Мазмұнға өту
Home

Күш және қозғалыс

Дениз Райан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Күш және қозғалыс

Авторы: Дениз Райан

Күш және қозғалыс деңгей1 Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдаламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым және өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы әсем және пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын!

Күш және қозғалыс Мәскеу «Махаон» Мазмұны Пілдер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 Буйволдар . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 Қолмен тарту. . . . . . . . . . . . . . . . 8 Атпен тарту . . . . . . . . . . . . . . . . 10 Еспелі қайықтар . . . . . . . . . . . . 12 Тромбон . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 14 Көтергіш крандар . . . . . . . . . . . 16 Степлер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 Бесік-арба . . . . . . . . . . . . . . . . . 20 Тренажерлер . . . . . . . . . . . . . . . 22

Кез келген нәрсені орнынан жылжыту үшін оны не итеру, не тарту керек, әйтеуір күш қолдану қажет. Нені итереді, нені тартады? Соны түсінуге тырысайық. Пілдер Пілдер – күшті жануарлар. Олар ауыр бөренелерді өзінің қуатты еттұмсықтарымен итереді және көтереді. Үнді пілдері қалың тропикалық ормандарда жол салады. Итереді Көтереді Буйволдар Ежелгі қытайлар буйволдарды жегіп, жер жыртқан. Жануарлардың артынан соқа тартқан. Бұқа Соқа жерді жыртып, қопсытады. Соқа Шаруа Қолмен тарту Ежелгі Египеттегі жұмысшылар пирамидалардан жасалған үлкен тас кесектерді тасыған. Тас Бөрене

Тастарды ағаш бөренелердің үстіне қойып, арқанмен орап байлап, бар күштерін салып тартқан. Арқан Жұмысшы Атпен тарту Аттар ежелгі египеттіктердің әскери күйме арбаларын сүйреген. Арба ішінде екі жауынгер болған екен. Ат Бір жауынгер күйме арбаны басқарған, екіншісі садақпен атқан. Күйме арба Еспелі қайықтар Ескекшілер ескекпен жұмыс істей отырып, қайықты судың бетімен жылжытады. Ескектің қалақтары суды итеріп, қайықты алға қарай қозғайды. Ескек Ескектің қалағы Тромбон Әуен дыбысын шығару үшін, музыкант аспаптың кулисасын өзіне қарай тартады немесе алға қарай итереді. Кулиса

Кулиса алға итеріліп шығарылғанда, тромбон дыбысы төмендей түседі. Көтергіш крандар Көтергіш кран дегеніміз - ауыр жүктерді жоғары көтеріп, төмен түсіретін механизмдер. Жебе кез келген бағытта жүктің орнын ауыстырады. Жебе Қақпақ Степлер Степлер жұқа металл қапсырмалармен тесіп, қағаз парақтарды бекітеді. Егер қақпақты басса, ішінде жасырылған механизм қапсырмамен қағазды бекітеді. Қапсырмалар Бесік-арба Бесік-арбаны басқару оңай – оны не алға итеру керек, не өзіңе қарай тарту керек. Бесік-арбаны итерсең, алға жылжиды. Өзіңе қарай тартсаң, ол тоқтайды. Доңғалақ Тұтқа

Тренажерлер Итеру, тарту және басқыштарды басу – спорттық жаттығудың ең жақсы тәсілі. Адымдау тренажеріндегі жұмыс дененің барлық бұлшықеттерін нығайтады. Есу тренажерінде қолмен тартуға, аяқпен итеруге болады. Есу тренажері

Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына Күш және қозғалыс Авторы Дениз Райан PUSH AND PULL Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point Sydney, NSW 2060, Australia Все права защищены. All rights reserved. © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжный полюс», 2011 © ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус», 2011 Machaon® ISBN 978-5-389-03071-8 (каз.) ISBN 978-5-389-00507-5 (русск.) ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа «Азбука-Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119334, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-76-00, факс (495) 933-76-19 E-mail: sales@atticus-group.ru; info@azbooka-m.ru www.azbooka.ru; www.atticus-group.ru Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙