Біз білмейтін қазақтар
Ермек Зəңгіров
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Халық – кез-келген мемлекеттің маңызды өлшемі. Еліміздің тəуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу сол халықтың басты мұраты. Тəуелсіздігіміздің жиырма жылында жас мемлекетіміз орасан зор жолдан өтті. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының өкілдері қоғамдық- саяси өмірде де, əлемдік саясатта да белсенді позиция ұстанып отыр. Автор өз бұл кітабында халықаралық қауымдастықта жауапты қызм
?????
????????
Қазығұрт 2012
УДК 316 ББК 60.56 Т 47 Зəңгіров Е. Біз білмейтін қазақтар / Ермек Зəңгіров. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012. – 304 бет. ІSВN 9965-22-273-8 Т 47 Халық – кез-келген мемлекеттің маңызды өлшемі. Еліміздің тəуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу – сол халықтың басты мұраты. Тəуелсіздігіміздің жиырма жылында жас мемлекетіміз орасан зор жолдан өтті. Бүгінгі таңда қазақ ұлтының өкілдері қоғамдықсаяси өмірде де, əлемдік саясатта да белсенді позиция ұстанып отыр. Автор өз бұл кітабында халықаралық қауымдастықта жауапты қызмет атқарып жүрген бізге беймəлім қазақстандықтар туралы сөз етеді. Кітап көпшілік оқырманға арналады. УДК 316 ББК 60.56 ІSВN 9965-22-273-8 © Зəңгіров Е., 2012 © «Қазығұрт» баспасы, 2012 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министірлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылады
ҚАЗАҚСТАН –
МƏҢГІЛІК ЕЛ ҚАТАРЫНА ІЛІКТІ
Тəуелсіздігіміздің ең басты идеялық мақсаты – Қазақстанды
жерұйыққа айналдыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар-
баевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қа-
зақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген Қазақстан халқына
Жолдауында: «Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді
біріктіруші ұлттық стратегиясыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда əрқайсысымыз мынадай
қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз:
Бірінші – бəрінен бұрын біздің Отанымыз, Тəуелсіз Қазақ-
стан!» деп айтылған болатын.
Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік
адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы
негізінде құрылып, Тəуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал
сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа
да нұсқалығымен бағалы идея – «Жерұйық Қазақстан» болмақ.
Идеялар тарихында Жерұйық идеясы ақиқатқа айналып отыр.
«Жерұйық идеясын қазіргі Қазақстанның ұлттық идеясы-
на айналдыруға негіз жетерлік. Таратып айтар болсақ, Жер-
ұйық идеясы халықтың архаикалық санасымен астасып жат-
қандығымен құнды», – дейді философия ғылымының док-
торы, профессор Ақтолқын Құлсариева. Мəдениеттанушы, ға-
лым одан əрі «Қазіргі геосаяси сахнаның менмін деген «ойын-
шылары» АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Қытай,
Ресейдің болсын ұлттық идея мен идеологияға қатысты рə-
міздік əлемінде, тіпті саяси институттарының бүгінгі тыныс-
тіршіліктерінде де архаиканың алар орны зор. АҚШ Конститу-
циясында аркаика жеткілікті, ағылшындардың əлемдегі ең ірі
колониялар солардікі болғанына қарамастан, өздерін «Мейі-
рімді қартаң Англия» деуі, француздардың «Əсем Франция-
сы», жапондардың «Күншығыс елі», Ресейдің «Киелі Русінен»
бастап, қазіргі «Ұлы Ресейіне» дейін, Қытайдың «Аспан асты
империясы», «Айдаһарлар елі»... – барлығы да тұнып тұрған
архаикалық бейнелер. Оларға қарап ешкім архаикалық рəміз-
сөздер оларды артқа тартты демесі мəлім. Ендеше, неге бізге
«Жерұйық Қазақстан» бейнелі атауын мəдени-саяси дискурсқа
(зерттеу объектісі, авт.) салмасқа?!» дейді.
Жалпы, Жерұйық түсінігінде мəңгілік деген ұғым жатыр.
Өйткені, қазақтардың өзінің туған жеріне деген құрметі орасан
зор мəнге ие. Оны БҰҰ-ның сарапшылары айтып отыр.
Өткен аптада БҰҰ-ның сарапшылары болашақта əлем бой-
ынша жойылып кетуші елдердің тізімін жариялады. Зерттеу
қорытындысы бойынша келешекте тұқым-теберігі құрдымға
кететін елдердің қатарында Гонконг, Макао, Босния жəне Гер-
цеговина, Мальта, Словакия, Сингапур, Македония, Румыния,
Венгрия елдері аталыпты. Бұл аты аталған елдердің соңын
ала Ресейдің 2880 жылы жойылатындығы айтылыпты (Əрине,
бұл жерде əңгіме Ресейдің бірнеше бөлікке бөлінетіндігі тура-
лы болса керек. – авт.). Жойылушы елдердің тізімінің соңында
Франция, АҚШ, Тунис, Оңтүстік Корея, Австралия, Норвегия
жəне Əзірбайжан елдері тұрған көрінеді.
Сарапшы зерттеушілер сондай-ақ мəңгілік жасайтын елдер-
дің тізімін жасапты. Олардың қатарына Қара құрлық, Таяу Шы-
ғыс (Ираннан басқасы). Орталық Азия, оның ішінде Қазақстан,
Кавказ елдерімен бірге Ауғанстан, Пəкістан, Үндістан, Моң-
ғолия, Индонезия, Филиппин мемлекеттерінің аты аталыпты.
Сан миллиондаған халқы бар ірі мемлекеттердің ыдырауына
аграрлы мəдениеттің заман талабына сай төзе алмауы себеп бо-
латын көрінеді.
Миллионер қалалар көбейе түспек
Елімізде заманауи қалалар болсын десек, онда индустриа-
лизация қазанында қайнаған алып мегаполистер тарихына,
олардың даму жолында кезіккен мəселелеріне назар ауда-
рып, олардан үйренгеніміз жөн. Əйтсе де, біздің əсем Алматы
қаласы да əлемдік үрдістерден құралақан қалып қоймай, өзі-
нің мəдени миссиясын үздіксіз жетілдіріп келеді.
Қаланың көпшіліксіз болуы мүмкін емес, бұқарасыз қала –
қала емес, өлі қала. Қаланың бар байлығы да көпшілікте. Ал-
маты – еліміз қалалары ішінде халқының саны миллионнан ас-
қан тұңғыш қала. Оған əлі ешбір қала жеткен жоқ. Сондықтан,
оны əлемнің алып қалалары қатарына жатқызамыз.
Əлемде ең бірінші болып миллионер атанған қала – біздің
дəуіріміздің бас кезінде Рим қаласы болды. Алайда V-VІ ға-
сырларда Рим тұрғындары түрлі жағдайлармен азайып кетті.
1800 жылы миллионер қала болып Жапонияның Эдо (Токио)
қаласы атанды. 1850 жыл жұмыр жер үстінде миллионер қала
екеу болса, өткен ғасырдың 1985 жылында олардың қатары
273-ке жеткен. Ресей халқы Америкадан екі есе аз болғанымен,
миллионер қалалар саны жағынан олардан басым. Бүгінгі таң-
да миллионер қалалардың саны бойынша Қытай елі алда тұр.
Аспан асты елінде бүгінгі күні 99 миллионер қала бар. Одан
кейінгі Үндістанда – 37, Бразилияда – 14, Ресей мен Жапония-
да – 12, Мексика мен Индонезияда – 10, Америкада – 9, Оңтүстік
Кореяда, Пəкістанда – 8, Иран мен Түркияда – 6, Оңтүстік Аф-
рикада, Австралияда, Украинада – 5 миллионер қала бар екен.
Адамзат тарихында тұңғыш рет дүниежүзіндегі қала тұр-
ғындары мен ауыл тұрғындарының саны теңесті деген ақпарат
бар. Енді сандық көрсеткіш қалаға қарай ауысатын іспетті. Ин-
дустриализация арқасында қарқын алған урбанизация екпіні
таяу болашақта миллионер қалалардың санын көбейтетіні анық.
Сол сəтте сандық көрсеткіштермен қатар сапалық метаморфо-
заларды босаңсытып алмасақ игі.
Орал – ТМД бойынша үздік қала атанды
Мəскеуде жыл сайын түрлі тақырып аясында «ТМД мен
ЕурАзЭС елдеріндегі үздік қала» байқауы өтіп тұрады. Бұған
дейін Мəскеу үкіметі жəне халықаралық астаналар мен ірі қа-
лалар Ассамблеясының (ХАҚА) ұйымдастыруымен болған фо-
румда Қазақстанның төрт қаласы Астана, Алматы, Қостанай
жəне Шымкент қалалары «ТМД-ның ең үздік қаласы» бай-
қауында түрлі жүлделерге ие болып келген-ді.
Əрбір елдің экономикалық жəне мəдени-əлеуметтік дамуын-
да ірі шаһарлар мен астаналардың өз қолтаңбасы бар. Олар
əртүрлі ерекшеліктеріне, елдің ішкі саясатына, географиялық
ортасына, ұлттық жəне мəдени салт-дəстүрлеріне қарамастан,
сол қалалардың əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес
қосып келеді.
Жақында Мəскеу қаласында өткен ІІІ халықаралық «ТМД
мен ЕурАзЭС-тағы үздік қала» байқауында Орал қаласы «Қа-
ланы абаттандыруға жасаған кешенді қадам» номинациясы
бойынша бірінші орынды иеленді.
Ұлттың кескін-келбеті мен таным-түсінігі де қала арқылы
көрінеді. Бүгінгінің қаласы аралас мəдениеттердің мекені де-
сек те, сол аралас мəдениеттердің басын біріктіріп тұратын
жергілікті ұлттық реңк қазақ қалаларында басымдық сипатқа
ие. Қарап көріңіз, қазақстандық қалалардың бəрі гүлзарлар
мен субұрқақтарға бай. Қала дегенде бірден мұражайлар, кі-
тапханалар, театрлар еске түседі. Бұл – табиғи процесс.Ұл-
тымызға, салт-дəстүрімізге сай мүсіндік бейнелер де бүгінгі
қалаларымыздың ажарын аша түсуде. Орал қаласын аралаған
мəскеулік сарапшылар осыны байқапты. Оралдықтар соңғы
жылдары 11500 шаршы алаңға гүлзарлар отырғызып, 13000
шаршы алаңды жасыл көрікке айналдырыпты. Экзотикалық
сəн беретін қылқанжапырақты ағаш түрін отырғызудан да өзге
қалаларға үлгі көрсеткен көрінеді. Ежелгі дала өркениетінің қа-
сиетті сарқытындай сəулетшілердің қолынан шыққан құлын-
ды бие бейнеленген атарба, құйрық қауырсыны табиғи гүлмен
көмкерілген құстар бейнесі қалаға ерекше көрік сыйлап тұрған
көрінеді.
Қазақстан жастарының патриоттық
сезімі басымдық танытты
«Жерұйық Қазақстан» идеясының түпкі мəнінде патриоттық
сезім жатыр. Жастарды асқақ рухта, елдік пен ерлікті дəріп-
теуде, Отан-Ананы сүюде, еңбекті құрметтеуде, мамандық таң-
дауда, азаматтық келісімді сақтауда еліміз жастары – нағыз
патриоттық танытып отыр. Қазақ елі өз аумағында мекендеп
отырған бүкіл ұлыстарға да құтты мекен болуда өзгелерге
үлгі көрсетуде. Халқымыздың ешкімді сыртқа теппейтін кең
пейілін, дос көңілін, жатсынбайтын жарқын мінезін, бүтінді
бөліп, жартыны жарып жеуге бар дархандығын қай этностың
өкілі де сүйсінумен айтып отыр. Қысылғанда пана болған, сү-
рінгенде сүйеу болған қазақы мінезден өзге отандастарымыз
да үлгі алуда. Бұл біздің еліміздің барша азаматтарына тəн
«қазақстандық мінез» екендігін өзгелер де байқауда.
Жақында патриоттық көңіл-күйді зерттейтін Горшенин инс-
титутының сарапшылары 2010-2011 жылдардағы Ресей, Қазақ-
стан, Украина елдерінің Польшада өткізілген «Студенттер –
болашақтың келбеті» атты жылдық халықаралық социоло-
гиялық зерттеулердің қорытындысын жариялап, қазақстандық
жастарды өз Отандарына деген ең сүйіспеншілігі күшті ұлт-
жандылар деп тапты. Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Əнұранын
қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуден өзгелерден биік
көрінген жастар: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін
жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қа-
рапайым ойды бойларына сіңіріп өскендерін байқатқан. Сұ-
рау нəтижесінде ұлтжандылығы басым мемлекет ретінде Қа-
зақстан 68,2 пайызбен алға шыққан. Одан кейінгі орындарда
Ресей – 66,5 пайыз, Польша – 61,9 пайыз жəне Украина – 45,4
пайыз нəтиже көрсеткен. «Ұлтжандылыққа қалай қарайсыз?»
деген сұраққа Қазақстанда – 9,1 пайыз, Польшада – 10,5 па-
йыз, Ресейде – 12,1 пайыз, Украинада – 13,5 пайыз респондент
теріс жауап берген.
Мұның бəрі «Халықтың бірлігі» мен «Келешекке деген се-
нім» басымдықтарының арқасы деуге əбден болады. Демек,
біздің өткен 20 жылдағы табыстарымыз бен жетістіктеріміздің
нақ осы халық бірлігі мен татулығының арқасында болғанын
айтуға толық қақымыз бар.
Отансүйгіштік – сырт елдердің жүргізген сараптамалық қо-
рытындысының нəтижесімен емес, жастарымыздың іс-əреке-
тімен айқындалуы тиіс. Ол – ешбір көрсеткішке бағынбайтын,
күнделікті эволюциялық, табиғи құбылыс десек те, қоғамдық
зерттеу институтының қорытындысы көңіл қуантады.
ƏЛЕМ ЕЛДЕРІ
ӨЗ ҰЛТЫН ҚАЛАЙ МАҚТАНЫШ ЕТЕДІ?
Ұлтты сүю
Тəуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі –
адамдардың бойында еліміздің Тəуелсіздігін баянды ететін
ұлттық келісім рухын жəне отансүйгіш ұлттық идеологияны
нығайту болып табылады. Халықтың рухын көтеру, ұлтжан-
дылық қасиетті қалыптастыру Тəуелсіз мемлекетіміз үшін аса
маңызды мəселе болып отыр. Болашақта дамыған 50 елдің
қатарынан орын алу да, индустриалды-инновациялық даму
да, интеллектуалды ұлтқа айналу да – біз үшін өршіл мақсат,
ұлттық идея.
Ұлттық идеяның арқасында береке бірлікке қол жеткізген
Жапон елі, Малайзия, Түркия, Қытайдың бүкіл өмірлік кон-
цепциясы биік адамзаттық құндылықтарға құрылған болатын.
Қазір Еуропаның бірқатар елдері рухани қуатты мемлекетке
айналудың жалпыхалықтық бағдарламасын жасауда.
Кез келген мəселені қоғамның талқысынан өткізіп алатын
Батыс əлемі атақты «Harrіs Іnteractіve» ғылыми-зерттеу ком-
паниясы арқылы АҚШ пен Еуропа тұрғындарының арасын-
да: «Сен өз ұлтыңды сүйесің бе?» деген тақырыпта сауална-
ма жүргізіпті.
Сұрақ-жауап түрінде өткен сауалнама бойынша бірінші орын-
ды америкалықтар иеленіпті. Американдықтардың 96 пайы-
зы «Мен – американдықпын, американдық екенімді мақтаныш
тұтамын!» деп жауап беріпті. Итальяндықтар – 85 пайызбен
екінші, француздар – 81 пайызбен үшінші, испандықтар – 78
пайызбен төртінші, немістер – 57 пайызбен бесінші орынды
иемденіпті.
Ұлт жоқ жерде, ұлттық намыс, ұлттық рух жоқ жерде еш-
теңе өнбейді. Ұлт үшін жанын беруге даяр жоғарыдағы аме-
рикандықтар, немістер, испандар, француздар, итальяндық-
тардың бүгінгі саяси, экономикалық өрлеуде қол жеткен табыс-
тары болса, осының бəрінің ар жағында өршіл ұлттық намыс
жатыр дей аламыз.
Сан мың ұлттан құралған американдықтардың «Біз амери-
кандықтармыз!» деуде де, ағылшындардың əлемнің жарты ша-
рында үстемдік орнатып, колонилизмнің туын көтерсе де өз-
дерін «Қасиетті де мейірімді Ұлыбритания» деуі, жапондар-
дың «Күншығыс еліміз!» деуі, қытайлардың өздерін «Аспан
асты еліміз» деуі, Ресейдің «Ұлы Ресей державасы» атануы-
ның түпкі мəнінде де ұрпақ санасына ұлттық рухты сіңіру жат-
са керек.
Украиналықтардың үлгісі
Қазір бұл топқа Украина да кіруге қам жасап жатыр. Жа-
қында Украина үкіметі халықаралық саясаттағы жағымды
имиджін қалыптастыру үшін қомақты қаржы бөлудің тиімді
жолдарын қарастырды. Өз елінің əлемдегі зайырлы образын
қалыптастыру үшін 1,15 млн. доллар қаржы босатып, оны
қандай мақсаттарға жұмсау қажеттігі туралы арнайы бағдар-
лама қабылдады. ТМД кеңістігінде талай жанжалдарды ба-
сынан өткерген Украина соңғы уақытта батыл əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси реформаларды жүзеге асыруға бет
бұруда.
Украинаның даму тəжірибесі мен оның əсерлі жетістіктері –
бұл, сөзсіз, соңғы мақсатты анық көру, саяси ерік жəне қар-
қындылық сияқты символдық үш бірліктің нəтижесіне саяды.
Дəл осы үш бірлік Украинаға кеңестік кеңістіктегі реформалар
мен дамудың толыққанды көшбасшысы атануға секіріс жасауға
итермелеуде. Өмір – бəсеке, оған жол ашық. Ол – халықара-
лық аренадағы бəсекелестік талабынан да туындайды.
Бүгінгі таңда Украина үкіметі тиімді брэндті қалыптасты-
руға елдің бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдыруда.
Елдің Сыртқы істер министрлігінің ақпараттық саясат бөлімі
алдымыздағы қыркүйек айында екі бірдей фотоальбом шығар-
мақ. Алғашқы альбомда жалпы Украина туралы барлық мəлі-
меттер жинақталса, екінші альбомда халықтың тұрмыс-салты
мен əдеп-ғұрыптары, ұлттық ерекшеліктер мен қонақжайлы-
лығы туралы түрлі-түсті суреттер аллеясы қамтылмақ. Сондай-
ақ, халықаралық телеарналардан көрсетілетін 15 минуттық
фильм мен үш минуттық «Украинаны таныңыз!» атты ролик
түсіру ойластырылуда.
Мемлекеттік басқару қүрылымдарында украин тілінің бе-
делі артып, оның қолдану аясы арттырылуда.
Ұлтты белорусша сүю
Ұлттың рухани діңгектерін нық қадайтын ұлттық идея-
ны Белорус билігі де биік мақсат ретінде қойып отыр. Бело-
рус халқының ұлттық имиджін көтеру мақсатында мемле-
кетте кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Оның идеялық маз-
мұнында «Дүниежүзіне белорустар не берді?» деген түсінік
қалыптасқан. Жақында осы шараның негізінде белорустың
ұлттық мақтанышы Янко Купалоның таңдамалы өлеңін 50 мың
тиражбен басып шығарып, оны хинди, француз, ағылшын, қы-
тай тілдеріне аударып, тегін таратты. Мұндай тəжірибе бұрын
да кəрі құрлықта болған. Мəселен, Еуропада Данте, Гете, Қы-
тайда Конфуций ілімі күні бүгінге дейін ұлт дамуының ма-
нифесі ретінде қолданылады.
Отансүйгіштік ұлттық идеологияны күшейту жөнінде өткен
іс-шарада Белорус президенті мəселені турасынан қойды. «Біз
бір сəтте 50 Эйфель мұнарасын салғанымызбен, ешкімді таң-
ғалдыра алмаймыз. Ол бізге түк бермейді. Өйткені, ол көшірме
болып шығады. Жылтырақ еуропалық үйде қажет емес. Бізге,
белорустарға тəн исі бар құндылықтар қажет» деді.
Қазір бүкіл Белорусь ұлттық рухани менталитетіне «төңке-
ріс» жасалуда. Адамды үстіне киген киімі мен көшеге ілінген
жарнаманың өзі тəрбиелейді. Осы мақсатта Белоруста ұлттық
киім үлгісін жоспарлауда арнайы Ғылыми зерттеу институты
құрылған. Отандық өндірістен шыққан киімдерді кию мəселесі
қазір мектеп партасынан бастап, мемлекеттік шенеуніктерге
дейін міндетті шара ретінде қарастырылып отыр.
Қазіргідей аса жауапты кезеңде халықтың еңсесін түсірмей,
ел ішіндегі идеологиялық жұмыстарды талдап, бүгінгі қоғам
құрылысына баға беріп отыратын ақыл-ой орталықтары да құ-
рылуда. Шетелдерден беріліп жатқан түрлі жағымсыз ақпа-
раттар мен ел ішіндегі арандатушылық ақпараттарды талдап,
жоққа шығарып, мемлекет мүддесін қорғаудың да кешенді
шаралары қолға алынуда.
Венгрлердің жеңісі
Болашақта ұлтты сақтаудың жолы – білім мен ғылымға
сүйенетін болады. Батыс əлемі осыған екпін түсіріп, оны мем-
лекет құрылысының барлық саласында қолданып отыр. Олар
мемлекеттің аймақтық экономикалық, индустриялық, аграр-
лық қоғамдық-рухани дамуына жүйелі зерттеулер жүргізіп, ар-
найы бағдарламалар, жобалар əзірлеп, оны жүзеге асыруға
жанталасуда.
Ұлт білімінің жоғары, денсаулығының мықты болуы, мəде-
ниетінің биік деңгейде болуы – тікелей əлеуметтік саламен ас-
тасып жататындығы белгілі. Инновациялық кластерлерді же-
дел дамыту үшін мүмкіндік туғызу, жаңашыл ғылыми-басқару
ақпаратын, адам факторының түбегейлі өсуін жəне ұлттық
қаржы архитектурасының тұжырымын жасауды пысықтау қа-
жеттілігі сұралуда. Дəстүр мен инновация арасында, соның
ішінде əлеуметтік-мəдени ортада тепе-теңдікті сақтау ауадай
қажет болып тұрған бүгінгі заманда аталған мəселе аса ма-
ңызды. Өз отанының игілігі үшін адамды жасампаз еңбекке
нысаналы дайындаумен, өз елін сүйе білетін, байланысын үз-
бейтін, мүдделерін қорғайтын, өз халқының ең озық дəстүр-
лерін сақтайтын ұрпақ тəрбиелеу де жекелеген елдердің басты
мұратына айналуда.
Отаншыл болу дегеніміз – өз қаласы мен елін көркейту жо-
лында нақты пайдалы істер жасау.
Венгер үкіметі əлемдегі өз халқын 100 пайыз пəтермен қам-
тамасыз еткен ел. Əлеуметтік маңызы зор мəселені шешкен
Үкімет халықаралық қаржы ұйымдарынан мол көлемде несие
алып, əрбір отбасын компьютермен қамтамасыз етті. Компью-
термен жұмыс істеуді тегін оқытып, жақсы меңгеріп шыққан
отбасына басып шығару аппаратын сыйға тартты.
Жер бетіндегі барлық адамдардың күнделікті уақытының
тең жартысы жоқ іздеу, кезекте тұру, дүкен аралау т.б., мəсе-
лелеріне кетеді екен. Венгерлер компьютерді тез меңгеру ар-
қылы бұл мəселелерді де шешіпті. Қоғам өмірінің барлық мə-
селелері электронды ақпарат жүйесіне енгізілген сəтте əрбір
венгер азаматы өз қажеттілігін техника тілімен шешетін жағ-
дайға қол жеткізген. Салық, пəтерақы төлемдерін, киім, азық-
түлік, жол жүру билетін компьютер арқылы тапсырыс беру
арқылы шешуді бір жүйеге қойып алған. Осының арқасында
көшеде халықтың сапырылысы азайған. Мұның өзі көше тəр-
тібінің бір ретке келуіне жол ашып, тығындардың азаюына əке-
ліп соққан. Венгерліктер бұл жетістіктерін одан əрі жетілдіруде.
Болашақтың ілімі
Адами капиталды күшейтудің бірден-бір жолы – ілім. Ол
бізде бар. Мұнай, көмір, газ – бұлар жердің астынан шығатын
тозақтың қуаты. Ал білім, ілім Жаратушының берген қуаты.
Батыс əлемінде халықты жат əдеттерден сақтайтын идеоло-
гиялық құрал жоқ. Олар содан бұзылуда. Бүгінгі қолданып
жатқан идеологиясы ол бізден, Шығыстан үйренгені.
Пəкістан халқы өз тəуелсіздігін алған 50 жыл ішінде ақын
Мұхаммед Əли Джинаны ұлт бағдаршамы ретінде үлгі тұтса,
Үндістан – Тагорды ұлт мақтанышы, бастаушы ретінде көсем
тұтады. Егер біз де Абай ілімін бағдаршам ретінде басшылық-
қа алар болсақ, біздің үлкен жетістігіміз солар болар еді.
Абайдың «толық адам» ілімі біздің бүкіл болмысымызға жа-
уап береді. Ол туралы академик Мекемтас Мырзахмет былай-
ша ой өрбітеді: «Толық адам» ілімі мұқым Еуропада жоқ. Тіпті,
ХІ-ХІІ ғасырға дейін араб-парсы əлемінде «кемел адам» де-
ген болмаған. Ол ұғымды көне түркілер əкелген. Оның арғы
жағында əл-Фарабидің «парасатты адам» деген ойы жатыр.
Абай «толық адам» ілімін неге шығарды, не қажеттіліктен ту-
ды? Себебі, Абай Ресейден құтыла алмайтынымызды білді.
Алысып, төбелесіп, ештеңе істей алмаймыз. Тек тілін, ділін
білу керек деген ойға келді. Ұлтты сақтаудың жолы – білім мен
ғылымда деп білді. Өмірінің соңғы 10–15 жылын осы «толық
адам» ілімін насихаттауға арнады.
Түбінде, біздің мемлекет Қазақстанның моральдық кодек-
сін жасайтын болса, соның іргетасы Абай ілімі болуға керек.
Сол уақытта əлем мұны мойындауына тура келеді» дейді.
Өткен тарихын білген халық келешекке нық сеніммен қа-
райды. Біз 3000 жылдық көне жазу тарихы бар елміз. Білге
қаған, күлтегін ұстынын орнатып, елдік, ұлттық, мемлекеттік
манифесімізді көк тасқа қашап жазып, мəңгілік ұран көтерген
елміз. Түркі халқы – тым ерте сауаттанған халық. Ол өзінің ұлы
рухымен Гун, Көктүрік, Жошы-қыпшақ империясын орнатты.
Ал біз осындай үш үлкен империя құрған ұлттың ұрпағымыз.
Сондықтан осылардың бəрін біздің ұрпақ жан-тəнімен сезініп,
ұлы рухпен өсуі керек. Сонда ғана ұлтымыздың рухы биіктей
түседі. Ол үшін белгілі бір бағытта жұмыс істейтін ұйым ке-
рек. Кезінде біртұтас лагерьде бірге болған Грузияда – гру-
зин ұлтын əлемге танытатын арнаулы мемлекеттік комитет
жұмыс істеген. Бүгінде Польшада – Мəдениет жəне Ұлттық
мұра министрлігі болса, біртұтас корей ұлты тұратын Оңтүстік
Кореяда – Патриотизм министрлігі бар. Осылардың бəрі ұлт-
жандылық қасиеттерді қалыптастырумен айналысады екен.
Қазақстан тек қана қазаққа ғана құт-береке болған жоқ. Қа-
зақстан өзін мекендеп отырған бүкіл ұлыстарға құтты мекен
болды. Қазақ елінде дүниеге келген, өскен басқа этностар өкіл-
деріне де Қазақстан Отан болып табылады. Демек, Отанды сүю –
ол тек қазақтардың ғана емес, осы жерде мекендеп отырған
барша этнос өкілдерінің қасиетті борышына айналуы тиіс.
ЖОЛДАУДЫҢ ТАРИХИ МƏНІ
«Ұлттың өмірі адал, сенімді жəне
қайырымды болғанда ғана
қауіпсіздікте болады».
ДУГЛАС
Мемлекет басшыларының халыққа арнаған Жолдауы – сол
мемлекеттің жыл бойындағы ең басты құжаты болып табы-
лады. Жалпы, Жолдаудың тарихы əріден басталады. Біз сəл
шегініс жасап, оны берідегі кеңестік жүйенің тарихынан ба-
стап көрейік.
Қазақстан Президенті өзінің ең алғашқы Жолдауын 1997
жылы жариялады. «Қазақстан – 2030» Стратегиясын жария ету-
мен басталған бұл үрдіс бүгінде қазақстандықтардың жыл бо-
йындағы ең басты бағыттарын айқындап келеді.
Елбасымыз өз Жолдауында ең алдымен ел қауіпсіздігін қам-
тамасыз ететін қадамдарды қарастырды. Қазақ жерінің мем-
лекеттік шекарасын бекемдеп, халықтың алаңсыз өмір сүруіне
қолайлы жағдай жасады.
Тəуелсіздігіміздің тарихының он сегіз жылғы кезеңі – дə-
уірлеу кезеңі. Бұл уақыт аралығында Қазақстан түбегейлі өз-
герді. Бұл уақыт аралығында əлем де талай өзгеріске түсті.
Президенттің алдыңғы жылғы Жолдауы «Жаңа əлемдегі жаңа
Қазақстан» деп аталуында үлкен алғы шарттар болды. Ішкі
жəне сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын нақты
белгілеп, оларды жүзеге асырудың жолдарын көрсеткен ол Жол-
дау Елбасымыздың əлемдік деңгейде, аса кең ауқымда ойлай-
тын басшы екенін таныта түсті.
Қазіргі таңда əлемде қалыптасқан түрлі экономикалық дағ-
дарыстарға қарамастан, мемлекетіміздің əлеуметтік салаға, ха-
лықтың əлеуметтік жағдайына қатысты ұстанған саясаты, сол
саясат негізінде жүргізіліп жатқан əлеуметтік бағыттағы ре-
формалар ешбір өзгеріске түскен жоқ. Бұл халықтың тұрақ-
тылығын қамтамасыз етті.
Президенттің ұстанған күшті əлеуметтік саясаты, мықты
экономикалық блогы оппозициялық күштердің əлеуметтік ба-
засын əлсіретті. Өткен Жолдау белсенді саяси диалогқа құ-
рылды. Оның контексінде бірнеше ой тұжырымдалды. Оппо-
зициялық күштермен жəне барлық саяси партиялармен диа-
лог жасау да болды, саяси реформаларды қолға алу да болды.
Елбасымыз барлық Жолдауларында ұлт мүддесі үшін барлық
күштерді үйлестіруді міндет етіп қоя білді. Соның арқасында
саяси ой қағысында кереғарлық пікір алуандығы орын алған
жоқ. Бұл – ең басты мақсат еді.
Қазақстан Президентінің бұдан бұрынғы «Қазақстан халқы-
ның əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақ-
саты» жəне өткен жылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен да-
муға» атты Жолдаулары қазақстандықтарды ортақ бірлікке жұ-
мылдыруда идеялық маңызы зор болды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына арнаған Жолдауы «Болашақты бірге құрайық» деген
атаумен халықты ынтымаққа, бірлікке, ортақ идея айналасы-
на топтасуға шақырған үндеу болды. «Бейбітшілік пен жасам-
паздыққа 20 жыл» аясында құрылған Жолдау халықты ғалам-
да болып жатқан өзгерістердің қалтарысында қалып қоймауға
шақырумен де құнды дүниеге айналды.
Жолдаудың лингвистикалық құрамына бірнеше талаптарды
қамтыды.
Жолдау – 52 минут 8 секундқа жалғасты. Онда ұлт сөзі –
6 рет, халық сөзі – 20 рет, ислам конференциясы сөзі – 2 рет,
отандастар сөзі – 3 рет, жол картасы сөзі – 2 рет, қазақ сөзі –
1 рет, саммит сөзі – 1 рет, ұлыс сөзі – 1 рет айтылды.
31 рет қол шапалақтап қошемет көрсетілді, 2 рет ынтымақ
бірлікке негізделген мақал айтылды.
Енді əлем елдерінде Жолдау қалай қабылданады, оның тари-
хи мəні неде, соған тоқталып өтейік. Кейбір мемлекеттер Жол-
дауды өз Конституцияларында бекітіп, нақтылап алса, Пар-
ламенттік республикаларда ол қарастырылмаған. Мəселен, Ре-
сей Федерациясының Конституциясының 84-статьясының «ж»
тарауына сəйкес Ресей президенті жыл сайынғы дəстүрлі Жол-
дауын Федеральдық Жиналыс алдында жасап, елдің ішкі жəне
сыртқы саясатын айқындап береді.
Ресей президенті Борис Ельцин, өзінің ең алғашқы Жолда-
уын 1994 жылы 24-ақпанда жасап, онда «Ресейдің мемлекет-
тігін нығайту» жөнінде Федерациялық Кеңес пен Мемлекеттік
Думаның бірлескен мəжілісінде Жолдаудың толық мəтінін мə-
лімдеді. Федерация президентінің одан кейінгі Жолдаулары
«Ресейдегі мемлекеттік биліктің орнығуы», «Біз Ресей үшін
жауаптымыз», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» негізгі бағыттар-
ды қамтыды. Оған себептер де бар еді.
В.Путин Ресей Федерациясының президенті болып сайла-
нысымен «ұлт» ұғымына, этномəдени емес, азаматтық қауым-
дастық – «саяси ұлт» мəніне басымдықтар берді. Ол «Ресейлік
ұлт», «Ресей азаматтары», «Біз ұлт ретінде», «Біз Ресей хал-
қы», «Біртұтас Ресей халқы», сияқты ерекшеленіп тұратын
ұрандарға екпін түсірді. Оның түпкі идеялық мəнінде ұлтты
біріктіру идеясы жатты. Ұлт жəне одан туындайтын «ұлттық
мүддеге» Путин Жолдауларында басымдық берілген. Ресей ға-
лымдары В.Путин «ұлт» сөзін 2000 жылы – 10 рет, 2005 жы-
лы – 15 рет, 2007 жылы – 18 рет пайдаланғанын айтады.
Бүгінгі күні Ресей халқы ресейлік азаматтық қауымдастық-
қа қарай бет бұрды. 90-жылдары Ресейдің көптеген азаматта-
рының санасында ресейліктен гөрі республикалық азаматтық
сана басымдық танытқан еді. «Ресейдің көп ұлттылығы іспетті
зиянды доктринаны аластау керек. Елде барлық ұлттық топтар-
ды сіңіріп алып, тек біркелкі орыс ұлты ғана қалса, русофобия
өзінен-өзі жоғалады» деушілер де баршылық.
Ұлы орыстық менмендік өзге ұлттардың оларға деген се-
німсіздігін тудыруда. 1997 жылдан бастап, Федерация құра-
мындағы ұлттық республикалардан орыстардың үдере көшуі
қатты байқалады. Татарстан, Башқұртстан жəне Чуваш респуб-
ликаларында славян ұлт өкілдері азшылыққа айнала бастаған.
Олар тіпті, саяси дербестік туралы пікірді ашық алаңға алып
шығуда.
Ресейдің қазіргі президенті Д.Медведевтің өткен жылғы
Жолдауында ұлы орыстық «мен» бұрынғыдан гөрі əлжуаздау,
бірақ Федерация бірлігі туралы күшті шақырулар бар. Осының
бəрі, айналып келгенде, Ресей билігін бір ұлт жасау туралы
емес, Федерацияны сақтап қалу жайында көбірек ойлануға
мəжбүр етіп отыр.
Енді бастапқы сөзімізге оралайық. Жалпы, əлем халықта-
рының тарихында ең алғашқы Жолдау 1790 жылы жасалған.
Халыққа Жолдаудың негізін салған АҚШ президенті Джордж Ва-
шингтон болатын. Бертін келе оның халыққа берілуі де түр-
лі бағытта дамып отырған. 1923 жылы АҚШ-та Жолдау тіке-
лей радиодан берілсе, 1974 жылы ол теледидардан тікелей
көрсетілген. Ал 2002 жылы Жолдау халыққа интернет арқылы
таратылған.
Əлеуметтік категориялар өзінің табиғи процесінде дамиды
деген пайым ұғымында АҚШ қоғамында ол туралы сөз ай-
тылмайтын кезеңдер де болған. 1823 жылы АҚШ президенті
Монроның «Америка америкалықтар үшін» атты доктринасы
америка халқының ұлттық санасын ұйқысынан оятқан. Кейін
оны Вудро Вильсон одан əрі дамытып, 1902 жылы халыққа
Жолдауында «Америка Құрама Штаттары өркендеп, өз ішінде
тұйықтау дəуірінен өтті. Енді оның жаңа кезеңі басталды, бұ-
дан былай əлемге АҚШ қана билік етеді» деген ұран тастаған.
Бұл ұранның жүзеге асуын президент Теодор Рузвельт дамы-
та түскен. Ол өз Жолдауында «Басқа елдер ғаламдық үстемдік
үшін жанын қиюға дайын» дей келіп, планетаны басқару рөлі-
не ие болу жолындағы күреске қайрап салған. Осы үндеулер
кейін мемлекеттің ұлттық идеясына айналып, құрлықта тари-
хи абсолютизмге негізделген америкалық ұлтшылдық өршіген.
Оның əсері америкалықтардың енді ғаламға төрелік етуі үшін
бұрынғыдан да біріге түсуіне ықпал еткен. Өткен ғасырдың
орта шенінен кейін ғана Америкада əлеуметтік мəселелерге
көңіл бөліне бастады.
Буржуазиялық мемлекеттік құқықтық нормативте Жолдау –
Президенттің ел Парламентіне үндеуі түрінде айқындалған.
Ол – (Жолдау) Парламенттің үкіметтік саясаты туралы хабар-
ламасы ретінде де қарастырылған. Бұл тəжірибе Президент бір
мезгілде Үкімет төрағасы болып табылатын Президенттік Рес-
публикаларға да тəн.
Жолдау – атқаратын əлеуметтік, саяси салмағына қарай
бірнеше түрге де бөлінеді. Мысалы, Америка президенті жыл
сайын Конгреске үш түрлі – елдегі жағдай, экономикалық
жəне бюджет мəселесі бойынша өз Жолдауын жолдайды екен.
Ал Мексикада ел президенті Парламентке мемлекеттегі жалпы
жағдай мен алдағы жылға арнаған Заң шығару бағдарламасы
туралы өз көзқарастарын жіберетін көрінеді.
Жолдау – орындалуына қарай, бірнеше əдеби жанрларға да
бөлінген. Ол – өлең түрінде, түрлі салтанатты басқосуларда
ұран түрінде де, философиялық ойлау тақырыбында да жа-
зылған. Сатиралық тақпақ жəне картина түрінде де орындалған.
Жолдаудың өлең формасындағы түрі ежелгі Александрия дəуі-
ріндегі гекзаметр (антикалық) сарынында орындалса, Гораций
құрған поэзия мен проза жанрындағы Жолдау – əңгімелесу
түрінде болған. Əсіресе, Франция қоғамында қалыптасқан Жол-
дау дүниежүзінде көп қолданысқа ие болған.
Əдеби жанрларда орындалған Жолдауларда атақты ақындар
Буало, Вольтер, В.Гюго, К.Делеваню, Виландо, Гете, Сумаро-
ков, Ломоносов, Карамзин, Жуковский, Пушкиндердің қолтаң-
балары бар. Олардың тарихи мəні туралы, Ресей Федерация-
сы Конституциясы туралы энциклопедиялық сөздікте, үлкен
кеңес энциклопедиясында, Брокгауз жəне Ефрон кіші энцикло-
педиялық сөздіктерінде жан-жақты жазылған. Алайда тəуел-
сіздік жылдары жарық көрген Қазақстанның ұлттық энцикло-
педиясында Жолдау мен оның тарихи мəні туралы бір ауыз сөз
айтылмапты.
Ел ішінде бүліншілік туған кезде халықтың екіге жарылуы-
на Жолдаудың игі ықпалының əсері болған оқиғасы да бол-
ған. Мысалы, Осман мемлекетінің ыдырауы, Ататүріктің бас-
шылығында өткен түрік халқының ұлт азаматтық күресі жəне
Түркия Республикасы мемлекетінің құрылып, қалыптасуы мен
жүзеге асырылған төңкерістерді түсіндіретін жарқын дəуір тү-
рік тарихы үшін Жолдаудың өте маңызды рөл атқарғанын ай-
туымыз керек. Оның ұлт, мемлекет үшін аса маңыздылығын
ескерген Түркиядағы Ататүрік зерттеу орталығы мемлекеттегі
ішкі тəртіпті қамтыған 1919–1927 жылдардағы жағдайды бір
шығармаға жинақтап, үлкен кітап етіп шығарыпты.
Қырық баспа табақ басылымнан тұратын бұл шығарма
Түркия Республикасын құрушы Ататүріктің өзі жазып, 1927
жылы 15–20 қазан күндері Анкарада өз аузымен Мəжілісте
36,5 сағатта оқыған құжаттар жиынтығы болып табылады.
Бұл еңбекті ұлттық күрес басшысының өзі жазуы, яғни тарих-
ты жүзеге асырған адаммен жазған адамның бір тұлға болуы
тұрғысынан тарихи құндылығы өте зор. Жолдауда айтылған
оқиғалар, отан жəне халыққа деген сүйіспеншіліктің əртүрлі
дүниелік мансаптардан жоғары екендігі көрсетіледі. Ол осы
жағымен де халықты тура жолға бағыттайды. Өзін түрік хал-
қының бақыты жолына бағыштаған керемет қабілет иесі, ұлы
қолбасшы жəне мемлекеттік қайраткер ретінде осы еңбегін,
түрік халқына жолсерік ретінде қалдырған Ататүрік өзінің
Жолдауында күрес философиясын жан-жақты түсіндіреді. Бұл
ұлттық тарих жəне мəдени санада Түркия Республикасы мем-
лекетінің қалай дамығанын, əлеуметтік, экономикалық жəне
əкімшілік алаңдарындағы реформаларын түсіндіретін сенімді
дерек көзі.
Мұстафа Кемал Ататүрік Жолдауда Түркия Республикасы
мемлекетінің басып алушы империалист мемлекеттерге қарсы
əскери салада қол жеткізген табысын саяси мағынада да қалай
қорғағанын көрсетіп, келесі буындарға барлық салада сəулесін
түсіретін бір еңбекті жазып шығарған.
Жолдау алдымен 1927 жылы біреуі негізгі мəтін, екіншісі
құжаттар ретінде арап əріптерімен екі том болып басылып
шыққан. Бүгінгі күнге дейін 15 басылымы жүзеге асқан осы
құнды шығарма көптеген шет тіліне аударылып, бірнеше ба-
уырлас түркі тілдеріне де аударылып басылған. Ататүріктің
ұлттық күрес тарихын түсіндіретін жəне түрік халқына арна-
ған өсиеті іспетті бұл еңбек 2006 жылы Анкарада қазақ тілін-
де жарық көрген.
Міне, Жолдау тарихының мəні мен сыры осында жатыр.
ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ
Қазақстанның ең алғашқы ғаламдық бастамасы əлемдік сая-
сатта ақиқатқа айналды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1992
жылғы қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында
ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары
жөніндегі кеңесті (АӨСШК) құру жөніндегі бастама бейбіт-
шілік жақтаушы елдер тарапынан қолдау тауып, ол бүгін бе-
делді халықаралық форумға айналып отыр.
Кеңес мемлекетінің тарауы, жаңа тəуелсіз елдердегі саяси
жүйелердің тұрақсыздығы, əлемдік геосаяси ахуалдың күрт
өзгеруі, соғыс жəне ұлтаралық, этностық қақтығыстардың кө-
беюі сынды мəселелер əлемді бөліске салу жайлы жаңа тұжы-
рымды жақтаған күшті мемлекеттердің арасындағы дүрдараз-
дықты өршітіп жіберді. Адамзатқа апат алып келетін мұндай
келеңсіздіктің алдын алу қажеттігі өткір күйінде тұрған сəтте
Қазақстан Президентінің ақыл-ой парасаты бұл майданда же-
ңіп шықты.
ХХІ ғасырда Азия құрлығы əлемдегі саяси процестердің
орталығына айнала бастады. АӨСШК-ға қатысушы мемлекет
басшылары мен өкілдерінің Алматыда өткен тұңғыш саммиті,
құрлықтағы мемлекетаралық ауқымды жобалардың бірі ретін-
де толық танылып, əлемдік өзге саяси ұйымдардың қызығу-
шылықтарын танытты.
Азия – құрлығы планетадағы мазасыз аймақтардың бірі.
Əлемдегі ең «ыстық нүктелер» де Азия аймағында орналасқан.
Таяу Шығыстағы бітіспес шиеленіс, Ауғанстандағы қырғын,
Ирак пен Ливандағы текетірестің əсері бүкіл адамзатқа қа-
уіп төндіріп отыр. Осының бəрі жинақтала келе азиялық мемле-
кеттерді ортақ бір мəмілеге келтіруге өз кедергісін келтіруде.
Азияны мекендейтін халықтардың елеулі бір бөлігінің өмі-
рі кеңестікте шектеулі. Мұның өзі жекелеген мемлекеттер ара-
сындағы бəсекелестік көріністеріне, қыр көрсету синдромына
əкеліп соқтырып келді.
Аймақ мемлекеттерінде байқалып отырған экономикалық
дамудың əртүрлілігі Азиялық ынтымақтастық процесін де те-
жеп отыр. Оның үстіне бүгінгі Азия құрлығында ядролық қа-
рулану процесі күрделі бағыт алып отыр. Осының бəрі жер
бетінде өмір сүріп отырған адамдарды қатты алаңдатады.
Күн өткен сайын Азиялық жəне оны құрайтын аймақтар
əлем жұртшылығының назарын өзіне аударуда. Сондықтан
Азияға тəн проблемалардың санаты күрт өзгеріске түсіп отыр.
Оның үстіне аймақтық табиғат қойнауындағы байлық та өзге
алпауыт елдердің көз құртына айналып кетті. Айласын асыру-
шылар адамзаттың ең қарапайым деген игіліктерге қолы жетпе-
ген, рухани, моральдық жəне материалдық тұрғыда қамтылған
бөлігін өз қатарына ықыластана тартуда.
Бақылаусыз көші-қон ағыны, босқындар санының күрт кө-
беюі, Азияның қауіпсіздігіне төнген тура қатер. Міне, осылар-
дың бəрінің алдын алу қажеттігі туындағанда Қазақстан бас-
шысы өз бастамасымен аймақта былай өмір сүруге болмайты-
нын көрсетіп берді.
Құрлықтағы елдердің ежелгі мəдениеті мен тарихи дəстүр-
лері, айрықша даму жолдары мен өз ерекшеліктері бар. Оны
жоғалтпай, болашақ ұрпаққа сол күйінде қалдыру да үлкен
жұмысты талап етеді. Əйтпесе, жаһандану сияқты алып «жал-
мауыздың» аранында шайналып кетесің.
АӨСШК идеясын іске асыру біздің мемлекет сыртқы сая-
сатының азиялық векторындағы басым міндеттердің біріне ай-
налды. Бастамашыл идеяның авторы ретінде Қазақстан қара-
пайым мəселеден күрделісіне қарай алға басудың жолын таң-
дап алды. Бұл формула дайындық процесіндегі табыстың ке-
пілі болып, оған мүше елдердің ортақ күш-жігерінің арқасын-
да Азиялық Кеңес процесінің аяғынан нық тұрғанын айтуға
болады.
Азиялық Кеңеске қатысушы елдер лидерлерінің алғашқы
саммитін өткізу барысында Қазақстан дипломатиясын табысқа
жеткізген осы формула қолданылып, назар жалпы жəне бар-
лық мүше мемлекеттер мойындайтын позицияларға, сондай-ақ
аймақ мемлекеттерін жікке салатын емес, біріктіретін сəттерге
шоғырландырылды. Бұған мысал ретінде кеңеске мүше мем-
лекеттер басшылары мен өкілдерінің терроризмді аластату
жəне өркениеттер арасындағы үн қатысу декларациясына қол
қоюын айтуға болады.
Жалпы, ұйым жұмысын дамыту барысында үш негізгі мə-
селе басшылыққа алынды. Бірінші – бастапқы кезең, екінші –
əзірлік жəне мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің
кездесуін өткізу кезеңі, үшінші – Мемлекет басшылары мен
қатысушы мемлекеттер Үкімет басшыларының басқосуын əзір-
леу кезеңін қамтыды. Қазақстан белгіленген уақытта өз баста-
масын толық жүзеге асыра білді.
Жалпы, ескі тарихқа көз жіберсек, мұндай ықпалдастық ша-
раларын жүзеге асыру өткен ғасырдың 70 жылдары сол тұста-
ғы партияның Бас хатшысының да арманы болыпты. Бірақ, ол
кездегі саясат біржақты көзқарастар жетегінде кеткендіктен
идеяны қолдаушылар болмаған.
Қазақстан лидері жасаған ұсыныстардың өзекті болуы оның
құрлық қауіпсіздігіне алаңдаушылықты тұтастай қамтуында
болды.
2004 жылғы қазанда Алматыда қабылданған Сенім шара-
лары каталогын іске асыру мақсатында аймақта орналасқан
барлық елдермен жүйелі саяси диалог жүргізілді. Қазақстан-
ға Азия мемлекеттері сеніммен қарап, барлық бастамасын
қолдады.
Осы уақыт аралығында Кеңес екі саммит, үш министрлік
деңгейіндегі саяси кездесулер өткізді. Оның аумағы да үлкейді.
2004 жылы Тай елі, 2006 жылы Оңтүстік Корея, 2008 жылы
Йордания Корольдігі мен Біріккен Араб Əмірлігі мүше болып
қабылданды. 2010 жылы өтетін үшінші саммитте Вьетнам
мемлекетін ұйымға мүшелікке қабылдау мəселесі күн тəрті-
бінде тұр. Бүгінгі таңда Азиялық Кеңес 20 мемлекеттің басын
ортақ идеяға біріктіріп отыр.
Азиялық Кеңес ұйымдастыру – батыл идея. Себебі, əрқи-
лы қарым-қатынасы бар халықтардың басын біріктіру қашан-
да оңайға соқпаған. Кезінде Азиядағы бірден-бір саяси ұйым
АСЕАН-да тиімді интеграциялық жүйелердің арасында қана-
тын кең жая алмаған. Ал, Азиялық Кеңес алғашқы күннен бас-
тап мейлінше ашық ұйым болып, сенім ұялатты. Кеңестің
артықшылығы мен басымдығы оның басқа интеграциялық
жобалардың дамуына өзінің оң ықпалын тигізуінде. Қазірдің
өзінде ұйым мүшелерінің басым көпшілігі əлемнің бəсекеге
барынша қабілеттілігі жағынан дамыған елдердің қатарына
кіреді. Азиялық Кеңес өз потенциалымен АСЕАН-мен салыс-
тырғанда халық жағынан жеті есеге, ал жалпы ішкі өнім жа-
ғынан – екі есеге жоғары тұр.
Алғашқы құрылған кезінде өзінің іс-қимылын 3 негізгі ба-
ғытта жүргізген Кеңес бертін келе белсенді жұмысын 5 негізгі
салада жүргізе бастады. Соның ішінде, əскери-саяси мəселелер
бойынша да диалог қамтылған.
Азия құрлығы əлдекімдер айтатындай, өте əлжуаз, балаң
аймақ емес. Ол – Еуропаға қарағанда халқы мен алып жатқан
жер көлемі жөнінен өте үлкен. Халқының дəстүр-салты мен
ұлттық мəдени, діни көзқарастарында да ерекшеліктер бар.
Сондықтан, оның ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйыммен ортақ мақ-
саттары да бір-біріне ұқсайды. Екеуінің де басты мақсаты –
бейбіт қатар өмір сүру.
Қазір Қазақстан екі аса маңызды – азиялық жəне еуропалық
халықаралық ұйымға төрағалық етуде. Үстіміздегі жылдың бел
ортасында Қазақстан Республикасы Азия кеңесіндегі төраға-
лығын бауырлас Түркия еліне өткізеді де, ЕҚЫҰ-ға төраға-
лығын жыл аяғына дейін жалғастыра береді. Еліміздің бұл
төрағалығы да Азия кеңесіне жəне Бүкілазия құрлығында ме-
кен ететін адамзат баласына пайдасын тигізбек.
Қазақстан Брюссельде Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынты-
мақтастық ұйымы мен Еуропалық Одақтың министрлер дең-
гейіндегі Бірлескен отырысының алғашқы басқосуын өткізді.
Басқосуға ұйымның іс басындағы төрағасы, Қазақстанның мем-
лекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев
қатысты. Мəжілісте екі ұйым арасындағы аймақтағы қауіпсіз-
дік, Ауғанстан мəселесі, ұзаққа созылған дау-жанжалдарды
бейбіт жолмен шешу жолдарын іздеу, «Корфу үдерісін» ары
қарай жалғастыру жəне еуропалық қауіпсіздіктің келешектегі
негізі жөніндегі келіссөздер жəне басқа да ортақ түйіндерді
тарқатуға қатысты жұмыстарды тиімді үйлестіру жайлы тал-
қыланды. Қазақстан оң нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік
берген Корфу кездесуі секілді министрлер деңгейіндегі рес-
ми емес басқосуларды жалғастыруды тиімді деп есептейді.
Сондай-ақ, Қанат Саудабаев Еуропалық Кеңестің биыл қаң-
тардың бірінен бастап қызметіне кіріскен тұңғыш Президенті
Херман Ван Ромпьемен кездесті. Кездесуде екі жақты ынты-
мақтастықты дамыту жолдары сөз болды. Еуропалық Одақтың
сыртқы саясат жəне қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин
Эштонмен келіссөз барысында Орталық Азияда қауіпсіздік
пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мəселесіне қатысты пікір
алысылды. Еуроодақ өкілі өңірде тұрақтылықты сақтаудағы
Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Еліміздің Мемлекеттік
хатшысы – сыртқы істер министрі Бельгия Корольдігі, Еуро-
палық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық Бірлестіктің басшы-
ларымен де кездесті.
ЕҚЫҰ-на төрағалық ету кезеңінде таулы Қарабақ мəселесін
бейбіт мақсатта шешу ісі де саяси салқынқандылықты талап
етеді. Жалпы, Кавказ аймағында ұзақ уақыт шешімін тап-
пай келе жатқан күрделі мəселелердің бірі – осы таулы Қа-
рабақ жанжалы. Кеңестік кезеңнен бір ортақ байламын тап-
пай, ушығып кеткен даудың түйінін ағытып, аймақта өмір
сүріп жатқан халықты бітімгершілікке келуге біздің еліміздің
Президенті де айналысып, екі жақты келісімге, уағдаластыққа
қол жеткізгені бар. Демек, бұл жолда біз тыңнан жол салып
отырғанымыз жоқ. Алайда, ЕҚЫҰ-ның қазіргі іс басындағы
төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы, Сыртқы іс-
тер министрі Қанат Саудабаевтың бұл жолғы сапарының ма-
ңызы зор.
Ұйым төрағасы Оңтүстік-Кавказ өңіріне алғашқы сапары ба-
рысында таулы Қарабақ дағдарысының оң шешілетіні жөнінде
оптимизмге толы жаңа модельдер жиынтығының бар екендігін
білдірді.
Кавказ өңіріндегі сүйегі қатайып кеткен диалогта Қазақстан
дипломатиясы саясат тақтасындағы бір шарын ілгері жылжы-
тып қойды.
ӨЗГЕЛЕРДІҢ ҮЙРЕНГІСІ БАР,
ӨЗІМІЗДІҢ КӨҢІЛІМІЗ ТАР
Бес күнде бес мыңнан астам пікір жарияланған
Мемлекеттік тілдің қазіргі қолданылу аясында ілгері жыл-
жушылық бар. Бүгінгі күні тіл саясаты тактикалық тəсілден
арылып, мемлекеттік маңызы бар стратегиялық бағытқа ойы-
са бастады.
Тəуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Осы уақытқа
дейін экономикалық, əлеуметтік салаларға басымдық беріліп
келді. Енді мемлекеттік тілдің мəртебесі туралы талапты ба-
тыл енгізетін уақыт туып отыр. Өзін осы мемлекеттің шы-
найы патриотымын деп есептейтін адам ең болмағанда өзінің
жұмысына қатысты ойын халыққа ұғынықты түрде қазақша
жеткізе алуы тиістігін батыл сұрайтын уақыт келді.
Қазақ тіліне құрмет көрсету деген – ол елімізде өмір сүріп
жатқан ұлттың тілін, ділін, дінін құрметтемеу деген сөз емес.
Мемлекеттік тілге ерекше басымдық бере отырып, еліміздің
даму саясатын сол арқылы тығыз байланыстыруға болатынын
өмірдің өзі дəлелдеп отыр.
Бүгінгі күні қазақ тілінің дамуына, оның мемлекеттік тіл
болып өз дəрежесінде қалыптасуына біздің елімізде тұратын
өзге ұлттардың бірде-біреуі қарсы емес.
Егер мəн беріп қарасақ, басқа ұлттың отбасылары бала-
бақшаға, мектепке балаларын беріп, олардың қазақ тілін үйре-
нуіне ықылас танытып отырғанын көреміз.
Осыған орай жақында тілдерді дамытудың алдағы онжыл-
дық бағдарламасына сəйкес, Мəдениет министрлігі «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік
тіл саясаты мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Заң жобасын əзірлеуге кірісті. Жұмысшы тобы
құрылып, енді жұмысқа кіріскені сол екен, орыстілді басылым-
дар пікір алуандығын туындатып жіберді. Өткен аптаның бес
күнінде орыстілді интернет ресурстарында бес мыңнан астам
пікір жарияланып үлгеріпті. Еліміздің шеткері аймақтары əлі
құлақтанып үлгермеген жаңалыққа орыстілді БАҚ-тар неге
асығыстық танытып отыр? Əрбір басқан қадамымызды аңдып
отырған Ресей айналасындағы көрші елдердегі орыс тілінің
ықпалын арттыру үшін жыл сайын қомақты қаржы бөліп, өз
қамқорлығына алып келеді. Бұл да өз ықпалын тигізіп отыр-
са керек. Тіл мəселесі ұлт руханиятының алтын қазығы бол-
ғандықтан, оған Елбасының өзі ерекше мəн беріп, аталмыш
бағдарламаны жасауға тапсырма беріп отырғанда оның қолдау
таппауы бізді ойландырып тастады.
Негізінен, бұл жерде халыққа қызмет көрсететін маман-
дықтар бойынша мемлекеттік тілді қажетті деңгейде игеру ту-
ралы мəселе қойылып отыр. Бұл талап үш санатқа – мемлекет-
тік қызметшілер, құқық қорғау, əскери қызмет, сот приставта-
ры, ұлттық компания қызметкерлеріне қойылып отыр.
Бес айда 25 мың іс қаралып, оның 623-і ғана
мемлекеттік тілде жүргізілген
Бүгінгі таңда сот билігінде тіл мəселесі өте өткір күйінде
тұр. Осыған байланысты жақында Қостанай облысында су-
дьялардың ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде» сот ісін
жүргізуге дайынбыз ба?» деген тақырыпта алқалы жиын бо-
лып өтті. Мəселенің мəнісіне зерделеп қарағанда таяу бола-
шақта мемлекеттік тілде сот өндірісін жүргізу мүмкін емес-
тігі байқалған. Үстіміздегі жылдың 5 айында облыстағы əр-
тараптағы соттар бойынша 25 мың іс қаралып, оның 623-і ға-
на, яғни 2,5 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілгені анық бо-
лып отыр.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мəселесін пы-
сықтаған Алматы облысының соты да көптеген мəселелердің
шетін шығарған. Барлық кілтипан жергілікті жердегі сот ме-
кемелеріне жоғары сот орындарынан түсетін кіріс құжатта-
рының орыс тілінде келуі қол байлауда. Сондықтан, негізгі
құжаттар орыс тілінде дайындалып, қазақ тіліне аударылып
отыр. Көзбояушылық та бар. Сот өндірісіндегі қазақ тілінің
қолдану аясының пайызын төмендетіп алмау үшін, жауап орыс
тілінде дайындалып, қазақ тіліне аударылып жіберіледі екен.
Оның үстіне қоғамдық қорғаушылар да талап арызды орыс
тілінде жазатын көрінеді.
Бұл категорияда қызмет ететіндердің 80-90 пайызын жер-
гілікті ұлт өкілдері құрайтынын ескерсек, қарсылықтың не үшін
туындап отырғанын сезгендейміз. Оның үстіне Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің төрағасы Ə.Байменовтің: «Мемле-
кеттік қызметте жүргендердің арасында демалысқа кету тура-
лы мемлекеттік тілде арыз жаза алмайтындарды кездестіреміз»
деуі мəселенің мəнін аша түсетіндей. Осы ретте біз қазақ ті-
лінің соншалықты қиын еместігі жөнінде өзге ұлт өкілдерінің
ой-пікірлеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Осыдан бірнеше жыл бұрын əлемнің көптеген елдерінде жа-
пон тілін оқып үйренуге деген құлшынысы орасан зор қызы-
ғушылық танытты. Оны ғалым еместер де өз бетінше үйреніп,
сол тілде əдеби əңгімелерді де оқи бастағанын байқадық.
Осыдан бірнеше жыл бұрын күншығыс елінде қызмет ет-
кен Ресей Федерациясы Елшісінің күнделігін оқығаным бар-
ды. Елші өз күнделігінде: «Бала жасымнан жапон елін көруге,
танып-білуге құштар болдым. Бұл ғаламат елге жолы түскен
адам оның жан-жақтылығына, барлық салада дамығандығында,
рухани жəне материалдық байлықты тең ұстағандығына көз
жеткізеді. Сондай ерекше қасиет-құдырет бұл халыққа тілі ар-
қылы дарыған шығар деген ойға беріліп, жоғары оқу орнында
жүргенде жапон тілін үйренуге ден қойдым» депті.
Жапон тілін үйренуге жат ұлттар құлшыныс танытып жат-
қандығы қазақ азаматтарының көңіл түкпірінде қызғаныш ту-
дырмаса керек. Біздің халықтың да əлемдік тілдік құндылық-
тары бар. Тамыры мыңжылдықтардың тереңіне бойлайтын əде-
биеті мен мəдениеті тасқа қашалып жазылған жалғыз халық
болса – ол қазақ ұлты. Біздің де бейнелі тілімізді сүйіп, үйреніп
жүрген өзге ұлт өкілдері аз емес. Елімізге инвестиция салып,
қазба байлықтарымызды игере бастаған шетелдіктер бүгінгі
күні қазақ тілін де игеруге құлшыныс танытып отыр.
Еуропалық ғалымдар қазақ мəдениетімен, өнері, тілі мен
салт-дəстүрімен танысуды ерте бастады. ХІХ ғасырдағы фран-
цуз ғалымы Г.Клапорт қазақ тілі туралы материалдарды 1806
жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан өңірінен жинап-
ты. Соның қорытындысы негізінде «француз-қазақ» сөздігін
шығарыпты.
Соңғы кездері Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің жоғары
оқу орындарының студенттері қазақ тіліне ерекше қызығушы-
лық танытып отыр. Бұл бағытта жиі тақырыптық басқосулар
өткізуде. Өткенде Алматыда «Қазіргі Қазақстандағы – по-
лилингвистика» деген тақырыпта алқалы əңгіме болып өтті.
Басқосуда Оңтүстік Корея мен Американың делегаттары қазақ
тілін үйренудегі өз тəжірибелерімен бөлісті.
Қазақстан Мəдениет министрлігі, Қазақстан халқы Ассамб-
леясы, «Этнос-Форум» қоғамдық қоры мен «Авиценна» тəжік
мəдени орталығының ұйымдастыруымен өткен жиынға АҚШ,
Оңтүстік Кореядан делегаттар, Қазақстан халқы Ассамблея-
сының, тəжік, неміс мəдени орталықтарының өкілдері мен Ал-
маты қалалық жаңа технологиялар колледжінің студенттері
қатысты. Жиналғандарды Оңтүстік Кореядан келген жастар-
дың қазақ тілін білудегі талпынысы таңғалдырды.
Қазақстанда тіл үйренемін деушілерге
барлық жағдайлар жасалған
Корейліктердің мұндай талпынысынан намыстанған болу
керек, Қазақстанда тұрып жатқан біздер үшін мемлекеттік
тілді білмегендігіміз үлкен сын болды, – дейді «Авиценна»
тəжік мəдени орталығының төрағасы Бекпулат Ташпулатов, –
əрбір қазақстандық, Қазақстан жерінде тұрып жатқан басқа
ұлт өкілдері қазақ тілін білуі керек деп санаймын. Бүгін сол
мақсатта қазақ тілін тез үйренудің жаңа методикалары мен оқу
бағдарламаларды қарап, шетелдіктердің тəжірибесімен таны-
самыз. Бүгінгі таңда Қазақстанда тіл үйренемін деушілерге бар-
лық жағдайлар жасалған.
Жалпы, түркі тілдерінің бірін білсеңіз, басқа түркі тектес
халықтардың тілін үйреніп алу жеңіл. АҚШ-тың Индиана уни-
верситетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Уильям
Фиерманның айтуынша, қазақ тілін үйрену соншалықты қиын
емес көрінеді.
– Қазақ тілінің ұшан-теңіз байлығы бар. Бір елді тану үшін
алдымен оның тілін білген дұрыс. Сол себепті мен қазақ тілін
өз бетімше кітаптардан үйрене бастадым. Бірақ, мен қазақ ті-
лін меңгеру жолында аз тер төктім деп айта алмаймын. Газет-
журналдарға жазылдым. Қазақстаннан арнайы алдыртып отыр-
дым, – дейді профессор. Фиерман айтқандай-ақ, АҚШ-та Қа-
зақстанға келу ойы бар азаматтар алдын ала тіл үйрену ме-
кемелеріне барып, тіл сындырады екен. АҚШ өткен жылдан
бастап Ақ үйдегі басшылық дəстүрінде Орталық Азия елдеріне
барудан үміттілерді сол елдің тілін жақсы меңгерген маман-
дарды іріктеп алып жіберетін тəртіп бар көрінеді. Бұл əлемде
басқа ешбір халықтың тілін білмейтін Американың саясаты.
Профессордың бұл пікірін Колумбия университетінің сту-
денті Халли Майерс те мойындайды. Біздің елімізге келіп қа-
зақ ауыз əдебиетін зерттеп жүрген Халли өз елінің қазақ тілін
əлемдік тілдердің қатарына қосады. Бізде американдықтардың
көбісі қазақ тілін үйреніп, қазақ тілінде сөйлегісі келеді, –
дейді.
Тілі жоқ халықта ұлттық өршіл патриотизм əлсіз болады.
Ондай елдерді «бейбіт түрде», қарсылықсыз «жаулап алудың»
біршама оңай болатыны – тарихта талай дəлелденген. Оны қа-
ламайтын, зайырлы, текті адамдар да бар. Мəселен, Ұлыбри-
танияның біздің еліміздегі елшісі Пол Браммелл мырзаның
ағылшын тілінің ғаламдық тіл екеніне көкірек кермей-ақ, қыз-
метке кірісер алдындағы Сенім грамотасын мемлекеттік тілде
тапсырғанын қазақ халқы қалай ұмыта қойсын. Сол кезде Ел-
ші мырза:
«Қазақ тілі – өте əдемі, тарихи тіл. Қазақ тілін жақсы бі-
ліп, түсінуге тырысамын. Менің бақылауым бойынша, қазір
Қазақстанда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді. Қа-
зақша білетіндердің саны артып барады. Əрине, қазақ тіліне
қатысты заңнамаларға сай мəселені шешу – Қазақстан Үкіме-
тінің міндеті», – деген болатын.
Рас, Елбасының тапсырмасы бойынша осыдан тура 10 жыл
бұрын Қазақстандағы тілдерді дамытудың 10 жыл мерзімге
арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарлама аясында көптеген
жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік тілдің мəртебесін көтеру – мемлекеттік саясат.
Үкімет, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар қазақша
тілді үйренудің барлық шараларын жасады. Тек ниет болса
жеткілікті.
Айтпақшы, дүние жүзіндегі жалғыз қазақ филология фа-
культеті, алғашқыда 1953 жылы мамандық, 2004 жылы факуль-
тет болып Қытайдың Орталық ұлттар университетінде ашы-
лыпты. Қытайдың тіл үйрену жөніндегі жаңашылдық баста-
масы қай елге де үлгі боларлық дүние болып отыр.
Өткен жылы Румыния президенті Траян Басеску Румыния
университеттерінің бірінде қазақ тілі кафедрасын ашу жөнінде
өз ықыласын білдірді. Бұл мақсат болашақта Румыния маман-
дарының Қазақстанда жұмыс істеуі кезінде қазақ тілінде еркін
сөйлеуі үшін қажет көрінеді.
Жоғарыда айтқанымыздай, ниет болса бəрін үйренуге бо-
лады екен. Францияның Қазақстандағы елшілігі өз беттерінше
қазақша-французша оқу құралдарын шығарып, өздері сол кө-
мекші құрал арқылы қазақ тілін үйренетін көрінеді. Француз
дипломаты Йоан Шеттерер мырза, қазақ тілі – мемлекеттік тіл
болғандықтан, үйреніп жатырмын. Қазақстанда жүргендіктен
қазақ тілінде сөйлеуге тиіспін. Неге десеңіз, бұл, бір жағынан,
осы елге деген құрмет, екіншіден, серіктесіңе соның тілінде
бірауыз сөз айтсаң да жақсы емес пе?! – дейді.
Бір байқағанымыз, қазақ тіліне деген қызығушылық қазақ-
тан басқа ұлттарда басым. Ал тілге қарсы шығушылардың
көпшілігі – өзіміздің орыстілді шенеуніктеріміз екен. Тағы бір
мысал.
«Алғашқы жылдары Польша мемлекетінде қазақ тілін оқып-
үйренгісі келген шəкірттерімнің құлшынысы өте жоғары бо-
латын. Бірақ, кейін Қазақстаннан келген түрлі деңгейдегі ше-
неуніктердің мемлекеттік тіл – қазақ тілінде емес, орыс тілінде
сөйлейтіндігін көргенде, «біз орыс тілін үйренсек те жеткілікті
екен ғой» деген енжарлық пайда болды» дейді «Азаттық» радио-
сына берген сұхбатында. Біздегі мемлекеттік қызметкерлердің
бар түсінігі осы.
АЛАҢ – ҰЛТ РУХЫ
онда «Мəңгі ел» ұлттық идеясы жатыр
Тəуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында талай-талай қиын-
дықтарды бастан өткерумен қатар, əлем таңғаларлық тамаша
жетістіктерге қол жеткіздік. Оны отандық сарапшылар мен ақ-
парат құралдары ғана емес, шетелдік БАҚ-тар да талдап жа-
зуда. Қазақстанның Тəуелсіздік жылдарында жеткен ең негізгі
жетістіктерінің бірі – Астана. Екінші, қоғам өмірінің барлық
саласында жүргізілген үйлесімді модернизация. Бұлардың
бəрі – Тəуелсіздіктің елімізге берген ең ғажайып сыйы.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжыл-
дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін-
діктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Болашаққа бел-
гіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық стратеги-
ясыз жүзеге асыру мүмкін емес. Егер біз табысқа жеткіміз кел-
се, онда біздің əрқайсысымыз мынадай қағидаттарды негізге
алуға міндеттіміз: Бірінші – бəрінен бұрын біздің Отанымыз,
Тəуелсіз Қазақстан!» деген болатын. Сондықтан, біздің бүгінгі
басты идеямыз – «Жерұйық Қазақстан» болмақ. Ал, ол өздігі-
нен орнай ма?.. Оған тынымсыз еңбек, ой-арман қажет. Ал утопия
болмаса қоғамдық қозғалыс та, алға ұмтылу да болмасы анық.
Асан қайғы Жерұйығын іздеп шарқ ұрғанда, халықтың ер-
теңгі қамын ойлап, елді берекелі бірлікке, шынайы түсіністікке
шақырмап па еді? Сол əулие бабамыз қиялдаған арман бүгін
еліміздің əр тарапында шындыққа айналып жатқан жоқ па?
Əйтсе де, оны көрмеушілер де бар екен. Осыдан бірнеше жыл
бұрын Республика алаңында салынып жатқан «Алмалы» жер-
асты сауда орталығы құрылысын сынап, оған қарсы пікір біл-
дірушілер бой көтерген болатын. Кейін олар мəселенің шына-
йы бағыт алғанын, біткен кезде құрылыстың қала тұрғындары
мен қонақтарға лайықты қызмет көрсете алатынын көріп, үн-
сіз келіскенін көргенбіз. Жақында мəселе өз сөресіне тақау
қалғанда тағы да бой көтерді.
«Абай-ақпарат» сайты таратқан хабарда «...Алаш баласы-
ның Азаттық үшін арпалысқан, алысқан, ақ жанын қиып, қасық
қанын төгіп, атойлап алға шығып, қас дұшпанның қабырғасын
қақырата сөккен қасиетті алаңның жұқанасы да қалмады.
Тəуелсіздіктің тарихи алаңы ретінде сақталуы тиіс Алма-
тының қақ ортасындағы алаңның баяғы көрінісі көзден ғайып
болған. Əне бір жылы азаматтардың қарсылығына қарамастан,
қала əкімшілігі алаңды үңірейтіп, үңгіп қазып, жерасты сау-
да ойын-сауық кешенін салуды бастап кеткен. Қазір қазылған
жердің үсті жабылды. Астында не болып жатқанын бір Құ-
дайдың өзі біледі.
Сөйтіп, Тəуелсіздік монументі мен жолдың арғы жиегіне
дейінгі аралық қалған еді. Бұған да тəубе десіп жүр едік. Сол
аралықта жылда Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан
азаматтар жиналып, бас қосатын. Ұлттың мүддесіне, мұрат-
мақсатына қайшы істерге қарсылықтар да сол жерде өтетін еді.
Енді ол күндер де тарихқа айналатын болды.
Тұп-тура Тəуелсіздік монументінің алдынан бар алаңды алып
жатқан аумақта, көп функциялы жер асты жолы салынып жа-
тыр екен. Монумент жəне оның айналасындағы ескерткіштер
үшін аядай ғана жер қалыпты.
... Алаңдағы жағдайды алақандағыдай көріп отырған қала
əкімшілігі ғимаратындағы ұлықтар үнсіз. Алаңды апай-топай
етіп жатқандар да солар.
Желтоқсан көтерілісі тарихқа айналып, 25 жыл толса да баз-
бір адамдарды күні бүгінге дейін үрей құшағында ұстап келе
жатқан сыңайлы. Сол үрейден құтылудың амалы алаңды жою
деп білсе керек.
Алайда, Алаштың жадынан Желтоқсанды ешқашан ешкім
де өшіре алмақ емес. Əлбетте, мұны білген жергілікті биліктің
тарихи жады оянып, құрылысты тоқтатуға бұйрық етеді де-
генге сенбейміз. Дегенмен, «үмітсіз шайтан» («Дат» газеті, №39,
16-қараша, 2011ж).
Біткен дауға килікпес болар. Ал,тірінің үміті ешқашан үзіл-
меген. Олай болса, көз жетпеген іске неге күдік келтіреміз?!
Республика алаңында салынып жатқан жаяу жүргіншілерге ар-
налған жаңа жерасты жолы алаңның сəулет ансамбліне əр бе-
ретінін сарапшылар қазірдің өзінде айтуда. Бұл жол сауда ор-
талығына келіп-кететін адамдардың қауіпсіздігі үшін өте қо-
лайлы болмақ. Мұндай жоба Мəскеу, Минск, Киев жəне тағы
басқа əлем қалаларында бар.
Бұл құрылыстың арнайы қадағалаушы органдардың келісі-
мімен іске асып жатқанына еш күмəн келтірмеуге де болады.
Əрине, құрылыс жүріп жатқан алаңда еліміз үшін аса маңызды
қасиетті құнды нысанның Тəуелсіздік монументінің тұрғанын
ескеріп, алаңдаушылық танытуларын түсінуге болады-ақ.
Тəуелсіздік монументі – биыл 20 жылдығы тойланатын Еге-
мендігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі. Сəу-
лет жəне мүсін өнері ескерткіші 1996 жылы Қазақстан Тəуел-
сіздігінің бес жыл толу құрметіне орай тұрғызылған. Хал-
қымыздың ұлы сақ дəуірінен Тəуелсіздік таңы атқанға дейінгі
тарихы бейнеленген сəулет ансамблінің биіктігі 28 метр. Де-
мек, алаңдауға негіз бар.
Жалпы, мұндай ескерткіштер Рихтер шкаласы бойынша
9 балдық сілкініске қарсы тұра алатындай етіп соғылады. Сон-
дықтан, Тəуелсіздік монументі – сейсмикалық құбылыстарға
төзімді нысан деп, көңілімізді жақсылыққа қойғанымыз жөн.
Енді əлем елдеріндегі басты алаңдар халыққа қандай қызмет
көрсетеді, соған шолу жасап көрейік.
Алаң – дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің ең маңызды
іс-шараларын өткізетін прогрессивтік мəнге ие орталық. Ол –
қашан да ұлт рухының айбыны саналған. Мүлгіп кеткен санаға
сілкініс əкеліп, қоғамның əлеуметтік қуатына қозғау салатын
рух күші – үлкен алаңдардан бастау алып отырған.
Алаң – ұлттық байлық. Ол – мемлекетке сенім артатын
мінбер. Ұлттың өз болашағына сенімді қолдау білдіретін, жаңа
мұраттарға жетелейтін, бітім-пəтуаласатын қасиетті бесік.
Алаң – атын алып отырған əрбір ұлт пен сол мемлекеттегі
басқа ұлттар арасында сыйластық, бауырластық орнықтыра-
тын ұлттық келісім моделі.
Шығыс мəдениетінде көпшілік жиналатын алаңдар үнемі
той-думан мен мадақтау орындарына қызмет еткен. Шығыстық
өркениеттің осы құндылығын Батыс əлемі өз пайдаларына сай
дамытып, алаңдарды мемлекеттің ең қасиетті орындарына ай-
налдырған. Атақты жиһанкез Марко Полоның 1298 жылғы
«Түрлі түсті əлем» туралы жазбасында халықтың көпшілік бас
қосатын алаңдары үнемі жақсылық пен инабатқа толы бола-
тыны мысалға алынған.
Адамзат тарихында көшелер мен алаңдардың пайда болуы
«неолиттік революциямен» бірге ұштасып келеді. Олар қоғам-
ның интеллектуалды өсуіне үнемі қозғау салып отырған. Сон-
дықтан, олар ашық аспан астындағы тарих оқулығындай өмір
сабақтастығын бір бойына сіңіріп, уақыты келгенде өзгеріс
қажеттігін сездіріп отырған.
Мəңгілік ештеңе жоқ. Бүгінгі өркениет жетістігінің бəрі адам-
зат қоғамының қолданыстағы құндылықтарынан қазіргі өмір-
ге көшірілген. Мұның өзі қала келбеті өркендеген елдің идея-
лар отанына айналатынын дəлелдеп отыр. Жоғарыда айтқан
«Жерұйық Қазақстан!» ата-бабаларымыздың «Мəңгі ел» құ-
руды армандаған ой-қиялының шындыққа айналғанының бір
көрінісі де осы.
Əр мемлекеттің ұлы жеңістеріне бастау болатын, ұлттық
ұран мен мемлекеттің Туы асқақтайтын қасиетті алаңы бола-
ды. Алматы қаласы тіпті еліміз үшін ең қасиетті үлкен алаң-
ның бірі – Республика алаңы. Ол – ТМД елдері аумағындағы
тіпті, одан əрі əлемдік қауымдастықтағы ең үлкен алаңдармен
бəсекеге түсе алады. Бұл – халқымыз үшін зор мақтаныш бо-
луы тиіс. Сондықтан, Республика алаңының жер астында са-
лынып, таяуда пайдалануға берілетін «Алмалы» көпсалалы
қоғамдық орталығының құрылысына қолдау білдіргеніміз аб-
зал. Əзірге жерасты кеңістігінде кешенді құрылыс салып, оны
халық игілігіне айналдырып отырған еліміз ТМД аумағында-
ғы жалғыз ел.
Бүгінгі таңда кез келген мəдени көпшілік орындары сауда-
саттықсыз болмайтыны аян. Тіршілік психологиясы оны сти-
хиялы түрде өзі ұсынып отыр. Оған келушілерге қолайлы
жағдай туғызу үшін алаңның екі қапталынан жерасты жолын
жүргізу де өте құптарлық іс деуге болады. Демек, петербургтер
Нева алаңын, париждіктер Елисей алаңын, қытайлар Тяньан-
мэнь алаңын мақтан тұтатыны сияқты, алматылықтар да Рес-
публика алаңын мақтанға айналдыратын күн жақын.
Біз – рухты халықпыз. Сондықтан, ішкі рухымыздың əл-
сіздігі сыр бермеуі тиіс. Бұл алаңда 1986 жылғы желтоқсан
айында халықтың бас көтеруі болып, жазықсыз қан төгілді деп
сарыуайымға түсіп, қол қусырып отыруға бола ма?
Рас, дəл осы алаңда мемлекеттің тағдыры шешілді. Бірақ,
Тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуы кезіндегі ең алғашқы Дек-
ларациялық құжат та осы алаңда қабылданғанын ұмытпаға-
нымыз абзал. Сондықтан, ұлттың арманына айналған алаңды
үнсіздік алаңына айналдырмауымыз керек.
Мəселен, Праганың «Вацлав алаңы», Чехияның тарихы са-
налады. Бұл алаңда – 1968 жылы «Прага көктемі» төңкерісі бо-
лып, бейбіт халықтың ар-мұңы тапталды, социализм идеяла-
рына қарсы бой көтерушілердің қаны төгілді. Араға 21 жыл
салып, осы алаңда екінші рет «Раушан революциясы» болып,
халықтың ерік-жігері жеңіске жетті. Мұнымен халықтың ру-
хы жаншылған жоқ, қайта халық болған оқиғаға қарсы сөз
өршілдігін көрсетті. Қазір «Вацлав алаңы» халықтың көп жи-
налатын, ойын-сауық құратын басты алаңына айналған. Мұн-
да түрлі сыйлықтар сатылатын дүкендер, тіпті шағын театрлар
да орын тепкен.
Сондай-ақ, əлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі – Оңтүстік
Африка Республикасының астанасы Кейптаун қаласының бас
алаңы Гринмаркетте түрлі бұйымдар сататын дүкендермен қа-
тар, көпшілікке арналған базар да орын тепкен.
Еуропаның ең сұлу алаңы – Эльба жағалауындағы Дрезден
қаласындағы Театр алаңы болып саналады. Сəулет өнерінің
ең озық үлгілері бой көтерген бұл алаң тұтастай өнер акаде-
миясынан тұрады. 1710 жылы негізі қаланған бұл алаң 60 рет
өзгертіліп, үнемі жетілдіріліп отырған.
Жерасты жолдары мен көпсалалы мəдени кешендерді бы-
лай қойып, кейбір елдерде тұтастай жерасты қалалары да бар.
Əрине, ол туралы əңгіме мүлде бөлек тақырыпты қажет етеді.
Тəуелсіздік – мыңдаған жылдарғы сан ұрпақтың асыл ар-
маны еді, ол бүгінгі ұрпақтың пешенесіне тиді. Өткен 20 жыл-
да ғасырға бергісіз табыстарға қол жеткіздік. Халық шын мə-
ніндегі еркіндігін сезінді, ой-сана өзгерді. Мемлекетіміз ор-
нықты, елімізді əлем таныды. Осыған сай елімізде ұлттың ру-
хын көтеретін жасампаз ескерткіштер бой көтерді. Сондай
құндылықтардың бірі Республика алаңындағы барша сəулет
өнері туындыларын жатқызуға болады.
ТЕМІРТАУДЫ ДҮРІЛДЕТКЕН ҮШ КҮН
Жалпы адамзат баласына шындықтан гөрі өтірік көп қыз-
мет еткен. Оны ойлап табушылар өз мүддесіне орай форма-
сын өзгертіп, үш категорияға бөліп, ішкі «жауларына» қарсы
қолданып отырған. Бірақ, қып-қызыл өтірік жəне статистика
күйінде түрленіп отырған ұғым шеңбері қандай аудиторияда
айтылса да, өз тыңдарманын имандай сендіріп келген. Шығуын
білсек те, тігісін білмеген сондай қып-қызыл өтіріктің бірі –
1959 жылғы Теміртау оқиғасы еді. Уақыт өте келе сыры ашы-
лып отырған сол оқиғаның қанды қырғынға ұласуына не себеп?
Осыдан тура он екі жыл бұрын 1997 жылы 5 шілдеде Рес-
публика Президенті Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» га-
зетіне берген сұхбатында: «Теміртау оқиғасында қанша адам-
ның қырылғанын əлі күнге дейін ешкім білмейді, ол та-
рих ашылған жоқ. Кісі өлімі көп болды, оның ішінде талай
адам сотталды, атылды» деген еді.
Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қара-
ғанды облысының əкімі Серік Ахметовті қабылдап, үстімізде-
гі жылы Теміртау қаласындағы Қазақстан магниткасының 50
жылдығын атап өту жөнінде іс-шаралар қабылдау жөнінде
мəлімдеген болатын. Тұтас бір ұрпақтың өмірін қамтыған
алып магнитканың тарихында есте қалар оқиғалар көп болған.
Иə, Теміртау оқиғасының тарихы əлі ашылған жоқ. Ол ту-
ралы бұқаралық ақпарат құралдары мардымды ештеңе жазған
да, көрсеткен де жоқ. Сол жылдардағы сарғайған газет-журнал
беттерінен де ол туралы дəнеңе таба алмадық. Оқиғаның əлеу-
меттік астары туралы жазылған «Молодая гвардия» журна-
лының сол жылғы саны да, барлық кітапханалардан алынған.
Тіпті, бұл туралы Орталық мұрағатымызда да тілге тиек етер
бір жапырақ қағаз сақталмапты. Оқиғаның соншалықты ма-
ңызды болғанын осыдан да байқауға болар еді. Бұл туралы
барлық деректер Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер
министрлігінің мұрағаттарынан табылуы да мүмкін-ау, алайда
оған əзірше қолымыз жеткен емес.
Жалпы, еліміздің сол кездегі болашақ президенті де өмірдің
ащы сабағын, дəл осы Теміртау оқиғасынан алған сыңайлы.
Он тоғыз жастағы балаң жігіт қанқұйлы оқиғаны көзімен кө-
ріп, ащы дəмін татса да, алдына қойған мақсаты мен алған бе-
тінен қайтпауы – оның өжеттігі мен қайсарлығын көрсетеді.
Əйтпесе, сол кезеңнің ауыртпалығын көтере алмай, қиындыққа
төзбей, туған ауылы мен ата-анасының аялы қамқорлығын аң-
сап, қаншама жастар жан-жаққа кетіп қалмады дейсің бе? Егер,
мұндай жағдайларды басынан өткергеңдер бар болса, «қап,
неге шыдамадым екен, сол жерде жүре бергенімде, қазір
«Президентпен бірге еңбек еткенмін, біз, Теміртауданбыз деп
мақтаныш тұтар едім-ау» дейтіңдер де табылып қалар-ау. Əри-
не, ондайлар бірен-саран болар. Десек те, Елбасымен сол жыл-
дардағы қиындықты бірге бөліскен жаны таза, адал азамат-
тардың əлі де сол Теміртауда қатарда жүргенін көресің. Мұн-
дайда Елбасының сол достарына деген риясыздығы мен са-
ғынышын, қарапайымдылығы мен инабаттылығын сезіп, одан
өзіне сабақ аласың.
Жалпы, Теміртау оқиғасы сол кезеңдегі дүрбелеңге қатысу-
шыларға өмірдің ащы сабағы болып тигені рас. Жазатайым
əлдебір жағдайларға душар болып кетуің де ықтимал ғой, мұн-
дайда өмірге тəубе дейміз де қоямыз.
Теміртау оқиғасы 1959 жылы тамыз айында болды. Темір-
таудағы алып Магнитка Бүкілодақтық екпінді құрылыс деп жа-
рияланып, оған комсомолдық жолдамамен еліміздің түкпір-
түкпірінен мыңдаған жастар барады. Олардың ішінде негізгі
тұрағы жоқтар да, барар жері, басар тауы жоқ түрмеден бо-
сатылғандар да болады. Еліміздің ірі қалаларынан жұмыс іздеп
келгендер жатақханаларға ұлттық ерекшеліктеріне қарай топта-
сып тұрады. Магниткаға келушілерге есеп жүргізілмейді, олар
қаласа тіркеледі, қаламаса тіркелмейді. Тəртіп пен талаптың,
сұраушылықтың жоқтығының салдары кісі тонау, зорлық
пен зомбылықтарға əкеліп соғады. Жатақханаларда ұлттық
ерекшеліктерге бөлініп тұруы ара-тұра топтық төбелестерге
душар етеді. Бұл сол кездегі партиялық басшылықтың жібер-
ген ірі кемшіліктері еді. Оның үстіне тұрмыстық жағдай ауыр
соғып, олардың əлеуметтік, рухани жан-дүниесіне көңіл бөлін-
бейді. Тұрақты бақылаудың жоқтығынан, жастар арасында мə-
дени жұмыстардың жүргізілмеуінен жатақханаларда жағдай
ауырлап, күңде қанды төбелес болып тұрған.
1959 жылы маусым айында СОКП Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Н.С.Хрущевтің атына Теміртау Магнитка-
сында еңбек етіп жатқан болгар жұмысшыларынан арыз тү-
седі. Болгар жұмысшысы А.Ношков еңбектес достарының аты-
нан жазған арызында Теміртауда орын алып отырған ауыр
жағдайды бүкпесіз жазып, тəртіптің бей-берекетсіз кеткенін,
бұзақылық пен маскүнемдік індеттің бақылаусыз қалғанын
қоғам өміріңде ұрлык пен қылмыстың өршіп тұрғанын ашық
баяндайды. Қалыптасқан жағдайдың алдын алу мақсатында
Қарағанды облыстық партия комитетінің бюросы шақырылып,
тиісті қаулы қабылданады.
Обкомның бюросында талқыланғандай шындығында қала-
да (Теміртауда) қоғамдық тəртіпті сақтау ісі сын көтермейтін
еді. Осы жəне өзге де əлеуметтік мəселелерді талқылаған обком
бюросының қаулысында Теміртау қалалық ішкі істер бөлімінің
жеке құрамын 20 қызметкерге көбейту туралы Қазақстан Ком-
партиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Ке-
ңесінен сұрау қажеттігі жөніңдегі өтініші өз шешімін таппай
қалады. Оған қосымша Теміртау жұмысшыларын таза ауыз
сумен қамтамасыз ету жолдары қиынға соқты, қоғамдық та-
мақтандыру ісі де жолға қойылмады. Ашынған жұмысшылар
одан шығудың жолын бейбіт түрде қарсылық білдіру жолда-
рынан іздейді. Бес саусақ бірдей емес, араларында зұлымды-
ғымен шектен шыққан басбұзарлар да болады. Ақыр соңында
олар 1959 жылғы тамыз айының беташарында жаппай кө-
теріліске шығып, қоғам мүлкін талан-таражға салады. 1 тамыз
сенбі күні қаладағы барлық асханалар жұмыс істемейді. Ке-
лесі күні де жұмысшылар аш қалады. Мұның өзі олардың ашу-
ызасын тудырады. Жұмысшылардың көңіл-күй ауанын дөп
басқан жергілікті бұзақылар оларды өз соңдарынан ертіп,
қалада тəртіпсіздіктер жасайды. Алдымен салқын сусын құ-
йылған сыйымдылықты сындырады, асхананы тонайды. Сенбі,
жексенбі (1-2 тамыз) күндері орын алған тəртіпсіздіктер кезін-
де екі адам ұсталып, жауапқа тартылады. 2 тамыз күні түнгі
сағат 3-те шамамен 1500-дей жұмысшы жиналып, оларды бо-
сатуға күш салады, алайда ол əрекет іске аспайды. Ашуға
булыққан жұмысшылардың жолын бөгеу мақсатында ескер-
ту ретінде аспанға 5 рет оқ атылады. Өз талаптарының орын-
далмасын білген жұмысшылар бұдан соң шағын дүңгіршекті
тонайды. Бұл уақыт аралығында ешқандай өлім-жітімге жол
берілмейді.
2 тамыз күні палатка орналасқан қалашықта жиналыс бо-
лып, үш сағат бойы оған қатысушылар бір-біріне қарсы талап-
тар қояды.
Алып құрылыс алаңының жетекшілері Мемлекеттік қауіп-
сіздік қызметінен құрылған арнайы топтың қалашықта белгілі
бір уақытқа дейін қала тұруын сұрайды. Осы күңдері жер-жер-
лерде палаткалар орнатылып, жастар қалашығында партия жə-
не комсомол белсенділерінен құрылған 230 адам ықтимал жағ-
дайға сай дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Қарағанды облыстық партия комитетінің бюро мүшелері де
оқиғаның соңын күтіп, өз көзқарастарын ашық білдіруді қажет
деп таппайды. Теміртауға облыстық партия комитетінің бірін-
ші хатшысы П.Н.Исаев өзі келудің орнына, обком хатшысы
Алихановты жіберумен шектеледі. Мемлекеттік Қауіпсіздік ко-
митеті облыстық басқармасының бастығы Шмойлов Қарағанды
қаласында отырып, оқиғаны сырттан бақылайды.
2 тамыз күні кешкі тоғыз шамасында жұмысшылар жер-
гілікті ішкі істер бөліміне шабуыл жасайды. Теміртау қалалық
партия комитетінің хатшысы А.Г.Коркин бұл туралы облыстық
партия комитетін хабардар етеді. Қарағанды облыстық пар-
тия комитетінің бірінші хатшысы Исаев обком хатшылары мен
Қауіпсіздік басқармасының бастығы Шмойловты қатыстыра
отырып, тығырықтан шығудың жолын қарастырады. Қабыл-
данған шешім бойынша тəртіп орнатуға ішкі істер күштерін
көтеріп, КарЛАГ-тың қарулы əскери жеке құрамын Теміртауға
жіберуге ұйғарым жасалады.
Сол күні түнгі сағат 3-те Теміртаудан Қарағанды облыстық
ішкі істер басқармасының бастығы, генерал Любых тəртіп бұ-
зушыларға қарсы қару қолдануға рұқсат сұрап, Қарағандыға
телефон соғады. Өз сұрауына байланысты ол қалыптасқан жағ-
дай өз шеңберінен шығып кеткен жағдайда қару қолдануға
Исаевтың келісімін алады. (Оқиға кезінде де, одан кейінде де
рұқсат беру мəселесі үлкен дауға ұласып, оның нақты авторы
табылмайды. авт). Ишарат білдірудің соңы қанды қырғынға
ұласады. 2-3 тамыз күндері орын алған тəртіпсіздікті басуға
КарЛАГ-тың конвой күзетінен генерал Запевалин басқарған
500 сарбаз, КСРО ІІМ ішкі əскерлерінен 1400 сарбаз бен офи-
церлер қатысады. Сол күндері 15 адам өліп, 28 адам ауыр жа-
раланады, 140 адам бұзақылық жасағаны, тонау мен талауға
қатысқаны үшін қамауға алынады. 28 сарбаз, офицерлер мен
ішкі істер қызметкерлері ауыр жараланып, 4 сарбаз бен офи-
цер əртүрлі жарақат алады. Оқиғаның мұндай қайғылы бағыт
алғанынан қорыққан облыс басшылары бұл жолы істің байы-
бына бармастан, жаппай тəртіпсіздіктің болуына ішкі істер са-
ласы кінəлі деп табады.
Оқиғаға саяси баға беріп, оның алдын алуға бірден-бір құ-
қығы бар обкомның сол күндері бюро мəжілісін өткізбеуін қа-
лай түсінуге болады? Күш құрылымдарының қару қолданатын
күні Исаевтың Теміртау қаласында болса да кабинетте жасы-
рынуында нендей сыр бар. Жұмысшылар қаншама рет шақыр-
са да, оның олардың алдына шықпауына не себеп?
Мемлекет басшысының елде болмау кезінде орын алатын
белгілі сценарийлерге сəйкес болатын төңкерістердің, кейбір
элементтері де Теміртау оқиғасыңда көрініс бергені байқалады.
Оқиға кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
бірінші хатшысы Н.И.Беляевтың республикадан тысқары бо-
луы да көп нəрсеге əсер еткен іспетті. 2 тамыз күні демалы-
стан Мəскеуге оралған Беляев окиға туралы Орталық Коми-
тет хатшысы Ф.Кəрібжановтан естіп-білген. Ол (Беляев) əр-
нəрсеге партиялық тұрғыда қарайтын əдіспен Теміртаудағы
тəртіпсіздіктерді жұмысшы-коммунистердің күшімен басуға
нұсқау береді. Тапсырма бойынша 1700 коммунист белсенділері
жұмысшылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Пі-
кір қайшылықтарында қарама-қарсылық туындаған кезде ара-
ға ішкі істер құрамы араласып, іс насырға шауып кетеді.
Оқиғаның бағыты туралы 3 тамыз күні таңертең Беляев
Мəскеуде жүріп, Хрущевке баяндайды. Артынша Қарағандыға
ұшып келіп, оқиғаны өз көзімен көріп, СОКП Орталық Коми-
тетінің хатшысы Л.И.Брежневке хабарлайды. Ал ол өз кезегінде
Хрущевке мəлімдейді. Хрущевтің жеке тапсырмасы бойын-
ша Брежнев пен Беляев оқиғаның қайғымен аяқталған күнінің
ертеңінде, 4 тамыз күні Теміртауға келеді.
Жалпы, Теміртау оқиғасы СОКП Орталық Комитетінде төрт
рет қаралады, арнайы мемлекеттік комиссия құрылады. Оның
соңғы мəжілісіне саяси бюро мүшелігіне кандидаттар, Украи-
на Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Н.Подгорный,
Белоруссия Компартиясы ОК хатшысы К.Мазуров, Грузия Ком-
партиясы ОК хатшысы В.Мжаванадзе, Латвия Компартиясы
ОК хатшысы Я.Калнберзин, Свердловск облысы партия коми-
тетінің бірінші хатшысы А.Кириленко қатысып, өз пікірлерін
білдіреді.
Оқиғаны зерттеген мемлекеттік комиссияның Қарағанды ме-
таллургия зауытындағы қалыптасқан жағдай туралы жасаған
ұсынысы бойынша СОКП Орталық Комитеті Президиумының
1959 жылы 17 қазанда «Қарағанды зауытының құрылысы ту-
ралы» қаулысы шығады.
Сонымен жұмысшыларға қарсы қару қолдануға кім рұқсат
берді?
Қарағанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
Исаев СОКП Орталық Комитетінің Президиумы мен проку-
ратураға берген түсініктемесінде өзінің қару қолдануға рұқ-
сат бермегенін, кейіннен обком хатшылары Энодин мен Əли-
хановпен бірлесіп, рұқсат бергенін жəне бұл туралы Ішкі істер
министрі Ш.Қабылбаевпен келіскенін айтады. Ал Ішкі істер
министрі қару қолдану жөнінде ешқандай келісім де, нұсқау да
бермегенін дəлелдейді.
Беляевтің талап етуімен Ішкі істер министрі Ш.Қабылбаев-
тың ісі тергеуге беріліп, ол қызметінен босатылады. Тергеу
амалдарынан соң, Ішкі істер министрінің кінəсіз екендігі анық-
талып, ол барлық атақ-абыройын қайтадан қалпына келтіреді.
1967 жылы Ш.Қабылбаев екінші рет ішкі істер министрі қыз-
метіне тағайындалады.
Сол кезеңдерді кейін еске алған Мемлекетіміздің басшысы:
«...Қазақтың балалары жеке жатақханада тұрдық. Аман
қалу үшін ұйымдасып, бірге жүруге тура келді. Топ бо-
лып жүріп келе жатқанымызда бізге келіп соқтығысып,
бізді де соғып кеткен кездері болды. Ол кезде, əрине, та-
лай нəрсеге ұрыну мүмкін еді. Құдай сақтап, аман қалдық.
Сондықтан қазақ пен украиндар, орыстар болып, грузин-
дер мен орыстар болып, қазақтар болып талай төбелестер
болды» дейді. («Егемен Қазақстан», 1997 жыл 5 шілде). Күн
сайын өршіп бара жатқан мұндай аса қатерлі оқиғаның ал-
дын алмаса болмайтын еді. СОКП Орталық Комитетінің ерек-
ше бақылауында тұрған ерекше құрылыс нысаны айналасында
тəртіпсіздіктің белең алуы партияның бас штабын да əбігерге
салады. Оқиғаның терең бағыт алғаны соншалық, оған қару-
лы əскер қатыстырылады. Алғашында өз əскеріміз халыққа оқ
атпағаннан кейін, Солтүстік Кавказдан Дзержинский атындағы
ішкі əскер дивизиясын шақырып, оқиғаны күштеп басуға тура
келген.
Бұл дивизия елімізде болып жатқан ауыр толқуларды басуға
əркез қатысып тұрған. Кейін белгілі болғанындай 1986 жылғы
Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына да қатысқан осы дивизия
екен.
Оқиға басылысымен оған сараптама-зерттеу жұмыстары
жүргізілмейді. Келтірілген зиян, адам өлімі, ешбір жерде ай-
тылмаған, жарияланбаған. Құрамында екі адамы бар ұшақ құ-
ласа, жариялы түрде құрылып жататын мемлекеттік комиссия
бұл жерде ашық жұмыс істемегенін аңғарасың.
Теміртау оқиғасына кезінде Ресейдің Бас прокуроры бол-
ған, Ресей президенті Борис Ельциннің саяси өмірінде зор рөл
атқарған А.Казанник те қатысады. «Өмірдің алғашқы ауыр са-
бағын 1959 жылы тамыз айында Теміртауда таттым» дейді
белгілі профессор А.Казанник. – «Осы жылы комсомолдық
жолдамамен Қазақстан Магниткасына барған болатын-
мын. Мұнда мен сияқты жастар көп жиналыпты. Алайда,
бəрі бірдей комсомолдық жолдамамен келмегенін, олардың
араларында кəнігі бұзақылар бар екенін кейін білдім. Жас-
тардың бір тобы су жүйесінде жұмыс істедік. Жұмыс ауыр,
еңбекақы мардымсыз болды. Наразылығымыз үлкен қар-
сылықтарға тап болды. Содан түн ішінде десантшылар-
ды түсіріп, олар жұмысшылар тұратын палаткаларды ны-
санаға алып, оқ жаудырды. Өлгендер де, жараланғандар
да көп болды. Жер-жерлерде өрт шықты. Кейін біздің ара-
мыздан 8 жасөспірімді соттап, кəмелетке толмағандарын
ату жазасына кесті. Біздің жатақханада тұратын «осы бас
көтереді-ау» деген белсенді жастардың біршамасын ауыл
шаруашылығы жұмыстарына немесе оқшаулау тұрған қой-
маларға жұмысқа барасыңдар деп алып кетіп, сол жағынан
қайтып жібермей қойған кездер де болды. Мен оларға іздеу
салып, бірнеше жерлерге бардым. Кейін мені ішкі істер
бөліміне шақырып алып, бұл шаруада жұмысың болма-
сын, оларды іздеп əуре болма жəне ешбір жерге жазушы
болма деп қатаң ескерту жасады. Кейін «Молодая гвар-
дия» журналынан Теміртаудағы болған оқиғаны, ондағы
ату, өрт шығу себептерін жазып, түсіндіргенде оның бəрі
сол жердегі ұрлық пен қарлықты бүркемелеу үшін, əдейі
қолдан ұйымдастырылғанын білдім», – дейді оқиғаны өз кө-
зімен көрген А.Казанник («Труд» газеті. 1997 жыл. 23 қыркүйек).
Сол күндері Теміртауға Л.Брежнев, Д.Қонаев келген. Оқи-
ға үш күнге созылып, əскерилердің күшімен əрең басылған.
Сөйтіп, əлеуметтік кикілжіңге киліктірген жұмысшылардың
əділетті талабы жаппай жазалау мен қуғын-сүргін жолымен
тұншықтырылған. Ал, кейін жылымық орнаған тұстарда жа-
булы қазан жабулы күйінде қалып, жазалау шаралары атымен
ауызға алынбаған.
Жалпы, 1959 жыл – республикамыз үшін ауыр жыл болып-
ты. Ауа-райының қолайсыздығы жəне ұйымдастырушылық-
тың кемшілігі салдарынан дер кезінде пісіп тұрған астық жи-
налмаған. Мыңдаған гектар жерге дəн шықпай қалған. Оның
үстіне миллионнан астам гектар астық қардың астында қалған.
Мемлекетке сатылатын 900 миллион пұт астықтың орны-
на 700 миллион пұт астық қана сатылып, алынған міндеттеме
орындалмаған. Осының бəрі Теміртау оқиғасына жалғасып, ол
СОКП Орталық Комитетінің Президиумында қаралған.
Партияның бас штабында қаралған мəселе бойынша Қара-
ғанды облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Исаев,
«Казметстрой» директоры Вишневский қызметінен босаты-
лып, республика басшысы Н.Беляев сөгіс алып, жұмысынан
босатылады.
Қарағанды облысы партия комитетінің хатшысы Энодинге
есеп карточкасына жазылған қатаң сөгіс беріліп, кейін атқарып
жүрген қызметінен босатылады. Ішкі істер басқармасының
бастығы, генерал Любых та қызметінен босатылып, республи-
кадан тысқары көшіп кетеді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хат-
шысы болып Д.А.Қонаев сайланады. Ол өзі сайланған пленум-
да: «Жолдас Беляев өзіне тапсырылған учаскедегі жұмыста бю-
ро мүшелерінің жауапкершілігін көтере алмады, өзінің жібер-
ген қателіктерін партиялық жолдастарына ысырып тастады.
Теміртау оқиғасында орын алған барлық қателіктерді Орталық
Комитет бюро мүшелері мен министрлерге жапты» деп баян-
дайды.
Сол жылдардағы Теміртаудың əлеуметтік-мəдени тұрмысы-
ның жай-күйі сын көтермейтіні шындық еді. Оны Елбасымыз
өзі туралы түсірілген деректі фильмде де айтып жүр. Елбасы-
мыздың алып Магниткада партия ұйымына жетекшілік жаса-
ғанында бұл мəселе турасында СОКП Орталық Комитетінің
есеп бергенін жəне өз ойының салтанат құрғанын мақтаныш-
пен айтады.
Иə, сол жылдары СОКП Орталық Комитетінің «Теміртау қа-
ласының əлеуметтік-мəдени тұрмысын жақсарту» жөніндегі
қабылдаған Қаулысынан кейін, қалада мəдениет ошақтарының,
мектеп, балалар бақшаларының, кинотеатр, бассейн, спорт зал-
дарының, көптеп ашылғанын көреміз. Мұның өзі жастардың
өндіріс орнында тұрақтап, алаңсыз жұмыс істеп, сайып келген-
де Теміртаудың тез арада гүлденген жастар қаласына айнал-
ғанын байқайсың. Қаланың бүгінгі гүлденген, өркениетті сал-
танатқа жетуінде Елбасымыздың зор үлесі бар.
Р.S.
Міне, Теміртау оқиғасының бар шындығы осыған сая-
ды. Ежелгі грек ойшылы Фалес: «Бəрінен де күштісі уақыт,
өйткені ол бəрінің де сырын ашады», – депті. Уақыт өткен
сайын сырын ашып отырған Теміртау оқиғасының бас-
ты проблемасы əлеуметтік мəселенің шетін ұшқыны ғана
еді. Жалпы, Теміртау оқиғасы сияқты жұмысшылардың
наразылық акциялары кеңес елінің басқа да қалаларында
болғанын үздік-создық білеміз. Өткен ғасырдың 60-жыл-
дары Новочеркаскі қаласында да зауыт жұмысшыларының
жергілікті атқарушы билік орындарына наразылық шеруі
болып, ол қарулы күшпен басылған-ды. Мұндай фактілер
өзге де қалаларда аракідік орын алып отырды. Бірақ бұ-
лардың бəрі кеңестік тəртіп кезеңінде бұқарадан жасыры-
лып, құпия түрде қатаң сақталды, ақпарат құралдарында
жарияланбады. Біз өз мақаламызда кезінде айта алмаған
мəселелерге тағы бір оралуды мақсат тұттық.
АДАМ БАҒЫ...
Адам қолымен жазылған кез келген хаттың соңында тағдыр
тұрады. Ол – бағамдап қарасақ, қағазға түскен құжат. Бір анық,
адам баласы əлемдегі əрбір тіршілік иесімен тығыз қарым-
қатынаста өмір сүреді. Бұл – адамның ішкі табиғаты.
«Өмір деген – ой» – деген қанатты сөз Вольтердің ұраны
болатын. «Өмір дегеніміз – шайқасу» деген қанатты сөз Сене-
каның хаттарында да ұшырасады.
Жалпы, ақ параққа түскен барлық хаттардың түпкі мəнінде
тəрбие жатыр.
Ұрпақ тəрбиесіне арналған А.П.Чеховтың, ағартушылар Су-
хомлинскийдің, Алтынсариннің кітаптары нағыз өмір сүру заң-
дарының не екенінің мəнін ұрпаққа ашу болатын.
Өмір сүруге септігін тигізер ақпаратты адам тек хат-ха-
бардан, кітаптардан алады екен.
Ұлы адамдардың жазған хаттарын оқи отырып, тіршіліктің
кілтін табуға ұмтыласың, ізденесің, табасың. Ол өмірге құш-
тарлығыңды арттырады.
«Басқа адамдардың өзіңізді жақсы көруіне неғұрлым көбі-
рек жағдай жасасаңыз, сіздің оларға ұнауыңыз да солғұрлым
тезірек болады» – депті Пьер Буаст.
Қазақ зиялыларының қазаққа ұнамағаны жоқ. Олар ең бас-
тысы халқының, ұрпағының амандығын, ар-ожданының та-
залығын тіледі. Онысын хатқа түсірді. Хаттың да өз жазылу
ережесі бар.
Қазақ тілінің білгірі Ахмет Байтұрсынов жазылатын хаттың
мазмұн түріне үңіле отырып, оған былайша анықтама береді:
«Заман хат. Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан яки
өз ішінде болған істерден дерек беруі – заман хат деп аталады.
Мəдени жұрттың адамында заманында болған көзге түсерлік
оқиғаларды яки өз өмірінде ұшыраған зор істерді жазып, əңгі-
ме ретінде тіркеп отыратын əдет болады. Заман хат шежіредей
емес, тəртіпті, жүйелі келеді. Шежірені тек хат білетін адам-
дар құр тіркей беруге болады. Заман хатты оқымысты адам-
дар жазады. Сондықтан, мұнда құр халық аузында əуезе болып
жүрген делелсіз сөздер жазылмайды. Заман хатта оқиға уақыт
сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады. Заман хат-
та боларлық бір кемшілік мынау: оқиғаны болған күйінше
жазбай, жазушы өз көңілінің күйіне бояп, реңкін өзгертуге
ықтимал. Олай ету оқиғаның дұрыстығына кемшілік келтіреді.
Заман хат шынға жақын болу үшін жазушы өз көңілінің күйі-
не түспейтін яғни, достыққа да, қастыққа да қарамайтын адам
боларға тиіс. Ондай адамдар табиғаттан тысқары адам болмақ.
Адам табиғаттан тысқары бола алмағандықтан заман хаттары
көңіл күйінің əсерінен аман бола алмайды. Содан да тарихқа
беретін жемінің молдығынан заман хат өте құнды сөздер есе-
біне қосылады.
Заман хат жазушы жазуына керек жемді я оқиғаның болып
жатқан үстінен алып жазады, яки, көп уақыт өткізіп оқиғада
болған халдерді өзінің есіне алып жазады. Заман хат мағлұматы
айтушының есіне алынып жазылғанда, жат дерек деп айтыла-
ды» (Ахмет Байтұрсынов шығармалары. «Жазушы» баспасы,
1989 жыл. 214-215-беттер).
Төменгі хаттар тарихы осы тұжырымға жауап береді.
Зиялылық – адамзаттың шалдыққан «сырқатына» диагноз
қоя білу қабілеті. Өзегіне даналық біткен зиялылықты қайрат-
керліксіз елестету мүмкін емес. Олай болса, ұлтымыздың
классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің жастарға арналған
төмендегі хатына үңілейік:
Жауқазын буынға хат
Бұл – көрнекті жазушымыз, асыл ағамыз Ғабеңнің бас-
пасөз бетінде жарық көрген соңғы арнау сөзі. «Жалын» альма-
нағының 1985 жылғы І-санында жарияланған.
Қарақтарым!
Биыл Ғабит екеуіміз үміткер атаулының бəрін өзінің сы-
қырлауық арбасына отырғыза бермейтін қалтырауық қыңыр
сексеннің үшеуіне көтерілдік. Осы бұралаңы мен бұлтағы,
қиыны мен қызығы мол, күреске толы ұзақ ғұмырдың пайғам-
бар жасынан астамы əдебиетке арналыпты. Алда кəрі қойдың
жасындай санаулы өмір қалды. Жақында бір əзіл үстінде Ға-
биттің «енді екі-үш жыл жүрсек жетпей ме?» дегені есімде. Пе-
шенеге не жазылғанын кім білген? Əлі де жүре бергің, көре
бергің келеді. Бірақ өткенді електеп, қорытыңдылап, кейінгіге
қалдырар басты сөзімді жұптайтын кезеңге əлдеқашан жетсек
керек. Сондықтан да соңғы кезде жиі мазалап жүрген кейбір
ой ескертпелерімді «Жалын» альманағы арқылы жас қауымға
жолдап отырмын. Себебі күнді күле батырғанымызбен кез кел-
ген боз ала таңда оянбай қалуымыз əбден мүмкін ғой. Адам-
ды адам етіп келе жатқан бір ұлы қасиет бар. Оның аты – ұят.
Кейде көшеде, аялдамада, троллейбус үстінде нақ бір бас-
қа жер таппағандай көптің көзінше құшақтасып, аймаласып
тұрған жастарды көресің. Махаббат неғұрлым ұятты, əдепті
келсе солғұрлым қадірлі, лəззатты болмай ма? Бұл сезімнің
жалаңаштанып, əдеп пердесінің сырласуы емес пе?
Сабыр, ынсап, ар, ұят, əдеп – бірінсіз бірінің күні жоқ.
Бəрі жиылып махаббатты құрайды. Бірін жоғалтсаң бəрін
жоғалтасың. Жаман қылық – жұқпалы аурудан да қиын, бір-
ден бірге ауыса ұрпағыңа да кетуі мүмкін. Сондықтан «Ұлың
өссе ұлықтымен, қызың өссе қылықтымен ауыл бол» деген-
ді қазақ тегін айтпаған. Жуырда бір жас жазушының шығар-
масынан бетіңнен отыңды шығаратындай ұятсыз жолдарды
оқыдым. Қандай əдепсіздік.
Жаяу Мұсаның «Сұрша қызына» əншілер «құмарымды қан-
дырды» деген сөз қосыпты. Бұл – əндегі əдепсіздік.
Əдебиет пен өнердегі əдепсіздік өте қауіпті.
Т. деген бір қыз көзге тіпті оңды-ақ еді, ерге шықты, бірер
ай отасты да айырылысты. Уəжі: «Күйеуім еркіме жібермейді».
Күйеуінің қояр кінəсі: «көрінгенге көз салады». Екінші күйеуін
тастап, үшінші біреумен кетіп қалды. Сірə, онда да тұрақтай ал-
мас. Маскүнемдер арақтан сілесі қатып жатса да арақ сұрайды.
Жұрт көбіне ұсақ құмарлықты махаббатпен шатастырады.
Жалаң нəпсі билеген кеудеде махаббатқа орын жоқ.
Киім-басы мұнтаздай көрікті əйелдің мосқал тартқан ер кі-
сіні қол арбаға отырғызып көшеде жүргенін жиі көрем. Бірде
арбасыз кездесті. Əңгімеге тарттым.
– Сүйіп қосылған күйеуім еді. Соғыстан осылай кəріп боп
оралды, – деді ол. – Енді калған ғұмырда жанына дақ салмай
аялап өткім келеді.
Міне, махаббатқа адалдықтың, ар, намыс, тазалығының бір
көрінісі.
Бір күні автобуста келе жатып қатар отырған екі əйелге
көзім түсті. Бірінің жасы жиырма-отыз аралығында, ерні қы-
зыл бояу, көзінің үсті көк бояу, ұзартылған кірпіктері қара
бояу, башмағынан шығып тұрған башпайының тырнақтарын
да қызылмен бояп тастаған, омырауы ашық, көйлегі жетпейді,
жеткен жерінің өзін жапқаны шамалы – сүзгідей сирек мата-
дан денесі көрінгендей. Қасындағының жасы отыз-қырық ара-
лығында. Мұның құмары алтын екен. Он саусақтың алтын-
сызы бірен-саран, қайсы біріне тіпті екі жүзіктен киіпті: бі-
лезік, сырғалар да алтын, алтындары асыл тастармен безен-
ген. Осы екі əйел көркемдіктің, мəдениеттің шегіне жеткендей
көңілдері көтеріңкі. Орыс, қазақ сөздерін араластырып шатты-
бұтты сөйлесіп отыр. Осы сəтте автобусқа бір кемпір кірді.
Көтерген себеті бар, жөтеледі, ентігеді, жан-жағына қаранып
орын іздейді. Əлгі екі əйел дəл қасында қалтаңдап əзер тұрған
кемпірді елемейді. Сол мезет соңғы жақта отырған қарақат көз
қыз орнынан атып тұрып, жүгіре басып барды да кейуананы
қолтықтап əкеліп, өз орнына отырғызды.
– Бұл кісі шешең бе, əжең бе, шырағым? – деп сұрадым
қыздан.
– Екеуі де емес, танымаймын, – деді қыз. Сөйлеген кезде екі
беті қызарып кетеді екен. Ибалық деген осы. Сірə, мені таны-
ды ғой деймін, сəлден кейін:
– Сізді автобуста көрем деп кім ойлаған. Қандай тамаша
болды, – деді батылсыздау үнмен.
– Автобус – көптің көлігі. Көппен бірге болу əбес пе?
– Жо-жоқ, сонда да...
Аялдамаға келіп қалыппыз. Қыз сөзін аяқтай алмай, қош
айтысып түсіп кетті. Кішкентай қылығымен-ақ бəрімізді риза
ғып кетті.
Қазақта обал, рақым, иба, қанағат, борыш деген ұғымдар
бар. Бұлар – ескіден келе жатса да ескірмеуге тиісті асылда-
рымыз. Оларды темір етікке нəл қағып кигендей əспеттеуіміз
керек, қадірлеуіміз керек. Халық «Көргенсіз десе ашуланба –
көргеніңнен көрмегенің көп» дегенде осы арайлы қасиеттерді
өмір бойға сіңіре беруді нұсқап айтқан.
Жастар! Біз тойдан қайтып келе жатқан адамбыз, сіздер той-
ға бара жатқан адамсыздар. Сауырынан сипатпас шу асаудай
зымыран жылдар мынау... Сендер енді 15 жылдан соң XXІ ға-
сырдың есігін ашасыңдар. Жаңа ғасырға алып барар тарту-
таралғыларыңның ең қымбаты, ең қадірлісі – мейірім, рақым,
қанағат болғай!
1984 жыл.
ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихындағы ең ұлы идея
Алаш идеясы еді. Алаш зиялылары күрес тактикасы мен стра-
тегиясын басқаша құру қажеттігін ойластырды. Олар топтаса
келе барлық күшті оқу-ағарту, баспасөз саласына салды. Түрлі
қиындықтарға қарамастан, большевиктік ағарту жұмысын өз
ыңғайларына қарай бұра білді. 1920 жылдан Мемлекеттік бас-
па құрылып, Ахмет Байтұрсыновтың бастауымен оқулықтар
жазыла бастады.
Газет-журналдардың ойы кеңестік болғанымен, заты Алаш-
тық болды.
1923 жылы Əлихан Бөкейханов Дінше Əділұлына жазған ха-
тында: «Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, Алаш-
қа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі», – деп жазды.
Өзіне-өзі ие бола алмайтын адам шырқыраған шындықты да
жарытып айта алмайды. Ал, өз ұлтын сүйетін кез келген адал
адам ең алдымен өз халқының аман болуының қамын жейді.
Елдің мүддесіне орай жазылған хаттардың бəрі уақыт өте
келе эмперикалық барометрге айналатыны ақиқат. Олардың
бəрі қазір қолжетімді бұқараның құндылығына айналып отыр.
Патшалы Ресей билігі қазақ оқығандарына оқалы шапан
жауып, кеудесіне сөлкебай іле отырып, өз мүдделеріне пай-
далануды əріден көздеген. Өз халқына қарсы отарлық саясат-
ты жүргізуге пайдаланбақ болған сондай жандардың бірі –
қазақтан шыққан тұңғыш заңгер Бақытжан Қаратаев. Алайда,
Бақытжан Қаратаев өзін орыстар қанша өбектесе де «халықтар
түрмесі» атанған Ресейдің шет аймақтарда жүргізіп отырған
отарлық саясаты мен зорлық-зомбылығына, қазақ жерін талан-
таражға салып жатқан іс-əрекеттеріне қарсы тұрады. Оның бұл
белсенділігі патшаға ұнамай, ақыр соңында өзін Грузияның
Кутаиси қаласына тергеушілік қызметке жіберілуіне себеп бо-
лады. Революционер бұл қызметті 7 жыл атқарып, елге орала-
ды. 1905 жылы орыс қоныс аударушыларының жергілікті қа-
зақтардың жерін тартып алып жатқанына қарсы білдіру мақ-
сатында патшаның қабылдауына барады. Бұдан нəтиже шық-
паған соң, 1907 жылы монархиялық режимге наразылық біл-
діру ниетінде «Орал» газетіне «Руссия халқына ашық хат» жа-
зады. Ол өзінің талап-хатында: «Руссия граждандары! Біз қа-
зақтар үкіметтен «Біздің жерімізге Руссия ішіндегі крес-
тяндарды көшіріп, талауда... Бұл үшін бізге зорлық болған
секілді бүтін Руссия халықтарына бек зарарлы» деп өкініп
қарадық. Біздің ықтиярымызға үкімет бірде ілтипат етпеді.
Үкімет біздің надандылық пен оқымағандығымызды пай-
даланып, бүтін облыстардағы жақсы жерлерімізді талап
алып, көшіп келген адамдарға беріп жатыр. Бізге құмнан
əм шағыр, əрім өсетін жерлерден басқа бірнəрсе де қал-
мады» – деп ашына жазады.
Ашынбағанда қайтсін, тіпті, «...Ресейдей дойырына сенген
ел ұлт саясатын жүргізе алмайды» деген Петр Чадаевтың айт-
қаны да осыған орайлас келіп тұрған жоқ па?!
Авторлардың көпшілігі өз шығармаларында өздерін тек ұпай
үшін ғана көрсеткісі келіп, əңгіме үстіндегі ақсүйек адамдардай
ұстайды. Оған өтірікпен немесе ақиқатпен қол жеткізу керек пе
деп бас қатырмайды. Бірақ, бəрі ондай емес. Шəкəрім бабамыз
Семей облысына қараған барша қазақ ағайындарға арнаған
ашық хатын сол тұстағы «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы
2 сəуірдегі №39 бастырыпты. Ондағы ой-мақсат – қазақтардың
өз құқын өзі қорғауы, жазықсыз жазалы болып қалмауының ал-
дын алуы еді. Данышпан өз хатында: «Осы күнгі ұлық біздің
қазақ сотын бекітті. Екінші қазақ арасында қандай үлкен-
кіші дау болса да, қазақ соты қарамақ. Бұрын орыс солай
тексерген, əзірде билік айтылмаған істің бəрін де қазақ
соты қарайды. Сол себептен төменгі сөздерді біздің Семей
облысындағы барша қазақ қатты ескеруі керек.
1. Арыз берген қазақ өзінің, жауапкердің һəм куəлардың
тұрған жерін, қай болысқа қарайтұғынын, анықтап жазу
керек. Олай болмағанда шақыру қағаз қайда жіберетұғы-
ны білінбей, арыз қараусыз қалады.
2. Арызында мал-мүлік, ақы дауласа, бəрінің бағасын
сомалап, анықтап баға қойып жазу керек. Өйтпегенде он-
дай арыз да қаралмайды.
3. Бұрынғы орыс сотына жауап бергендей өтірік-жала,
жалған куəліктерді қалдыру керек. Неге десеңіз – қазақ
соты орыс сотындай жалған куə, өтірік-жаланы жазасыз
қалдырмайды. Өтірікке хатты жаза салады. Əнеукүнгі
март басындағы билікте өтірік куəлік айтқан бір жігіт осы
күнге дейін сот кесімімен абақтыда жатыр. «Енді қайтіп
өтірік айтпаймын, жаманшылық қылмаймын» деп жалы-
нып, «кеш» деп берген арызын, сот қабыл алмады. Бұдан
былай, «Қазақ сотының жайын білмедім, қапы болдым»
дегенмен, ол сөз алынбайды. Осы айтылғандарды газет-
тен оқығандар өздері де ұғып, басқаға да ұғындыру ке-
рек. Қанша қуланғанмен, қазақ өтірігін қазақ соты таппай
қоймайтын көрінеді.
Семей облостной сотының бір мүшесі Шəһəрім.
«Сарыарқа. 1918 жыл. 21-апрель. №39».
Рас, ұлттың өмірі ол адал, сенімді жəне қайырымды болғанда
ғана қауіпсіздікте болады. Шəһкəрім бабамыз бұл жерде осы
қағиданы алдын алған.
Зиялылардың жазған хаттарын публицистика жанрларын өр-
кендету жолындағы интеллектуалдық ізденістің азимуттары
деп те қабылдасақ болар еді. Француз ойшылдары хат жазысу
өнерін романдық деңгейге дейін алып барудың негізін қалаған.
Ол (хат) ақын-жазушыларға көмекші құрал, яғни, модератор-
лық қызмет көрсетіп отырған.
Оймен жазылған хат кейде адам психологиясына ықпал етіп,
ой-жүйеңді дамытуға əсер етеді, шығармашылыққа жетелейді.
Көңіл күй мозайкасын оятып, əдемі ой айтуға жол ашады. Ал,
оның астарында адамгершілікке, ар тазалығына шақырған үн
қатысулар жатады. Осыдан біршама уақыт бұрын ойшыл-қа-
ламгер Жомарт Əбдіхалықтың «Жомарттың Əзілханға хаты»
«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Хаттың ішкі мə-
ніне үңіліп, сырын ашқан белгілі қаламгер Қайсар Əлім өзіндік
ой қорытып, жазушының ішкі сарайына үңіліпті. Біз де осы
үрдісті жалғастырып, Жомарт ағамыздың негізгі ойларын ық-
шамдап беруге тырыстық.
Қадірлі Əзаға!
Хат пен кітабыңызды алып, өзіңіз туралы түсінік-түйгенімді
кеңейте, тиянақтай түстім. Екі алып тұлғамыз – Мұхтар Əуезов
пен Сəбит Мұқанов туралы «Екі естелік» – айтса-айтқандай-
ақ, барымыз бен нарымызға ізгілік ілтипатпен, адал да айны-
мас құрметпен қараудың бір айтар ескерткіші екен. Жақсыда
«мін болмайтындай» табынып оның жаңсақ көрініп тұрған
тұстарының өзі «жарастылыққа» жорылып жататыны сияқты
қабылдау-түсініктер кең пейілді, кешірімді мінезімізді таныт-
қанымен, сырт жұрт кейбір мəселелерге мұрын шүйіре қарау-
дан да ада емес.
Бұл неліктен десем, біздің өз ішіміздегі түсінік-құрметте
адалдық, бірізділік жоқ екен. Ал оның болмауы неліктен? Осы
жер ең бір шилі тұсымыз...
Əрине, көп нəрсе зердеміздің жеткен жеріне келіп тіреледі.
Ой-сананың «биігінде» жүргендей-ақ көрінетін бірқатар «тə-
уірлеріміздің» ісі мен істеп жүрген қылығында қыруар ал-
шақтық бар. Олар айдалада тұрып-ақ, жаныңды кейітеді, жі-
геріңді жасытады! (Бұлар кімдер дегенде – атын атап, түсін
түстеді деп есептеңіз. – Сіз бағамдап жүрген төңіректен онша
алыс кетпеспін).
Бұл – əрдайым түйткіл ойға батыратын, көңілдегі бір алаң
жай. Шын адамгершілік мейіріммен, ұлы мүдде, үлкен іс тұр-
ғысынан ойлап, бір-бірімізге кешірімді, төзімді болу, тəкаппар
емес, тəлімгер болу кісілігіміз жетіспей жүр-ау, Əз-аға!?
Мен бір нəрсеге айрықша секеммен қараймын: осы астана-
лық өмір жағдайында тіршілік кешкен интеллигенция өкіл-
дерінің бірқатарының арасында кісіге арлы жүзбен қарай ал-
майтын сырдаң, сусыма мінезді пəтуасыздық бар. Бұл түпке
жететін кесел. Əсіресе, творчестволық топқа қосылғандардың
көбі – абырой, ар-ұяттан аттап, өте бір келеңсіз жолға түскен-
дер. Олардың шала-жансар өнерпазшылдығын былай қойғанда,
Отаншыл да, партияшыл да, патриот та өздері сияқты, бірақ
түптеп келгенде, олар мұндай қасиеттің бірде-бірінен жұрдай.
Ал кейбіреулерге тақ беріліп, «бақ» келген соң, мүлдем «естен
айырылған» ғұмыр кешетіндерін қайтерсің. Мұны кейбір саяси
жетекшілеріміздің де рухани, «азаматтық» көрсоқырлығынан
кəміл аңғаруға болады. Сонда «қылмыскер, қаныпезер жүрек-
сіздің халықтық (партиялық) қызыл үстел басында отырып са-
нат шақыруға қандай хақысы бар? Жауызды дер кезінде жа-
залауға қашан да дəрменсіз-ау...»
Уақыт бəріне де емші. Бүгін емделмесе, оны ертең түзетуге
мүмкіндік болмай қалады. Жазушы өз ойын бүкпесіз аша оты-
рып, хатын одан əрі сабақтай түседі.
«Əзаға, осындай топшылау ойларымды емеуріндеп айта оты-
рып, Сіздің «басыңызды қатырғанда» мақсат біреу: ол – менде-
гі ой ындыны, творчестволық беталысы өмірлік позицияның
аңсарынан хабар беру. Осынша «кіжініп» құлындаған дауыс
құраққа шыққанда, менің өз тарапымнан рухани дамуымызға
қосқан үлес, біткен іс болмай жатқанын ұят болса да жəне айту.
Енді бұл сырды Сізге анығырақ ашуға тура келді деп ой-
лаймын. Ұзақ жылдан бері мен «Адам бағы» деген атпен бір
идеяның шылауында жүрмін. Бұл көркем дүние емес, бірақ
қажет кітап болуға тиіс.
Мен өз тұрғыластарымның (жалпы алғанда ағалардың да,
бізден кейінгі ұрпақтың да) бір осалдығын байқаймын: олар
жетілген диалектикалық ойлау тəсілінің мүмкіндіктерін өте аз
пайдаланады. Сондықтан да көп жағдайда өмірдегі, қоғамдағы
қайшылықтардың тінін тауып, терең бойлап іс өрістете алмай-
ды, – ойлау келте болған соң қанша ұзайды. Мол мəлімет, көп
дерек, қыруар тарихи, табиғи оқиғалардан хабардар, сол біл-
гендерін жақсы əңгімелеп бере алатын кісілердің өзі арқан-
даулы ат тəрізді онша алысқа ұзамайды. Көп шырмалады».
Адам өзін-өзі адамдардың ортасына ғана тануға қабілетті.
Əркім өзі түсінгенді естиді.
Сонымен «Адам бағы» – біріншіден, адамзат əулетінің өмір
сүру, тіршілік кешу, игілікке жету күресінен, ішінара тарихы-
нан қадау-қадау мəуелі баққа ұласқан бəйтеректерді көзге шал-
дырса, екіншіден, əр адам үшін бағы жанатын жүйелі таным
жолын меңзеу. Бұл – ойлау мүмкіндіктерін ашу арқылы ғана
баянды болатын іс.
Ал мұның жаңалық немесе «болмағанды ашып отыр екен-
сің» деп қарайтын ештеңесі жоқ, – бір сенімім осында. Онда
тек өмірдің өз дидарындай айқын шындықтарды жүйелеп та-
рату, жинақтау, түйіңдеу арқылы Адамның тууынан өмірден
өтер шағына дейінгі аралықта əртүрлі алдамшы жолға бой ал-
дырып, бөгеліп қалмай, арналы, түпкі нəтижесі айқын – əйте-
уір бағы жанбай қоймайтын кең өріске шығу мүмкіндігі желі
болып тартылады.
«Адам бағы» деп отырғаным ендігі бір орайда кəдуілгі бақ-
орманның бітімі тəріздес адамдар тағдырын елестету. Онда
бəрі бар: Еңбек, Өнер, Ғылым, Махаббат, ғадауат... тегіс.
Тұтастай алғанда, қоғам дегеннің өзі – сондай тіршіліктен
тұратын адам бағы. Бірақ ондағы жан иесінің əрқайсысы по-
тенциалды түрде гүлдеуге, мəуелі жеміс беруге тиіс болғаны-
мен, олар қыруар кедергі қауіп-қатерге ұрынады. Жəне мұнда-
ғы қуаңшылық, алапат сойқандар табиғат дүлейінен басқаша –
Адам құдірет, адам-хайуан болмысының заңынан туындайды...
Соны қалай «бір тарының қауызына сыйғандай» жинақтасам
екен деп көп сенделдім.
Қазақ жұртының төл туындыларында өмірдің қыбын аңдау,
сырын болжау əр кезде-ақ айтылып отырған. Шағын шеңбер-
де үзік-үзік, нақпа-нақ, дəлме-дəл пайымдалған, ешбір заман-
да ескірмейтін нақыл, қағида тұжырымдап біздің халқымызда
да тіршіліктің (қоғамның) диалектикалық болмысын тап ба-
сып отырады. Бірақ жүйелі, қарымы ауқымды қалыпқа түсе
қоймаған, əттең...
Демек, ой қорыту машығымызда, ойлау-түсінігімізде ақау
бар жəне ол біздің ағайындардың басым көпшілігіне тəн. Көр-
сек иек астындағыны ғана көреміз. Содан да қаусап жатырмыз...
Адамды «өмір билейді», «тұрмыс билейді», «қоршаған орта
билейді» деп мойындаймыз, ол рас. Сол билеушілердің қол
астында жүріп-ақ жол тапқандар, жөнді жерден шыққандар,
сөйтіп Дүние-Көшті дұрыс аяқтап кеткендер қаншама?.. Бұлай
ету көп адамдардың қолынан келер еді. Бірақ, өкініштісі сол,
олар осы жолды таба алмай дал болады, басын тауға-тасқа
соғумен өтеді.
... Адам бағы, шіркін-ай, неге жанбай кетті екен дегенде,
менің тапқан бір тиянағым – оларға дұрыс дүниетанымның
негізі, бағыт-баяны қалай сайласатынын айтып беру. Қалай
шығатынын қайдам?..
Бұл жартылай философиялық еңбек. Қандай іс істесең де
адам өмірінің мəнін бірінші кезекке шығару тұрғысынан келу
керек. Қазіргі күрделі тіршілікте ол тікелей мəселе болып қо-
йылуы қажет. Өйтпеген күнде... Оңбаймыз!..
Мен қазақ жұртындағы ақыл-ой тоқырауының бір себебін
мынадан деп білемін: ойлау жүйесін дамытып, жетілдіретін фи-
лософиялық еңбектердің бəрі орыс тілінде – оны бізден тек са-
наулылар ғана оқиды: ал ана тілімізде шыққан аздаған əлжуаз,
жеңіл-желпі басылымдарға казақтар, əсіресе, жоғары білімді
маман болып кеуде қағып жүргендер ден қойып, сонда бірдеңе
бар-ау деп əсте ойламайды əрі шала түсінген соң, жоламайды.
Олар жалпы философияның аты аталған жерден үркіп жүреді.
Есейген сайын адам неғұрлым дұрыс ойлауға машықтануы ке-
рек қой десең, ертоқымын бауырға алып, əптер-тəптері шығып
намыстанады. Өмірдегі көзге көрініп тұрған (эмпирикалық,
прагматикалық...) қайшылықтар шеңберіндегі мысалдарға тұ-
салып, одан əрі ой тереңдетуге бара алмайды. Бағыттың ай-
қындығына демеу беретін қорытынды да шығара алмайды...
Тіршілік... Қоғам өмірі – демек, адамдардың ұдайы көше-
тіні – мəңгілік ауысып (жаңарып), түрленіп отыратын жəне
үздіксіз қайшылықтар кақтығысы. Бүкіл ғұмырында əркімнің
қыр желкесінде қылға ілініп тұрған Дамокл қанжары осы.
Принципінде бұдан «құтылғысы» келмейтін адам жоқ деп ай-
туға болады. Бірақ, қалай?..
Шындық мынау: қайшылықтарды тап басып анықтай бі-
луге, бағдарлап отыруға, шама келсе, шешу тенденциясына
көшуге шалағаймыз, шорқақпыз... Содан келіп құр «мə, маған –
мə, саған» деген келте шешімдер жасаймыз. Міне, терең ойлау
пəнінен сауатсыздық. Кейбір қазақша жазғыштарымыз (сын-
шылар) бұл үлкен пəнді өзінің анық ғылыми дəрежесінде игер-
меген, олар ең қарапайым категориялардың өзін ұғымдық шең-
берінде орынды қолдана алмай шатыстырады, ал философия-
лық білімі барлар қазақша жазуға, қазақ халқының болмысын
түсініп білуге шорқақ.
Жалпы алғанда осындай екі ұдайлық біздің табиғи фило-
софиялық ойлау қабілетіміздің шыңдалуына өте өкінішті нұқ-
сан келтірді. Жоғымызды жұрттың деңгейінде ойлауға жете
алмадық: барымыз – өзімізге жат күй кештік, – міне, тағдыр!
«Орнында бар оңалар» дегенге өте сенеміз бірақ, амал қанша!
Сау-сəлемет болыңыз.
Сəлеммен Жомарт. 14 сəуір, 1988 ж.
АҚМОЛА.
Хаттың ұзын-сонар болуы шартты емес. Кейде оның екі
ауыз сөзбен жазылуы да иесіне даңқ пен абырой алып келуі
мүмкін. Мұндай хаттарды мұрағаттардан көптеп табуға бола-
ды. Жақында ағылшынның белгілі жазушысы Оскар Уайльдтің
1987 жылы бір журнал редакторы Алсачер Вианға жазған ха-
ты табылып, ол аукционда 15,5 долларға бағаланды.
Жазушы өз хатында редакторды шəйға, кешкі асқа, галстук-
сыз еркін жайғасып, итальян шарабын іше отырып, редакцияға
келіп түскен мақалаларды талқылауға шақырады. Хатты Виан-
ның мұрагері құпия түрде сақтап келіпті. Хат мəтіні атақты жа-
зушы өмірінің біз білмейтін көлеңкелі тұстарын аша түсетін
көрінеді.
Бір ауыз сөз демекші, тарихта «Бесеудің хаты» деген атау-
ға ие болған хаттың негізін жазушылардың бірі – Мұташ
Дəулетқалиев ішкі түрмеде жатып, əйелінің үйден тамақ құйып
əкелген ыдысының түбіне Мəскеуге Сталинге жазған хатын
нанмен бетін жасырып, амалын асырған көрінеді.
Өмір жоқтықта өтеді: біз қашанда еске алу мен үміттің орта-
сында боламыз. Онда ұлы композитор Шəмші Қалдаяқовтың
əкесі Қалдаяқ абыздың хатына үңілейік.
«Домбы өлген. Қалдаяқ та өледі. Бірақ, Құдай біледі,
деп айтайын, Домбы ұрпағында екі нəрсе: көрік – ұсталық,
əн əуені – өлмейді, өмір сүреді. Мына жаман ағаң Қалдаяқ
ұста əкесіне де, қазаққа да қарыз емес. Аллаға мың да бір
шүкіршілік. Ана жаман кемпірім – апаңды екі күн айты-
ста өлеңмен жеңіп, атқа мінгестіріп əкелгенімде, тігерге
тұяры жоқ əкем: «Балам, мені Құдай алдындағы, ал өзіңді
əке алдындағы парыздан құтқардың, деп ризашылықпен
ақ батасын берген. Ал, мен қазаққа Шəмшіні бердім. Шəм-
шіні бүгін болмаса ертең, тіпті, тірісінде болмаса, көзі жұ-
мылғаннан кейін болса да қалың қазақ танып, құрметтей-
тін болады. Тек, ер азамат, ел аман болсын!».
Қалдаяқ, 1964 жыл.
Өмір керемет, тым көп жоғалтулар мен ұлы парыздан емес,
əдетке айналған жан рақатын сақтарлық болымсыз нəрселер-
ден – күлімсіреулерден, ізгілікті істерден жəне ұсақ та болса
міндеттерден тұрады. Қазақ халқына Шəмшідей ұлы компози-
торды берген Қалдаяқ əкеміз жүрегінен шыққан сөзді осылай
жеткізе біліпті. Міне, хаттың құдыреті!
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
КИІМІ ҚАНДАЙ?
Киім – кез келген адамның бейнесі. Əйтсе де ар-ұятымды
жауып тұрса болмай ма, деп əлеміш-əлеміш киінуге бола ма?
Əсіресе, ол мемлекеттік қызметкер болса ше? Қазақстан Рес-
публикасы мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі
мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің қоғам ал-
дындағы жауапкершілігін айқындап берген. Егер бұрын мемле-
кет өз қызметкерінің алдына материалдық құндылықтар қойса,
қабылданған құжатта басты мəселелер ретінде адамгершілік
нормалары қойылған. Бұл мемлекеттің ойын асқақтататын
оның мүддесін қорғайтын басты фактор. Енді осы фактор əлем
елдерінде қалай қолданып жүр?
Жақында Украина үкіметі министрлер кабинетінің жауапты
қызметкерлері үшін дресс код енгізді. Енді қабылданған ере-
же бойынша министрлер мен хатшылық қызметкерлері бүгін
киген киімін келесі күні кие алмайды. Екінші мəселе бойын-
ша өзге адамдардың назарын аудармау үшін түрлі жылтырақ
жіптермен көмкерілген киім мен ашық, қанық бояулы галстук
байлауға шектеу қойылып отыр.
Жаңа ереже бойынша үкімет хатшылығы өкілдерінің алма
кезек ауыстырып киіп отыратын кемінде үш костюмі болуы
тиіс. Министрлер кабинетінің қызметкерлері жұмысқа қара
көк немесе сұр костюм киіп келуі ерекше бақылауға алынған.
Мұның астарында үкімет қызметкерлерінің əлеміш сəнді киім
киюлеріне шектеу қою ұғымы жатыр. Министрлер кабинетінде
қызмет атқаратын қыз-қырқындардың беттеріне опа жағып,
макияж жасаулары да қиынға соғуда. Бұл ережелердің сақталуы-
на Үкіметтің күзет қызметі жауапты.
Киімге жапсырылған кіп-кішкентай белгінің өзі кейде үл-
кен дау-дамайларға апарып соқтырып отырған. Өткен жылы
қараша айында Ұлыбританияның премьер-министрі Кэмерон-
ның Қытайға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы дипло-
матиялық қарым-қатынастың үзілуіне апарып соқтыра жазда-
ды. Бұған не əсер етті?
Осыдан екі ғасыр бұрын ағылшындар зеңбіректің күшімен
аспан асты елінің таспен бекітілген қамалын бұзып жарып,
есірткі сатуға өздеріне жол ашып алған еді. Содан бері көкірек-
те шерменде болып қатып қалған ішкі қыжыл ұмытылар емес.
Ежелгі адамзат өркениетінің бесігі болған екі мемлекетке бір-
бірінің салт-дəстүрін оқып зерттеуге жеткілікті уақыт болса
да, осыншалық кек сақтауына ағылшынның үкімет делегация-
сы мүшелерінің костюмдерінің жағасына мак гүлінің белгісін
тағып алуы себеп болған көрінеді.
Премьер-министр бастаған ағылшын үкіметінің делегация-
сы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысына (парламенті)
Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаомен
жəне Мемлекеттің премьер-министрі Вэнь Цзябаомен ресми
кездесуге мак гүлінің белгісімен баруы протокол қызметінің
қарсылығын тудырған. Жоғарыдағы есірткі соғысы кезінде
ағылшын əскерлерінің де қаза тапқаны белгілі. Бұл сапардың
сол күндерге сəйкес келіп, ол қаза тапқандарды еске алу құр-
метіне орай жасалған шара екендігін түсіндіргеннен кейін ға-
на мəселе өз орнына түскен. Міне, түймедей белгінің түйедей
көрінуі.
Жалпы, үстіге киетін киімнің кейбірі сол халықтың ұлттық
белгісі. Біз Ауғанстанның президенті Хамид Карзайды басы-
на киген шошаймасы мен үстіне желбегей жамылған шапа-
нымен танимыз. Президент ол киімін міне, 9 жыл болды, əлі
өзгерткен емес. Ұлттық киімге үрке қарап, одан бойын жиып
алатын кездер де болады. Кезінде Ресейдің президенті Борис
Ельцин Шешенстан басшылары Масхадов, Яндарбиев, Закаев,
Удуговтармен кездескенде олардың қаракөл елтерісінен тіккен
бас киімдерімен келуіне үрке қарауын қалай ұмытамыз. Ли-
вия көсемі Мумаммар Каддафидің шетелдік ресми делега-
ция өкілдерін бедуиндердің қамыстан тоқылған шалашында
ұлттық киіммен қабылдауына таңданбайтын адам жоқ. Оны
шетелдік БАҚ-тар да таңданып талай жазған. Мұндай прото-
колмен қатталатын дəстүрлер дүниежүзілік тəжірибеде бар.
Ондай тəжірибені мемлекеттік қызмет істерінде араб елдері
көп қолданады.
Кезінде Египет Араб Республикасының президенті болып
сайланған Хосни Мүбəрəк өзінің ең алғашқы өткізген үкімет
отырысында министрлерден мемлекеттік қызметте жүріп, тек
отандық өндірістен шыққан киім киюлерін, екіншіден, тек
қана мемлекеттік тіл – араб тілінде сөйлеулерін, үшіншіден,
жинаған ақшаларын ел банкілерінде сақтауларын талап еткені
бар. Бұл Египет президентінің мемлекеттік қызметкерлердің ел
алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздеген ойы еді.
Киіміңе қарап, қызмет көрсететін елдер де бар. Мысалы,
Австралияға баратын болсаңыз, дұрыстап киініп баруға тыры-
сыңыз. Бұл елде қара киініп көшеде жүруге болмайды. Табиғат
аясын бүлдіреді дегеннен шықса керек, киізден жасалған аяқ-
киім киюге де тыйым салынған. Жергілікті ұғым бойынша
мұндай киімді тек қарақшылар киеді деген түсінік қалыптасқан.
Қызыл түске жоламаса да болады. Мұндағы əр штаттың киім
киюде өзіндік ережелері бар. Мəселен, Виктория штатында
аптаның жексенбісінде қызыл түсті шалбар киюге рұқсат жоқ.
Егер Ұлыбританияда ақсүйектер қауымы юбка киюді өзде-
ріне сəн көрсе, Италияда юбка киген ер адамды сотқа сүйреуге
қақысы бар.
Юбка демекші, неміс ағайындар қызды-қызды мен əйел-
дердің іш киіміне де тиісе бастады. Германияның Кельн қа-
ласындағы түрлі дауларды қарау жөніндегі Жер соты жұмыс
берушілердің əйел қызметкерлерді төстартпа тағуға міндеттеу
құқығын бекіткен. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл та-
лап адамның құқығы мен бостандығын шектеу деп қаралмауы
тиіс көрінеді. Бұл жөнінде туындаған мəселе қазірдің өзінде
сотта қаралып үлгерді. Мəселенің сотта қаралуына Кельн мен
Бонн əуежайында жолаушыларды тексерумен айналысатын
фирманың жарғысы себеп болған. Сот қызметкерлерінің ойын-
ша, жолаушыларды бақылаудан өткізетін əйел адам ер адам-
дардың назарын өздеріне аудармауы үшін жұмыс қызметіне
төстартпа киіп келуі тиіс. Оған қосымша əйелдер тырнақтарын
0,5 сантиметрден əрі өсірмеуі керек. Əуежайда əйелдер мен
қатар ерлерде қызмет атқарады. Сот билігі бұл жағын да ескер-
ген. Ерлердің шашын бояуына жəне жасанды шашпен жүруіне
сот билігі қарсылық білдірмеген.
Əлемде киім киюдің де сан қилы тарихы бар. Оның кейде
əлеуметтік қақтығыстарға да апарып соқтыратынын жоғарыда
айттық. Иран тарихында Реза шах билігі тұсында киім киюдің
өзіндік дəстүрі заң жүзінде қалыптасқан. Киімнің өзгеруі мен
хиджабтың ашылуынан кісі өліміне апарып соқтырған қақты-
ғыстар да орын алған.
Реза шах пен оның айналасындағылар əуелгі бастан-ақ əр-
түрлі бас киімдер (сəлде, шапка, телпек, қалпақ) кию ескі-
ліктің, артта қалғандықтың белгісі деп санаған. Сол себепті
француздардың əскери бас киіміне ұқсайтын жаңа бас киімді
жасап шығарып, оны «Пехлеви бас киімі» деп атаған жəне
барлық ер адамдарды осы бас киімді киіп жүруге үкім еткен.
Ал, мемлекеттік қызметкерлерге еуропалық үлгідегі костюм
киюді міндеттеген. Халық арасында киім киюдің осы үлгісі
насихатталған.
Уақыт өте осы «Пехлеви бас киімі» француздық шапкаға
ауыстырылған. Ол Иранда «Леген шапка» деген атпен əйгілі
болды. Киімнің саясатқа араласқан уақыты да осы тұс. Иран
билігіне өзге дінді ұстанушылар айтқан болуы керек деген
ой да туындайды. Реза шах бұл шапканы ұлттық белгіні жою
мақсатында жəне оның қыры намаз оқуға ыңғайсыз бол-
ғандықтан, намаз оқитын мұсылмандарға қарсы тəсіл ретінде
қолдануды ойластырған. Шахтың бұл айла-тəсілінің ішкі аста-
ры ашылып қалып, ол өзіне деген наразылық əрекеттерді кү-
шейте түскен. Шираз қаласында көпшілік жиналған басқосуда
бір топ қыздар сахнаға шығып, бастарынан орамалын алып
тастаған. Оған қарсы уəж айтқан Шираздың беделді дін ға-
лымы Сейд Хисамеддин қамауға алынған. Бұл хабар Мешхед
қаласына жетіп, қалада көтеріліс бұрқ еткен. Дəстүрлі киімнің
бұлай өзгеруі болашақта əйелдердің хиджабының шешілуінің
басы деп есептелінген. Қалалардағы мешіттерде қарулы кө-
терілістер болып, ол кісі өліміне апарып соқтырған. Елді дүр-
ліктірген басшы ретінде Хорасан қаласының əкімі Реза шах-
тың үкімімен дарға асылған.
Осы оқиғалар хиджабтың алынып тасталуына бастама бол-
ған. 1936 жылы 7 қаңтарда Иранда əйелдер хиджабының алы-
нып тасталған күні ретінде ресми түрде жария етілген.
Бас киім демекші, Ресей патшалығының қазақ даласына би-
лігі жүріп тұрған кезінде қазақтардың қара шашақты кейде
жарты ай жəне жұлдызбен кескінделген қызыл тақия кигені
жергілікті басшылардың ашу-ызасын келтіріпті. Далалық ге-
нерал-губернатор атына «түрік (қазақ) елінің құзырындағы
азаматтарды ерекшелеп тұратын бас киіміне – тақияға –
орыс билігі қалай төзеді?» деген өтініш түскен. Онда орыс
бодандығындағы мұсылмандарға мұндай бас киімді киюге
тыйым салуға рұқсат беруін сұраған. Алайда, өлке бастығы-
ның кеңсе меңгерушісі «Жоғары мəртебелім заңдық негіз бол-
мағандықтан мұндай өтінішті қанағаттандыра алмады» деп
жауап берген.
Мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік тұрмыс жағ-
дайын сол елдегі халықтың көлігінің санына қарап есептейтін
қағида бар. Халықтың жеке иелігінде көлік көп болса, ол елдің
халқы бақуатты деген сөз. Ал, Тəжікстанда көлік емес, аузыңда
алтын тісің болса, сен байға саналасың. Бұл турасында елде
ерекше заң да бар. Əсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге ал-
тын тіс салдыруға тыйым салынған. Заңды бұзсаң тəртіпке
шақырыласың.
Бірде ел президенті Эмомали Рахмонның қабылдауына бір
мектептің мұғалімі келіп, еңбекақысынң аздығын айтып, жы-
лап қоя беріпті. Мұң мұқтажын айтқан əлгі мұғалімнің тісте-
рінің бəрі алтыннан салынған екен. Сонда қарапайым мектеп
мұғалімінің табысы мардымсыз болса, қымбат тістерді қалай
салдырған деген ой туындаса керек. Мүмкін бұл мемлекеттік
қызметкерлерді қарапайымдылыққа шақырудың бір амалы бо-
лар, осы оқиғадан кейін Тəжікстан президенті жоғарыдағыдай
заң шығарыпты. Ал керек десең!
МЕЗГІЛ МІНЕЗІН КӨРСЕТІП ТҰР
немесе тағы да «Болашақ» бағдарламасы туралы
«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің құ-
жатын қабылдау басталды. Бағдарлама ережесі бойынша ака-
демиялық оқу үшін 14 маусымнан бастап 30 шілдеге дейін,
ал ғылыми тағылымдама үшін 7 маусымнан 30 қыркүйекке
дейін үміткерлер өз өтініштерін бере алады. Талапкерлер үш
тур негізінде білімдерін сарапқа салатын болады. Олар ал-
ғашқы таңдауда шет тілінен алған білімі бойынша тест тапсы-
ратын болса, екінші таңдау негізінде мемлекеттік тілді мең-
геруі жайлы ҚАЗТЕСТ жүйесінің көмегімен сынақ тапсыра-
ды. Мемлекеттік тіл бойынша үміткерге 150 сұрақ беріліп,
оның 90-на дұрыс жауап берілген жағдайда ол келесі сынаққа
жіберіледі. Алғашқы сынақта үміткерлер өздері таңдаған елдегі
оқу орындарына түсу үшін сол елдің мемлекеттік тілінен ем-
тихан тапсыруы міндетті саналады. Осы екі бақылаудан өткен
талапкерлер психологиялық тестілеуден өтеді.
25 түлекке іздестіру жарияланды
Жалпы, талап білдірушілер 23 елдің 200 жоғары оқу орын-
дарында білімдерін жетілдіріп, 24 елдің 105 оқу орнында
ғылыми-өндірістік тəжірибеден өтетін болады. Осы орайда
үстіміздегі жылы «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде
оқимын деушілерге 1007 орын бөлініпті. Мамандық таңдау
бойынша да үлкен өзгерістер бар. Басым мамандықтар бойын-
ша, академиялық оқу үшін – 87, ғылыми тағылымдар үшін
100 мамандық енгізіліп отыр.
Стипендиядан үміткерлер арасында ауыл жастарына, мем-
лекеттік жəне ғылыми қызметкерлерге, педагогтарға арнайы
квоталар қарастырылған. Əсіресе, ауыл жастарына ерекше
жеңілдіктер берілген. Мəселен, өткен жылы 47 ауыл баласы
өздері таңдаған елдердің жоғары оқу орындарына жолдама
алса, биыл бұл көрсеткіш 65 орынға көбейтіліп отыр.
Қазіргі таңда əлемнің көптеген дамыған елінде Отанымыз-
дың 2257 жас буын өкілі түрлі мамандықтар бойынша білім
алып жатыр екен. Бұл бүгінгі қол жеткен табыстарымыз.
Жақсылық бізге қашан да көптік етпейді. Əйтсе де «Болашақ»
бағдарламасы жүзеге аса бастаған 1993 жылдан бастап 2005
жылға дейінгі аралықта шет елде оқып, Қазақстанға қайтып
оралмаған 29 жас толқынның анықталып отырғанын жасы-
ра алмайтынымыз анық. Елімізде шет елдерде оқитын жас-
тармен арнайы жұмыстар жүргізіп, мониторинг өткізіп оты-
ратын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» бар. Бұл ор-
талық 2005 жылы құрылған. Талапкерлерге стипендия таға-
йындалғаннан кейін, екіжақты келісімшарт жасалады. Келі-
сімшарт бойынша стипендият оқуын бітірген соң, туған еліне
келіп, еңбек етуі міндетті саналады. Егер шарт бұзылған жағ-
дайда тəртіп бұзушыдан оқу шығыны өндіріліп алынуы көз-
делген. Алайда, 2005 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Бо-
лашақ» бағдарламасының 25 түлегі «Халықаралық бағдар-
ламалар орталығымен» хабарласып, өздерінің нендей істермен
айналысып жүргендіктері туралы ақпарат бермеген. Сондық-
тан да, оларға құқық қорғау органдары тарапынан іздестіру
шаралары жүргізіліп жатыр екен. Ал жалпы, Президенттік
«Болашақ» бағдарламасы бойынша өткен жылы 750 шəкірт
шетелдік жоғары оқу орындарын бітіріп, елге оралыпты. Бұл –
бағдарлама қабылданған 17 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш.
Осы ретте бағдарлама бойынша 1994 жылдан 2010 жылға дейін
«Болашақтың» стипендиясына 6540 адамның қолы жетіпті.
Өткен жылғы үміткерлердің басым көпшілігі Ұлыбрита-
нияда – 259, АҚШ-та – 165 жəне Ресей Федерациясында – 33
білім мен ғылым шыңын бағындыруға талаптану үшін тілек
білдірген. Бұл – сұрыпталғаны, əйтсе де, болашақта шет ел-
дерде оқимын деген талапкерлерді еліміздің даму көкжиегіне
қарай, əлі де, іріктеу мəселесін қатаң қарау сұралып тұр. Осы-
дан бірер жыл бұрын Елбасымыз «Нұр Отан» партиясы саяси
кеңесінің кеңейтілген мəжілісінде «Болашақ» бағдарламасы-
мен білім алған 300-ге жуық жастарды қайта даярлап, келе-
шекте қызметке тарту керектігін айтқан еді. Олардың құра-
мында отандық ғылымды дамытатын жастар да бар. Бұдан
Елбасымыздың қазақ жастарын интеллектуалды ұлт деңгейі-
не көтергісі келетін бастамашылдық қасиетін көреміз.
Бұл жерде тəрбие мəселесі алғашқы сатыға көтеріліп отыр.
Осыған орай алдағы уақытта жас мамандар əуелі аймақтарда
үш жыл тəжірибе жинақтап, содан кейін ғана Астанаға бара
алады. Елбасының бұл тапсырмасы «Болашақ» халықаралық
стипендиясы түлектеріне тікелей қатысты болмақ.
Оқыған жас көп, ысылған маман қат
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2010-2011
жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарында аймақтық
деңгейдегі мемлекеттік қызметшінің кəсіби біліктілігі өте тө-
мен болып отырғаны көрсетілген. Жоғары білікті, оның ішінде
Батыстан білім алған «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің
85 пайызы мемлекеттік қызметкерден гөрі, жекеменшік сек-
торларда мансап жасауды артық көреді екен. Біздің осы сая-
сатымыздың өзі ой-өрісі тар, байлыққа көзін сатқан, оған жеке
бас мүддесі тұрғысынан қарайтын ашкөздік көзқарастағы жас-
тардың келе жатқанын көрсетеді. Қазір оқыған жас жеткілікті
болғанымен, істің мəнін білетін ысылған маман қат. Демек,
Елбасымыздың «Болашақтықтардың» да ауылдың шаңын жұ-
тып, өмір көріп, ұлттық маманға айналуы жөнінде айтқан ұсы-
нысын өмір талабына айналдыруымыз қажет-ақ.
Дəл қазір бізге қоғамның дамуы үшін құндылықтар дүниесі
аса қажет болып тұр. Кəсіби деңгей мен азаматтық деңгейді
үйлестіретін жəне оның құндылықтарын тасымалдайтын не-
гіз – интеллектуалды санаға келіп тіреледі. Оның қантамы-
рында рухани сана биігі жатыр.
Мемлекет басшысы «Интеллектуалды ұлт – 2010» жоба-
сының басты мақсаты ретінде жастарға рухани тəлім-тəрбие
беруді атаған болатын. «Əлемді жаулаған жаһандану үрдісі-
не біз мықты ұлттық, мəдени құндылықтарымызды, ұрпағы-
мыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Терең білім, кə-
сіби алғырлық, жоғары біліктілік, ұлттық мүддеге қызмет ет-
песе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құн-
дылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды!
Сендердің бəрің шет елде білім алдыңдар. Голливудтың са-
наға сіңіріп жатқан мəдениетінің қандай екендігін менен
жақсы білесіңдер. Біз ақшаның əлемде билік айтушы күшке
айналғандығын, адамзаттың құндылықтарды ысырып, бірін-
ші қатарға шыққанын білеміз. Бірақ, бізде, қазақтарда өз құн-
дылықтарымыз бар, ата-ананы ардақтаймыз, үлкенді сыйлай-
мыз, əйел затын құрмет тұтамыз» – дей келе, Мемлекет бас-
шысы жастардың бойынан осы қасиеттердің берік орын алуы
қажеттігіне баса назар аударған еді. Елбасы осы кездесу-
де «болашақтықтарға» мемлекеттік тілдің ұстынын биіктету,
өрісін кеңейтуді де міндеттеген еді.
– «Мен кейбір «болашақтықтардың» елден ұзағасын ұлт-
пен байланысын үзетінін, ұлтжандылық сезімін жоғалтатынын
көп естіп жүрмін. Америкалықтар өз елінде билікті аяусыз
сынағанымен, сыртқа шыққанда елі туралы бір ауыз жаман сөз
айтпайды. Ал бізде нигилизм жайлаған. Кейбіреулер осында
да, сыртта да сыбап жатады. Қазақ елінің абыройын төккенде,
нені көздейді? Егер сіздер ұлтжандылық танытсаңыздар, сіз-
дерді мақтануға лайықты, өскен, өркендеген елдің азаматы
деп қабылдайды», – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасының осы сөзін «болашақтықтардың» əр жылғы сапары
алдында лекция ретінде көрсетуді ұсынған болар едік. Мұның
өзі еліміздегі жекелеген жастардың ұлттық рухын, патриот-
тық сезімін оятар еді. Жалпы, бұл мəселеде шет елде білім алу-
шыларды ата-аналарымен бірге отырғызып, кеңінен əңгіме
өткізсе де артықтық етпеген болар еді. Оны айтуымызға себеп
те жоқ емес.
Биыл Алматы қаласы бойынша 3 мектеп бітіруші жас ұлт-
тық тестілеуден 125 балл алды. Қуандық, шақырып əңгіме
құрдық. Арасында мемлекеттік тілден ада, болашағын сырт-
тан іздейтіні де табылып қалды. Оған да жол болсын айттық.
Бірақ, дəл сол баланың білімі тəрбиесіз берілген білімге сайып
тұрды. Бізді сырт көз бақылап, зерттеп жүр. Зерттеушілер оны
білдірмей жүргізуде.
Жаһандану идеологы Э.Гидденс ұлттық сана-сезімге реви-
зия жасаудың жолын пішіп, космополиттік ұлт жасау ойын
алға тартады. Оны кім жасайды? – деген сұраққа, оның тілін,
мəдениетін, тарихын білмейтін билік басындағы космополит-
тік элита жасайды деп болжайды. Бірте-бірте мемлекет ұлттық
сипатынан айрылып, космополиттік мемлекетке ұласады, –
деп сəуегейлік жасайды.
Жалпы, Шығыс елдерінде оны мемлекеттердің тəуелсізді-
гіне төнген қауіп деп санайды. Оның бетін тек Шығыстың
бай мəдениетін, адамгершілік тəрбиесін қарсы қою арқылы
қайтаруға болады екен. Алайда, Еуропа мен АҚШ-та білім ал-
ған мамандар ұлттық мəдениеттерін қабылдамай, өз елінің
дəстүрлеріне салқындық білдіретін көрінеді. Бұл мемлекеттер
жастарға білім беріп қана қоймай, олардың бойына батыстық,
америкалық сана мен көзқарасты да сіңіреді екен. «Болашақ»
бағдарламасымен шет елдерде білім алып жатқан қазақ жас-
тарының ұлттық, елдік ұстанымы бізді қатты алаңдатуы қажет.
Демек, біз бойымызға тегеурінді қарсылық иммунитетін ек-
тіруіміз керек.
ҚБТУ-дегі білім Кембриджден кем емес
Өткен аптада Мемлекет басшысы Ақтауда Ш.Есенов атын-
дағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг
университетінің студенттерімен кездесуінде отаншылдық ту-
ралы тағы да əңгіме өрбітті.
«Болашақтың бəрі – жастарда. Сендерге тілейтінім, мынау
университеттің қабырғасынан ұтымды ең жоғары білім алып,
зор маман болып, елімізге, Қазақстанның Тəуелсіздігіне қыз-
мет ететін болыңдар. Біздің бəріміздің еліміз бір, қанымыз бір,
жанымыз бір. Бəріміздің ойлайтынымыз Тəуелсіздік болуы ке-
рек. Тұңғыш рет қолымызға қонған Тəуелсіздіктің асыл құсын
əр уақытта жоғары ұстауымыз керек. Қазақстан дүние жүзіне
белгілі ел болды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп жатырмыз. Ендігі
жылы Ислам конференциясы ұйымын басқарамыз. Осының
барлығы – Қазақстанның дəрежесі, əлемдік қауымдастықтағы
елеулі орны үшін менің жəне менің замандастарымыз жасап
жатқан шаруалары. Ал сіздерге мемлекетті одан əрі өркенде-
тіп, алып жүру міндетінің салмағы түсетін болады. Сол міндет-
ке сай болу үшін оқып, білім алып, білікті маман болуларыңыз
керек. Бақытты болыңыздар, жолдарың ашық болсын, денсау-
лықтарың мықты болсын», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назар-
баев. Бұдан артық не айтуымыз керек. Елбасымыздың бұл сөзі
биылғы «болашақтықтардың» таңдау еркінің алдында жаса-
луының өзі мезгіл мінезін көрсетіп беріп отыр.
Табиғи даму процесінде бəрі де өзгермелі. Уақыт та өмірге
өз өзгерістерін енгізуде. Демек, шет елдерде оқыту жүйесіне де
өзгерістер енгізу талабы сұралуда. Оның үстіне қазақстандық
ЖОО əлемнің кез келген білім беру орнымен бəсекеге түсуге
қабілетті. Бүгінгі таңда Қазақстан білім беруді дамыту индексі
бойынша дамыған елдердің бəрін шаң қаптырып кетіп, бірін-
ші орында тұр. Қазақстаннан кейін Жапония, Германия, Ита-
лия, Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея елдері өздеріне
лайықты орындарды бөліседі екен. Білім беру индексі бойынша
беделді Азия даму банкінің зерттеуі бойынша, Азия елдері ара-
сында да бірінші орынды алады екенбіз. Сондай-ақ, еліміздегі
Қазақ-Британ техникалық университетінің британдық стан-
дарттар сапасына сай болуына байланысты аталмыш оқу орны
халықаралық сертификатқа ілініп отыр. Бұл – алдағы уақыт-
та ҚБТУ түлектерінің əлемнің кез келген елінде қажеттілігі ба-
сым маман ретінде қызмет атқаруына кеңінен жол ашылады
деген сөз. Осы ретте біздің еліміз университеттерінің шетелдік
оқу орындарынан кем түспейтініне бұдан артық қандай дəлел
керек? Тіпті, ҚБТУ Кембридж университетімен тең дəрежеде
деуге де болады. Бір ғана КБТУ емес, еліміздегі көптеген ЖОО
заманауи түрде дамып келеді. Сондықтан болашақта жастар-
ды осы оқу орындарында дайындаудың зайырлы жолдарын
қарастыру керек.
Бүгінгі əңгіме Батыс елдерінің өркениет жолымен жүріп
өткен тəжірибелерін, тіптен құндылықтарын теріске шығарып
отыр. Кезінде Шəкəрімнің: «Еуропадан үлгі аларлық бір ел
таппадым» дегені шындыққа айналуда. Осыған үндес келетін
мəселені біз өз газетіміздің бетінде бірнеше рет көтерген де бо-
латынбыз. Ұрпақ ауысар тұста оны тағы бір мəрте қайталаған-
ды жөн көрдік.
АҚШ президентінің соңына тастаған өсиеті
Жалпы, іргелі білімді бір ғана Еуропа мен Америкада
алуға болмайтынын мынадан білуге болады. Мысалы АҚШ
мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі, тарихта «Аме-
рика бостандығының сəулетшісі» деген ұмытылмас атпен қал-
ған АҚШ президенті Томас Джефферсонның демократия тура-
лы 1939 жылы жарық көрген кітабында «Жас американдықты
Еуропаға не үшін оқуға жібереміз?» деген 1785 жылы досы-
на жазған мына хатынан үзінді келтіре кетсек, семіп қалған
санамызға бір сілкініс əкелері анық. Біз бұл жерде Еуропадағы
білім-ілімнің бірнеше «ерекшеліктеріне» ғана тоқталамыз.
«Сонымен... жас американдық азамат Еуропада қандай
білім алады? Жас американдық Англияға барды делік,
əрине, ол онда оқиды, бірақ оған қоса ол ішімдікке, ат жа-
рысына жəне боксқа əуестенеді. Бұл ағылшындық білім
жүйесінің ерекшеліктерінің бірі саналады. Мұндай білім
беру ерекшеліктері Еуропаның өзге мемлекеттеріне де тəн.
Жалпы, мұнда оқыған жас адам еуропалық рахат өмірге
бой алдырып, өзінің туған еліне деген жеккөрушілік сезі-
мімен қарайды; еуропалық ақсүйектерге жасалған артық-
шылықтарға басы айналып, өз еліндегі кедейлер мен бай-
лардың бір қатарда тұруын өлермендей жек көреді; солар-
дың өмір салтына бой ұрып, өзін соларға ұқсатуға тырыса-
ды, өзін ақсүйектердің, монархтардың тобына жатқызғы-
сы келеді, өзіне түк пайдасы болмаса да, солармен достық
қарым-қатынаста болып, бар өмірін құр босқа өткізіп ала-
ды; əуейі, жылмақай əйелдердің тəтті исіне еріп, өзіне жəне
өзінің жақындарына кері əсерін тигізуге бой алдырады,
сондай-ақ өзінің денсаулығына кері ықпалын тигізетін
салдақы, жеңіл жүрісті əйелдерді аңсап тұратын болады;
немесе күндердің бірінде болмай қоймайтын, отбасылық
тазалыққа деген шынайылығын жоғалтудың тəсілдерін
үйренеді жəне ол қылығын сері жігітке жатқызатын бо-
лады; кейін ол еуропалық əйелдердің өтірік күлкісімен
олардың естен тандырар əлем-жəлем əдемі киім-кешегін
ұзақ уақыт ұмыта алмай, өз елінің қарапайым ақ адал
əйелдерінің табиғи сұлулығын көргісі келмейді; ол осы кө-
ріністер арқылы өмір бойы кеше өзі қыдырған жерлер
мен үйренген істерін ойлаумен өткізеді; ол өз еліне оның эко-
номикасы мен əдеп-дəстүрінен түсінігі жоқ, өз Отанының
іс-тəжірибесін білмейтін нақұрыс, шетелдік марғау біреу
болып оралады; ол өз Отанына, өзінің ана тілінде сөйлеп,
жаза білсе де тек шетелдік көзқараспен қарайды, себебі,
еркін елде ол өзге адамдар сияқты еркін сезінбейді жəне
басқалар жеткен жетістіктерді де бағындыра алмайды.
Мен бұл жерде өзімнің байқағандарымды ғана сіздерге
айтқым келеді. Мен жас адамның 15 жастан 20 жасқа
дейін өзге елде тұрып, сол елдің тілінде сыпайы сөйлеп,
əдемі жаза білген оқиғасын көрген жоқпын. Сол сияқты
басқалардың да екі тілде бірдей жазып, сөйлегенін кез-
дестірген емеспін. Адамның жас шағында өзіне қандай
тіл жақын болса, сол тіл оның ана тілі болуы тиіс. Менің
ұғымымша, Еуропаға барып білім алған американдық
жас білім жағынан да, моральдық жəне адамгершілік жа-
ғынан да, өзінің денсаулығы мен бақыты жағынан да көп
нəрсені жоғалтады. Маған бұл жағдайлар Еуропаға келіп,
көзіммен көргенге дейін жұмбақ күйіңде болып келді. Аме-
рикаға келіп көріңіздер, бізде кім барынша білімді, кім
қызыл сөзге құмар, өзінің отандастары арасында кім қа-
дірлі, олар кімге көбірек сенім білдіреді жəне кімді жоға-
ры қызметке ұсынады? Олардың бəрі өз Отанында білім
алып, жоғары тəрбие алғандар жəне мораль мен салт-са-
нада өзара үйлесім тапқан жандар».
Міне, бұдан біз АҚШ президентінің Еуропаны өз көзімен
көріп, соңына өшпестей рухани өсиет тастап кеткендігін бай-
қаймыз. Қоғамдық өмірімізде бой алдырып отырған жазылмас
кінəраттар Батыс əлемінен келген жойқын саясаттың басы бол-
масына кім кепіл?!
Батыс университеттеріне адам емес, ақша қымбат
Жалпы, жастарымыздың шет елдерде білім алуына қолай-
лы жағдай жасау арқылы, біз сол елдердің оқу орындарының
беделін күшейтуге үлес қосып отырмыз. Сондықтан білім са-
ласын экспансияға айналдырмастан бұрын, бар қаражатты
отандық жоғары оқу орындарына бөліп, солардың материал-
дық базасын күшейтуді қолға алу қажет.
Үкімет бір талапкерді оқыту үшін жылына 10 мың доллар
мемлекет қаржысын жұмсайды екен. Сонда бес жыл оқыған
бір студент үшін қаншама қаржы шығындалатынын есептей
беріңіз. Одан да осы мол қаржыны, еліміздің ұлттық белгісі
бар университеттеріне неге жұмсамасқа? Білім беру жүйесі
əлемдегі ірі университеттердің біртұтас қауымдастығына мү-
ше ретінде білім беру процесін қазіргі заманғы талаптарға
сəйкес ықпалдастыруды қажет етеді. Демек, шетелге жіберіп,
оқытып жатқан студенттердің санын шектеп, оның есебінен
еліміздің жоғары оқу орындары ұстаздарының сапасын көте-
ру жолына бұру қажет.
Негізінде, болашақта талантты жастарды осыдан бірнеше
жыл бұрын ел Президентінің өзі ұлттық мəртебе берген елі-
міздің сегіз жоғары оқу орындарында оқытып, қоғам өмірі-
нің сан-саласына қызметке тартуымыз қажет. Бір ғана мы-
сал. Кезінде Наполеон жеңіліске ұшырағаннан кейін Ұлыбри-
танияның сол тұстағы премьер-министрі «Ватерлоо» түбіндегі
жеңіске Итанның спорт алаңдарында қол жеткіздік деген бо-
латын. Бұл ағылшындардың ақсүйек барша зиялылары Итан
оқу орындарында оқығанын меңзегені еді. Сол сияқты, АҚШ-
тың кешегі, бүгінгі президенттерінің басым көпшілігі Йель
университеттерінде білім алған. АҚШ-тың 11 президенті Йель
колледждерінде оқығанын ескерсек, білімді алыстан іздемесе
де болғандай екен. Ал жоғарыдағы Еуропалық білім жүйесі-
нің сыртқы ортаға тигізер зиянды əсерін бір ғана Томас Джеф-
ферсон айтқан жоқ.
Өзіміз үлгі тұтатын Малайзияның дамуында да шет елдер-
де білім алуға қарсы жүргізілген саясатты көреміз. Егер Ма-
лайзия экономикалық ұлы секірістер жасау арқылы Батыс əле-
мінің зəресін алса, оған еркін рынок пен шет ел инвестиция-
сын тартудағы табандылығы жəне ұлттық құндылықтарды өз-
гелерге сыйлата білуімен қол жеткізгенін байқаймыз. Азия-
ның құнды қазынасының қорғаушысы жəне жаршысы премьер-
министр Махатхир Мохаммад халықтың сана-сезімін оятып,
рухын көтеру арқылы ұлттың рухани менталитетіне төңкеріс
жасай білді. Тіпті, ол ағылшындық ортада жоғары білім алған
топтарға сенімсіздікпен қарап, оларға аса маңызды мемлекет-
тік қызметтерді ұсынбады. Оған себеп те жоқ емес еді, өйткені
өзіне дейінгі үш премьер-министр де Ұлыбританияда білім
алған болатын. Батыс əлеміне деген оның шынайы көзқарасы
осы жерден қалыптасқан. Сөйтіп, ол малай тілін мемлекеттік
басқару орындарының барлық буынына батыл енгізген.
Осыған сарындас тағы бір мысал. Бірде Италияның Милан
университетінің бір профессоры осы елде жүрген қазақ жазу-
шысы Ролан Сейсенбаевты іздеп барып, келелі əңгіме өткізіпті.
– «Мен Нұрсұлтан Назарбаевты қатты сыйлайтын адам-
мын. Маған оның прогресшіл ой əлемі ұнайды. Халқының қа-
мы үшін жан пида əрекеті ол кісінің ерекше рухани биікте еке-
нін көрсетеді. Италияда оқып жатқан көп қазақ жастары уни-
верситетке келмейді. Тіпті, бір студентті мен екі жыл бойы
көргем жоқ. Батыс жастарының да көбі лекцияларға қатыспай-
ды. Қатысып қайтеді, ақшаны төлейтін ата-аналары ғой. Ал
сіздердің жағдайларыңыз мүлде бөлек. Қазақстандық студент-
тер халықтың ақшасына оқиды. Меніңше, балаларыңызды Ба-
тысқа оқуға жаппай жіберуді əдетке айналдырудың керегі жоқ.
Буыны қатып, ой əлемі тұрақталмаған жеткіншектерді бекер
бұзасыздар. Қыздарыңыз Батыстың шалдарына күйеуге шығып
жатыр. Бұл өліммен тең деп білемін. Сіздердің елдеріңізде
үш рет болдым. Қазақ халқы дархан, ақылды халық екен. Ба-
тыс университеттері, əрине, сіздердің ақшаларыңызды күте-
ді. Оларға адамнан гөрі, ақша қымбат. Сіздерге тиімді жол –
Батыстың айтулы мамандарын өз елдеріңізге арнайы шақыр-
тып, лекция оқыту. Бұл экономикаларыңызға көп арзанға тү-
седі. Мынандай қаржы қыспағы кезінде ақшаны үнемдеп
пайдалану керек емес пе? Осы тілегімді кемеңгер Нұрсұлтан
Назарбаевқа жеткізуіңізді сұраймын» («Егемен Қазақстан»
6 маусым 2009 жыл).
Сырт көз қашан да сыншы. Көрген көзде айып жоқ, профес-
сор көргенін айтты. Ал біз оны халыққа жеткізуге тырыстық.
ЖҮРЕКТЕГІ КІЛТ
«Мен əркез намазға сапқа тұрған
мұсылмандарды көргенде,
өзімнің мұсылман
болмағаныма өкінемін».
РЕНАН
(«Адамзатқа шұғыл хабар» кітабынан)
Дүние астан-кестеңі шығып, сан түрлі құбылысқа еніп жат-
са да ислам құндылықтары өзгеріске бір түскен емес. Əлем-
дік катаклизм жағдайында да, табиғат, жер-су апаттарында да
оның мəні, мақсаты, орны өзгеріске түскен емес. Ол сонысы-
мен де құнды. Қазір Ережеп айы. Одан соң Шағбан айы күтіп
тұр. Енді бірер айдан кейін күллі мұсылман əлемі бір уақытта
өсек-ғайбат айтпасын деп тілге, əдепсіз нəрсені көрмесін деп
көзге, ұятты сөзді естімесін деп құлаққа, теріс пиғылды ой-
ламасын деп ойға – ораза бұйыртатын (Д.Досжан). Рамазан
айы келеді. Ережеп, Шағбан, Рамазан сынды үш қасиетті айды
қадірлеу күнə жасаудан сақтану, ғибадат құлшылық ету дегенді
білдіреді. Қазір рахман мен раһим сипаттары басым осы Ра-
мазан айына ислам əлемі қатты дайындалуда. Біздің еліміздің
мұсылман жамағаты да қасиетті Ораза айында сапқа тұруға
дайындық үстінде. Олардың қатары былтырғыдан да көп бо-
латын іспетті. Кезінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Түбінде ислам
дініне өте берілген бір елдер болады, олар – біздің арабтардан
гөрі білімді, арабтардан гөрі жетілген, түркі тілдес елдер...», –
деген екен. Ұлық Пайғамбарымыздың бұл сөзі қазір ақиқатқа
айналып отыр. Оған дəлел қазір жер-жерлерде салынып, ха-
лық игілігіне беріліп жатқан мешіттерді айтуға болады.
Бір заманда ұлт намысын жоқтаушы Арқаның билері қа-
рашекпенділердің шіркеуінен даңғырлай шыққан қоңыраудың
үні далалықтардың құлағына сіңіп кете ме деп қауіптенген
көрінеді. Сонда Айшуақ би Түркістаннан шариғатқа жүйрік
оқымыстыларды алдырып, əр ауылдан мешіт аштырыпты. Мұ-
ның өзі сақалды көршінің ар-ожданға бұғалық салу пиғылына
мықты тосқауыл болған іспетті. Содан бері орыс арбасының
ізін көріп, пір жолымды кəпір кескенін көрмейін деп көзін
байлап өткен ата-бабаларымыздың байламды ісін ұрпақтары
жалғастырып келе жатыр.
Иə, Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қара-
ны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран тү-
сіріле бастаған ай.
Хақ діннің Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде:
«Жаңа туған айды көрген кездеріңізде оразаға бастаңдар жəне
келесі жаңа туған айды көргенде ауыз ашыңдар (айттаңдар)» –
дейді. Өміріңізде бір рет болса да, ойланып көрдіңіз бе? Неге
осы рамазан айында мұсылмандар Күн шыққаннан батқанға
дейін ештеңе ішіп жемейді, неліктен нəпсінің қалауын орында-
майды? Бұл сауалға біреулер: «Аллатағала осылай бұйырған», –
деп, енді біреулер «сауабы үлкен», – деп, ал кейбіреулер «Ата-
бабамыздан келе жатқан үрдіс осылай», – деп жауап беруі мүм-
кін. Қалай ойласақ та бір ай бойы осы міндетімізді орындауға
тырысамыз.
Ораза – арабша «саум» жəне «сыйам» сөздерінен тарайды,
мағынасы – нəпсіге тыйым салу екен. Ал оразаның негізгі ма-
ғынасы – таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, жы-
ныстық қатынастардан бой тарту. Мұсылман күнтізбесі бойын-
ша Рамазан айының алғашқы күнінен басталған ораза айдың
соңында аяқталады жəне үш күндік айт мейрамы басталады.
Неге Рамазан айында ораза ұсталады дегенге келсек: Алла-
тағала жылдың бір айын күнəһар құлдарының тəубаға келіп,
ақ жолға түсуі үшін арнаған. Күнəдан ағартар, мың түннен
қадірлі Қадір түні осы айдың ішінде, осы айда хақ діннің
Пайғамбарына пайғамбарлық міндеттеніп, ғалам кітабы – қа-
сиетті Құран Кəрім жіберілген. Мұсылмандардың Рамазан
айында ораза ұстауының сыры осында («Мұсылман күнтізбе-
сі» 2001 жыл).
Қожа Ахмет Иассауи бабамыз: «Ең алдымен иманды түзеу
арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзеуге
болады», – дейді. Иманы түзу адам – ол нағыз мұсылман.
Ораза жайында Шəкəрім Құдайбердіұлы да ескерте кетуді
парыз санапты. Шəкəрім бабамыз: адам оразаны Рамазан айын
көріп ұстайды, – дейді. Болмаса көрдім деп бір кісі куəлік ант
берсе, күн бұлттырақ болса, соның антымен ұстайды. Бірақ,
олайша ұстағанда отыз күнге толған соң, ай көрінбесе ашпай
отыз бір күн ұстайды. Егер де оразаның басында екі кісі яки
бір еркек, екі ұрғашы ай көрдік деп ант берген болса, отыз күн
ұстаған соң бұлт болып ай көрінбесе де ашып жібереді. Егер-
де бұлтсыз ашық болса, көп кісі көрмей, яғни əр жақтан көрдік
деп хабар келмей ашпайды. Бірақ, шағбанды анық отызға тол-
тырып ұстаған болса ашады. Егер де рамазан айын ешкім
көре алмаса, не көрген анықты хабар болмаса, онда оразадан
алдыңғы айды отызға толтырып, сонан кейін ұстайды. Бірақ,
есіңізде болсын, кітапта айды көрген күні бірі деп санамайды.
Ертең бірі деп санайды. Сол себептен ораза айын көретұғын
күні ораза бола алмайды. Бүгін кешке көрсе, ертең ораза бо-
лады. Сол сықылды оразада бұрынғы айды көрген күннің
ертеңінен бастап санап отызға толтырып, отыз бірінші күні
берік болады. Егер де оразадан алдыңғы шағбан айының басы
ашық біліне алмаса, онан бұрынғы рəжаб айында отызға тол-
тырып һəм шағбанды да отызға толтырып сонан соң ұстай-
ды, – деп түсіндіреді.
Шəкəрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» Алматы.
«Қазақстан», «Мерей», «Ақиық» 1993 ж.
Мұсылмандықтың құндылықтары ғылымда жатыр.
Ғылым мен иман егіз ұғым. Ғылым мен діннің үйлесімді
жаратылғанын əлемдік танымал ғалымдар мойындап, оның
прогрессивті жағын талай айтқан. Мəселен, ағылшын ғалымы
Лорд Давенпорттың: «Ислам діні ақыл мен күштің символы»
деген ғылыми еңбегі Еуропада үлкен сілкініс тудырды. Ислам
өркениетті, ол күллі жер шарының халықтарын, барша адам-
дарды бірлікке, бостандыққа, теңдікке, мейірімділікке шақы-
ратынын адамзат баласы жақсы түсініп отыр.
Ислам өркениеті тарихынан бір мысал келтіре кетсек. Мұ-
сылмандар армиясының Византия империясымен болған бір
шайқасынан кейін тұтқынға түскен византиялықтардың үлкен
тобын Ежелгі Грекия мұрасынан математика, медицина, фило-
софия бойынша кітаптарға айырбастап, оны күллі адамзаттық
құндылығы ретінде күні бүгінге дейін сақтап келгенін қалай
түсінеміз?! Білім үшін, ақиқатқа ұмтылған адамдық рухтың
ұлылығына қалай бас имеуге болады. Сөйтіп, қасиетті ұлық
дінге құлшылық етуші жандар осылайша пұтқа табынушы
өркениеттің жемістерін пайдалануға құлықты болды. Діннің
ғылымға деген ықпалының күшті əсері болғанын бұрынғылар
айтып та кеткен.
Ұлы ғалым Альберт Эйнштейннің: «Егер мен терең діни
сенімге ие болмағанымда, өзімді нағыз ғалым ретінде мойын-
дамаған болар едім. Мен бұл сөзіммен «Құдайсыз» ғылымға
сенуге болмайтынын айтқым келіп отыр. Кімде-кім ғылыммен
жан-тəнімен айналысса, əлдебір сенім рухына ие болады. Бұл
рух адам санасынан əлдеқайда жоғары. Табиғат заңдылықта-
рының ғылыми дəлелі – дін», – деуінде не деген парасаттылық
жатыр! Ал келесі бір атақты ғылым Луи Пастердің: «Менің
бойымда Құдайға деген сенім мархаббат болысымен, жан-
дүниемде Дарвин теориясына деген қарсы пікірлер туындай
бастады. Ғылым мен діннің үйлесіммен жаратылғанын жəне
оларды бір-бірінен бөле-жаруға болмайтынын ұғындым. Мен
табиғат жаратылысына ой жүгірткен сайын, ұлы Жаратушыға
деген сенімім зорая түседі. Ғылым – Құдайды сүюге апаратын
даңғыл жол», – деген жүрекжарды сөзінен оның білім үшін
ақиқат екенін мойындаймыз. Міне, бұдан рухани байлыққа шө-
ліркеген Батыстың исламнан шапағат іздегенін көреміз.
«Ислам жақсылықты, мейірім мен пəктікті қолдайды» де-
ген сөзді орыс ғалымы Леонид Мордвинов та өз еңбегінде
дəлелдеп көрсеткен. Хаһ Жаратушының қалауынсыз ештеңе
өздігінен болмайды. Аспан күркіресе де, от тұтанса да, көлік
жолдан шығып кетсе де оның өзіндік себебі бар. «Біздер,
астрономдар, табиғаттың ілімін оқып, Ұлық Жаратушының
өмірі үйлесімділікпен жаратқанына мадақ айтуды түсінгеніміз
абзал. Мен ғылымға анағұрлым терең бойлаған сайын, Ұлық
Жаратушының ұлылығына бой ұрамын. Жалпы, мына əлемді,
аң-құстарды кім жаратты? Əрине, оны құдіреті күшті Жарату-
шы жаратты. Ол бəрінен ұлық.
Əрбір адамның өмірдің мəні мен мақсатын түсініп, əлемді
жаратқан Ұлы Жаратушының барына сеніп, оған құлшылық
жасау арқылы бақытқа жетсем деген арманы бар.
«Сондықтан, əркім оның алдына өзінің сана биігімен ба-
руы керек», – дейді, аспан əлемін зерттеуші Иоганн Кеплер.
Бүгінгі таңда əлем ислам құндылықтарына бас иіп, оның
барлық сипаттарын қабылдауда. Жақында Америкалық көші-
қон саясаты институтының ғалымдары таяудағы 30–40 жыл-
да Еуропаның əрбір бесінші тұрғынын мұсылмандар құрайты-
нына болжам жасады. Дүниежүзі бойынша барлық діндерді
бауырластыққа, төзімділікке, Үндістан мен Қытай шегінен
Францияға дейінгі орасан зор кеңістіктегі миллиондаған адам-
дарды сабырлылыққа шақырған исламның салтанатты шеруі
бауырын жазып, бой түзеп барады.
Еуропаның, күллі əлемнің күні ертең ислам шариғаттарын
мойындап, оның құндылықтарына бас иетінін ақыл-ой иелері
ерте кезден-ақ біліп кеткен.
«Егер қазіргі əлемді басқару құқы Мұхаммед (с.ғ.с.) сияқ-
ты бір адамға берілетін болса, ол барлық мəселелерді майдан
қыл суырғандай етіп оп-оңай шешер еді жəне бұл шешімдер
сондайлық тыныштық пен бақыт əкелер еді. Мен Еуропаның
ертең Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дінін қабылдайтыны болжаймын,
тіпті Еуропа оның дінін қазірдің өзінде қабылдай бастады», –
деген Бернард Шоудың сөзінде шындық бар.
Қазір бір Аллаһқа жалбарыну мемлекеттік қызмет орында-
рында да салтанатты жағдайда орындалуда.
«Мəселен, Алманияның Бүндестаг депутаттары өз жұмыс-
тарын азанмен жаппай дұға оқудан бастап күнделікті мем-
лекеттік шараға кіріседі. Польшада мемлекеттік қызметкер-
лердің діни сауат біліктілігін арттыратын арнайы орталықтар
бар. Мұның өзі Мұхаммед Пайғамбарымыздың күнделікті іс-
терін үшке бөліп жұмсағанынан үлгі етіп алған іспетті. Пай-
ғамбарымыз (с.ғ.с.) уақытының бір бөлігін отбасына арнаған,
екінші бөлігін мемлекет істеріне, үшінші бөлігін құлшылыққа
арнаған көрінеді. Егер мемлекет істеріне уақыты жетпей қалған
жағдайда оны отбасына бөлінген істерден ығыстырып отырған.
Исламның ғажайып сыйына таң қалып, оның ақиқат дін
екендігін мойындап, о дүниеде Аллаһтың алдында исламнан
басқа ешқандай діннің қабыл болмайтынына көзі жетіп, Ұлы
Жаратушының мархаббатына бөленіп жатқан ойшылдардың
ісі оңынан болған сыңайлы.
Аллаһтағала жүрегімізге терең иман, Пайғамбарымызға
(с.ғ.с.) деген махаббат сыйлап, оның үмбеті болуға лайық ет-
сін. Əумин!
ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ
ШОКОЛАД ЖЕУДІ ҰСЫНДЫ
Құтыдағы суық шай бүйрекке зиян
Көше дүңгіршектерінде жəне ашық сауда алаңдарында
күннің көзінде, қыстың аязында үздіксіз сатылып жатқан
құтыларға құйылған түрлі жеміс шырындары мен сусын шай-
ларды кім тексеріп жатыр? Олардың əсіресе, мектеп аулалары
мен жоғары оқу орындарының ішінде орналасуына неге жол
ашып бердік?
Жақында америкалық ғалымдар құтылардағы суық шай-
лардың құрамында бүйректің қызметінде тас түзуші оксалат
консентрациясының жоғары болатынын анықтады. Осыған
орай МІG news. com медициналық ақпараттық порталы ға-
лымдардың бүйрек ауруына бейім адамдарды суық шай ішуден
бас тартуға шақырып отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша
құтылардағы шайды қарапайым таза сумен ауыстырған жөн.
Тұтынушылар суық шайды газдалған сусындар мен сырадан
əлдеқайда пайдалы дегенге бойларын əбден үйретіп алған
іспетті. Алайда ғалымдар оны өздерінің нақты зерттеулерімен
жоққа шығарып отыр.
Адамдар бүгін тез дайындалатын жəне дайын өнімдерге
бейімдігін танытуда. Олар күн ұзақты қызмет үстінде оты-
рып, бір бума фастфуд талғажау етіп алып-ақ жұмыс істеуге
бойларын үйретіп алған. Ересектермен қатар қазір оған жас-
тар да үйірсектік танытуда. Үш жасқа дейінгі сəбилердің пиц-
ца, фри-картоп, чипси, гамбургер сияқты фастфуд өнімдерімен
қоректенуі олардың ІQ деңгейінің төмендеуіне себеп болады
екен. Жас балалардың ақыл-ойы мен олардың сүйікті асы ара-
сында байланыс барын Бристоль университетінің мамандары
анықтаған.
Ғалыми зерттеушілер 1990 жылы туылған 14 мың баланың
отбасы жағдайын, олардың ата-анасының əлеуметтік ерекше-
ліктерін жəне балалардың ойыншықтарына зерттеу жүргізіп,
түрлі ақпараттарды анықтаған. Зерттеу қорытындысында, құ-
рамында май мен қанты көп дайын өнімдерді көп тұтынатын
балалардың ІQ деңгейі бес балдан төмен болатыны көрсе-
тіліпті. Себебі, құнарлы тамақ адам миының жетілуіне айтар-
лықтай əсер ететіндігі анықталған. Сондықтан, ғалымдар
ақыл-ой мүмкіндіктерінің дамуы үшін үш жасқа дейінгі бүл-
діршіндердің үнемі балық, ет, көкөніс пен жеміс-жидек жеуі
қажет екенін айтқан.
Дəл осы фастфуд тағамдарын қолданудан жыл сайын Бри-
тания аралында 40 мыңға жуық адам қаза табады екен. Бұл
жантүршігетін хабарды Ұлыбритания денсаулық жəне меди-
циналық көмек сапасы ұлттық институтының ғалымдары жа-
риялап отыр.
Дəрігер мамандардың зерттеуі бойынша Ұлыбританияда жыл
сайын 150 мыңға жуық ағылшын азаматтары жүрек-қан тамыр-
лары сырқатынан о дүниеге аттанады екен. Олардың 40 мыңға
жуығы уақытылы дұрыс тамақтанбаудың əсерінен болатын
көрінеді. Дəрігерлер егер ағылшындар жейтін тамақтарында
май мен тұзды жəне фастфуд өнімдерін аз қолданатын болса,
елдегі өлім көрсеткішін азайтуға болады екен.
Какао іш, шоколад же
Адам ағзасын зерттеушілер жеміс шырындарынан гөрі, шо-
колад пен какаоның пайдасының зорын айтуда. Америкалық
ғалымдар ағза жасушалары үшін қажетті антиоксиданттардың
шоколад құрамында көбірек екенін дəлелдеп берген. Шоко-
ладтың құрамдас компоненттері жасушалардың қышқылдану
процесін тежейді екен. Оның əсерінен адам ағзасын қатерлі
ісік пен жүрек ауруларына төзімді келетін көрінеді. Бұған де-
йін антиоксиданттар жеміс шырынында көп делінсе, енді бас-
қа тұжырым жасалып отыр.
Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуда какао ұн-
тағы мен қою түсті шоколадтың əлдеқайда пайдалырақ екенін
анықтаған көрінеді.
Осыдан бірер ай бұрын Венесуэлла президенті Уго Чавес
Мəскеуге ресми сапармен келді. Ол Ресей президенті А.Мед-
ведевпен бірлескен баспасөз конференциясында өз елінен алып
келген какао мен шоколадты мақтай келіп, үнемі жайдары, күш-
қуатты толыстырып жүру үшін осы өнімді тұрақты түрде жеп
тұруды ұсынды. Атақты комендатоның бұл ісін жарнама десек
те, онда шындық бар екендігін бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр.
Ағзадағы у
Кез келген элемент адам ағзасына пайда да келтіруі мүмкін,
зиян да келтіруі мүмкін. Пайдасы өзіңде қалады ал зияндығы
өзі түгіл, өзгеге де əсер етеді. Мəселе артық тұтынған бір шөкім
тұзда болып тұр. Астың дəмін келтіретін ас тұзынсыз өмір жоқ.
Сол тұзың қан тамырларына жарты сағаттың ішінде орасан
зор нұқсан келтіреді екен. Жақында Австралиялық ғалымдар
тұздың адам ағзасына қалай əсер беретінін арнайы зерттеу ар-
қылы тəжірибе ретінде өткізіпті. Дəрігер ғалымдардың қатаң
бақылауына алынған сараптамасына денсаулығы күшті 16 адам
қатысыпты. Сынаққа қатысқан адамдардың əрқайсысына 4
грамм тұз қосылған тағам ұсынылыпты. Бұдан кейін 0,3 грамм
тұз қосылған екінші тағам беріліпті. Тəжірибе өткізілерден
бұрын жəне одан кейін оған қатысқан адамдардың иық ар-
териясындағы қан тамырларының соғысы өлшенген. Зерттеу
барысында тұзды тағам жеген адамдардың қан айналымы ай-
тарлықтай тежелгені байқалған. Тұз 30 минуттан кейін-ақ ағ-
заға əсер ете бастап, қан жүгірісін шамамен бір сағат бойына
тоқтатып тастаған. Жалпы түзілімде 4 грамм тұз – адамның ра-
ционына енетін тағамдардың орташа тұздылық көрсеткішіне
тең келген. Өмірде тұзды көп қолдану адамды оқыстан бола-
тын өлімге апарып соқтыруға итермелейтін бірден-бір жол.
Ғалымдардың зерттеу амалдары көрсеткендей, тұз адамның
қан тамырларын қатайтып тастайтын бірден-бір фактор екен.
Екіншіден, тұз адамды уақытынан ерте қартайтатын у. Жесең
тұқымыңды құртатын, жемесең тəбетіңді тежейтін тұзды тіпті
пайдаланбайтын адамдар да бар. Ол əзірше, алдамшы сенім.
Əйтпесе, судың да, нанның да, тəтті тоқаштың да құрамында
ас тұзының бар екендігі белгілі. Мəселе, қалай қолдануда тұрса
керек. Иə, мəселе осында!
Батыстықтар үлгісі
Ғимарат салынарда ол жердің тектоникалық қыртыстары
зерттеледі. Өнім шығарылса, оның өзгелерге келтіретін зия-
ны, табиғи тазалығы тексеріледі. Қазір ше? Тексеру, бақылау
қағаз жүзінде қалған. Əйтпесе, үй жағдайында дайындап,
онысын көше кезіп сатып жүрген адамдар аз ба? Еуропада
мұндай мəселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Мəселен,
еліміздегі мектеп жасындағы балалардың бəрі үзіліс кезінде
чипцы, пицца тəрізді ащы тағамдарды жейтінін көріп жүрміз.
Жақында Ұлыбританияның Бристоль университетінің ғалым-
дары 8 жасқа толған жасөспірімдердің құрамында май мен
қант мөлшері басым тағамдарды көп тұтынса, олардың интел-
лектуалдық ақыл-ойының даму деңгейі тежелетінін анықтаған.
Осыған сай Батыс елдері жалпыға білім беретін оқу орында-
ры мен мектепке дейінгі тəрбиеленетін мекемелер жанында
жоғарыда аты аталған өнімдер мен газды сусындардың сатыл-
мауын қатаң бақылауға алып отыр.
Темекіден жылына 5 миллион адам өледі екен
Əлем елдері 40 жылдан соң шылым тартудан мүлдем бас
тартпақ. Əлеуметтік зерттеушілер осындай қорытынды жасап
отыр. Соңғы онжылдықта жер жүзінде темекінің ащы түтініне
байлағандардың қатары 9,6 пайызға азайған. Ұлыбританияда
өткен ғасырдың 60-жылдары екінің бірі темекіге тəуелді бол-
са, қазір олардың саны халықтың 20 пайызын құрап отырған
көрінеді. Мұндай тенденция Ресей, АҚШ, Бельгия, Норвегия,
Финляндия елдерінде де көрініс тауып отырған көрінеді.
Есесіне темекіге əуестенушілердің үлкен армиясын əйел-
дер құрап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
зерттеуі бойынша əйелдердің қоғамдағы əлеуметтік, саяси
мəртебесінің көтерілуімен олардың осы жағымсыз іске бой ал-
дырғаны байқалған. Мысалы, Қытай, Үндістан, Индонезияда
əйелдердің темекіні ер азаматтардан бес есе көп тартатыны
байқалса, Канада, Норвегия, АҚШ, Австралияда əйелдер ер-
лермен қатар тұрғандығы тіркелген. Зерттеушілер бұдан қатты
қауіптеніп отыр. Себебі, никотиннен жыл сайын əлемде 5 мил-
лион адамның қайтыс болатындығы айқындалған.
Елімізде қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым сала-
тын жəне темекі өнімдерін сатуға шектеу қойылған заңның
қабылданғанына бір жылдай уақыт өтті. Жақында Алматы
қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері қаладағы
кафелер мен мейрамханаларды тексеріп, заң бұзушылықтың
119 фактісін анықтаған. Нəтижесінде, 200 адам əкімшілік
жауапқа тартылып, олардан 300 мың теңгеден астам айыппұл
алыныпты.
Мұндай шараны Қытай елі де қолға алуда. Жақында аспана-
сты елінде шылым шегуге қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық
бағдарлама қабылданды. Осыған байланысты Қытайдың ра-
дио, кино жəне телевизиялық мемлекеттік басқармасы кино тү-
сірушілерге темекі тартып тұрған адамдарды экраннан көр-
сетпеу жөнінде қаулы қабылдады. Енді кинолардан темекі тү-
тіні мүлдем көрсетілмейді. Қоғамдық орындарда темекі тарт-
қан əртістер əкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Бізде ше?!
ҚҰБЫЖЫҚ
немесе қазірдің өзінде тозақ отына күйген жазушы
Ол үнемі ақсүйектік ағылшын қоғамы билейтін мемлекеттік
бақылау – бағыттау машинасының құпия ұясында жасырын
кодпен белсенді іс-əрекеттер жасады. Үндістан мемлекетінің
негізі қаланып жатқан кезде, мемлекетшілдік идеясын наси-
хаттайтын, айтатын, шынайы түрде іске асыратын тұлғаларды
идеялас болуға шақырып, ағылшындық мінəйі ұғыммен жү-
руге итермеледі. Сол тұстағы үндіс ұлтынан шыққан мем-
лекеттік қызметкерлер өз ұлтының мүддесін ойламады. Өз
мүдделерін қанағаттандыру мақсатында парламент мүшелері
ортасынан сыбайластарын іздеді. Сөйтіп қарапайым халық
пен мемлекеттің арасында көзбен көрмейтіндей алшақтық пай-
да болды. Үндістанның ұлы адамгершілік өлшеміне айналған
имандылық, мұсылмандық идеясына жасырын шабуылдар
өршіп кетті. Осы бағыттағы насихаттық ақпараттың көз іл-
дірмес жылдамдықпен жүргізілгені соншалық, мемлекеттік
қызмет атқаратын үндіс ұлты өкілдерінің басым көпшілігі өз
ұлтына қарсы жұмыс істеді. Ағылшын билігі ондай адамдардың
тобын ынталандырып отырды. Солардың бірі – жазушы Сал-
ман Рушди еді.
Үндіс текті, ағылшын жазушысы Ахмет Салман Рушди
Үндістан өз тəуелсіздігін жариялардан екі ай бұрын 1947 жы-
лы 19 маусымда Бомбей қаласында бай мұсылман кəсіпкердің
отбасында дүниеге келген. Қайда оқытам десе де, дəрмені же-
тетін бай əке баласын алғашында туған жерінде, кейін Анг-
лияның Кембридж университетінде оқытады. Отбасы иесінің
кəсіби қызметіне орай, Пəкістан, Үндістанда көшіп-қонып
жүрген Рушдилер отбасы ақылдаса келе Салманды 14 жасқа
толысымен ағылшындық ортада өмір сүруге бейімдейді. Сал-
ман университетті бітірісімен ағылшынның азаматтығын қа-
былдап, өзінің ана тілі болып келген урду тілінен бас тартып,
оның орнына ағылшын тілін негізгі тіл ретінде таниды.
1968 жылы Салман тарих пəнінен магистрлік қорғап, ұзақ
уақыт британдық жарнама агенттігінде еңбек етеді. Бірақ, ол
бұл жұмыстан жан рахатын таппай, көңіл күй ауанын ақ парақ
пен қаламға түсіреді. Сөйтіп, 1975 жылы алғашқы «Гримус»
деген романын жариялайды. 1981 жылы «Түн тілігіндегі ба-
лалар» романы автордың ағылшын жазушыларының орта-
сында кеңінен танылуына жол ашады. Кейін бұл шығарма
ағылшынның беделді жазушысы Джеймс Тейт Блэк атындағы
Букер сыйлығын алады.
Жалпы, Салман Рушдидің бұдан кейін де бірнеше романы
жарық көреді. Əдебиет зерттеушілері мен эстеттер оны «үн-
дістің Томас Манны» деп атап кетеді. Осы жылдар ішінде
оның жазушы ретінде алмаған сыйлығы қалмайды. Ағылшын
қоғамының жазушыларға берілетін барлық сыйлығының ие-
гері атанған ол адам бостандығы жолындағы жалынды күрес-
кер ретінде танылып, тірі кезінде ұлы адамдарға арналған пан-
теоннан орын алған тұңғыш жазушы атанады.
Адамның таным-білігін билеп-төстеген эгоизмі жамағат
менмендігімен қосылса, ол жыртқыш құбыжыққа айналады.
Ондай жанның қолындағы ең əсем игіліктердің өзі түнерген
қою бұлтқа айналып, айналаға өлім мен қасірет жаудырады.
Рушдидің 1989 жылы жарық көрген «Сайтанның шатпағы»
романы Британияда ғана емес, бүкіл əлемде шу тудырады.
Мұсылман əлемінің сағын сындыруды ежелден басты мақ-
сатына айналдырған Еуропа құрлығы шығармаға ерекше мəн
беріп, оған құпия жағдайда қолдау білдіреді. Осыдан соң Сал-
ман Рушдидің қол аяғын жерге тигізбей мақтау, құрметтеу ша-
расы жүйелі түрде жүргізіле бастайды. Кітап дүниежүзілік
барлық көрмелерге қойылып, əдеби каталогтарға енгізіледі.
Романның мазмұны бүкілəлемдік интернет жүйелеріне қо-
сылып, академиялық оқу орындарында талқыланады. Жедел
түрде əлемнің жетекші тілдеріне аударылып, оқырмандар ара-
сында үлкен дүрбелең тудырады. Мұндай дүрбелең кезінде
Гитлердің «Майн камф» кітабы мен Каддафидің «Жасыл кі-
табы» жарық көргенде де талас тудырмаған еді.
«Сайтанның шатпағы» əсіресе, мұсылман əлемінің үлкен на-
разылығын тудырды. Үндістанда жергілікті мұсылмандар мен
пұтқа табынушылар арасында қарулы қақтығыстар орын алып,
соңы кісі өліміне əкеліп соқтырды. Пəкістанда саяси қайрат-
керлердің араласуымен қанды қырғынның алды алынды.
Оқиғаның мұншама саяси астар алуына өзіндік себептер
де бар еді. Ағылшын үкіметінің 1947 жылғы 3 маусымда қа-
былданған Декларациясына сай Үндістан тəуелсіздік алған
соң, екіге жарылып, Үндістан одағы мен Пəкістан болып екі
мемлекетке бөліну басталды. Діни наным-сенімдеріне сай мил-
лионға жуық босқындар 1947 жылдың тамызынан қазанына
дейін Үндістаннан Пəкістанға жəне керісінше, Пəкістаннан
Үндістанға қоныс аударады. Үндіс пен мұсылмандарды ортақ
бір мемлекетке біріктірмекші болған, Үндістан Ұлттық конгре-
сінің мүшесі, Пəкістан мемлекетін құрушы ақын, философ
Мохаммед Али Джиннаның идеясы іске аспайды. Ал, бұл
ағылшын билігі үшін өте тиімді еді. Басы біріккен екі халық-
тың арасына идеологиялық от жағу осыдан кейін басталды.
Кітап осы мақсатта жазылып, ол оқырмандар арасында да,
саясаткерлер арасында да көп талқыланды. Оған бір тосқауыл
қою керек болды.
1989 жылы 14 ақпанда Иранның рухани көсемі Аятолла
Хомейни кітап авторын қасиетті ислам дініне тіл тигізгені
үшін өлім жазасына кесуге пəтуа жасады. Ол шешім күні
бүгінге дейін өз күшінде қалып отыр. Иран көсемінің шешімін
орындаған кісіге бастапқыда 2,8 миллион доллар сыйақы
төлену көзделген болатын. Сыйақының мөлшерін көтерген
Иран президенті жазушыны тірілей ұстап берген адамға 4 мил-
лион АҚШ долларын беруге уəде берді.
Бүгінгі таңда дау туғызған бұл шығарма əлемнің жиырма-
дан астам тіліне аударылған көрінеді.
Жақсылықтың өзі сабырлыға, имандыға қонақтайды, иман-
сыздан қашады. Əр мүмкіндікті қапы жібермей өзін көрсеткісі
келіп тұратын тұрпайы əдет – адам бойындағы кемшілік пен
өзіне сенімсіздіктің белгісі. Ондайлардың əр ісі – мақтаншақ-
тық, əр сөзі – менмендіктің гүрілі, қарапайымдылығы мен сы-
пайылығы, көзбояушылық немесе өздерін жұрттың алдында
көрсетудің амалы ғана. Өзінің менмендігіне табынып, ақи-
қатқа мұрнын шүйіре қарайтын тəкаппарларға лағынет ай-
тылып тұрады екен. Ондайлар өмір бойы қорқынышпен
өмір сүреді. Жазушы міне, жиырма жылдан бері қорқыныш
пен үрейлі өмір сүріп келеді. Оның жүріс-тұрысының бə-
рі қарулы полицейлердің қорғауымен жүзеге асырылып
келеді. Жер бетінде өмір сүрудің қауіптілігінен Рушди Бри-
танияның арнаулы орындарының бақылауымен жерасты
бункерінде өмір сүруге мəжбүр. Құпия жағдайында өткіз-
ген 20 жыл ішінде жасырын сақталған 30 пəтерде түрлі кез-
десулер өткізуге мəжбүр болыпты.
Құпия өмір сүру кімге жаққан? Осы жылдар ішінде Рушди
отбасынан айрылған. Үнемі қорқыныш пен үркуден жан күй-
зелісіне ұшыраған əйелі отбасын тастап, басы ауған жаққа
кетіп тынған. Рушди қашып, тығылып жүріп, 1911 жылы «Ой-
дан құрастырылған Отан», 1994 жылы «Шығыс пен Батыс» де-
ген екі кітап жазып шығарған.
Тегеранның шешімінен қорыққан жазушы Америкаға са-
пармен бару жөніндегі ойын өзгертіп, 1 жылға дейін күннің
көзін көрмей жер астында жасырынуына тура келген. Бұл жыл-
дар оның өз өміріндегі ең азапты жылдарына баланған.
Адам табиғатында көптеген жақсылықтардың дəнімен бір-
ге кейбір тіршілік үшін жаратылған жамандықтың да негізде-
рі бар. Адал достық, шынайылылық, жанқиярлылық, ешкімге
жəне ешнəрсеге мұқтаж болмау сияқты жақсы қасиеттермен
бірге көп адамдарда атаққұмарлық, даңғойлық, өзін көрсету
сияқты жүректі өлтіріп, рухты сал қылатын жағымсыз сипат-
тар да болады.
Рушдидің кітабын аударып, даңқымызды асырып қар-
жыға қарық боламыз деген аудармашылар да күндіз күл-
кіден, түнде ұйқыдан айрылып, ақыр соңы құрдымға кетіп
отырған. Мəселен, Швецияда шыққан тегі пəкістандық
аудармашы «Сайтанның шатпағын» урду тіліне аудара-
мын деп жүргенде, ислам фанаттарының қолынан отба-
сымен бірге қаза тапса, жапон аудармашысы діни экстре-
мистердің қолынан қазаға ұшыраған. Сондай-ақ, итальян-
дық аудармашы мен норвегиялық баспагер қастандықтан
ауыр жараланған. Ал, Иранда парсы тіліне аудармақшы бол-
ған ғылым докторы ұзақ жылдар бойы Еуропа елдерінде жа-
сырын өмір сүруіне тура келген. Ислам экстремистерінің қор-
қытып үркітуінен үнемі бой тасалауға мəжбүр болған ғалым
соңында аты-жөнін өзгертіп, Израиль азаматтығын қабыл-
даған. 1998 жылы Рушдидің атышулы кітабын Петербургтің
«Лимбус Пресс» баспасы орыс тілінде шығаруға ұйғарым жа-
сағанда, ресейлік мұсылман қауымының ашу-ызасын туды-
руға əкеліп соқтырған. Осыған орай, Кавказ мұсылмандары
басқармасының басшысы шейх уль-ислам Аллаһшүкір Паша-
заде «Сайтанның шатпағын» басып шығарғандар сол сайтан-
ға қызмет етушілер болып табылады» деп үндеу жариялап,
оқиғаның алдын алған.
Нəпсісін жеңіп, менмендігін тежей алмаған жəне ақыл-көзін
шел басқандардың жақсылық жолындағы əр адымы – өз-өзін
уату мен алдау ғана, ал жанкештілігі – ақымақтыққа саяды.
Рушди өзінің төртінші романының қоғам арасында осын-
шалық дау туғызатынын кеш болса да сезінген іспетті. Қо-
ғамның өзі сияқты ой ойлайтын азаматтарды жек көретінін
сезіп, шындықтың қашан да адамзатты татулық пен бірлікке
шақыратынын мойындады. Кеш болса да, Рушдидің ақыл-ойы
оны осыған жетелеп отыр. Келісілмеген бір мəселе. Ол – Ая-
толла Хомейнидің пəтуасы. Иран көсемінің Жарлығын енді
ешкім өзгерте алмайды. Бұл ретте жазушы қаншама жерден
кешірім сұрап, өз ісіне өкініш білдірсе де, кешірім жасал-
масы анық. Оған Иранның рухани көсемінің: «...жазушы
өзінің іс-қимылына қанша жерден өкініш білдіріп, Құ-
дайлық іс жасаса да, кез келген мұсылманның оны тозақ
отына жіберуі қасиетті парызы болуы тиіс» деген сөзі бұл-
жытпас заң күйінде күні бүгінге дейін күшінде қалып отыр.
Иран көсемінің осы Жарлығы Батыс əлемінде əлі күнге де-
йін үрей туғызып келеді. Осыған орай халықаралық қауым-
дастық Иранмен қарым-қатынасын бірнеше рет қайта қарап
шықты. Еуропалық экономикалық қауымдастыққа кіретін
12 ел Иранға баратын ресми сапарларын үзіп, Тегераннан өз
елшілерін консультация үшін кейін шақырып алуы кезінде
үлкен дау туғызғаны бар.
Кітапқа байланысты Батыс əлемі басшыларының үнқаты-
сулары да бір текті болып шыға бермеді. Сол тұстағы АҚШ
президенті Джордж Буш: «Сайтанның шатпағын» Хомейни-
дің бағасы теңестіріп тұр десе, мемлекеттік хатшы Джеймс
Бейкер өз «əттегенайын» білдірген сыңай байқатты. Ұлыбри-
тания сыртқы істер министрі Джеффри Хау, Франция премьер-
министрі Мишель Рокар Иранмен өз елдерінің қарым-қаты-
насының дұрыс жолда екенін айта келіп, жазушыға берілген
жазаның өте ауыр екендігіне өз өкініштерін білдірген.
Мəселенің насырға шауып бара жатқанын сезген АҚШ,
Жапония, Ұлыбритания баспагерлері «Сайтанның шатпа-
ғын» сауда орындарынан алып тастауға мəжбүр болған.
Отқа май құюшылар да болған. Израиль баспагерлері
Англияның «Викинг Пингвин» баспасымен келісім-шарт
жасасып, кітапты иврит тілінде басып шығарған. Кітап
үшін айқас астасып жатқанда Канаданың «Аіr Canada» əуе
компаниясы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша
күштер қажет деген сылтаумен Салман Рушдиге компания
ұшақтарын пайдалануға қарсылық білдірген. Дəл осын-
дай талаппен АҚШ-тың Федеральдық əуе компаниясы мен
Ұлыбританияның «Brіtіsh Aіrways» компаниясы да Рушдиге
өз ветоларын қойған. АҚШ əуе компаниясы кейін өз қарсы-
лығының күшін жойды.
2007 жылдан Салман Рушди АҚШ-тың Атланта штатының
Эмори университетінде студенттерге лекция оқып келеді.
Жалпы, адам бойындағы менменшілдік қасиет – Аллата-
ғаланы танып-біле алмаудың, адами болмыстан ада болып, ру-
хани таяз қалудың бір көрінісі. Өз ойын ғана дұрыс деп біліп,
басқалардың ойларымен санаспайтындар сыңаржақ менмен-
діктерінің құлы болып қала береді.
Адамға берілген эго аманаты – ұлы ақиқатты табу жолын-
да оған тарту етілген сый. Эго арқылы адам Ұлы Жарату-
шыны, оның ілімінің, құдырет-пайымының шексіздігін жан
дүниесімен ұғынуы керек. Оның құдыретін түсінген адамның
кеудесінде жалындаған қасиетті ілім мен махаббат оты пен-
де атаулының менмендігін өртеп, қарапайым өмір жолына тү-
сіреді. Бұл жолды қаламаған жан, кісіліктен қалып, құбы-
жыққа айналады.
Ислам əлемі үшін Салман Рушди құбыжыққа айналған
жан. Батыс үшін ол өз міндетін орындаған техникалық
машина. Күндердің күнінде оның ақауы шығып, жарам-
сыз күйге түседі. Сол күні ол, жанып тұрған қазандыққа
лақтырылып жіберілетін болады.
ОЛИГАРХТАР ҚАЗАҚТЫҢ АТЫ АТАЛАТЫН ТҰСТА
НЕГЕ МЫРЗАЛЫҚ ТАНЫТПАЙДЫ?
Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құндылығы – адам,
оның жолындағы барлық өзгерістердің бəрі адам үшін, адам-
ның игілігі үшін жасалып жатыр. Оның идеялық негізінде –
топтасу, адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен
ұлыстардың теңдігі негізделген. Алдағы елімізде өткізілгелі
отырған VІІ-ші Азиада ойындары дəл осы міндеттер аясы-
нан табылуы тиіс. Азиаданы жоғары талап деңгейінде ұйым-
дастыру арқылы еліміз алдағы уақытта əлемдік тұрғыда Олим-
пиадалық ойындар өткізу мүмкіндігіне алғышарттар жасай-
ды. Демек, Азиада – олимпиадалық ірі жобаларға бастайтын
қазақстандық жобаның алғашқы баспалдағы болмақ.
Əрине, мұның бəрі көппен бітетін ірі шаруа. Үкімет Азиа-
даны өткізу үшін қолдан келгеннің бəрін жасауда. Алайда бар
шаруаны Үкіметтің мойнына жүктеп қойсақ, бизнестің əлеу-
меттік жауапкершілігін қайда қоямыз?! Елімізде бұған дейін
халықаралық дəрежедегі мұндай жарыстар өткізуге арналған
спорттық кешендер болған жоқ. Спорттан əлемдік біріншілік-
тер мен ірі халықаралық турнирлер Азия құрылығында Корея,
Қытай, Жапония елдерінде ғана өткізіліп келді. Ал Қазақстан
үшін бұл шара, бұған дейін игерілмеген тың сала. Сондықтан
оған Үкімет буындарынан өзге барлық шаруашылық субъек-
тілері мен жеке кəсіпкерлер де өз үлестерін қосуы тиіс.
Осыдан бірнеше апта бұрын Мəжіліс депутаты Ирак Еле-
кеев еліміздегі миллионерлер спортқа қолдау көрсетуі керек
деген бастама көтерген болатын. Депутат өз сөзінде: «Біз Үкі-
мет басшысымен бірге муай-тай жəне кикбоксинг федерация-
сын басқарамыз. Осы күнге дейін бізге қолдау көрсетемін де-
ген миллионерлерді əлі көрген жоқпын», деген еді. Сонда
Қазақстанда шикізат өндіретін жəне соның есебінен əлемдік
сауда нарығында басты ойыншылардың қатарында жүрген
шетелдік алпауыттар қайда жүр?
Лондон Олимпиадасына 25 миллион долларға жуық демеу-
шілік жасаған Лакшим Миттал қазақтың қойнауынан күреп
тауып жатқан байлығынан қазақтың аты аталатын тұста неге
шашып мырзалық танытпайды?!
«Қазақмыс» компаниясының акционері Ким мырзаның не
ойлағаны бар? Əзірше, біз білетіндердің ішінде Азиаданың бас
демеушісі «Самұрық – Қазына» Ұлттық əлеуметтік қоры ғана.
Оның əлеуметтік салмағы зор үлкен іс-шараның жалғыз өзі
қай тесігіне жарайды.
Осындайда ұлт үшін жауапкершілікті сезінуге дайын тұра-
тын ұлттық буржуазия керек-ақ дерсің. Рас, еліміздегі буржуа-
зия өкілдері негізінен майда кəсіпкерлермен орташа калибрлі
банкирлер. Олардың өзі əзірге ашқарақ, біреуінің дəрмені жет-
се екіншісінің ішкі мəдениеті жұқалау. Сондықтан ұлтқа де-
ген қолұшын созуға кісілігі жетіспей жатыр. Оның үстіне,
ертеңгі күнінен қорқады, ішкі тіреніші əлсіз. Осындайда бір
мəселеге байыппен қарасақ та болар еді. Ол – елдегі бос
жатқан қаржыларды қажетті тетіктерге мақсатты тұрғыда іске
қосу. Кейбір елдерде мұндай жолдарды ертерек қолданысқа
енгізген мысалдар да бар. Мəселен, Израиль, Армения, Қытай
шетелдердегі өз диаспораларының қаржысын ел экономикасы-
на тиімді пайдаланып келеді. Бізден көш төмен Ауғанстан елі
де сыртта жүрген отандастарының көмегіне жүгінуде өзіндік
тəжірибе жинақтаған. Мойындауымыз керек, біздің шетелде
жүрген қандастарымызда айтарлықтай қаржы болмауы мүм-
кін. Алайда елімізде бірнеше шараны қатар атқаратын ауқатты-
лар қалыптасып қалды. Олардың қаржыларының басым бөлігі
пайдаланусыз жатыр. Осы көлеңкеде жатқан қаржылардың
экономикамыз бен əлеуметтік салаларға қызмет етуіне жол
ашып, оны заңдастырып беру тиімді болар еді. Мұндай жағ-
дайда өзге елдердің банктерінде жатқан немесе қимылсыз жа-
сырын жатқан ақшалар іске қосылар еді. Елбасымыз Нұрсұл-
тан Назарбаевтың меншік иесіне құрметпен қарау, олардың
қаржысын іске қосуды ұйымдастыру қажеттігі жөнінде айт-
қан сөздері осындайда қажет-ақ. Ұлттың қабілеттілігі қазіргі
заманғы кез келген шараны өзіне сіңіре білуіне, ортақ іске
жұмылдыру арқылы өзінің де, елінің де интеллектуалдық əле-
уетін көтеруге тəуелді болады. Ол – бəсекеге қабілеттілік үшін
аса маңызды.
Бір нəрсе айқын. Еліміздегі ірі өндіріс орындарының иесі
болып отырған кəсіпкерлер мен олигархтар негізінен ұлттық
жобалармен айналыспайды. Жергілікті ұлт өкілдерінен шық-
қан шағын-орта бизнес бастауында жүргендер рулық, ауыл-
дық ұғымдардан əрі аса алмай, екі ортада шырмалып қалған.
Əрісі туған жеріне барып мешіт салады, берісі ауыл мектебі-
не компьютер алып берумен шектеледі. Бұлар да қоғамға аса
қажетті шаруалар.
Несін жасырамыз, біздегі ірі кəсіпорындар ұлттық санада-
ғы кəсіпкерлердің қолында емес, ал барының ұлтқа бүйрегі
бұрылмайды.
Өркениетті елдерде орта тап 50–60 пайыз болса, бізде ол
2002 жылғы есеп бойынша 20 пайыздай ғана болып тұр екен.
Рас, мемлекеттің түп қазығы – ұлттық буржуазия. Өкініш-
ке орай, билікте отырғандар «мемлекеттің қазығы – бюрокра-
тия мен мемлекеттік қызметкерлер», – деп ойлайды. Белгілі
қоғам қайраткері Амангелді Айталының бұл туралы өзіндік
ойы бар. «Буржуазия өкілдері Үкіметтегі шенеуніктердің ара-
сында да жүр. Мемлекеттік қызметте істейтіндердің де ішінде
жеке кəсіптері бар адамдардың қатары аз емес. Шындығында,
ашық түрдегі байларымызды біле алмай жүрміз. Бəрі жасы-
рын. Кімнің қандай дəулетінің барлығы ашық айтылып, халық
мынау Джон Рокфеллер, мынау Билл Гейтс деген секілді, біліп
отырса. Сондай ашықтыққа, жариялылыққа жете алмай жа-
тырмыз. Біздікілер негізінен табиғи шикізат көздерінен та-
быс тауып отырған байлар. Олар тауар өндіріп, үлкен зауыт-
тар құрып, өндірісте аты шығып жатқан жоқ. Өйткені, елімізде
табиғи байлық емес, тауар өндейтін кəсіпорын табан тірейтін
ірі өндіріс орны аз. Дағдарыс келгенде кімді бірінші құтқар-
дық? Қаржы саласындағы банкирлерге ақша бөлдік. Ана зауыт-
қа жəрдем берейік, мына өндіріс орнына қаржы құяйық деп
айта алмадық. Негізінен, ұлттық буржуазияны еліміздің эко-
номикасына үлес қосушы, орта тапқа негіз болатын, өндіріс
саласын жандандыратын жəне тауар өндіретін топ деуге бо-
лады. Олар шын мəнінде нарықтық экономикада өзінен-өзі
қалыптасқан, адал еңбегімен жетістікке жеткен болуы керек.
Америкалық Теодор Драйзер деген жазушының «Америкалық
трагедия» деген романында «Бəрібір, аяқ киім тазалайтын аме-
рикандық түптің түбінде бай бола алады» дейді. Бізге дəл осы-
лай ойлайтын ұлттық буржуазия керек.
Кезінде АҚШ-та үлкен депрессия орын алғанда Үкіметке ең
бірінші қол созғандар ұлттық буржуазия өкілдері болатұғын.
Сол тұста Форд, Рокфеллер сияқты миллиардерлер билікке
келіп: «Қазір еліміз ең қиын кезеңді бастан өткізіп тұр, сол
үшін біз көмекке келуге дайынбыз» депті. Форд «Мен өнер-
кəсіп министрі, Рокфеллер «Қаржы министрі болайын» депті.
Басқалары да өздері көмектесуге тиісті орындарды сұрапты.
Сол кездегі ел президенті Рузвельт «Сендерге осы не керек
сонда? Бəрің кедейдің баласы емессіңдер». Сонда, айлық ақы-
ларына не сұрайсыңдар? деп сұрағанда, əлгілер «Жалақымыз-
ға 1 доллар берсеңіз, жетеді» деп жауап беріпті. Американың
ең қиын кезінде келіп, ақысыз-пұлсыз қолұшын берген Форд,
Рокфеллер есімдері тарихта алтын əріппен жазылып қалды.
Миллиардер Билл Гейтс те өз қаржысын балаларына қалдыр-
май, америка өндірісіне салып отыр.
Біздің жоғарыда мысал ретінде атап кеткен Ауғанстанның
королі Захир Шах та бір кездері өзімен бірге шетелдерге кет-
кен ауған байларын ең қиын сəтте барлық байлықтарымен ел-
деріне қайтып келуге ықпал еткен болатын. Отанын сүйген пат-
риоттар осындай іс-əрекеттері арқылы ұлт жүрегінен орын
алып жатты.
Идеялар мен технологияларды аса дəлдікпен нақты өнім-
дер мен қызмет түрлеріне трансформациялап, сол арқылы ға-
ламдық экономикада табысқа жетіп жатқан елдер де бар. Жа-
пония, Сингапур, Германия, Швейцария бұған мысал.
Əңгіме ауанын спорттан бастап едік, енді оны сол тақы-
рыппен аяқтасақ деймін. Себебі, дəл бүгін оған деген сұ-
раныс ерекше болып тұр. Бүгінде қала спортын дамытуға аз
қаржы бөлініп жатқан жоқ. Мемлекет тарапынан бөлініп жат-
қан қаржының басым бөлігі футболға бөлініп, қалған спорт
түрлері шет қақпай қалып жатқанын жасырғанымыз жөн бол-
мас. Əсіресе, ауыл елді-мекендегі спортты дамыту мəселесін
үкіметтік тұрғыда қолға алуымыз керек. Қазіргі спортшыла-
рымыздың көзге түсіп жатқандарының басым көпшілігі ауыл-
дан шыққан спортшылар. Сондықтан, ендігі күшті ауылдық
жерлерде спорт кешендерін дамытуды қолға алу керек. Елба-
сымыздың өзі халықтың 30 пайызы бұқаралық спорт түрле-
рімен айналыссын деп міндеттеп отырған жоқ па?
Ресей үкіметінің белді ойыншысы болған жерлесіміз Гер-
ман Греф туған жері Павлодар қаласында шіркеу үйін салып,
жамағаттың ыстық ықыласына бөленуін де айта кетуді жөн
санадық. Атақты олигарх Роман Абрамович Ресейде орыс
балалары үшін бірнеше стадион салып, оған қажетті құрал-
жабдықтарға дейін алып беріп отыр. Ал, «Спартак» клубының
иесі Федунның 250 млн. доллар жұмсап, балалар академия-
сын ашып беруі, Ресейдің болашағы үшін жұмыс істейтін бо-
лады. Федунның ол туралы: «Рас, бергі 10 жылда пайда таппа-
сымыз анық. Бірақ, 100 жыл көлемінде шығын қайтады. Осы
жомарттығым өмір бойы маған еріп жүрмей ме?» депті. Не
деген жанкештілік!
Біздің елде де жасанды спорт алаңдары салынуда. Қала ор-
тасында бұрынғы қоршауы алынған алаңқайларда жасанды
футбол алаңдары ашылып жатыр. Бір қарасаң, жақсы бастама.
Алайда, солардың игілігін балалар емес, байлар көруде. Ізіне
түскен адам бəрін табады. Қызық үшін аралап көріңіз. Доп қуып
жүрген өңкей банкирлер, одан қалды күш құрылымдарының
жігіттері. Балаларды ілуде көрмейсің. Себебі, алаң біткен ком-
мерциялық жоба. Ақшасын төле де, шапқылай бер. Мысал ма,
қолма қол. «Журналистер жыл сайын кəсіби мерекесіне орай,
шағын футболдан турнир өткізеді. Оның өзі үлкен əбігермен
өткізіледі. Қыруар қаржы керек. Əрине, оны төлейтін министр-
лік десек те, біздің онымен бетпе-бет келгеніміз жанымызға
батады. Сонда болашақтағы Олимпиадашыларымызды қайда
дайындамақпыз? Осындайда мешіт салатын байшыкештер ба-
лаларға арнап, спорт кешендерін салып беруге ақыл-ойы жет-
пей ме деп аласұрасың. Ол аз болса, алаш көсемі Əлихан Бө-
кейхановтың: «Біз шығыстың сəлдесімен, сарттың ала шапа-
нымен, молданың мəсісімен өркениеттің табалдырығын аттай
алмаймыз!» деген сөзін қосып айтқанды жөн көрдік.
ҚЫР АСТЫНДА ҚЫТАЙ ТҰР
«Қытай – ұйықтап жатқан алып дию.
Оны оятпау керек.
Ол оянса, ғаламды
шайқалтып жіберуі ықтимал»
Наполеон
Кезінде Конфуций: «Бір кездері дүние жүзін ешбір қарусыз
тек қытайлықтар ғана билейтін болады» деп өсиет қалдырған
екен. Сол өсиет, бүгіндері жоспарлы ұранға айналып, ол бір-
тіндеп орындалып келе жатыр.
Бүгінгі таңда Қытай əлемдік саясаттың көшбасшысы болу-
ға ұмтылып, халықаралық қауымдастықпен жан-жақты қарым-
қатынасын бұрын-соңды болмаған дəрежеге жеткізіп отыр.
Оған Қытай мемлекетінің негізгі потенциалы да мəжбүр етуде.
Біріншіден, Қытай – дүние жүзінде халқының саны ең көп ел,
оған қосымша жер бетіндегі көптеген елдерде қуатты диаспо-
расы бар. Екіншіден, қытай мемлекетінің экономикалық жəне
əскери орасан күшке ие болуы, оның өзгелерді өзімен санасу-
ға мəжбүр етіп отыр.
Қытайдағы 1 млрд. 250 млн. халықтың 92 пайызы қытайлар.
Ал, дүние жүзіндегі Қытай диаспораларында тағы да 60 мил-
лиондай қытай ұлтының өкілдері бар.
Дүние жүзінде қазір Малайзия мен Жапониядан басқа бір-
де-бір ел қытай ұлтының өз аймақтарына енуіне қарсы қатаң
шара қолдана алмай келеді. Тіпті, АҚШ үкіметі де қытай-
лықтарға тəуелді болып қалған. Малайзия қоғамы да кезінде
еріксіз жіберіп алған өз кемшіліктерін түзеген болды.
Қытай елінің дүние жүзінде Қытай диаспорасын қалып-
тастыруға күш салып, оған мемлекеттік тұрғыда маңыз беруі –
оның ежелден қалыптасқан дəстүрі. Қазірдің өзінде Азияның
бірнеше мемлекеттері демографиялық тасқынның астында қа-
лып, қосалқы қытайланған мемлекетке айналып барады. Мы-
салы, «Азия жолбарыстарының» санатында жүрген жоғарыда-
ғы Малайзия халқының 35 пайызын қытайлықтар құрайды.
Бұл елді кезінде арабтар, португалдықтар, голландықтар да жау-
лап алған. Ал, XІX ғасырдың басында Ұлыбританияның отары
да болған. Алайда, бұлардың ешбірі бұл жерлерге жерсінбе-
ген, яғни өсіп-өнбеген. Бруней халқының 70 пайызын малай-
зиялықтар мен қытайлықтар құрап отыр. Бұл екі мемлекетте де
дін, тіл мəселесінде қытайлықтардың үлес салмағы басым. Сол
сияқты Тайвань, Тайланд, Мьянма (Бирма), Сингапур, Филип-
пин мемлекеттері де қытайланудың сəл-ақ алдында тұр. Син-
гапурде – 2,5 млн., Тайваньда – 20 млн., Мьянмада – 20 млн.,
Тайландта – 18 миллиондай қытайлықтар тұрады. Тайланд
мемлекетінде қытайлардан өзге малайзиялықтар, үндістер де
бар. 1970–1973 жылдар аралығында көршілес Вьетнамнан
1 миллиондай босқындар ауып келген. Алайда, олардың бəрі
қосыла келгенде 10 жыл бойында қытайлардың 1 жылғы өсі-
міне жетпеген.
Қытайдағы демографиялық ахуал – тек Қытай проблемасы
емес, сонымен бірге шекаралас жатқан барлық көршілерін қа-
уіптендіретін күрделі мəселе. Азуы алты қарыс АҚШ-тың өзі
Қытай елінің өсу қарқынынан зəресі ұшып отыр. Көк мұхит-
тың арғы жағында жатқан АҚШ-тың неге үрейі ұшады? Мə-
селе осында. 1943 жылы АҚШ Конгресінде қаралған «Қытай
азаматтарының АҚШ-қа қоныстануын шектеу жөніндегі заң-
ның күшін жою туралы» Жарлыққа Президент Ф.Рузвельттің
қол қоюы американ қоғамының қытайлану формасына жол
ашып берген. Қорытындысында 1943 жылдан 1949 жыл ара-
лығында АҚШ-қа қоныс аударушылардың саны 1 миллионға
жеткен. Еркін өсіп, даму барысында 1980 жылдардағы жүр-
гізілген есеп бойынша олардың жалпы саны 8 миллионнан
асып кеткен. Мұндай демографиялық тасқыннан күдіктенген
АҚШ өкіметі бүгінгі күндері қытайлық қоныс аударушылар-
дың қандай да бір жолмен қоныстанып, тұрақтап қалуына жол
бермеу саясатын қатаң ұстанып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанға ауып келіп жатқан Қытай аза-
маттарының саны, олардың біздің елімізде тұрып жатқаны
туралы нақты мəлімет бар ма? Біз үшін аса қауіпті болып
отырған қытай эмиграциясының Қазақстанда етек алуына тос-
қауыл қою жолдары қалай жүргізілуде? Сондықтан, алдағы
уақытта екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасты ретте-
генде басымдылықты ел мүддесіне қарай бұру керек. Соңғы
уақыттары Қытай өкіметі өндірісі дамымай қалған жəне хал-
қының саны аз көршілерінің шикізат ресурстарына қалайда
ие болу мақсатында түрлі қарекет жасап бағуда. Қытай елінің
күлшелі көршілеріне, ең алдымен Қазақстан, Сібір жəне Қиыр
Шығыс аймақтары жатады. Қазірдің өзінде Қытай мемлеке-
тінің көршілеріне экономикалық жəне саяси ықпалы артып
отыр. Олардың біздің елімізге кез келген тəсілмен кіруге де-
ген белсенділігі күн өткен сайын күшейіп келеді. Оған Қытай
жағынан болатын экономикалық интервенцияға жол ашып бер-
геніміз үлкен əсер етуде.
Тəуелсіздік алғалы екі ел арасында келім-кетімді реттеп
отыратын бірнеше келісімге қол қойылды. Бұдан былай екі ел
азаматтары визасыз арғы беттен бергі бетке, бергі беттен арғы
бетке бір күндік сапарға шыға алатын болады. Жыл сайын екі
елден жүз мыңнан астам адам шекарадан əрі-бері өтеді екен.
Ара-салмағы айқын емес. Дегенмен, басымдық Қытай жағы-
ның үлесінде екені анық. Былтырғы жылы экономикамыздағы
қытайлық инвестициялардың үлесі жедел артқан. Бұған дейін
өзге елдерге инвестициясының басым бөлігін салатын Қытай
неге Қазақстанға күрт бұрылды? Қытай əсіресе, мұнай газ са-
ласын экспансиялауда.
Үстіміздегі алғашқы жарты жыл ішінде Қазақстан мен Қы-
тай арасындағы сауда айналымы 66 пайызға өсіпті. Қазір екі
ел арасындағы сауда айналымы 9 миллиард долларға жеткен.
Көші-қон полициясының қызметінде, оның ішінде Қытай
Халық Республикасынан азаматтардың келу заңдылығын сақ-
тауда жіберілген олқылықтардың елеулі алаңдаушылық туғы-
зып отырғандығы жөнінде Алматы қаласы прокуратурасының
алқа мəжілісінде кезінде сөз де болған. Қаланың əділет орган-
дарында қытайлардың 1600 шаруашылық субъектісі заңсыз
тіркеліпті. Шетел азаматтары біріккен кəсіпорын құрмай жəне
салық органдарына есепке тұрмай-ақ еңбекке тартылған. Ал-
маты қаласы прокуратурасы республикаға тауар-материалдық
бағалы құндылықтарды контрабандалық жолмен тасымалдау
жəне шет елдерге жөнелту кезінде салық алымдары толық тө-
ленбейтінін де əшкерелеген. Мəселен, Алматыдағы Қытай бан-
кінің қызметін тексеру кезінде осы банк қызметі арқылы Қытай
азаматтары өз елдеріне 1 миллиардқа жуық АҚШ долларын
асырып жіберген. Соның салдарынан ел бюджетіне 150 мил-
лион АҚШ доллары түспеген оқиғалар да тіркелген.
Бүгінгі таңда біздің елімізде тұрақты тұруға 1800-ден астам
Қытай азаматына рұқсат беріліпті. Ішкі істер министрлігінің
Көші-қон полициясы департаментінің өткен жылғы мəліметі
бойынша, былтырғы жылы республикамызға келіп, ішкі істер
органдарына тіркелген шет ел азаматтарының саны 132822-ге
жеткен. Оның ішінде 20242-сі Қытай азаматтары екен. Келіп-
кету тəртібін бұзғаны үшін 2603 шетел азаматы жауапқа тар-
тылса, соның 700-ге жуығы қытай азаматтарының үлесіне тиіп-
ті. Еркіндік жайлаған жерде тəртіпсіздіктер де белең алаты-
ны айқын. Қытайлықтар қазақтың қаймағы бұзылмаған жер-
лерге барып, сіңіп кетуге əрекет жасауда. Жақында халқының
99 пайызын қазақтар құрайтын Қызылорда облысында қытай-
лықтардың өздерін сол жердің байырғы тұрғыны ретінде ер-
кінсуі белең алған. Қытайлық компанияның бақылаусыз ке-
туінен Қызылордаға жұмыс істеуге заңсыз қытайлықтардың
келуіне жол ашылған.
Сондай ақ, жамбылдық полицейлер облыс аумағына ше-
тел азаматтардың келу ережесін бұзу оқиғасының алдын алды.
Олар Тараз қаласындағы Металлургия заводында заңсыз жұ-
мыс істеген 48 қытай азаматының қылмысын ашты.
Қытайлықтар өз мүддесі үшін жергілікті билік иелерін де па-
рамен сатып алуға дағдылануда. Жақында «Ақтөбемұнайгаз»
компаниясының басшысы қытайдан келген жұмысшылардың
құжаттарын рəсімдеуді тездету үшін 2000 доллар пара беру
кезінде қолға түскен. Ал Байғанин ауданында төбелес шығар-
ған қытай азаматтары елімізде заңсыз жұмыс атқарып келгені
белгілі болып отыр.
Қытайлықтардың жергілікті қарақшы ұйымдар мен құпия
байланысы халықаралық қауымдастықтың шеңберінен де шы-
ғып кетуде. Үстіміздегі жылы мамыр айында Италияның қар-
жы полициясы 24 қытайлық қылмыстық синдикаттың жолын
кесіп, мүліктерін тəркіледі.
Алматы қаласында қазіргі күні 100-ге тарта кафе мен мей-
рамханалар, 2 банк, 270 бірлескен кəсіпорын, қытай тілі ор-
талығы, «Ялян» сауда орталығы бар.
«Ресми ақпараттар бойынша – 100 мың, ал бейресми ақ-
параттар бойынша – жарты миллион қытайлықтар республика
аумағына кіріп кеткен. Олар қазақ қыздарына үйленіп, əйте-
уір алдап-сулап елге кіріп жатыр. Қазақстанға 5 миллион қытай
кіріп кетсе, Қазақстаннан түк қалмайды» – деген еді кезінде
мəжіліс депутаты Ерасыл Əбілқасымов «Түркістан» газетіне
берген сүхбатында («Түркістан», 29 сəуір 2004 ж.).
Елімізге келген қытайлардың көпшілігі Алматы қаласында
(52,9 пайыз), Алматы (25,4 пайыз) жəне Шығыс Қазақстан
(8,9 пайыз) облыстарында тұрады екен. Əсіресе, Алматыда
қытайлар өздерін тым еркін сезінеді. Алматы, Астана, Ақтөбе
сияқты ірі қалалардың орталық көшелерін бойлай, жаулап
алып жатқан қытай асханалары мен дүкендері нені аңғартады?
Мигранттар тарихта ешқашан өздері тұратын елге пайда
əкелмеген. Жалпы, қытайлықтар өздері жұмыс істейтін меке-
меге бір де бір қазақты жолатпауға тырысады. Мемлекет іші-
нен мемлекет ашып алғысы келетін олар өздері жалға алған
қоршаулы мекемелерде жұмыс істейді жəне өмір сүреді. Ана
бір жылы тексеру орындары Алматыдағы 18 шаршы метр үйде
30 қытай азаматының тіркеліп, тұрып жатқанын анықтаған.
Ана бір жылы мамыр айында 29 адамның өмірін жұтқан Тал-
дыбұлақтағы топырақ көшкіні оқиғасы сонда тұрып жатқан
қытайлықтардың төбелерді қазып, тұнып тұрған табиғатты
бұзғандығынан болған оқиға емес пе еді? Қытайдың əлеумет-
тік жағдайын зерттеушілердің сөзіне қарағанда,елдің жалпы
табиғи ресурстары 2 миллиард адамды қамтамасыз етуге ғана
жетіп, одан кейін өз мүмкіндігін сарқа беретін көрінеді. Сон-
дықтан қытай үкіметі осы теңсіздіктердің басын біріктіріп
аттың басын» əлсін-əлсін бос жіберіп алуға бойын үйретуде.
Сол тұста Қытайдың Қазақстандағы елшісі Құдайға да өк-
пелі екенін білдіріп алды. Ол: «Құдайдың өзі де əділетсіз, біз
жерге сыймай отырмыз, ал Қазақстанда халық аз, қаншама
жер кең жатыр» деп ішкі ойын сездіріп қойды. Шындығында,
Қытайдағы 130 адам сиятын жерге бізде 5-ақ адамнан келіп
отыр.
Жалпы, «қытайлануға» Қазақстан ғана емес, оның ежелгі
көршісі алып Ресей де алаңдаушылықпен қарайды. Оған себеп
те жоқ емес. Осыдан тура жарты ғасыр бұрын Қытай Халық
Республикасы жарияланған тұста елде 600 миллион халық бо-
латын. Енді олардың саны екі есеге артып отыр. Жасыратыны
жоқ, Қытай жоспарлы бала туу саясатын 30 жыл бойы жүргізіп
отырғанына қарамастан, мұнда адам саны жылына – 1,121 па-
йыз артып, өткен жылы 1 миллиард 224 миллион адамға жет-
кен. Бұл – жоғарыдағы «бір отбасы – бір бала» деген ережеге
сəйкес жүргізілген саясаттың ғана жемісі.
Бұған дейін Қытайда «бір отбасында – бір баладан» болып
келсе, енді, кейбір аймақтардағы отбасыларына «екі баладан»
болмақ. Əлем халықтары ішінде халқының саны жағынан
бірінші орынды ешкімге бермейтін Қытай жоғарыдағы сая-
сатын «халық санының азайып кетуімен» түсіндіреді. Əрине,
оның астарында үлкен астамшылық саясат жатқанын түсінуге
болады.
Қытай адам саны жағынан ғана емес, экономикалық дамуы
тұрғысынан да қарқынды өсіп келеді. Бұл Шығыстағы көрші
аяқ басқан «алтын ғасырдың» басы ғана. XXІ ғасырдың орта
тұсында Қытай əлемдегі ең бай, ғылыми-əскери потенциалы
күшті дамыған ел болмақ. Қазірдің өзінде əлемдегі көптеген
елді локомотив ретінде өз соңынан тартуға қабілеті жетіп, ар-
тылады.
Рас, Қытайда қарапайым халыққа жер жетпейді. Қытайда
егістікке бөлінген жер көлемі жалпы жер көлемінің 10 пайызы-
на жетпейді екен. Үкімет санағына сүйенсек, адам санының ар-
туы 2030 жылға дейін осылай жалғасып, ол сол жылдары 1 мил-
лиард 600 миллионға жететін көрінеді. Ғылыми-техникалық
прогресс шапшаңдап, жұмыссыздар саны көбейеді. 2030 жылы
елде жалпы саны 150 миллион адам жұмыссыздар армия-
сын құрайды деген қауіп бар. Мұның өзі Ресейдей алып елдің
барлық халқынан үлкен. Мұншама орасан зор еңбек күшін
Қытайда орналастыруға мүмкін болмайды. Демек, сырттан
жұмыс қолын іздеп, күнкөріс қамына кірісу қажеттілігі туын-
дайды. Сондықтан, Қытай болашағын Орта Азия мен Ресейдің
Сібір өңірінен іздейді. Қазір Қытай елі – бұрқылдап қайнап
жатқан қара қазан іспетті. Ерте ме, кеш пе, ол бəрібір тасиды.
Сонда, қалай қарай құйылады? Сол кезде Қытайды қоршаған
елдердің ең əлсізі, əлжуазы Қазақстан болып шықпасын деңіз...
Қытай – Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты мен экономи-
касына зор ықпал етуші бірден-бір мемлекет. Екі ел арасында –
1740 шақырым шекара бар. Шекара қайта белгілеу өз пайдасы-
на шешілгесін барып шекесінің тырысуы жазыла бастаған Қы-
тай – болжап болмайтын қытымыр көрші. Оның экономика-
сының жедел дамуы, ірі ядролық елге айналуы, халқының ты-
ғыздығы өзін қоршаған басқа елдерді алаңдатуда.
Біз шетел капиталын, мамандарды жəне құрал-жабдықтар-
ды өзімізге зор көлемде тартып жатырмыз. Жəне табиғи бай-
лықты бірлесе игеру бойынша тұңғыш немесе соңғы мемле-
кет емеспіз. Бізге дейін Парсы шығанағы, Сауд Арабиясы мем-
лекеттері де осыдан ондаған жылдар бұрын өз елдеріне Батыс
инвесторларын, құрал-жабдықтарын, кəсіби мамандарын тарт-
ты, олармен еңбек шарттарын жасасты.
Соның арқасында олар (араб елдері) өркениет жолына түс-
ті. Гүлденіп көркейді, байыды. Бірақ, олар бір нəрсені естен
шығармады. Ұлттық менталитеттерін сақтай отырып, рухани
əлеміне шетелдіктерді бойлатпады, əрі оларға өз аумағына қо-
ныс тепкізбеді, іргесін аулақ ұстады. Соның нəтижесінде дəс-
түр, тіл, дін, ділін сақтап қалды. Бұл араб елдерінің ұлттық
қасиетінен, елдің саяси басшылығы даналығынан жəне жеке
адамдардың санасының тазалығынан туындады.
Тіл демекші, қазір қытай тілі əлемде кең тарап келеді. Қы-
тайда қытай тілін шет елдерде үйретуге ниет білдірген ерікті-
лер тобы іріктеліп жатқан көрінеді. Былтыр еріктілерден құ-
рылған топтың 40-қа жуық өкілі Филиппин мен Тайландқа жол
тартыпты. Əлемде жер көлемі жағынан ірі мемлекеттердің бірі
саналатын Канадада қытай тілі қолданылуы жағынан үшінші
орынға шыққан (ағылшын мен француз тілдерінен кейін).
Қазақстан үшін Қытаймен арадағы қарым-қатынас геосая-
си өлшемдер бойынша өте маңызды. Демек, Қазақстан Үкі-
меті Қытай Халық Республикасымен байыпты саясат орнату
мақсатында барлық бастамалар мен қажетті іс-шараларды бай-
салды жүргізуі қажет.
КОСМОНАВТАР
Шындық жəне қауесет
Ғарышкерлер де өзіміз сияқты қарапайым адамдар. Кəдімгі
пенделерге тəн кемшіліктер мен осалдықтар оларға да тəн.
Бірақ, олардың бəрін сол тұстағы партиялық басшылық жа-
сырын жауып келді. Ол да керек болған шығар. Қазір уақыт
өткенде соның бəрі алдымыздан шығып отыр. Шындықты мы-
на деректерден білуге болады.
Деректерде 1961 жылы Гагариннің алғашқы ғарыш кеңіс-
тігіне көтерілгеніне дейін 11 ғарышкердің қаза тапқандығы ай-
тылады.
Біз Гагаринді адамзат баласындағы тұңғыш космонавт ре-
тінде қабылдадық. Ол – тарих, өзгертуге, бұрмалауға қақымыз
жоқ. Бірақ, Гагаринге дейін Орбитада өзге ғарышкердің бол-
ғандығы жөнінде əңгіме айтылып жүр. Соның бірі – Кеңес авиа-
конструкторы Ильюшиннің ұлы Владимир Ильюшин. Ол тура-
лы 1999 жылы режиссер Эллиотт Х.Хаймофф «құбыжық кос-
монавт» атты документальды фильм де түсірген. Құжаттарға
сүйеніп түсірілген фильмде Ильюшиннің 1961 жылы 6-сəуірде
Байқоңыр космодромынан ұшып шығып, Жер шарын үш рет
айналып, Қытай аймағында апатты жағдайда қонуға мəжбүр
болады. Бірнеше жерінен ауыр жарақаттанған ғарышкер алға-
шында Қытайда емделіп, кейін елге қайтарылады. Сол жылдың
соңында Ильюшин əуе апатынан белгісіз жағдайда қаза таба-
ды. Оның өлімін билік ашық жазып көрсетуге тыйым салады.
2001 жылы космонавтар орталық бюросының аға инженері
Михаил Руденко «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Га-
гаринге дейін ғарышта үш космонавтың: Ледовскихтің (1957 ж.),
Шабориннің (1958 ж.), жəне Митковтың (1959 ж.) қаза тап-
қанын айтады. Ал, журналист, «№1-ші космонавт» атты кіта-
бында келесі бір №1-ші ғарышкер саналып жүрген Белаконов
дегеннің ғарышта қаза тапқанын жоққа шығарады.
Космонавтар туралы түрлі қауесеттер мұнымен бітпейді.
Венгер публицисі Иштван Немере өзінің «Гагарин жəне ға-
рыштағы қауесет» атты кітабында Гагариннің өмір тарихы ту-
ралы тағы бір пікір айтады.
Немере Гагариннің ғарышқа ұшуын насихаттық мистифи-
кацияға жатқызады.
1961 жылы Америка КСРО-ның ғарышқа тұңғыш спут-
ник ұшырғанына сенерін де сенбесін де білмей, жедел түрде
орбитаға 42 спутник ұшырады. Осыдан соң американдықтар
1961 жылы 5 мамырда бортында №1-ші космонавт Алан Шеп-
пард басқаратын тұңғыш ғарыш кораблін ұшыруды жоспар-
лайды. Қашан да бірінші болуды көксейтін Кеңестер Одағы
Американы «басып озып» асығыс түрде ғарышқа жоғарыдағы
Ильюшинді ұшырады. Асығыс шайтанның ісі деген. Ол кез-
де Ильюшиннің жерге қайтып оралуын бұқаралық ақпарат құ-
ралдарынан көрсету мүмкін емес еді. Оның үстіне Ильюшиннің
жердегі басқару орталығымен болған радио əңгімесін де аме-
рикалық барлау қызметі тыңдап жазып алады.
1961 жылы 12 сəуірде Мəскеудің барлық радиостансала-
рында Гагариннің «Восток» кораблімен ғарышқа ұшқанын ха-
барлайды. Ал, бұл күні Батыстың барлау қызметі Жер мен
космостың арасында ешқандай байланыстың болмағанын тір-
кейді. Бұған тағы бір дəлел бар. Оған Гагариннің өз сөзі де
куə. «Советская Россия» газеті ұшу кезінде Гагариннің үстін-
де көгілдір скафандр болды десе, космонавт өзі жазған мемуа-
рында скафандрының түсі ашық сарғыш болғанын айтады.
Гагарин тағы бір сөзінде ғарышта Оңтүстік Американы көр-
генін айтады. Бұл да шындыққа жанаса бермейді екен. Себе-
бі, Оңтүстік Американың үстінен ұшып өткенде сағат тілі түңгі
2-ге сəйкес келіпті. Журналистермен болған баспасөз конфе-
ренциясында кезекті бір өтіріктің ұшығы көрініс беріп қалады.
Шет ел журналистерінің: «Ғарышта түсірілген суреттер қашан
жарияланады?» деген сұрағына, «Мен де ол кезде өзіммен
бірге камера болмады», – деп жауап береді. Егер, ұшқышсыз
басқарылатын ғарыш кемелерінің өзінде суретке түсіретін ар-
найы камералардың болатынын ескерсек, №1-ші космонавтың
айтқаны дəлелге жатпайтыны көрініп-ақ тұр.
Осы сөздерден кейін-ақ, Гагариннің көңіл күйі құлазиды.
Оның ғарышқа шын мəнінде ұшуға деген ниеті оянып, ол ойы
орындалмаған жағдайда шындықтың бəрін бүкпесіз айтуға ба-
ратынын мəлімдеуі, оның өліміне жол ашып берді деушілер де
бар. Гагариннің ұшағы 1968 жылы 27 наурызда белгісіз жағ-
дайда опат болды. «Ресми қазанамада оның «денесінің сау
тамтығы қалмағаны» айтылса, үстіне киген киімінің ағаш ба-
сының ұшында бір сызат түспей ілініп қалғанын қалай түсіну-
ге болады? Тағы да сұрақ.
Жақында тұңғыш кеңес ғарышкері Юрий Гагариннің өмірі
қиылған əуе апатын ұзақ жыл зерттеген сарапшылар өз де-
ректерін жария етті. Олардың болжамдары бойынша, ғарыш-
кер мен бапкері Серегиннің өліміне олардың ұшу кезінде дүр-
лігуі себеп болғандығы айтылды. 3 мың метр биіктікте МИГ-15
оқу-жаттығу истребителі кабинасында ауа біте бастағанда, ұш-
қыштар қатты сасқалақтап, басқару түймелерін үсті-үстіне ба-
са берген көрінеді. Ұшақты басқару мүмкін болмаған кезде əб-
ден тұншыққан Гагарин мен Серегин есінен танып, соңы қай-
ғылы жағдайға апарады.
Мамандар əуе апатының негізгі себебі жаттығу ұшағындағы
желдеткіштің ашық қалуы себеп болғандығын айтады. Чкалов
аэродромынан көтерілген МИГ-15 арада 15 минут өтпей жатып
байланыстан шығып, Владимир облысының Новоселова дерев-
нясына апатты жағдайда құлаған. Бір таңғаларлығы, Юрий Га-
гарин ұшар алдында əйеліне қоштасу хатын жазып қалдырған.
Неге, тағы да сұрақ.
Жалпы, космос əлеміне кіретін барлық мəселе өте құпия
сақталып келді. 1991 жылы Кеңестер Одағы тарағаннан соң,
оның кейбір сырлары ашық жазыла бастады. Əйтсе де, біз
білмейтін құпиялар əлі де сол күйінде сақталып отыр. 1960
жылы 24 қазанда Байқоңыр космодромында болған апат ке-
зінде 200 адамның тірідей өртеніп кеткенінің сыры ашыл-
май қалды. 15 метр биіктікке көтерілген өрт жалыны жанар-
жағармай сыйымдылығының бірінші басқышында болған өрт
апатынан туындаған еді.
Космонавтар арасында ұшу реттік санына байланысты ұш-
қыштар да нөмірімен аталып жатады. Бұл енді жазылмаған
заңдылық. Гагариннен кейін ғарышқа Григорий Нелюбов
ұшуы тиіс-тін. Бірақ, кезекті бір көңіл көтеру кезінде мас кү-
йінде əскери патрульмен төбелесудің салдары оны космонав-
тар қатарынан шеттетілуге апарып соқтырған. Арада бес жыл
өткен соң, əбден қорланған Нелюбов өз-өзіне қол салып, өмір-
мен қоштасудың жолын іздеген. Əскери атағымен, қызметінен
төмендетілген ғарышкер 1966 жылы 18 ақпанда Қиыр Шығыс
темір жолына қарасты Ипполитовка стансасында мас күйінде
пойыздың астына түсіп өлген.
Тұңғыш космонавтар қатарына үміткерлер 1960 жылы таң-
дап алынған. Олардың негізін 30-дан аспаған, салмағы 70 ки-
лограмм, бойы 170 сантиметр болатын реактивті ұшақтардың
ұшқыштары құраған. 3 мың үміткердің арасынан психология-
лық жəне білімі мен денсаулығы мықты 120 адам алғашқы
сынақтан өткізіліп, кейін олардың арасынан 20 адам таңдап
алынған. Олардың ішінен 12-сі ғарышқа ұшырылып, 8-і түрлі
жағдайлармен космонавтар қатарынан шығып қалған.
Космонавтар қатарында қызмет бабын орындау кезінде ең
алғашқы қаза тапқан ғарышкер, полковник В.Комаров. Ол 1967
жылы «Союз-1» кораблімен Жерге оралу кезінде парашюті
ашылмай қалып, қаза тапқан.
1971 жылы 30 маусымда «Союз-11» экипажының мүшелері
космонавтар Добровольский, Волков жəне Пацаев Жерге 4 ша-
қырым қалғанда сыртқы атмосфераның қысымына шыдамай,
кабина ішінде қаза тапқан.
Космонавтар арасында «жұлдыз ауруына» ұшырағандар да
бар. Сондай ғарышкердің бірі – №2-ші ғарышкер Герман Титов.
Арқасында бір қап буы бар №2-ші ғарышкер жерге оралысымен
өзімшілдік, менмендікке бой алдырып, «алдына келгенді тістеп,
соңынан келгенді теуіп» тастайтын күйге түскен. Румынияға
барған бір сапарында жанында тұрған күзетшілерді көзге ілмей,
көлігінен түсе салып, румын полицейінің мотоциклін айдап
кетіп, ресми кортежге қосылып кете барған. Тағы бірде «Мо-
лодая гвардия» журналының тілшісімен (əйел) орманда серу-
ендеп жүргенде алаңғасарланып, барлық құжаттарын ұрлатып
алған. Келесіде желігіп жүріп, сұлу бір бикештің иісіне елітіп,
үйіне шығарып салмақ болғанда, көлігін жүргізе алмай, жол
жиегіне соғып, өзі əупірімдеп аман қалса да, жанындағы əдемі
қызды өлтіріп алған. Сұлу бикешті жерлеу рəсіміне 180 сом
рубль беріп, ұлын Суворов əскери училищесіне оқуға түсіріп,
жазасын жеңілдеткен.
Əйелдердің арасынан шыққан тұңғыш ғарышкеріміз Вален-
тина Терешкованың да бір басына жететін дауы бар болып
шықты. Онымен бірге дайындалған Валентина Пономареваның
денсаулығы, білімі, əскери дайындығы күшті болса да, өзін еркін
ұстайтындығы, той-думанды жақсы көріп, алдына тартқанды
кейінге ысырмай, жұтқыншақтан асырып жіберетіндігі кедергі
келтіріпті. Бұл əрекет идеологиялық жағынан ұстамсыздыққа
сайып, Терешковаға жол ашып беріпті. Алайда, Терешкова да
ғарыштан оралған бетте құрбысының мінезіне салып, ара-тұра
қиқарлық мінезін көрсетіп қоятынды шығарыпты. Көлік рөліне
отырғанда МАИ қызметкерлеріне бағынбай, оларға өктемдік
көрсетуге дейін барған көрінеді. Оның асатсаң қоя салатын,
асатпасаң жоя салатын мінездері де көпшілікті мезі етсе керек.
Екінші космонавт қызымыз Савицскаяны ғарышта сүйкімді
де, сүйікті болуға шақырған əріптестерінің ойы іске асқан да
іспетті. Мəселе – ғылым үшін керек болғанда одан бас тартуға
амал қалмаса керек.
Ғарышкерлердің бəріне Жұлдызды қалашықтан жақсы жаб-
дықталған үй берілген. Арнаулы нөмірлі жеңіл көліктер де бе-
рілген. Мəселен, Гагаринге 00-01 ММО, Титовқа 00-02 ММО
сериялы «Волга» көлігі сыйға тартылып, ай сайын оған 100
литр жағармай босатуға талондар беріліп тұрған. Космонавтар
туралы сөз мұнымен бітпек емес...
АДВОКАТ ПЛЕВАКО
немесе жиеннің көз жасы
Қоғамның тарихы халықтың тарихынан, яғни əртүрлі адам-
дардың өмірбаяндарынан құралады. Əр тұлғаның өмірбаяны
оның үй-іші, қызмет орнымен, жалпы қоғаммен байланысты
дамиды. Ол (өмір) қаншалықты тамаша қалыптасқанымен, жас-
тық шақтың арманы мен оның арасында əрқашан қарама-қай-
шылықтар болады. Біздің ешқайсымыз таңдаған жолымызбен
ауытқусыз жүре алмаймыз. Өмір бізге əрекет ету үшін берілген.
Сондықтан да, біздің бүкіл өміріміз алашапқыннан тұрады.
Одан біреу өз əрекетімен аман қалады, ұрпақ өрбітеді, енді
бірінің соңында іздеушісі болмай, дүние дидарынан ескерусіз
ғайып болады.
Тарих сахнасында қазаққа қатысты болған оқиғалардың бə-
рін ұмытпауға тырысып келеміз. Осынау ұланғайыр далада
кіндік қаны тамып, табанының ізі қалған жандарды да түген-
деп жатырмыз. Ілкіде қағынан жеріген жетесіз болмаса, қа-
зақ топырағында дүниеге келген жандардың бірде-біреуі туған
жерін ғайбаттамапты. Бозшулан қазақ даласында қазақ қызы-
ның құрсағында жаралып, дүниеге келген генерал Корниловтың
атақ-даңқы бүкіл əлемді дүрілдетті емес пе? Оның атағын біз
шығармасақ та, кезінде Корниловтың ықпалымен атақ-даңқ-
тары жер асқан генералдар – Дутов, Юденич, Врангель, Денин-
киндер шығарды. Осылардың көбісінің қазақ топырағында ізі
қалды. Біз білмегенді олар біліп кетті, бірақ оны мойындаған
жоқ. Сондықтан бар ынта-жігерімізбен сол жіберілген олқы-
лықтардың орнын толтыруымыз керек.
Əр халықтың, əр қоғамның төл мəдениетіне ұмтылатын жə-
не сонымен тəрбиеленетін құқықтар жүйесі бар, ол өркениеттің
өзегі болып табылады. Сонымен қатар, отбасы мен денсаулық,
қайырымдылық пен қамқорлық, жақсылық пен ізгілік, ұлт пен
халық та үлкен құндылықтарға жатады. Демек, Жер-Ана жарал-
ғаннан бергі шежіресі – кешегі, бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың түп-
тұқиянын түгендейтін кəделі құндылықтар. Сол іспетті, ықы-
лым дəуірлерден бері сан түрлі қоғамдық формациялардан өтіп,
генетикалық-демографиялық сұрыптауларды, географиялық-
аумақтық ауысуларды басынан кешіріп, бүгінгі күнге кемел-
дене жеткен, сөйтіп, əлемдік қауымдастықтың бір ұстынын
көтерген туған еліміздің жылнамасы да адамзаттың ортақ та-
рихына айналуы тиіс.
Түркі халқы – ежелден сауаттанған халық. Ол өр рухымен
Ғұн, Көктүрік, Жошы-қыпшақ империясының туын көтерді.
Бүгінгі қазақтар – осындай үш үлкен империя құрған ұлттың
ұрпағы. Оны біздің ұрпақ жан-тəнімен сезініп, аса үлкен мақ-
танышпен өсуі керек. Кеңес үкіметі дəуірінде ежелгі тарихы-
мызды орыстар жазып беріп, сонымен тəрбиеледі. Олар Көк-
түріктің батыс белдеуін Алтай тауымен шектеп, одан əрісі қа-
зақ тарихына қатыссыз деп түсіндірді. Еділден еркін өтіп, Те-
мірқақпаға (Дербент) маңдайын тірегенін де айтпады. Еділ пат-
шаның ат үстінде Римнің қақпасын сабау қамшының ұшымен
қаққанын, Тоқтамыс ханның жаураған сəтте Кремльдің ағаш
қабырғаларын отқа жағып жылынғанын, Русьтің шашыранды
əскерімен қанаттасып, Наполеонды Парижге дейін қуып барып,
Сена өзеніне аттарын суарғанын да жасырып қалды. Бұл біз-
дің ата-бабамыздың ұстындарда қашап тұрып мəңгілік ойып
жазып кеткен ерліктері. Осынау ұлан-ғайыр аумақта ата-баба-
ларымыздың табанының ізі мен ат-арбасының сілемі қалды.
Аунаған жерде шақшасы мен тебен инесі жоғалды. Олар ал-
тын «ине» еді. Қап түбінде жатқан біздің түбінде тесіп шығары
анық. Ресей саясаты қанша жасырғанымен, тарихтың ақтаңдақ
беттері қазір ашылу үстінде.
Жақында мəскеулік жазушы В.И.Смолярчуктің «Адвокат
Плевако» деген кітабын оқып шығып, біз білмейтін көп нəр-
селерге көзіміз жетті. Тарихи таным көкжиегінде қызық де-
ректер айтылыпты. Ол жəй жиен емес, Ресей мемлекеттігінде
өзіндік орны бар, ірі мемлекеттік тұлға Плеваконың алған
орны туралы ұзақ уақыт айтылмай келді. Енді аз-кем сол тура-
лы айта кетелік.
Ресейдің атақты адвокаты Федор Никифорович Плевако
1842 жылы 13 сəуірде Орынбор губерниясының Троицк қала-
сында дүниеге келген. Оның əкесі төрт баласы болса да, заңды
некеге тұрмаған көрінеді.
Ресейде атақты адвокат туралы бірнеше кітап жарық кө-
ріпті. Онда Плеваконың анасының ұлты қазақ қызы болғаны
анық жазылады. Мəскеулік тарихшы В.И.Смолярчуктың «Ад-
вокат Плевако» кітабында: (Челябинск, 1989 ж.) Плеваконың
анасының қартайған шағындағы естелігі келтіріледі. Онда: «Біз
Троицкіден онша алыс емес далалықта киіз үйде тұрдық. Киіз
үй барлық сəн-салтанатқа бөленген, іші толған кілем болатын.
Мен, басқа да үлкендер сияқты асты-үстіміз бірдей жылы жүн
көрпенің астында жататынбыз. Қабырғада қылыш, қару жəне
қымбат киімдер ілулі тұратын. Əлі есімде, менің үстіме киген
киімдерім үлде мен бүлдеге бөленген əдемі болатын жəне ол
түрлі тиындармен əспеттелінген еді», – делініпті. Автордың
жоғарыда келтірілген мысалдарын келесі бір жергілікті зерт-
теушілер – Троицкий мен Темник те жоққа шығармайды. Пле-
ваконың анасының ауқатты қазақ байының қызы болғанын,
үйлерінде бірнеше жалшы-күтушілер ұстағанын жазады. Оқи-
ға қалай болған?
ХІХ ғасырдың 20 жылдары Плеваконың анасының ауы-
лына белгісіз қарулы атты кісілер түн ішінде шабуыл жасап,
ауылды тонайды. Түнгі аласапырандағы қашу кезінде 5–6 жас-
тағы жас қыз жолай арбадан түсіп қалып, қамыс ішіне жасы-
рынады. Екі түн жүріп отырып, ол ауылдан шығып кетіп, бір
көлге тап болады. Осы жерде жасырынып жылап жүрген ке-
зінде оны жағалауда кір жуып жүрген Троицк қаласының ке-
ден басшысының күтушісі тауып алып, қолынан жетектеп
үйіне алып келеді. Есін біле қоймайтын қызды үй иелері шо-
қындырып, оған Екатерина Степановна деген ат береді. Жас
қыздың шыққан тегі, əлеуметтік ортасы, ата-анасы туралы еш-
бір мəлімет болмайды. ХІХ ғасырда осы жерлерді зерттеген
Радловтың еңбектерінде ғана ол туралы мəліметтер беріледі.
«Бұл жерлерде негізінен қыпшақтар тұрады. Олар Торғай өзе-
нінің солтүстік-батысында Обаған, Тобыл, Ой бөлігінен Тро-
ицк қаласына дейінгі далалықты жайлаған. Олар: «Торыайғыр,
Тұйықша, Қытабақ, Бұлтан, Күнделен, Тана бұға, Ұзын, Кек
бұрын, Қарабалық аталықтарынан тұрады. Троицкіге ең жа-
қыны – Қарабалық ауданы» дейді. Қыздың азан шақырып қой-
ған аты – Қауқа болыпты (мүмкін Қалқа болар. авт.). Сондықтан
оны өзгелер Катя деп атап кетеді. Себебі Қауқа орыс тілінде бір
ауыз сөз білмейтін.
Уақыт өте келе Қауқа орыс тілін де меңгеріп алады. Үй ша-
руасына көмектесіп жүріп, қожайынға келген кісілердің кө-
зіне түсе бастайды. Өсе келе оған құжат толтырғанда аты-жө-
нін Екатерина Степановна деп жазып береді. Екатерина 17 жас-
қа келгенде екі бүйірі толысқан бойшаң бойжеткен болып өсе-
ді. Бірде кеден басқарушысының үйіне келген Василий Пле-
вак Катяны көзі шалып қалып, үй жұмысына пайдалану үшін
қожайыннан сұрайды. Ол кезде үй шаруасындағы адамды сұ-
раған адамға мүлікше беру дəстүрі болатын. Осылайша, Катя
Плеваколар отбасының күтушісіне айналды. Оның мұнтаздай
тазалығы мен шыншыл, адалдығына басы айналған Плевако
күндердің күнінде сөз салып, жар құшағына тартады. Троицк
тұрғындары Плеваконың бұл қылығын өзара əңгіме қылып,
Катяны мазақ етеді. Оны көшеде жүргізбей, түрлі сөздермен
намысына тиеді. Əсіресе, балаларға обал болады. Катяның
басынан бұл ғайбат сөздер үш бала туғанша кетпейді. 1842
жылы Катя мұндай қорлық көргенше өз өміріне де, жаңа туған
нəрестесіне де соңғы нүкте қоймақшы болып, баласын құша-
ғына алған бойы Ой өзеніне түсіп өлмекші де болады. Ерте
көктемнің салқын суына тоңазыған баланың ащы даусынан есін
жиған ана баланы жағалауға шығарып, өзі өзенге қойып ке-
теді. Бұл дауыс болашақтағы атақты адвокаттың тұңғыш қор-
ғаныстағы даусы еді. Бала сөйтіп бір өлімнен аман қалады.
Шоқындырылып, оған Федор деген ат беріледі. Никифоро-
вич деп кіндік əкесінің атын алады. Плевако деген фамилия-
ны Мəскеу университетінде оқып жүріп өзгертеді. Ол осы фа-
милиямен Ресей тарихына енеді. Оның өз əкесі Василий Ива-
нович Катямен заңды некеде болмағандықтан заңды түрде əке
атана алмайды. Бірақ, балаларына өмірінің соңына дейін қа-
райласып тұрады.
1851 жылы Василий Иванович мемлекеттік қызметтен от-
ставкаға шығып, Мəскеуге көшеді. Осында балаларын оқытады.
Плевако Ресейдің қоғамдық өміріне ерте араласады. Ол сол
тұстағы ой ұстанымдары прогрессивті өзгерістерді қалайтын
ақын-жазушылармен де жақсы араласады. Ақыл-ой қайраткер-
лерінің сол кездегі ең жақын досы Санкт-Петербор қаласының
прокуроры, сот төрағасы əрі жазушы Александр Федорович
Кони болатын. Олардың құқық саласындағы қорғаушылары да
осы екеуі болды.
Плевако құқық саласында жүргізілген көптеген реформа-
лардың бастауында тұрды. Оның қорғаушылық қасиеті мен
шешендік сөз бастауы кез келген аудиторияны ұйытып алатын.
Оның лекциялары мен кездесулеріне Ресейдің зиялылары көп
баратын болған.
«Заң өз күшінен айрылған жерде жауыздық басталады», де-
ген белгілі құқықтанушы Питтің сөзінен тағлым алған Плева-
ко өмір бойы өз мамандығына адалдық танытып өтеді. Өмірден
үйренгені мен білімін қатар ұштастырады.
Кейде жазатайым жазаға қатаң үкімдер де шығарып жата-
мыз. Осындайда өзгенің тəжірибесіне де назар аударсақ, сауап-
ты ісіміз оңынан болар еді.
Орыстың əйгілі заңгері, адвокат Плевако мамандығына сай
түрлі жауапты қызметтер атқарды. Мемлекеттік Думада депу-
тат та болды. Кезінде оның сөз бастар шешендігіне, адвокат
ретінде əділеттілігіне өз замандастары таңырқай қарайтын бол-
ған. Өз өмірінде кедей-кепшіктерге, қорғансыз жандарға қолы-
нан келгенінше көмектескені Ресейдің сот тарихында өзіндік
із қалдырды. Қажеттіліктен асханадан нан ұрлағаны үшін бес
жылға бас бостандығынан айрылған кейуананың жағдайын ха-
лықтан естіген Плевако сотта оны қорғауға барады. Қарсы жақ-
тың айыптауларын асықпай тыңдаған соң: «Мырзалар, – дейді
Плевако, – Ұлы Ресейдің кешірімінде шек жоқ. Жақында аяқ-
талған орыс-жапон соғысында генерал Куропаткиннің жалтақ-
тығынан Манчжурияның Ляодунб қаласының түбінде ондаған
мың орыс сарбазы мерт болды. Ал, оны Ресей халқы да, да-
нагөй патша да кешірді. Құдайға шүкір, орыстың қатындары
аман тұрғанда əлі талай баланы дүниеге əкелер. Тағы бір ми-
нистріміз қазынаға қол сұққанын естідік. Оны да кешірдік.
Ал, біз неге бағып-қағары жоқ жетім кемпірді жан сақтау үшін
істеген кішкене ұрлығына бола бес жыл жазаға кеспекпіз? Біз-
дің бұл ісіміз Ұлы Ресейге жараса ма?». Қорғаушының бұл
сөзіне иліккен сот кейуананы жазадан босатып жіберіпті. Осы
оқиғадан соң, сол бейбақ кейуананы Плевако өз қамқорлығына
алып, жер қойнауына берген деседі. Бұдан нені көреміз? Адамға
деген жанашырлық пен мейірімділікті, адамның тағдырына құр-
метпен қарауды көреміз. Əрине, бұл мейірімділік оған ананың
сүтімен барған тəрбиенің жемісіне саяды. Ал, ол қазақ ана-
сының бойынан жұғысты болған қасиет еді.
БӨЛЕК АДАМ
Сен өзіңнің өлімнен кейінгі өміріңе сенесің бе?
Олай болса, көзіңнің тірісінде оған үйрен.
Ф.Ницше
Басқа ұлт пен ұлыстарға не керек, қазаққа да сол керек.
Дүниені өзіңнің қара басыңа ғана керек деп жинама, халқы-
ма керек деп жина! Оның ұраны да, табанды сөзі де осы болды.
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов халықты «бүтін ұлт я дү-
ниедегі бүтін жұрт үшін һəм көпке қаларлық іс үшін» өмір
сүруге шақырды. «Дүнияда күн көріп, тіршілік етудің ауырын
жеңілдету үшін, жеңілін рахатқа айналдыру үшін» білім жа-
рысына ұлтын түсіргісі келді.
Ахаң «жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын
қазақта адамдар аз» екенін айта келіп «жұрт жұмысы деген
қазақтың əдетінде болған емес», «сондықтан жұрт жұмысы,
ұлт намысы деген қазақтың көбіне түсініксіз нəрсе», – деп
қапаланды. Ол осыдан қорытынды шығаруға тырысты, бірақ
бəрі жүрісінен шалынды. Шалынды емес шалды.
Ол деп отырғанымыз – инженер, əдебиетші, өнертапқыш
Сейілбек Қышқашұлы. Бүкіл саналы ғұмырын елін, жерін
сүюге, ұлт намысын жануға арнаған асыл азаматтың бүгінде
көзі жоқ. Бірақ сөзі қалды, бастаған ісі қалды. Орта мектепті
алтын белгімен, институтты үздік дипломмен бітіріп, Мəскеу-
де кандидаттық қорғаған азамат өз ортасынан орын таппай, ша-
радай басын тауға да соқты, тасқа да соқты.
Мəскеуден авторлық куəлік алған жеті жаңашыл идеясы:
жаңа астық жинағыш, жаңа дəн сепкіш, жаңа мақта тергіш, жа-
ңа кен байытқыш, жаңа кен қазғыш, жаңа жер ұңғығыш, жаңа
тас кескіш машиналарын қазақтың игілігіне айналдырсам деп
армандаумен кетті. «Осы жеті жарақ Тəуелсіздігімізді нығай-
та түсу үшін керек» деуден шаршамады.
Содан да келіп, бар арманын қағазға түсірді. Əу басында
онысын Тəуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнауды медет тұт-
ты. Өмірінің оған жеткізбесін білді ме, кейін онысын 15 жыл-
дығымызға түзеткен болды. Бірақ Секеңе оны да көру жазбап-
ты. Алдымен жарты ғасырдай бірге өмір сүрген Нағима жеңгей
дүниеден өтті. Араға бір жыл салып, Секең де ауыр азаптан
көз жұмды. Секең дүниеден өтсе де оның соңында мол мұра
қалды. Жақында асыл азаматтың бауырлары кезінде өзі жазып
кеткен «Арпалыс» деген деректі дастанын жарыққа шығарып,
ғазиз рухына дұға бағыштады.
Оған осыдан басқа ештеңе де керек емес еді. Себебі, Секең
əңгімесінің біссіміллəсін: «Қазақ «балалы үй – базар, бала-
сыз үй – қу мазар» дейді. Менің сол қу мазарда тұрып келе
жатқаныма биыл, міне, қырық жылдан асты», – деп бастапты.
Абай: «Өмір сүрген кісіге, дəулет – қызық, бала – бал» дей-
ді. Абайда бəрі болды: бала да болды, байлық та болды. Бірақ
өмірден дүниедегі ең бақытсыз адам боп кетті.
Менде бала да жоқ, байлық та жоқ. Биыл алпыстың алта-
уындамын. Бұған дейін болмаған бала, бұған дейін болмаған
байлық бұдан былай да болмайды, əрине...
Сонда мен бұл өмірден қандай адам боп өтпекпін...» – дей
келе іштегі ащы запыранын бүкпесіз хатқа түсіріпті.
Өмір бізге əрекет ету үшін берілген. Сондықтан əр күнді
соңғы күніңдей өткізуге күресу керек. Тіпті, өмір шыдас бермей
бара жатқанда да өмір сүре білу, оны пайдалы ету бұйрық деп
түсінгеніміз абзал. Алайда, біз сол бұйрықты ала-құла орын-
дап жатамыз. Ақылды жəне қайратты адамдар соңына дейін
күреседі, ал түкке тұрғысыз жандар еш қарсылықсыз өздерінің
мағынасыз тіршілігінің кездейсоқ ұсақ-түйектеріне бағынады.
Бұл енді соңғысының əлсіздігі. Сейілбек Қышқашұлының кі-
табын оқи отырып, бүкіл өмірі күреспен өткен жанды көреміз.
«...Тапқырлықпен айналысып келе жатқаныма биыл, 2001
жылдың көктемінде 41 жылдан асты, – депті Секең. – «Тап-
қырлық» деп отырғаным – изобретательство. Ойлап тапқан
біраз жасалымдарым бар. «Жасалым» деп отырғаным – изо-
бретение. Ойлап тапқан жасалымдарым ішінде, өз пайымда-
уымша, ең маңыздылары – жетеу: жаңа тұқым сепкіш, жаңа
астық орғыш, жаңа мақта тергіш, жаңа кен қазғыш, жаңа кен
байытқыш, жаңа жер ұңғығыш, жаңа тас кескіш. Солардың
тым болмаса біреуін жасап, іске асырайын деп, кешегі келме-
ске кетіп, қарасы өшкен Сəбет өкіметімен тура 31 жыл алы-
стым. Енді, міне, өз үкіметіммен алысып келе жатқаныма,
биыл, амандық болса, 10 жыл болады. Неге?
Сонымен, біз қазір жерасты байлығымызды, кенді қалай
пайдаланып жүрміз, қалай алып жүрміз? Бұдан 100 жыл
бұрын қалай қазып алсақ, солай қазып алып жүрміз. Кен ор-
нын алдымен бұрғылаймыз. Одан бұрғы тескен тесіктерді
топырақтан тазартамыз. Одан о тесіктерге дəрі құйып, олар-
ды дəрілейміз. Одан о дəрілерді тығындаймыз (бұлардың бəрі
арнаулы жарақтармен атқарылады). Одан дəріленген тесіктер-
ді бір-біріне қопару жүйесімен қосамыз. Одан оларды қопа-
рамыз. Одан əрі желдетеміз. Улы ауадан, шаңнан тазартамыз.
Одан қопару кезінде бұзылған жолдарды, əр түрлі жабдықтар-
ды қайта қалпына келтіріп жөндейміз. Жарқабаққа ілініп қал-
ған тастар болса, оларды қағып жерге түсіреміз. Содан кенді
тиеу кезінде шаң көтерілмесін деп қопарылған кеннің үстіне
су немесе арнайы ерітінді себеміз (бұлардың бəрі де арнайы
жарақтармен атқарылады). Одан қопару кезінде қирап қал-
масын деп таса жерге апарып қойған кен-тиегішті қайтадан
бұрынғы орнына айдап əкелеміз. Көріп отырсыз, машақатты
жұмыс көп. Мен бұл арада қатты кенді ашық қазу əдісін ғана
айтып отырмын. Қатты кенді бүгінде жалғыз біз ғана емес,
бүкіл дүние жүзі осылай қазып алады. Ал енді қатты кенді осы-
лай қазып алатын жарақтар жоғарыдағы үш талапқа сай келе
ме? Сай келмейді. Қалай? Кен тиегіштің соқырлығынан. Кен
тиегіш «соқырлығынан» көмірге аршындыны араластырып
қана қоймайды, аршындыға көмірді де араластырып жібере-
ді. Сөйтіп, Екібастұзға баратын жолдағы, көш жерден көзге
түсетін «жанартаулар» осы үйінділер.
Қысқаша айтсам, кен қазатын жаңа, Екібастұзда қалған үл-
гімен жасалған жарақтар сағатына 6 мың текше кезден артық
кенді өздері үгітіп, өздері көлікке тиейді (ал ондағы алып кен
тиегіштің көмірді өз бетінше үгіте алмайтыны былай тұрсын,
үгітілген дайын көмірдің өзін көлікке күрекпен тиегендей
тиейтіні жаңа айтылды), салмағы 110–120 батпан (ал Екібас-
тұздағы алып кен тиегіштің салмағы 5 мың батпаннан артық
екені жаңа айтылды), қуаты 900–1000 киловатт сағат (Екібас-
тұздағы алып кен тиегішке 14 мың киловатт сағаттан артық
қуат керек), бағасы (бұдан 15–20 жыл бұрынғы бағасы бойын-
ша) 160–170 мың сом (Екібастұздағы алып кен тиегіштің сол
кездегі бағасы 8 миллион сомнан астам)».
Адамның барлық іс-əрекетін шыбындаған аттай бас шұл-
ғып, қолпаштай беретін достан гөрі оны сүрінген жерде қол-
тығынан демеген адам ғана нағыз дос. Секең бұл жерде де ая-
нып қалмайды.
«Мысалға, былтыр 1993 жылдың басында өткен колхозшы-
лардың құрылтайында С.А.Терещенко мырзаның сөзін алалық.
Ауыл шаруашылығын қалай өркендетеміз, қалай жарақтан-
дырамыз деген сұрақтарға Терещенко мырза: «Никаких экс-
периментов» деп жауап берді. Мұның атын сонда жаңалыққа
қарсы тұру демей не дейміз? Ал Терещенко мырза жалғыз ауыл
шаруашылығы ғана емес, жалпы қандай шаруашылық бол-
масын, тəжірибесіз, экспериментсіз өркендетуге болмайтынын
білмей ме? Əрине, біледі. Олай болса, неге «никаких экспери-
ментов» дейді. Дейтіні, Президентіміз айтқандай, сəбет өкіметі
кезіндегі бюрократтық дəстүрлеріміздің əлі де болса өлмей
келе жатқандығы. Сəбет өкіметі кезінде қандай болсақ, əлі де
сондаймыз. Сəбет өкіметі кезінде өзіміздегінің бірін де көрмей,
тек шет елдегіні көріп, тек шет елге қарап аузымызды ашсақ,
əлі де солай, өзіміздегінің бірін де көрмей, шет елге қарап аузы-
мызды ашудан танбаймыз. Терещенко мырзаның «никаких экс-
периментов» деп отырғаны, міне, осы. «Шет елдің Құдай бере
салған дайын техникасы тұрғанда, өзіміздің қайдағы-жайдағы
бір еріккендер ойлап тапқан, он екіде бір нұсқасы жоқ техника-
ны жасап əуре болудың қажеті қанша?» деп ойлайды Терещен-
ко мырза. Ал енді осындай пиғылмен біз оңамыз ба? Əрине,
оңбаймыз...
Адам өзінің шамасы келетін іспен ғана айналысады. Ал өз
қарақан басын ойлаған адам не адам емес, немесе жарым-жар-
тылай мақұлық. Нағыз адамдыққа бастайтын жол – басқалар-
дың қамы үшін өзін ұмыту. Жанкешті азамат бұл жолда өзін
де аямайды. Өзіне аспаннан шұға жауса да ұлт мүддесі үшін
ештеңеден тайсалмайды.
Бұл жерде ұлт мүддесі дегенде Тəуелсіздіктің халқымызға
берген сыйын айтсақ та болады. Ол ұлттың жадында терең
сақталып, құрметтелуі шарт. Қазіргі əлемде орын алып отыр-
ған жəйттерге үңілсек, Тəуелсіздіктен айрылу да оп-оңай бо-
латынын байқайсың. Соны ойлап, Тəуелсіздіктің қадірін, тағы-
лымын түсірмей, маңызын жоғалтпаған ұрпақ қана сондай
қасиетті сақтап қалатынына сенесің.
Иə, Қазақстан өз Тəуелсіздігін алып, еңсесін көтергеніне –
20 жыл! Əрине, біз бұл күнге оңайлықпен жеткен жоқпыз.
Осы жолда талай азаматтар армандап өткен егемендіктің ақ
таңын ұмытуға тиіс емеспіз! Демек, Тəуелсіздікке тəубе дейік.
Қазақ елі өзінің 20 жылында экономикалық, мəдени, саяси са-
лада əлеуетін жақсартты. Еліміздің бас қаласы – Астана түрлі
халықаралық басқосулар мен жиындардың ордасына айнал-
ды. 2010 жыл – Қазақстан үшін табысты жыл болды. ЕҚЫҰ-ға
төрағалық еткен Қазақстан елімізге 56 мемлекеттің басшыла-
рын жинап, Астана Саммитін абыроймен өткізді. Бұл – Қазақ
елі Тəуелсіздігінің арқасында бағындырған жеңістің жетістігі!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің 19
жылдығына орай өткен салтанатты жиында сөйлеген сөзінде:
«Алдағы мерейтой – Отанымыздың тағдырына алаңдайтын əр-
бір адам үшін қымбат. Тəуелсіздіктің 20 жылдығы ресми іс-
шаралар ғана емес. Оны абыроймен қарсы алу – əрбір қазақ-
стандықтың патриоттық парызы!» деген-ді. Сондықтан барша
қазақстандықтар саяси ғана емес, экономикалық, ақпараттық,
рухани тəуелсіздігімізді сақтау жөнінде ой ойлау керек. Се-
кеңнің бұл турасында да өз ойы бар.
«...Біздің бұл Тəуелсіздігіміз мəңгілік деуі мүмкін. Иə, дұ-
рыс. Мен де солай ойлаймын. Жаратушы Иемнен «солай ете
гөр» деп тілеймін. Бірақ Президентіміздің осы Тəуелсіздігі-
міз туралы сөздерін еске алайықшы. Президентіміз елмен, зия-
лы қауыммен кездескен сайын: «Қазақстанның Тəуелсіздігі жал-
ғыз маған керек пе» дегенді шегелеп айтады. Егер Тəуелсіз-
дігіміздің басына ешқандай қауіп төніп тұрмаса, Президенті-
міз осы сөзді шегелеп айтар ма еді? Айтпас еді. Тəуелсіздігімізге
қауіп төндіретін күш бар болған соң айтады. Енді бір сөзінде
Президентіміз Тəуелсіздігімізді Бақыт құсына теңейді. «Дана
халқымыз қателіктерімізді түсінеді, оларды кешіре де біледі.
Халық кешірмейтін бір-ақ нəрсе бар, ол – елдің қолына за-
рықтырып барып қонған Бақыт құсы – Тəуелсіздіктен айры-
лып қалуды кешірмейді» дейді. Бұл сөзді Президентіміз бекер
айтпайды. Тарихшыларымыздың айтуына қарағанда, қазақ хал-
қы өзінің соңғы 500 жылдам астам өмірінде Тəуелсіздікке қолы
5 рет жетіп-жетіп тұрып, бесеуінде де айрылып қалған. Яғни,
қолымызға 5 рет конған Бақыт құсы қолымыздан 5 рет ұшып
кеткен. Қазіргі Тəуелсіздігіміз – алтыншы. Президентіміздің
жаңағы сөзі міне, осы қолымызға алтыншы рет қонған Бақыт
құсынан тағы да айрылып қалмайық дегені. Егер біз Тəуел-
сіздіктен осы жолы айырылып қалатын болсақ, онда болды.
Онда Бақыт құсы қолымызға жетінші рет қонбайтын болады...»
Адамдар арасында ұсақ əрекеттерімен-ақ өз жағына шы-
ғарып алатын пасық адамдардың болатыны сияқты, дүниенің
бар байлығына сатылмайтын адамдар да баршылық. Қоғамды
сүйрейтін де осы екінші топтағылар. Мұндай тұғырлы тұлға-
лардың ойы – жаңбырлы бұлт секілді əрдайым ұлы мақсаттар
мен жақсылықтарға толы. Танылса да, танылмаса да, олардың
жүріп өткен жерінен жуа гүлдеп, құлпырып сала береді. Секең
дəл сондай жан еді. Оның (айтпақшы, ол екі тілді бірдей мең-
герген, орыс, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін) əсіресе, қазақ
тілі дегенде ешкіммен ымыраға келмейтін əдеті бар.
«....Ал мына жас қазақтар келгелі, мұның бəрі түгел ұмы-
тылды. Əн-күйдің аты да аталмайды, оның кімнің əні, кімнің
күйі екені де айтылмайды, ол əнді кімнің айтатыны да, ол
күйді кімнің тартатыны да айтылмайды. Бірінің артынан бі-
рін шұбатып бере береді, бере береді. Қазақ радиосына жас
қазақтар келмей тұрып, мен, домбыраның алғашқы қағысынан-
ақ, қандай əннің айтылатынын, қандай күйдің тартылатынын,
ол əн, ол күй, кімнің əні, кімнің күйі екенін, ол əнді кім ай-
татынын, ол күйді кім тартатынын бірден білетінмін. Ал,
қазір? Бəрін ұмыттым. Əн-күйдің аттарын да ұмыттым. Олар-
ды кім айтып, кім тартатынын да ұмыттым. Тартылып жатқан
күйдің не «Сарыарқа» екенін, не «Серпер» екенін, не «Адай»
екенін ажырата алмай дал болатын болдым. Айтылып жатқан
əннің не Ақанның əні екенін, не Біржанның əні екенін, не
Балуан Шолақтың əні екенін білмей басым қататын болды.
Ал енді қазақтың əн-күйі етінен өтіп, сүйегіне жеткен мен
сияқты шалдың жағдайы осындай болғанда, қазақтың бір əнін
білсе, бір əнін білмейтін, кейбірі, тіпті, туғаннан қазақтың
бірде-бір əнін естіп көрмеген балақайлардың жағдайы қандай
болмақ? Олар болашақта қазақтың əн-күйінен мүлде мақұрым
боп өспей ме? Сөйтіп, олардың көкірегіндегі қазақтың барлық
қасиеті өшпей ме? Ал енді көкірегіндегі қазақтың барлық
қасиеті өшіп қалған балалардан болашақта Бауыржандар,
Əлиялар, Мəншүктер шыға ма? Əрине, шықпайды. Олар, тіпті,
қазақ та болмайды. Ең мықтағанда, «казахстанец» болады», –
дейді.
Адамдарға жасаған ең үлкен жақсылығын елеусіз, ал олар-
дан көрген тырнақтай жақсылықтың өзін таудай көріп, құрмет
білдірген адам – иллаһи көркем мінез деңгейіне көтеріліп, жү-
регі жай тапқан, кемел адамдар. Мұндай бақытты жандар іс-
теген жақсылықтарын міндетсінбейді, өздерін ешкім елемесе
де, оны көңіліне алмайды. Сейілбек ағамыздың оған əбден еті
үйреніп кеткен. Біреу той тойлап жүрсе, ол ой ойлап жүреді.
Айналасындағылармен жиі сөзге келіп қалатын адамның
достары да аз болады. Достарының көп əрі адал болғанын
қалаған адам олармен болмашы нəрселер үшін айтысып-тар-
тысудан сақтануы керек.
Өзін сыйлай білген, қадірін жоғалтпаған адамды басқалар
да төбесіне көтереді.
Ата заңымыз Францияның Ата заңына ұқсас деп мақтана-
мыз. Дұрыс мақтанамыз. Ал Тіл туралы Заңымыз Францияның
Тіл туралы заңына ұқсас деп мақтана аламыз ба? Мақтана ал-
маймыз. Францияда француз тілін білмегеніңіз былай тұрсын,
француз тіліне бөгде бір сөзді қосып сөйлеп көріңізші, не көрер
екенсіз? Мен бұл туралы бұрын талай айттым да, талай жаз-
дым да. Тағы да айтайын. Табан астында 1000 франктан 20000
франкке дейін айып тартасыз. Ең масқарасы, Парламентіміз
қазақ тілін Қазақстандағы бірден-бір мемлекеттік тіл деп заң
қабылдайды. Сөйтеді де, өзі қабылдаған ол заңды өзі орын-
дамайды. Бұл жөнінде мен соңғы екі Парламенттің екеуіне де
«Жаңа парламент, қай тілде сөйлейсің?» деп, бір емес, екі емес,
үш рет газет арқылы хат жаздым. Селт еткен парламент бол-
ды ма? Болған жоқ. Мені шошытатын бұ да емес. Мені шошы-
татын – өздерін бірі Ахаңның шəкіртіміз дейтін, бірі Ахаңның
шəкіртінің шəкіртіміз дейтін қазақтар. Соңғы 10 жыл ішінде
мен қазақ тілін өлтіріп алмас үшін «былай істелік, былай іс-
телік» деп қанша мақала жаздым?! Тым болмаса, соларды жа-
ңағылардың біреуі «сенікі дұрыс», немесе «сенікі бұрыс» деп
«əу» десеші?! Демейді. Ешқайсысында үн жоқ.
Бізді көз жеткізіп, қолға ұстатпай бір нəрсеге иландыру қия-
меттің қияметі. Кезінде қарапайым кеңселерде қазір пайда-
ланып жүрген қағаз қыстырғышты (скрепканы) ойлап тапқан
адамды шведтер бүкіл əлемге танытып, оған Нобель сыйлығын
алып беруі швед елінің ғана даңқын таныту үшін жасалған сая-
сат еді. Оған жету бізге қайда?!.
Сонда бізге не жетіспейді? Ең бастысы, енжарлық, жылт
еткен жаңалық өзімнен шықса деген қызғаныш.
Иə, адамның рухына сіңіп, тамыр жайған кез келген ой ерте
ме, кеш пе өз жемісін береді. Ондай жандар өзі де өмір сүрген
қоғамда қадір-қасиеті білінбесе де олар өз табиғаттарындағы
кішіпейілділік арқылы биік абыройға ие болады. Ал тəкəппар-
лық ауруына шалдыққандар уақыт өте келе қоғам тарапынан
бөгде элемент ретінде өзінен-өзі ұмытылып, елеусіз қалады. Се-
йілбек Қышқашұлы ұмытылатын қазақ емес, ол Бөлек АДАМ,
ИƏ, Бөлек АДАМ.
БАРАК ОБАМА:
«ҚҰДАЙДЫ СЕЗІНІП, ƏРДАЙЫМ ШЫН СӨЙЛЕ!»
Өткен жылы (2010) АҚШ президенті Барак Обама мұсыл-
ман əлеміне өз үндеуін қасиетті ораза айында жолдаған бола-
тын. Сол жолы Ислам елдеріне алғашқы сапарын Сауд Ара-
биясынан бастаған АҚШ президентінің Мысыр астанасы Каир-
де жасаған үндеуі халықаралық қауымдастық тарапынан қы-
зу қолдау тапқан еді. Сол жолы өркениеттер диалогына шақыр-
ған АҚШ басшысының бастамасына Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев оң баға берген болатын.
«Мен АҚШ Президентінің осындай сындарлы ұстанымы
жігерлендіреді жəне Қазақстан өз тарапынан Америка Құрама
Штаттарымен саяси, экономикалық жəне мəдени өзара іс-қи-
мылды одан əрі күшейте беруге дайын», – деп атап көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қорқыту мен зорлыққа табан тірейтін мемлекет басшысы
мен қауіпсіз, еркін жəне өркендеуші əлемді құруға өз үлесін
қосуға дайын ойшыл басшының арасы жер мен көктей. Пре-
зидент Обама өз сөзінде өзінің осы айырмашылықты жақсы
сезінетінін анық білдірді, сондықтан да мен оның бірігіп іс-
қимыл танытуға шақыруын зор жігермен қабылдаймын», деді
Қазақстан Президенті.
Жалпы, əлемнің түкпір-түкпірінде тұратын мұсылман қа-
уымы Барак Обаманың ислам əлеміне арнап үнқатуын қолдап,
ризашылықтарын білдірген еді. Каирде өткен кездесуде АҚШ
президенті: «Соңғы жылдары Батыс пен мұсылман əлемі бір-
біріне сақтықпен қарайтын болды. Десе де, бұл жағдай кейбір
мұсылман елдерінің Батысқа өшпенділік көзқарасын пайдала-
нып қалғысы келетін экстремистерге қолайлы» деп мəлімдеді.
Обама ислам əлеміне өз сапарын осыдан жеті жыл бұрын Сауд
Арабиясының көтерген бастамасын одан əрі жалғастыру ниетін-
де жасаған іспетті. Ол бастама негізінде Израиль 1967 жылы
оккупациялап алған аймақтарды толық тастап шығуы қажет
болатын. Сол кезде АҚШ басшысы Израиль премьер-министрі
Биньямин Нетаньяхуға: «Мен Израильдің өз қауіпсіздігі үшін
стратегиялық кво-статусын ұстануы тұрақсыз деп білемін.
Болашақта Израиль палестиндіктермен бейбіт өмір сүрмесе,
əскери қауіп пен шекарадағы өзекті проблемаларға душар бо-
лады» деп ескерту жасады.
Бүгінгі таңда Таяу Шығыстағы жағдайдың реттелуі үшін
араб елдері де, АҚШ-тың ресми билігі де мүдделілік танытып
отыр. Соған қарамастан Израиль үкіметі күш көрсету арқылы
аннекциялап алған жерлеріне еврей қоныстарын салуда.
Барак Обама президент болған кезде ислам əлеміне арнайы
мəлімдеме жасап, оккупацияланған Палестина жерін араб-
тардың өздеріне қайтаруға ықпал ететінін жеткізген болатын.
АҚШ президентінің əлемдік қауымдастықты ислам əлемімен
өзара ынтымақтастыруға бастама көтеруі де сондықтан.
Мысырдағы əл-Əзһар университетінде өткен кездесуде Ба-
рак Обама қасиетті Құран кітабынан үзінді келтіріп: «Құдайды
сезініп, əрдайым шын сөйле!» ұранын көтерді. Бұл ұран қазір
Израиль билігінің зəресін алып тұр.
АҚШ президенті ешбір үкімет жүйесі басқа бір елге өз
көзқарасын таңа алмайды жəне солай жасауы тиіс емес дей
келе, ислам құндылықтары туралы теріс пікірлермен күресуге
уəде берді. Сондай-ақ, АҚШ президенті парсы халқына қатыс-
ты шынайы пікірін білдіре келіп, егер Иран халықаралық
келісімдерді орындаса, Тегеранның атом энергиясын дамыту-
ға қол жеткізуге құқығы болуы тиіс екеніне де тоқталып өтті.
Шындығында, егер Палестина мəселесі оң шешілсе, из-
раильдіктер айтатын палестиналық террор да, палестиндіктер
айтатын заңды күрес те болмас еді. Онда тіпті арабтар мен АҚШ
арасында жаулық та болмас еді. Барак Обама осы мəселелерді
құруға, дінді күпірлерден, ластықтан қорғауға шақырды. Бұл –
өте қажетті, заңды қорғаныс болып отыр.
Кеше – бір əлем, бүгін – бір əлем.
Жалпы, бірде-бір мұсылман елі дүниежүзілік соғысты бас-
тап көрген емес. Нəсілдік кемсітушілік фашизм жəне апартеид
сияқты қасіретті құбылыстар еш уақытта да ислам мемлекет-
теріне тəн болған емес.
Ислам – жек көрудің емес, сүйіспеншіліктің діні. Сондық-
тан ол адамзат баласына жат əрекеттердің бəрін айыптайды.
Америкадағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі белгілі оқиғадан
кейін араб-мұсылман əлемі қуатты насихаттық науқанның қы-
сымына ұшырады. АҚШ-та осыған байланысты арабтарды жə-
не ең алдымен Сауд Арабиясын терроршыларға дем береді деп
айыптап, қасиетті исламға да шабуылдар жасалды.
Сауд Арабиясы əлемнің барлық мұсылмандарын ислам туы-
ның астына – бейбітшілік, ізгілік, адамгершілік жəне туысқан-
дық қағидаларын орындау жолында бірігуге шақырғаны рас. Бі-
рақ одан əлдебір жауыздықты іздеудің қаншалықты қажетті-
лігі бар?
Кезінде Сауд Арабиясы Корольдігі Манхеттендегі, Нью-
Йорктегі Дүниежүзілік Сауда Орталығына, Вашингтондағы
АҚШ Қорғаныс министрлігінің ғимараттарына жасалған соқ-
қыға байланысты қатты күйзеліс танытқаны бар. Сауд Арабия-
сы Корольдігі жалпы өркениет ұғымы мен дін атаулының қан-
дайына болмасын қайшы келетін бұл террорлық актіні айыптай
отырып, Америка президенті мен оның барша халқына, зардап
шегушілер отбасының қайғысына ортақтастығын білдірген де
болатын. Жəне олар халықаралық қауымдастықпен бірлесе оты-
рып, терроризмнің кез келген түріне қарсы күресетінін білдір-
ген. Бұл Сауд Арабиясының терроризмге қарсы ортақ күш жұ-
мылдыру жөніндегі өзге ислам əлеміне жасаған үндеуі еді.
Қыркүйек оқиғасынан кейін бойын үрей билеген АҚШ өзі-
нің күйзеліс кезінде көмек жөнінде көптеген мемлекеттерге өті-
ніш жасағаны белгілі. Қайғының ұлтқа, дінге бөлінбейтінін бас-
ты қағида санайтын ислам мұраттары АҚШ-қа дер кезінде дос-
тық қолын да созды.
Оқиғадан кейін іле-шала (26 қыркүйек 2001 жылы) АҚШ
президенті Джорж Буш Ақ үйде Америка мұсылмандарының
лидерлерімен кездесу өткізді. Ол өз сөзінде мұсылмандарға жа-
саған көмектері үшін алғыс айтып, терактілер үшін мұсылман
атаулыны жек көрудің əділетсіз екенін білдірді. Буштың осы
сөзін əлемдегі мұсылман елдері сол кезде аса жоғары бағалаған
болатын. Кезінде АҚШ мұсылмандары президент сайлауында
Бушқа қолдау көрсеткен еді. Мұның өзі оған үлкен күш беріп,
алдағы уақытта өзара сенімділік орнатуға алғышарттар жаса-
ған болатын. Алайда, АҚШ-тағы мұсылман қауымының сан,
сапа жағынан ықпалды топқа айналуы, олардың саясаттағы
рөлінің күш ала бастауы АҚШ əкімшілігін қатты алаңдатып
отырған сыңайлы.
Бүгінгі таңда АҚШ-та екі мыңға жуық ислам оқу орындары
мен мешіттер жəне Солтүстік Америка ислам қоғамдастығы,
Солтүстік Америка ислам конгресі деп аталатын екі ықпалды
ұйым жұмыс істейді. Олардың саяси ой-санасының оянуы да,
ортақ мақсат жолындағы ұйымшылдығы да үлкен күшке айна-
лып отыр. Бұлардың ішіндегі ең ықпалдысы – араб елдерінен
шыққан мұсылмандар тобы. Сондықтан мұсылмандардың бірі-
гу жолындағы əрекетіне АҚШ əкімшілігі күнілгері қарсылық
іс-қимыл жасауға əрекеттер жасауда.
Қазір əлемде шамамен 1 миллиард 200 миллион мұсылман
бар десек, олардың басым көпшілігі – 780 миллионы Азияда
тұрады екен. Одан əрі Африкада – 380 миллион, Еуропада –
32 миллион, Солтүстік Америкада – 6 миллион, Орталық жəне
Оңтүстік Америкада – 1,3 миллион мұсылман бар. Бұл əрине,
орасан зор ықпалды күш.
Осыған дейін АҚШ ислам əлеміне қарсы кең көлемдегі на-
сихат жұмыстарын жүргізуді қолға алып келді. Бұл мақсатта
барлық майданда саяси идеологиялық мобилизация жүргізуде.
Əкімшілік жанынан сыртқы саясат насихаты жұмыстары бо-
йынша арнаулы ведомство құрылған. Оның құзырына «Мем-
лекеттік департаменттің, қорғаныс министрлігінің жəне бас-
қа федералдық органдардың жəне «Америка дауысы» радио-
стансасының бұқаралық мəлімдемелерін үйлестіріп отыру мін-
деттелген.
Адамзаттың көпшілік бөлігі Американы ұнатпайды. АҚШ
əкімшілігі оны жақсы біліп отыр. Сондықтан олар енді қарудан
гөрі, насихат құралына жүгінуді жоспарлауда. Əрине, мақсат
ізгілікке арналса, əңгіме басқа болар еді.
Бүгінге дейін АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары ис-
лам əлеміне қарсы түрлі насихат жұмыстарын күшейтіп келді.
Осыған орай американдық құзырлы мекемелер өздерінің олар-
ға деген өз жеккөрушілігін де жасырмады. Жəне олар ислам
əлемін Батыс саясатына қарсы мемлекет ретінде санап, оны тер-
рористер дайындап тəрбиелейтін жəне адам құқы бұзылған ел-
дер деп айыптайды. Сонымен қатар АҚШ ислам елдерін іштей
де, сырттай да толыққанды өз мақсаттарына пайдаланғысы
келеді.
АҚШ Сенаты жетекшілерінің мəлімдемесіне зер салсақ,
Сауд Арабиясын жəне жалпы араб əлемін шағын аймақтарға
бөліп тастау мақсаты тұрғанын байқаймыз. Олар адамзат ба-
ласы пайда болғаннан бастап, ең құнды саналып келген ислам
шариғаттарын қабылдамауға, мектептерде Қасиетті Құран жəне
Хадис ілімдері мен принциптерінен дəріс алуға қарсылық біл-
діруге де шақырып келді. Мұнан біз АҚШ саясатының мұсыл-
мандардың ақыл-ой безбеніне іріткі салуға əрекет жасаған
ойын көреміз. АҚШ əртүрлі деңгейдегі білім беру мектептері-
не арнайы бағдарламалар дайындап, оларды араб ислам елде-
ріне таратуды жəне оны қабылдауды мəжбүр етуді қолға алып
отыр. Бұл мақсатта олар араб елдеріне хабар тарататын ға-
рыштық жүйелер мен радио желілерін кеңінен пайдалануда.
Сөйтіп, АҚШ өз саясатының ықпалына бағынбайтын араб ре-
жимін күштеп өзгертуге барынша өз күштерін салып келді.
Ислам өсиеттеріне сай жəне қасиетті Құранға сəйкес əділдік,
кеңесу жəне тең құқылық ислам шариғатына сай басқарудың
негізі болып табылады. Сондықтан, оны өзгертем деу – АҚШ
тарапынан жасалып отырған зорлық-зомбылық болып табыла-
ды. Мұны қазірдің өзінде халықаралық қауымдастық əшкере-
леп отыр. Біз, АҚШ тарапынан ислам араб əлеміне, оның ді-
ніне, дəстүріне, егемендігіне жасалып отырған қастандығына
өз қарсылықтарымызды білдіруге тиіспіз.
Араб жəне исламдық ынтымақтастық пен бірлік жалпы ис-
лам саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Сондықтан
біз үшін ислам өркениеті халықаралық қатынастарда тұрақ-
тылық пен бейбітшіліктің кілті саналады.
Жалпы, ислам əлемі саяси күресті біріге жүргізудің қажет-
тілігін түсіне бастады. Бұл жолда олар өз лидерлеріне үлкен
сенім артып отыр.
Ислам ешбір елге, дінге дұшпандығы жоқ, ол қашанда бейбіт
өмірді жақтайды. Коммунизм жойылған соң кейбір орталар ис-
ламды жаңа дұшпан ретінде көре бастады. Бұлар демократия,
даму жолындағы басқа да бүкіл адамзат мəдениеті қолданып
жүрген исламды қорлауда.
Бір Аллаһқа сену адамзаттың көзқарасын күнделікті тірші-
ліктің шеңберінен кеңірек кеңістікке жетелейді, адамзатты құр-
меттеуге, жаппай халыққа еркін өмір сүру заңдылықтарын мо-
йындауға жеткізеді.
Модернизм адамзатқа көптеген табыс алып келді, бірақ Ал-
лаһты естен шығарды. Осыдан келіп, жауыздық, террор кең
қанат жайды. Бүгінгі таңда адамзатты алалау, мейірімсіздік,
қырып-жою шаршатып отыр, сондықтан қазіргі əлем ислам ді-
нінің ең асыл құндылықтарына зəру.
Исламда хаһтың барлық сипаттарының ішінде оның рах-
ман мен рахим (кешірім мен мейірім) сипаттары басты назар-
да ұсталады. Демек, ислам атымен жасалған тар өрісті, қорқы-
ныш тудыратын нəрсенің бəрі исламға жат. Сондықтан АҚШ
өздерінің саяси ой-мақсатына жету үшін жалпы ислам қоға-
мының дамуына кедергі келтірмегені абзал.
АҚШ үшін ең басты мақсат – сыйластық пен сенімділік ту-
дыру қажет.
Америка президентінің осы жолдағы иллаһи бастамасына
бүкіл адамзат болып қолдау білдіргеніміз абзал.
АРАЛДАН ШЫҚҚАН ҚАЛМАҚ БАТЫРЫ
немесе болмай қалған президент
Ол əлі күнге дейін Қазақстанды туған Отаным деуден танған
емес. Оны ресми құжаттардан да жасырып, көлегейлеп қалған
жоқ. Керісінше, туған жерін мақтаныш етеді. Қалың қазақтың
ортасында дүниеге келіп, мүшел жасқа дейін жергілікті Жа-
қайым руының бір баласы болып кеткен Валерий Очиров бер-
тін келе мамыражай күн туып, жер аяғы дегдігенде 1963 жылы
ата-бабасының тарихи Отанына туған-туыстарымен көше бар-
ған. Содан бері жарты ғасырдай уақыт өтіпті.
Биыл қалмақтардың туған жерінен Қазақстанға жер аудары-
лып келіп, осында тұрақтап қалғанына алды 80 жыл толыпты.
Алыс Қалмақстаннан олардың біздің жерімізге қалай келгенін,
немен айналысқаны туралы мəлімет əлі күнге дейін сайрап тұр.
Осы орайда тарихқа көз жіберіп, сол кездегі Жер шарында-
ғы үлкен, күшті мемлекеттердің жəне олардың айналасындағы
əлсіз елдердің саяси ахуалын сараласақ, біраз жайларға қанық
боламыз.
1930 жылы большевиктер қалмақтарды Ресейдің сыртқы ай-
мақтарына күштеп көшіре бастады. Оның басты себебі – қал-
мақ халқына деген сол уақыттағы биліктің сенімсіздігі еді.
1930–1950 жылдары сталиндік зұлматтың тепкісінен 93 мың
қалмақ ұлтының өкілдері өздерінің тарихи туған жерінен ерік-
сіз көшірілді. Оның ішінде 1943 жылы 28 желтоқсанда КСРО
Совнаркомның қаулысымен 25 мың қалмақ ұлтының өкілдері
Қазақстанға жер аударылды. Олардың басым бөлігі Қызылорда
облысының Арал ауданының шаруашылықтарына орналасты-
рылды. Олар өздерінің тəртіптілігімен, еңбекқорлығымен та-
нылып, жергілікті қазақ халқымен тез араласып кетті.
Біздің жомарт жүректі қазақ халқы Ұлы Отан соғысы ке-
зінде сталиндік репрессияға ұшырап, жер аударылып келген
түрік, шешен, қарашай, корей халықтарын да жатсынбай, қиын
кезеңдерде бауырына тартты. Қазір бір ғана шешен халқынан
шыққан бірнеше Батырлар мен генералдарды мысал ретінде
айтуға да болар еді. Біз Жаһар Дудаев, Руслан Аушев, Руслан
Хасбулатовтарды бір кісідей-ақ білеміз. Ал қалмақ халқынан
шыққан тұңғыш Кеңестер Одағының Батыры генерал-лейте-
нант Валерий Николаевич Очиров туралы не білеміз? 1951 жы-
лы 22 наурызда Қызылорда облысының Арал ауданы, Аралсоль
поселкесінде дүние есігін ашып, кіндік қаны тамған ұлдың
есейе келе қалмақ ұлтының тұңғыш Батыры атанатынын кім
білген?! Əрине, батыр болып ешкім тумайды. Батырлық – көз
жетпес ерлік. Ол өз арманына əуеде жүріп қол жеткізді.
Элиста қаласында орта мектеп бітіріп, көлік жөндеу меке-
месінде жөндеуші болып еңбек жолын бастады. Одан кейінгі
өмір жолы барша қарапайым адамдарға тəн қалыпта өрбіді.
Бұл сөз қарапайым айтуға ғана жеңіл. Жер үстіндегі мың-
сан мамандықтан «жеріп», үнемі көк сеңгірді аңсап тұратын
ұл, ақыры ең ауыр жəне ең қауіпті мамандықты – əскери ұш-
қыш болуды аңсады. 1974 жылы Сызрань жоғары əскери учи-
лищесін бітіріп, Мəскеу, Прибалтика жəне Түркістан əскери
округында түрлі командалық қызметтерде болды. Одан соң,
Ленин атындағы Əскери-саяси академияда, Бас штаб акаде-
миясында оқып, білімін жетілдірді. Ресей Қарулы күштері
Құрлықтағы əскерлерінің Əуе қолбасшысының бірінші орын-
басары қызметінде командалық тəжірибеден өтті.
Əскери əуе мергені мамандығын меңгерген Очиров 14 түр-
лі ұшу аппараттарын сынақтан өткізіп, оны өзгелерге үйрете
білді. Ауған соғысына қатысып, 867 рет əуеге көтерілді.
1985 жылы 21 ақпанда Ауғанстанда көрсеткен ерлігі үшін оған
Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Қандай ерлігі үшін?
Бірде Ауғанстанмен көрші орналасқан Пəкістанға дұшпан-
дар қолға түскен Кеңес əскерлерін алып шығады. Олар бірлі-
екілі емес, 53 жауынгер. Бұл туралы хабар алысымен Очи-
ров бастаған тікұшақ эскадроны қарсы əрекетке көшіп, кеңес
жауынгерлерін жау тылынан аман алып шығады. Бұдан кейін
де оның эскадроны тəліптер билігінде қалған ауған қышлақ-
тарын жергілікті халыққа тартып əперді.
Ауған соғысынан соң, Валерий Очиров саясатпен айналы-
суына тура келеді. Бұл кезең КСРО кеңістігінде əскери гене-
ралдың бас көтеріп, билікке тікелей араласып жатқан кезі-тін.
1989–1991 жылдары ол КСРО жоғарғы кеңесінің халық де-
путаты болып сайланып, Қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті
төрағасының орынбасары ретінде ОСВ-1 келісім-шартын əзір-
леушілердің бірі болып, саяси-тарихи мəселелерге араласады.
БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясын қамтамасыз ету мақсатын-
да Анголадағы жəне Комбоджадағы тайпааралық қақтығыс-
тарға қатысады. Грузин-абхаз аймағындағы бітімгершілік күш-
теріне басшылық етеді. Ресей билігі қақтығыс аймақтарынан
тəжірибесі бар генералды үнемі ауыр учаскелерге жіберіп, іс-
тəжірибесін пайдаланып отырады. Осетин-ингуш қақтығысы-
нан кейін Очиров уақытша əкімшілік төрағасының орынбаса-
ры болып тағайындалып, аймақта орын алған проблемаларды
шешуге тікелей араласуына тура келеді.
Адамдардың рухани бостандығы, ой еркіндігі, ұлттық фи-
лософия мен тарих, қалмақ ұлтының сонау көне заманнан
бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы жолын өркениеттік үлгі
тұрғысынан тереңірек зерделеу Кеңестік билік тарағаннан ке-
йін мүмкін болды. Дəл осы кезеңде əр шалғайда қызмет атқарып
жүрген азаматтар туған жерлеріне барып, ашық саясатқа арала-
сты. Солардың қатарында орталықта беделді қызмет атқарып
жүрген Валерий Очиров та болды.
Рас, ұлт тарихын ұлы ойшылдар мен жеке тұлғаларымыз-
сыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі, ерте заманнан бері
халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға сүйреген де жеке
тұлғалар болған. Генерал, ауған соғысының Батыры, КСРО
халық депутаты Валерий Очиров 1993 жылы Қалмақ елінің
президенттігіне сайлауға түсіп, бағын да сынайды. Алайда пре-
зидент сайлауындағы негізгі қарсыласы Кирсан Илюмжинов-
тан жеңіліп, екінші орынды иемденді. Осыдан соң ол Қалмақ
президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған емес.
Кремль билігіне Республикада қалыптасқан тыныштықты
сақтау үшін Илюмжиновтың ұзақ уақыт билік құруы да қажет
болды. Ашулы генералдың ішкі амбициясын басу үшін Ресей
президентінің аппараты Очировты Бас бақылау басқармасы бас-
тығының орынбасары қызметіне тағайындайды.
1997 жылдан ол Ресей Федерациясы Ішкі істер министр-
лігінің Кеден органдарымен, Салық полициясымен, Салық қыз-
меті жəне Валюталық бақылау комитеттерімен өзара байланыс
мəселесі бойынша бас консультанты болып қызмет атқарып келеді.
Генерал жерлесіміз бұл қызметте бас жарып, көз шығара
қойған жоқ. Оған Ресей билігі жол да бермейді. Бірақ билік
арасындағы сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың
қоғам өміріне тигізіп жатқан орасан зор кері əсерін жақсы біледі.
Ол туралы ойларын ашық алаңға алып шығуға да бекінген.
Бірақ, айналасындағы ықпалды адамдар көп былықтарды көр-
мей қалуға, сонда ғана өмірінің ұзақ та алаңсыз болатынына
ақыл қосқан. Оның президент аппаратындағы бақылау имму-
нитеті бар қызметі мемлекетте болып жатқан түрлі көзбояу-
шылықтардың бетін ашып, оны түзетуге құқық берсе де, ол
жарты жолда тегеурінді қарсылықтарға ұшырап отырған. Кей-
де оның соңы аяқ астынан басқа қызметтерге ауысып кетумен
аяқталған.
Өзіне тексерушілер тарапынан ұсынылған жауапты қыз-
меттер мен бағалы сыйлықтардан да саналы түрде бас тартуға
тура келгені бар. Əрине, олардың көлеңкесінде адамдар тұ-
ратын. Бірде сол тұстағы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы гене-
рал А.Лебедпен тексеру өндірісіндегі аса маңызды құжаттар-
ды бермегені үшін үлкен кабинетте қатты сөздерге келіп қал-
ғанын жасырмайды. Оның ішкі астарында не тұрғанын кім біл-
ген. Осыдан соң, ол «өзгелер арасындағы өз адамымыз» гри-
фінен сызылып қала берген.
Адамзат жайлы ең əділ баға беретін – тарих жəне уақыт ке-
ңістігі. Себебі, тарих ерте ме, кеш пе əркімді өз орнына қояды.
Кез келген дəуірдің ерекшелігі де, мəні де жеке тұлғалар ар-
қылы анықталады. Себебі, тарихты халық жасағанымен, тари-
хи даму заңдылықтарына сəйкес ауқымды мақсаттарды заман-
ның нақты тұлғалары жүзеге асыратыны белгілі. Əйтсе де, əр
заманның өз тұлғалары болады. Өз кезегіндегі қоғамға, оның
идеясына, қоғамдағы үстем саясатқа қызмет еткендер де бар.
Қазақ даласының рақымы мен қайырымдылығын көріп өскен
Валерий өзінің болмысына жат қылықтарға бара алмайды.
Əскердегі тəртіпсіздіктер қалай белең алды? Бірде бұл жө-
нінде СОКП Орталық комитетінің саяси бюросының мүшесі
Мазуровпен ашық əңгімелескені де бар. Ірі партиялық шенеу-
нік, қарт партизан сол кезде өзі он бір жыл тұрған үйден өзінің
жəне КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Рыжковтың
немересінен басқа партия басшыларының бірде-бір баласы не-
месе немересінің əскерге бармағанын айтып, қапа болғанын
ұмыта алмайды. Кавказ өңіріндегі жарияланбаған соғыс кезін-
де қаншама ақша қолды болды. Тонау, ұрлық-қарлық, ішіп-жеу
дəл осы соғыста көп белең алған. Осының бəрін ол өз көзімен
көрді. Дауласуға дəрмен жоқ. Бірақ, көп білетін генералдың
көлеңке тұсынан аңдушылар көп.
Бір қорқытып, тамырын басып көрушілер де табылды. Үс-
тіміздегі жылдың наурыз айында Мəскеудің Раменка шағын
ауданында генерал-лейтенант Очировтың «Mercedes-Benz GS
550» сериялы жеке көлігіне белгісіз үш адам шабуыл жасап,
құжаттар толы сөмкесі мен үш мың рубль ақшасы ұрланды.
Қылмыстық іс тіркелді, бірақ, кінəлілер табылмады.
Бұл күндері Аралдан шыққан батыр отставкіде. Осы уақыт-
қа дейін көрген-білгендерін ой елегінен өткізіп, қағазға түсіріп
жатқан көрінеді.
Сегіз орденнің, он медальдың иегері, «Ресейдің еңбек сіңір-
ген ұшқышы» атағы бар жерлесіміздің айтары да көп болар,
соны көруге жазсын.
Отаншыл болу дегеніміз – өз қаласы мен елін көркейту жо-
лында нақты да күнделікті істер жасау, өз жерлестері мен от-
андастарына көмек көрсету жəне қолұшын беру. Осылардың
барлығы, біздің патриоттық сана-сезіміміздің деңгейін анық-
тайды. Патриот адам өз Отаным деп есептейтін аумақ неғұр-
лым байтақ болса, ол өз Отандастарына соғұрлым көбірек сү-
йіспеншілік пен қамқорлық көрсетеді. Біздің жерлесіміздің
қолынан келгені сол – ол Қазақстанды өз Отаным деп есептей-
ді. Біз де оны ұмытпағанымыз абзал.
ƏЛЕМДІ БАСҚАРУДЫҢ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ
Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық
ұйымының іс басындағы төрағасы əрі өңірлік бірқатар ұйым-
дарға басшылық етуде.
Əлемде үш мыңнан астам ұлт бар. Олардың ішінде 200-дей
ғана ұлт бағына қарай, егемен ел болып халықаралық қауым-
дастықпен қарым-қатынасын түзіп отыр. Алайда, бір халық,
бір мемлекет болуды көздейтін жаһандану заманы ұлттардың
мəңгілік мұратын трагедиялық тарихқа айналдырып, бір ор-
талықтан ықпал ету аймағын құруды жетілдіре түсуде.
Əр халық терең тамырынан нəр алуы тиіс. Өзінің тілінен,
салт-дəстүрінен тысқары қалмаған ел ғана өркендеп, даму жо-
лына түседі. Ал, мұндай қасиеттерден шет қалған елдер алысқа
бармайды. Пассионарлық тұлғаларды бермейтін ұлтқа тарих-
тан жоғалу қаупі зор. Бұрынғы жер бетінде өмір сүрген 5 мың
ұлттың 2 мыңының басында пассионарлық тұлғаның болмау-
ынан зардап шегіп, жер бетінен жойылуына əкеліп соқтырған.
Тəуелсіздігіміздің жиырма жылдығынан бергі еліміздің көп-
векторлы сыртқы саясаты өз жемісін беріп отыр. Жалпы, Қа-
зақстанның сыртқы саясатын шартты түрде екі салаға бөліп
қарастыруға болады. 1991 жылдан 2005 жылғы дейінгі аралық-
та Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге инвес-
тиция тарту жəне Қазақстанның бейбітсүйгіш мемлекет еке-
нін мойындату мақсатында əлемдік қауымдастыққа іргелі ұсы-
ныстар енгізе білді. Бұл жауапкершілігі зор батыл бастама-
лар еді. Екінші бетбұрысты кезең – 2005 жылдан күні бүгінге
дейінгі аралықты қамтиды.
Мемлекет басшысының түбегейлі жүргізген саясаты арқа-
сында Қазақстан бүгінгі таңда тəуелсіз субъекті ғана емес,
өзге елдерге инвестиция салуға қабілетті аймақтық держава
ретінде өзін мойындата алды. Осы қадамы арқылы əлемдік ге-
осаясатта қабілетті ойыншыға айнала білді. Соның арқасында
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мəселесі нақты геосая-
си сипат алды. Мұның қорытындысында геосаясаттағы теллу-
рократия (құрлық билігі) мен талассократия (мұхит билігі) тай-
таласында Қазақстанның жеңісімен аяқталды. Талассократия-
ға – адам құқығы мен шексіз еркіндік, кəсіпкерлік рух, индиви-
дуализм жəне рационализм тəн болса, теллурократияға кері-
сінше, коллективизм, дəстүршілдік, билікті құрмет тұту прин-
циптері үлгі болып келеді. Еуроазияның кіндігінде орналасқан
Қазақстан өз мəнінде теллурократиялық мемлекет саналады.
Демек, Қазақстан теллурократияның талассократияға үстемді-
гін қамтамасыз етті. Осы саясат арқылы «əлемдік тəжірибе»
деген стандарттың жоқ екенін, əр елдің өзіндік тəжірибесі бар
екенін көрсетіп берді.
Əлемде болып жатқан күрделі оқиғалар аясында жаһандық
қауіпсіздік жүйесіндегі Орталық Азияның рөлі мен мəні ерекше
мəнге ие. Аймақтағы мемлекеттермен өзара қарым-қатынасты
дамыту – біздің еліміздің ең маңызды басымдықтарының бірі
болып табылады. Қазір Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақ-
тылықты қамтамасыз ету бағытындағы халықаралық күш-жі-
герді жандыру кезек күттірмейтін мəселелердің бірі болып отыр.
Жаңа ғасыр адамзат баласына зор қасіреттер алып келді.
Жаһанда мазасыздық пайда болды. Халықаралық терроризм,
экстремизм, есірткі саудасы, қару-жарақтар мен ядролық мате-
риалдардың заңсыз айналымы созылмалы ұзақ процеске ай-
налып кетті. Міне, осы қатерлердің алдын алу бағытында Қа-
зақстан белсенді əрекеттерге көшуде.
Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық жасаған жарты жыл бойын-
да күрделі жұмыстарды бастан өткерді. Ұйымның іс басында-
ғы қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ресми
сапарлары өзіне көрсетілген сенімді ақтау үшін, қандай күш-
жігер жұмсап жатқанын айғақтайды.
Өткен аптада Алматыда Президент жанындағы (Қазақстан
стратегиялық зерттеулер институты) ҚСЗИ мен əл-Фараби атын-
дағы Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан
Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: алғашқы қорытынды-
лары жəне келешегі» тақырыбында алқалы басқосу өтіп, елі-
міздің жарты жыл ішінде атқарған іс-шаралары туралы жан-
жақты əңгіме болды. Ең бастысы ЕҚЫҰ бұған дейін белсен-
ді шеше алмаған бірқатар мəселелерді Қазақстан өз қолына
алып, өркениет жолдарымен шешуге тырысты. Өткен уақыт
аралығында Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы белсенділі-
гі айқын сезілді. Мəртебелі ұйымның іс басындағы төрағасы
Қанат Саудабаев Ауғанстанға екі рет барып, Ұлыбританияда
өткен Ауғанстан бойынша арнайы конференцияға қатысты.
Кавказ аймағындағы күрмеуі мол шиеленістерді «шешілмейтін
іс» деп баға берген Таулы Қарабақ проблемасына назар ауда-
рып, Əзірбайжан мен Армения президенттерімен аймақтық
проблемаларды реттеу жөнінде келіссөздер жүргізді. Бұл іс-
қимылдардың бəрі Қазақстан Президентінің ЕҚЫҰ-ның Тұ-
рақты кеңесі мүшелеріне арналған қауіпсіздік, экономика жə-
не экология, гуманитарлық салалардың ең өзекті мəселелері
туралы бейне-жолдауынан туындады. Азаматтық соғыс өрті
тұтануға шақ қалған Қырғызстандағы жағдайды шиеленіс-
тірмеуге де Қазақстан белсенді араласты. Қазақстан бұл мə-
селеде ЕҚЫҰ төрағасы ретінде дер кезінде тиімді шаралар
қабылдады. Приднестровье мəселесі де назардан тыс қалма-
ды. ЕҚЫҰ төрағасы бұл аймақта да болып, мəселені ушық-
тырмаудың жолдарын ұсынды.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында Ислам кон-
ференциясы ұйымымен де сындарлы байланыс орната білді.
Төрағаның арнайы өкілі Сауд Арабиясындағы Ислам конфе-
ренциясы ұйымының штаб-пəтерінде болып, қауіпсіздікке бай-
ланысты бірқатар мəселелерді талқылауға қатысты. Құрамына
57 мемлекет мүше болып табылатын Ислам конференциясы
ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесі əлемдегі маңыз-
дың институттардың бірі. Биыл оның кеңесі Тəжікстанда өтті.
Сөйтіп біздің еліміз ЕҚЫҰ шеңберінде ғана емес, одан да
кең ауқымдағы қауіпсіздік мəселелерін реттеу жұмыстарына
қатысты. Міне, осының бəрі – еліміздің ЕҚЫҰ сияқты əлемдік
саясатта орны бар ұйым басшылығында өткізген алты айға
жуық уақытта атқарған жұмысы. Ал, бұл мəселелер соңғы
10 жыл көлемінде ескерілмей келе жатқан шаралар болатын.
ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы – Қазақстанның аталмыш ұйым-
ға жəне əлемдік қауымдастыққа көрсететін үлгісі мол. Қазақ-
стандағы ауызбіршілік пен татулықтың орнықтылығын, адам-
ды кемсіту мен шеттетудің біздің елге жат қылық екенін жəне
оған Ата заңымыз – Конституцияның жол бермейтінін алға
тартсақ та болады. Еліміздегі ұлтаралық жəне конфессияара-
лық татулықтың жоғары деңгейде екенін əлем елдері жақсы
біледі. Бұл тұрғыдан да Қазақстанның өзгелерге үлгі бола ала-
тын мемлекет екенін нақты айтуымызға болады. Осы бағытта
АҚШ конгресінің ғимаратында отырған Хельсинки комиссия-
сы іспетті келесі бір қоғамдық институтты Қазақстанға ойлан-
бастан-ақ, орналастыруға болар еді.
Соңғы кездері адам құқықтары тапталып, тіпті адам өлімі-
не апарып соқтырған мəселелер Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжік-
стан сияқты мемлекеттерде орын алып отыр. Оның үстіне
Өзбекстан Республикасының аумағында Қарақалпақстан, Тə-
жікстанда Таулы Бадахшан автономиясы мəселелерінің де бар
екенін ұмытпағанымыз абзал болар еді. Егер, штаб-пəтерді
ауыстырып жатса, жағдайды жедел арада реттеуге қолайлы
жағдай туар еді.
Бұл мəселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының
директоры Болат Сұлтанов: «Ұйымның əртүрлі істермен ай-
налысатын бюроларының штаб-пəтерлері Еуропа террито-
риясында ғана орналасқан. Ал, ұйым тек қана «кəрі құрлық»
елдеріне ғана жұмыс істемейді ғой. Егер, аз ұлттарды қорғау
жұмыстарымен айналысатын жоғары комиссардың кеңесін Ас-
танаға көшірсек, еуропалық заңдар мен тəртіптерді үйренуде
еліміздің осы саладағы мамандары үшін үлкен тəжірибе бо-
латын еді. Дəл сол сияқты адам құқықтарын қорғау жөніндегі
бюроның да бас кеңсесін ТМД-ға мүше мемлекеттердің қа-
лаларының біріне көшірсек, мұның да отандық заңгерлер мен
сарапшыларға берері мол. Сонымен қатар ұйымдағы мемлекет-
тер арасындағы теңсіздікті реттеуге мүмкіндік туады», – дейді.
Əлемде 100-ге жуық халықаралық ұйымдар бар. Солардың
99 пайызы Еуропа елдерінде орналасқан. Дүниежүзілік ұйым-
дардың штаб-пəтерлері негізінен, Женева, Гаага, Брюссель,
Страсбург қалаларында орналасқан. Мəселен, Бельгия астана-
сы Брюссельде, НАТО, Еуроодақ ұйымының штаб-пəтерлері,
Бенилюкс жəне Батысеуропалық одақтың хатшылығы да осын-
да орналасқан. Женевада – Бүкілəлемдік денсаулық сақтау, Ха-
лықаралық еңбек, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық
электробайланыс, Азаматтық қорғаныс ұйымы, Əлемдік метео-
рологиялық, Парламентаралық одақтардың бас кеңселері тұрақ-
ты жұмыс істейді. Нидерландының Гаага қаласында БҰҰ-ның
халықаралық соты, Халықаралық қылмыстық сот, Халықара-
лық арбитражды сот жəне ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттарды қорғаумен
айналысатын комиссариатының штаб-пəтерлері орын тепкен.
Сондай-ақ, Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен халықара-
лық Қызыл Крест жəне Қызыл Жарты Ай қоғамдастығының
федерациясы да Швейцария астанасында орналасқан. ФИФА
ұйымы мен ЮНЕСКО ұйымының штаб-пəтері Парижде орын
тепкен. Мұндай мысалдарды көптен келтіруге болады.
Жалпы, өткен ғасырдың 20-шы жылдары деколонизация
саясаты кеңінен өріс алды. Азия, Африка халықтары өздерінің
бостандықтарын жариялады. Оған дейін ХVІІІ–ХІХ ғасырлар-
да Еуропа елдері өзінің қол астындағы бодан мемлекеттер-
дің бүкіл жер байлығын тонап, өздерін құлдықта ұстап, рухын
жаншыды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемдік даму принци-
пін қадағалау мəселесі билік рөлін ұстағандардың бас ауруы-
на айналды. Осы мақсатта құрылған Ұлттар Лигасына бұл ар-
надағы жұмысты ерекше тактикалық айламен жүргізу міндет-
телді. АҚШ соғыстан əлсіреп шыққан Еуропаның өзін «қам-
қорлығына» алып, бақылауынан шығарғысы келмеді. Осы мақ-
сат аясында Американың арнаулы қызмет буындары өз ықпа-
лындағы Еуропаның аристократиясымен жымдаса отырып,
Бильдерберг клубын құрды. Бұл өзге əлемге саяси билік жүр-
гізудегі саяси перденің бүркеншік аты болатын. Осылайша,
1948 жылы «Біріккен Еуропаның американдық комитеті» де-
ген жасырын ұйымы дүниеге келеді.
Жалпы, «клуб» деген сөздің төркіні масондардың үкіленген
бел баласы. Оның түпкі мəнінде «Құпия қоғам» деген бір-
неше тармақтардан тұратын көзге көрінбейтін институттар жұ-
мыс істейді. АҚШ-тың барлық президенттері масондық ложа-
лардың немесе құпия ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Барак Обама да масондардың 32 градусқа тең келетін «Принс
Халл» ложасының (негрлер расасына жататын масондар ло-
жасы) мүшесі саналады.
Клубтың өз бəсекелестеріне қарсы ақпараттық соғыс жа-
риялайтын «ақыл-ой орталығы» бар. Олар барлық билік орын-
дарына өз мүдделерін танып, ықпал жасап отырады. Құрылы-
мына қарай клуб: салалық, қоғамдық-саяси, саяси-кəсіпкерлік
жəне зайырлылық болып бөлінеді. Бильдерберг клубының сая-
си құрылымы үш шеңберден тұрады. Алғашқысы «сыртқы
шеңбер». Ол өзіне мүше болып табылатындардың 80 пайызға
жуығын біріктіреді. Бұл топтағылар клубтың белгілі бір іс-
қимылдарын ғана біледі. Екінші шеңбер жалпы ақпараттың
90 пайызын ғана біледі. Оның құрамында 35 адам бар. Олар
клубтың Басқару комитетін құрайды. Үшінші шеңбер тұрақты
10 адамнан тұрады. Бұл – Консультативті комитет. Барлық
басқару механизмі осы комитеттің құзырында. Əлемге билік
жасап отырған да осылар. Бүкілəлемде қабылданатын ортақ
саяси шешімдер осы клубтың сахнасында қабылданады. Ха-
лықаралық валюта қоры жəне Бүкілəлемдік банк арқылы жү-
зеге асырылып жатқан жұмыстар да осы клубтың шешімімен
жасалады.
Клуб басқосулары жылына бір рет өткізіледі. Жиын жабық
есік жағдайында өткізіледі. Əр жылдары оның жұмысына
Джордж Буш (үлкені), Збигнев Бжезинский, Аллен Даллес,
Генри Киссинджер, Билл Клинтон, Джимми Картер, Роберт
Макнамара, Улоф Пальме, Дэвид жəне Нельсон Рокфеллерлер,
Эдмунд де Ротшильд, Генри Форд, Вилли Бранд, Гельмут Коль,
Гельмут Шмидт, Франц Штраус, Ричард Холбрук, Романо Про-
ди, Тони Блэр, Хилари Клинтондар белсенді қатысып отырған.
АҚШ-та – Халықаралық қатынастар атты кеңес бар. Саясат-
керлер мен бизнес саласы мамандарынан тұратын кеңес 1973 жы-
лы өзінің пленарлық мəжілісінде «Үшжақты комиссия» де-
ген қолдан ұйымдастырған «Əлемдік үкіметті» құрып алған.
Осы Үшжақты комиссияның нұсқауы қазір «де юреден» «де-
фактоға» нақты айналып кетті. Оның ұйғарымдары барлық ба-
тыс елдеріне міндетті шешім болып табылады. Кезінде оның
шешіміне бағынудан бас тартқан АҚШ президентінің өз қыз-
метінен еріксіз қоштасуына тура келген оқиғасы да бар. Ұзақ
уақыт комиссияның жұмысына Дэвид Рокфеллер жəне Збигнев
Бжезинский басшылық жасап келді.
Комиссияның «Үшжақты аталуы» – оның жұмысына Сол-
түстік Америка, Батыс Еуропа жəне Азия құрлығының қам-
тылуынан алынып отыр. Азиядан – комиссия мүшелігіне Жа-
пония мен Оңтүстік Корея елдері ғана алынған. Үшжақты ко-
миссияның алдына қойған мақсаты – əлемдік проблеманы тал-
қылау жəне оның шешілу жолдарын іздестіру. Рокфеллердің
көзқарасы бойынша бар мақсат – «Əлемді басқару» тетігін бір
қолға алу.
Үшжақты комиссияның Вашингтонда, Парижде жəне То-
киода штаб-пəтерлері орналасқан. Комиссия өз жұмысын 6 ба-
ғыт бойынша жүргізеді.
Бірінші топ – энергия жəне оның экологияға қатынасы,
экономика жəне əлемдік тұрақтылық; екінші топ – əлем ха-
лықтарының тамақтануы, денсаулығы жəне өмір сүру деңгейі;
үшінші топ – шикізат қоры, өнеркəсіп дамуы, капитал қоры,
əлемдік сауда жəне еңбекпен қамтылуы; төртінші топ – ха-
лықаралық сауда жəне валюта жүйесінің құрылымы, инфля-
ция; бесінші топ – түрлі алмасулар, ұлттық қауіпсіздік; ал-
тыншы топ – халықтың қоғамдағы орны, өмір сүру жағдайы
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нұсқау беріп отыру.
Міне, мұның өзі жоғарыдағы комиссияның өзге əлем елдері
үкіметтерін өз үлгісіне қарай пішіп отыратын супердержава
екенін көрсетеді.
1960 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен коло-
ниялар жойылды. Сөйтіп, Азия, Африка құрлығында коло-
ниализм күйреді. Осыдан соң Батыстың ақыл-ой данышпан-
дарын қайтадан реколонизацияны ойлап тапты. Енді ежелгі
менмендігіне салып, əскерін жіберіп, күшпен көндірудің қаже-
ті болмай қалды. Сондықтан, басқарудың басқа бір тəсіліне
экономикалық экспансияға көшті. Əлемді өздеріне қаратып,
телміртіп қою үшін Бүкілəлемдік қайта құру жəне даму банкін
құрып алады. Бұл банкіні басқарып отырған елдер АҚШ,
Ұлыбритания, Франция, Испания, Италия жəне Алмания ел-
дері болып бірікті. Бұдан соң аталмыш мемлекеттер əлемдегі
билікті қолдарына алу үшін, «трансұлттық компания» деген
ірі компаниялар құра бастады. Аймақта экономикалық қарым-
қатынасты жолға қою үшін еркін айналымдағы еуро валюта-
сын шығарды. Жоғарыдағы компаниялар дамушы елдердің
билік буындарымен байланыс орнатудың түрлі жүйесін құ-
рып, мемлекеттік трансұлттық монополия құрып алды. Əлемді
күйретіп, жегідей жеп келе жатқан жаһандану идеясы да соның
айғағы.
Кеңес Одағы тарағаннан кейін АҚШ үшінші əлем саналып
келген Азия, Африка елдеріне өз билігін орнатуды жедел қол-
ға алды. Бұрын биполярлық деп аталып келген əлемді жалғыз
полярлыққа көшіруге бет түзді. Бірақ, оған жол беруге дəл бү-
гін болмайды.
Уақыт бəріне өз өзгерістерін алып келуде. Демек, Қазақстан
бастамасын өзге елдерге де үлгі ретінде тарату қажет.
БҮЛІКШІЛ ЖИЕН
немесе Ресей əскерінің жоғарғы
Бас қолбасшысы Корнилов туралы не білеміз?
Ол қазақ тілінде еркін сөйлеп, жаза да білген
Ақтар қозғалысына қатысқандар үшін ол əскери көсем жəне
кеңес өкіметінің қас жауы ретінде есте қалды. Екатеринодар
түбінде қаза тапқанға дейін ол Ресей əскерлерінің Жоғарғы бас
қолбасшысы билігінде болды.
Қызылдар үшін ол бүлікшіл контрреволюционер атанды.
1917 жылғы тамыз төңкерісінен кейін жəне Азамат соғысы жыл-
дарында ескі Ресейді көксеушілерге «корниловшылар» деген
атақ тағып кетті.
Ол туралы Бірінші дүниежүзілік жəне Азамат соғыстарына
қатысып, Ресей державасы үшін күрескен генералдар Дени-
кин, Врангель, Юденич, Савинковтар өз мемуарларында нағыз
күрескер ретінде жазды. Бірақ Ресей тарихы ол туралы ұзақ
уақыт жұмған аузын ашпай келді.
Ақиқатқа қарсы жүргізілетін астыртын əрекет əу бастан
Ресейдің қоғамдық өмірінің өзегіне айналды. Сол арқылы бізге
мəні, шындығы өзгертілген көмескі ойлар жеткізілді. Сондық-
тан да Бірінші дүниежүзілік соғыстың, Қазан төңкерісінің шын-
дығы мен оған басшылық жасаған тұлғалардың саяси келбеті
күні кешеге дейін ашылмай келді. Сондай саяси тұлғалардың
бірі – тарихтан ізін жасыруға келмейтін инфантерия генералы
біздің жерлесіміз Лавр Георгиевич Корнилов еді.
Қос өкіметтің қос өкпесін қысып, екеуін де əбден титық-
татқан ірі əскербасының бірі – инфантерия генералы Корни-
лов көрнекті əскербасына қалай айналды. Ұзақ уақыт тарих-
тың ашылмаған беттерінде қалтарыста қалып келген осы есі-
мнің қазақ даласымен кіндігі байланғанын көпшілігіміз біле
бермейміз.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып шыңдалған, Азамат
соғысында халық батыры атанып, ақ гвардияшылар қозғалы-
сының көсеміне айналған, Ресей империясы армиясының жо-
ғарғы Бас қолбасшысы дəрежесіне дейін көтерілген Корнилов
1870 жылы 18 тамызда Алтай тауының етегінде бұрынғы Се-
мей облысына қарасты шағын Өскемен қалашығында дүниеге
келген.
Əкесі Егор Корнилов Қарағанды облысының Қарқаралы
станциясында дүниеге келсе, анасы Семей облысы, Көкпекті
ауылында дүниеге келген қазақ қызы болған. Қазақ анасының
емшек сүтін тал бойына сіңіріп, қазақ даласында еркін өскен
балаң жігіт жастайынан нағашыларының тəрбиесінде болға-
ны соншалық, ол қазақ тілінде еркін сөйлеп, таза жаза да бі-
леді. Оның бертін келе шағатай, қазақ, парсы, татар, түркімен,
ағылшын, қытай, француз жəне неміс тілдерін еркін меңгергені
қызмет бабында үнемі өрлеп өсіп отыруына өз ықпалын тигізеді.
Корниловтың бет пішіні таза монғол типіне ұқсағаны оған им-
ператор армиясында сенімсіздік тудырады. Осы ретте генерал
А.Богаевскийдің; «Ол – моңғол əлпетті, орта бойлы, жұқалтаң,
қарапайым жəне ұяңдау артиллерия офицері академиясында,
əсіресе, емтихандар кезінде барлық пəндер бойынша көзге тү-
сіп шыға келетін» деп жазды. Əйтсе де ол өзінің алғырлығы
мен өжеттігінің арқасында өзгелерді мойындата біледі. Омбы
кадет корпусын үздік бітірген Лаврға əскери оқуын жалғастыру
үшін таңдау да берілген. Оның Санкт-Петербургтегі Михайлов
зеңбірек училищесінде оқуы, болашақ революциялық істерге
ерте араласуына жол ашады. Кезінде Омбы кадет корпусын
бітірген Шоқан Уəлихановты Корнилов жақсы білген. Кейін ол
Шоқан салған ізбен екінші рет Қашқар, Тарым өлкесіне түрлі
экспедициялармен барады.
1895 жылы поручик Корнилов Бас штаб академиясына оқуға
түсіп, 1898 жылы оның толық курсын 1 разряд бойынша күміс
медальмен бітіріп шығады. Академия бітірушілер қатарында
ол императордың қабылдауында да болады. Корнилов акаде-
мия қабырғасында ақ гвардияшылардың қолбасшысы болған
генерал Деникинмен жəне Лениннің сенімді серіктерінің бірі
Бонч-Бруевичтің ағасымен бірге оқиды.
Ресей империясының Сібір өлкесін жəне Орта Азияның
шеткері аймағын зерттеуі ежелгі арманы болады. Сондықтан
Түркістан əскери округында қызмет етіп жүрген Корниловқа
Ресей Бас штабы арнайы тапсырмамен тыңшылық қызметтер
жүктейді. Əскери дипломатиялық миссияны орындау мақса-
тымен ол Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай елдерінде ресми
сапарлармен болады.
Жалпы, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Азиялық елдерге
арналған арнаулы департаменті Кіндік Азияның шығысындағы
аумақтарды зерттеп-барлау ісіне Корниловты үнемі пайдала-
нып отырған. Оған оның бірнеше тілді білуі, оның үстіне гео-
логия мен геодезияны жақсы білуі себеп болған.
Сібір мен Қазақстан аймағындағы бірден-бір іргелі оқу ор-
ны саналған Кадет корпусының тыныс-тіршілігі мен ондағы
оқитын шəкірттер əдетте патшалық саясатқа берілген жəне
елдің əкімшілік əскери жүйесімен тығыз байланыста болып,
барлаушылық қызметтерге де машықтанатын болған.
Барлау қызметінің тəжірибесінде алып мемлекеттердің бар-
лығы да өз бағынысынан тысқары жатқан жерлерді, елдерді,
алыс-жақын көршілерін жан-жақты танып білуге, елдің қауіп-
сіздігі мен дербестігін қорғауға, байлығы мен ықпалын артты-
руға, аумақтық тұтастығын сақтауға, ал жер көлемін солар-
дың есебінен ұлғайту көздегендер астыртын барлау ісіне сал-
қынқандылықпен көңіл аударып, қаржы мен адам ресурстарын
кеңінен пайдаланғанын айтақтап отыр.
Барлау ісіне озық пікірлі, жан-жақты білімі бар, мемлекеттік
дəрежеде ойлайтын, жігері мен ерік күшін мемлекет мүддесіне
бағындыра алатын дайындығы мол адамдар тартылды.
Он сегізінші ғасырдың соңғы мен он тоғызыншы ғасырдың
ортасына таман Сібір мен Орта Азияны, қазақ даласын эко-
номикалық та, саяси тұрғыдан да өз бағынысына қаратқан пат-
шалы Ресей империясы өз аумағын шығысы мен оңтүстігінде
орын тепкен елдердің территориялары есебінен кеңейтуді көк-
седі. Оның түпкі ниетінде Орта Азия мен Шығыс Түркістан
арқылы Үнді мұхитына шығу ойлары жатты. Осы платформа-
да империяның ықпалын көрші мемлекеттерге тарату жөнінде
тиісті барлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Сыртқы
істер министрлігі жанынан құрылған Орыс географиялық қо-
ғамының жұмысына жас офицерлерді тартып отырды. Патша
əкімшілігі бұл ретте буферлік аймақ ретінде Шығыс Түркістан
мен Қытайға ерекше маңыз берді. Патша əкімшілігін бұл ел-
дердегі саяси жағдай мен халықтың əлеуметтік тұрмыс-тір-
шілігі, табиғат байлығы мен қатынас жолдары, қоғамдық хал-
ахуалы, қатынас құралдары қызықтырды. 1850 жылдары Шо-
қан Уəлихановтың бұл аймақтарды зерттеуі патшалық əкімші-
лік үшін мардымсыздау болды.
Корнилов Түркістан əскери округында алты жыл округ шта-
бында аға адъютант болып қызмет етіп, арнайы əскери-тың-
шылық дайындығынан өтеді. 1899 жылы ол арнайы тапсырма-
мен Иранға, Ауғанстанға, Үндістанға жəне Шығыс Түркістан-
ға ұзақ мерзімді іссапармен барады. Себебі бұл уақытта Ұлы-
британияның жоғарыдағы аймақтарға ықпалын жүргізудегі са-
яси ықпалы артып бара жатқан еді.
Қашқарға жасаған барлауында ол жергілікті халықтың тұр-
мыс салтымен бірге, əскери күш қуатын, санын, қоршау бөгет-
терін, қару-жарақтарын зерттейді.
Британ үкіметіне Памир тауының биік шыңдарында Ресей-
дің екі басты самұрығы белгіленген шекара белдеуінің бел-
гісі ұнамайды. Пяндж көлінің оң жағалауы мен Қиыр Шы-
ғыстағы Амур көлінің Ресей жағында қалуы да Лондон мен
Санкт-Петербургтің жанталасуына əкеліп соғады. Барлауды
одан əрі тереңдетіп жүргізуді көздеген капитан Корнилов үс-
тіндегі киімін дəруіштің киіміне алмастырып, сақал-мұртын
жіберіп, Ауғанстанның ішкі аймағына бойлай түседі. Жанына
үш түркімен-йомудтарын ертіп, қолға түскен жағдайда өздерін
король əскерінің құрамына ерікті түрде жазылуға келгендерін
түсіндіретін болады. Корнилов мұның бəрін шығыстық мен-
талитетті білгеннен кейін жасайды. Белгісіз елдерге сапарға
шығу Корниловтың жеке басының тарапынан теңдесі жоқ ер-
лік еді. Шығыс елдерінде жансыздардың, əсіресе, сезіктілердің
сол заматта бастары шабылатынын ол жақсы білетін. Қашқар
шаһарында, жалпы Шығыс Түркістанда болып жатқан қыр-
ғын туралы, осы өлкеге аяғы тиген неміс саяхатшысы Адольф
Шлагинвейттің жазықсыздан басы шабылғанынан ол хабардар
болатын. Тіпті, Ресейдің Ирандағы ресми елшісі болған атақ-
ты ақын-драматург Грибоедовтың байқаусызда ислам жөнінде
орынсыз айтқан бір сөзі үшін сол жерде (Иранда) қастандықпен
өлтірілгенін де ол жақсы білетін. Қалай десек те, Корнилов бұл
сапарларға өте үлкен дайындықпен барғаны байқалады.
1901 жылы Корниловтың жанына екі қазақ екі түркіменді
ертіп, парсы елінің əлі картасына да түспеген Дешті-Наумед
даласын зерттеуі Ресейдің əскери стратегиялық күшін қай ба-
ғытқа шоғырландыруға ықпалын тигізеді. Кейін сапар бары-
сы туралы «Қашқария немесе Шығыс Түркістан» атты көлемді
еңбек жазады. 1902 жылы оған округ штабының «Түркістан»
əскер округімен шектес елдер туралы деректер» деп аталған
құпия басылымына редакторлық етуі Корниловқа Ресей əскери
генералитетінің үлкен сенімі еді.
1907 жылы Корнилов Ресейдің Қытайдағы əскери атташесі
болып төрт жыл дипломатиялық қызметте болады. Біз бұған
дейін жерлесіміздің Ресейдің əскери барлау қызметіндегі бір
қырын ғана қарастырдық.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін, Ресей ақтар мен
қызылдарға бөлінген тұста генерал Корнилов гвардияшылар
жағына шығып: «Ресей императорына жау адам, менің де жа-
уым» деген ұран көтереді. Уақытша үкімет тұсында Жоғарғы
əскери Бас қолбасшы ретінде ол барлық билікті өз қолына шо-
ғырландыра тұра, жалпы басшылықты Керенскийдің қолына
береді. Негізінде генерал Корнилов Ресей империясының əле-
уетін күшейтуге күресуші, яғни орыс рухын көтеруге күш са-
лушы əскери топтың бетке ұстар тұлғасы болған. Уақытша үкі-
мет басшысы Керенский оның табандылығынан үнемі үрей-
леніп жүрген. Əйтсе де большевиктермен шайқаста Керен-
скийге батыл əрі берік шешімді генерал Корниловтың қолдауы
өте маңызды болады. Сондықтан оған амалсыздан Жоғарғы
Бас қолбасшылықты береді.
1917 жылы 25 тамызда Петроградта большевиктер төңкерісі
қатер төндіргенде Корнилов қалаға генерал Крымовтың атты
корпусын кіргізеді. Корниловтың бұл əрекетінен қатты секем
алған Керенский Ставкаға оның (Корниловтың) Жоғарғы бас
қолбасшылықтан босатылғаны туралы жеделхат жолдап, əс-
керді тоқтатуға бұйрық береді. Бұл тарихта «Корнилов бүлігі»
деп аталады. Қолындағы барлық əскери күштен айырылған
Уақытша үкімет большевиктерге қарсы күшті ұйымдастыра
алмай, сол күні құлайды.
Осыдан кейін генерал Корнилов большевиктермен ашық кү-
реске шығады. 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылдың сə-
уіріне дейін өзіне берілген əскерлермен Кувань, Дон өңірле-
рінде бас қосып, қызыл əскерлерге қарсы тұрады.
Корнилов өзге де Ресей генералдары Деникин, Красновтар
сияқты əдебиетті өте жақсы түсінген. Соңғы екі генерал да со-
ңына бірнеше əңгімелер мен романдар жазып қалдырған. Кор-
ниловтың ұзақ жылғы сапарларының əсерінен туындаған əң-
гімелері мен очерктері оның болашақта ірі жазушы боларына
жол салғандай. Егер зерттеушісі болса, оның қаламынан туған
еңбектерді Мəскеудің, Петербург қалаларының ескі журнал-
дарынан оқыған болар еді.
Жоғарғы Бас қолбасшы поэзиямен де айналысқан. Əрине, ол
оны өзінің поэзияға деген құштарлығын қанағаттандыру үшін
жасаған. Корниловтың шығыс шайырларының төрттағанына
ынтызарлығы соншалық, ол парсы ақындарының өлеңдерін жат-
қа оқып, осы тілде жаза білген.
Əдетте əскери адам аз сөйлеп, көп іс тындыратын тұлға.
Бірақ оған қарап, генерал Корниловты ол топқа жатқызуға əсте
болмайды. Корнилов қай ортада сөйлемесін, оның аудитория-
ны бірден өзіне бағындырып алатын күшті қасиеті болған.
Оның шешендік қасиетіне сол тұстағы генералдар Деникин,
Врангель, Брусилов, Алексеев, Лукомскийлер таң қалған. Өзі-
нің қарапайымдылық мінезімен қатардағы əскерлерді де өзіне
баурап алған. Ал жоғары шенді офицерлерге өте ымырасыз
болған. Оның осы мінезін офицерлер Наполеонға теңеп, іс-
қимыл тактикасын банопартизмге ұқсатқан.
Корниловтың ешқандай ымыраға көнбейтінін сезген Уа-
қытша үкіметтің төрағасы Керенский оны қолбасшылықтан
босатып, тұтқындауға бұйрық берген. Алайда Ресейді қалып-
тасқан үкіметтік дағдарыстан алып шығуда бір ғана Корнилов-
қа сенім артқан сол тұстағы Сыртқы істер министрі, кадеттер
лидері Милюков ықтимал сəтте барлық үкімет мүшелерінің
өзіне қолдау білдіретінін айтып, оны үкіметті өз қолына алу-
ға күштеген. Бұл жолда Корниловқа өнеркəсіп, қаржы күш-
тері мен ірі буржуазия да қолдау білдіретінін танытқан. Ле-
ниннің Разливтегі шалашта жатып, «егер Корнилов билік ба-
сына келсе, онда революцияға қауіп төнді дей бер» деуінде
шындық жатқан еді. Бірақ Корниловтың бұл міндетті мойны-
на алуға келісім бермеуі орыс генералдарының ортақ пікірге
келмеуіне алып барып, большевиктердің бас көтеруіне апа-
рып соққан. Буржуазияның Корниловты өз көсеміне балап,
большевиктердің оны қас жауы санауы да сондықтан. Ком-
мунистік идеологияның 80 жыл бойы Корниловқа жарық тү-
сірмеуі де соның ықпалы болып келді.
Корнилов 1918 жылы большевиктер бас көтерісімен өзінің
қарамағына түркімендердің Теке табының еріктілерінен құрыл-
ған əскер жинап, Краснодар өлкесіне жылжуында да себеп
бар еді. Ол азғана уақытта жан-жақта шашырап жүрген əс-
керді бір қолға шоғырландыруды көздеді. Бірақ бұл кезде
ірі əскербасылар Деникин, Врангель шетелдерге қашып, əс-
керлер қолбасшысыз қалған еді. Корниловтың ең соңғы ақтық
деміне дейін жанында түркімен сарбаздары болған. Себебі Кор-
ниловтың түркімен тілі мен бірге Құранды да жақсы меңгергені
олардың өз қолбасшысына адалдық танытуларына алып барған.
1918 жылы 31 наурызда генерал Кувань астанасы Екатери-
нодар қаласын азат ету жолында өзінің штаб пəтеріне келіп
түскен бомбының жарылуы кезінде ерлікпен қаза табады.
Ол – Ресей империясы алдындағы жауынгерлік ерлігі үшін
Қасиетті Георгий орденінің 3-ші, 4-ші дəрежесімен, Қасиетті
Владимир орденінің 1-ші, 2-ші дəрежесімен, Александр Нев-
ский орденімен жəне Франция, Ұлыбритания, Германия, Жа-
понияның жоғары əскер ордендерімен марапатталады. Оның
атымен аталатын төс белгі тағайындалып, барлық жауынгер-
лерге «Корниловшылар» деген атақ беріледі.
Генерал Корнилов өлімге алдын ала дайындалған көрінеді.
Сол күні жуынып-шайынып, штаб бастығына да таза киініп
келуді тапсырады. Өзінің Деникинмен болған соңғы сөзінде:
«Екатеринодарды қалайда алуға тиіспіз, егер алмаған жағдайда
маған өз маңдайыма оқ атудан басқа амал қалмайды» деуінде
де Корниловтың тығырыққа тірелгенін көрсетеді.
1918 жылы 2 сəуірде түнделетіп Корниловтың денесі жа-
сырын түрде жерленеді. Басына ешбір белгі қойылмайды.
Жерленген жердің аумағы картаға түсіріліп, ол үш дана бо-
лып көбейтіліп, үш адамға сақтауға беріледі. Сол жылы 3 сə-
уірде большевиктер Екатеринодор қаласын басып алып, ақ-
тардың жасырған байлықтарын іздестіреді. Сөйтіп жүріп олар
Корниловтың мүрдесінің үстінен түседі. Большевиктер гене-
ралдың өлі денесіне бұрын-соңды адам баласы естіп-көрмеген
азап көрсетеді. Мүрденің соңғы кебінін сыпырып алып, тыр-
дай жалаңаш ағашқа асып қояды. Құдайдан безген біреулері
мүрдені бөліп, денені жыртысқа айналдыру керектігін ұсына-
ды. Бірнеше сағаттан соң, денені қала сыртына шығарып жағып
жіберуге бұйрық беріледі. Мүрденің қолдан-қолға көшіп, жер-
ге сүйретілуі, кім көрінгеннің тас лақтырып, түкіруі себебінен
ол (мүрде) бір уыс сығындыға айналады.
Белгісіз дене қала сыртындағы мал соятын қасапхана аула-
сына апарылып өртеледі. Большевиктер оған да қанағаттан-
байды. Күйіп, қу сүйегі қалған денеге істіктерін тығып əбден
қорлайды. Келесі күні мүрдені қайтадан жағып, аяқтарымен
таптайды. Адам баласына бұдан өткен азап бар ма?
Міне, аласапыран кезеңнің өрт-дауылында буырқанып өт-
кен жерлесіміз инфантерия генералы Корнилов туралы тарихи
шындықтың бір сыры осындай.
Қазақ даласында туып, Ресейде Жоғарғы бас қолбасшы бол-
ған Корниловты жерлестері ұмыта қоймапты. Қарқаралының
қалалық бағындағы аллеяда Қаз дауысты Қазыбек би, Мəди,
Тəттімбет, Қалибек Қуанышбаев, Тоқтар Əубəкіровтермен бір-
ге генерал Корниловтың да аты-жөні жазылып, суреті ілініпті.
Л.Я.РОХЛИН:
ҰЛТАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДА БАТЫР БОЛМАЙДЫ
немесе Арал қаласында туып өскен генерал Ресейде
əскери төңкеріс жасауға əрекет етті ме?
Атқан кім, атқызған кім?..
Ол өліммен бетпе-бет күресті. Ауғанстандағы қанды қыр-
ғында да, Кавказдағы соғыста да қаңғыған оқтың өзі оның
қаһарынан қорықты. Алайда оған шын қорқаулар соғыс ала-
ңында емес, тасада тұрып оқ атқызды. Осыдан тура 10 жыл
бұрын 1998 жылы 3 маусымда нақ шекеден атылған жалғыз
оқ «бүлікшіл» генералдың өмірін қиып кетті. Адам қолымен
жасалған киянат тұтастай бір қоғамда дүрбелең туғызып, əсі-
ресе, əскерилер арасында қорқыныш пен үрей тамұғын қап-
татып жіберді.
Рохлиннің əскерлер арасында абырой-беделі зор еді. Мем-
лекеттік Думада да оны қолдаушылар көп болатын. Өлерінен
бірнеше апта бұрын өзімен пікірлес сан-алуан адамдармен
құпия кездесулер ұйымдастырып өзінің, Жоғарғы Бас қол-
басшының атына елдегі орын алған былықтар мен əскерде
кезек күттірмейтін реформа жасау қажеттілігі жөнінде ар-
найы үндеу дайындағанын білдірген. Оның əрбір іс-əрекеті
Бас штабты үнемі əбігерге түсіріп жүрді. Сондықтан алдауға
көнбейтін генералдың соңынан үш бірдей арнайы қызмет
орындары – Федеральдық қауіпсіздік қызметі, жеке күзет фир-
масы жəне əскери карсы барлау қызметкерлері күндіз-түні аңду
ұйымдастырды. Ілік таппады, қолдан ұйымдастыруға батыл-
дары жетпеді. Сондықтан алған бағытынан тайдырудың ама-
лын іздестірді. Ақыры 1998 жылы 3 маусымда Мəскеу жанын-
дағы Клокова саяжайында Мемлекеттік Дума депутаты, гене-
рал Лев Яковлевич Рохлин «өз əйелінің» қолынан қаза тапты.
Атылғаны үшін мылтыққа өкпелеуге болмайды. Кінə мыл-
тықта емес, атқан адамда болып қалды. Қаншама уақыт өтсе
де, əлі күнге дейін сырын ашпаған бұл уақиға құпия күйінде
қалып отыр.
Ельциннің есін шығарған
XX ғасырдың қанқұйлы құпиясын өзімен бірге ала кеткен
генералдың өлімі ұзақ уақытқа дейін ашылмай келді. Себебі
ол «трагедиялы спектакльге» сырттай қатысқан адамдардың
күні кешеге дейін сол ортада жүргені тергеу жұмыстарына ке-
рі əсер келтіріп келді.
Өлімнің ақ екеніне көзі жеткен адамның қайтпас қайсарлық
мінез танытатыны белгілі. Генерал Рохлиннің өлімі де оны бі-
летіндердің қайсарлық танытуларына əкеліп соқты. Президент
əкімшілігінің Бас штаб бастығына: «генерал Рохлинді ақтық
сапарға шығарып салуға əскерлерді қатыстырмау» жөнінде
берген құпия директивалық нұсқауының күл-паршасы шықты.
Директивалық нұсқауды құпия шифрограммамен жібере
отырып, оны Бас штаб бастығы, армия генералы Квашнин өзі
бұзды. Мұнда ол генералмен қоштасуға келген əскерилердің
үлкен бір шоғырын көрді. Бұрынғы Қорғаныс министрлері
Язов, Родионов, Қорғаныс министрінің орынбасары Моисеев,
қолбасшылар Шпак, Стаськовтармен бірге, Бас штаб офи-
церлері де көп болды. Бас штаб бастығы сын сағатта айнала-
да болып жатқан жағдайды өз көзімен көру арқылы өзінен-
өзін биік қоя білді. Əсіресе, сол тұстағы Қорғаныс министрі
Игорь Сергеевтің ауруын сылтау етіп, генералды соңғы сапарға
шығарып салу кезінде əскери госпитальға кетуінен кейін Бас
штаб бастығы екеуінің арасында бітіспес салқындық туғанын
көпшілік əлі ұмыта қойған жоқ. Генералмен қоштасуға келген
халықтың көп болғаны соншалық, офицерлер үйінің маңына
халық сыймай кеткен. Ресейдің шалғай өңірлерінен Мəскеуге
келіп аштық жариялап жатқан шахтерлер де, бір сəт генерал-
ға құрмет көрсетіп, Ресей президентіне өз наразылықтарын
білдірген. Мұншама халық ең соңғы рет маршал Жуковпен
болған қоштасу рəсіміне жиналған деседі. Атақты маршалмен
қоштасу рəсімін де кезінде үкімет орындары жасырын өткізу-
ге уағдаласкан екен.
Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, əскерилер арасында
көзсіз батыр атанған генерал Рохлин кім еді?
Ол шын мəнінде Ресей Батыры еді. 1995 жылы Грозный-
ды алғаны үшін оған Ресей Батыры атағы беріліп, Алтын жұл-
дызбен марапатталды. Бірақ Рохлин ұлтаралық жанжалда ба-
тыр болмайды, – деген ұстаныммен Бас қолбасшының қолы-
нан бұл атақты алудан бас тартады. Оның бұл көзқарасы Ре-
сей президенті Б.Ельцинді ашу-ызағы булықтырады.
Рохлин – Руцкой емес, ол асатса қоя салатын, асатпаса жоя
салатын генералдардың санатына жатпайды. Ельциннің басы
қатқан жері де осы ара.
Лужков оны ерекше құрмет тұтты
Біз Ресейдегі қос үкімет тұсында Жоғарғы Бас қолбасшы
болып, өкімет билігін өз қолына шоғырландырған жерлесіміз,
қазақтың жиені инфантерия генералы Корниловтың да боль-
шевиктердің тарапынан қаза тапқанын білеміз.
Лев Яковлевич Рохлин – 1947 жылы 6 маусымда Арал қа-
ласында дүниеге келген. Отбасындағы үш баланың кенжесі
саналған Лев əкесіз өседі. Қаланың «Америка» аталып кеткен
жұмысшы поселкесінің Сталин көшесінің 82-ші үйінде тұрған
Рохлиндер əулеті жоқ-жітікпен күн көреді. Отбасының жалғыз
асыраушысы Ксения Иванова балық комбинатында есепші
болып қызмет істейді. Ол кезде қаланың етегін теңіз шайып
жататын.
Лев қолы қалт етсе, теңіз жағалауынан табылатын. Көк
теңізге деген оның бала махаббаты орта мектеп бітірген соң,
Чарджоудағы Одесса теңіз флоты институтының филиалына
алып барады. Арман үнемі орындала берген бе?
Рохлиндер отбасындағы үш бала да Арал қаласындағы
№14-ші Крупская атындағы орта мектепті бітіреді.
Лев – 1966 жылы орта мектепті бітіріп, Ташкенттегі жо-
ғарғы əскери-командалық училищеге түседі. Оны алтын ме-
дальмен бітіріп, Алманияда түрлі əскери қызметтерде болады.
Қызмет ете жүріп, 1974 жылы Фрунзе атындағы əскери акаде-
мияға түседі. 1982 жылы Ауғанстанда от-жалыннан өтіп, 1987
жылы Кутаиси жəне Нахичеванда əскери бөлімдерде түрлі жа-
уапты қызметтер атқарады. 1990 жылы Рохлинге генерал-ма-
йор əскери атағы беріледі. 1991 жылы Бас штаб академиясы-
на түсіп, оны 1993 жылы бітірген соң, Волгоградта гвардия-
лық корпусқа басшылық жасайды. 1994–1995 жылдары Феде-
ральдық əскердің Солтүстік бөлігіне қолбасшылыққа тағайын-
далады. 1995 жылы Мемлекеттік Дума депутаты болып сайла-
нып, 1998 жылдың жазына дейін Думада Қорғаныс жөнінде-
гі комитет төрағасына сайланады. Саясат істерімен айналы-
са жүріп, ол Солтүстік Кавказдағы əскери былықтардың бетін
ашады. Армиядағы сыбайластық пен жемқорлық белең алуын,
тəртіптің босаңсып кетуін, қару-жарақтардың жасырын жолдар
арқылы сатылуын, қаржының мақсатсыз жұмсалуын аяусыз
əшкерелейді. Символдарға негізделген қоғамның табиғатынан
жасанды қоғам екендігін, одан адам шындығы көзбояушылық-
қа айналатынын дəлелдеп, коғамның бұл кінəраттан бойын
аулақ салуын ескертеді.
Саясаткердің саясатпен айналысқанынан басқа одан бір пи-
ғылды іздеудің аса қажеттігі жоқ. Ол өзі құлай сүйіп берілген
Ресей армиясының жуан ортасында жүріп, өз ішіндегі бөтен
болып саналды. Əйтсе де оның айналасынан ақыл-ой параса-
ты мол, зиялы қауымды көптеп кездестіруге болатын еді. Оның
алдына қойған мақсатының бірі сыбайластық жемқорлыққа
белшеден батып қалған Үкімет мүшелерінен арылып, қоғамды
сауықтыру болатын. Оған оның қауқары да жететін. Əскери
генералитет арасында да, Үкімет мүшелері ішінде де оны
қолдаушылар көп еді. Əсіресе, Рохлинді Мəскеу мэрі Юрий
Лужков ерекше құрмет тұтты, онысын ол жұрттан жасырған
емес. Мəскеу Үкіметінің атынан генералға қымбат джип кө-
лігін мінгізді. Генералды Грузияда – Эдуард Шеверднадзе,
Əзірбайжанда – Гейдар Əлиев құрметпен қарсы алды. Осының
бəрі Ресей президенті Борис Ельцинді Лев Рохлинге аса сақ-
тықпен қарауға мəжбүр етті. Кезінде генерал Александр Ле-
бедь Ресей президенті Борис Ельцинді Қорғаныс министрі Па-
вел Грачевті билікпен ауыз жаласып кеткені үшін қызметінен
аластатып, оның орнына Игорь Родионовты тағайындауға мəж-
бүр еткен-ді.
Қазақтың мақалын айтып жүреді екен
Егер тарихқа жүгінсек, билік пен əскерилер арасында қашан
да қарама-қайшылықтар туындап отырғанын көреміз. Бірақ
билік армияның қолдауынсыз ешуақытта өзін еркін сезінбеген.
Шешуші сəтте армия өз қаһарын көрсетіп отырған.
Ресейдегі он сегізінші ғасырдағы сарай төңкерістері үнемі
гвардиялык полктың күшімен жеңіске жеткен болатын.
1917 жылғы Ақпан төңкерісі де Петроград көшелеріндегі
көтеріліс пен Думадағы қызыл сөздің екпінінен болған емес.
Ол шын мəнісінде генерал-адьютанттардың саяси биікке на-
разылығынан туындаған əскери басшылықтың ұйымдастыруы-
мен болған төңкеріс еді. Төңкеріс қарсаңында барлық майдан
қолбасшылары патшадан тақтан түсуін ультимативті түрде та-
лап еткен. Орыс патшасы күні кеше өзіне адалдықтарын та-
нытып, ант қабылдаған əскерилердің күшімен орнынан түс-
кен. Əйтсе де əскерилердің өздері ант берген патшаларын сат-
қындық жасау арқылы Құдайдың қарғысына қалып, ақтар мен
қызылдар болып екіге бөлініп, қызыл қырғынға ұшыраған кез-
дері де болған.
Ұлы Отан соғысының басталар алдында халықтар көсемі-
нің жоғары шенді генаралитет арасында қуғын-сүргін терро-
рын жүргізуінің өзі 1936 жылғы Испанияда орын алған əскери
төңкерістің алдын алу оқиғасы еді.
1957 жылы СОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы
Хрущевті орнынан алардағы Президиум мəжілісінде ең соң-
ғы шешуші сөзді Қорғаныс министрі Жуковтың айтуы, соңғы-
сының өз орнын сақтап қалуына əкеліп соқпады ма? Бірақ,
Хрущев Жуковтың халық пен əскерилер арасындағы беделінен
үрейленіп, ақырында оны барлық қызметтерінен алып тынды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, көптеген елдердің билік
басына əскери генералдар келді.
Генерал Д.Эйзенхауэрдің АҚШ президенттігіне сайлануы,
генерал де’Голльдың Франция президенттігіне сайлануы көп-
теген елдердің саяси билігінің шайқалуына əкеліп соқты. Ге-
нералдар қажетті кезінде «азу тісін» де көрсетіп қойды.
1967 жылы Грецияда «қара полковниктер» əскери төңкеріс
жасау арқылы саяси «жеңіске» жетіп, ұзақ уақыт ел билігінде
болды.
1973 жылы генерал Пиночет Чилиде əскери диктатура орна-
тып, 16 жыл билік басында тұрды. 1981 жылы Польшада гене-
рал Ярузельский елде əскери тəртіп орнату арқылы өз билігін
орнатуға жарқын жол ашты.
Əлемнің бірде-бір елінде армия Ресейдегідей саяси катак-
лизмнің құрбаны болып, орынсыз айыптаушылардың соққы-
сында қалып көрмепті. Ең қиын деген кезеңнің өзінде бірде-
бір саясаткер өз армиясын қоғам алдында тəрк етіп, беделін
түсірмеген. КСРО-ның ең соңғы басшысы Горбачев Жоғарғы
Бас қолбасшы бола тұрып, «1989 жылғы Тбилисидегі төңке-
рісте, 1990 жылғы Бакудегі қанды оқиғада, 1991 жылғы Виль-
нюстегі əскери іс-қимылда армияның не істеп, не қойғанын
білмей қалдым, олардың кімнің бұйрығын орындағандарын
да білмеймін», деуі өзіне сеніп тапсырылған аса маңызды
стратегиялық құрылымға немқұрайлықпен қарағандығынан
болды емес пе? Əрине, оның арасында үлкен саяси қитұрқылар
болғаны белгілі-ақ.
Б.Ельцин 1993 жылы өзіне қолдау табу мақсатында Бас
штабта жоғары əскери генералитетпен ашық əңгіме өткізуі оны
саяси олимпке алып келді. Оның саясатта батыл қадамдар жа-
сауына да армия қолдау көрсетіп бақты. Кейін оған арқа сү-
йеген генералдар Ресей аймақтарында өткізілген сайлауларда
ашық жеңістерге жетті. Генерал Лебедь, Семенов, Николаев,
Коржаков, Куликов, Громов, Шаманов армияда да, əлеуметтік
ортада да үлкен беделдерге ие болды.
1996 жылы Ельцин екінші рет президенттікке түседі. Сай-
лаудың алғашқы турында ол электораттың 35 пайыз дауысы-
на ие болады. Ал оның оппоненттері коммунист Зюганов –
32 пайыз, генерал Лебед – 15 пайыз дауыс жинайды. Комму-
нистер көсемінің ешқандай компромиске бармасын білген Ель-
цин Лебедті жасырын əңгімеге шақырады. Генерал президент-
тің ұсынысын қабылдай отырып, өз талаптарын қояды. Гене-
ралдың табанды ұсынысы бойынша Қорғаныс министрі, армия
генералы Грачевті қызметінен босатып, орнына армия гене-
ралы Родионовты тағайындауға мəжбүр етеді. Əрине, мұнда
Рохлиннің де ықпалы бар.
Бірақ əр нəрсенің өз өлшемі бар. 1997 жылы 20 маусымда
генерал Рохлин Жоғарғы Бас қолбасшыға соңғы хатын жазып,
оны барлық бұқаралық ақпарат құралдарына таратады. Хат-
тың негізі бойынша баспасөз конференциясы өткізіліп, оған
шетел журналистері қатысып, олар өз сұрақтарына нақты жа-
уаптар алады. Үндеу армияда, халық арасында үлкен толқу
туғызады. Халықтың басым көпшілігі Рохлин жағына шығып,
президент Ельцинге сенімсіздік танытады. Осыдан соң, арна-
йы қызмет орнында «Генерал деген жеке құжат толтырылып,
жоспарлы түрде аңду басталады. Бірнеше рет генералға қас-
тандық та жасалады. Бұл туралы Коржаков Рохлинге бірнеше
рет сақ болуын да ескертеді. Билік өз дегенінен қайтпайтын
генералдың бетін өздеріне қарату үшін компромистік ұсыныс
жасап, Қорғаныс министрі қызметін де ұсынады.
Рохлин өлімнен қорықпаған, өлімнен кейін де өмір барын
айтып жүрген. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі»
деп қазақтар арасында үйренген мақалын əріптестеріне айтып
жүреді екен. «Басқа бір Құдайдың салғанын көрерміз, əйтпесе,
менің өмірімнің бəрі өліммен бетпе-бет келуден тұрды емес
пе? Бір нəрсе анық, өзіме бағыныштылар соғыска аттанарда
Ельцин үшін емес немесе Грачев үшін емес, маған сенім арт-
қандығынан барды жəне Ресейдің тұтастығын қорғау үшін со-
лай істеді. Менің өмірім олардан ешбір артық емес». Бұл ге-
нералдың соңғы сөзі.
Генералды 50 жылдығымен құттықтап едім,
көмекшісі жауап берді
Лев Рохлин Волгоградты ерекше жақсы көретін. Мұнда
оның достары да көп еді. Оның қайтыс болғанына 40 күн то-
луын еске алу күні Волгоградта қатты дауыл тұрып, облыс
əкімшілігі ғимаратының шатырын жұлып əкеткен.
Қазан Құдай Ана соборына жиналған еске алу рəсімінде
Алексий əкей сөз алып: «Рухани ашық майданға шығу – ол
мəңгілік ғұмыр. Оған кім дайын болса, Құдайдың айтқаны бо-
лады. Пайғамбар Иоанн шындық үшін күресіп еді, сол үшін
оның басы алынды. Біздің Лев те шындық үшін күресті, сонысы
үшін қиянат көрді. Сондықтан да ызаланып, ашуланбаңыздар,
кімде-кім шындық іздесе ол қиналады, бірақ ол аспан əлемі
Құдайдың ұлы махаббат тəжіне ие болады», – деді. Иə, гене-
рал Рохлин сол махаббатқа тірісінде-ақ ие болған жан еді. Ол –
шындық үшін күресті, сол жолда құрбан болды.
P.S.
1997 жылы қыркүйек айында мен даңқты генерал жер-
лесіміздің 50 жылдық мерекесіне орай, Мемлекеттік Дума
аппаратына хат жолдадым. Генерал хатымды алып, өзінің
Страсбург сапарына дайындалып жатқанын менің Қазақ-
стан жəне туған жері Арал қаласы жөніндегі сұрақтарыма
кейін жауап беретінін айтып, рахмет білдіріпті. Маған бұл
жөнінде Рохлиннің көмекшісі Александр Рыжов хабарлады.
М.С.СОЛОМЕНЦЕВ,
СОКП Орталық комитетінің бұрынғы хатшысы:
Д.А.ҚОНАЕВТЫ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТУ
ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ ГОРБАЧЕВТІҢ ҚЫСЫМ
КӨРСЕТУІМЕН ҚАБЫЛДАНДЫ
Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан Ресей ешқашан
империялық мұраты мен амбициясынан бас тартқан емес. Ол
барлық амал шарғысымен өз тəуелсіздігіне ұмтылған ұлт-
тық Республикалардың жолын бөгеп қажет болса, күш көр-
сетуге əскер де аттандырып тұрды. Оған идеологиялық же-
текшілік жасауға Саяси бюроның мүшелерін жіберді. 1986 жыл-
ғы Желтоқсан көтерілісі кезінде Алматыға барлық арнайы
операцияларға басшылық етуге Саяси бюро бір кездері Қа-
зақстанда партиялық қызмет атқарып, партия мүшесіне жат
қылық жасағаны үшін Қазақстаннан қуылған Соломенцевті
жіберген болатын. Партиялық функционер өмірінің соңында
сол ызғарлы жылдар туралы естелік жазып, біраз шындықтың
бетін ашыпты.
Автор өзінің «Саяси бюроны тазарту немесе Горбачев қай-
та құрудың «жауларын» қалай өзгертті?!» атты мемуарында Қа-
зақстандағы Желтоқсан көтерілісі туралы айта отырып, сол
тұстағы Бас хатшының кадр таңдау саясатында саяси ірі қа-
теліктерге бой алдырғанын жазады. Осыған орай мемуардың
Желтоқсан көтерілісіне қатысты тарауын сол күйінде аударып
беруді жөн көрдік.
М.С.Горбачев өз қызметіне кірісімен сол мезетінде Г.В.Ро-
мановты Саяси Бюро мүшелігінен босатып жіберді. 1986 жыл-
дың басында Горбачев пен Яковлев ақылдаса отырып, СОКП
Орталық комитетінің ХХVІІ съезінде Орталық комитеттің,
Саяси бюро мен Хатшылық құрамын толық өзгертіп, олардың
орнына өздерінің сенімді адамдарын ендірді. Одан кейін, іле-
шала министрлерді, Орталық комитеттің бөлім меңгерушіле-
рін, облыстық партия комитетінің хатшыларын, атқару коми-
тетінің төрағаларын жаппай өзгерту компаниясы жедел қар-
қынмен жүргізілді.
Үш жыл ішінде Орталық комитет құрамының 85 пайызы
жаңартылып, ол 1934–1939 жылдардағы 77 пайыз көрсеткіш-
тен бірнеше есе асып кетті. 1988 жылы өткен ХІХ партия
конференциясы кадрларды алмастырудың апофеозасы болды.
Оның қорытындысы бойынша Саяси бюро мен СОКП Ор-
талық комитетінің құрамынан А.А.Громыко пен В.И.Долгих
шығарылды. Бұл жағдай менің де басымнан айналып өтпеді.
Горбачевтің кадрларды ессіз сапырылыстыруы еліміздің пар-
тия жəне кеңес үкіметі басшылығын əлсіретіп қана қоймай, ол
азаматтардың қайғылы қазаға ұшырауына да апарып соқтыр-
ды. Мен өзім жеке куə болған бір жағдайды ғана айтсам дей-
мін. 1986 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Коммунистік пар-
тиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты зейнетке шығарып
салуға шешім қабылдаған Саяси бюроның мəжілісі өтті. Бұл
шешім Горбачевтің қысым көрсетуімен қабылданды.
Мен Д.А.Қонаевты Қазақстанда қызмет істеген кезімнен жақ-
сы білетінмін. Ол еліміз бен партия мүддесіне адал, тəжірибе-
лі жəне өз ісін терең білетін принципшіл қызметкер болатын.
Еңбек жолын соғыс жылдарының алдында Балхаш құрылы-
сында бастаған ол кен байыту өндірісінде қатардағы машинис-
тен бас инженерлікке дейінгі қызмет жолдарынан өтті. Қонаев
кəсіби шеберлігі жоғары өндіріс-басшысы бола білді. 1939 жы-
лы Д.А.Қонаев Риддер кен өнеркəсібінің директоры болып та-
ғайындалып, аз ғана уақыт аралығында өнім қуатын арттыру
арқылы оны артта қалған өндірістен алдыңғы қатардағы өнер-
кəсіпке айналдырды.
1942 жылы сəуір айында Қонаев Республика халықшаруа-
шылығы Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындал-
ды. 1949 жылы ақпан айының соңында өткен Қазақстан ком-
мунистерінің VІ съезінде ол Орталық комитеттің мүшесі бо-
лып сайланды. 1955 жылғы наурызда Республика Министр-
лер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Осы уақыт ара-
лығында Түсті металлургия, Құрылыс-монтаж жұмыстары,
Геология, Энергетика т.б. министрліктер құрылды.
1959 жылғы Теміртау оқиғасынан кейін Д.А.Қонаев Қа-
зақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы
болып сайланды. Алайда, 1962 жылы Н.С.Хрущевпен болған
арадағы бірнеше келіспеушіліктен кейін Қонаев атқарып жүр-
ген қызметінен босатылып, қайтадан Министрлер Кеңесінің
төрағасы болып тағайындалды. Хрущевтің отставкісінен соң,
Орталық комитеттің Пленумы И.А.Юсуповты бірінші хатшы-
лықтан босатып, оның орнына Қазақстанның партия лидері
болып екінші рет бірауыздан Д.А.Қонаев сайланды.
Д.А.Қонаев 20 жылдан астам СОКП Орталық комитеті Сая-
си бюросының мүшесі, 25 жыл Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің
депутаты болды. Ол үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, 8 рет
Ленин орденімен марапатталды.
Саяси бюроның Д.А.Қонаевты зейнетке жіберу жөніндегі ше-
шімі шыққаннан соң, 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Ком-
партиясы Орталық комитетінің Пленумы өтіп, онда Г.В.Колбин
Бірінші хатшы болып сайланды. Бұл шешім республика тара-
пынан қолдау таппады жəне ол Сталин кезеңінен қалыптасқан
ұлттық коммунистік партиялардың Бірінші хатшылары сол ха-
лықтың өкілінен сайлануы тиіс деген қағиданы бұзу арқылы
жүргізілді.
Г.В.Колбиннің тағайындалуы Алматыда жалпыхалықтық тол-
қуларға апарып соқтырады. Оны Қонаевты халық алдына шы-
ғарып, сөз беру арқылы ғана шешудің мүмкіндігі бар еді. Бұл
мəселенің шешімін табу үшін Д.А.Қонаев 17 желтоқсан күні
сағат таңғы 11-де Қазақстан Компартиясы Орталық комитетіне
келді. Ол Бірінші хатшының қабылдау бөлмесінде 2 сағат отыр-
ды, сағат 13-те Колбин оған өзінің бос екендігін жəне демалуға
бара беруге болатынын айтып, қалыптасқан жағдайды оның
көмегінсіз-ақ шеше алатындығын мəлімдеді.
Кейін толқу бүкіл қаланы шарпып кетті. Халықтың бір то-
быры телеорталықтың жанына жиналды. Күзетшілерге қолда-
рында темір белдіктері бар адамдар келіп, оларға (олардың бəрі
орыстар болатын) өз алдарында тізерлеп тұруларын талап ете-
ді. Сол жерде төбелес туындап, бір күзетші қаза табады. Ол
28 жастағы жас жігіт болатын, соңында əйелі, екі баласы қал-
ды. Тағы да бірнеше адам өлім қапты. Көптеген дүкендер мен
мекемелер талапайға түсті. Жүк көліктерін тартып алып, тула-
рымен Алматының барлық көшелерін адақтап шықты.
* * *
Маған Горбачев телефон шалып, Комиссияның басшысы
ретінде төтенше оқиғаны зерттеу үшін тез арада Алматыға
ұшуымды сұрады. Біз ұшып келгенімізде, экстремистер ше-
шуші қарсылыққа дайындалып жатыр екен. Мемлекеттік Қа-
уіпсіздік комитетінің төрағасы барлық аулаларда қарулану
жүріп жатқанын, оған белгісіз бағыттан көліктер тартылып
жатқанын мəлімдеді.
Жедел жағдайда ауладан шығар барлық есіктерді жабу жө-
нінде шешім қабылданып, оларды келесі күннің ортасына де-
йін қатаң бақылауда ұстадық.
Сағат 12-ге республикалық партия-шаруашылық басшыла-
рының жиналысын өткізуді белгіледік. Екі жарым мың адамға
есептелген зал адамға толы болды. Кейбіреулер өткелек жол-
дарға да отыруға мəжбүр болды. Мен сөз сөйлеп, орын алған
оқиғаға өз бағамды бердім. Кез келген жағдайдан бейбіт түрде
шығатын жол іздеуге болатынын айттым.
Жиналыс қорытындысы бойынша оған қатысушылар өз об-
лыстары, аудандары, кəсіпорындары мен ұйымдары үшін же-
ке жауапкершілікте болатындығы туралы ұйғарым жасалды.
Назарбаевқа Министрлер Кеңесін өткізуді сұрап, оның мə-
жілісіне өзімнің қатынасатынымды айтып, келісімге келдік.
Министрлер Кеңесі жалпы қалыпты жағдайда өтті. Жергілікті
басшылар барлық кінəні жастарға артты. Мен оған келіспедім.
«Кəне, қазір базарға барайық та, мұны кімдердің істегенін
сұрайық. Халық бəрін біледі» дедім.
Орасан зор бай базардың, барлық жері халыққа толы еді.
– Михаил Сергеевич, сəлеметсіз бе! – дейді əр жерден.
– Мен олардан мені қайдан білесіздер? – деп сұраймын.
– Сіз бізде Алматыда да, Қарағандыда да жұмыс істегенсіз.
– Олай болса, сіздер мұнда жастарды неге бет-бетімен жі-
бергенсіздер, неге олар көтеріліп жатыр? – деп сұрадым.
– Михаил Сергеевич, бұған сенбеңіз. Нақақтан нақақ оны
жастарға босқа жаппасын. Мұның бəрін бастықтар ойлап шы-
ғарған. Олар өздерімен-өздері тақты қалай бөлісерін білмей
əлектеніп жатыр. Осылайша біз бүкіл базарды аралап шықтық,
сапырылысқан адамдар біздің ізімізден еріп жүрді. Қауіпсіздік
қызметкерлері де не істерін білмей, абдырап жүр. Мен оларды
өзімше сабырға шақырдым. Мені ешкімде өлтірмейді деймін.
Үлкен дүкенге де кіріп көрдім, соңымнан иінтірескен халық
еріп қалар емес. Одан шығу да қиын болды. Дүкеннің бір қа-
натында тұрып, халықпен сөйлестім. Өзімнің осында бес жыл –
Алматыда, Қарағандыда қызмет істегенімді айттым. Қазақтар-
мен орыстардың арасында барлық кезде де жақсы қарым-қа-
тынас болғанын үлгі еттім.
– Сіздерден қатты өтінемін дей келе, тəртіпсіздікке қатынас-
паңыздар, оған араласуға туыстарыңызға да, достарыңыз бен
таныстарыңызға да жол бермеңіздер, – дедім.
Одан кейін Ғылым академиясында, университетте, инсти-
тутта кездесулер өткіздік.
Мəскеумен, Горбачевпен тұрақты байланыста болдым. Ол
маған жағдай тұрақтанғанша дейін Қазақстанда бола тұруды
тапсырды. Əрине, жағдайдың туындауына не əсер еткенін де
сұрады. Мен оған: «Бұл ұлтшылдық. Колбинді алып кету ке-
рек» деп жауап бердім.
Араға уақыт салып, Мəскеуге, Назарбаев телефон шалып,
өзінің Алматыда орын алған оқиғаға орай жазған менің хатым-
ды оқығанын айтып, ондағы ең басты мəселенің ұлтшылдық
екенін айтқаныма өзінің келіспейтіндігін білдірді.
– Мен оған «Сіздің менімен бірге Алматы базарына бар-
мағаныңыз өкінішті-ақ», – деп жауап беруіме тура келді. Он-
да қарапайым адамдар орасан көп жиналып, бір ауыздан бұл
көтерілістің Бірінші хатшының орыс сайлануына қарсы бас-
тықтардың ойдан шығарған айласы деген болатын...
Бұл оқиғаны қалай бағалауға болады? Колбинді тағайындау –
бұл Горбачевтің өрескел қатесі еді немесе алдын ала ойлас-
тырылған бүліншілік тудыру əрекеті болатын. Айрықша айтып
өтуіміз керек, Алматыда орын алған толқудан соң, Д.А.Қо-
наевтың айналасындағы жақын қызметкерлердің бəрі қыл-
мыстық жауапкершілікке тартылды. Олар – оның көмекшісі
Д.Б.Бекежанов, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
Іс басқарушысы А.Г.Статенин, Қазақ ССР Министрлер Кеңе-
сінің шаруашылық басқармасының бастығы А.В.Лысый, ар-
найы дивизион бастығы М.И.Акуевтар еді. Сондай-ақ, Бірінші
хатшының келесі бір көмекшісі В.В.Владимиров, Мемлекеттік
Қауіпсіздік комитетінің жеке күзет бастығы А.И.Горяйнов пар-
тия қатарынан шығарылды.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хат-
шысы болып Н.А.Назарбаев сайланды.
Қазір ойлап қарасам, Қазақстанда орын алған тəртіпсіздік-
тің басты салдары тіпті де ұлтшылдық емес еді, дегенмен,
оның да орны бар десек те, ең бастысы – интриганың белең
алуы болатын. Ал оның жібінің бір ұшы Алматыда ғана емес,
Мəскеуде жатқан еді. Ал ұлтшылдық дегеніміз – КСРО-ны
құрту ісіндегі алмастырғыш карта жəне кеңестік күшке қарсы
қолданыстағы қару болды.
Р.S.
Желтоқсан оқиғасында орталықтың эмиссары болған
Соломенцев не болса да ашығын айтып, Желтоқсан көте-
рілісінің ұлтшылдық емес екендігін мойындапты. Əйтсе
де, оның қазақ халқы туралы сол кездегі кездесулерде айт-
қан ұшқары сөзін ақтай алмаймыз.
ЙЕМЕНДЕ ҚАЗА ТАПҚАН
ҚАЗАҚ ДИПЛОМАТЫ
2005 жылы қаңтар айының 20-сында Исламабадта Қазақ-
стан Республикасының Пəкістан Ислам Республикасындағы
елшісінің кеңесшісі Сапарғали Əубəкіров басынан тиген оқ-
тан ауруханада қаза тапты. Бұл оқиға əлемдік ақпарат құралда-
рының назарына іліккенімен, оны бұқара халық қатардағы
қылмыстық оқиға деп қабылдады. Пəкістанның сыртқы жəне
ішкі саясаты, соның ішінде дін мəселелерімен шұғылданатын
қазақ дипломатының кездейсоқ қазасы түрлі ойларға жетелейді.
Тəуелсіз еліміздің дипломатының мезгілсіз қазасы туралы
сол тұста БАҚ-тарда ашық жазылған жоқ. Ол туралы мəлімет-
тер де болған емес.
Есесіне кешегі ортақ Отанымыз алдында мемлекеттік кə-
сіби борышын ерлікпен орындау кезінде қаза тауып, диплома-
тия тарихында есімі алтын əріппен жазылған келесі бір қан-
дасымыз туралы мəліметке қанық болдық. Йемен Халық Рес-
публикасындағы КСРО елшілігінің 2-ші хатшысы Самат Сі-
лəмбекұлы Сүндетбаевтың 1967 жылы 11 желтоқсанда осы ел-
дегі Азамат соғысы кезінде қарақшылардың қолынан ерлікпен
қаза тапқаны жөнінде КСРО Сыртқы істер министрлігі ғима-
ратына ілінген (қазіргі Ресей) ескерткіш тақтаға: «Вечная па-
мять советским дипломатам, сотрудникам Министерства Ино-
странных дел СССР, погибшим при исполнении служебных
обязанностей» деп Самат Сүндетбаевтың есімі ойылып жа-
зылыпты.
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамедтен (с.ғ.с.) қалған «Құдай
тағаланың адамдар арасында досы, жаратқандары арасында
сүйгені болады» деген хадис бар. Пайғамбар сүннетіне берік
болған бабаларымыз үшін барлық нəрсе киелі. Аллаһтың ал-
қауында болып, жүрек қалауымен туған топырағында жер бе-
сікке бөленген Самат ағамыздың денесі Алматыдағы Райым-
бек батыр даңғылындағы ескі қорымда жерленген.
Қазақстан мұрағаттарында Самат ағамыз туралы деректер
сақталмапты. Əйтсе де оны елімізде танитындар табылып жат-
ты. Солардың бірі – Қайыр Омаров. Кезінде КСРО-ның Моңғо-
лиядағы елшілігінде жауапты қызметтер атқарған Қайыр Рах-
метжанұлы Самат ағамыздың өмірдегі сыралғы досы болып
шықты. Осы тұста сəл шегініс жасап, кезінде «Қазақстанда
дипломатия мектебі болған жоқ» деген орталықтың оспадар
көзқарасына бірқыдыру шолу жасасақ, мəселенің мəнісі одан
əрі ашыла түсер еді.
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ дипломатиясының қазір
жаңа дəуірі басталды. Бүгінгі қол жеткен табысымыздың баста-
уында Абылайхан заманынан басталған дала дипломатиясы-
ның сан қырлы тəжірибесінің тағлымы тұр. Рас, кеңес өкі-
метінің тұсында қазақ дипломаттарының үлкен бір шоғыры
өсіп шықты.
Нəзір Төреқұловты айтпағанда өткен ғасырдың жиырма-
сыншы жылдарының соңында Монғолияға Кеңес делегация-
сын басқарып барып, тарихи миссияны атқарған Тұрар Рыс-
құловтың тұлғасы отандық елшілердің арасында қашанда да-
ра тұрады. Қазіргі Монғол елінің астанасын Ұлан-Батор деп
атауға Тұрар Рысқұловтың ұсыныс жасағанын дипломаттың
ірі ерлігіне қалай жатқызбассың.
Қазақ дипломатиясының одан кейінгі өкілдерінен ұзақ уа-
қыт Үндістанда қызмет атқарған Төлеген Тəжібаевты, Судан-
дағы КСРО елшілігінде жауапты қызметте болған Қойшыбай
Баймұратовты, КСРО-ның Венгриядағы елшілігінде түрлі бас-
шылық қызмет істеген Дəстембек Райымбековті, Кореядағы
Ресейдің елшілігінде қызмет атқарған Аманкелді Ергебаевты,
Нигериядағы Рашид Рақымбеков пен Гвинеядағы Тимур Есен-
алиевті ерекше ілтипатпен атап өтуге болады. Бұл тізімді 35
жыл дипломатиялық салада қызмет атқарған КСРО Сыртқы іс-
тер министрлігінің Орталық аппаратында, екі рет КСРО-ның
Индонезиядағы елшілігінде, Одан соң Иран мен Алжир елші-
ліктерінде, СОКП Орталық Комитетінде жауапты қызметтерде
болған Ыбырайым Аманғалиевпен жалғастырсақ, қазақ дипло-
маттарының көкжиегі одан сайын жарқырай түсер еді.
КСРО-ның Мали Республикасындағы одан кейін Марокко
корольдігіндегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Мəлік Фазылов
СОКП Орталық комитетінің Саяси бюросында мақұлданған
тұңғыш қазақ дипломаты.
Қазақ дипломатиясының ақыл-ой парасатына халықаралық
қауымдастықтар да жүгінуде. Бүгінгі таңда Айдар Шаяхметов
Біріккен Ұлттар Ұйымының қабырғасында ширек ғасырдан
астам қызмет атқарып келе жатса, Ержан Біртанов Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымында жауапты қызмет
атқарып жүр. Жоғарыда келтірілген мысалдардың бəрі КСРО
тұсындағы қазақ дипломаттарының қол жүргізген жетістіктері.
Бұдан шығатын қорытынды: бүгінгі шенеуніктерді ертең –
елшіліктерден, ал, елшілерді – мемлекеттің тұтқалы орында-
рынан көріп қалуымыз. Жалпы, елшілік, бір жағынан, бас-
шылық құрамын керек кезінде қайта толықтырып отыратын
өмір сынынан өткен резерв көзі екені де бүгінгі мысалдан
дəлелденіп отыр. Жоғарыда есімдері аталған дипломаттардың
басым көпшілігі партиялық қызметтерде ысылған тəжірибелі
мамандар болатын.
Самат Сүндетбаев ағамыз да 1963–1964 жылдары ҚКП Ор-
талық комитетінің жеңіл тамақ өнеркəсібі жəне сауда бөлімі
меңгерушісінің орынбасары қызметінен КСРО Сыртқы істер
министрлігінің Мəскеудегі Жоғары дипломатиясына оқуға жі-
берілген партия қызметкері еді.
Өткен ғасырдың 50–60 жылдарында отаршылдық коло-
ниализм жүйесі құлап, оның орнына жүздеген тəуелсіз мем-
лекеттер бас көтерді. Бұл шақ экономикалық бақталас, идео-
логиялық теке тірес, «екі қошқардың басы бір қазанға сый-
майтын» капитализм мен социализмнің бірін-бірі қырып жой-
май бітпейтін күрес кезеңі еді. Осы кезде жаңадан тəуелсізді-
гін жариялаған елдерге қол ұшын берген, олармен жан-жақты
қарым-қатынасын жолға қоюға Кеңес Үкіметі славян текті аза-
маттармен бірге, өзге республикалардан да дипломатия сала-
сына кадрлар дайындауға саяси бағыт алған болатын. Пар-
тиялық шақырумен Жоғары дипломатия мектебін жақсы бі-
тірген Самат Сілəмбекұлы алғашқыда Мысырға практикалық
жұмысқа жіберіліп, артынан Йемен халық Республикасында-
ғы Кеңес елшілігінің 2-ші хатшысы қызметіне тағайындалады.
Бұл кезең Йеменде тайпа аралық азаматтық соғыстың белең
алған кезі-тін.
Жалпы, Йемен ұзақ уақыт екіге бөлініп келді. 1517 жылы
Йемен Түрік империясының билігінде болды. Солтүстік Йемен
Түрік билігінде 1924 жылға дейін болып келсе, Оңтүстік Йе-
мен 1839 жылы Ұлыбританияның колониясына айналып, 1967
жылы ғана өз тəуелсіздігін алды. 1990 жылы екі ел біртұтас
Йемен Республикасы болып бірікті. Араға төрт жыл салып,
1994 жылы Оңтүстік пен Солтүстік арасында бітіспес азамат-
тық соғыс басталды. Содан бері бұл елдің басынан бұлт кет-
педі. Оған халықаралық империализм мен арабтардың реак-
циялық күштерінің де ықпалы зор болды. Сыртқы күштер Оң-
түстік Йеменде социализмнің құрылуына жол бермеуге талас-
са, Солтүстікте революцияның классикалық үлгісі бой көтер-
ді. Халықтың төменгі буыны қазіргі жағдайда өмір сүруге бол-
майтынын ашық білдірсе, билік буындары дағдарыстан қалай
шығудың жолдарын білмей аласұрды. Сондықтан Кеңес үкі-
меті Солтүстік Йеменге қол ұшын беріп, биліктегі реакциялық
Салех режимін құлату арқылы, Араб жарты аралында социа-
лизмнің форпосын құруға бар күшін жұмылдырды. Əрине,
бұл істер дипломатиялық корпустың тегеурінімен жүргізілді.
Бір елдің ортақ ымыраға келіп тұрып, бітімгершілікке келмеуі
билікке таласудан туындап келді. Оның үстіне аймақта бір
өзі билік жасап, флагмаға айналуды көздеген Сауд Арабиясы-
на біртұтас күшті Йеменнің қажеті болмады. Сондықтан Сауд
Арабиясы құпия түрде екі Йеменге америкалық қару-жарақтар
сатып, сыртынан бақылау саясатын жүргізуді көздеді. Ғасыр-
лар бойы тайпалық, діни араздықпен басы бірікпей келген ай-
мақта жаңа радикальды саясаткерлер бас көтеріп, олар ұлттық
қайта өрлеу мен жалпыарабтық ұлшылдық ауанын қоздыру
ұранын көтерді. Ұлтшыл радикальды саясаткерлердің соңын-
да Сауд Арабиясының, Ливияның, Ирактың, Египеттің мүд-
делері тұрды. Олар саясаткерлерге қаржылай көмек көрсетті.
Мұның түпкі астарында кеңес өкіметі мен американдық би-
ліктің бақталастығы жатты.
Кеңестер Одағына Солтүстік пен Оңтүстік Йеменнің соғы-
сы абырой əкелмейтін. Екі жақтың да əскерлері кеңес қару-
жарағымен жарақтандырылған болатын. Талаптардың екеуін-
де де кеңес əскери кеңесшілері қызмет ететін. Əйтсе де кеңес
өкіметі Оңтүстік Йеменге басымдық беретін. Ал Солтүстік
Йеменге Сауд Арабиясынан басқа бүкіл Араб жартыаралы,
АҚШ, НАТО блогының бүйрегі бұратын.
Бөліп алып билеуді көксеген шетел империализмінің бір
ұлтты бір-біріне айдап салу саясаты бітіспес жаулыққа айна-
лып, аймақта толассыз соғыс өрті тұтанып жатты. Кеңес дип-
ломаттары өз отбасыларын Мəскеуге шұғыл көшіруге жұмыл-
дыру кезінде оқ пен оттың ортасында қалды. Сондай-ақ, бір
сұрапыл сəтте кеңес дипломаты Самат Сүндетбаев қапыда қа-
за тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Призидиумының Жарлығы-
мен кеңес дипломаты Самат Сүндетбаев «Құрмет белгісі» ор-
денімен марапатталды.
Кəсіби міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза болған Самат
Сүндетбаев кім еді?
Ол – 1929 жылы 24 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы,
Шыңғыстау ауданы, Қаражартас ауылында дүниеге келіпті. Əке-
сі Ұлы Отан соғысында қаза тауып, 13 жасында жетім қалған ол
1947 жылы Семейдегі Затон мектебін, 1950 жылы сауда техни-
кумын бітірген. 1954 жылы Ленинград Сауда-экономика инс-
титутына түсіп, оны үздік бітірген соң, 1954–1958 жылдары
Гурьев, Ақтөбе қалаларында облыстық сауда басқармасының
бастығы, 1960–63 жылдары Қазақ ССР-інің Сауда министр-
лігінде бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1963–64 жылдары Қа-
зақстан Компартиясы Орталық комитетінде жауапты қызмет-
тер атқарыпты. Самат ағамызды танитын достарының бірі, дип-
ломат Қайыр Омаров оны өмірге аса құштар, қазақ мəдениеті
мен өнерінің ірі білгірі, епшіл емес көпшіл, кекшіл емес көпшіл
азамат еді дейді.
Бұл күндері асыл азаматтың туған жерінде оның есіміне
көше берілген. Семей қаласындағы сауда техникумының қа-
бырғасына ескерткіш тақта қойылып, мұражай ашылыпты.
Самат ағамыздың өмірлік жолдасы Мария Исқалиева да қа-
зақ қыздарының арасынан шыққан зиялылар тобынан санала-
ды. Оның ширек ғасырдан астам уақыт Мəскеуде КСРО Жо-
ғарғы Кеңесі Президиумында жауапты қызмет атқаруының өзі
көп нəрсені ұқтырса керек. Бірнеше кітаптардың авторы, аудар-
машы, Мария апамыз қазір де қоғам өмірінен тыс қалмаған.
Əке салған даңғыл жолды қызы Данелия жалғастырып келеді.
Қазір ол Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінде жа-
уапты қызмет атқарып жүр.
ҚЫТАЙ МҰНАЙҒА ЗƏРУ МЕ?
Шындығында, Ұлы көршіміз мұнайға зəру ме өзі? Зəрулік
неден туындап отыр? XXІ ғасырға қадам басар тұста барлық
мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып болғаны ма? Міне, мəселе-
нің осы жағына назар аударып, Қытай мұнай өнеркəсібінің ке-
шегісі мен бүгінгі күнгі іс-қимылына шолу жасап көрелік.
Қытай – дүниежүзінде мұнай мен табиғи газдың өмірде бар
екенін дəлелдеп, оны тəжірибеде бірінші болып қолданысқа
енгізген ең алғашқы мемлекет. Алайда, қазіргі заманғы мұнай
өнеркəсібін дамытуды соңғы 50-жылдары ғана қолға алып, қа-
зір əлемдік шарықтау шегіне жетіп отыр.
1949 жылға дейін бүкіл Қытай бойынша 2 ғана шағын мұ-
най көзі игеріліп, ол жылына 120 мың тонна мұнай беріп оты-
рыпты. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін эконо-
микалық қиындықтар мен қажетті техниканың жетіспеушілі-
гіне қарамастан, қиын жағдайда 50 жылдардың басында-ақ,
тағы да 3 мұнай ошағы игерілген. Кейін, бұл 3 мұнай ошағы –
Синьцзяндағы – Қарамай, Ганьсудағы – Юймэнь жəне Цин-
хайдағы – Қайдам əлемдік мұнай алыптарының қатарына
қосылған.
1952 жылы Қытайда Геология министрлігі құрылды. Бұған
дейін шақыру бойынша Қытайдың солтүстік-батыс ауданда-
рының жер қыртысын зерттеген кеңестік мамандар толық бар-
лау жұмыстарын бітірмей-ақ, Қытай елі мұнайға мардымсыз
деген қорытынды шығарылды. Геология министрлігі іле-шала
бүкіл ел бойынша стратегиялық маңызы зор шикізат көздері
бар-ау деген аймақтарға кең көлемді барлау жұмыстарын
жүргізіп, қорытындысында кеңестік мамандар мен Батыс əле-
мінің өтірігін шығарды.
1953 жылы Қытай Халық Республикасының төрағасы Мао
Цзедун жəне Премьер-министр Чжау Эньлай геолог-ғалым Ли
Сыгуанды шақырып, елдің табиғи мұнайға деген сұранысы мен
оның болашағына терең зерттеу жасайды. Сол кездің өзінде-ақ,
Қытайдың табиғи газ бен мұнайға орасан зор бай жəне оның
бірнеше мың он жылға жететін қоры бар екендігі айтылады.
Алайда, оны дүние жүзіне жариялап айтуға асықпайды. Сол
асықпаушылық салдары күні бүгінге дейін өз құпиясын ашпай
келеді.
1960 жылдары Дациндегі мұнайды игеру арқасында елді мұ-
най өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етудің жолдары шешілді.
Ал, 1970 жылдары тағы да 11 аймақта мұнай көздері ашылып,
ол тез арада игеріліп жолға қойылды.
Қытайда мұнай мен газды игеру жылдан-жылға артып отыр.
1996 жылы – 156 млн. тонна мұнай игеріліп, ол рекордтық
көрсеткішке жеткен. 1997 жылы да өнім өндіру артып, бүкіл
ел бойынша 165–167 млн. тонна мұнай өндіру жоспарланып,
ол 4,2–4,5 пайызға артқан.
Қытайдың мұнай өнеркəсібі бұл сала бойынша өзге даму-
шы мемлекеттерден əлдеқайда жас. Егер АҚШ пен бұрынғы
Кеңестер Одағында мұнай өндірісіне 150 жыл толса, Қытайда-
ғы ең алғашқы мұнай көзінің игерілгеніне бар жоғы 60 жыл
ғана толып отыр.
Қазіргі таңда АҚШ-та 2,68 млн. скважина бұрғыланса, оның
580 мыңы жұмыс істеп, халықтың жартысының ғана сұра-
нысын қанағаттандырып отыр. Ал Қытайда 160 млн. скважи-
на бұрғыланып, оның 75 мыңынан мұнай алынуда.
Мұнай жəне табиғи газ өнімдері энергия, отын көздері ға-
на емес, ол шикізат ретінде Қытай халық шаруашылығының
барлық саласында пайдаланылуда. Этилен өндірісі үшін 100 па-
йыз, пластмасса үшін – 72 пайыз, синтетикалық жіп өндірісі
үшін – 21 пайыз, азоттық тыңайтқыш үшін – 27 пайыз, син-
тетикалық каучук үшін – 96 пайыз мұнай өнімдері қолданылады.
1996 жылы мұнайдың 90 пайызы, газдың 82 пайызы құр-
лықтан алынды. Қазір бүкіл Қытай бойынша 21 аса үлкен
мұнай-газ қоймасы бар.
Елдің Батыс аймағы (Қазақстанға іргелес аймағы) – Қы-
тайдың негізгі мұнай өндірісінің дамыған нүктесі. Оның аса
жедел қарқынмен игерілгені соншалық батыстағы көршіміз
бізден сескенетін іспетті.
1978 жылдың өзінде құрылықтан 100 млн. тонна мұнай өн-
дірген Қытай мұнайшылары өнім өндіруді 1996 жылы 141 млн.
тонна мұнай, 16,44 млрд. шаршы метр газға арттырып жібер-
ген. Сегізінші бесжылдықта (1991–1995 жылдары) 2,8 млрд. тон-
на мұнайдың, 547,5 млрд. шаршы метр газдық қоры бар екен-
дігі зерттеліп қойылған. Бұл өткен 40 жыл ішіндегі табылып
пайдаланылған газ бен мұнайдың жиынтығын құрайды екен.
Қазір Қытай мұнайшылары теңіз астындағы мол мұнай мен
газға ауыз салып отыр. Тоғызыншы бесжылдықта (1996–2000
жылдар аралығы) əр жыл сайын 14 млн. тонна мұнай, 8–
10 млрд. шаршы метр газ өндіру жоспарланып отыр. Егер са-
лыстырмалы түрде айтсақ, теңізден АҚШ-қа 10 млн. тонна
мұнай өндіру үшін 20 жыл қажет болса, бұрынғы Кеңестер
Одағына – 25 жыл қажет болған екен.
1996 жылдың өзінде теңізден 15 млн. тонна мұнай, 3 млрд.
шаршы метр газ өндірілген. Қазіргі уақытта теңіз түбіндегі
мұнайдың қоры 1,2 млрд. тонна, ал газ – 200 млрд. шаршы метр-
ге жетіп отырған көрінеді. Бұл бір ғана зерттеліп, іске асы-
рылғаны. Əзірше, Қытай мұнайшылары теңіз түбіндегі қара
алтынды игеруге ден қойып отыр. Жазылмаған заң талаптары
бойынша бұл бірінші кезектегі міндеттерге саятын сияқты.
Жалпы, Қытай теңіз мұнайын өндіруді бастаған 14 жыл
ішінде кереметтер дүниесін жасағаны соншалық, əлемдік қа-
уымдастыққа бұл жолдан өтуге 100 жыл қажет болған екен.
Дүние жүзінде халқының саны жөнінен 1-ші орынды алатын
ұлы көршімізге мұнай өнімдері мен оның аса қажеттілігі ке-
рек те болар. Алайда, жанындағы Азия мемлекеттерін қойып,
Еуропаның Араб түбегіне дейінгі аралықта мұнай барлау жұ-
мыстарын жүргізе бастауына қарағанда, олар болашақ қамы-
на бүгіннен қамданып жатыр-ау деп күдік алғандайсың.
Қазіргі таңда Қытай мұнайшылары Перуде, Канадада, Судан-
да, Папуа Жаңа-Гвинеяда мұнай барлау жұмыстарын жүргізуде.
Халықаралық оқшаулауға қарамастан, Қытай Иракпен де
жылына 15 млн. тонна мұнай өндіретін нысанды іске қосуға ке-
лісім жасап отыр.
Ресейдің Шығыс Сібірі мен Қытай арасында газ желісі
құрылысын жүргізу де қолға алынуда. Австралия мен Океа-
ниядағы бай мұнай қорын зерттеу де қытайлықтардың үле-
сіне тиіп отыр.
Қазір Қытай жыл сайын 150 млн. тонна мұнай өндіріп, бү-
кіл дүние жүзінде 5-ші орында келеді. Үстіміздегі жылы ол
көрсеткіш – 200 млн. тоннаға жетпек.
Əлемдік экономикада Қытай алғаш рет экспорт көлемі бо-
йынша бірінші орынға шығып отыр. Қытай ХХІ ғасырда əлем-
дік автомобиль өндірісінің негізгі алаңына айналып, сату са-
ласында АҚШ-ты басып озды.
Теміржол желісін (86 мың шақырым) қарқынды жүргізу ар-
қылы əлемде екінші орынға шықты. Қазір əлемдегі ең шапшаң
теміржол да Қытайда. Жаңа магистральдағы жылдамдық са-
ғатына – 350 шақырымды құрап отыр. Бұл əсіресе, мұнай та-
су саласында айқын басымдыққа ие.
Қытай 2011 жылдан 2015 жылға дейін экономиканың жо-
ғары технологиямен байланысты стратегиялық салаларын да-
мытуға 1,5 трлн. доллар инвестиция салуды ұйғарып отыр.
Бұл салаларға балама энергетика, биотехнология, жаңа буын
ақпараттық технологиялары, жоғары технологиялық құрал-
жабдық өндірісі, заманауи материалдар, балама отынмен жү-
ретін автокөліктер, сондай-ақ, қуат үнемдейтін жəне эколо-
гиялық технологиялар енеді.
Аспанасты елінде экономика əлемдік қаржы дағдарысына
қарамастан қарқынды дамуда. Дəстүрлі қуат көзін пайдала-
ну бүгінгі таңда қоршаған орта мен табиғатқа орасан зор зия-
нын тигізуде. Сондықтан, Қытай үкіметі атом электр станса-
ларын салуды, дамытуды көздеп отыр. Осы мақсатта Қызылорда
облысы, Шиелі ауданында «Иіркөл» жерасты ұңғымалы уран
кенішін игеруде. Кеніштің жобадағы өндірістік қуаты жылына
750 тонна. Алдағы уақытта Қапшағайдағы ойын-сауық қала-
шығын, Мойнақ су электр стансасын, Балқаш жəне Екібас-
тұздағы жылу электр стансасын салуды жоспарлауда. Осы ар-
қылы Қазақстанның энергетикалық блогын қолдарына алу
үшін 3 трлн. қаржы бөліп отыр.
Қытайдың біздің еліміз бойынша 20 ірі компаниясы жəне
орта-ұсағы бар 2 мыңнан аса бірлескен компаниялары жұмыс
істеуде. Сондай-ақ, қаһарлы көршіміздің 4 компаниясы қазіргі
таңда мұнайдың исі шығатын барлық аймақтарға барлау жұ-
мыстарын жүргізіп, өз карталарына түсіріп алуда.
Бүгінгі таңда Қытай мен Қазақстан арасындағы байланыс-
тың дамуында басымдыққа ие бағыттар қалыптасып үлгерді.
Ең алдымен бұл – энергетикалық сектор. Мəселен, Қытайдың
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 19 пайызына иелік етуі олар-
дың іс-жоспарын мобилизациялауға əкеліп соқтыратыны анық.
Қытай өзінің батысындағы іргелес көршілерімен де жоға-
рыдағыдай қарым-қатынасын түзе бастады. Біздің үкіметіміз
Қытай Халық Республикасымен «Ғасыр келісімі» деп аталатын
аса маңызды келісімге қол қойды. Шығыстағы ұлы көршімен
жан-жақты қарым-қатынасты күшейту қазақ елінің мүддесіне
сай келетіндігі де белгілі.
Қытай XXІ ғасырдың «Ұлы ойынында», Каспий жағалауы
аймағындағы аса зор мұнай байлығын пайдалану құқығы үшін
болған күресте – өз жобасын өткізу жолындағы сараптық бай-
қауда сəтті байлам жасады. АҚШ-тың аса ірі ұлттық корпора-
цияларын матап тастап, Батыс Қазақстандағы мұнай кеніш-
теріндегі үш жобаға əу баста-ақ 9 миллиард 500 миллион дол-
лар қаржы бөлген еді. Кезінде сол жобаны дүние жүзінің көп-
теген сарапшылары құптаған болды. Медальдің екі жағы барын
ескерсек, дүниежүзі сарапшылары біздің ішкі мүмкіндігіміз
бен өзге де ескере бермейтін тұстарымызға толық кепілдік бе-
ріп отыр ма? Кім білген?!
Қазақстанның батысынан Қытайдың батыс бөлігіне дейін –
үш мың шақырымға дейін – алып мұнай құбырының құрылы-
сы «Жібек жолының» даңқын жаңғыртып, Қазақстан мұнайын
əлемдік рынокқа шығаруға мүмкіндік беретін бірден-бір жол
көрінді.
Екіжақты уағдаластық шарты бойынша, Қытай жағы құбыр
арқылы жыл сайын 20 миллион тонна мұнай тасымалдауға
міндеттенген болатын. Қытай мұнайының негізін құрап, жы-
лына 20 миллионнан астам мұнай өндіретін елдің Батыс ай-
мағына бар болғаны 20 миллион мұнай беруімізге алып мемле-
кет қанағаттана ма деген сол тұста көкейімізде бір сұрақтың
болғаны рас. Мəселе, міне, осында болса керек. Иə, жыл өт-
кен сайын дүниежүзінде отын-энергетикаға деген сұраныс өсіп
келе жатыр. Ол Азияның барлық аймақтарында ерекше өткір
қойылуда. Десек те, біз экономикамызда стратегиялық маңы-
зы бар ең қажетті шикізат көзінен айрылып, оны өзіміздің
рахатымызға неге тұтынбаймыз? Мəселен, халық шаруашылы-
ғының түрлі салаларына мұнайдан тұтыну бұйымдарын шы-
ғарудан озық тəжірибесі бар Қытай өздеріндегідей алып зауыт-
тар, фабрикалар салуға неге жəрдемдеспейді? Қаржы бір күн-
дік, ал жоғары өндіріс ошақтары мыңжылдық емес пе? Де-
мек, еліміздің озық ойлы экономистері мен мамандары əлемде
мұнай саясатын, əсіресе, Қытай мұнайшыларының дүние жү-
зіндегі іс-қимылын барынша зерттеуі қажет.
XXІ ғасырдың бірінші ширегінде əрбір қытайлық жаппай
көлік мінетін көрінеді. Мінсін, ал ғасыр ортасында біздің ел-
дің əрбір азаматының, тіпті, алды екеуден мінбесіне кім се-
німсіздік білдіреді?
Бүгінгі таңда Атасудан Алашанқайға дейін тартылған құбыр-
дың ұзындығы Қазақстанмен шекарадағы стансада 962,9 ша-
қырымды құрайды. Құбыр 2006 жылы іске қосылған. Осы
құбыр арқылы 2009 жылы 7,7 млн. тонна мұнай айдалса, Аты-
рау-Самара құбыр желісімен осы жылдары 17,5 млн. тонна қара
алтын өткізілген. Алдағы уақытта Атасу-Алашаңқай құбыры
арқылы жылына 10-нан 20 млн. тоннаға дейін мұнай өткізу
жоспарланып отыр. Қытайдың өз қаржысымен салынған Кең-
қияқ – Құмкөл мұнай құбыры бар. Ол – Ақтөбе мен Қызылор-
да облыстарының кен орындарын жалғастырып тұр. Онымен
1,3 миллион тонна мұнай тасымалданбақ.
Қытай үшін табиғи ресурстарға бай Орталық Азия мем-
лекеттерінің экономикасына ену сыртқы саясаттағы маңызды
бағыттың бірі болып табылады. Бұл саясаттағы Қытайдың гео-
саяси шахматтағы жүрістері ұтымды шықты. Ең бастысы, Рес-
ми Бейжің Орталық Азияға қатысты саясатында негізгі 3 мақ-
саты – аймақтағы қауіпсіздік, қуат көздеріне деген тапшылық,
көршілес елдерге саяси ықпалын күшейту арқылы өзінің ай-
мақтық көшбасшылық мəртебесін қалыптастыруды көздейді.
Қытай билігі Орталық Азиядан бөлек, Ауғанстанды да на-
зарынан тыс қалдырған емес. Олардың мүддесі бұл жерде мыс
кенін игерумен сабақтасады. Бұл ретте олар Ауғанстандағы ең
үлкен мыс кенішін игеруге 3,5 млрд. доллар инвестиция салу-
ды көздеп отыр. Тəжікстанға 800 млн. доллардың көлемінде не-
сие мен инвестиция тартса, Түркменстан газын игеруге 3 млрд.
доллардай несие салған. Осы уақытқа дейін Қытай Қазақстан
экономикасына 16 млрд. доллар құйды. Оның 8,9 млрд.-ы ин-
вестициялар болса, 1 млрд. төмен пайыздағы заемдар, ал
6 млрд. жуығы сатып алынған активтерге кеткен шығынды
жабу үшін жіберілген.
Қытай өз шекарасына жақын елдерді қойып, енді қара құр-
лыққа қол сала бастады. Замбия елі қазір ханзулардың тас-
қынының астында қалып отыр.
Африка құрлығы минералды сутегі қоры жөнінен ғаламдық
байлықтың 10 пайызын құрайды. Осыны əріден көріп отырған
Қытай қара құрлыққа экономикалық ықпалын арттыру үшін
ештеңеден тайынбайды. Қазір Қытайдың Африкамен тауарлы
сауда айналымы 100 млрд. доллардан асып отыр. Сөйтіп, Қы-
тай Франция мен АҚШ-тан кейінгі Африканың басты парт-
неріне айналған.
Қазір Қытай экономикасы мен мəдениеті шарықтау шегіне
жетті. Əлеуметтік инфрақұрылым жүйесі ірі өзгеріске түскен.
Күндердің күнінде келісілген шарттарға өмірдің өзі нақты
өзгерістер енгізуі мүмкін. Демек, алдағы уақытта қандай да бір
келісім жасамастан бұрын екі өлшеп, бір кесу деген қағиданы
басшылыққа алған дұрыс. Мұның өзі болашағын мұнайға
қарап түземекші болып отырған Қазақстан үшін маңызы зор
болмақ.
ҚЫЗЫЛ ФУРИЯ
немесе күн көсемнің басын айналдырған
Крупская туралы не білеміз?
Пролетариат көсемі Лениннің серігі, қызыл педагог Крупс-
каяның туғанына биыл 140 жыл, қайтыс болғанына 70 жыл то-
лып отыр. Өзі дүниеге келген күнінен бастап талқаны тау-
сылғанға дейін оның бар өмірі осы уақытқа дейін аса құпия
сақталып келді. Бізге жеткен тарих Лениннің жанында жүрген
кезеңдегі бір үзік сыр ғана болып отыр.
Халық ағарту ісінің сұр кардиналы Надежда Константин-
қызы Крупская 1869 жылы 26 ақпанда Петербург қаласында
дүниеге келіп, 1939 жылы 27 ақпанда Мəскеуде дүние сала-
ды. Педагогика ғылымының докторы, КСРО Ғылым академия-
сының құрметті мүшесі, демократиялық пиғылдағы офицердің
отбасында дүниеге келген Надежда Крупская Петербургтағы
əйелдердің жоғары курсын бітіріп, революциялық істерге ерте
араласады. 1896 жылы тұтқынға алынып, 1898 жылы Уфа гу-
берниясынан Шушенск селосына 3 жылға жер аударылып,
осында жазасын өтеп жүрген Ленинмен танысады. Бұл таныс-
тық оның пролетариат көсемімен өмірінің соңына дейін бірге
болуына жол ашады.
1900–1907 жылдары ол Ленинмен бірге Мюнхенде, Фин-
ляндияда, Женевада эмиграцияда болып, астыртын жағдайда
«Искра», «Пролетарий», «Социал-демократ» газеттерімен бай-
ланыс жасап, мақалалар жазып тұрады. 1917 жылы Кеңес өкі-
метінің орнауымен Крупская Халық ағарту комиссариатының
алқа мүшесі болып сайланып, Луначарский, Покровскийлер-
мен бірге ағарту саласындағы алғашқы декретті жазуға ара-
ласады. «Народное просвещение», «Народный учитель», «На
путях к новой школе», «О наших детях», «Помощь самообра-
зованию», «Красный библиотекарь», «Школа взрослых» жур-
налдарына редакторлық жасайды. Бұлардың бəрі ресми ор-
гандардың жазып қалдырған партиялық қалыптағы, сүзгіден
өткен автобиографиялық өмірбаяны.
Ал шындық, басқа өмірбаян беттерін көрсетеді. Жақында
«Алгаритм-книга» баспасынан жарық көрген «Красная фурия
или как Надежда Крупская отомстила обидчикам» атты тари-
хи триллер кітабын оқығанда біздің танымымызды басқа ойға
жетеледі.
Жалпы, Крупскаялар əулеті өз бастауын Қазан губерния-
сынан алады. Қызыл кекшіл Надежда Крупскаяның ұлы əкесі
Игнатий Каликстович орыс əскерінің офицері, поляк дворян-
дар отбасынан шыққан. Тарих олардың еврейлер отбасынан
шыққандығын да айтады. Ол 1812 жылғы соғыста барлық мал-
мүлкінен айрылған офицер ретінде императордың мейірімді-
лігіне ие болып, өкімет тарапынан зор құрметке бөленеді.
Қазан губерниясында Надежданың əкесі Константин дү-
ниеге келіп, кейін ол бауыры Александрмен бірге Санкт-Пе-
тербургтегі кадеттер корпусына оқуға түседі. Константин оқып
жүріп, масон орденінің резидентурасының картотекасында тір-
келеді жəне оның бұл қадамы кейін қызы Надежданың бола-
шағына жол ашады. Константин 1856 жылы кадет корпусын
бітіріп, Михайлов артиллерия училищесіне қабылданады. 1857
жылы подпоручик шенінде Польшаның Кельц қалашығында
жаяу əскерлер полкында қызмет етеді. Кельцте жүріп болашақ
жары Елизавета Тистровамен танысады. Оның да шыққан тегі
ежелгі неміс ұлтынан болып шығады. Бала өтірік айта алмай-
ды. Надежданың бертін келе жас кезінде еврей балаларымен
бір аулада ойнағанын, оларға деген сағынышын ұмыта алмауы
бойында еврей қанының болғандығын дəлелдейтін сияқты. Кон-
стантин 1868 жылы Елизаветамен бас қосады, бір жылдан ке-
йін Надежда дүниеге келеді.
Екатерина гимназиясын алтын медальмен бітірген Надя
1887 жылы Бестужевтегі əйелдер курсына қабылданады. Бас-
тауыш мектепте сабақ береді. Халықаралық революциялық
ұйымның агенті, еврей Классонның үйінде Ленинмен жасы-
рын кездесіп тұрады. 1895 жылы масон Орденінің агенті На-
деждаға Ленин мен Мартовтың «Ресей жұмысшы табын азат
етушілердің күрес ұйымының» құрылымы туралы зерттеуді
тапсырады. Ол бұл тапсырманы асыра орындайды. Уақыт өте
келе Крупская ауыр сырқатқа ұшырайды. Эндокринологиялық,
көз жəне жүрек ауруларына ұшыраған ол бұдан кейінгі өмірін
ағартушылық жұмыстарға арнайды.
Бірде онымен Мюнхен университетінің кітапханасында
американдық белгісіз бір адам кездесіп, Ресейдегі ағарту,
білім мəселесінің қалай қойылғаны жөнінде əңгіме өткізеді.
Білім ісінің негізі идеологияда жатқандығын айта келіп, бұл
бағытта өзінің қаржылай көмек беретінін, оған жақында ғана
құрылған миссионерлік компанияның қолдау көрсететінін ай-
тады. Өзін қайырымдылық қорының өкілі ретінде таныстыр-
ған Джон Стюарт екеуара болған əңгімені Ленинге жеткізуді
сұрайды. Ресей империясының қоластындағы халықтар мен
орыс халқының білімін көтеру жолында қажетті адамдарды
дайындауға да көмектесеміз дегенді қоса білдіреді. Бұл жө-
нінде Ленинмен болған əңгімеден соң Крупская кез келген
революцияның соңында Американдық қаржылық-өнеркəсіп-
тік топтың тұратынына көз жеткізеді.
І-ші Интернационал масондардың аса құпия ұйымы «Бас
пен сүйек» қоғамын құрғанын, оның құрамында əлемге билік
жүргізуге құмар Пэй, Гарриман, Рокфеллерлер, Дэвидсондар,
Моргандар, Дюпондер тұрғанын Крупская білмейтін болып
шығады. Масондардың бұл құпия Ордені АҚШ-тың, Ұлыбри-
танияның, Францияның, Италияның, Испанияның, Оңтүстік-
Шығыс Азияның билік институттарында зұлымдық идеясын
жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатқанын да білмей-
тін болып шығады. Бұл мақсатқа жету үшін, бұқаралық ақпа-
рат құралдарына иелік ету, баспаларға, саяси партиялар мен
ірі өнеркəсіп кəсіпорындарына қожалық ету қажеттілігі талап
етіледі. Орден иегерлері еврейлердің қолында болады. Стюарт
пен Крупскаяның соңғы құпия кездесуінде американдық оған
Гегельдің философиясын ыждақатпен оқып шығуды өтінеді.
Гегель диалектикасын Крупская неміс тіліндегі түпнұсқасын-
да оқып, «шиеленісті ұйымдастырудың» стратегиясы мен так-
тикасындағы масон Орденінің ықпалын түсінеді (Мұны біз
фашизмнің КСРО-ға жасаған соғысынан көріп білгендей бол-
дық. авт.)
1901 жылы Крупскаяның – Н.Саблина деген лақап атпен
ұлты еврей, революционер Гольдманның жекеменшік баспа-
ханасынан «жұмысшы – əйелдер» деген брошюрасы басылып
шығады. Бұл масон Орденінің ұйымдастыруымен болған сая-
си авантюра еді.
1918 жылы екі бірдей террористік қастандық ұйымдас-
тырылады. Біріншісінде, Петроград чекистерінің басшысы
Урицский өзінің қандасы, ұлты еврей, студент Канечисердің
қолынан қаза тапса, Ленин Михельсон зауытында эсер Кап-
ланның қолынан ауыр жараланады. Алғашқы қастандықтан ке-
йін Крупская Дзержинскиймен əңгімелесу барысында оның
əрбір қаза тапқан большевик үшін 10 000 кепілдікке ұсталған,
орыс ұлтының өкілі атылатынын ескерткенін еске алады. Ле-
нинге қастандық жасамастан бұрын Петроградта өз өтініште-
рі бойынша қабылдау жүргізгенде Каплан деген əйелдің: «Мен
Ресейді одан (Лениннен) құтқарғым келеді, ал Сізді өзіңізге
лайықты емес еркектен азат еткім келеді» дегенін ұзақ уақыт
ұмыта алмайды. Крупскаяның: «Қолыңнан келсе, көрерміз...»
деп Капланды əдемі шығарып салуы, көп ұзамай шындыққа
айналады. Бұл жолы да 10 000 орыс ұлтының өкілдері ату жа-
засына кесіледі.
Кеңестік идеологияның сол тұстағы күн көсемнің ден-
саулығын ойлап, Крупскаяның жадап-жүдеген, арып-азып ке-
туін көрсетуі шамадан тыс əулекі өтірігі еді. Шындығында
оны Лениннің денсаулығы емес, кеңес адамдарының болашақ
тағдырына алаңдағансып, билікке келу жолдары ойландыра-
тын еді. Осы мақсат жолында ол Халық ағарту комиссариа-
тын құрып, бүкіл идеологиялық жұмысты бір қолына шо-
ғырландырады. 1918 жылдан – 1946 жылға дейін қызмет ат-
қарған бұл комиссариатта 15 бөлім болады.
Құрамында Луначарский, Бубнов, Кржижановский, Мен-
жинский, Лурье, Эйхенгольц, Розенфельд, Гершензон сияқты
революциялық істе əбден шыңдалған еврей ұлтының өкілдері
бар комиссариат кеңес өкіметінің бүкіл идеологиясын белгі-
лейді. Бағдарлама негізінен сырттан басқарылып, ол масон
Орденінің бақылауында болады.
Большевиктік Ағарту комиссариатының ең алғашқы дек-
реті – патшалық оқу-ағарту құрылымын таратумен бастала-
ды. Патшалық басқару тұсындағы оқу-ағарту құрылымында
белгілі бір жүйе бар болатын. Мəселен, дайындық тобы, кіші
офицерлер дайындайтын сынып, арнайы жəне көмекші мектеп-
тер, бастауыш сыныптарға мұғалімдер дайындайтын мектеп-
тер, техникалық, жер шаруашылығы, жексенбілік мектептер,
бір-бірінен шалғайда жатқан қазақ ауылдары үшін ашылған
көшпелі мектептер, қайталау мектептері, таукендері, гарни-
зон, болыстық мектептері, кадеттер мектебі, лицей, пансион-
дар, мұсылман халықтарына арналған жəдитшілер мектебі,
қадымшылар мектебі, медресе, халық мектептері жабылып
қалады.
Қолөнер, халықтық училищелер, жоғары бастауыш учили-
щелері, əйелдер училищесі, уездъ, министрлер училищелері
де жабылады. Қолөнер, тігін, кесіп-пішу, коммерциялық оқу
орындары, гимназия, прогимназия, семинариялар түбірінен жо-
йылады. Медициналық, мұғалімдік институттар да жабыла-
ды. Сөйтіп, большевиктер ғасырлар бойы жүйелі түрде жұмыс
істеп келе жатқан құрылымды жойып, халықты қараңғылықта
қалдырады. Есесіне жер-жерлерде еңбек коммунасы, жетім ба-
лалар колониясы, еңбекпен түзеу мекемелері ашылады. Біз,
сырттай мақтаныш тұтатын педагог Макаренко да сондай ең-
бек колонияларының ұйымдастырушыларының бірі болады.
Ұлты еврей, кəсібі чекист Макаренко туралы да бізге жеткен
тарихи шындық айтылмай келді.
Крупская кеңестік мектепті ұйымдастыруда шетелдік педа-
гогтардың еңбегіне сенім артады. Олардың басым көпшілігі
масон Орденінің мүшелері болды. Балаларды 6 жастан 18 жас-
қа дейін мектеп армиясында тəрбиелеп, материалдық құнды-
лықтарды еңбекпен табуға үйретуді басты міндетке айналды-
руды мақсат тұқан олар кейін өз ойларының қате пікір екен-
діктеріне көздері жетеді. Бірақ большевиктер басқа ұсыныс
енгізе алмады. Олардың халық ағарту, үгіт жəне насихат
ісіндегі жұмыстары эпидемияға ұшырайды. Крупская сондай-
ақ идеологиядағы барлық баспа ісін өз бақылауына алып, жо-
ғары оқу орындарына арналған оқулықтарға авторларды өзі
белгілеп отырады. Федерация құрамына кіретін республика-
лардағы беделді басылымдарды ашып, жабуды да өз құзыры-
на қалдырады. Оның зардабы Қазақстандағы өтпелі кезеңде-
гі талас-тартысқа да əсер етеді.
1917 жылы, қос революцияның тұсында қазақ зиялылары,
ұлттық-демократиялық интеллигенция билікке деген өз көз-
қарастарын ашық білдіре бастайды. Қазақ интеллигенциясы
мен мемлекетті құрушы большевиктер екі майданға шығады.
«Ақпан төңкерісі» қазақ халқына қандай түсінікті болса, «Қа-
зан төңкерісі» сондай түсініксіз болды» деп жазды сол кезең-
дер туралы Ахмет Байтұрсынов. Осы кезеңдердегі көптеген
қаулы-қарарлардың идеялық авторларының бірі – Крупская
болғандығы бүгін белгілі болып отыр.
Большевиктер өкімет басына келген бойда шығарған рес-
ми қаулы-қарарлары мен директиваларын қарап отырсақ, бар-
лығы дерлік өз азаматтарына қарсы, оларды саяси тұрғыда
жазалауға бағытталғаны байқалады. Большевиктер өкімет ба-
сына келгеннен соң үш күннен кейін «Баспа туралы» декрет
шығарды. Онда олар өздеріне қарсы мерзімді басылымдардың
бəрін жабуды мақсат етіп қойды. Бұл саяси жазалау шарала-
ры Қазақстанда да көрініс берді. 1918 жылы еліміздің ұлттық
мүддесін қорғайтын бірден-бір басылым «Қазақ» газеті жабыл-
ды. Бұл кезеңде «Қазақ» газеті қазақ оқығандарының халыққа
арнаған сөзі, көзқарасы болды. Онда большевиктер саясаты-
на келіспейтін оны саяси жағынан айыптайтын көптеген ма-
қалалар жарық көріп жатты. Ресейдің саяси аренасындағы
большевиктердің рөлі, олардың өз өкіметін орнату жолында-
ғы əрекеттері ашына баяндалды. Қазақстандағы негізгі саяси
қуғын-сүргіннің басталуына екі құжат «Баспа туралы декрет»
жəне «Контрреволюция мен саботажға қарсы күрес жөніндегі
декрет жобасы» қозғаушы күшке айналды. Бұл қаулылардың
бəрі Халық ағарту комиссариатының дайындауымен шықты.
Ал ол комиссариатқа Крупская басшылық жасады.
Жалпы, Крупская өзіне халықаралық масондардың қойған
талабын жер бесікке жамбасы тигенше дейін адал орындап
шыққан көрінеді. Халық ағарту саласындағы сұр кардинал
атанған оның өлгеннен кейін Йель университетінің профессо-
ры, Орден иегері екендігі жөнінде құпия құжаттар табылған.
Надежда Константинқызы 1939 жылы 27 ақпанда дүниеден
қайтады. Өлерінің алдында ол өзінің денесін əкесінің жанына
қоюды өтініш етеді. Бірақ коммунистер оны орындамай денесін
өртеп, күлін Кремль қабырғасына қоюға шешім қабылдайды.
ХАТТАРМЕН ҚАТТАЛҒАН ТАРИХ
Телефонмен көңіл айту да заңдылыққа
айналып барады
Қазір адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байла-
ныс жасау мəселесін шешетін құралдар барған сайын көбейіп
барады. Интернет пен ұялы телефон байланысы жедел даму
үстінде. Тіпті таудың бір жықпылындағы мал жайылымын-
да отырған малшылардың спутниктік антенна арқылы əлемде
болып жатқан оқиғалардан күнбе-күн хабардар болып оты-
руы үйреншікті жағдайға айналып келеді. Əр қырды жағалай
қонған малшылардың өзі бір-біріне бір тойда, бір жағдайда қа-
тынайтын болып барады.
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Мырзакелді Кемел өзінің
адамзат даналарының айтқан сөздері мен жасаған пайымдау-
ларының негізінде заман аңысын аңдап, адамгершілік қасиет-
терді ту етіп жазған «Өзіме сабақ» атты еңбегінде адамдардың
болашақта өзара қарым-қатынасы, хабар алмасуы жөнінде қы-
зықты деректер келтіреді. Ғалым өз пайымдамасында: «ХХІ
ғасырдың екінші жартысынан бастап адамдардың бір-біріне қа-
тынасуы азаяды, тек сағынысқан кезде көру үшін барады. Зат
іздеу, оны саудалау, сату мен сатып алу немесе өзге келісімдер
интернет арқылы жасалады. Интернет арқылы хат жазысады,
танысады, сөйлеседі, ғашық болады, үйленеді, ажырасады, сот-
тасады, табысады. Электрондық табысу бүгінгідей табысумен
салыстырғанда қолайлы əрі тиімді ғана емес, оны көңілдегідей
алмастыруы да мүмкін» дейді. Рас, техникалық революцияның
соңғы толқындары адамдар арасындағы игі достықты да бір
тетікке матап тастауда.
Қазір Еуропа халқының 95 пайызы төсек-орын, киім-кешек
жудырудың өзін телефон, интернет бойынша тапсырыс беру ар-
қылы жасайды екен. Ұятынан сауабы басым көңіл айтудың
өзін телефонмен сарт еткізіп айту да өмірдің бір заңдылығына
айналып барады. Оған етіміз үйреніп бара жатқаны соншалық,
көрген жерде, көпшілік арасында көңіл айту тұрмысымызға
дендеп алған.
«Осы «өлу» сөзімен хатымды аяқтағым келеді»
Əдебиет тарихында хат жазудың өте тəрбиелі үлгілері бол-
ған. Мəселен, жазушы Вольтер өз достарына 210 мың хат жа-
зыпты. Олардың əрқайсысы жанды əдеби шығармаға арқау
боларлықтай болған. Бернард Шоу да өз достары мен ағайын-
туыстарына 250 мың хат жазған екен. Ал, орыстың аса көр-
некті құқық қорғаушысы, самодержавиенің тұсында Дума де-
путаты болған, сенатор, прокурор, судьялық қызметтер ат-
қарған Александр Кони өз замандастарына хат жазудың озық
үлгілерін қалдырған. Оның сол кездегі интеллигенция өкіл-
дерінің айтыс-тартыстарына арағайындық жасап, достық қо-
лын ұсынуы көп жағдайда ұтымды шығып отырған. Оның
ақыл-кеңестерін «Современниктегі» достары мен қастары
бірдей қабылдағаны соншалық, Конисыз əдеби талас та, талдау
да өткізілмейтін болған. Профессор əрі жазушы ретінде оған
«Орыс хат-хабарының шебері» деген атақ та берілген.
Кони өз өмірінде 6 мың хат жазып, оған 20 мың жауап алып-
ты. Жазылған хаттардың ішінде, қызметтік хаттармен бірге
мемлекеттік қайраткерлердің, ғалымдардың, суретшілердің, ак-
терлердің де хаттары бар. Хаттардың басым көпшілігі жазу-
шылардан келіп түскен екен. Олардың арасынан Иван Тур-
геневтің, Лев Толстойдың, Федор Достоевскийдің, Иван Гон-
чаровтың, Антон Чеховтың, Максим Горькийдің хаттарын оқи-
сыз. Эпистолярлық формада жазылған хаттарды оқи отырып,
тұтас бір ғасырдың өткені мен бүгінгісін еске түсіресіз.
Адам өзі туралы өз биігінен қарап жазады. Олар бір-біріне
қайғысымен емес, өз қуаныштарымен де көмектеседі. Ондай
жандар əрбір таң шапағына өз өмірінің бастауындай, күннің
əрбір батуына оның соңындай қарайды.
Нацистердің азап лагерьлерінде арып-ашып жатқан мұсыл-
мандардың көрген қасіреттеріне ара түскен Мұстафа Шоқай-
дың жалғыз тілегі – «Мұндай азапты көргенше өлу!» болыпты.
Ол əйелі Марияға жазған хатында: «Менен көмек сұрап, үміт
күткен осы бақытсыз бейшараларға ешқандай жəрдем жа-
сай алмағаным үшін жан азабын шегудемін. Мен оларға
көмектесетінімді айтып сөз бердім, алайда бұл əншейін
оларды жұбату ғана. Қолымнан ештеңе келмейтінін біле
тұра жалған сөйлеп жүрмін. Мұндай жағдайға бұдан əрі
шыдай алатын түрім жоқ, өлгенім артық. Кеше 35 адам-
ды ату жазасынан құтқардым, бірақ та қаншаға дейін еке-
ні белгісіз. Оларды бір шұқырға тізіп қойды, қазір қазан
айы, ал олар болса жаздық киімдері мен жартылай жа-
лаңаш, суықтан қорғану үшін, топырақтан пана жасау
үшін қолдарымен жерді қазуда. Оларға итке тастаған
сияқты нан тастайды, су атымен жоқ. Оларға тақтай, бөз
немесе сабан сияқты əйтеуір жылылау, қорған болатын бір
нəрсе берулерін өтініп сұрадым. Бере ме, бермей ме – ол да
белгісіз. Айуаннан да бетер – бұл «мəдени адамдар».
Қаюм хан, менімен бірге əлгі көктемде Ногентке келе-
тін Қаюм хан ше, соның дəл өзі. Мен ол арқылы түркі-
стандық тұтқындардың режимдерін оңайлатуды өтіндім,
немістерден. Ол біреулерге айтты, нəтижесі не болатынын
қайдам. Ондаған километр жол жүріп, лагерьлерді арала-
уым керек. Күшім, дəрменім қалмай барады, рухани жағы-
нан қаншалықты шаршап жүргенімді айтпасам да түсінер-
сің. Менің өлгім келеді. Осы «өлу» сөзімен хатымды аяқ-
тағым келеді», – депті. Міне, ұлттың амандығын ұлықтаған
жан осындай-ақ болар. (Мұстафа Шоқай. Екінші том, 512-бет.
Алматы, «Қайнар» баспасы 1999 ж.)
Хатта адамның жан сырымен бірге мінезі де өрекпіп тұрады.
Тіршілік пайымында ұлтын сүюден өзгені ойламаған Ілияс
Омаровтың əржылдары жазған хатын оқи отырып, тебіренбеу
мүмкін емес.
Жаңадан ғана мəдениет министрі болып тағайындалған Ілияс
аға кабинетіне əлі саяси тұрғыда ақталмаған Темірбек Жүр-
геновтің суретін іліп, Қанабек Байсейітовке қарап: «Е, Қане-
ке, менің министр, сіздің халық əртісі болып жүргеніңіз осы
кісінің арқасы. Темірбек Жүргеновтен кейін біздің қазақ
өнеріне қосқанымыз шамалы» деуі неткен көрегенділік. Оның
дүниеден өтер алдындағы жазған қоштасу хатының өзі ұлтқа
аманат еді.
«...Туған халқымның мəдени өрісі, өскелең жолы жəне
оның ғасырлар бойы сақтаған аса бай мұрасын байла-
ныстыра зерттеу еді. Мен бұл салада көп уақыт əрекет,
қызмет еткенімді еске алғаныммен, ол істердің атқарылу-
ға тиістісінен əлдеқайда аз болғанына өкінемін...» деп бар
арманын халқының болашағымен ұштастырыпты.
Михаил Есенəлиевтің Горбачевқа жазған хаты
Кейде хаттың сол хат иесіне кері əсері тиіп, оның өмірлік
ұстанымына оңдырмастай соққы болып тиіп жататынын жа-
сыра алмаймыз. Белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Ми-
хаил Есенəлиевтің КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы,
КСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының төрағасы М.Горбачев-
қа жазған хаты өзіне үлкен сенімсіздік тудырды. Осы хаттан
соң, сол тұстағы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің
бірінші хатшысы Колбинмен екеуара ашық майдан басталып
кеткен. Михаил Есенəлиев бірінші хатшымен бетпе-бет кезде-
скен кезінде хат мəтінінен бас тартпай: «...бұл дүниеде мəңгілік
ешнəрсе жоқ, ерте ме, кеш пе, бəріміз де кетеміз, сіз де кетесіз,
мен де кетемін, бірақ халық, ұлт қалады. Мен ОК-ке осы тура-
лы жаздым, меніңше, бұл біздің ортақ мүддеміз, ал сіз болсаңыз
бекерден-бекер ренжисіз», – деп оны ақылға шақырған.
Есенəлиевтің Горбачевқа жазған хаты нендей мəселені кө-
теріп еді? Кезінде қарапайым оқырманға жетпеген хаттың то-
лық мəтінін сол күйінде берсек, ұлт қайраткерінің не үшін кү-
рескені ашыла түсер еді.
«Аса құрметті Михаил Сергеевич!
Өзімнің азаматтық жəне партиялық борышымды өтей
отырып, өзекті бір мəселе жөнінде сізге арнайы ұсыныс
енгізуді жөн көрдім.
Одақтас республикалар Жоғарғы Кеңестерінің кезекті
сессияларында КСРО Жоғарғы Кеңесіндегідей республика
партия ұйымдары Орталық Комитеттерінің бірінші хат-
шылары сол республика Жоғарғы Кеңестерінің төрағала-
рына сайланбақ.
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес президиумы бұған дейін
белгіленіп берілген құқықпен ғана шектеліп келгенімен
(партия қайта құру жағдайына орай барлық билік кеңес-
терге деген ұранды енді алға тарта бастады ғой), Жоғарғы
Кеңес ұлттық мемлекеттік құрылымды айғақтап, оның тө-
рінде тұрғылықты ұлт өкілі отырушы еді. Қазіргі жағдай
басқаша. Болашақ төраға тек республикада ғана емес, со-
нымен қатар КСРО Жоғарғы Кеңесі басшылығында да өз
республикасының əрі сол республикаға атын беріп отырған
жергілікті ұлттың өкілі ретінде қатысуы керек.
Ата-бабаларынан мұраға қалған жерін, тілін, дəстүрін,
тарихын жəне мəдениетін сақтап келе жатқан ұлттың өз-
ге ұлттық құрылымдарымен бірге республика Жоғарғы
Кеңесінің басында жəне КСРО Жоғарғы Кеңесінің колле-
гиялық басшылығында өз өкілін ұстауы əділдік болар
еді. Ұлт əртүрлі адамдардан құралады. Біреу патриот əрі
белсенді азамат болса, өзге біреулер шектеулі, қоғам өмі-
ріне немқұрайлы қарайтын адамдар. Ал енді ұлт тұтас
əлденеден жапа шегіп жатса, айтылған қарама-қарсы топ-
тағы адамдар өздерінің кемсітілуі мен ұлттық намыстың
аяққа басылуын сезінуге келгенде тұтасып кетері хақ.
Одан соң мұндай жағдайды тудырған адамға сенім мен
сый-құрметтің бола қоюы қиын. Сондықтан алға көз жү-
гірте білетін саясатшылардың парызы – ұлтаралық араз-
дыққа жол бермеу. Өзара жеккөрушілік өрши берсе, ауыр
зардаптарға əкеліп соғуы мүмкін.
30 жылдары Голощекиннің қызыл қырғыны тұсында
əрбір үшінші қазақ қаза тапқан (соғыс кезінде Белорус-
сияда əрбір төртінші тұрғын қаза тапты). Олай болса Қа-
зақстандағы проценттік арасалмақтың қазақтардың пай-
дасына шешілмеуі қазақ əйелдерінің бала таппауынан емес
екенін кейбір қайраткерлердің есінде сақтағаны жөн. Қа-
зақ ұлтының сан жағынан қалпына келуі үшін ғана 50
жыл керек болды. Ал бұдан 60 жыл бұрын республиканы
индустрияландырудың басталған кезінде жəне Ұлы Отан
соғысы жылдары фашистердің басып алған жерлерінен
келген ағайындарымызды республикаға қабылдағанда да,
соғыстан кейін тың игеру кезінде де қазақтар жағдайдың
осылай болатынын ойлаған да жоқ болатын. КСРО – бір-
тұтас ел, сондықтан, республиканың бар байлығын бір-
лесіп игереміз дейтін «есепші» саясаткерлер кейінгі кезде,
өкінішке қарай, халықтың қайырымдылығы мен жо-
марттығын өзіне қарсы пайдаланып, түпкілікті ұлтқа про-
центтік арасалмақ тұрғысынан қарап, республикадағы
кадр саясатын да сонымен айқындайтын болды. Облыс-
тарда да, астанада да КОКП Орталық Комитеті, Қазақстан
КП Орталық Комитетіне мүше болып жүрген сыңаржақ
саясаткерлер толып жатыр. Олар жағдайдың байыбына
қарап, əуелі істің анығын өздері білуге, одан соң КОКП
Орталық Комитетіне шындықты баяндап отыруға тиіс.
Егер кімде-кім, олай етпесе, онда істің мəнін білмеуінен,
түсінбеуінен емес, қайта құру дұшпандары қатарына ілі-
гіп кетпейін деген əсіре сақтығы мен өз қара басын қор-
ғаштауы ғана.
Осы хатты сізге жолдай отырып, бұл үшін өзімнің жа-
па шегуім де əбден мүмкін екендігін жақсы түсінемін, бі-
рақ жеке басымның мүддесінен қоғамның, партияның,
ұлттың мүддесі əлдеқайда жоғары екеніне көзім толық же-
теді. Сонымен айтпақ ұсынысым мынау: Қазақстан КП
Орталық Комитетінің басшылығы ескерерлігі, республи-
ка Жоғарғы Кеңесі басшылығына өзгерістер енгізілмесін.
КОКП Орталық Комитеті келешекте ақылға қонымды ше-
шім қабылдап, республика партия ұйымы мен Жоғарғы
Кеңес басшылығына коммунист, интернационалист қазақ
тағайындалар деген үміттеміз. Ондай жағдайда қалып-
тасқан ережені бұзудың да, Конституцияға енгізіліп жатқан
толықтыруларды жоққа шығарудың да қажеті болмас еді.
М.Есенəлиев,
1948 жылдан КОКП мүшесі,
25 қараша, 1988 жыл.
Михаил Есенəлиев
«Ақиқатын айтқанда...»
Алматы, «Қазақстан» 1998 ж.
41–43-беттер.
Михаил ағай Хиуаз апаны
Батырлыққа ұсыныпты
Михаил ағай, хатында өзі айтқандай, осыдан соң күйі та-
йып, билік тарапынан теперіш көреді. 1989 жылғы қараша
айында ол шұғыл түрде алдын-ала ескертілместен зейнетке
шығарылады.
1990 жылдың басында Есенəлиев бір топ зиялы азаматтар-
мен бірге қоғамдық-саяси «Азат» азаматтық ұйымын құрады.
Қазақстанның тəуелсіз ел болуы жолындағы бұл ұйымның
белсенділігі бүкіл елге белгілі.
Ұлттың өркендеуі үшін оның өз басшысы болуы керек,
ұлттың танылуы үшін де батыр тұлғалы ұл-қыздары болуы
тиіс деген ұстанымды мұрат еткен Михаил Есенəлиев Хиуаз
Доспанованы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсына оты-
рып, оның əлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы
да ертеректе хат жазыпты.
Ол Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің бас-
шысы О.Əбдікəрімовке жазған хатын былай бастапты:
Құрметті Ореке!
Соғыс ардагері Х.Доспанова туралы Сізге бұдан бұрын
жіберілген хат пен мақалаға қосымша ретінде «АиФ Ка-
захстан» газетінің №36 (09.97), нөмірінде шыққан Х.Доспа-
новаға арналған мақаланы жіберіп отырмын.
Ұлы Отан соғысы Батырының ерлігін лайықты атап
өту мəселесін қайта қарап, оның тұрғын үй мəселесін жақ-
сартуға ықпал етуіңізді өтінемін.
Қария, сырқат адам, өкінішке орай, ол мəселені шешу
менің билігім мен құзырыма жатпайтынын түсінбейді,
алайда маған бұрынғы əріптесі – Орталық комсомол ко-
митетінің хатшысы, астаналық қалалық партия комите-
тінің хатшысы ретінде талап етуін қояр емес. Ол бұл мə-
селесін өз аузымен жеткізу үшін еліміз басшылығының қа-
былдауына жəне басқаларға да кіруге қол жеткізе алмай
жүрген көрінеді.
Менің билік жүйесінің өзгергенін, комсомол мен партия
қазір жоқ екенін айтқанымды қабылдағысы келмейді, ел
басшылығында комсомол мен партия өсірген кадрлардың
тұрғандығын айтудан танбайды.
Сіздің ұмытылып бара жатқан соғыс Батырының тағ-
дырына түсінікпен қарап, белсенді іс-əрекет жасайтыны-
ңызға сенемін.
Құрметпен, М.Есенəлиев.
Көріп отырғанымыздай, Михаил Есенəлиев батыр апамыз-
дың ауыр халі туралы ертерек қоңыраулатыпты. Алайда бұл
хатта көрсетілген мəселе ол кезде шешімін таппаған. Араға он
жыл салып, мəселені шешу Алматы қаласының Əкімі Иман-
ғали Тасмағамбетовке бұйырды.
«Басыңа қайғы-қасірет төнсе де шын сөйле!» Қасиетті ха-
дис ілімі бізді осыған тəрбиелейді.
Ұлтқа таза қызмет еткен
қайраткерлердің жан сыры
Халық мүддесін көздеп, қазақ жерінің тұтастығын қорғап
өткен Жұмабек Тəшенов көзі тірісінде-ақ ел аузында аңыз-
ға айналды. Тың өлкесін РСФСР-ға беруге жəне оны орта-
лыққа тура бағындыруға қарсы шықты. 1966 жылдың наурыз
айында КОКП ХХІІІ съезіне, КСРО Жоғарғы Кеңесінің конс-
титуциялық комиссиясына қарсылық білдірген хат жолдан-
ды. «Өз халқымның тағдыры туралы ойлар» деген атпен жі-
берілген он төрт беттік хатқа халық тағдыры мен жеке бас-
тарының тағдырын ажыратпаған қайраткерлер Ж.Тəшенев,
Н.Алдабергенов, С.Кенжебаев жəне Ə.Қанафин қол қойды.
Олар осы ерліктері арқылы қазақ елінің тұтастығы мен бар
байлығын қорғап қалды.
Жалпы, кісілікте адамның ұлылығы оның өзіне деген се-
німділігінің дəрежесімен емес, оған сенген адамдардың са-
нымен өлшенеді.
Егер құрбандық шалу арқылы өз даңққұмарлығының кө-
ңілін табуды ғана ойласа, онда ол адамды өз құрбандығымен
бірге қоса қарғыс атады. Ал өзіне-өзі ие бола алмайтын адам
шырқыраған шындықты да жарытып айта алмайды. Кез кел-
ген патриот адам ең алдымен өз ұлтын сүйеді, кез келген адал
адам ең алдымен өз халқының аман болуының қамын жейді.
Жұмабек Тəшенев осы үдеден танылған қайраткер еді.
«Жаман атақпен өмір сүру жақсы атақпен өмір сүруден
жеңіл, себебі жақсы атты сақтау қиын, əрдайым жоғары дең-
гейде болуы керек – кез келген қателесу не сүріну қылмыс жа-
сағанмен бірдей. Жаман атағы бар жанның қателіктері кеші-
рімді», – депті А.Камю.
Ел тарихында қиын-қыстау кезеңде басшылық қызмет ат-
қарып, қарызы мен парызын адал атқарған ұлт қайраткерлері-
нің бірі – Нұртас Оңдасынов еді. Қазақ тарихында есімі алтын
əріппен жазылуға тиіс мемлекет қайраткерінің соңында өнеге-
лі сөз етерліктей үш анығы қалды. Оның:
«Біріншіден, қанша жыл қолымда билік болса да, біреуден
бір тиын да пара алмадым – қолым таза!
Екіншіден, нақақтан-нақақ жала жауып, қиянатқа барған
емеспін, 1937–1938 жылдың қаралы күндерінде «үштіктің» бі-
рі болып, біреудің сыртынан қол қойып, яғни, ешкімнің қа-
нын мойныма артқаным жоқ – арым таза!
Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген де, тіптен,
ешкімнің əрқашан жүзін сұраған да емеспін – жүзім таза!» –
деуі шындықтың шырайын келтіріп отырған жоқ па?!
Ұлтқа таза қызмет етуден басқаны ойламаған қайраткердің
асыра сілтеудің кезінде көкейінде жасырып ұстаған сырын да
бертін келе аша түсіпті. Ол туралы келесі бір қайраткер Асан-
бай Асқаров өз естелігінде былай дейді: «Ұмытпасам, 1939
жылдың қыркүйек айы еді. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің
төрағасы Нұртас Оңдасыновтың шақыруымен кірсем, Нұрекең
қып-қызыл боп, жалғыз отыр екен. Сəлден кейін маған қарап:
«Құрып кетіппіз ғой, құрып кетіппіз, осы кезге дейін мұндай
ғаламат болмап еді. Барлығы 2 млн. 700 мың қазақ қалыпты...», –
деді. («Халық перзенті», 2002 ж.) Неткен қорқынышты!...
Егер адамдар күндердің күнінде базарға өздерінің барлық
күнəлары мен кемістіктерін алып шығарар болса, əркім көр-
шісінің кемістіктерін көріп, өзінікін қуана-қуана үйіне алып
қайтар еді (Геродот). Адал адам əдетте оған жол бермейді.
Қандай жағдайда болмасын, адал адамның өз қатесін ашық
мойындауға деген талабын ешкім тартып алмас құқы қалаты-
ны айқын. Бірақ Нұртас Дəндібайұлы бұл жерде де ағынан жа-
рылады, өкінішін де жасырмайды:
– «Біріншіден, «Сөз өнері – дертпен тең» деп Абай босқа
айтпаған екен. Мен де дерттімін бұл күнде. Сөз төркінін
іздеу қандай қызық, қандай ғажап, қандай сиқырлы! Тек
өкінерім – жүргелі тұрған пойызға билет алып қойған жо-
лаушыдай қопаңдаймын да отырамын. Уақытымның аз
қалғанына, жасымның тым ұлғайып, бастаған сөздікте-
рімді жалғастыратын шəкірт тəрбиелемегеніме өкінемін.
«Шəкіртсіз ұстаз тұл» деген осындайдан айтылса керек.
Екіншіден, зейнеткерлікке шыққан соң Мəскеуге емес,
Алматыға көшуім керек еді. Елден ұзап, үнемі сағынышта
жүремін, басқа ортаны өгейсимін.
Үшіншіден, əйелім орыс ұлтының өкілі. Өмір бойы
сыйластықта өткен əйелімді ол үшін жазғыра алмаймын.
Өкінерім, балаларымды «жоғалттым» деуіме болады, олар
қазақи рухтан, түсінік-түйсіктен, тəлім-тəрбиеден, салт-
дəстүрден мақұрым қалды. Ол үшін халқымнан кешірім
сұраймын...», дейді.
Адам өмірінің ең сенімді, ең таза қуаныштарына жан тол-
қуынсыз жетіп, ұжданы алдында азап шекпей еске алады деген
осы болса керек.
Өз ойлағаны мен істегенінің бəріне байсалды қарайтын əр-
бір адам – əулие.
Кейде адамның көңіл күйі əралуан болуы мүмкін, бірақ
оның жаны біреу-ақ, ол – жанын елеулі түрде өз шығармасын-
да пайдаланып жатады.
Ақынға Елбасының өзі
жауап жазуды парыз санады
Қазақстан халық жазушысы Тұрсынхан Əбдірахманқызы-
ның еліміз Президентіне жазған хаты да жауапсыз қалмаған.
Елбасымыз қат-қабат мемлекеттік жұмыстардың арасында уа-
қыт тауып, ақын апамызға өз қолымен жауап жазуды парызы
санапты.
Құрметті Тұрсынхан Əбдірахманқызы!
Сіздің мен туралы жазған поэмаңызды «Қазақ əдебие-
ті» бетінен оқыдым. Менің өмір жолыма үңіліп, зерттеп
өлеңмен өнерлеп айтқаныңызға көп рахметімді айтқым
келеді.
Шынымды айтсам, мадақ пен теңеулерге қарсымын.
Мен қазақтың бірімін. Тағдыр мен халқым қиын-қыстау
кезеңде осындай жауапты істі маған тапсырды. Сол тап-
сырманы адал орындап, халықтың ойынан шықсам – ар-
маным сол.
Əрине, бұл қызмет оңай емес. Күндіз күлдірмейді, түнде
ұйықтатпайды. Барлық шешім маған келіп тіреледі. Бар
ауырлық та, жалғыздық та, міне, осында.
Сондықтан түсінгеніңіз үшін ризамын. Аман-сау болы-
ңыз. Ұзақ ғұмыр, көп табыстар тілеймін.
Н.Назарбаев ІІ/ІІІ 2003 ж.
(«Сырлы əлем» Алматы,
«Атамұра» баспасы 2004 ж.
315-бет.)
Адамның өмірі адамзаттың жалпы өмірімен өте тығыз бай-
ланыстан тұрады. Себебі жаратылғанның бəрі келісіммен һəм
бірлікпен байланысқан. Ал дана жан өлімнен қорықпайды,
өйткені адамның көзінің тірісінде өлім одан алыс, ал өлген соң
адамның өзі өлімнен алыс.
Өмірінің соңын қалай түйіндерін білмей, көзінің тірісінде
барлық шығармаларын қорытып, шығаруды көздеген Тұрсын-
хан апай мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрі
Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға хат жазып, өзінің бір үрім-бұ-
тақтан бір өзі ғана қалғанын, соңында іздестірер мұрагері жоқ
адам екендігін айтып, шығармаларын бес том етіп шығарып
беруді өтініпті.
Өмірдің ең үлкен трагедиясы адамдардың ажалдығында емес,
олардың сүйе алмайтындығында жатса керек. Өмірді шын
сүйген адам ғана болашағына алаңдайды. Бұл ретте Тұрсынхан
апамыздың жан тебіренісін ұғуға болады.
Жалпы, өзіне «Не үшін өмір сүру керек?» деген сұраққа
жауап берген адам, «Қалай өмір сүру керек?» деген сұраққа
қайтарылатын жауаптың кез-келгеніне дерлік шыдай алады», –
депті Ф.Ницше.
Ұлттың ұлы мұратын ұлықтауды ең басты парызы санай-
тын мемлекетшіл қайраткер Мұхтар Құл-Мұхаммед Тұрсынхан
апайдың хатына байыппен, жанды жадыратар көңілмен жа-
уап қатыпты:
Құрметті Тұрсынхан апа!
Хатыңызды алдым. Бес томдыққа алаң болмаңыз.
Негізінде қазір шығып жатқан көптомдықтар (Əбіш, Мұх-
тар, Қадыр, Тұманбай, Дүкенбай, т.б.) түгелдей жекеменшік
баспалардың өз қаржысына шығарылып жатыр. Бұларға
министрліктің қатысы жоқ.
Бірақ Сіздің орныңыз бөлек. Қаржысын да, қағазын
да тауып, 2 жыл ішінде шығарып береміз. Бұл шешілген
мəселе деп есептеңіз. Əрине, бұл хабарды Сізге ресми жа-
уап ретінде хабарлауға болатын еді. Қолға қалам алдырып
отырған жай хатыңыздың соңғы бөлігі...
Қара орман халқыңыз, қаптаған оқырмандарыңыз, ізба-
сар інілеріңіз бен бауырмал туыстарыңыз бар, Сіз қалай
жалғыз боласыз. Сондықтан жалғыздық туралы əңгімеге
көп орала бермеңіз. Мұндай жаныңды жегідей жейтін ой-
дың творчествоға ғана емес, денсаулыққа да тигізетін əсері
аз болмайды. Сондықтан жиі-жиі елге шығып, оқырман ор-
тасына барып, кездесулер өткізіп, серпіліп, сілкініп тұр-
ғаныңыз жөн.
Ардақты апа! Мəңгілік өмір ешкімнің маңдайына жа-
зылмаған ғой. Ерте ме, кеш пе, бəріміз де баратын жеріміз
сол жақ емес пе? Тағдырдың жазуы болған күнде де ар-
тыңызда бір қауым ел, жанашыр бауырларыңыз аз емес
қой. Жалғыз апамызды дұрыстап жөнелте алмайтын-
дай бəріміз боркемік болып кетпеген шығармыз. Жаман
бауырларыңыздың, министр болмаса да қазақтың қызда-
ры арасынан шыққан тұңғыш Халық жазушысы атына
сай қадір-құрметімен шығарып салуға шамасы жететініне
күмəніңіз жоқ шығар деймін. Сондықтан бұл мəселеге де
алаңдағаныңызды қойыңыз.
Кеңес сұрапсыз. Кеңесім біреу-ақ: творить ибо это и есть
высшее счастье, которое не надо всем простым смертным.
Мне кажется, это имели в виду древние мудрецы, когда го-
ворили о вечной жизни, ведь, именно в творчестве продол-
жается вечная, долгая и победоносная жизнь настоящего
Творца. Вы как прекрасный поэт и выдающийся ученый –
олицетворение того самого настоящего Творца, чья жизнь
обречена на вечное существование и истории родного наро-
да и в сердцах своих благодарных читателей.
Аман-сау болыңыз. Тек жақсылықта, қуанышта жүз-
десейік.
Құрметпен – ініңіз Мұхтар Құл-Мұхаммед.
(«Сырлы əлем» Алматы. «Атамұра» баспасы 2004 ж.
317-бет.)
Өмірді кім дұрыс сүре алды? Кім оның жартысын арман-
даумен, əңгімелесумен, сүйіспеншілік азабымен, уақытты ысы-
рап етумен жоғалтпады? Ал жоғарыдағы хаттар осылардың
бəріне нақты жауап болып табылады.
Хатқа тəрбиелік мəн беріп, оны мектеп бағдарламасына ен-
гізіп, оқытудың да тəжірибесі бар. Мəселен, ағылшынның бел-
гілі қоғам қайраткері, лорд Филип Честерфилдтің өзінің ұлы
Стенепке жазған «Ұлыма хат» деген кітабы Батыс қоғамында
үлкен сұранысқа ие болған. Бас-аяғы 420 хаттан тұратын ең-
бекке 89 хат іріктеп алынып, 1774 жылы жеке кітап болып ба-
сылып шыққан. Содан бері ол кітап əлемнің бірнеше жетекші
тілдеріне аударылып, 30 рет қайта бастырылған.
Ағылшын қайраткерінің ізімен қазақ қаламгері профес-
сор Немат Келімбетовтің «Ұлыма хат» жəне қоғам қайраткері,
дəрігер Амантай Біртановтың 12 хаттан тұратын «Ұрпағыма
хат» эссесінің түп қазығы тəрбие ауанынан тұрады.
Бізге табиғат берген өмір жолы өте қысқа. Ал жақсы өт-
кізілген өмір туралы естелік мəңгілік. Авторлар өз ұрпағына
осы өсиетті аманат етіп ұсынған.
10 – Қуаныш Мəкіров. Е.Ж.Айша.
ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА
ҚАТЫСҚАН ҚАЗАҚ
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ
«Мен тарихқа ештеңені де жасырмаймын» деп эпиграф
жазар едім. Ол ол ма, тіпті өтірік айтпау керек, өтірік айт-
қанша, үндемеуге тырыс дер едім»
Л.Н.ТОЛСТОЙ
Француз философы Жан-Жак Руссоның «Адам ерікті бо-
лып туғанымен, бірақ қайда жүрсе де шынжырлауы болады»
деген сөзі адам құқығы мен азаматтығы Декларациясында өз
өміршеңдігін көрсетіп берді. Революция адамды осы шынжыр-
дан босатпақшы болды, бірақ көп ұзамай ескінің орнына жаңа
шынжыр пайда болды.
Иə, ол ұзақ қатаң уақыт бақылауда болды, сондықтан, үн-
демеді. Үндеуге хақысы болса да, бастапқыда берген əскери
антынан аттап кете алмады. Сол антына өмірінің соңына дейін
берік болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қауіпті қаруы
туралы да, оның салдарының неге апарып соқтыратынын да
айтпады. Оны одан ешкім сұрап мазасын алмады. Себебі, ол
туралы адам баласы білмейтін. Қайсар тұлғаны танып біл-
гендердің өзі ең қуанышты күндердің өзінде үнсіз қалды.
Сөйтіп, айтулы ғалымның осыдан бір жыл бұрын 100 жасқа
толған күні де ескерілмеді.
«Игіліктің ертесі мен кеші жоқ» демекші, біз сол өкініш-
тің орнын толтыруға тырыстық. Бүгінгі əңгімеміздің кейіпкері
КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының оперативтік қыз-
меткері, КСРО-ның Қытай, Египет, Иран, Үндістан елдеріндегі
елшіліктерінде əскери атташе жəне арнайы кеңесші, антигит-
лерлік Одақтастар үкіметі басшыларының Тегеран конферен-
циясына (1943 ж.) қатысқан, əскери медицина қызметінің пол-
ковнигі Қуаныш Аманбайұлы Мəкіров еді.
Қуаныш Мəкіров 1910 жылы 15 маусымда Ақтөбе облы-
сының Қобда ауданына қарасты №1 ауылында дүниеге кел-
ген. Бұғанасы қатая қоймаған ол ата-анадан жастайынан жетім
қалып, 13 жасында шопанның көмекшісі болып еңбек етіпті.
1930 жылы жұмысшы жастар мектебін бітіріп, Қызылордада-
ғы Халық ағарту институтына оқуға түседі. Оқып жүріп,
комсомол-жастардың қоғамдық жұмысына белсене араласқан
оны қалалық комсомол ұйымы Мəскеудің №1 Медициналық
институтына оқуға жібереді. Ол бұл оқу орнында да өзінің
белсенділігімен танылып, үлгілі атанады. 1934 жылдары Қы-
зыл Армияның қайта құрылымдауы кезінде оның қатарын жас
мамандармен толықтыру мақсатында Үкімет он мыңдаған жас-
тарды комсомолдық жолдамамен əртүрлі əскери оқу орында-
рына шақыру науқанын жүргізеді.
Саяси маңызы зор осы шақырумен Қуаныш Мəкіров 1934
жылы таңдаулы түлектердің қатарында комсомолдық жолда-
мамен Ленинградтың Қызыл Тулы, Ленин орденді С.М.Киров
атындағы Əскери-медициналық академиясына оқуға жіберіледі.
1936 жылы əскери академияны ойдағыдай бітіріп, Қазақ-
станда тұңғыш құрылған атты əскерлер полкінде дəрігер бо-
лып қызмет етеді. Дəрігер, білікті ұйымдастырушы ретінде
танылған Қуаныш Аманбайұлы 1939 жылы Кеңес Армиясының
Бас штабына қызметке шақырылады. Ол бұл қызметін 1947
жылға дейін атқарса да иығына ілген əскери киімін 1959 жылы
ғана шешеді.
Бас штабтағы қызмет аясында Қуаныш аға Жоғарғы Став-
ка тапсырмасымен соғыс майданындағы əскерлерді қажетті құ-
ралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бағытталған жа-
уапты тапсырмаларды орындайды. Қызмет міндетіне қарай
оған жаудың əскери қабілеттілігі мен негізгі күштері туралы
мəлімет жинаумен бірге жау қолындағы аумақтарда жұқпалы
аурулардың эпидемиялық ошақтарының бар-жоғын анықтау
міндеттері тапсырылады. Соғыста жүріп, Польша жəне Че-
хославакия корпусы əскерлерінің, неміс басқыншылығынан
азат етілген елді-мекендердің, олардың тұрғындары мен мың-
даған тұтқынға түскендердің арасында медициналық жəне
санитарлық, эпидемияға қарсы шаралар жүргізуге тікелей
қатысады.
1943 жылы антифашистік одақтас мемлекеттер Үкімет бас-
шыларының Тегерандағы конференциясына қатысушы Кеңес
делегация басшыларының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қам-
тамасыз етуде қажетті шаралардың алдын алу жұмыстарына
араласады. Эпидемиологиялық қауіптің өзен, көл суларының,
топырақ беті мен ауаның ластануы, азық-түлік тағамдарының
бүлінуі салдарынан болатындығы белгілі. Сондықтан Тегеран
конференциясы алдында Қуаныш аға Ирандағы оба ауруының,
энцефалиттің табиғи ошақтарын зерттеуге қатысып, ғылыми
жəне ақпараттық тұрғыда қажетті мəліметтер жинайды.
Жоғары дəрежедегі кездесу өткізілетін жердің қаншалықты
қауіпсіз екеніне көз жеткізу үшін, əуелі топырақтың құрамын
зерттеуге назар аударады. Кез келген жағдайда топырақ хи-
миялық, биологиялық жəне өзге де құрамдармен ластанған
болса, оған сараптама жүргізу талап етіледі. Содан кейін ғана,
қорытынды жасау қажеттігіне өзгелердің көзін жеткізеді. Се-
бебі, осының алдында ғана неміс десанттары қастандық ұйым-
дастыру үшін Иран аймағына үшінші бір елдер арқылы кел-
гендігі белгілі болған еді.
1944 жылы Варшава үшін болған шайқаста ол ауыр жара-
ланады. Жоғарғы Бас қолбасшының Ставкасындағы оператив-
ті жұмыстарды ұйымдастырудағы ерлігі үшін Қуаныш Аман-
байұлы Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, 1-дəрежелі
Отан соғысы орденімен екі рет жəне көптеген медальдармен
марапатталады. Жеңістен соң, 1950 жылға дейін əскери бас-
шылықтың аса маңызды құпия тапсырмаларын орындайды. Ар-
найы тапсырмалар бойынша бірнеше шетелдерде болады.
Бейбіт заман орнаса да Бас штаб оны əскер қатарынан боса-
туға асықпайды. Елге маман керек. Осы мақсатта əскери бас-
шылық медицина қызметінің полковнигі Қуаныш Аманбай-
ұлы Мəкіровті 1950 жылдан 1959 жылға дейін, Мəскеудің 2-ші
Медициналық институтында эпидемиология жəне микробио-
логия кафедрасында сабақ беруге көндіреді. Ұстаздық жолын
ғылыммен ұштастыра жүріп, 1952 жылы əскери жабық та-
қырыпта кандидаттық, 1962 жылы докторлық диссертацияла-
рын қорғайды. Ол өз алдына бір əңгіме.
Əскери ғалым Қуаныш Аманбайұлы осылайша 1959 жылы
туған Отанына оралып, Алматы мемлекеттік университетінде
өмірінің соңына дейін профессор болып қызмет атқарады.
Иран шахиншахының қабылдауында
1943 жылы 28 қарашадан – 1 желтоқсан аралығында Иран
астанасы Тегеран қаласында халықаралық үшжақты келісім
конференциясы өткені белгілі. Тарихта «Тегеран конференция-
сы» деген атпен қалған келісімге КСРО, АҚШ, Ұлыбритания
елдерінің басшылары Сталин, Рузвельт, Черчилль жəне Сырт-
қы істер министрлері, штаб басшылары қатысады. Үш жақ-
ты келісімде соғыстың барысы мен оның одан кейінгі бейбіт
жағдайдағы мəселелері талқыланады. Одақтас елдердің фа-
шизмге қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспа-
рын жасау Тегеран конференциясының басты тақырыбы бол-
ды. Оған себеп, бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада
соғыс майданын ашамыз деген уəделерін орындалмағандық-
тан соғыстың негізгі ауыртпалығын Кеңестер Одағы көтерген
болатын. Сондықтан, Кеңестер Одағының ұсынысы бойынша
Еуропада екінші майдан ашып, соғыстың аяқталуын тездету
мəселесі қаралады. Ағылшын премьер-министрі Черчилль екін-
ші майданды Балкан түбегі арқылы жүргізуді жақтайды. Ол
ағылшын-америка əскерлерін Кеңес əскерлерінен бұрын Оң-
түстік – Шығыс жəне Орталық Еуропаға кіргізудің ықтимал
жолдарын іздейді. Ал, Сталин Алмания шекарасына неғұрлым
жақын жерде – Солтүстік Францияда ашуды ұсынады. Оны
Рузвельт жақтап, 2-ші майданды Францияның солтүстігінде
1944 жылы мамырда ашуға келіседі. Ал, Кеңес Одағы Қы-
зыл Армияның ірі шабылуын осы кезге сəйкестендіруге мін-
деттенеді. Тегеран конференциясында Түркия мемлекетінің одақ-
тас елдер жағында соғысқа қатысуы да қаралды. АҚШ пен Ұлы-
британияның өтініштеріне байланысты Кеңес Одағы Еуропа-
дағы соғыс аяқталысымен Жапонияға қарсы соғыс ашуға ке-
ліседі. Ал, Рузвельт өз кезегінде соғыстан кейін Германияны
бір-біріне тəуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы ұсыныс
жасайды. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия-Венгрия
жəне Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Ду-
най федерациясын» құру жөніндегі жоспарды қолдайды. Кеңес
өкіметінің өкілдері бұл ұсыныстардың негізсіз екенін айтып,
күн тəртібінен алдырып тастайды.
Тегеран конференциясында Иран елінің тəуелсіздігі тура-
лы да əңгіме болады. Конференцияға қатысқан үш ұлы держа-
ва Иранға конференция кезінде қолдау білдіргені үшін эко-
номикалық көмек беруге міндеттемелер қабылдайды.
Конференция қорытындысы бойынша Иран Одақтас мем-
лекеттер КСРО, АҚШ, Ұлыбританияны жақтап, əскери одақтас
елдер Германия, Италия, Жапонияға қарсы соғыс жариялай-
тынын білдіреді.
Соңғы мəжілісте Польша шекарасы жөнінде біраз мəселе
шешіледі. Болашақ кеңес-поляк шекарасы мəселесіне келген-
де Сталин Кеңес Одағының атынан 1939 жылғы шекараны мо-
йындауды талап етеді. Бұл негізінен 1920 жылы Керзон ұсын-
ған бағытқа сəйкес келетін. Бұл талап та шешімін табады.
Ол бойынша Польшаның шекарасы шығысында Керзон сы-
зығымен, ал батысында Одер өзені бойымен жүргізілуі жоба-
ланады. Тегеран конференциясында Германияның, дүниежүзі-
нің соғыстан кейінгі құрылысы, болашақта БҰҰ арқылы қа-
уіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері талқыланады. Тегеран
конференциясы шешімдері соғыс барысында Кеңес Одағы,
АҚШ, Ұлыбританияның өзара əскери-саяси ынтымағын жоға-
ры деңгейге көтеріп, келешектегі қатынастарды нығайтуға жол
ашып береді. Міне, осының бəрін Қуаныш ағаның өз көзімен
көруіне, жақыннан естуіне бұйырым болады.
Ғалым қауіптің орасан зор зардабын білім, тəжірибесімен
сезінеді. Əйтсе де, Қуаныш Аманбайұлы бұл туралы жан ба-
ласына тіс жарып айтпайды. Ол естелік айтатын қарапайым
оқиға емес-тін. Кездесу жариялы түрде өтсе де ол жөнінде жа-
зуға, түсінік беруге рұқсат берілмеген еді.
Мемлекет басшыларының кез келген кездесуі үлкен дайын-
дықпен өткізіледі. Белгілі бір мəселені шешу үшін оған жыл-
дар бойы дайындық жүргізіледі. Жоғары дəрежедегі кездесу-
дің соғыс кезінде өтуін ескерсек, оның қашанда қаупінің зор
екендігі аян. Сондықтан, оған дайындық шаралары жан-жақ-
ты қарастырылып, ерекше құпия жағдайда жүргізіледі.
Кеңес басшысы Сталин алғашқы күні Иран басшысы Мұ-
хаммед Реза Шахтың құзырына барып, достық пейілін таныта-
ды. Шах та оған өз дəрежесінде құрмет көрсетеді. АҚШ пре-
зиденті Рузвельт, Ұлыбритания премьер-министрі Черчильмен
орыс елшілігінде кездеседі.
Араға жылдар салып Қуаныш аға Иран шахиншағының же-
ке қабылдауында болып, ол ұсынған алтын табақтан су ішеді.
Ағылшын, француз, араб, серб тілдерін еркін меңгерген Қуа-
ныш аға Иран билеушісімен емін-еркін əңгіме құра біледі. Əң-
гіме ауанында адамзатты жалмап бара жатқан қорқынышты
эпидемиялар мен созылмалы инфекциялардың қауіп төндіріп
отырғанын, əсіресе, азиялық елдерде бұл сырқаттардың кеңі-
нен етек алып бара жатқандығын да жасырмайды. Өзінің эпи-
демиолог ғалым екендігін айта отырып, одан қорғанудың нақ-
ты жолдарын көрсетеді.
Үндістанда:
Джавахарлал Нерудің ұсынысы
Иə, ХХ ғасыр адамзат баласына аса қауіп төндірген өткір
инфекциялардың ғасыры болды. Қорқынышы зор эпидемия
ошақтары күн сайын көбейе түсті. Өткен ғасырда адамзатты
шошытқан «Боланың инфекциясы», «Магбургтың инфекция-
сы», «Хантан», сияқты ондаған əртүрлі инфекциялардың ай-
рықша бақылауда болғанын дəрігерлер ешуақытта ұмытқан
емес. Ал, бұл аты өшкір тажал ошақтарының қайтадан бұрқ
ете қалмасына кім кепілдік берген. Жаңа ғасыр басында пайда
болған сырқаттар адамзат баласының үрейін ала келді.
ХХІ ғасырдың басында «А» типіндегі өкпенің қабынуы ат-
ты инфекция пайда болды. Одан кейін пайда болған «Құс
тұмауы» да халықтың зəреқұтын қашырды. Пандемиялық қау-
пі өте зор «Шошқа тұмауы» да халықты үлкен əбігерге түсіріп
отыр. Бұлардың бəрі өткеннің сабақтары еді.
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталса да, фашистік құлдық
сана ұзақ уақыт тізе бүккен жоқ. Фашистік психологиямен
қаруланған асыранды күштер болашақта қандай бағыт ұста-
нары да белгісіз еді?! Оның үстіне өз жеңілісін мойындаған
фашистік Германияның əлі де қолданысқа енгізуге үлгермеген
əскери арсеналында қандай қару қалды, ол да белгісіз-тұғын.
Айналаны атом жайлап, батыста адам ағзасын иондалған сəу-
лемен зақымдайтын арнайы құрылымдар туралы айтыла бас-
тады. Əскери мақсатта психотроптық заттарды пайдалана оты-
рып, адамды болашақта ұрпақсыз қалдыратын препараттар ой-
ластырылуда деген де болжамдар айтылды. Адамның ішкі ағ-
заларын ірітетін инфрадыбысты қарулар да өндіріске алынды.
Осыған орай жер бетіндегі халықтың географиялық орналасу
аймағына, тектік ерекшелігіне сай халықтың арнайы катего-
рияларына арналған химиялық, биологиялық қаруларды ойлап
табу да жедел қолға алына бастады. Ғалым ретінде Қуаныш
Мəкіровтың оған қатыспауға амалы жоқ-тын. Əскери дəрігер,
ғалым, қауіпсіздік қызметінің полковнигінің бұл қызметі бі-
реуге жағып, біреуге жақпаса да онымен күрессіз өткен күні
жоқ. Оның шарықтау мен құлдилау, шаттану мен егесу күндері
де осы жылдары көп болды. Əйтсе де, мемлекеттің мүддесін,
оның қауіпсіздігін көздеген ғалым айрықша құпия тапсырма-
мен КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының бұйрығымен
осы ведомствоның Челябідегі ғылыми-зерттеу институтына жі-
беріледі. Алайда, адами құндылыққа адалдықтан айнымаған
ғалым жəне шын патриот үшін ең маңыздысы басқа еді. Қуа-
ныш аға, өзінің кəсіби білігін бактериологиялық, химиялық ала-
пат апатты адамзаттың күлін көкке ұшыруға емес, оның ортаға
тигізер зардабының өміршеңдігін зерттеуге негіз қалауын айт-
сақ игі болар еді. Ол осы бағытта санаулы ғана адамға белгілі
болған, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
əскери жабық тақырыпта кандидаттық, кейін докторлық дис-
сертация қорғаған алғашқы ғалымдардың бірі болғанын тағы
бір мəрте айтып өтсек, көптік етпес дейміз.
Рас, Қуаныш Мəкіровтың зерттеу объектісінің де, қызмет
орнының да аса құпия болуына байланысты өзін ашық, еркін
ұстауына мүмкіншілігі болмады. «Челябинск – 40» жəне «Че-
лябинск – 70» деген шартты атаумен белгіленген нысанда
аса құпия жағдайда ядролық қару жасалынды. Кейін бұл ны-
сандарға Озерск, Снежинск деген атаулар беріліп, таяу маңға
шағын қалашықтар бой көтерді. Бұл зауыттардың жұмысына
атақты ғалым ең алғашқы кеңестік циклотронның авторы, Еу-
ропадағы ең бірінші атомдық реакторды ойлап табушы, əлем-
дегі алғашқы термоядролық бомбы мен атом электростанса-
сының атасы атанған Курчатов жетекшілік етті. Атақты ака-
демиктің қазақ ғалымының сол кездегі терең білімділігі мен
еңбекқорлығына тəнті болғанын да байқаймыз.
Кейін қазақ ғалымы Үндістан көсемі Джавахарлал Неруді
де таңғалдырды. Адам өміріне сұрапыл дауылдай болып тиген
індеттен құтылу жолын табуда адамзат қауіпті де қиын жол-
дардан өтті. ХVІ ғасырдың соңында микроскоптың пайда бол-
уымен жұқпалы ауруларды қоздырушы микроорганизмдерді
тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды.
Індеттің жұқпалы ең қауіпті түрі оба (холера) ауруы еді.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниежүзінің барлық ел-
дерінде аяқ астынан оба басталды. Одан қаза тапқандар саны
адам айтқысыз көп болды. 1843 жылы Ресейде 1 млн. 742 мың
адам обамен ауырып, оның 690 150-і дүние салды. Ол сырқат –
«Азия обасы» деп аталды. Сырқаттың дені Үндістанда бастал-
ды. Негізінен, бұл індет осы елден басқа елге тарамай, тек осы
елде ғана кездесіп отырды. Ол əсіресе, Ганга мен Брамапутра
өзендері бойында өрши түсті. Бұл індеттің өршуінің негізгі
себебі ауыз судың тазалығына тікелей байланысты еді. Іш сү-
зегі, дизентерия, оба, астан улану, сары ауру тағы басқа ішек
ауруларының қоздырғыштары санитарлық-гигиеналық ереже-
лер бұзылған жағдайда ғана аталған аурулардың қозатыны бел-
гілі болады. 1949 жылы Ұлыбританиядан өз Тəуелсіздігін жа-
риялаған Үндістанда бұл талаптар сақталынбайтын. Апаттың
алдын алмаса оның салдары бүкіл Азия құрлығына таралу қаупі
зор еді. Осынау қиын кезеңде Кеңес үкіметінің тапсырмасы-
мен Қуаныш Аманбайұлы Үндістанға барып, түрлі зерттеулер
жүргізуге мəжбүр болады. Құпия жағдайда жүргізілген зерттеу-
лер барысында Үндістан көсемі Неру қазақ ғалымына барлық
жағдайлар жасап, елдің басты мұрағатындағы құпия сақталған
құжаттармен танысуына жол ашып береді. Қуаныш Мəкіров
осы зерттеу негізінде 1962 жылы Мəскеуде «Үндістанның ко-
лониализм кезіндегі денсаулығы» атты жабық тақырыпта док-
торлық диссертациясын қорғайды.
«Х» лабораториясы
Биологиялық, бактериологиялық қару дегеніміз не? Олар
қалай өндіріледі, вирустық қоздырғыштарының өмір сүру дең-
гейі қандай дəрежеде?
Атауының өзі жан түршіктіретін удың бар кілтипаны оның
құпиялығында. ХІХ ғасырда пайда болғанмен, ХХ ғасырда күш
алып, ол бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. ХХ ғасырдың
басында антимикробтық химиятерапияның негізі қаланғанда
оның айналасындағы барлық іс-қимыл жоспарларына «айрық-
ша құпия» белгісі соғылады. Оның бүкіл жұмыс кестесі мен
барлық персоналдары қауіпсіздік қызметінің ерекше бақыла-
уына алынады. Өндіріс пен тəжірибе лабораторияларына тар-
тылған ғалымдар ерекше құпия объектіге жатқызылып, күн-
діз-түні бақылауда болады.
Ең алғашқы кеңестік токсикологиялық лаборатория 1922 жы-
лы құрылып, ол «Арнайы кабинет» деп аталыпты. Лаборато-
рия құпия жағдайда улы химиялық заттар шығарумен ай-
налысқан. Оның жұмысына Ленин басшылық жасаған. 1926
жылдан лабораторияға ВЧК басшысы Менжинский жетекшілік
етіпті. Құпия токсикологиялық лаборатория 1937 жылға дейін
Бүкілодақтық биохимиялық институттың құрамында болған.
Лабораторияның бүкіл ұйымдастыру жұмыстары НКВД-ның
12-ші бөлімінің бақылауында болған. Бұл бөлімде сонымен
қатар, тұңғыш рет бактериологиялық қару жасайтын лабора-
тория да ұйымдастырылған. Бактериялық токсиндердің жаңа
түрін ойластырып шығарумен бірге оларды жедел түрде қауіпті
деген адамдарға қолданудың түрлі жолдарын іздестіру де осы
бөлімнің басшылығымен жүргізіліп отырылған.
1938 жылы лаборатория ғалымдары диверсиялық арнайы
топтар мен партизан отрядтарына жəне неміс майданында жа-
сырын жүрген агентуралық қызметкерлерге көп мөлшерде улы
қарулар өндіріп тұрған.
1949 жылы лаборатория фармакологиялық жəне химиялық
болып екіге бөлінген. 1953 жылы Берия ұсталғаннан кейін құ-
пия лабораторияның барлық жұмысына тексерулер жүргізілген.
Тексеру жұмысы анықтағандай, оның бүкіл қызметіне басшы-
лық еткен НКВД қызметкері Майрановскийдің үйінен бұрын
белгісіз болып келген түрлі химиялық заттар мен күмəнді улар
табылған. Бұлардың бəрі соғыстан кейінгі тəркіленген неміс
ғалымдарының технологиясымен жасалған болатын.
Тарихқа үңілсек, соғысқа дейінгі Жапонияда «731-ші жасақ»
деген арнайы құрылым болған. Сынақтарға адамдарды пайда-
ланған. Қазір бізге кезінде Қорғаныс министрлігіне бағынысты
болған «Возрождение» аралында ұзақ уақыт əртүрлі биология-
лық қаруды сынау шаралары жүргізілгені белгілі болып отыр.
Бұл туралы эпидемиолог ғалым Қуаныш Аманбайұлы көп
білетін. Оның ең шешуші сəтте апат аймақтарына жіберіліп
отырылғандығы да сондықтан.
Биологиялық қару жасауға
60 мың адам тартылған
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ-ның ең алғашқы
қаулысы əлемде бактериологиялық жəне химиялық қаруды та-
ратпау жөнінде қабылдаған шешімі болды. Сондықтан, Кеңес
Одағы адамзатты жаппай қырып жоятын вирус пен бактерия
өндірісін екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен қолға
алуға шешім қабылдады. Бұл кезде КСРО-да жүзден аса жа-
сырын объектілерде биологиялық қару жасауға 60 мың маман
тартылыпты. Қолда бар өндіріс орындарында жыл сайын 4500
тонна аса қауіпті антракс өндіруге қуаты жеткен көрінеді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша ядролық қаруға қарағанда,
биологиялық қарудың əкелер апаты – алапат көрінеді. Егер то-
сыннан биологиялық қару қолданылса, АҚШ үкіметі одан қор-
ғану үшін апта сайын 177 млрд. доллар жоғалтады екен. Бұл
тек қаржыға тіреліп тұрған мəселе. Ал оның зардабы одан
да зор. Осыдан бірнеше жыл бұрын химиялық, биологиялық
қаруға қарсы сараптама жасаған профессор Р.Хаммершлега
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жасаған баяндамасын-
да Пентагонда «этникалық» деп аталатын қаруды қолдану тə-
жірибесін зерттеп жатқандығын айтқан болатын. Əскери мақ-
сатта психотроптық заттар пайдаланылатын мұндай алапат
қаруды болдырмауға ғалым Қуаныш Аманбайұлы өмір бойы
күресіп бақты.
Ғалым өзі зерттеген саласын өмірінің соңына дейін жал-
ғастырды. Эпидемиолог ғалым бірнеше жылдар бойы Алматы
мемлекеттік медицина институтында микробиология, вирусо-
логия жəне иммунология кафедрасында дəріс оқып, өз білігін
жастарға үйретуден жалықпады. Ұстаз, əлемдік ғалым, про-
фессор Қуаныш Мəкіров 130-дан астам ғылыми мақалалар-
дың, 6 монографияның, «Əскери эпидемиология» оқу құралы-
ның авторы ретінде көптің есінде қалды.
Иə, біз əлемдік саяси тарихтағы үш алып қайраткердің кез-
десуінің куəгері болып, үш мемлекеттің Үндістан, Иран, Мы-
сыр елдерінің қауіпсіздігіне қолғабыс берген ғалым Қуаныш
Мəкіровтың өмір жолдарына шолу жасадық. «Үш адамды
жақсылыққа бастағанды ғалым біл, оның ісін жұртқа жайып,
қолдан келсе, тəлім қыл» деп Гиппократ айтқандай, өз ісіне
адал жанды еске алмауға хақымыз жоқ еді.
ƏСКЕРИ ИНЖЕНЕР.
ГЕОДЕЗИСТ
Туған айдың орналасуына қарап, ертеңгі күннің ауа райын
болжайтын атам қазақ, қара жердің топырағын иіскеп-ақ оның
тектоникалық-геодезиялық қыртыстарынан шаңы мен майын
айырып отырған.
Қазақ даласында кіндік қаны тамып, Көкпектегі нағашыла-
рының қолында тұсауы кесілген, Ресей қос үкіметінің тұсында
Жоғарғы Бас қолбасшы дəрежесіне дейін көтерілген жерлесі-
міз инфантерия генералы Лавр Корниловтың астрономиялық
жəне геодезиялық білім деңгейі өзі оқыған Ресей Бас штаб
академиясының оқытушы профессорларын таңғалдырған. Бас
штаб академиясында мемлекеттік емтихан тапсырар тұста гео-
дезия пəнінен сүрініп қалып, кейіннен ақ гвардияшылар ата-
маны болған генерал Деникин, Врангель, Юденичтер Корни-
ловтың көмегіне жүгініп, емтиханды қайта тапсыруларына ту-
ра келген көрінеді.
Қазақ халқының əдеп-дəстүрі мен салт-санасын жақсы бі-
луімен қатар тілін де еркін меңгерген жиен бала қазақ тілінде
əн айтып, таза жаза да білген. Бір басы 16 тілді меңгерген Лавр
Корнилов – Ресей армиясында ең жоғарғы билік тұтқасына ие
болған тұңғыш жерлесіміз еді.
Ресей ғалымы, əсіресе, əскери блок жүйесі КСРО-дағы ең
танымал ғалымдарды жинастырып, олардың потенциалын əс-
кери салаға пайдаланудың бұлтартпас схемасын ілгеріден жа-
сап алған. Оларға қолдан келетін барлық жағдайлар жасалған.
Соның арқасында Ресейде əскери ғылыми ойлау жүйесі ерте
қалыптасқан. Ол жүйе күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Геодезия – картография ғылымынан тосын жаңалық аша-
тындар ілуде біреу. Оның үстіне бұл саладағы бүкіл жаңалық
Мəскеуде құпия түрде сақталып келген. Тау-кен жыныстары-
ның механикасы, астрофизикалық зерттеулер, ғарыштық кеңіс-
тікте ғылыми зерттеулер мен тəжірибелер жүргізу бағдарлама-
лары да орталықтың басыбайлы меншігіне айналған.
Ресей бұл жолдағы барлық пайдалы рациональды ойлау,
яғни оңтайлы ойлау формасын жеке дара жүргізіп, оның төңі-
регіне ақыл-ой иелерін топтастырып, өз мүдделеріне сай пай-
даланып отыруда зор жетістіктерге жетіп келді.
Генерал Корниловтан соң КСРО-ның, кейін Ресей Қорғаныс
министрлігінің Əскери-инженерлік академиясында отыз жылға
жуық геодезия жəне астрономия саласынан дəріс оқып, түрлі
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген келесі бір жерлесіміз,
профессор Мұхамбет Машимов еді. Осы уақытқа дейін бізге
белгісіз болып келген атақты ғалым ұзақ жылдар бойы КСРО-
ның қорғаныс саласының ең алдыңғы қатарлы əскери акаде-
миясында болашақ генералдарға дəріс оқыды.
Техника ғылымының докторы, профессор, Ресей əскери ин-
женерлік академиясының академигі, Ресей Федерациясының
ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, Ресейдің жоғары кəсіби бі-
лім беру саласының «Құрметті қайраткері», Куйбышев атын-
дағы Əскери-инженерлік академиясының кафедра бастығы,
полковник Мұхамбет Машимов – 1930 жылы 24 қарашада Ба-
тыс Қазақстан облысының Жəнібек ауданында дүниеге келген.
1947 жылы Ленинградтағы тоңазытқыш өнеркəсібі институ-
тының инженер мамандығы бойынша оқуға түскен Машимов
араға екі жыл салып, 1949 жылы осы қаладағы əскери-топо-
графиялық училищеде оқуын жалғастырады.
Əскери училищені үздік бітірген ол, 1952–1957 жылдары
Түркістан əскери округында өз мамандығы бойынша астро-
номиялық-геодезиялық түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұл Ресейдің ғасырлар бойы жүргізіп келе жатқан жоспарлы
жұмыстарының жалғасы болатын. Патшалы Ресейдің Түркі-
стан даласын ежелден зерттеу алаңына айналдырғанын мына-
дан байқаймыз. Кезінде Ресей патшасына қызмет еткен Шоқан
Уəлихановтың қазақ даласын картаға түсіруі мен Қашқарға
сапары Ресейдің Орта Азия халықтарын зерттеуінің əскери
экспанциясының бастауы еді. Шоқан Уəлихановтың ізімен ге-
нерал Корнилов та бірнеше рет Қашқарға, Иранға, Үндістанға
барлау жұмыстарын жүргізген.
Лавр Корнилов əскери училищені 1892 жылы үздік бітіріп,
Түркістан өлкесінде подпоручик қызметінде жүріп, өлкенің
географиялық орналасуы мен жергілікті халықтың салт-дəс-
түрімен танысып, онысын жоғарыға баяндап отырған.
Жалпы, Ресей сыртқы істер министрлігінің азиялық елдер-
ді бақылайтын арнаулы Департаменті Кіндік Азияның шығы-
сындағы аумақтарды зерттеп-барлау ісіне Корниловты үнемі
пайдаланып отырған. Оған оның бірнеше тілді білуі, оның
үстіне геология мен геодезияны жақсы меңгеруі себеп болған.
Бірімен-бірі байланысып, астасып отырған осы оқиғалардың
негізгі кейіпкерлері өз жерлестеріміздің болғанына таңғаласың.
Геодезия саласы біз назар аудармаған, таным-білігімізден
тысқары қалған ғылым екендігін мойындауымыз керек. Бұл
саладағы барлық карталар күні бүгінге дейін Ресейдің Бас
штабында құпия түрде сақталып келеді. Бүкіл маңызды құ-
жаттардың бəрін бір бойына сіңіріп жатқан сол карталардың
əрбір нүктесінде біз білмейтін орасан зор байлық та, құпия да
тұнып тұрған көрінеді. Кезінде Каспидің Солтүстік бөлігіндегі
Центральное, Хвалынское, Құрманғазы кеніштерін Ресей жағы
қолдарындағы геодезиялық құжаттар арқылы өздеріне қара-
тып алғанының өзі неге тұрады. Мұның бəрі біздің қолымыз-
да нақты картаның болмағандығы еді.
Əрине, ол кезде ортақ Отан болатын. Сондықтан страте-
гиялық маңызы бар кез келген əскери код таңбаланған ғылыми
зерттеулер нəтижесі Бас штабта құпия түрде сақталып келді.
Полковник Мұхамбет Машимовтың Қорғаныс кешенінде жүр-
гізген астрономиялық-геодезиялық жəне өлшенбелі гравимет-
рикалық зерттеу жұмыстары да аса құпия коды бар салаға жат-
қызылды.
1957–1962 жылдары Куйбышев атындағы Əскери-инже-
нерлік академиясын үздік бітірген Машимов КСРО Қорғаныс
министрлігі жанындағы Ғылыми-зерттеу институты бастығы-
ның орынбасары, өзі білім алған академияның профессоры, ка-
федра бастығы болып, 43 жыл үздіксіз бір салада еңбек етті.
Қорғаныс министрлігіне қарасты Əскери-инженерлік уни-
верситетінің докторлық диссертация қорғау жөніндегі кеңесі-
нің төрағасы, Ресей мемлекеттік жер қыртыстарын зерттеу ко-
митетінің мүшесі жəне Ұлттық ғылыми-техникалық комитеті
картографиялық корпорациясының мүшесі ретінде де Мұхам-
бет Машимов ғылыми жұмыстардың бастауында тұрды. Ве-
домствоаралық геофизикалық комитетінің белсенді мүшесі,
Жер институтының ғылыми зерттеулер жұмысының жетек-
шісі, Бүкілодақтық (қазір жалпыресейлік) «Известия вузов. Гео-
дезия жəне аэрофотосьемка» журналының редколлегия мүше-
сі ретінде де оның ғылыми жұмыстардың бел ортасында бол-
ғанын көресің.
1979 жылы Канберра қаласында өткен геодезия талапта-
ры бойынша Бас Ассамблеяның жұмысына, 1983 жылы Со-
фияда өткен геодезистердің халықаралық федерациясының
конференциясына қатысып, Жер жəне ғарыштық ғалам тура-
лы баяндама жасауы əлем ғалымдарын жер кадастрына тың
көзқараспен қарауына əкеліп соқтырды. Ғалымның астроно-
миялық-геодезияның теориялары, физикалық геодезия, ға-
рыштық, ғаламдық жəне инерциальдық геодезия ғылымы, гео-
динамика, геотектоника, картография, геоспутниктік техноло-
гия, геоинформатика, геодезияның тарихи өлшемдері ғылыми
жаңалықтары бұрын соңды шала зерттелген, ақиқаты ашыл-
маған тың байыптамалар болып танылды. Профессор Маши-
мовтың əрбір ұсынысы ғылымға қосылған үлкен жаңалық
болып қабылданып, ол бойынша ғылыми-зерттеу институт-
тары мақсатты түрде жұмыстар жүргізді. Ғылымның жетекші-
лігімен 24 жас ғалым кандидаттық диссертация қорғап шық-
ты. Машимовтың дайындауымен астрономиялық-геодезия ма-
мандығы бойынша əскери оқу орындарына жеті оқулық жа-
зылып, жеті арнайы курс белгіленді. Ғалым өз саласы бойын-
ша 10 монография, 125 ғылыми мақалалар жазып шығарды.
Олардың бəрі кезінде КСРО Қорғаныс министрлігінің, қазіргі
Ресей əскерінің Бас штабының ерекше бақылауына алынып,
жоғары шенді əскери қолбасшыларға оқытылып келеді.
Астрономиялық-геодезиялық ғылым үдерісі бір-бірімен ты-
ғыз байланыста дамиды. Оның Жұлдыз бен күнді көрінер жер-
ден суретке түсірудегі дəлдік өлшемдерінің өзі астрономиялық-
геодезиялық желісінің фундаментальдық қарым-қатынасын,
мөлдірлігін көрсетеді.
Мұхамбет Машимов Ресей əскерлік геодезистерінің баста-
уында тұрса да туған жерден кіндігін үзген емес. Ресейде оқып,
білім алып, осында үйлі-баранды болса да, аңсары туған елде
болды. Мəскеуде жүріп, теңін тапты. Анна Васильевна деген өзі
таңдаған сүйіктісіне үйленді. Татьяна, Ольга деген қыздардың
əкесі атанды. Мəскеудің – Новоясенова ауданының ең көрікті
жерінен тұрмысқа қолайлы пəтер берілді.
Əскери геодезия саласы мен оның зерттеу нысандары қан-
шама құпия болса да, ол қазақстандық ғалымдармен тығыз бай-
ланыста болуға тырысты. Ғылыми байланыстың шеңберінде
ғалымның туған елге оралуы жөнінде де əңгіме қозғалып
жүрді. Əрине, біз атақты ғалымның өтінішін қанағаттандыра
алмадық. Оның Қазақстан Республикасы Ғылым академия-
сы мүшелігіне қабылдау жөніндегі мəселесін біржақты шеш-
кен жағдайда Алматыға оралу туралы шешімін ашық күйде
қалдырдық.
Сөйтіп, біз əлемдік атағы бар ғалымды туған елінде қарсы
алуға дайын болмай шықтық. Əйтсе де ол туған елінен сырт ай-
налып кеткен жоқ. 1995 жылы 26-28 қаңтарда Қазақстан Ұлт-
тық Ғылым академиясы Батыс бөлімшесінің ұйымдастыруы-
мен Атырау қаласында өткен жер қыртыстарын зерттеудің жа-
ңашыл механикасының проблемалары тақырыбы бойынша се-
минарға қатысып, өз ойларын жеткізді. Атырау мұнай жəне газ
институтына өзінің кітаптарын тарту етті. Бұл оның туған елге
ең соңғы келуі еді.
Əлемдік ғалым, Ресей геодезия ғылымының атасы профес-
сор Мұхамбет Машимов 2001 жылы 21 желтоқсанда Мəскеу
қаласында дүние салды.
Ғалымның еңбегін жоғары бағалаған бельгиялық жəне ре-
сейлік бір топ ғалымдар оны Декарт сыйлығына ұсынуы көп
нəрсені аңғартса керек.
Декарт сыйлығы – Нобель сыйлығының эквивалентіне сай
сыйлық. 2000 жылы Нобель сыйлығы комитетінде американ-
дықтардың топтасуына қарсы Еуропа елдері ғалымдарының
бірлескен ұйғарымы арқасында пайда болған бұл сыйлықты
тұңғыш иеленген жерлесіміз, əзірге жалғыз қазақ – Мұхамбет
Машимов еді.
29 – Барлаушы қыз. Е.Ж.Айша
БАРЛАУШЫ ҚЫЗ МҮЛТ КЕТПЕДІ
немесе КСРО Бас штабы Бас барлау басқармасының
шифровальшигі Ақжібек Мұқашева туралы не білеміз?
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ
Оның Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қызмет
атқарған орны – Бас штаб жанындағы Бас əскери барлау
басқармасы. Алыстан берілетін радиограммалар мен ра-
диошифрларды қабылдап, шешуші. Əскери басшылықтың
аса құпия директиваларын жау тылына шифрланған код-
тармен жеткізуші. Өмір тарихы аса құпия. Штабтағы шарт-
ты құпия есімі – Алена.
Кез келген мемлекеттің қалыптасу тарихында сыртқы бар-
лау қызметінің алар орны ерекше. Өткен ғасырдың жиырма-
сыншы жылдарының басында барлық арнайы операцияларды
ВЧК – ОГПУ органдары жүргізіп келді. Екінші дүниежүзілік
соғыс алдында НКВД тарапынан «В» жəне «С» деген екі топ
құрылып, олар сыртқы барлау қызметімен қатар ішкі бақылау-
тексеру қызметін қатар жүргізді. Соғыс жылдары барлау қыз-
метінің 20 қызметкері Кеңес Одағының Батыры атағына ие
болды. Жеңістен кейін кеңес əскерлерінің күшімен босатылған
елдерден қажетті ақпарат жинау үшін НКГБ ұйымы тарапынан
«Ф» бөлімі, атом бомбасын жасауға бағытталған объектілерге
барлау жұмысын жүргізу үшін «К» бөлімі, 1946 жылы «партия
мен кеңес мемлекеті басшыларына» қастандық жасаушылар-
мен күрес «ДР» (диверсия жəне террор) басқармасы құрылады.
Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыс басталардың алдында
Кеңестік Бас барлау басқармасы əлемнің 45 елінде 242 барлау
резидентурасын ұстаған. Оларға 600 адам хабар беріп отырған.
Кеңестік барлау агентурасына шетелдік көптеген азаматтар да
тартылған. Олар Батыс Еуропаның ірі орталықтарынан ке-
ңестік барлау басқармасына аса маңызды деген құпия ақпа-
раттарды жеткізіп отырған. Олардың арасында «Кент» де-
ген лақап атпен Уругвай азаматы Винсент Сиерраның (Кеңес
барлаушыларының мэтрі Гурьевич (Виктор Сукулов) ақпараты
аса маңызды болған. Неміс əскерлерінің қай күні тұтқиылдан
шабуыл жасайтынын да ең бірінші болып айтқан осы барлау-
шылар еді.
Жаудың ішінде жансыз ұстау ежелден бар тəжірибе. Олар
13 ірі жəне 15 кіші резиденттік топқа бөлініп, əрқайсысы жеке-
дара барлау жұмыстарымен айналысқан.
Алдағы тосыннан болатын соғысқа дайындалу қажеттігі жө-
ніндегі ең алғашқы құпия шифровканы қабылдаған қазақ қызы
Ақжібек Мұқашева болатын. Оның: «Кент – Орталыққа. Бір
жарым миллион қалайы қасық дайындауға тапсырыс
алынды. Алмания мен Польша аумағында əскери тұтқын-
дарға арналған лагерьлер салуға ұйымдастыру жұмыстары
жүргізілуде. Бұл қасықтар соларға қажет. КСРО-ға əскери
шабуыл жасалуы мүмкін». Бұл – 1941 жылдың көктемі еді.
Кеңес резидентінің шифрмен берілген хабарының түйінін
шешкен Ақжібек бұған сенерін де, сенбесін де білмеді. Шиф-
ровальщик қателеспеуі тиіс. Оның үстіне 1939 жылы 22 та-
мызда КСРО мен Алмания арасында шабуыл жасамау жөнінде
пактке қол қойылған болатын. Мұндай хабарды жоғары əскери
басшылыққа жеткізу өте қауіпті əрі қорқынышты еді. Қорға-
ныс халық комиссарына бұл мəліметті апарудың соңы шифрды
шешуші бөлімнің басына қандай қауіп төндірерін кім білген.
Сондықтан, шифровальщиктердің əрбір сөзі аса мұқият зерт-
телуге жататын. Араға бір ай салып келесі бір Старшина атты
резиденттің: «Тұтқиылдан шабуыл жасалуы мүмкін. Неміс əуе
күштері ең алғашқы соққысын Мурманскіге, Вильноға, Бе-
лостокқа, Кишиневке жəне Мəскеу əуе зауыттарына, Балтық
теңізі порттары мен Беломорканал су жүйесіне, шекараға
таяу орналасқан темір жол құрылымдарына, ірі көпірлерге бе-
ретін болады» деп қосымша құпия хабарлауы соғыстың бол-
май қоймайтынын дəлелдей түсті. Резиденттердің тосыннан
жасаған ақпарына Сталин бұл ағылшындардың ойдан жасаған
бүлдіргісі деп сенімсіздік білдірген. Осыдан соң жарты жыл
ішінде кеңестік шифровальщиктер бөлімінің үштен бірі өз қыз-
меттерінен аластатылған. Олар барлаушылардан мұндай маз-
мұндағы өте қауіпті хабарларды қабылдаудан да үркіп қалған.
1942 жылы Батыс Еуропада қызмет істеп жүрген Кеңестік
резидентураларға берілген шифр мен радиоақпараттар фашис-
тік гестапоның қолына түсіп, бір топ радистер қамауға алына-
ды. Осы оқиғадан кейін фашистік құпия полициясы «Красная
капелла» атап кеткен антифашистік ұйымның 130 барлаушы-
сын тергеуге алып, олардың 49-ын ату жазасына кеседі.
Сот үкімін Гитлердің өзі бекітеді. Соттың графиния Эрик
фон Брокдорфқа (10 жыл) жəне Милдред Харнакқа (6 жыл)
жасаған шешімін фюрер түзетіп, оларды да дарға асуды бұ-
йырады. Ондай жазалау шаралары Мəскеуде де жүргізіледі.
Олардың басым көпшілігі тергеусіз атылып кетеді. Енді бі-
реулері ұзақ жылдарға сотталады. Солардың арасында қазақ
қызы Ақжібек Мұқашева да бар еді.
Сонымен, əскери Бас барлау басқармасында криптограф бо-
лып қызмет істеген Ақжібек Мұқашева кім еді?
Ақжібек Темірғалиқызы Мұқашева Қазақстанның ежелгі ас-
танасы Орынбор қаласында 1919 жылы дүниеге келген. Жас-
тайынан нақты ғылымға ықыласы бар Ақжібек орта мектепті
бітірген соң, Мəскеу университетінің механика-математика фа-
культетіне оқуға түсіп, оны 1940 жылы бітіріп шығады. Спе-
цификалық мəні бар мамандарды арнайы мекемелер қол-аяғын
жерге тигізбей қызметке тартып жатады. Олардың көпшілігін
ерікті жəне еріксіз түрде Қорғаныс халық комиссариатына ша-
қырады. Сол тəртіппен Ақжібек те əскер қатарына алынады.
Алғашында ол Мəскеу маңайында алты айлық курста оқиды.
1941 жылы оған старшина əскери атағы беріліп, үш айдан
соң, КСРО Қорғаныс комиссариаты Бас штабының Барлау бас
басқармасына шифровальщик қызметіне қабылданады. Оған
қызмет аясында Брюссель қаласында тұратын «Кент» деген
белгісіз адамнан түсетін шифрланған мəліметті шешу функ-
циясы тапсырылады. Ол кезде белгісіз адамның көлеңкесінде
Уругвай азаматы Винсент Сиерраның жасырын тұрғанын еш-
кім де білмейтін. Оның үстіне 20 жастағы жас бойжеткен-
ге ол есімнің құпия тағдырын білу де қажет емес-тін. Əйтсе
де, Ақжібек «Кенттен» түсіп тұрған барлық шифрограмма-
ларды сөзбе-сөз аударып, тиісті орындарға жеткізіп тұрды.
Біз КСРО-ның сол тұстағы арнайы мекемелерінің ішінде
«Қызыл капеллаға» қатысты кеңес барлаушылары туралы жа-
зылған бірнеше кітаптармен танысып шықтық. Солардың ара-
сында осы кезеңдерде ВЧК – НКВД мекемелерінің барлау
жəне қарсы барлау ұйымдарының негізгі басшысы болған ге-
нерал-лейтенант П.Судаплатовтың бестселлерлік мемуарын-
да «Қызыл капелла» туралы ашық жəне жан-жақты айтылып-
ты. Бұл ұйымның құпия жұмыс істегені соншалық, соғыс жыл-
дарында ол туралы бірен-саран адам ғана білген көрінеді. Ре-
сейлік арнайы қауіпсіздік мекемелерінің мұрағатында да ол
туралы мəлімет мардымсыз болып шықты. Мұрағатта сақталған
көптеген құжаттар сол кездің өзінде куəгерлердің өзімен бір-
ге құртылыпты. Сондықтан, Ақжібек Мұқашева туралы соңғы
ақпараттар оның қамауға алынған 1942 жылмен шектеледі.
Ақжібек Темірғалиқызы 1942 жылы желтоқсан айында со-
ғыстың қызған кезінде қамауға алыныпты. Ол РСФСР Қыл-
мыстық кодексінің 58-бабы бойынша (контрреволюциялық қыз-
мет) 25 жылға сотталып, жазасын Оралда өткізіпті. Оған қо-
йылған негізгі айып – резиденттер Кент жəне Оттомен ты-
ғыз жұмыс істегені. Оны 1945 жылы соңғы рет қауіпсіздік қыз-
метінің ардагері, полковник Иван Винокуров Оралдағы бір
түрмеде көріпті.
1941 жылғы əскери басшылықтың нұсқауы бойынша əрбір
шифровальщикке нақты бір нысан бекітіліп берілген. Қарсы
барлаудың тілінде оларды «пианист», «музыкант» деп атайды.
Радистер мен шифровальщиктерге шекара сыртындағы əріп-
тестері туралы білу қажет деп саналмаған. Алайда, Ақжібек-
тің олардың Отан үшін маңызды ақпаратты ала білуі мен
оны жедел түрде беру жолындағы жанқиярлық ерлік істеріне
жанашырлық танытпауына адамгершілік ары жібермейді. Ке-
йін ол тергеу кезінде барлаушылардың жанкешті ерліктерін
мақтаныш етуден танбайды. Сұрақ алу кезінде Ақжібек соғыс
басталған кезден Кент пен Оттодан 200-дей шифровка алып,
оны өзі оқығанын айтады. Алайда, орталық оның бірнешеуінің
ғана шешімінің дұрыс болғанын білдіреді. Əрине, олардың ара-
сында «Өте құпия», «Жедел шешімді қажет етеді», «Жеке өзіне»
деген құпия белгілері бар ақпараттар да болады, Ақжібектің
барлаушылардың жіберіп жатқан ақпараттарының шындық-
қа құрылғанын білсе де, оны дəлелдеуге құқы болмайды.
Өз кəсібіне адал қыз гестапоның неміс аумағында орналас-
қан кеңестік сегіз радиостансасының алтауы ұсталғаннан кейін,
Мəскеуде бірнеше радистер мен шифровальщиктер қатарында
қамауға алынады. Оның осыдан кейінгі өмірі беймəлім деуіміз
сондықтан.
Бізге белгілісі мынау: «1940 жылдары белгілі адамдармен қа-
тар, белгісіздері де бір күнде жоқ болып жатты. Олардың көп-
шілігі НКВД түрмелерінде, лагерьлерде өлтіріліп, кісі аяғы бас-
пайтын жерлерде төмпешіктерге айналды. Сол сияқты НКВД
машинасының илеуіне түскен барлаушылардың да одан аман
шықпасы белгілі еді. Олар орасан зор құпияны білетін. Он-
дай адамдардың белгілі бір уақыттан кейін көзін жойып отыру
жазылмаған заңдылық болатын.
Немістердің соғыс ашуға жасырын дайындалып жатқан-
дығы жөніндегі кеңес резидентінің шифрограммасын Барлау
басқармасының бастығы Фитин Бас қолбасшы Сталин мен
Совнарком төрағасы Молотовқа мəлімдейді. Ертеңіне Сталин
Мемлекеттік қауіпсіздік комиссары Меркулов пен барлау бас-
қармасының бастығы Фитинді Кремльге шақырып, неміс фа-
шистерінің соғыс ашатындығы жөніндегі мəлімдеменің қан-
шалықты шындыққа жанасатынын сұрап, өз пікірін білдіре-
ді. Сұрақ алу форматында өткен əңгімесінің соңында Сталин:
«Мүлтіксіз сенуге болатын бір-ақ неміс бар, ол Вильгельм
Пик. Барлығын мұқият қайта тексеріңіздер, одан кейін маған
қайтадан мəлімдеңіздер», – дейді.
Қауіпсіздік комиссары неміс антифашистерінен құрылған
Арвид Харнак (оперативтік лақап аты – Корсиканец) пен Хар-
ро Шульце-Бойзен (оперативтік лақап аты – Старшина) бас-
қаратын жасырын ұйымнан түскен ақпараттарды тағы бір тек-
серістен өткізеді. Мұндай ақпараттар 100-ден асып-жығылады.
Бұлардың бəрін тексеру үшін Берлиндегі «Қызыл капелла» бар-
лаушыларына жібереді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, 1941 жы-
лы 22 маусымда немістер кеңес шекарасын бұзып өтіп, тұт-
қиылдан шабуыл жасайды. Сол кездегі «Корсиканецтің» бер-
ген құпия хабарларының календарьлары Ресейдің Сыртқы бар-
лау қызметінің мұрағатында сақтауда тұрған көрінеді.
«Қызыл капелла» ұйымында қызмет істеген барлық анти-
фашистік топ мүшелерімен күресу неміс фашистеріне үлкен
күш түсіреді. Оны гитлерлік рейхтің саяси барлау жүйесінің
басшысы Шелленберг те өз мемуарында айтып өтіпті. Соғыс
аяқталғанға дейін нацистер «Қызыл капелламен» күресте түп-
кілікті жеңіске жете алмаған.
1969 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жар-
лығымен неміс фашизмімен күресте Кеңестер Одағына жа-
саған көмегі үшін бір топ неміс азаматтары (барлығы 32 адам)
жоғары наградалармен марапатталды. Олардың барлығы «Стар-
шина» жəне «Корсиканец» ұйымының мүшелері еді.
«Ештен кеш жақсы» деген. Жеңісті жақындатқандардың
ерлік ісін көре білдік.
Сталин өлгеннен кейін, Берия ісіне байланысты қауіпсіздік
қызметінің жоғарғы шенді офицерлерінің бəрі жауапқа тартыл-
ды. Олардың ішінде Батыс Еуропадағы барлау ұйымдарына
басшылық еткен генерал Судаплатов та болды. Батыр атағына
ұсынылған генерал осы жүйеде қызмет істегені үшін 15 жылға
сотталды, кейін ақталды. Ал, қазақ қызы Ақжібек Мұқашева
туралы күні бүгінге дейін бірде-бір хабар жоқ. Жансыз бейне-
сі де қалмаған. Ал, кеңестік барлау жүйесі мэтрлерінің суретте-
рінің өзі өткен ғасырдың 80 жылдары ғана жарық көре бастады.
ШЕТТЕ ЖҮРІП ШƏЙІТ КЕТКЕН ҚАЗАҚТАР
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлынан біреу:
– Өмірде ақиқат бар ма? – деп сұрапты.
– «Бар, бірақ ол елу жыл кешігіп жүреді» – депті сонда
Бəукең.
Ақиқатқа қарсы жүретін əрекет Ресейдің қоғамдық өмірінің
өзегіне айналып келді. Ол күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Бұл ақиқаттың түйінін ХХ ғасырдың басында атақты жазушы
А.Чехов ашса да, оның сөзі ұзақ уақыт қоғамнан жасырынып
келген.
«Орыстар өткенін жақсы көреді, бүгінін жек көреді, бола-
шағынан қорқады», дейді А.Чехов орыс қоғамының шындық-
тан зəре-құты қашатынын меңзеп.
«Өткенді жақсы көретіні – ол өтіп кетті, онымен бірге бар-
лық трагедиялар мен алапат қауіп-қатерлер келмеске кетті, бірақ
ол халықтың мінезін қалыптастырып, қайсарлыққа шыңдады.
Бүгінін жек көруі – кешегі күнгі ауызға нəр болып түскен
нəпақаның тоқтатылып, енді арамтер болып еңбек етуі, ал
болашақтан үркетіні – ол өткендегі қиындықтары есінде қал-
ғанды жақсы жаққа қарай өзгерту, жалпыға бірдей емес, сү-
йеушісі барлар мен өлермендер ғана кездесетіні көңілдерін
құлазытатын болар» депті.
Рас, Ресей қоғамындағы адам өліміне байланысты алапат
оқиғалар ұзақ жылдар бойы адамзаттан жасырынып келді.
Қанша жасырынғанмен, оның шындығы араға жылдар салы-
нып ашылып жатты. Қайта айналып соғып отырған бүгінгі
мақаламызда бұған дейін айтылмай келген сол шындықтардың
бетін ашуға тырыстық.
Жалпы, адамзат баласына шындықтан гөрі өтірік көбірек
қызмет еткен. Себебі, өмір тағылымында шындықтың жай на-
мазына құлшылық жасауға əр пенденің ерік-жігері, ар-ожданы
тəуекел ете алмайды. Содан да келіп, белгілі бір оқиға туралы
түрлі қауесеттер таратылып, оның сыры мəңгілікке ашылмай
қалып жатады.
Иə, өмірдің шын аты – жалған. Ол адамзат баласымен бір-
ге жаратылып, жоқ пен бардың арасында өмір сүріп келеді.
Шындық бар жерде оның байқап жүретіні, ол жоқ жерде шай-
қап жүретіні де сондықтан.
К-278 «КОМСОМОЛЕЦ»
Ғасырлар құпиясы болып шегенделіп қалған ондай оқиғалар
өмірімізде аз ба? Сондай оқиғалардың бірі осыдан 21 жыл
бұрын Солтүстік теңізде болған еді. Арада қаншама жылдар
өтсе де, 1989 жылғы сəуір айында солтүстіктің көк теңізінде
К-278 «Комсомолец» атом кемесінде өрт шығып, шыңырауға
кетуінің шындығы ұзақ уақытқа дейін айтылмай келді. Араға
он жыл салып, дүние жүзінде теңдесі жоқ атом су кемесінің
өртке шалдығу себептерін тексеруге шешім шыққанда «Курск»
кемесінің қайғылы оқиғасы орын алды. Құрамында бір нүк-
теге бағынатын ядролық қаруы бар əскери кеменің нендей
жағдайда апатқа ұшырауын жариялау ол кезде мүмкін емес еді.
Мұндай апат бұған дейін де бірнеше рет орын алған болатын.
1983 жылы Авачин шығанағында К-429 су асты кемесі апатқа
ұшырап, 16 адам қаза тапқан-ды. Араға үш жыл салып, Сарғас
теңізінде К-219 шағын кемесі суға кетіп, 4 теңізші, тағы үш
жылдан кейін Норвегия теңізінде К-278 «Комсомолец» кемесі
апатқа ұшырап, 42 теңізші қаза болды.
Жалпы, «Комсомолец» кемесінің апатқа ұшырауы туралы
бұқаралық ақпарат құралдарында дер кезінде мардымды хабар
жарияланбады. 1990 жылы 15 наурызда тірі қалған бірнеше
экипаж мүшелері «Красная звезда» газетіне ашық хат жа-
зып, оқиғаға ашық пікірлерін білдірді. Бұл жерде өлгендердің
соңында қалғандардың сөзі есепке алынбады. Экипаж да,
оның жеке құрамы да апатқа ұшырамауы тиіс-тін. Сол кездегі
əскердегі тəртіпсіздік, іс-қимылдың есепке алынбауы жаппай
бассыздықтарға алып барған. Кеме басшылығының өртті өз
күштерімен сөндіруге деген арпалысы ешбір нəтиже бермеген.
Əйтсе де оның зардабы одан да күшті болуы ықтимал еді. Эки-
паж құрамының жанкештілігінің арқасында ғана алапат апатқа
жол берілмеген.
Бас қолбасшы неге үнсіз қалды?
Бұл кезде Жоғарғы бас қолбасшы М.Горбачев Ұлыбрита-
нияда ресми сапарда жүріпті. 7 сəуір күні ымыртта сағат 22.00-
де Қорғаныс министрі Д.Язов Cолтүстік флот қолбасшысына
телефон соғып, бүгін өзінің Горбачевті қарсы алатынын, сон-
да қалыптасқан жағдайды баяндайтынын айтқан. Бас қол-
басшы өзін қарсы алған саяси бюро мүшелерімен екі сағаттан
астам мəжіліс өткізген. Кейін белгілі болғанындай, онда апат
туралы ешбір əңгіме қозғалмаған. Міне, осының өзі сол тұс-
тағы басшылықтың еліміз қорғаныс қабілетінің өзіне жауап-
сыздықпен қарағанын көрсетеді.
1989 жылғы сəуір айында болған оқиға дүние жүзін сол
кезде де дүр сілкіндірген еді. Норвегияның Медвежий ара-
лында құрамында 69 ержүрек жауынгері бар №1 атом-сүңгуір
кемесі 1,5 шақырым тереңдіктегі теңіз шыңырауына батып
кеткен еді.
Жауынгерлік сапта мəңгілік есімі қалған сол 42 жауынгер-
дің арасында біздің жерлесіміз, сүңгуір кемелер құрамасының
саяси істер бөлімінің бастығы, 1 рангалы капитан Талант
Əмитжанұлы Бөрқұлақов та бар еді.
«...Теңізшілер ешбір үн шығармай өмірмен қоштасып жат-
ты. Ешкім де асып-сасып айқай шығармады, не қоштаспады.
Мен бар екпініммен суға секіргенімде, артыма қарауға шамам
келмеді. Бірақ қасымда Талант Əмитжанұлының жатқанын көр-
дім. «Талант Əмитжанұлы, өзіңізді қалай сезініп жатырсыз, –
деймін мен оған. Ол: – Жақсы, жақсы, – дейді баяу үнмен.
Бізді құтқарушылар қайықпен жинады. Құтқарушылар ке-
месіне алынған соң Талант Əмитжанұлының денесі қатты
суықтан діріл қағып қоя берді», дейді кейін тірі қалған мичман
Анисимов («Тайный подводных катастроф» Москва, «Олма-
Пресс» 2002 ж. 277-280 беттер).
Біреудің есінде қалса, енді бірдің есінде қалмаған бұл оқиға
уақыт өткен сайын өз жаңалығын əкеліп, жаңғыра түсуде.
Оқиға қалай болып еді? Жерлесіміз Талант Бөрқұлақов кім?
Солтүстіктің көк теңізінде атой салып, оның жағасында мə-
ңгілікке көз жұмған Талант Əмитжанұлы Бөрқұлақов Қызыл-
орда облысы, Қазалы ауданының «Өркендеу» ауылының тума-
сы. Таланттың əкесі Əмитжан аға Сыр өңіріне белгілі жыршы,
ақынжанды азамат болатын.
Елімізге тұтқиылдан шабуыл жасаған неміс фашистерімен
болған қанқұйлы соғысқа қатысқан Əмитжан аға Ұлы Жеңіс-
тен соң Белоруссияда үш жылға жуық əскери міндетін өтейді.
Офицер кадрларының сапында еліміздің қорғаныс қабілетін кү-
шейтуге көп еңбек сіңіреді. Жеңістен кейінгі жылдар Əмитжан
ағаның өміріне өз жаңалығын алып келеді. Өзімен бірге қан
майданда сап түзеген орыс қызы Клавдия Николаевнамен дəм-
тұзы жарасып, отбасын құрады.
1947 жылдың 5 мамырында Əмитжан ағамыз тұңғыш рет
перзентті болып, елден жырақ алыс елде ұлан-асыр той жа-
сайды. Балаға Талант деген ат беріледі.
Араға бір жыл салып, Əмитжан ағамыз əскер қатарынан бо-
сайды. Қарап отырса, елден шыққанына тура алты жылдың жү-
зі болыпты. Туған елге, ағайын-туысқа деген сағыныш сезімі
де күннен-күнге ұлғая түседі. Сөйтіп, ағамыз елге қайтайық
деп, жеңгеміз Клавдияға өз байламын жеткізеді.
Ұшқан ұядан алысқа сапар шегу қандай қиямет. Құс екеш
құс та ұшқан ұясын айналсоқтап ұшады екен. Жеңгеміз Клав-
дия да бір шешімге келе алмай, азапты күндерді бастан өткереді.
Əмитжан ағамыздың көз алдынан туған жері, өскен ортасы,
ағайын-туысы, əлпештеген қарт ата-анасы кетпей қояды. Клав-
дия да біреудің жалғызы, оның да жанынан көзі тайса, жан-
дүниелері аза болатын қартаң ата-анасы бар. Қимастық сезім,
азапты күндер осылайша өрши түседі.
Сөйтіп, қан майданнан аман қалып, базарлы шақтарды бірге
өткізген Əбекең мен Клавдия жеңгеміз тағдыр талайында екі
айрылады.
Шалғай алыста жүрсе де Əмитжан аға өз перзенті алдындағы
əкелік борышын ұмытпайды. Таң шапағынан Таланттың тілеуін
тілеп, оның амандығы үшін дұғасын оқып жүреді. Таланттың
алғашқы мектеп табалдырығын аттауы, орта мектеп бітіруі,
адмирал Нахимов атындағы Жоғары теңіз училищесін үздік
бітіруі мен үйленуі, немерелі болуының арасындағы барлық
тойларға қатысып, қолынан келген барлық көмегін көрсетеді.
Əйтсе де, өз бауырынан шыққан перзентінің үйіне жолаушы-
лап барып, бір ауық мауқын басып қайтып жүреді. Таланттың
болашағынан зор үміт күтетін азамат боларына марқайып қа-
лады. Талант өз қатарының алды болып, əдемі ер жетеді. Əкенің
сырттай жүріп, оның тілеуін тілеуі босқа кетпейді.
Пешенеге жазылған тағдыр солай болар, Əбекең Таланттың
қайғылы қазаға ұшырағанын көзімен көрмеді, құлағымен есті-
ген жоқ. Мұндай азапты оның көтере алмасы да анық еді. Алай-
да, əлемді дүр сілкіндірген бұл қайғылы оқиға бүкіл дүние
жүзіне жайылып, оның құрамында қазақ атты қайсар халықтың
бір өкілі бар екенін паш етті.
Талант Горький қаласында жерленді. Оны жерлеу кезінде
Солтүстік флот əскерлері жауынгерлік сап түзеп, құрмет көр-
сетілді. Əскери құрамада жауынгерлік даңқ бұрышы ұйым-
дастырылып, оған Таланттың есімі мəңгілікке жазылды. Жа-
уынгерлік тапсырманы орындау кезінде қаза тапқан Талант
Бөрқұлақов кейін КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен «Қы-
зыл Жұлдыз» орденімен наградталды. Бұл күндері Таланттың
отбасы Нижний Новгород қаласында тұрады. Баласы Артур
Талантұлы Санкт-Петербург жоғары əскери-теңіз Академия-
сын бітіріп, əкесінің қасиетті ісін жалғастыруда. Мурманскіде.
Солтүстік флотта жауапты əскери қызметте жүр. Ал, қызы На-
таша орта мектепте мұғалім.
Ел іші емес пе, араға ұзақ уақыт салмай-ақ ағайын-туыстар
жиналып, өз орталарынан бауырлары Базаралы мен Талайлы-
ны Талант жерленген Горький қаласына жіберіп, туған елдің
топырағын салып қайтады. Қазір Қазалы ауданында Талайлы
Бөрқұлов атындағы көше бар. Аудандағы Ғ.Мұратбаев атын-
дағы мемориалдық мұражайда оған арналып бұрыш ашылған.
«КУРСК»
Үш күннің ащы сабағы
Тарих көші Ресейге ғана емес, бəрімізге де өмірлік сабақ
болуға тиіс. Асылы, біз сол тарихтан дұрыс тағылым түйге-
німізде ғана арыстарымыздың қадіріне жететіндігімізді ұмыт-
пағанымыз абзал.
Солтүстік флоттағы бұл қайғылы оқиға араға 11 жыл салып,
тағы да қайталанды. «Курск» атом кемесінің қайғыға ұшы-
рауында да əскери басшылықтың көптеген қателікке ұрынға-
ны байқалып қалды.
Оқиға бұрмаланса, ақиқат көлегейленеді. Тарих жылнама-
сының қаншама беті шындықты жасырып қалатыны бұл жолы
да сыр беріп қалды. Бірақ халық өтіріктің бет-пердесінің ысы-
рып тастап, оның түбіне өрт қойды.
2001 жылы Ресей тарихында бұрын-соңды болмаған теңіз
апаты тағы да орын алды. Бұл жолы Ресейдің соңғы үлгідегі
қару-жарақпен жарақтандырылған «Курск» су асты кемесі су
түбіне батып кетті. Апаттың шығу себептеріне де соңғы нүкте
қойылған іспетті. Алайда оның құрамындағы теңізшілер тура-
лы мəліметтер ашылғанда ол бізге тосын жаңалықтар жеткізді.
Жалпы, «Курск» сүңгуір кемесі теңізге асығыс аттанған. Үш
күнге ғана əскери тапсырма алған əскери кеме ашық теңізде
бүкіл Скандинавия мемлекеттеріне төнген апаттың алдын алған
сыңайлы. Ол туралы əлі талай айтылар. Біз бүгін осыған дейін
беймəлім болып келген кеме құрамасының мүшесі, ІІІ ранга-
лы капитан бауырымыз – Мұрат Бақтиярұлы Байғарин туралы
айтпақпыз.
2002 жылдың ақпан айында араға бір жыл салып Севе-
реморск қаласының əскери госпиталінде кеме экипажының
115-мүшесінің мəйіті анықталғанда, соның бірі қазақ жігіті
Мұрат Байғарин болып шықты. Бұл туралы Солтүстік флот-
тың əскери прокуроры В.Мулов жария етті.
Қарға тамырлы қазақтың қазақ даласында бір ізі болуы тиіс
қой деген сенім бізді де алдамады. Сол сенім мені Алматы
қаласындағы Байғариндер əулетінің шаңырағына алып келді.
Онсыз да жаралы жанұяның көңілдеріне қаяу түсіріп аламын
ба деген ойымның да себебі бар еді.
«Курск» кемесі апатқа ұшыраған кезде ресейлік кейбір бұқа-
ралық ақпарат құралдары бұл қайғыны сан-саққа жүгірткені
бар-ды.
«Жақсылық бөліссе көбейеді, жамандық бөліссе азаяды»
дейді дана халқымыз. Əлгінде Байғариндер əулетін іздеуім
де осы құдіретті күштің арқасы болатын. Есікті орта жастан
асқан, бойында бекзаттық табы бар егделеу əйел ашты. Ол өзін
осы үйдің иесі, Байғариндер отбасының жылуын сақтаушы
Татьяна Владимировнамын, – деп таныстырды.
– Иə, ол күдік емес, шындық. Оңтүстіктегі Байғариндер ұр-
пағы осы шаңырақтан бастау алады. Бұл – Мұраттың əкесі,
Ықтиярдың ағасы, Əбдіғалидың үйі. Түсінікті болу үшін бəрін
басынан айтайын, – деп Татьяна Владимировна алдымызға бір
үйме қағазды əкеліп қойды.
– Соғыс жылдары Жамбыл облысында қызмет істеген аза-
маттар Байғариндер жанұясын тануы тиіс. Мұраттың атасы –
Əнəфия Байғарин осы облыста Облыстық атқару комитеті
төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. Осы қала-
да Мұраттың əкесі Ықтияр дүниеге келеді. 1946 жылы Əнəфия
ағай, ағайын-туыстарын жағалап, Ақмола қаласына көшіп бар-
ған. Осында, кейін Солтүстік Қазақстан облысының тұтыну-
шылар одағында басшылық қызметтер атқарады. Балалық шақ-
тан еркін өскен Ықтияр бертін келе Мария деген орыс қызына
қосылады. Өз ұлдарының бірінен соң бірі басқа ұлттың қыз-
дарына үйленгендеріне наразылық білдірген ағайын-туыста-
ры екі жастың қосылуларына ақ баталарын бермеген көрінеді.
Алайда, бірін-бірі өлердей ұнатқан қос ғашық туыстарына өк-
пелеп, Ресейдің Магнитогорск қаласына көшіп кетеді. Міне,
содан бері олар Ресейдің азаматтары ретінде ел қатарлы қара-
пайым өмір сүреді. Мұрат – балаларының үлкені, жасы 35-те.
Ал, қыздары Белоруссияда тұрады.
Жалпы, Мұрат «Курск» атом кемесінің экипаж мүшелігіне
соңғы сағаттарда тіркелген көрінеді. Ол оқиға болар жылдың
алдында Санкт-Петербург қаласындағы Əскери-теңіз акаде-
миясына оқуға қабылданыпты. Бұл жоғары əскери оқу орнына
жасы 30-ға дейінгі маман əскери басшылар ғана қабылданады
екен. Академия басшылары Мұраттың болашағынан зор үміт
күтіп, оқу орнының жарғысын бұзып, оның білім алып шы-
ғуына мүмкіндік жасаған.
«Курск» кемесі ашық теңізге шығар қарсаңында Мұрат оқу-
ға қажетті құжаттарын рəсімдеуге жəне жанұясын алып қайту-
ға Видяеваға барады. Осында ол өзін əскери бөлім басшылығы
іздеп жатқанын естиді. Теңізсіз тіршілігін сезіне алмайтын
Мұрат сол күні басшылықтың өтінішімен өзінің орнына жаңа-
дан тағайындалған торпедо қызметінің маманын үйрету үшін
үш күндік сапарға шығады.
Иə, небəрі үш күндік жорық! Əрине, ол бұл жорықтың ең
соңғы сапары болатынын сезбеді. Үнемі есік алдындағы аула-
ға серуендеп шығып келгендей, сапардан көңілді оралады екен.
«Шөлмек мың күн емес, бір күн сынады» деген осындайда
айтылса керек. Сөйтіп, біздің бауырымыз, ІІІ рангалы капитан
Мұрат Байғарин «Курск» атом кемесінің ІІ отсегінде мəңгілікке
көз жұмады. Соңында əйелі Светлана, екі баласы қалады. Қазір
олар Санкт-Петербург қаласында тұрады.
Мұраттың денесі Санкт-Петербург қаласында жерленді.
Жерлеу рəсіміне Магнитогорск қаласында тұратын əкесі Ық-
тияр Əнəфияұлы мен анасы Мария Яковлевна қатысып қайтқан.
Татьяна Владимировнамен сөйлесе отырып, Байғариндер
жанұясы туралы тағы бір қызықты мəліметке тап болдық. Ота-
ғасы Əбдіғали аға 40 жылға жуық Ұлттық Қауіпсіздік Коми-
тетінде қызмет істепті. Мəскеудегі Жоғары мектепті үздік бі-
тіргеннен кейін кəсіби барлаушы ретінде Қытай, Иран, Мон-
ғолия елдерінде қызмет атқарған. Үрімшіде КСРО-ның вице-
консулы қызметін атқарып жүргенде, Қытай тарапынан Да-
манскі түбінде шекараның бұзылу қаупінің барын күн ілгері
сезіп, кеңес басшылығын ықтимал жағдайға дайын болуын ес-
керткен көрінеді.
Əбдіғали Байғарин осы қызметте жүріп, бейбіт өмірде қос
орденмен марапатталған алғашқы қазақ азаматтарының бірі
екен. Ол кісі 2000 жылы қайтыс болыпты. Егер ерлік өз өмі-
ріңді қию үшін керек болса, онда ол өз қайғыңды жеңу үшін
одан да гөрі қажеттірек деген осы болар.
«СҰҢҚАР»
«СҰҢҚАРДЫҢ» СҰҢҚАР ҰЛЫ
Өмірде бəрі де Тəңірінің жазуымен болады, өз тағдырың-
нан қашып құтыла алмайсың. Пешенеңе не жазылса, соны кө-
ресің. Бұл енді өз еліміздің топырағында, жазатайым болған
оқиға десек те, қалың əлеуметті бір толқытып кеткен қайғылы
қаза болды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш «Сұңқар» əскери-те-
ңіз кемесінің командирі, капитан-лейтенант Болат Алтынбаев
еліміздің əскери теңіз саласының қорғаныс қабілетін артты-
рудағы кəсіби маман еді...
Өмірдің мағынасы үлкен немесе кішкентай болуы мүмкін
емес – ол міндетті түрде ғарыштық һəм əлемдік үрдіспен ас-
тасып, оны өзінің ыңғайлы бір жағына қарай өзгертеді. Өмір-
дің мағынасы деген осы. Жас, қайратты Болат аз өмір сүрсе де,
өте мағыналы өмір сүрді.
Болат Олжабайұлы Алтынбаев – 1969 жылы Жалағаш ауда-
ны, Қаракеткен ауылында дүниеге келеді. Ауыл баласы осын-
дағы №31 орта мектептің 7-сыныбынан соң, Алматы қала-
сындағы арнайы əскери мектебіне түсіп, оның 8-сыныбынан
Ленинград қаласындағы Нахимов атындағы əскери теңіз учи-
лищесіне оқуға жіберіледі.
1986 жылы Болат Ленин комсомолы атындағы жоғары
əскери-теңіз училищесіне штурман факультетіне оқуға түсіп,
оны 1991 жылы үздік белгімен аяқтайды. КСРО Қорғаныс
министрінің 1991 жылғы 29 маусымдағы №0736 бұйрығымен
оған лейтенант əскери шені беріледі. Əскери басшылық жол-
дамасымен Болат Алтынбаев Камчаткаға Петропавловск қа-
ласына əскери қызметке жіберіліп, электронавигациялық топ
командирі болып тағайындалады. 1992 жылы Тынық мұхит əс-
кери-теңіз флотының қолбасшысының бұйрығымен оған аға
лейтенант əскери шені беріледі.
Өмірде жаттығусыз ешқандай рахатқа қол жеткізу мүмкін
еместігін, жаттығу арқылы бəрін де жеңуге болатынын Болат
ерте түсінеді. Əскери адамның өз еркі бола бермейді. Əйтсе де
оның туған елге деген сағынышы бір сəтте де басылмайды.
Жас адамның тілеуін Жаратқанның өзі үнемі қолдап отыра-
ды екен. 1994 жылы Болат өзі арман еткен Қазақстанына ора-
лып, Қорғаныс министрлігінің Əскери-теңіз күштері бөлімінің
аға офицері қызметіне тағайындалады. 1995 жылы Қорғаныс
министрінің №036 бұйрығымен Болат Алтынбаев «ПК-16» жа-
ғалау катерінің командирі болып бекітіледі.
Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялап, қорғаныс саласын құр-
ғанда оның əскери-теңіз флотын қалыптастыратын маман офи-
церлер тіпті де жоқтың қасы еді. Сондықтан жас теңізші офи-
цер Болатқа бұл жолда үлкен жауапты міндеттер жүктеледі. Ол
тəжірибе жинақтау мақсатында əлемнің жетекші мемлекеттері
Алмания, АҚШ, Польша, Болгария, Мексика мемлекеттерінде
болады. Еуропаның теңіз қақпасы саналатын Солтүстік те-
ңіздерде, Балтық əскери флотының флагманы Мурманск, Ар-
хангельск, Белецк қалаларында қызметтік сапарлармен болып,
іс-тəжірибеден өтеді.
1997 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Болат Ал-
тынбаевты АҚШ-қа əскери-теңіз күштерінің академиясына оқу-
ға жібереді. Ол – осы Əскери теңіз Академиясында білім алған
тұңғыш қазақ азаматы еді. Ағылшын тілін еркін меңгерген Бо-
лат Сан-Антонио қаласындағы оқуын мерзімінен бұрын жəне
Нью-Йорк қаласының Теңіз академиясын үздік дипломмен
бітіріп шығады. Оқу жылдарында ол – Чикаго, Калифорния,
Вашингтон штаттарында қызметтік іссапарда болады.
Адам үшін ең қымбат қазына – өмір. Бірақ сол өмірге мұ-
қият қарасақ, ең қымбат нəрсе уақыт саналады. Себебі, өмір –
уақыттардан тұрады, сағаттар мен минуттардан түзіледі екен.
Қарап тұрсаң, оның бейқам, ойсыз өмір сүруге ешқандай басы
артық уақыты да болмапты.
Астана қаласының ресми жариялануына байланысты Болат-
тың Нью-Йорк қаласы зиялыларының алдында Қазақстан ту-
ралы ағылшын тілінде баяндама жасауының өзі үлкен жауап-
кершіліктің жүгі емес пе?!
Иə, екі адамның басын қосып, алдында өзіңнің мақсат-мұ-
ратыңды жеткізудің өзі үлкен күшке айналған қазіргі кезеңмен
салыстырғанда Болаттың ол өрлігін нағыз Отансүйгіштік іс-
қимылға жатқызуға болатын іспетті.
Уақыт дегеннен шығады. «Өміріміздің ешқашан қайта орал-
мас қымбатты сағаттарының – осы ғажайып сəттерінің мақ-
сатсыз ұйқыға жұмсалатыны зығырданымды қайнатады» деп-
ті бір данышпан. Сол сияқты Болат та Нахимов əскери учили-
щесінде оқып жүрген кезінде сыныптастарына жазған хатын-
да, уақыттарын босқа өткізбеулерін өтінеді екен. Оның бір
сағат уақытын бос өткізбеуіне қарағанда, өмірдің бағасын ер-
те түсінгені ме, деп қалатындығымыз сондықтан.
Ол – өмірді соңғы минуттарына дейін ерлікпен қорғау үшін
жаралған азамат еді. Тіл, сұқ тиді ме, қайдам, 1998 жылдың
3 шілдесінде Болат жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады.
Сөйтіп, тым болмағанда бір жүректің жараланбауына жағдай
жасаған болсам, менің өмірім бос өтпеді дер едім, тым бол-
мағанда бір өмірдің қасіретін не сырқатын жеңілдете алған
болсам, не құлап қалған балапанды ұясына қайта сала алған
болсам, өмірім бос өтпеді дер едім, – дейтін ұл мезгілсіз ажал
құшты.
Өмірге өкпелеуге болмайды. Біреуді «атам» дегізген өлім,
біреуді «ботам» дегізіп жатады. Туу, өсіп-өркендеу, өлу – өмір
заңы. Бірақ, бəрі кезегімен болғаны дұрыс болар еді.
Мысыр елінде адамның бақыты қанша жыл өмір сүргенің-
мен емес, қандай қызық көргеніңмен өлшенеді екен. Оған
сайсақ, Болат өте мағыналы, саналы өмір сүрген болып
шығады.
Қазір Жалағашта Болат Алтынбаев атындағы көше бар. Оның
туған күніне орай, ауданда жыл сайын дəстүрлі спорт жарыс-
тары өткізіліп тұрады. Болаттың əкесі Олжабай ақсақал мен
анасы Гүлзағира балаларының ізін қуған жастарға: «Аллата-
ғала, арыстың ұрпағына, пейіл-пікіріне лайықты ғұмыр бер,
салуалы ордасы, салауатты адамы болсын, ел қамын жейтін
ерлері, халқы үшін қабырғасы сөгілетін ұрпағы болсын!» деп
ақ батасын беруден жалыққан емес.
КӨРІНБЕЙТІН ШАЙҚАСТЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ
Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің потенциялы қа-
шанда ерекше маңызға ие болып келеді. КСРО тұсында да елі-
міздегі ұстамды кадр саясаты орталықтағы мемлекеттік, пар-
тиялық қызметтерге лайықты үміткерлерді тарту жəне шақы-
ру жөнінде үлкен сенімділікке ие болды. Сондықтан, Кремль
мемлекетті басқару жүйесіндегі орталық билік аппаратына қа-
зақстандық кадрларды көптеп тартып отырды. Бұл саясат əсі-
ресе, Борис Ельциннің тұсында ерекше байқалды.
КСРО тарап, ұлттық Республикалар өз тəуелсіздігін жария-
лаған тұста Ресей федерациясының басқару билігінде уақытша
вакуум пайда болды. Жедел түрде үкімет құрылып, оның ал-
ғашқы құрамына біздің жерлестеріміз Олег Сосковец (1 вице-
премьер) пен Михаил Полтаранин (ақпарат министрі кейін ви-
це-премьер) тартылды.Конституция талаптары бойынша мем-
лекеттік басқару жүйесін реформалаудың заңдық негіздерін жа-
сау қатаң талап етілді. Бұған дейінгі саяси жəне құқықтық жүйе
басқару қатынастарындағы жауапсыздық пен пəрменсіздіктің
жолын кесе алмауы хаосқа əкеп тіреді. Экономикалық жəне
əлеуметтік шаралардың əлсіздігі мен тиімсіздігі ең бірінші осы-
дан туындап жатты.
Ресей президенті заңдылықты қадағалайтын мемлекеттік
басты орган прокуратура мен мемлекеттік қауіпсіздік комите-
тіне де жаңа басшылар тағайындады.
Ресей федерациясы Бас прокурорының міндетін атқаруға
жерлесіміз, ақтөбелік Олег Гайданов тағайындалса, қауіпсіз-
дік комитетіне көкшетаулық Николай Голушко бекітілді.Бар-
рикаданың екінші бір жағында Кремль сарайында 1990 жыл-
ғы КСРО халық депутаттарының съезінде Бас хатшы М.Гор-
бачевке қарсы шығып, өз еркімен отставкаға кетуін табанды
түрде талап еткен жерлесіміз Сажа Умалатова шулатып жат-
са, қайта өмірге келген мемлекеттік думаның іргетасын келесі
бір жерлесіміз көкшетаулық Сергей Батурин шайқап жатты.
Жерлестеріміздің саяси белсенділігі Путин билігі тұсында да
айрықша қажеттілікке айналды.
Путин мемлекет билігіне келген соң, өзімен бірге бір топ
сенімді əріптестерін Кремль қабырғасына шоғырландырды.
Олардың арасында питерліктерге сіңіп кеткен біздің екі жер-
лестеріміз де бар.
Бүкіл Ресей Федерациясының мемлекеттік мүлкін кезегі-
мен екі бірдей қазақстандық питерліктер Альфред Кох пен
Герман Грефке сеніп тапсырды. Путинмен бірге екі мерзімде
Ресей үкіметінің мүшесі болып келе жатқан жерлестеріміз ха-
лықаралық үлкен саясатта брокерлік іс-тəжірибе жинап ин-
доссант (тапсырысты орындайтын адам) қызметін атқарды.
Олар саяси іс-қимылда күрделі лабиринтке жол бермеді.
Қоғамдық тəртіпті қатаң бақылауға алып, экстремизм мен
терроризмге қарсы күрес жүргізу ісі ішкі істер министрлігіне
беріліп, ол ведомоствоға басшылық жасау келесі бір жерлесі-
міз жітіқаралық Рашид Нұрғалиевке тапсырылды.
Осылардың ішінде екі адам – Ресейдің Бас прокуроры Олег
Гайданов пен Ресей мемлекеттік қауіпсіздігі министрі Нико-
лай Голушкоға алдын ала кінə тағылмай, қызметінен босатыл-
ды. Ельцин оларды мемлекет болашағына, оның нығаюы мен
қалыптасуы кезеңінде аса маңызды жұмыстарға тарта оты-
рып, кейін жеке басының шамшылдығы күшейе түскен кез-
де құрбандыққа шалып жіберді. Біз газетіміздің өткен но-
мерлерінің бірінде «Мəскеуде бас мүжитін Бас прокурор» деген
мақаламызда Олег Гайданов туралы жазған болатынбыз. Бү-
гін сол тақырыптың жалғасы ретінде бұған дейін бізге белгісіз
болып келген жерлесіміз Ресей құпия қызметінің басшысы
Николай Михайлович Голушко туралы əңгімелемекшіміз.
Ресей федерациясының тəуелсіздігі жылдарында Мемлекет-
тік қауіпсіздік министрі болған Николай Голушко – 1937 жыл-
дары Көкшетау облысының Андреевка селосында дүниеге кел-
ген. 1959 жылы Томск университетінің заң факультетін бітірген
соң, төрт жыл прокуратура саласында қызмет атқарып, кейін
Қауіпсіздік қызметіне шақырылған.
1963 жылы Кемерово облысы Қауіпсіздік басқармасында
қарсы барлау, идеология бөлімінде жедел өкіл болып қызмет
атқарады. 1974 жылы Мəскеуге КСРО-ның Қауіпсіздік коми-
тетінің Орталық аппаратына қызметке ауысып, Хатшылық бас-
шысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 1987 жылы
Украина Қауіпсіздігі комитетінің төрағасы.
Ұлттық ерекшелігі бойынша украин болса да оған осын-
да ана тілін оқуына тура келеді. Адамның ең жоғарғы мақсаты
мен ең негізгі мұраты деп есептелетін əдептілік қағидаты – ге-
донизмнен бой ұзап кетпеді.
КСРО-ның күні ертең тарап кететінін сезген бойда Мəскеу-
ге қызметін ауыстырады. Оның орталық аппаратқа бір кездері
Кемерово облысында бірге қызмет атқарған Вадим Бакатин
шақырады. Голушко Қауіпсіздік комитеті хатшылығының бас-
шысы қызметіне тағайындалды. Вадим Бакатиннің Ішкі істер
министрі болып келген Баранников оны өзіне орынбасар етіп
тағайындады. 1992 жылы маусымда президент Ельциннің өкі-
мімен Голушко министрдің бірінші орынбасары, кейін Лубян-
кадағы кеңсенің басшысы (министр) болып тағайындалды.
Голушконы Кремльдегілер қуанышпен қарсы ала қоймады.
Сондықтан, ол саяси интригаларға араласу ісінде белсенділік
танытпады. Ельциннің оппозициялық басылымдар – «Правда»,
«Советская Россия», «День» газеттерін жабу туралы жарлығы
да түпкілікті орындалмады. Ельцин билігінің алғашқы кезе-
ңінде істеген істе, ойлаған ойда сабақтастықтың жоқтығы, қа-
тыгездік, өзіне деген күмəн мен сенімсіздік синдромы күшті
белең алып, ретогратдық психология қалыптасты. Билік ма-
шинасы адам естімеген сервилизм мен ақылға сыймайтын жү-
рістер жасады. Мұнда адамның құқығы деген ұғымның өзі
сəт сайын топталып жатты. Сөйтіп, кезінде Ресей империясы
қалыптастырып кеткен адам мінезі – амбивалентті құбылыс-
қа айналды. Құлдық ұру санасы күшейіп, оның амбивалентті
сыңары – билеуші,басқарушы, қанаушы нəтижесінде адамның
ақылын адастыратын фантомның дəрежесіне ұласты. Ақы-
рында билеушілердің үлкен армиясы қалыптасты. Ешкімнің
ар-намысы қорғалмады. Алып империяның аймағында дес-
поттық, тирандық жүйе қалыптасты. Мұның əсері қоғамда аза-
маттық құқық түйсігін,əділеттілікке деген аңсарды тəрбиелеп,
қалыптастыра алмады. Соңғы екі ғасыр шеңберіндегі «бо-
йындағы құлдықты» мысқалдап сығып шығара алмай безек
қақты.
Сөйтіп, кешегі коммунистер халықты билеп-төстеуге қол
жеткізгеннен кейін əлемдегі ең қатал əміршіге айналды.Оның
демократия деп даурығуы қабырғаға соғылып, құр жаңғырып
жатты. Жалпы, демократия – адамзатты ғасырлар бойы қо-
балжытып келе жатқан құбылыс. Мыңдаған жылдарда ол əлі
бір елде толығымен орнамаған. Ал, қоғамдағы бүгінгі демокра-
тия өте əлсіз,себебі оны басқаратын, ұйымдастыратын, шын-
дайтын саяси күштер өте пəрменсіз болды. Мұндай демокра-
тия мемлекет басқару ісіне, адам құқықтарын қорғау процесіне
ықпал жасай алмайтын еді. Демократияның шыңға шығуы да,
құлауы да негізінде саяси күштер мен саяси тұлғаларға байла-
нысты. Біздің дəуірімізге дейін өзі қала, өзі мемлекет болған
ежелгі Афиныда екі жүз жыл өмір сүріп тұрған демократия са-
ясат пен Спартаның құрбаны болғанын біз тарихтан білеміз.
Онда Спарта басшысының ерік-жігері ғана қорғап қалған. Ал,
қоғам жиналысының бітпейтін дау-дамайдан, даурықпа сөз-
дерден қолы босамаған ол, тіпті қарсылық көрсетуге кедергі
келтірген. 1993 жылы 21 қылкүйекте Ресей президентінің «Ре-
сей халық депутаттары съезі мен Жоғарғы Кеңесті тарату ту-
ралы» № 1400 жарлығы шығып, елде саяси дағдарыс туында-
ды. Үкімет президентті үнсіз қолдаған сыңай танытты. Барлық
үкімет мүшелеріне жеке күзет қойылып, министрлердің қа-
былдау бөлмелерінде қарулы тəртіп сақшылары отырды. Оп-
позиция, яғни қоғамның жоғын жоқтап ондағы кемшіліктер-
ді түзетіп,болашақ жолды көрсететін зиялылардың қоғам да-
муындағы қажеттілігі заңды құбылыс. Оппозициясыз қоғам –
ол «Бақалардың мекені – шіріген батпақ» (Асан қайғы). Осы-
ны түсінбеген қоғам дамымай, тығырыққа тірелді. Күні кеше
Ельциннің өзі осы жолдан өткен. Саяси билікке қол жеткізген-
нен кейін, ол оппозициямен күресуді ашық алаңға алып шық-
ты. Жоғарғы Кеңес төрағасы Хасбулатов пен вице-президент
Руцкой Ақүйде депутаттарды жинап, Ельциннің өкілеттігін
тоқтатып, Руцкой президент міндетін атқаруына шешім жа-
сайды.Депутаттардың мұндай шешіміне Конституциялық сот
қолдау білдіреді.Демократияның бітіспес бірнеше жауы бар.
Оның бастысы – тоталитарлық тосқауыл. Екіншісі – қоғамдық
саяси күштердің корпоративтік сипат алып, фракцияларға бө-
лінуі жəне қоғамның саяси сахнаға шығып, жалынды сөз сөй-
леген əрбір «кемеңгерге» немесе «шешенге» саяси тұлға деп
табынып, олардың соңынан ессіз еруі. Міне, Ельцин алғашқы
күннен бастап осы трибунадан табылды. Оның ең басты кем-
шілігі де осында еді.
Араға үш күн салып, 24 қыркүйекте Ельцин Ресей федера-
циясының «1990–1995 жылдардағы шақырылымының депу-
таттарын əлеуметтік қолдау жөнінде» Жарлық шығарып, оны
орындап, өкілеттілігін тоқтатқандарға үкімет орындарынан
жұмыс берілетіндігі туралы мəлім етіледі.Алайда, президент
Жарлығын депутаттар орындаудан бас тартады.
Ақ үй қатаң бақылауға алынып, айнала қоршалады. Су,
жарық, жылу көздері ажыратылады. Бірнеше күнгі тəртіп-
сіздіктер салдарынан сол күндері оншақты адам қаза таба-
ды. Бұл туралы Ельциннің құқық орындары басшылары-
мен өткізген мəжілісінде Голушко ашық мəлім етіп, бұдан əрі
қателіктерге бой алдырмауды сұрайды.
Министр қауіпсіздік органын құқық қорғау күш құры-
лымдарына жатқызуынын өзі қателіктерге алып баратынын,
оның жеке əскери құрылымының да жоқ екенін алға тартады.
Мəскеудегі тəртіпсіздік кезінде өздерінің ғимараттарын опера-
тивті қызметкерлер қорғағанын айтып түсіндіреді. Қорғаныс
министрі Грачев Мəскеуге əскер кіргізуді кешеуілдетіп, оны
ішкі істер министрлігінің күшімен шешуді жөн санайды. Мəс-
кеудегі əскери төңкеріскезінде 6580 адам қамауға алынады. Ке-
йін Ресей Бас прокуратурасы 1993 жылғы 3-4 қазанда болған
төңкеріс кезінде 123 адамның қаза тапқанын хабарлайды. Оқи-
ғадан кейін Николай Голушко «Жеке ерлігі үшін» орденімен ма-
рапатталады. Бұл – Қауіпсіздік министріне көрсетілген құрмет
емес, өзгелердің, мəселен, Ресей Батыры атағына ие болған
ішкі істер министрі Ериннің алдына жығып беру еді.
Ельцин осы оқиғадан кейін іле-шала Қауіпсіздік министр-
лігін тарқатып, оның орнына Федералдық қарсы барлау қыз-
метін құру жөнінде Жарлық шығарады. Голуконы директор,
орынбасарына Степашинді тағайындайды.
Голушко бұл қызметте ұзақ тұрақтамайды. 1994 жылы ақ-
панда Ресей мемлекеттік Думасы «саяси жəне шаруашылық
қызметінде жіберген кейбір кемшіліктері үшін кешірім жасау
жөнінде» қаулы қабылдайды. Думаның қаулысы бойынша 1991
жылғы тамыз жəне 1993 жылғы қыркүйек оқиғалары бойын-
ша түрмеде отырғандарға еркіндік беріледі.Ресей Бас проку-
роры Казанник Мемлекеттік думаның бұл қаулысын «Орыс
парламеттеризмі тарихындағы өте өрескел қате» деп санап,
өзінің отставкаға кететінін мəлімдей отырып, түрмедегілердің
бəрін босатуға шешім жасайды. Кремль Голушкодан Лефер-
товодан Руцкойды,Хасбулатовты жібермей, ұстап тұруды тап-
сырады. Бірақ, Голушко да Дума қаулысын басшылыққа алып,
оларды сол күні босатып жібереді. Осыдан кейін ол Ресей
президентінің сенімінен айырылады.
1994 жылы 28 ақпанда Голушко қызметінен өз еркімен бо-
сату жөнінде рапорт береді. Оның «өз еркімен» деген сөзін
Ельцин Жарлықтың жобасынан сызып тастайды. Сөйтіп ол:
«Заңға деген адалдықты Отанға жəне өз халқына деген адал-
дықтан биік ұстайды. Сол жолда Бас қолбасшының бұйрығын
орындаудан бас тартады.
ЖАБЫҚ ҚАУЛЫМЕН ЛЕНИНДІК СЫЙЛЫҚТЫ
АЛҒАН ҚҰПИЯ ҚАЗАҚ
Оның аты-жөні ешбір ғылыми еңбектерде, энциклопе-
дияларда аталмай келді. Тіпті, бір кездегі қуатты КСРО-
ның ең жоғарғы наградасы Лениндік сыйлықтың өзі
оған жасырын – құпия түрде тапсырылды. Бұл жөніндегі
қуанышын өзінің ең жақын деген адамына да айта алма-
ды. Өзі тəрбиелеп өсірген халқы да ұлымның есімі даңққа
бөленіп жатыр деп қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып
шашу шаша алмады. Өзінің атын шығарған ғылыми
еңбегі өзге елде танылғанда ғана көңіл түкпірінде шермен-
де болып қатып қалған түпкі ойларын айтуына мүмкіндік
туды.
Лениндік сыйлықтың лауреаты – Халел Батталұлы Əу-
бəкіровпен болған əңгімеміз кешегі мен бүгінгі күнді жал-
ғастырып тұрған құпияның сырын ашудан басталды.
– Халел аға, біз сізді Лениндік сыйлықтың лауреаты
ретінде үлкен-кіші энциклопедиялардан да, түрлі ғылыми
еңбектерден де іздеп таба алмадық. Елімізде болып жатқан
сан түрлі саяси-мəдени іс-шаралардан да көрмейміз. Тіп-
ті, сізді жердің асты-үстін түгел зерттеп түгестім деп жүр-
ген ғалымдарымыз да білмейтіні рас. Осыншама туған хал-
қымыздан бөлектеніп, саяқ жүруіңізге не себеп болды?
– Қарапайымдылық кісіні қашанда нұрландырып тұрады.
Ата-анамнан жұғысты болған сол қасиет маған, менен ба-
лаларыма да көшіп алған іспетті. Рас, ұзақ уақыт Лениндік
сыйлықтың иегері екенімді жария етуіме ресми орындар рұқ-
сат етпеді. Мені сол кездегі саяси билік жасырып ұстауға
мүдделі болды. Мəселенің мəнісі ашылғанда одан өзім де
суып қалдым. Əр нəрсе өзінің уақтысында болғаны абзал, одан
арғысы кеш болмақ.
– Халық қашанда ұлы. Одан жасырынуға болмайды.
Бір адамды ұзақ уақыт алдауға болады, ал көп адамды
ұзақ уақыт алдауға болмайды ғой...
– Бұл енді өз еркімнен тыс болған мəжбүрлеу саясатының
ықпалы.
Уран өндірісі қашанда стратегиялық маңызы бар шикізат
ретінде өте құпия сақталып келді. Менің 1953 жылдан бас-
талған бар саналы өмірім осы саламен тығыз байланыста
болды. Қазір бəрін ашық айтуға болады. Уран өндірісі де құ-
пиялылықтан қалды. Оны ғылыми негізде байытуға кең кө-
лемде мүмкіншіліктер ашылуда.
Мен осы жолға қалай түстім, не бітірдім, енді өткен өмір
жолдарым туралы түсінік бере кетейін.
1953 жылы Мəскеудегі С.Орджоникидзе атындағы Геоло-
гия институтына оқуға түсіп, оның арнаулы курсын 1959 жы-
лы бітіріп шықтым. Арнаулы курс дейтінім, бұл топта белгілі
қатаң тексерістен өткен санаулы студенттер ғана оқыдық. Бұл
топ Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ерекше бақылауында
болды. Маған дейінгіні білмедім, сол кезде қазақтардан осы
топты жалғыз өзім бітіріп шыққаным аян. Содан бергі қызмет
жолым Волхов геология барлау экспедициясымен тура байла-
нысты болды.
– Лениндік сыйлықты қай жылы жəне қандай еңбегіңіз
үшін алдыңыз?
– 1978 жылы СОКП Орталық Комитетінің жəне КСРО Ми-
нистрлер Кеңесінің жабық қаулысымен маған «Геологиялық
жаңа концепцияны дайындап, ойлап шығарғаным үшін» Ле-
ниндік сыйлық берілді. Сыйлық жабық күйінде құпия жағдай-
да тапсырылды.
– Атақты халық берсе, анық бермей ме, атақты жабық
берсе де халық көрмей ме? Атағынан ат үркетін əйдік сый-
лықты тығып берудің астарында қандай құпия бар еді?
– Жоғарыда айтқандай, уран аса маңызды стратегиялық ши-
кізат. Оны іздестіру, табу ерекше құпия жағдайда жүргізілді.
Халықаралық ұйымдардың айрықша бақылауында тұратын бұл
шикізатты өндіру мен байыту жұмыстары құпия жүргізілмесе
болмайтын еді. Сондықтан бұл саладағы кез келген жаңалық
пен марапаттың өзі жабық күйінде құпия жағдайда жүзеге аса-
тын. Оған таңдануға болмайды. Мұндай жағдай менің ғана ба-
сымнан өткен жоқ. Екіншіден, маған Лениндік сыйлық тап-
сырылғанда менімен бірге елімізде стратегиялық маңызы бар
əскери кешендер мен электронды жəне атомдық су кемелерін
ойлап шығарған бір топ конструкторларға да тапсырылған бо-
латын. Марапаттау салтанаты теледидарға түсірілмеді, бұқа-
ралық ақпарат құралдарында насихатталмады. Тіпті, бұл сый-
лықты не үшін алғанымыз жөнінде жəне өзіңнің осы сыйлық-
тың иегері екендігің турасында айтпау керектігі қатаң ескер-
тілді. Бұл жөнінде қолхат та бердік. Жалпы, бұл жоғары атақ
менің Оңтүстік Қазақстан өңірінен уран рудасын жаңа тəжі-
рибемен игерудегі еңбегіме берілген-ді.
– Халел аға, 1992 жылға дейін Қазақстанда уран өндіру
мəселесі өте құпия сақталып келді. Ал, сіздің концепция-
ңыз сыйлық алса да, жариялауға жатпады. Бұған не себеп?
– Бұған ең басты себеп біздегі теориялық қасаң қағидалар
əсер етті. Рас, КСРО кезінде бұл концепция Лениндік сыйлық
алса да жариялануға жатпады. Ол тек Кеңестер Одағы ыды-
рағаннан кейін ғана жарияланды. Осыдан кейін бұл концепцияға
қызығушылар табыла бастады. Кейін біздің елімізге қытайлық
ураншы-геологтар келіп концепциямен танысты. Мен оларға
бірнеше лекция оқыдым. Осыдан кейін олар мені Пекинге ша-
қырып, тағы да лекция оқуымды сұрады. Алайда олар менің
қағидаларыма бой ұрмай, ескі теория бойынша жүздеген сква-
жина бұрғылап, ешбір нəтижеге қол жеткізе алмапты. 2000 жы-
лы қыркүйек–қазан айларында мен Қытай елінде тағы болдым.
Олар бұл жолы менің концепциям бойынша үш скважина бұр-
ғылап, соның біреуінен уран рудасын тапты. Араға бір жыл са-
лып, сол жерлерде ғылыми негіздегі іздестіру жұмыстарына
жетекшілік жасап, үлкен жетістіктерге жеттік. Қазір зерттел-
ген жерлердің жүйелік нобайлары жасалып, ол іске асырылуда.
«Əрбір адам өз елінің патриоты болуы керек»
– Біз əдетте теория мен практика егіз деп жатамыз. Сіз-
дің тұжырымдамаңыз бұл екі аралықты бір-бірінен алшақ
қарастырып отыр. Жаңа концепцияның өзі үлкен жетіс-
тіктерге жетсе де, ресми ғылымның өзі ескі қағидамен жұ-
мыс істеп отырған сыңайлы. Бұған не дер едіңіз?
– Иə, бұл тұжырымдама кезінде үлкен дау туғызды. Ме-
нің үстімнен əрқилы хаттар да жазылды. Бірақ мен өз қағи-
даларымды дəлелдеуден тынбадым. Ақыры теория мен прак-
тиканың өзара қабыспайтынын нақты тəжірибемен көрсетіп
бердім.
1972–1976 жылдардағы біздің мазасыз ізденуіміздің соңы
бірнеше уран рудаларының нақты аймағын ашуымызға əкеліп
соқты. Əрине, бұл Мəскеу, Ленинград ғылыми орталықтары-
ның қарсылықтарына қарамастан жасалған тəжірибелер еді.
Міне, осы кезден бастап, ескі тұжырымдамамен жұмыс іс-
теуге болмайтынын айтып келемін. Жалпы, уран рудасы жа-
ралуының экзогендік теориясы негізінің қате екендігі дəлел-
деніп отыр. «Уран рудасының гидротермальдық процестер-
мен жаралғаны жəне платформалық шөгінділердегі гидроген-
ді кен орындарының жарылу механизмі туралы» ең алғаш
тұжырымдама жасағанымды мақтаныш етемін.
Ал ескі қағидамен жұмыс істеу, ол əлі күнге дейін жалғасып
отыр. Осыған жауапты адамдар табиғат пен қоғамның өзгеріп
отыратыны сияқты, ғылымның да жаңарып, толықтырылып
отырылғанына сенбейтін іспетті. Оның бұдан басқа да көпте-
ген əлеуметтік себептері бар.
– Ол қандай себептер болуы мүмкін. Табиғаттың бер-
месін, күш қолдану арқылы бағындыруға бола ма? «Қаз-
атомпром» Ұлттық компаниясы бұл тұрғыда нендей жұ-
мыстар атқаруда?
– Қазақстан уран өндіруден əлемдегі алдыңғы қатардағы
елдердің қатарында келеді. «Қазатомпром» Ұлттық компания-
сы бұл бағыттағы жұмысын кешенді шаралар қабылдау арқы-
лы жүргізуге бет бұрып отыр. Мемлекет басшысының еліміз-
ді əлемдегі бəсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарынан көру-
ге деген бағдарламасы көптеген іс-шараларды қайта қарауға
итермелейді.
«Қазатомпром» Ұлттық компаниясының уран өндіруді қар-
қынды жүргізу жөніндегі белгілі жоспары қазіргі жұмыс істеп
тұрған өнеркəсіп алаңдары шеңберінде жаңадан кен орында-
рын іздестіруге деген ұмытылысты арттырып, оның маңызын
еселей түседі. Бұл жолдағы мəселелерді шешу үшін кен көз-
дерін іздестіруге деген көзқарасты түбірімен өзгерту қажет.
Өткен ғасырдың 50 жылдары қабылданған теория түпкілікті
көнеріп, мəнін жойды. Кен көзінің қайнар бұлақ ошағы жоғары
қабатта ғана пайда болады деген көзқарастың жетегінде кетіп
қалуға болмайды. Біз өз жұмысымызбен оны Қазақстанда да,
Қытайда да дəлелдедік.
2004 жылы «Қазатомпром» Ұлттық компаниясының прези-
денті М.Жəкішовтің ұсынысымен жаңа генетикалық концеп-
цияның көзқарас тұрғысында уран қоры таусылды деген кен
руднигінде тəжірибе жасап көрдік. Жүргізілген жұмыстың нə-
тижесінде бұрын жарамсыз деген алаңдарда кен көздерінің
əлі де мол қоры бар екендігі анықталды. Алайда, басталған іс
компанияның геологиялық құрылымдарындағы кейбір ықпал-
ды тұлғалардың қарсылығы салдарынан жалғасын таппай қал-
ды. Себебі, тағы да самарқаулық, өзімшілдік.
– Халел аға, біз сізді жоғарыдағы тұжырымдамаңыздан
кейін «Уран өндірісінде Революция жасаған тұлға» деп
танығанымыз дұрыс болар. Себебі, бұл еңбегіңізді қазір
бүкіл əлем біліп, өз қызығушылықтарын танытып отыр
емес пе?
– Иə, біздің тұжырымдамамыз əлемнің көптеген елдерін
қызықтырып отыр. 2000 жылы Бразилияда өткен геологиялық
конгресте бұл жаңалыққа қызығушылар көп болды. Қазірдің
өзінде АҚШ, Түркия, Бразилия елдері концепцияға өздерінің
оңды көзқарастарын танытып отыр. Алайда, өз елімізде бұл бас-
тамаға қызығушылықтың жоқтығы мені қатты ойландырды.
– Сіз «Қазатомпромға» қолданыста тұрған кен орын-
дарына түпкілікті зерттеулер жүргізуді ұсынып келесіз.
Алайда, ұсынысыңыз үнемі қарсылықтарға тап келеді
екен. Бұл неліктен деп ойлайсыз?
– Біздің еліміз əлемде атом энергетикасының қарыштап да-
мып келе жатқанын ескеріп, 2010 жылға қарай жаћандағы уран
өндірудегі жетекші елге айналуды көздеп отыр. Күні бүгінге
дейін жер қойнауынан шығып жатқан уран кені шикізат күйін-
де шет ел асып келсе, енді ол отандық өнеркəсіпке пайда əке-
летін күрделі салаға айналуда.
Қазіргі кезде адамзаттың пайдаланатын энергиясының 90
пайызы жану процесімен қамтамасыз етіледі. Соңғы жылдар-
ға дейін жану процесі тек қана жылу көзі ретінде қарасты-
рылып келді. Осының салдарынан жану теориясы жалпы энер-
гетикасының шеңберінде ғана зерттелді. Соңғы уақытта пайда
болған қоршаған ортаны ластанудан сақтау, табиғи өнімдерді
өңдеу мəселелері жану процесінің теориясы əлі жетелі зерт-
телмегендігін айқындап отыр.
Біздің елімізде уран өндіру ісі жақсы жолға қойылған. Оған
қолайлы инфраструктура да жасалған. Ширек ғасырдан астам
дамыған жүйесі бар кен орындарына қайтадан оралып, олар-
ға ғылыми негіздеме жасалуы керек.
«Қазатомпром» компаниясы Қазақстандағы уран өндірісі
100 жылға алдын ала зерттелген деген ойдың жетегінде жүр.
Оны кім жасапты? Кейбір жекелеген қызметкерлер өз мүддесін
əріден ойлайды. Жаңадан кен орындарын іздестіруді, оның ба-
сына инфрақұрылымдар жүргізуді желеу етіп қыруар қаржы
шашуды қалайды. Күні кешеге дейін менің ұсыныстарыма ке-
зінде «Қазатомпромның» вице-президенті болған В.Язиков қар-
сылық танытып келді. Меніңше, бұл жерде патриоттық көз-
қарас жетпейтін сияқты. Бүгінгі таңда əрбір адам өз елінің пат-
риоты болуы керек.
– Халел Батталұлы, сіз өзіңіз бас болып негізін қалаған
тұжырымдама жеміссіз де емес іспетті. Сізге Қытай Халық
Республикасының шетелдік мамандарға берілетін ең жо-
ғарғы ордені тапсырылған екен. Қытай елі – еңбегің сің-
бесе елемейтін халық. Жоғары награданы қандай шара-
патыңызға алдыңыз?
– Қытай елінің жоғары марапатын сол елдегі жүргізген
геологиялық зерттеулерде қол жеткен табыстарым үшін алдым.
Бүкілқытайлық ядролық өнеркəсіп корпорациясы мені осы жо-
ғарғы наградаға ұсынған көрінеді. 2001 жылғы 1 қазанда –
Қытай Халық Республикасының ұлттық мерекесі күні маған
Пекин қаласында Қытай Орталық комитетінің хатшысы осы
жоғарғы Достық орденін қазақ музыкасының шырқауымен сал-
танатты түрде табыс етті. Жалпы, бұл орденмен əлемнің 17
елінен 50-ақ адам марапатталған екен. ТМД елдерінен 7 адам
осы орденнің иегері болып табылады.
– Жаңа концепция өз құпиялығын ашқан соң, оған
жариялылық та қажет болар. Оның өзі Қазақ еліне жəне
қазақ ғылымына зор құрмет алып келмей ме?
– Міне, мəселеге осы тұрғыдан келу керек еді. Бірақ оған
қызығушылық танытқан адамды көрген емеспін.
Рас, шетелдіктер қызығушылық танытты. Адамның ақыл-
ойын жинақтайтын қоғамдар бар. Олар сенің жылт еткен жа-
ңалығыңды бүге-шүгесіне дейін зерттейді. Бразилияда өткен
халықаралық геологиялық конгресс осы тақырыпты қамтитын
жинақ шығаруды қолға алды. Оған ену үшін 300 АҚШ долла-
ры көлемінде жарна төлеу қажет болды. Осыған орай, тиісті
орындар тарапынан көмек сұрап, ықпал етуін өтінген болатын-
мын. Алайда, олар бұл өтінішіме құлақ аспады. Егер түсінген
адамға бұл Қазақстанның ірі, қуатты елдер қатарында екенін
байқату жолдары еді. Ақыры балаларымды жұмылдыра оты-
рып, қажетті жарнаны төлеп, халықаралық еңбекке ендім.
Менікі қазақ ғылымын танысын деген ой еді.
«Бұл салада ұлттық мамандардың үлес салмағы
басым болуы шарт»
– Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылдың 1 наурызы
күнгі Қазақстан халқына Жолдауында таяудағы 10 жыл
ішінде бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену страте-
гиясы баяндалды. Бұл стратегияда «қоғамның барлық мү-
шелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне» ерекше басым-
дық берілген. Бастамашылық қасиет экономикалық бағыт-
тағы іс-қимылымызда өз ұстанымымызды өзгеге ұсыну-
дың жолын да айқындап отыр. Осы тұрғыда нені бас-
шылыққа алған абзал?
– Əлем қазір Қазақстанды тануға аса құштарлық таны-
тып отыр. Біз жаћан үшін көз қызықтырар ең жас, ең қуатты
елдің санатындамыз. Жалпы, осы дəуір қазақ тарихындағы
мүмкіндіктер дəуірі екендігі сезілуде. Сондықтан қолымызда
бар барлық ресурстарымыз бен ақыл-ой парасатымызды белгі-
лі бір жүйеге түсіріп жұмылдыруымыз қажет. Біз болашақтың
қайда бастап бара жатқан жаћандық моделін аңдып отыру ар-
қылы ғана онымен бəсекеге түсе аламыз.
Елбасы ұсынған стратегиялық құжатта еліміздің даму сер-
пінділігін айқындайтын көптеген жобалар халықаралық қаты-
су арқылы іске асырылатыны атап көрсетілген. Демек, ин-
вестициялық тұрғыда тартымды ету міндеті де өзекті бола
түседі. Алайда Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық тұрғы-
дан тұрақты түрде дамуы шетелдік инвестицияларға тəуелді
болмауға тиіс. Мұның сыртында қоғамдық өмірімізде орын
алуы мүмкін қолайсыз факторларды да жоққа шығара алмай-
мыз. Мемлекет басшысының тікелей ықпалымен Ұлттық қор
құрылуының арғы астарында осындай стратегиялық мəн бар
деп білеміз.
Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновация-
лық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты
туғызары анық. Аталған бағдарлама мемлекетіміздің өркениет-
ті елдер қатарына енуіне қолайлы алғышарттар жасамақ.
– Ғылым деп қалдыңыз, уран кенін өндіру саласында
ұлттық кадрлар бар ма?
– Бұл бүгінгі күн тұрғысындағы аса маңызды сұрақ. Осы
уақытқа дейін онымен ешкім басын ауыртпады. Кім болса, сол
болсын, жұмыс жүріп жатса болды емес пе, деп келдік. Соның
əсерінен ұлттық кадрлар дайындамадық. Бүгінгі таңда осы са-
лада жұмыс істеп жүргендер өзге ұлттың өкілдері. Кейбіреу-
лерін зейнетте жүрсе де, қайта шақырып алуда. Өзімнің жасым
біразға келсе де қатардан қалмай келемін.
Ғылымы дамыған мемлекеттерге қызыға қараймын. Ғылым
мен технологияны тең ұштастыра игеріп. оны дамытып. сырт
елдерге сату арқылы өздерін де, мемлекетті де байытып, орасан
зор табыс тауып отырған ел қаншама! Біздің еліміз солардың
қатарынан қашан табылады. Рас, елімізде отандық технология
дамымай отыр. Өнертапқыштық сала мүлдем ескерілмейді.
Ғылыми технологияны өндіріске, экономикаға тартуға неге ұм-
тылмаймыз? Сырттан келіп бізге ешкім ғылыми жаңалық
ашып бермейді. Сондықтан еліміз ғалымдарының потенциа-
лын барынша пайдалануға жол ашуымыз керек.
Ғылымға бөлініп жатқан мол қаржы мақсатты игерілу үшін
біздің қоғамға көптеген кедергілерден арылу қажет. Қаржы-
ны мақсатты салаға жұмсағанда ғана ғылымда белгілі бір нə-
тижеге қол жеткізуге болады.
Тəуелсіздігімізді жариялағанымызға 15 жыл толып отыр.
Бірақ осы уақытқа дейін арнайы бағдарламамен оқыған 15
ұлттық маманымыз жоқ. Қазақ Ұлттық политехникалық уни-
верситетінде геологиялық факультет бар, бірақ онда арнайы
уран өндірісіне маман дайындамайды. Ғылым жəне оқу ми-
нистрлігі онымен айналыспайды. Жоғарыда айтқанымдай, біз
бұл мамандықты игеру үшін 6 жыл оқыдық. Ұрпақ ауыса-
тын уақыт келді. Қазір бұл салаға технологтар мен өзге де
техникалық мамандар жетіспейді. Əсіресе, бұл салада ұлттық
мамандардың үлес салмағы басым болуы шарт.
– Қазақстанда АЭС салу жөніндегі əңгіме ара-кідік кө-
теріліп барып, басылған еді. Жуықта Үкімет басшысы АЭС
салуды кешіктіру – елдің индустриялық-инновациялық да-
муын тежеу болып саналады деп қалды. Маман ретінде
шындығыңызды айтыңызшы, Атом электр станциясын са-
лудың қаншалықты қажеттілігі бар?
– Чернобыль апатынан соң адамзат АЭС-тің мүмкіндігіне
күдікпен қарай бастады. Радиофобия атом технологиясының
дамуына тежеу салды.
Адамзат атом электр станциясы еліміз экономикасын бір-
шама алға апаратынын, көптеген саладағы тəуелділіктен құт-
қаратынын əлі түсініп болған жоқ. Атомды бейбіт жағдайда
ғылыми-зерттеулерге, атап айтсақ, радиология, медицинада,
электр қуатын өндіру, радиоизотоптарды қолдану мен өндіру
ғылыми негізде қарастырылған. Батыс елдері қазір тұтастай
атом энергетикасына көшудің жолдарын қарастыруда.
ХХ ғасыр физиктері адамзатқа қатер төндіретін оттегі,
сутегі бомбаларын ойлап тапты. ХХІ ғасыр ғалымдарын атом
энергетикасының оң имиджін қалыптастыратын ядролық ме-
дицина, жанар-жағармай алмастыратын оттегі мəселелері төңі-
регіндегі идеялар толғандыруы тиіс. Демек, оған үрке қарау-
дың қажеті жоқ.
– Өткен жылы жетпіске келдіңіз, атап өткен боларсыз?
– Айналайын, мен осы саналы өмірімде көсіліп той жасап
көрмеген адаммын. Алмалы ауданының тұрғыны ретінде осы
ауданда өткізіліп жатқан түрлі мəдени іс-шараларға да қатысып
көрмеппін. Бұрынғы қала əкімі В.Храпуновқа арнайы хат жа-
зып, бір мəдени кешке шақыру билетін сұрағанмын. Жауап
болмады. Қаланың белсенділері мен ақсақалдары қатысатын
мəдени кештерге баруға болатын болар.
– Халел аға, уақытыңызды бөліп, əңгімелескеніңізге
рахмет!
ТАМҰҚ
немесе өлім алдындағы соңғы сөз
Қарыздан көз ашпаған жазушы
Бір аштықтың бір тоқтығы бар. Ал аштық жылдары туған
адамның сол аштықтан өлгені сирек. Дүниені малға, үйді
жанға толтырған адамдардың арасында да өмірдің мəні мен
сəні қалмағандықтан қос қолын төбесіне қойып өмірден бəз
кешкендері қаншама?! Санап жатпадық бірақ аз емес. Олардың
арасында атағы жеті қырдан асып, ханмен қатар аталатындар
да бар.
Дүние жұмбағында 41 жыл өмір сүріп, оның 16 жылын
əдебиетке арнап, соңында 50 кітап қалдырған жазушы Джек
Лондон бар өмірін шу мен удың ортасында өткізген жан.
ХХ ғасырдың ең танымал жазушысы кедей отбасында тəр-
биеленіп, ақырет азабын тартып өседі. Күнкөріс қамымен жас-
тайынан еңбекке араласып, кемеде матрос, алтын іздеуші, тіпті
демалыс күндерінің өзінде кір жуып, əркімнің үйін тазалап,
тамағын тойдырғанға малданып жүреді.
Атақты жазушының азан шақырып қойған аты – Джон
Гриффит Чани еді. Өгей əкенің тəрбиесінде болған ол бірден
соның атына Джек Лондонға көшеді. Отбасындағы он бала-
ның бірі ретінде оған ешкім назар аудармайды. Оның тəрбие-
сімен Лондондар отбасының ең кенжесі 8 жастағы Элиза жəне
осы жанұяның бір мүшесі болып кеткен негр келіншек Джен-
нет Прентис айналысады.
«Атадан алтау болсаң да бір басыңа жалғыздық» деген. Он
баладан қайырым болмаған тұста Джек Лондон сол Элизаны
айналшықтап шықпай, одан мейірім іздеген. Кейін өлетін ке-
зінде де соның жанында болып, бар арманын аманаттап кеткен.
Өгей əке жұмысынан айрылған тұста, отбасын асырау
11 жастағы Джекке түсіп, ол тəулігіне 18–20 сағат жұмыс іс-
тейді. Кейін сол күндерін еске алған ол: «Мен Оклендте өзім
сияқты тəулігіне соншама сағат жұмыс істейтін бірде-бір атты
көрмеппін» дейді.
Оның жазушылық жолына түсуіне мектеп директоры «ық-
пал» жасайды. Баланың шалыс басқан əнтек қадамына ашу
шақырған мұғалім оны тəрбиелемек болып, өзге сыныптас-
тарынан бөлектеп үнемі шығарма жазуға зорлайды. Жазуға
дағдыланып алған Джек сол күннен бері қаламын қолынан
түсірмей, күн сайын жаңадан мың сөзге дейін жаңа сөйлем
құрауды əдетке айналдырады.
Балаң жігіт 15 жасында бас еркімен жүріп тұруға бой алды-
рып, ішкілікке əуестенеді. «Сан-Франциско қоңырауы» газеті
жариялаған байқауға қатысып, 20 доллар бəйге жеңіп алуы оны
одан əрі жазуға қанаттандырады. Тұрақты жұмысы жоқ Джек
1894 жылы Вашингтондағы жұмыссыздар шеруіне қатысып,
ұрлықпен айналысады, қайыр тілейді. 19 жасында түрмеге тү-
сіп, бір ай тас қапастың быламығын ішеді.
1898 жылы екі бірдей журнал оның əңгімелерін жариялап,
қолына қомақты қаржы ұстады. Жазушы ретінде ең алғашқы
қаламақысы Джектің тəбетін ашып, ол осыдан кейін тұрақты
жазумен айналысады. Ол не жасза да қаламақы үшін жазады.
Басқа табыс көзін таба алмағандықтан, күндіз-түні жазудан
бас алмайды. «Қасқырдың ұлы», «Қар қызы», «Тұңғиық адам-
дар», «Мартин Иден» кітаптары оның тұрмысын түзегендей
болады. Бірақ мұның бəрі уақытша көңіл-күйін аулауға ғана
жетеді. Қанша тапса да үстіне жаңадан «қыз алар» киім іле ал-
май үнемі пұшайман күйде жүреді. Басын, аяғына ұштастыра
алмаған кезде қанқұйлы сырқатқа тап болады. Өзін-өзі өлтіру-
ге бекініп, бірнеше рет қоштасу хаттарын жазады.
1901 жылы Джек Лондонды Социалистік жұмысшы пар-
тиясы Окленд қаласының əкіміне ұсынып, 245 дауыс жинап,
жеңіліс табады. Бірнеше рет үйленсе де, көңілі ешқайсысына
тұрақтамайды. Қиын сəтте қыздарымен бірге болу арманы да
орындалмайды. Жарық көрген кітаптарына алған қаламақысы
бас айналдырар болса да, қарыздан көз ашпайды. Өмірінің
соңында ұлы жазушы ішкіліктен бас алмай, жаны күйзеліске
түседі, бір күнде қартаң тартып, тірі өлікке айналады.
1916 жылы Джек Лондон өзін бала күнінде бағып-қаққан
əпкесі Элизаға өлгесін Ай жотасында жерлеуді аманаттап тап-
сырады да, қарашаның 22-де шамадан тыс мөлшерде морфи
қабылдап, өмірден баз кешеді.
Сөйтіп, «Əрбір жан иесі өлімнің дəмін татады» деген сөз
шындыққа айналады.
Патшайымның қырына іліккен жазушы
Өлім туралы шындықты айта білген əдебиет – ұлы əдебиет.
Ол туралы бар шындық сол кезеңнің өзінде де ашық айтыл-
ды. Қоғамның өзі мəжбүр еткен өлім – сол қоғамнан жасыры-
лып қалған жоқ. Ол - өз өлімі арқылы сол қоғамды атып кетті.
Жазушы, мемлекетшіл Александр Радищев бай дворян от-
басында дүниеге келген. Ақсүйектер əулетінде өскен ол, жас-
тайынан шыншыл, адал əрі қайсар болып тəрбиеленеді.
Санкт-Петербургтегі патша сарайының жанындағы арнайы
корпуста білімін ашып, 1766 жылы Екатерина ІІ-ші патша-
йымның жеке ұйғарымымен Лейпциг университетінде білімін
жетілдіреді. Француз, неміс, ағылшын тілдерінде еркін сөй-
лейтін Радищев университетте құқық жəне юриспруденция
мамандығы бойынша білім алып, Ресей Сенатында сот билігі
бөлімінде қызмет атқарады. Капитан арнайы шенінде Санкт-
Петербург кеденінің директоры қызметіне жоғарылатылады.
Бірақ мұның бəрі өзінің қолы еместігін түсінген Радищев
мемлекеттік қызметті тастап, еркін, жазушылық өмірге кө-
шеді. Мемлекеттік қызмет буынындағы шенеуніктердің өз
міндеттерін адал атқармайтыны, қызмет бабын пайдаланып
пара алатыны оны сол ортадан алшақтатып тынады.
Заңдарды түзу комиссиясында қызмет атқара жүріп, кре-
постнойлық правоны, жеке артықшылықтарды жəне денеге
дақ түсіру арқылы жазалауды жою туралы Сенат мүшелерін
үндесуге шақырады.
Самодержавиялық деспотизмді ашық сынаған оның сол
кездегі ойлары қоғамда үлкен сілкініс тудырады.
1790 жылы «Петербургтан Мəскеуге саяхат» атты жолжаз-
ба-романы жазушының барлық өміріне нүкте қояды.
Романды оқыған Екатерина ІІ-ші кітап авторын жедел арада
қаматып, ісін сотқа береді. Сот авторды өлім жазасына кеседі.
Бірақ патшайым жазаны жеңілдетіп, 10 жылға жер аудартуға
ұйғарым жасайды. Сібірде өткізген жылдарында ол бірнеше
кітап жазады.
Жазушы өлімнің ақиқатын мойындай отырып, бұ дүние –
ақыреттің егіні екеніне өзгелердің көзін жеткізу үшін «Адам
туралы жəне оның өлімі мен мəңгілік өлмесі» туралы соңына
кітап жазып қалдырады.
Александр І-ші тұсында Радищевке кешірім жасалып, ол
екінші қайтара мемлекеттік қызметке оралады. Бірақ ол өз
дегенінен қайтпайды. Сарай билігі оның талапшылдығына
үрке қарап, бұрынғы істерін қайта қозғауға күш салады. Үрей
мен қорқыныштан əбден запы болған жазушы абырой-беделін
сақтап қалғысы келіп, өзіне-өзі қол салады.
1802 жылы 23 қыркүйекте жазушы у ішіп, өте қатты қи-
налыспен қайтыс болады. Оның өзіне-өзі қастандық жасағаны
қоғамнан жасырылады. Радищевтің қайда жерленгені күні бү-
гінге дейін белгісіз. Жазушының еңбектерін 50 жылға дейін
шығаруға тыйым салынып, туыстарының табандылығы арқа-
сында 1885 жылдан жарық көре бастады.
Ол өз уəдесін орындады
«Нағыз жігіт төсекте өлмеуі тиіс. Ол соғыста немесе қақ
маңдайына оқ атып өлуі керек». Соғыста оны өлім ала ал-
мады, ал бейбіт өмірде оған бір ғана амал қалды. Ол өз уə-
десінде тұрды.
1961 жылы 2 шілдеде Эрнест Хемингуэй қос ауызды аңшы
мылтығын оқтап, ұңғысын өзінің аузына салып, оң аяғының
саусағы арқылы шүріппені басып оққа ұшты. Соңына аманат
қалдырмады.
ХХ ғасырда бұл əулеттің үш бірдей мүшесі өздеріне-өзде-
рі қол салу арқылы еріксіз дүниеден өткен.
Өз ортасында бедел мен құрметке ие дəрігер əке Кларенс
Хемингуэй жер орта жасында атылып өлді. Əке өлімінің ішкі
сырына тереңдеп үңілмеген Эрнест: «Ол қорқақ. Ауырды
оның үстіне қарызға белшесінен батты. Өзін-өзі өлтірушілерді
түсінбеймін» деп оны күстаналаған болды. Араға жиырма
жыл салып Хемингуэй «Қош бол, мылтық!» романының алғы-
сөзінде: «Маған үнемі əкем асығыстық жасағандай болып
көрінетін. Енді түсінгендеймін, ол одан əрі төзе алмапты. Мен
əкемді ерекше құрмет тұтамын, сондықтан басқалай ой айт-
қым келмейді» деп жазды. Оның өзіндік себебі бар еді.
Əке өз баласының университетте білім алуын қалады, ал
Эрнест оған қарсылық білдірді. Осы түсініспеушіліктен кейін
Эрнест өз басын сауғалап, Еуропаға кетіп қалды. Парижде
жүріп алғашқы кітабын шығарды. Оның бұл қуанышын ата-
ана көзқарасы су сепкендей басып тастады.
Он тоғыз жасында өз еркімен Италияға соғысқа аттанып,
ауыр жарақат та алды. Дəрігерлер оның денесінен жиырма
алты оқ дəрі алып, екі жүз рет жарақаттанғанын анықтады.
Бейбіт өмір де оған өз «сыйын» дайындап тұрды. Бес рет
апатқа ұшырап, жеті рет ауыр соққыдан зардап шекті. Газет-
терде оны өлдіге санап, қазанама да басылды. Қиналған сəтін-
де өмірден үн-түнсіз кетуді де ойластырды. Бірақ оған тағдыр
аса мейірімділікпен қарады.
Бірнеше рет төсек жаңартты, ұл-қыз сүйді. Махаббаттың
уытына мас болып, бірнешеуімен қатар өмір сүріп, қай жең-
генің менікіне де салды.
Үшінші əйелімен Кубада тұрақтап, тоғыз мың кітап, төрт
ит жəне елу төрт мысықпен «сырлас» болды.
Соғыс салған жара оның денсаулығына əсер етпей қоймады.
Басына 48 жерден салынған тігіс жүйкесіне салмақ салды. Су-
самыр сырқаты мен бауыры сыр берді. Оның үстіне ішімдікке
əуестігі оның ескі сырқаттарының көзін ашып жіберді. Көру
қабілеті əлсіреп, он минутқа ғана жанары шыдас берді. Жазуды
əрі қойып, екі ауыз сөздің басын біріктіре алмайтын дəрежеге
жетті. 1960 жылы Хемингуэй он үш рет электро аппаратпен
емделді. Сауығудың жолы қалмағасын, ұзақты қиналысты жа-
ны қаламады.
Хемингуэйдің өлімінен соң, журналистер бұл тұқым қуа-
лағыш дəстүрлі өлім дегенге барды. Кім білген?
Араға жиырма жыл салып, 1982 жылы жазушының бауыры
Лестер Хемингуэй да ағасының жолын құшты. Одан он төрт
жыл кейін, жазушының немересі Марго Хемингуэй өзінің пə-
терінде өте күшті дəрі қабылдап қайтыс болды. Кездейсоқтық
па əлде тұқым қуалаушылық па ол белгісіз қалды...
Жазушының жан күйзелісі
«Мен үшін менің тілімнің бақыты жоғалды, онымен бірге
менің рухани ошағым Еуропа да өзін-өзі күл-парша етті. Ал-
пыс жаста өмірді жаңадан бастау үшін айрықша күш керек.
Ұзақ уақыт үй-күйсіз көшіп жүру менің барлық күш-жігерімді
алып тынды. Сондықтан бас еркіммен ойлау қабілетіме ерік
беріп, қуаныш пен бақыт сыйлаған мына өмірден құрметпен
өз уақытында кетуді жөн санаймын. Барлық достарыма сəлем
жолдаймын. Ұзақты түндерден кейінгі таң шапағын олар
көреді деп ойлаймын. Ал мен тағатсыз, асығыс адам ретінде
барлығынан ерте кетіп барамын». Бұл – жазушы Стефан
Цвейгтің өлім алдындағы жазып қалдырған соңғы сөзі.
Стефан Цвейг – əлемдік мəдениетке үлкен өркениет əкел-
ген Моцарт, Бетховен, Молер, Фрейд дүниеге келген Австрия-
да ауқатты еврейлер отбасында туған. Гуманистік идеалдар
шылауында тəрбиеленген Стефан өмірді адамзаттың ақыл-ой
шеңберінен шықпай, соның жетегінде қалыптасады деген ой-
мақсатының жарты жолдан басқа арнаға түсуімен келісе ал-
май, экзистенциалдық дағдарысқа түседі. Бар мен жоқтың ара-
сында жан күйзелісіне түсіп, жанына жалау іздеп аласұрады.
Өмірдің мəні жоғалып, мағынасыз тіршілікке мойынсын-
бай өліммен бетпе-бет қалғандай əл-дəрмені құриды. Оған бір-
неше себептер ықпал етеді. 1914 жылғы Бірінші дүние-
жүзілік соғыс жас жазушының дүниетанымына кері əсер етіп,
жалпыұлттық құндылықтардың жоғалуы əкеліп соқтыратын
факторлардың ушығуы болса, екіншіден, неміс ұлтшылды-
ғының белең алып, Германия өркениетінің адамзатты билеу
идеясы үрей тудырады. Халықтардың бірігуге деген ұмты-
лысы мен гуманизм жəне либеральдық демократия орнату-
дағы талпынысының ыдырауы жазушының ақыл-ойын тұсап
тастайды.
Пацифистік көзқарастағы жазушы əскери қызметтен қаш-
қақтаса да, Венадағы əскери мұрағатта офицерлік қызмет ат-
қарады. Германияға қарсы мемлекеттердің прозашыларымен
қатынаста болу – сатқындыққа саяды.
Француздық қоғам қайраткерлері А.Франс, Р.Роллан, Г.Уэлс-
тер соғысқа қарсы интернационализм ұрандарын көтергенде
Цвейг еш ойланбастан осы ұйымға қосылады.
Фашизм маршы Еуропаны жаңғырықтырғанда Цвейг «Та-
гебух» журналына «Шыдамдылыққа үнқату» мақаласын жа-
зып: «Біз жоғалған ұрпақпыз, біз енді ешқашан біріккен Еу-
ропаны көрмейміз» деп өз қиналыстарын білдірді.
Жазушы Германия билігіне фашистік диктатураның келген
кезінде де өз көзқарасынан танбайды.
1933 жылы 10 мамырда жазушының барлық кітаптары оның
гуманистігі үшін емес, өмір сүруге құқы жоқ «еврейлігі» үшін
өртеледі. Осыдан кейін оның əрбір қадамы аңдуда болады. Қо-
ғамнан аластатылып, тұйық өмір сүруге мəжбүр болады.
1934 жылы эмиграцияға көшеді. Ұлыбританияның адамзат-
тығын қабылдайды. Демократияның туы, парламентаризм мен
адам құқығын қорғаушы деген Англияның басқару жүйесінде-
гі сатқындықты көріп, айналасынан түңіледі.
1941 жылы Стефан Цвейг Бразилияны паналайды. Туған
жерге, достарға деген сағыныш оның жан-жүрегін жаралап,
жалғыздық дертіне ұшырауына əкеліп соқтырады.
1942 жылы 23 ақпанда Стефан Цвейг екінші əйелі Шарлот-
та Альтманмен бірге күшті дəрі жұтып, сол мезетте қайтыс
болады.
МƏСКЕУДЕ БАС МҮЖИТІН ПРОКУРОР
«Біз – қазақстандықтармыз!» деген ұран бүгінгі таңда ұлы
мақтаныш сезімге айналып отыр. Осы мақсат жетегінде елі-
міздегі ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін шет ел-
дерде насихаттау мұраттары жан-жақты жүргізілуде. Осы
мақсат жолында Қазақстанның гуманитарлық картасының ая-
сы да ұлғаюда. Елімізде жəне өзге елдерде өмір сүріп жатқан
бұрыңғы отандастарымыз ұғымында қазақ халқы – негізгі
қозғаушы күшке айналып отыр. Олардың түсінік пайымын-
да егер басқа ұлттар мен ұлыстар өздерінің дамуына мүдделі
болғысы келсе, қазақ ұлтының маңына топтасуы қажет де-
ген ұғым қалыптасып келеді. Мұны кейбір бұқаралық ақпарат
құралдарында еліміз туралы жарияланып жатқан хабарлардан
да байқап жүрміз. Қазақстан десе, шет елдердегі бұрыңғы отан-
дастарымыздың ниетінен де білуге болады. Ондай жағымды
мысалдар аз емес.
Жалпы, жеке адамның дамуы көпжақты жəне көпқабатты
құбылыс. Кезінде Қазақстанда дүниеге келіп, осында білім ал-
ған, бертін келе кеңес, партия жұмыстарында шыңдалған кадр-
ларымызды Мəскеу жоғары қызметтерге шақырып алып, олар-
дың ақыл-ойына жүгініп жатты. Олардың басым көпшілігі Ре-
сейде тұрып жатса да ұлттық эгоизмге, менмендікке бой алдыр-
мады. Ресейдің орталық қалаларында оқып, Еуропаның озық
мəдениетін, демократиялық үрдістерін бойларына сіңірсе де,
туған отандарын ұмытпағандар да болды. Солардың бірі – Ре-
сей Бас прокурорының міндетін атқарған жерлесіміз Олег Ива-
нович Гайданов. Өмірінің 40 жылға жуық уақытын кезіндегі
Кеңестер Одағының прокуратура саласына арнаған жерлесіміз
осы мақсат жолындағы қызметін Ресей федерациясының Бас
прокуроры міндетімен аяқтады. Ол – тағдыр пешенесіне жазған
бұл міндетті 18 күн атқарды. Борис Ельциннің тұсындағы сая-
сат аласапыранында Кремль əкімшілігінің ішкі интригалары-
на көндікпеген кезде оны атақты «монша дауымен» масқара
болған Юрий Скуратовпен алмастырды. Əйтсе де біздің жер-
лесіміз бұрынғы халықтар көсемі Сталин отырған жұмыс бөл-
месінде, Керенскийдің қызмет билігінде 18 күн отырып, Ре-
сей құқық қорғау органдарының тарихында алтын əріптермен
жазылып қалды.
Сталиннің қызмет бөлмесі демекші, осыдан тура 80 жыл
бұрын бұл ғимаратта КСРО-ның алғашқы үкіметінің Ұлт іс-
тері жөніндегі комиссариаты орналасыпты. 1930 жылдары
бұл бөлмеде атышулы прокурорлар А.Я.Вышинский, Нюрен-
берг сотында Кеңес үкіметінің атынан мемлекеттік айыптау-
шы болып қатысқан Р.А.Руденко, прокурорлар А.М.Рекунков,
А.Я.Сухаревтар отырып, қызмет атқарған. Бұған дейін Бүкіл-
халықтық староста М.И.Калининнің бөлмесінде отырған оған
Сталиннің бөлмесінде отырудың 18 күн бұйырымында тұ-
тастай тарих жатыр.
Жалпы, Ресей прокуратурасының 300 жылдық тарихында
(Ресей прокуратурасы 1722 жылы 12 қаңтарда Петр 1-дің Жар-
лығымен құрылған) осыншама қысқа мерзім прокурорлық
қызмет атқару жалғыз Гайдановқа ғана бұйырыпты. 1917
жылы Бас прокурор И.Н.Ефремов бұл қызметте небəрі 11 күн
атқарған көрінеді. Бұған дейін Ресей Бас прокуроры қызметін
2 айға жетеқабыл А.Ф.Керенский де атқарыпты.
Олег Гайданов – Ресей Федерациясы Бас прокуроры қыз-
метін өз ізбасары Юрий Скуратовқа тапсырғанда прокуратура
штатында 44300 адам, 12099 қызметтік қару болған екен.
Өмірінің ширек ғасырын прокуратура саласында өткізген
Олег Ивановичтің бұрынғы Гурьев облысында «балық мафия-
сымен» күресуіне, Өзбекстанда рашидовшылармен, Ресейде
əскери генералитеттің журналист Д.Холодовтың көзін құр-
туы ісімен айналысуына тура келген. Бұл кездері оның «қа-
лашников» автоматымен ұйықтаған күндері көп болыпты. Мұ-
рынтаудан алынған алғашқы 14 кг алтынның Мəскеуге келіп
«еріп» кеткендігін тексеруі де бір тарих.
Жерлесіміз Олег Иванович Гайданов – 1945 жылы 14 қаң-
тарда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітір-
ген соң, Ақтөбе Ферросплав зауытында токарь болып еңбек жо-
лын бастаған оны зауыт басшылығы Саратов политехникалық
институтына жолдамамен оқуға жібереді. Жарты жылдан соң,
оны КСРО Қорғаныс министрінің арнаулы шешімімен Əуе
кеңістігінің құпия мектебіне оқуға жібереді. Оқу кезінде Бай-
қоңыр, Капустин яр əскери полигондарында қызмет атқарады.
Осында жүріп партия қатарына қабылданып, əскери саяси
басқарманың жолдамасымен партия мектебін бітіреді.
1967 жылы Олег Гайданов өзінің туған қаласы Ақтөбеге
оралып, осында комсомол қызметіне орналасады. Ақтөбе қа-
лалық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңге-
рушісі қызметін атқара жүріп, 1968 жылы Мəскеу заң инс-
титутының Орынбордағы филиалын өндірістен қол үзбей жү-
ріп, үздік бітіріп шығады. 1971 жылы қалалық партия комите-
ті оны қалалық прокуратураға қызметке жібереді. Олег осы
жылдары ВЛКСМ Орталық комитетінің мүшесі болып сайла-
нып, «Комсомолдағы белсенді қызметі үшін» белгісімен мара-
патталады.
1972 жылы Олег Гайдановқа екінші сыныпты прокурор
атағы беріледі. 1973 жылы Ақтөбе облысы прокурорының кө-
мекшісі,бір жылдан соң Ақтөбеде жаңадан ашылған Пролетар
ауданының прокуроры қызметіне тағайындалады. 1978 жылы
КСРО-ның Бас прокуроры Р.Руденконың өкімімен оған Əділет
кеңесшісі деген атақ мерзімінен бұрын беріледі. Осы жылы
Қазақстанның Бас прокуроры Өтеген Сейтовтың бұйрығымен
ол Гурьев облысы прокурорының бірінші орынбасары болып
тағайындалады. Ол бұл қызметті 3 жыл атқарады. Жайық жа-
ғалауындағы «Балық мафиясы» да осы жылдары белең алады.
Осы жылдары прокурорлардың балықты заңсыз аулаушы-
ларды өз қолымен ұстап, немесе бақылауына жағдай жоқ-тын.
КСРО прокуратурасының Гурьевке өткен көшпелі мəжілісінде
осы жөнінде КСРО Бас прокуроры Руденконың алдында мə-
селе етіп қоюы бұл мəселенің шешімін табуға жəрдемін тигі-
зеді. Гайдановтың прокуратураға заңсыз балық аулаушылар-
ды бақылау үшін арнайы кеме қажеттігі жөніндегі мəселесі Гу-
рьев – Астрахан бағытындағы прокурорлық қадағалауды оңды
жолға қояды. Бас прокурор Горький қаласындағы зауытқа ар-
найы кеме жасату жөнінде тапсырма беруі бақылау орнату-
ды көп жеңілдетеді. 1981 жылы Гайданов Қазақстан Бас про-
куратурасының Тергеу басқармасы бастығының орынбасары
қызметіне шақырылады. Бұл жылдары ол Саратов заң инсти-
тутының аспирантурасын бітіреді. 1983 жылы Саратов уни-
верситетінде кандидаттық диссертация қорғап, Қазақстан про-
куратурасындағы ғылыми дəрежесі бар төртінші прокурор
атанады. Өндірістен қол үзбей жүріп, Қазақ Мемлекеттік уни-
верситетінің заң факультетінде дəріс оқиды. Гайдановтың 30
жылдық оқытушылық тəжірибесі Гурьев пединститутында,
КазГУ-де, Ташкент партия мектебінде, Целиноград универси-
тетінде сайрап жатыр.
Қайта құру саясаты тұсында Олег Гайданов СОКП Орталық
Комитеті мен КСРО Бас прокуратурасына шақырылып, оған
аса жауапты жұмыс тапсырылады. Сол жылы ол Өзбекстан Рес-
публикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайын-
далады. Ол бұл кезде небəрі 39 жаста болатын.
Ташкент жас прокурорға батыл болуға шындықтан қаймық-
пауға жол ашып береді. Бес жылға жуық Өзбекстанда қызмет
атқарған жылдары Республика басшылығы түгелімен толық ал-
мастырылады.
Ұйымдасқан қылмыс, парақорлық, жала жабушылық ерекше
етек алады.Мақта ісі бойынша мыңдаған адам түрмеге жабы-
лады.Психологиялық қысым, ауыр жұмыс оның денсаулығына
кері əсерін тигізеді. Осы жылдары оған жан-жақтан қысым жа-
салып, қастандық та жасалды.
1990 жылдары Горбачевтің бастауымен басталған қайта құру
өз жолынан кері кетіп, оның ең озық деген идеялары талқанда-
ла бастаған кезде Гайданов өзінің туған Отанына оралып, Це-
линоград облысының прокуроры болып тағайындалады.
Бұған дейін Қазақстанда жүргенде Қостанай облысы пар-
тия комитетінің бірінші хатшысы Бородиннің үстінен СОКП
Орталық комитетіне оның қызмет билігін асыра пайдаланып,
қымбат сыйлықтар алатыны жəне заңсыз қару-жарақ ұстай-
тындығы жөніндегі түскен арыз бойынша тергеу амалдарын
жүргізген атышулы прокурор Гайдановты Целиноград облы-
сының басшысы өте салқын қарсы алады. КСРО-ның ең соңғы
Социалистік Еңбек ері Браунның прокуратура органымен бай-
ланысы ежелден шарасыз амалдардан құрылған еді. Ол бұл
бағытта үнемі СОКП Орталық комитетінің Іс басқармасының
басшысы Кручинаға иек артатын. Сондықтан ол Гайдановтың
қалайда Целиноградқа прокурор болып тағайындалуына өз
қарсылығын білдіріп танады. Бұл жөнінде Қазақстан компар-
тиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Колбинге жедел
хат жібереді. Бірінші хатшы прокурормен жеке кездесуі бары-
сында Целиноградта оған жұмыс істеу өте ауыр соғатынын,
сондықтан Браунның кейбір қылықтарына «көз жұма тұру-
ға» тура келетінін ескертеді. Өзінің Грузияда екінші хатшы,
Ульяновскіде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
болған кезінде прокурорлармен қандай қарым-қатынаста бол-
ғандығы жөнінде іс-тəжірибесімен бөліседі. Бірінші хатшы-
мен болған екеуара əңгімеден Колбиннің өз жұмысына көңі-
лі толмайтынын, көңіл-күй ауанында əлде бір мазасыз алаң-
даушылық бар екенін сезеді.Бұл туралы Республика проку-
роры Ғ.Елемесовпен болған əңгіме, асылы, ол (Колбин) таяу
арада Мəскеуге кетіп тынатын шығар дейді. Прокурор бол-
жамы шындыққа ұласады. Араға екі ай салып, Колбин КСРО
Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып бекітіледі.
Жаңа прокурор өз қызметіне кірісе сала, облыстағы құқық
қорғау органдары басшыларының басын қосып, өзара қарым-
қатынас туралы кеңейтілген мəжіліс өткізеді. Координациялық
мəжіліске өзінің орынбасарын жіберген Ішкі істер басқарма-
сының бастығын қатаң сынға алып, мəжіліске келіп, қатысуын
талап етеді. Мəселе өте тереңде болып шығады. Ішкі істер
қызметінің заңсыздықтарға бой алдырғаны соншалық, проку-
рорлар қатардағы тергеушілерді қамауға алуға, тінту жүргі-
зуге қауқарсыз екендігі байқалады. 1987 жылы Атбасар қа-
лалық ішкі істер басқармасынан 118 қылмыстық іс ұшты-
күйлі жоғалып кетеді. Бұл іс бойынша кезінде Одақтық ор-
гандардың қатысуымен үлкен тексерістер болып, орасан зор
заңсыздықтардың беті ашылады. 1992 жылдан бастап, Одақ
бойынша барлық прокуратура қызметкерлері Целиноградта
оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.1990 жылы Қазақстан заң-
герлерінің 1 съезінде Гайданов Қазақстан Жоғары кеңесіне де-
путат етіп ұсынылады. Бас прокурор Сухарев бұл жолы Кру-
чиннің сұрауымен оны бұл мақсатынан бұрын жібереді.
1992–1993 жылдары Гайданов Ұлттық Қауіпсіздік комите-
тінен өз атына жазылған хат алады. Онда Целиноград облыс-
тық əкімшілігінің экономика комитетінің жалған лицензиясы
арқылы облыс басшысы Браунның досы Максюмик дегеннің
Алманияға астық жіберіп тұратындығы сөз болады. Алай-
да оның Мəскеуге қызметінің ауысуына байланысты іс тоқтап
қалады.
Мəскеуде Гайдановты құрақ ұшып күте қоймады. Бұрынғы
Өзбекстан ісі мұнда да күйіп тұрған болатын. Оның бір ұшы
өзінің бұрынғы бастығы Рекунковқа да келіп тіреледі. Реку-
новқа Ташкентке барған сапарында Өзбекстан басшысы Ос-
манхожаев пара берді деген күдікпен жауап беруге тура келеді.
Істі жүргізген Гдлян ешнəрсеге көнер емес. Сөйтіп бұл іске
Гайдановтың куəгер ретінде араласуына тура келеді.
1993 жылы Ресейде тəжірибелі кадрларға сұраныс туында-
ған кезде Гайданов екінші рет Мəскеуге шақырылып, Ресей
Бас прокуратурасының Тергеу басқармасының бастығы болып
тағайындалады. Бұл жолда оған құқық саласындағы жұмыс-
ты жаңаша жүргізуге тура келеді. Заңмен қорғалған азамат өз
мемлекетінде жасампаз тұлғаға айналатынын сезінген проку-
рор əр іске шыншылдықпен қарауға өзін де өзгені де тəрбиелей
біледі. Мемлекет – билік адамдар арасындағы күрделі байла-
нысты жүзеге асырған елдер өркениетті биік сатыларына жет-
кізеді. Бірақ Федерация жағдайында бəрі ол ойлағандай емес
еді. Ресей қоғамы елдің əр азаматына емес, олигархияға, транс-
ұлттық корпорацияларға, корпоративтік мүдделері басым топ-
тарға қызмет етіп жатқан кезең болатын. Ресейдегі саяси-əлеу-
меттік ахуалдың қарапайым азаматтың мүддесі жағында бол-
мауының, əрине объективті себептері де бар еді.
Қоғамдағы қайшылықтар, кемшіліктер мен басқа да ауыт-
қушылықтардың түпкілікті себебі мемлекеттің нақты істердегі
бағытына қашанда тəуелді. Мемлекетті басқаратын топ өзінің
ішкі эгоизмін негізге алып, жалпыхалықтық мақсаттарды, іс-
ке асырумен айналысқан елде ғана келешек болатынын сезсе
де баррикаданың екі жағына шығып, айтысып кетуін ол көре
тұрып, қалыс қала алмайды. Себебі, құқықтық мемлекет жеке
топтық мүддеге емес, əр азаматтың мүддесіне, өміріне қыз-
мет ететін мемлекет. Заңның диктатурасының орнамай отыр-
ғандығы да мемлекеттік аппараттың жүгенсіздігінен орын алып
отырғандығы да шындық еді. Осы жылдары ол Ресей тағ-
дырындағы ең тарихи оқиға саналған қазақ төңкерісіне тікелей
қатысы бар Хасбулатов, Руцкой, Макашов істері бойынша өте
байыпты шешім қабылдайды. Оның бұл шешімі Ресейді аза-
мат соғысынан аман алып қалады. 1994 жылғы ақпан айында
ол сол тұстағы Ресейдің Бас прокуроры А.Казанникпен бірге,
президент Ельциннің қарсылығына қарамастан, жоғарыда аты
аталған жоғары шенді азаматтарды қамаудан босатып жібере-
ді. «Қара қылды қақ жарған» шындық қана қателіктерді кем-
шіліктер мен қайшылықтарды əділ шешу арқылы Ресейдің
барлық саладағы бастамаларының ойдағыдай модернизация-
лануын қамтамасыз ететініне биліктің көзін жеткізеді. Бірақ
кекшіл билік прокурордың бұл қылығын кешірмейді. Билік
иесінің (Ельциннің) бəтіңкесінің шаңын мұртымен сүртетін
жағымпаздар шыншыл прокурорға жұмыс істетпейді. 1996
жылы Ельцин режимінің саяси көзқарасымен келіспегендік-
тен бұрынғы Бас прокурор Казанниктің ізімен Олег Гайда-
нов та «өз еркімен» отставкаға кетеді. Үкімет оған Түркияға
немесе Сауд Корольдігіне бас консул болып баруды ұсынады.
Үкімет аппаратының басшысы С.Степашин өз аппаратына
қызметке шақырады. Ресейдегі қазақстандықтардың лидері
О.Сосковец өз жерлесін Əділет министрінің орынбасары қыз-
метіне тағайындау жөнінде өкім де дайындап қояды. Бірақ бұл
тағайындауға министр Ковалев (ол да «монша ісі» бойынша
3 жылға сотталады) қарсылық білдіреді.
Ресей президенті Əкімшілігінің басшысы Егоров Гайданов-
ты Президент əкімшілігінің Бақылау басқармасының басты-
ғы, аппарат басшысының орынбасары қызметіне тағайындау
жөнінде Жарлық дайындап қойғанын естіп, оның орасан көп
білетінін жəне кезінде төңкерісшілерге кешірім жасағанын үл-
кейтіп, Ельцинге сыбырлап жіберіп, оқиғаның алдын алады.
Бұл туралы кейін, басына іс түскенде өз орнына сайланған Бас
прокурор Скуратов пен Бас прокурордың орынбасары Розанов
айтып, кешірім сұрайды. Биліктің енді өзін қызметке жіберме-
сін біліп, ол 1998 жылы «Советник право» деген құқықтық
орталық аштыртады. Қазір орталық ТМД жəне шетелдерде
күшті беделге ие. Ресей Мемлекеттік Думасының қауіпсіздік
жөніндегі комитетінің эксперттік кеңесінің мүшесі ретінде де
Гайданов белсеңді жұмыс атқарып келеді.
Кезінде Мəскеуде ұйымдастырылған қазақ жастарының
«Жас тұлпар» ұйымының құрылып, жастардың ұлттық рух-
тарынан ажырап қалмауларына себепкер болғандардың бірі-
Мəскеудегі Гачев деген үлкен философ ғылым болатын. Оған
тек қана қазақтар емес, Мəскеуде тұрып жатқан əртүрлі зия-
лы қауым өкілдерінің де қатысқанын білеміз. Жалпы, мұндай
басқосуларда Қазақстанның ерекшелігі, оның болашағы қан-
дай болатындығы туралы əңгімеленетін.
«Жас тұлпардың» Мəскеудегі қазақ жастарының, Қазақстан-
ның ішіндегі студенттердің біразының көзқарастарының өз-
геруіне ықпалы зор болды. Сондықтан ол өз белсенділігін жа-
риялы түрде жүргізе алмады. Жасырын түрде кездесулер өт-
кізіп тұрды. Ресми тіркелмеді.
Осы кемшіліктердің орнын толықтырудың сəті 2003 жылы
3 сəуірде түсті. Бірінші құрылтайшылар жиналысында басқар-
ма құрамы, тексеру-бақылау комиссиясы құрылды. Əзірге жер-
лестер ұйымы таза ақтөбеліктерден тұрады. Олардың бəрі бұ-
рынғы Перфилов, Мəскеу газетінің шығармашылық ұжымы-
ның басшысы Г.Лория, жазушы Мир-Хайдаров, космонавт, ге-
нерал Ю.Лончаков, ФСБ генералы И.Лаптевтер бар жерлестер
ұйымы Қазақстанмен байланысты жақсы жолға қойып алған.
Жерлестер ұйымының басы-қасында Гайдановтың өзі жүрді.
Жерлестер ұйымын ресми тіркету де қиынға соқпаған. Мəс-
кеу үкіметінің Əділет министрі кезінде Қазақстанда 30 жыл
қызмет атқарған кəнігі заңгер А.Буксман деген болатын. Сол
арқылы Ресей Əділет министрі Ю.Чайкаға (қазір Ресей Феде-
рациясының Бас прокуроры) шығып, заңның жерлестер ұйы-
мын құруға қарсылық білдірмейтініне көзін жеткізіп, 2003
жылы шілдеде тіркетіп алады. Жерлестер ұйымының ең ал-
ғашқы жұмысы ретінде КСРО-ның таратылуымен тоқтап қал-
ған əуе қатынасын жолға қоюы болды. Ресей əуе қатынасы
жолдарының басшысы да ақтөбелік Яковлев деген еді. Əуе
жолдарының басшысы өз жерлестеріне 10 пайыздық жеңілдік
те жасап отыр.
Жерлестер ұйымы ресми тіркелген жыл Қазақстанның Ре-
сейдегі жылы болса, 2004 жыл Ресейдің Қазақстандағы жылы
болып саналады.
2003 жылы 29 желтоқсанда Ақтөбе облысы əкімінің өкімі-
мен Юрий Гайдановқа «Ақтөбенің жыл адамы» атағы беріледі.
Қазақстанда тұрмай-ақ, Қазақстанды сүйетіндер бар десек,
Гайдановты айтуға болар еді. Ол өз естеліктерінде сөз басын
Қазақстаннан бастайды. Отанын сүюде, оған бойындағы ба-
рын беруде аянбайтын қазақстандық патриотизм оның жан-
тəнінде екенін бірдей байқауға болады. Олег Иванович 2004
жылы туған жері Ақтөбеге, қызмет істеген ортасы Алматыға
келіп, бір жасап қайтты. Келсе, кеткісі жоқ. Соңғы келген-
де жерлестері зор құрметпен қарсы алып,алдына қойдың ба-
сын тартып, əйеліне құлақ жегізіпті. Содан бері жеңгеміз құ-
нан қойдың құлағына «жерік» көрінеді.
Қазақ жерінде туып-өскен Олег Ивановичтің қойдың ба-
сын мүжуі бұл бірінші рет емес. Елге деген сағынышын басу
үшін Мəскеу аралып жүріп, қойдың басын іздейтінді əдетке
айналдырыпты. Айтулы күндері немесе елден хабарласқан-
дарға қойдың басын алып келуді тапсыруды ұмытқан емес.
Елде жүріп, күнде бас жеп жүрген қазақ жоқ. Ал Олег Ива-
нович Мəскеу төрінде отырып, аптаның жеті күнінде де бас
мүжуге бар.
Қазір ақтөбелік жерлестер ұйымында 100-ден астам мүше
бар көрінеді. Бөлінгендік емес, Олег Иванович Қазақстан ел-
шісімен əр кездесуінде жалпықазақстандық жерлестер ұйы-
мын ресми тіркеуді көтеріп келген екен.
Жерлестер ұйымы өз мүмкіншіліктері бойынша 20 дай
адамға əртүрлі моральдық, материалдық көмек көрсетіпті.
Əлия Молдағұлованың ескерткіші мен мемориалдық мұра-
жайына үнемі көмектесіп тұрады екен. Ұйым өз белсенділігін
одан əрі кеңейтіп, Мəскеу облысының шекарасына дейін ұл-
ғайтып жатқан көрінеді. Оған өз жерлестері Мəскеу маңын-
дағы Орехова – Зуев қаласының бұрыңғы мэрі, қазір Мəскеу
облысы губернаторы, генерал-полковник Громовтың орын-
басары Владимир Гавриленко көмектесіп тұрады екен. Ұлты
қазақ емес, бірақ қазақстандық азаматтардың еліміздің мере-
йінің үстем болсын деп тілек тілеуінің өзі неге тұрады?!
ОБСЕ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Тəуелсіздіктің туын желбіретіп дербес мемлекетке айнал-
ған Қазақстан бүгінгі таңда əлемдік қауымдастықпен саяси
жəне экономикалық жағынан толық ықпалдастық орнатты.
Сыртқы саясаттағы ендігі басты мақсат – елдің ұлттық мүд-
делерін қорғау болып табылады. Оның аясында əлемдік алып
державалармен жəне халықаралық ұйымдармен байланыста-
рымызды нығайту, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп,
елдегі реформаларды жалғастыру талап етіледі. Белсенділік,
əртараптылық, теңгерімділік, диалог жəне көпжақты ынты-
мақтастық саясаттағы басты ұранымызға айналды.
Қазақстан өзінің геосаяси жағдайы мен экономикалық əле-
уетіне орай тар ауқымдағы аймақтық проблемалармен тұйық-
талып қалған емес. Еліміздің болашағы Еуропада да, Батыста
да, Азия мен Шығыста да көрініс тапқан.
Біздің еліміз Хельсинки қорытынды құжатының жаңа тұр-
патты Еуропаға арналған Париж хартиясының, Копенгаген
құжатының нормалары мен принциптеріне асқан құрметпен
қарайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтас-
тыққа аса зор маңыз береді. Осы халықаралық ұйым шеңбе-
ріндегі Даму бағдарламасы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау
ұйымы, ОБСЕ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Босқындар ісі жөнінде-
гі жоғарғы комиссариат, Есірткіге бақылау жасау жөніндегі
ұйымдармен ынтымақтастықты күшейте түсуде. Еліміз Дүние-
жүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропа қайта құру
жəне Даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі сияқ-
ты халықаралық қаржы институттарымен де үйлесімді түрде
өзара тығыз байланыс орнатып отыр.
Сыртқы саясатты айқындау еліміздің елдік миссиясын жү-
зеге асыру бағытында дипломатиялық корпустарға үлкен жа-
уапкершілік артылуда. Бұл мақсатта еліміздің халықаралық
мəртебесін нығайтуда Қазақстан Дипломатиясының қол жет-
кен табыстары орасан зор.
Еліміздің əлемдік қоғамдастықта өзіндік орны бар ел екенін
соңғы 15 жыл ішінде айқын көрсетті. Қазақ елінің саясаттағы
бағыты да, географиялық орналасуы да, жер байлығы да дүние
жүзіндегі мемлекеттерді ынтымақтасуға ынталандырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан əлемнің 130-ға жуық елімен дипло-
матиялық қарым-қатынас орнатып отыр. Елімізде 80-ге жуық
шет ел елшіліктері мен дипломатиялық миссиялары жұмыс іс-
тейді. Еліміз толыққанды мүшесі болып табылатын халықара-
лық ұйымдардың да саны артып отыр.
Сондай халықаралық беделді ұйымдардың бірі – ОБСЕ.
Соңғы кезде əлемдегі саяси өмірге позитивті ықпал етіп отыр-
ған бұл ұйымның халықаралық қауымдастықтағы беделі зор.
Еуропалық қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым
(ЕҚЫҰ) еуропалық құрылым болғанымен, ол əлемдік пробле-
маларды шешуге белсене араласып келеді. Құрамына 56 мем-
лекетті біріктіріп отырған ұйым саяси даму мəселелерімен
бірге мəдени құндылықтарды жəне еларалық дəстүрлерді де
ықпалдастыруға мүдделі. Бұл ұйымның 4 мүшесінің – БҰҰ-
ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі екенін ескерсек,
оның планетааралық саяси рөлінің ерекше маңызды екенін
түсінесің.
Ұйымның іргетасы 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде
қаланған болатын. Алғашында ұжымдық келісімге Еуропаның
33 мемлекеті мен АҚШ жəне Канада мемлекеттері қол қой-
ды. Келісімдер негізінде: экономика, ғылым жəне техника, қор-
шаған орта саласында гуманитарлық жəне өзге де саладағы
əріптестік байланыстарды көздеу белгіленді. Кейін ұйымның
аудиториясы ұлғайып, ол КСРО-дан бөлініп, өз тəуелсіздігін
жариялаған республикалармен жəне Балкан түбегі елдерімен
кеңейіп, мүше елдердің саны 56-ға жетті. Алғашқыда ол Еу-
ропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес
аталса, 1994 жылдан халықаралық ұйым статусына ие бол-
ды. 1991 жылы оның Парламенттік ассамблеясы құрылды.
Ұйым шешімі бұрын жай ұсыныстық сипатта болса, қазір ол
ықпалды əлеуеттік күшке ие. Жүргізілген реформаларға бай-
ланысты ұйым 10 қағиданы, егемендік теңдігін, құқықтық
теңдік сыйластықты, территориялық бүтіндік пен даулар-
ды бейбіт түрде шешуді, халықтардың өз тағдырын шешуге,
өзгелердің араласпауына кепілдік беруді, мемлекеттер ара-
сындағы əріптестік, халықаралық құқықтық процедураларды
орындауды ұстанады.
ОБСЕ-ге мүше 56 мемлекет ұйымда Тұрақты Елшісін ұс-
тайды.
2006 жылы ОБСЕ-нің жалпы жылдық бюджеті – 168,2 млн.
еуроны құраған. Ұйымда қызмет ететіндердің саны 3500 адам-
ды құраса, олардың 3 мыңдайы ұйымның негізгі штаб пəтерінен
тыс аймақтарда орналасқан 18 миссияда қызмет істеуде. ОБСЕ-
нің тұрақты жұмыс істейтін хатшылығында жəне ұйымның өз-
ге де институттарында 460 дипломат қызмет атқарады.
ОБСЕ-нің барлық ұйымдық-əкімшілік жұмыстарын жоспар-
лап, оған басшылық жасап отыру Секретариатқа жүктелген.
Оған Бас хатшы жетекшілік етеді. Бүгінгі таңда ұйымның Бас
хатшысына кеңесшілік жасау – біздің жерлесіміз, кəсіби дип-
ломат Ержан Амантайұлы Біртановқа бұйырып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы
болып табылады. Алайда бұл ықпалды ұйымға қазақ елі аза-
матының ізі Қазақстанның жетекшілік жасауынан бұрын ти-
ген. Бүгінгі таңда оған осы қасиетті ұйымның атынан іскерлік
байланыстарға түсуге прерогатива берілген.
Біртанов Ержан Амантайұлы – 1970 жылы 25 мамырда Ал-
маты қаласында дүниеге келген. 1987 жылы осы қаладағы
№120 мектепті бітіріп, сол жылы Политехникалық универси-
тетке оқуға түсіп, оны 1993 жылы үздік бітіріп, ғылым жолы-
на түседі. Техника ғылымының кандидаты. Республикамыз-
дың Сыртқы істер министрлігінде жəне Австриядағы елшілік-
те екінші хатшы болып қызмет атқарған.
2002 жылдан Вена қаласында ОБСЕ-нің бөлім бастығы, ал
өткен жылдан ОБСЕ-нің Бас хатшысының кеңесшісі қызметін
атқарып келеді. Бірнеше шет тілдерін меңгерген.
Ержан Біртанов əзірге ОБСЕ қабырғасында қызмет атқа-
рып келе жатқан тұңғыш жəне алғашқы қазақ азаматы.
Сан ғасырлық тарихы бар қазақ дипломатиясының қазір
жаңа дəуірі басталды. Біздің еліміздің елшілері əлемдік саясат
тақтасында қазақстандық қоғам мүддесі үшін ашық диалогқа
түсе алатын дəрежеге жетті. Өткен жылы Еуропалық қауіпсіз-
дік жəне ынтымақтастық ұйымының төзімділік жөніндегі ке-
ңесі Алматыда өтуінің өзі еліміз дипломатиясының ірі жеңісі-
не саяды.
Қазіргі кезеңнің тарихи мəселелерін бір диалог шеңберінде
шешу мүмкін емес. Соңғы кездері Батыс дипломатиясы ОБСЕ
ұйымының стратегиялық бағытын «үрлемелі» стандарттар-
мен толықтырып, əлемнің батысы мен шығысын қайта құ-
рудағы құрал ретінде қарастырғысы келеді. Осыған байла-
нысты географиялық жəне артықшылықтар жағынан əлемде
көптеген өзгерістер белең алды. Сондықтан Қазақстан ОБСЕ-
нің демократиялық құндылықтарды қадағалаудағы мандатын
халықаралық статус дəрежесінде сақтауын қалайды. Күшті
мен əлсіздік арасында «ұлы шахмат тақтасы» комбинация-
сы əлі де жүрісінен таңған жоқ. Осыған орай 2005 жылдың
6 желтоқсанында Люблянда ОБСЕ Министрлер кеңесінің кез-
десуінде ұйымға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер ми-
нистрлері «Шыдамдылық пен құқықтарды шектемеу: өзара
түсіністік пен құрметке ықпал ету» туралы шешім қабылдады.
Азаматтардың ой еркіндігі, сөз бостандығы, діни сенімдеріне
жəне ұлтаралық өзара түсіністік туралы пікір алысылды.
Əлемдегі осы тақырып төңірегінде жүріп жатқан пікірта-
ластар өткірлігі өте жоғары. Соңғы уақыттардағы оқиғалар
этностық жəне конфессиялық дəстүрлердің көпқырлылығы
жағдайында мəдениеттердің үнқатысуларын ұстануға үндей-
ді. Мұндай диалогты Қазақстан ерте бастады.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұр-
сұлтан Назарбаев Лиссабонда өткен ОБСЕ-ге мүше мемлекет-
тер мен үкімет басшыларының басқосуының екінші мəжілі-
сіне төрағалық етіп, жоғарыдағы мəселелерден туындайтын
республикамыздың əлемдік саясаттағы платформасын айқын-
дап бергені бар.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұл бастамасы үне-
мі жаңарып, жасарып келеді. Өткен жылы Алматыда өткен
«Мəдени, діни жəне этносаралық түсіністік» атты ОБСЕ-нің
кеңесінде Елбасымыз «Қазақстанда ұлтаралық келісімді қол-
даудың оптимальды жүйесі жұмыс істеуде. Оның ұстанатын
басты қағидасы – мемлекет пен қоғам арасындағы диалог бо-
лып табылады. Біздің ұлтаралық, дінаралық келісім мен түсі-
ністік негізіндегі тəжірибеміз жалпы, Еуропалық қауіпсіздік
ынтымақтастық ұйымындағылардың қызығушылығын туды-
рып отыр» деген болатын.
Қазақстанның 2009 жылы ОБСЕ-ге төрағалық ету баста-
масы да осы принциптерге негізделіп отыр. Бұл – ОБСЕ-нің
күнтəртібінде талқыланып жатқан басты мəселелердің бірі.
Мəртебелі саяси ұйымға төрағалық ету идеясы елімізді да-
мытудың ішкі бағдарламаларымен тығыз байланысты жəне
ол Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсе-
тілген Қазақстанды əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу
елдің қатарына енгізу стратегиясындағы экономикалық аспек-
тілермен астасып жатыр. Оның үстіне ОБСЕ құрылғалы бер-
гі бұрынғы КСРО құрамында болған республикаларды, бүгін-
гі тəуелсіздігін жариялаған мемлекеттерді былай қойғанда, бү-
кіл Шығыс блогында өмір сүрген елдердің бірде-бірі атал-
ған құрылымға басшылық құқына ие болмапты. Саяси тең-
гермелікті алға тартқан Ресей мен Белорусь Қазақстанды
ОБСЕ-ге төрағалық жасауға ТМД елдерінің атынан жалғыз
үміткер ретінде көргісі келеді.
Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық жасау ниеті – табиғи,
заңды сұраныстан туған көзқарас. Қазақстан қазір əлемдік қа-
уымдастықтың теңқұқылы мүшесі. Оның үстіне, Каспий ай-
мағы, соның ішінде Орта Азия – орасан адами, табиғи ресурс-
тардың, үлкен стратегиялық мүдделердің тоғысқан аймағы.
Оның ақиқат екенін Орта Азиядағы барлық мемлекеттер мо-
йындап отыр. Қазір бұл процедуралардың хаттамалық желісі
ұйымға мүше мемлекеттер дипломаттарының арасында үлкен
талқыға түсуде. Ол əсіресе, ОБСЕ штаб пəтерінің ең талмау
тұсы болып отыр. Соңғы екі жылда ұйым басшыларының
Қазақстанға бірнеше рет ресми сапарлары ұйымдастырылды.
Оның құрамында Ержан Біртановтың да аты-жөні ресми хат-
тамаға енгізілді. ОБСЕ дипломаты ретінде.
Саясат қазіргі адамдардың – өмірлік қажеті жəне тірлігінің
тұтқасына айналып отыр. Өйткені, əрбір тұлғаның қоғамдағы
өз орны мен рөлін түсінуі, мемлекеттік дəрежедегі мүдделерді
ұғынуды, саяси танымы мен тəжірибесі ең алдымен оның сая-
си жағынан қаншалықты қалыптасып-шыңдалғанына байла-
нысты болмақ.
Олай болса, елінің ертеңі үшін, мүдде тұрғысында бүйрегі
бұрып тұратын дипломаттың беделді халықаралық ұйымдағы
сындарлы қызметіне сəттілік тілейік.
ТҮРКІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ШОҚТЫҒЫ –
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ КАЛЕНДАРЫ
Шығыстық ғылым мен дəстүрді пайымға алған хал-
қымыз Ай аттары мен Күн ерекшеліктеріне ерекше мəн
берген. Халық даналығы Күннің, Айдың, Жұлдыздардың
орналасуы мен тууына қарай шаруашылық есептерін жүр-
гізіп отырған. Осыған орай, астрологиялық есептер мен
ғылымға сəйкес наным-сенімдері болған. Ай аттарының
қасиеттері мен ерекшеліктері туралы тұжырымдар жаса-
ған. Біз бүгін осыған орай, ғалым-зерттеуші, физика-ма-
тематика ғылымдарының кандидаты, докторант Камал-
бек РАМАНҚҰЛДЫ əңгімеге тартқан едік.
– Камалбек Егізекұлы, халқымыздың дəстүр-салтында
əр күннің, əр айдың ерекше маңызы бар. Осы біз əр ай-
дың қадірі мен қасиетіне мəн беріп жүрміз бе? Жалпы,
танымдық дүние пайымымызға сай өрілген ай аттарының
өзгеруіне саясаттың ықпалы болган жоқ па?
– Біз Тəуелсіз Қазақстан жағдайында дүниетанымымызды
да жаңғыртуымыз керек. Қазақ болу – ренессанстық идея,
яғни, жаңғыру идеясы. Қазіргі уақыттың жаңа буыны өзін дəс-
түрлі қазақпен, бұрынғы ата-бабасының өлшемдерімен өмір
салтын жалғастыруы қажет.
Əлқисса, əңгіме басы бағзы дүниеден бастау алатын, əлем-
дік бəйтеректің шоқтығы биік бір бұтағы – түркі ғылымының
құндылығы, бір мақала төңірегіне сия қоймас. Əйтсе де мүм-
кіндікті пайдаланып, яғни, ЮНЕСКО-ның астраномия ғылы-
мына деген ізгі ниетін ескеріп, қазақтың тойда толғанатын
қасиетінің ұлылығын дəлелдеп, қысқаша ойымды айтайын.
Жалпы, астрономия жөнінде əңгіме ұзақ, сондықтан мен оның
бір тармағы – Қазақ халық календары (əдейі календарь деп
баса айтып отырған себебім, көпшілік ойлайтындай бұл орыс
сөзі емес, «саlеn dае» – ай басы деген латын сөзі, яғни, əлем-
дік термин) туралы ой-пікірімді білдірейін.
Əңгімені «өгіздің мүйізінен ұстап» бастасам. Қазіргі қол-
данып отырған қазақ календары бағзыдағы ата-бабамыз қол-
данған күнтізбе санауынан айнып кеткен. Яғни, менің айта-
йын дегенім: біз ай аттарының бірін, нақтылап айтсақ, түркіше
екінші ай, əлемдік күнтізбеде төртінші ай болып саналатын ай
аты. Ол қазір қате аталып, сəуір болып жүр. Ал қазақтың мезгіл
атауына да, ай атауына да дəл келетін халық атауы – көкек. Бір
жерде бұл айды «көк ек» деп түсіндірсе, бір жерде «көкек сай-
райтын мезгіл» деп түсіндіріп жүр. Бұл – дəл атауы. Барлық
жағынан дұрыс. Ал сəуір атауы өз орнында емес. Күннің эл-
липс бойынша торпақтың, яғни, сəуірдің тұсына келуі біздің
атауымыздағы мамыр айы. Сəуір айы арабтың сиыр, яғни,
торпақ деген зодиак атауынан шыққан.
Бұл айдың сəуір атауына ие болған тарихына кезінде өзім
куə болған едім.
Қайта құру кезеңінде, ұлттық құндылықтарымызды қайта
жандандырамыз деп əр салаға қызу кірістік. Оның ішінде
астрономия мəселесіне жататын күнтізбе бар. Сол тұста ай ат-
тарын қазақша жазу мəселесі туындады. Ай аттары бұрынғы
ата-бабамыз қолданып жүрген күйінде қабылданды. Төртінші
ай – көкек айы болатын-ды.
Ол уақытга коммунистік партияның əлі де дүрілдеп, ықпа-
лы жүріп тұрған тұсы еді. Апрель айында партия жиналысы
болып, В.И.Лениннің атақты Апрель тезистерін талқылайтын
кез. Күн тəртібіндегі мəселе «В.И.Лениннің көкек тезистері»
деп аталынатын. Содан Ленинді көкекке теңеу ыңғайсыздық
туғызды. Айдың атын дереу өзгерту керек деген əмір түсті.
Оған дайын қазақтар да бар екен (атын айтып ерекшелемейін
дедім). Қазақта сəуір болмай, тəуір болмайды деуші едік. Осы
айдың аты – сəуір болсын деп ұсыныс жасады. Содан «сəуір
тезистері» деген əдемі сөз шыға келді. Ал бүгінгі күннің
көзқарасымен қарайтын болсақ, сəуір атының енуі, бірінші-
ден, өз тұсымен дəл келмейтін, кірме сөзге негізделген ай,
екіншіден, коммунистік режимнің қазақтың шекесіне қойған
мөрі болып шыға келді. Тамырымызды тазартамыз деген ізгі
ниет болса, бұл мəселені өзекті мəселе дей қарап, өз төл ат-
тарымызды орнына қоюымыз керек. Бұл қазақшылығымыз-
ға сын.
Ал, енді «оқушылар, студенттер жалпы қазақ қауымы сəуір
айына үйренісіп кетті. Шығын шығарып не қыламыз», – де-
ген пікірдің туарына кəміл сенімдімін. Бірақ, бəсекеге ба-
рынша қабілетті елу ел қатарына қосыламыз деген сөзімізді
растағымыз келсе, онда көкек айына нақты тоқтауымыз қажет.
– Əңгіме төркіні бірден олқы тұсымызды айтудан бас-
талды. Жетістікті айтуда желпінуден кенде емеспіз ғой, ал
кемшілікті айту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осы
багыттағы ойды тереңдету үшін осы мəселе төңірегінде
сонау заманда «екінші Аристотель атанған əл-Фараби ба-
бамыздан бастап, Хайдар Дулат, Ұлықбек, кейінгі буын
Ақжан Машанов жəне де басқа қазақ ғалымдары осы ба-
ғытта түрлі ойтүрткі жасады емес пе?
– Бағзы заманнан бері жүргізіліп келе жатқан жыл са-
науымызға негіз болған күнтізбе айналасында айтар əңгіме
ұзақ сонар. Бір тұсын екшелеп кеткім келеді. Қазір бүкіл əлем-
дік жыл санауда «Шығыс календары» деп аталатын, ал оны-
сы Қытай атауларына негізделген жыл аттарынын атауы түркі
календары негізінде алынғанын айту да жеткілікті болар. Зо-
диакта атаулар тірі жəндіктердің əр тобына беріледі. Мысалы,
омыртқалылар, омыртқасыздар, тұяқты, тұяқсыздар т.б. болып.
Қытай атаулары осы түркі халықтарының топтарына негізделіп
алынып, аяғында қателікке ұрынған. Оларда жылан, айдаһар
деп бір топта екі айдың аты беріліп кеткен. Ал түп тамырын-
да, яғни, түрікше негізде жылан, ұлу жылы делінеді. Бұл жер-
де Ұлу – лу, айдаһар болып жыланды қайталап тұр.
Мұндай тұстарды нақтылай түсу үшін əрине, арнайы ғы-
лыми мақала жазған дұрыс болар. Ал көпшілікке түсіндіру
үшін əзірше жалпы əңгімеге ұрынуға тура келіп тұр.
Шындығына келсек, осы тақырыпты əл-Фараби трактат-
тары негізінде, сонау заманда Батыстың ғылымы тоқырап тұр-
ғанда ғылымды əлемдік деңгейге нақты астрономиялық есеп-
теулермен көтерген, əлемдік жұлдыз каталогын жасаған Ұлық-
бек еңбегі негізінде, қазақ хандығы түркі əлемінен ерекшеле-
ніп шыққан тұста, ғылыми негізде хандық басқаруға араласқан
Хайдар Дулат еңбектері негізінде айтылатын əңгімелер өзі сұ-
ранып тұрған жоқ па?
Мен өз дəрістерімде мысал ретінде екшелеп айтатын Ақжан
Машановтың Құранның түпкі мағынасына терең бара отырып,
ондағы ғылыми болжамдарды дəл көтере білуі үлкен əңгімеге
негіз болар еді. Ол кісі қазіргі заманда қолданып жүрген «bіg
ben» – «үлкен қопарылыс» теориясына растығын дəлелдейтін
«қалдықты дауыс» туралы Құранда жазылғанын дəл көрсетуі –
ғылым мен діннің бір-бірімен сабақтастығын нақты көрсетіп,
жаңа бағытты сонау кеңес заманында-ақ айқындап берген еді.
Ал, мен мүмкіндікті пайдаланып, өзімізге жақын тұста өмір
сүрген Хасен Əбішев ағамыз туралы ой қозғасам деймін. Ол
кісінің «Аспан сыры» атты кітабы қазақ ғылымында шоқты-
ғы биік дүние. Жұлдыздардың халық атауларының шығу тегі,
тоғыс қайтару, мезгіл анықтау, жұлдыз бағдарлама т.б. астроно-
мия ғылымына қажетті дүниелерді, елде «жұлдызшылар» деп
аталатын ақсақалдардың өз ауыздарынан жазып алып, оларды
ғылыми бағытта өңдеп, осыған дейін əлі жазылмай жүрген төл
кітаптың негізін қалады.
Ұзын құлақтан естуіміз бойынша, Күнтізбе мəселесін Пар-
ламент Сенатының депутаты Əділ Ахметов көтеріп жүр деп
естідік. Ағамызға қолдау жасап, өз үлесімізді ғалымдар, жур-
налистер, сіз болып кірісуіміз қажет-ақ.
Осы мəселе жөнінде белгілі жазушы Əзілхан Нұршайықов
ағамызбен ой бөліскен едік. Ол кісі: «Өз басым бала күнімде
сəуір дегенді естіген жоқпын, көкек айы деуші едік. Тағы бір
айтарым, біз жыл айларын ақпан, қаңтар деп айтушы едік» де-
ген болатын. Əрине, біз бір топ ғалымдар бұл мəселе бойынша
əлі де зерттеу жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Университетімізге жаңа леп алып келген ғалым ағамыз рек-
тор Серік Жайлауұлы Пірəлиевтің тікелей қолдауымен жа-
қында «Хасен Əбішов зертханасын» ашқалы отырмыз. Оны
тек зертхана деңгейінде ғана қалдырмай, оның негізінде «Ха-
сен Əбішов оқуларын» республикалық деңгейде өткізсек деген
ниетіміз бар.
Бір ойды (намыстың қамшысы болсын) айта кетейін, осы
мəселені көтеріп жүргенде, қағаз істерінің кілтипаны көбе-
йіп, оны шеше алмай жүргенде, «Раманкулов самодеятель-
ность проявляет, кто такой Хасен Абишов» деген сөздерді жа-
сы кіші бастықтың аузынан естігенде өзімді қоярға жер тап-
падым. Бірақ, түбі түсіністік тауып мəселені шештік.
Мұны екшелеп айтып отырған себебім, ғылымның кез кел-
ген түйткілді мəселесі тəрбиеге келіп тіреледі.
Жалпы, тəрбие мен ғылым бір-бірінен бөлінбейтін егіз са-
ла. Екеуі қатар жүргенде ғана толық мəнді идеология жөнін-
де əңгіме айтуға болады.
– Камал Егізекұлы, ғылымның ерекшелігі осында бо-
лар, бір мəселе төңірегінде тəрбие, ұлттық таным, ұлттық
идеология мəселелерін өрбітіп кете беретіндігі. Кейінгі кез-
де ұлттық идеология мəселесі жиі көтеріліп жүр. Сіз үшін
«ұлттық идеология» деген не?
– Ғылым – идеологияның шыңы, ақыл-ойдың діңгегі. Ал
«Ұлттық идеология – ұлт болып қалыптасу» дегенді білдіре-
ді. Өткен жылғы халыққа Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев осы мəселе төңірегінде ой өрбіте келе,
«Мен ұлттық идеология жөнінде тың ой айтамын деген əрбір
Қазақстан Республикасының азаматымен жеке сөйлесуге əзір-
мін», – деген еді. Біз ғалымдар іштей өкіметке «оппонент» бо-
лып жүретін қауымбыз. Ол занды нəрсе. Жақсы нəрсені мақ-
тау, жаңа ғана айттық қиын іс емес. Ал халқының қиындығын
айта білу ғалымға, жалпы өзін зиялымын деп есептейтін адам-
ға міндет, парыз.
Ұлттық идеология мынау: ұлт болған соң сөз жоқ идеоло-
гиясы болады. Ол философияда гнесеология мəселесі деп ата-
лады. Бірақ, бүгінгі күнгі ұлттық идеология – тіл, дін, діл. Бұл
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов тұсындағы əңгіме.
Ал қазір бұған ғылымды қосамыз. Яғни, ұлттық идеология –
тіл, дін, діл, ғылым. Ал, біздің бүгінгі өзекті тақырыбымызға
сүйенсек, астрономия ғылымында жеті саны ерекше орын ала-
ды (ол үлкен əңгіме). Қазақта тұйық деген сөз бар. Біздіңше
ол – бас дегенді, яғни, түгел бөлу деген сөзді білдіреді. Ме-
ніңше, біздің ұлтгық идеология жеті тұйықтан тұруы тиіс. Бұл
толыққанды қасиетті құрылым.
Міне, осы құндылықтарды бір-бірімен байланыстыра біл-
сек, ұлттық идеология түгел болмақ.
Бұл менің ғалым ретінде айтар пікірім. «МЕН АДАММЫН»
деген атқа лайықты болайық. Мен Адаммын деу «Мен Пайғам-
бармын» дегенмен пара-пар. Сондықтан, абайлап сөйлейік.
Өйткені, 124 мың Пайғамбардың алғашқысы – Адам, соң-
ғысы – Мұхаммед Ғ.С.
– Қамалбек мырза, Сіз физика ғылымын үнемі əдебиет-
пен үндестіріп отырасыз. Іргелі, нақты ғылымды əдебиет-
пен суреттеп отырудан оған тиер нендей пайда бар?
– Жақында өздеріңіздің «Алматы Ақшамы» газетінде менің
шəкірттерімнің «Абай – Шəкəрім физикасы хақында» деген
зерттеу танымдық мақаласы шықты. Онда Абай – Шəкəрім
ілімінің физикалық құбылыстарды сипаттауға ұмтылған істе-
рі рухани дүниеміздегі компас іспеттестігі бейнеленді.
Абай мен Шəкəрімнің өлендеріндегі терең зерттелген су-
реттерден физикалық құбылыстарды көруге болады. Мұнда
бір-біріне соқтықпайтын жанды тербеліс, интерференция тұ-
нып тұр. Демек, кез-келген үндестікті əдебиеттің ауылымен
байланыстырып отыру керек.
– Осыған орай Иранда бір үлгі алатын жақсы құндылық
бар. Парсы жұртында Сіз мейлі химик бол, биолог бол,
физик бол бəрібір парсы тарихын, тілін, əдебиетін оқып,
меңгеруге міндетті көрінесің...
– Менің мамандығым теориялық физиканың ішіндегі яд-
роның модельдері. Физиканы оқуды əдебиетпен қатар бастадым.
Бұл салада қазақ тілінде кітап жоқтың қасы, тек орыс тілінен
аударылған кітаптар. Физика ғылымы туралы түйген ойым-
ды анық жеткізу үшін əдебиет маған керек. Ал, орыс тілінен
аударылған физика оқулықтарымен шектеліп, қазақ əдебиетін
оқымасаңыз, қазақы ой қорыта алмай қаласыз. Мен космо-
логия тақырыбы бойынша лекция оқығанда, космологияның
қазіргі суреттемесін келтіремін де, оны Абайдың 27-ші қара
сөзімен байланыстырамын. Бұл физика ғылымын қазақы ой-
мен, қазақы ұғыммен бала жадына сіңіруіме септігін тигізеді.
Ал енді, Шəкəрімнің еңбектерін оқысаңыз, оны əдебиеттің
адамы немесе жаратылыстану саласының адамы деп бөліп
қарау мүмкін емес. Оның «Үш анығы» негіздің түп негізі не де-
геннен туындаған. Ол алғаш атомның бөлшектерін көрген соң,
Абайға біз атомды түп негіз деп жүрсек, түп негіздің түбі не? –
деген сауал тастайды. «Түп негіздің түбі не?» бір ғана қазақы
сөз бүкіл физикаңыздың формуласын жоқ қылып жібереді.
Меніңше, Абай мен Шəкəрімді оқу ғылымда дəлелденген
тұжырымдамаларды қазақы оймен қорытуға көмектеседі. Ғы-
лымда ұлт болмайды.
Ньютон жазған физика да, Энштейн жазған физика да əлем-
ге ортақ. Бірақ, қазақы ойлау жүйесі қазақтың əдебиетінен та-
былады. Сондықтан, өзге тілде жазылған ғылымды қазақ ба-
ласына түсіндіруде қазақ əдебиетін, тілін жетік білу өте қажет.
– Бразилияның Кашоэра-ду-Сул қаласының мэрі Мар-
лан Сантус өзінің аппаратында қызмет істейтін адамдарға
ай сайын бір көркем немесе саяси кітап оқуды міндет
етіп қойыпты. Оның ойынша, кітап оқымайтын адам ел
басқармақ түгілі, өзін де тəртіпке сала алмайтын көрінеді.
Бұл ретте Сантустың сүйікті кітабы «Спинозаның этика-
сы» еңбегі екен. Сол сияқты мемлекеттік қызметкердің «Ар-
намыс» кодексі ретінде Абайдың қара сөздерін кіргізсек
болмас па еді?
– Мен үшін Абай ілімі – өмір сүрудің қасиетті қағидасы.
Сондықтан менен біреу кеше не оқыдыңыз десе – Абай, бүгін
не оқып жүрсіз десе – Абай, алдағы уақытта не оқыр едіңіз
десе – тағы да Абай дер едім. Абайдың қара сөздері – сот, ад-
вокат, тергеушінің рөлін атқарады. Ал оны оқымау, білмеу
дегеніміз – өмір сүруді білмеу деген сөз. Əсіресе, заң саласын-
да жүрген мамандардың Абайдың қара сөздерін жатқа білу –
міндетті шарт болуы тиіс. Ал мемлекеттік атқару буынында
қызмет ететіндерге Абайдың қара сөздерін жаттатқызу керек.
– «Ердің жасы елу» дейді. Азамат ретінде ғалым, физик-
теоретик Камал Егізекұлы, халқына не бере алды?
– Не дейміз. Дінге тазамын, бірақ, оған бас-көзсіз бас ұрмай
ғылыми тұрғыдан қараймын. Жоғары мектеп бітіргелі «Қазақ
тілі» мəселесімен айналысып келемін. Республикалық, Алма-
ты қалалық жəне университетіміздің тіл қоғамының мүшесі
қатарында қызмет еттім. «Квант механикасы», «Механиканың
негізгі есептері», «Физиканың түп тамыры» кітаптарының ав-
торымын.
Ендігі парызым жоғарыда аталған Хасен Əбішов ағамыз-
дың «Аспан сыры» кітабын, оның шəкіртгерімен біріге оты-
рып, заманға сай қайта өндеп, қазақ физиктері қауымын бір
қуанту ниетім де бар.
Осы бүгінгі көтерген əңгіменің төркіні – қазақ халық ка-
лендарын айқындау ісіне «Алматы Ақшамы» газеті мұрындық
болса, игілікті іс болар еді.
– Адам болмысы, санасы басқаша бейнеге ауысып ба-
рады. Қазіргі біз қолданып жүрген күнтізбенің өзі де дұ-
рыс күнтізбе емес. Ол – бір кездері ватикандық Григорий
поптың реформасы көрінеді. Өзгермелі дүниеде осы кем-
шілікті өзгертуге болмас па екен?
– Жалпы, бұл адамзаттың уақыт пен кеңістікті шатастыр-
ған кезінде пайда болған жалған зандылық. Себебі, адамзат
уақытты зорлап əкеліп сағаттың бетіне таңба етіп басты. Оны
ойлап тапқан адамдар белгілі бір құндылықтарға ие болды.
Сондықтан, оны өзгерту өте үлкен күшпен келмек. Əйтпесе,
дүниеде өзгермейтін ештеңе жоқ, тек ниет керек. Аракідік ға-
лымдар, тіпті Парламент мүшелері де осы мəселе жөнінде өз
пікірлерін білдіріп қалып жүр. Бірақ, ол ой-пікір білдіру шең-
берінен шықпай қалды. Міне, осы жөнінде белгілі бір тұжы-
рым жасайтын орта қажет болып тұр. Сəті түскен күні бұл да
қолға алынар.
– Əңгімеңізге рахмет!
САЯСАТ ТАҚТАСЫНДА ӨЗ КАРТАСЫМЕН
ОЙНАҒАН САЯСАТКЕР
Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ
Ұлт – бір ұрпақ пен екінші ұрпақ арасындағы занды бай-
ланысты берік сақтай отырып, табиғи жолмен дамығанда ғана
ол ұлы мұратына жетеді.
Ғасыр басында қазақ ұлты өз ішінен өте күшті зиялылар
тобын шығарды. Өздерінің интеллектуальдық деңгейі жа-
ғынан бұл топ сол тұстағы Ресейдің ықпалында болған бодан
ұлттардың зиялылары арасында өте айбарлы болды. Ол кез-
де ұлт зиялыларын ұлттық мүдде ғана топтастыра адды. Ұлт-
тың ар-ұяты, ақылы, рухани локомотиві ретінде олар отар-
шылдық саясатта бұқараны бастап алып шықты. Бодан ұлт-
тардың ішінде метрополияның білімін алып, оған қарсы ымы-
расыз ашық күреске шыға білді. Ормандай орыс арасында
білім алған Мұстафа Шоқай, Əлихан Бөкейхан орыс отаршы-
ларына қарсы азаттық, теңдік сұрап, халықтың сана-сезіміне
ұлттық рух түсірді. Ұлттың рухының сілкінуіне екпін түсірген
олар сол жолда жанын сарп етті. Басталған іс жарты жолда
мертіккен жоқ. Ұлт зиялыларының қазақ ұлтының болашағын
айқындайтын ұранын кейінгі халықшыл, мемлекетшіл жаңа
күш – Ілияс Омаров, Михаил Есеналиев, Өзбекəлі Жəнібеков-
тер жалғастырды. Бұл топ ұлттық құндылықтардың тазарып,
шынайы түріңде қалыптасуына барынша белсенді түрде күш
салды.
Кез келген қайраткер өзінің моральдық бейнесін таза күйін-
де қалыптастыра алмай тұрып, қоғамның моральдық бейнесін
жасай алмасы анық. Жоғарғы ойлы, адамгершілігі мол адам өз
өмірін сақтап қалуға бола, адамгершілігіне зиян келтірмейді,
ол адамгершілігін сақтап қалу үшін соңына дейін ұстамдылық
танытып, қажет болса, өзін құрбан етуге дейін барады.
Қоғамда əлеуметтік əділетсіздік төзуге болатын нормадан
асып кеткен кезеңде сенім дағдарысы тереңдей түскен уақыт
та болды. Қоғамның төменгі буыны жоғарыға сенбеді, жоғары
төменмен есептеспеді. Коммунистік тəрбиенің отаршылдық
мəнін əшкерелеуге келгенде қашан да құлықсыздық танытатын
ұлт зиялыларының үнсіздігін бұл жолы билеуші партияның
белді бір мүшесі сыртқа, халықтың өз ортасына алып шықты.
Жылдар бойы партиялық ережеге шөктіріп, «байлауда жем-
деу» тəртібіне корректировка енгізген ірі тұлғаның бірі – Ми-
хаил Есеналиев еді.
Еліміздің суверенитетін қамтамасыз ету, тəуелсіздік алу жо-
лында Михаил Есеналиевтің атқарған тарихи миссиясы орасан
зор. «Біз демократиялық реформалар жасалуы жəне оның баян-
ды етілуі үшін күресеміз!» деген ұранына өмірінің ең соңына
дейін адалдық танытты.
Қоғам мүддесін бəрінен жоғары қоя білген ол еліне, хал-
қына аянбай, кіршіксіз қызмет ете білді. Шенеуніктік ман-
сапқорлықтан, жағымпаздықтан, жалған іс пен сөзден бойын
таза ұстады. Ар сөзін айтуға келгенде билік буынындағы «да-
нышпандардан» тайсалмады. Ширек ғасырға жуық өмірін
Ресейде өткізіп, қабілет-дарынымен өзгелерді тамсандырған
М.Есеналиевтің бар аңсары казақ топырағына ауып, оның
жусанды даласында тер моншағы төгілді. Төгілген тер босқа
кетпеді.
Болашағын тарихи Отанынан іздеген Михаил Ивановичтің
(біз дəстүрлі логотивті бұзбадық, оның аты-жөнінің өзі үлкен
мақтаныш жəне ол имидж болып кеткен. авт.) бар бақыты да
осында жатыр. Егер ол Ресейде жүрсе көп парторгтардың
бірі немесе Азиялық елдердің бірінде елшілік кеңесшісі бо-
лар еді. Əрине, оған комсомол мектебінен кейін Орталық
Комсомол комитетінде, СОКП Орталық комитетінде қызмет
істеу ұсынылыпты. Бірақ Ресей жағдайындағы биік мансап
онын бар болмысын ашуына мүмкіндік бермеген болар еді.
Əйтсе де, Михаил Иванович Қазақстан мемлекетіне қызмет
ету таңдауында жаңылысқан жоқ. Оның тағы бір бақыты да
осында.
М.Есеналиев Ресейдің Саратов облысында туып, сонда мек-
теп есігін ашты, жоғары білімді Мəскеуде алды. Жоғары ком-
сомол мектебін, СОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғам-
дық ғылымдар академиясын бітіріп, комсомол, партия орган-
дарында жауапты қызметтер атқарды. Алматы қалалық партия
комитетінің екінші хатшысы, сыртқы істер министрі, Орталық
Партия Комитетінің 12 жыл мəдениет бөлімін басқарып, қазақ
елінің ұлттық мəдениетін гүлдендіру мен оның болашағының
жарқын болуы жолында бар білімін жұмсады. Оның азаматтық
тұлғасы да осы қызметте жүріп барынша айшықтала түсті.
Идеологиялық жəне əлеуметтік сарынның алғышарттарын та-
сымалдайтын рухани сала – əдебиет пен мəдениет қызмет-
керлері М.Есеналиевті өз старосталары ретінде қалқан тұтты.
Сондықтан да ол: «Əдебиет пен өнердің əрбір қайраткері –
жеке министрлік. Олардың əрқайсысымен жеке-дара жұмыс
жүргізу керек» деген принциптің шеңберінде прогрессивті жұ-
мыс істеді. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беру жөніндегі
айтыс-тартыстарға белсене араласып, қазақ тілінің беделін
қорғаған «орыстілдінің» бірі де – нақ өзі болды. Мұндайда
«Əрбір адам шенеунік болуы мүмкін. Бірақ, əрбір шенеунік
қазақ бола алмайтындығы» (Міржақып Дулатов) теоремасын
дəлелдеп берді. Осыдан кейін де орыс ықпалындағы қазақтар
тілге, дінге, ділге ұйып, сабасына түсуі керек еді. Бірақ ықпал
ету аймағының əлсіздігінен тəуір бастама өз жолынан ауып
кетті. Тегеурінді қарсылықтың нəтижесінде қазір өз ұлтына
менсінбей қарайтын жат ұрпақ пайда болды. Кейбіреулер осы
ұрпақты қазақ ұлтының болашағын айқындайтын жана екпін-
ді күш ретінде көрсеткісі келеді. Бұл – аса қатерлі ұғым. Осы
ұрпақтың ұлтқа пайдасынан гөрі зияны мол. Олардың арасын-
да өз ұлтынан жеріп, сол ұлттың мақтанышы болудан бойын
алшақ ұстайтындар да кездесіп қалады. Қазір ең қауіптісі де
солар болып отыр. Осының бəрін М.Есеналиев алдын ала көре
білді, айта білді, ескертті. Нəтижесі айқын...
Саясаткер деген өз картасымен ғана ойнайтын ойыншы.
М.Есеналиев саясат тақтасында өз картасын ашып ойнады.
Бірақ қолына үнемі «мизер» шыға бермеді. Бірде ұтты, бірде
ұтылды. Əйтсе де, опоненттерімен біржақты жауласып кет-
педі. Оларды саясат алаңында сындарлы полемикаға түсуге
шақырды. Қазақстанның демократиялық транзит кезеңінде
пайда болған саяси ұстанымдары аморфты, яғни дəл ештеңе
айта алмайтын партияларды еліміз ой-мүддесіне сай қызмет
етуге бұруға ықпал жасады.
Азаматтық сана адам мен мемлекеттің бір-бірімен қарым-
қатынасындағы өзара міндеттердің шеңберінде түзіледі. Тұл-
ғаның мемлекетті əлеуметтік тəртіп пен жеке бастың қауіп-
сіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде қарастыруы мем-
лекеттің азамат алдындағы жəне азаматтың мемлекет алдын-
дағы өзара борыштарлық сезімімен толыққанда ғана көрініс
табады. Азаттық үшін күрескен азаматтар Отан игілігін ал-
дымен көруі тиіс. Біздің санымызда тым көмескіленіп кет-
кен сатқын, опасыз, тұрлаусыздық тəрізді ұғымдар сонда ғана
айқындалып, патриотизмнің қадірі сонда ғана артатын болады.
Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялаған тұста бізге күш көр-
сетіп, тізе батырғысы келген мемлекеттердің басының сақи-
насы ұстап, «ауруын» өршітіп жіберуге түрлі себептер іздеп
бақты. Еліміздің тəуелсіз болуын қаламайтындар «мылтықсыз
майдан» жүргізіп, сыртқы факторды ішкі фактор арқылы өт-
кізіп жібергісі келді. Халық – мемлекет пен үкімет үшін өмір
сүрмейтінін, керісінше, мемлекет пен үкімет халық үшін қыз-
мет ету қажеттігін алдыңғы планға алып шыққан да Михаил
Ивановичтей азаматтар еді.
Қазіргі стратегиялық отын-энергетика саласының 80 жыл-
дардың орта шенінде тағдыры қыл үстінде тұрды. Бас ком-
мунист, демократ лидер Горбачевтің басшылығы тұсында Қа-
зақстанның батыс шалғайындағы Теңіз кенішінен мұнай мен
газдың мол көзі ашылады. Саяси Бюро мəжілісінде Горбачев
империялық пиғылын көрсетіп Қазақстан басшысы Қонаевқа
қарап: «теңіздің мол газы мен мұнайын өндеуге Қазақстанның
өндірістік қуаты жетпейді. Мол қазынаны жеделдетіп ел пай-
дасына бұру қажет. Сондықтан оны Орынбордың не Самараның
мұнай-газ кешеніне қосу керек. Осыған қалай қарайсыз?» –
дейді. Əрине, Қазақстан басшысы оған келісімін бермейді.
Мұның соңы көп ұзамай Қазақстан басшылығына Колбиннің
келуімен аяқталады. Горбачев тарапынан Колбинге респуб-
ликада орыс өкілдерінің салмағы басым екенін пайдаланып,
стратегиялық маңызы зор мəселені тағы бір қоздатып жіберу
жөнінде астыртын тапсырма беріледі. Колбин өз қызметіне
кірісімен «Халықтар достығы жəне қазіргі заман» тақырыбын-
да ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Терең ойлы ин-
теллектуальды саясаткер Михаил Иванович саясаттың дауы-
лын əріден сезіп, қоғамды тосын империялық жаулап алудан
сақтандырып, республика территориясының тұтастығы тура-
лы сөз қозғап, орталық жүргізген саяси пиғылдың алдын ора-
ғытып кетеді. Осылайша еліміздің сол тұстағы сыртқы істер
министрі қоғамды балаң идеализм мен бозбаланың максима-
лизміне еріп кетуден сақтандырады.
Адамның бостандығы мен құқығы билік берген «сый» емес.
Көпшілігіміз осының аражігін ажырата алмаймыз. Сондықтан
да саясаттағы сыртқы жəне ішкі құбылыстарда биліктің ық-
палында кете барамыз.
Рас, М.Есеналиевте кеңестік саяси жүйеде пісіп, жетілді.
Соған орай демократиялық принциптер мен əдістерге ол жү-
ре үйренді. Саяси басшылық қызметтегі орны оны саясатта
центристік саяси модельдің ұлт мүддесіне орай жобасын жа-
сап, аз ғана уақытта саяси девидент жинап алуына жол ашты.
Бірақ ол бірден аттанға басқан жоқ, бəрі өз уақытымен келді.
Құқықтық мемлекетте билікті бөлу олардың өзара əрекет
ету ұйымдық-құқықтық механизмін, əрқайсысы өз құзыры
шеңберіне тоқтау жəне қарама-қарсылықты ұстап тұру мақ-
сатын жəне сонымен бірге өзге биліктерден дербестігін əрі тə-
уелсіздігін қамтамасыз етуді өзіне қосып алған. Билікті бөлу –
бұл құқық пен мемлекеттің зайырлылығының эталоны. Билік-
ті бөлмейінше, құқықтық мемлекет пен құқықтық зандардың
болуы да мүмкін емес.
Кеңестік жүйеде заң шығарушы билік формальды жоғарғы
сипатта болды. Ал атқарушы билік қабылданған заңдарды
басшылыққа алып, қоғамды басқарды. Билік тармақтарының
дербес жəне бір-бірінің билігін тежей отырып өзінің функция-
ларын атқаруынан секемденген Горбачев Бас хатшылық пен
Жоғарғы Кеңес төрағасын бір қолға шоғырландырды. Одақтас
Республикалар басшылығында да саяси басшылықтың стан-
дартты жүйесі қайталануы тиіс болды. Осыны түсінген Миха-
ил Иванович өзіне қаншалықты зиян соғатынын білсе де Кол-
бинмен болған кадр саясаты жөніндегі əңгімеде өз ойын ашық
білдірді. Бір адамның басқалар үстіндегі жеке дара билігі, бə-
рінен бұрын билік жүргізушіні құртатынын саяси контексте
жеткізген М.Есеналиев: «Бұл қызмет – Ұлттық мемлекеттің
символы. Ол орында міндетті түрде қазақ болуы керек. Көп-
теген аналардың көз жасының Желтоқсан оқиғасынан кейін
əлі кеппегенін, егер мұндай шешім қабылданса, наразылық
білдіріп көшеге ешкім шықпасына, сөйтіп, екінші Желтоқсан
оқиғасының қайталанбасына, тіпті, одан да зоры болатынына»
Колбиннің көзін жеткізіп, райынан қайтарады. Өз дəлелдерін
алға тартқан ол: «Біз саясатшылармыз, мəселенің мəн-жайына
көз жеткізіп, халықтың не нəрсеге наразы екенін білуге, кей-
де қолдауға, кейде иландыруға, кейде келісуге жəне неліктен
басқаша істей алмайтындығымызды түсіндіруге тура келеді.
Халықтың үнсіз қабыл алғанынан сақтану керек. Ішке айдап
кіргізілген улы ауаның қашан шығатынын, қандай бақытсыз-
дық əкелетінін сіз де, мен де білмейміз» деп ойын ашық біл-
діреді. Өзіне Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары қыз-
меті ұсынылғанда өзінің оның айтқанына көне бермейтін адам
болатындығын, өз көзқарасының, əр мəселеге өз позициясы-
ның болатындығын жəне оны шешім қабылданғанша қорғай-
тынын ескертеді.
Осы оқиғадан соң Горбачевтің атына хат жолдап, оңда Кол-
биңді Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
етіп сайлауға болмайтыны жөнінде өз ойын білдіреді. Осылай-
ша Михаил Иванович өз дүниетанымын, идеялық жəне еркін
анықтау принципін, плюрализмді, нақты өмірге сын көзбен
қарау принципін қолдайды.
Оның Бас хатшыға хат жазуының принципі мынаған саяды.
Колбиннің республикада тағы бір бесжылдыққа қалдырылуы
қоғамдық-саяси жағдайды шиеленістіріп жіберетінін, оның со-
ңы Қазақстанның автономиялы республика ретінде қайта құры-
луына соқтыратынын, бірнеше аз ұлтты халыққа автономия
беріп, бірнеше Қарабах туғызатынын алға тартады. Осы мақ-
сатта Колбин алғашқы жылы-ақ үкімет пен партия сарайын
тазартуда дайындық жұмыстарын жүргізгенін көре біледі. Осы-
ның өзінен Колбин саясаткердің келесі сайлау науқаны тура-
лы, ал мемлекет қайраткері Есеналиевтің келешек ұрпақ тура-
лы ойлайтынын көреміз.
Ол – мұндай оқыстан болған оқиғаның бұрын да алдын ал-
ған. Қазақстанда неміс автономиясын құру арқылы мəселені
шешіп тастауға болмайтынын, немістер өздерін саяси тұрғыда
ақтауды Ресейде ғана қалпына келтіре алатынын, сондықтан
ұлттық белгілері бойынша автономиялық құрылым құруға бол-
майтынын түсіндірген кезеңдер болған.
Егеменді мемлекеттің басты мақсатын айқыңдауда ішкі жə-
не сыртқы саясаттағы ұлттық мүдделер үшін республиканың
шынайы сипаттағы көп қиыншылықтарды жеңуіне тура келді.
Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялаған тұста Ресейде им-
периялық-шовинистік күштер өре түрегелді. Олар империя-
лық, ұлыдержавалық үстемдігі мен отарлық олжадан айрыл-
ғанына еш келісе алмады. Ресей мен АҚШ қана емес, Қытай-
дың өзі Орта Азия ендігіндегі, тіпті түркі тектес мемлекеттер-
дің біртұтас болып ұйысуын қаламайды. XXІ ғасырда мəңгі-
лік достықтың болуы мүмкін емес. Еларалық саясаттың бə-
рінде «мəңгілік достық» емес, «мəңгілік мүдде» ғана үстемдік
құратыны айқындалып қалды. Саясаткер Есеналиев бұл мақ-
сатта түркі бірлігін барынша қорғайды.
Түркі халықтарының қазіргі жүріп жатқан бірігу процесі
осы ғасырдың басында басталып тұншықтырылғанын оны
«бөлшекте де билей бер» принципін ұстанған əлемдегі сая-
си билік иелері түркі халықтарының бірігуіне емес, ыдыра-
уына мүдделі болғанын саяси трактатпен жүйелеп берген де
Есеналиев еді. Тоталитарлық жүйе құлағанда бұл жүйе өз
қисындарын өзімен бірге ала кетті. Енді түркі əлемінің эко-
номиканы, ынтымақтастықты дамытуда, мəдени алыс-берісті
көбейтіп, рухани ой-жүйесін қалыптастыруда жаңа платфор-
ма қабылдау қажеттігін ұсынған да Есеналиев еді.
1990 жылы М.Есеналиев бір топ зиялы азаматтармен бірге
қоғамдық-саяси «Азат» азаматтық ұйымын құрды. Қазақстан-
ның тəуелсіз ел болуы жолында бұл ұйымның ықпалы зор болды.
ƏР ДОС ӨЗІНІҢ ДОСЫНА СҮЙКІМДІ
Жоғары технология дамыған елдерде адамдардың санасын
қыспаққа алып, адами еркіндігінен айыруда. Əсіресе, техни-
каны өмірдің барлық саласында кеңінен қолданатын жапон-
дардың ерік-жігері дəл осы жерде тұсалып отыр. Адамдардың
бір-бірімен қатынасу мүмкіндігіне техника шектеу қойып, ада-
ми болмыстан ажыратуда. Бір-бірімен компьютерге «байлан-
ған» жапондар ағайын-жекжаттарымен өзара байланысын да
жоғалтуда. Жақында жапон үкіметі хат-хабар байланысын да-
мыту үшін «Почта байланысы» жөнінде жаңа заң қабылдады.
Заңмен адами қатынасты реттеп жатсақ қане, мəселе – ниетте,
бауырмалдықта жатса керек.
Ұлттың рухы ұлт зиялыларының ел мүддесі жолындағы
алуан түрлі қызметтерінен қуат алса, ал мемлекеттің беде-
лі ондағы азаматтардың тұлғалық белсенділігі арқылы маз-
мұндалатындығы шындық. Олай болса, енді сол хаттарға үңі-
ліп көрелік. Жалпы, хат жазу үлкен мəдениеттілік, оның бо-
йында үлкен тəрбие жатыр.
Кісі болудың ең қысқа жолы – дос таңдай білуде жатса ке-
рек. Əдетте талғам мен əдеттер беріледі екен де, мінез бен ақыл
өзгеріске ұшырайтын көрінеді. Мұндайда қарама-қарсылық-
тың үйлесуі дүниеге көрік береді де, оның құрылымын сақ-
тайды, ол болмыста, əсіресе, адамгершілік саласында үйлесім
береді екен. Академик Манаш Қозыбаев ағамыздың досы Ора-
зай Батырбековке жазған хатынан кісі баласының достыққа
адал болуының ескерткішін көресің.
«Дос» деп айту – ауызға жеңіл. Алайда, ол өте нəзік ғылым.
Испанияның ұлы жазушысы Бальтасар Грасиан адам баласы-
ның лайықты өмір сүруінің тəсілдерін зерттеп, кейінгі ұрпақ-
қа мұралық дүние етіп қалдырған «Ақыл қалта» кітабының
«Достар жинау» атты бөлімінде оған анықтама беріпті:
«Достық – екінші болмыс. Əр дос өзінің досына сүйкімді;
достар арасында бəрі реттеледі. Адамда басқалар оны қан-
шалықты бағаласа, соншалықты құн болады, ал олардың аузы-
на апарар жол жүрек арқылы өтеді. Досыңа көрсеткен ізгі
қызметің ұмытылмайды. Достыққа лайық болудың ең жақсы
тəсілі – достық ниет көрсету. Бойымыздағы бар жақсылықтың
басым бөлігі басқаларға байланысты. Достар мен жауларың-
ның арасында өмір сүруге тура келеді, сондықтан күн сайын
жақын болмаса да тілектес таныс тап. Сынақтан өткен олар-
дың кейбірі уақыт өте келе сенің сырласыңа айналады», – деп-
ті. Аяулы Манаш ағамыздың хатына зер сала отырып, осы сыр-
ды ұғасың. Ол өз досына жазған хатында:
Шалқар байлықтың
қағаз иесі біздерміз, достым!
Есіңде ме, Оразай Батырбектегі, 1974 жылдың 31 желтоқсан
күні кешке ежелгі достар жаңа жыл алдында біздің үйде бас
қостық. Мен сендерге сонда тебіреніп шығарған 5–6 шумақ
өлеңімді оқыдым. Онда мынандай жолдар бар болатын:
Досым қайда мені іздеп келетін,
Өз үйіме өз үйіндей енетін.
Жаман айтпай жақсылық жоқ əмəнда,
Өле қалсам қара жерге көметін...
Сонда сендер: «Манаш, неге қиналасың, неге сонша тебіре-
несің?» – деп сауал қойған болатынсыңдар. Иə, əр пенденің
жаны құлазитын кез болады, оны шын дос қана түсінеді.
Жақында сенің: «Өмір өтті. Шынымды айтсам, осы өмірге
не үшін келіп, не үшін кетіп бара жатқанымды білмеймін!..» –
дегенің мені терең ойға қалдырды. Сенің сол жан күйзелісің-
ді жақсы түсінемін.
Біздің ұрпақ бұл өмірде не көрмеді? Біз аласапыран заман-
да жаралып, ел басына қайғы-қасірет жайлаған кезде дүниеге
келдік. Алланың аяғаны ма, кім білсін, халықтың жартысын
жұтқан алапат аштықтан аман қалдық. Соқаға, тырмаға əке-
шешеміз жегіліп, егін еккенді көрдік. Əлемді есінен тандырған
дүниежүзілік соғыс кезінде балғын балалықтың не екенін
білмей, ерте есейдік. Майдандағы ауылдастарымыздың қаза-
сын хабарлаған қара қағаздарды тасып, көңілімізге шер бай-
ланды. Жеңістен кейін Еуропаны көріп оралған аға ұрпақтың
елеске айналған арманының соңында шапқыншылықпен жі-
гіттік, ел ағасы шағымыз өтті. Əлемді шарлап, шарықтаған
коммунизм идеясын іске асырамыз деген ұран түпке жетті.
Өмір жолы аяқталып, енді бала-шағаның қызығын көреміз,
көп бейнеттің зейнетін көреміз бе дегенде, Тəуелсіздік келді.
Халық «жаңа қазаққа», «жадағай қазаққа» бөлінген кезде дала-
да қалғандай сезіндік.
Сенің айтқан сөзіңді əрі қарай сараласам, досың ретінде,
одан қалды, азамат, ғалым ретінде, маған қоймағың: «Біздің
ұрпақ бұл дүниеге неге келді, құр келіп, құр кетіп бара жат-
қан жоқ па? Аға ұрпақтың бұл жалғаннан алар орны бар ма?
Біз балаларымыздың, немерелеріміздің алдында не деп ақта-
ламыз?» – деген сауал ғой.
Иə, бұл сауалды жалғыз сен қойсаң, жауап беру жеңілірек
болар еді. Шын мəнінде, дəл осындай сауалды социализм қой-
науынан шыққан қалың қауым қояды. Гəп, міне осында.
Жоқ, бұл күнгі «жаңа қазақтардың» ата-бабалары, əке-ше-
шелері, аға-апалары текке келмепті. Қазан төңкерісінен кейін
елімізді жайлаған ен байлығын еншісі етіп, қанжығасына бай-
лаған шет ел капиталынан азат етті. Аш-жалаңаш күрекпен
тəшке сүйретіп жүріп, тауды бұзып, тасты тіліп, Түрксібті сал-
ды, Ембі мұнай алқабын игерді, Бүкілодақтық үшінші отын
қоймасы – алып Қарағандыны тұрғызды, Шығыстағы түсті ме-
талл кешені іске қосылды, алқабымыз егісті далаға айналды,
өңіріміз малға толды, жас буын білімге кенелді, университет-
тер мен Ғылым академиясы, театрлар өмір көркі болды.
Сөз жоқ, социализм халқымызға «қуыршақ республика»
берді, материалдық, рухани табыстар өте қымбатқа түсті. Ха-
лықтың ұйтқысы – зиялы қауым зорлық-зомбылыққа ұшыра-
ды, атылды, шабылды, халық неше мəртебе жалпылама тер-
рорға душар болды, жеке басқа табыну идеологиясына негіз-
делген билік аз халықтарға геноцид саясатын жүргізді...
Осылай бола тұрса да, халық өзінің түр-сипатын, жараты-
лыс берген қасиетін сақтады, ар алдында парасатын, болмы-
сын ақтады... Ендеше, бүгінгі Тəуелсіздіктің материалдық, ру-
хани қазынасын, адамдық потенциалын дүниеге əкелген ұрпақ
социализмнің шекпенінің ішінен шықты. Бүгінгі «жаңа қазақ»
бірнеше жыл жұлмалап, жан-жағына тартып, бөліп, бөлшектеп
жатқан шалқар байлықтың қағаз иесі біздерміз, достым!
Сен, Ореке, жай қазақ емессің. Құдайға шүкір, ата-ба-
баларың текті адамдар болған. Жетім қалған кезіңде сені
тəрбиелеген Қатира апамыз үлкен ел азаматы орнындағы кісі
еді. Ес біліп, альпинистіктен – аспирантураға, оқытушылық-
тан – комсомол, партия қызметіне барған шағыңда Шəмшия-
бану Қанышқызына үйленіп, отау тіктің. Тегін адамға ұлы
Қаныш сүйікті қызын бермегендігі күмəн тудырмайды. Сен
партократия жүйесінде көсемдердің қасында жүрген жауапты
қызметкер болдың, қайраткер санатына көтерілдің. Ал парто-
кратия дегеннің құдай сүйетін қылығы болмайтынын сен ме-
нен артық білесің. Бір ат үстіне мініп, номенклатураға іліксе
болды, кешегі тракторист, не қойшы сырттан оқып, обком
партиясының хатшысы, ал майданда комиссар болғандар пар-
тия мектебін бітіріп, билік қолына тигенде трибунада билеп,
елді жаншып илеп, екі қазақты үшке бөліп, əлек болғандары
аз ба еді, Ореке! Не болмаса, көсемге жақын тұрғандар жер-
лестігімен, жиендігімен, балдызымен, қылығымен жағып, ант-
ұрғандар орталарында алшаңдап басып, жұрттың қотырын қа-
сып, қансыратпаушы ма еді, Ореке? Өкімет пен партия билігін
ұштастырып, коммунистік басшылықты диктатураға айнал-
дырып, социализмнің құдыретін тек үстем топтың кəдесіне
жаратқандар, қоғамды тоздырып, енді бар пəлені бүгінгі күні
бір тағдырға жауып, социализмді таратқандар, көсем боламын
деп əлекке түскендер де аз емес еді-ау, Ореке!
Бəрін айт та бірін айт, сен солардың ішінде қарғалар ара-
сына адасып барған қаздай көрінетін едің, сен мансап қолыма
тиді деп, жалаңаяқ жолдастарыңнан қол үзбедің. «Қаныштың ба-
ласымын, Димекеңнің көлеңкесіндегі данасымын» деп кердең
қаққан емессің. Еңбегімен елге танылған талай адал жандар-
дың бағын жандыруға септігің тигені тағы бар. Адамгершілік
қасиетіңе табынған Димекең сенің үстіңнен арыз айтқан та-
лай қуларды тыңдамай, бағалай білгені де ақиқат. Ақ көңіл, ақ
пейіліңмен «партия жолы – адал жол» деген қағиданы құран
қылып, еңбекті ұран қылып жүрген Ореке, сен пара алмадың,
арамдыққа бармадың, қалтаңа көлденең тиынды салмадың,
баяғы жалаңаяқ, арын жанына пида етер қалпыңда қалдың.
Міне, Ореке, біз сені тапқан-таянғанын алды мен артына
жинаған, қалың елді əділсіздігімен қинаған, бағы асып кетеді,
дəулеті тасып кетеді деп қатарын күндеген, шыңғыртып отқа
жағып, қанын ішіп, жанын жегендерден бөліп, өз ортамызға
алып, құрмет көрсететініміз осыдан. Сырымды айтамын деп,
шынымды айтып отырған себебім, сен бүгін мүшел жасқа ке-
ліп жатырсың. Партократия қатарында жүргенде 60-қа келіп,
той жасауға да батылың бармағанын білемін. Сенің енді
ешкімнен қорқар жайың жоқ, арың таза, еңбегің адал, досқа
сыйлы, ағайынға қадірлі, балалы-баранды жансың. Арамыз-
да əрқашан ақ көңіліңді, ақ пейіліңді жалау қылып, көгілдір
аспанда желбіреген Тəуелсіздік туындай, алшаңдап басып
ортамызда ұзақ жылдар жүре бер! Жүзге келген Қаныш баба
тойы – Шəмшиябану екеуіңнің ғана емес, халық тойы. Той-
ларымыз тойға ұласа берсін! Сыр шертіп, шерді шайқап, ле-
біз айтқан досың артық айтса, көңіліңе алмағайсың, досым
Оразай!
Сəлеммен, академик Манаш ҚОЗЫБАЕВ
«Тағдыр толқынында» «Жібек жолы»
баспа үйі, 2011 ж. 412 бет.
Бала-шаға, бау-шарбағыңмен қызықты да
қуанышты өмір сүре бер
Манаш ағамыздың өзінің досына жазған хатын публицис-
тика жанрын дамыту жолындағы интеллектуальдық ізденістің
азимуттары деп қабылдадық.
Онда публицистика полифониясының үні, тұтас бір дəуір-
дің толқыны бар.
Алаш зиялыларын жақындастырған Отан, ұлт алдындағы
азаматтық парыз болатын. Олар ұлт алдындағы кішілік кел-
бетін сақтай отырып, осы жолда өмірін де сарп етті. Батыр,
ғалым Мəлік Ғабдуллиннің өзінің майдандас досына жазған
хатында қаншалықты парасатты көресің. Міне, нағыз адам,
нағыз патриот.
«Бауырым Омарбек! Екі рет жазған хатыңды жəне жі-
берген аудандық газетті алдым, – депті ол өзінің досына
жазған хатында. – Амандық білдіріп хат салғаның үшін көп
рахмет. Хатыңнан аман-саулығыңды біліп қатты қуанып
қалдым. Ағалық ақ көңілмен айтар тілегім: денің сау болсын,
ел-жұрт алдында абыройлы бола бер, халық пен партияның
адал ұлы деген зор атағыңа ешқашан кір жуымайтын болсын,
бала-шаға, бау-шарбағыңмен қызықты да қуанышты өмір
сүре бер.
Саған толық хаттарды кейінірек жазармын. Бүгінгі хатым
қысқаша болмақ. Өйткені, біраз күнге командировкаға жүрмек
болып, соның жол қамымен жүгіргелі отырмын. Осыған бай-
ланысты хатыңа жауапты қысқа түрде қайтарсам, өкпеле-
мессің.
Майданда бір болған адамдар, көп жылдар бойына хабар-
ошары болмаған адамдар 20–25 жылдан кейін табысып жа-
тыр ғой. Осы ретте мысал келтірейін. Өзіңмен 1944 жылы
5 март күні бірге болған 3 жолдасты мен былтыр кездес-
тірдім. Соның біріншісі Тасыров Жарас деген жігіт. Ол
қазір Түркіменстанда істейді. Онда Небит-Даг деген қала
бар, мұнайшылар қаласы болу керек. Осы қаладағы милиция
басқармасында начальник управления городской милиции бо-
лып, сол Жарас Тасыров істейді, подполковник еді (қазір пол-
ковник атағын алған болу керек). Соғыс біткеннен кейін Жа-
рас Түркіменстанға келген екен, содан бері сонда істеп жүр.
Өзі түркіменстандық қазақ болатын. Былтыр онымен Ал-
матыда кездестік, сені əлі ұмытпаған екен, айтып отырды.
Егер хат жазам десең, оның адресі мынадай: г. Небит-Даг
Түркменской ССР, квартал 148, дом 9, кв. 1 Тасырову Жарасу.
Қашқынбаев Тілеуқабыл деген қазақты ұмытпаған болар-
сың. Ол сенімен бірге 1944 жылы мартта жиналысқа бірге
қатысқан. Пулеметчик еді (жасы биыл алпыстан асқан бо-
лар), старшина деген атағы бар еді. Сол Тілеуқабылды мен
іздестіріп, бұрнағы жылы тауып алдым. Ол қазір өзінің туған
жерінде тұрады: Қазалы ауданы, Абай колхозы (Қызылорда
облысы). Тілеуқабыл Алматыға келіп кетті. Соғыстан кейін
Тілеуқабыл өзінің туған жеріне қайтқан екен, содан бері өз
колхозында еңбектеніп жатыр. Балалары көп көрінеді.
Бəріміз бас қосқан жиналыста менімен бірге Мансуров
Махмуд деген майор болған еді. Өзбек жігіті болатын. Мен
оны осыдан 3 жыл бұрын Ташкентте кездестірдім. Сонда бір
мектепте директор болып істейді екен. Көп отырып сөйлесе
алмадық, тек бір жиналыс үстінде ғана амандастық.
Мұның бəрін саған жай информация ретінде айтып жат-
қаным ғой.
Ал басқа əңгімені келесі хатымда жазармын. Мына газе-
тіңді өзіңе қайтарып отырмын. Ол газет өзіңе керек болар
деп ойладым.
Тағы да хат салып тұр. Үй ішіңе менен көп-көп сəлем.
Ағалық құрметпен – Мəлік.
6.12.67 жыл».
Адалдық – ар қуатының көзі
Иə, адалдық – ар қуатының көзі. Күні түспесе дос болудан
қашатындарға бұл хаттың үлкен тəрбиелік мəні бар дерсің.
Ұлы Август өзінің монархтан гөрі адам екенін мақтан етіпті.
Бұл үшін жанның жайсаңдығы мен өзіне сенімді болуы керек
екен.
Мəлік ағамыздың қызметі қанша жоғары болса да адами
қасиетінің одан да биік тұратынын көрсеткенін байқайсың.
Əсілі, рухани бай адамды əрбір жаңа іс жетілдіріп, оның басқа
қасиеттерін ашып отырады дегенде осы қасиет айтылса керек.
Кейбір жандарға шындықты айту дегенің жан азабымен бір-
дей. Ал енді біреулерге оны айтпау қиын. Əсілі ешқашан ашу-
ланбайтын адамда жүрек болмайды, ал сезімсіз кісі болу жоқ.
Бұл көбіне салмақтылықтан емес, сезе білмеуден болады. Зиян-
сыз, орнымен ашулану – ол да қасиет.
Зейін Шашкиннің Есмағамбет Ысмайыловқа жазған ха-
тында тұтас бір ғаламның əлеуметтік сарыны бар. Өзгенің
ақылын түсіну үшін жеткілікті ақыл керек, ақылдының кө-
регендігі мұнда жасырындықтың ұстамдылығымен сайысқа
түсіп жатады.
Парасатты адам жай адамнан озық тұрады. Кейде сүйіс-
пеншілік ағайыншылыққа апарады. Сондықтан жүректен гөрі,
ақылмен келетін махаббатқа жүгінген абзал. Зейін Шашкин-
нің хатында осылардың бəрі бар. Оқиық!
«Еске!
Қолыңды қыстым. Жазған хатыңа көптен-көп рахмет, ар-
наулы сəлем.
Əрине, айтқан ақылың дұрыс.
«Сенің бір жаман əдетің бар, бір күніңді пайдасыз, бекер
өткізбеймін деп жанталасасың» депсің. Осының ар жағында
«есеппен жүресің» деген сөздің құлағы көрініп тұрған жоқ
па? Көп жыл жолдас болып жүріп менің мінезімді ұқпағаныңа
таңым бар. Сен тек əдебиет ғылымының маманы емессің, сен
философ, сен психолог та, сен жазушы да емессің бе! Адамның
мінез-құлқы түрлі-түрлі ғой. Мысалы, мені ешбір ойын тарт-
пайды, еліктірмейді. 43 жылы бір жыл шахматпен айналы-
сып, тастап кеттім. Осы күнге дейін қарағым келмейді. Сол
сияқты картты да жек көрем. Өзің білесің, бала күнімде та-
лай ойнаушы едім ғой. Осы күні жек көрем. Сол сияқты толып
жатқан ойынның біріне құлқым соқпайды. Енді не істеу ке-
рек? Əйелге қалжыңдау қалды. Оған да онша зауқым қалмады.
Əнеукүні Мəскеуде 4 күн сұлу келіншектердің ортасында бо-
лып, əбден көңілім қалып қойыпты...
Мені өмірде жалықтырмайтын – еңбек. Еңбектен мен қал-
жырамаймын, рахат табам.
Соңғы жылдары менде тағы бір мінез пайда болды. Ол –
оңаша жүріп, ойға шому, ішкі сарайга үңіліп, содан медет
табу маған дағды сияқты болып барады. Сондықтан бір жер-
де көп отырып, уақыт өткізудің де ешбір қызықтығы қалмай
барады. Əрине, сен сияқты сырлас, замандас адам болмаса,
басқалармен құр өткен-кеткенді езгілеп отыра беруден, уа-
қыт өлтіруден басқа қасиет жоқ...
Көп жылдар қолыма қалам тимей, ашығып қалсам керек.
Жазғым келе береді. Айтатын сөзім көп. Соларды айтып кет-
сем деген ой менің мойнымды ешқайда бұрғызбайды. Сен мені
«тез жазасың» деп ұрсатын боп жүрсің. Ағызып шауып ке-
ле жатқан бəйге атты басқа ұрса не болмақ? Қазақ баласы-
сың – білесің ғой. Сондықтан қарқынды тоқтатпау керек. Мен
сол жазу үстінде өзімнің шеберлігімді табуым керек. Мұхтар
«Абайға» дейін қанша повесть, əңгіме, пьеса жазды, білесің
бе? Ол жазғандарының бəрі «Абаймен» тең түсіп жатқан
жоқ қой... Сен шын солай деп ұқсаң, маған хат арқылы өзіңнің
пікіріңді айт. Əрине, айтудың айтуы бар. Ілияс Омаров «То-
қаш Бокинді» оқып шығып, 5 бетке өзінің пікірін жазып жі-
беріпті. Соның ішінде өзіне ұнамаған жерін де айтады. Бірақ
қалай айтқан десеңізші! Бұдан маған сен «көмек бермеді» де-
ген мағына тағы тумайды. Менің жазғанымның бəріне де
сен ортақсың. Бірақ сен кейінгі кезде өз пікіріңнен гөрі жұрт
айтқан сөзді айтатын боп жүрсің. «Колхоз өндірісін толық
білмейсің» деген сөз тап сенің өз сөзің емес. Күнде прогул-
када жүргенде жаныңдағы біреулердің айтқан сөзі сияқты.
Тап осы повесте колхоз өмірінен тыс тұрған ешбір көрініс,
уақиға жоқ. Бəрі де өткен жылы өзім барып, жинап алып
қайтқан фактілерім. Өз көзіммен көрген өмірім. Бұл повестен
не нашарлық көріп қалғаныңа таңым бар. «Жұрттың сөзін
айтатын болдың» дегенімнің тағы бір дəлелін келтірейін.
«Тоқаш Бокинді» алдымен өзің оқыдың. Тек ұсақ замечание
жасап, маған қайырып бердің. Ол замечаниеңді алып отырып,
мен тағы бір қарап шықтым. Енді бауыздау кеңірдекке кел-
генде Əбділдаға «иə, асығыстық жасады» депсің. Ол қалай?
Түзетуде тұрған не бар?
Дүние жүзіне аты шыққан «Тынық Донды» да Шолохов
қайта түзетті. Түзету деген нəрсе таусылмайды.
Осы күні Мəскеуден жылына жүздеген роман шығады.
Соның бəрі Лениндік премияны алып жатқан жоқ қой. Олай
болса, біреудің арам пиғылмен айтқанына көне қоймай, бетін
қайтарып тастау керек. Əуелде жақсыладың ба, өлсең де
сол сөзде қатып қалуың керек. Əркімнің өзінің пікірі, əркімнің
өзінің өмірге, əдебиетке көзқарасы бар. Ол айтып тұрғандар
да сенен артық емес.
Əрине, бұдан «маған ақыл айтпа» деген ұғым алып жүр-
ме. Сенің неге айтып отырғаныңды білем. Сен маған жақсы
жазсын деген мақсатпен айтып отырсың. Оныңа рахмет.
Оны ұғам. Бірақ сөз жеткілікті болу үшін талдап, нақты
айту керек.
Еске, біз бала емеспіз. Жасымыз 45-ке келіп қалды. Біріміз-
ді-біріміз сыйламасақ, жанымыз ашымаса, кейінгі жастар
керек қыла ма? Бізге ойланатын да кезек келді. Орыстың ақ-
бас ғалым шалдары бірін-бірі сүйемелдеп əкесінің атын атап
отырып, біріне-бірі ақыл айтып, кеңес беріп отырады. Бұл –
достықтың мəңгі өшпес қасиеті. Біз ол ақылдан қашсақ, он-
да өсуден қашқан болып табыламыз.
Сондықтан мен сені түсіндім. Сенің айтқаныңды мойын-
даймын да. Бірақ бірімізге-біріміз өте сақ, өте ұқыпты бо-
лайық. «Дос қой, қатты айтсам көтере береді» деп артық
айтуға болмас. Сенің қатты айтқан сөзің түгіл, маңдайдан
сипап отырып айтқан сөзің маған ауыр тиеді. Оның себебі,
мен сені бағалаймын. Сенің сөзіңе сенем. Сенің өткен жылғы
маған қатты айтқан бір-екі сөзің əлі менің жүрегімде қара
тастай зіл боп жатыр. Қазақтың «Дос жылата, дұшпан
күлдіре айтады» деген мақалына мен қосылмаймын. Ол өз
заманында ру жігінің қатаң кездеріндегі құрал болар. Əйт-
песе, «пəлен» деген сөзді ерініңнің емеурінінен-ақ біліп тұрам.
Маған ар жағын айтпасаң да болады.
Адам өскен сайын, жас ұлғайған сайын дос азайып, жа-
пырағы түсіп қуара бастаған ағаш сияқты сорая бастай ма
деймін. Мен өз басым қазір бір-ақ шын досым бар деп сенем.
Ол – сен. Басқа менде дос жоқ. Сіздің үйде, біздің үйде кезде-
сіп жүргендер олар дос емес...
Шайзаға, балаларға тегіс сəлем.
Сағынған досың Зейін.
13.05.1959 жыл».
«Қазақ əдебиеті», 14.1.2000 ж.
Жетілу нағыз адамға тəн, ол неғұрлым жетілген болса, со-
ғұрлым биік тұлғалы болады екен. Адамның сымбаты – жан
қақпасы. Хатты оқи отырып бойдағы қасиет көрік беретін жан
қақпасының мөлдірлігін көрдік.
Абайлағыш адам өзінің көрген жəбірлері мен
жіберген кемшіліктерін айтпайды
Іштегі нəрсе сырттағыдан көп болатыны ақиқат. Қаржы жет-
пегендіктен салынып бітпеген үй сияқты адамдар бар. Олар
кіреберісі – сарай, іші – лашық. Мұндай жерге аялдауға да бол-
майды, олармен емін-жарқын əңгімелесе де алмайсың.
Өмір ағымында адамдардың бір тобы парасатты, бір тобы
байқағыш болып келеді. Ондай адамдар көңілдің түкпірінде-
гіні жаза баспай таниды, адамды бір қарағаннан бағалай ала-
ды. Олардың ескертулері дөп түсіп жатады, ең құпия ойлар-
ды білу қабілеті ерекше дамыған. Ондай жандар айқын көре
де, терең түсіне де біледі, ақылға қонымды ой жүгіртеді. Жа-
зушы Асқар Сүлейменовтің өз досына жазған хатынан осы
көрегенділікті байқайсың.
«Керім, – деп бастапты Асекең өз хатын сенімді түрде.
– Бір буындық лауазым – жалқаулықты атыңнан жұлып тас-
тады деп сөкпессің; маған осы шолақ қалпың көбірек ұнай-
ды. Ұнағаны бір сəрі, дəл осы бес əріптің этимологиясы да
кісі сүйсіндірерлік. Хатыңа рахмет, қуантып тастадың – жұ-
дырықтай басыңдағы сыңсып, біріне-бірі асылып тұрған ой-
ларыңды жомарт шаша қоймапсың, тырыспағаның да бар ма,
қалай? Біздей жалғыз ішектерге, сенің жұқа сəлемің де жетіп
жатыр. Өзгеріс жоқ, ренжітер бір хабарым бар, əлгі семізше
сары кітапты магазиндердің ешқайсысынан (4 магазин) кез-
дестіре алмадым. Бір бұйығы шетте, ларек-паректе қалғып жүр-
гені болса өзі біледі, мен кездестіргем жоқ. Справкаң осында.
Қала қазір қапырықтау, жаңалыққа да, кісіні тұшындырар ауа-
ға да Созақтың көрсеткен кейпі бардай.
Өз басымның жетісіп жүргені де шамалы; бір тосын (тіпті
күтпеген жағдай – сырқат) жағдайлармен қарындасымның
оқуға түсе алмағанын қынжылып жазып отырмын. Пəтер із-
деп жүрген жайым бар, шешемді қолыма алмақпын. Əдеби
жаңалық депсің, білмедім, тек Тəкен романы «Жұлдыздың»
соңғы номерлерінде жарық көреді дейді. «Лениншіл жас» та
үзіп-жұлып басқысы бар ма, қалай?
Асығып отырмын. Ертерек жатуға, əрине, мүмкіндігім бар
еді – сол таныс жалқаулық. Кемпір-шалды алдырдың ба? Тір-
лік етер үңгіршіктің жайы қалай? Шүйкебас ше? Өз қалпың?
Елеп, жауап жазсаң рахметім ғана бар, əрине.
Ас, август/28-61».
«Қазақ əдебиеті», 25.02.2011 ж.
Абайлағыш адам өзінің көрген жəбірлері мен жіберген кем-
шіліктерін айтпайды, бірақ достарын сақтап, жауларын тежеп
отыру үшін құлаққа жағымды сөздерді айтуды ұмытпайды.
Асекең үні осыған үндейді.
Өмірді түсіну мен адамдарды тану – əртүрлі нəрселер. Мі-
нездерді танып, көңіл-күйді аңғара білу – ұлы даналық.
Адамдардың бір-біріне жазған хатын да кітап оқығандай оқи
білу қажет.
МАЗМҰНЫ Қазақстан – мəңгілік ел қатарына ілікті .....................................3 Əлем елдері өз ұлтын қалай мақтаныш етеді? ..........................8 Жолдаудың тарихи мəні ........................................................... 14 Қазақстан дипломатиясының жеңісі ....................................... 20 Өзгелердің үйренгісі бар, өзіміздің көңіліміз тар .................. 25 Алаң – ұлт рухы ........................................................................ 31 Теміртауды дүрілдеткен үш күн .............................................. 37 Адам бағы... ............................................................................... 47 Мемлекеттік қызметкерлердің киімі қандай? ......................... 60 Мезгіл мінезін көрсетіп тұр ..................................................... 65 Жүректегі кілт ........................................................................... 75 Венесуэла президенті шоколад жеуді ұсынды ....................... 81 Құбыжық .................................................................................... 86 Олигархтар қазақтың аты аталатын тұста неге мырзалық танытпайды? ................................................... 93 Қыр астында Қытай тұр ........................................................... 98 Космонавтар .............................................................................106 Адвокат Плевако ......................................................................111 Бөлек адам ................................................................................117 Барак Обама: «Құдайды сезініп, əрдайым шын сөйле!» ......125 Аралдан шыққан қалмақ батыры ............................................131 Əлемді басқарудың Қазақстандық моделі .............................136 Бүлікшіл жиен ..........................................................................144 Л.Я.Рохлин: Ұлтаралық жанжалда батыр болмайды ............152 М.С.Соломенцев: Д.А.Қонаевты қызметінен босату жөніндегі шешім Горбачевтің қысым көрсетуімен қабылданды .........................................................160 Йеменде қаза тапқан қазақ дипломаты ..................................166 Қытай мұнайға зəру ме? ..........................................................172 Қызыл фурия ............................................................................179 Хаттармен қатталған тарих .....................................................186 Тегеран конференциясына қатысқан қазақ ............................200
Əскери инженер. Геодезист .....................................................211 Барлаушы қыз мүлт кетпеді ....................................................217 Шетте жүріп шəйіт кеткен қазақтар .......................................223 Көрінбейтін шайқастың кейіпкерлері ....................................234 Жабық қаулымен Лениндік сыйлықты алған құпия қазақ ...............................................................................240 Тамұқ .........................................................................................250 Мəскеуде бас мүжитін прокурор ............................................258 ОБСЕ Бас хатшысының кеңесшісі .........................................268 Түркі ғылымының шоқтығы – қазақ халық календары ............................................................274 Саясат тақтасында өз картасымен ойнаған саясаткер ..........282 Əр дос өзінің досына сүйкімді ...............................................290
Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Ермек ЗƏҢГІРОВ
Редакторы Болат ҮСЕНБАЕВ
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Санат ТӨРЕБАЙҰЛЫ
ИБ № 312
Басуға 11.06.2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×101/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 6886.
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатев көшесі, 41
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру