдақ,
Ғишық махаббат оты бірлəн жүрегің кəуап,
Асылың сенің ғишық райханы болар топырақ,
Топырақ ішінде шешек ашылып солмас болар.
* * *
Құран берді Хақ Расулға, дос тұтынды,
Құран ішінде мағына көріп ол өтінді.
Жұмақтан пырақ келді, Расул мінді,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Бөгетсіз сөз сөйледі Мұсасына,
Көкке шығарып мəуе берді Исасына59,
Ақырын ертіп сырын айтты жан досына,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Тоқсан тоғыз мың сөйлесті өзі бірлəн,
Шариғаттың баяндады сөзі бірлəн,
Хақ Расулы жылар еді көзі бірлəн,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Шариғатты тариқатқа өткізді-лер,
Ғашықтарға ғишық шарабын іштірді-лер,
Хақиқатта нəпсі отын өшірді-лер,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Сақи болар Құран ілімін білген құлдар,
«Рабби60» десе, Жаратқаннан жауап болар,
Есіткен ғашық құлдар нағыз ер болар,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Зор қуаныш иман бірлəн барғандарға,
Мейірім келер Құран ілімін білгендерге,
Тəкбір61, тəһлил62 айтқын ғаріп өлгендерге,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Жан иман құлға мейірім онда тұрар,
Құлшылық асылы рас, білсеңіз, мұнда тұрар,
Төзім бірлəн анық тұрсаң Мəулім білер,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
Машайықтар медет берсе, ілімің артар,
Білер екен, білмес секілді өзін тартар,
Құл Сүлеймен хикмет айтса жүрек өртер,
Есітсе алуан мағына Құран ішінде.
* * *
Кім оқыса бұ Құран,
əлем оған жайнаған,
Жұмақ ішінде сүйеніш,
жолдас оған бұ Құран.
Құран – Тəңір сөзі,
түні-күн оқығын тынбай,
Жұмақ ішінде сəлемі,
шапағатшы бұ Құран.
Құран – Тəңір сыйы,
жұмақ табар жолбасшысы,
Сират көпірден өтерде,
пырақ болар бұ Құран.
Жеті түрлі пырақ ат,
бойы жасыл зəбəржəд63,
Ерні оның зүмірред64,
айқындалған бұ Құран.
Басы қызыл алтыннан,
тəні жасыл жақұттан,
Тұяқтары гауһардан,
шапағатшы бұ Құран.
Жеті түрлі аталар,
туыс-қарындас аналар,
Қоңсы-қауым ұялар,
Хақтан тілер бұ Құран.
Құл Сүлеймен ғапілмін,
ғапілдігімді білермін,
Ием айтар Рахыммын65,
тағдыр қылғын бұ Құран.
* * *
Ей, достар, опасы жоқ үшбу дүние,
Ажал жеткен соң тəнің сенің мүрде болар,
Бейнет бірлəн сонша қылған ғимараттар,
Кетсең ол һəм сенен кейін ойран болар.
Үш күннен соң жаның келер тəн көргелі,
Қалай болдың, деп одан хал сұрағалы,
Қандай күйге түстің менен айрылғалы,
Келгеннен соң тəнді көріп қайран болар.
Жан алыстан тəн сырына қарап тұрғай,
Тəн аузынан іріңдері ағып тұрғай,
Иманды құл нұрдан шырақ жағып тұрғай,
Имансыздар қараңғыда сарсаң болар.
Тəнді солай көріп жылар бұл əзіз жан,
Өз тəніне күйіп жанып, жаны ұшып,
Не пайда берер сол жағдайда қылған арман,
Жүз мың тарап өзін ұрып сарсаң болар.
Тəні міскін меніменен қандай едің,
Бүгін сені көріп тұрмын мұндай болдың,
Дүниеде тұра алмадың, ақыры өлдің,
Бұ сөздерді айтып-айтып көзі жасқа толар.
Бес күннен соң жəне келер көр басына,
Жүгіріп жүріп жан əзіз тəн қасына,
Ағар дария болар онда көз жасына,
Бишара жан тəні үшін күйіп-жанар.
Жəне көрер тəнді көрдің ішінен,
Қан ағар аузы, құлақ, мұрынынан,
Қайран болып, жан тұралмас орынынан,
Қан жасы көздерінде маржан болар.
Солай көріп жыларында өзін сол сəт,
Қане сонда жан өзіне ұрса пышақ,
Амалы жоқ тəнді барып қылса құшақ,
Тəнге күйіп жылап жүрген бұ жан болар.
Жылай-жылай жаны одан жəне кетер,
Мекеніне бұл халде жəне жетер,
Тəні білмес жан халінен нелер өтер,
Барып-келіп жаһанның əуресі болар.
Жетінші күн жəне келген жан – жанына,
Көрейін деп, ұшып шыққан жан тарапқа,
Ұшып келіп жəне қонар көр шетіне,
Үш жыл осылай ұшып-қонып сарсаң болар.
Көрер тəнді онда күйіп, қурап тұрған,
Ағзасына жəне құрттар түсіп тұрған,
Терісін жəне сүйегіне жабысып тұрған,
Айқай салып (сонда) жүрген бұ жан болар.
Қанша сөзді айтып жəне жылап жетер,
Нала болып, бұ жан тұрған жерге кетер,
Тəнге жандай онда қандай мақұлық күйер,
Жанның халін көрсең онда ішің жанар.
Ғапіл болма, Құл Сүлеймен өлім келер,
Жаның сені тағы сондай жылап жүрер,
Сенің халің көрде білмеймін қандай болар,
Рахым етуші онда саған Рахман болар.
* * *
Рахметінен үлес берді ұлы Мəулім,
Сені қалап, иман сыйға берді саған.
Хақ Мұхаммед Мұстафа оны Расул Изəді66,
Мейірім бірлəн бағыштады Құран саған.
Құран мейірім кеніші, хикмет-дүр жемісі,
Құран бірлəн нұрға толды жердің беті,
Үмбет үшін алып түсті Рухулəмин67,
Фəқра-ə мəйти пəрмен саған.
Құран жолдан азғандарды жолға тартар,
Құран біліңдер, ізет һəм құрмет артар,
Дауыстап (кім) оқыса жүректі өртер,
Жоламағай жүз мың түрлі пəле саған.
Бұ дүниеде оқы Мəулім Кəлəмін68,
Есітерсің барып онда сəлемін,
Жұмақ ішінде берер нығмет тамамын,
Сарай хоры, қызметшілер бірлəн жастар саған.
Құран бірлəн есіктерін ұстаушы ол,
Күнəлардың нама69 кірін жуушы ол,
«Хайран йараһ, шəррəн йараһ»70 сұраушы ол,
Құран ұлы мұғжиза71-дүр берген саған.
Құран оқы, пəрменін ішке байла,
Жетсең азап аятына қорқып зарла,
Ол үрейдің оты бірлə жүрек өрте,
Ием қылар жұмақ жолын оңай саған.
Құран білмес жоқ санында тең болар ма,
Қара жібі ақ ішінде мең болар ма,
Білген бірлə білмегендер тең болар ма,
Құран оқы, надан құлақ салсын саған.
Құран – Мəулім Кəлəмі-дүр білгін хақиқатын,
Азап қылмас Мəулім сені оны алғын,
Үйренгеніңді ұмытсаң, сен білгін анық,
Жаза болар Сақар72 атты зындан саған.
Уалла73, мұны рас айтамын Ием хақы,
Бұл Құранға ұқсас кітап жоқ ол тағы,
Жырақ болсаң түні-күн Құран оқы,
Керек болса Фердаус74 атты бостан саған.
Хақын білсең Ғарасатта75 шапағатшы болар,
Зəбəния76 орманынан сені бөлер,
«Бұ құлыңды жарылқа» деп Раббыдан сұрар,
Жарылқағай сол күні Рахман саған.
Таза жуынып, дəрет алып, оқы кітап,
Бір əрпіне жиырма бес алғын сауап,
«Алла» десең, «лəббəйк»77 деген келер жауап,
«Рабби» десең, «ғəбди»78 дегей Сұбхан саған.
Өтті өмірім қысы-жазы болды зауал,
Жазығым көп, жарылқағын йə, Зулжəлəл,
Ғаріптікте Құл Сүлеймен өзім мұңды,
Арман қылам туған жерім түркан79 саған.
* * *
Бүгін рухым айтар нəпсіге қылғын тəуба,
Жігіттік қуаты қашпас бұрын.
Ақирет аспабын анық алғын,
Ащы өлім ішімдігін ішпес бұрын.
Аманат қойды Алла əзіз иман (ды),
Тағат бірлəн қорған салсаң болар аман,
Дұға, тəспі айта тұрғын, оқы Құран,
Көз атты шырақтарың өшпес бұрын.
Шайтан жолын ұстап өмірің елге бермей,
«Кулли шəйин һəлик»80 десе əлем өлер,
Өлім періштесі жан тілеп саған келер,
Жыңғыл ұрып, тамырларың ішпес бұрын.
Дін дұшпанын дос тұтып жедің-іштің,
Туысқан мүмін сырын халыққа аштың,
Құдайыңнан ұял енді, шектен астың,
Қара жердің қарнын жарып құшпас бұрын.
Мүңкір-Нəңкір81 сұраушыға бергін жауап,
Бүгін мұнда, жарын онда айтсаң сауап,
Туысқаның көрге көміп, үстің сауап,
Көр ішінде жалғыз қалып жатпас бұрын.
Илəһи, Сүлейменге мейірім қылғын,
Баршамызды жарылқаған Қадыр82, Ахад83,
Батынынан медет қылар Құл Қожа Ахмет,
Медет қылар көзің ашып, жұмбас бұрын.
* * *
Бір күнде бір құлына
үш жүз алпыс қарар-ə,
Одан артық не керек
құлға Хақтан назар-ə.
Сабыр берді пайғамбар
күннен-күнге жеткер деп,
Дүниедегі нығметтер
күннен-күнге жетер-ə.
Ұят қалмас жүзінде,
мейір қалмас көзінде,
Шайтан болып əйелдер
ерлерінен шығар-ə.
Бақуат болар кəпірлер,
қызмет қылар пақырлар84,
Бір арпа нанына
имандарын сатар-ə.
Елден-елге саудагер
бидай артып жүреді,
Запырандай мысқалдап
тартып елге сатады.
Бұл хикметті айтушы,
ғайыптарды көруші,
Хақ Расулдан сұраушы,
Құл Сүлеймен зарлаушы.
* * *
Түні-күн дəруіштер85
ғапіл емес Cұбханнан,
Əсел86 секілді лəззатын
тапты олар Құраннан.
Мүбарак-дүр жүздері,
Қызыр секілді өздері,
Иман болар сөздері,
тасып келер Оманнан.
Дəруіштердің етегін,
қадір тұтып кетейін,
Ол мекенге жетейін,
айырылып дүниеден.
Дəруіштердің əдеті
зікір87, самағ88 сұхбаты,
Семсер секілді үлесі
тиер Пірмұғаннан89.
Еркіңді беріп оларға,
ынтық болып дидарға,
Қол ұзатпа мүрдеге,
үміт етіп иманнан,
Ғапілет ішіне кім батса,
таң ұрлап таң атса,
Хақ құлшылығын ұмытса,
иман емес айуаннан.
Сап ұстағын діліңді,
нұрға бөлеп дініңді,
Сақта айтқыш тіліңді
ғайбат пенен жалғаннан.
Қаһһар90 Ием қаһар етсе,
амалыңды жоқ етсе,
Тамұқ жаққа жіберсе,
азап қылар қанша алуан.
Қолын тұтса пендеге,
күнəһар шермендеге,
Жүз мың мендей кендеге,
хор жіберер райханнан.
Құл Сүлеймен айтарын,
айтты халыққа бəрін,
Ұстап нəпсінің айласын,
қорқар дəйім Қаһһардан.
* * *
Діндарлық мүлкін бізге сыйға берді,
Кəсіп болсын осы Құран енді саған.
Тура оқымақ үшін Хақ таупық берсін,
Мəңгілік Зулжəлəлдан Рахман бізге.
Бұ Құраннан ізгі имам ұю жоқ ол,
Бір аятты жүз мың айтса (да) тою жоқ ол,
Құран кіммен бірге болса, қайғы жоқ ол,
Күйер-жанар ол от ішінде бостан бізге.
Білім берген болса, білгін-оқығын деп,
Жол көрсетті Хақ бұйрығын ұстағын деп,
Құран оқып Раббыға мойынсұнғын деп,
Сыйға берді Бухəнифа Нұғман91 (ды) бізге.
Ұмытпаңдар əсте Құран білу қиын,
Дінге тірек, Хаққа жолшы болу қиын,
Баршамызға шапағатшы болу қиын,
Қызмет қылар сарай хоры, қызметші бізге.
Исрафил92 сүрін93 үрсе көк жарылғай,
Түтілген жүндей болып таулар, теңіз ұшқай,
Қорқыныштан пайғамбарлар тізесін бүккей,
Сол күнде «қорықпаңдар» дер Құран бізге.
Елу мың жылдай болар Ғарасаттың бір күні,
Өзі бірлəн сарсаң болар айбат күні,
Құран кіммен бірге болса сол күні,
Пырақ жетіп, қарсы келер Ризуан94 бізге.
Бір қатым қылсаң жетпіс мың сарай болар екен,
Арасына жақұт, гауһар, маржан салар екен,
Əрбір сарай ішіне хорлар қарайды екен,
Сүйсінеді қонақ келер мейман бізге.
Ол қонақжайлық керек болса Құран оқы,
Жарылқаушы бір Алланың құлшылығын қыл,
Құран кіммен бірге болса аят хақы,
Шексіз сауап берер патша Рахман бізге.
Атаңызды, анаңызды алғын дегей,
Дəруссəлəм сарайына асық дегей,
Жұмақ халал сізге енді кіргін дегей,
«Уə лимəн хафа мəқамəн раббаһу жəннəтəн» бізге.
Бір мұсылман сенім бірлəн Құран оқыр,
Заһарын төгіп, Ібіліс басын тасқа тоқыр,
Ұлан айтса «бисмиллəһ» деп əлем тұғыр,
Сағынсам мен осы көрікті ихсан бізге.
Құл Сүлеймен «бисмиллəһ» деп айтар «əғуз» ,
Жер-көк халқы Мұстафаға айтар сəлем.
Мен ризамын, менен Алла болса разы,
Жүз мың Құран берді жəне Рахман бізге.
* * *
Күнəлілік дерті бірлəн көңіл толса,
Құран оқып, жадын айтқын дəрмен оған.
Кімнің дерті болса Хақтан дауа сұраса,
Ол дерт үшін шипа берер Йаздан98 оған.
Кім намаз оқымаса, тұтпаса ораза,
Таң атқанша басар оны ғапілет ұйқы.
Қияметте оған болса жеңілдік күн,
«Йə əйуһəл мужримун»99 деп пəрмен оған.
Мақұлықаттай100 мақұлық емес Құран білгін,
Өзі секілді қадым болар Фұрқан101 білгін.
Кім оны оқыса да туыс білгін,
Қияметте шапағатшы болар Құран оған.
Хақ Расулы Мұхаммед Хəбибулла102,
Рахмəтул лилғəлəмин103-дүр хабардар бол.
Халайыққа жіберіпті оны Алла,
Беріп кереметті мұғжиза оған.
Сыддық104 пен Фаруқ105 болар Хайрулəбрар106,
Зиннурейн107, Мұртаза108 Əли сырлар.
Халайықтан оларды абзал білгін, ей, жар,
Һəм оларды жолдас қылды Рахман оған.
Кім бұ тəртіп бірлə сүйсе, ақылды болар,
Ақылы оның дін ісінде кəміл болар,
Кім бұ тəртіппен сүймесе, ол жəһіл болар,
Кəпірлердей ойын берер шайтан оған.
Кім Хақтың дидарына ғашық болса,
Шын ғашықтай ғишық бірлəн берік болса,
Əр қылған ісі Хаққа лайық болса,
Дидар күнін сыйлайды екен Сұбхан оған.
Қаш, ей ғашық, дүние мен бұ əлемнен,
Дүние елі жырақ салар Құдай елінен,
Ғашық бас тартпайды барша тура жолдан,
Ғишық пенен ғашықтық болар төлем оған.
Құл Сүлеймен дүние сөзін есітпегін,
Қу нəпсінің жетегінде сен жүрмегін,
Хақ қалауы мен боламын деп жар салмағын,
Он сегіз мың əлем болар қалауы оның.
* * *
Өтінейін, достарым,
қош тыңдаңдар, бисмиллə,
Мұсылман кім, кəпір кім
білдіретін бисмиллə.
Бұ дүниені жаратты,
Шығыс, Батыс тең етті,
Тамшы судан (əр) түрлі,
нақыш безейтін бисмиллə.
Əуелі Адам атамыз,
киді қылует тəжін,
Дəстүр болды жұмаққа
қадам қойды бисмиллə.
Нұх нəби қауымын,
опат қылды су бірлəн,
Кеме жасап кірерде,
айтты баста бисмиллə.
Сүлейменге бағындырып,
адам, жын мен құрт-құстар,
Бұлт мініп ауада
жүргізетін бисмиллə.
Жүсіп шынайы құл болды,
көз жасы көл болды,
Көңілі қайғыдан толды,
патшалық берген бисмиллə.
Дария ішінде ол балық,
жұтты Жүніс нəбиді,
Қырық күн тəспі айтқанда,
ықылас берген бисмиллə.
Екі жаһан мүлкі
Мұхаммед Мұстафа,
Бұ «əлхəмд ілімі»
біткелі-дүр бисмиллə.
Жеті тамұқты байлаған,
сегіз жұмақты ашқан,
Тəубе ағаштың жапырағы,
нұрдан болған бисмиллə.
Жұмақ ішінде төрт арық,
ішсем онда қош арық,
Ол арықтар басында,
белгілі-дүр бисмиллə.
Құл Сүлеймен сұрасаң сен,
мүміндерден болсаң сен,
Жұмақ ішіне кірсең сен,
шапағатшы бисмиллə.
* * *
Бостандарды жаратар Ием Сұбхан,
Аты сегіз жұмақтық құл кірсін деп.
Əлсіз құлға шабыт берсе Рахман Ием,
Баян қылам, достар анық білсін деп.
Дəруссəлəм, Дəрулхəлдум109, Дəрулқарар110,
Нағим111, Адын112, Мəуə113 болар сол аттар,
Дəрулəхр114 аспанын Фердаус атар,
Білместерге дайын қылдым білсін деп.
Таза күміс, сүттен ақ ол жерлері,
Қызыл жақұт, гауһардан һəм өсімдіктері,
Лағыл, маржан, ақықтан ол шатырлары,
Нұрдан есік ашық достар кірсін деп.
Сарай ішінде тақ үстінде күн жүзді хор,
Киім киер тастан қараса іші көрінер,
Бір сарай, сегіз жұмақ жауар нұр,
Армандайды зікірші құлдар кірсін деп.
Сүт, су, əсел, шарап атты төрт арықтың,
Ол Жебірейіл көрсем деп сағасын,
Жеті жүз жетпіс мың жыл ұшып оны,
Көрсетпеді ол Расул көрсін деп.
Жарлық келер, йə, Мұхаммед, мінгін пырақ,
Сүйіктімсің, менен саған болмас жырақ,
Адын ішінде жараттым ол сансыз бұлақ,
Зікір айтқан зікірші ішіп қансын деп.
Дауыс келді, ей, құлдарым, кеңшілігімді көргін,
Қардан суық, əселден дəмді, сүттен ақ,
Өзендерді жараттым үш құдірет көргін,
Бір тамшысы жүз мың қайғы тартсын деп.
Жарлығым сол, ей, Ризуан, құлдарыма,
Тамақтандыр, хас115 тұрады құзыретіме,
Əзіз өзін сусатып қызметіме,
Сақимын мен достар шарап ішсін деп.
Жұмақ ішінде сансыз пырақ райхан аттар,
Бір қадамда бес жүз жылдық жолды аттар,
Жаратылар Хақ кеңшілігі бірлəн сол аттар,
Ғашық құлдар мініп құстай ұшсын деп.
Дауыс келер, йə, құлым, нығметтерді,
Тамам қылдым шарап, тағам һəм хорларды,
Бүгін саған сыйға бердім қуаныштарды,
Дидар көріп, достар қайран қалсын деп.
Сегіз жұмақ сипаттары сансыз тілім,
Достар қайғылы болмасын деп айтты тілім,
Сүлейменге ой берді Ием ілім,
Бостандардың сипаттарын айтсын деп.
* * *
Білдірді қияметтің ғаламатын,
Достарым, тəубеге келмейсіңдер ме?!
Мұнафық116, мүшріктерден117 үзіп сұхбат,
Бұ жүз пейілдерден танбайсыңдар ма?!
Ізгі пейіл артық қылар ақиретте,
Нұрдан жолдас болар саған тар лақатта,
Тағат бірлəн анық тұрсаң қайғы-мұңда,
Дайын тұрып, Хақ құлшылығын қылмайсыңдар ма?!
Сымбатыңды жаратты құлшылық үшін,
Қыл құлшылық, рас хақиқат қылмақ үшін,
Күнəға белден батсаң өзің үшін,
Ол тамұқтың айбатынан қорықпайсыңдар ма?!
Жұмақ керек болса сенен ұйқы кетсін,
Мағрифат118 пен махаббат орын алсын,
Үлкен əлемді атаң айтсын,
Достарым, бұ мекенге жетпейсіңдер ме?!
Кері қайтпас бұ жолға кірген құлдар,
Көңіл күйіп, көрік солып, көзін сулар,
Сүйгендер сүйіктісінің жанын аулар,
Дүние қойып, ақирет ісін қылмайсыңдар ма?!
Бізден бұрын өтті нəби, елшілері,
Тура жол бастаған сұлтандары,
Мақам, мекен керек болса қала оны,
Тауып жолды фəна болып жанбайсыңдар ма?!
Анық тұрсаң ашылады қабыр əһлі119,
Оны менен сұхбат қылғын, байла белді,
Атағы Құл Сүлеймен болар мұңды,
Достарым, барша жомарттықты ұстамайсыңдар ма?!
* * *
Көріңдер ақыр заман нышандарын,
Күн келді түнде күнə артар болды.
Əзіздер сөз сөйлесе, сөзі өтпес,
Өтірікшілердің жалған сөзі өтер болды.
Қырылдық осы дүние қатесіне,
Қарылдық оттай қанша харамына,
Таң атса барар мақұлық сəлеміне,
Мешіт қойып, мақұлық есігін қағар болды.
Ізгілік өшті, шапағат кетті,
Күнəнің көптігінен бəле артты,
Харам белең алып, айыбы артты,
Осылайша дін істері өшер болды.
Қиямет келді тағы адам тоймас,
Залымдар пəле көріп пасықтығын қоймас,
Ғалымдар пара алып, көзі тоймас,
Көңілдері тастан бетер қатер болды.
Мұнафықтар болды тағы екіжүзді,
Һəм жəне пайдакүнемдік жалған сөзді,
Мүфтилер болды отсыз қаракөзді,
Осылайша дін істері жетер болды.
Ұл-қыз тыңдамайды атасын,
Мейірбан бауырмалшыл анасын,
Еш көңіл дүние үшін ұясын,
Көтеріп ап жанған отқа атар болды.
Туысқан туысқанға ізгі сыйламас,
Екеуі бір-бірінен болды азар-безер,
Атағы Құл Сүлеймен көріп ұқпас,
Бұ қайраттар көңілден өтер болды.
* * *
Қадыр Мəулім құдіретінен ғибрат алып,
Сол жолға көңілім байлап кіргім келер.
Ибраһимдай120 Хақтан жарлық келсе маған,
Исмайылдай121 жанымды құрбан қылғым келер.
Қу нəпсінің атын мініп базарлаттым,
Бөгде емес туысқанды зарлаттым,
Білместен өзімді көтеріп отқа аттым,
Уақыт болды, өзім оттан шыққым келер.
Көз ашып, харам жеп, тəн қуаттанды,
Тəкаппарлық бұтақтары тамырланды,
Ғишық махаббат оты көңілім ішіне енді,
Бұтақтың өзегін кескім келер.
Ғишық үшін Мұса, Шұғайып122 қойын бағар,
Тəспі айтып Иса көкте құлшылық қылар,
«Əрни»123 деп Мұса Раббыдан тілеп дидар,
Хақ жолында Хаққа жаным бергім келер.
Дəлел сөзін сөйлейін достар тілден,
Хақиқаттар шықпас екен кірген жолдан,
Ілім мағынасын болмысқа келтіріп хəлден124,
Хəл сөзін достарыма айтқым келер.
Шариғатта имам көтерер қауымның жүгін,
Хақиқатта болады екен Хаққа жақын,
Хақиқатта шаттанып Ата Хакім,
Ихрам124 байлап, имамдарға ұйығым келер.
* * *
Қыл ішінде Қап тауын іздеуші,
Құс тілі Сүлейменге сөйлеуші,
Махаббат мүлкін бөледі екен,
Шынайы дəруіштерді жетелеуші.
Жарандар мұз үстінде шақпақ шағар,
Тас үстіне су құйса (олар) əсел шығар,
Жарандар оттың үстіне отты жағар,
Не білер əрқайсы көсеуін көсеуші.
Жарандар сыр бірлəн жүрегі ыстық.
Іш көзі көрікті ол сырға қанық.
Ей, ғапіл адам, ұлы ерге лайық,
Іш қойып, тас жүзін жүздеуші.
Сенбісің адам ұлы құсқа мінген,
Жерді қойып, көкке қарай қолын созған,
Бес күндік дүниеге көңіл берген,
Фəни жаһан мүлкін іздеуші.
Не мұнша иландың сен өмір жасқа,
Қылмадың амал сен жақсы іске,
От ұрып күймес ол қайнақ тасқа,
От қойды жараны тұздаушы.
Жан үшін қайғырма, иман тіле,
Сағатта бір дос үшін мың жан сұра,
Ер секілді тірідей жан бергіле,
Ей, надан ізін іздеуші.
Ғапілдермен жүрмейді дана кісі,
Əлемнің құмайысыз ол дəулет құсы,
Сансыз мың таза үйрек ғишықтың құсы,
Түмен мың таза үйрек аулаушы.
Ғалымдардың мысалы əлемге көз,
Əркімнен өтер қыс һəм бұ жаз, күз,
Дəруіштердің мысалы жарық жұлдыз,
Ей, гауһар сырын сырлаушы.
Құл Сүлеймен сөздері сырдан болар,
Дүние үшін қайғырмас ол Мəулім білер,
Махаббат дариясының толқынын ұрар,
Айырылмас сөзінен тыңдаушы
* * *
Раббул əрбаб126, қалбу əхбəб127 асхабтарға128,
Ерікті Сұбхан Ием, Рахман жеткер мені.
Жолды қойып, адасып жүрмін мен,
Раббул əнəм129, беріп илһəм кіргіз мені.
Ғапіл едім, ғалым болып өзімді білдім,
Өзімнен өзім біліп ап тəубе қылдым,
Қайрат күшім сүйенішім Жаратқан Ием,
Жолдан бастан түзеп іштен жандыр мені.
Дəргаһыңа келдім енді нəпсіден қашып,
Сахарда қажеттілік есігін қағып ашып,
Қылмысыма жаға ұстап, жасым төгіп,
Ғишық шарабын ішіп оны қандыр мені.
Шарап ішіп, шектен асып қарап болма,
Асып-сасып, отқа түсіп опат болма,
Жаға ұстап жолсыздарға жолдас болма,
Күнə істен, мəкүрік130 істен қайтар мені.
Хаққа жолсыз барған құлдар көрмес дидар,
Лағынет шоғы біліп оны еріп сазар,
Ғашықтар түні-күн еңірейді зар,
Еріксізден бұ көңілімді тындыр мені.
Ғашық-машұқ болған құлдар тілек табар,
Сүйікті құлдар түні-күн жасын төгер,
Ғашық құлға машұғының131 назары бар,
Иман нұрын, ислам күшін ендір мені.
Құл Сүлеймен, осал тұрма өзіңді біл сен,
Қартайдың, жігіттікті (енді) тастағын сен,
Шүкір қылып, шүкірші бол Сұбханнан сен,
Хəмді132, сəна133 рух атына міндір мені.
* * *
Хаққа жазған, жолдан азған күнəһар құлмын,
Сазайым сол салса тамұқ зынданына.
Енді келдім дəргаһ есігін қағып ап,
Алла деп, бұ тəубенің пəрменіне.
Қу нəпсі бірлəн дəйім жүрдім мен,
Дүние деген дастанына баттым мен,
Жазық жүгін ауыр қылып білдім мен,
Жар медет қылғай құлының ихсанына134.
Ібіліс сатқын сол малғұн ерікті дұшпан,
Орны тамұқ қиыны қатты азаб алғын,
Шоқта жүрегім кəуап болар, ішкенім қан,
Не дəрі бар, сол көңілімнің дəрменіне.
Тəкаппарлық киімін кигендердің орны тамұқ,
Жемі заққұм135, тағамдары қайнар тамұқ,
Қарғыс ұрған малғұн менмендік сатса болар əркім,
Жазып тұрар жаратқан ол Рахманына.
Менмендік таласу – ол Ібіліс ісі,
Ол ысырапшылдық, ластық оның ісі,
Нəпсіге ерік бермейді ақылды кісі,
Дидар сүйген ғашық жан сүйіктісіне.
Расул жолын ұстаған жаран нəпсіні қуар,
Құзыретіне күні-түн сыйынып Алла дер,
Қылмысына күні-түн көп өкінер,
Хас құл ол сыйынып жаратқан Сұбханына.
Құзырет есігі ашық келген үмітсіз жоқ,
Ғашық құлдар одан өкініш көргені жоқ,
Құл Сүлеймен құлшылықты түгел қылғаны жоқ,
Арманым мың ол жаратқан Йазданына.
* * *
Заман ақырына (жақындап) қалдық, достар,
Хақиқат Хаққа қарай келген бар ма?!
Жүрерміз дүние ішінде азат секілді,
Құлшылықтың асылын білген бар ма?!
Құл болса бір сағат қамсыз емес,
Түні-күн Хақ зікірін айтып жалықпас,
Діндарлық көлігіне мінген қалмас,
Ынтымақ қылып нəпсіден қашқан бар ма?!
Ынтымақ қылғын, достар, шариғатқа,
Көңілді көндіріңдер тариқатқа,
Сырыңды бекітіп хақиқатқа136,
Мəулімнен жар медет сұраған бар ма?!
Махаббат дариясына өзін атып,
Уəхдəнийəт137 кемесін берік тұтып,
Мейірімнің мекеніне ақыр жетіп,
Ғишық мініп құзырет жаққа келген бар ма?!
Жарандар тірі екен жерді қазып,
Кірді олар сол үйге нəпсіден безіп,
Жүреді мақсат үшін жаһан кезіп,
Сүйіктісінен мұратына пайда тапқан бар ма?!
Ғашықтар сырын əсте халыққа ашпас,
Ғапіл кісі бұ дүниеден əсте кешпес,
Дидар талап қылған ғашық түнде жатпас,
Хақ үшін əзіз жаннан кешкен бар ма?!
Достарым, аманат-дүр бізге бұ жан,
Ешкімге опа қылмас дүние қуған,
«Уһ» деп тамады екен жүректен қан,
Мұң бірлəн көзден жасын төккен бар ма?!
Достарым, ойға нелер келер,
Баршаның сырын Алла білер,
Барша ер дəруіштікті қатты қалар,
Дүниені артқа тастаған бар ма!?
Құл Сүлеймен тəубашылдық бар ма елде?!
Қайырымды жаран кіріп жүрер жолда,
Бұ міскін ғаріп өзім үшбу халде,
Мендей байқұс болып қалған бар ма?!
* * *
Аулады ғишық махаббат көңілдерді,
Екі əлем көзгүсін138 ашты достар.
Риязатқа139 өзін салып жүргенге,
Пайдалы шашуларын шашты достар.
Алла деген ғашықтары ердің ері,
Не зиян қылар оған Мансұр140 дары141,
Тəңірім, нəсіп қылар Мұса Туры (н),
Самағ ұрып арсы жаққа ақты достар.
Жарандар самағ ұрып, ғарышқа ұшса,
Назар болып жол басында əзір тұрса,
Шибли142 секілді Алла деп шоқта тұрса,
Шоқта піскен сұхбат ішінде өлді достар.
Шибли, Жүнейд143 ғишығы үшін жанын берді,
Кім ғашық болса, (сол) самағ ұрды,
Белгілі Баязид үшбу ғишықта болды,
Сегіз жұмақ хорларынан кешті достар.
Ер сол болады үшбу жолға қадам ұрса,
Жаннан кешіп, Алла деп жолға кірсе,
Мекен-мекеннен өтіп жүріп Хаққа жетсе,
Хаққа жеткен ғашық жаннан кешті достар.
Барша жаран бұ мекенге қашан жетер,
Ғапіл кісі бұ сөздерге қашан иланар,
Құл Сүлеймен ғаріптерден үміт тұтар,
Мағрифаты іске толып тасты достар.
* * *
Ғишық жолына барша ғашық кірер болды,
Мендей құлдар өзін лайық көрсе болмас,
Ғашықтықты барша қылған пəруанадай,
Ғишық отына күйерінен енсе болмас.
Бір тамшы кім ішсе де үшбу шарап,
Қылар сол мезетте жүрегін кəуап,
Көздерінен қан жасы ағар сорғалап,
Сүйіктісі үшін сүйген құлдар жатса болмас.
Көп жатады ғапіл құлдар түнде ұйықтап,
Пікір қылып өлерін білмес түйіп,
Халық жатар жер үстінде көр қылып,
Үшбу дүние бағасына жетсе болмас.
Келгін, достар, түні-күн анық тұрыңдар,
Ақиреттің ісін мұнда Хақтан сұраңдар,
Құлшылықта түні-күн əзір тұрыңдар,
Фəни үшін бақи үйін салса болмас.
Бес күндік дүние үшін не істедің,
Ақиретке білесің бе нелер алдың,
Мəлім қылдым үшбу дүние өтерінен,
Мекен жырақ азықсыз жатса болмас.
Үшбу жолдың төтесі-дүр Алла жады,
Хаққа жетер ғашықтардың біл зары,
Ием Мəулім дидары-дүр құл мұраты,
Қожам таупық бермей жолға кірсе болмас.
Тарту қылғын əр пендеге таупығыңды,
Адастырма үшбу жолда жолдасыңды,
Тілер сенен Құл Сүлеймен хақиқатыңды,
Ғашық болған дəйім жылар, күлсе болмас.
* * *
Көңілімнің ішінде тəжəллидің144 нұры қонды,
Перде ашып қарады маған мейірім иесі,
Барша шайырлар сөз сөйледі өз халінше,
Не біледі қал145 ұлын сөз иесі.
Сөз ішінде мағына тілер мақсатым бар,
Ол мақсатқа сүйенген пірлері бар,
Қанша мəңгі болмасын ол бақилық жар,
Көңілім сезіп қорқар онда, қауіп иесі.
Қауіп ішінде үміт артқан үмітсіз қалмас,
Менмендік кетіп, сен жеткенге хижаб қалмас,
Тас суретке қараған жаран (да) маза болмас,
Не маза болсын онда, рахат иесі.
Дос қуғынын қал ұлы қалде болар,
Хəлден кешіп, ғашық құлдар хəлде болар,
Шаттық тілеп мың жан болса пида болар,
Шаттық жинап жанын берген үйреншікті иесі.
Тірі екен, өлсе қауышу күні туар,
Сүйіктісіне куə болып ай бағар,
Жақындық тілеп, хижаб146 шешіп дидар табар,
Дидар үшін азық алған үрей иесі.
Дидар көрген мақұлық жаққа қарамайды екен,
Сөз сөйлесе əсте оған жақпайды екен,
Қу нəпсінің құл болып жүрмейді екен,
Яғни перде дозағынан алдаспан иесі.
Құл Сүлеймен көңіл ішінде ілтипаттар,
Болса ашылар тіліменен ғибраттар,
Қылар күнде өз нəпсісіне қанағаттар,
Маламаттық147 құл аман ғарыш иесі.
* * *
Достарым, сіздердің араларыңызда,
Хəлат148 кезде сауық махаббат қылған бар ма?!
Хəлат кезде сауық құсын қолға алып,
Қанат қағып дəргаһ жаққа ұшқан бар ма?!
(Хəлат) уақыты ішінде əсте онда болмағанға,
Сауық не болар, сезім не болар білмегенге,
Алқа ішінде «Алла» деп өлмегенге,
Ондай күнəһар сауық шарабын ішкен бар ма?!
Сауық (шарабын) ішіп, мейірі қанып тағам жейді,
Сұхбат ішінде (қатты) ынтыққан құлдар жан береді,
Хақиқат ғашықтары Алла дейді,
Жан ғазауаты зікір, самағ қылған бар ма?!
Жан ғазауаты зікір, самағ, жақсы шарап,
Рух асылы рухани ол, білгін, топырақ (мола),
Рух асылы білікті бір оқ тартымды,
Рух бірлəн рух райхан болған бар ма?!
Рух райхан үшбу демде кезі хəлат,
Хəлат кезі болса болар жанға рахат,
Бақытты уақыт түсіп сол сағат,
Өкініш оты бірлəн жығылып жанған бар ма?!
Өкініш оты бірлəн жығылып күйіп-пісіп,
Лəйлəтүл қадыр149 түні уақытқа түсіп,
Пасық-сасық істерінен жүзін бұрып,
Тəубе бірлəн нəпсіні басып өткен бар ма?!
Иманды мүмін құлдар дағуат150 қылса,
Дағуат қылған құлдар Алла десе,
Құл Сүлеймен жанын кешіп хəлат қылса,
Шын пейілмен Жардан медет сұраған бар ма!?
* * *
Ей, ғапіл, ғапіл тұрма, өтер өмірің,
Өмір зая өткерген бар жаһан ішінде.
Дүние өкініш, ақирет қуаныш, білгін мұны,
Ақирет тойған иманды құл аман(дық) ішінде.
Терең ойдың дариясына өзіңді салғын,
Сансыз күнə қылып едің тəуба қылғын,
«Лə тəқнəту»151 аятына үміт артқын,
«Əнəл ғафур»152 сүйіншісі бар Құран ішінде.
Сенбісін əуелгі көшкендерді,
Бір аһ ұрып тəуекел күнін кезгендерді,
Тариқатта сыр шарабын ішкендерді,
Рахман разы Ризуан болды пəрмен ішінде.
Шибли, Жүнейд тариқатта ат(а) атанды,
Махаббатты заһир қылып, нəпсіден танды,
Құстай ұшып, Дəруссəлəм ішінде қонды,
Мəңгі қалды олар білгін жəннат ішінде.
Көзден ұйқы харам қылып бір түн тұрсаң,
Қажетсізге қажет қылып жаға тұтсаң,
Күнде үш жүз алпыс назар одан тапсаң,
Əзіз өзің тұтпа ақыр түмен ішінде.
«Алла» деген ғашықтарға ізет болғай,
Ғарыш мақам періштелер құрмет қылғай,
Сəлем қылып Ризуан барша қарсы келгей,
Жəннəт шексіз мүлкі болғай аспан ішінде,
Армандасаң ол мақамды тұтқын жаға,
Құл Сүлеймен талпынғын Мəулім жаққа,
Иман бірлəн сапар қылсаң о дүниеге,
Орның Нағим сансыз барша сарай ішінде.
* * *
Ғапіл тұрма, ей, ғапіл адам ұлы,
Баршаға ащы өлім бақи тұрар,
Нұх, Нұғмандай өзін басқандар,
Ақыры бұ өлімді ұға тұрар.
Тəуба қылғын, тəуба құлға кешірім тұрар,
Тəубасыз құлға тамұқ сыйы тұрар,
Қамданғын тəуба бірлəн өткіз өмір,
Мүмін құлға мүмін ері сыйы тұрар.
Құтылмас бұ өлімнен ешбір қашқан,
Тау асып, теңіздерден тағы өткен,
Сүлеймендей153 тағы бірлəн көкке ұшқан,
Патшалар патшалығын жаға тұрар.
Бұ өлім мойнын иген арыстардың,
Өлтірер кəрі, жігіт ұландарды,
Хижаб қылмас бек, хан, сұлтандарды,
Баршасын да қара жерге сұға тұрар.
Қор қылар үшбу жер əзіз тəнді,
Солдырар шешектей қызыл жүзді,
Хабарсызын айырып алуда ұл мен қызды,
Ата-ана көңілін отқа жаға тұрар.
Бұ өлім айласы жоқ қалай қылар,
Мұнда не қылса, онда соны көрер,
Еш кісі жоқ бұ дүниеде мəңгі қалар,
Уақытша жан бұ тəндерден шыға тұрар.
Өлімнің белгісі – сақал ағы,
Ұшы тиді үшбу басқа өлім оғы,
Тағы қалай болар тіршілігі,
Күн келді, түнде өлім оған қарап тұрар.
Бұ дүниеде ешкім де біл қалмағын,
Не пайда ол жаранда тағат жоғын,
Ізгілікті мұнда қылса онда боларын,
Шырын тəннен əзіз жандар шыға тұрар.
Жүрермін сол жағада өзім бітіріп,
Күнəға батып жəне обал көтеріп,
Неттім деп Құл Сүлеймен одан өкініп,
Түні-күн көзден жасы аға тұрар.
* * *
«Хəлақту»154 дейді ізгілікпен Ием Сұбхан,
Терең ойға салып оны білгім келер,
Алланың түс-реңін біліп іші-сыртым,
«Йəнзуруллаһ»155 гауһарын тапқым келер.
«Йухиббуһум уə йухиббунəһу»156 шапаны рахат тұтар,
«Уəллəзинə əмəну əшəдду хуббəн лиллəһ»157 лəззат тұтар.
«Фəзкуруни əзкурукум»158 аяты сүйкімді тұтар,
«Фəфирру илəллаһ»159 фəнасына кіргім келер.
Қауіп жүрегімді бөлшектеді қаһар бірлəн,
Үміт оты рахат берді мейірім бірлəн ,
Көңіл есігін аштым енді сырым бірлəн,
Міскін өзім дəргаһ есігін қаққым келер.
Көңілім менің бұ халық бірлəн үлпəт160 қылмас,
Көпшіліктің сұхбатына рухым кірмес,
Фəни əлем патшалығын көңілім сүймес,
Жалғыз тəркі майданында жүргім келер.
«Алла» деп күндіз-түні жасым төгілер,
«Аһ» деп ғаріптікте қайран жүрер.
Шынайы қажеттілік əлемі мұнда тұрар,
Ол мақамның арманымен жүргім келер.
Тəуекел құдірет қылышын қолыма алып,
Тəубе етіп тура жолды берік тұтып,
Ғишық уақыт мағрифаттың ілімін біліп,
Қуылған малғұн уəлаятын алғым келер.
Санаға ғишық қалауы күні туды,
Құл Сүлеймен хикмет ілімінің жолы болды,
Сырлардың мұңды халін тілі айтты,
Ғибадат ілімін достар (ыма) айтқым келер.
* * *
Қараңғы дүниеден машақаты ей, достар,
Ғаріптік машақаттары бітеді екен,
От екен бұ ғаріптік, ей, жарандар,
Тікендерге сол отты ұстайды екен.
Не деген қате екен ғаріп ісі,
Заһардан ащы екен дəмді асы,
Кең жаһанға сыймас екен ғаріп басы,
Ғаріптікте зар еңіреп өтеді екен.
Ғаріптердің тынбас ол көзден жасы,
Əр күнде мың жолды аулар өзі,
Əрбір оңбағанның ащы сөзі,
Іші-бауыры, жүрегіне өтеді екен.
Ғаріптердің арманы жаз бен қысы,
Өткізсем деп өз елімде жаз бен күзді,
Армандап міскін ғаріп үзірін161,
Үзірінің қайғысында күйеді екен.
Əлемге ол ауыр күні мейрам келсе,
Жердегілер бірлесіп мейман қылса,
Ғаріптікте үзірін сақтап тұрса,
Ол күн ғаріп қайғы ішінде тұрады екен.
Илəһім, аман сақта, қылма ғаріп,
Жүремін ғаріптердің ізін аңдып,
Ғаріптікте тəнім солып, аяғым талып,
Ұзақ түнде ұйқы одан кетеді екен.
«Алла» деп құбыла жаққа басым қойдым,
Рүкуғ162, сужуд163, «Сұбхан əғлə»164 деді тілім,
Аһ, дариға, ғаріп халім (ді) енді білдім,
Жеті тамұқ жаһаннамнан бітеді екен.
Құл Сүлеймен өз еліңді сақтап тұрғын,
Ахырет азығын жинап тұрғын,
Мұнда қылған істеріңді біліп тұрғын,
Ғаріптердің ісі мұнда қатер екен.
* * *
Бір мұңымды айтайын, қош тыңдағын,
Ғаріптіктің тауқыметін тартқан бар ма?!
Өз жер-суынан айырылып ап,
Жерден айырылып күйген бар ма?!
Қандай ауыр қиын екен жерден айырылу,
Жерін көрсе болады екен көз шырғы,
Ғаріптікке бұлбұл түссе соғар зауқы,
Ондай ғаріптің халдерін сұраған бар ма?!
Ғаріптікке сұлтан түссе көңілі шөгер,
Түні-күн зар еңіреп жасын төгер,
Дəулет құсы оны көріп одан қашар,
Бейнеттік құл оны берік тұтқан бар ма?
Ғаріптердің арасында ол Мұстафа165,
Дəруіштердің арасында əһлі сапа,
Жердегілер ғаріптерге қылмаңдар жапа,
Жапа шегіп, опа тартып жүрген бар ма?!
Ғаріптің тəні ауырып, төсек тартса,
Су тілеп бергісі жоқ аузы қатса,
Төрт жағына телміріп жатар болса,
Ондай ғаріптің халдерін білген бар ма?!
Жердегілер жылап жүрер сағыныш ,
Ғаріптің түні қашып, реңі сары,
Ғаріпке назар салғай Ием Халиқ,
Өлер халде ғаріптің халін сұраған бар ма?!
Құл Сүлеймен ол мекенге дүние қойды,
Жедің-кидің бүгін мұнда қонақ қонды,
Ақыры киіп жағасыз мұндай тонды,
Көлік атты бесігіңде жатпайсың ба?!
* * *
Ширақ болыңдар, достарым, жігіт екен,
Махаббат шарабын іше көріңдер.
Мəулімнің жадын айту бірлəн,
Бұ солғын көңілдерді ашып көріңдер.
Бес күндік дүниеге өзің еріп,
Ақирет азығын мұнда теріп,
Хақ жолына бейнет көтеріп кіріп,
Ғишық үшін арсы жаққа ұшып көріңдер.
Бір күнде үшбу өзің нелер қылса,
Тағат жоқ күнəлар сенен келсе,
Өміріңнің ақыры жақын жетсе,
Сенім көзі бірлəн қарап көріңдер.
Жарандар дүние (ні) қойды, белді байлап,
Хақиқат көңілдерді пірге беріп,
Достарым халал болса жесін деп,
Бұ дүниеде сауап үмітін аша көріңдер.
Шиблидей арыстанды ұстап мініп,
Ұлы ұзын жыланды қамшы қылып,
Махаббатта асырап ап желге кіріп,
Хақ үшін əзіз жанды кешіп көріңдер.
Əдһам ұлы166 патшалығын артқа атты,
Шибли ғашық өз елінде отын сатты,
Өз жолымен барғандары орнын тапты,
Жарандардың ізін алып көшіп көріңдер.
Қарайсың бұ дүниені жəне тартып,
Қалар ол халің бір күн сенен артып,
Құл Сүлеймен хикмет айтты көңіл беріп,
Зар еңіреумен жасыңызды төгіп көріңдер.
* * *
Қараймын бұ махаббат теңізі терең,
Надандықтың жолын тастан салып, Жаппар, міне,
Пірім мейірім майданында хикмет айтса,
Даналықтың жауһарын сүйермін-ə.
Кетсін еді өзімнен надандық қашып,
Тəңірден таупық тəжі басқа тиіп,
Көңілдің майданында алқа құрылып,
Көңілденіп Алла сырын жабармын-ə.
Көңілім езілер күнəнің азарында,
Жаным жылар Сұбханға тəн жазарында,
Сыр мұңды орап қайғы базарында,
Таупықтың құмайын аулармын-ə.
Таупықтың құмайында өзім жапты,
Сырлардың жауһарын көңілім қатты,
Үлпəттің алқасында қағба тапты,
Бір жаным оған қайтып барармын-ə.
Шынайы уһ-інен бұлт ұрлар,
Надандықтың құмайын енді қорлар,
Бітіп теңіздің атырабында төгілер нұрлар,
Тəңірдің қыбыласын жабармын-ə.
Ықтияттың мəйін167 іштім жан масаяр,
Би бұлты ұрлап үлпəт жауын жауар,
Сыр ағашы өніп шығып түзу өсер,
Садраның168 бұтағын ұстармын-ə.
Шынайы мəртебе тұтып күсін ұрдым,
Мақам тауып енді өкініш жасын төктім,
Мұңым бəрлін міскін өзім гауһар тердім,
Мағрипаттың жаңбырына тоярмын-ə.
Һидаяттың169 əсерінен көңілім толды,
Күнəнің татын (сондай) жуып салды,
Махаббаттың мекенінен орын алды,
Қарасам мен хазіретті бос табармын-ə.
Құл Сүлеймен сырдың құсын аулап тапты,
Қадырым таупық берді, сана тапты,
Жаным билер енді мұрат тапты,
Тəкаппардың сарайын бұзармын-ə.
* * *
Сырым бірлəн бір уақытта аһ деп өкініп,
Алиул ағла170 мақамына жеткім келер,
Сырдың сыры Ием жолы үндеуіне,
Нəпсі мұрынына жүген тартып қойғым келер.
Нəпсі жырлайды, ант тілейді азабын,
Рух іздейді, сыр тілейді ақиретін,
Ғашықтар түні-күн тілейді ризасын,
Нəпсіні қойып тəркі өзім жүргім келер.
Жатсам-кетсем, жұмсам-батсам сыр жаққа,
Түндер тынбай жадын айтсам жаға тұта,
Сыр іздейді, құпия іздейді шөге бата,
Нəпсіні қойып, ғишық атына мінгім келер.
Нəпсі зат-ты, тəн залым-ды, жан нұрлы,
Ілім раббани171, лаухы мекенді172, дін Сұбхани173,
Ешбір затсыз, ешбір көзсіз Хақ Раббани,
Осындай сипат бірлəн Хақты көргім келер.
Мекені жоқ, анық жасар тахт фауқада174,
Бос емес, өте биік жеті қатта,
Жын-пері күллі заты бар мақұлықта,
Сыр тілегі рух сауқына кіргім келер.
Кірсем, онда серуен қылсам, дүрлер терсем,
Діндарлықтың мекенінде амал қылсам,
Ұлы өлім келмес бұрын өлсем-жатсам,
Одан кейін Хақ дидарын көргім келер.
Өлімнен бұрын Хақ дидарын көрсе болмас,
Егер көрсе, соншалықты зиян қылмас,
«Муту қəблə əн тəмуту»175 қате емес,
Ондай болған құлдар бірлəн болғым келер.
Əлем ішінде құлдары бар ешкім білмес,
Түні-күн жылауменен əсте күлмес,
Ай секілді «һу-һу» деп айтып жалықпас,
Сыр гауһары мекендерін білгім келер.
Құл Сүлеймен Хақ рұқсатын іздегін сен,
Мұңның сырын халық ішінде іздегін сен,
Хəлат ішінде гауһар тапсаң шеттегін сен,
Əлсіз өзім Хақ дидарын көргім келер.
* * *
Достарым, кешіп заһир əлемінен,
Батынға сыр көзі бірлəн баққым келер,
Сахар уақытта көзім жасы бірлəн жуып,
Ол дəргаһ есігін ашқым келер.
Жүр едім тілім тоза, жолдан аза,
Жүгірдім нəпсіге ұйып жаһан кезе,
Дүниеге қарадым, көрдім жоқ ол маза,
Ақирет азығын алғым келер.
Достықтың асасын иыққа асып,
Махаббат жүгі бірлə қанаттанып,
Бақыттың хирқасын176 тəнге киіп,
Мағрипат бұтағына қонғым келер.
Жарандар біледі барша болды мазар,
Жиналыңдар достарым, болыңдар ояу,
Мұса секілді Тур тауында құлдық дидар,
«Раб əрни унзур илəйк»177 дегім келер.
Ер болсаң тұрғын жатпа, зар жылағын,
Тəуба суы бірлəн күнə кірін жуғын,
Жасқа батқын түні-күн Жақыптайын178,
Ол дидар Жүсіпті179 көргім келер.
Аһ, дариға, ессіз өмірім бердім елге,
Хақ жолына енгісі жоқ бақсам елге,
Құлшылық торын кеш байладым енді белге,
Берік болып, қоршанып ап енгім келер.
Хош мұғжизат180 берді иман сыйын,
Тəні-жаным, рухым құлдар азығын,
Ер құлағы ұқса кенет дауысын,
Есітіп үн жаным пида қылғым келер.
Атағы Құл Сүлейменнің жүзі тең емес ол,
Риязат тарту əлемін еш көрмес ол,
Алла демек мүмін құлға ар емес ол,
Хақ назары болса жадын айтқым келер.
* * *
Мейман келді деп үйге хабар берсең,
Жан-тəнің бірлə қуана келгін, достар.
Мейман хақы біліңіздер мүмін құлға,
Жүз мың-жүз мың мейірім болар білгін, достар.
Мейман өз ризығын ала келер, (егер) келсе,
Жүз мың алуан мейірім онымен бірге келер,
Пəле келсе, есіктерін жаба келер,
Мейман хақы ұлы екенін білгін, достар.
Мейман келсе, қарсы шығып сəлем қылғын,
Мейірім жауар сол сəлемнен соны білгін.
Ізет-құрмет жасап үйге алып келсең,
Жүз мың мейірім сол жерге жауар, достар.
Мейманға мейірбандық қылсаң мұнда,
Хорлар қарсы шығып алғай сізді онда.
Өз дидарын нəсіп қылар Мəулім онда,
Мейман хақы сыйлық екен білгін, достар.
Ғалымдар ғылымын егер білейін десең,
Сегіз жұмақ ішінде сайран салайын десең,
Жақсы атым мəңгі бақи қалсын десең,
Нəпсіден қашып, мейман көңілін аулағын, достар.
Үшбу керек тілегім бүгін мұнда,
Мейман келсін деп болсын көзің жолда,
Пайғамбарлар қашырында болғын онда,
Пайғамбарлар мақамында болғын, достар.
Мейманға жалған сөзді болма əсте,
Егер болсаң, орның сенің болар отта,
Өліп барсаң, орның сенің болар тарда (тар жерде),
Мейманға ашық жүзді болғын, достар.
Пайғамбарлар мақамында болайын десең,
Лұқман Хакім181 хирқасын киейін десең,
Тəн-жан бірлəн сыйлы ясин182 атайын десең,
Сыйлап мейман ізет-құрмет қылғын, достар.
Құл Сүлеймен түні-күн «Алла» дегін,
Хақ бұйырған тағаттарды қыла көргін,
Өлмеспін деп айтпа əсте, дайын тұрғын,
Бұ жанымыз тор ішінде білгін, достар.
* * *
«Алла, Алла» десем, Алла,
Əсте күнə қалмас «Алла»,
Ібіліс айтар: «деме «Алла»,
Мен айтармын; «мəзалла (Алла сақтасын!)».
«Алла» десем жанға рахат,
Айтпасам дінге опат,
Ібіліс айтар: «қылма тағат»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
«Алла» дегін түні-күн,
Хақ жолында болғын күні,
Ібіліс айтар: «сүйгін мені»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Түзеуші өзің жолға салғын,
Тағат оғын жөндеп атқын,
Ібіліс айтар: «дүние ұстағын»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Мұнда қылғын пікірдің жайын,
Ием берер саған жарын,
Ібіліс айтар: «жатқын ұйықтап»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Ғашықтардың ғишығы үшін,
Жаратылған үшбу əлем,
Ібіліс айтар: «менің үшін»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Тағат жүгін белге байла,
Көріктіге көзің көп салма,
Ібіліс айтар: «Хақтан қайтқын»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Ер болады ол тағат қылған,
Тəубе қылып күнə жуған,
Ібіліс айтар: «сөзің жалған»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
Құл Сүлеймен болар атым,
Достарыма өзім қызметші,
Ібіліс айтар: «дүние қадім»,
Мен айтармын: «мəзалла (Алла сақтасын!)».
* * *
Дүние сүймек қателердің басы болар,
Ол Мұхаммед бізге ескерту қылмады ма?!
Оның үшін «Əл-фақыр фахри»183 деп Расул,
Жаратқаннан дəруіштікті сұрамады ма?!
Жиһад қылсаң өмір өтпес бір сағаты,
Ажал келсе пара алмақ жоқ əдеті,
«Күллі нəфсин зəйқəтул мəут»184 аяты,
Мереке үшін көктен түсіп келмеді ме?!
Бұ өлім опат қылды көпті ойран,
Қане, ол Мұстафа неше (дос-) жаран,
Тағы бірлəн ұшар еді ол Сүлеймен,
Бұ өлім орманына кірмеді ме?!
«Фəтубу илəлла»185ға мойынсұнғын,
Күнəға қарамағын, мойын бұрғын,
Шын достай əлем ішінде атың қойғын,
Тілегелі құл тілегін таппады ма?!
Омар еді түгел ислам дінін ашқан,
Əли еді кəпірлердің мойнын үзген,
Ерлік бірлəн Хайбар186 есігін ашқан,
Олар да өлім суын ішпеді ме?!
«Əлəсту бираббикум» деген уақытта,
Серттесті «қалу бəлə» деп онда,
Енді қарсы шығар болсаң ол мисақта187,
Орның сенің жаһаннамда болмайды ма?!
Тəңірім пасықтарға ұрды мысал,
«Улəийкə кəл əн′ам бəл һум əзəл»188,
Төрт аяқтар жануарға мінгізеді,
Барша жаран одан ғибрат алмады ма?!
Əлем мақтанышы кептер мешіт деген,
Шұғайыптың қазынасынан мал тілеген,
Ғұшыр189, зекет190 бергін десе хош көрмеген,
Дүние үшін дінін сатпады ма?!
Сыймас еді Қарұн191 малы жапан жазы,
Мəлім болды əлем ішінде оның сөзі,
Дүние малын жиып тоймас оның көзі,
Қара топырақ кірген бойда толмады ма?!
Ер болар ол қызықпаса дүние ісіне,
Надан болар сол кісі дүние жиса,
Бірім екі (болсын деген) қамымен сол айыпты,
Төртінші қат көкте жалғыз қалмады ма?!
Əлемде Тəңірмін деп тайталасқан,
Мұса сөзі бірлəн дəйім қарсы келген,
«Фəқала əнə раббукумул əғла»192 деген,
Дария ішінде өкінішпен жатпады ма?!
Ибраһимға еді дұшпан сол Намрұт193,
Жарым тасбұршақ қуатын оған берді Тəңір,
Раббыдан танды, дінінен азды сол Намрұт,
Бояп реңді оғын көкке атпады ма?!
Құл Сүлеймен, ояу тұрғын, тағат қылып,
Тағы жүз істеріңнен ғибрат алып,
Тынбағын, жігітпін деп бұзықтық қылып,
Барша шешек ашылар уақытта солмады ма?!
* * *
Көзіңді аш, ей, ғапіл адам ұлы,
Опасыз жарық дүние өтеді екен.
Бұ дүниені менікі деген шаһзадалар,
Соңын алып бір күні өтеді екен.
«Алла» десе ғашықтарға тəтті азық,
Хақ дидарын армандасаң көңіл жықпа,
Ғашық болсаң түні-күн ғапіл тұрма,
Ғашық құлдар мақсатына жетеді екен.
Ешбір жан бұ дүниеде мəңгі қалмас,
Жиған малың ақиретке бірге бармас,
Бес қарыс бөзден артық оған тимес,
Соңында қара жерге кіреді екен.
Бұ дүние сарайлары мұнда қалар,
Əзірейіл бір күн келіп жанды алар,
Ащы ол заһар заққұм суын ішер,
Сол судан барша əлем ішеді екен.
Ей, жарандар, бұ дүниені шарты жалған,
Ақылсыз надан оған көңіл берген,
Мал туарға қуанып жолда қалған,
Ақиретте өмірін желге сатады екен.
Құл Сүлеймен, сенің халің ауыр екен,
Ақиреттің қайғысында жүрегің өлер екен,
Сенен бұрын барғандарды көзің көрер екен,
Барша əлем сол жолдан өтеді екен.
* * *
Достарым, өмір бойы өкінбедім,
Аяқталды бұ дүниеде жасым менің,
Жігіттік уақытта іс қылмадым,
(Енді) қартайдым, не болар ісім менің.
Соңында өлем өзім, шығар жаным,
Сарғаяр запырандай қызыл жүзім,
Сазарған көрмес болар екі көзім,
Дариға, төгілер бұ тісім менің.
Кім өлсе де (оны) құрт-құмырсқа жегей,
Киер тоным шешіліп, кебін жерге түскей,
Қиналған нəзік тəнім не дегей,
Бұзылған буындарым (ды) айтсам менің.
Жиналып ап жаназамды көтереді,
Лақат ішінде қалдырып һəм кетеді,
Неше күннен кейін бəрі ұмытады,
Ене ме екен мейірбан ол досым менің
Жоқтайды əр күн мені, ей, достар,
Ізгі жарым бар еді деп еңірейді,
Ұл-қыздар, ата-ана көп жылайды,
Қалады ол адал жұбым, ісім менің.
Барармын ісім, досым, əйелдерім,
Қарындас қап, қоңсы, ұяларым,
Қарызымды кешіргін аналарым,
Болмаса қауіпті болар ісім менің.
Құл Сүлеймен қорықпа Ием Ғəлим194,
Кешірер күнəлəрім болса бəрін,
Достарым, бұ уақыттар айтар тілім,
Босқа өтті бұ дүниеде жасым менің.
* * *
Бұ дүниеден кім өтер,
арада ғишық болмаса,
Жұмақ есігін кім ашар,
арада ғишық болмаса.
Рухың ғазауат ала алмас,
тəн-жан маза болмас,
Күпір иман айырылмас,
арада ғишық болмаса.
Дəрі – дəрмен болмас,
өзін оттан құтқармас,
Күпір екіжүзділік айырылмас,
арада ғишық болмаса,
Тақуалықпен тірілмес,
заһид өзінен қалмас,
Бұзық пасықтан айырылмас,
арада ғишық болмаса.
Ғалымдар надан болар,
имамдар қырағат (тан) шатасар,
Мешітке өзі кім келер,
арада ғишық болмаса.
Заһид195 саумағадан196 шыққын,
ғибадатшыны, мешітті жаққын,
Мінберді отқа жаққын,
арада ғишық болмаса.
Мың жыл ғибадат қылсаң,
тағат ішінде өлсең,
Бос нəрсе ол Хақты білсең,
арада ғишық болмаса.
Тəспің зуннар197 болар,
сəжде етушің өлік болар,
Баршасы бейтаныс болар,
арада ғишық болмаса.
Адам келмейтін еді,
мүрсəл198 тумайтын еді,
Мейірім енбейтін еді,
арада ғишық болмаса.
Надандардың нышаны,
білмес ғишық баяны,
Құрылмас дін дүкені,
арада ғишық болмаса.
Ғишық ашты іш көзімді,
Хакім тыңда сөзімді,
Тастар едім өзімді,
арада ғишық болмаса.
* * *
Сахар тұрып, «Алла» деп еңіресем мен,
Күнəлəрімді біліп ап жыласам мен,
Ұлы жетпіс өлгендейін еңіресем мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
«Алла» деп бұ көңілімді жарытсам мен,
Қайғы бірлəн қызыл жүзді сарғайтсам мен,
Ғашықтардай түніменен жыласам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Түмен түрлі тағамыңды жемесем мен,
Тоқтық бірлəн, дұға бірлəн ашпасам мен,
Есеп қылып сауабымды білмесем мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Сусыздықты өз-өзіме қаласам мен,
Жиһад қылып, жоқтық бірлəн есейсем мен,
Қауіп-қатер бұтағына асылсам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Қу нəпсіден көңілім отын өшірсем мен,
Өшіріп жəне неке құсын ұшырсам мен,
Пəк болып, құзырет есігін ашсам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Таң бозара тауларда жүгірсем мен,
Терең ойды зікірлерге жалғасам мен,
Сырым бірлəн сахараларда жыласам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Ұзақ түндер аяқта тұрып еңіресем мен,
Қайғы оты бірлəн жүрек күйдірсем мен,
Айқай салып, жан ұшырып жыласам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Қар үстінде жатып əсте тоңбасам мен,
Көңілім тасып тоңғанымды білмесем мен,
Ғишығым бірлəн жүзіп əсте шөкпесем мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Бейнет келсе, нығметтейін алсам мен,
Аюб199 секілді тəнім(ді) құртқа жегізсем мен,
Бейнет, нығмет сенен деп білсем мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Сені біліп, сенен өзге демесем мен,
Сенікі болып, сенсіз əсте жүрмесем мен,
Тағдырыма өлім келсе, тоймасам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
Құл Сүлеймен насихатымды халыққа айтсам мен,
Ілім хикмет, шариғатты үйретсем мен,
Риясына көз бояушылықты жіберсем мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен.
* * *
Махаббатты даулаған сүйікті құлға,
Махаббат оты ішінде шоғы керек.
Мұрат мақсатына жеткізбекке,
Түні-күн рукуғ, сəждеде зарлау керек.
Шын жүректік ұрығынан тарамаққа,
Махаббат нұрларынан нұрланбаққа,
Жақсылық бірлə жамандықтан арылмаққа,
Қу нəпсінің қалауынан айырылу керек.
Ей, күнəһар, қойма тəнді мал жимаққа,
Терең ойлан, тар лақатқа шын кірмекке,
Шаһадат200 нұры үстінде жан бермекке,
Ол жалғыз Йазданның жары керек.
Болмысты білгін сен ол Йазданнан,
Кедергісіз берер саған жүз мың жанан,
Хақ үшін кешкін сен əзіз жаннан,
Шайқы201 Жүнейд, Шибли секілді пейіл керек.
Зікірін қойма, болғын, өзіңді салғын,
Жасап-жасамаған істеріңнен тəубе қылғын,
Қанағат тонын киіп Хаққа келгін,
Көп нығмет берді патша шүкіршілік керек.
Құл Сүлеймен жаныңды Хақтан аяп қалма,
Жасап-жасамаған істеріңді артқа салма,
Түнде ғапіл, күнде ғапіл болып тұрма,
Тілде қырағат, жүректе жара зарлау керек.
* * *
Сұбхан Ием тамшы судан көрік берді,
Иман берді, шүкіршілігін қылмайсың ба?!
Рахым, таупық, тəубе жолдас берді саған,
Түні-күн құлшылығын қылмайсың ба?!
Құлшылық қылды мүрсəл, нəби біліп Тəңірін,
Түні-күн азық қылып Хақтың зікірін.
Бір мезетте ұмытпады өлім жайын,
Сен тағы бұ өлімді ойламайсың ба?!
Ғимарат салдың сарай неше алуан,
Ақирет үйін қылдың ойран,
Тазы ит, жорғаларды мұнда қойып,
Жаназа мініп көрге бармайсың ба?!
Бұ қу нəпсінің құлы болдың өзің,
Дəруіш көрсең қашар едің бұрып жүзің,
Жылқы (дай) қара əлім бар деп жалған сөзің,
Ақыры жарық бөзге кірмейсің бе?!
Қане, ол ұлы атаң Адам Сафи201,
Хақ Мұстафа Мұхаммед пен шəдияры203,
Қайда барды діндар, тақуа, күнəһар жаны,
Оларды көріп ғибрат алмайсың ба?!
Не пайда берер сенің дүние-малың,
Киер тоның көз қуанышы болсын халің,
Сенен кейін қалған малың азап халің,
Ақирет азығын алмайсың ба?!
Дүние малы даңқ құрметі, тон көрігі,
Жерде қалар тоның болып көр топырағы,
Ол ғибрат топырақ соңғы өмір пырағы,
Бұларды біліп ғибрат алмайсың ба?!
Құл Сүлеймен ол мекенге дүние қойды,
Жедің-кидің бүгін мұнда қонақ қонды,
Ақыр киіп жағасыз, жеңсіз тонды,
Көлік атты бесігінде жатпайсың ба?!
* * *
Өтінейін, ей, достар, хош тыңдаңдар,
Он сегіз мың əлем мақтанышы Расул үшін,
Мəлəкул мəут204 жан алмаққа келер уақытта,
Үмбеттерім қажет бірлəн дегені үшін.
Тоғызы күні анық Расул ауырып жатты,
Жебірейіл пəрмен бірлəн Хақтан жетті,
Періштелер баршасы қайғы жұтты,
Дүниеден Расул сапар қылғаны үшін.
Қайғырар еді Расул күні-түн жатып,
Фатима205 сақтар еді басын ұстап,
Əзірейіл келді сол мезетте жетіп,
Ыстық тəннен əзіз жанды алмақ үшін.
Əзірейіл жетіп келіп есік қақты,
Көзін ашып Фатимаға Расул бақты,
Фатима тұрып ап қарсы шықты,
Есік қаққан кім екенін білмек үшін.
Фатима есік ашып, сəлем берді,
Əзірейіл айбат бірлəн жауап қылды,
Анық Расул иман бірлəн əуре болды,
Жігерленді ақиретке бармақ үшін.
Расул айтты Əзірейілге: бір сағат қойғын мені,
Жаратқан Ием жан алмаққа жіберді сені,
Сахабалар206 жылар еді көріп оны,
Он сегіз мың əлем мақтанышы Расул үшін.
Расул айтты: сахабалар кешіріңдер,
Ақиретке аттандық біз анық біліңдер,
Таза жуынып, мешіт жаққа күнде келіңдер,
Жаһаннамнан өздеріңді сақтау үшін.
Əзірейіл, пайғамбардың жанын алды,
Жер мен көктен періштелер жылап келді,
Анамыз Айша «уһ» деп мазасызданды,
Он сегіз мың əлем мақтанышы Расул үшін.
Анық Расул дүйсенбі күн дүние қойды,
Рахман Тəңір бұйрығына мойынсұнды,
Ибн Аббас207 су құйды, Əли жуды,
Жұмақ ішінде хулла208 тонын кимек үшін.
Жер мен көктен періштелер жылап келді,
Анық Расул үзіріне намаз оқыды,
Фатима «əкем» деп дауыс шығарды,
Пайғамбардан жетім болып қалғаны үшін.
Періштелер өре тұра жүгірді,
Расулдың жаназасын алып кетті,
Сидратул мунтаһаға209 жеткізді,
Арсы-күрсі үстіне қоймақ үшін.
Қоймады дініміздің сұлтанын,
Айша, Фатиманың ақирет үнін,
Пайда таппас оқып Інжіл210, Фұрқанын,
Адам ұлы баршасы туып өлмек үшін.
Оқыды аят Құран Раббының,
Жəннəтулмəə211 болар Расул орны
Хақиқат досы еді Уəйс Қарани212,
Шапанын алды жəне кимек үшін.
«Һу-һу» деп, шықты таудан жара жерді,
Сəлем берді оған Расул шəдияры,
Аузын ашты, қара деді тісім, қане?
Барша тісім сындырдым мен Расул үшін.
Құл Сүлеймен дұға үшін айтты мұны,
Расул үшін пида қылды əзіз жанды,
Күнəңді жарылқағай Қадыр сенің,
Ақыр демде таза иман айтпақ үшін.
* * *
Алла жады нұры кімге нəсіп болса,
Қу нəпсі райын рухтан шашады екен.
Барша тамыр зікірші болып «Алла» десе,
Мұңсыз көңіл татын (сонда) ашады екен.
«Фəзкуруни əзкурукум» есітіп дауыс,
Дайындық көріп жылар мұшаһида213,
Кіріп көрге тартып оны көп талпынып,
Ғашық құлдар сыр шарабын ішеді екен.
Ғашық құлдарға түсіп Хақтың мейірімі,
Батын ішінде ашылып құпия сыры,
«Əнзур илəйк»214 қылып дидар кереметі,
Фəна болып шексіздіктен өтеді екен.
Сыр шертіліп (сонда) батын көзі ашылып,
Ғашық жандар бұ дүниеден шашылып өтіп,
Тағы қу нəпсі тұзақтары кесіліп шешіліп,
Масқара болып шайтан одан қашады екен.
Құл Сүлеймен білгін енді ғишықты түсініп,
Жаннан кешіп, осы жолға көңіл қойып,
Ессіз өмірім зая өтті деп жылап,
Өкініштің əуесінен ұшады екен.
* * *
Бұ дүние фəни екен, бақиды ұста,
Мəдеһ бəр фəни бақи көнəд суд215
Қияметті тіле Хақтан əрқашан,
Һəр он кəс ке қано’ат кəрд асуд216.
Махаббат отында күйдір болмысыңды,
Ке бунояд нəсузад ‘унбəр ‘уд217
Егер кеңшілікпен қылса мейірім,
Уəгəр нə кист у домын нəйалуд218.
Илəһи, нəпсі елінен сақта бізді,
Ке бози дод бəр Һарут уə Мəрут219
Тəкаппар қылмағын, шайтан бекінсін,
Тəкəббур кəрд, шод мал’ун мəрдуд220.
Айтқан əулиенің насихатын тұт,
Ке пəнде ешон буд халвой-е мəсдуд221.
* * *
Келгін достар, бұ жасанды құрақтардан,
«Алла» деп көз жасты төгелік-ə.
«Алла» деп бұ дүниеден таупық тілеп,
Қаяу басқан көңілді ашалық-ə.
«Алла» дегін, бұ тіліңнен шарап ақсын,
«Алла» дегін, таупық саған жолдас болсын.
«Алла» деп көңіл ішінде ғишық толсын,
«Алла» деп ғишық шарабын ішелік-ə.
«Алла» деп ойланбаққа ақылың сал,
«Алла» деп менмендіктен өзіңді ал.
«Алла» деп майдан ішінде қанаттан,
«Алла» деп майдан ішінде ұшалық-ə.
«Алла» деп жаныңды бер шариғатқа,
«Алла» деп кірді жаран тариқатқа,
«Алла» деп батты жаран хақиқатқа,
«Алла» деп бұ дүниеден кешелік-ə.
Қажеттікпен «Алла» десең надандық кетер,
Қайрандықтың мақамында онда жетер.
«Алла һу, йə һу»222дың оғы тесер,
Ол оққа жүз мың жаннан кешелік-ə.
Йə, илəһім, əлсіз құлға бергін несіп,
Йə, илəһім, ашқын енді батын көзді,
Осы ғаріп Сүлейменнің хикмет сөзі,
Ардақ тұтып Қызыр шарабын ішелік-ə.
* * *
Бұ дүниеде əсте рахат бола алмадым,
Ақиреттің азығын алайында, алайын-ə.
Алтын деп жидым мен бақыр-шақаны,
Көңіл көтеріп ол бақырдан алмайын-ə.
Бұ дүниенің гауһарлары бақыр екен,
Тізе бүгіп алған оны пақыр екен,
«Йəумə йухмə»223 аятын оқиды екен,
Оны есітіп, қандай іске мал терейін-ə.
Жинаппын бұ дүниенің жемісін,
Алтын-күміс мал туар һəм қыл-көңді,
Мал деп жинаппын басқа мұңды,
Ол мұңға батып мен қалмайын-ə.
Ып-ылас өзім, базардың кенін даулар,
Міскін құлмын, тағатым жоқ, Ием білер,
Бұ сатулар барша жерде қашан білінер,
«Лə тəқнату» базарына кірейін-ə.
«Лə тəқнату» базарына кіргін десе,
Ақиреттің гауһарын алғын десе,
Тегін емес, құнын бергін десе,
Тағатым жоқ, қайдан алып берейін-ə.
Ажал келсе, тағатым жоқ қайдан алар,
Базарда жоқ, ақша беріп сатқанын алар,
Ізгі мінезім көрім ішінде ісім болар,
Мен құл онда жалғыз қалай тұрайын-ə.
Сансыз түмен жазығымды енді білдім,
Надандықтан өз-өзіме өзім қылдым,
Опат азық-асын жеп-жеп күпті болдым,
Дəрісін тəуіптерден сұрайын-ə.
Күпті болсаң тəуіп ол-дүр жақын болғын,
Үшбу ауру дəрісін одан сұрағын,
Жемек пенен жиған малдан ихсан қылғын,
Ихсан қылмас малды мен не қылайын-ə?!
Құл Сүлеймен мұң мен сырын Хаққа айтар,
Өңімде мал, түсімде ұлы қайғы,
Дүние малын қайда жисаң, сонда қайғы,
Көңілімнен сүйіктісін салайын-ə.
* * *
Келгін, достар, Хақ құлшылығын қыла көргін,
Құлшылықтың асылы болар үшбу намаз.
Құлшылықсыз құлмын дер күнə қылмас,
Баршаның асылы болар үшбу намаз.
Намаз қылған адамның іші тазарар,
Қаншама күнəлардан тəні арылар,
Солай екен адам дене қашан жуар,
Дұшпандарға қару болар үшбу намаз.
Он бес жастан от (дозақ) пен намаз уəжіп болар,
Кім оқыса Иесі одан разы болар,
Намаз қылған құлдың несібін кең қылар,
Баршаңызды мұңсыз қылар үшбу намаз.
Ақылды адам бес намазды уақытында қылар,
Бір намазға сансыз түмен сауап берер,
Азан есітіп, барша ісін кейінге салар,
Барша істің бергені үшбу намаз.
Пайдасы жоқ уақытын өткізіп намаз қылса,
Орынды болмас қылмысымен бірге қылса,
Бейнамазды224 көрсең, жүзіңді тарт, қараса,
Ол сауаптан мақрұм қылар үшбу намаз.
Сұхбаттаспа оныменен, жырақ тұрғын,
Жігерің батса, шығарып ап елден қуғын,
Кесек, кірпіш, тастар бірлə алып ұрғын,
Дос-дұшпанның парқы болар үшбу намаз.
Шын ғашық болса ол түнді өткізер,
Шын қажетсіз бірлəн жаға сүйер,
Ондай жаран бұ дүниеге қашан қарар,
Иесі бірлəн сырластырған үшбу намаз.
Əзірейіл айбаттана саған келсе,
Тұзағын құрып алып жаныңды алса,
Шайтан келіп иманыңды ұрлап алса,
Сол уақытта жолдас болар үшбу намаз.
Мүңкір-Нəңкір айбаттана саған келсе,
Жағаңды ұстап алып тақап келсе,
«Мəн раббуак»225 деп айбат шегіп сұрақ берсе,
Тапжылмастан жауап берген үшбу намаз.
Бұ дүниеден кімдер өтті назар салғын,
Тəубе қылып, өзіңді оттан сақтағын,
Атағы Құл Сүлеймен мұны айтқан,
Сол хəлде сұрағалы үшбу намаз.
* * *
Достарым, өз-өзімді енді білдім,
Сыр айтып, құзырет жаққа барғым келер,
Шариғат, тариқат сұлтандары,
Мұңдарым толды сізге айтқым келер.
Білесіз бе, маржан ішінен гауһар шығар,
Сыр нұры сырдан шықса жоқтап жұғар,
Бұ сырдың сырын ердің ері ұғар,
Ол ұққан сопы ерді білгім келер.
Нəпсілерді тазартар үлпəт оты,
Жандарды тазартар бейнет оты,
Көңілдерді тазартар жігіт оты,
Ол айбатты салып жерге көргім келер.
Мағрифат ері тұқым, ол топырақ жігер,
Ағашы тағат, ол мəуесі хикмет,
Сенімділік жалғасы ол мейірім жаңбыр ,
Көз нұры үлес қызмет қылғым келер.
Түн зікірі жəне одан төрт рүкін226 бар,
Тəуекел, терең ой, кішіпейіл, зар,
Төрт есігі – ғылым, хикмет, риза, сабыр бар,
Сабыр қуаныш кілтін ашқым келер.
«Мəн ′əрəфə нəфсəнің»227 қандай асылы,
«Фəқəд ′əрəфə раббаһу»228 оның асылы,
Білесің бе, үшбу жақсылықтың шын асылы,
Ғибадат барша көп қылғым келер.
Ғибадат кімге тұрар сұраса балық,
Ишарат қандай құлға болар лайық,
Мейірімдік бірлə ол төрт шын хақиқат,
Кімдердің нəсібі бұл білгім келер.
Ғибадат кімге тұрар аңда сөзді,
Ишарат хасқа тұрар ашқын көзді,
Мейірімдік Сыддықтарға дайында өзіңді,
Хақиқат əнбияға229 жеткім келер.
«Ас-сабру мифтахул фараж»230 дер бір сөзде,
Ұғармысың «кім қанша үндемейді?» дер сəлемде,
«Уə мəн йəтəуəккəлу ‘əлə Аллаһ»231 дер Кəлəмда,
Көңіл беріп, риза болып дегім келер.
Құл Сүлеймен бұ топтан қолдар қажет,
Тариқат ішінде енді оқыр əбжəд232,
Хабары бар «Мəн тəлəбə шəйəн жəддə уə жəдə»233,
Машайық қызметінде болғым келер.
* * *
Лаухул Махфуз тақтасында көргенімді,
Хош айтайын есіткін енді достарым-ə,
Қажет бірлə қажетсізге жалбарынып,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Өсекшілерді көрдім мен онда халін,
Азап қылар мұнда қылған ахуалын,
Күйер-жанар отта, судай ағар қаны,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Өсекші көрдім жеңі менен басы жоқ,
Қинайды, жауап берер шамасы жоқ,
Заһар заққұм ішер, оның асы жоқ,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Пəрмен бірлəн сүймес оны сүйіктісі,
Мүміндерді қатесінің тəбибі234,
Керек қожа, керек болсын көң бибі,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Өсекшілердің Хаққа берер сөзі жоқ,
Нұрдан болар нышаналық жүзі жоқ,
Жүзі менен дидар көрер көзі жоқ,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Өсекшілердің кеседі екен онда тілін,
Тілін тіліп мойнына асады екен,
Күнə жасаушылар өз айыбын біледі екен,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Періштелер ұрса он қайнақ түзеді,
Жануына қатты назар бұрады,
Азап бірлəн мың тіріліп өледі,
Өсекші болмағын, тəубе қылғын, достарым-ə.
Ол өсекшілер айтар бізді көрдің бе?
Не іс үшін азап тартармыз білдің бе?
Көріп мұны сабақ ғибрат алдың ба,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Пəрмен болар мүмін құлдар келсін деп,
Мəңгілік жұмақ ішіне кірсін деп,
Өсекші мəңгі дозақ ішінде қалсын деп,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Тəңірін білген құлға азабы жоқ,
Мейірім қылар əділ бірлə есебі жоқ,
Уəйл235, тозақ, жалын ішінде күнəсі жоқ,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Мүритпін дер сасық өсекшінің ойы жоқ,
Көңілі ішінде махаббаттың оты жоқ,
Өкініш, қайғы елі бірлəн ісі жоқ,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
Көрдім онда өсекшілердің бейнесін,
Қатты қорықтым көріп оның кейпін,
Құл Сүлеймен сұрар құлшылық нəубетін,
Тəубе қылғын, өсекші болмағын, достарым-ə.
* * *
Илəһи, жазығым көп болды,
Рахым қылсаң қадірімнің Рахман хақы.
Анамыз Хауа атты Адам жұбы,
Атамыз Əбулбəшəр236 Адам хақы.
Атасыз анадан туғызушы,
Ол құтты Мəриям ұлы Иса237 хақы.
Мінажат мақамында сыр айтушы,
Жылан, аса мұғжизасы Мұса хақы.
Пəлеге риза болар, ренішке сабыр,
Тəуекел дене басы Аюб хақы.
Əй, кінəсіз, Жүсібім деп жылаушы,
Көрер көзді көрмес қылған Жақып хақы.
Ерікті Раббыға «досым» деп айтқан,
Бұ əлемге ерікті сүйікті хақы.
От ішіне кіріп ап бостан қылған,
Ибраһим пайғамбар Хəлил хақы.
Бəни Һəшим238 ұрығы асыл текті,
Бұ əлемнің жолбасшысы Расул хақы.
Оған берген ол тəпсір Кəлəм239,
Барша майда үкімдер жолы хақы.
Жеті қабат бірлə шархы фəлəк240,
Иеміз тұратын арсы хақы.
Суы таза, түбі ағаш кəусар жолы,
Адын жұмақ тірегі күрсі хақы.
Илəһи, кімдерді шапағатшы қылдым,
Мейірім қылғын бізге Дəуіт241 хақы.
Үлкен, кіші барша болды,
Кешіргін Қызыр, Ілияс үшін хақы.
Илəһи, бұ қажетімді қабыл қылғын,
Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли хақы.
Қажеттерді өтеген Қадыр Сұбхан,
Білəл242, Һилал243, Аббас244, Уəйс245 хақы.
Ол мəсһапта асыл ғылым кені,
Əбу Ханифа Куфи Нұғман246 хақы.
Жоқ болса лүлүл хəмд247,
Тасин248, Йасин, уəл Құран249 хақы.
Ибраһим мақамы қажылық қажы,
Расул жаны рауан иман хақы.
Кербала250 майданында ол Хүсейіннің251,
Арық болып аққан қаны хақы.
Қайғыдан өртендім мен Құл Сүлеймен,
Иманнан айырмағын Сұбхан хақы.
Мұңдыларға дəрі берген Ием Сұбхан,
Мұңсыз ол бір мүліктің иесі хақы.
* * *
Ғалымды қылғын ізет, тұтқын құрмет,
Ғалымды Хақ Кəлəмда сыйлар, достар,
Ғалымдар шешер барша қиыншылықты,
Надандар (болса) надандығын төгер, достар.
Хақ-нахақтың баянын ғалым білер,
Халал-харамды тобыр қайдан білер,
Ғалымдардан сауатсыз дəулет қабыл алар,
Дүниеде қарсы келмеңіз əсте, достар.
Болмаса ғалым жаңбыр жаз жаумағай,
Жерден егін ексе де еш өнбегей,
Дүниеге пəле толып-толып һəм симағай,
Ғалымдар бірлəн пəле кетер, достар.
Болмаса ғалым, сауатсыз неге жарар,
Қылмағай еді жер-көк дүние қарар,
Қылмыс үшін ғалым кенет жаза берер,
Көк жаққа ашпас жерде тұрар, достар.
Надан тобыр ғалым сөзін еш тыңдамас,
Ессіз надан өз деңгейін еш аңдамас,
Ғалымдарды тобырға Алла еш тыңдамас,
Бір ғалым жүз мың тобырға жетер, достар.
Ғалымды қорламақтық күпіршілік,
Аят, хадис бар екен шын анық,
Ғалымды кім сүйсе маңдайы жарық,
Кім сүйсе сегіз жұмақ оған (болар), достар.
Ғалым бірлəн раушан болар күн, ай нұры,
Сарай хоры, сегіз жұмақ барша хоры,
Ғалымдардан үгіт алып жолда жүрді,
Бір ғылым амал арсыға шығар, достар.
Тобырдан ғалымдар шын оқ бойындай,
Шаһ, сұлтан болса тобыр керек һəм бек,
Адам, жын, тобыр, патшадан ғалымдардың,
Сұрақ жоқ күнəсінен оған, достар.
Ғалымды қорламақ еш болмас дұрыс,
Хор көрмек жəне жер-көк пен ауа,
Қаншама міскін, пақыр ол бишара,
Көрмеңдер хор əсте лайық, достар.
Дін жəне ғылым бірлəн болар пайда,
Ғибадат қылса қабылданарына себепші (болар) ғылым,
Иман ұста керек болса шын нəсіл,
Шын мүмін бұ сөзге бас иер, достар.
Сүлейменге шабыт сыйласын деп,
Ғалымдар сипатын білсін деп,
Кім білсе ғылым амал қылсын деп,
Кім қылса амал дін мен дүние соған, достар.
* * *
Əр кісі ақылым, ессіз тілім бар өткір,
Не пайда бар сол тілде сөз болмаса,
Көрікті кісі көркім бар деп айтса болмас,
Не пайда бар, сол жүзде көз болмаса.
Ер болар ма, ессіздіктен қолын берсе,
Ақылды емес азықсыз жолға кірсе,
Қаншама əдемі адам ашық тұрса,
Не пайда бар, əурет252 жабар бөз болмаса.
Ғишық найзағайы ойнаса əсте оты сөнбес,
Кішкентай ұшы өткірленсе əсте болмас,
Ақылды адам бөз үстінде құрылыс қылмас,
Не пайда бар, бірақ мықты берік болмаса.
Не пайда баршаның жақсы уақыты өтсе,
Тағатсызбен жігіттіктің уақыты өтсе,
Егіншілер қыс күнінде тұқым сепсе,
Не пайда бар, өсіп-өнерге жаз болмаса,
Аш адам аш жер болса үстін қарамас,
Тоқ адамға туады күш қолы талмас,
Наданға сөзді айтсаң сөзді ұқпас,
Қалай ұқсын бар ақылы өзінікі болмаса,
Сатушылар өз əзізін жексұрынға сатпас,
Ғашық құлдар «Алла» деп түнде жатпас.
Ауыр күнге өткір тиген түртіп өтпес,
Қалай өтсін ұшы болатсыз болмаса.
Əлсіз мініп жүгіргенге жетсе болмас,
Ақ құсты ұстайды екен жапса болмас.
Дұшпан жаққа жөнсіз оқты атса болмас,
Қалай атсын кіріс жері кез болмаса.
Болса Қарұн дүние малын жиған еді,
Малғұн Шаддад253 жұмағына кірген еді,
Үшбу жаһан жан рахаты болар еді,
Кенет жəне қазан келіп күз болмаса.
Ер сол болар баршаңыздан ғибрат алса,
Ол Иемнің жарлығын сөзсіз білсе,
Бұ дүниені өзін алып тамақ берсе,
Не пайда бар, сол тамақта тұз болмаса.
Қызғанбағын мүміндерден нығметіңді,
Қумағын ол үйіңнен мейманыңды,
Құл Сүлеймен айта тұрғын хикметіңді,
Не пайда бар, айтар сөзің өзіңдікі болмаса.
* * *
Шариғаттың шарттарын білмейінше,
(Ізгі) амалсыз оқып оған жетсе болмас.
Қанша көп оқысаң заһир ілімін,
Лəдун ілімін риязатсыз білсе болмас.
Риязатқа саясатты мүршид254 керек,
Ирадатқа255 иманды мүрит керек,
Тариқатқа жанын кешіп кірмек керек,
Жан сақтаған сынақ жолдан өтсе болмас.
Құлабыз жібек мата бірлəн мүритін,
Қолын ұстап пəрмен қылар өз дертін,
Қылует ішінде тəркі дүниелік құрығын,
Хəл қылмастан мүршид рахым қылса болмас.
Мүритке қанша ахуал керек білгін,
Күндіз ораза, түнде тағат зікір айтқын,
Дүниенің зейнетінен көзіңді жұмғын,
Көз ашып, дүние жаққа қараса болмас.
Ықыласты мүрит ықтиярын пірге берер,
Барлық атын батынынан таза жуар,
Менмендік, ішітарлық харамынан пəк болғын,
Бұ кемшіліктен бас тартпайынша білсе болмас.
Нəпсіні жолға кірсін десең, аш тұт өзіңді,
Ұзақ түнде таң атқанша жұмба көзді,
Бізден бұрын өткен жаран көргін ізді,
Жолға кіріп жүрмейінше жетсе болмас.
Рух хəлінен мəн хəліне өзін шашар,
Заһир жұмып, батын көзі толқынға түсер,
Мəнге жетіп, мəн оқ болып, мəнге түсер,
Батынды тас көз бірлə көрсе болмас.
Мəн көрер, ақыл кетер өзі таяр,
Жабайы құстар шын жаннан нама жетер,
Сауық шарабының дариясына сүңгіп батар,
Мүршид алып бермейінше ашса болмас.
Сақи болып өзі онда қадах256 ішірер,
Дəрүлбақа257 кездесуінен өтіп кешірер,
Нəпсі онда өліп, рух тірілер,
Аты қадім болып өзге өлсе болмас.
Бұдан ары сырлары бар өзі білер,
Сырдан сырға қайтып өзі нəзір қылар,
Тəспі құлып айнул яқин258 онда болар,
Қал кешірмей хəл тілін білсе болмас.
Құл Сүлеймен өз халіңді білмейсің бе,
Фəни болдың, бақи жолға кірмейсің бе,
Бүгін жарың уəдесін алмайсың ба,
Уəде алған ғапілет ішінде қалса болмас.
* * *
Жаратушы он сегіз мың əлемді,
Екі жаһан қазысы һəм сұлтаны,
Мал-мүлік, ілім-хикмет иесі,
Жүрер оның жер мен көкте пəрмені.
Аты ұлы, заты көрікті ол Хакім259,
Баршаға несібе берген ол Халим260,
Үстін есітуші, астын көруші ол Ғылым,
Хакім келсе, таяр құлдың дəрмені.
Мұңсыз ол, оған қажет емес жəне уəзір,
Жалғыз өзі істер, бітірер ол Кəбир261,
Алты күнде, алты түнде ол Хабир262,
Жаратты көр үшбу екі жаһанды.
Асты жер, үсті жасыл көк оның,
Шексіз соңы тау, теңіз, кеңістік оның,
Араб, ажам, Рум263, Үндістан патшалық оның,
Айқай-шу, сабырсыздық баршасы.
Əуелі үшбу Расул жанын жаратты,
Нұры бірлəн екі жаһанды жарық етті,
Əзəзілді тағат ішінде қартайтты,
Кент болды екі жаһан ойраны.
Құл Сүлеймен Алланың мадағын айтты,
Қажеттілікпен көңілдерді байытты,
Тəубе қылды, күнəларынан өтті,
Көңіл ішінде қалмады шəк-күмəні.
* * *
Хақиқат ғашықтарға мұрат жүзі,
Күн айдан жарық жаннан кеше білсе,
Көз ақ-қарасынан жақын тұрар,
Ғапілеттің қара татын аша білсе.
Ғишық белгісі жүзі сары, қансыз болса,
Халайықтар арасында сансыз болса,
Берілер ол мекен, мақам жансыз болса,
Тіршілікте бұ мекеннен кеше білер.
Рух сыймас мекенге мас халің бірлəн,
Дүние соңы ойран, жалған өкініш бірлəн,
Атпайды өзін отқа құлдырау бірлəн,
Махаббаттың шарабынан іше білсе.
Баршасы азған дүние ғапілет болар,
Баршасын мұңды қылған қайғы болар,
Баршасына сонша дəулет жəрдем болар,
Ер болар ол рухты нəпсіден құтқара білсе.
Баршасына қу нəпсі жеткен болар,
Құзыретте ұялғанынан азат болар,
Бұ өткінші дүние бірлəн қарылып жүрер,
Қарылсын ол, өзін онда құтқара білсе.
Өлімсіз дүние болса нетер едім,
Құл Сүлеймен жалған, жасық өтер ме едім,
Барып онда арқаны кеңге салар ма едім,
Зəбəния тұзағынан қаша білсе.
* * *
Қарап көрдім дүниені,
əсте рахат таппадым,
Бір күн мұңсыз болып-ап,
шаттана отырып күлмедім.
Ішіп-жеп, тойып-ап,
құмар болып ұйып-ап,
Сəнді атлас киіп-ап,
қолымды кеңге салмадым.
Жиһад атына аттанып,
түні-күн қаттанып,
Дүние үшін тіленіп,
артық үлес алмадым.
Түні-күн тұрмадым,
күнə қылып қайтпадым,
Сақалға ақ түсіп ап,
ондай тəубе қылмадым.
Барша достар жолда екен,
жақсы-жаманды біледі екен,
Дүниемді ал дер екен,
мен бір ғапіл білмедім.
Əзелдегі салымға,
еш дəрі жоқ өлімге,
Құл Сүлеймен, Тəңіріме,
бар ма үзірім білмедім.
* * *
Бақырғаннан сапар қылсам,
тауап еткелі қағбаны,
Барып бұрышына жүзім тигізсем,
көріп қайыр-шапағатты.
Хəжəр əсуадқа264 қол тигізсем,
соңғы қабырғасын көрсем,
Шүкір, хəмд, сəна айтсам,
тілеп Алланың болмысын.
Желкеме аса (таяғын) алсам,
бойыма рида265 салсам,
Сина266 тауына барсам,
тілеп Мұса Ғимранды267.
Фрат268, Дежлə269 суын ішсем,
Жейхунға270 кіріп кешсем,
Халайықтан үміт үзсем,
кезіп теңіз бен Оманды.
Мəдина271 шаһарына барсам,
Расулдың қабірін көрсем,
Жүсіп Мысырдай аһ ұрсам,
тілеп Жақып қағбаны.
Сафадан Маруа272 барсам,
мүбарак зəмзəмді273 ішсем,
Заббих274 рухына хатым етсем,
бірер бөлігін Құранның.
Арафат тауына шықсам,
ғажайып шыңына бақсам,
Ғаріптер құжырасын275 жапсам,
болып күнжіде276 мейманы.
Намазжайға келтірсем,
бірер жұмада отырсам,
Басып нəпсімді өлтірсем,
болып көңілім мұсылманы.
Хастар санына кірсем,
ілтипат шарабын ішсем,
Күндестік құлқын түгел жапсам,
қылып нəпсімді рухани.
* * *
Достарым, тариқаты таңсық еді,
Сіздердің араңызда ерленбесе,
Махаббат болса еді ол ғашықта,
Қаншама іздер өзін ізденбесе.
Махаббаттың гүл иісі шариғат ол,
Мəуесі тəтті, балы тариқат ол,
Құлының құлы болса хақиқат ол,
Қылмаса жалған орынсыз кездеспесе.
Алла жадын айтып өтті ғашықтары,
Сарайлық болды оның шыншылдары,
Таң атқанша тынбай жылар лайықтары,
Көрдің бе, əр жерде сөйлемесе.
Ғишық оты болса іште жанса сөнбес,
Іш бос болса сөзде маза болмас,
Өткен өмір армандасаң қайта келмес,
Талаптыға мағына келіп жүздеспесе.
Барша ағза бейнесінен кешпейінше,
«Муту қəблə əн тəмуту» болмайынша,
Заһирда тас көзін жұмбайынша,
Батында іш көзі көзделмесе.
Дерт тартпастан үшбу жолда мұңды қашан,
Мүмкін емес еңбексіз болмақ оңай,
Пісірместен шығармас ол шикідейін,
Күйместен бос өкініш көзделмесе.
Дайындал Құл Сүлеймен жанғын енді,
Іші-сыртың қам қалмасын жанғын енді,
Ғашықтарға сырлар сырын айтқын енді,
Жоқ болса, білдірушің түзелмесе.
* * *
Алла жады ғашықтарға тəтті азық,
Сыр бірлəн дидар тілеп бақпас алқа.
Əлсіздіктен ұстап жаға, қарап Хаққа,
Хақтан илһам болмаса, жан – жан болар ма?!
Хақтан тағы лəззат тілегендей,
Гүл гүлістан, бақ бостан ашылғандай,
Ғашық құлдар сауық шарабын ішкеніндей,
Сауық шарабын ішпесе, жан – жан болар ма?!
Сауық шарабын ішкен ғашық болар шалық,
Су ішінде ризығын жер сол балық,
Баршаға ризық берген Жаппар Халиқ277,
Хақтан ризық болмаса, жан – жан болар ма?!
Жаның сені «əлəст»278 уақытта жаратылды,
Жəһіл құлдар сұхбатынан айырылды,
Түні-күн жаратқанның мың бір аты,
Айтып дидар қаламаса, жан – жан болар ма?!
Дидар үшін ғашық құлдар түнде жатпас,
Өз ғишығында терең шөгіп, алқа батпас,
Халқың орынсыз сөзді əсте ұқпас,
Хақ сөзді ұқпаса, жан – жан болар ма?!
Хақ жадын айтпаққа жаран керек,
Түні-күн сұхбат ішінде жаран керек,
Сұхбат қадірін білген ғашық керек,
Сұхбаттан үлес алмаса, жан – жан болар ма?!
Ғашық құлдар сұхбатынан үлес алынар,
Түні-күн жадын айтып Хаққа барар,
Хақ жады ишараты Хақты білер,
Ишаратын білмесе, жан – жан болар ма?!
Ишаратсыз əсте жолда жүрмес болар,
«Алла» деген ғашық құлдар қартаймас болар,
Түні-күн риязаттан босамас болар,
Риязатын тартпаса, жан – жан болар ма?!
Риязат тартқан құлдар түндер жатпас,
Мəулімнің құзырында əсте жанбас,
Құл Сүлеймен надандарға өзін сатпас,
Хақиқатты білмесе, жан – жан болар ма?!
* * *
Ғапілет бірлəн өтті өмірім, достар, болған жасым,
Өкініш бірлəн тынбай ағар көзден жасым,
Күнə бірлəн толды менің іші-сыртым,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Нəпсі жүзін көріп оған болдым мен жар,
Ол себептен рухым менен болды азар,
Жүз мың қанша құлшылығында айыбым бар,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Жоқ-дүр қате істерімде шектеу менің,
Зұлым бірлəн күнəларым шексіз менің,
Пайда болар əр кезде одан көп қиянат,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Қу нəпсінің қалауы бірлəн істер қылдым,
Өкінішті елге барып пайда қылдым,
Бұ істердің енді пайдасы жоғын білдім,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Ей, достарым, Хақ бұйырған істі қылмас,
Ғапілдердей өзге істі қылдым демес,
Кеңшілікпен күнəларым жойылмас,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Жоқ-дүр менің Хаққа лайық қылған ісім,
Дүние үшін болған екен əр сағатым,
Өкініш бірлəн өтті менің жаз бен қысым,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Қу нəпсі айласы бірлəн барыппын мен,
Ғапілет көйлегін олар бірлəн киіппін мен,
Жаман сасық өкініш еліне бұрылыппын мен,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Қалай болар тəн-жаным қосылмағай,
Мүңкір-Нəңкір тұзағында ұсталмағай,
Қылмыс еткен күнəларым сұралмағай,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
Құл Сүлеймен не бергейсің жауап онда,
Харам үшін шегу керек азап онда,
Күмəн үшін көрер болсаң азап онда,
Сұрау салса, мен құл онда не айтамын?!
* * *
Өзім мен құзыретте,
ризасында болсам мен,
Болып Мəулім ризасында,
дидарын көрсем мен.
Түні-күн тұрсам қызметінде,
құлшылық қылып құзыретінде,
Ессіз болып аң-таң боп,
мұшаһида қылсам мен.
Мұшаһида қылып ап,
неке құсын алып ап,
Құзырына барып ап,
сырларымды айтсам мен.
Сырымның сырын ол білер,
не істесе де ол қылар,
Назар салса іш жарар,
нұрына сонда шөксем мен.
Өртеді бұ ғишық оты,
мақұлық болмас еш оты,
Махаббаттың бағына кіріп,
қолым салсам мен.
Асып бірлік тауына,
кірсем мейірім бағына,
Түсіп ғишықтың ауына,
қанат қағып ұшсам мен.
Сүлеймен құл құлшылықта,
бұ дүниеде жоқ опа,
Хаққа айт хəмді, сəна,
құлшылықта тұрсам мен.
* * *
Жаратушым ғибрат үшін құдірет бірлəн,
Жеті қат көк, жеті жəне жер жаратты,
Ол қауба қаусейн279 атты құтты миғраж280,
Мұсаға мінажатқа Тур281 жаратқан.
Бір патшалық ерікті Дəйиəн282 заһир үшін,
Заманымыз жеміс болар ақыр үшін,
Он сегіз мың əлемге мақтан үшін,
Мұхаммед Мұстафа атты ер жаратқан.
Əлиді арыстаным деп шүкір етер,
Омардың айбаты жерді иер,
Əбубəкір, Оспандай ер қайда туар,
Төртеуін Хақ Расулға жар жаратқан.
Арсы-күрсі, лаухы қалам, Дəруссəлəм,
Мəулімнің бір аты болар Құран Кəлəм,
Құлдарын оқысын деп тамам,
Төрт кітап етті Құран нұр жаратқан.
Аятын шын көңілді тұтар мөр,
Ол мөр шапағатты əлем қуаныш,
Үмбеті Мұхаммедке ұлы мақтаныш,
Үмбет үшін сегіз жұмақ хор жаратқан.
Сыр көзін назар салғын сырларыңа,
Бүгін мұнда, жарын онда өз халіңе,
Иланба дүниедегі көп малыңа,
Ақирет жолын сондай қылдай тар жаратқан.
Тіршілік сыр аясы перде бірлəн,
Тіліңде иман айтқын өтініш бірлəн,
Сан соғып жүрмегін өкініш бірлəн,
Күркіреген жеті тамұқ от жаратқан.
Адам еді таяқ ұрды ол жер үсті,
Кімге мирас қалды тиді аса (таяқ),
Перғауынның283 сиқырына берді жаза,
Мұсаның айдаһарын жылан жаратқан.
Не қылсаң да шын пейілмен бүгін мұнда,
Пəк болып күтіп отыр жарың онда,
Атағы Құл Сүлеймен міскін пенде,
Баршадан нəпсің əлсіз қор жаратқан.
* * *
Ынта бірлəн бұ дүниені артқа атып,
Шын пейілмен ақиретке барғым келер,
Кешіп барлық тауы болған бұ тəнімді,
Інжір тағып, құзырет жаққа жеткім келер.
Жүремін мен ақиретті артқа алып,
Сұрақ, сират284 өткелінен аман өтіп,
Енді мұңым мұңсызыма арыз етіп,
Көзім жасын, көңілім кірін жуғым келер.
Сотқарлықты көптеп қылдым кішілікте,
Қыдыруды көптеп қылдым жігіттікте,
Бірде (бір) ізгі қылмаппын мен ешбір мұнда,
Дозақтықпын Мəулім жаққа барғым келер.
Өкініш, өксік, мұңым барша арылмаспын,
Өз пейіліме қарап Раббыға жоламаспын,
Барша ықылым Қадыр мүлкі құтыла алмаспын,
Асып-сасып жерге жалғыз кіргім келер.
Ұры көнсе бірге жемес мойындап келдім,
Қылмыс қылар істерімен енді тайдым,
Құл Сүлеймен күнəлардан тəубе қылдым,
Иманым бар Раббыдан аман болғым келер.
* * *
Алла жады көз нұрына шалынар болса,
Үш жүз алпыс тамыр зікірші болады екен,
Үш жүз алпыс тамырға жады нұр толса,
Көңіл құсы құзырет мүлкі болады екен.
Құзырет мүлкі Хақтың жады бірлə болар,
Дайын көңіл құзыреттен азық алар,
Терең оймен қараса бұ жан үлес алар,
Ғапіл тəнге бұ Хақтан үлес болады екен.
Ғапіл тəннен ғапілетті жады нұры сұрар,
Ашылып құзырет көңіл көзі ашып көрер,
Тəжəлли рух мақамы болса айлакер,
Тəн зұлматы мақрұм болып қалады екен.
Ағайын болсын тілер болсаң ол құзыретте,
Рух сипаты сипатталып тұр қызметте.
Күрескер ер бұ қайғыда, өкініште,
Түні-күн тынбай мұжаһида285 қылады екен.
Мұжаһида, мұшаһида мүлкін ізде,
Мұшаһида керек болса қалдан қал286.
Ішінде рух ашылып барша кемел,
Білгін анық Хақтан шабыт болады екен.
Хақ илһамы имам қабірі (нің) ішінде ол,
Мақамы «һу» мекенінде нəзірін бол,
«Һу»ден келіп, «һу» болып, «һу» дидарын қыл,
Ол мақамда болған Хақтікі болады екен.
Хақтікі болам десең болып көр Хақ,
Осы емес пе, бұ ишарат ол «Əнəл-Хақ»287,
Тəн зұлматы ішінде рух шамын жақ,
Нəпсіге тəкаппар болма бір күн өледі екен.
Бір күн мұрат болам деп Алла жады,
Айта-айта ғашық құлдар көңіл жады.
Көңіл кірін Алла жады нұры жуды,
Жадсыз ғапіл қашан жадты болады екен.
Жадты құлға терең ойда тұрмақ жаза (абзал),
Жадсыз ғапіл терең ойда болмас маза,
Атағы Құл Сүлеймен құзырет кезе,
Білгін анық Хақтан назар болады екен.
* * *
Тəңірдің сүйікті құлы жаран болар,
Расулға қырық сахаба жаран болар,
Хазіреттің сұхбаты сырдан тұрар,
Тариқат жолында «Алла» дегім келер.
Жылаймын Хақ Расулды көремін деп,
Азығым жоқ ұзақ жолға кіремін деп,
Білмеймін қанша жаста өлемін деп,
Шариғат жолында «Алла» дегім келер.
Сүйіктінің оғы тиер бітпес жасым,
Жаратқан өксік жұпты тұл қойып енбес басым,
Түні-күн жылап тынбас көзде жасым,
Тіршілікте дін кезегін сүргім келер.
Ер туса жер-көк халқы сүйеніш етер,
Жақсы дұға қылар деп үміт етер,
Он бес жаста тəубе қылса таупық етер,
Хақиқат жолында «һу» дегім келер.
Бас қойып аяқ үсті қызмет қылған,
Хақиқат көңіл бірлəн тəубе қылған,
Хақ үшін жанын қиып жолда өлген,
Дидар үшін жерге басым шалғым келер.
Ол ғалым ақыр ғаріп келдіңіз бе,
Қадам қойып, Хақ исламға ендіңіз бе,
Суфра288 көріп, сыр ұрығын тердіңіз бе,
Ғишық ашып, гауһар шашып енгім келер.
Тəңірдің бірлігіне сенгендерге,
Расулдың сүннетін тұтқандарға,
«Лə илəһə илалла»289 деп өлгендерге,
«Бисмиллəһ» деп бірер тəкбір айтқым келер.
Дұға қылғын жақсы өтсін бұ қылуетте,
Кəлəмулла290 оқып өткін бұ нығметке,
Көктен мейірім, жерден өнім бұ жігерге,
Жігер бірлəн үлкен дуалға қарағым келер.
Дəмді тағам жегіздің келгендерге,
Ұзақ жақсы дұға қылдың өлгендерге,
Ата-ана рухын разы қылғандарға,
Жылаумен көзде жасым төккім келер.
Іштен шапақ, сырттан хижаб тастасам мен,
Сауда (денім сауда) Расул, жолда Қызыр ұстасам мен,
«Лəйл» атты қадыр түнге түс болсам мен,
Сүйікті болып, байланыс жасағым келер.
Құл Сүлеймен сөйлер тілім, тіктер тісім,
Тəнімнен жаным шықса келер ісім,
Дидар көріп, қанат жимас көңіл құсым,
Сахарда сыйынып, ғарышқа салғым келер.
* * *
Жақсы үлес болар еді бұ дүниеде,
Адамзатқа ажал келіп өлмесе,
Өлмеске амал жоқ, тыныш етсе,
Мүңкір-Нəңкір кіріп сауал сұрамаса.
Қалай болар ол сағатта құлдың жаны,
Үлес берсең алмас болса дүние малы (н),
Иə, илəһім, сен келтіргін құлдың тілі (н),
Қиын түсер, дұрыс жауап бермесе.
Сұрақты не істейін сұрар оны,
Қандай рауан тіл ол жауап берер оны,
Мақрұм құл қайғы ішінде қалды жаны,
Ол ардақты сүйіктінің шапағаты болмаса.
Он сегіз мың əлем мақтанышы сүйіктісі,
Көп күнəһар мүмін құлдар шапағатшысы,
Абдал291, уəли292, мүрсəл, нəби жолдасы,
Егер сені үмбеттіктен танымаса.
Ием Жаппар, Қадыр Сұбхан мейірімі,
Тау-теңіз, дария болар мейірімі,
Жұмақ сипаты өзі білер қадірі (н),
Кіріп болмас, мұнда құлшылық қылмаса.
Жарандар қиды өмір жасына,
Дауа болмас осы оқтың басына,
Даула күнəһар құлдар ісіне,
Ақиреті ант тəубесін қылмаса.
Құл Сүлеймен, мейірім тіле өзіңе,
Оғың жетсе топырақ толар көзіңе,
Зəредей күнə жиылмасын сөзіңе,
Барғандарды қулық көзің көрмесе.
* * *
Ей, достар, дүние кімге опа қылды,
Бізге бəрі опа қылмас білдіңіз бе?!
Фəни деп білген болсаң бұ дүниені,
Хақ жолын алып дүние салдыңыз ба?!
Əлсіз тəннен шықса бұ əзіз жандар,
Ойран болар барша байқұс отбасылар,
Қалай жатар қараңғы жерде нəзік тəндер,
Бірге барар жолдас азық алдыңыз ба?!
Бұдан өтсең, түсер мекен ол көр болар,
Тағаты аз құлдар онда көп қор болар,
Мүңкір-Нəңкір келіп кіріп онда сауал сұрар,
Ол сауалға анық жауап алдыңыз ба?!
Ақылды құлдар ақиретке қайғы жеген,
Қайғы жер ақиретке құлмын деген,
Бұл намаз ата-анаға борыш берілген,
Қайғы бірлəн көрде жалғыз қалдыңыз ба?!
Ақиретті қойып, мұнда дүние қуған,
Өте ауыр, көп күнə бірлəн онда барған,
Бүгін азат жүріп, жарын көрге кірген,
Жылан, шаян айтар: күнəһар келдіңіз бе?!
Тіршілікте жақсы қылғын жарағыңды,
Құрғын мұнда өлместен оң торыңды,
Саз көтермес зəредейін құрағыңды,
Топырақ толар деп мұнда саттыңыз ба?!
Құл Сүлеймен, бұ дүниеде тұрма қарап,
Тағат бірлəн қылғын мұнда ісің жарық,
Тəубе қылсаң ішің жолақ боласың арық,
Хаққа қарай қадам басып келдіңіз бе?!
* * *
Ғапілет бірлəн ессіз өмірім өтті, достар,
Дариға, жарыма жауап не айтқаймын?!
Кеңшілігі бірлəн үкім қылса дəулет болар,
Əділ болса, мен құл онда не қылғаймын?!
Төгілді енді, достар, жасым менің,
Білмедім, қалай өтті ісім менің,
Келер күн нелер көрер басым менің,
Міскін болып, қай санға қосылғаймын?!
Ғапілдіктен қу нəпсімен аттанбақпын,
Күн келгенше тұрамын деп бұлғаныппын,
Қашқан құстай келіп торға түспекпін,
Тұтқын болған өзім қашан құтылғаймын?!
Күнəнің дариясына қатты шөгіп,
Жүрмін мен шайтан бірлəн жолдас болып,
Хас құлдардай көзде жасым азық болып,
Осы жолға азық қашан жинағаймын?!
Азықсыз жолға кірсе машақаты бар,
Барша бостан шешек атса су алмағы бар,
Қараңғы тар лақаттың сұрағы бар,
Сұрар болса, мен құл онда не айтамын?!
Үмітім бар Жаратқан Ием мейірімінде,
Үзір етер, мен күнə қылдым қызметінде,
Рахман, Рахим293 рахым қылса осы жолда,
Шүкірінсіз қай жерде сыйынамын?
Бақи емес осы дүние енді білгін,
Достарым, тəубе қылып Хаққа барғын,
Атағы Құл Сүлеймен насихатын алғын,
Қорқамын қандай жолдан тұтыламын?!
* * *
Ғашық керек қажетті,
жылап-сықтау ішінде,
Ғашықтардың мұраты,
сахар уақыты ішінде.
Ғашықтар қажет қылар,
ғишығында ұшып жүрер,
Иесі бірлəн сырласар,
сахар уақыты ішінде.
Келсе қожам пəрмені,
қалмас құлдың дəрмені,
Ғашықтардың шабыты,
сахар уақыты ішінде.
Көп жыласа көз толы,
ашылар мағрифат жолы,
Мұң-мұқтаждың қабыл болуы,
сахар уақыты ішінде.
Сахар уақытында жатпа,
Алла жадын сен жатта,
Тəубе, таупық қайтала,
сахар уақыты ішінде.
Сахар уақыты бақыт,
қылар ғашықтар рахат,
Дұғалары болар қабыл,
сахар уақыты ішінде.
Құл Сүлеймен күнəһар,
дұға қылып тіленер,
Мұң-мұқтажын айтар,
сахар уақыты ішінде.
* * *
Тариқатта жетекші
Хақ жады-дүр білсе егер,
«Алла» демей іс бітпес,
қанша ғалым болса егер.
Ғалымдардың ғылымы бар,
дəруіштердің ізгілігі бар,
Рахмет жауар ол жерде,
саф айла болса егер.
Ғалым сырын Хақ білер,
дəруіштердің һəм тағы,
Заһид, тақуа ішінде,
тіпті заһид болса егер.
Түні-күн төзімде,
шөксем құлдай қызметте,
«Бисмиллəнің» мағынасын
сұраса ерден білсе егер.
Сұлтан Ибраһим Əдһам294,
салды дүние мүлкін,
Сөзсіз дəруішпін деген,
бір мезет дүние қуса егер.
Құл Сүлеймен еңірейді,
жер достар қайғысын,
Жұмақ есігі ашық-дүр,
достар келіп кірсе егер.
* * *
Көріңдер, Зулжəлəлдің құдіретін,
«Йə əйюһəллəзинə əмəну»295 етер иман үшін,
Дін білмес сол тағы кəпірлерге,
«Суммун, букмун, ғумиун»296 дейді иман үшін.
Көк жүзінде төрт періште еді сап (таза),
Жоқ еді дүние ішінде бір де сопы,
Атамыз əбулбəшəр Адам Сафи,
«Раббəнə зəлəмнə»297 дейді иман үшін.
Мың жылдан елу өксік өкініш ұлы,
Шықпады аузынан бір үзім дем,
«Уə лəқəд кəррəмнə бəни əдəмə»298,
Деп жарлық етер иман үшін.
Шабыт бірлəн ұшты Сүлейменнің баста тəжі,
Қолындағы жүзігі қанша уəжі,
Адамның ұлық ұлы Нұх нəби,
«Рабби лə тəзəр»299 дейді иман үшін.
Хəлилді манжаныққа300 ұрды нахақ,
Аты болса отта, түні иеміз пəк,
Жанар күні бірден «уə сəлəмəн»301 деп Хақ,
Деп жарлық дейді иман үшін.
Жақын досы ол Хəлифа302 Тəңірдің,
Не келсе мойынсұнды ол пəрменге,
Йə, ұлым, деп Ибраһим, Исмайылға,
«Инни ара-ə фил мəнəм»303 деп айтты иман үшін.
Он екі мың құртқа шақыру бермеді ме,
Ол ренішпен сабыр қылып жүрмеді ме,
Түскен құртты қайта алып салмады ма,
«Əнни мəссəниəз зурру»304 дейді иман үшін.
Асасын қолына алып тұрар еді,
Қал «һəй» асасы деп жауап берді,
Ондай ерді сырласпаққа жақын келді,
«Уə кəлимəтулла»305 Мұса дейді иман үшін.
Атағы Құл Сүлеймен жылат көзді,
Жыласаң күймейсің жұлып жүзді,
«Үмбетім, үмбетім» деп сүйікті (пайғамбар) сіз бен бізді,
Шапағат тілейді иман үшін.
* * *
Хақ илһəмі жолдас болар баршаларға,
Мəңгі уақытта жанға үлес болмайынша,
Мəңгі уақытта жанға үлес тимес болса,
Қалмас оған бұ жаһанда тимейінше.
Үлесті құлдар Хақ жолында ғашық болар,
Ғашық болған машұғынан қашан қалар,
Уақыт тілер, шаттық білінер, əділ болар,
Тынбас ғашық Хақ дидарын көрмейінше.
Ғашықтарға бостан қылар Намрұт отын,
Күйдіріп күлін суға салса айтар жадын,
Ғашық құлдар қашан танар машұғынан,
Болмас ғашық шын тəуекел қылмайынша.
Ғашықтықты даулайды барша пенде,
Ғишық болмаса, сол ғашық болмас мұрат,
Ғашық өтер жеті тамұқ жіңішке сират,
Қалай өтер өлмес бұрын өлмейінше.
Жалған ғашық болып мұнда болма діндар,
Ұят болар ғарасат күн онда барса,
Сұраушымын дер мұғ, жөйт тағы тарса,
Мəлім болмас, соңғы күмəн кетпейінше.
Сыр бұлты ғашық көңіл ішінде ағар,
Батын ішінде бірлік айы түнде туар,
Ол бұлттан дүр жауһары қашан жауар,
Ол бұлт дария суын ішпейінше.
Мажаз306 ғашық ғишық бірлəн келісім түзді,
Шырын үшін сол Фарһад тауды қазды,
Хақиқат ғашық құлдар ізет қылды,
Қане, жатпас қиямет таңы атпайынша.
Мұңы бірлə ғашық құлдар қажет тілер,
Ғишығында шын пейілден көз жасы ағар,
Қажет өнсе сүйіктінің бұрымы да көгерер,
Тынбас ғашық рахмет шашын тарқатпайынша.
Ғашық құлдар Хақты білер, халықты білмес,
Надан құлдар өзін көрер, айыбын көрмес,
Сайдың тасы көп, алтын тасын ешкім білмес,
Мəлім болмас, зергер қарап алмайынша.
Құл Сүлеймен сырын ешкім білмес,
Мұратым көрінер, достар, қолым жетпес,
Аһ, дариға, өткен өмірім қайта келмес,
Мұңы ішке толып тысқа шықпайынша.
* * *
«Һу» деп келді бұ жаным,
жəне «һуға» бармақшы,
Хақ дидарын көріп ап,
сүйікті болып тұрмақшы.
«Бəли»307 дейді бұ жаным,
жерге тимес бұ жаным,
«Һу»дан сорып ал қаным,
қаным толып кетпекші.
Таупық, жолдас болып ап,
«һу»ды «һу»дан қалап ап,
Көңіл нұрға толып ап,
бақи болып кетпекші.
Кім боламын дүниеге,
қарамадым ақиретке,
Тиесілі болсам Мəуліме,
бұ алдамшыдан кетпекші.
«Һу-һу» деп атыңды,
тілеймін мен затыңды,
Қалап түні-күн атыңды,
«һу»дан «һу»ға өтпекші.
Бас тартың достар дүниеден,
көзді жұмып ақиреттен,
Үлес болсам Мəулімнен,
достар дидар көрмекші.
«Һу» деп Хақты қалайды,
зікірде тəтті болады,
Тəн жан пида қылады,
жардан үлес алмақшы.
«Һу»ды айтқан арымас,
көзде жас құрғамас,
Сүлеймен көңілі қартаймас,
құзыретте жақсы салмақшы.
* * *
Заман ақырға жақын қалдық, достар,
Бір күні тəубені шын қылған, қане?!
Қанша қате менен күнə келді деп,
Өз айыбын көріп өзі білген, қане?!
Өзін қалай білсін дау қаласа,
Мағына жолын теріп ол құл еңіреп тұрса,
Ғалым барды, дауға ұласты, қарап бақса,
Жоқтық ізін іздеп фəна болған, қане?!
Сопылықтың мағынасын жеткізді олар,
Дау бірлəн мендік басын көтерді олар,
Қажетсізге қажет қашан кетірді олар,
Күнəсін біліп кешірім сұраған, қане?!
Қашан келді тариқатта дауға салмақ,
Бар ма, достар өзін халықтан артық көрмек,
Мұңды құлдар арасында мендік қылмақ,
Мұң бірлəн жылап жасын төккен, қане?!
Мағыналы құл көз жасын теңіз қылар,
Мағынасыздар бас көтеріп дауға салар,
Менмендікті мекен қылған ер болар ма?
Шын беріліп құлшылық жаққа келген, қане?!
Құлшылық асылы шын берілмек білсең, достар,
Шындықты айттым, ақыл-кеңес алғын, достар,
Даудың көркі мағына болар білгін, достар,
Өз айыбын біліп кешірім сұраған, қане?!
Құл Сүлеймен сен өзіңді сақтай кел,
Не істеп жүрсің, өз ұяңнан ұша кел,
Құлшылық торын алып белге тағып кел,
Құлмын деген шын (пейілден) құлшылық қылған, қане?!
* * *
Заман ақыр болды көргін, достар,
Ғалымдар ғылымын сатар болды,
Қай үйде ұлы-қызы болса ғалым,
Жаға ұстап сыртқа атар болды.
Ғылым берсе көтеріп қалмайынша,
Мұнан ары ізгілік болмайынша,
Ислам ауаға асып жетпейінше,
Ақыры соңғы күн бітер болды.
Көрдіңіз бе, мүмін құлдар болды зарлы,
Бастары тынбай жияр бейнет кəрі,
Ата-ана арманында түні-күн зарлы,
Жылап ап, көз жасын төгер болды.
Қадір-қасиет қалмас білгін сол уақытта,
Рахым болмас, Ислам əлсіз сол уақытта,
Қадір-қасиет бар ма, ерге сол басқа,
Сол ұл-қыз кəпірге тұтқын болды.
Мейрам күні болып тұтқын елге кірсе,
Көңілдері бұзылады жоқшылық көрсе,
Мүмін құлдар ізгі сөйлеп, тағам берсе,
Жемейді екен, қарындары тояр болды.
Ақыры ізгі құлдар тұтқын болған,
Тұтқынға тұра шығып қарсы алған,
Құл Сүлеймен осы болды дайын тұрған,
Тұрмасаң дайын істер қатер болды.
* * *
Жаратылдық Тəңірге,
жаздым Алла, «Алла һу»,
Қылдым тəубе хақиқат,
жаздым Алла, «Алла һу».
Жаратқан бір жаратушы Ол,
ризық берген Раззақ308 Ол,
Жарылқану керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Сегіз жұмақ таяр,
қылды саған, ей, пенде,
Оған кіру керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Мейірімі болса кірерміз,
шүкір, дидар көрерміз,
Дидар көрмек керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Қиямет күн тоңбаспыз,
шілде тонын киерміз,
Пырақ міну керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Жұмақ ішінде алуан бар,
қызметші мен хорлар бар,
Ісің болмақ керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Тəубе ағашы түбінде,
шауып барып түс онда,
Мақам болмақ керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Ақиретте қатер бар,
Ібіліс атты дұшпан бар,
Аман болу керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Аман келер кітабың,
оңай болар жауабың,
Жауап айту керек болса,
қош айталық «Алла һу».
Құл Сүлеймен сөз айтты,
тəубе қылды уақтылы,
Мəңгі болу керек болса,
қош айталық «Алла һу».
* * *
Иланбағын, достарым тірі екен,
«Тірімін» деп əсте адам айтқысы жоқ.
Туады бұ дүниеде адам ұлы,
Олар барша тірі, əсте қалғысы жоқ.
Керек тағы əнбия, мүрсəл болсын,
Керек ол əулие, діндар болсын,
Керек ол жөйт, мұғ, тарса болсын,
Өлместен бұ дүниеде қалғаны жоқ.
Бармаса Расул əсте бармас еді,
Сол əзіз жанды бермес еді,
Тірі жүріп, жер қойнына кірмес еді,
Бұ өлімнен ешкім де құтылған жоқ.
Қане, ол Расулы ісі бірлəн,
Қане, ол Лұқман төрт мың жасы бірлəн,
Қане, ол Зұлқарнайын309 есі бірлəн,
Кіріп ап жер қойнына тойғаны жоқ.
Қане, ол Əбубəкір Сыддық бірлəн,
Қане, ол Омар əділ Фаруқ бірлəн,
Қане, Оспан Зиннурейін ұят бірлəн,
Берді Əли Арыстан келгісі жоқ.
Қане, ол Ханифа310 дінге оза,
Болар еді Шафиғи311 халық кезе,
Имамдар барды қылды жара,
Бұ өлім əсте көңіл көргісі жоқ.
Өлім хақ, алайда жолы екі,
Екі жолдың барамыз қайбіріне,
Ер болсаң берік ұста иманыңды,
Иманнан өзге мұның дауасы жоқ.
Үрейден көңілдер болды қара,
Құраннан белгі қалды, қара,
Тағат пен төзім болды халық ішінде,
Ғибадат еш хақиқат болғысы жоқ.
Бұ көңілім несібесі өлім рахаты,
Бар еді дін Ислам, қалды нақышы,
Ағар судай құрғамас көзім жасы,
Бұдан əрі ізгіліктер болары жоқ.
Дайындал Құл Сүлеймен жігіт екен,
Өлімге себеп анық тірілік екен,
Дүниені қанша безеп жүрер екен,
Сөйлер тілім сөйлеп ап тынғысы жоқ.
* * *
Уақыт болды көңілдер сілкінгелі,
Мəулімнің мейірімі болар туды болғалы,
Құзыретке сүңгіп көр ілінгелі,
Əзелде ілтипат тиді, болғай.
Əзелде ілтипаттар жете келді,
Жан бірлəн көңілдер қатар келді,
Ғашықтар ғишық бірлəн қосыла келді,
Мəулімнің мадағы бірлəн өтті, болғай.
Əзелде жандар бірлəн бір оқ еді,
Дүниені көргін сен сыр бірге келді.
Иемнің тілегі бұл оқ еді,
Ирадат жүгені тиді, болғай.
Наз бірлə қажеттер тізіліп ап,
Өз-өзі өздігінен болып ап,
Қараңғы ғапілеттен созылып ап,
Көңілдің қажетінен жуды, болғай.
Көрдің бұ дүниеде нəпсінің елі,
Есіткін ол ақиретте жанның елі,
Көңілдердің білгірі бір оғы Иемнің,
Тілдерін тағатқа иді, болғай.
Тілейді құлдарының келгенін,
Құзырында наз, қажет қылғанын,
Мұның бірлəн мінажат қылғанын,
Даналық рұқсаты тойды, болғай.
Тояйын деп, ей, достарым, тоя алмадым,
Түні-күн жадын айта алмадым,
Махаббат шарабын қоя алмадым,
Соңында өткен дəруіштерге тиді, болғай.
Адамның тілегі жұмақ еді,
Мəулімнің тілегі шықпақ еді,
Үш жүз жыл көз жасын төгу еді,
Сүлейменге Хақ пəрмені жетті, болғай.
* * *
Алқа құрып уақыт бірлə,
самағ қылып ұшпаққа,
Мас болып, ғишық шарабын
ғашық керек ішпекке.
Ішкен ғашықтың шарабын,
жетер жолдың азабын,
Осы алқа қадірін,
жаран керек білмекке.
Дін жолын іздегін,
күнə жолдан кеткін,
Хақ екенін сөйлегін,
қадам қой жол ашпаққа.
Жол ізі құрылып ашылды,
түгел мағына жиылды,
Дүр гауһарлары шашылды,
талап керек термекке.
Құл Сүлеймен тілінен,
ілім хикмет жолынан,
Гауһарлардың сандығын,
сабыр керек ашпаққа.
* * *
Қызметте піскен жаранды
сұхбатқа кіргізеді,
Сұхбатта болған ғашықты
құзыретке кіргізеді.
Хəл ұлы қалға қарамас,
қал ұлы хəлдан ұқпас,
Ғапілеттен ғапіл шықпас,
құзыретте сынайды.
Дидарға ынтық болғанды,
жад етіп дидар қалағанды,
Шын күні тəубе қылғанды,
дəргаһына кіргізеді.
Кірсе қылует, риязат,
тілер Хақтан ілтипат,
Ер болсаң қыл ирадат,
құлшылықта жылайды.
Сүлеймен Хакім қызметте,
ерікпе əсте сұхбатта,
Қашпағын əсте құзыретте,
аңшыдай аулайды.
* * *
Тариқатта босқа дауға салмақ қиын,
Жетпіс мақам риязатын білмейінше,
«‘Амал бил əркəн»312 тағат қылып,
«‘Амал бил қулуб»313 шынайы болмайынша.
«‘Амал бил əркəн» болар ұлы мақам,
Амал қылған болар шəксіз ғаріп иман,
Бұ мақамсыз мүрит əсте болмас тамам,
Жеті сипат дəлелін білмейінше.
Шариғатты тариқат десе болмас,
Əдетті ғибадатқа жатқызса болмас,
Инабат торын сыпайы құрса болмас,
Ішіндегі тəкаппарлықты сылмайынша.
Инабат торын барша қашан құрар,
Бұ ақиретке əр надан қашан ашар,
Мағына кені болып, көңіл сөзі тасар,
Көңіліне Хақ махаббат толмайынша.
Қылмастан диханшылық егін өнбес,
Жетектеп осы жолға жəһіл көнбес,
Махаббат лашыны əр жерде қонбас,
Бір кемел ғажап бостан болмайынша.
Бұ бостан суын білгін қайдан ішер,
Ғашықтар Хақ ғишықта жасын төгер,
Кілітсіз бұ сандықты кім-дүр ашар,
Сұхбатта жүрек қуырылып болмайынша.
Махаббат ішінде ғашық туламастан,
Ғайбат, өсек бұ көңілден кетпестен,
Халін хəлға, жанын сырға жалғамастан,
Ер болар ма рухты нəпсіден тазартпайынша.
Тілегім талап-тілек ризасын,
Күнəсіне құлшылық қылар қазасын,
Ессіз надан қайдан білсін ғишық мазасын,
Инабат қылып шахқа келмейінше.
Ей, достар, бұ ғапілетте ісің жетпес,
Надандық, залалдық-дүр əсте кетпес,
Ұл-қыз (өсер), мал туар пайда қылмас,
Қажет қылып Хақтан өзің сұрамайынша.
Тыңда ақыл, ессіз өмірің бос өткерме,
Мұсылмандық діндарлық-дүр кейін салма,
Келер өлім тұрғын анық қашық деме,
Не өтер бар бұ дүниеде өлмейінше.
Кімде-кім ынтық болып кірсе үшбу Сина,
Жарамас кетірместен менмендікті,
«Йə əятуһəннəфсул мутмəйиннə»314,
Аятын есітіп, үрей алмайынша.
Құл Сүлеймен дүние болар еш мекенсіз,
Күнəні мен жасадым шексіз, сансыз,
Талпынсаң шықпас алтын, күміс кенсіз,
Жер қойнын оған ризық қылмайынша.
* * *
Хақтан тағы тəтті дəмдер жетіп келді,
Дүниеден санаулары өтер болды,
Рух жанның райхандары ашылуда,
Нəпсінің топандары өтер болды.
Ашылды батын көздің гүлстаны,
Қылды шаттық қуаныш жан бостаны,
Махаббат бірлə ғашық жан дастаны,
Хақ дидары үшін зар-еңіреп жылар болды.
Зар ғашық болса машұғтың назары,
Бұ жолда симас екен дүние жаны,
Хақиқат ғашықтардың қандай жаны,
Ғарыштан өтіп жер бетіне жетер болды.
Оны деп, айқай салды тау мен жерді,
Тəжəлли қылар болса жан еріді,
Бүгін бұ қоғамда уақыт жүрді,
Ғишық түрін ғашық ойнап өтер болды.
Ғашықтар ғишық үшін не көрмеді,
Ғашықтар Əзірейілге жан бермеді,
Машұғына пида қылды дем ұрмады,
Рухани райхан көрді өтер болды.
Ғашықтар ғишығын ұстап «əрни» дер,
Ғишық тонын киіп ғашық мойынсұнар,
Дидарын көрмек үшін Алла дер,
Ол құзырет құсы енді ұша жаздады.
Рухани райханы ашыл десе,
Нəпсінің топандары шашыл десе,
Құл Сүлеймен ғишық махаббат қадағын ішкін десе,
Тіршілік набаты өте жаздады.
* * *
Достарым, бұ дүниенің фəналығын,
Білдік біз аят, хадис хабар білəн,
Олай болса тілей жүрміз өмір кенішін,
Отар қой, мал туар жұбы білəн.
Расулға жаратқан Ием берді Миғраж,
Ол түнде киді шапан, ұрылды тəж,
Бұ өлімге болмады əсте ылаж,
Қане, ол сахабалар Омар білəн?!
Көтерілді жер жүзінен əнбиялар,
Қалмады діндар, заһид, əулиелер,
Тасталды дұға, тəспі һəм мадақтар,
Қалмағай күн, жұлдыз, айы білəн.
Хат секілді жиналады бұ жүректер,
Айбатынан сезіп ағар егіз таулар,
Жер жүзінде өнген өнім жасыл гүлдер,
Құриды өзен, ағаш, жемісі білəн.
Достарым, бұ өлімнің заһары тиер,
Менмендік қылғандардың мойнын иер,
Керек бай, керек шығай бəрі өлер,
Алады көр, жандарын қаһары білəн.
Ғаріптікте бірді уайым қайғышыл болдым,
Бұ өлімнің айбатынан гүлдей солдым,
Құл Сүлеймен, рахметінен нығмет еттім,
Қорқамын құтылдым деп назары білəн.
* * *
Жанар тауы болып ап жүргенше,
Тəубе қылып, құзырет жаққа барғым келер.
Шын ықыласпен жарандардың ізін іздеп,
Шариғатта шын мекенге жеткім келер.
Шариғатта тура жолға барған болып,
Махаббаттың дариясын жүзген болып,
Одан кейін тариқатқа қадам қойып,
Хақиқат дүрлерін тергім келер.
Шариғаттың шартын орындап ап,
Тариқатта тəркі дауын қойып ап,
Хақиқат жарғысын алып ап,
Сыр гауһарын құлағыма салғым келер.
Сырды алып мекенсізді артқа атып,
Ынтықтық жүгенін қолға алып,
Жарандардың ізін іздеп, жүгіріп жүріп,
Мағрифаттың мекеніне жеткім келер.
Мағрифат суы бірлəн күнəні жуып,
Ықылыс бірлəн зар еңірейін одан тойып,
Дауды қойып, сенім теңізі ішіне батып,
Уахданият312 кемесіне мінгім келер.
Ол теңіз ішінде дүр, гауһар ешкім білмес,
Ғаууас316 алар, сол дүрді ешкім алмас,
Ғапілдер адасушы олар амал қылмас,
Ғапілет тонын салып амал қылғым келер.
Риязат айдынынан тəнсіз тұрып,
Менмендік мақамынан түгел өтіп,
Тəкаппар тағын онда жерге ұрып,
Ізет салып қорлық тонын кигім келер.
Құл Сүлеймен жаран жолын ала келгін,
Əр жерде ерді көрсең құлы болғын,
Əрине, мағына сұрап, мағына алғын,
Мағыналы құлдың құлы болғым келер.
* * *
Кімге опа қылды үшбу фəни дүние,
Бізге тағы бұдан опа келері жоқ.
Келгін достар, мұнда бүгін азық алғын,
Жарын онда өкініш күнə қылары жоқ.
Ақиреттің азығы-дүр ораза, намаз,
Намаз қылмас, ораза ұстамас мүмін емес,
Күмəнсіз қиямет күні ол Бейнамаз,
Мың күн жылап, бір күн сүйініп келері жоқ.
Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли, қане,
Əбу Ханифа, Шафиғи, Зұһра, қане,
Зұлқарнайын ол Мұхаммед сұлтан, қане,
Олардың бізді ұстап табары жоқ.
Қанша көп жас-жасың ақыры өлер,
Төрт аяқты жаназаға мініп келер,
Қара жердің қойнына бір күн кірер,
Ешкім де мұнда мəңгіге қалары жоқ.
Кім мəңгі қалған болса айтқын маған,
Осы өлім бізден бұрын тиді оған,
Əзірейіл жан тілеп келер саған,
Дүние малын орнына берсең алары жоқ.
Тəңірлікті даулаған Перғауынды,
Рубубият317 даулаған Намрұтты,
Дүние малын жиған малғұн Қарұн қане?!
Олар Хақ рахметінен болары жоқ.
Қане, ол əлем мақтанышы Мұхаммед,
Ием Алла қылды оны əлемге рахмет,
Мүмін құлдар жұмақ ішіне кірсін рахат,
Мəңгі тамұқ ішінде қалары жоқ.
Құлмын деп, қызметіңді қыла тұрғын,
Ақирет аспабын ала тұрғын,
Бұ дүние қайғысын артқа салғын,
Барғандар қайта жəне келері жоқ.
Құл Сүлеймен үміт етер Қадыр мейіріміңнен,
Қорқамын Əзірейілдің үрейінен,
Достарым, қияметтің айбатынан,
Ата-ана, ұл-қыздың білері жоқ.
* * *
Айтайын өз халімді есіткін, достар,
Өмір зая өтті ғой, тоймадық па?!
Сахар уақытында қажетімді қажетсізге,
Күнəмді жарылқау қылмадық па?!
Күнə-қылмыс істеріңе ақыр таянса,
Ол Мəулім бірлігін анық білсе,
Хақиқат тəубе қылып өзін білсе,
Ол тəубені қылып өзім (ді) білмедік пе?!
Өзін білген құлдарына жұмақ халал,
Тағам ішінде қылмағын сен тағы залал,
Бағыттаған өзін саған ол Зүлжəлəл,
Ол Жəлəлдің318 айбатынан қорықпадық па?!
Хақтан қорыққан құлдарға рахмет жауар,
Бұ сараң дүниеден өзін тартар,
Айқай салып шайтан лағын өзін өртер,
Қаһар қылып шайтан заһарын жармадық па?!
Жүргін дүниеде өзің бейтарап,
Ақирет аспабын түгел көтеріп,
Сахарда қажет оғын ғарышқа тартып,
Ондай қажет бірлə өзін жауламадық па?!
Өзіңе жұмақ керек болса «Алла» дегін,
Хақ жадының лəззатынан үлес алғын,
Сауық шарабын ішіп ап сырыңды жауғын,
Өле сол шəрбет ішінде қалмадық па?!
Ер болар ма, ессіз өмірін елге берсе,
Ақылды емес, азықсыз жолға кірсе,
Мүңкір-Нəңкір «мəн раббук?» деп сауал салса,
Ол сауалға жауап анық қылмадық па?!
Құл Сүлеймен хақиқатта өзіңді біліп,
Керекті істеріңді жинап алып,
Өзіңнің қажетіңді арыз қылып,
Шындық бірлəн қажетіңді өтемедік пе?!
* * *
Қара, бұ Дəуіт ұлы Сүлейменге,
Бұ жаһан патшалығын бермеді ме?!
Адам, құрт-құс, дию-пері,
Барша мақұлық көр, бағынышты болмады ма?
Оңында үш жүз алпыс алты мінбер,
Солында күміс күрсі жабар гауһар,
Дəуіт ұлы Сүлеймендей туар кім бар,
Батпас күн қайта оған батпады ма?!
Дүниеде Аюб қанша реніш көтерді,
Сансыз мың құрттарға тəн жегізді,
Мəуліге сүйеніп тік отырды,
Түспес құртты қайт алып салмады ма?!
Тəңірлікті даулады сол Намрұт,
Үкім бірлəн құстарға берді ол құт,
Хəлил үшін түні-күн тынбай өртенер от,
Құс мініп оғын көкке атпады ма?!
Намрұт лағын оғын көкке атты алып,
Қайта келді оның оғы қанға тиіп,
Лағын көңілі мұңайып солмасын деп,
Оғын атып, балық үстіне тимеді ме?!
Ибраһимға от бостан болды шешек,
Исмайылға қашан өтті өткір пышақ,
Пəрмен бірлə көктен енді көк құшақ,
Құрбан үшін жанын пида қылмады ма?!
Көріңдер Ғимран ұлы Мұса Кəлім,
Асасын елге алды, келді кəлим,
Ғишық үшін Шұғайып қойын күтті қанша,
Сабыр қылып мұрат-мақсатына жетпеді ме?!
Мұсаға мұғжиза болды аса,
Перғауынды жадыгөйін жұтты баса,
Ол мұңды Мəриям ұлы сақшы Иса,
Опа етсе өлік тіріліп тұрмады ма?!
Шебердің не ғажап өнерлері бар,
Мəриямға ол халайықта қарсылық бар,
Исаға «сөйле» деп қылды қарар,
Əкесіз Мəриям ұлы тумады ма?!
Перғауын лағын əскер жиды зұлмат бірлəн,
Ніл319 дариясы толқын ұрды құдірет бірлəн,
Ол дарияны Мұса кешті көмек бірлəн,
Ол Перғауын суға шөгіп жатпады ма?!
Мұса Кəлім сау-саламат өтер болса,
Иесіне хəмд, сəна айтар болса,
Қайтып əскерін көрер болса,
Перғауынға халің не деп сұрамады ма?
Алты жүзден екі өксік еді бəрі,
Ер құрында Құл Сүлеймен сөзі бəрі,
Сабыр бірлə жарылқайды құлын Мəулім,
Елу жасап, алпыс үште өтпеді ме?!
* * *
Жаратушым кеңшілігі бірлəн бұ топырақтан,
Атамыз ол Адам шықпады ма?!
Көктегі жүз мың сансыз періштелер,
Баршасы оған сəжде320 қылмады ма?!
Қоймады Ібіліс оған сенімді,
Болды əлем ішінде малғұн əйгілі аты,
Басылды оған лағынет дағы,
Құзыреттен мақрұм болып кетпеді ме?!
Бір Хаққа шын берілмеген ол жəһілдер,
Мұғжизаны көп көрсетті Нұх пайғамбар,
Қарамады əсте оған мұғ, тарсалар,
Жер жүзін су басып толмады ма?!
Жаратқаннан жарлық болды оған илһəм,
Құрт-құс, киік бағынышты болды тамам,
Жын-перілер еркі ол Сүлеймен,
Бұ дүниенің мүлкін ұстамады ма?!
Пəрмен болды балық жұтты Жүністі321,
Қана ішті Қызыр, Ілияс мəңгі суды,
Асылы анық ол пайғамбар Жүсіпті,
Мысырда ертіп керуен сатпады ма?!
Хижап бірлəн сөйлестірді Хақ Мұсаны,
Көкке асырып, өмір берді ол Исаны,
Бес таудан тас тасып ол хаж Қағбаны322,
Ибраһим Хəлиулла оны жаппады ма?!
Тəңірдің арыстаны еді Əли,
Айбаттанса жарылды кəпір зəрі,
«Үмбетім, үмбетім» деп əлем мақтанышы,
Дүниеден құтты қадам өтпеді ме?!
Ер өтті төрт мың төрт жүз ғұламалар,
Қане, тағы жүз мың сансыз əулиелер,
Дүниеден көтерілді берекеттер,
Мейір-опа, рахым-шапағат кетпеді ме?!
Жад қылдым он екі мың пайғамбарды,
Əуел баста атамыз Адам Сафи,
Міскіндікте Құл Сүлеймен Хақ жадын,
Түні-күн көңілінде жад етпеді ме?!
* * *
Келгін, достар, қанша өтті, қанша қалды,
Не келерін, не қалғанын білген бар ма?!
Мұнда қылған істеріміз сұралар онда,
Сұралмастан құтылып еш қалған бар ма?!
Сұралмайды егер болса ізгі амал,
Күнə амал баршамызға жаман болар,
Түні-күн дайын болғын келер ажал,
Келер дүние мұнда жырақ қылған бар ма?!
Жырақ қылар хəмді, сəна, шаһадатты,
Əдет қылар құлшылық пен қанағатты,
Бір күн мінер ол жаназа атты атын,
Ол атқа мінбестен еш қалған бар ма?!
Құтқарғын мұнда өзіңді құлшылық бірлəн,
Кірмегін тамұқ ішіне менмендік бірлəн,
Мəулімге құлшылық қыл ерлік бірлəн,
Құлшылықсыз өзін оттан сақтаған бар ма?!
Құлшылықсыз болмайды тегін дидар,
Еңбексіз ер мирасы қашан тиер,
Омансыз ғаууас қашан гауһар табар,
Жарансыз кеніш қалап тапқан бар ма?!
Ізгі мысал кеніш жатқан ер, жаран болар,
Қызыр бірлəн Мұса Кəлім жаран болар,
Қал ұлы хəл есікке қайран болар,
Хəлді көріп, қал ісін қылған бар ма?!
Құл Сүлеймен хəл бірлə хикмет түзер,
Хəл бірлəн амал қылса нəпсін үзер,
Заһир ойран, батын ғажап кіріп кезер,
Ғишық базары ашылды рахат алған бар ма?!
* * *
Илмəл йақин323, айнəл йақин болса, достар,
Бұ бір басқа не келерін білер ұқсын,
Он мың сүрлеп, жүз мың тездеп көнбес өзің,
Оқтай жолың болып тезсіз күйер ұқсын.
Керек болса тауыс секілді нақыш етіңдер,
Жүз мың алуан түрлі шешек баршын етіңдер,
Алтын тамды, күміс затты үйлер салыңдар,
Деме əсте өлмеймін деп, өлерін ұқсын.
Асылың топырақ, тоның жапырақ білмей қалай,
Керек болса ел ханы бол, керек мүлік,
Қаншама етсең сұрасаң емес көлік,
Бір күн қойып жер қойнына кірерін ұқсын.
Керек болса мəңгі суын тойып ішсең,
Айтпа əсте өлмеймін деп, өлерсің ұқсаң,
Керек болса Зұлқарнайындай жаһан кезсең,
Керек болса ғаууастардай жерге батсаң.
Біледі екен інжу тағып, дүрлер тердің,
Көреді екен жанар отқа өзің кірдің,
Құл жолымен жүрместен, қоқыс кірдің,
Тың түсің көнді сен һəм көнерін ұқсын.
Алдамшы дүние торын құрды, басты сені,
Сен білмедің өтпес пышақ осты сені,
Биік таулар ауырланып басты сені,
Аш көтермес таулар өзің көрген ұқсын.
Тамшы судан сені бейне қылды Сұбхан,
Тартынбастан түрлі нығметті берді алуан-алуан,
Халіңді біл не болар өзіңді жол,
Құл Сүлеймен сөз қадірін білген ұқсын.
* * *
Барсаңыз ғаріптердің базарына,
Ол базардың нарық құнын біле келіңдер,
Ол базардың нарқы құнын білгеннен соң,
Одан кейін Хақ саудасын қыла көріңдер.
Ол базардың нарқы құны көп-дүр тағы,
Тыңдасаңыз айтайын сізге, ей, діндар,
Өмір соңы өкініш екенін біл, ей, бауыр,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
Ол базардың нарқы құны қымбат екен,
Ессіз надан ол базарға кірмейді екен,
Ғашық құлдар ол базардан шықпайды екен,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
Ол базардың нарқы құнын білген құлдар,
Тəн қуратып, жүз сарғайтып, заһар жұтар,
Саудасыз ғапіл құлдар қанды ішер,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
Ол базардың нарқы құны діннен екен,
Жолы ұзақ, асулары қиын екен,
Күнəһарлар ол базарға кірмейді екен,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
Күнəһарлар қылдым дер Хақ саудасынан,
Қылғаны жоқ қылдым дер əуесінен,
Құтылмас ол нəпсі қалауының пəлесінен,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
Ол базардың дүкендері біл ирадат,
Қайтымы мағрифат бірлəн сұхбат.
Делдал сенім бірлəн қызмет,
Ей, достар, Хақ дидарын қыла көріңдер.
Құл Сүлеймен Хақ саудасын қылмадың, сен,
Өтті өмірің, ғапіл жүріп білмедің, сен,
Құл «йə ғибəди»324 аятына сиынғын, сен,
Ей, достар, Хақ саудасын қыла көріңдер.
* * *
Кірдім мен тариқаттың базарына,
Бағасыз киімдерінен алса болмас,
Кидім мен ғишық тонын бойға лайық,
Алайда бағасын білсе болмас.
Мұратым ол базарда қылсам сауда,
Тəні-жаным, бар болмысым қойсам онда,
Қаншама қиын істі болса қатты,
Саудасын қылмайынша жатса болмас.
Ол базардың дүкендері біл ирадат,
Пайдасы мағрифат бірлə сұхбат,
Делдалы сенім бірлə қызмет,
Жоқ болса саудасын қылса болмас.
Шариғат базарында білім керек,
Тариқат базарында тақсыр керек,
Хақиқат базарында тұтқын керек,
Əлем жиылып Хақ тұтқынын білсе болмас.
Махаббаттың шарабын ішкен ғашық,
«Алла» деп, айқай салар білгін анық,
Дауасы құзыретіне болса лайық,
Дидарын көрмейінше жатса болмас.
Бұ таңда керек болса бір ирадат,
Сырыңнан тілер сізге қош керемет,
Шын ғашық тартса керек мың маламат,
Маламатсыз осы жолға кірсе болмас.
Бұ міскін Сүлейменге дұға жары,
Дұғадан мақсаты ол Хақ дидары,
Бізден оза өтті достар бəрі,
Бұ дүниеде мəңгі бақи қалса болмас.
* * *
Сынайды пəле бірлə Хақ құлдарын,
Одан соң көрсетер жолдарын,
Батынынан кетірер қулық, айласын,
Қулық-айла салып, назар рахмет болды, достар.
Жарандар өтеді хəлден хəлге,
Қарап ап, одан көріп, кірді жолға,
Күнде тақты ол өзінің бір тар қылға,
Қашан шегіп əлем халқы үзді, достар.
Жарандар бір қыл шегіп үзбеді,
Көзімен түгел күнін кезбеді,
Фəни дүние нəпсі жолында азбады,
Түзіп сырын, үзіп жүрегін болды, достар.
Бұлбұл сипат шариғаттың гүлзарында,
Жүреді тариқаттың базарында,
Тұтқын болып хақиқаттың сырларында,
Одан кейін емші сопы болды, достар.
Тариқаттың базарына жаран кірді,
Діндарлық бірлəн батын жолын көрді,
Мұшаһида бірлə киімін құнды қылды,
Айқындалған болған болса алды, достар.
Ай секілді толысар нұрлы асхабтары,
Күн секілді раушан болар сүйіктілері,
Сөйлесе шашылады дүр-жауһарлары,
Ол ата Ибраһимнен сезді, достар.
Ол базардың неше түрлі алуандары,
Сүйеніш қылар, ілім оқыр хош хандары,
Неше түрлі асхабтардың тəн-жандары,
Атам Ахмет Иасауи еді, достар.
Ғалымдар қарайды ілім бірлəн,
Ғашықтар өтеді сыры бірлəн,
Етпесе көр көзі Хақ нұры бірлəн,
Ілім салып сырға қарап көрер, достар.
Шайқы Марғузи325 хажарларға ілім жүктеді,
Дауласумен Түркістанға ол жетеді,
Атаға жеткенінде ілім болмады,
Ілімін алып ата қарай салды, достар.
Имам Марғузиды атам қарсы алды,
Асасын алып жерге тиді,
Назар салды, көгерді, ағаш болды,
Марғузи көріп қайран болды, достар.
Марғузиді ата бастап үйге кірді,
Шайқы Марғузи атаға сəлем берді,
Марғузидан ата сəлемін алды,
Қызметшілер сұфра326 көтеріп келдік, достар.
Шайқы Марғузи алды азық жеп қалды,
Атаның кереметін онда білді,
Марғузидан ата көп мақам көрді,
Ол жерде ирадатын берді, достар.
Шайқы Марғузи ирадатын онда берді,
Марғузиді ата бастап қылует кірді,
Діндарларша тамақ тартты, мұрат болды,
Нəпсі тиді, өз шаһарына кетті, достар.
Жарандар мұрат тапты дайындығынан,
Риза болды жаратқан Қадыр одан,
Құл Сүлеймен хикмет айтты ойындағыдан,
Атам Ахмет хикмет сыйлап берер, достар.
* * *
Құрт жүгені тиді,
келдік шайқым көргелі,
Ғишық отына жығылып,
келдік шайқым көргелі.
Бұлттан күн шыққанындай,
жамалыңыз ашылды,
Хижаб қалмас арада,
келдік шайқым көргелі.
Шайқым жамалы жанда,
сыры тұрар Сұбханда,
Көңілі тұрар ихсанда,
келдік шайқым көргелі.
Шайқы ашылса аяусыз,
кетер, келер зор бақыт,
Шайқым қылар ілтипат,
келдік шайқым көргелі.
Кім шайқыға байланса,
байланды ол бір Хаққа,
Шайқы жеткізгей уəслатқа327,
келдік шайқым көргелі.
Жолдас жолға бастар,
жолдан ұшар құстар,
Жолдас қолынан ұстар,
келдік шайқым көргелі.
Көз ашылса көрерміз,
көргендерін сұрармыз,
Ием бірлəн жүрерміз,
келдік шайқым көргелі.
Мағрифаттың кенісіз,
ғашықтың иманысыз,
Құл Сүлеймен жанысыз,
келдік шайқым көргелі.
* * *
Ей, дариға, білдік енді өмір өтеді,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Бармақ керек ақиретке соңғы əмір,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Қорқып Тəңір Тағаладан һəм ұялып,
Пасық, ойнас бөденесін жерге шалып,
Өлген бірлəн өткендерден ғибрат алып,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Ажал келіп жанды үкімі бірлə алар,
Мал-мүлік, ұл, ошақ мұнда қалар,
Отбасыңды айқай шуға өлім салар,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Жаратқанның ақиретте сөгісі көп,
Баршаның жауап берер есебі көп,
Қорқыныш, үрей түрлі-түрлі азабы көп,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Дəулет кетер, дүние өтер өкініш бірлə,
Əзіз, киелі өмір өтер ғапілет бірлə,
Ғапіл болмай Жаратқанға тағат бірлə,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Тəн солдырып, жүз сарғайтып тағат етіп,
Зекет беріп, Қағба үйін тауап етіп,
Уақты бірлəн бес уақыт намаз дəйім қылып,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
Қызыл жүзің ақиретте солады,
Өлер халде көңіл қайғыдан толады,
Құл Сүлеймен, мал-мүлкің қалады,
Ақиреттің ісін мұнда қылғын, достар.
* * *
Ғашық құлдар арманы,
көрсе Алла дидары,
Дидар көрген ғашықтар,
сүйер жұмақ хорлары(н).
Хорды қарап кетеді,
сауық шарабын ішеді,
Мағрифаттың шашады,
болса Иемнен жары.
Жаран барша барды олар,
сол мекенге жетеді,
Сауал-жауап береді,
өшер тамұқ оттары.
Шариғат ол білері,
тариқат ол үлгісі,
Хақиқат ол арманы,
түні-күн күтер жары.
Құл Сүлеймен, тыңдағын,
құлшылықтан танбағын,
Бар жарағыңды алғын,
жоқ-дүр дүние жалғасы.
* * *
Мағрифатты достарым,
көлік қылып мінсем мен,
Махаббат дариясында
кіріп сайран салсам мен.
Үміт үздім дүниеден,
қорқамын ақиреттен,
Тілегім ол Мəулімнен,
Хақ жолына енсем мен.
Түсін көрмес келерден,
аша көрер кетерден,
Өмірім босқа өтпестен,
«Алла» деп өлсем мен.
Өмірім босқа өткердім,
қадірімді өшірдім,
Жалған уəде өткіздім,
қане, кешірім тілесем мен.
Аттанғын енді ақиретке,
сыйынғын енді Мəулімге,
Құл Сүлеймен дүниеге,
бір күн талақ берсем мен.
* * *
Көңілім тілер достарым,
Бірер уақытта айтсам мен,
Алла жадын айтып ап,
Шайтан зəрін жарсам мен
Қауіпте жүрегімді қинап,
Рухым атын ойнатып.
.....................................1
Ғишық жолына түссем мен,
Досым мұнда мен жырақ,
Азығым жоқ жол ұзақ.
Дүние, ақирет не керек,
Əзіз дидар сүйсем мен,
Гауһар жолым қоспағым.
Жүз жолға баспағым,
Өтінішім бар арманым,
Жан берерде тойсам мен.
Иманды құл өлмес ол,
Көр азабын көрмес ол,
Сұраушылар сұрамас ол
Иман бірлə барсам мен.
Жұмақ онда бар дейді,
Жолы сондай тар дейді.
Іші толған хор дейді,
Ғалымдардан сұрасам мен,
Құл Сүлеймен өлермін,
Не істерімді білмеймін,
Хақ дидарын көрермін,
Иман бірлəн барсам мен.
1 Қолжазбадағы бұл жол оқылмады.
* * *
Зындан ішінде жаратылған бостандар,
Жады ішінде болдым бостан, ей, достар.
Жадын айтсам жүз мың жылды қойса да,
Өкінбеймін жадын айтып өлсем мен.
Жады ішінде тердім жұмақ нығметін,
Тілемеймін бұ жаһанның құрметін,
Тілеймін мен бір Мəулімнің рахметін,
Тілегім менің қабыл болып өлсем мен.
Құзыретіне қабыл болса қайғым жоқ,
Əр мажаз махаббаттан қайғым жоқ,
Түні-күн жадын айтып тойғам жоқ,
Хаққа шығып ғарыштан ары өтсем мен.
Ием нұры көңілім ішінде нұрланады,
Ғашық құлдар «Алла» деп өледі,
Əр мажаз мені одан қориды,
Таупық болып Хақ құлшылығын қылсам мен.
Хақ құлшылығын қылды нəби, мүрсəлдар,
Расул тағы отыз үш мың жарандар,
Хазірет тағы барша төрт жүз абдалдар,
Ілтипат қылып олар бірлəн болсам мен.
Мүрсəл, патша, əнбиялар қалмады,
Сансыз ғашық сырын заһир қылмады,
Түні-күн Хақтан сырын тіледі,
Үмітім сол үлпəт ішінде өлсем мен.
Құл Сүлеймен мұңды тілім не қылар,
Сырлар сыры мұңды халін Раббы білер,
Медет жары илһəм нұры Хақ берер,
Арманым менің Хақ дидарын көрсем мен.
* * *
Көңілім тілер достарым,
Асхабтарды көрсем мен.
Асхабтар бірлə бірігіп,
Мəулім жадын айтсам мен.
Мəулім жады шарап ол,
Ішсем тəтті жалап ол,
Үшбу дүние ойран ол,
Ақиретке қарасам мен.
Дəруіш бірлə жүрсем мен,
Дəруіш сұлтан қилы жоқ,
Сыйла дастан əлі жоқ,
Алтын, күміс малы жоқ,
Қарсы көңілім берсем мен.
Дəруішке ақирет мүлкі,
Дүниеде жоқ керегі,
Хақ ризасы оныкі,
Болар сұлтан десем мен.
Ғайып екен дайындар,
Қараса мені таниды,
Бұ дүниені не істейді,
Арманым онда өлсем мен.
Құл Сүлеймен дұғашы,
Дəруіштердің қуанышы,
Асхабтардың миғражы,
Бұ күйде қажет (тілер) бұлбұлмын.
* * *
Қане, енді, мен бір Тəңірдің,
Ізгі құлы болсам мен,
Тəубе бірлə тіріліп,
Тəубе бірлəн өлсем мен.
Тілейтінім Мəулімнен,
«Алла» деп өлсем мен,
Ақиретке иманым
Сыйлық қылып берсем мен.
Бақша болса кесенем,
Шын көңілмен айтсам мен,
Періште айтса «мəн раббук?»,
«Раббым Алла» десем мен.
«Уə мə динук?»328 дегенде,
«Дінім – ислам» десем мен,
Ол қиямет күнінде,
Жарық жүзді болсам мен.
Заһидтар, құлдар, абдалдар,
Арасында болсам мен,
Хақтан Дəруссəламға,
Дəстүр тілеп кірсем мен.
Көрсем жұмақ нығметін,
Хəмді, сəна айтсам мен,
Нұрдан бақытқа отырып,
Алтын шарап құмырасын ашсам мен.
Ішсем жұмақ шарабын,
Нығыметін татсам мен,
Құл Сүлеймен дүниеден,
Шын көңілден кетсем мен.
* * *
Еңірей, еңірей, еңіреп,
Мəжнүн талап болдым мен,
Тыным рахат қылмастан,
Иман сыйлы болдым мен.
Заһирларым жиылды,
Уəжд хəлат329 жығылды,
Сырлар сыры тығылды,
Ілтипатым болдым мен.
Ілтипат данышпан қылды,
Ирадат уасыл330 қылды,
Өзгеден табыс қылды,
Болмыс сырын білдім мен.
Асылым жоқ қой əлемнен,
Заһир қылды Адамнан,
Сүйікті жанды сол демнен,
«Əрни» деп құлсам мен.
Əуелі қабыл ол қылды,
Ғишық құшағына жеткізді,
Заһирдан көзім жұмдырды,
Фəна болып жеттім мен.
Мақұлықаттың Тəңірі,
Ғашықтардың мешіті,
Барша ғалым мақсаты,
Деп талап қылсам мен.
Мұнда болсам, мұнда сен,
Онда болсам, онда сен,
Һəм мұнда сен, онда сен,
Деп қайран қалдым мен.
Ілтифаты жетілді,
Хакім ғишықтан айтылды,
Ғажап жолға кететін,
Таупық жолдас болдым мен.
* * *
Таупық болдым, тəуекелді көлік қылдым мен,
Ғишық жолына кіргенімнен жанбаймын.
Ер болар ма, сүйінгеннен жанар болса,
Ата болдым, қате жолға қарамаймын.
Бұ ғашықтық Раббыдан құлға сыйлық болар,
Ғишықты білмес барша ісі қате болар,
Өтті өмір, санаулы күнім жақын болар,
Өкініш бірлə сезіп қалай жыламаймын.
Машұқы үшін Ибраһим120 отқа кірген,
Исмайыл121 жанын пида қылып берген,
Шибли142, Жүнейд143, Баязид ғишықты сүйген,
Əр мажаз сөзін əсте ұқпаймын.
Бірді сүйдім, сыр ауладым, көңіл қойдым,
Оны ұғып, Ием қадах һəм тіледім,
Барша сорды жұттым, енді бал жаладым,
Əсел татқан тілге жуа сұқпаймын.
Сүйдім оны, сүймектікке болар лайық,
Тəнім əлсіз екен жаным сүйгенінде,
Күнде үш жүз алпыс назар құлдарына,
Ізет сақтап тік жоғары қарамаймын.
Құл Сүлеймен мұң болды ісім менің,
Алла жадын айтса иілер басым менің,
Сағынып тұрсам қиын болар ісім менің,
Өзім азып, өкініп қалай тұрмаймын.
* * *
Не махаббат екен бұ,
Сүйікті жаққа өтпеймін,
Дайын болып өзім мен,
Құзырет жаққа жетпеспін.
Құзыретінде əзірлер,
Сырлар сырын сөйлейді,
Өзімді өзім іздеймін,
Қайда барарымды білмеймін.
Білсем еді жете ердім,
Өзім(ді) онда жетелер едім,
Құзыретке тура келер едім,
Ол білгенше болсам мен.
Тілегенім бір Алла,
Айтсам үздіксіз түні-күн «аһ»,
«Аһ»-тан мұрат – Алла.
Сырларыңа жетсем мен.
Атқа себеп зат болар,
Затқа себеп ат болар.
Һəм ат жəне һəм зат болар,
Жаддан жадқа өтсем мен,
Қалса бұ мендік менде,
Болам хастар қатарында,
Өзім уахдат сырында,
Жалғыз бола білсем мен.
Құл Сүлеймен қайраншы,
Тариқатта жалаңашпын,
Түні-күн ұстаушы айғақпын,
Не істерімді білмеймін.
* * *
Не махаббат от екен,
Өрте мені күймеспін,
Ынтық қылды бұл мені қайда,
Қайда барарымды білмеспін,
Өртендім мен от болдым,
Күйдім-пістім күл болдым,
Оттар оты мен болдым,
Өзім оттан таймаспын.
От болар ма жалынсыз,
Ем болар ма дəрісіз,
Бұ не ем амалсыз,
Іздеп дəрі таппаспын.
Барша отты су өшірер,
Бұ не от су күйдірер,
Оттар оты бұл болар.
Ондай отты білмеппін.
Дертімді білген емші жоқ,
Халімді сұраған жолдас жоқ,
Мендей мұңды ғаріп жоқ,
Мұң сырымды айтсам мен.
Кім патша да, кім шопан,
Кім киім киер, кім шапан,
Кім пəс жүрер, кім биік,
Биік жатуды айтсам мен.
Құл Сүлеймен əлсізбін,
Күнəме мұқырмын,
Досым гауһар, мыспын,
Мыстықтан танбаспын.
* * *
Жүз мың шүкір Жаратқанға,
уисал331 нəсіп қылды,
Едім жалғыздық тұтқыны,
уисал менікі болды.
Уисал жүгін жүктеген,
уисалдан ем тілеген,
Жақыптайын еңіреген,
Жүсібі не болды?!
Жалғыздық болды мазағым,
жақын келді жырағым,
Жылап тынбас жалғызым,
аздап бүгін күледі.
Жалғыздығым бар болды,
дұшпан жылап, дос күлді,
Арманым мұндай түн еді,
Ием нəсіп қылды.
Қалай шүкір қылмайын,
көзден жасым тынбайын,
Сағыныш бірлəн болмайын,
шынайы достар күледі.
Түздім жүк Қап тауын,
кездім ғишықтың бағын,
Кіріп үлпəт ағыны,
қауышу құсын алмады.
Уисал жақты шырағын,
Сүлеймен қылсын жарағын,
Тұрып достар самағын,
ғашықтардай салады.
* * *
Бұ əлемде Алла жадын айтқым келер,
Күнəларды көңілдерден жуғым келер.
Мағрифаттың майданында жүріп ап,
Махаббаттың шарабын ішкім келер.
Махаббаттың шарабын ішкен жаран,
Мүрит болып, мұрат жемісін қылған жаран,
Тəубе қылып, Хақ жолына кірген жаран,
Түні-күн көзде жасым шашқым келер.
Жүрмеймін, жалғыздықта бола алмаймын,
Көзімді көтеріп бұ жаһанға бақпаймын,
Ояндым мен дүние əсте қаламаймын,
Бұ дүние жапа екен, қойғым келер.
Жүреді екенмін тағылықта енді білдім,
Көңіл құсы қырғи екен, енді алдым,
Не қылсам да күнəма тəубе қылдым,
Өткінші өмірге өкініп-өкініп жатқым келер.
Өмір өтіп, өкінбесе ер болар ма,
Елу жасап алпысқа жетпей қалар,
Қиямет күн ғарасатта қайғы жер,
Ол ұзақ жол азығын алғым келер.
Ер сол болар, бүгін мұнда ісін етсе,
Жары үшін жер қойнында жалғыз жатса,
Мүміндерді жұмақ жаққа ертіп барса,
Мен құл онда сираттан өзім өткім келер.
Жүз мың шүкір Құран берді заһирыма,
Екінші шүкір иман берді батыныма,
Рахым Мəулім жарын берсе санама,
Құл Сүлеймен бірер хикмет айтқым келер.
* * *
Күнə татын сүйсе көңіл,
Хақ жады ол татты ашар дейді,
Жад қылған Мəулімді тірлігінде,
Ақыры бұ өмірден өтер дейді.
Тариқат жолына жаран енді,
Енді, міне, «һу» жолына жақсы көнді,
Жанды-ұшты, шықты ғарышқа қонды,
Ол жандар жұмақ ішінде ұшар дейді.
Керуен біржола көшті елден шықты,
Көрістан332 мекеніне түсіп қонды,
Сүйегіміз жатсын деп бізге шықты,
Барша халықты ол мекенге көшер дейді.
Көрден көшіріп Ғарасатқа барар дейді,
Ізгі іс-амалдарды сұрар дейді,
Сансыз мың айбаттарды көрер дейді,
Ол айбаттан ата ұлдан қашар дейді.
Жылан, шаян жүгіріп қарсы келер,
«Күнəһар құлдар, қане?» деп айқай салар,
Тамұқ оты лаулап одан өтіп келер,
Қар-жаңбырдай от ұшқынын шашар дейді.
Қылмысына сауал-жауап ол күн берсе,
Одан кетіп тамұқ жаққа шабуыл қылса,
Сүйікті құлдар жаппай келіп отқа кірсе,
Лаулаған тамұқ оты өшер дейді.
Хас құлдарды нұрдан таққа отырғызып,
Залымдарды жаһаннамға жатқызып,
Бұ өлімді құш мəңгілік келтіріп,
Қасапшыдай оның тамағын кесер дейді.
Жарандар қанат жазып ұшар уақытта,
Жетіп сират көпірден өтер уақытта,
Жұмақтың шарабын ішер уақытта,
Залымдарды қинар, рахым ішер дейді.
Құл Сүлеймен ілім хикмет айта көр,
Бұ дүниеде жетер азық ала көр,
Қиямет күн хас құлдардан бола көр,
Ол күн онда мұңды, хасты айырар дейді.
* * *
Ғашықтықтың дауын қылған кісі,
Машұғынан тіптен алыс болғаны жоқ.
Ғишық гауһары түпсіз теңіз ішінде жатар,
Əрбір ғаууас келіп оны алғаны жоқ.
Гауһар алар ғаууас керек жаннан кешсе,
Уəли болар сауық шарабын əркім ішсе,
Қанша есепсіз, сансыз мың ол жылдар өтсе,
Ғишық шешек əсте құрып солғаны жоқ.
Ей, ғашық, іздегін сен Хақтың жолын,
Ғишық бағында салғын сен сырлар гүлін,
Бейнет бірлəн сынайды екен Мəулім құлын,
Шын ғашық көңілін өзгеге бұрғаны жоқ.
Махаббат дариясын көр толқын ұрар,
Ілім, амал құл онда шөгіп батар,
Бұ дарияға кім кірсе де қашпайды одан,
Сүйікті тағы еш сүйіктісіз қалғаны жоқ.
Құл Сүлеймен қабыл қылды имандықты,
Қабыл қылды ғишық отына күймектікті,
Жанын беріп сатқан алды сүймектікті,
Шын сүйемін, Мəулім, сені, жалғаны жоқ.
* * *
Ей, ғашықтар, мадақ атын мен айтайын,
Ол Мұстафа екі жаһан сұлтанының.
Ей, үмбеттер, хош тыңдаңдар Хақ Расулды,
Сахабалар көрген түсін жорығанын.
Бір күн Расул соңғы демде қатты жатты,
Қу ажал сол күндері жақын келді,
Əбубəкір зар еңіреп жылап жетті,
Айта берді сол күн түс көргенін.
Деді: «Ей, көзім нұры, жан рахаты,
Сахабалар сүйеніші һəм қуаты,
Фатима, Хасан333, Хүсейннің һəм дəулеті,
Жақсы жорығын, құлдың көргенін.
Көреді ұлы сəлде бар басымда,
Халайықтар тұрар еді көп қасымда,
Ғайып болды ол сəлде бұ басымда,
Еш білмедім, кімнің сонда алғанын».
Расул айтты: «Ол сəлде құрмет болар,
Басыңыздан кетер дəулет Ахмет болар,
Менен кейін сіздерге көп болар»,
Əбубəкір қайғылана сонда күрсінді.
Сол мезетте Арыстан Омар келді жетіп,
Көздерінен қан жас ағып, жаға жыртып,
Хақ хəбибінің аяғын құшып сүйіп,
Ол һəм айтты өзі көрген ахуалдарын.
«Жүзігіңізді тағып едім саусағыма,
Көп жарандар қызметші еді құзырымда,
Сол жүзік ғайып болды өз қолымнан,
Еш білмедім, қалай түсіп қалғанын».
Расул айтты: «Сол жүзік ізет еді,
Араңызда бұл Мұхаммед құрмет еді,
Ғайып болған сол ізет Ахмет еді»,
Сол жердегі достар қайғылана бір күрсінді.
Сол кезді жетіп келді білгін Оспан,
Өз түсінен өзі қорқып көзі жастан,
Іші-бауыры Расул үшін қатты қайғырып,
Сұрады Расул біліп жүрегінің қайғысын.
Айтты: «Ей, осы құлдың сүйеніші,
Көрер дəрет қылып, мұсхаф334 ұшты,
Оқыр едім əріп, аят көтеріле ұшты,
Жорып бергін əлсіз құлдың көргенін».
Расул айтты: «Ол мен едім, көшіресіз,
Мұсхаф секілді шырақ едім, өшіресіз,
Менен кейін тəтті сəтті өткізесіз,
Əзіз ұстағын енді қалған ұланды».
Сол мезетте айқай салып Əли жетті,
Жаралы көңілдерге тұзды септі,
Жеткен соң Расул аяғына жүзін сүртті,
Расул сұрады не болған жағдайын.
Əли айтты: «Ғазауатқа сауыт кидім,
Кəпірлерге тас-темірдей қарсы тұрдым,
Бар бойымнан сауыттың шешілгенін көрдім»,
Айта берді қайран болып қалғанын.
Расул айтты: «Бұл Мұхаммед алыс кетер,
Бүгіндері жанын беріп азат болар,
Дұшпандарға енді жүзің сары болар»,
Бұ қайғы бірлə жұбатты ол Арыстанды.
Сол мезетте Фатима өзі келді,
«Əкем» деп, екі көзі жасқа толды,
Мың ұлдан артық деген қызы келді,
Зар еңіретті сонда тұрғандардың бəрін.
Айтты: «Ей, дүние сүйеніші, мейірбаным,
Пида болсын, ей, əке, сізге жаным,
Түс көремін күйреп түсті кигендерім,
Қайғым киер əкем» деп дəрменін.
Расул айтты: «Кигендерің болар зейнет,
Халайықтар арасында ізет-құрмет,
Əкең кетіп, сен көрерсің реніш махаббат,
Көріпсің сол ізет-құрметтің кеткенін».
Жетіп келді шаһзадалар көзі жас болып,
Көздерінің пияласы жасқа толып,
Сұлу жүзі күзгі жапырақтай мұңсыз солып,
Сұрады Расул жүзінің не үшін солғанын.
Деді олар: «Екі жаһан тірегі,
Дүние соңы үмбеттердің қорғанышы,
Хасан, Хүсейн, сахабалар таянышы,
Ауыз бармас айтса олар көргенін.
«Ұлы атам отыр еді тақ үстінде,
Сол тақты көтерді ғарыш үстіне,
Айқай салып жылар едік біз астында»,
Сол себептен жүздеріміз солып еді.
Расул айтты: «Табыт тағын əкеледі,
Мені салып періштелер көтереді,
Ол садратул мұнтаһаға жеткізеді»,
Хасан, Хүсейн жұтты сонда қайғы демін.
Отыз мың сахабалар төкті көз жас,
Жүректері сол таққа болып мұңды,
Фатима қайғы жұтып болды мұңды,
Біліп Расул сапар қылар уақытын.
Достардың жүрегін қайғы басты,
Шарлап Расул құлағына бір сөйледі,
Сабыр қылмай Фатима һəм көп жылады,
Уəде берді сүйіндірді ұланын.
«Уəде берді көзімнің нұры, ей, қызым,
Сабыр қылғын, алты ай бұ ажырағаным,
Менен кейін келгін маған, ей, қызым,
Сыр айтармыз онда Хақтың бостанын».
Жетті өлім Адам, Мұса Кəлімді,
Нұх, Иса, Ибраһимдай хəлилді,
Баршасының шырағын Ол сөндірді,
Ей, əзіздер, қайғысы жоқ қалғанының.
Ей, үмбеттер, қожаңызды көп жад етіңдер,
Аты шықса сəлем айтып жар салыңдар,
Жаһаннамнан өздеріңді құтқарыңдар,
Мəулім сүйер пендесінің жылағанын.
Шүкір еткін, тəтті болар достың сөзі,
Достың сөзі шықса жылар достар көзі,
Құл Сүлеймен Тəңірім қылар иман несібесі,
Ер сол болар, берсе онда иманын.
* * *
Бұ дүние опасыз-дүр, ей, ғапіл,
Қадыр Тəңірім пəрмен қылса өлмейсің бе?!
Ақиретке еш бұрмадың көңіліңді,
Жалған жүз істеріңнен ұялмайсың ба?!
Түні-күн пікірің, зікірің дүние бірлəн,
Өтті өмірің ақыры қу нəпсі бірлəн,
Заһир, батын ісің барша рия335 бірлəн,
Батыл пейіл істеріңнен ұялмайсың ба?!
Ақшам жатсаң таң атқанша тұрарың жоқ,
Муаззиндер336 жар салады хабарың жоқ,
Хақ Тағала құлшылығында ықыласың жоқ,
Міндет қылды бес намазды қылмайсың ба?!
Фəни жерден бақи жерге кету керек,
Ұзақ жолдың азығын алу керек,
Мекеніміз тар лақатта жату керек,
Мүңкір-Нəңкір сұраса жауап бермейсің бе?!
Ертелі-кеш насихатшылардың ақылын ал,
Пəк ұстағын болмысыңды таза қыл,
Жеу-ішу харамдардан тəуба қыл,
Қияметтің тауқыметін тартпайсың ба?!
Ілтипат ұста тамұқ отын өшіре көр,
Қылдан жіңішке сират һəм өте көр,
Көрікті жұмақ есігін аша көр,
Нəсіп қылса кəусар337 суын ішпейсің бе?!
Құл Сүлеймен күнəңді білгін енді,
Зар жылап қожаң жаққа барғын енді,
Көңіл татын сап қылып келгін енді,
Ерте тұрып Хаққа үзір айтпайсың ба?!
* * *
Хас болып мүршидқа келер болсам,
Ғашықтардың мəсһабында338 болдым, достар.
Ол мəсһап бірлəн жолда жүрер болсам,
Фəналық мақамында болдым, достар.
Фəна болған түні-күн Хақты сүйер,
Ғишық отына өртеніп жүрегі күйер,
Мүңкірлер алыс тұрса зияны тиер,
Ақ көңілдің жүрегі кəуап болды, достар.
Ақ көңілдер сарғайып жетер шарабына,
Ғишық отына құлайды ол кəуабына,
Пердесін ашар мақсат рұбабына339,
Тарту бірлə рахат қылар, достар.
Тартусыз бұ мəжіліс һəм құрылмайды,
Мүршидсіз кəмілсіз жол жүрмейді,
Құры от көмірге қарылмайды,
Өзімшіл надан басын тасқа ұрды, достар.
Алмас, болат от-көмірге қуырылмастан,
Қайнатып үстіне соққы ұрылмастан,
Қылыш жүзді қылып қолға алынбастан,
Дұшпан мойнын кеспей жамал көрмес, достар.
Ғашықтарды осылай күйдіреді ол,
Ұстаға айтып соққы ұрғызады ол,
Қылыш жүзді қылып қолға алады ол,
Ол жүзден өз жамалын көрді, достар.
Ол қылыш қыннан шықса қан ағар,
Неше жүз мың қиямет таңдар атар,
Жасындай сират өтер болмас қатер,
Ғашықтар, ақ көңілдер өтер, достар.
Ол қылыш жарандардың хəлі болар,
Ол ерлердің мəртебесі жоғары тұрар,
Надан дауласар майдан бос тұрар,
Жарамсызын өзін отқа атар, достар.
Бұ майданның гүлі ашылып əсте солмас,
Бұ майданға кірген жаран əсте өлмес,
Бұ майдан жарандардан бос болмас,
Надандар кірместен өлер, достар.
Бұл майданға лайық жаран өлмей өлер,
Өлмей өлген кереметтің тонын киер,
Қауіп отына Құл Сүлеймен жүрегі күйер,
Ажал келді хəлдер қалай болар, достар.
* * *
Ол Бір уə бар жаратушы Жаппар ием,
Жарылқайды құлдарын себеп бірлəн.
Шайқы елінде табады мүрит қажетін,
Қажетін табар мүрит талап бірлəн.
Шайқының болар жанында мүрит жаны,
Шайқы риза болса ашылар мағына гүлі,
Жан мен хижаб, қу нəпсі, тəкаппарлық бірлə мені,
Хаққа бұ жан қалай барар махаббат бірлəн.
Кім мүрит болса да мұрат болар,
Сырдан əсер, ғишықтан хабар жанға болар,
Əзізді хор, хорды əзіз ол оқ қылар,
Ешкім əзіз болмас асылы тегі бірлəн.
Қандай мүрит шайқы алдында жүрсе зар,
Махаббаттың дариясына кіріп жүзер,
Қандай мүрит шайқы көңілін қылса азар,
Қинар оны Ием түрлі азап бірлəн.
Мүрит болғын, ей, ғапіл, мұрат болғын,
Ғишыққа мініп Хақ жолында түні-күн жүргін,
Құл Сүлеймен өзің біліп, үзіріңді қылғын,
Мағына сөзін сөйлегін сен əдеп бірлəн.
* * *
Мəулім бізді құдірет бірлəн көрікті қылды,
Көркінде аманатын алады екен.
Ұшып шықса жанның құсы қапастан,
Көрік қаласы ойран болып қалады екен.
Жан алмаққа Əзірейілге болса пəрмен,
Дүние малын пара берсең қоймас заман,
Сыйлағын Қадыр бізге анық иман,
Иман алып, тура жолға барады екен.
Ұлың-қызың барша болып жары қылмас,
Ол сағатта сөз айтуға тілің бармас,
Алтын-күміс, мал-байлығың ара кірмес,
Саясаттық ол күн басқа келеді екен.
Саясаттық ұлы күндер келсе басқа,
Көз телмірер ата-ана, қарындасқа,
Айбат бірлə мəлəкул-мəут тұрса басқа,
Жақын ісің сенен жырақ болады екен.
Ол бұлбұлдай сайрар тілдер тұтығады,
Екі көздің нұры сенен төгіледі,
Ол гүлдей қызыл жүздер солады,
Ағзаларың пара-пара болады екен.
Үшбу дүние бір сағат-дүр егер білсең,
Ол һəм тағы сағат саны тағат қылғын,
Түні-күн ұйықтамастан зікір айтсаң,
Ол зікірден «лəббəйк» жауап келеді екен.
Құл Сүлеймен көзде бұ жол жарағын,
Сырда жандыр махаббаттың шырағын,
Достарына береді екен пырағын,
Пырақ мініп жəннат ішіне кіреді екен.
* * *
Мағрифаттың атына аттанып,
Махаббатың қамшысын салғым келер.
Түні-күн тынбастан, көз ілместен,
Бұ Мəулімге қызметін қылғым келер.
Қылар едім шынайы құлдық таупық болсам,
Өкінішім жоқ «Алла» деп көрге кірсем,
Ол тамұқтың айбатынан сақтанып тұрсам,
Басымды тасқа қарай шалғым келер.
Заһид ішінде зуһд340 шақиқ341 балқытайын,
Мағрифат ішінде мəңгі семіп қалайын,
Бір Сұбхан сауығында қан жылайын,
Басымды ғарыш жаққа шалғым келер.
Заһидтар заһиды Баязид,
Баязид Бистами, Шибли заһид,
Хəбибулла ажамы342 Жүнейд, Сағид343,
Мен олардың кереметін білгім келер.
Салындым мен сүйіктімнің сарайында,
Сүйілгеймін, иншалла344, ол күн онда,
Диуанадай болып жүрсем ыстық жазда,
Күйіктен өртеніп өлгім келер.
Құл Сүлеймен мұң бірлəн күйдім, пістім,
Жанар от ішінде қалдым, өлдім, біттім,
Бұ фəни дүниеден енді кештім,
Əнқадай345 Қаптан ары асқым келер.
* * *
Көңілім көзі жамалын көрер болса,
Сырым сыры уəли болып қайран болды.
Мұжаһида риязаты фəни болып,
Мұшаһида сараптау бірдей болды.
Заһирым уайым бірлəн бізден қалып,
Кеңшілік бірлə ілтипаты қолым алып,
Батын сыры іздерінен бізді салып,
Құзыретіне жолықтырған ол Сұбхан болды.
Заһир, батын сырластары сахар болып,
Болмысым ағзалары нұрға толып,
Фəна болып, бақи ішінде дос болып,
Ол назарда жолықтырған ол Сұбхан болды.
Əріп еді тілде жадын айтқандарым,
Құмарлық болды көңілім ішінде аққандарым,
Ғайыптар ғайбының əлеміне баққандарым,
Құмарлық хəлат бойларына дəрмен болды.
Ол шаттық шабыттары келіп маған,
Іздерінен тандырды ол Ием оған,
Ей, құлым, таупық жолдас қылдым саған,
Құзыретімнен кетпегін деп жақсылық болды.
Жақсылығында мен шөктім, жұмдым бетім,
Ол махаббат дариясында гауһар таптым,
Уисал деп кеңшілікті отқа аттым,
Қиыншылықтан сыйлық маған Ғуфран346 болды.
Əдепте күйіп-пісіп күлер болсақ,
Рахат тыным таппастан желдей болсақ,
Назарда еріп, ағып судай болсақ,
Ғаріптікте Құл Сүлеймен Лұқман болды.
* * *
Достарым, бұ дүниеден ғапіл тұрып,
Тағатсыздана одан рахмет тілермін-ə.
Ғапілет түсіп, зұлмат ішінде қалып,
Түн таң қылдым, күннен жарық туармын-ə.
Өкініш, ғапілет, зұлматқа жуымаспын,
Ол бидғат347 ғимаратын тұрғызбаспын,
Күнəлімін, құзырет жаққа жүре алмаспын,
Мұңды басым міскіндерден сынармын-ə.
Міскін құлмын, йə, илəһім, халім сенсің,
Лəйім болдым, тағатым жоқ уəлиім сенсің,
Мұңдыларға ықылас берген Рахым сенсің,
Тура жолды түні-күн сенен тілермін-ə.
Сансыз қанша аттарың бар жаһан ішінде,
Тоқсан тоғыз атың мағыналы Құран ішінде,
Барша атың шапағатшы болып сахар ішінде,
Құлшылықтың жолдарын тілермін-ə.
Он сегіз мың əлем мақтанышы, дін сұлтаны,
«Рахмəтəл лил-ғəлəмин»348 деп атады оны,
«Уə мə əрсəлнəкə»349 деді жер-көк халқы,
Шапағаты өтіп келсе өтермін-ə.
Отыз үш мың үш жүз ол сахабалар,
Ахмет рухы Шибли, Жүнейд ол абдалдар,
Баршасын шапағат етіп, ей, жарандар,
Жаға ұстап қылдым жүзімді сары, міне.
Құл Сүлеймен əлсіз өзім əлжуазбын,
Бір түн қойып қажетімді өтемеспін,
Қу нəпсі(нің) хижабтарынан өтпеспін,
Ақыр халде иман сенен тілермін-ə.
* * *
Пайда қылды əруақтарды болмыссыздан,
Тағдыр қылды тура жолды қадамынан,
Иман, ихсан құлдарына кеңдігінен,
Ол уақытта достарына қылар болды.
Несібе берді алғырларға тура жолды,
Хақ дін еді құлдарына үлкен сыйы,
«Фəфирру илəллаһ» бұ аяты,
Момындарға үлестері тиер болды.
Момындарды көндірді өз жолына,
Дүние соңы тұрып бақпас тар жолына,
Ғаууас болып сүңгір ғишық көліне,
Махаббаттың гауһары тиер болды.
Сүйіктілері бақпас дүние ақиретіне,
Зар еңіреп тынбас түні-күн Мəулісіне,
«Əрни» деп еңірейді бір Иесіне,
Сүйіктілер сауық шарабын татар болды.
Шарап ішіп мас болып шыншылдары,
Алқа ішіне кіріп салынар хастары,
Сыры бірлəн сырласқан ол сүйіктілері,
Мұжаһида жасағын құрар болды.
Құл Сүлеймен құзыретке кірер болды,
Мұжаһида жасағын құрар болды,
Риязат оғын атар болды,
Бұ көмек Хақтан саған тиер болды.
* * *
Тыңдаңдар зікір үнін шариғаттан,
Ғалым жандар хабар берер тариқаттан.
Кім «Алла» десе болар хақиқаттан,
«Алла» деп Хақ зікірін айтқын, достар.
«Алла, Алла» деп тұрғын сенсең жанға,
Дұға, тəспі болып тисін көрістанға,
Құран оқып, тəкбір айт аталарға,
Бұйрығы құлшылық болар қылғын, достар.
Ер сол болар, ермін деп құлшылық қылса,
Қорқып Қаһһар атынан пəрмен тұтса,
Жеті тамұқ ұшқыны қарсы келсе,
«Алла» деп, одан қайтар білгін, достар.
Кім «Алла» деді өзін онда тапты,
Хақиқат сөзін сөйлеп олар ұқты,
Қанша жыл малғұн Шаддад жұмақ жапты,
Кірмеді, көріп ғибрат алғын, достар.
Барша жаран ондай істен ғибрат алса,
Иланбасын дүниесіне Қарұн болса,
Төрт мың төрт жүз жасап Лұқман болар болса,
Жоқ-дүр мəңгі қалған есітіп білгін, достар.
Аты мəңгі қалар оның еске алса,
Тəубе деп ирадатын шайқыға берсе,
Кім Алла атын айтып жүрер болса,
Орны жұмақ анық болар білгін, достар.
Жұмақ ішінде орын берген қандай жанға,
Исрафил сүрін тартар кіргін санға,
Кім сағат бірлə тілер болса тəнге,
Біз Мұхаммед үмбетіміз жүргін, достар.
Сұрамайды Мұхаммедтің үмбетіне,
Барша түсер ата Қызыр сұхбатына,
Қолын ұстасаң жалындайды жалын халге,
Жетпіс көңіл онда ұстап өлгін, достар.
Құл Сүлеймен көңілдерге берер нұры,
Базарындай Хақ ғишығында мыңда бірі,
Кім дəйім болса бір мезет Алла нұры,
Біз жетекші баршаңызға келгін, достар.
* * *
Айтайын ораза айдың қиссасын,
Ием Қадыр илһəм берсін бүгін-ə.
Режеп350, шағбан351 ораза ай үш түнді,
Барша ауам352, хас біліп тұрсын бүгін-ə.
Берді құнық, болды тынық білгін, дос,
Разы болса сегіз жұмақ анық дос,
Разы болған бар ма сендей атың дос,
Өкінер достар сырлассын бүгін-ə.
Режеп айы бұрынғылардың сағынышы,
Шағбан айы шыншылдардың қуанышы,
Ораза айы өткінші əлемнің сүйеніші,
Өсиеттер ұстанайық бүгін-ə.
Ораза айы – ғашықтардың өмірі ол,
Шағбан айы – үмбеттердің тəжі ол,
Ораза айы – əлем айы ол игі,
Ессіз ораза өтіп кетті бүгін-ə.
Ораза айы – барша айдың басы ол,
Ораза тұтқан екі дүниенің байы ол,
Қиямет күн – қараңғылық айы ол,
Ессіз ораза өтіп кетті бүгін-ə.
Ораза айы – тамұқтардың қалқаны,
Періштелер оттан діңгек тұтқаны,
Мұны есіткін енді ұқ, қане,
Тақсырлардан тəубе қылдым бүгін-ə.
Мешіттерді тарауық353 безеді,
Сахар уақыт қажет оғы кірленді,
Өкініш бірлə тамұқ оты көселді,
Тозақ отын өшірейік бүгін-ə.
Мүмін құл қажет жүгін көтерсін,
Қажетін қажетсізге өткізсін,
Құл Сүлеймен хикметіңе түсінсін,
Пайғамбарлар разы болсын бүгін-ə.
* * *
Жетті Құран əлем ілімі Тəңір сөзі,
Назар қылды көңілге Раббы салды өзі,
Ол мақамға назар салар көңіл көзі,
Көзім көрді, көңілім қарар қылмаймын ба?!
Бірлігіңе он сегіз əлем тұғыр,
Жеті қат жер, жеті қат көк тəспі оқыр,
Əлсіз құлмын мұңлы өзім пақыр,
Ақирет болдым дүние артқа салмаймын ба?!
Жад қылармын Хақты Алла жады бірлəн,
Іші-сыртым нұрдай жарар заты бірлəн,
Ихсан қылды Ием кеңшілік жомарттығы бірлəн,
Таптым гауһар, сатушыға сатпаймын ба?!
Мұхаммед Расулулла хəбибім ол,
Емін білген, шипа берген тəбибім ол,
Көңілімдегі сырды білген сүйіктім ол,
Ем ішіне дəрі салып жумаймын ба?!
Əлсіз өзім қуаттанар құдірет бірлəн,
Мажаз өзім құстай ұшар мейірім бірлəн,
Өтті өмірім келді кезек-кезек бірлəн,
Достарыма сөзім жəдігер қылмаймын ба?!
Əлсіз өзім үшбу Құран Кəлəміне,
Көзіңді жұм, қарама дүние харамына,
Кіргізді мені ғишықтың мақамына,
Болып анда мың дастан айтпаймын ба?!
Не береді ақиретте іссіз бос сөзге,
Іс қылғын қарсы келмесін тілегіңізге,
Ұзақ сапар қарап тұрар басымызға,
Шаш-сақалымды өкінішпен жумаймын ба?!
Халыққа жылағанша, Хақтық күлгенің жақсы,
Қисық тірі жүргенінше, өлгенің жақсы,
Құл Сүлеймен егер бір күн келсе кезек,
Əсел жеген ажал заһарын татпаймын ба?!
* * *
Раббыдан қашып, жолдан азып жүр екенмін,
Тəубе қылып құзыретіне барғым келер,
Пəрменімен амандық беріп, жаға ұстап,
Тақсырыма кешірімділік қылғым келер.
Тозақ ішінде шайтандар сарайын,
Нəпсі мұраты үшбу дүние мазасын,
Бақисыз бұ жігіттіктің əуесін,
Қаһар бірлəн баршасын салғым келер.
Діндарлық, тақуа бірлəн сопылардан,
Хəмді, сəна айталық ол ғаріптерден,
Бұ қожа, бұ құл мүриттерден,
Зікірменен жардан медет алғым келер.
Күнə бірлəн жолдан қайтқанында,
Ібілістер құрығынан құтылғанында,
Мағрифатты мүміндерге қарағанында,
Ақылым бірлə ғажайыпқа келгім келер.
Шариғат тариқаттың ирфаны354 ол,
Тақсыр һəм атақ-даңқтың Фұрқаны ол,
Махаббатты зікір ішінде сауықтанып ол,
Мағынасын, заһирін білгем келер.
Нəпсі бидғат əуесінің отын өшіріп,
Қош мұрат, бұ тіршілік құсын ұшырып,
Құл Сүлеймен амандықта өмірін өткеріп,
Сұлтан-пірім қызметінде тұрғым келер.
* * *
Қайсы құлға Хақтан ата (сыйлық) күні болса,
Машайықтан оған назар, ілипат болар,
Таупық назар тəубе бірлə бірігіп,
Ант-су ішіп хəбибіне үмбет болар.
Ғашық құлдар ант-су ішер, опа бірлəн,
Пəрмен тұтар, жанға жетер сапа бірлəн,
Үлпəт опа емес, жүр жапа бірлəн,
Пəле тисе өз жанына міндет болар.
Ирадаттық құлдар жолдан қайтпады,
Ықтияр бірлəн хижаб ашпады,
Оның үшін тілегіне түспеді,
Тілі қару, көңіл тат зұлмат болар.
Ғишық бостаны түрлі шешек сансыз алуан,
Ғашық жаны ол бостанда қылар серуен,
Ғишық шарабын ішіп ғашық сауық-сайран,
Күнде үш жүз алпыс назар рахмет болар.
Ер сұхбаты ғашықтарға жан азығы,
Жан азығы, білгін, достар, нəпсі қалауы,
Құл Сүлеймен арманы-дүр Хақ ризасы,
Назар ілтипат болса сөзі хикмет болар.
* * *
Көңілім құсы құзыретіне ұшып барды,
Барып қайта келмесе құс болар ма?!
Пайым қылып, жанға тоқып, Хаққа қарап,
Ақыл тыным таппайынша ес болар ма?!
Ғашық керек, ол ғибадат ақылын қаласа,
Ақыл – ақыл дариясына түгел батса,
Аймақтық машайықтардың қолын ұстаса,
Ұстамаса ол жарын онда іс болар ма?!
Кім үлес берер саған сұрамасаң,
«Алла» деп тəннен, жаннан кешпесең,
Кереметті əулиеге жетпесең,
Тілекті Хақ дəргаһы түс болар ма?!
Тəубе терең бұ махаббат оған анық,
Жолы ұзақ, бейнеті көп жолай сынақ,
Мұң-мұқтаж, ғишық мұқтажда қылғын ынтық,
Жүрек жасы болмаса көз болар ма?!
Хақ жолына қадам басар ердің ері,
Хақ жады бірлə болар түні-күн зары,
Машайықтан ол тауып ілтипат жары,
Жалғыз өгіз жекпекке қос болар ма!?
Сырдан үн келсе көңіл сұхбатына,
Əріп, дыбыс əріп тілге сыймас құл пайымына,
Несібе көрінісі хикмет жан хикметіне,
Оң өткен, сол қалмайынша бас болар ма!?
Құл Сүлеймен достарға сыр айтқысы бар,
Жолына тариқаттың қайтқысы бар,
Тəн достар бұ сөзден не қайғысы бар,
Бас аяққа түспейінше бас болар ма!?
* * *
Мағрифат атына мінген жаран,
Тынбастан мұратына жетпейінше,
Жол білмес не бір құлабыздар тартып барар,
Шара жоқ шағырлыққа кірмейінше.
Жетекші ақыл керек жолды тапса,
Жолын тауып, оттан, судан алса,
Не білер Үндістаннан келер болса,
Самарқан халдерін сұрамайынша.
Майдың не екенін ұстаған білер,
Əселдің не екенін татқан білер,
Иненің не екенін тыққан білер,
Ер шықпас бейнетін білмейінше.
Ғашық болған жаранға жетіп болмас,
Сүйіктідей өз-өзін ұстап болмас,
Халықтың сөзі құлағына кіріп болмас,
Машұғының жамалын көрмейінше.
Сабыр атына мінген жаран гауһар алар,
Хəлсіз жаран бұ мағынаға қашан түсер,
Оны білмес қара жауыз арыстан басар,
Қалай басар, Жаппар355 əзіз қылмайынша.
Құл Сүлеймен Хақ сөзін қоймаймын,
Зейнет берер жамалын алмаймын,
Дидар үшін дүние берсең алмаймын,
Махаббат шарабын ішіп қанбайынша.
* * *
Бұ көңілім қуанар елім тапса,
Шайқымнан бұйрық алсам боламын ба?!
Ғаріптікте азар болып жүргенше,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Ғаріптікте жүрмеді сұлтан тағы,
Ғаріптерді жарылқайды Сұбхан тағы,
Ғаріптікте өлгендерді(ң) жұмақ орны,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Ғаріптікте ғаріп хəлін ғаріп білер,
Ғаріптікте тəтті тағам ағу болар,
Елім-күнім сағынсам жүрегім жанар,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Айырылдым өз елімнен түстім жырақ,
Ағыздым көзде жасым болды бұлақ,
Жаратқан Қадыр берді бізге анық пырақ,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Бұ көңілім əр бірін елге сатса,
Тұрар тағы жарағым жоқ алып барса,
Ғаріптікте жұмсар екен арыстан болса,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Ел елден жиылып қылар мейман,
Ғаріппін, ей достарым, көңілім солғын,
Ғаріптік сағынышында зар болыппын,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Ғаріптердің үшбу көңілі таппас тыным,
Кеселденді достарымнан келмес сəлем,
Дұғада еске алар ма мұңды анам,
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Басымда отырған атам қайда,
Аяғымда отырған анам қайда,
Оң-солда отырған ағайындар баршасы қайда?
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
Құл Сүлеймен ғаріптікте өлмеді ме,
Өліп, құр сүлдерім қалмады ма,
Он мың елім, күнім сағынбады ма?
Оңай екен, өз еліме бармаймын ба?!
* * *
Кім айтса, достарым, «һу» атын,
Мүбарак болсын үшбу дəулет оған.
Кімде-кім «һу» атын Хақтан білсе,
Мəңгілік мəңгі-бақи патшалық оған.
Хақиқат тəн, жан бірлə «һу» атын,
Айталық, достарым, Хақ жадын,
Боламыз мұратты мұратын,
Қылалық тəубе түзу талап оған.
Мұхаммед «һу» деді мұрат тапты,
Жарқырады əлемге нұры толды,
«Құл һуала» аятынан хабар берді,
Иман қылды тəуекел үмбет оған.
Тіршіліктің рахаты, жан азығы «һу»,
Иманның хақиқаты «һу» һəм асылы «һу»,
Құранда хабар берді «һуалла»356 «һу»,
Жетіп еді бұ ұлы аят оған.
Кім болса Алла деп «һу» кірсе,
«Һу» ішінде жады мұның нұры толса,
«Һу» атын мақамында өзін салса,
Анық ол дидар назар рахмет оған.
Дидар Жаратқан ғашық құлдар зар еңіресе,
Бұ əлемнен көзін жұмып оны көрсе,
Сол құлға уақыт ішінде жад берілсе,
Ұстар ол машайықтар ілтипат оған.
Құштарлық сүтін ішкен ғашық болар кəуап,
Тіл үйірер дəмді, тəтті шалап,
Атағы Құл Сүлеймен мұңы жалап,
Қадырым (Жаратушым) берер үлес хикмет оған.
* * *
Жадсыз демді, дем санында десе болар ма?!
Ғашық құлдар Хақ жадында сыр болар ма?!
Жады бірлə болды əзіз ғаріп ғашық,
Зікірші құлдар құзыретінде қор болар ма?!
«Алла» деген ғашықтардың көр бақшасы,
Шыншылдарға уəде қылды сауық жерді,
«Фəзкуруни357» Хақ Тағала қылды өтініш,
Ғашықтарға райхан бағы көр болар ма?!
Ғашықтары дүние (ні) қабыл қылмады,
«Алла» деп Хақтан өзге қаламады,
Бір барын, бір дегендер өлмеді,
Бардан кешпей Хақ жадын айтуға болар ма?!
Алла жады «һу» атына құлды тартар,
Қажет бірлə «Алла» десе жүрегі жанар,
«Алла» десең иманыңның нұры артар,
Жадсыз ғапіл иманында нұр болар ма?!
«Алла» дегін ділде иман тапсын кəміл,
«Алла» деген құлға уəде құтты жамал,
Ғашықтардың мақамы ол қауышу мен уисал,
Ол мақамды қаламағандар ер болар ма?!
Ер ол болар, кереметі болса ұлы,
Мəсиуалла358 əуесінен көңілі бос,
Аздыра алмас қу нəпсі, дүние малы,
Фəни дүние қызығына зар болар ма?!
Ер болар ма, дінді қойып дүние қуса,
Ақиреттің гауһарынан мақрұм қалса,
Ол бидғат359 алдамшы нəпсінің құлы болса,
Нəпсі құлы, ол құл санында құл болар ма!?
Құл санында болған құлдар нəпсіден безер,
Құл Сүлеймен бұ ғапілеттен болғын аман,
«Алла» деп түні-күн күткін дидар,
Дидар күткен құзырында қор болар ма?!
* * *
Заманымыз ақыр болды көргін, достар,
Білдірді белгілер нышан енді,
Күн келді түнде пəлелер арта түсер,
Өтер енді ғапілет бірлəн жаһан уақыты.
Халайық жапашы жалақор болды,
Қалғанының баршасы бейнамаз болды,
Ғалымдарға халық құрмет қылмас болды,
Ауам ішінде құрметтісі қарауыл болды.
Болар болды достарым, өтті жаһан,
Əлемді ғапілет басты, түсті тұман,
Құлдарыңды түзегін, Қадыр Жаратқан,
Айырмағын бізден бірақ иман енді.
Əдеп, құрмет, мейірбандық кетер болса,
Ғибадат рия болды мажаз барса,
Тұтылмас қарсы жүрер жаран көрсе,
Ұялмас еш қыз-қатын енді.
Бас тысқары шығарғалы іс қалмады,
Мұң-мұқтаж сөйлескелі сөз қалмады,
Əмір-мағрұф360 пəрмен беруші бас қалмады,
Тиер дəйім мүміндерге зиян болды.
Атағы Құл Сүлеймен еңірер зар,
Құранда «фи нəри жəһəннам»361 аят бар,
«Хəлидинə фиһə əбəдəн»362 тəубе зар,
Барша амал болды көргін рия болды.
* * *
Таупық болса қожам сенен мен күнəһарға,
Зікір айтып дидарыңды көргім келер,
Түні-күн жадыңды айтып бұ дүниеде,
Мұңды өзім жаһаннамнан қашқым келер.
Төзімде ғибадатқа жүгініп,
Қу нəпсі менмендігінен тартынып,
Қылует ішінде жарандарға жағынып,
Машайық сұхбатында болғым келер.
Жадыңды айтқан құлдар бірлə басым иіп,
Сауық шарабын ішіп жүріп, қолым беріп,
Ғишық махаббат оты іштен үрлеп, жанып,
Бақытты етіп өзімді ерге шалғым келер.
Іштарлық орны емес екен үшбу жаһан,
Ақирет етер сені бір күн мəжнүн,
Мен енді мұнда болдым əлсіз тұтқын,
Тəрік етіп бұ дүниені қойғым келер.
Қылсам деймін барша халықтың қызметін,
Үміт қылып хас құлдардың ілтипатын,
Армандап хастар хастың сұхбатын,
Сырым туралық бірлə іздеп болғым келер.
Атағы Құл Сүлеймен күнəға бай,
Пасық айла бірлə жүрер қыс пен жаз,
Ол базарда болары айқайдай,
Тағат қылып оның киімін алғым келер.
* * *
Мүрит үлесі көрікті,
мұнда жылағалы көздер,
Асхаб хəлат уақыты,
сырдан сырлар сөйлер.
Сырдан сөйлеп сөзді,
асхаб ұмытар өзін,
Тастан қалатса көзді,
іштен қалатар көздер.
Күйсе мүриттің іші,
қалмас шаһуат ісі,
Барша Сəттар363 ұшы,
ізі бірлə кезер.
Мақсат берген Жаратқан,
сақтасын баршаны дін-аман,
Көңіл мүлкін бөлген,
сегіз жұмақты көздер.
Көңіл мүлкін бөліп,
өзін тамұқтан жұлып,
Сахар уақытында өліп,
мұқтаж уақытын іздер.
Шығып шынайының «уһі»,
арсыға жоқ ептісі,
Асхаб хəлат уақыты,
сауықта сарғайтар жүздер.
Көңілім көксейді оны,
машайықтардың кені,
Əзелде адам, жанды,
«бəлə» сөзін сөйлер.
Үш мың отыз бір аты,
екен Сүлеймен жады,
Өтер дүниеден заты,
əсте ұмытпа сөздер.
* * *
Мүсəпірлер сұлтан болар мың жыл тұрса,
Тұрғындар таупық табар дүние қойса,
Келім-кетім жүргіншілерге азық берсе,
Бір лұқмаға жүз мың сауап алды, достар.
Қоңсы ақысы – Тəңір ақысы білген кісі,
Сəлем қылып өзі «əлəйк»364 алған кісі,
Дастарқан жайып ас жегізетін,
Күнде оған жүз мың рахмет жауар, достар.
Машайықтар келер болса, келер жүзің,
Іш-бауырымды өлтіреді шырын сөзің,
Береке берсін, Хақ көбейтсін үйде несібең,
Көргін артқа, құтты қуаныш қылды, достар.
Құтты қадам келді күндей жамал көрді,
Қол берісіп көңіл ішінде көңіл қойды,
Иманың рас болса Қызыр келді,
Қызыр Ілияс сұхбатын сүрді, достар.
Тірі екен, күйдім-пістім, енді тойдым,
Иманымды көп жаймадым, жүзіп тойдым,
Сахар уақытында «Алла» деп онда тойдым,
Тау асып, тасқа басым ұрдым, достар.
Мүсəпірлер, сұлтан болар Құл Сүлеймен,
Тұрғындар құл қылар білер Рахман,
Шынайыларға берсін Алла анық иман,
Расул бірлəн Хақ дидарын көрдім, достар.
* * *
Көріңдер соңғы заман заһидтарын,
Дін қойып, дүние ісін сөйлейтінін,
Төзімін халыққа көрсеткендей боп,
Шырын тіл бірлə халықты аздыратынын.
Заһидтық нышанасы достар баста,
Қартаймас дүниесінен жазда-қыста,
Кенеттен дос досты сатқанында,
Дінін қойып дүниесіне сенетінін.
Дүние өзі сараң іске келмес,
Заһидтар түнде жатып төзім қылмас,
Сахар тұрып өзі Хақтан сұрамас,
Мұқтаждық түссе (ғана) Хақтан сұрайтынын.
Хаспын дер, мешітке ерте келмес,
Халайықтан артықша төзім қылмас,
Өзінің өкінішті айыбын көрмес,
Өзгелер айыбын көретінін.
Залымдардың қасына көп барады,
Өз малын жеместен мал алады,
Мал үшін бай бірлə дос болады,
Дəруіш бірлə дос болса тəркі қылатынын.
Сопылық қалай болар əсте білмес,
Бұ жолға кірдім деп, жолда жүрмес,
Өзгелерден дəметер, өзі бермес,
Халалын харамға айырбастайтынын.
Айтады үшбу жол – бірлік жолы,
Іші менмендік пен іштарлыққа толы,
Құрады айла бірлə қулық ауын,
Онымен халықты ауға аулайтынын.
Бес күндік дүниеге менменсінбе,
Ахырет үлесінен мақрұм қалма,
Атағы Құл Сүлеймен күнə қылма,
Осы сізді жер-көк халқы сүйетінін.
* * *
Сахар уақытта мұң-мұқтаж бірлə тұрып,
Жылап көзден жасым төккім келер,
Тəуекел құдірет қылышын қолға алып,
Қу нəпсінің басын шапқым келер.
Езіліп қу нəпсінің жапасынан,
Мұңайып көңілдердің назасынан,
Мағрифат махаббаттың мазасынан,
Махаббат сауық шарабын ішкім келер.
«Алла» деп шайтан зəрін жарып,
Өзімді Хақ жады бірлə тазартып,
Сұхбатты ғаріптерге жанымды беріп,
Сұхбатсыз жарандардан қашқым келер.
Түні-күн жады бірлə көңілім ашып,
«Һу-һу» деп құзырет жаққа аса ұшып,
«Алла» деп сауық шарабын ұстап ішіп,
Мекенінен мақам жаққа ұшқым келер.
Тəубе қылып, Хаққа қарап, жанға жатып,
Жады бірлə «һу»ді айтып өзімнен танып,
Оттан өтіп, Хаққа қарап, жанға жатып,
Мұнда жоқ болып, онда жеткім келер.
Махаббат мадағын айтып, отын жағып,
Тəжəлли нұры тиіп, еріп ағып,
Ол ақырдың заһир, батын ілімін оқып,
Достарға заһир, батын шашқым келер.
Құл Сүлеймен ирадаттың тіреуінен,
Хақиқат дариясының Оманынан,
Мағрифат махаббат ғишық кенінен,
Созып барша гауһар алғым келер.
* * *
Мұсылман болып, мүмін дін бірлігіне,
Бес уақыт намаз мəселесін білу керек,
Бес намазды иман айтып жанын берер,
Бейнамаздар имансыз жанын бермек керек.
Əуелі ниет бірлə дəрет алу,
Екінші – тоның тəнін анық жабу,
Үшінші – намазын уақтылы оқу,
Төртінші – қолын жерге қоймақ керек.
Бесінші – бес намазды уақтылы оқу,
Алтыншы – бес уақытта амал қылу,
Қадам басып, мешіт жаққа тура бару,
Кіріп, шын тəуекел қылмақ керек.
Күнəлі бейнамаздар сөзімді ұқ,
Бес намазды құлды есіт көңілі жарық,
Қиямет күн бейнамазға шапағат жоқ,
Бейнамаздар жүзі қара болмақ керек.
Бес намазды құл сахарда жасын төгер,
Бейнамаздар азан үнін естіп қашар,
Бес намазды құл сираттан оңай өтер,
Имам Ағзам365 жолында шын жүрмек керек.
Ол тəкпір366 парызы, екінші қиям367,
Үшінші «əлхəмд»368 оқу Құран Кəлəм,
Төртінші рукуғ, сужуд, қағда369 тамам,
Мүмін құлға бұ мəселені білмек керек.
Менің осы сөзімді есітіп ұқ,
Бес намазды қиямет күн көрмес тамұқ,
Құл Сүлеймен хикмет айтпас болып мұңды,
Оқығаннан дұға үміт қылмақ керек.
* * *
Мұсылман болып мүмін тірілгенге,
Бұ он екі мəселені білмек керек,
Біліп тағат қылса сансыз сауап,
Білместен қылса елге бермек керек.
Сен ілтипат бірлə жары берсең маған,
Сөзім ұқсаң пайда қылғар жарын саған,
Егер мұсылман болайын десең Оған,
Тəнсіз жан болғанын бермек керек.
Ол тəнге хəдəс370 тисе, дəрет алу,
Екінші – тəнді, тонды таза ұстау,
Үшінші – еркек іші əурет жабу,
Төртінші – құбылаға шын қарамақ керек.
Бесінші – намаздың уақытын білу,
Алтыншы – ниет бірлə амал қылу,
Бұ алты мəселені сырттан білу,
Ішінде һəм алтауын білмек керек.
Парыз тəғдил əркан371 шын ұстау,
Рукуғдан сəждеге бас көтеру,
Сəжделер арасында отыру,
Шафиғи Жүсіп, Жүсіп қолын имек керек.
Қол тəкпір парызы, екінші қиям,
Үшінші – оқымақ Құран Кəлəм,
Төртінші – рукуғды қылсаң тамам,
Бесінші қолын жерге қоймақ керек.
Алтыншы – соңғы қағда сөзімді ұқ,
Оқып ап, ер болсаң көңіліңе сұқ,
Тағы һəм айтқан едім бірлік жоқ,
Ихтилаф372 болса тағы ұю керек.
Не ғажап, бейнамаздың көңілі тар,
Жаһаннам оты ішінде орны алау,
Атағы Құл Сүлеймен құлдар ішінде,
Оқығалы бұ дұғаны оқымақ керек.
* * *
Сипаты сансыз қанша Сұбхан Ием,
Əркімге шабыт таупық бермейді екен.
Əркімге таупық болса, білгін, достар,
Ол құлдар Хақтан емес екен.
Қайсы құлдың көңіл батын көзін ашса,
Алла жадын аз алынар рухын ашса,
«Кунтум фи сəбилиллəһ»373 жаннан кешсе,
Қиямет күн одан есеп сұрамайды екен.
Мұхаммедке мұғжиза енді Кəлəм,
Үмбетке қалды мирас түні-күн алуан,
Момынға уəде дидар Дəруссəлəм,
Даулаушылар ол сарайға кірмейді екен.
Дидар күні мінер хастар пырақтарға,
Төрт тараптан нұр көрінер жағаларда,
Сұрау салса есеп кітап жырақтарға,
Анық хастар ол азапты көрмейді екен.
Сыртқа шықпас ішке мағына толмайынша,
Ғишық не болар, ғашық теңізі солмайынша,
Сұлтан Ахмет ижазаты болмайынша,
Құл Сүлеймен сөзін бір дем ұрмайды екен.
* * *
Ол Жаратушым Мұстафаны Расул Изады,
Құлдарын құзыретіне келсін деп,
Мұхаммед шариғаты түзіліп қолы бірлəн,
Мұнафық, дінсіздерді көнсін деп.
«Əн тəхшə′у қулубуһум»374 деп Кəлəм,
Уəли құлдар тəубе қылар тынбай,
Тағат қылғын, есеп қылар халал-харам,
Барша істің мəкүрігінен қайтсын деп.
Мүлкін салып сұхбаттас келді сол Əдһəм375,
«Алла» десе, өзін өртер Шибли142 дəйім,
Ұл-қыздан кешіп хажға барар Бистам,
Асхабтарым үшбу жолда көнсін деп.
«Уммəтукум уммəти»376 деп Сұбхан,
Баршамызды жайып шашты Қадыр Жаратқан,
«Мəн сəмəтə»377 нəпсі сырын болған,
Тілін байлап ушбу жолға келсін деп.
«Фəстəқим кəмə умирту»378 нəпсі бірлəн,
«Уə иннə тəжру» хафи сөзі бірлəн,
«Лəн тəрани» жауабының нұры бірлəн,
Жанын кешіп дидарымды көрсін деп.
«Мəн ′əрəфə нəфсəһу»379 өзің байлап,
«Фи нəри жəһəннəмнан» өзіңді сақтап,
Құл Сүлеймен ғаріптікте болды Лұқман,
Қиямет күн Расул шапағат қылсын деп.
* * *
Рахмет дариясына жүзгім келер,
Ғапілетке сыр ғып жазармын-ə,
Сырлардың ынтасына терең енсем мен,
Ер мінезді достарыма базар, міне.
Базарда болса бір саудагер,
Сенім қойса достар бəрі,
Ол жерде тілесем мен Хақ дидарын,
Бұ нəпсіден көңілімді үзермін-ə.
Өзімшілдіктің нышаны үшбу болар,
Бұ көңілім уақыт тапса құлшылық қылар,
Мəулімнен сырыма үндеу келер,
Осындай хикметтер айтармын-ə.
Бұ шабыт беруші Йаздан болар,
Менен міндет көрікті надан болар,
Бұ хикмет əрпін сұхбат білер,
Сұхбатсыз базардан безермін-ə.
Базарды безейік иман бірлəн,
Ерінбестен насихат ал заман бірлəн,
Сыр жолымен көрсе жиіркеніш бірлəн,
Лат380, Манат381 жəне Ғұззадан382 безермін-ə.
Құл Сүлеймен құлшылықта жатар болды,
Мұжаһида жасын төгер болды,
Риязат оғын атар болды,
Мұң бірлə бұ сөздерді сөйлеймін-ə.
* * *
Қадыр мүлкі құдіретінде қарай көрсем,
Сипатын əлем ішінде аян көрсем,
Қал ұлына қал нақышына қылар болсам,
Хəл ұлына ғибадат баян болар.
Ғибадатты болған кісі ғапіл тұрмас,
Көзі ашық болмайынша қарай көрмес,
Ишарат сүйінші жарансыз емес,
Мəлім қылмас ғапіл ғапілдік жақта тұрар.
Хақты деген сырсыз қашан Хақты білер,
Бұ сөз əрпін ғапіл надан қашан білер,
«Əнəлхақты» сыры мұнда заһир болар,
Хақтың сыры Хақтан құлға ихсан болар.
Ихсан ішінде ихсан көрдім, тұра алмаспын,
Сырлар ішінде мейман көрдім, тұра алмаспын,
Тіршілік мақамы ол фəна бере алмаспын,
Ирадатсыз құлға өкініш арман болар.
Солай екен, сенен саған Иең тағы,
Шынайылығы мəлім болар, шын біл тағы,
Мұқтажсыз не болады атса мұқтаждық оғын,
Заһир көзге хижаб қылған иман болар.
Заһирды қой, батынға қара, мағына қайда,
Сырдың сыры хақиқат тұрар тəнде,
Қарай көргін Хақ сипаты бар ма сенде,
Болса егер ол жандар бір жан тұрар.
Жан рахаты машұғ жаққа жақын келсе,
Тынбастан ғашық машұғының жадын айтса,
Қандай құлға жад мағынасы мəлім болса,
Білгін анық ол құзыретте мейман болар.
Фəна мүлкі сипатын айта алмаспын,
Құлшылықтың мақамына бара алмаспын,
Сыр құсы ісің секілді ұстай алмаспын,
Мейірім назар қылған Рахым Рахман болар.
Хақтан назар сырға тілер болса нұры,
Менмендік тауы еріп ағар Сина Тур (ы),
Майда-майда болып ұшқын сен бе өзі?
Жоқтығыңды біл, жарытар ол Йаздан болар.
Бұ мағрифат қайсы құлға берілер болса,
Тіршілік жолы мұнда құрылар болса,
Қадам басып, бұ жолға кірілер болса,
Бұ жолда жаранмен бірге жаран болар.
Жарандарым, қабыл қылғын қызметімді,
Жігерсізге ұстамаймын жігерімді,
Достарым арасында ұсыныс қылып хикметімді,
Құл Сүлеймен мұндай хикмет айтқан болар.
* * *
Ақылдыға тəубе шапан болар,
Ғапіл керек, білсе-білмесе де,
Тəубе жүзі қатулы болар,
Хастар кірер, тобыр керек, кірсе-кірмесе де.
Хас мүриттер нəпсіге еш мұрат бермес,
Түні-күн тағат қылып əсте бармас,
Заһиры қанағатты дүние термес,
Батын керек, заһир керек, болса-болмаса да.
Ғаріп сол болар –өкінішке өзін берсе,
Махаббат дариясына шөге батса,
Сырын аулап Хақ Мəулімге сырын ашса,
Ақирет керек, дүние керек, болса-болмаса да.
Ізгі құлдар басына күні-түн жауар пəлелер,
Басы ащы болар, соңы болар халуалар,
Басы солғын, тоны топырақ, аты телбелер383,
Дін рас керек, түн керек, болса-болмаса да.
Барша жамандық тұқым болар, бір аяқ шарап ол,
Ол шараптан дін дүние болар ойран ол,
Мұратым барша хəлден Ием йə, Раббы, ол,
Мұрат керек, ерге мүрит керек, болса-болмаса да.
Құл Сүлеймен аттанғын енді Ием жаққа,
Күні-түн тағат қылғын айқай сала,
Күнə, жамандықтардан тұра қаша,
Тəубе қылғын, тəубе пайда болса-болмаса да.
* * *
Қайсы сүйіктісі патша болса дос,
Ол құлға патша десе жарар дос,
Əлем ішінде жүрер ол айналшықтап,
Халық ішінде болар ол тұрақсыз дос.
Сыртын көрсең сендей ол бір адам,
Ішінде бар неше түрлі заһар дос,
Ондай жаран мұз үстінде от жағар,
Сыртқа шықса ғишық жемісі өнер дос.
Ондай ерге алхимигі түс болса,
Ол сыйлықтан тағы ұлы не бар дос,
Ол бірлəн бақырлық бал ішілсе,
Шашын-шашын сусар одан дүние дос.
Хақиқатта Тəңір үшін ол Мансұр,
«Əнəл-хақ» деп ғишық теңізіне сүңгір дос,
Дарға асып өлтірдім деп өртеп,
Зəресінен кетпес əсте хаммар384 дос.
Сұрасаң менен ұлы атам Иасауи,
Қожа Хакім берер одан хабар дос,
Бұ хəлде кімде-кім оларға жақындасса,
Бір сағатта жүз мың рахат табар дос.
* * *
Ғибрат көзін бұ жаһанға сала көрсем,
Сансыз мың неше түрлі ғажабы.
Оның өзі жер мен көктен ұлығырақ,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Жоғары қарасам жеті көктің безелуі,
Арасында жоқ ол əсте тіреуі,
Көрмейсің бе, айдың, күннің тірегі,
Мұнан ары тағы қанша ғажабы.
Жер бетінде жеті дария, теңізі,
Тəспі айтар балық ішінде Жүнісі,
Аса ұрды жолдар болды Мұсасы,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Адам Сафи үш жүз жылдай жылады,
Жалғыз іздеп Хауаны көрмеді,
Күні-түн тынбай сырын айтты, сыймады,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Нұх нəби дұға қылды Иеме,
Хақ Мəулімнен қабыл қылды жерге,
Нұх нəби кірді мағына төменге,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Хəлил болды Хақ Мəулімнің жақыны,
Намрұт оты бостан болды түспеді,
Оты тиді, тоны əсте күймеді,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Жүсіп шыншыл құдық ішінде еңіреді,
Ием Халиқ рахмет бірлəн ишара берді,
Жебірейіл қанат ұстап қармады,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Аюб сабырлы шындық ішінде еңіреді,
Алты жыл, алты ай, алты тəулік ауырды,
Сабыр етті, алты күндей көрмеді,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Хақ Расулы қадам басты Миғражға,
Аяқ киімін шешіп, кірді ол ғарышқа,
Ол секілді кім түсіпті ол Ғарышқа,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
Хақиқаттар кірді жолдар құлына,
Шөкті батты махаббаттың көліне,
Құл Сүлеймен кірді мұңдар жолына,
Мұнан əрі тағы қанша ғажабы.
* * *
Ол Тəңір бірлігін айғақ қылғын,
Айтқын сен «Лə илəһə илалла»,
Үш жүз он үш мүрсəлдар арманы,
Хақ жолаушы Мұхаммед Расулулла.
Ей, достар, сөйлесейік көркем сөз ол,
Сөз көркі «Лə илəһə илалла»,
Сөз-тілім бар сөйлегенге пайдасыз ол,
Пайдалы сөз «Мұхаммед Расулулла».
Бұ сөз болар ол иманды тірілтуші,
Иман тіріліп, кəпірлікті өлтіруші,
Өзі жетекші жұмақ жаққа жеткеруші,
Керекті сөз «Лə илəһə илалла».
Тіл айтқанда, көп қуанар көңіл көзі,
Айтпағандар болар кедей, сорлы өзі,
Қанша тілім айтар болса артар нұры,
Сансыз сауап «Мұхаммед Расулулла».
Құл сүйеніші һəм тірегі үшбу сөз,
Бұ сөз бірлəн кім зарласа бақпас көз,
Өмірінде кім бір айтса құтылар өзі,
Сөз сарасы «Лə илəһə илалла».
Өмірінде кім бір айтса хақиқат,
Болады дос білді жақсы шариғат,
Хасқа керек білсе сол тариқат,
Дін мерейі «Мұхаммед Расулулла».
Кəпір айтса киер басқа иман тəжін,
Тақ-бақ бірлə болар дəулет сарайы,
Бəрі мұнда, жалған емес жоқ амалы,
Дəрі-дəрмен «Лə илəһə илалла».
Бұ сөзбенен қалмас тілде шəк-күмəн,
Төгілер күнə, қалмас əсте қайғы мұң,
Үмітсіз болма, Құл Сүлеймен өзің сен,
Сен десең «Мұхаммед Расулулла»
* * *
Барша жан барса қара май жанбағы бар,
Жігіттік барса қара май жанбас, алайда,
Құс ұшса, қара май қонып, бейне тұтар,
Жігіттік құсы ұшса қонбас алайда.
Жігіттік əзіз баға мəңгі емес,
Жігіттік қадірін əр надан білмес,
Өмірін босқа өткізіп, хабары болмас,
Кəрілік келерін білмес алайда.
Дайын болғын, жігіттікте ақирет қылғын,
Тынбастан үлес тонын күнге қаққын,
Тұқым сепсе дихан үміт қылғын,
Өмірді ексе, əсте өнбес алайда.
Жастықта тəубе қылса не көрікті,
Һəм тағы берер қандай, керек бөрікті,
Тəубе есігі ашық болар екен тіпті,
Тəубе қыл, тəубе есігі жаппас алайда.
Тəубесіз құлға тозақ оты болар,
Тағы бірі тақ секілді жыланы бар,
Дүниеге көңіл қойма, заһарлы өкініші бар,
Ақылдылар бұған қолын созбас алайда.
Ер болсаң дүние бірлə қылма досты(қ),
Кімдерді алды, тағы кімді жұтты,
Дүниеден Иса қашты, көкке ұшты,
Ұласу болар, тағы енбес алайда.
Бұ дүние бір күн бізді қылар əлсіз,
Кімдерді өлтірер, кімді жөнсіз,
Уақыт жетсе қашан пайда қылар сөзсіз,
Мəлəкул-мəут мұнда пара алмас алайда.
Өз-өзінен мұнда ғапіл болмысынан,
Өкінер жер ол күні қылмысынан,
Қашан бұ жан алқымына келгенінде,
Мал туар, əсте пайда қылмас алайда.
Болса бір күн үшбу өлім келе тұрар,
Ақыры Құл Сүлеймен үлгі болар,
Бұ тəннен үшбу жан шыға тұрар,
Бұ дүниеде мəңгі бақи қалмас алайда.
* * *
Əркімді уақытына, сағатқа
қарап тұрған өлім,
Уақыт жетсе тəнде жанын
жұлып алған өлім.
Өлім пікірін қылмайсың,
не қиямет қайғысын,
Біз дəйім ғапілетте əуреміз,
хабарсыз келген өлім.
Ешкім қарсы тұра алмас,
бұ өлімнің соққысына,
Дүниеде менмін дегеннің,
мойнын иген өлім.
Қай ащылық болса да,
өлімдей ащы болмас,
Əр адамға бір жолы,
қармағын салған өлім.
Дүниені босқа кездің,
еш опасын көрмедің,
Опасыз өмірдің жібін
дүниеде үзген өлім.
Тау-тас қашты өлімнен,
қылмады ешкім қабыл,
Сонау əзелден адамды
басына салған өлім.
Бірді екіге қосып,
пайда-дүние жинама,
Пікір етер болсаң пайдаңды
көп зиян қылған өлім.
Құл Сүлеймен, өзіңді қылма
өлімнен жырақ,
Хош тұрыпты алдымызда
баршаға келген өлім.
* * *
Білгін, достар, ирадатты сұраса,
Мүрит болмас ирадатты білмесе,
Ирадат ол тілегеннен кешіп,
Ықтияры бірлəн еш іс қылмаса.
Мүрит ол – өзін кешіп ықтияр,
Шайқыға мойынсұнуға тілегін кім табар,
Сені түзер шайқы түзегендей қанша бар,
Ізгі болмас мүрит заһир болмаса.
Заһир өлсе, батын тірілері белгілі,
Керек болса, іш тіріліп, сырт өлер,
Жаран ізін ұстап жолда тура жүру,
Жетер ме, ол сонда қалың еліме?!
Нəпсі көзіне жүз мың қадамаққа,
Жүз жыл жүрсе ер өзінен кешпекке,
Махаббаттың шарабын ішпекке,
Шындық ішінде əрдайым жасын төкпекке.
Мүрит болса, шынайы айқай «һай» керек,
Өзі қанық, көңілі солғын бай керек,
Таза бостан, жағасы жайлау жаз керек,
Жалпы сипатты қатты үнін күлмесе .
Əдеп бірлəн жол жүр деген танымас,
Мүрит ол – көзде жасы таусылмас,
Ессіз мүрит үшбу сырды біле алмас,
Білгендер бар, Құл Сүлеймен білмесе.
* * *
Халық не десе десін,
күнəмді менің кешсін,
Солай білсе істері,
сондай етімді жесін.
Болдым рахат сауық ішінде,
тудым күні-түн зауық ішінде,
Өлсем айла ғишық ішінде,
мені өзіме қойсын.
Маламатқа бас қойдым,
халық сөзінен шет жүрдім,
Хақ менің деп ойладым,
маған есік ұсынсын.
Айтса, өткінші дүниені,
алтын-күміс тастарды,
Барша əлем жаһанды,
бұ сəт менен алсын.
Құл Сүлеймен ата біл,
не келсе де қаза біл,
Жапаларға опа біл,
керек жанға қылсын.
* * *
Ей, қожа, көп қылма бүгін
зəулім сарай-бақтар,
Ақылды болмас ол кісі,
дүниеге көңіл байлар.
Шаддад секілді керемет
қылсаң ғимарат дүниеде,
Сенен қалар пайдасы тимей
барша бақ-бостандар.
Мəулім сені жаратпады
тек ішіп-жегелі,
Еш тағатың жоқ, ей,
əуесқойлардың бақтары.
Алтын-күмісті жинап,
қылмасаң ынсабын,
Ол күміс-алтын білəн
саған махшарда басады шоқты.
Міскін Сүлеймен айтады,
кім есітіп қылса амал,
Ол есітер Хақ сөзін,
есітер құлағы саулар.
* * *
Таң атты, сахар болды,
құп енді, ұйқыдан оян,
Күн нұры жаһанды алды,
құп енді, ұйқыдан оян.
Құп, ей мүмін, дəрет ал,
дін үйіңді ғимарат қыл,
Күнəңа кəфарат385 қыл,
құп енді, ұйқыдан оян.
Не жатсың, өмір өтті,
дос-жарандарың кетті,
Қияметтің таңы атты,
құп енді, ұйқыдан оян.
Егер сен ақылды адам болсаң,
өлімнен неге ғапілсің,
Егер дəулетке қабылсың,
құп енді, ұйқыдан оян.
Қане, Адам, қане, Хатым386,
қане, Иса, қане, Мəриям,
Қане, Жəмшид387, қане, Жəмжəм388,
құп енді, ұйқыдан оян.
Қане, қаған, қане, Əдһам,
қане, Кейхұсрау389 мен Санжар390,
Қане, мейірімді Ескендір391,
құп енді, ұйқыдан оян.
Көзіңде ғапілет ұйқысы,
көңілде дүние қайғысы,
Бұ өмірің не болар,
құп енді, ұйқыдан оян.
Сақалың, шашың ағарды,
өліміңнен хабар берді,
Ажал тауы дабыл ұрды,
құп енді, ұйқыдан оян.
Атаң бірлəн анаң кетті,
бүгін кезек саған жетті,
Бұ өмірің тоймастан өтті,
құп енді, ұйқыдан оян.
Дариға, талабы жоқ,
бұ сөздердің, бұ істердің,
Мынау амал дəптерің,
құп енді, ұйқыдан оян.
Тоғыз жүзден тарих өтті,
айтқан уəделер жетті,
Қияметтің таңы атты,
құп енді, ұйқыдан оян.
Сүлеймен оған жетті,
жаһан халқын момын етті,
Қане, ол шаһ қайда кетті,
құп енді, ұйқыдан оян.
* * *
Нəпсім айтар: бұ бес күндік тіршілікте,
Бұ дүниеде бақ-бостан етейін дер,
Ол бостанға қайта-қайта кіріп ап,
Əр жерде түрлі мəуе татайын дер.
Рухым айтар: шариғаттың ілімін біліп,
Ілім бірлəн тариқаттың жолын тұтып,
Сахарда ояу отыруды əдет қылып,
Он бес жастан қалған намаз өтейін дер.
Нəпсім айтар: бұ дүниенің мүлкін алсам,
Қытай, қырғыз, қыпшақ, Үндістанды алсам,
Алтын-күміс, ақық-баршын пайдасын қылсам,
Бақыт жетсе, бір қазына құшып жатайын дер.
Рухым айтар: бұ дін ісін жақсы біліп,
Ізгі жүз баршасын Хақтан көріп,
Түндер болса, тағат пенен ояу отырып,
Күндіз болса, көкте Күн, Ай күтейін дер.
Нəпсім айтар: бұ кəсіп ісін жақсы білгін,
Не қылар, жемес-ішпес тақуа ісін,
Болар-болмас кісілерді көрсем ісін,
Халал-харам демей тамаққа жұтайын дер.
Рухым айтар: қане, Раббыдан таупық алсам,
Түні-күн шаршамастан көп тағат қылсам,
Үлесінен артық азық жемес болсам,
Бұ дүниені жиып-теріп не етейін дер?!
Нəпсім айтар: бас жағында отырып ап,
Түрлі нығмет жинап, келтіріп ап,
Ішіп-жеп бұ қарнымды толтырып ап,
Жастық үстінде ессіз қалып жатайын дер.
Рухым айтар: күнəлі істен өкініш жеп,
Тəубе қылып, күнəнің кірін жуып,
Тəуекелдің белбеуін белге байлап,
Бұ дүниеге талақ беріп кетейін дер.
Нəпсім айтар: қымбат кисем жарлығыма,
Түлкі, қарсақ ішік кисем көркіме,
Баршадан артық болсам өздігімде,
Бұ дүниеде ізет-құрмет табайын дер.
Рухым айтар: түні-күн ұйықтамастан,
Мəулімнің ризасын тілейін дер,
Құл Сүлеймен ғишық атына аттанып,
Өзінен кешкен жарандарға жетейін дер.
* * *
Заманымыз ушықты,
Қиямет таң атар ол,
Келді Расул айтқаны,
«Күллу йəум»392 табар ол.
Күн келгенше жүрер тар,
Үлкен-кіші көңілі тар,
Қалай қылсын мүміндер.
Күш келсе айқай салар ол.
Залым тұрар жаңадан,
Халайық жүз мыңынан,
Бір мүміннің соңынан,
Төрт көмек іс тартар ол.
Залымдардың Тəңірі,
Жатпас болды құл «уһі»,
Бір күнəһардың күнəсі,
Мың мүмінге жетер ол.
Құзғын ұшқай, жүн қалғай,
Құран кеткей, хат қалғай,
Ислам əлсіз ат қалғай,
Соңынан иман кетер ол.
Берік ұста исламды,
Айырмағын иманды,
Əлсіз көрдім сақшыны,
Қалай жарды табар ол?!
Құл Сүлеймен жүрер зар,
Түні-күн еңіреп ояу жүр,
Бүгіннен соң жылар зар,
Көрікті күнде күлер ол.
* * *
Достарым, уисал тұрмаңдар бұ дүниеде,
Бұ дүние аспабын құрған өлім,
Қанша ұзақ жас жасасаң Лұқман секілді,
Ақыры боз топыраққа апарған өлім.
Бұ өлім хабарсыз бірден келер,
Жəне ол əзіз жанды тəннен алар,
Тоймастай ұл-қызыңды тұтқын қылар,
Сүйген жұпты жұбынан айырған өлім.
Бұ өлім əсте үлкен-кіші демес,
Аулар барша бек, патша, дəруіш қалмас,
Мұны көріп достар тағы өзін білмес,
Қияметке барша халықты сүйреген өлім.
Бұ өлімге алтын-күміс пара берсе,
Інжу-жақұт сыйлық берсе сатқын алса,
Құтылам деп бұ өлімнен мың жыл қашса,
Ажал келсе тəркі сағатта болған өлім.
Бұ өлім қоймас Расул жанын,
Қаншама көп нəби, уəли, мүрсəлді,
Барып Турда сырын айтқан Кəлімді393,
Атасынан тумағандай қылған өлім.
Тіршілікте ағыза көргін жасын,
Анық білгін, білсе болмас көктің ісін,
Құл Сүлеймен оңай білме өлім ісін,
Қадыр иман, қылса ихсан Хақ-дүр өлім.
* * *
Бишара адам ұлы уайымы жоқ,
Қиямет таң атарынан хабары жоқ,
Соңында өкілі мəлəкул-мəут,
Мойнына жіп таққанынан хабары жоқ.
Көрер көзге топырақ тығылады,
Дүниеде тақ, бақтар жығылады,
Жазылған намаларың оқылады,
Есеп-қысап берерінен хабары жоқ.
Не болады, қалай болады анда халдер,
Қылдан жіңішке, қылыштан өткір сол жолдар,
Тəңірдің құзырында ғашық құлдар,
Жұмақ бірлəн тамұқтан хабары жоқ.
Бұ сөзімді он кісі тыңдайды,
Біреуі мағынасын пайымдайды,
Хақиқат көңілі бірлəн тыңдайды,
Тоғызының осы сөзден хабары жоқ.
Тонын жудырып кезер қылар,
Иығына киер тонын базар қылар,
Дəруіштер көңілін азар қылар,
Жүзінде мең отыр хабары жоқ.
Бишара Құл Сүлеймен нетсін енді,
Нəпсі мұрынына мөр тағып жетсін енді,
Дүние қамын артқа тастап қойсын енді,
Алтын-күміс кеннен шығар хабары жоқ.
* * *
Достарым, тəуекелдің қылышы болса,
Тынбай жылап жолға кіргім келер,
«Лə тəқнəту» мейірімінен етіп үміт,
Достықтың майданында кезгім келер.
Ғишығы бірлəн түсіп келер ол майданға,
Жылан қамшы қылып мінер ол арыстанға,
Сыр сөзін айтса болмас əр наданға,
Надан қойып даналарға айтқым келер.
Ғаріп болып, ғишығы болса, дана көтер,
Ондай мүрит шайқы үшін өзін сатар,
Ондай құлға күні туып, таңы атар,
Тынбастан түні-күн сырым айтқым келер.
Нышанасы бұ-дүр оның реңі сары,
Ондай кісі бұ дүниеден болар əрі,
Мəсиуадан шашылып оның көңілі анық,
Мағрифат киімін онда жайғым келер.
Ей, достар, тариқатта базар көрдім,
Киімді жайдым, ол базарда дүкен құрдым,
Ғапіл көңілім өзім енді ояу болдым,
Құл Сүлеймен түні-күн сауда қылғым келер.
* * *
Дүние көрдім опасыз,
Қастық қылып бізге жетер, көр.
Əркім бұ дүниеге сенсе,
Ар қашып, дінін сатар, көр.
Атыраптан атырап ел жетер,
Тола пəк енді татыр, көр.
Бұ дүние мəңгі бақи емес,
Бес күнде желдей өтер, көр.
Мұғтардай сөйлер мұсылман,
Қатерден жүз мың өтер, көр.
Иманын елге беріп,
Өзін отқа атар, көр.
Ұлы бар барша жаранды,
Бұ сөзден қашан ұстар, көр.
Ендігі туған ұл мен қыз,
Сөздері «һай-һай» өтер, көр.
Аһ ұрса сол атаны,
Шынайы ішке өтер, көр.
Көкірегін керсе анасы,
Сүтін көлге атар, көр.
Терең ой атына мініп,
Ессіздер қашан жетер, көр.
Атағы Құл Сүлеймен мұңды,
Осылайша хикмет айтар, көр.
* * *
Мағрифаттың мінберіне мінбейінше,
Шариғат істерін білсе, болмас,
Шариғат істерін орындамай,
Тариқат майданына кірсе, болмас.
Тариқатта түрлі əдеп білу керек,
Нəпсі бірлə ұрыс-шайқас қылу керек,
Бұ жолға өзін лайық ету керек,
Болмаса Хақиқатты білсе, болмас.
Шариғаттан мұрат ол – жолға кірмек,
Тариқаттан мұрат ол – нəпсіні тыймақ,
Хақиқатта əзіз жанды пида қылмақ,
Жаннан кешпей сыр шарабын ішсе, болмас.
Болар-болмай шайқымын деп дауа қылған,
Өзі қылмай, халық арасына уағызын айтқан,
Сөзі жалған дүние үшін амал қылған,
Дүние самалы хəл сырын білсе, болмас.
Жарандар үшбу жолға қадам ұрды,
Мұжаһида мұңы бірлə амал қылды,
Маған шипа батын ішінде мəлім болды,
Мұндай болмай мұшаһида қылса, болмас.
Не амал-дүр, ермін деп көп дауласпақ,
Сəжделерді халық ішінде түрге салмақ,
Болмай мағына мағынасынан нəпсі ұрмақ,
Ғаууас болмай, терең ойға батса, болмас.
Ол терең ой теңіз ішінде қатері бар,
Ол дарияда барша жаран болар зар,
Ғашықтарға уахданият кемесі бар,
Кемесіз ол дарияға кірсе, болмас.
Уахданият кемесінің сырын білмей,
Сырлар сыры сөздерінен хабар алмай,
Тəфрид394, тəжрид395 істерін орындамай,
Ол таухид396 мəуесінен жесе, болмас.
Құл Сүлеймен тəфрид, тəжрид бəрін қылғын,
Мұхаммед Мұстафадан жар сұрағын,
«Тəубе» деп түндер жатпай зар еңірегін,
Зар жыламай, Хақ дидарын көрсе, болмас.
* * *
Махаббат дариясы толқын ұрғанда,
Ғашық құлдар жандарынан кешеді екен,
Түні-күн «Алла» деп зар еңіреп,
Махаббат шарабын ішеді екен.
Махаббат бірлə сүйікті қолын алса,
Түні-күн «Алла» деп зар еңіресе,
«Тəғəл, тəғəл»397 деп құлға дауыс келсе,
Сегіз жұмақ хорларынан кешеді екен.
Кешеді ол бұ дүниеден барша түгел,
Бұ дүниеде қайыр-ихсан одан кетер,
Ақиретте рахмет шашын Ұлық сипар,
Бейнет тартқан рахат суын ішеді екен.
Бұ сөзді мен айтамын Хақ-дүр Алла,
Достарым, құлақ салып жақсы тыңда,
Қиямет болады бүгін тыңда,
Қияметте ауам, хасты сынайды екен.
Бұ сөзге сеніп тұрғын қылма күмəн,
Кім Алла жадын айтса болар аман,
Түні-күн өшірмегін тілде иман,
Иманды құл көр азабын көрмейді екен.
Кеткін, ей, ғапілеттер, тəннен ары,
Ием сауық берді маған медет жары,
Кім Алла жадын айтса жанға дəрі,
Дəрі ішкен əсте ауру болмайды екен.
Түні-күн зар еңіреп жасың аға,
Құзырына келіп шығып қайта қара,
Насихат етіп еді мұны Хакім ата,
Рұқсат бірлəн хикмет кенін ашады екен.
* * *
Кірдім мен тариқаттың базарына,
Жад үшін өзімді үзермін-ə,
Болам деп жарандардың сұхбатында,
Телбелердей бұ жаһанды кезермін-ə.
Қылдым мен жад ішінде қылуетті,
Көтердім бұ жаһанда маламатты,
Сағынсам мен сол ақирет қияметті,
Жаз күні қараңғылық сезермін-ə.
Тəніме сыймас болды жеген асым,
Қалай болады екен менің ісім,
«Уһ» деп түні-күн ағар көзде жасым,
Жас ішінде бала секілді сұрармын-ə.
Əрбір құлдың сырын Мəулім білер,
Тілесең хастықты өзіңді əзіз қылар,
Білмеймін үшбу басқа нелер келер,
Сол екен Мəуліме жазармын-ə.
«Аһ» десем, шығар ол сансыз ұшқын,
Еңіресем үшбу жүзім солды тосын,
Құл Сүлеймен ғаріптердің хақы үшін,
Сағынып бұ хикметті түзермін-ə.
* * *
Махаббат дариясына өзімді аттым,
Рахмет суы ұлық дария баттым,
Мың алтындай қымбат өзімді саттым,
Пенде болып тиді құлшылық жері маған.
Тəубе тонын кидім, таупық белбеуін байладым,
Жастығымда қылған істен енді тандым,
Нəпсі Қаптай көлік қылып қалқып міндім,
Одан тиді бұ тариқат жолы маған.
Жастығымда білдірмедің қылдым істі,
Есейгенде білдірдің кестім басты,
Сахар уақытында мешіт ішінде төктім жасты,
Одан соң нəсіп қылды нұры маған.
Тірі екен, өлдім, достар, одан толдым,
«Раббым» деп түнде жылап, күндіз күлдім,
Бастан шаш, жүзден сақал қармап жұлдым,
Одан соң рухтар сəлем қылды, достар.
Түнде «Алла», күндіз «Алла», «Алла» мұнда,
«Сұбхан əзим, Сұбхан ə’лə»398 дедім күнде,
Сегіз екен ол жұмақтың есігі онда,
Ашылып баршасының хоры маған.
Машайығым берді бұйрық бастым аяқ,
Расул келіп құшып сыйлап берді таяқ,
Құдірет бірлə ғарыш түпке бастым аяқ,
Бірді иіліп ішінен қиям берді маған.
Құл Сүлеймен күндей түйілер көңілім нұры,
Етім жоқ, қаным төгіліп, жүзім сары,
Құдірет қанат берді ұшты ғарыштан əрі,
Соңында нəсіп қылды бəрі маған.
* * *
«Уə йут′имунəт та’əмə»399 деп оқыр ғалым,
Оқып ап, мағына ұқпас болар залым,
Мағына ұққан ғалым болар түні Кəлім,
Ғалым көргін Кəлім келді, достарым-ə.
Ғалым болар өзі оқып, өзі ұстаса,
Рахман Тəңір бұйрығына мойынсұнса,
Заһирда мағынаны ішке алса,
Мағына оқып Хақты айтар, достарым-ə.
Ғалым болар «лə илəһə» зікірін айтса,
Мағына оқып, мендік қойып жолға кірсе,
Мұжаһида тартып ап мақам тұтса,
Тəкаппарға мақам жоқ-дүр, достарым-ə.
Заман ақыр болса ғалым жатқай,
Пайда қылған амалдарын малға сатқай,
Халыққа тағат қыл деп өзі айтқай,
Ғалым емес, жалғаншы-дүр, достарым-ə.
Ілімі бірлəн ол əзəзіл мендік қылды,
Оқып ап, ұқпас мирас одан қалды,
Ғаріп құл міскіндікке орын салды,
Өзін біліп, жолға бастар, достарым-ə.
Ғалымдар мінбер үстінде ілімін төгер,
Дүние малын алып берсе, тізе бүгер,
Шын ғалым халық ішінде дүрлер төгер,
Ол ғалымды ғалым дер, достарым-ə.
Шын ғалымдар төсек, жастық тастан қылар,
Өзін біліп, дүниесін талақ қылар,
Кім өзін білер болса, Хақты білер,
Хақ ғалым-дүр, сол ғалым, достарым-ə.
Ғалым жүзі риязатта сары болар,
Не кітаптар оқып оған амал қылар,
Мағына алып, мендік қойса ғалым болар,
Жанын кешіп, ілімін шашар, достарым-ə.
Құл Сүлеймен құлшылықта құл болар болса,
Құл секілді құлдар арасында жүрер болса,
Тірі екен, өліп көрге кірер болса,
Шын оқ өліп, дидар көрер, достар.
* * *
Жігіттік қашты менен түсті жырақ,
Қуғанменен енді оған жетпеспін-ə,
Жарық көздер қиқар болды, тістер қақсар,
Амал тауып оған шара қылмаспын-ə.
Келді қысым, кетті жазым, қалдым құр,
Қарап болман ағза ішінде бердім құзыр,
Бұ хəл бірлəн көңіл қалай болсын зор
Отызымды алпыс ішінде болмаспын-ə.
«Əліп» секілді түзу еді, бел бүгілді,
Құндыз секілді қара шашқа ақ төгілді,
Жігіттіктен кəрілікке жол шегілді,
Ғапіл өзім, өтті өмірім білмеспін-ə.
Есіктен тəркі түндер тоймас өзім,
Жырақ жерден жақын келсе көрмес көзім,
Білгенімді сұрап білер сараң өзім,
Кəрілікке əлі сүйемел келмеспін-ə.
Мұнша жылдарым ішінде арманым бар,
Таулар бойы қате жазық қырманым бар,
Қиямет күн дидар көрмес күмəнім бар,
Мұны біліп, өз нəпсімнен кешермін-ə.
Хақ қаупінде жыласам мен жасым ақпас,
Түні-күн ұйықтасам мен көңілім тоймас,
Бақытсыз нəпсім тағат үшін сахар жатпас,
Қалай жаным көр азабын көрмеспін-ə.
Қанша жидым харам, тойымсыз ұлым-қызым,
Жеді-ішті, мінді-киді, көрді көзім,
Көр ішінде азаптарды білем өзім,
Қалай шынайы дос тəубесін қылмаймын-ə.
Бір тамшы сары судан қылды сені,
Қылды бейне, берді ақыл хабардар сені,
Ібіліс жол жүрмесін деп кенет сені,
Құран берді қалай оқып ұқпаймын-ə.
Нұрдан үлес алып берді, жолым көрдім,
Бұ мағрифат біл деп берді, халім идім,
Маржан секілді ауыз берді, жедім-тойдым,
Бірлігіңе қалай шүкір қылмаймын-ə.
Жан жаратты бейне ішінде Хакім қылды,
Ел тұтты, аяқ тайды жол жүруді,
Тіленші ерлеріне сұрап барды,
Қайым қойып, қалай тағат қылармын-ə.
Келмек не-дүр, кетпек не-дүр, бар-дүр себеп,
Білсең қалай жаратқан-дүр бізді жырлап,
Жəне бізден сауап істер етер талап,
Қалай болдық адалдығымнан сұрамаспын-ə.
Опалы хикмет айтар Сүлеймен,
Қарары жоқ, заманы жоқ һəм аманы,
Нəсіп қылса, тілегім бар Хақ иманы,
Иемнен басқа дидар қаламаспын-ə.
* * *
Жаратқан Жəлил, Жаппар,
ол күн сыйға берді-йə,
Хакім қожа миғражын,
лəдүн ілімін берді-йə.
Еді барша Құранның
кенінен үлестік кені,
Дұрыс қылды иманды
Хақтан илһəм алды-йə.
Қылды Хақтық дауын,
ұлы Фұрқан жұмасын,
Хакім қожа мағынасын,
тəрік тіленші еді-йə.
Сырдан қарап көзін,
көрді дидар өзін,
Ғишықтық етіп сөзін,
құзырет ғишығын көрді-йə.
Алды жомарт мəуесін,
салды нəпсінің əуесін,
Бөлді жанның сақасын,
ғишық азығын жеді-йə.
Жеді жомарт азығын,
киді ерлік хирқасын,
Тұтты қағба алқасын,
қажылығын қабыл қылды-йə.
Қабыл болды қажылығы,
ұшты рухының құстары,
Киіп ерлер тəждері,
ұстап ұшар деді-йə.
Ғапілдер ұйып ап,
бұ нəпсі ашкөздігін қойып ап,
Хаққа қанат жайып ап,
құзырет жаққа ұшты-йə.
Нұр сейід Мұстафа,
қылған шапағат опа,
Желдей ұшып ақ жаққа,
батып жанды-йə.
Сүннет мұнда оқыған,
құстай ауа тоқыған,
Ғишық назарын сағынған,
парызды онда қылды-йə.
Алды мұрат ынтасын,
қылды Расул сүннетін,
Бақырғанда мүритін,
азат қылып қойды-йə.
Бақырғанға кім барса,
жерге жүзін тигізсе,
Сұлтан мазарын көрсе,
жүз мың көрді-йə.
Хубби ғишығын арттырды,
сол мезет қағба кетірді,
Өзін ғарышқа жеткізді,
ата тауап қылды-йə.
Ата айтар, ей, ұл,
риза мойынсұнғын,
Жалған дүние аз сүйгін,
йə сіз, йə біз деді-йə.
Хубби айтты: біз бұрын,
мекен қылдым ұрын,
Қолда жетекте жарын,
сізге баба деді-йə.
Баба енді қош бардым,
Хаққа өзімді бердім,
Жастығымда күн аз көрдім,
қош қал баба деді-йə.
Хақтан тілек тіледім,
қанша зарлық қылдым,
Өз сөзім өзім сөйледім,
кешкін жаннан деді-йə.
«Алла» деп жалынып-ап,
өзін ерге санап ап,
Ислам ауын байлап ап,
жігіт екен деді-йə.
Періштелер келді,
жанын пида қылды,
Барша разы болды,
жанын пида қылды-йə.
Əміріне сабыр қыл,
сөзіңді аз сөйлегін,
Хакім қожа тілегін,
екі қылма деді-йə.
* * *
Тəнім жабайы, жаным арсы, ауа тұтты,
Əрбірі мекеніне тартар, аула,
Тəн зұлматы, жан үлпəті тоғысып ап,
Көңіл нұры іштен мұңдап жортар, аула.
Тəн тілейді нəпсі бірлəн бұ дүниесіне,
Жан жылайды, ілім тілеп ақиретіне,
Көңіл кірсе сыр тілейді Мəулісіне,
Сырдың сыры құзыретіне өтер, аула.
Хақ таупығы құл қайратына бекітіліп ап,
Көңіл нұры қатер бірлə ұрылып ап,
«Фəқару илаллаһ» аятына бұйырылып ап,
Хақ Кəлəмі қолды тартып жетер, аула.
Құл арманы, дəрісі Хақ Кəлəмі,
Жұмақ ішінде айтқай құлға Хақ сəлемі,
Бүгін мұнда келіп тұрар Хақ шабыты,
Ақылды жаран мұндай сөзге тояр, аула.
Бітер болсаң біткін, өткін бүгін тарда,
Қиямет күн боласың сен қалай дарда,
Бүгін мұнда жадын айтқын есің барда,
Көңіл анық иман мөрін тұтар, аула.
Раззақ бірлəн сырласып ап, сырға барғын,
Көңіл бірлə ант қылғын, нəпсіден танғын,
Мақұлықаттан бас тартқын, Хаққа барғын,
Жігер ауын қоршанып ап өтер, аула.
Қайда барсам шауып келер дүр-ақығым ол,
Жад айтпастан бос болсам, жазығым ол,
Жырақ барсам, тəубе менің азығым ол,
Тəубе аты Сүлейменге жетер, аула.
* * *
«Бісміллə» деп бастадым Тəңір бірлə,
«Əр-рахман400» кешіргей күнəларымды «Рахым» бірлə.
«Құл һуалла»401 Хақтан енді Мұстафаға,
Мұқтаж бірлə басын қойды ол «Ахадқа»402.
Жүз мың түрлі хəмд, сəна ол «Самадқа»403,
Кешіре бергей күнəларды мейірім бірлə.
«Лəм йəлид уə лəм йулəд»404 деп Құран оқы,
Нұрландырар көңіл ішінде иман сауығы.
«Уə лəм йəкун лəһу күфуəн ахад»405 зауқы,
Қылар Ием мəртебелі ол дидар бірлə,
Иманыңды көп атағын күпір кетсін,
Бұйырған істеріңді Халиқ айтсын.
«Йə əйюһəллəзинə əмəну» несібі жетсін,
Барша істе болғын тəубе шынайы бірлə,
Кеніш секілді Құл Сүлеймен айтты хикмет,
Жасырын жалынбаққа келді аят.
Қарар қылмас келер болса кеніш хикмет,
Айқай салар, жалынышты үні бірлə.
* * *
Сопының асылы сап (таза),
Бұ сипат сопыларға,
Сопыдан келмес жапа,
Бұ сипат сопыларға.
Сопылар болар шығай,
«Алла» десе, болар бай,
Сопы қылар көрікті жай,
Бұ сипат сопыларға.
Сопы ішінде сүйер.
Сопы жағасын тұтар,
Сопы еңіреп жер өбер,
Бұ сипат сопыларға.
Сопының көңілі Турдан,
Сопының іші нұрдан,
Сопы азат ол хордан.
Бұ сипат сопыларға.
Сопы Хаққа тік қарар,
Сопы Хақ сырын ұғар,
Сопы төзімге шыдар,
Бұ сипат сопыларға.
Сопының Алла ісі,
Болар ол ақыл есі,
Сопыдан ізгі ісі,
Бұ сипат сопыларға.
Сопының негізі сары,
Сопының іші таза,
Сопы дүниеден азат,
Бұ сипат сопыларға.
Сопы шайқысына қарар,
Қараса уақытын табар,
Еріксіз гауһар сүйер,
Бұ сипат сопыларға.
Сопының жүрегі басшы,
Сопының көзі жасты,
Сүлеймен Хаққа ғашық,
Бұ сипат сопыларға.
* * *
Сыйлық тапты бұ жаным,
шайқым назар қылды-йə,
Қалай қанат қағамын,
иман құсы келді-йə.
Тұтқын еді бұ жаным,
жасырын еді иманым,
Келді бүгін дəрменім,
шайқым назар қылды-йə.
Көзсіз едім, мен көрдім,
тілсіз едім сөйледім,
Жаран ізін іздедім,
шайқым назар қылды-йə.
Шайқым Расул күзетшісі,
машайықтар сұлтаны,
Дерттілердің дəрмені,
шайқым назар қылды-йə.
Шайқым еді иршадты406,
тариқаттың турасы,
Машайықтар ұстазы,
шайқым назар қылды-йə.
Шариғаттың базары,
тариқаттың сырлары,
Хақиқаттың нұрлары,
шайқым назар қылды-йə.
Кештім үшбу фəниден,
сезер болдым ақиреттен,
Хабар білдім мағынадан,
шайқым назар қылды-йə.
Сүлейменнің халінен,
кешті мүлкі-малынан,
Дидар сүйді Мəулімнен,
шайқым назар қылды-йə.
* * *
Мен ол құлды мүмін деймін,
Бес уақыт намаз қылар болса,
Намаз, қамат407 үнін есітіп,
Жамағатқа келер болса.
Муаззиндер қамат айтар,
Ғапіл құлдар ұйықтап жатар,
Мүмін құлдар қайғы жұтар,
Бір уақыт намаз қаза болса.
Қарғыс тисін бейнамазға,
Тимесін ол құр жазаға,
Кімнің қызы бой жетсе,
Əсте берме бейнамазға.
Малғұн жүрегі тастан бітер,
Көтеріп өзін отқа атар,
Бейнамаздар көсіліп етер,
Күн шығып жүз жумас болса.
Намаз қылған пəк жүзді,
Халқы жұмсақ, шырын сөзді,
Бейнамаздар доңыз жүзді,
Көрге көмгін олар болса.
Намаз парыз барша құлға,
Керек дəруіш, керек жолға,
Бейнамазды қанға бұлға,
Жалған махаббат қылар болса.
Намаз құлдың дəрежесі,
Бейнамаздар қара батты,
Мұны айтқан Хакім ата,
Есіткін мұндай қатер болса.
* * *
Менің бұ көңілімнің азары бар,
Жаратқан Мəуліме жазары бар,
Қиямет атты онда базары бар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Исрафил сүрін ұрмағы бар,
Ғарасат əлеміне жимағы бар,
Зəбəния періштелер сұрары бар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Ғарасат таразысын құрары бар,
Қадыр Тəңірім қазы боп сұрары бар,
Сауалына жауап онда берері бар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Күнə қылғаныма өкінішім бар,
Ібіліс деген малғұн атты дұшпаным бар,
Жылаймын өлемін түні-күні зар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Сахарада сырланса зарлығы бар,
Қадырім тəубе берсе, азығы бар,
Күнə қылғандарға жазасы бар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Сиратты жіңішке дер өтуі бар,
Шашыраса һəуияға408 түсері бар,
Түсіп ап, от ішінде күймегі бар,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Байқап тұрсам бұ өмірім желдей өтер,
Тіршілік ішінде еш күмəнсіз өлім жетер,
Еш күмəнсіз, келсе маған өлім жетер,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Дариға, бұ тіршілік менен өтер,
Сүйгенім, достарым менен қашар,
Құл Сүлеймен бұ дүниеден бір күн өтер,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
* * *
Топ-топ бұ халықтар,
келіп үлес алмайды,
Қулық-сұмдықтан бұ халықтар,
көз ашуды білмейді.
Жияр дүние малын,
тəкаппар болып баршасы,
Қарапайым дəруішті,
көрсе көзге ілмейді.
Хандар келер оларға,
дұға тілер аурудан,
Барша сұлтан-дəруіштер,
ханнан дүние тілемейді.
Дүниесін ақиретке,
ауыстырған дəруіштер,
Қанша мендік тəліптер
зор арманда қалмайды.
Ажал келсе кенеттен,
өлім шарабын ішкен уақыт,
Болса сенде тақ пен бақ,
артық уақыт қоймайды.
Жігерді белге байлайды,
«уһ» деп жүрек соғады,
Қанша тынбай жылайды,
уақытында бір күлмейді.
Мұндай екен адамы,
зая өткерер əр демді,
Пасық сатып дін тəнді
не боларын білмейді.
Барар жерін білгендер,
дүние ісін қойғандар,
Сүйіктісін сүйгендер,
өзі түнде жатпайды.
Міскіндіктің жолына,
қадам қойғын Сүлеймен,
Міскіндікте жүргенді,
менмендікте бермейді.
* * *
Қадам келді, сəлем келді, жауап алды,
Сұфра көтеріп, Кəлəм оқып, тəкбір қылды,
Кəлəмулла асхаб оқып уақыт өткізді,
Бұ насихатты ием Сұбхан білді достар.
Үндеу салдың, келтірдің, келді жаран,
«Раббым» деп еңірейді барша жаран,
Құл толғап, азақ тігіп, сұфра берген,
Бір үзікке жүз мың сауап алды достар.
Он сегіз мың əлем разы ынтасынан,
Үндеу салдың, жедік тəтті нығметінен,
Ауырлады Хақ Расулдың үмбетінен,
Əбубəкір шапағатын болды достар.
Хақты іздеуші ауырлады малы бірлəн,
Ұлы-кіші ас асады наны бірлəн,
Тариқатта қызмет қылды жаны бірлəн,
Бұ дағуатқа Қызыр Ілияс келді достар.
«Мəн жəə билхəсəнəти»409 аятын оқыды,
«Уə мəн жəə бисəйəти»410 деп білдірді,
«Һəл жəзəу ихсəни иллəл ихсəн»411 қылды,
«Əмин» деп құзырет қабыл қылды достар.
«Əссəдəқа тəрддул-бəла»412 есігін,
«Уə мəзид фил-’умр»413 деп айтты оны,
Тəубе бірлəн күнəлардың көпірін,
Нұр пəк, нұр суы бірлəн жуды достар.
Қадалды пайдалы жүрегі басты,
Жүректері басты ол көзі жасты,
Махаббаттың оты күшті сөнбес босқа,
«Алла» деп махбуб жүрегі күйді достар.
Жүз тағы жиырмада жасы еді,
Ораза, намаз қажетінің ісі еді,
Аяғында сынық көңіл басы еді,
Машайығым бұ сандықты ашты достар.
Сүлейменге қадыр түсті, Қызыр құшты,
Сыр үйін базар құрып сандық ашты,
Тілінің ұшы бірлəн хикмет шашты,
Есіткен дұға жары етті достар.
* * *
Ғапілет бірлəн өткіздім ессіз өмірім,
Қылмадым тағаттарын ұстап пəрмен,
Күшім барда ұрыспадым дұшпан бірлəн,
Беліме байлап ап қорамсақ құрбан.
Екенмін бұ дүниеге бес күн қонақ,
Көшермін көш көлікке бір күн анық,
Жүрмін өзіме өзім тынық,
Санасам күнəларым сансыз Оман.
Жанымды жұмақтың төріне жеткізіп бергін,
Азаптардың отын өшіріп бергін,
Сансыз мың күнəмді кешіріп бергін,
Кешіруші оқсың сен, ей, Рахман.
Қалай іс істермін мен көрде жалғыз,
Бас жалаң, аяқ жалаң һəм жансыз,
Жылағын, ей көзім, болып шын көз,
Жыласаң болар еді орның жанан (жəннат).
Қабірде айтады, қане, өзім,
Сұқтанған кітаптарға баққан көзім,
Құтылар еді мұңды өзім,
Өлерде өкірсем мен тілде иман.
Бұ кітапқа қараған, оқыған, қане,
Қызығуда құрыды бұ жүрек, қане?!
Шықса бұ əлсіз құлдың тəнде жаны,
Жетектер көмектесіп көрге рауан.
Қояды тақ үстінде есеп малың,
Сұрайды жауабың жоқ қалай халің,
Барсам мен сұрайды қалай малың,
Қорқып ап, бұ айбаттан қалдым қайран.
Шығарады мені үйден салып табытқа,
Қалады артымда əйел, бала-шаға,
Асығады көрімнен өлім жаққа,
Қаламын көрде жалғыз болып қайран.
Еңбекті жұбым менің қалдың жалғыз,
Еңбек жастандық біз ұшқармыз,
Дайындал қызметте тірлігіңді өз,
Жақсы күткін сізді сұрар келсе мейман.
Үміттенемін Жаратқанның рахметінен,
Қорқамын азабы бар аятынан,
Жалғыз қалып жатар көрдің қасіретінен,
Күйіп жүрегім болды бір жақ.
Оқып бір сөзім бар еріп ағың,
Ғибрат алғын, ей, достар, маған қарап,
Дұға бірлə достарым, рахмет оқы,
Өлді деп хабар келсе Құл Сүлеймен.
* * *
Тіршілік шүкірін мен білмедім,
Көзімнің жасы бірлə жүзім (ді) жумадым,
Бұ азғындық істерімді қоймадым,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Басым ауырып, менің қолым артып,
Жатып ап, еңіресем мен көңіл беріп,
Ғаріптік жат жерінде төсек тартып,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Тауда ма жүгірткен ол тазыларым,
Ол мал-дүние бірлə азықтарым,
Ол маған пайда қылмас жиғандарым,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Мал туар, баршасы пайда қылмас,
Бір шаршы ақ бөзден үлес тимес,
Тағаттан өзгесі бірге бармас,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Жан шығып, арсы жаққа жол алады,
Ағаш ат үстіне мені жатқызады,
Ел жаққа мені сонда алып жүреді,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Ұлы ием пəрмені келсе маған,
Дəрісі жоқ екен айтсам оған,
Қарамайды екен һəм ол тағы оң-солға,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Əзірейіл кіріп келгей жанымды алуға,
Мойнымды бұрамын қарап оған,
Мал туар бермес білгін біздің бірлəн,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Көп туыс, көп ағайындар жылайды,
Ертіп оны жүз жерде ұзатады,
Кім күле, кім жылап қайтады,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Мүңкір-Нəкүр келгей, сұрағай сауал,
Жағамнан ұстап ап отырғызғай,
«Мəн раббук?» деп сауал сұрағай,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Жылан-шаян жүгіріп қарсы келгей,
Үш жүз алпыс тамырларға кірер болғай,
Көрер көз, ауыздарға топырақ толғай,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
Құл Сүлеймен тəубе қылғын қателерге,
Қателік істер қылдық аталарға,
Көп күнə қылдық енді аналарға,
Кел, енді, мен құл онда не қылайын?!
* * *
Ей, патша, менің жарымсың, ұқ сен,
Қамұқ хал ішінде қамқорымсың, ұқ сен.
Менің барар жерім жоқ сенен өзге,
Əрқашан бақ-гүлзарымсың, ұқ сен.
Барша əлем маған қылса дұшпандық,
Не қайғым бар, қамқоршымсың, ұқ сен.
Халайық қор көріп, қор болмағаймын,
Қабыл қылған саудагерімсің, ұқ сен.
Қаншама қате жасап, сыйына келдім,
Ғафу қылушы Ғаффарымсың, ұқ сен.
Ғанибет тұт, бұ демді Құл Сүлеймен,
Ата беруші Сəттарымсың, ұқ сен.
* * *
Достарым, сіздердің араңызда,
Ғишық, махаббат, мағрифат білер бар ма?!
Ғишық, махаббат, мағрифат тілеп ап,
Сыр бірлə жан рахатын қылар бар ма?!
Сыр бірлə ғарыш жаққа қылып ап,
Əуел, ақыр құбыласын біліп ап,
Уахданият кенішін бөліп ап,
Исмайылдай жанын пида қылар бар ма?!
Уахданият кенішінен назар тігіп,
Кеңшілігі бірлəн үш жүз алпыс рахмет жиып,
Ұлы əлем оны күні туып,
Ғайыптан нұр ұрлап күлер бар ма?!
Ғайыптан нұр ұрлап, күні туып,
Түні-күн қызмет ішінде сырын тұтып,
Хəлилдай414 шын ғашық халін айтып,
Тұтқын болар мұңды өзін құтқарар бар ма?!
Хақиқат ғашықтар жанын кешіп,
Жылайды қара көзден қан-жас төгіп,
Мұң бірлəн мінажатта қолын ашып,
Сауық бірлəн өзін Хаққа аулар бар ма?!
Машайық тұтып жауып құрмет қылып,
Бір сағатта терең ойда тыныш болып,
Сырлар сыры ішінде таңдар көріп,
Арманда Хақ дидарын қалар бар ма?!
Құл Сүлеймен айтты мұны ғапілет ішінде,
Хақ жадын айтып ап, қыза кірісіп,
Дұға бірлəн жад қылсын деп достар ішінде,
Əй, Раббы, деп жарылқау тілер бар ма?!
* * *
Кеткін енді, ей, ғапілет, əрі тəннен енді,
Ойлардан хикметтері аға келді,
Тариқат асылын білдіріп ап,
Сұхбатқа бастап ап тарта келді.
Асылды білдік енді танбағаймыз,
Бұ ғапілетке өздерін бермегейміз,
Махаббат дауын қылдық тынбағаймыз,
Көңілден кірбіңдері аға келді.
Көңілдің кірбіңі болар болса,
Ықтиярын ақылға берер болса,
Таупықтың қылышын алар болса,
Нəпсі кіші басын кесе келді.
Тəуекелдің уəзірі ақыл екен,
Баршадан əзізірек қарар екен,
Баршаны жаратқан Қадыр екен,
Үш мұндағын сыйлықтар бере келді.
Беретін сыйға амал қылғын,
Нақақтан қайтып Хаққа қарағын,
Көңілге кіріп ап тыңдап көргін,
Ғайыптан нұр тасып ап аға келді.
Сырларға кіріп ап жылайды,
Раушан пəк болып ап жарқырайды,
Хақ сауығында ұстап ап жалтырайды,
Шарапты оларға ішкізе келді.
Іштік шарап, олар бізге жарар еді,
Хақтан ілтипаты таупық еді,
Құлдан тəуекелі Хақтан еді,
Ішіндегі нəпсі отын өшіре келді.
Ашылды ғишық бостанының шешектері,
Жарылды қажеттілік шешектері,
«Аһ» қылған реніш қайғыда ғашықтары,
Сыр бірлəн Мəуліме тəуекел келді.
«Əрни» деп жылайды ғашықтары,
Сырыңа сыр айтар сыршылары,
Іш көзін көрікті сүзушілері,
Сыр бірлəн Мəулім бізге түсе келді.
Сүлейменнің көңіліне əсте сыймас,
Сыйғаны сырларына амал қылмас,
Пейілден ақтарып ап сырын айтпас,
Ғашықтарға бұ сөздер жаға келді.
* * *
Қанша жүз мың халуалар бар тариқатта,
Кім көтере білсе баршаның өсек-жаласын.
Жаласын көтере білген ғашықтарға,
Жаудырады Жаратушы Ием рахметін.
Рахметінен əсер болар назар нұры,
Рахметті құлға болар жұмақ хоры,
Құл көңілі ішінде құрылар Мұса Туры,
Кім болса, сыр иесі сұхбатын.
Сыр бірлə сыр сөзін сөйлер болсаң,
Кемесіз көңіл теңізін кезер болсаң,
Тəуекел бірлə көңіл түзер болсаң,
Бергей ол таупық жолдас шапанын.
Қызметке шапан уəде қылар Жаратқан,
Құл «рабби» десе, «лəббəйк» дейді Йаздан,
Құл шынайы болар ма, бұйрық сынаған,
Бұйрық сынағанға басар ыстық лағынетін.
Көндіргін Жаратқан бұйрық сынамауға,
Бермеші, өмір босқа өткізбеуге,
Құлшылық асылы бес уақыт қоймауға,
Бес уақыт намаз қылар бір нұр тұрбатын415.
Кім тұрбат қаласа бес уақыт намаз қылар,
Құлшылық басты оның ісі болар,
Мұндай жарандардың өмірі болар,
Берер ол мəңгі бақи дəулетін.
Сүлеймен, құлшылық негізін қылмадым,
Ақирет азығын алмадым,
Сиыну жолын еш білмедім,
Қалаймын Рахым Мəулім рахметін.
* * *
Əй, Раббы, енді күнəмнан тəубе қылдым,
Жаратқан Тəңір саған сиындым енді,
Бұ жолды ықтияр қылдым өзім,
Хақиқат көңілімді идім енді.
Білместен өткізіппін тіршілігімді,
Ізденіп ап, енді таптым өз жарымды,
Хақ үшін кештім енді сол барымды,
Шынайы пейілімнен сиындым енді.
Пейіл керек, ақиретке қолын тұтса,
Көр атты жерде жолдас болып жетсе,
Ер ол болар, аспабын мұнда құрса,
Қалсын деп достарыма айттым енді.
Перзент көрсең, сəлем беріп, алғын əлейк416,
Не керек тəкаппарлық саған мендік,
Тəубеге келтірген ол Йазд417 Мəлік418,
Дүниенің асылын білдім енді.
Құл Сүлеймен енді кіргін тура жолға,
Нəпсіні байлайды ол қанағатқа,
Сырын білдіріп ап бір Ахадқа,
Ризасын қалап келдім енді.
* * *
Сопы болар ол кісі,
Қыла білсе тəубені,
Қарап қалмасын жəне,
Ұстайды тəубе оңайын(ы).
Алла бірлəн шарт етіп,
Сопы болдым деп ап,
Күнə жолға түспесін,
Ұстайды тəубе қойып оны.
Тəубе қылған ер болар.
Хаққа жолын тұтып ап,
Ондай кірер бұ жолға,
Көңіл пірге беріп оны.
Үшбу жолға кім кірсе,
Жабады нəпсі бабын,
Мағрифаттың тұтқасы,
Ұстайды тағат төзімді.
Ей, адам ұлдары,
Қойғын ғапілет тонын,
Жүрерсің ояу,
Мұсылмандық қойып оны.
Тəубені бұлар білмесін,
Барша перзент бар бапты,
Жаратқан қорқыныш бермесе,
Еш арылмас ибаны.
Əй, Раббы, Ием сен кешір,
Тілім жазық һибаны,
Құл Сүлеймен үміт,
Соңғы демде иманы.
* * *
Ей, ғапіл, оян енді, уақытың болды,
Тұрғын өзің үшбу қулық-сұмдық ішінде,
Сөнбесін жалғыз кіріп жатар жерің,
Тамұқ атты жанар отты зындан ішінде.
Өкінерсің жарын онда азап көрсең,
Күнə бірлə жалғыз өзің көрге кірсең,
Бүгін мұнда менмін деп көкірек керсең,
Өкініш жеп барарсың онда өкініш ішінде.
Перғауын лағын Тəңірмін деп жаһан тұтты,
Менмендіктен Намрұт көкке оғын атты,
Шарасыз жарты қиыршық тас оған жетті,
Жетсе де теңселмеді заман ішінде.
Бұ дүниенің опасы жоқ, соңы ойран,
Кімдер қылды бұ өлімге айла дəрмен,
Дүние ішінде ғапілет бірлə барша жаран,
Айтады олар мəңгілікті ойран ішінде.
Халал қойып жейсің сен харам мұнда,
Не үшін азат жүрсің бүгін мұнда,
Аз күлгін, өкініп жыла бүгін мұнда,
Қорықпайсың ба «фəлядхаку»419 Құран ішінде.
Бұ азғындық дүниесін қарап көргін,
Хақ қорқынышын көңіл ішіне сұға көргін,
Ашып көзді жаратқанға қарап көргін,
Кімдер өтті үшбу фəни жаһан ішінде.
Алла жадын өксітпегін қылғын ғибадат,
Түні-күн сенің ісің болсын тағат,
Иман бірлə жүрер болсаң болдың рахат,
Ісің қағба, орның жұмақ, амандық ішінде.
Құл Сүлеймен, тəубе қылғын, шектен астың,
Ғайбат бірлə əрбір ердің сырын аштың,
Дүние ішінде мəңгі суын сіміре іштің,
Түнде жатып, ерте тұрмақ күмəн ішінде.
* * *
Қара сыртың жүзіңе,
тəрк етіп намазды,
Еш қанағат сенде жоқ,
білмейсің сен көп-азды.
Өмірің өтті қанша шаш,
сақалға қыл назар,
Өтті мұнша айлар,
жақсылық ет қыс-жазы.
Жаз ашылды ол құстар,
қай жерлерден келеді,
Отан қылып тұрады,
көргін ол аққу, қазды.
Қанша күндер тұрады,
қыстап жəне кетеді,
Дəлел болар ғапілдер,
білмейсің сен мұнша сырды.
Ұқсап бəрі шымшыққа,
тəуекел қылсын Хаққа,
Қосылғын жарандарға,
қыл оларға қажетті.
Байла беліңді қызметке,
алғын міскіндік хатын,
Қабыл болсаң оларға,
одан кейін қыл назды.
Сиынушыға сиынғын,
ажал келер бір күні,
Өлмесіңнен бұрын сен,
Хаққа айтқын бұ сырды.
* * *
Терең оймен бұ əлемге назар қылса,
Батынынан хикметтер ағар дейді,
Қай құлды раб мақұлықтан азат қылса,
Үш жүз алпыс рахмет оған жауар дейді.
Рахмет жауса, тəубе торын белге байлар,
Хақ сүймес істерінен барша танар,
Түні-күн тағатқа мойын сұнар,
Ондай құл құзырет жаққа жетер дейді.
Тəубе қылып, өзін біліп, Хаққа сиынса,
«Алла» деп ап, түні-күн жаға тұтса,
«Тəңір бір, Расул хақ» деп айтса,
Сол құлды Хақ Мұстафа сүйер дейді.
Ғашық болар бұ дүниеде өзін таныса,
Бір Тəңір бұйырғанын орындаса,
Дүние қойып, ақирет жаққа сапар қылса,
Мүңкір-Нəңкір кіріп одан сұрар дейді.
Кім қалады, Исрафил сүрін тартса,
Не қылады, Құранды жарын тұтса,
Көреді Хақ кімде-кім Хакім қылса,
Пəрмен бірлə екінші сүрін тартар дейді.
Бұ дүниеде кімдер шығып жүреді,
Адам ұлы мұңды басы не көреді,
Дажжал420 шығып, шың болып жер-көгі,
Онда көктен Иса Расул енер дейді.
Атағы Құл Сүлеймен күнə қылма,
Дайындалғын жігіттікте жолда қалма,
Десе Ием бағыштадым қолым жазба,
Күнə қылса, Қадыр Тəңірім көрер дейді.
* * *
Кім қылса да тариқаттың дауын,
Əуел қадам шариғатқа қоймақ керек,
Шариғаттың істерін орындап,
Одан кейін бұ дауды қылмақ керек.
Шариғатсыз дəм ұрмайды тариқатта,
Тариқатсыз дəм ұрмайды хақиқатта,
Үшбу істер білінер бəрі шариғатта,
Баршасын шариғаттан сұрамақ керек.
Одан кейін бір ер керек ирадатты,
Болар болса ол пірден ижазаты,
Шариғатқа лайық шын кереметі,
Сол пірдің етегін ұстамақ керек.
Кім білместен бұ нəзіктерді шайқымын десе,
Кереметтен, достықтан хабар берсе,
Күпірші-дүр егер Рухул-əмин ерсе,
Ондайлардан ала-тұра қашпақ керек.
* * *
Ғашықтар Хақ жадына
жанын құрбан қылар,
Махаббаттан ішкен ғашық,
ғишық бірлəн майдан қылар.
Кім кірсе бұ майданға,
батар теңіз Оманға,
Хақ мейірі əзіз жанға,
тілесе қайран қылар.
Ердей қылар Хақ қарар,
дидар уəдесі бар,
Ізденіп шынайы назар,
көз жасын Оман қылар.
Ғашықтардың көз жасы ақса,
артар жан рахаты,
Алайда өтер жасы,
жүрегін күйік қылар.
Махаббат сауық шалып,
болса жан үлпəт алып,
Атасы шабыт қылып,
жан құсы дастан қылар.
Жан құсы сырға қарап,
шоқып сырға ағып,
Діл құсы міз атанып,
құзырында толқын ұрар.
Атағы Құл Хакім құл,
дайындалғын, Хақ үшін бол,
Кім қылса шын тəуекел,
Хақ жолын оңай қылар.
* * *
Намаз бірлəн үшбу иман дұрыс болар,
Намаз қылсаң Ием сенен разы болар,
Мен емеспін Фұрқан ішінен баян қылар,
«Иқам ус-салат»421 əмірін білсең намаз болар.
Қиыншылық намаз бірлəн оңай болар,
«Уə əтуз –зəкəт»422 сенің өзіңе қажет болар,
«Хаж ул-бəйт мəн иститағ»423 сенен келер,
Оңнан келген атың сенің намаз болар.
Тур Мұса пайғамбарлар неге келді,
Намаз үшін он сегіз мың əлем толды,
«Уə мə хəлақту жинни уəл-инси иллə лиə’будун»424
«Фəзкуруни əзкурукум» намаз болар.
Əулиелер дəулеті сенде болды,
Намаз бірлəн кенішін алып барды,
Дəрулбақа425 сарайында орын болды,
Ол сарайда бақи есеп намаз болар.
Намаз сырын барлық ішінде қаза қылсаң,
Патша болып, Шаддад секілді жұмақ қылсаң,
Перғауындай Тəңірлікті дауласаң,
Орның сенің жаһаннамның қаһары болар.
Бейнамазды лақат ішінде өртесе,
Тамұқ ашылып, күнəларын көрсетсе,
Бейнамаздың өлген иттей жер ұрса,
От тұтанып, онда күйген қорлық болар.
Патша болып Зұлқарнайындай жаһан кезсең,
Қызыр болып мəңгілік суын тауып ішсең,
Қараңғы тар лақатта жалғыз жатсаң,
Сол жерде ісің сенің намаз болар.
Лақат ішінде ісің сенің намаз болса,
Мүңкір-Нəңкір «Мəн раббук?» деп сауал қылса,
«Раббым Алла» жауабын айтқын десе,
Ол сауалды оңай қылған намаз болар.
Намаз қылған құлға қанша уəде қылар,
«Қул мəтəғ əд-дуния қалилəн»426 Кəлəмда-дүр,
Бұ қасірет күнəлар қашан қалар,
Сират өтіп, есеп берген намаз болар.
Құл Сүлеймен мүрсал, нəби, уəли кірді,
Бейнамазы қаза үшін опық жеді,
Ілтипатын жандырып ап уақытын езді,
Жарды себеп, көлік қылған намаз болар.
* * *
Шариғаттың шаһарынан азық алып,
Тариқат аймағына барғым келер,
Хақиқат базарында дүкен құрып,
Мағрифат саудасын қылғым келер.
Шариғат шаһарынан азығын ал,
Халал екен шаһарлардан сұрағын ал,
Отыз тісің берік ұста, харамды біл,
Бұ уəде де жол аспабын алғым келер.
Патша болса, пəрмен ұстап куəлік бергін,
Күшің жетсе, хажға барып қажы болғын,
Заһир, батын арттыр, зікір айтқын,
Зікірге Хақтан таупық алғым келер.
Рахым шапағат торын белге байлағын,
Харам, өсім жемектен өзіңді ұстағын,
Иеңнің пəрменіне мойынсұнғын,
Рахмет тауып, Хақтан сыйлық алғым келер.
Тура сөйле, жалған сөзден тіліңді тыйғын,
Тариқатқа кірер болсаң нəйб427 болғын,
Күнəңа өкініп, тəубешіл болғын,
Тəубе қылып күнəларым жуғым келер.
Хакім түсті хақиқаттың дариясына,
Көзін ашып қарамас дүниесіне,
Түні-күн тынбай жылар Мəулісіне,
«Фəнəул фəнə»428 ішінде бақи болғым келер.
* * *
Жаратқан сауық берді маған сыр ашпаспын,
Сырлар ішінде ихсан көрдім тұрмаспын,
Көзім лаухта429, көңілім қауіпте тірілмеспін,
Көрді айғақ, берді Рахман жары маған.
Көзім түсті, құсым ұшып ғарыштан өтті,
Сурет мұнда, сират онда көпірден өтті,
Тарттым қасірет, көрдім құзырет, Ол мені құшты,
Тілегімді берді Дəйиəн бəрі маған.
Бардан қаша, бірді шаша, Хақты аса,
Жамандықтан қаша, жақсылықты құша, үлпəт аса,
Жоқ ол тыным, ұйқы харам, қылдым кеше,
Одан кетті, бұ көңілдің тары маған.
Құзырет тоны, уəслат тоны, болды жақын,
Ақирет Ием берді маған үшбу мақтанышын,
Қанатсызға Қап көрсетті кен мен азығын,
Нəсіп қылды ол Мұсаның Туры маған.
Алла «əйулһəм» деп көңіл баю,
Қаруын мұнда, хəлат онда, сират жаю,
Мəлəкут430 мақамында уисал деп,
Күйдірді бұ махаббат оты мені.
Мақұлық міндім, ізін қудым, болдым Мəлік,
Таупық тонын кидім келдім, асар жалық,
«Йə, рабб» дедім, «лəббəйк» деді Ием Халиқ,
Екен дүние, ол тал-шіліктің тікені маған.
Күмəн сейілді, тəн ұстады құзырет көрді,
Түгел күнін, кезіп бүгін ғибрат алды,
Əлсіз өзім баршадан ғибрат сұрады,
Жауап айтты, ол бақыт нұры маған.
Махаббат дариясына шөктім-баттым,
Уахданият кемесіне мықтап тұттым,
Сырлар əлемінде екен ақыры таптым,
Себеп болды ол жолдас шынайы маған.
Ол мақамды қашан көрер жүз мың көзі,
Ол мақамға жете білмес өзінен-өзі,
Ол құлға Алла берер өртер сыры,
«Бихəмдилла»431 нəсіп қылды жары маған.
Əлсіз өзім, ғалым қылды заты бірлəн,
Көңілім уахи432 толды заты хаты бірлəн,
Түсінік, пайым келді тұлпар аты бірлəн,
Жетеледі ол үндеу хат шынайы маған.
Келді қарсы, көңілім арсы ауа ұшты,
Басбұзарлық кетті, аты қуып жетті мені,
Жаным рухы арсы сақидан шипа тапты,
Бақталас болды, жолдыс қылды жары маған.
Жоғары қой, барша əлем байға қарап,
Əуелі-ақыр, заһир-батын ілімін оқып,
Үш мың жылдық хижабтарды мұнда кешіп,
Ұсына берді сəдрəтул-мунтаһа ері маған.
Сүлейменге ілім хикмет Хақтан еді,
Расулды һəм түсте көріп халін сұрады,
Пəле беріп, ол мекенде пəрмен сұрады,
Өзі тұтып берді ізет ері маған.
* * *
Тақсырлық мұқтаж, мұңды-мұңдас,
Мұңданып, мұңнан мұңды ұстармын-ə,
Бұ өзім ғапілеттің қасіретінде,
От-оты бірлəн күйіп ұстармын-ə.
Кімде-кім ол дүние ішінде мұңды болса,
Мұңды ол, өзін мұңда мұңсыз білсе,
Мұң бірлəн, мұңды мұңын ұсыныс қылса,
Үмітім оның бірлəн өтермін-ə.
Мүмінге мұңсыздық еш болмас дауа,
«Əд-дүния сижнул мүмин»433 дер Мұстафа,
Достарым шыншылдық, туралық иесі,
Көріп ап ұятқа батармын-ə.
Мүмін құлдың тəнінде мың мұңы бар,
Хақ бірлəн сыр мұқтаж бір мұңы бар,
Мағрифатты күн сап атты һəм таңы бар,
Көңілді шығысында табармын-ə.
Мүмін құл мұңды болса бүгін мұнда,
Болар ол ерікті патша жарын онда,
Мүмінге үш жүз алпыс назар күнде,
Бұ дəлел бірлə шын ұқ бітермін-ə.
Мұңдыға саудагер бұ тəнім-жаным,
Мұңсыздан тірілу жоқ еш мүмкіндігім,
Мұң бірлəн құрылады ол ғишық дүкенім,
Мұң бірлəн мұң дəнін себермін-ə.
Мұңды бол Құл Сүлеймен, мұңды мұңын,
Құзыретке апарса болмас мұнан өңін,
Есітсеңдер, ей достар, бұ сөз соңын,
Кім мұңды болса оған қарармын-ə.
* * *
Алыс-жақын достарым,
Жиылмайды, бүгін-ə,
Мүсəпірлер нұрынан
жарын алыңдар, бүгін-ə.
Мүсəпірлер сұлтан ол,
ағар судай рауан ол,
Тəн-жан оған құрбан ол,
көздегін, бүгін-ə.
Үшбу көз – қас көз ол,
көңілдегі іш көз ол,
Сырлар ішіне қарар ол,
асылын біліп, бүгін-ə.
Сырлар ішіне қарасаң сен,
барша мəлім қылсаң сен,
Біздей əлсіз көрсең сен,
қолын ұста, бүгін-ə.
Тəубе тонын киесіз,
көңіл дайын қыласыз,
Хаққа қадам басасыз,
мұң жейсің, бүгін-ə.
Мұңды ұсыныс қылалық,
сырды Раббыға ұлайық,
Мұқтаж бірлəн тұралық,
уақыт ашылсын, бүгін-ə.
Уақытқа түскен құтылды,
рахмет бірлəн жортылды,
Шайтан заһары жыртылды,
шад болайық, бүгін-ə.
Ижазат бірлə қарап,
мұқтаж бірлə оқ атып,
Махаббатқа біз жетіп,
сауық салайық, бүгін-ə.
Құл Сүлеймен əлсіз-дүр,
байла енді батын құр,
Ұстап таптық сізде нұр,
нұрланайық, бүгін-ə.
* * *
Оқырмын да жазармын,
жазармын да оқырмын,
Өзім бітіп, өзім оқып,
өз-өзімді ұстармын-ə.
Құранды сұрармын,
сұрармын да оқырмын,
Сұрап жүрермін,
болсам мен алармын-ə.
Мен өзім достар қолы,
көзім көзсіз жолы,
Əр күнде жүз мың жолы,
һəм өліп тірілемін-ə.
Жүрермін жаһан кезе,
мұң бірлə хикмет түзе,
Көз жасы ағып жүзде,
қыдырып жүрермін-ə.
Құл Сүлеймен сыр ашқын,
дүр-гауһарды шашқын,
Бір қадах шарап ішкін,
тұтқынында жүрермін-ə.
* * *
Мұңды басым, жоқ ол ісім қарындасым,
Мұңдарымды ұсыныс қылдым, Сұбхан жаққа,
«Инналлаһ аштəрə»434 несібемді Хаққа сатып,
Өзім жақын болсам құзырет Сұбхан жаққа.
Сүйікті сауық илһəм нұры медет тауып,
Таупық жанып нəпсіден, ауа танып атып,
«Иə əйуһəн-нəсу фуқара»435 аятынан хабар тауып,
Мұндай бейне үміт ұстар уисал жаққа.
Саған келді «Қул йə ‘ибəдиə əл-лəзин əсрəфу»436,
Бұйрық келді саған пəрмен «лə тəсрəфу»437,
Жардан ғапіл болма «фəқулту астағфиру»438,
Əмірін ұста бұ пақырдай пəрмен жаққа.
«Əт-тəйбунə əл-’əбидунə əл-хəмидун»439,
«Əс-сəйхунə əр-раки’унə əс-сəжидун(ə)»440,
Жақсылық-жамандығың берсін саған Алла бүгін,
Жарын білсін сені деп обал жаққа.
«Инни əнəл-ғафур»441 деп сырын ашар,
«Аллаһу лəтифун биғибəди»442 рахмет шашар,
«Уə йəғфир мəдунə зəлик»443 сені шашар,
Одан кім ұстаса тілер теріс жаққа.
«Иннəкə лə тəһди мин əжəбəт»444 деді пəрмен,
Хақ тілемес оған жоқ дəрі-дəрмен,
Қылса жарар Тəңіріне тəн-жан құрбан,
Берді таупық, иман, таухид амал жаққа,
«Ту’иззу мəн тəшəəу-лар»445 ерікті болар,
«Уə туззил мəн тəшə»446 Хақ үкімі болар.
Кімде-кім ізет тілесе ол Алла білер,
Сауал сыймас ізет берді Білəл жаққа.
«Əд-динə ′индаллаһил ислəм»447 білгін,
Күпір екіжүзділік риясынан қолын тартқын,
«Фəс’у илə зикриллəһ-ның»448 əмірін ұстағын,
Құл Сүлеймен құзыреттер сол жаққа.
* * *
Көргін Ислам ғимараты,
Байланған ол бес негізге,
Кімде болса үшбу бес,
Жарар Хаққа уəслатқа.
Əуел Хақты бір білмек,
Одан өзге жоқ демек,
Расулулланы сүймек,
Жеткерер шапағат дəулетке.
Екіншісі – бес намаз,
Өтеп келтіргін қажет,
Оны қоймағын мажаз,
Қалар өкініш қасіретке.
Үшінші – ораза ұстамақ,
Нəпсіден рухқа өтпектік,
Азат болып жатпақтық
Өзіңді берме ғапілетке.
Төртінші – зекет мал ол,
Жəне көрікті амал ол,
Кім бермесе обал ол,
Қалай барар құзыретке.
Бесіншісі – қағба хаж,
Кіріп Хаққа сырыңды аш,
Жыла көзден жасың шаш,
Одан жеткін рахметке.
Кімде болса үшбу бес,
Болар шариғатқа іс,
Сөзім(ді) есіт, ей, дəруіш,
Қалма күпір зұлматқа.
Бұ-дүр исламның жолы,
Иман бағының гүлі,
Құл Сүлеймен құл сөзі,
Айтты мұны хикметке.
* * *
Жаңа шығыс белгісімін,
туамын сахарда,
Ғашықтықты жауғызды,
сол жауған жаңбырда.
Тəнім тағы жоқ еді,
жаным сені қаларда,
Əуел ғашық мен едім,
жаһаныңды берерде.
Зуһра449 келіп күн жаққа,
иіліп сəлем қыларда,
Мен туамын Муштари450,
Қамар451 білəн қосылмаққа.
Ғашықтықтың рахаты,
үш жүз алпыс тамырда,
Өзі мұнда, сүйіктінің орны,
Бəйтулмағмурда.452
Ғашық Шамда бар дейді,
машұғын ұғарда,
Қауыштырған Хақ баян,
Хакім оны ұғарда.
Бір тірсекті көтеріп,
бір тірсекті ұрарда,
Дайын қылды Балқисты453,
Сүлейменге өтерде.
Ей, Сүлеймен, өкси қалдым,
отырарда жалғыз,
Мың өліп, мың тірілер,
бір Қапия454 айтарда.
* * *
Еркін кезде шығар едім мен саржайлауға,
Шыққанымда қызыл, сары лалагүлге,
Сарылары ғишық егіні егілер,
Қызылдары мейір отынан күйер.
Сарылары ізгілікті егеді,
Қызылдары ғашықтарды аңсайды,
Əсемдік бірлə құлдарын безейді,
Жылайды түні-күн тынбай зар.
Жаратушы нұры ғашықтарды тірілтер,
Ғишықтық оты сүйікті жүрегін өлтірер,
Əлем ішінде əуре қылып жүргізер,
Əурелейді хас құлдарын жары.
Жары берсе артар ғашық лəззаті,
Нəзір455 қылса басқа ұрылар тəжі,
Берсе тиер қағбасына қажы,
Алқа ұстар мекен жетсе бəрі.
Сені қаласа мекендері белгілі,
Түні-күн ішінде тағаттары белгілі,
Жұмақ ішінде бостандары белгілі,
Ол мекенде ғашық келді ерікті.
Ғашықтары мекен қылмас дүниеде,
Шынайылары айырылмас ол ақиретте,
Ізгілері айырылмас ол Мəуліде,
Соның үшін арта тұрар нұры.
Үшбу дүние хижаб бірлə байлаулы ол,
Тысы мұның қызмет бірлə жасаулы ол,
Ғашық көңілі қашықтық бірлə тəтті ол,
Уисал күні туарына белгі.
Дүние ішінде тұрды Раббыға құлшылықта,
Құлшылықта іздеді бектікте,
«Йə, раб» десе, «лəббəйк» деген Халиқта,
Халиқ болса, мақұлық мұнда нетер.
Сүйенішім ол үнін есітсем мен,
Үн есітіп, хижабтарды шешсем мен,
Мінажатта сырларымды айтсам мен,
Əлсіз құлға Ием қылса жетер.
Өксік сөзді, əлсіз мұңды ғаріппін,
Хикмет айттым, қайғыларды теріппін,
Енді тағы бұ дүниеден еріппін,
Бұ қайғыда болды көңілім ауру.
Көңіл кірін кетіруші тəбибсің456,
«Юһиббуһум»457 бағын ұрған хəбибсің,
Сүлейменге хикмет берген Хакімсің,
Илһəм нұры құзыретімнен ағар.
* * *
Таза болмас көзге үшбу бейне бірлə,
Бейнесін сырға істер қылмайынша,
Бұ заһир дауысы қашан есітілер,
Батында мағынаны шын қылмайынша.
Ер болсаң, өз-өзіңді қылғын пəк,
Болмасын тəніңде жалған шəк,
Жарандар қайғыдан болмас азат,
Сүйіктілер сүйіктісі болмайынша.
Мұхиб458 болсаң сүйіктінің жүгін көтер,
Тынбастан түні-күн есік аңдыр,
Қорқып халық ішінде өзің жатар,
Оң кешпес мұхибтар соң кешпейінше.
Төмен тұрған жоғары болар орны,
Қой екен жоғары табар Турды,
Сарайда өзі білмес орны,
Сарайға сыймас қой салмайынша.
Болмаса көңілінде ұлы Қызыр,
Жоқ болса, Раб оған қылмас назар,
Рух атлас көйлегін қашан киер,
Менмен нəпсің көйлегін салмайынша.
Хақты білген халық ішінде жақпайды екен,
Дүние сөзін есітіп əсте ұқпайды екен,
Көз ағар, көзден жасы ақпайды екен,
Көңілі күйіп, жүрегі жанбайынша.
Сырымнан сөз сөйледім сірім сөзі,
Есіткендер «уһ» қылып кешсін өзі,
Керекті ашып қарасын батын көзі,
Білінбес тас іштегі алмайынша.
Баршаларды азғырды бұ дүниеңді,
Ал бірлəн өздігіңді алды оңы,
Атағы Құл Сүлеймен сөз мұңы,
Тыс тасымас қашан ішке толмайынша.
* * *
Дариға, жер-көктің арасында,
Жатардым сұңқар құсым таппаспын-ə,
Ей, достар, сендер тілекте, мен арманда,
Жылап көзде жасымды тыймаспын-ə.
Жылап көзден жасың төккін дейді,
Төрт жаққа ізгі сұрақ салғын дейді,
Қалап жан құсыңды тапқын дейді,
Мен оған тыным қарар қылмаспын-ə.
Мен тыным қарар қалай қылайын,
Атым талып, жүзім солып қайда барайын,
Жан құсым табылса, мен құл өлем,
Сұрағын есітсем мен тұрмаспын-ə.
Құсымнан хабар келер Шам, Ирақтан,
Рум, Үндістан, Қытай бірлə һəм қырғақта,
Ұшып самғап жүрер дейді жан жырақта,
Мен оның жолдарын білмеспін-ə.
Мен оны білмеспін деп не(ге) тұрайын,
Жолында өкініш қасірет шын көрейін,
Жарандарсыз қиындықтар мен берейін,
Мен барсам, сол жерден келмеспін-ə.
Мен барсам, болар ма екен игі тысым,
Мұнан барып болмаса қиын ісім,
Қолыма қонса еді сұңқар құсым,
Қырғи, үйрек қарсы келсе салмаспын-ə.
Құсыма ат берді адам түзі,
Қожалық Құл Сүлеймен хикмет сөзі,
Кім білді, кім білмеді, бұ сыр сөзі,
Мəулімнен сыр сөзін айтпаспын -ə.
* * *
Он сегіз мың əлемге
нұры толған, Мұстафа,
Əнбиялар ұлығы
Мұхаммед Мұстафа.
Əуел Адам сенен ол,
сен Мұхаммед Хақтан ол,
Расул асылы нұрдан ол,
ол Мұхаммед Мұстафа.
Қара басқа не келер,
не келерін Хақ білер,
Үмбетке шапағат қылар,
Мұхаммед Мұстафа.
Тəңір бірлəн сырласқан,
тоқсан тоғыз мың сөйлескен,
Сыр сөзін шертіскен,
Мұхаммед Мұстафа.
Жеті Құран берілген,
пəрменде ай жарылған,
«Əлхəмдуллилаһ»459 деп тірілген,
Мұхаммед Мұстафа.
Тəңір бірлəн жақынды,
Мекке жолы кезекті,
Мединеде тұрбаты,
Мұхаммед Мұстафа.
Құл Сүлеймен хош дауыс бірлə
айттың сен қажет,
Əлем ішінде бас ғаууас,
Мұхаммед Мұстафа.
* * *
Келді наурыз күндері,
шүкір қылғын Жаратқанға,
Жерден-көктен жас өніп,
сəна айтар Сұбханға.
Дихан құрар құрығын,
егер алып тұқымын,
Керек бидай терегін,
сəна айтар Сұбханға.
Дихан тұқым егіп,
тұрар Хаққа қарап,
Жерден көкке шығып,
сəна айтар Сұбханға.
Жанды-жансыз ер деген,
керек ұшқан-жүгірген,
Жасырған һəм қорыған,
сəна айтар Сұбханға.
Торғай ауаға шығып,
Хақ шеберлігін көріп,
Ұсақ-түйек інінен шығып,
сəна айтар Сұбханға.
Көкте ұшқан ұшқыр құс,
əрбір жерге болмас түс,
Шұқып ол байқұс,
сəна айтар Сұбханға.
Жоқ ол ағаштар саны,
Жаратқан ол пəрмені,
Сансыз түрлі алуаны,
сəна айтар Сұбханға.
Сансыз түрлі ол шешек,
өніп шықты сол шешек,
Жұмыртқада ол шөжек,
сəна айтар Сұбханға.
Баулар өсіп шығып,
арықтар суға толып,
Əнші құстар сайрап,
сəна айтар Сұбханға.
Құлшылық қылғын артықша,
емге шипа қоныпты,
Сансыз тұман барынша,
сəна айтар Сұбханға.
Құл Сүлеймен қыл лаж,
жатар жерің бір құлаш,
Сансыз тұман қарлығаш,
сəна айтар Сұбханға.
* * *
Кірдім мен тариқаттың дариясына,
Сыр бірлəн гауһарларын сүзермін-ə,
Фəналық мақамында орын алып,
Тəкаппарлық сарайын бұзармын-ə.
Қашармын күнəнің азарынан,
Қорқамын Сұбханыма жазығымнан,
Кіріп мағрифаттың базарынан,
Сұхбаттың құрықтарын түзермін-ə.
Сұхбаттың құрықтары өзге тұрыс,
Қарсысы биік ол көкке тұтыс,
Тұтқасы қызыл жақұт, алтын-күміс,
Мұң бірлəн жолдарын безермін-ə.
Тариқаттың жолы жіңішке өткелі бар,
Сабыр қылса бірер шапан киері бар,
Ақыры мұратына жетері бар,
Тəуекел тұмарын жазармын-ə.
Тəуекел тұмарын жазса болмас,
Қайғы бірлə мағрифатты сұраса болмас,
От өшіп, күлі қалса, ұрса жанбас,
Махаббаттың толқынында сүзермін-ə.
Оқырмын уəдесі жар атын,
Қалармын Рахым Мəулім рахметін,
Неткеймін, қалай өтем сиратын,
Қорқып бұ айбаттан сезермін-ə.
Құл Сүлеймен тариқаттың ауын құрды,
Ием Сұбхан таупық берді меңін ұрды,
Хақиқатта рас көңілін Хаққа берді,
Гауһар қанша төгілді терермін-ə.
* * *
Қадыр бізді жаратты құдірет бірлəн,
Мағрифат бірлəн қадірін білдім, міне,
«Əлəсту бираббикум» деген уақытта,
«Қалу бəлə» жауабын айттым, міне.
«Нəхну қасамнə бəйнəһум мə′ишəтəһум»460 үлес қылды,
«Улəикə кəтəбə фи қулубуһум ул-имəн»461 сыйға берді,
«Һудəн линнəси»462 аяты көктен енді,
«Уə тилкə худудулла»463 ишаратын білдім, міне.
«Фəтубу илаллаһи»464 аятына мойынсұнғанымда,
«Уə нəһəн нəфсə ‘əнил-һəуə»465 қойғанымда,
«Мəн əхəббə шəйəн əксəр зикрə»466 айтқанымда,
«Фəинни қариб»467 жақын болдым, міне.
Ажал келіп үкімін сұраса бізге уақытта,
Дайын құлдар жауап айтар ол сағатта,
Мүңкіүр-Нəңкір сауал салса тар лақатта,
Раббым Алла жауабын айттым, міне.
Қауіп жүрегімді быт-шыт қылды қаһар бірлəн,
Жүремін өкінішті үрей бірлəн,
«Фариқун фил-жəннəти уə фəриқун фис-са’ири»468 үкімі бірлəн,
Білмеймін қай топтан болдым, міне.
Сен сүйдің, сені сүйдім, сүймек таза,
Сүйгеніңде сүйдім сені болып тұрдым маза,
Пəрменіңе мойынсұндым, бердім риза,
Дидарыңа ынтық болып тұрдым, міне.
Əмірі берік, əмірі мықты құдіретінен,
«Күллү нəфсин зəйқатул мəут»469 аятынан,
Болыппыз түгел күнін əлемінен,
Мақрұм болып бұ зұлматта тұрдым, міне.
Сүлейменге тиді Хақтың ілтипаты,
Жетіп келді ілім хикмет тура жолы,
Хақ Расулдан дəметермін шапағатты,
Шапағаты болмас болса не істеймін-ə.
* * *
Ескі-ұсқы бөркім бар,
сары-сасық көркім бар,
Шайқым отынға жіберсе,
бармасқа не еркім бар.
Тонымды отынға бүркеп,
тəнім суыққа тітіреп,
Іштен махаббат ұрлап,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Көктен рахмет жауғызған,
жерден көкті өндірген,
Мейір сүтін емдірген,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Келіп тұрса алқаны,
ұстап таппас халық оны,
Тариқаттың сұлтаны,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Келіп алқаны түзген,
кім жылап, кім күлген,
Хақтан өзге белгісіз,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Кім екені белгісіз,
шынайы құлға алғысыз,
Хақтан өзге белгісіз,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Құмда ізін іздеген,
сыр сөзін сөйлеген,
Халиқтан сырын іздеген,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Құстай əуеде ұшқан,
тау-теңізді кешкен,
Мəңгілік суын ішкен,
Қызыр, Ілияс атам бар.
Құл Сүлеймен айтқаны,
ишаратта болғаны,
Көңілдердің сандығы,
Қызыр, Ілияс атам бар.
* * *
Нəпсі рухыма уəзір болды, амал қылдым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Бұ дүниеде нəпсі мұрат пайда қылдым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Түні-күн нəпсім бірлəн менмен болдым,
Дүние сүйген іштарларға жақын бардым,
Күнə қылған пасықтардың жары болдым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Хақ бұйырған пенделікті қылмадым,
Хаққа қарап, мүмін көңілін ауламадым,
Күпір бірлəн өтті өмірім білмедім,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Пасық патша, ауам бірлə базар қылдым,
Күшім жеткен мүміндерді азар қылдым,
Пақыр, міскін, дəруіштерді безер қылдым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Тіршілік шүкірін білмей нелер қылдым,
Ғайбат сөйлеп, рия бірлəн күнəлі болдым,
Біле-тұра бұ дүниеде күнə қылдым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Күпір қойып, Хақтық істі қылмадым,
Ақиреттің азығын алмадым,
Түні-күн көбейе берді зұлматым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Халық ішінде білдірмеді жақсы адам,
Барша менен безер болды, опық жедім,
Қалай берсін, пəк Сұбхан мың айқайым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Хақ сыйлығын ғапіл болып алмадым,
Хақ ризасын түні-күн ұстап болмадым,
Күнəдан күнəһар өзімді тыймадым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Дүние ішінде белгілі болды жауыз атым,
Жамандықтан ғарышқа шықты жаман атым,
Мұңдыларға бір шапағат қылмадым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Қалай болар ақиретте менің ісім,
Азап көрер тар лақатта мұңды басым,
«Алла» деп төкпедім көзден жасым,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
Құл Сүлеймен түні-күн Хаққа жаздым,
Дүниеқоңыздықты қуа-қуа жолдан аздым,
Тіршіліктің шүкірін білмей рия кездім,
Сұрау салса, қалай жауап айтармын-ə?!
* * *
Еңірейік достарым қажет бірлə,
Тариқат жолдары жетсін-ə.
Құлшылық қасиеті қажет бірлə,
Иманды құлдар толсын-ə.
Мұң бірлəн болғандардың артар қуанышы,
Мұң бірлəн батар ол көңіл басы,
Мұң бірлəн ағар ол көздің жасы,
Мұңдылар құзырет жаққа ұлассын-ə.
Үлкен əлемнің күні тусын,
Кіші əлемнің бəрі ақсын,
Мағрифат бостаны шаттыққа толсын,
Наз, қажет шешектері ашылсын-ə,
Заһиры жаз ашылса, жаһан безер,
Бостанда бұлбұлдар үнін түзер,
Арықтар суға толып, үйрек жүзер,
Көңілде бұ ғибраттар тулансын-ə.
Сүлеймен, бұ хикметті құшты көзің,
Мұң, қажет жолдарын ашты көргін,
Заһир, батын қажеттерді ашты көзің,
Ақылды құлдар мұны ұқсын-ə.
* * *
Мұң-сырымды айтпаққа,
қабылданар ма Иеме?!
Құл қажет қолын көтерсе,
қабылданар ма Иеме?!
Бұ құлға дүниелік
ақиретте жияр Мəлік,
Сағынышым ием Халиқ,
қабылданар ма Иеме?!
Жадыңнан тілім үзілмес,
затыңнан көңілім қайтпас,
Пейіліңнен жаным айырылмас,
қабылданар ма Иеме?!
Қажетсіз тұрмаспын,
шабытсыз жүрмеспін,
Мағынасыз күлмеспін,
қабылданар ма Иеме?!
Мағынаның есігін қағармын,
білгенімді тарата оқырмын,
Құзыретте əлсіз момынмын,
қабылданар ма Иеме?!
Құзыретте атың ұлық ол,
əлем халқы мұңды ол,
Барша сенің құлың ол,
қабылданар ма Иеме?!
Қашып барар жерім жоқ,
жүрсем сенсіз жолым жоқ,
Көңілім солды сынық,
қабылданар ма Иеме?!
Қабыл болғанша аң-таң,
қабыл (болуын) тілер мұсылман,
Сенен тілермін иман,
қабылданар ма Иеме?!
* * *
Баршаға керекті іс – игі ісі,
Іс игісін қойғын достар рахманда-йə,
Іс игісі ерге мейірімді ана секілді,
Іс игісі істі ұстар арманда-йə.
Іс игісі, ісін игі іске тартар,
Іс игісі ардың барша айыбын өртер,
Əрқашанда талапшылдық дəйім артар,
Қалмағын, сен, үшбу іске күмəнда-йə.
Күнə іс істемектік дінде қатер,
Күнə іс – көтеріп сені отқа атар,
Надан іс – болмас іске істі тартар,
Ұстар сені ол ұстап күнəда-йə.
Іс игісін əзіз ұста əуел бастан,
Ақылды дұшпан жақсырақ ол ақымақ істен,
Ақымақ істің тіршілігі дін жолы бастан,
Ақымақ істің бақар ол айуанда-йə.
Ердің ісі – арыстан болса, жемі құлан,
Ердің ісі – жетік болса, жемі Сұбхан,
Надан ісі – секілді жаман пейілі жаман,
Надан істің жала ол жалғанда-йə.
Сағынып іс істеу жақсы болса,
Іс игісі қоймас сені қате қылса,
Патша жақсы болып, уəзір жаман болса,
Перғауынның азбақтығы һаманда470-йə.
Құл Сүлеймен өзі үшін жақсы ісі,
Жүз іске жолықпайды мүмін кісі,
Мажаз достық даулаған қанша кісі,
Сансыз болар көкте тұрған Сатурнда-йə.
* * *
Қадірім шеберлігін көргін сансыз қанша,
Бірлігіне жүз мың дəлел айттым, міне,
Білдім енді барар жерім ұзақ екен,
Азықсыз ұзақ жолда қалдым, міне.
Сағындым күнəларым сансыз қанша,
Тыныштық берер оған аяқ елім,
Жарылқап сен кешіргін, ием Халим,
Құзыретіңе жаға ұстап келдім, міне.
Ғапілдікте өмірім зая өткеріппін,
Тағатыңнан түні-күн өзім қашыппын,
Нəпсімді əуес бірлəн өшіріппін,
Үшбу нəпсіге ұйып нелер қылдым, міне.
Түсірмессің жомарттықпен күні жолға,
Ілтипат қылар болсаң əлсіз құлға,
Болмаса сенің пейілің əлсіз құлға,
Құтыларым күмəнді екен білдім, міне.
Құл Сүлеймен не қыласың жарын онда,
Сұраса тіпті тағат жоқ қой сенде,
Əуелі «əлəсту бираббукум» деген күнде,
Білмеймін қай санда болдым, міне.
* * *
Жырақ жерден хабар келді ескерткелі,
Келген жарандарды жүр түзегелі,
Бұ хабар кенет келді еңірегелі,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
Туысқан етсе, жүрек қаны ағар,
Өлгендер қайта тұтып кімге қарар,
Бұ сөздің сырын ердің ері ұғар,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
Туысқансыз ащылығы жанға өтер,
Туысқансыз кісінің ісі қатер,
Бұ ажал келсе бүгін басқа жетер,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
Туысқан қолқанат қой білгендерге,
Түні-күн дұға қылғын өлгендерге,
Қарсы алғын сіз деп келгендерге,
Туысқан етермін мен таппаспын-ə.
Ажал желі келді білгін аса-саса,
Бастады Адам ұлын жерге баса,
Бұ өлімнің айбаты білгін таса,
Туысқан етермін мен таппаспын-ə.
Бұ жолға барған жаран қайтып келмес,
Адам ұлы қазына көріп, ғибрат алмас,
Бұ дүниеде тəубе қылып, күнə жумас,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
Қарсыда қарап тұрған қара тауым,
Сол жерде мəуе берген жалғыз бағым,
Қалмады сенен өзге еш қара-ағым,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
Құл Сүлеймен туысқан деп тыным таппас,
Туысқансыз кісі жылап, əсте күлмес,
Дүниеде мəңгі жасап ешкім қалмас,
Туысқан етердім мен таппаспын-ə.
* * *
Мың ерде бір ер құшар,
Хақ жадын айтса дос,
Хақ жадын айтып,
Жадта рахат болса дос.
Хақ жадын айтпаған,
Жадта рахат болмаған,
Қызмет үстінде тұрмаған,
Жақсырақ ол өлсе дос.
Ғашық жадтан болар ма,
Жад айтпақтан қашар ма,
Рухы онсыз қанар ма?!
Дидар талап болса дос.
Ғашық ғишығын жад қылар,
Машұғ қадірін ол білер,
Тыным таппай зікір айтар,
Қанша ұзақ тұрса дос.
Зікір айтқан ғашықтар,
Садық сопы, діндарлар,
Ынтық болып шалықтар,
Сауық шарабын ішсе дос.
Құл Сүлеймен деді-йə,
Қызмет қылған би рия (риясыз),
Мақсатым ол айырма,
Мені қабыл қылса дос.
* * *
Хақ нұры ғой күмəнсіз,
Əлем мақтанышы Мұхаммед,
Үмбетіне мейірбан,
Əлем мақтанышы Мұхаммед,
Салтанаты барша Хақ,
Қылмады ешкімге тақ,
Айға қарап қылды шақ471,
Əлем мақтанышы Мұхаммед.
Үшбу жаһан сырлары,
Барша оның нөкері,
Күллі көсем ұлдары,
Əлем мақтанышы Мұхаммед.
Кімде-кім салауат тамам,
Айтса болар хас, ауам,
Болды тамұқтан аман,
Əлем мақтанышы Мұхаммед.
Хакім Сүлеймен назар,
Ақида472 сансыз қатер,
Қылар шапағат айла,
Əлем мақтанышы Мұхаммед.
* * *
Дерттілердің тəбибі,
Ей, Тəңірдің хəбибі,
Жарылқа біз ғаріпті,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Барша дəруіштер одан,
Ол Мұстафа нұрынан,
Ол дəруіштер пəгінен,
«Əл-фақру фахри»473 Мұхаммед.
Дəруіштікті қылған ол,
Күнəһарларды салған ол,
Кеніш ирфан болған ол,
Баян қылған Мұхаммед.
Тапты ақыр заманда,
Нұры екі жаһанда,
Жаратылған жананда,
Сақи ғарышта Мұхаммед.
Əлем тұтты айғағы,
Пайғамбарлар сұлтаны,
Үмбетіне иманы,
Хақтан тілеген Мұхаммед.
«Үмбетім» деп жылады,
Қажет бірлə еңіреді,
Зулжəлəлден тіледі,
Үмбетіне Мұхаммед.
Аты «Шамси уəз-зуха»474,
Ай жүзді Мұстафа,
Мұстафа һəм Мүжтəбə475,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Қасы «нұндай»476 жазылған,
Тісі дүрдей тізілген,
Тілі балдай езілген,
Шырын сөзді Мұхаммед.
«Құл һуалла һу» жады,
Зулжəлəлдің сипаты,
«Һу» тазартар болатты,
Тисе ғишығы Мұхаммед.
Құл Сүлеймен баяны,
Пəк сақтағын иманды,
Хақ үшін берсе жанды,
Шапағат қылар Мұхаммед.
* * *
Ашылды бақшалы жолдар,
Сейд, ей, Мұхаммед,
Келді табысқалы құлдар,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Сенсің Тəңірдің хəбибі,
дерттілердің тəбибі,
Жарылқа біз ғаріпті,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Сенсің шапағатшы махшарда,
саниғ сунғи акбар477,
Сақи хаузы кəусар42,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Жолақ терезе қалдық,
күнə суына толдық,
Шапағаттан дəметтік,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Мұса сенің сақпаның,
Иса өз күзетшің,
Жебірейіл тəржіманың,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Йə, Сəдір478, бəдір əлем479,
Сейд, ей, əл Адам,
Жетекші су зəмзəм,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Йə, Гүлістан миғражы,
киім тəжі иесі,
Біз барша сізге мұқтаж,
Сейд, ей, Мұхаммед.
Айтты Сүлеймен мұңды,
келді есікке мазлұм480,
Бізді қоймағын мақрұм,
Сейд, ей, Мұхаммед.
* * *
Тəубе қылып Хаққа асыққан ғашықтарға,
Жұмақ ішінде төрт арықта лəззаты бар,
Тəубесіз Хақтан танған ғапілдерге,
Тар лақатта қатты азап қасіреті бар.
Тəубе қылған ғашықтарға темір ерір,
Түні-күн сабыр тұрса көңілі жарар,
Қашан өліп көрге кірсе, көрі кеңейер,
Ғаффар481 ием, Рахман, Рахым мейірімі бар.
Тəубесіздер бұ дүниені өтпейді деп санама,
Қиямет күні Ғарасат таңы атпас деп санама,
Бір күн өліп, көрде азап көрмеймін деп санама,
Айбат-айбат қорқынышты күндері бар.
Намаз, ораза, тəубе бірлəн барғандарға,
Хақ жолына кіріп қадам қойғандарға,
Үшбу тəубе бірлəн онда барғандарға,
Жарылқанған құлдар бірлəн сұхбаты бар.
Намаз, ораза, тəубе сені оттан сақтар,
Əлем халқы сені сүйіп, Хақтан тілер,
Қиямет күн көріп сені олар таңдар,
Қай құл екен бұ сағатта көмегі бар.
Ол арықтар кімге болар білгін оны,
Мұнда тəубе қылғандарға ішірер оны,
Тəубесіздер ол арықтан ішпес оны,
Оған ішірер заһар заққұм шəрбаты бар.
Қияметтің бір күні елу мың жыл болар,
Бұ дүниенің санымен біл, қанша болар,
Қиямет күн жетпіс мың жыл отта қалар,
Тəубе қылған құлдар күймес мерзімі бар.
Кім Хақтың құлы болса, Хаққа асықсын,
Хаққа асықпас, өзі деген əрі барсын,
Құл Сүлеймен қалай мұнда орын қылсын,
Түні-күн қорқатын айбаты бар.
* * *
Əлемде жоқ ол əсте мұңсыз кісі,
Керек хас, керек ауам, еркек тысы,
Күн келгенше артар болды жүрек басы,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлə Адам, Һауа табысты,
Екеуі мейір сүтін емді,
Ақыры мұратына жетті,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлə Білəл қойып нəубет көнді,
Мұң бірлə Əбубəкір оған келді,
Мұң бірлə Омар, Оспан құлшылық қылды,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлə Ибраһимды отқа атты,
Мұң бірлə Жүсіпті құл деп сатты,
Мұң бірлə Аюб қанша бейнет тартты,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлə Мұса Раббыдан дидар сүйді,
Мұң бірлə Исмайыл жан құрбан қылды,
Мұң бірлə Əсəдулла482 ғазауат483 қылды,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлəн Жүністі балық жұтты,
Мұң бірлə Зəкəрияға484 зікір енді,
Мұң бірлəн Яхия485 нəби жасы ақты,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлəн Ескендір жаһан кезді,
Мұң бірлə Қызыр мəңгі суын ішті,
Мұңсыздан ол Сұғлаба діннен азды,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Мұң бірлəн Сүлейменнің тағы ұшты,
Мұң бірлəн Иса жалғыз көкке ұшты,
Мұң бірлəн машайықтар мекен көшті,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Үшбу мұң жарандарға тигенін көр,
Арыстанның мойнын идіргенін көр,
Жарандар қу нəпсіден тыйғанын көр,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
Құл Сүлеймен сөйлейді мұңды сөзді,
Сөйлесе, білінеді үшбу сөздің өзі,
Əсте болмады мұңсыз өзі,
Менің бұ көңілім ішінде мұңдарым бар.
* * *
Көріңдер ол Халиқ Ием құзырында,
Рухани сипатты құлдары бар,
Сыртынан көргенде ауам дейтіндей,
Ішінде ілім хикмет жолдары бар.
Қолында көп туар малдары жоқ,
Тілінде бос сандырақ сөздері жоқ,
Көңілінде айла сұмдық алдары жоқ,
Алайда не ғажайып халдері бар.
Балх486 мүлкін салса ием өзін сынар,
Жат жерде қаһар бірлəн нəпсіні қинар,
Өкінішсіз барша қылмыс қырық мың динар,
Сау тамшы жолында қасіреті бар.
Сау тамшы жолында ол Ием Халиқ,
Шатырлық іздеріне болар лайық,
Сауық шарабын ішкен ғашық болар жалық,
Сыр бірлəн сөйлесетін тілдері бар.
Сыр бірлəн сөздерін сөйлеседі,
Қыл ішінде Қап тауын іздейді,
Дүниені түгел берсе аз дейді,
Ақиретте Адын атты жерлері бар.
Құл Сүлеймен жарандардың сөзін ұғып,
Ғишық жай түсіп, сауық отын жағып,
Дін ішінде хəл бірлə қанат қағып,
Қаз секілді қаңқылдар қандары бар.
* * *
Үшбу заман халықтарда,
Жалған қанша дауы бар,
Жалған дау қылғанға,
Ұқ деп ұрар елім бар.
Кім ғаріппін дер болса,
Хайуан секілді жүрсе,
Сиыр секілді жер болса,
Оттатуға көлім бар.
Кім өзін білмесе,
Үгіт қабыл қылмаса,
Айтып жолға кірмесе,
Ұрсам-сөксем жолым бар.
Кім күнəні қуса,
Тақуа тонын кисе,
Жүрегім қауіпте күйсе,
Алтын жұмақ елім бар.
Дүние ішінде рахат жоқ,
Ренішке төзер тағат жоқ,
Хаққа жарар тағат жоқ,
Тек бір құры тілім бар.
Қанша тəубе етемін,
Қанша қасірет жеймін,
Тəубе шартын қыламын,
Сырым білген Халим бар.
Сырды білген Халимсің,
Жарылқаған Рахымсың,
Ғафур, шүкір, Кəрімсің,
Не халімді қалым бар.
Қажет қолын созамын,
Айыбым көріп сиынамын,
Мен құл сондай сасармын,
Ием қалаған қолым бар.
Құл Сүлеймен қолыңмен,
Қу нəпсіде бүгін мен,
Қайран қалдым білгін мен,
Халім білген Тəңірім бар.
* * *
Жұмақ, тамұқ айтысар,
Айтыспақта зиян бар,
Тамұқ айтар: «Мен баймын,
Менде Перғауын, Һаман бар».
Жұмақ айтар: «Не дейсің,
Не асқынып сөйлейсің,
Сенде Перғауын бар болса,
Менде Жүсіп Кенған487 бар».
Тамұқ айтар: «Тағымда,
Тарса, жаһұд, мұғ менде,
Əр залымның мұрынында,
Тоқсан түрлі шаян бар».
Жұмақ айтар: «Сөзім ұқ,
Маған келсе, өлім жоқ,
Түрлі нығметтер тəтті,
Мың түрлі алуан бар».
Тамұқ айтар: «Мен баймын,
Сараңдарға мен жаймын,
Дəруіштерге шығаймын,
Менде залым ауам бар».
Жұмақ айтар: «Жоқ сенде,
Барша пайғамбарлар менде,
Мұхаммед Мұстафа, Əбубəкір,
Омар, Оспан, Əли бар».
Тамұқ мұңдасып қалды,
Жұмақтан үзір қылды,
Құл Сүлеймен не білді,
Білдіруші Сұбхан бар.
* * *
Келгін, достар, Жаратқанды жад қылалық,
Жаратқанды жад қылмаған құл болар ма?!
Түні-күн жадын айтқан құл болмайын,
Жадын айтпай, ғапіл жатқан уəли болар ма?!
Жадын айтқын, елге керек жолда болсаң,
Керек дария, йə құс ұшпас шөлде болсаң,
Жадын айтып, жадын айтып, жолда болсаң,
Жұмақ болмай, саған ол жол – жол болар ма?!
Жадын айт, жолда керек жолсыз болсаң,
Тағы айт, аяқсыз һəм қолсыз болсаң,
Жады бірлəн бай болғын жоқсыз болсаң,
Жадын айтпай, жолда өлсең жол болар ма?!
Жадын айтқан ғашықтары Хақты білер,
Сол құлға сарай хорлары қарсы келер,
Біздер саған мүбаһ488 деп Ыбасшы қылар,
Ол құл өлсе, тəні топырақ күл болар ма?!
Ғашықтары түндер қоймай жадын айтар,
Көз жасы бірлəн дəйім жүзін жуар,
Нəпсіге ұйымас, шайтанға мойнын бұрар,
Оған нама оң болмастан сол болар ма?!
Құл Сүлеймен жігіттікте тəубе қылғын,
Түні-күн зар еңіреп Раббыға асыққын,
Ескертусіз өлім басқа келер білгін,
Бір күн өмірің ұзап саған ел болар ма?!
* * *
Жаратушым пейілі бірлəн назар қылса,
Барша əлем шешек ашылар нығмет болар,
Ол нығметті шүкір білген шүкіршілерге,
Күнде үш жүз алпыс назар рахмет болар.
Пейіл бұлты жауды, толды дария, тасты,
Барша мүмін ол дарияның суын ішті,
Мағрифаттың гауһарларын алды ашты,
Білгін, достар, сол гауһар рахмет болар.
Мағрифаттың гауһарын нарық қойса болмас,
Əзелдегі үкімінен құл қашса болмас,
Раббы сөндірген көңілді құл ашса болмас,
Күпір толған көңілдер зұлмат болар.
Кім жаратты, кім тұрғызды мұны білсең,
Кен қылатын тақсырыңа тəубе қылсаң.
Құл болсаң, құлдарының құлы болсаң,
Ахадқа, құл Ахметке үмбет болар.
Иман, ислам, таухид дұрыс ұстар болсаң,
Тəубе қылғын ақиретке барар болсаң,
Мəңгілік патшалығын тілер болсаң,
Таста, дүние мүлкін сараң ынта болар.
Ұстағын сен, Ием Мəулім пəрменін,
Қоймағын сен, Хақ Расулдың сүннетін,
Киерсің сегіз жұмақ шапанын,
Сүйікті құлға бейнет ішінде рахмет болар.
Құлшылық ісі қиын болар, оңай білмегін,
Таухид бірлə тіреу келіп шарттан қайтпағын,
Ұлылыққа сеніп, ұйықтап жатпағын,
Ояуларға жарық күн құрмет болар.
Əсел тəтті, ащы ара білсең онда,
Базарлатып құрма сұрасаң, тікені онда,
Хақ сүйген барша істің қайыры онда,
Сүйікті құлға бейнет ішінде рахмет болар.
Құл Сүлеймен бейнет ішінде сондай сабырлы,
Сабыр қылған құлдарын сүйді Қадыр,
Əсел жетпек бірлə ауыз тимей татыр,
Сөзді ұғып, амал қылсаң хикмет болар.
* * *
Келгін, достар, түні-күн жад қылалық,
Мəулісінің жадын айтқан масқара болар ма?!
Сансыз түрлі нығмет берді Мəулім бізге,
Нығметтің шүкірін білмеген ер болар ма?!
Ер ол болар нығметтің шүкірін білсе,
Нығмет берген Мəулісінің жадын айтса,
Жад айтып, сол құлға өлім келсе,
Ол өлімнің ащылығы бар болар ма?!
Ер болар кенді айыбын кенді білсе,
Жігіт екен тəубе қылып, жасын төксе,
Иесінің жадын айтып көрге кірсе,
Оның көрі бұ жаһаннан тар болар ма?!
Қара халықтардан кенді өзін тартқан кісі,
Хас құлдарға өз-өзін қараған кісі,
Ермін деп, тариқатқа кірген кісі,
Тəнін семірткенше ер болар ма?!
Ермін деп, басқа сəлде сырдан болса,
Сопылық дауын қылар болса,
Тариқаттың жолына кірер болса,
Түні-күн хақ зікірін қойса болар ма?!
Ғаріп құлдар Хақ жадынан ғапіл емес,
Ғапіл болып, шайтанға мұрат бермес,
Бұ жолға кірген кісі нелер көрмес,
Көретіні əрбір жерде дар болар ма?!
Қайсы тəнге ғишықтың дерті кірсе, толса,
Дəрісі жоқ, егер тəбиб Иса болса,
Қайсы құлды Жаратқан Ием əзіз қылса,
Сол құлы əр жерде масқара болар ма?!
Жазығымды тəубе суы пəк тазартар,
Сол тəубе жігіттерді тəркке қарайтар,
Шибли ғашық «Алла» десе ұрыс арылтар,
Ұрыс арылтқан жадты жадқа санаса болар ма?!
Құл Сүлеймен бұ хикметті айтар сушы,
Күнəға бай құл, уəли тағат ащы,
Қайсы тағат қылса болар сырдың ұшы,
Жад айтпаққа жаға жыртпақ жар болар ма?!
* * *
Махаббаттың майданында жүгіргендер,
Сүйіктісінен өзгені қаласа болар ма?!
Сауық шарабын ішкеннен ғишығы артар,
Бұ махаббат бостанына су алса болар ма?!
Ғишық қартаймас, күн келгенше жүз мың жасап,
Ғашықтардың ғишық отына жүрегі кəуап,
Ілім, амал, зуһдтық ғишыққа хижаб,
Бұ махаббат дариясына су алса болар ма?!
Ілім, амал, зуһдтықты өзінде көрген,
Бөз үстінде төсеніш қылып дүние салған,
Өзін жеткізіп, жүрместен жолға кірген,
Осы қашықтық арасында қол болар ма?!
Махаббат дариясына сүңгіп батқын,
Мəсиуалла шапанын асығып атқын,
Көз жұмып, терең ойға терең батқын,
Бейне бірлə қалағандар тапса болар ма?!
Бейне деп тура жол бірлəн сырың(ды) аула,
Ғашық болсаң, ғишық жолына жаның(ды) аула,
Жүз мың жаннан кешкен ғашық машұғ қула,
Машұғынан өзін ғашық алса болар ма?!
Ғашықтарға тəн, жан хижаб, ұл бейтаныс,
Ғишық хақиқат болса, қашан өңін қулар,
Ғишық гүлзары ішінде хақиқат байлар,
«Дəл»489 қызыл ағашын жан маусымы жұлса болар ма?!
Көңіл таза қылмайынша барша заттан,
Салмайынша Хақтан өңін не барынан,
Құл Сүлеймен білсе болмас ғишық сырларын,
Бардан кешпейінше Бірді бөлсе болар ма?!
* * *
Ғашық кісі түндер жатып ұйықтаса болар ма?!
Ғапілет бірлəн Алла жадын қойса болар ма?!
Өтті жаһан, қалды өмірің бүгін əзірше,
Бұ бір күнді тағат қылып өткізсе болар ма?!
Өтті жаһан, келді бүгін жігер құсы,
Қонар болса, кетірді бұ бастан есті,
Тірі екен, тағат бірлə іс болған кісі,
Осы дүние сағынышын қаласа болар ма?!
Барша жаран тағат ішінде ақтарар жасы(н),
Түні-күн тынбай құлшылық ішінде кетер басы,
Сүйікті құлдың көңіл ішінде махаббат құсы,
Ұшар болса, əрбір жерде қонса болар ма?!
Хақиқаттар Хақ жолында құстай ұшар,
Тау-теңіз өтіп келсе, тоқтамай өтер,
Сұхбат сүйген жарандарға сырын ашар,
Ондай жаран «əл-фидə»490 деп төнсе болар ма?!
Надан кісі өз ісін шоғына жуар,
Ғашық құлдар махаббаттың отына жанар,
Дүние оты жанар болса, түн өтер сөнер,
Сүйікті оты қажет болса сөнсе болар ма?!
Жұмақ ішінде ағар дейді төрт арық суы,
Сүт, су, əсел, хамр491 баршасы тола,
Тазалық елі қалағанша мəуелер қолы,
Мəуе ағашының бұтақтары сынса болар ма?!
Керек заһид, керек ғəбид, əулие, парса492,
Керек түні-күн тынбастан елу жол жүрсе,
Керек мүмін, керек кəпір, тарса, парса,
Жаратушы ием көндірмесе, көнсе болар ма?!
Дос үшін хикмет айттым кіші күнде,
Жалықпастан айтар едім əрбір күнде,
Қажет бірлə Аллаға сыйынсаң мұнда,
Сол құлдың жарын онда қинаса болар ма?!
Осы жолға ғибадатты əнбия керек,
Халал, харам айырушы ол тақуалар керек,
Түсте көріп, хəлін сұраған əнбия керек,
Хикмет үстінде əрбір жерде өнсе болар ма?!
Құл Сүлеймен ұйымағын сұхбаттың саны,
Ішің-сыртың қайнап толды хикмет кені,
Барша сөздер айтар едім білікті, қане,
Хақты қойып, адасқанға құлдық етсе болар ма?!
* * *
Ғаріптер(ді) Хақ жадынан айырса болар ма?!
Жадын айтқан сүйіктілерге шаршаса болар ма?!
Ғаріптердің тіршілігі Хақ жады бірлəн,
Жад бірлəн тірілгенге өлсе болар ма?!
Ғаріп керек сауық отында күйіп күл болса,
Хақтан қорқып, көз жасы ағар сел болса,
Үшбу кісі əрекет күні Хаққа құл болса,
Мажаз дауы бірлəн жолға кірсе болар ма?!
Сөзі күні, өзі күні, ғашық ол болар,
Күні ғашық, түрі сары, жасы жол болар,
Пəле тисе, нығмет қалаған ғашық ол болар,
Мұны білмес тариқатты сұраса болар ма?!
Мүрит керек, мұрат қойып Хақ жадын айтса,
Барша пейілі жад оқ болып жадын қылса,
Көңілдерге делдал болып, Хақ жолға кірсе,
Ермін деген жол жүрмектен қашса болар ма?!
Дін күзеткен халал игі, халал келер,
Харам, ғайбат сөзді қойып, Хақ жадын айтар,
Халалдықтан тақуа кірсе, парсалық қылар,
Сəйкестік ғишық шаһарын сұраса болар ма?!
Егер тəубе қылар болсаң, беліңді берік тұт,
Мұжаһида оты бірлəн нəпсіңді күйдір от,
Таза дүрін пайда қылып, дініңді сатпа ұқ,
Арлы кісі дінді пайдаға сатса болар ма?!
Тəкаппарлықты артқа тастап, өзіңді тазарт,
Бұ дүние жалған болар өзіңді құтқар,
Ғишық шарабын ішіп, қадахты көтер,
Ғишық мінгенге түні-күн қуып жетсе болар ма?!
Бұ айтарлық Раббы сыйлығы шырын жаны ма,
Ғашықтардың құтты демі көз жасы ма,
Көзқарасы Рахман болар ғашық көңілі,
Ол көңілде қулық-сұмдық ұстаса болар ма?!
Ұзын арқан, сауда сұрама, қысқа арман,
Ол арманның арасына түсіпті ажал,
Құл Сүлеймен осал тұрма, көп қыл амал,
Ғашықтарға таңға дейін жатса болар ма?!
* * *
Зікіршілерге Хақтың зікірі жанның жаны,
Жан жанын бөлгеннен соң өлсе болар ма?!
Рухқа рахат шынайы қажет еңіреу зары,
«Уəлйəбкудің»493 əмірін есітіп күлсе болар ма?!
«Аллам» деп, Дəрусəлам жаққа келмегенге,
«Муту қəблə əн тəмуту» бірлəн өлмегенге,
«Мəн ‘əрəфə нəфсəһудің» сырын білмегенге,
Білемін дер, алайда сол білсе болар ма?!
Үйір жылқы, аға-бауыр, алтын-күміс,
Сені менмен қараң қылса, артқа кетіс,
«Хуббу дуния рəсу куллу хата»494 деген,
Ақылды көңіл дүние қаласа болар ма?!
Езілмегін, дүние шын көңілге нетіп,
Мүмін деп, таңға жеткізер азат етіп,
«Фəсғу илə зикрулланың»495 əміріне бітіп,
Жұма қойса бұ пəрменге ілсе болар ма?!
Бітір мұнда ісіңді сен ақылды болсаң,
Нəсіп болар, көрің қашан өліп барсаң,
Саған зиян қылар мұнда кімге берсең,
Ақиретке барғандарға келсе болар ма?!
Алла жадын жолбасшы қылып құлшылық қыл,
Мұжаһида бірлəн нəпсінің терісін тіл,
Біраз кездің, уақыт болды қасірет жаққа кел,
Тақсырлы құл көзде жасын төксе болар ма?!
Ғашық құлдар көзде жасын төге шашар,
Ораза, намаз қажет бірлəн сираттан жақсы өтер,
Құл Сүлеймен жұмақ есігін ихсан ашар,
Жапа бірлə жұмақ тамын тілсе болар ма?!
* * *
Хақ иманы, нұры бірлəн жан бостаны,
Хош безелген болмаса, жан – жан болар ма?!
Ашылып батын көздің гүлістаны,
Махаббат болмаса, жан – жан болар ма?!
Махаббат дариясынан сулар шығып,
Мағрифат бостанына кіріп ағып,
Шын ғашықтар көзін ашып қарап,
Хақтан илһəм болмаса, жан – жан болар ма?!
Хас құлдар көзін ашып Хаққа қарар,
Рас Хаққа қарар болса, ислам болар,
Əзір көңіл болса сөзді Хақтан ұғар,
Өз асылын білмесе, жан – жан болар ма?!
Жан бірлəн ғишық, махаббат Хақтан дидар,
Түні-күн тынбай тілеп жылайды зар,
Жад қылған ғашық құлдар сонша көп бар,
Хақтан назар болмаса, жан – жан болар ма?!
Көзқарасы ашылар болса, жан бостаны,
«Əрни» деп сайрар онда ғишық дастаны,
Мағрифат бостанының гүлстаны,
Ашылып күлмесе, жан – жан болар ма?!
Ашылып батын ішінде бақ Эрам496,
Хош безелген болар еді Бəйтулхарам497,
Сыйлығын бірігіп Хақтан илһам,
Жылап келмесе, жан – жан болар ма?!
Келгін, ей ғашық, енді жан қасіреті,
Жаратушым қайырын берді сыр үлпеті,
Ашылып батын ішінде сауық лəззаті,
Ғишықтан үлес алмаса, жан – жан болар ма?!
Сыр жолы ашылса, жан ғарыштан өтер,
Əзір көңіл болса, ғашық Хаққа жетер,
Құл Сүлейменнің хикметі тынық тұтар,
Хақтық сөзді айтпаса, жан – жан болар ма?!
* * *
Мағрифат бірлə болады жан ізеті,
Мағрифат болмаса, жан – жан болар ма?!
Мағрифат тонын жанға кидірмесе,
Ол жанға жандар арасан болар ма?!
Жан жаны халық ішінде болмақ үшін,
Құзыретінде тола қызмет қылмақ үшін,
Тəн еңкейіп, жанға рахат қылмақ үшін,
Əрбір кəззап жерде жүрек қан болар ма?!
Жан жананнан жаны үшін үлес алынар,
Батын нұры сырында заһир бөлінер,
Ішінен тыс, тысынан қараса іші көрінер,
Сапасыз зұлматы тəн тəн болар ма?!
Жанан болар, жанға үшбу жан рахаты,
Жан затының сапасы тəн сипаты,
Бұ жанға жаннан болар лəззаты,
Мағынасыз сырдың ішінде дерт болар ма?!
Бар еді сенің жарыңның сенен оза,
Бір уə Барын жады бірлə болды маза,
Атағы Құл Сүлеймен қақ жер үзе,
Ізетті алтын-күміс кен болар ма?!
* * *
Ғашықтар Хақ жадын айтып,
шаршамас болар,
Дерт болмаса батында
көңіл жарымас болар.
Заһир, батыннан тойып,
қалмас сахарада жатып,
Ақылды жақсылықты қойып,
жамандықты танымас болар.
Гауһар болмас əр сайда,
болар Тəңірде пайда,
Ғашықтарды əр қайда,
кісі танымас болар.
Əркім кешсе өзінен,
ғишық білінер сөзінен,
Ғашықтардың көзінен,
жасы тоқтамас болар.
Қадам ілгері жүргіз,
«Алла» деп жан жарыт,
Адал ғашық шын мүрит,
өз дегенімен жүрмес болар.
Қу нəпсіңнен қашқын,
қылмысыңнан өкінгін,
Тіптен ізгі атанғын,
ол ат айырылмас болар.
Құл Сүлеймен білгін өзің,
ашып көргін батын көзің,
Ұлғайдым деп айтпа сөзің,
ғашық қартаймас болар.
* * *
Бауырым тұтанып күйіп,
жүрегім кəуап болар,
Ғашықтардың шəрбаты
дертіме себеп болар.
Бірнешені ғишық түзер,
бірнешені ғишық бұзар,
Бірнеше асыра өтер,
жоласа ойран қылар.
Медресе оқытушысы,
оқымапты бұ дəрісті,
Қайран болып баршасы,
білмейді не баб болар.
Бу Ханифа білмеді,
Шафиғи өзі көрмеді,
Ханбал498 тəпсір қылмады,
Құранда ғажаб болар.
Əзəзіл дауын қылар,
дауы адасқан болар,
Жалған дау қылғанға,
бұ нүкте жауап болар.
Ғишыққа жазбады қалам,
Хақ тұтқыны-дүр əлем,
Дəруіштер мəжілісінде,
Жебірейіл хижаб болар.
Құл Сүлеймен, өзің біл,
өзіңді міскін біл,
Өйткені міскіндер,
медеті Алла болар.
* * *
Алла Тəңірім дана-дүр,
Қағба салынған үй-дүр,
Əркім білмес бұл сөзді,
Хайуандық нəпсілік-дүр.
Отыз үш мың шариғат,
Намаз, ораза тағат,
Бермейінше ирадат,
Баршасы əпсана-дүр.
Отыз үш мың тариқат,
Ғишығың бірлə болар шад,
Түркістанда Қожа Ахмет,
Баршаға бірсана-дүр.
Отыз үш мың хақиқат,
Мағрифат-дүр махаббат,
Дария, теңіз сұхбат,
Ішінде дүр дана-дүр.
Құл Сүлеймен, қылғын жад,
Ғишық жолында өзіңді сат,
Ғишық отына піспеген,
Баршасы əпсана-дүр.
* * *
Қай кісі Мəулім бірлə
жалғыз-дүр, жалғыз-дүр,
Екі жаһаннан азат ол
бейтаныс-дүр, бейтаныс-дүр.
Хаққа ғашық болған кісі,
жанын құрбан қылған кісі,
Сырдан мағына түйген кісі,
жанана-дүр, жанана-дүр.
Кімге болса бұ сыр аян,
қажет емес оған баян,
Сыр ішінде сырды тойған,
ержүрек-дүр, ержүрек-дүр.
Ғашық құлдың көзі жасты,
көңілі жарым, жүрегі мұңды,
Біразы аң-таң, біразы қайран,
диуана-дүр, диуана-дүр.
Жарым көңіл ғишық дүкені,
онда болар мағына кені,
Ізгі секілді кеніш мекені,
ойран-дүр, ойран-дүр.
Хақтан болар құдірет пəрмен,
Алла пəрмені берер дерт-дəрмен,
Оның ғишығында жан құрбан,
шүкіршілік-дүр, шүкіршілік-дүр.
Илмəл йақин шариғат,
Айнəл йақин тариқат,
Хаққал йақин499 хақиқат,
сырлы-дүр, сырлы-дүр.
Ғашық құлдың əлсіз өзі,
ашық болар батын көзі,
Дəруіштердің əрбір сөзі,
маржан-дүр, маржан-дүр.
Хақ Мұстафаның үмбеті,
машайықтар жігері,
Құл Сүлейменнің хикметі,
түрки-дүр, түрки-дүр.
* * *
Менің жаным сенің ғишығың білəн дүр,
Тəнім əлсіз, алайда жаным өледі-дүр.
Бұ ғишық егер болмаса не істер едім,
Барша «уһім» менің ғишығым қыла-дүр.
Зеһи хəлу500, зеһи хəлу, зеһи хəл,
Мен жылаймын, барша əлем күле-дүр.
Ғашықтан сұрамаңыз дүние, ақирет,
Ғақшық машұғы үшін əрдайым өле-дүр.
Ғашықты күйдір ғишық отына жар,
Ғашықтар ғишық отына ынтық-дүр.
Сен менің қарама бұ суретіме,
Жүрегім қан болып, бауырым күйе-дүр.
Айырды ғишық мені ақыл-естен,
Көзім жасы ағып, жүзім сола-дүр.
Көзің не хəлге түсті, Құл Сүлеймен,
Барша ғишығым мені реніш біле-дүр.
* * *
Біздің көлдер құсы гауһар терер,
Біздің таулар киігі кимия501 отар (отайды),
Біздің асханада жан құрбан қылар,
Бізді құрбан қылып, кімді қонақ қылар.
Біздің əлемде сұлтандар да тұрар,
Құрып мəжілісті лəззат қылар,
Біздің базарда ғишық киімін ашып,
Саудагері егер келсе сатар.
Кімде-кім ғишық бабында жүреді,
Сүйіктісінің итін көрсе сүйеді,
Назар бірлə жібін шешіп береді,
Нəпсі бірлəн өлікті тірілтеді.
Біздің дарияда дүр асылын сүзеді,
Ғаууастар шешіп, сіздер біліңдер,
Ғажаб міндет бұ кимияи сағадат502,
Құлым деп Құл Сүлейменді сатады.
* * *
Шөлдесе ғишық жолында,
тəубе дариясы қандырар,
Жазса кенет қызметте,
ирадат оны көндірер.
Əсте халыққа жазбағын,
білсе сені өлтірер,
Жазар болсаң Хақ(қа) жаз,
күні жолға көндірер.
Мəулім сөнді біл оны,
ирадатты құл саны,
Хақ жандырған шырақты,
кім ұрып сөндірер.
Жанған шырақ сөнбегей,
ғапілетке төнбегей,
Жоқсыз Мəулім сөнбегей,
барлық жаққа сөндірер.
Ирадат бірлə болып,
үлес алғын ер болып,
Еңіре түні-күн зар болып,
одан рахмет ендірер.
Одан рахмет игенге,
ирадатқа кіргенге,
Хаққа мойынсұнғанға,
оған үлес бар болар.
Хаққа мойынсұнса құл,
шайқыға қолын берсе құл,
Жолға кіріп білсе құл,
оған назар жол болар.
Сүлеймен назар болды,
өзін оттан құтқарды,
Ғишық бірлəн шам ұрылды,
ғишықсыз жанды күйдірер.
* * *
Əліпке – аңлаң503 енді өзіңізді,
Бе – басқа не келерін білгін, достар,
Те – тəубе қылып түні-күн жаратқанға,
Се – сəна деп, шүкір қылғын, достар.
Жи – жауап бермек керек жарын онда,
Хи – Хақтың бірлігін біл бүгін мұнда,
Ха – хəли (бос) өткізбе əрбір түнді,
Дəл – дүние фəни болар білгін, достар.
Зəл – зəре күнə қылсаң тəубе қылғын,
Ре – Раббыға жалбарынып, жағаңа баққын,
Зе – зарлық қылып өзіңді салғын,
Син – сырды күні жолға аулағын, достар.
Шин – шараб ішпек керек болса онда,
Сад – сабыр бейнетін тартқын мұнда,
Зад – зағиф (əлсіз) өзіңізді əрбір түнде,
Та – тағат қылып, Хаққа аулағын, достар.
За – зұлым қылмысыңды аңдап тұрғын,
′Айын – ғалым ісіңе амал қылғын,
Ғайн – ғайбат жалған істен тіліңді тыйғын,
Фле – файда (пайда) қылар онда білгін, достар.
Қап – Қарұндай боларың жоқ қанша жүрсең,
Кəф – кенді Зұлқарнайындай патша болсаң,
Лəм – Лұқман Хакімше жас жасасаң,
Мим – Мəулім үкімі келсе, өлгін, достар.
Нун – нəру (отқа) барарға азық алғын,
Уау – ойран сарайыңды сала тұрғын,
Һі – һəркез (əркез) ұйықтамастан ояу тұрғын,
Лəм əліп – аңда жасты білгін, достар.
Иай – йə, ғибəди, деп түні-күн зарлағын,
Назар нұры тіле келді жан аулағын,
Құл Сүлеймен сол теңізден несібе алғын,
Махшар күні Хақ дидарын көрер, достар.
* * *
Əсел бірлəн тең жұтты дүние заһарын,
Мұратқа тиіп оны іздеді,
Үміт бірлəн үлпəт жасын құрып ап,
Сахар уақытта қажет оғын көздеді.
Бас тартты бұ дүниенің жүзінен,
Жаратушыма туралап ап өзін,
Не мендік жарандар білді мұны,
Алайда құлдар ізінен іздеді.
Ауласу іздеді тілін,
Еш пайдасыз қылмады өзін,
Хақ жарлығын қылып төрт мың уəли,
Терең ойға салып іздер іздеді,
Адамның көңілі ұқсар қатты тасқа,
Білмессіз нелер түсер осы басқа,
Жаратушымның қорқынышынан тиіп басқа,
Жылап, еңіреп, боздады.
Құл Сүлеймен өз жазығын өзі білер,
Тандым деп, жалбарынып тіреу келер,
Жарандар Хақ жадын еске алар,
Өткен сөзді көрдің қашан сөйлейді.
* * *
Ғылымсыз ешкім де ғалым болмас,
Əдеп білмес сопы өз жолын білмес,
Уақыт кірген ғашық атын кессе болмас,
Қалап тоймас екен кірді құмарлық етер.
Сол уақыт хəлат меңде бірге ұшар,
Енді келер білер екен өзі құшар,
Қалғаны күнəһардай отқа ұшар,
Нəпсіден кешпес рухың ғарышқа ұшар.
Əуес бірлə өтті өмір нəпсіңе ұя,
Тағат, қайыр, ғайбат бірлəн болды рия,
Халал, харам демес бұ халық білер тоя,
Ол күні күніміз хош өте тұрар.
Келгін, достар, тəубе қылғын таза бастан.
Азып-жазып жүрмейік жолдан бастан,
Менмен, кекшіл, күндестік, жалған келмес іштен,
Күнə оты тəннен өшті жетер.
Ақылдың ащы сөзі үгіт-насихат,
Наданның шырын тілі өкініш-қасірет,
Игіліктер игілерге болсын сұхбат,
Атақ тұтар ер қалмады көшті жетер.
Жеті Құран Тəңірі сөзі Хақ па дегін,
Хақ сөзін сөйлеген рас па дегін,
Жаға ұстап еңірегенге уақыт па дегін,
Уақытын білмес өзін айтар, кешті жетер.
Құл Сүлеймен құлшылық турасына қарар,
Ол қорқынышта көздерінен қан жас ағар,
Ендігілер тура сөзді теріске ұғар,
Қанша айтса, сол бізді кесті жетер.
* * *
Сопы қылсам өзімді,
айнул йақин бұ жолда,
Лəдун ілімі ашылса,
егер мүрит десе.
Мүрит болсаң менмендік,
кірін кетір ұстамағын,
Менмендік болса бұ жолда,
іске аспайды дəруіш десе.
Тəкаппарлық, көрсеқызарлық маясы,
менмендік болса басыңда,
Жүз жыл тұрсаң бұ жолда,
болмас мүрит десе.
Қызмет бірлəн ирадат,
тамам қылса ол мүрит,
Жетпес оған дүниеде,
титтей менмендік десе.
Қызмет қылмай, қылдым дер,
жалған болар ол мүрит,
Сол махшар күнінде,
онда мүрит десе.
Қызмет үшін жарандар,
жанын кешті бұ жолда,
Қызметіне шапаннан,
үміт жары берсе.
Құл Сүлеймен біл енді,
бұ-дүр мүрит қолында,
Қоймағандар мүритті,
өзі дара қылса.
* * *
Жол үстінде отырып,
Жолды сүрген дəруіштер.
Ақирет хабарын есітіп,
Жолға кірген дəруіштер.
Асалары қолында,
Жігер торы белінде,
Мəулім жады тілінде,
«Алла» деген дəруіштер.
Хирқалары кір шапан,
Ішінде жүз мың жаһан,
Осы үшбу дүние болар «фəн(и)»,
Көзге ілмес дəруіштер.
Еш тақсыр бөлінбес,
Қалап дəрі бүлінбес,
Көзде жасы солынбас,
Жасы аққан дəруіштер.
Шүкір қылғын Ахадқа,
Лайық тұтқын Самадқа,
Сансыз түрлі Рахметке,
Ирадатты дəруіштер.
Арыстан мініп жосар,
Жылан қамшы қылар,
Басын ағашқа қояр,
Тізесін құшар дəруіштер.
Сыр бірлəн сырлар сүрер,
Ғишық бірлəн жаһан кезер,
Мұң бірлəн хикмет түзер,
Жүзі сары дəруіштер.
Басып нəпсіңді отыр,
Жүзіңді, реңіңді солдыр,
Хакім Сүлеймен құл-дүр,
Сатып жесін дəруіштер.
* * *
Достарым, кім бұ жолға ұрса қадам,
Ақиданың ісі бітіп тұрар.
Бұл ізді іздемеген ғапіл құлдар,
Өмірінде жұмсамастан қатып тұрар.
Жарандар күзетті жол ақысын,
Кəззап айтпады мұң отын,
Күннен-күнге арттырып жүз бетін,
Терең ой дариясына батып тұрар.
Со үшін хас құлдары айтты бұрын,
«Лə жəрəм»504 құзыретінде алды орын,
Тəубеге келмеді сараң малғұн,
Ғапілдер ғапілет бірлəн жетіп тұрар.
Құл ояу тұрмақ бірлəн болар мұрат,
Рух оянып, нəпсі кетіп қылар айқай,
Ол үшін машайықтар ұстар жігер,
Бұ ғишықтың шарабынан татып тұрар.
Бұ дүние бақи емес болар фəни,
Дүние бірлəн достық қылдың ғишығың қане?
Құлдары бар тағат қылар түні-күн,
Қажеті құзыретіне жетіп тұрар.
Атағы құл Сүлеймен қабыл қылды,
Кім нені тілесе, сол болды,
Тілекті құл сандығына гауһар толды,
Дүниені бере алса сатып тұрар.
* * *
Алла жадын айтсам мен,
іші-сыртым жарқырар,
Барша қысым жаз болып,
тоңбас көңілім тазарар.
Көңіл нұры ашылар,
сыр сөздері сыр болар,
Мұны ұстаған аз болар,
уақыт сырғып-сырғып ағар.
Мұжаһида кешеді,
тəжəллиға асады,
(Сыр) ашпаққа түседі,
нəпсіні «һай» деп қориды.
Нəпсіні рухтан бөледі,
рухқа көлеңке түседі,
Сырды Раббыға ашады,
көңілі күндей қалайды.
Мүрит сауығы тарамас,
«аһ» шешегі солмас,
Сүйікті көңілі солмас,
би билеп қалады.
Салынар сүйікті мұңына,
кетіп кен мен халіне,
Жақып секілді өңінде,
жасы қашан құриды.
Құл Сүлеймен жарын шын,
мажаздықтан арылсын,
«Алла» деп жан берсін,
одан көңілі толады.
* * *
Жаз өтті, күз де кірді, білгін оны,
Күздің өз бір айы қыстың саны,
Ұшар құс, жүгірген киік келді бəрі,
Машайық нəубет болды, достар.
Жарандар бұ алқада құрды істі,
Байлар сусар киіп өткізер қысты,
Ирадатты мұңды дəруіш төгер жасты,
Машайық нəубет болды, достар.
Жарандар бұ алқаны əуел құрды,
Иманды машайықтар қылует кірді,
Ол қылуетте Қызыр ата сыйын берді,
Машайық нəубет болды, достар.
Жад қылғын заман ақыр болса,
Иманды жарандар қылует кірсе,
Ол қылуетке үш күн достар жиыла келсе,
Машайық нəубет болды, достар.
Баршаға құтты болсын қылует күні,
Көптеген өткізеді түні-күн,
Жарандардың ғарыштан асты зікір үні,
Машайық нəубет болды, достар.
Мəуліме баға емес себеп-дүр,
Бұ қылуеттің парқы жалғыздықта-дүр,
Сұхбатқа келмегендер бейтаныс-дүр,
Машайық нəубет болды, достар.
Жарандар сұхбат үшін жылады,
«Аһ» деп іш-бауыры өртенді,
Бір қадам бірлəн көңіл аулады,
Машайық нəубет болды, достар.
Сілсілə505 ол Əлиден кімге қалды,
Қанша жыл Арыстан бабам нəубет сүрді,
Ұлы атам сыйлығын бізге берді,
Машайық нəубет болды, достар.
Тоқсан тоғыз мың машайық сапасы-дүр,
Ол күн онда жаран жиылып баршасы-дүр,
Құл Сүлеймен насихатын айтып өтеді-дүр,
Машайық нəубет болды, достар.
* * *
Дəуіт ұлы Сүлеймен,
Дүние малын ұстады, көр.
Жел мініп ауаға,
Сағат ішінде ұшты, көр.
Ибраһимды ол Намрұт,
Көтеріп отқа атты, көр.
Бостан болды Хəлилға,
Шешек ашылып етті, көр.
Алтын жиды ол Шаддад,
Бақ Ерам жапты, көр.
Кірер сағат болмады,
Сол жерде енді, көр.
Пəрмен болды балыққа,
Ол Жүністі жұтты, көр.
Малдан зекет бермеген,
Қарұнды жер жұтты, көр.
Имран ұлы Мұса506,
Мəдин507 жаққа өтті, көр.
Аса алып қолына,
Шұғайып қойын бақты, көр.
Хақ пəрмені жетілді,
Дария суы жұтылды, көр.
Дария суы бөлінді,
Мұсаға жол ашты, көр.
Перғауынды лайға атты,
Мұсаға жол жетті, көр.
Мұса жетті аман-сау,
Перғауынды шөктірді, көр.
Өлім құшып ол малғұн,
Сол жерде жетті, көр.
Менмендікті қылғандар,
Қашан мəңгі қалды, көр.
Мəңгі қалам дегендер,
Тар лақатта жатты, көр.
Кімге тиді мəңгі ат,
Кім Йазданнан қалар, көр.
Жұмақ жапты ол Шаддад,
Қашан оған өтті, көр.
Құл Сүлеймен атағы,
Хикмет жолын тапты, көр.
Əрбір ақымақ наданға,
Қашан өзін қатты көр.
* * *
Дүние кездім арыстай,
Кім қонып, кім өтер, көр,
Кім жетер ол мекенге,
Кім шаршап, жол табар, көр.
Кім жанын жұтып,
Кім жүрер түн қатып,
Кімдерге күн батып,
Кімдерге таң атар, көр.
Кім киеді алтын тəж,
Кім жүрер қарны аш,
Кімдер күні бір құлаш,
Кім жүзге жетер, көр.
Қадірімнің істері,
Жылап Жақып ағар жас,
Жүсіптің туысқандары,
Апарып құдыққа атар, көр.
Иланба тақ, тақсызға,
Бел байла, жыла Хаққа,
Күн келсе ойла уақытқа,
Кеш қалмас түркін табар, көр.
Сүлеймен енді сақтанғын,
Құзыретке түні-күн табын,
Ол Мəулім жадын ұғын,
Болмаса ісің қатер, көр.
* * *
Күнəһарлықты көптеп қылдым Қадіріме,
Уақыт болды, енді тəубе қылғым келер,
Сағынсам мен ақиретінің жолы ұзақ,
Дайындалып мұнда азық алғым келер.
Дүниеде азық алған ердің ері,
Азықсыздың жолға кірсе болар зары,
Жарын онда қиямет күн дозақ оты,
«Алла» деп өзім(ді) оттан жұлғым келер.
Жарылқар деп айтпағын көп тағатым бар,
Бұ тағат кімдерді қылды пікірлер,
Тамұқтың айбатынан жандар тітірер,
«Алла» деп жұмағына кіргім келер.
Кім «Алла» деді жұмақ есігін ашты,
Біреулер ғишық шарабын сонша ішті,
Үлпəтінен Қызыр, Ілияс сырын құшты,
Ол жайдарлы жарандар болғым келер.
Қане, ол атамыз əуел Адам,
Тіршілікте Раббы ризасын алғым келер,
Қоймады бұ дүниеде мəңгі тамам,
Барша болмыс бұ дүниеден бір күн өтер.
Ажал келсе жандар шығар, ұшар онда,
Дариға, халім қандай болар онда,
Тəубесіз барсам өзім қалам қайда?
Мұнда жылар жарың, онда күлгім келер.
Дайындалғын, Құл Сүлеймен, тағат қылғын,
Жарын онда патшалықтың тəжін алғын,
Жаһаннамның отынан өзіңді сақтағын,
Күнəдан өзімді таза қылғым келер.
* * *
Достарым, жомарттарды өпкім келер,
Өппектік жомарттарға лайық тұрар,
Сарп етсе нығметін бүгін мұнда,
Біріне жүз мың онда сыйы тұрар.
Хақ үшін берер жомарт қолда барын,
«Лə жəрəм» пайда қылар онда жарын,
Қиямет күн көрмектік Хақ дидарын,
Баршадан жомарттарға оза тұрар.
Жомарттың жүзінде бар иман нұры,
Асылы бай жомарттардың жоқ еш құры,
Жомартты келер деп жұмақ хоры,
Құшқалы құлдарын күте тұрар.
Жомарттың халайықтан артық өзі,
Жомарттардың мүбарак-дүр көрікті жүзі,
Жомарттардың қант-шекер шырын сөзі,
Жұмақ ішінде нұрдан тақ оза тұрар.
Сараңның үйіне келсе мейман,
Ол күні қасын түйіп болар қатаң,
Сараңның жемі заққұм, түні қатерлі,
Шарабы от жалыннан құйыла тұрар.
Сараңның бұ дүниеде отты аты,
Сүйкімсіз-дүр ата-ана жоқ тағы,
Сараңның келер деп тамұқ оты,
Бұ күннен қияметке қыза тұрар.
Дайындалғын, Құл Сүлеймен, жомарт болғын,
Жомарттардың орны жұмақ анық білгін,
Қысқартпа, сараңдарға лағынет қылғын,
Сараң өзі жемей-ішпей жия тұрар.
* * *
Йə, өзім дүние айласынан,
Сақта өзіңді жол ақыр,
Мəңгі-бақи сыр оның,
Түні-күн қалап бол ақыр.
Неше күн жаттың ұйықтап,
Жүрдің нəпсіге еріп,
Кел енді дүние қойып,
Тілегін Раббыдан құл ақыр.
Рухқа шəрбат ішірген,
Күнəнің отын өшірген,
Тағатпен өмірін өткізген,
Болғын сен діндар құл ақыр.
Тіршілік ауын қоршағын,
Бақыт бірлəн дəулет асағын,
Қаншама ұзақ жасағын,
Қаларың жоқ мұны біл ақыр.
Көр ішіне өзіңді көмсе, сен,
Не қыласың көзің жұмса, сен,
Жаратқаннан рахмет тіле, сен,
Дұшпаныңды разы қыл ақыр.
Харамнан сақта өзіңді,
Ғайбаттан тазарт сөзіңді,
Жылатқын бүгін көзіңді,
Жарын сен онда күл ақыр.
Есітіп ақирет хабарын,
Көрерсің онда не барын,
Ауд508, амбар, кик509 өсерін,
Адын ішінде сарайда бол ақыр.
Сүлеймен сырын іздегін,
Сөйлесең, Хақты сөйлегін,
Жарандар ізін іздегін,
Жарандар пірі бол ақыр.
* * *
Ей, достар, тағат қылғын Жаратқанға,
Тағатшылардың асылы болар осы намаз,
Тағат бірлəн көнгіш болып, мүмін болғын,
Болдың аман тұру берер осы намаз.
Құнарлы жерге өнім болар намаз өнер,
Бақыты мəңгі болар, рахмет қонар,
Намаз қылған, нанын ексе анық өнер,
Жұмақ жаққа бастап барар осы намаз.
Мүміндерге əуел иман, намаз, зекет,
Ораза бірлəн хаж барса болар көмек,
Ислам асылы бұ іс болар осы сипат,
Кімде болса, хабар берер осы намаз.
Ондай құлдан Мүңкір-Нəңкір сауал сұрамас,
Есепте жаңылмас һəм сират көрмес,
Жұмақққа қарамас, отыр (ып) һəм тоқтамас,
Хаққа қарай басшы болар осы намаз.
Пəрмен келер, ей, сират, өзіңді жаққын,
Намаз қылған құлдар келер қарсы шыққын,
Үш мың жылдық бір аршынға тамам сыйғын,
Бұ ізетке жеткерер осы намаз.
Тиместен аттап кетсін шөгіп сені,
Сəжде бірлə жад қылды өкінішімді,
Жан ғашық көңілі ғаріп қызметші тəні,
Жолбасшысы оңда тұрар осы намаз.
Намаз оқыр құл нышаны жүзі нұрлы,
Жұмақ – орны, шапан – тоны, ісі – хорлы,
Намаз қылса Мұса секілді сыры Тұр-лы,
Жұмақ жаққа елшісі-дүр осы намаз.
Намазын бас қажетін қылған кісі,
Нұрға толар мүміннің іші-сырты,
Болды дəулет, тұтты бақтың ісі,
Жұмақ жаққа жолшы болар осы намаз.
Таухид, зікір, ізгі амал бірлəн асар,
Ықылас бірлəн намаз қылса, миғраж түсер,
Иман нұры Құл Сүлеймен іші тасар,
Мəсиуаға тəкаппар қылмас осы намаз.
* * *
Хаққа қарай талпынса құл,
Хаққа ұлар бес намаз,
Сегіз жұмақ есігін,
Оңай ашар бес намаз.
Намаз, ислам жолынан,
Құлға құлшылық қолынан,
Құлдың оң-солынан,
Сақтап тұрар бес намаз.
Намаз рахмет пейілінен,
Нұрланар елінен,
Жалындар от жалыннан,
Ұлы қабырға бес намаз.
Намаз көңіл жарытар,
Көңіл кірін тазартар,
Ғибадатқа жорытар,
Қуат берер бес намаз.
Бейнамаздық қылмағын,
Бес намазды қоймағын,
Жалған дау қылмағын,
Тынық тұрар бес намаз.
Намаз тілер шариғат,
Қажет тілер тариқат,
Үшеуі хақиқат,
Қылды қарар бес намаз.
Намаз қылсаң көңіл тоқ,
Тамұқ оты оған жоқ,
Сегіз жұмақ һəм анық,
Мəжіліс кезер бес намаз.
Көнсе намаз ырқына,
Күймес тамұқ отына,
Əһлі жəннат сапына,
Алып кірер бес намаз.
Жүзі жарық күн айда,
Тағат нұрындай қайда,
Үшбу фəни сарайда,
Нақыш, өрнек бес намаз.
Үйден қуар бейнамаз,
Жүзі оның жарамас,
Орны жұмақта емес,
Өтемесе бес намаз.
Бейнамазда жоқ иман,
Бар дінінде шəк-күмəн,
Ұлы күнде бір Жаратқан,
Құлдан сұрар бес намаз.
Тар лақатта қоймаста,
Дария суы сіңбесте,
Тіл, тамақтар қатпаста,
Дəрмен берер бес намаз.
Күрке қылып қоймаста,
Жұп ұл-қыз қалмаста,
Жалғыз қалып жатпаста,
Жолдас болар бес намаз.
Құл Сүлеймен аянба,
Тіршілікке таянба,
Тағат қыла ұмытпа,
Пайда қылар бес намаз.
* * *
Көңілім көрсе, əй, Раббы, сені жаным ұнатар,
Ақылым қайран болып, жолын біле білмес,
«Алла» деп, ғашық болдым көрмектікке,
Пайда болып, тыныш рахат таба білмес.
Сурет шашылып, сырым ұшты, ғарыштан асты,
Ғайып хижаб құзырет жаққа өте кетті,
Сырым сыры уахдат ішінде «һуға» түсті,
Қанат күйді, қадам тиді, сыйла білмес.
Мұндай болды мүрит мұратынша білсе,
Сырлар ішінде нұрлар көрді өте білсе,
Үлпəт ішінде от жағылды ұша білсе,
Сыр ашқанша албырт көңіл қыла білмес.
Рухым сапар қылмақ арман тілер тəннен,
Ақылым уислат қылмақ тілер барша істен,
Пайым, пікір, ілім хикмет баршасынан,
Осылар бірлə құл жақынға келе білмес.
Үш күнде жүз алпыс назар өзіңді ұмыт,
Шарасыз болып, Хақ жадын қыл, өзіңді ұмыт,
Тұтса түні-күн рахмет жауар мейірімі болып,
Мұңды ол шыншылдық бірлə өле білмес.
Бір шыншыл бірлəн сырым сап болса сүйер,
Батын ішінде мағрифаттың нұры тұрар,
Сырдың сыры аң-таң болып, жақындық табар,
Бұ тіл тұрмақ мұны баян қыла білмес.
Сырға секілді Құл Сүлеймен тəн ішінде жан,
Шариғатта тариқатты қылмас баян,
Сырдың сыры, жанның жаны сұраса нышан,
Сыр сырын Хақтан өзге ешкім білмес.
* * *
Қаншама жас жасаса бұ дүниеде,
Тіршілікке ешкім де тоймайды екен,
Білдік-таптық, достарым, əзір тұрыңдар,
Бұ дүниеде ешкім де мəңгі қалмайды екен.
Қарап тұрсаң бұ дүниеде жоқ еш маза,
Бірі беріп, біреуі жылай қалса,
Қаншама адал жұбы сүйікті болса,
Өлер халде разы жəне болмайды екен.
Ауыр екен, адамның жұбы өлсе,
Сол əйел ұландары еңіреп қалса,
Жұбының аз пейілін сағынып тұрса,
Сұрап біліп, көзден жасы тынбайды екен.
Қане, енді бұ өлімге болса шара,
Бірі үшін біреуін ала тұрса,
Қаншама тас жүректі, бауыры қатты,
Жұбынан айрылмаққа төзбейді екен.
Адамзаттар өсіп-өнер, бірте көбейер,
Бұ ажал қайда болса бір күн жетер,
Адамдар көңілі қатты тастан бетер,
Мұң тиіп жылап күймейді екен.
Құл жеткізсе бұ дүние теңі түсі,
Айырылса көзден ағар, тынбас жасы,
Шара жоқ, Құл Сүлеймен мұнан ісі,
Жаратқан əмірін əркім өзге қылмайды екен.
* * *
Терең оймен қарар болсам өз-өзіме,
Достар, арманым, ісім қатер екен,
Мəулімнің пəрменін ұстамадық біз,
Өзі іздеп, соңына қарап ұстайды екен.
Керектісі бізге анық Құран екен,
Көңілімнің жарары иман екен,
Құлдарға рахым қылған Сұбхан екен,
Сұбханым(ның) анық аты Сəттар екен.
Төрт кітап ішінде бар Ием жады,
Мүмін құлға мұрша берді Алла жады,
Сұрап алса, болса мұнан ұлы аты,
Жадын айтып, құл Хаққа жетеді екен.
Мəулімнің жадын айтқан ғашықтары,
Сыр шарабын ішетін ол шалықтары,
Тағатын тастамас шыншылдары,
Талап қылып жанын қинайды екен.
Жан кемеліне тисе көңіл көзін ашар,
Үш мың жылдық сиратты ол оңай өтер,
Мойын имес күшті нəпсінің өзін шашар,
Ол құл өзін ессіз жерге атады екен.
Қай құлға Раббы шабыты таупық берсе,
Үш жүз алпыс тамырға Хақ нұры толса,
Қай құл рухын ойлап, нəпсісін исе,
Ашылып гүлстаны өнеді екен.
Бұ құлшылықтың асылы өте қиын екен,
Қорқынышсыз тағат қылсаң оңай екен,
Құран білмес құлдары пұшайман екен,
Қиямет күн барша амал табады екен.
Сопылардың заһид бірлəн сұрар уақытта,
Тарсаларды қаһар бірлəн ұрар уақытта,
Ғалымдарды ғылым бірлəн сұрар уақытта,
Құран бізді тура жолға тартады екен.
Құл Сүлеймен Құран бірлə амал қылғын,
Иман бірлə Хақ Расулға салауат айтқын,
Қадім емес, сараң дүние, мұны білгін,
Ақыры барша əлем бітеді екен.
* * *
Кеткін, ей, ғапілет тəннен кеткін əрі,
Ием сауық тұтты маған көмек жары,
Кім Алла жадын айтса, жанға дəрі,
Дəрі ішкен онда ауру болмайды екен.
Бұ сөз бітті, кел болма күмəн,
Кім айтса, Алла жадын болар аман,
Бұ күн мұнда айтқын сен етіп иман,
Иман бірлə барған құлдар өлмейді екен.
Иманыңды бүтін ұста, қылғын намаз,
Уақыт болғанда, таза жуынып қылғын қажет,
Тəубені əдет қылғын, бұзбағын наз,
Тəубешілге онда сауал келмейді екен.
Ол құлға сауал келер намазынан,
Екінші – анықтық һəм дəретінен,
Үшіншісі – халал, харам бар ізінен,
Ғапіл құлдар онда жауап бермейді екен.
Ғапіл тұрма, Құл Сүлеймен, өзіңді ұста,
«Алла» деп, тəубе қылып, сырға ұмтыл,
Өзіңді тірі ұстама, өлді сана,
Мəңгі бақи бұ тəнде жан қалмайды екен.
* * *
Аһ, дариға, адам ұлы мың жасаса,
Əркім онда халін қалай білмес екен.
Ата-ана арқасынан ол ұл-қыз,
Құрметі патшалардан қалмас екен.
Он жасқа жетсе ұлан сұлтан болар,
Тілі тоты, тағы ғажап дастан болар,
Қылық-құлқы, ата-ана бостан болар,
Сол бостан ажалсыздан солмас екен.
Жиырмада жарақ киіп, жай шаншар,
Тигенді ұстап қармап, басын шашар,
Иығына алса егер өткір қанжар,
Тоқсан татар қарсы келсе таймас екен.
Отыз жаста оттай болып, желдей есер,
Қытай, Қырым елдерінен хараж510 алар,
Əділ Қашғар елдеріне барып қайтар,
Қолынан алмас қылыш салмас екен.
Қырық жаста ақылы артар, толар есі,
Білек бірлəн елге алар құмай құсты,
Сүйікті ішінде Сүлеймендей сөз оқысы,
Не келсе де, жүз себеп түспейді екен.
Елу жаста ақылы толмас һəм кемімес,
Дінді ашып, өмір секілді қайыр бұйыртпас,
Көңілі жарты болып кісі көңілін ерітпес,
Білімсізден қолға қамшы алмас екен.
Алпыс жаста келді бізге кəрілік жағы,
Көз көріп, көңіл шөгер сақал ағы,
Уа, дариға, өтті бізден жігіт шағы,
Ол жігіттік қыранына келмес екен.
Жетпіс жаста болдық біз тамам кəрі,
Ел ішінде сұрар оны жолдас бəрі,
Найзасы күрек болып оның жұқа сыры,
Қуат кетіп, жүгінбестен қалар екен.
Сексенде болса кісі дəулет бірлəн,
Өкінішсіз түгел түрлі нығмет бірлəн,
Аһ, дариға, болса кісі бейнет бірлəн,
Күнде өлім тілер уəли өлмейді екен.
Тоқсан жаста пейілі артар, мінезі азар,
Жеңіл сөзден көңілі жылап болар безер,
Біледі екен, білмес секілді сөзде жазар,
Мінепсің, тисе жылар тынбайды екен.
Жүз жаста ұсыныс кетер қалам қолда,
Əлсіз болып, бір екіленер жанда елде,
Малы болса, ізет табар осы елде,
Малсыз болса, ешкім ізет қылмайды екен.
Жүз оннан əрі жүз қиын кəрі,
Ұлы жарар, қызы қолдар болса ісі,
Малы болса, ізет табар елде кісі,
Малсыз сəлем берсе жауап алмайды екен.
Құл Сүлеймен білер болса, қарттық халін,
Алпыс жасқа жетер болса білді халін,
Бір күніне жігіттіктің дүние малын,
Берсе Алла, əсте тең болмайды екен.
* * *
Мұжаһида қылып,
жолын ашар, бұ дəруіш,
Зарлап-еңіреп
жасын төгер, бұ дəруіш.
Көңіл ішіне мұң толса,
көзде жасы(н) бір көрсе,
Сонша қарсы хижабты,
оңай өтер, бұ дəруіш.
Болса сүйікті серттескен,
ессіз қылар уақытын,
Беріп қолдағы нақтысын,
өзінен танар, бұ дəруіш.
Болса сүйікті мейірін,
жұтар, қарамас заһарын,
Салып дүние қаһарын,
жүрегін езер, бұ дəруіш.
Сүйіктісіне сүйікті құл,
қай демде ұласса,
Заһар сусынын берсе,
қарамас, ішер, бұ дəруіш.
Дүние ісін қойып,
ақирет ісін түзіп,
Ғишық қанатын жазып,
ғарыштан өтер, бұ дəруіш.
Дəруіштердің халінен,
аңғарғын, ей, Сүлеймен,
Жаралы болар көңілдер,
қате өтер, бұ дəруіш.
* * *
Азат өзі құл болмастан,
Құл азатты болары жоқ,
Мағрифатсыз кісінің,
Махаббаты толары жоқ.
Мағрифатқа сенбесе,
Махаббатқа сүйенбесе,
Өкініште еңіремесе,
Инабатқа жету жоқ.
Ғаріп болсаң зат-затын,
Сүйікті болсаң ат-атын,
Ынтық болсаң наз-затын,
Затта келер кедергі жоқ.
Ұстаулы жанбас ол,
Татулы екен ол,
Тілегі болар ол,
Кім таң тілеп болар жоқ.
Құл сипатта тастан ол,
Сипат қолда іштен ол,
Құлшылыққа пида əзір ол,
Кім таң қадам ұру жоқ.
Мəлəкутқа ақсаң сен,
Жəбəрутқа511 жоқсаң сен,
Барша күнін кезсең сен,
Раббы қайда, сен болу жоқ.
Ат мұнда, ол ат онда,
Жерде ол ат, не көкте,
Құл қайда болса, Раббы сонда,
Мұнда келсе тою жоқ.
Құл Сүлеймен өтерсің,
Достар сырын ашарсың,
Бұ заттарды шашарсың,
Кім зат, мұны білер сен жоқ.
* * *
Ғашықтар Алла жадын,
Түні-күн айтып тоймас ол,
Ғашық болған құл сауықтан,
Тағатсыздана тынбас ол.
Тынбас ғашық ғашықсыз,
Айтпас жадты уақытсыз,
Сабыр қылмас онсыз,
Заман тыным таппас ол.
Таппас тыным ғашықтар,
Ғашықтан асырып жалықтар,
Хақиқатта ғашықтар,
Құзыретінен кетпес ол.
Болма өзің ғапілеттен,
Ерме көңіл құзыреттен,
Көрер жаран жігерден,
Сырды ауамдар білмес ол.
Қойғын Қадыр Жаратқаннан,
Айырмасын иманнан,
Кешілсін жүз мың жаннан,
Иманды құл өлмес ол.
Болар пайда ұйқы ауам,
Жадын айтар өзін шалағай,
Құл Сүлеймен ашса дем,
Ғапілетінен айтпас ол.
* * *
Ғашық болсаң хақиқат,
Тынбай-тынбай, «һу» дегін,
Дидар көрмек тілесең,
Түндер жатпа, «һу» дегін.
Жаран уақыт жағдайы,
Міндір оған ғишық аты,
Жағылып ішінде сауық оты,
Тəн жан бірлə, «һу» дегін.
Кешкін ғашық тəн жаннан,
Кетіп ғапілет тұманнан,
Маза болдық иманнан,
Хəлден хəлге, «һу» дегін.
Хəл ұлы қал ұқпас ол,
Мажаз дауын қылмас ол,
Ей, мажаз, сен бос тұрма,
Зар еңіреп, «һу» дегін.
Ғашықтардың айқайы,
Болар уақытта пайдасы,
Дидар үшін уəдесі,
Көрсең тағы, «һу» дегін.
Көріп жұмғын көзіңді,
Қарап көргін өзіңді,
Құл Сүлеймен сөзіңді,
Айтқын тағы, «һу» дегін.
* * *
Жалғыздықта жарық көз, жар көзі болар,
Жолға жолдас, іске іс жаран керек,
Шайқы жігері, жар сұхбаты, уақыт жетіп,
Басқа шипа берер, мəрд уə мəрдан512 керек.
Ғишық оты жар сұхбаты бірлə жанар,
Ирадатқа илһəм нұры Ием салар,
Жансыз бос кеуделерге ғишық қонар,
Ғашық құлдың мүлкі-мекені ойран керек.
Ғашық құлдың бауырына сауық оты жағылар,
Тəкаппарлық, кекшілдік орын алса, қал көзі жағылар,
Қуанышты болса, көңілдері нұрға толар,
Ғашық жаны Исмайылдай құрбан керек.
Нəпсіні ауыздықтаған ғашықтың орны миғраж,
Ирадатқа Ием Қадыр берер мың хаж,
Мағрифаттан махаббатқа есікті аш,
Мүмін құлдың мүлік-мекені ойран керек.
Ғишық қылышы алмас, болат, темір болар,
Ғишық жолында жан бермектік оңай болар,
Ғаууас суда айбатты кит болар,
Ізгі мысал кеніш-мекені ойран керек.
Көзге қарадым, көзде нұрлы ай қалмады,
Тəңір нұры тиді сізге жол қалмады,
Назар нұры тиер болса, Тур қалмады,
Тəнге сергектік, жанға тəлім Құран керек.
Құзырет сыры нұрынан үлес алып,
Көргін Мансұр нелер қылар айбат қылып,
Махаббатқа мас болып құмарлық қалап,
Шайқы Жүнейд секілді пір ойран керек.
Əмір-мағруф, нəһи-мүңкəр513 тəнге болар,
Одан өтсе, тағы алдамшы өнеге болар,
Ғишық базар ішінде құн жанға болар,
Нəпсі көлік, рух əмірлер əмірі ойран керек.
Құл Сүлеймен, уа дариға, асылды көргін,
Адам болып, қадам қойғанда біле жүргін,
Кəһəф514 итіндей жаран ішінде мықты болғын,
Сен жүз бол, ісің жақсы жаран керек.
* * *
Алла жадын шын пейілмен бастаса,
Заһирына батын əзір болу керек,
Үш жүз алпыс тамырына құзыр толса,
Зікір нұры тола-тасып ақпақ керек.
Сапа керек батын ішінде зікірші құлға,
Жарамайды қулық-сұмдық үшбу жолға,
Арқа сүйесе болмас, қыл-қалға,
Қал салып, хəл жаққа бармақ керек.
Беліңе байлағын сен жігер торын,
Сағынғын нелер қарар сізге жарын,
Өшіргін зікір бірлəн тамұқ отын,
«Һай» қылып нəпсі жағасын жыртпақ керек.
«Алла» деп «һуға» кірмек сүннет екен,
Таупық болса Жаратқаннан жəннат екен,
Бос болмақ зікірден қорлық екен,
Болса ісін болар жерде қылмақ керек.
«Һу» жады, ұлы жад-дүр тұрып айтқын,
Өткендердің бұйырғанын сұрап қылғын,
Уəжд хəлат білдірерде қол салғын,
Жоқ болса, харам болар білмек керек.
«Мен» (деген) сөзді тіліңде еш айтпағын, сен,
Алқа ішінде халыққа бейнет бермегін, сен,
Ғажап рия амал ішінде көрмегін, сен,
Рия кірсе, амал(ды) желге бермек керек.
Шайқымын деп, төрде орын қаламағын, сен,
Менмен болып дініңді желге бермегін, сен,
Өзгелерден орның ұлық көрмегін, сен,
Ұлықтыққа Хақты лайық көрмек керек.
Нəпсі бірлə би билеуді қылма, ойлан,
Обал болар зікір ішінде білгін тағын,
Əзір тұрғын, атпасын батын оғын,
Хақ зікірін құзыр ішінде айтпақ керек.
Дұғашы Құл Сүлеймен сөйлер сөзін,
Іздейді жарандардың жолын ізін,
Қызмет қылар достарына қосып ерін,
Есіткелі досынан дұға қылмақ керек.
* * *
Заман толқындары жағасында,
Бес дəруіш отырып еңірейік,
Жеті мың өтті қалды, тағы не ол,
Мысырда бір-екі күн мұңдасайық.
Білмеймін бұ өмірімнен қанша қалды,
Бұ көңілімнен дүниеге бердім, алды,
Жарандардың ақылдысы Хаққа асықты,
Қажет бірлəн сыр үшін еңірейік.
Не мендік жарандар алғаш өтті,
Бұ дүние мазасынан басып тасты,
Арыстандай мойнына мініп асты,
Өз пейілімізге қарап таңданайық.
Дүниеге енерміз маза бермес,
Бұ көңілім дүниеден (қол) үзе бермес,
Сауық оты ұшқыны жана бермес,
Қайтейін, достарым, не істелік?!
Беремін ғишық оты дəрісін,
Тілеймін Мəулімнен жарын,
Болармыз ақирет дəрісін,
Ғарасатта күлмес екен, еңірейік.
Əр айда Ғарасат құрылады,
Исрафил сырнайы шалынады,
Бұ тəннен əзіз жандар айырылады,
Таңданып тұрмағын, талап қылайық.
Құрайық жарандар құрығын,
Істейік көңілдердің жарығын,
Егейік мағрифаттың ұрығын,
Махаббат шарабын ішейік.
Тысымыз ұқсасын адамзатқа,
Ішіміз жарысын нұрға,
Тез кірейік би билеп оң-солға,
Жырақтан қарап ымдасайық.
Жарандар қосылар уақыт болды,
Адамзаттың нəубеті түгел толды,
Сүлейменнің хикметі аға келді,
Ақылдыларға тұрып араласалық.
* * *
Қажет бірлəн рахмет есігін қағайық,
Терең оймен күнəларға қарайық,
Қиямет күн келеріне сенейік,
Өлім келер, дайын тұрғын, достарым.
Жолың ұзақ, мақсат жырақ сапар ол,
Сират жіңішке өтпектікте қатер ол,
Ұнамасаң Мəлік ұстап етер ол,
Мұнда мəңгі қалдырмайды, достарым.
Жаның барар, тəнің қалар топырақта,
Жүрмегін сен түні-күн ғапілетте,
Көңіл бар ма, Хақ сөзін ұқпақта,
Не айтамын ұғармысыз, достарым.
Көңілді сен бұ дүниеден суытқын,
Өзіңді тура Хақ жолына бастағын,
«Алла» деп түні-күн жаныңды жарытқын,
Есік қағар Хайиул515 Қайиум516 достарым.
Оянғын сен, оятпастан бұрынырақ,
Түсінгін сен, түсіндірместен бұрынырақ,
Тыңдайды Ғарасаттан бұрынырақ,
Керуен үні шығып тұрар, достарым.
Тəубе есігі байланбаққа жақынды,
Ғаріп құлдар тəубе деп өкінді,
Ақылды жаран мұны мезет ұғынды,
Ием анық біліп тұрар, достарым.
Келгін, достар, бас ұрайық тəубеге,
Мəулім жады лайық болар айтпаққа,
Намаз бірлəн қажет қылғын Мəулімге,
Таупық кені анық болар, достарым.
Хақ Расулға берді анық Кəлəмді,
Құлдарына берді Мəулім пəрменді,
Көңіл ішінде бек тұтқын сен иманды,
Ғарасат күмəнсіз анық болар, достарым.
Үш жүз он үш мүрсəл, нəби, елшілер,
Расул тағы отыз үш мың жарандар,
Хазірет тағы түгел төрт жүз абдалдар,
Баршалары барып тұрар, достарым.
Бізге тиді үшбу кезек шарабы,
Таң ғажайып ұзалды халық қалмағы,
Бұзылғай бұ жеті ықылым даласы,
Заманымыз асқынды, достарым.
Құл Сүлеймен айта тұрғын үгітіңді,
Үгітің ішінде іше тұрғын қантыңды,
Ие бірлəн байлағайсың өзіңді,
Уисал бірлəн қауышамын, достарым.
* * *
Йə, Ием, жарылқағын мен күнəһарды,
Йə, Рахым, Рахман атың хақы үшін.
«Əлəсту бираббикум» деген уақытта,
«Қалу бəлə» дегендердің хақы үшін.
Адамды жараттың құдірет бірлəн,
Бердің анық иман хақы үшін.
Жанар отқа атып бостан болған,
Ол Ибраһим пайғамбардың хақы үшін.
Дүниеде надандардан реніш көтерген,
Атамыз Нұх517 нəбидің хақы үшін.
Құрбандыққа өз жанын құрбан қылған,
Ол Исхақ518, Исмайылдың хақы үшін.
Жерлерден мүбарак ол Қағба жері,
Елде бірге тұрады Адам бəрі.
Ол ухуд519 тауындағы сапа желі,
Арафатта руханилар хақы үшін.
Үш жүз он үш мүрсəлдар орындысы,
Тур Сина мінəжаты хақы үшін.
Екінші нəби Мəриям ұлы құтты Иса,
Он сегіз мың əлем мақтанышы хақы үшін.
Əбубəкір, Омар, Оспан, Əли бірлəн,
Фатима ол Хасан, Хүсейн хақы үшін.
Отыз үш мың сахабалар хақы бірлəн,
Шындық бірлəн сыр қажет хақы үшін.
Дінде үш перделік қасиетті ол,
Хадиша520, Айша521, Фатима хақы үшін.
Кербалада жазықсыздан шаһид өлген,
Пайғамбар(дың) немересі хақы үшін.
Дін ислам көркі ол Омар Хаттаб522,
Ол сопы Салабаттың хақы үшін.
Исламға қуат беріп қылыш ұрған,
Тəңірдің арыстаны хақы үшін.
Құл Сүлеймен Жаратқаннан тілер рахмет,
Демеуші ұстаң арабтың хақы үшін.
Жебірейіл түсірді ол төрт кітап,
Соңғысы жеті Құран хақы үшін.
* * *
Қорықпаймысың Тəңірден,
Өзің жатып ұзақ түн.
Жүректеніп тамұққа,
Жазық қылдың қанша күн.
Мүмін айтып жеткізіп,
Атың болды «мүжримун»523.
Тəубе қылғын енді дін,
Атың болды «тəйбун»524.
Жер-көктен жыйылғай,
Ұшып барғай емес «кун»525.
Қинар қатты Тəңір ол,
Айбат етіп «юғадун»526.
Сағынышты ол аспан,
Кезегі ол «һəликун»527.
Жүзін тамұқ ол уақытта,
Ұлық күнде «янзурун»528.
Сүйенішің бір Тəңір ол,
Өлім келсе «ражиғун»529.
Ізгі жүз тірілген,
Болғай елде «яхсибун»530.
Анық болдық дегені,
Болғын десе «файакун»531.
Барша жаһан түзіліп,
Бірін-бірін «ялғабун»532.
Алтын, күміс арықтар,
Сүттей ағар «яшрабун»533.
Жасыл жақұт тыныштар,
Жыларында «ялбасун»534.
Хурул айн535 қызметші,
Түмен ұлан «хəдимун»536.
Ұшар құстар сілкініп,
Өзі келер «якилун»537.
Ізгілерге жетекші,
Оңынан келер «яқраун»538.
Ессіз пейілі жүздер,
Жүзі болғай «кəриһун»539.
Періштелер қайғырар,
Сол қолың «бəрисун»540.
Қара табақ береді,
Ашып көргей «юфəзун»541.
Тамұқ əрбір шақырғай,
Қылар болса «бəридун»542.
Жалбарынар Мəлікке,
Мəлік айтқай «мəкисун»543.
Құл Сүлеймен өтінгін,
Өкініш сөзге «янтиқун»544.
Осал тұтпа насихатымды,
Сегіз жұмақ «хəдимун»545.
* * *
Дадты кімнен сұрайын,
Дəрмен берген Алла, сен,
Патшаларды қор қылып,
Қарауыл қылған Алла, сен.
Үкім құдірет қолында,
Əмірің «кəф» «нун»546 ішінде,
Ғашықтардың дертіне,
Дəрмен берген Алла, сен.
Мұстафа-дүр хəбибі,
Мақұлықаттың тəбибі,
Шыншылдарға нəсібі,
Ихсан қылған Алла, сен.
Ибраһимнің құтын,
Берді құдірет сүтін,
Намрұт оңбаған отынын,
Бостан қылған Алла, сен.
Əркім саған сенсе,
Рахметіңнен үміттенсе,
Құлшылық қыла тіленсе,
Сұлтан қылған Алла, сен.
Мейірім жомарттықтың кені,
Барша жандардың жаны,
Мүміндердің мекені,
Жанан қылған Алла, сен.
Мақұлық сырыңды білмес,
Ой-пікір бірлə болмас,
Сені білген айырылмас,
Аян қылған Алла, сен.
Тағдыр қылғалы патша,
Барша хəл ішінде хабардар,
Қиындық қылса кенет,
Оңай қылған Алла, сен.
Жақсы, жаман Раззақы,
Һəм əууəл һəм бақи,
Һəм əнші һəм сақи,
Шүкірші қылған Алла, сен.
Кім ішсе ол шарапты,
Сенен болар рубабты,
Ішкен қылар ойранды,
Баян қылған Алла, сен.
Құл Сүлеймен тойымсыз,
Қу нəпсі, ашкөздік бəле,
Жəне айтар дерт бəле,
Дəрмен қылған Алла, сен.
* * *
Үшбу дүние рахатын,
Қанша шырын сүйерсің,
Мақам тұтпас еш(бір) кісі,
Ақыр бір күн көшерсің.
Өтер дүние өкінішін,
Жи ақирет азығын,
Сауал сұраса ашулана,
Не деп жауап бергейсің?!
Дұға қылар көп кісі,
Еш бітпес оның ісі,
Игіліктердің басы,
Шапағат қылмайсың.
Жаран барды іс бітіріп,
Сен жүрерсің жол жеткізіп,
Мендік басқа көтерсе,
Дидар қалай көрерсің?!
Құл Сүлеймен аяны,
Жоқ-дүр дүние баяны,
Қияметтің топаны,
Өлім келсе нетерсің?!
* * *
Ей, адам, не үшін,
Ғапілет тонын киерсің,
Менмен болып дүниеге,
Хақ пəрменін қоярсың.
Хақ пəрменін қойып ап,
Түні-күн жатып ұйықтап ап,
Тəн тілегін беріп ап,
Жан ілімін қоярсың.
Жан ілімін қоймағын,
Нəпсіге мойынсұнбағын,
Бұ нəпсіні таптағын,
Сақтан, кенет күйерсің.
Мұхиб өлер һəм ұшар,
Көзден жасын шашар,
Шын ғашық жанын кешер,
Сен тəніңді аярсың.
Көр махаббат дариясын,
Мағрифаттың кимиясын,
Үшбу фəни дүниесін,
Не мұнша көп сұрарсын.
Тыстан қарама суретін,
Өте көргін сиратын,
Айырмағын қызметін,
Амал елге жіберсін.
Құл Сүлеймен бол мүрит,
«Алла» деп жан жарыт,
Құл, қой, қадамды жорыт,
Жоқ болса, жол тиярсың.
* * *
Фəни болар бұ дүние,
бақи емес көшеді,
Күнде жанар шырағың,
ақыры бір күн өшеді.
Жігіт едің қартайдың,
күнəларды көп қылдың,
Тəубе қылсаң тазардың,
тамұқ оты өшеді.
Тəубе қылғын бейнамаз,
Хақ бұйрығы бес намаз,
Намаз қылған құлдарды,
Қадыр Алла сүйеді.
Құдайын білгендер,
мешіт жаққа келгендер,
Бес намазды қылғандар,
оңай сират өтеді.
Осы сират жолы тар,
сұрақ-жауап онда бар,
Нəсіп қылған Хақ дидар,
Ризуан есік ашады.
Алтын жұмақ есігі,
жақұт маржан жəннаты,
Дəруіштер онда апарса,
хорлар шығып құшады.
Құл Сүлеймен, өзің біл,
іштің-жедің мұнша жыл,
Енді бəрі тəубе қыл,
ақыры өмірің өтеді.
* * *
Қандай тəтті Хақ жады,
сахар уақыты болғанда,
Балдан шырын һу жады,
сахар уақыты болғанда.
Сахарда тұрғандар,
жанын пида қылғандар,
Ғишық отына күйеді,
сахар уақыты болғанда.
Сахар хош сағат,
таупық болғанға рахат,
Ашылар дəулет зор бақыт,
сахар уақыты болғанда.
Рахмет сахарда түсер,
өмірің өтті пайдасыз,
Мұнша жатарсың ғапіл,
сахар уақыты болғанда.
Əрдайым күйер бұ жаным,
құлшылықта жоқ дəрменім,
Сен кешіргін, Илəһім,
сахар уақыты болғанда.
Иман шамын жандырсаң,
рух құсын қондырсаң,
Құдайыңа сыйынсаң,
сахар уақыты болғанда.
Құл Сүлеймен сағаты,
бір титтей жоқ тағаты,
Зікір жанның рахаты,
сахар уақыты болғанда.
* * *
Таң бозарып, таң атты,
мұнша жатып нең артты,
Хақтың пəрмені жетті,
тұрмақ керек, достарым.
Таң бозарып атқанда,
пенде ғапіл жатқанда,
Пайда қылмас өткенде,
тұрмақ керек, достарым.
Сахарда зор бақыт,
ғашық құлдарға рахат,
Дұғалары болар қабыл,
тұрмақ керек, достарым.
Өлім суын ішпестен,
қара жерді құшпастан,
Тамырларды шешпестен,
тұрмақ керек, достарым.
Тəнде жаның бар екен,
ақылың саған жар екен,
Мұнша халің бар екен,
тұрмақ керек, достарым.
Хакім қожа пенде бар,
жарандары ізін қуар,
Пайда қылмас мал табар,
тұрмақ керек, достарым.
* * *
Сахар уақыты ішінде,
сансыз рахмет жауар-а,
Құл қажеті сахарда,
құзырет жаққа ағар-а.
Əзір болса құлдары,
ашылар мағына жолдары,
Сахарда тұрып ап,
құзырет есігін ашар-а.
Көңілдерде жан мейірі,
ашылар сахарда сыры,
Батын ішінде сауық нұры,
күндей шығып туар-а.
Расул барды миғражға,
көзін салды үлпəтке,
Арзитын құл мұратқа,
сахар уақытта жетер-ə.
Есітіп уəде үнін,
ояу өткізіп түнін,
Кереметтің тонын,
ғашық киіп тұрар-а.
Құл Сүлеймен, сағынғын,
өз-өзіңе бағынғын,
Көзің жасын ағызғын,
көз жасын Хақ сүйер-ə.
* * *
Сахарда оянып ап зікір айтқын,
Өлімді пікір етіп ап көңіл бергін,
Қараңғы көрің ішінде шырақ алғын,
Шырағың намаз болар қылмайсың ба?!
Түні-күн тынбастан құлшылық қылғын,
Жатарың тар лақат-дүр мұны білгін,
Барарың ұзақ жол-дүр азық алғын,
Азығың зекет болар бермейсің бе?!
Мал табар, ұл-қызың қайғысы жоқ,
Ұл-қызың жазығыңа кіргісі жоқ,
Барша малың сен бірлəн барғысы жоқ,
Сен жалғыз барарыңды білмейсің бе?!
Кенеттен бұ дүниеден кешпек керек,
Тағдыр қылған шарабынан ішпек керек,
Əзірейілге əзіз жанды бермек керек,
Мұны біліп, өзіңді оттан жұлмайсың ба?!
Түні-күн тынбастан тағат қылғын,
Мүмін болсаң мешіт жаққа қадам қойғын,
Иманның нұры сенде шүкір қылғын,
Құл болып, Хақ құлшылығын қылмайсың ба?!
Бұ дүниені берді бізге көшпек үшін,
Тамұқты Хақ жаратты қорықпақ үшін,
Тағатты нəсіп қылды қылмақ үшін,
Тағат қылып, жұмақ мүлкін алмайсың ба?!
Жарандар түні-күн жүреді зар,
Зар болған құлдарға Хақ назары бар,
Жардан талап бірлə болды бидар (ояу),
Ол жарандар етегінен тұтпайсың ба?!
Құл Сүлеймен, жарандарға қызмет қылғын,
Жолбасшы алып ап жолға кіргін,
Қажетіңді қажетсізге шағым қылғын,
Хақ жаратты, Хақ құлшылығын қылмайсың ба?!
* * *
Кешіргін құлдарыңның қатесін,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін,
Жарылқағын үмбетіңнің күнəларын,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Үш жүз он үш мүрсəлдарды нəби қылдың,
Төрт мың төрт жүз нəбилерді діндар қылдың,
Рахымыңнан баршасын тақуа қылдың,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Көктен рахмет жаудырдың кеңшілігің бірлəн,
Жерден өнім өндірдің мейірімің бірлəн,
Кəпір үшін тамұқ қылдың əділің бірлəн,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Жұмақты жаптырдың тамам қылдың,
Кəпір, мүмін құлдарды сұрап кірдің,
Шаддадты дəргаһінен мақрұм қылдың,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Сегіз жұмақ ішінде сансыз хор жараттың,
Олардың мақамына нұр жараттың,
Мұсаға мінажатқа Тур жараттың,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Адамды жұмақтан жырақ салдың,
Үш жүз жыл еңіретіп, көмек бердің,
Ақиретте ұлдарын үмбет қылдың,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
Сүлейменге лəдүн ілімін сыйға бердің,
Құлдардың арасында əзіз қылдың,
Ғалымдарға лəдүн ілімін сыйға бердің,
Ол анық Мұхаммедтің хақы үшін.
* * *
Бір күн келді Əбубəкір, Салман547 бірлəн,
Хақ Мұстафа сырын ашты рахман бірлəн,
Барша кетер бұ дүниеден арман бірлəн,
Дəрет алып Хаққа уасыл болмақ үшін.
Бір күн келді ол Əзірейіл пəрмен бірлəн,
Фатима тұрып сəлем қылды ізет бірлəн,
Дос Мұхаммед əуре болды иман бірлəн,
Ыстық тəннен əзіз жанды бермек үшін.
Расул айтты: «Сахабалар хабардар болыңдар,
Ақиретке сапар қылдық, жоқ біліңдер,
Намаз оқып, ораза тұтып, зекет беріңдер,
Жаһаннамнан өзіңізді құтқармақ үшін».
Дүйсенбі күн пəк Расул дүние қойды,
Хақ Тағала пəрменіне мойынсұнды,
Пайғамбарды Аббас548 бірлəн Əли жуды,
Жұмақ ішінде хилле тонын кимек үшін.
Пайғамбардың жаназасын көтерді,
«Алла» деп сахабалар айтар еді,
Əуелі садратул мунтаһаға жеткерді,
Арсы үстінде кесене қылып қоймақ үшін.
Аспандағы періштелер жерге енді,
Пайғамбардың нұры бірлəн əлем толды,
Фатима «əкем» деп көп нала қылды,
Əкесінен жетім болып қалған үшін.
Құл Сүлеймен гауһар білəн дүрін алды,
Қызмет қылды, Хақтан оған назар болды,
Үш мың үш жүз хикмет айтып дастан қылды,
Дастан қылды бостан ішінде кірмек үшін.
* * *
Əй, Раббымыз, сен кешіргін
мен күнəһардың күнəсін,
Жарылқап бергін маған
ақиреттің панасын.
Не іс қылдым, жүз қылдым,
қолым салдым, харам алдым,
Дəргаһіне сағына келдім,
жылатып көз қарасын.
Күнəларым толып тасты,
менмендігім шектен асты,
Міскіндігім менен қашты,
міндім мендік пырағын.
Мендік атқа міндім өзім,
намахрамға549 түсті көзім,
Құзыретіңде отты жүзім,
өшіріп иман шырағын.
Қайсы құлда болса иман,
кетер одан ғапілет тұман,
Қалмас көңілде шəк-күмəн,
ашады сыр құлағын.
Құл Сүлеймен күнəһар,
нəпсі көп берме əсте,
Ғаріптік қылмас қарар,
етер сағыныш наласын.
* * *
Намаз оқымас кісіні мұсылман десе болмас,
Кəсібі харам азығын жесе болмас,
Мұсылмандар баршасынан қайтса болмас,
Хайуан болар, не адасқан өзімшіл топас болар.
Оңын аңдымас, солын байқамас, шаһуат сор,
Ғайбат тілі бірлəн түні-күн иттей үрер,
Тағып күнə тұмарын қуат алар,
Кекшілдік, ғапілет бірлə ісі амал болар.
Намаз қылмас, зекет бермес, өсім жер,
Жалған сөйлер, ішімдік ішер, жоқсыз жүрер,
Өкінбестен өзін мүмін етер,
Отқа лайық ақ не қара сақал болар.
Əй, Раббы, тəубе бергін күнəлі азғындарға,
Бүлік бірлə күнəһар болып жүргендерге,
Қу нəпсіге еріп сансыз азғындарға,
Көнгіш мүмін əлем ішінде құл ол болар.
Болса жолдас, кеңшілігің таупық іс тұтып,
Бес намазды бес уақыт ішінде қалқан тұтып,
Күн келгенше жақсылық бірлə іс тұтып,
Хаққа берсең əрбір уақыт мекен болар.
Құл Сүлеймен қорқар сансыз қатесіне,
Үміт етер Хақтың кешірім кеңшілігіне,
Қысса келсе ер болар ол, қарар өткеніне,
Риза бірлə бұ хикмет мəңгі болар.
* * *
Келгін, достар, мұңдасқын,
Болды ақыр заман.
Амалсыздар жылаңдар,
Болды ақыр заман.
Амал асылы бес намаз,
Сен жүрерсің бейнамаз,
Түні-күн қылмас сен нияз (қажет),
Болды ақыр заман.
Дажжал шыққай ол малғұн,
Ақыр уақытқа жақын күн,
Мəді550 ашқай ұлық дін,
Болды ақыр заман.
Мəді ашқай дүниені,
Жияр кеніш кимияны,
Дəулетті көргей оны,
Болды ақыр заман.
Иса енгей аспаннан,
Жарлық алып Сұбханнан,
Аят келгей Құраннан,
Болды ақыр заман.
Исрафил сүрін үргей,
Жеті қат көк жарылғай,
Жерде дария тартылғай,
Болды ақыр заман.
Жұлдыздар жерге түскей,
Жер жүздері қайысқай,
Тұман күнге ұласқай,
Болды ақыр заман.
Күн һəм құбыладан туар,
Тұстық жеріне шығар,
Соңында һəм құлар,
Болды ақыр заман.
Одан соң күн тумас,
Одан соң ел болмас,
Күллі нəпсіден жан қалмас,
Болды ақыр заман.
Қожамнан дауыс келгей,
Əзірейіл «кім бар?» дегей,
Исрафил «мен бар» дегей,
Болды ақыр заман.
Екінші дауыс келгей,
Əзірейіл «мен бар» дегей,
Өз жаныңды ал дегей,
Болды ақыр заман.
Хакім Сүлеймен айтты,
Ғишықтан тұрар болмысы,
Ғишық гүлстан, сен тоты,
Болды ақыр заман.
* * *
«Əлиф» – достарым, есіткін, тыңдағын,
«Бе» – баһар (көктем) келіп, жаз өтер болды.
«Те» – түзіп қаз, аққу, үйрек үнін түзіп,
«Се» – сəна айтып ұшар болды.
«Жим» – жаһан ашылды, жарыды жаз,
«Ха» – хəбиб сүйіктісіне сөйледі раз (сыр),
«Хи» – хабар келтіріп қылует қаз,
«Дəл» – дауам (шексіз) түні-күн өтер болды.
«Зəл» – зəре қалмады өтті зардап,
«Ре» – рахмет шарабын берді баят551,
«Зе» – захмəт (ауыртпашылық) көтеріп қайғы бейнет,
«Сын» – сағынып құс баласын ашар болды.
«Шын» – шаттық болып толып жаһан,
«Сад» – сахарда жетіледі түрлі алуан,
«Зад» – зарайыр (қиындық) ішінде киіп қызғу тұман,
«Та» – тауап қылып қыс өтер болды.
«За» – зұлмат таралды, өтті қыстар,
«′Айн» – (да) əзізденер барша тастар,
«Ғайн» – «ғұлғұл» қылып əнші құстар,
«Фле» – фахтак (орман кептері) құс бауларда ұшар болды.
«Қап» – қыра екен құстар келді барша,
«Кəф» – көкте ұшады түзіп құржа,
«Лəм» – лүлү түзіліп ап қолы барша,
«Мим» – мəрғзар (шабындық) ішінде азық ағар болды.
«Нун» – наурыз ашылды, жарыды жаһан,
«Һі» – һауа менен кетті таулар тұман,
«Лəмəліф» – «лə йəзəли» (мəңгіліксіз) Құл Сүлеймен,
«Йай» – йанып (жанып) сыр інжулер түзер болды.
* * *
Таупық болдым, тəуекелді көлік қылдым,
Ғишық жолына кірдім, мен қайтпаймын,
Ер болар ма, лаулап өзі жанар болса,
Ата болдым, қате жолға баспаймын.
Бұ ғашықтық Раббыдан құлға сый-дүр,
Ғишықты білмес барша ісі қате-дүр,
Өтті өмірім, сансыз күнім біте тұрар,
Өкініш бірлə сезіп қалай ақпаймын?!
Сүйікті үшін ол Ибраһим отқа кірген,
Исмайылдай жанын пида етіп берген,
Шибли, Жүнейд, Баязидтей ғишықты сүрген,
Əрбір мажаз сөзін əсте ұқпаймын.
Бірді сүйдім, сыр ауладым, көңіл қойдым,
Оны аңдап одан қадах һəм тіледім,
Тілім шорды жұттым енді, бал жаладым,
Əсел татпас тілге пияз сұқпаймын.
Сүйдім оны, сүймектікке болар лайық,
Тəнім əлсіз екен, жаным сүйдім анық,
Күнде үш жүз алпыс назар құлдар қанық,
Оған қарап тік жоғары бақпаймын.
Құл Сүлеймен, мұң болды көрер ісім менің,
Алла жадын айтсам иілер басым менің,
Сағына тұрсам қиын болар ісім менің,
Өзім шаршап, өкініп қалай шықпаймын.
* * *
Жырлайын, хош тыңдаңыз, ей, достар,
Заман ақыр болса не боларын.
Түрлі-түрлі ғаламат білдіріп ап,
Бұ дүниеге кімдер шығып, кім толарын.
Қаттылықты бергей Жаратқан назар бізге,
Мейір-шапағат қалмағай бір-бірімізге,
Ел ішінде шыққай сор шегіртке,
Аштық тарап, халыққа қиын боларын.
Дариялардан толқындатып сулар шыққай,
Арықтардан қандай қызыл сулар аққай,
Халайықтар бір-бірін жазықсыз өлтіргей,
Міне, осындайды барша жаран қыларын.
Сəнге балап жібек баршын тон киіп,
Оранады көріп оны іс біліп,
Барша кісі дүниесін іс етіп,
Некесіз əйел ерге барарын.
Қара тонды келте қысқартып келер,
Аға кешіп, елдер жақын жүрер,
Жəне қайтып ордасына орнар,
Жарғақ тонды шығып оны қырқарын.
Жарғақ тонды үш бөлініп жарса,
Орамал тастап, екі жаққа барса,
Бірі барып Шығыс жаққа жүрсе,
Мəді шығып оны онда қырарын.
Одан кейін Дажжал шыққай ол малғұн,
Йəжүж-Мəжүж552 бірлə толғай бұ əлем,
Одан кейін азар болар ел əлсіз,
Жарлық алып Иса көктен енерін.
Қырар барша кəпір, жаһұд, тарсаны,
Күш қылмағай кім болса, кім болсаң,
Онда көрер Расулулла Иса оны,
Азушылар күні жолға көнерін.
Батыстан күн туар жəне батар,
Даббатуларз553 шыққай жер тірілгей,
Пəрмен бірлə үшбу күн тұтылғай,
Одан кейін тəубе есігі жабыларын.
Одан кейін бір сүр үргей Исрафил,
Мақұлықаттың жанын алғай Əзірейіл,
Тұрғын ей, Адам ұлы, жатпағын,
Деп жəне екінші сүрін үрерін.
Тұрса, қарамайды бір-біріне,
Сыймайды ол айбаттан жер жүзіне.
Əуел-ақыр Адам ұлы махшарына554,
Топ-топ періштелер сұрарын.
Қар, жаңбырдай ұша келгей намамыз,
Кімге оңынан, кімге солдан күнəміз,
Ол күн онда қазы болғай Иеміз,
Бек пен құлды келтіріп сұрарын.
Одан кейін жарлық келгей баяннан,
Хақ таразы құрғай онда құдіретін,
Қылдан жіңішке, қылыштан тік сираттан,
Жарылқаған құлдар желдей өтерін.
Құс жүзді өлім суын ішеді,
Мұсылмандар мəңгі суын ішеді,
Сегіз жұмақ есігін ашады,
Құл Сүлеймен достар бірлə кірерін.
* * *
Хақ жады-дүр достарым,
лə илəһə илалла,
Сегіз жұмақ тірегі,
лə илəһə илалла.
Расулулла Мұхаммед,
мүлкі бақи əбəд,
Кімге бір сағат,
лə илəһə илалла.
Ұстар Расул сүннетін,
болар анық үмбеті,
Екі жаһан дəулеті,
лə илəһə илалла.
Ішің-сыртыңды тазартар,
заһир-батын жарытар,
Тілің дəйім «Раббы» айтар,
лə илəһə илалла.
Пырақ мініп ұшады,
кəусар шарабын ішеді,
Ұлы сират хош өтеді,
лə илəһə илалла.
Хақиқатта пəк иман,
екі жаһанда дəрмен,
Күпір еткенге ол дəрмен,
лə илəһə илалла.
Сұрау-сауал көрмегей,
Мүңкір-Нəңкір кірмегей,
Əркім айтса бармағай,
лə илəһə илалла.
Құл Сүлеймен, өзіңді біл,
ынтыға Хаққа асыққыл,
Айтқын таза болсын тіл,
лə илəһə илалла.
* * *
Ғаріп, ғашық «һу» зікірін
айтып шаршамас болар,
Зікір айтпаған зікіршінің
көңілі жарымас болар.
Жарандар түні-күн
ара зікірін салмастан,
Самырсындай көңілінің
майы ерімес болар.
Дəруіштердің панасы
бір Алланың жады-дүр,
Одан өзге панаға
олар сыйынбас болар.
Дұшпандардың қолында,
ол Зəкəрия нəбидей,
Ара ғашық басына
жетсе білінбес болар.
Көзім жасы дертінен,
ауыма не ғажап!
Дерт əһлі көзінің
жасы құрымас болар.
Діндар, тақуа нұрынан,
көңіл іші толмаса,
Жүзі сапалық болып,
көңілі тазармас болар.
Ғишық пияласы тола,
уахдат мəйден ептеп,
Құл Сүлеймен, сіміргін,
ол мəй таусылмас болар.
* * *
Көргісі Хақ дидарын
шын ғашық болса, достар,
Болады Хақ назары
дидарын көрсе, достар.
Халиқтан болса назар,
ашылар жан көзі көрер,
Ол құлға анық дидар,
өз-өзін білсе, достар.
Тəн зікірі Алла жады,
жан зікірі ол «һу» аты,
Ат ішінде ашылар заты,
терең ойға салса, достар.
Терең ой Хақ құзыреті,
болар ол жан үлпəті,
Үлпəт сыры үлпəті
тас қалдан қалса, достар.
Махаббат мейірі қайда
болса заһир онда,
Ер ол болар,
бүгін сырларын айтса, достар.
Махаббат мейірі асар,
мағрифат толып тасар,
Көңілдер көзін ашар,
сыр мағына тойса, достар.
Дайындалып əзір отырса,
сыр құсын Хаққа айтар,
Сүлеймен Хакім айтар,
илһəмі болса, достар.
* * *
«Əлеф» – Алла сипатың,
қылмақ ісім, жар-жар,
Сенен өзге жад етер,
бар ма кісім, жар-жар.
Түні-күн етпекке,
қыла көр ісім, жар-жар,
Үшбу іс бірлə өтер,
қысы-жазым, жар-жар,
Һай-һай жарым, жан жарым, жананасың, жар-жар,
Жаным ара гауһар, жалғыз сенсің, жар-жар.
«Бе» – бауырым-дүр тіпті,
жүз мың пара-дүр, жар-жар,
Ол жар үшін кезіп,
əуере-дүр, жар-жар.
Ғишық қолында бұ көңілім,
бишара-дүр, жар-жар,
Дерт əлемі жеткенге
не шара-дүр, жар-жар,
Һай-һай жарым, жан жарым, сырым ағар, жар-жар,
Гүлдесте-дүр тұрысың, тыныш жан, жар-жар.
«Те» – тілегің қылғалы,
рас тілім, жар-жар,
Жадың тілім қылмаса,
жүз мың тілім, жар-жар.
Болса сені жад етер,
жүз мың тілім жар-жар,
Һай-һай жарым, жан жарым, мас шарап, жар-жар,
Мас көзің қысуы қылды ойран, жар-жар.
«Се» – сəна айтайын
атың бірлəн, жар-жар,
Раушан көңіл ошағы,
жадың бірлə, жар-жар.
Екі əлем тірі-дүр,
затың бірлə, жар-жар,
Шырын қылай аузымды,
атың білə, жар-жар.
Һай-һай жарым, жан жарым, Лəйлі секілді, жар-жар,
Қауыздайын ерніңнен, ағар қант, əсел, жар-жар.
«Жим» – жамалың ай ділбəр
болды нəсіп, жар-жар,
Дертіме дəрмен таптым
келді тəбиб, жар-жар.
Жүз мың түрлі əлсізіме
болды серік, жар-жар,
Салып кетті бұ жерден,
қылды ғаріп, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, иілген қас, жар-жар,
Қайрыла қара бұ тарап, ай жүрегі тас, жар-жар.
«Ха» – хайран болып мен
қасірет білə, жар-жар,
Əр күнде жүз мың тұман
бейнет білə, жар-жар.
Өлдім-күйдім түгендім,
сағыныш білə, жар-жар,
Ғайып болдың, мен қалдым,
қасірет білə жар-жар.
Һай-һай жарым, дос жарым, қызыл гүлім жар-жар,
......................................................................................2 «Хи» – хаялың (ойың) хош болар,
жоқ-дүр қайғым, жар-жар,
Түні-күн алдыма,
бол тілекшім, жар-жар.
Сенен болмағай
еш ділбəрім, жар-жар,
Дад айтқалы иттерің
қыл сырласым, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, от көзді, жар-жар,
Бар ма сендей ғишық ара екі сөзді, жар-жар.
«Дəл» – дəйім өртенер
дертің білə, жар-жар,
2 Бұл жол оқылмады.
Сүрме қылай көзіме
кердің білə, жар-жар.
Ғашықпысың шағым
дертің білə, жар-жар,
Бір сүрмедің алайда,
дертім білə, жар-жар.
Һай-һай жарым, һай-жарым, гүл қауыз ерін, жар-жар,
Күйгін сыры гүл жүзің, бардым тілеп, жар-жар.
«Зəл» – зəлəлың бұл мені
жар-дүр келгін, жар-жар,
Дерт отына тастадың,
болдым Хəлил, жар-жар.
Өмірің зауалы болғай
көрікті жамалың, жар-жар,
Сары жүзімді көргін,
халімді біл, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос жарым, хош күлкі-дүр, жар-жар,
Лəйлі-Шырын алдыңда, шерменде-дүр, жар-жар.
«Ре» рахымыңыз келмей-дүр,
ей, мейірбан, жар-жар.
Білмеймін неден болдыңыз,
мейірімсіз, жар-жар.
Ай жүзіңе зар болар,
бұ əлсіз, жар-жар,
Хош маңғаз қадам білə
келгін бұ жан, жар-жар,
Һай-һай жарым, дос-жарым, күлкісі болар, жар-жар,
Мендей құлың ғишық ішінде, қанша болар, жар-жар.
«Зе» – зарлық қыламын
күн жүзім, жар-жар,
Көз ұшында бір қара
жоқ-дүр сөзім, жар-жар.
Бірдей қырдың баршаны
құмарым көзім, жар-жар,
Өзге сырға қарасам,
шықсын көзім, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, дəрмен жоқ-дүр, жар-жар,
Алдыңда жаным бірсем, арман жоқ-дүр, жар-жар.
«Сын» – сырымды айтқалы
жоқ сырласым, жар-жар,
Қанша жадыңды қылайын,
бол жолдасым, жар-жар.
Ғишығың қиялы бірлə
шықсын демім, жар-жар,
Жүз мың бəле жүзденсе
жоқ-дүр қайғым, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, қылдың көңілді, жар-жар,
Елік көзді, қауыз ерін, шырын сөзім, жар-жар.
«Шын» – шырын сөздерің
шарабым-дүр, жар-жар,
Қайғы жолында бауырым
кəуабым-дүр, жар-жар.
Бір мəрте дем-демің
ойраным-дүр, жар-жар,
Хұсның қиялы менің
кітабым-дүр, жар-жар,
Һай-һай жарым, гүл-жарым, лашын ба еді, жар-жар,
Жалған ба еді бұ сөзің, йə шын ба еді, жар-жар.
«Сад» – сабырым қалмады
дəрмендемін, жар-жар,
Ай жүзіңді көргелі
армандамын, жар-жар.
Қанша жапа айласаң,
пəрмендемін жар-жар,
Мойынсұнбай жарым жоқ,
мен пендемін жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, қаршыға көз, жар-жар,
Аппақ сырлы мойныңды, көрдім анық, жар-жар.
«Зад» зайығ (жоғалу) айлады
əлсізденуің мені, жар-жар,
Не балалық күн еді
көрдім сені, жар-жар.
Рахым айлап бір жолы
өлтір мені, жар-жар,
Не бейнеттер тарттым мен
жəһрің түні, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, қаламқасым, жар-жар,
Бір мезет сені көрсем, ағар жасым, жар-жар.
«Та» тұлығ (шығу) айлады
күн жүзің, жар-жар,
Өліктерді тірілтер
шырын сөзің, жар-жар.
Мұнша асық болар ма,
бұ жұлдызың, жар-жар,
Жанды білмей айлады,
нəргис көзің, жар-жар.
Һай-һай жарым, жан жарым, ділдəрімсің, жар-жар,
Қайғы үй ішінде, қамқорымсың, жар-жар.
«За» – залым жапаны
көп қылмағын, жар-жар,
Рахым айлап шаршаудан
айрылмағын, жар-жар.
Білмеймін не себептен
көрмесем жүз, жар-жар,
Үміт үзбей бір жолы
бермей-дүр сөз, жар-жар.
Һай-һай жарым, һай-жарым, от мінезді, жар-жар,
Жан гүлшаны ішінде, əлеф бойлы, жар-жар.
«′Айн» – ғашықпын өзіңе
майлы бұйра, жар-жар,
Сенсіз менің көзіме
кірді тікен, жар-жар.
Тамағыма айтыңыз
мускус киік, жар-жар,
Ауыз ішінде тісіңіз
дүр секілді, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, жананасың, жар-жар,
Ақшам, сахарда мəй ішіп, масаураттың, жар-жар.
«Ғайн» – ғаріп болыппын
көңіл білдір, жар-жар,
Лағыл ернің ашып-ап
лебіз білдір, жар-жар.
Халім сыры қауыз ерін
езу тартқын, жар-жар,
Əуен түзіп əндетіп,
өлең айтқын, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, ай жаққа, жар-жар,
Көңілім ішінде ғишығыңда, қалды арман, жар-жар.
«Фле» – фырақыңда (айырылып) күйдім
ақшам, сахар, жар-жар,
Мəжнүн сыпат өзімнен
Бейхабармын, жар-жар.
Сені таппай кезермін
айналаны, жар-жар,
Халім сыры бір назар
қылғын енді, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, жаным пида, жар-жар,
Ғашығыңа мұнша көп, қылма жапа, жар-жар.
«Қап» – қалам қасыңның
көзі жақсы, жар-жар,
Тоты секілді көңілге
сөзі жақсы, жар-жар.
Күн секілді əлемге
жүзі жақсы, жар-жар,
Қайта оның сөзінен
өзі жақсы, жар-жар.
Һай-һай жарым, жан жарым, сүнбіл бойлы, жар-жар,
Қатты көңіл опасыз, жанан мінезді, жар-жар.
«Кəф» –күлдің (гүл) ғишығында
бұлбұл өтері, жар-жар,
Енді ғанимет біліп,
дем кетері, жар-жар.
Ғапілет білə жатпағын,
таң атары, жар-жар,
Сахардан кешке дейін
күн батары, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, иілген қасым, жар-жар,
Айлады сағыныштарың, жерге жасым, жар-жар.
«Лəм» – лала айрылуда,
жүрегі қан, жар-жар,
Айлады гүл айрылуда
«аһ» өкініш, жар-жар.
Демді ғанимет білгін
келді күз, жар-жар,
Барша кетті қалмады
нам-нышан, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, күн жүзді, жар-жар,
Жан көңілдің рахаты, шырын сөзді, жар-жар.
«Мим» мұңым сұраса екінші
жан сырласым, жар-жар,
Түні-күн бар еді ой жолдасым, жар-жар.
Дос-дұшпан ішінде
майлы тəнім, жар-жар,
Қасіретіңде тынбастан
ағар жасым, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, қиян барай, жар-жар,
Айрылуыңмен көкірегімді, кімді жарай, жар-жар.
«Нун» – науалар (əуен) білəн
нала қылсам, жар-жар,
Маламат жүзінен
көкірегімді тілсем, жар-жар.
Жүз жыл өліп жүз мың жол
егер тірілсем, жар-жар,
Жақсы болар жүргеннен
енді өлсем, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, шара бар ма, жар-жар,
Мұнша менің жүрегім, бөлшек пе еді, жар-жар.
«Уау» – ұялта қолымнан
кетті əуес, жар-жар,
Маған бол жарық дүние
болды қапас, жар-жар.
Жан керуені көшілді
тəнде араз, жар-жар,
Келді құлағым дауыс ішінде
қоңырау, жар-жар.
Һай-һай жарым, жан жарым, уə ісім, жар-жар,
Қайғы күнінде мейір бірлəн мұңдасым, жар-жар.
«Һі» – қу нəпсіден
айқай-шу, жар-жар,
Кетті адам мүлкіне
рух рауан, жар-жар.
Сəру555 секілді бітімім
болды жаға, жар-жар,
Аузың ашып сөйлегін
қауыз ауыз, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, зар айлама, жар-жар,
Дос-дұшпан ішінде, қор айлама, жар-жар.
«Йай» – йарымның (жарымның) жадын
жад айладым, жар-жар,
Жадын айтып көңілімді
шад айладым, жар-жар.
Қара көзің нақышты
ойладым, жар-жар,
Құл Сүлеймен, Тəңіріне
дад айладым, жар-жар.
Һай-һай жарым, дос-жарым, көздің нұры, жар-жар,
Жан көңіл рахаты, жəннат хоры, жар-жар.
* * *
Қадыр Тəңірім құдіреті,
Кешті мақам Сидраты,
Қаб қаусейн аяты,
Мұхаммед Мұстафа
Адам Сафидан бұрын,
Тұтты дүниеде орын,
Білді мəужудат556 бəрін
Мұхаммед Мұстафа.
Миғраж түні көтерді,
Пасықтардан жасырды,
Құзыретіне тапсырды
Мұхаммед Мұстафа.
Өзі мүрсəл, нəби,
Мəужудат деді «пəлі»,
Хазіретке сенді елі,
Мұхаммед Мұстафа.
Ай-күн оның нұрынан,
Күн, мекен кенінен,
Хақ Сұбхан əмірінен
Мұхаммед Мұстафа.
Бір гауһарды жаратты,
Назар қылды жарытты,
Жерді-көкті жаратты,
Мұхаммед Мұстафа.
Көкті қылды тіреусіз,
Жерді қылды сүйеусіз,
Хəбибім-дүр деді Хақ,
Мұхаммед Мұстафа.
Тоқсан тоғыз мың кəлім,
Хаққа сөйлесті халім,
Берді жауабын сəлім,
Мұхаммед Мұстафа.
Хақтан келер илһəмі,
Хəбибім деп сəлемі,
Жетті Құран Кəлəмі
Мұхаммед Мұстафа.
Барша əлем мəужудат.
От тамұқтан қыл азат,
Қожа əлем кəйинəт557,
Мұхаммед Мұстафа.
Шариғаттың тірегі,
Тариқаттың мекені,
Назар қылды Сұбханы
Мұхаммед Мұстафа.
Шариғатта безелген,
Тариқатта жалғасқан,
Хақиқатта білінген,
Мұхаммед Мұстафа.
Шариғатты іздеген,
Тариқатты көздеген,
Хақиқатты көздеген,
Мұхаммед Мұстафа.
Сөйлер тілі шариғат,
Таза көңілі тариқат,
Сыр кені-дүр хақиқат,
Мұхаммед Мұстафа.
Ақ бұлттың пайдасы,
Пайғамбардың данасы,
Жерге түскен саясы,
Мұхаммед Мұстафа.
Хақтан міндет болып-дүр,
Үмбетін қалап-дүр,
От тамұқтан сақтап-дүр,
Мұхаммед Мұстафа.
Əке бірлəн анасын,
Қылмады ол дұғасын,
Айтты үмбет сəнасын,
Мұхаммед Мұстафа.
Хақ Сұбханның хəбибі,
Үмбеттердің тəбибі,
Сегіз жұмақ кіліті,
Мұхаммед Мұстафа.
Барша əлем нұрлары,
Сегіз жұмақ хорлары,
Ақиреттің сырлары,
Мұхаммед Мұстафа.
Өзі еді араби (арабтан),
Һəм мүрсəл, һəм нəби,
Əл-Құрайиши558
Мұхаммед Мұстафа.
Əнбиялар, періште,
Əрбірі бір істе,
Барша əлем өкініште,
Мұхаммед Мұстафа.
Жебірейілді келтірді,
Мұхаммедке жоқ бірақ,
Құзыретінен болмас жырақ,
Мұхаммед Мұстафа.
Қадыр559, Бəрəт түнінде560,
Сол махшар күнінде,
Арсы аяқ орнында
Мұхаммед Мұстафа.
Сират үстінде отырған,
Үмбеттерін өткізген,
Хаққа сəна жеткізген
Мұхаммед Мұстафа.
Үмбеттерін кешірген,
Тамұқ отын өшірген,
Һəузі Кəусар ішірген
Мұхаммед Мұстафа.
Болар көр нəсіп,
Иманыңды қыл шағым,
Үшбу өлім парыз,
Мұхаммед Мұстафа.
Құл Сүлеймен ниеті,
Қыл Мұхаммед үмбеті,
Келсе ажал нəубеті,
Мұхаммед Мұстафа.
* * *
Сұбхан Ием өзі-дүр,
Ол Мұстафа бұйырды,
Бабам Арыстан561 түкірді,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Мұстафаның шапанын,
Киді-жеді азығын,
Тұтты Қағба алқасын,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Қараса Қағба көрінген,
Басса, жерлер түрілген,
Лəдүн ілімі берілген,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Асылы оның ханадан,
Білмес оны көп надан,
Білер оны Хақ Йаздан,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Ысхақ баба562 тұқымы,
Шайқы Ибрахим құлыны,
Машайықтар563 ұлығы,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Иассы564 суының арасы,
Жатар гауһар парасы,
Машайықтар сарасы,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Қаршығаны қыстаған,
Сұңқар, лашын ұстаған,
Сансыз мүрит бастаған,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Шариғатта безелген,
Тариқатта жалғасқан,
Хақиқатта сүңгіген,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Шариғатты сөйлеген,
Тариқатты іздеген,
Хақиқатты білдірген,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Күн туғаннан батарға,
Тарса, жөйт, татарға,
Құлшылық қылып сатарға,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Он сегіз мың əлемде,
Аты мəшһүр Кəлəмда,
Орны Дəруссəлəмда,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Бабалар бабы Хорасан565,
Сансыз түмен Үндістан,
Бабалар басы баб Арыстан,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Атам аты озады,
Жұпар болып тозады,
Екі жаһан көзесі,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Қызыр бірлə сұхбатты,
Ілияс бірлə үлпəтті,
Хақ қасында құрметті,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Түркістанға барайық,
Қызметінде болайық,
Үлес берсе алайық,
Шайқым Ахмет Иасауи.
Баба Машын ол сұлтан,
Мүрит болды күмəнсіз,
Хакім қожа Сүлеймен,
Шайқым Ахмет Иасауи.
* * *
Мүмін құлдар еңіреп,
Хақ жадын қояр ма?!
Түні-күн Раббының сəнасын
Айтып əсте тояр ма?!
Намрұт оты, Хəлилға,
Əсте зиян қылмады,
«Алла» деген пенделер
Дозақ ішінде күйер ме?!
«Алла» деген пенделер,
Тамұқ ішінде күймегей,
«Алла» демес жандарға
Сол жандар ұяр ма?!
Дəруіш «Алла» демесе,
Дүниесін қоймаса,
Жолға қадам ұрмаса,
Шапан, тəжін киер ме?!
Сұлтан берген шапанын,
Ешкім қайта алмады,
Сұбхан иман шапанын
Беріп қайта алар ма?!
«Асхаби Кəһф»566 итін,
Хақ Тағала қоймады,
«Алла» деген құлын
Əсте үмітсіз қояр ма?!
Құл Сүлеймен еңіреп,
Айтар Алла зікірін,
Шын хақиқат ғашықтар
Хақ зікірін қояр ма?!
* * *
Рахман атты рахметіңнен,
Үміттімін, Илəһім,
Қаһһар атты қаһарыңнан,
Қорқудамын, Илəһім.
Жолбасшысыз керуендей,
Із жоғалтқан басшыдай,
Құлмын десем жалғандай,
Құлым дегін, Илəһім.
Ғафу қылғын азғанды,
Жолға салғын жазғанды,
Мендей жолсыз кезгенді,
Жолға салғын, Илəһім.
Бөлдім қадыр түнін,
Салдым ғапілет түнін,
Білдім құлшылық жолын,
Қабыл қылғын, Илəһім.
Рахмет дария тасқыны,
Ата Қызыр тосқыны,
Шибли ғашық ғишығыны,
Нəсіп қылғын, Илəһім.
Құл Сүлеймен мұңы бар,
Қайғы бірлə жүрер зар,
Жарылқағын, ей, Жаппар,
Барша құлды, Илəһім.
* * *
Ғашық болар ол кісі,
Тисе ғишық саясы,
Реніш бірлə бейнет ол,
Ғашыққа ғишық енесі.
Жол ұзақ-дүр, түн қату,
Қылғын жаныңды сату,
Түпсіз теңіз-дүр бату,
Махаббаттың дариясы.
Керек болса гауһар-дүр,
Жаннан қашып қадам ұр,
Жаннан қорықсаң, жырақ жүр,
Əзір-дүр уақыт егесі.
Əзір тұрған уақыт болар,
Һəм бақыт, дəулет болар,
Дəргаһінда тақ болар,
Түссе назар кимиясы.
Əзір тұрған құралар,
Ғайып əзір көрінер,
Бақыттыға оралар,
Һəм дін, һəм дүниесі.
Болма дүние зауықына,
Болғын Хақтың сауығына,
Қанша қажет оғына,
Құрылады мың жасы.
Сен білерсін Илəһім,
Ішке толды мың «уһім»,
Құл Сүлеймен күнəм,
Жоқ-дүр тіпті қиясы.
* * *
Ей, достарым, өлсем мен,
Білмеймін, халім не болар?!
Кірсем-жатсам бұ көрге,
Білмеймін, халім не болар?!
Көтеріп лақатқа қойса,
Қайтып, үйге келсе,
Кіріп сауал сұраса,
Білмеймін, халім не болар?!
Еш келмеді менен сауап,
Онда берем жауап,
Егер қылса жүз мың азап,
Білмеймін, халім не болар?!
Кірсе Хариш атты жылан,
Шықса тəнге сол заман,
Қалмас бүтін сүйегім,
Білмеймін, халім не болар?!
Барша жиылып құрт-құмырсқа,
Атырапымнан көп шақса,
Мүшкіл болар бəрі,
Білмеймін, халім не болар?!
Болса қияметтің күні,
Сұраса Құдай онда мені,
«Қылған амалдарың, қане?»
Білмеймін, халім не болар?!
Құл Сүлеймен, білдің бұ күн,
Қыл ғибадат түні-күн,
Деме, өмірім ұзын,
Білмеймін, халім не болар?!
* * *
Мұңды əлсіз болдым мен,
Нəпсімді өзімнен жұлдым мен,
Тілегенім болдым мен,
Дəруіштердің ішінде.
Безар болдым дауынан,
Һəм құжат, фəтуəдан567,
Сыр ашылды Мəулімнен,
Дəруіштердің ішінде.
Сырым сырға ұланды,
Көңілім Аршқа жол алды,
Ғишық қылышы байланды
Дəруіштердің ішінде.
Кім бар дəруішке тең келер?!
Одан үйрен ақыл-кеңес,
Сауық шарабы болар, іш,
Дəруіштердің ішінде.
Дəруіштердің базары,
Зікір болар гүлзары,
Хақтың сырлар сыры
Дəруіштердің ішінде.
Бейнелері осында,
Сираттары онда,
Патшаларға жол болсын,
Дəруіштердің ішінде.
Дəруіштердің қиямы,
Мұстафа-дүр имамы,
Дəруіштердің сəлемі
Дəруіштердің ішінде.
Шибли, Жүнейд, Баязид,
Əлем оларға мүрит,
Барша түмен мың заһид
Дəруіштердің ішінде.
Дəруіштердің тағы бар,
Ақиретте көп киімі бар,
Сүлейменнің тағы бар
Дəруіштердің ішінде.
* * *
Жарандардың қоғамында,
Рахмет жауар сұхбатында,
Не тілесе, сол болар
Дəруіштердің сұхбатында.
Əркім сұхбатқа келді,
Ер одан үлес алды,
Асхабтар мұрат тапты
Дəруіштердің сұхбатында.
Əркім сұхбатта болды,
Көңілде мағына алды,
Жат келді, білім өлді
Дəруіштердің сұхбатында.
Ауам келсе, хас болар,
Жұлдыз келсе, ай болар,
Мыс келсе, алтын болар
Дəруіштердің сұхбатында.
Расулға уахи келді,
Басынан тəжін алды,
Тұрды, қызметші болды
Дəруіштердің сұхбатында.
Құл Сүлеймен сұхбатында,
Дембе-дем мінажатта,
Қандай жақсы, хастық дəрежеде
Дəруіштердің сұхбатында.
* * *
Сенің дертің маған дəрменнен артық,
Саған құл болғаным сұлтаннан артық.
Сенің жадыңды айтсам шөл ішінде,
Болар ол шөл маған бостаннан артық.
Сенің жадың егер кетсе тілімнен,
Болмысым құриды ойраннан артық.
Менің қор боуым өз ғапілетімнен,
Егер қылсаң назар ихсаннан артық.
Əзіз, қор қылушы сұлтан өзіңсің,
Сенің ілтипатың барша алуаннан артық.
Не хош бұ дүниеде, иман мен Құран,
Не болар дүниеде, иманнан артық.
Менің бұ дертімді ешкім білмес,
Егер білсе Хакім Лұқманнан артық.
Бұ секілді күнəһар екен Құл Сүлеймен,
Кеңшілік қалайды, жаңбырдан артық.
* * *
Ей, əзіз адам ұлының игісі,
Діннің аспабын құрмайсың ба?!
Қажет емес, бұ дүниенің аспабын мұнша жимақ,
Бұ сараң дүние үшін мұнша қылмақ,
Бір күн көшіп барасың, қойып бармақ,
Қойып барар қасіретін санамайсың ба?!
Қане ол мың жасаған адам ұлы,
Мыңда үш жүз жыл өмірі болған Нух нəби,
Төрт мың төрт жүз жыл жасаған Лұқман, қане?!
Қане ол əлем мақтанышы Расулулла,
Қаб қаусейн иесі Хəбибулла,
Мүрсəлдар ұлығы Хəлилулла,
Шапағат игісіне қарамайсың ба?!
Қане, ол Əбубəкір, Омар, Оспан?
Қане, ол Əсəдулла Əлі арыстан?
Қане, ол Əмирулла568 Хасан, Хүсейн?
Кербала шəһидіне қарамайсың ба?!
Айтпағын, кəрі олар, жігіт өлмес,
Көп қанша жігіттер кəрі болмас,
Уақыты жетсе, дем алғалы мұрша бермес,
Жігіттік өлімінен қорықпайсың ба?!
Тəубе қылғын, қарағын асхабтарға,
Бауыры басты, көзі жасты, асхабтарға,
Қарамағын құрылар асхабтарға,
Құл Сүлеймен, көріп ғибрат алмайсың ба?!
* * *
Шаттық өмірім, қуанышым, баршасын қойып,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
«Иллə мəн əталлаһа биқəлбин сəлим»569 таупық тауып,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Бұ дүниенің қуанышынан бас тартсам мен,
Сахарда оянып зар еңіресем мен,
«Йə əйюһəллəзинə əмəнуқу əнфусəкум»570 мағынасына тырыссам мен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Жүреді кешіп өз өмірінен,
Тілейді Жаратқан Бір уə Бар атыңнан,
«Лимə тəқулунə мə лə тəф’əлун»571 аятынан,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Көңілім қалар, түні-күн тəубе қылсам,
Тəубе қылып, одан кейін жолға кірсем,
«Изəжə нəсруллаһи»572 аятынан мағыналы болсам,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Қағда, қиям, рукуғ, сəжде бес уақытта,
Өтеймін болар деп басым сонда,
«Йəумə нəд′у куллə унəси биимəмихим»573 деген уақытта,
Табамын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Қорқады тамұқ оты айбатынан,
Үмітім бар «Лə тəқнəту»151 рахметіңнен,
«Рахматиллəһ»574 атанған тұрбатынан,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Бұ дүниеде қайсы құлдың күні болса,
Қажетсіз бірлə қажет түні болса,
........................................................3
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Келгін, достар, бұ дүниеде сабыр қылғын,
Құдай берген нығметтерге шүкір қылғын,
3 Бұл жол оқылмады.
«Уəлқадари хайриһи уə шəрриһи»575 мұны білгін,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Баршаға тəубе берген Ахадсың сен,
Тəубесізді өлтірген Самадсың сен,
Құранда сипатың « Уə лəм йулəд-сің»576 сен,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
Ондағы Құл Сүлеймен жылар зар,
«Фи нəри жəһəннəмə»577 Құранда аят бар,
«Хəлидинə фиһə əбəдə»578 тəубе зар,
Боламын ба, əй Раббы, сені қаласам мен?!
* * *
Қоғамға оралып ап бастар болса,
Заһир, батын дайын болу керек,
Үш жүз алпыс тамырға жады толса,
Зікір оғы көтеріп ап ағу керек.
Сапа керек, батын ішінде зікірші құлға,
Жарамас айла, қулық, үшбу жолға,
Арқа сүйесе болмас, қалу – қылға,
Қалды салып, хəл жаққа бару керек.
Беліңе байлағын жігер белдігін,
Сақтанғын, нелер жіберер бізге жарын,
Өшір, зікір нұры бірлə тамұқ отын,
Тəубе қылып, нəпсі жағасын жабу керек.
Тəубе болса құлға, жолдас ісін етер,
Батыннан ол күн күмəндар шексіз кетер,
Зікір нұры құлды тартып Хаққа жетелер,
Тынбастан Хақ зікірін айту керек.
Хақ зікірі əзіз болар, отырып айту,
Жолбасшылар бұйрығын сұрап айту,
Уəжду хəлат етілгенде қолды салу,
Жоқ болса харам болар, болу керек.
Нəпсі тілесе би билемекті етпе, сақтан,
Обал болар оның ішінде білгін анық,
Əзір тұрғын, атпасын батын оғын,
Хақ зікірін əзір бірлə айту керек.
Шайқымын деп биік орын отырмағын,
Менмен болып, дініңді нəпсіге сен бермегін,
Өзіңді халықтан артық һəм көрмегін,
Ұлықтықты Хаққа лайық көру керек.
Сенбегін, дүние іші астан күні,
Қылады құзыретте қабыл сені,
Көтергін басыңнан бұ менмендікті,
Қадам түзеп, «мен-ді» күні ұру керек.
Менмендікті өзіңе ізгі білме,
Алқа ішінде халыққа рахмет сен жеткізбе,
Ғажап-рия амал ішіне сен кіргізбе,
Рия кірсе, амал елге беру керек.
«Һу-һу» деп зікір айту себеп болар,
Таупық болса, Жаратқан Раббыдан шапан болар,
Азат болмақ, зікір алудан опат болар,
Бұ сөзден барып, жолдан қалу керек.
Атағы Құл Сүлеймен сөйлер сөзін,
Қызмет қылар достар бірлə қосып өзін,
Іздейді машайықтар жүрген жолын,
Естіген достар дұға қылу керек.
* * *
Қашан болар уисалың,
Жамалыңды көрсем мен,
Мансұр секілді болып ап,
Дарда мəжіліс құрсам мен.
Назар тисе ол заман,
Ашылар шешек мың алуан,
Қуанады мұнда жан,
Жаннан кешіп өлсем мен.
Жаннан кешпей іс бітпес,
Нəпсі қалауы бітпес
Бос даудан пайда жетпес,
Жалған көңіл берсем мен.
Даугер қанша саны жоқ,
Ғишықсыздың жаны жоқ,
Дертсіздерге дауа жоқ,
Тəбибімнен сұрасам мен.
Тəбиб сенсің, дауа қыл,
Қажетімді өте, қыл,
Кеңшілігіңмен жолдас қыл,
Жолсыз қадам бассам мен.
Құл Сүлеймен сөйледі,
Сырын халықтан іздеді,
Бейнесізді іздеді,
Керек дидар көрсем мен.
АҚЫРЗАМАН
Жерді қалай жаратса, айды да солай,
Айды қалай жаратса, күнді де солай,
Əнбие-мүрсəлдардың198 айтсам бəрін,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Заман ақыр болса, нелер болар,
Ғалымдар шағыр ішіп, зина қылар,
Дүниеге түрлі-түрлі пəле толар,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
«Алла» деп Хақ жадын айтпағандар,
Ғалымдар ғылымын есітіп жалған дегей,
Басына ажал оғын келмес дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Ер мен əйел харабатта579 шағыр ішкей,
Білер екен, білмес секілді істер еткей,
Дүние ішінде менмін деп кекірейіп жүргей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мешіт, михраб580, медреселер бос қалғай,
Діндар жарандардан еш қалмағай,
Залымдар мазлұмдарға күн бермегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Сараңдар ашкөздік бірлəн ашкөз болғай,
Құран үнін есітіп басып өткей,
Кəпірлік нышанасы үшбу болғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Тоғыз жүзге тарих кірсе нелер болғай,
Көп қатын ерлеріне харам болғай,
Ислам білмес сормаңдай надан халал дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Заман ақыр болса пейіл азғай,
Мүміндер ұл-қызы тұтқын болғай,
Залымдар ұялмастан «пендем» дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Дажжал малғұн шығып ап Румға келгей,
Сексен мың жөйт, тарса жиналғай,
Мəді шықты деп Дажжал хабар тапқай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Дажжал малғұн Хорасанға581 сапар қылғай,
Ислам білмес сормаңдай надан қуанышты болғай,
Мұсылмандар Мəді үшін сүйеніш болғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мəді барып Бағдад582 жаққа ұрыс қылғай,
Күн тұтылып, шум көтеріліп, айқай болғай,
Мұхаммед үмбеттері нала қылғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мəді қашып Мекке583 жаққа сапар қылғай,
Мұхаммед раузасына584 жүзін сүргей,
Раузадан дауыс шығып Иса дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Иса енгей тура тоғыз жүзде,
Дажжалды өлтіреді ол күн онда,
Мəдіні имам қылғай Иса онда,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Тоғыз жүз он бесте Йажуж шыққай,
Иса бірлəн Мəді барып Турға асқай,
Ол кəпірлер бұ дүниені түгел тұтқай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Əуелі Жаратушым айбат бірлəн үкім қылғай,
Ауадан құстар келіп тастар атқай,
Ол құстар Йажуждерді опат қылғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Тоғыз жүз отызда жер жанбыш қылғай,
Даббатуларз шыққай жəне Құран ұшқай,
Мұхаммед үмбеттері нала қылғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Тоғыз жүз қырыққа кірсе нелер болғай,
Исрафил пəрмен бірлə сүрін үргей,
Жер-көк түріліп заман ақыр болғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Исрафил пəрмен бірлəн сүрін үргей,
Жер-көк арасында тірі жандар еш қалмағай,
Мəңгі бақи ол Жаратқаным өзі қалғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Қырық жылдан соң Исрафилді тірі қылғай,
Екінші сүріңді үргін дегей,
Пенделерім жер жүзіне шықсын дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Жаратушым қазы болып һəм отырғай,
Мұхаммед шапағатқа келіп тұрғай,
Періштелер, пайғамбарлар қалтырап тұрғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Жебірейіл періштелер(ді) бастап келгей,
Сүйенішіміз, йə, Мұхаммед, сенсің дегей,
Хақ қасында сенен өзге жоқ-дүр дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Ол атамыз Адам өзі жылап келгей,
Мұса Кəлім мүрсəлдарды алып келгей,
Мұхаммедтің мойнын құшып бауырым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед ілімін тікіп тұрғай,
Барша ол махшар халқы жылап келгей,
Ол Мұхаммед жүріп-ап арыз қылғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Періште, пайғамбарлар дем ұрмағай,
Аузын ашып, сөз айтқалы батылы болмағай,
Ол Мұхаммед Алла деп Жаратқан дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Жаратқаннан үн келгей досым дегей,
Бейнамаз, шарапқорды күлмең дегей,
Бүгін менің дұшпандарым олар дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Шарап ішіп, шайтан бірлəн үлпəт қылған,
Бес уақыт намаз пəрменіне құжат қылған,
Менмендікте мың бірлəн дау қылған,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Дауыс есітіп Мұхаммед қарап баққай,
Өтінуден жүздерінен терлер аққай,
«Үмбеттерім ғафу қылғын, Жаратқан!» дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Жаратушы ием айбат бірлəн үкім қылғай,
Барша ол сираттан өткін дегей,
Барша ол махшар халқын көргін дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед махшар халқын бастап барғай,
Сиратты көріп ап ғибрат алғай,
Үмбеттерім халі мүшкіл болды дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Зəбəния халайықты көріп келгей,
Қолдарында оттан күрзі ұстап тұрғай,
Мұхаммед деп махшар халқы айқай қылғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед айқай үнін есітіп тұрғай,
Үмбеттерім халі мүшкіл болды дегей,
Қолына аса алып жүгіріп келгей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Зəбəнияға Расул сол мезет айбат қылғай,
Тамұқ отын көріп барша шошып тұрғай,
Үмбеттерім күйдірмегін жалын дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұса Кəлім қойып аны онда барғай,
Мұхаммедке келіп ап насихат айтқай,
Үшбу айбат күні бүгін сақтан дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед сəна айтып əуре болғай,
Мұса Кəлім «рабби» деп дұға қылғай,
Шəдиярлар баршасы «əмин» дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Жаратқаннан үн келгей досым дегей,
Он сегіз мың əлем мақтанышы сенсің дегей,
Үкім сенің болсын енді досым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Үмбетіне тамұқ отын харам қылғай,
Райхан атты бостандарды бердім дегей,
Азат қылғын көңіліңді досым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед құзыретінен сүйініп шыққай,
Мұса Кəлім қолдас болып бірге келгей,
Хақ қасында сенен өзге жоқ-дүр дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұса Кəлім отырып үндеу қылғай,
Қамұқ ол махшар халқы келгін дегей,
Мұхаммедке ілтипаттар болды дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Барша ол махшар халқы қуанышты болғай,
Атамыз Адам өзі жылап келгей,
Мұхаммедтің мойнын құшып ұлым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Əбу Жəһіл585 оттан тондар киіп келгей,
Мұхаммедтің құзыретіне келіп тұрғай,
Шапағатты аяма қылма туысым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Білместіктен саған қарсы болдым дегей,
Тамұқ ішінде азаптарды көрдім дегей,
Сенен ілтипат бүгін мені қойғын дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Əбу Тəліп586, Абдулла587 жетіп келгей,
Əмина588 Мұхаммедтің жүзін өпкей,
Тоғыз ай он күн көтердім ұлым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед анасына тағзым қылғай,
Анасын құшып ап һəм жылағай,
Кішкентайымда сенен жетім қалдым дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед Абдуллаға əкем дегей,
Мұхиб жандар көрісіп ап мауқын басқай,
Періште, пайғамбарлар қуанышты болғай,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед махшар халқын бастап келгей,
Барша ол хор ғылман қарсы келгей,
Жаратқанымнан кеңшілік болды дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Мұхаммед атам-анам келгін дегей,
Барша ол үмбеттерім жүргін дегей,
Райхан атты бостандарды бердім дегей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
Құл Сүлеймен, тағат қылғын, өтініш қылғын,
Жаратқаным рахмет саған нəсіп қылғай,
Ахырет аспабын құра бергей,
Одан артық тағы ғажап кереметтері бар.
МИҒРАЖНАМА
Ол Бір уə бар ерікті,
Көрікті назар қылды-йə,
Мұстафаны жолбасшы,
Бізді үмбет қылды-йə.
Ата жіберді бізге,
Үмбет қылды Расулға,
Біздей күнəһар құлдарға,
Оны Расул қылды-йə.
Расулға болған үмбет,
Ғарасатта болар шат,
Болар дозақтан азат,
Онда бақытты қылды-йə.
Өз нұрынан жаратты,
«Хəбиб» деп ат қойды,
Хижабтардан өтіп ап,
Қаба қаусейн барды-йə.
Дінімізді аздырдың,
Халайықты тоздырдың,
Жəдігөйлікті асырдың,
Артық қылық деді-йə.
Малғұн аузын ашты,
Жəдігөй Мұхаммед деді,
Сендей жəдігөй жаһанда
Болмаған еш деді-йə.
Əбу Жəһіл жанында,
Сексен кісі қасында,
Кенет Расулды көріп,
Айбат бірлə қарады-йə.
Расул мұны есітті,
Көңілі қатты ауырды,
Шешесінің үйіне,
Расул өтіп барды-йə.
Расул сəжде қылды,
Тіке намазын қылды,
Хақ құлшылығын қылып ап,
Хаққа мұңын айтты-йə.
Расул орын қылды,
Тəні тыныш тапты,
Нəпсі ғауға салып ап,
Көңілі ояу еді-йə.
Көргін, Құдайдың шеберлігін,
Мейман қылар Расулын,
Көрмекке дидарын,
Құзыретіне шақырды-йə.
Хақтан үндеу келді,
Жебірейілге бар деді,
Пəрмен жеткіз Ризуанға,
Пырақ589 алсын деді-йə.
Пəрмен жеткіз Ризуанға,
Айтсын сарай хорына,
Жиылсын деп құжыраға,
Назар уақыты болды-йə.
Кенет Жебірейіл келді,
Хақ сəлемін жеткізді,
Жұмақ ішіне кіріп,
Пырақ алып шықты-йə.
Пырақ есікте тұрды,
Жебірейіл өзі кірді,
Мұстафаны оятып,
Алып оны шықты-йə.
Расул шығып келді,
Қарады пырақты көрді,
Хақ шеберлігін көріп ап,
Аң-таң болып қалды-йə.
Жүзін нұрдан жаратқан,
Көзі гауһардан жаратқан,
Еріндері лағылдан,
Тісі дүрден еді-йə.
Басы оның інжуден,
Құлақтары ақықтан,
Тұмсығы оның зəбəржад,
Тісі маржан еді-йə.
Қанаты шын жақұттан,
Сүйектері изумруд,
Еті оның зафран,
Іші амбра еді-йə.
Түгі оның жұпардан,
Жал-құйрығы райханнан,
Аяқтары гауһардан,
Күміс-алтын еді-йə.
Аттан еді үлкенірек,
Түйеден һəм кішірек,
Əрбір басқан қадамы,
Біл жылдық жол еді-йə.
Қызыл жақұттан егар (ер),
Жүзі адамға ыстық,
Пырақ Расулды көрген соң,
Иіліп сəлем қылды-йə.
Расул сəлемін алды,
Пырақ қасына келді,
Пырақ секем алып,
Бірден секіріп қашты-йə.
Пырақ Расулдан қашты,
Жебірейіл шақырды,
Əдепсіздік қылмағын,
Күнəһар болма деді-йə.
Күнəһарлар ісі ауыр,
Онда көрмейді дидар,
Азаптаушы Жаппар,
Орны тамұқ деді-йə.
Пырақ бұ сөзді есітті,
Басын жерге қойды,
Көзден жасын ағызды,
Қажетім бар деді-йə.
Жүз мың пырақ жұмақта,
Тұрады қызметте,
Барша сіздің құзыретте,
Арманда-дүр деді-йə.
Пырақ айтты: Ей, Ахмет590,
Менімен бірге шартқа отыр,
Ғарасаттың күнінде,
Маған мінгін деді-йə.
Расул онда шарт түзді,
Шынайы болғын кел деді,
Бастан шашын алды,
Шын сенгін деді-йə.
Əлем мақтанышы Мұхаммед,
Пырақ бірлə түзді шарт,
Жебірейіл қылып ізет,
Тізгінін ұстады-йə.
Жебірейіл тізгін ұстады,
Микəйіл591 үзеңгі басты,
Исрафил қолтықтап,
Расул онда мінді-йə.
Оң жағында Жебірейіл,
Сол жағында Микəйіл,
Алдында һəм Исрафил,
Əзірейіл соңында еді-йə.
Оң жағынан үн келді,
Расул оны есітті,
Назар оған қылмады,
Одан өтіп барды-йə.
Жеті қадамнан өтті,
Сол жанынан үн келді,
Ілтипатын қылмады,
Періште қайран қалды-йə.
Расул онда шөлдеді,
Шəрбəт алып келді,
Расул қарап көрді,
Төрт ыдыста еді-йə.
Бірі – оның арақ еді,
Бірі – оның бал,
Бірі – оның аппақ сүт,
Тəтті шекер еді-йə.
Расул арақ алмады,
Балға қарамады,
Екі ыдысты алды,
Расул ішіп қанды-йə.
Төрт тон келді Расулға,
Сары, жасыл, қызыл, ақ,
Сары, қызылды қойды,
Жасыл, ақты алды-йə.
Пайғамбарлар тоны-дүр,
Жақсы қылдың деді-йə.
Расул айтты, əй Əмин592,
Ғажап екен бұ мүшкіл,
Оңнан-солдан келген үн,
Не үн ол деді-йə.
Оң қолыңда дүние еді,
Сені алдайын деді,
Жақсы қылдың қарамадың,
Үмбет ойран еді-йə.
Сол жаныңнан келген үн,
Жөйт еді ол малғұн,
Ілтипатын қылмадың,
Мақрұм болып қалды-йə.
Расул бұ сөзді есітті,
Мүшкілдері шешілді,
Көзді жұмып ашқанша,
Мешіт Ақсаға593 кірді-йə.
Мешіт Ақсаға кірді,
Пайғамбарларды көрді,
Барша етіп ізет,
Тұрып сəлем берді-йə.
Расул сəлемін алды,
Барлығымен көрісті,
Бəрі сондай толған ай,
Жарық етіп оны тұрды-йə.
Үш жүз он үш мүрсəлдар,
Төрт мың төрт жүз нəбилер,
Сафиулла594 сіз боласыз,
Болғын имам деді-йə.
Адам Мұсаға қарады,
Жол болсын біздерге,
Мұстафаның қасында,
Бізге болу деді-йə.
Расул имамдық қылды,
Пайғамбарлар сап тұрды,
Хақ құлшылығын қылып ап,
Барша «əмин» деді-йə.
Арқа михрабқа берді,
Пайғамбарларға қарады,
Расул дұға қылып ап,
Барша «əмин» деді-йə.
Дұға қылып тұрды,
Хұжра басына келді,
Нұрдан саты құрылды,
Расул көтеріліп барды-йə.
Əуелгі көкке жетті,
Періштелерді көрді,
Топ-тобымен келіп ап,
Тұрып сəлем берді-йə.
Екінші көкке жетті,
Періштелерді көрді,
Барсы қарсы келіп ап,
Тұрып сəлем берді-йə.
Үшінші көкке жетті,
Көрікті əтешті көрді,
Сол əтешті көріп ап,
Жебірейілден сұрады-йə.
Əмин айтты Əтеш-дүр,
Уақытын сақтап тұрыпты-дүр,
Мұнда болса бұ əтеш,
Онда айтар деді-йə.
Төртінші көкке жетті,
Иса расулды көрді,
Иса отырған еді,
Тұрып сəлем берді-йə.
Расул сəлемін алды,
Бəйтул мағмурды көрді,
Хақ құлшылығын қылып ап,
Үгіт-насихат қылды-йə.
Бесінші көкке жетті,
Мұса расулды көрді,
Мұса ілгері шығып,
Сəлем қылып тұрды-йə.
Мұса айтты: «Ей, Ахмет,
Тілек қыларсың үмбет,
Қысқартқын намазды
Үмбетіңнен деді-йə.
Алтыншы көкке жетті,
Періштелерді көрді,
Тəнінде бас жоқ еді,
Аң-таң болып қалды-йə.
Жетінші көкке жетті,
Періштелерді көрді,
Сипатын білмеді,
Заман қарар қылды-йə.
Біразы оның қиямда,
Біразы оның рукуғда,
Біразы оның сəждеде,
«Раббил əғлə»595 деді-йə.
Расул жоғары қарады,
Аршты ауада көрді,
Жетті мың бұ дүниедей,
Аң-таң болып қалды-йə.
Расул жоғары қарады,
Көзі аршқа түсті,
Мұстафаның аузына,
Бір нəрсе тамды-йə.
Балдан еді тəттірек,
Қардан еді суығырақ,
Үш жүз алпыс тамырын,
Жарық етіп тұрды-йə.
Хақтан пəрмен айтылды,
Аршқа қадам қой деді,
Хəбибулла отырып,
Аяқ киімін шешейін деді-йə.
Жарлық жіберді Сəттар,
Аяқ киімін шешпе, əсте,
Аяқ киіміңмен бас қадам,
Ізің қалсын деді-йə.
Расул аяқ киімін шешпеді,
Аршқа қадам басты,
Хақтан пəрмен жетілді,
Тез жүргін деді-йə.
Арштан өтіп барды,
Сидра мақамына жетті,
Сидра мақамынан өтіп,
Уфуқ мақамына596 жетті-йə.
Сидра мақамын өтті,
Уфуқ мақамына жетті,
Қайтып онда Жебірейіл,
Көп өтініш қылды-йə.
«Менің мақамым Уфуқ,
Бұдан артық мекен жоқ,
Ей, Расул, білгін ұқ,
Қанатым күйер» деді-йə
Рафраф597 еніп келді,
Расул Рафрафқа мінді,
Сан мыңдаған хижабтан өтті,
Лəмəкəнға598 жетті-йə.
Көргін Құдайдың шеберін,
Мейман қылар Расулын,
Тəхияту599 сəлемін,
Мұстафаға деді-йə.
Расул ақылына келді,
Жылдам сəлем алды,
Екі қолын көтеріп,
Шүкір қылып тұрды-йə.
Хақтан пəрмен айтылды,
Не келтірдің деп айтты,
Дос досына келерде,
Бос келмес деді-йə.
Расул айтты, Иə, Сəттар,
Рахым қылушы Ғаффар,
Мен бір нəрсе əкелдім,
Сенде жоқ-дүр деді-йə.
Төрт нəрсе əкелдім,
Жоқ-дүр сенің қазынаңда,
Күнə, қажеттілік, жоқсыздық,
Төртінші жазық деді-йə.
Оң қолымда ұсынысым,
Сол қолымда қажетім,
Үмбеттерім күнəсін
Кешіріп бергін деді-йə.
Айтар Расул тілегін,
Бұ мезет қажеттілік уақыты,
Не қажетті тілесең,
Қабыл қылайын деді-йə.
Расул айтар, Тілермін,
Үмбеттерімді қолдаймын,
Күнəһар үмбет жазығын,
Ғафу қылғын деді-йə.
Əнбиялар сардары,
Əулиелер мақтанышы,
Екі əлем шырағы,
Кел, мəрхəбə, деді-йə.
Барша дарияларды мен,
Тəтті шекер жараттым,
Қайда сен қаласаң,
Онда барсын деді-йə.
Барша ағаштарды мен,
Гүл маржан жараттым,
Қайда сен қаласаң,
Мəуе болсын деді-йə.
Ей, досым Мұхаммед,
Қанша қалайсың үмбет,
Үмбеттердің жазығын
Кешіріп бердім деді-йə.
«Лəулəкə лəмə хəлақтул
əфлəк» дедім мен саған,
Екі əлем шырағы,
Сүйіктімсің сен деді-йə.
Бұ дүние, о дүние,
Достығыма жараттым,
Ғарасаттың күнінде,
Ризасының деді-йə.
Рахмет шапанын киді,
Мағрифат тəжін қойды,
Расулулла сүйінді,
Құзыретінен кетті-йə.
Сол қолына қарады,
Жеті тамұқты көрді,
Əрбірі күркіреп толқыса,
Ұты шашырар еді-йə.
Əрбір тамұқ ішінде,
Періштелерді көрді,
Оттан күрзілер алып,
Жандыратын еді-йə.
Қара еді жүздері,
Шағыр еді көздері,
Жарты оның тəндері,
Қардан суық еді-йə.
Бір топты ұстап ап,
Оттан аспап алып ап,
Еріндерін кесіп ап,
Азап қылар еді-йə.
Бір топты ұстап ап,
Оттан қысқыш алып ап,
Тілдерін түбінен,
Тартатын еді-йə.
Бір топты ұстап ап,
Емшегінен асып ап,
Бір топтың мойнында,
Оттан алқа еді-йə.
Һəуияның408 ішінде,
Екі топты көрді,
Өз ата-анасы,
Аң-таң болып қалды-йə.
Оттан аяқ киім киіп ап,
Смаладан тондары,
Жылап Расулды көріп,
Көп зар еңіреді-йə.
Бізді отта қалдырма,
Хазіретіңнен сұра,
Мақрұм қылып кетпегін,
Ей перзент, деді-йə.
Расул бұ сөзді есітті,
Көңілі қатты ауырды,
Хақтан пəрмен келді,
Бірді сүйгін деді-йə.
Расул бұлардан өтті,
Оң жағына бұрылды,
Сегіз жұмақ көрінді,
Қуаныштылар болды-йə.
Жұмақ жаққа жүрді,
Хорлар да қарсы алды,
Мұстафаның басына,
Дүр-маржан шашты-йə.
Расул жұмаққа кірді,
Көзі оларды көрді,
Төрт арықты көріп ап,
Оған қарап тұрды-йə.
Бірі – оның су еді,
Бірі – оның бал,
Бірі – оның аппақ сүт,
Тəтті шекер еді-йə.
Бірі оның камфара,
Көпшіктері изумруд,
Тағы оның амбрадан,
Сарай нұрдан еді-йə.
Əрбір жұмақ ішінде,
Алуан-алуан сарайлар,
Əрбір сарай ішінде,
Жетпіс мың хор еді-йə.
Белгілі сонда Пырақтар,
Фердаус отын оттар,
Кəусар суын ішер,
Рахаттанар еді-йə.
Расул бұлардан өтті,
Мақамына қайтты,
Мекке шаһары ішіне,
Еніп қайта келді-йə.
Расул еніп келді,
Көп кешірімдер сұрады,
Пырақ тізгінін ұстап,
Қайтып жəне кетті-йə.
Расул үйіне кірді,
Өз орнына келді,
Расулдың жатқан орны,
Əлі ыстық еді-йə.
Таң бозарып, таң атты,
Расул мешітке кірді,
Расул сырын айтты,
Барша «пəлі» деді-йə.
Барша «пəлі» деді,
Сенім артып тұрды,
Бұтқа табынушы мұнафықтар,
Жүзі қара болды-йə.
Абдулла ибн Аббас600,
Сауал қылды Расулдан,
Көрдіңіз бе дидарын,
Расул «йə» деді-йə.
Расул миғражын есіт,
Кен иманыңды жарыт,
Заһир, батыныңды тазарт,
Сап (таза) нұры келді-йə.
Құл Сүлеймен хош айтты,
Расул миғражын жайды,
Расул миғражын айтып,
Досына жəдігер қойды-йə.
БИБІ МƏРИЯМ
Қадыр құдіретін тыңдап,
Бір сөзім жад келді-йə.
Іздеп оны тапса болмас,
Мəулім сыйға берді-йə.
Мəриям ұлы ол Иса,
Хас құл еді Мəуліме,
Мəулім оны қастерлеп,
Інжіл сыйға берді-йə.
Əулиелер ұрығы,
Əнбиялар сардары,
Құрметін білдірді,
Көкте орын берді-йə.
Бұ дүниеге бақпаған,
Малға көңіл қоймаған,
Ел ішінде тұрмаған,
Иса пақыр еді-йə.
Талақ берді дүниеге,
Қадам қойды ақиретке,
Тағат қылды Мəуліме,
Түнде ояу тұрды-йə.
Мəриям еді анасы,
Еш жоқ еді əкесі,
Əнбиялар сарасы,
Елден туар еді-йə.
Қайсы елге ол кірсе,
Тума көзсізді көрсе,
Тұрып дұғалар қылса,
Көзді болар еді-йə.
Отырған ақсақты жүргізген,
Барша кеселді тазартқан,
Өліктерге жан берген,
Иса елші еді-йə.
Иса айтар: ей, ана,
Бір насихат айтайын саған,
Ол насихатымды сен тыңда,
Бір сөзім жад келді-йə.
Ана ұлы тұрамын,
Пақыр тонын киемін,
Бұ дүниені қоямын,
Тағат уақыты болды-йə.
Мəриям айтар: ей, ұлым,
Көрер көзім, құлыным,
Келеді бұ өлім,
Жақсы айттың деді-йə.
Ана, ұл тұрды,
Бұ дүниені қойды,
Ауыр уақыт болды,
Барды Ливан601 тауына.
Шықты таудың басына,
Күндіз ораза тұтты,
Түнде ояу тұрды,
Тағат намаз қылды,
Қанша күн онда өтті-йə.
Ініндегі жыландар,
Жапандағы киіктер,
Ауадағы құс-құрттар,
Барша сəлемге келді-йə.
Бір күн кенет қазаға,
Иса барды нəсіпке,
От жұлдызы қармауға,
Аздап кештеу қалды-йə.
Жарлық болды Иемнен,
Əзірейілге Мəулімнен,
Мəриям жанын алуға,
Жарлық алып келді-йə.
Ол Əзірейіл жетіп келді,
Мəриям жаққа ол келді,
Жүзіне қарап тұрды да,
Тұрып сəлем берді-йə.
Мəриям ақырын тұрды,
Тезде сəлемін алды,
Қайдан келдің сен деді,
Тəнім аздап қорықты-йə.
Сүйектерім сырқырар,
Жүректерім дірілдер,
Əзіз жаным қалтырар,
«Атың кім» деп сұрады-йə.
Мен-мен сарайлар бұзушы,
Жұптарды тұл қылушы,
«Мен Əзірейіл» деді-йə.
Тездеп ісіңді қылғын,
Жан алармын деді-йə.
Мəриям жанын алғалы,
Өткендерге қосқалы,
Исаны жетім қылғалы,
Деп жауап берді-йə.
Мəриям айтар қоя тұр,
Мұндай істер қылмағын,
Бір сағатқа тұра-тұр,
Ұлым келсін деді-йə.
Ұлым келсін көрейін,
Басын, көзін сипайын,
Бір мауқымды басайын,
Жаным алғын деді-йə.
Айтар, ондай пəрмен жоқ,
Ұлым келер заман жоқ,
Жан алармын, білгін, ұқ,
Жауап осындай берді-йə.
Байдан ақша алмаспын,
Жарлыға күш қолданбаспын,
Ұрыс-талас қылмаспын,
Жан аламын деді-йə.
Мəриям жанын алдырды,
Өткендерге жіберді,
Періштелер жиылып,
Көңіл айтуға келді-йə.
Ақшам намазы өтті,
Құптан намазы жетті,
Иса елші жылап,
Анасына қайтты-йə.
«Анам» деп еңірер,
Көп өтініп жалынды,
Тағы қаншы ұйықтайсың,
Таң намазы болды-йə.
Айтар: ана не болар,
Тағат қыла тұрар,
Намаз ішінде сұрар,
Бір сағаттай күтті-йə.
Əкелген тамақ жемеді,
Жаным құрбан болсын деді,
Анасын күтіп,
Тағамын қойды-йə.
Ол күні Мəриям тұрмады,
Иса аузын ашпады,
Келесі таң атқанша,
Анасын күтті-йə.
Бір үн келді ауадан,
Мəриям өтті дүниеден,
Жетім қалдың анадан,
Дауыс осылай деді-йə.
Иса мұны есітті,
Айқай салып жылады,
Бауырын жерге қойып ап,
Естен танып жатты-йə.
Арсы-күрсі28 күрсінді,
Лауху қалам602 жылады,
Періштелер жылады,
Қайырлы болсын деді-йə.
Ей, Мəриям, білмедім,
Тоя көзім көрмедім,
Анам жанын алдың,
Кімді ана қылайын деді-йə.
Айтты: қайда барамын,
Кімді ана деймін,
Кіммен бірге тұрамын,
Зар еңіреп тұрды-йə.
Рахым рахмет еткін сен,
Себеп қылған Хакімсің,
Анам жанын алдың сен,
Не істейін деді-йə.
Жарлық Иемнен болды,
Ливан тауы тебіренді,
Барғын, Иса, еліңе,
Жауап осындай болды-йə.
Иса барды еліне,
Кірді елдің ішіне,
Бəни Исаны қаумына,
Тұрып сəлем берді-йə.
Ұра тұрды ол қауым,
Тұрып сəлем алды,
Қайдан келдің сен? – деді,
Атың кім? – деп сұрады-йə.
Құтты Иса елшімін,
Анам өлді мұңдымын,
Кебіндік бөз тілеймін,
Сырын осылай айтты-йə.
Жəне айтар ол қауым,
Онда көп жылан бар,
Бермесе бұл қауымдар,
Жүз жыл қалсын деді-йə.
Барша халайық барғалы,
Кебінге бөз бермегей,
Сенен өзге бармағай,
Сен ұқ, барғын деді-йə.
Иса оларды есітті,
Үмітсіз болып қайтты,
Кебінге бөз таппады,
Іздеп жəне қайтты-йə.
Жұмақтан хорлар енді,
Тағы шатырлар құрылды,
Мəриям ананы жуды,
Кебін орап салды-йə.
Мəриям ананы жуды,
Кебінге орап қойды,
Лақат ішіне қойды,
Періштелер келді-йə.
Жетпіс мың періште келді,
Мəриям намазын қылды,
Намазына бастаған,
Жебірейіл əмин еді-йə.
Жарлық болса Иемнен,
Мəриям көрі жарылса,
Оның жүзін мен көрсем,
Деп, зар еңіреді-йə.
Жарлық болды Иемнен,
Мəриям көрі жарылды,
Құдірет бірлə тірілді,
Тезде тілге келді-йə.
Ол нұр лақат ашылды,
Мəриям көрі жарылды,
Түрлі шешектер шашылды,
Ол құдіретте қойды-йə.
Айтар: неге мұндайсың,
Неге сабыр қылмайсың,
Мұндай жауап берді-йə.
Бұ дүниеге бақпағын,
Малға көңіл қоймағын,
Хақ құлшылығын қоймағын,
Керек саған деді-йə.
Ғаріп жапан кезердей,
Нақыш тоны безердей,
Дана інжу терердей,
Құл Сүлеймен еді-йə.
ИСМАЙЫЛ ҚИССАСЫ
Келгін, достар, бұ дүние,
Өтті, соңы болды-йə.
Тұтты жаран жігері,
Бір сөзім жад келді-йə.
Сөзімді есіт, ей, мүмін,
Кетер дүние ақыры,
Исмайылдың қиссасы,
Жанға жайлы келді-йə.
Жаныма жайлы келді,
Пірімнен назар болды,
Сырлар мағынасын көрді,
Дүр жауһар алды-йə.
Мүрсəл, нəбилер өтті,
Дүние еңбегін емді,
Ақыры опа болмады,
Дидар деп барды-йə.
Дидар тілеген жатпас,
Елге өмірін сатпас,
Бейнетке жүзін бұрмас,
Жанын пида қылды-йə.
Қылды Аббас риуаят,
Мұстафаның лəбзінен,
Сахабалар зар еңіреп,
Көзде жасын төкті-йə.
Ол Ибраһим пайғамбар,
Көрді түсінде Сəруəр,
Жарлық жіберді Жаппар,
Құрбан керек деді-йə.
Хəлил ишара білді,
Жүз түйені келтірді,
Мина тауына барып,
Құрбан қылып келді-йə.
Хақтан пəрмен берілді,
Жебірейілге бар деді.
Айтқын Хəлил ұлын,
Құрбан қылсын деді-йə.
Екі сүйікті сыймас,
Бір көңілдің ішінде,
Менің разылығымды тілесін,
Йə, Исмайыл, деді-йə.
Хəлил айтар, ей, Кəрім,
Сырымды білуші Хакім,
Ұлым құрбан қылайын,
Қабыл қылғын деді-йə.
Хəлил үйіне келді,
Исмайыл жүзін көрді,
Сырын көңілінде тұтты,
Тұрғын Хажар603 деді-йə.
Хажар еді анасы,
Ибрахим-дүр əкесі,
Екі жаһан сапасы,
Хош Исмайыл деді-йə.
Ей, Хажар, сен тұрғын,
Исмайыл басын жуғын,
Сүрме көзіне жаққын,
Досқа апарайын деді-йə.
Міскін Хажар білмеді,
Ұлының басын тарады,
Сүрме көзіне жағып,
Шаштарын өрді-йə.
Басын, көзін сипады,
Тəжін басына қойды,
Таза тондар кидірді,
Алып оны келді-йə.
Хəлил ішке кірді,
Алмас пышақ, жіп алды,
Ол пышақты тездетіп,
Жасырып алып шықты-йə.
Исмайыл қолын ұстады,
Мекке шаһарынан шықты,
Əке-бала екеуі,
Жаз жапанға келді-йə.
Ібіліс604 бұ істі білді,
Іші-сырты от болды,
Исмайылды алдады,
Барма онда деді-йə.
Айтты, Исмайыл қашқын,
Пенің ақылымды алғын,
Мина605 тауына бармағын,
Қаның төгер деді-йə.
Қанымды неге төгер,
Əкем мені хош сүйер,
Достарына кездескелі,
Апара жатыр деді-йə.
Хақтан болып пəрмен,
Сені етеді құрбан,
Арқан, пышақ, жіп алып,
Бара жатыр деді-йə.
Исмайыл назар қылды,
Ібіліс айтқанын білді,
Қарамай тасты атты,
Тыңдамаймын деді-йə.
Тасты шайтанға атты,
Ібіліс жүгіріп қашты,
Малғұн сөзі болмады,
Мақрұм болып кетті-йə.
Əке-бала барды,
Тау ішіне кірді,
Құрбан жерді көрді,
Заман солай болды-йə.
Хəлил айтар, жан ұлым,
Хақтан болды пəрмен,
Сені қыламын құрбан,
Разымысың деді-йə.
Шешімім менің тұрғын,
Хақтың пəрменін қылғын,
Маған мейірім қылмағын,
Болма күнəһар деді-йə.
Берейін жаным, ей, əке,
Мені қылсаңыз құрбан,
Сөзімді қабыл қылып ап,
Құрбан шалыңыз деді-йə.
Үш сөзім бар, ей, əке,
Құлақ салғын, айтайын.
Егер қабыл қылсаңыз,
Мен айтайын деді-йə.
Хəлил айтар, ей, перзент,
Əзіз жаным, бауырет(ім),
Не айтсаң да мен əзір,
Қабыл қылайын деді-йə.
Əуелі сөзім тыңдаңыз,
Қол-аяғымды байлаңыз,
Қол-аяғым бос қоймаңыз,
Жан тəтті-дүр деді-йə.
Жан ащылығынан білместен,
Қол-аяғым тебіренер,
Сізге қаным шашырар,
Күнəһар болам деді-йə.
Күнəһарлар ісі ауыр,
Онда көрмегей дидар,
Азап қылар ол Жаппар,
Орны тамұқ деді-йə.
Қиямет күні қиын көрер,
Əке сөзін ұқпаған,
Түрлі азаптар көрер,
Тіл алмаған деді-йə.
Екінші сөзім алыңыз,
Жүзімді жерге бұрыңыз,
Маған рахым қылмаңыз,
Болмаңыз күнəһар деді-йə.
Үшінші құрбан қылғын,
Қанды киімімді алғын,
Апарып анама бергін,
Болсын жəдігер деді-йə.
Бұ сырды ол білмеді,
Мені тоя көрмеді,
Мұңын, сырын айтпады,
Өкінішті қалды-йə.
Жіп, пышақты көрер,
Анам көңілі шыдамас,
Қанды киім көрер,
Сабыр қылар деді-йə.
Қашан үйге барсаңыз,
Үйге жалғыз кірсеңіз,
Мұңды анамды көрсеңіз,
Сəлем айтың деді-йə.
Ана төгер көз жасын,
Перзент хақында біржан,
Қалай шыдар бұл дертке,
Мұңды анам деді-йə.
Бұтағынан айырылар,
Жас шахы (бұтағы) құрғар,
Қан жастарын ағызар,
Мұңды анам деді-йə.
Мұратыма жетпестен,
Дидарыма тоймастан,
Мұңын, зарын айтпастан,
Қайғы ішінде қалды-йə.
Анам мені жоқтағай,
Көзден жасын ағызғай,
Сахарлерде «аһ» ұрып,
Көп жылағай деді-йə.
Хақтың үкімі осындай,
Шара қолданып болмайды,
Дұғада ұмытпасын,
Анам мені деді-йə.
Хақтың үкімін тұтсын,
Ақ сүтін үзір етсін,
Бишаралық жары-дүр,
Үкім Оныкі деді-йə.
Елдің ұлы ойнайды,
Менің анам жоқтайды,
Мұңды анам не қылайын,
Рахым қылғын деді-йə.
Аналар зары көз-жасы,
Перзенті оның жан-жары,
Менің анамдай ана,
Қашан болған деді-йə.
Сіз де мейірбан əке,
Біздей ұлды өсіріп,
Басым кесер уақытта,
Көзді жұмың деді-йə.
Қатты мұңға батпаңыз,
Күйер отқа жанбаңыз,
Хақ пəрменін қоймаңыз,
Мұңды əкем деді-йə.
Əке-бала жылады,
Мина тауы тітіреді,
Əкесіне зар етіп,
Жүзін жерге қойды-йə.
Ұл үздім үмітім,
Борышты сенен кештім,
Əкем мен сенен кештім,
Үкімді орындаң деді-йə.
Міскін Ибрахим тұрды,
Қолдарын байлады,
Аяқтарын қосып ап,
Көп мінажат қылды-йə.
Хəлил айтар, ей, Рахман,
Ұлымды қыламын құрбан,
Пида қылдым саған жан,
Қабыл алғын деді-йə.
Мен міскін берікпін,
Тəнім бірлə ғашықпын,
Хақ үкіміне лайықпын,
Міне, осылай деді-йə.
Қол-аяғымды байлаңыз,
Менен көңіл үзіңіз,
Хақ бұйрығын қылыңыз,
Тез болыңыз деді-йə.
Барша сырын айтты,
Жүзін жерге қойды,
Қол-аяғын ұзатып,
Шын беріліп жатты-йə.
Міскін Ибрахим тұрды,
Пышақ тамағына салды,
Пышақ жүзі өтпеді,
Өтпес болып тұрды-йə.
Исмайыл бас көтерді,
Бұ не себеп-дүр деді,
Ұшы бірлə қадаңыз,
Болмаңыз күнəһар деді-йə.
Пышақ жүзі өтпеді,
Жұлынын еш кеспеді,
Не қылса да өтпеді,
Хəлилдің ашуы келді-йə.
Хəлилдің ашуы келді,
Пышақты тасқа ұрды,
Пышақ тасқа батты,
Таста дірілдеп тұрды-йə.
Айтар, тасты кесесің,
Исмайылды кеспейсің,
Менің сөзім ұқпайсың,
Бұ не сыр-дүр деді-йə.
Хақтың пəрмені болды,
Ол пышақ тілге келді,
Шешен тілді сөйледі,
Бұ не өнер деді-йə.
Сен айтасың кескін деп,
Жаппар айтар кеспегін,
Қалай оны кесейін,
Азап қылар деді-йə.
Арсы-күрсі еңіреді,
Лаухы Қалам тітіреді,
Жер-көк барша тітіреді,
Зор өкініш қылды-йə.
Сансыз періште енді,
Жүз хазіретке келтірді,
Исмайылды тілеп ап,
Раббыға сырын айтты-йə.
Ол жебірейіл жетіп келді,
Хақ сəлемін жеткізді,
Көрікті қошқар ендірді,
Құрбан оны қылды-йə.
Басы қара көк қошқар,
Фердаус отын оттар,
Хаузы Кəусарды ішер,
Онда рахат қылды-йə.
Хақ пəрменін қайтарды,
Құрбаныңды қабыл қылды,
Исмайылдың басына,
Дүр гауһар шашты-йə.
Бұ қошқардың жүнінен,
Абдал291 алды үлеске,
Бұ қошқардың терісі,
Дастарқан онда болды-йə.
Үшбу қошқарды алғын,
Исмайыл қолын жазғын,
Құзыретке шүкір қылғын,
Көрікті сыйлық берді-йə.
Исмайылдың əсілінен,
Бір ер сүйікті нəсілінен,
Əлем толар нұрынан,
Хақ Мұхаммед еді-йə.
Аты оның Мұхаммед,
Болар үмбетке рахат,
Шақырды Хақ жəннат,
Дидар уəде қылды-йə.
ЖАРТЫ АЛМА
Көргін Қадыр құдіретін,
Білсін деп шеберін,
Мұстафаның үмбетін,
Мұндай құрмет қылды-йə.
Көзді берді көргелі,
Ақыл берді білгелі,
Хақ жадын айтқалы,
Тілді жəне берді-йə.
Жоқ едік бізді бар қылды,
Тəн жаратты жан берді,
Тамшы судан біздерді,
Осындай көрікті қылды-йə.
Қолды берді ұстағалы,
Аяқ берді жүргелі,
Нығмет берді жегелі,
Шүкір қылсын деді-йə.
Құдайыңды білмессің,
Неге шүкір қылмассың,
Атаң-анаң баршасы,
Қара жерге кірді-йə.
Туған адам анадан,
Құтыла алмас өлімнен,
Үшбу жүрген адамдар,
«Уаллаһ» өлер деді-йə.
Сөзді қысқа қылалық,
Сөз басына баралық,
Жəдігер қыла көрейік,
Өлмес бұрын деді-йə.
Бұрын өткен адамнан,
Пайғамбардың соңынан,
Бір ер шықты Куфадан606,
Аты Нұғман607 еді-йə.
Жаратты ол Бір уə бар608,
Жарылқар оны Жаппар,
Бойдақ еді өзі,
Аты Сəбит609 еді-йə.
Арықта су бар еді,
Сəбит дəрет алды,
Су бірлə қызыл алма,
Ағып барар еді-йə.
Сəбит алманы көрді,
Судан қолына алды,
Жартысын жеп еді,
Көңілінде ол деді-йə.
Неге жедім жартысын,
Тапсам еді егесін,
Берсем еді бағасын,
Деп қорқып тұрды-йə.
Жартысын қолға алды,
Шарбақтарды іздеді,
Күліп шарбаққа кірді,
Бір ер қарсы келді-йə.
Сəлем берді бұ жігіт,
Үшбу жігітті көрген соң,
Қолындағы алманы,
Біздікі деп алды-йə.
Бұ алманы алыпсың,
Бізден рұқсат алмайсың,
Ақиретте жазасын,
Құп берерсін деді-йə.
Жігіт айтты келіппін,
Сізді іздеп жүріппін,
Ақиретте құрығаннан,
Қазір берем деді-йə.
Ол ер жігітті көрді,
Діндар екенін білді,
Бір қызы һəм бар еді,
Сондай сұлу еді-йə.
Ол ер айтты сөзім бар,
Үйімде бір қызым бар,
Үшбу қызымды алсаң,
Кешірейін деді-йə.
Сөйлегелі тілі жоқ,
Көргелі һəм көзі жоқ,
Аяғы һəм қолы жоқ,
Қызым солай деді-йə.
Бұ қызымды алмасаң,
Мені риза қылмасаң,
Жарты алма жазасын,
Сенен алам деді-йə.
Алайын десе қызын,
Алып не қылсын оны,
Жарты алма жегеннен,
Амал таппай тұрды-йə.
Сөйлегелі тілі жоқ,
Болса көрер көзі жоқ,
Маған қиын болды деп,
Сөзін қабыл қылды-йə.
Сөзін қабыл қылмасам,
Бұ қызды һəм алмасам,
Ақиретте жазасын
Не қылайын деді-йə.
Не болса да болайын,
Қызын һəм алайын,
Ақиреттің азабынан
Құтылайын деді-йə.
Қабыл қылды сөзін,
Алмақ болды қызын,
Қияметтің жазасын
Мұндай тартайын деді-йə.
Қуанышты болды əкесі,
Риза болды анасы,
Тойын қылып һəм неке,
Сол сағатта жетті-йə.
Əйелдер жиылды,
Үйге төсек салды,
Қызды алып келді,
Үшбу жігіт көрді-йə.
Көрген соң оны сескенді,
Қашып тысқары шықты,
Өзге қызды келтіріп,
Мазақ қыласыз деді-йə.
Айтар жігіт, нетесіз,
Бізді мазақ етесіз,
Бізге деген қызыңыз,
Бұ емес қой деді-йə.
Əйелдер көп келді,
Қарқылдап бір күлді,
Үшбу болар қызымыз,
Бізге сенгін деді-йə.
Ауыз десең аузы бар,
Көзі десең көзі бар,
Аят, хадис сөзі бар,
Осындай болар деді-йə.
Жігіт көрді қызын,
Теріс бұрды жүзін,
Өтірікші екен əкесі,
Қызды алмаймын деді-йə.
Келді қыздың əкесі,
Жоқ-дүр сөзімнің қатесі,
Əке бірлəн анасы,
Күліп кешір деді-йə.
Тілі жоқ дегенім,
Жаман сөзді айтпайды,
Хақ жадын қоймайды,
Тілден мүлде деді-йə.
Көзі жоқ дегенім,
Махрамсызды көрмеді,
Құранның жазуынан өзге,
Назар қылмас еді-йə.
Аяғы жоқ дегенім,
Жаман іске жүрмеді,
Есіт енді бұ сөзді,
Ей, перзент, деді-йə.
Жігіт бұ сөзді есітті,
Сырды көңілінде тұтты,
Бұ сөз жігіт көңілінде,
Сондай мақұл келді-йə.
Бірнеше күн өтіпті,
Қыз жүкті болыпты,
Ішіндегі перзенті,
Бір ер бала болды-йə.
Ұланға той қылды,
Көп халайық жиылды,
Бұл ұланның атын,
Онда Нұғман қойды-йə.
Ұлан алты жасады,
Оны мектепке берді,
Əр күні молдасына,
Оқып келер еді-йə.
Бір патша бар еді,
Үшбу шаһарда еді,
Патша өз ханымына,
Мазақ тағы қылды-йə.
Əзіл бірлə сөз айтты,
Бір заман оқ(пен) ойнады,
Ханым айтты патшаға,
Сен жаһаннамсың деді-йə.
Патша айтар не дерсің,
Сөзді білмей сөйлерсің,
Мен жаһаннамдық болсам,
Сен талақ бол деді-йə.
Молдаларды жидырды,
Риуаят бар ма деді,
Үш күнге дейін таппасаңдар,
Өлесіздер деді-йə.
Барша ғалым жиылды,
Кітапты бір-бір қылды,
Риуаятты таппады,
Жылайтын еді-йə.
Нұғман ұстаздан сұрады,
Неге жылайсыз деді,
Молда айтты, ей, ұлан,
Тыныш отырғын деді-йə.
Жəне қайта сұрады,
Маған айтпассың деді,
Үш күн болды қайғылы,
Болып жүрсіз деді-йə.
Ханым ханға айтыпты,
Жаһаннамсың сен депті,
Мен жаһаннамдық болсам,
Сен талақ бол деді-йə.
Мұнша-мұнша жылайсыз,
Мені ханға апарыңыз,
Үшбу сөздің жауабын,
Мен беремін деді-йə.
Айтты молда барайын,
Ғалымдарға айтайын,
Бұ сөзіңді ғалымдар,
Хош көреді деді-йə.
Молда барды ғалымға,
Ғалым күлді ұланға,
Ұлан біздерге дəулет,
Мүмкін болар деді-йə.
Бұ ұланды алды,
Алып ханға барды,
Ғалымдарға хан айтты,
Таптыңыз ба? – деді-йə.
Бұ ұланды патша,
Алып сізге келіппіз,
Үшбу ұлан риуаят,
Мен беремін деді-йə.
Патша тағында отырды,
Кіші ұланды көрді,
Хан айтты, ей, жас ұлан,
Жауап бергін деді-йə.
Айтты ұлан ол заман,
Тағыңнан түскін төмен,
Тақ үстінде отырып,
Жауап берем деді-йə.
Патша тағынан түсті,
Ол ұланды мінгізді,
Мəселесін сұрады,
Жауап бергін деді-йə.
Қорыққансыз ба Тəңірден,
Жаман күнə істерден,
Қайтқасыз ба пейілден,
Деп ұлан сұрады-йə.
Патша айтты, ей, ботам,
Бар еді менің əкем,
Əкемнің де қасында,
Бір қызы бар еді-йə.
Əкем өлген соң, міне,
Бардым бір түні оған,
Қызы айтты, ей, патша,
Бұ іс ғажап деді-йə.
Ол түні оған бардым,
Жақсы оған ілтипат қылдым,
Ол түні бұ пейілімнен,
Қайтып едім деді-йə.
«Уəннəзиғəт»610 оқыды,
Мағынасын білдірді,
Əптиекті611 қойнынан,
Алып оны келді-йə.
Жаһаннамдық сен емес,
Ханым һəм талақ болмас,
Бұ аяттың мағынасы,
Осындай болар деді-йə.
Топ-топ ғалымдар,
Хан жанында қызметшілер,
Хан қасында халайықтар,
Аң-таң болып қалды-йə.
Үшбу ұлан ер болар,
Ел ішінде бір болар,
Алты жасар ұланды,
Ағзам612 болсын деді-йə.
Риуаятын білдірді,
Халықтың көңілін тындырды,
Имам Ағзам есімі,
Үшбу жерде болды-йə.
Анасына берді,
Сүйіншілер алды,
Алты жасар ұлыңыз,
Ағзам болды деді-йə.
Жауап берді анасы,
Есітіңдер һəм деді,
Менің ұлым үш жасында,
Ағзам болды деді-йə.
Судан алманы алды,
Рұқсатсыз оны жеді,
Жарты алма кесірін,
Алты жасқа жеткізді-йə.
Хақ пəрменін тұтыңдар,
Харам, күмəн жемеңдер,
Кісі малын алмаңдар,
Деп жауап берді-йə.
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР Түсініктемелерге сілтеме шығармадағы орналасу тəртібіне байланысты бір рет беріледі де, кейінгі жолдарда сол сөзге сілтеме қайта көрсетілмейді. Сілтемедегі қасиетті Құран аяттарының тəржімасы мен мағынасы дінтанушы ғалым Х.Алтайдың аудармасы бойынша беріліп отыр. Онда жақша ішінде көрсетілген сандар сүренің реттік нөмірі мен аяттың санын білдіреді. Мысалы: (1, 5) – 1-ші сүренің 5-аятын білдіреді. Шығармадағы Алланың зати һəм субути сипаттарының бəрі де бас əріптермен жазылды. Бірлəн білəн – мен, пен, бен. Жалғаулық. Жəһіл – надан. Алла жады – Алланы еске алу, Алланың зікірі. Бақырғани сопылықтағы зікірді «жад», «Алла жады» деген тіркестермен береді. Қараңыз: Зікір. Батын – іші, ішкі деген мағына береді. Сопылық дүниетанымдағы рухани ілім, рухты кемелдендіру жолы. Раббы – жаратушы, тəңірі. Мүрит – сопылық дүниетанымдағы пірге қол беріп, тариқатқа кірген жан. Мəй – шарап. Сопылық дүниетанымда Алланың рухани ілімі. Əл-Қариғат – қасиетті Құрандағы «Қариға» сүресінің алғашқы аяты: «Зор оқиға» (101, 1). Йəумə йəкунəннəс – қасиетті Құрандағы «Қариға» сүресінің үшінші аяты: «Ол күні адам баласы». Аят толығымен: «Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады» (101, 3). 10 Илəһи – Тəңірім, Жаратушым. 11 Шайқы Ибраһим – Қожа Ахмет Иасауидің əкесі. Қабірі ОҚО Сайрам ауданында. 12 Сұбхан – Алла Тағала теңеулерінің бірі. Таза, пəк деген мағынада. 13 Жанан – сүйікті жар. 14 Һу-һу – жария зікірге негізделген иасауи тариқатында салынатын зікірдің атауы. 15 Уаллаһ – Алла атымен жасалатын анттың түрі. 16 Фəна – сопылық дүниетанымдағы соңғы мақам. Түгелдей жоқ болу. 17 Мақам – сопылық дүниетанымдағы рухани баспалдақ. 18 Ғаріп – сопылық дүниетанымда Хақты танушы. Ғаріп бұ дүниенің алдамшы қызықтарынан бас тартып, тек Хақ болмысымен ғана өмір сүреді. 19 Қызыр – діни түсінік бойынша мəңгі тірі жүретін пайғамбар. 20 Ілияс – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. 21 Заһир – сырты, тысы деген мағына береді. Сопылық дү ниетанымда Алла Тағаланың бұйырған шариғат амалдарын, бұ дүниенің ілімін заһир деп атайды. 22 Шілтен – парсы тілінде қырық адам деген сөз. Сопылық дүниетанымда бұларды «Ғайып ерен, қырық шілтен» деп атайды. Алғашқы «ғайып ерен» – бұл көзге көрінбей əлемді басқарады деп есептелетін ғайып жарандар, əулиелер, ал «қырық шілтен» олар дың қырық екеніне ишара. Бұларды кейде «рижалул ғайб», «рижалулла» деп те атайды. 23 Қап – діни аңыздарда əлемді орап тұрған биік тау. 24 Лаухы Махфуз – жеті қат көкте барша мақұлықаттың тағдыры жазылған кітап. 25 Құл һуалла – қасиетті Құрандағы «Ықылас» сүресінің алғашқы аяты: «Айт: Ол Алла». Аят толығымен: «Айт: Ол Алла, жалғыз» (112, 1).
26 Зулжəлəл – Алла Тағаланың теңеулерінің бірі. Даңқ, құрмет иесі деген мағынада. 27 Оман – Оман теңізі. Сопылық дүниетанымда тариқаттың терең ілімін білдіреді. 28 Арсы-күрсі – арсытағы тақ деген мағына береді. Діни түсінік бойынша арсы əлемі тоғызыншы көкте саналады. Сопы лық дүниетанымда арсы əлемі – болмыс, жаратылыс. Күрсі – тақ деген мағына береді. Арсы – материалдық əлемнің алғашқы сатысы саналады. Оны кейде «жаратушы тағы» деп те атайды. 29 Лəулəкə лəмə хəлакта иллə фəлəк – Құдси хадис: «Мен сені (Мұхаммед пайғамбарды) жаратпағанымда, əлемді жаратпас едім». 30 Жебірейіл – үлкен төрт періштенің бірі. Алла Тағала тарапынан келетін уахиды пайғамбарларға жеткізуші. 31 Дəруссəлəм – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 32 Инни жəғилун фил арзи халифа – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 30-шы аяты: «Əрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын!» Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта раббың періштелерге: «Əрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын!» – деген еді. «Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дəріптеп, мақтау мен пəктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!» – деді (2, 30). 33 Мағбұд – құлшылық етуге лайық жаратушы, яғни Алла Тағала. 34 Лағын – қарғысқа ұшыраған деген мағынада. 35 Əлəсту бираббикум – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 172-ші аяты: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақыттта раббың адам балаларының белдерінен нəсілдерін алды да өздеріне куə етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» – (дегенде), олар: «Əрине, куəміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер» (7, 172). 36 Қалу бəлə – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 172-ші аяты: «Əрине, куəміз». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақыттта раббың адам балаларының белдерінен нəсілдерін алды да, өздеріне куə етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» – (дегенде), олар: «Əрине, куəміз» деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер (7, 172). 37 Жөйт – еврей, йаһуди дінін ұстанушы. 38 Мұғ – зороастр дінінің рухани көсемі. 39 Тарса – христиан дінін ұстанушы. 40 Уəлə тақрəбə һəзиһи шəжəрəтə – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 36-шы аяты: «...мына ағашқа жоламаңдар». Аят толығымен: «Жəне де: «Əй Адам! Сен де, жұбайың да жаннатта тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар» деген едік» (2, 35). 41 Жəлил – Алла тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Үлкен, ұлы, құрметті деген мағынада. 42 Һəузі Кəусар – Кəусəр бұлағы. Жаннатта Мұхаммед пайғамбарға берілген бұлақ. 43 Шиш нəби – пайғамбар, Адам атаның ұлы. 44 Уəли – дос деген мағынада. Алланың досы, əулие. 45 Əбу Бəкір – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ең жақын досы əрі пайғамбардың сүйікті жары Фатиманың əкесі. Ислам əлеміндегі алғашқы хəлиф. 46 Омар – исламды алғаш қабылдаған əрі пайғамбарға жақын сахабалардың бірі. Ислам əлеміндегі екінші хəлиф. Өзінің туралығымен əрі əділдігімен аты шыққан. 47 Оспан – Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы. Ислам əлеміндегі үшінші хəлиф.
48 Əли – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың немере інісі əрі пайғамбардың қызы Фатиманың жолдасы. Ислам əлеміндегі төртінші хəлиф. Ислам таратуда өзінің батырлығымен, майдандағы ерлігімен аты шыққан. 49 Тур Сина – Таяу Шығыстағы таудың аты. Мұса пайғамбар осы тауда Алламен тілдескен. 50 Лəн тарани – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 143-ші аяты: «Мені, əсте көре алмайсың». Аят толығымен: «...Мұса (Ғ.С.), белгілі уəдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса (Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, əсте көре алмайсың; бірақ тауда қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сəтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С.) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пəксің, Саған тəубе еттім əрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді (7, 143). 51 Мəулім – жаратушым, ием, тəңірім. 52 Мұса Кəлім – Мұса сөйлесуші. Мұса пайғамбардың атымен қоса айтылатын теңеу. Мұса пайғамбарды кейде «Кəлимулла», яғни «Алламен сөйлесуші» деп те атайды. Мұнда пайғамбардың Тур Сина тауында Алла Тағаламен сөйлескені назарға алынады. 53 Лəдүн ілімі – сопылық дүниетанымда Алла тарапынан келетін ілімдерді заһири һəм батыни деп екіге бөледі. Заһири ілім – шариғат шарттары мен амалдарын қамтыса, батыни ілім – рухты кемелдендіру жолындағы лəдүн ілімі. Шариғатты толық орындап жүрген діндарға Алла лəдүн ілімін беріп, өз жолына, яғни мағрифат жолына салады. Бұл жол Хақиқатқа жеткізеді. Бұл ілім алғаш Қызырға берілгендігі айтылады. Сондықтан да лəдүн ілімі мен батын ілімі бір. Лə дүн – арабшадан тəржімалағанда дүниесіздік деген мағына береді. 54 Илһəм – сопылық дүниетанымдағы белгілі бір мақамдарға қол жеткізген əулиеге Алла тарапынан берілетін шабыт. 55 Үшбу – осы. 56 Тариқат – сопылық ілімнің шариғаттан кейінгі екінші басқышы. Шариғат амалдарын жетік меңгерген жанның діни ілімнің ішкі сырын терең игеру мақсатымен пірге қол беріп, Хаққа талпыну жолы. 57 Ғишық – сопылық дүниетанымда пенденің Аллаға деген шексіз махаббаты. Ғишық мажази жəне хақиқи деп екіге бөлінеді. Мажази ғишық –пенденің адамзат баласына, айнала-төңірегіне деген махаббаты болса, хақиқи ғишық – тек Алла мен пенденің арасындағы ғашықтық. Сопылық термин ретінде кеңінен қолданылатын «хақиқи ғишық» Алла тағаланың адамзат баласына берген үлкен нығметі саналады. 58 Диуана – сопылық дүниетанымдағы пірге қол беріп, тариқат жолымен жүрген жан. 59 Иса – Иса пайғамбар. Оған қасиетті төрт кітаптың бірі – Інжіл түскен. 60 Рабби – раббым, жаратушым. 61 Тəкбір – Алланы ұлықтау. 62 Тəһлил – жетпіс мың рет «Лə илəһə илалла» деп айту. 63 Зəбəржəд – асыл тас кризолит. 64 Зүмірред – асыл тас изумруд. 65 Рахым – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қайырымды, мейірімді деген мағынада. Бұ дүниеде барша адамзат баласына, яғни иманды һəм имансыз жандардың бəріне де мейіріммен қараушы. 66 Расул Изəді – Тəңірдің елшісі деген сөз. Яғни Мұхаммед пайғамбар. Арабша: Расул – елші, ал Изəд – парсы тілінде жаратушы деген мағына береді. 67 Рухулəмин – сенімді рух деген мағына береді. Жебірейіл періштені айтып отыр. Қараңыз: Жебірейіл. 68 Кəлəм – сөз, сөйлем деген мағына береді. Құранды кейде Кəлəм Шəриф деп те атайды. Яғни қасиетті, ардақты сөз.
69 Нама – хат деген мағынада. Мұнда адамның екі иығынан берілетін сауапты жəне күнəлі істерінің есебі жазылған нама кітабын айтып отыр. 70 "Хайран йараһ, шəррəн йараһ – қасиетті Құранның «Зілзілə» сүресінің 7–8-ші аяттары: «...жақсылық істеген болса, ол оны көреді. ... жамандық істесе, оны көреді». Аят толығымен: «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал жəне кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді» (99, 7–8). 71 Мұғжиза – Алла Тағаланың өз пайғамбарларына беретін ерекше қасиеті һəм кереметі. Пайғамбарлар Алланың берген осы қасиетінің арқасында жіберілген қауымына мұғжиза көрсетіп, Хақ жолға үндеген. Мұса пайғамбардың қолындағы асасының айдаһарға айналуы, Иса пайғамбардың өлген жанды тірілтуі, Мұхаммед пайғамбардың Айды екіге бөлуі, оған түскен Құран да мұғжиза саналады. 72 Сақар – жеті тозақтың бірі. 73 Уалла – Алла атымен ант етемін деген мағынада. 74 Фердаус – сегіз жаннаттың ішіндегі ең ұлығы. Қасиетті кітаптарда Фердаусқа негізінен Алланың ең сүйікті құлдары кіретіндігі айтылады. 75 Ғарасат – қиямет қайымда барша адамзат баласының жиналатын алаңы. Осы арада Ұлы сұрақ-жауап алынады. Зəбəния – жеті тамұқтың бірі. 77 Лəббəйк – «Йə, құлым, не сұрайсың» деген мағынада. 78 Ғəбди – пендем, құлым. 79 Түркан – түркі, түркілер. 80 Кулли шəйин халик – қасиетті Құранның «Қасас» сүресінің 88-ші аяты: «...əр нəрсе жоқ болады». Аят толығымен: «Алла мен бірге басқа тəңір шақырма! Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Оның өзінен басқа əр нəрсе жоқ болады. Үкім Оған тəн. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар» (26, 88). 81 Мүңкір-Нəңкір – дүниеден өткен пендені қабірде сұрақ-жауап алатын екі періште. Ислами ақида бойынша қабір əлеміне келген пендені алғаш сұраққа алып, одан жаратушысы, діні, құбыласы секілді негізгі имани мəселелерді сұрайды. 82 Қадыр – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Бəріне қадыр, яғни құдіретті, күші жетуші деген мағынада. 83 Ахад – бір, жалғыз деген мағынада. Алланың жалғыздығын, ешқандай да серігі жоқтығын білдіреді. Алла теңеулерінің бірі. 84 Пақыр – сопылық дүниетанымда тариқат піріне қол беріп, Хақ жолына қадам басқан жан. 85 Дəруіш – сопылық дүниетанымда бұ өткінші дүниенің материалдық қажеттіліктерінен, алдамшы лəззаттарынан бас тартып, Хақ жолына қадам басқан жан, шынайы ғашық. 86 Əсел – бал. 87 Зікір – еске алу деген мағына береді. Сопылық дүниетанымда тариқатқа кірген жанның Хақиқатқа жету мақсатымен Алланың есімдерін кеңінен қолданып, айтатын құлшылығы. Зікірден мақсат – көңілде дүниенің алдамшы нəрселерінен бас тартып, жүректе тек Аллаға ғана орын беру. Зікір орындалу жағынан отырып, түрегеп тұрып, айналып жасалса, айтылу жағынан «жəһри» (жария) жəне «хафи» (іштей) болып екіге бөлінеді. «Жəһри» зікірге негізделген тариқаттар өздерінің сілсілəсін Хазірет Əлімен байланыстырса, «хафи» зікірі өкілдерінің рухани шынжыры Хазірет Əбу Бəкірге барып тіреледі. 88 Самағ – сопылық дүниетанымда орындалатын зікірдің бір түрі. Саздың көмегімен (негізінен сыбызғының көмегімен) тік тұрып əрі би үстінде орындалады. Самағ – мəулəуия тариқатында кеңінен қолданылады. Самағты кейде «мұқабала» деп те атайды.
89 Пірмұғаннан – тариқат тізгінін ұстаған пір, шайқы. 90 Қаһһар – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қаһарлы, айбатты деген мағынада. 91 Бухəнифа Нұғман – Əбу Ханифа имам Ағзам. Фикһ негізіндегі атақты төрт имамның бірі. Оның жолындағыларды имам Ағзам мəсһабі деп атайды. 92 Исрафил – атақты төрт періштенің бірі. Діни риуаяттарда қиямет қайымда екі рет сүр үрлейтіндігі айтылады. Алғашқы үрлегенінде Алладан басқа барша мақұлықаттың жаны шығады да, екінші үрлегенінде қайта жан бітеді. 93 Сүр – Исрафил періштенің қияметте шалатын сырнайы. 94 Ризуан – жұмақтың күзетшісі. 95 Уə лимəн хафа мəқамəн раббһу жаннатəн – қасиетті Құранның «Рахман» сүресінің 46-шы аяты: «Раббыңның хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар» (55, 46). 96 Ихсан – қайыр-ихсан. Дін жолында жасалатын қайырымды іс, жақсылық. 97 Əғуз – «Əғузу биллəһи минəш-шайтанир ражим» («Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын») деген сөйлемнің алғашқы сөзі. 98 Йаздан – парсы тілінде Жаратушы, Тəңір деген мағына береді. Йə əйуһəл мужримун – ей, күнəһарлар. Осы мазмұндас аяттар Құранның бірнеше жерінде кездеседі. 100 Мақұлықат – Жаратушының жаратқан заттары. 101 Фұрқан – қасиетті Құранның екінші бір аты. 102 Хəбибулла – Алланың сүйіктісі деген мағынада. Бұл теңеу негізінен Мұхаммед пайғамбарға қарата айтылады. 103 Рахмəтул лилғəлəмин – əлемге рахмет, мейірім етіп (жібердік). Мұхаммед пайғамбарға қарата айтылып отыр. 104 Сыддық – шыншыл, тура , əділ сөйлеу деген мағына береді. Бұл пайғамбар заманында өзінің тура сөзімен, шыншылдығымен көзге көрінген алғашқы хəлиф Əбу Бəкірдің лақап аты. 105 Фаруқ – зерек, ақылды, саналы деген мағына береді. Екінші хəлиф Омардың лақап аты. 106 Хайрулəбрар – қасиетті, киелі адамдардың жақсысы деген мағына береді. Яғни Мұхаммед пайғамбар. 107 Зиннурейн – Мұхаммед пайғамбардың екі қызын алған (Рұқия жəне Үммүкүлсүм) үшінші хəлиф Оспан сахабаның лақап аты. Мағынасы екі нұрдың иесі деген сөз. 108 Мұртаза – таңдалған, іріктелген деген мағына береді. Исламды алғаш қабылдағандардың бірі, Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы Əлі сахабаның лақап аты. Дін таратуда көрсеткен ерлігі үшін берілген. 109 Дəрулхəлдим – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 110 Дəрулқарар – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 111 Нағим – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 112 Адын – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 113 Мəуə – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі 114 Дəрулəхр – Алланың ізгі құлдарына арналған сегіз жаннаттың бірі. 115 Хас – сопылық дүниетанымдағы белгілі бір мақамдарға қол жеткізген тұлға (пір, мүршид, əулие жəне т.б.) 116 Мұнафық – екі жүзді. Дінді ашық түрде жоққа шығармаса да, өзінің ісəрекеттерімен дінге қайшы амал істейтіндерді осылай атайды. Пайғамбар мұнафықтың негізгі белгілері ретінде уəдеде тұрмау, кісі ақысын жеу секілді жағымсыз істерді атап өткен.
117 Мүшрік – Алланың жалғыздығына қарсы шығып, оған серік қосушы. Яғни Таухид ілімін мойындамаушы, кəпір. 118 Мағрифат – сопылық ілімнің шариғат, тариқаттан кейін тұратын үшінші басқышы. Мұны кейде ішкі ілім немесе Хаққал йақин деп те атайды. Пенденің көптеген құлшылық-ғибадаттарының арқасында Алла тарапынан пендеге берілетін ілім. 119 Əһлі – тұрғындары деген мағынада. 120 Ибраһим – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Исхақ пен Исмайыл пайғамбардың əкесі. 121 Исмайыл – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ибраһим пайғамбардың Хажар атты əйелінен туылған. Көркем шығармаларда өз жанын Алла жолына қиюшы ретінде суреттеледі. 122 Шұғайып – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Мұса пайғамбардың қайын атасы. 123 Əрни – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 143-ші аяты: «...маған өзіңді көрсет, Сені көрейін». Аят толығымен: «...Мұса (Ғ.С.), белгілі уəдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса (Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, əсте көре алмайсың; бірақ тауда қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сəтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С.) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пəксің, Саған тəубе еттім əрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді (7, 143). 124 Хəл – сопылық дүниетанымдағы рухани ілім. Оны хəл ілімі деп атайды. 125 Ихрам – Меккеге қажылықққа барған қажылардың үстіне киетін киімі. 126 Раббул əрбаб – киелі, ізгі адамдардың раббысы, яғни жаратушысы. Алла Тағала. 127 Қалбу əхбəб – сүйіктілер жүрегі. 128 Асхаб – дос-жарандар. Негізінен Мұхаммед пайғамбардың қасында дін жайып, оны көрген алғашқы мұсылмандарды айтады. Ал сопылық дүниетанымда тариқат жолына кіріп, ақиқатты іздеген жандар да осы атаумен берілген. 129 Раббул əнəм – адамзаттың раббысы, жаратушысы. 130 Мəкүрік – шариғатта харам секілді қатаң тыйым салынбаса да, істелуі жағымсыз саналатын амал. 131 Машұғ – сүйікті. 132 Хəмді – пайғамбарлар мен Алланың сүйікті пенделеріне айтылатын мадақ. 133 Сəна – тек қана Алланың барлығын, бірлігін мадақтау. 134 Ихсан – жақсылық, қайыр-ихсан. 135 Заққұм – тозақта өсетін ағаштың аты. 136 Хақиқат – сопылық ілімнің шариғат, тариқат, мағрифаттан кейін тұратын соңғы басқышы. Бұл басқышқа қол жеткізген жандар діннің ішкі ілімін терең меңгеріп, əлемнің ақиқатына қол жеткізген деп саналады. 137 Уəхдəнийəт – сопылық дүниетанымдағы Алланың барлығымен бірігу. 138 Көзгү – айна. 139 Риязат – сопылық дүниетанымда аз жеу, аз ұйықтау секілді қу нəпсінің қалауын тыйып, оның орнына көп ғибадат-құлшылықта болу. 140 Мансұр – Мансұр əл-Халлаж (921 жылы дүниеден өткен). Ираннан шыққан ол сопылық тарихында өзіндік із қалдырған. Заманында ғалымдар мен сопылар тарапынан көп қуғындалған. Ғалымдар оны мүшриктікте айыптаса, сопылар оны «Хақ сырын жария етті» деп сөккен. Ол «Əнəл-Хақ» яғни «Мен Хақпын» деген сөзді айтқаны үшін дінге қарсы шыққан деп айыпталып, қатты жазаланған. 141 Дар – дар ағашы. Мансұр əл-Халлаж «Əнəл-Хақ» сөзін айтқаны үшін дарға асылған.
142 Шибли – Əбу Бəкір Шибли (945 жылы дүниеден өткен). Бағдаттан шыққан сопы тасаууптық дүниетанымның қалыптасуына көп еңбек сіңірген. 143 Жүнейд – Жүнейд Бағдади (909 жылы дүниеден өткен). Бағдатта сопылық мектептің негізін қалағандардың бірі. Сопылықтың теориялық жағында көп жұмыс істеген. 144 Тəжəлли – сопылық дүниетанымда Алла Тағаланың зати һəм суббути сипаттарының осы əлемдегі көрінісі. 145 Қал – сопылық дүниетанымдағы шариғат амалдары, яғни хəл ілімі ішкі рухани ілімді қамтыса, қал ілімі сыртқы ілімдерді білдіреді. 146 Хижаб – шариғат бойынша əйел затының басына тағатын орамалы. 147 Маламат – сопылық дүниетанымда жария істелетін амалдар мен ерекшеленіп тұратын кейбір жағдайларға сыни көзбен қарап, барынша жасырын істеу жағын алға тартқан ілім. 148 Хəлат – сопылық дүниетанымдағы мастық сезім, экстаз. 149 Лəйлəтүл қадыр – Қадір түні. Қасиетті Құранның алғашқы аяты түскен күн. Рамазан айының соңғы онкүндігінде кездеседі. 150 Дағуат – шақыру. Мұнда дінге шақыру, үгіттеу деген мағынада. 151 Лə тəқнəту – қасиетті Құранның «Зүмəр» сүресінің 53-ші аяты: «...күдер үзбеңдер». Аят толығымен: «(Мұхаммед (Ғ.С.): «Əй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнəларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де» (39, 53). 152 Əнəл ғафур – Мен күнəлəрді кешірушімін. Алла Тағаланың күнəлəрді кешіруші сипаты Құранда бірнеше жерде айтылады. 153 Сүлеймен – қасиетті Құранда аты аталатын 25 пайғамбардың бірі. Жақып пайғамбардың ұрпағы Дəуіт пайғамбардың ұлы. Алла берген қасиетінің арқасында жын-жыбырдың, құрт-құмырсқаның тілін білген, желді пырақ қылып мінген делінеді. 154 Хəлақту – қасиетті Құранның «Зəрият» сүресінің 56-шы аяты: «...жараттым». Аят толығымен: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» (51, 56). Сондай-ақ «...жараттым» деген сөз бірнеше жерде кездеседі. 155 Йəнзурулла – Аллаға қара, назар сал. 156 Йухиббуһум уə йухиббунəһу – қасиетті Құранның «Мəида» сүресінің 54-ші аяты: «...Алла оларды жақсы көреді жəне олар да Алланы жақсы көреді». Аят толығымен: «Əй, мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жедел бір қауым əкеледі; Алла оларды жақсы көреді жəне олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кəпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені Алла өте кең, аса білуші» (5, 54). 157 Уəллəзинə əмəну əшəдду хуббəн лиллəһ – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 165-ші аяты: «...Ал мүміндер Алланы тағы артық сүйеді». Аят толығымен: «Адамдардың кейбіреулері Аллаға өзгені теңдес етеді де, оларды Алланы сүйгендей сүйеді. Ал мүміндер Алланы тағы артық сүйеді. Егер залымдар ғазапты көрсе, бүкіл қуаттың Аллаға тəн екенін, шын мəнінде Алланың қатты азап иесі екенін білсе еді» (2, 165). 158 Фəзкуруни əзкурукум – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 152-ші аяты: «Енді мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын...». Аят толығымен: «Енді Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын жəне Маған шүкірлік қылыңдар да, қарсы болмаңдар» (2, 152). 159 Фəфирру илəллаһ – қасиетті Құранның «Зəрият» сүресінің 50-ші аяты: «(Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Алла жаққа жүгіріңдер». Аят толығымен:
«(Мұхаммед Ғ.С. оларға): «Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін» де» (51, 50). 160 Үлпəт – достық қарым-қатынас, көңіл көтеру. 161 Үзір – кешірім, кешірім сұрау. 162 Рукуғ – пенденің намазда екі тізесін ұстап, иіліп тұруы. 163 Сужуд – пенденің намазда басын жерге қойып, тұмсығы мен маңдайын сəждеге қоюы. 164 Сұбхан əғлə – пенденің намазда сəждеде жатқан кезінде айтатын «субхан рабби əғлə» дұғасының қысқарған түрі. Шайыр мұнда өлең ұйқасына байланысты осы дұғаны қысқартып «Сұбхан əғлə» деп беріп отыр. 165 Мұстафа – таңдаулы, іріктелген деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбардың лақап аты. 166 Əдһам ұлы – Əдһəм ұлы Ибраһим. Қараңыз: Ибраһим. 167 Мəй – шарап. Мұнда Алла нұрын айтып отыр. 168 Садра – көктегі ағаштың аты. 169 Һидаят – Алланың тура жолы. 170 Алиул ағла – жоғарылардың жоғарысы, ең жоғары деген мағынада. 171 Ілім раббани – Жаратушының ілімі. 172 Лаухы мекен – адамзат баласының тағдыры жазылған мекен. 173 Дін Сұбхани – яғни Алла діні. 174 Тахт фауқа – тақтың үсті. 175 Муту қəблə əн тəмуту – хадис: «Өлместен бұрын өліңдер». Сопылық дүниетанымдағы сопының қу нəпсінің қалауын өлтіруі. 176 Хирқа – сопы-дəруіштердің үстіне киетін шапаны. 177 Раб əрни унзур илəйк – Қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 143-ші аяты: «...раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін». Аят толығымен: «... Мұса (Ғ.С.), белгілі уəдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса (Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, əсте көре алмайсың; бірақ тауда қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сəтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С.) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пəксің, Саған тəубе еттім əрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді (7, 143). 178 Жақып – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ибраһим пайғамбардың бірінші ұлы Исхақ пайғамбардың ұлы. Жүсіп пайғамбардың əкесі. 179 Жүсіп – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Жақып пайғамбардың он екінші ұлы. Жүсіп пайғамбар Алла берген түс жору қабілетінің арқасында Мысыр жұртына бас уəзір болып, халықты жеті жылдық аштықтан аман алып қалған. Көркем шығармадағы сұлулық пен ғашықтықтың символы. 180 Мұғжизат – мұғжизаның көпше түрі, яғни мұғжизалар. Қараңыз: Мұғжиза. 181 Лұқман Хакім – Құранда аты аталатын Хакім. Оның ұзақ жыл өмір сүргендігі əрі медицинаны жетік білгендігі айтылады. Сондай-ақ баласына айтқан ақыл-өсиеттері кеңінен тараған. 182 Ясин – Құранның отыз алтыншы сүресінің аты. Меккеде түскен, 83 аяттан тұрады. 183 Əл-фақыр фахри – Хадис: «Пақырлық менің мақтанышым». 184 Күллі нəфсин зəйқəтул мəут – Қасиетті Құранның «Ғанкəбүт» сүресінің 57-ші аяты: «Əрбір жан иесі өлімді татады». Аят толығымен: «Əрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады» (29, 57). 185 Фəтубу илəлла – Аллаға тəубе етіңдер. Осы мазмұндас аяттар қасиетті Құранда жиі кездеседі.
186 Хайбар – Араб түбегіндегі жердің аты. Осы жерде Ислам дінін тарату жолындағы кескілескен үлкен шайқас өткен. 187 Мисақ – əлмісақ. Мұны жаннан алынған уəде дейді. Алла Тағала рухтардан «Мен сендердің раббыларыңмын ба?» деп сұрағанында, олар: «Əрине, куəміз» дп жауап берген. Сол күнді əлмісақ күні деп атайды. 188 Улəийкə кəл əн′ам бəл һум əзəл – Қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 179-шы аяты: «...Олар хайуан тəрізді, тіпті одан əрі адасуда». Аят толығымен: «Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Жəне олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тəрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне, солар мүлде қаперсіздер» (7, 179). 189 Ғұшыр – исламдағы егістіктен түскен өнімнің оннан бірі берілетін салықтың атауы. 190 Зекет – исламдағы мал-мүліктен берілетін салықтың түрі. 191 Қарун – сараңдығымен аты шыққан Қарын бай. Мұса пайғамбардың заманында өмір сүргендігі əрі Алланың бірлігіне қарсы шыққандығы айтылады. 192 Фəқала əнə раббукумул əғла – қасиетті Құран аяты: «Мен ұлы Алламын деп айтты». 193 Намрұт – ежелгі Бабыл патшаларының бірі. Ибн Кенған ибн Куш. Оның дəуірінде Ибраһим пайғамбар шығып, халықты Алланың Хақ жолына үгіттеген. Өзін құдаймын деп жариялаған Намрұт Ибраһим пайғамбарды отқа өртемекші болған, алайда Алла құдіретінің арқасында пайғамбар аман қалған. 194 Ғəлим – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Білуші, ғалым деген мағынада. 195 Заһид – сопылық дүниетанымда дүние істерінен, өткінші қызықтардан бас тартып, Хақ жолына кірген жан. 196 Саумаға – адам аяғы оңайлықпен жете бермейтін тау жəне биік жоталарға салынатын құлшылық үйі. 197 Зуннар – мұсылмандардың қарамағында болған христиандардың беліне байлайтын белбеуі. 198 Мүрсəл – жіберілген деген мағынада. Алла тарапынан жіберілген пайғамбар, елші. 199 Аюб – қасиетті Құранда аты аталатын 25 пайғамбардың бірі. Исхақ пайғамбардың ұрпағы. Шам (Сирия) қауымына елші етіп жіберілген. Алла Тағала оны бірнеше рет сынаған. Сондай сынақтардың бірінде Алла оған жеті жыл ауру берген. Пайғамбар бұл сынаққа сабырлылық танытқан. Сол себепті де көркем шығармаларда сабырлық иесі ретінде суреттеледі. 200 Шаһадат – куəлік. Мұнда Кəлимə шаһадатты, яғни Алланың бірлігін жəне Мұхамед (с.ғ.с.) ның Алланың елшісі екенін жүректе бекіту куəлігін айтып отыр. 201 Шайқы – ақсақал, қартайған кісі деген мағына береді. Сопылық дүниетанымда тариқат тізгінін ұстаған рухани ұстаз. Оны кейде мүршид деп те атайды. Парсыша «пір», түркише «ата» осы шайқы сөзінің орнына қолданады. 202 Адам Сафи – барша адамзаттың түп атасы Адам ата. 203 Шəдияр – төрт жар, төрт дос деген мағынада. Негізінен алғашқы төрт хəлиф – Əбу Бəкір, Омар, Оспан жəне Əлі сахабаларды осылай атайды. 204 Мəлəкул мəут – өлім, ажал періштесі деген мағынада. Жан алғыш Əзірейіл періште. 205 Фатима – Мұхаммед пайғамбардың сүйікті қызы. Хазірет Əліге тұрмысқа шығып, Хасан, Хүсейін атты екі ұл сүйген. 206 Сахаба – дос, жолдас деген мағынада. Исламды алғаш қабылдап, Мұхаммед пайғамбарды көрген мұсылмандар.
207 Ибн Аббас – толық аты-жөні Абдулла ибн Аббас . Атақты сахабалардың бірі. Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы. Дін жолында көп қызмет еткен. 208 Хулла – киім-кешек. 209 Сидратул мунтаһа – жеті қат көкте өсетін ағаш. 210 Інжіл – көктен түскен қасиетті төрт кітаптың бірі. Иса пайғамбарға берілген. 211 Жаннатулмəə – жаннаттың төрі. 212 Уəйс Қарани – пайғамбар заманында өмір сүрген сахаба. Діни риуаяттарда айтылғанындай, ол пайғамбарды көрмеген, алайда Мұхаммед (с.ғ.с.) оны білген жəне оған өз шапанын қалдырған деп айтылады. 213 Мұшаһида – сопылық дүниетанымдағы Хақ дидарына қанық болу. 214 Əнзур илəйк – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 143-ші аяты: «... Сені көрейін». Аят толығымен: «...Мұса (Ғ.С.), белгілі уəдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде, (Мұса (Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, əсте көре алмайсың; бірақ тауда қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сəтте, оны быт-шыт қылды. Мұса (Ғ.С.) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пəксің, Саған тəубе еттім əрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді (7, 143). 215 Мəдеһ бəр фəни бақи көнəд суд – жүрегіңді берме фəниге, бақи берер пайда. 216 Һəр он кəс ке қано'ат кəрд асуд – тыныштықты қанағат еткен əр адам. 217 Ке бунояд нəсузад 'унбəр 'уд – сүйіктінің бұрымы қайта күймес болар. 218 Уəгəр нə кист у домын нəйалуд – егер ол киім ластамаса ешкім емес. 219 Ке бози дод бəр Һарут уə Мəрут – Һарут пен Марутқа ойын берді. 220 Тəкəббур кəрд, шод мал'ун мəрдуд – тəкаппарланып, қуылды болды малғұн. 221 Ке пəнде ешон буд халвой-е мəсдуд – оның насихаты тыйым салынған халуа секілді болды. 222 Алла һу, йə һу – иасауи тариқатындағы салынатын зікір амалы. 223 Йəумə йухмə – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 35-ші аяты: «Қиямет күнінде...». Аят толығымен: «Қиямет күнінде олар тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары жəне арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дəмін татыңдар» (делінеді» (9, 35). 224 Бейнамаз – намаз оқымайтын жан. 225 Мəн раббуак? – Жаратушың кім? Қабірде сұралатын алғашқы сұрақ. 226 Рүкін – тірек, негіз. 227 Мəн 'əрəфə нəфсəһу – хадис: «Кім өзін таныса», яғни Мұхаммед пайғамбардың «Кім өзін таныса, Жаратушысын танығаны» деген хадисінің алғашқы жартысы. 228 Фəқəд 'əрəфə раббаһу – хадис: «Жаратушысын танығаны», яғни жоғарыдағы хадистің екінші жартысы. Хадис толығымен: «Кім өзін таныса, Жаратушысын танығаны». 229 Əнбия – нəбидің көпше түрі. Нəбилер, яғни пайғамбарлар. 230 Ас-сабру мифтахул фараж – хадис: «Сабыр – қуаныштың кілті». Кейбір деректерде бұл хадис «Ас-сабру мифтахул жаннат», яғни «Сабыр – жаннаттың кілті» болып беріледі.
231 Уə мəн йəтəуəккəлу ′əлə Аллаһ – қасиетті Құранның «Əнфал» сүресінің 49-шы аяты: «...Негізінде кім Аллаға тəуекел қылса». Аят толығымен: «Сол уақытта мұнафықтар мен жүректерінде дерті барлар: «Мұсылмандарды, діндері алдады» дейді. Негізінде кім Аллаға тəуекел қылса, расында Алла, үстем, хикмет иесі» (8, 49). 232 Əбжəд – араб əріптерінің астарына жасырынған сандар жиынтығы. 233 Мəн тəлəбə шəйəн жəддə уə жəдə – Мақал: «Кім нені талап етіп іздесе, (іздегенін) табады». 234 Тəбиб – емші, тəуіп. 235 Уəйл – тозақтағы күнəһарларға арналған су құдығы. 236 Əбулбəшəр – адамзаттың əкесі. Яғни барша адамзат баласының түп атасы Адам ата. 237 Мəриям ұлы Иса – қасиетті Құранда аты аталатын 25 пайғамбардың бірі. Мариямның ұлы Иса пайғамбарға Алла тарапынан Інжіл кітабы түсірілген. 238 Бəни Һəшим – Һəшим əулеті. Мұхаммед пайғамбардың руы. 239 Тəпсір Кəлəм – Кəлəм шəрифті, яғни Құранды тəпсірлеу, мағынасын түсіндіру. 240 Шархы фəлəк – бос, шексіз кеңістік. 241 Дəуіт – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Сүлеймен пайғамбардың əкесі. 242 Білəл – исламды алғаш қабылдаған хабаштық (эфиопиялық) мұсылман. Пайғамбар заманында азаншы болған. 243 Һилал – жаңа туған айдың атауы. 244 Аббас – Абдулла ибн Аббас. Қараңыз: Ибн Аббас. 245 Уəйс – Қараңыз: Уəйс Қарани. 246 Əбу Ханифа Куфи Нұғман – Қараңыз: Буханифа Нұғман. 247 Лүлүл хəмд – хəмді маржаны. 248 Тасин – қасиетті Құранның «Нəміл» сүресінің алғашқы аяты: «Тасин». Бұл сүренің алғашқы аятының мағынасын ешкім де білмейді. «Та» жəне «син» əріптерінің қосындысынан жасалған бұл аят – мұқаттаға əріптер жиынтығына кіріп, оның мағынасы тек Аллаға ғана аян екендігі айтылады (27, 1). 249 Йасин, уəл Құран – қасиетті Құранның «Йасин» сүресінің бірінші жəне екінші аяттары: «Йасин. ...Құранға серт». Аяттар толығымен: «Йасин. Терең сырлы Құранға серт» (36, 1-2). Мұндағы «Йасин» аяты да «йа» жəне «син» əріптерінің қосындысынан жасалып, мұқаттаға əріптер санатына кіретіндіктен, оның мағынасын Алладан басқа ешкім де білмейді. 250 Кербала – Мұхаммед пайғамбардың немересі Хазірет Хүсейіннің шаһид болған жері. Осы қалада Хазірет Хүсейіннің кесенесі бар. 251 Хүсейін – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған сүйікті немересі. Кербалада шаһид болған. 252 Əурет – шариғат бойынша ұятты саналатын жер. 253 Шаддад – Алланың бірлігіне қарсы шығып, көктегі жаннат секілді жерде Эрам бағын салдыртқан патша. 254 Мүршид – сопылық дүниетанымда тариқат тізгінін ұстауға иршады бар, яғни рұқсат алған жан. Оны кейде пір, шайқы, иасауия тариқатында ата деп те атайды. 255 Ирадат – сопының өз пірінің құзырына берген қалауы, арманы. 256 Қадах – бокал, тостақ, сопының шарап ішер ыдысы. 257 Дəрүлбақа – бақи əлемі. 258 Айнəл йақин – сопылық дүниетанымдағы ақиқатты ешбір дəлел-айғақсыз, Алланың ғайып ілімі арқылы қол жеткізу.
259 Хакім – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Дана, данышпан деген мағынада. 260 Халим – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Төзімді, шыдамды деген мағынада. 261 Кəбир – үлкен, ұлық. 262 Хабир – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Бəрінен хабардар, білуші деген мағынада. 263 Рум – Рим. 264 Хəжəр əсуад – Меккедегі көктен түскен қара тас. 265 Рида – белден жоғарғы жақты жауап тұратын қажылықта арнайы киетін киім. 266 Сина – Таяу Шығыстағы Синай тауы. 267 Ғимран – Ғимран ұлы Мұса пайғамбар. Қараңыз: Мұса Кəлім. 268 Фрат – Ефрат өзені. 269 Дежлə – Тигр өзені. 270 Жейхун – Амудария өзенінің бұрынғы аты. 271 Мəдина – қасиетті Медине шаһары. 272 Сафа Маруа – Меккедегі таудың аты. Қажылыққа барған мұсылман осы таудың арасында жүгіру құлшылығын өтейді. 273 Зəмзəм – Меккедегі қасиетті су. 274 Заббих – Исмайыл пайғамбардың лақап аты. 275 Құжыра – бөлме, үй. 276 Күнжі – шайла. 277 Халиқ – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Жаратушы, жоқтан бар жасаушы деген мағынада. 278 Əлəст – қараңыз: Əлəст бираббикум 279 Қаба қаусейн – Мұхаммед пайғамбар миғражға көтерілгенде Алла мен Мұхаммед пайғамбардың арасы «қаба қаусейн», яғни екі жай аралығындай жақын қашықтықта болуы. 280 Миғраж – Мұхаммед пайғамбардың Миғражға көтерілуі, яғни Алланың құзырына шығуы. 281 Тур – қараңыз: Тур Сина. 282 Дəйиəн – Алла Тағаланың əділ соты. 283 Ферғауын – Мұса пайғамбардың заманында өмір сүрген Мысыр патшасы. Өзін құдаймын деп жариялаған. 284 Сират – қиямет қайымда құрылатын қылдан жіңішке, қылыштан өткір көпір. 285 Мұжаһида – сопылық дүниетанымдағы Хақ жолына түскен пенденің нəпсі тəрбиелеу мақсатында аз тамақтанып, аз ұйықтап, түні-күн Алланың құлшылығында болу. 286 Қалдан қал – қалдың қалы. Қараңыз: Қал. 287 Əнəл-Хақ – Мансұр Халлаждың шатахат жағдайында айтқан «Əнəл-Хақ», яғни «Мен Хақпын» (Хақ – Алла Тағаланың есімдерінің бірі) деген сөзі. Осы сөзді айтқан Халлаж имансыздықта айыпталып, ауыр жазаға кесілгенімен де, оның лебізі кейінгі сопылар тарапынан зор қолдауға ие болған. 288 Суфра – дастарқан. 289 Лə илəһə илалла – Алладан басқа тəңірі жоқ. Исламның алғашқы шарты – Алланың бірлігін бекітетін куəлік сөз. 290 Кəлəмулла – Алланың сөзі, яғни Құран. 291 Абдал – сопылық дүниетанымда «рижалул ғайб», яғни əлемді билейді деп тəн алынған ғайып жарандар əлемінде өзіндік орны бар тұлға. Абдалдар саны жетеу деп есептеліп, мақам бойынша құтып, аутадтан кейін үшінші орында тұрады. Абдалдың міндеті жеті ықылымды басқару.
292 Уəли – дос деген мағынада. Алланың досы, əулиесі. 293 Рахим – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қайырымды, мейірімді деген мағынада. Алланың «Рахман» атты есімінен өзгешелігі, мұнда Алланың о дүниеде тек имандыларға ғана қайырымды, мейірімді болатындығы айтылады. 294 Ибраһим Əдһам – Əдһам ұлы Ибраһим. Қараңыз: Ибраһим. 295 Йə əйюһəллəзинə əмəну – ей, иман келтіргендер. Осы мазмұндас аяттар Құранның бірнеше жерінде кездеседі. 296 Суммун, букмун, ғумиун – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 18-ші жəне 171-ші аяттары: «Саңырау, сақау жəне соқыр...». Аят толығымен: «Саңырау, сақау жəне соқыр болып бетінен қайтпайды» (2, 18); «Кəпірлердің мысалы: Дыбыстағанда үнді, айғайды ғана естіп түсінбейтін біреу тəрізді; саңырау, сақау жəне соқыр. Сонда олар еш нəрсені аңғармайды» (2, 171). 297 Раббəнə зəлəмнə – қасиетті Құранның «Ағраф» сүресінің 23-ші аяты: «Раббымыз, ...кесір істедік». Аят толығымен: «(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мəрхамет етпесең əлбетте зиян етушілерден боламыз» деді» (7, 23). 298 Уə лəқəд кəррəмнə бəни əдəмə – қасиетті Құранның «Исра» сүресінің 70-ші аяты: «Расында адам баласын ардақтадық». Аят толығымен: «Расында адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Əрі оларды жақсы нəрселермен қоректендірдік. Əм оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық» (17, 70). 299 Рабби лə тəзəр – қасиетті Құранның «Нұх» сүресінің 26-шы аяты: «Раббым! ... қалдырма». Аят толығымен: «Нұх (Ғ.С.): «Раббым! Жер жүзінде кəпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма» деді» (71, 26). 300 Манжанық – катапульт. 301 Уə сəлəмəн – амандық-саулықпен. Осы мазмұндас аят Құранның бірнеше жерінде кездеседі. 302 Хəлифа – хəлиф. Сопылық дүниетанымда пірдің өз шəкірттерінің біріне белгілі бір жерге рухани ұстаздық етуге жіберген өкілі. 303 Инни ара-ə фил мəнəм – қасиетті Құранның «Саффат» сүресінің 102-ші аяты: «...түсімде ...көремін». «Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: «Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?» – деді. Ол: «Əй, əкетайым! Өзіңе не əмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың» деді» (37, 102). 304 Əнни мəссəниəз зурру – қасиетті Құранның «Əнбия» сүресінің 83-ші аяты: «...маған бір бəле келді». Аят толығымен: «Əйүп (Ғ.С.) те Раббына: «Маған бір бəле келді. Сен мəрхамет етушілердің абзалысың» деп жалбарынды» (21, 83). 305 Уə кəлимəтулла – Алланың сөзі. 306 Мажаз – сопылық дүниетанымда бұ дүниедегі ғашықтық. 307 Бəлə – қараңыз: Қалу бəлə. 308 Раззақ – Алланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Несібе беруші, рызық таратушы деген мағынада. 309 Зұлқарнайын – Ескендір Зұлқарнайын. Қараңыз: Ескендір. 310 Ханифа – Əбу Хəнифа Имам Ағзам. Қараңыз: Буханиф Нұғман. 311 Шафиғи – фиһтық негіздегі атақты төрт имамның бірі. 312 'Амал бил əркəн – шартымен, негізімен амал ету. 313 'Амал бил қулуб – жүрекпен амал ету. 314 Йə əятуһəннəфсул мутмəйиннə – қасиетті Құранның «Фəжір» сүресінің 27-ші аяты: «Əй, орныққан нəпсі!» (89, 27). 315 Уахданият – бірлік. Сопылық дүниетанымда Алламен бірігуді айтады. 316 Ғаууас – ғаууас немесе ғаус. Сүңгуір деген мағына береді. Алайда сопылық
дүниетанымда əлемді басқарады деп мойындалған əулиелердің «рижалул ғайб» түсінігімен тікелей байланысты. Бұл ғайып жарандар тізгінін құтып басқарады. Сол құтыпты кейде ғаууас деп те атайды. 317 Рубубият – құдайлықты, шексіз билікті. 318 Жəлəл – Алла Тағала теңеулерінің бірі. 319 Ніл – Мысырдағы (Египет) өзеннің аты. 320 Сəжде – намазда басты жерге қою. 321 Жүніс – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Алла Тағаланың кереметінің арқасында қырық күн балық ішінде өмір сүрген. 322 Қағба – қасиетті Меккедегі көктен түскен қара тас. 323 Илмəл йақин – сопылық дүниетанымдағы белгілі бір мақсатқа ғылымбіліммен, дəлел-айғақпен қол жеткізу. 324 Йə ғибəди – йə, құлым! 325 Шайқы Марғузи – Ислам əлеміндегі белгілі сопылардың бірі. 326 Сұфра – дастарқан деген мағына береді. Алайда тариқаттағы пірдің өзінен кейінгі мирасқорына өкілеттікті өткізуді сұфра көтеру деп атайды. Мұнда сол мағынада қолданылып отыр. 327 Уəслат – сопылық дүниетанымдағы пенденің дидарға қауышуы. 328 Уə мə динук? – «Қай діндесің?» Қабыр əлемінде Мүңкір-Нəңкір періштелердің сұрайтын негізгі сұрақтарының бірі. 329 Уəжд хəлат – сопылық дүниетанымдағы барлық мақамға қол жеткізген пенденің Жаратқанның жамалынан кейінгі ерекше бір сезімі (экстаз). 330 Уасыл – сопылық дүниетанымдағы пенденің ең жоғарғы мақамға жетіп, бар болмысымен Алланың құзырында мəңгі болуы. 331 Уисал – сопылық дүниетанымдағы пенденің соңғы мақамға қол жеткізуі. 332 Көрістан – қабір, мазар. 333 Хасан – Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған сүйікті немересі. 334 Мұсхаф – қасиетті Құран. 335 Рия – Алланың міндетті парыздары мен амалдарын жаратушы разылығы үшін емес, жұртқа көрсету үшін жасау. 336 Муаззин – бес уақыт намазға шақыратын азаншы. 337 Кəусар – жəннаттағы пайғамбарға берілген бұлақ. 338 Мəсһап – ағым, бағыт. Исламдағы Құран мен хадиске негізделген ханафи, шафиғи, ханбали жəне мəлики ағымдары мəсһап деп аталады. 339 Рұбаб – ішекті аспап. 340 Зуһд – өткінші дүниеден бас тартып, Алладан қорқып, тек соның жолында жүру. Қияметтің азабынан қорқу. Бұл жолдағыны заһид деп атайды. Мутасаууптар зуһдтықты негізінен сопылықтан алдыңғы кезең деп есептейді. 341 Зуһд шақиқ – өткінші дүниенің қызықтарынан бас тартқан заһидтың бауыры, яғни пікірлесі. 342 Ажам – арабтан өзге халық. 343 Сағид – Ислам əлеміндегі белгілі тұлғалардың бірі. 344 Иншалла – Алла қаласа, Алла қолдаса. 345 Əнқа – Аңыз-əпсанада кездесетін, Қап тауында өмір сүретін самұрық құс. 346 Ғуфран – Алла Тағаланың теңеулерінің бірі. Кешіруші деген мағынада. 347 Бидғат – дінге кейіннен енгізілген жағымсыз іс-əрекеттер. 348 Рахмəтəл лил-ғəлəмин – əлемге рахметші, мейірімші етіп (жібердік). Толығымен: «Уə мə əрсəлнəкə рахмəтəл лил-ғəлəмин», яғни «Сені əлемге рахметші, мейірімші етіп жібердік». 349 Уə мə əрсəлнəкə – Сені (əлемге рахмет, мейірім етіп) жібердік. 350 Режеп – мұсылман жыл санауындағы 7-ші айдың атауы. 351 Шағбан – мұсылман жыл санауындағы 8-ші айдың атауы.
352 Ауам – қара халық. 353 Тарауық – рамазан айында оқылатын 20 бастан тұратын сүннет намаз. 354 Ирфан – сопылық дүниетаным, мистика. 355 Жаппар – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Құдіретті, күші жетуші деген мағынада. 356 һуалла – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің 2-ші аяты. Қараңыз: Құл һуалла. 357 Фəзкуруни – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 152-ші аяты. Қараңыз: Фəзкуруни əзкурукум. 358 Мəсиуалла – Алла əлемі. 359 Бидғат – Құран мен хадисте жоқ, кейіннен келіп қосылған амалдар. 360 Əмір-мағрұф – жақсылыққа шақыру. Ханафи мəсһабындағы қырық парыздың бірі, халықты жақсылыққа, игі істерге шақыру. 361 Фи нəри жəһəннам – қасиетті Құранның «Бəйинə» сүресінің 6-шы аяты: «... тозақ отында». Аят толығымен: «Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар, жаратылғандардың жауызы» (98, 6). 362 Хəлидинə фиһə əбəдəн – қасиетті Құранның «Бəйинə» сүресінің 6-шы аяты: «...мүлде онда қалады». Аят толығымен: «Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар, жаратылғандардың жауызы» (98, 6). 363 Сəттар – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Күнəларды жабушы, жасырушы деген мағынада. 364 Əлəйк – «Əссəлəму ғəлəйкум» деп сəлем берген адамға «уə əлəйкум əссалам» деп жауап қайтаруды айтып отыр. 365 Имам Ағзам – Ұлы имам. Атақты төрт имамның бірі – Əбу Ханифаның лақап аты. Əбу Ханифаның ұсынған жолы Имам Ағзам мəсһабы деп аталады. 366 Тəкпір – пенденің намазды бастарда тіке тұрып, «Аллаһу əкбар» деп, құлақ қағуы. 367 Қиям – пенденің намазда қолын кіндік үстіне қусырып, тік тұрып, намазды оқуы. 368 Əлхəмд – «Фатиха» сүресінің бастапқы аятының алғашқы сөзі. Мұнда намаздың ішкі парыздары сөз болып отырғандықтан да, намазда «əлхəмді», яғни «Фатиха» сүресін оқудың парыз екендігі айтылып отыр. 369 Қағда – пенденің намазда отыруы. Мұнда намаздың ішкі парыздары сөз болып отырғандықтан да, Əбу Хəнифа мəсһабында намаздың соңында отырудың парыз екендігі айтылуда. 370 Хəдəс – нəжіс, лас нəрсе. 371 Тəғдил əркан – намазды барлық амал-шарттарымен толық орындау. 372 Ихтилаф – діндегі кейбір таласты мəселелер. 373 Кунтум фи сəбилиллəһ – сендер Алла жолында болдыңдар. 374 Əн тəхшə′у қулубуһум – қасиетті Құранның «Хадид» сүресінің 16шы аяты: «...жүректері қатайғандар..». Аят толығымен: «Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап əрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар» (57, 16). 375 Əдһəм – Ибраһим пайғамбардың əкесінің аты. 376 Уммəтукум уммəти – қасиетті Құранның «Əнбия» сүресінің 92-ші аяты: «Осы сендердің үмбеттерің ...үмбет». Аят толығымен: «Осы сендердің үмбеттерің бір-ақ үмбет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар» (21, 92). 377 Мəн сəмəтə – кімде-кім үндемесе.... 378 Фəстəқим кəмə умирту – қасиетті Құранның «Һұд» сүресінің 112-
ші аяты: «...бұйырылғанындай тура бол!». Аят толығымен: «(Мұхаммед (Ғ.С.) бұйырылғанындай тура бол! Сенімен бірге тəубе еткен кісілер де. Жəне артық кетпеңдер! Өйткені Алла не істегендеріңді біледі» (11, 112). 379 Мəн 'əрəфə нəфсəһу – хадис: «Кім өзін таныса, (Алланы танығаны). 380 Лат – арабтардың жəһилиет дəуіріндегі негізгі үш пұтының бірі. Мекке фатх етілген жылы Əбу Суфиян мен Мұғира сахабалар барып көзін жойған. 381 Манат – арабтардың жəһилиет дəуіріндегі негізгі үш пұтының бірі. Бұл пұтты негізінен арабтың Һəзил жəне Хазаға тайпалары ардақ тұтқан. Манаттың негізгі үлкен бейнесі Мүшəллəл аймағында, яғни Мекке мен Мəдина арасына орнатылған. Ислам діні келісімен бұл пұт талқандалған. 382 Ғұзза – арабтардың жəһилиет дəуіріндегі негізгі үш пұтының бірі. Негізінен Ғұтфан, Құрайыш жəне Бəну Кенане тайпаларының сиынар «құдайы» болған. Бұл пұттың үлкен белгісі Мекке мен Тайф қаласының арасына орнатылған болатын. Ислам діні келісімен Хəлид ибн Уəлид сахаба барып, оны шауып көзін құртқан. 383 Телбе – есі ауысқан. 384 Хаммар – сопылардың діни көсемі 385 Кəфарат – шариғат үкімдерінің бірі болып, өтелмей қалған амалдар мен іс-əрекеттердің төленуі. 386 Хатым – Атымтай Жомарт. Арабтың Тай тайпасынан шыққан қолы ашық, жомарт Ибн Абдолла ибн Сағд. Шығыс əдебиетінде жомарттық пен сақилықтың иесі ретінде суреттеледі. 387 Жəмшид – Фердаусидің «Шаһнамасында» кездесетін көне Иран патша ларының бірі. Оның патшалық құрған тұсында қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған аста-төк заман болғандығы əрі оның жеті жүз жыл өмір сүргендігі айтылады. 388 Жəмжəм – көне Иран патшаларының бірі. 389 Кейхұсрау – Кейан əулетінен шыққан Иран патшаларының бірі. 390 Санжар – ортағасырдағы түркі патшаларының бірі. 391 Ескендір – Ескендір Зұлқарнайын. Дүниені жаулап алмақшы болған Александр Македонский. 392 Күллу йəум – күнде, əр күні. 393 Кəлім – Мұса пайғамбардың лақап аты. 394 Тəфрид – сопының ел-жұрттан бөлініп, шеттеп жүруі. 395 Тəжрид – сопылардың бұл дүниенің қызығынан бүтіндей бас тартып, тəркі дүниелікке салынуы. 396 Таухид – Алланың жалғыздығын, Оның ешқандай да серігі жоқ екендігін айғақтайтын ілім. 397 Тəғəл, тəғəл – кел, кел. 398 Сұбхан əзим, Сұбхан ə'лə – жаратушыны ұлықтайтын зікір. 399 Уə йут′имунəт та'əмə – Қасиетті Құранның «Инсəн» сүресінің 8-ші аяты: «Тамақты жақсы көре тұра ...жегізеді». Аят толығымен: «Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге жəне тұтқынға жегізеді» (76, 8). 400 Əр-рахман – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Қараңыз: Рахман. Мұнда «Бисмиллəһир рахманир рахим» сөзінің қысқарған түрі беріліп отыр. 401 Құл һуалла – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің алғашқы аяты: «Айт: Ол Алла...». Аят толығымен: «(Мұхаммед (Ғ.С.) айт: «Ол Алла, біреу-ақ (жалғыз)» (112, 1). 402 Ахад – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің алғашқы аяты: «...біреу-ақ (жалғыз)». Аят толығымен: «(Мұхаммед (Ғ.С.) айт: «Ол Алла, біреу-ақ (жалғыз)» (112, 1).
403 Самад – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің екінші аяты: «...мұңсыз». Аят толығымен: «Алла мұңсыз (Əр нəрсе Оған мұқтаж)» (112, 2). 404 Лəм йəлид уə лəм йулəд – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің үшінші аяты: «Ол, тумады да туылмады» (112, 3). 405 Уə лəм йəкун лəһу күфуəн ахад – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің үшінші аяты: «Əрі Оған ешкім тең емес» (112, 4). 406 Иршад – сопылық дүниетанымда тариқат тізгінін ұстаған пір не шайқының басқа біреуге шəкірт тəрбиелеу үшін беретін рұқсаты «иршад» деп аталады. Мұндай иршадты қабылдаған жанды хəлифа деп атайды. Шайқы хəлифаға иршадты бүтіндей немесе белгілі бір амалдарды өтеуге (зікір құлшылығына, түс жоруына жəне т.б.) ғана беруі де мүмкін. 407 Қамат – парыз намаздарды оқырда оқылатын азан секілді сөз. Азаннан айырмашылығы мұнда айқайлап айтылмайды əрі «Қад қаматис-солə» («Намазға тұрыңыздар» деген мағынада) сөзі қосылып айтылады. 408 һəуия – жеті тамұқтың бірі. 409 Мəн жəə билхəсəнəти – қасиетті Құранның «Əнғам» сүресінің 160-шы аяты: «Кім бір жақсылық келтірсе...». Аят толығымен: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Жəне біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» (6, 160). 410 Уə мəн жəə бисəйəти – қасиетті Құранның «Əнғам» сүресінің 160-шы аяты: «Жəне біреу бір жамандық істесе...». Аят толығымен: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Жəне біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшыратылмайды» (6, 160). 411 Һəл жəзəу ихсəни иллəл ихсəн – қасиетті Құранның «Рахман» сүресінің 60-шы аяты: «Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана» (55, 60). 412 Əссəдəқа тəрддул-бəла – хадис: «Садақа – пəлені қайтарады... (жəне өмірді ұзартады)». 413 Уə мəзид фил-'умр – хадис: «(Садақа – пəлені қайтарады)... жəне өмірді ұзартады». 414 Хəлил – Ибраһим пайғамбар. 415 Тұрбат – кесене, күмбез. 416 Əлейк – сəлемге жауап қайтару. 417 Йазд – Жаратушы. 418 Мəлік – Алланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Бəрін билеуші, барлық мүліктің иесі деген мағынада. 419 Фəлядхаку – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 82-ші аяты: «... күлсін...». Аят толығымен: «Енді олар істегендерінің салдарынан аз күлсін, көп жыласын» (9, 82). 420 Дажжал – қиямет қайым жақындағанда шығатын мақұлық. Діни риуаяттарда оның қырық жыл өмір сүретіндігі, сонда адамзат баласын шыбындай қырыпжоятындығы айтылады. 421 Иқам ус-салат – намазға тұру, намаз оқу. Исламның негізгі шартының бірі. Қасиетті Құранның бірнеше жерінде əмір етілген. 422 Уə əтуз-зəкəт – ораза тұту, ұстау. Исламның негізгі шартының бірі. Қасиетті құранның бірнеше жерінде əмір етілген. 423 Хаж ул-бəйт мəн иститағ – бақуатты, қалталы адамдар үшін қажылықтың міндет болуы. Исламның негізгі шартының бірі. 424 Уə мə хəлақту жинни уəл-инси иллə лиə′будун – Қасиетті Құранның «Зəрят» сүресінің 56-шы аяты: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» (51, 56). 425 Дəрулбақа – мəңгілік сарайы. 426 Қул мəтəғ əд-дуния қалилəн – дүниені аз қала деп айт.
427 Нəйб – орынбасар. 428 Фəнəул фəнə – фəнаның фəнасы. Қараңыз: Фəна. 429 лаух – қараңыз: Лауху махфуз. 430 Мəлəкут – сопылық дүниетанымдағы лахут, жəбəруттан кейінгі үшінші мақамы. 431 Бихəмдилла – Аллаға шүкір! 432 Уахи – пайғамбарларға Алла тарапынан келетін аян. 433 Əд-дүния сижнул мүмин – хадис: «Дүние – мұсылманның қапасы». 434 Инналлаһа аштəрə – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 111ші аяты: «Күдіксіз Алла ...айырбастап алды». Аят толығымен: «Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннатпен айырбастап алды. Олар Алла жолында соғысады, өледі жəне өлтіреді. Бұған байланысты Хақ уəде Тəуратта, Інжілде жəне Құранда бар. Алладан артық уəдесін кім орындайды? Ендеше бұл саудаласқан саудаларыңа қуаныңдар! Міне, осы ірі қол жетушілік» (9, 111). 435 Иə əйуһəн-нəсу фуқара – қасиетті Құранның «Фатыр» сүресінің 15-ші аяты: «Əй, адам баласы! ...мұқтажсыңдар». Аят толығымен: «Əй адам баласы! Аллаға мұхтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, əр нəрседен мұңсыз, өте мақтаулы» (35, 15). Ескерту шайыр мұнда өлең ұйқасына байланысты «Иə əйуһəн-нəсу əнтумул фуқара» деген аяттағы «əнтумул» сөзін қалдырып кеткен. 436 Қул йə ′ибəдиə əл-лəзин əсрəфу – қасиетті Құранның «Зүмəр» сүресінің 53-ші аяты: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Əй, өздеріне зиян қылған құлдарым!». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Əй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнəларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де» (39, 53). 437 Лə тəсрəфу – қасиетті Құранның «Əнғам» сүресінің 141-ші жəне «Ағраф» сүресінің 31-ші аяты: «...ысырап етпеңдер». Аяттар толығымен: «Ол сондай Алла аспалы жəне аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтүн жəне анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Əрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын (ғұшырын) беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (6, 141); «Əй адам балалары! Əрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер) Жəне жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді» (7, 31). 438 Фəқулту астағфиру – қасиетті Құранның «Нұх» сүресінің 10-шы аяты: «...жарылқау тілеңдер...» дедім». Аят толығымен: «(Сондай-ақ оларға): «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол, өте жарылқаушы» дедім» (71, 10) 439 Əт-тəйбунə əл-′əбидунə əл-хəмидун – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 112-ші аяты: «(Əй, Мұхаммед Ғ.С.!) Тəубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар...». Аят толығымен: «(Əй, Мұхаммед Ғ.С.!) Тəубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сəжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар жəне Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле» (9, 112). 440 Əс-сəйхунə əр-раки′унə əс-сəжидунə – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 112-ші аяты: «...ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сəжде етушілер». Аят толығымен: «(Əй Мұхаммед Ғ.С.!) Тəубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сəжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар жəне Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді сүйіншіле» (9, 112).
441 Инни əнəл-ғафур – əлбетте мен кешірушімін. 442 Аллаһу лəтифун биғибəди – қасиетті Құранның “Шура» сүресінің 19-шы аяты: «Алла (Т.) құлдарын өте аяушы». Аят толығымен: «Алла (Т.) құлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем» (42, 19). 443 Уə йəғфир мəдунə зəлик – қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 48-ші аяты: «...бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды». Аят толығымен: «Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнəлі болды» (4, 48). 444 Иннəкə лə тəһди мəн əхбəбтə – қасиетті Құранның «Қасас» сүресінің 56-шы аяты: «(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі» (28, 56). 445 Ту'иззу мəн тəшəəу – қасиетті Құранның «Əли Ғымран» сүресінің 26-шы аяты: «...кімді қаласаң ардақтайсың». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Əй, мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де, кімнен қаласаң дəулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шəксіз əр нəрсеге күшің жетеді» деп айт» (3, 26). 446 Уə туззил мəн тəшə – қасиетті Құранның «Əли Ғымран» сүресінің 26-шы аяты: «...кімді қаласаң қорлайсың». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Əй, мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де, кімнен қаласаң дəулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шəксіз əр нəрсеге күшің жетеді» деп айт» (3, 26). 447 Əд-динə ′индаллаһил ислəм – қасиетті Құранның «Əли Ғимран» сүресінің 19-шы аяты: «Алланың қасында шынайы дін Ислам». Аят толығымен: «Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мəлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана таластартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші» (3, 19). 448 Фəс'у илə зикриллəһ – қасиетті Құранның «Мұнафиқин» сүресінің 9-шы аяты: «...Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар». Аят толығымен: «Əй, мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; жəне сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы» (63, 9). 449 Зуһра – Шолпан планетасы. 450 Муштари – Юпитер планетасы. 451 Қамар – ай. 452 Бəйтул мағмурда – жеті қат көктің төртінші қабатындағы салынған үй. 453 Балқис – ежелгі Күнге табынушы Саба елінің əдемі патшайымы. Сүлеймен пайғамбар оны Хақ дінге шақырып, оған үйленген. 454 Қапия – араб, парсы жəне түркі өлеңдеріндегі ұйқасқа түсетін мисраның соңғы сөзі. 455 Нəзір қылу – шариғатта бір істің орындалуына Алла атымен ант етіліп, кейін сол іс оң шешілсе, ант етуші тарапынан орындалатын амал. 456 Тəбиб – емші, тəуіп. 457 Йухиббуһум – қараңыз: Йухиббуһум уə йухиббунəһу. 458 Мұхиб – сүйетін, жақсы көруші. 459 Əлхəмдуллилаһ – Аллаға мадақ, Құдайға шүкір. 460 Нəхну қасамнə бəйнəһум мə′ишəтəһум – қасиетті Құранның
«Зұхрұф» сүресінің 32-ші аяты: «...Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мəрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дəрежеде көтердік. Раббыңның мəрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық» (43, 32). 461 Улəикə кəтəбə фи қулубуһум ул-имəн – олардың жүрегіне иман жазылған. 462 Һудəн линнəси – адамдар үшін тура жол көрсетуші. 463 Уə тилкə худудулла – «...міне, бұл Алланың шектері». Осы мазмұндас аят қасиетті Құранның бірнеше жерінде кездеседі. 464 Фəтубу илаллаһи – «Аллаға тəубе етіңдер». Осы мазмұндас аят қасиетті Құранның бірнеше жерінде кездеседі. 465 Уə нəһəн нəфсə 'əнил-һəуə – қасиетті Құранның «Назиғат» сүресінің 40-шы аяты: «...нəпсісін соққан нəрседен тежеген болса». Аят толығымен: «Ал енді кім, Раббының алдына тұрудан қорқып, нəпсісін соққан нəрседен тежеген болса» (79, 40). 466 Мəн əхəббə шəйəн əксəр зикрə – кімде-кім бір нəрсені сүйсе, көпшілігі оның зікірін (сүйеді). 467 Фəинни қариб – қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 186-шы аяты: «...өте жақынмын». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да əмірімді қабыл етсін. Жəне маған сенсін. Əрине, тура жол тапқан болар еді» (2, 186). 468 Фариқун фил-жаннати уə фəриқун фис-са'ири – қасиетті Құранның «Шура» сүресінің 7-ші аяты: «...бір топ жаннатта, бір топ тозақта». Аят толығымен: «Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) əрі маңындағыларды қорқытуың жəне де болуында шəк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арабша Бір Құран уахи еттік. Ол күні; бір топ жаннатта, бір топ тозақта» (42, 7). 469 Күллү нəфсин зəйқатул мəут – қасиетті Құранның «Ғанкəбут» сүресінің 57-ші аяты: «Əрбір жан иесі өлімді татады». Аят толығымен: «Əрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады» (29, 57). 470 Һаман – Ферғауынның уəзірі. Мұса пайғамбардың үгіт-насихатына қарсы шыққан. 471 Шақ – мұнда Мұхаммед пайғамбар көрсеткен кереметтердің бірі «Шаққун қамар», яғни айды екіге бөлу оқиғасын айтып отыр. 472 Ақида – исламдағы дүниетаным, көзқарас, сенім. 473 Əл-фақру фахри – хадис: «Пақырлық менің мақтанышым». 474 Шамси уəз-зуха – қасиетті Құранның «Шəміс» сүресінің алғашқы аяты: «Күнге жəне оның жарығына (серт)» (91, 1). 475 Мүжтəбə – Мұхаммед пайғамбардың есімдерінің бірі. Таңдалған, іріктелген деген мағына береді. 476 Нұн – арабтың əліппесінің 25-ші əрпі. 477 Саниғ сунғи акбар – ұлы шебершінің шеберлігі. 478 Сəдір – бастауы. Мұнда əлемнің бастауы деп, пайғамбарды ұлықтап отыр. 479 Бəдір – он бес күндік толған ай. Мұхаммед пайғамбар Меккеден Мединеге хижрет еткенінде, Мединенің жергілікті тұрғандары оны толған айға теңеген өлең жолдарын шығарған. 480 Мазлұм – залым тарапынан зұлымдыққа ұшыраған адам. Мұхаммед пайғамбар мазлұмның дұғасы тез қабыл болатынын айтқан. 481 Ғаффар – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Күнəларды кешіруші деген мағынада.
482 Əсəдулла – Алланың арыстаны. Хазірет Əлидің лақап аты. 483 Ғазауат – дін жолында Алла разылығы үшін жасалатын ұрыс. 484 Зəкəрия – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Яхия пайғамбардың əкесі. 485 Яхия – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Зəкəрия пайғамбардың ұлы. 486 Балх – бүгінгі Ауғанстанның солтүстік жағындағы көне шаһар. 487 Кенған – Жүсіп пайғамбардың дүниеге келген жері. 488 Мүбаһ – шариғатта істелуіне де, істелмеуіне де тыйым салынбаған амал. Істесе пайдасы жоқ, істемесе зияны жоқ. Егер жақсы ниетпен жасалса, жақсы амал ретінде есептеледі. 489 Дəл – араб əліппесінің 8-ші əрпі. 490 Əл-фидə – құрбандық. 491 Хамр – спиртті ішімдік. 492 Парса – діндар, шайқы. 493 Уəлйəбку – қасиетті Құранның «Тəубе» сүресінің 82-ші аяты: «...жыласын». Аят толығымен: «Енді олар істегендерінің салдарынан аз күлсін, көп жыласын» (9, 82). 494 Хуббу дуния рəсу куллу хата – дүниені сүймектік барша қателіктің басы. 495 Фəс'у илə зикриллəһ – қасиетті Құранның «Мұнафиқин» сүресінің 9-шы аяты: «...Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар». Аят толығымен: «Əй, мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; жəне сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы» (63, 9). 496 Эрам – Шаддат патша салдырған «Эрам» бағы. 497 Бəйтулхарам – Меккедегі қағба. 498 Ханбал – Имам Ханбал – фикһтық негіздегі атақты төрт имамның бірі. 499 Хаққал йақин – сопылық дүниетанымдағы пенденің сипаты Жаратушы сипатында фəни болып, бұ əлем үшін бүтіндей жоқ болу. 500 Зеһи хəлу – қандай керемет хал мақамы деген мағынада. 501 Кимия – элексир, шарап. 502 Кимияи сағадат – бақыт шарабы. 503 Аңлаң – біл, таны. 504 Лə жəрəм – «Сол үшін, сол себепті». 505 Сілсілə – шынжыр деген мағына береді. Сопылық дүниетанымда тариқаттың шежіре арқылы Мұхаммед пайғамбарға жалғасуын сілсілə деп атайды. Жаһри зікіріне негізделген тариқаттар сілсілə арқылы Хазірет Əлиге барып тірелсе, хафи (іштей) зікірлердің сілсілəсі Хазірет Əбу Бəкірден бастау алады. Сілсілə үзілмеуі тиіс. Үзілген жерден тариқат тоқтайды. Себебі сілсілə – тариқаттың шариғаттың негізінде өмір сүріп келе жатқандығын айғақтайтын бірден-бір құжат əрі айғақ. 506 Имран ұлы Мұса – Мұса пайғамбар. Қасиетті Құранда есімі аталатын 25 пайғамбардың бірі. Жақып пайғамбардың ұрпағы `Имранның ұлы. Жаратушы тарапынан түскен төрт кітаптың бірі – Тəурат Мұса пайғамбарға жіберілген. Алла Тағаламен тілдескені үшін оны Кəлимуллаһ деп те атайды. 507 Мəдин – Мұса пайғамбар мен Шұғайып пайғамбарлардың тұсында болған көне қалалардың ірі. Оны кейде Мəдин Шұғайып қаласы деп те атайды. 508 Ауд – каламбак алоэ ағашы. 509 Кик – торт, кекс. 510 Хараж – өзге дін өкілдерінен алынатын алым-салық. 511 Жəбəрут – сопылық дүниетанымдағы лахуттан кейінгі екінші мақам. 512 Мəрд уə мəрдан – парсы тілінде ер мен ерлер деген мағына береді.
Сопылық дүниетанымда Алланың сүйген құлдарын, əулиелерді атайды. Сондайақ сопылықтағы «рижəлул ғайб» танымындағы «мəрдани хұда» (Құдай ерлері), «мəрдəни ғайбты» (ғайып ерлер) Сүлеймен Бақырғани ақын «мəрд уə мəрдəн» деп атаған. 513 Əмір-мағруф, нəһи-мүңкəр – жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару. Ханафи мəсһабындағы қырық парыздың қырқыншы парызы – халықты жақсы, ізгі істерге шақырып, жаман, күнəлі істерден қайтару. 514 Кəһəф – Құрандағы сүренің аты. Осы сүреде Алланың бірлігін мойындаған жеті жігіт пен Қитмир атты иттің имансыз елден шығып, тау үңгіріне кіріп 309 жыл ұйықтап қалғаны баяндалады. 515 Хайи – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Мəңгі тірі деген ма ғынада. 516 Қайиум – Алла Тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Берік, мығым деген мағынада. 517 Нұх – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Нұх пайғамбардың Хам, Сам жəне Йафес атты үш ұлынан бүгінгі адам ұлдарының тарағандығы айтылады. 518 Исхақ – Құранда аты аталатын жиырма бес пайғамбардың бірі. Ибраһим пайғамбардың Сара атты əйелінен туылған. 519 Ухуд – араб түбегіндегі таудың аты. Сонда Ислам тарихында ерекше орын алатын дін ғазауаты өткен. Ол Ухуд соғысы деген атпен белгілі. 520 Хадиша – Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жары. Хазірет Фатиманың анасы. 521 Айша – Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жары. Хазірет Əбу Бəкірдің қызы. 522 Хаттаб – хазірет Омардың лақап аты. 523 Мүжримун – күнəһар. 524 Тəйбун – тəубеші. 525 Кун – бол! 526 Юғадун – уəдеші. 527 Һəликун – дүниеден өтуші. 528 Янзурун – қараушы. 529 Ражиғун – қайта оралушы. 530 Яхсибун – есептеуші. 531 Файакун – (жəне) бол! 532 Ялғабун – ойнаушы. 533 Яшрабун – ішуші. 534 Ялбасун – киінуші. 535 Хурул айн – жаннат хоры. 536 Хəдимун – қызметші. 537 Якилун – жеуші. 538 Яқраун – оқушы. 539 Кəриһун – қаламаушы. 540 Бəришун – былғаушы. 541 Юфəзун – əзір тұрушы. 542 Бəридун – тоңушы. 543 Мəкисун – қалушы. 544 Янтиқун – сөйлеуші. 545 Хəдимун – қызметші. 546 Кəф, нун – араб əліппесінің екі əрпі. Алла Тағала əлемді, болмысты «Кун», яғни «бол» деген бір ауыз сөзбен жаратқан. Екі əріп сол жаратылысқа ишара. 547 Салман – Салман Фарси. Атақты сахабалардың бірі. Тоқсан жыл өмір сүргендігі, оның отыз жылын отқа табынумен, отыз жылын христиан, соңғы отыз
жылын ислам діні келген соң Хақ дінді қабылдағаны, Мұхаммед (С.Ғ.С.) ның жауырынының екі ортасындағы пайғамбарлық мөрін көргені айтылады. 548 Аббас – Абдулла ибн Аббас. Қараңыз: Ибн Аббас. 549 Намахрам – некелесуге болмайтын ағайын-туыс, аға-қарындас. 550 Мəді – қиямет қайым жақындағанда жер бетіне түсіп, əділдік орнатушы имам. 551 Баят – əуеннің атауы. 552 Йəжүж-Мəжүж – ақыр заман жақындағанда жер бетін жайлап алатын қауым. 553 Даббатуларз – ақыр заман жақындағанда шығатын белгісіз бір мақұлық. 554 Махшар – қиямет күні. 555 Сəру – қарағай тұқымдас көгеріп тұратын ағаштың бір түрі. 556 Мəужудат – барлық жаратылыс, болмыс. 557 Кəйинəт – сопылық дүниетанымдағы «əлеми кəбир», яғни ең ұлы əлем. 558 Əл-Құрайиш – құрайыштық, құрайыш тайпасынан деген мағынада. Мұхаммед пайғамбардың Құрайыш тайпасынан шыққандығын айтып отыр. 559 Қадыр түні – Мұхаммед пайғамбарға ең алғаш Алланың аяты келген күн. Бұл түннің қадір-қасиеті туралы Құранда арнайы сүреде бар. 560 Бəрəт түні – шағбан айында келетін қасиетті түн. 561 Арыстан баб – Хазірет Мұхаммед пайғамбардың аманатын Иасауиге жеткізуші рухани ұстаз. 562 Ысхақ баб – Ахмет Иасауидің рухани ұстаздарының бірі. 563 Машайық – шайқылар. Қараңыз: Шайқы. 564 Иассы – бүгінгі Түркістан шаһарының ежелгі атауы. 565 Хорасан баб – түркі даласына Хақ ілімін таратушы бабтардың бірі. 566 «Асхаби Кəһф» иті – Құранда «Кəһəф» сүресінде аты аталатын Қитмир есімді ит. 567 Фəтуə – дін басшысы мүфтидің шығарған діни үкімі. 568 Əмирулла – Алланың əмірі. 569 Иллə мəн əталлаһа биқəлбин сəлим – қасиетті Құранның «Шұғара» сүресінің 89-шы аяты: «Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)» (26, 89). 570 Йə əйюһəллəзинə əмəну қу əнфусəкум – қасиетті Құранның «Тахрим» сүресінің 6-шы аяты: «Əй, мүміндер! Өздеріңді ...сақтаңдар». Аят толығымен: «Əй, мүміндер! Өздеріңді əрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген əмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны орындайды» (66, 6). 571 Лимə тəқулунə мə лə тəф′əлун – қасиетті Құранның «Саф» сүресінің 2-ші аяты: «...істемейтін істеріңді неге айтасыңдар». Аят толығымен: «Ей мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар» (61, 2). 572 Изəжə нəсруллаһи – қасиетті Құранның «Насыр» сүресінің 1-ші аяты: «...келген кезде». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) Алланың жəрдемі жəне жеңісі келген кезде» (110, 1). 573 Йəумə нəд′у куллə унəси биимəмихим – қасиетті Құранның «Ісра» сүресінің 71-ші аяты: «(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.) бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне, солар кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды» (17, 71). 574 Рахматиллəһ – қасиетті Құранның «Зүмəр» сүресінің 53-ші аяты: «...Алланың рахметінен...». Аят толығымен: «(Мұхаммед Ғ.С.): «Əй, өздеріне
зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнəларды жарылқайды. Өйткені, Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де» (39, 53). 575 Уəлқадари хайриһи уə шəрриһи – Барша жақсылық пен жамандықтың Алладан болатынына сену. Иманның алтыншы шарты. 576 Уə лəм йулəд – қасиетті Құранның «Ықылас» сүресінің 3-ші аяты: «... туылмады». Аят толығымен: «Ол тумады да туылмады» (112, 3). 577 Фи нəри жəһəннəмə – қасиетті Құранның «Бəйинə» сүресінің 6-шы аяты: «...тозақ отында». Аят толығымен: «Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар жаратылғандардың жауызы» (98, 6). 578 Хəлидинə фиһə əбəдə – қасиетті Құранның «Бəйинə» сүресінің 6-шы аяты: «...мүлде онда қалады». Аят толығымен: «Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне, солар, жаратылғандардың жауызы» (98, 6). 579 Харабат – сопылық дүниетанымда «майхана», «шарапхана» деген мағынаға ие. Сондай-ақ сопының бүтіндей фəна болуы да «харабат» деп аталады. 580 Михраб – мешітте имам тұратын орын. 581 Хорасан – Батыс Азия мен Мəурəннəһір арасындағы аймақ. 582 Бағдад – қазіргі Ирактың астанасы. 583 Мекке – қасиетті Мекке қаласы. 584 Рауза – бақша, бақ. Мұхаммед пайғамбардың жатқан жері. 585 Əбу Жəһіл – (Əбдул Хəкəм Əмр ибн Хишам) Ислам дініне қарсы шыққан Мекке байларының бірі. 586 Əбу Тəліп – Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы, Хазірет Əлидің əкесі. Мұхаммед пайғамбар жастай əке-шешесінен айрылғанда, Əбу Тəліптің қарамағында ер жетіп, соның тəрбиесінде болған. 587 Абдулла – Əбді Мүтəліптің ұлы Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың əкесі. Пайғамбар дүниеге келерден екі ай бұрын дүниеден өткен. 588 Əмина – Мұхаммед пайғамбардың анасы. Пайғамбар алты жасқа келгенде дүниеден өткен. 589 Пырақ – Мұхаммед пайғамбардың көкке көтерілгенінде мінген көлігі. Деректерде оның аттан үлкен, түйеден кіші екендігі айтылады. 590 Ахмет – Мұхаммед пайғамбар. Иса пайғамбарға түскен Інжілде өзінен кейін келетін пайғамбардың аты «Ахмет» болатындығы айтылып, Мұхаммед пайғамбарға ишара жасалған. 591 Микəйіл – үлкен төрт періштенің бірі. Табиғат күштерін реттеуші періште. 592 Əмин – Жебірейіл періште. Қараңыз: Жебірейіл. 593 Мешіт Ақса – Таяу Шығыстағы мешіттің аты. Оны Сүлеймен пайғамбар салдырған. Мұхаммед пайғамбар Миғраж оқиғасы күні əуелі осы мешітке келіп, екі бас намаз оқып кейін көкке көтерілген. 594 Сафиулла – Адам атаның лақап аты. 595 Раббил əғлə – намазда рукуғда иіліп тұрған уақытта оқылатын « » «Сұбхани раббил əғлə» дұғасының соңғы екі сөз. 596 Уфуқ – сопылық дүниетанымдағы ерекше бір мақам. 597 Рафраф – алтын төсекті ұшатын кілем. 598 Лəмəкəн – сопылық дүниетанымдағы мекенсіздік əлемі. 599 Тəхияту – сəлем, құттықтау деген мағына береді. Намаздағы соңғы отырыста оқылатын «əт-тəхият» дұғасын айтып отыр. 600 Абдулла ибн Аббас – қараңыз: Ибн Аббас. 601 Ливан – Таяу Шығыстағы ел мен жердің аты.
602 Лауху қалам
– барша мақұлықаттың тағдыры жазылған «Лауху махфуздың»
қаламы.
603 Хажар
– Ибраһим пайғамбардың екінші жұбайы, Исмайыл пайғамбардың
анасы.
604 Ібіліс
– шайтан қауымының үлкені, ұстазы.
605 Мина
– Меккедегі таудың аты.
606 Куфа
– Ислам əлемінде өзіндік орны бар көне шаһарлардың бірі.
607 Нұғман
– қараңыз: Буханифа Нұғман.
608 Бір уə бар
– Алла Тағала.
609 Сəбит
– Əбу Ханифаның əкесі.
610 Уəннəзиғəт
– қасиетті Құранның «Назиғат» сүресінің алғашқы аяты:
«Сүңгіп шығарушы» (78, 1).
611 Əптиек
– білгілі бір сүрелерді ішіне қамтыған жинақ.
612 Ағзам
– үлкен, ұлық. Мұнда Əбу Ханифаға «Ағзам» лақабының берілуі
туралы айтылып отыр.
ЕСІМДЕР КӨРСЕТКІШІ
Адам Сафи
Абдулла
Айша
Арыстан баб
Ахмет Иасауи
Аюб Əбу Бəкір Сыддық Əбу Жəһіл Əбу Тəліп
Əбу Ханифа Куфи Нұғман Əли Мұртаза Əмина Балқис Баязид Білəл Дəуіт Ескендір Жақып Жəмжəм Жəмшид Жүнейд Жүніс Жүсіп Зəкəрия Ибн Аббас Ибраһим Əдһам Имам Ағзам Иса Исмайыл Исхақ Йəжүж-Мəжүж Кейхұсрау
Қарұн Қызыр Лұқман Хакім Мансұр Мəді Мəриям ұлы Иса Мұса Кəлім Намрұт Нұх Омар Фаруқ Оспан Зиннурейн Сағид Салман Санжар Сүлеймен Уəйс Қарани Фатима Ферғауын Хадиша Ханбал Хасан Хатым Хорасан баб Хубби Қожа Хүсейін Һаман Шайқы Ибраһим Шайқы Марғузи Шаддад Шафиғи Шибли Шиш нəби Шұғайып Ысхақ баб Ілияс Яхия
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТОПОГРАФИЯЛЫҚ АТАУЛАР
КӨРСЕТКІШІ
Бағдад
Бақырған
Балх
Дежлə
Жейхун
Иассы
Ирақ
Қағба
Кенған
Кербала
Куфа Қашғар Қырым Қытай Ливан Маруа Мəдина Мекке Мешіт Ақса Мина Ніл Оман Рум Самарқан Сафа Тур Сина Түркістан Ухуд Үндістан Фрат Хайбар Хорасан Шам
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Арабско-русский словарь / Состав. проф. Х.К.Баранов. Москва: Государственное издательство иностранных и национальных словарей, 1957. – 1193 с. 2. Бакырган китабы. Казан: Татар. кит. нəшр. 2000. – 240 б. 3. Боқирғон китоби. Тошкент: Ёзувчи. 1991. – 80 б. 4. Ежелгі дəуір əдебиеті. Хрестоматия. Алматы: Ана тілі. 1991. – 280 б. 5. Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тарихы. Алматы: Санат, 1999. – 192 б. 7. Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі. Медине: Фаһд патшаның Құран шəриф басым комбинаты, 1991. – 604+49. 8. Персидско-русский словарь. Под. ред. Ю.А. Рубинчика. Москва: Советская энциклопедия, 1970. Т. І–ІІ. 9. Турар У. Тасаввуф тарихи. Тошкент: Истиқлол, 1999. – 180 б. 10. 814 – .1383
11. 1384. – 284 . 12. Хазірет сұлтан Ахмет Иасауи. Хикмет. Алматы: Жалын, 2002. – 272 б.
РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова Министерства образования и науки РК продолжает работу по подготовке и изданию очередных томов двадцатитомного свода «Əдеби жəдігерлер» («Литературные памятники»), издаваемого в рамках Государственной программы «Мəдени мұра» («Культурное наследие»). Седьмой том включает в себя произведения выдающегося суфийского поэта средневековья Сулеймена Бакыргани, ученика Ходжи Ахмеда Ясауи, признанного главы тюркской ветви суфизма, мыслителя, религиозного проповедника. Родился он в 1091 году в маленьком городе Бакырган на территории нынешнего Каракалпакстана. Начальное образование получил у местного муллы, затем свои знания пополнил в Самарканде, Бухаре, Хорезме, Дамаске. Был одним из четырех близких учеников Х.А. Ясауи. Писал на тюрки. Он автор более ста хикметов, а также дастанов «Ахырзаман» («Конец света»), «Мигражнама», «Кисса Исмаил», «Биби Мариям». Сулеймен Бакыргани, прозванный в народе «Хаким Ата» и посвятивший всю свою жизнь познанию бога и истины, внес большой вклад в тюркское словесное искусство. В главных своих произведениях поэт основное внимание уделяет вопросам эстетики, этики, гармонии человеческой души, воспевает силу и мощь Аллаха. По его выражению, вечная красота – это красота бога, чистота Аллаха является абсолютным бытием. Аллах создал четыре час ти Света, состоящего из земли, воды, огня и воздуха, создал мир растений, животных, насекомых и людей. Простолюдин не может познать красоту бога, поскольку между богом и человеком стоит «невидимый занавес». И по учению Бакыргани, человек должен вступить на путь истинный – путь суфизма, чтобы исчез «невидимый занавес», и тогда человек духовно очиститься и станет ближе к Аллаху. И наконец, только став суфистом, можно любить бога. Все это поэт рассматривает с позиции суфизма. По его наставлению, каждый человек должен стремиться к Аллаху путем свершения хороших поступков и только добрый, спокойный и ученый человек может стоять близко к богу. И Сулеймен Бакыргани вселяет надежду в человека и при этом отмечая, что он может достигнуть польностью духовной свободы, когда очиститься от самовосхваления, скупости, зависти, мещанства, ссор. В конце своего произведения «Ахырзаман» он выделяет три вида красоты: абсолютную красоту Аллаха, земную красоту, которая является лучом божественной красоты и духовную красоту. Основу любой честной жизни, по утверждению поэта-мыслителя, составляют гуманизм, демократия, социальная справедливость. Сулеймен Бакыргани скончался в 1186 году. Произведения поэта до нашего времени дошли в рукописном виде. Публикация же его наследия началась в середине ХІХ века. Впервые его произведения были изданы в 1846 году Казанским университетом. Затем до 20-х годов ХХ века были переизданы шестнадцать раз. В советский период в томах и сборниках, посвященных истории тюркоязычных литератур, были опуб ликованы только отрывки из его произведений. На русском языке выдержку из книг С.Бакыргани в 1897 году впервые опубликовал известный
ученый-тюрколог, академик Е.А. Малов в «Известиях общества археологов, историков и этнографов» (Т. ХІV. Вып. 1). Его произведения были переизданы лишь в 1991 году в Ташкенте и в 2000 году в Казани на основе опубликованных до 1917 года литографий. На казахский язык несколько хикметов Бакыргани перевели Б. Сагындыков, Р. Ахметов и Н. Матбек. Однако во всех до сих пор изданных книгах не полностью были опубликованы произведения поэта. Даже литографические образцы его произведений, изданные в Казани, не полностью осветили наследие С. Бакыргани. Это и понятно. Потому что хикметы поэта, широко известные всему тюркскому миру, были распространены в нескольких тюркских диалектах и сохранены в нескольких вариантах. Все это затруднило собрание и издание его произведений и тем более потребовало больших средств. И до сих пор все произведения Бакыргани не были изданы отдельной книгой. И только благодаря Государственной программе «Мəдени мұра» («Культурное наследие») впервые составлен большой сборник всех доселе известных произ ведений С. Бакыргани. Основная часть текстов произведений С. Бакыргани, включенных в настоящий том, была подготовлена на основе рукописи под названием «Бақырғани кітабы» («Книга Бакыргани»), сохраненной в отделе редких книг и рукописей Национальной библиотеки Республики Казахстан. В этой ценной рукописи кроме дастанов Бакыргани есть и произведения других нескольких поэтов, писавших в жанре хикмет. В том же включили собственно его сочинения «Кул Сулеймен», «Хаким ата», «Хаким ходжа», «Бакыргани», «Сулеймен». Другая же половина тома переведена и подготовлена на основе варианта книги «Бақырғани кітабы», изданной в 1848, 1898 годах в Казани. В целях полной передачи свойств суфийской литературы был сделан подстрочный перевод произведений Бакыргани. В некоторых местах нарушены римфы стихов, и поэтому даны смысл этих строк или четверостиший. Том к изданию подготовил кандидат филологических наук Торали Кыдыр. Им же осуществлен подстрочный перевод произведений С.Бакыргани. Объем тома – 480 стр.
SUMMARY The staff of M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art, Mіnіstry of educatіon and scіence, Republіc of Kazakhstan contіnues actіvіtіes on preparatіon and publіcatіon of the serіes of the twenty volume collectіon “Adebі zhadіgerler” (“Lіterary monuments”) publіshed wіthіn the framework of State program “Madenі mura” (“Cultural herіtage”). Volume 7 іncludes the works of the outstandіng Sufi poet of medіeval perіod Suleіmen Bakyrganі the student of Khodja Akhmed Yassayuі the well known leader of Turkіc branch of Sufi sm, phіlosopher and relіgіous preacher. He was born іn 1091 іn a small town Bakyrgan on the terrіtory of present Karakalpakstan. He learned from local mullah and then he studіed іn Samarkand, Bukhara, Khoresm, Damask. He was one of four closest students of K.A.Yassayuі. He wrote іn Turkіc language. He іs the author of more than hundred khіkmets and dastans “Akhіr zaman” (“The end of the world”), “Mіgrajnama”, “Kіssa Іsmaіl”, “Bіbі Marіam”. Suleіmen Bakіrganі who was named by people as “Khakіm Ata” and devoted hіs lіfe to cognіtіon of the God and truth, has contrіbuted much to Turkіc lіterature. Іn hіs maіn works the poet pays much attentіon the іssues of esthetіcs, ethіcs, harmony of human soul and he sіngs the power and mіghtіness of Allah. Accordіng to hіs expressіon, eternal beauty іs a beauty of God, purіty of Allah іs an absolute exіstence. Allah has created four parts of the World consіstіng of the land, water, fi re and aіr, world of plants, anіmals, іnsects and people. Sіmple human cannot cognіze the beauty of God, because between God and human there іs an “іnvіsіble curtaіn”. Accordіng to Bakyrganі’s іdea the human should accept the true way – the Sufi sm way and then the “іnvіsіble curtaіn” would dіsappear and the human wіll become closer to Allah. And fi nally only beіng a Sufi supporter one can love the God. The poet consіders all these іssues from the poіnt of Sufi sm. Accordіng to hіs exhortatіon each person should strіve to Allah by doіng good thіngs and only a kіnd, calm and educated person can be close to the God. Suleіmen Bakyrganі іnspіres a person and notes that he can reach complete spіrіtual freedom when he get reed of self praіsіng, stіngіness, envy, phіlіstіnіsm, quarrel. Іn the end of hіs work “Akhyr zaman” he outlіnes three types of beauty: absolute beauty of Allah, earth beauty that іs a ray of dіvіne beauty and spіrіtual beauty. Poet-phіlosopher consіdered that the background of any faіr lіfe іs based on humanіsm, democracy and socіal justіce. Suleіmen Bakyrganі dіed іn 1186. Manuscrіpts wіth poet’s works have reached nowadays. Publіcatіon of hіs works began іn the mіddle of XІX century. Fіrst hіs works were publіshed іn 1846 at Kazan Unіversіty. Later tіll 20th of XX century they have been publіshed sіxteen tіmes. Durіng Sovіet perіod the volumes and collectіons devoted to the hіstory of Turkіc language lіteratures іncluded only publіcatіons of the fragments of hіs works. Quotatіon from S.Bakyrganі’s book was fi rst publіshed іn 1897 іn Russіan language by a well known researcher of Turkіc studіes, academіcіan E.A.Malov іn “News of socіety of archeology, hіstory and ethnography specіalіsts” (T.XІV. Іss.1). Hіs works were re-publіshed only іn 1991 іn Tashkent and іn 2000 іn Kazan based on lіthographs that were publіshed іn 1917. B.Sagyndіkov, R.Akhmetov and N.Matbek have translated several Bakyrganі’s
khіkmets іnto Kazakh language. However all books publіshed by present perіod don’t іnclude complete publіcatіons of the poet’s works. Even lіthograph patterns of hіs works publіshed іn Kazan dіdn’t completely hіghlіght S.Bakyrganі’s works. Іt іs understandable. Іt’s because the poet’s works well known іn Turkіc world have been spread only іn several Turkіc dіalects and conserved іn several versіons. All thіs made dіffi cult to collect and publіsh hіs works and іt requіred much money. Stіll the book wіth all Bakyrganі’s works haven’t been publіshed and only due to the State program “Madenі mura” (“Cultural herіtage”) the bіg collectіon of the unknown works of S.Bakyrganі has been compіled for the fi rst tіme. Maіn part of the texts of S.Bakyrganі’s works іncluded іnto thіs volume has been prepared on the basіs of the manuscrіpt under the tіtle “Bakyrganі kіtabі” (“Book of Bakyrganі”) conserved іn the department of rare books and manuscrіpts of the Natіonal Lіbrary of the Republіc of Kazakhstan. Except for Bakyganі’s dastans thіs valuable manuscrіpt іncludes works of other poets who wrote іn khіkmet genre. The volume іncludes hіs works such as “Kul suleіmen”, “Khakіm ata”, “Khakіm khodja”, “Bakyrganі”, “Suleіmen”. Other half of the volume was translated and prepared based on the versіon of the book “Bakyrganі kіtabі” publіshed іn 1848, 1898. The word-for-word translatіon of Bakyrganі’s works was done wіth purpose of complete transfer of the features of Sufi lіterature. Іn some places the rhythm of verses has been broken and therefore the meanіng of these lіnes or quatraіns has been explaіned. The volume was prepared for publіcatіon by Toralі Kydyr, Candіdate of Phіlology. He has also done word-for-word translatіon of S.Bakyrganі’s works. Volume – 480 рр.
МАЗМҰНЫ Редакциялық Бас алқадан .....................................................................................................7 Хикметтер ..............................................................................................................................9 Ақырзаман .........................................................................................................................402 Миғражнама ......................................................................................................................408 Бибі Мəриям ......................................................................................................................422 Исмайыл қиссасы ..............................................................................................................429 Жарты алма ........................................................................................................................438 Түсініктемелер ..................................................................................................................447 Пайдаланылған əдебиеттер ..............................................................................................474 Резюме ................................................................................................................................475 Summary .............................................................................................................................477
Ғылыми басылым ƏДЕБИ ЖƏДІГЕРЛЕР Сүлеймен Бақырғани. АҚЫРЗАМАН Редакторы З.К. Башбаева Техникалық редакторы Г.Ə. Сəбитова Көркемдеуші редакторы С. Бахретдинов Компьютерде беттеген Ə. Молдахметова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген ИБ № 16 Басуға 05.12.08 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылым. Офсеттік қағаз. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Баспа табағы 30,0. Шартты баспа табағы 30,0. Есептік баспа табағы 30,0. Таралымы 3000 дана. “Таймас” баспа үйі” ЖШС. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 155-үй Тел.: 250-09-95, 250-09-96, 250-09-97, 250-09-98; факс: 266-21-14.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру