Күлтегін жыры
Мырзатай Жолдасбеков
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Орхон-Енисей ескерткіштері. Күлтегін жыры – халық жыры» — түркі халықтарының көне жазба мұрасының көрнекті үлгісі. Жырда Күлтегін батырдың ерлігі, ел бірлігі мен мемлекетті сақтау идеясы жырланады.
Бірінші жыр Тәңірідей, тәңіріден жаралған Түрік Білге, қағанБұл шақта отырдым. Сөзімді түгел естіңдер: Бүкіл жеткіншегім, ұланым, Біріккен әулетім, халқым, Оңымда шад, апа, бектер, Солымда – тархан, бұйрық бектер, Отыз. Тоғыз оғыз бектері, халқы, Бұл сөзімді мұқият тыңда, Терең ұқ. Ілгері – күн шығысында, Оң жақта – күн ортасында! Кейін – күн батысында, Сол жақта – түн ортасындаОсының ішіндегі халықтың бәрі Маған қарайды, халықты. Осынша көп еттім. Егер қазір баяғы кексіз түрік қағаны Өтүкенқойнауында отырса, (онда) елде мүң жоқ. Ілгері – Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, Теңізге сәл жетпедім. Түстікте – Тоғыз Ерсенге дейін жауладым, Тибетке сәл жетпедім, Батыста –Інжу өзенін кеше Темір қақпаға дейін жауладым. Терістікте – Байырқы жеріне дейін жауладым… Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. (Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне)(Олар) тәтті сөз, асыл қазынасын беріп, жырақтағы халықты (өзіне) сонша жақындатар еді. … Ақылды кісілерді, батыл кісілерді табғаштар қозғай алған жоқ. (Егер) бір кісі алданса, (онда) руы, халқы тұқымына дейін қалмас еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып Түркі халқы, қырылдың, Түркі халқы, жойылдың, Түстікте Шұғай қойнауы түгіл, Түн жазығына қоныстансақ десуші ең. Түркі халқы, жойылдың. Соның үшін алдандың, Қағаныңның тілін алмадың, Жер-жерге бардың, Әбден алқындың, арылдың. Сонда қалғандар жер–жерге қаңғып өлімші босқын (боп еді). Тәңірі жарылқағандықтан, Өзімнің бақытым бар болғандықтан Қаған отырдым. Қаған болып. Жоқ, кедей халықты көп көтердім, Кедей халықты бай қылдым, Аз халықты көп қылдым. Осы сөзімде өтірік бар ма? Түркі бектері, халқы, бұны тыңдаңдар! Түркі халқын жиып, Ел болғандарыңды мұнда бастым. Жаңылып, кешкендеріңді де мұндабастым. …Мен мәңгі тас… Табғаш қағаннан бәдізші! алдырдым, жазу жазғыздым, Менің сөзімді бұзбады. (Бұрын) бұл аялдама болса, Қазірде аялдама жер болса, Сол аялдама жерге Мәңгі тас қалаттым, жаздырдым. Бұған қарап, мынаны біліңдер – Ол тас… тымБұл жазуды жаздырғанның аты – Иоллығтегін.Аударған: Мырзатай Жолдасбеков
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру