Алаш көсемсөзі: Тіл мəселесі Том 2
Қайрат Сақ
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі сана латын тіл мəселесі қай заманда да өзекті болды жəне өз кезеңінде ел зиялыла рын бейжай қалдырмады. Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мəселесіне қатысты құнды жария ланымдары топтастырылған. Сонымен
Алматы
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ:
ТІЛ МƏСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
2 том
Қайрат САҚ
УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5Қаз) С 17 УДК 821.512.122.0 ББК 83.3(5Қаз) Ұлттың тұтастығын сақтайтын рухани құндылықтардың ең негізгісі саналатын тіл мəселесі қай заманда да өзекті болды жəне өз кезеңінде ел зиялыларын бейжай қалдырмады. Жинақта ХІХ ғасыр аяғында жарық көрген «Дала уалаятының газетінен» бастап, ХХ ғасырдың 30-жылдарында шыққан «Жас Түркістан» журналы аралығындағы Алаш басылымдарының тіл мəселесіне қатысты құнды жарияланымдары топтастырылған. Сонымен бірге мұрағаттардан алынған тарихи құнды құжаттар мен алаш қайраткерлерінің жеке жинақтарына енген тілге қатысты көсемсөздері енгізіліп отыр. Кітап елдіктің тұғыры саналатын тіл мəселесін зерттеп жүрген ғалымдарға, алаштанушы мамандарға, сонымен бірге Алаш көсемсөзі қайнар көзінен нəр алғысы келетін жалпы оқырмандарға арналады. САҚ Қ. АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ: ТІЛ МƏСЕЛЕСІ. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014. ІSBN 9965-883-98-5 ІSBN 978-601-7472-72-6 – Т. 2. – 400 бет. С 17 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Ғылыми жоба жетекшісі жəне жалпы редакциясын басқарған: Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Құрастырушылар: Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері Алтынтас Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері. ІSBN 978-601-7472-72-6 – (Т. 2) ІSBN 9965-883-98-5 © Сақ Қ., 2014 © «Қазақ энциклопедиясы», 2014
«СӨЗІ ЖОҒАЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ӨЗІ ДЕ ЖОҒАЛАДЫ» Алғы сөз орнына Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тəуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздырған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау, егжей-тегжейлі зерттеу, нəтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор. Ұлттық құндылықтардың ішінде өзектісі болып саналатын тіл мəселесін оң шешу қашанда маңызды болып қала беретініне ешқандай күмəніміз жоқ. ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көш басшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Əсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тіліміздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан көсемсөз жазып, дамылдамай дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде бүй дейді: «...Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға əр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін нəрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (əдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың балалары қалай оқып жүр? Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. Шаһарда оқыса, я сарт, я ноғай медреселерінде оқиды. Рус школында оқитыны русша кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да, жаза
да білмейді. Мұсылман медреселерінде оқығандардың естігені əдеби тіл, оқығаны əдеби тілмен жазған кітап, жазғанда да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. Ол əдеби тіл деген қандай тіл? Араби, фарсы сөздер көп кірген тіл. Неғұрлым араби, фарсы сөздер көп қосылса, неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым əдебиырақ болады деп, тұтынған жолдан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз əдеби тілімен сөйлейміз, əдеби тілімен жазамыз, қазақша жазсақ əдеби болмайды деп қазақ тілімен жазуға ұялады, қорынады. Русша оқығандарымыз қазақ тілімен пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді. Қысқаша, русша, мұсылманша оқығандарымыз қазақ тілімен жазуға қорынып, біреуі русша жазады, біреуі əдеби тілмен жазады. Бұлардың өз тілінен қорынып жиренетін себебі не? Менің ойлауымша, бұл əдеттенуден бірі русша оқып, бірі əдеби тілмен оқып қазақша жазу əдетінде болмағандық. Əдетінде жоқ нəрсе қалыптан тысқары болып, басында ерсі көрінеді. Қазақ тілі мен жазу əдетінде болмаған соң русша һəм мұсылманша оқығандарымыз қорынады. Бір-біріне жазған хаттарында қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды емес. Бірақ қазақ балаларын аталары осы күнгі оқытуына қарағанда «бұл неге солай?» деп ғажаптанар да іс емес. Сегіз, тоғыз жасынан оқуға түссе, оқыған тілі басқа болса, оқитын кітабы басқа тілде болса, жазғанда сол кітаптардан үлгі алып жазса, олар қайдан қазақша жазуға əдеттенер? Мұнан былай да осы бетімізбен жүре берсек, ақтығында қазақ тілі азыптозып, бірте-бірте тұтынудан шығып, əуелі қазақша жазу ұят көрінер, сонан соң қазақша сөйлеу ұят көрінер, онан əрі не болары белгілі. Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы бастан істің бетін тура жіберу үшін анықтап ашатын нəрсе мынау: қазақ тілін сақтау керек пе, болмаса русша болсын, басқаша болсын сөйлеуге жараған соң бəрі тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала берсін дейміз бе? Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау Қазақтық əрине аты мен тілі жоғалмаса сақталады. Бұл айтқанымыз русша, я басқаша оқымасын деген емес, русша тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек деген сөз. Тұтынбаған нəрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып рус яки əдеби тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп ешкім айта алмас». Ел қамын, «ұлт сақталуына себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы – тіл» жайын жеріне жеткізе, егіле жазған Алаш арысынан артық ешкім айта алмасы хақ.
Көңілге медет тұтатынымыз, Қазақ елі тəуелсіздігін жариялағаннан кейін бірінші кезекте қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беріліп, батпандап енген дерттен мысқылдап айыға бастағандаймыз. Десек те, шешімін күткен мəселелер де аз емес. Осы орайда, қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе беруде қайраткерлік танытқан еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» деген қағидасы Алаш арыстарының идеясымен ұштасатынын айтуға тиістіміз. Елбасы «Тарих толқынында» атты тарихи еңбегінде: «Малшысы мен манабының бір деңгейде сөйлейтініне мақтана алатын халық əлемде сирек болар. Осы орайда, қазақ тілінен аударма жасаушылардың тарапынан болып тұратын күдік-күмəн еске түседі. Олар қазақтың əдебиетшілеріне «осы бір тұста əсіре сөз жоқ па?!» деген сұрақты жиі қояды. Жоқ. Себебі, тілдік шығармашылықтың мың-миллион ғажайып мүмкіндіктері арқылы жүзеге асатын қазақ санасының ерекшелігі, белгілі дəрежеде, төл мəдениетімен шын мəнісінде етене болғандықтан, қазақ тіліндегі көркемдік сезімнің барша бояуы мен көзден таса мағыналық тереңдігін кез келген қазақтың парықтай алатындығынан болу керек. Сондықтан да қазақ тілінің əдебиетшілдігі дегеніміз, түптеп келгенде, ойлаудың ұлттық ерекшелігі болып шығады. Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында əрі қару, əрі қалқан болған, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Əрине, одан қымбат ештеңе жоқ деп айтуға болады. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі», – деп жазып, қазақ тіліне жоғары баға беруі Алаш көсемсөзшілерімен үндес келеді. Қазақ тілінің дамып-жетілуі бағытында ізденген Алаш қалам қайраткерлері, ең алдымен, қазақ тілінің жүйелі жазу емлесін қалыптастыруды көздеді. Осы жолда аянбай қызмет етті. Жинақты құрастыру барысында байқағанымыз, тіл мəселесін ең көп көтерген көсемсөзші – тұңғыш қазақ лингвист-ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол өзінің алдына жүйелі мақсат, айқын бағдарлама қойып, сол бойынша өз бетінше жұмыс істеген тəрізді. Мəселен, оның бірінші мақсаты – қазақ баласының сауатын ашу болса, осыдан барып «Оқу құралы» пайда болды, содан кейін қазақ тілінің грамматикалық құрамын ана тілінде талдап беруді мақсат етеді де, «Тіл-құралды» жазады. Тілді дұрыс жұмсай білу тəртібіне байланысты ойға қалады да, «Тіл жұмсарды» ұсынады, оқытудың методикасын жасау мақсатында «Баяншыны» береді. Кезінде əлденеше басылуының өзі бұл еңбектердің зəрулігі мен бағасының қаншалықты дəрежеде болғанын аңғартса керек.
Осы орайда, Алаш қайраткерлерінің көсемсөздерінде көтерілген ойтолғам, идеялар бүгінгі күні де практикалық тұрғыдан өте құнды екені талас тудырмаса керек. Тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде елімізде қазақ тіліне байланысты үлкенді-кішілі іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. Көп мəселе айтылып та, жазылып та жатыр. Бірақ олардың басым көпшілігі бізге жаңалық емес. Мұның дені – кезінде Алаш қайраткерлері айтып, көсемсөздерінде жетер жеріне жеткізе жазып кеткен мəселелер. Сондықтан тіл мəселесінде үлкен жаңалық ойлап табамыз деп шаршап-шалдықпай, сол Алаш қайраткерлерінің көрсетіп берген бағыт-бағдарымен жұмыс істесек, тіл саласында көп мəселе қазіргіден əлдеқайда тез, əлдеқайда жемісті шешілер еді. Сақ Қайрат Өмірбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры
«ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ» (1888–1902) «Дала уалаятының газеті» – «Түркістан уалаятының газетінен» кейін шыққан екінші қазақ тілді басылым болды. 1888 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сəуіріне дейін шығып тұрды. Дала генерал-губернаторлығының ресми органы ретінде Омбыда жарық көрген «Акмолинские областные ведомости» газетінің қосымшасы ретінде «Особое прибавление к Акмолинским ведомостям» деген атпен басылды. 1894 жылдан бастап «Дала уалаятының газеті» болып шыға бастады. Орысша нұсқасы – «Киргизская степная газета». Басылымға əр кезде редактор ретінде қол қойып отырғандар – И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов жəне Д.Лавров. Ал, қазақшасын тұрақты редакциялағандар – Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазин. Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков жəне тағы басқалар газетте аудармашы əрі əдеби қызметкер болып еңбек етті. Газеттің таралымы туралы нақты бір ақпарат жоқ, дегенмен басылымның бір мəліметінде 1332 деген дерек кездеседі. Газеттің тұрақты авторлары қатарынан О.Əлжанов, Ш.Айманов, Ж.Аппасов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, М.Ж.Көпеев, А.Шонаев, Б.Əбдіков, А.Құрманбаев жəне Қ.Жаңатаевтың есімдерін кездестіруге болады. Сол кездегі өзге газеттер секілді бұл басылымның да ресми жəне ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде патша үкіметінің үкімжарлықтары, заң-закондары, жергілікті басқару əкімшілігінің бұйрықтары мен шешімдері жарияланды. Оларды қарапайым халыққа түсіндіре отырып, отарлық жүйені күшейтуді көздеді. Ресми емес бөлімі түрлі тақырыптарды кеңінен қамтыды. Оқубілім саласындағы мəселелер, шаруашылық жайы, ғылыми зерттеулер, қазақтың халық ауыз əдебиеті үлгілерінен айтыс, мақал-мəтелдер, дастан-жырлар басылды, сонымен бірге əдеби аудармалар мен этнографиялық мақалалар, қоғамдық-публицистикалық жазбаларды кездестіреміз. «Дала уалаятының газеті» – өз кезеңінде Ресей патшалығының жергілікті басқару органдары тарапынан шығарылған басылым бола тұра, қазақ халқының мəдени-əдеби, қоғамдық-əлеуметтік дүниетанымының жетіле түсуіне əсер еткені өз алдына, елдің саяси сауаты мен көзқарасына да зор ықпал еткен басылым болғаны сөзсіз.
Ғылымға қарай тағы бір қадам Өткен декабрьде Семейден отыз шақырым тұратын Аққөл-Қызылкөл қаласында қазақ, ноғай болып бір медресе ашты. Онда балалар орысша, мұсылманша оқиды. Мұны байқау керек, Семей облысының ішінде орысша оқитын мұсылман медресесінің əуелі бұл, мұнан басқа жоқ. Семейдің оязнай бастығы айтылмыш медресеге молла болуды қабыл көресіз бе деп, податной инспектордың переводчигі Ауафи Əбішұғлынан сұраған еді, бұл бек қабыл алды. Ауафи мырза өзі қазақ. Оқуды Омбыдағы учительский семинариядан 1893 жылы бітірген. Арыз ісін жақсы білетін һəм бала оқытуға түсінген молда алыпты. Оның үшін АқкөлҚызылкөлдегілерге құтты, қайырлы болсын айтамыз. Мұндай қуанышты хабарды білдіре тұрып ноғай, қазақ балаларына орыс тілін һəм ғылым білгізуге тырысқанын артық болмас деп ойлаймыз. Бұл күнде орысша өз балаларына білгізуге əсіресе қыр қазағы қатты ұмтылып тұр. Бірақ бұларда баласын орыс медреселерінен оқытуға қаражат жоқ. Көбінесе қырда қалай медресе ашуын, қайдан істің жөнін білетін молла алуын білмейді, бұлардың көңіліне қандай адам жағады. Қазақтардың өздері де «Дала уалаяты» газетіне жазып жатыр ғой, біздерге қазақша һəм орысша тіл білетін молла керек деп. Тіпті жақсы болар еді, егерде бұл молдалар қазақтан болса. Бірлі-жарымды кісілер медресе ашайын десе, көңілдегі молла жоқ болған соң ілгері күнге қалдыра береді. Мысалы Кереку оязының Ақбеттау елінің қазағы X. П. өз аулымда медресе ашамын деп, бір жылдай орысша-қазақша білетін молла іздеп жүрді. Жəне де Атбасар оязына қарайтын Құмқоңыр елінің қазағы былтырғы жылы осындай молланы іздеді, анау да, мынау да табылмады. Бұлардан басқа да балаларымызды оқуға берейік десек те жерімізде медресе жоқ деп жүрген көп қазақтарды көрдім. Бұл қазақтар айтады: «қалайша медресе ашуын білмейміз жəне де молла табылмайды, егерде молла табылса, медресе ашар едік», – дейді. Рас, қазақтарға молла болатын қырда бұл күнде ешкім де жоқ. Бұлай болған себебі қазақтардың қалауы жоғарғы ұлықтар молла табуға өздері жаһұт етсе екен демек. Бұл үшін Омбыдағы учительский семинария медресесінен орын ашса екен. (Семинариядан шыққандар бала оқытатын молла болады). Бұл семинарияға осы күнде де түсуге мүмкін, бірақ оған қаражат жоқ. Егерде қауымнан ақша беріп тұрса, мұнда қазақтан оқитындар көбейер еді. Отыншы Əлжанов
Қаріп турасының сөзі Көп-ақ білетін шығар біздің қазақ халқының өз тіліне шығарған харпі жоқ болып, араб жұртының харпін ешбір қазақшаға түзетпей сол жұртта қалай жазылса, сол бойымен алған еді. Жəне де бұл араб əліпбінің қазақ сөздерін жазуға толық емес көп кемдігі бар һəм қайсы бір харіптері керексіз артық екені де оқу білетіндерге белгілі. Қайда болса да харіптің керексізі дауысты харіп. Дауысты харіпсіз сөзді үн шығарып оқи алмайды. Оқыса да аса қиын. Мысалы, «жаманат» деген сөздің əліптерін алып тастасақ, «жмнт» болып қалады, осыны əліпті қоспай оқып байқасаң дауысыңды шығарып оқу аса қиын. Шала хат танитындар оны тіпті оқи алмайды. Араб тілінде дауысты харіп аз. Бірлі-жарым дауысты харіптерін олар асты-үсті үтір қылып көрсетеді. Мысалы, біздің «мата» деген сөзіміз арабша «мт» деп жазылар еді. Бүйтіп астын-үстін қойып арабтар құран һəм сондай үлкен кітаптарды жазады, жеңіл-желпі кітаптарды астынүстін қоймай-ақ жазады, мысалы, мата дегенді «мт» қылып қояды. Осы кейінгі формамен араб дініне кірген түркі һəм өзге халықтардың көбі жазады. Бұлардың арасында қазақ та солай жазады. Мысалы, қазақ дегеннің орнына «қзқ» деп, халық дегеннің орнына «хлқ» деп жазамыз. Мұндай дауыссыз харіппен жазған соң түзу оқу аса қиын екенін айтып болмайды һəм ұйқас сөздер аса көбейіп, бек шатақ болады. Мұндай шатақтығы əсіресе бір аса белгілі емес сөздерді жазғанда білінеді. Өзге бір ұйқас сөздер орнына оқып кетпесін деп жазған кісі соның не сөз екенін білдіруге керексіз, бөгеті көп сөздер қосады. Егер сол сөздерді қазақ тіліне əдейілеп шығарған харіптермен жазса, бір де ұйқас болмас еді. Мысалы, «бөлінбек» деген сөзді екі түрлі ұғуға болады. Бірі – бұзылды деген сөз, бірі – екі бөлек болды деген сөз. «Мін» деген сөзді үш түрлі ұғуға болады: Мін деп айыбын, кемдігін айтады. Атқа мін деп бұйырғанын айтады. Мен деп сөйлесіп отырған кісі өзін айтады. «Сен» деген ол екеуі де үш-үш сөздің орнына жүреді. Мұндай болатынының бəрі қазақтың дауысына дұрыс келетін харіптің жоқтығы. Дауысты харіптің орнына осы күнгі қазақ жазуында үш харіп жүреді: А, у, и. Анықтап байқасаң, қазақ тілінде 12 дауысты1 харіп бар. Қатты əліп (мысалы, ат деген сөздегі), жұмсақ əліп (мысалы бəсе деген сөздегі). Екі деген сөздегі (е) һəм (и), (у) һəм іні деген сөздегі (і) дауысты жазатын харіп тіпті жоқ. «Ол» деген сөздегі (о) қойылған дефисті жазатын екі түрлі, бірі қатты, бірі жұмсақ. Соларды да жазатын харіп жоқ. Мысалы, «ол» деген сөзді екі түрлі оқуға мүмкін. Біреуі өлмек 1 Дауысты харіп деп мынаны айтады, мысалы ағаш деген сөздің харпін алайық, «а», «ə» бұл екеуі дауысты; «ғ», «ш» дауыссыз.
деген сөзден шыққан, біреуі (ол барды) деген жауаптағы сөз. Əуелгі сөзде «ə» жұмсақ, екіншіде қатты. Онан соң «у», «бұ», «ту» сөздерге «у» мен көрсеткен харіп жоқ. Осынша харіптердің бəрін «А», «О», «И» мен-ақ бірдеме қылып ілəлап жазады. Қайсы уақытта арабтардың қылғанын қылып, сол үш харіптің өзін де жазбайды. Осы турада Сұлтанғазыұғлы мынадай депті: «Араб харіптерінің түрік сөздерін анықтап жазуға онша ұнамды емес екенін недəуір заман болды, түрік жұртының ғұлама білімдəрі де байқаған екен. Сол жарықтықтардың бір бөлегі араб əліпбиін тастап, жаңадан əліпби шығарайық деп таласып, таласып ақыры араб əліпбиін қалдырыпты. Осы күнде түрік жұртында араб əліпбиімен жазса да өз харіптері бір түрлі болып азырақ өзгеріп кеткен, парсыларда өзгергендей болып. Сол себептен парсы, түрік тілдерінде бір харіптермен жазатұғын екі халыққа бірдей сөздер де екі түрлі болып оқылады. Мысалы, араб əріптерімен былайша «тоты» деп жазғанда, түрікше «додо» деп оқылады. Парсылар дұрысырақ оқиды. Түрік жұрты араб əліпбиін тіпті түзеткен жоқ, сол бойымен осы күнге шейін жүргізіп тұрады. Мұны түрік кітабын оқысаң көресің. Олардың жазуында дауысты харіпті көбінесе біздіңше қоймайды. Жəне де түрік һəм парсы жұрты «тоты» деген сөзді əр қайсысы өз тіліне келтіріп, түзу оқығаны харіптерін түзеткенінен емес. «Екі» деген қазақ сөзін мен жазғанындай оқымай, қазақша қалай айтса, солай оқимын. Олар да «тоты» дегенді солай оқиды. Харіптің кемдігін Дінмұхамед мырза айтады, інжу кітабымен жеңгізу керек дейді. Інжу кітабы тоқтау қылар пəлен сөз солай жазылсын деп. Мысалы, мен шəкірттерге үйретсем, меніңше ойымның аймағының форымын «екі» деген сөз деп біліңдер десем, інжудің көрсеткені сол секілді болып кетпей ме, қозғалмаған əліпбидің кемдігі түзелмеген соң. Қазақ тіліне жаңа харіп шығаруға, не болмаса осы күнгі жазып жүрген əліпбиді түзетуге көп тіл білетін ғұлама адам керек дейді қайсы бір адамдар. Бір кісінің оқудан қайтқан баласы құдыққа құлап кеткен соң, əкесі арқан салып келіп: «мынадан ұстап шық, мен тартайын» десе, баласы айтқан екен: «əуелі арқан деген нəрсе, соның мəнісін маған айт, құдыққа түсіп кеткен кісіні тартып шығаруға өзгеше бір машина шығару керек» деп шықпаған екен. Жоғарғы айтқандардың осыған ұқсайды. Біздің көп тіл білеміз деген ғұламамыз түгіл хатты шалашала танитынымыз да аз. Бұ күнде құдықта жатқан баладаймыз. Əуелгі əліпбиді шығарған кісі көп тіл біле қойған жоқ шығар. Не жұмысқа да болса рас, білім керек, мен оған таласпаймын. Сөйтсе де, қандай ғұлама данышпан жер астынан шықса да қазақ тіліндегі осы күнгі бар əртүрлі дыбыстан артық-кем ойлап таба қоймас, сол дыбыс нешеу болса сонша харіп шығарады. Егерде біз өз көшімізге қарап шамамыздың келгенінше ескі əліпбиді жетпегенін қосып түзетсек, аз-мұз қате кетсе соңына
бір ғұлама шыға қалса түзетер, онша тілден көп білмесек те үлкен қателер бұл турадан кете қоймас. Жəне де мұндай ғұлама қазақ ішіне қайдан келеді, қашан шығады? Мен сіздерге мырзалар, айтайын, ғұлама өз тұсынан жерден тезінен шыға келмейді, ғұлама үлкен оқулы адамдар кішкентай адамдардың жаһұтымен шығады. Істі жалғыз ғұламадан басқа қыла алмайды емес, кім қыламын деп талаптанса, кім жақсылық қыламын десе сол қылады. Мұнда қандай əліпби қазақ тіліне дұрыс келеді яки ескі араб əліпбиін қалайша түзетеміз деген жауап көп сөз болы жатқан. Əйтеуір қазақ тіліне анық жететін қылып əлібиді түзету керек. Əліпбисіз ешбір халық ғылым, білім болмайды. Осы күнгі білімді халықтардың бəрі əліпбиі болғаны үшін ғылым, білімді болды. Қайсы бір халықтарда əліпбиі бар да, бірақ қиын шатағы көп. Сол себепті ғылым, білім түгіл хат жазуды үйренуге аса бай адамдарының яки үлкен ұлықтарының балаларының ғана шамасы келеді. Бұрынғы Мысыр жұртында солай болған. Осы күнгі Қытай харіптері біздің қазақтікінен қиын болған, себебі жалғыз оқып жаза білуіне онда он бестеп жыл өткізеді. Бұл күнгі Ағылшын, Француз, Италия, Германия, Испания, Америка халықтары əліпбиін сондай оңайлатқан, екі-үш күнде бала хат танып, жазу да жазады. Жəне де олардың ауызша айтқанынан жазғанын жақсы ұғасың. Біздің жазғанымыздан үйтіп ұғу қиын, себебі ұйқас сөздер көп болады, харіп түгел болмағаны үшін Əліпби шықпай тұрып ғылым, білім жоқ. Онсыз бола алмаған. Əліпби шыққаннан кейін ғылым, білім де шықты. Əліпби бар болғанымен қиын шатағы көп болса, ғылым, білімге де көп бөгет қылады. Бір іс бастап, ол ісің оңай болса, көңілденіп қызығына кіріп жұмыстайсың. Егерде шатақ, бөгет шыға бастап, өзін ұға алмасаң көңілің қайтып, қылғың келмейді. Бала оқи бастағанда өзі түсініп оқытқанының байыбына барса, көңілденіп оқиды, мұнысы оқу бітіруіне көп себеп, əр қайсы уақытта бүтіл ғұмырына жақсы-жаман тұруына да себеп болады. Араб əліпбиінде қазақ тіліне кемдігі, шатағы бар. Харіптері басында бір түрлі жазылады, аяғында, ортасында əр қилы болып, баланың басын қатырады. Менің ойымша, құран кітабын дін жөнінен оқығанда араб əрпімен оқи берсін, қазақша жазылған хиса, өлең, ертегі сөздер һəм бір ғылым жайлары қазаққа деп оңай қылып əдейілеп түзеткен харпімен жазылса екен. Өзге жұрттардың əліпбиінде неше түрлі тыныстар бар, бізде о да жоқ. Қазақ тіліне əлі көп қиын кітаптар жазылмаған соң, бұлар керегі жоқ секілді көрінеді, қиын бірдеме жаза бастасаң бұл аса керек. Жəне де қазақ жазуында біреудің есімін құрмет тұтқаныңды көріп, басына жазуға үлкен харіптер де жоқ. Рақымжан Дүйсенбаев
Мемлекет тілдері Бір мемлекеттің қол астына қарап тұрған неше түрлі халықтар мұқтаж болып, бек қатты керек қылады, бір-бірін біліп танымақтарын. Соның үшін олардың əр қайсысына тиісті бірнеше түрлі тілдерді білмектік. Бірақ мұның бəрін білу бек қиын һəм мекен-жайы сонан болса да əрбір мемлекеттерде мүмкін қатары жаһұт етіп білуге тырысады, қарап тұрған жайттарының тілдерін үйреніп білмектеріне, керекті мақсатына қарай. Еліне мұндай болмаған мезгілінде қиын болмай, жеңіл болса керек. Біздің уақытымызда шыққан машина арқылы жүретұғын нəрселердің себебіменен қандай үлкен дүниенің жүзін ойыншық секілді қылып, адамдардың жүріп-тұруларына жақын қып қойғандарының себебінен əрбір жұрттардың бір-біріне араласып, қатынасулары көбейіп кеткеннен кейін, бүткіл халық араларына керекті тілдерді үйреніп білмектеріне керектігінің барлығы білініп қалды. Соның үшін ең белгілі халықтардың бір-біріменен көнісіп уағда қылғандары баршаға керекті тіл болсын француз тілі деп. Осылай болған мезгілде əрбір адам тəлім қылып, уақыты бола қалған кезде оған керекті білмектік ең жоқ дегенде үш түрлі тілді. Тұрмыс уақытында қиыншылық көрмей біреудің болыспағын сұрап, оған тəуелді болғанша. Əуел білмек керек өз тіліңді. Онан кейін қарап тұрған мемлекетінің тілін жəне мүмкін қатары француз тілінде. Бұл тілді барша халықтар үйреніп, жатыр, орыстар, арабтар, немістер, қытайлар һəм басқалары да. Тұрмыс мемлекетінің тілін білмектік əр қайсысына пайда һəм қарап тұрған мемлекетінің өзіне де пайдасы бар. Қолдарындағы халықтары тілдерін біліп төзімдеріменен мекеме бұйрықтарын ұғып тұрғаннан кейін оларды жақсы қылып сақтап ұстамақтарына. Соның үшін əр бір мемлекет жайлары жаһұт қылады, қол астына қарағыштары мүмкін қатары білсе екен деп, тұрмыс жағының тілдерін. Жəне неміс ұлтының мемлекеті жаһұт етіп қалайды, қол астарына қараған Россия халқыменен поляк халықтары неміс тілдерін үйреніп білсе екен деп. Жəне Россия халықтары жаһұт етеді, өзіне қараған халықтары орысша ұғып, тілдерін білсе екен деп. Соның үшін міндеттілі қылып қойған баршаларына тілді үйретпектерін һəм бүкіл медреселерде де оқытып білдірмектерін һəм бүкіл медреселерде табиғи қаратып қойған ең үлкен ғылым мекемесіне əрбір тексеруші жайларда жəне мемлекетке қараған мекеме жайларында басқа тіл болмасын, жалғыз қарап тұрған мемлекет тілінен болады деп.
Ғылым, оқудың қажет екенінің баяны Біздің қыр даласындағы қызметтегі қазақтарға орысша тіл білмектің қажет екені, мұның баршаға бірдей пайдалы екені төмендегі жазуда баян етіледі. 1891-інші жылы 25-інші мартта патша хазіретінің əмірі бойынша бекіліп шығарылған Дала уалаятына тиесілі низам бойынша қыр даласындағы бес облыстағы халықтың сайланған билеріне əділетпен билік қылмақ үшін ықтияр берілген еді. Би басына қылған бітімдерін жазатұғын книгалар берілді. Закон книгадан билер өздеріне қандай ықтияр, қандай міндет тиесілі екенін қарап білсе керек. Билік книгаларына дау жұмыс-тар турасынан қылған кесімдерін жазғанда олай-бұлай қисық қылмай əділеттік жөніменен жазар деп ойлаған едік Енді мұның бір қапалығы бар, сайланған халық билері орысша түгіл, қазақша жазу білмейтұғын адамдардан болады. Мəзкөр книгалар қолдарына тиген соң қалайша бітім жазуларын білмей қапа болады. Орысша жазуменен тіл білмектің мұқ-таж екендігі бек қатты батып тұрады. Осы уақытта біздердің арамызда шатақ болып тұрады. Халық арасындағы ұлықтардың қылған істеріне адамның ақылы жетіп болмайды. Халықтың пайдасын ойлаған адамдар аз. Қазақ арасында бекер айтылмайды мына мақал: «болыс бөлтірік, би қарға» деген. Қасқыр мешкей болған соң малдарға шабатұғын, қарға ақымақ болған соң бет алдына қарқылдай беретұғыны кімдерге мағлұм емес. Бұл себептен болыс нашарларды сыпырады, билер ақымақ болған соң жұмысын қалай болса солай тиянақсыз қылады. Болыс пенен билер, сіздерге жаман атақтан құтылуға уақыт жетті ғой. Бұл атақтан сіздерді жамандаған адамдарды жаза штраф салып құтыламыз дегендерің бекер болса керек. Мұндай амал қылғандарыңмен оңдай алмассындар. Өздеріңді жақсы көріндірейін десеңдер өзге бір түрлі дұрыс, анық амал бар, ғылым, оқу оқып ақылды, əдепті болсаңдар керек, орысша тіл үйреніңдер, орысша оқу үйреніңдер. Орысша кітап оқысаңдар ақыл табарсыңдар, білімдерің артар, тастай болып қатып қалған жүректеріңе дəн беріп жібітер, қараңғылықтан көздеріңді ашар. Сіздерге бұл қажет болса керек. Мұнан кейін жақсыны жаманнан айырасыңдар, біреудікінің обал екенін білерсіңдер. Мұнан кейін сіздер бөтендікіне құрмет етіп, жақсылық өздеріңдікін қорғарсыңдар. Сіздер мұнан соң дұшпандарыңның қылған жамандық залымдығын законный құрметі бойынша һəм таза амалменен тоқтатарсыңдар һəм қас қылған адамдардың өсегінен құтыласыңдар. «Білегі жуан біреуді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалды өздерің де білесіңдер, ғой. Оқуды үйреніп қуаттанып, орысша тілді үйренсең ғұмырыңда аштан өліп, көштен қалмас едің. Балаларымызды орысша школдан оқытсақ қымбат
емес қой, мұнан оқып шыққан балалар өзіміздің халқымызға көп пайда келтірер еді. Оқу оқып, орысша тілді үйренген соң біздің арамыздағы ретсіздікті жоғалтқаннан басқа хал-ахуал шаруамыз да ілгері басып, көтерілер еді. Біздің төмендегі бара жатқан шаруамызды көтеретұғын үйренген жай өнеріміз де һəм оқуменен білген өнеріміз де жоқ. Осы уақытқа шейін шаруаны реттеп жайғастыруда да жөндеп біз білмейміз. Осы кезде өзге халықтар жыл сайын ілгері басып, əр түрлі шаруа өнерлерін асырып кетіп бара жатыр. Біздің байлығымыздың тиянағы мал шаруамыз дегеннен күннен күнге нашарланып барады. Біздің өлі малдарымызбен тірі малдарымыздың жақсысы қандарымызды сүлікше сорған ноғай, сотқар адамдар, сарттардың қолына кетіп барады. Мұның барша себебі надандықтан һəм орысша тіл білмегендіктен. Бізге орысша тіл мен орыстың кітабы қажет. Кітаптан жай білім білгеннен басқа жанжақтағы дүниеде не хабар, не керемет болып жатқандарын білеміз. Мұнан кейін көк өгіз жерді көтеріп тұр деп айтқан ертегі сөздерге иланбас едік. Мұнан соң ноғайлардың айтқан жалған сөздеріне де иланбас едіңдер, біз бұлардан гөрі оқымысты, өнерпаз болар едік. Неге десеңіз, біздің арамызда ондай-мұндай жалған сөздерге иланатұғындарымыз ноғайлықтардан гөрі аз болса керек. Орыстың тілі мен оқуын білуге бір-бірлеп қадам басқан сайын қажет болып келеді. Қалаға келгенде переводчик таба алмай əуре боламыз. Бұған жалынып сөзімізді жеткіз деп арыз жазып, малымызды сатысып бергеніне көп ақша төлейміз. Солай біз бұрынғы өткен заманнан қалған жаман əдетке сеніп надандықтың ішінде қалғанымызға бек қайғыланамыз. Орыстар біздің қамымызды ойлап неше жүз жылдан бермен қарай ұйықтаған ұйқымыздан оятып жаһұт қылады. Орыс біз үшін шаруа школын ашты. Біздің балаларымызға оқу оқуға əрбір школ-медресеге бостандық беріп тұрады. Мысалы, Омбы шаһарындағы əр түрлі школ-медреселерде біздің балаларымыз оқып жатады. Бірақ өкінеміз біздің надандығымызбен теңестіре қарағанда оқыған қазақтардың көптігі теңізден тамған тамшыдай ғана болып көрінеді. Сонда да біздер бұларды қуат қылып қырдың ішінде жатып қашан олар қайтып келіп өздерінің өніп-өскен туған халқына орыстың школынан алған өнерлерін көрсетер екен деп күтіп тұрамыз. Қорабай Жапанұлы Оны-мұны Əскери уəзіріне табиқ Каспий облысына қараған жерлерде əр жеріне Каспий облысынын ниеттері бар Россия һəм мұсылман білімінше
оқылатұғын медресе ашпаққа ілгері Түркістан уалаятында болған медреселерге ұқсаған. Сол медреселерде оқытылса керек Россия тілі, бір жерінде түрік тілі, оған парсы тілі. Мұның қақында қоспақка іле көрдік, төменде Түркістан газетінің жиырма екінші нөмерінде жазылмыш сөзінен. Жазушысы мағлұм емес, біреу Піскент шаһарында Россияның жерлік медресесін көргені туралы жазған сөзі мынау: – Осы июннің 3-інші күнінде Сырдария жағындағы медреселерді қарап тұрушы Смирнов деген бастық пенен Піскентке барып едім. Піскент көп адам тұратын үлкен шаһар болса да, ондағы орыс медресесінде он шақты ғана мұсылман баласы оқиды екен. Кім орыс ұлықтары мұсылман балаларын орыс тіліне уақытында үйретіп, оларды солдаттыққа алады деген бірнеше ақымақ адамдардың сөздеріне бағзы мұсылмандар сенеді деп. Бұ тəрізді мектептердің үстінен қарайтын бастықтары дұрыс жауап береді. Орыстардың ұлықтары жұмысында бұ тəрізді ой ойлау лайық емес. Елге ұлықтар мұсылман пақырларға һəм олардың балаларына жақсылық қана ойлайды жəне орыс ұлықтары əрбір бұйрықтарын жасырын қылмай əшкере қылады. Өзінің күш-қуатына сенбеген адамдар ғана айла қылып, өз ойлаған нəрселерін жасырып тұтынады. Орыс жұрты – үлкен қуатты жұрт. Қуатын арттырмақ үшін жылында екі жүз мыңнан көбірек кіші-жас солдат жиып алады. Оны əр уақытта барша халық біледі. Басқа жұрттар да біледі. Бұл хақында газеталарға да басып тұрады. Егерде орыс ұлығы мұсылман балаларын солдатқа алмақты қаласа, бұл туралы да халыққа мағлұм етіп, газеталарға бастырар еді. Мұнан басқа орыс əскерінің ішінде жас солдаттар бар, хат білмейтін, қуаты жоқ. Оларды қарастылы қылмақ үшін солдат болған соң оқытады. Орыс ұлықтары өз көңіліне алған мақсаттарын қылмаққа күші жетіп тұрып айла қылмақ не керек. Орыс ұлықтарына бұ тəрізді бағуда бір мағына жерді халық ортасында надан, жаман ниетті адамдар жаяды, олардың сөздеріне құлақ салу керек емес. Мұсылман іштеріне мектеп ашпақ, мұсылман балаларын оқытпақ, мұсылмандардың пайдасы үшін-жүр. Орыс тілін білген граматлы адамдар басқа білмегенге қарағанда ізгі артық тұр. Басқа оларға пайда келтіргені сол емес не, неше уақыт өткен соң мұсылмандар өздері фаһимлап өтінеді екен. Жаһұт етерлері орыс тілін білуге һəм өкінер оқымағандар, бекер оқымай уақытты босқа өткізгендеріне. Біз өзімізден бұл сөзді қосамыз, орыс тілін білген солдаттыққа алынады деген бекер сөз. Бізге бұрыннан мағлұм-дүр. Бұл турада осы газетте бірнеше мəрте басылған еді. Бұ тəрізді бекер ой Піскенттегі мұсылмандар арасында осы уақытқа шейін бар екеніне қайран боламыз Осындай лайықсыз сөз, надан, бұзғыш адамдардың сөзіне əлі күнге ермек – артық ұят. Мұсылмандарға əр уақытта жақсылық қалағыш ұлықтарға айналмақ керек еді.
«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ (1911–1915) 1911 жылы 10 қаңтарда Тройцкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушы жəне редакторы – М.Сералин. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін əуелгіде айына бір рет, 1912 жылдан соң айына екі рет, 12-24 бет көлемінде шығып тұрды. Барлығы 89 нөмірі жарық көрді, таралымы 1000 данаға дейін жетті. Троицкіде шығаруға рұқсат беру туралы 1910 жылы 18 қаңтарда берілген куəлікте басылымды төмендегі бағдарламамен басу көрсетілген: 1.Бас мақала. 2. Шет ел хабарлары. 3. Мұсылман өмірінен мəселелер. 4. Хроника. 5. Фельетондар мен өлеңдер. 6. Библиография жəне ғылыми мақалалар. 7. Əртүрлі хабарлар мен редакцияға хат. «Айқаптың» бірінші бетінде елдегі жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші жəне үшінші беттерінде «Ашық хат» деген айдармен оқырман хаттары басылып тұрды. Төртінші, бесінші, алтыншы беттерінде проблемалық мақалалар берілді. «Фельетон», «Хабарлар» айдарлары журналдың орта тұсынан, шетел хабарлары мен көңіл айту, басқарма ескертулері мен рецензиялар соңғы жағынан орын алды. М.Сералинмен қатар Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне айналды. 1911–1912 жылдары Ə.Ғалымов, 1913–1914 жылдары С.Торайғыров журналдың жауапты хатшысы болды. Басылым бетінде М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кашимов, Қ.Кемеңгеров, М.Ж.Көпеев, А.Мұсағалиев, Б.Сыртанов, С.Лапин, Н.Манаев, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, С.Көбеев, Ж.Сейдалин, Б.Бекжанов сынды тұрақты авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
Бірге қозғалалық «Айқап» журналы жарыққа шыққаннан бері қарай онда бірталай сөз, бірталай ой жазыла келді. Бірақ ондағы ой, іс сөздердің көбі шаруашылық жайында болды. Оқу, оқыту турасында бүгінгіше (құдай біледі) сөз шыққан жоқ шығар. Сондықтан мен ойлаушы едім, бұл турада қазақ білімділері неге кеңеспейді? Əлде осы татарлардың бастапқы төрт жылғы жаңа мектептерінің барлық программаларын қабыл қылып, тек сол жөніндегі кітаптардай қазақ тілінде мектеп кітаптарын шығарар ма екен? – деп. Көп кешіккен де жоқ нақ сол ойлағанымша татар əліппелері жолынша қазақ тілінде əліппе, басқа кітаптар майданға да шыға бастады. Бұл кітаптар майданға кеңессіз кесіп келіп жатқаны да ескерусіз жатқан оқу турасында «Айқаптың» № 4 санында «А.Б» -ның қолыменен «жазу тəртібінің аталуы бір жазу көрінеді. («А.Б» Ахмет Байтұрсыновтың псевдонимы С.Д.). Бірақ ол мырзаның ойы біздің ойымызға жақындамастай басқа көрінеді. Шонки ол манағы жазуында орысша аз болғанда 8-10 жыл оқымай, өзіңе керекті білім алып болмауын айтады да қазақша оқығанда екі жылда жазып, жеткендей оқып болуды сөйлеп: «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі оқып жүрген мұсылманша оқуды айтпаймын. Бұ күні мұсылманша оқудың бұлғалақ-шырғалағы көп. Онымен жүріп орысша білуге кеткен уақыттан аз уақыт кетпейді» – деп өзінің молласы алдында... отырған қызғанышты замандарын еске түсіреді. Бұ мырзаның қарауында мұсылманша оқу əлі бұлғалақ-шырғалақ. Ары кетсе үш айда балаларды оқып, жазуға түсіндіретін татар айтуынша «Осүл жəдит» – қазақша төте оқу», оған мағұлым емес. Мен А.Б. мырзаны бұлайша хабарсыз деп ойлағым келмейді. Тек түркі оқуды жөнге салушы құрметті Ысмағұлбек Гаспринский бір татар болған соң татарлардың ұстаздығын қабыл еткісі келмейтін шығар деймін. Шонки ол араб қаріптерімен бірге сіңгендіктен амалсыз ғана алуға зорланғанын аңдатады. Бірақ не қылмақ керек, өзің қисық болсаң, айнаға өкпелеп болмайды. Жалғыз татар менен қазақ қана емес, ол қадірлі Ысмағұл бабаның салған төте жолы Үндістанға да барып қабыл қылынды. Менің қарауымда тілесе қандай жұрт болсын, өзіне қарай бір артықтығы бар. Бұ күнде оқу жөнінің артықтығы татарларда болған сықылды, қазақтарда шын түріктіктің ғадеті, тілі уа басқа қымбаттары сақталып келгендігіне ешкім қарсы келмейді. Татардағы əліппелер соның ішінен Россиядағы бытырап жатқан мұсылман-түріктердің мектептерінің көбіне қабыл қылғанын Ахметһəди Махсұдтың «Мұғалім алауыл» деген əліппесі, сол татар əліппелері жөніменен тəртіп қылынған Уфа медресесі Ғалиясындағы қазақ шəкірттерінің төте оқу ... бəрі де татарда я қазақта А.Б. мырзаның айтқанындай
24 дыбыс бар делінбей, 28 дыбыспенен майданға таралды. Бұған қарсы келген жан жоқ, шонки барлық түрік баласы ойлаған ойын сол 28 дыбыспен жазып, басқаларға өз керегін түсіндіре алады. Ол 28 дыбыс: і, б, п, т, ж, ч, х, р, з, ж, е, ш, ц, ғ, ф, к, к, г, н, л, м, н, о, у, һ, и. Бірақ А.Б. мырзаның айтқанынша бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты емес. Бəлки 28-і де жарты дауысты. Шонки араб қаріптері керек түрік сөзі, керек араб сөзі болсын ешқайсысының басында орыстардың дауыссыз дыбыстары сықылды б, с, р болып оқылмайды. Бəлки сөз басында келгенде барлығы да үстіне кішкентай (уау белгісі) қойылып б, т, о, ш суретінде оқылады. Орыстардың «Степан» деген атын қазақша Стіпан деп жазып көрсетілсе, əр жазу таныған қазақ алдына бір «і» дыбыстың керек екенін сөйлейді. Міне, сол жарты дауысты 28 дыбыстың ішіне екінші бір дыбысқа қосылып, дауыстыға айналатындары төртеу болады. Үшеуі толық дауысты, біреуі қысқа. Толық дауысты дыбыстың бірісі «А» болады. Мұны «А» дыбысы сырттан қарағанда көп кісі жалғыз дыбыс деп түсінеді. Əммə ол асылында «ЫА» деген екі дыбыстан жасалған. Яғни бір «Ы» дыбысына екінші «А» дыбысы қосылып дауысты болған. Бұл сыр араб қаріптеріне таныс адамдарға жасырын болмаса керек. Өңге дыбыстар да «а» сықылды «ба, та, жа, ға» деп дауысты қылады. Бұл қаріп əр уақыт дыбыстарды үстілі қылып қысқаша ғана созады: бе, же, іе, ре ... сықылды. Сондықтан орыстардың кеңірдектен келетұғын «э» дыбысын э, а, у дыбысын о, ы, и, і деп жеті түрде жазуының һəммəда ие дыбысын, е дыбысын е, я, ю, ь деп төрт түрде жазуын ауырсынбаушылар үшін біздегі екі түрлі и, ы менен төрт түрлі бұғаз дыбыстарының a, і, һ болып жазылуларында ешбір қиыншылық болмаса керек. Шонки, мұндайға ғана өзгелік орыстардың бас һəм орта қаріптерінде де бар. А.Б. 28 дыбысты былайша санайды: А, а, п, т, ж, ч, д, з, р, с, ғ, қ, к, г, л, м, н, о, ы, и, ие, о, Əммə (т, ц, ү, ж, ф) дыбыстарын бұлар араб-парсы уа басқа түріктерге керек болса да біздің қазаққа тіпті керегі жоқ деп етекжеңін түріп қашады. Арабтардың өңге дыбыстарын қабыл алғанда өз тілімізде сөйленетұғын (т, ц, ч, ф) менен шет тілден араласқан (журнал) сықылды жаңа сөздерді жазу үшін парсынын, ж қарпінен қалай қашуға керек? Өңге тілдерде бір дыбыс бес-алты түрде жазылған шақта бізде бір дыбыстың екеу яки үш түрде жазылуын қиын көріп, еркін түріктің майданынан шығып, біз түрік емес, қазақпыз деп өз-өзіңді қысудан қанша пайда шығар?! Бұл А.Б-ның қабылдамаған дыбыстары қазақ сөзінде бəрі де бар. Алайық: шаңырақ бар жəне жібек матаның бір түріне чай» деп айтылады. Міне, «чай» деген сөзді «шей» деп жазу қандай келіссіз болса, «чаңрақ» деп жазу ұнамсыз. Жəне де «сөз», соз, со, сыз, сын, тік, тыз, тын, тон деген қазаша сөздерде шек жоқ, өз дыбысымен жазу керек болады. Ал енді дыбысының қазақ тілінде ашық айтылатыны есепсіз
көп болғандықтан, оған мен ұқсасын келтіріп те тұрмаймын. Енді бұлай болғанда бір дыбыс екі түрлі жазылып екі дыбысқа есептелсе де А.Б-ның (Ахмет Байтұрсынов С.Д.) жіңішкерту дəйектісі ешуақытта қиындық келтірмейді. Ойлап қарайық, дəйекті қағида болсын, бірақ еш қағидасыз қойылған дəйекшіден не мағына шығар? Дəйекті қойылған уақытта да оның үстіне қарағанда қалыңдық, жіңішкелікті өздігінен түсіндіріп тұрғандай бір белгі болуға керек. Бұлай болмаған дəйекті, дəйекті емес, таяқша болмақ... Əлі оның бір қызық сөзі жəне бар: «Менің бұл сөздеріме қарсы түскен адам болса, сөзін сəріф, нахумен ажбат етсін!» – деп қорқытып қояды. Апырмау, жаңа ғана шығып жерді жасырып жатқан бидайшықтан «маған осы егіннен нан пісіріп бер» деп біреуге айту қандай күлкі болса, сөз болып ұйытпаған дыбыстардың қалай болуын сəріф, нахумен ажбат етілуін сұрау сонша күлкі емес пе?! Жаман, жақсы болса да қазақша майданда бірнеше кітап жазғандар бар, оларға мойын бұрмау орынды болмас. Бастап сол майдандағы кітаптарды көзден өткізіп, кімдікі болса да көрсету керек. Оларды елемей, сөз сөйлеуші адамның сөзі ол кітаптар жағындағы адамдар қасында еленбес. Міне, соның үшін бірге қимылдалық, бірге қозғалалық! Ж. Шияшов Жазу тəртібі «Айқаптың» 4-5 нөмірлерінде А.Б. (Ахмет Байтұрсынов) қазақша жазуға тəртіп көрсетіп, оқушылардың сынына салған, көпшілік ұнатса, сол тəртіппен əліппе бастырмақшы екен. Жазуды тəртіпке салу деген оңай емес. «Оқушылар сынасын» дегенде əркім басына келгенін жазатұғын болса, еш уақытта ойды бір жерге қорытып болмайды, бұл туралы сынаушылар да байқап жазарға керек. Əркімнің ізіне түсіп қуған, үйренген бір ісі болады. Сол ісін ол басқалардан артығырақ біледі. Егер оқу оқытуды машықтап, ол оқытудың һəм оқытқан нəрселерінің, асыл тəртібін, түп негізін анық білетін кісілер жазу хақында өз пікірлерін түсінікті етіп жазса, сынаушы деп соларға айтуға жарайды. Құр шалашарпы естіген яки өзінің көзі үйренгеннен басқаның бəрі де теріс деп білушілер сынайтын болса, біреу түгіл, тоқсан тоғыз тəртіпке де табан тоқтату қиын. «Айқаптың» №6 нөмірінде Ш.Жияшов деген кісі (А.Б.) Ахмет Байтұрсыновтың жазу тəртібін тіпті басқаша түсінген, дұрыс айтқанда түсінбеген. Ол кісінің, жазғаны №7 тамам болмаса да сондағы жазғандарынан-ақ бұл мəселеге нешік қарауы байқалды. Бұл кісі Ахмет Байтұрсыновтың жазу тəртібінің дұрыс, терісін өз алдына тексеруден
бұрын ноғайлардың əліппе жазушыларынан басқа жол іздегені үшін қатты ренжіген. Ахмет Байтұрсыновтың ноғай жазушыларын жатырқағандықтан емес, қазақ тілінде қанша дыбыс болса, сонша белгі көрсетіп, артық қаріптерді кеміткен. Соныменен қазақша жазу-оқуды оңайлатқан. Сынаушы да осы арасын көздерге керек еді. Ахмет Байтұрсыновтың бұл көрсеткенінде жаңа тəртіп, ноғайлардын, «үсұл жəдит» ... жаңа тəртіп деген сөз, екеуінің де көздеген мақсаты бір. Қазақтың оқығандары қазақ балаларын өз тілінде үйрету үшін жеңілдікті басқа ретпенен тапса, ноғай жазушылары өкпелер ме екен?! Жияшовтың бұл күнгі қолданып тұрған ноғай əліппелерінің, кемшілігі жоқ, соның үшін оған қарсы келген жан жоқ дейді де хатта «үсұл жəдит» яғни звуковой метод пенен оқыту ноғайлар арасына кіргеніне көп заман өткен жоқ. Наху Сəріф кітаптары соңғы бір-екі жылдың, ішінде ғана көріне бастады, ноғай сөздерінде де бағызы дыбыстардың өзіне арнаған белгілері жоқ екені мағұлым. Біз өз ісімізді басқаралық. Қазіргі əліппелерін, оқу кітаптарын тəртіпсіз көшірушілер ноғайлардың өз арасында жоқ емес, бар. Мысалы, Қазанда учитель Əбуəлханов шығарған «Үсұл жəдитке» қарсы бірінші алдым деген рсəлəлəр (əңгіме С.Д.) секілді Жияшов Ахмет Байтұрсыновтың қаріптерді дауысты, дауыссызға бөлуін де қатеге санап, 28 қаріптің бəрін де жарты дауысты дейді. Бұл еш уақытта естілмеген жаңа хабар. Керек мұсылманша, керек орысша оқығандарды құрметті Жияшов сол қаріптердің бəрі де жарты дауысты, арасында дауысты һəм дауыссыздары жоқ екендігіне сендіріп болғанша мен өзім сенбей тұрам. Ахмет Байтұрсыновтың тəртібінше қазақ тіліндегі əрбір дыбыстың өзіне арнаған қарпі бар. Ол қаріптерменен не айтылса, соны жазуға, не жазылса соны оқуға болады. Орыс жазуында менен е-нің дыбысы бір, жазылатын орындары басқа болғандықтан жалғыз қаріп үшін емтихан уақытында қанша балалар азап шегеді! Бір қаріптің орынсыз артық жүргендігінен мұндай қиыншылық болғанда 14 қаріп артық жүрген қазақ жазуында қалайша шатақ болмасын. Жияшовтың: «Бірге қозғалалық ... түрік балалары ... һəди махсудының əліппесі Гаспринскийдің төте жолын Үндістан мұсылмандары да қабыл қылды...» деген сөзінен («Айқаптың» №7 қалған сөзінің ақырын оқып көрсем де) біздің қазақтарда түрік балаларының осы күнгі қолданып келе жатқан жазу тəртібінше болуын мəслихат көретіндігін түсінемін. Бұл секілді пікірлер менен бұрын да азырақ таныстығым бар. Дұрыс, түрік баласы екеніміз рас, береке-бірлікте екені де рас. Бірақ жеңілдік үшін əліппенің бірнеше қарпін өзгертумен түрік қауымынан шығып қаламыз ба? Онан дін, дүниеге қарасымыз өзгере ме? Қайта, қалың түрік тұқымының бір тарауы болған қазақ жұрты өзінің тұқымдастарынан кейін қалмасқа тырысып, оларменен аяғын тең басуға тағы да төтерек жол
тауып, ілгері ұмтылғаны қуаныш емес пе? Бұрынғыдай кемшілігімізді көрмей, қатемізді түземей, құр «біз де түрік баласымыз» деп атаның əруағына сүйенумен қазіргі өнер-білімнің қызу заманында бəйгеге қосыла аламыз ба? Егер жазу тəртібі Ахмет Байтұрсыновтың көрсетуінше болса, түрік, татар, араб, парсы жазуларын оқуға болмай ма? Əбтейі мектепте шет тілдері өзі де оқылмайды. Қазақша əбтейі мектепті бітірген шəкірт ноғайлардың орта мектептеріне түспекші яки арабша, парсыша оқымақшы болса, қазақ əліппесіндегі жоқ 5-10 қаріпті екі-үш сабақта үйреніп білуге болады. Жəне де 3-4 жылдай белгілі тəртіпте қазақша оқып, жазып үйренген соң, əлгі соңынан таныс болған қаріптерді қазақ тіліндегі сөздерге бұрынғыдай қатынастырмайды. Ахмет Байтұрсыновтың жазу тəртібін ұнатқанымнан басқа қосарым мынау: «Қазақ əліппесіне ф, х-да кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде болмаса да қазақ тіліне кірген араб, парсы сөздерінде һəм: «Ахмет, Мұхамеджан, Фазыл...» деген секілді қазақ аттарында бұл екі қаріп көп ұшырайды. Ф мен х əліппеге кіргенменен жазу тəртібіне қиыншылық келтірмейді. Естілуінде де, жазылуында да бұлардан айыра алмастай ұйқас қаріптер жоқ. Жазу тəртібі хақында оқығандар (əсіресе мұғалімдер) шабандамай тезірек пікірлерін білдірсе екен. Ұнатпағандары себебін көрсетіп, ұнатқандары қосары болмаса да ашық хатпенен ұнатқандығын білдірсе, «Айқап» олардың кімдер екенін басып тұрар еді. Азамат Алашұлы Тіл сақтаушылық Дүниедегі һəмме халықтың рухы (жаны) өзінің ана тілі, сол себепті əр миллет (халық) алдыменен ана тілін жоғалтпаудың себептеріне мықтап жабысқан, бірақ тіл, дін, əдебиет сияқты нəрселер мал, дəулет арқасында сақтай алмайынша жұрттың іштен шыққан талапты, жау жүрек, халық үшін білімін, қаламын аямайтын ер көңілді жігіттердің қызметіменен сақталады. Ондай халық адамы екі түрлі болады, біреуі шайырлардың, яғни өлеңші ақындардың жыры, өлеңменен сақталады. Екіншісі, романстер яғни халық жайынан халықтың жақсы, жаман жағын хикаят қылып жазып жұртқа көргізуші адамдарменен сақталады. Біздің қазақ, қырғыз аталарымыздың «Жігіт жігіттің күзгісі – айнасы» деген һəм «жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі» деген мақалдары бар. Сол сияқты халық үшін туған ерлер арқасында дін, тіл, намыс деген нəрселер сақталады. Мұндай адамдар əр жұрттың ішінен шығып, өзінің дінін, тілін сақтап өз жұртының абыройын көтеріп келе жатыр. Бізге үлгі боларлық халық толып жатыр. Біздің қазақ, қырғыз тілінің жоғалмауы үшін біздің ішімізден де
осындай қаламын халық пайдасына жұмсайтын жігіттер шығып, халық пайдаланғандай, əртүрлі өлеңдер, əртүрлі халық жайынан кітаптар жазуға керек. Өзіміздің түрік тіліменен əртүрлі балаларымызға оқытуға ылайықты мектеп кітаптарын жазып, келешек күніміз үшін зор дəулет əзірлеуге керек. Бүтін түрік татар, башқұрт, мишір, ғұсманлы секілді халықтардың арасында бұзылмаған сап түрік тілі біздің қазақ, қырғыз тілі екендігін бізге араласқан адамдардың бəрі де біледі. Бұлайша болған соң, қолымыздағы дəулеттің қадірін біліп, тіліміздің бай кезінен оқыған жастардың қызмет етіп, қимылдап қалатын уақыты келді. Россияның мемлекетінде обшее образование, яғни ғұмыры тегіс оқу басталайын деп тұр. Қазақ халқы тілге, əдебиетке кедей емес, бірақ басы қосылып құралмағандықтан білімсіз самарқау жатыр. Ғұмыры оқу басталғанша өз ана тілімізде балаларымыз үшін кітаптар жазып программаға кіргізуге даярлануға тиіс қой. Біздің ел ішіне де түрлі халық араласа бастады. Сол себепті кейінгі жастарымыздың тілі кəдімгідей бұзылып бара жатыр. Қазақ жерінде қазақтан да орыс, хақол көп болу себепті қазақ жастары əр нəрсенің атын, есімін орысша айтқанына мəз болып, өз тілін ... ұмытады. Күнбатыста Польша дейтін жерде, поляк ішінде бөлініп қалған аз ғана татарлар бар «поляк татар» деп айтылады. Солар осы күнде өз тілін ұмытып, бала-шағасына шейін орыс тіліменен сөйлейді. Сол сияқты қазақ жастарының көбі орысша оқығандары өз тілін ұмытып, яки ұмытпаса да қазақ тіліменен сөз айтуға намыстанушыларымыз да жоқ емес. Біз миллетке олардан онша көп пайда үміт ете алмаймыз. Ондай адамдардың көбі өз тілінің, өз дінінің қадірін білмей, тек қана өз құрсағына қызмет етіп кетеді. Біздің миллетке қызмет етушілеріміз бір жағы мұсылманша, бір жағы орысша білімі болған жігіттерімізден болады. Бұл замандағы педагогтардың сөзіне қарағанда бала ең кемі 3 жыл яки 4 жыл ана тілімен оқуға тиісті болады. Біз қазақ балаларына сол 3 жыл ішінде өз тілімізде кітаптар оқыған сияқты татар тілінен де хабарсыз етпеске керек. Əбтейі (жаңаша) мектептен шыққан бала татар тіліне таныстығы болмаса, қалайша шəһəрге барып жоғары сыныпқа кіреді, оның дəріс кітаптарына қалайша түсінеді, бұл да ескерілетін бір жұмыс. Бізге бұл күнде басшы болған, халыққа үлгі көргізген жігіттеріміз жоқ емес қой. Мынау «Маса» мен «Қырық мысалды» жазушы Ахмет Байтұрсынов секілді ерлерді халық қызметшісі деуге болады. Жəне де ... «Айқап» журналы менен «Қазақстан» газетінде халыққа жол-жөн көргізген қызметтерін біздерге ұмытуға керек пе еді?! А.Б. Əпенденің «Жалғыз қаз келгенменен жаз бола ма?» – дегені сияқты алты миллионнан артық қазақ халқы үшін бір газетпен бір журнал шыққанменен халықтың сусыны басылмайды ғой. Сонда да ауадағы қазға қарап қолындағы торғайды ұшырма! – деген сияқты көп журнал, көп газетке дейін қолымыздағы екі құсымызды ұшырмайық, шама келгенше ел-жұрт болып... дуам
етуіне иждиһат қылайық. «Көп түкірсе көл болады» деген ғой. Қандай ғана халық болса да білімі-ғылымы мемлекетіндегі шығатын газет-журналдарыменен, əдебиетіменен өлшенеді. Қай жұрт білімді болса, ол жұрт ішінен шығатын газет те көп болады, надан халықта біреуі де болмайды. Қашанға дейін киіз үйлерімізбен сары қымызға мас болып күнімізді өткіземіз. Ау, жұрт, ашайық көзімізді! Ұмтылайық, ғылым-білімге. Уалиолла Халили Қостанай Тіл-əдебиет (Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды) Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, əдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, əдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым əдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Əдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар! Тіл-ə дебиет бір миллет үшін əлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бəрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында əдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фəһəрісті» ғана жазамын: Тіл-əдебиет бір миллеттің жаны һəм рухы-дүр. 1) Сəне ғалия топлы қағидалы бір əдебиетке мəлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр. 2) əдебиеті болмаған миллет тілі шықпаған жас бала кебі-дүр. Себебі, өзінің басындағы қайғы һəм шаттықтарын басқаларға айтып түсіндіре алмас. Сол сияқты əдебиеті болмаған миллет те өзінің басына келген қайғы-қасіретті, шаттық уа қуаныштарды бір-біріне айтып ұқтырудан ғажың болар. Басқа сүйектес уа жыныстастарын өзінің қайғы уа шаттықтарына ортақтастыруға күші жетпес. Солайша айырым бір миллет, ел болып жасау үшін лəзім һəм керекті болған беріктік, ынтымақ, бір-біріне жəрдем ету кебі шайырлардың олар махұм болар. 3) Дүниеде бір миллетті өз басына айырым бір миллет еткен, һəммəда бір миллет пен екінші бір миллет арасын жуықтатқан, бір-біріне біріктіріп екі миллетті бір миллет қалпына келтірген себептердін, ең зорысы да тіл уа əдебиет-дүр. Бəнə ғалия өзіне айырым əдебиеті болмаған бір миллəт балалары да өздерінің миллеттерін сақтай алмас. Сақтай алмаулары үстіне өздерінен жоғары болған екінші бір миллеттің тіл уа əдебиетін
үйренсе, оның тіліне де əдебиетіне де жаны һəм кеудесімен ғашық болар! Өз тіл əдебиетін ұмытар, тілімен бірге өз миллетін де ұмытар. Бара-бара сол екінші миллетке сіңіп, оған бала болар. Балаларына жастан өз тілін жақсы үйретпеген, олардың көңілдеріне құры өгей ана сияқты тəрбие еткен миллет те келешекте балаларынан өзінін, қылған жақсылығы, берген тəрбиесі дəрежесінде ғана хақы алар, жақсылықты көрер. Балалары да оған өгей анаға қараған көзбен қарар. Миллет пен балалары арасындағы бұл ала көздік, шафеғатсыздық миллеттің ... ақырында бітуіне себеп болар. Міне, осы себептер үшін емес пе, бұл заманда бір миллет өзінен күшсіз болған екінші миллеттің миллеттігін тіліне, оған бір кетік жасайын десе ең алдымен ол бейшара миллеттің тіліне, əдебиетіне балта шабады. Өз əдебиеті олардың ана тілі орнынан таратуға əжəйəд қылады. Өз ана тілін ана сүтімен бірге емген өз əдебиетінің бағасын біліп, дəмін сезген миллет балалар өз тіліне ата-анасынан артық құрмет етер. Тіл уа əдебиетін жоғалтпас үшін жанын да пида етер... Заманымызда күшті миллет пен күшсіздер яки хакім миллет пен мыхыкүмлəр арасындағы... жанжалдардың көбісі осы тіл, əдебиет мəселесінен қозғалады. 4) Тіл-əдебиет дүниедегі барлық бақыт сағадаттың, ғылым-өнердің, дін уа мəдениеттің асылы-дүр. Кісіні кісілік дəрежесіне ілестіретұғын, мəдениет жолына кіретұғын бұ нəрселердің əдебиеті болмаған бір миллет арасында таралып, тамыр жаюы мүмкін емес... Жоғарыда айтылған сөздер бір миллет адамдарының дүние тірлігі үшін жейтін тамақ, дем алатын ауа, не қадар болса, тіл уа əдебиеттің сол қадар керек екендігі біраз аңланса керек. Енді біз өз жайымызға келелік: біз де «қазақ» атанған бір миллет елміз. Санасақ, санымыз бес-алты миллионға толады. Біздің де өзімізге айырым тіл-əдебиетіміз əлбетте бар. Жоқ болса оны болдыруға, көміліп жатқан мол қазынаны дүние жүзіне шығаруға, үлкен-кіші баршамыз да борышты һəм міндеттіміз. Шонки біздің дүниеде бір миллет болып жасауымыз онсыз мүмкін емес. Түркі рулары арасында қазақ, тілінің ескі һəм сөздікке бай, ескі болғандығы үшін де бек саф, нағыз тіл екендігі жұртқа мағлұм. Нағыздығы, байлығы жағынан қарағанда тіліміз Осман һəм татар, кей басқа туғандарымыздың тілдерінен көп алда-дүр. Іликин əдеби жағынан қарағанда тіліміздің олардың тілдерінен артта екендігінде іңкəр айтып болмайды. Біз бұл орынға қадар бір миллет үшін тіл əдебиеттің не қадар керек болғандығы, қазақ та бір миллет, ұлықтан оның да өзіне айырым бір əдебиеті боларға керек екені біраз аңлатсақ керек. Қазақ тілінің сөзінің көптігі, сөздігінің молдығы себепті – бай, ескілігі, жат сөздерден саламат болғандықтан бек саф, нағыз екендігінде біраз сөйледік. Бұл сөздерді сөйлеуін сөйлесек те оқушылар арасында бұл сөздерді ұнатпаушылар бəлки оған ашуланушылар да болар? Қазақ тілін ескі һəм бай тіл деп мақтағаны, əдеби тіл емес деп жамандағаны қалай? Мұның бастан-аяқ
əдебиет деп қақсағаны не нəрсе?–деп сүрдушылар да болар. Бəнə ғалия мен оқушылардың ашуларына, сұрауларына орын қалмас үшін келешекте əдеби тіл һəм əдебиет не нəрсе екенін оқушыларға ұқтырамын. Шахзаман мырзаға Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп таласқа кетіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырменен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ қой. Мақсат сіз болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына қаріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнде əркім əртүрлі жазып жүр. Бір жөнменен жазылатын жазу жоқ. Жазғанымыздың қате я дұрыстығын айырарлық емле жоқ. Оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашып арнаған қаріптер жоқ. Бір сөзді екі кісі екі түрлі жазады. Хатта екі түрін жазғанша бір-ақ түрін дұрыстап кесіп айтсақ болмай ма? Сіздің жазған сөзіңізді байқаймын, қазақтың тілінде не һəм нендей дыбыстар бар екен деп еш уақытта ойланып қарамағансыз. Өзгелердің қазақ тіліндегі дыбыстар турасында жазғанын оқымағансыз. Дыбыс пенен қаріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды айтамын, сіз арабтың қаріптерін алып келіп көрсетесіз. Сіздің қарауыңызша, араб қаріптеріне дұрыс келетін дыбыстар қазақ тілінде бар болмақшы, дұрыс келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болмақшы. Олай болғанда арабтың қаріптері қазаққа келмей тұрған уақытта қазақта ешбір дыбыс болмасқа керек қой. Араб қаріпінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз ойлаймыз, қазақ араб қаріпінен бұрын да сөйледі деп. Сөйлеген соң дыбыстары да болды деп, ол дыбыстардың араб қаріптеріне тура келетіні де бар, келмейтіні де бар деп. Бəрі тегіс келмейтін себебі, араб əліппесі қазаққа деп арнап шығарған əліппе емес» араб тіліне арнап шығарған. Əр халықтың тіліндегі дыбыстардың ішінде бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс, бірінде жоқ болуға ықтимал. Сіз қалай ойлайсыз? Араб əліппесінде тура келетін қарпі жоқ дыбыстарымызды тіпті жоқ қылу керек пе?! Негізінен ойлаңызшы, тіл қаріп үшін шығарған нəрсе ме? Болмаса, қаріп тіл үшін шығарған нəрсе ме? Əлбетте қаріп тіл үшін шығарған нəрсе, олай болса, қарпі жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ қаріпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған. Бұл ойыңыздың негізгі қатесі. Негізі қате болған соң арман қарай басқасы да қате бола береді. Қазақ дыбысының бəрі де жарты дауысты дыбыс дейсіз. Оны да қазақ сөзін алып, дыбысын қарамай, араб қаріптеріне қарай айтасыз. Мысалы, «Баран» деген қазақта да, орыста да сөз бар. «Бор» – деген қазақта да, орыста да сөз бар. Бор осындағы «а»,
«о» дыбыстарын орыстар жарты дауысты дыбыстар демейді. Олардың: «о», «а» дыбыстарынан «о», «а» дыбыстарымыздың еш кемдігі болмаса, біз қалай жарты дауысты дейміз. Бұл дыбыстарды жарты десек, қандай дыбысты бүтін деп айтармыз? Қазақ тілінде тіпті «о» дыбысы жоқ дейсіз, «бор», «боз», «жол», «ол» мұнан басқа да ішінде «о» келетін сөздер толып жатыр, бұларды қазақ сөзі емес дейсіз бе? Біз бұларды қазақ сөзі дейміз, һəм олардың ішіндегі дыбыстардың бəрі де қазақ тілінде бар дейміз. «Ы» дыбысы жоқ дейсіз, аз-азы, бар-бары, жар-жары, бас-басы. Бұл сөздер қазақ сөзі емес пе? «Э» дыбысы қазақта «ие» емес, «іе» -ге жақын дейсіз. Мен қазақ тілінде бұл дыбыс қандай екенін бек жақсы білемін, бірақ арабта тура келетін қаріп болмаған соң, «ие» менен жазалық деймін. Мұнан гөрі «іе» менен жазу қолайлы десеңіз, олайда жазып көрелік. «Ер» деген сөзді сізше «ір» деп жазу қолайлы болмақ. «Кесек» деген сөзді сізше «кісек» деп жазу қолайлы болмақ. «Керек» сізше «кірек» деп жазылмақшы. Қайсысын жазу қолайлы һəм не үшін қолайлы, сіз айтпасаңыз мен айта алмаймын. Астына екі ноқат қоюды қолайлағаным бұрынғы жазып жүргенімізден тым алыс болмасын дегенім еді. «Іе» я «ие» қолайлы көп ұнатқаны болсын. * * * Сіздің айтқаныңыз ша, ж, ф қазақ дыбыстары болмақшы. Ж қазақ тілінде бар дейсіз де сөзіңізді ажбаттау үшін журнал деген сөзді көрсетесіз. Бұл сөз қазақ сөзі емес, француз сөзі ғой. Əңгіме қазақ тілінде қандай дыбыстар бар һəм оларды қандай қаріптерменен жазу турасында. Француз дыбыстарын қоя тұрып, əуелі өз тіліміздегі дыбыстарға қаріп арнап, сөзді бір жерге қоялықшы. Ф дыбысы қазақ тілінде бар дейсіз де, қай сөздерге жазылатынын көрсетпей, азырақ əдіс айтып бұлтарып кетесіз. Ф дыбысы бар сөздер қазақта есепсіз көп болғандықтан жазып көрсетпеймін дейсіз. Есепсіз болса, бəрін жазуға мүмкін емес, бірақ бірекеуін жазып көрсетсеңіз, қазақ тілінде ф дыбысы рас бар екенін көрер едік. Көрсетпей тұрғаныңыз көптігінен емес, жоқтығынан болар. Олай əдіс жұмсайтын бұл ісіміз қазақтың сайлауы емес еді, бірақ, өзіңізге ұнағаны сол шығар. Өзіңіз айтқан Ахметһəди Мақсұды кітабында һəм «төте оқу» кітабында осы екі дыбысты я ноғай, я қазақ сөздерінде бар деп көрсетпеген ғой. Ж дыбысын орыс сөздеріне жазған. Бір дыбыс жуан да жіңішке айтылатын болса, оның екі түрлі айтылғанына екі қаріп алмаймыз. Ондай дыбыстардың жуан-жіңішке айтылу ықтияры дауысты дыбыстарда болады. Ол жалғыз біздің тілімізде емес, басқа тілде де солай. Өзіңіз ойлап қараңызшы, осы күнде жазып жүрміз. Бас, басқа, басқару, бастыру, атау, тау, айту, тура бастапқы төрт сөзде С дыбысы екі түрлі жазылғанмен айтылуы екі түрлі емес, жалғыз-ақ түрлі. Екінші төрт
сөзде дыбысы екі түрлі жазылғанмен айтылуы екі түрлі емес, жалғыз-ақ түрлі. Екі түрлі жазуымыздың пəлендей мəнісі бар деп айтып беріңіз. Қазақта сөз екі түрлі, бір түрі жуан, екінші түрі жіңішке. Жуан сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі жуан болады. Жіңішке сөздің ішіндегі дыбыстарының бəрі де жіңішке болады. Жалғыз-ақ, түрлі айтылатын дыбыстар екі түрлі сөздің бірақ түріне кіріседі. Бұлардан басқа сізге күлкі көрінген мынау болса керек. «Менің айтқандарымды дұрыс емес дегендер Наху Сəрб қағидаларынан ажбат көрсетіп дұрыс емес жерін айтсын» деген сөз. Наху Сəрб дегеніміз тіл законының ғылымы. Тіл болса законы боларға керек. Законы болса, оның ғылымы боларға керек. Су тоңса, мұз болмақшы, хлор менен натрий қосылса, тұз болмақшы. Бұлар табиғат законы. Осындай закон тілде де бар. Хлор менен натрий қосылса, тұз болатындығын байқау қарау, іздеуменен тапқан. Тілдің де законы сол жолменен табылады. Қазақ тілінде бір сөзге жуан дыбыс пен жіңішке дыбыс араласып кірмейді. Бұл тіліміздің законы емес пе? Осындай закон тауып жазсақ, айтсақ ол Наху Сəрбтің қағидасы емес пе?! Наху Сəрбті мен грамматика мағынасында тұтынамын. Басқа жұртта грамматика үшке бөлінеді: фонетика, морфология, синтаксис. Менің бұрынғы жазған сөзім һəм осы жолы жазған сөздерім фонетикаға тиісті сөздер. Фонетиканың қарастыратыны тілде қандай дыбыстар бар, олар қалай сөз ішінде байланысады. Біздің сөйлеп, қарастырып отырғанымыз қазақ фонетикасы. Сіздің ойыңыздың қателігін менің көрсетуім керек. Фонетикадан ажбат келтіріп, менің ойымның қаталығын сіз көрсетуге керек, фонетикадан ажбат (мысал) келтіріп. Бұлай деп сізді тағы «қорқытамын». Сіздің қорықпайтын батыр екендігіңізді көрдім, көре тұра қорқытатыным: өткен жолы шаншып алатын найзаңыз бен бұлтарып кететін айлаңызды көрсеттіңіз, бұлардан басқа өнерлеріңізді де көрмек үшін. * * * Мен ойлаймын сіз менің кейбір сөздерімді теріс түсініп теріс кеттіңізау деп. Сіздің қате түсінген жерлеріңіз мынау шығар деймін. Əуелі мұсылманша оқудың бұлғалақ-шырғалағы көп деген. Екінші, араб əліппесі дінменен байласқан, онан басқа əліппені қазақ қабылдамайды деген. Үшінші, қазақ тілінен шығарып тасталатын қаріптерді қазаққа тіпті білуге керегі жоқ деп айтады деген шығарсыз. Орысша, мұсылманша оқу жайлы сөйлегенде басқалар емес, қазақ бұл оқуларды қалай оқып жүргенін айтамын. Басқа жұрттың мұсылманша оқуы кемелденген шығар, оған таласпаймын, бірақ қазақ арасында мұсылманша оқу азын алмай, жалпақ көбін алғанда баяғы «Қызғаныш заманның» оқуынан алысқа кете қойды дей алмаймын. Əлде сіз қазақ арасына үсұл жəдит жолы жайылып болды, мұнан
артық ешнəрсе керек емес дейсіз бе? Екінші, теріс жорыған сөзіңіз араб қаріптерін алуға зорланады деген. Мен қиналғанымды білдірейін дегенім жоқ, сол сөздердің ішінде қиналдым, зорландым деген сөз жоқ шығар. Ол сөзді келтіргенімнің мəнісі біреулер араб əліппесінен қазақ тіліне жақсырақ келетін қаріп бар дейді. Тіпті басқа қаріптерменен кітап шығарған да бар. Менің соларға айтқан сөзім еді. Басқа қаріптер қазақ тіліне жақсы келсе де оларды қазақ қабыл алмайды, басқа жаққа алаңдамай, керегімізді араб əліппесінен қаралық дегенім еді. Қазақ қабылдамағанда не үшін қабылдамайтын себебін айтайын деп, араб əліппесінің дінменен бірге байласып сіңгендігін көрсетіп едім. Оны сіз не себептен теріс жорығаныңызды білмеймін. Үшінші қате түсінді ме дейтінім қазақ тілінен шығарған қаріптер. Сіз бұларды тіпті оқытпасқа керек деп ойлады ма деп шүбəланамын. Бұл қаріптерді балалар қазақ сөзіндегі қаріптерді біліп болған соң оқиды. Енді көресіз бе, Шахзаман мырза! Аузыңыздың босқа көпіргенін. Айтқан көп сөзіңіздің бірі – сұраған мəслихатымызға тура келмейді. Менің білгенім осы, мұның дұрыс емес жерін көрсетіп, қалай түзету ақылын айтып беріңіздер деп сұрадым. Білетін адамдар білімдеріңнен қарасыңдар дедім. Сіздей кектенбей-ақ, сізден білімі кем емес адамдар да ақылын жай айтты. Мысалы, Бөкейханов əпенде айтты: «Жарты дауысты й һəм ұ Англия тілінде де бар, оларға өз алдына басқа қаріптер алынбайды. Неге десең, дауысты дыбыстардың соңынан келетін й һəм ұ жарты дауысты болады деген қағидалары бар» – дейді. Сол қағиданы біздің тілімізге кіргізуге болады. Жарты дауысты й һəм ұ үшін қаріп белгілеп арнамаймыз екі қаріп кемиді. Осындай орнымен айтқан ақылдан етек, жеңімізді түріп қашпаймыз. Орынсыз айтылған нəрсені сіздің көзіңіз шатынағанменен істемейміз. Мен ойлаймын, «былғалық, шырғалақ» деген сөзді оқыған соң-ақ атыңыздың айылы шабына кетіп яки əрі бауырына түсіп тулауменен болып, жайғасып отырып ойланбадыңыз ғой деп, я болмаса, жау келіп қалған екен деп, атыңызға міне, найзаңызды ала, аяқтарыңыз салақтап, етектеріңіз далақтап шаптыңыз ғой. Жалғыз мақсат жауды мұқатуда болып, бар өнеріңізді соған жұмсадыңыз деймін. Жау жоқ, найзаңызды тастаңыз, жайғасып отырып мəслихат беріңіз. Құрал сайлау керек дегенде жауласудың құралы емес, оқудың құралын айтамын. Оқу құралын сайлау оңай емес, сіз болып, біз болып өнерімізді осыған жұмсап, осы істі аяқтандыралық. 28 қаріппенен жазу жазып, бір-бірімізді түсініп жүрміз ғой деген сөз қазақтың балаңды оқыт дегенде «оқымай да өлмей күн көріп жүрміз ғой» деп айтатын жауабы сықылды. Жазуымызда тəртіпсіздік, кемшілік барлығын жалғыз мен емес, басқалар да айтады. Еш кемшілігі болмаса, ешкім сөз қылмас еді ғой. Қазаққа пəлен ет, түген ет деп олар күн көре алмай жүргеннен айтпаймыз. Тіршілігінде кемшілік, ретсіздік болғаннан тəуірлен, реттен
дейміз ғой. Сондай кемшілік, ретсіздік жазуымызда да бар. Оны реттеу, жөндеу керек. Жазуымыздың тəртіпсіздігі оқу кітабын шығаралық десек, алдымыздан көлденең келеді, бала оқытсақ оралғы болады. Қазақша грамматика шығаралық десек, қадам бастырмайды. Сіз айтыпсыз, осы жиырма сегіз қаріппен де оқу кітаптары таралып жатыр деп. Оныңыз рас. Бірақ ол кітаптарда кемшілік бар ма, жоқ па, педагогика методикадан хабары бар байқайтын шығар. Қысқасы мынау ғой, қытайша жазу, үйрену қиын дейді. Сонда да оқып біледі. Бірақ қиын оқу менен оңай оқу бір емес. Біріне уақыт көп кетеді һəм көп қиналады. Біріне уақыт аз кетеді һəм аз қиналады. Жиырма сегіз қаріппенен жазғанымыз жарамды-ақ болсын, соныменен жазылып шығып жатқан кітаптар оқуға қолайлы-ақ болсын, бірақ жақсыдан да жақсыны іздеу, алға басу, ілгері басу керек емес дейсіз бе?! Тарихтың да негізгі мағынасы жақсыдан жақсыны іздеу емес пе?! Ауырды жеңілтіп, қиынды оңайлату емес пе? Бұл неше түрлі машина, от кеме от арба жақсыдан да жақсыны іздегеннен табылған. Жел кемесі болса да, от кемені іздеген, ат-арбасы болса да, от арбаны іздеген, енді көк кемесін іздеп жатыр. Осының бəрі де жақсыдан да жақсыны іздеу тарих жолы. Қыңыр келмеңіз, мырза, түзу келіңіз! Жазу, түзету бірімізге емес, бəрімізге керек нəрсе ғой. Битке өкпелеп тонын жаққан сықылды бір-екі қаріпті қазақ тілінен шығарғаныма өкпелеп ғұмымы (барлық) істен қол сілкіп безбеңіз. Жүк қасындағы «Аққу, шортан, шаян» үшеуіне ұксамалық. Ахмет Байтұрсынов
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ (1913–1918) «Қазақ» газеті – отандық журналистика тарихында айрықша орны бар, халықтың «көзі, құлағы һəм тілі» болған жалпыұлттық тəуелсіз басылым. Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 2 рет шығып тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 данамен таралды. Басылым басқармасы 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса «Қазақтың» Уфа, Қазан, Петербург, Мəскеу, Орынбор, Томск қалаларында, сондай-ақ Түркия мен Қытайда да өз оқырмандары болды. «Қазақ» газетінің бірінші бас редакторы Ахмет Байтұрсынов, шығарушысы «Азамат» серіктігі болды. А.Байтұрсыновтан кейін «Қазаққа» алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов пен Жанұзақ Жəнібеков басшылық жасады. Орынбор губернаторы Ресей Жоғарғы баспасөз басқармасына газетті мына бағыттар бойынша шығаруға рұқсат бергенін мəлімдеді: 1.Үкіметтің бұйрық-жарлықтары. 2.Мемлекеттік Дума, мемлекеттік Кеңес жұмысы. 3.Ішкі жəне сыртқы хабарлар. 4.Қазақтың тарихы мен тұрмыс жайы. 5.Этика, тарих, этнография жəне мəдениет мəселелері. 6.Экономика, сауда, кəсіп, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы. 7.Халық ағарту, мектеп, медресе, тіл жəне əдебиет мəселелері. 8.Тазалық, денсаулық жəне малдəрігерлігі жайы. 9.Фельетондар. 10.Корреспонденциялар мен жеделхаттар. 11. Жергілікті хроника. 12.Суреттер. 13.Почталар (хаттар). 14.Құлақтандырулар. «Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңнің айнасы іспеттес. Сол кезеңде қазақ халқының ең маңызды өткір мəселелерінің бəрі де газет беттерінде батыл жарияланып тұрды. Елдің зарына айналған жер мəселесі «Қазақта» үздіксіз көтерілді, оқу-ағарту ісі, дін жайы, өнер-білімнің құны хақындағы материалдар көптеп басылды. Алты жылға таяу ғұмырында қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады. Əлеуметтік салада елді өрге сүйреді, қазақ халқының өзге елдермен тең болуын көкседі, өз билігі өзінде болуын мұрат тұтты. Мақсатқа жету үшін қазақты өнер-білім, ғылым жолында еңбектенуге шақырды. «Қазақ» газетінің айналасына ұлттың озық ойлы зиялы азаматтары шоғырланды. Сол тұста қаламды серік еткен Алаш азаматтарының барлығы дерлік «Қазақ» газетінің тұрақты авторлары болып табылады.
Оренбург. 10 февраль «Қазақтың» бастапқы нөмерінде «төңіректе түнерген бұлттар көрінеді» дедік. Ол айтқанымыз түнеріп шыққан бұлт сықылды «мынау қалай болар» деп кісіге ой түсіретін нəрселер еді. От басының уайымын қойып, жұрт басының қайғысын ойласақ ой түсіретін нəрселер əр тараптан көрінеді. Қалыпты шаруамыз өзгеріліп, қалпымыз да өзгерілейін деп тұр. Қалпымыз өзгеленсе, қалай болатынымыз белгісіз, іргеміз тұтас, ыдырамай, бірыңғай жатқан халық едік. Енді арамызға бөтендер келіп кірісейін деп тұр. Бөтендер кіріскенде халіміз қандай болар? Тарих жолына қарағанда келімсек жұрт күшті болса, тұрғын жұрт аяқ асты болып азып-тозып жоғалмақшы. Тұрғын жұрт күшті болса, келімсек жұрт сіңіп, тұрғын жұрттың түріне түсіп, бөтендігі жоғалмақшы. Екеуі де тең болса, бір-бірінен кем болмай, біріне-бірі жем болмай, қатар тұрып күнелтіп, əр қайсысы өз алдына ұлт болып тұрмақ. Қазақ енді бірыңғай, іргесі тұтас қалпында, бұл күйінде тұpa алмайды. Егін шығатын жерге егіншілер келіп орнап жатыр, мал бағатын жерге мал өсірушілерді алып келіп орнатпақшы, балығы бар жерге балықшылар қондырмақшы. Қысқасы, о жолмен, бұ жолмен болсын қазақ арасына бөтен жұрттар кірейін деп тұр. Істің бəрі жалғыз-ақ тамақ асырап, күн көруге қалса, өз бетінен күн көре алмаса, өзге жұрттың есігінде жүріп, малайлықпен тамақ асырап, қазақ тіршілік етеді ғой. Біз қазақ тіршілігін ойланып, қалай болар деп уайым, қылатын тіршілігіміз ол тіршілік емес. Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға əр түрлі жұрт кіріскенде солармен қатар, атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте дөңбекшітіп ұйқымызды бөлетін нəрсе. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (əдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нəрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер əуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда һəм мұнан былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы қалпында болса, тіліміздің азып жоғалуы да анық. Қазақтың балалары қалай оқып жүр?
Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. Шаһарда оқыса, я сарт, я ноғай медреселерінде оқиды. Рус школында оқитыны русша кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да, жаза да білмейді. Мұсылман медреселерінде оқығандардың естігені əдеби тіл, оқығаны əдеби тілмен жазған кітап, жазғанда да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. Ол əдеби тіл деген қандай тіл? Араби, фарсы сөздер көп кірген тіл. Неғұрлым араби, фарсы сөздер көп қосылса, неғұрлым қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым əдебиырақ болады деп, тұтынған жолдан шыққан тіл. Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл. Мұсылманша оқығандарымыз əдеби тілімен сөйлейміз, əдеби тілімен жазамыз, қазақша жазсақ əдеби болмайды деп қазақ тілімен жазуға ұялады, қорынады. Русша оқығандарымыз қазақ тілімен пікірімізді толық айта алмаймыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді. Қысқаша, русша, мұсылманша оқығандарымыз қазақ тілімен жазуға қорынып, біреуі русша жазады, біреуі əдеби тілмен жазады. Бұлардың өз тілінен қорынып жиренетін себебі не? Менің ойлауымша, бұл əдеттенуден бірі русша оқып, бірі əдеби тілмен оқып қазақша жазу əдетінде болмағандық. Əдетінде жоқ нəрсе қалыптан тысқары болып, басында ерсі көрінеді. Қазақ тілі мен жазу əдетінде болмаған соң русша һəм мұсылманша оқығандарымыз қорынады. Бір-біріне жазған хаттарында қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды емес. Бірақ қазақ балаларын аталары осы күнгі оқытуына қарағанда «бұл неге солай?» деп ғажаптанар да іс емес. Сегіз, тоғыз жасынан оқуға түссе, оқыған тілі басқа болса, оқитын кітабы басқа тілде болса, жазғанда сол кітаптардан үлгі алып жазса, олар қайдан қазақша жазуға əдеттенер? Мұнан былай да осы бетімізбен жүре берсек, ақтығында қазақ тілі азып-тозып, бірте-бірте тұтынудан шығып, əуелі қазақша жазу ұят көрінер, сонан соң қазақша сөйлеу ұят көрінер, онан əрі не болары белгілі. Оқыған жастарымыз қазақ тілінен жиренсе, қарттарымыз мың жасауға болмаса, қазақ тілі жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы бастан істің бетін тура жіберу үшін анықтап ашатын нəрсе мынау: қазақ тілін сақтау керек пе, болмаса русша болсын, басқаша болсын сөйлеуге жараған соң бəрі тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала берсін дейміз бе? Біздің газетіміздің таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау Қазақтық əрине аты мен тілі жоғалмаса сақталады. Бұл айтқанымыз русша, я басқаша оқымасын деген емес, русша тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек деген сөз. Тұтынбаған нəрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, қиналып рус яки əдеби тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену қиын деп ешкім айта алмас. Русша біздің де, əдеби тілді білудің де орындары бар. Біздің қарауымызша оларды өз орындарына жұмсау тиіс. Ақырында айтатынымыз, əдеби тілді сүйетін бауырларымызға газетті
қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нəрсе жұртқа жақын болуы тиіс. Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден алыс кете алмаспыз. Сайлау (Болыс һəм кандидат бекімесе сайлау қайта болады) Степное положениенің 70 статьясында айтылған: «Губернатор болыс, кандидатты бекітпесе, не қайта сайлау шығарады, не өзі қалаған кісіні болыс иə кандидат қояр» деп. Еуропа жұрты тастан қалса, ендігі жарыста тағы жарысам деп азаптанбай, тас өткен соң, сайлауды, таласты қойып, шаруаға айналады. Оларда сайлау рəсімі осындай ақылға ұнамды жолда болады. Біз сияқты үлгісіз, рəсімсіз жұрт қалса не қылады? Төрдегі басын есікке сүйреп, малды төгіп, бұтып-шатып, оттап, дүнияда жоқ бəлені тасы озғанға жабады. Хакімші халықтың көбіне сүйенсе күшті болады. Көп қойған, тасы озған болыстың хакімі жүреді. Закон сайлауды халықтың көбіне береді. Қазақ жұрты адам болатын болса, осы закон арқылы өз тізгінін өзі алып жүретін жөні бар. Мұндай əділ һəм жұртқа пайдалы законның қадірін білмей, сорлы қазақ сайлау аяғын бітпейтін дау қылды. Болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп əкелген бұралқы болды. Мұның сөзін тыңдаған адам жоқ, мұның болыстығында не қасиет. Бұл болыс болған елде не береке?! Өстіп жетелеп қойған бұралқыдан бүлік болатынын правител ьство өзі де білетін. 1905 жылда 16 июньде бір закон шықты, мұның орысша аты мынау: высочайше утвержденное 16 июля 1905 г. мнение Государственного Совета1. Осы законның алтыншы бөлігінде айтылған. «Ішкі министр 70 статьяны өзгертуге тиісті, орнына закон жобасын кіргізсін. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал һəм Торғай губернаторлары қазақ болысын бекітпесе, қайта сайлау шығарсын» деп. 1905 жылы жұртқа жақсылық жазы жайылып келе жатқанда қазаққа бұралқы болыс болмасын, болыс сайлаумен болсын деген закон шыққан. Қазақтың қай бір облысында өткен сайлауда орысша хат білмейтін кісі болыс болмайды деп, қазақтың бұрыннан болыс болып жүрген қадірлі кісісін жолдан қалдырды. Қазақ болысы орысша хат білсін, орысша хат білмесе, тасқа тусуге жарамайды деген закон бұл күнге дейін жоқ. Сөзін адам тыңдайтын халыққа қадірсіз сорлы жастар «мен орысша білемін» деп болыс бола қалды. Бұл жас болыстың бұрынғы бұралқы болыстан 1 Правительств, Вести. 136, 25 июня 1905 г.
несі артық? Халық пайдасын білетін, жөн, жол көрген, əділ кісі, жұрт сөзін тыңдап, құрметтеген кісі болыс болатұғын жөні бар ғой. Орысша хат білу – тілмаштарға құл болмас үшін ғана керек қой! Бай айтты деп, орысша білем деп болыс болған жастардың орысшасы иттің жорғасындай орысша еді-ау. Бұл орысша білетін жыртақы жас, болыс мырзаларда не кінə бар? Үлгісіз, рəсімсіз өскен, алдында көргені қаптама өсек, өтірік жала. Үндістан моллалары сабақты тақтайға жазып, міне қара дейді екен. Бұғып, еңбектеп жүріп жұрт пайдасын «қазақ» нұсқалап жаздым. Талапты аға-іні, халыққа қызмет қылатын болса» осыны құлаққа тақ! Қыр баласы Жазу мəселесі Қазақ дыбысына қарай қаріп түзету турасындағы ойым: бұл қаріп түзету деген бүгін ғана басталған сөз емес. Шаһ Тахтински «уау» орнына цифрлар да салып қараған. Бірақ оны қауым қабыл алмаған соң қалған жəне біздің қарпіміз – араб қарпі. Оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы белгілі болған. Қауым қабылдамаған қаріп қала берген де. Жолы болған «г, ң, в» секілділер ретке кіріп кеткен. А.Б. мырзаның хамзасы ( )ءмен қос нүктесін (:) жұрт қабылдағаннан-ақ ұнатамыз. Бірақ хамза əліф орнына жүруші еді. Оны басқа қаріпке қоймаймыз деп əуре қылар-ау деп шошимын. Сірə, солай қыла қалса, менің ойыма келетұғыны баспа машинасына реті келсе, кейде үтір орнына үлкен «уау» салсақ жазуымыз едəуір түзелер еді деп ойлаймыз. Біздің тілде екі үст бар: бірі (-), бірі ( ,)׀яғни бірі харакат, бірі əліф, мұның əуелгісі жіңішке, соңғысы жуан айтылған қаріптерге харакат болады. Мысалы, бірі – хəммасы, бəрі болғаны дегендей. Бізде үш түрлі аст бар: бірі болар болмас білінетұғын орысша «ы» секілдірек, менің ойымша мұндайға түк салмасқа керек. Бірақ састы-састы, асты-асты деген секілділер да не аст, не сəкінмен ғана білдірілсін. Егер де мұндай «ы» секілді аст сөздің аяғына келсе, «и» қойылсын. Себебі, ондайды біз «ы» қылып оқимыз, ноғай һəм басқа түріктер «и» қылып оқиды. Екеуіне де бөгет жоқ. 2-ші аст «е» секілді, оған «и» қою керек. Егерде сөз аяғында келсе «о» « »ﻪяғни қай рəсмие қою керек. 3-нші «и» сықылды, екі яғни «« »ڍڍии» салу керек. Мысалы, сииыр, қиисық дегендей. Бізде үтір екі түрлі. Мысалы, бүр ағаштың бүрі, бор – ақ топырақ. Сіздер «у» бар дерсіз, жоқ! Ол «уауға» сүкін болады. Мысалы, бу – байла, бура – түйе дегендей. Бірақ бұл үтір «уаулар» жуан-жіңішкеге (бірдей қаріптерге айтылғанда һəр қайсысы екі түрлі болып, төрт түрлі дыбыс
шығады. Мысалы, бүр – ағаш бүрі, бір айналдыр, бор – ақ топырақ, бөрі – қасқыр. Міне, байқасаңыз жуанына уау, жіңішкесіне үтір салдым. Шаһкерім Шаһкерім ақсақалдың бұл сөзіне «Айқап» журналының 9-ншы, 10ншы нөмірлерінде жазылған Ғ.Мұса мырзаның сөзіне қысқалап, сөз қайырып өтемін. Шаһкерім ақсақалдың керек деп отырған қаріп үстіне, астына қойылатын үтір, аст, сүкін, аст һəм «уау» жалғыз жазғанда ғана емес, басқа сөзге де қойыларға керек. Баспа жүзінде оның қолайсыздығы мол. Егер де осы күнгі тұтынып отырған матбұғат тастарымен харакат қойып бастырсақ, бастырған нəрсеміз екі есе қымбат түседі. Олай болатыны харакатпен бастыру қиын, екінші орын көп алады. Харакатсыз баспаның екі жолын харакатты баспаның бір жолы алады. Егер де оған тағы қаріп үстіне қаріп қоюды қоссақ, мысалы « », « » онда тіпті орынды тағы көбірек алмақшы, бастырған нəрсені ол тағы көбірек қымбаттандырмақшы. Қымбат басылған нəрселерді қазақтың алу жағын да ойламай болмайды. Жүз бет боларлық нəрсеміз екі жүз бет болса, екі жүз елу бет болса, оған матбұғат екі есе, иə екі есе жарым қымбат алады. Сондықтан бұл қолайсыз болып табылады. Егер матбұғаттың бұл күндегі тұтынып жүрген тастарынан басқа тас істеп бастыратын болсақ, яғни үтір, үст, сүкін, һəм «уау» – бəрін де қаріп тастарымен бірге құйдырсақ, мысалы « »ۥﻭсияқты еткізіп. Онда ол орынды осы күнгі жолдарымыздан көп алмайды. Бірақ оның қолайсыздығы басқа жағынан болады. Сол айтылған бес белгі бір ғана қаріпке емес, барша дауыссыз дыбыстардың қаріптерінің бас болып, орта болып, құйылатын тастарының тұруының бəрімен бірге құйылмақшы. Олай болғанда осы күнгі матбұғат тастарынан басқа құйдыру керек болады мынадай тастарды: « – »ﺑۥﺑ бұл бір ғана «б»-ға керек болатын тастардың өскені. Жалғыз «б» үшін матбұғаттың қаріп құятын ұясының көбеюі он болады. Бұрынғы төрт ұясымен «б» қарпінің ұясы он төрт болмақшы. Тек қосылатын қаріптің əр қайсысында сондай ұя болмақшы. Тек қосылатын қаріптер л, м, н, и, яғни он төрт қаріп. Бұлардың əр қайсысының бұрынғы төрт ұясына жаңадан он ұя қосылып, бұрынғы 56 ұяның орнына 196 ұя болмақшы. Тек қосылмайтын қаріптер төртеу: д, р, з, у. Бұлардың бұрынғы ұясы екіекіден сегіз болса, жаңадан əр қайсысына он ұя артық қосылып, 48 ұя болады. Қысқасы, жоғарыда айтылған бес белгіні қаріп тастарына қосып құйдырсақ, бұрынғыдан басқа 180 ұя жаңадан қосылмақшы. Матбұғаттың қаріп ұялары көбейсе, қаріпке шығаратын ақшасы көбеймекші, екінші қаріп жию жұмысын қиындатып, жұмыс жағын қымбаттатпақшы. Бұрынғы қаріптердің ұясы мысалы жүз болса, енді оған жүз сексен қосылса, 280 болмақшы. Жүз жерден теру мен екі жүз сексен жерден теру бірдей болар ма?
Қысқалап айтқанда, бұлай харакаттарды қаріптермен бірге құйдырсақ та бастырған нəрселеріміз жай бастырудан екі есе, хатта үш есе қымбатқа түспекші. Жəне де соңғы уақытта мұсылман матбұғаттары осы күнгі қаріптердің баспа жүзінде қиыншылығы көп деп оңай етуге жол қарастырып жүр. Қиындығы – ұясының көптігі. Орыс қарпі 35, оған 35 ұя керек. Қаріп басына бір-бір ұядан қаріптің 35 қарпінің азайтқанда жүз шамалы ұя керек. Қаріп басына екі иə төрт ұядан. Мұны қиынсынып жүргенде оған тағы 180 ұя жаңадан қосып қаріп қойдырсақ, онда өзіміз матбұғат алмасақ, басқа матбұғаттарға олай етіп бастыра алмаймыз. Бұлардан басқа Шаһкерім ақсақалдың жете ойламаған жерінің бірі мынау: қазақ тіліндегі дыбысқа қарап ат қоймай, қаріпке қарап дыбысқа ат қоймақшы. Мысалы, аст, үст, үтір, сүкін деп. Сондықтан «у» жоқ, оған сүкін бар дейді де жазады « »ۥﺑﺭ« ,»ۥڊﻭﺭﺍдеп. Біз ежік балалардың басын қатырады деп, сол саутиə жолына (звуковой) түсеміз деп жүрміз. Сол саутиəмен бала оқытсақ, қазақ тіліндегі дыбыстарды өз қалпында айтпай «үтір» демей, дыбысын айтып оқытсақ, онда қалай «у» жоқ болады? Мысалы, « »ۥﺑﻭдеген сөзде «у» жоқ десек, «б»-ның үстіндегі не дыбыс деп айтамыз һəм оның артындағы екінші сүкін қойғанын дыбыс деп айтамыз? Біз мұның екеуін де «у» дейміз, бірақ екеуінің арасында орыстардың «и» дыбысы мен «й» дыбысының арасындағыдай айырмасы бар дейміз. Балаларды ежікке қайырып түсіреміз десек, шыны да сол. Ежікпенен де балаларды оқытуға болады. Бірақ жолы қиын, усул саутиə жолы оңай. Оңайдан қиынға түскеніміз қанша қолайлы? Ғ.Мұса мырзаның сөзіне қарайтын жауап келесі нөмірде болар. А.Б. Жазу мəселесі Ғ.Мұса мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ аяғындағы пікірінен қорытып шығарған менен артық жері турасында сөйлеймін. Əуелі екеуіміздің айырылатын жеріміз: Ол «у» орнына «»ﻭды алды да, «о» үшін «»ۇды лайық, яки басқа бір белгі жасалық, мысалы, «»ﻭдың құйрығын қайырып қоялық дейді. Мен «у» орнына « »»ﺅаламын, «о» орнына « »ﻭды аламын. Менің олай еткенім: «о» дыбысы қазақ сөзінде анық толық дыбыс, ноғай тілінде біздің «о» дыбысы келетін жерлерімізге толық «у» келеді. Мысалы: біз «от» дейміз, ноғайлар «ут» дейді. Біздер «тоқ» дейміз, олар «туқ» дейді. Бұл сөздерді осылай жазсақ, біз өзімізше «о» айтып оқуымызға кемшілігі жоқ, ноғайлар өзінше «у» етіп оқуына кемшілігі
жоқ. «У» біздің қазақ сөзінде қысқа айтылады: біздің «у» дыбысымыз келетін жерде ноғайларда да қысқа «у» келеді. Мысалы: «тұр», «жүр» ноғайлардың «Ақ йол» журналында қарасаңыз « »ﻭһəм « »ۇəріптерін нақ бізше жазып отыр. Ол бірімізден біріміз көріп алып отырған емес, екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы, «о» орнына « »ﻭалып, «у» орнына « »ۇалғаннан қазақ тіліне келер кемшілік жоқ. Қайта ноғаймен ереуіл келмеске пайдасы бар. Ереуіл келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келу де қажет жоқ. Бұл « »ۇдың Ғ.Мұса мырзаға ұнамайтын жері: « »ﻭүстіне «үтір» қойып жату қиын дейді. Осыны онша дəлелді сөз емес деймін. Өйткені орыс сөздері үшін « »ﻭүстіне үш нүкте қойып « »ۋқылып жазуды қиынсынбағанда, қазақ сөзіне дсгендс « »ﻭүстіне бір үтір қою қанша қинар екен. Керек болған соң «»ﺝді « »چайтуды, « »ﺯді, « »ژайтуды, « »ﻙні « »ڭайтуды қиынсынбаған жол бар емес пе? Солардан бұл қанша қиын? Қанша ерсі? 2-нші қайырылатын жеріміз: «ы» дыбысының қарпі сөздің басында, ортасында қалмай жазылсын дейді. Мен «ы» дыбысының қарпі « »ﻯ болсын да, ол сөздің аяғында қалмай жазылсын, басқа орындарда ол жазылмағанда сөздің мағынасы бұзылып, кемшілік келерлік болса, жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасына кемшілік келмесе, жазуға жеңілдігі болса «ы» дыбысынын хəрпін жазбағанда не залал көреміз деген ойым еді. Мысалы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік») қаріптерін түгел жазсақ бұлай жазылмақшы: « » («қысымшылық»), « » («еркіншілік»). Осы сөздерді « »ڍсіз жақсы да, мағынасы бұзылмайтын болған соң « »ڍді жазбасақ та болмай ма?» деген едім. Мысалы, « » («қысым-шылық»), « » («еркіншілік») деп жазсақ, кемшілік болар ма? 3-нші айрылатын жеріміз: мен «э» дыбысына ««( »ڍи»)лерді аламын, Ғ.Мұса мырза « »ﻯлерді алайық дейді. Мен ««( »ڍи») лер сөздің бас буынында жазылсын, басқа буындарында « »ﻪ« ,»ﻩжазылсын деймін. Ғ.Мұса мырза сөздің аяғынан басқа жердің бəрінде ««( »ﻯі») жазылсын, аяғында ғана « »ﻪ« ,»ﻩжазылсын дейді. Меніңше, мысалы: «( »ﺍڍﺳﻪﻚесек), «( »ﻛﻳﺳﻪﻚкесек), «( »ﻛﻳﺭﻩﻚкерек), «( »ﻛﻪﺩﻩﻱкедей), «( »ﻛﻳﻟﻪﮔﻪﻱкілегей), «( »ﭼۇﺭﻩﮔﻪﻱшүрегей) деп жазбақшымыз, оныңша: «( »ﺍڍﺳﻚесек), « »ﻛﻳﺳﻚ (кесек), «( »ﻛﻳﺭﻳﻚкерек), «( »ﻛﻳﺩﻳﻱкедей), «( »ﻛﻳﻟﻳﮔﻳﯽкілегей), « »ﭼۇﺭﻳﮔﻳﯽ (шүрегей). Оның «« »ڍи» лерден гөрі « »ﯽлерді артық көретіні нүкте қойып жатудан нүкте қоймау жеңіл дейді. Нүкте қоймаудан, қоймай жазудың жұмысы аз болғанмен оның жаттығы мол емес не? Жетек, шелек, есек деп жазсақ, бұрынғы есек, шелек, житек деп жүрген күйінде оқу; жітік, шілік, ісік деп жазсақ, житек, шелек, есек мағынасында оқымай, жітік,
шілік, ісік мағынасында оқылары ықтимал. Мен қаріптерді өзгерткенде халық жатсынбай, хат білетін адамдар үйретпей-ақ оқып кетерлік болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы « »ڍлерді оқып жүргенде « »ڍлерді де оқып кетеді, бұрынғы «»ﻭ-ды оқып жүргендер «»ۇ-ды да оқып кетеді. « »ﯽ лерді үйретпей «э, »ﻳ-ды оқып кетер деп айта алмаймын. Мен бұл « »ﯽбелгілерін былтыр əліппе жазып жүргенде «э» емес, «ы» орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім. Қайтқаным оны қойсақ та, қоймасақ та оқуы бір ғой, қойып не қыламыз деген едім. Мысалы: мысық, арық, арыс деген сөздерді мысық, арық, арыс деп жазсақ, екеуінде оқушылар бірдей оқиды ғой деп ««( »ﯽі»)лерді алмай тастап едім. Түбінде бұл белгілер алынатын болса, «э» дыбысына емес, «ы» дыбысына алуға лайық. Өйткені «ы» орнына алсақ, жұртқа үйретусіз қабылдануы ықтимал. 4-нші айырылатын жеріміз: меніңше созбасына дауысты дыбыстар келсе, ол сөзді жазарда басына сүйеніш таяқ қоямыз, оныңша ол керек емес. Оны керек қылғаным, халық əуелі шатасынбас үшін еді, екінші басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі бар деп өзім де айтпаймын. Оның жаттығы мынау: «( »ﺍۇﻏﻟﯽұғлы) деген сөзді «( »ۇﻏﻟی« ,»ﺍﻭﻝол) деген сөзді « »ﻭﻝдеп жазсақ, жаттық аз. Егер де « »ﺍﺳﺗﻖ (астық) деген сөзді «( »ﻳﺳﺗﻖыстық) деп, «( »ﺍﻟﻏﻰалғы) деген сөзді « »ﻳﻟﻏﻰ (ылғы), «( »ﺍﻗﺗﻥақытын) деген сөзді «( »ﻳﻗﺗﻥықытын) деп жазсақ мұның жаттығы мол болады. Менің басына «( »ﺍа) қойып жазалық дегенім сонан. Көп қаулы қылса, ол « »ﺍды алып тастауға да болады, онда бірақ «ы» орнына «( »ﻳи) лерден басқа хəріп алу керек болады. 5-нші айрылатын жеріміз: мен « »ﻋны дəйекше етіп сөз алдына қоямын. Ол жіңішкертетін əріптердің үстіне қойылсын дейді. Оның айтуынша, бір сөзде жіңішкертуге тиісті қаріп біреу болса бір « ,»ﻋекеу болса. екі « ,»ﻋүшеу болса үш « »ﻋқою керек, меніңше бір сөздің ішінде жіңішкертетін қаріп біреу болсын, көп болсын жалғыз ғана « »ﻋқою. Мысалы: «( »ﺟﺅﺭﻭﺅﻥжүруін) меніңше « »ﻋﺟﺅﺭﺅﺅﻥжазылмақшы, оныңша « »ﺟٷﺭٷٷﻥжазылмақшы. Меніңше «( »ﻋﺑﺎﺩﺭбілдір), оныңша « ;»ﺑﻳﺎﺩﻳﺭ меніңше « ,»ﻋﺟﻳﺑﻳﺭоныңша « ;»ﺟﻳﺑﻳﺭменіңше «( »ﻋﺑﻭﻟﺩﺭﺩﻯбүлдірді) оныңша « »ﺑﻭﻟﺩﻳﺭﺩﻯболмақшы. «»ﻋны дəйекше қылып алдына қоюдан, əp қаріптің үсті-үстіне қойып жатудың қандай артығы барын біле алмадым. Жəне Ғ.Мұсаның бір айырылатын жері: дауысты дыбыстар 9 боларға керек. Мысалы: ( ﺍa), ( ﺃﻋə), ( ﻭо), ( ﻭﻋө), ( ﺅұ), ( ٷұ), ( ﻯи), ( ﻯﻋі), ( ﻩe). Бұл бір дыбыстың екі түрін екі басқа дыбысқа санағандықтан. Бір дыбыста екі түрлілік жалғыз бұл дыбыстарда емес, басқаларында да бар. Олардың екі түрін екі дыбысқа санамағанда, бұлардың екі түрін екі дыбысқа санаудың жөні жоқ. А.Б
І Ашық хат Ғабдолла Шоқаевқа Бүгін қазақ ескі ұйқысын тастап, жарым-жарты болса да оянды. Бүгін қазақ өзінің жұрттығын сақтап, қатарға кіру үшін ғылымнан басқа шара жоқ екеніне аз-маз болса да иланды. Соның үшін осы күні балаларын оқытуға бұрынғыдан артық ұмтыла бастады. Енді бұл қазаққа не оқыту керек? Қалай оқыту керек? Mінe, бұл мəселелерге жауап беру, жалғыз шəкірттерге емес, бəлки ғылымы кең, пікірі терең қазақ азаматтарының бəріне бірдей міндет. Қазақ осы күні мұқалмаған, қылауы түспеген, қалай жаратылса сол қалпында тұрған бір жұрт. Қазақта кірленбеген сап закон бар – тотықпаған, таза pyx бар. ІІІет сөздермен былықпаған тұнық тіл бар. Қазақтың кеудесінде табиғаттың берген қуаты əлі шашылмаған. Қазақтың миы шөп-шар, жоқ-бармен ашымайды. Енді бұл жұртты ілгері бастыру үшін өзінің осындай қасиеттерінен пайдалану керек. Қазақтың күшін бастаған азаматтары оның миын ашытпай, басын айналдырмай түзу жол тауып тура бастасын. Біреуі ойға, біреуі қырға тартып басын қатырмасын. Қазаққа əр турада оқытқанда да, үйреткенде де, жаздырған, сыздырғанда да «өзімдікі» деген бір жол көрсетілсін. Бет-бетімен бытырамай бəрі бір соқпаққа түсіп, бір құбылаға жөнелсін. Сонда ғана іздегенімізді тауып, көздегенімізге жетерміз. Бұл турада үлкен жұмыс, əсіресе мұғалімдер мен жазушыларда. Мұғалім жұрттың жанында отырып тілімен үйреткенде, жазушы алыста тұрып қаламымен білдіреді. Бұл екеуі əp турада бір жолымен барсын. Мұғалім бір түрлі үйретіп, жазушы басқа түрлі жазса қайсысына еруге білмей, жұрттың басы айналады. Иəки бүгін бір мұғалім бір түрлі, ертең екінші мұғалім басқа түрлі үйретсе онда да жұрттың миы ашиды. Онан соң мұғалімнің тілі мен жазушының қаламы жұрт жатырқайтын болмасын. Мұғалім де, жазушы да жұрттың өз сөзімен сөйлеп, өз тілімен жазсын. Mінe бұл турада бастап Ғабдолла мырза Шоқаев «Қазақ»-тың өткен нөмірінде сөз қозғады. Ғабдолла мырза бүкіл қазақ мектептеріне бір емле, бір кітап қабыл етіліп, бəрі бір ізге түссе екен дейді. Бұл тіпті жөн сөз. Жоғарыда біздің айтқанымыз да осы. Онан соң Ғабдолла мырза: «Қайсы емлені қабыл етейік? Қандай кітаптан оқытайық?» деп сұрайды. Біз бұл турада біраз ойлап қарайық. Осы күні бізде «қайсы емле» деп тұрарлық жалғыз «Қазақ» емлесінен басқа өзіне белгілі қағидасы, арнаулы жобасы бар бір емле бар ма? Емле болу үшін белгілі бір қағидаға, арнаулы бір жобаға ерген болу керек. Əйтпесе жүгенсіз əркім тілегенінше жазу – ол емле емес. Біз өзіміз өз болғалы маңдайымызға бекіткен жалғыз-ақ емле көріп отырмыз. Ол да «Қазақ» емлесі. Рас, осы күні онан басқа да бірне-
ше əліпби кітаптары бар. Бірақ бұлардың өздерінің бөлек емлелері бар деп болмайды. Бұлар өздері бұралқы əліпбилер. Белгілі бір ізі, тұрлаулы жолы жоқ. Кейбіреу сартшаға, кейбіреу ноғайшаға еріп жазған. Осы күні ноғайлардың өздерінде де бір тұрлаулы емле жоқ. Матбұғаттары белгілі бір емлемен жазылмайды. Біреуі бір түрлі, екіншісі басқа түрлі жазып жүр. Енді сондай өзі қаңғыбас бір емлені алып қазақтың басын қаңғыртудың жөні болмаса керек. Ноғайлардың өздерінің жақсы бір емлесі болған күнде де бізге ол емле бола алмайды. Əр тілдің өзіне арнаулы емлесі болу керек. Қанша тартып созғанмен бір тілдің емлесі екінші тілге үйлесіп жетпейді. Жақсы-жаман болса да осы күні мынау қазақ емлесі деген жаңа бір емле шықты. Бұл емле басқаларға еріп емес, бəлки қазақтың өз тілінен алып жасалған емле. Соның үшін бізге осы күні бұдан басқа ұнамды емле жоқ деп білеміз. Əрине бұл емле бастан-аяқ түп-түгел, тіпті келіспеген жері жоқ деп айтпаймыз. Бірақ келіспеген жері болса тұра-бара түзетілер. «Енді мұны қабыл еткен соң бір қылына тиме!» деп ешкім айтпас. Əр нəрсе бірден түп-түгел болмайды. Дүниеде заман өзгерумен өзгермейтін бір нəрсе де жоқ. Емле сондай нəрсе. Қос жүре түзеледі емес пе? Енді кітап турасына келсек, осы күні бізде «мынамен оқытайық» деп айтарлық əліпбиден басқа кітап жоқ, бірақ бұл кітап жоқтық өмірде тұрмас, бүгін болмаса ертең болар. Міне Ахмет Байтұрсынов һəм Міржақып Дулатов мырзалар қазақ емлесінде ибтидаи үш жылдық мектеп кітаптарын жазып жатыр. Келер жазға даяр болар деп «Қазақ»-тың өткен нөмірінде жазылды. Енді қазақ емлесін қабыл еткен соң оның кітаптарын да қабыл ету тиіс екендігі өзінен-өзі мағлұм. Бұл сөз ибтидаи мектеп турасында. Егер онан жоғарғы мектептер бар екен, онда уақытша ноғайшадан оқытпай амал жок. Ұзын сөздің қысқасы: бүгін бізге бір емлені қабыл ету өте керек. Бұған ешкім қарсы келмес. Емле «Қазақ» емлесі болғаны артық. Дəлел жоғарыда айттық. Онан соң ибтидаи мектеп үшін мына шығайын деп жатқан кітаптарды қабыл етейік, өзіңнен кітап шыққан соң басқадан іздеп не азап? Бұл турадағы өз ойымыз осы. Енді басқа жолдастарымыздың ойын білгіміз келеді. Бұл мəселе жалғыз мұсылманша мұғалім, шəкірттер арасында ғана қалмасқа тиіс. Mінe, учительски школа һəм семинарияда оқып жүргендер иəки осы күні ушител болып тұрғандар да мұны ескерсе керек. Бəрібір олар да қазақ баласы оқытатын адамдар. Онан соң біздің жазушыларымыз да бір жолға түссе екен. Қазақ матбұғаты атаулыдан айналдырған бір газета, бір журналымыздың бет-бетімен жазулары тіпті келісімсіз көрінеді. «Көшбасшы ала болса, көш алаң» деген мақалды ескеріп екеуі бір жолға түсуін тілейміз. Медресе «Хұсейние»-де қазақ шəкірттері есімінен Хайреддин Болғанбаев
ІІ Емле хақында Əркімге де белгілі, біздің қазақ халқына ас-су қандай керек болса, бір жөнге салынған өрнекті емле де сондай керек. Ал енді қазаққа қандай емлені һəм кімнің шығарған емлесін қабыл етерге? Мұның хақында көзі ашық, терең ойлылар өз пікірлерін айтар. Біз өзіміз соңғы жылда шыққан Ахмет Байтұрсыновтың емлесін қабыл етеміз. ....школындағы қазақ балалары ІІІ Бауырлар! Өлген елді тірілткен, жығылған елді тұрғызған, тынысы біткен елге дем берген, ғұмырынша басқалардың аяғы астында езіліп жатқан елді кұлшылықтан құтқарып, басқалар қатарында өзінің елдігін жоғалтпай, дүниеде жасауға сүйреген бір нəрселер бар. Ол нəрселер: оқу һəм əр ұлттың өз əдебиеті. Үйдің орнықты салынуы үшін негіз қандай керек болса, əдебиетіміздің негізді жасалу үшін бір жөнге салынған дұрыс емле де сондай керек. Қазіргі уақытта жақсы-жаман болса да біздің де өз əдебиетіміздің басы құралып келеді, соның үшін емлемізді бір жөнге салуға тиіс. Біз өзіміз қазақ үшін Ахмет Байтұрсыновтың шығарған емлесін һəм сол емледе жазылған кітаптарды қабыл көреміз. Б.С.Қатпағай ІV Біз де қабыл етеміз Құдайға шүкір, қазақтың қамын ойлап, кемшілігін толтыруға, жақсылықты үйретіп, жамандықтан тыюға əр жерден түзу пікірлі азаматтар шығып жатыр. Өзіміз білмесек, білдіретін кісіміз жоқ болса, не қылар едік? Осы кезде қазақтың керегі көп, олардың арасында керегірегі ғылым һəм ғылымға құрал болған кітаптар. Бұл күнге шейін өз тілімізде ғылым құралдары жоқ еді, міне енді бұлар да бола бастады. Бола бастағандығы сол, қайсысын қабыл етеміз деп сұрап жатыр. Біз өзі түсінуімізше, таза қазақ тілінде шын мағынасымен төте жолмен тəртіп етілген Ахмет Байтұрсыновтың шығарған емлесін қабыл етеміз һəм осы жолмен жазылып жатқан А хмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың мұнан бұлай шығарған кітаптарын бірге қабыл етеміз, елге шығып мұғалім болғанымызда осы жолмен білгенімізше оқытуға тырысамыз. Орынборда 5-нші махалледе қырық шамалы қазақ шəкірттерінің өтініші бойынша: Жанғазы Жолаев, Əбуəллис Садықов, Аймұхамет Жанатаев
V Қалаған емлеміз «Қазақ» істі бастан бітіре барайын деп, жазуын қағидалы емле деп айтарлық дəрежеге жеткізді, соның үшін (Ғабдолла Шоқаевтың сұрауына жауап беріп) Қазандағы қазақ шəкірттері «Қазақ» емлесін қабыл еттік. Кенжеғали Ғабдуллин VІ Құрметті Ғабдолла Шоқайұлы! Сіздің 38-нші нөмір «Қазақ» газетасында қазақ шəкірттерінен оқу оқыту, қандай кітап, қандай емлені қабыл ету турасында пікірлерін сұрап жазған хатыңызды оқып көрдік. «Бойыңа қарап тоныңды піш» дегендей, аз ақылымызбен қысқа жауап береміз. Əр қайсымызға белгілі, біздің қазақ ішінде кейбір жерде ғана болмаса, бала оқыту реті Нұх пайғамбар заманынан бері келе жатқан десе де болады. Əкеміз «Əлібке кусни ‘ ан» деп оқыса, баласы «біз əбижид, һауздан» оза алмадық. Көресіз, айырмасы аз. Соңғы арада ноғайша əліппелер шықты. Мұны надан қазақ «ата, бата, ағаш, көмір ...» деген не өзі деп көп ұнатпайды. Екіүш жыл арасында басқа алифбилер болды. Бұлары да қазақ пайдасына көп аспады: маймылдың көзілдірік киемін дегені сияқты, надан моллалар кітапты бұлай аударды, олай аударды, қатарлап тізген қаріптен басқа еш нəрсе көре алмай, қызыл сандықтың түбіне салып жібереді. Бұл арада кітап шығарушыларда да айып бар: асын беріп, қасығын бермей. Енді не қыларымыз деп тұрғанда Ахмет Байтұрсынов бірнеше «Оқу құралы» деген кітаптар шығарды. Алдыңғы айтылым өткен əліппелердегі болған кем-кетік осы оқу құралдарында бітелген: бірінші, бұл кітаптар қазақтың жалпақ тілімен жазылған, сондықтан қазақ балалары тез түсінерлік оңай. Екінші, мүмкін қадыр бір қаріпке екінші қаріпті қосқан уақытта бір мағыналы сөз шығарылып жазылған. Үшінші, «Баяншы»деген кітап қосқан. Бұл кітапта «Оқу құралы»-мен қалай пайдалану, баланы қалай оқыту һəм жаздыру керек екендігі көрсетілген. Шу дегенде көпке бірдей жазу оңай емес. Сондықтан А.Б.-ның əліппесін ұнатпайтын да кісілер бар шығар, сонда да олардың қолдарында да осы жолмен оқытуға керек деп ұстап тұрған мінсіз кітаптары болуы қиын болар. Көп сөзден бір сөз, біздің ойымызша қолдағы оқу құралдарының тəуірі А.Б.-ның əліппесі, осымен балаларды оқыталық, ең болғанда қазақ өз тілін өзі түсінеді ғой. Мұнан кейінгі шыққан кітаптарды кезінде көрерміз. Ш. Б. Ішкі ордалық
VІІ Емле хақында Əдебиеті болмаған жұрт осы заманда жұрттан есептелмейді. Керек осы заманда, керек бұрынғы замандардағы халықтардың басқа жұрт қасында қадірлі, құрметті болулары, басқа жұрттардағы өрнек, үлгі болулары əдсбиеттері арқасында болады. Əдебиеті болмай өткен жұрттан қандай жақсы, қаншама қаһарман (ер), атақты болса да олардың тарихынан бір соңғыларын түк сыбаға ала алмайды. Бір жұрттың əдебиеті деп сол жұрттың ойлаған ойларын, көңілдеріндегі тілектерін, ұстаған жолдарын (идеал), жүріс-тұрыстарын басқаларға нақ солардың өздері қылып аңғартуларына айтылады. Бұларды аңғартуға матбұғат, жазу-сызу деген нəрсе қызмет қылады. Əдебиет – жан, матбұғат соның тəні. Бір халықтың əдебиеті қандай мол, кең болса да матбұғаты жоқ болса, ол жұрт мылқау жұрт болады. Мына біздің əдебиетіміз бұрынғы бабаларымыз заманасында да қандай бай, кең еді һəм бабаларымыз арасында білім мағарифқа қызмет қылған, дүниеге бас болған адамдар да болып өткен еді, бірақ олар заманында матбұғатымыз жоқ болғандықтан еңбектерінің бірі де білінбей қалды, болмаған сияқты болды. Анау күнгі əдебиеттерінің сақталып келгендігіне 400 жыл толғанына той қылған армяндар бізден саны аз халық еді. Біздің бабалар бастық құрып, кісі болып жүрген кездерде олардың бəлки аттары да жоқ еді. Неден олар олай ілгері кеткенде, біз бұлай қалғанбыз? Біз ерте туып кеш қалғанбыз, сондықтан. Енді өткен іске өкініш жоқ. Мұнан былай қарайық. (Былайғысы бар) Медресе «Ғалие» шəкірттері Емле хақында (басы 41-нші нөмірде) 2-3 жылдан бері біздің жұрт арасында да милли əдебиетімізді осы таза күйінше жоғалтпай сақтау керек деген ой туа бастап еді. Милли əдебиетімізге жарақты, оған тура келетін қару-жарақтар ішінде мұқтаж болғанымыз тілімізге жететін белгі – қарпіміз жоқ еді. Бұл кемшілігіміздің орнын толтырмағанда матбұғатымыз барлыққа шықпайды. Бұл турада Байтұрсынов Ахмет мырзадан басқа жігерлеп кіріскен кісі де жоқ еді. Қатынды бастан, баланы жастан. Басы оңбағанның, аяғы да оңбады деп əдебиетіміз-матбұғатымыз жас бала, оғанп қызмет қылатын белгілерімізді бастан түзетін, осындай кірісіп кетпей тұрған шағымызда бекітіп ал масақ, істің ортасына кіріп кеткен соң басқа ағайындарымыз сияқты батпақтан шыға алмай діңкеміз құрыр.
Mіне, сол ең керекті ісімізді қарауға жұртымыздың қолы жаңа тиген болса керек. 38-нші «Қазақ»-та Шоқаев осы туралы жұртқа сөз ашып, сауал қылған екен. Əрине бұған білімді азаматтарымыз түптен ойланып бір қарар, бір ынтымаққа келіп бітіруге керек. Енді осы оқу-жазуды түзетіп бірыңғай қылу турасында біздің тапқан ойымыз, кеңестеріміз мынау: Байтұрсынов Ахмет мырзаның шығарған алифби-оқу құралы дəріс кітабы қылып оқытуға əбден жарайтын келіскен деп білдік. Ол мырзаның түзетіп шығарған белгілерінен кейбіреулері біздің ойымызша артық, кейбіреулері кем болатын көрінеді. Бізше түзетілетін белгілер мынаулар: 1) Біздің тілде бір сөздің жуандық, жіңішкелігі сол сөздің ішіндегі дауысты белгілердің жуандық, жіңішкелігінен келгендіктен, жуандық иə жіңішкелік үшін айырым белгіге қажет жоқ. Соның үшін жіңішкелікке де кіші қылып алған « »ﻋкерек емес, артық. 2) Дауыссыз белгілер табиғаттарында жіңішке. 3) « »ﻭны жарты дауыстырақ (көмескі) һəм кəкінді қылып алдық. « »ﺑﺍﻭ (бау), «( »ﺗﺍﻭтау), «( »ﻗﻭﺭқор), «( »ﺁﺖﻗۇﺭқұр ат) дегендегідей. 4) «( »ﻭбасы үшкүл, үш қырлы) мұны «о» орнына аламыз. «( »ﺳﻭﺭсор (топырақ) дегендеріндегідей. 5) «( »ۇмұның басы үшкүл, үш қырлы, үстінде үтірі бар). Мұны «ө» орнына аламыз. «( »ﻛۇﺯкөз (көретін көз), «( »ﺳۇﺯсөз (сөйлейтін) дегендердегідей. Бұл екеуін бұ суретте алуымыз дауыстары « »ﻭмен « »ۇ дан басқа болғандықтан һəм басқа ағайын-бауырларымызда бұ дауыстар көп болмай, өзімізге хас (арнаулы) сияқты болған соң алдық. 6) « »ﺃ«( »ﺍүстіне « )»ﻋмұны арабтың « »ﺁорнына алдық. Бұл өз алдына жеке бір белгі. «( »ﺃﻥəн (күй), «( »ﺳﺃﻥсəн (зейнет), «( »ﺃﺭﻳﻧﻪəрине) дегендердегідей. 7) «« »چч» дауысындағы белгі, қазақ тілінде естілмейді. Мұны тастап дауысымызға лайық « »ﺵны алдық. Бұл белгі басқа ағайынбауырларымызда болса, мұның һəм « »ۋ« ,»ژлары емле үйреткенде басқа тілден кірген есебінде қылып алынар дедік. Қол қойдық: Ахметжан Күзембаев, Əбілғазы Иманбеков, Бекмұхаммет Хусейнов, Иса Тоқтарбеков, Шаһмардан Ғұмаров, Нұғман Манаев, Камаледдин Жайсақов, Ғаббас Ханафиев, Нұрхан Еленов, Хамза Ибраһимов, Маһарбан Ермектасов, Мырзахмет қожа Кланов, Зəкір Ғабдуллин, Мəннан Тұрғанбаев, Молдахмет Ержанов, Қақан Əбдулкəрімов, Хасан Ожаров Жазу жөндеу Жазу жөндеу мəселесі араб қарпін қолданған жұрттың көбінде-ақ қозғалып жатыр. Бұл мəселені Стамбұл түріктері де, Русиа түріктері
де осы күнде мықтап қолға алып жатыр. Оны қолға алдырып жатқан қазіргі жазу ісіндегі зор-зор кемшіліктер. Ол кемшіліктер əуелі араб қаріптерінін əр қайсысы əлденеше түрлі болғандығынан, мысалы, бас түрі, орта түрі, аяқ түрі, жеке түрі барлығынан. Екінші араб əліппесінде дауысты дыбыстардың арнаулы қаріптерінің жоқтығынан. Əp қаріптің бірнеше түрлі болуы қазірінде көп іске ауырлық келтіріп, зарары тиіп тұр. Əсіресе бұлай болуынан зарар шегіп тұрған екі іс: бірі – оқу ісі, екіншісі – матбұға ісі. Бұл екеуі де халықтың мəдениет жолында алға басуына себепкер болатын істердің бас дəрежелісі. Қаріп түрінің көптігінен оқу ісіне тиетін зарары сол: балалар бір қаріптің түрін танып, есіне сақтау орнына бірнеше түрін танып, есінде сақтамақшы. Бір нəрсені білуден бірнеше нəрсені білу əрине ауыр болмақшы. Матбұға ісіне тиетін зарары сол: бір қаріпті сатып алу орнына матбұғашы бірнешеуін аларға керек. Бір қаріпке төлейтін ақшадан бірнеше қаріпке төлейтін ақша əрине көп болмақшы. Олай болған соң матбұға қымбатқа түспекші. Екінші қаріп түрі көп болса, қаріп қоятын ұясы көп болады. Неғұрлым ұясы көп болса соғұрлым жиюы ауырламақшы, жию жұмысы шабан жүрмекші. Сөйтіп аз адаммен істейтін ісін көп адамға істетіп, аз уақытта істелетін істі көп уақытқа созып, матбұға ісін қымбатқа түсірмекші. Бастырған кітап, газета, журнал сияқты нəрселер матбұға қымбаттығынан қымбат басылып шықса, олардың жұртқа таралуы ауыр болмақшы. Осындай кемшіліктерін түзетіп, жазу ісін жөндеуге əркім талаптанып жатыр. Жалғыз-ақ ойлары бір жерге жиылып, ынтымаққа келіп, бата қылуына қалып тұр. Олардың жазу түзету турасындағы істерінің көшесі мынау: бір қаріптің бір-ақ түрі болсын дейді, яғни бас түрі, орта түрі, аяқ түрі, жеке түрі болмай, бұлардың біреуі-ақ алынсын дейді. Олай деудің мəнісі: осы күнгі қаріптердің қайсысының да болса түр негізі ескі қаріптерден алынған. Ескі қаріптердің бəрі де тіркеспей, жекежеке жазылған. Бұрынғы тасқа, қыш тақтайларға жазылған жазулардың қаріптерінің бəрі жеке-жеке. Тіркестірген жазу бергі замандарда шыққан. Оның шығуына себепкер болған матбұға жоқ замандарда кітаптардың қолмен жазылғандығы, кітаптарды шапшаң жазу үшін асығыс қаріптерді жалғастырып, тіркестіріп жазған. Сонан бірте-бірте тіркестіріп жазу дағдылы қалып болып кеткен. Кітапты бастыру амалы табылғанда Eвропа халықтары баспа қаріптерін жасау үшін жалғасқан, тіркескен қаріп түрін алмай, негізгі жеке түрін алған. Сондықтан олардың баспа қаріптерінің əр қайсысы бір-ақ түрлі. Араб баспа қаріптерін жасағанда, себебі неге екенін білмейміз, негізгі жеке түрін алмай, жалғасқан жазба түрін алған. Бұлай ету зор қате болған. Басында істелген қате осы күнге шейін түзетілмей келе жатыр. Eвpoпa халқы жоғарыда айтылған кемшіліктерін көре тұрып сол күйінде қалдырмай, ол қатені əлдеқашан түзетер еді. Азия халқының дағдылы соқпағынан бұрылып аяқ басуының ауырлығынан
сол қатені түзетуді жаңа ғана қолға алып жатыр. Түркияда «Ислах харф» жəмиғаты, Ысмағұл əпенді Хақыбек, Русиада Зəкір əпенді Рамиев, баспашы Харитонов Бабай һəм Ғабдолла əпенді Албаров бұлардың бəрі де баспа хəріптердің бас, орта, аяқ, жеке түрлері болмай бір-ақ түрлі болуын көздегенде, ойлап тапқандарын алифби етіп майданға шығарып отыр. Бұлардың ойлап тапқандарын қазірінде төртке бөлуге болады. Бірі парсы, араб қаріптерінің осы күнгі жеке түрін алмақ һəм баспа мен жазба екеуіне де жеке-жеке қоймақ. Бұлай болуды қолайлаушылар «Ислах харф» жəмиғатында, екіншілері бас һəм аяқ түрін ғана алмақ. Бұлар Түркияда «Танин» газетасына жақ адамдардан шыққан пікір. Үшіншілері жалғыз ғана бас түрін алмақ. Бұлай ойлаушы Албаров əпенді. Төртіншілері бас түрі, басқа түрі демей, қай баспаға қолайлы, келістісін алмақ. Олардың түрлерін өзгертіңкіреп сұлуламақ. Мұны шығарып отырған Рамиев əпенді мен Харитонов Бабай. Бұл екеуінің ойлары баспа турасында бір деуге болады: қаріптерінің арасында айырмасы аз, жазу қаріптерінің келгенде екеуінің арасы алыс. Рамиев əпенді жазба осы күнгі қалпында қалсын дейді. Харитонов баспа қаріптердің өзгерген түріне қарай жазба да өзгерілсін дейді. Оның жазба қаріптері араб қаріптеріне тіпті ұқсамайды, теріс қаратып қойған латын қаріптсріне ұқсайды. Осы айтылған төрт пікірдің қайсысы алынары қазір белгісіз. Жақын арада Стамбұлда «Жəмиғат Хейрие Исламие» залында Əбдулғазиз Шауыш əпенді бас болып қаріп жөндеу, емле түзету мəселесі турасында кеңес құрған. Ол кеңесте түрік, араб, иран жазулары – бəрі де дыбыс бойынша жазылатын болсын деп бата қылысқан. Əбдулғазиз əпенді «Дар эл-фунун» ашу жайын кеңеспекке Мединеге кетіп, сонан қайтқан соң жазу түзету жұмысын қолға алып, тірілтпекші болған. Осылардың бəрі де жазудың түзетіп жөнге салуға мезгіл жеткенін көрсетеді. Тіршілік ісі жарысқа айналған заман. Уақыт қымбат. Кешіккен кейін қала бермекші. Шапшаң істерлік іс шабан істелсе, ол қып-қызыл залал. Оңайлықпен үйретерлік нəрсені қиындықпен үйрету балаларға обал. Араб алифбиінің кемшілігінен матбұға ісінде шабандық, оқу ісінде ауырлық, емле ісінде тəртіпсіздік. Осы кемшіліктерді жою үшін əр жерде-ақ жол қарастырып, іздеп жатыр. Біздің де емле түзету ісіміз сол жұмыстардың бір тарауы. Басқа түрік балаларының қаріп һəм емле түзету ісіне қарасақ, олардың бізден, біздің олардан айырылатын жерлеріміз бар. Біздегі бар дыбыс оларда жоқ, оларда бар дыбыс бізде жоқ көрінеді. Біздегі бар сөздердің түрлері оларда жоқ, оларда бар түрлері бізде жоқ. Сондықтан біз қазақ тілін тастап басқа түрік тілдерінің біріне қосыламыз демесек, айырық жерде айырыла, бірдей жерде біріге іс ету тиіс. Солай ету қазақ тіліне керек жұмыстарда да боларға тиіс. Тіліміздегі харакаттар болсын, сөздің түрлері болсын басқаларда бар болса, солармен бірдей жаза білуі тиіс.
Олардан басқа болса, басқа жазылуы тиіс. Бірақ айырылымы аз жерлерді айырысы жоққа есеп етерге керек. Қазіргі жазу жұмысы екіге бөлініп тұр: бірі баспа қаріптерді түзету, екіншісі сөзді дыбыс басына қаріп қойып жазу, баспа қаріптердің жоғарғы айтылған түрлерінің түйінінде қолайлаған біреуін алар. Бұл іс барша араб алифбиін тұтынған халықтармен бірге көретін іс. Қазақ тіліндегі дыбыстарға керек қаріптерді алып, қазақ жазуының емлесін жөндеп тəртіпке салу, ол өзіміз істейтін жұмыс. Біз қазақ тіліне араб алифбиінде бар қаріптерден басбасына қаріп арнап алып, сол қаріптермен қазақ сөздерін еш кемшіліксіз жазып отырмыз. Араб қаріптері қазақ тіліндегі дыбыстарға жетпеген жерлерін, яғни, қаріппен толықтыруға болмайтын жерлерін, жаңа қаріп алсақ жұрт жатырқар деп, қағидамен толықтырдық. Қазақ сөзін жазуға кемшілігі жок, осы жарайды деп тұрмыз. Мұнан да гөрі, қаріп көбейтпей, оңайырақ жолын тапқан адамдардың айтқанын қабыл етуге даярмыз. Бірақ қиындату жағына баспаймыз. Бізден басқа түріктер де дыбыс басына қаріп жазуға түсейін деп жатыр. Хасан Əли əпендінің «Мұғалім» журналы осы жөнде жұмыс бастап жатыр. Түркия, Иран, Араб баршасы да дыбыс басына қаріп қойып жазуды ұнатқанын жоғарыда айтып өттік. Биыл жаз «Шура» журналы да бұл туралы анкета (сұрау)мен жұрттың пікірін байқап еді, көбі дыбыс жазуды түрік тіліне қабылдап, араб сөздеріне ғана қабылдамап еді. Олай болса араб пен түрік сөзін айыра білу əркімнің қолынан келмейді деп қойып еді. Енді арабтар дыбыс жазуын қабыл етсе, біздің ноғай ағайындар да қабыл етер деп ойлаймыз. Исмағұл əпенді Гаспиринский бұ жолда да ноғай қарындастарымызға басшылық қылатын көрінеді: «Тəржіман» газетасын оқитын адамдар байқайтын шығар, Исмағұл əпенді дауысты емлені қолдана бастағанын. Бұ жоғарыда жазылғаннан көрінеді: дыбыс жазуын қолайлап, тұтынуға түскен жалғыз біз емес, басқалар да қолайлап, соған түсейін деп жатыр. Əр қайсысы өз тілінде бар дыбысқа араб қаріптерінен қаріп арнамақшы. Біздің қазақ тіліне арнаған қаріптеріміз «Қазақ» газетасы мен «Оқу құралы» кітаптардағы. Ендігі жұмыс соның кемшілігі болса көрсетіп, түзету. Түзеткенде ауырлық жағына емес, жеңілдік жағына түзету. Емле хақында «Қазақ» емлесін қабыл еткендіктерін білдіріп хат жазушылар: Торғайдан Файзолла Сатыбалды Ишанұлы, мұғалімдерден Тəшен Қиямбеков. Зəкір Ғайсин, Мейрам Асхақов. Шаһмардан Ибраһимов. Садық Абыланов, шəкірттерден Мырза Ахмет Қожақұланов, Мұртаза һəм Рахымжан Бексейіт балалары. Павлодардан Қасым қажы медресесіндегі қазақ шəкірттері һəм Астрахан медресесіндегі қазақ шəкірттері.
Емле турасында XІ Бұл заманда оқу, оқыту жылдан жыл таррақи етіп, мақсұты ілгері жүру. Əр жұрт та аяғын кере-кере аттап кетіп барады. Əр жұрт өз тілін, өз емлесін қатарға қосып, өз əдебиетін ілгері жіберуде, ол əдебиеттің ілгері басуы тілдің байлығында. Жалғыз тілдің бай болуы ғана жетпейді, байлығын майданға салып көрсету керек болады. Біздің қазақ халқы тілі бай, əдебиеті мол болса да, өзіне арнаулы емле, балаларын тəрбие етерлік жөні түзу əліппе майданға шыққаны жоқ еді. Замананың түрткілеп оятуына да оянушылар аз еді. Ұйқысы сергек Ахмет Байтұрсынов неше жылдан бері ойлап, сынап, жаңа емлемен жазған алифбаны бір жылдан бері майданға қоя бастады. Емле турасында медресе Ғалиедегі қазақ шəкірттерінің пікірін білейін деп ойлаған еді. Медреседе қырықтан аса қазақ шəкірттері бар еді, кейбіреулер қабыл етуді қолдап, кейбіреулері бұл емле жəне алифба мəселесі жеңіл іс емес, біраз мекеме қылып тексеріп қарайық, не үшін десеңіз заманамызға ұнаулы болып дауам ететін бір іс, ол істің негізді боларлық түрі бар ма, жоқ па? Анықтап көз салу керек, қолдануға лайықты тапсақ, қабыл қылармыз. Кем жері болса, көрсетерміз деген ойда болып қабыл етуге кезінде мойындап жауап бермеген еді. Екі айға жақын талқыға салып, ойлап сынағанның соңында қабыл етуді ұнамды таптық. Бұл Ахмет Байтұрсынов əліппесінде кем жері болса болар. Ондай жерлерін тəжірибе иесі елде мұғалім болған шəкірттер өздері бір хатпен жазушыға білдіруге мүмкін. Лайық болған жерде пікірден шығып кетпес. Не үшін десеңіз шəкірттеріміз де, жазушыларымыз да əр қайсысы ұлт балаларына оқу ісінде ауырлық келтіру, қиын жолға бастау ниетінде емес, бəлки жеңілдік, оңайлату жағында. Аз-маз кем жері болса да, қабыл қылу керек. «Қос жүре түзеледі» деген, бастауында кемдік, қысқалық болса да, жүре жөндігіп кетер. Бірен-саран болса да жолбасшыларымыз көріне бастады. Əр жерде оқып жүрген азаматтарымыз да бар. Мұнан он жыл бұрынғы шағымыз бен соңғы 4-5 жылды салыстырып қарасақ, арасында көп өзгерістер бар. Бұрын ноғай медреселерінде қазақ шəкірттері жоқ есебінде аз еді, соңғы жылдарда бірте-бірте көбейіп оқу жолына кірісіп жатыр. Жақсы оқып шығып, ұлтына қызмет жолына бел байлап түскендері бар. Сондай талапты азаматтарымыз ұлт баласына қызмет еткелі ниет қылып оқу құралына ділгір болып шыққанында жоғын-керегін даярлап қойған Ахмет мырза Байтұрсыновтың оқу құралын қолданып, тəлім жолына кірісуін тілейміз. Кейбір ұнатпағандар да болар. Бізге əліп, би, ти, си, яки мұғалім əуелі, мұғалім саны жетпей ме деп, үстінен қарағанда жетерлік болса да, терең ойлап қарағанда ұнамсыз талай жерлері бар деп білеміз. Бірнеше милион қазақ халқы өзімізге белгілі тілде жазылған балаларды тəрбие қыларлық
əліппе, емле, сарф, тарих, хисаб, жағрафия секілді өз тілімізде жазылған кітаптың жоқтығы еді. Өздеріміз кемшілік не дəрежеде екендігі ап-ашық көрініп тұр. «Көп жоқтаса, жоқ табылады» деген секілді қазақ ішіне шыққан азаматтар балаларды бір ізбен тəрбие етуге сіздер борыштысыз. Қабыл етуге риза болып қол қойған шəкірттер медресе Ғалиеде. Сəдуақас Жандосов, Ысхақ Заһиров, Абушахме Боқаев, Абдалхамит Молдағалиев, Абдолла Толбаев, Хайралла Ибрахимов, Закир Сералин, Ахмет Маметов, Ерғали Бейсов, Софалла Ғабдолғазизов, Исмаил Тұрсынов, Тажəли Жұмалиев. «Қазақ»: Бұры н «Қазақ» емлесін қабыл еттік деп жазған медресе Ғалиедегі қазақ шəкірттерінің бұлардан басқа жартысы еді. Орысша оқушылар 5-інші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге емтихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қақында əм степендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары ауқаты көтерсе өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пəтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді, иə жылына 150 сом төлеп, школдан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнын беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медреседе оқып жүрген балалардан зерек-зерек балаларды таңдап алып, мұсылманша болсын оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский школға кірді. Бұрын «Медресе Ғалиада» оқып, былтырдан берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа иə семинарияға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школға емтиқан еріп кірді. Жоғарыда айтылған алты бос орынның үшеуі қазаққа, үшеуі орысқа екен. Маманов талапкер қазынадан тиісті орнын емтиқаннан 5-інші болып келген бір жарлы баласына беріп, өзі Мамановтардан алатын ақшасының 150 сомын төлеп, школада жатып оқитын болды. Сөйтіп, биыл қазақтан келген қырық баланың төртеуі-ақ
кірді, басқалары өз күшімен оқуға ауқаты жоқ болған соң, қазына орыны жетпеген соң еліне қайтты. Жылда учительский школаға 40-50 бала келеді, төртеу-бесеуі, яғни оннан бірі кіріп, басқалары оқуға (қаржы) таба алмай, еліне қайтады. Бұлар городской, губернский класты, селский школа бітіргендер. Олар оқырлық орындар шамалы; учительский школаға, семинария, адам фелдшері иə мал фелдшерінің школалары. Торғай мен Орал облысында фелдшерлік школалар жоқ. Семинарияларда қазақ степендиясы иə тіпті жоқ, иə бар болса аз, жоқ есебінде. Киргизский учительский школада қазына орны 60, оның жартысы қазаққа, жартысы орысқа деп, ол жағынан да үлкен ауыл үлкендігін қылатын көрінеді. Торғай мен Орал облысының қазағы дендеп, көбірек оқитын орны киргизский школа, бұған кіре алмай қайтқаны оқи алмай қалғаны. Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шала-шарпы мұсылманша қат біледі, білмегендерінде ол да жоқ. Переуотшик, қатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі. Санасаңылау түскендей иə мұсылманша, иə орысша жете оқыған жоқ: «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переуотшик иə қатшы болса, пысықсып тікектейтіндер осылардан шығады. Жоғары əм орта оқулыларымыз аз болса да, шолақ оқулыларымыз тəуір бар. Ең аз болса əр облыстан шолақ оқумен қалатын қазақ баласы 50-60 болады. Бұлардың қызметке кіргендері қазаққа епсінумен болады, үйіне тұрғанының оқығанынан жұрнақ қалмайды. «Асыл тастан, өнер жастан» деуші еді, шырақ ұстап, жұрт алдына түсіп, түзу жолға бастайтын адамдар шығар деп, үміт ететін жастарымыздың жайы осы. Орысша оқығандарымыз дейтіні шолақ оқулылар болса, оларға өкпе жүрер ме? Егерде оқығандарымыз деп жоғары иə орта оқуларды айтса, олар тіпті аз-ақ есепте емес пе? Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Үлкен үй салуға да қанша жұмысшы керек, жеті облыс қазақтың жұмысы үй жұмысынан ұлығырақ емес пе? Жұмысшы аз болса, жұмыстың өнімі де аз, көп болмақшы. Егер де оқу іздеген талапкерлеріміздің қырықтан төртеуі ғана оқырлық орын тауып, басқалары қаңғырып далада қалып отырса, жұрт жұмысшысы көбейіп мандыр ма, жұмысшы көбеймесе, жұрт жұмысы ілгері басып өнер ме? Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе? Бұ да сол сияқты емес пе? Сол қаңғырып қалып тұрған балалар ұлттың ұлы емес пе? Балам деген жұрт болмаса, жұртым деген бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштармын деп жүрген қазақ баласы жоқ. Баққан қазына, қазынаға борыштармыз деп жүр. Жастарды оқыту расходынан қашып, қазынаға борышты қылып қойса, жастарда не жазық бар? Баланы ұлша тəрбиелесең ұл болмақшы,
құлша тəрбиелесең құл болмақшы. Айып...? Егерде осы күнгі орысша, оқығандардың арасында жұртым... шығып жатса, жұрттың өткізген ... төлеу үшін емес, адамшылық о... басынан атқару үшін. Мойындағы борышты білу білімі ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі басқа нəрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбейуі ықтимал. Жоғарыдағы айтылған сөздердің ақтығы мынау: əуелі, қазақ, жұртшылық етіп оқимын деген жастарыңды бүйтіп қаңғыртып қоймас үшін, қам қылыңдар! Ол үшін əм жердегі оқитын орындарда көбірек стипендия ашу керек, оны ашу қиын да емес, қымбат та емес. Баланы оқыту атаанасына ауыр болғанмен, жұртқа жеңіл. Екінші, стипендияларды түрлі школдарда ашу керек. Қандай школдарда, қанша степендия ашу əм... Мұсылман сиезі Мұсылман сиезі қараған закон жобасында жазылған екен, рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта... Абай, Шəкəрім, Міржақып, Мағжандай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады. (Бұл жоғарыда жазылған ақын сөздері сиезде сөйленген жоқ). Біздің қазақ осы тілін тастап татарға мінгескені адасқандық болар, біз – қазақ, татар тіліне шорқақпыз, татар тілі деген тіл тағы біреу емес. Кавказ, Қырым аулындағы татарды Қазан татарымен сөйлестірсе, бірінбірі ұға ма, жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы һəр облыста һəр жұрттың өз тілімен жазылсын дедік Жаһаншаһ екеуіміз. Қағаз тілі бір болса, мұсылман бірігуіне жақсы, законда татар тілі болсын деп көріне сөйлеген хазірет Хасан ғата, өзге хазіреттер де Хасан ғата пікірін қабылдайтын көрінді. Бахытжан ағамыз қазақта тіл жоқ деді. Көп таластан кейін сиез рухани мекеме қағазы «татар-түрік» тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылсын деп қарыса алмадық, бүктемеде қалатын болған соң. Жығылатын болған соң, «түрік» дегеннің ішіне кірдік қой деп тоқтадық. Түбінде біздің қазақ тілі, бізбен тіл тұқымы бір, өзге мұсылманды байытпаса, бір-бірімізге қоңсы қонбаймыз ғой. Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бəйгесін алар: Абай, Ахмет, Мир Якуп, Шаһкерім, Тарғыннан һəм өзгелерден бұл көрініп тұр ғой.
Закон жобасында жазылған екен, əйел 13 ке толса некеге шарт болсын деп. Талғат, доктор Құсайынбек Ағаев 13 жаста адам баласы өсіп жетілмейді, бала көтеруге жарамайды, 13 жасар қыздың күйеуге тиюі үлкен зиян, 13 жаста ақылда тола ма, 13-тегі бала не шаруа басқарады, законда неке шарты 16 жас болсын деді. Талғат һəм Құсайынбекпен ақсақал хазіреттер көп тартысты, 13 жас шариғатқа дұрыс, 16 болса шариғат бұзылады деп. Депутат Жағыпаров айтты: Кавказда əйел баланы бөрікпен ұрып, жығылмаса, неке қиып алады, бұл да шариғат болғаны ма? Ақырында Ғұмыр құдіреті хазіреттері бүктеп, законда неке шартына əйел жасы 16, ер жасы 18 болып жазылды. Муфтиге қандай өнерлі кісі лайық деп сөз болғанда, муфти орнына сайлау шарты мынау болсын: дін туралы кітап жазып, кітабын сынға салып, бəйге алған кісі ғана сайлансын, мына Европа университетінің ғұламасының жолы сияқты деп едім. Маған жалғыз Мосы əпенді қосылды. Біз бүктемеде қалдық. Сералы Лапин рухани кісілер атқаратын билік туралы сиез алдында закон жобасын таратқан еді, бұл жоба бүктемеде қалғандай болып, закон жобасын қарайтын кісілер қолына тапсырады. Сералы закон жобасын мында жазуға уақытша қалам мүжіліп тұр. Жиһанша біздің мұсылман рухани істері ішкі министрден тысқары, суд министрі икемінде болсын деп еді , бұ да бүктемеде қалды. Əлихан Қазақша оқу жайынан Қазақ ішінде əр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға програмы (жосық) көрсетілсе екен деген өтініштер келеді. Бұл күнде қазақ арасындағы оқу жосықсыз һəм жосық жасауға болмайды да. Өйткені қазақтың бастауыш мектебінде оқитын кітаптар белгіленбек түгіл, əлі шыққан да жоқ. Жаңа ғана əліппе шыға бастады. Оның да қайсысы оқылары белгіленген жоқ. Əліппеден əрі оқытатын кітаптар əлі шыққан жок. Дін жайынан оқытатын, есеп оқытатын, жағрафия һəм тарихтан қысқалап хабар беретін кітаптар əлі жоқ. Сондықтан програм деген сөз əзір ертерек. Əуелі бала оқытатын кітаптарымызды түзеп, сайлап алып, сонан соң неден бастап, неге шейін оқытатынымызға жосық белгілеуге дұрыс. Бұл сөзді қоя тұрып, мұнан бұрынырақ ескеретін бір жұмыс бар. Ол мынау: бір нəрсені істегенде сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес, ми ісіне де солай. Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білерге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам əуелі балаларға үйрететін
нəрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тəнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халынен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ... керек. Бұл күнгі ғылымды жұрттарда бала оқыту жұмысы бала оқыту ғылымын оқуға шыққан адамдардың қолында. Сол ақылға да дұрыс. Содия содиялық ғылымды оқығаннан болғанда, доқтыр доқтырлық ғылым оқығаннан болғанда, мұғалім мұғалімдік ғылымын оқып шыққан адамдардан болуы тиісті. Біз болысымыз, басқа жұрттың болысындай, елді баға алмайтын мінін айтып жатырмыз, билерімізде содиядай əділдік жоқ, мінін айтып жатырмыз, дəрігерлеріміз, бақсыларымыз доқтырдай ауруды емдей алмайтын мінін айтып жатырмыз, халқымыздың басқа жұрттай білімді емес, надандық мінін де айтып жатырмыз. Бұлардың мінін айтқанда бала оқытуымызда қандай мін барын да айтып, əуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десек, болыстық та, билік те халықтық та – оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бүл күндегі үлкендердің біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастарымыздың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тəрбиеленуі бəрінен бұрын ескеріліп, бəрінен жоғары қойылатын жұмыс. Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школада: қазақ балаларының бір парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан оқып жүр, бір парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша оқығандарды оқыту һəм тəрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында. Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, қозғамаймын. Бүгін бар, ертең жоқ болатын нəрсе. Дүния тегеріші кейін айналмайды. Ескі мен жаңаның (оқытуға) шыдамдылығы бірдей емес. Ескі əлі-ақ тозып, жыртылып, пара-пара болып, тұтынудан шығады. Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті – жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-таянғанын жұртынан аяп қалатын емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық адамдар. Əр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қалыпта тұрғанынан бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар. Бұлардың бір кемшілігі сол: бала оқыту ғылымын оқығандары ішінде кем болады. Сондықтан көбіне бала оқытуында кемшіліктері – қазақ
мұғалімдері түгіл, ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру жағына шорқақ көрінеді. Дыбысты жақсы білмей, усул сотие жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Менің көрген медресе «Ғалия», медресе «Хұсиниядан» шыққандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша һəм қандай дыбыстар бар екенін жақсы білмейді, көбі қазақ тіліндегі дыбысты араб харыфына қарап есептейді. Араб харыфы дұрыс келмейтін дыбыс қазақ тілінде де бар болса да, жоққа санайды. Қазақ тіліндегі дыбысты жақсылап білмей, қазақ балаларын усул сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды. Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын көрінеді. Ол дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы. Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге қиын емес. Қазақ тіліндегі дыбысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды айырып байқаумен білуге болады. Дыбыспен жаттықтыруды олай оқыта білетін адамдардың оқытқанда істеген ісінен көріп үйренуге болады я білетін адамдардан 10-15 күн сабақ алып үйренуге болады. Бұлардың бəрі де балаларды қинамай оңай оқытуға керек нəрселер. Қиналмай оқыса, оқуға балалар қызықпақшы, балалары тез хат білсе, ата-аналары балаларын оқытуға ықыластанбақшы. Ата-анасы баласын оқытуға ықыластанса, оның оқуына керек расходты шығынсынбас еді. Сөйтіп, мұғалім жақсы оқыта білгені қазақ ішіндегі оқушыларды көбейтіп, оқу ісінің шапшаңырақ ілгері басуына күш берер еді. Бастауыш мектеп Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петерборда болатын мұсылман кеңесінде мектеп мəселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы. Осы кезде қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері оқуды ауылдағы мектептен бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды, Солай болған соң, қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз. Қазақ бастауыш мектебі қандай болу керек деген мəселені шешерден бұрын, осы күнгі тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебіне түрлі болу жайын сөйлеу тиіс. Əуелі ауыл мектебінен басталық. Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз. Сонда да қазақша қат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары.
Осы күнгі тек қат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал, кітап шығарып жатқандарымыздың бəрі де сондай мектептен оқып, қат танып, жазу үйреніп шыққандар. Мұнан көрінеді: осы күнгі мектептер осыншама жайсыз, күйсіз қалыбында қалық арасына оқу, жазуды мұжықтар арасынан гөрі көбірек жайып атқаны, бұл мектептің халыққа жақындығы, балалар білімді ана тілімен үйренгендігі. Алайық енді орыс школаларын. Қазақ арасындағы орыс школалары ауылнай, болосной екі класты школалар. Бұлардан бітіргендер ілгері оқымаса, онда жоқ болып, шала оқумен қалады. Елде бір-екі жыл тұрса, оқығанның көбінен айырылып, оқымағандармен бірдей болып, оқыған еңбек бос кеткен есебінде қалады. Бұл күнде екі класты школа бітіргендерден ауылнай учитель, писарь болып жүргендері бар екені рас, бірақ бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бəріне тегіс керек ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда қат білмеген адамның күйі тіл иə құлағы, иə қолы, жоқ адамның күйімен бірдей; мұнан былай қат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар писарь, учитель, фелдьшер, адуокат, содиа, инженер, агроном болар демей, ең əуелі, қазақша толық қат білетін дəрежеде болуын көздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім əрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт əдебиеті мен мəтбуғатының мүлкін пайдаланарлық даражалы біліммен қалсын. Əр оқимын деген қалде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілтерлік демеу əм негіз болуға жарасын. Жоғарыда айтылған қазақ ішіндегі осы күнгі екі түрлі бастауыш мектептің екеуі де көңілдегі мектептердің түрінен табылмайтын мектептер. Бірінде оқуға керек құрал жоқ, тəртіп жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ. Халық оқуды керек қылғандықтан, жаман да болса, «жоғынан бары артық» дегенмен істеліп отырған іс. Екіншісінде, яғни, орысша школаларда тəртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар бəрі де бар. Бірақ, сонысына қарай пайдасы аз. Олардың пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нəрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бəрін бүлдіріп отырған. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ тұтынып отырған араб əрпін тастатып, орыс əрпін алдырамыз дейді. Сол үшін əуелі, балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, орыс əрпімен оқысын дейді. Соның үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс əрпі басылған кітаптардан бастап оқытып, əрірек барған соң, кілең орысшаға түспек керек дейді. Бұлар еппен қайырмалаушылардың жолы. Біреулері еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді.
Өткен жыл 14-ші ийуінде патша жарлығы бойынша шыққан прауилада Ресейдегі бөтен текті жұрттардың мектебінде бастапқы екі жыл ана тілінде оқылсын деген. Ол прауилаға Оқу министрі қол қойған. Оның бер жағында Қазақ округінде бір инспектор попетшителге жазған: учительдер шуваш балаларын шубаш əліппесімен оқытпай, бірден орыс əліппесімен оқытқанды оңай көреді деп. Оны попечител министрге жеткізген. Министр енді жазып отыр: шубаш мектебінде орыс əліппесінен бастап оқытқанды бек ұнаттым, бек келісті іс екен – деп. Сүйтіп, шубаш балаларын шубаш тілімен əм шубаш əліппесімен оқытпай, бірден орыс тілімен, орыс əліппесімен оқытуға министр батасын беріп отыр. Бастапқы екі жылда ана тілімен оқытуға тиіс деген прауилаға қол қоюшы да министр, онан кейін ана тілімен оқытпай, бірден орыс тілімен оқытуды ұнатушы да министр. Бұл екі қағаздың қайсысы іске асып, қолдануда болмақшы? Қайсысы хүкіметке жағымды болса, сонысы іске аспақшы. Хүкіметке жағымдысы қол астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астында түрлі тілді, түрлі дінді, түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бəрі тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық ұнамды іс болмас. Сондықтан 14ші ийіунде министр қол қойған прауиланы 16-нші ноябрьде министрдің жазған қағазы жеңбекші. Ондай прауилалар іске аспай қалу үшін, бір миссионер инспектор жазса, болғаны: өз əліппесімен, ана тілімен оқытып отырсақ, қай уақытта жазу-сызу, тілі жоғалды? Тегі, бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызуларынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, бірден орыс тілімен оқыту керек – деп. Бастапқы кезде ана тілімен оқыту тиіс деген сөз 1906-нші жылғы 31-нші март прауиласында бар еді. Осы күнге шейін ауылнай, болосной екі класты бастауыш мектептерде қазақ əліппесімен қазақша басталып оқылғаны еш жерде естілмейді. Себебі не? Прауила бойынша қазақ тілі мен қазақ əрпінен бастап оқыт деген отырған балалардың ата-анасы жоқ. Халықтың өз тілімен, өз əрпімен оқығанын əкімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілмен, ұлт əрпінен бастап оқытамыз дей қоймайды. Сөйтіп прауила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бəрі де хүкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған істер. Бастауыш мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, қалық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бəрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, əр қалыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң, бастауыш мектеп, əуелі, миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек. Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деген құр əурешілік. Қазақты дінінен айыруға болмаса, жазуынан да айыру болмайтын жұмыс. Араб əрпі ислам дінімен бірге келіп, қазаққа орнаған. Дінмен байласқан жазу
дін жоғалмай, жоғалмайды. Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылданжылға ілгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас. Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауы мектеп екі жаққа да зиансыз, пайдалы болуын көздеу. Солай ойлағанда, көңілге ұнамды мектептің түрі, біздің ойымызша, мынау: Бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін 5 жылдық боларға. Əуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу. Мұжық жөнімен қала болған қазақтар бар, қазақ ретімен қала болатын қазақтар да болар. Қыстаулары жиын қазақтар да бар, қыстаулары сирек қазақтар да бар. Солардың бəріне бастауыш мектеп қолайлы болуға тиіс. Бəрінің де оқиын деген балалары, мектеп жағынан қолайсыздық болып, оқи алмай қалатын болмасқа тиіс. Сондықтан, əуелі, қазақ бастауыш мектебі екіге бөлінерге: Келіп оқитын, жатып оқитын мектептер. Келіп оқитын мектептер қала болған, яғни қыстауы жиын жерлерде болу, жатып оқитын мектептер əлі сирек отырған жерлерде болу. Екінші, қыр мектебі əм қала мектебі болып бөлінерге. Қыр мектебі – ауыл мектебі, болос мектебі болып, о да екіге бөлінерге, ауыл мектебінде кілең қазақ тілінен оқылатын үш жыл оқу оқыларға, қалғаны кілең орысша оқылатын екі жыл болос мектебінде оқыларға (тиіс). Болос мектебіне ауыл мектебінде бітіргендер алынарға (тиіс). Қала мектебі қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық, бес жылдық оқулы боларға (тиіс). Жатып оқитын ауыл мектебі мен болос мектептеріне келіп оқи алмайтын балаларды ғана жатып оқитын есепке алуға (тиіс). Бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нəрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тариқы, есеп, жағырапия, шаруа-кəсіп, жаратылыс жайы. Бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылында үйретілетін білім гимназиясының яки реальный мектептердің төменгі кластарына кірерлік болу тиіс. Бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан əрі мұсылманша иə орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды. Ахмет Байтұрсынов Ішкі хабарлар: Шала қазақ Жетісу облысының үлкен қаласы Алматыда саудамен тұрып қалған 5 жүз үй шамалы əр рудан қазақ бар. Бұлардың ішінде мешандықша жазылғандары да бар, олар 3-4 үйден артпайды. Көбі қалада тұрғанмен, болыстары қырда. Көбірегі мал саудасын қылады, зор магазин ашып, қызыл малмен сауда қылатындары да бар. Бұлардың түп атасынан бері
қазақ болып келгендері де һəм ноғай, сарт, қашқарлық, тараншылармен қыз алысып араласқандары да бар. Сондықтан көбінесе бұларды «шала қазақ» дейді. Шала қазақ жалғыз Алматы емес, Жетісудың əр қаласында бар. Өздерінің ептілігі, тəуекелшілігімен қайда жүрсе де бір сауда табады, қарап жүрмей бір кəсіпке кіреді, төрт түлік мал болмаса, аштан өлемін демейді. Алматыда шала қазақтардың жеке мешіті бар. Қанша жыл сартқа араласып сіңіп кеткен шала қазақпен сөйлесе кетсең, қазақ қаны барлығы тілінен беп-белгілі болып тұрады. Үй тəрбиесі де кең, қонағасыға да тəуір. Қыр кісісін көргенде тарылып, жиырылып отырмайды. Сыртқы қазақ, қырғызға қарағанда бұлар тіршілік тартысына ерте көндіккен. Алматыда тəртіпті «Мектеп Ысхаки»-да жəне қыздар мектебінде шала қазақтар балаларын көп оқытады. Сарт ағайынша «Ноғай орыстың укасы» деп тұрмайды. Бірақ орыс школдарына қарауы төмен. Өздері қала ішінде тұрып, городской гимназия, семинарияда оқиды дерлік балалары жоқ. Шала қазақ боз балалары орыс, ноғайды еліктеймін деп, тентек суға үйір болып бара жатқандай түрі бар. Бұл жаман ғадетке тым-ақ салынып барады. Қалаға араласқан дала қазағы да бұлардан қалысатын көрінбейді. Шала қазақ жастарының еңбегі, талабы, пысықтығы осындай жамандық жағына ауыспай, өнер-білімге, адамшылыққа ұмтылса теріс болмас еді, бірақ əлгілерін көріп тұрғанда көңілің қайтып, үмітің кемиді. Нұраддин Моллағазин Мектеп керектері Өткен нөмірде қазаққа қандай бастауыш мектептер керегін жазып едік, енді ол мектептерге не керек, сол жайынан жазбақшымыз. Қазақ балаларына ана тілінде төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту жайын жақсы білетін мұғалімдер үш жыл оқытқанда бірталай білім үйретуге болады. Ана тілінде жазылған кітаптар, газеталар, журналдар о ғайри ана тіліндегі жазу-сызу бастауыш мектептен шыққандардың мүлкінде болады, яғни олардың бəрінен де пайдалануға қолынан келетін болады. Біздің қазіргі ел ішіндегі мектептерімізде жоғарғы айтылған шарттардың біреуі-ақ бар, ол бар дегеніміз ана тілімен оқыту. Басқа шарттары орнына келмеген соң, үйренерлік білімнің көбін білмей, балалар азын ғана біліп шығады. Бізде қазірде төте оқу жолымен оқыта білетін педагогика, методикадан хабардар мұғалімдеріміз жоқ қасында. Бастауыш мектепте керек құралдарымыз сайлы емес. Кесіп-пішкен программа жоқ. Сондықтан қазаққа қандай мектеп керектігі сөйлегенде, ол мектепке не керек екендігін де айту тиіс. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы, яғни мұғалім
білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білімді біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һəм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді һəм құрал қандай болса, істеген іс те сондай болмақшы. Істің толық жақсы болуына құралдар сайлы һəм жақсы болуы шарт. Үшінші, мектепке керегі белгіленген программа. Əр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек. Үлгісіз мерзімді өлшеусіз істеген іс олпы-солпы я артық, я кем шықпақшы. Керексіз нəрселерді үйретіп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін, үйретілген тиісті білімді кем үйретпес үшін, балалардың күші жетпейтін өте алысқа сүйреп кетпес үшін бастауыш мектепке үйрететін нəрселердің кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа болып аталады. Өткен нөмірде біз айтып өттік, қазақ үшін орыс школдарының мұғалімдері, оқу құралдары сайлы деп. Біздің ана тілімізде оқылатын мектептеріміздің құралдары, мұғалімі сондай сайлы болуға тиіс. Сонда мектеп программасын үлгеріп, орнына келтіре алады. Мектепке керек нəрсенің бірі сайлы болмаса да мектеп ақсайды, программа бойынша үстіне артқан жүкті дұрыс алып жүріп, мерзімді жеріне мезгілінде жеткізе алмайды. Сондықтан мектеп керек болса, мектепке керекті нəрселері де сайлы болуы керек. Мұғалім сайлы болу үшін, мұғалімге керек білімді үйрететін орыннан оқып шығаруға тиіс. Ондай орын қазақ түгіл, қазақтан бұрынырақ қимылдап жатқан ноғай бауырларымызда да жоқ. Қазақтардың өздері дара мұғалимат ашып, мұғалімдерін сонан оқытып шығаратын заман алыс жатыр. Қолдан келмейтіндерін қоя тұрып, қолдан келерлігін дұрыстау тиіс. Орыс мұғалімдік школдарынан шығып, учитель болып жүрген қазақ жастары бар, мұсылман медреселерінен оқып, мұғалім болып жүрген қазақ жастары бар. Осылардың екеуі де толық мұғалімдікке жарайды, егерде бұлардың біреулері мұсылманша хат білу жағынан, екіншілері педагогика, методика жағынан кем соқпаса. Осы күнгі орысша оқығандардың көбі мұсылманша хат білмейді, мұсылманша оқығандардың көбі педагогика, методикадан хабардар емес. Қазақтан тəуірірек школ һəм медресе бітіргендер аз. Ол аздың үстінде орысша оқып, мұсылманша да білетіндер аз. Мұсылманша оқып, методика білетіндер аз. Жұртқа тəртіпті мектеп керек, мектепке сайлы мұғалімдер керек. Мектептерге мұғалім боларлығымыз жоғарыда айтылған екі түрлі жастарымыз. Олардың сайлы мұғалім болуына жетіспей тұрған жерін бітіргенге жетістіру ғана қажет. Орысша оқығандардың мұсылманша хат білуіне бір-екі ақ ай үйрену қажет, мұсылманша оқығандар педагогиканы дұрыстап үйренбегенменен де методиканы біліп, жаңа усулдармен танысуына оған да бір-екі ай үйрену керек. Бұл бір-екі ай үйрену қайсысына да болса, қолдан келмейтін іс емес.
Мұғалімнен соңғы сайлы болуға тиісті нəрсе оқу құралдары. Оқуға керек қалам, қағаз, қара сия, сауыт, отыруға керек нəрселер – пұлға табылатын заттар. Қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ мектебінде қазақ тілінде оқытуға керек кітаптар. Өткен нөмірде қазақ бастауыш мектебінде үйретілетін білімдер мынау дедік: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кəсіп, жағрафия, жаратылыс жайы. Осыларды үйретуге керек кітаптар казақ тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын құралдар осы. Осыларды дүнияға шығару керек. Біз бұларды уақыт жетуінше қолға алып істеп жатырмыз. Бірақ бір жағынан басқа жұмыспен байланулы болғандықтан, бір жағынан, басқа ашық мəтбуғамыз болғандықтан, тез үлгеріп бола алмай жатыр. Шыға бастағандарына өкпесі бар кейбіреулер сын таққан болып жатыр. Сынағанда біреулері тіпті қолына алып қарамай, екіншілері қараса да танымай сынап жатқан көрінеді. Əркім сынау керек өзінің жақсы білетін нəрсесін. Білмейтін нəрсесін сынаймын деп, құр өзінің білмегендігін көрсетеді. Біреудің бір нəрсені білетін, білмейтіндігі істегенде ісінен көрінеді «Айқап» журналында «Оқу құралы» есімді қазақ əліппесіне сын тағып отырғандар жаңа усулдарды білмейтін адамдар. Ол əліппе жазылған жаңа усулдардың ең жақсысы усулсотие жолымен. Оқу кітаптары жазылады, оқыта білетін, усулдармен таныс мұғалімдер үшін машина һəм басқа құралдар жасалады сол машина құралдардың тетігін біліп пайдаланатын адамдар үшін. Жұмысын білмей кінə қою көзілдірікке кінə қойған маймыл сияқты болады я ауызы қисық бола тұрып, айнаға өкпелеген сияқты болады. Біз оқу құралдардың подретін алып істеп жатқанымыз жоқ. Біздікі жаман болса, жақсысын шығарыңдар. Бұл оқыту жайының таласы ақыретте не болады деп таласу емес, қазақ жері олай я бұлай алса, түбінде пəлен болады деп таласу емес. Олар алдағы нəрселер. Оқыту жайын кім жақсы, кім жаман білетіндігін көзге көрсетуге болатын нəрсе – педагогика, методикаларды кəміл білетін адамдардың алдында əліппе шығарушы һəм сын тағушы, екі жағы сынға түссін, тұтынған усулы бойынша балаларға сабақ беріп көрсін. Таласпайтын орында талассын, ауыз ауыртпай соны істеу керек. Əйтпесе біліп сын таққанымды, білмей сын таққанымды жұрт қайдан білсін деп ойлаған болады ғой. Бұ жағын «Айқап» ойлап я ойламай орын беретініне түсініп жете алмаймыз. Петербургта осы күні болып жатқан кеңесте рухани істермен қатар мектеп мəселелері де қаралып жатыр, соңыра Думада да солай қаралмақшы. Ана тілімен оқытамыз деген пікір – орыстан тегі басқа, тілі басқа жұрттың бəрі қуаттайтын пікір. Ана тілімен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа керек. Назаров кеңесінде қазақта ана тілімен оқуға оқу кітаптар ы жоқ деп, бірден орысша оқытуды қуаттаушы чиновниктер болған. Сондай сөздер болмас үшін ана тілінде оқытатын кітаптарымыз бар деп айтуға жарарлық болуымыз тиіс.
Шекіспей бекіспейді «Қазақтың» 162 нөмерінде басылған «Медресе Ғалия» шəкірттерінің хаты туралы əріптестеріміз «Уақыт» газетасының бетінде түрлі сөздер айтылып өтті. Бұл сияқты сөздер газета жүзіңде болғанмен, ауыз айтылуы «Қазақ» газетасы шыққаннан бері бар еді. Енді ғана газета жүзінде шығып отыр. «Бүйректен сирақ шығарған» – сияқты татардан бөлек өз алдарына əдебиет түзейін деп жүрсіңдер деп, газета шыққаннан бері ноғай бауырларымыздың «білімдімін» дегендерінің көбі-ақ айтып келеді. Ана жылы Уфаға бардым. Онда да осы сөз алдымнан шықты. Былтыр Садри əпенді Мақсудовты көрдім. Ол да көргеннен сөзін осыдан бастады. «Уақыт» бетінде болған ереуіл сөздер, бұ да сонан шығып отыр. Əйтпесе, қазақ баласын қазақша оқыту керек деген сөзден дау шықпасқа тиіс еді. Олай дейтінім «Қазақ» балаларын бастауыш мектепте ана тілінде оқыту керек деген сөз «Қазақ» бетінде сөйленіп отырғаны жалғыз бұл емес еді, ауылнай школдар туралы да талай айтылып еді. Əуелі қазақша оқу деген сөз «Қазақ» газетасының бетінде шығып отырғанда даулы болатын орны жоқ. «Қазақ» қазақша шығып отырып, қазақша оқу керек десе, ол онша қалыптан тысқары сорақы көрінерлік нəрсе емес еді. Екінші, басқа газеталар жүзінде бола қалса да, дау шығаратын орны тағы жоқ еді. Өйткені бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқуы тиістілігі, миссионерлер болмаса, басқалар таласпайтын ақиқат еді. Үшінші, шəкірттердің хаты татар мүғалімдеріне емес, қазақ мұғалімдеріне жазылған хат еді. Олай болса, ноғай бауырларымыздың шиқанының аузын жұлып алғандай онда еш нəрсе жоқ еді. Төртінші, татар мұғалімдері туралы айтыла қойғанда да ана тілінде оқудың артықшылығы мұғалімдер үшін неге құрбан етілмейді деп өкпелеуге орын жоқ еді. Өйткені халық мұғалімдер үшін халық болып отырған жоқ, мұғалімдер халық үшін мұғалім болып отыр еді. Даудың асыл түбі шəкірттердің хатында емес, қазақша газета һəм кітаптар шығып отырғанында. Қазақша кітаптар һəм газета шықпаса, шəкірттер балаларды қазақша оқыту керек деп айтпас та еді. Сөз түбі бізге тірелетін болған соң, қазақша газета һəм кітаптар шығарып отырған біз сөйлеп, газета һəм кітаптарды неге қазақша шығарып отырғанымызды баяндап, даудың түбін арылтпасқа болмады. Мұнан былай да сол нəрседен осындай ереуіл сөздер шыға бермес үшін, анықтап ашып, біржолата кесіп айтпасқа болатын емес. Қазақша газета һəм кітаптар шығарғанымызға, қазақша оқығанымызға өкпелейтіндер біржолата өкпелеп күдерлерін үзер, əйтпесе қазақ үшін татарша газета һəм кітаптар шығару амалын тауып берер, болмаса, қақтықпа сөздерін қояр. Біздің ойымызша, неге қазақша газета һəм кітаптар шығарасыңдар деп өкпелеу, қазаққа неге газета һəм кітаптар таратасыңдар деп
өкпелеумен бірдей. Қазаққа газета һəм кітап қажет емес деу керек, қажет болса, ол газета мен кітаптар қазақ тілінде шықпайынша шарасы жоқ. Басқа тілде шыққан газета һəм кітаптар халық ықыласын түсіре алмайды. Халық ықыласы түспеген газета һəм кітаптар халыққа тарап, оқылмайды. Халыққа таралмаған газета һəм кітаптан пайда болады деп айта алмаймыз. Егерде осы шығарып отырған газетамыз татар тілінде шықса, Түркістанда шығып тоқтаған газеталардың аяғын құшар еді. Бұл бір. Екінші, қазақша газета һəм кітаптар шығарып отырған біздер, татарша газета шығарамыз десек те, шығара алмаймыз. Олай болған соң қазақ халқы татарша газета һəм кітап шығаратын болса туын көтеруге керек болады. Татар бауырларымыздың қазақ үшін татарша газета шығаратын көңілі болса, мезгіл жеткілікті еді. Татар үшін талай газеталар шығып жатты, бірақ қазақ үшін шыққан газета да көре алмадық. Қазақ мəселелері үшін газеталарымыздың бір бұрышын бер деп, сұраған қазақтарға да қазақ мəселелері оқушыларымыздың керекті мəселе болмаған соң, керексіз сөзбен газетаның бетін алдырсақ, оқушыларымызға жəбір болады деп, оны да қабыл етпеген. Қабыл етпеулері газетаның бір бұрышын қимағаңдықтан емес, газет мəселесі сыймағандықтан. Қазақ үшін өз алдына газета ашпаса, татар газеталарының бір бұрышына сыймайды. Газеталарының бұрышын бер деп сұраушылардың сұраулары білместік, біздің қазақша газета шығуымыз қисық болып, елде болса, татар бауырларымыздың қазаққа татарша газета шығарамыз десе, біз тоқталдық. Біздің қазақша газета шығаруымызды «бүйректен сирақ шығару» деу де жетіспегендік, қазақ пен татар тілі бүйректей бірігіп тұрғанда, біз келіп газетаны қазақша шығара бастасақ, сонда айтылса, дұрыс болар еді. Бүйректей болып жігі біріккен қазақ пен татарда тіл жоқ. Бұған дейін бірікпеген тіл жігі, мұнан былай да екі халық тең жасап отырса, бірікпейді. Тең жасамай бір жағы кем жасаса, келесі артық жағына аударылмақшы. Мақсат қазақ тілін татарша аудару болса, татарлар қазақ жұртының қатар жасамасына тырысу керек. Оны істемей, қатар жасауын тілесе, тіл жігі осы күйінде кете бермекші. Өйткені, қазір жұрттың бəрі тырмысып, ілгері ұмтылып жатыр. Бұл күнде аянбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың аяғының астында қалмақ. Қазақ халқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы. Жайғасып жататын бұрынғы кеңшілік заман жоқ. Басқа жұрттың екпіні жатқызып қоймайды. Газета һəм кітаптар халық оянып ілгері ұмтылуына себепші зат болса, олардың да шығатын кезі осы шақ. Сондай заманда «шай алмасақ қант та жоқ» деп отырған осы күнгі саудагерлер сияқты. Татарша болмаса, газета да, кітап та жоқ деп татар тілін білмейміз деп қамалып, біз отырсақ, татар үшін ол жағымды болса болар, бірақ қазақ үшін қалай болды? Құрбандық тым зор болмас па?
Қазақтың татар болуын тілеушілер ертерек оянарға, ертерек ойларға керек еді. Көбінесе қазақтың елтірі, сең-сең, 5-10 тиын садақасын жиюды мақсұт көрген «азғындарыңды жібермей, медресе, мектеп ашып, қазақты татарластыру жолында еңбек етерлік идея иесі «адамдарыңды» қазақ ішіне жіберіп іс қылу керек еді. Сонда қазақтар бүгінге дсйін не татар тіліне ауып болар еді, я татар əдебиетін түсінерлік адамдары көп болып, қазақша газета шығарудың қажеті болмас еді. Сонда һəм қазақ көзін ашқан біз деп зілденулерің де орындырақ болар еді. Ондай еңбек сіңірмей, қазақты адам қылған біз едік деген сөз баяғы «ноғай мен қазақ айтысқан» өлеңдегі сөздерге ұқсайды. Біреуді адамдыққа жеткізуге əуелі, өзінде адамдық боларға керек. «Қазақтың» татар матбұғатына еркелерлік хақы жоқ, тиісін айтуға хақты. Біздіңше баласы ғана ата-анасына еркелейді. «Қазақты» тудырған татар емес, татар тəрбиесінде өскен жұрт та емес, татар əдебиетінен үлгі алған адамдар да емес. Солай болған соң «еркелеу» деген сөздің қанша орынды-орынсыз айтылғанын айыру қиын да емес. Қысқасы, басқалар қалай ойласа, олай ойласын. Қалай сөйлесе, олай сөйлесін. Татар тілін қабыл етпесең, саған газета да, кітап та жоқ деп қазақты бір жарға қамай алмаймыз. Олай саудаласуға уақыт тар. Барымызды «ал» деп алдына салып, жалынып, тезірек алғанына алла разы болсын айтып, тапқанымызды бере беру. Біздің бұлай істеуіміз басқалардан бөліну үшін емес, амалсыз «барымен базарлау». Мұны басқаша түсінетіндер болса, татар тілінде қазаққа газета һəм кітаптар шығарып, қазақ ішіне таратып, міне деп, бізге жол көрсетсін. Əйтпесе, арзан философия алысқа апара алмас. Біздің əуелден-ақ айтып келе жатқанымыз, қатар жүріп, ақтықпай екі жұрттың да тең жасап, көркеюіне қолдан келгенін істеу. Татар балаларын татарша оқытқанына қазақ іші тарылмай, қазақ балаларын қазақша оқытқанына татар іші тарылмай, көңіліміз кең болып, жасауымыз тең болса, бетіміз де жөн болар. Оны азсынсаңыздар өздерің білесіңдер. Қайырлы сапар болсын дейміз! Школдарда ана тілімен оқу Патша хазіретінің 1906 жылғы 14 январьда еткен бұйрығында: «Мұнан былай бастапқы оқу балалардың ана тілінде болсын» деген. Осы бұйрық бойынша жасалып, оқу министрі бекіткен сол жылы 31 марттың правиласы шықты. Бұл правила бойынша, балалар бастапқы екі жылдай ана тілінде оқымақ. Өз қарпі жоқ жұрттар үшін оқу кітаптары ана тілінде болғанымен, орыс қарпімен басылмақ. Өз қарпі бар жұрттар үшін оқу кітаптары ана тілінде өз қарпімен де, орыс қарпімен де яғни екі қаріппен де басылмақ. Сонан соң бұл правиланы жұрттың көзді-қарақты адамдары қолайсыз тапқан. Бұл правилада істеліп отырған тəсіл бар. Қараңғы жұртқа
правиланың қараңғы жерлерін қайдан білсін деп, халыққа зиянды жағына жұмсаушылар болуы ықтимал деген. Мəселе ноғайға, қазаққа я башқұртқа араб қарпі сендердің өздеріңдікі емес арабтікі. Сендердің оқу кітаптарыңның сөздері өздеріңше болғанмен қарпі орысша боларға керек деп əурелеушілер болар. Сөйтіп, балалар ана тілімен оқыса да, араб қарпімен оқытпаған соң, мұсылманша хат білмей, өзінше жазғанда да орыс қарпін қолданып, араб қарпін тұтынудан қалар. Ата-бабамыздан бері тұтынып келе жатқан, дінмен бірге байласулы араб қарпінің жоғалуына риза емеспіз деген. Бұлайша сөз шыға бастаған соң, оқу министерствосы тарапынан шайып жуған сөз болды. Ондағы айтқаны мынау: «Өз қарпі дегенде сол жұрттың тұтынып келе жатқан қарпін айтып едік. Орысша қаріппен оқу кітаптары басылсын дегеніміз орысша тіл үйренуді жеңілдеуге ғана еді. Енді қата аңғарылмас үшін ашып айтылады: «Ана тілін оқытатын кітаптар əр халықтың өз тілінде һəм тұтынған қарпімен басылсын, орысша үйрететін кітаптар я орыс қарпімен, я екі қаріппен бірдей басылсын деді. Онымен қоймады 1907 жылы оқу министерствосының мекемесінде осы 31 март правиласын түзету туралы кеңес болды. Кеңеске мұсылмандардан адамдар шақырылады, біздің қазақтан Ғабдолғали Балғымбаев пен Отыншы Əлжанов барды. Бұл кеңеске 31 марттың правиласы сынға түсіп, ұнамаған жері өзгеріліп, жетіспеген жері толығып 1907 жылғы 1 ноябрь правиласы болып шықты. Ондағы айтылғаны мынау. Бастапқы оқу баланың ана тілінде оқытылсын. Ана тілге баланың үйінде өзді-өзі сөйлескенде тұтынатын тілі саналсын. Оқитын школ бір класты да, екі класты да болсын. Бір класты школдың бірінші һəм екінші жылдық бөлімдері жер ретіне қарай өз алдына бөлек ашылса да болады (ауылнай школ сияқты). Бір класты школдарда үйретілетін нəрселер: дін, ана тілі, орыс тілі, есеп. Екі класты школдарда бұл айтылған нəрселерден басқа оқытылатын: орыс тарихы, жағрафия, жаратылыс ғылымы, сызу һəм өлшеу ғылымының басы. Алғашқы екі жыл оқыту ана тілінде болсын, онан соңғы жылдарда оқыту орыс тілінде болсын. Бірақ ана тілі оқу нəрселерінің бірі болып оқытылсын һəм басқа нəрселерді орыс тілімен үйреткенде түсіндіруге демеу болсын. Орыс тілін үйрету əуелгі жылдың соңғы жартысынан ауыз үйретуден басталады. Орысша қаріп таныту һəм жазу екінші жылдан басталады. Орыс тілімен оқыту үшінші жылдан басталады деген. Сөйтіп, бұл правила бойынша, орыс тілі бастапқы жылдың əуелгі жарымында тіпті үйретілмей, оқу, жазу бəрі де баланың ана тілінде болмақ. Бастапқы жылдың екінші жартысынан бастап, орыс тілі үйретілмек, онда да оқытылатын нəрсенің бірі ғана болып һəм орысша оқужазу үйретілмей ауыз үйретілмек. Екінші жылы да орыс тілі оқылатын басқа нəрселердің бірі болып, оқытылмақ. Бірақ жалғыз ғана ауызша түрінде емес, қаріп таныту, жаздыру түрінде үйретілмек. Үшінші жылы
оқыту ана тілдегіден орысшаға аумақ. Ана тілі басқа үйретілетін нəрсенің бірі болмақ. Онан арғы жылдардың бəрінде ана тілі сол күйде қалмақ. Мұнда ана тілі өтіп кетті деп іш күйгендей еш нəрсе болмаса да, мұны да көпсінгендер болды. Араб қарпін суырлап шығарып, орыс қарпін жүргізуді қалаушылар школда мұсылманша оқу-жазу правила бойынша оқытылғанын сүймеді. Сондықтан правила қағазға жазылған күйінде қағаз бетінде бола берді де, оқу басындағылар өз көздеген жағына қарай оқу ісін жүргізе береді. Қазақ облыстарындағы школдардың бірінде де правила бойынша оқытылған оқу жоқ. Бұл сияқты правила бар екенін қазақтар білген жоқ. Білгендері үндеген жоқ. Білгендердің үндемегенінің екі себебі болды: Бұл правиланы білгендер əуелі учительдер. Бұлар енді жаңа правила бойынша оқытамыз ба деп, үстінен қарайтын хакімдерден сұраса, ол хакімдер иə демеді. Таза топырақ болмаса, көпшікті қақса да тиын соққан болады деп жеңілдеткен сияқты, қазақ тілінің сабағының орнына орысшадан қазақшаға я қазақшадан орысша перевод істесе, ана тілін үйренгеннің ырымы болады деп, хакімдері айтқан соң учительдер үндемей бұрынғы қалыпша оқыта береді. Учительдерден басқа бұл правилаларды білетіндер үндемеген себебі, ол кезде қазақта журнал һəм газет болған жоқ. Қазақтың өзінде газета, журнал болмаса, правила барлығын білгендер қайда жазып білдірмек. Сөйтіп, 1907 жылғы 1 ноябрь правиласын қазақтар тіпті білген жоқ, білгендерді əлгі айтылған себептермен үндеген жоқ. Правила шыққаннан кейін 5 жыл өтеді. Ол 5 жылдың ішіндегі заманда да оқу басындағы адамда да өзгерістер болды. Правила жасалған кезде оқу министрі Фон Кауфман еді, онан кейін Шварц болды. Онан соң Кассо болды. Ұлтшылдық əуесі көтеріліп, бұратаналарға қырын көзбен қарайтын мінездер күшейе бастады. Сол шақта ана тіліндегі оқу туралы жаңадан правила жазылып шықты. Бұл жаңа правила дегеніміз патша хазіретінің 1913 жылғы 5 июньде бұратана жұрт үшін ашылатын школдар турасында еткен жарлығы бойынша, оқу министрінің сол июннің 14інде жасап шығарған правиласы. Бұл правила жайынан келесі нөмерде сөйлемекпіз. «Ов» туралы Газетамыздың 102 нөмерінде студент Ыдырыс Оразалыұғлының осы күні фамилия жазғанда қосылып жүрген орысша «ов», «ова»-ны тастап, оның орнына «ұғлы», «қызы» деп жазу тиіс деген пікірі басылған еді. Басқарма бұл пікірді мақұл көрсе де, фамилия орнына үлкен əке яки бабаның аяғына еш нəрсе қосылмай-ақ жазылса, қалай болар деген пікірді көрсеткен еді. Сонан кейін басқармаға бұл туралы мына кісілер өз пікірлерін жазып отыр.
1. К.С. «ов» орнына «и», «ова» орнына «ие» жазу тиіс. Мысалы, Əлихан Бөкейхани, Назипа Құлжание. Өз əкесін жазғанда «ұлы», «қызы» деген сөздер жазылар. 2. Жармұхамед Болатұғлы жоғарғы пікірде. Бірақ «и» мен «ие»-ні арабша, жат тілдік десек, түрікше «лу», «ли» дегенді алу лайық болмас па? Мысалы, Əлихан Бөкейханлу, Назипа Құлжанли. 3. Желкек. «ов» пен «ованы» қалдыру тиіс. Еркек, əйелді айыру үшін біреуінің аяғына ешнəрсе қоспай айтармыз. Назипа Құлжан секілді. Екіншісінің аяғына «и»-ді жалғармыз. Əлихан Бөкейхани секілді. 4. Нығметолла Күзембаев. Əкені жазғанда «ұлы» (ұғлы емес), «қызы» деу керек. Үлкен əкені яки бабаны жазғанда аяғына еш нəрсе қоспау лайық. 5. Кенжеғали Аблуллаұғлы. «ов» орнына «дан», «нан»-ды жалғау керек. Мысалы Əлихан Нұрмұхамедұғлы Бөкейханнан, «ова»-ның орнына, еркектен айыру үшін, «ның», «дың»-ды қосу тиіс. Мысалы, Назипа Сағызбайқызы Құлжанның. 6. Ыдырыс Оразалыұғлы. Ал енді үлкен ата жазылғанда «ұғлы», «қызы» деп жазу тиіс. Ал енді үлкен ата яки баба жазылғанда олардың аяғына ешнəрсе жалғаудың қажеті жоқ. Қазақтың тілінде түбінде еркек пен ұрғашы айырылмағандықтан мұнда да оның керегі жоқ. Біреудің еркек, ұрғашылығы өз атынан-ақ білінеді. 7. Əлихан Ыдырыс Оразалыұғлының пікірін мақұлдайды. Басқармадан: Шын қазақша айтқанда, Оразалының Ыдырысы деп жазу керек еді, бірақ біз өзге халықтарға еліктеп, əуелі атымызды, онан кейін фамилия жазып жүрміз. Сондықтан бұл үйреністі бұзбай-ақ орысша «ов», «ова», «ин, ина»-ны тастап, мұнан кейін «ұғлы», «қызы», «қатыны» деп жазуды лайық көреміз. Мұны жазушылар да ескеруі лайық. Бұл туралы енді еш нəрсе басылмайды. Қазақ съезі Кешегі келмеске кеткен кесірлі үкіметтің заманында тіл күрмеліп, аяқ-қол матаулы еді. Сол қаһарлы қара күндерде «бас қосалық, съезд ашалық» деп толғағы толмаған қатынға бала таптырмақшылар да болып еді. Бірақ ол уақытта қойдан қоңыр, қояннан қорқақ едік. Сондықтан ол кездегі басқосу пайдасыз қысыр сөз еді. Енді міне бостандық таңы атты. Не қыламыз десек те ерікті болдық. Бас қосқыш болсаң, қос енді басыңды, аш съезіңді, тоқтату қылар ешкім жоқ. Бірақ бас қосудан мақсат не? Соны жұрт жақсы білу керек. Бас қосуды, съезге баруды жұрт қызылды-жасылды киініп, тана-моншақ тағынып, тойға барғандай, қызыққа жиналғандай көрсе, ондай съезден əлі де болса пайда жоқ. Съезд пайдалы болады, егер жиылған адамның əрқайсысы неге келгенін білсе, халыққа шын жаны ашитын таза ниетті болса, халықтың
қалпына-салтына жетік болса, тіршілі-шаруа істеріне таныс болса, саясат істерінен мағлұмат болса. Осындай адамдар жиналып, мынау алынған бостандыққа ғұмырлық ие болу үшін, халықтың мұң-мұқтажын кеңесіп, мынау пайдалы дегенді іске айналдырып, мынау зиянды дегеннен халықты құтқаруға қам қылса, съезде жасалған қаулыларды елге қайтқанда əркім халыққа түсіндіріп іске айналдыруға ыждаһат етсе. Олай етпей, съезд қаулысы сөйлеген жерде құр сөз болып яки қағаз бетінде ғана жазылып қалып, елге қайтқан соң сары қымыз, салқын үйдің қызығында бəрі ұмыт болса, ондай съезден де халыққа келер пайда жоқ. Енді біз өзімізге-өзіміз өкпелемесек, өзгеге өкпелей алмаймыз. Қолымызға берген бостандықты ұстай алмасақ, пайдалана алмасақ, келінді күң, жібекті жүн еткен мысалында боламыз. Олай болсақ, біз жұрт бола алмаймыз. Өз ісімізді өзіміз басқара алмасақ, бізді біреу түзетер деу адасқандық. Əр жұрт бұл күнде өз қамын ойлап жатыр əркім өз аты бəйгеден келуіне, өзі шыққан тауы биік болуына жанталасып қызмет етіп жатыр. Біз де солардан қалмалық. Уақыт өткізбелік. Өкініп жүрмелік. Қазіргі бір күн бұрынғы жүз жылдан қымбат. Оян жұрт, талпын жұрт, қамдан жұрт! «Батырсыған жігітті жау келгенде көрерміз, шешенсіген жігітті дау келгенде көрерміз» деген мақал бар. Бұрын сылтау бар еді. Заман тар, халыққа амалсыздан қызмет ете алмай жүрміз, əйтпесе өйтер едік, бүйтер едік деуші еді. Енді тісін қайрап, жігері қайнап жүрген ерлер болса, жол ашылды. Көрсет өнеріңді, қыл қызметіңді, баста жұртыңды! Бос сөзден пайда жоқ, бұрынғыдай сылтау жоқ, жанды ортаға салып, іске кіріс! Ер көңілді алаштың азаматына енді зор сын! Міне, қазақ уалаяттарының бəрінде де үздік-создық съездер болғалы тұр. Тұңғыш съез Торғай облысының съезі болды. Бұл съездің толық отчеты орысша-қазақша жеке басылып шығады, қазіргі қысқаша қаулысын жазып отырмыз. ..................................................................* 5. Бастауыш оқу І. Жалпы міндетті оқуды съезд аса қажет көргеннен кейін қазіргі бастауыш мектептерді көбейтуге қаулы қылды, 100 үйге бір мектептен кем болмасын делінді. Оқу ана тілінде болсын һəм əйел-еркек балалар бірге оқысын. ІІ. Мектептер земкский һəм мемлекет ақшасына ашылсын. Мадияр *Құрастырушыдан: Қазақ съезінің барлық Қаулылары берілген бұл мақаладан тіл тақырыбына қатысты қаулысы ғана алынып отыр.
Закон жобасы Ақмола, Семей, Орал һəм Торғай облыстарындағы отырықшы һəм көшпелі қазақтардың соты, хүкіметке қарауы һəм басқа жұртшылық жұмыстарын орналастыру турасындағы Положение .................................................................................................... * Қосымша. Волостной старшина, оның помощнигі һəм ауылный старшиналар орысша тіл білетін, хат білетін адамдардан қаланып, сайланады. * Құрастырушыдан: «Қазақтың» №№75, 76, 77, 78, 79 сандарында жарық көрген «Закон жобасы» мақаласында барлығы 123 статья берілген. Жинаққа 14-нші статьяның тіл мəселесіне қатысты қосымшасын ғана енгізіп отырмыз. Жалпы қазақ съезінің қаулысы Жалпы қазақ съезі 21 июльде Орынборда ашылып, 26 июльде жабылды. Съезде Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының өкілдері болды. Съезд председателі Халел Досмұхамедов. Председательдің серіктері: Ахмет Байтұрсынов, А.Көтібаров. Секретары: Міржақып Дулатов, Ақылбек Сейітов. Съездің программасы: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия; 3) Жер мəселесі; 4) Халық милициясы; 5) Земство; 6) Оқу мəселесі; 7) Сот мəселесі; 8) Дін мəселесі; 9) Əйел мəсселесі; 10) Учредительное собрание сайлауына даярлану һəм қазақ облыстарынан депутаттар; 11) Бүкіл Россия мұсылмандарының кеңесі (Шорай ислам); 12) Қазақ саяси партиясы; 13) Жетісу облысының оқиғасы; 14) Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің съезіне һəм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Қаулылар: .........................................................* VІ. Оқу мəселесі 1. Жалпы міндетті бастауыш оқу аса қажет. 2. Бастапқы екі жиында оқу ана тілінде болсын. 3. Мектеп кітаптары болсын, өзге баспасөздер болсын, бəрі де «Қазақ» əліппесімен жазылсын. *Құрастырушыдан: Жалпы қазақ съезінің барлық қаулылары берілген бұл мақаладан тіл тақырыбына қатысты қаулысы ғана алынып отыр. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы І. Мемлекет қалпы Русия демократический федеративный республика болу. (Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федерационный республикада əр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Əр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді). Үкімет басында Учредительное Собрание мен Г.Думаға қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу. Депутаттар тегіс, тең, төте һəм құпия сайлаумен болады. Сайлау құқында қан, дін, еркек-əйел талғаусыз болу. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығару һəм Г.Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау құқы да Г.Думада болу. Мемлекет салығы Г.Думасыз салынбау. ІІ. Жергілікті бостандық Қазақ жүрген облыстардың бəрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып Русия республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен əзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар болуына жаһұд қылады. Земствалардың
управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. «Алаш» партиясы əділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды. ІІІ. Негізгі құқық Русия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-əйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік. Үкімет қызметшілері, иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық. Законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық. Сот сұрамай, билік етілмей, тұтқын қылмаушылық. Қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырып жауап алса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқан айып, оқығанға жаза болу. ІV. Дін ісі Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу. Жесір дауы сотта қаралу. V. Билік һəм сот Əр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һəм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һəм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һəм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һəм сот жүзінде жұрт біткен тең болу. Құдайдан соңғы күшті би һəм судья болып, кімге болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілінде болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билікпен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу. VІ. Ел қорғау Ел қорғау үшін əскер осы күнгі түрде ұсталмау. Əскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету. Əскер табына
бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Əскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. VІІ. Жұмысшылар Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды). ІХ. Ғылым-білім үйрету Оқу орындарының есігі кімге де болса ашық һəм ақшасыз болу. Жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу. Қазақ тілінде орта мектеп, университет ашу. Оқу жолы өз алды автономия түрінде болу, үкімет оқу ісіне кіріспеу. Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу. Ел ішінде кітапхана ашылу. Х. Жер мəселесі Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасын алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу. Қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша қазақ жеріне оған мұжық келмеу. Бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту. Қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу. Сыбаға өлшеу норма – жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу. Сыбағадан артылған жер земства қолында болу. Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу. Жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу. Өзара əділдік жолмен пайдалану. Жер законында жер сату деген болмау, əркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земстваға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земства қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һəм көл байлықтары земства мүлкіне саналу. Жоба жасаушылар: Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдолхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов
Учительдер съезінің қаулылары Майдың 1-8-іне дейін Қызылжар уезіне қараған учительдер съезі болып өтті. Бұл съезде қаралған мəселелер қатарында бұратана школдарының мəселесі де қаралып, қорытып жасаған қаулылар мынау: 1. Бұратаналар школында оқу ана тілінде болсын; 2. Орыс тілі 3 жылдан бұрын кіргізілмесін; 3. Ер балалар мен əйел балалар бірге оқытылсын; 4. Бұратаналар школында курс алты жылдық болсын; 5. Бастауыш школдардан басқа бұратаналарға арналып орта һəм жоғарғы дəрежелі школдар ашылсын; 6. Учительдер дарлау үшін кешіктірілмей мұғалімдік курстар һəм семинариялар ашылсын; 7. Барлық бұратана школдарына міндетті оқу орыс тілі кіргізілсін; 8. Школ билігі жилищный советте болсын. Ол советтерге бұрата учительдер де кірсін; 9. Бұратана учительдер правосы орыс учительдерінің праволарымен бірдей болсын; 10. Бұратаналарға ашылатын школдар қазына күшімен ашылсын; 11. Учительдер жалованиесі 1200 сомнан кем болмасын, пенсия 20 жылдан соң ең соңғы алып тұрған жалованиясы мөлшерінде берілсін. Осы қаулылар барлық бұратана школдарына бірдей. Бұған біз ауылной школдарды да қоспақ жолындамыз, 25 майда болатын Омбы учительдерінің съезіне салмақпыз. Учитель А.Жалмұхамедов
«САРЫАРҚА» ГАЗЕТІ (1917–1919) «Сарыарқа» газеті 1917–1918 жылдары Семей қаласында шыққан. Газетке Х.Ғаббасов басшылық жасады. Жалпы, «Сарыарқа» газетінде жарық көрген материалдардан оның «Қазақ» газетімен үндес, сарындас бағытын аңғару қиын емес. Олай болатыны, «Сарыарқа» газеті де Алашорда үкіметін құруды, қазақ елінің өз алдына автономия болуын тіледі. Басылым беттерінде Алаш партиясының бағдарламасы, Алаштың гимні, алашорданың Семей тобының саяси бағдарламасы жарық көрді, сондай-ақ қазақ құрылтай съездерінің бағдарламалары мен қаулылары басылды. Алаш қозғалысының ұйытқысы, жиырмасыншы ғасыр басында халқымыздың шын мəнінде «көзі, құлағы һəм тілі» «Қазақ» газетінің ұйымдастырушылары – А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатовтың, «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткерлері – Р.Мəрсековтің, Х.Ғаббасовтың, Ə.Ермековтің, М.Малдыбаевтың, Ж.Ақбаевтың, М.Жұмабаевтың жəне тағы басқа алаш азаматтарының құнды материалдарын «Сарыарқадан» көптеп кездестіреміз. Саяси бағыт ұстанған «Сарыарқа» газетінен халықты теңдікке жетелеген ой-пікір, тұжырымдар мен қазақ съездерін шақыру, ондағы қаралатын мəселелердің жоспарлары мен шешімдері жайлы, сайлау хақында, ұлттың ең өзекті жер, тіл, оқу-ісі, дін, басқа да шешімін күткен əлеуметтік мəселелері жайлы терең танысуға болады.
21-26-шы июльде Орынборда болған жалпы қазақ сиезінің қаулылары Сиезде бүкіл Россия мемлекетіне қараған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Бөкей ордасы қазақтарының өкілдері болды. Сиездің президиумына кіргендер: Халел Досмұхамедов (председатель), Байтұрсынов, Көтібаров (орынбасарлар), Асылбек Сыдық, Міржақып Дулатов (секретарьлар). Сиез қараған мəселелер: 1) Мемлекет түрі қандай болу; 2) Қазақ өз тізгінін өзі алу (автономия); 3) Жер; 4) Əскерлік; 5) Земство; 6) Оқу; 7) Дін; 8) Сот; 9) Əйел; 10) Учредительное собрание сайлауы кезінде жүргізетін əдіс; 11) Қазақтан баратын депутаттар; 12) Шура ислам; 13) Қазақтың саяси партиясын жасау; 14) Жетісу облысындағы оқиғалар; 15) Киевте болатын жалпы Россия федералистерінің (өз жұмысына келгенде бөлініп, мемлекет жұмысына келгенде бірігетіндер) сиезі мен Петроградтағы жалпы жұрт оқуы комиссиясына кіру. ............................................................................................................. * Оқу Бала қалмай жалпы оқу – міндет. Алғашқы екі жылда бала ана тілімен оқысын. Қазақ тілінде шығатын кітаптар Байтұрсынов емлесімен басылсын. Құрастырушыдан: Қазақ съезінің тіл мəселесіне қатысты қаулысы ғана алынды Қазақ тілінде жаңа журнал Қызылжар жастары қазақ тілінде «Жаңа заман» атты журнал шығарған. Журнал жетісінде бір шығады. Басқарушылары: Білəл Малдыбаев,
Əбуғарире Жүсіп. Бастырушысы: «Тала» ұйымы. Жазылу бағасы: жылдығы – 6 сом, 6 айлығы – 3 сом 50 тиын. Басқармаға келген 4-нші сандағы сөздері мынау: Жетісу қырғыздарына жəрдем жию, қыр шаруасы жайы, волостное земство, саяси партия, «Талап» члендері, өлең-жыр. Адресі: Петропавловск Ақмол. об. Почтов ящик №95 редак. жур. «Жаңа-заман» * * * Қызылжарда 20 августен бастап екі ай жарымдық мұғалімдер курсы ашылды. Курстың мақсаты: елде бала оқытатын мұғалімдері бір ізге салып, мұсылманша оқу қазақтың өз тілімен болып, «Қазақ» газетінің емлесін қолдандыру. Курстан оқып шыққан мұғалімдерге елден жиылған ақшадан үйезный комитет ақша бермек. Бұл туралы Қызылжарда болған үйезный сиез қаулы жасады. Əр елден келген жастар болып бірігіп, «Талап» қауымының атынан жетісінде бір шығатын «Жаңа заман» деген жазба журнал шығара бастады. Баспахананы алуға бұл күнде біз сықылды жас қауымның шамасы келетін емес. Сонда да қолдан келген қызметімізді құрбан қылып, халқымыз үшін қарап отырмау жолындамыз. Осы тілекте болып, əр жерде ашылып жатқан қауым, ұйымдарды құттықтаймыз. «Талап» қауымы атынан: Білəл Малдыбаев. Басқарма: жолдасымыз «Талап» қауымының талайы ашылып, дегеніне жетсін деп тілейміз. Бастауыш мектептегі оқу программасы Алаш дуанындағы оқытушылар ұйымына əр жерден хат келіп, бастауыш мектепте қандай сабақтар, қай тілмен оқылатынын сұрайды. Баршасына газет арқылы білдіруді борыш көрдік. 1) Бастауыш мектепте сабақ арнаулы қазақ тілінде оқылады. 2) Орыс тілі төртінші бөлімнен бастап, кірме тіл есебінде оқытылады. 3) 5 жылдық бастауыш мектеп программасы мынау: І бөлімде: 1) Ана тілі: əліппе, оқу, əдемі жазу; 2) Есеп: алу, жию жүзге дейін; көбейту, бөлу жиырмаға дейін;
3) Иман-иғтиһад; 4) Дене тəрбиесі. ІІ бөлімде: 1) Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу (емле), əдемі жазу; 2) Есеп: жүзге дейін; 3) Дін сабақтары: иғтиһад, ғибадат, Құран кəрім; 4) Қол істері; 5) Əн; 6) Дене тəрбиесі. ІІІ бөлімде: 1) Ана тілі: оқу, тіл құралы, жатқа жазу, əдемі жазу, үлгілі жазу; 2) Есеп: төрт амал, керекті өлшеулер; 3) Дін сабақтары: ғибадат, Құран кəрім тəжуидпен; 4) Қол істері; 5) Əн; 6) Дене тəрбиесі. ІV бөлімде: 1) Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу; 2) Есеп: төрт амал, өлшеулер (уақтау, ірілеу, төрт амал); 3) Дін сабақтары; ғибадат, Құран тəжуидпен. 4) Орыс тілі; 5) Тарих ислам; 6) Ұлт тарихы; 7) Жағырапия (жалпы); 8) Жаратылыс; 9) Əн-күй; 10) Дене тəрбиесі; 11) Қол істері. V бөлімде: 1) Ана тілі: жатқа жазу, үлгілі жазу, ойдан жазу, оқу; 2) Есеп; 3) Араб тілі; 4) Орыс тілі; 5) Жағырапия (мемлекет); 6) Əн-күй; 7) Дене тəрбиесі;
8) Қол істері; 9) Жаратылыс; 10) Ислам тарихы (қазіргі сұлтанға дейін); 11) Ұлт тарихы. Ұйым атынан мұғалім Хайролла Ибраһимов Қазақша ай аты жоқ Біздің ай аты деп жүргеніміз жұлдыз аты. Жұлдызға қойған атты сол кездегі туған айға қоя саламыз да, оны ай аты деп ұғынамыз. Сол себепті кейде «бұл ай пəлен ай» деп таласамыз. Мысалы: декабрь жұлдызының 15-інде туған айды жартымыз қаңтар, жартымыз ақпан дейміз. Менің ойымша, біздің ескі тұқымда (ескі түрікте) ай аты болса керек. Бірақ ол ескі аттар не біржола ұмытылды, не жұлдыз аттарына араласып кетті-ау деймін. Осы айтылған ескі ай туралы білетіндерін ескі құлақты кəриялар, оқымыстылар «Сарыарқаға» жазса екен. Ескі түріктерде ай аты болмай қоймаса керек дегеніміз: олар 12 жұлдызға ат қойып, бір жасап, 12 жылға ат қойып, бір жыл мүшел жасап, 5 мүшелге 5 түрлі ат қойып, алпыс жылдық бір айналыс жасап отырған түрік жаңа ай, ескі ай, толған ай деп отырған түрік нағылып айды ескерусіз қалдырсын. Енді келейік жұлдыз атына: біздің қазақтың əр жерінде жұлдыз аты əр түрлі. Мысалы, 1916 жылғы 173 нөмер «Қазақ» газетінде ардақты Хасенғали Байеке молдадан жазып алған ай (жұлдыз) атын қараңыз: əз март отжақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизам, қараша, қазан, қаңтар һəм ақпан. Енді біреуінің атын білмейді. Ал, біздің жақта көкек (март), мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизам, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан һəм бірдің айы. Көрдіңіз бе, атында қанша шатақ! Ретінде қанша шатақ! Жəне бұл екеуін естіген басқа түрлі ат қоюшы қазақтар мұны қандай таңырқар екен. Онан соң жоғарғы жұлдыз аттары бір қатары арабшадан алынғаны көрініп тұр. Мысалы, мизам, мамыр – мағмұр, маусым – мосом үшеуі де арабша. Мақалдағы «қараша, қауыс, кəрі-құртаңды тауыс» дегендегі қауыс; «сəуір болмай тəуір болмас» дегендегі сəуір арабша. Тағы сондайлар толып жатыр. Мақсұт – қазақша ай атын ескі түрікшесін іздеп таппақ. Ол табылмаса, амалсыз арабша ай атына халықты жаттықтыру керек деп білемін һəм жұлдыз атын тамам қазақ бір-ақ атпен ретін бұзбай атау керек деп ұғамын. Шəкəрім
Баянауыл
Баянауыл қаласында оқыған һəм оқып жүрген қазақ жастары 21 январьда «Ерік» атты ұйым ашты. Ұйымның мүшелік салығы жылына 5 сомнан. Ұйымға барша жастар жиналып, бір ауыздан мындай жоба (программ) жасады: І Халық арасына ғылым-білім тарату һəм қазақтың тілі мен əдебиетінің өрлеуіне басшылық ету: 1) Қазақша газета, журнал, кітаптарды ел арасына тарату. 2) Халыққа пайдалы кітаптар бастыру. 3) Мұқтаж оқушыларға əл келгенше жəрдем беру. 4) Қазақ балаларына ана тілінде оқитын оқу құралдарын шығару һəм бұл жолда кімге де болса жəрдемдес болу. 5) Қазақша кітапханалар, қирағатханалар ашу. 6) Қазақша спектакльдер һəм ідебиет кештері сияқты нəрселер жасау. 7) Қазақша мақал-мəтел, ертегі, тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды, қазақтың тарихи əңгімелерін жинау.
Құрастырушыдан: Жинаққа «Ерік» ұйымының тіл тақырыбына қатысты
программасы ғана еніп отыр.
«АБАЙ» ЖУРНАЛЫ (1918) Абай журналы 1918 жылы Алаш қаласы – Семейде айында екі рет жарық көрді. Басылымның шығарушылары: Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Əуезов. Алаш қайраткерлерінің жанкешті еңбегімен жарық көрген «Абай» журналы «Қазақ» газетінің ізін жалғаушы, «Сарыарқа» газетімен рухани үндес болғаны байқалады. «Абай» журналының алғашқы санында: «Бірінші, ғылыми: риязаят (математика), табиғат (денсаулық, дəрігерлік), пəлсафе (жатмағи, ахлақ, тарихи саяси мəселелер). Екінші, əдеби: өлең, жыр, мақал, тақпақ, ертегі, жұмбақ, күлдіргі, мысқыл, қайым, жаңылтпаш, жар-жар, айтыс, қара сөз һəм қазақ тілінде жазылған əңгіме, роман, театр кітаптары, фелеьетон һəм басқалары. Үшінші, шаруашылық: мал бағу, сауда, кəсіп, егін, таран, уақ қарыз серіктігі, ұйым дүкені, қолөнер жайларынан жазып тұрмақ. Төртінші, Абайдың өмірі, қара сөздері, өлеңдері басылып тұрмақ», – деп, басылым басқармасы оқырмандарын журналдың ұстанған жолынан хабардар етеді. «Абай» журналының тұрақты авторлары: Мұхтар Əуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Шəкəрім Құдайбердіұлы, Ғұмар Қараш, Мəннəн Тұрғанбай, Сəбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Абайдың ұрпақтары – Ақылбай мен Мағауия, т.б. С.Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен журналдың барлығы 12 саны жарық көрген. Сол кездегі солақай, əсіреқызыл идеологияның салдарынан басылым басшыларына «ұлтшыл» деген айып тағылып, журнал бір жылға толмай жабылып қалды. Журнал Алаш партиясының ұлттық бағдарын басшылыққа алып, қазақ елін прогреске жетеледі, ғылым мен білімді насихаттады, жастардың саяси-қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеді.
Əдебиет (тіл сөзі) Бізде «əдебиет» деген сөз қазақ тілі болып алынып бара жатыр. Əдебиет не? Қайдан шыққан? Осы мақалада жазамыз. «Əдебиет» араб тілі «адаб» (əдеп) деген сөзден шыққан. Əдептің мағынасын сыпайы, жағымды деп алғанда, бұдан шыққан «əдебиет» анғұрлым терең мағыналы сөз. Ауыздан шыққан мағынасы бар дыбыстың бəрін сөз дейміз, əдебиет əдеп деген сөзден алынса, бұл уақытта мағынасы тереңдеп, күллі сөйлетіп жүрген сөзді сіңіріп бара жатыр. Бұған мысал үшін, орыстың «словестность» (сөз) «литература» деген сөздерін салыстырайық. «Литератураның» мағынасы латынша қаріп «литератураны» қаріп жасау тасқа басып шыққаннан кейін қолданып кеткен. Литератураның алғашқы мағынасы – бір ақынның кітап болып тасқа басылған сөздері. Бірақ бұл сөз (литература) жүре бара «словесность» (сөзді) тықсырып жұтып бара жатыр. Бұл уақытта литератураға тасқа басылған, жатқа айтылған бір кісінің, көп кісінің сөзі – бəрі сыйып жүр. Заманның хəлін айқын суреттейтін діні, ғылымы, ахлағы, пəлсапа сөздерді де литератураға кіргізіп жүр. Бұған қарағанда біздің «əдебиет» «литература» сықылды жалпы, кең мағыналы сөз болуға лайық. Баспа, жазба һəм жатқа айтылып жүрген сөздер – бəрі əдебиетке сыяды. Бірақ есте болсын, əдебиеттің түп мағынасы ақындық шеберлікпен бір нəрсені бұлжытпай суреттеу, келіссіз, ұнамсыз, тұрпайы «Сұмпайы» сөздер əдебиетке кірмейді. Əдебиетті сөздің орнына алған соң, енді сөздің пайдасын, мағынасын түсіндірейік. Адам баласын мəдениет жүзінде бұл хəлге келіп жетуі неше мың бұрынғы өткен ата-бабаларының мимырттаған ауыр еңбегінің арқасында табылып отыр. Ең алғашқы қорғансыз, көмексіз, тілсіз от, киім, қару-құралмен жаңа таныс болып келе жатқан адамнің хəлі мен бүгінгі түр, қылыққа жеткен адамның өмір парқы жер мен көктей. Тіршілікке тырмысып, жаумен алысып, қажырланып қайсарсыған сайын адамның жан қуаттары піседі. Ержетті. Неше түрлі айла құрды, ақыл тапты... Неше алуан керемет ғажаптар жасады, тəжірибесі ұлғайды. Адамның осы тапқан-таянған өнер-білімнің бəрі сөзбен бекітіліп кейінгілерге келіп жеткен. Адамның жан қуаттарын, дене қуаттарын күшейтіп тез ержеткізуге себеп болған не? Адам мен хайуанның айырмашылығының ең зор белгісінің бірі не? Көңілдің, сезімнің күлкі толқынына, ырғағына ыңғайлы, орамды нəрсе не? Өмірдің бар керегіне құрал болатын не? Əрине, сөз. Бұл сөз (тіл) адамға ғана берілген сый. Ойдағыны сыртқа шығарып, білгізетін, адамды бір-біріне қатынастырып, жақын қылатын, алған тəжі-
рибесін білімін шегелеп, бекітетін, ол білімді басқаға ұғымды қылып жеткізетін неше мың жыл еңбекпен, бейнетпен өткен ауыр сатысынан аз уақытта тез, оңай өткізетін – тіл, сөз болатын. Сөз ойдағыны сыртқа шығармақ түгілі (...) əрі ойлататынның өзі сөз. Сөз болмаса, кісі ойлай алмас еді. Ойлай алмаса еш нəрсені білмес еді. Адамның ақылымен бірге өсіп, біте қайнап əр жұрттың мінезін анық суреттейтін тағы – сөз. Бір нəрсені ұғып, білу үшін, оны бекітіп үстіне белгі қойып кету керек. Ол белгі сөз болмақ. Егер сөз болмаса, көңілде əр нəрсенің суреті болар еді де, бұлдырған көмескі бірдеме болар жүрер еді. Бұ көмескі белгі суреті хайуанда да бар. Бірақ сол көмескі нəрсеге белгілеп қоятын аты жоқ, бекітетін шегесі жоқ. Ол шеге сөз болатын. Тереңірек ойласаңыз «тас», «ағаш», «ат» деген бір бір-ақ ауыз сөз, бірақ əрқайсысында қанша салыстыру, байқау, сынау сықылды айырмасын білдіретін көп тəжірибе бар. Сол көп тəжірибені бір ауыз сөзбен ұғымды қылу сөздің арқасы. Сөз болмаса, адамның ақыл-ойы мұндай биік дəрежеге жетпес еді. Соқырдың көңілінде не сурет барын білу көздіге қандай қиын болса, сөз болмаса, адамның ойы не түрлі болуы білу бізге сондай қиын. Сөз бен ойдың жалғас нəрсе екендігі туралы француздың білгіші Руссо айтқан: «Сөз болмаса жалпы ұғым деген нəрсе болмас еді, хайуанда жалпы ұғымның жоқтығы сөз болмағандықтан» деп. Руссоның бұл пікірін дұрыс емес деушілер: «Хайуанда ұғым сықылды бір нəрсе болғанымен, оны салыстырып ойлап бекітетін сөз сықылды құрал жоқ» дейді. Ақыл жүзінде сөздің қандай күшті екендігіне дəлел үшін сөз білмейтін мылқау мен сөз білетін соқырды алайық. Осы екеуінің қайсысы зерек, ұғымды, ақылды болады? Жұрт байқайтын шығар. Талай соқырдың білімді, ақын, ақылды болатынын? Ал, мылқаудың артық терең ақылды болғанын көргеміз де, естігеміз де жоқ. Бұл нені көрсетеді? Бұл көзден сөздің күштілігін көрсетеді. Көз сырттан сезім алатын құрал болса, сөз – адамның ішкі рух құралы. Неше жүз, мың жыл бұрын өткен ата-бабаларымыздың сөзінен сол заманғы жұрттың мінезі, ақылын, білімін, сезімін, дінін, ғадет-ғұрпын – барлық өмірін көзбен көргендей білеміз. Ықылым заманда табылған өнер-ғылымның бəрі сөз арқылы бүгінге жетіп, піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр. Оқымыстылар өнерді беске бөледі: 1) Сөз (словесность). 2) Суретшілік (живопись). 3) Мүсіншілік (скульптура – балшық, мрамор, тас һəм басқа нəрселердін адамның, басқа хайуандардың пішінін жасау өнері). 4) Үйшілік (архитектура – үй, сарай, мəсжид, көпір салу сияқты өнер). 5) Əн-күй (музыка). Осы бес түрлі өнердің ең артығы – сөз. Сөздің артықшылығы: өзге төртеуін сөзбен суреттеп айтуға болады. Басқа өнерлер қанша кəмелетке жетсе де, сөзді суреттей алмайды. Қазақтың «өнер алды – қызыл тіл» дегені терең ақыл, тəжірибемен айтылған
сөз. Сөздің пайдасын айтып бітіруге болмайды, сөз өлгенді тірілтеді, өшкенді жаңартады. Ойды тербетеді, жүректі оятады, қанды қыздырады, жүйені босатады, қамалға қарсы шапқызады, қайғырсаң сая тапқызады, тауды бұзады, тасты жарады, сараңды жібітеді, қаттыны жұмсартады – істемейтіні жоқ. Алғашқы адамның тілі қандай болғаны бізге мəлімсіз, əйтсе де ертедегі сөздердің түпкі тамырын тексерген филолог (сөз тексерушілер) сөз біткеннің түбі бір жерге келіп құйылады деген. Əуелгі адамдардың сөз аз, шолақ, дəлшіл болған. Оның себебі сөз туу басында еліктеуден шыққан. Күннің күркірегені, судың сарқырағаны, иттің үргені, жыланның ысқырғаны, еліктеуге сабақ болған. Жүре-жүре адамның тұрмысы өзгеріп, мəдениетке аяқ басқан сайын бір сөзден неше тарау шығып, өсіп, көбейіп алғашқы еліктеу қалпы жоғала берген. Бұның осы күнгі охшилардан (тағы адамдар) байқап біліп отыр. Олардың тілі тіпті аз, топас келеді. Бірнеше өздеріне керекті зəру нəрселердің ғана аттарын біледі. Көбінесе ымдасып сөйлеседі. Ал, мəдениетті жұрттың тілі тіпті көп, орамды, мысалы Англияда жүз мың, Қытайда 40-50 мыңдай сөз бар деп есептеледі. Бұл көп сөздің тамыры əуелде Қытайда 350, Англияда 460 ғана екен. Тіл жанды нəрсе сияқты: тіріледі, өседі, жоғалады. Өнер ғылымға аяқ басқан жұрттың тілі өсіп көбеймек, көркеймек. Тілі күшейген жұрт өнерлі де болмақ. Тілі жоғалған жұрт ғұрып-ғадетінен, мінезінен айырылып, ақырында жұрттығы да жойылмақ. Тілін тірілту, жоғалту əр халықтың өзінен һəм оқымысты, білімді адамдарынан. Мəдениетке кірісе бастаған жұрт өз тілінен айырылып қалуға мүмкін. Себебі: мəдени жұрттың ғылымы, əдейі көп тілін өзінің шағын тіліне аударуға жетпейді. Жетпеген жерде біреудің даяр тілін ала салады. Жүре-жүре біреудің тілімен сөйлеуді сəн көріп, өзінде бар сөзді де басқадан алатын болады. Сонымен бір халықтың тілі жоғалып кетуге ықтимал, Бұл тарих қараушыларға белгілі. «Əдебиет», «сөз» деп екі айырып, əдебиетті қысқаша ғана айтып, сөздің мағынасын, пайдасын баяндап едік. Енді қандай нəрсе əдебиет болатынын, һəм қазақтың əдебиеті не хəлде екенін айтпақпыз. Өзгеше тілі, діні салты, бар табиғаты, тұрмысы, өмірі басқа жұртты ңөзінше өлеңі, жыры, əні, тақпағы, мақалы, ертегі, жұмбағы тағы басқа қара сөздері болады... Бұл өлең, мақал һəм басқа басқаларды шығарушы кім екені жұртқа мəлім емес. Ел ішінде айтылып жүрген, талай өлең, жұмбақ, мақалдар бар. Соларды кім шығарғанын не бір жола білмейді, білсе де, əркім əртүрлі айтады. Мұның себебі – не сол өлең шығарушылар атым қалсын демеген, не олардың сөзіне жұрт ілтипат қылып қарап, атын қадірлемеген. Əйтеуір өлең болған біреуден біреу таратып ала берген: Затында өлеңді əуелде бір кісі шығарады. Жүре бара шығарушының
аты ұмытылады. Біреуден біреу алып жүріп ол өлеңді өзгертеді: қосады, қысқартады, ұзартады. Мұндай шығарушының аты жоқ, халықтың аузында қалған «халық өлеңі» деп айтуға лайық. Бірақ халық өлеңі дегенмен шығарушы халық емес, бір кісі. Ол кісі өлеңді өнер көріп, болмаса бір мақсатпен яки атын шығарғалы айтқан жоқ, тек өлең айтқысы келді – айтты. Өлең болып шықты. Бұл өлеңші өзінің өлеңші яки ақын екенін тағы білген жоқ. Халыққа ұнады ма, я ермек үшін керек болды ма? Ол өлең əйтеуір айтылып, жоғалмай халық аузында қалғаны – сол. Міне, осы сықылды халықтың аузында қалған өлеңдер, яки басқа сөздер əдебиет бола ма, жоқ па? Сол үшін айтып отырмыз. Орыстың атақты сыншысы Белинскийдің айтуына қарағанда, мұндай мағынасыз өлеңдер əдебиеттің өзі болмайды, əдебиеттің ұрығы болуға жарайды. Əдебиеттің шын мағынасы – бір халықтың ақылы мен қиялының арқасында тамызықтанып табылған білім (сознание). Бұл білім – өмірдің ең бір зор қуаты. Ол қуат көптің қазынасы болу керек. Көп қазына қылатын нəрсе пайдалы болуы тиіс. Олай болса əдебиет жалпыға қызықты, түсімді, ақыл, ойына азық берерлік бір нəрсе. Əдебиет – халықтың сөзі емес, белгілі жазушының сөзі. Жазушы халықтың ақыл, ой, мінезінің əртүрлі тарауын суреттеп, халықтың алдына жайып салады. Егер жазушының қызметі халықтың рухына үйлесіп, пікіріне ұнаса, сонда əдебиет болып табылады Жазушының өзіне ұнаған, яки бірнеше оқымысты адамдар əдебиет деп білген сөз əдебиет бола бермейді. Əдебиетте ойға қонатын, өмірді анық суреттейтін тіреулі мақсат болмақ. Əдебиеттің өзі туғызбағанмен, ұйытқы болып: туғызуға себеп болатын халықтың өзі һəм ол тумадан пайдаланатын тағы халықтың өзі. Халық өлеңі мағынасыз, кестесі аз, дөрекі келеді, сырты сырлы болмайды; бірақ өрнегі көңілге тез түседі. Кестелі, көркем, мағыналы, заманның хəлін айқын суреттейтін, сол замандағы халықтың ақыл, білімінің бетін көрсететін жазушылардың сөзін əдебиет дейміз. Егер кестелі, мəнерлі келсе де, заманның рухын көрсете алмаса ондай сөз əдебиетке кірмейді. Соған қарағанда қазақтың басынан кешірген уақиғаларын суреттеген өлең, жыр, мақалдарды əдебиетке кірмейді деуге де болмайды. Халық сөзінің ауданы тар, мағынасы кем, ойы көмескі. Мақсаты жоқ, беті сандырама келеді. Сөзі, өлеңі көп болмағанмен бір жерге қойылған қорытынды алуы, бірте-бірте сатылған тəртіп болмайды. Егер осы көп тұқым егіліп, түр тауып, кестеленіп, мағына кіріп, өнерге айналса, сонан басқыштап əдебиет туады. Əдебиет – туатын, өсетін жанды заттардың бірі. Əдебиеттің басталып, ұлғаймаған хəлі бір иленбеген шикі тері. Ол теріні илеп, іс қылып, бойға лайық киім тігіп шығару халықтың хəлінен. Ақыл-ойы бет түзеп, жол тауып, əлі кеңеймей тұрған халық тарихи бір уақиғаға ұшыраса, тіршілік тартысында
жарысқа түсе бастаса, халық əдебиеті кестеленіп, сурет тауып, шын əдебиетке айналмақ. Бір халықтың тарих жүзінде ақыл, ойы шараланып, ілгері басуы адамшылықтың жоғарылауына да себеп болмақ. Белинский айтқан: «Тіршілік тартысында жарысқа түсіп, тарихы бір мағынаға алынып, өнер-білімге бет қойған дүниеге өзінше көзқарасы бар жұртта ғана əдебиет болуы керек» деп. Бұрынғы грек, Рим халықтарының ғана негізді əдебиеті болған. Олардың халқы жоғалса да əдебиеті жоғалған жоқ. Кейінгі жұрттарға əдебиеті үлгі, ұйытқы болды. Ақыл, ойы ілгері басып, өмірінде бір мағына болған жұрттың ғана əдебиеті болады. Сондықтан əдебиеті бар жұрт сирек; көбінің əдебиеті не жаңа басталып келе жатқан хəлде, көбінікі жоқ дейді. Белинскийдің бұл сөзіне қарағанда надан жұртта, таласқа түсіп, мүшеге ілінбеген жұртта, дүниеге өзінше көзқарасы жоқ жұртта əдебиет болмау керек. Бұлай болу мүмкін бе екен? Дүние жүзінің аз болсын, көп болсын, тіршілік тартысында жартысқа түспей отырған халық бар ма екен? Осы заманда жаны тыныш, жағасы бос, тек отырған жұрт жоқ. Біреуден біреу не қысымшылық көріп, не көрсетіп, болмаса тең түсіп отыр. Жеңуші де, жеңілуші де, тең түсуші де өз тұрмыс хəлін түзеп, не қылса қатардан қалай, дүниеде қызық, рахат дəурен сүруге таласуда. Сондықтан «жарысқа түскен» деп дүниеде ықпалы жүріп қожа болған халықтарды ғана айтпай, өз шамасынша тартысып жүрген халықтарды да айту керек. Егер əдебиет дүниеге өзінше көзқарасы бар жұртта ғана болады десе, дүниеге өзінше бір көзқарасы болмайтын жұрт бар ма екен? Біреу дүниені лəззəт үшін, біреу өнер үшін, біреу білім үшін жаратқан дейді. Біреу əмірі күшті бір Жаратқанға мойынсұну үшін, біреу күштіге нашар бағыну үшін, біреу қолы бос, жаны тыныш ішіп-жеп күнелту үшін жаратқан деп түсінеді. Төмен дəрежеде нашар түрде болсын дүниеге əр халықтың өзінше көзқарасы бар. Көзқарасы бар болса əдебиеті де болуға мүмкін. Егер надан жұрттың жұрттың əдебиеті болмайтын болса, əдебиет бас аяғы бірдей ғылымды, білімді халықтарда ғана болу керек. Халқының көбі надан, азы ғылымды халықтарда əдебиет болса, біздің қазақта да бар ғой деймін. Надан қазақ пен надан хохолдың ақыл-білімінің, дүниеге көзқарасында қанша айырма бар екен? Орыстың ақыны мол, кітаптары көп: қазақтан қара озып кетіп отыр. Бірақ ақынымыз, жазушымыз аздықтан қазақтың əдебиеті жоқ деуге болмайды. Əдебиетіміз не бұрыннан бар, не басталып келе жатқан хəлде деуге болады. Əдебиеттің дүкені – адамның өмірі, дəурені – бүкіл халық. Əдебиеттің жарыққа шығатын майданы – кітап, журнал, театр жиылған топ. Əдебиеттің күші – баспа сөз – матбұғаттың көбеюі. Матбұғаты күшті, кітаптары көп жұрттың əдебиеті болмауға ықтимал. Жазушылары болып, кітапты көп жазса да əдебиет болмауға мүмкін. Себебі: жазушының
болмағы ақылы, қиялы бар, жазу білетін адамның барлығынан оқушының барлығы ермек үшін қолына түскен кітапты оқи бергендіктен. Рас, жазушы, оқушы, кітап болмай, əдебиеттің болуы мүмкін еместігі. Бірақ əдебиеттің болу шарты бұл ғана емес. Əдебиеті бар жұрттың ақылбілімінің құралы – сөз. Сөз сол жұрттың ескі өткен заманын суреттеп, кейінгілерге жеткізіп һəм ол сөз «əдебиет» жанды зат сықылды өсіп, өніп, ұлғаюы шарт. Бұл шарттар болмаса матбұғаты, кітабы, жазушысы болғанмен əдебиеті болмауға мүмкін. Əр халық өз бетімен өмір сүріп, тіршілік етеді. Тіршілік дегеніміз – дүниеге келу, ішіп-жеу, өлу ғана емес, ойлау білу. Олай болса əр халықтың өзінше ұғымы, есі болу керек. Əр халықты ұғымы, есі əр түрлі болатыны дүниеге (жаратылысқа) əр түрлі қарауынан. Дүниеге қарасы дегеніміз – дүниеге бар нəрсенің, табиғаттың сырын өзінше аңғару, түсіну. Бір кісінің мінезі, сөзі, ақылы, табиғаты екінші біреуге ұқсамайды. Бұл парықты айтып түсіндіруге болмайды. Рас, туған, өскен жер, ауаның ыстық-суығы, тарихи халдер, тұрмыс шарттары əр халықтың рухына əр түрлі əсер беретіні, бірақ əр халықтың сүйегіне біткен өзгешілік сыртқы шарттардан емес, жаратылыстан пайда болған табиғаттың бір сыры. Мысал үшін əрбір адамды алсақ, біреу сөзге, біреу əнге, біреу төбелеске, біреу іске, біреу есепке бейім болып туады. Бір жерде туып өскен əр адам осындай болған соң, əр халықтың əр түрлі болуы ғажап емес. Мұнан шығатын қорытынды: əр халықтың жаратылысы, дүниеге көзқарасы, ұығымы, онан барып əдебиеті əр түрлі болмақ. Бір жұрттың екінші жұртқа ұқсамай, əдебиеттің əр түрлі болатыны туралы Белинский осы күнгі өнер-білімнің алдыңғы буынында жүрген Германия мен Франция салыстырады. «Француз бен неміс адамшылықтың ақылының екі шетіндегі жұрттар: біріне-бірі қарсы. Германияның тұрған богйы – ой тексеру, толғау, тəптештеу, білу, Францияның тұрған бойы – бір нəпсі, қарекет, іс, өмір. Германия не нəрсе болсын ақылға, ойға салмай жібермейді. Дүниенің сырын, табиғаттың түрін, адамшылықтың негізін – бəрін тексеріп ойлайды да отырады. Сондықтан Германияның өнері, ғылымы да ойлы, білімді адамдарға ғана түсінікті. Сондықтан Германияда неше түрлі ойшыл, білімді философтар шығып, ғылымы, əдебиеті бар адамшылыққа үлгі болып отыр. Сондықтан – бір беткейлігінен ісінде табандылық, ой суықтық, қаталдық туып отыр. Француз өмірді өмір, ойды іс, білімді əлеумет азығы деп біледі. Француз тапқан нəрсесін көпке, əлеуметке ортаққа салып, пайдалы, қолайлы қылуға тырысады. Сондықтан оның өнері, ғылымы, əдебиеті де ұғымды, тез жеміс береді. Неміске өнер-білім – бір көздеген мақсат. Ол мақсатқа табиғаттан пайдалы нəрсе қосып, мағыналы қылып, өмірге жанастырмақ. Французға өнер-білім – табылған құрал, ол құралмен
халықтың пайдалануын іздейді. Оны қолданып адамның тұрмысын қиындықтан құтқаруға жиһаттанады. Сондықтан француздың əдебиеті өнерлі, халыққа ұғымды, пайдалы келеді. Неміс ылғи хақтықты табам деп іздейді де отырады. Неміс өзінің жазғанын басқалар ұға ма, ұқпай ма онымен ісі жоқ. Себебі: неміс көпке сөз жазбайды, қадалып, сарылып өзіндей еңбек қылып, өзі хақиқатты, білімді іздейтін оқымыстылар үшін жазады. Сондықтан немістің ойында күңгірттік, ауырлық, ұғымсыздық көп болады. Француз көпке түсіндірсе болғаны, артық тереңге бармайды. Неміс оңай нəрсені тереңге апарып қиындатады. Француз қиынды жеңілдетеді. Неміс іздейді, француз істейді. Неміс адамшылықдықтың не екенін білуді сүйеді, француз адамды сүйеді» дейді Белинский. Міне, əр халықтың дүниеге көзқарасы əр түрлі болғандықтан əдебиетінің де əр түрлі болмағы осыдан. Қазақ ұйқышы надандық қалпынан жаңа ғана оянып, көзін тырмалағандай болып келе жатыр. Өнер-білімге жұмыла ұмтылып кірісіп, беті түзеліп, есі əбден кіріп, ықтиқаты бір жерге қойылып бекіген жоқ. Ғылым дүкені қызып, қазақтың ақыл-ойы əлі кеңейген жоқ. Соның үшін қазақтың дүниеге белгілі өзінше көзқарасы бар, жоқ деп айта алмаймыз. Баспаға түскен, халық ауызында жүрген ескілікті өлеңдер, мақал, тақпақ, хисса, қара сөздер қазақтың басынан кешкен өткен хəлдерін, бұрынғы хандар, билер, батырлар заманын анық суреттеп, көз алдымызға көрсете алмаса да, не дəуір елес береді. Жоғарғы айтылған сөздердің жиылып, теріліп, бір тəртіпке салынса, əдебиетке ұрық болып, жүре-бара əдебиеттің өзі болып кетуіне болады. Əдебиетіміз нағыз түрткі көріп, беті түзеле бастағаны Абайдан бері (хатты Абайдан басталады дейтіндер де бар шығар). Жас буын, балдыр қанат əдебиетіміздің келешекте буыны қатып, ілгерілеуі əдебиеттің əр тарауынан (роман, драма, комедия, поэма, əңгіме) жазатын ақындар қаламшыларымыздың көбеюі мен жалпы жұрттың өнер-білімге жұмыла бет қоюына байлаулы. Ғылым тілі (научный термин) Ғылым тілі – бұл уақытқа шейін қазақ оқығанының бір қалыпқа қойып, бір негізге құра алмай келе жатқан мəселесінің бірі. Қазақ мəдениеті жер жүзіне бой көрсетіп, дүние майданына шыға алмай тұрған уақытта бұл мəселені бір жөнге салудың пайда, зияны жұрт көзіне байқалмайды. Бірақ бұл күндегі қылтанақтап келе жатқан мəдениет – қазақ жұртының бүгіндік қана керегі, ертең тағы тосыннан бір жол салып алуымыз оңай десек, сөз бір басқа: егер де бүгінгі жол, бүгінгі еңбек мəңгілік дейтін болсақ, ғылым тілі аса қарауды көтермейтін шетін мəселе.
Мəдениет бəйгесінде алда келе жатқан жұрттың қатесі кейінгіге сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрінген томары кейінгінің бетін еріксіз бұрғызады. Өзге жолдағы істерінің оң, терісін қойып, осы тіл жолындағы орыс пен Япониялардың істеген қаталары бізге айқын үлгі боларлық. Орыс əдебиеті аяғын апыл-тапыл басып, буынын бекіте алмай жүргенде, жазушылардың қолданатын əдеби тілдері «церковнославянский» (дін кітаптарының тілі) болатын. Орыс əдебиетіне негіз салушы Ломоносов, Кантемир, Третьяковскийлер жұрттың бетін бұра алмай, өлеңі, қара сөзі болсын, бəрін де сол тілмен аламыштап былғап жазған. Орыс ол қатесін бері келген соң зорға түзепті. Бұдан кейін Япония жұрты надан күнінде жазу, оқу, аз-аз өнер үлгілерін берген апасы Қытай болып, Қытайды көсемі қылып алдына салып, етегінен ұстап жүріп, қытай тілін əдеби тіл қылып ұстады. Бұл күнде Қытай жұртта қалып, Япония ұзап кетсе де қытай тілі əдеби тіл болып қалып, Японияға дерт болып, құтыла алмай, əуреде жүр. Қазіргі уақытта Японияның баласы өз оқуын оқудан бұрын қытай оқуын оқып, содан кейін басқа жұрттың өнерін, басқа жұрттың ғылым тілдерін оқиды. Қытай оқуы Японияда ешбір пайдалы оқу емес: жалғыз-ақ ерте уақыттағы Японияның басшыларының ойланбағандығынан өз оқуын өзінікі қылып əкете алмағандығынан, керексіз бір нəрсені жамап алып отыр. Міне, осындай халге қазіргі бетімізбен жүре берсек, біз де бір күні ұрынатын секілдіміз. Қазіргі қазақ тіліндегі оқу екі ағысқа бөлініп барады. Бірі – мұсылманша оқығандардың жолы. Ғылым тілін арабшаға, мұсылман негізіне тартады. Екіншісі – орысша оқығандар жолы, ғылым тілін орысшаға, Европа негізіне тартады. Бұл жік-тəртібі бастауыш мектептердің һəм курстардың оқуында айқын білініп отыр. Əркімнің өз білген негізіне тартатыны мəлім нəрсе. Мұсылманша оқыған мұғалім Европаның ғылым тілін білмейді, орысша оқыған учитель мұсылманшаны білмейді. Осыдан ошақтың үш бұтын үш жаққа тартып отырғандық – ғажаптанарлық нəрсе емес. Бірақ салыстырып, осы екі жолдың бірін алып, бəріміздің бетіміз бір жөнге сайып келуі мұқтаж. Бұл мұқтажды ұғу – бəрімізге парыз. Қазақ мəдениетін түрік үлгісіне қарай тарта беретін мұғалімдердің тұтынатын негізгі жолдары – «пантюркизм», «панисламизм» тағы əр түрлі «пан-пəленизмдерді» жол қылып ұстайтыны белгілі. Бірақ сол «пандардың» жолына қай жұрт болсын надан күнінде ғана мойынсұнады. Мəдениетке бет қойып, басқыштап ілгерілеген сайын пандардан жұрт жиреніп, пайдасыз бір іс деп санап, далада қалдырады. Осы күнде көзін жұмып, аузын ашып, тəтті қиялды қорек қылған адам болмаса, ширақ ақылмен қараған кісіге бұдан кейінгі «пан» – саясат хаосы екені мəлім боларлық болған. Себебі: қай жұрт болсын, өз бетінде жұрттығы
болмаған күнде ғана басқа, өзіне жақын жұрттың тілеуін тілейді. Өз жұрттығы буын бекітіп, бас қалқайтса, алыстағы жұртқа тілеген тілекті қайтып алып, өз жұртына жұмсайды. Бұл – дама баласының сүйегіне сіңген табиғи мінезі. Қазақ кешегі езгіде жүрген уақытында пантүркитер үйретпей-ақ қырда жүрген қойшы-қолаңшы да түріктің тілеуін тілейтін. Бұндай екі халықтың бірін-біріне иілтіп, мейірлендіріп отыратын: 1) дін туысқандығы, 2) сыртқы саяси қалпы, 3) надандығы болады. Егер осы жұрттар қатардағы жұрт болып, еркіндік пен мідениеттің төріне шыға бастаса, бірінен-бірінің берекесі, мақсаты айырылып, аздан соң қас та жұрт болып кетуі оңай. Бұның мысалын діні бір, қаны бір, тұрмыс ыңғайы бір болған Европа жұрттары баяғыдан бері көрсетіп келеді. Қашан болсын, адам баласының қазіргі «өз шыққан тауым биік болсын» деген мінезі қалмаса, еш уақытта күндегі саясат хаосының артынан ермей, бүгінгі досымен ертең қас болмай отырмайды. Бұлай болған соң, ақ жолды, əулиелікті дүние жүзіне мен орнатамын деп мідениеттің түзу, кең жолын тар, қисық жолға салам деу – қазақтың алға басуына кедергі шығарамын дегенмен бірдей. Бұл сөздің қорытындысы қазақ жұрты қазіргі уақытта күндегі саясаттың ыңғайымен жүріп отырып, түзу жолмен мəдениеттің буынын бекітуді ғана мақсат қылуына керек. «Пантюркизм» қазақ мəдениетінің жолын өрлетіп, жұрттықтың бойын өсірмейді. Саясат жолына кірген жұрт туысқандық, жақындық деген нəрседен айырылылады. Енді əуелгі ғылым тіліне қайтайық. Туысқандық дегенді қолмен аз да болса бұрауға келетін саясат көтермейтін болса, бірбеткей ғылым жолы туысқан едім деп бұралауға тіпті көтермейді. Біреу оңға, біреу солға ьартып, илей бергенге көне беретін ғылым жолы – терінің пұшпағы емес. Əуелде қалай беттесе, көп уақытқа шейін сол бетінде жол болып бекіп қалады. Сол себепті қазақ оқуының бетінде қандай жаңалық кіргіземіз десек те, əуелі кеңінен толғап ойланбай іс қылудың артынан талай аурулы мəселе туып кетуін ұмытпау керек. Қазір бізде ғылым тілін арабшадан аламыз деген ағыс бар екен. Арабшадан алудың ғылыми дəлелі не? Біз ғылым тілі туралы сөйлесек, қазақтың оқуының жолын бір түзу жөнге салу турасын ғана еске алу керек. Оқу мəселесіне туысқандық, болмаса келешектегі саясат бетін қосып шешеміз деу кімнің ісі? Ешбір істі алға бастырмайтын ретсіздік сол емес пе? Болмаса, заманның өзі көрсетіп отырған дəлелге мойынсұну керек. Ол дəлел мынау: біз ғылым тілін арабшадан аламыз дегендегі дəлеліліміз – арабта да бұрынғы уақытта мəдениет болған, сол себепті ендігі бізге керек болатын ғылым арабтан табылады дейміз. Ертеде араб мəдениеті болған бір заман бар. Бірақ ойлап қараңыздар, біз осы күнде дүние жүзіне жарығын шашып отырған ғылымдардың қайсысын аласыз,
біреуі сол күйде ме? Алайық медицинаны (дəрігерлікті), механиканы (машина ғылымы), химияны (кимия), политика-экономиканы (саясишаруа ғылымы), кооперацияны (сауда ұйымдары) һəм басқаларды. Біреуі осы күйде ме еді? Бұның көбінің ол уақытта аты да жоқ еді? Ал қазіргі уақытта күндегі қолыңа ұстайтын құралың болды. Бұның бəрін кім шығарды? Европа шығарды! Бұдан кейін қазіргі мұсылмандардың мəдениетін алаайық. Мысалы, Түркияның университеттеріндегі тіл, онан соң жайшылықтағы ғылым тілдері кімдікі? Түріктің бірінші университеттеріндегі басты тілдер Англия, Франция, Германиянікі. Бұған біз не айта аламыз? Сол боламыз деп отырған түркіміз өзі, Европа жұрттарының өз арасында солай-ды. Қай жұрттың білгіші бір жаңалық шығарса, сол нəрсеге өз тілінде ат қояды; бұл атты өзге жұрттың бəрі сол тілде қолданады. Біз көбінесе татар мен түріктің Европа тіліндегі сөздің «г» қарпін «ғ» қылып, «к» қарпін «қ» қылып алып жүрген сөздерін өз тілі деп сырттан жала жауып жүрміз ғой деймін. Болмаса, бұл күнге шейін түріктен білгіш шығып, оның тапқан нəрсесін түрік тілімен қолданып жүрген Европа жоқ. Міне, заман көрсетіп отырған дəлел – осы. Жə, түріктің өз бетімен тапқан мəдениеті жоқ болса, өзі де Европаның дастарханының шетінен орын алып отырса, біздің не істеуіміз керек? Ол уақытта да мəдениеттің кіндігі болған жерге тура тартпай, өзіміздің қалпымыздағы түрікті өткел қылғанымыз оқу ісін түзу жөнге салғанмен, қазақ түріктен алыстап кетіп, оқу үлгісін түріктен алумен – түрікпен туысып кете қоюына кімнің көзі жетеді? Жұрттың рухы бірігуде тұрса, саясат ыңғайы жұрт рухының сол күйіне қарап бет алатын болса, оқу ісі, оынң ішінде ғылым тілі еш уақытта алыстатып əкете алмайтынын біздің ұғуымыз керек. Бұл мəселе турасында қарсы пікірде болған кісілер болса, дəлелдерін баяндағаны жөн. Осымен, тезірек оқу ісін бір негізге құрып, мұғалімдер, учительдер ғылым тілінің жолынж\да бір-ақ түрлі құралды қолдануы керек. Биылғы Омбыда болған жастар съезінде де ғылым тілін Европадан алуды қаулы қылып жасаған жобалары: əуелгі ғылым тілдерін жеткенше қазақтың өз тіліне аудару керек. Қазақ тіліне аударуға болмағанмен тілдерге ғана Европадан алу болатын. Жастар съезінің қаулысында қазақ тілінде шығатын журналдарда ғылым тілі деген бір бөлімі болып, сол бөлімге Европа қолданып жүрген ғылым тілдерін əркім өзінше перевод қылып оқушының сынына берсін дескен. Бұл жоба да əркімнің есінде болсын. Мұхтар
Ғылым тілі туралы жауап Мұхтар мұғалімнің пікірінше ғылым тілі өзіміздің қазақшаға аударылу керек. Қазақ тілі жетпесе, Еропа тілін қолдануымыз керек дейді. Пəн ғылымының ұстазы – Европа, басқа жұрттікі бояуыш, басқаның бояған тілін алғанша, Европаның өз тілін алғанымыз мақұл деген сөзді дəлел қылып көрсетеді. Ғылым тілін қазақ тіліне аудару бəріміздің тілегіміз, жетпегенін қайдан аламыз? Сөз сонда. Бұл арасы мұсылманша, орысша толық мағлұматы бар мұғалім учительдердің шешетін мəселесі, бірақ журналға жазылып, жалпы сауал қойылған соң əркім өз ойын сөйлеп өту керек. Соның үшін біздің айтатынымыз: қай пəнді оқығанда болса да, түпкі мақсат соны ғылымға қойып іске асыруда. Қай тілді үйренсек те ондағы мұрат – сол тілдегі пəнді аңдауда.Бізге Европа тілінің керегі пəн үшін ғана, əйтпесе біз Европаның тілін сөйлеп, тап өзі болып кетпек емеспіз. Бізден бұрынғы əр пəндеріне қатынасқан мұсылман жұрты бұрынғы қолданып жүрген тілдеріне пəндерді айналдырып қойған (мысалы араб тіліне). Олар бізден гөрі Европаға жақын, тіпті өзі десек те қате бола қоймас. Мысалы, Түркия қалың Европаның ортасында. Олар айналысқан Европамен бұлар да айналысып тізгіндесіп жүр. Басында өздерінен үлкен философтар шықпаса да, осы күнде Европада оқылатын ғылымдар Түркияда түгел оқылып отыр. Ол ғылымдар туралы əлденеше ткітаптар шығарылып, өмірлік ат қойылып бəрі де сол аттармен бекіп отыр. Қысқасы, түріктер Европаның қайсысынан болса да мəдениет жүзінде жарысып озбаса, кейін қалып отырған жоқ. Пəн тілінің Европадан табылғаны Түркиядан, Түркиядан табылғаны Европадан табылады. Жə, өзімізге қайсысын алу пайдалы? Сол жағына келейік. Мысалы: Европа тілін алдық, кітаптарымызға жаздық, сол уақытта өз кітаптарымыздан оқып жақсы мағлұмат алып шыққан кісілер соның себебімен Европа тілінде жазылған кітаптарды танып, мағынасын біліп, пайдалана ала ма? Ал онымен Европа тіліндегі кітаптарды біліп, кете алмасақ, жалғыз-жарым пəн тілін кітаптарымызға араластырғаннан Европа бола аламыз ба? Пəн тілінің түпкілікті болып, бояуыш болмауында не мəн бар? Əйтеуір пəннің ішіндегі мағынаны, ақсатты аңдасақ болмай ма? Енді пəн тілін Түркиядан алсақ, өз кітабымыздан жетіліп жақсы оқып шыққан кісілер Түркия тілінде жазылған пəндердің қайсысын болса да оқып пайдалануға мүмкін. Себебі жалғыз пəн тіл болмаса, жазуымыз һəм басқа тілдеріміздің арасы жақын. Бұлай болғанда мəдениетке жаңа аяқ басып келе жатқан ұлтымыздың арасында ғылым таралуға көп жəрдемі тиеді. Жəне де тіліміздің жақындасуы «пантүркизмге» артық қызмет қылады. Мұхтар мұғалімнің «пантүркизм» керексіз деп көрсеткен
дəлелдерін толық таппаймыз. Дұрыс еместігі өзінен-өзі көрініп тұр. Біз ос күні «Алты алаш», – деп ұрандап, «Атамыз түрік» деп айғай салып жүрміз. Бұл неге керек? Əрине, ұлтты жиып, туысқан бауыр құралып ел болуға керек. «Пантүркизмде» – осыдан басқа мағына бар ма? Европаның өнерін, білімін үлгі қылайық, жөн. Осы бірінің-бірі қанын ішіп, етін жеп жатқанда үлгі қыламыз ба? Мұнысы да мəдениет пе? Жоқ, бұл мəдениет емес. Европа есі дұрыс күнінде неше түрлі ұйымдасудың əкесін жасап сонымен Европа болған. Басқа ынтымағы жоқ халықтарды жем қылып, оларды құртуға неше түрлі план жасаған. Енді осы күнгі қырылысуы кəдімгі ескі хайуандығының ұстап жатқандығы. Осы сөздерге қарап «Пантүркизм» ел болуымызға ең бірінші себеп дей аламыз. Ынтымақты қауымдардың мақсаты бір-біріне қайшы келген уақытта араздасып кетуі мүмкін деп «Пантүркизмнен» қашу шегірткеден қорқып, егін екпегенмен бірдей болмай ма? О кісінің тағы бір айтатыны: тілімізді осы күннен бір бетке салайық; Қытай тілімен шатасқан Японға ұқсалып араб тілімен шатасудан ерте сақтанайық деген сөз. Əрине, тіліміздің бір бетке салайық дегені дұрыс сөз, талас жоқ. Бірақ, араб тілі мен біздің арамызды Қытай мен Японның арасына салыстыруға мүмкін емес. Себебі біз арабпен діндеспіз. Біздің дініміздің негізі сол Құран араб тілі. Еш уақытта бұл құранды мектепке ендірмей, я басқа пəн сықылды өзімізге айналдырып алуымызға келмейді. Бұлай болғанда араб тілінен құтыла алмасақ керек. Ілияс Ахмедов Басқарма: Ілиястың сөздерінің бірсыпырасына Мұхтар сөзінде жауап бар. Бірақ оны қанағаттанбаған ба, бірдеңе жазғысы келген бе, жазыпты. Сондықтан сөзді ұзарта бермей өз тұсымыздан жауап жазып өтерді лайық көрдік. Ілиястың негізгі дəлелі мынау: 1.Түрік мəдениет жүзінде Европадан артық болмаса, кейін емес. 2.Пəн кітабы көп. 3.Түрік кітабын оқыған кісі көп мағлұмат алады. 4.Ғылым тілін түріктен алсақ туысып кетеміз дейді. Бұған жауап: Түрік мəдениеті ілгері басқаны Балқан соғысынан бері. Жас түрік мемлекет билігін қолына алғалы ғана. Түркияда жалғыз-ақ университет бар. Фабрик, завод, шойын жол жоқтың қасы. Шаруа, тұрмыс жайы əлі нашар, əдебиеті қазақтың аз алдында, көпіртіп мақтағанмен мəдениет жүзінде əлі кейін жатыр. Түрік өнерлі жұрт болса қол астындағы ұсақ мемлекеттерден неге айырылп қалды? Олар түріктің өзінен өнерлі болып кетіп, бой бермей шығып кетіп отыр. Неше заманнан Европамен ауылдас отырып кенже қалғанына өзі де өкінеді. Рас, Германияның арқасымен жетілсе жетілер. Ол бір. Онан соң түрік өз тілінен айырылп қалып, ғылым тілі түгілі, жəй əдеби тілі француз, неміс, англия тілі болып кеткен. Нағыз түрік тілі – қазақта, түріктен тілге қазақ бай. «Біз тілді сендерден аламыз» – деп əнеугүні түріктің бір капитаны айтқан. Түрік сагеттеріндегі саяси, ғылыми тілдердің көбі Европанікі. Түрік тілін жеткізе алмай, түрікшіл татардың алып отырғаны да Европа тілі. Түріктің доктор, юрист, химик, физиктерінің қолданатыны да Европа тілі жəне мұнан былай қазақ мектептерінде түрік тілі міндетті болып оқылайын
деп отырған жоқ, орыс тілі міндетті болып отырмақ. Орыс тілді Европадан алып отыр. Орыс тілін оқитын болған соң, олай болса түріктің тілін оқып хат танитын кісі мағлұмат ала алмайды. Түрік бауырмал, рахымды, Европа хайуан, қан төккіш деп жамандайды. Қан төгуге түрік кімнен осыл жұрт еді? «Мəдениет адам баласының ахлағын (мінезін) бұзады» деп Жан-Жак Руссо, Толстойлар айтпап па еді? Ендеше қан төгуден қашқан жұрт мəдениетке жоламау керек. Біз надан күнде ғана бауырмалсыз, мəдениетті болсақ, біз де лажсыз Европаның бірі боламыз, түріктің аталастығына қарамаймыз. Ал тұрмыс, саясат ағыны түрікпен қосатын болса, ғылы тілі бөгелмейді. Діні, тілі, қаны басқа неміспен түрік ауыз жаласып отырған жоқ па? Жəне Ілияс дінді айтып құранды көрсетіп ғылым тілін шешкісі келеді. Мəдениет жұмысын рухани жаққа тіреп шешеміз деу баланың ісі. Ал арабтың қазақ тіліне сіңіп кеткен тілін шығарып тастаймыз деп отырған кісі тағы жоқ. Дін тіліне «Церковнославянский» тілді орыс та алып оты. Ғылым тілін дін тілемн аламыз деу лаққандық. Қысқасы Ілиястың ана сөздерді, мына сөздерді қуайық дегеннен басқа артық дəлелді сөзі көрінбейді. Сондықтан құр қарысуда мағына жоқ деп білеміз. Ғылым тілі туралы сұрау Қазір қазақ тілінде жазылған ғылыми кітаптар жоқ, мектептерде қолданылып жүрген біраз кітаптар татардікі, түріктікі, арабтікі. Мұнан былай оқу қазақтың нағыз өз тілінде болатын болса, қазақша кітаптар өте қажет. Орысша оқығандардың кейбіреулері бір сыпыра орысша кітаптарды қазақ тіліне аудармақ ниеті бар... Орыс тілінен қазақшаға аударғанда ғылым тілдері көп ұшырайды. Жеткенінше қазақ тілінен табуға жаһат етілер. Жетпеген жерде тілді кімнен аламыз? Осы мəселені шешу өте керек. Ғылым тілін Европадан аламыз ба, түріктен аламыз ба деген бір-екі мақала журналымызда басылды. Онан кейін бұл туралы журналға келген сөз, айтылған пікір жоқ. Бұл туралы зиялыларымыздың пікірін білу керек еді, бірақ заманның хəлімен əр түрлі саяси істермен шұғылданып қол тимегеннен бе, яки қатынас пошта шабанданғаннан ба, зиялы адамдар бұл күнге шейін пікірлерін не газетке, не журналға жазып білдіргені көрінбейді. Мұнан былай да сол жазылмаған күйі аяқсыз қала ма деп ойлаймыз. Сондықтан біз бұл сауалды жалпы оқығандарға қоймай-ақ, қазақ тілінде шығатын əр газеттердің ғылым тілі туралы пікірін білгіміз келеді. Газеттер ғылым тілін қай жұрттан алуды лайық, қажет деп тапса, сонан кейін қорытып сөз байлап, кітап перевод қылуға кіріссек деген ойымыз бар. Бұл сөзді аяқсыз қалдырмай барлық қазақ газеттері тезірек пікірлерін жазуын өтінеміз. «Жас Азамат» газетасының бұл туралы пікірі жастар съезінің қаулысында бар. Өзге газеттер болмаса.
«ШОЛПАН» ЖУРНАЛЫ
(1922–1923)
«Шолпан» журналы Түркістан Орталық партия комитетінің
органы болып Ташкент қаласында басылды. «Шолпанның» 1-санының
мұқабасында «саясат-шаруашылық, білім-əдебиет туралы айында бір
шығатын қырғыз-қазақ журналы» деп жазылған. 1922 жылдың қазан
айынан 1923 жылдың маусымына дейін барлығы 8 саны жарық көрді.
Шығарушысы əрі бас редакторы – Иса Тоқтыбаев.
«Шолпан» журналының маңайына Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек
Қожанов, Санжар Асфендияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов,
Мағжан Жұмабаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар Əуезов, Міржақып
Дулатов, доктор Халел Досмұхамедов, доктор Иса Қашқынбаев,
этнограф Əбубəкір Диваев, Мырзағазы Есболов, Кəрім Жаленов,
Аққағаз Досжанова, Əбдрахман Оразаев, Сара Есова жəне тағы
басқа қайраткерлер мен алаш ардақтылары шоғырланып, əртүрлі
тақырыптарға қалам тартқан.
«Шолпанның» алғашқы саны ғана жеке басылған, кейінгі сандары
2-3, 4-5, 6-7-8 болып бірге жарық көрген.
1-санының мазмұны:
1. Саяси һəм жалпы бөлім; 2. Шаруашылық; 3. Партия тіршілігі; 4. Білім бөлімі; 5. Бұйрық-жарлықтар
Мақалалар осы айдарлары аясында жарық көреді. 1,3-сандарында
«Білім бөлімі», 4,5-сандарында оған қоса «Ағарту бөлімі», ал 6,7,
8-сандарында «Оқу бөлімі» жəне «Тарихи бөлім» атты жаңа айдарлар
қосылған.
Журналдың тоқтап қалу себебі «Қазақстан ұлттық энциклопедия-
сының» 4-томында: «... жеке мақалаларында буржуазияшыл-ұлт-
шылдық қате тұжырымдарға жол берілген деп есептеліп, осыған
байланысты журнал 8-саны шыққанан кейін 1923 жылдың мамыр
айында жабылды» деп көрсетілген.
Түркістан қырғыз-қазақтарының ескі тұрмысы туралы жазба сөздер Қырғыз-қазақ əдет, рəсімдері туралы жазба сөздерді жию үшін, 1920 жылы Жетісуға əдейі бір комиссия жіберіліп еді. Сол комиссияның жиып алып келген сөздерін мен жақын арада реттеп шықтым. Жетісу комиссиясының барлық жинаған сөздері кеңсе қағазыменен 2 мың беттей болды. Һəм төмендегі: қыз ұзату, қайынға бару, үлкен кісіні жерлеу, ас-қара салу, батырлар тіршілігі, ертегі, өтірік сөз, тақпақ сөз, мақал, өлең-жыр, күлкі сөз, жаңылтпаш, жұмбақ, мінез һəм ашық өлеңдері, ақындардың айтысуы, жоқтау, түс һəм оны жору, тіршілік белгілері, кесел, һəм оны емдеу, бақсы оның жолдастары дəу, жын-пері, бақсының дұшпандары албасты, жезтырнақ қара-албасты, марту, арбаушы, қырғыз-қазақтың ай, жұлдыз, құйрықты жұлдызға көз қарасы, жыл мезгілдері, он екі жыл – бір мүшел һəм олардың аттары, шаруашылық, аяқты мал шаруасы. Атқа мінерлер, қырғыз-қазақтың дүние жүзіне келуі, дүңгене, тараншы, ноғай һəм Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғысхан, Əмір-Темір туралы сөздер екен. Жоғарыда айтылып өткен сөздерді түзетіп мағынасына қарай һəр қайсысы өз алдына топталса, Түркістанның ғылымы қалмас үшін үлкен байлық болмақ. І) Мінекей, осы жиылған сөздердің арқасында жаңа сөздер-терминдерменен қырғыз-қазақ тілін толтырып, байыту ниеті біздің шағатай – түріктердің де тіліне жаңалық кіргізуі мүмкін. ІІ) Ескі ертегі сөздері: қара, көсе, сараңдар сияқты кісілердің түрін тереді. ІІІ) Жын, албасты, марту сияқты заттарменен байланысқан қырғызқазақтың сақанасын байыту үшін үлкен пайдасы болады. ІV) Жаңада ғана келіп, əлі жарияланбаған əйелдер тақырыпты ескі сөздер, ертегі, мақалдар, бұрынғы басылған сөздер қосылып əйелдері туралы һəм қырғыз бүтін тіршілігінің қайсы жағы болса да жақсы аңлатады. V) Он екі жыл бір мүшел һəм олардың аттары, белгілері қазақ-қырғыз тілінде календарь шығару үшін зор құрал болады. VІ) Айуандар туралы айтылған ескі сөздер, əсіресе, түркі тақырыпты ертегілер салыстыру үшін өте керек болады. VІІ) Ноғай, тараншы, қырғыз жүзіне келуі туралы мағлұматтар кейін қырғыз-қазақтың тіпті, түрік тарихын жазу үшін де қолданылады. Қырғыз-қазақтың бұрынғы əділ жүйрік, жақтамас билерінің салған жол жобалары осы күнге шейін бірден-бірге өтіп ұмытылмай келеді. Һəм жиылған ескі сөздердің ішінде кісінің назары түсіп мағынасына қарағанда кей қазақ-қырғыздың əдет рəсіміне қарай заң шығару үшін сол жол-жобалар негіз болар деп те ойлаймын.
1889 жылда басылып шыққан, Сырдария қазақ-қырғызы туралы Грудиковтың тарихы болмаса, осы уақытқа шейін қазақ-қырғыз əдет рəсімі жағы əлі қарастырылған жоқ. Грудиковтың кітабы жалғыз-ақ, Сырдария облысынан жиылған мағлұматтар бойынша жиылып, оның ішіне Жетісу яки болмаса қазақтың мол жері Семей, Ақмола, Торғай, Орал, Бөкей һəм Айдархан кірмегендіктен, оны қазақ-қырғыз əдет-рəсімі туралы толық мағлұматты тарих деуге болмайды. Патша хүкіметінің тұсында билердің қарарларын жазатын кітаптары таусылғаннан кейін Сырдария һəм Жетісу облыстық кеңселеріне жиып алушы еді. Енді қырғыз-қазақтың əдет-рəсімдерін жию үшін сол билердің кітаптары қолға алынса жақсы болар еді. Мен енді Сырдария облысынан жиналған сөздерді қарап өтпекшімін. Зорлығына қарағанда Сырдариядан жиылған сөз де Жетісудан аз емес. Бірақ маңызының қандай боларын келешек көрсетеді. Жетісудан жиылған қырғыз-қазақтың тіршілік тұрмысына тиісті жазба сөздері туралы сөзімді əзіріне осыменен тоқтатып, Жетісудан жиылып келген ескі жазба сөздер түзетіліп жақын арада басылып шығуына сенгім келеді. Ə. Диваев Білім бөлімі Қазақ тіліндегі сингормонизм заңы Біздің қазақ жұрты оянғаннан бері мəдениет бəйгесінде ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. Мəдениеттің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетеді. Білімді жұрттардың тілі бай болады. Оянған жұрт қарқынды келеді. Елестеген мұратқа жету үшін көбіне алды-артын байқамай жан-жағына қарамай екпіндейді. Əдет, заң, тіл секілді өзіндегі барды кемді санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынды. Жайымен тергеп, ақырындап тексеруге, талпынған жүрек сабыр бермеді. Қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып тұрған нəрселердің де абайламастан өзгеріп кететіні болады. Мəдениет қуған жұрттың ең алдымен, тілі өзгермекші. Шеттен кірген білімін əдетпен, заңмен жаңалықтарға түсінік беретін жаңа сөздер келмекші. Тілге кірген жаңа сөздердің көбі өлкеге алынған мəдениетті жұрттың сөздері болмақшы. Осы күнгі қазақтың əдебиетінде шеттен кірген сөздер өте көбейіп кетті. Төңкерістен соңғы шыққан журнал-газеттердің іші толған жат сөз. Білім, оқу əдебиеті де жат сөзге байыды. Заманымыздағы көркем əдебиетіміз де жат сөздерден құр емес.
Оқытушыға да, үйретушіге де, үгіттеушіге де, жазушыға да, білімдіге де, білімсізге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз күнелте алмайтын заман туды. Топан судай қаптап, тілімізді жат сөздер басып баратқан мезгілде ескерілмей ұмытылуға айналған тіліміздің бір негізгі заңын еске салғымыз келеді. Түрік тілі жалғамалы тіл. Жалғамалы тілдегі сөздердің түбірі өзгермейді. Сөз аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді. Қазақ тілі түрік тілінің бір тарауы. Сондықтан, қазақ сөздері де түбірін өзгертпей, аяғына қосылған жалғауменен өзгереді. Бұл заң тіл құралдан белгілі. Қазақ сөзінің түбіріне соламайымен жуан айтылады. Не соламайымен жіңішке айтылады: жалқы сөздік бұл біріндегі дыбыстардың біреуі жуан болып, біреуі жіңішке болып еш уақытта естілмейді. Қазақтың негізгі жалқы сөзінің түбірінде жуан дыбыстармен жіңішке дыбыстар араласып ұшырамайды. Бір сөздің ішіндегі дыбыстардың бəрінің бірдей дауыс пен (жуан не жіңішке) ұйқасып айтылуын білім тілінде – сингармонизм дейді. Сингармонизм деген сөз қазақша айтқанда үндестік, ұйқастық деген мағынада. Сингармонизм – түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті. Түрік тілдерінің көбі (Стамбул түріктері, Қазан ноғайы, сарт, өзбек тағы талайлар) түрік емес халықтардың сөзін көп алғандықтан, жат жұрттарға көп араласқандықтан осы айрықша қасиетінен айырылып қалып отыр. Осы күндерде қазақ-қырғыз секілді шет жұрттармен жарытып араласпай нағыз түріктікті сақтаған елдердің тілдерінде ғана сингармонизм заңы өзгерместен қалып отыр. Бірқатар білгіштердің ойынша, сингармонизм дауысты дыбыстардың үндес болып, ұйқасып бір дауыспен (не жуан, не жіңішке) айтылуынан шығады. Дауысты дыбыстар қалай айтылса, дауыссыз, ия жарты дауысты дыбыстар солай айтылмақшы. Бір сөздің ішіндегі дауысты дыбыстар бірігіп үнге дыбыстарға үн береді. Дауыссыз, ия жарты дауысты дыбыстар өз алдына үн шығара алмайды. Дауыстылардың берген үнін ғана ұстайды. Дауыстылар сөздің қалай айтылуын біліп тұрған ұйғарушылар, əншілер дауыссыздармен жарым дауыстылар бұлардың соңына ерген дауыссыз нөкерлері болып шығады. Сондықтан, сингармонизм заңын дауыстылардың гармондасу заңы, я дауыстылардың гармония заңы деп те айтады. Біздің ойымызша сөздегі дауыссыз, я, жарты дауысты дыбыстар үнсіз мүдде сақтау емес. Бұлардың аз да болса даусы бар. Бұлар қостаушылар. Бірақ бұлардың даусы дауыстылар дегендей ашық емес. Саңыраулау есітіледі. Сөзді үнге сөз ішіндегі дыбыстарды қосылып əн
айтушы адамдарға балауға болады. Мəселен, бес кісі қосылып əн салса, бір-екеуінің ғана даусы анық естіледі де, өңгесінің дауыстары дүдамал байқалады. Сондықтан, бір дауыстылар гармониясы дегеннің орнына, дыбыстар гармониясы деп айтқанды дұрыс көреміз. Бір сөздің я жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ тіліндегі əрбір дыбыстың біресе жуан біресе жіңішке болып қос айтылуынан. Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып тамақтан (көмейден) шыққандай болып сезіледі. Сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі. Дауысты дыбыстарда бұл анық байқалады. Дауыссыз, я жарты дауысты дыбыстарда дүдамал сезіледі. Бұл күнде біздің тілімізде жалғыз «Е, е» дыбысынан басқа барлық дыбыс қос айтылады. Осы күнгі «е» дыбысы «ə» ден «і» ден туса керек. Соңғы екеуі де қос дыбыс. Сөздің қысқасы, қазақ тіліндегі дыбыстарда жұптық, я қостық бар. Бұл ескі түрік тілінің заңы. Мысал үшін, дауысты дыбыстарды тергелік, «е»-ні шығарғанда қазақ тілінде сегіз түрлі айтылатын төрт дауысты дыбыс бар. Бұлардың жуан түрі мыналар: (алым, мас), (ау-ур, тур), ұ (ұр, тұр), ы (ылғал, сыз) жіңішке түрлері мыналар: -ə, (мəлім, мəс), ө (өр, төр), ү (үр, түр), і (ілмек, біз). Дауыстылардан басқа қазақ тілінде он бес дауыссыз дыбыс бар. Екі жарты дауысты дыбыс бар (у, ы). Сонымен қазақ тілінде бес дауысты (бірі жеке, төртеуі қос), он бес дауыссыз, екі жарты дауысты дыбыс бар. Дауыссыз, жарты дауысты дыбыстардың бəрі де қос. Қазақ дыбыстарын таңбалау үшін кішкене өзгертіп арабтың əліппесін алдық. Араб тілінде де, қос дыбыстық байқалады. Əліппесінде бір дыбыстың жуан түрін, жіңішке түрін айырып белгілеген таңбалар бар. Қазақша əліппе түзегенде арабтардың жолы тұтасымен қолданылған жоқ. Жазудың жеңілденетін жолы байқалады. Қазақтың əліппесінде, арабтың жолы екі дыбыс турасында ғана қолданылды. Қ, Ғ əріптері екі дыбыстың жуан түрлерін таңбалау үшін, К, Г əріптері сол екі дыбыстың жіңішке түрлерін таңбалау үшін алынды. Үнге алынған əріптер дыбыстардың жуан түрін белгіледі. Дыбыстың жіңішке түрін белгілеу үшін жуан түрін белгілеген таңбаның алдына дəйекші (і) қойылатын болды. Қазақтың сөзіндегі дыбыстар ұйқасып, үндесіп айтылатын болғандықтан сөздегі əр əріптің алдына дəйекші қойылудың керегі жоқ болды. Бүтін сөздің алдына жалғыз дəйекші қойылса да, жететін болды. Қолданған дəйекшіміз сингармонизм заңынан туып отыр. Дəйекшінің мағынасы осы. Мұны ұқбасқа керек. Сингармонизм заңы тіліміздегі дыбыстардың таңбаларын екі еседей азайтып, жазуға көп жеңілдік беріп отыр. Қ мен Ғ-ның жіңішке түрін
белгілеуге алған К мен Г бір жағынан əріптердің санын көбейтсе де, екінші жағынан дəйекшіні азайтуға себеп болып отыр. Ішінде К, Г, Е таңбалары мен белгіленген дыбыстар бар сөз сингармонизм заңы бойынша əрқашан да жіңішке айтылмақ. Сондықтан, бұндай сөздердің алдына дəйекші қоюдың керегі жоқ болды. Жоғарғы айтылғанның бəрі сөздің түбірі туралы еді. Қазақ тіліндегі сөздің түбірі сингармонизм заңына бағынатыны анық. Енді жалғауларға, туынды сөздерге келейік. Қазақ-қырғыз тіліндегі сөздердің түбірі еш уақытта өзгермейді. Қазаққырғыз сөзі өзгергенде аяғына жалғанған қосымшалар арқылы өзгереді. Тіліміздегі қосымшалар: 1) жалғау; 2) жұрнақ; 3) жіктеу болып бөлінеді. Барлап қарасақ, жалғаулар сөздің түбіріне ұйқасады. Сөздің түбірі жуан айтылса жалғанған жалғау да жуан айтылады. Сөздің түбірі жіңішке айтылса, тіркелген жалғау да жіңішке айтылады. Сондықтан, жалғаулар қос болады. Тіліміздегі жуан айтылатын жалғаулар мыналар: 1) ңың, дың, 2) ға, қа, а, на, 3) ды, ны, н, 4) да, нда, 5) дан, нан, 6) лар, дар. Бұлардың жіңішке айтылатын жұптары мыналар: 1) нің, дің, 2) ке, ге, е, не, 3) ні, ді, н, 4) де, нде, 5) ден, нен, 6) лер, дер. Қазақтың өзіне меншікті түпкі сөздерінде бұлардан басқа жалғаулар жоқ. Тіл – құралы да осыны айтады. Шеттен келген сөздер де да, нда, дан, нан, лар, дар деген жалғаулар барма – жоқпа? Мұны соңынан тексереміз. Жалғаулар айрықша сөз емес, сөздің мүшесі, бұны өз алдына айтқанда бұларда мағына жоқ, сондықтан бөлек айтылмайды. Қазақ тіліндегі жалғаулардың жалғасқан түбірі мен ұйқасып үндесіп сөйленетіндігі анық. Жіңішке түбірге жуан жалғау жалғау я жуан түбірге жіңішке жалғау еш уақытта қосылмайды. Жалғаулар сингармонизм заңымен жалғасады. Тəуелдіктер де жалғаулардың ізімен жүріп сингармонизм заңына көнеді. Жіктеудегі жалғаулар өте көп. Əр райдың жалғауы басқа болады. Əр райдағы жалғауларды алып тексеріп қарасақ, жіктеудің де сингармонизм заңымен жүретіндігі анық байқалады. Қазақ-қырғыз тіліндегі етістіктің түбірін я, тұқылын табу емес. Етістіктің болымды түрін жекеше жіктегенде, білік райдың екінші жағына арнаған сөз салт əм сабақты етістердің түбірі болады. Өңке етістердің тұқылы болады. Үлгі үшін мынаны келтіреміз: сал, тұр, жарыс, таран, тұрғыз, алдыр, жегіл, соғыстыр, жұлқыла, ұйықтаңқыра. Етістіктің əр райдағы бөлімді болымсыз түрін, үш жақ, екі айрыс, үш жақ бойынша жіктегенде етістіктегі жалғаулардың түбірі, тұқылымен үндес екендігі анық байқалады.
Жіңішке түбірге я, тұқылға жіңішке жалғау, жуан түбірге я, тұқылға жуан жалғау арналған. Жіктеуде еш уақытта жуан түбірге (тұқылға) жіңішке жалғау я жіңішке түбірге (тұқылға) жуан жалғау қосылмайды. Жіктеуде сингармонизм соншама мықты, түбір мен жалғаудың арасындағы дəнекер дыбыс та түбірге үндес келеді. Үлгі үшін «жаз», «жүр» деген сөздерді алалық. Жазайын – жүрейін, жазамын – жүремін, жазасың – жүресің, жазады – жүреді. Бұндай үлгінің талайларын келтіруге болады. Сингармонизм заңы көсемше, есімше, етістіктерде айқын байқалады. Түбірдің жуан жіңішке айтылуына қарай, үнемі көсемшедегі жалғаулар «а», я, «е» болады. (жаза–бердім, жүре-бердім). Ниетті көсемшедегі жалғаулар «ғалы» я «гелі» болады: жазғалы тұрмын, жүргелі тұрмын. Өткен шақтық есімшедегі «ған (қан)» я «гін (ген)» деген жалғауларда сингармонизм толық байқалады: жазған, айтқан, жүрген, көрген, кеткен. Ұйғарынды есімшедегі «атын» (жазатын), «етін» (көретін) деген жалғаулар да сингармонизмге бағынған. Ұйғарынды есімшедегі «атын», «етін» жалғаулардың нағыз дұрыс қалыпы «тұғын»: жаза-тұғын, бара – тұғын, жүре – тұғын, көре – тұғын тағы талайлары. Ұйғарынды есімше, негізінде екі сөзден құралған. Тіл шеберленген уақытта есімшедегі ескі сөз қосылып, бір сөз болуға бейімделген. «Тұғын» деген сөз үнемейін қатты айтылады. Алдындағы жуан сөзбен біріктіріп айтуға болса да, алдындағы жіңішке сөзбен біріктіріп айтуға болмайды. Екі сөзден бір сөз туғызғанда сингармонизм заңына хылаф келмес үшін «тұғын» деген сөз түң күйінен өзгеріп, құйқалжымалы «тін» деген жалғау болған. Сингармонизм тіліміздің негізгі заңы екендігіне «тұғын» нің өзгеріп «тін» ға я, «тін» ге айналғаны анық дəлел. Бұның жайында алдымызда əлі сөйлерміз. Көсемше мен есімше – етістіктердің бөлімді түрлері де, болымсыз түрлері де сингармонизм заңына анық бағынады. Енді жұрнақтарға келсек, бұнда да жалғаулар туралы айтқанға жолығамыз. Қазақ-қырғыз тіліндегі жұрнақтар екі түрлі: бірі шын жұрнақ, екіншісі шала жұрнақ. Шын жұрнақ сөз емес, айрықша айтылғанда мағынасыз болады. Сондықтан, бұлар өз алдына бөлек айтылмайды. Шын жұрнақ сөздің буыны, мүшесі. Қазақ-қырғыз тілінде шын жұрнақтар өте көп. Бұлар сөздің мағынасын өзгертіп туынды сөздер тудырады. Шын жұрнақтың бəрі қос болады. Жуан түбірге я тұқылға жуан түрінде жалғанады, жіңішке түбірге я тұқылға жіңішке түрінде жалғанады. Бұл туралы іспаттың керегі жоқ.
«Тіл-құралда» мынадай шын жұрнақтар көрсетілген. Есімдерде: шы (ші), ақ, дық, тық (лік, дік, тік), шылық (шілік), Шыл (шіл), шық (шік), ша (ше), қой (кой, гой) лы, ды,ты (лі, ді, ті). Сыз(сіз), лас, дас, тас (лес, дес, тес), шаң (шең), а (е) ла, да, та (ле, де, те), Ғар, қар, (кер), сын (сін), шыла (шіле), дай (дей), дағы (дегі), əр (ер). Сын (сін), ғыл (гіл), лау, дау, тау (леу, деу, теу). Етістіктерде: с, н дыр (тір), л, т, тітір, сітір, қыз, ғыз (кіз, гіз), қылағыла, (кіле-гіле), ыңқыра (іңкіре), уу, м, с, ш, қыш, ғыш (кіш, гіш), ұш, ғы (гі), қ (к), қын, ғын (кін, гін), ма (ме), ба (бе), мал, бақыл (бекіл), мақыл (мекіл), ақ (ек), н, лық (лік) ұл (ул), ман (мен) бұлардың бəрі қос айтылады, сингармонизмге толық келеді. Етістіктегі алғашқы үн жұрнақ тұқылдағы етіс жұрнақтары. Тұқылдың өзі сингармонизм заңына толық бағынады. «Тіл-құралға» кірмеген шын жұрнақтар көп: 1) лдырық – ледірік (табалдырық, сағалдырық, түмілдірік, көзілдірік өмілдірік), 2) ңғы-ңгі (салбыраңқы, астыңғы, болдырыңқы, еңкейіңкі, үстіңгі), үсіңгі 3) қақ – кек, ғақ – гек (жарғақ, құрғақ, шорқақ, піскек, ілгек, үркек, іскек). 4) қай –кей, ғай-гей (балақай, қарағай, аңсекей, əшекей, өңкей, найзағай, жөнегей), 5) қам-кем, гем (қалқам, салқам, жөргем, көргем, иіскем, желкем), 6) ау – еу, (қиынау, жинау, көрнеу, ернеу, кернеу), 7) маң-мең (қылмаң, көлмең), 8) тағы талайлар. Жұрнақтың бəрін тізіп жатуға бұл жерде орын емес. Бірақ, жұрнақтардың бəрін толық қылып жинау керекті жұмыстың бірі болуы керек. Шала жұрнақ деп мағыналы сөзден өзгеріп, жұрнақ қалыпқа түскен сөзді я, жұрнақтықтың шын қасиетінен айрылып, қосалқы сөздің қалыбына аударылған жұрнақтарды айтамыз. Шала жұрнақтар қазақ-қырғыз тілінде аз. 1) Еке деген шала жұрнақ «аке» деген сөзден өзгерген жуан түрі. Бұл күнде жоқ. Алғашқы жуан түрі аға (ақа) болса керек. 2) Нікі (дікі, тікі) деген құрама жұрнақ. Бұл «нің» (дің) деген жалғау мен «гі» деген жұрнақтың қосылуынан туған ніңгі (діңгі), ніңгі (діңгі) өзгеріп нікі (дікі) болған. Нікі жұрнақтың жіңішке түрі, жуан түрі-нқы біздің тілімізде жуан түрі бұл күнде жойылған, айтылмайды. Ноғай тілінде бұл жұрнақтың екі түрі (нқы, нкі) осы күнде де айтылады. «Нікі» қазақ тілде жұрнақтың шын қасиетінен айырылып қосалқы сөзге жақындаған. 3) Ғана бұрын шын жұрнақ еді, жіңішке түрі гана еді. Гана бүгінде қазақ тілінде айтылмайды, жойылған. Ғана жұбынан айрылған соң, шын жұрнақтықтан да айрылған. Бұл күнде қосалқы сөз ретінде айтылады. 4) Күнем (пайда-күнем, мас-күнем, қас-күнем), Күнемнің жуан түрі жоқ. Сондықтан шала жұрнақ я, қосалқы сөз ретінде сөйленеді. Тілімізге жат тілдерден (парсыдан) кірген жұрнақтар бар: 1) кер (гер),
2) хор, 3) паз жат тілден кірген жұрнақтар шала жұрнақтарға қосылады, бұларда қостық жоқ. Кер (гер) үнімен жіңішке айтылады. Алдындағы қосылатын түбір сөзі жіңішке болса, дұп – дұрыс болып сингармонизм заңымен жүре береді (əс-кер= əскер). Алдындағы қосылатын түбірі жуан айтылатын сөз болса, бұл сөзді «кер» жіңішкертіп алып қосылады. Сауда – гер = саудакер, хайла-кер = хайлакер яғни айла-кер =а йлекер, жұмыс – кер = жұмыскер, тағы талай үлгі келтіруге болады. Кер (гер) жұрнақ жат тілден келген шала жұрнақ болса да, бүгінде шын жұрнаққа айналып барады. Паз (əсем-паз, өнер-паз) үнемі жуан айтылады, түбір сөзбен əндеспейді. Хор (пара-хор, əлім-хор, жем-хор) үнемі жуан айтылады. Бұл да алдындағы сөзбен үндеспейді. Жұрнақтар туралы əңгімені қорытқанда, мынадай жазу қағидасы туады: 1) Шын жұрнақтар сөзге қосылып жазылуға керек. Шала жұрнақтар түбір сөзге жалғаспай, сызықшамен бөлініп жазылуға керек. Кер (гер) жұрнақ шын жұрнаққа есептелмейді, сондықтан, түбірімен бірге жазылуы керек. Жазудың осындай қағидасы сингармонизм заңынан шығып отыр. Демеулерде де сингармонизм заңы анық байқалады. Сұрау демеудің жуан түрлері: ма, ба, да. Жіңішке түрлері: ме, бе, де. Демеу алдыңғы сөзбен ұйқасады. Алдыңғы сөз жуан болса, демеу де жуан айтылады. Алдыңғы сөз жіңішке болса, демеу де жіңішке түрде айтылады. Үлгі үшін: ұрыстымба, сөктімбе, оқима, жүрме. Да – деген демеу жуан айтылатын сөздің соңынан қойылады. Мəселен: малда, қоста, адамда, сүт емушілер тобына кіреді. Де деген демеу жіңішке айтылатын сөздің соңынан қойылады. Мəселен: менде-сенде адамбыз, көзде, бүйректе, жүректе, ішкеде, денедегі мүшелер. Біздің кейбір жазушыларымыз да менен де нің қай орында, қалай қойылатынын шатастыра береді. «Қазақ тілі» нің талай сандарында ретсіз «да» мен «де» нің шатасып жүргенін байқадық. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін бастырғанда басқарған Бернияз Күлеев «бастырушыдан» деген сөзінде мынаны жазады: «өлеңдердің қол жазбасында көпшіліктің сөйлеп жүрген тіліне амалға дұрыс келмейтін кейбір сөздер жергілікті түрде жазылғандай бар еді. Мəселен: менде, сенде, өзімде, көзімде, өлімде, меніде деген сөздердегі демеулер көпшіліктің сөйлеп жүрген тілінде амалда орны мен «де», «де», «да» да айтылып жазылады. Қол-жазбада барлық сөзде де деп айталық, «да» демеуі жазылған. Жоғарғы сөздер менда, сенда, өзімда, көзімда, өлімда, менімда жазылған. Бұлардың талас еместерін «де» қылып түзетсем де,
өлеңнің ұйқастарын бұзатын орындарда əм дүдамал естілетін орындарда түзетуге тəуекелім жетпеді». Бернияздың түзетуі дұрыс-ақ, бірақ, түзетуді аяқтамағаны сингармонизм заңымен таныс болмағандығы. Ақындық табиғаттың саннан таңдап, бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. Көп берілгеннен көп сұранады деген, нақылды ескеріп аяғына дейін түзету керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту ақындардың мойындарына артылған зор борыш. Сұрау демеулер сөзге қосылып жазыла ма жоқ бөлек жазыла ма? Бұл туралы «Тіл құралда» шатақ бар. «Тіл құралының» бірінші бөлімінде демеулердің бəрі бөлек жазылады деген, екінші бөлімде бірге жазылады деген. Шатақты жойып, бір жол қолдану керек. Осы күнгі көптің жазып жүргеніне қарасақ, ма, ба, (ме, бе) қосылып жазылады, да (де) бөлек жазылады. Біз де осы жолды дұрыстаймыз. Сұрау демеудің соңында -екен деген сөз келсе, қатар тұрған екі дауысты дыбыс бірігіп айтылады. Сондықтан, мекен, бекен деген сөз туады. Мəселен: барма екен, жүреме - екен, деген сөздер барамекен, жүремекен болып айтылады. Мекен, бекен болып айтылса да барама – екен, жүремеекен деп жазу керек. Сингармонизм заңы осылай қылып, айырып жазуды дұрыстайды. Туынды демеулердің кейбіреулерінде сырттан қарағанда, сингармонизм заңы дүдамал байқалғандай болады. Шындығында, туынды демеулерде сингармонизм заңы анық. Туынды демеулер мыналар: өйткенде, бүйіткенде, сөйткенде, əйткенде, қайткенде, немесе (бір түрі ғана алынды). Бұлардың алдыңғы бесеуі екі сөзден, соңғысы үш сөзден құралған өйеткенде, сөй-еткенде, əй-еткенде, қай-еткенде не-емес болса. Өй, бүй, сөй, əй, қай деген сөздердің бəрі осы күнде де қазақ арасында айтылады. Ескі жырларда тіпті көп айтылады (Қобланды батыр бүй дейді. Ертарғын сонда сөй деді, қай орында, қай жерде тағы талайлар). Өй-олайдан, бүй бұлайдан, солай қай сойдан, қалайдан қысқарған. Алдындағы сөзбенен мықтап бірігу үшін бұларға сингармонизм заңына көну керек болған. Сондықтан, бұлар бұрынғы қалыпынан, тұлғасынан айрылып, ілдің негізгі заңына лайықталған. Немесе де алдыңғы сөздер өзгеріп артқы сөзге ұйқасқан. Қай – еткенде де деген сөзден басқаның бəрін бір жазса да болады. Қай – еткендені сызықша арқылы жазу керек. Қайткенде де деп жазған қата болады. Ма-еткенді, ба-еткенді мекен бекен деп жазғандай сингармонизм заңына хылаф келеді. Бірқатар қара қазақтар қай – еткенденің, Ң орнына кайткенде деп сөйлейді. Бұлай болғанда бірге жазудан кемшілік жоқ. Қазақ тілінде кей нəрселердің аты екі сөзбен айтылады. Мəселен: Бай -шешек, Бай-келді, Жан-келді, Орын-басар, Қызыл-жар, Ақ-жар.
Қос сөздердің бір қатарлары бірігіп, бітіп бір сөз болуға айналған. Осындай сөзді тексеріп қарасақ, бұлар сингармонизм заңымен өзгеріп барып бірігеді. Бір жуан сөз, бір жіңішке сөз екеуі бірігіп қосылғанда сингармонизм заңы айқын байқалады. Көбінде жуан сөз өзгеріп, жіңішкеріп келіп қосарымен бірігеді. 1) Бай-шешек=Бай шешек=байшешек. 2) туракелмек=тура-келмек түрегелмек, 3) ала-өкпе, але-өкепе=алөкпе. 4) Гүл-айым=гүл-айым=гүлайым, 5) бай-келді=бəй-келді=байгелді, 6)тастемір=тастемір мұндай үлгілердің талайын келтіруге болады. Қазақ тілінде екі сөз бірігіп бір сөз болса, ішіндегі сөздер сингармонизм заңымен өзгереді. Бұл жалпы заң. Ұйғарынды есімшедегі «тұғын» нің «тін» болуы. Туынды демеулердегі солай, бұлай секілділердің өзгеріп сөй, бүй секілді түрлерге айналуы қос сөзден бір сөз тууы – бəрі жол. Біраз сингармонизм заңымен жүру. Мұнан жазудың тағы бір қағидасы туып отыр: қос сөздер сызықша арқылы жазылуы керек (Қызыл-жар, Көк-жар, Əулие-ата, Ешкі-емер, Оқжалан, Бай-тұрсын, Сəрсен-бай, Кене-сары тағы басқалар), қос сөзден сингармонизм заңымен бірігіп, бір сөз болып туған сөздер бірге жазылу керек: (Ташкент, Шымкент, Жауғашар, Жарғанат тағы басқалар). Жоғарғы айтқанның бəрін сарыққанда, қазақ-қырғыз тілінің өзіне меншікті түпкі сөздерінің қайсысын алсаң да, түбір сөз болсын, туынды сөз болсын, сөздердің ішіндегі көп өзгерістерден қай қалағаныңды алсаң да, бəрінің сингармонизм заңымен жүріп, осы заңды қолданып бұл заңнан беттей шетке кетпейтінін көресің. Қазақ-қырғыз тілінде сингармонизм заңына көнбейтін сөз, сөз өзгерісі жоқ. Сары-арқа қазақ еліне қандай меншікті отан болса, сингармонизм қазақ тіліне сондай меншікті заң. Сингармонизм тілімізді үйретуге жеңілдетіп тұр. Жаңа сөздер тудырып, сөздер қосып тілімізді байытқанда, лақтырмайтын, адастырмайтын қарақшылы даңғыл қара жол болып тұр. Жоғарғы айтқанның бəрі түпкі қазақ сөздері туралы еді. Енді шеттен келген жат сөздерге келелік. (жалғасы бар) Халел Дос-Мұхамедов,
«Диуани луғат ат-түрік» Түрік тілі һəм əдебиеті туралы «Диуани лұғат-ат түрік» деген бір кітаптың Истамбулда табылғанын дүние соғысының алдында ғана (1914 ж) біреу бізге хатпен білдіріп еді. Бұл кітапты көруге құмарланып,
толық мағлұмат сұрап, хат жазып едік, бірақ, соғыстар себебінен Туркия шекарасы жабылып қалып, ешбір жауап алуға болмады. Соғыс дəуірінде, 1914 жылдан 1918 жылға дейін Истамбулда Көпірлі Заде Махмуд эфендінің қарамағында түрік азаматтар тарапынан білім жолында бірталай өнімді қызметтер жүзеге шығарылған екен. «(Милли татбаъғлер мажмаусы» тағы сондай, «əдебиет факультеті» мажмуғесін, тағы сондай журналдар басылған екен. Түркия мариб назараты артықша қарап, өз қаражатымен əлгі айтылған «Диуани лұғат-ат түрік» кітабы 1918 жылы жақсы қағазға, 60 формада 3 том кітап (І-ші том 843 бет, ал ІІ-ші том 320, ІІІ-ші 253 бет) қылып бастырған. Түріктің білімді ерлерінің бұл кітапқа артықша назар салғандықтары, қадірін білгендіктері кітапты түзетіп, қарап бастырған Ахмет Рифат эфендінің (ІІІ-ші кітап аяғында) жазған сөздерінен көрініп тұр. Түрік ғалымдары бұл кітаптың жанып, болмаса өртеніп жоғалуынан қорқып, бастырып майданға шығаруға асықтырыпты. Түрік ұлты əрбір том (жылда) шыққан сайын пайдаланып, əдебиет тарихы туралы көп жаңа білімдерді, сөздер майданға шығарыпы. Түрік азаматтарының білімге, түрік ұлтының тілі һəм əдебиетіне мынандай назар салғандықтарына қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Османлы түріктері бұл соңғы заманға дейін білім кітаптарын бастыруда Европадағы жол-жобаға (əсіресе Ди-коя сияқты ориенталист ғалымдар жолына) көз салмақшы еді. Бұрынғы Қазанда, Ташкентте басылған «Қисса Анбия» кітабындай қылып қалай болса солай баса салушы еді. Ғылыми кітаптарды баспаханалардың өзі түзетушілері корректорға қарап түзетеміз деп былықтырып қоюшы еді. Ахмет Рифат Эфендінің де азын-аулақ сондай кемшілігі жоқ емес. Османлы жазушыларында артық таралған «жақша белгісін» орынды-орынсыз көп жұмсау, мəселен, 3-ші кітапта да 503 бетін «Шу» бап деп жазғаны сияқты. Бұл оқушыларды жаңылдырады. Ахмет Рифат Эфендінің осындайы аз емес. Бірақ, сондадағы бұл кітаптың басылуы өзінің жақсылығымен осы күнге дейін Түркияда басылған бұрынғы кітаптардан айырылып тұр. Қатесін түзетуге артықша назар салғандық, жете қарап бастырғандық, қолдан келгенше түп (оригинал) кітаптың суретін сақтауға иждахат қылғандық кітаптан көрініп-ақ тұр. Қысқаша айтқанда, Османлы түріктерінде пəн кітаптарын басу туралы Европа жолы – жобасын жүзеге шығаруға бет қойғандық көрінді. Бұл туралы əсіресе «Милли татбағлер мажмауғесі» көп қызмет көрсетіп тұр. Бұл журнал түрік ғалымдардың өз бетімен (ғылыми кітаптарды бастыру жолында) жүрулерін, əр ғалымның өз ойынан шығарып пайдасыз білім жолында өнімі жоқ «Ақыл» сөйлеулерін қатты айып қылады. (мəселен: жылда екі төрт
сан, 171-190 бет). Бұл сөздер ғылым жолында жаңа үлкен бір адым деп білеміз. Түркияда кітап басуға осындай артық назар салуды көріп, біздің қуанышымыз екі есе болып отыр. «Диуани лұғат ат-түріктің» шығарушысы – Махмуд бин Əл-Хусейн бин Мухаммад Əл-Қашқари деген бір түрік ғалымы. Бұл адамның аты бұрынғы ескі тарих кітаптарында көрінген жоқ еді. Тəржіме хəлі (биографиясы) туралы сөздер өз кітабынан ғана табылып отыр. Бұл адам 999-шы жылдан 1212 жылға дейін күнбатыс, күншығыс Түркістанды билеп тұрған «Қарахан» түрік хандарының ең күшті болып дəуірлері жүріп тұрған заманда болған адам. Атасы Хусейн, (Түрікше аты «Бахыркен» 521) осы қарахандардың атақты бектерінен болған. Саманилардан Маверенаһрды алып берген кісі болған. Бұл «Бахыркен» осы күнгі Ыстық көлдің күнбатысы мен оңтүстігі арасының жағасындағы «Барыс хан» шаһарында болған. Кітаптың шығарушысы Махмудтың туған кіндік кесіп, кір жуған жері, ата-қонысы Ыстықкөл жағасы «Барысхан» шаһары болады. Махмуд Қашқари өзі дағы түрік бектер мен əскерінен, ғалым, шайырларының (ақын) алдыңғы қатарынан болған. (31) Өзінің өмірін түрік қауымдары арасында түрлі түрік рулары ішінде өткізген. Өзін «Қашқари» (Қашқарлық) деп атағанынан қашқар хандарымен болған сұхбаттары (беседа) жазғанынан, оның Қашқарда өмірін өткізгендігі білінеді. Бірақ, қандай себептен екені белгісіз, бұл түрік ғалымы түрік қаһарман бегі Бағдат халифасының алдына барған. Кітабын халифа «Əлқайым Биамери Аллаһ»-тың патшалығының соңғы жылында жазып, оның орынбасары «Ал-мухтади Би Эмриллаһ»-қа тарту қылған. Əйтеуір кітап 1073-інші жылы (сиыр жылы) жазылған. 1) Махмуд Қашқаридің замандасы болған екінші бір Қарахан түрік жазушысы Баласағұн Жүсіп Хас Хажыб «Қудатғу білік» есімді кітабы 462 жылы тауық жылында (1069-1070 қыс күні) жазған. 2) Осылайша Махмуд Қашқари кітабымен Жүсіп Хас туралы Димашқи Хажыбтың кітабы жазылуының арасы екі-үш-ақ жыл уақыт бөледі. 1. Махмуд Қашқари кітабын қай жылда жазғанын үш орында сөйлейді. Кітаптың аяғында (333) кітабы 464 жылдың жұмадал аууал айында (яғни 1072 жылдың февралында доңыз жылдың аяғында) жаза бастап, 466 жыл жұмадалахар айында (яғни 1074 жыл февраль жұлдызында сиыр жылы аяғында) таман қылғанын айтады. Бірақ, 3-ші жылдың февраль 116 бетте, «369 жыл нак (яғни ұлу) жылы жазылды» дейді. Бұл 1076-шы жыл август жұлдызы мен 1076-шы жылғы март арасында болды. Нак-ұлу жылы 1076-шы жыл март жұлдызына кіреді. 46-інші жыл 1076-ші жылдың 5-інші авгусына кіреді. 469-ші жылда ұлу жыл дегені 469-шы жылдың шағбан айынан бұрын деген сөз болады. Жылда 1 бет 290-да, 466-ші жыл мухаррам айында жазып отырмыз. Бұл уақытта жылан жылы кірді. 467-шы жылы кірсе енді, яғни, жылқы жылы кіреді, деп жазды. Бірақ, осында бір қате бар: 366-шы жылдың мухаррам басы 1073-ші жылдың сентябрь 6-сында болады. Жылан жылы 357-ші жыл 1065-ші жылдың мартында һəм 370-1077-ші жыл мартында кіреді. Енді 458-ші жылдың жылан жылы мухаррам айы 1088-ші жылдың 25 июлінде
келеді. Қалай болса да, мұнда бір қате бар. Қалай болса да, Махмуд Қашқари кітабы 1072ші жыл мен 1076-шы жылдар арасында жазған. Кітабын жазып тамам қылу 1076 жыл болған деп айтуымыз керек. Кітаптың жазылу жылын алдымыздағы Стамбул басшысы сыртында асыл нұсқа бойынша 466 қойылған. Шынымен, кітаптың жызылу жылын қысқаша қылып 1073 десек дұрыс болар. 2. 46-шы жылдың тауық жылы 1069-шы жыл март 9-да кіреді. 363-ші жыл март 9-нда кірсе, «Қудатғу білік» 462-ші жылдың жұмадала айының һəм 1070-ші жылдың мартынан бұрын аяғы 1069-шы жылдың ноябрь жұлдызы, 1070-ші жылдың март жұлдызы арасында қыс күнінде жазылған болады. Бірақ, бұл кітаптың біреуі түп Түркістан орталығы Қашқарда, екіншісі Бағдатта жазылған М.Қашқари кітабының Ыстанбұлда табылған нұсқасы 664-шы хиджра 1266-шы жылда «Мухамед бин Абу Бакир бин Барал Фатих Ас-Сауй Əд-Димашқи» деген адамның қаламы мен шығарушының өз қолымен жазған кітаптан жазылған. Бұл туралы Димшқи өзі (111-222-323) жазады. М.Қашқари кітабының басында бұл кітапты сол замандағы мəдениет дүниесі мұсылмандарға түрік ұлтын таныту, білдіру үшін жазғанын айтады. Осы себеппен, ол өзінің түрік қауымы түрік əдебиеті туралы жазған кітабын араб тілімен жазған. Əрине, М.Қашқари араб тілін өте жақсы білген һəм кітабын зорланбай-ақ арабтың шешен сөздері ашық тілімен жазған. М.Қашқари өз заманындағы ғалымдардан «Хусейн бин Халиф Аль-Қашқариды» атайды. (293). Бұл ғалым туралы Самқани «Кітабул ансаф» деген кітабында (Гип бастырған, 472) Қашқари туралы сөйлегенді баян қылады. Бұл кісі 484-1091 шамасында уафат болған бір Мухадис (пайғамбар сөздерін көшіруші) ғалым екен. Бірақ, бұл ғалымның сөйлеген хадистері көбінесе өтірік байлаусыз саналған. М.Қашқари бұл ғалымнан түріктер туралы бір хадис-худси көшіреді. Тағы сондай түріктер хақында хадистерді Бұхара, Нисабур ғалымдарынан алып жазады. Мухаммед пайғамбар түрік патшалығының, Токио хандарының ең күшті, Византия, əрі Иранға қарсы ең, кең бір дəулет болып, күн көрген дəуірінде келген. Əрине, ол түріктерді білген. Ескендір патшаның «Садия жуж уама жуж» яғни, күн шығыста бастапқы түзілген соғыс қамалдары туралы сөйлеген. Бұл пайғамбардың заманында арабтар арасында, əрине, түрік қауымы туралы ұзын құлақ хабарлар болуы анық. XІІ-XІІІ ғасырларда Исламға дұшпан болған Аһлу солиб (крестовые походы) Қарақытай горхандары һəм найман ханы Күшліктердің ислам елін бұзуы туралы көп Эфсаналар (легенда) түзгені сияқты Сасани Иранға дұшпан болған арабтарда өз заманындағы Токио, түрік хағандары туралы көп хабарлар болған болса керек. Бірақ, түрік қауымын мақтап көтеріп айтқан хадистері, оғыз, селжук, сəбіктекін сұлтандарының мұғтасим (мухтасим) халифа уақтында-ақ, халифа қызметіне Бағдатқа барған түрік əскерлерінің һəм ерлерінің көңілдерін көтеру үшін қарсы
(Иран) ғалымдары түзелген М.Қашқари һəм басқа түрік ерлері бұл хадистерге сеніп жүрген. Осыған қарағанда, М.Қашқари Құран мен араб əдебиетін жете білсе де, дін һəм хадис ғалымдарын өте білмеген. Бірақ ол араб тілін, əдебиетін жете білген һəм кітабын атақты араб филологы (тіл ғылымына жетік кісі) Халелдің «Китабул айн» деген классика (үлгі) кітабына ұқсатып жазғанын (51) айтады. Шынымен, ол тіл мəдениет майданында, арабтың ел алдыңғы қатарындағы ғалымдарымен қатар тұрып, түрік тілін сол замандағы ең жоғарғы финхусылуына салып жазған. Бірақ, дін жағынан ол жақсы мұсылман болғанымен, бірге шала шаман-(бақсы) болған. Һəм ол 14-15-шы ғасырлардағы ислам діні үшін тырысып жүрген Əмір-Темір һəм Əбілқайыр хандардай, өзінің шамани сенімдерін ашық жазады. Қалай болса да бұл адам дін ғалымы емес, бəлки, таза дүниауи (светский) ғалым болған. Бұл оның кітабынан ашық көрініп тұрады. Кітабында кезікпеген ұзын сөйлемдер, пайдасыз сөзбастар жоқ, кітабының басынан-ақ, Тоқтамыс хан сөзім деп тура өзінің мақсатын сөйлеп, жарлық жазған түрік хандарындай «Қал Абди Мухамуддин ал-Хусейн» деп, тура мақсатын сөйлеп алып кетеді. Ол кітабына өз заманындағы түрік қауымдарын жоғарғы орындарын өз заманындағы ұлттарға алыс-жуығын көрсету, кітабын түсінікті қылу үшін, ол уақытқа дейін мұсылман ғалымдарында көрінбеген бір жобамен, дөңгелек (ықтимал «жер дөңгелек» «Əл арду курату» мəселесін біліп) харита-(карта) жазған. Мұнда таулар, теңіздер, өзен, дариялар, құмдар шаһарларды санап көрсеткен. Бұлардың əрбірін басқа-басқа бояумен түсірген. Осылардың үстіне, ислам ғалымдарына қарсы мəдениет, шаруашылық, егіншілік, сауда-санағат терминдеріне артықша назар салған. Ислам дүниесінде Ыхтисади ғалымдарды Сырдария жағасына барған бір түрік ғалымы (Ғараби) бастап жазған болса, М.Қашқаридың да таза бір дүниауи (светский) ғылым, діниауи жағрафия һəм тіл ғалымы болып, кітабын мынадай бір жолға қоюы ислам тарихында мысалы болмаған бір қызмет. Бұл мəселе түрік қауымының ислам дүниесіне келіп, қосылып ғана кететін бір унсур (элемент) болмай, өз елінен жоғарғы бір мəдениетпен тəрбиеленіп келгенін һəм біздің бұл күнге дейін ойлағанымыздай жұлдыз қарап, бал ашып, құмалақ тартып, сонымен іс қылып үйренген көшпелі түріктердің ислам дүниесіне келуімен, рухани мəдениетті білуге шамасы келмеді. Бəлки, деректі істер (практический) жұлдыз, расадхана, риадиатпенен (математика) болды. Өйткені, рухани мəдениетке олардың ынтасы, салахиаты жоқ еді. Түріктердің ислам дүниесіне келіп, расад хана риадиатпен болулары, сол жолда қызмет қылулары, мəдениліктен емес, мəдениетсіз болып тіршіліктерінде рухани мағына (духовное содержание) болмағанын көрсетеді деген назарлардың (взгляд) дұрыс
болмағанын ашты, мұсылман түрік сұлтандары болған селжуқылардың Бағдат пен Иранға келіп «Хилафат» яғни (теократизмға) қарсы дүниауи мемлекет (Светская власть) «Сұлтандық» кіргізулері, мұсылман қараханилардың Мауеренаһрды алған соң, Ислам руханилары мен (молдалары) күресулері (бұл таптардың тартысуында хандардың бұқа-рашыл (демократия жағында) болуы ғана емес). М.Қашқари Фараби сияқты ғалымдардың дүниауи ғылым түзулері, түрік хандарының риадиат, расатпенен болулары сияқты фактілердің арасында бір-біріне байланыс болса керек. Бұл фактлер Орта Азияның түрік қауымы ішінде Сырдария, Тарым, Тянь-Шань аудандарында «дерексіз дүниеге (маффуқат табиат) рухани мəдениет пəлсапаға қарамай, мəдениет, мадиа, дүниеге ашық көзбен қарайтын Иран, Жуһуд мəдениетіне қарсы бір мəдениет болғанын көрсетеді. Осыған қарағанда М.Қашқари, оның кітабын былай қоя тұрғанда, өзі мəдəни тарихы жағынан, мухым бір факт болады. Не үшін араб, яки парсы ғалымдарынан ешбіреуі өзінің қауымы, тілі туралы осындай бір кітап жазбаған, не үшін «Сиасатнаме», «Жамиат-Тауарих» сияқты кітаптары ислам тарихында тек фахат, селжуқ, Моғол хандарының қалағанына жазылған себептен ғана жалғыз-ақ əсерлер болып қалған? Бұл уақиға яғни, М.Қашқаридің өзі «шахси» ислам һəм түрік тарихында үлкен бір уақиға болуында күдік жоқ. М.Қашқаридің кітабына келгенде, бұл кітап туралы əзірге біз Еуропаның түрік тілі мамандарының пікірін естігеніміз жоқ. Бұл кітаптың бір нұсқасы академик Бартольдқа берілген екен. Бірақ Бартольдің бұл кітап туралы бір нəрсе жазып-жазбағанын білмедік. Қалай болса да, біздің мынаны айтуға шамамыз келеді. Түрік қауымының тіл, əдебиет һəм мəдениет тарихы үшін 1889 жыл Орхон жағалауында, Ядринцев тапқан Томсон, Радлов һəм басқа ғалымдар тарапынан үйреніліп нішір етілген. Барлық мəдениет, хан дүниесінің назарын өзіне қаратқан, хан ерлерінің пікірін алыстырған (өзгерткен). Ескі түрік-орхон «бітік тастар» қандай аһамиаты болса, М.Қашқари кітабында аһамиаты сондай. М.Қашқаридың түрік қауымына, өз ұлтына мына себепті Күлтегін, Білге хандардың мұнсабатындай һəм түрік руларын, түрік тілін білу əсіресе, білімі олардан артық болған. Кітабының басында Махмуд Қашқари мына сөздерді жазады. «Махмуд Хусейн ұлы айтады: тəңірі дəулет күнінің көзін түріктің көгінде тудырды жер, Азияның дəрілерін олардың қолына берді. Оларға, түрік деп ат қойды. Дүниеде патшалық жұмысын оларға тапсырды. Оларды заманының иесі патшасы қылды, һəм дүниедегі ұлттардың тізгінін олардың қолына берді. Оларды туралыққе берік қылды. Түрікке сиынған кісі жоғары болды. Күшті болды Һəм қалағанына жетті. Пəлелерден пəле
шығарушы бассыз, тиянақсыз адамдардың пəлесінен құтылды. Түріктің найзасынан құтыламын деген һəм бір ақылды кісі олардың етегіне жабыссын. Бірақ, түріктерге жақын болу үшін олардың өз тілімен сөйлеуден бөлек амалы жоқ. (2.1) Олар өз тілімен айтқан сөзге ғана құлақ салады. Сонда ғана олардың көңілін, өзіне қаратып болады. Бұқара, Нисапур молдаларының айтуынша, Мұхаммед пайғамбар түрік тілін үйреніңіздер, өйткені, олар дүниеде ұзақ, көп заман патшалық қылады дейді. Мысалы, бұл хадис шын ба, өтірік пе оны сол молдалардың өздері біледі. Егер дұрыс болмаса да, ақыл соны тілейді. Мен, өзім түрік қауымдарының шахарларын, далаларын əр қилы бойына кезіп жүрдім. Түріктің тілі, һəм əдебиетін үйрендім. Түрік болсын, түрікпен, оғыз шекілі, яғма, қырғыз болсын бұлардың тіл əдебиеттерін білдім. Оның үстіне мен өзім түрік қауымының сөзге шешен, тілі тазаларынан бір кісімен Асылзаде, артық туған тұқымнанмын. Қылышпен шабуға, найзамен шаншуға ең ұсталарынанмын. Мінеки, руының үшін де, түрік қауымының əр табының тіл һəм лұғаттары менің миыма тамам тура кіріп отырды. Ол тіл, əдебиеті мен ең жақсы бір низамға тіздім. Бұл кітабымды жаздым. Сөйтіп, менің атым мəңгі қалсын, маған мəңгілік азық болсын, (2.1) кітабымды Халилдің «Китабул айн» деген кітабының формасына жақын қылып түздім. Сөйтіп, түрік тілі мен араб тілі жарысып барған, жүйрік аттай болып көрінсін (5.1) Арада түріктердің тіршілігінен айтатын өлеңдерді (шер) келтірдім (8.1). Түрік еліндегі тау, өзен, (дария) көлдерін жаздым. (26.1) Бірақ, түрік тіліне шеттен кірген сөздерді жазбадым жəне де Түріктедің руларын жаздым. Бұлар жиырма шамасында болады. Бірақ, ұсақ рулардың санын құдайдан бөлек ешкім білмейді. Бұл ұсақ рулардан мен түрікпен оғыз руын-ақ айттым, һəм олардың таңбаларын жаздым. Оның үшін бұл керек нəрсе, (28.1) түріктің ең шешен тілі (фасих тілі) түрік тілінен басқаны білмеген араб, парсыға мадани қауымдарға араласып жүрмегендерінен болады. (29.1). Əсіресе, елі Ертіс, Ямар, Еділ бойларында болады. Бəрінен фасих тіл хақандарында һəм оларға жақын жүргендерін де болады. (30.1). Түріктердің елі күнбатыста Рум, күн шығыста Қытайға дейін 8 мың парсах шамалы жерлерді алып отыр. Түрік елі сондай үлкен, адамдар мұны ашық түсінуі үшін мен жер дайрасын харита қылып жаздым.(31.1) Түрік қауымы «Түрік бин Яфас бин Нухтың» балалары болды.(27.1). Құдай адам пайғамбарды «инсан» деп атаған. Əрі сол ат бүкіл адам балаларына сондай-ақ Түрік балаларына есім болып қалған һəм «түрік» деп есім берілген. Рум бин Айсуға қарап, барлық Рум қауымдары «Рум» деп аталғандай түріктерге һəм аталарының аты ат болып қалған. (293.1). Молдалар хабарынша Мұхаммед пайғамбарға құдай айтыпты-мыс:
«Менің бір əскерім бар, оларға түрік деп ат бердім. Оларға күншығыс жағынан қоныс бердім. Егер де бір қауымға ашуым келсе, осы түріктерді жіберіп билетемін (маслат қыламын)» деп. Түрік қауымын құдайдың бүкіл дүниенің басқа ұлттарынан айырып, оларға түрік деген атты өзі беруі, түрікті басқа ұлттардан айырған бір фадилат (артықтық) болады. Құдай түрік қауымын дүниенің ең биік жерлеріне, (Тянь-шань тауларын айтады) һəм жер жүзінің ауасы ең таза орынға жайластырды. Оларды өзінің əскері деп атайды. Түрік халқы осының үстіне сұлу, жүзі күліп тұрған, өзі əдепті, сыпайы, жасы үлкен адамдарға құрмет қылған. Айтқан сөзінен қайтпайтын, уəдесіне берік тəкəппəршілдікті, мақтануды білмейтін халық. Түрік қаһарман, батыр ұлт. Мұнан басқа да олардың мақтауға лайықты мінездері əрине көп. Соның ішінде өлең де айтылған. Қышын кірсə, аны тірік едін, анға аның едші, Мінкір тікір алфалық, мында ніру кісілур. Яғни, біреуді мақтағанда «мұның жақсылығына, түрікте куə болады» деп айтылады. (294.1) Темір балаларының дəуірі жүріп тұрған замандарында киілген (шайыр) Науайының түрік қауымын мақтап айтқан өлеңдері (бұл туралы 1917 жылы Қоқанда шыққан «Юрт» журналының үшінші номерінде жазылған) сияқты. Махмуд Қашқаридің түрік қауымын мақтауды да, Селжуқылардан Алып Арсылан бүлікшілердің бүкіл ислам дүниесін өзідеріне қаратып, ғазнеуйлердің Үндістанды алып, қараханилардың бүкіл Түркістанның əр екі жағына қожа болып тұрған түрік шеукеті (могушество) тəсіліменен болған. Біз болсақ бұл ислам мəдениетін һəм шеукеті дəуірінде Арабстан, парсы ортасына барған түрік ғалымының араб, ислам мəдениеті алдында сасқалақтап, таңырқап қалуын ойлар едік. Бұл кісі Дижле, Фрат жағасында тұрып, мұндай қылып құр көңілмен, өз ұлтын мақтауы һəм өз ұлтының тілін, əдебиетін, араб тілі құран һəм араб əдебиетімен «қатар жарысып барған ат» деп жарыстыру. Əрине, өз елінде Қашқар һəм Түркістанда мəдени сүйеніш арқа таянышы болған себебінен болады. «Диуани лұғат ат түрік» шынымен осыны Лұғат кітабы сыйдырған шамада ашып берді. Бұл кітаптан біз ол замандағы түрік дəулеттерінің ішкі түзелісін түріктердің ыхтисади, ижтамай тіршіліктерін, дін ықтиқаттарын, түрлі тарих хикая ұғындыларын, нұрлы шаһар, қыстақтарын, жайлау, қыстауларын, мади һəм рухани мəдениетін үйренеміз. Мұнан да артық керекті болғаны əрине тіл һəм əдебиет жағы Махмуд Қашқари Тянь-Шань үстінде һəм оның екі жағында ұзын шекті, яғма, тухси қырғыз, ұйғыр, қыпшақ, имақ, басмал, татар, башқұрт, булгар, қарлұқ сияқты түрік қауымдарының тілдері тақырыпты осы соңғы заманда Радлов кітаптарында жазылғандай қылып татбиқи (сравнительная) фонеткасын берді. Түрік тіршілігінің əр жағынан алынған, һəр түрлі 238 шамалы таза түрік өлеңдері, һəр 270 шамалы
мақалдар, өте көп сөйлемдер келтіреді. Əсіресе, М.Қашқаридің түрлі руларының (лəһжə) (наречие) туралы берген мағлұмат өте қымбатты. Түрік сөзін араб хəрфімен жазған адам əрине, Қашқари бірінші (тұңғыш) адам болған. Ол араб əрпін түрік əріпі демейді. Түрік сөзін тек арабтарға һəм басқаларға түсіндіру үшін ғана араб əрібін жазады. Ол «түрік əрібін» деп ұйғырша əріпті-ақ біледі. Ұйғыр əріптерімен жазудың жол-жобаларын һəм араб-хəрфімен жазылған сөздердің ұйғырша қалай жазылғанын көрсетті. Араб əрпімен жазғанын асты, үсті (харакат) сүкінмен жазған, əр түрлі əріптің махражын (дыбыс шығатын орны). Əр харакат, сүкіннің қалай жұмсалуы жағында ашық мағлұмат береді. Соның үстіне, араб сөздері бəрі де асты үстімен жазылған. Мінеки, соның үшін де əр сөздің қалай айтылуы, мағынасы туралы еш қатесіз, ашық (қатағи) мағлұмат алынады. Осы күнге дейін Қойнелі Халил деген адам тарапынан көшіріліп қалған арабша «түрік, моғол, парсы таржіманы» (хутсма һəм милиузанский нішірі) һəм Ибнул Хайян Əл Фарнатидің «Китабул адрак» жəне Мысырда табылған кулістан тəржімəсі, Қутби деген адамның бір кітабы жəне Радлов, гизе бастырған «Қоман хижесі – Кадикс қоманикс» һəм басқалар бар еді. Бірақ, олардың бəрі де ХІІІ-ХV ғасыр яғни, Моғолдардан соңғы дəуірге жететін жəне де бек аз, шала, қатасы көп жазулары бұзылған кітаптар еді. Соның үстіне олар бəрі де, Түрікпен, қыпшақ тілдеріне жататын кітаптар еді. Күншығыс лəһжелерге яғни, бұл күнге дейін бəріне де ұйғыр тілі деп аталып жүрген тілге жататын Түркістандағы Кішиғат (открытие) заманында табылған, ХІХ–ншы ғасыр басынан-ақ майданға шыққан Машһүр «Құдатғу білік» кітабы тарайды. Əрине, бұл əсəрлар да аса қымбатты (мухим) əсəрлəр. Бірақ, «Құдатғу біліктің» оқылуы, (чтения) өзі бұл күнге дейін, бұл тілдің мамандары Радлов, Томсон, Уамири, Моллирликов, Хартмандар арасында шешілмей жүрген бір талас мəселе еді. Соның үстіне, «Құдатғудың» нұсқаулары жаңарақ. Мысырда һəм Ферғанада жазылған. Араб харфімен жазылған нұсқаулары харекетсіз жазылған, тəржімесіз ибара (текст) ғана еді. Жəне де бұл ескі «ұйғыр» кітаптарының көбінің тілдері де анық халық тілі емес. Əдеби һəм бірталай шет (ислам яки будда) тəсіріне кірген тілдер еді. Махмуд Қашқаридің кітабы күншығыс, күнбатыс Токио хүкіметі бұзылғаннан, Моғолдар дəуіріне дейін келген. Түрік қауымдарының барлығының тірі (живой) халық тілі үстінде тексеру, һəм фини жолмен жазылған бір кітап болып, моғолдардан бұрынғы түрік қауымдарының охиғитлері. Түрік тілінің соңғы романда тəшкіл еткен тармақ, (Группа)-ларының асастары туралы ашық аян, қатъи мағлумат береді. Мұның арқасында, ескі ұйғыр асерлерін əсіресе, «Құдатғу білікті» жаңадан қарап шығуға лəзім болады.
Һəм түркі тілдердің түрік əдебиетінің тарихы үйрену бабында жаңа дəуір кіргізеді. Махмуд Қашқаридің айтуынша (241)-бұл Түрік ғылымы жəне де Түрік тілінің Наху Сарфи туралы «Кітап Жауаһирун-нахуи луғат түрік» есімімен арнап бір кітап жазған екен. Егер бұл кітап та табылса, өте жақсы болар еді. Сонда дағы осы табылған кітабы əрине, оның ең үлкен, асыл кітабы. Мұныменен де Мақсуд Хасыл болады. Түріктің өз арасынан шыққан бұл ғалымның мадани, ижтимаъи, тарихи ықтысади мағлұматтары, истилах (термин)-дары арқасында күн батыс ТокиоТүрік хүкіметі бұзылғаннан татарлар дəуіріне дейін тұрған. Бұл күнге Шефқат Ибн Хрдатбе Қудама, Гурдізи, ауфи, уағайри сияқты араб, парсы жағрафия ғалымдарының ұзын құлақ хабарынша, жазған жарқым жұрты шанақ жазуларына һəм Қытай мағлұматына қарап үйретілген. Түріктердің ішкі тіршіліктері анық мəлім болды. Түрік ру һəм қабилаларының түзілісінде Түрік тілдерінде татарлар дəуірінде һəм онан соң хасыл болған төңкерістер. Луғат һəм лəһже мунасабаттары группаларға бөліну туралы бұл күнге дейін Фразия (гепотеза) болып қана жүрген Һəм түрлі ғалымдар (мəселен, Радлов, Бартолд, Аристов, Корш һəм басқалар) арасында таласты болып жүрген түйіндер шешілді. Филжумле (вообще) қазақ-қырғыз, сарт (шағатай), өзбек, Түрікпен тілдерінің асылдары (түрі) мəлім болды. Бұл кітаптан алынған мағлұматтарды, біз ұзын қылып айрықша жаздық. Оны кітапханалары толық болған бір жерге барсақ, тəмамдап, түзетіп сəті түскенде бастырамыз. Əзірге, сонан алып əр бабтан біраз қысқаша мағлұмат жазамыз. Жазғанымызды мынадай төрт бабқа бөлеміз: 1) Махмұт Қашқариді (Түрік тарихына аъйд мағлұмат), 2) ХІ-нші ғасырдағы Түрік қабилалары туралы мағлұмат. 3) Түріктердің ықтысади, ижтимаъи тіршіліктеріне аъйд мағлұмат. 4) Тіл, уа əдебиет шер, мақалдар һəм түрлі лəһжелер арасындағы фарқ һəм мұның бұл күнгі лəһжелерге мунасабаты. Х. Қазақ тілінің сингармонизм заңы
Қазақ тіліне сіңіп кеткен жат сөздер көп: қала, молда, шілде, ақыл, айып, əділ, əлім, əдет, ылаж, өмір, ар, құрбан, əкім, аспан, дұшпан, заңғар, құн, береке, патса, дастарқан, сабын, бедеу, Асан, Үсен, Сəмеке, Шайбақ, Сидақ, Мəмбет, Мəделі, əзіл, масқара, дəулет, апат, есеп, шынжыр, несібе, серт, əсет, ақырап, жеді, дүйсембі, сəрсенбі секілді тағы талай сөздің бəрі қазақ тіліне жат тілдерден кірген сөздер. Бұл сөздер біздің тілімізге соншама сіңіп кеткен, қазақ халқы бұлардың жат екендігін сезбейді.
Байқап қарасақ, жоғарғы сөздердің бəрі де қазақ тілінің қай заңына да көнеді; қазақтың түбір сөздерімен бірдей болып өзгеріп, бірдей құбылады. Қай жағынан қарағанда да бұларды жат сөздер деп айтуға болмайды. Бұларды жат сөздер десек ел көнбейді. Бұларды жат деген адамның өзін ел өзіне жат санайды. Сондықтан бұл сөздердің бəрі қазақ сөзі деп айтуға тура келеді. Шет тілдерден келіп, қазақ сөзі болып кеткен сөздердің ата тегін қуып түбіне жете тексерсек, бұлардың асыл қалыбы біздің тіліміздегі қалыбына көбіне ұқсас емес. Қазақ тіліне сіңу үшін бұлар танымастай болып өзгерген. Өзгергенде, бұлар қазақ тілінің заңдарына бағынатын болып, алдымен, сингармонизм заңына көндігіп өзгерген. Өзіміздікі болып кеткен сөздің жеріндегі қалыбы сингармонизмге келмейді, сингармонизм заңымен жүрмейді. Өзінің заңымен өзгертпей қазақ тілі ішіне ешбір жат сөзді алмай, кіргізбейді. Бұл ақиқат нəрсе. Бұндай заң, əсіресе жат тілдерден кірген қос сөздерде айқын байқалады. Маделі деген сөз Мухамедали деген сөздерден, бисембі деген сөз панжшанбе деген сөздерден, Абдолда деген сөз Ғабдолла деген сөздерден шыққан; осы сықылды көп үлгілер келтіруге болады. Өз сөзі қылып сіңіру үшін қазақ тілі жат сөздердің бірнешеуін қосып біріктіріп, сингармонизм заңына бағындырып, бір сөз қылып жібергені бар. Мəселен: «жапа тармағай» деген сөз арабтың (жамған – туран – мағхн-бəрі ұмтылу) деген сөздерінен шыққан. Осы секілді үлгілер аз болмаса керек. Орыс тілінен қазақ тіліне кірген сөздерді тексеріп қарасақ, бұлардың да сингармонизм заңымен өзгеріп тілге сіңгені байқалады. Самауар (самаурын), Бəселей, Шодыр, габрошке, жəшенке, лампы, корпыс секілді сөздерде сингармонизм анық байқалады. Осы сөздердің орыс тіліндегі асыл нұсқаларында сингармонизм жоқ. Орыстың қалаларының, я жерлерінің атақтарына келсек, оны да қазақ не өз сөзіне аударады, не сингармонизм жолымен өзгертіп айтады. Топайлы (Тополевский), Өрлік (Орловский), Кирімшік (Гребенщиковский), Сарытау (Саратов), Самар (Самара), Мəскеу (Москва), Харкеу (Харьков), Орунбур (Оренбург), Омскамен (Усть-Каменагорск) деген сөздерде сингармонизм анық байқалады. Губернетір, үйез (ойаз), болыс, жандарал (боласнай), ауылнай, старшын (старшина), пəмөшнік, нəшəндік, судиа, піріступ өрендік, пірпеске, əткез, шербі, сиаз, пірсетіл, переботшік, шөтшік, песір, үшетіл, мұжық секілді сөздердің көбін орынды ма, орынсыз ба тексермей, ел ішіне ықтиярсыз біздің оқығандар, əсіресе, тілмəштар кіргізді.
Оқығандар бұндай сөздерді нағыз орысшасынан бұлжытпай сөйледі, қазаққа бұлжытпай сөйлетуге тырысты. Қара халық оған көнбеді, өзінше аударып сөйледі. Жоғарыдағы жазылған жиырма сөздің бəрі де нағыз қара қазақтың айтуынша жазылған. Сингармонизм бұларда анық. Қара халық өте сақ болады. Тұрмысына, салтына, елдігіне зиянды нəрселерді қабылдамайды. «Қара қарын» ел бұзады деп, жат рулардың адамдарын өте арасына сақтықпен кіргізгеніндей, шет сөздерді де сынап, тергеп, тексеріп, екшеп, өзгертіп, өз тілінің əдетіне лайықтап кіргізеді. Сондықтан, оңаша жүрген елдің өз еркінде тұрғанда тілі бұзылмайды. Елдің тілін бұзатын, көршілес елдердің мəдениетін үлгіге алған, мəдениетті елдердің əсері. Елдің тілі бұзылуына, ең алдымен оқығандары себеп болады. Бұлар жат əсерлерге бағынғыш келіп, ана тілін өзгертуге жол басшы болады. Оқығандар өзіне ылайық əдебиет тілі деген тіл түзейді. Түзеген жаңа тілін ел ішіне жая бастайды, көбіне зорлап кіргізеді. Əдебиет тілі дұрыстап түзелмесе, қара тілдің затымен жүрмесе, əдебиет тілі көп бұқараға түсініксіз жат тіл болады, елге сіңбейді; Сондықтан, жер жүзіндегі жұрттың көбі əдебиет тілін қара тілге жақын қылып, елге түсінікті қылуға тырысады. Əдебиет тілінің қаруы – баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп деген адам шошынарлық өте қайратты қару. Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспадан қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел. Бұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды. Қазақтың əдебиет тілі жаңадан басталды. Елдің қара тілі əдебиет тілімізге негіздікке алынды. Əдебиет тіліміздің табаны дұрыс салынды деуге болады. Табаны дұрыс салынғанмен, үйді көркем болып түзеледі деп айтуға болмайды. Үйдің керегесі (дуалы), төбесі, есік-терезелері, түрлі əшекейлері көп болады. Осылардың бəрі дұрысталып салынғанда ғана, əр қайсысы өз орнына қойылғанда ғана үйді түзеліп бітті деуге болады. Осы күні əдебиет тіліміз өте қарқындап, өсіп барады. Бір жағынан, өз сөзінен сөз тудырып байыса, екінші жағынан жат сөздерді кіргізіп, байып баратыр. Тілдің өз сөздерінен туған сөз тілдің негізгі затымен тууы керек. Тілдің нағыз өз баласы болуы керек. Бұған ешкім таласпас та, таласпайды да. Жат сөзді қолдаушылар екі түрлі. Жат сөздерді туғандағы айтылуынан өзгертпей кіргізу керек. Жат сөздерді өзгерту күнə деп, жат сөздерді тілімізге əдейі жорта, қалыбынан бұлжытпай кіргізіп отырғандар бар.
Бұл – бір. Екінші – не себепті екенін өзі білмей, ойламай, бір сөзді бір жерден қалай есітсе, я оқыса сол сөзді сол күйінше бұлжытпай, тілге кіргізіп, қолданып отырғандар бар. «Қаскүнемдердің» саны аз, бірақ, аз да болса, қолында дəлелі бар. «Майымшілдердің» саны көп те, сапасы жоқ: бір сөзді бүгін былай жазады, ертең олай жазады, ұстаған жолы жоқ, əйтеуір, есі-дерті жат сөзді қолдану. Бір тілге кірген жат сөз бейне адамның қарнына түскен тағам. Адамның денесі ішкен-жеген тамақтан түзеледі. Адамның денесі ет, сүйек, қан секілді нəрселерден түзелген. Сырттан қарағанда, бұлардың ішкен сүтке, жеген нанға тіпті ұқсасы жоқ. Ауыздан кірген, ішкен-жеген тамағымыз ішек-қарында уытталып, сіңімді халге келеді. Сонан соң, қанға сіңіп, тұла бойға тарап, ет, май, сүйек, шеміршек болады. Құсықты, жынды, нəжісті адамның бəрі біледі. Ауызға салған қазы мен қартаның ішек-қарындағы көжеге не ұқсасы бар?! Ауызға салған қып-қызыл алманың, құсыққа не ұқсасы бар? Құсықты, жынды жемек түгіл, адам көре алмайды. Көргеннен-ақ, жүрегі айниды. Шындығында, құсық, жын, нəжіс ауыздан кірген тамақтан пайда болған. Микроскоппен қарағанда, я химия ретімен тексергенде, бұл анық болып шығады. Ауыздан кірген тамақ сіңу үшін, денеге «өзімдік» болу үшін дене заңымен өзгеруі керек. Дене заңымен өзгермеген тамақ, дене заңына көнбеген тамақ денеге сіңбейді, «Бұратана», «қара қарын» болып, денеге зиян береді. Тілге кірген жат сөздер де сіңу үшін, тілге «өзілік» болуы үшін, сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек. Бүйтпесе, жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын бұзады, тілге зиян береді. Тілдің қорықшысы, қара халық мұны жақсы біледі. «Жапатармағайдың» арабтың үш сөзіне, қандай ұқсасы бар?! Жат сөздерді қолданғанда, тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге ылайықтап алу керек. Жат сөзді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер, дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады. Бұл туралы Аурупа тілдерінен алдымызда үлгі келтіреміз. Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы жат қалыбымен тілге сіңіреміз деген – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді. Жат сөздерді өзгертпейінше жүргіземіз деп қазақтың тілін бұрағандар да, «мəдениетке үйретеміз, өнер шашамыз» деп, арақ пен шылым, жұқпалы ауру таратқандар да бір есеп. Арақ, шылым, аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады.
Қайсысының күнəсі көп?! Тілімізге жат сөздер екі жақтап кіріп жатыр. Бірі – араб, парсы сөздері, молдаға оқығандар, екіншілер: Аурупа сөздері, ордаға оқығандар арқылы. Араб-парсы сөздері біздің тілімізге дінмен бірге кіре бастады. Молдалар қаншама дін сөздерін дұрыс айтқызамыз деп бұраса да ел болмады. Жат сөздерді өзінше айтып, тілінің заңына ылайықтап қолданатын болады. Дін тілімізді бұза алмады. Бұған себеп – көшпелі салтымыз, көшпелі елге жазу-сызу таралмады. Жазба əдебиет жоқтық, бізді сақтады. Жазбасөз қазақ арасына он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінде пайда болды десе болады. Онан бұрынғы есепке алынбайды. Жазбасөз бізге бір жағынан, Қазаннан, бір жағынан, Бұхардан келді. Араб-парсы сөздерінің де көбі осы көршілер арқылы келді. Қазақтың балалары ноғай, сарт мектеп-медреселерінде оқитын болды. Медреселерде араб-парсы сөздерін өзгертіп айту зор күнəге есептелінетін еді. Молдалар қазақ арасына араб-парсы сөздерін бұлжытпай айтуды жазу арқылы үйрете бастады. Ана тілін бұзып, ноғайшылап, сартшылап сөйлеуді, жазуды шығарды. «Хұрметлу изитлу қадырменде, зияда көруші ағамызға көп-көп саламларым бағыдунда, біз, тарафтан хал-ахуал сұрасаңыз, əлхамдуллə сағ-саламат тұрадырмыз» секілді, əдебиет тілі болған шатақ тіл пайда болды. Бұл тілді күні кешеге дейін молдалардан басқа да ел ішіндегі сөз жазған кісілердің бəрі қолданып жүрді. Хүкімет тілі де осындай болды. Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінде қазақ елі отырықшы бола бастады. Өзара араласуы кеміді. Көршілес отырған «адабияты» бар ноғай-сарттардың тілі отырықшы елдің арасына жайыла бастады. Осы ағайындар арқылы бірқатар парсы-араб сөздері өзгермейінше тілімізге кіре бастады. Көп қазаққа «шатақ» тілдің əсері жарытып тиген жоқ. Шатақ тілден сақтаған: 1) көшпелі салтымыз, 2) бай, ауызша айтылып жүрген ел əдебиеті, 3) Ыбырай Алтынсарыұлы һəм Абай Құнанбайұлы сияқты шын тіл қамқоры болған нағыз əдебиет тіліне жол салған оқымысты жігіттеріміз. Дегенмен, «ноғай-сарт дəуірі» босқа кеткен жоқ. Қазақтың шын əдебиет тілі түзелгенде де, ноғайдың, сарттың мектеп-медреселерінде оқыған жігіттеріміздің көбі араб-парсы сөздерін өздері үйренген жалған жолмен жүргізе берді. Басқа оқығандарымыз бұлардың соңынан ере бастады. Сондықтан, соңғы заманда пайда болған, қазақтың ұлт мектеп-медіреселері үшін жазылған құралдарда, оқу үшін жазылған кітаптарда көркем һəм білім əдебиеттерінде сингармонизм заңына ылайықсыз болып, жаңылыс жазылған жат сөздер өте көп ұшырай бастады. Газет-журналдарымыздың беттерін қарасақ, жаңылыс жазылған жат сөздермен толулы.
Кімнің, қай орында қате жазғанын түстеп жатудың керегі жоқ. Бұндай қателер жазушылардың бəрінде де бар. Үлгі үшін осы күнде жаңылыс жазылып жүрген араб, парсы сөздерін сингармонизм жолымен, дұрыс жазып көрсетеміз. Хүрмет (үрмет), хəсірет, Хамид, Ахымет, рахымет, хажет (əжет), хатер, хəзірет (əзірет), Мұхамбет, бет-пақ, хадыс (хəдис), Əлі, пəрмен, Орымбет (Ормəмбет), көрек (хөрек), хəсте, миірман (мейірмен), миман (меймен), ытипак, тағдыр, кұдыс, мирас, мұғалым. Көрсеткен сөздерді жақшаның ішіне қойылған түрлеріндей қылып жазса да, қата болмайды. Жіңішке айтылған сөздердің жалғаулары да жіңішке, жуан айтылған сөздердің жалғаулары да жуан болып қосылуы керек. Тағдырге, мұғалымге, мейменға деп айту-сызу жаңылыс. Кейбір араб, парсы сөздерін екі түрлі айтуға болады. Ғылым –ғылымға, ілім – ілімге, ғалым – ғалымға, əлім – əлімге, ғұмыр – ғұмырға, өмір – өмірге. Бұлай айтылудан тілімізге келетін зиян жоқ. Қостуқ тіліміздің заңы. Тек жалғауларын ұйқастыру керек. Сингармонизм заңына келмейтін болып тұрған кейбір сөздер бар. Арабтың Мухаммуд деген сөзін қазақ Мəмбет, Мұхамбет, Махамбет, Мағамбет деп өзгертеді. Мəмбет сингармонизмге толық келеді. Мұхамбет сингармонизмге жалалау көнеді. Мағамбет сингармонизмге қарсы. Қазақ тіліне кірген араб-парсы сөздерін тергеп қарасақ, бір бөлек сингармонизмге жалалау көнген я көнбейтін сөздер ұшырайды. Бұлар тілге ықтиярсыз кіргізілген, бұзып айтылуына қарсылықты көп көрген. Тілді бұрап, алғашқы қалыбында сөйленуіне, жазылуына көп еңбек сіңірілген сөздер. Бұларды қазақ тіліне толық сіңіп, болды деуге болмайды. Бұлар шала сіңген сөздер. Жаттығын білдіртпей, бұларды тілге əбден сіңіріп жіберу, əдебиет тілінің міндеті. Арабтың Мухаммед деген сөзіне қазақ тілінде сəйкес сөз Мəмбет. Бөтен түріктерде Мəмед, Мемед деп айтады. Мұхаммед, Мұғамбет деген молдалардың, оқығандардың қолданған, елге ықтиярсыз сөйлеткен сөздері. Бұлар, шала қазақ сөздері. Махамбет, Мағамбет осы шала сөздердің түзетілген түрлері. Жат сөздерді қазақ сөйлегенде айтып өз сөзіне жақындастырып, ұйқастырып айтуды жаратады. Мағамбет деген сөз жалқы айтылмайды. Алдында, қосымша қосылып айтылады. (Қосмағамбет, Қос-мағамбет). Махамбет деген сөзді қазақ екіге бөліп айтады: біреуі Махам – Махан – Мақан. Екіншісі – бет. Сондықтан Махамбет деп айту пайда болады. Ханибет, Ханден деген сөздерді де, қазақ Қани-бет, Қан-ден деп екі бөліп айтады. Қани-бет секілді айтылуына ыңғайлы келетін тағы талай
создер бар. Осындай орындардың бəрінде де, жат сөз де қазақ тілінде екі бөлініп айтылады. Шындығында, бұл дұрыс болса да əдебиет тілімізге Махам-бет, Қани-бет, Қан-ден деп алу керек емес, Махамбет, Ханибет, Ханден деп алу керек. Түрік тілінде түбір сөздер қысқа келеді. Түрік тілі ұзын сөзді жаратпайды. Мұндай қасиет қазақ тілінде айқын байқалады. Сондықтан, шет тілдерден келген сөздерді, қазақ тілі екіге, үшке бөліп айтуға тырысады. Махмудтың Махамбет (Махам – Махан – Мақан һəм бет) болуы да осыдан. Қос – махмуд деген сөз Қос-бағам-бет болып, қазақтың тіркелген үш сөзіндей айтылады. Сондықтан қазақтың айтуынша, сингармонизмнің заңынша жүрсек, Қосмахмудты Қос-бағам-бет деп жазу керек. Қос Бағам-бет деп жазуды өте ерсі көрсек – онда ережеден тыс қалып, Махмудтың Бағамбет болуына көніп, Бағамбет секілді сөзді бір жазамыз. Бірақ, мұндай болып жазылудың айрықша тыс нəрсе екендігін өнемейін ұмытпай, жалпы ережеге аудармасқа керек. Бұлай болғанда, Қос-махмуд, Дос-махмуд деген сөздерді Қос-бағамбет, Дос-бағамбет деп екі боліп жазу керек. Алдыңғы сөз жуан болады да, соңғы сөз жіңішке сөзге баланады. Ұзын сөздің қысқасы, арабша, парсыша сөздерді арабша, парсыша айту керек емес. Қазақша айту керек, қазақ тілінің заңына көндіріп қолдану керек. Бір сөздің ішінде жуан, жіңішке айтылатын дыбыстар аралас келмейді. Сондықтан, бір сөздің ішінде бір жағынан «қ», «ғ», екінші жағынан «к», «г», «е» дыбыстар кірмесін. Жуан сөздерге жіңішке жалғаулар, жіңішке сөздерге жуан жалғаулар жалғанбасын. Жат сөздерді қалай қолданудың ұлы бағытына түсінген соң, əрбір сөзді дұрыстап жазу қиын емес. Тілімізді байытайын деп тұрған екінші түрлі жат сөздер – Аурупа сөздері. Бұл сөздердің жаңғыз-жарымы болмаса, елге сіңгені жоқ. Бұларды қолданып, елге ықтиярсыз кіргізейін деп тұрған əдебиет тіліміз. Аурупа сөздері соңғы заманда əдебиет тілімізге жапа-тармағай кіріп жатыр. Сондықтан, бұлар туралы да біраз ғана сөз айтпақшымыз. Аурупа тілдері бірнеше топқа бөлінеді. Бізге керегі мына үшеуі: 1) румын тілдері, 2) хермен тілдері, 3) слабиян тілдері. Бірінші топқа француз, итальян, португалия, испания, румыния тағы басқалар тілі кіреді. Херман тобына: неміс, норвегия, швед, дания тілі кіреді. Ағылшын тілі неміс тіліне жақын, хермен тілі мен франсуз тілінің араласуынан пайда болған. Слабян тобына: орыс, хахол, поляк, болғар, серб тілі кіреді. Əр топтың ішіндегі тілдер бір-біріне жақындығы біздің түрік тілдерінің (ноғай, қазақ, қырғыз, өзбек, түрікпен, осман) жақындығындай.
Əр топтың бір-бірінен айырмасы, түрік тілінің монғол я фин тілінен айырмасындай. Аурупа жұрттарының ғылым тілі қылып алған тілі – латын тілі. Латын тілінде бұл күнде сөйлейтін ел жоқ. Латын тілінде бұрынғы заманда рум халқы сөйлеген. Румдардың тұқымы бұл күндегі италияндар мен румындар. Латын тілінде сөйлеу, я кітап жазу бірден бірге қалып баратса да, сонда да Аурупа ғылымындағы атаулардың (терминдердің) бəрі латынша. Латын тіліндегі терминдерді ешкім қалдыруға ниет қылған жоқ, қалдыруға қолдану да келмейді. Ғылым ұлғайған сайын латын терминдері де ұлғайып барады. Аурупа жұрты латын сөздерін термин қылып қолданғанда, бұлжытпай алып отырған жоқ. Əр сөзді əркім өз тіліне бейімдеп, өзгертіп қолданып жүр. Сөзді өзгерткендер əрқайсысы өз тілдерінің заңымен өзгертеді. Мысал үшін, бір азғана үлгі келтірелік. Латынның портсио (порцио) деген сөзін неміс портсион (порцион), орыс портсиа (порция) деп қолданады. Латынның Пилантатсио (плантацио) деген сөзін француз пилантаж (плантаж), орыс пилантатсиа (плантация) деп қолданады. Латынның провинденция (провиденция) деген сөзін неміс провидент (проидент), француз пробинданс (провиданс), орыс пробинденна (провидения) деп қолданады. Осындай көп үлгілер келтіруге болады. Румын (латын), герман тілдерінде шолақ «у», «һ», «е» дыбыстары бар. Орыс тілінде мұндай дыбыстар жоқ. Сондықтан, орыстар шолақ «у» дыбысын «в» дыбысымен,«һ» деген дыбысты «г» я «и» деген дыбыстармен сөйлейді. Біздің қазақ-қырғыздың ішінде Аурупа тілдерін жақсы білетініміз аз, көбіміз білмейміз. Аурупа сөздері бізге орыс арқылы жалғасады. Сондықтан, Аурупа сөздерін, орыстың айтуынша қолданып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Аурупа сөзін асыл нұсқасынан алып, өзгертіп қолдану керек. Орыстың айтуы Аурупаның айтуынан қандай айырылатынын төменгі үлгілерден байқауға болады. Латын сөздерін қазақша жазып, орыстың айтуын орысша жазып көрсетеміз. Аудииториум (аудитория), аутор (автор), аурора (авторе), аутономиа (автономия), аутомобилиус (автомобилъ), Данаус (Донай), һиспание (Испания), һисториа (история), һелена (Елена), құуадратус (квадрат), һипнозис (гипноз), һұманитұус (гуманный), һориизонт (горизонт), һигииена (гигиена), һиимн (гимн), һолланд (Голландия), Уилһелм (Вилъгельм), Хермен (Герман), Уиена (Вена), тағы талайлар.
Аурупа сөздерін ала қалсақ, біздің білуімізше мынадай жолмен алу керек. 1) Аурупа сөздерін алғанда, сөзді қазақ-қырғыз тілінің заңымен өзгертіп, сіңуге қолайлап алу керек. Аурупа тілінен бізге əсері көп тиетін тіл – орыс тілі, орыс сөздерін ықтиярсыз көп қолдануға керек болатын дəуірде тұрмыз. Сондықтан, орыс сөздерін қолданғанда, өте сақтық керек. 2) Күнбатыс Аурупа сөздерін алғанда, түбін тексеріп, шамадан келгенше сөзді түпкі иесінің сөйлеуіне жақындатып алу керек. Сөз француздікі болса, француздың айтуына, немістікі болса немістің айтуына жақындатып алу керек. Көпке дейін Аурупамен біздің арамызға орыс тілі дəнекер болады. Орыстар Аурупа сөздерін өзінше өзгертіп алады. Мұны үнемі ұмытпасқа керек. Аурупа сөздерін орыс арқылы алғанда, өте сақтық керек. Аурупа сөзін орыс өзгертіп, орыстың өзгерткенін біз тағы өзгертсек, ақырында, Аурупа сөзі орынсыз танымастай болып кетіп, аурупаша да болмай, орысша да болмай шатақ болуы мүмкін. Копенгаген дұрыс емес, Көпен-һаген я, Көпенһаген болуы керек. Гелсингфорс дұрыс емес, Һелсинк-Форс болуы керек. Бұндай үлгілер көп. 3) Румын, херман сөздері жалпы айтқанда, жуан айтудан гөрі жіңішке айтуды сүйеді.«Л» деген дыбыс бүтіндері де, өнемейін жіңішке айтылады. Сондықтан, ішінде «л» дыбысы бар Аурупа сөздерін жіңішкертіп айтқан сөздің түбіне жақын, қолайлырақ болады. Немістің «Ланд» деген сөзі кірген сөздерді жіңішкертіп айтқан тіпті артық. Мəселен, Һолландиа дегеннен Һоллəндие деген сөздің асыл нұсқасы жақынырақ болады. 4) Француз тілінде сөздің басуы (ударение) соңғы буынының ішіндегі дауысты дыбыста болады. Қазақ-қырғыз тілінде де осындай қасиет бар. Сондықтан, Аурупа сөздерін өзгерткенде, франсуз тілін үлгіге алсақ көп жеңілдік көреміз. Мəселен, латынша механійкус деген сөз орысша механический, французша механик болады. Бұл сөзді қазақша механік деп алуға болады. 5) Аурупа сөзін алғанда, түбірін сингармонизмге көндіріп алған соң, жалғаулардың да бəрін сингармонизм заңымен жалғау керек. Алған түбірден туынды сөздерді өз тіліміздің заңымен тудыру керек. Мехенікші, мехеніктемек, химие, химиеші, химиемек, химиелеу, гулейттемек, гулейттеймін (гулайт етемін деген дұрыс емес). Анатомиа, анатомиамақ, анатомиаламақ, анатомиашы. Көп ұшырайтын Аурупа сөздерін біздің ойынша, былай айту һəм жазу керек. Хермение (Гер-маниа), Туркие, Һыспаниа (һіспение, Əнгілие, Һөллəндие (Һолландиа), Бірəзилие, Ірлəндие (Ирландиа), Финлəндие, кəмесие, кəнференсие, сексие, реперетсие, Ителие (Италия), Һындиа (Ындық), Аурупа (Еуропе), химие, фійзиелөгие, пəтөлөгие, һигиене, мəтеметике,
əріфметике, бійелогие, резөлитсие, Əмерике (Əміркен – Амырқан), Əфірике, Азиа, Ауыстыралиа, Нөрбегие, Шібетсие, Шібетсерие, Сербие, Романиа, Пелше, фіренік, маркы, Дəние, кəмесер, Түркістен, ысполком (ыспалқом), гөбкөм (ғобқом), гүбірне (ғобырна), əренде. Қазақ негізгі түбір сөзінде бас буынынан басқа орында сөздің ішінде «і» дыбысы естілмейді. Бөтен түрік тілдеріндегі «і» біздің тілде «е» болып кетеді. Сондықтан, бөтен тілдерде бар де, дəн, нəн, лəр (дəр) біздің тілде: да, ден, нен, лер болып айтылады. Жат сөздерді қолданғанда, ішіндегі «ə» дыбысты «е» қылып қолдану керек. Сонда, бізге «елеген» жалғаулардың үстіне, «əлеген» жалғаулардың керегі жоқ болады. Жəмиле, Мəлике, кəлендер, фебірел, декебір, сентебір, кəмесие, кемисер, Лейле, кітеб деп айту да керек, жазу да керек. Бірқатар азаматтарымыз, ел Жамила, Лəйлə, Хамила, Фебрал деп сөйлейді деуі мүмкін. Бұлай айтушыларға мынадай жауап береміз, шын қазақтың өзіне салсаң календарь деп, тіпті айтпайды, не кəлендер, не қаландар деп айтады. Бұлай қылып айтуды түрік тілінің заңы бұйырады. Өңге сөздер де кəлендер сықылды сөйленеді. Елді ықтиярына жібермей, шатастырып отырған, əуелі молдалар, сонан соң, біз – оқығандар. Жолтосбай болып, біздер жат сөздің əбден сіңіп кетуіне кедергі болып жүрміз. Жамила, Лəйлə, календар, фебрал деп оңды-солды елдің құлағына құйып, балаларға үйретіп тіл бұзуға себеп болып жүрміз. Оқығандарға енді мұны қою керек. Тілді бұзу емес, тілді ұстарту жолына түсу керек. Сингармонизм заңымен байланысқан қазақ тілінде мынадай заңдар бар: 1) Қазақ-қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп (таштиденіп) келмейді. Сондықтан, жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбысты қазаққырғыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа аударады. Молла – молда, үммет – үмбет, алла – алда, аууал – əуел, жиннат – жендет, суннат – сүндет. Тіліміздің заңы осылай болған соң, жат сөздерді алғанда ішіндегі бір дыбысты екілетіп айту, жазу керек емес. Мұғалым, қуат, қодыс, муезін, зəре, митал (метел), хылорупіл деп жазу керек. Осы заңның бойынша сұу, тұу секілді сөздерде бұрынғы ұұ жазуымыз дұрыс емес еді. Бүгінде қатемізді түзеттік; екі «ұ»-ны қатар қоймай ұұның орнына ұу жазатын болдық. Бұлай қылғанымыз жоғарғы айтылған заңнан шығып отыр. 2) Қазақтың түбір сөзінде екі дауыссыз дыбыс көршілес қатар тұрмайды. Өнемейін арасында дауысты дыбыс болмақшы. Қазақ сөзінде
екі дауыссыз дыбыс көршілес қатар тұрса, онда сөздің екі сөзден құралғанын я, сөздің ішінде жалғаудың барлығын көрсетеді. Бүркіт, көгершін, шекбен, кетбен, тышқан, іркіт, бөктергі, борсық, жылқы деген сөздердің түбірі: бүр, көгер, шек, кет, тыш, ір, бөк, бор, жыл болуы керек те, қалған бөлімдері жұрнақ болуы керек. Олай болмаса, бүрікіт, көгерішін, шекібен, кетібен, тышықан, ірікіт, борысық, жылқы болуы керек. «Сананың» бірінші нөмірінде емле туралы жазғанда, Ф. Ғ. ұлыт (ел), ұлт (итті), жылыт (көріну), жылыт (ысыту) секілді үлгілер көрсетіп, бұлардың əрқайсысы əр түрлі айтылады, бұларды жазғанда мағынасын айыру қиын. Сондықтан, бітеу буында «ы» («і») дыбысын қалдырмай жазу керек дейді, жоғарғы көрсетілген сөздердің бəрінде де «ы» дыбысы бар, бірақ, сөзде бұл дыбыс ұзындау айтылады. Біреулерінде қысқалау айтылады. Бір дыбыстың біресе ұзындау, біресе қысқалау айтылатыны, тіл болған жерде болмай қалмайды. Сондықтан, мұндай ұсақ айырмаларды жоюға таңбалар шығара берсек, тіліміздің қағидаларын өте қиындатып жібереміз; бұлай қылудың керегі жоқ. Бірқатар сөздерде екі дауыссыз дыбыстың арасындағы дауысты дыбыс жоқ секілді болып көрінуі де «ы» дыбысының өте шолақтанып, қысқа айтылуынан болса керек. Сингармонизм заңы жалғыз қазақ тілінің емес, түрік тілінің заңы. Тек түрік тілінің емес, орал-алтай тобына кіретін тілдердің заңы. Орал-алтай тобы мынадай тілдерге бөлінеді: 1) фин тілі, мадиароңғар, фин (сууами), есті, мордва тағы талайлар. 2) самоиет (қасұуами), 3) түрік, 4) моңғол (қалмақ, бурлят), 5) тоңғыз. Түріктің бұрынғы тарихы қытай, араб, парсы тілдерінде жазылған. Бұлар түрік-моңғол сөздерін орасан өзгертіп жіберген. Тарихтағы жаңылыс сөздерді түзетіп алуға сингармонизм заңы жол көрсетіп отыр. Ноғай тарихында Селенх деп жазылған, бұл дұрыс емес, сингармонизм заңынша Селенге я Сыланғы болуы керек. Шындығында, Сылаңғы. Селжуқ дұрыс емес, не селжік болуы керек, не салжық, сілжік болуы керек. Тарихтағы адамның, жердің аттарын алғанда, осы күнгі қазақтағы адамдардың, рулардың, жердің аттарымен салыстыру керек; Құбылайды Көбілей, Һулагуді Əлеке деу керек; Шыңғыздың атын Темучин деу дұрыс емес, Теміршін я Темірші болуы керек. Түрік, моңғол тілдерінің тұқымдас, тумалас екендігін, қытай тілінде «р» дыбысының жоқтығын ескерсек, Шыңғыздың аты Темірші болуға қолайлы бола қалады. Осман түріктерінде сингармонизм болғандығы жаулап алған Аурупа жерлерін атауларынан айқын көрініп тұр. Ыстанбол-Константинополъ,
Əдірне-Адрианополъ, Иəнине-Янина, Азмыр-Смирна, Марыш-Марица, Бакрж-Бухарест, Олах-Волахия, Бағдан-Молдавия, Росшық-Рущук, Шетиние-Цетинье, тағы талайлар. Россияда орысша жақсы, ең жақсы таза сөйлейтіндер түріктердің оқығандары. Əсіресе, ноғайлар мен біздің қазақ-қырғыздар; ермелі грузиндер, немістер, латыштар, финдер орысша жаман сөйлейді. Бұлардың тілінде өнемейін акцент деген нəрсе білініп тұрады. Бұның себебі мынау – соңғы уақытқа дейін біздің Россиядағы түріктерде мұсылманша оқыту бар еді, ұлт оқытуы жоқ еді. Орыс мектептеріне кірген балалар ана тілін оқып, əбден жаттығып кірмей, ана тілімен таныс болмай тұрып, орысша оқи бастайтын еді. Орыс мектептеріне кіргендердің есіл-дерті, орыс тілін жақсы білу, орысша жақсы сөйлеу болатын еді. Орыс мектептеріндегі оқытушылардың да бар тілегі, жас өспірімге орыс тілін жақсы білдіріп, орыс тілін ана тіліндей қылып жіберу еді. Осылай болған соң, бірнеше жыл орысша оқыған балалар орысша орасан шебер болып кететін еді. Ана тілінің заңын, əдетін ұмытып кететін еді. Ана тілінің нақуы, сарфы жоқтығы, орыс тілінің астамдығы, болашақтағы пайдасы адамды қызықтыратын еді. Жасында ұлт мектебінде дұрыстап оқыған адам ана тілінің заңын ұмытпайды. Бөтен тілдің сөздерін, ана тілінің заңымен айтамын деп шатасады. Акцент туады, бөтенше сөйлеуге, бөтен елдің адамынан айырылмастай болып сөйлеу бұларға өте қиын болады. Бұлардың жат тілде сөйлегенде, жаттығы білініп тұрады. Өз тілін жақсы білген түрікке Аурупа тілдерінде сөйлеу қиын болса керек. Сонда да, біздің ноғай, қазақ сықылды түріктер, орысша соншама жақсы сөйлейді. Бұлардың орыс еместігі жақсы сөйлегеннен білініп тұрады. Оқыған түрік орыстың нағыз əдебиет тілімен сөйлейді. Нағыз орыс көбіне жасында, үй ішінде үйренген тілімен сөйлейді. Оқыған түріктер орыстың əр дыбысын школда үйренген қалпымен айтады. Сондықтан, орыс школында қатар оқыған орыс, қазақ балалары диктовка жазғанда қазақтар қатесіз жазады. Орыстар қатемен жазады. Мектепте ана тілін жақсылап оқыған балаға орыс сөздерін көпке дейін дұрыстап сөйлеу мүмкін емес. Біздің айтайын дегеніміз мынау. Орысша жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілді еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың есінен шықпауы керек. Х.Досмұхамедов
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ (1920–1926) «Ақ жол» газеті 1920 жылдың 7-желтоқсанынан бастап 1926 жылға дейін Түркістан республикасының кіндік өкіметі атынан Ташкентте аптасына үш рет тұрақты шығып тұрды. Газет бетіндегі материалдар мазмұнына қарай төмендегі айдарларда жарияланған: 1. Басқармадан; 2. Сыртқы хабарлар; 3. Ішкі хабарлар; 4. Бұйрық-жарлықтар; 5. Əйел теңдігі; 6. Жастар арасында; 7. Ресми бөлім; 8. Елден; 9. Басмашылар тарихы; «Ақ жолға» əр кезеңде С.Қожанов, Қ.Құлетов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев, Н.Төреқұлов, Т.Байқасқаұлы, М.Қайыпназар секілді Алаш азаматтары басшылық жасайды. Газеттің 271–305 сандарын Түркістандағы жазушылар ұйымы шығарады. «Ақ жолдың» орташа тиражы – 1800 дана. «Ақ жол» газеті мен эмиграциядағы М.Шоқайдың «Жас Түркістан» журналынан «ортақ байланыс» тапқан Сталин жорамалынан соң, РК/Б/П ҚЫРӨЛКЕКОМНЫҢ 1925 ж. 10 маусымдағы Бюро мəжілісінің №69 хаттамасы бойынша «Ақ жол» газеті қайта ұйымдастырылып, редакциясы Ташкент қаласынан Шымкентке көшіріледі. 1925–1926 жылдары «Ақ жол» газеті Сырдария атқару жəне партия комитетінің органы ретінде Шымкент қаласында басылып тұрды.
Тіл мəселесі Бұрын патшалық дəуірінде тіл мəселесі қазақ-қырғыз, ноғай-башқұрт, өзбек, түрікпен секілді «бұратана» жұрттар үшін зор саяси мəселелердің бірі еді. Ол кезде мемлекет тілі орыс тілі, заң-закондар орыс тілінде, оқыту да орысша болатын. Ескі хүкімет орыс тілі тек мемлекет тілі болуымен де көңілі көншімей, «бұратаналардың» тілін, дінін, ұлттығын жою саясатын бірте-бірте жүргізе бастаған еді. Миссиялар ашты, миссионерлер шығарды. Түрік қауымдары қолданып келе жатқан араб əліппесін жоғалтып, оның орнына орыс жазуы мен Інжіл, Часослов, Псалтир секілді христиан дінінің кітаптарын қазақша, ноғайша һəм басқа тілдерде басып шығарып, халық арасына тарататын болды. Жас күнімізде «Құдай Тағала Авраам пайғамбарға құрбандыққа қошқар жіберді» деп оқитын едік. Орыстан басқа жұрттар мекемелерге өз тілінде арыз жазуға, өз мұңын шағуға болмайтын еді. Мəселен, судьяның өзі де һəм оның алдына жүгіне келген талапкер мен жауапкердің бəрі қазақ болса да, «закон бойынша» қазақ судья қазақтардан переводчик арқылы орысша жауап алатын еді. 1909 жылы дала уалаятының генерал-губернаторы ІІІмидт Ақмола, Семей облыстарында «орыстың тілін білмеген, хатын танымаған қазақ болыс бола алмайды» деген жарлық шығарып еді. 1913 жылы Ташкент семинариясының директоры миссионер Остроумов бір учительге «қазақша əліппе жазасың, бірақ, ішінде «Алла» деген сөз болмасын, «Құдай патшаны сақта» деген өлең қалмасын» деп бұйырған еді. Орыс тілінің базары көтерілді, күннен-күнге қадірі артты. Азғантай оқыған еңбектері кəдеге асып, төре болды. Түйме тақты. Көкке қарады. Переводчиктердің араны жүре бастады. Қазақ арасында, əсіресе, Түркістанда переводчик деген өз алдына бір тап болды. Қазақ, қырғыз, орыстан бір қорлық көрсе, өздерінен шыққан переводчиктеріне екі есе жем болды. Түркістанда бұрын айына 15-20 сом жалақы алып тұратын переводчиктердің көбі 50-100 мың үй мүлік, бау-бақшаға ие болды. Қазақ ішінде болыстарға писарь болғандар 2-3 жылдың ішінде еріксіз байыды. «Ел билеген бір-екі ауыз орысша былдырлап, оттай білген атқа мінгендердің алды полковник, арты хорунж шенін алды. Омыраулары медальға толды. Надан халықтың көзінде «құдай тілегін берген, əруақ орнап, нар шөккен орын» болды. Сөйтіп, жұрттың көбі орыс тілін, орыс оқуын білімді, өнерлі болу мақсатымен үйренбей, дəреже алу, төре болу үшін оқитын болды. Қалада оқып жүрген балалардан елге келгенде, «шырағым кашан төре боласың?» - деушілер, қалжыңы жоқ шынымен сұраушы еді. Мұның түбі неге соғатынын тың көбі қапелімде сезген де жоқ.
Көңілінде дəнеңе жоқ школада оқып жүрген жас балалар, тіпті үлкендер де, біріне-бірі орысша хат жазатын болды. Өзара орысша сөйлесетін болды. Көрген өнегесі, алған тəрбиесі осылай болған соң, орысша оқығандар халықтан алыстап, өз елін өздері менсінбейтін кеселге ұшырай бастады. Ұлтшылдықты біз осы күні ғана жек көріп отырмыз, күні кеше мұнан үш-төрт жыл ғана бұрын, коммунизм, интернационализмінің иісі мұрынымызға келмей тұрғанда, қазіргі жиреніп отырған ұлтшылдардың өзіне зар еді. Ол уақытта бізді ұлтшыл қылған ұлтшылдарға зар қылған жоғарыда айтылған патша хүкіметінің саясаты еді. Ол саясат пəлесі Россиядағы «бұратаналардың» бəрінің басына бірдей келгендіктен, «айлас қатын мұндас» дегендей, діні бір, қаны бір, тілі, негізі бір түрік қауымдары күңкілдесіп, «шын орыс саясатынан» құтылу үшін «Жалпы түрік тілін біріктіру» деген пікірге келе бастады. Бұл жолды бастаушы марқұм Исмайл бек Гаспиринский еді. «Түркішілдердің» ойы жекежеке, жұтылып кетуіміз оңай болар, бəріміз қосылсақ, тамағынан өтуіміз қиын соғар» дегендік еді. Бұл пікірдің басқа жағы да бар шығар. Бірақ, біз өзіміз осылай түсінуші едік. Əйтпесе, бəрі бірдей түріктің баласы болғанымен, Қырым ноғайын Қазандық, Қазан ноғайын өзбек, башқұрт, қазақ, түрікпенді башқұрт анық түсінбейтін. Бұлардың бəрі ортақ бір тілмен оп-оңай сөйлесіп, кете алмайтынын білетін едік. Енді, бұл күнде жиһангерлік саясатынан құтылдың. Əр халық өз тілінде оқуға, жазуға, өз тілінде тергеуге, өз тілінде тергелуге тиіс. Мемлекет законнан бастап ауылнай комитеттердің ісіне шейін, жазу əр халықтың өз тілінде болу керек. Бұған енді дау-дамай жоқ. Тек, жүзеге шығару ғана қалды. Ол хүкімет өлген, бұрынғыдай енді тіл үшін алысу-арбасудың кажеті жоқ. Сүйекке сіңген ескі дерттен құтылмай, бұл күнге шейін орыстан хатшы алып отырған болыстар бар. Мұның атын өшіріп, енді «орысшалауды» ұмыту керек. Кеңес хүкіметі қазір сауатсыздықты жоғалтпақ болып отыр. Олай болса, өзінше хат танымайтын бір азамат қалмай махкамаларда, соттарда жауап беру түгіл заң-законды өз көзімен, өз тілімен оқи білмейтін біреу де болмасқа тиіс. Ортақшыл партияның һəм оның жолымен жүрген Кеңес үкіметінің негізгі мақсатының бірі – жер-жүзінің еңбекшілеріне ортақшыл пікірін тарату. Миына сіңіру, сол рухта тəрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден бір шарасы əр халықты осы жолға үндеу, түсінікті тілде үндеу. Жер жүзіндегі езілген жұрттар дың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бүл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгітнасихат тарату. Қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап «Тілмаш жоқ, тақсыр менікі, тілмаш жоқ» дегізіп, қазаққырғызды енді сандалтпау керек. Азамат
Ресми бөлім Ортақшылдар партиясының кіндік комитеті мен Түрік бюросының жарлық хаты. Түркістанның ортақшыл партиясы, отаршыл-обырлардың қарсылығына қарамай-ақ, саяси мақсатына жете бастады. Партия мүшесінің көбі Түркістанның жергілікті халқы – қазақ, қырғыз, өзбек һəм түрікпен деп білгендіктен, партия ұйым һəм ұйыстыру, мұсылман жарлы-жақыбайларының ғұрпына лайық ұйымдармен қатынасып, қолайласуы тиіс. Ортақшыл партия күншығыстың езілген еңбекші халқының өз билігін, өзіне беруге ыждаһат етеді. Себебі, өз билігін өзі алса, жергілікті халықтар қанішер байлардың құлдығынан құтылуына билігі болады. Басқа жерлерден гөрі, əсіресе, күншығыста, оқу, оқыту, жалпы халық ағарту істері, ұлт мəдениеті болсын, осы уақытқа шейін қанішер байлардың қолында болып келді. Бұған себеп те халықтың дін жағынан яки басқаша тұрмыс-тіршілік жағынан болсын баспалдақтығы. Ескі араб емлесімен оқу, жазу үйренуге он жыл керек еді. Бұл еңбек үшін туған халықтардың қолына түспейтін уақыт: өйткені, орта ғасырдағы оқу – тек дін кітабын ғана жаттатудан басқа түк білім бермеуші еді. Ғылым жергілікті қазақ, қырғыз, өзбек һəм түрікпен тілімен болмады. Сондықтан, күншығыстағы езілген ұлттардың ұлт мəдениеті турасында ғылым əлгіндей болғаннан кейін, еркіндеп пайда бере алмады. Соның үшін де жаңа емле, жаңа ғылым, жаңа мектеп, ұлт тілін, мəдениетін жүргізу керек болды. Мұны керек қылып, халыққа басшылық еткен де жəдитшілер еді. Езілген халықтардың халық ағарту жолындағы ұлт мəдениетіне, Кеңес хүкіметі қарсы тұрмайды. Қайта ондай езілген ұлттарға ұлт мəдениетін түзеу үшін керекті құралын тауып беруге, күшін көбейтуге ыждаһат етеді. Ортақшыл интернационал партиялардың арасында орыстық, мұсылмандық жоқ. Бірақ, өз тілімен амал еткісі, сөйлегісі келетін ұлттар бар: француз, неміс, қазақ, өзбек, түрікпен деген сияқты барлығының да құқығы бірдей. Ортақшылдық барлық халыққа бірдей. Əркім өз ұлтын ілгері жүргізуге ыктиярлық. Бұл уақытқа шейін ортақшыл партияның саяси, үгіт-уағыз жұмыстары езілген халық араларына əлі еркіндеп дұрыс жүргізілген жоқ. Партия бұл күнде анық түсінді: Аймақтағы халықтың көбі қазақ, өзбек, түрікпен екендігін, солай болған соң, жергілікті халықтар арасындағы жұмыстар да айрықша мұсылман бөлімінің істері ғана болмай, барлық партияның міндеті екендігінде.
Мұсылман дейтін бір ұлт жоқ. Мұсылманның тілі де жоқ, бар: қазақ, өзбек, түрікпен, парсы тілдері ғана. Егер, Түркістандағы ортақшылдар партиясының атынан «пантүркизмге» кіргісі келіп, һəм қазақ, өзбек, түрікпенге бөлінулерін өтірік бөліну деп жариялағысы келсе, ол уақыт мəдениет қуып, ел болуына қарсы шыққан қанішерлердің айласы болады. Ортақшыл партия ұлт кемшілігінде жүрген қазақ, өзбек һəм түрікпендерге байлардың жəрдемінсіз-ақ ұлт мəдениетінің жолын табуға көмек қылуы міндет, тек қазақ, өзбек, түрікпен һəм басқа ортақшылдар. Өздері байлар халық ағарту істерін қолға алып, сол жолға басшылық етулері тиіс. Мұны партияның саяси үгіт-насихат қылатын бөлімі арқылы жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршіліктеріне үйлесімді қылу керек. Өзбекті татар ағарта алмайды. Қазақты, өзбекті, түрікпенді һəм татарды ағарту үшін орыс тілімен оқыту да болмайды, партия ұйымдары езілген əр халықтың ұлт ісін жоюға тиіс емес. Енді, жоғарғы айтылғандар туралы Россия һəм Түркістанның ортақшылдар партиясы кіндік комитетінің Түрік бюросы мынадай қаулылар шығарды: 1) Бір қалада, үйезде һəм облыста қазақ, өзбек, татар, тəжік яки жергілікті еврей аз болса, олар арасындағы жұмыс үшін үгіт бөлімінің жанынан тоқтаусыз аз ұлттың бөлімін (секциясы) ашу керек. Мəселен, Ташкентте халықтың көбі өзбек болғандықтан, Горком жанында қазақ үшін бөлім болуы керек. Самарқанд огорком жанынан жергілікті еврей, өзбек бөлімін ашу керек. Бір облыста яки қалада халықтың көбі бір ұлттан болса, мəселен, Жетісуда қазақ, Ферғанада өзбек, Закаспийде түрікпен сияқты, бұл жердегі үгіттеу-түсіндіру бөлімдері, өзінің айрықша міндетін біліп, сол ұлттың арасында қызмет етуі керек. Бұл үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын əр ұлттардың өз арасында жүргізу үшін Түркістанның Т.О.П.К.К. жанындағы халық үгіттеу-түсіндіру бөлімдері облыс жергілікті ұлттарға қарап, (қазақ, өзбек, түрікпендерге) үшке бөлінеді: бірі қазақ, бірі өзбек, бірі түрікпен болып. Бұл Т.О.П.К.К. бөлімдерінің əрқайсысы түп бөлімдерге һəм жергілікті аз халықтың үгіттеу-түсіндіру бөлімдеріне жол көрсстіп, жөн сілтеп отырады. Т.О.П.К.К. түп қазақ бөлімі – Жетісу обкомының Ақмешіт, Түркістан, Əулиеата, Қазалы һəм Шымкент огоркомының түп үгіттеу, түсіндіру бөлімімен Ташкент горкомының аз ұлт бөліміне жөн сілтейді. Бір облыста, үйезде яки қалада екі ұлт бірлескенде, басқа халықтан артық болса, бөлек алғанда басқасына бірдей болса, ондайлар түп ұлтқа есептеледі. Сонысына қарап, өзінің үгіттеу-түсіндіру бөлімімен пайдаланбақ.
Ортақшыл партияның қалада, үйезде тағы облыста аз ұлтқа қызмет етіп тұруы еш уақытта дұрыс емес. Əсіресе, ондай ұлттар бұрын қожалық қылып түрған ұлт болса, ортақшыл партияны көптің партиясы деуге сонда ғана болады. Егер ол көппен пікірлес болып, көпті соңына ертіп жүре алса. Топ, ұлттың бөлімдері еш уақытта да өз алдына бөлек ұйым болып кете алмайды. Бұл үгіттеу-түсіндіру бөлімінің бір ғана бөлімшесі болады. Ортақшылдар бұрын езілген халықтың ұлт мəдениеті жұмысын ілгері жүргізу үшін əр ұлттардың үгіт саяси партия жиылыстарында, сенбіліктерде басын қосып, пікір алысып, ұйымға кіргізіп, өзін шын еңбекшілер жолдасы етіп алуға тырысады. Түркістан ортақшыл партиясының бірінші міндеті, отаршылықты жоғалту, жою, екінші міндеті қазақтың, өзбектің, түрікпеннің һəм басқаша кедейлердің ұлтшылдық, мəдениет жүзінде ортақшыл ел болуларына жəрдем ету. «Барлық жер жүзінің еңбекшілері һəм дүниедегі езілген халықтар, бірігіңдер!» деген бағыт ортақшыл интернационал ұраны болады. Россия һəм Түркістан ортақшыл партиясының К.К. бюросы. Түркістандағы ортақшыл партияның барлық ұйымдарына! Кейінгі күндерде сезілді. Жігерлі қызметкерлер Түркістан ортақшыл жастары ұйымдарынан алынып, партия һəм кеңес қызметкерлеріне жіберіп жатқандығы. Осы кезге дейін Түркістанда, ортақшыл жастар ұйымдарының өсуі ете осал. Түркістан жастар ұйымдарының өсуі, бұлардың істерінің кеңейіп алға кетуі мүмкін. Сол уақытта, егер де жастар ұйымдарында, болжалды жігерлі қызметкерлер бөлініп тұрса. Жастардың істерінің үдеуіне ең үлкен бөгет болып тұрған, олардың өз араларында əлгі айтқан қызметкерлердің жетімсіздігі. Сондықтан, Түркістан ортақшыл партиясының кіндік комитеті обком, огорком һəм жергілікті партия ұйымдарына бұйырады: 1) Ортақшыл жастар ұйымдарының мүшелеріне сансыз мобилизация болмасын. Əсіресе, жастар ұйымдарында айрықша іс істеп жүрушілерден. 2) Алайда, мобилизацияға һəм басқа бір жұмысқа көшіруге жастар ұйымында айрықша қызмет қылып жүрушілерден, мүмкін, сол уақытта егер де оның аса керекті болса, сонда да алынуына қызметте тұрған обкомның ырзалығы керек. Бұл турада жастар ұйымының шешуіне тапсырылады. 3) Ортақшыл партия ұйымдарында жастары 20-дан төменгілердің ортақшыл жастар ұйымдарына кірмектеріне һəм кіріп те жастар ұйымының істеріне қатысуларына шын назар салып отыруы тиіс. 4) Жастар ұйымдарында қызмет істеу үшін махкемелерден һəм басқа кəсіпті орындардан қызметкерлер алынуына, я соларды соларды алмақ
үшін олардың орындарына адам дайындап бермекке, айрықша жəрдем де болып тұрсын. 5) Орнықты ортақшыл ұйымдары жібермекке міндетті өздеріндегі əрбір жігерлі жас қызметкерлерді қай бір жұмыстарынан, орындарынан болса да босатып, жастар ұйымында іс істемекке қызметкерлер жоқтығынан, жастар ұйымдарының жұмыстары тозғандықта болып тұрған кезінде, орнықты орьақшыл ұйымдары жауапкер. Егер де уақтылы жəрдем бермей, жастар ұйымдарының істері тоқталып қалса. Түркістан ортақшыл партиясының Кіндік комитетінің секретары Сольц. Түркістан Республикасының ішкі істер комиссариаты коллегиясының қаулысы. 17 декабрь, 1920 жыл. Төбе басы Қожанов, мүшелер: Уласинков, Сушко, Саликов, хатшы Баришов. Самарқанд облисполкомының Самарқандта мұсылман тілінде кеңсе қызметкерлерін даярлайтын курс ашу керектігі туралы баяндамасы тексерілгеннен кейін шығарылған қаулы: Ішкі істер комиссариатының коллегиясы Самарқанд облисполкомының бұл пікірін дұрыс тауып, сұранған курстарын, алдымен, областной исполком, ревкомдар қасында, мүмкін болған жерлерде үйезден исполкомдар қасында да ашылсын дейді. Бүкіл республикаға жарлық хат тарату керек. Қышлақ-ауыл, болыс исполкомдарында жазу-сызуды жергілікті халықтың көпшілігіне түсінікті тілде жүргізуге, мұнан кейін басқыштық үйез областной мехкемелерде жүргізу керек. Дұрыс: хатшы Баришов Басқармаға хат Ортақ Сұлтанбек Қожанов! «Ақ жолдың» №1-2 санын көзден өткіздім, əр əрпі һəм форматы өте жақсы. Бұл заманда бұдан артықты қылып болмайды. «Ақ жол» шындап газеттеуде лайықты. Бірақ, газеттің аты туралы бір-екі сөз айтайын: Теңдікшіл, ортақшыл ортақтардың өзіне «ақ» сөзін есту жүрекке жат
болады. Қызылдардың жолы «ақ» болмаса керек еді. Біз жолымыз ақ болса, ақтармен төбелесіп, қан қумас едік. Біздің жолымыз «қызыл» болуға тиіс еді. «Ақ жолға» ат қойғанда мен болсам «Қызыл жол» яки дегенді «Біздің жол» деп ат қояр едім. «Ақ»-ты светлый деп тəржіма қылыпсыз. Неге «бели» (белый) деп тəржіма қылмадыңыз? «Светлый» не үшін шуақты (нұрлы) деп тəржіма қылмадыңыз. «Ақты» «светлый» деп тəржіма қылуға қазақ əдебиетінің қай жері мұны қыстады? Танысыңыз: Ғалижан Рахметуллин Түркістан, 18 декабрь. Ғалижан жолдасқа жауап «Өзіңе-өзің мықты бол, Қоңсыңды ұры тұтпа» Қазақ мəтелі. Жоғарыда келтірілгенге ұқсаған хаттар һəм ауызекі тілде де «Торг»- тан я, білгіштерден осы секілді сөздер біздің газетіміздің аты туралы əр жерден естіле бергендіктен, бізде бұл туралы қысқаша өзіміздің «білімсіздік түсінігімізді баяндап өтуді керек білдік». Газет секілді үзілмей шығып тұратын саяси баспасөздер жалғыз атына қарамай, тұтқан жолына, ұстанған жобасына, бара жатқан, бет алдына қарап бағалануы тиіс екендігіне ешкім таласпайды. Сондықтан, «білгіш» сыншыларымыздың біздің газетімізді осы жағынан сынға алып, келіспегенін көрсетуін өтінеміз. Ғалижан əпендіге ұқсап əріптері һəм форматы өте жақсы «Ақ жол» шындап газет деп айтуға лайықты бір қағаз деп, баға берушілердің «Ақ жол» газетінің сөздері, əріптері жақсы басылғанын қайдан білгеніне танқаламыз. «Ақ жол» деген сөзді «қызыл»-дарға лайықсыз көріп жақтырмай, «Қызыл жол» деп қойса, оңды болар дейді, онан кейін орысша неге жөнді тəржіма қылмадың» деп жазғырады. Бұл туралы айтарымыз; қазірге шейін халық тілі, əдебиет тілі дегенге бөлінген қазақта тіл жоқ. Бір ғана қазақ тілі бар. Сондықтан, қазақ тілін қолданғанда басқалар қуып тыққанмен, біз «əдебиет» қорасына қамалып, басқа жанды өзімізге арам деп санамаймыз. Қазақ тіліндс «Ақ жол» деген сөздегі «Ақ» сөзінің «білгіштер» күстаналағандай жаман саяси мағынасы жоқ. «Ақ бата», «ақ көңіл», «ақ сөз», «Ақ жол» һəм басқа осыларға ұқсаған сөздер һəм бұл сөздердегі «ақ» дегеннің мəнісі «тіл білгіш түріктердің» түсінуінен басқа екені анық білінді. Құр «біліп қана»
қоймаған. Тура сөйлеп жүрген, туған тілінің мəні арқылы біліп, жүрегі сезетін қазақ жұрты ол сөздерді естігенде, көз алдына бір түрлі шындық, тазалық, қулық-сұмдықсыз жақсылық болып жеткен идеал келіп тұрады. Ғалижан əпендіге ұқсап сыртын түгендейтін, ішімен ісі жоқ, тіл білімін тегін тауып алған «білгіштердің» ықтиярына берілсе, қазақтың тілімен ісі болмастан заманында «Түрік əдебиетінде» салт бола қалса, «қызыл жол», «қара жол» деп ат қоя беретін анық. Бірақ, бұл сөздердің қазақша мəнісін қазақ түсінігінде не екенін біле тұрып, «əдебиет қорасында» салт болмақ түгіл, басқа сөз таусылып қалғанда да, «ақ» деп айта алмай қиналып қалатын болсақ та, біз қабыл ала-алмайтынымыз анық. Біз мұны қазақ тілін білетіндерге баяндап отырмыз. Қазақ тілін білетін оқушылар «қызыл жол» дегенге ұқсаған сөздердің қандай жаман мағынада айтылатынын білсе керек. Жалпы жұрттың кейін қалған тобы, «əдебиет» деген нəрсенің не екенінен хабарсыз қара бұқараға арналған. Солардың түсінігіне түрткілеп жөн сілтеу жолындағы газет ауылының сөзі таусылып қалғандай, туған тілінің тура түсініктері жойылып кеткендей, орыс сөздерін шет пұшпақтап тəржіма қылып, есебін тауып ешкімге түсініксіз «əдебиет» тілін жасаудың лайығы жоқ екені талассыз болса керек. Олай болса да ноғайша түсінікке лайық шығар деп үндемейміз, екінші татар тілінде де «Түрік əдебиеті» тілінде де «ақ» деген сөз жойылып кеткен жоқ, һəм жақын арада жойылмайды. Бұл сөзден қанша қашқанмен мүмкін емес. Мысалы «халық ағарту» деген сөз. Тақ бүгін татар коммунистерінің аузында газеттерінде жоқ емес, бар. Түпкілікті тіл мəселесі туралы ортақшылдар партиясының кіндік ұйымдары баяндап жол көрсетіп отыр, һəм сол бағытпен біз де «Ақ жол» бетінде баяндап өттік. Қазақ тілінің сөздері қазаққа түсінікті һəм сол бағытпен бізде «Ақ жол» деген сөзде «коммунизм – Ақ жол» деген мағынада қазаққа түсінікті. Енді, газеттің аты һəм сондай ат қойған бізді айыптайтын не жөн бар? Кейбір басқа ұлт балаларына қазақ тілі түпкілікті жат тіл болғанына біз айыпты емеспіз. Осыны ескертіп келгенде, ойыңа қазақтың ескі де болса орнын тауып айтқанда, ееті мақалы еріксіз келеді, «өзіңе-өзің мықты бол, қоңсыңды ұры тұтпа». Түркістандағы түрік қауымдарының тілдерін татар жолдастармыз келе салып екі күн өтіп, үшінші күні өзінікі қылып билеп, алып кете бергісі келетінін біз білеміз, һəм іс жүзінде көріп те жүрміз. Бірақ, берсе алып, бермесе біреудің тіліне таласпай-ақ қоя қою лайықты. Қазаннан келгеніне əлі бай толмаған татар жігіттері «саф татар тілінде» өзбекше газет-журналдар шығарып жатыр. Некен-саяқ ескі шəдитшілер болмаса, өзбек қара бұқарасы түсінбейтініне күмəніміз жоқ болса да, «біздің білмей жүруміз де мүмкін» деп үндемей-ақ отырмыз ғой. Өлдім-талдым дегенде бүкіл Түркістан қазақ-қырғызының қара бұқарасына жолбасшы боламын
деп, заман жайын, Кеңестер жолын, ортақшылық мақсатын түсіндіру қамында қазақ тілінде бір газет шыға қалғанда, түсінбегендігін мойнына алмастан, əр сөзіне бір жармасу ұят, һəм заманға лайықсыз отаршылық мінездің бір түрі. Ғалижан əпендінің өз басын жақсы білгендіктен, ол жолдасты жаман ойлының бірі деп санау ойымызда жоқ. Бірақ, біздің газетіміз шыққалы бері Түркістанға келіп жүрген күнбатыс түріктері жолдастарымыз. Бұл газеттің атын «Ақ жол» қоймай, «ашық жол», «қызыл жол», «біздің жол», тағы басқа түрлі қою керек деп əуре етіп, ығыр қылуға жақындады. Екі желеу, бір сылтау қылып, кезі келіп қалған соң Ғалижан əпендінің хаты тұсында барлығына бір жолдап отырмыз. Тағы айтармыз, қазақ тілін жөндеп білмеген жолдастар, газетіміздің өзін, сара жолын, бағытын бағаласын. Əр сөзін өз алдына тұқымын құрта тексеремін деп, қала өлшеміне сыймайтын дала қазағының тілінің сөздерін тексеріп, ұшығына шыға алмай «Айға шауып, мерт болып жүрмесін». С. Қожанов Оқу кітаптары керек Мектептегі оқу өнімді һəм баланың миына сіңімді болу үшін бірнеше шарттар керек. Ол шарттардың бір қатары ыңғайлы – оқу кітаптары. Мектептің тура бағыты һəм міндетін атқарарлық мұғалімдер. Бұл шарттар болмаған жерде елді ағартам деу артық, ондай еңбектің өнімі де берекесі де болмайды. Оқу ана тілінде үйретілсе, жеңіл һəм орнықты болуына ешкімнің таласы болмаса керек. Мұны Николай хүкіметі де мойындап, оқу министрінін 1907 жылдың 1-ші декабрьінде бұратаналар мектептерінде алғашқы жылдары оқу ана тілінде болсын деп, шығарған жарлығы бар. Əрине, бұл бұйрық халықты ақтауға болмаса, қолдануға болмайды. Тиісті кітабы болмаса, ана тілінде сабақ оқыту деген іске аспайтын тəтті қиял, жақсы идея болып қала бермек. Кітапсыз мектептерімізде сабақ оқыту мүмкін еместігін ұғынып, 1917 жылы жазды күні тамыз айында Орынборда болған қазақ съезі кітап шығаратын оқу комиссиясы жасалсын деп қаулы қылып еді. Жəне сол жылғы желтоқсанда болған жалпы казақ съезі 5 кісіден қорап кітап шығару үшін оқу комиссиясын сайлаған еді. Бірақ, бұл комиссия өзінен болмаған себептермен іске кірісе алмай қалды. Біздің оқу істеріміз еркіндеп қолға тигелі, өзімізден оқу комиссариаты ашылғалы екі жылға айналып бара жатса да, комиссариаттың əлі қазақ тілінде оқу кітабын шығарып, мектептерге таратқанын көргенімізде
жоқ. Білмейміз де. Əрине, бұл к імнің елдің бастыға алмай һəм нəрсенің кемтарлығынан да бар екенін білеміз, сонда да ең болмаса бастауыш бөлімдерде оқылатын кітаптар шығаруға жеткілікті уақыт болды. Екінші шарт, сабақтың тура бағыты деген программа. Оқу комиссариаты басқаратын барлық жұрт мектептерінде белгілі бір программа тұта алмаса, оқуда бағыт болмайды, һəм түрлі оқытылып дұрыс жөнді сабақ болмақ емес. Мектепте əсіресе, осы күнгі еңбек негізіне құрылған бір беткей басқышты мектептерімізде жалғыз программамен ғана оқытпаса болмайды. Сол үшін де бұл күнгі оқу комиссариаттары ұлт мектептері үшін бір программа түзуі қажет. Құр ана тілінде мектеп ашудың пайдасы жоқ. Егер оқытарлық мұғалімдер болмаса осы күнде ана тілімізде оқытатын қысқа курсттардан өткен кейбір мұғалімдеріміз біреуді оқытпақ түгіл өздері дұрыс жазу білмейді. Бұлармен біз қағаз бетінде ғана сан көбейтпесек, іс жүзінде алға баса алмаймыз. Мұным «қысқа курстар керек емес» деген сөз емес. Жоқтан гөрі жақсырақ деген ісімізде бұл шала мұғалімдер қажетімізді дұрыстап атқара алмайды. Олай болса, біз күшіміздің көбін бірінші, екінші басқыш мектептерде оқытарлық мұғалімдер даярлау жағына жұмсап, соларға арнап курстар ашуымыз керек. Мұндай мұғалімдерге сабақ берерлік адамдар өзімізден шығады. Мəселен, былтыр Семейдегі Қазақ Семинариясында һəм қазақ балалары үшін ашылған түрлі курстарда орта һəм жогарғы дəрежелік орыс мектептерін бітірген Ахмет Бірімжанов, Халел Ғаббасов, Əлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев, Биахмет Сəрсенов сияқты қазақ азаматтары сабақ береді. Қай уақытта болса да, əсіресе, осындай халықтың білім жағы жаңа ашылып көтеріліп келе жатқан бір заманда оқу комиссариатының дербес шығарып тұратын бір журналы болуы – даусыз мəселе. Мұндай журналдың пайдасы айтпаса да айқын. Мəселен, елді һəм мектеп мұғалімдерін комиссариаттың тəртіптері мен оқу істерінің бағытымен мезгілінде таныстырып тұру. Оқытушыларға педагогика, дидактиканың жаңа шыққан негіздері һəм əдістерін көздеп қою. Керекті мəселелерді мезгілінде мұғалімдер һəм елдің құлағына салып, пікірін білу. Білім жолында халыққа жол басшы болу. Мектеп оқытушылары һəм оқу комиссариатының арасын жақындастыратын көпір болып, істі ұштастыру, жəрдем беру Һəм басқалар. Осы, айтылған төрт мəселенің төртеуі де оқу жүзіндегі əңгімелердің ең керектісі. Ең ірісі, һəм тезден жарыққа шығару мəселелердің ең біріншісі деп білеміз. Бұлардың ішінде, əсіресе кітап шығару мəселесі кідіртуді күтпейді. Себебі, оқытушылар программасыз, кітапсыз еш нəрсе де істей алмайды. Соның үшін, біздің комиссариатымызға оқу жүзінде ең алдымен істерлік жұмыстар мыналар деп білеміз:
1. Мұсылманша, орысша, орта һəм жоғарғы дəрежелі мектептен шыққан оқығандардан кұрап бірінші һəм, екінші басқыштағы мектептеріміз үшін кітап шығаруда кешікпей бір оқу комиссиясын жасау; 2. Комиссариат өзі, яки сол комиссия арқылы басқышты мектептердің оқу програмассын түзеу. 3. Орынбор, Семей, Орал секілді үлкен қалаларда бірінші һəм, екінші басқыш мектептерде сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын бір мектеп ашу, һəм сонда сабақ беру үшін сол қалаларда тұратын қазақ оқығандарын міндетті қылу. 4. Оқу комиссариаты дербес педагогикалық журнал шығару. Тілжан Алымшылар жиылысы Өткен декабрь жұлдызының 20-21-де, ескі Ташкенттегі өзбек-сарт емлешілері мен мұғалімдердің емле туралы жиылысы болды. Жиылысқа өзбек-сарт мұғалімдерінің көбі қатынасқан. Жиылыстың қаулысы мынау: өзбек-сарт тіліне кірген шет тілдер, яғни араб-парсы тілдерін сөйлеп жазу: өзбек-сарт тілінің қаріп тахуын шығару. Енді, бұл күнде емле, тіл мəселелері туралы тағы съезд болып жатыр. Бұл съездің мақсаты жоғары айтылған қаулыларды іске асыру ретімен шақырылса керек. Оқшау сөз. Тілбұзаризм Сібірдің бір үлкен қаласындағы үлкен театрдың бірінде мұсылмандардың бір үлкен Жиылысы болып, бұрымын керте күзеген ортақшыл бір ноғай қыз мінбеге шығып, бір аяғын сəл ілгері басып, кеудесін кереңкіреп, бүйірін таянып, əлеуметкс қарап, күлімсіреген шыраймен біраз тұрды. Мұндай топты көрмеген басыма «ой, енді мына қыз сүйсіндіреді ғой, келбетіңе, тұрысыңа болайын» деп, ішімнен рахаттанып, көзінен көзімді айырмай, күткен секунд жылдай көрініп, енді қашан сөйлер екен деп тықыршыдым. Бір мезгілде ортақшыл қыз: Ибдешлар! деді. Тұла бойым шымыр ете түсті. Тастаған ине жерге түспейтін лық толған зал тым-тырыс бола қалды. Мен тіпті дем алудың өзін тоқтаттым, топ ішінен біреу байқамай жұтқырынып қалып еді. Жұрттың бəрі бейшараның бетіне бажырайып қарасып, көздерімен жеп жібере жаздады. Сандуғаш сайрады:
– Ибдешлар! Мин, сізге несколько слов айтарға должна. – Просим, просим...... өтінеміз. – Кровавый Николай, кадет Милюков согласнитель Керенский, социаль - предатель меньшевики, адмирал Колчак, проглиаты контрреволюционерлер қанымызды іштлəр. Товарищ! Біз коммунистлар-большевиклар білерге должна – деп, ортақшыл қыз соғып еді деймін. Нақ тас жүрек біреу болмаса, тыңдаушылардың талайының көзінен жас мөлдіреп акқан шығар. Ортақшыл қыз айтып келіп: – «Да здравствует, Интернационализм!» Яшасын, коммунизм! Бітсін империализм» деп, сөзін бітіргенде əлеумет қол шапалақтап, «Браво! Браво! Браво» ауаны жаңғырықтырған еді. Біздің, қазақшылығымыз қашан қалған.?! Ортақшыл қыздың сөзіне еріген қорғасындай балқысаңда, ноғайдың тілі мұншалық əдемі болып түзеліп кеткеніне ішім тарылып, көше бойы ойлап үйге келген соң да, ділмар қыздың сөзі құлағымнан кетпей, көпке шейін аунақшып ұйықтай алмап едім. Мұнан кейін дол екі ай өткенде «Кенташ» деген қалада бір кішкене жиылыста қазақтың бір жас жігіті сөйлегенін есітіп, шүкірлік еттім. Ноғай қызын күндегеніме тəубе қылдым. Білмей жүреді екенмін, біздің де тілдің майын ағызатын, əдемі жат сөздерді көп үйреніп қалған, талапты жастар бар екен. Көңілім өсіп, көтеріліп отырғанда, кімнен именейін. Шешен сөзін бітірер-бітірместе: «Жасасын, тілбұзаризым!» деп, дауыстап жібергенім емес пе?! Топ басы: «Товарищи, прошу, оратордың речін бұзбасқа!» дегенде жым-жырт болдым. Жасқаншақ Екпінді мəселе Қатынас мұсылманша (жергілікті халықтар) білдірілуі керек болғандығынан, пошта мекемесі екі бөлімнен құрылады. Орысша һəм мұсылманша тарату бөлімдері. Мұсылман қызметкерлерінің кемдігі азырақ жұмысқа кедергі болды. Былтырғы жыл ескі қалада мұсылмандар үшін пошта-телеграмм мектебі ашылып 28 кісі оны оқып шығып еді. Қазір сол мектепте 120 кісі бар. Тағы 6 айлық сол сияқты 120 кісі оқитын бір мектеп январь аяғында ашылады. Январь басында пошта хабарлары түрік тілдерінде жүре бастайды. Алдымен, Ташкент-Самарқанд арасында қатынас басталады. Ескі қаланың мектебінен оқушылар шығуы һəм хат білетін мұсылмандардың
пошта телеграммасымен танысу үшін қатынас-қадарынша уезда қала, болыс, ауылдарда қатынас жергілікті тілдерде жүре бастайды. Март туған соң, оқушылардың саны көбейген соң бірнеше қатар қалаларда мұсылман тілі жүре бастаса керек. Ішкі хабарлар: Оқу құралдары Ташкент баспаханасында бұл күнге шейін қазақ тілінде басылып шыққан кітаптар. «Баяншы» 2-ші тіл құрал һəм үлкендер үшін арналған қысқаша «Əліппе». Басылып жатыр: 2-ші жылдық «Қырағат» кітабы басуға берілді: «Əліппе» һəм 1-ші «Тіл құрал» кешікпей беріледі. «Есеп құралдары» һəм басқа кітаптар. Кеңсе тілі қазақша болсын! 1920 жылы октябрьде болып өткен жалпы қазақ тобы Қазақстан Республикасында, ресми тіл қазақ тілі, орыстар көп отырған орында орыс тілі болсын деген қаулыны шығарды. Жалпы қазақ тобы қаулы шығарған соң Қазақ Республикасындағы кеңселердің бəрі ол қаулыны орындауға міндетті. Оның ішінде жігері, ойы, түсінігі болған азаматтар бұл қаулыны жүзеге асыруға өте асығулары керек. Жалпы қазақ тобының қаулысы шыққанан бері бірнеше ай өтіп кетті. Қазақ ішінде ол қаулының орындалмай отырғанын көріп отырмыз. Қаулының іске аспай тұрғанына кеңсе басында отырған кісілердің көрсететін себептері мынау: кеңсе жұмысын қазақша түзу алып жүретін кісілер жоқ. Тезінен басып шығаратын қазақша жазу мəшинелері жоқ. Қазақ тілі кеңседе жатығып реттелмеген. Үйлестіріп жазу тіпті қиын деседі. Ал бұл себептері дұрыс та болсын, оған біз де қосылайық. Бірақ, бастығы да, қызметкерлері де қазақ болған кеңселер орыстың өзі түгіл, исі де болмаған. Қырдағы болыстық комитеттер жаңадан құрылған таптаза аудан билерінің кеңсесі, барлық жұмыстарын орысша жүргізіп отырғандарының мəнісі не? Олар мəшинені сылтау қыла алмайды. Орысша сөздерді де қолдармен жазып отыр. Қазақша жазатын мəшинесі жоқ болған сияқты. Орысша жазатын мəшинелері де жоқ. Олар қазақша сөзді үйлестіріп жаза алмаймыз дейтін болса, орысша сөздерді де
келістіріп жазып отырған жоқ. Қазақша жазғанда қатесін үйлестіре алмағанын байқап отырса, орысша жазғанда қателерін былықтырып жазғандарын да байқай алмай отыр. Kей орында кеңсе басында отырған қазақ жігіті сорлы қазақтың өз тілімсн жазып ұсынған арызын алмай, орысша жазып алып кел деп қыстағанын, арызына беретін жауабын ішіне орысша жазып қайтадан ұстата салғанын, болыстық комитеттен қазақша жазылып келген қағаздарды орысша жазып түсір деп қайтарып жібергенін көріп жүрміз. Бұл не деген арсыздық? Бұл не деген ұятсыздық? Осыны істеп отырған жігіттердің ізіне түскенде не дейміз? Бұндайларды төңкеріс дұшманы, теңдік дұшманы десек жала бола ма? Халық билері төтенше комиссия һəм басқа кеңселер қырдағы бір қазақа орысша жазылған қағаз жібереді. Алған қазақ қашан кел деген, не жұмыс туралы шақырылғанын білмей, бір жапырақ қағазды қалтасына салып алып үйінде жата береді. Уақытында келмеген себепті ол қазақтың айыпты саналуға жөні бар ма? Жоғарғы кеңселерден болыстық комитетке осындағы жұмысты 3 күннен қалдырмай бітіріп жіберуге тығыздықпен бұйырамын. Уақытынан қалса жазаға кіріптар қылып, сотқа тапсырамын деген тығыз жарлық орысша жазылып келіп түседі. Болыстық комитет орысша білмейді. Қағаз оқылмастан, киіз дорбаның ішінде қалады. Тығыз жарлықты уақытында орындамағаны үшін осындай болыстық комитет жазықты болар ма? Төңкеріс дұшманы болып қашып жүрген кісі бір ауылға келіп, «мынау куəлік қағазың, мынау ат мінетін қағазың» деп, əлгі орысша жазылған екі бөлек қағазды көрсетіп ат мініп кетеді. Ат берген қазақ қашақты қолдаушы болып жауапқа тартыла ма? Бір орында талау яки кісі өлтіру сияқты уақиға болды. Болыстық, ауылдық комитет орысша жазуды білмегендіктен, уақиғаны жазбайды. Оның үшін комитет жұмысын атқара білмеуші болып саналар ма? Осы жоспарлардың бəріне де ар алдында болсын, заң алдында болсын, жоқ дегеннен басқа жауап болмасқа тиіс. Біздің қазақта «асықпаған арбамен қоянға жетеді», «қос жүре түзеледі» деген мақалды айтып, жұмыстың жылдам бітуіне асықпайтын əдет пен кеңсенің тілін қазақшаға айналдырып жіберу, ондай асықпай бітіретін іс емес. Мүмкін болғанша, тездікпен іс жүзіне асыру керек. Бір нəрсенің жалпы жұрттың алдында қадірлі, қасиетті болу үшін жұрттың жайы сол нəрсемен атқарыла білуі шарт. Қазақ елі арызын, мұң-мұқтажын қазақша атқара алмайтын болса, қазақшаның ешбір қадірі, құрметі болмайды. Керегі болмаған нəрсеге, халық анталап ұмтылмайды. Оның шет жағасын көріп жүрміз. Мəселен, бір қазақ ауылында школ мен мектеп қатар ашылса, школда оқушы бала көп болып шығады. Білім жағына келгенде мектепте оқыған балалар артық. Қазақтың школға қарай ұмтылуы,
қазақша тілмен қажеті өтелмегендіктің салдары. Қазақ əдебиетінің гүлденіп өсуі де халық арасында дəрежелі болуымен табылады. Ағаш, киіз бау сияқты саймандарынан бір нұсқасы да іс жүзінде көрінбей тұр. Бұдан былайғы күнде қазақ тілі өзіне берілген теңдікке не болып, қатардан орын алуы тиіс. Біз ең үлкен жұмыстан бастап болмашы жұмысқа шейін «кісі жоқ, қызметкер жетпейді» деп зарланамыз. Ол зардың бəрі қазақша тілдің іске жарамай тұрғандығынан болып тұр. Кеңсе жазуы орысша болып тұрған күнде, еш уақыт қызметке жетпек емес. Кеңсенің кішкене хатшысы болу үшін кемінде 6 жыл орысша оқу керек. Əрине, ондай кісі сирек табылмақ. Кеңсе тілі қазақша болса, мектепте 2 жыл оқыған қазақ балалары хатшы болуға жарайды. Қызметкер көбейеді. Жұмыс ілгері басады. Арызын жаздыру үшін тіл білетін орыстың есігін күзетіп, жазылған жол басына ақшасын санап беріп 100 жылдай зарығып тентіреуі қазаққа жетерлік қорлық болды. Төңкерістің беріп отырған теңдігінен безіп, қазақты бұрынғы қалыпта сандалтып қою жолында болған кісілерді, ескі құлаған хүкіметтің қара жүрек аздырғыштары арқылы берген тəрбиесі, сүйегіне сіңген соғылғандар деп атаймыз. Кеңсе тілінің бірден қазақша болып кетуінің қиынырақ екенін білмей отырған кісі жоқ. Қиын деп шарасына кіріспей, бас шайқап отырудың тіпті лайығы жоқ. Тезінен шарасын тауып қазақ тіліне жол ашу, бейшара қазақты бейнеттен құтқару саңлауы бар азаматтардың үлкен міндеті. Бұл, туралы төмендегі жобаны ұсынып, азаматтарымыздың алдына саламын: 1. Қазақстанның ішкі істер комиссариаты, кеңселерге керекті барлық кітап-журналдарды қазақша үлгімен бастырып губерна, үйез, болыс ауылдарға тарату; 2.Үйездік атқару комитеттері əрбір үйезде 50 кісілік кеңсе қызметкері шығаратын бір айлық курс ашу. Курсқа қазақша хатты жақсы жаза білетін кісілерді алу (жасына қарамай). Бұрын кеңсе қызметін атқарып жатқан жігіттер оқытушы болып оқытқанда мектеп ішінде сөйлесіп, кеңсе жұмысын алып жүру реті журналдардың үлгісімен көрсетумен ғана қалдырмай, шəкірттерді əрбір кеңселерге алып барып жаздырып, іспен көрсетіп таныстыру; 3. Журналдардың таралып жетуін, курстың бітуін күтіп тұрмай, осы бастан ауылдық, болыстық, үйездік кеңселер жұмыстарын қазақшаға айналдыра беру. Губерниялық кеңселер өзінен төменгі кеңселерге қазақша жазу олардан келген қазақшаны қабыл алып отыру. Губерниялық кеңселер өз араларында һəм өзінен жоғарғы кеңсеге қай тілде жазса да ерікті болу; 4. Курсты бітірген шəкірттер кеңселерге таралып біткенше, əр үйезде бұрын кеңсе қызметіне ысылған бір жігіттен жолбасшы (инструктор)
қойылу. Жолбасшы тыным алмай болыстық кеңселерді аралап үйретіп жүру; 5. Осы күнгі болып жатқан кеңестер сайлауы біткеннен кейін (1921 жыл 1-майдан арғы уақытта) қазақ болысына орысша жазылып берілген жарлықтарды шақыру, қағаздарды сұрау, сөздерді орындауға болыстық комитеттер, қазақтар міндетті саналмай еріктерінде қалдыру. Еңбекшіл қазақты кіндік атқару комитеті, халық комиссарларының кеңесі кеңсе тілінің қазақша болу шарасын қарастырып, тезінен іс жүзіне асырып, бейшара қазақты ауыр бейнеттен құтқарып, шын Қазақ Республикасы екенін танытар деп сенеміз. М. Тұрғанбай Еңбекшілер автономиясы Бұрын, патшалы Россияда 180 миллион жұрт бар еді. Бұлардың тұқымы, діні, тілі, салты, тіршілігі бір-біріне үйлеспейтін еді. Орысқа пайдалы заң қазаққа жайсыз келуші еді. Ноғайға лайықталып пішкен тон, өзбекке келте келуші еді. Башқұртқа деп тіккен етік түрікпеннің аяғын қысушы еді. Патша үкіметі бұл айырмаға қарамады. Отаршылық, жиһангершілік саясатын қолданып, қол астындағы ұлттардың табиғи тілектеріне, тұрмыс ағымына қарсы іс қылып, бəрін бір шыбықпен айдады. Бəріне бірыңғай закон жүргізіп, орыс қожалығын үстем қылып, Россия орыстар үшін деген бағдарда болды. Закон орыс тілінде болды. Оқу, оқыту, кеңсе тілі орысша болды. Сот орысша болды. Билеушілер орыс болды. Жер-су, қазына, əскер билігі орыс қолында болды. Орыс емес ұлттар «бұралқы», «бұратана» атанып айтқанға көнгіш, айдағанға жүргіш көн терілі көк есек болды. Орыс отаршылары, Россиядағы уақ ұлттардан маймыл ойнатқандай қылды. Мұнан не туды? Мұнан ұлтшылдық туды. Уақ ұлттардың, ұлтшыл болмасқа шарасы қалмады. Бұлар күңкілдеді, қыңқылдады. Бірақ, қолдарынан ешнəрсе келмеді. Февраль төңкерісі туды. Ғасырлар бойына езілген, жаншылған, қараңғылықта қамалған ұлттар, кенеттен көзі ашылып кеткен соқырлар, күнге қарауға көзі шағылысқандай көріп жүрген адамдарға, танымал заттардың бəрі оларға жат көрініп, ақты көктен, қызылды жасылдан айыра алмағандай, тек көзі ашылғанына, қараңғылықтан, соқырлықтан құтылғанынан қуанғандай. Төнкерістің əсілі не екенін, аяғы неге соғарын көп ескермеді. Орыс үстемдігінен, орыс үстемдігін жүргізген патша хүкіметінен құтылғанына мəз болып, ол үстемдікке қайта ұшырамаудың шарасы – іргесін бөлектеп,
өз тізгінін өзі алып, жол ұлтшыл автономия болу деп, сол жолда харекет қылды. Украина, Польша, Финляндиялар баяғыдан бергі жолдастығымыз да жетер деп, шу дегеннен-ақ, атының басын бұрып алып Россиямен қош айтысты. Октябрь төңкерісі туды. Еңбекшілер ұраны жаңғырықты. Кеңес хүкіметі құрылды. Тап тартысы басталды. Капиталға қарсы соғыс жарияланды. Октябрь төңкерісі адам баласын екі ғана тапқа бөлді. 1) капиталшылар, жиһангерлер, отаршылар, байлар, жуан-жұдырықтар, ақ сүйектер; 2) жарлылар, жалшылар, өз еңбегімен күн көрушілер қысқартып айтқанда, бұл екі тап құлданушылар һəм құлдықта жүргендер еді. Қапелімде, жұрттың көбі, Кеңес хүкіметінің соңынан еріп кете қоймады. Мұның себептері мыналар еді: 1. Россиядағы жалпы жұрттың төңкеріске даярсыздығы. Төңкерісшіл күштің кемдігі һəм саяси төрбиенің жоқтығы; 2. Уақ ұлттар арасында Европадағыдай капитал һəм жұмыскерлер болмауы. Сондықтан, тап айырмасынан ұлтшылдык пікірінің күштілігі; 3. Төңкеріс көктен түскендей көрінген соң, еңбекшілер туы Россияда көтеріліп, Кеңес хүкіметі де орыстың ордасы Мəскеуде құрылған соң, қараңғы, езілген, орыс тепкісін көп көрген елдердің бəрі, орыстың бəрі орыс деп қапелімде сенімсіз көзбен қарауы; 4. Социал (əлеуметшілік) төңкеріс ерте көрініп, мұның күшті түрде орнауына, өмірлі болуына көріп жетпегендік еді; 5. Большевизмге қарсы меньшевик, Эсер партияларының, жұрттың бəрін құрылтай арқылы жарылқамақ болған уəдесі. Бұлардан басқа да себептер болса керек. Бірақ, ең бастылары осылар еді. Кеңес хүкіметі шын еңбекшілер хүкіметі болып, қолданған саясаты іске асуға айналғанын көре бастап, еңбекшіл таптың жауларымен алысып, езілген ұлттарға көзкарасы анықталған соң, əp ұлттың өз жуандарынан өз кедейлерін қорғауға тиіс екендігін, сөзбен үгіттеп, іспен көрсеткен соң, ортақшылық тонын жамылып, отаршылық аранын жүргізушілерге рақымсыздығын білдірген соң, ұлт мəселесіне айрықша назар салып, еңбекшілер автономиясына жол ашқан соң, əр ұлт ортақшылық, туысқандық жолына түсу үшін, өз еркі өзінде, өз жыры өзінде, өз тілін, өз əдебиетін, өз мақсатын, өз мектебін, өз шаруасын, өз тұрмысын көркейтіп, өзінен шыққан өз жайына жетік, өзіне жаны ашитын басшылары болсын дегенге əбден түсініп, сеніп уақ ұлттар сонан кейін ғана, Кеңес хүкіметінің соңына ерді. Еңбекшілер туының астына жиналды. Ортақшыл партияның жолына түсті. Бүгін, біз не көріп отырмыз? Бүгін, біз көріп отырмыз патша хүкіметінің Россия орыстар үшін ғана деген ескі Россияда, 20 шақты Кеңесшіл антономиялар құрылып,
бəрі бірге одақтасып, əлеуметшілік негізіне құрылған Россия Құрама Республикасы жасалып отыр. Өз тізгіні өзіне тиген біздің қазақ-қырғыз еңбекшілеріне енді не істеу керек? Алдымен, енбекшіл қазақ-қырғыз өзінің досы кім? Соны жақсы айыру керек. Қазақ-қырғыздың досы кім? Қасы кім? Кім құлданса, кім зорлық қылса, кім жесе қасы сол. Кім құлдықтан құтқарса, кім теңгерсе, кім əділдік қылса, аяушылық көрсетсе досы сол. Орыс отаршылары жуан-жұдырық қылады екен. Жер-суын, мал-мүлкін тартып алады екен. Қазақ-қырғыздың жауы сол. Қазақ-қырғыздың жауы сол қазақ-қырғыздың өз байы, өз манабы, өз болысы, өз атқа мінгені зорлық қылады екен, арам ойлы, парашыл оқығандары жейді екен – жауы сол. Менің бар тапқанымды тартып алып, өзімді малайлыққа салып, көзіме шыбын үймелетіп қойса, маған Қойшыбайдың қазақтығы, мұсылмандығы қанша керек! Маған жақсылық қылса, жаны ашыса, оның орыстығында, кəпірлігінде менің не жұмысым бар. Сондықтан, ұлт айырмасы туысқандық, дін басқалығы, кəпірлік, мұсылмандық дегеннің бəрі бос сөз. Екінші істейтін іс, кедейлер, жалшылар (еңбекшілер) ұйымдасу. Ұйымдаспаған тап, ұрандаспаған топ мақсатына жете алмайды. Көрінгенге жем болады. Кез келгенге құл болады. Ұйымдасқаннан кейін істейтін ісі, өз теңдігіне өзі ие болу үшін қам қылу. Бұл қамдар: 1. Өз арасындағы отаршылармен, жуан-жұдырықтармен, зорлықшылармен аянбай алысу; 2. Өтірік ортақшыл болып ұйымдарға, махкемелерге кіріп алып, енбекшілерді жем қылып тұрған антұрғандарды (кім болса, ол болсын) қуып жіберіп, орнына шын еңбекшілдердің өздері шын еңбекшілерге жаны ашитын жұрттың жай-күйі, мұң мұқтажы, тілі, ғұрпына жетік адамдарды отырғызу; 3. Махкемелерде, ұйымдарда, соттарда өз тілінде іс жүргізіп, мектептерде, медреселерде өз тілімен оқып, əдебиетін, баспасөзін өз тілінде өрбітуге, өршітуге талаптану, өнер білімге ұмтылу; 4. Еңбек майданына аттанып, мемлекет шаруашылығын түзету; 5. Əлі жеңіліп бітпеген дүние капиталшыларына, жиһангерлеріне қарсы тұру үшін, еңбекшілер қожалығын орнату үшін қазақ-қырғыз кедейлерінен қызыл əскер жасау. Осы айтылғандар істелсе, қазірден қазақ-қырғыз кедейлері, жалшылары ұйымдасып, бұларды істеу шарасына кіріссе, құлдықтан құтылды. Еңбекшілер теңелді. Өз тізгінін өзі алды. Кеңесшіл автономия кұрылды деген, осы болады.
Төрт жылдық төңкеріс тарихы, айтыспай-тартыспай, жұлыспай ешбір жұрт, ешбір тап дегеніне жете алмайтындығын көрсетіп отыр. Төңкерістің мағынасы да, күшпен төңкеріп тастау деген сөз. Күш ұйымдасуда екенін тағы көріп отырмыз. Жетісу қазақ-қырғызы көрінгенге қол қусырып, құлдық құрып еді. Ақырында, қанға боялып, ит пен құсқа жем болды. Қатарынан кем болды. Соңғы кезде, əбден ашынып ұйымдасып еді. Зорлықшыл жуан-жұдырықтар отаршы-озбырлар жымдай болды. Жегендерін қайта құса бастады. Мұны көрген қазақ-қырғыз еңбекшілері, өзгеге жалынбай, жалтақтамай өз күштеріңе, өз берекелеріңе сүйеніп іске кірісіңдер! Бірігіңдер, ұйымдасыңдар! Кедейлер, жалшылар біріксе, ұйымдасса еңбекшілер қожалығы күшейеді. Еңбекшілер автономиясы көркейеді! Көркейсін, еңбекшіл ұлттың Кеңесшіл автономиясы! М. Дулатұлы Бұйрық-жарлықтар Қазақ республикасының мекемелерінде қазақ һəм орыс тілін қолдану туралы низам 1. Қазақ республикасына кіретін Семей, Ақмола, Орынбор-Торғай, Орал, Бөкей губерналарының һəм Адай үйезінің мемлекет мекемелерінде қазақ тілі, орыс тілі қатар қолданылады. 2. Қазақтың кіндік һəм губерниялық мекемелерінен шыққан келелі жалпыға тиісті декрет, жоба, циркуляр міндетті қаулы һəм басқа заң хүкімет қағаздары қазақ тілінде, орыс тілінде қатар шығарылады. Қатар жарияланады. 3. Республикадағы бүкіл кіндік һəм губерниялық мекемелердің кеңселеріндегі өз араларындағы қағаздар орыс тілінде жүргізіледі. 4. Республикадағы үйездный мекемелердің кеңселеріндегі һəм жоғарғы (кіндік губерниялық) қатынас қағаздар орыс тілінде жүргізіледі. 5. Үйездный мекемелер өз араларында һəм төменгі 6-шы статьяда айтылған орындармен ол орындардың кеңседегі қолданатын тілдерімен қатынасады. 6. Республикадағы мекемелермен қатынас қағаз һəм ауылни, поселковый советтердің болысной, районный исполкомдардың, ревкомдардың һəм халық соттарының кеңселері, халқы қазақ болғанда қазақ тілінде, орыс болса орыс тілінде жүргізіледі. 7. Чеканың ревтрибуналдың анықтау һəм тергеу қағаздары басы жұмысты болған кісілердің тілінде жүргізіледі.
8. Бұл айтылғандардан басқа орындарда кеңсе тілі һəм мекемелер арасындағы қағаз қазақша да, орысша да болуы мүмкін. Бірақ қай тілді қолдану əр уақытта қолайлылығына іс жүзінде пайдалырағына қаралады. 9. Кіндік губерналық үйездік мекемелердін берілетін мандат удостоверение ашықхат қазақша да, орысша да сызылады. Бұл декрет губерниялық газеттерде басылып жарияланғаннан былай күш алып қолданыла бастайды. Қазақстан халық комиссарлар кеңесінің бастығы: Р.Зинкович Хатшы: Тисарская Мемлекет тілі Мұнда мемлекет тілі деп, түрік тілі алынып еді. Бірақ іске келгенде, жалпы тұрғын халықтарға бірдей түрік тілі дегеннің жоқ екендігі белгілі болды. Сонымен, ол мəселе ашық қалып тұр. Кембағалдар қамқоршылығы мекемелерінің жұмысына жергілікті халықты қатыстыру мəселесі Кембағалдар қамқоршылығы бөлімдерінің жұмысын басқарушылар алғы еуропалықтар болғандығынан, олардың жергілікті Түркістан Республикасы халқының əдет-ғұрпын білмегендігінен, кембағалдар қамқоршылығы халық комиссариаты кіндіктен шықан барлық тəртіптері жұмыстары жергілікті халықтың тұрмыс шарттарына көбіне сəйкес келмейді. Республиканың жергілікті халқын кеңестер құрылысының, соның ішінде қамқоршылық жұмысына қатыстырудың сөзсіз керек екендігі айдан анық һəм тіршіліктін бұйыртып тұрған нəрсесі. Мұның керектігін бұйыратын Түркістан халқының жүзден 93-і мұсылман, 7-і еуропалық болғандығы. Кембағалдар қамқоршылығы бөлімдерінің жұмысы жергілікті халықтың тілінде жүргізілмегендігі көп нəрсеге кесел болды. Мұсылмандар кембағалдар қамқоршылығы бөлімінің жұмысына қатыса алмайды. Əсіресе ең тиісті жергілікті халық қамқоршылық жəрдемін мемлекеттен дұрыстап ала алмайды. Еуропалықтардан шыққан ысылған қызметкерлердің республика хүкіметінің мекемелерінде жеткілікті емес екендігі белгілі. Соның үшін жұмысқа облыс орталықтары шет жерлер түгіл халық комиссариатының өзінде де жұмыстың оңынан гөрі, теріске айналуына сөз жоқ еді.
Жұмысты жергілікті халық тілінде жүргізуімен мұсылмандарды қамқоршылық қызметіне қатыстырып, жергілікті халықтың шын мұқтаждарын қанағаттандыруға мүмкін. Ескі Ташкеннің қамқоршылық бөлімінің тəжірибесіне қарағанда жұмысты мұсылман тілінде үлгірушілікке түсудің еш зияны тиген жоқ һəм жұмыста бір түрлі жұмысты болып келді. Жоғарыда айтылғандардан шығатын мағына: қазір еш көрместен жер-жерде қамқоршылық мекемелерінің ісін мұсылман тілінде жүргізіп жіберу. Ең алдымен болыстық, аймақтық һəм ескі қалалардың қамқоршылық мекемелерінен бастау керек. Бұл мақсатқа Түркістан ортақшыл партиясының кіндік комитетінің һəм комиссарлар кеңесінін жəрдеміне сүйеніп жетуге ғана болады. Козлов Мемлекет тілдері Халық комиссарлар кеңесінің соңғы күндегі жылдарының бірінде Мемлекет тілдері деп бəрі бір құқықты қазақ, өзбек, түркімен тілдерін тануға қаулы болған. Жергілікті тілдер туралы шығарылған заңды жүзеге шығаруға жөнжоба түзу үшін төмендегі жолдастардан айырым комиссия сайланды: Атабаев, Ахметов һəм Қожанов. Түркістан хүкімет баспасөз істері Төңкеріс болып бостандық беріле бастағаннан кейін, бұрынғы күрмеулі келген тіл шешенге, бұрыны бүркеулі келген тілек жүзеге шығуға айналып тіпті бұрынғы айтылмай келе жатқан сан алуан керектердің де талайы айтылып, талайы сөйленді. Бірақ сол керектердің ісіндегі де ең керегі оқу, оқыту, білім, өнер. Бұл белгілі бір ақиқат, мұны əр кімде біледі. Өйткені бұл айтылмай жүрген керек, сөйленбей, жазылмай жүрген тілек емес, сан айтылып, сан рет жазылған бір нəрсе. Россия мемлекетінде ірілі, ұсақты əр түрлі ұлт көп. Сол ұлттардың ішіндегі білім, өнер жағынан кенжелеп, кеш қалғаны, мектептен мақрұм, мəтбуғатқа кедей қазақ пен өзбек болып келген. Мынау ұлы төңкеріс, кеңес хүкіметініңде көрген халі, алған ар, жан азығы шамалы. Мектептің саны бар, сапасы жоқ. Мұғалімнің аты бар, мазасы жоқ. Мектеп болып қалқиып, қаланып төрт дуал тұр, кітабы жоқ. Өзбек мəдениетті шаһарда тұрады. Бір жерде жиын, бəрінде жатақ бар. Қазақ көшпелі, əр таудың
етегінде, əр саланың бойында, онын үстіне қазаққа қарағанда өзбектердің кітап жағынан біраз ескілікті қоры бар. Қазақта дым жоқ. Түркістанға кеңес хүкіметі құрылғалы міне төрт жыл, Түркістан хүкіметінің хүкімет баспасөз мекемесінің құрылғанына екі жыл, əлі ешнəрсе жоқ. «Қызыл байрақ» газетінің 87-ші санында өзбек мəтбұғатының халінен зарланып Ғазі Жүніс жазады. Хүкімет баспасөз мекемесінің істеп жатқан істерінен де зарланады. Бұл күнде хүкімет баспасөз мекеме істерінің басында отырған қазақ болғандықтан істеліп, шығып жатқанының бəрі де қазақтікі дейді. Ол нəрселер шықса қайда жүр? Үйезді қоя тұрайық. Осы Ташкенттің өзінде нағыз қазақша таза мектеп төртеу, қазақ кітабынан бір дана жоқ. Ташкент хүкіметтің астанасы. Мұндағы бірінші басқыш мұғалімдерімен елдегі мұғалімдерді салыстыруға болмайды. Хүкімет баспасөз мекемесі құрылғаннан бері мұндағы мұғалімдердің өзі кітаптың жоқтығынан зарланады. Өзбекше баспаса, қазақша баспағанмен, құр басып жатырмыз деген нобайы болса екі жылдан бері осы хүкімет баспасөз мекемесі не істеп келген болады? – Елге шықсаң, кітапханаларға кірсең өзбек тілінде жазылған «саяси» уақ-түйек кітаптардың санына жете алмайсың. Бұл күнде күш хүкімет ұйымдарында. Саяси ұйымдарда отырып саяси уақ-түйек кітаптармен хүкімет баспасөз мекемесін толтырушылар, мектеп құралдарының басылуына жол береді. Қирағат кітабы, тіл құралы, жылдық есеп құралы (І, ІІ жылдық), биянші, жағрафия, Түркістан тарихы, табиғаттану, жануарлар (зоология) атты кітаптардың алдының берілгеніне биыл 3 жыл, артына да жыл толып қалды. Біріде басылған жоқ. Ардақты Əбубəкір ағайдың еңбектерінен томдық кітаптың əзір болғанына міне жыл жарым, əлі басылмай жатыр. Уақ-түйек əдебиет кітаптары да даяр. Басылып жатқан, басылып шыққан бірі де жоқ. Мінекей хүкімет баспасөз мекемесінің қазаққа қылып отырған қызметі! Уақ-түйек саяси кітаптар қанша көп болғанымен оқымай, білмей жатып қара бұқараның барлығы да саясат ісіне қатысып бəрі де «политикант» болып кете алмас. Саяси уақ-түйек кітаптар басылды. «Нұсқа көрсетілді ғой», деп сол саяси уақтүйек кітаптарды бастырып отырған комиссариаттар, ел ішіне нұсқаушы жібермей тағы тұра алмас. Онан қайта өзбек, қазақ мұғалімдері, өзбек, қазақ азаматтары болып халық ағарту комиссариатына айту керек. Үстіміздегі осы бір-екі айда əрекет етіп хүкімет баспасөз мекемесінің мойнына оқу құралдарының бəрінде басып беруді міндетті қыл деп. Егер комиссариат əрекетіне кірісіп істете қалса, ең жақсысы осы. Бірақ мұны істейтін комиссариат болса... К.
ЖАҢА КІТАПТАР І Жануарлар Осы жақын арада доктор Халел Досмұхаммедовтың «Жануарлар» (зоология) атты кітабының 1-ші бөлімі басылуға берілді. Кітап суретті. Шамасы 200 беттен артығырақ, бұл кітапта сүйекті жануарлар туралы ғана мағлұмат берілген. Мұнан бұрын жазда «табиғаттану» атты бір кітап берген еді. Ол кітабы жақын шамаларда шықса керек. Бұл екі кітапты да Халел ағай мектеп шəкірттеріне дəрістік етіп шығарып отыр. Сөйткенмен хат танып, оқи білген əрбір қазақтың пайдалануы мүмкін. Жануарлар кітабы бүтін сүйекті жануарларды балық, бақа, жорғалаушы құстар, сүт ішушілер атымен тапқа бөлініп осы сүйекті тапты жануарларды ғана баян етіп шығады. Кітап тіл жағынан, түзіліс, термин жағынан кемшіліксіз. Бұдан бұрын қазақ тілінде бұл сияқты ғылыми кітаптар жазылған, шыққан емес. Оның себебі бұл сияқты ғылыми кітап жазуға көп шеберлік керек. Оның үстіне біздегі бір ауру тілге, терминге кедейлік еді. Мына кітаптарында Халел ағай тіл жағынан, термин жағынан кедейлік көрсетіп отырған жоқ. Кітап қазақ орта мектептерінің шəкірттері үшін жазылған. Бірақ, бірінші басқыш мектептерінің соңғы екі бөлімдерінен бастап қолдануға лайықты. Қазақ-қырғыз білім комиссиясы ашылғаннан бері бірте-бірте ғылыми кітап жазып, қызмет сіндіріп келе жатқан кісінің бірі Халел мұнан былай да кейінгілерге осындай ғылыми оқу құралдарын шығарып, еңбегін аямас деген ниетте болып қолға алған ісінің өнімді, жемісті болуына тілектеспіз. ІІ Түркістан Учитель Иса Тоқтыбаев тарапынан Түркістан аймағының жағрафиясы, тарихы баян етілген «Түркістан» атты кітап баспаға беріліп отыр. Кітапта 100-ге жақын əр түрлі Түркістан аймағында жүретін аңдар мен өсетін өсімдіктерінің суреті бар. Кітап орта қолда бірінші басқыш мектептердің төртінші, бесінші бөлімдерінде бастауыш жағрафиядан кейін қолданылу үшін шығарылған. Кітапта Түркістанның саясаты, жерінің өнімі, халқының саны жақсы ғана баян етілген. Түркістан аймағында бүтін суарылып егілетін жер қанша, суарылмай егілетін шөл егістіктер қанша, облыс ретімен айтылып бұлар айрықша көрсетілген. Түркістанның жер шарасы бір жазық шақырымдағы отырған халқының саны бұларда айтылған. Қысқасы Түркістан аймағының жағрафиясы,
тарихы, жағына жақсы берілген. Хүкімет басқарма реттері де баяндалған. Тіл, термин жағынан бұл кітапта кедей емес əр неше жұмыстарының өнімді, пайдалы болып гүлденуіне біз тілектеспіз. У-Хан Жетісудағы қазақ-қырғыз даралмұғалымы Жетісуда шын оқытушылар жетістіру мақсатымен 1921 жылдың 15 октябрінде Алматы қаласында Жетісудағы қазақ-қырғыз балалары үшін 3 жылдық педагогика мектебіне биыл 75 оқушы қабыл қылады. Бұның 55-і қазақ-қырғыздан. 10-ы тараншыдан, 5-і дүнгеннен қалғаны орыстан, басқа ұлттардан алынады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінде оқу ана тілінен басқа сабақтардың бəрі де орыс тілінде болады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне əр үйезден 7 бала емтиханмен алынады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне кіру шарттары мыналар: жасы 16 мен 25 ортасында болуы керек. Төрт амалды жақсы білу керек. Қазақ-қырғызша жақсы сөйлей білуінің үстіне Қазақ-қырғыз тілінде жазылған кітаптарды мүдірместен оқырлық һəм ескі емлемен болса да жылдам жазарлық болуы керек. Орысша айтылған сөзге жақсы түсінерлік, орысша жаза білерлік һəм баспа орыс кітаптарын оқырлық болуы керек. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінің биыл екі əзірлік бөлімі ашылады. Лажы болғанда негізге үш бөлімнің бірінші бөлімі ашылады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне кірушілер мектепті бітірместен шығып кете алмайды. Мектептің əр түрлі низамына бас июге міндеткер. Егер боған мойын қоймаса, бастығына бас имеген солдат қатарында жазалы болады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінде ішіп-жер, киім кешек, пəтер шама келгенінше қазынадан болады. Бірақ осы уақыттағы жоқшылық жағын ескеріп оқушылардың лажы болғанда киім кешек, азықтүлік. Төсек-жастықтарымен келулері тиіс. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне жоғарыдағы жазылған шарттар табылса, еркек-ұрғашы айырмасына қарамай алынады. Ұрғашылардың жатақханасы бөлек болады. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебінде оқуға тіленушілер өзіне ең жақын болған халық ағарту бөліміне жастарын, орысша-мұсылманша оқуларын, қай ұлттан екендігін білдіруі керек. Егер бір адам бөлсе əйелінің бар жоғын, əйел адам болса ерінің бар жоғын көрсетіп, арыз берулері керек. Соңынан халық ағарту бөлімі емтихан алып жарлықтарын, қазаққырғыз педагогика мектебінде оқу үшін Алматыға жібереді. Жетісу қазаққырғыз педагогика мектебіне келушілердің көлікке төлеген қаражаты
Алматыға келген соң облыстық халық ағарту бөлімі тарапынан төленеді. Тек жол жөнекей тіл хат, аты жөндерін туралып жазып, мөр бастырып жүрулері керек. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебіне кіру үшін хат арқылы яки телеграмм арқылы хабарлағысы келген адамдар болса төмендегі адреспен сөйлессін. Ол адрес мынау. гор.Алматы Облотнароб Сарбаеву. 1921 жылы 14 сентябрь «Алматы» Жетісу облысының халық ағарту бөлімі бастығы: Білəл Сүлеев. Жетісу қазақ-қырғыз педагогика мектебі ұйымдастырушыларынан: Шамағали Сарабаев, Қажым Басимов. Арыс ортақшыл мектебі 21-ші жыл Шымкент халық ағарту бөлімінің жəрдемімен ашылмақшы болған ортақшыл мектебі үй болмағандықтан 1 тоқтап қалған еді. Сүйткенмен де Арыс болысындағы 2-3 үйден тігіп отырған байлардың бірлі-жарымды үйлерін алып осы жыл (15 майдан бері) ортақшыл мектеп ашылды, оқушылары 50-60 бар. 15 сентябрьден кейін салқын түсе бастаған соң Тəшкент үйезі халық ағарту бөлімінің жəрдемі мен бізді Темірлан поселкесіне көшірді. Бірақ мұнда да жай жеткіліксіз, сүйткенмен бұл күнге шейін көрген кемшілігіміздің бірі мынау болды: мектептің керек-жарағын сұрап қағаз жазсақ, басында тұрған орыс болғандықтан орысша жазбасаңдар алынбайды деп бермейді. Орысша біз жақсы білмейміз, хүкімет тілі түрік тілі деп бұйрық шықсада мұның ел ішінде жүріп жатқаны жоқ. Ең болмағанда мектеп оқу-оқыту істеріне тиісті мекеменің мұсылмандардан болуы ылайықты деймін. Досмұхаммед Медетов Қазақ-қырғыз білім комиссиясы (басы өткен санда) Комиссия екінші қолға өткеннен кейін бұрынғы орнынан көшіріліп қазақ-қырғыз институтына келтірілді. Бізде əскер, іс білетін азаматтардың кендігі бүкіл жұртқа мəлім. Істерлік кісіге келгенде басымызға тартқанымыз аяғымызға, аяғымызға тартқанымыз басымызға жетпейді. Кісі аз, іс көп. Сондықтан бір ғана істің басын ұстап, бір жұмыспен ғана жүрген азаматтар бізде жоқ, қайсысы болса да екі, үш түрлі, екі, үш жердегі істе жетер. Солай болған соң осындай кемтарлықпен
комиссияның көшіп-қонуы болсын, кеңсесін түзеп, құрып алуы болсын біразға таман сөз болыңқырады. Қашанда болса кісінің өзі тілемесе, зорлап, айтып істетуден мəні кем шықпақ. Оның үстіне қосымша біздегі бір ауру – тілге байлықта, іске жалқаулық. «Пəлендей ісімді істеп, пəлендей кітабымды жазып бер», – деп өтінгенмен комиссияның тілін алып, айтқанына көнген һəм көніп отырған кісілер шамалы. Сондықтан тап көңілдегідей болып заулап жүріп отырған комиссияның ісі де аз, сөйткенмен де əзірге істеп болған һəм істеп жатқан істерінің түрін біраз айтып көрсетіп өтейін: Комиссия өзінің жол-жобасын түзеді, істейтін істерінің планын құрды. Комиссия мүшелерінің алғашқы кезде бесеу болғандығын жазған едім, сол бес мүшеге лайық комиссия бес бөлімге бөлді: 1) білім бөлімі; 2) тарих-этнография; 3) əдебиет суретшілік бөлімі; 4) үгіт-насихат бөлімі; 5) библиография бөлімі. Əр мүше өзіне берілген мүшенің басқарушысы танылды. Əр бөлім өзіне тиісті істер туралы план, жоба құрды. 17-ші жылғы төңкерістен бері қазақ тілінде жаңалап шыққан халық оқырлық кітап, еш нəрсе болған емес. Бұрын бірлі-жарым əдебиет, өлең кітаптары, мектеп құралдары болса да, олар Түркістан қазақ-қырғыздарына еркіндеп тарай алған жоқ. Сондықтан комиссия: 1) «Оян қазақ» 2) «Топ жарған» 3) «Азамат» 4) «Маса» 5) «Терме» 6) «Уақ-түйек» 7) «Шолпан» 8) «Қырық мысал» 9) «Тұрымтай» 10) «Жиған-терген» 11) «Жастық жемістері» атты бұрынғы шыққан кітаптарды қазақ емлесімен көшіртіп бастыруға берді. Тағы бұлардан басқа жаңадан берілген кітаптар: 1) Балдырған (өлең кітабы) Ілияс Жансүгіровтікі; 2) «Жиған терген» өлеңдер «Қазақ», «Айқап», «Жаңа өріс», «Ақ жолдағы» өлеңдерді жиып, көшіртіп өлеңдер жиынтығы ретінде шығарылып отырған бір кітап. 3) Əбубəкір Диваев тарапынан жиналған батырлар хикаясы атты кітаптар: а) Қара қыпшақ Қобыланды батыр ə) Бекет батыр б) Қамбар батыр в) Нəрік ұғылы Шора батыр г) Алпамыс батыр ғ) Жора батыр д) мырза Едіге батыр. Енді жақында тағы да баспаға берілетін деп көшіріліп жатқан кітаптар: 1) Денсаулық кітабы Жұмағали Тілеулиндікі. «Қазақта» жазған мақаласынан көшіріліп, кітап қылынып берілейін деп отыр. 2) Жұқпалы аурулар – бұл да «Қазақта» жазылған əр түрлі мақалалардан көшіріліп кітап қылынып жатыр. 3) Мал індеті, мал тұқымын асылдандыру туралы «Қазақ» газетіндегі жазылған əр түрлі мақалалар, мұны да өз алдына кішкене бір кітапша ретінде шығармақ болып көшіртіп жатыр.
Бұл күнде ел ішіндегі жастар бұрынғыдай емес, оянды, ұйысты, ұйымдасты. Əр жерлерде сауық кештерін қойып халықтың тіршілік, тұрмыс, мінез-кұлқын айнадай көз алдарына елестетіп көрсетіп жатыр. Бірақ, жастардың мұндай талаптарын ілгері бастырып тұрарлық қазақша жазылған ел ішінде сауык кітаптары жоқ. Болғандары қол жазба, ол да бірлі-жарымды кісілердің қолында жүр. Білім комиссиясына бұл туралы кітап берушілерде аз, тек колдағы сауық кітаптарды бастыруға лайық көріп, жадырып, даярлатып жатыр: 1) «Балқия» 4 перделік драмма М.Дулатовтікі 2) «Алтын сақина» 3 перделік драмма Қ.Кемеңгеровтікі 3) «Сылаң қыз» 1 перделік комедия Ж.Аймауытовтікі 4) «Айлалы конақтар» 1 перделік комедия Қажымолла Басимовтікі 5) «Жемір болыс» 3 перделік драмма Ж.Аймауытовтікі 6) «Қызыл қаршар» 1 перделік М.Дулатовтікі – «Қазақ » газетінен. Бұл күнде ел ішіндегі мектеп балалары болсын, өз тұрмысынан халық тіршілігінен алынып жазылған бір кітап көрген жоқ. Бар көргені татар, өзбек тіліндегі уақ-түйек кітаптар. Білім комиссиясы құрылғаннан кейін бұл жағында ықтиярға алып əзірге ермек ете тұрулары үшін мынадай хикая, ертектерді көшіртіп, аудартып уақ-түйек кітапша қылып шығаруға тырысып жатыр: 1) «Қазақ» газетіндегі Қырым баласының «Қырым» сөзі Н.Маркстен деп жазған тəржімалары 2) «Қазақ» газетіндегі А.Байтұрсыновтың «Дін таласы» деп Толстой кітабынан алып жазған оқшау сөзі 3) «Қазақ» газетіндегі М.Дулатовтың «Құлдау досты» деп жазған тəржімалары 4) «Алтын балық» А.Байтұрсыновтың өлеңінен сөзге айнал-дырылды һəм əр түрлі уақ-түйек баларға лайықты хикаялар. Мəселен: «Маймыл мен көзілдірік», «Ақылды теке» «Алтын жұмыртқа» сияқтылар. Бұлардан басқа қазақ-қырғыз білім комиссиясы бірінші һəм үшінші басқыш мектептер үшін төмендегі кісілерге оқу құралдарын жазуға тапсырды: 1) Жануарлар 1-2 бөлім. Досмұхамедовқа (мұның екіншісі бітті, жақында баспаға берілмек); 2) Физика – Кəрім Жəленовқа; 3) Есеп құралы екінші бөлім, Кəрім Жəленовқа; 4) Педагогика – Иемберген Табынбаевқа; 5) Психология – Иемберген Табынбаевқа; 6) Есеп амалдары – Файзулла Ғылымжановқа; 7) Есеп құралы – бірінші бөлім С.Қожановқа; 8) Есеп ережелері (теория, арифметика) С.Қожановқа. Ақыры бар. Келден
Білім һəм тіршілік Халық ағарту комиссариатының білім кеңесінде Балалар тəрбиелеуші білім комиссиясы ұлттар, білім комиссияларымен қосылып тұрғын халықтардың школдарына кітап даярлаудың жоспарын жасауға кірісіп жатыр. Мына түрде: тіл құралдар даярлау реті, алдымен өзбек тілі құралы дайындалмақ (қазақ тілі құралы бар, түрікпен тілі құралын даярлауға Гашкентте күш жоқ). Түрік тұқымының тілін жақсы білетін профессор Половты һəм күншығыс тілдерінің бір қатарына жетікшелеу профессор Полигаповты мұғалімдерге ана тілін оқытуды һəм оқу құралдарын қалай жазуды оңайлатып қолқабыс беріп отыратын бір кітап жаздыру қамына кірісіп жатыр. Бастауыш мектептерінің төрт буынында оқытуға оқу құралдарының түрі керек. Жоғарғы бөлімдеріне уақ əңгімелері бар кітапшалар керек. Балалар тəрбиелеуші білім комиссиясы Түркістан балалары үшін орыс һəм дүниялық əдебиет кітаптарынан ыңғайлы пайдалы кітаптарды тұрғын тілге аудартуға қам қылып жатыр. Кітапты іріктеу негізі я тұрмыс жүзінде жақындыққа қаралады, я болмаса туысқандық жүзіндегі жақындыққа қаралады. Қазақтың «тіл тізімі» (словарь) туралы Тарихтың көрсетуіне қарағанда біздің заманымызға шейін дүние жүзінде бірнеше халықтар, бірнеше ұлттар өткен. Ол ұлттар, халықтар түрлі тілде сөйлегендігіне сол тарих тағы да айғақ. Ол тілдердің кейбірі осы уақытқа шейін құрып кетіп, кейбіреулері сөйленіп келе жатыр. Сөйленіп келе жатқан тілдердің ішіне шет ұлттардың сөздерінен де кіріп, тіл тілге, сөз сөзге жамалып, тіл байымақ та, сөз кеңеймек те. Мұны көрсетуші əр ұлттың, ұлт тілінің «словарь». Бізше айтқанда «сөз тізімі» болатын шығар. Қысқасы «словарь» тілдің тарихын, тілдің сырын халыққа аңғартушы бір зат болып шығады. Біздің заманымыз бəсеке заманы. Адам баласының мəдени тұрмысқа бəсекелесіп өршіген заманы. Мұндай заманда дүние жүзіндегі жасаушы ұлттардың тілі, əдебиеті сынға түспекші, сыналмақшы. Ғылыми тілдердің қай жерінен, қай ұлттың тілі орын алғандығы белгіленбекші. Ұлттың ұлтшылығы тілінің баюы мен əдебиетінің кеңеюімен ғана танылмақшы. Ғылым артылған сайын, білім ұлғайған сайын тіл де көркейіп байымақшы. Сөз де кеңейіп ғылыми сөздерден тиісті орнын ала бермекші. Бұрын да болса, соңғы мына төңкеріс замандарында да қонысы сыбайлас орыс ұлтының əдебиетінде де түрліше саяси, ғылыми сөздер,
терминдер шығып жатыр. Оған лайықты қазақтың да тілдері шығып əр аудан, əркім əртүрлі сөз, термин тауып қазақ тілі ғылыми тілге жанаса бастағандығы көрінеді. Бұл сөздер, терминдер əркімнің өз ойынан алынып халыққа жас сөздер, терминдер емес қазақтың өзіне белгілі сөзі, белгілі тілі. Бірақ бұл сөздер бұрын да халық аузында тар мағынада алынып жүрсе де қазіргі уақытта саяси ғылыми тіршіліктерде кең мағынада алынып жүр һəм осылай болуына тиіс. Кейбіреулер мына сөз ауыл арасында сөйленетін еді, қалайша саяси, ғылыми терминдерге, сөздерге кірісіп қалды. Мұнысы орынсыз ғой, пəлен ғой, түген ғой деп... жүрген шығар. Оларға біздің айтатынымыз: қазақ халқы бұрында қой бағып, мал арасында, мал есебінде жүретін халық еді. Енді сол қазақтан оқымыстылар шығып, хүкімет істеріне қатысып, саясатқа ие болып, өз алдарына бір республика, бір аудан болып «қазақ» ұлттығын көрсетіп отыр. Ұлт мектептерін ашып, ұлт тəрбиесін беріп отыр. Орыстың «тіл құрал» (грамматикаларында) сөйленіп келе жатқан «падежная клонения» һəм осыған ұқсаған сөздері түбін тексергенде қаншама кісі силарлық атадан артық туған сыпайы сөздер еді? Бірақ ғылыми сөздер бөлініп, сөйленіп, əдеттеліп кеткен. Əзір есітір құлаққа да, сөйлер сөзге де оншама өрескел емес. Сондайақ біздің қазақтың ана тілінде түрлі фани кітаптар шығып, ол кітаптардың ішіндегі терминдері, сөздері қазақ сөзі, термині болып, орыстың «словарь» деген сөзін қазақшаға аударып «сөз тізім» деп отырса, əуелгі кезде өте жат көрінеді, күлкі де болар, өйтседе бірте-бірте құлақ жаттығып, бой үйреніп қазақтың бір сыпайы сөзі болып кетер. Бəрінен де талаптанып, талпынып істей берген жақсы. «Ақ жолдың» 122-ші санынан бастап «Келденнің» «Қазақ-қырғыз білім комиссиясы» деген мақаласы басылып келе жатыр. Бұл мақалада білім комиссиясының ісі туралы халықты аңғартып отыр. Соның ішіңде оқу кітаптарын жазып жатқан һəм жазып тапсырған мырзалардың аттарын көрсетіп отыр. Əрине комиссиясының бұл ісі халықты қуантарлық игілік іс. Мұнсыз халық ағармақшы, халыққа саңлау кірмекші емес екендігі анық. Бірақ осы ғана жазылып шыққан һəм шығатын кітаптар халықты қанағаттандырады деп айтуға болмайды. Жоқтан бар жақсы, аздан көп жақсы. Жазушылар тағы да табылар, тағы да жазар. Бірте-бірте кітаптар түрленер, көбейер. Бұл кітаптардың сөз терминдері əуелгі кезде ұнамсыз да, бір сөзге неше түрлі мағына берілетін реттері де болары сөз емес. Көш жүре бара түзелер. Бұл қолайсыздықтардың барлығы да қазақ сөзі ғылыми сөздердің тиісті жерінен орын алып белгіленбегендігінен. Сондықтан оқу, оқыту істеріне «кітап» қандай керек болса, жазушыларға термин үшін «сөз тізім» (словарьдың) керектігі онанда артық.
«Сөз тізім» (словарьдың) тағы керекті жері: жазушылар көп орында орыс сөзіне қазақша сөз таба алмай, қапелімде есіне түспей сасатын кездері көп болады. Алдында «сөз тізім» (словарь) болса қарай салып жаза салу оңай болар еді. Екінші орыстың бір сөзіне қазақша бірнеше мағына беріліп жүретін кездері де көп болады. Мына «занавес» деген орыс сөзіне «шымылдық» (қазақша), «перде» (парсыша) деп мағына беріліп жүрсе халықта белгілі бағыт белгілі түсінік болмайды. Соның үшін бізге қазақтың сөйлеп жүрген сөзінің бəрін тізіп «сөз тізім» (словарь) қылып шығару керек-ақ. Онан кейін түрлі словарьлар «сөз томдар» жасау оңай болады. Қазақта бұрын жасалған «сөз тізім» (словарьдан) бары мыналар: Орынбордағы миционер тобының 1905-ші жылғы жасап шығарған орысша, қазақша словары тағы Есмұхамед Бокиннің орысша-қазақша, қазақша-орысша словары тағы осыған ұқсаған уақ-түйек словарьлар. Бұлардың барлығы да біздің жазушыларымызды қанағаттандырады деуге болмайды. Өйткені киіз туырлықты қазақ ұлтының ілгеріден бері сөйленіп келе жатқан сөздерінің барлығы таңба (алқыба) ретінше тізіліп бұл словарьларға кірмеген. Сондықтан қазақ-қырғыз білім комиссиясы қазақтың бүкіл сөйленіп жүрген сөздерін таңба (алқыба) ретінше тізіп есебін алмақты план етіп отыр. Сонан соң түрлі словарьлар жасамақшы. Бұл туралы Келден мырза өз мақаласында «словарьді Садуақас Оспановқа тапсырған едік. Оспанов мырза бұл күнге шейін жарым хəріптік те еңбегін көрсеткен жоқ» деп асығып жазып отыр. Енді «сөз тізім» (словарьға) келейік. Білім комиссиясы маған «сөз тізім» (словарьды) тапсырғанына бір ай болды. Одан бері мен қарап жүргенім жоқ. Қазақ сөздерінің барлығын таңба (алқыба) ретінше тізіп тапсыру менің міндетімде болғасын керекті материалдарды тексеріп жүрмін. Менің бір айлық тəжірибеме қарағанда сөз тізу онша оңай көрінбейді. Қазақтың əр бір аудандарындағы сөйленіп жүрген сөздер көз алдымда тұруға тиіс. Көбінше: жер, адам, шөп, өсімдік түрлі аңдардың аттары һəр ауданда əртүрлі сөйленеді. Солардың бəрі көз алдыңда болса, сонда ғана қазақтың толық «сөз тізімі» болады. Орысша айтқанда полный киргизский словарь живых слов. Сондықтан жоғарыдағы сөйленіп келе жатқан сөздер халыққа сөз тізім (словарь) керек екендігін һəм ол сөз тізімнің жасалуы өте қиын екендігін көрсетеді. Қазақтың 40-50 мың шамалы сөйлеп жүрген сөздерін хəріп ретінше шұқылап тізіп отыру Келденге оңай болса да басқаға қиын шығар.... Бір айға асыққан Келденнің словары алты айда бітсе де жарар. Келденнің онда да халықты ағартуы кенже қалмас. С.Оспанов
Отаршылдықтың тұқымын құрту Ұлт комиссариатының бөлімдеріменен жиналып жатқандар, отаршылдардың аталуының жайында. Олардың атағында болған қалалар, көшелер, станциялар һəм сондайлар. Түркістан республикасы оның атын өзгерту мақсатына баяндама істелініп жатыр. Памятнигі туралы (отаршылдық заманының) құртуға тиісті болған. Өзінің бөтен ілгергі қаулы-жобасымен қатар һəм ұлт комиссариатының тиісті мекемелерінің келісуіменен жергілікті халықтың тілін университетке, институтқа һəм бөтен школдарға белгілі бір савдағы сабақ орнына қосу мəселесін жүзеге шығару. Осы үстіміздегі уақытта ұлт комиссариатымен жұма күні кеңселерде қызмет болмасын, жабылсын һəм сол күнді тінту күні қылайық. Бұл түрлі мекемелердің барлығында да болсын деген мəселе көтерілуі. Ұлт комиссариатының ұлт аздығы бөлімі ноябрь айының басынан бастап өзінің ісін ашты. Оның міндетіне жанайтып ұлт жұмысын сақтау (Түркістан аймағының ұлт аздығының) һəм халық ағарту комиссариатының жанындағы ұлт аздығының советіне халық ағарту жағының тар ғана мəселесін қалдырып ноябрьдің ішінде ішкі іс комиссариатының, əділшілік комиссариатының һəм ел бөлімінің уəкілімен бірлесіп ұлт комиссариаты түзеп һəм қарап өтті, тұрмысқа һəм жанға тиімді жағымен, Түркістан республикасының өлген, байға шыққан һəм туғандарды жазатын актіні. Терминология хақында Мəдениет һəм халық ағарту жолында жұмыстанушы өзбектердің жуық арада болашақ сиезге Халел Досмұхамедов тарапынан даярланбақшы, баяндаманың тезистері. Бұл тезистер сиез шақырушы білім кеңесінің жиылысында қабылданған: 1. Өзбек тілінде осы күнге дейін Еуропа жұртыныкіндей ұлттық білім жоқ. 2. Халықты билеген хан, патша хүкіметтері һəм елге бас болған надан ғұламалар өзбек жұртын надандықта ұстады. Ел арасына нағыз ғылымның, түрлі білімдердің тарауына қарсы болды. Сондықтан өзбек жұртының мəдениеті ілгері баспады. 3. Россияда болған төңкерістен соң қорлықта жүрген халықтар азат болды. Өзбек халқы да өз тілін жұмсап, өз мəдениетін түзеуге ықтиярлы болды. 4. Болашақ мəдениетті түзегенде Еуропа мəдениетін үлгіге алу керек.
Еуропаның мəдениетін халықтың тұрмысына, рухына келістіріп, ыңғайлы қылып өзгертіп алуы керек. Бір заманда Россияда, Жапонияда осындай жолмен мəдениетін өзгертіп білімді, мəдениетті халықтың санына кірді. өзбек халқы да Россия мен Жапонияның салған жолына түсуі керек. 5. Мəдениеттің үлкен үйінің бірі ұлттық білім əдебиеті болмай, халықтың мəдениеті ілгері баспайды. Сондықтан өзбек жұртына алдымен білім əдебиетін түзеп көркейтуге тырысу керек. 6. Білім, əдебиетін түзегенде Еуропаның білім əдебиеттерін үлгіге алып солардың көрсеткен жоспарын өзбек халқының тұрмысына, тіршілігіне, рухына келтіріп өзгерту тиіс. 7. Ұлттық білім əдебиетін түзегенде ең алғашқы керекті нəрсе терминдерді (ғылым атауларын) дұрыстап тағып, барлық терминдерді бір жолмен жүргізу. 8. Елді тезден Еуропа мəдениетімен, Еуропа білімдерімен таныстыру үшін қолданған терминдердің халыққа түсінікті елдің ішіне жылдам сіңімді келуі керек. 9. Сондықтан терминдердің бəрін қолдан келгенше нағыз өзбектің өзінің тіліндегі сөйленіп жүрген сөздерден алуы керек. 10. Ел ішіндегі сөйленіп жүрген сөздер қолайлы келмегенде, ескі өзбек тілінде қолданылған, бұл күнде көп айтылмайтын сөздерден терминдерге лайық сөздерді табу керек. Ескі өлеңдерден, жырлардан, хикаялардан терминдерге жарарлық көп қолайлы сөздер табылса керек. 11. Терминдер үшін арнап халық қолданған сөздерден туынды сөздер шығаруға болады. Туынды сөздердің жаңалығы, туындылығы көп ескерілмейтін болып өзбек тілінің заңымен тууы керек. Туынды сөз шығару жолды сактықпен қолдану керек. Орынсыз-қолайсыз болып туған сөздер тілді бұзады. Келешек əдебиетке көп кесірі тиеді. 12. Терминге керек сөзді тумалас түріктердің тілдеріндегі сөздерден алуға болады. Қазақ-қырғыз, ноғай, түрікпен секілді басқа түріктердің тілдерінде өзбектерге термин қылып қолданатын сөздер табылса керек. 13. Жоғарғы жолдармен іздегенде терминдер үшін қолайлы сөздер табылмаса Еуропа білім əдебиетіндегі латын терминдерін қолдануы керек. Бұл заманда артық мəдениет, артық білім Еуропада. Еуропадағы халықтардың қолданған терминдері көбіне латын сөздері. Латын тілі бүтін Еуропаға атақ ғылым тілі болып саналады. Ілгері басып мəдениетті боламын деген халық бұл заманда латын тілінен қаша алмайды. 14. Араб, парсы, орыс тілдерінен термин үшін өзбек тіліне кірген сөздерді ғана иə термин болып жайылған сөздерді ғана алуға болады. Латын сөздері тілге ыңғайсыз келгенде иə болмаса латын тілінде қолайлы терминдер болмағанда иə орыс сөздері тіршілікке пайдалы болғанда, термин қылып орыс сөздерін қолдануға болады.
15. Ағылшын, француз, қытай басқа жұрттардың сөздерін орыстың əдебиетінде қолданған орнында өзбектерге де тегін қылып қолдануы керек. 16. Бөтен тілдерден алған сөздерді өзбек тілінің заңымен өзгерту керек. Шама келгенше бөтен сөздердін тобырын өзгертпеске тырысу керек. 17. Түзегенде сақтықпен түзеп терминдерді тек керекті орындарда ғана қолдану керек. Дұрыстап тексерілмей қалған терминдер орынды – орынсыз жұмсалған терминдер білім əдебиетін жолға салуға көп кедергі болады. Білім əдебиетін түзеуге көп кесірі тиеді. Бастауыш мектептер үшін, жалпы халық үшін жазылған оқу һəм білім кітаптарында бөтен тілдерден алынған терминдерді жарытып қолданбасқа керек. 18. Өзбек тілі үшін керек терминдерді тергеп, тексеріп жүзеге шығарып тұратын мекеме біреу болуы керек. Осы мекемені басқарушы адамдардын білімі толық болып халыққа инабатты, қадырлі болуы керек. Осындай мекеме білім кеңесінің жанындағы өзбек білім комиссиясы болса керек. 19. Өзбек білім комиссиясының қабылдаған терминдерін бүтін өзбек əдебиеті қолдану керек. Білім кітаптарында, оқу кітаптарында қабылданған терминдерден басқа бөтен терминдер қолданбасқа керек. 20. Терминдерді сақтықпен тағып бір жолмен бірлестіріп жүргізіп тұру үшін өзбек білім комиссиясы тексеріп шықпайынша білім һəм оқу кітаптары өзбек тілінде басылмасқа керек. 21. Қабылданып қолданған терминдерді рас бір ыңғайсыздығы дұрысталып көрінгенде болмаса өзгертпеске керек. 22. Терминдер ел арасына мектептер, білім һəм оқу кітаптары газет журналдар арқылы тарайды. Сондықтан өзбек тілінде мектептерді, білім, оқу кітаптарын, газет-журналдарды көп шығаруға тырысу керек. 23. Кітаптар арқылы терминдерді тарату үшін кітаптарды, əсіресе оқу кітаптарын келісті қылып жазып, тəртіпті қылып жақсылап басуы керек. 24. Қағаздың нашарлығынан, һəріптің жетпестігінен, карикатураның нашарлығынан басқа да себептерден Түркістанда басылған оқу кітаптарының кем-кетігі көп, сондықтан бұл кітаптар арқылы термин тарату қиын. Дұрыстап басылмаған терминдер оқушыларды, оқытушыларды шатастырады. Оқу кітаптарының Түркістанда дұрыстап басылуына амал жасау керек. 25. Мəтбоғат терминдерді жаюшы құралдардың зоры болып саналады. Сондықтан қабылданған терминдерді газет-журналдарда қолдану міндет болсын. Жаңа шыққан терминдерді халыққа түсіндіріп тұру мəтбоғатқа міндет болсын. 26. Терминдерді тергеп, тексеріп қабылдап тұратын мекеме болғандықтан өзбек білім комиссиясы білімді адамдардан, керек ақшадан мұқтажды көрмейтін болсын.
27. Терминдерді жан-жағынан тергеп, дұрыстап тексеріп, ғылымға дұрыс, тілге ыңғайлы сөздерден алу үшін өзбек білім комиссиясы түрлі білім мекмелерімен, түрлі данышпаңдармен аймақтық өзбек институтындағы мұғалімдермен аймақтық өзбек газетін басқарушылармен бірлесіп жұмыс қылуы керек. Қазақ əдебиеті қалай дəуірлесін Ежелден салынған тарихи жол қай ұлттық болсын мəдениетке аяқ басуы. Əдебиеті дəуірлесе өз тілінде өнер-білім алуға мүмкіндік болса, сонда ғана болмақ. Бұл қай ұлттың болса да тарихи ұлт атанып, ілгері басуына, теңдік алуына, қараңғылықтан құтылуына бірінші құрал. Өзінің көгерген, кеңіген əдебиеті болмай, өз тілінде өнер білім алуға мүмкіндік болмай, ешбір ұлт ілгері баспақ емес. Тендікте алмақ емес. Бұған дені дұрыс, тарихтан хабары бар, саясаттан аңғары бар ешкім таласпаса керек. Қазірде тарихи ұлт атанып ауызға алынып, теңдік аламыз, мəдениетке аяқ басамыз деп отырған ұлттың бəрі біздің қазақ ұлты қазақ жұрты. Əрине қазақ жұртына да, мəдениет те, тендік те, аспаннан салбырап түсе қалмақ емес. Бізге де тарихтың салып қойған белгілі жолын басу керек. Тарихы нық ұлт болу үшін теңдікте мəдениетке жету үшін қазақ жұртының да құрал боларлық кең, бай əдебиеті болу керек. Қазақ жұртына да өз тілінде өнер-білім алуға мүмкіндік болу керек. бұлар болмай қазақ жұртына жоқ жерден бостандық келсін, «аспаннан шұға жауса да сорлыға ұлтарақ та жоқ» дегеннің аяғын құшпақпыз. Тарих ақтарып, тереңдеп дəлел келтіретін ешнəрсең жоқ, білген кісіге төңкерістің төрт жылдық дəуіріне абайлап көз салса да, түсінікті-ақ болса керек. Төңкерістен бері қазақ жұртымен араласқан кісі, қазақ жұртының төңкерістен бергі басынан кешкен жайымен таныс кісі, ісінің жемісінен де, көрген тəжірбиесінен де ап-анық білсе де, түсінсе де керек. Қазақтың осы күнгі белгілі жас ақыны Мағжан айтады: қазіргі дəуірде қазақтың дəуірлеген əдебиеті жоқ, əдебиетіміз тумай жатып жоқ болып, жанбай жатып жоқ болып отыр дейді. Тіпті қатесі жоқ, аталы сөзге арсыз таласады. Қай қазақ азаматы айтар, дəл осы кезде қазақ əдебиеті дəуірлеп, жанып келеді деп қай азамат өтірік дер, осы күнгі үніміз де, сөзіміз де адасқан аңның ұлуына ұқсамайды деп, ешкім де айтпас, ешкім де таласпас та. Қазір қазақ əдебиетінің дəуірлегені сол. Бəрі жоғалып барады. Жаңғаны сол, сөніп барады. Күні кеше заманның тар кезінде, шамшыл кезінде, тілдің күрмеу-сақау кезінде жаңа туа бастаған жас əдебиетіміз
бар еді. Жаңадан жанып келе жатқан шырақтай, жасарып келе жатқан жас гүлдей əдебиетіміз бар еді. Бүгін сол əдебиетіміз сөнген сықылды. Жазушыларымыз да, ақындарымыз да жоғалған сықылды. Қазақ даласында дəл қазір аңның ұлуы сықылды дыбыстан басқа түк таба алмасақ керек. Жандандыра білетін жыр да жоқ, еріте білетін əн де жоқ, сөйлете білетін, білім беретін сөз де жоқ. Бұлай болса бұған кім кінəлі? Хүкімет пе? Жоқ, енді кім? Басқа ешкім де емес. Кінəлі іс басындағы қазақ азаматтары. Əсіресе қазақтың тағдырын шешемін, қолымда іс бар, күш бар, билік, ерік бар деп отырған азаматтары. Бұрын əдебиетіміз көркейе алмаса, кеңейе алмаса кінəні бəрі хүкіметте еді. Ол кездегі хүкіметіміздің ісі де, тілегі де əдебиетімізді өсіру емес, өшіру еді. Қазір ол хүкімет жоқ. Қазіргі хүкімет əдебиетіңді өсір, өз тіліңде өнер-білім үйрен, өз тіліңде ісіңді меңгер, мəдениетке аяқ сал, тізгінің өзіңде деп отырған хүкімет. Біз сықылды соқыр жұрт, мақау, надан жұрттың өз тілінде өнербілім үйренерлік болмай əдебиеті зораймай, шын мағанада теңдік ала алмайтынына жол қойып отырған хүкімет. Бұлай болса əдебиетіміздің гүлденетін де, көркейетін де кезі осы. Соқырдың тілегені екі көзі, өз тілімізде білім алатын, іске үйренетін кезіміз де осы. Бірақ мұны біліп отырған бұған баға беріп отырған əлі күнге азамат жоқ. Азаматтардың көбі қазақ жұртының əдебиеті молықпай, өз тілінде білім аларлық болмай, мəдениетке, тендікке жетпейтінің түсіне алмайтын сықылды. Түсінгені, бағалағаны сол, көбі өзінің тілінде білмейді. Не хайуан болып жүр, не басқа болып жүр. Өзінің хайуандығын, не басқа біреу болғандығын 6 милион кигіз туырлықты қазақ жұртына да жолдай ұсынатын сықылды. Қазақ жұрты əдебиетсіз-ақ өз тілінде өнер-білім үйренбей-ақ жақсы қаулымен, қысыр сөзбен жетіле қалады, теңдік алады. Социализм (əлеуметшіл) тұрмысына оқу сыпайы, тұп-тура кісі бола қалады деп ұғынатын сықылды. Айтуға ауыз ұялады. Мекемеде қазақ тілін жүргізу керек Қазақ өз алдына автономиялы ел болып теңгерілгеннің бір белгісі хүкіметті өзінікі қылу. Яғни мекемелерде (партия, хəкімшілік, сот мекемелері болсын) қазақ тілін қолдану керек болатын. Автономия, хүкімет Қазақтікі болған соң Қазақтың тілі де орыс тілімен бірдей хүкімет тілі болу керек екендігіне талас жоқ. Негізгі теңдіктің бірі екендігін ойлап Қазақстан хүкіметі қазақ тілін қолдану туралы декретте шығарған. Қазақ жұмысы алғы жадағай қалу болды ма, мұрша келмеді ме, яки жергілікті
мекемелердің салақтығынан ба əйтеуір бұл күнге шейін қазақ тілін қолданған мекеме яки ел жоқ. Қазақ тілін колдану керек. Қолданбаған не деген сұмдық! деп «Қазақ тілі» газеті бұрында талай ойбайды салған. Қарауыл шақырған. Оны елең қылған хүкімет жоқ. Өткен жаз Семей Губревкомы бір приказ шығарды. «Биссмилла аллауһу акбар» сонымен тамам болды. Бұл жұмысқа қызу кіріскен Ыдрыс Мұстамбаев деген азамат болды. Ол өзі барған Зайсан үйезінде «бай-байлағанына» қарамастан, күшпен қазақ тілін жүргізіп, болыстарына хатшы даярлатып, «тілмаштарын» қуып жіберді. Бүкіл губернияда қазақ тілі іске аспағандықтан, бұл туралы белгілі жоба шығып, тəртіпке қойылмағандықтан Зайсанның қазақ тілі көзге шыққан сүйелдей іс жүзінде əр түрлі қолайсыздық көріп отыр. Екінші жалпы қазақ сиезі қазақ тілін іске асыру керек деп тағы қаулы қылды. Мүмкін келешек 3,4,5-ші қазақ сиездері ұялмай тағы қаулы шығарар. Одан келер пайда шамалы. Қазақ тілінің керек екендігіне ешкімнің дауы болмаса да, іске келгенде «оймен бəрі бітер» емес. Губерниялық мекемелердің бұл мəселе туралы əлі ойланғаны білінбейді. Қол тимей жүр, жұмыс қабаттап жүр, пəлен-түген деп соза берсек, сəрсенбі, бейсенбі таусылар емес. Əкімшілік мекемесі жоба жасауға мұршасы келмесе біз жоба ұсынбақпыз. Қалай іске асыру жолын көрсетпекпіз. Сыншылар қарастырсын, талқыға салсын, мінесін, қайтсе де қазақ тілі іске ассын. Бұл айтқанымыз тағы желге кететін болса, жазған құлда шаршау жоқ. Тағы жазармыз, тағы түрткілейміз, ызыңдағанды қоймаймыз деп, ұйқысын азда болса бөлмеспе екен? Қоймастан құлағына ызыңдаса. Біз ойлаймыз: губерниялық мекемелерде қазақ тілін жүргізу мүмкін де, қажетте емес. Өйткені губерниядан тура болыстарға баратын қағаз, бұйрық-жарлықтар кем. Елмен қатынасатын үйездік мекемелер бұл жалпы айтқанда. Бірақ Семей үйезіне көбінесе губерниялық мекемелерде қатынасып тұрады. Елмен қатынасатын үйездік мекемелер болғандықтан оларда қазақ тілін жүргізу қажет. Қай түрде жүргізу керек? Мəселе осында. Қанша қысқартылғанмен əлі де мекеме көп. Көбінесе қазақ болыстарымен жиі қатынас қылатын мекемелер: азық-түлік (продком), еңбек (комтрод) комитеттері, милиция орындары, əкімшілік һəм оқу бөлімі, əскер комиссиараты трамот бұлардың əр қайсысы өз бетімен қазақ болыстарына жіберетін һəм олардан алатын қағаздары болады. Көбінесе жарлықтар машинаға басылып таратылады. Міне қазақ тілін жүргізу қиын деушілердің бір толық дəлелі. Қазақ тілінде басатын машина жоқ, қолдан жазып отыруға уақыт жетпейді дейді. Бұған жауап: бірінші ондай жарлықтар үрдіс болып отырмайды, андасанда шығады; оларды қолмен жазуға болады. Екінші ондай жарлықтар
губерниядан тарайтын болса баспаханаға қазақша бастырып алып үйездерге таратуға болады. Баспахана бір-ақ күнде басып береді, өте тығыз болмаса, газет арқылы жариялауға болады. Материалы табылса, жазба сөзді басатын (гиктограф, шапограф) жасап алып басып отыруға да мүмкін. Ендігі мəселе мекемелерде қазақ переводчигы болуда, бұл туралы екі жол бар. Бірі, əрбір үйездік мекемелерде қазақтан переводчик, жазушы қою. Бұның қолайлы жағы: Əр мекеме елден келген қазақша қағазды тез қарастара алады һəм жіберілетін қағаз тез тарайды. Қолайсыз жағы: мекеме сайын переводчик табу қиын, кісі жетпейді. Екінші жол: мекеме басы переводчик іздемей қазақ ішіне баратын қағаздың бəрін бір жерден, бір қолдан өткізіп отыру. Ол үшін өзгеше бір переводчиктер кеңесін жасау. Əр мекеме қазаққа жіберетін қағазды соларға перевод қылдырып, жіберіп отыру. Мүмкін бұл жалпы кеңсе əкімшілік бөлімінде болуы керек. Бұл жолдың қолайлы жағы: кісі азырақ керек. Мекемелердің бет-бетімен жазып, бірінің істегенін екіншісі білмеу бетімен жұмыссыз елде кісі шығару-тоқталып тəртіпке түсуге, сыннан өтуге мүмкін. Қолайсыз жағы: əр мекеме қағазын жалпы кеңсеге сүйреп жүру. Ол кеңсе үлгере алмай, жұмыс тоқтап қалу, оған əр түрлі шатақ шығару. Салыстырып келіп екі жолдың бірін алу керек. Өміртəжірбие қатесіз іс қылып келеміз деп ешкімге айта алмайды. Азар болса, көп қатенің бірі болар. Тəжірбие тағы жол көрсетер, біздіңше екінші жолды алу керек деп ойлаймыз. Тезірек іске асуға, халыққа пайдалы болуға осы жол қолайлырақ деп білеміз. Бұл жолды қолайлы тапса əкімшілік бөлімі қарасытырып жоба жасауға тиіс. Үйездерде қазақ болыстарына арналып хатшылар даярлайтын курс ашқызуға, болыстардағы орысша білетін хатшыларды, бос жүрген азаматтарды үйезге алдыруға. Жарақ беруге, қазақша жазылмаған жарлықтарды, қағаздарды орындатпауға, мандаты қазақша жазылмағаңдарды елге жолатпауға əр түрлі қам істеу керек. Губерниялық исполком бұл істі екпінді тығыз жұмыстың бірі қылып кіріспесе, күндегі көп қағаздың біріндей көрумен іске аспайды. Қазақстан автономиясының нышанын халық көрсін десек, қазақ тілін тіл қылу керек. Əйтпесе бұрынғы «Иваңдарыңа» жолыға бер деп жұртқа бата беру керек. Ж. Басқармадан: Бұл пікірді бізде қуаттаймыз. Оның бер жағында, Түркістанда жалғыз қазақ-қырғыз ғана емес, өзбек бар, түрікпен бар сондықтан мұнда түрік тілі деп жүгіреміз. Түркістанда хүкімет тілі түрік тілі деп қаулы шығарылғалы міне бесінші жыл. Түрік тілімен жүріп жатқан істер, қағаз бетіндегі қаулыдан басқа жоқ. Елден келген кісілер бір нəрсе жаздыру үшін əлі де болса Иванды бəселейді, болмаса оның «мүриттерін» іздейді. Атын арытады, тонын тоздырады. Иттің жорғасындай орысша білгендер Ташкентте жүріп «адбикеттік» қылады. Бізде бір ауру: мұсылманша жазылған арыздан ешнəрсе өндіремін деп қазақ ойламайды. Əлгідей шəлдірік «адикеттерге» теріс қаратып жаздырса, жауын мұқатқандай көреді.
Мұның бұл күнде де қалмай отырған себебі: қазақтың жұмысының көбі үйездік, облыстық атқару комитеттерімен бітеді. Оның маңайындағылар, əлгіндей «адбикеттер». Өз тілдеріне бұлар төмен баға бергеннен кейін ел Василий мен Иванға қылатын құлшылығын баяғыдан да арттырып жіберді. Өткен жыл Совнарком жанынан переводчиский отдел ашылды. «Мақсаты»: «Ақ жолға» жіберетін Совнаркомның қаулыларын тəржіма қылдыру. Ауыл, облыс, үйездік, облыстық комитеттер оны білмейді. Оларға орысшасын жібереді. Биыл Госиздаттың маңынан переводчиктер бюросы ашылды. Мұнан да шыққан дəнең жоқ. Қысқасы бұған шикі тəжірибе көрсетті: хүкімет «түрік тілін» жүргізу туралы өзін-өзі һəм халықты алдағанмен əрбір комиссиарат, əрбір мекеме дұспан көзі қылып өздеріне бірбір переводчиктерді тартқанмен ешбір іс шықпайтындығын. Егер хүкімет жұртты алдамай өзінің қаулысын жүзеге шығаруға ынталы болса əрі шəлдірік адбикеттерге жем қылмай халықтың пайдасын ойласа, бізше «Ж» ның ұсынысын алу мақұл. Тек бұл ұсынысқа қосымша қылып, біздің арттырып айтатынымыз мынау: үйез, облыс атқару комитет жұмыстарының көбі жергілікті халықтармен болады. Басында отырғандар да жергілікті халықтың азаматтары үйез, облыс атқару комитеттеріне, тіпті тиісті орында онан жоғары мекемелерге орысша жазып арыз ұсынған жергілікті халықтарға жаза беру. Оны жазған адбикет сымақты тауып алып оған жазаны екі есе арттыру. Өмір тəжірбие жолында пікір, ақиқатты жүргізу үшін қас пен қабаққа қаралмайды. Жүргізіп тəжірибе қыларлық уақыт осы дегендей бұл күнге шейін ызыңдап құлақтың етін жеп келген мəселенің бірі де осы. Əліде қоймай отырмыз. Ендігісін хүкіметтің өзі біледі. Мекеме тілі қазақша болсын деген қайда! Кіндіктегі халық басшыларының мекеме тілі қазақша болсын, іс қазақша жүргізілсін деп шығарып жатқан қаулы қарарларын газет бетінен көріп оқып тұрамыз һəм жоғарғы хəкімдердің жіберген муафиқ істеріңді қазақша жүргізіңдер деп біздің Қазалы үйезінің жергілікті үйез атқару комитеті қарамағындағы милиция бастықтарына, басқа мекеме бастықтарына бұйырып еді. Басқа үйездерде істің қазақша иə орысша жүріп жатқанынан хабарым жоқ, қазақша жүргізер деп ойлаймын. Біздің Қазалыда халық қазыларынан басқа мекемелердің ешқайсысы қазақша іс жүргізіп тұрған жоқ. Істеріңді қазақша жүргіз деп бұйрық беріп тұрған үйез аткару комитетінің өзінің мекемесінде де қазақшадан орысшаның жүруі анағұрлым артық көрінеді. Істерінің көбі орысша, сөздің саяси бөлімі жағына келсек қазақша жазу, сызудың тұқымы жоқ десе де болғандай. Ал енді үйез атқару комитеті өзіне қараған мекемелеріменен, істеген істері, жазған жазулары мұндай болып, теріс үйреніп қалған жазуларына кете беретін болса, істер қазақша жүргізілсін, мекеме тілі қазақша болсын деп кіндіктегі бұйрық жарлықтар шығарып жатқан есіл азаматтардың еңбегі еш болмаса болар еді деп қорқамын. Л. Кенжеұлы.
Түркістанда Жаңа кітаптар. «Госиздат» тарапынан жақында, төмендегі кітаптар басылып шықты: 1) «Оқу құралы», Байтұрсыновтікі, саны 40 мың. 2) Өзбекше оқулық бірінші жылдық оқу құралы. Шығарушысы Елбек һəм Сайфы. Саны-35 мың. 3) «Түрікпен тілі». Екінші жылдық түрікпеніде оқу құралы. Шығарушысы – Əлиф. Саны 30 мың. 4) «Сауға» өзбек тілінде оқу құралы. Шығарушы – Шакиржан Рахим. 5) «Кəтталарға оқу», өзбек тілінде бірінші жылдық үлкендер үшін шығарылған алқыба кітабы. 6) «Сиаси луғат» (словар) өзбек тілінде. Шығарушысы Нəзір Төреқұлов. 7) «Нахудка» өзбек тілінде. Шығарушысы Юнусов. 8) «Өлеңдер жиынтығы» өзбек тілінде. Шығарушысы Елбек. 9) «Маймыл мен көзілдірік» қазақ тілінде. Байтұрсынов тəржімасы. Жақында басылып шығатын кітаптар. 1) «Қирағат кітабы», қазақша, шығарушы Дулатов. 2) «Тіл құралы» екінші жылдық, екінші рет басылуы. Шығарушысы Байтұрсынов. 3) «Өзбекше оқу» кітабы, 2-нші һəм 3-нші жылдық. 4) «Жағрафия» қазақша, шығарушысы Тостыбаев Иса. 5) «Геометрия» өзбекше, шығарушысы Байбөриев. 6) «Жануарлар» кітабы (зоология) Қазақ тілінде, шығарушысы Халел Досмұхамедов. 7) «Түрік əдебиеті һəм түрік тілінің ережелері». Шығарушысы профессор Фалиев. 8) «Алгебра» өзбек тілінде, Шығарушысы – Байбөриев. 9) «Қазақ батырлары» жеті кітап, жиюшысы – Əбубəкір Диваев. Қазақша үстіміздегі 1922 жылдың календарі Қазақша үстіміздегі 1922 жылдың календары шықты. Шығарушы Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтының оқытушысы Файзулла Ғалымжанов. Бастырып таратушысы, Түркістан хүкімет баспасөз істерін басқаратын бас махкемесі. Бұл, календарь қазақша ең бірінші календар. Календар көрнекті, қағазы жақсы болып, баспасыда анық түскен. Календарде қазақтың тұрмысын тіршілігінен алынған біраз суреттер де бар. Календарды осы жылдан бастап қолдануға тиісті болған. Замана өлшеуіштер, мəселен метрлер-ұзындық, шаршы, текше, сұйық зат, салмақ өлшеуіштері туралы жақсы ғана мағлұмат берілген. 22-нші
жылда болатын мейрам күндері де көрсетілген. Қысқасы, календарьда тіршілік шаруа, тұрмыс жүзінде ұшырайтын өлшеуіштер жайынан тəуір ғана түсінік берілген. Календар меніңше кемшіліксіз емес, бар. Бұл, кемкетікті болашақ 23-нші жылдың календарінде түзеу керек. Олар, мынау: 1) Қазақша жыл басы ескі есеп бойынша 9-ншы март. Қазақ жыл басын ескіше 9-ншы март жаңаша 22 март наурыз көргеннен санапты. Қазақша 22-мартта биыл тауық жылы бітіп, ит жылы кірді. Календарь орыстың есебінше бірінші январдан басталған. Сондықтан, қазақша да жыл басы орыстың ғинуары сияқты көрсетіп отыр. Бұл басталуға тиісті еді. 22 март наурыздан алынып, мұның есепке бір елі қиыншылығы жоқ. 1. Календарьде қазақша ай аттары деп мынаны санайды: 1) Қаңтар, 2) Ақпан, 3) Отамалы, 4) Сəуір, 5) Май, 6) Шілде, 7) Саршатамыз, 8) Сүмбіле, 9) Қыркүйек, 10) Қазан, 11) Қараша, 12) Қарыс. Сондағы, айтылған «кыркүйекті» қазақ айтқанын естігенім жоқ. Қазақша ай аттарына мен де жетік емеспін. Сүйіткенмен де мынау аттардың біразына тағы қанағат еткім келеді. Қазақша жыл тоқсан, тоқсан деген бар. Бұл да, ай аты болуға керек. Бірақ, қай айға қойған ат анық айталмаймын. «Абай»-дың өлеңінде. «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, Қыстың басы бірі ерте, Біреуі жай, дейді.» Тағы Абай екінші өлеңінде: «Қарашада өмір тұр, Тоқтатсаң тоқсан көнер ме» дейді. Бірінші өлеңге қарағанда нағыз күз айларының бірінің аты. Оның бір жағында мəнісіне де қарап, күз тоқсанның ақырғы айы-ноябрь, қараша емес, желтоқсан шығар деймін. Бұл, менің ойыма келген бір пікір. Əрине пікірге жол ашық. Біздегі ай аттары һəр жерде һəр түрлі көрінеді. Мəселен, Семей «Дəлу, құт» дегенді білмейді, римше, қазақша айтады. Орал, Торғай, римше кем (тіпті түсінбейді де) арабша айтады: «Қараша, қауыс; кəрі құртаныңызды тауыс» деген қазақтың үлгі сөзіне қарағанда, қараша мен қауыстың арасында желтоқсан жоқ желтоқсаннан, бүтін күз тоқсаны мұрат деп айту, тағы болмайды. Абайдың өлеңіне қарағанда болсын, қазақтың сөзіне қарағанда, болсын, желтоқсан ай аты болу керек. Бұл календарьда жоқ. Айлардың ілгері, сондылығы, қосымшалары барма деп ұғамын. Мəселен, «саршатамыз» деп қосарынан қазақ айтпайды. «Тамыз» дейді. Айлардың атын Файзулла Байтұрсыновтың оқу құралдарынан алса керек. Оқу құралдарындағы ай аттарының көбі жоба һəлі. Болашақ 23нші жылдың календарьінде бұл жағын қатты тексеру, қарастыру керек болар деймін. 2. Метір өлшеулерін баян еткен қазаққа тиынға керегі жоқ. 5-6 жолдық сөз жазылған, бұл сөздер орыстын жаңаша ескіше емлесі туралы.
Орыс емлесін тоқсан тоғыз кұбылтып жазсын, оның керегі аз. Олардың орнына қазақ-қырғызға пайдалы тіршілік, шаруа жайынан біраз сөздер айтылса, бұл ұстатпайды. Мен «календарді» газетке жазып, сынға алғанымда, жақсысын асырып, жаманын көрсету. Өйткені, календарь жыл сайын шығатын нəрсе пікір қосылған, келістігі айтылған сайын келесісі толымды болып отырмақ. 4. Біз, осы еліктеудің соңына түспесек екен. Календарьда академик я көбі орысша, қазақша да жазылған. Қазақ, қазақшасын оқырлық болғаннан кейін оны тағы орысша жазып не керегі бар? Календарь оны тағы орысша жазып не керегі бар? Календар қазақ үшін шығарылған, орыс үшін емес. Қазақшасын оқып түскеннен кейін, орысша түр көрсетудің керегі жоқ. Бізге бұл құлдықты, еліктеушілікті тасымауға керек. 5. Біздің бұл күнде өз тілімізге арналған дыбысымыздың таңбалары бар. Жүзеге шығармақ болып тырысқан бір істі, бұзбастан бастап шығару керек. Қазақ емлесінда «ш» орнына «ч» алынған. Календарьде уйршок сияқты сөздер «ш»-мен жазылыпты. Қазақ баласы өз матбуғатында өз тіліндегі таңбалары ғана қолдануы, өз тіліндегі таңбаларды ғана көрсетулері керек. Оны енді жаркештендіріп басқа тілдегі таңбаларды қыстырмасқа керек. Тағы «дəйекші» жаңылыс қойылған. Мəселен, шаршы деп қалың айтылатын сөз «Шəрші» болып жіңішке жазылып кеткен. Бұл, қазақша орын шыққан бірінші календарь, екіншісін түзеу. Һəр неше мұны шығарған Файзулла жолдасқа рахмет айтып ісінің жемісті болуын тілейміз. О.Ғ. О.Ғ-ның сынына жауап «Ақ жолдың» 157-ші санында қазақша шыққан 1922 жылдың календары туралы, О.Ғ-ның сыны басылды. Календардың міндері туралы айтылған О.Ғ-ның пікірлеріне бірден-бірден жауап беріп өтпекшімін. Қазақша ай аттарында қате бар болса бар шығар, өйткені қазақша ай аттарына мен өзімде жетік емеспін. Қазақ арасында ай аттары əр жерде əр түрлі: бір жерлерде Қазақ айлардың Римше аттарын ғана біледі, басқа аттарын білмейді. Бір жерлерде арабша аттарын ғана біліп, басқа аттарын білмейтін, бірақ бар болуы ықтимал деп ойланғандықтан, календарда əр айдың атын үш түрлі (римше, арабша, қазақша) көрсету қажет болды. Аз уақытта, қазақша ай аттарынын дұрысын білетін басқа жол таба алмағандықтан Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу құралындағы» көрсетілген аттары алынды.
Қазақша ай аттарының дұрысын білетін кісілер яки дұрысын біле алатын кісілер ерінбей аз ғана уақытын беріп «Ақ жолға» жазса да яки тура маған жіберсе де (1) көп-көп Алла разы болсын айтар едік жəне тоғыстың не екенін жақсы білетін кісілер ол туралы да түсінікті қылып жазып жіберсе жақсы болар еді. О.Ғ календарды 22 марттан яғни наурыздан бастау керек еді дейді. Марттың 10-шы күнін календардың басына беріп 21-ші күнін аяғына жіберіп, календардың сиқын кетіргенше осы күнгі түрімен шыққанының өзі дұрыс. Өзіміздің қолайсыз нəрселеріміздің орнына ретте келіскенде басқа жұрттардың қолайлырақ нəрселерін ала беруіміз керек екендігіне ешкім таласпайтын шығар. Олай болса бір оқиғаның болған уақытың аз сөзбен анық қылып көрсету үшін, жыл есебін 12 жылда айналып келе беретін хайуандардың атымен көрсеткеннен бір белгілі жылдан бастап сан ретімен көрсеткен ыңғайлырақ. Сондықтан, біз өз алымыздағы жыл басы (эра) тауып алмасақ жыл есебін я мұсылманша, я еуропаша алуымыз керек болады. Жыл есебін мұсылманша алғаннан еуропаша алған дұрысырақ. Себебі мұсылманша жыл басы жыл сайын бір уақытта келіп отырмайды. Жыл есебін Еуропаша алуды дұрыс десек календарды 22 марттан бастап 21 мартпан бітірсек, ол календерды қай жылдың календары дейміз? 1922 жылдың календары дейміз бе? Болмаса 1923 жылдың календары дейміз бе яки, 1922 һəм 1923жылдың календары дейміз бе? Календарға бұл көрсетілген аттардың қайсысын қойсақта дұрыс болмайды. Сол себепті календарды 1-ші январдан бастап 31 декабрмен бітіру дұрыс. Өзіміздің ұлтшылығымызды да ұмытпау керек десек ұмытылған жоқ. Календардан өзіне лайық ол да орын алды. «Тиынға керегі жоқ 5-6 жолдық сөз жазылған» болса, ол патшалар заманындағы хүкімет хатта пайдадан басқа түк зияны жоқ нəрселерді де қабыл алуға шабандық қылатын еді деген пікірді дəлелдеу үшін жазылған сөз. «Ш» хəріпі туралы айтатыным біздің колданғанымыз Ахмет Байтұрсыновтың емлесі болатын болса, бұл хəріп өз орнында ғана жазылды. Басқа еш бір хəріпке зорлық қылып орнын тартып алған жері жоқ. Берірек келген соң қазақ емлесін түзетушілер болса, олар онысын мəнбұғат жүзінде жарияланған жоқ. Сондықтан қай жерде кімнің не қылғанын жұрттың көбі білмейді. Шығып жатқан газеттердің емлесіне қарап ондайды білуге тағы болмайды себебі газетшілер өздері емле білмегендіктен жазып жүр-ау деп ойлауға да болады. «Шаршы» деген сөзді жуан да жіңішке де айтатын жерлер бар шығар. Бір жерде жуан, бір жерде жіңішке айтылатын сөздер одан басқа да бар. Мəселен «мауты», «ара» деп те айтатын жерлер бар. «Мəуті», «аре» деп те айтатын жерлер бар. Ф. Ғалымжанов (1) Менің адресім: Ташкент. пр.К.Маркса 11 редакц.газет «Ақ жол» Ф.Галимжанову.
Затқа ат іздеу, ұғынысқа сөз іздеу Тіршілік жүзіне ойлы зат туады. Ол затқа іле ат қойылады. Ойлы мағына туады. Сонан соң ол мағынаға ат керек болып бір белгілі сөз тағайындалады. Өнерлі, білімді, шебер халықтар һəр түрлі тұрмыста керек нəрселер, заттар жасайды һəм оларға өзінше лайықты аттар қояды. Жəне тұрмыстың, табиғаттың, адамның ғақлиқатының əр түрлі жұмбақ, ғажайып халдерін шешуге ой жіберіп, тəжірибеге қарап баяндап, солардың һəр түрлі халдарына һəр түрлі ұғыныстарға һəр түрлі ат қояды. Сөйтіп өнерлі, білімді, шебер халықтың тілі бай болады. Ол тіл ді туралап түзейтін əдебиет басшылары болмақ. Өнерсіз, олак, надан халықтың тілі кедей болады. Ол халықтың да əдебиеті кедей болмақ. Үлкен білімнен, шеберлікпен һəм зор уақиғамен бір халықтың туғызған кейбір заттарын сол халықтың берген аттарын өзгертпей басқа халықтар алады. Мəселен: машина, аэроплан, автомобиль, телеграф, революция, коммунизм, большевик, совет, комитет. Біздің қазақ халқы өнерсіз, олақ, надан болғандықтан тілі кедей, əдебиетіміз жоққа тəн болған соң тіліміз де сараланған жоқ. Қазақ əдебиеті жаңадан туды. Баспасөзіміз хүкімет өзгерісі болғаннан бері ұлғая бастады. Қазақтың баспасөзі ұлғая бастағаннан бері, қазақ оқығандары хүкімет һəм əлеумет ісіне кіріскеннен бері, қазақ тілі орыс тілімен хүкімет алдында бірдей болғаннан бері Европаның һəм орыстың қазақ тіліне кірген һəр түрлі сөздеріне қазақша сөздер керек болғандықтан баспасөзге араласып жүрген қазақ баласы орысша затқа ат іздеуде, ұғынысқа сөз іздеуде. Бұл жолда кей сөздерге қазақша сөздер дəл табылған, кей сөздерге дəл табылған жоқ. һəр түрлі ұғынысқа һəр кім өзіне басқа-басқа сөздерді жұмсап жүр. Мəселен: орыс тіліндегі «район» деген сөзді Түркістан оязының Созақ қаласында «аймақ» деп жазады. Семей, Ақмолада «район» дегенді «аудан» дейді. Орал, Орынбор, Бөкейлік жақтарында «район» ды Қазақшаға аудармай «район» деп айтады. Центральный комитет дегенді «кіндік комитет» деп жазып жүр. Былтырдан бері біздің Қазақстанның кейбір азаматтары орталық комитет «ордалық комитет» деп жазып жүр. Орысша «облыс», «край» деген сөздерді «аймақ» деп жүр. «Коммунист» деген сөзді кей жерде «ортақшыл» деп жүр. Кей жерде қазақшаға аудармай айтып жүр. Кей жерде (Орынборда жастар ұйымы) «еншілес» деп жазып жүр. «Большевик» дегенді біреу қазақшаға аудармай айтады, біреу «көпшіл» дейді. Народный сот дегенді кей жерде «халық соты» деп жазады. Кей жерде қазақшаға аудармай жазады. Семей, Ақмолада «халық биі» деп жазады. Революция дегенді біреулер қазақшаға аудармай айтады, біреулер «төңкеріс» деп жазады. Біреулер « өзгеріс» деп жазады. Һəм переворот деген сөзді де солайша жазады. Председатель дегенді
біреулер « топ басы» дейді, біреулер «бастық» дейді, біреулер қазақшаға аудармай жазады. Осындай орысша бір сөзді бір мағынаны қазақша һəр түрлі аттармен атау қазақ оқығандарының арасында көп оқушылардың тыңдаушылардың түсінуіне бұл едəуір қиын, едəуір шатақ. Едəуір шатақ. Мұндай халыққа күнде айтылатын орыс жұрты арқылы алып отырған сөздерді енді һəр бірін қазақша һəр түрлі аттармен атамай күллі Қазақстанда һəр бірін қазақша бір-бір сөзбен атауы керек. Бір затты һəр түрлі атпен атаса оған халықтың түсінуі бек қиын. Мəселен: бір кісіні біреу Құдайберген десе, біреу Ахмет десе, біреу Иван десе шатақ емес пе? Жəне басқа көп халықтарға аты да заты да, бірдей сөздерді қазақшаға аудармай-ақ алу керек. Құр «қазақ тілі бай, Европаның қай сөзі болса да қазақшаға аударуға болады» деген қиялмен Европадан алып отырған күллі ұғыныстағы заттарымыздың бəрін бірдей қазақшаға аудармақ қиын жұмыс. Европадан алып жүрген кейбір сөзді қазақша бір-ақ сөзбен түсінікті қылып атау мүмкін емес. Ондай сөздерді қазақша бір-бір сөзбен түсінікті қылып жазбақ болғандардың жазуына түсіну бек қиын. Мəселен: 1918 жылы Сибирьде шыққан бір қазақша газета былай деп жазды... «Атаман Аннековтың көңілді əскерінде темір тəртіп жоқ...» Осы күні жазып жүр былай деп... «əскери төңкеріс кеңесінің мүшесі жолдас пəлен көпшіл һəм төңкерісшіл...» Міне, бұған қай қазақ түсіне қояды? Не деп түсінеді. Россияда да алғашқы əдебиеті туып ұлғая бастағанда осындай Европадан алған сөздерден орысшаға аудара-аудара, бір кезде күлкі де болған осы революциядан бергі қазақтың əлеумет һəм хүкімет ісіне һəр түрлі атпен жұмсап жүрген төмендегі сөздерді былай алу керек. 1) Центральный комитет дегенді «орталық комитет» деу керек, «кіндік комитет» деген дұрыс емес, «кіндік» сыпайы сөз емес. 2) Председатель дегенді «төрағасы» деу керек, «бастық» деген сөз начальник деген сөздің орнына айтылады. «Топ басы» деген жалғыз топқа жиылысқа лайық сөз. Комиссияға тройкаға «топ басы» аты лайық емес. Революция дегенді қазақша да революция деу керек. Бұл көп халықтарға бірдей сөз. «Төңкеріс» дегенді орыстың перевород деген сөзінің орнына айту керек. 4) Большевик дегенді қазақша да «большевик» деу керек. Бұл сөзді күллі жер жүзі орысшадан аудармай алып жүр. «Көпшіл» деген сөз түсініксіз. 5) Советская власть дегенді «совет хүкметі» деу керек. Мұны да басқа халықтар аудармай алып жүр. «Кеңес» деген сөзді орысша заседание дегеннің орнына жұмсау керек. 6) Коммунист дегенді қазақша да «коммунист» деу керек. «Ортақшыл», «еншілес» деген сөз лайық емес.
7) Нар.суд дегенді «халық биі» деу керек. 8) Край, область дегенді аймақ деген дұрыс. 9) Район дегенді «аудан» деген дұрыс. «Аймақ» «ауданнан» үлкен мағынаға айтылады. Бұдан басқа да талай сөздер табылады. Əзір осы сөзді айттық. Міне осы көрсетілген сөздерді осылай қолданып жүргізу керек. Бұл сөздерді татар елі де алу керек. Жəне бұл мақаланы басқа қазақ газеталары көшіріп жазуларын өтінемін. Сəкен (Манат Шамил). Басқарма: Бұл мақала ескерту үшін басылып отыр. Бұл пікірге қосылып қосылмастан бұрын айтатынымыз мынау: жалпы ғылым тіл (научный һəм саяси терминдер). Һəр жерде һəр түрлі қолданылып жүр. Бұған себеп жалпы қазақ үшін білім кеңесінің жоқтығы. Сондықтан жалпы ғылым тілінде бір жол бір термин қолданылмай келеді. Төңкеріс заманындағы істер ілгеріндікейінді кем-кетік те болып отырмақ. Кейінгілер ысқақтар иə мақтар ол тарих ісі. Бірақ қазақтың өз тілінен көркем лайықты сөз табылса басқа жұрт демей алу керек. Сондықтан мақаладағы пікірдің көбіне қосылсақ та, көбіне қосыла алмаймыз. Қазақ-қырғыздың календары туралы «Үстіміздегі 1922 жылдың календары басылып шықты» – дегенді «Ақжолдың» 159, 158 саңдарын оқыған азаматтар білетін шығар. Бұл қазақ-қырғыз ұлтының тұңғыш календары. Қазақ-қырғыз ұлты мəдени тұрмысқа бірте-бірте жуықтап келе жатқандығы соңғы уақытта білініп отыр. Соның үшін мəдениетті халықтардың тіршілік тұрмысында, мінезқұлқында бар белгілердің бəрі бізде де болуға тиіс. Мəдениетті халықтар «тық...» еткен дыбысты белгілі уақытқа есептеп «секунд», «минут» қылып отырғанда біз ғұмырды түйдектеп 12 жылдық «мүшел»-мен өлшеп, адамның жасын (жылын) қар белгісімен өлшеп, ұзақ күнді көлеңкемен есептеп отырсақ, əрине «мəдениетті халықтардың қатарына тез арада жуықтай аламыз» – деп айтуға да, үміт етуге де болмас еді. Мұндай есептер мəдени халықтардың есебіндей тура есеп, толық есеп болып шықпайды. Мысалы үшін мынаны алайық: қазақтың əйелі октябрь айында босанса (1 айдан соң) декабрьде қар жауса, əкесі: «менің шырағым бір қар көрді, бір жасқа шықты» – деп қуанады. Келесі октябрьде (баланың туған күнінде) қар жауып қалса «шырағым екі жасқа шықты» – дейді. Баланың енді ғана бір жасқа шыққанымен жұмысы жоқ. Егер бір жыл қыс жұмсақ болып, қар жаумай қалса, балалы шал не қылмақшы?.. Əрине мұндай қолайсыздықтардың бəрі де календарьдың жоқтығынан. Соның үшін календардың керектігі жалғыз ғана қазақтың туған баласының жасын белгілеу үшін емес, ұлттың бүтін ғұмырына, тіршілігіне керекті бір зат болып шығады.
Файзолла мырзаның тізген календары біздің ұлтқа тұңғыш календар болғандықтан, бұл календарды ортаға салып сынап, артық-кемін мінеп пікір алыстыруымыз керек-ақ. Мен өзім астроном да емеспін, жұлдыз санайтын қазақтың есепшісі де емеспін. Сондай күнде де Файзолланың тізген календары туралы мынаны айтпақшымын: Файзолла ай аттарына мыналарды алып отыр: 1) Қаңтар, 2)Ақпан, 3) Отамалы, 4) Сəуір, 5) Май, 6) Шілде, 7) Сарша тамыз, 8) Сүмбіле, 9) Қыркүйек, 10) Қазан, 11) Қараша, 12) Қауыс. 1) «Қаңтар» деген сөз «қысқару» мағынасында. Күзден қысқа қарай күн қаңтарыла (қысқара) бермекші. Январь айында күн каңтарылуы (қысқаруы) бітіп, онан күн ұзара бермекші. Сондықтан бұл ай аты болмай жай ғана бір құбылыс мезгіл болып шығады. «Тоқсанда торғай адымы, шілдеде шыл адымы, қаңтарда қарға адымы ұзарады» деген қазақтың сөзі бар. Бұған қарағанда да тоқсан күндік қыстың қаһарлы күндерін құстардың адымына салыстырып, осындай түрлі құбылыс мезгілдермен шаруаны өлшеп отыратындығы көрінеді. 2) «Ақпан» – бұл алты күндік ызғырық желдің аты. «Ақпан алты күн, тоқпан тоғыз күн, аямүйіз алты күн, қаһарын алса жеті күн» – деген қазақтың сөзі бар. Рас бұлар февральдің ішінде келеді. Қазақтың бұл сөзіне қарағанда февраль айын үшке бөлу керек. Болмаса тұтас бір айдың атын «Ақпан тоқпан аямүйіз» – деп қоюға тура келеді. Өйткені, «Ақпанның» алты күні февральдің 28-29-ыншы күніне татиды деп кім кепіл болғандай?! 3) «Отамалы»-деген екі сөзден құралған: Бірі «от» – шөп, екіншісі «хмл»-қозы. Бірақ арабтың «хмл»-деген сөзі қазақша «қозы» мағынасында болса да қазақ «амал туысы, амал шығысы»-деп «мезгіл»-ге алып жүр. Сондықтан «отамалы» деген сөз «от мезгілі» мағынасы «көк шөптің шыққан мезгілі» болып табылады, бұл бір. Екінші: «март» айын арабша «хмл»дейді. Бұл жағынан да Файзолла ойланбаған сияқты, болмаса «отамалыға» арабтың «хмлы» қосылған соң, басындағы қазақтың отшөбін алып тастап, арабшалап «хмл», «үр», «шора»-деп даңғыл жолмен айдай беруі керек еді. Жоқ «қазақ түсінігі керек» десе, «от мезгілі» деп қою керек. Мұны ұнамды көрмесе, «от, хмлдың» нағыз аудармасы «отқозы» болсын. 4) «Сəуір» – бұл арабтың «үры» (қазақша өгіз), латынның «телец» – деген жұлдызына арналған. Бұл сөз календарьдан алып тастауға мүмкін болмаса қазақтың «қопал» сөздерінен календар жасап та керегі жоқ. 5) «Май» айы латынның «май-ай-Майи» – деген құдайының атына арналып қойылған бір ай. Кейін өзгеріп, Май делініп кеткен. Қазаққырғыз мейлі мұсылман болсын, мейлі кəпір болсын, əңгіме онда емес.
Бірақ көзі ашықтардың айтатыны мынау болуға тиіс: қазақ-қырғызды мұсылманның құдайы жетістірді де, латынның құдайы қалды ма?!. «Коммунист күшейген соң, ескі құдай ұмытылып, жаңа құдай керек болды» - деген көп тілегі болса, мен қарсы болмадым. 6) «Шілде» парсы сөзі. Парсыша «шланд» – деп «қырық күндік кідірісті» айтады. «Үркер» жұлдызының қырық күн батып кетуі (июнь айында) жəне де босанған қатындардың шілдеханасы болады. Қырық күнге шейін босанған қатын тоқталады. Мұны бір айға алса, бір айда отыз күн. Қырық күн «шілде»-нің он күні кімнің қалтасына сияр. Жоқ, жұрт парсы сөзіне құмар болса, «шілде» демей «сы роз» (отыз күн) деп қояйық. 7) «Сарша тамыз» жоғарыдағы шілденің ішінде келетін тоғыз күндік ыстық керімсал желдің аты. Сарша тамыздың тоғыз күнін бір ай қылсақ, жылдың 21 күні кем келмей ме?! 8) «Сүмбіле» – арабша сөз. «Диуа-дева» жұлдызына арналған. Қазақша «егіннің басы» – деген сөз. Қазақ календарында сүмбіле демей-ақ «егіннің басы» деп қою керек еді. Өзіңнен сөз табылса, басқаның сөзінің тиынға керегі жоқ емес пе? 9) «Қыркүйек» – бұл сөздің «құр күйек» пе (қыркүйек)-пе екеніне түсіне алмадым. (Құркүйек) болса екі сөзден: бірі (құр) мағынасы (байлау), «түйіндеу» деген сөз. Екіншісі: (күйек). (Күйек) деген зат-төрт бұрышты кигіз, көлденеңі 5 бүршек, ұзыны 10 бүршек шамасында. Бұл екі сөзді қосқанда мағынасы (күйек байлау) болып шығады. Қойдың қашатын мезгілі июнь айында басталады. Сондықтан қой июль, август, сентябрь айларында қашса, бұл шаруаға өте жайсыз. Өйткені сол мезгілде қашқан қойлар, декабрь, январь, һəм февраль айларында қоздайды. Ол мезгіл суық болғандықтан, қозылары өліп қалуға тиіс. Соның үшін, шаруаның қылатын қулығы қошқарға күйек байлау. Ол күйекті октябрьдің аяғы, ноябрьдің бас шамасында шешіп алады. Өйткені, бұл кейінгі көрсетілген екі айларда шешіп алса, қойдың қоздайтын мезгілі март, апрель айлары болуға тиіс. Сөйтіп, құркүйек-күйек байлау июль айында болып, күйек алар мезгілі октябрь я, ноябрь айлары болуға тиіс. «Қыркүйек» болса, ол қара боран, үш күндік жел. Бұл жел сентябрьдің ішінде келеді. Бұл желдің атын «қыркүйек» деп қоюдың себебі мынадан: қырдағы ел қошқардың күйегін сентябрьдің ішінде алады. Өйткені, қырда құмның ішінде қыстаған елдің қойлары февраль ішінде қозылағаны мен шаруаға ешбір зияны жоқ. Құм жылы болады. Сөйтіп февраль ішінде қозылайтын қойлардың қошқары сентябрь ішінде күйегінен ажырайды. Сондықтан бұл мезгілді «қыр күйегін алатын мезгіл» – дейді. Баяғы жыл дəл сол уақытта келгендіктен «қыркүйек жылы» – дейді. Сөйтіп, календарьдағы «қыркүйек» айы сентябрь тұспа-тұс болғандықтан «құр күйек» емес,
«қыркүйек» қыр күйегін алатын мезгіл болуға тиіс. «Құр күйек» болсын «қыр күйек» болсын бұл екеуін ай атына алу меніңше болмайды. Оның себебі күйек алатын мезгіл қырда бір бөлек, Сырда бір бөлек. Қырда сентябрьде алса, Сырда ноябрь ішінде алады. Сөйтіп, «күйекті» ай атына алсақ, «қыр күйегі» үшін бір календарь, «Сыр күйегі» үшін бір календарь екі календарь жасауға тура келеді. Екіншісі «күйек» деген нəрсе тарихи ай аты болуға сыпайы сөз емес. Бəлки, сол мезгілде де шаруа тіршілігінен алған күйектен басқа да сыпайырақ неше түрлі ат бар шығар. Қарастырып солардан біреуін қолдану керек еді. 10) «Қазан» – парсыдан алынған сөз. «Хзан» – деп парсылар солған, қуарған жапырақты айтады. Біздің қазақ «қазан желі», «қазанның суығы деп, үш күндік суықты айтып жүр. Бұл суық октябрь ішінде болады. Суықтан кейін ағаштардың жапырағы қурап қалады. Мұны «қазан ұрды»- дейді. Бірақ шын түбін тексергенде парсының «хзаны»-да қазақтың «қазаны»-да бір сөз. Бұған шатақ қылу керек емес. Сөйтіп, бұл да болса ақпан, тоқпан, ая мүйіз сияқты көп құбылыс мезгілдердің бірі. Мұндай құбылыс мезгілдерді ай есебінде былықтырып ала берсек, қазақша ай саңдары 40-50-ден асып, қазекең ғылымға жарлы болса да «айға» байыды. 11) «Қараша» құстың аты. «Қара жерге қар жауса, қарашамен қоштасар» – деген қазақтың өлеңіне қарағанда, «қараша» құс қар жауғанда кететін болуға тиіс. Қараша айы ноябрьге тұспа-тұс келіп отыр. Егер бір жыл қар ноябрьде жаумай қалып, «қараша» құс кетпей қалса, онда не қылмақшымыз? Календарьдағы қарашаны қаңтарға қарай сүйремекшіміз бе?!. 12) «Қаус» – араб сөзі. Арабша «қос» – деп өлшейтін, салыстыратын бір затты айтады. «Стрелец» – деген жұлдызға арналған. Бұл «қос» ноябрде келеді. Декабрьге қайдан адасып жүр? Жоқ, біздің наука (ғылымы)-мыздың күшті болғаны ма?!. Жоғарыдағы көрсетілген ай аттарына қарағанда Файзолла календарды қазақ тіршілігіне лайықтап, һəм жаратылыстың түрлі құбылыстары-на көз жіберіп тізген сияқты. Менің түсінігімше календарь тіршіліктен алып жасалмайды. Астраномия ғылымының тексеруі бойынша жасалады. Солай болғанда «Гиппарх-Гиппарфтың 12-ші жұлдызы», «Зодияк-зодиок»-гі құр дияк қалып қазаққа жағымсыз түрлі ыстық суықты желдерменен календарь тізіп отырсақ тарих алдында жүзі қара болып ғылымға сенбегеніміз ғой. Жалпы дүние жүзінде календар бір жобада жұлдыз есебімен келе жатыр. Сондықтан бізде жұлдыз есебімен кетуіміз керек. Өйткені «Гиппарктың» 12-ші жұлдызын арабтар өз тіліне көшіріп, ол бүтін мұсылман ғаламында қолданулы. Ол мынау:
Овен Рыба Водолей грекше Хмл хот длу Арабша Қозы Балық Қауға Қазақша Рак Близнец Телец Грекше Шаратан Жоза Сұр Арабша Бақа Ақ меңді қара қой Өгіз Қазақша Весы Дева Лев Грекше Мизан Сүмбіле Асд Арабша Таразы Егіннің басы Арыстан Қазақша Козерог Стрелец Скорпион Грекше Жды Қос Ғқрб Арабша алақ Теңеру белгісі шапан Қазақша Мұндағы сөздер қазақ ұлтына өте жат деп дəлел көрсетушілер болар, оған қарау керек емес. Ахметтің «Тіл құралына» ұқсап календарьға өзі де, сөзі де əуелгі кезде жат көрінгенімен, бірте-бірте көз де, құлақ та жаттыға берер. Арабтар гректен өз тіліне аударғанда жалпы халыққа жат көрінген шығар. Əзірде мұсылман ғаламына тарихи сөздер болып қалды. Сондықтан календарь бізге қандай жаңа зат болса оның ішінде əзіргі ай аттары да сондай жаңа болып, кейін тарих болып қалады. Менің жоғарыда орыстың əзіргі қолданып жүрген (римше) ай аттарын көрсетпегенімнің себебі мынау: Римше ай аттары түрлі нəрселердің ескерткіші болып отыр һəм айдың сан есептері көрсетіледі. Олар мыналар: Май, июнь, һəм авгус (латын құдайы). Бононы (латын құдайы) Юли Цезарь (календер тізуші) августь (ром патшасы) сондай-ақ октябрь, декабрьлер латынша сегізінші, оныншы айлар деген сөз. Бірақ бұл римше айлардың негізі зодияк – зоиялдың он екі жұлдызы. Тана. Қазақша ай аттары Бұрынғы заманнан бері қарай қазақ көшпелі жұрт болып, кіре қыстап, шыға жайлап табиғаттың кең құшағында еркін жасап жүрген шағында аяғының астындағы жердің бетіне, төбесінің үстіндегі көктің жүзіне терең байқап əр нəрсеге өзінше ат қойған. Сол заманда-ақ қазақ 13 жылды бір мүшел (дəуір) қылып, жылды – 12 айды 12 атпен атап жүрген. Қазақта бұрынғы істің, бұрынғы сөздің жүзден оны-ақ қалған болса шүкірлік қыласың. Қазақта көпті көрген кісілердің ай аттары туралы айтқандары мынау:
Еуропаша Арабша Қазақша Март Апрель Май Июнь Июль Августь Сентябрь Октябрь Ноябрь Декабрь Январь Февраль Хамал Сəуір Жоза Саратан əсет сүмбіле мизан ақырап қаус жедды дəлу хұт Əз Отшақпас Көкек Шілде Сарша Қыркүйек Мизам Қараша Қазан Қаңтар Ақпан - Қандай қисын мəнімен бұрынғы қазақ айларға бұл аттарды қойған. Сол жағын біраз қарастырып өтейік. Əз-Əз: Жаз-Яз деген сөзден өзгерілген. Бұрынғы қалған. Мəселен «яз», «əз» қылып жұмсартып «əз» қылған. Мақал: «əз болмай жаз болмайды, жаз болмай мəз болмайды». Сол мақалдағы «əзіміз» март болмай не болады? Отжақпас: апрель туса үйге от жақпайтындығы мəлім. Сол ыңғаймен бұрынғы қазақ апрель айын «отжақпас» деп атаған. Көкек: көкек дейтін құстың шақыратын айы. ІІІілде: орта мəнісіне келеді. Алты айдың жаздың орта кезі июнь айы болады. Сарша: июль туса шөп қурап, жердің жүзі сарғая бастаған уақыт. Оның құшағында тамызы жоқ. Ол тамуз грекше. Қыркүйек: августь туса көшпелі қазақ қошқарға күйек байлайтыны мəлім. Сол қисынмен августь айына қыркүйек деп ат қойған. Календаршы Файзулла мұны сентябрге көшіріпті. Онысы қате. Күйекті сентябрде байлаушы ма еді? Мақал: «қыркүйекте қырғи балапанын ұшырды». Қырғидың балапанын ұшыратын кезі сентябрь емес августь болатын. Мизам: сентябрь туса, қураған шөптің басынан мамыққа ұқсаған бір нəрсе ұшып, жердің жүзін қаптайды. Соны қазақ «мизам ұшты» дейді. Соның үшін қазақ сентябрьде мизам деп ат қойыпты. Қараша: октябрь туса қараша – қоңыр қаз түн қатып жылы жаққа көшіп кетеді. Сол ыңғаймен қазақ октябрді қараша деп атайды. Мақал: 1) қарашаның қары жатпайды. 2) қарашаның тұқымдай қары жатса қыс қатаң келеді. Файзулла мұны ноябрге көшіріп календарға жазыпты. Ноябрьдің қары жатпаушы ма еді? Ноябрь нағыз қар түсетін ай емес пе? Қазан: қарашада қазақ, кəрі-құртаңмен ауқат қылып, ноябрь туса соғымға қол қойысады. Ет мол, əр күн қазан асылады. Міне, соның үшін ноябрге «қазан» деп ат қойыпты. Календарьда октябрьде қойғаны қате.
Қаңтар: декабрьдің аты. Ақпан: январьдың аты. Бұлардың лұғат мəнісін біліп айтушы табылмады. Бірақ қаңтар – декабрь, ақпан – январь екендігінде шүбə жоқ. Мақал: 1) Қаңтарда қарға адымындай күн ұзайды. 2) Ақпанда ат адымындай күн ұзайды. 3) Ақпан ақпан алты күн, Айқай, сенің қатуың. өлшеп асқан етіңе, қонақ келсе қатты күн. 4) Бай қыздарда бұғақ қалды, боз тоқтыда құйрық қалды, қырлан ақпан, сұрлан ақпан. Қазақта ұлы жүз, орта жүздің адамдары декабрь, январьды аз біледі. Қаңтар, ақпан деп сөйлейді. Календарь шығарған Файзолланың ақпанды не үшін февральға ат қылып қойғанын өзі біледі. Ал енді февраль қалды. Февральдың қазақша атын біліп айтушыны таба алмадық. Ел ішіндегі азаматтар ескі сөзді көп білетін қарияларға жолығып, сұрастыра жүріп қазақтың бірер газетіне жазуларын міндет деп білемін. Əсіресе, календаршы Файзолланың мұны табуы тиіс. Надан қазақтың: отамалы сəуір, зауза, саратан, қауыс, жейді тоқсан, желтоқсан деп санағы бəрі қате. Қиын болмаса жоғарыдағы арабша аттарға бір қараңыз! «Отамалы» дегенің: хұт, хамал, сəуір, жоза, желтоқсанның дегенді Файзолла бұлжытпастан алыпты. Календаршылардың енді қазақшалаймын деп осынша қате аттарға жармаспағаны дұрыс-ақ болар еді. Күншығыс халықтарында жəне бір ғұрып бар. Жылды əр есеппен 360 күн санап, 4 тоқсанға бөледі: жар тоқсан, жəй тоқсан (шілде тоқсан), күз тоқсан, қыс тоқсан. Надан қазақтың «жеті жыл тоқсан» дегені «күз тоқсанға» тура келеді. Абай: «қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай» деп халықтың қатесімен кеткен. «Ақ жолдың» №157 санындағы «О.Ғ» жолдас осымен пікірін, календаршы Файзулла ендігі календарын түзетер деп сенемін. Есенғали Бақара.
БҮТІН ƏСКЕРИ ТАҒЫЛЫМНЫҢ БЕРІЛГЕНДІГІНЕ БҮГІН 4 ЖЫЛ ТОЛАДЫ Əскерлерге жəрдем қолын созу əркімнің адамгершілік борышы ең керектің бірі Жер жүзіндегі жанды, жансыз ғаламның барлығын кісіге бағындырып отырған кісінің білімі екендігі, оның бер жағында білімі кем жұрттан білімсіз артық жұрттарға бағынып, жем болып, айдауында келе жатқандығы, тіршілік үшін таласа кеткенде білімді жеңіп, білімсіз жеңіліп, көбіне аты өшіп жоқ болатыны һəм бұл қашанда болса, осылай болашақ екендігі əркімге белгілі. Білімді жұрттың тұрмысы білімсіз жұрттың тұрмысынан артық екендігі де əркімге мəлім. Сондықтан білім керек екендігіне ешкім таласпайды. Бірақ сол білімді қайтсек табамыз? Қалай еткенде халқымыз білім иесі болып мəдени халықтардың қатарына қосылады? Халыққа білім таратып, халықты мəдени жұрттардың қатарына косылу үшін, ең бірінші шарт ол халықтың ашық пікірлі білім иесі адамдары болуы керек, һəм мақсатқа тезірек жету үшін ондай адамдар мүмкіндіктің барынша көбірек болуы керек. Ашық пікірлі білім иесі кісілерді көбейту үшін қызметке лайық оқытушылар, дұрыс жолға салынған тəртіпті оқу орындары (мектеп, медрессе) болуы керек. Жанға азық беретін əртүрлі кітаптар мол болуы керек. Бізде бұлар бар ма? Бізде бұлардың біреуі де жоқ, жақсы оқытушылар да жоқ, тəртіпті оқу орындары да жоқ, жанға азық беретін кітаптар да жоқ. Бізде не бар? Бізде өзі білімге жарамай жүрген шалажансар оқытушыларымыз бар. Жоқтан бар игі деп электр шамға жаққан білтедей лидер қылып жүрген оқу орындарымыз бар. Балалар тақымына кысып алып «атым» дейтін таяқтар секілді, көбі «кітап» деп айтуға симайтын бірнеше өлеңдеріміз һəм бірнеше романдарымыз бар. «Дүмше молда дін бұзар» дегендей қызметке лайық болмаған оқытушылар білім берудің жəне даярлаудың орнына кісі де оқушыларды адастырады, яки бұзылуына себеп болады. Ал енді бірлі-жарымды жақсы оқытушылар табылса оқыту үшін керек болатын əртүрлі оқу құралдарымыз (учебники) жəне оқу саймандары (учебные пособия) жоқ. Бұларсыз оқу бола ма? Тіпті бұлардың бəріде болып-ақ қойсын, оқытушыларымызда мектеп, медреселеріміз де ойдағыдай жақсы-ақ бола қойсын. Сонда ең жақсы деген оқу орындары оқушыларға білім беріп шығара ма? Яғни мектеп медреседе оқығандардың жақсы біліп, бірақ өз бетімен əртүрлі кітап оқымаса, кісі білім иесі бола ала ма? Мектеп, медресе кісіге білім бермей тек білім алатын құрал береді. Білімнің тілін үйретеді. Білімге жететін жол көрсетеді.
Білім кітап оқумен табылады. Бұрынғы соңғы өткен атақты адамдардың қайсысын алсақ та бəрі де білімді кітап оқумен тапқан. Олардың арасында ешбірі школда оқымай тек кітап оқумен ғана білім алып атағы шыққаңдар да бар. Мəселен, орыстың осы күнгі атақты жазушылардың бірі Максим Горький 7 жасында жетім қалып, еш жерде оқымай, түрлі қара жұмыста, жалшылықта жүріп, қолы босап кеткенде кітап оқумен ақыр аяғында бүкіл дүниеге белгілі ірі жазушы болды. Университет бітіргендердің арасында түк білмейтіндер де көп. Төмен дəрежелі мектепті ғана бітіріп, білім иесі болып, жұртқа жол сілтеп жол көрсетіп жүргендер де жоқ емес. Кітап оқымаған кісі мектеп медреседен алып шыққан аз ғана білімнен айрылып əуелгі қалпына түсетіндігі белгілі. Еуропаның бір данышпаны: «ілгері баспаған кейін кетеді, себебі кісі бір жерде тоқтап тұра алмайды» деген екен. Кісіліктен бір жерде тоқтап тұра алмайды. Оның себебін мынау денеміз ас жесек өседі, ас жемесек өшеді. Сол секілді рухымызда (яғни ақылымыз, ой-пікіріміз, сезіміміз) азығы болса өседі, азығы болмаса өшеді. Рухымызға не азық болады? Рухымызға тіршілікте көрген білгендеріміз, əсіресе, əртүрлі кітаптардан оқығанымыз азық болады. Олай болса қазақ мектеп медресесінде ғана оқып, қазақ тілінен басқа білмейтіндер, қазақша кітап жоқ болғандықтан оқудан шыққаннан соң кері шегініп əуелгі орнына қарай жылжуға тиіс, бірте-бірте қарая беруге тиіс. Сөйтіп, біз өзіміздің мектеп медреселерімізге қарап отырсақ мақсатымызға жуық арада жетуден күдер үзбеппіз, яғни халыққа білім таратып жұртымызды мəдениетті елдердің қатарына қосуға қызмет ететін білім иесі кісілер жуық арада көбейе алмайды. Сол себепті мектептерде ең керекті сабақтардың бірі орыс тілі болуы керек. Қазақ мектептерінің бəріне бірдей қазақ балаларына орыс тілін оқыта алатын оқытушы жеткізу мүмкін емес. Сонда да мектептеріміздің бір сыпырасында дұрыстап орыс тілі оқытылса һəм ондай мектептерде балалар бірнеше жыл оқып, орыс тіліне түсінерлік болса орыс мектептеріне барып кіруге болады. Бұлай деуіме себеп біздегі əрбір жетімсіздік. Сондықтан бұл мəселе ең керектің бірі болуға керек. Ф.Ғ Жергілікті халықтың тілінде Алмата-21. Кейбір үйездерден келген хабарлардағы қарарларда айтады: барша болыстық мекемелерінде қандай түрлі істер болса да жергілікті ұлттың тілінде жүргізіліп жатыр.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАҢА КІТАПТАР
БАСЫЛЫП ШЫҚТЫ
Осы күні Түркістан республикасының баспасөз таратушы бөлімі
баспаханада даярлап басып төменде көрсетілген кітаптарды сатуға
шығарып тұр:
1 – оқу құралы жазушысы – А. Байтұрсынов
2 – тіл құралы 1 -ші жылдық – А.Байтұрсынов
3/2 – Байтұрсынов
4 – Есеп құралы 1-ші бөлім жазушысы М.Дулатов
Алдырушыларға адрес: Ташкент. Карл Маркс проспекті, Ержар
көшесінің бұрышы.
Ташкент, проспект Карла Маркса, угол Иржарский.
Осы күні баспаханада басылып жатқан, жақын арада жарыққа
шығатын қазақ тіліндегі кітаптар:
1 – зоология (жануарлар жайынан) жазушысы – Х.Досмұхамедов.
2 – табиғат тану – Х.Досмұхамедов.
3 – жағрафия – жазушысы – АТоқтыбаев.
4 – «Батырлар» қазақтың бұрынғы уақыттағы өткен батырлары туралы
жазылған өлеңдердің ертегі сөздердің жиындысы.
5 – Есеп құралы 2-ші бөлім жазушысы – М.Дулатов.
Өзбек тіліндегі шыққан кітаптар:
1 – өзбекше оқуы 1-ші жылдық.
2 – жазу жолдары.
3 – сауға (өзбек тілінің құралы).
4 – үлкендер үшін «əліппе».
5 – саяси словарь жазушысы – Н.Төреқұлов.
6 – педагогика сабағы.
7 – оқу жасына жеткенше балаларға тəрбие кітабы.
8 – тақпақ сөздер жинағы (өлеңдер).
9 – (находка) өзбекше театр кітабы.
10 – өзбек жұмыскерлер сиезінің материалы.
11 – Жолбасар Əлім – театр кітабы.
Басылып жатқан жақын арада шығайын деп тұрған кітаптар:
1 – өзбекше оқуыштың 1-ші жылдығы
2 – « » « ».
3 – геометрия.
4 – жағрафия картасы.
Түрікпен тілінде басылып шыққан кітап: 1 – екінші жыл оқу үшін түрікпен тілінің құралы. Жергілікті халық тілінде Полторацк-23. Полторацк үйезінің іс атқару комитеті өзінің кеңсесінің ісін жергілікті халықтың тілінде жүргізуге кірісті. Қазақ елінде ағарту ісі Аттысы шапты, жаяуы қапты Қайырылып сөзді кім ұқсын. Абай Шегіртке жаздай ойнап өлең айтты Қырық мысал Қазақ елінде оқу-оқыту жұмысының көгере алмай тұрғаны бəрімізге белгілі. Қаладан қашық жатқан қалың ел ішін былай қоя тұрып, халық ағарту бөлімдерінің есік алдындағы мектептерін көзімізді салсақ, адамның денесі түршігеді. Мектептеріміздің: «анасы жетіспейді, мынасы жетіспейді» деп несін айтамыз. Қағаз жүзінде қазақ интернаты, қазақ мектебі көп. Бірақ қағаздың сыртында шын қазақ мектебі жоқ. не бар? Не ол емес, не бұл емес «түрік» мектептері, «мұсылман» мектептері бар.. «Ақ жолдың» 235-ші санында «Тоқпақ» жолдас «халық ағарту оқу майданынан күшті аудару керек» деп жазып отыр. Осы күнге дейін оқу ісінің көгермеуінің себептерін көрсеткенде, қазынаның кедейшілігін, оқытушыларымыздың кемдігін айтады. Сөз ыңғайында тілмаштарға да айыптың бір жағын арта салады. Бізде бір қызық мінез бар: қандай болса да оңбай, көгермей тұрған бір ісіміз болса, аты шулы тілмаштарға аудара саламыз. Осы тілмаштар болмаса, біз қазақ еліне сүттен өзен, майдан бұлақ ағызатындай-ақ түріміз бар сияқты. Оқу, оқыту жұмысының оңбай, көгермей тұруына қазынаның кедейлігі, оқытушылардың кемдігі, өз пайдасынан бөлек түк ойламайтын тілмаштардың халық ағарту жұмысына араласып кетуі үлкен себеп екені рас. Бірақ, бұл себептер түпкілікті себеп емес. Аурудың жуан тамыры халық ағарту комиссариатында тұр. Қазақ елінде халық ағарту жұмысын жолға қою туралы комиссариаттың белгілі бір жолы, тұтқан бір планы жоқ. қалтасында бар ақшасын жұмсағанда да сол плансыздығы кесірінен істеген ісі қазақ мектебіне пайдалы болып шықпай тұр. Қазақ мектебінің терезесі қирап, оқытушыларының алған айлығы тамағына жетпей, жылап отырғанын жаңа шаруашылық саясатына
«нэпке» аударып, ішкі тəрбие-оқу жағына көз салсақ не көреміз? Қазақ мектептеріндегі ішкі тəрбие-оқу туралы халық ағарту комиссариаты бір белгілі жол жоба, программа түзіп берді ме? Жоқ. Оқу жылы басталғалы 3-4 айдың жүзі болды. Үйездегі халық ағарту бөлімдері қазақ кітаптарын алған жоқ. Бұл істер комиссариаттың қолынан келіп те істемегені. Мұнда нэп-те жоқ, тілмаш та жоқ. Халық ағарту комиссариатының қазақ мектебі үшін істеген істеріне қарайық. Қазақша əліппе («оқу құралы» А.Байтұрсыновтікі) басылып шыққанына 4 ай болды. Ташкендегі қазақ мектебінде болмаса, басқа үйездерде бұл кітап əлі жоқ. Қырық мың нұсқа басылған бұл кітаптың таралмай тұруына жаңа шаруашылық саясаты айыпты-ақ болсын. Оның шала басылғанына (дыбыс таңбаларының белгілері қойылмаған) кім айыпты? Ескі баспасында қазақ əріпі жетпегеннен ғой деп едік. Биыл тас баспада (литографияда) басылғанда, бұл кемшілікті түзетуге болатын еді. Халық ағарту комиссариаты бұрынғы əскерде етік беретін байларша, баспаханаға қырық мың кітапқа заказ бере салған. Баспахана бұрынғы баспасын алып кемшілігін, қатесін бұлжытпай басып берген. Бірінші «тіл құрал» туралы да айтатынымыз сол. Оның үстіне бұл «тіл құралдың» 20 беті жоқ. Халық ағарту комиссариатында қызмет қылатын азаматтарымыз шапка алғанда да қарап алатын шығар-ау. Бірақ, 35 мың «тіл құрал», «оқу құрал» деген кітаптарды, қазақ мектебінің маңдайына басқан екі кітабын қарамай бастырыпты, қарамай алыпты. Қазақ мектебі үшін бір оқу кітабы жоқ. Қазақстан, Түркістан халық ағарту комиссариаттары күштерін қосып болсадағы бір оқу кітабын түзіп бере алмады. 2 жүз мыңнан артық «тіл құрал» бастырғанша, бір оқу кітабының қамын ойлау керек еді. «Тіл құрал» мектеп басына 2-3 дана болса да жетеді. Шолақ «ұ» «ы» ережелерін халық ағарту комиссариаты қазақ тілінің барып тұрған жері деп ойласа керек... «Айта берсе сөздерді былшық басар көздерді». «Əліппеге баяншы» дейтін кітапты халық ағарту комиссариаты аянбай-ақ бастырса керек. Əр қазақ мектебіне 100 нұсқадан жыл сайын келе береді. Оқу жылының басында-ақ бере салады!!... Халық ағарту бөлімінде қызмет еткен азаматтарымыз қазақ кітабын оқып көруді өздерінің адамшылықтарына лайық таппаса, тым болмаса, орысша «метод запись» деген сөзді көрсейші!... бұл оқу кітабы емес, молдаларға «баяншы» ғой жарықтықтарың! Қазақ мектептерінде орыс тілі сабағы тағы мазасыз, қазақ баласының рухына лайықты бір кітап жоқ. Орыс мектептеріне бұл басылған оқу кітаптары оқытылып жүрсе рухын былай қоя тұрайық: ескі замандағы бұратаналар үшін жазылған кітаптардай да кітап жоқ. Орыс тілі қазақ баласына бір азап болыпты. Қазақ баласы үшін орыс тілі кітабы туралы
ойлау халық ағарту комиссариаты қасындағы «қазақ-қырғыз білім комиссиясының» жеті ұйықтаса, бір түсіне кірмейді. Ұзын сөздің қысқасы, оңбай тұруымыздың себебін бір-бірімізге аудара берсек, айыптың бəрімізге де жететін түрі бар. Бізге енді аударыспақ ойнауды қойып қазақ мектебі туралы ойлауға керек. Халық ағарту комиссариаты «қазақ-қырғыз білім комиссиясын» қызметке жегу керек, бұл бір. Екінші, олардың қызмет жемісі болған кітаптарды складқа қамап қоймай, таралуына басшы болу керек. Қазақ мектебі деген мектеп керек. Дəрібай Сабденов. Іс атқару үйрететін курстар Қазақ тілінде іс атқару үшін қазақтың оқыған жастарына Семей губисполком жақын арада курс ашпақшы. Ол курсты бітірген жігіттер əр болысқа хатшы һəм іс атқарушы бола алады. Басқарма қазақтың көптен бері көкейін тесіп жүрген істің бірі де хүкімет істерін қазақ тілінде жүргізу еді. Жоғарыдағы хабарға қарағанда өрнек есігін Семей губисполкомы ашайын деп отыр. Соның үшін қазақ облыстары мұнан үлгі алу керек. Құнытсыздықты қою керек Қазақ-қырғыз зиялылары екі тапқа бөлінеді: 1) мұсылманша оқығандар, 2) орысша оқығандар болып. Қазақ зиялылары мұсылманша оқығаңдар табы, жұрт ғой өз ұлтын басқа мəдени ұлттардан кем көрмейді. Қазаққырғыз зиялыларының орысша оқыған табын алсақ, олардың сөйлеп жүрген сөзі мен істеп жүрген ісі бір болып шыға бермейді. Олардың бір сөздерін шын ойы мен шын сыры болмай, əшейін «осы жақсы сөз, жұрттың жақсы көретін сөздерін сөйлесек, зиян көрмеспіз» дегендіктен, айтылып жүрген секілді болып шығады. Мəселен, орысша оқыған зиялыларымыздың көбі қазақтың тілі, қазақтың жазуы орыс тілінен, орыс жазуынан кем емес деп өзі айтса да, осы күнгі өздері қазақша дұрыс жаза алмайды. Қазақ емлесін білмейді, һəм білгісі де келмейді. Ол-ол ма? Əлі онан да жаман сорақысы бар. Орысша оқыған зиялыларымыздың көбі қазақша əліпті таяқ деп білмейді. Яғни, оларға қазақ жазуы қытай жазуымен бірдей, қытай жазуын сондай біледі. Бұл зиялыларымыз қазақ жазуын һəм қазақ емлесін білгісі келсе де, біле алмай жүр деп ешкім айта алмайды. Олар қазақ жазуын білгісі келмей, менсінбей жүр. Олардың түсінуінше кісілік дəреже жасына жету үшін орыс жазуын дұрыс білу керек, қазақ жазуын білсе де, онан келер пайда жоқ.
Сондықтан, олар орысша жаза бастаса, бірінен бірі асып түседі: ал енді, кейде атын шығарып, көзге көріну үшін газетке журналға неме жазбақшы болса, бір жұмысты екі жұмыс қылып, əуелгі білген жазуымен өзі бір жазып, онан соң, ол жазғанын дұрыс білетін екінші біреуге қайтадан көшіртіп əуре болады. Зиялымын деп жүрген кісіге басқаға құл болып, басқаны үлгі көріп, өзін-өзі менсінбей, өз тілін, өз жазуын керек қылмай жүріп, кісілікке жеттім деп, көкірегін кере беру, үлкен ұят екенін білу керек: Ол ілгергі басқындықтың белгісі емес, кері кеткендіктің белгісі екенін білу керек. Үйренгісі келген кісіге қазақ емлесін үйрену қиын емес. Қазақ емлесін үйрену бес, он күндік-ақ жұмыс. Қазақ-қырғыз зиялыларының көбі шаһарлы жерлерде тұрады. Шаһарлы жерлердің қайсысы болса да, қазақ емлесін білетін кісі табылады. Емле білетін кісілердің біреуін алып, емле білмейтіндер күніне бірер сағаттан бес, он күн бастарын қосса, қазақ емлесін таза біліп алады, иəки Ахмет Байтұрсыновтың тіл құралын тауып алып, əркім өз бетімен оқыса да бес, алты күнде емле біліп алуға болады. Бірақ, осы секілді оңай тұрған білімді жұрт құнытсыздық қылады. Ол құнтсыздықты қою керек. Б.А. Біз де ілгері басудамыз Көптің көздегені мəдени тіршіліктің жемісінен пайдаланбақ. Солардың қатарында қазақ-қырғыз жұрты да ілгері қарап, ұмытыла бастағандығы, соңғы кездерде сезіліп отыр. Күні кеше жалпы Россияны қаптаған қара тұман қазақ-қырғыз ұлтын да қажытқан еді. Адастырған-алжастырған еді. Ол кезде қазақ елі елеусіз, ескерусіз еді, бара жері, басар тауы белгісіз еді. Ел естиярларында ерік жоқ еді. Халық қамын қайғыру, ел мұқтажын ізеттеуге жол да жоқ, жөн де жоқ еді. «Қаңқ еткенде, тырп етпе» деген жауап дайын еді. Баста ерік жоқ айдауда, малда ерік жоқ байлауда еді. Ел еріксіз, ер көріксіз еді. Мал ұрысы, жұрт қонысы тарылды: Кеңі тарылып, ұзыны қысқарып, елдің есеңгіреген есалаң болған жағында дəл сол замат еді. Ол дəуір өтті. Кеңшілік дəуір де жетті. Бұл да болса, үстіміздегі төңкеріс дəуірі. Енді елге ерік берілген, жұртқа жол көрсетілген. Жұртты жоқтау, елді ескеру ендігі жерде екпінді істерден саналады. Қор болған қазақ-қырғыз ұлты да ескерусіз, есіркеусіз қалып отырған жоқ. Қазақ-қырғыз елінің ер азаматтарына өз елінің қамын қайғыруды, мұңын шағуды, мұқтажын ізеттеуді тапсырған еді. Өз билігін, өз тізгінің өздеріне берген еді. Енді ел азамат ерлері, елін қалай бастамақшы, бағытын қалай түземекші, мақсат нысанасын қалай белгілемекші? Мінеки, əңгіме осында. Төңкерістің бес жылдық тəжірибесіне қарағанда, қазақ-қырғыз
елінің естияр ер азаматтары елін бастаудан ерінген жоқ, айныған жоқ, адасқан жоқ, бағыттары таза, жөндері түзу, жолдары төте, мақсат нысанасы белгілі, адал жүрек, айқын тілек, арымайды талмайды, елін бастап, көздеген мақсатына жетпей қоймайды, бұған иманымыз кəміл. Бес жылғы төңкеріс жемісінен халқымыз кем пайдаланған шығар. Оған себеп, жалпының надандығы, халқының шабандығы шығар. Ол ешнəрсе емес! Көш жүре түзелмекші, шабандық оңалмақшы, надандық жоғалмақшы, əйтеуір бізде ілгері басуымыз хақиқат. Оған дəлел қазақ-қырғыз азаматтарының құбыласындай құрметтеп отырған «талап» қауымы. Сондықтан, бұл орынға ардақты оқушыларды «талап» қауымымен таныстырып өтуді айрықша лайық көремін. Үстіміздегі жылдың 4 декрабрінде халық ағарту комиссариатының жанындағы мемлекет білім кеңесінің бір тармағы болып, дүние жүзінің «талап» қауымы пайда болды. «Талап»-қауымы қазақ-қырғыз ұлтының еншісіне тиіп отырған қауым. «Талап» қауымы бар күшін, бар ісін қазақ-қырғыз ұлтының игіліне жұмсамақшы. «Талап» қауымының түпкі мақсаты: 1) Қазақ-қырғыз халқының мəдениетін өркендету. Оның үшін: а) қазақ-қырғыздың əдебі, тілін, сөзінің түбірін (терминология), емлесін һəм басқа сондай мəселелерді тексеру. б) Ұлт өнерін (исскуствасын) тексеру. т) Қазақ-қырғыз халқының тарихын һəм салтын тексеру. ж) Қазаққырғыз мектептерінде оқыту мəселесін реттеу. х) қазақ-қырғыздың білім һəм өнер қайраткерлеріне көмек көрсету. 2) Жоғарыдағы мақсаттарды жүзеге шығару үшін қауым мына нəрселерге ерікті: а) Айтыс (диспут), лекция, баяндама һəм басқа сондай нəрселер жасауға. б) Экспедиция һəм экскурсиялар шығаруға. т) Көрме (выставкалар) жасауға. ж) Уақытша һəм түпкілікті баспасөздер бастыруға. х) кітаптар, қол жазбалар жəне ескіліктің һəм өнердің эсерлерін жинауға. д) Білім һəм өнер əсерлеріне жарыс жасап, бəйге тігуге тағы, тағылары бар. Толық жобасын газетіміздің келесі сандарында басуға əрекет қылармыз. «Талап» қауымын жарыққа шығаруға іс бастап қызмет етушілер мына азаматтар: 1) Қазаққырғыз білім комиссиясының бастығы, ардақты доқтырымыз Халел Досмұхамедов. 2) Атақты ғалым, профессор Шмид Александр. 3) Қазаққырғыз салтын тексеруші ардақты ғалымымыз Əбубакір Диваев. 4) Білім жолында қызмет етуші талапты жастарымыздан Кəрім Жалетов. 5) Атақты ақынымыз Мағжан Жұмабаев. 6) Білім иесі Архангелский Николай. Жоғарыда аты көрсетілген азаматтардың шақыруы бойынша 13-декабрьде Ташкенттегі қазақ-қырғыз зиялылары «Талап» қауымының жалпы жиылысында болып, «Талап» қауымының басқармасына мына кісілерді сайлайды: Доктор Халел Досмұхамедов төбе ағасы. 2) Мырзағазы Есболов орынбасары. 3) Əуезов Мұхтар хатшы: Бұл үшеуі
стол басылар. Басқарманың мүшелігіне 1) Иса Тоқтыбаев 2) Профессор Шмид 3) Мұхамеджан Тынышпаев, 4) Қасым Тыныстанов сайланды. Мінеки, осылар айтып, жаңа туған жас «талапты» алақанымызда көтеріп, мəпелеп, ермек қылып отырған жайымыз бар. Бұл жаңа туған жас «талаптан» үмітіміз зор. Тілегіміз мол, мақсатымыз терең. «Талаптың» жасауы үшін, міндетін атқаруы үшін, мақсатын майданға шығару үшін қазақ-қырғызына қайрат күшін жұмсау үшін керекті нəрсенің бəрі де дүние. Əсіресе, жаңа шаруа саясатында əрбір кеңселер өз əрекеттерін өздері зерттеуде болып түрғанда біздің «талаптың» үлкен сүйеніші қазақ-қырғыз ұлты. Соның үшін қазақ-қырғыз «талапқа» еткен жəрдемін сабырсыздықпен күнде күтіп тұрамыз. Білімділер білімімен, байлар малымен, кедейлер барымен, əлділер əлімен дегендей, жəрдемін аямайтынына шексіз сенеміз. «Талап» қауымының аты да, заты да қазаққырғызға жат көрінбес: Көптен аңсап, көре алмай, көмегіңді бере алмай жүрген талабыңда осы «талап». Ұйықтасаң, түсіңнен кетпейтін, ояуда есіңнен кетпейтін «талап» осы «талап» еді. Көздеген бағытыңа, ойлаған мақсатыңа жетекші болар-ау деген талабың да осы «талап». Кіршіксіз жаңа туған жас нəресте, ел-жұртыңның құбыласы болғай да. Тана. «Шолпан» журналы Түркістан коммунистер партиясы кіндік комитетінің тіл, саясат, шаруашылық Білім-əдебиет айында бір жеті қырғыз-қазақ жорналы «Шолпанның» 1, 2, 3, сандары шықты. Жорнал кітапша болып басылған, бірінші саны 70 бет, октябрь айында шықты, шығарушы Тоқтыбаев. Бірінші санында мына мақалалар басылған: 1) Түркістан коммунистер партиясы һəм 7-ші аймақтық партия конференциясының Түркістан коммунистер партиясының барлық мүшелеріне жазған ашық хаты. 2) Абыр-сабыр заманда сақтану керек. 3) Түркістанда мал шаруашылығының осы күнгі жайы һəм оны ілгері бастыру турасында. 4) Жақында шыққан жаңа заң. 5) Тұрмыс 6) Жетінші аймақтық партия конференциясы 7) Архон жазуы туралы бірнеше сөз. 8) Қазақ тіліндегі синхронизм заңы. 9) Түркістан-қырғыз қазақтарының ескі тұрмыс туралы жазба сөздер. 10) Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама. 11) Əділ биі.
12) Тау-асар есепші. 13) Шолпанға 14) Азия 15) Түркістанда халық ағарту ісі. 16) Жаңа заң. 2-3 сандары бірге шықты, 140 бет, бұл саңдарында жазылған мақалалар мыналар: 1 Азаттық жолы осы. 2 Қазақстан қалам қайраткерлеріне ашық хат 3 Жетінші аймақтық партия конференциясы 4 Түркістанда мал шаруашылығының осы күні жайы һəм оның ілгері басуы турасында. 5 Он бірінші кеңестер тобы һəм ауыл шаруашылығы. 6 Түркістанда су мəселесі. 7 Жетісу халқының тұрмысы туралы 8 Қыр суреттері І.Кешке дөң басында, 2.Түнгі ауыл. 9 Қорқыт 10 Қызыл сұңқарлар 11 Оқыған азамат 12 Лəйлі – Мəжнүн 13 Байғұс неғып жүр. 14 Қазақ тіліндегі синхронизм заңы 15 Қазақ əдебиетінің қазіргі дəуірі 16 Жер сілкіну 17 Саясат дүниесінде «Шолпан» журналына сөз жазушылар мына азаматтар: Нəзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Санжар Асфандияров, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Н.Бөриев, доктор Халел Досмағамбетов, доктор Айса Қашқымбаев, қыз доктор Аққағаз Досжанова, этнограф Əбубəкір Диваев, М.Исулов, К.Шəленов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов тағы басқалары. Журналдың жазушылары толық, қағазы көп, қалыңдығы тап жуан еді. Сөздері маңызды, кестелі, қазақтың жалпақ қара тілінде жазылған. Бұрынғы қазақ тілінде шыққан журналдың ең соңғысы көрінеді. Үш саны ғана шығып, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас журналымыз «Шолпанның» өмірлі жемісті болуын тілейміз. «Шолпанның» адресі мынау: город Ташкент, Центральный комитет КПТ в редакции журнала «Шолпан». Қошқар. Қарап отырсақ, 5 жылдан бергі октябрь төңкерісіменен бізден басқа халықтың бəрі пайдаланып, қолдан келген ісін аянбастан халқына қызмет қылып келе жатыр. Сол айтылған азаматтардан біздің азаматтардың
қайсы жері кем? Жалқаулық қой. Мұндай жалқаулықты қолданып жүрместен, жоқ қылып, біздағы жұрт қатарлы жарысқа түсіп қалалық. Жарыстан қайткенде шығамыз, қайткенде бəйге аламыз? Сол турасынан азырақ білгенімді айтып өтейін: Жұрттың барлығы мəдениет, мəдениет (ағарту) деп газет, журнал арқылы артындағы жеткіншектерін үнге шақырып келе жатыр. Бұлар дəл бұрынғы уақытта біздей болған. Соның ішінен қайратты жас жігіттер шығып, солардың арқасында осы уақыттағы адам таңқаларлық өнер, білімге жетіп отыр. Өзінөзі сақтап, одан артылып, осы уақыттағы адам таңқаларлық мəдениетке толып отырған халықтың бізден артықшылық жері жоқ. Оларда бар екі құлақ бізде де бар. Оларда бар екі көз бізде де бар. Тіл жағы болса, құдайға шүкір, ешбір жері кем емес. Осында болған соң, біз қайсымызға ашынып отырамыз, «жетім өз кіндігін өзі кеседі» дегендей, біз өзімізге-өзіміз қам қылмасақ, саған деп алып келіп беріп отырғанын пайдаланса, басқалар пайдаланып отырады. Біз болсақ, қараңғыдан басқаны көрмей, білмей отырамыз. Мысалы үшін мынаны алуға болады: Ферғанаға жақын қырғыз халқын олардың ішінде оқу тұрмақ оқудың немене екенін білмей жүргендері толып жатыр жəне хүкімет деген қандай нəрсе, мұрын қандай, ауыз қандай екенін ешбіреу сезіп те қоймайды. Егер де сезе тұрған болса, біле тұрған болса, осы 4-5 жылдан бері бірі басмашы болып, қайбірі хүкімет адамы болып дегендей, бүліншілікке ұшырайды. Білім деген нəрседен хабары болса, мұншалық болмас еді деп ойлаймын. Артынша октябрь төңкерісінен бері көрген қорлықтарын айтып отыруға лайық емес.... Бұл неліктен? Бұл жоғарғы жақтағы білім жоқ деп айтып өткендіктен. Егерде білмеу болса, бұрынғы уақытта миллион халықтан осы уақытта 700-800 мың халық қалып отырмас еді. Себепсіз дүниеден жоқ болып кетпес еді. Осындай себепсіз бастан өткен жағдайларға көз салмастан, уақытылы тұрмыстың жолына түсіп, беріліп кете береміз бе, жоқ бір айласына кірісеміз бе? Егерде біз халықты халық болсын деп, түпкілікті ойлаған болсақ, бұлғары сумканы қолтықтап жүргенімізге мас болмастан, мен азамат деген жас жүректерді оқуға шақырып, сол оқу арқасында қараңғыда жатқан халқымызды жарық дүниеге шығару жағына кірісіп, осы төңкеріс жемісіне сыбағамызды жұрт қатары тең таласып алып қалмасақ, ертеңгі күні тарих алдында қай бетімізбенен жауап беріп отырамыз. Шынында, жауап бере алмаймыз. Соның үшін тарих алдында масқара болмай тұрған жағына кірісерлік. Қайткенде кірісеміз, қайткенде ел боламыз, сол жағынан аз да болса, білгенімді айтып өтейін: Ең бұрын ынтымақ керек, бірлік керек. Сол ынытымақ, бірлік арқасында оқу деген нəрсені алдымен тура жолға салып жіберу керек. Жоғарғы көрсетіліп өткен жол арқасында түрлі жаратылыс қиындықтарын
жеңіп өнер білімге шек жоқ деп білемін. Осы уақытта қырғыз халқының үш ұйықтаса, түсіне кірмей тұрған білім жолы ашылып отырады. Ілгеріден сен-мені жоқ келе жатқан қазақ ағайындарымызбенен мұнан ары сен-мен деспей, бір ауыздан сөз шығарып, бір жеңнен қол шығарып дегендей болып, ынтымақ, бірлік арқасында қырғыз халқының тілін жəне халық аузындағы əдебиеттерін қайткенде жоқ қылмай жинап, кейінгі жаңа өсіп келе жатқан жас буындарға үлгі қылып қалдырамыз деген ойға келіп отырмыз. Осы уақытта байқап көрсең, алақанның отындай болған қырғыз халқы екі жолмен кетіп бара жатқан түрі бар көрінеді: 4) Жетісу облысына қараған қырғыз халқы өз бетімен, əйтеуір, ауру əдетін жоқ қылмастан, келе жатқан түрі бар. 5) Ферғана жағы қырғыздың қандай алда екенін жоғарғы жақты айтып өттім. Осыған қосымша, ғұрып-əдет дегеннен жоқ деп айтуға болады. Егерде біз қырғыз халқының қамын қайғыра тұрған болсақ, жоғарғы жақтағы айтылған сөздерді шын көңілмен қабылдап, ақ көңіл, адал ниетпен қолға алсақ, қырғыз халқы екі жол емес, одан көп жолға түсіп кетсе дағы барлығын біріктіріп, халық қылып алуға болады. Келешекте тарих алдында масқара болмаймыз десек, жоғарғы жақтағы сөздерге шын көңілмен кірісіп, ақ көңіл, адал ниетпен, мен деген азамат жас жүректер қараңғыда жатқан халықты жарық дүниеге шығару жағынан кірісіп, осы көрсетілген жолға қызмет қылуымыз керек. Имамбек Шаминұлы ЕЛДЕН Бес жылғы өзгеріс дəуірінде қазақ-қырғыз арасында оқу-оқыту істер жұмысы Октябрь төңкерісінен кейін, кеңес хүкіметі орнағалы оқу оқыту ісіне кең жол ашылса да, қазақ-қырғыз халқы төңкерістің үшінші жылына дейін артықша пайдалана алмады. 20-шы жылға дейін Шымкент үйезіндегі көшпелі һəм жарым көшпелі қазақ халқының ішінен жаңа мектептер ашып, оқытушы боларлық адамдар болмағандықтан, 5-6 айлық біреше рет курстер ашылып, 130 оқытушы дайындалып, үйезде 65 жерден жаңа мектептер ашылды. Қазақ халқының ішінде бұл уақытқа дейін мектеп үшін арналып салынған үй болмаған соң, бұл мектептердң бəрін де ел ішіндегі ең тəуір деген тамдарды алып, ашуға тура келді. Мектептер үшін бұрыннан дайындалған аспаптар болмаған соң, парта орнына скамейқалар істеліп, барынша оқу кітаптары беріліп, 20-шы, 21ші жылдарда осы ақуалда жүргізіліп келді.
Осы айтылған 65 ауыл мектептеріменен бара-бара үйезде 10-даған интернаттар болып, бұлардың да арналған үйлері болмастан, үлкенірек қыстақтардағы жарарлық үйлерге орналастырылып, жаз уақытында қазақтың киіз үйлерінде орналастырылып балалар оқытылды. Шымкент үйезіндегі көшпелі қазақ халқының ішінде осы екі жылғы дəуірде жоғарыдағы айтылған мектептердің қазақ халқына қандай пайдасы һəм қандай тəсірі болды? Жоғарыда да айтылды: ауыл мектептері болсын, интернаттары болсын, бұлардың ешқайсыларына мектептерге арнап салынған үй жоқ болды. Оның аспап һəм жарамды тəрбие берерлік оқытушысы болмады деп. Солай болса да, ол ашылған қысқа уақытты оқытушылар дайындайтын, һəм ауылнай, болысной исполкомдарға жазушылар дайындайтұғын курстардан оқып шыққан 4-5 жүздей қазақ жігіттері аз уақыт оқыса да, е дəуір дүние танып, қазақ тілінде оқу, жазуды жақсы үйреніп, көңілдеріне білім сəулесі еніп, аз да болса, тұрмыспенен танысып, ел ішіне қайтып, біреуі оқытушы, біреуі исполкомдарда партия һəм қосшылар ұйымында бастық, хатшы болып қызметке кірісіп кетті. Аз уақыт курстарда оқып, елге қайтқан соң, ата-бабаларынан бері қарай дəуір өткізіп келе жатқан жер төле, жаман тамдарын түзетіп шаһар үйлеріндей жақсы үйлер салып, диқаншылық, шаруашылық жұмыстарын дұрыстап реттеп, тіршілік істеріне ынтасын қойып, басқа жұрт қатарында дүниеде жасауға ақым бар деген кісідей, бəрінің көңілдері көтеріңкі тіршілікке бел байлап, ілгері ұмтылғанан көреміз. Ауыл һəм интернат мектептерінде оқыған жас балалар да қазақ тілі, қазақ жазуын үйреніп, көп жерлердегі үлкенірек мектептерге, түрлі техникум, институттарға, курстарға барып кіріп, білімдерін тағы да арттырып жатыр. Ілгері балаңды мектепке оқыт дегенде: «оқытсам, солдатқа алып кетеді, орысша оқытсам, ақыретте зиян болады» деп оқу оқытудан азар болатын қазақ кедейлері бес жылғы өзгеріс дəуірінде жаңа мектеп һəм курстарда оқып шығып, əжептеуір мінез-құлқын түзетіп, тіршілікке түсініп, жүріс-тұрысын түзетіп, сол оқыған білімі арқасында жас болса да, елге бас болып, адам қатарына қосылған жігіттерді көріп, оқудың керек екендігін енді білді, енді түсінді. Қазіргі уақытта бұрынғыдай ауыл-ауылдарда жаңа мектептер болмаған соң, жас балаларын шаһар мектептеріне əкеліп кіргізіп, оқытып, көбі орын таба алмай, əуреленіп, кейін алып қайтып жатыр. Шымкент үйезіндегі оқу оқыту жұмысының əзіргі уақытта қандай ахуалда екендігі турасында келер нөмірде жазармыз. Жарменов Шымкент қаласы.
Барлық шаруашылдар ұйымына 30 декабрь 1922 жыл 86-ші сан ЖАРЛЫҚ Жергілікті еңбекшіл дихаңдар арасында саясат, тəрбие жұмыстарын жақсы жолға қою үшін ең керекті құрал жергілікті тілдерді шығып тұрған газеталар болуға керек. Сондықтан, шаруашылар ұйымдары жергілікті халықтың тілдерінде шығып тұрған газеталарға өте назарларын салулары керек. Газеталарды барлық облыстардағы, үйездердегі һəм басқа жайлардағы ұйымдар жаздырып алулары керек. Сөйткенде ғана, шаруашылдар ұйымдары міндетті жұмыстарын атқарғандығын білдіреді һəм халық халықпен достықтарын орната алады. Бірақ, бұл уақытқа дейін шаруашылдар ұйымдары жергілікті тілде шығып тұрған газеталарды халық арасына тарату, еңбекшіл дихаңдармен газет арқылы өте байланысты болуы, болу жұмыстарын əлі де болса атқармай келе жатыр. Өйткені, жергілікті тілдердегі газеттерді алдырып отырған шаруашылық ұйымдары жоқ. Шаруашылар ұйымдары бұл газеталарды күшейту, ұлғайту, халыққа көп бөліп таратылып тұру жұмыстарын міндетті жұмыстарының бірі екендігін нық тануы керек. Россия шаруашылар ұйымдарының Түркістан бюросы жарлық етеді: жергілікті жердегі шаруашылар ұйымдары мұнан бұлай «Ақ жол» газетасын, «Түркістан» газетасын жаздырып алып отырсын. Бұл туралы ұйымдарында халық арасында көрнекті саясат жүргізсін. Бұл туралы істеген істерінің ақпарын һəм көрнекті нəтижелерін жарлық алған күннен бастап екі жетінің ішінде Түркістан бюросына кешіктірмей тапсырсын. В.С.П.С-ның Түркістан бюросының бастығы: Манжара. Ілім білім тарату бөлімінің бастығы: Туркунидзе. Қазақ-қырғыз мəдениетін көркейтушілер қауымы «талаптың» жолы 1. Қауымның мақсаты һəм істейтін істері: 1) қазақ-қырғыз халқының мəдени өркендеуіне жəрдем келтіру жағында қауымның көздеген мақсаттары мыналар: а) қазақ-қырғыз халқының тілін, ғылым атауларын (терминология) һəм басқа мəселелерді тексеру. ə) ұлт өнерін (искусствосын) тəптештеу. б) қазақ-қырғыз халқының тарихын һəм салтын тексеріп қарастыру. в) қазақ-қырғыз мектептерінде оқыту мəселесін реттеп жөнге салу. г) қазақ-қырғыз халқының білім қызметкерлерінің һəм өнер қайраткерлеріне жəрдем көрсету.
2) Жоғарыда көрсетілген мəселелерді жүзеге шығару үшін: а) талқы (диспут), дəріс баяндамалар жасауға. ə) білімге керекті мағлұматтар жиу үшін, оқушылардың білімін арттыру үшін керуендер курстар түзуге. б) көрме (выставкалер) ашуға. в) уақытша һəм белгілі мезгілімен шығып тұратын баспасөздер бастыруға. г) кітаптар, қолжазбалар, өнердің үлгілілерін, ескінің тамтықтарын жинауға. д) қазақ-қырғыз халқын ағарту жолында керекті мамаңдар, шеберлер даярлау үшін курстар ашуға. е) қазақтан жауапты аударушылар (тəржімашілер), хəріп түзушілер уақытша һəм белгілі мезгілімен шығып тұратын баспасөздерде жазушылар басқа керекті қызметкерлер ұйымдарын ашуға. ж) қауымның көздеген мақсаттарын жүзеге шығару үшін хүкімет мекемелерінен, əлеумет ұйымдарынан көмек қарастыруға қауым ерікті. 3) Қауым заң алдында толық құқықпен пайдаланады. Қауымның аты жазылған меншікті мөрі болады. 4) Қауымның басқармасы тұратын, һəм жалпы жиылыстарының болатын жері Түркістан республиканың басқа орындарында бөлімдерін ашуға ерікті. Ол бөлімдер орда қауымының құқығындай кұқықпен пайдаланады һəм олар орда қауымы алдында жауапты. Ескерту: тиісті орыннан рұқсат болса, қауым Қазақстан жерінде де өзінің бөлімдерін ашуға ерікті. 2. 5) Қауымды түзеушілер: 1 - доктор Халел Досмұхамедов. 2 - профессор Александр Жмидт. 3 - Əбубəкір Диваев. 4 - Кəрім Жаленов. 5 - Мағжан Жұмабаев. 6 - Николай Архангельск. 6. Қауымның мүшелері екіге бөлінеді: шын, көмекші. 5-ші бапта көрсетілгендер қауымның шын мүшелері болып саналады. 7. Қауымның шын мүшелігінде қазақ-қырғыз халқына білім жағынан, яки мəдени ағарту жолында қызмет көрсеткен адамдар екі шын мүшенің лайықтауыменен алынады. Шын мүшелік аты басқарманың ұсынуы бойынша жалпы жиылыстың бекітуіменен беріледі. 8. Көмекші мүшелікке алынатындар қауымның мақсатына ынта көрсеткен адамдар. Мүшелікке алу тəртібі, екі шын мүшенің лайықтауы һəм басқарманың бекітуіменен болмақшы. Көмекші мүшенің шын мүше болуына екі шарт керек. 1) 7-ші бапта көрсетілген тəртіп бойынша. 2) көмекші мүше болғанына 6 ай уақыт өтуі.
9. Таза қырғыз мəдениеті жолында айрықша қызмет сіңірген адамдарға ардақты мүше деген атақ беруге, қауымның жалпы жиылысы ықтиярлы. 10. Жалпы жиылыстарда көмекші мүшелер кеңесі дауыспен пайдаланады. 11. Қауымның шын мүшесі болсын, көмекші мүшелері болсын қауымның мақсаттарына пайдасыз болса, яки қауымның атына дақ келетіндей іс істеген болса, олар қауымның мүшелігінен шығарылады. Шын һəм көмекші мүшелерді уақытша шығаруга басқарма да ерікті. Бірақ, оның түпкілікті шығу мəселесі жақын арада болатын қауым мүшелерінің жалпы жиылысында қаралуға тиіс. Ескерту: шығарылған мүшелердің басқармаға наразылығын көрсетіп, жалпы жиылысқа арыз қылуына еркі бар. 12. Ардақты мүшелерден басқа мүшелердің барлығы да, белгілі мезгілде, қауымға жарна төлеп тұрады. Жарнаның мөлшері һəм алынатын мезгілі қауымның жалпы жиылысында белгіленеді. 3. Қауымның қаражаты 13. қауымға қаражат мына жолдармен жиылады: а) мүшелер жарнамасынан. ə) түскен жəрдемдерден. б) хүкімет мекемелері һəм əлеумет ұйымдарының көмектерінен. в) баспасөз сатудан, төлеулі дəрістерден һəм түрмен жиналған түсімдерден. 4. Қауымның құрылысы 14) іс басқарушылар: 1 қауым мүшелерінің жалпы жиылысы. 2 басқарма. 3 басқарманың бастықтары. 4 тексеру комиссиясы. 15) Жалпы мүшелер жиылысының қарамағында болатын істер: а) қауымның жолын өзгерту. ə) ардақты һəм шын мүшелерді бекіту. б) мүшелік жарнаның мөлшерін һəм төлейтін мезгілін белгілеу. в) білім, əдеби һəм басқа еңбек үшін берілетін бəйге белгілеу, бəйгелерді тағайындау. г) басқармамен тексеру комиссиясының есептерін бекіту. д) басқармамен тексеру комиссиясын сайлау. 16) Жалпы жиылыстар жылдық, мезгілді һəм төтенше болады. Жылдық жиылысты басқарма сентябрь айында шақырады. Мезгілді жиылыстарды, əдеби баяндамалар һəм мəселелер молайғанда немесе басқарма өз алдындағы мəселелердің жалпы жиналысында тексеріп
өтуін тиіс деп тапса, шақырылады. Төтенше жалпы жиылыс не тексеру комиссиясының тілеуімен, яки шын мүшелердің оннан кем болмаған бір табының өтінуімен жиылады. Ескерту: мезгілді жиылыстарда басқарманың төбе ағасы, яки оның орынбасары төбе ағалық етеді, жылық һəм төтенше жиылыстарда жиылыстың төбе ағасы жалпы жиылыстың сайлауымен қойылады. 17) Қауымның жолын өзгерту һəм қауымды жабу туралы мəселелерді қарауға жалпы жиылыстарда қауым мүшелерінің үштен екі есесінің болуы шарт. Басқа мекемелерді тексеру қауымның Ташкенде тұратын мүшелерінің жартысы жиналса да, бола бермекші. Жалпы жиылыстарда мəселелер көпшілік дауыспен шешіледі. Дауыс тең болса, жиылыстың төбе ағасының қосылған жағының айтқаны қабыл алынады. 18) қауымның ісін жүргізу үшін, жалпы жиылыс қауымының шын мүшелерінен басқарма мүшелігіне адамдар сайлайды. Олардың ішінен біреуі басқарма бастығы. Қалған алтауы басқарма мүшесі болады. 19) басқарма жалпы жиылыстың сайлап шығарған қауымының атқару орны болғандықтан, ешбір сенім белгісін алмай-ақ, һəм орындарда қауым атынан кезектегі істерді жүргізіп қауымның ісін атқара береді. 20) басқарма өз мүшелері арасынан төбе ағасына орынбасар, хатшы һəм басқа қызметкерлер сайлап, оларға тиісті жұмыстарын бөліп береді. 21) басқарманың төбе ағасы, орынбасары һəм хатшысы басқарманың бастықтары болып саналады. Бастықтар басқарманың кезектегі істерін жүргізіп, жеңіл мəселелерді шешіп тұрады. 22) басқарма мүшелері 3 жылға сайланады. Бірақ, жыл сайын ескі мүшелерден екеуі шығып, олардың орнына жаңадан екі адам сайланып отырады. Ескерту: 1) бірінші басқарманың тұңғыш сайлануынан 1-2 жыл өткен соң, басқарманың мүшелері мүшелігінен шығарылады. Ескерту: 2) əр шыққан басқарма мүшесінің қайтадан сайлануы мүмкін. 23) айрықша қиын мəселелерді қарап шешу үшін, басқарма қауым мүшелерінен уақытша комиссиялар түзеуге ерікті. 24) айында бір реттен, сирек болмау шартымен басқарма өзі керекті мезгілде басқарманың мəжілісі болып отырады. Жыл сайын басқарама мен жалпы жиылысын ақша, яки бұйым есебін тексеру үшін, жалпы жиылыста қауымның мүшелері арасынан тексеру комиссиясын сайлайды. Басқарманың жылдық есеп-қисабы қаралып, жалпы жиылыспен бекітілгеннен кейін, тексеру комиссиясы жаңғырылады. 25) қауым хүкіметтің бұйрығымен яки жалпы жиылыстың қаулысымен ғана жабылады. 26) қауым жабыла қалса, оның барлық мүлкі, негізгі мақсаты қазақ-қырғыз халқын мəдени ағарту болған бір мекемеге яки ұйымға тапсырылады. Талаптың осы жолы 1922 жыл 4 декабрьде Түркістан
мемлекет білім кеңесі бекітіп тағайындады һəм 822 нөмірімен дəптерге тіркеді. 1922 жылы 1 декабрьде Талап қауымының бірінші жалпы жиылысы болып басқармаға мына адамдар сайланды. Басқарманың төбе ағасы: Халел Досмұхамедұлы. Басқарманың мүшелері: Профессор Александр Едуардұлы Шмидт, Иса Тоқтыбайұлы, Мырзағазы Есполұлы, Мұхамеджан Тынышпайұлы, Мұхтар Əуезұлы, Қасым Тыныстанұлы. Басқарманың тұратын орны Ташкент, Карл Маркс көшесі 41 үй (қазақ-қырғыз институты), 32 нөмірлі бөлме. 11-ші кеңестер сиезінің халық ағарту комиссариаты баяндамасы тақырыпты шығарған қаулысы Халық ағарту комиссариаты баяндамасын тыңдап, 2-ші кеңестер сиезі Түркістан республикасының қостайды: 1 төңкерістің алғашқы кезде жергілікті халықтар арасында оқу жұрттарының орасан күшейіп кеткендігі, жергілікті халқының білімге ықыласты мезгіліне душар келмегендігінен, мəдени күштің һəм қаражаттың кемдігінен амалсыз тоқтап қалуға тура келді. 2 халық ағарту жұмысы жергілікті халықтар арасында өте нашар қойылған, ол да болса, мəдени күштің жетімсіздігінен һəм мемлекет беріп тұратын қаражаттың жоқтығынан, соның үшін жаңа түрде де, кеңес мектептері өзін-өзі ақтай алмады һəм халықты да қанағаттандыра алмады. 3 халық ағарту комиссариатының мекемелері балалардың қамқоры болғандықтан һəм сауатсыздарға да сол көзбен қарағандықтан, халық қарауына берілген школдар көп болғаны себепті, бəріне бірдей азықтүлік жеткізіп бере алмай, осы күні еңбекшіл һəм кедей дихандар балалары оқудан бос қалып отыр. Жоғарғы айтылғандарды еске алып, сиез мынадай қаулы қылады: 1 істің маңызды һəм орнықты болуы үшін тіршілікке керек нəрселерді ойға алып, мектеп саңдарын азайту керек, һəм үкіметтің қуатына лайықтап, тіршілікке ең керекті ғана мекемелерді қалдыру керек. Сөйтіп, халық ағарту комиссариатына ағарту орындарының санын тағайындау керек, мемлекеттің 1922-23 жылдардағы қаражатына шағындап, мектептердің азаюы, көбеюі мемлекеттің шамасына қарай болмақшы 2 өзі шамасы кəсіпшілдер мектептерін қалай да болса, аман сақтап қалу керек, қызметкерлерінің ақыларын мемлекетке қарату керек, таза шаруаларын тиісті шаруа мекемелеріне міндетті қылу керек.
3 халық ағарту ісіне жұмсалатын мемлекет расходының бекітілген 14 процент аз деп табамыз. Сол үшін Түркістан расходының жалпы санынан 20 процентіне шейін халық ағарту жұмысына жұмсау керек. 4 халық ағарту комиссариатының өзіне тағайындалған мектептерін дұрыс қарап тұруы үшін һəм іс жүзінде көздеген мақсатына жету үшін сиез төмендегі нəрселерді лайық табады: жергілікті қаражатқа лайықталған ақшадан белгілі соманы халық ағарту комиссариатына арнауды, школдарға арналған мемлекет қаражатына қосымша секілді. 5 ішкі қарыздарға белгіленген ақшаны жергілікті қаражаттың кемтігін толықтыру үшін халыққа ағарту комиссариатына шамасын бөліп беру керек. 6 кеңес мектептерінің аз да болса ілгері басып бара жатқан дəуірі деп тану керек, ескі мектептердің көбеюіне бөгет болу үшін жаңа жобалы мектептерді қалай да болса, аман сақтап қалу керек, шаруа жағынан болсын, азық жағынан болсын, сүйемелдеп оқу жолына шығару керек, солармен қатар, орта дəрежелі ілім оқыту ісіне лайықты білім жобасын үйрете беру керек. 7 қала школдарының төлеулі болуын уақытынша барады деп есептеп, кедей еңбекшіл дихаңдардың балаларын тегін оқытуға жол ашық болсын. 8 Түркістандық халық ағарту жұмысына лайықталған заттың көбеюі үшін сиез мыналарды өте керек деп табады: əркім өз мектептерін өздері үстау үшін көңілді салыққа халықты үғындыру керек. Сондай-ақ мектептерді белгілі қауымның асырап тұруы үшін шарттасу жұмысын кеңейту керек. Бұл көрсетілген ауыл-қыстақтарда қандай болса, ұйымдасқан еңбекшілдердің арасында сондай болуға тиіс. 9 жергілікті халықтың тілінде мектеп қызметкерлерін де молайту үшін тиісті назар салып арттыру керек, алдымен қазіргі институттарды сүйемелдеу керек. 10 жергілікті халықтың тіліндегі баспасөздер мəдени тіршіліктен мықты орын алатындығын сезіп, сиез төмендегілерді керек деп табады, кеңес һəм ортақшылдардың ретті баспасөздердің күшейту үшін һəм даңқын жаю үшін көздің қиығын сала жүру еді.(жалғасы бар) Тілге шорқақтық халыққа жат болғандықтың белгісі емес Ташкент азаматтарының арасында соңғы кезде көп айтылып жүрген сөздердің бірі: Қазақ оқығандары мен қалың қара бұқара халықтан адасып, оқшау кетіп барады деген. Мұны айтушы жолдастардың бұл сөзді дəлелдеу үшін айтып жүрген дəлелі қазақ оқығандарының қазақ тіліне шорқақтығы. Басқа дəлелі жоқ.
Бар дəлелі осы ғана. Сондықтан, бұл дəлелді тексеріп өту артық болмас деп түсінемін. Орысша оқыған қазақ азаматтарының қазақ тіліне шорқақ екендігі рас. Шынын айтқанда, қазақ жігіттерінің ішінде мұнан жаман сорақылар бар. Орыс тілін, сарт тілін жақсы біліп, қазақша екі ауыз сөздің басын қосып айта алмайтын сабаздар Ташкенде аз емес. Бірақ, бір шүкірлік ететін жеріміз, олардың бір жақсы қасиеті, сарт болып кеткен сабаздардың аз да болса, қазақ иісі сақталған қазақ азаматтарына əсері жоқ. Ташкенде жаңа ашылған «Талап» атты жас ұйымның 3-4 жиылысы болып өтті. Бұл жиылыстардың бірінде де əлгі сабаздар болған жоқ. «Ақжолдың» өткен сандарының бірінде Тана жолдас бір сыпырасын басындағы азаматтарды «Талапты» менсінбейді, өнер білімге əуестігі жоқ деп сөгіп өтті. «Талапты» менсінбейді бұл қате айтылған сөз. Өйткені «Талапты» менсінбеуші жолдастардың «Талаптан» артық болуы керек. «Өнер білімге əуестігі жоқ» сабаздардың биіктігін, ондай көсемдігін біз көре алмадық. Олар талапты менсінбейді емес, менсінеді, сөйтседе «Талаптың» жиылысына келіп жүруге қаймығады, себеп олар қазақша білмейді. Қазақ азаматтарының ішіне келіп, өздері қазақ азаматтарының бірі бола тұрып, қазақша түсінбей отыру аз ұят емес. Қазақша түк білмейтіндерді қойып, қазақша сөйлегенде тоқталып тоқталып, аңыранып, тамсанып сөйлейтін қазақ азаматтарын алсақ, бұлардың айыбы көп көрінбейді. Олардың қазақ тіліне шорқақтығы қазақтың өзінің қазақ тіліне шорқақтығынан. Қазақ ішінде тап осы кезде өткен замандағыдай алыстан орағытып, тақпақтап сөйлетін ұзын тілді билер жоқ. Қазақтың басынан ерік кеткелі, қазақты тұрмыс басқаға телмірткені, қазақ шешендері кемуге айңалды. Өйткені қазақ ішінде, қазақтың тіршілігінде, қазақтың саяси жолында, тілге жүйрік шешен билер тұратын шарт қалған жоқ. Сол уақыттан бастап, қазақ шешендері я сəлделі молдалар, я тілмаштар бола бастады. Қазақ шариғат сұрап, молдаға баратын болды, я дауласып, жүгініп, сөзімді айтып бер деп тілмашқа жалынатын болды. Қазақ тілін кім көркейтсін? Молда мен тілмаш көркейтсін ба? Сондықтан, қазақ тілі баюдың орнына азуға айналды. Баспасөз болмаған соң, қазақ ақындарының сөзі ауылынан ұзап, алысқа артық жайылмайтын болды. Осы кезде Ақтөбе, Қостанай, Ақмола қазақтары сияқты орыспен аралас қостас тұратын қазақтарды алса, орысқа түсінікті болуы үшін, қазақ тілін бұрап, бұзып сөйлеуге тырысады. Қазақ тіліне көп жат сөздер кіріп кеткен. Қазақтың ауылына бір жалғыз орыс келсе, орыс қазақша сөйлесем екен демейді, қазақ орысша сөйлесем екен дейді. Орыс-қазақ аралас тұрған жерде, қазақша білетін орыстардан, орысша білетін қазақтар көп: мұнан көрінеді қазақтың орыс тіліне назары ауып кеткендігі. Ташкент төңірегінде тұратын қазақтардың сөзіне қарағанда, сартпен аралас тұрған қазақтардың жайында осы секілді болса керек, кілең қазақ болып
біріңғай тұрған жерлерде қазақ тілі тазарақ сақталса ғажап емес: бірақ, ондай жерлердің қазағының тілі де баюдан тоқтап, жат сөздерді біртебірте сіңіре бастаған болса керек. Оқымаған шикі қазақ тілін дұрыс күте алмаған болса, оқыған қазақ тілін қалай таза оқымақшы. Оқығандарда басқа ұлттардың əсері болмай тұрмайды. Тілге шорқақтық жалғыз оқығандарда емес, қазақ тіліне шорқақтық қазақтың өзінде бар. Оқығандардың тілге шорқақтығын елдің тілді қадірсіз ұстағандығынан. Сондықтан, қазақ тіліне шорқақтығына қарап, оқығандарды халықтан қол үзіп, халыққа жат болып кетті деу бекер. Қ-И. Қырғыз-Қазақ мектептері жасалуы керек Соңғы уақытта Кеңес үкіметі де, коммунист партиясы да жұртшылық ұйымдарда халық ағарту істерін сөз қылып, оқу жұмысын күшейту шарасына жалпы кірісіп келе жатыр. Бұрынғы жалаң айқай, жалпы оқу өзінің орнына оқу жұмысының тұрған қалыбы тексеріліп, оқу жағынан жалпы жұртқа бүгінгі керекті мұқтаждары анықталып, соған қарап істі жүргізуге қам қылынып жатыр. Кедейленіп кеткен мемлекет қазынасының есебіне барлық оқу ұйымдарын, түрлі мектептерді сақтау мүмкін болмағандықтан, ел іші мектептері жұрттың өз есебіне, қала мектептерінің көбісі жергілікті қазына есебіне өткізіліп, мектептерді сақтап қалып, халық ағарту жұмысын өршітпесе, өшірмейтін шаралардың бəрі істеліп жатыр. Айрықша артта қалған, халқы жалпы надан, көр бала қалыбында тұрған Түркістан республикасы оқу жұмысын көбірек ескеруі керек екені анық. Түркістан Кеңестерінің бас үкіметі барлық мемлекет қазынасының 5\1 (20 процент) һəм жергілікті қазнасының 3\1 (30 процент) оқу қаражатына арнап, қаулы қылып отыр. Алдымыздағы февраль ішінде «оқу жетісі» деген жүргізіліп, сол жетінің ішінде үкіметтің де, партияның, жұрттың да барлық күшін оқу жолына жұмсалып, күн санап сүйіліп, азып бара жатқан мектептер аяқтандырылмақ; оқу жұмысы орнықты бір қалыпқа жеткізіліп, ілгері басып, үдеуге барлық күш қаражат жұмсалмақ. Күні бұрын мектептерге керекті оқу құралдары жіберіліп, ел ішінде үндеу сөзі үндеушілер жіберіліп, үкімет қазынасынан бастап, кедейлер союзының ішінен һəм жұрт арасынан оқу жұмысына жалпы дүние жəрдемі жиналмақ. Оқу қазынасы молаймақ, оқу істері күшеймек, ел ішінде мектептерге ең азына алты десятинадан егістік, жұрттың көлігі, жұрттың тұқымы, жұршылық
еңбек пен мұғалімдердің пайдалануына берілмек. Жергілікті жұрттың мектептерінің барлығы салықтардан һəм басқа міндеттерден босанып, белгі басып, үкімет қабыл алса, əскер қызметінен босанбақ. Тағы оқу жұмысын көтермелеу үшін, оқушылардың күнін жеңілдету үшін, мектептерді сақтау үшін, оңдау үшін көп шаралар үкімет жағынан белгіленіп, жарыққа шыға бастайын деп тұр. Түркістан Кеңестерінің бас үкіметі есептен тысқары, оқу жолына жəрдем ретінде, бірден 50000 пұт бидай беріп отыр, тағы дүние жəрдемін көп қылмақ. Үкімет бүйтіп отырғанда, халық өз пайдасы үшін, өз мектебі үшін көпшілік қылып, жалпы қимылдап жіберсе ақ түйенің қарны жарылғандай болып, мектептер қаражатқа қарқ болып қалатыны анық. Ел ішінде оқу істерін көтермелеу, мектептерге жəрдем беру, оқу жетісін жөндеп өткізу қалай жүргізілуі керек деген мəселені кейінге қоя тұрып, бір оқу жұмысының қырғыз-қазақ арасында осы күнгі құрған қалпына зер салып өтпектеміз. Өйткені, əлгі айтылған жəрдемдестердің барлығы барлық мектептерге жəрдем болмақ. Өзгерістен ілгері қырғыз қазақ жұртының ұлт мектебі болмаған, оқу құралдары болмаған, мектептерінің бет аузы белгіленбеген һəм оны белгілеп, оқу істерін бір жөнімен алып барарлық мұғалімдерде болмаған. Оқымақшы болған қырғыз қазақ балалары, я Бұқар мектептеріне, я қазақ мектептеріне, я орыс мектептеріне, кіріп оқыған. Сондықтан, оқып шыққандары, я сартша, я татарша, я орысша мойынсұнған қалып алған бір жаңдар болып, ұлт мектебі жасарлық керекті шарттардың еш бірі болмаған. Өзгеріс дəуірінде қатардан қалмай, сырттан қарағанда көзге көрінерлік көп жұмыстар істелді. Мұғалімдер даярлайтын курстар ашылды, Ташкентте институт, Алмаата мен Шымкентте мұғалімдік техникумдер ашылды. Оқу құралдары көбейіп жатыр, оқу кітаптары басылып жатыр. Саны толып жатқан мектептер ашылып, оқу қазақша, қырғызша жүргізілді. Мектептердің көбейгені сонша, бір замаңдарда сайлауда үкіметке өте алмай, қара бейнетті аз көріп, қарап жүруге қорыққан тілмаштардың барлығына мұғалімдік жетіп артты. Бірақ мұның барлығы бұрын болған һəм көбісі кейін жаңа шаруа саясатының, қазына қаражаты жетімсіздігінің, халық арасы жұртшылығы нашарлығының һəм əсіресе, мектеп деген аты болмаса, мектептердің шын мектеп болмағандығының арқасында жойылып кетті. Осы күнде қырғыз қазақ арасында мектеп тіпті жоқ емес, бар бірақ, жолы, белгілі жобасы, дайын жөнделіп жасалған сайманы түгел, мұғалімдері жарамды, жалғыз да мектеп жоқ. Мектептерден сақталғанда, барар жер, басар тауы жоқ, 16-19 жылдардағы ашаршылық əлекшіліктердің жемісі жетім
балалар интернаттары сақталып отыр. Басқа мектептердің барлығы да аты барда өзі жоқ, көбісі бүгін бар болса ертең жоқ тұрғылықсыз мектептер. Бұрынғы басқа ұлттар мектептерінде оқып əзірленген һəм өзгеріс дəуірінде курстарда əзірленген мұғалімдердің, іске жарарының барлығы мектепті тастап, басқа тіршілікке айланып кетіп отыр. Сөйтіп, жұрт қатары жұмысын жөндеп, мектебін жəрдемге алып, үкімет жол басшылығымен, халық ағарту жұмысына күш салмақ болған кезінде, қырғыз-қазақ жұртының орнықты мектебі жоқ есебінде, жəрдемдерінің сүйемелдерлік ауруы да мектептері жоқ есебінде болып отыр. Мұнан жоқ екен деп, е арзымайды екен деп, жұбата қою шықпайды. Мектебі жоқ жұрт қатардағы жұрт болып жасай алмайды, мектебі жойылған жұрттың, жұртшылығы да жойылмақ. Сондықтан қайткенде де, қаза-қырғыз жұртының ұлт мектептері жасалуы керек. Оқу жалпы жұртқа қол жетерлік болып, халық ағарту жұмысы өршу үшін, надандық, жабайылықты жою үшін, ұлт мектебі жасалу керек, саны көбеюі керек, орнықты болып, уайымсыз жасап, мектеп жұртшылықтың тірегі, үкіметтің арқа сүйері шын еңбек негізіне құрылған кеңес мектебі болуға керек. Алдымыздағы оқу жетісінде басқа жұрт бəрін көтермелесе, қырғызқазақ жоғын жоқтап, қолға кіргізіп алу керек. Қырғыз-қазақ арасындағы оқу істеріне үкімет те осы назармен қарап, осы күнге дейін оқу жолында өзгерістен, жөндеп пайдалана алмаған жұртқа айрықша жəрдемдес болу керек. Өзінің орасан кемшілігін жоюға жұрт болып, қатардан қалмай жасауға адам болып, ақысына ие болуға өзгеріске кірісіп, үкіметті қолына алып, Кеңестерден тапқан кемшіліктерден пайдалануына негізгі тірек, шын құрал оқу жұмысы, мектеп екенін жұрт түсінуі тиіс. Т.Қ КПТ-ның барлық облыстық һəм уез қалалық комитеттеріне Жергілікті тілдерде һəм Еуропа тілінде шығып тұрған газеталарды алдырып тұру туралы. Газеталар жұмысы нақ осы күні жақсы қойылған емес. Газеталар жақсы тарқалып, кенттен шетте отырған кісілерге барып тұрмайды. Сондықтан, газеталарымыздың тираждары өте аз. Əсіресе, көп таралмай келмек те. Халі нашар болып келе жатқаңдар жергілікті тілдерде шығып тұрған газеталар. Мəселен: «Ақ жол», «Түркістан» газеталары партиядағы жергілікті азаматтар араларында көп таралмай жатыр. Партия комитеттері һəм партияда болған жергілікті азаматтар газета алдырып тұруы көп
аса міндетті жұмыстарынан танымайды. Бұлай болғандығы, оларға айтарымыз əлі де болса, бос саңдар, кезекті мəселеге суық қарайсыңдар дейміз. Қыстаққа һəм ауылдарға газеталар, əсіресе «Түркістан» бармайды. Осындай көрнекті кемдіктердің болып тұрғандығынан газеталар деген мақсатына жете алмай, мемлекет тарапынан қаншама жəрдем беріліп тұрса да, оларды керегіне жеткізе алмай, қалт-құлт етіп күн көруде. Өйткені, елден оқушылар кем, жəрдем жоқ. Елден оқушылар болмағандықтан, һəм елдің хабарын төтеннен жазып тұратындардың тағы да болмағандығынан, газетаның маңызы да азайды, ойдағыдай болып шығып тұрмайды. Қандай болса да ондай болсын, мейлі, менің жұмысым жоқ деп осы уақытқа дейін келген партия мүшелерінің, партия комитеттерінің көрнекті жалқаулығын жою керек. Партия кезекті жұмыстарында кезекті үгіт, насихаттар жүргізу үшін, халықпен өте байланысты болуы үшін партияға, партия қызметкерлерінің ең керекті құралы газеталар. Əсіресе, Түркістан халықтарының өз тілдерінде шығып тұрған. Сондықтан, Түркістан коммунистер партиясының комитеті жарлық етті: Барлық партия комитеттері һəм қыстақтық, ауылдық партия ячейкелері, һəм жергілікті азаматтардан партияда болғаңдары газеталар жаздырып алып отырсын. Əр қайсысы жеке-жеке жаздырып, я топтасып жаздырып алуға ерікті. Бірақ алулары керек. Партия комитеттері партия заңын қолданып, əр қыстақтық ячейкелерге «сіздер топтасып мұнша сан газета алдыруға міндеттісің» деп тақсымдап, бөліп беруі керек. һəм ауылдық ячейкелерге де бөліп беруі керек. Бəрінен өткен пұлдарын облыстық бөлім аймақтық бөлімге жібереді. Партия комитеттері кезекті жарлықтарында һəм басқа ретте қай ячейке нақ осы туралы жұмыс қылғанын білдіріп отыруы керек. Жөнді іс істеменге нұсқау беріп, жол көрсетіп отырсын. Осы іске жергілікті жердегі болыстық, ауылдық атқару комиттетердің бастықтары, һəм ақсақалдарды жегу керек. Осы сияқты істерді Еуропа тілдерінде шығып тұрған газеталар үшін де істеу керек. «Түрік правда»-ға жəрдем беру лəзім. Партия мүшелері партияда еместердің де газета алдырудың əрекетінде болсын. Осы жұмыстарды тездікпен орындау керек. ЦК партияның жауапкер хатшысы: Энштейн. Үгіт, насихат бөлім бастығы: Сихер.
Ақаңның юбилейі туралы «Ақ жолдың» осы санында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған тойына арналып, мақала басылып отыр. Қырғыз-қазақ баласында 50 түгіл 60-қа да, онан да көп жастарға жеткен жасы үлкендер жатқанмен, ішінен еленіп, Ақаңның еске алынып отырғандығында үлкен айырмашылық бар. Қазақ халық болғаннан бері өз бетінше ой-күйімен дəуір сүрген. Көбі болмай, қоңсы халықтармен қол астында кезекпен қарай-қарай келіп, бастаған хаңдарының өз ара келісе алмаған кесірінен, орысқа бағынып, 300 жылдай үзілместен келген Романовтар үкіметінің зұлым саясатының кесірінен жері мен салтынан, тілінен айырылуға айналып бара жатқанын алдымен сезіп, оянған Ақаң еді. Орысқа жақындасып, Еуропа тəрбиесін алған қазақ оқығаңдары өз халқына қарамай жатқандығын жеңіл көріп, шын қорқытып, кеңсеге кіріп, хүкіметке жағынып, адам атанып жүргенде, оқудан шығысымен қырдағы қалың қазақтың ішіне барып, бар білгенін қазақ балаларына үйретуге ынта қылып, қазақтың қара тілін сақтап, қайта түзей беруге қам қылған Ақаң еді. Ақаң ұлт матбұғатының көзін ашпағанда, ескі елдігімізден ерініп, қоңсы кент «ағайындардың» біріне табынып, табиғи таңбадан атанып кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап, əліппе шығарып, тіл һəм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін қаламға үйреткен Ақаң еді. Ұлт ісі дегенді ескерген адам болмай, қазақ қиыншылыққа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді. Ақаң шығарып тұрған «Қазақ» газетінің қазақтың тілегіне дұрыстап, тілін, жазуын жөндеп кеткенін күндеп, тіл бұлінді деп, түрткісіне төзіп, сол үшін, рулы елдің орнына тайфун ұясы болса да өз мойнына арқалаған, ұлттың игілігі үшін ол кездегі аюдай анталағаңдардың азуынан айбынбаған. «Мен мейман бір бөлмеде жатыр десек, өтпеймін тамағыңнан əуре болма» деп, қазақты қомсынғандардың қолтығын керген Ақаң еді. Ақаңның əр жасының қазақтың көңіліне қуаныш кіргізетіндігі Ақаңның 50 жасқа келгендігіне той істеткізбейтұғындар осылар. Аразды ұлттар Ақаңдай адамдарының туған күндерін, көп жасаған қуаныштарын, бұл сықылды газетке жазған бірлі-жарымды мақаламен білдірмей, жер-жерде жасалған үлкен сыйлармен өткереді. Ақаңның 50 жасқа толғанын түрлі қазақтың көп жері білмегендіктен көңілдегідей болмай өтіп отыр. Олай болуға себепкер болған, Ақаңның тұрған жері Орынбордағы қазақ азаматтарының жер-жерді күні ілгері құлақтандыра алмағандығы. Тойдың болатұғын күнін бұрын сөйлесіп қойғанда, Ақаңның атын білген екі республикадағы қазақ өмірде есте қаларлық қылып, бірге тойлайтұғын еді. Ақаңның халыққа қылған
қызметтерін көрсетіп, тəржімə хəлін айтып, туған күніне арнап кітап шығару қажет еді. Осы айтылғандар Ташкенттегі «Талап» басқармасының ойында бар еді. Сондықтан, бұл тойды тегіс дайындалып алған соң, жайырақ істелсе деп, ұйғарылып еді. Орынбор азаматтарының кеш қабыл алып қалғандығынан, көңілге алғаңдар істелмей отыр. Тойды тек телеграммамен құттықтауға мұршамыз келді. Құттықтап, телеграмм бергендер: «Ақ жол», «Шолпан» басқармалары. Түркістан халық ағарту комиссарлығы, қазақ-қырғыз білім комиссиясы, «Талап» ұйымы һəм қазақ студенттері. Қазақ-қырғыз студенттері жеке телеграмм берді. Басқарма. Ақаңның 50 жылдық тойы (юбилейі) Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса, мағыналырақ, тəуір күндерінің бірі деп саналады. Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ақаңа арналған тұңғыш той. Ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты істің бірі. Əркімнің қалқыған жырмен оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі істің ірісі. Ақаңның майданға алғаш жыры шығып, əдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бəріміздің де есімізде, кешегі күні оқушы болып, соның тəрбиесінде жүрген күндерімізді көз алдымызға елестетеді. Ақаңның қазақ оқушысының ойы мен пікірін тəрбиелеген заманынан бір ай ұзағанымыз жоқ. Кешегі күндерге шейін, бəріміз де жетегінде келгенбіз. Қаламнан туған өсиеті, үлгісі əлі есімізден кеткен жоқ. Патша заманындағы хүкімет ауыр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға сіңірген пікірі, əлі күнге үйреніп қалған бесігіміздей, көзімізге жылы ұшырайды. Құлағымызға жайлы тиеді. «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққалы, табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ақаңның бұл істеген қызметі қазақтың ұзынырға тарихымен жалғасып кететін қызмет. Істеген ісімен өзіне орнатқан ескерткіші, мəңгілік ескерткіш. Қазақ жастарының ардақты тəрбиешісі Ақаң сөйлегенде, менің есіме «Қазақ» газетінің əуендері түседі. Біз ол күнде мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ, патша саясаты темір бұғаудай, мойынға батып, қазақ жұртын əлсіретіп, «кедейді шалапқа мас қылып, байды қымызға мас қылып», елдігін жоғалтып бара жатқанын, тұманды оймен сезуші едік. Көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестегендей еді.
Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің бетінен анда-санда оқып отырған əсерлі анық сөздер, қауіптің пішінің айқын қылып көрсетіп, мекептегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып келе жатқан əлсіз ойын «жол мұндалап» жетегіне алып бара жатқандығы байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ» газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын. Бөтен қалада қыр ісіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға «Қазақ» газеті ауылынан келген сəлемдемедей болатын. Ел басына келген бəленің атын білмей, түсін танымаса да, елі мінген еспесі жоқ қайықты теңіздің ішінде жылжытып бара жатқан жел мен қүйынның бар екенін, оқып жүрген бала да сезетұғын. Қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей, жер ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болған. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін: ұйықтаған қазақты айқайлатып оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып, қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын. «Қазақ» газетінің сол заманнан бері қарай талай өмір өткен сияқты. Бұл уақыттың жылдай, саусақпен санағандай, аз жыл болса да, болып өткен оқиғаларына қарағанда, көп заманға жауап ұратын толқынды заманның бірі. Өзге дүниеде болып жатқан ұлы өзгерісті қоя тұрып, қазақтың өзін алғанда, əлі де неше тарихшыға ермек болатын тарихи оқиғалар өтіп жатыр. Бұрынғы уақытта қазақ баласының есіне келмеген, мағынасы үлкен уақиғаның бірі, қазіргі жасалып отырған Ақаңның 50 жылдығы. Саясат талқысына түсіп, ойы ашылған, мəдениет жолында аз да болса, ілгері басып, беті ашылған қазақ жұрты, бұрынғы ауыр күнде басшысы болған азаматының атын құрметпенен атағысы келеді. Еркін ойды ойлатпай, ауыздан шыққан сөзді баққан патша заманында, қазақ жұрты қайрат қылған еріне арнаулы сөзін айта алмаса, бүгінгі күнде азаматы 50 жасқа келіп сақал, шашы ағарған күнде, кезекті сөзін айта алады. Ақаңның атын қазақ баласының естімегені аз шығар. Бірақ, Ақаңды туғызған елі жалаң атын естіп қоймай, басынан кешірген өмірін білуге де ынтық болғандықтан, білгенімізше бала күннен бергі өмірін қысқаша қылып айтып өтпекшіміз. Ақаң 1873 жылы Торғай үйезінде Тосын болысында туған. Сүйегі Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергідегі аталары Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі, өз əкесінің аты Байтұрсын. Ақаңның туып өскен ауылы, қыр қазағының ұғымынша, ол кездегі Үмбетейдегі іргелі аталы ауылдың бірі болған. Оның үстіне белгілі батырдың тұқымы болғандықтан, Ақаңның жақындарының ішінен батырлықты, мықтылықты салт қылған ірі мінезді адамдар көбірек шыққан.
Ақаңның əкесі Байтұрсын баласын өзге ағайындары түскен жолға түсірмей өнер, білім үйретбекші болып, жас күнін де Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ школына берген. Сол школда оқып жүріп, 13ке келгенде, əкесі Байтұрсын хүкімет алдында «жазықты» кісі болып, Сібірге айдалып кеткен. Мұның себебі, Тосын болысының сайлауына шыққан Торғайдың Торғай үйезі начальнигі «Кəрі ояз» (Яковлев) Үмбетейге бұрыннан көптігін көрсетіп, зорлық қылып жүрген Дəуітбай тобына болысып, соның сөзін қостап, бұларға қиянат қылғандықтан, Байтұрсын Кəрі оязды сабап, басын жарған. Байтұрсынның айдалған себебі осы. Бұл оқиға Ақаңның соңғы кездегі «Анама хат» деген өлеңінде бала күніндегі жүрегіне қандай əсер бергендігін көрсетеді. Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам - дегені сол күндегі əкесі көрген бейнеттен қалған белгісі. Торғайда алғашқы түскен школын жастай бітірген соң, тағы ілгері оқуды талап қылып, Ахмет Орынбордағы учительдік школына түскен. Əуелгі школында да һəм соңғы Орынбор школында да, сабақтас балаларының ішінде алды болып, сабақты жақсы оқыған. Учительдік школды 4 жыл оқып, 19-ға келгенде, 1892 жылы оны бітірген. Ақаңның тəртіпті мектептен алған барлық оқуы осы. Оқу бітірген соң, əуелде мақсат қылған жолмен ел ортасына барып, қазақ балаларын оқытпақ ниетімен, Ақтөбе үйезі Батпақты болысындағы Ахметкерей Қопсыбақовтардың ауылынай школға барып, оқытушы болған. Мұнда біраз уақыт болған соң, Қостанай үйезінде Əулие көл деген жерде болыстық школында екінші рет оқытушы болған. Əулие көлден үшінші рет ауысып барған школы Қостанай қаласының үйездік екі сыныптық орыс-қазақ школы. Бұл айтылған үш школда неше жылдап тұрғаны бізге белгісіз. Жиыны үшеуінде 4 жыл тұрып, 1896 жылы Омбыда Ақмола, Семей школдарын басқарып тұрған Алекторовпен хабарласып, Омбыға барған. Ақаңның Қостанайдан кетуіндегі себептерінің көбі бізге белгісіз. Кетуінің бір себебі, қазақтың басқа жерлердегі хал-жайын көруі болса керек. Омбыға барып, Алекторовпен көрісуі Ақаңның кейінгі күндері адамшылығы мен ісіне екі түрлі əсер берген. Біреуі Алекторовтың қазақ турасындағы отаршылдық саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген болар. Атақты Ильминскийдің жолымен қазақтың көзін ашу үшін, осы оқу керек деген саясатты ұсынып жүргендігін сөздерімен білдірген. Алекторовтың ниетімен жақын келіп танысқан соң, Ахмет қазақ халқының халінің ауырлығын ұғып, ел турасындағы түкпірлі ойы сол кезде ояна бастанған. Алекторовпен танысудың екінші əсері Ақаңның жолы ашылып, пікірі ашылып, бұрынғы білім, өнер жүзіндегі шала бүлініп, көмесілеу түсініп
жүрген нəрселерін таза білуіне себеп болған. Омбыдан соң, аз уақыт тұрған жері Қарқаралы. Онда 1896 жылдан бастап 1907 жылға дейін тұрған. Қарқаралыда əуелде сыныптық орыс-қазақ школында болып, артынан городской училищесінің оқытушысы болған. Қарақаралыда тұрғандағы соңғы 4 жыл Ақаңның саясат іс ісіне белсеніп кірісіп, жазуымен де, ісімен де бой көрсеткен кезі. Сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мəскеуден келген бірен-саран студенті, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һəм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендерінің арасына өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын. 1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығаңдар бас қосып, тілдік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберілген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: 1) Жер мəселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. 2) Қазақ жұртына земство сұраған. 3) Отаршылдардан орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман қосылуына болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қарату сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мəселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мəселесі осылар болғандықтан, Ақаңның бастаған іске қыр қазағының тілеулес кісілері көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған. Сол жылдардан кейін бас қосқан жиында, жазысқан хатта, оңашада болған əңгімеде ел қамы, ел мұңы деген сөздер Ақаңның аузынан кетпейтін сөз болған. Елшілдік ұранын салып, агитацияның ауданын кеңейтіп, ел ішіне арманды сөздерін жая бастаған. Сол жылдардың ішінде белгілі «Қырық мысал» жазылған. Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөз «Қырық мысал» болатын. Бұдан кейін Ақаңның атағы жайылып, елдің шын қамқоры екендігі екінің біріне мəлім бола бастаған. Бірақ, сол кезде төңкерістің күні бітіп, патшаның жауыз хүкіметі қайта күшейіп, елшілдерге қуғын жасап, қысымшылық жасайтын қанды күндер қайта туған. Қазақ ежелден елді ұмытып, адамшылық қарызын шенді-шекпенге сатқан, құзғын сияқты өзімшіл, надан болыстары біреңсараңдап бас көтерген. Қараңғы үйде бейнəт қылған сабаздарға жем айыратын жер табылған. Олар «Қырық мысалдың» өлеңдерін перевод қылып, 1905 жылдары петиция берген адамның бəрінің атын жиып, үстерінен белгілі даностарын жүргізе бастаған. Бұлардың бейнеті көпке созылмай-ақ, аз күнде еңбегі жанған. Қазақтың өзгеріс уақытында түзелуді ойлап, тура бетпен жүрген азаматтарының бəрі де хүкіметтің қырын қабағына ілініп, абақтыға түсе бастаған. Сол доностың арқасында 1907 жылы Қарқаралы қаласында Ақаңды алты жолдасымен абақтыға салған. Қарқаралы тұтқынында аз уақыт отырған соң, жазалыларды Семейге айдаған. 12 жыл өмірін өткізіп, еңбегі жанбай, айдалып бара жатқанда, Ақаңның қайғылы көңілінен шыққан ауыр сөзінің бірі:
Хош сау бол, Қарқаралы жуылмаған, Айдай бер, қалса адамың қуылмаған – деген өлеңінен анық көрінеді. Семейде 8 ай абақтыда отырған соң, бір жарым жылға айдалу ретінде Орынборға келген. Орынборда сол тұрған жылдарында əуелгі ниет қылған бетінен тайынбай, бұрынғыдан ашығырақ, күштірек түрімен «Масаны» жазған. Қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік ұраны «Маса» болатын. Бұл кітабы шыққан кезде Уфадағы «Ғалияда» оқып жүрген қазақ шəкірттері тырбанып, талап қылып, қазақша газет шығармақшы болған. Керекті қаржыны елден жиып, өз орталарынан бастырушы қылып Мұстафа Оразаевты, газеттеріне шығарушы болуға Ақаңды белгілеген. Қазақтың ол кездегі ерте оянған тобының бірі «Ғалия» шəкірттері еді. Солардың талабымен, кейінгі уақытта атақты болған «Қазақ» газетіне алғашқы негіз салынған. Ақаң шығарушы болып, «Ғалия» шəкірттері көмекші жазушылары болып, Орынбордағы орыс школында оқып жүрген барлық қазақ баласы басқарманың қара жұмысшылары болып, көптеп-көмектеп алғашқы саңдарын шығара бастады. Артынан «Қазақ» нығайып, өзін-өзі алып жүріп кетті. Он жетіншінің төңкерісіне дейін Ақаңның уақыты «Қазақ» газетімен бірге өтті. Бұнда да қазақтың сатылған тілмаштары жасаған доностары аз болған жоқ. Əлденеше рет «Қазақты» жаппақ болған, штраф төлеткен, Ақаңды абақтыға салмақ болған күндер бізге белгілі. Бірақ, Ақаңның денсаулығын ойлап, хəлін ұққан жолдастары абақтыға жатқызған жоқ. Үкіметтің тілеген штрафын беріп босатып алды. 1917 жылдың төңкерісінен бері Ақаңның істеп жүрген қызметі, жазып жүрген кітаптары, жұрттың көбіне белгілі болғандықтан, одан бергі жайларын көп жазбақшы емеспін. Осы күнде Ақаң Орынборда. Басынан кешкен толқынды күндер сақал шашына ерте күннен-ақ ақ кіргізіп, бетіне əжім түсірсе де, əзірше дені сау, жас күнінен көңілі сүйген қызметі болғандықтан, Орынбордағы қазақ институтының һəм басқа қазақ баласы оқыған мектептердің оқытушысы болып жүр. Мектептен босаған уақытта қазақ мектептеріне керекті кітаптар жазады. Бұрынғы оқушыларға белгілі «Тіл құралы», «Оқу құралдарынан» басқа, соңғы жылдарда «Əліппе астарын» һəм қазақша жазған, бұл соңғы кітабы осы күнде Орынборда басылып жатыр. Жаңадан алған хабарға қарағанда, былтырдан жазып жүрген «Мəдениет тарихы» деген кітабын осы күнде бітіріпті. Жақында ол да басылып шықса керек. Ақаң соңғы жылдардағы уақытының бəрін қазақтың мектебіне сарп қылып, істеген ісі де, жазған жазуы да жалғыз соған арналған. Сондықтан, бұрынғы уақыттағы жас буынның əлсіз ойын тербеткен, жүрекке жылы, тəтті өлеңдерін соңғы жылдарда есіте алмай жүрміз.
Бірақ, Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін əлі қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын əлі ұмытылған жоқ. Əлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп шалқып жатыр. Бұдан он-он бес жыл бұрын: Алаштың үмбетінің бəрі мəлім, Кім қалды таразыда тартылмаған, - деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп, Ақаңның ғана ардақты атын айтамыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қаңдырған кісілер санаулы. Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған елшілдік ұран «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бəрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Сондықтан, 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты күнде Ақаңа біздің айтатын сөзіміз: Ақаң-еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ақаң мектебіне тізіліп кіріп жатқан жас буын. Жаңа өсіп келе жатқан қазақ əдебиеті Ақаңды өзінің басшысы деп санайды. Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Əліде болса, өмірінің ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды. Мұхтар Əуезов. Оқу жұмыстары жұртшылықтан туып, жұртшылыққа құрал болуы тиіс Алдымыздағы осы феварльдің 15-де оқу жетісі басталмақ. Сол жетінің ішінде Түркістан мемлекетінде халық ағарту жұмысы қолға алынып һəм оның мұнан бұлай алаңсыз уайымсыз ілгері басып кетуіне жол салсақ, бұл жеті хүкімет кеңселерінің, əлеумет ұйымдарының жəне жалпы жұрттың да назарын оқу жұмысына салып, халық ағарту майданына күш аударуға бас болмақ. Бұл жетілік жаңадан халық ағарту жөнін іздеп, мектептерді қандай қылып жасаймыз деп, кеңесу үшін істеліп отырған жоқ. Халық ағарту жұмысының қаражат жағынан кемшілігін жою үшін, бұрын салынған жолдардың ашылған мектептердің салық алдында ықтиярын күшейту үшін істеліп отыр. Бұл айтылғандар халық ағарту жұмысы бұрыннан бастаулы оқу үйлері, мектептері бар жұрттарға дұрыс келеді. Қырғыз-қазақ арасынан басқа һəм ауылда істелмесе, бұл айтылғандардың іске асатын, жұмсалатын өзі болмай қалатын, мектеп салу жөніндегі міндеттер көлденең тұр.
Екінші түрде айтқанда, қырғыз-қазақтың алдында тұрғандар бар. Мектептерге жəрдем ғана жию емес, көбейтіп, керегіне мектеп ашып, мектептердің жол-жобасын дайындап, қырғыз-қазақ жұртында осындай бар деп айтарлық əрі орнаған бір мектеп жоқ деп, қоймай естіп келеміз. Ояздық жерлерде қалқайып, қырғыз-қазақ мектебі аталып тұрған оқу орындары көп болса да, дұрыс бір мектебі жоқ. Мектеп керек дегеннен тана алмаймыз. Мектеп деген жалпы жұрттың керек қылуымен, көпшіліктің жалпы халіне керекті түрде, жұртшылықтың жалпы талабының екпіні болуы керек. Мектепте оқу жұмысы, тіршілік шарқы шаруа талабының қамына лайық болуы керек. Мектептің негізі бастауыш мектеп ана тілінде оқытылуы керек һəм тəрбие жолының түрлі əдістері ана тілінде түсінікті түрде іске асырылуы керек. һəм бұл айтылғандар іске асу үшін жарамды, міндетін білетін мұғалімдер керек, жеткілікті оқу құралдары, тəрбие аспаптары керек. Осы айтылғандар бар болғанда ғана, мектеп бар деуге болады. Қырғызқазақ арасында бұл айтылғаңдар түгел жоқ. Сондықтан, мектеп деп жүргеніміз басқаларға еліктеп, бізде де бар деп көңіл жұбатуға ашылған құр орындар. Əлі жұрттың шаруа талабы анықталып, тұрмыс түрі орныққан жоқ. Жұртшылық жоқ, жұртшылықтың қажеті айқындалған жоқ, мектеп жоқ һəм ауыл мектебі болуға жұрт жатыққан жоқ. Сондықтан, оқу жұмысында жүргендер де, жұрт атынан сөйлеуші жұрт адамымыз дегендер де, оқу туралы əркім ойына келгенін айтып жүр. Біреулер ұлт мектебі керек дейді, біреулер орыс тілінде оқытатын мектеп керек дейді. Біреулер ешнəрсе деп үн шығармастан, сарт тілінде мектеп ашып, «шондақ» деп іс білдіріп жатыр. Барлығына көніп, барлығының тəртібіне төтеп беріп, жетегіне желе басып еріп, өз талабы жоқ болса да, онысын əлі анық сезіп жеткен жұрт жоқ. Көбінесе оқу туралы ойлаушылардың, сөйлеушілердің осы күнде айнала айтып жоқтайтыны, ескі қалып болып бара атыр. Орысша мұсылманша мектептерді қайта ашу, орыс тілінде оқытуға қайта түсу керек. Бұрынғымыздан айырылып қалдық деген сөзді екінің бірінен естиміз. Қырғыз-қазақта орысша оқығандар көбірек, орыс тілінде оқытатын орыс мектептері бір заманда жұрттың оқуы керек қылған талабының барып тұрғаны болған. Бір ай орысша оқығандар қанша көп болса да, жұрт емес һəм орыс тілін керек қылған заман сазы, ел билеу қажеті болған жалпы жұрттың талабы емес һəм осы күнге дейін анықталмаған. Ол күнде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында жүрген қырғыз-қазақ жұрты тілмаштардың жетегінде сөз бұйда болып, əуреленген, патша хүкіметіне тілмаш керек болған. Ел билеу үшін тілмаштарға орысша білу керек. Шен алу үшін, мал табу үшін, басқа түк талап болмаған. Сондықтан,
оқу жолында ескіні жоқтау иə аңғырт надандық, иə жұртты ұмытып, ескі қалыппен адасқандық, иə əдейі қара басымшылықты сақтағандық, қырғыз-қазақ арасына мектеп мəдениеті, кітап мəдениеті əлі орнаған жоқ. Орнаған жерлерде (əсіресе Сырдария облысында) иə сартша, иə орысша, қырғыз-қазақтың ұлттық бет аузы жоқ. Сондықтан қара сөзін қазақ иə қырғызша айтып отырып, көп мырзалар қолына қалам ұстаса болғаны, «шондақа» жыны ұстайды. Ең əуелі жұртшылық жағынан, жалпы жұрттың көңілі ағарып, көзі ашылу жағына келсек, қырғыз-қазақ халқы бірден сарт, иə бірден орыс болып кете алмайды һəм болуының да ешкімге керегі жоқ. Қырғызқазақтың өзіне ұлтшылығын, жұртшылығын сақтау əр жағынан керек. Сондықтан, жалпы оқу, жақсы тəрбие, жұрт мектебі жұртшылық талабы ұлт мектебі болу керек һəм ұлт тілінде, қырғыз-қазақтың ана тілінде болуы керек. Екінші, тіл мəселесінің түп мəнісін тексерсек, жат тіл жолдан қалдырмақ. Тəрбие толық болу үшін бір тілде жөндеп ойлап, жөндеп сөйлей білу жекілікті. Тілді көп білу оқымыстылықтың, тəрбиеліліктің, ақылдылықтың белгісі емес. Тілді мəдениет құралы қыла алып, тіл арқылы тəрбие тауып, ойы тереңдеп, көңілі ағарып, көзі ашылған есепке алынады. Ондай тəрбие тілі қырғыз-қазақтың жалпысына өз ана тілі. Ондай орын қырғыз-қазақ халқының ұлт мектептері. Жат тілге құмарлық, жат жұрттың бастауыш мектебін өзіндікі деп санай беру, бірінші, жұрттың көпшілігін оқудан, көңілі ағарудан қалдырмақ, екінші көп жұртшылықтың жойылуына һəм еш уақытта болмауына себеп болмақ, үшінші, тəрбие жолына оқуды жеңіл қылу ережелеріне қарсы. Сондықтан, кезектегі жұмыстың үлкені ұлт тілінде жұрт меткептерін жасау жұртшылыққа жол салу, жұртшылық талабына жарасты қылып оқу жұмысын жүргізу. Тоқтыбаев. Кеңсе ісі жергілікті халық тілінде болады Болыс, қыстақтарда кеңсе ісін жергілікті халық тілінде жүргізу үшін үйез атқару комитеті мұсылмандардан хатшы тағайындады. Мұнан бұлай үйез атқару комитетіне келетін арыздар һəм басқа түрлі қағаздар кіл жергілікті халықтың тілінде жазылуы тиіс.
«САНА» ЖУРНАЛЫ (1923–1924) «Сана» журналының 1923 жылдың қаңтар айынан 1924 жылдың қарашасына дейін небəрі 3 нөмірі жарық көреді. Түркістан қазақ білім комиссиясының «екі айда бір шығып тұратын тəрбие, білім, əдеби мақалалар жинағы» болған «Сана» Ташкент қаласында шығып тұрды. Бас редакторы – қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов. «Сананың» бағыты мен мақсаты жайында: «Заманымыз мəдениет заманы, мəдениетке білім жеткізеді: Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, асқан сабырлылық керек. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз аз да болса, кемшіліктерімізді жойып, елге, мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен, кіріспеске амал жоқ», – деп жазады журналдың алғашқы нөмерінде бас редактор. Оқу-ағарту, білім беру саласына бағытталған журналды шығаруға І.Жансүгіров, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Ə.Диваев, М.Тынышпаев, Қ.Кемеңгеров, М.Жұмабаев секілді алаштың азаматтары қатысты. «Сана» журналының беттерінде халықты білім мен мəдениетке жетелейтін мақалалар, ғылымның түрлі салаларына арналған танымдық дүниелер жарияланып тұрды. Жалпы білім беретін мектептерге енетін пəндер мен олардың жоспарлары басылды, арнайы оқу бағдарламалары мен ұрпақ тəрбиесі, білім берудің ұлттық сипаты сөз болды. Сондай-ақ, қазақ халқының тарихындағы хандар мен бишешендер, сал-серілердің өмірінен сыр шертетін жазбалар мен халық ауыз əдебиетінің озық үлгілерін де көруге болады. Қазақ халқын озық мəдениетке жетелеу жолында ізденген «Сананың» басты ұстанымы – елді оқу оқып, білім-ғылым мен өнер үйренуге шақыру. Білім беру саласын бір тəртіпке келтіріп, жүйелеуге ұмтылды. Кеңестік билік тарапынан «Саясат» бөлімі болмағандықтан, сол күннің, сол таңның көкейкесті əлеуметтік, саяси мəселелерін көтеріп, жаңаны насихаттамағаны жəне ескіні, өткенді сөз еткені үшін» деген айып тағылып, журнал 1924 жылдың қараша айында жабылады.
Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан
Заманымыз мəдениет заманы. Мəдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек, аса сабыр керек. «Сарғайған жетер мұратқа» деп атамыз айтқан. Білім мысқалдап кіреді. Білімді болу үшін көп сарғаю керек. «Еңбек етсең емерсің». Еңбек қылмай білім жоқ. Еңбексіз ағартып, тезден елді мəдениетті қыламын деген ой – ауысқандық. Мəдениетті боламыз десек, жолымызды дұрыстап түзеп алып, бетімізді бір бағытқа салып, азық-түлігімізді түгендеп, ұзақ сапарға шығу керек. Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Анау бəлен болды, мынау түген болды деген күншілдікті де қою керек. Күншілдік мұрат емес. Тайлының аттыға еріп, таңы айырылады. «Аяз əліңді біл, құмырсқа жолыңды білді» естен шығармай, айқайламай, шуламай, білімді болып, мəдениетке жетудің жолына анық белді байлау керек. Білім алудың жолы көп. Жолдың ішінде ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім. Мұнан қалса, ел ішіне көпке түсінікті болып жазылған білім кітаптары. Мектеп жақсы болу үшін құралдары түгел, саймандары жеткілікті болуы шарт. Құралды-сайманды түгіл, құралсыз да бізде мектеп жоқ. Сондықтан мектеп түзеу – біздің бірінші жұмысымыз. Білімді мұғалім бізде тағы жоқ. Мұғалімдеріміздің шала-шарпы білімі бар. Бұлардың көбі ел ішінде бір-екі жыл тұрса осы шала-шарпысынан да айырылып қалады. Себебі, оқитын кітабы жоқ, қасында сөз айтатын білімді кісі жоқ, алыстан барып білімін толтыруға өзінің жəне халы жоқ. Ауруын жасырған жазылмайды. Мектеп пен мұғаліміміздің нашар екендігін ашық айтып, анық түсіну керек. Нашарға жəрдем беріп, жоқты бар қылу бəріміздің міндетіміз. Мұны ұмытпасқа керек. Жұртымыздың сөзге əуестігі бəрімізге мəлім. Біздің жұрт сөз айтпай, сөз тыңдамай отыра алмайды. Бұрынғы заманда жұрттың айтатыны, тыңдайтыны өзінің ата сөздері еді. Ертегі, жұмбақ, өлең, толғау, терме, жыр, тақпақ, айтыс, жылау, жоқтау, түрлі тарихи əңгімелерді бұрынғы уақытта екі кісінің бірі сөйлейтін. Елдің салты, тіршіліктің қалпы өзгерген сайын сөз айтушылардың саны азайып, сапасы кеміді. Ел ішіне молдалар мен жерге жазу-сызу білетіндер пайда болды. Ел жазба сөзге мұқтаждана бастады. Бұл мұқтаждық дін кітабын оқу, ағайын түріктердің кітаптарын оқуды туғызды. Пайдакүнем саудагерлерге жұрттың өз сөзін түрлі шатастырып бастырып, кітап қылып сатуға жол берді. Қазанда басылған қиссалар шықты. Арабтың «Мың бір түн» секілді ми кептіретін ертегілерінен алынған сөздер жайыла бастады. Елдің мұндай мұқтаждығы ескерілмеді. Ой жағынан, ел жағынан пайда беретін кітаптар тарату саналының қолынан келмеді. Санасыздың
ойына келмеді. Сонымен төңкеріске жеттік. Бұл туралы төңкеріс те айтарлық ештеңе бермеді. Түрлі себептерден ауыз сөз айтушылар ел ішінде құрыды, дін кітаптары да, қазірде қиссалар да бітті. Бірақ бұлардың орнына лайықты нəрселер тумады. Төңкерістің алғашқы кезінде баспасөздің төтенше екпінді жұмыстары болды, бұрылуға еркі болмады. Осы күні жұмысты нықтап, негізді қылып істейтін заман туды. Халық ағарту жұмысы алға қойылды. Баспасөз надандықпен күреске салынды. Жайымыз бұлай болған соң баспасөзді елге жақындату, түсінікті қылу мəдениет жолындағы ауыр жұмыстың бірі болып шығып тұр. «Сананы» шығарғандағы мақсатымыз – аз да болса жоғарғы айтылған кемшіліктерді жойып, аңсаған елге, алақтаған мұғалімдерге, жасөспірім шəкірттерге түсінікті сөз беру. Бұл өте ауыр жұмыс. Дегенмен де кіріспеске амал жоқ. Заман тоқтамайды, гулеп өтіп барады. Журнал шығарғанда біздің ұстайтын жолымыз мынау: 1. Ең негізінен бастап əр пəндерден түсінікті қылып жалпы білім беру: 1) ғылым-қисап (математика); 2) физика, химия туралы түрлі мағлұматтар беру; 3) дүниенің жаралу түзілісімен, аспандағы жұлдыздармен, жердегі болатын жауын-шашын секілді өзгерістермен таныстыру; 4) жануарлармен, жер жүзіндегі ағаш-шөп секілді өсімдіктермен, тас-топырақпен таныстыру, жердің қалай жаралғанын, неден түзілгенін білдіру; 5) бұрынғы өткен халықтармен, олардың мəдениетімен, салтымен таныстыру. Бұрынғыдан қалған тамтықтарды қалай іздеу жайында, қалай пайдалану туралы баяндама беру; 6) қай жұртта қандай шаруа бар, қандай заң бар, қандай тұрмыс-тіршілік бар – сонымен таныстыру; 7) жер жүзіндегі елдермен, жерлермен таныстыру, 8) санақ туралы баяндама беру, жер жүзіндегі елдердің түсінің, өлімінің, оқу үйінің, сауатсыздығының, түрлі қажетіне жұмсайтын бұйымдарының санағын беру; 9) адамның, малдың аурулары, саулық сақтау туралы мағлұмат беру; 10) қаріп тізу, баспахана түзу, кітап бастыру, сурет туралы мағлұмат беру. 2. Қазақ-қырғыз жұртының тарихымен, салт-əдетімен, тұрған жерімен таныстыру. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген мақал бар. Өз еліміздің өткен-кеткені, басынан кешкен дəуірлері, бұрынғы осы күнгі мекендері туралы қолдан келгенінше толық мағлұмат беру. Атабабаларымыздың істерімен танысып, еткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп, ғибрат алмақ адамға сана береді. 3. Қазақ-қырғыз жұртының тілімен, əдебиетімен жақсы таныстыру. Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Мəдениетке ұмтылған жұрттың алдымен тілі өзгермекші, тілі бұзылмақшы. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт. Тамырды бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, жұрт əдебиетінен, көркем əдебиеттен үлгілер көрсетіп, өрнекті түрлерімен таныстыру.
4. Білім таратып, елдің қолын мəдениетке жеткізетін – мектеп. Сондықтан мектептің тарихы, түрлері, түзілісі, оқу-оқыту реттері, мұғалімдердің, шəкірттердің күй-жайы туралы, оқу құралдары, кітаптары туралы толық баяндама беріп тұру. 5. Адамның табиғатындағы бір мінезі – ойын-сауық қылып, қызықтар көру. Ойнамайтын адам жоқ, күлмеген адам – адам емес. Ойын-сауықтың пайдалысы да, зияндысы да көп. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзелген елімізде көп ойындар бар. Бұларды менсінбей ұмытып барамыз. Бұл жарамайды. Біздің кейбір ойындарымызға Еуропа таңданарлық. «Сананың» бір міндеті – өз еліміздегі жəне бөтен елдердегі ойындармен оқушыларды таныстыру. 6. Бұл дүниеде адам баласы таңданатын іс қылып өткен адамдар бар. Бұл адамдардың аттары атадан балаға ұмытылмай келе жатыр. Түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар, билер тағы басқалар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ-қырғыз арасында аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу елдіктің белгісі. Сондықтан ең алдымен өз жұртымызда болған, сонан соң шет елдерде болған адамдармен таныстыру. 7. «Санада» «Мəдениет майданы» деген бір бөлім бар. Бұл бөлімде елдің мəдениеті, бұл туралы істелінген істі, үлгілі мектеп-медреселердің күй-жайын, мəдениет, білім ұйымдарының тіршілігін, үкіметтің мəдениет, білім туралы бұйрық-жарлықтары, тағы сондай басқа нəрселер жазылып тұрмақшы. 8. Қазақ-қырғыз тілінде, я қазақ-қырғыз туралы бөтен тілде шыққан кітаптарды тізіп тұрмақшымыз. Жəне де бұлар туралы сын беріп тұрмақшымыз. Жоғарғы көрсетілген жолмен «Сананың» əрбір санында сыйғанынша, қолдан келгенінше мағлұмат беріліп тұрмақшы. Көңіл шабады, жүрек талпынады. Бірақ қолда қуат кем, жəрдем беретін, көмек қылатын кісі аз. Қанат-құйрық болмай, сүйеуші біреу болмай жұмыс көркеймейді. Сондықтан білімі бар саналы азаматтарға, əсіресе, мұғалімдерге жəрдемші болып сүйеңдер деген өтініш айтамыз. Ақшамен болсын, жазумен болсын жəрдем беріңіз. Жазушыларға ескертетін нəрсе мынау: əрі болса қара халық үшін, бері болса ауыл мектептеріндегі мұғалімдер түсінетін сөздер жазуға, жазған сөздерің қойыртпақ болмай, таза татымды болсын. Сырты бар, іші жоқ құр тізілген қаріптің керегі жоқ. Əрбір жазылған сөздің журналымызға лайық мағынасы болсын. Кем мағынаға өза жайылып, кең сөйлеудің керегі жоқ. «Сана» шындығында журнал емес, бөлек басылып шықпайтын уақ білім сөздерінің жиынтығы. Оқу кітабын жазу ұзаққа созылатын қиын
жұмыс. Оны жиі шығарып тұру қолымыздан келмегендіктен білім беретін уақ сөздерді жиып, журнал ретінде шығарып тұруды ойладық. Журналымыз екі айда бір шығып, жылына алты кітап болып шығып тұрмақшы. «Сананың» бірінші саны нағыз ойлағандай болмады. Біраз кемдіктері бар. Бұған бірінші себеп – істің жаңалығы, бұрынғыдан үлгі болмағандығы. Екінші себеп мынау болды – көп адам сөз жазбақшы болып уəде берсе де бірқатары уəдесінде тұрмады, бірқатары журналға лайықты сөз жаза алмады. Журналымызға сөз жазған кісілердің бірен-сараны болмаса ақы алғаны жоқ. Білім кеңесінің берген ақшасы журналдың техника жұмыстарынан артқан жоқ. Халық ағарту комиссарлығының жарлығын ойға алсақ болашақта ақша мол болады деген үміт аз. Бұл оқушы мен жазушының есінде болсын. Еңбегін сатпай, халық үшін бос қызмет қылған азаматтарға жарылқасын айтамыз. Қазақ-қырғыз білім комиссиясының төрағасы Халел Досмұхамедов Емле туралы
Мəдениет қалай ілгері басады һəм мəдениет ілгері басу үшін не керек? Бұған жауап 1) ең əуелі бір білгіш кісі білімнің бір тарауын тудырады. Бірақ ол кісі білімнің ол тарауын біржолата түпкілікті түзететіні жоқ. Дұрыс қылып һəм енді қосатын ештеңе қалдырмай толық қылып шығара алмайды. Ол тек бастайды. Оның бастағанын одан соңғылар əркім шамасына қарай түзетеді һəм өсіреді. Сөйтіп, білімнің əрбір тарауы бір кісінің күшімен ғана емес, көп кісінің күшімен көп ғасырлар бойынша істеліп, алға басады. Мəдениет баратын жеріне бір аттағанда барып жетпейді. Мəдениет көп ғасырлар бойынша жұмсалған көп кісінің күшімен бірте-бірте ғана ілгері басады. 2) Мəдениет ілгері басу үшін керек болған шарттардың бірі – ғылым жолында əркімнің тапқанын ескерусіз қалдырмай, тексеріп табылған нəрсе аз да болса, азсынбай қабыл алып жүзеге шығарып, іске асыруға жұрт қам қылу керек. Бұл айтылғанды дұрыс десек, енді қазақ емлесіне келелік. Қазақ емлесін тудырған Ахмет Байтұрсынов деген кісі білімсіз кісі емес, білімді кісі. Осы уақытқа шейін ескерілмей келген емле мəселесін алдымен қолға алған кісі. Қазақ тілін білетін кісі. Бірақ сонда да Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ емлесінде мін жоқ деп айтуға болмайды. Бұл емленің түзететін де жері жоқ, бұл емлеге қосатын да ештеме жоқ деп айтуға болмайды. Бұл емленің аз-мұз міні һəм ол міндерді қалайша жоюға болатындығы тіл мəселесін ілтипатсыз тастамайтын қазақ
зиялыларының бастары қосыла кеткен жерлерде де əңгіме болып жүр һəм бірлі-жарымды рет матбуғат жүзінде де болды. Мұндай емле түзету туралы айтылған һəм жазылған сөздерді кейбіреулер дұрыс тауып, қолдана бастады. Оқытқан балаларына үйретіп жүр. Жазған кітаптарын түзетілген емлемен бастырып жатыр. Кейбіреулер бұл түзетулерді «Ахмет Байтұрсынов мақұлдап, матбуғат жүзінде жарияламай тұрып біз қабыл алмаймыз. Əрқайсысымыз əр жерде жүріп, бет-бетімізбен емлені өзгерте берсек қазақтың қолданатын емлесі түрлі-түрлі болып кетеді» деп жүр. Сөйтіп осы күні қазақтың емлесі түрлі-түрлі болуы ол жұрттың ілтипатсыздығын, құнтсыздығын, ауыз бірлігі жоқтығын көрсетеді. Ілтипатсыздық, құнтсыздық, ауыз бірлігі жоқтық жұрттың ілгері басқан аяғын кейін жіберетін нəрселер. Сондықтан мұндай мінездерді тастау керек. Əркім əр жерде жүріп үндемей-түндемей өз бетімен емлені өзгерте беруге де болмайды. Жəне олай деп емленің міндерін түзетпей, ескерусіз қалдыра беруге де болмайды. Емленің мінін тапқан кісі, емлені түзету керек дейтін кісі пікірін матбуғат жүзіне шығарып, жұрттың сынына салу керек. Онан соң əрбір емле мəселесін керек қылған кісі ол матбуғат жүзіне шыққан пікірді əбден тексеріп, қатесі болса көрсетіп жазу керек. Егерде емле түзету туралы жазылған пікірге қарсы жазушы болмаса, ол пікірді қабыл алып əркім жүзеге шығара беру керек. Ал енді қазақ емлесінің түзететін қандай жерлері бар һəм оларды қалай түзету керек, соған келелік. Екі дыбысты Ахмет Байтұрсынов таңбасыз (қаріпсіз) қалдырды. Ол таңбасыз қалған екі дыбыс «тау» деген сөздегі соңғы жарты дыбысты «у» һəм «тай» деген сөздегі соңғы жарты дауысты «й». Жарты дауысты «у» келетін жерде дауысты «ұ»-ның қарпі жазылады. Бұл дұрыс емес. Себебі, əрбір дыбыстың өз алдына бөлек таңбасы боларға тиіс. «Ауыл» деген сөздің басында естілетін дыбыс (дауысты у) пен «тау» деген сөздің аяғында естілетін дыбыс (жарты дауысты у) бір емес һəм «тары» деген сөздің аяғында естілетін дауысты дыбыс пен «тай» деген сөздің аяғында жарты дауысты дыбыс бір емес. Бұл дыбыстар əрқайсысы басқа. Басқа дыбыстар болатын болса, олардың таңбалары да басқа боларға тиіс. Егерде екі дыбысқа бір таңба жарай береді десек, Б мен П-ның бірін тастау керек, Ж мен Ч-ның бірін тастау керек, Д мен Т-ның бірін тастау керек. Мұндай тастайтын қаріптер көбейеді. Егерде бұл дыбыстарға екеуара бір таңбадан десек, дауысты «у» мен жарты дауысты «у»-ға да һəм дауысты «ы» мен жарты дауысты «и»-ға да екеуара бір таңбадан арнауымыз ақылға сыймайды. Бүгінге шейін таңбасыз келген Бұл екі дыбысқа беріп «тау» деген сөздің аяғында келетін дыбысқа «у» қарпін беру керек. «У» қарпі басқа түрік тілдерінде һəм осы күнге шейін қазақ тілінде де «в» орнында жүретін еді. Қазақ тілінде «в» дыбысы жоқ. Басқа тілдерде «в» келетін жерде қазақ орнына
қарай һəм əркім өзінің тілінің икемділігіне қарай я жарты дауысты «у» айтады, я «ф», я «б» айтады. Мəселен, «товар», «Василий», «автомобиль» деген сөздерді қазақ «тауар», «афтомобил», яки «абтомобил», «Бəселей» дейді. Бұл қазақ тілінде «в» дыбысы жоқ екендігін көрсетеді, қазақ тілінде «в» дыбысы жоқ болса, ол жоқ дыбысқа қаріп арнаудың да қажеті жоқ. Егерде бөтен тілдерде бар дыбыстарға да қаріп арнау керек десек, онда қазақ тілінде жоқ болса да, басқа тілдерде бар дыбыстардың бəріне де қаріп арнау керек. Өз тілімізде болмаса да, басқа тілдерде бар дыбыстарға қаріп арнау керек деп ешкім айта қоймас. Олай болатын болса, бұрын «в»-ның орнында босқа тұрған «у» қарпін алып, басқа керекті орынға қою керек. Ол керекті орын жарты дауысты «у». Бұрын «в» орнында жүретін «у» қарпін қазақ тіліндегі жарты дауысты «у»-ға арнауымыздың бір себебі – қарпі жоқ дыбысқа бос тұрған қаріпті алып беру болса, екінші себебі – «В» мен жарты дауысты «у» бір-біріне өте жақын дыбыстар. Бұл дыбыстар бір-біріне өте жақын болғандықтан басқа тілдерде жарты дауысты «у» келетін жерлерде өз тілдерінде ондай дыбыс болмағандықтан орыстар «в» айтады. Мəселен, Валиев, Көкшетау, Ауғуст, Аустралия, Аутономия, Аутор деген сөздерді орыс Валеев, Кокчетов, Август, Австралия, Автономия деп жазады һəм айтады. Осы себептен басқа тілдерде в келетін жерлерде қазақ кейде жарты дауысты «у» айтады. Мəселен, Товар, Самовар, Первый, Васька деген сөздерді қазақ Тауар, Самауар, Пируай, Уэске дейді. Сондықтан (Бұл екі дыбыс бір-біріне өте жақын болғандықтан) басқа тілдерде «в» келетін жерлерде көбіне «у» қарпін жазуға болады. Оны «в» қылып оқыған кісі «в» қылып оқыр, «в» қылып оқымаған кісі жарты дауысты «у» қылып оқыр, одан келер көп зиян жоқ. Қай тілді алсақ та өзінде жоқ дыбыстарды сəл өзгертіп айтады. Мəселен, орыстар өз тілінде жоқ болғандықтан «һ» дыбысын «г» қылып, «ң» дыбысын «к» қылып, жарты дауысты «у»-ды «в» қылып айтады. Енді «тай» деген сөздің аяғында естілетін жарты дауысты «й»-ға қаріп табу керек. Оған бұрынғы «ы» қарпін беріп, «тары» деген сөздің аяғында естілетін дауысты дыбысқа үтір қойып «й» қарпін алу керек. Сонда бұрын былай жазылатын «таы», «тары» деген сөздер енді былай жазылады: «тай», «тары». Дауысты «й»-дің үстіне үтір қоюымыздың бірінші себебі – таңбасы жоқ дыбысқа таңба тауып беру, екінші себебі – бұл дыбыс кейде «у»-ға жақындайды. «Ы» дыбысы кейде «у»-ға жақындайды деуге екі түрлі дəлел бар: 1) бір сөздің əуелгі буындарының бірінде «у», яки «у» келіп, онан соңғы буындарының бірінде «ы» келсе, ол «й» мен «у»-ға ұқсап кетеді. Мəселен, «тұрсын», «көрсін», «дұрыс». «құрық», «торсық». Сондықтан жұрттың көбі бұл сөздерді былай жазады: «тұрсұн», «көрсүн», «дұрұс», «құрұқ», «торсұқ»; 2) жуан сөздерде келетін «ы» дыбысы орыстың «ы»-сы секілді естіледі. Орыстың «ы»-сы академик
Гроттың айтуынша, «и» мен «у»-дың арасындағы ортақ дыбыс. Егерде бұл қаріп ұнамаса, жарты дауысты «й»-дың төрт түрін де қос ноқатты қылып, дауысты «й»- дың төрт түрін де ноқатсыз қылып алу керек. Қазақ емлесінің тағы бір түзететін жері – «ы» қарпінің қандай орында жазылып, қандай орында жазылмайтыны туралы қағида. Бұл қағида бойынша ұлт (жұрт), құрт (тамақ), көрік (кісінің көркі), (от жылт ете түсті), сылт (аяғым сылт ете қалды), жорт (жүгір) деген сөздердің естілуі ұлт (итті ұлт), құрт (жоқ қыл), көрік (ұстаның көрігі), жылт (суды жылт), сылт (майын сылт), жорт (түсті жорт) деген сөздердің естілуінен басқа болса да, жазылуы бір. Бұл да емлеге үлкен мін. Бұл мінді де мінеу керек. Соның үшін «й» дыбысы қай жерде естілсе, сол жерде қалмай жазылатын қылу керек. Бұрын «мысық» деп жазылатын сөзді енді ерінбей һəм қағазды да өте аямай «мисық» деп жазу керек. Бұл қағиданың қалуының тағы бір пайдасы – емле үйрену жұрттың көбіне аз да болса оңайланады. Қандай кемшілігі болса да, бұл қағиданы өзгертуге болмайды десек сийыр, қийын, кийім, бийік, тийын секілді сөздерді жазуды түзету керек. Мұндай сөздерді Ахмет Байтұрсынов өзі ылғи екі «и» мен жазады. «И» қарпінің қандай орында жазылып, қандай орында жазылмайтыны туралы қағидаға қарасақ мұндай сөздер бір ғана «и»мен жазыларға тиіс. Оның бір ғана «и»мен жазылуға тиіс екендігін көрсету үшін осы сөздердің ішінен біреуін, мəселен, сийыр деген сөзді алып тексеріп қарайық. Сийыр деген сөзде екі буын бар: əуелгі буын «си», екінші буын «йыр». «Си» деген буында екі дыбыс бар: «с» һəм дауысты «и». Бұл буын бас буын болғандықтан Бұл буында дауысты «и» жазылмасқа тиіс. Сөйтіп, бас буында жазылатын қаріп жалғыз «с». Енді екінші буынға келсек, онда үш дыбыс бар: жарты дауысты «й», дауысты «ы» һəм «р». Бұл буынның бас дыбысы жарты дауысты, соңғы дыбысы дауыссыз. Сондықтан Бұл буын бітеу буын. Бітеу буында дауысты «и» жазылмайды. Олай болса, Бұл буында қалатын (жазылатын) қаріптер: жарты дауысты «й» һəм «р». Бұл буынның естілуі де һəм жазылуы да «ир» деген сөздің соңғы буынының естілуі һəм жазылуы секілді. Енді бұл сөздің бас буынында жазылатын «с»-ны һəм екінші буынында жазылатын жарты дауысты «и» мен «р»-ды бір жерге қоссақ, «сир» болып шығады. Яғни екі «и» емес, бір-ақ «и» болып шығады. Қин, ким, бик, тин, жирма, эил, тилді һəм тағы бірсыпыра сөздер бəрі де осы секілді. Сондықтан мұндай сөздердің бəрін де екі «и»мен емес, бір «и» мен жазу керек. Соңғы жылдары көп жерлерде арабтың « ,»ﺚ« ,»ﺡ« ,»ﺫ« ,»ﺵ« ,»ﺺ »ﺽ« ,»ﻁ« ,»ﻅ« ,»ﻉ«қаріптерін қолдануды мүлде қойып, араб, парсы һəм басқа шет тілдерден алынған сөздердің бəрін де Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ əліппесіне кірген қаріптермен қазақ емлесі бойынша жазып жүр. Мəселен, бұрын шарт, мұғалім, сабыр, хажыт, сылтан, hіp, қазза, аззан, залым, мисал болып жазылатын сөздер енді шарт, мұғалім,
сабыр, əжет, султан, һəр, қаза, азан, залым, мысал болып жазылып жүр. Жəне «қаріп», «һəм» секілді сөздер қазақ əліппесіне кірген қаріптермен жазуға келіңкіремейтіндіктен һəм мұндай сөздерді жазғанда керек болатындықтан араб əріптерінен үш қаріп алынып қолданылып жүр. Ол үш əріп: «х», «ф», «һ». Көп жерлерде істеліп жүрген Бұл істі дұрыс деп тану керек. Мұны дұрыс деп тану керек дейтініміз – жұрттың көбі араб, парсы тілдерін білмейді һəм сондықтан араб, парсы тілдерінен алынған сөздер ол тілдердің емлесі бойынша қалай жазылатынын да білмейді. Сол себепті жұрттың көбіне араб, парсы тілдерінен алынған сөздерді дұрыс жазып үйрену өте қиын іс. Ф.Ғ. Басқармадан: Ахмет Байтұрсыновтың зор еңбегімен емлеміз дұрыс бір бет алса да, қозғалмайтын берік негізге ие болды деуге болмайды. Сондықтан мынау көтерілген емле мəселесі туралы емлемізді тексеріп жүрген азаматтар, мұғалімдер, əсіресе, тілімізге негіз салған Ахмет Байтұрсынов өз пікірлерін жазып, журналымызға жіберсе екен. 1924 жылы июль айының ішінде болып өткен қазақ-қырғыз білімпаздар жиылысының жасаған қаулысы
Емле туралы
Қазақ тілінде 24 дыбыс барлығы тағайындалып, олар үшін мынадай таңбалар (қаріптер) алынды: І - дауыстылар: А, О, Ұ, Е, Ы; ІІ - жарты дауыстылар: И, У, Р, Л; ІІІ - дауыссыздар: 1) ұяң: М, Н, Ң: 2) ымыралы: Ж,3; 3) ымырасыз: Д, Г, F; 4) қатаң: Б, П, Т, С, Ш, Қ, К. Ескерту: сүйеу таяқ «А» қазақ əліппесінен шығарылсын. Сөз басындағы «А» мəнсіз «Е» жазылады. «Ч» орнына «Ш» алынды. Нүктелі «Ғ» орнына нүктесіз «Ғ» алынды. X, Ф, һ қаріптері қазақ əліппесінің аяғында арабтың басқа қаріптеріне қосылып, тек оқушыларға таныту ретінде ғана жазылсын. Бірақ ол қаріптердің ешбірімен де қазақша ешбір сөз жазылмасқа тиіс. Алынған қаріптердің əліппе реті: А, Б, П, Т, Ж, Д, Р, 3, С, Ш, F, Қ, К, Г, Ң, Л, М, Н, О, Ұ, У, Е, Ы, И. «Ы» - бітеу буында қалмай жазылсын. Түбір сөздерде де, жалғау-жұрнақ, жалғаулықтарда да «Б» мен «П»- ның жазылуы тіл құралша болсын.
Бұрын «Д» мен жазылып жүрген жалғау, жіктеу, жұрнақтар («дағы», «дікі») дыбыс жүйесінше жазылсын. Сөз артынан айтылатын демеулердің түбір мен жалғаудың арасында келетіндері сызықшамен жазылсын да, олай түбір мен жалғаудың арасына түспейтін демеулер («да») бөлек жазылсын. Үндестік заңына келмейтін жұрнақтармен жалғанған түбір сөздердің дəйекшелері қалмай жазылсын. Қазақ тіліндегі «сын» мен «сын,» деген жіктеулерден «сын» алынып, «сың» қалдырылсын. Бұрынғы тіл құралының ережесі бойынша қатты дауысты дыбыстардан кейін сын есімдерде «Т» жазылып, етістіктерде «Д» жазылып отыратын («атты кісі мылтық атты» деген сияқты) естілуінше һаман «Т» жазылсын.
Қаріп туралы
Жазу ережелерінен кейін жиылыстың жете тексеріп, қараған мəселесі – қаріп туралы болды. Жиылысқа екі түрлі жоба түсті: бірі – латын қаріптерін алып, бұрыннан тұтынып келе жатқан түркі əліппені жою; екіншісі – түркі əліппенің кемшілігін түзетіп, соның өзін қолдану. Бұ туралы білімпаздар жиылысы мынадай қаулы шығарды: Қазақ-қырғыз білімпаздарының басын қосқан тобы əліппе түзеу туралы жасалған баяндаманы талқыға салып тексергеннен кейін һəм осы күнгі тұтынып жүрген түрік əліппесін тастап, латын əліппесін аламыз деген пікірдің дұрыс-терісін тексеріп қарағаннан кейін мынау қарарды шығарды: 1) Қазақ тұтынып отырған түркі əліппенің баспа ретінің дара болмауы баспа істеріне де, үйрену жағынан да қолайсыздық қылатын болғандықтан һəм оны түзеу өзге əліппені алудан анағұрлым оңай болғандықтан жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алуға; 2) Латын əліппесінің түркі əліппеден артықтығы жалғыз-ақ даралық жағынан болмаса, басқа жағынан қолайсыз, кемшіліктері көп болғандықтан, ол артықтығы да түркі əліппенің баспа түрін дараласақ жоғалатын болғандықтан жəне де латын əліппесін жүргізу жұмысы өте көп іс, көп күш керек қылатын болғандықтан латын əліппесін алу деген сөзді орынсыз деп тануда.
Пəн сөздері туралы
Жат сөз қазақтың өз сөзіне ұқсап, қазақ тіліне сіңісіп кететін болу үшін оны қазақ тілінің мынадай заңдарына келтіріп алу керек:
2) Қазақ тілінде үндестік заңы бар. Үндестік заңынан келмейтін сөздердің бəрі де қазақтың өз сөзі емес, қазақ тіліне кіріп кеткен жат сөздер. Үндестік заңынан келмейтін қазақша сөз түрі жалғыз-ақ «нікі», «дікі», «тікімен» жалғанып айтылатын тұр. Сондықтан қазақ тіліне кіргізілген жат сөздердің бəрін де сол заңға келтіріп алу керек. Сөздің ішіндегі дыбыстардың бəрін де бірыңғай жіңішкертіп, я бəрін де жуандатып алу керек. 3) Қазақ тілінде жұмсақ «Ə» сөздің бас буынынан басқа орындарда болмайды. Əсіресе, сөздің соңғы буынында жұмсақ «ə» болмайды. Бұл үндестік заңының салдарымен болған қазақ тілінің айрықша бір қасиеті. Сондықтан бас буыннан басқа буындарда жұмсақ «Ə» бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде «Ə»-ні өзгертіп, я «О», я жуан «А» қылып алу керек («Адабият» – «Əдебиет»), 4) Қазақша сөздерде «О» дыбысы бас буындарда тана болады. Басқа буындарда «О» дыбысы бар. «Бейнетқор», «Қамқор» секілді сөздер - оның аяғында қор деген жат жұрнақ болғаннан ғана болып отыр. Тіліміздің ымырасынша, «О» дыбысы бас буыннан басқа жерде тұра алмайтын болған соң, бас буыннан басқа орындарында «о»-сы бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде «о»-ны басқа бір дауысты дыбысқа айналдырып алу керек (покров – «боқырау»), 5) Қазақша сөздің аяғы «Ғ», «Г», «Д» болып тынбайды, «Қ», «К», «Т» болады. Ондай сөздерге дауысты дыбыспен басталатын жұрнақ, жалғаулар (жіктеулер) қосылып, «Қ», «К»-лер («Т» емес) екі дауысты дыбыстың арасына түссе (олардың алдындағы дыбыстары да дауысты болса) «Ғ», «Г» болып өзгереді. Бірақ «Т» – «Д» болып өзгермейді. Аяғында ондай дыбыстары бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде сөз аяғындағы «Ғ», «Г», «Д»-лауын «Қ», «К», «Т» қылып алу керек. Бұл дыбыстардың алдындағы дыбыстары дауысты болғанда артынан жəне дауысты дыбыс жалғанса «Қ», «К»-лер «Ғ», «Г» болып өзгеретін болып «Т» өзгермей, сол күйінде қалатын болуы керек. Ондай сөздің аяғындағы «Қ», «К»-лердің алдындағы дыбыс дауысты болмаса, ол сөздерге дауысты дыбыспен басталатын жалғау, жұрнақтар жалғанғанда «Қ», «К»- лер өзгермейтін болу керек. Я болмаса сөз аяғындағы «Ғ», «Г», «Д»-лары мүлде жоғалтып жіберу керек (Оренбург – Орынбор). 6) Қазақ тілінің үздіксіздік заңы бар. Қазақша сөздің ішіндегі дауысты дыбыс алдындағы дауыссыздан айрылып (онан кейінгі буынға) шыға алмайды («қарағай» – «қар-ағ-ай» болып үзіліп буындала алмайды). «Мəсіле» секілді үзіліп қалатын сөздер де қазақ тілінде болмайды. Жəне бір сөздің ішінде арасына дауыссыз, я жарты дауысты дыбыс салмай, екі дауысты дыбыс қатарынан келмейді. Үздіксіздік заңына келмейтін жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде өзгертіп, үздіксіз қылып алу керек («мəсіле» – «мəселе»).
7) Қазақша сөздің екпіні соңғы буында болады. Сондықтан екпіні соңғы буыннан басқа буындарда болған жат сөздерді қазақшаландырғанда екпін соңғы буынға келтіріп алу керек (Самара – Самар, пуховый – бөкебай). 8) Қазақ тілінде өзінде жоқ дыбыстардан тізілген сөздер болмасқа керек. Ішінде жат дыбыстары бар жат сөздерді пəн сөзі қылып алғанда оның жат дыбыстарын шығарып тастап, орнына қазақша дыбыс кіргізіп алу керек. Жат дыбыстардың əрқайсысына алдын ала қазақ дыбыс арнап көрсетуге болмайды. Ретіне қарай, мəселен, орысша «В» қазақша «У», «П», «Б» болып өзгеруі мүмкін; «X» дыбысы қазақша кейде «К» кейде «Қ» болып өзгеріп, кейде мүлде жоғалып кетуі де мүмкін. 9) Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде алынып, қазақ тілінің заңдары бойынша өзгеретін болуға тиіс жат сөзді жат жұрнағымен алуға болмайды. Жұрнағымен кірген сөз болса оның сол жұрнақты түрін түбірге балап алу керек. Пəн сөздері тақырыпты қазақ тілінің Бұл тоғыз түрлі заңы негіз болып алынды. Жұрт-жұртқа бірдей пəн сөздеріне дəлме-дəл қазақша мағына табылса, сол алынады. Қазақтан кейін өзге түрік сөздері аз делінеді. Бұлардан үйлесімді мағына табылмаса, ортақ сөздердің өзі алынады. Қазақ, я өзге түрік сөздерінің мағынасы дəлме-дəл келгендігі шүбəлі болған орындарда екі мағынасы қатар қойылады. Түбінде қолдана келе қайсысы қолайлы болса, сол алынып кететін болады. Пəн сөздерін тексеріп алушы, жүзеге асырушы орын бүкіл қазақ-қырғыз үшін біреу ғана болады. Пəн сөзін тексерушілер əр пəнге арнаулы сексиелерге бөлініп, сол пəндердің мамандарынан құралады. Бұлар қабылдаған сөздерін талқыға салып, мерзімді бір уақыттың ішінде жариялап, сыннан өткізіп барып қорытындысын білім кеңесіне салып отырады. Білім кеңесі керек деп тапса, пəн сөзін тексергенде басқа ұлттардың адамдарын мəжіліске шақырып отырады. Қазақ-қырғыздың өз тілі болсын, жаңадан алынған пəн сөздері болсын реттеліп, тізіліп лұғат кітабы болып шықсын. Жаңадан жазылған кітаптардың аяғында сол кітапта ұшырасатын пəн сөздері тіркеліп отырсын. Пəмилие туралы
Қазақша жазғанда, сөйлегенде пəмилие артынан «ов», «ев», «ин»-
дер келмесін. Оның орнына жай сөйлескенде, жазысқанда əркімнің өз
аты аталсын. Кітап сыртына немесе ресми қағаздарда, документтерде
əкесінің (ұлы, қызы болып) содан соң өзінің аты қойылсын.
«ТАҢ» ЖУРНАЛЫ (1925) «Таң» журналы 1925 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласында шықты. Шығарушылары – Ш.Тоқжігітов, А.Сайдалин, Ш.Жантілеуов, сондай-ақ «Таңның» шығарушыларының бірі ретінде Мұхтар Əуезов те көрсетілген. «Таң» журналында авторлардың материалдары мазмұнына қарай төмендегі бөлімдерде жарияланды: «Жалпы саяси бөлім», «Ресми бөлім», «Шаруа бөлімі», «Білім-тəрбие бөлімі», «Əдебиет бөлімі», «Отантану бөлімі». Журналдың «Ресми бөлімінде» үкіметтің қаулылары мен бұйрықжарлықтары, заңдар мен ережелер басылды. Басқа бөлімдер аясында ел ішіндегі оқу-ағарту ісі, білім беру, тəлім-тəрбие, тіл мəселесі, саясиəлеуметтік мəселелер, шаруашылық жайы сөз болды, ғылыми мақалалар жəне əдеби-мəдени туындылар жарық көрді. Журналдың негізгі бөлімі – əдебиет бөлімі еді. Бұл бөлімде əсіресе М.Əуезовтің қолтаңбасы айқын байқалады. Абайдың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жарық көрмеген өлеңдері, Абайдың ұлы Тұрағұлдың Горькийден аудармалары, Сəбит Дөнентаевтың өлеңдері жарияланды. Қазақтың халық ауыз əдебиеті де көрініс тапты. 1925 жылдың маусым айына дейін 4 саны ғана жарық көрген «Таң» журналы қаражат тапшылығына байланысты шығуын тоқтатады.
Жазу таныту һəм жаздыру əдісі
Сауатсыздықты жою жолында осы жазға (июнь, июль) гүбірнедегі, қырдағы қазақ елінің арасына оқытушылар жіберіліп отыр. Оқытушыларымыздың бəрі дерлік Қарқаралыдағы һəм осы Семейдегі қазақ даріл мұғалімдерінің (кірпедтехникум) шəкірттері. Бұл шəкірттердің осы жылы техникумды бітіріп шығатындары демалысқа жіберілетіндіктен сауатсыздықты жою қызметіне жегілмейді. Олардан төменгі бөлімдердің шəкірттері оқыту жолындағы əдістерді əлі үйренген жоқ. Оларды қырға жіберу алдында екі жұмадай оқытып, дайындаған болсақ та, қолдарына ұстатып жіберетін нұсқаушы кітаптары болмаған соң, ауыздан естіп ұғынғанның, қарындашпен асығып жазып алғанның ұмытылып, тұтығып қалуы мүмкін. Сондықтан аз болса да жолбасшы көмек ретінде осы мақаланы жазып отырмын. Əр істің өзіне арнаулы əдісі болады. Əдіссіз істелетін ешнəрсе жоқ. Соның ішінде оқытудың əдісі өзге барлық əдістерден қиын болады. Басқа жұмыстардың көбінің əдісі сыртқы түріне қаралып, сыртқы сезімдермен сыналып істелетін жайда. Ал енді оқыту əдісі ол сыртқы сезімдермен сынап қана жүргізумен толық болып шықпайды. Оқытатын шəкірттердің жан сипаттарымен танып болып, сол жан сипаттарының тілегіне қарай əдіс қолдану керек. Мен əр істің өзіне арнаулы əдісі бар дедім. Сол сияқты əр ғылымның да өзіне арнаулы əдісі бар. Мен осы мақаламда жазу таныту һəм жаздыру əдісін ғана көрсетіп өтемін. Адам баласына жазу үшін ұғыныс жасау арзанға түскен жоқ. Адам баласы жазу танығаннан кейін ғана мəдени жолға қарай адымды кең алды. Əуелгі уақытта жазу дегеннің өзі де əр түрлі сүгіреттермен басталып, ақыл-ой артқан сайын түзеле келіп, қазірдегі түріне жеткен. Жазу таныту һəм жаздыру жөнінде бүл уақытқа шейін əр түрлі əдістер қолданылды. Ғылым-мəдениет артып, ақыл-ой кеңейген сайын жаңа əдістер шығып, жазу таныту һəм жаздыру жолы өте жеңілденіп отыр. Жазу таныту һəм жаздыру жолында өзімізге мəлім болып өткен соңғы уақыттағы əдістерді қарастырып өтсек те арасында тіпті үлкен айырма бар екені айқындалып тұрады. 1907 жылға шейін қазақ арасында жазу таныту һəм жаздыру жолында ылғи ежіктеу əдісімен үйретіліп келді. Одан соң ноғай ағайыннан һəм қазақтың өзінен шыққан оқытушылар (мұғалімдер) арқылы Исмағұл бей Гаспринский бастап шығарған, басқа жаңашылдар қошеметтеген жаңа негіз (усул жəдид) мектебі қазақ арасында аздап көріне бастады. Бұл мектептің жазу таныту əдісі дауысты дыбыстармен жүргізу болды. Бұл жол жүріп келе жатқанда «дыбыс əдіс» деген бұрынғылардың бəрінен үстем, тəуір əдіс келіп шықты.
Бұл дыбыс – əдіс бойынша ең бірінші қазақ тілінде əліппе һəм нұсқау ретінде баяншы жазып шығарған Ахмет ағай Байтұрсынұлы болды. Қазірде де қолданып отырылған осы дыбыс əдісімен жазылған Ахмет əліппесі. Бұл əдістердің арасындағы қиындық, оңайлық түрлерін көрсетіп, сындарын жазып отырудың бұл уақытта қажеті де қалған жоқ. Жазу таныту һəм жаздыру жолындағы əдістің ең қолайлысы – соңғы дыбыс əдісі екенін оқытушылар түсініп жеткен. Ол турасында қолданып жүрген құралдары да бар. Менің осы жолы жазып отырғаным айтылып өтілгендердің бəрінен басқа «бүгін сөз əдісі» деген тəртіп. Бұл бүтін сөз əдісі біздің қазақ оқытушыларына жат көрінсе де мəдениетті орыс жолдастардың сауатсыздықты бітіру жолында қолдана бастағанына екі жылдан асып кетті. Бұл бүтін сөз əдісі өте-мөте үлкендерді оқытып, сауатсыздығын жоюға аса қолайлы, жақсы, жеңіл деп құрғақ мақтай берген сөзге көңіл тұрақтай қоймауы да мүмкін. Сондықтан бүтін сөз əдісімен оқытудың пайдалы жайындағы ғылыми дəлелдерді көрсетіп өтпекпін. Ғалымдар оқығанда кісі əр қаріпті көріп бара ма; бір қаріпке, бір сөзге бір сөйлемге оқығанда кететін уақыттар қанша; таныс сөзді оқу мен таныс емес сөзді оқудың арасында қаншалық айырма бар һəм бұлардан басқа да сұрауларға жауап іздеп, көп тəжірибелерді жасаған. Сол тəжірибелердің бірнешеуін алып қарағанда бүтін сөз əдісінің қажеттігі туады. Оқушының ауызының қозғалысымен бірге қозғаларлық ретте етіп, бір кішкене айнаны көздің сыртқы қабына орнатады, алдына бір үлкен айна қояды. Ғалым оқушы кісінің артында тұрып бақылау жасайды. Көздің қозғалыс ретін сызыққа түсіреді. Бүл тəжірибеден көздің бір орынға көп тоқталып тұрмай, зулап жүріп тұрғаны, оқыған жазудың жолымен дəл жүріп отырмай, ұстайтын орындарына аттап жүргені, бір жолға бірден бастап жетіге шейін ғана тоқтап өткені, оқылған сөз қаншалық қиын болса, соншалық көбірек тоқтап өткені, оқыған сөздің жартысынан бастап, бестен біріне шейін ғана бөгеліс етіп оқуы (дəлдеп көруі), ашығырақ айтқанда, бір жолда 20 сөз болса да бір-ақ қарағанда, яки жіті қарағанда көріп бітіреміз. Барлық оқылған сөздің 1/5-ін ғана анықтап, дəлдеп көреміз. 1/5-ін дəлдеп көрмесең де дұрыс оқып шығамыз деген сөз болады. Мұны ұғымдырақ етіп айтқанда, бір жүз бетті бір кітапты оқығанда біз соның 20 бетін дəлдеп көреміз, 80 бетін көрмей-ақ тура оқимыз деген сөз болады. Бұл сөз кісіні таңға қалдырады. Дəл көрмегенімізді қалай дұрыс оқимыз деген ойға түсіреді. Сондықтан мұның анықтамасын да қарастырып өту қажет. Бізде көздің құйрығымен қарау, қырындап көру, тұтасымен көру дегендер бар. Мұны əр кісі біледі десек те өтірікші
болмаспыз. Көздің шілтерінің ортасына дəл келгені өте айқын көріледі, ұғымда көп уақыт ұсталады. Көздің қырымен көрілген көмескі болады, ұғымда аз уақыт сақталады. Көздің қырымен көру сипаты адамның көру ауданын кеңейткен. Соның салдарынан біз дəлдеп қарамай, отырған орындағы нəрсені де көре аламыз. Жазудың қатесін түзетушілер (корректор) өзінің қарап отырған жолынан төмен 6-жолдағы қатені көруі болған. Көрудің бұл сипатын бұдан көрі де анықтау үшін Мейман деген ғалымның (профессордың) жасаған көзілдірігімен істелген тəжірибені көрсетіп өтуге болады. Мейманның көзілдірігін киіп оқыған кісі сөзді көзшілтерінің ортасымен ғана көретін болған, қырынан көру деген біржола жоғалған. Сол мейман көзілдірігімен оқыған кісі көп уақытта оқып отырған жолынан адасып қалып, жылдам оқудан бір жола айырылып отырған. Бұдан басқа да бірсыпыра Конның 0.001 (мыңнан бірін) қатесіз өлшеп көрсететін құралмен кісінің бір қаріпті оқуға, бір буынды оқуға, бір жеңіл сөйлемді оқуға кететін уақыттарды өлшеп те тəжірибелер істелген. Сол уақытта жеке бір қаріпті оқуға кеткен уақыт пен бір сөздің ішіндегі көп қаріпке кеткен уақыт, жеке бір сөзді оқуға кеткен уақыт пен 3-4 сөзді бір сөйлемге кеткен уақыт бірдей болып шыққан. Бұл тəжірибе бірнеше рет істелгенде бір қаріпті оқуға кеткен уақыт пен үш-төрт сөзді бір сөйлемді оқуға кеткен уақыт бірдей болып шыққаны аңғарылған. Ақылға салып қарағанда бұлай болып шығуы тіпті ұғымсыз, ғылымнан жырақ сияқты болып көрінеді. Ал енді таныстық дағдылану шарттарымен кісіге пайда болатын тездік сипатын көз алдымызға алып келіп қарасақ, таңырқарлық ешнəрсе қалмайды. Біз таныс болған бір сөйлемді тұтасынан көргенде, тұтасынан бір-ақ оқимыз. Сондықтан бір қаріпті оқуға кеткен уақыт пен бір сөйлемді оқуға кеткен уақыт бірдей-ақ болып қалады. Сөздің сыртқы түріне көздің таныстығы қаншалық жеңілдік беретінін осыдан топшылауға болады. Сөздің сыртқы түріне таныс болып əдеттенген көздің тездікпен оқуға жеңілдік беретінін анық білу үшін де ғалымдар бір түрлі бір санды қаріппен жазылған бірі таныс, екіншісі таныс емес сөзді оқытып, қайсысына қанша уақыт кеткенін, ол уақыттардың арасында қаншалық айырмалар болғанын, айырықша жасалған тəжірибе құралымен өлшеп байқаған. Сонда таныс сөз жылдам оқылып, жат сөз жай оқылғаны көрілген. Ондайлық өлшеу құралын өзіміздің қолымызда болмаса да сөзден мысал түсіріп қарайық: «Қобыланды батыр» деп бір қағазға жазылған, осы сөзді теріс айландырып «ыдналыбоқ рытаб» деп екінші қағазға жазылған. Оқыған кісі бірінші сөзді тез оқығанын, екінші сөзді бөгеліңкіреп оқығанын өзі де анық сезеді. Күнде оқып отырған «Қазақстан» деген сөзді бір қағазға жазып, оны теріс айландырып «натсқазақ» деген сөзді
екінші қағазға жазып, екеуін екі қолға ұстап, оқушыға кезекпе-кезек жалт еткізіп көрсетіп тұрсақ, бірінші дұрыс жазылған сөзді оқиды, екінші теріс жазылған сөзді көзін тоқтатпаса, оқи алмай сандалады. Екеуінің сөз қарпі, қаріптерінің саны бірдей, жалғыз-ақ бірінші сөздің сыртқы түрі көзге əбден таныс, екінші сөздің сыртқы түрі көзге жат. Сондықтан бірінші сөзді жылдам оқиды. Таныс сөйлемді кісі өте жылдам оқығандықтан ішіндегі қате жазылған қаріптерін де байқамай кетеді. Бұған əркім өзі мысал келтіре алады. Жə, енді ғылымның осы дəлелдерінен біз не білеміз? Жазуды жылдам оқу үшін көз жазулы сөздің сыртқы түріне таныс болуы керек екенін, оқығанда сөздің қаріптерінің əрбіреуіне жеке көзді тоқтатып отырмағы тұтасынан бір-ақ көріп, бір-ақ оқып жіберу қажет екенін білеміз. Біздің бұл уақытқа шейін қолданып келе жатқан дыбыс əдісі жоғарыда көрсетілген ғылым дəлелдеріне салғастырып қарасақ, өте қиындық ішінде жүргенімізді көреміз. Мысалы, «А», «О», «П», «Б» қаріптерін үйреткенде «А», «Ыр», «Пы», «Бы» деп үйретеміз. Осы үйреткен қаріптерімізден «Арба» деген сөзді қостырмақ болсақ, балалар ауыздарының əдеттенуі бойынша «Аырбыа» деп оқып азаптанады. Қалайша түзу оқытуды білмей, оқытушылар азаптанады. Дыбыс əдісімен əбден жаттықтырып, жазу танытып алған шəкірттеріміздің де жазуды оқығанда Мейман профессордың көзілдірігін киіп отырған кісіше əрбір жеке қаріпке көз тоқтатып, ежіктеп алып жинастырып қосып оқығанын көреміз. Бұл дыбыс əдісінің де осындай қиыншылық келтіріп жүргенін еске алып, байлау бергенде баяғы («əліпсүн əліп бигесекін əпжемұнжа əбжəдəлге секін əбхад» деп оқитын) ежіктеу əдісінің аз ғана алдында жүр деп айтуымызға ауызымыз барып қалады. Дыбыс əдісімен бір-бір жеке қаріптерге көзді тоқтатып үйретіп, балалардың көзін əдеттендіру Мейманның көзілдірігін зорлықпен кигізіп, көздің тұтас көру сипатын еріксіз жоғалтумен бірдей болып шығады. Бұған екінші түрлі етіп есептен мысал келтіріп қарайық: бір оқытушы шəкірттеріне санды ылғи бір-бірден санап, қостырып үйретті. Екінші оқытушы шəкірттеріне санды бір-бірден... төрт-төрттен... жеті-жетіден... сегіз-сегізден... қостырып үйретті. Бірінші жолмен есеп үйренген шəкіртке төртке бесті қосыңыз? (4+5) деп сұрау берсең: «төртке бірді қостым - бес, беске тағы бірді қостым - алты...» деп тоғызға шейін бармақтарын жұмып санап, шатылып отырады. Ал енді екінші жолмен есеп үйренген шəкіртке сол сұрауды берсең, бөгеліп тұрмастан «тоғыз» деген жауапты береді. Міне, осы сияқты дыбыс əдісімен қазып санап оқуға əдеттенген шəкірт бір сөздің ішіндегі барлық қаріптерге көз тоқтатып отырып, бір сөйлемді көп уақыт оқиды. Бүтін сөз əдісімен оқуға үйренген шəкірт таныс бір сөйлемді бір-ақ оқып жібереді.
Бүтін сөз əдісінің ұнамды екеніне жоғарыдағы жазылған ғылыми дəлелдер жеткілікті деп біліп, енді сол бүтін сөз əдісінің қалай етіліп оқытылуы жайында нұсқалап өтемін. Бүтін сөз əдісін қолданған кісі ең əуелден-ақ шəкіртке тұтас бір сөйлемді жазып оқытады, яки баспасөзден қаратып оқытады. Сол сөйлеуді бірнеше рет қайтарып оқытады. Шəкірттердің көзі сөйлеудің сыртқы түрімен тұтас таныс болып үйренген соң сөйлемнің ішіндегі сөздерді жеке-жеке айырып көрсетіп оқытады. Əр сөздің жеке түрімен көз танысып үйренгеннен кейін сөйлемнің ішіндегі жеке сөздердің орындарын ауыстырып қойып, екінші түрге айналдырып оқытады. Сөздердің жеке түрімен алдында танысқан шəкірт сөйлемді екінші түрге айналдырып қойып оқытқанда өздері танып оқи бастайды. Сонан кейін сөйлемнің соңғы түріндегі сөздерді тағы жекелеп көрсетіп оқытып өтеді. Сөйлемдегі əуелгі дұрыс қалпында һəм сөздерінің орнын айырбас-тап өзгертіп қойған қалыбында бірнеше рет оқытып, əбден танытқаннан кейін əр сөзді жеке алып, буындарға бөліп, буындарды жеке-жеке оқытып таныстырады. Сол сөйлемнің ішіндегі барлық сөзді буындарға айырып оқып һəм сол буындарды қайтадан қосып оқып дағдыланғаннан кейін барлық буындарын тізбектеп, жекелеп жазып қояды. Сол буындардың əрқайсысын жекелеп оқытып шығады. Көрсетілген буындармен əбден танысып, қатесіз оқи білгеннен кейін сол буындардан жаңа, жат сөздер жасап шығарады. Жаңадан жасалған жат сөздерді жеке-жеке оқып, танысып болған соң сол жаңа сөздерден құрастырып жаңа, жат сөйлем жасап шығарады. Жасалған жаңа сөйлемді бірнеше рет оқытып, əбден таныстырып танытады. Міне, осы рет сөйлемдерді оқытып, содан толық сөйлем жасайды. Сонымен басқыштап бірнеше сөйлемді оқытып үйреткеннен кейін үйренген сөйлемдерін құрастырып, шəкірттерді қызықтырарлық əңгімеге жол ашады. Ашылған жолдың ретімен əңгіме сөйлеп, шəкірттердің көңілін өсіріп, келесі сабаққа қызықтырып та қояды. Осы ретпен бірнеше күн оқытып, ілгері басқаннан кейін буындарды жеке қаріптерге айырып көрсете бастайды. Көрсетілген қаріптердің жеке аттарын айтып таныстырады. Сонымен барып өзіміздің тілдегі жиырма торт қаріпті тегіс тізіп шығарады. Қашан қаріптерден сөз құрастыруға кіріскенде дыбыс əдісіндегі жеке қаріптерден сөз құрастыру жолына түсіп кетпей, əуелі буындарын құрастырып алып, содан сөз жасап шығарады. Жеке қаріптерді айтқызып, сөз жасап шығарудың қиын екенін жоғарыда көрсетіп өттім. Бүтін сөз əдісін қолданғанда алынған сөйлем шəкірттердің құлағына бұрын көп естіліп жүрген, баспасөзге көп жазылып жүрген болсын. Ондай сөзді шəкірт газеттен, журналдан көп жолықтыратын болсын. Жаңа сөйлемдерді оқытқанда сол сөйлемнің ішінде де алдыңғы сабақтарда таныс болған сөздер келіп кіріп отыратын болсын.
Оқытылған сөйлемдердің ішінде бұрын таныс болып кеткен буындар көп жолығарлық һəм қазақ тіліндегі жиырма торт қаріп байқалмаған түрде тез уақыт тегіс оқылып өтерлік болу жағы көзде ұсталсын. Сөйлеуден сөйлем жасалып, онан əңгіме құралуға, алынған сөйлеулердің мəнілері жалғасып келерлік болу жағы ойдан шығарылмасын. Құрастырылмақ болған əңгіме шəкірттің тұрмыс өміріне, білім, тəрбие, шаруашылық, саясат жағынан жанасып, қызбалықты болып шығарлық мəні де болу жағы көз алдында ұсталсын. Шəкірттерге оқыту алғашқы уақытта қаріптердің дара (жеке) тұратын түрімен, яки баста жазылатын түрімен болсын. Келесіде бұл əдіске арналып жазылған əліппелер де осы көрсетілген тəртіпті көз алдына ұстап жазылуы оң. Дəйекшенің жайымен əуел бастан-ақ таныстырылып өтілсін (алдына дəйекші белгісі тұрған сөз жіңішке оқылады деп үйретіп қою сияқты). Бүтін сөз əдісімен оқытқанда қаріптің бір ғана түрі болуы өте қажет. Сондықтан жоғарғы қаріп жайында айтылған сөзді тілек ретінде жазып отырмын. Бүтін сөз əдісімен оқытқанда дəйекшімен əуелден таныстырып қоюдың аса қажеті бар. Шəкірттердің көзі танысқан бір түрлі буындармен əр түрлі сөздер жасап шығарған сияқты бір түрде болып жасалған сөзден жіңішке, жуан айтылуына қарай екі түрлі мағына шығаруға болады. Сол арасындағы айырма жалғыз ғана дəйекшіде тұрады. Осы жазылып өткен əдіске арнап бір мысал көрсетіп өтейін: «Кеңес өкіметі қазаққа теңдікті берген», «басқа өкімет қазаққа теңдікті берген жоқ». Бұл сөйлемнің сөздерін жекелеп алып оқытады; Кеңес өкіметі қазаққа теңдікті берген. Басқа – өкімет – қазаққа – теңдікті – берген – жоқ. Осылай ашалап таныстырғанда алдыңғы сөйлем мен соңғы айтылған сөйлемнің арасында қандай айырма бар екеніне шəкірттердің көңілін бөліп, басқа түрлі мағына шығарып тұрған сөзбен өте таныстырып өту керек. Көрсетілген сөздермен жеке-жеке танысып біткеннен кейін сөздердің орындарын ауыстырып қойып оқытып, екеуінен басқа тағы үшінші сөйлем жасап оқыту керек. «Қазаққа теңдікті берген кеңес өкіметі», «қазаққа теңдікті берген басқа өкімет жоқ». Бұлардың əр сөзін жеке буындарға айырып оқыту – ке - ңес, ө - кі - ме - ті, қа - зақ - қа, тең - дік - ті, бер - ген; бас - қа, ө - кі - мет, жоқ. Буындарды реттеп жазу:
о ө ке кі ме ты қа ңес зақ тең дік бер ген бас мет жоқ
Бұлайша тақталап бөліп жазудың арқасында шəкірттердің көзі бір қаріпті, екі қаріпті, үш қаріпті буындармен жекелеп таныса барады. Аяғында қаріптерді жекелеп көрсетуге барып жеткенде өте пайдалы болып шығады. Оқытушы солайша ашаланған буындардан құрастырып, төмендегі түрде жаңа-жаңа сөздер жасайды: қазақ, қазақты, қатаң, теңдік, кеңеске, кеңесті, кекеме, кеме, теке, текемет, текеметі, оты, өті, хаты, оқа, меке, мекеме, өкіметті, өкіметке, жоқты, жоққа, басты... Осы сияқты жаңа сөздерді жасап, əрқайсысын жеке оқытып, дағдыландырып, көздерін таныстырғаннан кейін сол сөздерден жаңа сөйлемдер құрастыруға кіріседі. «Оқа жоқ, текеметке теке бер, оқа берме» сияқты. Будан кейін оқытушы осы сөздерден мəнісі жалғас сөйлемдер құрастырып, əңгіме боларлық сөзге жол аша бастайды. «Бас өкімет кеңес, қазаққа кеңес теңдік берген; қазақ кеңеске тасты бер, кеме бер; қазақ кеңесті кекеме, бас мекеме кеңес; кеңес басқа өкіметке қатаң; қазақ басқа өкіметке, жоққа, текемет берме». Бұл құрастырылған сөйлемдердің қазақ еліне кеңес өкіметінің беpіп отырған саяси теңдігі жайынан əңгіме сөйлеуге, кеңестің құрылысы жайынан əңгіме сөйлеуге жол ашқаны айқын көрініп тұр. Оқытушы сөйлемді жеке сөзге айырғанда, жеке сөзді буындарға айырғанда айырып көрсететін сөйлемін ұзыншақ қағазға ірі қаріптермен жазып алып келіп, шəкірттердің алдында жеке сөздерге кесіп-кесіп тастауы керек. Жеке сөздерді де сол сияқты етіп жазып алып келіп, шəкірттердің алдында буындарға кесіп-кесіп тастауы керек. Сол кесілген буындардан шəкірттердің өзіне сөз құрастыруы керек. Шəкірттердің үйренген сөздерінен көп буындар кестіріп, сол буындардан үйлерінде жаңа сөз құрастырып, тігіп-тігіп алып келуге міндет беріп жіберу керек. Буындарды қаріптерге айырып үйреткеннен кейін де осы тəртіпті қолданып отыру керек. Осы көрсетілген тəртіппен шəкірттерді жазуды оқуға үйретумен қатар жаза білуге де қатар үйрете бару керек. Жазуды үйрету оқыған сөздерін көшіртіп жаздырумен басталады. Əрбір оқып шыққан сөздерін бірнеше рет көшіртіп жаздырады. Алғашқы уақытта оқытушы шəкірттерді əдемілеп жазуға қыстап азаптамасын. Жалғыз-ақ қағаздың дұрыс қойылуын, қаламының жақсы ұсталуын, жазудың оң жағынан басталып, түзу жазылуын қатты бақыласын. Осы кейінгі айтылғандар жақсы бақыланбаса, шəкірттің қолы жаман əдетке дағдыланып кетіп, артынан түзету жұмысы өте қиынға айланып кетеді. Содан барып жеке қаріптерді жаздыруға кіріскенде оқытушы жазудың жақсы, əдемі болу жағын да бақылауға кірісуі керек. Жазу таныту һəм жаздыру жайында менің берген нұсқауым əзірге
осы ғана. Əрбір жаңа жұмыс көп тəжірибенің, ысылудың арқасында ғана көркейіп ілгері баспақ. Бүтін сөз əдісі жайында қазақ тілінде бұл уақытқа шейін баспасөз майданына түскен əдебиет жоқ. Бүтін сөз əдісіне арналып жазылған əліппе де жоқ. Мен бұл мақаланы сауатсыздықпен күресетін қаһарман əскерлерімізге бір құрал болар деген үмітпен жазып отырмын. Мақала пайдаланатын уақытынан соңға қалмай басылсын деген мақсұтпен асығыс түрде жазылды. Жұмыстың қазақ əдебиетінде жаңалығын, мақаланың асығыс жазылғанын ойымда ұстап мен мақаламды кемшіліктен таза емес деп есептеймін. Бұл турада менің мақаламның кемшіліктерін көрсетіп, баспасөз майданында кеңірек жол ашқан талапкерлердің сөзін қуанышпен қарсы алып, өзімнің қолымнан келген көмекті көрсетуге дайын екенімді білдіріп өтемін. Тілек ретінде қаламы жүйрік, қайраты артық тəрбиеші, оқытушыларға осы бүтін сөз əдіс жолымен əліппе жазып шығарса екен деген өтінішті ұсынамын. Бұл орында Қазақстанның Қызылордадағы ғылым кіндігіне қойып өтетін бір сұрауым бар: Шет орында отырған оқытушылардың бəрі дерлік оқу құралдары, жолбасшы кітаптарды Қызылордадан күтіп отырады. Əр орында ол сияқты кітап бастыруға бытыранды жол ашылып кетуінен қауіп етеді. Өз беттерімен кітап жазып, Қазақстан ғылым кіндігінің сынына жіберейін деп ойласа да, жарамсыз болып қалады ғой деп қорқады. Міне, осы сияқты толқынған күмəнді ойға Қазақстан ғылым кіндігі ашық нұсқау берсе, жұмыстың беті ашылып қалар еді деп ойлаймын. М. Тұрғанбайұлы Қазақстан Білім комиссиясының 31 декабрь, 5 январь, 20 февральдағы мəжілістерінде қабылдаған пəн сөздері І. Жүсіпбек «Психологиясының» сөздері: Улитка Құлақ қошқар Сетчатка Сəуле түрі Лабиринт Құлақ иірімі, лаберент Кортиев орган Дыбыс тиегі, көрті мүшесі Тон Үн, тон Горчица Гаршес Артист Артес Антропология Адам табиғаты ғылымы, антропологие Физиономика Келбет ғылымы Агафия Тілсіздік ғылымы
Аграфия Жазуды ұмытып қалу Безсознательное мышление Санасыз ойлау Анализатор Саңлау мүшелері Дрожжи Ашытқы Энзим Ензім Оплодотворение Бала біту Туфельки Тупелки Половая железа Бел безі Ион Ион Алкогол Есірткіш Студень Ұймал Секреция Бездымы Нейрон Нейрон Нерв Нерв-жүйке Апперцепция Аперсепсие Совокупление Шағылысу Инфузорин Инпузор Психология Психология Метафизика Құрғақ даналық Субстанция Субстанса Эмперического Тəжірибелі Актуальная теория Амалдық қисын Биология Тірлік ғылымы Популярный Əйгілі Инстинкт Соқыр сезім Поведение Қылық Мимика Ым Пантомима Ымдасу Раздражение шіміркену Теория вероятности Болжал қиыс Атавизм Тегіне тарту Перстонка үлдірік ІІ. Денсаулық комиссариятының ұсынған пəн сөздері Свинка Шықшыт безшуі Рожа Тілме Крупп Баспа Гнилосное и гнойное заражение Ушығу Острый сочленовный (суставн) ревматизм Буын сарсығы Ревматизм Сарасық Цынга Құрқұлдақ Чума Шума Проказа Алапест Сибирская язва Күйдіргі, түйнеме, жамандату,топалаң Сап Маңқа Круппозная пневмония Өкпе қағындысы Англиская болезнь Ит тию Анемия Қан аздық Рак Қарасүйел, қылтамақ, жегі
Соркома Жаманжара Глисты Жыланқұрт Эхинококк Бауырқұрт Антинимикоз Антинимикоз Чесотка Қышыма Парша Таз Душевная болезнь Алмасу Ушибы Жарақат Рана Жара Отравление Улану Бугорчатка легких Көкірек ауру Гуммозный сифилис Мерез, сиплис Сифилис Сиплис Перелой, триппер Соз Лихорадка Безгек Комиссия ағасы: Ахмет. Хатшысы: Елдес. Мүшелері: Сейтəзім, Нəзипа. Мəжіліске шақырылып келгендер: Міржақып, Жүсіпбек Бірекешұлы
«ЖАС ТҮРКІСТАН» ЖУРНАЛЫ (1929–1939) «Жас Түркістан» журналы Парижде, Берлинде 1929–1939 жылдары жарық көрді. Басылым: «Біз, Түркістан тəуелсіздігін ту етушілер, еліміздің еркі жəне жұртымыз Түркістанның бостандығы үшін күресеміз!» деп өзінің күрескерлік бағытын жариялады. Журналдың бас редакторы – тұлабойы өз елінің азаттығы үшін күрескерлік рухқа толы алаштың азаматы Мұстафа Шоқай. Саяси қуғын-сүргінде жүріп шығарған «Жас Түркістан» журналы халықаралық деңгейдегі басылым болды деуге толық негіз бар. Бұл сөзімізді журналдың 1931 жылғы 25-санындағы: «Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түркияның белгілі жерлерінде ғана емес, соған қоса Иран, Ауғаныстан, Қытай, Жапония, Сирия, Арабстанда да оқырмандары бар. Жақында ғана біз Хижазда тұрушы жерлестерімізден де хат алдық. Ол хатта Еуропада өз ана тілімізде Түркістан ұлттық тəуелсіздігі міндеттеріне сай келген бір журналдың шығып тұрғандығына сүйініштерін жасыра алмаған. ... Москва, Тблиси сияқты үлкен совет орталықтары да «Жас Түркістан» абоненттері» – деген жазбалар айғақтайды. «Жас Түркістанда» Мұстафа Шоқай советтер еліндегі ұлт істері мен оларға қатысты идеология жұмыстарындағы кемшіліктерді батыл сынады. Өзінің отаршылдыққа қарсы антибольшевиктік күрескерлік мақалаларын жариялады. Халықаралық «Жас Түркістанда» шетел хабарлары мен олардың қоғамдық-саяси хəлдері кеңінен жазылды, совет режимінің отаршылдық ұстанымы мен халықаралық қатынасы талданды. Түркістан хабарлары да тұрақты беріліп тұрды. Жалпы, журнал мақалалары «Саяси бөлім», «Əдеби бөлім», «Хабарлар бөлімі», «Шет өлкелерде», «Кітабият» деген бөлімдерге топтастырылды.
Түркістанда Қазақстанның оқу-ағарту комиссариаты тарапынан мектепте оқыту туралы шығарған қарардың маңызды бір түйінін (7-тармағын) еш өзгеріссіз жариялаймыз: «Орыс тілі Қазақстанда мемлекет тілі; орыс тілі қазақ пролетариатына, қазақ жұмысшыларына басшылық жасап тұрған орыс пролетариатының тілі. Орыс тілі ғылым-техника саласында жер жүзіндегі ең бай тіл. Орыс тілі қазақ жұмысшыларының ең керекті тілі. Сол үшін орыс тілін білу Қазақстанның əрбір жұмысшысына міндетті. Осы жағдаймен қазақ мектебі оқушыларына орыс тілін жақсы үйретіп шығарған уақытта ғана совет мектебі бола алады. Орыс тілін жақсы үйреткенде ғана қызметшілерге болған мұқтаждығымызды қанағаттандырып, қоғамдық құрылыстың құралы бола алады. Сол себепті қазақ мектептерінің (ең кешіккенде бастауыш мектептердің 3-сыныбынан бастап) орыс тілі міндетті пəн болып оқытылып, маңызды орын алуы керек». «Еңбекші қазақ» газетасының 19-март 1930 жылғы санында басылған қарардың бұл түйіні орыс большевиктерінің ұлт, халық қалауымен пролетар мəдениетін жасаймыз деген шараларының іс жүзіндегі бетпердесін айпарадай ашып көрсетеді. Журналымыз қатталып жатқан тұста тілшімізден төмендегі хабар келді: «Соңғы уақыттарда Түркістанның əр жерінде маңызды оқиғалар орын алуда. Ұлттық тəуелсіздік əрекетінің күш алуы совет үкіметін састырып, ұлттық зиялыларға қарсы қатал шаралар қолдануға мəжбүр етуде. Атқарушы қызметтегі адамдардың кейбірі қашқан, кейбіреулері қамауға алынған. Түркістан базарларында азық-түлік табу қиындасқан. Кез-келген затты алмақ үшін арнайы комиссионнан берілетін талон қажет. Ал бұл талондармен керекті затты алу ине көзінен түйе өткізгендей қиын!...» Түркімендер арасында совет үкіметіне қарсы наразылық ұлғаюда. Колхоздарға халықты зорлап кіргізу нəтижесінде Иран шекарасына жақын жерлердегі түркімендерден қашып шығушылар көбеюде. Соңғы шамада 5-6 жүз құралды түркімен жігіттері Иран топырағына өткен. Жаңа түрік латын əліппесі (Түркістаннан арнайы хаттар) Май айының 6-күні Алма-Атада Совет Одағындағы түріктердің «Жаңа əліппе комитетінің» ІV сессия мəжілісі ашылды. Латын əліппесі төңірегінде болып өткен күшті күрестер өздеріңізге мəлім. Латын əліппесінің алғашқы нұсқаушысы болған патшалық Россия үкіметі ауылшаруашылық министрінің қызметкері болған əрі үкімет большевиктер қолына өткенде бір түнде коммунист болып, Советтік Россияның адал
қызметшісі қатарына кіріп алған азербайжандық Ағамғылыұлы еді. Латын əліппесіне ең күшті қарсылық көрсеткен қазақтар мен татарлар болды. Ең соңында бұл жерлерде де латыншылар жеңіске жетті. Латыншылдардың табысты болуына Түркияның латын əліппесіне көшу туралы қарарының үлкен əсері болды. Советтік Россиядағы түрік нəсілдері арасында латын əліппесінің түрлі үлгілері ұсынылды. «Сауаттылық» танытатын, көбінше сауатсыз «жауапты жұмысшылар» өзінің төңкеріс жақтаушысы екенін танытпақ үшін латын əліппесін жанын сала ұсынды. Əрбір «түрік ұлты» (1) өзіне жеке əліппе шығара бастады. Орталық «қарбаластанып», ешбір нəрсе «естімес» болып кетті. Өткен жылдың август айында советтік Россиядағы бүкіл түркілер үшін «ортақ əліппе» жайында декрет шықты. Бұл əуелгі əр ұлт үшін жеке əліппеге қарағанда алға қарай жылжыған тым жақсы қадам еді. Алма-Атада жиналған Советтік Россиядағы бүкіл түркілердің əліппе комитеті өкілдері Совет Орталығынан жаңа əліппенің қолданылуына берілген бұйрықтың барлық «ұлттық» Республикалар жағынан қабыл етілмегендігін жəне іске асырылмағанын көрсетті. Мысалы, латын əліппесін бірінші бастаған совет Азербайжаны ескі латын əліппесімен басылған көптеген əдебиет əрі мұралары болғанын алға тарта, ортақ əріптен бас тартады. Басқа «ұлттық» совет Республикалары жалпылық жағынан жаңа əліппені қабыл етті. Тек бас əріптер мəселесі жаңа əліппенің қабылдануына кедергі болып тұр. Советтік Қырғызстан қайраткерлері: «біз пролетарлар мемлекеті бізде ешбір жеке тұрар тап жоқ. Біз манаптарды бітірдік. Үкімет халық өкілі «батырақ», диқан жəне жұмысшылар қолында. Совет əліппесі де сондай болуы керек. Əліппенің бүкіл əріптері де «батырақтар». Мұнда ешбір «манап» – ерекше – əріп болмауға тиіс. Сондықтан біз бас əріптерге қарсымыз» сияқты жартылай шын, жартылай əзіл пікірлерімен жаңа əліппенің бас əріптер мəселесіне қарсылық танытты. Енді біраз Советтік Россиядағы түрік Республикаларында жаңа əліппенің шарт-жағдайы жайлы сөз қозғайық. Қазақстаннан бастасақ: Бірінші басқыш мектептер түгелдей жаңа əліппеге көшкен. 2 басқыш мектептер үшін жалғыз қоғамдық сабақтар ғана жаңа əліппеде басылған. Осы жылдың 4 октябрінде, яғни Қазақстан Советтік Республикасының он жылдық мерекесіне шейін Қазақстан халқының жүзден он бесін жаңа əліппемен сауаттандыруға тырысуда. Күнделікті баспасөзден «Қызыл əскер» газетасы, «Жаңа мектеп» жəне «Жаршы» журналдары, 1928 жылдан бастап «Əйел теңдігі», «Жаңа əдебиет», «Қызыл Қазақстан» журналдары осы жылдың февраль айынан бастап дерліктей жаңа əліппемен шығады. Май айының 5-нен бастап бүкіл қазақ газеталары 2 бетін латын əріптерімен теруге мəжбүр. 4 октябрьден бастап барлығы латын əріптеріне көшірілмек.
Өзбекстан латындастыру ісінде басқа Республикаларға қарағанда көп артта. Ол жердегі жаңа əліппемен сөйлейтіндердің саны 50 мың, яғни халықтың жүзде 12 пайызын ғана құрайды. Осы жылдың басынан бүкіл мектептер жаңа əліппеге ауысты. 1927 жылдан осы жылдың мартына дейін Өзбекстанда 3 миллион 140 мың таралыммен 520 түрлі материал басылған. Түркіменстан латындасуда ең алда тұрған Республикалардың бірі. Ондағы бүкіл күнделікті жəне басқа басылымдар көптен латын əрпінде шығады. Халықтың жүзде оны осы жаңа əлпбиді қолданады. Бүкіл мектептер жаңа əліпбимен оқытылады əрі 1887 мұғалім жаңа əліпбимен дайындалған. Қырғызстан осы жылдың июнінен бастап жаңа əліпбиге көшпек. Жаңа əліппемен 91,537 сауатты кісі бар (жалпы қауымның жүзден он үші). Жаңа əліппеде оқыта білетін 2.8145 мұғалім əзірленген. Қырғызстанда бір ғана қолбайлау болса, ол да ондағылардың бас əріп мəселесіндегі қарсылықтар (қырғыз жауапты қызметкерлері бас əріпке «манап қаріп» дейді). Тəжікстан бұл тұрғыдан ең артта қалған. Мəжілісте Тəжікстанның жаңа əліппені жүзеге асыруындағы жетістіктері көрсетілмейді. Тек Тəжікстанның да басқа бауырлас Республикаларды қуып жетуі хақында үміттер айтылған. Татарстан осы жылдың басында жаңа əліппеге көшті. Басында айтылғандай татарлар латын əліппесіне көшуге күшті қарсылықтар көрсетті. Алайда соңында бəрібір қабылдауға мəжбүр болды. Қысқа ғана уақыт аралығында зор жетістіктерге жетті. Татарстандағы жаңа əліппемен сауаттылардың саны 276 мыңға жеткен. Барлық баспасөз латын əріптерінде. Башқұртстан ағымдағы жылдың июль айынан бастап латын əріптеріне көшпекші. Барлық мектептер латындасқан. Жаңа əліппемен əзірленген мұғалімдердің саны 2.025ге жеткен. Қырым латындастыру ісінде ең алда тұрған совет Республикаларының бірі. Жұртшылық қауымның жүзде отызы жаңа əліпбимен сауаттанған. Үш журнал, екі газета жаңа əріптермен шығады. Латындастыру əрекетін бұрын бастаған Азербайжан бұл жолда көп табыстарға қол жеткізді. Мұндағы бірлескен əліппе мен бас əріптер мəселесіне қарсылық көрсетіліп тұрады. Халықтың жүзде 24 пайызы яғни 581 175 кісі жаңа əріптермен сауатты. Латын əліппесі қабылданған уақыттан 1929 жылдың октябрь айына дейін Азербайжанда 3 миллион 445 мың 700 таралыммен түрлі баспасөз басылған. Гүржістан, Армения түрік қауымдары да түгелдей жаңа əліппеге көшті. Аткелтір
1 Москва үкіметі əрі кейбір орыс «ғалымдары» түріктерді бір-бірінен бүтіндей айырып, боршаламақшы жəне мұндай «төңкерістік жолмен» орыстандырмақшы болады. Сол үшін əр түрік тұқымын «ұлт» деп атауға тырысады. Басқарма
Өзбекстанда өзбек тілі Орта Азия оқу ордасы тұрғылықты тілді үйрету ісінің ең алда тұрған əрі ең баса жүктелген жері. Бұл оқу ордасын бітірген əрбір еуропалық (орыс) жергілікті тілді жақсы меңгерді деп куəнама алады жəне жауапты орындарға тағайындалады. Сондықтан мұнда өзбекше қандай əрі қай дəрежеде үйретілгенін білу əркімді де қызықтырса керек. «Права Востока» газетасы бұл жайлы 5 май нөмерінде төмендегілерді жазады: оқу орнында өзбек тілін үйрену үшін 48 (қырық сегіз) сағат қана бөлінген. Бір орыс агрономы бұл 48 сағаттық өзбек тілі курсын тыңдағаннан кейін осы тілді меңгергені туралы куəнама алған. Əрі Тəжікстанға жауапты іс атқарушы болып тағайындалған. Бұл арада айта кетерлігі – Тəжікстанға баратын іс жүргізушіден тəжік тілін білу де талап етілер еді. Агроном тағайындалған жұмыс орнына келіп, тəжік диқандарға ауылшаруашылық серіктік туралы насихатын жасай бастады. Ол қоразды түсіндірмекші болады. Бірақ тіл білетін мырза құрғыр өзбекше де қалай түсіндірерін білмей дал болды. Ары ойлап, бері ойлап «қо-қо-қо» деп шақырып жіберді. Ол осысымен халыққа қоразды түсіндірген болды. Артық «құрметке лайық» агрономның шаруасы есекке келгенде қалай түсіндіргенін оқырмандардың өздері де білген болар. Қазақтар арасында жергіліктендіру Бүкіл Түркістан газеталары «барлық күштер жергіліктендіру ісіне аударылған» деп жазады. Орта Азия Бюросы осылай деп айғайға аттан салғанындай жаңа тəубесіне келген Анғам да «жергіліктендірудің жақсы жүріп жатқандығынан», оның көп «табыстарынан» сүйсіне отырып сөйледі. Бұл «табыстардан» біреуін біз жоғарыда ғана жазып өткен Орта Азия оқу ордасындағы өзбек тілін үйрену мысалынан көрген едік. Ол жерде өзбек тілі орнына қораздың шақырғаны, есектің ақырғаны үйретіледі. Бұл оқу орнының жұмысына емес, хайуанат бақшасына көбірек ұқсайды. Мінеки, сізге Түркістанның қазақтары ішіндегі хал: бұл жерде осы кезге дейін есектің аңыраған дауыстары естілмеген болса да іс жаман жағдайда. Осы жылдың 21 январында Қазақстан Атқару Комитеті барлық комиссарларға бірінші майға дейін «жергіліктендіру» мəселесі үшін дайындық көрулерін бұйырған. Бұл дайындық жоспары бүкіл мекемелерде орыстарға қазақ тілінде іс жүргізуді үйретумен əрі қазақтарды əзірлеу курсын ашумен ғана шектелген еді. Нақты қолданыста аталған реформаның басында оқу-ағарту комиссарлығы тұру керек еді.
Керісінше, тексеру нəтижесінде оқу комиссарлығының қызметкерлері қазақша жүргізуді қажет деп таппаған. Оқу комиссартиатындағы жағдай бұлай болғанда басқа комиссарлықтан ауыз ашу тіптен қиын. Сауда комиссарлығы өзінің жергіліктендіруден ешбір шаруасы болмағандығын білдірген. Қазына комиссарлығы да жазу машинасы мен машина терімшілері жоқтығы тасасына жасырынып отыр. Денсаулық сақтау комиссариаты да жергіліктендіруге ешбір мəн де, маңыз да бермегені сияқты ауылшаруашылық комиссариаты да көшпелі, жартылай көшпелі шаруаларды орналастыру сияқты маңызды іспен болып, мұндай майда-шүйде, ұсақ-түйек істермен айналысуға мұршасы болмағанын айтады. Осылармен ұлттықтандыру майданында ештеңе де атқарылған жоқ десек, жөнсіздік жасаған боламыз. Сондықтан да осы саладағы бірқанша «табыстарды» төменде санап өтпекші боламын. Қазақстан еңбекшілер одағы (Profsoіuz) биыл декабрь айында одақ мекемесін тазалаушы əйел орнын жергіліктендіруге бұйрық берген. Қазақстан почта жұмысшылары одағы февральдан бастап хат-хабар тасушы əрі төрт тазалаушылар орнын жергіліктендіруді іске асырды. Ауылшаруашылық комиссарлығы 2 қарауыл мен 7 атбағар қазаққа жер беруге шешім шығарған. Қазақстан жол серіктігі бірінші октябрьден бір қазақ қызметшісі мен 1931 жылы январьда бір қазақша машина терімшісін алуға уəде еткен. Денсаулық сақтау комиссарлығы 3 қазақ малайына жер беруге мақұл болған. Міне, бұлар Москваның сатқын агенттері тілінде «Қазақстанды жергіліктендіру», «Еңбекші қазақ» газетасының тілінде «қазақтандырмайды, азаптандырады» деп аталады. Түркістан хабарлары ІІІ. Ұлттық баспа жəне баспасөз жайлы Түркістан газеталарында өте қызық мағлұматтар беріледі. 1929 жылы жəне осы жылдың өткен алты айы ішінде Советер Орта Азиясында (Түркістанның қазақтар бөлігінен басқасы) жалпы 1047 кітап таратылған. Бұл баспа өнімінің барлығы 9 миллион 234 мың нұсқа. Өкінішке орай, бұл мəліметті алған «Правда Востока» газетасы (14 июль) бұл баспа өнімінің қай тілдерде шыққаны жайлы ақпарат жазбаған. Орта Азияда жалпы 46 газета шығады. Бұлардың 12-сі орысша. 31 ұлттық газетаның жалпы таралымы 396700 нұсқа. Журнал, оқушылар баспа өнімі 71 дана (28-і орысша), таралымы 221 мың.
Əрине, аталған барлық баспа өнімдер тек тілі тұрғысынан ғана ұлттық нақышын қарастыруға болады. Рухы, мазмұны жағынан түркістандықтардың ұлттық рух, мұқтаж жəне тілектерін көрсетуден көп алшақ жатыр. Енді бір сəт бұл баспасөздердің басында кімдер тұрғанына зейін аударайық. 76 ұлттық баспасөз (журнал, газета т.б.) басында 33 (отыз үш) редактор бар. Өзбекстанда бір кісі екі-үш баспасөздің бас редакторы мен бірнешеуінің редакциялық алқа ағзасы болса, Түркіменстанда бір адам 5 баспасөздің басында отыр. Бір газета жəне журналдың жалғыз бір адам жағынан жазылуы сияқты ғажайып оқиғаны «Правда Востока» газетасы өзі жазады. Бұл да ештеңе емес. Редакторсыз тек аудармашылардың жəрдемімен шығарылып жатқан 20 дан артық «ұлттық баспасөз» бар екен. Аталған 33 совет «ұлттық» баспасөзі редакторларының білім дəрежесі төмендегідей көрсетіледі: 6 кісі жоғары партия курстарын бітірген, 4 кісі журналистер курсынан шыққан, қалғандары орта жəне бастауыш совет мектептерін тамамдағандар. 76 баспасөзге 36 редактор. Бұл да маңызды бір нəрсе! Сіз редактор қатысуынсыз, тек аударма жолымен шығарылып жатқан артық ұлттық баспасөзді көріңіз. Бұл Түркістандағы совет ұлттық саясатының əрі совет «ұлттық» республикаларының өте жақсы бір фотографиясы. Большевиктер жалданған тілмаштар əдісі арқылы Түркістанда орыс пролетары диктатурасын жүргізу үшін неліктен жалған тілмаштар көмегімен «ұлттық баспасөз» шығара алмасын? Бұл «ұлттық баспасөз» де əдеттегі «ұлттық республикалардан» аумайды. Түркістанда ұлттықтандыру мəселесі Кейінгі айларда Түркістаннан келген большевик баспасөзі бүгінгі Түркістан билігінің ұлттықтандырылған-ұлттықтандырылмағаны туралы есептер мен мақалалар жазуда. Бұл газеталар Түркістанда «ұлттықтандыру» саясатының 20 пайыздан артық еместігі мəселесінде бір ауызды. Мысалы, Орта Азия бюросы мен коммунист партиясының баспасөз органы «Правда Востока» газетасының (№ 204) 3 бетінде «Ленин ұлттық саясаты лайықты жүргізілмей жатыр» тақырыбымен бірнеше оқиғаларды жазуда. Мен бұлардан бір-екеуін көшіріп жазбақшымын: «Ленин» аты берілген Ташкенттің бір ауданында ұлттықтандыру мəселесінің талқысына бүкіл мекеме өкілдерінің қатысуында бір мəжіліс шақырылған. 15 мекеменің тек 5-нен ғана өкілдер келген. Келгендердің ішінде жол басқармасының өкілі болған Востров:
– Бізге жергілікті тілді үйрену керек емес. Керек болса тілмаштар арқылы іс жүргізе аламыз. Орыс жұмысшылардың жергілікті тілді үйренулері үшін біздің басқарма бюджетінде қаржы қарастырылмаған. Міне, мұны айтқан адам Түркістан жолдарының, яғни күре тамырларының басқармасынан келген бір мұжық баласы. Мəжілісте орыстарға тіл үйрету мəселесі де қарастырылды. Ал, бірақ бұған жоғарыдағы мұжық «Бюджетімізде қаржы жоқ!» деп жауап берді. Осыдан да байқалатыны – Түркістанда ұлттықтандыру саясатының жүрілуі іс басына түркілерді əкелумен емес, орыстардың жергілікті тілді үйреніп, билік басында үкімдік етуінен тұрады. Ал ұлттықтандыру саясатының мағынасы, керісінше, барлық басқарма мен іс орындарынң басында жергілікті түркілердің болуы. Ұлттықтандыру саясатының қалай атқарылғанын аталған «Правда Востока» газетасы төмендегі есеппен өлшем жасайды: бүкіл Түркістан аумағында ұлттықтандыру 20–30 пайыздан аспайды. Қаржылық органдарға бұл есеп тіпті көптік етеді. Себебі бұл қаржылық мекемелер һəм майлы һəм қаймақты болып, елдің күре тамырлары саналды. Мектептердегі оқушы есебі де сол қалып. Мысалы, «Көшкиде» төрт мектеп бар. Мектептердегі жалпы оқушы саны 490 болса, бұлардың тек 27-і ғана түркістандық, қалғандары орыстар (сол газета). Сізге тағы бір мысал: бір түркістандық Бəһбуди (бұрынғы Қарши) қаласының кооперативі есігінде кезек күтіп тұрғанда соңындағы орыс ілгері өтпек болып, алдындағы түркістандықты итеріп жіберді. Намысын таптатқысы келмеген түрік ақысын жібермеген. Зорлық жасаған орыс ашуланып, төбелесе бастаған. Бұл жанжалды көрген бір орыс əйелі ондағы орыстарға: – Əй, орыстар, өзбектер бір орысты ұруда, – деп бақырған. Орыстар жиылып түркістандық жұмысшыны ұрып өлтірген. Мұны Түркістан газетасы емес, орыс газетасының өзі жазды. Мəселенің басқа жағы жоқ! Бұл өлімге себеп – тағы ұлт мəселесі. Өзін Түркістан қожайыны деп санаған бұл орыс бір түркістандықтың өзінен ілгері тұрғанын қабылдай алмаған. Өкінішке орай, бұл орыс коммунист партиясының ең сенімді адамы һəм Баһбуди (Қарши) жұмысшылар одағының мүшесі. Ленин орыс емес ұлттардың теңдігі үшін əйгілі ұлт мəселесін ортаға қойды. Осы саясатқа «Бес жылдық жоспардай» маңыз берді. Нəтиже жоғарыдағы оқиғада болғаны сияқты тағы да орыстардың үстемдігімен аяқталды. Осы жағдайда мұның ішінде бір сыр бар. Коммунист партиясының ұлттықтандыру саясатының нəтижесі болған бірлестіру саясаты Түркістанның бүгінгі күйінде орындалар ма? Егер орындалса, қандай
түрде болмақ? Орыстардың жергілікті тілді үйренулерімен бе, жоқ əлде, орысша һəм түрікше тіл қолданумен бе? Тап қазіргі ретпен ұлттықтандыру саясаты Түркістанда жүзеге аспас. Себебі Түркістанның күре тамырлары орыстардың қолында буылуда. Орыстар жағынан тағайындалған, яғни іс басына келген кейбір түркістандықтардың əсері аз, тіпті еш жоқ дерлік дəрежеде. Ол орыстың айтқанындай Түркістанның бүгінгі қожайыны – тек орыстар. Олар тарапынан бір жергілікті түрік өлтірсе, ұрылса мұның еш құны жоқ. Орыстар жергілікті тілді үйренбек емес. Себебі «аударма арқылы жұмысымызды жүргіземіз» деген бір орыс түсінігі бар. Біздің қорытындымызша, Түркістанның бүгінгі билеу формасы өзгермейінше, ұлттықтандыру мəселесі орыс тілінің үстемдігімен нəтижеленеді. Себебі Түркістанның күре тамырлары болған қаржылық басқармалар орыс мұжығының диктатурасы қолында буылуда. Ұлт мəселесінің нəтижесі болған жергіліктендіру саясаты Түркістандағы орыс жалмауыздарының үкімдігінде емес, түркістандықтардың толыққанды тəуелсіз жəне өз диктатурасы болған билік түрінде ғана жеміс береді. Əйтпесе «құрғақ сөз құлаққа жақпас» дегендейін ұлттықтандыру саясаты бос көпірме сөз болып қала бермек. Иілтер Түркістан хабарлары «Орысша білетін кісі істесін» «Ташкенттегі Октябрь аудандық халықты азықпен қамтамсыз етушілер одағы мекемесінде» төменнен жоғарыға көтерілген Мұхаммед Шарифқызы (дұрысында, Мəме Шариповқа деп жазылған) жұмыс ыңғайын үйреніп жатыр. Шəрипфқызы наубайхана зауыт жұмысшыларын қамдау турасында Орталық халықты азықпен қамтамсыз етушілер одағы мекемесінің секциясына шығып еді. Секция бастығы Крылова: «Мен өзбекшені білмеймін, аудармашы да таба алмаймын, Ескіқаладан аудармашы алып шығыңыз яки орысша білетін кісі істеуі қажет» деп жөнсіз жауаппен шығарып салды. Бұрынғы Ескіқала наубайханаларында, асханаларында істеушілер тұрғылықтылар болғандықтан орталық азықпен қамту мекемесімен байланыс жасай алмайды. Жұмысшылар істі өзбек тілінде жүргізуді талап етеді». Иілтер
Тіл мəселесіне қатысты құжаттар №4 Петиция от участников Куяндинской ярмарки председателю комитета министров об угнетенном состоянии казахов Каркаралинский у. Семипалатинской обл. 26 июня 1905 г. В настоящее время, когда вся Россия заявляет о необходимости полного переустройства своей жизни, киргизские степи, связанные судьбою с Россией, не могут оставаться безучастными к переживаемым ею событиям и не заявлять о своих назревших нуждах. Благодаря обрусительной политике киргизы в последнее время настолько стеснены в своих религиозно-духовных делах, что они не могут сделать шага без разрешения администрации. Право давать или не давать разрешения на постройку мечетей, на открытие мусульманских школ, на паломничество в Мекку и прочее законом представлено администрации. Но с каким трудом на практике даются эти разрешения, как часто ходатайства о постройке мечетей, об открытии медресе и мектебе оставались без ответа. Трудно перечислить все те стеснения, которым подвергались в последнее время религиознодуховные дела киргиз. Очень тяжело отзываются последствия подобных насильственных действий администрации в сфере религиозной мысли народной массы, которая не может индифферентно относиться к вопросам веры и совести. Не считаясь ни с интересами народа, ни с его историческими нравами, преследуя лишь одну обрусительную политику, местная администрация стремится к уничтожению всего того, что стоит на пути этой политики. Администрация упустила совсем из виду, что киргизские степи не завоеваны, а добровольно перешли в подданство России. Киргизы приняли русское подданство в видах внешней защиты, не предполагая какого-либо вмешательства во внутренние дела, в насильственном же вторжении государства в сферу религиозных дел киргизы видят явное посягательство на их веру и относятся с недоверием к действиям правительства вообще и к открываемым им школам в частности. Таким образом, плохо понятная и неуместная обрусительная политика, запрещая мусульманские школы и не завоевав доверия народа к русским школам, принесла только вред, задерживая развитие духовной силы народа. Насколько обрусительная политика вредна культурному развитию киргизского края, настолько существующий порядок обезземеления киргиз вреден для их благосостояния. Экономическое положение киргиз в степи таково, что степь кормит скот, а скот кормит киргиз. Где скот сыт, там и киргиз сыт; где земля богата кормом, там и киргизы богаты.
Считая землю своей собственностью, приобретенною кровью отцов, занявших степь после кровавых продолжительных столкновений с калмыками, киргизы при вступлении в русское подданство не подумали, что государство позволит себе посягнуть на народную собственность, а между тем русское правительство создало законы, по которым без всякой мотивировки, просто по праву сильного, все киргизские земли признаются государственною собственностью: последствием чего создалось переселенческое движение в киргизские степи, и самые лучшие участки земли отошли к переселенцам, а худшие остались за киргизами. Естественно, такая качественная и количественная убыль земли не могла не отразиться на благосостоянии киргиз – скотоводов; заметное в последнее время обеднение населения объясняется именно насильственным отбиранием лучшей земли, без всякого за то вознаграждения и с явным ущербом хозяйству коренного населения. Говоря короче, введение в стране Степного положения, созданного бюрократическим путем, без всякого соображения с истинными потребностями населения, неуважение к закону со стороны администрации, ставящей на место закона свое усмотрение, полное пренебрежение к правам личности и к чувству человеческого достоинства, административное насилие, вторгающееся во все стороны жизни, пренебрежение к духовным и экономическим интересам, искусственно поддерживаемое невежество народной массы – все это привело население к обеднению и его культурное развитие к застою. Для приведения и предоставления народу возможности поднять свое экономическое положение необходимо устранение нижеследующих недостатков нынешнего управления Киргизским краем и принятие соответствующих современным условиям жизни населения мер. 1. По действующему Степному положению от 25 марта 1891 г. духовные дела киргиз находятся в введении Министерства внутренних дел. Местная администрация за последнее время приняла ряд репрессивных мер, например, в 1903 г. были произведены обыски у известных киргиз в Петропавловском, Кокчетавском, Павлодарском и Семипалатинском у, и при этом были арестованы библиотеки, до сих пор не возвращенные хозяевам их. Причем киргизы Кокчетавского у. Наурузбай Таласов и Шаймерден Кочегулов были административно высланы, первый – в Енисейскую губ., второй – в Якутскую обл. за религиозные убеждения. По 99 ст. Степного положения на открытие медресе (школ) и постройку мечетей требуется разрешение Степного генерал-губернатора. Между тем, не только не разрешается открытие новых школ и постройка мечетей, но администрация закрыла существующие школы при мечетях в гг. Семипалатинске и Кокчетаве. По этому же Степному положению ведение метрических книг находится в руках аульного (сельского старосты) почти всегда безграмотного.
При получении заграничного паспорта крестьянские начальники задерживают за недоимки, остающиеся за обществом и волостью. Ввиду изложенного необходимы свобода совести, свобода вероисповедания, организация особого для киргиз Степного края выборного духовного управления независимо от ведомств, установление явочного порядка постройки школ и мечетей и отмена цензуры на духовные книги на киргизском, татарском и арабском языках, передача метрических записей в органы духовного управления и установление законного порядка выдачи заграничных паспортов. 2. С 1902 г. в Степном крае открыты так называемые аульные школы для киргизских мальчиков. В этих школах преподавание ведется на киргизском языке, киргизы просили, чтобы в означенных школах преподавалась также киргизская грамота, но в этом им было отказано. В школах этих учат киргизских детей писать киргизские слова русскими буквами, которые не передают киргизской фонетики. Отказ в ходатайстве иметь учителя для преподавания киргизской грамоты и введение русского алфавита в киргизское письмо киргизы поняли в том смысле, что аульные школы преследуют не цели просвещения, а чего-то неизвестного, и вследствие этого они отказались отдавать своих детей в эти школы. Первый комплект учеников в аульные школы набирался под давлением административных властей из детей бедных киргиз или из сирот, родственникам которых общество отпускало особую сумму, т. е. учеников в аульные школы нанимали. С начала 1880-х гг. во всех городах Степного края существовали интернаты для киргизских детей, где при среднем комплекте на интернат 30 человек жили 300 человек, которые учились в приходских и городских училищах. В 1890 г. интернаты были преобразованы в сельскохозяйственные школы, в которых не было и до сих пор нет никакой потребности в степи. Несмотря на 15-летнее существование сельскохозяйственных школ из них не вышел ни один сельский хозяин и ни один профессиональный работник по сельскому хозяйству. Как ученики сельскохозяйственных школ, так [и] ученики бывших интернатов составили контингент интеллигентных киргиз, в чем нельзя не видеть потребности в киргизской степи в общем, а не профессиональном образовании. С 1890 г. упразднен киргизский пансион при Омской гимназии, в котором воспитывались 25 человек. Немногие киргизы, получившие высшее образование, воспитанники этого пансиона. Ученики упомянутых интернатов и сельскохозяйственных школ продолжали свое образование в Омской центральнофельдшерской и ветеринарных школах. Киргизские дети с закрытием гимназического пансиона потеряли возможность поступить в гимназию, следовательно, получать высшее образование. Местная администрация, в распоряжении которой находятся
киргизские стипендии, находит возможным выдавать эти стипендии не киргизским детям, а детям других сословий. Между тем, спрос со стороны киргизского населения на образование огромный, о чем свидетельствует масса киргизских детей, обучающихся в городских училищах на свои средства, несмотря на обременительность этого расхода для киргизского скотоводческого хозяйства. Ввиду изложенного необходима правильная постановка просветительного дела в киргизской степи, для чего нужны: допущение в аульных школах преподавания киргизской грамоты, преподавание в этих школах на языке детей и обязательное изучение государственного языка, восстановление упраздненных интернатов и пансиона при Омской гимназии, а также открытие пансиона для киргизских детей при Семипалатинской гимназии, увеличение числа существующих стипендий для поступления в профессиональные школы и в высшие учебные заведения. Для немедленного удовлетворения вышенамеченных просветительных нужд мог бы служить земский капитал киргиз Семипалатинской обл., достигший 80 000 руб. и находящийся в распоряжении местной администрации, которая беспроцентно ссужает этим капиталом третьих лиц, например, выдана беспроцентно ссуда в размере 47 000 руб. на 23 с половиной года на постройку дома для военного губернатора Акмолинской обл. 3. Для выяснения текущих нужд киргизского народа необходимо издание газет на киргизском языке, для чего требуется установление явочного порядка на издание газет без предварительной цензуры и на открытие типографии. За последние 15 лет происходит колонизация Степного края. С каждым годом земли, находящиеся в пользовании киргизов, уменьшаются. Скотоводческое хозяйство по существу своему не может быть экстенсивным и требует обширных пастбищ для своего существования. Под переселенческие участки отнимаются лучшие угодья и пресноводные источники, поэтому необходимо признать земли, занимаемые киргизами, их собственностью. Управление Государственными имуществами в Степном крае производит отмежевание дач, единственного владения казны, при этом киргиз выселяют из их прадедовских зимовок. Ввиду этого необходимо, чтобы киргизы не выселялись при отмежевании указанных дач, и оставлялась защитная полоса, ширина которой должна быть определена при участии киргиз. 6. Действующее Степное положение не соответствует современным условиям киргизской жизни. Не вдаваясь в подробности, можно указать на ст. 120 Степного положения, по которому земли признаются находящимися в общественном пользовании, между тем зимние пастбища, называемые «кыстау», служат предметом дара или продажи по
желанию единоличного хозяина или нескольких кибитковладельцев, поэтому необходимо изменение Степного положения при участии депутатов из киргиз, без чего оно будет безжизненно. В волостных канцеляриях делопроизводство ведется на русском языке. Вследствие отсутствия контроля со стороны населения, последнее служит предметом эксплуатации писаря волостного управителя (волостного старшины). По особому распоряжению Степного генерал-губернатора приговоры и решения на чрезвычайных съездах народных судей пишутся на русском языке, что ведет к необычайному злоупотреблению писаря, вследствие отсутствия контроля судей и сторон. По штату действующего Степного положения полагаются переводчики киргизского языка в уездах и областях правления. Между тем, местная администрация должность переводчика замещает русскими чиновниками, не знающими киргизской грамоты, иногда языка, прибегая в случае надобности к услугам третьих лиц. Иные крестьянские начальники не принимают прошения на киргизском языке, что заставляет киргиз обращаться к подпольным адвокатам без всякой пользы для своего дела. В интересах киргиз необходимы: введение делопроизводства в волостных канцеляриях и в народных судах на киргизском языке, замещение должности переводчиков людьми, знающими киргизский язык и грамоту, восстановление нарушенных прав киргиз подавать прошения на своем родном языке. Необходимым условием правильного отправления правосудия является знание судом языка народа, которому он служит. Между тем, в киргизской степи служат судьями и следователями русские, не знающие язык народа, а киргизы-юристы почему-то не назначаются в уезды с киргизским населением, отчего страдает дело правосудия в Степном крае. Поэтому необходимо, чтобы судьи знали киргизский язык и чтобы был введен суд присяжных в киргизской степи. В 1902 г. в Степном крае стал действовать институт крестьянских начальников, которые, не принося никакой пользы населению, увеличили число чиновников. Вместо одного уездного начальника на уезд стало их четверо, отчего увеличились административные стеснения населения. В 1905 г. обещан также институт урядников, в услугах которых степь никогда не нуждалась и не нуждается. Ввиду этого необходима отмена институтов крестьянских начальников и урядников. На основании 17 ст. Степного положения Степной генерал-губернатор имеет право высылать киргиз в административном порядке. Так как от применения означенной статьи пострадала масса невиновных лиц, то в интересах законности и права необходима отмена этой статьи с установлением законной ответственности за преступление перед судом.
11. Высочайшим Рескриптом 18 февраля текущего года» царь наш с высоты Престола возвестил, что он созывает «достойнейших доверием народа облеченных людей» в русское законодательное собрание. Для защиты интересов и прав киргизского народа необходимо участие его депутатов в означенном законодательном собрании. Подлинная за подписями 12 767 лиц. ЦГА РК. Ф.И-64. Оп.1. Д.2053. JІ.[ 10-14]. №5 Прошение казахов министру внутренних дел об утверждении петиции, расширяющей их права [Семипалатинская обл.]
[Не ранее 26 июня 1905 г.] Вследствие Высочайших Указов имеем честь покорнейше просить Ваше Высокопревосходительство об утверждении нижеследующей нашей петиции в законодательном порядке. Содержание петиции: Народ киргиз назвался бы, т. е. именовался мусульман – киргиз, с освобождением от воинской повинности. Киргиз подчинить Оренбургскому духовному собранию 13, как это было до 1868 г. со всеми его правилами и с прибавлением ныне просимых казанскими мусульманами правил. Разрешить киргизскому народу сооружение мечетей, медресе, свободное отправление богослужения с преподаванием в медресе арабского, персидского и турецкого языков и сооружений среди киргиз типографий для издания газеты и книг. Начальники над киргизским народом знали бы киргизский язык. Назначение и устранение совершилось бы по выбору представителей общества киргиз. Вместо нынешних крестьянских начальников были бы мировые посредники. На эту должность назначить из киргиз с достаточным образованием. Все делопроизводство велось бы на киргизском диалекте, а также все писаря и стражники, рассыльные назначались бы исключительно из киргиз. 6. Волостные управители, народные судьи, аульные старшины и выборные выбирались [бы] по ныне существующему правилу. Эти должностные лица должны быть грамотными и при вступлении в отправление своих обязанностей должны быть присягаямы во избежание
злоупотреблений: удаление от должности их зависело бы по большинству голосов населения. 7. Участковые мировые судьи в киргизском населении знали бы киргизский язык. Следствие было бы без переводчика. 8. Во время производства следствия со стороны обвиняемого участвовал бы его защитник. 9. При окружном суде были бы присяжные заседатели. 10. Был бы устранен порядок административной высылки киргиз без суда и следствия. 11. Киргизские народные судьи подчинялись бы министру юстиции. 12. Изъять из ведения биев (народных судей) дела: брачные и наследственные, которые всецело подчинить разрешению муллы по шариату. 13. При представлении выборных должностных лиц на утверждение военного губернатора начальник, участвовавший на выборах, совещался [бы] с ахуном о том, кто именно достоин быть утвержденным на известную должность. 14. Следуемые с населения киргиз подати и повинности раскладывались бы самим населением без указания администрации. 15. Земли при р. Иртыш, которые с давних лет состояли в пользовании киргиз как родовые, а затем перешедшие в пользу войска, а также земля, принадлежащая в пользу (войска) ведомства кабинета Его Величества, находящаяся в пользовании киргиз, оставалась бы в вечном владении ранее занимаемых киргиз, как их родовая. 16. Киргизские зимовые стойбища и летовки по прежнему обычаю оставались в своем пользовании. 17. Открытие в горных степях на землях, принадлежащих киргизскому населению, горнопромышленного дела было бы предложено самим владельцам земли, киргизам открыть заводы, производить окопы и т. д.1 Если они откажутся от такого предприятия, то тогда лишь предоставить право пользование таковыми рудами другим лицам с тем, чтобы последний платил бы аренду с десятины. 18. Предоставить право киргизам на необходимые надобности: лесными материалами, рыбой и пр. 19. Находящиеся в районе киргизских территорий соляные рыбные озера оставить в пользовании киргиз. Выдача в аренду означенных озер производилось бы доверенными [или] уполномоченными из одного уезда. 20. Вырученные деньги от аренды соляных и рыбных озер должны поступать в депозит общества киргиз целого уезда, которые и должны быть употребляемы на нужды населения того же уезда киргиз, как-то на заготовку продовольственных запасных складов по соглашению общества. 21. Порядок содержания духовных лиц киргизского населения был бы принимаем, т. е. принимаем порядок казахских мусульман.
22. Совершить ходжат, паломничество в Каабе [можно] было бы свободно. 23. В приобретении билетов-паспортов хафрии пользовались бы правами православных паломников, как [в отношении] стоимости билетов, так и безопасности в дороге. 24. Воспрещено было бы посещать население киргиз миссионерами. 25. Не было бы дозволено киргизам переходить из магометанского в другое какое-либо вероисповедание, в особенности не знающему ту и другую религиозную обрядности и не достаточного совершеннолетия. В случае разрешения знающим обе грамоты и достаточного совершеннолетия, то в таком случае было бы дозволено переход из других вероисповеданий в магометанское, разрешено было бы переходить обратно в магометанское вероисповедание и все права как киргиз тем, предки которых были мусульмане, а ближние колена переходящие в христианство, а также не принуждать киргиз исполнять старые обряды. 26. Бракосочетания и разводные дела были бы изъяты из ведения губернаторов и уездных начальников. 27. Администрация не вмешивалась бы и не требовала бы сведений о таком деле. 28. Были бы дозволены вакуфы в пользу мечетей и медресе. 29. Было бы предоставлено право киргизам сделать вакуф занимаемой им земли на срок до упразднения действий сего положения. 30. Киргизы пользовались бы правами наравне с православными в отношении приобретения земли во всех уездах, областях, губерниях империи, а также занятии государственной службы. 31. Духовные лица имели бы равные с православными пастырями почеты. 32. В школах было бы обязательным условием: сначала преподавание киргизским ученикам магометанского духовного молитвенного урока, пяти главных обязательных уроков для богослужения до совершеннолетия учеников, а затем уже преподавались русские грамоты с тем, чтобы преподавание мусульманских духовных уроков не оставалось до оставления учеником школы. 33. В школах не преподавались бы христианские духовные уроки. 34. Донесение ближних начальников, сделанных высшему начальству о подведомственных им киргизах, содержание таких донесений всегда доводилось бы до сведения киргиз, по которым иметь бы возможность представлять свои возражения, так как в прошлые времена о киргизах давались сведения самые неодобрительные, т. е., что, дескать, киргиз – вор, киргиз – сутяга, киргиз – лгун, киргиз – лентяй, [что, конечно, способствовало некоторому охлаждению]2 между высокопоставленным лицом и бедным киргизским населением. На самом деле из всех
подданных Царя киргизы есть народ самый неприхотливый, терпеливый, всепрощающий, немстительный и в высшей степени простой, всегда душою повинующийся повелению Царя, хотя иногда приходится против их религиозной и телесно душевным отношением противно3. 35. Были бы приглашены из киргиз уполномоченные депутаты на совещания, проектирующие новое положение. 36. Депутаты киргиз участвовали бы в Государственном Совете, когда коснется вопрос о киргизах. 37. Предполагаемое новое положение утвердилось бы на сто лет. 38. В последние 20 лет отобранные от киргиз земли для переселенцев возвратились бы старым владельцам киргизам, а за возведенные постройки переселенцев вознаграждение давалось бы из земского капитала. 39. [Если] где-либо окажутся пустопорожние земли около киргиз, то таковые земли отводились бы исключительно мусульманам из России или Кавказа для совместного дружного ведения жизни единоверцев. 40. Дарованные прежними царями, ныне почему-либо отобранные у киргиз, земли отдавались бы обратно наследникам прежних владельцев, хотя земли эти ныне находятся в пользовании казны или частного лица. 41. Мечети, прежде сооруженные Великим Государем Императором, а также и медресе для киргиз, которые ныне совершенно разрушены или пришли в ветхость, были бы или снова построены или [отремонтированы по старому плану, [что]4 более увеличит любовь народа к Великому нашему Монарху. 42. Не было бы в киргизах партийной вражды из-за кандидатуры на должность туземной администрации. Для искоренения этого зла применено было бы следующее: если в одной полости партии сильно возбуждены одна против другой, то тогда выборных этой волости лишить права избрания своих новых должностных лиц, заменить этих выборных другими, приглашенными со всего участка выборными из других соседних волостей, число которых равнялась бы числу лишившихся выборных. Выборные вызывались [бы] по жребию по равной части из каждой волости, на этом съезде из партийной5 волости быть никто не должен. Расходы вызванных выборных взыскались [бы] с главарей партии по усмотрению начальника. Дела же, касающиеся выборов начальника, вытребовались бы заблаговременно. Кроме того, на этом съезде не должны являться сторонники тех добивающихся, устранение таких явлений подлежало бы усмотрению начальника участка и ахуна, при выборах присутствовал бы и ахун. 43. Пресечение воровства и другие неблаговидные дела подлежали бы рассмотрению народных судей Чрезвычайного съезда, которым и предоставлено бы право меньшей меры – арест, большой меры – ссылка.
44. Чрезвычайные съезды были бы созываемы один раз в год, место съезда, время и срок действий такового были бы определены совещанием управителей участка. На этом съезде присутствовали бы начальник и ахун. 45. Волостной съезд биев решал бы дела на сумму до ста рублей, а аресту до трех месяцев, с тем, чтобы недовольная сторона могла бы дело перенести на Чрезвычайный съезд. 46. Были бы выбираемы в каждой волости сборщики, которые собирали известные проценты по шариату следуемого движимого имущества (закят, готурь, фытыр и другие обязательные подаяния), которые и употреблять на стипендию бедных учеников. 47. С совершенного убийства взыскивался бы кроме законной кары и кун по обычаю, при несостоятельности осужденного в каторжную работу за него вознаграждения давались бы из казны наследникам убитого. Примечание: если убийство киргиза совершено русским или другим – было бы применено вышесказанное. Недоговоренное в сем имеет быть присовокуплено в земском соборе депутатам и приглашенным на таковые совещание. Киргизы Семипалатинской обл. Павлодарского у. Атагазинской вол. Омархан мулла Мусафыров Семипалатинского у. Сейтекевской вол. Темиргали Нуркенов Каркаралинского у. Эдрейской вол. Апык Джалшарин
1 Так в тексте
2 В тексте «тем, «конечно», появлялось некоторые охлаждения».
3 В тексте «тем».
4 Так в тексте.
ЦГА РК. Ф.И-64. Оп.1. Д.5658. Л.17-20. Заверенная копия.
№148
2-5 тамыз 1917 ж. Ташкент қаласында өткен Түркістан аймағы
қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысы мен қабылданған
қаулылары
20 тамыз 1917 ж.
Жиылыста əр облыстың, əр уездерден мына адамдар болды.
Сырдария облысы Əулие-ата уезінен: Қабылбек Сарымолдаев,
Қашымбек Əлімбеков, Сейтжаппар Ибраһимов.
Қазалы уезінен: Ибраһим Қасымов, Уақбай Мырзаев, Ризул Тасбаев,
Байқуан Байбосынов, Кішкентай Оралбиев.
Перовск уезінен: Махмұт Көшкенбаев, Зарқұм Қуанышев, Əшір Бердиев, Хожаһан Сейітов, Нұрмұхамет Ақатов, Бижан Жұмабеков. Черняев уезі Түркістаннан: Мəуліқұл Базақов. Ташкент уезінен: Баймырза Қожабеков, Əбділрахим Божаев, Бедияр Ешбатыров, Əбділрахмен Досмұхамедов, Баймырза Хажибеков. Ферғана облысы Əндіжан уезінен: Жұмағалы Қалмұқамедов, Құлзар Халбиев. Наманган уезінен: Мұхамед Əділ Аралбиев, Абдулласул Халмырзаев, молда Бірхан Малласаламов. Жетісу облысы Пішпек уезінен: И.Тоқтыбаев, М.Тынышпаев, С.Келгенбаев. Жиылғандардың мақұл көргенімен жиылыс шақырушы бюроның ағзалары да дауысқа екі бөліп кірді. Барлық дауысты өкілдер 84 адам болды. Жиылыстың құрметті председателі – Сұлтан Сейітжаппаров Асфендияров. Председателі – Мұхаметжан Тынышбаев. Оның серіктері: Ибраһим Қасымов, Алдабек Мангелдин. Президиум члендері: Қоңырқожа Қожықов, Серікбай Ақаев, Əзімхан Кенесарин, Садық Өтегенов. Секретарлар: Зұлқарнайын Сейдалин, Шəмерден Қапсалямов һəм Сұлтанбек Қожанов. Қаулылары: ............................................................ * 6. Мектеп мəселесі 1. Жалпы міндетті оқу аса керекті. 2. Бастауыш мектепте балалар ана тілінде оқытылатын болсын. 3. Оқу кітаптары һəм басқа баспасөздер болсын, бəрі де осы күнде «Қазақ» газетінің тұтқан емлесімен жазылсын. 4. Русско-туземный школдардың барлығы тоқтаусыз осы күннен жоқ болып орнына ұлт мектептері орналассын. 5. Орыс балаларымен бірге қазақ-қырғыз балалары да оқып жүрген орыс школдарында биылдан бастап, қазақ-қырғыз балаларына ана тілі һəм мұсылман діні оқытылсын. 6. Қазақтардың ашқан баспахана баспалары қазақ балаларының пайдалануында емес. Бұларды не болып, кім пайдаланып, қайда жүргенін біліп мағлұмат жиюға комиссия дайындалсын. Жиылған мағлұматтар Ұлыс мəжілістеріне тапсырылып, олар тоқтаусыз Земство алуын күтіп тұрмастан, жаңадан стипендия ақша берсін. Бірлік туы. – 1917. –№6 *Құрастырушыдан: Жалпы жиналыс қаулыларының ішінен тіл тақырыбына қатысты қаулысы ғана алынып отыр.
№36 Из закрытого письма Г.А.Коростелова в ЦК РКП(б) об отношении представителей казахской интеллигенции к введению нового алфавита г.Оренбург 1 августа 1924 г. Секретно [...] Съезд киргизских научных литературных работников В половине июня состоялся съезд научных работников киргизов из представителей Киргизии, Туркестана и Бухары в присутствии 19 чел., из которых [7] чел. было коммунистов. Среди делегатов были бывшие руководители Алаш-Орды – Буейханов Алихан, Досмухамедов Халел и др. 1. О дополнении фонетики киргизского языка. 2. О киргиской азбуке. После приветсвий была предложена резолюция, одобряющая деятелность соввласти и осуждаюшая, в частности, националистическое движение Алаш-Орды. Враждебных выступлений не было, ибо уже в течение нескольких лет все наружно подчеркивают свою лояльность соввласти. Трений по предложенной резолюции тоже не было, а принята она была без возражений. Особенно остро обсуждался вопрос второй, по которому г.Торекулов выдвинул предложение о введение латинского алфавита вместо арабского. Прения тут разгорелись между представителями молодого поколения киргизов, стремящегося освободиться от фактора, задерживающего развитие культуры Востока, и поколения старого, лелеющего свои охранительно-самобытнические мечты, обособляясь от влияния западной культуры. Большинством, 11 чел., было принято предложение Байтурсунова, принадлежащего ко второй группе. Упорно отстаивания арабского алфавита второй группой объясняется желанием удержать за собой последнюю цитадель, где они основательно засели в Научном совете Кирнаркомпроса. [...] Ответственный секретарь Киробкома РКП(б) [Г.Коростелев] 1 Ф.139. Оп.1. Д.820. Л. 16 об. Отпуск. 1 Подпись отсутствует.
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ТІЛ МƏСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ ЖИНАҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН МАТЕРИАЛДАРЫ Емле туралы (Қысқартылып басылды) Емле конференциясы қарсаңында Емле негізі 4 түрлі: 1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ); 2) тарих жүйелі (негізі дағды); 3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай); 4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай). 1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пəлен белгі алайық деп дыбыс басына əріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағдыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен əдеттенген бойынша қолданылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған əріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, бірнеше дыбыстың ортасындағы орта таңба болуы мүмкін. Бір дыбысты жазуға бірнеше əріп жұмсалуы мүмкін немесе дыбысы жоғалып кеткен əлі күнге жоғалмастан сөз ішінде жазылып жүруі мүмкін. Емлеміз бұл жүйелі болу-болмауын тағы сөз қылмай өтеміз, үйткені дағдыланған емлеше жазамыз десек, емле мəселесі қозғалмас еді. 3. Туыс жүйелі емле – сөздің ауыздан шыққандай дыбыстарына қарамай, тегіне қарап отырып жазатын емле. Мəселен, ауыздан шыққанда «қорада бір қара ат тұр екен» деген «ат» деген сөздерді ауыздан шығуынша «қарат», деп жазбай қара ат» деп жазады. Сол секілді ауыздан шыққанда, «солай болсигеді» болып естілсе де, жазғанда «солай болса игі еді» деп, «болса», «игі», «еді» деген сөздердің тегіне қарап жазады. Бірақ осы күнгі емлемізше жазу бар болғандықтан, емленің бұл түрі сөз болуға тиіс. 4. Дыбыс жүйелі емле – сөздерді ауыздан шыққан күйінше жазатын емле. Сөйлегенде сөздер бір-біріне жалғаса айтылғанда ауыздан бір түрлі болып шығады, əр сөзді оңаша жеке алып айтқанда ауыздан екі түрлі болып шығады. Оның мысалын айқын түрде «ақ», «көк» деген сөздердің айтылуынан көруге болады. Осы сөздерді оңаша жеке түрінде айтсақ, ауыздан айнымай шығады. Сол араға «өгіз» деген сөзді жалғас айтсақ, əлгі сөздеріміздің аяғы айнып, екінші түрлі естіледі (Ақ өгіз – ағ өгіз, көк өгіз – көг өгіз).
Дыбыс жүйелі емленің сөйлегендегі ауыздан шығуынша жазу түрін тілдік ілім-білім жүзінде қолданбаса, өнер-білім жүзінде еш жұртта қолдану жоқ. Жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін біздің қазақ қолданып келеді. Сондықтан емлемізді туыс жүйесіне қатысқан жерлеріне қарамай, көпшілігіне қарап, дыбыс жүйелі деп атап келдік. Жаңа емлешілер емле үйренуге жеңіл болу үшін дыбыс жүйелі болу тиіс дейді: керек орындарға ғана туыс жүйелі (сөз жүйелі) болсын дейді. Бұрынғы емлеміз дыбыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігін жоғарыда айтып өттік. Олай болса жаңа емлешілердің емле жобасының бұрынғыдан басқалығы қай жерінде? Басқалығы мынадай: екі сөз, үш сөз жалғаса айтылғандағы дыбыстарының естілуінше жазу тиіс дейді (бұрынғы емлемізде əр сөз жеке айтылғандағы естілуінше жазылатын). Бұл бір. Екінші, үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі алмасып айтылатын дыбыстардың тегі тексерілмей ауыздан шығуынша жазылсын дейді. Бұрынғы емлемізде ондай дыбыстар ауыздан шығуына қарамай, тегіне қарап жазылатын. Мысал үшін бұрынғы емлеше жазу мен жаңа жобаша жазылу арасындағы айырымын бірнеше сөз алып көрсетіп өтейік. Алдыңғысы бұрынғыша, соңғысы жаңаша жазылған сөздер болады: Тұрғанбай – Тұрғамбай, қонған – қоңған, көнген – көңген, інге – іңге, бара алмайды – баралмайды, келе алмайды – келалмайды, келе алмай тұрмын – келалмайтұрмын, бүрсі күні – бүрсігүні, бұрнағы күні – бұрнағыгүні, жазды күні – жаздыгүні, тұзсыз – тұссыз, бассыз, басшы – башшы, ізші – ішші, қазса – қасса тағы сондайлар. Мұнымен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан мұның несі артық дей аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағана бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуге мағана да, мақсат та жоқ. Кілең туыс жүйелі болсын дейтіндер де алдарында неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау деймін. Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенде, «балалы», «тұзлы», «атлы», «баланы», «тұзны», «атны» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы болып табылар ма? Кілең дыбыс жүйелі болсын дегенде «сөзшең» дегенді «шөшшең» деп, «ізшілер», «ісшілер» деген сөздердің екеуін де бірдей «ішшілер» деп, «кигізсе» дегенді «кигіссе» деп, «кигізше» дегенді «кигішше» деп, «жазса» дегенді «жасса» деп, «қызса» дегенді «қысса» деп, «сезсе» дегенді «сессе» деп жазатын болмақ. Бұлай жазу қолайлы бола ала ма? Екі жүйені де аралас тұтыну керек деушілер, керегіне қарап екеуін де тұтыну керек дейді. Солай дейді де, мынау сөзді мынадай, анау сөзді анадай етіп жазайық деп, сөз басына ереже жасайды. Сөз басына ереже жасайтын болсақ, ондай емле қолайлы, оңай емле болып табылар ма?
Одан басқа тағы бір байқалып тұрған нəрсе-сөздерді қосып жазуға құмарлық. Ол құмарлықтың ар жағы неге барып килігетіндігіне тағы көз салынбайды-ау деймін. Мəселен: «бара алмайды» дегенді «баралмайды» деп жазу керек дейтін бар. Бұл қосылып айтылып тұрған сөздердің біреуі көсемше етістік, екіншісі көмекші етістік екен. Бұл екі түрлі етістіктің бірлесіп айтылуы ылғи бір көсемше, бір көмекшіден болып отырмайды. Онан көбірек болып бірлесетін орындары болады. Менің ойымша, қопа қардай етіп емле жүйесін өзгертеміз демей, бұрынғы емленің кеміс жерлері болса, соларын тексеріп, соларын ғана түзеу. Басқа түріктерге жазу тіліміз түсінікті болу үшін мүмкіндігінше жанастыру жағына қарап икемдеу. Осы күнге дейінгі тұтынып отырған емлеміздің кемшілігінің бəрін түзеп, жоғарыда айтылған туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де түкпіріне қамалмай өтетін екеуінің арасынан жол тауып беретін төменгі ұсыныс болады деймін: 1. Əрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы естілуінше жазылу. 2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу. 3. Үйлестіктен дүдəмəл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше жазылу. 4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу. 5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз бəрі де қосарлық (-) белгімен жазылу. 6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады. 7. Үйір айтылатын зат есім мен сын есім бөлек жазылу. Қосынды сөзге айналғандары басқа қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылу. Сын есімнің шырай күшейткіштері де қосарлықпен (-) жазылу. 8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу. Мұның əрқайсысын бас-басына баяндасақ мынау болады: 1. «Əрбір түбірлі сөз» дегенде мағана жағынан алмай, тұлға жағынан алып, өз алдына түбірі бар сөзді айтып отырмын. Қазақ тілінде екі сөз, үш сөз, төрт сөз қатта бес сөз бірлесіп, бір ұғым, бір мағаналы болып келуі жиі ұшырайды. Мəселен, «кете берер», «кете берер ме?», «кете берер ме екен?», «кете бере алар ма екен?», «кете бере алмай отырғанымды-ау». Осыларды бірге айтылғанына қарай біріктіріп, тұтастырып айтып, естілуінше тұтастырып жазу емлені оңайлатпайды. Сондықтан əрқайсысын түбір-түбірімен айырып алып, оңаша шығарып айтып, сондағы естілуінше айтамыз. Осылай жазғандар үйренуге де, көз тануына да, басқа түріктер оңай түсінуіне де жеп-жеңіл болады. 2. «Азған сөз», дегенде «үйтіп», «бүйтіп», «сүйтіп», «əйтседе», «əйтпесе», «бұрнағы», «бүрсі», «белбеу» деген сияқты сөздерді айтамын.
Сөздің азып өзгеруі бар, айнып өзгеруі бар. Соңғысы дыбысы айнып, бірде олай, бірде бұлай айтылуынан болатын өзгеріс. Солай болған соң күйінде айнымай қалатын сөзді айтамыз. 3. «Үйлестікпен» дүдəмəл естілетін дыбыстар деп б-п-т-д-ж-ш-с-з-шз-с-н сияқты айтылуында ұқсастық, үйлестік бар дыбыстар жанындағы басқа дыбыстардың əсерімен күңгейленіп немесе өздері қатар келіп, бірін-бірі күңгейлеп не болмаса біріне-бірі үйлес болған соң бірінің орнына бірін алмастырып айтуы мүмкін болатын орындарды қайсысы екені ашық айтылмайды. Сондай орындарда күңгейленбейтін айқын жерде келтіріп айтып, сондағы естілуінше жазу. Мəселен: «Қасекең сау күндегі əнге басты» дегенде «басты «деген жіктеу жалғауында «т» естіле ме, «д» естіле ме? – дүдəмəл, ашық емес. Қасындағы «с» дыбысының əсерімен күңгейленіп анық естілмей тұр. Күңгейлеп тұрған дыбыстар аулақ, басқа жерге қойып айтып көру керек. Мəселен, «Қас екең сау күндегі əнге алды» десек, қай дыбыс екені анық естіледі сол сияқты септеу жалғаулары да көмескі естіліп, дүдəмəлдік болады. Мəселен: бастың ба? – басдың ба? басты ма? – басды ма? баста ма? – басда ма? бастан ба? – басдан ба? Дүдəмəл, анық емес. Мұнда да əлгідей жалғауларды əсер етіп тұрған дыбыстан құтқару үшін аяғында əсер етпейтін дыбыс бар сөздерге жалғап қарау керек. Мəселен, балдың, малдың, қардың, қаздың, балды, малды, қазды, қарды, балда, малда, қарда, қазда, балдан, қардан, қаздан. Қай дыбыс екені мұнда анық естіліп тұр. Бұлар үйлер дыбыстар, басқа дыбыстардың əсерімен күңгейленгенде болатын дүдəмəлдік. Енді үйлес дыбыстардың əсерімен күңгейленгенде болатын дүдəмəлдікті мысалмен көрсетелік: «мылтық атты». Мұнда да жіктеу жалғауы не болатыны дүдəмəл болып тұр: -ты ма? - ды ма? белгісіз, анық емес. «қымыз ашшы», «су кешше», «киім пішше», «құс ұшша», «құлын қашша» аяғына қосылып тұрған рай белгісі дүдəмəл: ше ме? са ма? ша ма? бұлар үйлес дыбыстардың бірін-бірі күнгейлеуінің бір түрі. Бұлардың анығына жету үшін алдыңғы айтылған əдіс істеледі. Мəселен, «мылтық алды» десек, не жалғау екені ашылады. «Қымызға қанса», «су сепсе», «киім кисе», «құс қонса», «құлын қуса» дегенде рай белгісінің қандай екені анық ашылады. Үйлес дыбыстардың бірін-бірі күңгейлегенде болатын дүдəмəлдіктің екінші түрі бар. Олар мынау сияқтылар: «құрған тешше», «басқан ішше», «төккен тұсса», «тұздақ тұссыз», «қазан ашшы», «нан кешші», «көссіз көбелектей», «ішшілер ізіне түсті», «ішшілер ісін тоқтатты», «башшылар баж басты», «башшылар алға түсті». Сөздің бұл жалғауларында емес, негізіне əсер ету, негізін күңгейлеу болғандықтан, сөздің негізін айқын шығарып, айтқандағы естілуінше жазу. Үйлес болғандықтан, бірінің орнына бірі айтылу мүмкіндіктен
болатын дүдəмəлдік мынау сияқтылар: Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған-жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, міңген – мінген, сеңген – сенген, күңге – күнге тағысын тағы сондай сөздер. Бұлардың қайсысы дұрыс? Əрине, соңғылары дұрыс. Үйткені, «қорғам», «арғым», «тасқым» деген сөзден шықпағаны, қорған, арғын, тасқын деген сөздерден шыққаны көрініп тұр. Онан кейінгілеріне келсек, бұларда əсер етіп тұрған «ғ» мен «г» дыбыстары. Олардың əсерінен құтылса болғаны, дүдəмəлдік жоғалады. Мəселен, «қоныс», «қондық», «жону», «жондым», «жанып», «жанды», «көніп», «көнді», «өніс», «өнім», «мініп», «мініс», «сеніп», «сенім», «күнде», «күндік» дегенде, дүдəмəлдік жоғалып, «ң» немесе «н» екені анық көрініп тұр. 4. Қосымшалар дегеніміз – жұрнақтар мен жалғаулар. Олар бұрын да солай (бірге) жазылатын. 5. Қосалқы сөздер (демеулер) білімпаздар сиезіне дейін қосарлық белгімен жазылып жүрді. Білімпаздар сиезі бөлек жазылсын дейді. Оқу жағына қолайсыздық ететін болған соң енді қосарлықпен (-) жазылуы қолайланып тұр. Қосарынан айтылатын қос сөз, қосар сөз – бұлар бұрын да қосарлық (-) белгімен жазылатын. Бұлар туралы өзгеріс жоқ. Мəселен: құрт-құмырысқа, бақа-шаян, аяқ-табақ, төсек-орын, бала-шаға, келінкепшек, қысылып-қымтынып, құрап-сұрап, артып-тартып, ырғап-жырғап тағысын тағы да сондай сөздер бұрын да осылай қосарлық белгімен жазылатын. Қосынды сөз бұрын «Тіл құралда» қос сөздің біріне саналып, жалқылаушы қос сөз деп атанып келіп еді. Былтырғыдан бері атын ықшамдау үшін, балаларға үйреткенде жеңіл болу үшін қосынды деп атайтын болды. Балалар үшін шығарған «Тіл жұмсар» кітапшаларда солай аталған. Бұлай бір өңкей болса, қосыла жазылатын, бір өңкей болмаса, араларынан қосарлық (-) белгісі қойылып жазылатын. Мəселен, қолғап, жүк-аяқ, төсек-ағаш, тұс-киіз, тұстартпа, келі-саб, балтасап, қаламсап, қаласбас, қазоты, Ақ-төбе, Ақмола, Қызылжар, Атбасар тағысын тағы сондай сөздер. Енді бұлардың бəрі де қосарлықпен (-) жазылады. 6. Жалғаулықтар бұрыннан бөлек жазылатын. Олардың жазылу жағы солай қалады. Мұнда қосымша ескерту есебінде айтылып отырған бөлек жазылуынан басқасы жалғау ережесінше деген сөз. Олай айтылып отырғаны мынау: жалғаулықтардың кейбіреулері алдыңғы сөздің аяғындағы дыбыстың əсерінен жалғауларша айниды. Мəселен «менен», «мен», «бенен», «бен» болып айтылғанда бұлардың арасында дүдəмəлдік жоқ. «бенен», «бен» алдындағы дыбыстың əсерімен «пенен», «пен» сияқты болып естілгенде дүдəмəлдік туады. Сондай жерде анығын жалғаулардың дүдəмəлдігін ашатын жолмен айыруымыз керек.
7. Үйір айтылатын сөздер бұрыннан бөлек жазылатын. Мəселен: бұл ат ала байтал, ақ нар, құла құнан, тоз шелек, жез құман, күміс жүзік тағысын тағы сондай сөздер. Үйір сөзден қосындыға айналған сөздер туралы көрсетілген белгілі жол жоқ еді. Сондықтан бұларды əркім əр түрлі жазуы мүмкін еді. Енді бұларға да тəртіп жасау үшін ашық айтылып отыр. Үйір сөздің қосындыға айналғаны да қосарлықпен жазылады дегенде төмендегі сөздердің төмендегіше жазылуы айтылып отыр: ақсақал, ала-бота, сасық-қурай, май-шағыр, боз-жусан, боз-торғай, бозбұға, қара-құс, көк-құтан, ақ-қу, ала-қарға, қара-қарға, торы-ала қаз тағысын тағылар осылай қосарлық (-) белгімен жазылады. Шырай күшейткіштері деп таңдаулы шырайдың басына сөздің өзінен алып күшейту үшін қосатын буындар айтылып отыр. Мəселен: қып-қызыл, сап-сары, үп-үлкен, ып-ықшам, ып-ыңғайлы, біп-биік, сып-сида, шіп-шикі тағысын тағы сондайлар. Бұлар бұрын да солай жазылатын, қосып жазу керек деушілер болғаннан мұндай сөз болып отыр. 8. Көсемше, көмекші етістіктер бұрыннан жазылатын. Онда өзгеріс жоқ. Тек бір жазу керек деушілер болғандықтан, айрықша сөз болып отыр. Бұған қосымша түрде айтып ескертіп өтетін нəрселер мыналар: 1. Лепестен, лебізден шыққан сөздер шыққан лепес пен лебізіндегі айтылған қалпынан айнымай жазылу. Лепестен шыққан сөздер деп одағаймен бірлесе айтылатын сөздерді айтамыз. Мəселен: «Ой, пəлі», «А, құдай!», «А, пірім-ау!», «А, пірім-ай». Лебізден шыққан сөздер деп «кет əрі», «əпер бақан», «көріпкел», «ұр да жық», «барса келмес», «найзамды əпер», «шаш ал десе бас алар» деген сияқты сөздерді айтамыз. 2. Есімшелі қосынды сөздер де қосынды сөздерше қосарлықпен (-) жазылады. Мəселен: Қой-бағар, Тай-мінер, Жылқы-айдар, Қой-айдар, Тау-соғар, Көп-жасар, Ит-алмас (жалқы есімдер), бір-санар, бір-тартар, бу-тартар, ат-шабар, бес-атар, құс-қонбас, ит-кірмес, жел-кесер (жалпы есімдер). 3. Дүдəмəлдігі ашылмастай орындарда сондай дүдəмəлдік ашылған орындағы тəжірибе бағытымен жазу. Мəселен: «аспан ба?» «асбан ба?» - дүдəмəл екен, жоғарыдағы айтылған жолмен айқынға шығарып алу болмайды екен. Сол сияқты сөздер өте көп болмағанымен, қазақ тілінде ұшырайды: дұспан-дұсбан, оқпан-оқбан, кетпен-кетбен, шекпен-шекбен тағысын тағылар. Бұлардың «п» мен «б» дүдəмəл болған орындағы ашылуы ылғи «б» жағына болғандықтан, «б»-мен жазу. Түбін қарап тексергенде де, солардың көбі «б»-мен жазуға тиіс болып шығады. Мəселен: «асбан», «дұсбан», «данышбан», «кетбен» деген сөздер «асман», «дұшман»,
«данышман», «кетмен» деген сөздерден шыққан: «м» дыбысы «б» дыбысымен алмасып отырады. «Қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «оқыбан» секілді сөздерде «қақбан», «қақба», «қақбақ», «өкбе», «обқан» дегеннен дыбыстары алмасу мен «б» дыбысты сөз екені көрініп тұр. 4. «Ы» əрпі бітеу буындарда да қалмай жазылу, «қарт-қарыт», «артарыт», «жұрт-жұрыт», «сырт-сырыт», «құрт-құрыт» дегендегі сызықша мен қосақтап қатарлап қойған сөздердің айтылуы бірдей емес. Бітеу буынға «ы» жазсақ, бұлар бірдей жазылатын болады: бірдей жазылса, бірдей естіледі деген болып шығады. 5. «Асыу», «алыу», «барыу», «келіу» дене сөздерді «сұу», «шұу», «тұу» деген сияқты етіп, аяғына ұу келтіріп жазамыз деушілер бар. Олардың бəрі де жете тексермегендіктен айтылып отырған сөздер. «Алып» демей, «алұп» деп, «асыб» демей «асұб» деп, «барып» демей «барұп» деп, «келүп» демей «келүб» деп жазатын болсақ, алұу, барұу, келүу деп жазуға болады. Олай жазбай алып, асып, барып, келіп деп жазатын болсақ, «у»-дың алдына «ұ» (ү) жазудың орны жоқ. Мұндай «у» сөздің аяғына «б» есебінде құралып тұрған дыбыс немесе «алыс, беріс, барыс, келіс» дегендерді сөздердің ішіндегі «с» есебінде қосылып тұрған сөз. «Алыс» деген «алыу», «барыс» деген «барыу», «келіс» деген «келіу» деген сөздерден айырым аяқ дыбыстарында ғана, басқа жеріне айырым жоқ. Егер алұс, барұс, келүс деп жазсақ, онда «алұу», «барұу», «келүу» деп жазу дұрыс. Бірақ «алұс», «барұс», «келүс» деп атпаймыз ғой. Егерде «ұ» (ү) мен «ы» (і) дүдəмəл естілетін болса, ол дүдəмəлдік «ы» жағына қарай шешіліп отырады ғой. Мəселен «тан» деген, «таны» деген, «жан» деген, «жаны» деген, «тас» деген сөздерді алып, аяқтарына «п», «с», «у» қосып туынды сөз жасасақ, аяғы дауысты дыбыс болса, «ы» арқылы қосамыз: танып, таныу, таныс, жанып, жаныу, жаныс, тасып, тасыу, тасыс. Осында «у» дыбыстың келіп кірерлік орны бар ма? Қай жерден келіп кіріспекші? 6. р, л, у, и əріптерінің алдында «ы» əрпі жазылып-жазылмауы естілуінше: есілсе жазылады, естілмесе жазылмайды. Мəселен: лыпа, леп, лепес, лап қойды, лаулап жанды, лоқы, лоқылдап, Ленин, Лепсі деген сөздердің алдында келген «л» тап-таза «ы»-сыз естіліп тұр. Оған «ы» жазудың керегі жоқ. «Ылай, ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи» деген сөздерде «л» алдында «ы» анық естіліп тұр. Егерде осы айтылған сөздердің өздерін дауға салушылар болса, онда əркімнің құлағы əр түрлі еститін болғаны немесе əркім солай естіледі деп ұғып əдеттеніп қалғаны. Ондай дау болған орында өлең өлшеуімен ашылады. Онан басқа ашылатын кілтін əзірге ешкім тапқан жоқ. Өлең арқылы тексергенде «р», «и» сөз басында тіпті келмейтін көрінеді, «у» жалғыз-ақ «уақыт» деген сөзде келетін көрінеді. Онда да қазақтың «ұуақытты» қысқартып
кей «ұуақ» деп айтатындығынан немесе жазудағылар «уақыт» дегенге айналдырғаннан болады. Қалайда жалпы ереже бұлар турасында естілсе, «ы» жазу естілсе «ұ» «жазу, естілмесе жазбау. Мəселен: ұру, ұрықсат, дұрыс, ырыс, ырым, ырғақ, ыржаң, ірі, ірімшік деген сөздердің басында «ұ», «і» бар екеніне дау болмас. Болса қалай етеміз? – Əрине, өлеңмен болмаса басқа шара жоқ. «И» дыбысы жалғыз-ақ «иə» деген сөзде келетін көрінеді. (Иəки де «иə»-мен тұқымдас). Оның өзінде оқығандар болмаса, жай қазақтар «жə» деп айтатын көрінеді. «И» туралы жалпы ереже: естілсе «ы» жазылады, естілмесе жазылмайды. Даулы болса, өлең арқылы ашылады. Осымен емле ережесі туралы əңгіме бітеді. Ахмет Байтұрсынов Ұлттың ұлы ұстазы (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновқа арналады). Құраст.: В.Қ.Күзембаева. Алматы: «Комплекс», 2001, 128-137 б. Байтұрсынұлы Ақыметтің араб əліпбиін жақтаған байандамасы Байандама қазақ тілінде болсын дегендерге менің алдымдағы байандамашы орыс тілінде болсын, үйткені жұртты үгіттеу, үйіру үшін жасалып жатқан мəжіліс, орыс жолдастардың да қатысуы керек деп еді, үйдесе баянадамасы пəн туралы емес, үгіттеу, үйіру түрінде болып шықты. Мен мəселенің ілім мен іс жүзіндегі жағын алып сөйлемекшімін. Ең əуелі аңғартып өтетін бір нəрсе сол – латын əрпін алу деген – тіршілік мұқтаж қылғаннан, ділгерлік қысып туғызып отырған мəселе емес. Ділгерлік қыспақ түгіл, еш уақытта əншейін керек қылған нəрсеміз емес. Керек қылмағанымыз – қажетімізге жарататын басқалардікінен анағұрлым артық əрпіміз болғандықтан. Əліп-би деген асылында адам арқылы жетпейтін нəрсе емес. Əліпбійде бірден мəдениет түрінің төбе басына шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс. Əліб-бій деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арналған дыбысқа дəл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы. Олай болса, əліп-би сынға түсіп жақсы-жаман жағы тексерілуге əбден келетін нəрсе болып шығады.
Қазақ алдақашан тілде қандай дыбыстар бар екенін айырған, əр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы. Тағы немене керек?! Жоқ! Араб əрпін тастап, латын əрпін алу керек, араб əрпі қолайсыз деп алдақашан аты шыққан əріп, онымен жақсылап емле түзуге болмайды, онымен баспа ісін жақсылауға болмайды, оны жазу машиналарына, осы күнгі шығып жатқан түрлі өнер құралдарына орнатуға болмайды, оларға араб əрпі ыңғайсыз дейді. Солай деп əріп мəселесін алдымен қозғаған əзербайжандықтар ойлаған еді. Солай деп өздерін жаңашыл, өзгелерді ескішіл көретін біздің латыншылдарымыз да ойлайды. Мұнда адасқандық болмаған күнде де анығына жетпегендік бар екені шексіз, өйткені іс жүзінде көріп отырғанымыз олар ойлағанындай емес. Сондықтан назарларыңды салыңқырап қарасаңдаршы деп айтуға хақымыз бар деп білемін. Араб əрпінен жасап алған əліп-биімізге жер жүзінде əліп-би баласы жетпейді. Араб əрпімен түзеген емлемізге бізге мəлім емлелердің бірі жетпейді. Мұны ешкім бекер деп айта алмайды. Араб əрпін жазу машинасына, əріп теру машинасына орнатқанын көріп отырмыз. Түзелген араб əрпі жазу машинасына бір түгіл, екі түрлі əріп қоюға болатын етіп отыр, əріп теру машинасында екі суретті əріп қоюға болатындығына көз жетіп отыр. Түзелген əріп терушілердің де бейнетін жеңілдетейін деп тұр. Бұрын кассы үлкен болған соң, тұрып теретін еді, енді кассы кішірейген соң, отырып теруге болады. Отырып терсе тез шаршамайды, шаршамаса жұмыс өнікті болады. Əрі кассы ұясы аз болған соң, теру оңайланады. Ол жағынан жұмыс тағы өнікті болады. Осының бəрі араб əрпінің қай жағынан болса да, қалай жұмсаймын десе де келе беретін, көне беретін ыңғайлы, қолайлы əріп екенін көрсетеді. * * * Түрік жұртының 90%-і баяғыдан бері араб əрпін пайдаланып келеді. Əрқайсының араб əрпімен жасалған хат мəдениеті бар (хат мəдениеті деп əріпке қатысы бар нəрсенің бəрі айтылады, мəселен: сауаттылық, оның жүзіндегі дағдылы өнер-білім, ілім, емле, үйрету əдісі, баспа істері, баспа мамандары, жазба мамандары, жазылған, басылған барша сөздер, тағысын тағы сондайлар). Хат мəдениеті бар халыққа бір əріпті тастап, екінші əріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның
күші, ісі керек. Əуелі ондай қаржы, күш пен іс екі əріппен бірдей қатар оқыту, сауат ашу істеріне керек. Екінші, баспа дүкендерінде қатар дүкен құрылмақ, қатар жұмыс жүрілмек, басылып шығып жатқан нəрселердің бəрі екі əріппен бірдей басылып шығып тұрмақ. Мұның аты екі шығын болмақ, екі жұмыс болмақ. Артық қаржы, артық күш бұған керек. Мұндай екі шығын, екі жұмысты көтергендей қаржы мен қайрат қазақ түгіл түріктің қай жұртында да болса жоқ. Латын əрпін бірден алып, бірден соған түсіп кетуге, одан да көп қаржы мен қайрат керек. Ондай бірден табыла қоятын мол қаржы мен қайрат түрік жұрттарында тағы жоқ. Бірден мұғалімдердің бəрін латынша үйретіп, бірден баспаханалардағы əріптерді латынға айналдырып, адамдарын латынша үйретіп, оқу кітаптарын латынша бастырып, арабша сауаттыларды латынша сауаттандырып жіберу адамның керек қылуын былай қоя тұрғанда да, он шақты күнде, он шақты миллион қаржымен біте қоятын жұмыс емес. Солай болған соң əріп алмастыру деген жеңіл мəселе болып шықпайды. Бұл – ел жағынан да, елдің шаруасы жағынан да ауырлығы зор мəселе екендігін еске алып отырып шешетін нəрсе. Үстін қарап, ат үстінен айтқандай, сөзбен, жеңіл шеше қоятын мəселе емес. Салақ қарауға болмайтын салмақты мəселе. Латын əрпінің араб əрпінен гөрі көзге көрініп тұрған артықтығы, бадырайып тұрған пайдасы болса екен; онда ел көңілденіп, қолдап жебеп, көтермелеп бірдеме етер деп дəмеленер едік. Ондай артықтығы, пайдалылығы жоқ. * * * Араб əрпін латын əрпіне алмастыру мəселесі қозғалғаннан бері көп адам екеуін салыстырып, теңеп қарап, артық-кемін тексеру, зерттеуге түсті. Екі əріп те жеткілікті дəрежеде терең тексеріліп, терең зерттелді. Сол терең тексеру арқасында екі əріптің де бұрын назар салынбай, еске алынбай жүрген көп сындары, сипаттары көзге түсті. Менің мұнан былайғы сөздерім – жалғыз өз пікірім, я өз тапқандарым емес, көптің көздеп, үңіліп, зерттегенінен табылған нəрселер. Екі əріпті теңестіріп, артық-кемін тексеріп, өлшеуге салғанда, таразының табан тірейтін нəрселері мыналар боларға тиіс: 1. – тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша? 2. – қайсысымен басылған, я жазылған сөз оңай оқылады? 3. – қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл? 4. – қайсысы баспаға қолайлы? (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы да сонда). 5. – үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
6. – көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық? Əуелі, тіл дыбысына жеткілікті болу-болмау жағынан салыстырып қарайық. Араб əрпінен қазақ əліп-биіне 14 əріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық. 5 əрпіне ереже қосып алдық. Латын əрпінен ең өзгертпестен алдық дегенде 15 əріп-ақ алған. Басқаларын өзгертіп алып отыр. Сөйтіп алғанда, 7 əрпі өзгертіп алуға жараған, басқалары тіпті жарамаған соң «ң» мен «й» дыбыстарына ойдан шығарып, таңбаларын алып отыр. Бұған қарағанда тіл дыбысына жеткілікті болу жағынан араб əрпі артық болып шықты. * * * Оқуға оңай жағынан алып көрейік. Оқу жағынан алғанда қандай əріппен басылған я жазылған сөз болса да сүгірет есепті. Бұ жағынан қытайдың сүгірет жазуы да, басқалардың əріппен жазылған жазуы да бірдей, жалғыз-ақ сүгіреттің құралған жөні ғана басқа. Сауаты ашылған адам жазылған я басылған сөзді əрпіне қарап оқымайды, бүтін тұрған сүгіретін танып оқиды. Таным адамды көргенде мынау пəленше, анау түгенше деген сияқты, əр сөзді тұрпатына қарап танып айтады. Неғұрлым сөз сүгіреті көзге елеулірек болса, соғұрлым жылдам танылып, шапшаң оқылмақшы. Əріп сөз сүгіретінің көзге елеулі болу, болмауына себеп болмақ, сөзді бірінен-бірін айыруға көмегі тимек. Латын əрпінің асылы – екі түрлі сызық, тік сызық, сопақ шеңбер сызық. Латын жүйелі əріптердің бəрі осы екі түрлі сызықтың түрліше үйлесіп құралуынан шыққан. Латын жүйелі əріппен басылған сөздердің жолына қарап тұрсаңыз, екі сызықтың арасымен теп-тегіс тартқан нəрсе сияқты болып көрінеді. Ілуде біреуі ғана болмаса, қатардан шығып тұратыны аз болады. Үстіне қоятын қосымша белгілері де аз болады. Немістің Майман деген профессоры, басқа сондай сана заңын тексеріп, тəжірибе жасаған адамдар мынаны байқаған: басылған сөздердің ішінде не төмен, не жоғары сойдиып қатардан шығып тұрған əрпі бар сөздер, немесе үстіне қойған қосымша белгісі бар əріп кіріскен сөздер тез танылып, шапшаң оқылады екен. Араб əріптері өз ішінде сап түзеген солдат сияқты сымға тартқандай, екі сызық арасында қысылып тұрған əріп те болмайды. Жолы бір сызық бойымен тартылып, жалғыз сызықтан жоғары да, төмен де ылғи асып шығып отырады. Оның үстіне қойылатын қосымша асты, үстінде белгілері, нүктелері болады. Мұнда бірдейлік, бір өңкейлік, бір беткейлік жоқ. Мұның əріптерінің бірі биік, бірі аласа, бірі ұзын, бірі қысқа келіп, сөз əлпіне айрың-үйрің ашық сүгірет береді. Бір жағынан онысы, екінші жағынан қойылатын қосымша белгілері сеп болып, сөз сүгіретін көзге елеулі етіп, тез танытады, тез оқытады. Əріптердің бір өңкей, бір беткей
тұру-тұрмауы оқуды ауырлату-жеңілдету жағына қанша сеп болатынын мынау мысалдан көруге болады. Бір ыңғай, бір беткей қойған, бір өңкейленіп тұрған бірнеше таяқша сүгіреттерін алайық та, сонымен саны да, алатын орны да, бойы да бірдей бірақ қойылуы бір ыңғай, бір беткей емес, сондықтан олар өңкейленіп тұрмаған екінші таяқша сүгіреттерін алайық та, аналардың астына мыналарды қойып санап қарайық, ׀׀׀׀׀׀׀׀׀׀׀׀׀ Қайсысы санауға оңай болар екен. Əрине, төменгісі санауға оңай. ׀׀//׀׀ //׀׀ Латын əрпінен басылған кітап я газетті алып, араб əрпінен басылған кітапты я газетті алып қарасаң, қайсысындағы сөздердің əріптерінің əлпі таяқшалар сүгіреттерінің қайсысының əлпіне ұқсайды? Əрине, латындікі жоғары, арабтікі төменгі əліпті. Араб əрпінің ол артықтығы жалғыз баспада ғана емес, жазбада да артық болып тұрады. Өйткені араб əрпімен басылған сөзбен жазылған сөздің арасында айрымы аз болады. Онда оңай оқылса, мұнда оңай болады. Жаман жазылған хаттарды айыруға келгенде де, араб əрпі латын əрпінен артық. Мұнда да əріптің тұрпаттары мен түрлі қосымша белгілері көп көмек болады. Латын əліп-биіне ұлы əріп болатынын артықтығына дəлел еткісі келетіндер бар. Оның ұлы əрпінің пайдасынан зияны көп екеніне көз салмайтындар ғана солай ойлайды. Əріп санын көбейтетінімен, əріп кассаларын үлкейткенімен, əріп теру, жазу машиналарын қиындататынымен, сауаттандыру ісін ауырлататынымен ісі жоқ адамдар ғана латын əрпінің ұлы түрін ұлы қасиеті деп ойламақшы. Балаларды орысша оқытып жүргенде ұлы əріпке қарғыс айтпасақ, алғыс айтпайтынбыз, əріп терушілер де ұлы əріпке алғыс айтпайтын шығар. * * * Жазуға қайсысы қолайлы? – енді сол жағына келейік. Сөздік оқығанда тұтасынан оқысаң, жазғанда да көбінесе тұтасынан жазамыз. Сондықтан екі əріпті сынға салғанда əріп басының жазылуына қарамай, тұтас сөздің жазылуына қарай сын тағамыз. Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады. Жазып отырғанда əр əріпті ойлап барып жазбаймыз, қолымыз дағдыланған күйімен өзі кетеді. Ойың əріп тізімінде болмайды, сөз түзуінде болады. Көз жазылғанның дұрыс-терісін бақылаумен ғана болады, неғұрлым сауаты көбірек ашылған адам болса, оның көз бақылауынан көрі көз дағдысы басым болмақ. Мұны дыбыс жүйелі емлесі жоқ жазудан көру қиын емес. Мəселен: «( »ﺩﻡﺡﻡМахмуд) деген сөзді жазғанда, қолың өзі жазып кетеді.
Оқыған уақытта адамның көзіне күш түсіп, етіне күш түспейді. Жазған уақытта көзіне күш түспей, етіне күш түседі. Жазуға қай жазу ыңғайлы болатынын айыру үшін, басқа жұмыстар жүзінде қолға күш түсетін істерден жасалған ілім тəжірибелерін алып қарау керек болады. Латын жүйелі əріппен жазылғанда қол қимылдау бағдары сағат тілінің жүретін бағдарына қарсы келіп отырады. Сол ыңғайына қарай жазу жолы да оңнан солға қарай жүреді. Машина айналдырған жұмыскерге, қол машинамен тіккен əйелдерге қарап тұрсақ, бəрі сағат тілінің бағдарымен айналдырады. Қалай да қолмен айналдыра – үйілдіре қайта-қайта істелетін жұмыстардың бəрі де мəселен: инемен тігу, арқан есу бəрі де, сағат тілінің бағдарымен істеледі, оңнан солға қарай жүреді. Оның бұлай істелетіні қол талмау үшін. Қайта-қайта көбірек қимылдағанда ыңғайсыз жағына қимылдаса, қол тез талады. Мəселен: орысша жазғанда қолдың талғаны білінеді, қазақша жазғанда білінбейді. Болонский деген орыстың тəрбие ғалымы қолдың əлгідей еткенде талмайтыны ұсақ бұлшық еттерінің бітісінен дейді. Менің оған қосатыным – қарды жаюдан, жию жеңілірек. Солдан оңға қарай жазғанда қол қардың жайылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын қиындайды. Оңнан солға қарай жазғанда, қол қардың жиылатын жағына қарай жылжиды, жылжыған сайын жеңілденеді. Қол тыныққан есепті болып, талмайды. Олай болса, араб жазуын оңнан солға қарай жазылады деп айыптаушылар тесе қарап тексермей, құр босқа сөйлейді. Қай жазумен жазғанда қолдың қимылдауы қандай болатынын да азырақ айтып өту тиіс болады. Латын əрпімен жазғанда қолдың қимылының бəрі ірі, толық болып отырады. Араб əрпімен жазғанда стенограф жазумен жазған сияқты қолдың қимылы көбінесе ұсақ болып келеді. Ирегінің ұсақтығы жазуды жеңілдетіп, шапшаң жазуға қолайлы. Сондықтан да ұсақ иректі жазу стенографке алынған. Араб əрпіне сын тағушылардың жаңа бір кінəлайтын жері – нүкте көптігі. Нүкте жазуды ауырлатуға себеп болатыны рас, бірақ ол араб жазуының өз басын оңаша алғандағы кемшілігі, латын жазумен салыстырғанда қол сермелеуі, барша нүктелерін қосып есептегенде, латындікінен 25-30% кем болып шығады. Араб жазумен жазғанда жалғыз ғана қолайсыздық қылатын – цифр жазуы. Санды үлкендете атауымызға қарағанда, жазуымыздың оңнан солға қарай жазылатын бағдарына қарағанда, санның үлкенінің цифрлары оң жақта, кішілерінің цифрлары сол жақта болуы тиіс еді. Одан келетін
кемшілік аз болғандықтан, басқалардың ыңғайына қарап, көпке бірдей болатын ретпен жазып отырмын. * * * Жазу жайын сөйлегенде жазу машиналарын да сөз қылып өту қажет болады. Соңғы кезге дейін араб əрпін жазу машинасына орнату ісі былай болып келіп еді: бір жағынан орыс машиналарының жүрісі араб жазуының бағдарына икемделуші еді де, екінші жағынан араб əрпі созылып, жиырылып, машина жүрісінің адымына икемделуші еді. Бұл күнде Шайқали деген инженер əріпті емес, тек машинаны ғана əріпке ыңғайлайтын тетігін тапқан. Қазірде Қазанда машина жасайтын дүкен алып, əлгі инженер басына қойылып, іс жүргізіп жатыр. Олар жасап жатқан машиналарға татарша да, орысша да жазылатын етіліп, екі жұрттың да əліп-биі қойылған. Онысы екі тілмен іс жүргізетін біздің түрік жұрттарының мекемелеріне өте қолайлы болмақ. Тіршілік өнерінің артылуы тіршілік керек қылуына қарай болмақ. Араб əрпінің өнер құралдарына айналысуы соңғы кездерде ғана бола бастауы тіршілік күйінің мəдениет, тарих, шаруа жағына байланысқан жағдайына қарай болып отыр. Патша заманында мекемелердің ісінің бəрі орыс тілінде жүргізілетін. Жай адамдар мəдениеті төмен болған соң, машиналармен жазуды керек қыла қоймайтын. Өзгеріс болғаннан кейін əр жұрт республика болып, мекемелерінде істі өз тілінде жүргізетін болды. Оған машина керек бола бастады. Мұқтаждық бола бастап еді, мұқтаждықтың лажын табу шарасы да қарала бастады. Ол барып араб əрпін машинаға, машинаны араб əрпіне үйлестіруге түсірді. Ол үйлестіру жетіле, жетіле келіп, бір машинаға татарша-орысша екі түрлі əріп орнатуға болатын еткізіліп отыр. Неғұрлым тұрмыс түрленіп, шаруа ұлғайып, қажеті өскен сайын, тіршілік əдісі де молайып, өнер ісі де ұлғайып, өсе бермек. Жиындар, топтар татар тілінде жасалуы, енді стенограф жазуын керек қылған соң, татарлар соны шығару шарасына кірісіп жатыр. Жазу дағдысы оңнан солға болғандықтан, стенограф жазуын да сол бағдарлы етіп шығармақ. * * * Енді қай əріп үйретуге оңай, сол жағынан салыстырып өтейік. Қай əдіспен болса да оқуға үйрету ақтығында сөз сүгіретін тану болып шықпақ. Сөздің баспа сүгіреті мен жазба сүгіретін таныта білдірсе, сол оқуға үйреткен болмақ. Сөздің тез танылуы жағынан араб əрпінің латын əрпінен артық екендігін мана айтып өттік. Бұ жағынан араб əрпінде бір кемшілік бар еді. Ол енді жоғалайын деп тұр. Ол кемшілігі жалғау қосылғанда,
сөз сүгіретінің пішіні өзгерілуі еді. Мəселен, «қазақ» деген сөзге ілік жалғауын қоссақ, «қазағдың» болып, «қ» əрпінің пішіні өзгеретін еді. Латын əрпінде ол жоқ. Бірақ оның онан көрі де үлкен айыбы бар. Латын əрпі ұлылы-кішілі қосар таңбалы болады. Оның үстінде баспа əрпі мен жазба əрпі біріне-бірі ұқсамайтын түрде болады. Бір сөзде екі түрлі сүгірет болады. Біреуін танудың орнына екі-екіден тану керек болады. Сөйтіп əріптің екі баспа түрін, екі жазба түрін, сөздің екі баспа сүгіретін, екі жазба сүгіретін тану керек болады. Мұның аты бір жұмыстың орнына төрт, төрттен сегіз жұмыс деген болады. Арабтікінде ол жоқ. Араб əрпін үйреткенде тағы бір артық жері – алғашқы кезде жазуға қол үйренуге сызылғанның жеңілдігі. Латын əрпінің алғашқы кезде жақсылық қасиетіне саналса, саналатын жері баспа əрпінің даралығы. Бірақ ол қасиетінің өмірі аз. Өйткені əрі барған сайын сөзді əрпімен оқу жоғалып, сөздің тұтас сүгіретін оқу күшейе береді. Даралықтың пайдасы кеми береді. Сөз сүгіретін тез танытуға араб əрпі артық. Сүйтіп, үйретуге жеңілдігі жағынан да араб əрпі латын əрпінен анағұрлым артық болып шығады. * * * Енді екі əріптің қайсысы баспа ісіне қолайлы, өнер құралына үйлестіруге оңтайлы, баспаға сыйымды, істі өндіруге икемді екен – сонысына келейік. Араб əрпін баспаға айналдыру ХҮІ ғасырдың аяғында болған. Оны баспаға арабтың өздері айналдырмаған. Винеция шəріндегі италяндар айналдырған. Олар араб əрпінің жайын білмегендіктен несін алып, несін тастау керек екенін біле алмаған. Араб əрпін жазуда тұрған күйінде алған да, турап-турап баспаға айналдырған. Əріптің жайын жақсы білмей баспаға айналдырғандықтан, арабтың 29 таңбасы 200-ден астам баспа таңбасы болып шыққан. Бұл қалайша солайша көбейіп шыққан? Мұнша көбейіп шығуы мынадан болған. 1) Жазуда түйдектеліп жазылатын екі-үш əріпті айырмай, оларды түйдек түрінде əріп түйдегіне айрықша баспа белгісін жасаған. Мəселен: « »ﺝﻝетіп екі əріптен құраудың орнына « »ﺝﻝдеген жазу түріндегі түйдегін алып, өз алдына « »ﺝﻝбелгі алған. « »ﺝﻡﻝдегенді де « »ﺝﻡﻝетіп үш əріптен құраудың орнына оған да өз алдына « »ﺝﻡﻝбелгі алған. Сондықтан 200-ден астам баспа таңбасы болып шыққан. Баспа əрпі сол күйінде мұсылман арасында тарап, ХІХ ғасырдың аяғына дейін түзелместен келген.
1882 жылы Петерборда Қырым татары Ілияс Бураганский, Қазанда Ғалиасқар Қамал мен Жүзейұлы дегендер кей əріптердің италяндар жасаған түрінен өзгертіп, баспа таңбасын жасайды. Оның баспа таңбасының саны кеміп, 150-ге түседі. Одан əрі бірте-бірте түйдек таңбалары жоғалады. Одан баспа таңбасы кеміп, 100-110-ға түседі (қазақтікі 80-81). 1907 жылдан бастап италяндар бүлдірген жерлерін түзеу талабына кірісушілер болады. Оларша түзеу дегеніміз – əріп шегінің өзінің тиісті жігінен бөліп айыру болады. Əуел бастап бұ жолда 1907 жылы талап етушілер Алпарұлы мен Рахманқұлұлы дегендер болады. Онан кейін 1921-1922 жылдарда Ыдырысұлы Мұхамбет те сол талапқа кіріседі. Соңғы жылдарда Бұрнашұлы мен Тоқайұлы (23-24 жылы) кіріседі. Соңғы екеуінің жобасы қолайлы болып, баспаханаларға алынады. Бұлар баспа əрпін екі пішінге ғана түсіріп, кассы ұясын елуге жекткізген (қазақтікі 41), мұнымен қатар əріп таңбаларының бір-ақ пішінді ету талабы тоқталмай істеле береді. Ақтығында, ол талаптан толып жатқан жобалар туады. Сол жобалардың ішінен қазақта болған əнеугі кеңес əріп таңбаларын бір пішінге түсірген жобаларды қабылдады. Ондай жобалар Алпарұлынікі, Шарапұлынікі, Ыдырысұлынікі. Жалғыз пішінді əріптен сөз сүгіретіне кіретін өзгерісі аз. Орыстың жуандық белгісін тастағандағысындай ғана сөз сүгіреті өзгереді. Оны алғаннан пайда есепсіз көп. Пайдасының есепсіз көптігі сол: Əуелі, баспа əрпін кемітіп, татарлардікін 30-31-ге түсіреді, біздікін 2425-ке түсіреді. Екінші, əріп жасау жұмысын жеңілдетеді (понсон, матрица жасау). Үшінші, өнер құралдарына қоюға өте ыңғайлы. Төртінші, үйрету, əріп теру, басқанды түзету істерін жеңілдетеді. Осыншама пайдасының орнына біздің жоғалтатынымыз – жалғыз-ақ сөз аяғында созып кеткенде шыққан əріп құйрығы. Онан басқа шығатын шығын жоқ. Енді латын əрпімен екеуін теңестіріп қарайық. Латын əліп-биінде əріп ұлылы-кішілі болып, екі-екіден келеді. Латын жүйелі əріптер баспаға əбден икемделген, ол икемделуі Европа жұрттарының өздеріне даяр болғанымен, бізге даяр емес. Түрік жұрттары олардың даяр тұрғандарын сол күйінде алып пайдалана алмайды. Өйткені – латын əрпін өзгертпей алуға болмайды. Ең кем болғанда, 25-30 пайыз өзгертіліп алынады. Латын əрпін өзгертпей алуға болмаса, латын əрпі орнатылған машиналарды да өзгертпей сол күйінде алуға болмайды. Оның мағынасы – өзгертпестен ешбір жазу машинасын, еш əріп теру машинасын алып, пайдалануға болмайды деген болып шығады. Бір жақтан солай болса, екінші жақтан түрік жұртындағы қалалардың баспаханаларында өзгермеген латын əрпі де жеткілікті күйде табылмайды.
Қызылорданы былай қойып, Қазан, Уфа, Ташкент, Самарқан шəрлерінде де табылмайды. Əзербайжан латыншылдарды латын əрпінен əліп-би жасап, бастырайын дегенде ешбір шəрінде латын əрпін таба алмаған. Басқа жерден жасатып алдырғанша 5-6 ай өткен. Əріп келген соң латын əрпімен еркін тере білетін адам табылмаған. Қырық кісілік курс ашқан. Көптен келе жатқан латыншылдары бар, жетілген кент мəдениеті бар, өнерлі кəсібі бар əзербайжандықтар əліп-би бастыруға соншама əурешілік шексе, басқа түріктер, «əсіресе, біздің қазақ сияқтылары опоңай дайын қып ала алмас. Əзербайжанның латын кассысында 46-47 ұя бар. Ұлы түрінікі де, кіші түрінікі де бəрі сонда. Латындікін алғанда қазақ кассысында 46-48 ұя болмақ. Бұл араб əрпінің үшінші түзілген күйіндегісінен төмен болып шығады (Бұрнашұлы мен Тоқайұлының түзетуі). Үшінші түзету бойынша қазақ кассасында 41 ұя болмақ. Соңғы түзету бойынша кассымыздан ұя 24-25 ғана болады. Ол латындікінен екі есеге таяу аз болмақшы. Латын əрпінің баспаға сыйымы туралы қолымызда мағлұмат болмағандықтан, орыс əрпінің сыйымы турасындағы мағлұматтарды алып салыстырамыз. Өйткені – орыс əрпі мен латын əрпінің айырымы аз, екеуі бір жүйелі əріп. Қалыпты баспа табағына орысша 12 кегелмен шпонсыз жиғанда, 10 кегелмен шпондап жиса, 40 мың шамалы əріп сияды. Бұл кітаптар үшін жиғанда. Газеттер үшін 10 шпонсыз жиғанда 50 мың шамалы əріп сияды. Араб əрпінің ескі күйіндегі қалпында 12 кегел «нормал» түрі мен шпондап жиғанда 40 мың шамалы əріп сияды, 14 кегелмен шпондап жиғанда, 32-35 мың шамалы əріп сияды. Үшінші түрде түзілген əріптен сол шамалы сияды. Соңғы түзелген түрдегі əріптен оныншы кегелмен шпондап жиғанда 54 мың кітап жə газет əріпі сияды. Сегізінші кегелмен шпондап жиғанды 65 мың шамалы əріп симақ. Ескі əріппен, үлкен кассымен тіреу салып жинағанда күндік жұмыстың өнімі орыстікінен 10-15 ℅ төмен болады екен. Үшінші түрде түзелген əріппен жұмыс өнімі орыстікінен артық та емес, кем де емес – шамалас болған. Ең соңғы түзелген түрдегі əріппен жиғанда, жұмыс өнімі орыстікінен 10 ℅ асқан. Сөйтіп, баспа жағынан ескі əріп латындікінен төмен боп, түзетілген əріп артық болып шығады. Араб əрпін теру машинасына орнату жағынан қолайлылығына келсек, оған ескі əріптер жарайды. Бакуде шығатын «Коммунистер газеті» Америкадан алдырған ескі əріпті теру машинамен теріліп шығып отыр. Түзетілген жаңа əріппен бір түгіл екі сүгіретті əріп қойылып машина шықпақ.
Енді көркемдік пен көзге жайлылық жағынан бір-екі ауыз сөз айту қалды. Көркемдік деген əркімнің көңіл талғауына қарайтын нəрсе, бірақ европа жазушылары латын əрпінің пішіндеме сызықтары сияқты көзге көрінетінін, араб əрпі, сызығы түрлі болғандықтан көзге көркем шырайлы көрінетінін айтқанын білеміз. Көзге жайлы болу жағына келсек, мұнда қай əріппен жазылған жə басылған сөз оңай оқылса, сол əріп көзге зиянсыз жайлы болуға тиіс. Өйткені ондай əріп көзді талдырмайды. Көзді талдырмайтын оқуға оңайлық жағынан араб əрпі латындікінен артық екені айтылып өтті. Əншейін үстін қарағанда араб əрпін түзету ісі дағдылы, қалыпты нəрсе сияқты болып көрінеді де, тура басқа əріпті алу төңкеріс есебіндегі нəрсе сияқты болып көрінеді. Төңкеріс немесе үлкен өзгеріс есебінде болып шығуы үшін жасаған өзгерістен өнетін үлкен пайда болуы керек. Латын əрпінен өнетін үлкен пайда түгіл, кішкене де пайда жоқ. Еуропа жұртымен бірдей болу мақсатымен аламыз десек, алу қиын болған себепті орыстар аяқ баспай отырғанда, біз сол мақсатпен істейміз деп айтудың қанша орны барлығын сөйлеп, көп сөз қылмасақ та болар. Латын əрпі сипыр түрдегі таңба болса, əріп бірлесітіру жағын сөз қылуға болар еді. Сипырды кім жазса да түсінеміз, түсіне беретін латын сипыры сияқты жə қытай жазуы сияқты жазу таңбасы емес. Басқалармен ымыраластыруға келетін жерде ісімізді ымыраластырамыз. Мəселен, мана сипыр жазуын бөтендерге қарап, солдан оңға қарай жазамыз дедім. Оны олай жазу біздің жазу бағдарымызға теріс ыңғай келеді. Бірақ теріс ыңғай болғанмен, қолайсыздығы аз болған соң көптен шықпас үшін істеп отырмыз. * * * Жер жүзінде бірдей əріппен түрлі тілді жұрттардың жазуын бірлестіру керек болса, онда қытай жазуын алу керек. Оны алсақ онымен кім жазса да түсінесің. Латын əрпін алғанмен, өз тіліндегі мен өзге тұқымдас тілдегі ғана нəрселерді түсінесің. Оны латын əрпісіз де істеп отырмыз. Жаңа да бір айтатын сөз. Латыншылдар екі əріпті салыстырғанда араб əрпін баяғы Италия бұзған түрінде алып, түзетілген əріп жағына əдейі жуымайды. Латынға алмастырғаннан енетін пайда көп болса немесе латын əрпін алу машақаты, шығыны араб əрпін түзетуден аз болып шығатын болса, оларды түзетуді менсінбей, латынмен болуы жөн дер едік. Ол жоқ. Араб əрпін түзетуге кететін шығын мен еңбек латынға көшу бейнеті мен шығынынан мың емес, миллион есе кем екені айрықша есеп қылмай-ақ айқын нəрсе. Манағыдан бергі айтылғанның бəрінен жасалатын жалпы қорытынды мынау:
Араб əрпі латын əрпінен жазуға, оқуға оңай. Онысын сауатты адамдардың күндегі ісінің жүзінде көп пайдалы болып шығады. Сауат ашу жүзінде араб əрпінің қолайлылығы латын əрпінен артық. Баспа ісі жағынан араб əрпінің ескісі латын əрпінен төмен, жаңасы артық. Машиналарға орнатуға араб əрпінің жаңасы латындікінен анағұрлым артық, ескісі де орнатуға келетінін іс көрсетіп отыр. Араб əліп-биінің əрпі қазақ тілінің дыбыстарына толық жеткілікті, қандай емле жасауына да келеді. Қазақ емлесі нағыз оңай, бұқараға қолайлы емле. Сөйтіп, екі əріпті салыстырғанда, сап-саз, ап-айқын көзге көрініп тұрған сындары əріп алмастыру мəселесін дəріптеп көтеруге орын жоқтығын көрсетеді. Бұ сияқты мəселені көтеріп, уақытын шығын қылып жүргендер болса, оны еріккен адамдардың ермегі есебіндегі құр қиял деп білемін. Əліп-би түзеу – емле түзеу жағынан соңғы кезде істелген істер жемісті болып, бұ жағынан біз Европа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз. Əріпті өнер құралдарына икемдеу жағынан да олардан асыратынымызға көз жетіп отыр. Солай болған соң аз күшімізді алға шыққан жақтағы керексіз іске салғанша, басқадан кейін тұрған жағымызға жұмсауымыз жөн емес пе деймін. Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынұлы (Əліппелер мен мақалалар). Бес. том. шығ. жин. Алматы: «Алаш», 2006, 4 том, 252-266 б Выступление на первом всесоюзном тюркологическом съезде Байтурсун. (Аплодисменты). Прежде всего надо поставить вопрос: что требуется от правописания. Требуется, чтобы это правописание удачно, точно передавало звук языка. Второе – чтобы это правописание для изучения было легким. Вот это два основных требования. Здесь возникли споры. Одни говорят, что правописание имеет связь с алфавитом, другие говорят – не имеет. На самом деле правописание имеет связь с алфавитом только в том случае, если алфавит несовершенный. Возьмем, например, русский алфавит. В русском алфавите есть недостатки, например «ё», «ю», «я». Дальше Профессор Щерба говорил: «хвасталса и хвастался». Отчего это так смешивается? Оттого, что для звука «а»
нет соответствующего знака. Теперь возьмем слова: «дарю» «даю» - вы видите совершенно разное произношение «ю». Значить, в русском алфавите нет соответствующего знака. Теперь возьмем слова: «тебе», или, например: «чтение», или «доброе» – тут как будто слышен звук «е», а когда говорят: «тебе» получается «тибие». Значить, в русском алфавите нет соответствующего знака для звука «е». Если алфавит несовершенный, тогда действительно это несовершенство будет влиять на правописание, а когда алфавит совершенный в том смысле, когда для каждого звука имеется соответствующий, определенный знак и этот знак никогда не меняется, то это другое дело. Теперь следующий вопрос. Что здесь положить в основу? Взять ли принцип этимологический, или исторический, или же наконец, фонетический? Мне думается, что самое идеальное правописание – это фонетическое. Если прибегают к другим правописаниям, то делают это по совершенно другим основаниям. Правописание большей частью зависит именно от языка, от свойства языка. Если возьмем, например, язык русский, употребляющий этимологический принцип, то мы должны сказать, что этот язык хаотический, анархический, потому что одни и те же слова, при изменении ударения, принимают совершенно другие формы. Например «вада», «воды», ударение изменилось, где раньше стоял звук «а», теперь появилось «о». Это самый анархический, хаотический язык. Где дело так обстоит, там действительно необходимо прибегать к этому этимологическому принципу. Я другие языки хорошо не знаю, но хорошо знаю из наших языков киргизский и казахский. Эти языки – самые стройные. Здесь звуковые законы очень строги, каждый звук в конце слова дает такую же реакцию, какую дает химический элемент. Это самый совершенный, самый стройный язык. Если у других тюрков точно такой же язык, то нет никакой необходимости принимать за основу именно этимологический принцип. Дальше, в отношении обучения правописанию. Идеальное правописание – это фонетическое. Фонетическое письмо практически мы, казаки, применяем уже несколько лет, и результаты получаются блестящие. Поучившиеся год по нашему алфавиту пишут в такой же степени грамотно, как окончившие 4-летку в русской школе, окончившие 4-летку пишут точно так же грамотно, как окончившие русскую 9-летку. Сами судите, до какой степени этот фонетический способ письма облегчает обучение. Вот в отношении социального значения для того чтобы грамотность стала доступной, эта грамотность должна быть при обучении очень легка для населения, а фонетическое письмо при обучении грамоте облегчает не только дело обучения детей, но даже и взрослых. Здесь я должен коснуться исторического принципа письма. Есть тюркские народы, которые до сего времени не могли отрешиться от традиции. Возьмем, например,
азербайджанцев и османцев – они до сего времени держатся исторического принципа письма. То, что к нам перешло от арабов, они консервативно до сего времени держатся этого, они считают святотатством изменить его. Так относиться нельзя! И при этом, относясь так, они еще винят других, что другие будто бы консервативны. Я должен это сказать здесь, потому что многие думают, что если мы держимся за арабский алфавит, то мы консервативный элемент. Нет. Со «священным» письмом давно покончили. В отношении применения фонетического способа для слов из других языков я должен сказать, что мы берем слова из других языков для наших надобностей хотя не для научного употребления, а в народном разговоре. Если возьмем слово «ажол», это киргизы считают своим словом, никогда не говорят, что это арабское «гакол» предали казаки именно свое слово. Также много слов теперь новых. Слово «комисар», казаки говорят «комюссер». Что же это мы для европейцев должны оставить это слово в том виде, в каком они при этом произносят? Но казакская артикуляция не выносит такой конструкции слов. Поэтому мы все иностранные слова будем брать в таком виде, чтобы это было легко для произношения казаков. Точно так же и другие тюркские народы не должны считаться с происхождением слов, а должны считаться с говором, с артикуляцией населения (звонок председателя). Я многое пропускаю, только скажу одно, что здесь, когда открывали съезд, т. Агали – оглы итд. Павлович говорили, что будто бы сам алфавит мешает прогрессу, а если возьмем языки, например русский, русское письмо в сравнением с нашим – это китайское письмо. Тут приходится заучивать, зазубривать каждое слово, точно так же как английский, немецкий и французский языки, в сравнении с нашей грамотностью это есть именно китайская грамота. Мы заучиваем только 24 звука, а они же все, что есть на этом языке, должны заучить. На каждом языке, сколько слов, столько должны припоминать изображении этих слов. Почему? Потому что их письмо не передает правильно ни одного звука. Байтурсун. (Аплодисменты). Доклад мой будет о том, как мы, казакские научные и литературные работники строим терминологию для литературы и народа, во вторых, какого принципа мы придерживаемся в выработке терминологии. 1. Основные мои мысли по выработке терминологии мною высказаны в тезисах, в котором, полагаю, все делегаты съезда знакомы. Настоящий мой доклад к ним ничего нового в основе не прибавят. Он будет носить скорее характер разъясняющий, конкретизирующий основные мысли нежели их дополняющий. Изложенные в тезисах положения настолько очевидны, что едва ли они могут вызвать недоумение разве только сжатость изложения может внести некоторую неясность для правильного
понимания высказанной мною мысли, поэтому я в своем докладе базируясь на высказанном мною в тезисах основных мыслях, намерен развивать последнее в пределах необходимой конкретизации. 2. То, что в наше время лучшим фундаментом в жизни является культурный фундамент, и что, поэтому, вся жизнь современных передовых государств строится на фундаменте культуры, я думаю, это бесспорно. В самом деле, кто же может отрицать то, что там, где культура слаба, земля приносит меньше урожая, машины работают хуже, промышленность и торговля мало развиты, борьба с болезнью и смертью малоуспешна, природа подчиняется мало или совсем не подчиняется и стихийные ее силы для людей разрушительны и разорительны. В наше время культура есть глубокая жизненная потребность. Не основанная на культуре жизнь подвержена всяким случайностям. За примерами далеко не приходится идти. Еще свежи в нашей памяти ужасы голода 21-22 г.г. А сколько было таких голодовок до этого? В жизни России такие голодовки встречаются часто. Чем объяснить подобное явление, при неисчислимых и неисчерпаемых природных богатствах страны? Конечно, малокультурностью населения. Всякая повторяющаяся два года подряд засуха возвращает наших земледельцев в первобытное состояние, одна только неблагоприятная зима делает то же самое с нашим скотоводством. Это определенно, со своей очевидностью говорит о слабости в нашей стране культуры, когда она еще не подчинила себе природы. При высокой культурной форме земледелия и скотоводства, того, что сказано, не было бы. 3. Современная культура не есть создание одной какой-нибудь нации или расы, а результат совокупных усилий и навыков всего человечества. В культуре каждой нации, кроме собственного творения имеются заимствования, и на смещения их культуры влияют их отношения, которые различаются с точки зрения дружественного и неприязненного. Заимствования бывают и при покорении одной нации другой, и примерном общении народов друг с другом. При этом сходные формы религии, обычаев, нравственности, общественной организации, сродность наклонностей, инстинктов, психологии и т.д. облегчают процесс заимствований и смешения культур. Культура, как продолжение естественного развития благоприятных условий. Этих именно условий для развития культуры находящихся в России тюркских народностей не было. Единственный народ, у которого они могли бы позаимствовать кое-что, оказался не имеющим никаких сходных с ними форм быта и вдобавок еще оказался господствующим с правительственным верхом, державшимся по отношению к инородцам политики порабощения, обрусения, оправославливания. Последствием
этого получилось полнейшее недоверие к правительству и неприязненное отношение ко всему русскому, а вместе с тем и к русской культуре. С другой стороны, некоторые тюркские народности, успевшие набраться духа религиозной нетерпимости, чуждались вообще всего немусульманского и рабски подражали всему мусульманскому, что также неблагоприятно отозвалось на развитии их собственной культуры, скажем хотя бы литературы. 4. Русская духовная культура, благодаря политике русского правительства, до последних десятилетий не оказала никакого влияния на развитие духовной жизни тюркских народностей в России. Заимствование духовной культуры происходило между самими тюрками. Здесь-то именно пришли на помощь те сходные стороны их быта, о которых я уже говорил. Тюркские народности перенимали духовную культуру друг у друга гораздо легче, чем у русского, но только перенимать-то им друг у друга было нечего. Единственное, что возможно было им перенимать друг у друга – это учение религии и письменность. Так как ни одна область культуры так тесно не связана с духовной жизнью как язык, то вместо с религией и письменностью стала проникать и литература светского содержания, а вместо с последней незаметно заимствовались слова из чужого языка. Языки постепенно испещрялись, терялись природные обороты и формулы, словам, получилось полнейшее засорение собственных языков. Избегнуть этого несчастья могли только те тюркские народности, где религия и письменная литература не могли пустить свои корни глубоко. Например, у казаков и киргизов религия не имела духовно-поробощающего влияния, и духовная литература большого распространения среди них не имела. Благодаря этому, язык и следовал собственному ходу своего естественного развития. 5. Из сказанного видно, что на развитие культуры у тюркских народностей в России повлияли порабощенное положение их в светской, и в духовной жизни. Теперь же, по освобождении от того и другого порабощения, тюркские народности стремятся заимствовать все стороны современной культурной жизни. Заимствуя предметы духовного и материального быта высшей культуры, они должны заимствовать и понятия, и идеи. Для выражения этих понятий и идей лексикон родного языка далеко недостаточен. Перед всеми тюркскими народностями встала необходимость либо заимствовать слова из чужого языка, либо приспособить лексикон своего языка для выражения перенимаемых понятий и идей высшей культуры, т.е. выработать терминологию языка. За отсутствием у меня достаточных сведений о работах по выработке терминов у других тюрков, я могу говорить лишь о положении этого дела,
у нас, казаков: остальных же тюрков я буду касаться лишь мимоходом, при рассмотрении вопроса терминологии с принципиальной стороны. Как сказано в тезисах к моему докладу, до революции 1905 г. Нам, казакам, печатать на родном языке ничего не разрешалось. Лишь после этой революции на казакском языке начали выходить брошюры, журналы, газеты, учебники. Рядом с этим шла работа по изучению природы казахского языка с фонетической и грамматической стороны. По реформе алфавита, соответственно фонетическими требованиям, по составлению грамматики. Словом, казакский язык за короткий промежуток времени стал принимать обработанный определенный вид, допускающий при употреблении сознательный контроль над собою. Мы казаки, с самого начала возникновения своего печатного слова стали держаться своего принципа, чем другие. Мы имели в виду всегда народную массу и старались, чтобы произведения печати были в полной мере доступны всем мало-мальски грамотным казакам, а через них и неграмотным. Мы старались, чтобы каждая мысль, брошенная в толпу населения, могла быть подхвачена каждым, чтобы зародить в массе интерес к знанию и зарядить его сознанием для правильного понимания окружающей действительности. Первым условием, необходимым для достижения этой цели, мы считаем доступность языка произведений для массы. В силу этого приходилось выражать на родном языке и такие понятия и идеи, которых раньше у народа не было и которым теперь поневоле пришлось облечься в казакские слова и выражения.С развитием печатного слова пришлось прибегнуть к созданию особого органа для объедения терминов; без этого одно и то же понятие могло облечься в разные слова, в разных конструкциях. Для выработки единой терминологии у нас при Академическом Центре существует комиссия, которая во избежание засорения языка варваризмами, должна строго придерживаться определенных принципов. Последние одобрены и приняты первым съездом казахских научных работников, происходившим в Оренбурге в июне месяце 1924 года. Эти принципы следующие: а) для терминов придпочтительно перед другими брать казакские слова в полне соответствующим данному понятию значением. Это делается во избежание расслоения языка, т.е. для того, чтобы не получился язык верхов и язык низов, или, вернее, язык грамотных и язык неграмотных. Для нас, казаков это имеет весьма важное значение: протсент грамотных у нас незначителен, организованных общественных чтений и лекций для населения у нас пока не имеется, как слушатели, так и чтенцы у нас в полном смысле случайные. Для того, чтобы чтение газет, журналов, брошюр и т.п. произведения печати, где бы и кем бы не производилось, могло принести пользу, язык должен быть понятен для широкой публики.
Только при таком положении незначительный протсент грамотных людей может обслужить значительное количество неграмотных. б) В случае отсутствия в казахском языке подобного рода слов, заимствовать таковые из родственных казахскому языков. Это делается тем сображением, что: 1) большинство слов родственных языков хотя не имеют общих форм, но имеют общие корни, следовательно, они и для понимания легче и для слуха и для выговора не так чужды, как слова неродственного языка, 2) тюркские народности имели и имеют постоянное общение между собою, а потому большинство слов одного языка, даже без наличия общих корней, может быть знакомо представителям другого языка. в) Общеупотребительные мировые термины могут приниматься, но с соответствующими природе казахского языка изменениями. При наличии казахских слов, могущих заменить их, должны помещаться оба, чтобы право выбора предоставить обществу. Под общеупотребительными терминами мы подразумеваем современные общераспространенные европейские термины, но не арабские. Мы принимаем их предпочтительно перед арабскими в силу того, что мы приобщаемся сейчас не к арабской культуре, а к европейской. Все достижения европейской культуры в полной мере могут быть выражены европейским же языком. Но заимствованные термины должны подчиняться нашему казахскому говору, т.е. на них должны распространяться звуковые законы нашего языка, исходящие из привычных артикуляций языка. Для того, чтобы иностранные слова сделать нашими, это необходимо. г) Все неказахские слова, не согласующиеся с природой казахского языка, точно должны подвергаться изменениям соответственно казахскому говору. Это значить, во-первых, что во всех неказахских словах, с чуждыми казахскому языку звуками, последние заменяются соответственно нужными звуками, во-вторых, суффиксы в неказахских словах заменяются казакскими, в-третьих, двойные чуждые казакскому языку окончания должны измениться в пределах требуемого языком удобства произношения, например, Оренбург – Орынбор, Самара – Самар, пуховой – бөкебай, покров – боқырау, Адамовский – Адамау и т.п. Благодаря принципу, охраняющему язык от варваризма, мы казаки, имеем в настоящщее время единый казакский язык, т.е. наш язык не делится на язык народной и литературный, на говор простонородья и интеллигенции. Без этого с нашим языком получилось бы то же, что и с языком других тюркских народов, имеющих печатное слово с давних пор. Как говорят народные массы у анатолийских турок и азербайджанцев, мне известно. Если они говорят на том же языке, на каком пишут, то несомненно у них тюркского осталось очень мало. Тюркский элемент в их, так называемом, литературном языке представляется мне истрепанным, искалеченным,
тощим грамматическим скелетом, обвешанным всевозможными чужими словами. После анатолийско-турецкого и азербайджанского наиболее испещренным языком является, по-моему, татарский язык, имеющий с давних пор письменную литературу. Это тоже один из языков, злоупотребляющих варваризмами. Узбекский литературный язык представляется мне тоже в достаточной степени засоренным языком. Крымский литературный язык тоже. У башкир литературный язык только что рождается, причем замечается стремление и у них к ограждению своего языка от варваризмов. На тот же путь вступила туркменская литература. Одним из языков, свободных от иноязычного влияния и от варваризмов, является киргизский язык, который в отношении выроботки литературного языка придерживается того же принципа, какого наш казакский. В заключение мне остается сказать, что я нахожу правильным положенный нами в основу литературного языка принцип, потому что это есть самый вернейший путь к тому, чтобы сделать печатное слово доступным народной массе. А печатное, слово, как я говорил в тезисах и говорю в докладе, играет весьма важную роль в деле поднятия культурного уровня массы. Уровень своей культуры мы должны измерять не количеством знания, накопленного в верхах, а областью распространения его внизах. При современном мировом характере хозяйства и конкуренции, борьба за существование без высокой культуры – что война безоружных с вооруженными. С каждым днем становится все очевиднее, что всякая область деятельности должна иметь свою усовершенствованную технику и специальные знания. Правильное и успешное развитие современной общественно-хозяйственной жизни возможно только при высоком культурном уровне всего населения. Крупная промышленность, составляющая особенность нашего времени, требует высокого культурного уровня рабочих. Сельское хозяйство, составляющее основу нашего благосостояния и благополучения, требует высокого культурного уровня сельского населения. Всякого рода «зации» и «ции» советизация, колонгизация, электрофикация, индустриализация и т.д – все это такие вещи, которые требуют активного участия массы и нуждаются, в свою очередь, в гибкости и подвижности ее ума, а эти свойства не развиваются, когда человек замыкается только на одном физическом труде. Знание и труд две разделимые, ежеминутно сплетающиеся стороны одного и того же процесса. Знание есть орудие для активных целей человека, без знания участие массы в общественном строительстве будет не активное, а пассивное. В делезаряжения народной массы знанием большую роль играет правильно поставленное печатное слово, которое, прежде всего должно быть доступно массе.
Это одно. А есть еще другое. Мы, тюркские народности, как в большинстве своем далеко оставшие от высоко-культурных народов, шествовать с ними рядом, нога в ногу, по пути прогресса пока не можем. Многие предметы их высокого культурного быта, как материального, так и духовного, для нашей массы пока будут недоступны. Мы от высоко культурного быта, как материального, так и духовного, для нашей массы пока будут недоступны. Мы от высоко-культурных народов отделены толстою стеною различия языка, которая при нашем стремлении к приобщению к европейской культуре во многом будет мешать нашему свободному движению в эту сторону. Культурные силы и культурный уровень тюркских народностей не одинаковы. В то время, когда одни тюрки будут преуспевать в своем культурном развитии, другие могут отставать. Для того, чтобы они могли пользоваться друг у друга достижениями, хотя бы в области духовной культуры, необходимо, чтобы произведения их печати были доступны друг-другу. Первым шагом в этом направлении было бы освобождение тюркских языков от господства варваризмов. По-моему, правильно поступили бы все тюркские народности, став на казакскую точку зрения в отношении выработки терминологии и литературного языка. Этим путем каждый из нас разгрузив свой язык от балласта чужих слов и очистив его от засоренности влиянием чужого языка, сделали бы доступными произведения своей печати и своей народной массе, и другим тюркским народностям. Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы (Əліппелер мен мақалалар). Бес. том. шығ. жин. Құраст.: А.Ісімақова., Р.Имаханбетова., Алматы: «Алаш», 2006, 4 том, 275-285 б. Оқу жайы Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін қалудың себебі оқудың кемдігінен екенінен көріп тұрамыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі – ойлап қараса, біздің қазаққа мағлұмсыз емес. Бұл заманда не нəрсе машинаға айналды. Қазақ биыл 5 теңгеге сатқан нəрсесін келер жылы өзі 10 теңгеге қайта сатып алады. 10-11 сомға алып отырған былғары – былтырғы 4-5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі 5-6 сомдық шұғалар, торқалар – қазақтың бір пұтына 3-4 сом алып, сатқан малының жүні.
Қазақтың осы күні сатып алмайтын нəрсесі жоқ, сол алған нəрселерінің бірін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа-сайман, арба-шана, киім-кешек, ыдыс-айақ бəрі де зауыт, пабрикаларда істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нəрселердің сүйегінен іс ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20-25 жыл бұрын қазақ Бұқар, Ташкентке түйемен кіре салып қанша пайда қылушы еді. Теміржол түскен соң ол пайда да қазақ қолынан кетті. Басқа жұрттарда өздерінің істеген нəрселері өз ішінде сатылып, жұмсаған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-біріне ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін орны жоқ. Жоғарыда айтылған шаруа туралы болсын, партиаға мүбталла болсын, бəрінде де қазақтың байлығы осы көлденеңге, көк аттыларға түсіп, соларға жем болады. Қазақтың шаруасына бір жақтан надандығынан кемшілік келгенде, екінші жағынан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасын қианат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік. Осы замандағы жан таңырқарлық нəрсенің бəрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған – ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген – ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бəрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен. Əуелгі заманда жұрт шақар дегенді білмейді екен, далада аңша өсіп-өніп жүріпті, араларында «менікі-сенікі» болмапты, аңның терісін киім, етін тамақ, тарамысын жіп, сүйегін ине қылды, екі ағашты біріне-бірін үйкеп от шығарды. Жазу-сызуды көпке шейін білмеді, соңынан оны да ойлап тауып, басында аңның терісіне жазып жүріпті. Сөйткен жұрттар осы күні қандай тамаша іс қылып тұр! Енді біздің қазақта оқудың көп-азын мөлшерлеу үшін мынау есепті көрсетеміз. Əр жердегі қазақтың өнер-білімі қаралас, сол себепті бір облыс, иаки бір уез елдегі оқудың таралуын көрсетсек, күллі қазақтағы оқуды шамалауға болады. Торғай облысында 1912-нші жыл бірінші ғинуарға шейін 570 мың 109 қазақ тұрған, қазақ баласы оқитын 132 школ болған. Бұлай болғанда, əрбір 3 мың 561 кісіге бір школдан ғана келеді екен.
Қостанай уезінде 1909-ншы жылғы есеп бойынша 60 мың 594 еркек, 52 мың 63 əйел – барлығы 112 мың 657 қазақ болған. Бұлардан қазақша оқыған (қат танитын) еркек 6 мың 65, орысша қат танитын 690. Қазақша қат танитын əйел 379, орысша қат танитын əйел 29. Бұл есептен көрінеді: Қостанай уезінде қазақша қат танитын еркек əр бір жүз кісіден алтау, орысша қат танитын əйел əр бір үш жүз кісіден біреу, орысша қат танитын əр бір төрт мыңнан біреу екен. Бұл сипырлар қазақта оқудың тіпті аздығын көрсетеді. Қостанай қазағынан кейбір жерлердің қазақтары кем оқиды. Қазақта орысша болсын, қазақша болсын оқу ісі жақсы тəртіпке қойылмаған. Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школ. Қай жерде болса да қазақ үшін ашылған школдардың көбі ауылнай школ. Сонда оқыған балалар ілгері школдарға келіп оқымаса, тіршілікке пайдалы білім алып шыға алмайды. Азғантай үйренген орысша жазусызуынан қарайып, тілін тіпті ұмытып қалады. Қазақ баласы тəуірірек оқырлық школдарда қазыналық орын аз, өз күшімен оқытуға əркімнің шамасы келе бермейді. Екі класты школдар əр уезде бір-екеуден, оларға 30-дан артық қазақ баласын алмайды. Орта əм жоғарғы школдарда қазыналық орын бұл кезде жоқтың қасында. Əр облыстың қазақтары үшін университет, институттерден 2-3-тен артық орын жоқ. Бұрынғы ашылған орындар əр түрлі сылтаумен кеміген. Сүйтіп, тəуірірек оқитын орындардың қазақ үшін есігі бекіп, жолы жабылған. Қазақша оқу əлі бір белгілі тəртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді, тəртіппен оқытарлық мұғалімдері аз, оқу проғырамы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғаллимин (педутшилише) жоқ. Орысша əм қазақша оқудың екеуінен де керегінше пайдалану үшін, қазақ əуелі əр нəрсенің асылына түсініп іс етерге керек. Күкімет қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың қазақша оқуын тіпті тілемейді. Сондықтан мектептерімізді тəртіпке қойу, қазақша оқуды қалыққа тарату – өз міндетіміз. Жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын, орта əм жоғарғы школдардан көбірек оқылсын десек, қазақтан қазынаға деп жиылған ақшалардың нендей орынға, оның ішінде оқу жолына қанша жұмсалатынын, күкіметтің осы күні қазақты оқытуға жұмсап отырғаны бізден жиылып тұрған ақшадан артық па, кем бе – соны білу керек. Егер кем болса, кінəлі күкіметке аудармай, кемін толтыру керек, ақшаны артық төлеп, пайдасын кем көретін болсақ, лайықты жолымен есептесіп, школдарды көбейттіріп əм жоғарғы школдардан молырақ орын аштыру тиіс.
Қазақ қалқында бұл күндегі орысша əм қазақша оқу жайы осы. Мұнан былай оқу əм оқыту мəселесі «Қазақ»-та түгел жазылып тұрмақшы. Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы (Əліппелер мен мақалалар). Бес. том. шығ. жин. Құраст.: А.Ісімақова., Р.Имаханбетова., Алматы: «Алаш», 2006, 4 том, 288-291 б. Тіл қисыны (Яки лұғат қисыны) Тіл қисыны дегеніміз асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, əдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатынын көрсету. Сөзден əдемілеп əңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас. Үй салуға мəселен, түрлі зат керек. Ол керек зат – топырақ болса, оны біріктіріп илейді, илеген балшықтан кірпіш құяды. Кірпішті қалап, неше түрлі үй қылып шығарады. Үйдің жақсы-жаман болып шығуы балшығынан да, кірпішінен де болады. Бірақ көбінесе кірпіштерінің қалауынан болады. Кірпіш қандай жерде қалай қаланып, қандай үй болып шығуы жасаған жобаға қарай болады. Неғұрлым жоба жасайтын сəулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым салған үй сəулетті, əдемі болып шықпақ. Сөзден құрастырып пікірлі əңгіме шығару үшін жұмсалатын зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалған. Кірпіштен қалап түрлі үй жасау сияқты, сөзден бірігіп, түрлі əңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы балшығынан, кірпішінен, əсіресе қалауынан болатыны сияқты, əңгіменің түрлі болып шығатыны тілдің дыбысынан, сөзінен, əсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты тілдің дыбысы жаман болса, дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы əңгіме шықпайды. Сондықтан мəнісінің зоры кірпіштің қалауында, жобаның жасауында болған сияқты, əңгіменің əдемі болып шығуы сөздің тізілуі мен əңгіме айтушының пікірлеуінде. Неғұрлым сəулет өнерпазы қиялға бай болса, соғұрлым үй де сəулетті əдемі болып шығатыны сияқты, неғұрлым жазушы қиялға бай, пікірге шебер болса, соғұрлым шығарған сөз пікірлі, əсерлі, əдемі болып шықпақ. Жақсылап
үй сала білу үшін сəулет өнерпазы үй салуға ұсталатын заттардың сырсипатын, қасиетін жақсы білуі тиіс: кірпіштің түрлі қалауларын жақсы біліп, белгілеген жобамен үйдің түрін келістіріп шығару жағын жақсы білуі тиіс. Мұның бəрін жақсы білу үшін сəулет өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Сондай-ақ тіліндегі сөзден құрастырып қисынын келтіріп, жақсылап бір нəрсе шығару үшін сөз өнерінің ғылымын жақсы білу керек. Дыбыстың, сөздің, сөйлемнің сыр-сипатын тану, заңдарын білу – бұл үйге керек заттардың сыр –сипатын білу сияқты нəрсе. Керек затарын сайлап алып, үй салуға кірісу – дыбыстың, сөздің, сөйлемнің жайын біліп алып, солардың əрқайсысын дұрыстап орнына жұмсап, пікірлі əңгіме шығаруға кіріскен сияқты болады. Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни əр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлемді тізе білуі тиіс. Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Сонан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Онан əрі үлгілі жазушылардың шығарған сөздерін оқып, өзі іс жүзінде иə ауызша айтып, иə жазып қолданумен біледі. Біз қазақ тіліндегі сөздің бəрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп – айтатын ойға сəйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді жəне сол сөздерді сөйлем ішіне орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі қазақ ортасындағы бəріне бірдей ортақ мүлік болғанмен, бəрі бірдей пайдаланбайды. Əркім əр сөзді өзінше қолданады, өзінше тұтынады. Бүтін пікір айтып шығатын əңгіме ішінде түгіл, жалғыз ауыз амандасу жүзінде де əркім əртүрлі сөз қолданады. Мəселен, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сəлемет жүрсіз бе?» деп, біреу «күйлі, қуатты барсыз ба?» деп амандасады. Бəрінің де ой мақсаты бір. Бəрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ əркім əр түрлі сөз қолданып сұрайды. Сол сияқты əркім пікірін сөз қылып шығарғанда да ана тіліндегі сөздердің əрқайсысын əр түрлі қолданады. Қысқасын айтқанда, əркім сөзді өз қалауынша алып, өзі оңтайлы көруінше тұтынады. Əркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады. Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл қисыны деп айтылады. Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы (Əліппелер мен мақалалар). Əдебиет танытқыш. Бес. том. шығ. жин. Құраст.: А.Ісімақова., Р.Имаханбетова., Алматы: «Алаш», 2003, 1 том, 176-178 б.
Сөз талғау Шығарма тілі екі түрлі болатындығы жоғарыда айтылған еді. Оның бірі ақын тілі деп, екіншісі əншейін тіл деп аталады деп едік. Бұл екі тілдің арасындағы айырмасы мынау: əншейін тіл көбінесе сөздің дұрыстығын, анықтығын, тазалығын, дəлдігін талдайды. Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дəлдігінің үстіне, көрнекті, əуезді болу жағын да талғайды. Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау: 1. Сөз дұрыстығы Сөз дұрыс айтылуы деп əр сөздің, əр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болу үшін керек: 1) Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нəрселерді жақсы біліп, əрқайсысын өз орнына тұтыну. 2) Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру. 3) Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру. 2.Тіл тазалығы Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу. Орыстың жақсы жазушыларын алсақ, олар көбінесе мынау түрлі сөздерден қашқан: а. ескірген сөздерге жоламаған. ə. жаңадан шыққан сөздерден қашқан. б. өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашқан. В. жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламаған. Қазақ əдебиеті қатып-пісіп, жетпеген уақытта біз қазақ сөзін ескі, жаңа деп талғамаймыз, жергілікті сөз екен деп, ол жағынан қатал қарап, қашып тұрмаймыз. Жалғыз-ақ біздің мықтап қашатынымыз жатшылдық (жат сөзшілдік). Біз сияқты мəдениет жемісіне жаңа ауызы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мəдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мəдени жұрттардың тіліндегі əдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пəн сөздердің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің əдебиетіміздің тілі таза болып, жоғарыда айтылған талғау салтының салты орындалған болады.
3. Тіл (лұғат) анықтығы Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады. Лебіз ашық мағыналы болу үшін айтушы айтатын нəрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нəрсесін анық атайды да, көмескі танитын нəрсесін көмескі, күңгірт атайды. Сондықтан біреудің айтқан сөзін анық түсінеміз де, біреудің сөзін анық түсінбей, жорамалдап, жорып, ұйғарып қана қоямыз. Лебіз анық болуына мынандай орындарда кемшілік келмек: а) Лебіз мағынасы екіұшты ұғарлық болып айтылғанда. Мысал: Жаман қатын алсаңыз, Төркініне бере алмай, Төсегіне жата алмай, Тең құрбысы келгенде, Жөнді жауап айта алмай Жалғанда қор болады. Мұнда «жалғанда қор болады» дегенді екі түрлі ұғуға болады: «Төркініне бере алмай, төсегіне жата алмай» байы «қор болады» деп те ұғуға болады. «Тең құрбысы келгенде жөнді жауап айта алмай» қатыны «қор болады» деп те ұғуға болады. Сол сияқты, мынау да екіұшты лебіз: «Абай ұрыға қас еді, ұры ауылының маңына жолмаушы еді». Мұнда «ұры ауылының маңына» Абай «жоламаушы еді» деп те ұғуға болады. «Ұры Абай ауылының маңына жоламаушы еді» деп те ұғуға болады. Абайдың мына сөзін де екі түрлі ұғуға болады: «Қисық болса, закон бар, судьяға беруге, ол да уезднай емес қой, алуға теңдік сенуге». ə) Сөйлемдер шұбалыңқы айтылып, бір басыңқы қасында көп бағыныңқы сөйлем болса, немесе сөйлемдердің құралуы, құрмаласу, сабақтасулары шатақ түрде болса, əйтпесе, тыныстар орнына қойылмаса. Мысал: 1) «Өз əкесі Құнанбай... уақытындағы елдің құр мұсылманмын дегеннен басқа, діннің не екенін білмей қан жеп, неше түрлі ырымдарға табынып жүргеніне қатты тыю салып, анық шариғат қоспаған істі қылған ғайырғы бұзықшылық іс қылғандарға бек ауыр жаза салып, халыққа ауыл басы молда ұстатып, қадары қал ғылымның жолын көрсетіп, үлгі салған еді». 2) Соңғы уақытта Абай өзі өлеңінің өнер екенін біліп жаза бастаған соң бұрынғы ақындар надандықпен өлеңді өнер орнына ғибрат үшін
айтпай тіленшілік орнына айтқандықтан ақындықтың да, өлеңнің де қазақ ордасында бағасы кеткендігін айтып, өзін олардың ретінен басқа қылып, алмақ пайда үшін емес, халықты ұмтылтып, көңіл көзін ашпаққа ғибрат үшін жазғанын білдіріп, өлең шығарған. 3) Сол себепті жазушылықтың өзі де екінші дəрежеде қалып салақ болып, берірек ұлғайыңқыраған кезінде, өкініш түсіп, жасында ғылым жолында болмай, қазақтың айқайымен жүргендіктен, кешірген өмірінің, жазған өлеңінің ретсіз болып, яки ғибрат алмаққа жарамайтындығын, ақылға сыйымсыз жері болса, кейінгі замандағы сынаушы жастардан өзінің тəрбиесіз, үлгісіз өткен өмірін айтып, надан елдің ішінде неше түрлі машақат, əурешілікпен бойды ыза кернеп, өткен қатам болса аяп, аз сөге көріңдер деп жазғаны – «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...». 4) Сөздер өз мағынасында жұмсалмай, басқа мағынада жұмсалғанда меңзеу, өрескел болса, мəселе: Таулардан бұлақ ағар сарқыраған, Күмістей сəуле беріп жарқыраған, - дегеннің орнына, «таулардан сарқырап, жарқырап, ақ күміс ағады» десе... 5) Адас сөздерді аңдап айтпаса, мəселе, «ол едің адамының бəрі азулы» дегенде, адамның бəрі азып болғанын айтқаны ма? Болмаса, «Адамының бəрі мықты, азулы айғырдай» дегені ме? Анық емес. 6) Сөз орынға қойылғанда, мəселен, күндерде бір күн Сатемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырысқа тамның төбесіне қарай домалап барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі. Мұнда «бір аяғы ақсақ құмырысқа деген сөз құмырысқаның бір аяғы ақсақ екендігін көрсете ме, болмаса аяғы ақсақ бір құмырысқа деген мағына ма – белгісіз. 4. Тіл дəлдігі Тіл дəлдігі деп ойлаған ұғымға сөз мағынасы сəйкес келуі айтылады. Ұғымға сөз дəл келу үшін сөздің мағынасын дұрыс айыра білу керек. Тіл дəлдігін бұзатын амəндес сөздер. Амəндес сөз деп мағынасы жақын сөздер айтылады. Мəселен, батырлық, ерлік, батылдық, өткірлік, өжеттік деген сияқты сөздер. Мұның жүректілікті көрсеткенімен, əрқайсысының өз алдына өңі бар. Өңін танымай, яки аңғармай, бірін бірінің орнына айтса, лұғат дəлдігіне кемшілік келтіреді. Жəне де тіл дəлдігіне мынадай орындарда кемшілік келеді. 1) Сөйлем ішінде орын алып, оралғы болудан басқа қажеті жоқ сөздер кірсе. Мысал: а) Кейбіреулер дүние қуғыш, мал жиғыш, пайда қылғыш келеді.
ə) Өз көзімен көріп. Көз алдымнан атқарып келіп отырмын. б) Оның қалыптанған ерте тұратын əдеті бар еді. Бұл үш мысалдың ішінде алып тастаса орны ойсырамайтын сөздер: «мал жиғыш», «пайда тапқыш», «көз алдымнан атқарып», «қалыптанған» деген лебіздер. Бұлар сөйлем ішінде тұрғанда ғана толық болуына келтіріп тұрған пайдасы жоқ. 2) Ойы қарайлас сөйлемдер қатар айтылғанда, мəселен: 3) «Мен қартайған шағымда, байы жоқ деп баққан жоқ, күйі жоқ деп күйген жоқ, қайраты жоқ деп қарасқан жоқ, əлі жоқ деп асырған жоқ» деген сияқты. Бұлай айтудың сырты көркем сияқты көрінсе де, ішкі мағынасы пікірді толықтырмай, тек сөздің сөйлемнің қарасын көбейтеді. 5. Тіл көрнектілігі Сөздің дұрыс, таза, анық, дəл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады. Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз затың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде сөзі толық түсінікі болу үшін дерексіз заттарды деректі затша, бернесіз заттарды бернелі затша сипаттайды, жансыз затты жанды заттай ғамалайды. Ақ көңіл, шолақ ақыл, арам ой деу, яки күн бүркіп тұр, найзағай ойнады, су қайтты деу, я болмаса, қазанның құлағы, ошақтың бұты, үйдің төбесі деу дерексіз заттарды деректі затша, жансыз заттарды жанды затша, бейнесіз затты бейнелі затша қалыптау, ғамалдау, бернелеуден шығып, əдетті сөзге айналып кеткен. Мұндай сөздер жалғыз əдетті түрінде емес, əдейі де айтылады. Мəселен, Мағжанның «Толқын» деген өлеңінде толқынның толқығанын бернелеп, түсінікті түрде көрсету үшін əдейі жанды нəрседей ғамалдап, былай дейді: Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады Толқын мен толқын жарысад; Күңіренісіп кеңеспен, Бітпейтін бір егеспен. * * * Толқын мен толқын сырласып, Сырларын еппен ұрласып, Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып, Жыландай жүзге бұралып, Жарға жетер ентелеп. ...................................................... Осы сияқты өң берілген сөздер, көрнекі тіл делінеді. Тіл көрнекі болу
үшін дерексіз нəрсе деректі нəрседей, жансыз нəрсе жанды нəрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дəрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі ондай дəрежеге жету үшін түрлі əдістер істеледі. Ол əдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: 1) көріктеу, 2) меңзеу, 3) əсерлеу. Ахмет Байтұрсынұлы (Əліппелер мен мақалалар). Əдебиет танытқыш. Бес. том. шығ. жин. Құраст.: А.Ісімақова., Р.Имаханбетова., Алматы: «Алаш», 2003, 1 том, 179-184 б. Жалқылау (айырыңқы) əдіс Жалқылау əдіс – жалпылау əдіске қарсы жөндегі əдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату. Жалқылау əдістің жалпылау əдістен артықтығын қуалайтын пікір 18-ғасырдың аяғында туады. Бастап туған жері – Франция. Бастап қуаттаушылар бұл əдістің артықшылығын былайша дəлелдеген: бір нəрсемен баланы таныстырғанда, оның бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Мəселен, шапанмен таныстырғанда жеңінен, жағасынан, етегінен, өңірінен бастап таныстырмаймыз, шапанның өзін алып көрсетіп таныстырамыз. Оқу үйреткенде де сөзді əріптен, буыннан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді. Бұларша оқу үйрету үшін əліп-би кітабы болсын, басқа кітабы болсын – бірі де керек емес, түсінікті сөздерді алып балаларға түсіндірумен балалар сөздерді танып, оқып кетеді. Мағынасыз əріптерді, ежіктерді жаттаудан мағыналы сөздерді жаттау балаларға жеңіл де болады, көңілді де болады дейді. Францияда мұндай пікір туып тарай бастағанда, немістерде де осы пікірге келушілер болды. Неміс əлімі Гедике деген жалқылау əдісін қуаттаушының бірі болып пікір таратады. Ол қуаттағанда былай дəлелдейді: дүние танып, білім білуіміздің бəрі жалқылау əдіс жолымен болады? Дерексіз заттардан деректі затты бұрын танимыз, мүшелерін тұтас тұлғасынан бұрын танимыз. Балаға оқу үйрету де сол жолмен болу тиіс, оқу үйрету балаларға түсініксіз əріп сияқты дерегі кем нəрседен басталмай, түсінікті тұтас сөзден басталу керек дейді. 1791 жылы Гедике тұтас сөзбен үйрететін əліп-би кітабын шығарады. Бес жасар қызын сонымен үйретіп үш айда сауатын ашып, кітап оқитын
етеді. Үш айда сауат ашып, кез келген сөзді оқи білерлік ету – о заманда болмайтын оқиға. Бір əріпті үйрету үшін бір Гекдике неше сөз алады? Мəселен: «а»- ны үйрету үшін бізше болғанда мынадай сөздерді алған: ар, азық, арғын, ас, ақыл. Кітаптың бірінші бетіндегі бірінші жолдағы сөздер осылар болмақ. Басқа жолдардағы сөздер басқа болмақ, бірақ олардың ішіндегі «а» əрпі болмақ. Бұлардың «а-сы» басында келмейді, ортасында, аяғңында келеді. Басында «а» келетін ату сөздер өз алдарына бір жол болып екіүш жолдан кейін қайта-қайта келіп отырады. Елеулі болу үшін «а» əрпі бірде қызыл, бірде қара бояумен басылған. Үйрету тұтас сөзді оқудан басталады. Мұғалім 1-жолдағы сөздерді бір-бірлеп көрсетеді, оқиды; балалар көрсеткеніне қарап, мұғалімнің айтқанын олар да айтады, солай етумен балалар əлгі алған бір жолдағы бес сөзді бірден танып көрсеткенде айтарлық, айтқанда көрсетерлік дəрежеге жеткенде, сөздің буынын қайыруға түседі: онан əрі буынның əріптерін айыруға түседі. Оны былай істегені мұғалім бірінші сөзді алып, «а-р» екеуін қоспай жіктерін ашып айтады да, неше бөлініп, айтылып тұр деп сұрайды, сонан соң əр бөлімін бөлек айтқызады. 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші сөздерді де солай етеді. Бəріні де басындағы дыбысы бірдей болып, басқаларынікі ондай болмаған соң «а» дыбысы айрықша болып шығады. Сонда бұл дыбыстың əрпі мынау деп, «а» əрпін көрсетеді. басқа сөздерге де басқа əріптермен таныстырғанда істейтін əдісі осылай болған. Балалар бір беттегі сөздерді танып, оқырлық даражаға жеткенде, 2-ші беттегі сөздерге түскен. Мұның тəсілі жеке балаларды оқытуға жараса да, мектепте көп баланы оқытуға жарамсыз болып шыққан. Негізгі кемшілігі сөзді жаттау, сөз əріптен, буыннан мағыналы, балаларға түсінікті болғанымен, не үшін бұлай «ат» етіп сызған нəрсе ат болып оқылуға тиісті, онысы балаларға түсініксіз, сондықтан бұл əдіс те іске асып жарымайды, бірақ жалқылау əдіс пікірі өшпейді. Жалпылау əдіске жан беріп, күшейткен атақты француз оқытушысы – Жакото. Жакото үйрету – асылында үйренуге дағдыландыру дейді. Баланың үйрену талабын қоздырса, білімнің бəрін басқаның көмегінсіз өзі-ақ алады. Балаға талаптық тəрбие беру үшін басынан табиғат жолымен үйрету керек. Табиғат жаратқан нəрсесін тұтас түрінде жаратады. Табиғат нəрсесін əуелі адам да тұтас түрінде түйеді. Бала оқытушы дəйім осыны есіне сақтау керек. Балаға əн үйретпек болсақ, əуелі дауыстың түрін (нотасын), дауыстың даражасын (тонын), сонан соң барып əнін үйретер ме едік. Əуелі əннен бастап үйретер ме едік дейді. Баланы өсімдікпен таныстырсақ, гүлінен, жапырағынан бастап таныстырамыз ба? Айуанмен таныстырсақ сүйегінен бастап таныстырамыз ба? Тұлға түрінде алып
таныстырамыз ғой. Бала үйреткенде сол жолмен үйрету керек. Нəрсенің бөлшегінен бастап үйретпей, тұтас тұлғасынан бастап үйрету – дерексіз заттан бұрын деректі затты алып таныстыру дейді. Мұның да дəлелі алдыңғылардікіндей, бұ да əліп-би кітабы керек емес дейді. Бала үйретуге арықша кітаптың керегі жоқ, кез келген кітап жарайды. Кез келген кітаптың бір бетін алып, ішіндегі сөйлемдерді оқытып, оларды сөзге бөліп оқытып, сөздерді буынға бөліп оқытып, буындарды əріпке бөліп оқытып таныстырса, сонымен бала оқуды үйреніп алады, өйткені əліп-би əрпінің бəрі кітаптың бір бетінен табылады дейді. Жакотаның əдісін өзгертіңкіреп осы күнде де қолданып отырған да бар. Американ əдісі деп айтылып жүрген əдістің негізі – Жакотанікі. Жакоташа үйрету реті былай болмақ: Кітаптың алған бетіндегі əуел келетін, мəселен, мынадай сөйлем екен – «қалаға жақын жердің бəрі жиын». Осы сөйлемді мұғалім кеспе əріптен жасап, тақтай бетіне тізіп қойып, дауыстап əрі сөзін қолымен көрсетіп оқиды. Сонан соң оны балалар оқығанда, бəрі дауыс қосып көптеп те, жеке де оқиды жаңа да қалыпта ретпен оқымай, сөздерді есе қосып былайша оқиды. Қалаға Қалаға жақын Қалаға жақын жердің Қалаға жақын жердің бəрі Қалаға жақын жердің бəрі жиын. Осылай оқу балалар сөйлемнің ішіндегі кез келген сөзді танып алатын болғанша істеледі. Содан кейін мұғалім басындағы сөзді алып, кеспе əріптен буынға бөлген түрде бөлек шығарып қояды да буын-буынға бөлгілеп оқиды. Балаларға да осылайша оқытып, сөз бірнеше бөлініп айтылатынын айтады. Сөздің бəрін осылай оқытып, солай айттырып болғаннан кейін, пəлен буынды, түген буынды көрсет дейді. Пəлен буын қай сөзде, түген буын қай сөзде деп сұрайды. Пəлен буыны бар, түген буыны бар сөзді көрсет дейді. Пəлен сөздің бас буыны, аяқ буыны қайсысы деген сұраулар болады. Сөйтіп бір сөйлемнің өзінде балалар буынның бірнеше түрімен танысып қалады. Əріппен таныстыру үшін де істейтін тəсілі осы. Бір буынды алып, мəселен, «ла»-ны алып, екі арасын ашып қойып, арасын бөліп оқиды, балаларға оқытады. Неше бөлініп айтылатынын сұрайды. Басындағы, аяғындағы əріп əрқайсысы не деп аталатындығын айтады, оқығанда қалай айтылатынын айтады. Содан соң білген əріптерін басқа сөздерден тапқызады. Содан əрпі екінші, үшінші тағысын тағы буындарды алып, істейтін ісінің реті бəрі осылайша болады.
Бір сөйлемді солайша үйреніп болғаннан кейін басқаларын алып, бұлайша үйретеді. Жалғыз қойылатын шарт – 1) балалар үйренген нəрсесін нық білу, ол үшін оқу сабағын дəйім басына бірінші сөйлемнен бірінші сөйлемнен бастап отыру, 2) жаңа сөйлемді оқытуға алғанда ішінде келетін бұрынғы таныс буындар мен таныс əріптерді балалардың өздері көрсетуі керек. Сөйтіп, он шақты сөйлемді оқи білген кезде балалар бір жағынан əріптерді, бір жағынан буын түрлерін танып алып, бір жағынан оқуға жаттығып, əрмен қарай өз беттерімен оқуға жараған. Жакото оқытуға ұста, əдісінде шеберлік толық болғанмен, Гедикенің əдісіндегі кемшіліктен бұл да құтыла алмаған. Ол кемшілік – оқыған сөздерін неге солай оқылатынын білместен жаттау. Ол кемшілігіне қаламай Жакотоның əдісі тəуір-ақ жайылған. Немістер Жакото əдісінің мəніне түсінгеннен кейін, Жакотоның əріпті əдісін дыбысты əріпке аудару шарасын қарастырады. Сөйтіп, бір заманда дыбысты жалқылау əдіс пен дыбысты жалпылау əдіс – екеуі қатар өркендеп күшейген кезі болған. Онан əрі барып екеуі қосылып бір əдіс түріне түскен, онысы жалқылаужалпылау əдіс. Ол келесі жолы сөз болмақ. А.Байтұрсынов А.Байтұрсынов Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: «Ана тілі», 1992, 364-367 б. Жалқылаулы-жалпылау əдіс Бір жерде жалпылау, бір жерде жалқылау əдісі деп жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау əдісі болып бірігеді. Бұл əдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 1.«Шағын сөзді» деген түрі. Мұның асылы балаларға шағындап алған əр сөздің оқуы мен жазуын білдіру. Мұны əуелі қолданушылар Погел, Томас, Белме деген неміс оқытушылары, сонан басқалар алып түрліше қолданады. Бірақ, бəрінің негізі мынау болады: Əліп-би кітабы болмақ, ол кітаптың ішінде: 1) сүгіреттер болмақ, 2) сүгіретті нəрселердің атын көрсететін баспа да, жазба да сөздер болмақ, 3) сол сөздерге ұқсас басқа да сөздер болмақ, 4) үйретілген əріптерден жасалған сөздер, сөздерден жасалған сөйлемдер, сөйлемдерден жасалған қысқа-қысқа əңгімелер болмақ, 5) түгел күйінде əліп-би ретімен жазылған əріптер болмақ. Бұл соңғысы үйрету үшін емес, əріп біткеннің бəрі үйретіліп болғандығын көрсету үшін қойылады. Осылайша шығарылған əліп-би кітаптары бірінен-бірі негізгі жағына емес, 1) шағындап алған сөздің сандары жағынан, 2) сөздердің түрлері
жағынан, 3) сөздердің орналасуы жағынан, 4) оқуға алынған əңгімелері жағынан алынады. Үйрету көшесі былай: 1. Əліп-би кітабының 1-і бетінде тұрған сүгіретті оқытушы тақтайға салады да, сол нəрсенің жайынан əңгіме қозғайды. Əңгіме балаларды қозғайды. Балалар мен оқытушы əңгімелесе-əңгімелесе барып, сол нəрсе турасындағы жұмбақтар, өлеңдер сияқты нəрселерді айтқызады немесе өзі айтады. Бұл əңгіменің пайдасы – алынған нəрсені балаларға анық танытып білім береді, сөйлесуге бойын да, тілін де үйретеді. 2. Салынған сүгіретті балалар дəптерлеріне көшіреді. Бұл көшіру балаларды сүгірет салуға үйрету емес, салғандары ұқсасын, ұқсамасын əркім əлінше салса болғаны. Мұның пайдасы сүгірет салуға балалар əуес болғандықтан, сүгірет салғандарына мəз болып өздері рақаттанады, қарындаш ұстауға қолдары үйренеді. 3. Сүгіреттегі нəрсенің атын көшіру. Оқытушы сөзді тұтас күйінде тақтайға жазады. Балалар дəптерлеріне көшіреді. Көшіруден бұрын былай ету керек дейді: Оқытушы тақтайға жазып жатқанда, балалар қарап бағып отырады. Жазып болған соң, балалар орнында отырып, оқытушының жазуына еліктеп, жазған сияқты болып, сұқ қолдарымен тақтай бетіндегі жазу бойымен жүргізеді. Сонан соң барып қарындашпен дəптерлеріне жазады. 4. Сөздің дұрыстарын айыру. Ол үшін оқытушы тиісті сөзді алады да, дыбыстарын анық етіп ашық дауыспен айтады. Əсіресе, кезінде үйретуге керек болып тұрған дыбысты айқындата айтады. 5. Сөзді əріптен бұтарлау. Ол үшін оқытушы əріп араларын ашығырақ жазады. Балалар соның ішінен үйретіп жүрген əріпті танып алып, бірнеше рет жазады. Солай бірнеше əріпті танығаннан кейін оқытушы енді əр əріпті жеке күйінде алып тақтайға жазып, бұл қай сөзде, қандай орында тұр деп сұрайды. Балалар əліп кітабына жазылған əріпті сөздің ішінен танып көрсетеді. 6. Əріптерден сөз жасау. Балалар 4-4 əріпті танитын болғанан кейін солардан құрап, сөз жасайды. 7. Баспа тану. Ол үшін жазба сөздің астына баспа сөз қойылып, екеуінің əрпі салыстырылады. Шағын сөзді алыңғы əдістерше не əріп жаттатып, не сөз жаттатып, балалардың басын қатыру жоқ. Жұмыстың бір ұшы оытушыда, бір ұшы балаларда болып, бұлардың басы білім құятын тек ыдыс есебінде болмай, немесе бір жағы адамша, бір жағы машинаша істемей, екі жағы да зер салып істейтін болады. Мұнысы алдыңғы əдістерден артық бір жері болмаса, екінші бір артық жері – аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды.
Сондай артықтығы болғандықтан, бұл əдіс мəдениетті жұрттың бəріне де жайылады. Жұрт өзінің тілінің, емлесінің жүйесіне қарай түрліше ыңғайлап қолданады. Сондықтан пəлен əдіс, түлен əдіс деп түрлі атпен аталады. Атына қарамай, затына түптеп қарағанда бəрінің негізі бір болып шығады. Орыстарда түрлі атпен аталған əліп-би кітабы үйрететін əдістер, татарлардан, мəселен, түрлі атпен аталған əліп-би кітабы үйрететін əдістер, біздің қазақта да əліп-би кітабымен үйрететін, олардың бəрі де шағын сөз əдісінің негізінен құр емес. ІІ. «Жазу-оқу» деген түрі. Былай деп біреулер жазу мен оқу екеуін қабат үйретуді айтады, біреулер оқуды жазу арқылы үйретуді айтады. Əдістің затына соңғы мағынада айтулары дұрыс келеді. Өйткені – бұл əдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. Мұны былай дəлелдейді: «Жазу жоқ кезде оқу жоқ. Оқудан жазу дүниеге бұрын келген. Оқуды жазу тудырған» дейді. Оқу білмейтін адамды үйреткенде жазу мен оқудың пайда болған жолымен жүру керек дейді. Бұл əдістің өзі онша дүниеге көп жайылмағанымен, өзге жайылған əдістерді түзетуге дақылы болды. Мұнан бұрын оқу алда жүріп, жазу соңында жүруші еді. «Жазу-оқу» əдісі шыққаннан кейін екеуі қатар жүретін болды. Оқытушылар үйретуді оқудан бастаса, əдістер оқытқанын жаздырып отыратын болды; жазудан бастаса жаздырғанын, не жазғанын оқытып отыратын болды. Бұл «жазу-оқу» əдісін орыстар, орыстан үлгі алған Ресейдегі басқа жұрттар көп қолданады. ІІІ. «Дыбысты əдіс». Дыбысты əдіспен үйреткендегі істелетін істің негізгі бес түрлі: 1) балалармен əңгімелесу 2) оқу үйретуге де даярлайтын жұмыстар 3) сөзден дыбыстарды айырып шығару 4) əріптермен таныстыру 5) білген əріптерінен сөз құрау, соны оқу Əңгімелесу. Бұл балалардың бойын үйрету үшін істеледі. Əңгімелескеннен кейін балалар оқытушыға үйір болады, оқытушы балалардың жайларын біледі. Əңгіме арқылы балалар мектептегі нəрселердің аттарымен, жүру-тұру жүзіндегі тəртіптерімен танысады. Оқуға даярлайтын істер. Бұл - əуелі, «сөз» деген ұғым мен «дыбыс» деген не нəрсе екенін білдіру. Екінші, сөздің ішіндегі дыбыстарды айырту. «Сөз» деген ұғымды таныту үшін оқытушы балаларға бір нəрсені айтады. Оның атаған нəрсесі туралы өзі бір нəрсе айтып, неше сөзбен айтылып тұрғанын сұрайды. Мəселен, балалар «тақтай» деген болса,
оқытушы «тақтай үлкен» дейді де, балалардан неше сөзбен айтылып тұр деп сұрайды. Сол жөнмен бірнеше рет сөздер, сөйлемдер алынып, сұралып өткеннен кейін сөздің не екенін біліп кетеді. «Дыбыс» ұғымын таныту үшін істелетін тəсіл екі түрлі болады. Біреуі былай: оқытушы бір дыбысты айтады да, айтқаным не дыбыс деп сұрайды. Балалар естіген дыбысын айтады. Тағы бір дыбыс алып, тағы солай сұрайды, балалар сұрағанын айтып береді. Солай бірнеше рет істелгеннен кейін балалар «дыбыс» деген нəрсенің не екенін ұғады. Екінші тəсіл былай істеледі: балалардың көзін жұмғызып қойып оқытушы бір нəрсені сылдырлатады, немесе тықылдатады. Бірақ не істесе де балалардан «не естідіңдер?» деп сұрайды. Балалар естігенін айтады. Сонан оқытушы бір дыбысты айтады. Мұны да не естідіңдер деп сұрайды. Балалар естігенін айтады, солай бірнеше ірет істеп, бірнеше ірет сұрағаннан кейін «дыбыс» деген немене екенін балалар ұғады. Дыбыс айырту үшін оқытушы өзі не балаларға бірдеме айтқызады. Сонан бір сөзді алады да, соны əуелі буындап бөлектеп айтады. Буындап бөлектеп айтқанда буын жіктері ашылып, əр буын бөлектеніп естіледі. Солай бірнеше сөзді алып айтқаннан кейін балалардың құлағы сөз буынын айыратын болады. Буынды айыра білгеннен кейін дыбыстарын айыруға түседі. Ол айыруға қолайлы буын табылатын сөздерді алып, əуелі буынға бөледі де, сонан өзінің керек қылған буынын алып, дыбыстарын бөлектей айтады, немесе əнге салған сияқты созып айтады. Балалардың тез айырып үйренуіне соңғысы қолайлы. Буынды созып айтқанда оның ішіндегісі нендей дыбыс екені біліне қалады. Мəселен, «ара» деген сөздің «ра» деген буынын алып, əр дыбыспен созып айтса, əуелі «р», сонан соң «а» естілетіндігін құлақ қазір айырады. Мұндағы бір керек нəрсе, ол – алғашқы кезде алған буындардың əріптері созылатын болу тиіс: ол дыбыс айыру жұмысын көп жеңілдетеді. Дыбысты айыра білгеннен кейін оларды қоса білуге кіріседі. Дыбыстарды қосып буын жасап, буыннан сөз жасау керек дейтіндер де бар, оның керегі жоқ дейтіндер де бар. Керек деушілердің пікірі екіге бөлінеді: біреулері əріп көрсетуден бұрын балалар сөзді дыбыстан құрап жасай білу керек дейді, екіншілері – дыбыс құрастыру əріптермен таныстырылып, соларды құрастырып, сөз қылып, қосар жерде істелу керек дейді. Əуелі, бұл үш түрлі пікірдің дыбысын құрастыру керек емес дейтіндер дұрыс емес. Дыбысты əдіс болмасқа керек десе, онда жөн, ал дыбысты əдіс болса, онда дыбыстарды қостастыру болмаса, ол шала болмақ. Екінші əріптерді құрастырып оқыр кезде істелу керек деген пікір де дұрыс емес. Онда кеш болады, онда еш пайдасы тимейді. Олай болғанда сөздің дыбыстарын айырып үйретудің де қажеті жоқ, оны жазу кезінде істетуге болады.
Сөздің дыбыстарын айыра білу – соңыра жазуға керегі бар нəрсе, дыбыстарды құрастырып сөз қыла білу – ол соңыра оқуға керегі бар нəрсе. Дыбысты дыбысқа қосу əріпті əріпке қосудан жеңіл болады. Үйрету жеңілінен басталу керек. Ол үйретудің негізгі дабыл жолы. Əріптермен таныстыру. Сөздің дыбыстарын айыра бергеннен кейін түрлі дыбыстарды қосып сөз қыла білетін болғаннан кейін əріппен таныстыруға түседі. Əріппен таныстыру іреті əріптердің əліп-би кітабындағы тұрған іретінше болады. Əліп-би кітабының басындағы бөлек əріптер, мəселен «а», «с» болса, сол əріптер бар сөзді алып, дыбыстарын айыртады. Сонан соң пəлен дыбыстың таңбасы мынау деп əрібін көрсетеді. Дыбыс таңбасы əріп деп аталатынын да айтады. Сонан кейін жаздырады. Басқа əріптердің арасынан іздеп таптырады. Сонан кейін танытқан əріптерінен құрастырып, сөз қылып оқытады. Дыбыстарды айырту, құрастырып сөз қылу дұрысталып істеліп, балалар əбден əдісін алған болса, сол дыбыстардың əріптерін құрастырып, сөз қылып оқуға балалар қиналмайды. Бір-екі сөзді əріптен құрап оқығаннан кейін тез əдісін алады. Алғашқы кезде сөзді ылғи буындап қостырып оқытады. Сонан буындап оқып əдістенеді. Буындап оқу жаттыға бара қалыпты оқу түріне түседі. Алдағыда Европа жұрттары соңғы кезде қолданып жүрген америка əдісі деген жалқылаулы-жалпылау əдісінің «тұтас сөзді» тағы бір түрін айтып, сонымен əдіс жалпы тариқын аяқтайық. Бұл – ескі емлелі жұрттың шығарған, ескі емлелі жұрттың қолданып отырған əдісі. Ағылшын, француз жұрттарының емлелері араб емлесі сияқты ескі болады, ескі емлемен жазылған сөздің жазуымен оқуы бірбіріне сəйкес болмайды. Мəселен, арабтар «тырқы» деп жазып «тараққи» деп оқиды. Ағылшын мен француз емлесі онан да сорақы: біз олардың емлесінше жазатын болсақ, «жой» деп жазып, «жуа» деп оқыр едік. Ондай емлесі бар жұртқа дыбыстың құны шамалы: сөзді сүгіретін жаттап оқумен танып оқиды, əріп тек сүгірет мүшесінің орнына жүреді. Бұл күнде бұл əдісті əр жұрт өз тілінің, емлесінің ыңғайына қарай əртүрлі тұтынып отыр. Нағыз өзінің шыққан жері Америкада тұтынуы былай: Жылдың ортасына дейін кітап қолдану жоқ. Балалар оқытушының тақтайға жазғанын ғана оқумен барады. Оқу əріптен, не дыбыстан басталмайды, тұтас тұрған сөздерді оқудан басталады, Мəселен, бір бала шегіртке ұстап əкелген екен. Оқытушы: «Не əкелді?» - деп балалардан сұрайды. Балалар: «Шегіртке əкелді», - дейді. «Шегіртке əкелді» деген сөйлемді оқытушы тақтайға жазады. Өзі оқиды, балаларға оқытады. Сонан соң шегіртке деген сөзді кірістіріп, басқа сөйлемдер алады. Оны жазады, оқиды, оқытады. Сүйтесүйте «шегіртке» деген сөздің жазуы қайта-қайта ұшырап, балалардың
жаттарында қала-қала барып, əдбен таныс болып, бірден танитын болады. Бірден танитын болса, бірден оқитын болғаны. Басқа сөздердің де оқуын солай іретше үйретеді. Солай етумен жарты жылдың ішінде 125 шамалы сөзді танып оқитын болады. Екі айдай сөздің дыбыс жағына жоламайды. Онан əрі ғана, балалар бірсыпыра сөздің оқуын енді біліп болды ғой дегенде барып, сөздің дыбыстарын айырта бастайды. Дыбыс айыртуға тұқымдас сөздер алынады. Тұқымдас сөздердің дыбыстарының көбі бірдей болады. Дыбыс айыртуға түсерде жаңа айыртылған сөздер тұқымдастығына қарай сұрыпталып, бірінің астына бірі сатыланып жазылады. Соларды көре-көре, оқи-оқи жүріп сөздердің бəрінде де ұшырайтын ортақ дыбыстардың үнін де, əріптерін де айыратын болады. Американың жазуға үйретуі де оқуға үйрету сияқты əріптен басталмай, бүтін сөздің жазылуынан басталады. Бірақ жеңілдік үшін бастапқы кезде əрпі аз сөздер алынады. Ахмет Байтұрсынов А.Байтұрсынов Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: «Ана тілі», 1992, 368-372 б. Əлібби тақырыбты Ақметтің байандамасы 1 - Əлібби түзеу деген түрік жұртында көптен келе жатқан мəселе. Мəселе қозғалғаннан бері түрік əліббиінің түзелген жақтары да бар. Түрік əліббиінің түбі арабтан шыққанмен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны, араб əліббиі демей түрік əліббиі деймін. 2 - Осы күнгі жұрттардың бəрі де өзі шығарған əліббиін тұтынып отырған жоқ. Бəрінікі де өзгеден өзгертіп алған əлібби иауропа жұрттарының тұтынған əліббиінің түбі көне семит əліббиі. Көне семит əліббиін өз тіліне үйлестіріп пінікіие жұрты алған; Онан грек алған, гректен латын, иаурыпа жұрттары алған. Түрік əліббиінің түбі де көне семит əліббиі. Онан көпеліктер алған, көпеліктен араб өз тіліне үйлестіріп алған, арабтан иран, түрік жана басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің əліббиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған, өз тілінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған, тіліне əліббидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса əріп қосып толықтырған, дəл келмеген əріптер болмаса, оның не түсін өзгертіп, не дыбысын өзгертіп алған. Сондай өз тіліне икемдеп өзгеріс жасап алған əліббилеріне əр қайсысы өз аттарын қойып латын əліббиі, орыс əліббиі дегенде, түрік өз тіліне
үйлестірген əліпбиін түрік əліббиі деп, қазақ онан өз тіліне үйлестіріп алған əліббиін қазақ əліббиі деп атауға жолымыз болуға тиіс. 3 - Түрік жұрттары əлібби түзейміз десе, бəрі қосылып бір əлібби түзей алмайды; өйткені тілдеріндегі дыбыстарының түрлері бірдей емес. Дыбыстары бірдей болмаса, бəріне бірдей жалпылап əлібби жасауға болмайды, өйткені олай жасалған əліббидің не əріптері тұс келмеске тиіс, не əріптерінің дыбыстары тұс келмеске тиіс. Сондықтан түрік жұрттары үшін бір əлібби түзеу деген мəселені – бір əліббиді бəрі негізге алып, түрік жұртының əр қайсысы өз тіліне үйлестіру деп түсіну керек. Солай болған соң бізге ең əуелі, негіз боларлық əлібби керек; Сол əліббиді қарастырып табуымыз керек. 4 - Түрік жұрттары əліббиі жоқ жұрт болса белгілі – белгілі əліббилерді алар еді де, түрлі жағынан қолайлы қолайсыздығынан қарар еді де, ұнатқан біреуін алар еді. Түрік жұрты ондай емес, көптен тұтынып келе жатқан əліббиі бар жұрт. Көптен қолданып көзге үйір болып, көңілге сіңген, қалыққа тамыры таралған əліббиді тастай салып, басқа əлібби ала қойу оңай жұмыс емес. Солай болған соң түрік жұрттары бəріне бірдей негіз боларлық əлібби іздегенде, əуелі, өз əліббиінің ондай негіз болуға жарайтұн жарамайтұндығын анықтап ашарға керек. Екінші өз əліббиі жарамаса, онан артық əлібби табарға керек. Үшінші, қолайлаған əліббиді түрік жұртының əр қайсысы өз тіліне үйлестіру керек. Əлібби түзеу жүзінде алдымен істелетүн осы үш жұмыс. 5 -Түрік жұрттарында əлібби түзеу мəселесі қозғалып жүрген себебі – бір кезде түрік жұртының бұтақтары өскен соң, бəріне бірдей шақ келмей жүргендігі, ол кемшілік түрік əліббиінде жоқ деп ешкім айта алмайды. Бірақ сол кемшілігі не даражалы кемшілік? Негізді кемшілік бе, некен-сайақ кемшілік бе? Екінші сөзбен айтқанда түрік əліббиін негізге алуға жаратпай шығарып тастайтұн кемшілік бе? Болмаса олай-бұлай түзетумен оңдалатұн кемшілік бе? Осы жерін ашуымыз керек. 6 - Əлібби талғап бірін артық бірін кем дегенде, бірінде мін көп, бірінде аз дегенде, табан тіреп бағалайтұн бір тианақ болуы керек. Ол тианақ əлібби қасиеттерінен шығатұн нарқ боларға керек, ашып айтқанда онымыз əліббиді бұлды болсыз қылатұн сыпаттары боларға керек. Менің ойымша жақсы əліббидің қасиеттері мынадай болуға керек: 1. Жақсы əлібби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты артық əріптері де қолайсыз; Бойыңды қысып, тəніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты əрпі кем əліпби де қолайсыз болады. 2. Жақсы əлібби жазуға жеңіл болуға тиіс. Əліббидің əріп сүгіреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып уақытты көп алады.
3. Əліббидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болу тиіс, əріпі тізгенде оңай тізілетұн, басқанда орынды аз алатұн əлібби баспа сөзді арзандатады. 4. Жақсы əлібби үйретуге де қолайлы болуы тиіс. Əрпі сара жазуға оңай, баспасымен жазбасының суреті жақын əліпби үйретуге жеңіл болады. Жақсы əліббиге ылайық бұл төрт сыпатқа келмейтұн əліббилердің бəрі де кемшілікті əлібби болмақ. Тұтынып жүрген түрік əліббиін бұлдағанымызда да, басқа əліббиді бұлдағанымызда да, осы төрт сыпат жағынан қарап бұлдауымыз керек. 7 - Тұтынып жүрген əліббидің о жер бұ жерін өзгертіп түзету деген оңай нəрсе; Тұтынып жүрген əліббиді тастап, басқа əлібби алу деген ол – өте қиын жұмыс. Оны істеуге көп қаржы керек. Ондай өзгеріс жасау: Істеуге адамы құралы сай, жұмсауға қаржысы мол, əлді жұрттардың қолынан келмек. Біздер сияқты анасы да мынасы да жоқ – мешеу жұрттарға бір əліббиді тастап екінші əліббиді ала қою оңай жұмыс емес. Солай болған соң, біз осы күнгі тұтынып жүрген əліббиімізді əбден тексеріп, негіз болуға тіпті жарамайтұн болғанда ғана, шарасыздықтан басқа əліббиді негізге алуымыз керек. 8 - Түрік əліббиінің қолайсыздығынан залал шегіп жүрген түрік жұрттарының əр қайсысы қандай кемшілігі бар екенін, ол кемшіліктері түзеуге боларлық кемшілік бе, болмайтұн кемшілік бе, – болмайтұн кемшілік бе, – ашу керек. Қазақ да, башқұрт да, ноғай да, өзбек де, түрікбен де, азырбайжан да түрік əліпбиінің негіз болатұн – болмайтұн кемшіліктерін əбден ашса, сонда түрік жұрты болып, басқа əлібби іздеуге болады. Оған дейін латын əліббиін аламыз деп, жасалып жатқан жобалар асыққандардың ісі болса керек. 9 - Мəселенің қазаққа қараған жағына келсек, біз түрік əліббиін түзеп, тілімізге шағындап əлібби жасағанымызға он жылдан асып барады. Қазақ əліббиі түрік əліббиін негізге алып, қазақ тілі үшін əлібби жасау оңай екендігін көрсетті. Қазақ басқа əлібби аламыз десе, өзгелерді еліктеумен аламыз демесе, өз əліббиі жарамағандықтан, шарасыз болып аламыз демейді. Қазақ тілінің дыбыстары анықталып ашылған, ол дыбыстарға əріп арналған. Əлібби деген осы болады. Біз əлібби түзейміз дегенде түрік əліббиін тілімізге келмеген соң тастап түзейміз демейміз, əліббиіміздің түзелмей қалған жағы бар; Сонысын ғана түзейміз дейміз. 10 - Түрік əліббиінің басқа түрі қолайсыз. Онысы баспа ісі жүзінде де, үйрету жүзінде де кемшілік қылады. Біздің баспа əріптеріміз жазба сияқты тіркесіп басылады. Иаурыпа жұрттарының, онан басқа да жұрттардың көбінің ақ баспа əріптері дара басылады. Дара əріп сара көрінеді. Жазба түрінде тіркесіп басылған да, əріптің баста, ортада, аяқта ұшырайтұн түрлерінің бəрі алынып, бір əріп бірнеше түр болып саралығы кемиді.
Мұнан келетұн кемшілік, əуелі бір əріптің бірнеше түрде болуы əріп ұясын көбейтіп, əріп тізу жұмысын қиындатады; Екінші əріп саралығын кемітумен үйреткен шақта кемшілік қылады. Үшінші сол кемшілігінің кесірінен осы күнге дейін түрік жұрттары қол мəшина жасатып, тұтына алмай келді. Біз əлібби түзейміз дегенде əліббиіміздің осы кемшілігін түзетеміз дейміз. Əлгі айтылған үш түрлі кемшілік бəрі келіп бір шұқырға құйатын кемшілік, əліббиіміздің баспа түрін даралаумен үш кемшіліктің үшеуі де жоғалмақшы. 11Баспа түрін даралау қолдан келместей онша қиын да, көп те жұмыс емес. Əріп түрі дара мен тіркес екеуінің аралығында басылса оқуға болатұндығын көрсетерлік аз да болса тəжірибе бар. Қол машинаға жасалған əріптермен дара басылған сөздерді жылдам оқып кетпегенмен ақырында оқуға əр кімге де болады. Тануға болса, жылдам оқу деген көз үйренумен жаттығатын нəрсе, қол машинаға жасалған əріптер де көребіле амалсыздықтан көніп отырған кемшіліктер бар. Баспаға арнап жасаған əріптер де ол амалсыз жіберіліп отырған кемшіліктер болмайды. Сөйтіп қазаққа қолайсыздық қылып отырған түрік əліббиінің жалғыз ақ баспа түрі болып шығады; Сондықтан біздің əлібби түзейміз дегендегі істейтін ісіміз əріптердің баспасын дара түрге айналдыру болып шығады. 12Қазақ тіліне түрік əліббиінен қолайлы əлібби бар шығар, оны неге қарастырмаймыз, оны неге алмаймыз деуші бар шығар. Солай болған соң мəселенің бұ жағында үндемей өтуге болмайды. Соңғы кезде түрік тіліне өте қолайлы деп жүрген əлібби латын əліббиі. Бұл əліббидің түрік əліббиімен салыстырғанда артықтығы жалғыз ақ баспа түрінің даралығында; Басқа жағынан қарағанда кемшілігі көп, артықтығы жоқ. Жоғарыда айтылған жақсы əліббиге лайық төрт сыпат жағынан сынға алып, екі əліббиді қатар қойып қарап шықсақ екеуінің де артық кем жері белгілі болмақ. 13Жақсы əліббидің белгісінің бірі – тілге шақтығы деп едік. Əуелі екі əліббиді осы жағынан салыстырып қарайық: қайсысы қазақ тіліне сəйкесірек келеді екен. Түрік əліббиінің қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен өзгертусіз, ережесіз тігілей алынған əріптер: А, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н, и барлығы 19 əріп. Бұрын дербес иемдеген дыбысы жоқ болып бірде олай, бірде бұлай жұмсалып жүргендіктен ережелеп бекітіп алып отырған əріптеріміз: ұ. Латын əліббиін алуға жасаған жобаға қарағанда (Қалел жобасы), латын əліббиінен қазақ дыбыстарына тұспа-тұс келгендіктен өзгертусіз, ережесіз, тігілей алынатұн əріптер:
А(а), B(b), d (д), 1(Λ), m(м), n(н), о(о), p(п), r(р), s(с), t(т), z(з), k(к), g(г) – барлығы 14 əріп. Нақ тұспа-тұс келмегенмен жуықтығы барлықтан ережелеп икемдеуге келетұн əріптер: е(е), j(ж), і(и), u(у) – бесеу. Қазақ дыбысына жуық келетұн де əріп болмағандықтан өзгертіп алынатұн əріптер: g(ғ), k(қ), n(ң), ө(ұ) – төртеуі. Мұның үстіне дербес бір əріп келмегендіктен, екі белгімен алынатұн ш дыбысының əріпі sh(ш) бар. Бұл салыстыру жүзінде латын əліббиінен түрік əліббиінің анағұрлым артықтығы айқын-ақ көрініп тұр: Түрік əліббиінен ережесіз, өзгертусіз 19 əріп қазақ дыбысына сəйкес келгенде, латын əліббиінен 14-ақ дыбыс сəйкес келіп тұр. Түрік əліббиінен ережемен 4 əріп алынғанда, латын əліббиінен ережемен 5 əріп алынатұн көрінеді. Түрік əліббиінен өзгертумен алынған əріп біреу-ақ; Латын əліббиін алғанда ондай əріп төртеу болатұн көрінеді. Түрік əліббиінде бір дыбысқа екі əріп алынбайды; Латын əліббиін алғанда ондайда болатұн көрінеді. Жақсы əліббидің екінші сыпаты жазуға жеңілдігі деп едік. Енді ол жағынан да салыстырып қарайық. Əріп суретінің оңай қиындығы да мүшесінің аз-көбі де қалам сермеуінен өлшенеді. Қаламның бір сермеуімен жазылатұн əріп екі сермеумен жазылатұн əріптен шапшаңырақ жазылады, қаламның қысқа сермеуінен жазылатұн əріп ұзын сермеумен жазылатұн əріптен шапшаңырақ жазылады. Бұ жағынан салыстырғанда да түрік əліббиінің анағұрлым артықтығы айқын екендігін көру қиын емес. Түрік əліббиіндегі қалам сермеу саны: А(1/2-1), б(1-2), п(11/2-2), т(11/2-2), ж(11/2-2), д(1), р(1/2-1), з(1-2), с(1/2-1-3), ш(11/2-2-3-4), ғ(1/2-1), қ(11/2-2), к(2), г(3), ң(3), н(11/2-2), л(1), о(1), ұ(2), у(2), е(2-1), ы(1), и(11/2-2) барлығы 33-41; оның да көбі нүкте. 2) Латын əліббиіндегі қалам сермеу саны: а(2), b(2), p(2), t(2), j(2), hs(2), d (2), r(2), z(2), s(2), g(2), k(2), k(4), g(3), n(3), n(3),m(3), 1(1), о(1), ө(2), u(2), е(1), у(2), і(2) барлығы 53 сермеу. Жақсы əліббидің екінші сыпат жағынан да түрік əлібби анағұрлым артық болып шықты. Түрік əліббиінде қалам сермеуі 41, латында 53. Түрік əліббиінде сермеудің көбі нүкте сияқты қысқа сермеу. Қысқа сермеулі əріппен ұзын сермеулі əріпті жазу екеуі бірдей болмайды. Жақсы əліббидің екінші сыпат жағынан да түрік əліббиі анағұрлым артық болып шықты. Түрік əліббиінде қалам сермеуі 41, латында 53. Қысқа сермеулі əріппен ұзын сермеулі əріпті жазу екеуі бірдей болмайды. Жақсы əліббидің үшінші қасиеті – баспаға қолайлылығы деген едік. Бұ жағынан бəйгені латын əліббиі бұл бəйгені де ала алмайды. Жақсы əліббидің төртінші қасиеті үйретуге жеңілдігі деп едік. Əлібби
үйретуге жеңіл болады: 1) əріптерінің пішіні саралығымен; 2) баспа түрі мен жазба түрінің жақындығымен; 3) суретінің жабы сүгірейлігімен, - жазуға шеберлікті онша керек қылмауымен. Саралық жағынан түрік əліббиінің осы күнгі түрі латын əліббиінен төмен; өйткені баспасының бас, орта, аяқ түрлері əріп саралығын кемітетіндігі жоғарыда айтылды. Даралық жоқта əріпте саралықта болмайды баспасын саралағанда түрік əліббиі латын əліббиінен саралық жағынан де кем болмайды. Қатталатын əліббиі ұлылы-кішілі əріптерімен алынса, түрік əліббиі үйрету жағынан да артық болады. Түрік əліббиі дараланған шақта латын əліббиі ұлы əріпсіз болған шақта, екеуі саралық жағынан да үйретуге жеңілдік жағынан да теңеледі. Баспа түрі мен жазба түрінің жақындығы жағынан салыстырғанда, түрік əліббиі латын əліббиінен озады: баспаға түрік əліббиінің жазба түрі алынған соң екеуінің арасында айырымы аз болатыны айқын нəрсе. Түрік əліббиінің баспасын даралағанымызда, осы күнгі дара түрі мен тіркес түрінің орталығанда етіп баспа əріптер жасалса баспа түрімен жазба түрінің арасындағы жақындық ілгеріде де сақталмақшы. Дара түрін олай жасау қолдан келетұн нəрсе. Сүгіреттерінің жабы сүгірейлігі жағынан салыстырғанда түрік əліббиі латын əліббиінен тағы озады. Əріп жабы сүгірейлеу болса үйретуге келтіретұн жеңілдігі жазу үйреткен кезде болады. Бала болсын, үлкен болсын қат білмейтін адамның жазуға үйренбеген қолына əріп суреттері неғұрлым жабы сүгірейлеу келсе, – неғұрлым шеберлікті аз керек қылса, сол құрлым жеңілдік келтірмек. Латын əліббиінен көрі түрік əліббиінің жабы сүгірейлік көп екеніне ешкім таласбас деп екеуін қатар қойып қарап жатуды қажет көрмеймін, керек деушілер болса қатар қойып қарап өтуге де болады. Оның үстіне түрік əліббиінің жазу үйреткендігі келтіретұн тағы жеңілдігі – түрік əліббиінің 14 əрпін жазып үйренген соң, былайғы 10-ы үйретусіз жазылады. Сөйтіп манағыдан бергінің бəрін қорытып айтқанда, екі əліббиді салыстырып қарағандағы көргеніміз не? Түрік əліббиінің латын əліббиінен кем жері баспа түрінің дара болмай, тіркес болғандығы. Басқа жағынан көбінесе түрік əліббиі артық болып шықты. Баспа түрін дараласақ, ол жалғыз кемшілік де жоғалмақшы. Əріпті даралау түрік əліббиін тастап латын əліббиін алудан əлбетте оңай болса керек. 15Латын əліббиін алу деген сөз екі əлібби əбден тексерілгеннен кейін шығып жүрген сөз бе, тексерусіз тек алайық дегеннен шығып жүрген сөз бе – ол жағы маған қараңғы. Тексеріп қарасақ, латын əліббиінің түрік əліббиінен кемдігі болмаса, артықтығы көрінбейді. Жаманнан жақсыға залалдан пайдаға бой ұрыу – жөні бар дұрыс іс оны əркім-ақ қостау тиіс, жақсыдан жаманға, пайдадан зиянға бой ұрғанда, оны дұрыс деп қостауға болмайды. Латын əліббиін аламыз деушілер ол əліббидің түрік
əліббиінен не артықтығын айқындап ашбай, пайдалы екендігін байналап түсіндірмей тек пəлен-түгендер алып жатыр; бізде аламыз дейді. Еліктеу мен лепірту базары көтеріңкі нəрсе екені ырас; Бірақ біреу алып жатыр екен деп латын əліббиін алуға болмайды. Біреудің істегенін дұрыс, бұрысын тексерместен істеу тек еліктеу болады; Тек еліктеуді маймылша еліктеу деп айтады. Тесе қарап тексеріп, түрік əліббиінен латын əліббиінің артықтығы мынау, пайдалылығы мынау деп көзге көрсеткен, ешкімді əлі көргенім жоқ. Көбінікі құр дүбірге қызу, дүрмекке еру сыйяқты көрінеді. 16-Латын əліббиін түрік əліббиінен кем де болса аламыз дер едік, Латын əліббиі иаурыпаның мəдениетті жұрттардың пəеді, сəнді əдебиеттерін өзімен ала келетұн болса, яғни ол жұрттар бізбен тұқымдас тілі жақын болып, олардың газет, жұрнал, пəн кітаптарын оқып кететұн болсақ, əліббиін алған мен тіліміздің арасында ешбір жақындық болмаған соң, латын əліббиінен ондай пайданы көре алмаймыз. Болмаса, латын əліббиін тұтынған жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап, əмірін күтіп, балаларымызға тілін үйретіп отырған жұрттар болса екен. Онда да латын əліббиін түрік əліббиінен төмен болса да, алуда мағана бар дер едік. Ең болмаса, латын əрпін тұтынған жұрттар мен көрші отырып, аралас-құралас болып, қатысып, қабысып, түйіндесіп жатқан істеріміз болса екен; Онда да пайда-майдасы тиердер едік. Мұнда ода жоқ. Тіпті қолайлығын қойып, сұлулығы үшін аламыз десек, ол жағынан да латын əліббиінің жеңіп шығыуы нағайбыл; Өйткені сұлу жазу қолдың шеберлігіне қарайды. Қолы шебер адам екеуімен де сұлу жазады, қолы олақ адам екеуімен де жаман жазады жазбасы емес басбасының сұлулығы үшін аламыз десек, басба əріптің суреті шебер қолынан шығады, шебер қолынан екеуі де сұлу болып шығуы ықтимал. 17О жақ бұ жағына қарап латын əліббиіне қызығарлық еш нəрсе таба алмаймыз. Латын əліббиін алғанда, келтіретұн пайдасы жоқ болмақ, істейтұн зияны көп болмақ зияны сол – бұл «сау басқа сақина тілеп алуда» болмай ауру үстіне ауру тілеп алу болады. Біздің осы күнгі ауруымыздың зоры: Мешел өскендіктен мəдениет жүзіндегі мешеулігіміз; надандық, сауатты адамдардың, іс қыла білетұн адамдардың аздығы, қаржысыздық, тағысын тағы мəдениет жағынан кемшіліктер. Сол аурудың үстіне латын əліббиінің ауруы келіп жамалмақ. Латын əліббиін аламыз деушілер сол қиялын қалай жүзеге шығарамыз дейді екен? Түрік əліббиін қалайша қалдырып, латын əліббиін қалайша жүргіземіз дейді екен? Осы күнгі азда болса түрікше сауаттылықты латын əліббиінің жолына құрбан қылып, түрікше сауатты адамдарымызды сауатсыздыққа айналдырамыз дей ме екен? Əйтпесе бала оқытуға күш құрал қаржы табылмай жатқанда, түрікше сауаттыларды бір күнде латынша сауатты қылып жібереміз дей ме екен? Болмаса, бұрынғы
сауаттыларға газет, жорнал, кітаптарды түрік əліббиімен бастырамыз дей ме екен? Олай ойлайтұн болса, осы күні бір əліббимен бастыруға табылмай жатқан қаржыны латын əліббиі ала келеді дей ме екен? Осылардың бəрін анықтап ашып, түрік əліббиін түзеуден латын əліббиін алудың оңайлығын көрсеткенше латын əліббиі түрік əліббиінен жұмысының жеңілдігі жағынан да бəйге ала алмайды, түрік əліббиін түзеу жұмысы жалғыз ақ басба əрпін даралау мен бітеді. Ол жұмыс латын əліббиін алудан жүз есе оңай болатұнына таласатұн адам табылар ма екен? Ахмет Байтұрсынұлы Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі. Құраст.: Ш.Құрманбайұлы. Астана: «1С-Сервис» ЖШС 2005, 1925, 72-82 б. Қалам қайраткерлерінің жайынан Орынборға шақырған қазақ қайраткерлерінің съезі адам аз келгендіктен съезд есебінде болмай, кішкентай ғана кеңес түрінде болып өткені озған номерлерінде жазылды. Орынборда отырғандар, о жақ, бұ жақтан кез келгендер болмаса, съезге елден адам келіп жарытпады: үш-ақ кісі келді. Съезге атын атап шақырған адамдар да келмеді. Келмеу себептерін түрлі жоруға болады. Келмеулеріне бір жағынан, жол қаражатына қаржы жоқтығы себеп болған шығар; екінші жағынан, Жүсіпбек жолдас сияқты керексіз съезд деушілік те себеп болған шығар; үшінші жағынан, қазақ қайраткерлерінің Орынбор қаласынан қараңғы үйден жаман қашатындығы да себеп болған шығар; төртінші жағынан, өзгеріс уақытында қайрат жолы өзгеріп, қарқын беті қайтқаны себеп болған шығар. Бұл көп «шығардың» ішінде көбінен себеп болатын соңғы екі «шығар». Съезге келуге ынталы адамдар болса қаржы да табылады, керексіз съезд деп те айтпайды. Мұның бұлай болуы келуге ынталы адамдар болмағандықтан, Орынборды көруге табиғаты шаппағандықтан болып отырған хал. Бұрын Орынбор қазақтың пікір құбылысындай болған заманда, съез түгіл жайда Орынборға келіп, бас қосып, қазақтың қамын ойласып, қайғысына дауа қарастырып қайтатын ел азаматтары енді еріншектік етіп келмей отыр деуге болмайды. Мұның мəнісін əрірек, тереңіректен іздеу керек. Қазақ қалам қайраткерлері қайдан туған, қашан шыққан деп сұрау қойылса, жауап қиын емес. 1) Қазақ қалам қайраткерлері орыстың қорлық көрген, таяқ жеген, орыс табанында езілген жұрттан туған.
2) Қазақ қалам қайраткерлері қазақ басына қиын-қыстау зар заман түсіп, үстін торлап, қайғы бұлты қаптаған шақта шыққан. Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық, зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес; кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес. Олай болмаған болмаса, онда табиғат заңынан тысқары, адамнан шошқа, шошқадан күшік туған сияқты болып шығады. Қазақ баласын ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері октябрь өзгерісі болғанда бірден интернационал (бибауырмал) болып өзгере алмады, өзгелердей «алымсақтан бері» коммунист, интернационалист елім деп айтуға аузы бара алмады. Сондықтан бибауырмалдық жолға қызмет қылып, басшылық қыла алмады. Бауырмалдық жолында қаламмен қайрат етуін бибауырмалдық жолындағы үкімет хош көрмейтін болды. Сөйтіп, қазақ қалам қайраткерлерінің халінде дағдарыс болып, өзгерістен бұрынғы қарқындары қайтып, тартыңқырап қалды. Сол қайтқан қарқын əлі күнге қайта келіп жеткен жоқ. Бұрынғы қалам қайраткерлерінің бəрі де өзгерістен кейін қалам қайратына əлі белсеніп онша кіріскен жоқ. Бұл айтылған себептің үстіне жамалған екінші себеп болды. Ол Қазақстанға ұлық болған адамдардың лағу-төңкеріс болса істің бəрі өзінен өзі істеліп, өзінен өзі өзгеріп кететіндей көруі. Қалыпты өзгертететін адамның ісі, яғни жұмсайтын күші, қайраты, ісі, білімі екендігін ойламады. Төңкеріс болды, патша үкіметінің орнына совет үкіметі орнықты: қазақты билеген, патшаның оң қолы болған чиновниктер қалып, олардың орнына совет үкіметінің оң қолы болып коммунистер қазақты билейтін болды. Елдің төбесі өзгерді, төресі өзгерді. Онан былайғысын өзгертуге көп күш, көп іс, түрлі еңбек, қайрат керек, яғни істей білетін түрлі адамдар керек. Қазақтың оқығаны аз, оның ішінде халық ісіне қатысып, жұрт үшін жұмыс қылған адамдар аз. Бірақ аз да болса, қазақта қызмет қылып ысылған, төселген адамдар, қазақтың ісіне қатыспақ түгіл қарасын көрмеген, атын есітпеген жат жұрттың адамдарынан гөрі, қазаққа көбірек пайда келтіретіні шексіз. Ескі үкімет тұсында, қазақтың басына қаптаған қара бұлттай қалың пəле торлаған заманда, жұрт үшін, ұлт үшін қызмет қылған, қиналған адамдарға «жұртшыл», «ұлтшыл» деген таңба басылып, олар қораға жолатпайтын қотыр мал сияқты шетке шығарылып, əлеумет жұмысынан аулақ ұсталды. Қазаққа жаны ашып, қазақ сөзін сөйлеген адам болса, оны ұлтшыл деп əдепсіздік еткен сиырдай қылатын болды.
Төбелеске шығатын адам сияқты, төсін ұрып, тұлданып «Жасасын бибауырмалдық!» - деген қазақ болса, қошемет айтып, қол шапалақтап, төбесіне көтеретін болды. Қазақтың көрген қорлығын, зорлығын айтатын адам болса, ауызға қағып сөйлетпейтін болды. Қазақ өзгеріс үшін құрбан болса, несі құрайды деуші болса, арқаға қағып, дұрыс пікір осы дейді. Солай болып тұрғанда қазақтың жұртшыл, ұлтшыл, бауырмал қалам қайраткерлері қалайша белсеніп, қалам қайратына кіріспек? Қалайша қаламды қолға алуға көңілі шауып, ықыласы түспек? Қалам қайраткері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам қайраткерлері, я бояумен түсін өзгертіп, я түленмен түгін өзгертіп бибауырмал болмаса, нақ ішін өзгертіп бибауырмал бола алмайды. Жалғыз қалам қайраткерлері емес, қазаққа жаны ашитын, басқа азаматтар да қазақтың басқалардан көрген кемшілігін айтпай тұра алмайды. Оны айтып отырса, бауырмал деген сөзден құтыла алмайды. Солай болған соң, я бауырмал деген сөзден қашып, бибауырмал үкіметтің ыңғайымен болып, қазақты басқалар пісіріп жесін, шикі жесін үндемей қарап отыруы керек: не бауырмал деген сөзді басқалар ауыр мағынада айтса да, қазақ азаматтары ауырламай, қазақтың сөзін қаймықпай сөйлеуі керек. Енді осыған жеттік. Қазақ деп ауызға алмай, не болса о болсын, қараға қостық, не көрсе көппен бірге көрер деп отыруға болар еді, егер қазақ мəдениеті қасындағы халықтармен бірдей болса. Қазақ қасындағы халықтар: орыс, неміс, ноғай, жəуіт, ғайлар. Бұлардың бəрінің де мəдениеті қазақ мəдениетінен жоғары. Мəдениеті жоғары халық – мəдениеті төмен халықты аз-көбіне қарамай жем қылатыны айдан анық, күндей жарық ақиқат. 200 миллион үнді халқын 50 миллион ағылшын жем қылып отырғаны, 500 миллион Қытайды өзінен он есе аз жұрттар əжуалап отырғаны – адам баласының теңдігі-кемдігі мəдениетіне қарай екендігін ыспаттайды. Қазақ мəдениеті жəуіт, неміс, орыс, хатта ноғай мəдениетіндей болса да, «қазақ» деп айыра сөйлеп, ауыз ауыртып, əуре болмай-ақ, көппен бірдей көрер деп қояр едік. Қазақ айрықша сөз болатын халі айырықша болатындықтан. Қазақ мəдениеті қасындағы жұрттан кем екенін біле тұра, мəдениеті кем халық мəдениеті зор халыққа жем екенін біле тұра, қазақты жемтік есебінде жей бер деп қазақ азаматтары тастай ала ма? Оны қазақ азаматтары істей алмайды. Оны істей алмаса, бауырмал деген сөзден құтыла алмайды. Олай болса, бауырмал десін, қазақшыл десін, ұлтшыл десін, оған құлақ ауыртып ауырламасқа керек. Қазақ қасындағы жұрттардың қатарына жетіп теңелуіне керек ісімізді қолға алып, қанаттамасақ, қазақ күнін қараң қылатын бибауырмалдық
адам арасына жік салады, бауыр керек емес, «жасасын бибауырмалдық!» деп айқайлағанмен, адам баласының арасындағы құр айқаймен жоғалатын көрінбейді. Мəдениет жігін жоғалтпай өз жігін жоғалту оңай жұмыс емес. Бұл айқайдың қолынан келмейтін іс екендігіне көз жетті. Алдымен бауырмалдық жігін жоғалту керек деп адасқандар адаса берсін, қазақ азаматтары мəдениет жігін жою жолындағы жұмысқа күшін, ісін сарп ету керек. Басқалармен мəдениеті теңеліп, жарыса, жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні, қазақты қасындағылар қыңсылатуын қояды, қазақ азаматтарының қазақ үшін айырықша қайғыруы, қаны қызуы жоғалады, бауырмалдық өзінен өзі жоғалады. Мəдениет алға басуы тірнек ісі шеберленуімен, сана-саңылау күшеюімен болады. Тірнек ісінен шыққан шеберлікті өнер дейміз, сана-саңылау күшінен шыққан білімді ғылым дейміз. Бұл екеуі де іштен адаммен бірге туатын нəрсе емес, үйренумен табылатын нəрсе. Үйрену дегеніміз – оқу. Сөйтіп, мəдениет жүзінде халықтың алға басуы, алдағы жұрт пен арттағы жұрт арасындағы мəдениет жігі жоғалуы оқуға келіп тіреледі. Қазақта оқу ісі қалам қайраткерліріне қарап тұрғаны, олар не істеуге керектігі өткен номерлерде басылған съезге арналған мəселелерде айтылды. Мұнда айтайын дегеніміз: қалам қайраткерлерінің бас қосып бақыршылығын сөйлесуі. Қалам қайраткерлерін июнь съезіне «топалаң уақытындағы той» емес, топалаң келмеуіне амал қарастырайық деген ой еді. Съезд июньде болмады деп қою керек емес, июньнен басқа да айлар, күндер көп, əлі де болса бас қосып сөйлесу, қалам қайраткерлерінің ұйымын жасау керек. Жазушыларымыз бытыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бəлкім істері берекелі, өнімді болар. Өзгеріс болғанымен өзгермей тұрған қазақта қалып көп, қашаннан бері қазақ ішіне сіңіп, орнығып қалған қалыпты өзгерту оңай нəрсе емес. Бас өзгерді, бастық өзгерді, төре өзгерді, басқасы əлі қарап тұр. Қазақ көрген қорлық пен зорлық көбеймесе, кеміген жоқ. Жеуге жеңіл тұрғанды жеу – табиғи іс. Тіске жұмсақ болған соң, қай уақытта да жеуге қазақ жеңіл болып тұратыны мағлұм. Қазақты бұрын жегендері əлі жеп отыр, бұрын зорлық қылғандары əлі де зорлық қылып отыр. Өзгеріс кімге жағымды, кімге жағымсыз болып шыққаны көзі бар адамдар көрерлік, есі бар адамдар білерлік болды. Өзгерістің негізі тартыс, талас болған соң тіршілікке қайым біткен қайраттыларға, күн көруге ептілерге, дүние жиюға құмар адамдарға жағымды болғанымен, момындарға, ақ көңіл, анайы, аңқауларға жағымсыз болғаны шексіз. Ақкөңілдік, анайылық, аңқаулық табиғаттан да болады, тəрбиеден де болады, яғни мəдениет жоғары-төмендігінен де болады. Көбінесе мəдениеті төмен жоғары жұрт ақ көңіл, анайы, аңқау келеді. Сондықтан да мəдениеті жоғары жұртпен араласқан жерде алдауына, арбауына
түсіп жем болады. Қазақ жеріндегі халық көбінесе қазақ пен орыс. Қазақ мəдениеті орыстан кем болған соң жем болатыны шексіз. Ол жем болудан мəдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мəдениет қуатымен құтылады. Үкімет тарапынан қазақтың қазіргі күтетін көмегі – мəдениеті жетілгенше басқалардың зорлығынан қорғау, мəдениеті көтерілуіне қолдан келген жəрдемін аямау. Солай болған соң қазақ үкіметі құр декретін көбейтумен бола бермей, қазақтың мəдениетін күшейту жағына көз салып, көбірек күшін жұмсау керек. Мəдениет күшейеді өнер-білім күшімен, өнер-білім күшейеді оқумен. Оқу ісі сабақтас əдебиетпен. Оқу əдебиетті күшейтеді, əдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен əдебиет бірін-бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп, бірін-бірі сүйрейді. Оқусыз əдебиеттің күні жоқ, əдебиетсіз оқудың күні жоқ, қазақта оқу да, əдебиет те жаңа ғана көктеп көзге ілінген күйде тұр. Оның өсіп, үлкейіп, гүлденуі үшін көп іс, көп күш керек. Сол көп істі қолынан келгенше істейтін, сол көп күш шамасынан келгенше сарп ететін қазақ қалам қайраткерлері. Ол қалам қайраткерлері бұл күнде өз жұмысында емес, өзге жұмыста жүр. Оларды өзге жұмыстан алып, өз жұмысына салу қазақ үкіметінің міндеті: қалам қайраткерлерінің жұмысы – əдебиет, əдебиетсіз оқу қуаттану жоқ, оқусыз мəдениет қуаттану жоқ, мəдениет қуаттанбай қазақ қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ. Орыстан қазақтың көріп отырған отаршылығы, омыраулығы қазақ мəдениеті орыс мəдениетінен төмен болғандықтан. Азаттық асылы мəдениетте, мəдениет күшеюінің тетігі оқу мен əдебиетте. Ахмет Байтұрсынұлы Ұлттың ұлы ұстазы (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновқа арналады). Құраст.: В.Қ.Күзембаева. Алматы: «Комплекс», 2001, 75-81б. Қазақша сөз жазушыларға Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нəрселер себеп болып, өзгертілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап ескен сайын, тіл де бұтақтаған. Біздің түрік тілі əуелде бір тіл болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-
тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілдің басқалануына себеп болған – əртүрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан. Түріктің балалары өсіп, алды-алдына тарап əртүрлі халықпен сыбайлас болған, араласқан түрлі жұрттың түрлі тілінің түрік тіліне жат сөздер, жат дыбыстар кірісіп, тіл арасының бірте-бірте жігі ұлғайған, мақсұт – сол жікті бітеп жалғау болса, оған түзуді қисық деп, дұрысты қате деп қыңыр жолмен кірмей, тура жолмаен келу керек. Шөнки дұрыс пен қатені, қисық пен түзуді айыруға жаратқан көкіректе көз бар. Қате қайда, дұрыс қайда – қаралық. Дұрыс емле менен қате емлені айруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар дейім: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нəрсе, жазу – тіл үшін шығарған нəрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады. Түрік тілінің бəріне хомуми емле болу керек десек, түріктің қай баласында азбаған тұнық тіл, түзу емле болса, соны аларға керек. Асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті. Неге десек: ата кəсібін тастамай істеп келе жатқан – қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген – қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ. Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кемітіп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, жазу шалығы тимесе, кəсібі, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір. Қойшы, түйеші, биеші емлесі деген қазақта жоқ нəрсе. Тоқсандағы шалының, тоғыздағы баласының – бəрінің емлесі біреу-ақ, ол емлесі дұрыс па, қисық па, қаралық. Ең əуелгі біздің қисық көрінетін емлеміз «лер» орнына «дер», «тар», «лар» (жіңішке сөздерде «дер», «тер», «лер») деп жазғанымыз. «Үш түрін жазғанмен, «лар» деп бір-ақ түрін жазса болмай ма?» деген. Бұл дұрыс болар еді, егер де сөздің бəрінің аяғы дауысты дыбыспен біте берсе. Сөздің аяғы дауыссыз дыбыспен де бітетін жері болады, һəм сондай жерде қазақта «лар» орнына «дар» я «тар» жазылады. Дауыссыз дыбыстан соң да «лар» жазсақ, болмай ма деген сөз, мəселен, «қараймын», «сөйлеймін» деп жазған соң, «бараймын», «бираймын» деп жазсақ болмай ма деген сықылды, я болмаса «малдай», «малда» деп жазған соң «малындай», «малында» деп жазбай – «малыдай», «малыда»
деп жазсақ болмай ма? деген сықылды. Сондай-ақ «балалар», «аналар», «аталар» деген сөздер «лар» мен жазылады деп «маллар», «нанлар», «атлар» деп жазу керек деген сөз «бараймын», «бираймын», «малыдай», «малыда» деп жазу керек дегенмен бірдей. Сөздің ұшығы бірде дауысты дыбысқа тіркеледі, бірінде дауыссыз дыбысқа тіркеледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстың ауанына қарай сөздің ұшығы да өзгеріледі. Қазақ бұл екі орнын да айырады. Тіл табиғатынан қарағанда қазақтың солай істеуі дұрыс: «мал» – «малдай» дегенде («н») жоқ; «малды» – «малындай» дегенде «н» неге қосылады? Əрине, «малы» деген сөздің аяғы дауысты дыбыс болғандықтан қосылып тұр. «Малы» дегеннен шыққан ұшықтарды «мал» дегеннен шыққан ұшықтармен бірдей істеу керек десек, тіл табиғатына дұрыс келе ме? Сондай-ақ «бала», «ана», «ата» һəм «мал», «нан», «ат» деген сөздердің бəріне де «лар» бірдей болу керек деген емес. Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген; сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған. Мəселен, «малдар» деп айтып көріңіз, «маллар» деп айтып көріңіз. «Малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады. «Маллар» дегенде тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қайтып алуымыз қиын. Бұл орынсыз жерде тұрған «л»-дың айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірілмей, тиіп кəнə өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады. Дұрыстыққа салып тура көз бен қарағанда, тіл турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық дыбыстары [н] көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстары [н] ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа түріктер. Даусты дыбыстардың ашық я көмескі болмағы – ауыздың көп я аз ашылуынан болады. Ауыз көп ашылғанда шыққан дыбыс ашық болады, ауыз тарылғанда шыққан дыбыс тұйықтау болады. Ауыз еркін ашылғанда шыққан дыбыс «а» барша дыбыстан ашық; сонан соң ауыздың тарылуына қарай екінші дəрежедегі дыбыстар шығады: жəй тарылса (Э), дөңгелектеніп тарылса, «( »ﻭо), онан əрі тарылғанда, үшінші дəрежедегі дыбыстар шығады: жəй тарылса; «( »ﻯи), дөңгелектеніп тарылса, «( »ۋу) дыбыстың ашықтығы қай дəрежеде болса, көркемдігі де сол дəрежеде болады. Сондықтан 1-дəрежедегі я 2-дəрежедегі дыбыстарды үшінші дəрежедегі дыбстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол дəреже төмен түседі. Сөздің көркі төмендесе, тілдің де көркі төмендейді; жоғары дəрежедегі дыбысты төмен дəрежедегі дыбыстарға алмасытырп тілді аздырған кемшілік татар тілінде көп. Мəселен: «( »ﺍа) дыбысын «( »ﻩэ), «( »ﻱи)-ге алмастырған: «( »ﻭо) дыбысын «( »ۋу)-ға алмастырған орындар көп. «( »ﺍа)-ны «и»-ге алмасырған жерлері: «алмай» (алмай) деген сөзді
«алмій» (алмай) деп, (э)-ні «( »ﻱи)-ге алмастырған жерлері: «кет» (кет)- ті «( »ﻲﺖкит), айт (эйт) «( »ﺍﻴﺕит) деп, «( »ﻭо)-ны (у)-ға алмастырған орындары: ( ﻘﻮﻞқол)-ды ( ﻘۋﻞкул), ( ﺍﻮﺕот) ( ﺍﯟﺖут) деп. Бұлайша тілді бұзуға себеп болған нəрсе – жазу. Араб əліппесіндегі харіптер түрік тіліндегі кей дыбыстарға тура келмеген. Ол дыбыстарды жазуға басқа дыбстардың харіптері жұмсалған. Түрік тілінде «( »ﻭо) дыбысы бар, араб əліппесінде оған харіп жоқ; түрік тілінде «( »ﮦэ) дыбыс бар, оған тура келетін арабта харіп жоқ. Сондықтан «о» дыбысын «у»- мен жазған, «э» дыбысын «и»-мен жазған. Бұл дыбыстар айтылуынша оқылмай, жазылуынша оқылған. «А» дыбысы «и» дыбысына алмасуына себеп болып, түрік сөздерін де араб емлесімен жазамыз деген, мəселен: қарамай – қарами. Растыққа жүгінсек, түріктің тұнық тілі, түзу емлесі қазақта. Дұрыс емес деген «дің», «ды»-ларды һəм дұрыс деген «ның», «ны»-ларды алып қаралық. Мен айтамын: «ның», «ны» дұрыс емес, «дың», «ды» дұрыс деп. Неге десең: тіл табиғатына қарағанда «ны» келерге керек дауысты дыбстардан соң, қазақта солай «ның», «ны» дауысты дыбстардан соң келеді. Аяғы дауысты дыбыспен біткен һəм аяғы дауыссыз не жарты дауысты дыбспен біткен сөздерді алып қарасақ, солай екендігі көрініп тұр. Мəселен: мал – жарты малдан – жартыдан малдың – жартының малдай – жартыдай малды – дартыны малда – жартыда Дауысты дыбыстардан дауыссыз дыбыстар көп. Қағида азына қарап емес, көбіне қарап жасаларға керек. Қазақша дауыссыз дыбыстан соң бəрінде «д» кіріп тұр; дауысты дабыстан соң екі-ақ жерде «н» кіріп тұр, үш орында «д» кіріп тұр. Қағиданы аздан шығармай, көбінен шығаратын болсақ, дауысты дыбыстан дауыссыз дыбыстар көп; «н» келетін орыннан «д» келетін орын көп, қалайша қазақ тіліндегі «дың», «ды» дұрыс емес, «ның», «ны» дұрыс деп айтамыз. Онан əрі: «нан» дұрыс емес, «ндан» дұрыс деген – о да даулы сөз, табиғатқа салғанда екеуі де дұрыс, жолға салғанда екеуі де дұрыс емес, мəселен: жол бойынша боларға керек: табиғат қалауынша: атасыға атасына атыға атына қолыға қолына Сондай-ақ қазақтың «нан» етіп айтуға»: табиғат қадауынша: қазақтың табиғат тартуынша: жол бойынша:
атасы
атасындан
атасынан аты
атындан
атынан
қолы
қолындан
қолынан деп айтылады. Табиғатына қарамай, жолға түсіру керек болса: «атасына» демей, «атасыға» деп жазу керек, «атасынан» демей, «атасындан» деп жазу керек. «Атасыға» деп жазған татарларды көрмеген соң, біз де «атасынан» деп жазып жүрміз. Бұлардан басқа пысық көрінетін: «ма», «ме» орнына «ба», «бе» жазғанымыз; «ш» орнына «с» жазғанымыз. Бұларды қазақ айтады: солай айтылатын боған соң, солай һəм дейміз. Османылар «бін» дейді, біз «мен» дейміз, османылар «уар» дейді, біз «бар» дейміз; османылар «дағ» дейді, біз «тау» дейміз. Осы сөздердің қайсысы дұрыс? Османыларға сендердің «бін», «уар», «дағ» дегендердің дұрыс емес, «мен», «бар», «тау» деп жазу керек дейміз, жөн бе? Сол сықылды ба, бе дұрыс емес, ма, ме дұрыс деп айтудың жөні жоқ. Солай: ма, ме, яки ш жазсада түсінер; ол бірақ қазақша болмас. Татарлар неге «атасыға», «атасыдан», «атасыдай» деп жазбай, «атасына», «атасындан», «атасындай» деп жазады? Атасыға – атасындан – атасыдай деп жазса, түсінбес бе? Əрине, түсінеді, бірақ солай жазбайды. Олай жазса татарша болмайды. Қазақ та солай: ның, ны, лар, лық, лы орынсыз жерлерде келсе, ол сөз қазақша болмайды; жөнге тілдің өзі табиғаты тартуынша əрқайсысын өз орнына қойған. Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса, онда ол қойғанымыз ол тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң, оның түбі ол тілді бұзу, өзгерту болады. Қазақ тілін өзгертіп, татар тіліне қосу болса, онда солай деп ашып айтарға керек. Емлесін қата десек, тастап бізге келер деген ой – қата: ол жақсы мен жаманды, қисық пен түзуді айырарлық қазақта көз жоқ дегендік болады. Егер де Гаспринскийдің сөзін тірілтеміз десек, ұлығ іс үшін ұсақ намысты қойып, түріктің тұнық тілін, түзу емлесін алу керек. Сол екеуі де қазақтан табылады. Азбаған асыл тілден емле шығарып соған қарап басқа емлелерді түзету керек. Ақтығында айтатыным: бұл күнде жазылып жатқан кітаптарда, газеттерде, журналдарда қазақ тілінде болсын, татартілінде болсын анықталған қағидалы еміле жоқ. Қағида жоқ болған соң, қисық, түзу емле деп айтуға да жол жоқ. Тұтынып жүрген емлеміз сап түзеген солдаттардай болғанша, мұндай сөзді қозғау түзелуімізге себеп болады. Сондықтан бұл сөзді қозғаған Хасан Ғали əфендіге алғыс айтамыз. «Қырық мысал», «Маса» тұрасында айтатыным: олар халық үшін жазылған нəрсе, халық айтуынша жазылған. Өз тілімізден шығарып емле түзегенше, халықтың айту ауанынан шықпаймыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің көркін бұзған, əдеби тілмен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрыл-
ған басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанымызды мақұл көрмейміз. «Уақыт» пен «Шора»-ны оқығанда, қолымызға лұғат кітабын алып отырып оқимыз. Ойлаймын, арабша оқымағандардың бəрі де солай оқитын шығар деп. «Уақыт» пен «Шорада» бастан аяғына шейін арабша сөз аз ба? Соларды лұғатдан іздеп отырып оқығанда, бастан-аяқ оқып шығуға қанша уақыт керек. Егер де нағыз түркі тілімен жазылса, арабша оқымаған адамдарға да лұғатсыз оқуға болар еді, оқығанда уақыты да көп кетпес еді. Біздің қазақтың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісі. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас. А.Байтұрсынов А.Байтұрсынов Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: «Ана тілі», 1992, 395-399 б. Түрікшелер құрылтайы Түрікшелердің 1-нші құрылтайы февральдың 26-нда басталып, марттың 6-да жабылды. Түрік нəсілді жұрттардың өкілін жібермегені аз болар. Қалмақтар да адамын жіберген. Бір шеті Стамбул, екінші шеті Қиыр Күншығыстағы Жақыт – сол екі арадағы түрік нəсілді жұрттардың көбінің-ақ өкілдері болды. Бұрын қағаз жүзінде білісу болмаса, көрісуі жоқ түрік жұрттары бірін-бірі жүзбе-жүз көріп танысты. Түрікше ілімдерден академия мүшелері: Бартольд, Олденбург, Крымский, толып жатқан жана тағы профессорлар болды. Бөтен мемлекеттерден неміс профессоры Менсель, мажар профессоры Майсереш, анатол түрік профессоры Көпірлі-зада мен Құсайын-зада болды. Құрылтай қарауына арналған 14 бапты мəселе еді. Соның əрбірінен 4-5, қатта 8-9 баяндамалар жасалды. Бірақ мəселе көп болғанмен, құрылтай шақырушылардың көбінесе көздегені латын қарпы екендігі құрылтайды ашушылардың да, үкімет тарапынан құттықтаушылардың да сөзінен көрініп тұрды. Солай болған соң қарыпқа қатысы бар мəселелерге көбірек зер салынып, солар көбірек талқыға түсіп, басқалары ат үстінен айта өткен сияқты болды. Құрылтай програмындағы мəселелер мыналар еді: 1) Түрік жұрттарының тариқын тану жүзіндегі істердің кəзіргі күй мен
келешектегісі. Баяндамашылар: Бартольд, Баруздин деген профессор, татар тариқшысы Убайдуллин Əзиз. 2) Түрік жұрттарының мəдениетін зерттеу ісінің кəзіргі күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Руденко, Майсереш, Миллер профессорлар мен Шурсен деген. 3) Түрік тілдерінің өзара жана мұғал (монғол), тунгуз, пин угор, жапон тілдерімен тұқымдастығы. Баяндамашылар: Шобан-зада мен Кинко деген профессорлар. 4) Түрік тілдерін тану жүзіндегі істің кəзіргі күйі мен келешектегісі: Баяндамашылар: Самойлович, Малов, Ашмарин деген прфессорлар. 5) Емле [нің] жалпы негізі. Баяндамашы: Щерба профессор. Түрік емлелері. Баяндамашылар: татар қалам қайраткері Ибрайым ұлы Əлімжан, əзірбайжандық Аға-зада деген. 6) Пəн сөздерінің жүйесі туралы. Баяндамашылар: Шобан-зада профессор мен Зиенат деген. Түрік тілінің пəн сөздері туралы. Баяндамашылар: Зайналы, Одабаш, Байтұрсынұлы. 7) Əліп-би сыны пəн жағынан, əліп-би сыны іс жағынан. Баяндамашылар: Яковлев, пен Жирков профессорлар. Түрік əліп-билері туралы. Бандамашылар: Мамет-зада, Шарапұлы Əлімжан, Алпарұлы, Төреқұлұлы, Бердіұлы, Омарұлы. 8) Ана тілін үйрету əдісіндегі жаңа ағымдар туралы баяндамашы Щерба профессор. Түрік тілін оқыту əдістері туралы баяндамашы Епенді-зада. 9) Түрік əдебиет тілдерінің жетілуі туралы. Баяндамашы: Көпірлі-зада профессор мен Əкімұлы Нығымет. 10) Түрік əдебиет тілдерін тану жүзіндегі істің кəзіргісі, алдағысы. Баяндамашылар: Көпірлі-зада, Менсель профессор, Сағадиұлы Абдырақман. 11) Түрікші мекемелердің қəзіргі құрылған түрлерімен жақында істейтін істері туралы. 12) Өлке тану ісінің əдістері. Баяндамашы: Ольденбург. 13) Түрік жұрттарының мəдениет жүзінде соңғы кездегі жетілісі. Баяндамашы: Павлович. 14) Ұйымдасу мəселесі. Осыншама толып жатқан мəселелер туралы толып жатқан баяндамалар қайсысы қай түрде жасалып, қалай қаралып, өткенін бейнелеп айтуға орын тар болғандықтан жана да құрылтайда не болып, не қойғаны турасындағы барша мағлұматтар түгелімен бəрі басылып шығатын болғандықтан, құрылтай қабарын түгел сөйлеймін демей, оқуға қатысы көбірек мəселелер ғана турасынан азырақ айтып өтпекпін. Ол мəселелер: 1) емле; 2) пəн сөз; 3) əліп-би; 4) ана тілін оқыту əдісі турасындағылары.
Бұл мəселелер туралы əуелі орыс ілімдерінің пəн пəтуасы түріндегі баяндамалары болып, сонан кейін басқалардың баяндамалары болып отырды. Емле туралы пəн пəтуасын сөйлеген Щерба профессоррдың сөзі қысқалап айтқанда мынау болды. Төрт жүйелі емле бар: 1) дыбыс жүйелі; 2) туыс жүйелі; 3) тариқ жүйелі; 4) таңба жүйелі; Дыбыс жүйелі емле – сөзді айтылуынша жазу (қазақ пен қырғыз емлесі дыбыс жүйелі болады). Туыс жүйелі емле – сөздің тек айтылуына қарамай, тегіне де қарай жазу (орыстікі туыс жүйелі емле). Тариқ жүйелі емле – қашаннан жазып келе жатқан қалыпша жазу (арабтікі, араб емлесін өзгертпей қолданушылардікі, ағылшын, француз, немістердікі тариқ жүйелі емле болады). Таңба жүйелі емле – сөз орнына таңба салу (қытай жазуы, бұрынғы екі сулықта болған аққаттардың, шумерлердің сүйір жазулары). Бұл емлелердің ең жақсысы – дыбыс жүйелісі; үйткені бұ жүйелі емле үйренуге жеңіл. Емле жеңіл болуы тəрбиешілік жағынан да, бұқарашылық жағынан да артық. Жақсы емленің қасиеті үйренуге жеңілдігі мен ойды дұрыс ұқтыруы. Онан соңғы жақсы емле – туыс жүйелісі. Ең қиыны тариқ жүйелісі мен таңба жүйелісі деді. Ибрайымұлы Əлімжан жасаған баяндамасында емле жеңілдету жүзінде түрік жұрттарында не істелгенін, қайсысының емлесі қай күйде тұрғанын, емле қай түрде болуы керектігінайтып өтті. Емле түзету жүзінде түрік жұрттарының алдағысы қазақ, арттағысы əзірбайжан, анатоли түркі болып шықты. Басқалары соның екі аралығында болды. Құрылтай дыбыс жүйелі емлені, керегіне қарай туыс жүйесімен үйлестіріп алуды қабыл етті. Əзірбайжандықтар араб қарпымен дыбыс жүйелі емле жасауға болмайды деп ойлайтын көрінеді. Сондықтан олар дыбыс жүйелі болған соң, латын қарпысыз болмайды деп, дыбыс жүйелі, латын негізді деген сөзді керек емес десек те болмайды, көпшілік қолында болған соң қыстырып өткізді. Ол жерде пікіріміз айырылатынын мəлім еттік те қойдық. Пəн сөздері туралы баяндаманың бірі менікі болғандықтан, өз баяндамамның да мазмұнын қысқасынан айта өтейін. Баяндамамдағы айтқаным: пəн сөздері жағынан да басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа түріктер əдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен əдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу даражаға жеткен.
Қазақ жат сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Əдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін – қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде ғана алатын тəртіп қолданды. Ол тəртіп қазақ білімпаздарының тұңғыш тобында қабылданғаны айтылды. Сол жол басқа түріктер қолдануына да теріс болмас делінді. Құрылтай қарары да осы негізді болды. Бірақ жалғыз қазақ емес, басқалар да қолданатын болғандықтан, біздің қолданған тəртібімізге қосқандары мынау болды: түрік жұрттары тілдерінің жақындығына қарай топталып бөлінсін, пəн сөз топ ішіндегі жұрттардың бəріне ортақ түрде алынсын. 1-інші басқыштағы мектептерде қолданатын пəн сөздер əр жұрттың өз тілінен алынуы абзал; 2-нші басқыштағы мектептерде қолданатын топқа ортақтастырып алған пəн сөздер болсын. Жоғары мектептерде əлемге жайылған Европа пəн сөздері қолдансын делінді. Латын қарпын қолдаушы 7 баяндаманың екеуін ілім пəтуасы түрінде екі профессор жасады. Яковлев профессор əліп-би қандай қасиеттерімен жақсы болатынын, не үшін латын қарпын қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, жақсы əліп-би тіл дыбысына түгел жету керек, қарып белгісі аз болу керек. Бұл екі қасиет – қазақ əліп-биінен табылатын қасиет. Қазақтан басқа да ондай əліп-би бар деп айтпады. Дəйекші қойып қарып белгісін азайту – бұл табылған ақыл деп. Латын қарпын жақтайтыны латын қарпы – жайылып келе жатқан қарып, арабтікі тоқталып қалған қарып деді. Онан басқа латын қарпының араб қарпынан пəлендей артықшылығы бар деп айтқан жоқ. Жирков профессор араб қарпының сұлулығын, бірақ баспа істері жағынан қолайсыз жағын, қəзіргі жеңілдетуге жасап жатқан өзгертулер араб қарпының сұлулығын бұзатындығын сөйледі. Мұның сөзінше баспаға жеңілдету мақсатпен араб қарпының сұлулығын бұзудан да өзінен безу артық деген пікір ұғылды. Латын қарпымен араб қарпын салыстырған жерінде арабтың ескі қарыптарын алып салыстырғандықтан, айтқан сөздері дəлелді бола алмай шықты. Бұлардан кейін баяндама жасаған латыншыл бес кісінің бесеуі латын қарпы мен араб қарпын салыстырғанда (тістеріне жұмсағырақ болған соң) арабтың ескі қарпын алып салыстырумен болды. Көбі түк дəлелсіз болды. Араб əліп-биінің кемшілігі деп көрсетуге алған нəрселері біздің мұнан 15-16 жыл бұрын басын ауыртқан араб емлесінің кемшіліктері болып шықты. Біздің 10-шы жылдарда шығарып ескі ұсқы қоймасына тастаған нəрселерімізді кейбіреулер 26-ншы жылдарға дейін тұтынып келіп отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кіргенін өздерінше бір артықша
жаңашылдық деп біліп, өздерін əлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. Тариқ жүйелі араб емлесінің тас талқанын шығарып бұзып-жарып, араб қарпымен-ақ дыбысжүйелі қазақ емлесін жасап алғанымыздан қабарсыз екен. Олар арабтың емлесін бұзудан қарпын тастау оңай; қарпын тастамай, емлесін бұзуға болмайды деп ойлайды екен. Араб қарпынан латын қарпына көшеміз деуінің ең негізгі себебі осы екен. Қазақ, қырғыз, башқұрт, татар араб емлесін бұзғаннан араб қарыптары қираған жоқ, қайта түзеліп жақсы бола бермекші. Бұл басқаларға мүмкін емес нəрсе сияқты көрінеді. Мəселен арабтың « »ﺨﺑﺩдеген сөзін арабтың бес қарпымен « »ﺠﺎﺇﺩдеп жазуға болмайды. Латынның ғана бес қарпымен жазуға болады. Араб қарпын қолдаушы екі баяндама болды. Оның да бірі, мəселен, Алпар ұлының баяндамасы, араб пен латын қарыптарының жақсыжамандығын сөз қылмай, араб қарыптарына баспа жағынан жеңілдету мақсатпен жасалып жатқан өзгерістер туралы. Ол өзгерістермен жасалған тəжірибелер араб қарыптарын түбінен қопармай-ақ түрін азырақ өзгертумен да баспа жағының кемшілігі жоғалып, басқалардан артық болмаса, кем болмайтынын айтып, қандай өзгеріс жасалғандарын көрсетті. Өзгерткен қарыптардың ірілері осы күнде қолданылып, ұсақтары құйылып жатқандығын мəлім етті. Араб пен латын қарыптарын таразыға тартқандай салыстырып, артықкем жақтарын ыспаттап көрсетіп, арабтікін тастап, латындікін алуда түк мағына жоқтығын айтып сөйлеген баяндама асылында жалғыз Шарап ұлы Əлімжандікі болды. Латынға қарсы баяндама, сөйтіп, біреу-ақ десек те болады. Бірақ бір де болса, бірегей болды. 2 сағаттан астам айтылған баяндаманың мұнда жүзден бірін сыйғызу мүмкін емес. Сондықтан тек ұшығын ғана көрсетіп өтемін. Баяндамашы мəселені асылынан алып, алшысынан қойып бастады. Ол айтты: біздер сөз қылып отырғанымыз – «əліп-би қалау» мəселесі емес, «əліп-би алмастыру» мəселесі, «əліп-би қалау» деген мен «əліп-би алмастыру» деген – екеуі бір емес. Түрік жұрттары əліп-биі жоқ жұрттар болса, алдына салған əліп-билерді қарап-қарап, ұнатқан біреуін алар еді. Түрік жұрттары – тұтынып отырған əліп-биі бар жұрттар. Көбінің əліпбимен байласқан əдебиеті, мəдениеті бар. Тұтынып отырған əліп-биді тастап, бөтен əліп-биге көшкенде, қанша сауатты адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғалімдер қайтадан қат үйренбекші, қанша баспақаналардың қарыптары жаңадан жасалып, жаңадан құйылмақшы, қанша қарып тізушілер қайтадан үйренбекші, қанша қаржы шықпақшы, қанша еңбек сарп етілмекші. Осыншама құрбандықтың бəрін өтегендей алмастырып алатын əліп-биде бұрынғымыздан анағұрлым артықшылық болу керек. Сондай артықтық алатын əліп-биде бар ма екен деп алып, екі əліп-биді түрлі жағынан салыстыруға түсті.
Екі əліп-бидің де артық-кем жерлерін əншейін сөйлемей, əр түрлі ілім тəжірибелерімен ыспаттап, даусыз дəлелдер келтіріп баяндады. Ақтығында латын əліп-биінде көп құрбандықты өтерлік аса артықтық болмақ түгіл, араб əліп-биінен де көрі кемшіліктері көбірек болып шықты, бірақ құрылтай дүкені жасаушылардың қолында болғандықтан, күн бұрын қолайлап бəрін икемдеп қойғандықтан, қазанның құлағы қазаншының қалаған жерінен шықты: «Латын əліп-биінің артықтығына құрылтайдың көзі жетті. Енді алу-алмау əр жұрттың, əр мемлекеттің ықтиярында» деген қарар көпшілікпен өтті. Қанша ыспат, дəлелдер болғанын түбінде құрылтай жұмысының мағлұматтары басылып шыққанда, əркім өзі көре жатар. Қарып мəселесі турасында қазақ тарабынан айтқанымыз мынау болды: біздер мəдениет жүзінде кейін қалған жұрт болғандықтан, мəдениет қуатымыз да, мал қуатымыз да шағын, сол шағын қуатымызды қазірде өте-мөте керек нəрселерге ғана жұмсап жатырмыз. Қəзіргі бізге өте-мөте керек нəрсе – оқу кітаптары. Бар күшімізді соған салып жатырмыз. Басқа керек нəрселер де толып жатыр; оларды қоя тұрып, өте керегін істеп жатырмыз. Қарып жағынан өте-мөте керек болып қысып тұрған мұқтаждық жоқ. Осы құрылтайда айтылған пəн пəтуаларынша ең жақсы емле де, ең жақсы əліп-би де біздікі болып шықты. Емле мен əліп-би жағына келгенде, біз орыстан да, немістен де, француздан да, ағылшындардан да алда тұрғанымыз мəлім болды. Азғана күшімзді озған үстіне озамыз деп, озып тұрған жерімізге жұмсауымыз керек. Бізге жаны ашитындар қарып тауып береміз демей, мектептерімізді бұзау мен қозы алатын үйлерде пысынатпай, соларға үй салып берсе екен делінді. Қарыптан соңғы жасалған баяндамалар талқыға түсіп сөз болмастан комиссияға жіберіле берді. Ана тілін оқыту əдісі ғана сөз болыңқырады, басқалары тіпті айтыс ашылмастан комиссияға кетіп отырды. Ана тілін оқыту əдісі туралы баяндама жасаған Щерба профессордың айтқан сөзінің қысқаша мазмұны мынау болды: осы кезде ана тілін оқытуға қолданатын əдіс мынау: дыбыс негізді əдіс, тұтас тұлғалы əдіс (америка əдісі дейтін). Қай əдісті қолдану қолайлы болуы емле жүйесіне қарай: дыбыс жүйелі емлені қолданушыларға дыбыс негізді əдіспен оқыту оңай, тариқ жүйелі емлені қолданушыларға тұтас тұлғалы əддеспен оқыту оңай. Тұтас тұлғалы əдіс – ағылшын емлесінің ауырлығынан туған əдіс, Ағылшын емлесі тариқ жүйелі. Дыбыс негізді əдіспен ағылшын емлесін үйрену азап, қатта мүмкін де емес. Дыбыс негізді əдіс дыбыс жүйелі емлеге өте қолайлы. Емлесі дыбыс негізді құрттар қолданған жерде үйретуге ең жеңіл, жемісі тез пісетін дыбыс негізді əдіс екені ақиқат. Тұтас тұлғалы əдістің өзін оңаша алып, дыбыс негізді əдіспен салыстырғанда, түк артықтығы жоқ. Жазылуы мен айтылуы – екеуі екі
басқа, ағылшын емлесіне дегенде ғана тұтас тұлғалы əдістің артықтығы бар. Біздің орыс əдісшілерінің тұтас тұлғалы əдіске əуестенетіндері дыбыс негізді əдістен көрі оны көрнекірек дейді. Асылында, дыбыс негізді əдіс тариқ жүйелі ағылшын емлесіне қандай қолайсыз болса, тұтас тұлғалы əдіс дыбыс жүйелі емлесі бар жұрттардың қолданылуына да сондай қолайсыз болады деді. Құрылтай түрік жұрттары үшін дыбыс жүйелі емлені қабыл алған соң, оған қолайлысы дыбыс негізді əдіс болған соң, осы əдісті қабылдап қарар шығарды. Ана тілін оқыту турасынан шығарған қарарға тағы да кірген баптар болды. Оның өте-мөте ескерерлігі мынау болды: 1) Ана тілін үйрену жағын жақсылау үшін түрік жұрттарының əр тілі анық танылуы керек. Тіл іліміне жетік білімпаздар шығару үшін оқытушы даярлайтын орта мектеп пен жоғарғы мектептерде тіл сабақтары мектептерде тіл сабақтары елеулі орын алу керек. 2) Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде қалық əдебпеті басым боларға керек. 3) Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім түрінде өз алдына оқытыларға керек. 4) Əдебиет 2-нші басқышта əлеумет тану ілімімен бірге кез келген түрде де, жүйеленіп əдебиет тариқы түрде де оқытылу керек. Тариқ түрінде оқытылғанда ана тілінің əдебиетінен басқа ағайын жұрттардың əдебиеттерімен таныстыру керек. 5) Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағана, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағана жағын тануға керегі жоқ нəрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс. Оқуға қатысты көбірек осы төрт мəселе сөзімен құрылтай əңгімесін тоқтатамын. Ахмет Байтұрсынов А.Байтұрсынов Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: «Ана тілі», 1992, 411-416 б. Ұлт һəм туған тіл (Патшалық һəм бостандық заманында) Россияда залым патшалар дəурен сүріп тұрған шағында жалғыз славян ұлтын, оның ішінде байлары ғана өзінің барлығын білдіріп жасай алды. Байлардан шыққан жетіктер Россияда болған түрлі тілден сөйлеуші жүзден аса халықтың əрқайсысының да айырым ұлты, ұлтына қарай
тұрмысы, білім, өнері барлығын баяндап тек керек мағлұматты ... ғамалға құйылған уағында іс бүтіндей мұның керісінше болып шығып тұрды. Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, оларды көгертіп, көркейтумен ісі болмайды: ол əрдайымда халыққа көтере алмастай оларды өзінің мейірімсіз тырнағында тілегенінше жаншумен болды. Һəм миллиондаған халықты, əсіресе шет ұлттарды, қалайша қараңғылықпен аңсыз аюандықта өз пайдаларын білместей меңіреу, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданады. Бұдан шығатын белгілі мағына əркімге де күндей анық көрініп тұр. Патша үкіметі шет ұлттарды аздап болса да ағарту, олардың ғылым, өнерде артта қалғандарын алға бастыру тіпті де қам жеген жоқ. Ол һəрдайымда ұлттарды бір-біріне айдап салып, өшіктіріп, араларында қанды соғыстар ашып, əлсізін күштісіне талатумен болды. Бұл ұлттардың мекенін аударып аяғынан тоздырып жібереді, ескі үкіметтің басқа да шет ұлттардың білім, өнерін сендіріп, өздеріне қас болған ғұрпы-ғадеттерін қалдырып, діндерін жойып, бүтіндей, орыстыққа айналдыру сықылды ең нашар ғамалдары да болды. Шет ұлттар бейнетқорларының жазымын сатып, славян ұлтының жұмыскер қарашекпендері үшін бейне айырым бір мүлік жиған сияқты көрініп жалған саясаттар жүргізді. Іс жүзінде, əрине, бұнан дұрысында сондай бір мақсат жарыққа шыққан емес. Ол қара славяншылдықты өршітсе де, бейне тек қана славян байларының шат тұрмыспен дəурен сүрулері ыңғайына қарап іс етті. Бүтін Россияда болған, Россия халқының бірігуі миссионерлер қамы һəм басқалар сияқты зор ұйымдардың бары да қызметтерін осы бағытқа ғана сіңірді. Һəм олар мемлекет бюджетінде зор шығындар жұмсалатын орындардан саналды, жалғыз ғана патша қазіретінің өзіне мəлім болған бұл шығындардың бəрі де жұмыскер қарашекпендер мен ұлттардың мойындарына келіп артулы еді. Патшалық тəртібі гулеп тұрған замандағы іс басқарулар жоғарыда айтылған сияқты жырақта жатқан шет ұлттардың қараңғы таптарына білім өнер сəулесін түсірмектен бетер, олардың ішкі, тысқы бүтін тобы ұлттық сақтауын жоққа шығарды. «Ұлт» сөзі құрғақ қана болып қалды. Бір халықтың өз тілінде білім-өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгереді һəм көршілес күшті халықтың тілімен əсірелеп, ...соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һəм жылдам ұмытылады. Мұның мысалын тарих бетінде бек көп ұшыратамыз, бұрын да бірнеше халықтар болған, қазір біз олардың бірін де көре алмаймыз, һəм олар жоқ. Міне бұлар – сол тілдері жойылып кеткендер. Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады.
Патшалық заманында көп ұлттар осындай халдерге душар болды. Мінекей, залым патша үкіметі қолында айырма уақ ұлттар осылайша ойыншық болып жүрді. Ұлы өзгерістің қуатты күшімен патша үкіметінің негізсіз ұясы быт-шыт болып таралды. Ол өзгеріс бізге сөз бен дінге үлкен бостандық берді. Һəм бүтін ұлттарға бірдей құрдастық, тегістік жолын ашты. Міне, қазір бізге айнала кеңшілік, қай жағымызда да тоқталыс беретін кедергі жоқ. Ұлтымыздың білім, өнерін, əсіресе, ана тілімізді қалайша һəм өсірсек те жолымыз ашық. Өнер, əдебиетімізді көркейту, шаруашылық жағымызды ілгері бастыруға еріктіміз. Осы айтылған мақсаттарды жарыққа шығарғанның соңында бізде де күшті ұлттармен қатар, ұлы өзгерістің үстімізге жүктеткен зор міндеттерін атқарған боламыз. Жалпы өнер-білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һəм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім-өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім-өнерді таратуға мүмкін емес. Ең əуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда əдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Əдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді. Тіл сақтауға мүмкін болғанда, тіл сақталуға тисі. Біз тілімізді қанша сақтасақ, ұлтымызды да сонша сақтаған боламыз. Біз қазіргіде сөз һəм ұлт бостандығы беріліп тұрған заманда ұлы мақсатты жарыққа шығару үшін еркін бостандық өзін өзі басқаратын ұлттар мен мемлекет бірігіп «Халық союзын» құруға борыштармыз. Сонда ғана біздің қазаққа ұқсаған уақ ұлттардың жəбіріне жықпайтын, бар күшін бүтін халыққа бірдей пайда табылатын орындарға жұмсайтын үкімет құрылып, жалпы жұрттың басқарылу құрылысының түп мақсаты табылмақшы. Бүтін халық һəрқайсысы өзі тілегенінше ұлтының білімөнерін жалпы халық союзының шығарған жолы бойынша орыс халқымен қолға ұстасып өршіте алмақшы. Осы Ұлы Россияны сонда ғана өзінің шын тұрған жері етіп таппақшы. Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттаршға жетпекпіз. Егер ұлттың ешбір білім-өнері болмаса, оның кəсіп-харакеті де нашар болады. Мұның соңында ол күшті ұлттың қолтығына түседі, һəм солайша біраз уақыт өткен соң ол ұлт бүтіндей жоқ болып кетеді. Осы айтылғандардың бəрі де білім-өнері болмаған ұлттың ұлт емес екендігіне дəлел. Яғни ұлтшылдықтың нағыз белгісі болып табылады. Тіл мұнан басқа айырмаларда ұлттардың бəрі де бірдей. Тіл ешбір уақытта өзге нəрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һəм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл – айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.
Бала анасының құрсағында-ақ, өз ұлтының тілімен ауызданады, бүтін денесі сонымен азықтанады. Өскеннен соң бала тілді жарыққа шығарушыға, өршітуге борышты. Қазақ халқының келешектегі ұрпағының жазымы да осыған тіреулі. Біз ана тілімізді оқып білсек, соның арқасында ұлтымыздың білімөнерін алға жібереміз, өршітеміз. Білімі ілгері болған жақта тұрмыстың тірегі болған кəсіпөнер жолының кең болатындығы шексіз мəлім, онда шаруашылық жағы да орасан күшті əм өте сенімді болады. Осы айтылған істерді орнына келтіргенде ғана өз ұлтымызға айырым басқалықтар даулай аламыз. Ғұмар Қараш Ғ.Қараш Замана. Алматы: «Ғылым», 1994, 221-223 б. Қазақ тілін жүргізетін комиссияның құлағына алтын сырға Қазақ тілі мемлекет тілі болды, енді заң-закон, бұйрық-жарлықтың, кеңсе істерінің бəрін қазақшаға айналдырамыз деп талпынғанымызға талай жыл, қазақ тілін жүргізу үшін орталықта дербес комиссия да құрылды. Бірақ орталық комиссияның өзі болсын, я жер-жердегі бөлімдері болсын, қазақ тілі қалай жүріп жатқанын жете тексеріп отырғандығына шегіміз бар. Комиссия ел арасындағы істер түгіл, орталық мекемелердің өзінде де не болып, не қойып жатқанын білмейтін көрінеді. Мұның растығына ішкі істер комиссариатының бір жарлығын (приказын) оқушылардың алдына тарталық. Бұл жарлықты Қызылорда облысының Төңкеріс комитеті алғаннан кейін, көшірмесін куəландырып қарауындағы 4-ауыл аткоміне қолданып орындап тұрмаққа жолдаған екен. Қазалорда қаласының көшесінде, «шырағым, мынаны бізге түсіндірші, өзіміз не екенін біле алмай қойдық» деп əлгі жарлықты қолына ұстап жүрген қазаққа кездестік. Бірақ, жарлықтың тіліне біз де түсіне алмадық. Содан кейін қазақ деген бірсыпыра елміз ғой, көп ішінен бір зерек табылар деген үмітпен мұны газет жүзінде жариялауды лайық көрдік. Оқып қараңдар, бір сөзі өзгертілген жоқ. Жарлық мынау: П Р И К А З Ішкі істер халық комиссариатының бөлеу бөлімінің бастығының, 70 санды 15 июльдегі осымен мəлім қылады қолданып орындап тұрмаққа дайындалған инстрокцияны бұл инстрокция қабылданған халық комиссар, халық соты, жер, су бөлімнен денсаулық бөлімінен 1. кімге қай бөлімнен бұйыратын міндетті жұмыс Сəлсəбет, ауылатком дайындалады.
Халық ортасынан міндетті жұмыс Сəлсəбет бұйырады. Өзінің қол астындағы отырғушы граждандарға Сəлсəбет ауыл атком дайындалады, яки сайланады. Əр төрт айдан бұрын өзінің айналасындағылар мен екі рет бір айда бір адам екі рет сайланады. Реттесіп үй басына барлық Сəлсəбет ауыл аткомдарды сайлайды. Еркек болса 20 жас пен 50 жастың арасында болса, 20 жас пен 45 жастың арасында болса əйел сайланады. Егерде Сəлсəбет ауылкомдарға қарсылық қылған адам болса ол уақытта Сəлсəбет ауыл атком 79 уголовный статьяға муашық айыпты қалап ұстайды. Сəлсəбет ауыл аткомынен ыхтиярсыз кетуге болмайды. Өзінің қарамағындағы Сəлсəбет ауыл аткомына бағынады. Сəлсəбет өзінің халқының тыныш болуы үшін нағызына қолын қойған копия дұрыс көшірілді, деп Қызылорда болревком іс басқарушысы Садақбаев. Қызылорда облысының төңкеріс комитетінен ауыл комитетіне. 25.ҮІІІ – 25 ИСХ, № 429 Осының сыртындағы приказды қолданып орындап тұрмаққа Қызылорда ревком жауапты хатшысы Удербайұлы. Іс басқарушы Садақбаев. Міне, осы да қазақша ма? Бүйтіп қазақшалағанша орысшаласа біреу оқыр еді. Түсінер еді. Бұл приказ бүкіл Қазақстан еліне тегіс жайылды ғой. Мұндай приказ біреу ғана емес, осы сықылды талай қазақша жазулар елдерде тарап кеткен шығар. Осы күнде де жаншылып жатқан шығар. Қазақ тілін жүргізетін комиссия болсын, өзге мекемелер болсын, мұндай сорақы іске көзінің қырын салмаса, əрі-беріден соң «қазақшаң» мынау болса, орыс болып-ақ кетелік деушілер табылмай ма? Сонда не бетімізді айтамыз? Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 186-187 б. Тіл мəселесі Бұрын патшалық дəуірінде тіл мəселесі қазақ, қырғыз, ноғай, башқұрт, өзбек, түрікпен секілді «бұратана» жұрттар үшін зор саяси мəселелердің бірі еді. Ол кезде мемлекет тілі – орыс тілі. Заң-закондар орыс тілінде, оқу-оқыту да орысша болатын. Ескі һүкімет орыс тілі тек мемлекет тілі болумен де көңілі көншімей, «бұратаналардың» тілін, дінін, азаттығын жоғалту саясатын бірте-бірте жүргізе бастаған еді.
Миссиялар ашты. Миссионерлер шығарды. Түрік қауымдары қолданып келе жатқан ғараб алфавитін жоғалтып, оның орнына орыс жазуымен Інжіл, Богослов, Псалтыр секілді христиан дінінің кітаптарын қазақша, ноғайша һəм басқа тілдерде басып шығарып, халық арасына тарататын болды. Жас күнімізде «кодай тагала Аураам пайгамбарга корбандыкка кошкар жыберды...» деп оқитын едік. Орыстан басқа жұрттар мекемелерге өз тілінде арыз жазуға, ауызекі мұңын шағуға болмайтын еді. Мəселен, судьяның өзі де һəм жауапкердің бəрі де қазақ болса да, «закон бойынша» қазақ судья қазақтардан переводчик арқылы орысша жауап алатын еді. 1909 жылы Дала уалайатының генерал-губернаторы Шмидт Ақмола, семей облыстарында орыстың тілін білмеген, хатын танымаған қазақ болыс бола алмайды деген жарлық шығарып еді. 1913 жылы Ташкент семинариясының директоры, миссионер Остроумов бір учительге: «Алла» деген сөз болмасын, «Құдай, патшаны сақта деген өлең қалмасын» - деп бұйырған еді. Орыс тілінің базары көтерілді, күннен-күнге қадірі артты. Азғантай оқыған шəлдіріктер кəдеге асып, төре болды, түйме тақты, көкке қарады. Переводчиктердің араны жүре бастады қазақ арасында, əсіресе Түркістанда. Переводчик деген өз алдына бір тап болды, қазақ-қырғыз орыстан бір есе қорлық көрсе, өзінен шыққан переводчиктеріне, төрешіктеріне екі есе жем болды. Түркістанда бұрын айына 15-20 сом жалование алып тұратын переводчиктердің көбі 50000-100000 сомдық пұлға, үй-мүлік, бау-бақшаға ие болды. Қазақ ішінде болыстарға песір болғандар екі-үш жылдың ішінде еріксіз байыды. «Ел билеген», бір-екі ауыз орысша былдырлап оттай білген атқа мінгендердің алды полковник, арты хорунжи шенін алды, омыраулары медальға толды. Надан халықтың кезінде «Құдай тілегін берген, аруақ орнап, нар шөккен орын» болды. Сөйтіп жұрттың көбі орыс тілін, орыс оқуын білімді, өнерлі болу мақсұтымен үйренбей, дəреже алу, төре болу үшін оқитын болды. Қалада оқып жүрген балалардан елге келгенде: «Шырағым, қашан төре боласың?» деушілер, қалжыңы жоқ, шынымен сұраушы еді. Мұның түбі неге соғатынын жұрттың көбі қапелімде сезген жоқ. Көңілінде «елде жоқ» школда оқып жүрген жас балалар, һəттə үлкендер де, бір-біріне орысша хат жасысатын болды, өзара орысша сөйлесетін болды. Көрген өнегесі, алған тəрбиесі осылай болған соң, орысша оқығандар халықтан алыстап, өз елін өздері менсінбейтін кеселге ұшырай бастады. Ұлтшылдықты біз осы күні ғана жек көріп отырмыз. Күні кеше – мұнан үш-төрт жыл ғана бұрын – коммунизм, интернационализм мұрнымазға исі келмей тұрғанда, қазіргі шіреніп отырған ұлтшылдардың
өзіне зар едік. Ол уақытта бізді ұлтшыл қылған жоғарыда отырған патша һүкіметінің саясаты еді. Ол саясат пəлесі Россиядағы бұратаналардың бəрінің басына бірдей келгендіктен, «айлас қатын – мұңдас» дегендей, діні бір, қаны бір, тіл негізі бір түрік қауымдары көңілдесіп, «шын орыс саясатынан» құтылу үшін «жалпы түрік тілін біріктіру» деген пікірге келе бастады. Бұл жолды бастаушы марқұм Исмағұлбек Гаспринский еді. «Түрікшілердің» ойы – «жеке-жеке жұтылып кетуіміз оңай болар, бəріміз қосылсақ, тамағынан өтуіміз қиын соғар» дегендік еді. Бұл пікірдің басқа жағы да бар шығар. Бірақ біз өзіміз осылай түсінуші едік. Əйтпесе, бəрі бірдей түріктің баласы болғанмен, Қырым ноғайын – қазандық, Қазақ ноғайын – өзбек, башқұртты – қазақ, түркіменді – башқұрт анық түсінбейтін. Бұлардың бəрі ортақ бір тілмен оп-оңай сөйлесіп кете алмайтынын білетін едік. Енді бұл күнде жаһангерлік саясатынан құтылдық. Əр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға ерікті. «Мынау – мемлекет тілі, бұл – міндетті тіл» деп зорлайтын һүкімет – Кеңес һүкіметі емес. Ол һүкімет өлген. Бұрынғыдай енді тіл үшін алысу, арбасудың қажеті жоқ. Енді əр халық өз тілінде оқуға, өз тілінде жазуға, өз тілінде тергеуге тиіс. Мемлекет законінен бастап, ауылный комитеттердің ісіне шейін, жазу əр халықтың өз тілінде болуы керек. Бұған енді дау-дамай жоқ. Тек жүзеге шығару ғана қалды. Сүйекке сіңген ескі дерттен құтыла алмай, бұл күнге шейін орыстан хатшы алып отырған болыстар бар, мұның атын өшіріп, енді «орысшалауды» ұмыту керек. Кеңес һүкіметі қазір сауатсыздықты жоғалтпақ болып отыр. Олай болса, өзінше хат танымайтын бір азамат қалмай, мекемелерде, соттарда жауап беру түгіл, заң-законды өз көзімен, өз тілімен оқи білмейтін біреу де болмасқа тиіс. Ортақшыл партияның һəм оның жолымен жүрген Кеңес һүкіметінің негізгі мақсұтының бірі – жер жүзінің еңбекшілеріне ортақшылық пікірін тарату, миына сіңіру, сол рухта тəрбиелеу. Бұл мақсұтқа жетудің бірденбір шарасы – һəм халықты осы шараға үндеу. Түсінікті тілде үндеу. Жер жүзінде езілген жұрттардың бірі біздің қазақ-қырғыз екені рас болса, бұл жұртты теңгеру үшін көзін ашып, өнер-білім үйретіп, үгітнасихат тарату қажет болса, қазақ-қырғыз тіліне тоқтаусыз жол ашып, бүгіннен бастап, «тілмаш жоқ, мінеки, тақсыр, тілмаш жоқ» дегізіп, қазақ-қырғызды енді сандалтпау керек. Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 24-26 б.
Газет тілі оңды болсын Бөтен жұрттармен араласқан, бөтен жұрттардың оқуын оқыған адамның тілі бұзылмасқа амал жоқ. Осы кезде қазақ тілін тексере бастасақ, сіңісіп кеткен жат сөздер толып жатыр ғой, жұрттың тілі де солай шығар. Ол ешнəрсе емес. Бірақ амалсыз алған сөздерден басқа да тілімізге жамау-жасқау кіріп барады. Қисынсыз қыстырылған жат сөздерді бір жағынан қуып жатсақ, екінші жағынан кіріп жатады. Осыны байқап, тіл тазартудың неше түрлі шаралары істеліп келеді. Бұл жөнінде үлгі көрсететін орынның бірі – газеттеріміз. Кітаптан да газет жағы мықты болуымыз керек. Өйткені кітап жазушы кісі тегінде көп болмайды. Газеттер болса күн сайын пəлен мыңнан шығып, тарап тұрады. Газетке неше түрлі амал жазады. Газеттің бір нөмірін алып қарасақ та, онда кемінен 20-30 адамның жазған хат-хабары басылып отырады. Оның бəрі тілге шебер адамдар бола бермейді, бір өзі бұтыпшатып үйренген əдебімен, иə өзгеге еліктеуімен тілдің басын жарып, көзін шығарып жазады. Газеттер ондай адамдардың сөзін тілі үшін емес, хабары үшін басады. Бірақ газет басқармаларының көбі ондай теріс, ерсі сөздерді түзетпей, тезіне салмай шикі күйінде жіберіп қояды. Газетке жұрт аса еліктегіш келеді. Əсіресе жазушы болудан дəмесі бар талапкер жастар еліктегіш болады. Олар газеттен жазылған сөзден үлгі алып, оң-терісін айырмай, еліктеп кетеді. Мəселен, газетте біреу бір рет «түсініс беремін» деп жазса, содан кейін жұрттың көбі «түсініс береді» деп отырады. Тегінде «Түсініс беремін» деу қате екенін тексермегендіктен солай жазады. Біреу «Некең заманы» деп бір рет жазған болса, кейбіреулер «Николай» деп жазуға атасының аты кететіндей, «Некең заманы», «Кешегі Некең тұсында» деп отырғаны. Бұдан келер-кетер шамалы шығар, тек еліктеудің күштілігін айтамын. Газет тіліне еліктеу осындай күшті болғандықтан, басқармалар газетте басылған сөздерді шашау шығармай, бір сөзін де тексермей, түзетпей жібермеуге тиіс. Байқап отырсақ, басқармалар бұл міндетін толық атқармайды, көбінесе басылған мақалалардың иə хабардың маңызын мағына жағынан тексереді де, тілінің кемшілігін байқамай, ескермей жібере береді. Бірнеше газеттен мысал келтірейін: 1) «Жұмыскер тілінің» 37-санында «Қазақ тілі кеңейіп келеді» деген сөз басылды; 2) «Қазақ тілінің» 58-санында «губернелік соттың шығыс билігі» деген сөз басылыпты. «Шығыс билігі» дегені выезная сессия; 3) «Кедей тілінің» 122-санында «ол айтылғандары ғамал жүзінде беркітіп алып қалу» дейді; 4) «Қызыл тудың» 124-санында «мінекей қайда жинақсыздық», 126-санында «жертендыңды ызалы ғып ұстаудың амалын жаса» деген сөздер басылған; 5) «Кедейдің» 42-санында «қызыл тəртіпкер» деген сөзге кездестім; 6) «Еңбекші қазақтың» 233-санында «туған баласының қағылуға еркі жоқ»
деген сөз бар; 7) «Жас қайрат» газетінің 54-санында «Онда ғайра емес ед бойға енген» деген сөз Мəжиттің өлеңінен көрініп отыр. Міне, мұндай ерсі сөздер қай газеттен болса да кездесе береді. Сондықтан бұдан былай газеттеріміз тіл жағына көңіл бөліңкіресе екен. Тілмен қатар бір ескеретін – емле. Жұрттың көбі емлеге шорқақ қой. Жəне де ол шорқақтардың бəрі де емлені мектептен үйренуге «буындары қатыңқырап» кеткен. Тек газет, кітаптардан ғана көздері үйренумен біле алады. Сондықтан газеттің емлесінде қалу болмасқа тиіс. Осы кезде газеттің бір нөміріндегі бір сөздің өзі 2-3 түрлі жазылады. Мұны оқыған шала сауаттылар адасып қалады, қайсысы дұрыс екенін білмейді. Бұл жағы да ескерілсін. Өте-мөте газеттің тілі оңды болсын. Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 239-241 б. Орысшылаған қазақ тілі Біздің жазушыларымыздың көбі – орысша оқығандар. Олар көбіне қазақшадан да орысшаға жетік. Жетік болмаса да, жетікке ұқсайды, жетік болып көрінгісі келеді. Сондықтан олардың қазақша жазғаны да орысшаға ұқсап тұрады. Оны жазушының өзі секілді орысша оқығандар ғана болмаса, қара қазақ түсіне алмайды. Осы кезде бұрынғыға қарағанда, əдебиет жағынан едəуір алға кеттік: басылып шыққан кітаптарымыздың саны бұрынғыдан мың есе артық, газет, журналдарымыздың саны одан да көп. Бірақ дұрысында біздің əдебиетіміз тек саны жағынан ғана алға басқан; сапасына қалғанда... мақтанарлық түгіміз де жоқ деуге болады. Жазушыларымыздың көбі орысша оқығандар болған соң, олардың қазақша жазғаны орысшаға ұқсаған соң, басылып шығып жатқан кітаптарымыздың да, газетжурналдарымыздың да тілі қазақша болмай, орысшылаған қазақ тілі болып отыр. Таза қазақ тілінде басылып шыққан сөз өте аз: олардың да көбі өлеңмен жазылған көркем əдебиет. Оны орысша қазақ тіліндегі көп сөзбен салыстырсақ, жоқтың аз-ақ алды болады. Сондықтан сан жағына сұрапыл алға кеткен əдебиетіміздің сапасы аз емес, мүлде жоқ, – дұрысында, жоқ та емес, қолындағы малы борышынан анағұрлым кем сорлының борышы сықылды болады. Кітаптың біреуінің тілі ғана қазақша да, тоғызынікі орысша қазақ тілі болған соң, бір қазақша кітап пен орысша қазақ тіліндегі бір кітап екеуінің біреуінің пайдасы екіншісінің зиянын өтейді де, қалған сегіз кітап таза зиян болып шығады.
Қазақ тілін іске асыратын болсақ, қазақ əдебиетін күшейтеміз десек, ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек. Ол үшін қазақша деп жазылған сөздердің əлгі кемшіліктерін құрту керек. Оны құрту үшін əуелі сол кемшіліктің қандай екенін білу керек. Ол кемшіліктің бірі – дыбыс жүйесі жағынан болатын кемшілік. Жазушыларымыздың көбі қазақ тілінің дыбыс жүйесін елемейді: орысшадан алынған сөздерді бұлжытпай, дəл Мəскеу орысының айтуынша жазады: мəселен, «Мəскеу» демей, «Москуа» деп жазады, «коменес» демей, «коммунизм» иə «коммунист» дейді. Осы сықылды сөздердің көбіақ ілім кеңесінде тексеріліп, қазақ тілінің дыбыс жүйесінше қабыл алынған; қазақ білімпаздарының сиезінде ондай сөздердің жалпы негізі де ашылып, тиісінше қаулы да шығарылған. Сондықтан қазақша деп жазылған сөздерді қазақша жазып, қазақша айтып үйренгісі келетін кісі оны оп-оңай-ақ үйрене алса керек. Екінші кемшілік – сөз жүйесі жағынан болатын кемшілік, қазақша жалғау, жұрнақтарды елемегеннен болатын кемшілік. Жазушыларымыздың қазақша деп жазған сөзіне басқа тілдердің жұрнағын жалғап жібереді. Мəселен, «социализм» деген сөз қазақша «сатсиал» деп қабылданған, сондықтан «сатсиал» деп, «сатсиал» жолын жақтайтын кісі «сатсиалшыл» болуы керек еді. Бірақ біздің жазушыларымыз олай демейді, – «сатсиалист» иə «сотсиалист» деп жазады, – қазақ тілінде «ист» деген жұрнақ жоқ екенін елең қылмайды. «Техника» қазақша «технике» болса, «техникті» қазақша «техникеші» деу керек қой, бірақ біздің жазушыларымыз «Техникешіні» де орысшалап, «техник» деп жазады. Əдебиет тілі жалпы халықтың аузындағы тілге де əсер береді, əдебиет бүтін халықтың тілін тəрбиелейді. Біздің жазушыларымыз техникешіні «техник» десе, қазақтың тілін «шы» жұрнағын жоғалтып, «жылқышыны» «жылқ» деп айтқызатын болып тəрбиелейді ғой. Үшінші кемшілік – сөйлем жүйесі жағынан болатын кемшілік. Біздің жазушыларымыз сөйлем ішіндегі сөздердің алдында айтылатынын артына, артындағысын алдына əкеліп, сөздерін орысша тізеді. «Таймінер жолдас» деудің орнына «жолдас Таймінер» деу де сол кемшілікке келеді. Бұл туралы «Қызыл Қазақстанға» айрықша мақала жазып едім, сондықтан мұның ережелерін қайта айырудың керегі де жоқ болар. Төртінші кемшілік – жалпы кемшілік. Бұл кемшілік жазушының орысшаны да жете білмегенінен болады иə орысшаға жетіктігі асқынып кетіп, білім буынына түсіп кеткеннен болады. Мəселен, «сорпаны ішемін» демей, «сорпаны жеймін» деушілер бар; «бөркім жарасады» деудің орнына «бөркім жүреді» дейтіндер де жоқ емес; «өзеннен өту» дегенді «өзен арқылы өту» дейтіндер де бар. Со сықылды «сұрады», «ұсынды», «түсіндірді» сықылды қазақша сөздердің орнына орысшалап (иə басқа бір тілмен болса да өзі біледі) «сұрау қойды», «ұсыныс қылды»,
(«ұсыныс кіргізді»), «түсініс берді» дейді. «Сиездің қаулысынша» деудің орнына «сиездің қаулысы бойынша» дейді. Мұндай кемшіліктердің əрқайсысын өз алдына тексермесе, барлығын бір жалпы ережеге сыйғызуға болмайды. Бет-бетімен кеткен былық сөздерде ереже қайдан болсын. Дұрысында, мұндай кемшіліктерден құтылу үшін дыбыс жүйесі, сөз жүйесіндегі ережелердің де керегі жоқ, тек қана жазушының жазуын қазақша қылып шығаруға ниеті дұрыс болса болады: «түсініс беру» сықылды ерсі сөздердің ерсі екені орысшаға жетік жазушының өзіне де бірден сезіледі ғой. Сондықтан жазушы сөзін шынымен қазақша жазғысы келсе, орысшаға жетік те, қазақшаға шорқақ екенін көрсетіп қалу сықылды айрықша ниеті болмаса, «сұрау қою», «өзен арқылы өту», «ұсыныс кіргізу» сықылды сорақылық білмегеннен болмайды, – ондай сөздердің қазақша ерсі болатынын білмейтін қазақ болмайды. Сондықтан ондай сорақылықты тілдің заңы жағынан тексерудің қажеті де жоқ. Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 208-210 б. Қазақ тілінің мұңы (Мыңбайұлы Жалау жолдасқа) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім? Маған əкеліп парсы мен арабты қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өлі де үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынов.ред) деген кісіден ғана естідім. Төңкеріске шейін көрмегенім қалған жоқ. Төңкеріс болмаса бейшара қазақ менен айырылатын да шығар деп едім. Төңкеріс болды. Қазақтың көзі ашылды. Қазақтың көзі ашылған соң, менің күнім туды ғой деп қуанушы едім. Жаны жəндем кеткір миссионерлердің, молдалардың, тілмаштардың қолжаулығы болудан құтылдым ғой деп ойлаушы едік. Оның үстіне қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген заң шықты. Төбем көкке төрт елі жетпеді. Бірақ, не керегі бар, босқа қуанған екенмін...
Жанның бəрі теңдік алып жатқан кеңес үкіметінің тұсында менің бұтымды бұт, санымды сан қылып кім көрінген созғылай бастады. Өзгені не қылайын, отаршылдық саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады. «етістік», «сəрсендеме» деген жалаларды əкеп жапты маған. Бұйырмасын, біздің арамызда мұндай атты соғылғандар туралы болып көрген емес. Не амалың бар? Құдай басқа салған соң көніп отырмыз. Кітаптарында, газеттерінде маған көрсетпеген қорлығы тағы жоқ. «Қазақыландыру» бір пəлесі шықты да көрген күнім бұрынғыдан да қараң болды. Бірдемені бұтып-шатып жазды да, міне, сені қазақыландырдық деді. Жақын арада Қазалы дейтін қалада «кəперəтив күн» деген бір күн болып, жұрттың бəрі желігіп көшеге шықты. Ұялғанымай кірерге тесік таба алмадым. Қолдарындағы қызыл туына сондағы жазғаны мынау: «Арзан тауара де дебенге һəм ауылдарға арзан астыт жұмыскерлер кетубі жақсу. Назыққанда амал би лелдік жеккуле-к пл! Жоғарлатуына керек канун есамклдің арзандауыға тауарлерде өсемен жегере уктабр іңклаб». Міне, жұртым, мені Қазалының «қазақыландырғандағысы» осы! Жасаған-ай, о мұндай да қазақыландыру болады екен! Енді қайтемін? Бұл мұңымды кімге айтамын, кімге шағамын!... Менің ойлап-ойлап тапқаным – жалау жолдас сен болдың. Сен өкімет басындағы ақсақалымыз едің. Сен нағыз қазақтың бел баласы едің. Сен адырайған адай едің. Мұңымды мен жалғыз-ақ саған шағамын. өзге кəмиссиялардың көбіне сенбеймін. Олардан да жақсылық көріп жүргенім жоқ. Газетке арнаған сөздерін суылдатып орысша жазады да шалашарпы тілмаштарына аудартып жанымды шығара жаздайды. «Тасты жапалаққа ұрса да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да жапалақ өледі» дегендей бəз баяғы менің сорым. Жалаужан, мен саған жалынам, «ауыл тілін» шығарамын, газетім нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жазылады дегенде ішім елжіреп кетеді. Мұныңа тілектеспін. Жортқанда жолың болсын, жолдасың Маркс, Ленин болсын, сенің керегіңе мен дайынмын. Бірақ мені қорға, таза сақта, көрінген тілмəштарыңа тағы да қор қылма. Əсіресе, Қазалы сықылдылардың «қазақыландырғанынан» қорға, Азар коменес болып кетсең де ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солардың тілі едім ғой, не жазығым бар, ая мені! Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 197-199 б.
Цифр жазуы Біздің осы күні қолданып жүрген цифрларымыз араб цифры аталады. Бұл цифрларды Европа арабтан үйренген, бірақ мұның асыл түбі араб емес, үнді, бұл цифрларды араб үндіден алған, арабтан Еуропаға тараған. Күн шығыс халықтарының бұл күнге шейін қолданып келген цифрлары үнді цифры аталады. Үнді цифрлары мынау: ,٤ ,٣ ,٢ ,١۵, ,٦ ,٠١ ,٩ ,٨ ,٧əуелдегі үнді цифры осы. Кəзіргі араб цифрлары (1,2,3) үнді цифрларынан тұрпаты басқа ғана болғаны болмаса, екеуінің жазылу реті бірдей: цифрлардың дəрежесі оңнан солға қарай арта береді, оң жақ шеткі орындағы цифр бірлік санын көрсетеді, сол жақ жанындағы цифр ондық санын көрсетеді, оған жалғас сол жақтағы цифр жүздік санын көрсетеді, сөйтіп солға қарай ірілене береді. Мəселен, мың тоғыз жүз жиырма бес осылай жазылады: 1925 мұндағы бес (5) бірлік саны, екі (2) ондық саны, 9 жүздік, 1 мыңдық. Бұлай жазылған цифрды біз солдан оңға қарай оқимыз: əуелі сол жақ шеткі 1 мыңдықты, сонан соң оған жалғас 9 жүздікті, сонан соң 2 ондықты, ақырында 5 бірлікті оқимыз. Цифрдың бұлай оқылуын сылтау қылып бірқатар білімпаздарымыз сан жүзінің амалдарын орысшадан солдан оңға қарай жазуға ұйғарады: мəселен «24-ке 48 қоссақ 72 болады» деген сөз «24+48=72» болып жазылсын дейді. Қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың көбінде-ақ мұндай амалдар осылай солдан оңға қарай жазылған. Оқытушыларымыздың да көбі балаларға амалды солай теріс жазғызып үйретеді. Айтатын дəлелдері əлгі: жазылған цифрлардың қазақша оқылуы солдан оңға қарай болғаны. Шынында, жазушыларымыздың да, оқытушыларымыздың да есеп амалдарын олай теріс қарай жазатыны – цифрдың теріс қарай оқылатындығын ойлағаннан емес, өздерінің дағдышылығынан. Біздің бұл кездегі азушыларымыздың да, оқытушыларымыздың да көбі орысша оқығандар. Бұлардың бəрі де төрт амалды теріс жазып дағдыланған. Сондықтан бұлар кітап жазғанда да, бала оқытқанда да өзінің ескі дағдысынан шыға алмайды. Есеп амалдарын оңнан солға қарай да оқуға болатынын ойламайды да, білмейді де: есеп амалының олай жазылғанын көрсе (мəселен: «24+48=72» деп есеп жазылғанды көрсе), оны аяғын көкке көтеріп, төбесімен жүрген сықылды ерсі көреді, шегі атып күледі. Жазылған цифрдың қазақшы солдан оңға қарай оқылуы дəлел емес, тек сылтау. Жазылған цифрды қазақша оқығанда солдан оңға қарай оқитынымыз рас, бірақ оны өту үшін əуелі сол жақ цифрды оң жақтан санағанда нешінші орында екенін біліп алумыз керек, мəселен «1925»-ті сол жақ шеткі «1»-ден бастап оқитынымыз рас, бірақ оны «бір мың» деп оқу үшін, əуелі оның оң жағындағы үш цифрды көріп, оның үш бөлек екенін, «1»-дің өзі төртінші орында екенін іліп алуымыз керек. «1»-дің
оң жағындағы «925»-ті қолмен басып тұрып, оқушыға «1»-дің өзін ғана көрсетсек, оқушы оны «бір мың» демейді, «бір» деп оқиды. Жазылған цифрды оқуымыз теріс болғанымен тануымыз оңнан солға қарай, есеп амалының жазылу ретінде цифрдың оқылуы дəлел болуға жараса, оны танып білуіміз онан да артық дəлел болуы керек. Цифрларды тану үшін оңнан солға қарай тексереміз, бұл цифрмен жазылған сөздің де оңнан солға қарай жазылуын тілейді. Біздің цифрларымыз əуелде үндіден шыққан. Үнді халқының жазуы да біздің жазуымыз сықылды оңнан солға қарай. Сондықтан үнді цифрды өз жазуының ыңғайынша дəрежесі оңнан солға қарай артатын қылып шығарған. Цифрды Еуропа шығарса, оның дəрежелерін солдан оңға қарай артатындай қылып шығарар еді, мəселен «1925»-ті «5291» деп жазатын қылар еді. Еуропа цифрдың жазылу ретіне артық баға бермеген, цифр жүйесін өз жазуына икемдеп өзгертпей-ақ, даяр күйінде ала салған. Цифр жүйесі үнді мен арабтың жазуына, солардың тіліне лайықтап жасалған. Тұрмыста көбіне кездесетін сан 20-дан арта бермейді. Үндіше 20-ның ішіндегі сан (орысша сықылды) бірлігінен басталып айтылады, мəселен 12-«дибазде» делінеді, бұл екі мен он деген мағынада. Арабша жүзге шейін де солай саналады, мəселен «саба’а уа тисғуна» дейді. Бұл «жеті мен тоқсан» деген сөз. Сондықтан үндіше де, арабша да 12, 14, 18 сықылды цифрлардың оқылуы да оңнан солға қарай, оны танып білу үшін де солай оңнан солға қарай тексеру керек. Еуропа тілдерінде де сан үндіше, арабша айтылады; орыс, француздардың саны үндінікі сықылды 20-ға шейін əуелі бірлігін, сонан соң ондығын айтады; немістің саны арабтікі сықылды 100-ге шейінгі санның бəрі де бірліктен басталып саналады (мəселен немісте 84-ті «фийр унд ахциг» дейді, «төртеу мен сексен» дейді), еуропаның бастауыш мектептерінде де сван жүйесін бастап оқытқанда əуелі 20-ның ішіндегі санды, онан соң 100-дің ішіндегі сандарды оқытады. Еуропаның жазуы солдан оңға қарай, өтсе де цифрды оңнан солға қарай оқытады, цифрлардың оқытылуы да оны оқу үшін тексеру жолы да оңнан солға қарай болғанымен, цифр жазуын (есеп амалдарын) өз жазуының ыңғайынша келтіріп, солдан оңға қарай жазады. Арабша (үндіше) цифр жүйесі Еуропаның тіліне де, жазуына да ыңғайсыз, бірақ Еуропа араб цифрының жүйесін бұзбай-ақ, есеп амалдарын өзінше жазып отыр. Біздің жазушыларымыз бен оқытушыларымыз əуелде оңнан солға қарай жазылу үшін жүйеленген цифрлардың олай жазылуын ерсі көріп қарашылдық қылып келеді. Қарашылдықты қою керек. Еуропаға еліктеген жақсы. Бірақ Еуропа қарашыл емес. Еуропаға еліктегенде онан ең алдымен қарашыл болмауды үйрену керек. Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 3 том, 200-202 б.
Тіл құрал Қазақ тілінің сарфі (Шығарушы Ахмет Байтұрсынов) Жаңада ғана Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ тілінің сарфі «Тіл құралы» басылып шықты. «Тіл құрал» туралы жазудан бұрын əуелі қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып өтуді тиіс көреміз. Қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып өтуді тиіс көреміз. Қазақ тілі жайынан газетамызда бұрын да сан жазылып еді. Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бəріміз де айтамыз. Мұны іңкəр қылатынымыз жоқ Бірақ құр бай, таза деумен ғана тіліміз өздігінен сақталып, əдебиетіміз өрбіп кете алар ма? Қай жұрттың тілі болса да түу басында біздікі секілді таза да, бай да болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұрттардың оқуын оқыдық. Бұл күнде шаһар сайын ноғай медреселерінде қанша қазақ баласы оқиды, бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке-Медине, Стамбулда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бəрі елге ноғайшылап, сартшылдап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында шет жұрттардың тілі аңқып тұр. Бұлар елге келіп жас балаларды оқытады. Сөйтіп, шет тілдер елдегі жас балаларға жұғады. Жас балалар келешектегі бір буын халық. Өзімізде жергілікті оқытушы жоқтықтан, қазақ балаларыноқытып жүрген ноғай молдалар аз ба? Бір ауыз арабша білмейтіндердің көбі осы күнге шейін хатының басына «һу аллаһ əл бəри, əлхат саф əл ғалаңдарды...» тізіп қоймай ма? Бұрынғы қазақ арасына тарап жүрген қисса-хикаялардың бəрі ноғайша, арабша, аралас тілмен жазылған. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға болады, таза деген қазақ тілі де, күн бұрын сақталуына қам қылмасақ, бірте-бірте бұзылып кететіні. Қазақ тілінің мұндай жолмаен бұзылып кетуін көбіміз сезбей де қаламыз. Олай болса сұралық, қазақ тілінің таза сақталуына бізде қам қылған кісі бар ма? Болса, ол кім? Мен өзім медреседе оқымасам да, 1904 жылдан бастап ноғай əдебиетін үйренуге əуестендім. Сол жылдан бастап «Тəржіман» газетасын, онан кейін шыға бастаған өзге ноғай газеталарын һəм кітаптарын алып оқитын болдым. Лұғаттан қарап, кісіден сұрап, ноғай тілі, ноғай əдебиетімен таныстым, бұлар маған сіңді. Бала күнімде оқи-оқи, қызығы басылған ескі қиссалардан басқа қазақта дəмді, мағыналы кітап болмаған соң, орысшаны былай қойғанда, мен əлгі үйренген ноғай əдебиетінен əдет ала бастадым: ноғай газеті, кітаптарында көп ұшырайтын араб, парсыны шын əдеби тіл осы екен деп аңғардым. 1908 жылы «О.Қ.-ты»
жазып жүргенімде əлгі «əдеби тілдерді» неғұрлым көбірек кіргізу жағын ескерусіз қалдырмадым. Сол жылдарда «Абай кітабы» һəм «Қырық мысал» шықты. «Қырық мысалды» көргенімде өзімнен-өзім ұялдым. Өзімнің һəм өзім секілділердің адасып жүргенін сонда байқадым да. Екі жыл мұнан бұрын «Қазақ» газетасы шыға бастады. Шын қазақша жащылып, тіл мəселесін қолына ала туған осы «Қазақ» еенін ешкім бекер дей алмас. Бұл неден? Əрине, шығарушыдан дейміз. Төрт жылдан бері шығып тұрған «Айқап», шығып тұрақтанған «Қазақстан» бұл жағын жете ескерген жоқ. Кім қалай жазып жіберсе, сол күйінде баса бергенге ұқсайды. Мұны да бекер деушілер көп болмас. Қазақ тілін қолына қалам ұстағаннан бері шылғи қазақша жаза бастаған Байтұрсыноа қазақ емлесін шығарды, оқу құралдарын жазды. Осы екі жылдың ішінде орта есеппен 250 мың дана «Қазақ» нөмірі тарады. Жаңа емлемен 15-тей кітап шықты. Бұлар 45 мың данадай бар. Осының бəрі қазақ арасына тарап жатыр. Бұл емлені тосырқап, түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ» емлесін мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шəкірттер, учительдер, мұғалімдер жабыла қабын еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көпінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншаллаһ. Мұнан кейін артпаса, кемімес деген үміт зор. Һəр істің бағыты оң болса ғана ерушісін адастырмайды. Өзі қайда бара жатқанын білмеген адамның етегінен ұстаушылар қайдан жол табады. Жақсыны – жақсы, жаманды – жаман деу, біреуді асырып мақтаған иə кемсітіп жамандаған болмайды. Олай болса, қазақ тілінің һəм жазуының таза сақталып, бір белгілі жолға түсуіне бірінші қам қылып, қызмет сіңірген, бұл жолда басшылық еткен кім деген сұрауға менің жауабым осы жазғандарымнан көрінсе керек. Енді түзу жолға бір түскен соң оқығандарымыздың əрқайсысы таза қазақша сөйлеуге, қазақша жазуға тырыса бастады. Мұның белгісі қазір көп. Тіл мəселесін бірінші дəрежеге қойған «Қазақ» газетасын өзіміз түгіл, ноғай бауырларымыздың газеталары да байқай бастады. Мысалы, жаңа арада «Тəржіман» газетасы (нөмір 260) «Қайда бара жатырмыз?» деген бір мақаласында: «Қазіргі Россияда шығып тұрған ұлт газеталарымыз, журналдарымыздың бірліжарымын қоспағанда, көбінің қолданып тұрған тілдері татарша ма, түрікше ме, орысша м, татар эсперантосы ма, не екенін білу қиын. Татартүрік тілінің қағидасына бойсұнбауының үстіне, түрікше, татарша айтуға болатын сөздерінің өзін орысшамен айдап кетеді. Бұл қайғырарлық хал...» деп ноғай газеталарының һəрқайсысынан мысал келтіреді. Бұл туралы «Құяш» газетасы (590 нөмір) бір мақала жазып, «Тəржіманның» бұл мақаласы біздің бір жаман жарамыздың аузы ашты, тіл туралы кешірілмес зор айыбымызды көрсетті» деп өз тұсынан мынаны жазады. «Егер орысқа қараған түрік рулары тілдерін орысшамен
толтырса, Болгария, Сербиядағыларымыз – болгар-серб тілдерімен, Қытайдағыларымыз – қытайшамен, Германия, Англия, Франциядағыларымыз неміс, ағылшын, француз тілдерімен қатысып, бітсе, түбінде бұл түрік тілінен не шықпақшы!.. «Борышын жасырған төлер, ауруын жасырған өлер» деген мақалды келтіріп, бұл туралы өзінің пікірін айта келіп, «Құяш»: «Газеталарымыздың көбі таза түрікше жазамыз деп аузы айтса да, мұны істемей жүр, тіл туралы айтқанын орнына келтіруге жиһад қылып тұрған «Тəржіман» мен «Қазақ» газетасы» - дейді. Енді «Тіл құралына» қайталық. Орысша грамматиканы, арабша наһв сарфті жақсы білетін қазақ баласы жете аңғарып, ақыл таразысына салып, бір-екі рет оқып шықса, бұл кітаптың құнын білер: үстін қарап, саулатып өте шықса, шытырман тоғайда адасқандай, асылына түсіне алмас деп шамалаймын. «Тіл құралдың» артықшылығы: жалпы қағидаларға сүйеніп, белгілі тəртіппен тізіліп, шылғи қазақ тілімен жазылған. Орысша, арабша нəһв сарфті жақсы білетіндер тез түсінеді дейтініміз – мұнда сарфте кездесетін əр нəрсе қазақ ша аталып, қазақ тілінің табиғаты сақталып, тура мағынасы өзгерілмей, өз атымен аталған. Сөз таба алмай қиналып, мағынасы дөп келмейтін еш нəрсе алынбаған. Мұнда қолданылған сөздер алғашқы кезде біраз жат көрінуі мүмкін көрінер: əрбір жаңа нəрсе басында солай болуы белгілі. Бірақ түсіне, жаттыға, құлақ үйір бола келе, жаттығы болмаса керек. Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан кітаптармен ұқтырамыз һəм əдебиетіміз шын қазақша болсын деген, бұлардың бəрінің негізі «Тіл құралы» (нəһв сарф) екенін ұмытпасқа керек. Бұл біздің оқу құралдарымыздың ең қиын, ең керекті мүшесі еді. Міне, бұл да көңілдегідей болып шықты. «Тіл құралды» қолданып іске асыратын көбінесе мұғалімдер. Олардың көбі мұны өздері шалатүсінсе, иə балаларды үйретуге шорқақтық қылуы ғажап емес, бірақ бұған шығарушы айыпты емес: оқыту жолында қазақтан жөн-жосық көрген мұғалімдеріміздің кемдігінен. Бұл – екінші мəселе. Міржақып Дулатұлы Міржақып Дулатұлы Бес том. шығ. жин. Құраст.: Г.Дулатова., С.Иманбаева. Алматы: «Мектеп», 2003, 2 том, 219-222 б. Қазақ тілін іске асыру Қазақ тілін іске асыруға Қазақстан кіндік үкіметі осы жылғы шындап кірісіп отыр. Бұрынғы декреттің үстіне қосымша бұйрық-жарлықтар, нұсқаулар шығарып жергілікті үкімет кеңселерін оятып, ескеріп отыр.
Істеушісі болса, ынта-жігер болса, іс-құралдары болса, жұмыс жүзеге шықпай қалмайды. Еңбекші қазақ тілінің өзіне берген құндылықтарымен пайдалануы қазақ тілін жүзеге шығуына байлаулы. Бұл турада бұрын көп жазылған, көп сөйлеген. Енді қалған сөзді шетке тастап, жүзеге шығару ретін іске жақындай отырып көрсетуіміз керек. Қазақ тілінің жүзеге шығуына күйіп жүрген, шамасы келгенше бөгет жасауға тырысып жүрген дұшпандарымыз да аз емес. Қазаққа қожалық құру, дірілдетіп алдына билетіп қою, сүйегіне сіңіп қалған ескі орыс төрегері: шенеунік, тілмаштар: орыс отаршылдары, ұлтшылдары. Қазақша жазу танымай орысшалап кеткен қазақтың шəлдіктері, бəрі де қазақ тілін іске асырғалы отырған Ортақшыл партия, Кеңес үкіметі қазақтың халықшыл шын қызметкерлері. Қазір де қазақ тілінің дұшпандарына ешбір табан тірерлік тиянақ қалған жоқ. Олар іштерінен күйінер, мыжыңдаған сөздерін ғана айтып жүрген болар. Қазақ тілін жүзеге шығарушыларға еш бір бөгет жоқ. Кеңес үкіметі, орыстың таза ортақшылары шылбырдан тартып көмек көрсетіп отыр. Жолды тазалап, бөгетті бітіріп отыр. Ендігісі қазақ азаматтарына қалып отыр. Қазақ тілін іске асыруда қазақтың жазу, кеңсе ісіне жарарлық кісілерін іздетіп келсін, қызметке кіріссін. Бұлданып, бəлсініп жүрмесін. Жоғарыдан əмір күтіп тұрмай-ақ, ауылда, ұлыста өз беттерімен қазақша жүргізе бастасын. «Орысшаны қолдан, қазақша деп əуре болма» дегендерді газетке жазып жіберсін. Жергілікті прокурорларға тапсырсын. Мұғалімдер мектептерінің жоғарғы сағаттарында қазақ тілімен іс жүргізудің тəртібін үйренсін. Ел ішіндегі бос жүрген, рет білетін азаматтар қазақша жазу білетін еті тірі жігіттердің басын құрап қазақ тілін жүзеге асыратын ұйымша (кружок) жасасын. Сол ұйымша қазақ тілін кеңседе қалай қолданудың ретін үйретсін. Сол ұйымша өздерінен кісі жіберіп ауылдық кеңестің жұмысын ретке салсын. Ауылдық кеңселерге көмек көрсетсін. Ондай ұйымшалар алғы ақыны шерт етіп отырмасын, көмектерін тегін көрсетсін. Халықтың басы қосылған орында қазақ тілінің маңызын, тілін жүзеге шығаратын курстерге қолынан іс келетін таза жігіттерін жіберсін. Халықтың ұмтылуы, ел ынтасы деген осындай ретпен табылады. Істің бəрін жоғарыдан күтіп отырып өзіне берілген хұқықтардан пайдалана алмаған ел еш уақытта қатарға кірмейді. Семейдің губерниялық обкомының жалпы мəжілісі: «Қазақ тілі осы жылы Қарқаралы уезінде жүргізілсін, басқа уездерге басқыштап кірсін» - деген сөздерді айтқан. Алып отырған мағлұматтарға қарағанда губернияның Зайсан сияқты шетте жатқан уездерінде өз беттерімен қазақша іс жүргізуге кірісті дейді. Ондай Уездерді жасасын, көркейсін деп қуаныш білдіріп, басшыларына алғыс айтпай өте алмайды. Зайсан Уезі қазақ тілі жайында алғаш декрет шыққан 1921-жылдың өзінде-ақ істі қазақша жүргізуге кіріскен. Ыдырыс
Мұстанбайұлы барып ол ынталарына көмек көрсетіп, нұсқалар беріп қайтқан. Губерния ол сияқты өз беттерімен қазақша іс жүргізгендерге қуанып отыр еді. Басқыштап кірсін дегенде «халіміз келмейді ғой» деген оймен айтқан, халық халдерінің келетінін көрсетіп істі жүргізе бастаса Губерния «жолың болсыннан» басқаны айтпайды, айтпауға тиіс. Семей губерниясының қай Уезі болса да қазақша жүргізуге іс бастаған сияқты. Енді кеңселерде жүрген азаматтар жан таласып істеулері керек. Кеңседе қолданатын барлық журнал, қатынас қағаз, бұйрық-жарлық, протокол, қаулы, хұкум, шақыру, есеп беру тағы-тағы өзге қағаздардың бəрін жақсы үлгі, жатық тілмен қазақша аударып баспаханаға көп етіп бастырып ұлыстарға, милицияларға, билерге, тергеушілерге тарату керек. Қазақ тілін жүзеге шығаруға нұсқаушы болған азаматтар өзін үлкен жауапты жұмыстың ауыр бейнетінің кірісі деп білуі керек. Басқа рахатын шетке лақтырып, ең əуелі өзі барлық кеңсенің ісімен танысып тілін үйреніп, құралдарын алуы керек. Сол құралымен уездік, ұлыстық кеңселерді түзетіп үлгі беруі керек. Жабайылықты, бұйығылықты тастау керек. Езілген, тепкіленген, қорлық көрген, жабы болған, қайраты сынған, қам көңіл болып жүдеген, қазақ азаматтары! Сен бүгін тіріліп отырсың, сенің тілің хүкімет тілі болып отыр. Сол хүкіметтің толық хұқықты нағыз мүшесі болып отырсың. Сен үлкен тарихи сынның алдында тұрсың. Қазақтың келесі буындарының алдында өздеріңе қара деген таңба қалдырма! Қазақ тілін жүзеге шығаруды түні бойы түсіңде көр, күні бойы ісіңде көр! Жасасын Кеңес хүкіметі! Жасасын құқықты қазақ тілі! Мəннан Тұрғанбаев С.Тəбəрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мəннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 129-131 б. Сезімі барға Кеңселерде қазақ тілімен іс жүргізу керек деген сөзді көптен бері айтып келеміз. Қазақ еңбекшілеріне берілген құқықтардың орындалуына үлкен себеп қазақ тілінен іс жүргізудің жүзеге шығуында сөз жоқ. Мұны халық ұғынған болды. Үстіміздегі 1924 жылдың басынан бастап Қазақстандағы ыңғай қазақ ісін атқаратын кеңселерде жұмыс қазақша жүрмек. Əм деп те жатыр. Біз газета жүзінде Уездік, губерналық атқару комитеттерден қазақ тілін реттеп жүргізіп жатқаны жəйінде, əмсе есеп беруін сұрадық. Бұл сұрағымызға Зайсанның, Қарқаралы уездік атқару комитеттері ресми түрде жауап берді. Мұны уақытында газетке жазып шығардық. Кереку уезінен, Семей уезінен бір жарым ауылдық атқару комитеттері істеген
жұмыстарынан есеп берді. Оны да газетке жазып шығардық. Семейдің уездік атқару комитетінің атком мүшесінің мақаласына жауап ретінде бастырған мақаламда өздерінің қандай шара қолданып отырылғандығы айтылады. Кереку уездік аткомы төрағасының газетіміздің уəкіліне ауызша берген мағлұматында қазақша іс жүргізуге кіріскендігі көрінген. Өскемен, Бұқтырма уездерінің аткомдеріне де қазақ арасында жұмыстың қазақша жүруіне бөгет болып отырған жоқ. Соңғы алып отырған мəліметтеріміздің бəрі де ендігі бөгеттің қызметкер жоқтығынан, ауыл аткомдерің қиқарлығынан болып тұрғанын көрсетеді. Жұмысқа ысылған ескі қызметкерлерден ел ішінде бос жүргені шұқыма сауда істеп жоқты ермек етіп істеп жүргені бар. Оларды қызметке шақырсақ та келетін емес. «Келмейді» мағлұмат алып отырмыз. «Қазақ ішіндегі ауылдық атқару комитеті қазақша жазбайды, хатшыны орыстан алады» деген мағлұматтарды алып отырмыз. Қорытылып келгенде істің қазақша жүруіне еңбекші қазақ елінің құқы жүзеге шығуына қазақтың өзінен шыққан арамбездері бөгет болатын көрінеді. Олар кімдер: анау көрсетілген қызмет қашқындары, анау көрсетілген ауыл аткомдарының төрағалары. Біз бұл сияқты сұмдардың кеселімен қазақ тілінің іске асуы тоқталып қалады деп еш уақытта ойламаймыз. Жалғыз-ақ біраз уақыт көңілсіздік көрсетуімізге ішіміз пысады. Жə, енді бұл сұмырайлар турасында не істеуіміз керек? Əрине, бұл еңбекшіл қазақ елі ол сияқты сұмырайларға сеніп үлкен мақсатқа ұмтылған жоқ. Бейнетқор басшыларына сеніп, қазақ ол сияқты сұмырайларды біліп алып араларынан алыстап шығарып тастаулары керек. Соңғы тұқымының (ұрпақтың) алдында, тарихтың қара тақтайында жазылулары керек. Міне, сол реттегі жұмысты орындау турасында пайда күзетіп (қуып), қалық қызметінен қашып жүрген қазақ жігіттерін уездік атқару комитеттері тізім жасап газета басқармаларына жіберулері керек. Сол сияқты қызмет орындамаған, қиқарлық еткен, аутком басқармаларында тізім жасап газет басшыларына жіберілуі керек. Жалғыз-ақ айтатынымыз: бұл сияқты тізім ұшқары жасалмасын. Бəріне айтылып, алдынан өтіп, жауаптары алынып, дəлелге жасалатын болсын. Қысқасы, қай түрлі қызметте болса да қазақ тілімен іс жүргізуге ашық қарсылығы дəлелмен айқындалған кісілердің (қазақтардың) тізімін басқару орнындағы басшылары ресми түрде газета басқармасына, газетке жіберіп тұру қажет деп табамыз. Қызметте жүріп ол сияқты қарсылық көрсеткендерге өкімет те жазаламай қалмас. Олай болса да, олардың тарих жүзінде қараланулары керек деп білеміз. Мəннан Тұрғанбаев С.Тəбəрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мəннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 131-133 б.
Ұлтшылдық («Абай» журналында жарық көрген Мəннанның мақаласы) Қазіргі үстіміздегі заманда пікір көбейіп, түрлі партиялар туғызып, ол партиялар майданға түсіп жарысып-тыртысып отырғанын көріп отырмыз. Партиялардың барлығының көздеген мақсаты теріс емес, əрқайсысы өзінше жоба жасап, іске кірісіп отыр. Қай партия болсын, «дүниені түзетеміз, шын адамшылық жолы – біздің тұтынған жолымыз» - дейді. Дүниедегі кісінің тұрмысын жақсы жолға салу туралы бұрынғы ғалымдар көп ойланған, көп қызмет қылған. Ғайса пайғамдар тумастан төрт ғасыр (ғасыр – жүз жыл) бұрынғы ғалымдардан Платон деген білімді кісінің тұрмысын бір түзу жолға салу туралы ойланып, түрлі ереже шығарған. «Адамның санасы адамдардың ойыншығы болды» - деген еді. Одан бері де Ғайса, Мұхаммед пайғамбарлар да тұрмыс туралы жалпалық жол үйретіп, жөн сілтеген. Біздің пайғамбардың адам баласын бір санайтындығына дəлел қылып, көрсетемін. Құран Кəрімдегі аяттар алғы кісіге арналып, «Палиа алнас!» (Ей, кісі) деп айтылған. Мысалы, «Еренғайып», деп бір қауымға арнап келген емес, Иран, Рома сияқты мəдени халықтардан талай білімділер шығып, жалпы адам баласының қаліне қайғырған, кісінің тұрмысын түзетемін деп зарлаған. Осы жалпының қамын ойлаушыларды «кісішілдер» дейміз. Кісішілердің қыран жолы, өз жұртының жетіліп, қатарға кіріп, басқа қауымдардың табанына түспеу жағы. Ол адамдар дүниедегі барлық адам баласы үшін қайғырмайды. Өзінің тар ауданды ел-жұрты үшін қайғырады. Міне, мұндай адамдарды «ұлтшылдар» деп атаймыз. Кісішілердің ұлтшылдарға қарсы айтатыны: «Дүниені ұлтшылдар бүлдіреді: бір ұлтты екінші ұлтқа дұшпан қылып өсіреді. Ұлтшылдар құрыса, дүниедегі жалпы жұрт бір ауыл, бір бауыр болып кетер еді, - дейді. Ұлтшылдар айтады: «ұлтшылдықтың кісішілдікке ереуілдігі жоқ: əр ұлт тегіс мəдениетті болып теңелсе, кісішілдік өзі де өркендейді, ұлшылдардың мақсаты басқа ұлттарға қастық ету емес, өз ұлтын қатарға қосу. Кісішілердің өзі де мəдени жұрттан шықпақ. Ұлтшылдық намысын білмеген жұрттан кісішілдік қайдан шықсын!» - дейді. Осы көрсетілген көрсетілген екі пікір елдің бірі, біздің қазақта болса, бұл пікірлер кіре бастаған көрінеді. Адам баласында «өзімшілдік» деген нəрсе бар. Бұл өзімшілдік кісінің табиғатына тəңірінің орнықтырып жаратқан нəрсесі. Кісі өзімшілдіктен құтылам дегенімен оңай құтылуы мүмкін емес. Əке мен бала суға бастаса, ортасында жалғыз тақтай болса, екеуі су бетінде сол тақтайға таласады. Теңіз бетінде адасып, азықтары таусылып, аштан өліп бара жатқан адамдар бірін-бірі пісіріп жейді, кісіде өзімшілдік қандай күшті екенін
осы мысалдар көрсетеді. Дұрыс кісі де өзімшілдік күшті дедік. Дүниедегі кісінің бəрі алғы өзімшіл болса, бас пайдасынан басқаны ойламаса, бірігіп жұрт болып жасау мүмкін емес қой. Олай болса өзімшілдіктен құтқарып, көпшіл қылатын нəрсе болуға тиіс. Ол бар нəрсе тəрбие деп білемін. Тəрбиені ғылымдар мойындаған. Тəрбиенің жалпы ережелері бар: жақыннан алысқа, аздан көпке, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға қарай бару керек деген. Сол сияқты кісі ең əуелі баға беріп, өзін сүйсін, онан соң жаны ашып ағайын-туғанына күйсін. Онан кейін елжұртын сүйсін. Ел үшін құрбан болсын, жанын қисын. Сонан соң бар адамды бауыр тұтып, пайдасы көпке тисін. Міне, əуелі өзін, онан кейін жақынын, онан Отанын, онан кейін бар адам баласын сүю боп табылу керек. Жақыннан, ұлтын сүймеген адам салғаннан барлық адамды жақсы көреді дегенге сенбеймін. Енді осы айтылған сөздеріміздің жобасын ұстап Қазақ жұртына келейік. Қазақ жұрты бұл күнге шейін көпшілікке үйренбеген жұрт. Бұрынғы заманда ел қамын жеген ерлер көп шығып, көпшілік мінездері болса да, Россияға қарағаннан кейін ол мінезден айырылды. Қазақ баласын оқытқанда, біліп шықса мал тауып береді, төре болып, беделімді күшейтіп, биік болады, дұшпанымызды мұқатып кек алып береді деген ойда болады. Білім алып көпке пайдасы тисін деген ой хабарында болмайды. Жақындарына мінерге көлік, сауарға сауын берсе, өзіне қоғам, күш қылу үшін береді, көмегі тиген адамын біржолата иемденіп алады. Не күшінен, не сөзінен, не еңбегінен пайда тимейтін кісіге (бірдемені көздемей) қайырылысқан қазақ болмайды. Газет, журнал ал, серіктікке жазыл десең əуелі өзіңнен тиетін пайдасы бар ма? – деп сұрайды. Жан пайдасын, көпшілік пайдасын ұғындырсаң, жұрт жұмылса көреміз. Я жазылған теріс емес, бəрі де жазылсын, пəленше неге алмайсың. Біз пəлендерден естірміз. Бір маған деп арналған нəрсе емес шығар деп аяқсыз қалдырады. Мұқтаждарға жəрдем, игілік жұмыс деген нəрселерге жүре қарайды. Шариғатқа мойындаймыз десе де, бұл күнге шейін шариғатты таңдап неке, талақ, сират, зекет сияқтыларды орнына келтіріп отырған жері жоқ. Жаумен алыстан күн туса, неше есе көп болып, жеңулерін анық біліп тұрса да, қолға түскендерін құтқармақ түгіл, тастай қашып, өздері жан сауға қылып тозып кетеді, осы айтылғандардың бəрі қазақтың бас пайдасын көп пайдасы үшін құрбан қылмайтындығын, ұлтын анық сүймейтіндігін, сүйсе де жанын қимайтындығын, көп көгерсін демейтіндігін көрсетеді. Қазақ қатарға кіріп жұрт болсын деген кісі тəрбиенің жолынан айрылмасқа керек, əуелі қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын білдіруге, онан соң Отанын танытып, жақсы көргізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға тырысу керек. Ұлтшылдық кісішілдікті айыра білмеген,
бас пайдасынан иіп іске асырмаған, мəдениеттен жырақ жатқан қазақ секілді жұртты салғаннан көпшіл қылам демей, əуелі ұлтшыл қылу керек. Қысқасы: ұлтшылдардың мақсаты əрбір ұлттарға мəдениет кіргізіп, бақыт таңының атауына себепші болмақ. Мəдениет күшейген соң өздеріақ кісішілдік пікірін тауып алады. Ұлтшылдар əр жұртты шиеленістіріп, қырылыстыру, өз ұлты үшін басқаларды құрбан қылу деген ойдан жырақ. Ұлтшылдар іс жүзінде кісішілердің пікіріне қарсы келмейді, тұтынған жолдарын жұртты кісішілдікке басқыштап жеткізу деп ойлайды. Ұлтшылдар тəрбиенің ережесін көз алдынан кетірмейді. Үйрету секілді ғып қазақ арасына адамшылдық пікірін танытуға ұлтшылдардың ешбір қарсылығы жоқ. Бірақ ұлтшыл болу қата, адамшылыққа ылайық емес, ілгері басқыштағы жұрттардың терең пəлсапасын қазаққа қазір кіргіземін деушілерге қарсы болады. Жас балаға дүниедегі лəззат: нəрселердің бəрін дайындап, жасап қойған дастарханнан пайда жоқ. Ең пайдалы нəрсе – анасының сүті. Мəннан Тұрғанбаев С.Тəбəрікұлы Алаш арыстары. Қайран, Мəннан. Алматы: «Қағанат», 2002, 56-59 б. Ана тілі Мектепте оқылатын пəндердің біріне бірдей керекті бəрін қаусырып, орын алатын пəн ана тілі екендігіне дау жоқ. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пəндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы; һаман өсіп, өніп, түрлене беретін, мəңгі құламайтын бəйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешірген дəуірлерін, дүниеге көзқарасын, нанымын – айманын, қайғысын, қуанышын, қысқасы жанының барлық толқындарын тұқымынан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халықтың тілі. Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін, ой фəлсəфасін де меңгереді. Бала оқытуды тілден бастайды. Бастауыш мектептің көбінесе, айналдыратын оқуы – тілдің мүшелерін нық білдіріп, баланың тілін байыту. Орта дəрежелі мектепте үнемі тілді жаттықтыру, дағдыландыру керек. Əр сабақ, əр пəн бір жағынан өзіне хас мақсұтын көздесе, екінші жағынан тіл түзетуге, тіл сабағының міндетін атқаруға тырысу керек. Бала сөйлегенде, жазғанда, тілді дұрыс қолдандыруға – əр оқытушының, əр мектептің міндеті. Осы соңғы пікір туралы бұл кезде хатта мынадай мəселе қозғалып отыр. Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы
сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз əдеттендіру, құрғақ төселдіру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады. Сөз, сөйлем, əңгіме дегенміз – жазуша, не ауызша кісінің өзі айтқан ойы, не басқалардың сөзі арқылы жасайтын ақылымыздағы жасырын ой. Сөз бен ой бірінен-бірі айырылмайтын қайнаса біткен нəрсе. Сөз – ойдың айнасы. Ойсыз сөз – сөз болмайды. Ой жетілу мен тіл жетілу қатар жүреді. Тілді ойдан бөлек жетілту мүмкін емес. Олай болса, тілді жеке пəн ретінде оқыту дұрыс емес. Дұрыс еместігі мынадан тағы байқалады. Мұғалім тіл сабағында сөйлеуге, жазуға, оқуға, қысқасы, əңгімеге жаттықтырады екен. Ал басқа пəндерді оқытқанда не істемек? Физиканы, жағрафияны, тарихты оқыту дегеніміз осы пəндердің құбылысы туралы əңгіме ету емес пе? Ендеше, тілге төселдіру ғой. Есеп үйрету – сан туралы ойлау ғана емес, есеппен айтылған ойды ұғу, ұққанын айта білу ғой. Тереңірек қарасақ, əр пəннің ісі баланың ойын қозғау, ойлағанын ауызша, иə жазумен сыртқа шығару. Олай болса, тілсіз оқылатын, ұғылатын пəн жоқ екені анық. Біреудің ойын ұқпай, өз ойын айта білмей, ешбір білім табу мүмкін емес. Бұл даусыз. Ендеше, ойға төселмеген жас баланың тіл ережелерін дағдыландыру, машықтандыру жұмыстарын ұғуы да қиын. Тіл оқытушы мұғалім өз міндеті тілге машықтандыру деп ұғады, тіл үйретуге керекті ойдың əр тарауын қозғайтын мағлұматтар іздеумен оның жұмысы жоқ. Жаратылыс пəнін оқытушы мұғалім міндетін балаға білім беру деп ойлайды, тілге төсілдіру оның жұмысы емес. Мұнан шығатын нəтиже: тілге жаттығатын бар мағлұмат тіл оқытуында болмайды. Жаратылыс оқушы, мағлұматтары көп болса да, ұқтыра алмайды, үйткені тілге төсілдіре алмайды. Сөйтіп, екеуі де көздеген мақсатына жете алмайды. Тілді өзге пəннен бөлек оқыту баланың тілін де, білімін де жетілдіре алмайтындығын сезіп, бұрынғы мектептер басқа пəндерді көбейтуге тырысқан. Ондай шаражүкті бұрынғыдан да ауырлатқаннан басқа түк пайда берген жоқ. Бұдан шығатын қорытынды мынау: білім тану жолы мен тіл үйрену жолын айыру дұрыс емес. Сондықтан ана тілін өз алдына пəн ретінде оқыту ақылға да, табиғатқа да жанаспайды. Жоғарғы айтылғандардан қорытып, іс жүзінде қолдануға мынаны ұсынамыз: 1. Басқа пəндерден тіл оқыту айырым болмасын, қайта өзге пəндер тіл үйренуге керек етсін. 2. Жан дүниесінде тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала əуелі тəжірибеге талпынып, нəрсемен танысып, сонан кейін сол нəрсе туралы сөйлесін, тыңдасын, жазсын, оқысын, тілге үйренсін.
3. Баланы тілдің əр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу тыңдаудан, сөйлеуден соң келеді. Сондықтан əуелі баланың көрген-білгені туралы əңгіме құрып, сонан кейін оқуға, жазуға үйретілсін. 4. Бала əуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге еліктеуге мүмкіндік берілсін. 5. Əңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тəжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын. Жүсіпбек Аймауытов Жүсіпбек Аймауытов. Бес том. шығ. жин. Құраст.: Д.Қамзабекұлы., С.Аққұлұлы., Г.Ахметова., Б.Байғалиев., А.Асан. Алматы: «Ғылым», 1998, 4 том, 306-307 б. Ана тілін қалай оқыту керек? Бүгінде Америка əдісі, жиынды (комплексті) əдісі, тəжірибелі (лабораториялы) əдісі, құлшынды-белсенді (активнодвигательный) əді сі... тағы сондайлар майданға шығып, сөз болып жатыр. Бəрінікі – білім берудің төте жолын табу. Бізде көп əдістер түгіл жөнді бір де əдіс жоқ деуге болады. Елдегі шала мұғалімдерде қандай əдіс бар? Айтыңызшы! Рас, тіпті жұрдай емеспіз: “Əліпте жоқ, би астында бір ноқат” та өз əлінше əдіс боп келді. Ел мұғалімдерінің бала оқыту əдісі де соның ағайыны емей не дейсіз? Тап осы қалыпта басқалардың қолданып жатқан көп əдісінің бірін ала қоюға ыңғайымыз келетін емес. Оқытушымыз, аспабымыз – бəрі шалағай. Жəне көп əдістер біз түгіл өзге өнерлі елде де жүйеленіп жетпей жатыр. Дегенмен, “көрің қадырға” жабыса беруден мəн шықпайды. Қолдан келетін, пайдалысын біз де сығалап, шымқылап ала беруіміз керек. Бұл мақалада “мынау пəлен əдіс” деп қолақпандай қып, қолға ұстата қоярлық пəлендей тартуымыз жоқ, орыстың түрлі əдістерін қарастырып, одан, бұдан құрастырып, əзірше ойымызға келген, тəжірибе етіп, қолданып жүрген қойыртпақ əдіс сымақтарымызды біз де айтқалы келеміз. Қарап отырғанмен, бүркей бергенмен бола ма? Журналға ықшамдалған мақалада қарқ қылуға да əуелі тіл оқытудың өзін былайша жіктеп алсаң, қалай болар екен: 1) жазу-сызу (емле) үйрету; 2) сөйлеуге, шығарма жаздыруға төселдіру; 3) тіл бақылау (грамматика); 4) əдебиет жайынан кеңес құру; Бұл мақалада бастапқы екеуі туралы сөз қылармыз. Сөйтпесек, орын жететін емес. Тегінде əдіс туралы көп жазу керек қой. Бұлардың əрбіріне
бір мақала жазылса да, аздық қылады. Біздікі қысқаша, үстіртін əңгіме болар. Мұның ең қиыны – жазу (емле) үйрету болуға тиіс. Бұған шейін жазу дыбыс əдісімен үйретіліп келді. Дыбыс əдісінің кемшіліктері көп. Дыбыстарды бір айыртып, одан əр дыбысқа таңба (қаріп) салып, ол таңбаларды түрлі түрде құрастыру жас балаға зор машақат екенін оқытушы білсе керек. Біздің таңбаларымыз қайбір тиянақты? Біресе есіктің тұтқасындай сорайып тұрса, біресе шұнтитып, мықырайып қалады. Оның үстіне тап-таза естілетін дыбыс болған ба? Өте-мөте даусыздар. “Бигесекінді” (б) жеке күйінде айтып беріңізші! Сөз жоқ, басында “н” дыбыс шыға келсін. Басында естіртпеймін десең, аяғынан солаң етсін. Ол ол ма? Дыбыстардың жеке күйінде естілуі мен сөз ішінде естілуі тағы қайта келіп қалады. Мұның тағы бір жаман жері сол: салғаннан өлі дыбыс, өлі қаріп үйретеміз. Бұл психология заңына келмейді. Психологияның айтуынша, ұғым алу жолы былай: адам əуелі нəрсені бақыламақ. Бақылаған нəрсенің суреті (пернесі) мида қалмақ, ол пернеге ат қойылмақ, сөз тумақ. Дыбыс əдісімен оқытқанда, нəрсе бақыланбайды, перне қалмайды, сөз де болмайды, шуу дегеннен дыбыстың таңбасы деген “бірдеме” үйретіледі. Тағы да талай кемшіліктері бар. Əрпіміз, əліппеміз ыңғайына қарай, хат танытуға дыбыс əдісін қолданып жүрміз. Əйтпесе, қолға түспейтін төте əдіс бұл ғана емес. Енді Америка əдісін қолдану керек деген əңгіме көтеріліп келеді. Бұл əдістің қандай екені туралы сөз көбейтудің керегі жоқ. Үйткені, оған лайықталып жазылған бізде əліп-би жоқ. Жаңа шығатын Ақаңның əліпбиі кітабында осы əдіспен оқыту жолы да көрсетілсе керек. Сол шыққан соң, бұл мəселе қозғала жатар. Сонда да емле үйрету жайынан бір-екі сөз айта кетейік. Бір нəрсе туралы адамның саңылау мүшелері неғұрлым жапатармағай қызмет етсе, соғұрлым ол нəрсені тезірек, нығырақ меңгеріп алмақ. Білімнің қиқымы бейне бір суда жүзген жеміс: бес бармақты батырып, шеңгелдемесең, уысыңа түк ілінбейді, іліксе де, аз келеді. Ендеше, білім алуға қармақты тұс-тұсынан салу керек. Ол қармақтар – саңылау мүшелеріміз (көз, құлақ, тіл, мұрын, қол дене). Балаға сөйлеңіз (тыңдасын!), жазыңыз (көрсін!) айтқызыңыз (тілімен қызмет етсін!), жаздырыңыз (қолымен, денесімен істесін!). Міне, тұс-тұсынан қармақ салған деп осыны айтады. Мүшелері жегілсе, оқушы тез меңгеріп, тоқып алады. Сабақ сайын оқушының есінде болатын бір мықты əдісі осы болу керек. Танық нəрселердің атын жаздырмай тұрып, өзін, əйтпесе тұрпатын, суретін, үлгісін, жоспарын көрсету керек. Мұның бірі де мүмкін емес екен, ауызша ұқсас нəрсемен салыстырып оқыту керек. Сонда барып миына перне қонады, сонда барып перненің аты көкейінде қалады.
Бұрын емле үйретуге жатқа жаздыру сəн боп жүрген. Жаңа хат танып келе жатқан адамға хатқа жаздырудан да кітаптан не тақтайдан қарап жазған пайдалырақ. Үйткені, саңылау мүшелеріміздің ішіндегі ең шалымдысы көз болады. Ескі молдалар араб сөздерін қатасыз жазуды кітап көшірумен білетін. Көз деген - жақсы айна. Көркем жазуға да жол беру керек емес. Оны көркем жазуды көшіріп жүріп үйренгені жақсы. Хат жазу соңғы кездерде емле тексеру үшін ғана керегі болар. Онда да көп бола бермесін! Жазу үйрету туралы айтатынымыз осы-ақ. Енді сөзге төселдіру жайынан. Сөзге төселдіру ə дегеннен басталу керек. Бісімілдесі – сұрау, жауап. Дұрыс қойылған сұрау дұрыс жауап алу керек. Дұрыс жауап бере алмаса, əуелі жолдастары, одан қалса, оқытушы түзетіп отырсын. Оқытушының түзетуі берілген жауаптың мəнісін түзету болмасын, сөйлемнің қырыс, қисынын түзету болсын, тілі жетпей тұрған жерін жөндесін. Қазақ баласының бір əдеті: «бəлен етіп, сонымен кетіп, содан сүйтіп...» деген тəрізді нүктесіз шұбата береді. Сөйлегенде де, жазғанда да қысқа сөйлеуге уағдалана беру керек. Ұзын əңгімені аз сөзбен қысқартып айтқызу – сөзге төселдірудің бір керекті жері. Бала түгіл, əлеумет қызметкері боп жүрген кейбір азаматтардың топтарда орыс сөзін қазақшаға аударғанын тыңдасаң, олақтығы көрініп тұрады: қысқаша мазмұнын өз ойымен айтып бере алмайды, сөйлеушінің сүрлеуімен түгел айтып шығам деп əуре болады. Кетеусіз, татымсыз көпсөзділікке тұрмыс үйретеді ғой. Одан пайда да бар шығар, əйтсе де, зияны басым болар. Түбінде көпсөзді адам берекесіз келеді. Аз, дəмді, тиімді сөздің қадірін қазақ та білген ғой, білмесе, «ердің құнын екі ауыз сөзбен кеспей» деп, мақтамас еді. Қазақ баласы бұлдыратып, түссіз қылып сөйлейді: ақтан тигізіп, тапбасар сөйлейтін адам кем болады; көбінесе құба жондатып, тайғалақтатып, бетін қырпып, жалпы сарынға салып отырғаны. Сотта жауап берген кейбір қазақ бұлтақтатып, құйрығын ұстатпай қояды; жауабын олай да, бұлай да ұғынуға болады. Қызылдар, ақтар елге кезек келіп, ығыр болған кезде қай келгені қыр қазағынан: «Қызылды жақсы көресің бе? Ақты жақсы көресің бе?» деп сұрайды білем, сұрап тұрғаны ағы екенін, қызылы екенін қайдан білсін. Жауабы қайшы келіп қалса, өлгені ғой. Сонда қазекең тұрып: «Сізді жақсы көреміз. Сізді жақсы көреміз» деп құтылады екен. Əрине, мұндай тапқыштықта пайда да бар. Бұл – мақтарлық нəрсе. Ал үнемі бұлдырата беру ойды дұрыс шығармайды. Ой дұрыс болмаса, білім табылмайды. Оқытушы осы жағын баса аңду керек. Мектепте қысқа əңгімелер қалай оқытылу керек? Салған жерден кітаптан оқыта бастамай, алдын ала сол əңгімеге балаларды даярлап алған жөн. Балалардың көргені, естігені жайынан сұрап, сурет көрсетіп,
əлдебір оқылған, сөйленген нəрседен, не өмірден алып, əйтеуір оқылатын əңгімеге балаларды төндіріп, ынталандырып алу керек. Содан кейін оқылса, əңгімені балалар құлшынып тыңдайды. Алдымен жақсы оқитын балаға, сонан соң төмендеуіне оқытылсын. Əңгіме қандай əсер берді екен, тыңдаушылар ойлансын. Ұғымсыз, жат сөздер түсіндірілсін. Суретті, көркем сөздері тапқызылсын, мазмұны қысқаша қайта айтқызылсын. Əңгіме бөлшектелінсін. Бөлімдерінен сурет туғызылсын. (Оңай сурет болса, балалардың қолынан келсе, тақтайға салғызылсын; қиын болса, ауызша суреттелсін. Болмаса, үйде салып келуге берілсін). Сұраулар қойылып, балалармен кеңесілсін. Əр бөлімдерін тақырыптатып қарасын. Əңгімедегі қаһармандар атынан сөйлетілсін. Əңгімеден баланың есіне не түсті екен, айтқызылсын. Қорытынды шығартылсын. Оқылатын əңгіме қандай болу керек? Оны таңдау үшін, оқыту əдісін ескеру үшін мұғалім мынадай сұрауларды өзіне қойып алса, дұрыс болар еді: 1) осы əңгіме мектеп мүддесіне, баланың біліміне лайықты ма? 2) бұл сабақтың мақсаты не? Мөлшерлі уақытта сол мақсатқа жете алам ба? 3) қандай əдіс қолданамын: а) əңгімеде шəкірттерге не таныс, не танық? б) əңгімеге даярлау үшін, алдын ала қандай тұрғыдан қозғау керек? п) əңгіменің басқы пікірі қайсы? Жанамай пікірі қайсы? т) қиын сөздері, сөйлемдері: өзгеше жерлері қандай? ж) балалармен қай түрде кеңесемін? д) бұл əңгімеден дағдыландыруға (жаздыруға) қандай жұмыс, мəселе туғызуға болар еді? е) оқытқанда дауысты қай жерінде, қалай құбылту керек?.. Бұл сұраулар тек мысал үшін. Шалымды оқытушы əңгіменің түріне қарай, əдісін өзі таңдамақ. Алғашқы кезде қысқаша көркем əңгіме, ертегі, мысал, өлеңнен бастап, жүре-бара маңызы да, көлемі де ұлғайып, əдебиеттің түрлі тарауларына жасалған жөн. Бас-аяғы жоқ ұзын əңгіменің бір қиқымын оқыту керек емес, аз да болса, бір нəрсе туралы толық айтылған, тұтас нəрсе оқытылу керек (ұзын романдардың əлдебір тақырыпқа жазылған лайықты жерлерін алуға, əрине, болады). Əуелі əліптеу (описание), содан кейін баяндау (повествование) түріндегі əңгімелер аралас алынған жөн. Əңгімелер, өлеңдер үлгілі əдебиеттен не балаларға арнаулы кітаптардан алыну керек. Өмірді əр жағынан суреттей алмаған, мақсаты, өнегесі сыңаржақ, анық көрініп тұрған, əйтпесе ерсі сөздер балаға оқытылмау керек. Тұрмыстың жаратқыштық жағын суреттеген, көңілді ашқандай, ойды түрткендей пернелі, үлгілі, сырлы сөздер оқылу керек. Түріне қарай, əңгімелердің оқыту жолдары да өзгеше болады. Газет хабарлары сықылды қара сөзбен толғаулы өлеңдердің оқытуы бір емес. Ертегі, əуезелердің пернелі, кестелі сөздерін тастап, баланың өз сөзімен қайта айтқызуға болмайды. Олардың маңызы қиялға əсер беріп, шарықтатуында толғаулы, суретті, сəнді сөздерді, өлең-жырларды
өз сөзімен мылжалау жарамайды: олардың маңызы сезімге əсер беріп, көңілді ұйытқытуында. Өмірді дəл суреттеген, қаһармандарын толық мінездеген аса бір жақсылары болмаса, Крыловтың мысалдарын көп оқыта беруден де пайда аз, үйткені, тегінде ондай мысалдарда терең мəн болмайды; күндегі өмірдің тəжірибесі қасқырды, түлкіні, аюды, бұлбұлды, есекті мінездеген мысалдарын алуға болады. Баланы күн бұрын даярлап алған соң, толғаулы, көркем өлеңдерді, сөздерді əуелі оқытушы өзі оқып берсе, балаға əсері күшті болады. Толғаулы, ырғақты сөздер күй емес пе?! Күйді күйші тартса, құйма құлаққа сый емес пе? Күйге қарай көңіл күйі билемес пе? Жақсы оқылған, толғаулы сөз балаға əсер бере алмаса, мұратына жетпегені. Алғашқы алған əсер күшті болады. Ендеше күйлі сөзді көп оқып, жасытпаған жөн, 3-4 қайтара оқылса, жетеді. Қара сөзге қолданатын əдісті ақын сөзіне келгенде тастау керек. Мұнда назар ақынның пернесі, суретті сезімі жағына аударылу керек. Түсіндірем деп, ақынның тілін созғыласа, əсер бұзылады; түсіндіру əсерді əлсіретуге емес, күшейтуге жұмсалсын. Көркем əдебиеттен оқытқаннан кейін, балаларға, мəселен, мынадай сұраулар қойылса, жарайды: 1) Əңгіменің қаһарманы кімдер? 2) Заманы, орны, уақыты, жағдайы нендей? 3) Басында, ортасында, аяғында айтылмай кеткен, жетпей тұрған сөздер жоқ па? 4) Шығарманың өте маңызды жерлері қайсылар? 5) Қандай сөздер, жолдар, сөйлемдер өте сұлу, жат, күшті келген? 6) Қандай сурет салуға, қай-қайсын айттыруға болар еді? 7) Қай жері күйге келтіріп оқуға, қай жері сымбатқа түсіруге қолайлы? 8) Қай жерлері өте қуаныш, мұң, қауып-қатер, қайғы, шаттық сезім туғызады? Дауысты құбылтып, мұғалім оқи бастаса, мұның бəріне оқушы жауап бермей қоя ма? Енді шығарма жазу туралы азырақ сөз. Шығарма жазу – сөйлей білгеннің белгісі. Бірақ сөзшеңдік пен жазымпаздық бір емес. Əрқайсысына өзгеше зеректік, өзгеше дағды, еңбек керек. Шығарманың материалын (дерегін) қайдан болса, содан алуға болады. Көбінесе шығарманы оқылған əңгімеден туғызу керек. Не əңгіменің өзі қайта жазылсын, болмаса əңгіме арқылы баланың есіне түскен нəрсе айтқызылып, содан кейін жазуға берілсін. Əрине, оны бір сабақта, бір сағатта істеп бітіруге болмайды; көлеміне қарай уақыт шамалану керек. Белгілі тақырыпқа, белгілі планмен жазу алғашқы кезде қиын
тиеді. Сондықтан əуелде плансыз жаздырып жүріп, бара-бара планды тəжірибе арқылы өздері тапқандай болса, тым жақсы. Тақырып көп жазу тілемейтін дəл, ықшам болу керек. Жылдың мезгілдері, өмірбаяны, көрген-білгені деген сықылды кең өрісті тақырыптардан қашу керек. Тақырыпқа жазып, төселуге класқа сурет əкеліп, іліп койып, əліптеткен жақсы. Қазақ баласына класты, орындықты, шкафты суреттету сықылды өмірге керексіз жұмыстар берілмеген жөн, одан да «əке, шеше, туғаным не істеп жүр екен?» деген тəрізді ойландыратын, сезімін, қиялын ұстартатын нəрсені жаздырған артық. Бұл тəрбие жағынан да татымды. Оқушылардың бір бүйрегінен ауылы, елі кетпегені жарайды. Бұған талай жерде оралып соғып отыру керек. «Өзі болып, төркінін танымай кететін» жаман қылықтар алды-артына қарап, ойланбағандықтан, өзіне есеп бермегендіктен туады. Неғұрлым шығарманың тақырыбы күндегі өмірден, əсіресе, еңбектен, істен, балаға пайдалы, зиянды, жұғысы бар нəрселерден алынса, соғұрлым бала жұмысына ынталы болмақ, ендеше, жемісті де болмақ. Үй ішіне, жолдасына, танысына сəлем хат жазғызып үйрету де пайдалы нəрсе. Дардай жігіттердің хат жаза білмейтіндері көп болатын көрінеді (Əсіресе əскерлік мектепте). Газет хабарларын оқытып, тақырыптатып, тілін, сөз құрылысын бақылату, ол хабарлар туралы кеңесу, мəселеге пікірлерін айтқызу, өздеріне көрген-білген елдегі жұмыстарды хабар қылып жаздыру, жақсысын басқармаға жіберіп тұру – міне, өмірге керекті, пайдалы тақырыптар. Газеттің белгілі бөлімдерін əр балаға не бірнеше балаға оқып отыруға тапсырса, бір-екі жеті өткенде сол бөлім туралы баяндамалар жасап, өздері жоба ұсынса, мұның бəрі жұртшылыққа, азаматтыққа аяқ басқанның нышаны болар еді. Газет оқуға қызықса, сөз жаза бастаса, əлеумет жұмысына араласқаны деп біл. Оқылған, естілген əңгіменің мазмұнын қайта жаздырғаннан да бастан кешірген оқиғаны, көрген-білгенін, өз пікірін жаздырған артық, бастапқыда сөз құрастыру жағына көбірек назар салса, соңғыда қиял, сезім, шығарғыштық қуаттары да қызмет етеді. Өз бетімен істеп шығарған қандай рақат! Өз күшіне сенімі артып, бір жасап қалады. Шығарма жазылды. Оны қалай түзету керек? Өз қатесін жазушы өзі түзетуге кіріспесе, ондай шығармадан пайда да шамалы. Бұрынғы оқытушылар шəкірттің дəптерін қарағанда қызыл сиямен сызып-сызып, «жаман, жақсы» деп қоя салатын, болмаса, «пəлен жерін қайта көшір! Əне жері анадай боп кетіпті...» деп бірдеме жазып қоятын. Шəкірт «жаман, жақсы» дегенін көрсе болғаны, жаман болса, тыға салатын, жақсы болса, жайып салып, жолдастарына көрсететін. Ол жолмен шығарма түзету керек емес. Əсіресе, алғашқы кезде, жеке баланың жазғанына көптеп, бар
класс түзету керек. Бəрін бірдей класта түзетіп шығаруға уақыт жетпейді екен, бұған мынадай шара істеу керек: үлгі қылуға жақсы, жаман, орташа жазылған үш шығарманы алып, соларды көптің талқысына салып, мінетін түзету керек. Ол – бір. Екінші – шығарманың бəрін түгел оқып шығамын демей, ең оғаш жерлерін алып, тақтайға жазғызып, балаларға түзеттіру керек. Бірталай шығармаларды солай өткізуге болады. Тақтайға жаздырып түзеткеннің пайдасы: көз қанады, ал енді шығармаға төселген кезде оқытушы түзетіп əкеліп, оғаш жерлерін, тəуір жерлерін көрсетіп, қайырса да жарайды. Олақ оқытушы бар баланың, жазғанын бір қалыпқа сыйғызып шығарам деп əуре болады. Əлгі «бірдеме» зорлық деген осы болады. Етікші, ерші ұста біткеннің қолы бір ме? Əркімнің өз ойы, өз оңтайы болады. Баланың ой желісі, өз оңтайы болады. Баланың ой желісін, өз оңтайын бұзып керек емес. Тек өз сарынымен келмей, үйлеспей тұрған сөздерін дұрыс құрастырып, не демек болғанын табу керек. Тамыршылық осында. Жүсіпбек Аймауытов Қайта оралған қаламгер (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлына арналады). Құраст.: В.Қ.Күзембаева. Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2003, 95-100 б. Ұлтты сүю Ұлтты сүю əртүрлі. Қазақтың аты орыстың атынан озса, балуанын балуаны жықса, шешенін шешені сөзден тоқтатса, мардымсып, бар қазақ сүйсініп қалады. Қазақ жеңілсе, орыс та дардияды. Ноғай мен қазақ, сарт пен ноғай егессін, олар да солай. Бұл – əр жұрттың қанына біткен өзімшілдік. Тұрған жерін, өскен елін, өз тұқымын басқадан артық болса екен деген құрғақ тілек, құрғақ сезім ең төменгі дəрежедегі надан адамда да бар. Бұл қасиетті сезім емес; жерін, үйірін сағыну, жеріне тарту хайуанда да бар. Үйренген, тамақ жеген жерін жақсы көру – табиғаттың еріксіз каноны. Ұлт сүюдің ең төменгі дəрежесі осы. Ақылы, сезімі ұстарған қазіргі мəдениеттің түрінде жүрген адам баласын алсақ, əр ұлт өзінің өскенін, өзінің көркейгенін, жетілгенін, өзінің қожалығын көксеп, жанын салып, қанын судай ағызып, дүние -мүлкін ортаға салып, алысып жатыр. Бұған қарағанда, адам баласының өз мешелділігі мəдениет өрлеген сайын күшейіп қеледі. «Өзіңе тілегенді біреуге де тіле», «Адам баласын бауыр тұт» деген көркем тілек далада қалып, тұрмыс күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі.
Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірінбірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжмақ орнайтын шақ бола ма? Жоқ па? Белгісіз болса, алыс. Өзі көксеу – тəтті қиял; заман көксететін емес. Ендігі мақсат – аяқ астында қалмай, тырбанып тырнақатар ретке кіру, дүниежүзінен жоғалып кетпес қамын қылу. Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, əне, Германия, Япония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың əр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері. Көршіміз орысты алайық. Бұлардың қара халқы надан болды. Оқығаны ұлт қамын ойлаған жоқ, қызыққа, шенге дəрежеге салынып, бас пайдасынан өзгені ескерген жоқ. Шенеунігі өзі қожа, өзі төре болып, қара халықты менсінбеді, жан есебінде көрмеді. Кешегі ояздар, жандаралдар, генерал-губернаторлар өз алдына кішкене патша еді. Олардың ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болды, асуға, атуға əмірі жүрді. Қара халқы мен оқығанының арасында жақындық болмады, бірін-бірі жек көрді. Ақсүйек, дворяндар қара халықпен сүйкесуді бойына қорлық, намыс көрді. Екінші жағынан, орыс патшасын құдайдан жаман əспеттеп, көкке көтерді. Именді, қорықты, патшадан күшті əмір иесі бар деп ой лаған жоқ. Патшаны шырғалаған өңкей ақсүйек, шенеуніктер патшаны қара халықтан алыстатпаса, жақындатуға себепші болған жоқ. Қара халық қорлықта, қысымшылдықта жүріп жатты... Қорлыққа көшіп, тепкіге шыдап жүрген орыстың қара мұжығы үнсіз, тілсіз, көнбіс надан емес. Қылжыр, өзімшіл, зор көкірек надан еді. Патшаның пəрманына, ақсүйектің тізесіне амалсыз көніп, кекетіпмұқатып, сырттан қоржиып жүруші еді. Мұжықтың мұндай болған себебі – орыстың жоғарғы табынан шыққан талай атақты, білімді жазушылары мұжықты мадақтап, кітаптар жазып, көтеріп, өзімшіл қылып, тəңірсітіп жіберіп еді. Міне, осы халда жүрген орыстың бір тəңірісі Николай жоқ болып еді – не болды? Тəңірсінген, өзін-өзі зор тұтқан қожа болып, мемлекеттің астын үстіне келтірді. Неше түрлі бассыздық, қылып Россияның күл-талқанын шығарды. Жоғарғы айтылғаннан шығатын қорытынды мынау: орыстың ақсүйегі, оқығаны ұлт қамын ойлап, халыққа жаны ашып, қызмет қылған жоқ: «дəреже» қуып кетті. Тəңірімсінген қара халық жүгенсіз надан бо лып қалды. Қысқасы, орыс ұлтшыл жұрт еместігін, таптан тапқа, партиядан партияға бөлінген берекесіздігін көрсетті. Мұнан былай маңдайына тас
тиіп барып түзелмесе, бұ қалыпта үлгі аларлық, жіктерлік еш нəрсесі қалған жоқ. Енді қазаққа келейін. Біз жұрт болуды жаңа ойланып, жаңа қамдандық, қазақ əлі ақсүйек, қарасүйекке, оқыған, оқымағанға бөлініп, арасына жік түскен жоқ. Бірақ жуан ата, жіңішке ата болып, жуанның жіңішкеге көрсететін зорлығы, қиянаты бар. Жақсы тəртіп, əділ билік орнаса, жуан мен жіңішкенің айырмасы жоғалып кетуі мүмкін. Басшы түзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын халық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да - оқығаны. Оқығанын қазақ сыйлайды, соңынан ереді. Кəдірлейді. Сенеді. Білімді, ақылды, жақсылықты, үлгілі, тəртіпті, ақиқатты, əділдікті, қызметті оқығандарынан күтеді. Оқыған – қара халықтың шырағы (идеалы), бұқарасы сонша кəдірлегенін оқығандар білу керек. Халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ болуға жарамаған оқыған халықтың ықыласын қайырады, көңілін шығарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, пайдасы артық тимейді. Бұқараның əспеттеуіне қарай «бұл уақытта» төрт аяғы бірден түсіп, ұлт үшін жанын салып, сілетсіз, таза қызмет қыларлық шын «шырақ» табыла беруі қиын. Бұл уақыт – қазақтың мəдениетке аяқ басатын, шаруасы, тұрмысы, білігі өзгеретін, ғаскер болатын, жалпы ұлт ісіне жол ашатын уақыт. Қазақтың өміріне көрмеген жаңалықтар кіретін уақыт – осы күнгі оқыған қызметкерлер. Қазақтың ескі қалпынан жаңалыққа көшетін – «көшпелі» заманның кісілері. Көшпелі заманның қызметкерлерінің қашанда болсын кемшілігі көп болмақ. Əркім əртүрлі пікір тұтынып, əртүрлі жоба ұсынып, жаңалықты орнатуға жиһат қылмақ. Бірақ бұл буынның адамның тəжірибесі, тəрбиесі жетілмегендіктен істеген ісінде үстірттік, төселмегендік көп шығып, ойлаған мақсатына жете алмай, ескі өмірдің жауыздығымен алысуымен күні өтеді. Бұлардың істеп кеткен ісінен келесі буын тəжірибе алып, төселіп, анық қызмет қылатын, қызметінің жемісін көретін солар болады. Бұл жүрген буынның адамында кемшілік болатын бірнеше себептерін айтып өтейін. Адамның өмірдегі ісі – алған тəжірибесінің жемісі. Жанның тəрбиеленетін үш түрлі сыпаты бар: ақыл, сезім, қайрат. Адам жаратылыстан ақылды болып, осы үш сыпаты бірдей тəрбиеленген болса, ол кісі əрі данышпан болады. Ал адам ісінде байыпты, табанды болып, көп қата жібермейді. Егер ақылы шамалы адамның үш жан сыпаты бірдей тəрбиеленген болса, ол адам өзіне-өзі қанағатшыл, өміріне ырза, орташа тығынды кісі болады. Бұл кездегі оқығандардың алған тəрбиесі қандай? Үш түрлі жан сыпаты бірдей жетілген бе? Соны айтпақпын. Қазіргі оқығандардың тəрбие негізі қазақ ішінде салынған. Қара
қазақтың баласына беретін тағылымы белгілі. «Өтірік айтпа, қиянат қылма, адал бол, ақжүрек бол, өзің үшін оқыма, мен үшін де оқыма, ұлтыңа қызмет қылып, пайда тигізу үшін оқы!» деп үйреткен қазақ некенсаяқ шығар. «Шіркін, бəленшенің баласының қуы-ай! Кісі сыртынан сатып жіберетін», «кісіге ақыңды жібермейтін бол, закон біл, ақша тап, даражаға ілін» деген мақсатпен оқытады. Айтса да, айтпаса да, қазақтың бұл ойы белгілі. Осы тəрбиемен өспеген бұ жүрген оқыған да кем шығар; жасынан баланың ақылы, сезімі қулық-сұмдыққа, біреуден артылуға, дəрежеқұмарлыққа үйренеді, бұл – бір. Орыс шкөлінің тəрбиесі де оқығандарды ұлтшылдық, кішіпейілділік, таза жүректі қызметкерлікке артық əсер бермейді. Орыс балалары ұлт дегенді көп ескермейді, көбі өзімшіл, мақтаншақ, тəкаппар келеді. Олардан жақсы мінез шамалы, ал қызметке кіргелі көргені - Николайдың жадағай шенеуніктері. Олардың көретін рахаты: жақсы киім, жақсы тамақ, тройка арғымақ катайтса, секектеткен «мадмазел» (əйел). Мəжілісі - арақ, қарта, биллиард, салтанат, айбар: «Тақсыр-еке! Господин!», шұлғыған, шоқынған қара жұрт, міні, бұлардан алған тəрбиенің түрі осы сияқты, бұл - екі. Ұлтымыз бар екенін, еліміз-жұртымыз бар екенін, жұртымыз қатарға кірмей, теңдік жоқ екенін, Николайдың қасқырлары қазақты ішіп-жеп құртып бара жатқанын сезгелі, «Ұлтқа құрмет қылайық» дегелі бес алтыақ жыл болды. Əрине, бұл оянуға 1905-інші жылғы толқын, тағы əртүрлі түрткілер қамшы болған шығар; көбінесе ес кіргізіп оятуға, ұлтты танытуға себеп болған – «Қазақ» газетасы. Онан бұрын ұлт дегенді кім білген: көбіміз кеше өзгеріс болған күні ұлтымызды тауып алдық. Сондықтан оқығандардың кейбіреулері жан-тəнімен адал қызметімен ұлтына көрсете алмай, пайдасын не дəрежесін сағалап кетуі ғажап емес, себебі, ... – танылмаған сөз орны (Н.Қ.) «ұлтшылдық», «адалдық», «қызмет» деген нəрселер сүйегіне сіңіп өскен...» емес. Сырттан жапсырылған жамау. Оқығандардың жолдан тайып кетуіне себеп болатын – бар адамның табиғатына біткен жергілікті мінездер. Орын, атақ, дəреже, мұқтаждықтың жоқтығы адамды тастырып, көтеріп жібереді. Бұларды кісінің кісісі-ақ көтереді. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» дегендей, бұрын қолына билік тиіп көрмеген жұрт білікті жақсылыққа жұмсай алмай, жаман жаққа жұмсап, адыраңдап, «тағдырың қолымда» деген сияқты пікірге түсіп кетуі де мүмкін, бұны Николайдың шенеуніктерін көз алдыма елестетіп айтамын. Кейбір оқығандарда қара халықтан бойын аулаққа салғысы келіп, қызыққа, салтанатқа салынғысы келетін салқындық, ірілік мінездердің ұшығы сезіледі. Адам шалдуар нақысының əнімен кетсе, өзін-өзі тергеуге алмаса, жаман мінезінен тыйылып, жақсы жағын тəрбие қылмаса,
бұзылып кетуі оп-оңай. Меніңше, қара халықтан жиренгендік, ірілік – ұлтын сүюге, мұқтажын, сырын білуге жиһат қылмағандық деп білемін. Бұл мінез Николайдың шенеуніктеріне еліктеген болып табылады. Орыстың білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу – дұрыс та, кəпірлігін, мақтаншақтығын, рақымсыз, қызықшыл, қалташыл, антшыл «суық» шенеуніктігіне еліктеу, ақсүйек болуға, салтанат түзеуге, тұрмысын, жүрісін, үй ішін жат түрге салып, қазақтан қашыртуға еліктеу – үлкен мін, кемшілік. Бұ жағынан оқығандар арына төрелетіп, сақ болуы керек. Осындай əдетті күшейтуге себеп болатын күншығыс халқының табиғатында тағы бір мінез бар. Ол: антқұмар, зиннатқұмар, əйелшілдік, адымын алыстатпайтын ұсақтық, қайратсыздық, жалқаулық. Көңілдегісі болмаса, біздің тұқымдар тез табаны қайтып, қажып қалады. Мақсатының жолына құрбан болуға шыдамайды. Бұ да есте болсын. Ақтығында айтпағым: оқығандар өзін-өзі тəрбие қылу керек. Қара халықтан жиренбей, жақын жүріп, сырласып, мұң-мұқтажымен таныс болып, өзі ұлтын сүюге, халыққа өзін сүйгізуге жиһат қылуы керек. Естеріңізде болсын: қара халықтың мəдениетті болуынан мəдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тəрбиелеу керек. Орыс тəрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды. Қазаққа аюдай ақырған шенеунік табылуы оңай; ерінбей-жалықпай, бақырмай, шақырмай іс бітіретін, терісі қалың, көнбіс, табанды қызметкер табылуы қиын. Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жалтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Сол жұмысшы – оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткізген минут – ұлт ісіне зор шығын. Оқығандар! Бұл уақыт – жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғанбыз, олай болса, мойнымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр. Жүсіпбек Аймауытов Қайта оралған қаламгер (Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлына арналады). Құраст.: В.Қ.Күзембаева. Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2003, 87-91 б. Тіл қалай пайда болған? Тілдің қайдан шыққаны туралы бұрынғы психология кітаптарында екі түрлі пікір болған. Бір пікір: сөйлеу жоғарыдан берілген сый («Құдай бізге сөйлесін деп тіл берді») дейді. ( Бұл ескі Көрін Қадірдің пікірі). Екінші пікір: адамда келісіп, үйлесіп, сөйлеу сол берекенің нəтижесі
болған дейді. Бұл пікір сөйлеушілерге мынадай сұрау қояр едік: адам ту баста сөйлей білмейтін болса, ана нəрсені олай деп атайық, мына нəрсені былай деп атайық деген сықылды қаулыға қалай келді екен? Қаулы қылу үшін сөйлеу керек қой. Байқаймыз, тіл біржола туған жоқ сықылды; тіл бірте-бірте өсіп, жетілген, əр жұрттың тілі əртүрлі басқышта тұрған сықылды. Олай болса, тіл біржола, бір күнде, бір жылда туған жоқ, бірте-бірте дамып, өркендеп жетілді. Психологияның мақсаты: тілдің арғы тегін тексеру емес, тілдің өркендеу жолындағы басты-басты дəуірлерін қарап өту. Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал. Əр заманда тіл ішкі сырды əртүрлі шығаратын болған. Алғашқы кездегі адамның қызметі, көбінесе, жабайы қозғалыс болғанда соқыр сезім билеген еріксіз қозғалыс болса керек. Төңірегіндегі табиғаттың түрлі құбылысына кездессе, қорықса, қуанса, таңданса, бір жері ауырса, адам айқайлап дыбыс шығарып жүрсе керек. Сол дыбыс адамның қандай күйге түскенін маңайындағы басқа адамдарға білдірсе, міне сөйлеудің ең түбі осыдан басталған болу керек. Бұл – тілдің ең алғашқы дəуірі. Ендеше, алғашқы дəуірдің тілі, бұрынғыша айтсақ, «жанның түрлі күйін» қозғалу арқылы білдіретін құрал болған екен. Екінші дəуірде адам көзі көрген нəрселердің дыбысына еліктеуге талпынса керек; сол еліктеп дыбыс шығару арқылы нəрселердің пернесін белгілесе керек. Мəселен, ит туралы ойлау үшін «ау-ау» деп иттің дыбысына еліктесе, тыңдаушылар оны ұғатын болса керек. Сол тəрізді, арыстанды, қасқырды, мысықты, тағы түрлі аңдарды дыбысына еліктеп пернелесе керек. Найзағайдың шартылын, судың сарқырауын, ағаштың құлауын – бəрін де еліктеп атаса керек. Бұл екінші дəуір. Үшінші дəуірде нəрсе мен дыбыс арасындағы байлау үзіле береді. Нəрсені атау үшін, дыбысына еліктейді, басқа бір белгісіне, басқа бір пернесіне сүйеніп атауға айналады. Бұл тілдің не дəуір өркендеген, жетілген заманы ғой. Əйтсе де ескіден қалған еліктеудің сарқыншағы осы күнге шейін сақталғандығы көрініп тұр. «Тарс-тұрс, күрс, күңгір, шиқшиқ, тыр-тыр, қылт-қылт, күж-күж...» сияқты одағайлар, содан шыққан етістіктер, есімдер – бəрі де еліктеудің салдары. Адам тілінің осылайша өркендеген дəуірін бала да басынан кешіреді. Бала шыр етіп жерге түскенде, дыбыспен бірге туады. Шыр ету – жаңа жат дүниеге келгендегі дүниенің шіміріккенін, жағымсыз мерзім пайда болғанын көрсетеді. Алғашқы кезде бір жері ауырса, не қарны ашса, дауысын шығарып жылайтыны еріксіз қозғалыс, соқыр сезімінен туған белгі ғой. Бала дыбысын шығара жүріп дыбысымен сыртқы заттар арасында байланыс жасап, перне туғызып алады. Мəселен, бір жері ауырғанда жылайды екен (тақылжыры бөлеуде жатып шыққан екен дейді, ондай əңгіме салақ шешелерге көп болады екен ғой). Жыласа, шешесі келіп, бірдеме істейді (шешіп алады, құрғатады) екен, содан барып жаны
сая табады екен. Бұдан не байқалады? Бала жылау мен тыныштану арасында бір жақындық барын сезеді. Басқаша айтсақ, пернелері іліктеседі. Содан кейін, бала бесікте жатқысы келмесе-ақ, жылайтын болып алады. Бұл қай жылау десеңіз, ішкі тілегін білдірудің жылауы. Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды – «мө-ө», қойды – «ма», мысықты – «мияу», итті – «ау-ау», дейтін болады. Барабара олардың əлгіден басқа да аты барлығын естиді. Бір емес, əлденеше рет «сиыр», «ит» деген сөздерді естиді. Алғашқыда былдырлап, тілі жөнді келмей сүйте-сүйте машықтанып, əуелі бір буынды, екі буынды, содан кейін үш буынды сөздерді сөйлеп үйренеді. Төрт-бес буынды сөздерді бала көпке шейін айта алмаса керек. «Сəрсембай деші, қарағым» дегенде, баласы: «Сəрсе», əйтпесе «сəсе» дейтіні содан ғой. Балаға салғаннан қиын, көп сөз үйретпек болған ата-ана салғаннан қиын əңгіме, көп сан, терең мəселе туралы оқытпақ болған мұғалім – наданның наданы ғой. Бұл күнгі ересек адам тіл жүзінде ондай жетіліп, жүре-бара нəрсе мен дыбысы арасындағы байланысты қалдырған болса, бала да тап сол сықылды, пернелерді, онымен қатар сөздерді көбейген сайын еліктеуден шығып, ойын сөйлеммен айтуға жарайды. Бірақ баланың сөйлемі де қысқа, жабайы, жеңіл болады. Бала түгілі қарапайым адамның да сөйлемі қысқа, жабайы, жеңіл келеді. Күрделі, қиын сөйлемдерді олай ұқпайды. Өйткені сөз, сөйлем дегеніміз, ұғыммен, біліммен қабат өсетін құрал болды ғой. Бұдан шығатын абырет: Оқытушылар, кітап жазушылар, газетшілер, саяси шешендер, əдебиетшілер, ақындар, сөздеріңізді өздеріңіз үшін емес, алдарыңыздағы балалар, қарапайым «үлкен балалар» үшін арнап сөйлеңіз, жазыңыз, əйтпесе, татымды пайда шықпайды, желге кеткен сөз болады. Жүсіпбек Аймауытов Жүсіпбек Аймауытов. Бес том. шығ. жин. Құраст.: Д.Қамзабекұлы., С.Аққұлұлы., Г.Ахметова., Б.Байғалиев., А.Асан. Алматы: «Ғылым», 1998, 4 том, 170-172 б. Терминдер туралы (айтыс ретінде) Қазіргі күнде бұрынғыдай емес, қазақ əдебиеті өсіб келеді. Бұрынғы ертекшіл, қиялшыл, байшыл жазушылардың орнын жыл сайын қазақтың жазушылары алыб келеді. Тұрмыс ойды билейтін болса, тұрмысқа қарай əдебиет те өркендейді. Бірақ негізінде əдебиет тілден құралмайды. Тілге бай болыб, тіл сара болғанда əдебиетке көркем түсінікті болады. Маркстің айтуынша, теқнійке құралы арасында өседі дейді. Қай жердің теқнійкесі алда болса, басқаға қарағанда тілге бай болыб мəдениеті
де алда болады. Біріншісі – мəдениет жаңа əдебиетінен орнын алса, 2-ден жаңа тілінде алады. Тіл байлығы молайады. Бір жерде жаңа мəшине істеліб шықса, сол істеб шығарған елдің бірінші қойған аты да ат болыб қалады. Ол мəшіинені сатыб алған ел сол атын атайды. Содан барыб тіл байлығы кіреді. Ресейге келген құралдардың аты да сол істелген сол жерінде қойылған аты мен аталыб жүр. Мыйсалы: – термелетіп, барометір, телескоб, лөктірескөб, телепон, тырактыр басқалар секілді. Мұндайға ешбір ел жаңадан ат қойам деб əуреленбейді. Құранға қойылған ат бұзылмаған соң, ол құралды істеб шығаратұн мемлекеттердің аттарын өзгерту керек емес еді. Бірақ Қазағыстанда олай болмай жүр. Жаңадан термен табылыб, мемлекет атаулары да өзгертіліб жүр. Жаңа термен алғандағы бірінші мақсатымыз – мемлекет тілінің ескісін түзетіб жетпеген түбір сөзін, толтырыб тəртібті жолға енеміз. Артта қалған ел өз тілінде білім беру, осымен бірге басқа тілдегі пəндерді өз тілімізде аударғанда жетпеген жерге тұрмысқа қолайлы, түсінікті термендерді алыб білімге, əдебійетке жол ашу болмақ. Қазақ екі тілге кедей, кейбір пəн тіліне бізде атаулық жоқ. Оны қайтеміз? Менің ойымша, қазақ тілінде аты бар сөзді алу керек, аты жоқ нəрсеге ат табу керек деп күмəнденуды қою керек. Тарлық жүзінде мемлекет аты бар елдерді айтшы, Сербіи белгіне деб атағандай болсақ, аруағынан қорқыб атамады ма екен деб келешек күлкі қылмай ма? Келешек жастарға білім бергенде жер жүзіндегі мемлекеттің біз атымен таныстырмақ түгіл, мына қалыпта əріптеріне тілін кестірмей қайтамыз ғой. Жаңа терменде мемлекет атауын былай атайды: сербіи, витальный, пырасный, жапан, Рұумын, армян, бесараб, Ұланды, Былжын, қылжы секілді. Бұлай деб атауға зор себеб айағының -ма-мен бітетіндігі. Менің ойымша, -на-ның бізге тіпті ауырлығы жоқ, қазақ ішіндегі Ақмолда, Мұқамедиа, Закария қайда қоямыз. Атың ауыр деб қалай атамаймыз? Онан соң қазақ əйелдерінің аты көбіне аяғына -на-мен бітеді. Мəселен, разыйа, балқыйа, Марына, Зұлқыйа, Жайына, Нұрқыйа, Анапыйа деб келеді. Оның да құйрығын кеспекпіз бе? Осы əйтеуір атауға тілі келетін қазақтың Белгиа, Германиа, англыйа, пырансыйа деб атауға тілі келмейді деген бекер сөз. Мына қалыпта келешекте орысша білім алатын жастардың тілі оралымға келмей қалу қаупі жоқ емес. Ал, енді мемлекеттің атын бұзғанда, мағынасы да бұзылыб отыратын жерлері де бар. Мəселен, жапанда жұмыскер қыймылы десек, біреу даладағы жұмыскерлерді атады деб түсінуі мүмкін. Былжы деген сөзді біреу сазға батыб етігін былжитыпты деп түсінбей ме?
Жалғыз мемлекет атындағы ғана емес, ау кейбір шəрдің ат, болмаса, бір атақты адамның аттарының аттары да бұзылыб кетіб жүргені бар. Ал енді кітап аударушылар – Латұшік көр деб аударған кітабына ат қойб жүр. Оның не екенін түсінетін кісі жоқ. Жай шамалап қарағанда олар да осындай мемлекет аты болуға тиіс. Жүсіпбек Аймауытов Терминология мəселелері (1910-1930 жылдар). Құраст.: Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 1 том. 8788 б. Тіл туралы Газет, журнал бетінде кейбіреулер «Кітап сыны» деп жазып, сөз жазады. Өзі білмейтін, өз жерінде жоқ бір сөз тауып алса, «мынау əлдекімнің тілі?» деп жатырқайды. Бұл дұрыс емес. Себебін айтайық. Қазақтың əр елінде əр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провенциализм) деп атайды. Əдебиет қисынымен қарасақ, жергілікті тілдерді көп қолдану сөзді тарғылдандырып, ұғымсыз қылады. Бірақ ұғымсыз қылмайтын, пайдалы тілдер де бар. Қазақтың қай елінің, қай гүбірнесінің тілі нағыз қазақтікі, қай елінікі будан, былтық тіл екенін кесіп айту қиын. Бірақ қай ел болса да көрші елінің тіл əсерінен сау емес. Мəселен, бөкейліктер татардың, арабтың, парсының, орыстың əсері көбірек болған, дін басылар, қызмет басылар сол елдермен көп араласқан. Жетісу мен Сырдарияда өзбектің əсері бар, Қостанайда орыс, ноғайдың əсері мол. Семейде, Ақмолада да араб, орыс тілдерінен əсер бар. Қысқасы, бір жағы, діннің, екінші жағы, өкіметтің, тұрмыстың ықпалымен жаттан жапсырып алған тілдер əр елде бар. Айта берсек, нағыз қазақтікі дерлік таза тіл аз болып қалады. Тілдің бірталайы арабтікі, парсынікі, сарттікі, қыпшақтікі болып шығады. Мəселен, мына тілдерді қай елдікі дер едік: «Жауап», «ырас», «ылайық», «пайда», «дұрыс», «дерт», «дауа», «егер», «əр», «пенде», «кісі», «пара», «дос», «бақ» (бақша), «шатыр», «нұр», «залым», «зер», «мыс», «келдік», «өнер», «зақым», «топан», «мейман», «мысал», «дүм», «қымбат», «дəулет», «кеміл», «азат», «көр», «базар», «аспан», «берадар», мен... «дүкерт», «құп», «сақара», «данышпан»... Баға келсек, мұның бəрі парсынікі. Кейбірі ғана арабтікі. Бірақ бұл тілдер бізге əлдеқашаннан араласып, сіңісті болып кеткен, сондықтан жат тіл екенін өзіміз де білмейміз. Өзгесін шығарып тастар едік, жауап, ырас, дұрыс, пайда ылайық, əр, кісі, пара, дос, өнер, қымбат, базар деген сөздерді қалай алмай тұрармыз? Қазақтың «мен» деген есімдігі бөтеннен алынса не дауа қыларсың?
«Зер» деп парсы жұрты алтынды айтады екен. Содан «зергер» туған. «Зер қадірін зергер білер» деген мақал да бар. «Келдік», «бас», «бас сүйек», «дүм» – «құйрық» («мылтықтың дүмі деп, дүміңді əрі сал» деп қазақ айтады); «қымбат» – баға («баға» да біздікі емес); «дəулет» – байлық, бақ («бақ» та біздікі емес; «азат» – еркін, бос, «көр» – соқыр, «шатыр» – театр, «бет – құл, «өнер» зеректік (талант); «мысал» ұйқас сықылды; бірадар – аға, «дүкірт» – ауырып қалды, «құп» – жақсы, «сақара» – шөл дала, «данышпан» – білгіш, о түгілі «қат», «қалам» – біздің тіліміз емес, «қат» – парсынікі, артікі десек, «қалам» – əрі үнді халқында, əрі грек (ионан) жұртында болған, бар тіл онымен тұра тұрсын. Əр елдің өз жерінде айтылатын тілдер бар. Семей, ақмолалықтар «дөкей» десе, торғайлықтар «əйдік» дейді. «Өңшең», «жаппай», «кілең» деген сөздер бар. «Бір келкі», «бір ыңғай», «бір өңкей» деген сөздер бар; «əтей», «əдейі», «тіпті», «тіптен», «жортаң», «жорма», «қасақана» деген сөздер бар, осылардың қайсысы дұрыс? Шын қазақтың таңбасы қайсысында басылып тұр? – айыру қиын. Бірақ сөздің өзін əр ел əртүрлі айтады, өздерінше «түзейді», басқаларша «бұзады». Мəселен, Семей жақ «кигіз», «кірпіш», «түндік» десе, Торғай жақ «киіз», «керпіш», «түңлік» дейді. Семей жақ «қора», «қестеу» десе, Торғай «көң», «қыстау» дейді. Қай ел беті ашық қораны «аула» дейді. («Қыстау» бар елде болса керек). Бір ел «ершік» десе, енді бір ел «ыңыршақ», «содүлке» дейді. «Арысты» «жетек», «дерте», «аглүбле» деп түрліше айтады. «Бел ағаш», «белдік», «білдік» деп түсіндіріледі. «Сереңке», «шырпы», «оттық», «шақпақ» деп түрлендіреді. «Танша», «құнан шығар», «тай өгіз», «тана» деп əртүрлі айтады. «Көпене», «шөмеле», «отау», «шошақ», «мая», «іскірт» деп түрліше айтады. «Ара», «ара темір», «пышқы» деп түрліше айтады. Осының бəрін ерінбей, жалықпай қарастырып, салыстырып отырсаң, əр ел өзіне сөйлеп жүрміз деп ойлайды. Біз пəлен елдікі дұрыс деп айта алмаймыз, үйткені «əйдік» пен «дөкейдің», «жаппай» мен «кілеңнің», «бір ыңғай» мен «бір өңкейдің», «жорта» мен «жорияның», «кигіз» бен «киіздің», «сіңді» мен «сіңлінің», «түндік» пен «түнліктің» қайсысы дұрыс деу – надандық болар еді. Бұлар бізге жат тілдер емес, бəрі қазақтікі, кейбір дыбыстары өзгергенімен қазақтығын жоймайды. Біздің тексеретініміз – бөгде, бөтен жұрттан өзіміздегі бар тілдің орнына тіл кіріп бара жатса, соны алып тастап, қазақ тілін аршып тазартып отыруымыз керек. Мəселен, «жетек» тұрғанда «аглүблені» алып келсе, «қора», «көң», «там үй», «кірпіш үй» тұрғанда «земленкені» қыстырса, «мая», «шөмеле» тұрғанда «іскіртті», «көпенені» қолданса, «оттық», «шақпақ», «күкірт» тұрғанда «сереңкені» қолданса, «ыңыршақ», «ершік» тұрғанда «сөдөнке» немесе «сөделкені» қолданса, – міне, бұзылып бара жатқан деп осындай тілдерді айтуға болады.
Қазақ баласы бірінде жоғын бірінен алуға, ауысуына əбден болады, жатырқаудың керегі жоқ. Мəселен, Орал, Торғайдың «əйдігін», «кілеңін», «дырауын», «керімін», «қасқасын», «сойын» неге алмаймыз, əбден аламыз: бұлар əдемі сөздер, əдебиетке керекті сөздер. «Керім-кербез» деген сөз Абайда бар, «қасқа» мен «жайсаң» қазақта бар. «Сой» деген (ата тегі, тұқым) сөз біздің жақта жоқ, бірақ Кіші жүздің ақындарында, əдебиетінде бар тіл, оны алмасқа болмайды. Қазақтың өзінен жаңа тілдер көбейіп, табыла берсе, оған қуану керек: тіліміз сонда бай болады. Бөкейліктер «абиешшікті» «орман сақшысы» дейді екен, бері əкеліңіз, құшақтай аламыз. Адайлықтар «сарнау», «зікір салу» дегенді «сарсалу» дейді екен, қойынға саламыз. Түркістандық «тораңғы» деген ағашты біледі екен – тағы аламыз. Торғайлықтар «бір ыстанса жер» дегенді «бір қызым үй жер» дейді екен, о да теріс емес. «Жер майын»-мұнай дейді екен – əбден жақсы. Ең аяғы «пробкені» біреу «бопа» деп атаған екен, қазақтікі болса – қабыл еттік. Бірақ кейбір ел татардан, арабтан, бөгде елден тіл қолданып жүрсе, оны ала алмаймыз. Мəселен: бөкейліктер «жалақыны» «ғалапа» (алапа) дейді екен, «жал ақы» тұрғанда оны алуға болмайды. Ал ай аттарын (дəлу, құт,...сəуір, зауза...) аламыз ба, жоқ па – оны айрықша сөйлесу керек. Бір елдің тіліне бір елдің адамы күлу – бірінің-бірі тымағына күлген тəрізді нəрсе. Ол – тек заттың өзімшілдігі. Тегінде киімге күлудің қажеті жоқ. Тымақтың үлгісі, киімнің пішімі мəдениет жүзінде қандай екеніне айғақ. Киімі баяғы қалпынан мəз өзгермеген елдің салты да, санасы да пəлен өзгермеген болғаны. Мəдениет адамға сырттан кіріп, ішіне қарай тереңдейді. Өнерлі елдің киіміне, үй тұрмысына еліктеу «сені тəуір көрем»-нің нысаны. Оны тəуір көрсе, оның өнерін де үйренбек. Қостанай, Семей қазақтары киімдерін ықшамдап, орыс, ноғайға еліктеген болса, олар мəдениет жүзінде өзге елдерден озық болғаны. Сырдың, Адайдың, Бетпақтың, Зайсанның қазақтары əлі баяғы кең қолтық, жуан етігімен жүрсе, ол кейін қалғанның нысаны. Кейін қалғанға күлу керек емес, жан ашу, аяу, жəрдемдесу керек. Қазақстанның ел болуы: үш жүзінің басы қосылуы, қыр мен сырдың жамырап табысуы бірінен-біріне түрлі өнегені жұқтырады, киім де, салтсана да мидай араласады. Қазақтың астанасы Қызылордада тұрса, ондағы басқа елден барған азаматтар сырдың тілінен де телімін алады. Түркістан елдерінің «жүде», «құп», «қайыр» деген тілдері жалпы қазақтікі болып жетеді. Қайдан келсе де, қазақтың тілі болса, жатырқамау керек. Жүсіпбек Аймауытов Терминология мəселелері (1910-1930 жылдар). Құраст.: Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 1 том. 89-92 б.
Емле мен терминологияның кейбір мəселелері (Пікір алысу ретінде) Қазіргі адамдардың сөз дыбыстарына балама (эквивалент) есебінде қолданылып жүрген əріптік таңбаларға жеткенге шейін, талай ғасырлардың өткендігі, талай ақыл-ой еңбегі сарп етілгендігі мəлім. Содан болғандықтан, қазіргі əріпті жазу - адамзаттың қоғамдық еңбегінің зор табысы, баға жетпестік жемісі деп есептеледі. Қай тілдің болсын жазуы əріптік болатын болса, сол тілдің жазуы үшін емле – негізгі заң. Қазақ жазуы – əріптік жазу; демек, мұның да негізгі заңы – емле, яғни қазақ тілінің өзіне тəн емлесі бар деген сөз. Емленің қолайлы болуы, – бір жағынан алғанда, – алфавитке де қарайлас құбылыс. Осы күнгі қазақ тілі əріптік жазудың үш түрін біледі: арапша, латынша, орысша. Əуелгі екі түрдегі алфавиттер өз тұсындағы дəуірдің даму талаптарына сəйкес келіп, ежелгі «жазулардың» түрліше шартты белгілеріне қарағанда, прогрессивтік құбылыс болғанымен, тіліміздің советтік құрылыс дəуірлеріндегі дамуына төтеп бере алмады, емлені қыйындатты, сондықтан күн тəртібіне алфавитті жаңалау, өзгерту мəселесі қойыла келіп, ақыры дұрыс шешуін тапты: 1940 жылы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көштік. Бұл тіліміздің лексикалық, грамматикалық, емлелік, терминологиялық жақтарынан жалпы баюына, іргелі, тұрақты болуына бірден-бір дұрыс шара болды. Дəл осындай объективтік мүмкіншіліктерге ие бола тұрып, емле қатесі деп аталатын өте қолайсыз жағдайлардан арыла алмай қойғанымыздың себебі не? Біздің байқауымызша, толып жатқан ұсақ себептермен қатар, басты бір себеп бар сыяқты. Ол себеп ана тіліміздің ауызша жəне жазуша түрін қазақ интеллигенттгерінің бірсыпыралары жете бағаламайды. «Көзге айтқанның көнеуі жоқ» дегендей, дəл шынын айтсақ, осы күнгі қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавитін білмейтін, осы жазумен хат жаза алмайтын, тіпті оқый білмейтін интеллигент қазақтар бізден табылады. Бір тілдің емлесін тұрақты ету үшін, оның көптік қасиеті болуы шарт, яғни қазақ тілінде шығатын көптеген газеттердің, журналдардың жазу принциптері, нұсқалары əрбір қазақ интеллигентіне, əрбір сауаты бар қазаққа үлгі болуы керек, ол үшін сол адамдар қазақ тіліндегі газеттерді, журналдарды оқығанда өз сауаттытылығын арттыра беруді мақсат етулері керек. Емле сауаттылығына бірден жете қою мүмкін емес; көп оқу, қарастыру, дағдылану арқылы жетуге болады. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 21 декабрьдегі санында жарияланған «Ленин мен Сталиннің еңбектерін қазақ тілінде нəсихаттау – республикамыздың бүкіл партия ұйымының айбынды
міндеті» деген мақаласында Шаяхметов жолдас былай деді: «Əрбір облыстық аудандық жəне бастауыш партия ұйымында бұл жұмысты жақсылап жолға қою керек, бүкіл үгіт-нəсихат жұмысында марксизмленинизмді қазақ тілінде нəсихаттау мəселелері лайықты орын алатын болу керек. ҚК(б)П облыстық комитеттері мен аудандық комитеттері жанында қазақ тілінде баяндамалар жасай алатын, лекциялар оқый алатын, газеттер мен журналдарға көпшілікке түсінікті мақалалар жаза алатын білімді нəсихатшылар коллективін құру керек. Əрбір қазақ-коммунист қазақ халқының қалың топтары арасында ана тілінде марксизм-ленинизм нəсихатын жүргізуге тиіс» (Қара əріппен мен жаздым. Ə.Е.) Хат білетін адамдарымызды жетілдіріп, олардың ауыз сөзі мен жазу сөзінің мəдениеттілігін арттыра берудің қаншалық маңызды екендігін Шаяхметов жолдастың осы нұсқауынан анық аңғаруға болады. Емле сауаттылығына жетіспеген адамның ауыз сөзі де шалағай, ора-шолақ болады, өйткені жазу сөзі мен ауыз сөзінің мəдениеттілігін бір-бірінен айырып қарауға болмайды. Партияда бар жəне партияда жоқ қалың көпшілікке қазақ тілінде шығатын газет, журналдардың бұл жөніндегі пайдасы мен көмегі орасан зор; газет, журналдар өздерінің бұл жөніндегі тарихи борыштарына сəйкес те болып келеді. Дегенмен, бұл тұста газет, журналдарымыздың бірсыпыра кемшіліктері де бар; ол кемшіліктер əсіресе емледе болып жүр. Дəлел боларлық бірнеше мысал келтірелік. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 15 августағы санында басылған «Қазақ əдебиеті мен əдебиет зерттеудің күрделі мəселелері туралы» деген Баишев жолдастың мақаласында əдебиет зерттеу ісінің принциптік мəселелері айтылып, бұл жөніндегі бірқыдыру кемшіліктердің беті ашылған. Мұндай мақалаларды көптеген адамдардың оқуы сөзсіз. Ал, осы мақаланың емлелік жағында көзге көрінерлік мынадай кемшіліктер бар: мақаланың бірінші бағанасында жоғарыдан төмен санағанда 35-жолда «қателер» деп жазылса, содан төменгі төртінші жолда, яғни 39-жолда «хателер» деп жазылыпты. Осы мақалада: абырой, мағына, қабілетті, қадырлы деген сөздер осы күйінде жазылыпты, ал «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1941 жылы) деген документте дəл осы сөздер қаблет, аброй, мағна, қадір деп жазылған. Осы екі жазудың қайсысын қолдануымыз керек? Емле заңы – көпке біртегіс ортақ нəрсе; əркім өзінше өзгерте алмайды. Сондықтан аталған сөздердің сөздіктегі жазылғанын алу керек. Осында аталған сөздіктің бесінші бетінде мынадай нұсқау бар: «б) кейбір сөздердің аяғындағы «а» əрпі бізде жазылмайды. Мысалы: газет, минут, фабрик, т.б.» ал, газеттердің көпшілігінде «фабрика, фабрикалар» болып жазылып жүр. «Социалистік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 8-октябрьдегі санында Нұрышев жолдастың «Терминология
жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын күшейту керек» деген мақаласы басылды. Сонда «мағына» деген сөз дəл осы түрінде қате жазылыпты. Аңғарылмағандықтан қате кеткен болар деп ойлайын десең, осы «мағна» деген сөз мақалада 11 рет қайталаған, он бірі де «мағна» болып, қате жазылған. Осы мақалада: əлдеқайда, біркезде, бірбеткей деген сөздер де қате жазылған. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 1947 жылғы 24 декабрьдегі санының бірінші, екінші беттерінде басылған материалдарды тегіс құнттап оқып шыққанымызда, отыз бір емлелік, он жеті тыныстық қате табылды. Емле туралы сөз еткенде, ең алдымен осында аталған екі газетке тоқталуымызда мынадай себептер бар: «Социалистік Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан» газеттерінің беделі өскендігі соншалық, олар мектептерде ресми оқу құралдарымен қатар ұсталады, бұл, əрине, өте сүйсінерлік іс; осыны біздер, мектеп мұғалімдері, күнделікті оқытушылық жұмысымыздың тəжірибесінде көріп жүрміз. Сөздің расын айтсақ, істің шындық халі мынадай: егерде кейбір сөздердің қалай жазылуы жөнінде «шатақ» бола қалса, мектеп оқушылары мен оқытушылары «Социалистік Қазақстанға» жүгінеді. Солай болғандықтан, көлемді газеттердің төрт бетіндегі материалдарда бірде-бір емле қатесі болмаса екен деп тілек қоямыз. Бұл советтік өскен заманымыздың мəдени тілегі жəне заңды тілегі. Қазақ тілінің емлелік сөздіктерінің халі қандай? Бұл сұрауға жауапты сөздіктің өзі берсін. Біздің қолымызда 1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» деген документ бар. Сөздіктің кіріспесінде мынадай нұсқау бар: «Жаңа орфографияның ережелерінде негізгі сөздеріміздің, жалғау, жұрнақтардың жазылуы айтылған, əр сөзге бірнешеден ғана мысал берілген. Сондықтан, оған кірмей қалған сөздер, тұлғалар толып жатыр. Қолыңыздағы орфографиялық сөздік бұл кемшіліктерді жоюға арналды». Бұл не? Ұшан-теңіз сөз байлығынан «бірнеше ғана мысал беріледі» де, «қолыңыздағы орфографиялық сөздік бұл кемшіліктерді жоюға» қайтып арналады? Сөз байлығын сүзе келіп сұрыптағанда, бірнеше ғана мысал беру, сайып келгенде, кемшілікке соғып жүр. Сөздіктің қамтуын тарылта берудің нəтижесінде, ол терминология жəне емле жөнінде басшылыққа аларлық шын мəнісіндегі документтің дəрежесіне көтеріле алмай жүр; тіпті, сөздіктің бір жері екінші жеріне қайшы келетін жағдайлар да жоқ емес: сөздіктің кіріспесінде «фабрик» деп жазылған сөз 98-бетте «фабрика» болып жазылған болса, сөздіктің беделі төмендемей ме? Сөздікте: əсіресе, көкрек, келсап, фəн, құрлыс, Ханафия, хабар, нарқ, палуан, қуфия, неткен, неғып, дəстір, зиягі, зиялы, хиял, хиянат, мағлумат, хат, хурмет, худды, халық деген сөздер дəл осылай жазылыпты. Бұл əбден
дұрыс. Ал, осы сөздерді газет, журналдар, грамматика кітаптары, мектеп оқытушылары, əдеби шығармалар сөздікке бірыңғай жазып жүр ме? Жоқ. Ендігі жерде бұған төзе беруге бола ма? Жоқ. Сөздікті басшылыққа алу керек. Бұлармен қатар, жазылуы жөнінде əлі де ойласуды керек ететін бірнеше сөздер бар сияқты. Мəселен: нəсихат, тəбиғат деген сөздердің бірінші буынында сөздікте «ə» жазылыпты; сөздікте «қате» деп жазылыпты; бұларды: насихат, табиғат, хате деп жазсақ, орындырақ болмас па еді. Сөздікте орынсыз кеткендік те аздап бар. Мысалы: Бөрбасар, Бөрібай, Базархан, Баймақан, аңрау, ақырату, ататек, ата кəсіп деген сөздердің əртүрлі жазылуына дəлел не? Оның үстіне айта кетуді керек ететін нəрсе – Базархан, Баймақан, Бөрбасар, Бөрібай деген сөздердің жалқы есім екендігі сөздікте ескертілген, солай болғандықтан, мұндай сөздердің жазылуында бірқалыптылық болса қайтеді? деген сұраудың қойылуы заңды болатын сияқты. Сөздіктің өзара қайшылықтарын атамай кетуге тағы болмайды. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» мынадай ереже бар: «Баир, Таир, Нурпеис... сияқты жалқы есім болған сөздерде «и» сонорға айналмайды, сондықтан оның артынан «ы», «і» əрпі жазылмайды». Бұл басшылыққа аларлық нұсқау делік. Ал 1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы» деген екінші бір документте «Жанпеиіс» деген жалқы есім дəл осылай жазылыпты. Бұл тұстан – Жанпейіс пен Нұрпеистің айырмасы қанша?-деген заңды сұрау туатын сияқты. Жəне, біздің оқытушылық тəжірибемізде мұндай сұраулардың кездесіп жүретіні де рас, ал мынанікі дұрыс, мынанікі бұрыс деуге бізде дəрмен жоқ, өйткені сөздіктердің бəрі де – көпшілікке арналған заңды документтер; ондай документтерге жеке адамдардың құлақ қоймауына немесе ондай документтерді жоққа шығаруына еркі жоқ. Емлеміздегі біркелкі кемшілік біріккен сөздер мен қысқарған сөздердің жазылуында болып жүр. Қазақ ССР Жоғарғы Советі бекіткен (10-ХІ 1940-ж.) ережелік заңның 27 §-де былай делінген: «Бірнеше сөзден құралғанмен, бір мағынаға ие болған сөздер қосылып жазылады. Олар мыналар.... Алматы, Аманкелді..,». Солай болғанда, Қозыкөрпеш, Баянсұлу, Қызжібек секілді сөздерді баспасөз бетінде неліктен бөлектеп жазып келеді? Қызжібек деген сөздің бір компонеті болмаса, ол сөз əдебиет тарихының белгілі кейіпкерінің атын білдіре алмаған болар еді, демек екі сөз бірігіп бір мағынаға балама болып тұр екен. Қысқартылған сөздер жөнінде де бірсыпыра ойлану əлі де керек. Қысқартылған сөз өзінің толық түрінің баламасы болу керек. Мысал үшін айтсақ ССРО дегеннің толық түрі – Советтік Социалистік Республикалар Одағы – деген болып шығады. Ал, «ТАСС» деген сөзді осы қалпында
қысқартып қолданып жүрміз. Қазақ тілі сөйлем заңына сəйкес толық түрін айтсақ: «Советтер Одағының телеграфтік агенттігі» деген болып шығады: қысқартылуы толық түріне дəл емес. Осы сөзді қазақша «СОТА» деп қысқартсақ, дұрыс болар еді. Бұл, əрине, алғашқы кезде құлаққа ерсілеу естілуі мүмкін, бірақ зəредей де қиыншылықсыз, етене болып кетер еді. Емле белгілі принциптерге негізделіп қалыптастырылады. Қазіргі қазақ емлесінің негізделгені – морфологиялық-фонетикалық принцип. Егерде осы екі принциптің үстіне тарихи принцип дегенді де негізге алсақ принциптік жалпы жүйеден шығып кеткен сөз болмас еді жəне əрбір сөздің дұрыс жазылуын түсіндіруге де болар еді. Шынында: хор, кер, паз, кеш, мен, бен, пен, нікі, дікі, тікі деген қосымшалардың қандай сөзге болса да осы қалпында жалғануы, өлеңді сөйлемнің үнемі бас əріптен басталуы осы тарихи принципке жатпай ма? Осы тұрғыдан алғанда, ғасір, ғалім, мұғалім деген сөздерді де дұрыс жазар едік. Сөздікте жазылған «Нарқ», «Халық» деген екі сөздің жазылуына екі түрлі мөлшер қолданғандығына дəлел қайсы? Екеуі де зат есім; тəуелдесек, халқым, нарқым, халқы, нарқы болып, əуелгі буындағы «ы» жоққа шығады; «халық» деген сөздегі «ы» фонемін жазбағаннан емлеге келерлік нұқсан болмас еді; қайта, осы тектес сөздердегі аса маңызды емес «ы» ларды біркелкі ықшамдап жазуымыздың артық «жүгін» алып тастаған болар едік. Шынында да: тыйын, сыйыр, жыйын секілді сөздерді: тиын, сиыр, жиын деп жазсақ əлдеқайда қолайлы болмас па еді? Дəл осы бағытта доцент Балақаевтың да ұсынысы болған. Бұл мақалада сөз етілген мəселелердің кейбір оқушыға тіпті ұсақ көрінуі де мүмкін Біздіңше, ендігі жерде осындай өте ұсақ кемшіліктерге де жол беріп отыруға болмайды, үйткені баспасөздегі, жалпы жазу сөзіндегі ұсақ-түйек кемшіліктерді елемей көне берсек, ондай кемшіліктерге əбден бой үйреніп кетуі мүмкін. Редакциядан: Ермеков жолдастың «Емле мен терминологияның кейбір мəселелері» деген мақаласында көрсетілген кемшіліктер (бір сөздің бірнеше түрде жазылуы т.б.) «Халық мұғалімі» журналында да көп кездеседі. Мұндай кемшіліктердің келешекте болмауына журналдың редакциясы айрықша көңіл бөліп отырмақшы. Ермеков жолдастың мақаласын оқушылар жұртшылығының пікір алысуы ретінде басып отырмыз. Əлімхан Ермеков Терминология мəселелері (1910-1930 жылдар). Екі том. шығ. жин. Құраст.: Ш.Құрманбайұлы., О.Жұбаева, Астана: «1С-Сервис» ЖШС, 2005, 2 том. 55-62 б.
Тіл Жанның жайын жарыққа шығару жолы. Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика, біреуі – сөз. Мимика дегеніміз – жанның сырының дене арқылы сыртқа білінуі (бас изеу, күлу, жылау сықылды). Мимика тілін əркім-ақ ұғады. Бірақ мимикамен бар нəрсені ұқтырып болмайды. Мимика – ішкі сезім тілі. Мимика арқылы ойды жарыққа шығаруға мүмкін емес. Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз һəм басқа адамдардың ойларын біле аламыз. Сөз болмаса, адамда білім болмас еді. Атын атап, сөзбен бекітіп тастамасақ, жанда суреттер, ұғымдар тұрмас еді. Сөз болмаса, сөзбен адамзаттың бірін-бірі ұғысуы болмаса, жер жүзіндегі осы күнгі адамзат тұрмысы деген тұрмыс та болмас еді. Қысқасы, жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. Мағжан Жұмабаев Мағжан Жұмабаев Үш том. шығ. жин. Алматы: «Білім», 1996, 2,3 том, 288-289 б. Тілдің адам өмірінде һəм ұлт өмірінде алатын орны Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тіл арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып басқаға ұқтыра алса, адамның не арманы бар. Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын əдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Ойың толып тұрып, айтуға тілің жетпесе, іш қазандай қайнайды да. Қысқасы – адамның толық мағынасы мен адам аталуы тіл арқасында. Тіл əрбір адамға осындай қымбат болса, əрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнəрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмыс, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бəрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды,
терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып келе жатыр. Татардың əдебиет тілі жыл-жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев. Үш том. шығ. жин. Алматы: «Білім», 1996, 2, 3 том, 289-290 б. Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан Белгілі, мұнан бес-он жыл бұрын хат біледі-міс деген қазақтардың қолдан-қолға түсірмей, құлқынын құртып, құмартып оқитын кітаптары: «Зарқұм», «Салсал», «Алпамыс» тағы да солар секілді «қырды-жойды», «қиратты», «жеті бас», «айдаһар», «пері», «жалмауыз кемпір», «дəу» дегендей ұшы-қиыры жоқ түпсіз өтірік, қисынсыз хикаяттар еді. Міне бұған қазақ отағасылары көздерін жұмып, нанып, мейірлері қанып, кеңкілдей түсіп, шұлғысып, мүлгісіп отырған еді. Сондай шөп-саламмен қандары ұйып, жандары ұйықтап қалғығаннан қалғып, қаннен-қеперсіз отырған бір заманда... «тұр-тұрдан хабар келіп, ұйқыдан маза кете бастады». Бырқырап ұйықтай беруден жиренбеген, бұрын мұндайға құлақтары үйренбеген халық «Аллаңнан ойбайым жақсы» дегендей қылып, əуелгі кезде ордаңқыраса көздері шалған соң, көкіректері сезініп, құшағын жайысып, жарбаласып түсті. Бұрынғы «Зарқұмдарын» құмға көміп, «Салсалдарын» суға лақтырып, пері қыздарын аспанға ұшырып, ақырындап ескі достарына қош айтыса бастады. Сонан бері қарай беттері бермен етпеттеуде. Жаңа бір жас иіс туды, дегенді құлақтары шалса, қолдарын жайып, құшақтарын ашып, искеуге – мұрындарын, сүйуге – ауыздарын даярлап тұрмақ та. Қазақ секілді қараңғы көшпелі халықтың ішінде шыққан газет, журналдардың малтықпай тез жүріп, жеңіл кетулері сол етпеттеп тұруларының арқасы, өйтпесе, Самарқан, Түркістан, Бұхара, Ташкент жақтағы газеттер секілді адым жер шықпай, арбасы төңкеріліп қала берер еді. Олар мəдениетті болғаны қайда? Атам заман. Ата-бабаларымыз өнербілімді сол жақтан іздеген... Бет бері қарап, қол оң жайылғаннан бері қарай жыл сайын бестеп, ондап «жас иіс» жаңа талап риссалар да туып тұрды. Бірақ бұларды туды деп құр туғанына ғана сүйінбесе (екеу-үшеуін былай қойғанда) «осы қарағым
ер жетіп ернім аққа тиер-ау» деп үмітке кіріп, түшіркенерлік біреуі жоқ. «Қой бұты қозы саны» дегендей құраған, сұраған бірдеңелер. - «Бұрынғы қисаларымыздың-ақ (əдебиет) ақ көңілге күйе жағып адастырудан басқа пайдасы жоқ, бас қатырғыш хикаят еді» дедік. Ал енді адастырмай қанға қуат, көңілге көрік беріп алды түзуге қарай бұра бастайтын ақ үстіндегі қара қайсы? Ол жоғары айтқан кейіп жоқ, келісім жоқ, құр қатын ойбай. Екшеп-екшеп қарасақ «ойбай-ойбай бетім-ау, қайтермін-ау! Пəлен-ау, түген-ау» деп құр зарлаған құр ойбайдан басқа дым да шықпайды. Қайта бұрынғыларымыз «хикаят» болса да тілі қазақша, рухы қазақ рухына қарай бейім келгендіктен өзін сүйдіруші еді. Бұл жаңа ойбайда шата тілдер көп араласқан. Кейде шүлдіреп, кейде шолжыңдап жығылыпсүрініп жүрген жайы бар. Шүлдірге мысал: «Қолыңа ал қаламыңды, Қайғырып хал мұстақпал заманыңды. Намунə əр нəрседен көшіргіш ал, Яза бер, ойыңа алған кəлəміңді.
(«Милли шиғыр»)
Халықты бүкүн құяш шеттен,
Ыслахлық енді керек ертеректен.
Ашық қыл бізнің үшін ғазым атам»...
(«Əдебиет өрнегі») Керексіз шолжыңдап алғанға мысал: «Ойладым бір хикая шығаруға-ай Қалсын деп жақсылардың құлағында-ай, Қазақтың өткен хəлін естіп мен»... Сүрініп соқпағы қиыспағанға мысал: «Хан болып, халықты билеп бағзылары Көрсетіп əділшілік мінген таққа. Қан төгіп, бағзылары қаһарлы боп, Аямай зұлымшылық еткен халыққа. Ішінен дін үйренген ғалым шығып, Үндеген, хақ деп білген шариғатқа, Үйреніп дүние ғылымын данышпандар. Тырысып шақыруға жұртты жарыққа; Табылып арасынан жауыздар да, Жол бөгеп надандықпен тарқан артқа...» Қараңыз осылардың ішінде қайда қазақ тілі, қайда қиысқан назым? Қайда көңілге, тілге ойнау, теп-тегіс, өрескелсіз өлшеусіз өлең?.. Бəрі бір қатын ойбай екендігі əр қисыннан мысал жазып көрсетуге орын тар. Сонда да біреу, екеуін көрсетсем əнеукүнгі «Оян» рисала-
сында жазылған харіптердің орындарын ғана ауыстырған шала жансар (тəржіме) көшірме екендігін менен бұрын өздеріңіз-ақ айтарсыздар! Көшірме болғанда да жетіспей қалған жерім жинаған, бүркеулі жерін ашқан, кеткенін келтірген, кемтігін толтырған түзу көшірме дейсіздер ме? Жоқ, жоқ еліктей алмай солықтап, соқпақтап айырылып қалған көшірме. Мысалы: Көзіңді аш! Оян... көтер басты, Өткізбе қорлықпенен бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп жарамасты. Бұл түпкі нұсқа. Ал, қазақ көтер басты, аш көзіңді, Бір уақыт адам санап сен де өзіңді. Тұрсаңдар қараңғыда қор боласың Алашым теріс деме бұл сөзімді. Міне, бұл ананың көшірмесі. Мұның аты солықтау былай тұрсын аңқылдау емес пе? Бұзылған қанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, дертімізге шипа болады-мыс деген жараспал жаңа əдебиетіміздің «қатын ойбайға» айналып, əркім соны əн көріп бара жатқан соң, қазақ жазушылары-ау алдарыңа салып айтып отырмын: құр ойбай дегенмен ойбайдың да ойбайы бар ғой, жылаудың да жылауы бар ғой. Туыстағы тұрмыс дерті, зығырыңды қайнатып, бармағыңды шайнатып ықтиярсыз ызалы ызғарын төгеді, сай-сүйегің сырқырарлық ащы зарлы бебеулерін қағып көңі толқыған, жүрек түйінін тарқатады. Мен анық ақ сүйек, аты жоғалмайтын өлең деп, өнер деп соны айтамын. Сырт көрінісі қатын ойбай тұрсын, шайтан ойбай болып көрінсе де дəмі бар, маңызы бар ойбай сол, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жүректің сығындысы сол. Соның үшін ондай «ойбай», ондай «бебеу» табыла қалса, салған жерден өзі де шертке шипа бола кетеді. Басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді. Байтұрсынның «Қырық мысалдағы» мысал соңдарынан айтқан секілді. «Азаматтың», «Қайтер едің», «Шағым» деп өз басына түйіскендерін айтуы секілді. Қарасақ бұл айтқандардың бəрінде де өздерін жұртқа ауыз айтып көрсетушілік бар. Мəселен, марқұм Абайдың: «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас...
Саудырсыз сары қамқаны .............................................. Сезімде жаз бар шыбынсыз...» А.Байтұрсынның: Бəленің түрін көрген мен сары маса.. М.Дулатовтың: Бəйге алмас болғанменен жүйрік шаппай ...................................................................... деген өлеңдері секілді. Бірақ айтқандары артығымен шын. Шын жылығын жастың тамшысы, рас қайнаған сорпаның сөлі болғандықтарынан сезілмейді, сезілсе де басқалардыкіндей көзге қатал, көңілге суық тимейді. Қайта өзіңді сүйсіндіріп əкетеді. Осы айтылған ретпен болмай күндікке ізденіп, өзінше ойыңнан ұйқасыңқырап шыққан керекті-керексіз сөзді «өлең» деп қуанып жаза беру – дерті жоқ кісінің ыңқылдағаны. Толғағы жоқ қатынның бебеулегені қандай жексұрын болса, бұ да сондай жексұрын болады. «Қисынсыз қышқырған неткен тантық» деп Абай айтқанның көбіне ұшырап жүргендер көп. Нағыз шынын айтқан уақытта, қазақ тіліне деп бастырылған кітаптардың көбінде қазақтың исі де жоқ. Неге десең, дені бытпырақ, бытпырақ болмағандардың ағыны теріс. Рухын тексерсек, баяғы айтылған «қатын ойбай». Ал енді қазақты сіріге жамаған былғарыдай қай жеріне апарып жапсырамыз! Мен тілімізге шата тілдердің шатысуынан бегірек тілдің ағыны теріске бейімдеп, өріс алып бара жатуынан қорқамын. Біз бұралқы тіл кірмей ұйысқан сөз болса, ойбай мынау қазақша екен дейміз. Ескі сөздің қаспағына жаңа сөздің қаймағын апарып қатарластырып қарасақ та, ол ағын мен бұл ағынның арасы алты айшылық алыс кеткендігі көрінеді. Мəселен, мынау сөз: «Əбілхайырдың Руссия қол астына кіруінің мақсаты һəм де қазақ хандарының халық қасында күшсіз екендігі, саяси істерде қазақ һəм басқа шарық халқының хайлакер, ант бұзғыш, суз-қасд екендігі Русь үкіметі қасында анық мағлұм болмағандықтан, Əбілхайыр ханның бұл өтініші жағарғы даһираларда қуанышпенен қабыл етеді. Неге десеңіз, қан төгусіз, тек тұрғанда бірнеше милион халықтың өзі тіліп қосылуы Россия үшін бір шəриф еді». Бұл мұсылманша оқу мен жазушы атына кірген жастарымыздың тұңғышының сөзі. Жоғарғы мынау сөздің ағына салыстырып қараңыз: «Қазақта бір мақал бар еді: «Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табады, би деген ақ шариғат, ілуде бір-ақ қатын табады» деген. Сол айтылған билер жүзден шықты: Үйсін, Төле би, орта жүзден шықты; арғын Əйтеке би, кіші жүзден шықты; Алшын Əйтеке би, ең ақыры кеше қазақ Россияға қараған заманда Шоң билер болды. Ол қазақтың
ортасына құдай жаратқан билері бар заманда халық қандай халде болды, қой үстінде торғай жұмыртқалаған заман болды. Кеше Шоң деген кісі тоқты ұрлаған ұрыны таттырып өлтіртті. Жеті ұрыны бір көлдің басына тарттырып өлтіргеннен, сол көл «Ұрының көлі» атанды. Міне бұл тым арманындағы кісінің сөзі емес, мұнан 50-60 жыл ана бұрын жазылған сөз. Мұның аты: тіліміздің орнын сипалап қалуға бейімдеп бара жату болады. Осы күні қазақша сөз боп жазылады – қара бұқара жеңіл ұғынады. Егер орысша оқығандардың аузынан шықса, құдай өзің жөн бер!.. Шəкірттер өзді-өзі ғана ұғынады да қояды. Қара бұқара құлақты саңырау, дəнеңесін аңғаруға болмайды. Бұ... қалай? Мен түсіне алмаймын, жауап та бере алмаймын. Бұларды мен сыншы болып жазып отырғаным жоқ; сыншы болуға өзім сыннан өткен кісі емеспін. «Сабасына қарай піспегі» көргенімше көзге шыққан көсеудей сүйелдерін ғана көрсетіп отырмын. Шын тездің қолына түсіп түзете бастаса, бір журналы бір кітаптың саны толтырар əдебиетімізді бар деп атауға болады. Бірақ жетілген жұрттардыкіндей азуы алты қарыс емес. Соған қарай сыншы да балаң, бар моншағымызды бай қызының қолындағысына апарып салыстыра берсек, біздің бұлбұл дегеніміз қарға болып, дүлдүл дегеніміз есек болып шыға бермес пе екен? Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі. том. шығ. жин. Құраст.: Б.Мамраев., А.Еспенбетов., Қ.Ергөбеков. Алматы: «Ғылым», 1993, 2 том, 138-143 б.
Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мəдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы. Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмірдің қай саласында да өз пікір-толғамын, бағдар-бағытын білдіріп келеді. Осыншама санқырлы қызметін жазған еңбектері арқылы жалпылама тізбелеп жеткізуге болар, бірақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де мəдениетімізге орасан еңбек сіңірген адам ер жасы елуге келіп отырған шағында, біз оның қазақ əдебиеті мен халық ағарту
істері саласындағы қайталанбас қызметін атап өтуге өзімізді парыздармыз деп санаймыз. Ахаңның асқан ағартушылық жұмысын «Маса» атты кітабының басында келтіретін əйгілі Қожанасырдың сөзі арқылы тануға болады. Жиналған қалың жұрттан Қожанасыр былай деп сұрайды: «Сендер менің не айтқалы тұрғанымды білесіңдер ме?» Халық: «Білмейміз», – деп айқайлайды. Сонда Қожа: «Білмесеңдер несін айтамын», - деп түсіп кетеді. Халық тарап кетеді. Келер жолы жұрт Қожаның қойған сұрағына оның не туралы айтатынын білетіндіктерін айтса, ол білетін болсаңдар несіне айтамын деп кетіп қалады. Қауым амалсыз тағы тарасады. Үшінші жолы жұрт жартысы білетінін, жартысы білмейтінін жеткізсе, сонда Қожа: «Білетіндерің білмейтіндеріңе үйретіңдер», - деп тағы ештеңе айтпапты. Осы екі ауыз сөзде Қожанасырдың барлық ойының түйіні жатыр. Ахаң Қожаның осы бір əпенділігін кітабында тегіннен-тегін келтірген жоқ. Шындығында да, Ахаң өзінің бүкіл саналы өмірін сарп еткен қазаққа өзі білген нəрсесін ұтымды жеткізуден жалықпады. Сол үшін жанын сала тер төкті. Сондықтан да болар, оның еңбегінің өнімді жағы ағарту алқабында. Осыған дейін ел ішінде оқу-ағарту ісіне дəл Ахмет Байтұрсынұлын-дай еңбек сіңірген ешкім жоқ. Оның мəдени-ағартушылық қызметі ашық та айқын; егер біз əдебиетіміздің тарихына, тағдыр-талайына қатысты ең сорақы жағдайды еске түсірсек, ол ауыр да азапты күй Екінші Николай құлағанша болды. Соның зардабы біздің ұрпақ санасында əлі де сезіледі. Қалай ұмытайық, бəрі де біздің есімізде. Сорымыздың зоры ана тілімізде оқып, білім алудың тұтқасы дүмше молдаларды, қашқындар мен Хиуадан, Қарақалпақтан, Бұқарадан, Түркістаннан, Қазаннан, Сейітшілдер тобы мен Стерлитамақтан ақ шалмадан басқа түгі жоқ келімсек оқымыстысымақтардың, шəкірт тəрбиелеудің қарапайым жөн-жосығын да білмейтіндердің тізгінінде кеткені еді. Олар балаларды соқыр сеніммен арбап, діни ілімге оқытып, ата-аналарды тозақ отында молланың шыбығы тиген жер күймейді дегенге иландырып, жас шыбықтай солқылдаған жас ұрпақтың жанын да, тəнін де қинап азаптады. Олар молданың қолында сырттай, сыпайы, кешірімді көрінгенімен, іштей тасбауырлық, түйін байлап, кектеніп өсті: Абай айтқан өлмес өлең жолындағыдай: Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай болып сəлдесі, Малқұмар көңілі бек соқыр. Бүркіттен кем бе жем жесі, - деп түсінеді. Жан баққан, мал аңдыған молдада не қасиет болсын. Қасиетті жазуды бұрып оқуға ақ шалманың өзі де тоқтау сала алмады. Молданың айтқанын істеме, істегенін істе деген... Дүниеқоңыздық, байлыққа құмарлық оларды да аздырып біткен-ді. Олжаға таласқан құзғыннан не айырмасы бар?
Осының бəрі – біздің кешегі, рухани мəдени болмысымыздың жанды жеген дерті – қылмысты шындығы. Біздің құрдастарымыздан, əйел затын қоса айтқанда, молдалардың ойды өсіріп, сананы серпілткен мағынасыз, мəнсіз «ұстаздығын» кім түсінбейді? Екінші жағынан орыс-қазақ мектептеріне көңіл аударсақ, оның патша өкіметінің отарлау саясатына сай ашылғаны, соған бағытталғаны да бəрімізге аян. Бұратана мектептерге арналған заңның бірінші тармағы бəрімізге таныс. Бұл мақсаттың ашық та айқын көрінісі патша əкімдері мен ағартушыларының əртүрлі мейрамдарда сөйлегендерінен анық байқалады. Торғай губернаторы Барабаш өзінің мүшел мерекесінде «Өзіме бағынышты қазақ халқына православиялық дін мəдениетін таратып үлгермедім» - деп өкінгенін қарттар біледі. «Тағы жұрттардың ағартушысы» Ильминскийдің халық ағарту министрі Д.Толстой қатысқан қазан-татар семинариясының ашылуында сөйлеген сөзі баршаға белгілі. Ол бұратана мектептің басты мақсаты: бұратаналар арасында орыс православиялық шіркеуінің ықпалын күшейту, бұратаналардың біртіндеп орыстануына жағдай жасау еді. Патша өкіметі өз мақсатын қадағалай отырып, қазақтарға ана тілінде оқуға рұқсат етпеді; рұқсат бергеннің өзінде жағдайды ауырлата түсті. Медреселердің ашылуына орай қазақ тіліңде миссионерлік бағыттағы кітаптар көптеп шығарылды, православиялық діннің мифологиялық транскрипциясы алынды. Аз-маз сауаты бар қазақ осы істің басында Ильминский мен Победоносцев, Яковлев, Мироглов жəне басқалар болғанын, ал өмірде жүзеге асырушылар Алекторов, Васильев, Присне екенін біледі. Осы жолдарды жазып отырған адам бала кезінде ауылда бағынышсыз мектеп болғандықтан пристав келе жатыр дегенде, сабанның астын үңгіп тығыламыз деп тұншығып өліп қала жаздағаны əлі есінде. Міне, осындай мүсəпір қиын кезеңде Ахмет алғашқы болып дауыс көтеріп, қазақ мектептерін бір жағынан, дүмше молдалардан, екінші жағынан, патша миссионерлері ықпалынан құтқару үшін қызмет етті. Болашақ ұрпақты молдалардың дүмше дым білместігінен, сол секілді миссионерлердің жаңащылдығынан құтқару үшін Ахаң жалғыз күресті. Бұл жолда Ахаң жалғыз да алғашқы ағартуша болды. Оның жаңа қазақ алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі жəне сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылығы бойынша жаңа əріптер белгілеп, ана тіліміздің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты. Қазақ тілінде қолданылмайтын, мүлдем қажетсіз он екі араб əрпін əліппеден алып тастады. Бұл жазу емлеміздегі көптеген қиыншылықтарды жойды.
Бұған дейін бізде өз əліппеміз болған емес, дүмше молдалар əліппе жасай алмай, балаларды «əліп-би» шартымен қағаз жүзінде оқытса, ал миссионерлер Васильев, Алекторов Рожинский жəне басқалар қазақ əліппесін орыс транскрипциясымен берді. Сондықтан да Ахметтің жаңа алфавиті мен жаңа əліппесі біздің мəдени өркендеуімізге зор пайдасын тигізетін құбылыс еді. Жаңа алфавит тіліміздің таза сақталуына мүмкіндік туғызды. Жаңа алфавит əлемдік мəдениетпен араласа түсу жолын жеңілдете түсті. Жаңа алфавит халық мектептерінің өркендеуі жолында алып адым жасағаны анық. Қазіргі кезеңде Ахметтің алфавитімен басылған кітаптар, журналдар, газеттер мыңдаған баспа табақпен даланы шарлап, ең алыс қараңғы түкпірлерге дейін тарап кетті. Ал Ахметтің кітаптары болса қазіргі қазақ мектептерінде қолданылатын жалғыз оқулық. Оны Кир Наркомпрос қайталап бастырып шығармаса, сол қалпында қалмақ. Адамзат қоғамының идеологиялық жағынан толысуы өмірден де, техникалық прогресстен де қалыс қалып келеді. Сондықтан да идеология болмыстың (өзге) салаларынан консервативті. Идеологиядағы кертартпалық консервативтік ағымның салқыны, əсіресе, кейін қалған халықтарға, мəселен қазақтарға қатты зиянын тигізеді. Бұл, əрине, тың тұжырым емес. Идеологиялық консерватизм халықтың дамуына үлкен кедергі келтіреді. Бұл ой алфавиттік реформаға да қатысты. Мысалға орыс алфавитін орнықтыру мəселесі өткен ғасырдың 60-шы жылдары столыпиндік кезеңде шаруалардың орыс ойшылдары арқасында азат етілуімен тұспа-тұс келсе де, екінші Николайды құлатқаннан кейін ғана жүзеге асты. Мəдениеті бізден сөзсіз жоғары тұрған орыс қоғамының өзі дайын алфавитті тұрақтандыру үшін бұдан да күшті күресте айрықша қажыр-қайрат таныту керек болды. Қазақ арасында «Қадим» (ескіше) жəне «Жəдит» жаңаша, төтеше оқу деген мағына нақ осы кезден басталады. Бірақ бас-аяғы он жыл ішінде ескі молдалардың сағы сынып, біздің мектептерде жаңа азаматтық заң жеңді. Біздің мұғалімдер оқытып жатқан бүгінгі европалық əдіс – Ахмет Байтұрсынұлының жанашырлық қызметінің жемісі. Ахметтің жаңа оқулықтары жаңа əдістермен, қазақ өміріндегі жағдайға ғана орайластырылып қойылмаған, сонымен бірге ең соңғы жаңа методика мен дидактика əдістері тұрғысынан жазылған. Қандай да танымның, методиканың негізі – салыстыру. Талантты, озық ойлы методистердің бəрі де ежелден-ақ оқулықтарын осы салыстыру тəсіліне сүйеніп жазған. Ахмет өз əліппесіндегі материалдары да осындай жолды ұстанып отырып əзірленген. Ұғымға да, есте сақтап үйретуге де оңтайлы. Мысалы: ас сөзі аяғына қосылғанда аса,; соңына «р» жалғасақ асар; егер «а»-ны алып тастасақ сар жəне т.б. деген сияқты. Немесе сал сөзіне «А»-ны қоссақ, сала шығады, оған «Р» қоссақ,
салар болады жəне т.б. Мұндай мысалдардан шəкірттер біртіндеп сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын танып, мұғалімнің арнайы жетектеуінсіз-ақ жеңіл жəне еркін меңгеріп, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге ауысып өзі-ақ үйрене бастағанын аңғармай да қалады əрі өз бетімен оқып та кетеді. Тəжірибенің көрсеткеніндей жаңа əліппемен оқып-жазып үйрену үшін орташа қабілетті балаларға төрт апта уақыт жетеді екен. Ахмет Байтұрсынұлы педагогика мəселесі мен ғана шектеліп қалмай, халық ағартудың басқа салаларында да, əсіресе, тілге қатысты қыруар істер тындырды. Дəрежелі ғылымның дəлелдеуінше, тіл – мəдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден рухани, мəдени тозғындауға ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз. Міне, осы тұрғыда Ахаң өлшеусіз көп қызмет етті. Бізге тілдің тереңдігі мен шеберлігін, тіл мəдениетінің мəнін, қасиетін дəлелдеп, тілімізді құрметтеуге мəжбүр етті. Оның тіліміздің тазалығы мен дербес өмір сүруі үшін күресі бұл саладағы аса зор еңбегі – кеңінен мəлім, кімкімнен болса да зор. Бір кездерде мұсылмандар арасында ерекше бір толқын -пантюркизм болған еді. Ол кезде мəдени жағынан жоғары тұрмыз деп есептеген татар интеллигенциясы өзге түркі халықтарын татарландыруға, ішінде қазақ та бар, басқа да ұсақ түркі тайпаларын да ешқандай себеп-салдарсыз татар санауға болады дегендей ұсыныс та жасады. Оның өзі күллі түркі тектес жұртшылықта татар тілі қабылдансын дегеннен басталған еді. Кезек қазақ тіліне де таяған. Сол тұста Ахметтің ана тілімізді қорғап сөйлеуіне тура келді. Осыған байланысты «Шекіспей бекіспейді» деген мақаламен «Туған тілім» өлеңі жазылды. Міне содан үзінді. Кенің бай, келімің мол туған тілім, Дыбыстың сөз ғып теріп буған гүлін, Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен Мен қосып құтыла алмас қусам білім. Мен болман болдырамын татар десең, Мен жатпан босағаңда жатар десең. Осылай ана тілімізді қорғай жүріп, əдебиет пен тіл ғылымын дамытты, ілгерілетті. Енді біздің тілімізге ешкім тиісе алмайды, ал ол уақытта жағдай мүлде басқа еді ғой. Қазір бізге өз тілімізде жазуға, оқуға, сол арқылы мəдениетті көтеруге толық мүмкіншілік бар, газет оқу халық ағартушылығын арттыра түсетіні де сөзсіз. Орынбор губерниясында айдауда жүріп те Ахмет қазақ тілінде материалдардың жетіспеуіне,
жұтаңдығына, көмектесетіндердің жоқтығына қарамастан «Қазақ» газетін шығарады. Газеттің техникалық жұмысын өз жары мен қызы атқарады. Несиеге ала тұруға экспедитор мен хатшы да, алғашқыда қаражат та болмады. Газет қазақ өмірін жан-жақты əр қырынан алып, өкіметтің арам пиғылын жоғарыдан бастап урядниктерге дейін сынапмінеп отырды, сол үшін де газетке бірнеше рет айып салынып, редакторы бастап үйреді. Мұның да бастаушысы – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахметтің мəдениетімізге сіңірген еңбегі орасан зор, жазған кітаптары да аз емес, ол кітаптар ағарту мақсатында қызмет етумен қатар да, ғылыми тұрғыдан да аса құнды. Сондықтан Ахмет Байтұрсыновтың əдеби қызметіне қысқаша ғана тоқталсақ. Біздің жазба əдебиетіміз əлі жас. Ол қазіргі ақындар шығармасына да əсер етіп, өзіндік өрнек бедерін танытып қалады. Басқаша айтсақ, ақынға əсер тигізіп қана қоймайды, халықтың мəдени өсу деңгейінен, рухани құнарынан да хабардар еді. В.Г.Белинскийдің ақын – өз халқы мен ғасырының перзенті деген ойы шындықтан туған. Əлбетте, ақын – суреткер. Шығармасының мəні, нəрі шындықтан алынуға тиіс, онсыз ол дерексіз қызыл сөзге сүйенген тілші. Сондықтан да заман тудырған, уақыт толғандырған сұрақтарға ақын сергек қарауы керек. Уақыт шындығымен бірге толғанып, ел тағдырымен жаны бір тұруы шарт. Онсыз ақын құр өлеңші. Бұлай қарағанда, Ахметті өз дəуірін шындықпен суреттеген сергек ақын деп айта аламыз. Халық Абаймен танысқаннан кейін: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін; Оның ескі ақындар өлеңіне деген: Ақындары ақылсыз надан келіп Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап, - деген уытты сынынан соң, «Құны түскен кешегі өлеңнің» уақыты келмеске кеткен. Бұған біздің əдебиет тарихымыз да куəгер. Абайдан бастап əдебиетімізде жаңа бағыт пайда болды. – Егер, біз Абайды сол бағыттың кірпішін қалап, жаңа əдеби құрылысқа сілтеме жасады десек, Ахмет Байтұрсынов ірге тасын салып, қабырғасын көтерді. Ендігі əрлеп-сырлауы, əшекейлі күмбезі – болашақ ақындардың ісі. Бұл бағыттың бет-бағдары – біздің ақындарымыздың халықты жарыққа, білімге мəдениеттің даңғыл жолына, жарқын өмірге жетелуге ұмтылдыруы. Біздің ақындар ақындығымен қоса ағартушы да, ғалым да.
Ахмет шығармаларының сырт пішіні шебер: қарапайым, оқуға жеңіл сазды, сөздері үйлесімді, ұйқасы ұтымды болып келеді. Көркем шығарманың пішіні туралы Ахмет өз өлеңінде: Оюын ойып, орындап қойып, Түр салғандай өрнекке. Қиыннан қиып, қиырдан жиып Құрап сөзді термекке, - деп қалай жазса, солай орындауға ұмтылған. Ақын, ағартушы аудармамен де көп айналысты. Көркем туындылары негізінен осы екі салада – аударма жəне түпнұсқа болып жазылған. Бəрінен де Ахметтің ден қойып, көп аударғаны Крыловтың мысалдары, сосын Пушкин, Лермонтов шығармалары, басқа да өзі қалаған орыс ақындарының туындыларын ана тілімізге түсірді. Бұл орайда Ахмет Байтұрсыновты жаңа аударманың көш басшысы десек те болады. Аудару шеберлігі сондай, егер оқырман түпнұсқамен таныс болмаса, онда шығарманың өзге əдебиеттен екенін аңғармай қалар еді. Мысалды «Олегтің заты туралы əнінің» басынан келтірейік: Жар салып жасақ жияр білімді Олег, Білімсіз хазарлардан алмаққа кек. Қаласын, егіндерін азасы үшін, Отпенен қойған арнап қылышқа, деп. Немесе, осындағы Пушкин сыпаттаған ат сынын алайық. Сен неге жүйрік атым кісінейсің? Жабығып мұнша неге түсті еңсең? Ерігіп ауыздығын қарш-қарш шайнап, Бұл қалай, бұрынғыдай сілкінбейсің? Əлде мен бабын тауып бақпадым ба? Болмаса жемнен қысып сақтадым ба? Əйтпесе, əбзелдерің сəнді емес пе? Жібектен тізгініңді тақпадым ба? Малдырып сом алтынға үзеңгіңді Тағанды шын күмістен тақпадым ба? Ал түпнұсқамен салыстыратын болсақ, əуелде кім-кімнен аударғанын аңғару қиынға соғар еді. Ахмет Байтұрсынұлы Пушкиннен бе, əлде Пушкин Ахмет Байтұрсынұлынан ба? Бұл жəй аудару емес, өнер жарыстыра творчесволықпен жеткізу. Аударма үлкен өнер. Басқа халықтарда да небір ұшқыр, жүйрік аудармашы-ақындары ішінде Жуковскийді мойындап, соған жүгіну қалыптасқан. Біздіңше, аудармашы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы Жуковский секілді таланттардан артық болмаса, кем соқпайды. Орыс əдебиетін қалай білсе, қазақ тілін де солай түсінетіндер бізбен келіседі ғой деп сенеміз. Ахаңның аударма арқылы мəдениетімізге қосқан үлесі жөнінде осылай ойлаймыз.
Ахметтің шығармаларының, музасының негізгі мəні – құр ой-қиялдан емес, қоғамның құрылысына, патша өкіметі құрылымына деген көңіл толмаушылықтан туған тебіреністер. Жарқын болашаққа, білімге, жарық өмірге құштарлыққа толы жігерлі толғаныстар. Ол халыққа қызмет етуде кеткен жаңсақтық пен қастандықты танып ашуда, оны түзетуде əшкерелеушілікті мақсат еткен ақын творчествосының сыншылдық, жол ашушылық сипаты күшті. Соның бəрі де халық мүддесімен астасып жатады. Ақын бір өлеңінде Николай патшаның режімін былай суреттейді: Боламын неғып ырза туысыма? Туыппын таршылықтың уысында. Шамам жоқ жан-жағыма қол созарлық, Тар өмірдің қысылғандай қуысына. Айта алмай шын сөзіңді қорғалайсың, Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да. Бар пайдаң өз басыңнан арталмаса, Мал құрлы мағына жоқ тұрысында. Ел-жұртына қызмет сіңіргісі келген көзі ашық азаматтардың дəрменсіз мүшкіл халін сезбеу мүмкін емес. Бұл – сол дəуірдің өзекті шындығы. Ақын Ахметтің айтуынша халық жағдайы былай көрінеді: Малың алдау, талауда түр, Жаның арбау, қамауда түр, Аяғыңды тұсау қысты Жақтарың құрсау қысты Көрмесінде пердең мықты. Осындай сьшшылдығы үшін ақын патша өкіметінің қыспақ та көрді. Қуғынға да ұшырады. Патша үкіметіне қатысты жазылған өлеңдері үшін түрмеде отырған ақын былай толғайды. Пəле деген төбеті балтырымнан қауып тұр. Жау білегін сыбанып, Пышағын қайрап жанып тұр. Бірақ, жабылған жала, қуғын-сүргін ақын үнін тұншықтыра алмады. Шындықтың үні үнемі Ахаң тілінен естілді де тұрды: Байқасақ, жезде, Бауыздар кезде Үн шығу бар емес пе? Үндемей өлсек, Сүйекпен көмсек, Кейінгілер демес пе? «Лақ құрлы бақырмай, Өлген екен япырмай».
Бұл жалаң қарсылық, жайдақ егес емес-тін. Сонымен бірге халықтың ішін жайлаған бойкүйез еріншектік, парықсыздық, басқа да түрлі жаман əдеттерден ақын өзі де жиренді, басқаларды да жирендірді. Бейқам, бейжай жұрт санасын қозғауға барын салды. Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының басым бөлігін өлеңмен жазған, прозасы жоқ. Қарасөзбен жазғандары газеттік, журналдық мақалалары мен оқулықтары ғана. Жарияланған шығармаларының ішінде лирикалық дүниелері кездеспейді. Бірақ, лириканы да тамаша жазғанын «Дүниеге» атты жарық көрмеген элегиясынан аңғаруға болады. Ол роман, повесть, драмалық көркем туындыларды əзірлеген жоқ. Оған мұршасы да болмаған тəрізді. Ахаң өзінің қуатын халықтың зəру мəселелеріне, күнделікті қажеттілігіне арнап, сарп еткен қаламгер. Өлең-мақалалары да, ғылыми да, ғылыми-зерттеу еңбектері де халық ағарту ісіне бірден-бір қажетті, өнегелі жолдың басы болған дүниелер. Қазақ халқы үшін Ахмет жасаған əдеби дүниенің көркемдік-əлеуметтік таным əлемінің əсері ғаламат. Оның «Маса» мен «Қырық мысал» кітаптары шыққанда халайық қалай қуанышпен қарсы алғаны есімізде. Өзімнің шағын шолуымды ақынның белгілі «Адамдық диханшысы» өлеңімен аяқтайын: Адамдық диханшысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Иə, Ахмет Байтұрсынұлы адамдық дəнін, қайырымдылық, махаббат мəйегін септі. Міне, қайырымдылық дəнін себуші мүлде жаңа жағдайда, өзі күрескен өмірден түбірінен өзгеше қоғамда 50 жасқа толып отыр. Туған əдебиетіміз бен халық ағарту ісіне пайдалы ұлы еңбек сіңірген казақ халқының ірі əдебиетші-ағартушысын шын жүректен құттықтаймыз! Қ.Құлманов Телжан Шонанұлы, Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008, 129-139 б. Көркем аударма туралы Алдымыздағы май айында болғалы отырған мəдениет съезінің бір талқылайтын мəселесі тіл туралы. Октябрь төңкерісі аясында өркендеуіне кең жол ашылған тіліміз, аз жылда көп олжа тапты. Соның бір пұтағы басқа тілдерден кітаптар аудару сол аудармалардың ішінде көркем əдебиетте бар. Аударма деген ат бізде жаңалық емес. Төңкерістен бұрын
да араб, парсы, орыс тіддерінен аударғандар аз болмаған. Бірақ төңкерістен бергі аударған заттардың сан жағы да, сапа жағы да бұрынғыдан басқа. Өйткені əр тап өзі үстем боп тұрғанда, өзіне лайықты ғана шығарманы аударды. Тап тілегіне келмейтін шығармаға сараң болады. Бұл таптық астар аударманың темасында да, əдісінде де, тілі мен стилінде де, аңғарылады. Діншілер араб-парсыдан қазақ тіліне дін кітаптары мен «Қу бас», «Жұм жұма» сияқты қисаларды аударған. «Жұм жұма» өлеңі қазақ арасында Исламның күшеюіне көмек еткен. Абайдың Некрасовты аудармай Пушкин мен Лермонтовты аударуы, «Қазақ» газетінің Горькийді аудармай Чехов пен Толстойды аударуы. Байтұрсынұылының Некрасовты, Салтыковты, Горькийді, аудармай, Крыловты, Пушкинді, Лермонтовты, аударуы да осындай таптық көзқарастан туған. Қазақтың ақсақал, бай табы орыстың феодал мен байлар табының жазушыларын сүйсініп оқыса, пролетариат пен еңбекші қара шаруалар Горкий сияқты пролетариат жазушыларын сүйсініп оқиды, қазақ тіліне солардың көп аударылуын тілек етеді. Некрасовтың «Солдаттың анасын», «Темір жолын», Пушкиннің «Жебірайыл Намасын» ұлтшыл ақындар аударған жоқ. Ілияс аударды. Бұл мысалдардан аттап аудармаққа өз қарабылынан қарап аударатынын жаңа аударма темасын тандап алудың – таптық астары барлығын көреміз. Мұнан пролетариат қажат таптың көркем əдебиеттегі классиктерін аудару керек емес деген сөз тумайды, тек пролетариат аударманы өз қарауынан сұрыптап пайдаланды деген шығады. Шекспир, Гете, Пушкин, Толстой, Тургенев, Салтыков, Чехов, Фердауси сияқты ұлы классиктерді тек пролетариат қана дұрыс бағалап, дұрыс түсініп, дұрыс құрметтей алады. Абайға пролетариат қана мəңгілік ескерткіштер жасап отыр. Аударманың темасы сияқты əдісінің де таптық астары бар, кейде табы жат аудармашылар түбірді жалған түске де бояды. «Надо пропитать комсомольцев духом коммунизма» деген Ленин сөзін Əлиханның «комсомолдарды коммунистік иіспен сасыту керек» деп аударуы түбірді пролетариатқа жат тап адамның жалған түске бояуы болады. Маркс пен Энгельс «Коммунистік монефесте» коммунистік төңкеріс болатынын айта келіп: «Dіe proletarler haben nіc htsіn іhіr zu verlіe ren al sіde ket ten» деген жерін Басанов басқарған аудармада «Пролетарии могут потерять в ней только свои цени» деген де, Адоратскии басқарған аудармада: «Пролетариями нечего терять в ней кроме своих ценей» деген. Соңғы аудармада қатты сенім, төңкерістік аттаныс ұраны зыңылдайды да алдыңғы аударма ол ойды солғындау елестетеді. Бұл мысалдарға қарағанда түбірді түрлі-жаға созбайға салып аударуға да, түбірге қолдан келгенше сəйкестіріп аударуға да болатынын көреміз.
Бұл негізгі мəселе туралы біз бұл жерде Ж.Əзімбайдың: «Жазушының стилін мүмкінше бұзбай дəл аудару керек» деген ойына қосыламыз. Оның мақаласындағы басқа кейбір ойларына қосыла алмаймыз. Төңкерістен бері аударма көбейіп те, сапасы артып та келеді. Талай жақсы аудармаларымыз бар. Өйтпесе де аудармамыз əлі дəлдікке жете алмай келеді. Ондай кемшіліктің бірнеше түрін байқаймыз. Оның бір түрі жоғарғы көрсетілген Міржақыптың аудармасы сияқты түбірге тікелей қиянат қылып, түбірді өз табының қарабылынан өзгерту. Мұндай бағытқа кезінде соққы берілген соң бұл күнде байқалмайтын сияқты. Бірақ аудармашылардың кейбірі көзге түспей, кейде қателіктер кетеді. Түбірді еркін аударудың екінші түрі – түбірге аудармашы өзінен қосып, кемітуі, өңдеуі. «Шақнама» осы сияқты аударылған көрінеді. Енді кейбір аудармалар – түбірді өздерінше əдемілеп, олпы-солпысын алған болады. Түбірдің сөйлемдерін кескілейді, ұзын сөйлемін қысқартады, қысқасын ұзартады. Сонан соң, түбірдің кемшілігін жойып қазақша ұлшындырып түсіндірдім деп тынышталады. Сондай аудармалар Гогольдің «Өлі жандар», Тургеневтің «Аталар мен Балалары», Гоголь «Өлі жандарын» былай бастайды: «Ворота гостиницы губернского города выехала доволно красивая рессорная не большая бричка, в какой ездят холостяки; отставные подполковники, также капитаны помищики имиющие около сотни душ крестьян словом, все те, которых называют господами средней руку». Оны қазақша былай аударған: «Н» қаласы губернелік қала еді. Осы қаладағы үлкен мейманхананың қақпасы да жеп-жеңілтек, əп-əдемі солқылдақ арба мінген бір жолаушы келіп кірді. Жұрттан иығы аспаса да, бірер жаз қара шаруаны билеп, кеуде буындарына қосылатын бір мырзалар болады. Əлгі кірген арбаның сыры көршісіне қарағанда сондай мырзалардың қатарына қосылатын қызмет жақыннан азандыққа айналған салт басты бойдақ полковник штап капитан алпауыттардың бірі мініп жүретін арба дерлік еді. Бұл аударма сөзінің жартысы артық оны астынан сызып көрсеттік, бір қатары түбірі де жоқ /үлкен, жеп-жеңілтек т.т./, бір қатары қазақ тіліне салақ қараудан артық кеткен/ «Салт басты», «Бойдақ екені бір сөз»/. Аудармаларда əуелі «бір жолаушы келіп кірді» деп соңғы сөйлемде «Əлгі кірген арбаны» дейді. Бірін-бірі қайсы. Сөйтіп Гогольдің 484 мыңда таңбалы 1-томы қазақша 585 мыңдай таңба болып шыққан. Гоголь орыс тілінің негізін қалаушылардың бірі. Гоголь тілінің жекеше қасиеті оның орамды сөйлемдерінде. Аударма Гогольдің стилін түсінбей, тек Гогольді түсінікті қылам деп түбір тілінің қасиетін жойып жіберген. Аударушы онымен де місе тұтпай, Гогольдің жұрттан озған жорға атын онан да бетер безендірем деп өз жанынан артық эпитет, артық метафора,
артық троптар қоса берген. Аударма бетіне орынсыз опа далапты жаққызған да алған. Біздің ұсынысымыз көркем əдебиетті, классиктерді тартқылап, əдемілеу, тілін безендіру аудармашының қолынан келмейді. Классиктерді бұзбай қолдан келгенше стилі мен мағынасын бұзбай дəл аударалық. Түбірді бұзып аударудың тағы бір түрі түбірдің тілі мен идеясын дұрыс түсінбегеннен туатын сияқты. Орыс сөзінің орайына түсінбей, мұндай аудармашылар өзі түсінбеген жерін шамамен аударып жібереді, түбір «бас» десе бұлар «қүлақ» деп қояды. Мысал алсақ «Өлі жандардың» VІІ – бөлімінің басында Гоголь бойына біткен шабытын пəрменінше жіберіп, ақындықтың тиегін ағытқанын кім білмейді? Бұл жерде Гоголь орғытып, ойқастап өз ақындығына да көз салып, əр шығармаларына сын бергенін кім білмейді? Ақындықты ағызып келе жатып Гоголь: «И долго еще суждено мне гудной властью идти об руку с мойми странными героями озирять всю громаднонесущуюся жизнь, озирать ее сквозь видный миру смех и незримые, неведомые ему слезы» дегенін, осы соңғы сөздері Гогольдің белгісінің үстіне ойып жазылғанын кім білмейді. Мұны қазақша бұлай аударыпты: «Жүгі ауыр тағдыр маған үкім еткен керемет бір күштің жетегіне еріп əңгімедегі жат қаһармандармен қол ұстап отырып əлде талай жерді жармалақпын», «Странные герой қалай», «Жат қаһармандар» болады? «Күлкімді көзілдірік етіп» қалай болады? Сонан соң іле шала Гогольдің: «И далеко еще то время, когда иным ключом грозная вьхога вдохновления подымится» дегені «Өзгеше кілтпен шабыт сандығының аузы ашылып...» - деп аударылған «ключ» – қайнар, бұлақ емес пе, ол қалай кілт бола қалды? Орыс тіліне ақын сөзі мен идеясына түсінбеу осы болады тағы. Түбірді қиқалап, бүзып, аударудың тағы бір түрі мен себебі – түбірде көрсетілген елдің ия таптық əдеп-ғұрпына, мəтел-мақалдарына, тұрмысына түсінбеуден болатын көрінеді. Бұған да бір мысал келтірелік: Тургеннев «Аталар мен балалары» деген атақты романында «Кирсонов» деген қаһарманның атасын: «всю жизнь свого тянуть – лямку» деп таныстырады. Мұны қазақша: «Өмір бойынша кеудесін қайыспен шандып өтті» деп аударған «Лямка» Еуропа халықтарының мойнына киіп кеме сүйрейтін қамыты. Орыстың «Тянуть лямку» деген мақалы қазақша арқасынан ер кетпеу, көні ағармау, ауыр жұмыста күн өткізу деген мағынада келеді. «Кеудесін қайыспен шанду» қазақша «Балдыр батпақ» мағынасыз сез. Сол романда Кирсоновтьщ ұлы шешесі: «допускала детей утром к ручке» деген жері: «Баланы таңертең ағып жатқан өзенге шығарды» деп аударылған. Орыс ақсүйектерінің əйелдері таңертең балаларына қолын сүйдіретін əдеті болған, сонда «допускать к ручке» дейтін бұл қалай «ағып жатқан өзен» болмақшы?
Аударушы əуелі орыстың тілін білмейді, екінші əдетін білмейді, үшінші Тургеневке орыс тілін үйретер болып: «ручка» -ны «ручка» -ға айналдырады. Тургеневтің: «Оно не могла привыкнуть к глухой столицой жизни» дегенін қазақша «Ол астананың у-шу өміріне үйрене алғанда жоқ еді» болып шыққан. Қиыр түкпірден келген əйелге Петров «глухая столица» екенін Тургеневтің қырағы көзі шалған. Өйткені, үйден келген əйелге бағып отырған тауығы, сауған сауыны, шомылып жатқан өзені, салып жатқан егіні у-шу малы жоқ астана қамау сияқты көрінген. Оны біздің аударушы сезбейді, Тургеневтің «Миловидная девицасы», «мұнайым қыз»-ға айналған. Орыстың «Она принадлежала к числу матушак командирша» деген мақалы: «Əйел кəмəндірдің санатына жатады» сияқты мағынасыз сөз тізбегіне айналған. Мұның бəрі түбірге аударушы өз жұмысына жауапты қарамай, түбір тілін, идеясын ондағы елдің мінез-құлық, əдеттерін жақсы білмей аударғаны аңғарылады. Орыстың «матушка комавдирша» деген Пушкин кезінен əдебиетіне сіңген мəтел сөзі. Ондай əйелдің байы бұрын шетте қызмет қылып, бірақ жұмыспен ісі болмаған. Үйдің де, түздің де, қызметтің де бөлігі əйелдің қолында болған. Сол əйел «матушка командирша» атағын алған. Қазақша «Би» шешейге жақындайды. Пушкиннің «Капитан қызының» шешесі де осындай – би шешей. Кирсоновтың шешесі де осындай би командирше. Енді бір жаман əдет – кісі аттарын қазақшалау «Өлі жандардағы» Чеховтың Окуркова «Қалдық қызы» болып аударылған. Бұл əдетті тастау керек. Бізде тағы бір əдет түбірдің өзінен аудармай, аудармадан аудару. Аудармадан аударуымыз – түбірдің бел баласы емес, «Құдының құдысы», «Құнан қойдың сорпасы» болып шығады. Сөйтіп, көпшілік Шекспирдің, Гетенің шығармаларының тұнығын сүзіп іше алмайды. Бұл туралы «Əдебиет газетінің» 6-нөмірінде оймызды толығырақ жазғанбыз. Сондықтан бұл жерге оны көп сөз қылмай, тек əр шығарма мүмкін болғанша түбірдің өзінен аударылсын деп ұсынамыз. Оның үшін аударушылар шет тілдерді үйренсін. Аударушыларға арналып шет тіл курстары ашылсын. Енді бір мəселе – өлеңдегі аудару туралы. Өлеңді аудару қара сөзді аударудан да қиынырақ. Өлеңнің идея – мағынасымен қатар ырғағы да, ұйқасы да, мөлшерін де сақтап аудару керек. Бүл күнге шейін Еуропаның қандай өлеңі болса да ақындарының көбінесе қазақтың төрт жолдағы 12 буынды қара өлең мелшерімен ия 8 буынды жыр мөлшерімен аударып келеді. Бізше бұл дұрыс емес. Лермонтовтың «Демон» деген поэмасын Абай да, Сəкен де, тағы біраз ақындарымыз 12 буынды төрт жолды қазақ мөлшерімен аударған. Аудармалары жүзіктің көзінен өтетін сұлу бола берсін, бірақ əдістері дұрыс емес деп ойлаймыз. «Демон», «Евгений Онегин», «Пауст» сияқты поэмалары ұлы ком-
позитор музыкаға салып, операға айналдырған. Опера түбір тілде сақынаға қойылса да, аудармасы қойылса да сол күйлермен сол əндермен айтылады. Ол күйлер біздің 12 буынымызға келмейді. Біздің аудармаларымыз сақынада қойуға жарамайды, Жылда дүние астаналарының сақынасында қойылатын операға айналған поэмаларды аударғанда біздің сақынамызда да сол күй сол əндермен қойылатын етіп аударымыз керек. Көркем аударма түбірді дəл аударып шығарма құрылысының, стилінің, тілінің ерекшелігін сақтау керек. Бірақ дəл дегендей құр сөзбе сөз аудара салу деп түсінбеу керек. Дəл аудару деп түбірдің мағынасын бұзбай дəл түсіндірудің үстіне оның ырғағын, сөзінің оралымын, тілінің өзгешелігін, оқушыға беретін əсерін, ойының құйқылжуын келтіріп аударуды түсінуіміз керек. Қазақ сөйлемі құрылысының өзгешеліктері бар. Сондықтан түбірдегі сөйлемдер сөзінің орнын қазақша алмастыру керек. Түбірдегі өткір сықақ, келемеж, тапқыр қуақы сөздердің құрышын келтіріп аудару керек. Бірақ дəкір қалжыңбасқа айналдыру керек емес. Кейде ондай жерлердің түлеуіне қазақ тіліндегі сықақ, күлкі, қуақы сөздерді салып жіберуі де мүмкін. Өйткені түбір қазақ тілінде емес, басқа тілде жазылғанын естен шығармау керек. Сондықтан түбірді қазақ тілінде жазса, жазушы осындай сөздерді ұстаушы еді деп ойлау қате. Түбір əрі қазақ тілінде емес басқа тілде жазылғанын оқушы сезерліктей қылып аудару, əрі түбірдің мағынасы мен стилін, тілін дəл аударуаудармадағы диалектілік қайшылықтың бірлігі болады. Бұл қиыншылықты жеңу үшін, тіліміздің сөзі мен терминдер жетілген болу керек. Не дегенмен, тіліміз сөз бен терминге төңкерістен соң көп байып қалды. Сол байлықты еңбекші көпшілік төл мал қылып кетті. Мұнан былайда тіліміз жетіле бермек, байый түспек. «Қалауын тапса қар жинады» толық пайдаланса осы күнгі тілімізбен де сүп-сүйкімді аудармалар жазуға болады. Бұларды кейбір тəуір аудармаларымыз көрсетіп отыр. Аударушы түбірдің де, аудармасын да тілдерін жете білу керек. Оның үстіне екі тілді сөздердің, лебіздердің бір-біріне сəйкестігін де білу керек. Бұл да жеткіліксіз, екі елдің де, шығармадағы таптардың да мінез, əдеттерін жақсы білу керек. Міне, осыларды білудің үстіне аударушы түбірді бастан айақ оқып алып идеясына, стиліне сөздеріне жақсы түсініп алу керек. Сонан соң барып аударуға кірісу керек. Аудармада қойылатын тағы бір талап – стилін, мүмкінше сөйлем өзгешеліктерін сақтап аудару. Сол бағыт бас ақыңдардың аудармаларында сезіледі. Мұны баста аударуымыз да, қолдануымыз да дұрыс. Түбір жазып отырған жерінің мағынасына, мақсатына қарай стилін бірде екпіндетіп, бірде тежеп, бірде құйқылжытып, бірде солқындатып отырады.
Аударма осы құбылыстарды сезіп, сақтап отыруы керек. Мəселен, Гоголь сесіj kopbn жолда келе жатып ойға шомған жерін, ұзын тізбектен көшкен елдей, шумақтармен жазады. Қаһарманның сипатын, мінезқұлқын, ішек-сілең қатарлық ойнақы, қуақы тілмен жазады. VІ жаңа соңғы бөліміндегі ақынның орыс жері орыс елі, тройка туралы ойларын «Бірде шығар шарыққа, бірде сарқып тұнжия» зымыратып береді. Бұл жерлердің Қ.Құлманов Телжан Шонанұлы, Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008, 147-153 б. Пушкин шығармаларының аудармасы туралы Пушкин қазақ тіліне шет пұшпақтап аударыла бастағалы 50 жылдай болды. Сонан бергі аудармаларды толық қамтуға бір мақала жеткіліксіз. Сондықтан, біз амалсыз иінді ғана жалпы шолып өтпекпіз. Орыс пен батыс Европа əдебиетінің құнарлы бұлағынан емін-еркін тұна ішіп, тəрбие алған Алтынсаринді қоя тұрсақ та ХІХ ғасырдың соңғы жартысында туған қазақ ақындарының бірқатары Пушкиннің шығармаларымен таныс сияқты. «Орыста Гогол менен Пушкин өткен, Сөздері кейінгіге өлмей жеткен. Соңғылар əрбір сөзін пайдаланып,
Жайылып жер жүзіне даңқы кеткен» - дейді Құбəкір ақын. Бірақ, Құбəкірдің Пушкинді аударған – аудармағаны бізге таныс. 1884 жылдардан бастап Пушкинді Абай аудара бастаған көрінеді. Сонан бері Пушкин шығармаларының аудармасын қарастырсақ, қазақ аудармаларының шарты, қазір ішіндегі жүрген жолы мен асқан белдерін көзге анық елестететін сияқты. Пушкин аудармасы əдіс жағынан да тема жағынан да басынан үш дəуірді өткізді деуге болады. Бұл дəуірлер қоғамдық тұрмысымыздағы жалпы аударма тарихымен, аудармаға көз қарастың өзгерісімен байланысты. Алғашқы дəуір – Абай, Шəкəрімдер аудармаларының дəуірі. Жалпы айтқандае, бұл дəуірде Пушкин бұрынғы қисалар сарынымен аударылған. Бұрын ертегілер мен қисалардың тек ұзын ырғағы алынып қана қазақ тіліне аударылған, түбірдің стилі, композициясы, тіл ерекшелігі кейіпкерлер жыға тануға келмейтін, түбірдің тек жалпы сүрлеуі ғана қалатын. Абай мен Шəкəрім Пушкинді де осылай аударған. Пушкинге қиса аударудың əдісін өте-мөте көбірек қолданған Шəкəрім. Қара сөзбен жазылған «Добровскийді» өлеңмен аударғанның өзі осыны көрсетіп тұр. «Добровский Пушкин! Несколько лет тому назад в одном из своих Кизшла Петрович Троскунов» деп бастаса, Шəкəрім:
«Жер айналмай тұрмайды дүние жай Келер кетер адамзат із қалдырмай. Қол кеткен көп заманның бір кезінде Болыпты Троскунов деген бір бай»,- деп қолтума пəлсапасын араластыра аударады. Осы 4 жол өлең ішінде тек Торайғыров /оның да аты өзгерілген/ деген жалғыз-ақ сөз Пушкиндікі. Оның үстіне:
«Жоқ өлме-жаным тірі өлеңімде,
Жаңғырат қуармайды денем гүлде» /аударма Қалидікі/ деп отырған, кеңес тұсында жаңғырып отырған Пушкиннің Шəкəрім «Келер кетер адамзат із қалдырмай» деген молдалар пəлсапасын салып, қиянат жасайды. Сонымен ақырында Шəкəрім аудармасынан ия Пушкинді тануға ия бір дəуірдегі орыс тұрмысының суретін көруге, ия Шəкəрім Пушкиннің мына жерін аударып отыр деп салыстыруға да болмайды. Шəкəрім бұрынғы ертегілерді өлеңмен аудару əдісінің шеңберінен шықпаған да, шығуды ойламаған. Абай аудармаларында ерекше бір жаңалық сезіледі. Ол жаңалық Абайдан бұрынғы аудармаларымыз тарихында болған жоқ-ты. Жаңалық дегеніміз – Пушкиннің өз ырғағын қазақ поэзиясында бұрын болмаған түрді сақтап аударуы. Абайдың бұл бағытты əсіресе Татьяна мен Онегин хаттарынан көрініп тұр. Біздің ойымызша, Татьянаның «Алғашқы хаты», Онегиннің «Соңғы хаты», «Татьянаның соңғы сөзі», «Е.О.» операсындағы əндерге салуға келіп қалады. Дегенмен Абай аудармасы қандай көркем, қандай сұлу десекте, ұстаған əдісінің ішкі мазмұны бұрынғы аудару жолынан тым жырақ ете алмаған. Қ.Құлманов Телжан Шонанұлы, Астана: «ҚЭКО» ЖШС, 2008, 159-161 б. Емле кемшілігін жою туралы 1. Бір бөлімдегі тəуір бала мен нашар баланың арасындағы айырмашылық аспан мен жердей болып отыр. Мұнан тəуір бала ілгері жүре алмайды. Нашар баладан бəрібір пайда жоқ, ол тек бөлімнің арасында тізім болады да отырады. Сондықтан өте нашар баланы бөліп, өзінің мардамы жететін бөлмеде ұстау керек. Сол бөлменің дүрмегіне ілесе алатын нашар балада айрықша арнаулы көмек ұйымдастыру керек. Көмек түрі – нашар балаға сабақ үстінде айырықша зейін салу, кітап, құрал, қағаз, қарындашы мен қамсыздандыру, жетісіне екі-үш рет бөлек оқыту, жəрдем беру, атааналарын шақырып алып, түсіндіру т.т.
2. Бірінші, екінші бөлімдерде балалар сөзді, буынды, дыбыстарды тастап кетуінің басты себебі – сөз, буын, дыбыстарды дұрыс жітей алмаудан, оқытушының диктант əдісін білмеуден. 3. Жазғанда сөзді, буынды, дыбыстарды тастап кетумен күресу үшін 1, 2 – бөлімдерде балаларды көшіріп жазуға көп дағдыландыру керек. Көшіріп жазуды оқушылар көбінесе емле кемшілігін жоюда жəрдемші ету керек. Үйге көшіруге берген жұмысты да оқытушы түзеп, бақылап, сынап отыруы керек. Үйге көшіруге берілетін текст өте кішкене болуы керек. Көшіргенде бала емленің керекті жерлерінің астын қызыл иə көк қарындашпен сызып отырсын. 4. Емледе жаттықтыру үшін диктант жүру керек. Диктанттың екі үлкен айырығы бар: Сақтандыру жəне сынау – тексеру диктанты. Сақтандыру диктанты үш түрлі – көру, есту, шығарма жазу. 5. Емлені дұрыс білу үшін оны грамматикамен тілдің басқа жұмыстарымен байланыстыра отыру керек, жазған сөздерін бала грамматика жағынан талдап отырсын. 6. Тыныс белгілері, бір жағынан, сөйлем мүшесінің ережелерімен байланысты болса, екінші жағынан, баланың дұрыс ырғағына келтіріп сөйлеуі жəне оқуымен де байланысты. Сөйтіп, тыныс қателерінің бір ұшы оқуға келіп тіреледі, оқу үстінде де тыныс белгілерін түсіндіре отыруы керек. 7. Мектепте баланың білімін сынаудың бір жолы – жазған жұмыстарындағы қателерін түзету. Қате түзетудің түрлі жолдары бар. Əр түрлі жұмыстың қатесін əр түрлі жолмен түзету керек. 8. Қолы жаман баланың қатесі де көп болатынын экспедиция жұмысы көрсетіп отыр. Сондықтан баланың анық, əдемі жазуына күнде зейін салып отыру керек. 9. Емле жөнді жүрмеуіне себептің бірі – мектепте құрал кемістігі кезде «Əліппе», «Емле кестесі», «Тыныс белгілерінің кестесі» жоқ. 10. Басқа пəндер сабағы сияқты, емле сабағы да үш түрі болады: а) жаңа білім беру; ə) білімді сіңіру; б) білімді тексеру – сынау. Бұл үш түрдің бірі қалып қойса, емле сабағы дұрыс жүрмеген болады. А. Жаңа білім беру желісі мынадай болады: 1. Бұрынғылармен байланыстыру (жаңа біліммен сабақтас бұрынғы білімдерін келте қайтару). 2. Балаларға жаңа ілімнің мақсатын түсіндіру. Мысалы, «Бүгін қос сөздер жағын үйренеміз» деген сияқты.
3. Жаңа білім беру: кітапта иə тақтада жазулы текстен керек құбылысты бақылап, оқытушының жетегімен көзін үйрету, салыстыру. 4. Оқытушы жетегімен қорыту шығару. 5. Қорытуды жазып алу. 6. Балалар өз бетімен жұмыс істеп, бұл білімді сіңіру. а) ұсақ мысалдар ойлап табу; б) сол ережеге ылайықты сөздерден кесте жасау. с) кітаптан мысалдар іздеп табу; ж) оқу құралдарында берілген жұмысты орындау. 7. Балалардың з бетімен істеген жұмыстарын тексеріп сынау. 8. Үйге жұмыс тапсыру. 9. Істеген жұмысын шолу (біз не істедік). В. Емленің жаңа ережесін сіңіру сабағының желісі мынау: 1. Өткен сабақпен байланыстыру (өткен сабақта не білдік). 2. Мақсат қою (бəлендей ережені сіңіру). 3. Көрсету диктанты (жаңа, дұрыс жазылған үлгілерді байқату). 4. Керек сөздер кестесін жасау. 5. Мысал ойлап тауып, оны жазу. 6. Емле сөздігіне керек сөздерді жазып алу. 7. Үйге ықшамдап жұмыс беру. Екінші сабақта да жаңа ереже өзі реттеп сіңіріледі. Оның үстіне көшіру, текстті оқу, түсіндіру, білім сынау, тексеру жəне үйге жұмыс тапсырулар болады. Үшінші сабақта өткенді қайталап, тақтаға керек сөздерді жаздырып, сабақ мақсатын түсіндіреді. Оның үстіне мынадай жұмыстар қосылады: 1. Оқытушы тұрғысынан керек тексті оқу. 2. Оған сұрау қойылады (балалардың түсінігін байқау үшін). 3. Текстен соң бөлек сөйлемдер оқылады. 4. Грамматика жағынан талдау болып, тақтаға жазылған сөздер емлесі түсіндіріледі. 5. Жазады. 6. Жазғанды тексеру, сынау. 7. Үйге жұмыс тапсыру. Төртінші сабақта шығарма, диктант істеліп, керек сөздерді иə əріптерді балалардың өздері тауып жазады. Балалардың қателері түзеледі, тексеріледі, сыналады. Бесінші сабақта тексеру жұмысы жүргізіледі. Алтыншы сабақта балаларға жіберілген қателер жайында қосымша сұрақ болады. Міне, сөйтіп, бір ереже балалардың миына əбден сіңген соң, келесі ережеге көшу керек. 11. Балалар жақсы сауатты бола алмауына бас себеп – оқытушылар білімінің тапшылығы, əдіске шорқақтығы, тəжірибесінің кемдігі, грам-
матика мен емлені дұрыс білмеуі, оқытушылардың бір жерден, екінші жерге суси беруі деді. Қазақ тілін оқыту əдістемесінен хрестоматия. Б.Белғара. Оқу құралы. Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007, 28-30 б. Емле кеңесінің қорытындысы Араб əліппесі кезінде емлеміз кемшіліксіз сияқты көрінетін. Ол араб əліппесінің кемшілігінен екен: араб əліппесі тіліміздің көп қасиеттерін бүркеп байқатпайды екен: əсіресе, сөздің түбірі жалғау-жұрнақтармен қалай қосылып жазылуын айыру қиын екен. Жаңа əліппге көшкен соң бұрынғы емлемеіздің көп кемшілігі айқындалады. Былтыр өткен латыншылардың тұңғыш комперенсиесінде емле əңгіме болды, шешуі білім ордасы мен кіндік жаңа əліп комитетіне тапсырылды. Былтыр күзден емле жиылыс болып, пікір қорытылды. Самойлович, Шобанзада, Одахин сияқты түрік тілдері мамандарының пікірі алынды. Білім кеңесі құрған комиссия пікірлерді қорытып, тезис жасап, «Б.Қ.» Еңбекшіл қазақ. – Ред. газетінде жариялады. Үйен айының 2-4 жаңасында Қызылордада емле кеңесі өтті. Қазақтың тіл мамандары басқа кеңеске арнап орыстың бірқатар тіл мамандары мен түрікшіл білгіштері де шақырылды. Ленинградтан Юдахин, Мəскеуден Поливанов, Ташкенттен Унсетнен, Шмит сықылды орыстың оқымыстылары келді. Сол кеңестің қабыл алған емлесін «Жаңа мектептің» осы нөмірінде жариялап отырмыз. Емлемізде қандай өзгеріс болды. Əуелі емлеміздің негізі анықталды, бұрын емлеміз дыбыс жүйелі дегенмен де, белгілер көп араласатын еді. Мəселен, басқа сөзбен айтқанда, дүдамал жерлерді жазушы едік. Мысал: «Оқы-оқу» бұған қарай «жаз-жазу». Бір дыбыс анық естілсе де, өзгерген күйіне қарай басқа əріпті жазушы едік. Мысалы: «сап» естілсе де «саб» жазу сияқты. Осындай айнымал негіздер тез сауаттануға біраз кедергі болатын. Енді емлеміз негізгі тек дыбыс жүйесі болды: сөз қалай естілсе, солай жазылады. Бұл тез сауаттануға көп жеңілдік келтіреді. Онан соң қазақтың төл сөзі мен шеттен кірген жəне кіресек сөздерге бір-ақ түрлі емле ұсталды: шет сөздер де дыбыс жүйесімен қазақ тілінің заңына көндіріліп жазылатын болды. Бірақ орынсыз жерде шетсөз бұзылып жазылмайды. Сөзді «төл», «шет» деп айырмағанда ғана қалың еңбекшілерге тез сауаттану, шет сөзді сіңіру оңай болмақшы. Орынсыз шет сөздің тұлғасын бұзбасақ басқа елдер тіліндегі ілім терминдерімен
пайдалану жеңіл болмақ. Шет сөздер емлесі ең қиын мəселенің бірі болса да, кеңес шығыс тауып, жоғарғы айтқан негізді қабылдады. Кеңесте үлкен тартыс болған да осы шет сөз емлесі. Кейбір жолдастар да шет сөзді бұлжытпай жазу керек деген ойға бейімділік болыңқырады. Бұл жолды ұстағанда қазақ сөзінің, жат сөздің емлесі деген екі емле болып, қалың еңбекшілерге қиындық келер еді. Енді бір ағым шет сөзді адам танымастай өзгертіп, орынды-орынсыз жерде де «қазақыландырып» жазу, мысалы «осмысты» «оспыс» деп, «космитикені» «коспетик» деп жазу сияқты. Мұндай жазуды алсақ, қазақ тілі мен шет тіл арасына көрме құрған болар едік; көзге перде киіп, басқа ел тілін көргіміз келмеген болар еді. Сондықтан бұл ойды жақтаушы Елдес ұсынысына кеңес тегіс қарсы болды. Емле негізінде дыбыс жүйесін бүркеніп туыс жүйесін салғысы келген Ақан пікірі де бүркемеде қалды, туыс жүйесін алсақ қалың өсуіне бөгет тұратын болды. Емленің негізі өзгерген соң, бұрынғы жауымыздың көп жерлері де өзгерді. Мəселен, бұрынғы «саб, қаб, отырыб» жазылады, бұрын түрліше «оқыту, қуу, келуу, күллеу» болып жазылмақшы. Бұрын тұқымын қуалап «баратун, келетун» сияқты жазылатын сөздер енді естілуінше «баратын, келетін» жазылмақшы. Кеңестің тағы бір көзге көрінерлік жұмысы қазақ тілінің келешегімен санасады. Қазақ тілінде, басқа тілдерде де бірнеше сөздер қосарланып жүреді де, ақырында бəрі екпінге, бір дыбыс заңына, бір стимилогы жүйесіне көне басайды. Мысал: солай етсе-сүйтсе, бұл күні – бүгін. Бірақ кейбір сөздер бір мағыналы ғана болып қалса да, дыбыс заңдары жəне басқа жағынан қосылып жетпеген, əйтсе де бара-бара жымдасып кеитпекші, иа ашық оңашаланбақшы. Мəселен: «еді» қысқарып «ді» болған, бірақ сонда да «еді» түрінде сақтаған. Бұлардың мұндай жетілмеген күйін көрсету үшін сызықшамен көрсету керек: «келгенді, барған-ды». Бұл сызықшалар бөлекшелердің түп сөзге қосылып, жетпегенін, əрі бас билігін жойып келе жатқанын көрсетеді. Тіл өсе келе бұл бөлімшелер басқалануға да, қосылуға да мүмкін. Жаңа емле мен емле мөздігі басылып шықпақ. Жаңа емле жайында орысша-қазақша кітап басылып шықпақ. Жиылыстың тағы бір қазақ тіліне келтірген пайдасы – дыбыстарымызды ілім жолымен жіктеп, белгілі заңдарын көрсеткендік. Сол заңдарға сүйеніп емле жасауымыз. Жаңа емле дыбыстарымыздың күшті заңдарына құрылған соң үйренуі бұрынғыдан анағұрлым оңай. Əріптермен танысқан соң аз уақыт ішінде дұрыс жазып-оқып кетуіне болады. Жаңа емлеміздің жұртшылық жағынан, мəдениеторнату жағынан маңызы осында. Емлеміздің негізі дыбыстарымыздың еліктіру мен іріту заңдарына құрылып отыр. Еліктірудің бір түрі саналған үндестік заңы қазақ ті-
лінде бірте-бірте құрып келеді. Қазақ тілінде де, басқа түрік тілдерінің көбінде де таңдай үндестігі сақталып, ерін үндестігі иа мүлдем жойылған, не жойылып келеді. Сондықтан кеңес емле негізінде, таңдай үндестігін алса да ерін үндестігін алған жоқ. Бұл да тіліміздің өсу бағытын ескергендік. Бұрын əркім өз білімінше кез-келген жерге «ы-і» əріптерін жаза беретін. Баспаханадағы «ы-і» жетпей шатақтар туатын. Аудара қарап, ақтара тексерген соң кеңес: екі буын ішінде де үнді мен үнсіз дыбыстар арасына дауысты дыбыс салмай сыбай тұратынын ашты. Мысал: «қарт, ұлт, төрт» сияқты. Сондықтан анық естілмеген жерде бір буында сыбайлас үнді мен үнсіз арасына «ы-і» салып жазудың керегі болмай қалды. Бұл «ы-і» аз да болса кемуіне себеп. Біздің тілімізде əзір шұбарлық болмай келді. Сондықтан арасы 3000 шақырым жердегі қазақтар бірін-бірі бір ауыл адамындай түсініп келеді. Емлеміз тіліміздің айқын заңдарына құрылған соң тіліміздің өткен өмірі, бұл күнгі күйі, келешегі толық еске алынған соң мұнан былай да əдебиет тіліміз халық тілінен қашықтамайды деп сенеміз. Тіліміз шұбарланып тармақтануға, 8 диалекке бөлінуге жол ашылмайды деп білеміз. Қалың еңбекшілер тез сауаттануына емлеміз оңтайлы болды деп дəмеленеміз. Жаңа мəдениет орнатуға мұның мəні зор. Əрине, мінсіз іс қылу қиын. Емлеміздің кемістігі де болмай қалмас. Оны тұрмыс көрсетер. Күзге шейін жаңа емлені оқытушылар курстерінде, кəмпарансиелерінде толық үйрену керек. Осы күзден жаңа емле мектепте ұсталуы міндетті. Телжан Шонанұлы Телжан Шонанұлы мұралары (шығармалар, зерттеулер жəне мақалалар) Жур. «Жаңа мектеп», 1929, №5. ТЕЛЖАН. Жауапт.шығ. М.Мырзағұл, Б.Мырзабай. Алматы: «Ел шежіре», 2007, 265-268 б. «Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсінік Басқарушы мен болғандықтан оқушы жолдасқа түсінік беруді міндетім деп ұғындым. Біздер «тілмашты» жағропалықтарға арнап жазғандықтан өте сирек айтылатын сөздерді кіргізді. Қазақ сөздерінің басбасына орысша «мағына» бердік. Егер қазаққа арнап жазатын болсақ «утонуть»-тың тұсына батпақ, кетпек, ғарық болмақ деп үшеуін де қосақтар едік. Оқушы жолдас тегінде батпақ пен кетпекті біледі екен, ғарық болмақ дегенді білмейді екен.
Тізушілер – Бұралқы ұлынан басқасы, Ақмоланың темірқазығындағы елдердікі. Сондықтан Ақмоланың жергілікті сөздері де мол кіріп отыр. «Тілмашқа» кірген сөздердің бірсыпырасы Радловтан, Будаговтан алынған. Қазақ тіліндегі ескі-жаңалы кітаптардан алынған. Мəскеудегі «Кіндік баспасөз» Мағжанға қаратып, біреуге көшіруге берген. Сол көшіруші де біраз шатақ кіргізіпті. «Қақалған үстіне жұдырық» дегендей, 400-дей сөз баспадан қате кеткен: кейбір сөздердің мағынасын жойып, не ауыстырып жіберген. «Қазақтың баспасөзінің қатесін көрсе еуропа əйелдері бала тастар еді», - деп Қыр баласы айтушы еді. «Тілмаштағы» баспаның қатесін көріп Қыр баласына қол қойдым. Ал енді оқушы жолдастың пікіріне келейік: «Оюланбақ», «шешеленбек», «əтештенбек» сөздерді керексіз табады. «Оюланған мінезіңді таста!», «Шешелеп келіп тамақ іштім», «Əтештенбе!» деген сөйлемдерді еуропалықтар оқыса керексіз табар ма екен? Оқушы жолдас: «Қазақша да емес, түсінікті де емес, жатық та емес» деп біраз сөздерді келтірді. Қазақша дегенде қазақтың төл сөзін іздейсіз ғой. Олай болғанда қазақтың сөйлеп жүрген сөздерінің жартысы араб пен парсінікі деушілер бар. Оларға не дейсіз? Орамалды сіз қазақтың төл сөзі деп ойлайсыз ба? Қазақша емес деп дауласқаннан кейін, əрине сізге түсінікті де, жатық та болмайды. Қазақ арасында айтылатын сөз бе? Сөз емес пе? Қазақ кітаптарында кездесе ме? əңгіме сонда болу керек. «Тауқымет» Жүсіпбек пен Мұхтардың жазғандарында кездеседі. «Ғадауат» Абайда бар. «Саранжам» Наурызбай батырдың қызбен айтысатын қисасында бар. Қазақ жас бала өлсе «шапағатты болсын» деп көңіл айтады. «Соламай» – Көкшетау уезінің сөзі. «Тоңғармақ – баспа қатесі, дұрысы – «тоңқармақ» үйді, шөмелені дауыл құлатса тоңқарып кетті дейді. «Ақыланбақ»-ты екінің бірі айтады. Соңғы төрт сөздің орысшасын Радловтан алғанбыз. «Тазданбақ» екі орында айтылады: 1) Еліріп сөйлеген кісіге «тазданба» дейді. 2) Соры бетіне шыққан шақатты көргенде «тазданған екен» дейді. «Ғаріп» – түбі арабтікі. Төңкерістен бұрынғы қиссаларда көп кездеседі. Оқушы жолдас-ау! Өзіңіз білмеген сөздің бəрін керексіз қылу, қазақша емес, түсінікті емес деу ақылға сия ма? Сыр қазақтарының «əрекетін» арқа жағында бəле мағынасында қолданады. Арқаның «əжептəуірін» бөкейліктер жаман деген мағынада жүргізеді. Осындай ретпен түсініксіз сөздерді, «Тілмашқа» кірмеген сөздерді, газет не журнал бетіне жариялап отырса, келешекте шығатын «Тілмаштың» толық болуына, кемшіліксіз болуына себі тиеді. Қошке Кемеңгерұлы Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 182-183 б.
Жат тіл оқыту əдісі Тіл оқыту əдістері толып жатса да, ең жақсы əдіс туралы мəселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту əдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар тіл үйретуді əріптен (дыбыстан) бастап көшу; одан сөзге, сөзден сөйлемге көшу керек дейді. Бұлай оқыту үйлестіру (синтез) əдісі болады. Екінші ағымдағылар тіл үйретуді байланысты сөйлеуден (связная речь) бастау керек, содан сөйлемдерді жіктеу, сөйлемнен сөзді жіктеу, сөзден буынды жіктеу, буыннан əріпті жіктеу керек дейді. Тіл құралын қолғабыс ретінде керекті жерінде ғана қолданып отыру керек дейді. Бұлай оқыту талдау (анализ) əдісі болады. Талдау əдісін осы күнде жақтаушылар көп. Бірақ талдау əдісінің кемшілік жері: Тіл құрамына үстірт қарағандықтан, жат тілді терең тексерте алмайды жəне жат тілмен ана тілді салыстыра алмайды. Əлі де болса тексерілетін жері бар. Сонда да жат тілді жазу, сөйлеу жолымен үйреткенде төменгі жобаларды ұсынады: 1. Жат тілді оқытқанда, аса қиын жерлерді ғана ана тілімен түсіндіру керек. 2. Жат тілді оқыту əдісі ана тіліндегідей болмау керек. 3. Сыртқы тұлғасын қиын орындарда ғана жат тілден ғана тілге аудару керек. 4. Ана тілден жат тілге өте сирек аудару керек. 5. Тіл құрамының ережелерін оқылатын сабақта түсіндіріп отыру керек. 6. Класта кітап оқыту сабақтың негізі болу керек. 7. Жат тілдің əдебиет тарихын толық оқытудың керегі жоқ. 8. Орта, жоғары кластарда үйден даярлап келуге сабақ беріп отыру керек. 9. Жат тілде өлең-тақпақ айтуға үйрету керек. 10. Орта, жоғары кластарда жазуға жаттықтыру керек. Осы күнде талдау əдісінің үш түрі бар: Бір түрі – əр елдің əдісі: тіл құралының ережелері оқылған сабақтан құратылып шығарылады, бірақ бір тілден екінші тілге аудару болып отырады. Екінші түрі – көрнекті əдісі. Мұнда шама келгенше ана тілі қолданылмайды. Күндегі өмірде сөйленетін сөздерден бастап, дыбыстармен таныстырғаннан кейін тура əңгімеше сияқты оқуға кіріседі, тіл құрамының ережелері оқылған сабақтан қорытылады. Көрнекті əдіс Еуропада көп таралған. Соңғы 15-20 жылдың ішінде Ресейге де жайылып келеді. Үшінші түрі – жаратылыс əдісі. Мұнда ана тілі деген, аудару деген болмайды. Бала жаратылысында ана тілін қалай үйренсе, мұнда да жат тілге солай үйрену керек дейді. Бұл əдіс Америкада көп қолданылады.
Əр ел əдісінің қолайсыздығы: оқушы аударуға жəне тіл құрамына сүйеніп кетеді, сөйлесуге ора шолақ болады. Жаратылыс əдісінің қолайсыздығы: ана тілді, тіл құралын мүлде керексіз табады. Жат тілді үйретуді ана тілінің жолына түсіріп, жаратылыс заңмен орындау еш уақытта мүмкін емес. Технердің ойынша, ең дұрыс, қолайлысы – көрнекті əдіс. Мəскеудегі Центральный Гумманитарный Педагогический Институт жанындағы комиссия үйлестіру əдісін молырақ қолдануды дұрыс табады. Комиссия пікірінің мазмұны: 1. Мектепте жат тілді толық, мүлтіксіз үйрену мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың жаттығу жағын қарастыру керек. 2. Оқушылар ең кемі жат тілдегі кітапты оқи, түсіне білу керек. Ауызекі сөзге түсіне білу керек. 3. Жат елдің мəдениеті, əдебиетімен біраз танысу керек. 4. Оқытушыларды жаттықтыру жолы – жат тілден үйретілген сөздердің мəнісіне түсіндіріп, тіл құрамының ережелерін ұғындыру. 5. Оқыту реттері: оқу, аудару, жаттығу жəне сөзді көбірек жаттату. 6. Ана тілдің Тіл құралындағы, сөйлем жүйесіндегі ережелермен жат тілдікіні салыстырып отыру. Фриденбергтің «Еңбек мектебіндегі əдісі»: 1. Мектепте жат тілді оқытқанда сөйлеу жағын ғана мақсат қылуға болмайды. 2. Жат тілді үйреткенде көз, құлақ, қозғалыс əдістерін қолдану керек 3. Оқытушы дұрыс, ашық, қатты сөйлеп оқушыларға үлгі болу керек. 4. Оқушылардың əр сөзді дұрыс айтуына назар салу керек. 5. Ана тілден жат тілге аударудың керегі жоқ. 6. Сөзді құрғақ жаттау жағын азырақ алып, көбінесе сөзді жаттықтырумен есте қалдыру керек. 7. Аударғанда жеке сөздің мəнісінен түсіну қажет емес. Тек сөйлемнің мəнісіне түсінсе болады. 8. Тіл құрамының ережелерін оқушыларға оқылып отырған сөйлемдерден байқату керек. «Кітап оқу жобасы» Ганчина мен Кестеренікі: 1. Кітап оқу белгілі жобамен болу керек. 2. Оқу екі түрлі: түсіндіре оқу, не шолып оқу. 3. Түсіндіре оқуда ережелер жағынан тексеріледі. Көбінесе дұрыс, дəл ұғу жағына, сөз мəнісіне, əлпетіне назар салынады. Түсіндіре оқуды ІІ семестрден бастауға болады. 4. Шолып оқуда өз бетімен тексеру үшін үйлерінде де оқитын сабақ беру керек. «Сөзге байыту жолы» Ганчинанікі: 1. Тексерілетін, жатталатын сөздер көпке ортақ сөздер болу керек.
2. Сөз жаттағанда əуелі деректі сөздерден бастап, содан дерексіз сөздерге көшу керек. 3. Сөзге байыту үшін алғашқы кезде жеке сөздерді көбірек жаттату, артынан сол сөздердің басқа мағыналарын көрсетіп, қосақтап сөйлемдер жасату керек. 4. Құрғақ жаттаумен сөз миға қонбайды, ұмытыла береді. Олай болмас үшін сөздерді қосақтап, өзгертіп сөйлемдер жасату керек. 5. Қосақтау (жіктеу) реті екі түрлі: не сыртқы тұлғасына қарай жұрнақ қосқызу, не бір ұғым айналасына кіретін сөздерді біріңғай жіктеу. Осының екеуін де қолдану керек. «Жазу жолы» Фридинбергтікі: 1.Тіл үйрету үшін жазу – үлкен құрал. 2. Жазу реттері мынадай болу керек: а) Тексерілген сабақты түсініп көшіру. б) Тіл ережелерінің жаттықтыратын сұрауларға жазып жауап беру. п) Етістіктерге жалғау қосу. т) Оқып өткеннен кейін кітапты ашып қойып, сөздердің тұлғасы, жағы, шағы сияқтыларды өзгертіп айттыру, жаздыру. ғ) Көркем əдебиеттен аударту. д) Бір тақырып алып сол туралы оқушыларды бірлестіріп (коллек) жаздырту. е) Оқылған əңгімеше сияқтыларды қорыттырып (конспект) жаздырту. «Алғашқы жылдарда оқыту əдісі жəне програм» Мамунанікі: 1. Жат тілді оқыту үшін ана тілді білу керек. 2. Сабақтың негізі күндегі ауызекі сөздер болу керек. 3. Көз, құлақ, сезімдерін, қозғалыс орындарын күшейту үшін əр түрлі нəрселер, суреттер, ойындар, өлеңдермен пайдалану керек. Əуелі класқа, одан кейін үйге, қораға, бақшаға, көшеге, қалаға, ауылға, мемлекетке, жер жүзінде тиісті нəрселер болуы керек. Суреттер сол жат елдің тұрмыстарын айқын көрсетерліктей болу керек. Өлеңдер ырғақты болғандықтан əр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Өлеңнің арқасында оқушының құлағы жат елдердің тіліне, дыбысына жаттығады. Əр түрлі ойынды ойнағанда, ойнаушылар жаңадан сөз қосады. 4. Алғашқы жұмаларда жазу-оқу болмайды. Тек оқытушы үшінші бөлімде көрсетілген ретпен əр сөзді дұрыс айтуға жаттықтырады. Одан кейін оқытушы оқушыларға таныс сөздерді қара тақтаға жазып, дауыстап оқыттырады. Сөзді бөлмей тұтас оқыту керек. Екінші семестрде таныс сөздерді кітаптан оқыту керек. Оқытушылар таныс сөзді оқыса аудармай ұққандықтан жат тілде ойлауға үйретеді. Алғашқы жылы түсіндіре оқу ғана болу керек. Əуелі оқытушы өзі оқиды. Сол оқылғаннан оқушыларға айтқызады. Содан кейін оқытушы ережелер жағын жіктеп көрсетеді.
5. Оқумен қатар жазуға үйрету керек. Көшірілетін сөйлемдерді күні бұрын түсіндіру керек. Оқушы таныс сөйлемдерді көшіргенде дауыстап оқып отыру керек. Жаттатқызғанда да осылай болу керек. Одан кейін суреттерге қарап нəрселердің аттарын жаздырту, біраздан соң сөйлем құрастыру. 6. Тіл құралы жеке оқылмайды. Тек оқытушы жат тілдің тұлғаларын байқауға үйретіп ана тілінікімен салыстыру керек. Сөйлеудің түйіні етістік болу керек. Нені болса да етістікке байланыстыру керек. «Əдебиетті оқу жолы» Мамунанікі: Қарап оқу – сабақ берудің негізі. Қарап оқуда екі түрлі, екі мақсат бар: не жат елдің тіл құрылысымен таныстыру, не жат елдің мəдениетімен таныстыру. Оқылуға арналған деректі саясат, шаруашылық, қоғам тұрмысымен байланыстырып сайлап алу керек. Бұл үшін əдейі арналып жазылған кітаптар, журналдар болу керек. Əдейі арналып жазылған кітапта көркем сөз өрнектері қарасөзбен де өлеңмен де болу керек. Жəне жат тілдің, жат елдің қара шаруалары, жұмысшылары туралы да, төңкеріс қозғалысы туралы да, қазіргі шаруашылық, қоғамшылық туралы да болу керек. «Аударудың керектігі» – Ганчинанікі. Мəскеудегі білім-тəрбие институтының програмында: «Мектеп жат тілдегі кітапты оқуға, ұғуға үйретеді», - дейді. Оқылғанды ұғынуға екі жол бар.: бірі – аудару, екінші – сөзге түсіну. Осы күнгі білім, тəрбие пəні аударусыз да жат тілді ұғуға болатындығын сипаттап отыр. Оқылғанды ұғу үшін тілдің, сөзді тұлғасын айыра білу керек. Оқымастан бұрын таныс емес сөздердің мəнісі, тұлғасы айтылады. Содан кейін оқытушы дауыстап оқиды. Осы ретпен жалпы мəнісі түйістіріледі. Ең артынан оқытушы ұғымсыз сөздердің мəнісін толық түсіндіріп екі сөздің арасындағы байланысты көрсетеді. Бұларды түсіндіргенде бұрынғы таныс сөздерді мысалға алу керек. Онда да қиын жерлерді ғана аудару керек. Аудару екі түрлі. Бір түрі – жеңіл сөйлемдерді аударғанда, негізіне жақынырақ аудару. Екінші түрі – көркемшілік жағын көздеу. Ана тілден аударудан онша пайда шықпайды. Өйткені мектепте жат тіл туралы алатын білім ана тілден толық аударуға шамасы келмейді. Қошке Кемеңгерұлы Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 185-189 б.
Мектеп қай тілде болу керек? (айтыс ретінде) Оқудың негізі – ауыл мектебі. Ол мектепті көздеген мақсатқа жеткізу үшін үйі, құралы, сайманы, кітабы, оқытушысы сай болу керек. Қазіргі ауыл мектебінің төрт түлігі сай деп ешкім айта алмайды. Бірі болса, бірі жоқ. Осы күнде ауыл мектептерінде комплекс (жиынды) əдіспен оқыту прграммаға кіргендіктен мектепте алдымен керегі оқытушы болып отыр. Оқытушы жеткілікті біліммен комплексті қолданса, мектептің басқа кемкетіктерін толтырады. Балаларға керекті білім береді. Өйткені комплекске керек жаратылыс, шаруашылық жағдайлары ауылдан табылады. Ал енді ауыл мектептеріндегі оқытушыларды алсақ, комплекс əдісін жүргізе алатындары некен-саяқ. Жазғы даярлау курстерден, педтехникумдерден шығып жатқан оқытушылар қайда? Қой бағып жүр ме? Курстен шыққан толық білімді пысықшылардың көбі түрлі себептермен басқа орындарда қызметте жүр. Ең аяғы милиция болып жүр, не ілгері қарай оқып кетеді. Педтехникум бітіргендері əке десең де ауыл мектебіне бармайды. Шаһарлы жерлерде қалады. Сонымен ауыл мектебіндегі оқушылардың көбі басқа қызметтерге қолы жете алмаған, не жарай алмағандар не шалғайлар, не өз шаруасымен байланыстылар. Бұл соңғы реттегі оқытушылар комплекс əдісін жүргізе алмайды. Көрнекті əдіспен оқытуға оқыту аспаптары, кітаптары басқа жағдайлы шарттары болмайды. Екі əдістің бірі болмаған соң, шала білімді оқытушылар бетімен оқыта береді. Балалар тиісті білімді ала алмайды. Осындай дүмбілез біліммен ауыл мектебінен бітіргендер шаһардағы орта мектептердің даярлау бөлімдеріне түседі. Өткен жылға шейін емтихан болған жоқ. Сондықтан əрбір оқытушы біліміне қарамай ілгері бөлімге кіретін болды. Əуелде білім жеткісіз шала жансар болғандықтан орта мектепте оқу ауыр болады. Жөнді түсінбейді, жыл сайын түсінбеу молая береді. Сондықтан бұл уақытқа шейін орта мектеп бітірді деген қағаз алушылар көп, бірақ толық білім алушылар аз. Жəне бұл уақытқа шейін ауыл мектебін де бітірмей, болар болмас даярланумен орта мектептерге түсіп жүргендер де көп. Енді емтихан шығып отыр. Бұдан былай ауыл мектептерін бітіргендерге өріс бұрынғыдан тарылады. Қағазбен ілгерілей беруге болмайды. Бұдан былай ауыл мектебі жоғарыдағы айтылған күйде болғанда ауыл мектебін бітіргендер орта мектепке түскенде ілгері бөлімге түсе алмайды. Ауыл мектебінде соңғы жылда оқылуға тиісті сабақтарды бір жыл қайталап оқиды. Олай болса ауыл мектебінің соңғы жылына шығарылған шығын желге кеткен шығын деп есептеу керек. Əзір ауыл мектептеріне жеткілікті комплекс əдісін жүргізерлік оқытушыларды таба алмайтын болсақ, ауыл мектебінде оқу жылдық болу керек. Осыған қарап орта мектептердің неше жылдық болуын шешу керек. Мұны шешпестен бұрын орта мектептерде
оқу қай тілде болу керектігін шешу керек. Кейбір жолдастар орта мектеп орыс тілінде болсын дейді. Ондағы дəлелдері: 1) Қазақ тіліндегі орта мектепті бітіргендер орыс тіліндегі жоғары мектептерге түсе алмайды. 2) Жеткілікті қазақша оқытушы жоқ. 3) Орта мектепке жеткілікті қазақша кітап жоқ дейді. Əр дəлелдің салмағын өлшеп көрейік. Бірінші дəлелді бетке ұстайтындар: Осы уақытқа шейін жарым-жарты қазақ тілінде болып келген педтехникумдерді, институттерді мысалға алады. Бұларды бітіргендердің орыс тіліндегі жоғары мектептерге түсе алмайтындықтарын көрсетеді. Бұл уақытқа шейін орта мектептегі қазақ оқытушыларының кемшіліктері: 1) Əуелде жеткіліксіз біліммен секірулері. 2) Орыс тіліне шалағайлықтары. Бұған себеп – орыс тілінің қазақ балаларына орыстарға арналған əдіспен оқытылуы. Сондықтан орыс тілінде оқытылатын басқа пəндерге де қазақ балалары түсінбейтін. Бұл кемшіліктерді жоюға болады. Ең мықты дəлел: жеткілікті оқушы жоқ деген. Егер орта мектепте оқу орыс тілінде болса бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы шықпайды. Ұлт мектептері, ұлт мəдениеті болмайды. Жəне басқа түрік ұлттары орта мектебін өз тілінде жүргізіп жатқанда қазақтың өз алдына ауа жайылуы қисынсыз. Орта мектеп орыс тілінде жүрсе қазақ тілінде кітап басылудың қажеті болмай қалады. Пəн кітаптары қазақ тіліне аударылмайды. Жеткілікті кітап жоқ деген күшті дəлел емес. Бірсыпыра кітап шығып қалды. Орта мектепте қолданылатын лабороторный əдіске қолайлы кітаптарды шығару бір-ақ жылдық жұмыс. Орта мектепте оқу қазақ тілінде болса, алдымен керегі жаңа түрмен орыс грамматикасын қазақшаға үйлестіру ғана «Орысшақазақша толық тілмаш» шығару. Осы күнде орыстарда неміс, ағылшын тілдері қандай əдіспен оқытылса, бізде де орыс тілі сондай əдіспен оқытылу керек. Орыс тілін оқытудан бастамастан бұрын, орыс тіліндегі əдебиет, пəн кітаптарын түсініп оқырлық дəрежеге жеткізу не болмаса орысша сөйлеу, орысша сөз, сөйлеммен дұрыс құрастыру көбінесе тəжірибемен болады. Орта мектепте қазақша тиісті пəндерден толық мағлұмат алғандар, орыс тілін толық үйренгендер орыс тіліндегі жоғары мектептерге даусыз түсе алады. Жалғыз-ақ тіліндегі пəн кітаптарының терминдерін бір шолып өтсе болады. Əзірге ашылып отырған, ашылатын орта мектептерді қазақ тілімен жүргізу үшін орта, жоғары мағлұматы барлардан реттілерін таңдап алып оқыту əдісін үйрету үшін үш айлық курс ашып, орыстың атақты оқытушыларын шақырып отыру керек. Енді бір бес жылда орта мектептерге жеткілікті оқытушылар еркін шығады. Оған шейін жеткілікті оқытушылар шығарғанмен табылмайды деп, үміт кесетіндер басым болса тəжірибе үшін Ташкент пен Қызылордадан екі орта мектеп ашып бірыңғай өтуді қазақ тілінде жүргізу керек. Орта мектеп қазақ тілінде болса, жоғары мектеп те бара-бара
қазақшаға айналады. Орта мектеп қазақ тілінде болған күнде округтік қалада ашылатын 2-басқыш мектеп те, педтехникум де жеті жылдық болу керек. Екеуінің де алғашқы үш жылы даярлау болады. Даярлауышқа ауыл мектебін бітіргендер кіреді. Үш жылдық даярлауышта жаңа əдіспен орыс тілін көбірек оқыту керек. Осы даярлауышты бітіргендердің 50 процентін техникумдерге, рабфактарға жіберіп отыру керек. 3 жылдық даярлауышты жақсы бітіргендер техникум, рабфакке кіріп орыс тілінде берілетін сабақтарды тыңдауға əбден жарайды. Əр ауданда жатақты (интернат) 5 жылдық үлгілі мектеп болу керек. Осы күнде мұндай мектеп Өзбекстанда ашылғалы жатыр. Мұны бітіргендер орта мектептің негізгі бөліміне түсетін болсын. Енді ауыл мектептері көпшілікке отырықшылыққа қарай үйлес болу керек. Қошке Кемеңгерұлы Қошке Кемеңгерұлы Таңдамалы. Алматы: «Қазақстан», 1996, 190-192 б.
МАЗМҰНЫ Алғы сөз .........................................................................................................3 «Дала уалаятының газеті» .............................................................................7 «Айқап» журналы .......................................................................................16 «Қазақ» газеті ...............................................................................................30 «Сарыарқа» газеті ........................................................................................73 «Абай» журналы...........................................................................................79 «Шолпан» журналы .....................................................................................93 «Ақ жол» газеті ..........................................................................................124 «Сана» журналы .........................................................................................209 «Таң» журналы ...........................................................................................221 «Жас Түркістан» журналы ........................................................................232 Тіл мəселесіне қатысты құжаттар ............................................................241 Алаш қайраткерлерінің жинақтарынан алынған тіл мəселесі туралы материалдары ...........................................................253
Редакторы МАУЫТОВ Н.К.
Корректоры ƏЛМҰХАМЕТОВА М.Қ.
Тех. редакторы АҚЫЛОВ С.Т.
«Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры
ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Б.Ө.ЖАҚЫП
Қайрат САҚ
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІ:
ТІЛ МƏСЕЛЕСІ
КӨПТОМДЫҚ
І1 том
Басуға 19.11.2014 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 25,0.
Таралымы 2000+300 дана. Тапсырыс №
Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің
«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС
050035, Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНІҢ
ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨПТОМДЫҒЫНЫҢ
ІІ-ТОМЫ
Ғылыми жоба жетекшісі
жəне жалпы редакциясын басқарған:
Қайрат Сақ – ф.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің профессоры
Құрастырушылар:
Эльмира Ерікқызы – жобаның ғылыми қызметкері
Алтынтас Дəулетқызы – жобаның ғылыми қызметкері.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру