Өлеңдер
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ардақ Нұрғазұлы
Өлеңдер
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВТЫҢ СОҢҒЫ МОНОЛОГЫ
Қане, қаншалық тереңге шөге аласың?! Мүжілген, Малтатаста да бар қасірет, Тұңғиықта мәңгі қалғандығы үшін емес. Домбыраның екі ішегі ешқашан тілдеспейді, Оларды шанақта саусақтар қосады. Мұхиттың тереңінен жеткен үн Қос ішектің көкірегінде күмбірлейді. Гүлден көтерілген өрнек қалықтап кеп көкірегіме қонғанда, Таңдайымда сөз қалды ерімей. Дала күңіренгенде қасіреттен, Сәбидей шыр еттім. Өзімді өзім құшағыма алып, жасырып қалдым. Содан да жырымның түбі қараңғы. Тағдырдың бас жібін жұлқылаған асаудай Күндер өтуде. Соңымнан түскен ізден адастым. Қаламымның ұшынан анталайды көлеңке.
Құлазыған құзда тұрсам да, Білемін, Арайлап атқан таңның алтын шуағына шомыла алмасымды. Мұхиттың мен кешпеген толқындары тынар, Шаң-тозаң айыққанда, Шыққан күн мен батқан күнге оқыған Мінәжатым да
ЕЛЕС
Тарихтың қан сасыған ауласында, балталарын сүйеп қойып, Екі жендет шахмат ойнап отыр. Тұсауы кесілген сәби тәлтіректеп, Күйген қанатымен көтеріліп ұша алмаған көбелекті қуып жүр. Қоршаудың сыртында біреулер таласқан әтешке үймелеп, Қалпақтарын аспанға атып жатыр. Мешіттің төбесінде көлеңкесі жоқ қиық ай бұлдырайды. Таңғы азанға оянғандар қатарға тұруда. Шырақшысы кешіккен тас табыттың түбінде Құлағы мен құйрығы шұнтитып кесілген ит байлаулы тұр, Ол ит үрмейді, ұлиды.
КӨЛЕҢКЕ
Есіктің көзінде күннің нұры..... Көлеңке..... Тотықұс түсті көбелектің жалған көзі Почта әкелген хатқа жазылған есім Төгілген жапырақтан Сенің елесіңді көрдім. Сынған кілттен – Құлыпта қалды тат... қанық бояу... Сенің реңің. Ұшып өтті шіркей Қалды көз алдымда із — Сенің ізің. Саусағымды малдым бояуға, Маған ұқсатып сыздың өзіңе шеңбер.
ЖҰМЫРТҚА
Базардан қайтып оралғанымда Балам қолыма қарады, Дүние доп-домалақ, жарылмаған жұмыртқа дегенді Әлде бір досым айтқан-ды. Көшеде, машина бекетінде Әлде біреулер енді біреулерді Тарпа бассалды да, ұстап әкетті. Жұмбақтың шешуін өзі айтқан жанның Аузына қарап қалғандай, Аңтарылдық та, қалып қойдық біздер. Бірі көтеріліп, бірі басылған екі табанның аралығы, Ағашта құс Бір бұтақтан бір бұтаққа секірді. Қолында алюмин таяғы бар сақшы Жолдың қарсы жағында тұрған біреуге зекірді. Көшеде шашылып жатқан сары жапырақ – Табанмен ойнайды. Мен танымайтын нотаның цифры – Сызықтан түсіп қалды.
Тасқа тасты ұрсаң Быт - шыт болады, Оны түсінуге де болады. Жұмыртқаны неге тасқа ұрады, Ол жұмбақтың шешуін кім ұғады? Әлде бар ма еді, таста Жұмыртқаның дерті.
492ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС
Қас қарайған шақ еді, Қарауытқан батыстан, кенет, Алаулап таң атты. Бұрында осындай болған. Біздер ойыннан тоқтадық. Әу баста қорықтық, соңынан мәз болдық... Ойынға жүгіріп бара жатып, аз кідірдім Түнектен жарқ етіп көтеріліп, Қараңғыны кеудесінен итеріп тастап, Соңынан қараңғыға сіңіп бара жатқан жарыққа қарадым: Ақырғы сәулелер төбемнен ауып барады... Кешкі асқа шақырған шешемнің даусы естілді. Қош бол, жарық! — дедім мен аспанға қарап. Сөйтсем, мен емес, Ол қоштасып тұрыпты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру