Шаңқай түс
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Шәмшия Жұбатова
Шәмшия Жұбатова ШАҢҚАЙ ТҮС «Сөздік-Словарь» Алматы
ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз)-5 Ж 80 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз)-5 ISBN 978-9965-822-95-7 ISBN 978-9965-822-95-7 © Жұбатова Ш., 2015 © «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2015 Шаңқай түс. Өлеңдер/Шәмшия Жұбатова. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 288 бет. Жұбатова Ш. Ж 80 Ақын бұл кітабында адам жанының тазалығын, рухани құндылықты, мың құбылған қоғамдық өзгерісті өзіндік мәнермен айшықты жырлайды. Адамзат пен қоғамның ара байланысын, олардың қалыптасу сатыларындағы ішкі болмысының қыр-сырын нәзік сезіммен суреттеп, өз оқырманына салмақты ой айтуға ұмтылады. Суреткердің көзбен көріп, көкірекке түйгенін шебер түйіндеуінен қаламгердің тынымсыз ізденісте жүргендігі байқалады. Ақынның тілі шебер, теңеулері әсерлі, сөз саптауы жетік. «Шаңқай түс» жыр жинағы Шәмшияның шығармашылық жолындағы жаңа белес іспетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.
Шаңқай түс Қолтаңба Тірлікке кімдер келіп, кім кетпеген, Жанбысың жүрегіңді күн кептеген? Кеудеңді жейде қылып желге жай да, Түймеле алтындаған ілгекпенен. Келер күн, атқан таңда тілегің бар, Өзіңнің үмітіңді білемін бе әр? Тұрғанда ару көктем әз ниетті Баспасын адамзаттың жүрегін қар. Мен саған жыр тілейін, нұр тілейін, Ренжімес ертеңгінің жұрты кейін. Қауым жұрт қалам беріп, қол созғанда, Қалайша тоқталайын, іркілейін? Қолтаңба бекітеді босағаны, Шаңырақ өз шаттығын тоса ма әлі? Бір дауыс естуге ылғи ұмтылады Шамдары жыпырлаған көш алаңы. Тербелсін балдай сәби бесігіңде, Береке-ырзық болсын несібіңде. Данагөй қарттар бекер айтқан емес Тамаша бақыт бар деп осы күнде. Жөн болмас қымтырылып, қысылғаның, Жақсы еді көп ішінде ысылғаның. Мазасыз жүрегімнің дүрсілі ғой, Сізге деп қолтаңбамды ұсынғаным. Қолтаңбам жүрегімнің дүрсілі еді, Күледі ол, қуанады, күрсінеді. Сайрауық сандуғашын есіне алып, Сағынып бір кездері жүрсін елі.
Шәмшия Жұбатова * Мен өмірді сүйемін, сені сүйем, (Сүйе білген адамның өрісі кең), Мағыналы мына өмір жеңісімен. Дидарынан көктемнің көз алмаймын Аппақ бауыр қарлығаш келісімен. Көктем демі дегенім – сенің демің, Жұпар жаңбыр жауғаны – төгілгенім. Жүрегімнің жаңбыры құйылғанда, Елітумен жатады елім менің. Мен дауысыма аламын бұлақ қосып, Жатқан кезде дүние құлақ тосып. Шөлейттерге себемін шөлдеп жатқан Алақанмен мұхитты бір-ақ көсіп. Даңғазалы тірлігім ұрып аспап, Бірі тастап барады, бірі бастап. Сен ешкімді көрмейсің мен тұрғанда, Өмірі асқақ, мұңы асқақ, ғұмыры асқақ. Ауыстырып алғанда жыл дерегін, Күлімдеумен келеді іргеме күн. Қамығуды білмеген қайран уақыт, Қадірімді сен менің біл дер едім. Ақ шағала жазады ақ қанатын, Қалғып тұрған келеді қақпама түн. Жапалақтап ақша қар, жел ұйтқыды, Мен ұмытып қалғанда Ақпан атын.
Шаңқай түс * Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп, Сүйеп кел мені, келетін болсаң, кел, демеп. Ішінен бұлттың лайнердің даусын естісем, Қараймын көкке, жете алмай қалған сен бе деп. Аппақ гүл шашып, жұпарын төкті бақта өрік, Жайнасын дүние, жаныма шырақ жақ келіп. Жете алмай жатсаң, артынан өзің келерсің, Жүректің маған жартысын жібер қақ бөліп. Жартысын жібер жүректің, бөлмес не қалды, Бөлеміз сосын аспанды, айды, көгалды. Сағынтқан сонау жылдармен бірге ілесіп, Жадырай күліп жастығым қайда жоғалды? Қалмады дүние өзінің неге түсінде, Әніміз біздің айналып кетті құс үнге. Өзімді көрдім жете алмай қойған ұмсынып, Қол созып тұрған мен сені көрдім түсімде. Аққулар ұшты мамығы жібек бұрқырап, Іздедім сені жанымның даусы шырқырап. Жүректің нәзік жарақат алған тұсы көп, Таңып кет оны, жейдеңнің жеңін жыртып ап. Айта да берсең, армандар сонша көп, тегі, Ел ұққан даусым өзіңе ғана жетпеді. Басқаны қойшы, жанымда тұрып өзің-ақ, Жаралап кеттің, басқа бір амал жоқ па еді? Жаралап кеттің, ем іздеп қалдым талықсып, Алып шық мені, осынау күйден алып шық. Жәутеңдеп бізге нәресте көзбен қарайды, Гүл біткен тегіс қауыздан мөлдір тамып шық.
Шәмшия Жұбатова Жайық жағасында Қиын ғой өмір әманда, Қойдым-ау мұңнан айықпай. Отырмын келіп жағаңда Иесіз қалған қайықтай. Мен сенің келіп жаныңа, Сан рет, Жайық, сыр ашқам. Уақыт жылдам ағады, ә, Куә ғой оған Күн, Аспан. Көлеңке салып көзіме, Еңкейді күннің шапағы, Айтпақ па құстар әлдене, Шуласып неге жатады? * Аула ішінде аппақ гүл көміп есік, Жұлдыздарым жанады өліп-өшіп. Өң мен түстің ішінде талықсыдым, Өлең түсті қызғалдақ өмір кешіп. Көлеңкеден күнгейдің жырын іздеп, Тоғысады тау жақтан қырық із кеп. Көк майсаның үстіне құлап едім, Көктем келіп оятты тұрыңыз деп. Қайда барып мен енді тұрақ табам, Ғұмыр шіркін тұрады бір аптадан. Қызғалдақтар жайнады ойда жоқта, Қып-қызыл күн секілді қыр аттаған. Көз жасымды құрғатты көктем ішіп, Жарысуға гүлдегі жетпеді шық. Адаспастан, дариға, тапты мені Тырналардың дауысы жеткен ұшып.
Шаңқай түс Тербетіп, тебірентіп мұң ырғағы, Жайнаған жастығымды күн ұрлады. Жұпарын сарайыма себеледі Айналып жылдарымның жұмыр бағы. Жұпарын сарайыма себеледі, Керіліп аппақ желкен кемедегі. Мезгілсіз аққан мезгіл өзені кеп, Ойлантып кете берді неге мені? Кеңейген кеш ашылып жан сарайым, Жасырма, үнсіз өтті қаншама айың? Аққудай қанатымды үлпілдетіп, Жылдардың жоғын іздеп ән салайын. Сіз кеткенін айта алмастан ешкімге, Өксік үні араласып кешкі үнге... Сәуір, мамыр... естен танған кескінде, Ақша бұлттың ауылына көштің бе? Желкеніңді желге түзеп ақтың ба, Қапылыста қанатыңды қақтың ба? Аспан жақтан тағы бір ән жолдадым, Ақ бұлттарға шалқалап бір жаттым да. Ағады өмір ұйықтап жатқан тамырмен, Сәуір ме едің, бітпей қалған мамыр ма ең? Сізге Алланың аппақ жолын тіледім Қолдарымды жайып тұрып тәңірден. Жылағам жоқ, жүрек қана жылады, Кең даланың тұншыққандай бұлағы. Сол жағымда мөлдір бұлақ тұнады, Оң жағымда қар тасқыны құлады.
Шәмшия Жұбатова Кетті сәуір, қалды мамыр, балқыды, Толған айдың талықсыды бал түні. Өмір тағы жалғасады деп айтты Құрдымдағы құралайдың салқыны. Жоғалмаған желкен (дастан) Тағы да бір тірліктің күресі артып, Жеңілістен Жеңіс кеп іле шалқып, Әлжуаздар мүсіркеп аяғаннан Қызғаныштан күйгенің мың есе артық. Ақ теңіздің ақиық айдынында, Әскерлердің әдемі айбынында, Менің аққу жүрегім ән сап тұрды, Үлпілдетіп қанатын жайды мұңға. Аққу ұшты көлдерден сыңсып тағы, Сағынышы жүрегін тыншытпады. Әуеніне әуезбен демеу берді Шартараптың шырылдап шымшықтары. Сәби біткен оянып құрсақтағы, Жарық күнге тап-таза сыр сақтады. Бидайлы әлем тербеліп би биледі, Заулап ұшты бадана бұршақтары. Қалтылдама, желкенім, қалтылдама, Жарқын сәуле болады жалтылда да. Тұңғиыққа қалайша батып кеткен Ай астында көрінбей алтын қала? Тұңғиықтың таланты таңғаларлық, Мәтін керек әлемге ән қаларлық. Жоғалмаған желкенім айдындағы, Келе жатыр тағы да арман алып.
Шаңқай түс Балға малғым келсе де бармағымды, Тотықұстай құбылттым тармағымды. Жоғалмаған желкенім желбіреп тұр, Айдын қылып кетем деп арманымды. Әлдилеген дүние, әлпештеген, Келесің де, кетесің ән-кешпенен. Самғап ұшты саздары сандуғаштың, Ол әлі де қалқиды сан көшпенен. Жоғалмаған желкенім айдындағы, Ұзай бердің қанатың жайдың-дағы. Белдеу қалды әндетіп бесік жырын, Анам болып тербетті ай құндағы. Самсыраған сәуірдің самаласы, Шардараның шалқыған шағаласы. Мұңды ойлардың мүлгіген мұнарасы, Мына басы немесе ана басы. Таңның нұры тамаша тамылжыған, Тамылжумен айтады әнін жылдам. Сызылтатын сырнайын сандуғашым Сағынышын жолдады сағым жылдан. Жұпар шашты рауғаш гүл бақта маған, Алқымдарын ағытты ақтамақ ән. Қайтарады қайтадан қақпақылдап, Қарымтасын қайсарлық қақпалардан. Күнбағысым мойынын сенде бұрған, Емізігін емеді ембе-қырдан. Шашу шашты нұр-шуақ шашағынан, Теріп жеді несібін теңге-нұрдан. Желіп-желіп желмая желкілдеді, Көмейінен көбігі көлкілдеді.
Шәмшия Жұбатова Төгілді де тегештеп жұпар жаңбыр, Ақ маржаны көңілдің көлкілдеді. Алынбаған асқардың қақпалары, Жаушы болып отырды атқа бәрі. Жоғалмаған желкеннің желпінісі Анық боп тұр жүректе сақталары. Алтын таяқ керек-ау сүрінгенде, Тал қымсынды етегі түрілгенде. Жартас жаққа бардым да, жаңғырдым мен, Мұндай жағдай болмаған бұрын менде. Мен мәңгілік қалатын жаңғырықпын, Қылымсыған қызбын да, жар қылықпын. Жолығыңдар, жоқ іздеп шыққан жандар, Жоқтың өзін байқамай бар қылыппын. Айналса ғой, шіркін-ай, аспан кері, Мамық еді-ау ақша бұлт тастан гөрі. Асыдым да тасыдым, кеуде кердім, Мүмкін емес біреудің астам дері. Кім ұғады патшадай көңілімді, Тарылуды білгенмін, төгілуді. Жоғалмаған желкенім қайта келсе, Ариясын ағыстың айта келсе, Жаңғырықтан табамын көп үнімді. Өтпей қойды жәрмеңке Қояндыда, Бақыт құсы қонады баяндыға. Жасанды көл жалғанда жасымайды, Көріңдерші, Қапшағай оянды ма? Шынар болып шаншылған әр шыңдарда, Бала күнгі достарым, барсыңдар ма?! Алғы күнге адымдап барасыңдар, Қызғалдақтар төселіп аршындарға.
Шаңқай түс Арман күндер әдемі ақ тағалы, Мамырлайды мамығы қаптағалы. Төніп келді қара бұлт қабақ түйіп, Табанымен бірақ та таптамады. Есінеген жалқаулық жақ кереді, Білініп тұр мәңгілік бап керегі. Бабын жасап жүрер ем, алып кетті Сағындырған ауылдың ақ терегі. Мен көнемін бәріне, сағынғасын, Теңеуімнің білгесін табылмасын. Асықпасқа айдынға шарам бар ма, Ағын сулар асығып ағылғасын. Асықпасқа айдынға шарам бар ма, Қара таппай қалғанда қараңдарға. Жауқазындар көз ашты, жұпар шашты Жарылқа деп жалынып жарандарға. Кең дүниенің қақпасы ашылмаған, Тұтқалары көрсетті басын маған. Жол бойында ән тосып ұзақ тұрды Желбіретіп желдерге шашын ғалам. Мың күндік боп қалмайды бір күнгі әнім, Үн тыңдағым келеді, үн тыңдағым. Көре қалса, сүйгенін айтатұғын Мен ұнатам жүректің бұлқынғанын. Бал бұлағым бұлттардан бастау ішті, Ән әдемі, болғанда қос дауысты. Бұраңдайды бұрымдар бұлаң қағып, Сыңғырлайды теңгеден шашбау үсті. Ау ішінде тыраңдап тыран балық, Ұмыт болды санада бір ән қалып.
Шәмшия Жұбатова Қыр үстінде қаршыға қомданады, Қанаттарын аспанда қыран қағып. Кісілігін адамның хаттан таныр, Ал немесе отырған тақтан таныр. Адамдардың кеудесі ештеңе емес, Айтпай келген апаттан сақта, тәңір. Жаңбыр суын бұл ғалам тағы ішуде, Жапырақтар тірілді бақ ішінде. Жаңбыр менен жапырақ қауышқанын Табиғатпен теңдессіз табысу де. Самаурындар қайнасын, сарқылдасын, Қонақтарың күлкіден жарқылдасын. Самауырлы әйелден көремін мен Азаматтық ожданның ар-тұлғасын. Самаурындар қайнасын, сарқылдасын, Шәй ішкеннің дидары жарқылдасын. Самауырлы әйелден көремін мен Аппақ ана жүрегін, жар тұлғасын. Дауылдардың жеткенде дыбыстары, Шағылысты қаңтардың күміс бағы. Аппақ боран жеткенде есікке шын, Кешікпесін тәңірдің тыныш таңы. Бұршақтар-ай, бұршақтар, тоқтаңдаршы, Дидарымды жұпармен соқпаңдаршы. Тұзы жеңіл адаммын, тез күйетін, Судан да аршы сен мені, оттан да аршы. Бидайлы әлем қып-қызыл тербетіліп, Сабақтары сүйріктей жерде тұнып. Адамзаттың бақыты кеңістікте, Бидайлардың бақыты – жер бетілік.
Шаңқай түс Мен бидайдың қызығам бақытына, Қауыздары толғанда жақұтына. Жүрексінген шоқ жұлдыз уылжиды, Асығады өзінің уақытына. Жарып шықты жауқазын-жан талабы, Аңтарылған алқа-жұрт анталады. Сұлу бейнем шыққанда мүсінделіп, Қызғаныштың қабағы қанталады. Күні тұрды сүйріктей сүмбіленің, Жайып тастап жыладым мұң кілемін. Жасыл түсті бұрымы шайыр аңқып, Жүрегіме жаз айы тұнды менің. Қайран теңіз толқыды тулап қалып, Шұғылалы жүрегі шумақталып. Бойлауында белдеулі бульварлардың Көкшіл сирень бұрқыды будақталып. Қара көздер қиылып қарсы беттен, Маған жетер жолдарды аршып өткен. Тоғайыңның ішінде толғанайын, Аялдашы сәл ғана, жаршы-көктем. Таңғажайып ғаламның танымдары, Мамыр айы келді де, мамырлады. Көл бойында көгілдір гүл құшақтап, Көлбеңдеді мырзаның ханымдары. Адымдары әрқашан арпалысты, Жазық жолдар білмейді қалтарысты. Мен өзімнің бауырым деп ұғамын Жол бойында кездескен бар танысты. Жоғалмаған желкенім, қалтылдама, Жылдамдық бар жүзудің салтында да. Тұңғиықтан толқынға жүзіп шығар, Алтындығын дәлелдеп алтын ғана.
Шәмшия Жұбатова Тұңғиықтан толқынға жүзіп шығар, Менің әнім толғаудан үзік шығар. Тұтқындағы торыққан мен ғанамын, Қызғаныштың қамалын бұзып шығар. Қайнайды өмір қазанның қақпағында, Ағыс іздеп сарсылды ақпа құм да. Менің бала күндерім қол бұлғады Тақылдаған таңдайдың тақпағында. Мұхиттарым желкенін желбіреткен, Мұздақтарым төсінен сең күреткен. Арналардың бойымен ақтарылған Ағыс көрем, ағайын, мен бір өктем. Алауыртқан алтын таң төскейдегі, Қарауытып бататын кеш кейдегі, Жоғалмаған желкенім жол іздеді, Алға жүзді, таппады еш бейнені. Тұңғиықта жылтырап алтын қалам, Жыраулықтың жолдады салтын маған. Жауқазынды сыйлағым кеп тұрады Жанарларды көргенде жалтылдаған. Өмірім-ай, тізгіні дес бермеген, Тілдеріңді таппадым еш пернеден. Көгілдір кеш кешікті есіктерден, Керуенін тізілтіп көштерменен. Ақ бұрқақтар көзіңді аштырмаған, Толағайлы күндерім, тасты ұрлаған. Сағынышқа тірелген алтын сарай, Сығалаумен жүр әлі бастырмадан. Жоғалмаған желкенім, қалқып ұш та, Толқындарды жетеле талпынысқа. Желкендердің ерлігі-желбіреуде, Ұйықтардың ерлігі-тартылыста.
Шаңқай түс Айналып өт, желкенім, ұйықтардан, Жел боп сені тербетсін сүйікті арман. Алтын салған тегешке батып кетпе, Құйылыстар келгенде қиықтардан. Жер бетінің керемет мықтылары, Мықтылығын айтуға шықты бәрі. Мамығына теректің ұқсайды екен, Қаңтар айдың қопсыған құтты қары. Үлпегі боп теректің тұрған әлем, Ақ мамыққа шомылам бір ғана мен. Жырлауық күн ешқашан біткен емес, Жырын айтып қаншама жырғағанмен. Сайран салған күндердің артындағы, Жастығымның қайда екен алтын бағы? Жарқырайды күн болып жүрегімде Аяулы бір шақтардың жалтылдары. Жапырағы жайылған мен бір емен, Жүрегім бар шын сүйген, елбіреген. Тұңғиықтың түбінен аман шыққан Жоғалмаған желкенмін желбіреген. Арман, қайда барасың аспандаған, Аспанды да ұмытар қашқан ғалам. Шолпыларын тағады шашыратқы, Шашыратып шуағын шашқанда алаң. Шашырады шуағы шаттығымның, Басылмады арыны аптығымның. Елестері тереңде тебіренді, Татулығы тарқамас тәтті күннің. Анам барда мен қандай бақытты едім, Басқашалау алатын Уақыт демін.
Шәмшия Жұбатова Жолым тосып жүргенде сағынышпен, Жұтып жүрді жастығым жақұт лебін. Гүлді аралап көп жүрдім алаңдарда, Аққуларым қанатын таранғанда. Алма ағашы гүлдесе, ән жолдадым, Арманды әнге орадым анам барда. Жоғалмаған желкенім жол іздеді, Толқындармен алысып теңіздегі. Махаббаттың мәңгілік әнін айтты, Қос жүректің қосылып егіз демі. Құрақтары көлдердің көлкігелі, Ақпа құмдар шөл қысып елтігелі, Жоғалмаған желкенді іздеп таптым, Сахараның самалы желпігелі. Құстар сыңсып бақтарда тұра алады, Қызыл-жасыл күндер-ай құрамалы. Жүрегінен жып-жылы мейір төккен Барлығы да аңсайды бір ананы. Қайық біткен қалтылдап қара суда, Иірім іздеп тұрады бар асуда. Өмір ағып барады өзен болып, Өң мен түстің асығып арасында. Домбыраның қағысы қапталдағы, Соқпақ жолдар табанда тапталғаны. Жапан түзде жабыққан жалғыздықтан Жаңғырық қой жадымда жатталғаны. Кеңістікте ашылып тылсым анық, Қауыздары қаулады гүл шығарып. Күміс таулар күн жақта таңырқады, Көмейінен тұрғанда үн сұранып.
Шаңқай түс Күміс таудың ән қалды көмейінде, Ұқсамайтын сияқты ол өгей үнге. Аппақ гүлдер бульварьда будақтады, Көк түтіні көктемнің көбеюде. Ақ жаңбыры аспанның асығуда Қара жерге маржан боп шашылуға. Дауыл керген ақ желкен жолға шықты, Күміс толқын тербетіп қасығында. Қадамдары кеменің тарсылдады, Ашылғасын адымдап аршындары. Біраз болды, сарғайып сарғалдақтар, Сағыныштың елінде сарсылғалы. Жоғалмаған кемесі порталдарым, Тартылыстың күтеді тарта алғанын. Ақбас жалдар атылып мұхиттарда, Ақ жарылып айтады қарт арманын. Ақжал толқын, асықпа, аптықпа да, Салтанаттың салты бар сақтықта да. Толқындарды толқыннан алып кетті, Тақылдатып таңдайын тақ-тұқ қана. Тербетіліп толқынның толқындары, Анық болып тұр енді солқылдары. Толқын екеш толқын да іздеп өткен Өрен шағы өміршең өр тұлғаны. Менің мұңды мұздағым, мұңды ұнатқан, Жапырағын таба алмай күзгі бақтан. Самғай ұшып құс жолы төбемізде, Қарлы жолын барады із қып ақпан. Ақ жаңбырым мезгілсіз тырсылдады, Тырсыл қақты, үһілеп күрсінді, әні.
Шәмшия Жұбатова Айналды да тырнаға, тыраулады Жер бетінің тынбайтын жыршылдары. Көкшіл мұхит, кеңейіп тұр аумағы, Төсінде оның, өйткені, күн аунады. Сол кездегі достарым еске ала ма, Бала күнгі ойнаған бір ауланы? Айдың нұры астында таңғажайып, Арманым тұр қанатын талға жайып. Қара теңіз лықсыды кері қарай, Асығумен ағады алға Жайық. Өзен мен көл не деген толқымалы, Толқып біткен жоқ па еді ол күн әлі? Көл іздеді қайтадан көлбеуменен, Алматының айықпай сол тұманы. Қайран дүние қалқыды ән атында, Жетісудың жазира жәнатында. Махаббатым тағы да жолға шықты Жоғалмаған желкеннің қанатында. Көктемдегі елдердің көк түнегі, Байқамай-ақ бақытты етті мені. Түнгі аспанның көгінен жұлдыз ақты, Қара түннің қойнына от түнеді. Сарыарқаның самалы самсыраған, Шардарада шайқалтты шамшырақ-ән. Біреулер бар көргенде хал сұраған, Біреулер бар күлгенде ән сұраған. Ақ қанатын алысқа алып ұшты, Аққуларым айдында қансыраған. Тұрған кезде бұлт болып көңіл көшіп, Сені сүйгім келеді өліп-өшіп. Мақта қыздар майысып гүл еккенде, Білегімен жүреді темір есіп.
Шаңқай түс Майысады мақта қыз, майысады, Бұлт көшеді, абыржып ай ұшады. Жан орманы тағы да жаңғырады, Еске түсіп ақ балтыр қайың шағы. Емен қайда еңкеймей дара тұрған, Менің жаным еменнен жаратылған. Қызыл жалау көтерді қызыл гүлдер, Қаптап ұшты қарағай қара тудан. Жан дауысы құйылып домбырадан, Ақ жаңбырға шайынды мөлдір алаң. Сағыныштың сазды әнін сырнайлатып, Іздеп тауып келеді сол бір адам. Қауызынан гүлдерім аршылған күн, Сағынышқа айналды сарсылған мұң. Мен өлмейтін шығармын, жер-ананың Кеудесінде жүрек боп тарсылдармын. Алтын күлше тістеген күннің әні, Көлеңкесі кеппеді мұңның әлі. Берекесі жоғалған тіршіліктің Оралғанын тілеймін үлгі-мәні. Мұңды айтатын май шамда мұрша бар ма, Шамшырақтар жанғанда шыршаларда? Өмір үні дыбыстап айтылғанда, Жолды күреу мүмкін бе мұнша қарда? Қарлығаштың бүлкілдеп ақ тамағы, Сауысқандар сұқ көзден сақтанады. Көкте сұңқар сұңқылдап қоймағасын, Жабылмады есіктер жақтамалы.
Шәмшия Жұбатова Маңғыстау мақамдары Аппақ шатыр тігілген Ақ келінді күтеді. Иіліп, бел бүгілген Келін әулет құты еді. Жиылған жұрт қаумалап, Мынау тойда ән салды, Билеуге де жан салды, Қарағандар тамсанды. Келін келді, керемет! Оның бетін кім ашар?! Бір қызыққа бір қызық Одан сайын ұласар... Ақ домбыра күмбірлеп, (Киесі ғой қазақтың), Өте шықты қыз – дәурен, Қонақтаған аз-ақ күн. Ақ домбыра сөйледі, Бебеуледі, тынбады. Домбыраны ақ келін Жүрегімен тыңдады... Бейнеу-елдің бейнесі берекелі, Өткізеді ол әр күнін мерекелі. Камзол киген аналар алдан шықты, Жүрегі алтын, қолы құт, зер етегі. Көл-дария көңілдің белгісінде, Адалдық бар айнымас ел күшінде.
Шаңқай түс Бауыр төсеп ақша бұлт сусап қалған, Үстірттегі сағымды-көлді ішуде. Жел барады желбіреп орамалы, Бір белеске бір белес оранады. Ертегі боп елітіп, ертіп жүрді Жұрттың айтқан жолдағы жорамалы. Ертегілер өлкесі аңыздағы, Бұзылмаған қаймағы, маңыз-дәмі. Қыркүйекке барады сәлем жолдап, Буда бұлттар бұлқынып тамыздағы. Жебелерден сызылған таңбалы елі, Апарады жетелеп алға мені. Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан Сағым ұшқан төсінен самға, белі! Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан, Еркіндікте болмайды демек, ұстам. Аппақ түйе бауырында аппақ ана Ақ көбік сүт сауады шелек ұстап. Таңбасы бар Адайдың, таңбасы бар, Жебесі ұшқан белгіде ән басы бар. Түбекті елдің жұмбағы тұр қиырда, Табиғаттың тылсымы таңда ашылар. Қою түнде Сам шамы жамыраған, Ертегісін шертеді бәрі маған. Жаңа заман бұзбады мағынасын, Сол күйінде қалыпты кәрі ғалам.
Шәмшия Жұбатова Керуен жүк келуде Бесқаладан, Маңдайына үкісін кеш қадаған. Ай астында саф ауа сіміреді Арманының сапарын кешкен адам. Қыран құсым ұшады қолда ағарып, Сапар тосып тұрамын жолға барып. Тақымымды түйеге артар едім, Бұлт кетпесе төбені торлап алып. Өмір көші Қауға тартып тарихтың тереңінен, Маржан салған су тауып беремін мен. Өмір көші көшеді көкірегімнен, Замананың тапжылмас дерегінен. Өмір көші барады қай жаққа алып, Қалмаса етті бір жерде ғайбатталып. Қақпасынан шыққалы бір шаһардың Елді танып келемін, аймақ танып. Ұлыс күйін тартады ұлы дала, Күй дегенің-қазақтың мұңы ғана. Әнсіз-күйсіз өмір жоқ қазағыңда, Көкірегіңе түйіп қой мұны, бала. Өмір көші, не сыр бар тізбегіңде, Құм үстімен аққудай жүзгеніңде? Ұшып жатқан тырналар қош демеді, Қауырсынын біртіндеп үзгенінде. Қиқулаған бір үн бар құм далада, Қиқулаған дыбыстар бұл ғана ма? Мың шам жақты аймаққа Өмір көші, Жарық тасып барады ол мың қалаға.
Шаңқай түс Толқынымен құмдардың жүзіп келген, Тартайықшы бір сырды үзіп бермен. Керегеден керіліп күн қарады, Тырна даусы жеткенде үзіктермен. Бұрқанады толқыны бұла кештің, Бұрылмады толқынға бір-ақ ешкім. Мен осынау айқара аспанымнан Көштің сырын бір тынбай сұрап өстім. Саванна шөл шалқыды сахарада, Сахара шөл мақсатқа апара ма? Шырақ жанып толқыған құм үстінде Жолаушының дәмі көп татар алда. Саванна шөл шалқыды, тыншымады, Аққу құсы кеудеде сыңсығалы. Өмір көші керуен жолында тұр, Әлденені айтуға ол ұмсынады. * Көп қабаттың құм басқан бір беткейін, Басылады көзге оттай суреттейін. Ақын қылған Фариза, Төлегенді Топырағын әулиенің құрметтейін. Басқышында сол үйдің Жоғарыға адамы өрмелеген, Төменіне қанатын сермелеген. Сырттай қарап тұратын ақын жанға Кеткені өлең солардың, келгені өлең, Дайын тұрған осы ма көрме деген? Орғыл-орғыл орғыған қыраттарым, Лыпып тұрған көңілім-құр аттарым. Маңғыстауым жөнінде ұзақ дастан Жазылады ішінде бір аптаның.
Шәмшия Жұбатова Маңғыстауым, маң өлкем, маңмаңгерім, Менің қанат қағысым, алған демім. Алау қылып көтерген жүрегіме Саған отты сағыныш салған лебін. Көп қабатты үйлердің басқышында, Отты арманым лап етіп асты шыңға. Өзің барсың атқан таң шуағында, Ұшып жеткен наурыздың жас құсында. Іздеп шығып ауылдан көктем елін, Ұшып келдім ішінде от кеменің. Тұрмасам да осында, жүрмесем де Менің елім Маңғыстау деп келемін. Шақырады қонаққа жанұясы, Жыр сүйеді сәбиі, қариясы. Ауа жұтсам көшеде, кең даланың Өмір жайлы әндетті ариясы. Құсы сайрап оятқан ала таңмен, Таңда салған құс әнін жаратам мен, Маңғыстауым, бетіңде тұрған шаңды Сүртіп кеткім келеді алақанмен. * Қайда барсам-алдымда бояу қанық, Жұмбақ сырын ашады ол баяуланып. Қалқытпайын қалайша қанатымды, Арманыма тұрғанда таяу қалып?! Үстірт жазық, үміті үстеулеген, Үміт деген келмейді күштеуменен. Құс боп ұшып, титімдей тұмсығыммен, Арманымды барамын тістеуменен.
Шаңқай түс Сен не дейсің, Үстірттің күн шуағы, Маған мәлім бұл күннің шым-шым әні. Жұмбақ көп қой Бейнеудің бедерінде, Оны шешпей, көңілім тыншымады. Еркіндігі Адайдың құлаш керген, Теңіздегі толқынға ұлас бермен. Қанатына көтерген періштелер, Тұрақ-жайым қайда деп сұрасты елден. Қанатына көтерген періштелер, Кеңейетін саған да өріс келер. Оңтүстіктің толқыны ауытқыды, Ақпай қалып қапталдан өріс – кемер. Оңтүстіктің толқыны ауытқыды, Аруана боп боздады қауіпті үні. Түн қойнында самала шырақ жанды, Сам құмында жадырап сауық тілі. * Сәлем жолдап көктемнің кептерінен, Жыр жазамын Бейнеудің беттерінен. Алатаудың басынан алып келген Аппақ қары көңілдің кетті еріген. Жұпар гүлі жүректің үсімеген, Тарта берді әдемі түсіменен. Бейнеу жаққа тағы да барсам деймін Қалықтаған қанаттың ұшыменен. Қауырсыны қатайған қанат барда, Ғашық болдым тау, дала, танаптарға. Менің асау арманым ақ желкен боп, Жүзіп бара жатады алаптарда.
Шәмшия Жұбатова Бейнеу, Бейнеу бозарған бозыменен, Желбірейді жейдесі, созып өлең. Түн келгенде өзің боп оятады Бір сағыныш қап-қара көзіменен. * Жалғыздықтан қамығып шаршауменен, Үміт күтіп жүрем мен бар сәуледен. Айдың нұрын жүздіріп келбетіңе Ақ дидарлы, жеттің бе, аңсаулы әлем?! Қанаттарын сұраумен тұмса көктің, Бойға бітер демегем мұншама екпін. Арманымнан көз жазып қала жаздап, Арасында адастым мың сан оттың. Қоңыраулар соғылып қорғандарда, Өрт шығатын секілді ормандарда. Менен көмек күткендей шыр-шыр етті Қанаттары күйген құс сол маңдарда. Ана жүрек (дастан) Жазира күн тағы да жалғаса ма, Силай көрші, тәңірім, жанға сана. Шаңқай түсің шалқайып шіренбесе, Уқалай сап кірпігін, таң қаша ма? Тұра тұрсын алтын таң, асықпасын, Қараңғы түн, сен әлі қашықтасың. Көріп жүрген құқайың аз емес-ау, Көңіліңді ол, бірақ, жасытпасын.
Шаңқай түс Менің қызық күндерім қырық бұрым, Арт жағына қарады тұрып бүгін. Сол жағымда аппақ боп ай туыпты, Оң жағымда жадырап тұрыпты күн. Көктем жетсе қуалап көбелегін, Қарай бергім келеді неге менің? Жаны соқыр адамдар көре алмайды Мынау ғажап тірліктің көк әлемін. Бозторғайы боз таңның шырылдаған, Неге ұзақтау аялдап бұрылмаған? Осы сұлу өмірдің салтанаты Тілсіз қатып қарайтын бұрын маған. Теперішті тебемін тепкішектен, Шыдамымның шырылы жетті шектен. Шілде күтіп шегіртке шарқ ұрғанда, Өз көктемін тосумен көп қыс өткен. Шілде күтіп шегіртке шырылдаған, Үнсіз ғана тұратын бұрын ғалам. Тау басына шықтым да, көп қарадым Өзен көрсем мен жаққа бұрылмаған. Кемпірқосақ құбылса көкті керген, Тізе қосты үмітім тектілермен. Көкірегімді кептерім тарсынды ма, Қалықтатып қанатын өтті бермен. Қызғалдақтың тұғыры қырқаларда, Аспан керек сұлу ән шырқаларда. Телегейлі теңіздің төсіндегі Толқындары толқиды бұрқанарда. Ауа керек дыбысқа алқымдаған, Дауа керек көңілге салқындаған.
Шәмшия Жұбатова Шын қуанып қалар ем, ізгіліктің Суретке сап әкелсе қалпын маған. Жабығудан қашады жан құштары, Күннің көзін тосады қар қыстағы. Аппақ туын көтеріп шығады әлі Азаматтық елінің арлы ұстамы. Желкілдеген жасылдың құрағында, Біле білсең, керемет сыр ағуда. Өзен мен көл, телегей теңіз біткен Түсу керек қосылып бір ағынға. Жабырқауға болмайды, жасқануға, Басқа таңба түскенде басқа құмға. Батпырауық биіктеп ұшса деймін, Туған елдің тұңғиық аспанында. Арал едім мен де бір түбектегі, Мекендерге асықтым гүл еккелі. Жетім ойды жылатып қуып шықтым, Жүрегімді жеткенде жүдеткелі. Таңғы шықтар жылтырап құрақтағы, Жылымықтар жөңкіліп жырақтағы, Тауға келді маңдайын соға жаздап, Мендік биік арманның мұраттары. Қанаттарын қыранның сұра менен, Алқаракөк аспан ғой бірақ әлем. Жолға шыққан адамдар, бұрылыңдар Жарық жағып тұрғанда шырақ-өлең. Топастықты көргенде, таптауырды, Менің әзіз жүрегім қатты ауырды. Кеудем іші жылымай қалады ылғи Суықтықты сезгенде жат бауырлы.
Шаңқай түс Ұлықтағым келеді ұлылықты, Ғұмыр бойы іздедім жылылықты. Әділдікті қақ жарып айтқан кезде, Туралықтың шығады үні мықты. Көлбеп ұшты ақ кеме көк теңізде, Шағаласы шалқыды жеткен ізде. Өкінбеңіз өмірге, жыламаңыз, Өксік келіп кептелсе өкпеңізге. Бірақ өмір қалайша жылатпасын, Адамсың ба – мәңгілік сынақтасың. Таңға қуан, келетін кешке қуан, Тізе бермей тірліктің күн, аптасын. Жарқыраған жанымның шамшырағы, У жұтқызған өмірден бал сұрады. Ағын сулар асығып сарсылады, Арналардың алқымы аршылады. Сағыныш бар күздегі сары суда, Сезімдері өзімен жарысуда. Үнсіздікті үлгі еткен мылқау ғалам Кенет неге толады бәрі шуға?! Қуанамын шөп көрсем желкілдеген, Жұбанамын жан көрсем елпілдеген. Көп қамыққан мендегі қайран жүрек Таң боп қарап, өтсе-ші елтуменен. Бақыт берсең, жаратқан, аспанды бер, Мейлің, мені табалар, тастанды дер. Орта жолға лақтырып кете алмайды Жаһаннамның қақпасын ашқан жігер?! Барлық қақпа ашылсын, сартылдасын, Мендік болмыс көрсетсін бар тұлғасын.
Шәмшия Жұбатова Сапарларда тосылып қала көрме, Қосылғанда қарқының қарқынға шын. Жібек жылға жеткенде жылжып ағып, Ойда жоқта қаламын мың жұбанып. Ошағының басында Отан деген Жүрген жанды жек көрем тым жыланып. Сапарласым, тосылып қала көрме, Аппақ таңдар жетеді қара белге. Шырқалмаған әндерден теріс айнал, Шақырмаған ауылға бара берме. Ойсыздықтың елінде жабырқадым, Даналықтың елінде таңырқадым. Жарылқауға жеткенше Жаратқаным Жалғаса бер, аман бол, жан ұрпағым! Жүрегіңде, ей досым, қыс қалмасын, Сен, өйткені, ғаламат ұстамдасың. Қанаттарын қапысыз қалам қылып, Ауаларда сызады құс таңбасын. Қанаттарын құс кетер қалам қылып, Қалам қылса, қалады ғалам күліп. Тағдыр желі аяусыз ұшырса да, Тектілікке керегі табандылық. Тастан ауыр бір жүк бар жүрегімде, Гүл егуге болады, нұр егуге. Қоқыс елі қопырап күн кешеді Жарқылдаған өзінің күрегінде. Қоқыс елі қопырап күн кешеді, Қара бұлт боп аспанда мұң көшеді. Жетесіздің жүрегін дәл көздеген Мен ризамын өзіңе, үн кесегі!
Шаңқай түс Талықсыған тамызда тағдыр әні, Жаңғырық боп қайтадан жаңғырады. Әз арманын тамшы қып айтып жатыр Басылуға асықпай жаңбыр әлі. Жайық бара жатқанда жылап ағып, Оның жанын ұқпады мына халық. Қайран ата-бабамның тектілігі Тереңдікте тыншыған тұна қалып. Қайран ата-бабамның тектілігі, Тектілігі тебіліп өтті күні. Тебілумен мәңгілік өтер еді, Махаббаты тірілтіп кетті мұны. Алаң болған күндер-ай, арпалыста, Қала көрме, әйтеуір, қалтарыста. Жүк түскенде кеудеңе, пенделердің Бәрі дайын тұрады жалтарысқа. Адамдар бар жанына мұң түспеген, Мұң түспеген жандарға күн түспеген. Қайран тірлік құлпырып тұрған жоқ па, Қас-қағымда құбылып мың түспенен? Күнге жақын тау көрдім қар тығулы, Жаратпайтын секілді ол артық үнді. Атып ұрсаң, алысқа кете аласың Тынысыңды тарылтқан бар тығынды. Шаңқай түсім жеткенде шалықта, күн, Жөн болады өзіңді танытқаның. Қарлығаштай қанатым күйгенімен, Бауырыңда алаңсыз қалықтадым. Шаңқай түсім жеткенде шалықта, күн, Ақ-қараның айқында анық мәнін.
Шәмшия Жұбатова Шаттығыммен шалықтап өмір сүрдім, Жасықтардың жек көрдім жалыққанын. Ана көңіл дүние толғанады, Тіршіліктің өйткені сонда мәні. Тежеуі көп өмірде толғана алсаң, Жаратқанның жолыңды оңдағаны! Бір күнгі өмір – ойласаң, жарты ғасыр, Кетеді айтып, себебі, артына сыр. Сарқырама тұрғанда жүрегіңде, Сен қалайша, жаным-ау, сарқыласың?! Сарқырама, бөгеме, сарылдасын, Ағысында тұрғанда арын басым. Өз елінде ұландар қалса деймін, Жатқа беріп жібермей қарындасын. Тар көкірек қаншама тарылмасын, Кемімейді, қуанам, жарым жасым. Төңірегім мейірімге толады әлі Атқылаған ақ будан арылғасын. Ана көңіл, сен енді көп толғанба, Қайтер едің тапқаның жоқ болғанда. Сүйенішім серік боп жанымда жүр, Сүрінгенде, немесе тоқталғанда. Арман жырын айта алмай ақ қарағай, Жапырағын сілкіді баққа қарай. Жүрегімнің түбінен шыққан сынды Төңіректе жадырап жатқан арай. Уайымды айтпа, Арқаның қайыңдары, Күннің бары қуаныш, айың бары. Жайық келіп лықсыды жағажайға, Толқындары өксіді, жайылды әрі.
Шаңқай түс Қауызында ашылған гүлдің әні, Құлағында қалады жылдың әлі. Сызылады кеңістік келбетіне Мизам ойдың жібектей мұңды мәні. Тұғыры көп тірліктің тұрақтаған, Тақ болып ол көрінді бірақ маған. Шамшырақтың шырайын шыр айналып, Шырылдайды шымшық боп шырақты алаң. Күрсінісін сездірмей күннің лебі, Жарығымен жанымды тілгіледі. Риза болмау өмірге мүмкін емес Осыншама ғажайып үлгідегі. Күнге ынтықпын, ғашықпын жарыққа мен, Көлеңкеде көбірек тарыққан ем. Жетісудың жәнаты алып кетті Сулар ағып жатқанда арықпенен. Ах, жүрегім, таңдайың тақылдасын, Ие алмайды ешкімге ақын басын. Көлеңкелер қашқалы қанша болды, Күнгей ғұмыр тағы да жақындасын. Жамырама, табиғат, ақшам келіп, Кетіп бара жатқандай тақ сан кеміп. Жұптың жұбы жазылмай өтсе деймін, Бақыт нұры тұрғанда бастан көміп. Көктем қалса кептеліп жүрегіңде, Адамзаттың тұрғанда нұр өңінде, Толқындарын жөңкітіп шартарапқа, Тұңғиыққа түпсіздік тірелуде. Менің жаным өзгелеу басқалардан, Басқа қылған өзгеден асқақ арман.
Шәмшия Жұбатова Құлдиламай қарлығаш құлшынады, Көтеріліп кеткенде аспаны әрман. Құлдиламай қарлығаш құлшынады, Құлшынуға асығып тұр шыдамы. Аспан жаққа жетуге аптығады Бұлттан жаңбыр сұраған бүршік әні. Беймезгіл сәт қақпасы тарсылдаған, Арманымды аяшы аршылмаған. Бақыт гүлін силады бақтар түгел, Бақыт жырын жырлады бар шың маған. Менің жеткен жеңісім сәнді үмітте, Менің әнім қалады мәңгілікте. Тайға түскен таңбадай өзім салған Жер бетінде ап-айқын қалды нүкте. Қолға ұстатпай кетті ғой Күн тұрағы, Күн тұрғанда дүние құлпырады. Егіп барам артыма егіз шыбық, Мен кеткенде артымда кім тұрады?! Егіп барам артыма егіз шыбық, Аялаймын жып-жылы лебіз шығып. Қолбала боп кеткенде қор болар ем, Көмейімнің астында теңіз шіріп. Мұндай әнді мендей кім айта да алар, Кемеріне толады, қайтады Арал. Даңғарасы даңғойдың ұмыт болды, Құшағымды ашқанда айқара бар. Сағыныштан сен-дағы сарсылмағын, Ең керегі – бар мұңнан аршылғаның. Жетегіңе ал, сапарда алға сүйре, Тынба, жүрек, тоқтама, тарсылдағын.
Шаңқай түс Қуанамын жұпарын шашқан бақта, Болашағым өрледі баспалдақта. Қайран туған жерінің саз балшығын Қара бауыр іздейді қасқалдақ та. Қаскөй жандар туады қай анадан, Жақсылыққа құшағын жаяды адам. Саған алғыс айтамын, туған елім, Алақанда ақынын аялаған. Көктем күліп келеді, көресің бе, Көктейді ол да сананың өресінде. Адамдықтың кітабы жазулы тұр Адалдықтың тап-таза сөресінде. Байғұс ақыл сұрамас ғұламадан, Кейде қызық көрінді мына ғалам. Шыдағандар сынаққа шыңға шықты, Шыңырауға құлады шыдамаған. Адам болу қиын ғой бұл заманда, Пенделіктен басталды зілзалаң да. Тәубасы жоқ тасырлық тасынып тұр, Арқар артық көрініп құлжадан да. Тәубасына пенделік келер емес, Тағы, тағы басталды нелер егес. Өлермендік ұмтылды өршеленіп, Күн мен Айды өзіне теңер емес. Айтып қара турасын, басыңды алар, Жарқылдаудың бағы тек Жасында бар. Қырман жақта қып-қызыл бидай ақты, Бидайықтың танылды қасында олар. Ашылады құлашым, ашылады, Телегейлі көк теңіз тасынады.
Шәмшия Жұбатова Ештеңеге өкінбе, бойың жина, Ғаламат қой ғаламның ғашық әні. Жазылады қанатым, жазылады, Іздеумен жүр жап-жасыл жазын әлі. Басқа ауылдан іздеме, адасасың, Түкпірімнен табасың қазынаны. Сермеледі қанатым, сермеледі, Қандай жақсы бұлттардың тербегені! Өрекпіген көңілдің өр екпіні Тоқтамады, тағы алға өрмеледі. Толқын, толқын, ол-дағы өксімесін, Көкжиекке көгілдір кешті көшім. Дамылдаған дүние, ұйқыға енсем, Дауыс болып сен кейде естілесің. Мейірім нұры билесе тұла бойды, Басын бұрып ағады бұлақ ойлы. Ақ жаңбырдың бұрқағы биле, тынба, Тамшылары несіне тына қойды?! Шалқып ақты Шардара шарасында, Әупілдек жүр қамыстың арасында. Жанарымнан ұғатын сыралғы дос, Сырласуға шақырсам, барасың ба?! Сүйрік саусақ дірілдеп шекке өрледі, Ырғақтардың тіріліп кетті өрнегі. Шырмауықты шырғалаң тұсамаған Еркіндікті бер, тәңір, кептердегі. Ұша білген жақсы ғой ұша алғанға, Жаным ашып қараймын тұсалғанға. Дұшпаныма мен шексіз алғыс айттым Қайраттанып, қайтадан күш алғанда.
Шаңқай түс Байғұстарға жасалар сауап барда, Көңіл толып тұрады жауаптарға. Имандылық ишарат білдірсе екен Қан ұйыған қуыстау қауақтарға. Атыл, атыл, ақ нұрдан атыл, аспан, Көкшіл көйлек кигенде атыластан. Жазып жатқан хаттарым жөңкіледі Тағдырымның жолында тақым ашқан. Жазып жатқан хаттарым жөңкіледі, Ерігені – жүректің елтігені. Көктем болып мәңгілік қалсаң екен, Көбелекті дүние, көлкімелі. Сен қайдасың, тамызым, талықсыған, Шырылдаған үн болшы шанышқыдан. Көрмеген боп жанымнан барады өтіп, Жақын бауыр, сырлас дос, таныс құдам. Мен керекпін және де керек емен, Мықтылығым таласты керегемен. Төрде отырдым толықсып елеусіздеу, Босағада тұрған топ еледі ерен. Менің орным босаға емес, бірақ, Өмір өтіп кетеді-ау елес құрап. Таулар тұрса телміріп биігінде, Айбат шегіп қор болды дөңес, қырат. Алдыма кеп біреулер ақтала ма, Кешіре сал оны да, Хақтағала! Өресіздер өр жаққа жете алар ма, Адал сырын айтқанда аппақ ана. Өресіздер өр жаққа жете алар ма, Жүрегінің орнында ет оларда.
Шәмшия Жұбатова Дүниені қадірсіз күрегендер Менің жалғыз сөзіме жете алар ма? Босата алсам аяқты шырғалаңнан, Жарқыраумен өтермін бұл ғаламнан. Құрбаны боп құтылмау міндет емес, Адам болып көрініп тұрған аңнан. Келген сайын Жайыққа толғанамын, Жоғалтпаған секілді ол да мәнін. Ақ шағала шаңқылдап, қалқып ұшса, Сағынышты солардан жолдағамын. Бөдене құс барады бөктер іліп, Кемпірқосақ жайнады көп керіліп. Арасында әйнектің жанұшырды Шыға алмаған кептеліп кептер-үміт. Төңіректің тамшысы төгілмеген, Телміреді тап-таза көңілменен. Будақ-будақ талдары туған жердің Бұрымдарға ұқсайды өрілмеген. Талықсыған тамызда тағдыр әні, Жаңғырық боп қайтадан жаңғырады. Әз арманын тамшы қып айтып жатыр Басылуға асықпай жаңбыр әлі. Сен бе ғаріп, немесе мен бе ғаріп, Сағынышты басайын елге барып. Көкжиекте көгерген кең әлемді Көңілімнің көздері көргені анық. Сен бе мықты, немесе мен бе мықты, Шашу қылдым жолыңа теңгелікті. Досым айтқан жып-жылы бір лебізді Еңіреген жүрегім ем деп ұқты.
Шаңқай түс Сен бе дарын, немесе мен бе дарын, Салады екен бұл Өмір жөнге бәрін. Аттай алмай арықтан діріл қақты Жеті басты жыланды жеңген Арын. Жеңген Арын, немесе сөнген Арын Айтып кетем деуші еді елге бәрін. Аянышпен қарадым ақымаққа, Төмендетіп алғанда төрдегі әлін. Атылғанда аспанға арғымағым, Жамыраумен айтады тарғыл әнін. Жел кернеген қанатын арман керек, Айта беріп қайтемін арғы мәнін. Тағы да атып келе ме күн жаңадан, Жандар бар ма жанына мұң жамаған? Аман болсын ақиқат ардан аппақ, Аман болсын жүрегің зілзаладан. Жүрегіңді жат адам тепкенінде, Қол созғансың талай рет көкте күнге. Сенің адал көңілің қан-қан болып, Жатқанында біреудің шекпенінде. Шыға алмайтын жандар көп асханадан, Тоғышар боп тумайды бастан адам. Билігіне ешкімнің бас ұрмайсың, Биік тұрса көңілің Астанадан. Өкпелеме жүрегі жабықтарға, Олар тірі ұйықтайды табыттарда. Қарғыс атқан таңба бар (аянышты), Қарындарға байланған қамыттарда. Тобыр жүрсе топырлап төңіректе, Жүрегіңді бекерге еңіретпе.
Шәмшия Жұбатова Сөнеді-ау деп үмітім мұңаймаңдар, Терең суға батпасын темір өкпе. Ататұғын адалға анық таң бар, Өтінерім-тек қана жабықпаңдар. Сүйкімдісін жоғалтып қапияда, Кездейсоқта табады зарыққандар. Жүрегіңнің желбірін бүрмелетіп, Келешектің кернейін үрмелетіп, Жүрген қызық күндерді іздеңіздер, Қалып қойған жылдарға бірге кетіп. Арман күндер айналса алыстағы, Жаңғырады жанымның таныс бағы. Қауырсыны қып-қызыл қанатымның Керек боп тұр Күн жаққа тағы ұшқаны. Арман-желдер сыбдырлап нені айтады, Жанап өтіп, оралып, жөн айтады. Бар білерім-жүрегің шын қуанып, Тіршіліктің атады талай таңы. Күн келеді әйтеуір жадыраған, Қуанады көргенде ғаріп адам. Мен өзімді керемет сезінемін, Қарағанда бұрылып бәрі маған. Түйіскенде төбемде алты ғалам, Иіреді асығын алтын алаң. Алматының ақ иық ақынымын, Атыраудың ақ жарқын халқы ұнаған. Қонақжайлық бойында салты басым, Мейлі, мейлі, қазақтың салты ұнасын. Кербездікті көтеру – далаға сын, Жалқыларды қадірлеу – жалпыға сын.
Шаңқай түс Арманыңды айт, ақ жүрек астаналық, Айдындарда барады аспан ағып. Жұмбақ мұхит ойымнан шықпай қойды Жағалауын жатқанда тасқа малып. Жүрегінде Жайықтың Алатау бар, Кеңістігім, аман бол қанат аунар. Тағы қандай жолдарға жетелейсің, Таң қойнынан бозарған жаңа таулар! Кеме қалды бұлдырап Нұқ тауында, Сол кеменің бақыты-ықпауында. Қала бердім жұтуға жұпар демін Қазынасы тасыған Құт тауында. Кеме қалды қайтадан Нұқ тауында, Надандықтың белгісі – ұқпауында. Қонақ болып тағы бір қайтсам дедім, Малдары егіз табатын құтты ауылда. Бүлкілдесін, қарлығаш, ақ тамағың, Бөгемесін ағысы қатты ауаның. Қауырсының қатайса, қуана бер,- Самғайтұғын мезетті сақтағаның. Көңіл кірі қай кезде ағармаған, Жаңа күндер жетер-ау жаңа арнадан. Жалау ұстап желбіреп келе жатыр Сүйіншісін сұраған хабар маған. Аяулы шақ, сен енді алыстама, Қолын бұлғап тұрғанда таныс дала. Жайық қана тербелген жағажайға, Қоғажайға гүл берген қамыс қана. Жағажайлар жаныма жылыұшырап, Тынбай жақты мұңымның мыңы шырақ.
Шәмшия Жұбатова Жылдар, қайда барасың жүдемеген, Дауылдаған күндердің дыбысын ап. Дауылды күн, қақшы бір даңғыраңды, Дауылда да айтады жаңбыр әнді. Шөлейт біткен өзіне бұрып жатыр Сахарада самғаған сан қыранды. Шөлейт, шөлейт, шұңғылсың шөліркеген, Айналса да астауға темір теген. Бұраңдаған бұлағын тез табады Шөлдің сырын ұқтырса өмір терең. Бағыты бар әркімнің ұстанатын, Аман алып жүрсе екен құс қанатын. Атырауға тағы да ұшып келді Арғымақтың ақ жалын құшқан ақын. Күдірейтіп орманын күз келе ме, Парасат пен пайым аз бізде неге? Көрсоқырдың көңілін таба алмай қап, Із жоғалтқан көңілің іздене ме? Атырау боп Алматы толғанады, Жаратқанның, толғанса, қолдағаны. Ақ ботасын аруана іздеп келсін, Аналардың бітпесін жолдағы әні. * Баласы Анасына қарағанда, Бетінен бір сүюге жарағанда, Бала мен Ана жырын тыңдау үшін Ұшады қанат бітіп бар адамға. Тағы бір таң атады, күн келеді, Жылытып Жер-жаһанды мүлде лебі.
Шаңқай түс Алқызыл алма ағаштың гүлдегеніАдамзат, қабағыңды аш, күл дегені. Дос барда, ұшыратын қанат барда, Жүресің самғай ұшып санаттарда. Мың тәубе алтын күннің шуағына, Мың алғыс тіршілікке, жаратқанға. Жылаған сәби күндер бесіктегі, Асығып, бесік бауын шешіп пе еді?! Жасыл су өзен болып лықсып ақты, Дауысын толқындардың есіткелі. Дірілдеп құлағымда үн барады, Жып-жылы демін жұтып түн қарады. Шырғалаң тағдыр қалды шиленісті, Шындықты шырмауықпен шырмағалы. Серіппесі садақтың серпіледі, Болу керек ел жайлы ер тілегі. Сен аман бол, қазақтың жүрегі аппақ, Ақ Жайықты бойлаған еркін елі! Күй келеді домбыра шанағынан, Қалқып ұшты аспанда ана қыран. Ана қыран таппаса балапанын, Бұл тірлікте қалайша қалады мән?! Балапаны қыранның жоғалмасын, Қанат жайып жүгірсін көгалда шын. Балапаны кетпейді, қайтып келер, Ауыртпайды анасы оған басын. Мынау ғалам, байқасаң, құлпырады, Күмбір қағып көмейде үн тұрады. Жаз келгенін айта ма, қуана ма, Көгалдағы жасыл түк жылтырады.
Шәмшия Жұбатова Самғай алған қалықтап самғап ұшсын, Ашықпасын, азығын балдан ішсін. Шындық болып шырылдау арманы ма Үміт жібін сүйреген алданыштың. Шындықтардың шырылдау арманы ма, Толықсыды тағдырым тармағына. Тордан әрең құтылған қайран өмір Түспесе екен біреудің қармағына.
Алматы–Атырау–Алматы. Рух туралы дастан I. Серпіліс От ал менен, замандас, ой ал менен, Аңыз болып қалсыншы аяулы әлем. Ана дауыс жанымның аруанасы Боздап жатыр бозаң түс бояуменен. Көлбеп ұшып барады көктемгі әлем, Нұқ пайғамбар жайғассын, тоқта, кемем. Босана алмай бұлқынып жылап жатыр Көгендерге тізіліп ноқталы өлең. Қақ, қарлығаш, қанатты, әріпке ауыс, Ал, немеcе түн бол да, жарыққа ауыс. Аврора кемесін тілген шамдай Жүрегімді барады жарып дауыс. Ойсыздықтың, қалқам-ау, қақ түнегін, Серпілуі түнектің – ақ тілегім. Жастық гүлі жайнаған жүрегімде Қоңырауым сылдырап жатты менің.
Шаңқай түс Күндер қайда барады? Ағыстарға. Әупілдегім қайда екен? Қамыстарда. Текше таудың үңілем төбесінен, Бақыт құсы қайда екен? Алыстарда. Аққан жұлдыз секілді асығыстау Мен жол тартып барамын ғарыштарға. Күннің көзі қайда екен? Төбелерде. Ақ шағала ... ол да жоқ. Кемелерде. Көп сауалдың жауабын таба алмадым, Неге дерге бола ма, неге дерге. Мен мұндамын. Жандамын. Жүректемін. Жапырақтар үзілсе – дір еткенім. Бір ақ сәуле қанаты желбіреген Кірпігімді барады тіреп менің. Далада бір дауыс бар дабыл қаққан, Бір көрініп, жоқ болып сағым жақтан. Қара түннің қойнынан қол бұлғайды Шамшырақты күндерім шамын жаққан. Көмейдегі толқын боп тербетілем, Көбік болып атылам өрге кілең. Жүрегімнің жалыны таусылғанда, Ұшамын да кетемін жер бетінен. Бұлақтарым көз ашып бұла таңда, Жаны жетім жаһанды жұбатам ба? Жақсылық деп жар салған жүрегімді Жылатам да жүремін, жылатам да. Теректей боп көктеген бұла тамыр, Кімдер іздеп келді екен, сұрата жүр. Жапырағы жайқалған ескілікті Қопарғым да келеді құлата бір.
Шәмшия Жұбатова Күреседі күн мен түн айқасып ап, Қауырсыны жұлынған шайқасы қап. Шана жеккен аттармен зуылдадым Ағып кеткен ақпанды қайта сұрап. Шегірткелі шілде айы жүріп кеткен, Баса алмайды орынын қырық көктем. Талықсыған шақтарда, мына тірлік Ес жиғызып алады ұрып беттен. Ес жиямын, қайтадан күресемін, Іздеуменен жауабын, бір есебін. Талайым боп тағдырым талқыда тұр, Қалт-қалт етіп қалтқыға ілесемін. Жарқыратып жаюда көктем әріп, Әріптерін оқимын көкке барып. Жанартауы көмілген жүрегімді Жалғыз ауыз сөзбенен кетпе жарып. Жиналсыншы құмыра, көзелері, Ескіліктің көзі өлсе, өзі өледі. Алтын кірпіш қалаған сыңғырлатып, Құдіретіңнен айналдым, Сөз өнері! Жарқырайды бір бұлақ қанаты аппақ, Жақындайтын секілді маған аттап. Жердің бетін бір сәуле сызып өтсе, Жүрегімді кетеді жарақаттап. Көздерім-ай, жабырқап жас тілеген, Дымқыл тартқан кірпігін ашты немен? Сарқырама даусымен сарнайды ылғи Домалаған тастары тасқын-әлем. Сарқырама даусымен сарнай берем, Бір үмітін үмітке жалғайды әлем.
Шаңқай түс Жапырағы сауылдап жерге құлап, Тербетілген сезімін толғайды емен. Жұлдыздарым, жарқылда, көкте құла, Бір қызғылт нұр тарасын бетке мына. Жұбанышын іздеп жүр жан жүрегім, Кербез әуен, сылқылда, шекте жыла. Ертегі күн езуден бал ағызған, Нәрін жинап алады бар аңыздан. Атыла алмай, құсадан қыстығады Жанартаудың қолтығы шала қызған. Атыла алмай құсаға қыстығады, Басыла алмай қойды ма ыстығы әлі. Сахара шөл үстінде шырыл қағып, Қанат сермеп барады құстың әні. Шырыл қағып үстінде сахараның, Алғы күнге әнімді апарамын. Бозторғай боп боз таңда кетем ұшып, Сендер аман болыңдар, жоталарым. Айы жүзіп, саз шалқып, қызған бақта, Сізге сәлем жолдаймын сызған хатта. Жаралы күн жиекте қансырайды, Қанның ізі қалады қызғалдақта. Ортасына ұрыстың қаштым кіріп, Тасқындарға қайтадан тасқынды ұрып. Маған ғашық жүректі айта көрме, Ауруымды аламын асқындырып. Кешігеді жыл бойы күткен көктем, Тосуменен үмітім біткен... біткен... Жер бетінің түйісіп нүктелері, Мұзды мұхит сапарын күтті ендіктен.
Шәмшия Жұбатова Күн қалды ма аһ ұрып күрсінбеген, Жүрек іздеп жүремін дүрсілдеген. Мен осынау ғажайып дүниенің Қақпалары шалқайып тұрсын дегем. Күнгей жақтың әдемі күркелері, Күркелерге жетеді жыр кенері. Көзін аша алмаған мына дүние Шашыраған шатырын бүркенеді. Қайран менің алаңсыз бала шағым, Балбыратар бойымды ән аңсадым. Мен өзіңді мәңгілік жырлап өтем, Қолдан түсіп кетпесе қаламсабым. Жан азабын ышқынып тартты кеуде, Шындықтарды бола ма шартты деуге?! Найзағайлы көңілдің жасыны бар Шартылдаған аспаны март тілеуде. Найзағайлы көңілім жасыны бар, Жасықтарын қайтесің, асылын ал. Мендік құйттай жүректің соғысында Жер бетінің жиырма бір ғасыры бар. Ғасырлар бар жүректің соғысында, Жанып кетті шыдамай көбі сынға. Жалғыздықтан жалау боп желбіредім Тебіренген теңіздің тоғысында. Жауқазындай жырларым, қапта қырда, Жөңкіл, ұза, қосыл да қатты ағынға. Жалау байлап жібердім жырларыма, Жеткізсін деп Жамбыл мен Тоқтағұлға. Құшағымда тербетіп балбалдарды, Көтеріп ап арқама қарлы аңғарды.
Шаңқай түс Мен бақытқа қолымды созып келем, Жалпағынан басумен жалғандарды. Қашатындай құлдырап түнек менен, Түнектерді түрем деп жүдеп келем. Алтын сарай салдырған сөз елінде Мен Гүләйім қыз болып гүл еккен ем. Алтын сарай салдырған сөз елінде, Алтындардың тұрамын кезегінде. Тыныш таппай қойғасын, гүлзар бақты Кеземін де жүремін, кеземін де. Мен өлердей ғашықпын нұрға, жаным, Айта алмадым және оны – бір ғажабым. Дәмі қышқыл мұңдардан шарап ішіп, Сырнайларға қосамын Сыр ғазалын. Жапырақтар қол созып жарықтарға, Көмек сұрап жүреді зарыққанда. Жүрегімнің қанымен жыр жазамын Қанаттары жаралы ғаріп таңда. Көкірегімде бір жарық заулап ұшып, Жанарымда мөлдіреп аунады шық. Ақ жейдесін арманның бұлттар киді, Жаңбырлардың көз жасын таулар ішіп. Жер бесігім, төсіңде тұрақтадым, Айта алмаймын жеткізіп бірақ бәрін. Жеті түсті сарылған сағынышым Жеті күн боп ішінде тұр аптаның. Жеті түсті сарылған сағыныш боп, Әрі-бері ағылды ағылыс көп. Шілде айының шырылын тыңдап қалшы, Жаудырмасын аппақ қар тағы қыс кеп.
Шәмшия Жұбатова II. Булығу Булыққан күндер өтті бұрқымалы, Булыққан ішкі дауыс бұлқынады. Тізілген күнтізбектің беттерінен Тағы да жаңа парақ жыртылады. Тізілген күнтізбектің беттеріне, Түземін асыл маржан шеттеріне. Ақ парақ жыртылды да самғап ұшты, Айналып махаббаттың кептеріне. Сол кептер самғап ұшты, самғап ұшты, Дауысын жеткізуге қалған ішкі. Тербеліп әуеніне жер бетінің, Айтуға жүректегі толғанысты. Толғанып жердің беті тербеледі, Тербелу – біздерге де ең керегі. Терілген Гүләйімнің гүлдеріндей Төгілген тоқсан мақам пернедегі. Жаңғырық аралайды кең даланы, Шайқалып сахараның шөлді алабы. Ақ тамақ қарлығашқа қол бұлғап ем, Қарлығаш қарындас боп толғанады. Тулаған ағыстар бар толқындарда, Толқыным соғылады салқын қарға. Аптығып құм көшкенде аңызақпен, Жазылып жырлар қалсын барқындарда. III. Арна Елжіреймін, өксимін, өртенемін, Мұңаямын, шаттандым, еркеледім.
Шаңқай түс Түтініңді шалқытып ұшыра бер, Керней тартқан көмейі, көркем елім! Саз ойнайды бұлақтар аспабын ап, Жылғалардың жып-жылы ашқаны хат. Кернеп тұрған көмейім көбік атып, Толқындары өзеннің тасқа құлап. Жүрегімнің жасаурап, жыла, көлі, Құбылады қиялдың құба белі. Жарқырайды күмістей қанаты аппақ Болашаққа асыққан Бұлақ елі. Маған ғашық жүректі айта көрме, Аңыратып жыр жаздым байтақ елге. Қауырсынын қап-қара тастап ұшсын, Шағаласын шабыттың шайқа көлде. IV. Жалғыздық Марқакөлде маңырап марқаларым, Аппақ текше жинайды Арқа қарын. Тарыққанда немесе зарыққанда Күйсандықтың пернесін тарта аламын. Маған керек секілді бөлек арба, Қап-қара ізім қалсыншы көне қарда. Өзендердің көгілдір қанаттары Өлең арна дейтіндей, өлең арна. Өзендердің көгілдір қанаттары, Тотықұсын жинады тараптағы. Жол сорабы жосылып қарсы алдымнан, Алды-артыма, әйтеуір, қаратпады. Толқындарым соғылып толқындарға, Көзім алды толады жарқылдарға.
Шәмшия Жұбатова Тырналарын тізілтіп жібергенмін, Мен іздеусіз қалмаймын халқым барда. Тағылық деп аталған дала заңы, Тағылыққа ұқсайды жан азабы. Сағыныштың түсіне бөгіп қалған Бұл ғасырдың жасампаз жаңа залы. Сөз сөйлегім келеді, ұмтыламын, Мамығы боп аққудың бұрқырадым. Оқырманым, қысып кет қолтығыңа, Мен аяулы кітаппын сырты қалың. Мен кең залды күтемін дүркіреген, Шашырайды сол залға шіркін өлең. Табалдырық тұсына жылжып барып, Көлеңкелер шығады сыртыменен. V. Самғау Мен кетемін. Жарық күн, сен аман бол, Көлбіреген көбелек, көл, аман бол. Тамшылары таусылса ақ жаңбырдың Көз жасы ғып мұңымды төге алам, кел! Көп сәулені жолдар ем көп адамға, Сиғыза алмай келемін көк орамға. Тегеурінді толқыны теңіздердің Толқып қалған секілді Тегеранда. Жарық ғалам, қанаты жарқыраған, Ақ сәуле боп тұрады арты маған. Кемелерден бұрқырап түтін ұшып, Аврора дауысын шарпыды алаң. Салтанатпен айналып жыр маршы, Бір дабысқа ұласты бір дабысы.
Шаңқай түс Оркестрге қосылып сызылып тұр Сағынышпен сарғайған Сыр қамысы. Бітпей қойды тірліктің өрнектері, Аққу ұшты қанатын сермеп кері. Алтын ғасыр келеді алау ұстап, Жаңа қала, жаңа үйге төрлеткелі. Сынаптары сырғыған тіршілігім, Осы сынап қалпыңмен жүрші, күнім. Орман болып жамырап кетсем деймін, Бір шыбыққа қосылып бір шыбығым. Төгетұғын жарықты шектеме, күн, Нұр іздеген жәутеңдеп көктем едім. Тұмсығынан құстардың тамшы сұрап, Бара жатам ішінде от кеменің. Бозғылт таңмен, көгілдір қалың кешпен, Жұлдызды шақ жалтылдап жалын кешкен. Сүйгеннен соң өзіңді салған едім, Ала көрме шығарып әнімді естен. Әнімді естен шығарып ала көрме, Қарлығаш боп жүремін ала белде. Құлагердің шабысын сағынғанда, Қамықтым деп қарай жүр Қарагерге. Дөңгеленіп қалады шоқ қараған, Көкжиекте көктейді көкпар алаң. Тоғыз қабат ғарыштың аржағынан Жерге салют жолдайды Тоқтар ағам. Аспанда емес, салюттер жер бетінде, Бір әдемі сурет бар келбетінде. О, жер – ана, өзіңді келгенмін мен Құшағымда сәби ғып тербетуге.
Шәмшия Жұбатова Жан-жағымнан бұлт қоршап жатыр қалың, Сауыттарын шешпесін батырларым. Олар мені ерлікпен қорғау керек, Көрсем деймін бұлттарды жапырғанын. VI. Аршылу Көп нәрсенің жүресің құрап басын, Жауаптасым, ойласым, сұрақтасым. Сағынышымды айтар ем, жанымдасың, Жан сырымды айтар ем, жырақтасың. От ғұмырым кетті өтіп шырғалаңда, Керек екен бір бақыт бір ғаламда. Ақ жалау мен қолыма шырақ ұстап Шыққым келіп жүр қазір нұрлы алаңға. Самал желпіп тербейді қияқ басын, Күн сүйеді даламның мият тасын. Мен сені іздеп келемін қиналғанда, Үзеңгілес үздігім, тұяқтасым. Мен сені іздеп келемін қиналғанда, Сапарыма сәт тіле жиналғанда. Иіліп кеп қолтаңба сұрайды ылғи Қилы адамдар жолығып қилы алаңда. Гитар үні өксиді шалқып келіп, Дауа іздейді әуенін қалқып төгіп. Отырамын маңдайдың терін басып, Ыстық қанын жүректің сарқып беріп. Қара суда қалқиды жарты балық, Енді неге соғады арты барып?... Талықсыған ерінге тамызайын, Қара судың қаймағын қалқып алып.
Шаңқай түс Мамық болып, келеді бұрқырағым, Ұмытқанбыз неге біз күлкі барын? Бозторғайдың тұрқындай жүрегім бар, Жүрегімнің іші мұз, сырты жалын. Бұлбұлдарым, бауларда шырқа барып, Баурайыңда масаты қырқа қалып. Жаза алмаған бауырын бұрқақ болып, Бұлаң күндер барады бұрқап ағып. Тебіреніп тұрамын түнгі арнадан, Қуаныштан құшағым гүл қармаған. Гүлдестесін лақтырып көкжиектен, Қолын бұлғап барады жылдар маған. Бозторғайым ұшады бозамық боп, Сайратады құстарын жаз алып кеп. Көкшіл түсті жанарын жаңбыр жуып, Жарқырайды шарадай тазарып көк. Көктемді ұзақ күтіп ем, тоқтамады, Жаз іздейтін жанымның жоқ па халі? Тұйғын құсқа ұқсаған тұрқым менің Әлденені айтуға оқталады. Шарықтайды, шалқиды қилы алаптар, Күн нұрымен қалқиды ғимараттар. Тамшы биін билейді тырсылдатып, Күміс таға тұяққа құйған аттар. Тамшы биін билейді күміс таға, Тамшы әуенін тыңдаймыз жұмыста да. Ұйықтай алмай жатады тебіреніп, Тамшы дауысын тыңдаған тыныш қала. Қара түннің қойнауын от қуалап, Шалқып ұшып, сусылдап өтті қанат.
Шәмшия Жұбатова Қара жұлдыз дірілдеп түніменен, Қара түннің тұғырын кетті қалап. Өртенумен шоқ болып өтті айларым, Жұлдыз болып жанасың, отты ойларым. Көк бөрі боп ұлимын көкке барып, Сен желбіреп қаласың, көк байрағым! Домбыраның дірілдеп бір сағасы, Шыр айналып, үйіріліп шырша басы. Жан сарайды жаңғыртып салқын самал, Күмп-күмп етіп көңілдің тұр сабасы. Басқыштарым барғанда биіктерге, Сәлем жолдап тұрамын сүйікті елге. Ұлытауда ұлыған ұларларға, Маңқыстауда маңыған киіктерге. Асқақ ойлар келеді басқа түрлі, Мен үйлерді сүйемін ақ шатырлы. Қобыз сарнап естіліп дала жақтан, Тарихтарым жазылып тасқа түрлі. Бір қуат бар құйғытқан тарландарда, Бір шуақ бар арайлы армандарда. Дәнге айналып жатамын көктеу күтіп, Топыраққа көмілген қарлы аңғарда. Наурыз айы келді деп сауын айтып, Жарапазан айтамын жалғандарға. Дәнге айналам көмілген топырақта, Қалтырайды көлеңкем жапырақта. Сабылумен сағынып жаңбыр иісін, Аптап төніп келеді атырапқа.
Шаңқай түс VII. Аңсау Бұрқырайды жаңбырлы көктем исі, Елжіретіп барады көкпек исі. Жаңбыр даусын күй қылып түсірем деп, Домбырасын шертеді шетте күйші. Қара жердің төсінде бұрқыл ағып, Заула, заула! Көшке ілес, зырқыра, бұлт. Жер-ананы жұбатып тұрамын мен, Жүрегінің тамшысын сүртіп алып. Көз алдымда мөлдіреп жас тұнғанда, Сәулелері шуақтың, қаштыңдар ма? Жармасатын жаңқаны таба алмастан, Талықсумен қаламын тасқын қарда. Самал желдің үлбіреп ескені ұнап, Мүлгіп қана тұрады кештегі бақ. Өрге қарап құлашты созғым келді, Қалтылдаған тірліктің ескегін ап. Өрге қарап құлашты созғым келді, Тарландардың ішінен озғым келді. Тұмсыққа ұрып, тобырға тыға берген Жапандағы жабыққан сез күндерді. VIII. Ұран Менің тарлан күндерім, жыр аңсаған, Шырқап айтып беремін бір ән саған. Шырақ алып шығыңдар сапарға деп, Ұмыт қалған күндерге ұран салам. Қиындықты, шыңдасаң, құрта аласың, Көз жасыңды көрсетпе, сүрт, алашым.
Шәмшия Жұбатова Қаңқылдауға қаз болып шақырамын, Қамыстарда шулатқан қырқа басын. Менің даусым қаз болып қаңқылдауда, Сарыарқада саз болып саңқылдауда. Жапалақтап жауған қар арасымен Жарқырауға келемін, жалтылдауға. Көмейімде көлкіді көлдер ісіп, Желдер ұшып келеді, желдер ұшып! Моншақ болып мөлдіреп тізіліп тұр Маржандарға айналып жердегі шық. Ақ бұлақтар төсейді өрге басын, Жылап келіп құлайды жерге жасын. Қызғаныштың қып-қызыл аралы бар, Қызғанумен тұрады берген асын. Қызғаныштың қып-қызыл аралы бар, Сол аралдың жаралы маралы бар. Жараланған маралдың жүрегінен Сізге сәлем жолдаймын, саналылар! Нұрға толып аспаны келді күндер, Кең ғаламның кеудеге кеңдігін бер. Қуатпенен тасқыны лықсып келіп, Сарқырайды сарнаған селді күндер. Селді қандай тоқтатар күш бар менде, Ентігумен тұрады құштар кеуде. Шектеледі ол шаңқай түс шексіздікпен, Тұтасады түпсіздеу тұстармен де. Көз алдымда көлбіреп таныс әлем, Мен ұша алсам ғарышқа тағы ұшар ем. Жаңбыр болып төгуге шөл далаға Бұлттарменен барамын жарыса мен.
Шаңқай түс Сен ерте орал біздерге, көктем айым, Алма ағаштың гүлдерін төккен айым. Ай нұрына шомылып аппақ болып, Сәл мұңайып қалмасын шетте қайың. Дауылпаздай дүмпілдеп жыл дабысы, Жылдамдығын алады жылға күші. Алға басып барады асығумен, Бір жасампаз тірліктің жылдам ісі. IX. Құштарлық Өмір тынбай барады алға басып, Кешікпегін, көшке ілес, қалма адасып. Менің ғашық жүрегім күнді сүйген, Менің ғашық жүрегім таңға ғашық. Қарай берме бұрылып артыңа, сен, Жұлдызды шақ, ән болып жарқыра, сен! Жібек жолы бойымен керней ұста, Керуенге жүгіңді артып әсем. Жібек жолы жіп болып тізіледі, Қай нүктеде жібегі үзіледі? Көлбеп ұшып барады көшін түзеп, Түйелерге тиелген Сызық елі. X. Құс жолы Алысады тынбастан от пен адам, Құс жолы боп самғайды көктегі алаң. Жанарыңда шуақтар күліп тұрсын, Бұлақтарым, бұралып бетте маған. Жанарыңда шуақтар күліп тұрсын, Көлеңкеңнің барлығын ұмыттырсын.
Шәмшия Жұбатова Уылжыған ойларым тәтті күйде Бүлдіргенді орманда тұнып тұрсын. Уылжыған ойларым тәтті күйде Барабанын дауыстап қақты күйге. Салмағынан бұлттардың қорғасынды Жер төсіне жаншылып жаттық үйде. Салмағынан бұлттардың қорғасынды Жарық күннің сәулесі зорға сынды. Бұлбұл құсым аңдаусыз қолға түсіп, Алтындатқан қапасты торға сіңді. Аппақ гүлдер жауады аспандардан, Сосын аумай қалады басқан қардан. Бір тарау боп төгіліп түсіп қалдым Қойылмаған нүктесі дастандардан. Бір тарау боп төгіліп түстім тағы, Қанат байлап, желбіреп ұштым тағы. Батпай қойған секілді шілде күні, Атпай қойған секілді қыстың таңы. Кебірсіген аңқасы аңызақты Тамсандырып ерінді тамыз ақты. Қобыраған бұрымы қара түнді Қанбай қалған ұйқысы таң ұзатты. Қобыраған бұрымы қара түндер, Маған ұшқан құстардың қанатын бер. Қансыратып жүрекке көшіп жатыр Орманынан өрт шығып жанатын жер. Қансыратып, содан соң ән сұратып, Кірпігіме ұялап қалшы, бақыт. Жүрек тойлап жатады жан мейрамын, Салют шашып, күні-түн тарсыл атып.
Шаңқай түс Жан мейрамын жатады жүрек тойлап, Тымсырайған шығады түнекті айдап. Жаңа дүние жаңғырып толғатқанда, Нәрестенің даусымен шыр етті аймақ. Көңіл де өлең, көк те өлең, көктем де өлең, Мұншама алыс жүзбеген көптен кемем. Ақ бұршаққа омырау тосып тұрдым, Сыңғырлатып маржанын төккенде мен. Шарықтап ұш, желбіре, шалқы, ғалам, Жетпей жатыр алдымда жалқы қадам. Бейқамдықтың елінің менсінбейтін Таңданысып қарайды халқы маған. Бейқамдықтың елінде менсінбейтін, Күн көзіне көрінбей өлсін кейпім. Тас қабырға сыртында айқайласам, Жалғыз адам табам ба «келсін!» дейтін. Бұлттар жылжып бір жаққа көшкенінде, Құлағымды тосамын өшкен үнге. Мылқаулардың елінде жатады ұйықтап Мамыражай ұйқылар бөстегінде. XI. Ұмтылыс Мен жазамын өлмейтін рухтың әнін, Қазыналы қойнауды құт қыламын. Жапырағы жамырап жасыл орман, Басып кеткен ізіме шықты қалың. Жапырағы жамырап жасыл орман, Көктеп өніп шығады асыл ардан. Орнатам деп ұмтылды Алтын орда Ғарыштағы ғажайып ғашық арман.
Шәмшия Жұбатова Жұлдыз сепсем, көгеріп дән шығар ма, Тіршіліктің үні бар тамшыларда. Булығады кептеліп көкірегім, Мен қиналып кетемін ән шығарда. Зулаған жыл мойнымды бұрғызбады, Қанатымның астында жыр қызғалы. Алтын орда үстіне жарқыратып Құс жолдарын келемін тұрғызғалы. Құс жолдарын орнатам жарқыратып, Жарқыраған мезгілдің арты бақыт. Мынау күннің кеші де құбылаға Бататұғын секілді жалқын атып. Қалқып ұшып кетсем де биіктермен, Көзді жазғым келмейді сүйікті елден. Бұл дүниеге келгенде, ақ матадан Ақыреттің көйлегін киіп келгем. Мен жаңбырды сүйемін қолшатырлы, Кемпірқосақ түсін де сонша түрлі. Сезімдерін сел қылып себелектеп, Жаңбыр тілін жырлайтын барша түнді. Жеткізбейді көгілдір көктем алыс, Көктемге ұқсап кетеді көктегі ағыс. Шағаласын шалқытып келе жатыр Жағалауын жылжытып жеткен Арыс. Мен соншалық сүйе алам, жек көре алам, Гүл дестесін жалықпай көп тере алам. Сынақтарда жарылған отқа күйіп, Махаббаттың жетсінші кептері аман. Күйіп қалып қанаты сынақтарда, Мекен таппай келіпті тұрақтарға.
Шаңқай түс Көз жасының құралған тамшысынан Қанаттарын жуамын бұлақтарға. Қанаттарын жуамын, кірсін әрі, Табылады, асықпа, бір сыңары. Оқырманым, ойланып отырмашы, Қалықтамай сен неге жүрсің әлі?... Тыным таппас жүрегім, топқа сөйле, Жанып тұрған лапылдап отқа сөйле. Ақ кірпігін ашқанша мылқау ғалам, Күндер сөйле, ай сөйле, апта сөйле. Ақ кірпігін ашады мылқау ғалам, Мылқаулыққа қарамай түлкі аулаған. Ең бір биік нотаны таңдап алып, Керек болып тұр қазір шырқау маған. Ең бір биік нотаны таңдап алып, Самай шашы таңдардың қалды ағарып. Жүректерге жете алмай қалғаннан соң, Жапырақтар соғады жарға барып. Жүректерге жүрекпен тілдесемін, Оятамын ұйқыңнан түнде сенің. Қайда барсаң қасыңда тіп-тік болып, Жүру керек сияқты күнде Сенім. XII. Жарық Бар бол сен де, аяулы, аңсаулы әлем, Мен өзіңді іздедім бар сәуледен. Шұғылалар шарпысып, сан тұтанып, Жер бетіне жетеді шаршауменен. Алақанын төзімнің отқа қарып, Қара шашым қайғыдан кетті ағарып.
Шәмшия Жұбатова Жер бетінде бір сәуле тербетуде, Көңілімді жеткізем көкке барып. Менде де бар бұлттардың өр тілегі, Мөлдіреумен көзімде көл түнеді. Тобылғысы тамаша туған елдің Толғандырып барады көркі мені. Ормандарын жазады бүктесін де, Галактика жанады нүктесінде. Сирень түсті көйлекті киіп келем, Сәулем, мені мамырдың күт кешінде. XIII. Жанды құтқару Дүниені бір ғажайып құшып жыр, Менің жаным маза таппай ұшып жүр. Өрт лаулайды, жаным онда жанады, Сен осының себебін айт, түсіндір. Өрт лаулайды, жаным менің жанады, Мен білмеймін, қашан дамыл алады? Оған дауа таба алмайды ешқашан Аспан асты, туған жердің алабы. Ешбір дауа табылмайды дертіме, Бірақ, адал болам дедім сертіме. Жоғарыдан жанұшырып қараймын Тозақ-ғалам лапылдаған өртіне. Кері қарай жөңкіледі бар ағын, Мен осыдан азап шегем, қарағым. Жалынышпен жаңқаларды қуалап, Ағыстармен ілесе ағып барамын. Өткендер де маған көңіл бөлмеді, Кеткендер де маған көңіл бөлмеді.
Шаңқай түс Талықсысам, тіршілікке шақырып, Бетіме кеп үрлеп кетер жел демі. Оянбастан қалардаймын кейде мен, Сәулетайым, құтқара гөр сен мені. Қарап тұрсаң жас ағады тастардан, Тастың жасты көзін сүрту – басты арман. Жақындарды жуытпаймын жаныма, Бірте-бірте суығанмын достардан. Шындық іздеп жолға шықтым шырқырап, Жүрекпенен жан азабы басталған. Көмек күтіп қол созамын таңдарға, Толқын болып жүгіремін жалдарға. Дүние көзін көлегейлеп қарайды Алтын шардай жарқыраған жан барда. Дүниеде дидарына нұр енген, Көп қиналып, азап шеккен реңмен, Жаһандардан дабыл іздеп жүрем мен, Жапандардан дауыл іздеп жүрем мен, Міне, тағы жолға шықтым күреңмен. Дауыл керек, дабыл керек, от керек, Күнім менің күнгей болып өтті ерек. Ішкі толқын лықсып теуіп тұрғанда, Жасын ұрған құламайды көк терек. Сол теректер заулап көкке барады, Тармақталып тамырлардың тарамы. Бір түйінде түйісе алмай тулаған Сан арнаға түскен жолдың торабы. Бір түйінде түйісе алмай тулаған, Жылдарым-ай, жылдарым-ай, зулаған. Тоқта дейді жанұшырып ұран сап, Жалаулары желбіреген шулы алаң.
Шәмшия Жұбатова Тоқта дейді жанұшырып ұран сап, Қияларға қалықтаған қыран шақ. Жылдамдықтан талықсыдым, шаршадым, Биіктіктен талықсыдым шаршадым, Баяу үнмен берші, жаным, бір ән сап. Мен жанымды сата алмадым сайтанға, Бір тиынсыз қан базардан қайтам ба? Сатылмайтын нәрселердің барлығын Айттым ба екен, әлде енді айтам ба?... Сатылмайтын нәрселердің барлығын Жылап тұрып айтады ылғи жарлы мұң. Еркіндігім бостандыққа шықпаса, Бостандықтың не екендігін ұқпаса, Сезбес те еді жер бетінің тарлығын. Сөне жаздап, қайта шалқып бір жалын, Қонатұғын тұғыр іздеп жүр жаным. Кірпіштері сыңғыр қағып әндеткен, Іргелерін іздеп содан тұрғаным. Бабалардың қасиетін сақтаған, Шұбырынды ізім қалған ақ табан. Қаланасың, жамаласың сен қашан Ақ сарайым, аппақ арым, аппақ ән?... Менің жаным маза таппай ұшады, Ұшады да, көктің жүзін құшады. Жанарына арбалады жанымның. Туған елдің оттан ыстық құшағы. Тазар, тазар, аршыл, жаным, тозаңнан, Мен аршылған дидарыңнан көз алман. Сыртқа шықсын жүрегімнің дауысы Биік-биік мінбелерден сөз алған. Маған таза бастау керек тұп-тұнық, Бұлақтарға бастау болу – мықтылық.
Шаңқай түс Ұққандарға қызмет қыл тік тұрып, Ұқпағанға оның сырын ұқтырып... XIV. Жай табу Санамдағы жанартау – жарылыстан, Қауызымды мен кеше жарып ұшқам. Мәңгі жасыл көктемді артық қоям Сары тапты сүрлеуі кәрі қыстан. Жасыл шырша бейнесін ән ғып өткен, Керек боп тұр бір көктем, мәңгі көктем. Бозторғайлар үн теріп бергі жақтан, Шымшық үні шырылдап арғы беттен. Құйттай жүрек құс болып сөз тереді, Жайқалады жамырап жаз терегі. Қорғандарын асықпай соғып жатыр Бұлбұлдарын қорғаған әскер елі. Көгілдір таң мүлгиді тыныш қарда, Таңдар көкшіл тартады ұлы іс барда. Дабыл қағып дауылдар шақырып тұр Қанат жайған қаланы жұмыстарға. Қар мен көктем. Мәңгілік егіз бе едің, Теңеуіңді таппадым, тек іздедім. Қалқып-қалқып сарғайған құс жолымен Көкжиекке сіңеді көне іздерім. Баяу ғана тербеліп таудың басы, Теңіздерде толқыды жалдың қасы. Шың басында қалқыған сап-сары күн, Қоштасуға қол бұлғап қалдың ба шын?... Сап, сап, көңіл, сабырға келсең еді, Сары тауда сабырым теңселеді. Өмірінің аумағын жатыр өлшеп Отыз ауыз оймақтай өлшем елі.
Шәмшия Жұбатова Өз жүрегін орынсыз азаптаған Бойын керді балбырап ғажап далам. Құлағыма сыбырлап ізде дейді, Бастауыңды тап дейді қазақ бабам. Қайда менің бастауым? Тастарда ма? Шыңға шынар өрлеткен асқарда ма? Ұлы рухты ойлаймын ұйқыға еніп, Туған жердің төскейін жастарда да. Мен сапарда келемін арып-ашып, Жарық ашып жолдарға, жарық ашып. Көктемді аңсап жүргенде, Алатаудың Шыршаларды қалады қары басып. Жақтауынан жанымның ән құралып, Әйнегімнен келеді жаңбыр ағып. Ирегімен иірімнің биге билеп, Ағысымды барады тағдыр алып. Махаббатпен жырладым байтақ елді, Сүйемін деп жүрегім айта берді. Кемерінен атылған толқындарым Өз орнына біртіндеп қайта келді. Түс, толқыным, қайтадан баяу күйге, Мен өзіңді іздеймін ояу күйде. Сағынғанда аспанды мұңға батып, Отырамын ойланып аяулы үйде. Бірде күліп, ал бірде мұңға батып, Ағыстарын арманның жырла, бақыт. Сабасына түседі кері оралып, Көбіктері толқынның тұрған атып.
Шаңқай түс * Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған, Сұңқыл дауыс тереңде шырқыраған. Өлеңдетіп ұлы өмір тұрған кезде Өлмейтұғын болса-шы шіркін адам! Адамзаттың ғұмыры қысқа неге, Тербеледі тіршілік тыста неге? Топыраққа көміліп қалғанымен, Айналмайды алтындар мысқа неге? Қызғалдақтар толғанда қанжығада, Сарғайғанда сарғалдақ сан жұмада, Тіршіліктің шәрбатын сіміргенмен, Бақ қона ма, ерніңе бал жұға ма? Қаққан кезде қара түн қақпаларды, Тербеткенде дүние аппақ арды, Неге тірлік махаббат сөзін жазған Қадау қылып қақпайды тақталарды? Қара сулар қақпадан қаптағанда, Қызыл гүлдер құлпырса жатқан анда, Тағы келген жаңа таң ақ бу атып, Адамдардың үмітін ақтаған ба? Ғаламатты жазамын ғұмырдағы, Шамырқанды, шымқай көк шымырланды. Жайқалғанын терек боп талай көрдім Топыраққа төгілген жұмыр дәнді. Кеудесінде болғасын тұрақты әні, Жылытады бір үміт жырақтағы. Ертеңіме қояды ұмтылдырып Мынау мәнді өмірдің мұраттары.
Шәмшия Жұбатова Құшағында ымырттың мүлгиді әлем, Қою іңір жетеді ылдименен. Шықпайды ылғи түсімнен жасыл дала, Баурайында бұралып гүл билеген. Менің кеуде тұсымда қоңырау бар, Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар. Жел үзгенде жылатып жапырағын, Сағыныштан сарғайды сары баулар. Көк аспанда қалқыды қарлығашым, Жоқ боп қалған кезінде барды ұғасың. Қара орманға қарлығаш қайтпай қалды, Алатауым сілкіді қарлы басын. Теректердің тамыры тозбағасын, Жасыл орман тосады өз бағасын. Сырымды айттым жылаған жапыраққа, Жүректегі жалыным маздағасын. Тежей алмай шалықтап кеткен нұрды, Көбелекке ілесіп көктем кірді. Жанымызды барады жарқыратып, Аппақ шуақ аралап көк пен қырды. Жанымызды барады жарқыратып, Жарқыраған шуақтың арты бақыт. Найзағайлар оянып түн ішінде, Аспан жаққа ойнады алтын атып. Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан, Шабытым шалқып ақты-жарқын алаң. Көтеріп аппақ жалау Күн жолымен Адымдап келе жатыр Алтын адам.
Шаңқай түс Қып-қызыл гүл қыстырдым бар беткейге, Асқарлы Алатауды қар кептей ме? Кұс болып құлдилаймын, шарықтаймын, Жамырап бүкіл ғалам тар боп кейде. Кеудемде бір үмітім көктеп – өсіп, Күн толы дүниемде көктем есіп, Сыңғырлап шалқасынан қайта ашылды, Жабылып көкірегімде кеткен есік. Қосумен бір тұмаға бір тұманы, Жолдарым алға қарап жұлқынады. Дірілдеп аппақ жұлдыз омырауында, Қанаты қара түннің жыртылады. Шашылып құс жолында қанаттарым, Алқынып, баса алмадым жан аптабын. Шыңғырды құлын дауыс жүрегімде, Тармаққа теңселді де танаптарым. * Әз көктем, аяулымсың армандаған, Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан. Жабықсам, сенсің мені құтқаратын Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан. Қырмызы қызғылт бақты нұр басқанда, Тыраулап алыс жаққа тырна ұшқанда, Гүл алып сені тостым келер ме деп, Бақтарда қыз бен жігіт сырласқанда. Көкем-ау, көрінбедің көптен бері, Ақ жаңбыр қайтып келсе көктен кері. Сұрадым, мекеніңді айтпай қойды, Желбіреп Сарыарқаның жеткен желі.
Шәмшия Жұбатова Сен қайда жүрдің, көктем, біле алмадым, Екеуміз толқыны едік бір арнаның. Желбіреп желмен бірге жетер ме деп, Жабықтым, жүрегімнен жыр арнадым. * Тәңірінен бармақтай бақ сұраған, Қайда барсаң – жылап жүрген бір адам. Жаңбыр жұтып, мұзды ерітіп, қар басып, Қырық жамау жүректерін құраған. Жапырақ іздеп жабырқады жылы күз, Жалғыздықтан жапа шекті Ұлыңыз. Төзіп-төзіп тебінгіде терледі Шытырлаған Төзім атты шыныңыз. Терін текке төгіп жүрген құлдармыз, Мағынасыз өтіп кеткен жылдармыз. Арқасына қайыс қамшы көп төнген Сынақтардан сағы сынды сындарлы із. Біз құлдармыз. Қоғам бізді құл қылған, Кісенім бар, шылдырайды сылдырмам. Табандардың жаншылады астында Менің ерен еңбектерім тындырған. Тоқып келдік бітпейтұғын өрмекті, Өмір деген өрнектермен көрнекті. Өрнек өріп шықса деп ек өрмектен, Ерен ісім ебін таппай кер кетті. Қозғалмаймыз бір нүктеде әдемі, Тірі жанға жылжу ғана тән еді. Бізге қолын үнсіз ғана созады Қозғалыс пен қимылдардың әлемі.
Шаңқай түс Қол бұлғайды арамызда шыны есік, Ар жағында құлпырады гүл өсіп. Зымыран жыл заулап өтіп барады Жел суырып, табанынан құм есіп. Барлығына тәуелді боп тұрғанбыз, Күннен қорқып, көзімізді жұмғанбыз. Көлеңкеге мойнымызды бұрғанбыз, Біз құлдармыз, біз құлдармыз, құлдармыз. * Жүрегімнен булығып ән шығарда, Жаутаң қағып қарадым тамшыларға. Ақ жаңбырдың мен-дағы күйін кешем, Қара бұлттан аспаным аршыларда. Ақ жаңбырдың мен-дағы күйін кешем, Күнді де ұзақ көрмейсің үйімде сен. Аспанымды тұрмасам бұлттан аршып, Мен күлмес ем жадырап, сүйінбес ем. Менің жаным-кептелген мұң бұлағы, Булығумен жатады үн бұлағы. Талы сынып жатқанда қарашаның, Жел билеткен секілді жынды бағы. Тазарамын аршылып бұлт басқанда, Сыңғырлайды дауысы кілтті ашқанда. Күркірегім келеді бұлт боп ұшып, Ойнап қалып найзағай, жылт қашқанда. Шырқап-шырқап дауысым қарлыққанда, Арманымды айтамын барлық таңға. Аппақ жұлдыз ұшады бауырын жазып, Қара түннің қойнауы қарғытқанда.
Шәмшия Жұбатова Найзағайлар дауысымда соғысады, Аппақ жалын тарайды, шоқ ұшады. Менің әнім құс болып барады ұшып, Межесіне жеткен жоқ көбісі әлі. Балам, саған айтамын, тыңда мені, Сыйға тартам өзіңе күнді әдемі. Ана менен бала үшін жаратылған Жер бетінің тербелген күллі әлемі. Ауыр тартқан жүктерім білектегі, Қиын жылдар кетті өтіп түнектегі. Бауыр еттен жаралған өзің барда, Мені қиын жылдар да жүдетпеді. Менсіз қарсы аларсың жылдарды есен, Саған сыйға қалдырам мұңдарды әсем. Анаңды естен шығарып ала көрме, Ғажап әлем тамылжып тұрғанда сен. Өмір деген тірліктің қыспағында, Қонғаныңда есіңе ал, ұшқаныңда. Хан да сәлем берген ғой анасына Жатқанында тып-тыныш қыстағында. Өзің едің түнекте жарық берген, Сосын қайта Тірлікке алып келген. Саған мұра қалдырам сыңғырлаған Алтындарды құйылған әріптерден. Шалқығандай от тілі ыстық үйден, Қызыл күнді бетке алып ұшты күймем.
Шаңқай түс Кешкі шапақ шөмеле төбесіне Шашыратып қып-қызыл ұшқын үйген. Көгершіндер қанатын көкте қағып, Сыңғырлайды күміс су шеттен арық. Алдындағы күндерге ынтығумен, Ағыстары Арыстың кеткен ағып. Өзен-көлі қосылып бар даланың, Шайқалады шарасы Шардараның. Айдынында көк аспан теңселгенде Таңданамын, толқимын, арбаламын. Көлкіп ұшқан көгілдір Көктөбе-мұң, Толқып-толқып тұрды да, төкті өлеңін. Менің аппақ арманым желкен болып, Бара жатыр ішінде көк кеменің. * Аспан түгел айналып, жер құлады, Ағытылып, лықсыды шер бұлағы. Шер бұлағын тоқтатсам көзін тауып, Ерттеп мінсем қайтадан Керқұланы. Бақыт құсы су болған қанаттары, Жер бетінен мені іздер қарап тағы. Ақ орамал бұлғадым құстар жаққа, Жанған кезде жапырлап жан оттары. Тасасында қалқыдым көп оттардың, Қалқасында шалқыдым тараптардың. Сайрап белгі бере алсам, естір ме екен, Үнім бітті, көк жаққа қарап қалдым. Жақын келіп, кездеспей арманыммен, Мұң еліне жырымды арнадым мен.
Шәмшия Жұбатова Есіктерім шалқайған тарс жабылды, Енді қарсы алмайды ол барғаныммен. Кешігіппін сағаттың тілдерінен, Кешігіппін мезгілдің түндерінен. Бақыт құсы ішінен жылап жатыр, Мен төменде үндемей жүргеніммен. Мынау шулы тірлікке құштарлықпен, Қауырсынын ұшырды құстар біткен. Мамыр айы мамырлап жанымда жүр, Жасыл жазды жамырап тұстар күткен. * Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде, Сексен тау діріл қақты жер бетінде. Жабылып жырын айтты жыршы құстар Тыраулап қайтып келіп елге түнде. Ақ бұлттан аппақ шарф тартып алып, Асау жел, кең далаға аңқы барып. Қыр жақта қырық түрге құбыларсың, Жүрмесең төзіміңді сарқып алып. Барады кең ашылып бұлақ көзі, Жайқалып көзді алдаған құрақ кезі. Арманның көру қиын ақ дидарын, Жүргесін жалау ұстап жырақта өзі. Ақ тұма, көкпеңбек жел, көгілдір көл, Жанымды айдыныңа шомылдыр, кел. Бата алмай ұясына қарайлады Қызыл күн жанарына шоқ іркілген. Сапсыған тау үстінде самырсын-ән, Қалыпты азаюмен жалын-шыдам.
Шаңқай түс Лүпілдеп жүрегімен жер-ананың Түйілген түкпірдегі жарылшы, дән! * Менің сорлы жүрегім мәңгі ғашық, Күз боп шалқып, кетеді ол әнге ұласып. Алма ағашы жұпарын бұрқыратып, Аппақ гүлі төгіліп, талды басып. Ғашық болып қаламын жазға, жаным, Ғашық болып қаламын сазға жалын, Мен сүйемін өмірдің маздағанын, Сия тамған ұшынан қауырсынды, Мәңгі ғашық жүректің жаз ғазалын. Жап-жасыл боп кенеттен кеткенде әлем, Аһ ұрам да, қараймын көктемге мен. Түкпірінен көңілдің жайлау көрем, Көгілдір түн ендікке жеткенде кең, Құйылады жерден де, көктен де өлең. Ұласқанда аспан көк алқарамен, Жарқырайды барынша гаухар-әлем. Сексен көлім айна боп шағылысып, Шабыт буып теңселген ортада өлең. Сырнайлатып сары күз келгенінде, Сағынышым шайқалды шөлмегінде. Жатыр менің Сенімім кестеленіп, Өлмес күннің жасампаз өрнегінде.
Шәмшия Жұбатова Жаз бен қыз Жасыл көйлегі желбіреп, Қарақат көзі мөлдіреп, Көбелек қуып барады Сағымдай болып көлбіреп. Көбелек қолға қонады, Қанатында бар жолағы. Қумаса сол қыз көбелек, Жаз қалай қызық болады? Шашынан түсіп тарағы, Жүгіріп сол қыз барады. Күлімдеп аспан төбеден Жап-жасыл жаз боп қарады. * Алыстарға апар мені, ақ үміт, Сыңар бұлттың қанатына таңылып. Шашын жайып қара түндер келгенде, Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып. Кірпігімді қағып қалсам, таң саулар, Әрбір таңның жүрегінде шаршау хал. Шарасыздық теңіз болып теңселіп, Дөңбекшіген толқындарда аңсау бар. Теңіз едім, қайтсам ба екен кері мен, Не болды енді, шалқуға да ерінем. Толқындарым бу боп ұшып барады Тұман басқан топастықтың жерінен. Толқындарым бу боп ұшып барады, Қан-қан болған ағыстары жаралы. Тереңіме үңілмей-ақ қой менің, Дүмпулері жүрегіңді жарады.
Шаңқай түс Тереңіме үңілмей-ақ қой менің, Шымырлаған үнсіздік боп сөйледім. Қызғаныштар от тұтатты қып-қызыл, Үстімдегі жанып жатыр көйлегім. Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған, Ағысты арна іздедім аңыздардан. Шырылдап шегірткелер шілде түссе, Талықсып таң келеді тамыздардан. Құлпырып мың бояуға тұнып тұр ма, Құбылып құбыла тұр қырық нұрға. Күн қалды шуақтары шашыраумен, Ай қалды ақ сәулесі сынып қырда. Кеш қалды сүрінумен көлеңкеде, Өксіді өгеймін деп өлең-төбе. Шынайы әлденені іздеп жүрмін, Ертегі іздеуші едім мен ертеде. Жыл қалды, күндер қалды, апта қалды, Айта алмай аһ ұрумен аппақ әнді. Бұрын да мына жалған шұбырынды, Қазір де алқа көлді, ақ табанды. Мән басқа, мазмұн басқа, тақырып бір, Алты қыр арлан күнін шақырып тұр. Бағана самал нұрын жаққан кезде, Көк аспан көкшіл бояу сапырып тұр. Қайран менің күндерім, құлаш керген, Қанатының қағысы ұласты өрмен. Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап, Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.
Шәмшия Жұбатова Түндерім-ай, кірпігін от тіреген, Кеудесіне үміттен шоқ түнеген. Қараңғы әлем қойнында тәкаппарлау Жарқырайды алмастай өткір әлем. Үлпілдеді үкідей, бақбақ ұшты, Тоқтата алмай қалдық-ау қатты ағысты. Жалындары ұлғайып бара жатыр Жарқылдаған от толып шақпақ үсті. Хан тағында отырса патшалы өлең, Топырағында тербеліп жатса денем, Сенім атты жетелеп ақ боз атты, Үміт таңы ағарып атса деп ем. Тұнжыраған жанарын мұң басқанда, Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда. Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі, Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда. Жым-жырт дүние жымиып жырға ұласқан, Шумағында жатады мүлгіп аспан. Төкпеледі, төгілді жырлы дастан, Қызғалдақтар құлпырды қырды басқан. Құдайым, талап берген, бақ бермеген, Арғымақ ырғып тұрды ақ кермеден. Маралтай тірісінде жүрді есікте, Топастар уәж жолдаса қақ төрменен. Құбылып қырық өлең қырық күнде, Тотықұс түрленгендей тұрып мүлде. Жаудырап жаухар тасқа айналады ол, Қанатын қырықпадың не, қырықтың не?
Шаңқай түс Сұм заман ақымақтың асы болған, Домалап түу-у төбеге тасы барған. Керек деп алтын қайық арбасуға, Бұл өмір долы өзен боп тасып алған. Шиырып шарға салған тас болатты, Жасындар жалт етті де, жас боп ақты. Құрбақа арумын деп көз арбайды, Күймеге айналдырып асқабақты. Қалбаңдап қара бауыр қасқалдағым, Қарлықты шындық іздеп машқардағы үн. Серіліктің қайда қалды сеңсең тоны, Ей, менің қара бешпент, ақ шалбарым?! * Күлімдеп күн түседі көк кемеден, Құяды жан шуағын шеттегі әлем. Бір биді бастап алып біте алмай тұр Желбіреп етек-жеңі кеткен әлем. Тамсантып таныс көше, таныс баған, Біртіндеп үзіледі алыстағы ән. Сәтбаев көшесімен бара жатыр Қамығып әлденеге Қаныш бабам. Тербеліп күй шанақтан төгіледі, Әуені тебірентеді Сені, Мені. Күн болып жаңа ғана күлген едім, Жаңбыр боп жаным енді егіледі. Асығып ағыс жүзді арналарда, Арманын есіне алды толғанарда. Қос көзін тарс жұмды да, құлдилады, Сорлы құс шыңырауға сорғаларда.
Шәмшия Жұбатова Сарнайды сабыр таппай мұң шанағы, Қобызға Қорқыт баба үн салады. Ашады бұрқыратып жан сарайын Қырмызы иісі аңқыған қыр самалы. Қырмызы аңқытқанда жан сарайым, Билейін, қуанайын, ән салайын. Іздеумен күн сүйреген көк кемені Кетті өтіп сарайларда қаншама айым?! * Менің кеуде тұсымда қоңырау бар, Сыңғырласа қоңырау, жалын аунар. Жел үзгенде жылатып жапырағын, Сағыныштан сарғайды сары баулар. Көк аспанда қалқыды қарлығашым, Жоқ боп қалған кезінде барды ұғасың. Қара орманға қарлығаш қайтпай қалды, Алатауым сілкіді қарлы басын. Теректердің тамыры тозбағасын, Жасыл орман тосады өз бағасын. Сырымды айттым жылаған жапыраққа, Жүректегі жалыным маздағасын. Сырымды айттым жылаған жапыраққа, Нағыз өмір меніңше топырақта. Асыл нұрлы арманым асығады, Алтын бояу жағылған атырапқа. Тежей алмай шалықтап кеткен нұрды, Көбелекке ілесіп көктем кірді. Жанымызды барады жарқыратып, Аппақ шуақ аралап көк пен қырды.
Шаңқай түс Жанымызды барады жарқыратып, Жарқыраған шуақтың арты бақыт. Найзағайлар оянып түн ішінде, Аспан жаққа ойнады алтын атып. * Бұлаң етіп бұлдырап бұлақ өткен, Үмітімнің жанады шырағы еппен. Жасыл манат жамылған жер бетінде Неге мәңгі қалмайды мына көктем? Көктем неге мәңгілік болмайды екен? Сағынышым ылғи хат жолдайды екен. Бүгін өмір тартады бауырына, Ертең көрсең, қабағы сондай бөтен. Үлбірейді үзіліп үміт таңы, Қоймаларын ашады құлыптағы. Қуануға ұмтылды көңіл шіркін, Тірлік жалған екенін ұмытпады. Жапырақтар малынды жасыл нұрға, Көтереді қызғалдақ басын қырда. Қалғымаған сенімі қайран ғұмыр, Тексіздікке кеудеңді басындырма. Қайран ғұмыр үміті қалғымаған, Қарайлаумен тағы да қалды маған. Әлди күткен әлемді тербетем деп, Жұбатамын, ән салып, алдыма алам. Жүрегімді жаңғыртып үн кернеген, Саз іздеймін сызылтып бір пернеден. Көк аспанға шалқайсам, шоқ жұлдыздар Үйлесімін тауыпты үркерменен.
Шәмшия Жұбатова Маусым келе жатыр, Жаз әуенін айтып, Даусын кенеп жатыр. Жапырақтар көктеп, Бүршік ашам дей ме, Ырғалады ептеп. Жарқырайды ай да, Қолындағы қыздың Секілді бір айна. Күлімдеді күн де, Сары қауыз ашқан Ұқсап кетіп гүлге. Неткен ғажап ғалам, Таңда жаңбыр жауса, Жарқырайды алаң. Желбіреп ұшқанда айларым, Күндерге қауырсын байладым. Бір әуен тербетіп барады Сүйікті туған жер аймағын. Бір әуен барады тербетіп, Қиялдың қанатын серметіп, Төбеде шарықтап көк кетіп, Табанда қалықтап жер кетіп. * Жаһанды жаныңмен жырласаң, Басыңды сан нұрға бұрмасаң,
Шаңқай түс Көлкіген көл болып кетпесең, Теңіз боп тербеліп тұрмасаң, Бақытты таптым деп ойлама, Арғымақ тақымда туламай, Шұбалтып ақпаса қырда шаң. Жасыл көл шайқалып жас жанда, Жұлдыздар жанғанда аспанда. Төбеге тебініп жеткенде, Қырларың құлдырап қашқанда, Бұл өмір ғашық боп сезімге, Айналып кетеді дастанға. * Ішінен көрем бе деп топ қараның, Көзімді көлегейлеп көп қарадым. Сырымды айға айтамын айғайлаумен, Жанымды жұлдыздарға ақтарамын. Қара түн дірілдетіп берген демін, Дидарын көре алмадым, шермендемін. Бояуы бұлдыраңдап кетпей қойды Көлбеңдеп көз алдымда көргендерім. Бояуы көз алдымнан кетпей қойды, Бірақ та даусым оған жетпей қойды. Аңсаулы ауа толы Алматыда Көз жасы ақ жаңбырдың кеппей қойды. Сыбдырлап көл шетінде құрақ біткен, Аққу-қаз қайда жүр деп сұрап біткен. Күн шалқып жалғыз уыс ақ сәуледен, Қаулайды қалың орман бір-ақ түптен. Билейді көктем келсе көк терегім, Көк терек тосады ылғи кептер елін. Шексіздік шекараны қаламайды, Табады тылсымдардан көп дерегін.
Шәмшия Жұбатова Бір ақ құс ұшады ылғи жүрегімнен, Ғаламды іздейді ылғи нұр егілген. Кеудемде жылтыраған жалғыз сәуле Үміт боп мәңгі ғұмыр сүре білген. Көктем жаулады бізді, Арықтар қалаға енді. Шуақ саулады ізгі, Сәуле санаға енді. Бұлттар жылжыды аймен, Әлде асықты ма екен? Өзен мүлгиді жаймен, Көңілді тасытты көктем. Көңіл қанат байлады, Алысқа барамын деумен. Жанымның жәнатты аймағы, Бірақ та... жаралы кеудем. Күндерім менің пернемен айтты көп күйді, Домбыра жылап, бұралып келіп шек түйді. Шатыр да шұтыр тілініп аспан сәуірде, Ұйқыда жатқан найзағайларға от тиді. Ұмытып шерді, жүректі қозғап асыл ән, Үстінде жердің жаңбырдың суы тасыған. Бір жарық сәуле аралап елді барады, Секіріп түсіп таулардың биік басынан. * Күндерім менің, қатты да қатты қиналған, Қиналған шақта келеді ойға қилы арман. Сапарға шықсам, әйнегін көк тал көмкеріп, Артымда менің ұядай жарық үй қалған.
Шаңқай түс Айта алмай қойып, шығарып сыртқа «әттеңін», Бос кеуде жанға ренжіген бекер сәттерім. Күлімдеп келген күндерім енді сүртер ме, Шашасы шалқып шашылып келген ат терін? Барады қайран Уақыт жылдам ұшып, Уыстап көк теңізді тұрған ішіп. Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай, Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып. Жеткізбес сен қайдасың, жүрдек әлем, Қиындық тұр қадымды күрмеп әрең. Жамағат жалау қылды жалғандықты, Шындықты аңсап жүрген бір ғана мен. Жалынға жалын керек маздау үшін, Өзіме жетпей қойды өз дауысым. Жалғандық шындықпын деп шыңғырғанда, Шыдамның сынып кете жаздауы шын. Шындық, рас, қараңғыда жүрдім дері, Жарқ етіп шығар ол да бір күндері. Жабайы жабыларға шаң қаптырар Дүбірлі дүниенің дүлдүлдері. Күн болып кіргім келді қара бұлтқа, Жиек боп тұрғым келді аралықта. Айналып сыңар түйір тамшыға мен, Тіреліп қалғым келді қарамықта. Көңілім көкжиекте қалды өрлеген, Шарқ ұрды қайран жүрек ән кернеген. Тыпыршып өз сағатын күтіп жүрген Дүбірлі тұлпар көрдім бар кермеден.
Шәмшия Жұбатова Тамсантып, тамылжытып, төгіп тұрды ән, Жүрегім қоңырау боп соғып тұрған. Жұлдызды шағым менің салют шашты, Құшағын қызғалдаққа көміп қырдан. Ақ аспан, алқын тағы, шалқала кеп, Сен маған не айта аласың, алқара көк? Арманым адымымды бөгей берді, Аңсарлы алыс жаққа арқала деп. Қамыққан қамыс көрдім қаспақ көлден, Алаулап арман жұттым асқақ белден. Тығылған тығырыққа әуенімді Бозторғай өз үнімен бастап берген. * Шалқайып, шөлім бастым бар тұмадан, Шабытым шалқып ақты-жарқын алаң. Көтеріп аппақ жалау Күн жолымен Адымдап келе жатыр Алтын адам. Қып-қызыл гүл қыстырдым бар беткейге, Асқарлы Алатауды қар кептей ме? Кұс болып құлдилаймын, шарықтаймын, Жамырап бүкіл ғалам тар боп кейде. Кеудемде бір үмітім көктеп - өсіп, Күн толы дүниемде көктем есіп, Сыңғырлап шалқасынан қайта ашылды, Жабылып көкірегімде кеткен есік. Қосумен бір тұмаға бір тұманы, Жолдарым алға қарап жұлқынады. Дірілдеп аппақ жұлдыз омырауында, Қанаты қара түннің жыртылады.
Шаңқай түс Шашылып құс жолында қанаттарым, Алқынып, баса алмадым жан аптабын. Шыңғырды құлын дауыс жүрегімде, Тармаққа теңселді де танаптарым. Әз көктем, аяулымсың армандаған, Мен сені іздеп жүрдім бар ғаламнан. Жабықсам, сенсің мені құтқаратын Көк жүзін көлеңке бұлт торлағаннан. Қырмызы қызғылт бақты нұр басқанда, Тыраулап алыс жаққа тырна ұшқанда, Гүл алып сені тостым келер ме деп, Бақтарда қыз бен жігіт сырласқанда. Көкем-ау, көрінбедің көптен бері, Ақ жаңбыр қайтып келсе көктен кері. Сұрадым, мекеніңді айтпай қойды, Желбіреп Сарыарқаның жеткен желі. Сен қайда жүрдің, көктем, біле алмадым, Екеуміз толқыны едік бір арнаның. Желбіреп желмен бірге жетер ме деп, Жабықтым, жүрегімнен жыр арнадым. Қара түн, қара көздің нұры сынды, Ұнатам жорға мінез жүрісіңді. Бір белгі соғу үшін кеткен жылға, Құя бер, қалыпқа сал құрышыңды. Бір белгі қалу керек кеткен жылдан, Ол кездің жаңбыр жасы кепкен жылдам. Мұнарлы мұнаралар мұңын айтты, Сылдырап сырын шертті жеткен жылғам.
Шәмшия Жұбатова Аққанда қою бұрым қап-қара түн Ертеңге ертегісін ап баратын. Ешкімге, ешқашан да жолданбайтын Сағыныш деп атағам хаттар атын. Жазылған жүрекпенен ақ парақты, Өзіңе қара түнде хаттар ақты. Қара түн бұрымдарын тарасын деп Жолдағам аппақ айға ақ тарақты. Иірім тапты иректері арнаның, Арналарға ағыс табу – арманым. Тұмандарда тау ішінде адаспа, Топтан озған, темір тұяқ тарланым! Сен білсең ғой, қанша күттім маусымды, Саған барар жолдың бәрі таусылды. Діріл қағып тоңазыдым өзіңсіз, Жапырағын жел тонаған бау сынды. Жаңбыр нұр құйды, Жүрек жыр құйды. Маңдай тұсымда Сәуле сырғиды. Күнге асықтым, Түнге ғашықпын. Кеудемде аппақ Нұрды тасыттым. Тасқын басталып, Көзден жас тамып, Бір бұлт көшті, Келді басқа бұлт.
Шаңқай түс * Жылдар жұлдыздай ағады, Күндер қоңырау қағады. Бақбақ ұшады бақтарда, Көзден ыстық жас тамады. Таңдарым күлімдеп асыққан, Кештерім сезімді тасытқан, Тілдесіп қалуға үлгіртпей, Қол бұлғап тұрады қашықтан. Айларым барады зулаған, Орманы оқыста шулаған. Өмірді аңсаумен өксіген, Жүректі қайтейін тулаған?! Ертегі Бәрі ертеңде, болашағым ертеңде, Үмітіңе үкі тағып, көркемде. Талықсыған тамырына су барсын, Су құямыз жасыл шыбық өркенге. Ертең бәрі, бәрі де ертең болады, Жаз келеді, бақбақ басы толады. Топыраққа енеді ертең тозаң боп Жер бетінің таусылмайтын қонағы. Ертеңде тұр байлығың да, бақыт та, Қырық түрлі қыр салатын жақұтқа. Тынысын сәл баяулатып тыңдар ма Не десек те тұрлауы жоқ уақытқа? Күн астында көлбең қағып көркем бел, Ертеңге ылғи асығады өркенді ел. Самырсынды орман қолын бұлғайды: «Бүгін келме, ертең, ертең, ертең кел!»
Шәмшия Жұбатова Ертең барда ештеңеден түңілмен, Ертең үшін ғұмыр кешем бүгін мен. Ертегі өмір келеріне сенеді Болашақтың жанарына үңілген. * Тәңірінен бармақтай бақ сұраған, Қайда барсаң – жылап жүрген бір адам. Жаңбыр жұтып, мұзды ерітіп, қар басып, Қырық жамау жүректерін құраған. Жапырақ іздеп жабырқады жылы күз, Жалғыздықтан жапа шекті Ұлыңыз. Төзіп-төзіп тебінгіде терледі Шытырлаған Төзім атты шыныңыз. Терін текке төгіп жүрген құлдармыз, Мағынасыз өтіп кеткен жылдармыз. Арқасына қайыс қамшы көп төнген Сынақтардан сағы сынды сындарлы із. Біз құлдармыз. Қоғам бізді құл қылған, Кісенім бар, шылдырайды сылдырмам. Табандардың жаншылады астында Менің ерен еңбектерім тындырған. Тоқып келдік бітпейтұғын өрмекті, Өмір деген өрнектермен көрнекті. Өрнек өріп шықса деп ек өрмектен, Ерен ісім ебін таппай кер кетті. Қозғалмаймыз бір нүктеде әдемі, Тірі жанға жылжу ғана тән еді. Бізге қолын үнсіз ғана созады Қозғалыс пен қимылдардың әлемі.
Шаңқай түс Қол бұлғайды арамызда шыны есік, Ар жағында құлпырады гүл өсіп. Зымыран жыл заулап өтіп барады Жел суырып, табанынан құм есіп. Барлығына тәуелді боп тұрғанбыз, Күннен қорқып, көзімізді жұмғанбыз. Көлеңкеге мойнымызды бұрғанбыз, Біз құлдармыз, біз құлдармыз, құлдармыз. * Көгілдір көкжиегі аспаным кең, Жеткізбес алты қырды асқаныммен. Құлпырып мың сан гүлі тұрса-дағы Сол жаздан мынау бір жаз басқа мүлдем. Айналып келгендей ме басқа ғалам, Досым да бұрынғыдай қоштамаған. Қалықтап Алтай жаққа жетті ме екен, Алатау бауырынан бастаған ән? Мынау жаз жанымдағы мұңды ұқпаған, Қарайды бөтен көзбен мүлгіп маған. Дүние дөңгеледі, діріл қақты Бір ерек шуақ барын мың құптаған. Қара өлең
М. Қабанбаевқа Қара арғымақ жалын құшты, Қамығады қалың ел. Сағыныштың суын жұтып, Сарғаяды сары бел.
Шәмшия Жұбатова Қара жұлдыз көкте ағады, Қара жасы тамшылап. Қарлығаштың ақ тамағы Бүлкіл қақты ән сұрап. Қара нарым желіп өтті, Даусы желге шашылып. Тал теңселіп, шашын жұлды, Әлденеге асығып. Сауытымның тор көздері Бытыр-бытыр сөгілді. Атқылайтын қауыздағы Аппақ бұлақ көмілді. Қап-қара жел аңырап тұр, Қара аспанның бетінде. Қара бұлттар жамырап кіл Шөл даланың өтінде. Қара тұлпар арындап кеп, Кірді көшкен керуенге. Сері көңіл шалқып, тасып, Шықпай қалды серуенге. Қайран мұңым, жайраң күнім Ажал жетті, мерт болдың. Шөлдеп едің күн астында, Тұтандың да өрт болдың. Бебеуледі қара қобыз, Ол да мұңмен сарындас. Шын жүйрігін іздеп жатыр Қамығып ел, қарындас...
Шаңқай түс Ренжіме
Бибісараға Бір түп ағаш артық ектің, ренжіме, Жалғасысың жарты беттің, ренжіме. Зорлықшылдар зорлықтарын жасаса, Жалын болып шарпып өттің, ренжіме. Алтын сатып ала алмайсың арзанға, Бірдей талап қоя алмайсың бар жанға. Тобарсыған топыраққа құласа, Жылтыраумен жатар, бірақ, маржан да. Бұл өмірді сүйіп тұрдың, ренжіме, Көп адамнан биік тұрдың, ренжіме. Күншілдіктің керуені тізіліп Өткен кезде күйіп тұрдың, ренжіме. Топастау ел түсінбесе, ренжіме, Ақшада ғой күшім десе, ренжіме. Тағдыр саған бір сынағын жіберіп, Ұша аласың, құсым десе, ренжіме. Жоғалтқаның жоғалмайды, ренжіме, Ренжіткендер оңа алмайды, ренжіме. Бәйтеректің терең кетсе тамыры, Жапырағы тоналмайды, ренжіме. Ренжіме, дос, тәубаға кел, тәубаға, Алқызыл гүл өсіп тұрсын аулада. Тұқшиғандар тұқыртам деп жүргенде, Сау басыңды сала көрме саудаға. Азап көрме адам құрған айладан, Көлеңке көп күннің бетін жайлаған. Ақиқаттың жету үшін шыңына, Алла саған ақ орамал байлаған.
Шәмшия Жұбатова Дүрмекпенен жүрген кезде дүрмекте, Ақ орамал – жүрегіңді кірлетпе. Түнерумен түн қалады бір жақта, Жадыраған күн тұрады бір бетте. Гүлдер керек көктем келген бөктерге, Қанат керек ұшатұғын кептерге. Реніш деген ысырылу керек қой Шаттық жыры жүгіргенде шектерге. Таңның күліп атқандығы реніш пе, Жүрдек жолдың жатқандығы реніш пе? Шынайы ыстық ықыласың, пейілің Жылқы болып шұрқырайды өрісте. Көкке өрлесін көңіл деген керемет, Көкіректің тазалығын керек ет! Жан жүрегін мұң шалмаған адамды Айналасы пір тұтады төре деп. Санасыздар санын соғып қалғанда, Жарқырасын мұңсыз жүрек жалғанда. Бақытыңды құшқаныңа ренжіме, Нәзік қолың көтеруден талғанда. Түн келгенде қаралығын жасырып, Шырағың жақ одан айла асырып. Сен ақиқат мінбесінен таймасаң, Ренжіткендер келеді өзі бас ұрып. Сен ақиқат мінбесінен таймасаң, Патша көңіл барып қайтар айға сан. Көктем келіп жаныңда ұзақ тұрады Қызғалдақтай қауыз ашып жайнасаң. Мұң таңбасы қалып қоймай көзіңде, Жігеріңді сілку күші өзіңде. Жамылғысын жаман күннің жамылма, Жарқыраған, арқыраған кезіңде.
Шаңқай түс Булығып кеп, кенет қайда гүлдесең, Ұмытасың мұң барлығын мүлде сен. Тіршіліктің жақсы екенін мойында, Кетіп қалмай жаңа келген күнге есең. Не боп кетті дүние, не боп кетті, Қу тіршілік аямай дедектетті. Ауыл жақтан сағынып келген досым «Қош» деместен еліне жөнеп кетті. Өзім жедім қонақтың қонағасын, Сағынышты сары жел тонағасын. Жайлаудағы жылқыдан тұсау көрдім, Қыран көрдім шешпеген томағасын. Тез жоғалтып ажарын сүйкімділер, Гүлзар бақта өтуде митингілер. Биік жалдар мұхитта дағдарады, Тірлігіне жаңқаның қиқым күлер. Биік жалдар мұхитта дағдарады, Шағала боп шалықтап ән барады. Жұлдыз жағып шаршаған қара түннің Қараңғыда қанаты қармалады. Жанды қалай сақтаймын тіршіліктен, Жүрегімді ұстаймын күрсініп мен. Талғау іздеп тұрамыз төңіректен, Жалғау іздеп жүреміз жыршы-үміттен. «Шұбырынды ұласып ақ табанға», Жердің бетін топан су қаптағанда, Ғашық қылған Абайды ару Тоғжан Ақ күміске маңдайын қақтағанда,
Шәмшия Жұбатова Көкшіл теңіз сапырып толқындарын, Айдың нұры тербелді ақ бағанда. Қыз ілгенде иыққа құмырасын, Құмыралы күндердің сыры басым. Шыр айналған ұршығын қолына алып, Зымырасын алтын күн, зымырасын. Ақшыл толқын аймақта тербетілген, Тұман билеп барады жер бетімен. Аққу біткен айдында қалқып ұшып, Ақ періште қанатын серметумен. * Сабылып сезімдердің сәуірі кіл, Басылмай жүректердің жауыны бір, Бұрқырап ақ көбігі көкке атылған Бұрқанған Мұқағали дәуірі бұл. Жаңа күн, жалын бол да жарқыра, сен, Сұлулық сыбызғысын тартып әсем. Жұтылып көлеңкеге келген еді Жарты өмір, жарты бақыт, жарты көшем. Қалтылдап ескектері ескіліктің, Жылтырап шамы жанған кешкі үміттің. Дауысы жапандағы жалғыздықтың Барады бірте-бірте естіліп тым. Маңдайын тау мен тасқа соқтыра алған, Жарқырап жол ашады өткір арман. Білемін, сыңар дауыс шуға айналып, Білемін, жалғыздықтан топ құралған. Толқындар толықсыған тулай келді, Толқынға толқын соқса шулайды енді. Қамыққан қалың елге көлеңкеде Жаңа күн, жаңа бақыт тумай ма енді?
Шаңқай түс Қамыққан қалың ел бар көлеңкеде, Желбіреп желге ұшады желең төбе. Қырдағы қызғалдақтың исіне елтіп, Бақытын күтеді олар кең өлкеде. Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық, Айқай салып барады ішті жарып. Бауыры аппақ қарлығаш топ-тобымен Қара орманнан топталып ұшты барып. Бір ақ сәуле келеді нұры басым, Нұры басым ғаламнан сыр ұғасың. Домбырасын, әндетіп, жырға қосып, Отырғандай болады тірі Қасым. Найзағайлар оянады бір түнде, Ғалам толып таңғажайып күркірге. Шулы дауыс арасында аптығып, Айтарыңды айт, жүрегім, іркілме. Шулы дауыс арасында аптығып, Армандар тұр салтанатпен сап құрып. Жарқыраған үзік-үзік шамдарын Асыл ойдың діңгегіне жатты іліп. Балбыраған балаң ойлар көп-көрім Даналыққа ұсынады кеп төрін. Еркіндігін табу үшін қалықтап, Жүрегімді жарып ұшты кептерім. * Амансың ба, мен бармаған тау беті, Амансың ба, диуана күн әулекі.
Шәмшия Жұбатова Қош бол сен де, жайлы тұрмыс, жайлы өмір, Шулап қалған надандықтың әулеті! Амансың ба, ізеті мол сарғыш таң, Армандарым, аманбысың ән құшқан. Жұдырықтай бозторғай қып аспанға Жүрегімді ұшырайын ән қысқан. Қош бол сен де, ақылдылар арттағы, Қош бол, өмір, бұзылмайтын шарттары. Жаса мәңгі, ақылсыздық, ессіздік, Керуеніңе мені қосып тарт, кәні! Жел ұшады шаштарымды жұлмалап, Шаш астында ақылым бар мың қадақ. Қобыраған жел қанатын жайды да, Ұшып кетті жүрегіме мұң қадап. Амансың ба, жадау тұрмыс, кедей күн, Өмір-ана, бүгін саған өгеймін. Қош бол жұмсақ, мүлгіп тұрған тыныштық, Жайлы өмірім, сен қайдасың демейін. Жер бетінің жылысы мен жұмсағы, Есептесең, шықпайтұғын бір саны. Көңілімді қобалжытып қойғаны Күптіліктің толмайтұғын құрсағы. Ғаламат Таңның күліп атқандығы ғаламат, Қызғылт кештің батқандығы ғаламат. Бауыры аппақ қарлығаштың аспанда Қанаттарын қаққандығы ғаламат. Жапырақтың күзгі өлеңі ғаламат, Достарыңның іздегені ғаламат.
Шаңқай түс Қарсы алдыңнан кездескен бір баланың Жолды кеспей, «Сіз...» дегені ғаламат. Анашыңды сағынғаның ғаламат, Әкешіңе табынғаның ғаламат. Балдан тәтті балашыңды айналып, Жан жарыңа бағынғаның ғаламат. Елдің аман болғандығы ғаламат, Көңіліңнің толғандығы ғаламат. Бақыт құсы бар ғаламды айналып, Басыңа кеп қонғандығы ғаламат. * Дүбірлі күндер өтті дөңеспенен, Дабылды жылдар жетті белеспенен. Балам-ау, күліп тұрған сені көрсем, Жастығым көз алдыма елестеген. Қайта алмай жастығыма, қарайладым, Аралап туған жердің бар аймағын. Келші ұлым, мезгіл жайлы сырласайық, Алдында қатар тұрып шарайнаның. Ізіміз қатар түссін жер бетінде, Жер беті ұрпақтарын тербетуде. Туған жер құшақ жайып, тебіреніп, Қанатын қыран құстың серметуде. Сен-дағы мұңаймашы, күрсінбеші, Кеудемде жүрек болып дүрсілдеші. Сүйеніп бәйтерекке бала қайың, Тербеліп тіршіліктің тұрсын кеші. Сен менің бүгінімсің, ертеңімсің, Өмірде жалықтырмас ертегімсің. Жанымда сен болғасын биік ұшам, Көңілде күмбірлеген көркем үнсің.
Шәмшия Жұбатова Тізбегі құстың ғажап ұшқанда, Жетеді сыңсып сазы алыстан да. Көмкеріп бидай кең дала төсін, Қараша келді Қазақстанға. Қараша келді, қараша келді, Сары түк басты аласа белді. Қозы-лақ тойып, секіріп көкке, Енесін еміп таласа берді. Алтын түске еніп қарады аймақ, Бұрқылдап сыртта самауыр қайнап. Симфония айтты оркестр тілі, Серпіліп қала, дала бір жайнап. Қызықпен жүрміз келте етіп түнді, Елең қылмастан кем-кетік мұңды. Сырнай сазына үн қосып едім, Қамыстың басы селт етіп тынды. Көз жасын жаңбыр төксе түлеген, Құшағын жайды көкшатыр емен. Жапырақ ұшты, құс ғайып болды, Осынау байтақ Қазақстанда Қараша ғана өкше тіреген. Тыңдағаны арзан ән, Талықсыған тар заман. Жүрген кезде жағалап, Құлататын жар жаман. Ұмытылып тәңірі, Қопарылып тамыры, Кімге барып жетеді Замананың зар үні?
Шаңқай түс Уайым болған қара бас, Көбі аш құрсақ, жалаңаш. Жанталасып, жан беріп, Бір-біріне қарамас. Арман қайда? Алыста... Жаңқа ағады ағыста. Қарамайды бауырың, Бұрылмайды таныс та. Жүгіреміз дәм іздеп, Зырылдаймыз бақ іздеп. Қалталылар мақталды Нағыз адам, нағыз... деп. Жүдетеді жоқшылық, Іздетеді тоқшылық. Қалтасы тоқ адамдар Ел алдына көп шығып. Алған қарыз састырып, Үстем тұрып жас түрік. Дарынды емес, қарынды Кітабын тез бастырып. Ақшалы тұр оңымда, Ақшасыз тұр солымда. Билік пенен дүние Ақылсыздың қолында. Байда ғана өкімет, Қуыршақ адам көкірек. Желмен ұшып барады Қайран өлең жетімек. Ақшаға арын жалдаған, Бірін-бірі алдаған, Шошынамын мен сенен, О, зар заман, зар заман!
Шәмшия Жұбатова Аппақ гүлге көміліп аула қалды. Көктем бізді соғыссыз жаулап алды, Жан жүректің астынан жалын көрдім, Жалын біткен сүйеді лаулағанды. Қол көтердік көктемге қарсылықсыз, Сағым қуып бекерге сарсылыппыз. Шалдықпайық, бекерге шаршамайық, Шүкір, шүкір, бармыз ғой, баршылықпыз. Керегі не көктемге қарсыласып, Шыр айналды нұр шапақ шаршы басып. Тау басына шыршалар қолын созды, Қатар-қатар тізілді аршын ашып. Жасыл туы жеңістің желбіреді, Ғашық болды адамдар, елбіреді. Саңылаудан құйылды сары сәуле, Терезеден бір жұпар жел кіреді. Көкешім, келдің бе деп қарай бергем, Көктемім көлкігенде арай белден. Самал жел сауын айтты бар ғаламға, Дабысы естілді де талай жерден. Қондырып қолыма алдым қаршығамды, Абдырап, араладым бар шығанды. Телміріп күн төнгенде төбе жақтан, Төрт жағы дүниенің шаршыланды. Жарқырап қос жанары келе жатқан, Телміріп күн төнгенде төбе жақтан. Ағызып ағыстары ақ кемені, Теңселтіп толқындарын енеді ақ таң.
Шаңқай түс Ағызып ағыстары ақ кемені, Бір күні күлім қағып бақ келеді. Арайы албыраған албырт күннің Жазылып қағаздарға жатты өлеңі. Айтылып адамзаттың ортақ әні, Қамажай күндер келді қарқаралы. Құбылған жәрмеңкелі бұл ғаламның Ашылды ұланғайыр жарты аралы. Ағылған адамдардың легіменен, Алтын түс қарашаның лебіменен, Уыстап маржан түсті жапырақты, Шашамын жырдан шашу көбіне мен. Ғаламның ашылғанда жарты аралы, Шайқалды шаттығымның шартарабы. Ертеңге мұң-мұқтажын айтпаса екен Адамзат орындалып бар талабы. Мен құл емеспін, Мен күң емеспін, Жетегімен жүргем жоқ құр елестің. Ауытқыған заманның мұңын кешіп, Ауытқыған қайықта күрек естім. Ойламаңыз жүр ғой деп құр бекерге, Жаңа қоныс іздедім ірге етерге, Жаңа қала іздедім гүлдетерге, Енді, қалқам, ескіңді ілме төрге.
Шәмшия Жұбатова Үлкендердің қатарын түзеп келіп, Кішілерден тұрамын ізет көріп. Қиындықты, Бақытты, Қуанышты Күнде бастан жүремін жүз өткеріп. Шамы сөнбей тұратын сенегінде, Есіңе алма, не қалды көне күнде?! Алақандай сенің де үлесің бар Тіршіліктің тауқімет – елегінде. Дауыс болып шықсыншы ішіңдегі үн, Қанатыңды қомдап ұш, құсым менің. Бұл өмірде тек сенсің сағынғаным, Бұл өмірде тек сенсің түсінгенім. Түн өтті. Тағы да бір таң атты аман, Құлпырды күн астында жанат ғалам. Ақ бауыр қарлығаштың қанатымен Қалықтап барады ұшып алаптағы ән. Тамыры тіршіліктің бүлкілдеген, Ауысып құлпырады ол жыл, күнменен. Ертеңім ертегі боп елестейді Үмітке үкі тағып үлпілдеген. * Кеудемнен сызылып бір ән шығарда, Тамшылар қосылады тамшыларға, Билейді аппақ қайың шаршыларда. Қолымды көлегейлеп көп қараймын Көктемге сауын айтқан жаршыларға. Жүрекке сәулесі бар мұң келерде, Самал жел саңқылдайды іргелерде,
Шаңқай түс Жүйріктер жетеді ылғи жүлделерге. Парасат-пайым айтып сән құрады Оранып үлделер мен бүлделерге. Жаныма күмбір қағып күй келерде, Бозторғай ән іздейді үйренерге. Сүйріктей сұлу саусақ жетелейді Сыңғырлап сұлу әуен күймелерде. Бұрқыраған күндердің бұршағында, Берілуге болмайды мұнша мұңға. Мен өзіңе тағы да күліп келем, Ауруымнан айыққан бір шағымда. Жылжып аққан тірліктің жаңбырында, Тіршіліктің түрленген сан қырында. Өтіп кетті ескі күн өкінішті, Жаңғырық боп қайтадан жаңғыруға. Суырылып кеудеден дара тыныс, Қызық болып құбылды жаратылыс. Аспанның ар жағында аппақ астар, Астардың қабатында қара тігіс. Күлімдеп күн өтеді көшеменен, Қанаты қуанышын еселеген. Жасыл бақ жайқалады жол үстінде, Жолына жапырағын төседі әлем. Тағы да көшеменен күн барады, Бұрылып жанарына мұң қарады. Қайыңды ормандардың қапталында Құлпырып қаншама гүл ырғалады.
Шәмшия Жұбатова Шығар ма сағынышым, сәулем, естен, Тынады жыршы құстар әу деместен. Қайықтар алға сырғып қалтылдайды, Зырлаған Зуһра күн, Зәуре кешпен. Қайықтар алға сырғып қалтылдайды, Толқында күміс теңге жалтылдайды. Қуарып құр сүлдері қалған дүние, Айығып өз дертінен ән тыңдайды. Қуарып құр сүлдері қалған ғалам, Секілді ешқашан да толғанбаған. Мамырдың мамыражай мезгілдері Қарайды жапырақ төгіп алдан маған. * Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай, Қиялдарға ғажайып беріледі әрқалай. Қозғап едім бұтақты, сыңғыр етіп үн шықты, Неткен сұлу төңірек, неткен сұлу қаңтар ай! Сайрап тұрған әнші құс, қарасам да қай жағым, Жарқылдайды сүңгілер ұшындай боп найзаның. Құлдилайық екеуміз тау басынан шаңғымен, Ұшқан құстай көктегі қанатыңды жай, жаным. Күн астында керіліп жатып-жатып тыныш бір, Жүрек құсап оқыстан бұлқынады күміс қыр. Тал бойында оты ойнап жалыны мол жастықтың, Қыз-қыз қайнап ойыңда қызуы мол жұмыс тұр. Шың басынан үн қатсаң жаңғырығы ілескен, Жаңғырықтың соңынан бір сәулелі мұң ескен. Тарқамайтын жарқылы, думан толы әр күні Шығар ма екен, шіркін-ай, қаңтар айдың күні естен. Қызғыш нәзік нұр төгіп көкжиегім тұр алыс, Көкжиекке жетелеп апар дейді бұла күш.
Шаңқай түс Қос ат жеккен шанамен көз ұшында зуылдап, Көрген түстей жоқ болып кетпесе етті мына қыс. Кең өлкеде жадырап ертегідей қысым тұр, Тоңдырмайтын қаңтарға бойымда ыстық күшім тұр. Жауған қардың ішінде ағараңдап аң мен құс, Мұздан ойып жасалған небір ғажап мүсін тұр. Өшпейтұғын көңілден қызығы да бар талай, Неткен сұлу төңірек, неткен сұлу қаңтар ай. Көшкен елдің жұртында қалдым ұмыт, Арты жабы тірліктің, алды күлік. Шалқасынан жатып кеп ойланды да, Ай боп көкке ырғылды тарғыл үміт. Қара саздың қамығып қамыстары, Бірте-бірте көзімнен алыстады. Лүпілдеген жүректің соғысымен Шектеседі домбыра қағыстары. Жастығымның төріне өркен іліп, Сен де күліп келмейсің, мен де күліп. Жабықтым да, үн-түнсіз күйге көштім, Қасқыр болып ай жаққа көргем ұлып. Солай қалқам, тағы үнсіз күйге көштім, Мені күтіп алмайды үйден ешкім. Көрермені ең соңғы мен болармын Жемістері таусылған жиде көштің. Мен ғашықпын, аяулым, отты демге, Отты демім отыз боп өтті менде. Қарындастың қарақат көзі сынды Көктем келіп қалғанда көп түменге.
Шәмшия Жұбатова Жылдарымнан шырайы шапағатты, Мен күтемін шынайы махаббатты. Өкінішті мезгілдің тарамынан Өмір – өзен өксіді, қатар ақты. Табу керек қорғаған, қолдағанды, Жүрегінен шын сәлем жолдағанды. Ең шынайы махаббат мәңгілік қой, Аспандағы алтын күн ол да мәңгі. Аспандағы алтын күн мәңгілік қой, Әуенге сал әдемі, ән қылып қой. Құс базары басталса көктем сайын, Жартас жақта өтеді жаңғырып той. Қайран жаңбыр, ақ қарға ауысып өт, Даңғазалы ғұмырсың дабысы көп. Дүниенің дидары дірілдеп тұр Рамазанның әдемі дауысы боп. Аңсаймын кеп, іздеймін бір қаланы, Тамашасын талықсып жырлағанды. Саған да алғыс айтамын өкпелемей, Шытырманды тағдырым, шырғалаңды. Шарықтайды шағала шабыттанып, Бауырында аппақ нұр ағып-тамып, Еркіндігін таныған елің сынды Шалқы, тербел, сен-дағы қалықта, бұлт! Жалын тілі шақпақтан шалқып ұшып, Аймаласып аспанмен, алқынысып. Аңызақта аңқасы кепті әлемнің, Ақ саумалын аспанның тартып ішіп. Ұнатамын тамылжып таң атқанын, Құлпырады, өйткені, жәнат бағым. Армандарын айтуға асығады Басылмайтын қызуы жан аптабым.
Шаңқай түс Дүлей дауыл, дыбысы дамылдаған, Ария боп жетеді әнің маған. Көздің жасын көлкітіп бара жатыр, Сағынышын баса алмай жалын далам. Несіне ұзақ болмайды күннің бәрі, Неге ерімей жатпайды жылдың қары? Сап түзеген түп-түзу жасыл талдар Жер бетінің мәңгілік тұрғындары. Сап түзедің сен-дағы, сағана там, Арман жырын айтады саған Отан. Сағана там, саяңнан ұзамайын, Өсиет қып қалдырған маған атам. Гүлді сүйдім шілденің аптабында, Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында. Менің бала күндерім қалқып ұшты Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында. Қалқып ұшты, қайтадан оралмады, Жолаушыға жөн сілтеп жол арналы. Балаң күнді іздедім жаһан кездім, Мейіріне анамның оранғалы. Балаң күнім дегенім анам екен, Бақытты едім ол күнде алабөтен. Елге барсам, мен тұрған үйді көріп, Қақпасына Бақыттың қарап өтем. * Мен қайта келем, мен қайта жерге оралам, Бұлттарды жастап найзағайлары бораған. Мамықтай жұмсақ жалпылдап жауса ақша қар, Ақ қайың болып, ақ түбіт шәлі оранам.
Шәмшия Жұбатова Мен қайта келем, мұхит боп келем, теңіз боп, Ойлайды аспан өзіммен жаны егіз деп. Алыстан ғана тау болып көлбеп жатамын, Бағыштап аят, жүретін болсаң мені іздеп. Мен қайта келем, тау болып көлбеп жатамын, Оң жақтан шығам, сол жаққа сосын батамын, Қараңғы түнннің жарығын жүрем еселеп, Қарайғандардың көбейтіп тұрам қатарын. Таппадым дамыл, таба алмай қойдым еш тұрақ, Шын іздер болсаң, табылады екен кеш мұрат. Алдымнан шықшы бояуы қалың көш құрап, Мен қайта келем, сен кетіп қалма, тос бірақ. * Жүрегім, есітемісің, жыл келеді, Толқудан тілім менің күрмеледі. Есікті аш, қабылдап ал, төрге отырғыз, Бақыт пен қуанышты іргедегі. Ұзақ жол шақыра ма алыстарға, Қол бұлға жағалауда таныстарға. Кім білсін, адымы кең әз арманым Ай болып тұрған шығар ғарыштарда. Терезе перделері тербеледі, Тербелсе, жанға жұмсақ жел келеді, Бір нәрсе күтем ылғи, неге екенін, Қанатын қарлығаштар сермегелі. Тосамын әлдекімді, әлденені, Бой түзеп салтанатым сәнденеді. Тырналар тырауласа көк жүзінде, Кеудеме сазсырнайлы ән келеді. Төрлет, жыл! Тұрсын көктен төбең асып, Төбелер теңселеді көде басып.
Шаңқай түс Жаңа жыл жаңа өмірге қарайлаған, Жүрегі жасаң тартып көне ғашық. Жүрегім, қартайма да, қарайлама, Сөнетін көкжиекте арай ғана. Арналы ағылыстан шағылысқан Шалқыған шартарап тұр шарайнада. Төгіліп қыркүйектің нұры көктен, Ақ қайың мұңаяды сыры кеткен. Үзілді жапырақтар, күз келді... деп Айналып кете алмай жүр тірі көктем. Сол көктем. Жүректегі тірі көктем, Санадан шықпай қойды жыры көптен. Жасыл түс жастығымен қоштасады Көк орман бұйра басын бұрып еппен. Мәңгілік елес болған бір күн демі, Көктемді ұмытуым мүмкін бе еді? Арнаға ағыс құйып бара жатыр Ағылған жылғалардың жыр күндері. Арнаға ағыс құйып бара жатыр, Қыркүйек... ол да көктем, қара да тұр. Кеудесін желге төсеп желбірейді Дәу емен оқшау тұрған дара батыр. Тағы да жауар жаңбыр, келесі қар, Көшеде сол көктемнің елесі бар. Ақ тұман арасында ұмыт қалған Арманның ақ желкенді кемесі бар. Көлдерде балық біткен шоршып қайнап, Шалқыған мұхит болды шалшықты аймақ.
Шәмшия Жұбатова Кеулімжай бала көңіл, дана көңіл Жүреді қапталына торсық байлап. Жатыр ма жүрегімде тарсыл құлап, Ал, кәне, арындап кел, аршыл, бұлақ. Самсаған жапырағы сыр бүккесін, Сарғайып сағыныштан, сарсылды бақ. Көңілім, шықтың ба аман Шер қаладан, Маралым шөлдеп қайтты Кербаладан. Тынысың қайта соққан құтты болсын, Жаңарып, жайнап келген Жер жаңадан. * Жырла көктем, жырламас халің бар ма, Сағынышын сабылтқан сағым барда. Көрсем деумен үздігіп жүрген едім, Дауыл соғып тұратын дабылдарда. Дауыл кетті, қар көшті, боран өшті, Сана бастап барады сара көшті. Көшкен жұрттың орыны елеусіз қап, Жазылмай тұр сыздаған жарам ескі. Көкшіл сәуле құйылып тұнық түптен, Тамылжыр деп құс әні, үміт күткем. Қанат бітіп қалықтап бара жатыр Жасыл ту боп шайқалып сырық біткен. Көгілдір көк, жасыл жер, бояу қанық, Жаңғырады, түлейді ояу қалып. Өшпей қалған жүректе Отаным бар, Ауыл оның есімі аяулы, анық. Дала деген Отан бар жүрегімде, Күн шағылып тұрады күрегінде. Балалықтың елін бір көрсем деумен, Жүремін де қоямын, жүремін де.
Шаңқай түс Жайна, көктем! Даламды еске салған, Шырақ жанып тұрады өшпес алдан. Желбірейсің жүректе орамал боп, Маржан тізіп шетіне кесте салған. * Үнсіз қалма, жүрегім, сөйле менің, Сөйлегім кеп тұрады кейде менің. Мен тоқтата алмаймын бұрқыраған Өмірімнің өміршіл ойлы өлеңін. Сөйле, сөйле, дүние, мүлгімегін, Сілкінсінші, жайнасын бір кілемің. Тозаң басқан тіршілік серпілгенде, Көз алдымда жадырап күлді менің. Білеcің бе, бар бақыт қозғалыста, Тастамайды көрігін тозған ұста. Жер дөңгелеп, күн аунап, ай домалап, Қанат қаққан құстарым озды алысқа. Білесің бе, бар бақыт күресуде, Күреспесең, қаласың күресінде. Бақыт та бар, бақ та бар, қуаныш бар Тағдырыңның тартатын үлесінде. Аппақ гүлін шашады өрік деген, Жапырағын жаяды көрікті емен. Мен осынау ғажайып дүниенің Ұшатынын қанатпен көріп келем. Кеш түспей ме, қайтадан таң атпай ма, Өйткені олар жүреді қанат байлап. Көбелектер көлбейді көлкіп ұшып, Жер – дүние буланған жәнатты айда.
Шәмшия Жұбатова Тамылжып әнші құстар таңсәріден, Қауышып аяулы бір аңсарымен. Бұл ғалам жасаң тартып бара жатыр Құлпырып көз алдымда барша кілем. Тіршілік ажырамай сый – салтынан, Аңқылдап ақ жаңбырдың исі аңқыған. Тізіліп ақ отаудың ірге тұсы, Күмбірлеп домбырадан күй шалқыған. Әдемі нұр таратып бақтағы арай, Ақша бұлт қалқиды алыс жаққа қарай. Ақ қайың шыр айналып би биледі, Сыбдырлап жапырағы топ қарағай. Табиғат інжу – маржан ілдім деген, Тәуба деп қайталадым бұл күнге мен. Арманды жетелейді алға қарай, Бұлаңдап көзді тартқан бұлғын белең. Аппақ күн шуақ шашып ана беттен, Жайдары күн келеді жаңа леппен. Жазира жайлауымның кең төсінде Құлдырап жүгіреді бала көктем. Тіршілік толғатады, толғатады, Шығады жиһанкез жыл жолға тағы. Жаңа күн шың басында шатыр жайып, Сәлемін бар ғаламға жолдатады. Қойнауы қара теңіз Қырымда кең, Көзайым болсын көріп нұрыңды әлем. Бұл сурет жанға жақын кетті тартып, Өйткені көргендеймін бұрын да мен.
Шаңқай түс Хабар күтем сен жақтан жылы лепті, Жаным жылап, сезімнің гүлі кепті. Жапырақтар желменен сыбдыр қағып, Жүрегімнің соғысын дірілдетті. Неге арманға толады бүгін кеудем, Сен жетерсің алыстан күлімдеумен. Жаңа таңда асығып оянам мен, Қашан сені көремін, күнім деумен. Ерке желмен есілген сен келесің, Жетесің ғой, мен іштей кел дегесін, Қай жағынан қақпаны ашамын деп, Үміт күтіп ұшасың, сенделесің. Сәл кешіксем, күт мені босағамда, Жетпейтіні күту ғой осы адамға. Дидарыңды көруге уақыт берген Тынбай алғыс айтамын жасағанға. Өзің жақтан әдемі леп еседі, Көкжиектің кең екен келешегі. Күн қысқарды, мұң қысқарды, қысқарды, Сағынышпен еске аламын құстарды. Жүрегіме ала алмаған көшіріп, Табиғаты тамылжыған тұстарды. Сағынышым сары өзен боп сарылып, Ағысында қалтылдады бар үміт. Жәутеңдеген жанартауым тұншықты, Жүрегімде өз-өзінен жарылып. Тұтқын болдым оған да бір тірлікте, Тіршілігім – таусылмайтын бір нүкте.
Шәмшия Жұбатова Мұхиттарды мұңға батқан мұңдық де, Құмдауытты құмға батқан құрлық де. Ағыстарым асығумен ағады, Бетке алумен алыстағы жағаны. Желаяқ жыл жеткізбеді, қайтейін, Қайран жасым ып-ыстық боп тамады. Нені күттім, әлденені күттім мен, Қайран түннен тұншыққанда, жұттым дем. Таңдай тұсы талықсыған тақырға Шарайналы аппақ шатыр тіктім мен. Тұншыққандар, тұңғиыққа батқандар. Саған арнап атам дейді ақ таңдар. Сахараңды самырсындар тұр басып, Самырсынды сары уайымнан сақтаңдар. Бәрі қысқа, күлкі қысқа, қысқа өмір, Тайталасқа түскен есеп үш те бір. Сатқындықтың сайтандығы сыртта қал, Жақсылықтың періштесі, ішке кір. Ұзындықтар қысқалықтан жаралған, Бақыт болар орындалған бар арман. Бұл пәнидің келтелігін айтады Тотықұсым жұмақтағы таранған. * Өмір деген қиын емес, күрделі, Тұтқын болып тырмаладым түрмені. Аңқылдаған ағыстардан өте алмай, Бөгеліп ем, соққан самал жүр деді. Жүр деп еді, желге ілесіп, көкке ұштым, Арасында бара жаттым көп құстың.
Шаңқай түс Қап-қараңғы ормандардың ішінде Ойсыздықтан арылтады отты ұшқын. Өмір деген қиын емес, салмақты, Талғампаз боп, сұлулықты таңдатты. Қиындықтар қапысызда ұрғанда, Ес жиғызып, жан-жағымды қамдатты. Сынаптай сырғанаған заманада, Сарғайып шам жанады бағанада. Найзағай ақ семсерін сілтеп жатыр, Келтірмей тәубаға да, тобаға да. Күндер де, адамдар да құбылады, Кеудеге көлеңкелер тығылады. Сен-дағы соғысыңнан танба, жүрек, Шалқыған мезгілді күт шұғылалы. Күн де әбден жалықты жарқыраудан, Сарқырама шаршады сарқыраудан. Жапырақтар тас жолға жабысып ап, Жаңбыр жырын айтады жалтыр аудан. Биік терек жел тербеп шайқалады, Жаңбыр, жаңбыр, сол жаңбыр айтар әні. Жапырақтың төбеде қалықтаған. Батыл-батыл ойлары байқалады. Шыдам біткен түсті де қақпақылға, Жел жынданып, симастан жатты ақылға. Қара балшық иленді жасын жұтып, Тарс есінен айрылған ақпа құмда.
Шәмшия Жұбатова Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт, Құмға батып, қайырлап жатыр бақыт. Көктем күні күлімдеп тұрады да, Кенет бұршақ төгеді сатырлатып. Қаққан кезде қақпалар ашылмаған, Тұтқиылдан сарғаяр жасыл ғалам. «Ит орнына шошқа үріп», заман ауып, Ардақтысын іздейді асыл далам. Бірақ оны таппайды, аһ ұрады, Желге ұшады мезгілдің жапырағы. Шиыр-шиыр таңба бар жартастарда, Шұңғыл түсті жар басы шақырады. Қайран уақыт, сенде бір өкініш бар, Кімді таптың, қайтадан бетіңе ұстар? Бостандығын бозторғай қадірлемей, Тор ішінде сайрайды тотықұстар. Күннің көзі тұрғанда жадырамай, Көңілденіп жүрмекші бәрі қалай? Күз келді деп күрсініп тұрып-тұрып, Өмір – өзен ағады әрі қарай. Өмір – өзен ағады, тоқтамайды, Қозғалысты, өйткені, көп қалайды. Ұясына батқан күн күреңітіп, Жоқтап тұрған секілді өткен айды. Өткен қайта оралмас өкінгенмен, Белдер қайта гүлдемес бекінгенмен. Дауылдардың дабысы даңқ асырып, Желдің аты жетеді жетім деммен.
Шаңқай түс Күннің көзін іздеген көбелек ем, Жаңбыр нені айтады себелеген? Жапыраққа жүректен сүгірет сап, Жаз айналып барады төбеменен. Қанаттарын құлаштап қалғанда бұлт. Көлеңкелер көлбейді қалбаң қағып, Желмен ұшып жетпейді маған неге Үмітімнің үкісі алдан нағып? Келдің бе тағы, әз наурыз, Жаныма менің нұр жағып. Жүректің терең түбінде Жылтырап бір от тұр жанып. Бозбала ұстап гүл шоғын, Желкілдеп қыздар, топталып, Сезімнің шексіз енінде Лапылдай лаулап от жанып. Жанады оттар жанады Жерде де, көкте, аспанда. Самал нұр орап қаланы, Жұлдыздар жарық шашқанда. Сезімімнен секілді күн тараған, Қырмызы боп көрінді қырқа маған. Ынтықтығын айта алмай үздігеді Мен секілді өмірге іңкәр адам. Күндер келер, жарандар, жылы лепті, Күмілжіген шақтардың мұңы кепті. Шыныменен күлдірмей қоймайды екен Қылымсыған күндердің қылығы епті.
Шәмшия Жұбатова Жағалауға қайығын жылдар есті, Тау еңкейді, бұлт тозды, құмдар өсті. Жаралы әуен жанымда ыңырсыды, Тірілгенде санамда мұңдар ескі. Мен бақытты емеспін неге ғана, Көтереді еңсемді көне дала. Өкіндіріп жүректі өксітеді Өмірімнің өміршең өлеңі ана. Ыстық демі тірліктің дірілдеген, Байқалмайтын мұндай дем бұрын менен, Удың дәмін ұмытам, шын айтамын, Шөлді басып тұрғанда шырынменен. Айтарымды алдыңда айтам есіп, Бұлттар кетпей тұрғанда қайта көшіп. Талшыбықтар таранды бұлаң қағып, Талдар басын шайқады байқа... десіп. Талшыбықтар таранса бұраң қағып, Мен оларға сүйсінбей тұрам нағып? Қанаттарын ұшам деп қомданады Қас-қабағын ғаламның қыран бағып. Қыста неге келмейді жыл құстары, Басылмады жанымның мың құштары. Құтты болсын айтамын жаңа жырға, Түлеп ұшқан жанымның тұңғыштары. Құтты болсын айтамын жаңа жырға, Бөленумен тұрғанда қала нұрға. Жан барына сенемін мені сүйген Талықсыған жылдардың тарамында. Жан барына сенемін мені сүйген, Еңкейместен шығатын еңіс үйден. Өмір қымбат екенін ұғынады ол, Сүрінумен, құлаумен, жеңісімен.
Шаңқай түс Есігіңді ашып қой, Күз боп бір күн келем мен, Жапырақ боп құйылатын өлеңмен. Тыныштық боп, Мүлгіп-мүлгіп жатам да, Тырна болып тыраулаймын төбеңнен. Босағаңды бөтен біреу көрмесін, Жаппа гүлді терезеңнің пердесін. Менің ғашық үнімді тап, аяулым, Сипала да күйсандықтың пернесін. Таң асығып жетер саған арайлы, Гүл ішінен көзім саған қарайды. Өзіңе деп айтылмаған сөздерім Күннің алтын сәулесі боп тарайды. Сәулем, сенде бар ма сол бір шарайна, Қарашы оған, өңің толар арайға. Менің демім шарайнада тұрады, Тек өзің біл, ешкімге айтпа, жарай ма? Жолға шықсаң, бар сапардан келші аман, Құшағыма қызғалдақпен енші әман. Күрсінісін ұмыттырам кеудеңнің, Күреңіткен күз боп келіп мен саған. Қалықтаған таң боп бір күн келем мен, Шалықтаған нұрдан жаңбыр себем мен. Жұпар бақта сен құс жолын іздесең, Төніп тұрам жұлдыз болып төбеңнен. Кең далаға жаяды күз қанатын, Түрі бар-ау күні ертең сызданатын. Көлеңкелер көбейіп көлбең қақты Жасыл жаздың дидарын қызғанатын.
Шәмшия Жұбатова Жасыл жазым... мәңгілік емес пе еді, Қыр басында қалыпты елестері. Ақшыл тұман көлбеңдеп келе жатыр, Бауырында тірліктің көмескі елі. Көмескі әлем келеді дөңеспенен, Ескертпеген, ешкіммен кеңеспеген. Ақ жаулықты әз ана дала кезіп, Бесік жырын айтады белеспенен. Әлдиіне, кең дала, тербеле бер, Тербелмеске болмайтын жел де келер. Қарлығашты жаңа күн қанатымен Жақсылықтар келеді елге нелер. Санаңа бір салмақты сырық қадап, Көзге сурет тұнады қырық қабат. Жасыл жазым соңғы рет қол бұлғады Мойнын артқа тағы да бұрып қарап. Жасыл жазым соңғы рет қол бұлғады, Қол бұлғаудан тұрады жолдың бәрі. Жанарынан жайлаудың жаз қараған, Қоя алмаспын кейінге ол күнді әрі. * Дәстүрге енген дағды дағдарыста, Қамалдар көшіп алды қорғанысқа. Алты қаз Арал жаққа соқпай өтті, Ақ өзен ағыс күтіп қалды Арыста. Соғам деп қандай бұйым ойланып тұр Көрікке көркем оймен барған ұста. Білмейді қыс келерін, күз келерін, Көлбеген түзу түтін түзде керім.
Шаңқай түс Албырап алма іздеген аққу мойын, Үлбіреп қызыл шие үзген ерін. Көзіме таныс тұлға шалынғанда, Боламыз Сіз де керім, біз де керім. Кеудеден кері итеріп өгей анам, Жоғалтты желтоқсанын кедей алаң. Жастық шақ алаңдарда алау жақты, Жайнаған жалын күшке не дей алам? Тербеліп тоғыз жолдың торабынан, Ойланып ормандардың орамынан, Ғарышқа қол тигізіп тұрды қазақ, Алыстап жер бетінде қорабынан. Ай туды аспан жақта орақ сынды, Оралдан жеткен кезде оралып ән. Көрікті жылдар өтті шамшырақты, Сұлу жыл әдемі бір ән сұратты. Алданып үміт күтіп жүрген күнім Нәзіктеу жүрегімді қансыратты. Гүл іздеп шыққан кезде исі жұпар, Қаңтарым орап алды қарсы бақты. Үңіліп балдың дәмін татқан кезде. Ақ жаңбыр шатырымды қаққан кезде. Жасыл түс жаз айына ұмтылып ем, Ақ түтек орап алды ақпан лезде. Айтылмай алқынумен арман қалды, Тамшысы тарамдалып аққан көзде. * Жақсы ма екен ішінген біле берген, Білген адам үндемей жүреді елмен. Күресінге күл қылып шашам деме, Күресіннен күн болып түрегелгем.
Шәмшия Жұбатова Небір тірлік өтеді күнде бастан, Мардымсыған дұшпанның күлгені астам. Таңсық емес маған бал, татқым келер, Алақаны анамның сіңген астан. Ықпа желі заманның ығыстырған, Ығыспауға жарады күміс тұрман. Келген желге екпіндеп жалынамын, Тірлігіме тиме деп дұрыс тұрған. Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде, Махаббаттың жеткенін білмедің бе? Жүрегің жапырақ боп ұшты маған Октябрьдің ең соңғы күндерінде. Қол ұстасып шаттықпен мүлде бірге, Шешек атып тағы да гүлдедің бе? Көктем қайта оралды екеумізге Октябрьдің ең соңғы күндерінде. Саған дейін мен өмір сүрмедім бе, Сен де ояндың бір бақыт күлгенінде. Біз кеттік, ал махаббат қалды мәңгі Октябрьдің ең соңғы күндерінде. Мезгіл жылдам өтетінін ойлама, Үскірік қыс жететінін ойлама. Жастық шағың бір бұрылмай артына, Мәңгілікке кететінін ойлама. Бұлақ мәңгі ақпайтынын ойлама, Шашты қырау қаптайтынын ойлама.
Шаңқай түс Өкпелетіп кеткен жанның қайтадан Есігіңнен аттайтынын ойлама. Бұл тірліктің жалғандығын ойлама, Қанатыңның талғандығын ойлама. Қара түннің биік тауды қаусырып, Бауырына алғандығын ойлама. * Елемей қарашаның қарсылығын, Сен менің тамызым боп қалшы, күнім. Күзгі бақ түкпірінде қалып қойған Күндерді жапырақтан аршы бүгін. Кезім-ай, өзіңді ойлап өксімеген, Тастаған мұңдарымды ескі деген. Сап-сары гүлдер құсап тауда терген Күндері қыркүйектің көшті менен. Ай өтті бұрқыратып жалбызын ап, Тамызым жүрегімде қалды жылап. Өкініш бара жатыр өксіп алып, Уақытқа сары гүлін алғызып ап. Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып, Жанарымнан бір тұнық сыр ұқтырып. Өкпелеймін несіне, бәлкім сені Өзге бір жан жіберер ұмыттырып. Өзге бір жан жіберер ұмыттырып, Желіктіріп, сезімін жүз ұқтырып. Ұмыттым деп жүргенде еске алармын, Сағынышым кеудемді тіліп тұрып.
Шәмшия Жұбатова Аңдай алмай бояуын бір елестің, Түсіне алмай бір сырды келеді ешкім. Бәлкім, менің арманым өзге біреу, Бәлкім, ғашық болғаным сен емесссің. Таңдар атар аппақ бір үміті бар, Десем-дағы бәрі де ұмытылар, Сені қызбен көрсем мен қайтер едім, Мені көрсең қайтер ең жігіті бар? Қарсы алсам да өзіңсіз таңдарымды, Ұқсамаймын мен қазір жанға мұңды. Елемеймін ешқашан, керек болса, Өзге қызды шығарып салғаныңды. Өрлігіммен өзгені жасқап тұрып, Жиын-тойда отырам сақ-сақ күліп. Жасытудың орнына жүрегімді, Жіберіпсің, әйтеуір, асқақ қылып. Сынағына өмірдің төзбесе кім, Бір жүректе қалады өзгеше мұң. Дұрыс саған оралмау, мен әйтпесе Сүйгенімді мұншалық сезбес едім. Жанарымды ойлармен тұнық қылып, Қас-қағымда есейтті-ау қылықты үміт. Сезбей-ақ қой мендегі осы сәтті, Қоштасайын өзіңмен күліп тұрып. * Көшпелі елдің еркіндігін білмесе, «Гаухартастың» мықтылығын күндесе, Батыс ерте мұзға батып кетеді Киіз үйдің керегесін түрмесе.
Шаңқай түс Әр адамға өзі жүрген қоғам құт, Жан-жағынан жүрсе-дағы оқ аңдып. Кім айтады дала дарқан емес деп, Бостандықта болмау керек бодандық. Бостандықта болмау керек бодандық, Бодандығың көрсетеді жаман қып. Әр адамға керек бір сәт кеңістік, Тұрмау үшін ашкөздіктің оғы аңдып. * Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға, Гүл де мәңгі жайқалмайды сан қырда. Студенттік шақты еске алып сағындық, Алматыда жауып өткен жаңбырда. Шахановтың жырларынан рухтанып, Қазақтардың арысына сұқтанып. Студенттік қайран сұлу шақтар-ай, Жүретұғын жыр оқыса мықталып. Бір талантқа бір талантты тең көріп, Бере алмасаң қара тілмен сен көрік, Жаңалықтың мықтап ұстап жалынан, Алып қашып кететінбіз өңгеріп. Жалғыздықтан жүрмеуші едік жабырқап, Даңқ дегенге қарайтынбыз таңырқап. Гүлдей өсіп, желдей есіп келеді Бізден кейін тағы да бір жаңа ұрпақ. Ұрпақ артта ілеспесе өскелең, Неге керек болғандығы қос кемең. Студенттік күндер кетті бұрылмай, Естімедік дауысын да қош! деген.
Шәмшия Жұбатова * Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн, Лақ иесі айта алмайды сұрауын. Ылғи мені шақырады қонаққа Бие ұстаған, қымыз ішкен бір ауыл. Білмеймін ғой, қаншама сыр айтылды, Күн де шықты, таң бозарды, ай туды. Мен сол жаққа бара қалсам қонаққа, Ұмытармын қалай кері қайтуды. Үн деп ұқсам шарықтаған кей үнді, Сала берсем сұлулыққа зейінді, Ұмытуым қиын болар артынан, Бере қалса маған олар пейілді. Құлдиласа, құс табады жемтігін, Мен де қонақ бола аламын сен түгіл. Сағынышы аспан жаққа биіктеп, Туған ауыл баса алмай тұр ентігін. Шаршағанда арпалысты күрестен, Ішкі лебі арманымен тірескен. Ауыл болып қонақтыққа шақырған Әдемі әуен кетпей қойды бір естен. Күндер, күндер, ақша бұлттай бұрқаған, Болмайтұын шегінуге бір қадам. Мен артыма сан бұрылып қарармын Ең соңғы әуен естен кетпей шырқаған. Шығандамас дауыс дауыс емес қой, Ол әшейін көлеңкелі көмескі ой. Мен ауылдан нағыз әнді тыңдаймын, Алматыда ешкім әнші еместей...
Шаңқай түс Бүкіл ғалам сол әнді айта береді, Айтып болып үйге қайта береді. Әміренің зор үніне симаған Қазағымның ұлан байтақ әлемі. Елде жүрсем, жарайды ғой қоңыр күн, Шын қадірін ұққан шақта өмірдің, Менің қайран шын қазақы көңілім, Пейіл менен қара суға семіргін. Атқа мініп, оза шапсам, терлесем, Бала күнгі бал арманым, тербе, сен. Жыраулардың әнін тыңдап жантайсам, Сән киімін оқаменен зерлесем. Оқа мен зер – кеңістіктің бөлшегі, Арғы тармақ түпте жатыр өлшемі. Шарайнамда ен мен таңба үйлесіп, Қысқа күнде құдай сынды күй кешіп, Туған өлке, құлай сүйем мен сені. * Арман-ай, таусылып бітпеген, Құрақтай көкке бой тіктеген. Алақан созылса күн іздеп, Ақ жаңбыр келеді күтпеген. Тірліктен баса алмай құмарын, Жүрегім іздейді сыңарын. Көңілім биікке ұмтылды Жағуға бақыттың шырағын. Күндерім жылады мұңданып, Жұлдыздар таусылды түнде ағып. Өзіңе сағынтпай жетер ем, Жаныма жыр толы жылды алып.
Шәмшия Жұбатова Теңселіп бұлттар, сенделіп тағы көшті аспан, Теңселген бұлттың дидарын асқақ сес басқан. Бүршіктеп талы, көгерген көктем көңілмен Жайнаған дүние, сенімен әзір қоштаспан. Сенімен әзір қоштаспан, дүние, тұра тұр, Деміңді басып, айтсаңшы маған бір ақыл. Толқыны асау атылып тынбай аспанға, Ентігін теңіз баса алмай жатыр сұрапыл. Толқындар асау атылды тынбай аспанға, Тірлікке деген бір үміт қалды жас жанда. Шарықтап ұшып, көгалға қайта құладым, Аспанды шулы жым-жырт боп жұлдыз басқанда. Алдында үйдің күн санап биік өсті емен, Тербелген талдар, мен саған әзір қош демен. Келгенде іңір ыңылдап қана ән салып, Күн менен нұрдың суретін салдым кестемен. Төңкерілген ғаламның төрткіл ені, Әйнегімді ызылдап шертті лебі. Қап-қара аспан сыздап тұр жауын төкпей, Қап-қара аспан... дәл мендей дертті ме еді?.. Қарсы аламын мұңайып кешті кілең, Жан азабы ұлғайып өсті, білем. Жарық ғалам кеудеме сіңіп жатыр Жалын атып күрсінген кескінімен. Жаным, саған мұндайда не айта аламын, Күн жылжыды, ай өтті, байқамадым. Әлденені есіме түсіре алмай, Әлденені келеді қайталағым.
Шаңқай түс Жаным, саған айтар ем әлденені, Үлгермеймін, тамылжып таң келеді. Құшағынан сусыдым қара түннің, Құшағымда қара түн қал демеді. Ызғар көрсем, деміммен еріттім мен, Ызғар қандай боларын көріп – білгем. Жүрегімнің көз жасы секілденіп, Мың сан жұлдыз шығады өріп түннен. Жұлдыздармен секілді мұңым бірге, Мұңды өмірім, өзіңнен түңілдірме. Жетімсіреп желіде қалып кеткен Жете алмадым оралып құлын күнге. Күз келгенде құс іздеп әнші бақтан, Жүрегіме қып-қызыл тамшы қатқан. Жайсаң жазым соңына бұрылмады, Ернеуінен үзілтіп бал шұбатқан. Жан досым-ай, жайымды білші ғаріп, Ән айта алмай қойдым мен үн шығарып. Сылдыр-сылдыр еткенге тайыз десем, Тұңғиыққа әкетті тылсым ағып. Суық жаңбыр бетіме бүркіп менің, Ашқызбады жанымның кірпіктерін. Белдеудегі күреңді босатар ем, Жолатпады жанына үркіп керім. Алқымға келді ақ нұрым, Ризамын саған, тағдырым. Жапалақтайды ақша қар, Жауады жиі жаңбырым.
Шәмшия Жұбатова Кемелер түгел қарсы ақты, Жорықты күндер шаршатты. Кеудеме жинап жүрмін мен Бақыттың нұры бар шақты. Аспаным көкте көгерген, Теңізім лықсып кенерден. Өміршең шағым өлмеді, Өрнегін тауып өнерден. * Көктем қайда жап-жасыл баққа оранған, Жаз қайда жүр жүрегі аппақ арман? Қоңыр күзін төзіммен күтіп жатыр Қоңырауын соғатын шақтар алдан. Ән қайда екен көмейден асқақтаған, Шығатұғын жан бар ма тас қақпадан? Саусақтар мен саусақтар ажырасып, Көлеңкелер күнгейден қашқақтаған. Қоңыр күздің жақындап салқын демі, Кеудемізге сіңеді алтын лебі. Жасыл жаздың толқыны ес жия алмай, Жарқырайды жанарда жалқын көлі. Алтын күзім жаңбырын ала келді, Арман құсы шарлады ана белді. Сарыарқадан соғатын самал болып Сағынышым шарқ ұрып қалады енді. Құстар, құстар көш құрап тізбектелген, Жер бетінен бір бақыт іздеп келген. Әуендерден ән құрап үзік-үзік, Көмейіне мезгілдің күз кептелген.
Шаңқай түс Сағыныштың сазымен ән ұласып, Жапыраққа қараймын жаным ашып. Қысқалығын жалғанның айту үшін, Сары белден барады сағым асып. Мылқау қыздың монологы Қақ айырып шығатын қара мұзға, Қызғалдақтай гүл жарған дара құзда, Мықтылықпен ұштасқан нәзіктігі Болды біздің махаббат арамызда. Мұндай күйді бұрын еш құшпағандай, Тоқтатарлық өзімді күш таба алмай, Бір көруге өзіңді асықтым мен, Асықтым мен ғұмыры қысқа жандай. Бей-жай жүрген жүрек те шұғыл ысып, Айтыла алмай жатты ойлар тығылысып. Сыр айтып ақтарылу артық та еді, Үн қатпастан тұрғанда ұғынысып. Қуандым кештеу келген көктеміме, Өзіңе таза күйде жеткеніме. Керек десең, алғашқы махаббаттың Сәтсіздеу боп басымнан өткеніне. Шаттығынан мендегі тыншып бір мұң, Кеудемізде көктеген бүршік сырдың. Сосын маған арнаған сезіміңді Ұсындың да өзгеге, тұншықтырдың. Тұрдым сезіп дұшпанның күңкілін де, Аңғартпасқа болды ма мұң түрімнен?.. Жыласам деп тілегем, жалғыз тамшы Тұрып қалды аса алмай кірпігімнен.
Шәмшия Жұбатова Сен сезбедің кеудеме, шат күнгі әнім, Тамбаған тамшылардан қақ тұнғанын. Ес-түсімді білместен құлап түсіп, Мен, әйтеуір, тістеніп бақтым, жаным. Білем, құлап жатсаң тек ез күледі, Сорлылығын солай-ақ сездіреді. Менің асқақ кеудемді топас біткен Табанымен аяусыз езгіледі. Мен шың едім, оңдырмай тастады үгіп, Күл-талқан боп қираған асқақ үміт. Мына соққы бір басқа аз болғандай, Тұрды сосын сөз айтып басқа жігіт, Әдетіммен өзімнің үйреніскен, Бұл ойымды, әрине, түйгем іштен. Көзіме ілмей кетер ем, күш қалмаған, Тек қана үнсіз қарадым жиренішпен. Жақтырмай жанарыммен жасқап өттім, Ұсынған ықыласын басқа тептім. Түсінбейтін жандардың ортасына Сен мені жапа-жалғыз тастап кеттің. Мейлі, қанша қол созып қияласын, Аласа кеуделерге сия ма шың?! Маған лайық биіктеу сезімменен Мына мені сен ғана сүйе аласың. Менің үшін қайға не білсең деп ем, Білсең деп ем жырақтау жүрсең менен. Сен бар кезде бақыт жоқ мына әлемде Дегендерді табалап күлсем дегем. Тұрса да асып кеудеңде бұлақ тасқын, Тағдырдан қорқасоқтап жырақ қаштың. Бақытыңды жыл бойы іздеп келген Аңдаусызда аяққа бір-ақ бастың.
Шаңқай түс Кеудемнен буырқанған шашып селді, Мен сенен кеттім ұзап асып белді. Тықпалаған сезімің өзге қызға Маған қарай қайтадан қашып келді. Жолын таппай қиналдым басқа амалдың, Әдетімен мен сосын асқақ ардың, Сен деп соққан жүректі жасырдым да, Тарс бекіттім есігін тас қамалдың. Қабыршақ мұз көңілден сәт еріп бір, Тұрса ақталып алдыңда, әкеліп гүл, Кешіре сал десе кім, ая сенде, Бір ғұмырға жететін қателік бұл. Сөзіңді ұқпан санама құйса да нық, Қимылмен-ақ айтатын ишара қып. Жат біреумен өбіскен ерініңнен Сүю енді мен үшін бейшаралық. Тағдыр бізге таусылмас ертелі күн Ән силаған, алмадың шерте бірін. Бір кез мені жылытқан достығыңның Шапанының етегі келте бүгін. Өмір солай, Кейде бақыт силаса жай тұрмайды, Тұрсаң ұстап босаңдау, қайта ұрлайды. Сүйемін деп сен маған айтқан жоқсың, Шын сезімдер ешқашан айтылмайды! * Арман-ай, ақпан айы алқынады, Өйткені ақша қары қалқымалы. Ақша қар дегеніміз өрнектер ғой, Өрнек те өмір үшін талпынады.
Шәмшия Жұбатова Басында шам жанады бағананың, Бағана айтқан емес маған әнін. Әлдене іздеп жүрмін сағынышпен, Сол, сірә, Шардарасы шағаланың. Көктемді ойламаймын ақпан барда, Жатқанда басқан ізім қатқан қарда. Ойнағым келеді ылғи қар лақтырып, Жұлдызын жүрегіне таққандарға. Білмеймін, тізгінімді тұсадым ба, Қарменен қалқып бірге ұшамын ба? Ак күміс шана мініп, шалқып-тасып, Ағамын ақпан айдың құшағында. * Құстарға жем бергенді ұнатамын, Өйткені баласымыз бір атаның. Құстың да, адамның да қанаты бар, Қонатын тұғыры бір – ұлы Отаным. Тұман ба? Ештеңе етпес, күн ашылар, Өйткені ақ бұлақтың тұмасы бар. Адамдар, құсты көрсең, жем беріңдер, Тойынсын, олардың не кінәсі бар? Құстар да ұнатады баптағанды, Аялап, алақанда сақтағанды. Құстарға жем беріңдер, өтінемін, Қонғанда тұғырына ақ тағанды. Өшпейді қар бетінде қалатын із, Тоңбасын құс секілді қанатымыз. Адамдар, құсқа қолмен жем беріңдер. Көбейсін жер бетінде санатымыз.
Шаңқай түс Бісміллә, сөз бастадым хақтағала, Ақ қарға өлең жазды аппақ ана. Әйелдің бар бақыты баласында, Бұлбұлдың сайрар кезі бақта ғана. Шабандоз қуанышы тақымында, Патшаның бақ қызығы тақта ғана. Ананың бар бақыты баласында, Сондықтан қызықпайды жаңашылға. Баланың ең қымбаты анасы ғой, Сәулесі жылтыраса санасында. Жырлаймын ана үшін де, бала үшін де Осынау қазақтың кең даласында. Сапарлар сан қызықты толғап еді, Жылы жел қуып жетті жолда мені. Салқында суық қарға бүріседі, Жылылық – тіршіліктің ол да лебі. Тастары жол бойының текшеленді, Олар да ұнатады көкше әлемді. Қиялдар бұрымына лента байлап, Сызба жол тыңдап жатыр кешкі өлеңді. Толғауын толғай берді Толғам елі. Тармақтар тебіреніп, оңға деді, Тараулар толқыды да, солға деді, Сапарлар тағы әкетті жолға мені. * Ай астында керілді күміс қала, Ол тынысын алады тыныш қана. Батқан күнге қарады ол басы айналып, Шыр айналды шырайы Шығыста да.
Шәмшия Жұбатова Күн астында күледі алтын қала, Қақпаларын жаппайды салқында да. Сайрап жатқан көсемдік көшесінің Мейірім мен ізет бар халқында да. Мейірім тұрды демін ішіне алып, Жанында күлімдеген кісі қалып. Шайқалып шаттық тұрды шыр айналып, Алтын нұр аппақ айдан ішіп алып. Шайқалып шаттық нұры Шардараның, Бақытын әнге қосты бар қаланың. Бидайлы Сарыарқаны ұйқы қысты, Тия алмай сарқырама сарнағанын. Ақ жаңбыр төкті, төкті, құйды айыпты, Билетті «Боз жорғаға» бидайықты. Шырайлы шамшырақтар жарқырады, Шытырман шумақтардан шимай ұқты. Оянып нәрестелер құрсақтағы, Бұлқынып боз таңдардың бүр шақтары. Беймезгіл дүрсіл қағып құрғыр жүрек, Себебін айтпай қойды, сыр сақтады. Жылымық күн, жетпеді жерге демі, Құстар біткен қанатын сермеледі. Жауып өтті ақ жаңбыр, тиылмады Сағынышы жүрегін тербегелі. Жұпар аңқып сәуірдің жаңбырында. Аңқылдайды көңілі таң нұрында. Сағыныш бар адамның өмірінде, Сағыныш бар құстардың тағдырында.
Шаңқай түс Тежей алмас тіршілік тізгінімен, Лықсып ағып көк мұхит жүзді кілең. Құстар біткен жарысып самғай ұшты Қанат таққан қиялдың үздігімен. Арман құсым қанатын керген еді, Жаз айының жарқырап шат күндері. Жұпар шашып маңайға тербеледі Ай астында Арыстың ақ гүлдері. Жөңкіледі аспанда қалқыма бұлт, Ақ мамықты қопсытып күрегімен. Арыс өзен барады шалқып ағып, Тіршілікке ынтызар жүрегімен. Ай астында ақ гүлдер тербеледі. Көзін алмай өтеді бұған халық. Тербетіліп барды жер көлемі, Мұнарасы жастықтың тұманданып. Ақша бұлттар арман айта бастаған, Құс қанатын бауырына жастаған. Сұлулықты көрем ылғи ол жақтан Шексіздіктің сызығынан аспаған. Жалбыраған жел боп ұшты жас үміт, Тамшылары тасқа тырс-тырс шашылып. Сеңгір күннің селдіреді селдері, Мұзды мұхит қалған кезде тасынып. Бұлақ біткен құмға сусап қалған ба, Жыр айтады сылдыраумен жалғанға. Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады. Жаңбыр жасы сырт-сырт етіп тамғанда.
Шәмшия Жұбатова Қара бұлттар тасқа сәлем жолдады, Сағынышын айтқаны ғой ол-дағы. Ойлы күндер тапжылмастан қалыпты, Орамалы сусып ұшып қолдағы. Табиғаттың тамылжыған шағында, Махаббатым оранады сағымға. Қуып жете алмасымды ұғындым. Ақпа күндер ілескенде ағынға. Қуып жете алмасымды ұғындым, Ертеңгідей бола алмайды бүгін күн. Ашық аспан аясынан күн көріп, Жанарына шуақ болып тығылдым. * Мына күн неге мені тоңдырады, Көктемнің көп еді ғой мөлдір әні. Жанары жағалаудың жалбарынып, Әлдене айта алмады көл құрағы. Барады өмір ұшып бақбақтайын, Тұрады бойын түзеп аппақ қайың. Несіне қап-қара түн тез келеді Жабылған жарық күнге қақпақтайын. Несіне қап-қара түн тез келеді, Дайындап ақыретті кездемені. Мәңгілік ғалам барын қараңғыда Жақсы еді жүрегіңнің сезбегені. Өмір бар мәңгілікті қараңғыда, Білмейміз, жарамсыз ба, жарамды ма. Адамзат баласына әділ дейді ол, Тең бөлмей жомарт пенен сараңды да.
Шаңқай түс Үміт керек саған да, маған-дағы, Жылтырасын сары шам бағандағы. Үмітпенен жасарып жер дүние, Үмітпенен жайнайды адам бағы. Қызғалдақтар құлпырып көркем белден, Өрнек кетсе өміршең өркендерден, Көлік тосқан сапарда жолаушыдай Үміт күтіп жүреміз ертеңдерден. Сенің-дағы үмітің жоғалмасын, Көлдер іздеп тапқанда көк арнасын. Алма ағашы үмітпен ұмтылады, Құлатқанда бұтағы көп алмасын. Жарқырайды бір шырақ күні-түнмен, Қойныңда оны жүресің жылытумен. Басқа таққан үкіңнен айырылма, Есің болса, адаспа үмітіңнен. Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып, Сан соққанда жақсы адамды кеш танып, Өң мен түстің арасында бір өмір Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып. Жүрегіңде текке жүрсе бір күмән, Күмәні жоқ күндеріңде жүрді мән. Не болғанын, не боларын сездірмей Қайран мезгіл сынап құсап сырғыған. Өң мен түс боп өтеді екен бір өмір, Құлпырады, жыр тұнады гүл өңір. Қырмызы күн қыр басынан ұзайды Қолына ұстап дүрсілдеген жүрегін.
Шәмшия Жұбатова Жүрегімде жаңғырған жаңғырық бар, Қайталанып тұрады сан ғұрыптар. Мен ғаламға әлдене айтқым келді, Естімеді, кеудесі мәңгілік тар. Түкпіріне санамның төрлегесін, Көңілімді сүйретем өрге несін. Сурет салдым сұлулық сиясымен, Көзін жұмды ел, көңілі көрмегесін. Әдемі әуен көмейде кептеледі, Шықпай қалса, қинайды текке мені. Әнші құсқа әуенді сыйлап едім, Қайталауға өресі жетпегені. Бір сағыныш басады күзгі әлемді, Мұң басқасын қаламмен сызды өлеңді. Біраз уақыт үндемей қалып едім, Шулы ғалам сыбдырлап іздеді енді. Дидарың неткен жайдары, Жарқырап келген жаңа күн. Бұрқылдап тірлік қайнары, Гүлдерге тұнды алабым. Атқылап жатқан бұрқақтар, Сендерде қандай арман бар? Шалықта, қалқы, шырқап қал. Қызықсын қарап қалғандар. * Сулар ағып барады ағымдағы, Сулар ақса, өмірді сағынғаны. Жөңкіледі ақша бұлт жол іздеген, Жолын бөгеп тентек жел қағынғаны.
Шаңқай түс Желектері талдардың желпінеді, Бүршіктері бұтақтың елтігелі. Ерейментау басынан ұлар ұшты, Еліктіріп елесі көлкімелі. Жылымық күн жалауы желбіреген, Айдынкөлім шарасы мөлдіреген. Жарқыраған үңіліп жанарыма, Жаңалықтың белгісін көрді менен. Биік таудың төскейі тебіренді, Жер ананың жүрегі еміренді. Шабыт келді шалқыған Шардараға, Көктем күнін тұрғанда көріп енді. Шабыт келді құйылып Шардараға, Киік біткен жосыды сары далада. Арғымақтың жүгені сыпырылды, Тарау жолдар жүйткіді тармақ ала. Бір береке келеді отбасына, Төлдің басы симады ноқтасына. Бұталары майысып жерге құлап, Бөденелер қонғанда шөп басына. * Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен, Ажырамай қазақылау елдіктен, Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын, Жер шарынан, параллельдік ендіктен. Жер шарының арманы бар өзгеше, Шар боп ұшқан бір нәрсені көздесе. Құқы да бар қиянатқа төзбесе, Қиналады жанын ешкім сезбесе. Мекен етіп параллель бір елдерді, Параллельді сырттағы жұрт тең көрді.
Шәмшия Жұбатова Бір сызықта қабыспайтын болғасын, Әрі қарай жол тартуды жөн көрді. Параллельдің барар жері шексіздік, Шексіздікті тежейтұғын тексіздік. Ебін таппай екі айналып қалады Ортасында «е» дегізген епсіздік. Параллельдер қабыспайтын болғасын, Туған жердің табиғатын толғасын. Бір-біріне күннен үшбу хат тасып, Бір-біріне айдан сәлем жолдасын. Параллельдер қабыспайтын болғасын, Кемеріне асып-тасып толғасын, Тура тартып қия жаққа кетеді, Ата-баба аруағы қолдасын. Параллельдер қабыспайтын болғасын, Жанына ертіп жүреді ылғи жолдасын. Маңайында тынбас қиқу, жанған от, Шығады алып аман-есен ол басын. Параллельдер қабыспайтын болғасын, Мұзды мұхит мекенінде тоңғасын, Сахараға жол іздейді сабылып, Періштелер оң сапарын жолдасын. * Саналымен сырласқымның келгені, Жүректегі нұрды ашқымның келгені. Көктем болып, қара жерде бусанып, Талдардағы бүрді ашқымның келгені. Қызғалдақты қырдан үзгім келгені, Құлаш жайып көлде жүзгім келгені. Түкпірімде жатқан маржан тастардан Жібек жіпке моншақ тізгім келгені.
Шаңқай түс Достарыммен қауышқымның келгені, Қыстан жазға ауысқымның келгені. Тілекші жан жолда сусын ұсынса, Бәрін ішіп, тауысқымның келгені. Шын бақытты сезінгімнің келгені, Шаршап-талып көз ілгімнің келгені. Жақсы күнге аман-есен жетпесем, Жігерім мен төзімімнің өлгені. Жел боп ұшып, ентік басқым келгені, Майса шөпті елтіп басқым келгені. Көгілдір түс көктемге бір айналып, Қара жерді көлкіп басқым келгені. Неткен күн жаңбыр менен қары аралас, Ұмтылар ақ болуға қара ала ағаш. Жаңбыр мен қар бірлігін мақұлдаймын, Табиғат жаныңды әсте жараламас. Шамдардың әлсіреді от белдігі, Ол енді жарқыраудан кеткендігі. Қаңтардың қаңтарлығы боранында, Көктемнің қызғалдақта көктемдігі. Сүйемін адастырар ақ боранды, Ұнатам түн қойнауын қап-қараңғы. Ұйтқыды соқыр боран, кілт тыншыды, Ат зулап, шана зырлап, бақ таранды. Қара түннің қойнауында қалғыған, Мен отырмын таңға тіреп басымды. Жұлдыздар-ай, сен не дейсің ал бұған, Бұрымдарым ақ төсекте шашылды.
Шәмшия Жұбатова Мен жұтамын қыстың ғажап сәулесін, Болмай қалды жұтпасыма, жоқ шара. Шақырады сырғанауға тау несін, Босағаға сүйенгенде көк шана. Жер жақсы ғой адамымен, тірлікпен, Мен соларды сүйіп қалдым, ал, енді. Ғұмыр кешкен татулықпен, бірлікпен Жыпырлаған жұлдыз арман, қал, енді. Шана, шана, сені көрем жатып ап, Бала күннен қалған сұлу естелік. Артынан бір жүрмейікші қапы қап, Сырғанақтар мекеніне кеш келіп. Достарым да, жауларым да көбейді, Қараңғы түн, қолтығымнан демеші. Алдағы күн, келесі апта не дейді, Сау бола тұр, кездескенше келесі. * Құрметті жер бетінің тұрғындары, Кетеді қаңтар айдың бір күн қары. Айтыла да бермейді әннің бәрі, Жазыла да бермейді жырдың бәрі, Сіздерге не десем деп, не десем деп, Оңаша қабырғаммен кеңесем көп. Бұлт жатыр бұлдыр ойдың бауырында, Жер жатыр жартаспенен теңесем деп. Күнгейде күн тұрады, байқасаңыз, Күбіде қымыран бар шайқасаңыз. Біз кейін қадам бассақ, байқасамыз, Біз кейде бейбіт шақта айқасамыз. Қарлы тау, қарлығады көшкіндері, Жас қайың булығады өскіндері.
Шаңқай түс Самырсын, шырша, қайың қар астында Көзіңе жылы ұшырар кескіндері. Қалың ой түсіп қамығып қалған күзгі орман, Тал бойы түгел тоңазып тұрған ізгі арман. Алдымда менің тап-таныс дидар жалт етіп, Танытып салқын шырайын, бөгде күз қалған. Қыркүйек туды, басталды күзге аттаныс, Жиналып құстар, қоштасып қанат қақты алыс. Қыдырып бақта, әуенін күздің шерттім мен, Таңырқай қарап, үңілген бетке жоқ таныс. Әуенім мұнша әуезді. Соған қуанам, Тағы да тағы... Лықсып кеп сұлу туады ән. Кең алқаптағы бидай боп қызыл тербеліп, Жүгірген желді бала күнгідей қуа алам. Жыңғыл бар тағы тырбитып өскен саусағын, Түс көреді олар сіміріп көңіл кәусарын. Сілкінсе талдар, қанаты құстың дүр етіп, Жабыққан орман еске алып жатыр бау шағын. Жазды ойлай берме, қарағым, сен де қамықпа, «Оралады ол...» деп сығалап ай тұр жабықта. Күз келді солай, еңсеріп жаздың кеудесін, Абыржып көңіл, түсе алмай қойды қалыпқа. Кеттім құлап жылжып аққан ағысқа, Күнім, маған жанарыңды бағышта. Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп, Бір міні жоқ шабыста.
Шәмшия Жұбатова Қатар ақты мың сан тұлпар көсіліп, Моншақ жанар көкжиекке тесіліп. Қалып қойған төбелерге қарадым, Бір арманым жететіндей кешігіп. Қап-қара түн, қалғып қалған қара мұң, Көздеріне оның тура қарадым. Саған бүгін созсам қолым жетер ме, Маң далаға маңып кеткен маралым. Баурайында отау тігіп Шыңғыстың, Мен тағы да жалғыз қалып, мұң құштым. Жанарымды алдарқатып барады Үміт оты секілденіп түнгі ұшқын. О, түнгі ұшқын, шуағыңды себеле, Сені сосын көтеремін төбеме. Аждаһадай алға ұмтылып барамын, Айырбас тау, ағысымды бөгеме. * Дөңгеленіп алдымда тұршы, ғалам, Жарық сәуле, сүйеу боп жүрші маған. Шаттығымды, қайғымды тілмен айтып, Қандай бақыт, күле алам, күрсіне алам. Жүрегімді ақтарып көрші бүгін. Білдірмейді мұңымды өршіл үнім. Көздеріңді көздерім сүйіп қалды, Жан шуағын жаныңның берші, күнім. Жан жылуы біреудің ұнаған сәт, Махаббатты шынайы тұрам аңсап. Сенімді дос керегін сездіреді Қалықтаған, сүрініп құлаған сәт.
Шаңқай түс Шарықтаған шағымды ұқтыр, үнім, Асқақ дауыс көмейден шықты бүгін. Сүріндірмей келеді, сезіндіріп Менің нәзік жүрегім мықтылығын. Шарап іштім бақыттан. Шалқыдым сан, Тілекші көп табынған. Қалқып ұшам. Жалын болып жалынға қосыламын, Жүректерде жарық боп шарпылысам. * Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген, Шықты да бұлттан, аппақ ай жүзді көкпенен. Арман бар менде толықсып туған ай сынды, Ұшсам да оған, созсам да қолым жетпеген. Қып-қызыл жалын тал бойды түгел еріткен, Еріткен сәтте айрылам кейде еріктен. Ұшқан шар құсап оралып қайта келеді Асау күндерім алқызыл түсті көрікпен. Мұндай сәттерде Аспан да менмін, Жер де мен, Көріністерді көремін ылғи көрмеден. Құстарды және... қанатын әсем сермеген, Жанымды және... құлаған, қайта өрлеген. Жанымды көрдім. Аппақ боп көкте ұшып жүр, Өмірді сүйіп, тірлікті толғап, құшып жыр. Тағдырдың сыйы дейсің бе мұны, айтшы, сен, Мендегі не күй, қолыңнан келсе, түсіндір. Айтамын алғыс әкелген бақыт айларға, Мен түсінбеген, мен сезінбеген жай бар ма? Талықсып қалдым тірліктің бәрін ұмытып, Бас қойып келіп қандырмас шөлді қайнарға.
Шәмшия Жұбатова Дірілдейді қауызы көктем гүлі, Жауып жатыр наурыздың көктен нұры. Алып ұшқан жүректей мың тырнаның Сыңсып келіп, мен жаққа өткен бірі. Айхай, сұлу аяулы арман шағым, Сүртіп жатыр тірліктің қонған шаңын. Кейін қарай тізгінді тарта берме, Жасық дауыс, әлсіз мұң, қорғаншақ үн. Айналса да алыста тау мүсінге, Естілсе екен бала үні аула ішінде. Мендік Сенім басына тәжін киген Қалса деймін өзінің тау күшінде. Сары желдің сарсылды сағынышы, Ақпа суға толғанда ағын іші. Шартараптан шаттығын таба алмады Шарықтаған даланың тағы құсы. Көк пен жердің белгісіз байланысы, Ақша бұлтта шешілген байлам ұшы. Кеңістігің керіліп жата алмайды, Мазалайды өкпек күн айналысы. Қызық нәрсе болады бүгін деумен, Күн шуағы тұрады күлімдеумен. Соғысынан жүрегім жаңылады, Көтере алмай жүк артқан жылын кеудем. * Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда, Сексеуілді сындырмас қарлы құмда.
Шаңқай түс Жүрек құрғыр саңқылдап сөйлеп кетсе, Дауыстаймыз, болмайды қарлығуға. Мен ұмытқым келеді көп нәрсені, Бастау үшін қайтадан барлығын да. Шіркін, мезгіл! Шектеме сынабыңды, Қылышыңды, қоя тұр қынабыңды. Жібек желге жалауы желбіреген, Мен қайтара алмаймын мына күнді. Сулар біткен сусыды әкетем деп, Жылымық күн жеткізген жылы ағынды. Қария күн басында ақ дағара, Ұқсамайды даналық қап-қараға. Шежіре жыл шешуін жаза білсең, Ақ көңілмен түйткілін ақтара ма? Шымшықтардың шырылы шаршатты ма, Бұлбұл әнін күтеді бақтар ана. Жылымық Күн дегенің күн де емес, жылтыраған бір шырақ, Бауырымен жорғалап, әрең жетті күншуақ. Тасасында таулардың созылып бір жатты да, Көлеңкелер етегі жиылмады бір шұбап. Аспан жақтан ашылды түпсіз терең түндік те, Тал төсінен бүршіктер көзін ашты тірлікке. Әрбір бүршік талдағы шабытпенен жазылған Көктем жайлы өлеңге қойылатын бір нүкте. Күн астында дел-сал боп мамыражай ерініп, Маужыраған кең дала жатыр маңғаз керіліп. Дүбірлетіп қыр төсін, оятайын алқапты, Жібек жіптен есілген тізгініңді бер, үміт. Асыл мұңның өркені, Армандардың көркемі, Жылымық күн әдемі бір жып жылы ертегі.
Шәмшия Жұбатова Әуенімен әуезді тал бойыңды еріткен, Аралап жүр ертегі біздің сұлу өлкені. Жанарымда жанады жұлдыз болып мың үміт, Жанардағы жұлдыздар, кете көрме жұмылып. Тұла бойы мың құрсау өңі салқын өмірдің Жылы демі біртіндеп келе жатыр білініп. Жалғыз қалдым тағы да, жалғыздығым ұлы мұң, Жабығудың өремін тал-тал қылып бұрымын. Жер бетінде жабырқап, жылымықты кешемін, Ту сыртымда бір ызғар, бауырымда жылы күн. Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім, Гүлге оранған қаланың тұрғынымын. Бүлдіршіндей талпынған өтіп жатыр, Көз алдымда бір сәтім, бір қылығым. Ұқсамайтын қалаға ауылданмын. Аман шықтым ақ түтек дауылдан мың. Жүрегімнің дірілі сан оянды Жарқыраумен шыққанда жауыннан күн. Жер де алтын, аспан да алтын, алтын да алтын, Күз тұрды өзгертпестен салқын қалпын. Қаймағы сағыныштың кілкілдеді, Сары күн, қайда кетті жарқын қалпың? Жер беті сары түктен жәнатталып, Жапырақ құс боп ұшты қанат тағып. Теңселген теңіз болып қалсаң нетті, Тербелген тебіренісім, тағатты алып.
Шаңқай түс Сары үйлер сарғаяды сары әйнекті, Таралып терезеден арай кетті. Ап-айқын дүниеге дым бүркем деп, Көк тұман көк шылымын орайды епті. Ап-айқын дүниені дымдап алып, Тұрады күлкі қанық, мұң да қанық. Алтын зер өңіріне тағып жатыр, Кең дала саусақтарын сырға малып. Күн батты алтын жалау жалқын алып, Төгілді сары бояу шалқып ағып. Күндерге сәлем жолдап ұшып өтті Қарлығаш қанатымен қалқыма бұлт. * Ұйқыдағы ғаламның сандырағы, Бірте-бірте ап-анық ән құрады. От өрілген, біртіндеп көтерілген Сол әуеннің дауысы жаңғырады. Тынып тұрған дүние дыбыс күтті, Елеңдеді сәмбі тал күміс түкті. Манаураған дүние шырт оянып, Жақсы көрмей қалыпты тыныштықты. Манаураған дүние шырт оянып, Тіршіліктің тірегін тұр таянып. Кенет келген бір дыбыс әнге айналып, Кеңістікте барады шырқай ағып.
Шәмшия Жұбатова Замандасқа сыр (толғау) Сізге айтамын сырымды, замандасым, Самал шамдар тербетсе баған басын. Аппақ сәуле қаптаған кеңістігім Тоқтай қалып, бұрады маған басын. Сырласпаса бола ма сыршыл адам, Тілектес боп сыртымнан жүрші маған. Тербетпесе болмайды тіршілікті, Тербелумен дүние тұрсын аман. Мені көрсе дүние қалт тынады, Тілге салып жырлауды салт қылады. Айналамын, ұлы өмір, мен өзіңнен, Сан бояуы құбылған қалтқыдағы. Жылы леп боп іргеден жел ескенде, Қызғалдақтар құлпырды белес-белде. Тербелемін айналып ақ қайыңға, Теңселемін күн мен түн теңескенде. Мен кеткенмін айналып ақ қайыңға, Туған жердің жап-жасыл тақтайында. Өмір, өмір, сен жайлы жыр жазайын, Сағынышты жүрекке сақтайын да. Қауышқанда сағыныш мекенімен, Мөлдіретіп мұңымды өтемін мен. Керуендей тізілтіп көш құрадым, Желпіп жеткен жылдардың жетегімен. Құлпырғаны несі екен мұнша белдің, Лықсығаны несі екен мұнша көлдің? Махаббаты жанымды тұр жылатып, Алақаны осынша жұмсақ елдің.
Шаңқай түс Мен жылаймын, емес ол мұңайғаннан, Жыламасқа қоймады мына-ай жалған. Жөңкіп аққан бұлттарды көргеннен ол, Сұлу күнді көргеннен шыр айналған. Аумайды өмір «былғары шегіреннен», Сөзден ғана жүдеймін, семірем мен. Емеуріннен ұғатын ел болмаса, Тереңдерім несіне тебіренген? Аяғыма кигенім алтын етік, Мұхиттардан барамын шалқып өтіп. Бар бояуын дариға дәуренімнің Жарық күнге апарам жалқын етіп. Ақ бұлақтар ағады бұрқылдаумен, Сағат тілі тұрады сыртылдаумен. Көк кептерге айналып көлбей ұшып, Бара жатыр, дариға, шіркін, дәурен! Жұпар аңқып жастықтың жалын бағы, Жаз келгенде жаңбырым қалыңдады. Қанатымен қарлығаш су сепкенмен, Оңайлықпен қамалдар алынбады. Ұмыта алмай жүргенде күрескүнді, Күрсіндіріп жүретін жыл ескірді. Санамайтын қадамын қайран уақыт, Желбіретіп желбегей ілестірді. Желпілдейді желбегей желге неге? Жібектеулі астары сенде деме. Қара түтін шұбатып бара жатыр, Ақ желкенін көтеріп көлде кеме. Сырымды айтқым келеді неге менің? Мен сөйлесем, рақатқа бөленемін.
Шәмшия Жұбатова Дақпырттардан өз даңқын асыруға Кернейлерін созады кемедегі үн. Кеме даусы өз даңқын асыруда, Толқын біткен толғанып бас ұруда. Көмейіңе кептелген дыбыс болса, Жасыруға болмайды, жасыруға! Кеме даусы өз даңқын асыруда, Тыныштықтың мазасын қашыруда. Кеме кетер, қалады бірақ үні Келешектің керемет ғасырында. Кеме жүзіп кетеді алыстарға, Керней үні жетеді ғарыштарға. Естиді оны, кемені еске алады Бейтаныс та, кездейсоқ таныстар да. Тез адымдап жетсе де лекпенен, Өкінеміз жылдарға гүл екпеген. Тағдыр бетін өзіне бұрар бәрі Жүрекпенен және де тілекпенен. Алса-дағы мұңайып, күрсініп дем, Жалықпайды адамзат тіршіліктен. Жаз-ғұмырды жырлайды құстар-дағы, Аз ғұмырды жырлайды жыршы біткен. Жұпар-ғұмыр жайнаса гүл-кешенде, Тамаша боп кеттің-ау мүлде сен де. Қара түнге қамыққан қайыр тіле, Жарқыраумен шығатын күнге «есен» де. Оралғасын үлдемен, бүлдемен де, Тамаша боп кеттім-ай мүлде мен де. Өксіп-өксіп өзенім аққаннан соң, Өмірімді қосамын күнде өлеңге.
Шаңқай түс Тамаша боп кеттім-ау мүлде мен де, Жырмен сәлем жолдаумен мұңды әлемге. От пен судың жүргесін ортасында, Қаңтармен де қауыштым, шілдемен де. Тамаша боп кеттім-ау мүлде мен де, Шашырайды жарығым мың көлемде. Шабытпенен шалқарым шайқалғасын, Мұхитпен де қауыштым, жылғамен де. Шабытпенен шалқарым шайқалғасын, Мен айтамын өзгенің айта алмасын. Қап-қара боп тұрса да түнге сенем, Барар таудың бағыты байқалғасын. Қап-қара боп тұрса да түнге сенем, Түнге сенер болмасам кімге сенем? Кеудесінде күні бар замандасым, Көз айырғым келмейді мүлде сенен. Бұлқынады жүрегім, бұрқанады, Салтанаттың шаттығын шырқағалы. Ей, адамдар, кірпішін мұңнан қалап, Жырдан салғым келеді бір қаланы. Жұпар жаңбыр маусымда бұрқыраған, Шымшық дауыс бақтарда шырқыраған, Өлеңдетіп ұлы өмір тұрған кезде, Өлмейтұғын болсайшы, шіркін Адам! Адамдардың ғұмыры қысқа неге, Тербеледі тіршілік тыста неге? Топыраққа көміліп қалғанынша, Айналмайды алтындар мысқа неге? Қызықтырып қызғалдақ қанжығада, Сарғаяды сарғалдақ сан жұмада. Емеурінмен айтпасаң есті ойыңды, Ерініңе елеусіз бал жұға ма?
Шәмшия Жұбатова Қаққан кезде қара түн қақпаларды, Оқу керек түн жазған тақталарды. Жанарына самала жарқыратып, Тербетеді дүние аппақ арды. Қара сулар қапталдан қаптағанда, Қызыл гүлдер тапталып жатты алаңда. Жауқазындар, гүлдеді, жайнады кеп Жалын жырын жастықтың жаттағанда. Ғаламатты жазамын ғұмырдағы, Шамырқанды, шымқай көк шымырлады. Терек болып жайқалып бара жатыр Жер ананың төсінде жұмыр дәні. Кеудесінде болғасын тұрақты әні, Жылытады жанды үміт жырақтағы. Ертеңіме қояды ұмтылдырып, Мынау мәнді өмірдің мұраттары. Құшағында ымырттың мүлгиді әлем, Қою іңір жетеді ылдименен. Шықпайды ылғи түсімнен жасыл дала, Баурайында бұралып гүл билеген. Тереңдерді бола ма тұнық деуге, Жартыларды бола ма сынық деуге? Әлсіздігін жауының байқағасын, Оқ тессе де, тұрады күліп кеуде. Әлсіздігін жауыңның байқағасын, Жеңіс жырын сен-дағы айта аласың. Замандасым, оңай деп ұқпа, бірақ, Көлеңке мен күнгейдің тайталасын. Ойшыл адам болады уайымшыл, Кірпіштері алтыннан құрайын сыр,
Шаңқай түс Сені салқын сарайға шақыруға, Тотықұсты ұстайын, қуайын шіл. Сені салқын сарайға шақыруға, Қымыз көлім сабасын сапыруда. Аппақ арман кеменің кенересі Ақбас толқынн жалдарын жапыруда. Әріппін мен, қарамен, ақпенен тер, Асықпа тек, сабырлы баппенен тер. Тұратынын білемін мені күтіп, Болашақтың үйінде бақ пенен төр. Замананың жартасы құламалы, Мұң ағады, ағысты күн ағады. Жүрегімнен ойылып шыға келген Менің жырым сөздердей дұғадағы. Ақ бұлақтар ағады бұрқылдаумен, Сағат тілі тұрады сыртылдаумен. Көк кептерге айналып көлбей ұшып, Бара жатыр, дариға, шіркін, дәурен! Ой да басқа, пікір мен заман басқа, Сыр айтамын құлшынып замандасқа. Аспандағы жолдадым күннен сәлем Үзеңгілес бауырға, қаламдасқа. * Көктем, көктем, көктем деумен тұр әлем, Жаздым мен де көктем жайлы бір өлең. Сулар ақсын сыңғыр қағып жылғамен, Қызғалдақтар қаулап өссін нұрамен.
Шәмшия Жұбатова Жолдар біткен бұраңдады қыр асқан, Жүрек біткен лүпілдеді жыр ашқан. Махаббаттың ақ кемесі жүзеді Ғашықтықтың ғазал сырын құрасқан. Көктем, көктем деуменен жер айналған, Жасыл үміт жүрегінде жайланған. Тыраулаған тырна қайтып келеді, Туған жерге қанатынан байланған. * Шіркін-ай, сары дала, сары дала, Ол-дағы мендей болып зарыға ма? «Ертеңнен үмітіңді үзбе» деді, Жалтылдап жұлдыздардың жарығы ана. Көңілім лайсаң кешіп, тұнықты ішкен, Іздеумен жол сұлбасын қырық пішкен. Бұталар сөз айтуға бата алмады Ұмтылып барып, қайта сұлқ түскен. Елжіреп еске алумен сол шақтарды, Тізіліп маңдайымда моншақ қалды. Кезерткен ерінімді тамшы судай, Жеткізбей сары дала шаршатқан-ды. Жақындап, бұлдыр қағып, бір алыстап, Сағымнан жылжып аққан жылы ағыс қап. Өмірге қадам бастым құм үстімен, Жылдардың ізіменен шырақ ұстап. Өмірге қадам бастым құм үстімен, Құм емес, күн ойнаған күміс кілем. Алаңдап ертеңіме қарайладым, Алтын күн керетіндей тынысты кең.
Шаңқай түс Алыстан бұлдырады сағым іші, Көңілдің қалықтады тағы құсы. Мені алып келе жатқан сары дала емес, Сарғайған сарғалдақтың сағынышы. Өмір өксіп талдардың өзегінде, Жүрек тулап тірліктің өзенінде. Бақыт құсы басында адамзаттың, Жүрген кезде шаттанып өз елінде. Наурыз жетті, сәуір де күліп келер, Кемелерге тұрады тұнып кемер. Мен көктемде жүремін жазды күтіп, Пендеміз ғой ертеңнен үміттенер. Көктем келер, жаз келер, бәрі келер, Жақсылықты болады тағы нелер? Сары орамал сағыныш басына орап, Сарғыш күннің қойнына сағым енер. Өмір өтіп бара жатыр, не білдің, Құл болдың да, қамытыңа жегілдің. Жаңбыр болдың жапыраққа төгілдің. Іңгәладың, күлдің, өстің, егілдің. Білесің бе, өмір де ұлы, сен де ұлы, Тек сенікі кең даланың ендігі. Ұсынам деп саған барша бақытын, Домалайды дөңгелек жер теңбілі. Ай дөңгелек, жер дөңгелек, дөңгелек, Әттең... дейді сап-сары боп әңгелек.
Шәмшия Жұбатова Түйіліп боп, жадырайды көк аспан, Бұрқып болып, қалт тынады жел кенет. Көк шатыры желпілдейді көңілдің, Келдің. Көрдің. Көрдің-дағы жеңілдің. Қыран болып туғаннан соң қалқыдың, Жаңбыр болып келгеннен соң төгілдің. Сен, өйткені ұлы адамсың, біл соны, Саған қарай созылады гүл шоғы. Ақша қармен желбірейді жыл басы, Аппақ қар боп үлбірейді жыл соңы. Аппақ қардай пәктік керек адамға, Ақ жаулықтай ақтық керек адамға. Таныс біткен күліп тұрса әманда, Жаһан біткен жайнап тұрса, жаман ба? * Замандасым, құлақ салып тыңдашы, Жамырайды бағанада жыл басы. Бесік болып адамзатқа тербеліп, Жер-ананың бітпей қойды іңгәсі. Желбірейді тал басында жапырақ, Елбірейді сағыныштан атырап. Жыртықтары жер бетінің жамалып, Тігіс біткен бара жатыр қақырап. Жыртықтары жер бетінің жамалған, Әлсіз шырақ жылтырайды қамалдан. Әйтеуір бір ататыны анық қой, Аппақ нұрын сауылдатып таң алдан.
Шаңқай түс Терезесін жудың ба сен, көңілдің, Ара жігін айырдың ба көп үннің? Көк айдынға құлаш ұрып шықтың ба, Ал мен болсам, ақ көбікке көмілдім. Сеземісің, өмір қандай тамаша, Жаңа ғұмыр барады ағып жаңаша. Тал менен тал өсіп жатыр жанаса, Қуанады қайран дүние балаша. Мынау өмір өзге түспен көктеген, Жұлдыз біткен жарысады отпенен. Қаңтар келіп, аппақ қарға бөктірді, Көктем келіп, көгілдір түс төкті өлең. Қаңтар келіп, аппақ қарға бөктірді, Бөктірді де, жан азабын шектірді. Нұрланумен сырлы ғалам тұрды да, Наурыз айға жаңа көшет ектірді. Замандасым, құлақ салып қараңыз, Өмір ғой бұл. Бәрі ертегі, бәрі аңыз. Қара бұрым төкпесе екен қара күз, Жер бетінде қалмаса екен жаралы із. * Сулар біткен ақты да, сені ойлады, Көше шамын жақты да, сені ойлады. Сені ойлады, еске алып тебіренді Туған жердің жап-жасыл кең аймағы. Құс қанатын сермеді, сені ойлады, Бақтар гүлін тербеді, сені ойлады. Сені ойлады көк пен жер тына қалып, Тірлік біткен таусылып сені ойлады.
Шәмшия Жұбатова Татьянаның әні Нұрланып махаббаттан шіркін әлем, Ырғалды ынтызарлық ырқыменен. Пушкинннің тарантасы барады өтіп, Қырдағы жатақ ауыл сыртыменен. Күймемен Татьяна әні келді, Өмірдің мағыналы сәні келді. Сұңғыла сұлу сырлы сезімімен Есті қыз тәнті қылды қалың елді. Жұлдыздар жалықпады тізілуден, Таң атты... әуен болып сызылумен. Дариға жүрегінің арманы көп Ел қалды қыз сырына қызығумен. Шабыттың шалқарына құлшынды ма, Ару қыз үлбіреген гүл сынды ма? Ұлы Абай қыр басында қала барды, Соңынан тарантастың ұмсынды да. Қолыңа ал домбыраңды, жырла, бауыр, Жайнасын сұлу ойдың сырмағы ауыр. Тіліне шешендіктің елтіп қалды, Татьяна әнін тыңдап тұрған ауыл. Осылай ән тербелді қыр басында, Сұлудың ай ойнады сырғасында. Еліктей ерке қызды балаң десек, Осынша мұң бар екен бір басында. Нұрланып махаббаттан шіркін әлем, Ырғалды ынтызарлық ырқыменен. Пушкиннің тарантасы барады өтіп, Қырдағы жатақ ауыл сыртыменен.
Шаңқай түс * Қалқыды қайран өлке қазыналы, Жазықта ән қанаты жазылады. Ал маған мынау байтақ ғаламдағы Бәрінен бозторғайдың сазы ұнады. Күндерім неге менің қайта ақпаған, Күрсінді жылдар басын шайқап маған. Күмістен теңге тақты бұрымына, Мұңдарын маусым айы байқатпаған. Гүл терген Гүләйім қыз мақамдары (дастан) Набат Айдаулетқызына Армысың, ана қыран, шаңқылдаған, Аралдың шағаласы, саңқылдаған. Тарылған тар заманда ғұмыр кешіп, Айналдым екпініңнен тартынбаған. Тарылған тар заманда тұман көшкен, Аққу, қаз айдын көлде мың ән кешкен. Жан апа, есеңгіреп қалмау үшін, Шығарма ана тіл мен құранды естен. Ескексіз жалғыз қайық жағадағы, Қалтылдап, толқын іздеп ағады, әні. Мен Сізді домбыраның үні дедім Жоғары көтерілген сағадағы. Оралман табысқанда Отанымен, Туған жер көз алдында жатады кең. Шашыңды қырық бұрым төгілдірдің, Құбылған «Қырық қыздың» мақамымен.
Шәмшия Жұбатова Көп еді көңілімнің көксегені, Елекке салып өмір, екшеледі. Төгіліп тобылғыға айналған күн, Туған ел алар ма екен еске мені? Өмірге ерте туған қазағымның Ақылы кейде неге кеш келеді? Тал бойды әуен қысып терлетеді, Қай күні жүрегімнен шер кетеді? Төгіліп тобылғыға айналған күн, Жер бесік анам болып тербетеді. Сайрамай үнсіз қалдым құс бағында, Булыққан ішкі толқын түсті ағынға. Талықсып, көзін жұмып, талды жиі Отты өмір қызғаныштың қыспағында. Қайтеді желмен бірге ентікпесең, Жатқанда дауысыңа елтіп көшем. Жылғалар жылжып аққан жылап қалар, Көктемін көңіліңнің көлкітпе, сен. Іштегі тоқтата алмай екпінімді, Төктім-ау ақ қағазға көп күнімді. Жұмыр күн жұмарланып келді-дағы, Шыңғыртып жұтып қойды от тілімді. Паналап күншілдіктің босағасын, Кей кезде жанарыңа жас аласың. Өтсем деп көп адастым өткелменен, Айналып Бекежанның Қособасын. Шайқалып тереңдіктер тынық күймен, Алқымым ашылғанда сынып түймем. Мен Сізге қырық шумақ сырымды айттым, Бұрымын қырық мақам қылып түйген. Тоғыз бал толқын болып дөңбекшідім, Күндерім еске түссе құлып киген.
Шаңқай түс Тоғыз бал толқын болып дөңбекшідім, Кептеліп көкірегіме келді өксігім. Тәніңе торқа көйлек батады екен, Торына шырмалғанда өрмекшінің. Мен өзім кетігімді толтырмасам. Қалмады мені жақтар енді ешкімім. Тағдырдың дөңбекшіген толқынында Мен кеттім толқындардың қолтығында. Таба алмай бүтін ғалам өзіме сай, Жалтақтап қарайладым жарты ұғымға. Беу, менің шыға алмаған шыған далам, Жолдарың таусылмады бұраңдаған. Толықсып, толқып, көңіл алдай берді, Жалған-ай, бір орнында тұра алмаған. Сүйемей, сәл сүрінсем бетке басып, Соңымда айқайшы көп ұрандаған. Арайлы азаттықтың ақ таңында, Сайраған ізім жатсын ақпа құмда. Ақ апа, айлы түнде жолға шықпа, Қасқырлар жатыр ұлып қақпанында. Сап-салқын сызды қойшы етіктегі, Мұз басқан қонышының кетіпті өңі. Набат қыз, құстар неге сайрамай тұр, Қырық қыз Қырым жақққа кетіп пе еді? Кім айтар көп сауалдың жорамалын, Қайтады арнасына көк Аралым. От күндер Орал жаққа өтіп кеткен Бұлғайды бұлаңдатып орамалын. Сұлу ой шымырлаған бабында тұр, Сарғайған сағынышым сағымда тұр. Халқымды ұйқысынан оятам деп, Алатау аппақ қарын қағып жатыр.
Шәмшия Жұбатова Жамырап сауын айтты жаршыларым, Жаңбыр боп жаңа күнді қарсыладым. Жалтырақ теңгедейін үнге салып, Құбылған мақам қылып алшы бәрін. Төгуге тереңімді дегбір таппай, Сарғайып, санды соғып сарсыламын. Толықсып, тоғыз қабат торқа кидім, Қай күні жұмыртқадай аршыламын? Тебіреніп, төгіле алмай тұрғанымда, Қып-қызыл дән толқыды қырманымда. Тәуекел, қыз ғұмырым қалып қойсын Тербелген мың мақамның ырғағында. Гүл терген Гүләйім қыз Сіз болсаңыз, Қырық қыз құрма теріп жүр бағыңда. Қиылып, қасы -көзі сүрмеленіп, Тармаққа өмір кетті күрделеніп. Құмырсқа илеуіндей ел көрдің бе, Ағылып ақ Сарайға жүрген еніп? Ағылып ақ Сарайға, көк Сарайға, Ұстайды кәрі таяқ, жастар айна. Халқының жан сарайы ашылғанша, Күз кетіп, қыс келе ме, жаз тарай ма? Білмеймін, тырбаңдаумен күн өтеді, Жанымды мұндай күндер жүдетеді. Бақтағы аппақ қауыз атқылаумен, Қай күні төңірегін гүл етеді? Түйісіп ақын сері Ақанменен, Толғатып тоқсан толғау мақамменен, Базарлы бал дәуреннің балын жұтып, Кең залға келіп қалдым апамменен. Кең залдың жылтырайды шамшырағы, Жүректің жалтырайды тамшылары.
Шаңқай түс Еліктей елегізген көңілменен Қалың ел қолын соғып қарсылады. Еліктей елегізген көңілменен, Күресте жігерім бар жеңілмеген. Алқымда асау жүрек алағызып, Қараймын алғы күнге сенімменен. Жүректе сағат тілі сыртылдаған, Соғады қоңырауын бір күн маған. Армысың, асау сезім екпінімен, Жасампаз жаңа ғасыр, жыр тыңдаған! Қырларда таңбаланып көк табаны, Келеді құлағыма көктем әні. Айларым өкініштен от қабады, Жылдарым тоқта десе, тоқтамады. Аптығып асығыспен өткен апта Көңілдің кем-кетігін жоқтамады. Барлығы сыр тартуда күнде менен, Қалпымда жүре берем үндемеген. Өмірдің базарынан оралғанда, Үйіме қайтып жүрдім жүлдеменен. Талықсып тәтті ұйқыға батқанымда, Шабытым оятады түнделеген. Гүләйім бүрме киіп гүл тергенде, Жүзіне аппақ шатыр бүркенгенде, Алтынның жарқылына көз тоқтамай, Сәнінен салтанаттың үркем мен де. Келешек омырауын аштырады, Көзімде дөңгеленіп жас тұрады. Шаңқылдап, апа қыран, Сіз тұрғанда, Мен-дағы туған жердің тас қыраны. Шаңқылда, апа қыран, ана қыран, Көзіңнің жас ақпасын тарамынан.
Шәмшия Жұбатова Қай күні, енді қайтіп кездесеміз, Қай сапар, қандай жолдың торабынан? Дүние төңірегімде талықсыған, Жүректі қалай аман алып шығам? Аумаймын кей күндері үйі жыртық, Аулайтын алтын балық балықшыдан. Әйелдің Сізге айтамын мұңы, сырын, Сылдырап, сыңғырлаған күміс үнім. Қаһарлы патша болды мынау өмір, Ұшында қан тамады қылышының. Гүл терген Гүләйім қыз Саркоптағы, Жалтылдақ алтын құйған әр қапталы. Жетпіс жыл жырланбаған қисса, дастан Жаныңның құса, зарын тарқатпады. Өрнектер жатыр ма өртеп кеудеңізді, Шілтерлер секілденген шарқаттағы? Жыр іздеп тамылжыған мына ғалам, Көңілім елегізіп тұрады әман. Бұлғаған жалауларым ұшып желге, Қаңырап, босап қалған жылады алаң. Шілденің жұпар төккен бұл айында, Гүлденген сәлем бердім Гүләйімға. Тебіреніп тоқсан мақам толқып ақты, Білмеймін, күлейін бе, жылайын ба? Білмедім күлерімді, жыларымды, Жанарым сондықтан да, сірә, мұңды. Ибалы имандықтың ісін бастап, Таба алмай қысылғасын тұрағымды. Қысылдым көрсете алмай тұрағымды, Сондықтан, қоя берме сұрағыңды. Бұрқадым, бұлаң қақтым, бұлықсыдым, Булыққан шығара алмай бұлақ үнді.
Шаңқай түс Көлкіген көктем көрдім мен бөктерден, Өксіген өлең көрдім өрнектерден. Шалқыған шаттығымды жасыра алмай, Шайқалдым шарап ішіп шөлмектерден. Жыл бойы жүрегімді кернеп келген, Өрнектер қиналады өрмек керген. Шықтың ба өрт ішінен талмай ұшып, Күтемін енді сені кең бөктерден. Шықтың ба өрт ішінен талмай ұшып, Қапқара қанат күйіп, таңдай ісіп? Өрттен сау шыққаныңды кім біледі, Қыз болып сахнада қал майысып. Өрттен сау шыққаныңды кім біледі, Шарпылған тұсың жанды тілгіледі. Талансыз тағдырыңды мақам қып айт, Бәрінің келіп отыр білгілері. Талансыз тағдырыңды мақам қып айт, Жоғалтқан Құлагерін Ақан қып айт. Сипаған ақ сақалын тарам қылып, Аңсаумен өткен абыз атам қып айт. Ақ апа, Сізге арналды отты өлеңім, Жандарым арнау жазар көп пе менің? Арнауды арнамасам өкпелегін, Жырыма мақам құйып төкпелегін. Тірелген тығырыққа бұл халықтың Көзінен мен әйтеуір от көремін. Шырқырап жылқы дауыс, құлын әні, Бетке алып кетем бір күн құбыланы. Құбылып құбылып құбылаға жеткенімше, Біртіндеп қауырсыным жұлынады. Сен едің Гүләйім қыз бұл бақтағы, Әніңнен жұпар шашып гүл қаптады.
Шәмшия Жұбатова Қырық қыз мақамымен құбылып тұр Жазылған Жиен жырау жыр хаттары. Түлкідей құлпырамын қырда аунаған, Аз боп тұр шумақпенен жырлау маған. Сіз тартқан домбыраның шектерінде Алқынып асау ғұмыр тұр лаулаған. Мылтықсыз майдан көрдім сан атысты, Түндерде көйлек кидім қара түсті. Өмірмен қоштасқалы тұрғанымда, Бір мақам айтылмаған ара түсті. Ей, менің асқақтаған аспан айым, Тамшыңды құя берші тасқа дәйім. Мың тарау мақамменен жолға түскен Мен қалай сапарымды бастамайын?! Осылай тұрмын сапар бастағалы, Жанардан жапырақ боп жас тамады. Сыр бойы сырласуын былай қойып, Бетке алып кетсем бе екен Астананы? Алматы қимай жатыр қоштасуға, Түнеріп қара бұлтпен қас – қабағы. Мен Сізге жыр оқимын дауылдатып, Содан соң жас төгемін жауындатып. Ақын боп Алматыда жүрсем -дағы, Арнаған өлеңім жоқ ауылға түк. Сондықтан Сыр бойына асығамын, Сыр бойы – айтылмаған ғашық әнім. Тамағы бүлк – бүлк етіп дарияның, Толқыны жүзіп келді қасыма мың. Әнші құс, алақанға алшы қонып, Тамамын тас біткенге тамшы болып. Айдында кемеменен жолға шықсам, Қоямын аппақ жалау қарсы керіп.
Шаңқай түс Дүбірлеп дала жақтың дүлдүлдері, Қымызды аңқытады қыр гүлдері. Жәнатты, жәрмеңкелі Жетісуда Дүрілдеп өтіп жатыр жыр күндері. Басқыштар бұратылып көтерілген Бақытқа апарады бір күн мені. Бұрқырап жұпар төкті гүл бөктері, Қауыздың ағытылып ілгектері. Гүл терген Гүләйімға аз болып тұр Көрсеткен қазақы елдің құрметтері. Алқымын ару жүрек ағытыпты, Ашылған құтты болсын жыр мектебі! Аралап бір үн кетті орам ішін, Жолдардың түйіскенде торабы шын. Қақталып алтын буға шыға келді Құйылып қолдан соққан қола мүсін. Беу, мүсін, нұрға толып жарқылда, сен, Көмейің бір үн кернеп, алқынды әсем. Тыңдасам Сізден қисса, дастандарды Қайтадан уыз сәби қалпын кешем. Тыңдасам Сізден қисса, дастандарды, Аңқиып алаңғасар аспан қалды. Көтеріп алдыңа әкеп қойсам ба екен, Айқара алтын есік ашқан залды? Алдыңа кең залды әкеп қойсам ба екен, Кең залда жағылады май шам бөтен. Кіре алмай жарық залға, тайсалып тұр Кір басқан, жүдеп тозған лайсаң мекен. Бұрқаған бұла күннің бұршақтары, Сыңғырлап құйыла алмай, сыр сақтады. Сұлулық табар едім қойнауынан, Мұзтаудың тоңазытып тұр шатқалы.
Шәмшия Жұбатова Ыңылдап толғау айтып, жыр тыңдаумен Үн жатыр ыңыранып құрсақтағы. Құйылып жүрегімнің ащы зары, Айтпасам, ішкі шерім асқынады. Қолымда болса, бәрі үймелесіп, Қиналсам, маңайымнан қашты бәрі. Үніңіз Париж жаққа жетпегенмен, Даусыңнан нақыш көрдім көптеген мен. Ортаны кете алмайтын дуылдатып, Ақырын айтқан әнді жек көрем мен. Былқылдап Набат жыршы бабында тұр, Жырлайтын «Едігені» шағында тұр. Ауылда жас пен кәрі жыр тыңдауға Түнімен жерошағын жағып жатыр. Жиылып жас пен кәрі жыр тыңдауда, Қақпағы самауырдың бұрқылдауда. Домбыра шанағында әлсін – әлсін Саусағы Набат қыздың сыртылдауда. Өр дауыс өзен бойлап өрекпіген, Билеген екпінінен желек кілең. Атылып сен шыққанда сахнаға, Жаныңа мендей сіңлі керек, білем. Буынын саусағыңның былқылдатып, Тартасың домбыраңды сылқылдатып. Тағдырың жыршы қылып жаратқасын, Өмірің бір қайғы, бір күн бақыт. Тағдырың жыршы қылып жаратқасын, Жырлайсың түн ауғасын, таң атқасын. Өксіген өгей жүрек өміріңнің, Өткелден өткізіпсің сан аптасын. Қалың ел қошеметтеп, «беу» деп жатыр, Тал бойды үнің елтіп баратқасын.
Шаңқай түс Ақ Набат, ақын Набат, жыршы Набат, Аулына қаламгердің бұршы қанат. Әуенді әдемі әнді есітуге Есіктен симағандар тұр сығалап. Тұншыққан тұнық ойдың тылсымдары, Құйылып құлақтарға тұрсын бәрі. Төгілген сұлу әннің әуенінен Асқақтап туған жердің тұр шыңдары. Зарлаған зарлы жүрек зарыменен Кеудені бара жатыр жарып өлең. Жүректің сапырылды запыраны, Емдеуге келер емес дәріменен. Жүректің сапырылды запыраны, Таусылмай құса шерім жатыр әлі. Қалғыған қалың орман ай нұрымен Түндерде қалың ойға батырады. Төбелер толқып – толқып тербеледі, Білмеймін, қай сапарға шақырады? Төбелер толқып-толқып тербеледі, Адамға төбелер ғой ең керегі. Жүректің жанға батқан жарасы көп, Білмеймін, қандай жолмен емделеді? Тұқыртқан басын төмен қазақ көрсем, Менің де қыз көңілім сенделеді. Шүпілдеп су құйса да жарымаған, Құмыра көңілім бар қаңыраған. Төбемнен сәукеле боп түссе болды, Арайлы алтын күннің жарығы аман. Бойыма қайдан ыстық от келеді, Жанарым жарқылдаған шоқ тереді. Желдердің ағысына асығады Аспаннан күн жолдаған кептер елі.
Шәмшия Жұбатова Шағым бұл түнді ұмытқан, таңды ұмытқан, Айналып кетті басым жаңғырықтан. Жүрегім қақ бөлініп екі жаққа, Күндерім артта қалды қанды жұтқан. Көбелек көлбең қағып көктемдегі, Іздейміз жер бетінен жоқ пендені. Сайраған гүл бағында жыршы құстың Сайраумен осы болды жеткен жері. Ұлыны ұмытпаған ұлықтары, Ашылған қақпалардың құлыптары, Секілді егіз аққу біз келгенде, Несіне қол соқпайды тұрып бәрі? Гүл терген Гүләйім қыз мақамдары, Жыршының сазын жина жаһандағы. Кернейді таңда тұрып тартқан Сіз бе, Атты әскер симай кеткен шаһардағы? Тербелген толқын іздеп жер бетінен, Толқынмен мен де бірге тербетілем. Тұяғы жерге тимес тұлпарымның, Қанаты тарта берді өрге кілең. Тұяғы жерге тимес тұлпарымның, Қанаты жерге тимес сұңқарымның. Дидарын бір көруге зар боп жүрмін, Дауысын ести алмай іңкәрімнің. Желпілдеп жиде талдың желектері, Теңселіп, тебіренді теректері. Жабысып жаныма ерген жарқыл қағып, Мен жүрмін тоқтата алмай желөкпені. Атқылап күміс бұлақ кері құлап, Кеңейді Алатаудың төрі бірақ. Аққуды жыр кешіне шақырып ем, Келді ұшып маңайына серігін ап.
Шаңқай түс Даусының күмбірлеген күмісі бар, Жыршы құс, қоңыр түннің тынышын ал. Жаныңды ұқпағандар сағы сынып, Жаныңды түсінгендер гүл ұсынар. Қолдағы бес саусағың бірдей емес, Матаның арзаны бар, пүліші бар. Біреулер енді бізге сын тағып жүр, Кім білсін, өзіміздей ұлы шығар. Құс болып көмекейде бүлкілдедім, Жөн айтып, іркіл десе, іркілмедім. Шаңқылдап шағаланың дауысымен Шілдеде өтіп жатыр жыр күндерім. Тірлікте жәрмеңкелі отты өмірім Өлеңсіз қалай өткен шіркін дедім. Артымда Қазақстан қазыналы, Айтады көрмей қалса базынаны. Шөліркеп ұзақ жүрдім шөл далада, Бауырым енді қашан жазылады? Үкідей бұлғақтаған бұлаң таңым, Өзіңе үмітімді мың артамын. Тірліктен әбден қажып болғаннан соң, Қайтадан дидарына құмартамын. Ізімде қалған өмір кестеленіп, Түседі кей күндері еске келіп. Адасқан сыңар аққу ұшып келді, Арманын ақ шатырлы төске керіп. Аралым қайта толып ағар болса, Берер ем жүрегімді беске бөліп. Артыма қайта-қайта бұрыламын, Мың айтып тауыса алмадым ғұмыр әнін. Сынығын жинастырып біте алмадым Қолымнан түскен алтын құмыраның.
Шәмшия Жұбатова Алты үнмен бірдей шыққан алты мақам, Мұң ба едің, арман ба едің халқыма тән? Ауылда жерошақтың оты маздап, Тербелді ай астында алтыбақан. Қойылған әсем мүсін көрмедегі, Құйылған тегеурінді термелері, Ақ берен домбырасын сабаласа, Қос қолы қанат болып сермеледі. Дұшпаным орға жығар жанымда жүр, Мадақтап, көтеріп қой сен де мені. Моншағын мойыл көздің ілестіріп, Жүйткімей жылдар жатыр жүрексініп. Дірілдеп бәйшешекті іздеп жүрмін, Қаңтардың қалың қарын сірестіріп. Армысың, қаңтарымның қалың қары, Бар ма екен жоғалтқаны, табылғаны? Біз күткен келе ме деп жақсылықтың Ашылмай жатыр білем адымдары. Шүпілдеп айдың нұры таудан асқан, Қалың ел жанымда жүр қаумаласқан. Халықтың махаббаты күш құйғанда, Кеудемде найзағайлы аунады аспан. Белгісіз жылағаны, күрсінгені, Пойыздың дөңгелегі дүрсілдеді. Қырық қыз атқа отырған Нөкіс жаққа Сен неге ертіп кетпей жүрсің мені? Шаршатып кетті білем, талықсыдым, Тірліктің тұңғиықты тылсым демі. Құлақта сұлу қыздың үні қалып, Жүректің жасын жұттым ыңыранып. Мақамың мың иректі аман болса. Өмірдің бояуының түрі қанық.
Шаңқай түс Беу, құсым, іздей бердің жоқты неге, Базарым бастан ерте өтті деме. Қолтыққа қысып қалың дастандарды, Қойнына қара түннің көп түнеме. Қолтыққа қысып қалың дастандарды, Шайқалып жер бесік пен аспан қалды. Жырменен тербетуге келдің бе, сен, Толықсып толған айды тосқандарды? Ауыл бар ай астында ең керемет, Айтылар ай астында терме керек. Аяулы арманымды тербетемін, Туған ел, бесік болған жерге бөлеп. Амалсыз арна таптым аз ағыстан, Тербетіп сағымдардың сазы алыстан. Батырлар жырын қайта қолына алды Жоқ болып кете жаздап Қазақстан. Асық боп жырын қайта қолына алды, Ғашық боп жырын қайта қолына алды, Өйткені ол бабалардың рухыменен Қиссалар парағында жолыға алды. Тоғыз қат торқа көзін тесіп шығып, Жолынан өрмекшінің торын алды. Гүл терген Гүләйім қыз гүл бақтағы, Үкісі төбесінде бұлғақтады. Көмілген құяғыма құямысың Әніңді күміспенен сырлап тағы? Ақ апа, өнерлісің, зиялысың, Жыраудың Тілеужандай тұяғысың. Ғибратын бабалардың тыңдағанда, Жас өрен ерсі қылған тияды ісін. Мұнарлы дауысыңмен мұнаралы Қазақтың маңдайына сиямысың?
Шәмшия Жұбатова Даусыңды көп адамдар көпсініпті, Елеңдеп көп іздепсіз көпшілікті. Үкілеп сүйген жарын үйде ұстаған, Әдет қой қанға сіңген ескілікті. Қойшы оны, жыр тыңдайтын мезгіл келді, Көгілдір терезеден кеш кіріпті. Етегі көк көйлектің көлкілдеген, Жеңдері ақ көйлектің желкілдеген. Бұлттардың тасасынан шыға келген Көркем қыз, күндей болды көркің неден? Аппақ қыз, айдай болды көркің неден, Домбыра сағасысың шертілмеген. Ғашықтық лебін жұтып өртенгендер Басады жүрегінің өртін немен? Толғауды толқып Сізге арнағанда, Жарқырап атың тұрсын бар бағанда. Жүрегің тоқтамасын, дүрсілдесін, Шиырлы жолың кетсін әр ғаламға. Кеңейген домбыраның көмекейі Бекерге зар төкпейді сарнағанда. Жүрегің тоқтамасын, дүрсілдесін, Қалың ел жоғалтып ап күрсінбесін. Ағайын, бауыр, туыс сені сүйіп, Сапарда аман-есен жүрсін десін. Жол деген жырдан ғана басталады, Ал, кәне, жыр бастамай тұрсың несін? Ал, кәне, жырды баста, жолды баста, Артымда сұрғылт күндер қалды басқа. Шырылдап мойыл көзі толды жасқа, Себелеп су берейін қарлығашқа. Үніңде дірілдеген өксік барда, Бәйшешек қылтимайды көпсік қарда.
Шаңқай түс Жылғаға ілестіріп жібер мені, Егілген жүрек даусын естіп бар да. Жеті рет тарқатылып, жеті өріліп, Үн кетті аспан жаққа көтеріліп. Тамылжып тұнық кеште тұрған дүние, Тамсанды таңдайына шекер іліп. Биледі, ирелеңдеп білек кетті, Дүрсілдеп дүбірлеумен жүрек кетті. Сарғайған сағынышым сары тап боп, Санамда мың сан жылдар түнеп кепті. Шілде айы жидегінің шешті бәрін, Қаңтарым қар еліне көшті қалың. Думанды дүниеде дүр сілкініп, Жарқылдап жанарларда өсті жалын. Қайтеді желмен бірге ентікпесең Жатқанда дауысыңа елтіп көшем. Жылғалар жылжып аққан жылап қалар, Көктемін көңіліңнің көлкітпе, сен. Жылғалар жылжып аққан жылап қалар, Өйткені бұлаң қаққан бұлақ та бар. Тартылған тарау-тарау тарамменен Тағатым қайда барып тұрақ табар? Тартылған тарау-тарау тарамменен, Әлпешті әлди күтті әр ән менен. Кішкентай аралдардан көп іздедім, Қайда екен Барсакелмес барам деген? Кішкентай аралдардан көп іздедім, Теңселген тереңдегі теңіз демін. Қалқытты тұңғиықтың аппақ гүлін Айнадай жарқыраған егіз көлім.
Шәмшия Жұбатова Не деймін, күндер жүдеп, жыл тарықты, Тымырсық тұншықтырып тұр халықты. Таңдарға түннен тілек жолдап жүрдік, Тағдырдан тірлік сұрап бір қалыпты. Айтулы ақын болып кетер едім, Барлығы маған дейін жырланыпты. Жұмсарып көлбіреген көк пен жерден, Нұрланып көгілдір түс көктем келген. Жолдадым жолдарменен аққу әнді, Оралып Орал жаққа өткелдермен. Жолдадым жолдарменен аққу әнді, Бұрқырап бау бусанып, бақ қуанды. Сирень тал сирек гүлге себеледі Гүләйім қызға ұқсаған Гәкку әнді. Жарқылдап жанарымнан жалын ұшты, Аңырап ақ жаңбырдың ағыны ішкі. Өзгерген өң мен түстің арасында Сарғайған ғұмыр кештім сағынышты. Айт, жырау, жырла тағы, тұрып қалма, Төріне жүректердің күліп бар да. Жылатып домбыраңды сен сөйлесең, Сыңғырлап кілт түседі құлыптарға. Айт, жырау, Асан қайғы мұңын қосып, Сарнаған қара қобыз үнін қосып. Самсатып төбесіне шам жаққанмен, Ел отыр ескі шақтың күнін кешіп. Отырған тас қыран ба ең тұғырыңда, Тас қыран болу лайық ғұмырыңда. Жұмсарып жанарыңда сәуле қалды, Жұтылып бір үн кетті жұмырыңда.
Шаңқай түс Табылар қайда барсам жан рақаты, Алланың рақат жайлы бар ма хаты? Түнедім қара түннің қолтығына, Мөлдіреп екі көздің қарақаты. Жұтылған жұмырыңда үнді шығар, Шайқалсын шың басында күллі шынар. Жазудай ирек ирек тасқа сызған Даусыңда өткен күннің үлгісі бар. Айгөлек – ән А-ға Әуезімен алма ағашын гүлдеткен, Сіздің өнер жолыңыз да бір мектеп. Үніңізден жапалақтап ақша қар, Әніңізден жаңбыр жауған дірдектеп. Сондықтан да жүрем Сізді құрметтеп. Сізді көрсем, даусыңызды естісем, Қозғалады мұздақтағы ескі сең. Қызғалдақтар нарттай болып ашылып, Көктем келіп, көңілдерден көшті сел. Көгілдір түс көремісің кешті сен? Арман-ай күн, жағалауда тұрағы, Сізді көрсем, жыр жазғым кеп тұрады. Ақжолтай жан жолда келе жатыр деп, Қамажай көл сыбдырлайды құрағы. Маусым ғұмыр маздап жанды шырағы. Қызғалдақтар нарттай болып ашылып, Жатыр Сіздің жолыңызда бас ұрып.
Шәмшия Жұбатова Әдемі адам бара жатыр дейді олар, Ұлы өнердің сапарына асығып. Күн нұрынан жатыр шашу шашылып. Көңілді адам, көрікті адам, әнші адам, Самырсынның ішінде жүр самсаған. Бұлақ біткен сыңғырымен оятып, Бұлбұл құстар ән силайды қанша оған? Көремін де соның бәрін, тамсанам. Көңілді адам, нәзік адам, жыршы адам, Қайыңдардың ішінде жүр құрсаған. Қайың талдар аппақ қардың астында Тербетіліп, қолын соғып тұр соған. Шабыт алды ол шарықтаған шыршадан. Айгөлек күн дөңгелеумен барады, Барады да, бір бұрылып қарады. «Айгөлекті» айтып келген ақ жігіт Ән ғұмырын ұзартуға жарады. Шайқалады шат көңілдің шарабы. Әуен барда көкіректі тербеген, Өміршең ән өңіріңді зерлеген. Көмейлерден діріл болып төгіліп, Әнші құс ол көкке қанат сермеген. Бардың құны бағаланар зердемен. Бардың құны бағаланбай жатқанда, Ар үйінде ағарады ақ таңба. Таза күміс қоңыраудың дауысы Кеш түскенде қағылады қақпаңда. Тоғышарлық тіреледі тоқтамға. Бар бол, бар бол, ақжолтай жан, бол аман, Бейнең жанда биіктейді қоладан. Сылқылдаған сан әуеннің сазында Сәмбі талдай солқылдайды сол адам. Күн іздеген жүректерге толады ән.
Шаңқай түс Ақ шағала шалқар іздеп шөлдеген, Айгөлек ән көбелек боп көлбеген. Тұңғиыққа маржан іздеп төнді де, Тереңдерден теңіз болып келді өлең, Барлығында үміт оты сөнбеген. Жаңа жылды, жаңа күнді қарсы алып, Шарықта, құс, келген нұрға баршы ағып. Бұлақтардың сыңғыр даусын сағындық, Қарғалардың қарқылынан шаршадық, Бал үнінде бұлақтардың барша құт. Желпі, самал, жұпар аңқыт, желікпе, Ентікпесе, қырат дайын елікке. Айгөлек күн айналумен аралды, Туған жерге қайта оралып келіп пе, Еңселі күн есіктерден еніп пе? Күреп келіп қаңтар айдан қар қалың, Аңқылдайды ақыл айтып арда күн. Бар тіршілік көктен әуен іздейді, Қара суға малып қойып қармағын, Аңсар жүрек айтумен жүр арманын. Аңсар жүрек нәзіктіктен жаралған, Жас боп кейде мөлдірейді жанардан. Марал біткен маңымаса қайтеді, Аққу құстар жеткен кезде Аралдан, Тоты күндер толқындарда таранған. Айгөлектей күндер қайда кешегі, Қайтты ма екен мезгілдерден меселі? Тынып қалған тұнық сулар тіріліп, Түйткілдерім түйіншегін шешеді, Айгөлек күн шарлаумен жүр көшені. Тектілікке теңін қатар шешкізген, Керуені келешектің көш тізген.
Шәмшия Жұбатова Бақыт шамы Бағдат қала секілді, Қолын бұлғап шақырады ескі ізбен. Бір көктемді ала алмайсың қос күзбен. Түн келгенде төңірегім тербелген, Әупілдегім әупілдейді көлдерден. Ай астында аппақ кеме барады, Қалтылдайды қанаттары жел керген, Кер маралдай керілген шақ, кел бермен! Маңдайына таққан моншақ сырғанап, Маңғаз өмір мардымсумен тұр қарап. Бір айналым жасау керек талпынып, Бір қанатты демегенде бір қанат, Желбіреген жібек іздеп жүр манат. * Жаратқанның тілегін тәңір берді, Махаббатқа малынып мамыр келді. Құстар біткен көшірді әуеніне Әлемдегі әдемі әмірлерді. Ара сызық айырып ақ-қараны, Жапырақ боп шулады бақтар әні. Аршылмаған ағыстың арасымен Айнабұлақ арманын ақтарады. Армандарын ақтарды Айнабұлақ, Жайдарман күн астында жайнады бақ. Шалқар көлдің жағаны шайғаны ұнап, Алқаптардың айқара аймағы ұнап. Көкіректің түймесін күн басқанда, Мөлтілдейді мөлдір мұң түнгі аспанда. Жанның әні шырылдап мың дауыспен, Жымдасқанда немесе ымдасқанда.
Шаңқай түс Арманының арнасын ақтара алған, Алақанын соғады бақтар алдан. Мамырлаған күтемін мамыр айын Мамықтарын ұшырған Мақтаралдан. * Мағыналы өмірдің бағамында, Қаңтар еріп барады табанымда. Қайран жүрек көзінің жасын жұтты, Жарық шалқып, көшенің бағанында. Самал іздеп жауқазын жұтынады, Тамшыларын жинаумен құтыдағы. Қар астында қарбалас күн кешкенмен, Жауқазынның жүрегі бүтін әлі. Табанымның астында тайғанақ мұз, Мұз үстінде құладық қайдан-ақ біз? Аршын-аршын қадамға сенгенменен, Құлатпайтын айланы байламаппыз. Сырғанаумен барады сырғанақ күн, Қалмаған ба салмағы бір қадақтың? Бос ыдыста салдырап бара жатыр Даңқ іздеген дыбысы құр мадақтың. Кімнен алсақ болады бір тәсілді, Қалай қусақ болады бұрқасынды? Жаухарымды жоғалтып, іздегенде, Ұры күннің абайсыз ұрты ашылды. Қаңтар ағып барады, тірлік еріп, Беру керек оған да бір күн ерік. Бұлыңғырда болашақ жоқ екенін Жаңа күннің жанары тұрды көріп.
Шәмшия Жұбатова Естілерді жеңіп кетіп ептілік, Тексіздікпен тіреседі тектілік. Жаңбырдан соң көкжиекте керіліп, Кемпірқосақ бояуымен кепті үміт. Ақ пен қара кезектесіп ғаламда, Той өтеді соғыс болған алаңда. Жақсылықты жапсырады жамандық, У қосылған тәтті-тәтті тағамда. Әлем күн боп көрінетін бір маған, Неткен күрес, неткен қиын шырғалаң. Бақытсыздық жылап жатыр бір үйде, Есіктерін ақ бояумен сырлаған. Бақыт бар ма жүрегіңнің түбінде, Бақыт іздеу сәнге айналды бүгінде. Қауырсындай қауқар барын сұраймын Мезгіліңнің арқалатқан жүгінде. Сағат тілі сыртылдайды тынбастан, Жарқыраудан жалықпайды түнгі аспан. Алтын сарай оянатын секілді Кешегі бір дәуірлерден құм басқан. Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген, Дүрілдеп аппақ лайнерлер ұшты көкпенен. Қарсы аққан бұлттар жол беріп жатыр жөңкіліп, Қарсы аққан бұлттар көз жасым сынды төкпеген. Сағыныш біткен жарысып жолмен зулады, Қапталда түгел гүл басқан жондар тулады. Жапырақ сосын алақан соқты тербеліп, Қонақтап құстар бұтаққа, орман шулады.
Шаңқай түс Есітемісің, жүрекке жеткен бір ән бар, Әнші құстарым, жабылып әуен құраңдар. Бауырында таңның, қойнында кештің тербеліп, Әндеткен ғалам, жаныңды сенің ұғам бар. Болғасын мұңы, көмейі тынбай әндеткен, Ұғынып мұны, реніш те қалды, қалды өкпем. Әндер-ай есті, сендерде қандай сиқыр бар, Тамылжып келіп, жұбатып мені, жанды өпкен. * Айналасын қуанышқа кенелтіп, Тұра қалды жұпар иіске жел елтіп. Желбегейін шешіп жатыр жасыл жаз, Тырналарын жылы жаққа жөнелтіп. Жер қарайды көк жүзіне құмартып, Құштарлықтың құмартқаны тым артық. Сарғыш орман тасасына жоғалды Жасыл жаздың көлеңкесі мұнартып. Көңілді күн қай бағытқа көлбеді, Тербетумен жүрген еді ол мені. Босағанын көзге тақап көрсетті Сылдыраған судыр күннің шөлмегі. Жаз ұзады, жұпар исі қалқыды, Сары күннің ашылғанда алқымы. Қырмызы гүл қауызына тамады Құралайдың қырдан түскен салқыны. Қырмызы гүл қауызына тамады, Домбыраның сылқылдаған шанағы. Сарғыш сәуле сағым болып ұшты да, Жаздан қалған жапырақты санады. Ағады күн, ағады күн, ағады...
Шәмшия Жұбатова Үнсіздіктің бөлмесі тымсырайды, Күлімдеген, өйткені, күн сұрайды. Кібіртіктеп көлеңке кідіріп тұр, Келе жатқан секілді жыл шырайлы. Өзендердің өксіді арыны аққан, Ақтара алмай тұрғанда барын ақ таң. Сағынышым үзіліп естіледі Жапырағы қалқыған сары бақтан. Күркіреген көктемім қайда екен деп, Кеуделерге қонақтап ай мекендеп, Жайдарман күн дидарын жылытады Тырналарым қанатын жайды екен деп. Жүрегімде жылтырап жарық айна, Шағылысып қалады барып айға. Жадау бақтан жүрегі ән сұраған Жапырағы жанымның жамырай ма? Дүрсілін жүрегімнің есітемісің, Жанымның ғажап күйді кешкені шын, Сен мынау көк аспанға алғысыңды айт Алқынып ақша бұлты көшкені үшін. Тұяғы жүрдек жылдың зымыраған, Әйтеуір ел кетпеді ымырадан. Жайдарман жақсы күндер еске түсті Гүлдерге су тамызған құмырадан. Тілдері серпілгенде сағаттардың, Мезгілге жүрек сырын тағы ақтардым. Қамыққан күнім қалды қайта келмес, Қамқалы арасында қабаттардың.
Шаңқай түс Мың бұлақ сыңғырлаған, сылдыраған, Бұлақ боп күн кешеді бір күні адам. Томсарған тоғай неге теңселмей тұр, Көк тұман көрсетпей ме бұлдыраған? Келеді тағы бір күн жылылықпен, Іздеймін өткенімді үңіліп мен. Шалқарым шалқар сәтін аңсайды ылғи, Тұншыққан толқынында тығылып дем. * Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва, Таусыла жаздап кірпігін ашты жас тұма. Жанардың жасын ақ жаңбыр қылып төктім мен, Көктемде шықққан жап-жасыл күннің астына. Шарқ ұрып көңіл, көзімнен ыстық жас тарап, Теңізде жүздім айдыны көлден басқарақ. Мен жалғыз барған өлкенің тасы қып-қызыл, Көкжиегі алыс, құстары таныс, аспаны ақ. Жайраңдап сыртым, ішімнен сыңсып мұң ұшқан, Қанатым жазсам, жетемін саған, Гүлстан! Гүлстан өлке, гүліңді сенің теруге Өзіңді толқып көруге керек мың ұстам. Арындап ұшқан ақпараттардың тасқыны, Елеусіз қылып кетеді кейде бастыны. Алты қаз болып айналып көкті барады Жалынды шақтың жарқылдап өткен жастығы. Арманға толы, ей, менің асыл мұратым, Арман деп қойдым жазылған көкке жыр атын. Жыр қылып жазып жүрегін тастап кетуге, Өмірге келді арқалап мұңын бір ақын.
Шәмшия Жұбатова * Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан, Талықсыған күресте талдым, айнам. Тіршілігің өксіген көк өзендей, Арты ұйық секілді, алды қайраң. Жолға түстім. Адастым. Жоқ қарадым, Алға бастым, Сүріндім. Тоқтамадым. Тірлік жыры кеудеме симағасын, Өмір жайлы айтуға оқталамын. Тірлік жыры кеудеме симағанда, Өлең оқып жүремін қилы алаңда. Өмір отын кеудемнен үлестірем, Күлімдеумен гүл шоғын силағанға. Көлбей білген көңілге кеңістік кең, Мен күндерді тосамын жеңіс күткен. Аштықтан соң, төзімің сарқылмаса, Мөлдірейтін секілді жеміс біткен. Елуді аңсау Елу деген ел бар ма, бар болса егер қайда екен, Ұрты толған май ма екен, мінген аты тай ма екен? Бауырына тігіліп алты қанат ақбоз үй, Толықсыған күн бе екен, жарқыраған ай ма екен? Елу арман еңсерген елу деген ел бар ма, Жағалауы ен тоғай айдын шалқар көл бар ма? Үйір-үйір құмдары иір-иір шөл бар ма, Құлан аспас бел бар ма, арыны асау сел бар ма? Ақ арыстан ақырып, атылады айға тік, Қырдың бойын ойнатып, Сырдың бойын жайлатып. Шашасынан су төкпес сәнмен басқан жирен бе, Ойнақтаған күрең бе күміс тұрман сайлатып?
Шаңқай түс Алты қарыс азуы, жеті қарыс желкесі, Елдің сүйген еркесі, арқар мүйіз серкесі. Елу қыс кеп, бұлт көшіп, елу жауын көлдетіп, Елу рет жаңарған айналайын жер төсі. Бір қылт еткен қырық тұр қыр астында қылаңдап, Қырық түлкі жосыды төбе жақтан бұлаңдап. Бес қаруы бойында, тақымында құранды ат, Қырық әскер, қырық қол жауға шапқан ұрандап. Елу деген не екен, Көңіл көзі оянып, көкжиекті көруі, Елу пардан ат жеккен күймелердің шеруі. Бытырлатып бұлттардың омырауын сөгуі, Омыраудан сүт құсап, ақ жаңбырдың төгуі. Сыбызғыдай сызылып ұшқан әуен сырнайдан, Еміс-еміс естіліп, бір шығандап тұр қайдан? Дутардағы елу саз, елу ішек созылған, Айқыш-ұйқыш жатқан жол, бітпейтұғын бір майдан. Суырылған тік жебе ұлан-топыр алқадан, Тізген көйлек мақпалдан, тізген шапан қамқадан. Орып түскен орақ ай құлап жатқан шалқадан, Оттай ыстық алақан қағып тұрған арқадан. Сауыт киген алтыннан әскердегі қолбасы, Қабарзыған далада сыңар малта болды асы. Өзі оққа ұшса да, жауға бермес жолдасы, Елу көзді торқасы, батырыңды толғашы. Жарқ еткен бір найзағай ой ордасын талқандап, Жауға ұмтылған арда кез семсер менен қалқанды ап. Шыңғыртатын асауды қылдан ескен арқанды ап, Сұлу қызға қарар кез көз астынан жалтаңдап. Өрге қарай өрлесіп, төбе шыққан тер кешіп, Елу бақыт, елу мұң, елу үміт, сор, несіп.
Шәмшия Жұбатова Қазынасын ақтарып, көрсетеді жиғанын, «Анадай бар біздерде, мынадай бар, көр» десіп. Ойраң-ойраң ойнаған елу төбе, елу бел, Әр төбенің қызығын жеке-жеке көруде ел. Былқылдаған елу қаз, жамыраған көп тырна, Көп тырнаның тізбегі қонды ма екен көк қырға? Аппақ шаңқан киізден елу үй бар тігілген, «Келдің бе аман, төрлет» деп, құрақ белі бүгілген. «Елуге өзі барады аттан түсіп» деседі ел, Бала құсап мен сені шақырдым-ау, кеше гөр. * Жолыма әкеп қызғалдағын төсеген, Жүріп келем мен бір шулы көшемен. Нені күтіп, кімді көрсем дейді екен, Дүрсілдейді сорлы жүрек кешеден. Қарсы алдымнан қол ұсынып жан аға, Кіріп келем мен бір жарқын қалаға. Сүгірет қып салып жатыр таңбасын, Сағыныштың сары табы санада. Тежедім де құстай ұшқан ат басын, Қағып тұрдым биік үйдің қақпасын. Әзіз ана ақ жаулығы желбіреп, Ықыласпен ұсынады тәтті асын. Жолға шықсаң, жан сарайың кеңіген, Жол үстінде таныдым-ау сені мен. Ұлы өмірдің ұлан-ғайыр тынысы Сергітеді сапарларда демімен. Тыныштықтан тұншықтым да, салдым ән, Тіршілікте сол бір әннен қалды мән. Түн ішінде құшақ жайып алдымнан Жым-жырт ауыл шыға келді қалғыған.
Шаңқай түс * Мені гүлім сағынатын сияқты, Бүгін тағы суармасам болмайды. Мені ұлым сағынатын сияқты, Хат жазады, махаббатын жолдайды. Анашымның сағынғаны анық-ты, Самаурынын бұрқылдатып қайнатты. Мені досым сағынып-ақ қалыпты, Гүл силады, жадыратты, жайнатты. Бөлмем мені сағынатын сияқты, Кіріп келсем, жарқырады кенеттен. Бара жатсам, жалау тағып безенді Күн сайынғы анау көше мен өткен. Қимастықпен тосып жүрген жандарға Гүл дестесін беріп кетем жинаған. Жаратқанға, тағдырыма ризамын Сарқылмайтын сағынышын силаған. Бір ғұмыр Бірді бірге қосумен, Жақсы күнді тосумен, Қиял бұлт боп көшумен, Өтеді екен бір ғұмыр. Ең жақының сатқанда, Түсіп қалып қақпанға, Кірпік ілмей ақ таңға, Өтеді екен бір ғұмыр. Той жасауға қамданып, Бірде сөніп, жанданып, Көп нәрсеге таңданып, Өтеді екен бір ғұмыр.
Шәмшия Жұбатова Құлағыңа ән келіп, Көктем келсе сәнденіп, Бірде толып, сәл кеміп, Өтеді екен бір ғұмыр. Көлеңкесің, күнгейсің, Көзге жанды ілмейсің, Сөйтіп жүріп өмірдің Өткендігін білмейсің. * Бұлақтарым үн құсап Күмбірледі. Бұраң қағып жолдарым Жүрдім деді. Жол мен бұлақ, Күтіңдер үміт үзбей, Мен сендерге оралам Бір күндері. Жусандары даланың Бұрқыраған, Бұрқыраумен тұрса ғой Шіркін, әман! Ұнап қалды Ғажайып дүниенің Жарқыраған ғажайып Тұрқы маған. Тырна біткен Келдім деп тыраулаған, Өзен толқып ағады Сыр аулаған. Мені тастап кеттің де, Ұмыттың... деп, Бала күнім жәутеңдеп Тұр ауладан.
Шаңқай түс Ай сәулесі дірілдеп, Толқып ағып, Арық біткен сылдырап, Шолпы қағып, Бір жақсылық хабарды Жеткізуге Асығумен барады Қалқыма бұлт. Бір-бірімен өтеді Жарысып той, Бал татыған қымыздан Ал, ішіп қой. Адамзаттың ардақтар Асыл айы Көктем осы болады, Танысып қой! Жасыл жаңбыр жауады Дүркін-дүркін, Жаңбыр жауса ашылар Көңіл шіркін! Кемпірқосақ секілді Мың құбылған Бұл дәурен де басыңнан Өтер бір күн. Кеме қалқып барады Сызықпенен. Пойыз зулап барады Қызықпенен. Жылдар жүйткіп ағады Желге айналып, Қауырсынын мезгілдің Үзіп менен.
Шәмшия Жұбатова * Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа, Тіреледі тағдырың тығырыққа. Замандастың маңынан сая іздейсің, Өкінішің жұмылып жұдырыққа. Бақ ішінде бадана бұршақ тергем, Жаңа тірлік мазаны ал, құрсақ керген. Айналайын өзіңнен, мырза тағдыр, Айтарымды айтуға мұрсат берген. Алау отын жаныңнан жаға алам ба, Жан-жағыңнан қасқыр ой қамағанда. Саңылауын сананың ашсам дедім, Сырымды айтып тұрғанда сан адамға. Мен бір қызық адаммын жүрегі ашық, Омбы қарды жүретін күреп ашып. Күннің көзін зар болдым бір көруге, Көлеңкенің шалғайын түре қашып. Нысана қып шықты ма арлы үмітті, Ағын сулар қаптады, алды ырықты. Көктем келді, көк сулар көлкіп ақты, Жар басына жинаумен жаңғырықты. Шаңқай түсте шалқайып өсе бер, күн, Даңғылында думан бар көшелердің. Келешектен кешігіп қалмау үшін, Кешендерді келеді кеше бергім. Келешектен кешігіп қалғасын да, Құйқылжыды бұлбұл құс тал басында. Дәуірімнің дауылды дауысы бар Мен жазатын өлеңнің жалғасында. Дүрсілдеген кеудеде дүбірлі екпін, Күндерімді көгілдір күбірлеттің.
Шаңқай түс Жүрексініп аспаннан жүргенімде, Биіктігін аңғармай бұрын көктің. Шырқай ұшып, шалқысын төбеде күн, Бөгеттерді бұзайын, бөгемегін. Тар қапаста талықсып, тұншыққанда, Кеңістігім көлкіді неге менің?! Ай асығып қонғанда ұясына, Күн асылып қонғанда қиясына, Сөз сөйлеуге ұмтылған ақын жүрек Жүрек жасын қосады сиясына. Дүниенің бола ма асыл мәні, Кешкен күйін айтпаса басындағы. Махаббатын айтуға ұмсынады Тіршіліктің көктеген жасыл дәні. Сені көрдім өмірдің ауласында, Жарқыраған күн тұрды тау басында. Сұлу бейнең сурет боп дірілдеді Шыр айналған құдықтың қауғасында. Жол бойында кезіктің шырақ алып, Жалыныңнан ысыдым тұра қалып. Жарқ еттің де, жоқ болдың жай отындай, Сезім шіркін селт етті бірақ анық. Тағы ештеңе бітіріп үлгермедім, Тырна қылып ұзатам күндер легін. Қап-қара боп көздері, кірпік қақпай, Терезелер айтады түн келгенін. Барлық күнде, ішінде бар аптаның, Күн келгенін немесе таң атқанын,
Шәмшия Жұбатова Терезеге жазады жаратқаным. Өтіп жатқан уақытты саралауға Жүрегімнің жинаймын парақтарын. Өтіп жатқан уақытты саралауға, Тіршілігім асығып қарамауда. Адам біткен неліктен бірдей емес, Гүлдер неге өспейді бар аулада? Із қалдырмай кететін ізгі күндер Менің нәзік жанымды жаралауда. Келем десе... қара түн кешікпеген, Әдеп сақтап кірмейтін есікпенен. Аппақ-аппақ ойларды ай қылам деп, Қара түннің қойнауын кешіп келем. Аппақ-аппақ ойларды ай қылам деп, Ойсыздықтың елінде қайғырам көп. Жер бетіне жаңбыр боп төгу үшін, Бұлттарымды қанат қып жайдырам кеп. Сабыламын, жөңкимін, байқа... дегем, Бұлт боп ұшам, жаңбыр боп қайта келем, Тамшы жырын жалықпай айта берем, Дауыл болып бұрқаймын шайқап емен. Кемпірқосақ түсімен ән айтады Жеті түске құбылған байтақ әлем. Күлімдеумен тірліктің нұр көктемі, Отты өмірдің барады үрлеп демі. Қауырсынын лақтырды маған қарай Дүбірлеген жылдардың дүрмектері. Саңылауынан санамның жарық түсіп, Қауырсыннан жатамын мамық құшып. Күндерімнің жеңісті жетекке алған Қолын алғым келеді барып қысып.
Шаңқай түс Көгілдір кеште самала болып шам жанған, Қанатын жайып ұша алмай құс боп қалды арман. Қалғумен қалған қараңғы түннен жалықтым, Ақ сәуле көргім келеді менің таңдардан. Жанымды менің жатады ылғи мұң қарып, Тал болып қалғым келеді желге ырғалып. Тымырсық кеште тұншықтым ауа жетпестей, Тұңғиық ойдан кетпесем болды жынданып. Толқыны асау толқыған өр өзен ем, Сусын бастым кепкенде кенеземен. Қара талы жылаған қараша боп, Жылдар өтіп барады терезеден. Жаңбыр жауса, жылдардың жылағаны, Жүрегінен тамшы боп мұң ағады. Күз өтеді, жадырап жаз келеді, Сылдыр-сылдыр естіліп бұлақ әні. Сағат тілі мезгілді бағалауда, Күндер қалып кеткенде жағалауда. Ақ кемелер жол тартты, қол бұлғады, Сағымдардың сәулесін сағалауға. Жылт еткенде көремін жылды іргеден, Бітпей жатқан ісім көп, үлгірмеген. Балалық шақ түсімде оралады Қоңыраудың даусындай күмбірменен. Қайран менің таңдарым арайлаған, Көре алмадым бейнеңді шарайнадан. Қаратаудың басында қап-қара боп Қара түндер қалғыды қарайлаған.
Шәмшия Жұбатова Толқындармен жүзеді бірге кемем, Тоқтағаны, жылжумен жүргені өлең. Арық бойлап сылдырап ай астында Өмір ағып барады іргеменен. Жоқ іздеген жылдарым өксімеді, Дыбыстары жайдары естіледі. Сосын маған бұрылды күліп қарап, Білем, олар түсінді, кешті мені. Қара таудың басында қап-қара боп, Қараңғы түн сыр айтты ақтара кеп. Ақ қағазға айтқанын жазар едім, Айқайлады аппақ таң тоқтама деп. Күндер қалды көңілін көлшік еткен, Құса қылмай, келші, жаз, келші, көктем. Желтоқсанның жаңғырған жотасына Ақ жалауын көтеріп елші кеткен. Қар жамылып өте ме мұншама айым, Көмейіне қобыздың үн салайын. Менің жаным мәңгілік жаз іздейді, Қысы-жазы көгерген шыршадайын. Бәрі өзгерді. Өзгермей үнім қалды, Айым қалды, аспанда күнім қалды. Жапырақтар желге ұшып, тал қартайды, Сұрамай-ақ қойыңыз бүгін халді. Жапырақпен жүрегім бірге менің, Жаз боп жайнап мен-дағы жүрген едім. Тал басынан жүрегім үзілгенде, Шарам жасқа толады, күрмелемін.
Шаңқай түс Жалғыздығым жылайды ән айта алмай, Мұңды кештер күрсінді талай-талай. Көлеңкесін тасалап қарашаның, Көше біткен шалқайды шам арқалай. Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі, Үйіріліп үйрекпен шанақ бойлап күй кеті. Ұшпайды алыс жаққа ол, қайта айналып келер деп, Бүлкілдетіп барады тәтті дәме бүйректі. Үйрегімнің соңынан балпаң қағып қаз кетті, Қазбен бірге саңқылдап күміс қанат саз кетті. Қазым менің қайда екен, арманынан адасып, Шықты ма екен жолға алыс нысана қып жаз бетті? Аққу кетіп барады әсем үнмен сыңқ етіп, Ақ желпуіш қанаты су астына сүмп етіп. Айдын сызып ұзаған сұлулықты ұстауға, Құлай кеткім келеді жар басынан күмп етіп. Аққу кетіп барады көк айдында сыңсыған, Бұдан өткен бар ма екен жер бетінде сыршыл ән? Ұмытылмай әуезі, жүрегіңді тербеткен Сағыныш бар әуенде, әуенде бар мұң, шыдам. Қош деместен кетті ұшып тұрымтай мен шүрегей, Айдын үшін құстардың барлығы да бірегей. Құйшы, жаңбыр, жан жүрегім сергісін, О, жаратқан, найзағайдың бер күшін. Алтын күннің ақ шуағы алма іздеп, Жұпар бақтың ерінбестен терді ішін. Құйшы, жаңбыр, құйшы, жаңбыр, тиылма. Жақсылық бар тәңіріңнің сыйында.
Шәмшия Жұбатова Мынау ғажап жарқыраған ғаламның Мәңгілікке тұрмайтыны қиын да. Ақ қайыңдар тербетіліп, Асығады қай жаққа? Ғашық болып қалғандай-ау, Жазғы жасыл аймаққа. Жапырағы желбірейді, Құс боп ұшып кетеді. Көкке бұлғап орамалын, Арманына жетеді. Жүрегінде оты жанған Күні кеше жалын ем. Қайыңды өлке баурайында Сөнген жоқпын әлі мен. Жұлқынып, жібін үзді неше күрең, Бүгінім сәл естірек кешегіден. Саулаған жапырақтың ортасында Қыркүйек сағынышты кешеді рең. Сансыз көп сәлем жолдап атырап, қыр, Сарғайған жүрегімде жапырақ тұр. Ойланып, ою тақққан отауыма, Жалынды жастық шақтың отын ап кір. Өскен ел, жасаулы әлем, дара шабыт, Барады көз ұшында жараса ағып. Жалғыз рет берілгесін бұл өмірді Өткізген қандай жақсы тамаша қып. Кеудеге қызыл түспен тағылған гүл, Жанады лапылдаған лағылдан жыр.
Шаңқай түс Сан үнмен саз дауысты сағынышым Босатты керуенін ағылған бір. Көсіліп көшкен тізбек жоқ па тағы, Қалайша оны біреу тоқтатады? Сәске шақ сәлемімді алып тұрған Таңдарды тамылжыған жоқтатады. * Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған, Көкірегін ояттты бұлап құмнан. Алқымына симаған ару шабыт Бозбаланың қолынан гүл ап тынған. Қайта-қайта алақан шапалақтап, Менің сұлу таңдарым атады аппақ. Бір жылы ағыс тербеліп тұрады да, Көлге қайта жүгірер қаталап қап. Алашұбақ шаң тұрған, жел ысқырған, Мазасыздық көремін тегіс қырдан. Отты ағыстың ып-ыстық серпінімен Ет жүрегім солқылдап, көп ышқынған. Көп жүздестім ортамен, астанамен, Тапқан кезде жүрегім баспана кең. Тарлан өмір тәкаппар қалпында тұр, Қайда әкеттің, аяулы, асқақ әлем! Жылдам ұшқан зымырап зымыран жыл, Рақат кештім зырғыған нұрынан бір. Масайраған мамыр кеш манаурады Майса қырға жауғанда жылы жаңбыр. Төгіліп сыр жатады қай көңілде, Қиялың кеткенде ұшып аймен мүлде.
Шәмшия Жұбатова Жаңбыр күн тамшы болып қала барды Ғұмырдың кір қонбаған әйнегінде. Кешегіден күлкісі артық, мұңы артық, Таңдар атты тағы да бір мұнартып. Ине-жіптен жаңа шыққан жас күннен Көпті көрген көне кезім мың артық. Таң артынан шақырайып күн келді, Дос көңілден ақтарылам кімге енді? Кеудеге ұстап көргені мен білгенді, Жарық ғалам жайнады да, гүлденді. Зәулім сарайлар, патша көңілдер құралып, Теңіздей лықсып, айналтып басты тұр анық. Дауылдай көлбеп, ауылдай тербеп, әндетіп, Келеді басқа данышпан ойлар бір алып. Дауылдай көлбеп, ауылдай тербеп, әндетіп, Өмірді мынау өзгерткім кеді сәнді етіп. Құштар көңілдің құмарын басу бір қиын, Қалмаса болды кеудеден мынау әл кетіп. * Тамылжытып тереңім тар түнекті, Лапылдаған жанартау шарпып өтті. Ормандарға ойланып үңілгенім - Аяқтамай тұрғаным жарты бетті. Толқимын деп тұңғиық жанталасты, Биден озып шығам деп ән таласты. Аспан әнін айтуға дауысы алтын Алты қазым айналды алты алашты.
Шаңқай түс Сыңсығанда төбемнен құстың әні, Сонша сұлу көрінді ішкі мәні. Қара түсті өлкеде қар көшеді, Боранының дыбысы ышқынады. Қара түсті өлкеде қар көшеді, Бағаланып бақытқа әр кесегі. Аппақ гүлдер жабады бар көшені, Мөлдірлікке тұнады Ар кешені. Шымшық мезгіл жаға алмай шамшырақты, Әуелеген көңілден ән сұратты. Қарлығаштың қанаты тоңып қалды, Нысана қып ұшқанда қарсы бақты. * Көз ұшында бұлдырап тамыз ақты, Көлеңкесін көктемнің таң ұзатты. Жылқылардың желбіреп жалы қатты, Қара жолддың қопырап шаңы жаттты. Таңы бүгін тірліктің атады ерен, Жер көгеріп жаңбырлы батаменен. Жаңа келген ғаламға сүйінішпен Аң-таң болып таңырқап жатады әлем. Шуақ күліп қарасын кірпігімен, Бақыт табам одан да бір күні мен. Жаңа дүние тербетер алтын бесік, Ескі реніш мұңайса жыртығымен. Солпай, солай, жаңа күн келді күліп, Күлген жақсы деп қойды мендік үміт. Жүйткіген жыл самырсын қанатымен Саусағына барады желді бүгіп. Сырға тақққан күндерім шалықтасын, Тыным алар бір кезде жалыққасын.
Шәмшия Жұбатова Демі барда, бетеге белі барда, Сайын дала қыраны қалықтасын. * Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың, Баспау үшін төбесін басқа қырдың. Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп, Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым. Тағдыр атты өттің де сан сынақтан, Жүрегіңді жұбаттың тамшы қатқан. Ай астында ұлыған Бөрі тегің Өзіңді алғы күндерге қамшылатқан. Ай астында ұлыған Бөрі тегі, Сені де ұсақ тірліктен жерітеді. Жараланса жүрегің, тас шайнадың, Ыстық демің тасты да ерітеді. Пейіліңе беріпті кең даланы, Кең даладан айрылсаң, нең қалады? Не болады көз сатқан көршіңіздің Саған ақыл үйретсе кембағалы?! Шетсіз-шексіз осынау құм даладан, Мың сан шырақ қалыпты Мың баладан. Әр шырақтың түбінен тіріліпті Сәби үні естіліп іңгәлаған. Сені көрсе, ажал да тасаланды, Сен туғыздың Нұртуған, Қашағанды. Ақтау үшін олардың аманатын, Өлме, қазақ, өлме, сен, жаса мәңгі!
Шаңқай түс Мен анамның әлдиімен өскенмін, Мен әкемнің айбарынан сескендім. Тыным таппай кеңістікті шарладым, Жүрдек мезгіл тұсауымды кескен күн. Қыран көрдім, қалықтадым тау маңын, Сұңқар көрдім, сорғаладым, сауладым. Құс қанатты жаралғасын пенде боп, Туған жердің топырағына аунадым. Арманы жоқ құс қанатты пенденің, Қанатымды қақпағаным – өлгенім. Адамзатты жүрекпенен танимын, Соқыр болып тумағаным ол менің. Арғымаққа тақым тисе жүйткідім, Көз ұшында құйын болып ұйтқыдым. Саңқылдаған самал желге қалдырғам Көңілімнің шешілмеген түйткілін. Күнді көрдім көкжиекте керілген, Таңды көрдім махаббатқа берілген. Менің тілім жүрегімде сөйлейді, Жан сарайын жеткізе алмай ерінмен. Тәрбиемен келген болар тәлімім, Салтанаты кеппей қойды сәнінің. Анам айтқан бесік жыры бір тынбай, Әлдилеумен келе жатыр әлі күн. Менің құйттай аялаған Үмітім Жасап жатыр жүрегіме иелік, Терезенің жақтауына сүйеніп, Қаңтар айдың қысқарғанда күні тым.
Шәмшия Жұбатова Бозторғайдың шырылдаған үнімен, Қанаты оның дір-дір етіп тоңады. Бір ұшады, сосын қайта қонады, Тал бұтағы тербеледі түнімен. Әлсіз шырақ, білтесі оның жылтырап, Айна алдында шашын үнсіз тарайды, Түн қойнына көп тесіліп қарайды, Бет пердесін Қорқыныштың жыртып ап. Кірпігіне үйшік салып ұлы Түн, Кешегінің жанған өртін ұмытып, Ғұмырымды келе жатыр жылытып, Менің құйттай аялаған Үмітім. * Уыз аңқып сәбидің жөргегінен, Жусан исі бұрқырап өрде кілең, Тақиясын шешкенде, тер аңқыған Әкем исі жетеді төрдегіден. Жаздың исі шығандап өрік – талдан, Деміне оның елтисің, көріп, қарғам. Алақанның исі бар мына құртта, Өзегімді талдырмай сорып барған. Кекілінде баланың күн исі бар, Таба нанда бидайлы ұн исі бар. Балдыр аңқып теңіздің тылсымынан, Жағалауда ақ шаңқан құм исі бар. Төс қағысып, досыңмен көрістің бе, Жайлау демін шалқытты өріс күнде. Қымыз исі шығады қазағымнан, Өмір исі тұрады Жер үстінде.
Шаңқай түс Күлдің исі киіз үй құрымында, Айран исі арудың бұрымында. Әдеп исі бабамның ғұрыбында, Наным исі әженің ырымында, Таным исі, татиды бірі мыңға. Көк аспанды шарласа кептер демі, Зымыраса бөкендер бөктердегі, Намыс исі атойлап тұрманынан, Арғымағым жорықта көп терледі. Қуаныштың исі бар, құсаның да, Қыздың исі жігіттің құшағында. Көк жүзінде қалықтап жүреді ылғи Арман исі ақ лайнер ұшағында. Қызғалдақтың иіскейсің гүлдегенін, Бал татыды тынысың, үндемегін. Күні жұпар аңқыған, Жері жұпар, Отанымның исі ғой бұл дегенің. Шаңқай түс (дастан) О, ғажап, жарқын дала, жарқын дала, Ұлылық – ұмтылыс бар парқыңда да. Тірлікке кештеу келіп қалғаннан соң, Көремін ұлы көштің артын ғана. Дүние, даңқы асқанда дариғаның, Болады ақын менен қарида мұң. Аралап кеткім келіп тұрады ылғи Балауса баққа тұнған бар үй маңын.
Шәмшия Жұбатова Ісініп табиғаттың ыссы демі, Күрсініп қаңтар айдың қысты лебі. Ақша бұлт аспан жақтан күлімдеумен, Қарлығаш қанат байлап ұшты деді. Шартарап шаттықтан бір шаршамаған, Бақыт боп балқиды ылғи барша ғалам. Сендерге қарыздармын мәңгі бақи Жасыл бақ, жазғы дүние, аршалы алаң. Күн тұрды, ол да маған күлімдеумен, Дүрсілге толар ма екен бүгін кеудем?! Қайғысы жапырақтың желбіреген Тұрады тал басына ілінбеуден. Желкен де жапырақ боп желбіреген, Қалмасын секем алып селбір әлем. Талдардың тербелгені – ол бір ғажап, Шырылы – бозторғайдың ол бір өлең. Қыран құс қалқып ұшты көкке барып, Жаз қалды екі аяғын шөпке малып. Орман боп ойланады ортада күн, Шымшығы шырылдаған шетте қалып. Жалған-ай бұлдырық боп бұлдыраған, Буынды босатарсың бір күні әман. Мен Күнді ұнатамын шуақ шашқан, Ұнатам сұлулықты сырғымаған. Аман бол, бар сұлулық, сырғыма, сен, Қаларсың аңыз болып бір күні әсем. Қонарсың аққу болып бір күні әсем, Өйткені жайылатын жыр құлашы ең. Құс болып қанат байлап ұшқым келді, Қонуға жерге қайта түскім келді. Алаштың ардақтысын түсінбеген Аяймын ғаламы тар мүскіндерді.
Шаңқай түс Жалаулы жастық шақтың жолдауымын, Толғанай – Жер ананың толғауымын. Майысқан ақ қайың боп тербелемін, Тіршілік тоқтатпайды ол Дауылын. Майысқан жаз айында ақ қайың бар, Тамызда талықсыған тәтті айым бар. Дабырлы дүниедегі даңққа келер, Кенеттен, аяқ асты, дап-дайындар! Мен бүгін дайын астың иесімін, Көсем сөз, шешендіктің жүйесімін. Кеудеме қонған үйдің киесімін, Ашатын ән есігін, күй есігін. Сабыр бер, сары дала, сарсыма, сен, Қыстағы қаңтар айдың қаршығасы ем. Жайнай бер жамал желге дидар тосып, Қабығын ақ сүйріктің аршып әсем. Рас қой, рас, иесі едім дайын астың, Қапыда паналаған қайың астын. Жанымда жанашыр жан болмағасын, Қиналып парасаттан пайым аштым. Жанымда жанашыр жан болмағасын, Ақ бұлақ бұрып жатыр ол да басын. Алаңқай аптықты да, су сұрады Қызыл гүл құмыраға толмағасын. Алаңқай аптықты да су сұрады, Түбінде жылтырады бу шырағы. Түндерде қалғымайтын ана жүрек Бөбегін бауырына қусырады. Паһ, шіркін, мен Бекеттің ұрпағымын, Алаштың жарқыраған бір таңымын. Жаңарған Жаңаөзенім, көктемдегі, Зор үнін өр намыстың шырқа бүгін.
Шәмшия Жұбатова Тұманнан арылғалы Тұран далам, Қазағым қайда барсам ұрандаған. Ұқсаған Қорқыт баба қобызына Ұмсынып келе жатыр бір ән маған. Сол бір ән жетем деді, келем деді, Көңілім көкке қарап елеңдеді. Адамзат, алқымыңның түймесін аш, Бөлектеп кім алады сенен мені? * Қызы кетіп қалғанда, ұлы жетіп, Табаныңның астында жылып етік, Дүбірлеген көктемнің демі келер, Қабырғасын көңілдің сылып өтіп. Дүбірлеген көктемнің демі келер, Алдағы жаз бітпейді, еріге бер. Сам құмының үстінде қалып қойған Сары алтындай жарқырап сері кемер. Ашыл, көңіл, алқынба, арғымағым, Араларын ашқанда бар бұлағым. Мына дүние дүбірлі күй сыйлады Жарға тимей қойғанда жар құлағым. Қабылдаймын тірлікті қаным барда, Дауыл болып соғамын дамылдарда. Сары ала қаз төбеден саз боп ұшты, Сағынышым оранды сағымдарға. Сағынышым төбеде саз боп ұшты, Махаббатым маздады мәз боп ішкі. Қысқы жайлау барады қымтанып ап, Тамшылады жанары, жаз боп істі. Жадыраймын, өмірдің жалғасы бар, Арманмын ғой, өйткені, алға асығар.
Шаңқай түс Аққулардың мамығы бұрқырасын, Аңқылдаған көңілдің арнасын ал. Аңқылдаған көңілім, арымағын, Сен арысаң, жоғалтар бәрі мәнін. Қозыларым көгенге тірелгенде, Сарғалдақтан аумады сары лағым. Қозыларым көгенге тірелгенде, Қақпаларын ашады бір ел менде. Орман болып отызым ойланады, Орамалым қалғанда күрең белде. Орман болып отызым ойланады, Ойланғаны – өмірге тоймағаны. Қарлығыңқы дауыспен өткен күннің, Құлағымда қалыпты тойдағы әні. Өткен жылым, өткен күн, өткен апта, Қызулық бар мәреге жеткен атта. Жылан жылжып елімнен шығар ма екен Қандай игі ырым бар төккен ақта? Көктем болып өтсе екен көңіл деген, Адам бар ма көктемге емінбеген? Жібек түсті жып-жылтыр өңіменен Желмен ұшып барады жеңіл көлем. Түсін жылдам беретін жібек бар ма, Бәйшешек гүл жатады түнеп қарда. Маңайыңды жарыққа бөлей бергін, Маңдайыңды шуаққа тіреп қал да. Мүмкіндігі тұрғанда дүр ғаламның, Жайқаламын, жайнаймын, ырғаламын. Шермендеге шыланған бір жүрекпін, Жан анасын сағынған бір баламын.
Шәмшия Жұбатова Шерменде күн, шеріңді тарқатарсың, Сапқа тұрған талдардай әр қатарсың. Сұлулыққа сұқтанған сұқ көздер көп, Сақтанарсың, қарарсың, барлатарсың. Сағынышпен табысқан сәттерімде, Еріндерім тигенде тәтті ерінге, Аққу болып ақ ұлпа әнім ұшты Алатаудың аялы бөктерінде. Қайран менің әндерім қар боп жауған, Қара жердің бетінде тар боп аудан. Сақта, құдай, азаптан, тағы сақта Жоқ болудан, тағы да бар болмаудан. Бармын, бармын, тағы да бола берем, Жанарыңды жасырма, жаралы әлем. Табиғатпын, дауылмын бора деген, Орман – таумын бауырыңа ора деген. Көлеңкеден кейде осы күдіктенем, Жүруші едім өйткені үмітпенен. Түк үндемей, тоң-торыс тұрған шақта Жарылмасын тыныштық бүлікпенен. Шалқая бер, шарықта, шаңқай түсім, Атырау мен арала Алтай ішін. Мен кез-келген адамға бара аламын, Бір әлденіп алуға, шәй-пәй үшін. Тағы әлденіп алармын, әлсірермін, Жыл құсының күтемін жаршы лебін. Тұрған ғалам, тербеліп қуанышпен Жүрегімді тағы да жаршы менің. Тұр-ау ғалам тербеліп қуаныштан, Қуанышты жүрекке жұбаныш тән. Шашыратқы гүліндей шашырарсың, Сәуле шашқан дүние, шуақ ұшқан!
Шаңқай түс Жапырақтар жасарсын, бақ таранып, Арғымақ күн ырғысын, аттар ағып. Сағыныштың көз жасы кеппей қойды-ау, Жыл құстары ұшса екен хаттар алып. Лүпілдесін кенеттен жүрек біткен, Дірілдеді дүние тірек күткен. Қызыл-жасыл көктемнің арасында Қарды күреп барады күрек тіптен. Япыр-ай, күншілдік көп, сақта, ғалам, Күн жаққа шыға алмайды аттамаған. Заманның жалын ұстап зар жылады Арынын баса алмаған аппақ алаң. Мейлі ғой, зымыран жыл зар жыласын, Қасқыр күн қақпанынан қарғығасын. Әлеумет, әлі Сізге әңгіме айтам, Бүгінгім – бастағаным арғы басын. Аһ, дүние, астаң-кестең астана күн, Бағатын бейбіт күннің қас-қабағын. Үміттің тосқауылын талқан қылды Тарғыл күн қолына ұстап тастабағын. Жел іздеп боп ұштастың теңізбенен, Менің іңкәр пейілім, жем іздеген. Иыр-шиыр тірліктің арасында Қиял кетіп барады көп ізбенен. Тарс жабылған Ханша бар асқабақта, Дірілдеген күлкі бар қас-қабақта. Келесі кемел сырға кірдім, білем, Ендігі айтар сөзім басқа хатта.
Шәмшия Жұбатова Шомылып ай астында, аттар ағып, Балқыды маусым айы, бақ таранып. Ай нұры толқып – сырғып көрсетеді Айнадай ақ дүниені қап-қара қып. Аһ ұрды, аптық басты алқара күн, Айтуға арман жүгін арқаладым. Бөдене былқ-былқ етіп жерден ұшты, Бадана бидай шашты бар танабым. Лайықпын Үрметпенен Құрметке мен, Жүремін дүркін-дүркін дүрмекпенен. Ақ шеңгел ішіндегі көк құрақпын, Кеудесін Сырдария – сыр кептеген. Маржан тіс ақықпын да, дүрмін де мен, Келеді, жоқ болады бір күн деген. Есімнен бір сәтке де шықпай қойды Сауықшыл сайран кездер сүргіндеген. Толқыны дарияның дірілдеген, Қармайсың, ала алмайсың бірін менен. Осынша үркіп қалдың бұрын неден, Сүйріктей сұлу күнім сүрінбеген? Қайран-ай, маусым дала, маусым дала, Сауысқан қанаты боп саусылдама. Жүрдек жел, жылдамырақ жүгіре бер, Қалары құлағымда дауысың ғана. Жүрдек жел, жүгіре бер, жүгіре бер, Ренжимін жете алмасаң бүгін егер. Сарайдың салтанатты сырын емел Мақтауға ат үстінде бүгіледі ер. Жүрегім, жұлдыз болып аға аласың, Шамдарым, шырағыңды жаға аласың. Көрсетіп мына басын, ана басын Бұлғайды бақытты күн бағанасын.
Шаңқай түс Бұрқырап бұлаң мырза бұлғындары, Жылтырап, құлпырады бір күн бәрі. Таңбаңда сілеусіннің ізі қалды, Сұрапыл сұрғылт қыстың сүргін қары. Сіздерге таңнан сәлем жолдап тұрмын, Тыныштық қаласының тұрғындары! Сиқырлы сұлу шағым сүргіндеген, Шамың боп жағыламын бір күнде мен. Дүние дөңгеленіп жүре берді Ғажаппын, ғаламатпын, дүрмін деген. Дүние дөңгеленіп жүре берді, Өйткені ұлы Шындық түрегелді. Өткенге өкінбейтін өміршең күн Шындықпен басқаша өмір сүреді енді. Жанармын кірпігіне жас қадаған, Айыбым – шыға алмадым тас қаладан. Қақпаның қақпағына қайта оралшы, Бұрылып бара жатқан басқа қадам. Дүние төңкерілген, көмкерілген, Ойып бір орын алдым мен төріңнен. Шұғыласын батар күннің жұтып қойып, Барады жарық ғалам өртенумен. Аппақ таң шұғыласын аямасын, Сары күн самырсынды саяласын. Теңбіл күн, тебіреніп тұра бермей, Қалайша көкжиекке таянасың? Бақыттың басып өтіп баспалдағын, Құлдырап көз ұшында қашқанда күн, Бұлдырап қапияда қолға түсті Саздарда былқылдаған қасқалдағым.
Шәмшия Жұбатова Желегі жастық шақтың желпілдеген, Жиденің жұпарына елтуменен. Самал жел саусақтарын жайып алып, Келеді желпуішін желпуменен. Дүние теңелгенмен, кенелгенмен, Дем суып, аспан көшіп, жөнелген дем. Тағдырым, талықсыдым, ауа жұттым, Қабылдап жылы лепті сенен келген. Тағдырға дән риза боп талықсыдым, Білмейді жабырқауды жан ұшқыным. Басына қар боп ұшып қонып едім, Алатау неге сонша алыс бүгін? Дариға, дүрия – дәурен дүрілдеген, Ұзамай жүруші еді бұрын менен. Айыбы қу тірліктің болмаса екен У қосып ішкізгені шырынменен. Иегі шығып қалып ақ тамақтан, Келем деп жанұшырып жатқан ақ таң. Мен сені сүйіп өтем, сағынышпен Ағылып толқын бойлап хаттары аққан. Өрімдей босап қалып өрілмеген, Өміршең бір күй болып көрінді әлем. Көгілдір таудың басы нұр жамылды, Көзіме бұрын қалай көрінбеген? Көгілдір таудың басы нұр жамылып, Өйткені шырағы оның тұр жағылып. Есіне қайта түсіп, мың жаңылып, Оянып келе жатыр бір жаңа үміт. Тағдырың таланбасын тіршіліктен, Қуанып үлгермейсің, күрсініп дем.
Шаңқай түс Ғұмырың жалған қылар, толғандырар, Жайқалып қалың орман бір шыбықпен. Сезімге керіліп те, беріліп те, Жүрегім масаң күйден жерініп пе? Дауысын дабылдарда тауысып ап, Масаң күн сылдырайды серілікте. Дауысын дабылдарда тауысып ап, Үнімен сарқырама жаушы, бұлақ. Қарлығаш әз бақытын іздеп тапты, Қауырсын қанатына қаусырып ап. Ғұмырың толғандырар, жалған қылар, Биік тау, қонар меже – арман бұлар. Айналып қуыс жерден өте алмайсың, Басқанда жалпағынан жалғанды бар. Аңқытып ән айтады армандылар, Желпінтіп тарау жолдың тармағын бар. Майысып көтересің, кетер есің, Таланды маңдайыңа салғанды бар. Алатау сілкінбесін, арша құлап, Сенделген сері күннің сарсаңы ұнап. Селт етіп сарқырама сарқырады, Сыңғырлап сала берді барша бұлақ. Шартарап шарқ ұрам деп шаршады ма, Тап болды қарағайлы қарсаңына. Ақ жаңбыр селдеткенде жер бетінде, Жуылып сала берді барша күнә. Балқыды мамыр айдың барша бағы, Шалқыды, шыр айналды, шаршамады. Жаһаннам жадыраған жаңа күнді Қалайша қабақ түйіп қарсы алады?!
Шәмшия Жұбатова Қалықтап қайда кеттің, қаршыға күн, Қаңтарды қанатыңмен аршы қалың. Көлбіреп көл бетіне көктем келді, Жолдаумен жыл құсының жаршыларын. Алқынған Арқалықтың ақ самалы Шырағын қара түнде жақса-дағы, Маусымын махаббаттың тауыса алмады, Бал айы балбыраумен бақшадағы. Көк тұман жарып өтіп қара түнді, Мақпал кеш масаты боп таратылды. Тәңірім, қалай ойлап таптың екен Жаны бар сұлулықты жаратуды? Құдайым жан береді қаны барға, Тіл байғұс сүрінеді жағы барда. Күнбағыс мойнын қанша бұрғанымен, Алтын күн алқасынан арылар ма?! Арылмай, күн алқасын таға берсін, Жер төсі дидарына баға берсін. Күймелер күмбір-күмбір жолға түсіп, Сыңғырлы қоңырауын қаға берсін. Бұлдырап күн ұшпағы, жыл ұшпағы, Жайменен жарқын жаз да жылыстады. Қырымда қырық елдің басын қосты Үлбіреп Гөзел қыздың Гүлстаны. Қара түн айналғанда қаршығаға, Алдынан түлкі болып қарсылама. Сүйріктің саусақтары өсе берсін, Өскінін суырма да, аршыма да. Осынау араны ашық аш ғаламда Қайтемін көлеңкеге қашпағанда?
Шаңқай түс Көлкітіп көлдің бетін сүртіп едім, Көз жасым қалып қойды тостағанда. Көлкітіп көлдің бетін сүртіп едім, Айналар мәңгілікке бір күн едім. Жалыным шалқып барып жантайғанда, Оттығын берер ме екен, шіркін, елім?! Жалыным жантайып кеп шалқайғанда, Қамалдың қабырғасы қалқайғанда, Бұл өмір шолтаңдай ма, қалтаңдай ма, Жабысып қалса деймін бал таңдайға. * Қыс келгенде ұмыттың күзді неге, Жағалауда күтеді бізді кеме. Желкенінің жағасын жайып тастап, Өмір шіркін өкси ме, үздіге ме?! Желкенінің жағасын жайып тастап, Өзен өткел іздеді қайық тастап. Ақ шағыл құм қыр жақта демін басты, Сары алтындай сабырға байып тастап. Ақ шағыл құм, тоқташы, ақпашы енді, Сиғыза алмай жатқанда қапқа селді. Жылы шырай жүзінде жатқаннан соң, Жақынға да, жүрегім жатқа сенді. Күреңіте қызарып Сам жамалы, Алақанның үстінде шам жанады. Жұлдыздардың дидарын көріп тұр ол, Таңдай қағып, сондықтан таңданады. Кешті сүйем мен солай, таңды сүйем, Көгеремін қария алғысымен. Ясная поляна алдымда тұр Толстойдың мұқалмас шалғысымен.
Шәмшия Жұбатова Күресіп ем, бақ іздеп үйтіліп ем, Бәлкім көптеу ұнатам ұйқыны мен. Бәлкім бірде ертерек оянармын Көне тарих арбаның шиқылымен. Масатыдай құлпырды майса мекен, Пайғамбар боп қолдады Айса көкем. Жүк тарта алмай ышқынған жүрегімді Сақтау үшін қай жаққа қойсам екен? Жүрек, жүрек, жарылма, көрерің бар, Ұзақ жолға өмірді, өнеріңді ал. Шалқы, жалын, лаула, күн, шаңқай түс боп, Сенің-дағы бір күні сөнерің бар. Ақ шағала жұтқанда теңіз демін, Алтай жақтан үмітті тек үзбедім. Атыраудың жылжыған пойызымен Сәби күнді шарқ ұрып көп іздедім. Жетісу боп жайнады жәнат далам, Әнсіз, күйсіз, бұлбұлсыз таңы атпаған. Қона алмайтын тұғырға оңайлықпен Неге биік бітті екен қанат маған?! Атыраудың жүйткіген пойызымен, Әйнегінде қалатын ой ізімен, Ұзатылған қызыма жасау іздеп, Тағы барып қайтамын той ізімен. Мәңгі көктем, осынша керім бе едің, Жөн болмайды көруге ерінгенім. Шұғыласын төкті де, шашырады Түкпірінен бөлменің берілген үн. Көңілімді босатпа, көкпек әлем, Дыбыс тауып алғанша тоқта деген.
Шаңқай түс Құлдырасын, семірсін, ойнап жүрсін, Қозы-лағым өспесін ноқтаменен. Жарық күндер келеді жарқыраған, Қуаныш сәт тосады бар күні әман. Тағат тауысып мен күткен сол бір мезет Есік қақса, мен қалай тартына алам? Тартынбаймын минуттан күліп келген, Қоңыраулы күймемін сүліктелген. Сүйектердің майы боп бойға сіңді Соғым айдың рақаты жіліктелген. Тоғай біткен теңселіп тұрса қалың, Ертеңгі күн тосқанда нұр самалын, Кемпірқосақ іздеумен көңілдерден, Саудыратып айтады Бұршақ әнін. Беу, шарықта, шашыра, менің күнім, Айтқың келді бірдеңе сенің бүгін. Жалғандыққа алданған жалғыздығым, Керек болды өзіңнің сенімді үнің. Маржан түсті бадана моншақтарым, Жібек жіпке тізеді ән шақтарын. Теңіз болып кетемін тебіреніп, Жаңқалардың көруге қарсы аққанын. Шіркін, жаңқа... қайтадан қарсы ағар ма, Таңдайымды жұтар ем тамсанарда. Ұясынан алтын күн шығады ертең Сәлем жолдап жететін баршаларға! Бұтақ болып еменге қарсы біткен, Асқақ көңіл алады сарсылып дем. Ақ жейдемен өмірге іңгәладым, Өскен жанмын о баста баршылықпен.
Шәмшия Жұбатова Жейде киіп өмірге іңгәладым, Күлімдетіп қарады күн қабағын. Жүрегімнің қанына малып тұрдым Алтын тастан соғылған Мұң қаламын. Үкі таққан үмітім ырғаларда, Сыбыр – сыбыр сыр қалды сырғаларда. Тыныштықтың толқыны ыршып ақты Іңкәр көңіл құмары бір қанарда. Тыныштықтың толқыны ыршып ақты, Самал желдер тербетті сыршы бақты. Жыл құстары төбеде самғап ұшты, Алма ағаштың бұтағы бүршік атты. Көлбеу түтін көк бойлап шұбатылған, Айтылды ғой айтылып тынатын ән. Мезгіл ағып барады сөйлеуменен, Күн атынан, немесе түн атынан. Кептерлердің күн бойлап көктегі әні, Әуенінің кетпесін текке мәні. Гүл қауызы ашылған дір – дір етіп, Жанарының моншағы кеппеді әлі. Кептетілген өмірдің кеппегені, Дөңгелетіп барады текке мені. Қажет емес басқаның шектегені, Ептегені немесе жетпегені. Дүрілдеді даланың жанды әлемі, Қауын жарған күндердің қалды әлегі. Алаш атқа мінді де, атой салды, Қиын екен қазақы қан дегені. Қан оянса, ұйқыдан күдеріңді үз, Лақтырғанбыз асаудың шідерін біз.
Шаңқай түс Албыраған алқызыл алма бетпіз, Нәзіктігін тістеген гүл ерінбіз. Қан оянса, ұйқыдан ән оянар, Оятады басқаны талай олар. Мен жүремін, кез емес тоқтайтұғын, Мен сөйлеймін, кез емес, жан аянар. Айдау жолдың ақ шаңы бұрқырады, Сәйгүліктің сүйегі сырқырады. Сол жолменен бір жаңа хабар келер, Сүйіншісін алады ол бір күні әлі. Сүйіншісін алады ол, қақпа қолын, Көкпар ойын бастаймыз атқа қонып. Желкенімді жел кермей тұра алмаймын, Сөгітіліп кеткенде ақпа көлім. Сам құмында сақ ғұмыр қалып қойған, Бұлтқа жалын көшеді жанып бойдан. Есігіңді жақсыға ашсаң екен, Қазақстан! Ей, менің алып қоймам! Қазақстан! Шалқыған өзен елі, Саған біреу сұқ көзін кезенеді. Өзің барда секірдім тосқауылдан, Алпыс асқар, жетпіс тау межедегі. Өзге пана іздемей басқа ауылдан, Әлі де өтем сан асу, тосқауылдан. Барған жоқпын шетелге шекпен іздеп, Айналып-ақ кетейін тастағыңнан! Өзен-көлдің бетінен көк тал ағып, Ормандардың ойына от қадалып, Шыршаларға шашырап шаңқай түс кеп, Ай нұрының астында қара жолдың Көрінеді бұлдырап соқпағы анық.
Шәмшия Жұбатова Орамалы бет сүртер көп қаралық, Ғарыш жақта қолына шоқтар алып, Қазақстан – үйіне қолын бұлғап, Көк жүзінде барады Тоқтар ағып! Айды қара, оның да соқпағы әсем, Айдың елі, арманның көп қаласы ең. Қазақстан күтіп тұр гүлін алып, Мұсабаев Талғатжан, тоқтама, сен! Ару қыздар жол тосты гүлін алып, Сіз ескермей жүргенсіз мұны нағып? Көкшіл аспан ақша бұлт жамылып ап, Жер-Ананың барады мұңын алып. Жер-Ананың бір мұңы Толғанайда, Ол Ананың қолында болған айна. Жоғалтпасын сәбиін бауырынан, Ұқсамасын аналар солған айға. Аяқ асты ақпа сел тасқындаған, Аппақ жалау бұлғады жас күн маған. Желбір тағып көпірлер қонған кезде, Алқа көлдің амалы асқынбаған. Қуандырмай қоймадың, сыршыл аспан, Аппақ қайың тағы да бүршік ашқан. Дариға-мұң ілініп қанатына, Өтіп кетпей, дәуренім, тұршы бастан. Үкі жүрек самалдан үлпілдеген, Балапанның көмейі бүлкілдеген. Мақтымқұлдың термесі Маңғыстауда Мұңын жолдап жатады мың тілменен. Жүрдек жылдар, қадымы жылдамдаған, Аққу құсын ұшырды жылдан маған.
Шаңқай түс Айдын болып мөлдіреп тұрармысың, Тұңғиық гүл ішіне тұнған ғалам. Алды-артыңа қарама, шарықта, құс, Қарамайды нарық пен парыққа қыс. Алтын көшті көміліп сары құмға, Су түбінде жылтырап арықта мыс. Алтын жатыр көшпелі сары құмда, Айдың жұмсақ нұры бар жарығында. Біздің елдің намысы керемет-ақ, Қылышы да, кездігі бәрі қында. Құтырмасын әкімдер дүрмін деген, Даурықпасын саясат сүргіндеген. Жүрегімді қолыма ұстап шықсам, Оятамын халықты бір күнде мен. Мен өлмеспін артымда Халық барда, Жетелейді ол мені жарықтарға. Кемпірқосақ керіліп тұрады екен Көңіл құсы аспанға шарықтарда. Дүниенің дүбірлі дүрбелеңі, Сандығына сары алтын сыр көмеді. Ай дөңгелеп сырғыды Күнді ұста деп, Жаңа ғана жанымда жүрген еді. Ай дөңгелеп қашады Күнді ұста деп, Оны ұстаудың жолында мың нұсқа көп. Барлық дыбыс қосылды жаңғырық боп, Әуез бақта болғанда, үн құста деп. Намысы бар керемет біздің елдің, Жанында оның сары алтын күзді көрдім. Алтын күздің теруге жапырағын Уақыт таппай, сүрнігіп, үздігермін.
Шәмшия Жұбатова Сырдария саусағын сылаңдатты, Ынта қойып қараңыз бұған қатты. Тынық көлдің толқыны дөңбекшіді, Иірімін үйіріп бұлаңдатты. Жайық өзен... бойында құрағы бар, Алатауда кір шалмай тұрады қар. Тебіреніске түседі, тербеліске, Талаптар мен ұсыныс, сұранымдар. Тіршілігім түскенде тербеліске, Қанаттардың бақыты сермелісте. Арғымақтың табыны шырқырады Бағы менен бабы оның енді өрісте. Мен қайтемін тау басын құшпағанда, Мосы тұрса асылып үштағанда. Әупілдектің үкісі үлпілдеді, Ақ саусағым бір шетін ұстағанда. Сағыныш боп сыңсыды зырлап алып, Қара аспанның тамшысы тұрған ағып. Табанының астында бір сүйем жер, Адамзаттың басында бір ғана бұлт. Толғаныстар түскенде таспа құмға, Байлықтың да құны жоқ, басқаның да. Шаңқай түсім шалқайып келе жатыр Туған жердің жазира аспанында. Арғымақтың табыны шырқырады, Жұпар иісі жусанның бұрқырады. Селтең етіп, өскіндей елпең етіп, Тамыр жайып кетеміз бір күні әлі. Арғымақтың табыны шырқырады, Жайсаң далам қайтадан құлпырады. Ертеңгі күн алдыңнан ертегі боп, Қайда барсаң құшақта гүл тұрады.
Шаңқай түс Аппақ лайнер ұшқанда бұлт ішіне, Сыңғыр дауыс түскенде кілт ішіне, Тоғыз балға толқын боп жетсем дедім, Жарық нұрдың қарамай түр-түсіне. Аппақ лайнер ұшқанда бұлт ішіне, Сыңғыр дауыс түскенде кілт ішіне, Дұшпанның да шамына тимес едім, Қалмас едім туыстың күлкісіне. Аппақ нұр боп құйылып әр саладан, Бақ боп сәлем жолдайды барша ғалам. Сағатымның тілдері сыртылдайды, Пендеміз ғой күтуден шаршамаған. Сағатымның тілдері тырсылдаған, Тыным тауып несіне тұрсың, ғалам?! Ей, тіршілік, жап-жарық таңбасы бар, Тамылжыған көктемгі нұрсың маған. Тіршілікте іңкәрлік таңбасы бар, Ән басы бар өйткені, жалғасы бар. Аппақ лайнер адасып қалмау үшін Үмітпенен үнемі алға асығар. Ән қосқанда аққуға аспандатып, Ұшпаса деп тіледім бастан бақыт. Жүрегіме ескерткіш құйсам деймін Алтын қосып, мыс қалап, тастан қатып, Құламайды ол бірақ, жасқанба түк! Мендік жүрек тұғырдан құламайды, Сан өткізді ол басынан сынақ айды. Бұрқырайды, бұлғайды бұлағайды, Дүркірейді жаңбыры, жыламайды. Қуанамын, жадырап тұрса ғалам, Мың күй ақты, өйткені, бір сағадан.
Шәмшия Жұбатова Адамдарға доспын-ау жаны тыныш, Құрсаулары кеудесін құрсамаған. Алқымыңды кептесе аппақ алаң, Махаббатты еліңе сақта, балам! Жаным деген жып-жылы жан сырыңды Анашым! деп жазып қой хатқа маған. Тау басынан секіріп аппақ елік, Алқымында кетпесін аптап өліп. Жаз айына жап-жасыл сағынышын Тамыз айы барады баққа көміп. Жазға деген жап-жасыл сағынышым, Жыл құсы боп келесің тағы, құсым! Кеудемдегі баса алмай жарылысты, Мен жүрермін аралап сағым ішін. Шаңқай түсім, шарықта, шалықта, сен, Жанарыңа қараудан жалықпас ем. Дүниенің деміне мас болайын, Сала көрме әзірге қалыпқа, сен. Алтын судың ғажайып жарқылына, Құлаш ұрсаң, болмайды тартынуға. Даналық та жетеді, балалық та Қазақ деген халықта, қарт ұғымда. Балалығы ұштасқан даналықпен, Қара жолда келемін Ән алып мен. Жақындарды қуантсам деп ойлаймын, Бір жып-жылы жақсылық, жаңалықпен. Тарам-тарам жолдарым тоқтамаған, Бұл ғұмырда өттім мен көп қаладан. Жер бетінен жан іздеп таба алмадым Жауқазынын жастықтың жоқтамаған.
Шаңқай түс Жауқазынды жастықтың мұңы бар ма, Жүрек керек дәл соны ұғынарда. Көлеңкелер қалқиды күн көзінде, Бұғынарға жер таппай, тығыларға. Өмір керек, қашпайды бақыт менен, Күнге жүзіп барады жақұт кемем. Жүзіктің де көзінен өтер ме екем, Жылдам аққан ілесіп Уақытпенен. Қызыл түлкі жортқанда қансонарда, Қызық сонда секілді, ән соларда. Құс базарын жартастар тарата алмай, Өкінер ме, өксумен сан соғар ма? Қызыл түлкі жортқанда қансонарда, Қызық сонда секілді, ән соларда. Жәрмеңкесін жалғанның жаппайды ешкім, Айту үшін осыны баршы оларға! Ұлағатын ұлының ұлықтаған, Жарқын шағым қарайды күліп маған. Жаз келгенде найзағай оянады, Жөн болады осыны ұмытпаған. Атақ-даңқты қайтемін сұрап келген, Хабарласып жүргенде тұрақты елмен. Өз дегенін көздесін, тайсалмасын, Нысанасын бермесін, бірақ, мерген. Ұрпағым бар, не керек басқа маған, Тартынбаймын кез-келген бастамадан. Сүрінсе де немесе түңілсе де, Жолдан бірақ шықпайды асқақ адам. Аспан, аспан, жұлдызың жымыңдаған, Найзағай боп жетеді үнің маған.
Шәмшия Жұбатова Жалт қаратты жай оты таң алдында, Құлағымның түбінде шыңылдаған. Іңкәр түннің қойнына шырақ тіреп, Алтын қайық жылжыды құрақ күреп. Адамзаттың бәрінде бір-ақ арман, Адамзаттың бәрінде бір-ақ тілек. * Қадау жолдың тарамдары таралған, Жолаушыны жетелейді жан арман. Қоржын ұстап жолға шық деп өтінем, Мырзалардан, орта буын, сараңнан. Қоржын ұстап жолға шық деп өтінем, Керек емес жадау тірлік, жетім өң. Жаз жұпарын жұта алмасаң болмайды, Шегірткесі шырылдаса шетінен. Жаз жұпарын жұта алмасаң болмайды, Жаз келгенін көрмей қалу – сол қайғы. Гүлдер жайнап, бақтар сайрап, тал билеп, Рақат кешіп жүреді адам, тоңбайды. Шекпен киген шенділер-ау шетінен, Сіздерден де көп нәрсені өтінем. Бақ ішінде серуендеп жүргенде, Таныс көрсең, сүйсеңдерші бетінен. Маусым, шілде, аялдаңдар, тұра тұр, Өздеріңе айтып қалам бір ақыл. Таңертеңгі шықтың мөлдір көзінде Нәзіктік бар сондай ғажап сұрапыл. Жолаушылар, бақыт іздеп сарсылған, Бақыт тосып тұрған жоқ па бар шыңнан?
Шаңқай түс Дәмді-дәмді ас күтіп тұр алдыңда, Сүйріктердің саусағынан аршылған. О, адамзат, бақыт тосып тұр алда, Сеніңіздер құдай айтқан Құранға. Тәубаңа кел, тілек тіле Алладан, Ешбір жанға жағдай айтпа, сұранба. Бір пендеге жағдай айтпа, сұранба, Бір сілкінсе, қанат бітер қыранға. Елдің рухы көкті шарлап барады Тарау тағдыр жосылғанда Тұранда. Зырылдайды зерін таққан зығырың, Басыңдағы шаңырағың – тұғырың. Жамандарға тәрк етуге болмайды Жаратқанның сыйға тартқан ғұмырын. Тұран дала, тағдырымсың сен менің, Жақсы көрдім, ол да саған сенгенім. Мұражайға мұра қылып кетермін, Шешендіктің сыңғырлаған шөлмегін. Сыңғырлатам шешендіктің шөлмегін, Шөлмек сынса – демім бітіп өлгенім. Жаңбыр болып жауған күнді тосамын, Қанаттарым отқа күйді, шөлдедім. Қайран дала қызғалдақтан өртенген, Қызғалдағын күйге салып шертем мен. Сұлулықты айнасынан қараймын, Шелек алып, суға барып ертеңмен. Сұлулықты айнасынан қараймын, Қараймын да, қолаң шашты тараймын. Сенің-дағы өмірге өкпең жоқ шығар, Армандарын айта келген арай күн!
Шәмшия Жұбатова Сенің-дағы тірлікке өкпең жоқ шығар, Желбіреген жол бойында көк шынар! Өмір – өзен өксіп кетіп жүрмесін, Өмір – өзен, өткелдерден өтші, бар! Өмір – өзен өксіп қалып тұрмасын, Сәуір лебі тыраулатса тырнасын. Тоғжан – ғұмыр тербелумен барады, Сыңғырлатып қоңыраулы сырғасын. Бәлкім, бәлкім, сыңғырлайды шолпысы, Күнге күйіп ақық маржан он тісі. Махаббаттан ғазал оқып жатқан кім, Жігіт Абай боп жүрмесін сол кісі? Аспан, көлім жел көргенде тербелген, Бесік тербеп жүрсеңші енді белдерден. Аққу біткен мамық жастап ұйықтасын, Қанаттары ай астында сермелген. Жұпар иісін аңқытады жусан бел, Қайығына ескек салып мың сан көл. Жастығымды жел көзінде желпінген Жете алам ба мая мініп қусам мен? Жел көзінде жастық қалды желпініп, Билеп, шырқап, екі иықтан ентігіп. Жүрегімді жарар ма екен жел тымық, Көңілімді көншіте ме көл тынып?.. Саралаумен сап алтынның сарасын, Гүлдария-дәурен, қайда барасың?! Керегенің көзіне кеп тірелген Киіз үйдің басқұрында жарасым. Жылдарды іздеп қадамына гүл біткен, Сұлу ойлар сығалайды түндіктен.
Шаңқай түс Сирағыңды қайда апарып қоясың, Сырдың суы асып кетсе кіндіктен?.. Қайта оралған мазасыз күн маусымы, Шынар бұлғап, көзге түскен тау шыңы. Бау орнына кең далаға бақ орнап, Бақ орнына жеміс тұнған бау шығы. Қайта оралған мазасыз күн маусымы, Сәтті күндер, қала көрме таусылып. Ашқарақтық арандатып кетпесін Арылмаған аузындағы аусылы. Теңіздерім көмілгенде тасқынға, Сәби күнім жылағанда жас құмда, Шабытымды пырақ қылып мінемін Шаңқай түсте, сары күннің астында. Аспан – ғұмыр көгілдір түс теңіз боп, Желкен жайып келеді ылғи мені іздеп. Ақша бұлттар, тербетілген сағымдар Бара жатқан секілді ғой жоқ іздеп. О, пырағым, көсіле бер, көсіле, Көсілмесең, жаратылдың несіне? Екеумізге келер пәле жоқ шығар, Пешененің пісіп шыққан пешіне. Пешененің пеші неткен ыссы еді, Бір белгісіз алып шықты күш мені. Қарлығаштар қанатымен су бүркіп, Ләйлек құсы тұмсығымен тістеді. Піскен кезде ыстық күннің піспегі, Бір белгісіз сақтап келді күш мені. Барын түгел айтып бітсін деген ғой, Жан сырымды тауысқам жоқ іштегі.
Шәмшия Жұбатова Мен айтамын, тағы да айтам, айтамын, Берекенің бесігін көп шайқадым. Қайда барсам маған орын табылар, Қазақстан, сен аман бол, байтағым! Ашылғанда көлеңкенің пердесі, Оянғанда зейіндінің зердесі, Сұңқылдаған сұқ көздерді ысырып, Сұңқар құсым, қанатыңды сермеші! Серме, құсым, қанатыңды, тартынба, Қауырсының қалар бір күн артыңда. Шар үрлеген шаңқай түстің астында Жарқын шағым, барабан соқ, жарқылда! Шар үрледі шаңқай түстің аясы, Сыбдыр қағып жасыл бақтың саясы. Өртеңдерге өртенген гүл қаулады, Өртенген гүл, күл болмашы, аяшы! Шар үрледі шаңқай түстің аясы, Сыбдыр қағып жасыл бақтың саясы. Будақ-будақ суын жұтқан қауыздар, Сүмбіледе жаныма сәл таяшы. Ұлы Сенім, мен өзіңе сендім бе, Алыстаумен кеткенің бе сен мүлде?! Шаңқай шақтың шашу шашып жолына, Тойларына шақырады ел күнде. Піскен кезде ыстық күннің күлшесі, Қызарғанда ескі шамның білтесі, Шоршығанда жүгерінің дүмшесі, Нанның иісі анаң қолмен пісірген Ұмытылып қалған жоқ па, білші, осы?
Шаңқай түс Уыз дәмі... анаң қолмен пісірген, Еттің наны ескі ошақтан түсірген, Қар лақтырған балаң күнім, қайдасың, Ойнап жүріп, саусақтарын үсірген. Қар лақтырған балаң күнім, қайдасың, Бір көрінші, қара көзім жайнасын. Балаң күнді алып кетіп ертерек, Айлакер жыл асырды ғой айласын. Айлакер жыл асырды ғой айласын, Қар лақтырған балаң күнім, қайдасың, Дірілдеген жарық іздеп жүр ме екен, Күнге қарсы қойып алып айнасын? Дірілдеген жарық іздеп жүр ме екен, Балалық та, даналық та бір мекен. Айдың толқып ақ дидары тұрғанда, Күн дөңгелеп жүрген кезде бір маңда, Қалай ғана көңілімді кірлетем?.. Дір-дір еткен жарық, қайда барасың, Сырлы ойлардың сапырумен сарасын? Жыпырлатып шамын іліп барады Жап-жасыл жаз, сұп-сұлу күз – жарасым. Жердің түгі масатыдай құлпырып, Сарғылт тастың бедеріне сыр тұнып, Тұнық судың иректеткен толқынын, Тыныштығым қалмаса екен жыртылып. Тұнық судың діріл қақты толқыны, Сөгілгенде аппақ сеңнің қолтығы. Мен ғашық боп қалған едім сол таңда, Сен сүйем деп айтқан едің сол түні.
Шәмшия Жұбатова Көгілдір су, дірілдеді толқыны, Толтыруға орны толмас олқыны. Көшіп келді жолдағысын қиратып, Жүрегімде жер үстінің солқылы. Бөденелер бетегеге беттеген, Тұрып-тұрып қып-қызыл боп кетті әлем. Жаз боп жайнап, тал бұлғады дүние, Жанартауы әз жүрегін кептеген. Шымшық қонып, әнге тұнды тал басы, Ол да болса тірлігімнің жалғасы. Дауылпазда дыбыс болып дүңкілдеп, Тасқа түсті табиғаттың таңбасы. Шымшық қонып, әнге тұнды тал басы, Ол да болса тірлігімнің жалғасы. Қайран көңіл, алаңсыз бір самғашы, Дүрсіл қақсын дүниенің балғасы! Кірпияздау талғамыңды талғашы, Қайран көңіл, алаңсыз бір самғашы! Онсыз-дағы арқалаған жүгі ауыр, Жер-Анаға салмағыңды салмашы! Жер-Анаға салмағыңды салмасаң, Құйқылжиды көкіректе ән қашан?! Қанатына ұшқан құстың ілесіп, Жоқ іздейсің, ұмтыласың алға сан. Қанатына қарлығаштың ілесіп, Қарсы алдыңнан ашылады мың есік. Ашылады көмейінде бұлбұлдың Гөзел қыздың еліндегі гүл есік. Ашылады көмекейі бұлбұлдың, Дүбірлейді тұяқтары дүлдүлдің.
Шаңқай түс Қызғалдақтың батып кетті суына Құмырадан көрінбеген құмбыл күн. Қараңғы үйдің қабырғасын қаптама, Қаптағанмен ағармайды аптада. Сауықшыл ел, тойдан шаршап оралған, Сарқытыңды қап түбіне сақтама! Шашбау ұстап, шашу теріп жүргендер, Төрге қарай есік жақтан кіргендер, Қақпаны ашсам, үйге бері жүр деңдер, Көктем болсын, көңілдерді бірлеңдер. Оттан ыстық сағынышын жолдаған, Жолды көрдім топырағы тоңдаған. Үкі байлап Ұлытаудың басына, Ұлар ұшты, ұнап жатыр ол маған. Ғаламат қой менің ғажап тағдырым, Бауырына баса білді барлығын. Мен мүлтіксіз қабылдаймын, өйткені, Жаратқанның басқа салған Жарлығын. Асау күндер арғымақтай ақ табан, Өз нәсібін қайда барып таппаған? Мені жолдан бұрғызбаған Сабырдың Сандығында сары алтын бар сақтаған. Серігі боп қалғаннан соң Сабырдың, Көр азабын тарта қойман қабірдің. Бөлінбейтін бөлшегімін қаны бар Жер бетінде лүпілдеген тамырдың. Мен тамырмын бойында ыстық қаны бар, Табиғатпын тылсым күші танылар. Шешек гүлдер шекшек байлап жүзіне, Самал желге айтатұғын әні бар.
Шәмшия Жұбатова Шыр бітпеген, тер шықпаған шырайға, Көмек қолын соза алмайды бір айна. Зарыққан шақ запыранын жұта алмай, Зәмзам берсең, басқа сусын сұрай ма?! Аласа боп кетпесін деп бетегем, Парызым бар ел алдында өтеген. Бауырына еміреніп басады Құшағыма симай қалған жеті әлем. Көктем келсе көкірегін күн басып, Ай астында сырласады мың ғашық. Шаңқай түстің қоңырауы соғылды, Көк тұманға сіңіп кетті мұң қашып. Шаңқай түсте мың қоңырау соғылды, Қоңырауды ұнатамын көп үнді. Мынау ғажап тіршіліктің сағаты Көктемдегі каникульдай көңілді. Тоқтамасын тіршіліктің сағаты, Таусылмасын адамзаттың тағаты. Есік ашып мені тосып тұрғандай Көп үйлердің шамы жанған қабаты. Есік ашып мені тосып тұрғандай, Қонақ біткен маған мойын бұрғандай. Ана жүрек ақ батасын берем деп, Жарқырайды топ ішінде бір маңдай. * Гүлдерге Гүләйім қыз беттегелі, Шыдамын жасыл шақтың шектемеді. Барады құс ұшырып, қыран баптап Өмірдің сайран құрған отты өлеңі.
Шаңқай түс Тыраулап көз жазбайды топтамадан, Тырналар үмітіне шоқ қадаған. Ананың жүрегіне сия алады Сондықтан бас тартпайды ол көп баладан. Тасқындап бойда күшім асқаралы, Тау жақтан талай асу бастар әлі. Барады көше бойлап жарасымды Жырлаған махаббатын жастар әні. Шаңқай түс қай бағытқа беттемеді, Шабыты шекараны шектемеді. Жарығы шаңқай түстің шағылысып, Кеудеге жасыл көктем кептеледі. Бойына жапырағын тізбектеген, Мен кейде қоңырқайлау күз боп келем. Жанымда жанға жайлы жұбаныш бар, Өзгені, басқаларды іздетпеген. Жарлыны деп жүргенде жарытамын, Сағыныш жанға салды сары табын. Жас ғалам, жаңа дүние, тосын тірлік Күтуден талмайды екен кәрі таңын. Қоржындар елпең қағып қаптамада, Қамшылар басын тіреп саптамаға, Қызымды абыроймен ұзатқанмын, Келіннің бетін ашшы, Хақтағала! Нәресте нәзік күнім іңгәлаған, Саусағын созып жатыр мұнда маған. Сауығың басылмасын, сен аман бол, Шаңқай түс, маңдайына күн қадаған. Шуағы шаңқай шақтың шашылғасын, Сауығың басылмасын, басылмасын.
Шәмшия Жұбатова Үйіне ешкімді іздеп бара алмаймын, Өйткені, бәрің менің қасымдасың. Жүрегім, жақыныңды талға бері, Дінінен адасқан көп алға кері. Қалтқыны ішкі дауыс қарма! деді, Барамын деген жерге барма! деді. Жоғары көтеріліп Бармақ елі, Таралып бара жатыр тармақ ені. Жылынып жағалауда жатқанымда, Әкетіп қалмаса екен арна мені. Жылынып жағалауда жатқанымда, Алланың сыйға берген ақ таңында, Мезгілмен бірге көшсін дедім бе екен, Жазылып атым қалды ақпа құмда. Дүние, шұғылаңа сүрінгелі, Белдеуі белестердің түрінгелі, Соққанда қырмызыдай Қырым лебі, Болмады толғантпасқа сырың мені. Қоймады болмасыма, толмасыма, Аз емес күліп жүру ол басыма. Кемелің талықсиды, толықсиды Торқаны іліп қойсаң тон қасына. Қиялың жүйткігенде жол басына, Болмайды дос үйіне қонбасыңа. Түлкімен жүргеніме өкінемін, Қасқыр да қас қылмайды жолдасына. Жаратқан жақсылыққа бастағанда, Аяққа ақ мамығын тастағанда, Алтын күн күліп тұрса қайтеді екен, Ай нұры қайтеді екен қашпағанда.
Шаңқай түс Ақшыл нұр шүпілдесе тостағанда, Көңілің қошеметті қоштағанда, Үкісі Ыбырайдың үмітімде, Қайтемін аққуға әнді қоспағанда. Үкілі Ыбырай бар үмітімде, Төзімім жібек жіптің түбітінде. Айнасы мөлдіреген айға қарап, Ұлағат жырын айттым ұлы түнде. Бір үміт тостырады, сарылтады, Тояды, ашығады қарын тағы. Жатқандай Сақ дәуірін бастан кешіп, Сананың түбіндегі сарын табы. Бір арман жетелейді, сарылтады, Сәттер бар қайтаратын қарымтаны. Құбылып қиыршықта құт ойнады, Себіліп жақұт тастың бар ұнтағы. Сары күн сарғалдағын сақтамаған, Арғымақ ажырамай ақ тағадан. Таңдарда демін баспай тұрады ылғи Жаңбырдың астындағы аппақ алаң. Ақ алаң жаңбыр демін баса алмаған, Дидарың ақшыл тартқан ашаң маған. Сәуірде сыңсып қалған сен боларсың, Салютін салтанаттың шаша алмаған. Оқшау күн оқшантайға от салады, Өйткені оның сыйы көп салалы. Толқыған түндер алтын топсадағы Жай бүркіп, су себелеп, шоқ сабады. Дөңгелеп жүйрік желдің қос табаны, Еркіндік баурайынан дос табады.
Шәмшия Жұбатова Түсімде көрмесем деп армандаймын, Жаны жоқ, жарығы жоқ бос қаланы. Бұл өмір үнге толы жәрмеңке еді, Жәрмеңке тірлігіңді әрлентеді. Ханшамын ханға лайық бір басы бар, Тарта тұр кебісіңді әрмен, тегі. Қызғалдақ қыр басында ырғалады, Күн нұры жылтырады, сырғанады. Түсімде көргім келіп тұрады ылғи Дуылдап думан толған бір қаланы. Дыбыс бар дауылдардың дабылында, Болмайды жабығуға, қамығуға. Шектілік сызығынан жаңылуда, Тектілік таңбасынан танылуда. Қарттығың сағына ма дархан кезін, Ноқталар есіне алар арқан кезін. Тау – тастың шыңылтырлау шатқалында Қадайды лағын іздеп арқар көзін. Іздесін арқар лағын, тапсын әлі, Тоспа су, тербетілсін тасқын әні. Тілінген кең даланың шөлі қансын, Астауға төңкергенде тас тұманы. Жер мен көк бір – бірімен астасуда, Шығуға жол таппайды басқа асуға. Жылнама жүк көтеріп бара жатыр Жазылған шежіренің таспасында. Жылнама, жүгің қашан жеңілдеген, Алатын айғағың көп сенің менен. Ей, өмір, жетелеумен жүрсің бізді, Жылытып қаныңменен, деміңменен.
Шаңқай түс Жылнама, жүгің қашан жеңілдеген, Келесің көтеріңкі көңілменен. Тағы да жаңа Мезгіл келе жатырБозбала мұрты жаңа тебіндеген. Тұрғанда жылыұшырап күн қасымда, Ғаламның шуақ қалды тұлғасында. От байлап орайына орман қалды, Тоқташы, орамалын бұлғасын да! Ақтарып Атырау мен Алтай тысын, Аралап ақыраптың алты ай қысын, Шалқытқан, шабыт беріп шарықтатқан, Қашан да сен аман бол, шаңқай түсім! Ілесіп кептер ұшты қарлығашқа, Ұясы биік қонған арғы баста. Арғымақ ақ тағасын сілкіп қалды, Болмады шапшымасқа, қарғымасқа. Арғымақ болмай қалды қарғымасқа, Дегенше құздан құлап, жарды баспа. Байшыкеш мұрнын көкке шүйіреді, Шапанын иыққа іліп жарлы қасқа. Сапсыған сәуір айдың сарсаңында, Көшенің өмір жанды бар шамында. Дүрия киген шырша дөңгеленді, Айналып билегенде арша мұнда. Дүрия киген ғалам дөңгеленді, Өйткені айналасы кең көлемді. Жамалы жадырады жаһаннамның, Желпіді желпуішін жел боп енді. Жамалы жаһаннамның жадыраса, Тағат қып, сақтамайсың сабыр аса.
Шәмшия Жұбатова Біздің ел-қамал алған батыр халық, Қақпасы жараспайды қаңыраса. Арнасын көк өзені тарта білген, Сүйемін сары дәнді Арқаны мен. Өзіңе мәңгі-бақи қарыздармын Бидайлы, жүгерілі, арпалы кен! Қазақы ел – байлық көзі, бақыт көзі, Жұмылмай жанарында жақұт кезі. Тезірек теңестіріп кетсе деймін, Бебеулі безбеніңді Уақыт тезі. Бебеулі безілдеген безбенің бар, Айнам-ау, айтшы, нені сезгенің бар? Сиғызып алақандай жүрегіңе, Жинайсың қасиетін өзгенің бар. Шілдесін сары күзі сақтамаған, Абыржып жете алмайды апта маған. Жаз айын жадыраған бауырға бас, Кеудеңе аппақ гүлді тақ та, ғалам! Шардара айдынына шар байлады, Қол бұлғап Алатаудың қарлы аймағы. Толқынға ұя салды Каспий теңіз, Бүлкілдеп бетіндегі бар қаймағы. Шағала сол ұяға қона ала ма, Нәзіктеу үміті әлде тонала ма? Сиятын ақша бұлтқа арманы бар Ақ желкен желбірей ме, жоғала ма? Ақ желкен ақша бұлтқа бара ала ма, Өтінем, әз арманын жаралама. Иірімде ирелеңдеп жалғыз үйрек, Бояды сағынышын сары алаға.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру