TELEGEI

Home

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 11-том

Баянғали Әлімжанов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баянғали Әлімжанов шығармалары. 11-том

Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының он бірінші томына әдеби мақалалары, естеліктері мен лебіздері топтастырылған. Сондай-ақ, бала күнінде туған жерінде, ел аузынан естіген аңыз әңгімелері, көз көрген ескінің адамдары туралы, өткен заман мен бүгінгі өмірдің қилы-қилы оқиғалары жайлы қызықты, тартымды жазбалары жинақталған.

Баянғали
Әлімжанов
ШЫҒАРМАЛАРЫ ХІ томТуған жер тұнған аңызым
Деректі дүниелер,

естеліктер, лебіздер

Көкшетау 2016

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

Ә 55

Әлімжанов Б.

Ә 55

Шығармалары: Көп томдық. Б. Әлімжанов. – Көкшетау:
Келешек-2030, 2016.

ІSBN 978-601-302-125-6

Т. 11. Туған жер тұнған аңызым: Деректі дүниелер,
естеліктер, лебіздер. – 2016. – 324 б.

ІSBN 978-601-317-070-1

Баянғали Әлімжановтың шығармалар жинағының он бірінші
томына әдеби мақалалары, естеліктері мен лебіздері топтастырыл-
ған. Сондай-ақ, бала күнінде туған жерінде, ел аузынан естіген
аңыз әңгімелері, көз көрген ескінің адамдары туралы, өткен заман

мен бүгінгі өмірдің қилы-қилы оқиғалары жайлы қызықты, тар-
тымды жазбалары жинақталған.

ӘОЖ 821.512.122-1

КБЖ 84 (5Қаз)-5

ІSBN 978-601-317-070-11 (Т. 11)

ІSBN 978-601-302-125-6 (жалпы)
© Әлімжанов Б., 2016.

МАҚАЛАЛАР

Біржан туралы бірер сөз 1. Біржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнекті тұлғаларының бірі. Ұлттық өнердің жарық жұлдызы. Оның есімі қазақ елінің өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда, тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Біржан бабамызды соншалықты биікке көтеріп, алаш аспанында шарықтатқан – оның құдай берген табиғи таланты, асқақ әні, ойлы, сезімді өлеңі, аңызға айналған әншілігі. Оның әндері бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келеді. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестивальдарда Біржан әндері ұдайы, күн сайын шырқалып, талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы тірі. Ол халықпен бірге жасай беретін бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадірқасиеті – көпірме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес, оның жасаған ісімен, еліне, адамзатқа сіңірген еңбегімен бағаланады. Түптің түбінде, таразыға еңбек тартылады. Ал, Біржан салдың еңбегі – оның өнері, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды әндері мен өлеңдері. Ол әлі күнге дейін тірі! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемінде! Өйткені, оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар! Өз дәуірінде Сегіз сері, Нияз серілердің дәстүрін жалғастырған Біржан сал Арқада тұтас әншілік мектеп қалыптастырып, қазақ музыкасын жаңа биікке көтерді. Оны ұстаз тұтқан өнердегі шә-

кірттерінің өзі бір-бір тұлға! Халқымыз Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Жаяу Мұса, Естай және басқа да ақын, әнші, композиторлардың есімін қашанда үлкен құрметпен атаған. «Біржан – сал-сері, әнші-композиторлардың бәрінің әкесі, ұстазы!» – деп еді жарықтық Ғафекең, Ғафу Қайырбеков, 1994 жылы, Біржан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалінде. Атақты академик Ахмет Жұбановтың өткен ғасырдың орта шенінде айтқан: «Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы... Өнер қайраткері, азамат Біржанның аты қазақ музыкасының тарихында алтынмен жазылады», – деген аталы сөзі шындыққа айналғалы не заман! 2. Біржан сал – сан қырлы талант. Оның қарапайым қалыпқа, жалпақ ұғымға сыя қоймайтын жұмбағын біз әлі толық танып-біле қойған жоқпыз. Ертеректе Москвадан келген совет ақынжазушыларына академик ағамыз Мұхамеджан Қаратаев Біржандай құбылыстың құпиясын ары айтып, бері айтып түсіндіріп бақса керек. Бірақ, қанша айтса да, жоғарыдан келген, жер-жаһандық өлшемдерге үйренген өр кісілер сахара сал-серісінің сырын ұғына алмайды. Сонда Мұхаң: «Вы Пушкина знаете?» – депті. «Да, конечно!» – деп шу ете түседі олар. «А Чайковского?» «Естественно, да!» «Надеюсь, Шаляпина тоже знаете?» – дейді ағамыз бастырмалатып. «А как же его не знать?» – дейді москвалықтар бұрқырап. Сонда Мұхаң: «Так вот, Биржан сал есть Пушкин, Чайковский, Шаляпин в одном лице!» – депті салмақты сабырмен. Меймандар ойын-шыны аралас ойлы сөзге тоқтаса керек. Бұның үстіне Біржан бабамыздың классикалық ақынимпровизаторлығын, айтыс дүлдүлі екендігін қосып көріңіз! 3. Біржан сал әндерін қазақтың дарынды, даңқты әншілерінің қаншама буыны асқақтата салды десеңізші! Өзін қазақтың дәстүрлі әншілік өнерінің заңды өкілі санайтын өрелі әншілердің Біржанға соқпағаны, өз мүмкіндіктерін Біржан әндерімен сынап көрмегендері кемде-кем шығар. Абайды оқымаған кісі нағыз қазақ ақыны бола алмайтыны сияқты, Біржанды білмеген адам да нағыз қазақ әншісі бола алмайды. Біржан әндерін шырқаған әншілерді ойша бір шолып өтсек, көңіліміз ризашылық сезіміне толады. Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Байғабыл Жылқыбаев, Қали Байжанов, Кәрім Ілиясов,

Жаналы Қалиев, Сайран Мағзұмов ,Жәнібек Кәрменов, Қайрат
Байбосынов, Еркін Шүкіманов, Жоламан Құжиманов, Иран Тасқа-
ра , Совет Балмұқанов, Әбсалық Салықов , Қажыбай Жахин, Саян
Мұхамедияров және басқа да көптеген дарынды әншілер оның ән-

дерін әрқайсы өзінше әрлендіріп, жаңа қырларын ашып, жаңғырта
жырлап, жұртшылықтың жанына жақсы әсер беріп, алғысқа бө-
ленгені бір бөлек құбылыс. Алтын қордағы асыл дауыстарды жи-
нап, түгендеп, бүгінгі һәм келешек буындарға тыңдатып, таратып

отыру да – маңызды шаруалардың бірі. 4. Біржан туралы бірталай көркем шығармалар жазылған. Бір-

жан – кейіпкер, герой ретінде де ақын-жазушыларды үнемі қызық-
тырып келеді. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Біржан
салдың Абай елінде қонақ болып, ұлы ақынмен сырласып, қанша-
ма асқақ әндерді шырқап, аттанып бара жатқанда жаңа ән шығар-

ғанын, оған Абайдың «Қозыкөш» деп ат бергенін айрықша ілти-
патпен суреттейді. Мұқан Төлебаевтың әйгілі Біржан-Сара опера-
сының өзі неге тұрады! Ал, кезінде жерлесіміз, атақты «Жас қа-
зақ» әнінің авторы Рамазан Елебаев жоғарғы оқу орнына түсерде

емтихандық жұмыс ретінде «Біржан-Сара» деген музыкалық пьеса
жазған екен. Біржан туралы шығармаларда оның бейнесі әр сурет-
кердің дүниетанымына орай әр қырынан бедерленіп, тіпті кейде
қайшылықты, даулы қалыпта көрінеді. Көркем әдебиетте де, сурет,

мүсін өнерінде де солай. Ал, бұның өзі Біржан салдың күрделі,
кесек, терең тұлға екендігін дәлелдей түседі. Сондықтан, өзімізге
ұнамаған дүниенің бәріне үрке қарамай, оның бәрін тарихи Біржан
деп емес, Біржанның сан қырлы көркем бейнесі деп қабылдап, мұ-

қият жинақтап, танып-біліп, түсінуге тырысқанымыз жөн. Асқар
Сүлейменовтың «Адасқақ» повесі, Сәкен Иманасовтың «Айтыс»,
Кеңшілік Мырзабековтың «Біржан сал», «Қоянды жәрмеңкесі»
поэмалары, Досхан Жолжақсынов пен Таласбек Әсемқұловтың

«Біржан сал» көркем фильмі, Ерік Асқаровтың «Біржан сал» дра-
масы, Ғалихан Ахметовтың алты томдық романы, т.б. арғы-бергі,
ірілі-уақты көркем шығармалар Біржан тағдыры, Біржан образы
арқылы аса дарынды өнер адамының күрделі көркем бейнесін жа-

сауға деген қызығушылықты, ізденісті аңғартса керек. Ал, Біржан-
ға арналған өлең-жырлар бір төбе. Қазақтың көрнекті ақындары-

нан бастап бүгінгі жастардың жазған жырларының басын құрап, түбінде бір кітап қылып шығарсақ, құба-құп. Мүсінге келетін болсақ, атақты Төлеген Досмағамбетовтың еңбегі ерекше еді. Ол кісі Біржан салдың Көкшетау қаласындағы ескерткіші мен Степняктағы бейітінің басындағы бейнесін жасаған. Бұл жерде бір назар аударатын жағдай бар. Осы күнге дейін Біржан салдың суреті деп кітаптарда, энциклопедияларда жарияланып жүрген сурет анық Біржан атамыздың суреті емес. Көзі тірісінде суретке түсті ме, жоқ па, оны қазір ешкім де білмейді. Анығы – бізге жеткен фотосуреті де, портреті де жоқ. Ал, өткен ғасырдың орта кезінде жоғарыдан Біржанның суретін табу керек деген нұсқау келеді. Партия-совет басшылығының тапсырмасы қалайда орындалуға тиісті. Содан, аудан азаматтары жандары қысылып, әрі-бері ойланып, елден сұрастырады. Жоқ суретті кім тауып бере қойсын! Сол кезде ауданда идеология, мәдениет жағында қызмет істеп жүрген Әшкен Аужанов деген азамат өз атасының ұлттық киіммен түскен, ескіріп, сарғайған фотосын әкеліп береді. Бұл сөзді мен Әшкен Аужановтың өз аузынан естідім. Сол фотосурет пе, әлде суретшілердің соған қарап, ұқсатып салғаны ма, әйтеуір Біржанның суреті болып кең таралып кеткен қыр мұрынды, қырқа сақалды нұсқаның жайы осы. Ал, мүсінші, нағыз суреткер Төлеген Досмағамбетовтың мүсіндеуі бұдан мүлде басқаша. Сірә, қарымды, дарынды мүсіншінің ішкі интуициясы сездірген болар, ол жалған суретке жоламай, Біржан бейнесін баласы Теміртастың суретінен, немересі Мұхаметқали Теміртасұлының келбетінен іздеп, суреткерлік қиялымен суарып жасаған. Соны жалғастырған Манарбек Бұрмағанов бауырымыздың жасаған ескерткіші де құрметке лайық. Ескерткіш демекші, Көкшетау қаласындағы Мәдениет сарайының алдында тұрған Төлеген Досмағамбетов жасаған бейнеге байланысты даулы, кейісті пікірлер де айтылып жүр. Оның түйіні «Біржан бабамызды неге мұнша жәбір-жапа шеккізіп, қол-аяғын байлап, домбырасын сындырып бейнелеген?! Атамызды әсем әбзел-тұрманды сәйгүлікке мінгізіп, құндыз бөрік, әдемі жібек шапан кигізіп, үкілі домбырасын ұстатып, асқақ қалпында көрсету керек еді-ге» саяды. Әрине, плакаттық, ұраншыл талғамға сүйенсек, солай да болар еді. Алайда, суреткер Досмағамбетов аса көрнекті тарихи тұлға, дара дарын тағдырының трагедиялық сәтін арқау ете

отырып, бұғаудағы рухтың азаттық аңсауын, байлаудағы өнердің бостандыққа талпынуын көркем бедерлеп, ой толғағанын сезіне алсақ, бұл ескерткіштің қаншалықты терең сырлы, құнды дүние екенін түсінер едік. Біржан бейнесіне қатысты тағы бір қызықты әңгіме бар. Біржан сал орта бойлы, ақсары кісі болған екен деген сөздер айтылып та, жазылып та жүр. Сірә, ақсары деп, оның руы Ақсары Керей болғасын айтылып кетті ме екен, кім білсін? Ал, үлкендерден естіген аңызәңгімелерге қарағанда, Біржан сал қарулы, балуан адам болған. Бір жолы мейманасы тасыған, қайратына мастанған бір жас жігіт Қожағұл ауылына келіп, ат ойнатып, «қане, ер болсаңдар, менімен күреске шығыңдар!» деп, өзеуреп қоймапты. Тіпті болмағасын, Біржан өзі шығып, әлгі жігітті көтеріп алып соққанда, оның құйрығы жерге кіріп кетіпті! Саздау жер болды ма екен, кім білсін? Қалай болғанда да, атамыз алысқанның артын жерге тығып жіберген деп, айызың қанып айтуға жақсы! 1998 жылы Қызылту ауданының Бірлестік ауылына құдалыққа бардық. Сонда Уәли Оразбаев деген шежіре қариямен кездестік. Руы – Керей, жасы жетпістердегі ақсақал көрген-баққанын, естіген, түйгенін жазып жүреді екен. Біраз әңгімесін тыңдадық. Сол кісінің айтуы бойынша, Ресей патшасы Романовтардың таққа отырғанына 300 жыл толуына арналған тойына біздің елден баратын атқамінерлер Балуан Шолаққа күреске түсіңіз деп қолқа салыпты. Сонда Балуан Шолақ: «Менің жасым ұлғайып қалды. Оразалы балуанды апарыңдар, бір жықса сол жығады!» – депті. Оразалы балуан, руы Бәсентиін, сол тойға барып, күресіп, жеңіп келіпті. – Оразалы балуанды мен қартайған кезінде көрдім, – деді Уәли ақсақал. – Әңгімелесе келе балуан: «Біз – әнші, балуан, ақынның бәрі Біржанның айналасында болатынбыз. Біржан біздің ағамыз, үлгі беруші ұстазымыз болды!» – деді. Сөздің реті келгенде: «Біржанның тұлғасы қандай еді?» – деп сұрадым. «Осы маған тақау болып қалар», – деді Оразалы балуан. Уәли ақсақалдың мына сөзіне қызыққаным сондай – енді Оразалы балуанның тұлғасын жобалай қойғым келді. Қасымда белгілі өнер қайраткері, режиссер, әртіс Мұратбек Оспанов бар еді. Оның бойы – бір метр сексен бес сантиметр, салмағы 105 килі тартады.

– Оразалы балуан мына біздің Мұратбекпен салыстырғанда қалай еді? – деп сұрадым. – Оразалы балуанның жанында Мұратбегің бала ғой! – деп күлді Уәли ақсақал. Ар жағын өздерің жобалай беріңдер! Ал, атақты әнші, аяулы ақсақал Кәрім Ілиясов ағамыздың өз аузынан естіген бір әңгіме: Кәрекең бала күнінде, 1930 жылдары Степнякта тұрған екен. Сонда Біржан салдың баласы Теміртастың тізесінде отырып, әнін тыңдапты, өзі де ән салыпты, Теміртас атамыздың батасын алыпты. «Біржан салдың баласы Теміртастан алған сол батаны Нұрлан баламызға бердім!» – деп, біздің Нұрланға ақ батасын беріп еді жарықтық ақкөңіл ағамыз Көкшетауда, біздің үйге келгенде. – Теміртас ұзын бойлы, ірі денелі, өте күшті кісі болатын. Атқа мінгенде, созылып отырса, екі аяғы жерге тиетін. Қиянатшыл келімсектермен көп төбелесті. Қалың тобына жалғыз өзі төтеп беріп, жайпап тастайтын. Ақыры, сондай өшіккендер ақкөңіл адамды «ақша жеп қойды» деген жаламен жазықсыз соттатып, итжеккенге жер аударып жіберіп тынды ғой! – деп, өзегі өртене сыр шертетін Кәрім ағамыз. Ал, дүние, – деп, Біржан атамыздың өзі айтқандай, «Теміртас» әні қандай қасіретті болса, Теміртастың тағдыры да сондай қасіретті болған. Теміртастың баласы Мұқаметқали ақсақалмен талай мәрте кездесіп, әңгімелестік. Ол кісінің айтуынша, Теміртас сол кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс болып, топырақ сол Сібірден бұйырған. Балалары боранды, аязды күндердің бірінде адасып кетіп, содан аман келгені жалғыз Мұқаметқали. Ол кісі ұзын бойлы, ірі денелі, қара торы, келбетті, кесек, қайратты адам еді. Жасы сексеннен асқан шағында да білектері сойылдай берік, сіңірлі, сом болатын. Шопыр болып жұмыс істеген, қоңыр даусымен ептеп өлең де айтатын. Мұқаметқалидың балалары, олардан тараған ұрпақтары бар. Бұған қоса, тағы бір сөз: Біржан салдың домбырасы Алматыда, республикалық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Сол домбыраны мен қолыма ұстап, шертіп көрдім, созған қолым басына зорға жетті! Бойы ұзын, құлашы кең, мол жаралған адамның мұрасы екені көрініп тұр. Ал, енді Бүркіттінің басынан шырқаған

әні айлы түнде алты қырдан асып, аспанға кеткен кісінің кеудесі де біраз бар шығар-ау! 5. Біржан туралы жазылған зерттеулер, ғылыми еңбектер тіпті көп. Айтылған пікірлер де баршылық. Оның барлығы Біржантануға қосылған үлес деп білуіміз керек. Сол еңбектердің, пікірлердің басын құрап, тиянақтап жинап, жас ұрпаққа танытып, насихаттап отыруға тиіспіз. 6. Біржан шығармалары сонау ақ патша заманында жариялана бастаған. «Біржан-Сара» айтысы революцияға дейін сегіз рет жеке кітап болып басылып шыққан. Ал, осы күндері оның кітаптарын іздеп табу оңай емес. Ең соңғы рет қашан жарыққа шыққанын да ұмытқан сияқтымыз. Аудандық кітапханада 1959 жылы шыққан Біржан әндері кітабының жалғыз-ақ данасы қалыпты. Біржанның ән ноталарын түгендеп алайын деп, іздеп әуре-сарсаң болып жүргенімде, 2012 жылы Алматыдан шыққан «Сарыарқа әндері» жинағын әнші Еркін Шүкіманов, 1983 жылы «Өнер» баспасынан шыққан Біржан салдың «Ләйлім шырақ» кітабын менің жиенім, домбырашы-ұстаз Тәстембек Смағұлов тауып берді-ау әйтеуір! Біраз жылдан бері бабамыздың кітабын нотасымен, сөзімен, ұлы композиторларға лайықты классикалық түрде әдемілеп шығару мәселесін көтеріп келеміз. Төл шығармаларын жоғалтпай сақтап, жарыққа шығарып, мектептерде оқытып отырсақ, ақын-композиторға деген ең үлкен ескерткіш, нағыз құрмет сол! Бұның өзі біздің елдің, біздің ауданның бетке ұстар мәдени паспорты, меймандарына ұсынар қымбатты сыйлығы десек те артық емес. Біржан салдың ескерткіш-кешені ашылу салтанатында айтқан осы ұсынысымызды ауданның бүгінгі әкімі Абай Сәдуақасұлы дұрыс түсініп, құлшына қолдап, соның нәтижесінде осы кітап жарыққа шығып отырғанын атап көрсетіп, бұл іске ат салысқан барлық азаматтарға үлкен алғысымызды білдіреміз! 7. Біржан әндері – қазақ музыка әлеміне ерекше әсер еткен қуатты құбылыс. Оның шығармалары басқа өнер туындыларында да (кино, опера, драма, т.б.) кеңінен қолданылған. Әйгілі «БіржанСара» операсында Біржан әуендері тұнып тұр. Өткен ғасырдың 70жылдары шыққан «Алые маки Иссыккуля» деген атақты қырғыз киносында Теміртас әнінің лейтмотив ретінде алынып, нақышына

келтіре орындалуы кезінде елеулі мәдени оқиға болды. (Әнді
орындаған – академик Өмірзақ Айтбаев). Сол сияқты, «Қазақ-
фильм» туындысы «Біржан сал» фильмінде де біраз әндері шырқа-
лады. (Әндерді орындаған – әнші Еркін Шүкіманов). Біздің «Паң

Нұрмағамбет» киностудиясы 2010 жылы Степнякта түсірген
«Аран» көркем фильмінде де бас кейіпкердің мұңайған кезде «Те-
міртас» әнін сүйеніш қылып айтатыны бар. (Әнді орындаған –
Баянғали Әлімжанов).

8. Бүгінде Біржан есімі құрметсіз емес. Оның атында респуб-

ликада, облыста оқу орындары, көшелер бар. Тарап кеткен совхоз
да болған. Тіпті, осы Еңбекшілдер ауданына атын беру де көптен
сөз болып келеді. Бұл әңгіменің өзіміз көрген-білген тарихы бы-
лай: 1990 жылдары Еңбекшілдер деген (дұрысы – еңбекшілер) әрі

жазылуы қате, әрі кеңестік саясаттың солақай, мағынасыз атауы-
ның (бұл аудан еңбекшілер ауданы болғанда, басқа аудандар неме-
не, жалқаулар немесе билеушілер, қанаушылар ауданы ма?!) ор-
нына бұл ауданға Біржан сал атын беру мәселесі көтеріле бастады.

Бұл жөнінде әртүрлі деңгейде айтылып, республикалық, облыс-
тық, аудандық газеттерде ел азаматтарының, ішінде мен де бар-
мын, мақалалары жариялана бастады. 1995 жылы біздің ауданға
президент Нұрсұлтан Назарбаев келді. Ол кісі Әбсәлам қажының

мешітіне кіріп шыққан соң, Біржан салдың басына барып, құран
оқытты. Зират басында ардақты ел ақсақалдары ауданымызға Бір-
жан сал атын беру жөніндегі ұсыныстарын айтты. «Ұсыныңыздар,
қолдаймыз!» деді елбасы. Содан кейін қағаздары дайындалып, әй-

тіп-бүйтіп жүргенде он шақты жыл өтіп кетті. Ақыры, Еңбекшіл-
дер ауданына Біржан сал атын беру жөнінде Ақмола облыстық
мәслихаты шешім қабылдап, республикалық ономастика комис-
сиясы қаулы шығарып, енді үкіметтің бекітуіне жіберген кезде,

елді мекендерге жеке тарихи тұлғалардың есімін беруді тоқтату
туралы концепция шықты да, бұл мәселе тағы шешілмей қала бер-
ді. Облыстық мәслихат шешімі ол концепцияға дейін шыққандық-
тан, заңды күшіне енуі керек қой деген уәжімізге ешкім де құлақ

аспады. Алайда, елдің тілегімен, елбасының қолдауымен қабыл-
данған шешім түбінде оңынан бір оралар деп ойлаймыз. Оған қа-
рамастан, халық арасында біздің аудан Біржан елі атанып кеткелі
қай заман!

Беу, Біржан! Қан тамған қылышынан хан емессің, Байлық пен мансап қуған жан емессің, Аққу боп қалықтадың көк жүзінде, Соңынан ілестің де ән елестің. Әндерің жұлдыздармен сырласады, Көнбейді ыңғайына әр өңештің, Сенің орның мәңгілік аспанда тұр, Ешкімнің қаулысына зар емессің! 9. Осы Еңбекшілдер ауданында Біржан сал музейін ашудың да уақыты келген сияқты. Онда Біржан туралы арғы-бергі барлық еңбектерді, материалдарды шоғырландырып, аудио-видеоларға жазылған әндерін жұртшылыққа тыңдатып, көрсетіп отырса, қандай тамаша болар еді! Оған қоса, Рамазан Елебаев, Мұхамед-Сәлім Кәшімов, Әбілқайыр Досов, Шәймерден Қосшығұлов және басқа да ауданымыздың айтулы адамдарының есімдері мен еңбектерін жинастырып, зерделеп, елге танытудың айрықша мәні бар. 10. «Біржан-Сара» айтысы туралы дау-дамай талай уақыттан бері үзілмей жалғасып келеді. Негізінен екі пікір бар. Бірі –Біржан мен Сара айтысқан дейді, екіншісі, олар айтыспаған, айтысты Әріп Тәңірбергенов жазып шығарған дейді. Екі жақтың да дәлелі мықты, материалдары мол, ойлары қисынды. Бұл мәселеге әлі нүкте қойылған жоқ, қойылатын түрі де жоқ. Қалай болғанда да, бұлжымайтын бір ақиқат шындық бар. Ол – «Біржан-Сара» айтысы деп аталатын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің классикалық ғажайып мұрасы бар екендігі! Және, ол мұраға Біржан сал бабамыздың автор ретінде болсын немесе кейіпкер ретінде болсын, басты тұлға ретінде қатысатындығы! Тіпті, айтыстың Әріп жазған нұсқасы болып, оған кейіпкер болған күнде де, Біржан сал тұлғасы биіктей түспесе, төмендемек емес. Өйткені, осындай жауһар шығармаға басқа атақты ақындарды емес, Біржан салды басты тұлға етіп алуының өзі – оның қаншалықты қадірлі болғандығын көрсетсе керек. Әлем әдебиетіндегі әйгілі әдеби кейіпкерлерге кейбір елдерде ескерткіш қойылып, әспеттейтін әдемі жағдайларға ой жүгіртіп көріңіз. Ал, жеке өз басым Біржан мен Сара кездесіп, айтысқан деген әңгіме шын болса екен деймін. 1993 жылы Жетісуда Сара Тастамбекқызының 115 жылдығы тойланды. Сонда Ешкіөлмес

тауында, Баянжүрек деген жерде Біржан мен Сара осы жерде ай-
тысқан деп ескерткіш тас қойылды. Біржан атам барған, Сарамен
айтысқан жерге барып, сол тойдағы айтыста Сараның қазіргі за-
мандағы дарынды сіңлілері шымкенттік Әселхан Қалыбекова, тал-

дықорғандық Қаныша Райысовалармен айтысып, Сара атындағы
бас жүлдені жеңіп алғаныма шүкіршілік қыламын.

11. Біржанның дерті де жұмбақ. Бір жерден оқыдық па, естідік

пе, әйтеуір біреулер оның ауруына диагноз қойып, медицина тер-
минімен атапты. Қазір неше түрлі ғажаптар шығып жатыр ғой,
әйтпесе бір ғасырдан астам уақыт бұрын өмірден озған адамға
диагноз қою қандай қисынға сыяды? Чезаре Ломброзоның атақты

«Гениальность и умопомешательство» деген кітабында өте талант-
ты адамдардың әпенделіктері, ақылға сыя бермейтін ерекше мінез-
құлықтары мен қылықтары, психикалық ауытқулары туралы айты-
лады. Оның айрықша талант пен (гениальность) ақыл-естің ауыт-

қу, шалықтауы бірге жүреді деген пікірін ақиқат деп қабылдамасақ
та, жаны бар сөз екендігін жоққа шығара алмаймыз.
Алпыс бір мүшеліме келгенімде,
Құдайым берді науқас ғаріп басқа! – дейді Біржан.

Ел кездім кертөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатып,
Алпыс бір мүшеліме келгенімде
Біржанды қойғаның ба шалықтатып?! – дейді тағы да.

Кейде алпыс үш мүшеліме келгенімде деп айтылып та, жазы-
лып та жүр. Бұл ақынның алпыс үш жасында қайтыс болғанына
дәлдеп айтылса керек. Әйтпесе, қазақта алпыс үш деген мүшел жас
жоқ, алпыс бір мүшел екені әмбеге аян. Ал, ақынның осынау жан

сырынан шалықтау дертіне шалдыққаны және оны құдайдың бер-
гені деп бойсұнғаны, арман-мұңы айдан анық көрініп тұрған жоқ
па? Бұрынғы Кеңес дәуірінде қалыптасқан ұғым бойынша, оны
әлеуметтік әділетсіздіктің құрбаны болды, озбыр үстем тап өкілде-

рі таяқпен басына ұрып, ауруға шалдықтырды, солардың зорлы-
ғына күйінгеннен зарлап өтті деп жазды. Тіпті, оның бауырлары
Ержан мен Нұржанды Біржанға сырқат деп жала жауып, байлап-
матап, қорлықта ұстаған қатыгез, құбыжық етіп көрсетуге дейін

барды. Кеңестік идеологияның сол салқынынан әлі де арыла алмай

келе жатқанымыз құпия емес. Ал, ақын-әнші-композитордың дүниенің сырын толғаған реквиемі – классикалық «Теміртас» әніне үңіліп, түсініп көрсеңіз, онда ағайынның зорлығынан ауырдым, басымнан ұрды, қорлық көрдім деген бір ауыз сөз жоқ. Дерт құдайдан дейді. Және шалық дейді. Алайда, өнер адамдарының, әсіресе, аса дарынды данышпандардың табиғаты, жаратылысы бөлек болатындығын көпшілік біле бермейді, білсе де жете мән бере бермейді. Жалпы ұғымға сыйдырып, жалпақ сөзбен сипақтата салатыны да бар. Өнер адамдары мен билік өкілдерінің, дарынды тұлғалар мен қалың халықтың арасында алшақтық, түсініспеушіліктердің болуының бір себебі де осы дүниетанымдағы, рухани әлемдегі, жан-дүниедегі өзгешеліктерде жатса керек. Біржан – ғарыштық құбылыс, гений, оған құдай аса мол дарын берген. Ол бір заманға, қоғамға сыймайды. Ол дүниенің сырын, мәнін іздейді, оның рухы жер мен көктің арасында ұшып жүреді. Қарапайым тіршілік ұғымдары, қоғамның шартты заңдылықтары ол үшін онша маңызды емес. Осы бір мәңгілік мәнді іздеу жолындағы рухани арпалыстары, ән-елестің соңынан ұшуы, бәлкім, былайғы жұртқа шалықтау болып көрінуі де ықтимал. Қалай болғанда да, нағыз таланттың жаны өнерінде десек, Біржан салдың қалдырған ән-өлеңдерінің рухы сау, таза, мағыналы, өміршең екендігінде дау жоқ. Сондықтан оның сырқатын сансаққа жүгіртіп, саудаға салуды орынсыз деп білеміз. Жалпы, кейінгі уақытта басқа да тарихи тұлғалар сияқты, Біржан салдың да өмірі жайлы қилы-қилы, алыпқашпа, әрі тарт та, бері тарт қисынсыз әңгімелер көбейіп, әркім өзінше жаңалық ашып жатқанын көріп те, естіп те жүрміз. Негізінде, ұлы адамдардың пенде ретіндегі тірліктерін қазбалап, өсек-аяң деңгейіне түсіп, «аннан естіген, мыннан естіген» ұсақ-түйек, өтірік сөздерді ойланбастан оңдысолды гулете беру – парасаттылыққа да, адамгершілікке де жатпайтын ұят нәрсе. Ондайдан бойды аулақ ұстап, тарихи адамдардың еңбегін әділ бағалап, асыл мұрасының рухани мазмұнына бойлап, түсінуге, рухани нәр алуға ұмтылғанымыз абзал! 12. Біржан елінің адамдары және Біржан әндерінің насихаты мен оқытылу жайы қандай деген сұрақ та маңызды секілді. Басқа басқа, тап осы ауданда Біржан шығармалары әр мектепте, әр класта оқытылып, әр үйдің төрінде тұруы керек! Мектеп программа-

сына енгені еніп, енбегенін кластан тыс, қосымша сағаттарда оқыту керек! Ән сабақтары Біржан әндерімен басталуға тиіс. Бұл ауданның кез келген адамы Біржанның бірер әнін шырқап, бірер шумақ өлеңдерін жатқа білмесе, ұят-ақ! Бір жаққа бара қалса да, сырттан қонақ келсе де «Біз Біржан еліненбіз!» – деп, әндетіп тұрса, ғажап емес пе?! Түптің түбінде, бұл ұлттық рухани байлығымызды, ана тілімізді, елдігімізді ардақтау деп білеміз! Шешендік сөздер жайында Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеушілер: ауызекі шығарылып, халық аузынан жеткен ақын-жыраулар мұрасын белгілі бір автордың шығармасы ретінде таниды. Ал, шешендік сөздер неге олай қаралмайды? Бізге жетулерінде еш айырма жоқ қой. Бұл күрделі мәселе. Себебі өлең, жырлар мен шешендік сөздерге екі түрлі қарау – бірдей нәрселерге екі түрлі қарау, бірінебірі қайшы көзқарастар. Демек, бұл мәселе шешімін тауып, шешендік сөздердің авторлары айқындалуы керек. Билерді автор ретінде Әмина Мәметова 40-жылдары қараған болатын. Бірақ ол пікір сыналып, билер сөзі деу шешендік сөздердің халықтық сипатын жоққа шығарады деп танылды да, содан бері шешендік сөздер авторы белгісіз жалпы халықтық мұра ретінде қаралып жүр. Біз бұл мәселені қадірлі анамыз Әмина Мәметованың пікірін қолдағандықтан қозғап отырған жоқпыз, бұл мәселе жоғарыда айтылған қарапайым салыстырудан туып отыр. Шешендік сөздерді жеке авторлар шығармасы ретінде қарау – оның халықтық сипатын жоққа шығарғандық емес. Өйткені сөзді жеке авторлардыкі ретінде танығаннан оның халықтық идеясы өзгермейді ғой! Одан соң шешендік сөздерді жеке автор шығармасы ретінде қарамауға олардың көп нұсқалылығы да себеп болып отыр. Бұл ретте филология ғылымдарының кандидаты Балтабай Адамбаев сөздердің көп нұсқалылығы жөніндегі Сәкен Сейфуллиннің айтқан пікіріне сүйенеді. Рас, сөздер көп нұсқалы, әртүрлі адамдардың атынан айтылады. Бірақ, бүгін авторлығын айқындап, танып отырған ақын-жыраулар шығармалары да көп нұсқалы екеніне ешкім таласпас. Демек, осы қиындықты жеңу жолын іздестірген жөн.

Бұның үстіне Б. Адамбаев «Шешендік өнер» деген монографиясында (Алматы, 1969 ж.) шешендік сөздердің көп вариантты екендігін, белгілі бір жүйелі сөздер қазақ елінің әр түкпірінде әр автордың атынан айтылатынын, әрбір шешеннің өзіне сай сөйлеу мәнерінің аңғарылмайтынын айта келіп, шешендік сөздерді жалпы халықтық мұра деп түсіндіреді (11-бет). Шешендік сөздерді көптен зерттеп келе жатқан ғалым қалт айтып отырған жоқ. Бірақ осы мәселеге екінші түрлі де қарауға болады. Алдымен, қазақ даласының әр түкпірінде әркімнің атынан айтылатын сөздер әбден қалыптасқан, мақал сияқты болып кеткен. Бұл барлық шешендік сөздердің бір бөлігі ғана. Бірнеше нұсқалы болып, бір ғана автордың атынан айтылатын сөздер де бар. Жоғарыда айтылған, мақал сияқты болып кеткен сөздерді жалпы халықтық мұра деу дұрыс. Бірақ екі-үш вариантта ғана кездесетін сөздердің авторын айқындау керек. Ал, әрбір шешеннің өзіне тән сөйлеу мәнері айқын аңғарылмау себебі – қазақ шешендік өнерінің біртұтас жүйесі болғандықтан. Бұл жүйенің қалыптасуына екі жағдай бар. Ертеде батыс елдерінде риториканы арнайы пән ретінде оқытса, қазақ даласында да сондай оқу болған. Үлкен билерден сөз сұрай келу өте көп тараған ғой. Мұның үстіне айлап жатып билік жолына, шешендік өнерге үйрену де болған. Мысалы, Қаз дауысты Қазыбектің Арғынның ұлы биі Әнет бабадан үйренуі («Таң» журналы, 1925 ж. № 3). Қазақ халқы сөз өнерін жете меңгерумен қатар, сол сөз өнеріне көркемдік талаптар қойып, сын айтып отырған. Осы сияқты қазақ халқының әдебиет, сөз жайлы ой-пікірлері – әдебиеттану ғылымының қазақ топырағындағы алғашқы дәні, белгілері. Шешендік өнерге қойған негізгі талаптар мына пікірлерде жинақталған: «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық». Ал, Қаз дауысты Қазыбек, қу дауысты Құттыбай деген атаулардан интонацияға, дауысқа берілген бағаны көреміз. Осындай үлкеннен үлгі алу, үйрену, халықтың сөзге деген бірыңғай, ортақ эстетикалық көзқарасының болуы қазақ шешендік өнерінің біртұтас жүйесі болуын қамтамасыз еткен. Бұған қоса әр жүздің, рудың билері дау-шарда бас қосып, кездесіп отырған. Демек, олардың арасында да сөз сайысы, тәжірибе алмасу, байланыс

мықты болған. Және де академик-жазушы Сәбит Мұқановтың мына пікірі де қазақ халқының шешендік өнерінің біртұтастығының себебін түсіндіреді. «... Мардымсыз айырмашылықтар болмаса, қазақ тілі қазақтың қай жүзіне, қай руына болса да ортақ, аралары тым алшақ Каспий түбегі мен Алтай тауын, Сырдария мен Ертісті мекендейтін қазақтардың тілінде де, әдет-ғұрпында да, салт-санасында, мінезқұлқында да көзге түсерліктей айырмашылық жоқ». («Халық мұрасы», 54-бет). Оның үстіне ауызша шығарылған сөздерден дәл жазба әдебиеттегідей стиль талап етуге болмайды. Ал, сөйлеу мәнері, жоғарыда айтқанымыздай, айқын аңғарылмағанымен, салыстыра, тереңдеп зерттесе, азды-көпті байқалуы да әбден мүмкін. Шешендік сөздерді белгілі бір автордікі деп қарамауға тағы бір себеп – уақыт өткен сайын олар өзгере береді деген жаңсақ пікір. «Халық өз ортасы туғызған асыл мұра, шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты өңдеп, өзгертіп, сақтап келген», – дейді Б. Адамбаев («Қазақ әдебиетінің тарихы», 1960ж. 143-бет). Сол кітаптың 171-бетінде ол: «Бірен-саран өзгерістер енгізу болмаса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді. Сондықтан түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді». Ал енді 175-бетте: «Шешен адамдардың сөздерін талапты жастар ұғып алып, өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай өзгертіпқұбылтып, жамап-жаңартып отырған», – деп өзіне-өзі қайшы пікірлер айтады. Мұхтар Мағауин жыраулар шығармаларының сақталуын тамаша дәлелдеген. Жыраулар шығармаларының сақталуының бір себебі ретінде олардың сөздерінің көркемдігі мен нақыл, афоризм, мақал түрінде келетіндігі екенін айта келіп: «Мұндай берік жасалған өлең жолдарын бұза қою қиын, тіпті мүмкін емес», – дейді («Қобыз сарыны», 146-бет). Ал, шешендік сөздер, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жыраулар толғауы сияқты өте берік жасалған. Оны өзгереді деу қисынға келе қояр ма екен! Өзгереді деген сөзге түсінік бере кеткен жөн. Адамзаттың даму заңы – әр уақыт кейінгі ұрпақ өзінен алдыңғылардың жетістіктерін пайдалана отырып, оны ілгері дамытады. Әдебиетте де солай. Сан ғасырлық тарихы бар қазақ поэзиясын алып қарасақ, бұған көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Шалкиіз жыраудан Махамбеттің үлгі алуын ғалымдарымыз қазір көп айтып жүр. Тіпті, Махамбет Шал-

киізден тұтас өлең шумақтарын да алған. Соның нәтижесінде жа-
ңа, соны жырлар тудырған. Бұндай жағдай шешендік сөздерде де
бар. Ірі-ірі шешендер өзінен алдыңғы саңлақтардың сөздерін өз-
гертуі мүмкін. Сонда дәл ақын-жыраулардағы жағдай қайталана-

ды, яғни алдыңғыдан үлгі ала отырып, кейінгі жаңа сөз тудырады.
Араларында бірін-бірі дамыту бар Шалкиіз бен Махамбет қалай
автор болса, шешендер де сондай, яғни олар да автор. Ал,
Б.Адамбаевтың айтып отырғаны бұндай «өзгеру» емес. Ол кісінің

пікірінше, сөздер өзгергенде жаңа сөз тумайды, тек әуелгі нұсқа
«өңделіп», «жамап-жасқалатын» сияқты. Сөйтіп, бұл жерде ше-
шеннің авторлығы мүлде сызылып қалады. Шындығына келгенде,
олай емес, сөзді әуелі айтушы да шешен, оны пайдалана отырып,

жаңа сөз тудырушы да шешен.
Бұның үстіне шешендік сөздердің көп нұсқалылығы мен өзге-
рістерге көп ұшырайтын эпикалық жырлардың көп нұсқалылығын
шатастырмау керек. Эпикалық жырлаудың көп нұсқалылығы сю-

жетке, мазмұнға өзгеріс енуде болса, шешендік сөздердің көп нұс-
қалылығы көбінесе әр адамның атынан айтылуында ғана. Бұның
өзі шешендік сөздердің тұрақтылығының тағы бір дәлелі.
Шешендік сөздерді жеткізушілер кейде түсінік сөзді өз ықтия-

рына қарай бұруы да ықтимал. Бірақ бұл көбінесе түсінік сөзді
ұмытып қалғанда және белгілі бір мақсат (мысалы, өз руын көтер-
мелеу үшін) көздеп айтқанда болады. Негізінде халық өз ортасы-
нан шыққан сөз зергерлерін жоғары бағалап, өз мұрасына жауап-

кершілікпен қараған. Негізін сақтап, өзгертпей айтуға тырысқан.
Бұрмалау білімсіздік деп танылып, ұятқа саналады. Бұған «Қобыз
сарынында» айтылған дәлелдерді оқығанда және ел ішіндегі қарт-
тармен әңгімелескенде көзіміз жетті.

Қазақ шешендік өнері өкілдерінің халық қойған аты – би. Кей
жолдастар осы атаудан мейлінше безіп, «халық шешендері» деген
атауды қолданып келді. Бірақ тарихты өзгерте алмайсың, халық ға-
сырлар бойы сөз өнерінің өкілдерін шешен, би атап келгені ақиқат.

Тіпті атауды ауыстырғаннан билердің сөздерінің мәні өзгере қал-
майды. Одан соң шешенді би деп атау бұқара халықтың шешендігін
сөзге ұсталығын жоққа шығармайды. Өйткені би болу үшін адам-
ның бай-кедейлігі кәрі-жасы емес, шешендігі қажет. Сондықтан да

қарапайым халық өкілдері сөз өнерінің арқасында би атана берген.
Демек, біз де оларды өз атымен би деп атауымыз керек.

«Халық шешендері» деген атауды қолданумен қатар, сол «халық шешендеріне» шешендік сөздерді «лайықтап», тіпті, ақиқат фактіні бұрмалау да кездеседі. Мысалы, Б. Адамбаев «Шешендік сөздер» кітабына жазған алғы сөзінде: «Әдетте дау сөзге түсушілер, халық шешендері мен шешен билер болған. Бізге жеткен аңыз әңгімелерде Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу, Аяз би мен Меңді сұлу секілді халық даналығын бойларына сіңірген, сөз өнеріне жетік ондаған әйел-еркектің есімдері аталады. Белгілі халық шешендері мен есімі белгісіз данышпан қарт, ақылды қыз, тапқыр бала, жарлы жігіт атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет шешендік, өжеттігімен қатар, әділдігі, ойының айқындығы. Одан билер сөзінің бір айырмашылығы сөзді жұмбақтап, астарлап сөйлеуінде». («Шешендік сөздер», 14-15 бет): Ең алдымен «халық шешендері» деп отырған Аяз бидің би екендігі бәрімізге белгілі. Сол сияқты Жиренше шешен де би болған. Ғабдөшев Ғабдалхакімнің «Жиренше» деген кітабындағы (Қазан, 1909) Жиреншенің бірінші әңгімесі былай басталады: «Жиренше деген адам қай хан болса да бір ханның қасында болып, ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның қадірлі биі, сөз тапқыр адамы болыпты», – дейді. Әбубәкір Диваев жариялаған «Жиренше әңгімесінде» Жиреншенің берген төрелігі бар. Ал, Қарашаш, Меңді сұлу би болмаса, тек әйел болғандықтан болмаған. Сөзді жұмбақтап сөйлеуге келсек, былайша сөйлеудің нағыз шеберлері Аяз би, Жиренше шешен. Ә. Диваевтың нұсқасында жұмбақтап сөйлеуді Жиренше өте жақсы көрген делінеді. Сонда да ол жұмбақтап сөйлеуде Қарашаштан жеңіліп отырады. Жиреншеге байланысты басқа сөздерде де осылай. Қазақ шешендік сөздерінің бір керемет тамаша жері – әрбір шешендік сөздің айтылу, шығу тарихы қосыла айтылып, аңыз әңгіме түрінде келуі. Оның негізінде белгілі бір жүйелі оқиға жатады. Осыған байланысты Б. Адамбаев шешендерді «кейіпкер» деп қарайды. («Шешендік сөздер», 9-бет). Бірақ тұтас шешендік сөздің, яғни оқиғаны суреттеуін қоса алғанда, «кейіпкері» ертегі, т.б. ауыз әдебиеті үлгілерінің кейіпкерлерінен өзгеше. Егер ауыз әдебиетінің басқа үлгілерінде негізгі ой оқиғаның шешімінде жатса, шешендік сөзде, негізгі ой «кейіпкердің» сөзінде жатады. Оқиғаны сол сөз шешеді. Шешендік сөз деп шын мәнінде осы шешеннің

айтатын сөзін түсіну керек. Басқасы не кіріспе сөз, не оқиғаны
баяндау, яғни шешендік сөздің тарихын баяндау болып табылады.
Әрине, біз бұл арқылы мұраны қайта жасайық, шешендік сөз
бен баяндауды бөлейік дегелі отырғанымыз жоқ. Оқиғаны баяндау

шешендік сөздің құнын арттыра түседі. Ол сөз тек сол оқиғада
өмір сүреді. Біз оны бөліп алып, шешендік сөзді ғана қабылдайтын
болсақ, онымыз мұраға қиянат болар еді. Мәселе мұнда емес, мә-
селе «кейіпкер» мен шешенді айыра білуде, шешеннің сөзін тани

білуде. Яғни, шешендер автор ретінде қаралып (әрине өз сөзінің),
бейнесі айқындалуы керек.
Бұндай пікірге соңғы кезде Б. Адамбаев та өзінің «Қазақ әде-
биеті» газетінде (1974 ж. № 11) жарияланған «Ағайынды өнер»

деген мақаласында қосылды. Аталған мақаласында шешендік сөз-
дерге қатысты біраз мәселелерді қозғайды. Ғалымның өлең, жыр
түрінде келген шешендік сөздерді «өлең, жыр» деп қарайық деген
пікірге айтқан сыны дұрыс. Өлең, жыр түріндегі шешендік сөздер-

ді «өлең, жыр» деп қарау ақиқатқа сай келмейді екен.
Қазақ шешендік сөздері өлеңнің барлық түрімен де, қарасөзбен
де жасалған. Шешендер қарасөзді де келістіріп айта білген, өлең-
детіп, жырмен де сөйлеген. Демек, құрылысына қарап өлең, жыр

мен шешендік сөздің айырмашылығын ақиқат көрсетіп беру мүм-
кін емес. Б. Адамбаев бұрынғы еңбектерінде де, аталған мақала-
сында да шешендік пен ақындықты «егіз өнер», «ағайынды өнер»
деп атайды. Шешендік сөздер мен өлең-жырлардың ұқсас болуы

сондықтан деп түсіндіреді. Бұл дұрыс, жалпы қазақ сөз өнерінің
үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Ал, бірақ шешендік сөздер
мен өлең-жырлардың өздеріне ғана тән, бір-бірінен айқын ажыра-
тылар белгісі қандай? Қандай принципке, дәлелге сүйеніп, біз мы-

нау үлгі шешендік сөз, мынау өлең-жыр деп кесіп айта аламыз?
Б. Адамбаев шешендік сөздер мазмұн жағынан топтастырылған
дейді. Мазмұн жағынан алғанда да мынау өлең-жырдың, мынау
шешендік сөздердің, мынау шешендік толғаудың, мынау шешен-

дік арнаудың мазмұны дейтіндей меншікті мазмұндары жоқ қой.
Бұл мәселе де шешімін табуға тиісті. Әрине, бұның шешендік дау
сөздерге қатысы жоқ. Қай түрде келсе де дауда айтылған сөздер
анық шешендік сөз болып табылады. Өйткені шешендік сөздің

әуелгі шыққан жері дау, сот ісі. Оның дамуы да соған байланысты.
Ал, шешендік арнау, шешендік толғау делініп жүрген үлгілер ту-

расында әлі де ойланып, олардың табиғатын тереңдеп ашқан жөн. Шешендік сөздер мен өлең-жырлардың ұқсас болу себебі – бір адам әрі шешен, би, әрі ақын-жырау болған. Қазіргі белгілі ірі ақын-жыраулар мен шешендердің басында осы екі қасиет бірдей бар. Есет бидің толғаулары Сәкен Сейфуллиннің кітабында Есет бидің сөзі деп берілсе, сол толғауларымен Есет би «Ертедегі әдебиет нұсқаларында», «Ақберенде» жырау ретінде аталған. Және бұл жерде тек ақын, жыраулар ғана автор деген сөз жоқ, шешендер автор ретінде қаралуы керек деп анық айтылған. Оның үстіне шешендердің халық қойған аты «ауыстырылып», «шешен» атауы мүлде сызылып қалған жоқ, тек шешендердің бір жағынан шешен болса, екінші жағынан ақын, жырау ретінде көрінетіні айтылды. Бір адам тарихта әрі шешен, әрі ақын, жырау болса, біз де оны тарихи шындыққа сай әрі шешен, әрі ақын, жырау ретінде тануымыз керек қой! Шешендік сөздерді зерттеуде енді бір мәселе – туыстас түркі халықтарының шешендік сөздерін салыстыра зерттеу. Мұндағы мақсат – қай халық шешен екен деген күйкі ой емес, шешендік сөздердің даму процесін айқындауда, ортақ дәуірлерде өмір сүрген шешендер жөнінде материалдар жинауда, сол кез шешендерінің авторлығын айқындауда. Академик Әлкей Марғұлан атақты манасшы Сағымбай Оразбақовтың Манастың атасы Төбей деп көрсетуін, Төбейдің Үйсіндердің түп атасы саналатынын айта келіп: «жыршы Сағымбайдың Төбейді еске түсіруі кездейсоқ болмауға тиісті, бұл Төбей туралы да қырғыз халқының ортасында тарихи аңыз сақталғанын көрсетеді». (Шоқан және «Манас», 62-бет) деп жазады. Қадірлі ғалымның бұл сөзін өзге билер жөнінде де айтуға болады. Яғни, солар жөнінде бір халықта ұмытылған нәрселер екінші бір халықта сақталуы әбден мүмкін. Атақты Жиреншенің атынан жеткен сөздер көп. Ал соның қайсысы кейінгі дәуірдікі, бұны тек салыстыра зерттеу ғана анықтайды. Осы ниетпен ноғай халқы айтатын Жиренше әңгімелерін қарап көрдік. (В.В. Радлов. «Образцы народной литературы северных тюркских племен», часть VІІ. 1986 ж. 205-214-бет). Бұл кітаптағы екі әңгіменің құндысы – біріншісі. Екіншісі – дөрекілеу, қазақ арасында әртүрлі адамдардың атынан айтылатын сөздер. Және Қарашаш сұлу Жәнібек ханның әйелі, ханым болып айтылады. Біздің ден қойғанымыз бірінші әңгімесі.

Әңгімелердің жалпы сюжеттік желісі ұқсас. Жиренше шешен Жәнібек ханнан тапсырма алып, ел кезіп кетеді. Жолда бір қарт адамға кез болады. Екеуінің арасында сөз болып, шалдың үйіне келеді, ақылды қыздың көмегімен тапсырманы орындап, сол қызға үйленеді. Кейін ол әйелі өліп, Жәнібек ханның оны естіртуі айтылады. Ерекшелігі мынада: қазақ аңыздарында Жиренше өзіне лайық жар іздеп шығады. Және бұл жарының аты – Қарашаш. Ноғайларда ақылды қыздың аты аталмайды. Біздің әңгімелерде тапсырмамен шыққанда Қаракөзайымға кездеседі. Ал, бірақ ноғай халқының мына әңгімесі, негізінде, Жиренше мен Қарашаш сұлу әңгімесіне сай келеді. Ал, енді аңыз ішіндегі айтылатын сөздерде көп айырмашылық жоқ. Ортақ, бірдей келетін сөздер: Жиреншенің жолда айтатын: «ағаш қазан асайық, асқа, суға тояйық», «бұл астық желінген бе! Желінбеген бе?». Соңғы сөз қазақ ертегілерінде айтылады. Тегінде Жиреншенікі болу керек. Одан соң: «жақын, жақын да болса, алыс. Алыс, алыс та, жақын» (Өткел жөнінде). Бізде бұл көбінесе Қарашаш атынан айтылады. Ноғай әңгімесінде жолдағы тасқа жазулы тұрады. Бұл әрине, ертегілік мотивті араластырып жібергеннен болған. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлімін естіртуі екі халықта бірдей. Ноғай әңгімесінде былай: «Жәнібек хан Жиренше шешеннен сұрайды. – Бір кісінің атасы өлсе не болар? – деді. – Асқар тауы жығылар, – деді. – Бір кісінің ағасы өлсе не болар, – деді. – Ай мүйізі шарт сынар, – деді. – Бір кісінің анасы өлсе не болар? – деді. – Аймақ көлі суалар, – деді. – Бір кісінің қатыны өлсе не болар? – деді. Шешен айтты: «Қатын екі түрлі дүр, – деді. – Қатыным өлді, қамшым қалды. Қатыным өлді, қалменім бұзылды». – Айса сенің қатының өлді, – деді хан. – Менің қалменім бұзылды, – деп, атты қамшымен ұрды да, шөлге шықты да кетті. Жәнібек хан артынан жүріп алып келді». Қазақ әңгімелерінде де жекелеген сөз, жолдар болмаса, негізі осылай келеді. Ал, соңғы сөзге тоқтала кеткен жөн. Қазақ әңгіме-

лерінде («Жиренше», Ғабдөшев Ғабдалхаким. Қазан. 1909 ж. «Шешендік сөздер», 1967 ж.) «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деп айтылады. Бірақ «қатын өлді, қара орманың бүлінді» деп айтатыны бар. («Қазақ ертегілері», 1-том). Ал, дұрысында осы екеуін қатар айтуы шындыққа сай келеді. Өйткені «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деу оның қайғысы жеңіл деген мағына береді ғой. Қарашаш сұлу жөнінде Жиренше шешен олай демесе керек. Кейінгі айтушылар біреуі: «қамшының сабы сынды» деп, біреуі: «қара орманың бүлінді» деп бөліп айтып кеткен. Шындығында, ноғай халқының әңгімесіндегідей: «Қатын екі түрлі. Қатыным өлді, қамшым қалды. Қатыным өлді, қалменім бұзылды» деп айту ақылға қонады. Осы Жиренше сөздерінің арасында кейінгі екі-үш ғасырда байланыс болмаған халықтарда бірдей келуі шешендік сөздердің тұрақтылығын дәлелдейді. Және сол ноғайлы заманында (ноғай, қазақ бірлігі кезінде) Жиреншенің атынан айтылғанын көрсетеді. Оның сөздері қазақ даласының кез келген түкпірінде, аздаған өзгешеліктері болса да, бір-біріне өте ұқсас келіп, негізінен Жиреншенің атынан айтылады. Жиренше сөздерінің осынша кең таралуына қарағанда бүкіл халыққа әсер еткен, аты шыққан ірі талант иесі. Ендеше, сан ғасырлар сөзі халық аузынан түспеген Жиреншені неге аңыздық бейне деп қараймыз? Неге автор ретінде танылмайды? Осы Жиренше сияқты халқымыздың тарихында терең із қалдырған ірі-ірі шешендерді аңыздық бейне ретінде қалдыруға болмайды. Осы орайда мынандай ой келеді: ауызша жеткен мұраның авторын (өлең, жыр, шешендік сөз) дәл жазба мұраның авторы сияқты айқын білу қиын. Бірақ осылай деп отырып қалсақ, көп нәрсені жоғалтамыз. Сөз зергерлері ғасырлар, жылдар бойына халыққа өзге боп емес, өзі боп, өз сөзімен әсер етіп, халық санасында ақын, жырау, шешен ретінде өмір сүрді, яғни өнердің тірі өкілі болды. Міне, сондықтан да біздің міндет – мүмкіндігінше ақиқатқа жақындай беру, сөз зергерлерінің бейнесін айқындау болуы тиіс. «Жалын» альманахы, 1976 ж. 3-саны. Автордан: Кезінде журнал талабына орай мақаланың қысқарып қалған жерін осы кітапқа қосуды жөн көрдім.

Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі түрк беглері – қазақ билері-
нің арғы атасы. Мұндағы бег сөзі г дыбысының й-ге айналу заңды-

лығы бойынша бей-би болып айтылатын болған. Түрктердің бег сөзінің би сөзі екендігін академик В. В. Бартольд те көрсеткен. Осы бег сөзі жөнінде айтылған пікірлерді екшеп келіп, ол кісі әлгі пікірлердің бәрі бег сөзінің негізгі үш мағынасына келіп тіреледі деген қорытынды шығарады. Сол үш негізгі мағынаның бірі – төреші. Бег сөзі үш мағынасында да көне түркі жазуларында кездеседі деп жазады. (В. В. Бартольд. Сочинения (в 9-ти томах) том 5. стр. 502) Беглер төреші болды деген сөз, олар билік айтқан, шешен болған деген сөзбен бір. Қазақ ұғымындағы би сөзі негізінде төреші деген мағынада қолданылады. Ал В. В. Бартольд көрсеткен алғашқы екі мағынасы, яғни бұқарадан және билеуші династия өкілдерінен өзгеше адам деген және шағын тайпаның не рудың «князі» деген мағыналары қазақ билеріне онша тән емес. Әсіресе, біріншісі сирек қолданылады. Екінші мағынасы рубасы деген сөз ғой. Бұл жерде айтарымыз, кейбір билер әрі рубасы, әрі би болған. Рубасы шешен болып, билік құрып, төрелік айтқан. Сонда би сөзінде осы сөздің екінші мағынасы (рубасы) мен үшінші мағынасының бірігіп келуі көрінеді. Бірақ, қазақ ұғымындағы би сөзінде негізгі, шешуші мағына – төреші деген мағынасы. Түрк қағанаты тұсында шешендік өнер дамыған сияқты. Орхон-Енисей жазулары билердің сөз саптауына жақын... Жазуларда кейде қара сөзбен айтылатын тұстар да бар. Және бір жазудың өзінде жыр ағымы, шешен сөз үлгісі, қара сөздің қабат келуі де билерге тән қасиет. Шешендік образдар да кездесіп отырады. Бұл, әсіресе, Тоңуқуқ (Түрік ғалымы Әли Ульви Элеве Тоң-уқуқ – первый вельможа деген мағына береді деп жазады. Сонда, Тоң – тұңғыш, уқуқ – ақық, яғни асыл зат, асыл зада болар ма екен?!) ескерткішіне тән. Мысалы: Сақунтум: Туруқ буқалу Семіз буқалу Арқада білсер, Семіз буқа, Туруқ буқа, тійін Білмез ерміс, тійін, Анча сақунтум.

(С. Е. Малов. «Памятники древнетюркской письменности»,
1951 ж., 61-бет.)
Ойладым:
Арық бұқаның,

Семіз бұқаның
Артта барын білсе де
Семіз бұқа,
Арық бұқа, деп

Айыра білмес деп,
Осылай ойладым. – деген сөздер,
(«Ертедегі әдебиет нұсқалары», 1967 ж. 46-47 бет) тағы да:
Иуйқа ерікліг топлағалу учуз ерміс

Иінчге ерікліг үзгелі учуз
Иуйқа қалун болсар
Топлағулуқ алп ерміс,
Иінчге йоған болсар,

Узгулук алп ерміс. (С. Е. Малов кітабы, 62-бет)
Жұқаны топтау оңай,
Жіңішкені үзу оңай,
Жұқа қалың болса,

Алып топтайды.
Жіңішке жуан болса,
Алып үзеді, – деген сөздер бұған дәлел бола алады. (48 б.
Ерт. әд. нұс.)

«Күлтегін» ескерткішіндегі мына бір жолдар тіпті таныс.
Түрк будун тоқ
Арық оқ сен
Ачсық, тосық өмез сен

Бір тодсар, ачсық өмез сен. (28-бет)
Түрк халқы тоқсың,
Арық едің сен,
Аштықта тоқтықты түсінбейсің,

Бір тойсаң аштықты түсінбейсің. (29-бет, Ерт. әд. нұсқа)
Ал осы сөздер қазақ халқында:
Аш бала тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала аш болам деп ойламайды, – деген түрде де айты-

лады.

Ескерткіштерде билерге тән ұғымдар да кездеседі. «Күлтегінде» (үлкен жазу) «Іліг тутуп төруг ітміс» деген сөздер бар. Осындағы «төруг ітміс» төрелік еткен деген сөз ғой. «Пәлен бидің төрелігі», «Пәлен би осылай төрелік етті» деген сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетінде көп кездеседі. «Тоңуқуқ» ескерткішіндегі: Біліг есі Чаб есі бен көртум. Ақыл иесі, Сөз иесі мен болдым, (61-бет) – деген сөздер де билерге тән ұғым. Пәлен рудың сөзін пәлен би ұстап келіпті деп көп айтылады. Тұтас шумақтар ұқсастығы, ойлау жүйесіндігі жақындық терең тарихи сабақтастықты аңғартады. Орхон-Енисей ескерткіштерін жазуда билердің атқарған ролі болды. Жазулар тікелей билердің қатысуымен жазылған болу керек. Бәлкім, Білге Тоңуқуқ үлкен шешен би болған да шығар. Оның өзі туралы айтқан сөздері, дәлірек айтсақ, білімділігі, ақылдылығы, «сөз иесі» шешендігі қазақ билерімен ұқсас. Оның қызметі, атқарған рөлі де Майқы би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Бұқар жырауларды еске түсіреді. Біз тек Күлтегін, Тоңуқуқ ескерткіштеріне ғана жүгіндік. Ал бұлармен қатар «Елтеріс қаған», «Мойун Чур», «Білге қаған» (Могилян) және қабір басына қойылған құлпытастардағы тағы басқа жазуларда да қазақ шешендік сөздеріне жақын материалдар мол ұшырасады. Міне, осы материалдарды қазақ шешендік сөздерімен салыстыра отырып, Түрк қағанаты кезіндегі шешендік өнердің даму дәрежесін мейлінше айқындаған жөн. Және тікелей түрк шешендік өнерінен қазақ шешендік өнерінің дамып шығуына баса назар аударылуы керек. Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа... Екеуі де авторы қайтыс болғаннан кейін жеткен, тапсырып кеткен аманаттай кейінгіні ойға қалдырып, аласапыран сезім толғанысына түсірген әрі өзгеше, әрі бір-біріне жақын дүние. Бірі – Қасым Аманжоловтың «Өзім туралысы» да, екіншісі – Мұқағали Мақатаевтың «Реквиемі».

«Өзім туралы» жазылғанына жиырма жылдан асып бара жатса да, мәні кемімек түгіл, күннен-күнге қызуы артып барады. Әдебиетшілерді былай қойғанда, бұл өлеңді білмейтін оқырман жоқ деуге болады. Осы ұлы тіршілік жырында ең өзекті мәселелердің бірі – өмір мен өлім күресі, өмірдің мәні қойылған. Ақын өлең, поэзия тілімен үлкен азаматтық, философиялық толғауында өмірге ой жүгірте отырып, терең түйіндер жасайды. Өмірмен қоштасу, өлімнің ащы зарын да өзіне тән ерлікпен ашық жеткізген. Дариға, о дариға, шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн, дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай, Жүзіңде шалқып тұрған күлкім, дәурен. Осы секілді жаныңды сыздатар жыр жолдары көптеп кездеседі, оларды тебіренбей оқу мүмкін емес, өйткені өзекті жанның бәріне де ортақ нәрсе бұл. Табиғат заңы – тумақ бар да, өлмек бар, дүниеге келу – қуаныш, бақыт болса, дүниеден кету трагедия емес пе? Әлмисақтан белгілі бұлжымас қағида болғанымен, сезімтал жүрек езіле ауырып, буырқанады. Бірақ табиғат заңын өзгерте алмайсың. Ақын мұны мойындай отырса да: Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік, – деп өмірден түңілмейді. Ол өз өмірінің мәнін әділдіктен, адалдықтан іздейді, үмітін келешекке артады. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп. Күніне жүз ойланып, мын, толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Ақынның мәңгілікке ұмтылуы, рухының, өлеңінің өлмеуіне, өлімді жеңуге ұмтылуы осы. Әрине, бұның бәрі бұрын айтылмаған сөз емес. Мәңгілікке, өлімді жеңуге талпыныс – адамзаттың ежелден келе жатқан қасиеті. Мәңгілік мәселе, кез келген жүректі тебірентер, толғандырар мәселе. Ақын сол толғанысын бізге өз үнімен жеткізіп отыр және қалай десеңізші! Әсіресе сезімнің күштілігі

терең ойды діттеген жеріне жеткізеді. Образдары керемет – айнақатесі жоқ ақынның өзі, өз жүрегінің лүпілі. Ол өлім трагедиясынан өмірдің жарқын жырын шығарады. Жырдың өне бойы әділдікке, адалдыққа құлшыныс әуеніне толы. Жан-жүрегіңді сілкіпсілкіп алып, мына өмірдің қыр-сырына тереңірек үңілдіретін, тазартатын, жақсылыққа ұмтылдыратын қуат сонда қайдан келген? Бұндай адал сыршылдық, әрине, тек Қасымдай ақындық қуатқұдіретімен ғана келмек, оның түп тамыры, сайып келгенде, өмір мен өлімді тұтас, бар қайшылық тартысымен қоса қамтып, қасірет, қуаныш атаулыны мейлінше табиғи жырлай білуде жатыр. Жырдың қайғылы тұстарын алып тастаңызшы, не қалар екен? Анық байқалатыны – өлеңнің жандылығы. Ол өзінің даладай дархан табиғилығымен, кең тынысымен жүрегіңді баурап алады. Бұнда біресе қайғыру, біресе қуану, тағы да күдік, тағы да сенім бар, айна-қатесіз өлеңге түсе қалған жан-дүние арпалысы, өмір жолындағы, өнер жолындағы ізденістің әр сәті, сол сәттегі жүрек лүпілі. Осы күйінде ол сені мына ұлы, кең өмірді аралатып алып кетеді, өмір мен өлімнің сырын шерте келіп, таудан құлаған қуатты селдей тіршіліктің жарқын жазығына алып шығады. Өлең аяқталмай қалғандай әсер етеді, бірақ ол дәл осы күйінде нағыз біртұтас, айтарын айтып, жеріне жеткізіп кеткен шығарма, бұлдыр тұманды жарып кең өмірге шыға келеді, ары қарай да өмір мен жырдың таусылмасын айқын сезініп, бойыңа қуат біткендей болады. Жігеріңді қайрап, қысылғанда күш береді, өмір салтанатын, жарқындығын жырлайды. Иә, қазақтың Қасымы дүниеден өтті, бірақ құлаған жоқ, жарық дүниемен ғана қош айтысты, ал өлең – өнер өмірі үзілген жоқ. Өр ақын, өрт ақын соны біліп кетті, кейінгіге сенімін артып кетті. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың?! Сондай Қасымдардың бірі – Мұқағали еді. Ақын творчествосы жөнінде әлі талай сөз айтыла берер, ал біздің тоқталғымыз кеп отырғаны – тек соңғы жыры. Бұл жыр жарияланғаннан кейін, кейбір жолдастардан әлдебір тосырқау, тіпті жабырқау сөздер естіліп қалды. «Өлімді жырлап-

ты... Сезген ғой...» дегендей, өр ақынның өкініш, уайымы емес пе деп аяғандай. Солай ма екен? Алдымен, ауру меңдеп ажалмен арпалысып жатқан ақынның көңіл-күйі, әрине, өлең болмысына қатты әсер еткен, сол жүдеу тартқан, жабырқаңқы кезіндегі жүрек сөзі бұл. Сары уайымға салынып, дүниеден түңілген боркемік жанның мұңы емес, әрине. Жо-жоқ, бұл өр ақынның қыран қабақ, кең қанатты жан жыры. Моцарт музыкасына жүгініп, оны өзі айтып кеткендей, қазақ ақынының көзімен көріп, көңілімен толғауы өз алдына бір жаңалық. Пушкиннің «Моцарт пен Сальериінде» Моцартқа реквием жазуды тапсыратын қара киімді белгісізден басталып қоя беретін Мұқағали жыры бірінші шумақтан-ақ терең қасірет лебін сезіндіреді. Міне, Моцарт рояльға отырады. Аза бойыңды қаза қылып, музыка үні естіледі. Алыстан жеткен сарын әлдебір сыр аңғартқандай. Тебіреніп, Моцартты тыңдап отырғандай әсер аласың – өнерді өнердің жаңғыртуы бұл. Өмірді мынау азалы ауыр үн басты, Күйзеліп, жәйлап, өмір мен өлім сырласты... «Реквимнің» көкейкесті, өзекжарды мәселесі осы екенін бірден аңғарасың. Одан ары осы сырласу басталады. Бұның бәрі Моцарт музыкасын әншейін өлеңмен баяндау емес, Мұқағалидың өз жүрегімен қабылдауы, өз жүрегімен қайта бір толғауы, түптің-түбінде өз үні, өз жыры. Төбе құйқаңды шымырлататын табыт үні – өлімнің ащы зары. Мұнда сұп-суық табыт, яғни өлінің өзі сөйлеп тұр. Әрине, бұл тірінің өлім туралы ойлауы, өлімді көзіне елестетуі, бірақ ақын соны тура өлінің атынан жеткізген. Керемет, сұмдық образ. Өлінің тірілерге сәлеміндей, тілдесуіндей, аманатындай естілетін мына жарық дүниеге деген сағынышын тебіренбей оқу мүмкін емес. Мен сені сүйгем, Жаныммен сүйгем, жарық күн! Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың. Ақ сәулең сенің аймалап мені, Жарық күн, Тұрған да болар, үстінде мынау табыттың. Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың, Сезгемін, білгем Мен үшін бір күн тынарын.

Тастама мені,
Тастама мені, шырағым,
Шуағың түссін,
Шөп болып мейлі, шығамын.

Қабырғаңды қайыстырар қасірет қой мынау! Бірақ, дүниеден
түңілу, лағнет айту ма? Жо-жоқ, өмір деп үздіккен, «бір күндік
сәулеге» зарыққан ғашықтық, шексіз құштарлық қой.
Табыт үнінде тек осы құштарлық қана емес, тірілердің ойына

от тастау да бар:
Өлгеннен сұра дер едім
Тірі жандарға
Өмір дегеннің не екенін.

Өмір дегенге
Тірлікте сірә жетер ме ой,
Жарық сәуледен басқаның бәрі – бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой!..
Тамшыдай ғана нұрына, міне, зарықтым,
Өмір осы екен, сырына, міне қанықтым.

Жаса сен мәңгі!..
Жаса сен мәңгі!
Жарық күн!
... Табытпын, табытпын, табытпын...

Оқып отырған сәтте-ақ, көңілің алас ұрып: «Апырмай, өмірдің,
мына жарық күннің қадірін түсінбей жүрдім бе?» деп күдіктенесің,
оның соншалықты ыстық, тәтті екенін жан дүниеңмен сезініп, қа-
дірін ұғынғандай боласың, тірлікке ой жүгіртесің. Ары қарай:

«Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой» дейді ақын. Бұл не
сөз? Тағы да сөзбе-сөз, жабайы түсінбей, ақын сырына үңіле қа-
райықшы. Бұл арқылы күн сәулесінен, яғни табиғаттан, табиғи
тірліктен басқаның бәрі бекер деп тұрмаған болар. Жарық, сәуле

дегенге ақын үлкен, терең мағына сыйғызатын тәрізді. Жарық...
Сәуле... Екеуі де жүрекке ыстық сөздер емес пе? «Жарық сәуле»
жарқындық, жақсылық дегенмен мағыналас жатыр. Бұған әсіресе,
«Жетімдер үнін» оқығанда көз жетеді. Әлгінде ақын:

Өмір дегенге Тірлікте сірә жетер ме ой, – десе, мұнда: Тіршілікте біреуін біреу күндер, Бізге жат өлі кімдер – Тірі кімдер. Жиылып, жер шарының жетімдері, Алдында Ақиқаттың бірігіңдер! Міне, ақынның позициясы, тірілерге айтып кеткен өсиеті. Бекер ғой, бөтен ғой дегені – өмірдің ласы. Жарық сәуле – жарқындықтан, жақсылықтан басқаның бәрі бекер ғой! «Табыт үнінің» аяғында «Жаса сен, мәңгі, Жарық күн!» деген жолдар ақын жүрегін жарып шыққан ұраны десе де болады: бұл ұлы өмірге қол соғу, тіршілік гимні. Сол сәтте-ақ «Табытпын, табытпын, табытпын» деген қайғы-мұң қоса жүр. Бұл «біттім, біттім, біттім» дегендей естіледі. Бұнда да өмірді қимау, қайғы бар. Бірақ ақын рухы күйремеген. Жо-жоқ, осынша қасіретке, сағынышқа, ғашықтыққа толы «Табыт үнінің» өзінде ақын рухы қалың мұң арасынан айдай айқын аңғарылса, «Халық үні» бөлімі – оның өзіне-өзі күш беруі, болашаққа үмітін артуы. Ақын өз жырының өлмесіне сенеді: Болашақ дүниеге шыр еткенде, Бір ұрпақ бір ұрпаққа іліккенде, Аспалы көпір болып қаларсың сен, Жалғайтын жүректерді жүректерге. Қайырымсыз қазаға елің бас ұрмайды, Саған деген сағыныш басылмайды. Табытыңды жасырса жер жасырар, Ал уақыт өзіңді жасырмайды... «Өзім туралымен» үндесіп, сабақтасып жатқан осынау сенімге, ерлікке толы ақын сөздері, өзіне-өзі айтса да, ақиқат екені аян. Ол өз көшінің, өлең көшінің «жер бетінде тоқтамасына», «Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттағанына» сеніп кетті, кейінгіге сенімін артып кетті. Бұл тек ақынның өзіне-өзі күш беруі емес, халқының өнерді құрмет тұтарына деген сенім. Келесі «Жесірлер үні», «Жетімдер үні» бөлімдері де трагикалық ойшылдығымен ерекшеленеді.

Дерт меңдеген ақын өз жесірінің, өз жетімдерінің халін көз ал-
дына елестетіп, қабырғасы қайыса егілген секілді. Алайда, бұнда
да жеке шаңырақпен шектеліп қалмаған, өзіне тән машығымен мә-
селені жалпы адамдық дәрежеге көтерген.

Жалған да – жалған Жалғанда,
Жесірден мұңлық жан бар ма? –
дегеннен-ақ көз алдыңда шашын жайып жесірлер атаулы тұра қа-
лады.

Ал жетімдер үнінен ақынның өзіне тән азаматтық үні мейлін-
ше айқын естілген.
Біздер жетімдерміз!
Жетімдерміз,

Жетім болып жүріп-ақ жетілгеміз.
Дөңгелек жердің шарын допша қуып,
Мазасын тіршіліктің кетіргеміз.
Мәселені осылайша күллі адамдық жүлгеде қою тек Мұқағали

сынды талантты ақынның ғана қолынан келмек. Бұнда жетім атау-
лыға, әлсіз атаулыға көрсетілген жәбір, әділетсіздікке жаны шыға
шырқыраған ақынның нәзік жүрегі бар, бүкіл жер шарында, бүкіл
адамзат бойында әділет пен ақиқаттың салтанат құруына ұмтылу

бар, тірілерге айтып кеткен өсиеті, азаматтық үні бар.
Поэма – элегияның соңғы бөлімі «Бесік жырында» да мұң, та-
биғат заңына бойсұну көрінеді, бірақ өмірден түңілу жоқ.
Әлди, әлди, ақ пенде,

Тыныштық тауып жат менде.
Өмірді қандай сыйласаң,
Өлімді сондай жат көрме!
Бауырыма мәңгі сақтаған,

Әлди,
Әлди,
Ақ балам...
Әлди...

Әлди...
Әлди-ай!
Өмірге ғашық нар ақын осылай деп үзіліп кетті. «Әлди-ай» –
соңғы сөзіндей, соңғы күрсінісіндей. Бала күннен бесік жырымен,

ана сүтімен қанымызға сіңген қазақтың қасиетті сөзі – «әлди-
әлдиіне» ақын қаншама сезім, қаншама мағына сыйғызған!

Поэма өлеңдік құрылысы, жалпы композициясы жағынан өзгеше дүние. Бірақ ол ғайыптан келген нәрсе емес, Мұқағали творчествосының заңды жалғасы. Азаматтық өр үн бұнда да айқын естіледі. Элегияны оқып шыққаннан кейін, ерте кеткен ақын тағдырын ойлап күрсінсек те, өлеңімен қазақ әдебиет тарихында өшпес із қалдырған Мұқағали Мақатаевқа өз сөзімен былай дегіміз келеді: Біз сенімен, Сен бізбен қанаттандың, Қанаттанып халқыңа нәр ақтардың. Сенің көшің тоқтамас жер бетінде, Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттандың. Әрине, суық қайғы, суық кайғы, Көңілін халқың бірақ суытпайды. Егер де халық өзін ұмытпаса, Бақыл бол, халық сені ұмытпайды! Қасым мен Мұқағали жырын қатар оқып, екі туындыны ұқсас десек – бұл тегін емес. Осынау кесек тұлғалы екі ақынды бірбіріне теліп, тепе-теңдік белгісін тік сыза салу да мұрат емес. Кез келген адам байқарлық бір-ақ нәрсе – екі жырдың өлеңдік құрылысы да, тіл бояуы да бір-біріне мүлде ұқсамайды. Екеуі екі басқа дүние, екеуі де өнердің екі түрлі озық үлгісі. Екі ақынның да айна-қатесі жоқ өз үні, Қасым – Қасым да, Мұқағали – Мұқағали. «Өзім туралы» өртке тиген дауылдай» болса, Мұқағали жырында «Өмір мен өлім күйзеліп, жайлап сырласады». Бірақ бұл жырлардың үндестігі тереңнен тамыр тартады, көзге көрінбегенмен, жүрекке барар қан тамырлары байланысып жатыр – қос жүрек бірге, бірдей соғып тұр. Жырлар сарыны ұқсас, өлмес рухы ұқсас, ой тереңдігі, сезім сыршылдығы ұқсас, өмір трагедиясынан үлкен оптимистік, ерлік қорытынды шығаруы ұқсас. Екеуі де өлімді өнерімен жеңуге ұмтылған өр ақын жыры, терең ойға қалдыратын өмірге ғашықтық жыры. Шынында да, мына өмір кімнің басынан өтпеген? Біреуге ерте, біреуге кеш. Бесенеден белгілі осы ащы шындық екі жырды оқығанда көңіл көзіне айқын көрініп, өз салмағын сезіндіріп кетеді. «Жаспыз ғой»... «Алыста ғой...» деп жүрген тоқ көңілге қозғау сала ойландырады. Япырмау, бүгінгі тірлігің, қуаныш-күлкің... Қас-

қағымдай өте шығар думанды өмірдің мәні неде сонда? Не үшін
өмір сүріп, нені мұрат тұтамыз? Адам баласын мәңгілік толғанды-
рар мәңгілік сұраулар өзінің бүкіл болмысымен, бүкіл жұмбаққа
толы ұлылығымен алдыңнан тағы шығады. Аттап, елемей кете ал-

майсың, ол тек қас наданның ғана қолынан келмек. Тек өз өмірің
емес, жалпы адам баласының, адамзат тағдырының мәні неде? Сан
ғасырлар бойы алға ұмтылып, қараңғылықпен күрескен, сол кү-
рестерде өзінің ардақты ұл-қыздары дүниедегі ең қымбаты – өмі-

рін құрбан етуге дейін барған адамзат мұраты не сонда? Ұлы рево-
люцияларда, кешегі соғыстарда өлімге қасқайып қарсы тұрған
қыршын жастарды алға бастаған не? Тек өзінің ерлігін паш етіп,
адам атын ақтап кету ғана ма екен? Бәрі де, дүниедегі әділ күрес

атаулының бәрі де адамзат бақыты үшін, жарқын болашағы үшін,
жақсылық, әділеттік үшін. Бүгінгі ізгі жүректі адам атаулының
ұмтылары да, тілек-мүддесі де осы.
Қасым айтады ғой:

Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз,
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.

Иә, өмір өтеді – ол табиғат, диалектика заңы. Бірақ ұлы сапар –
Адамзат сапары бар, бақытқа, әділетке бет алған сапар. Сол сапар
мәңгі. Ал жеке адам – сол сапардың бір өрісін іске асырушы, атқа-
рушы. Оның өмірдегі белсенді күрескер екендігі айқын. Өзінің бү-

гінгі бақытын ғана місе тұтпай, жаңа жеңістерге алға ұмтылады.
Озық ойлы біздің замандас осындай.
Қасым мен Мұқағали жырын оқығанда сан-сала ойға қалып,
телегей-теңіз сезімге шомыласың, өлгің келмей кетеді, өмір саған

ыстық болып көрінеді, алдыңда ұзақ өмір жолы барын ойлайсың.
Рас, кез келген адамға ақын болуды жазбаған, бірақ әңгіме онда
емес. Мейлі, сен ақын бол, мейлі шопан бол, мейлі шахтер, мейлі
жұмысшы, мейлі ғалым – қай мамандық иесі болсаң да, өзіңнің

адам атыңды ақтауға міндеттісің. Еңбегіңмен де, адамгершілік,
арыңмен де.
Адамзат болашағы үшін, бақыты үшін күреске шақыру жақсы-
лық үшін күрес рухы – гуманистік өнердің табиғатын, бүкіл бол-

мысын айқындайтын ең басты белгісі. Тарих алдында өзінің ұлы-

лығын дәлелдеген нағыз гуманистік бағытқа қарама-қарсы ізгілік
атаулыға зәрін шашқан сан түрлі бағыттар да жетіп жатыр. Оларға
тән белгі – адам өрлігін, ерлігін, адамдығын аяққа басу, өмірден
безіну, күрестен қашып, бейжайлық, бейшаралықты жырлау. Бұл

ретте сары уайымшылдығымен, қаратүнектігімен айрықша көзге
түсетіні – капитализм елдерінде кең таралған экзистенциализм.
Олар дүниеге өлім позициясынан, көрден қарайды, адам қасие-
тін қор еткен, болашағы бұлдыр қоғамда тұйыққа тірелуден, торы-

ғудан туған тарығуды жырлайды.
Экзистенциализмнің қыр-сырын ашып, оны теріске шығарған
ғылыми еңбектерді айтпағанда, социалистік реализм туындылары-
ның өзі өмірді сүюге шақыратын ерлікке толы рухымен, бүкіл

болмысымен бұл бағытқа қарсы тұр. Алайда, тікелей өмір мен
өлім күресін көтерген шығармалардың бұл бағытпен айтысқа тү-
судегі, оны теріске шығарудағы орны ерекше. Сондай туындылар-
дың қатарынан Қасым мен Мұқағали жыры қастерлі орын алуға

лайықты.
Екі жырды да біз тек өмір туралы, адам туралы толғау деп қана
қарамай, жат көзқарасқа да қарсы соққы десек, бұл жасанды қарсы
қою емес. Бұл көзқарастардың өз табиғатынан, қайшылығынан

туып отыр. Және де осы айтыс-тартыстың зор өмірлік мәні бар.
Бұл – өмір, адам туралы, өмірдің мәні туралы ымыраға келмес көз-
қарас тартысы. Қасым мен Мұқағали поэзия, өнер тілімен, ақын-
дық өр рухпен олардың бас қаруы – адам өледі, сондықтан бәрі

бекер деген пікірін сол өлімнің өзін жырлау арқылы талқандап
отыр. «Иә, мырзалар, сіздер адам туралы былай дейсіздер, ал біз
былай дейміз».
Рас, адам өледі, – дейді олар өрлікпен. Бірақ:

«Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін!»
Басқа жауап болуы да мүмкін емес. Өмірде екі-ақ жол бар: не
өмірде мән жоқ деп сары уайымға салынып, азып-тозу, не өр рух-

пен Адам атыңды ақтап жеңіске ұмтылу, жету. Алдыңғысы тұман-
ды теңіз өрінде адастырып, жарға соғар жалған шырақ та, соңғысы
өмірдің жарқын, бақыт жолына, шексіз ерлік көкжиегіне бастар
жарық жұлдыз, Темірқазық.

Бұл жырлар тек қазақ әдебиетімен, бүгінгі күнмен ғана шектеліп қалатын дүниелер емес. Бұл – жалпы адамдық мәні бар жырлар. Кез келген адам, қай ғасырдың, қай ұрпақтың, қай халықтың адамы болмасын, осы екі жырды оқыған, сезінген сәтте жандүниесі бір сілкініп, өзіне, өмірге ой көзімен, ар көзімен бір қарар. Жауыннан кейінгі жасыл желектей тазарып, тіршілік қадірін, құдіретін тереңірек түсінер, сөйтіп Адам атын биік ұстар. Бұл жырлар жаттық, жатырқауы жоқ, кез келген ақ ниетті адамның жүрек сөзі, өз жыры, «Өзім туралысы» болуға лайық. Өйткені бұлар – мәңгілік өмір жыры! Бұл мақала 1977 жылы «Лениншіл жаста», 1978 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Уақыт және қаламгер» жинағының 6-кітабында жарияланған. ЖарықтықҒафекең Жарықтық Ғафекең, Ғафу Қайырбеков адамның бір дүлділі еді. Түр-тұрпаты құлан сияқты болып көрінетін маған. Аңызға ден қойсақ, Құлагер көкке шапшыған көркем жылқы болмаған. Салбырап, бойын жасырып тұрады екен. Ғафекең де топқа түсерде шаршаңқылау қалыпта елеусіздеу тұратын. Апырмай, қалай болар екен деп қасына барып қалсам: – Айналып кетейін, Баяшым, менің арқам бар ғой, топты көргенде дүр ете түсіп, көтеріліп кетемін ғой! – дейтін. Содан ортаға шығады... Ақ самалдай аңқылдап, ақ сұңқардай саңқылдап, ағыла сөйлеп кеткенде жұрт ұйып тыңдайтын. Шап-шағын тұлғасына біткен неғылған зор дауыс, неғылған мол қуат! Бір қызығы, таңды таңға ұрып, талмай сөйлесе, түбі көрінбейтін терең еді. Өзін де, өзгені де көтере сөйлейтін биік еді. Ойлы сөз Ғафекеңе әуеден келіп құйылып жатқандай көрінетін... Қанша сөйлесе де жұрт жалықпай тыңдап, тағы да айта түссе екен деп, бір рақат күй кешетін.

Қазақтың табиғи шешендігін қадір тұтқан небір зиялы заңғар-
лардың өзі риясыз көңілмен: «Сөйлесе Ғафу сөйлесін!» деп сүйсі-
ніп, таңдай қаға тыңдаушы еді.
«Мұндай да адам болады екен-ау, ә!» деп, бір көргендер бір

жасап қалатын.
Негізі, ақын сөзінің түбін ағын сөзімен байланыстырады ға-
лымдар. Шынында, ағын су, өмірдің ағыны, энергияның ағыны,
ғарыштық ағындар деген қандай қызық әрі киелі ұғымдар!

Ағын суда арамдық болмайды деген атам қазақ!
Шалқар ойларды орайын келтіре, шырайын кіргізе шарықта-
тып, шуақты күлкісі ізгі сезімдерді оятып, кісілік болмысы адам-
ның қашанда адам екендігін еске салып, жанталасқан жалғанда

жан жылуын молынан төгіп, жан-жағын жадыратып жүретін еді
жарықтық!
1992 жылы Кенесары ханның 190 жылдығында Көкшетауда
үлкен жиын, конференция болды. Ғафекең дәл сол кезде Бурабай-

да, Оқжетпес санаторийінде Бәдеш апаймен бірге демалып жатыр
екен. Кенесарының хабары құлағына тиген соң конференцияға
келді. Хан демекші, Кеңес заманында «Басқаның патшалары бәрі
жақсы, біздің хандар қалайша жаман болған?!» деп өлең жазып,

сол үшін біраз дауға қалған Ғафекең, енді тәуелсіз ел болып отыр-
ғанда, қалай үндемей қалсын?!
Конференцияға дайындалып келген небір ығай-сығайлар та-
маша сөйледі.

Бірақ, ең керемет сөзді демалыс үйінен келген Ғафекең айтты:
«Кенесары қазақтың ең соңғы ханы – одан кейін қазақтың жеке
хандығы біржола құлап, отар елге айналған!
Кенесары қазақтың ең бақытсыз ханы – хандығының рақатын

көрмей, азабын тартып өткен!
Кенесары қазақтың ең батыр ханы – басқаны қойып, алып им-
перияның өзімен алысқан! – деп, хан тағдыры мен халық тағдырын
тарата талдап, тереңнен толғай келіп: «Кенесары – халқының азат-

тығы үшін құрбан болған қазақтың ең сүйікті ханы! Әйтпесе, осы
күні қай бастық халық үшін басын беріп жатыр?! – деп, прези-
диумға бір қарап қойып, ағыла берген...
Біржан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестивалін-

де, 1994 жылы Степняк қаласында, Ғафекең тағы да Оқжетпестен
келіп, қазақтың әнші-ақындық, сал-серілік дәстүрі туралы ой ұш-

қындарын жарқырата шашып еді. Даңқты әнші-композитор-
ақындарды әспеттей келіп: «Біржан сал – солардың бәрінің ұстазы,
әкесі!» деп, бір-ақ түйген...
Жезқазғанға бір шығармашылық сапармен барғанымда ақын,

тарих зерттеушісі Қуаныш Ахметов екеумізді ақын ағамыз Сай-
лаухан Нәкенов қонаққа шақырды. Дастархан басында сөзден-сөз
шығып, Сайлаухан аға бір әңгіме айтты.

– Бір жолы Алматыда бір топ ақын – Мұқағали, Шәміл, Сағи,

тағы біраз ақындар бар, бәріміз Көктөбеге барып, думандатып
отырдық. Дастархан басында Ғафекең ағылып, жалғыз өзі сөйледі.
Біраздан соң бір шаруалары болып, ертерек кетіп қалды. Содан
кейін ғана басқалар сөйлей бастады. «Ғафудың алапасы артық

қой!» – деді Мұқағали. Аруағы күшті дегені ғой! – деп, Сәкең бір
сәт үнсіз қалды...
Шынында да, жарықтық Ғафекең қызық адам еді. Ол кісінің
өлеңі де, өмірі де тұнып тұрған поэзия болатын. Поэзиядағы ақын-

дық әлемін біз әлі толық танып, түсіне қойған жоқпыз. Көбіне
ұтымды, тапқыр сөздерін қағып алып жүрміз. Ал арғы иірімдеріне,
ақындық қуат-қайнарына, поэтикалық байлығына, ой-сезім әлемі-
не тереңірек бойлап көрсек, табиғи қазақ жырының тұңғиық сыр-

ларына қаныға түсер едік. Ғафекеңе тән туа бітті төкпелік жазба
поэзияның биік те нәзік әуенімен үйлесіп, жарасым тапқан кезде
өзгеше бір сарын, ерекше бір дүние жаратылатын.
Мен ол кісінің өн бойынан есіп тұратын ежелгі эпостардың,

дала жыраулары мен шешен билерінің, ақпа-төкпе ақындарының
ағыл-тегіл энергетикасын, алаш арыстары мен алыптарының ақыл-
ой қуатын, дәстүр-тағлымын сезінетінмін.
Бірде музейден Гетенің бюстін көргенім бар. Бір жақын ада-

мымды көргендей күйге түстім. Иә, «мұнда да отыр Ғафекең!» –
деп, Жарасқан Әбдірашев әзілдегендей, біздің Ғафекең бір қыры-
нан қарағанда тіпті Гетенің өзіне де ұқсап кететін!
Өмірге ақын болып туған талант нағыз ақын болып өтті!

Пенде ғой кісі
Кей-кейде шенді көздедім,
Болсам деп бірі,
Биікте жүрген өзгенің,

Есімде менің
Сол арманға да жақындап,

Бола да жаздап
Болмай да қалған кездерім!

Қосақтап саған Дүниенің өзге кәсібін, Таппаспын опа, Осы ғой менің жан сырым, Өтермін сені, Өтермін сені ардақтап, Өлеңім менің – Өмірдей ынтық ғашығым! – деп, өзі айтқандай, оның поэмалары, өлеңдері барша қазақ баласына танымал болды. Ол бүкіл қазақ даласын жырлады, барған сапарынан жырлар топтамасын, тіпті кейде тұтас кітапты төге салатын. Көкшетаудың көркі мен серілерін, Маңғыстаудың мұңы мен мұнараларын, Алатау мен Алтайдың ақиықтарын жырлады, туған жері Торғайдың қасиетті топырағына тәу етті. Мәшһүр Жүсіптің кесенесінде Ғафекеңнің «Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп!» деген бір ауыз өлеңі тасқа қашалып жазулы тұр. Ал қазақ поэзиясы тарихындағы ең көркем шедеврлердің бірі «Ана туралы жырына» баға жете ме! Шәмші Қалдаяқов екеуінің тағдыр үндестігінен, талант үйлесімінен туған таңғажайып ана жыры – анадан туған адамзат барда шырқала беретін асыл дүние! Соғыстан кейінгі кездің кең таралған махаббат әні – «Алматыда көшесі бар Гогольдің...» деген өлеңі ЖенПИ-дің қыздарына, оның ішінде тұп-тура Бәдеш апамызға арналған. Ал, Бәдеш апай екеуінің махаббат сезімі, бір-біріне деген ілтипат, құрметі жастары ұлғайған шағында да әдемі әзілден, көзге көрінбес нәзік иірімдерден үнемі, үзілмей, үздіксіз есіп тұратын... Бір жолы бір беделі зор баспа Ғафекеңнен жастарға өнеге ретінде үлгілі отбасы туралы публицистикалық толғау, очерк сияқты кітап жазып беруін өтініпті. Ал, ол кісінің ақындық шабытпен жазған кітабы шын мәнінде өміршең махаббат тарихын көркем бейнелеген дидактикалық повесть, педагогикалық поэма болып туа қалған. Мен ол кезде «Жұлдыз» журналының проза бөліміндемін, ағамыз журналға ұсынған қолжазбасын алдымен маған оқытты. Оқып біткен соң жақсы пікірімді айта келіп:

– Мына Бәден деген кейіпкеріңіз Бәдеш апамыздан аумай қалыпты, ал анау Әбу деп отырғаныңыз өзіңіз емес пе?! Бұл шығарма сіздердің махаббаттарыңыз туралы баршаға әсерлі, әсіресе қыз балаларға тәлімі мол көркем дүние болып шығыпты! – дегенімде: – Сен оны қалай байқап қойдың, ә?! – деп кәдімгідей толқып кетті. – Менің Бәдешті қалай жақсы көретінімді білсеңдер ғой, шіркін! Айтса айтқандай, Бәдеш апамыз қазақ қыздарына үлгі болатындай көргенді, көрікті, көрнекті кісі, Сәбеңнің, Сәбит Мұқанов атамыздың ардақты зайыбы, ғасыр жасаған Мәриям апамыздың өнегесін алған, жолын жалғастырушы аяулы қазақ аналарының бірі! Жалпы, Ғафекеңнің отбасынан да, өз басынан да ақындық пен адамгершіліктің қазақы дәстүрі анық байқалып, жаныңды жылытып тұратын. Бір жолы бір жастардың тойына баратын болып, Бәдеш апай тойға апаратын сыйлық іздеп, бөгеле берсе керек. Сонда Ғафекең: «Бол, кеттік енді, білген адамға мен өзім падаркі емеспін бе!» – деген екен... Өмірдегі осындай қызықтарына қарап отырып, байырғы араб, шығыс елдерінің шалқып өткен шайырлары мен көне дүние – Европаның бекзада ақындарының аңыз боп кеткен ғажайыптары Ғафекең болып, біздің заманға көшіп келіп, қасымызда жүргендей көрінетін. Ол кісі тіршіліктің әрбір сәтін, тіпті, шарап ішудің өзін керемет өнерге, поэзияға айналдырып жіберетін. Ғафекеңді көргенде жабырқап жүрген жандардың өзі бірден жадырап, өз-өзінен күле бастайтын. Өйткені Ғафекең ақын ретінде ғана емес, адам ретінде де талант еді! Қалижан Бекхожин жетпіс бес жасқа толарда ғалым Әбділхамит Нарымбетов мақала жазып әкеліпті. Мен онда сын бөліміндемін, мақаласын оқып шықтым. Негізі дұрыс, Қалекеңнің өмір жолы, өлең-поэмалары түгел қамтылған. Бірақ, хрестоматиялық ыңғайда жазылған, ғылыми кітапқа лайықты болғанымен, журналға, мерейтойлық мақалаға келіңкіремейді. Жастығым ғой, мен осы пікірімді Әбекеңе тура айта салайын! Жасы менен көп үлкен кісі қызараңдап, ренжіп қалды да, екеуміз сөзге келе жаздадық. Әбекең қолжазбасын алды да шығып кете барды. Сәлден кейін редактор шақырады. Барсам Әбекең отыр. Бекежан ағамыз жұмсақ мінезді кісі еді ғой, биязылап менен жағдай сұрады.

– Иә, Баянғали, Әбекең ренжіп келіп отыр, мақаласын неге дайындап бермейсің? – деді. Шегінетін жер қалған жоқ, «Әбекеңнің мақаласы журналға жарамайды!» – дедім. «Сен маған қалай жазуды үйретейін деп пе едің?!» – деп Әбекең қып-қызыл болды. «Үйретпеймін, бірақ бұл күйінде жарамайды!» – деп мен де қайнап тұрмын. Екі ортада Бекең ыңғайсызданып отыр. Сол кезде Ғафекең кіріп келді! Есіктен кірген бойда жағдайды айтпай түсіне қойды. Бірден төрге озды да: – Айналып кетейін, Әбеке, сен дейтін доктыр наук, прапессір, қазақ әдебиетін, соның ішінде Қалекеңнің шығармаларын көптен зерттеп жүрген адамсың, о кісі туралы сенен артық кім жазады? Мына әкелген мақалаңыз бізге таптырмайтын дүние! А бірақ... мен жаңа Қалекеңмен сөйлесіп келдім. Біз жетпіс бес жылдыққа өзінің бір топ жаңа өлеңдерін және бес-алты бет Хамаңның, Хамит Ерғалиевтің құттықтау сөзін беретін болдық! Баяғы жағдайдан кейін ақсақалдардың бұлайша жарасып жатқандары тіпті дұрыс боп тұр! Ал, сен мақалаңды басқа жерлерге апарсаң, қуана-қуана басады ғой! –деді. Бәріміз де жадырап сала бердік. Бекең жымың-жымың етеді. Әбекең күлімдеп, «е-е, бәсе!» – деп, бізбен қол алысып, татуласып, қолжазбасын көтеріп кете барды. – Әне, мен болмасам, бір төбелестің үстінде отыр екенсіңдер! Айналып қана кетейін, Баяшка, мен жүрген жерімді өстіп жарастырып жүремін ғой! – деп, бір күлдірген Ғафекең. Бір жолы Тұрсын Жұртбаев бір жақсы повесть жазып, «Жұлдызға» ұсынады. Біраз уақыт өткен соң, повесінің жайын сұрамай ма? Сөйтсе Ғафекең: «Сен бір ғаламат повесть жазған екенсің, соны қол қойып, нөмірге жіберейін десем, рүшкі ұстауға әлім келмей отыр!» – депті. Повесі мақталған соң Тұрсекеңде тұрыс бола ма, «Қаламгер» кафесіне Ғафекеңді алып келеді. Біраздан соң Ғафекең темекісін рақаттана бұрқ еткізіп қойып: «Айналып кетейін, Тұрсынжан, баяғыда біткен шаруа ғой – повесің баспаханаға кетіп қалған!» – деп қарап отыр дейді... Не деген тонкий, емкий юмор! Басқа біреулер болса: «Ауырып тұрмын, басымды жаз, повесіңді жу, жолын аш», – деген сияқты бірдеңелерді айтып, сөздің құнын кетірер еді-ау! Осындай әдемі күйге бөленіп, көңіл шарықтаған

кездерде, Ғафекеңмен ішкен ащы судың өзі керемет тәтті болып
кететін!

– А бірақ... – дейтін жарықтық. – Ғафу ішіп жүр екен деп өсек

қылмаңдар, жандарым! Өсек қылғанда да маған неғыласыңдар?
Мен қандай жағдайда келсем де, таңғы алтыдан тұрып, жұмысқа
барғанға дейін жазуымды жазамын!
Шынында да өте еңбекқор еді. Жұрт аңыз қылады, Расул Ғам-

затовтың «Менің Дағыстаным» атты кітабын аударғанда, бір сөзін
екі рет жазбай, сызбай, тап-таза қолжазбаны бір-екі аптаның ішін-
де бітіріп алып келгенінде, баспадағылар «Ғафеке, мынауыңыз
шынымен аударма ма, жоқ Ғамзатовтың кітабын жай көшіріп

шықтыңыз ба?!» – деп, таңғалғаннан талып қала жаздаған екен.
Серік Тұрғынбекұлы қызды-қыздымен, көркемдік жағынан Ғафе-
кеңнің аудармасы Ғамзатовтың түпнұсқасынан да күшті деп, қа-
раптан-қарап қызылкеңірдек болып жүреді.

Қасым Аманжолов ауырып жатқанда, жарыққа шығатын кіта-
бы баспа тарапынан біраз өңдеуге, күзеп-түзеуге ұшыраса керек.
Сонда ол кісі Ғафекеңе: «Мейлі, осылай-ақ шыға берсін, қазір
менде хал жоқ, маған ақшасы керек! Бірақ, түпнұсқасын сақтап

қой, кейін кезі келгенде түзетіп шығарарсың!» – деп, тапсырып
кеткен ғой. «Мен Қасымның аманатын орындап, кейін сол кітабын
түзетіп шығардым!» – деп Ғафекеңнің айтқаны есімде. Қасым
Аманжоловпен өте сыйлас, рухани туыс болған Ғафекең ол кісі

жайлы да талай әңгіме шертетін.

– Қасекең думан-тойдың ертесінде ауырып тұрып, бір стақан-

ды тартып жібергесін: Дүние неткен жап-жарық! Осындай ма еді
бұрын да! – дейтін! Сөздің сөлі «осындай ма еді бұрын да» деге-
нінде тұр ғой! – деуші еді Ғафекең.
Тағы да Қасымның бір қызық өлеңін келтіретін: Тобылғы торы

сыраны, толқытып ішер күн қайда, тобылғы меңді сұлуды... – деп
кете беретін.
Ғабең, Ғабит Мүсірепов туралы кітабы да шебер жазылған. Ға-
беңнің әңгімелерін де қызық қылып айтушы еді.

– Ғабеңнің мінезі ауыр еді. Патша келсе, қозғалмайтын. Мақ-

тауға тіпті сараң.
Бірақ, Ілияс Омаров туралы бір сөз айтты. «Ұлттың мәйегі бо-
латын адамдар болады, олар ұлтты ұлт қылып ұйытып, ұстап тұра-
ды, ондай адамдар өте сирек, бәлкім бес-алты-ақ адам болады,

мына Ілияс Омаров сондай адам!» деп, өзін сол санаулыларға қос-
пайтынын сездіргендей болып еді Ғабең! – дейді Ғафекең. – Бір
күні Ғабең бір жерге баратын болды, қасында тағы ақсақалдар бар.
Бірақ, көлік жоқ! Жаңадан «Москвич» алған кезім: «Мен апара

қояйын!» – дедім. «Рөлде кім?» – деді Ғабең. «Өзім», – дедім. Ға-
бең үндемей, амалсыздан мінді машинаға. Құлдыраңдатып алып
келдім. Түсе бергенде, «Ғафу, рақмет!» – деді Ғабең шегелеп. «Ға-
бе, сіз туралы кітап жаздым, рақмет айтқан жоқсыз! Өлеңдеріме де

рақмет айтқан жоқсыз! Енді неғып айтып қалдыңыз?» – деп сұра-
дым. «Қорықтым, айналайын!» – деді Ғабең. Содан, көп ұзамай
Бәдеш апаң машинаны сатқызып құтылды, менің шопырлығымнан
шошып!

Қолтаңба бергені де қызық еді. Кітабын ұсынған адамнан аты-
жөнін сұрап алатын да, қолма-қол бір ауыз өлеңді жаза қоятын.
Және шетінен тапқыр өлеңдер! Қол мерген батырлар мылтығын
сілтеп қалса, нұсқағанын қағып түседі дегендей, Ғафекең қаламын

сілтеп қалса, бір қызық шумақ топ ете түсетін. Айтқандайын, ол
кісінің руы да Мерген еді.
Маңғыстауға барған бір сапарымда Жұмасай деген прокурор-
дың үйінде қонақ болдық. Әңгіме-дүкен үстінде Ғафекеңнің кіта-

бын алып келді.
«Айналайын Жұмасай,
Атыңа затың құба сай,
Жомарт жанға ұқсайсың,

Бермесең де семіз ет пен құла шай!» деген қолтаңбасы тұр.

– Ана жылы келгенде кездесуге әдейі барып, қолтаңба жазды-

рып алдым. Атымды сұрады да, сарт еткізіп жазды да берді. Уақыт
жетпеді, әйтпесе үйде қонақ қылар едік! Енді, Ғафекеңе бере алма-
ған дәмді сіздер келіп татып отырсыздар! О кісіге сәлем айтыңыз-
дар!» – деп, үй иесі аңқылдап жатыр.

– Айтамыз, сіздің өлеңіңіздің қаламақысын ішіп-жедік дейміз,

– деп, әзілдеп аттандық...

Сағат Әшімбаев ағамыз айтып еді: Ғафекең уникум, қайталан-
бас адам ғой. Бір жолы, Жазушылар одағының партия ұйымының
хатшысы болып тұрғанда Совет аудандық партия комитетінен бір
нұсқаушы телефон соғып, бір қағаздарды тез арада дайындап әке-

ліңіз деп талап етеді. Небір дөкей деген партия-совет басшылары
үлкен құрмет көрсетіп жүрген ақын райкомның қатардағы нұс-

қаушысы қатаң талап қойғанына көнбей, қатты-қатты сөзге келіп, аяғында «Иди к черту!» деген ғой. «Аяғы айқай болып, райкомға барып, кешірім сұрап келе жатырмын», – деген екен Ғафекең бір күні жолығып қалғанда. Иә, Ғафекең өз заманының – Кеңес заманының перзенті. Әуелі, шыр етіп дүниеге келгеннен қорасан ауруына шалдығып, ажал аузынан қалған. Соғыс уағында елде қызмет істейтін адам жоқ, он бес жасар бала азық-түлік кәртішкесін беретін бюроны басқарады. Сол кезде бір мәселелер болып, аудан басшысы кәріне мініп: «Картбюроның бастығын алдыма алып келіңдер, қазір сотқа беремін!» – дейді. Бала Ғафу есіктен имене кіріп, бұрышта елеусіз тұрады. Қаһарлы райком оны көргенде қаршадай балаға қара нардың жүгін артқызған соғыс қасіретіне қабырғасы қайысып, соттатпақ түгілі, өзі жылап жіберіп, кейіннен оқуға жіберген ғой... Жастайынан өмірдің ауыртпалығын көріп өскен ол қиындықтардың бәрін жеңіп, еліміздің аса көрнекті ақыны болды. Жақсылығы да, жамандығы да араласып жатқан, қайшылығы көп кеңестік дәуірге біржақты қарап, бір сөзбен сыза салу, ойып алып тастау мүмкін емес, өйткені ол – тарих, ел тарихы. Сол заман аясында өмір сүріп, адам боп өткен, ақын боп өткен ағаларымызға саяси қайраткер, күрескер болмадың деп кінә тағудың өзі жөн-жобаға сыймайды. Ғафекеңді құдай тағала ақын қылып жаратқан, ол – талант, оның қазақ халқына жасаған қызметі де сол ақындығы, ана тілінде жауһар жырлар жазып, ата дәстүрін сақтап, молайтып, жалғастырып кеткендігі! Мен Ғафекеңмен бірге «Жұлдыз» журналында 1983 жылдан бастап қызмет істедім. Сол кезде Жамбыл облысының Талас ауданында «Жұлдыздың» дөңгелек үстөлі өтетін болды. Ғафекең Бәдеш апаймен, жазушы Кәрібай Ахметбеков төртеуміз бардық. Талас ауданы – елу алты Социалистік Еңбек Ері шыққан, қаракөл қойын өсіретін атақты аудан. Ел азаматтары Қаратаудың бір қойнауында екі күн қонақ қылды. Аупарткомның бірінші хатшысы Рақыжан Ерсейітов Ғафекеңмен құрдас болып шықты. Одан басқа облатком төрағасының орынбасары Елубай, аупартком хатшылары Амангелді, Нілзия, ауатком төрағасы Әбілқайыр деген кісілер, әншілер, комсомолдың басшы қыздары болды. Әңгіме-дүкен, мәжіліс, өлең-жыр, тамаша думан өмірдің қайталанбас бір сәттері ғой, шіркін!

Далада, жиналмалы кереуеттерге таңға қарай қисайып, ұйықтаған сияқты едік, шыққан күнмен бірге: Сен бізді бастап келген Кәрібайсың, Туған жерде жолыңнан жаңылмайсың, Тұр-тұрдан хабар келсе, мазаң кетер, Бәрібір енді ұйқыға жарымайсың! – деп бас жағымызда саңқылдап ағамыз тұр! Таза ауада тынығып қаппыз, атып-атып тұрдық... Сонымен, екі күннен кейін таудан түсіп, аудан орталығына бару керек болды. Аупарткомда бірінші хатшы атақты шопандарды жинап, сағат он бірде «Жұлдыз» журналының Талас ауданындағы дөңгелек үстөлін өткізуге дайын отыр! Сағат он бірде Ғафекең Қаратаудың қойнауында мәжілісдуман құрып отыр! Арада пәлен шақырым жол жатыр! Оны ойлап жатқан ешкім жоқ! Өңкей дөкей қызметкерлер Ғафекеңнің иіріміне кірген, қайтып шыға алатын емес. Бір тілекке бір тілек жалғасып кетіп жатыр. Бір кезде біреуінің есіне түсті-ау! – Айтпақшы, ауданда біз дөңгелек үстөл өткізуіміз керек қой! – деді. – Өй, айналып кетейіндер сол, мынау үстөл дөңгелек емес пе? Осыдан артық қандай дөңгелек үстөл керек сендерге? – деп еді Ғафекең, ешкімнің де кеткісі келмей қалды. Содан не керек, Бәдеш апай есебін тауып, жолға шықтық-ау бір кезде. Біраз азаматтар қимай қоштасып, жол-жөнекей ауылдарында қала берді. Аудан орталығына келген соң да, қызметкерлердің көбі екі күнгі «демалыстан» кейінгі демалысқа кетіп, аупарткомға бір-екі-ақ адам жетті бізбен бірге. Сағат бірден асып кеткен. Бірінші хатшы Рақыжан Ерсейітов қабағын түйіңкіреп: – Ғафеке, қасыңыздағы кісілеріңіз азайып қалыпты ғой! – деді, қағытып. – Өй, айналып кетейін, Рақыжан, біз бір жүзіп келе жатқан кемеміз ғой... Жолдан біреулер сәлем беріп мінеді де, бірер сағаттан соң сау бол деуге де жарамай, түсіп қала береді. Біз ілгері қарай жүзе береміз! Менің кісілерім түгел, сен өз кісілеріңді мен кеткен соң Қаратаудың қуыс-қуысынан теріп аларсың! – деді Ғафекең. Бәріміз күліп жібердік. Манадан күтіп тұрған қойшылармен әңгі-

мелесіп, кейін толықтырып, дөңгелек үстөл материалдарын жур-
налға жақсылап жарияладық.
Содан, дөңгелек үстөл аяқталған соң, бірінші хатшы аудан орта-
лығындағы бір жаңа, сәулетті тойханада қонақасы берді. Ол тойхана

тек ұлттық тағамдар ғана ішілетін орын екен. Дастарқанда құстың
сүтінен басқаның бәрі бар, бірақ арақ-шарап қойылмаған. Күн ыс-
тық. Күйіп барамыз. Ғафекеңде үн жоқ, ыстық сорпаны сораптап
қояды. Бірінші хатшы ауданның шаруашылық табыстары жөнінде

шабыттана әңгіме айтып отыр. Қаракөл қойы негізінен егіз туады
екен... жүз қойдан жүз он төрт қозы алған қойшыны жұмыстан шы-
ғарып жіберген екен... қозыны туған бойда сойып алған тері шап-
шынай деп аталады екен... алтынмен бағаланады екен... бірақ, бай-

қауымша, бұл сөздер Ғафекеңнің құлағына кіретін емес. Бір кезде
орнынан тұрды да, шығып жүре берді. Тыңдаушылық рөлді Бәдеш
апай алды да, мен ағамыздың артынан жетіп бардым.

– Маған ана потребсоюздың председателін шақыршы! – деді

ақырын ғана.
Аудандық тұтынушылар одағының төрағасы Мәдіомар деген
кісі болатын, шақыра қойдым. Екеуі күбір-күбір сөйлесіп, ары қа-
рай бір қуыстарға кіріп кетті.

Дастарқан басындағылар ештеңе байқаған жоқ, әңгімелесіп
отыр. Бір кезде Ғафекең кіріп келді. Баяғы Ғафекең!

– Ал, айналып кетейіндер, – деп бастады. – Сендер мына жерге

Көктөбедегі сияқты бір ғаламат ресторан салып, оған жақсы заң
енгізген екенсіңдер. Мен келді деп заңды бұзуға бола ма? А бі-
рақ... Менің тамырым тарылып, жүрегім қаға бастады. Сендер оны
байқамадыңдар. Содан кейін мен мына жаққа барып ұрлық қылып

келдім!
Жұрт тым-тырыс.

– Мен ақын адаммын ғой, жасырмай ашық айтып жүремін ғой,

мына Мәдіомармен барып, ана жақтан бір стақан коньяк ішіп кел-
дім!
Жұрт не күлерін, не жыларын білмей қалды.

– Бұл потребсоюз дегенің бір керемет екен ғой, мен кешеден

бері райком, райисполком деп жүріп байқамаппын ғой, дүниенің
кереметі потребсоюзда екен ғой!
Қарағым, айналайын Мәдіомардан,
Шығарды-ау қысылғанда бір құмардан,

Жарқырап екі көзім шыға келді-ау, Шіркін-ай, кең екен ғой мына жалған! – деп қарап тұр! Жұрт ду күліп, қол соғып жіберді. Кешке мәдениет сарайына лық толған аудан халқымен әдеби кездесу өткіздік. Оның сценарийін дайындап, жүргізіп отырған ақын Нарша Қашағанов бір жаңалық болсын деді ме екен, кездесуді бастаған бетте: «Ғафеке, Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» жырын сіз керемет айтады деп естиміз, кешімізді сол әнмен бастап беруіңізді өтінеміз!» – деді. Өзі де тықыршып әрең отыр екен, Ғафекең: «Айналып кетейін сол, бұл маған сөйле дегенің ғой!» деп, ағыла жөнелді де, арғы-бергіден небір аталы сөздерді төкті дейсің. Өлең де оқыды, ән де айтты, қысқасы, кештің аяғына тақау бір-ақ тоқтады. Жұрт овация жасап, қызық кездесу болған сөйтіп... Содан кейін «Ойық» кеңшарына келіп, директор Ералы Дадабаевтың үйінде қонақ болдық. Ералы ағамыз тұлғалы, келіскен азамат екен. Әйелі де мол денелі, топ-толық, мақта сияқты үлпілдеп тұрған кісі. Ғафекең сөйлеген сайын Ерекең қасында отырған әйеліне: «Түрегел!» – дейді. Әйелі үлп етіп ұшып тұрады. Біз қайранбыз. Сөйтсек, Ерекеңнің заңы бойынша, әйелі Ғафекеңнің сөзін түрегеп тұрып тыңдауға тиіс екен! Ертеңіне жеңгей екі аяғын баса алмай әрең жүрді! Ерекең бір дәптер мен қаламын әдейі дайындап қойған екен Ғафекеңнің айтқан сөздерін жазып алмаққа! Бірақ, бірер сөзін түртіп үлгерді де, доғарды. Өйткені, пулеметтің атқан оғын санау мүмкін бе! Сол үйде сатирик ақын Оспанәлі Иманәлив бірге болды. Бір кезде елінде демалып жүрген Рафаэль Ниязбеков ағамыз жеңгей екеуі кіріп келді. Арқа-жарқа амандық-саулықтан кейін Ғафекең: – А-а, бұл Рафаэльмен бірге бір сапарда болып едік, – деп, тағы бір қызықты бастады. – Мен бұған: Ы-ра-фа-эль, Бар болса, ұйымдастырсайшы бір-екі әйел! – деп әзілдесем, бұл да дайын тұр екен... – деп, бір күлдірді. Бәдеш апай жұртпен бірге күліп жатыр. Рафқаң кәдімгідей қысылыңқырап қалды. Жеңгейдің әдемі жүзі бұзылыңқырап кетті. Сөйтсе, Ғафекең: – Өй, айналып кетейін, келінжан, ойыңа да алма, баяғыда болған шаруа ғой! – деп, одан сайын төндіріп қойсын. Сонда барып қалжыңға бұрып, рақаттана күлді бәрі...

Өстіп шалқыған сәттерде:

– Ал, енді Баяшым жырласын! – деп, маған домбыра ұстатып,

жырлатады, «Манасты» айтқызады. Кейде менің айтып қалған
сөздеріме күліп алып:

– А-а, бұ да менің айтқан сөзім бе! Мен өстіп жүрген жерімде

із қалдырып, шашып жүремін ғой! Өй, айналып кетейін, Баяшка,
памитың жақсы екен! – деп, шегімізді қатыратын...
Сол сапарда ақын Ғафу Қайырбековтың атын да, жырларын да
бүкіл елдің өте жақсы білетіндігіне, басшылардың да, халықтың да

алдында атақ-абыройы зор екеніне көзім жетті. «Ана жырын» бү-
кіл халық өз жырындай айтатыны баршаға белгілі ғой, ал ақынның
одан басқа да шығармаларын, кітаптарын әр үйдің төрінен, кезде-
суге келген жұрттың қолынан көріп, риза болдық. Ол кісінің атақ-

даңқын, әсіресе, тапқыр сөздерін, қызық мінезін естіп-біліп, бір
көруге құмар болып жүрген жандар көп кездесті.
Әрине, сөйлей білген ақын тыңдай да білетін, әрдайым айнала-
сындағы адамдарға зер сала қарап, ден қоя тыңдап, аталы сөзді

қағып алатын құймақұлақ еді. Дүрілдетіп жүріп-ақ, көрген-
баққанын, естігенін ұмытпай, қаншама тамаша жолжазбаларды
дереу жазып тастайтын.
Сол сапардан кейін біз бір туғандай болып, бауырласып кет-

тік...
1987 жылы менің анам Бәтима дауасыз дертке шалдықты. Ата-
анама қарау үшін елге көшетін болдық. «Жұлдыз» журналының
ұжымы құрметтеп, жиын өткізіп, бас редактор Бекежан Тілегенов,

жауапты хатшы Ахат Жақсыбаев, Маршал Әбдіхалықов, Софы
Сматаев, Кәрібай Ахметбеков, Ұзақбай Доспамбетов, Жарасқан
Әбдірашев, Төлен Қаупынбаев, Шөмішбай Сариев, Тұрсын Жұр-
тбаев, Тұрсынжан Шапаев сынды ақын-жазушы ағаларымыз жылы

сөздерін айтып, арқамнан қақты. Серік Тұрғынбекұлы ағамыз ма-
ған арнаған бір тамаша өлеңін оқып берді. Тағы да жарықтық Ға-
фекең қызық жасады.
Баян-сапар. Інім Баянғали Әлімжановқа. – деп, өлең оқыды.

«Жұлдыздың» кенжетайы, сүйкімдісі,
Мың күнге азық болған бір күнгі ісі.
Жан-жағын дауылдатқан, дабыл қаққан,
Келгенде қыранға ұқсап сілкінгісі.

Шабыттың шын перзенті, төл баласы,
Ежелгі жүйріктердің олжаласы,
Қызметке туған жерге шектің сапар,
Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.

Көзіңде жарқыраған болашағың,
Алдыңда болар шағың, толар шағың,
Қалықта аспан жердің арасында,
Тұрмыста саз кешпесін толарсағың!

Рахмет «Жұлдызға» еткен еңбегіңе,
Жұлдыздай шыға бер сен ел көгіне,
Оранып мауқыңды бас бала қыран,
Көк майса Көкшетаудың жөргегіне!

Даланың данышпаны, ол да ағасы,
Қазақтың ортасында мол бағасы,
Көкшеге қанат болып алып ұшсын
«Жұлдыздың» жырмен жазған жолдамасы!

Әрине, сендей жанды көз қия ма,
Ұқсаған бойы биік боз қияға,
Махаббат, шапағатты қатар жинап,
Қайтарсың аман-есен өз ұяңа!

– Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай өлең арнасаңыз, біз де ауылға

көшіп кетер едік! – деп жіберді бір қаламдастар әзіл-шыны аралас.
Жиын тарап, шығып бара жатқанымызда, Ғафекең мені қол-
тықтап алып:

– Айналып кетейін, Баяшым, мен сені баламнан, Бақытымнан

кем көрмеймін ғой! Өлең деген жүректен туады ғой, әйтпесе, басқа
біреулер көшіп жатса, мұндай өлең қайда-а! – деп қояды!
Бұл өлең Алматыдан алақандай ауылға көшіп келген маған қи-
налып жүрген кездерімде үлкен рухани сүйеніш болды. Ата-анам

да қайталап оқытып, ақын ағама алғыстарын жаудырып отыратын.
Ал Ғафу ағам оның үстіне өз ниетімен Көкшетау обкомының
бірінші секретары Мақтай Сағдиевке хат жазып берген. Не жазға-
нын білмеймін, конвертке сап, желімдеп, қолыма ұстатты.

– Осыны Мақтайға берсең, сені хан көтереді! – деді.

Елге келген соң, Көкшетауға, обкомға барайын. Бірінші хатшының көмекшісі Сағынтай Шәріпов біздің ауданның, Құдықағаштың жігіті екен. Жылы қарсы алды, бірақ Сағдиевқа кездестіре алмады. «Кейін хабарласып, келерсің, сәті түскенде жолықтырамын!» – деп шығарып салды. Кейін де әне-міне болып кетті, ең бастысы, бірден қабылдай қоймаған жерге қайта келуге онша көңіл хошым болмай қалды. Сөйтіп ол хат ашылмаған күйі сандығымда жата берді де, ақыры Мақаңның қолына тиген жоқ. Соны білгенде: «Әй, Бәдеш, мынау менің Мақтайға жазып берген хатымды әлі бермепті, неғылған адам әй?!» – деп шыр-пыр болып еді. Сонымен, анамыз біз келген соң он бір айдан кейін, 1988 жылы өмірден озды. Біз әкеміз Тақанмен бірге Кеңащыда тұра бердік. Жаздыгүні Ғафекең мен Бәдеш апай арнайы біздің ауылға келіп, анамыздың басына құран оқып, бата қылды. Ол кісі келді деген соң, облыс қозғалып, аупарткомның бірінші хатшысы Қызыр Жұмабаев бастаған аудан басшылары тік тұрып, құрмет көрсетіп, кездесу өткізді. Сол кезде Біржан сал зиратына интернационал аупартком, ауатком қызметкерлерімен бірге барғандағы бір жағдай есімнен кетпейді. Ғафекең зиратқа қарап, тік тұрған қалпы үнтүнсіз көбірек бөгеліп қалды. О кісі қозғалмаған соң, жұртта да үн жоқ. Қасында тұрғанмын, кенет сезе қойдым, жарықтық ішінен құран оқып тұр екен! Біздің ауылға, Кеңащыға осы келген сапарында әкемізден бастап, туған-туыстарымызға дейін кітаптарын қолтаңбасымен сыйға тартты. Әкем Берлинге дейін барған соғыс ардагері, совет заманында отыз тоғыз жасынан бастап намаз оқыған кісі еді, былай деп жазыпты: Әрі әке, әрі сүйеу Баян салға, Тірегің күндіз-түні таянсаң да, Әулеттің қара шаңырақ әулиесі, Сыйладым құран білгіш тақиялы шалға! Үлкен апайымыз Ләйла тәтемнің жолдасы Өсербай жездеміз ұзын бойлы, ірі денелі кісі болатын. Есіктен кіріп келіп, сәлемдескен бойда, атын атап, «Өсербай жездеміз» деп таныстырғаным сол еді: – А-а, Өсербай деп өссін деп қойған екен, бұл да сол атын ақтап өскен екен! – деді...

Ең кіші жездемді: Ауылға келгелі Алматының жартысын жоқ-
татпай, жанымнан табылып жүрген жайсаң жездем Талғат! – деп
таныстырып едім, «Өмір оттары» кітабына:
Жігіттің ең жақсысы жан аңсары,

Арман-ау соған көңіл жалғасқаны,
Баяштың сүйенетін бәйтерегі –
Аман бол, айналайын Талғат сары! – деп жазды да берді.
Алпыс жылдығына орай арнайы шығарылған қос томдық шы-

ғармалар жинағының бір томын маған, бір томын әйелім Әлияға
әдейілеп атап тұрып жазып берді: Маған:
Айналдым жалын, өрттей Баянымнан,
Жүргендей серік болып баяғыдан,

Бір өзің бір өлкедей бауырым едің,
Тағдырдың сақта құдай таяғынан! – деп, Әлияға:

Әлия, қамал болшы азаматыңа,
Шабатын күнде тұлпар, қазанатыңа,
Осынау бір баланы сақта, қалқам,
Түбінде тұлға болар қазақ атына! – деп жазыпты.

Ол да бір көңілге ыстық, қайталанбас күндер екен ғой!
Жарықтық Ғафекеңнің маған деген ағалық, тіпті әкелік ықы-
лас-мейірі осындай бір рухани жағдайлардан, жақсы сөзі мен жо-
ғары бағасынан ылғи да байқалып тұратын.

«Ақынның жанын түсіну керек! Ақын адам сәл нәрседен қа-
наттанып кетсе, сәл нәрседен сынып қалады. Ақын жанына абай
болу керек!» – деп аялап, арқамнан қаққан алақан табын әлі күнге
сезініп келемін!

Бір күні, мүлде кездейсоқ «Егемен Қазақстаннан» «Манас»
эпосының мың жылдығына орай жазылған Ғафекеңнің «Манас пен
манасшылар» деген мақаласы көзіме түсті. Ойымда ештеңе жоқ,
жүгіртіп оқып жатырмын. Кесек-кесек ойларын кестелеп келтіріп,

бір кезде былай деген екен: «...Және біздің қазір Көкшетаудағы
жас ақын Баянғали Әлімжанов сол «Манастың» бірнеше тарауын
қырғыз тілінде керемет орындайды. Қайда жүріп үйренгенін құдай
білсін! Тіпті Қырғызстан манасшылар жиынына қатынасты-ау

деймін. Қазақтағы манасшы – Баянғали сирек құбылыс. Әттең, со-
ған мән беріп жатқан біз жоқ. Ау, қанша туыс болғанымен, басқа

ұлттың тілінде бүкіл бір қиссаны жатқа айтқан кім бар? Орыстар мұны феномен десе керек». Өн бойымды тоқ соғып өткендей болды! 1994 жылы Ғафекең мен Бәдеш апайды Бурабайдан, өзінің жылда демалатын сүйікті «Оқжетпес» санаторийінен Степнякқа, Біржан салдың 160 жылдығына арналған әншілер фестиваліне алып келдім. Рөлде өзім. Менің шопырлығыма қарап отырып, өзінің шопырлығы есіне түсті-ау деймін, Бәдеш апайға қарап күліп қояды. Ақыры, біздің үйде, Кеңащыда қонақ болып, түнде қайтарында директор Қалиасқар Әйткеновтен шопырымен машина сұрап алды. – Біздің Баяшканың шопырлығы күндізге ғана жарайтын шопырлық екен, соған да рақмет! – деді күліп. Сол жолы біз үйде атам Біржанның тойы деп, фестивальге келген көкшетаулық ақын-жазушыларды, өнер адамдарын, мәдениет қызметкерлерін – қырық шақты адамды қонақ қылдық. Ішінде Естай Мырзахметов, Болат Бекенов, Төлеген Қажыбаев, Тасболат Алпысов, Иран Ильяшев, Базарбай Кәкенов сынды ағаларымыз, аудан әкімі Кеңес Мұқатов, орынбасары Сансызбай Балтабеков, ауылдас көршіміз Молдабай Кешуов сияқты азаматтар бар, әкеміз бәрі төргі үйде Ғафекеңмен әңгімелесіп отырған. Әрі-бері шаруа қамымен жүргенде, құлағым шалып қалады. Әңгіме айтып отырған Ғафекең арасында: «Әзер болса қызыл қасқа сиыр кетер дегендей!» деп қояды. Жұрт ду күледі. Күлген сайын мен қысылып барамын. Ақырындап әкемнен «сіз айтып қойған жоқсыз ба?» – деп сұраймын. «Айтқам жоқ!» – дейді әкем. Қонақ күтумен әбігер боп жүрген Әлияға: «Сен айтып қойған жоқсың ба?» – деймін. Ол басын шайқайды таңданып. Менің таңғалғаным – осы тойдың қамымен бір қызыл қасқа сиырымызды кеңшарға өткізіп, жігіттер ақшасын қолма-қол алып берген. Ол кезде ақша да, бәрі де дефицит, таршылық уақыт болатын, әйтеуір, азаматтардың көмегімен, әлгі қызыл қасқа сиырдың ақшасына дастарханға керек-жарақты түгендеп қойғанбыз. Енді келіп, Ғафекең «әзер болса қызыл қасқа сиыр кетер дегендей» деп соғып отыр! Сөйтсем, жай бір сөздің мәтелі екен... Бірақ, дәл осы жерде неғып айтыла қалды десейші! Ғафекеңнің осындай бір адам түсінбейтін қасиеті болатын! Және оны өзі сезіп, білетін еді.

Кей-кейде ғана, өте жақын адамдарына жұмбақ жағдайларды
сыр ғып айтатын...
Сонымен, біздің ауылдағы әлгі жиында Ғафекеңе ел атынан ат
мінгіздік. Алғысын айтып, разы боп аттанған...

Қараша айында қайтыс болды деген хабары келді.
Таңертең Көкшетауға, аэропортқа барғалы жолға шықсам, жер
аппақ, алғашқы қалың қар жауып, жылмықтанып, қайта қата бас-
таған. Сұмдық көктайғақ! Қасымда балдызым Тұрар, ауылдас

Бауыржан, Мұратхан деген жас жігіттер бар, үш рет жолдан ұшып
кетіп, екі рет теріс қарай айналып кетіп, әйтеуір, жеңіл «Жигули-
ді» төртеулеп итеріп шығарып алып, тайғанақтап, 150 шақырым
жердегі Көкшетауға әупірімдеп бес сағатта аман-есен жеттік-ау!

Сөйтіп, ұшақтан қалып қойып, мен топырақ сала алмай қалдым.
Қырқында бардым. Әлгі атты сойып, пойызбен апардым... Құ-
ран оқып, дұға қылдым...

Жарықтық Ғафекең

Мен жалғыз қала бердім таяқ ұстап,
Ежелгі ескі бақтың күзетшісі!
(Ғафу Қайырбеков.
Сырбай Мәуленов дүниеден озғанда).

Ескінің бағы...
Есіңе түссе
Жүрек сыз...
Ғафекең кетіп,

Қалғандай енді күзетсіз.
Арынды жырдың
Ағынды сөздің шешені
Бүгінде қалай

Үндемей қалмақ...
Ретсіз...

Құдайсыз қоғам
Қинаған жанды бояусыз,
Құрығын салып
Құландай жырға аяусыз,

Дәуірмен бірге
Дәурені көшкен дүлдүлдер
Дүркіреп өткен
Дүние қандай баянсыз!

Мұңайды қырлар
Құланы кеткен азайып,
Ақынға болмас
Айта алмай кеткен сөз айып,

Бәрін де көрген
Елменен бірге Ғафекең
Ғайыптан келіп
Ғайып боп кеткен ғажайып!

Ананың жырын,
Даланың жырын ардақтар,
Ағаның сырын
Ұға алдық па екен аңдап бар,

Ағады дейтін
Өкпесі күйіп өлгенше,
Тұлпар боп туған
Санаулы ғана саңлақтар.

Байырғы дала
Өлеңмен баурап сүйгені,
Қанына біткен
Көненің кие күйлері,

Ғафудың рухы
Ғарышты көздей ұшқанда,
Кетіпті күйіп
Электр желі үйдегі!

Шуағын жанның
Аямай төгіп жалғанда,
Аттанып кеткен
Бақилық биік арманға,

Жердегі шам да
Көрсеткен шығар құрметін,

Жарықтық Ғафу Жұлдыз боп көкте жанғанда! Кен іздеген жиһанкез Тұрсынбек Кәкішевпен алғашқы кездесуіміздің өзі бір драма! 1971 жылы КазГУ-дің филология факультетіне оқуға түсуге Алматыға келдім. Он жетіге толмаған албырт кезім. Жанымда кластасым Торғай бар. Туған-туысқан, таныс жоқ. Поезд Алматыға түнге қарай келді де, вокзалға қонып шығып, ертеңіне жатақханаға орналастық. Қазақ бөліміне төрт жүз он үш талапкер бар екен. Алатыны елу, оның бесеуіне дайындық курсында оқыған балалар түсіп қойыпты. Қалған қырық бес орынға төрт жүз он үш бала үміттеніп тұрмыз. Толқимыз, талаптанамыз. Шығармадан үш алдым. Менімен бірге Степняктағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп келген Торғай төрт алды. Ол – менің нағашым, шешемнің немере ағасы Құсайын Есмағамбетовтың қызы. Ауызшадан Торғай бал-бұл жанып шықты, бес саусағын көрсетті маған. Енді мен кірдім тәуекел деп. Тұлғалы, келбетті, қасқа бас ағай мен әдемі апай емтихан алып отыр. Келген билет: 1-сұрақ: Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы. 2-сұрақ: Сын есім. 3-сұрақ: Сөйлем талдау. Бәрі де көкірегімде сайрап тұр, бірақ Сәбит Дөнентаевтың қай заманда өмір сүргенін білгеніммен, нақты тіршілігі мен қызметі есіме түсер емес! Біткен жерім осы екен деп, жауап беруге келдім ақырын. – Ағай, Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен қызметін есіме түсіре алмай отырмын, шығармаларын айта берсем бола ма?! – деп, шынымды айттым. Әйел бетіме таңдана қарады-ау деймін, ал қасқабас ағайдың қабағы тыржиып кетті. Басын түсіріп, көзінің астымен маған сүзе қарап тұрды бір сәт! Аудитория тым-тырыс, сілтідей тынған! «Айналайын, білмеймін деп тұрсың ғой өзің де, келесі жылы оқып келерсің, бара бер!» – десе, бітті шаруа! Оған заң жүзінде де, адамгершілік тұрғысынан да толық хақысы бар! Осы бір

үнсіздік сәті мен үшін сағаттай болып көрінді. Бір кезде сәл шегінгендей болды, қирататын болды-ау деп мен отырмын! Тұрсекең жүгірткендей ойды алысқа, Ұқсап бір шиырылған жолбарысқа. Шегініп, сүзе қарап сәл тұрды да, Гүж етіп, деді-ау сонда «божалыста!»

Даналық, дарқандығын байқатып ед,
Қайта бер десе қайтсін, қайтатын ед.
Ағасы айта ғой деп, рай берген соң,
Қайқайып шыға келді қайта түлеп!

Ал, сөйлеп берейін! «Бөшкенің зарын», әсіресе, «Бозторғай
зорлық көріп тұрымтайданды» талдап тұрып, арасында өлеңдетіп
соқтым келіп!
Боздатып бозторғайдың зарын айтты,

Әлсізге күштілердің зәрін айтты.
Зорлық пен зомбылықты халық көрген
Сәбиттің жазғанының бәрін айтты...

Ай келбетті ағамыз ықылас қоя тыңдап тұр. Әдемі апай да ма-
ған бар назарын аударған.

– Сәбиттің тұңғыш кітабы қалай аталады? – деп сұрады бір

кезде ағамыз.
Бозторғай боп көкке ұшып кетсем керек, қапелімде жерге түсе
алмай бөгеліп қалдым.

– У-а-ақ... – деп, ағамыз әндете соза бергенде:

– Түйек! – деп мен жабыса кеттім!

– Иә, дұрыс, «Уақ-түйек»! – деп, жылы жымиып қойды екеуі де.

Содан, екінші сұрақ «Сын есімді» сұрады. Айта келіп, мысалға
Абай атамыздың «Қысынан» өлеңдетіп келтірдім.

– Сын есімге Абайды келтіріп жатыр! Жақсы, ә! – деп, ағай

апайға бір қарап қойды. Ана кісі де сүйініп-ақ отыр. Одан сайын
көтеріліп, үшінші сұрақ сөйлем талдауды да ретіне келтіріп, «уһ»
деп бір-ақ тоқтадым!
Жылы шыраймен емтихан қағазымды алып, аша берді де, лез-

де өңі өзгеріп сала берді.

– Айналайын-ау, шығармадан қайтіп үш алып жүрсің?! Мұның

жарамады ғой, енді! Біз саған бес қойғымыз-ақ келіп еді, бірақ,

негізгі пәннен, шығармадан үш алған балаға бес қоюға болмайды! Төрт қоямыз, жолың болсын! – деп, шығарып салды. Былай шыға, емтихан парақшасын ашып қарасам: Кәкішев және Түркпенова деп қол қойыпты. Бір жағы құлайын деп тұрған жерімнен төрт алып аман шыққаныма қуанып, бір жағы ана үштікке өкініп, екіұдай сезімде жатақханаға келдім. Өйткені, бір төрт, бір бес, яки екі төрт алғандар аз емес, яғни мен жинаған бал бойынша олардан артта қалып тұрмын. Алда тарих пен неміс тілі бар, соларға дайындалайын, не болса да аяғына дейін айқасайын деп, өзімдіөзім қайрап қоямын. Бізбен бір бөлмеде Қостанай облысы, Наурызым ауданынан келген Жүнісбек Сұлтамұратов тұратын. Ол менен бір жас үлкен, журфакқа тапсырып жатқан. Мән-жайды естіп, емтихан парақшамды қарап жіберді де: – Баянғали, сен кімнен төрт алғаныңды білесің бе? Тұрсынбек Кәкішев! – деді, даусы жарқын-жарқын шығып. – Иә, жақсы кісі екен, бірақ, бұрын атын естімеппін! – дедім, қысылыңқырап. – Мәссаған! Тұрсынбек Кәкішев – сыншы, ғалым. Москвадан, ЖЗЛ сериясы бойынша Сәкен Сейфуллин туралы кітап шығарған! Сондай кісінің өзі саған төрт қойса, бұл басқаның бесіне татиды! – деп, Жүнісбек мені аңқылдай құттықтады. Пендесін патша құдай қолдағанда, Осылай кез қылады-ау оңды адамға. Бозбала тозаң қуып кетер ме еді Сондағы «божалыста» болмағанда! Сол «божалыста» маған құтты болып, тарихтан бес, неміс тілінен төрт алып, оқуға түстім де кеттім! Бір өкініштісі, жап-жақсы оқыған кластас нағашым Торғай тарихтан өте алмай, елге кете барды. Міне, осы 1971 жылдан бастап, күні кеше, 2015 жылы Тұрсекең өмірден озғанға дейін, қырық төрт жыл бойы аға мен інідей, әке мен баладай сыйласып, сырласып жүрдік. Тіпті, тағдырдың жазуымен алыстап кеткен, араға жылдар түскен кездерде де, біздің рухани байланысымыз, жан сыйластығымыз үзілген емес. Бір қызығы – мен жас кезімде Тұрсекеңнің біздің елден екенін білмеппін, тіпті мән бермеппін. Өйткені, ағамыз алаш баласын алаламай, аялы алақанын алыс-жақыннан аямайтын.

– Бұл кісі біздің нағыз ағамыз! Даниловкада туып өскен! – деді

бірде маған, менің немере ағам, бір курс жоғары оқитын Жарылға-
сын Шалабайұлы Әбішев. Ол өзі де Тұрсекеңнің шәкірті, ағамыз
оны оқуын бітірген соң, курстастары Жанғара Дәдебаев, Құлбек
Ергөбековтермен бірге ғылым академиясының әдебиет институ-

тына жұмысқа орналастырған.
Ал, Даниловкаңыз (қазір «Алтынды» деп аталады), ол кезде
Целиноград облысы, Макин ауданына қарайды деген аты болмаса,
таза біздің ел. Біздің Еңбекшілдер ауданының Қаратал ауылына

тиіп тұр, арасы екі-ақ шақырым.
Бірде лекция үстінде Тұрсекең: «Мен геолог болуды армандай-
тынмын! Әлі күнге геологияда мен ашпаған жаңалықтар бар сияқ-
ты!» – деп тебіреніп еді. Ол өз геологиясын әдебиеттану мен ұс-

таздықтан тапты, оның жаңалықтары – ғылым, білімі, оның алтын
кені – аялап өсірген саналы шәкірттері!
Мен де ол кісінің аялы алақан табын сезініп өстім. Қамқорлы-
ғын көп көрдім. Тіпті, жас күнімде, қатты қиналып жүрген кезімде,

дәл тауып айтқан бір ауыз сөзімен-ақ жігер, қуат беріп, қанаттан-
дырып жіберетін!
Мен елде тұрған кезде, заман аумалы-төкпелі болып, толқып
тұрған шақта, Кеңащыға келгенінде: «Андай-мындайға араласпа!

Бір бәлеге ұрынып қалма! Мен жүрмін ғой, сол жетер!» – деді. Бұл
сөздің терең мағынасын мен арада жылдар өткеннен кейін сезіне
бастадым. Шындық үшін шырылдап жүрген ұстазымыздың бұл
сөзінде сол күрестің ыстық-суығын өзім-ақ көріп алайын, шәкірт-

терімді оның пәлесінен аулақ сақтайын деген ақ ниеті ғана емес,
тікелей маған қатысты, сенің жолың басқа деген үлкен, құпия
емеуріні жатыр-ау деп ойлаймын қазір!
1977 жылы университетті бітірерде диплом жұмысымның же-

текшісі болды Тұрсекең. Екінші курста оқып жүрген кезімде «Қа-
зақ әдебиеті» газетіне шешендік сөздер туралы алғашқы мақалам
жарияланған болатын. Сол тақырыпты біраз айналдырып, ақыры
диплом қорғайтын болдым. Содан, кәдімгі Мәншүк Мәметованың

анасы, ғалым Әмина Мәметованың билер сөзі туралы жазған кіта-
бын ал кеп іздейін! Көпшілік кітапханада жоқ болғасын, Ғылым
академиясының кітапханасынан іздедім. Жоқ! (Қазір ойлаймын,
тиым салып, тығып тастаған-ау шамасы). Ал, сонау қырқыншы

жылдарда билер сөзін тереңдеп зерттеп, билердің авторлығын, та-

рихи тұлға екендігін дәйектеп жазған ғалымның еңбегіне соқпай, шешендік сөздер туралы қайтіп бірдеме жазасың? Бір күні әлгі кітапты іздеп-іздеп, әбден шаршап, Ғылым академиясының жанындағы бір телефон автоматтан Тұрсекеңе телефон соқтым. Ағамыз телефонды алып, мені мұқият тыңдап алды да: – Ол кітап менде болу керек. Сен телефонды қоймай тұра тұр, мен қарай қояйын! – деп, іздеуге кетті. Содан, не керек, Алматының аптап ыстығында, күн күйдірген тап-тар, темір телефон будкасында тікемнен-тіке үш сағаттай тұрдым ғой! Алғашқы бір-бір жарым сағатта Тұрсекең бір-екі рет келіп, трубканы алып: Ә-ә, мен таба алмай жатырмын, тұра тұр! – дейді де, қайта кетеді. Бір-екі рет баласы, құрдасым Дәурен марқұм трубканы алып, менімен қысқа сөйлесіп қояды. «Папам сізге кетпесін, күтсін деді!» – дейді. Бәрінен қиыны, телефон керек болған жұрт екі тиындарын көтеріп, кезекке тұра бастады. Шыдамсыздары «Қашан босатасың?» деп, айқайлап, будканы тарсылдатып қояды. Мен олардан ұялып барамын, будканы босатайын десем, ағамыз жіпсіз байлап қойған! Ақырында, бір топ кісіге шынымды айттым: «Диплом жұмысы жөнінде профессордың пікіркеңесін тыңдап тұрмын!» – дедім. «А-а, профессор! Тогда ясно, это надолго!» деп, басқа телефон іздеп, тарап кетті. Екі сағат өтті, Тұрсекең тым-тырыс, үшінші сағатқа кетті, хабар жоқ. Не телефон байланысы да үзіліп кетпейді, не мен кете алмаймын. Ақыры, амалым құрып, үйге қайтатын уақыт болғанда, телефонды тарс еткізіп қойдым да, бір-ақ тарттым! Бақсам, Тұрсекең қалың қағаздың ішіне бір кіріп кеткесін, қызығына батып, бір жоқты бір жоқ табады дегендей, керек дүниелеріне қайта жолығып, шыға алмай қалған ғой! – Ә, солай ма? Ондай-ондай болады! – деп күледі ағамыз, кейін кездескенде осыны айтсам. Университетті бітірер жылы, әлі жарты жыл оқу барына қарамастан, бір күні мені Сәбит Мұқановтың жаңадан ашылып жатқан музейіне алып келіп, Мәриям апаймен таныстырды да, жұмысқа орналастырды да қойды. Музей директоры Хакім Бекішев ағамыз бен ғылыми қызметкері, досым Құлбек Ергөбековпен бірге Сәбең музейінде өткен күндер бір бөлек хикая. Әңгіме Тұрсекеңнің жақсы оқыған, әдебиетке, ғылымға бейімі бар шәкірттерін Алматыда

алып қалуға тырысып, қолынан жетектеп жүріп, қолы жеткен жерге жұмысқа орналастыратын әкелік қамқорлығында. Қырық жылдан астам уақыт сыйласып, сырласып, араласып жүргенде, Тұрсекеңнің бір асып-сасқанын, я масаттанып тасқанын көрмеппін. Қандай да бір тосын оқиға, жағдай туып қалса да, немесе, жоғары билік тарапынан әлдебір қысастық, қитұрқылық көрсе де: «Е-е, жарайды!» – дейтін де қоятын. Жылдан-жылға халықтың алдындағы абырой-атағы, асқар таудай бойы биіктей түскен сайын, Тұрсекең туған жерге тереңдеп бата берген секілді. Салмағы ауыр тұлғаның сабыры да мол, ақылы да сарабдал еді. Ашуайбары, батырлығы мен батылдығы, ер мінезі ел мен әдебиет тағдыры жайлы сөз қозғалатын тартысты жерлерде жарқ етіп көрінетін. Үлкен елдік мәселелерге келгенде әдеттегі кеңпейіл Тұрсекең мүлде өзгеріп сала беретін. Айтарын мейлінше ашық, батыл, кесіпкесіп айтатын. Ойы ұшқыр, айқын, нақты, шыншыл болатын. Сонысымен қарсыластарын тырп еткізбей, жүйелі сөзге тоқтатып, тыңдаушы көпшіліктің алғысына бөленуші еді. Даусы қандай таза, әуезді, жағымды, күшті еді жарықтықтың! Жақан Сыздықовтың тоқсан жылдығында, бұрынғы Көкшетау облысының бұрынғы Щучье (қазіргі Бурабай) ауданының Қарағаш ауылында орыс тілінде ағыла бір сөйлегені бар. Өйткені, облыс, аудан басшыларының дені орыстілділер болды, бұл бір. Екіншіден, сол кезде шовинистердің қазақ тәуелсіздігіне көз алартып, түрлі сөздерді гулетіп жатқан кезі болатын. Әсіресе, Солженицынның қазақ жерін қайшымен екіге бөле салуды көксеген астамшылыққа толы сөздері жат пиғылды баспасөзге дем беріп, әңгіменің ширығып тұрған шағы болатын. Әңгімені Жақан Сыздықовтың ақындығынан, майдангерлігінен тарата келіп, қазақ әдебиетіндегі ашаршылық туралы алғашқы толымды туындылардың бірі – «Әлі қарттың әңгімесі» поэмасына тоқталып, ел мен жер тағдырына ойысқан Тұрсекең орыс тіліндегі отты сөзімен Солженицынді де, оның сойылын соғушыларды да сылқитты да салды. Отырған орыстілді қауым ағамыздың аталы сөзіне ұйып, бас изеді, қазақтар арқаланып, қиқулап кетті. Мен сонда ұстаз ағамыздың ұлттық мәселені барынша ашық, батыл және байыпты түрде қалың орыс қауымының алдында айтып бергеніне сүйініп, қол соғып едім. «Жат елдің бір кесек семіз колбасасын жегеніне мәз болып, шетелге қашып кетіп, туған жерін жамандап, ылаңдатқан адам патриот па, жоқ әлде туған елінің бар-

лық ауыртпалығын халықпен бірге көтеріп, өз жерінде адал еңбек
еткен адам патриот па?! Саяси дау-дамай, айқай-шуға ілесіп, бір
елдің жерін қайта бөліске саламыз деп, халықтардың арасына іріт-
кі салушы арандатушылар патриот па, жоқ әлде елдің тынышты-

ғын, береке-бірлігін ойлап, тату-тәтті өмір сүріп жатқандар пат-
риот па!?» – деп, орысша ырғақтап соққан сөздері көпшілікке ой
салып, сексен көлдей толқытып жібергені көз алдымда! Ал, Тұр-
сынбек ағаның осы тектес сөйлеген сөздерінің өзін жинақтап, жа-

риялайтын болсақ, оның өзі әлденеше том болар ма екен?! Ойлы
да отты, мағыналы, ғибратты сөздері ел өмірінің, тарихымыздың
сан алуан қырларын қамтитын шежіре, дерек, рухани қазына ғой!
Міне, қазақтың осындай ұлттық шешені, айбынды азамат –

трибуны келмеске кетті-ау деген бір ой келеді амалсыз!
Тұрсекеңнің ғалымдығы кітаптарында қалды, іздеген адам та-
бады. Жазған еңбектері, том-том кітаптары бір төбе!
Ұстаздығы шәкірттерінде қалды. Ол кісінің тәрбиелеп өсірген

шәкірттерінің біразы ғалым, ұстаз, алды Алаш ақсақалдары атанып
отыр. Ал кең далада ана тіліміз бен әдебиетімізді көзінің қарашы-
ғындай сақтап, ауыл, қала мектептерінде қазақ рухани байлығын,
білім нұрын таратып жүрген мыңдаған шәкірттері айбынды да са-

налы рух күрескерлері емес пе?!
Бірақ, Тұрсынбек ағамыздың адамдық тұлғасының орны тол-
майды! Қайталанбайды! Өн бойы толы қасиеті, ғажайыбы өзімен
бірге кетті! Сағындырады! Өмір солай, не дерсің!

Мен Тұрсынбек ағамды көргенде ерекше шаттанып, арқаланып
кетуші едім.

– Ал, сөйле, Байеке! Не бітірдің?! – дер еді, мол денесімен маған

бұрылып, одан да кең жүрегінен ұстаздық, әкелік мейірі төгіліп.
Желдей есемін келіп. Риза болғанын: «Е-е, жарайды!» деп, бір-
ақ сөзбен білдіріп, басын нығыздап бір изеп қоятын.
Жарықтықтың жүрген жері жап-жарық болып кететін сияқты

еді. Еліміздің бетке шығар қаймақтары жиналған айбынды жиын-
ның ішінде айрықша дараланып, ай маңдайы алыстан нұрланып
көрінетін. Жан шуағын, ақыл-ой қуатын шашып тұратын жан-
жағына. Егер де ол кісі сонау жастық шағында, Ақмола облыстық

театрында меңгерген әртістік өнердің жолын мықтап қуғанда,
Голливудтың терең ойлы, кесек тұлғалы Энтони Хопкинс тәрізді
жұлдыздарымен бірге жер-жаһанға жарқырап көрінер ме еді, кім

білсін? Расында да, Тұрсекеңнің ірі, кесек, сымбатты тұлғасы, айрықша сұлу келбеті, сәуле шашқан ай қасқасы, тіпті, жасы ұлғайған шақтағы маңдайы мен бетіндегі терең ойдың іздеріндей сезілетін қатпарлы әжімдерінің өзі, әртістердің тілімен айтқанда, фактурасы мен колориті әлемдік киноэкранды молынан толтырып-ақ тастар еді! Бірақ, Тұрсекең өз жұлдызын ғылым мен ұстаздықтан тапты! Осынша білім, ғылым бір басына қалай сыйған! Ал адамшылығын айтсаңшы! Адамдарды жеріне, руына қарап алалауды білмейтін, шақырған жерден қалмайтын, үйіне келген адамды жадырап қарсы алып, жайнап отыратын жайсаңның нақ өзі еді! Ізгілік, дарқандық, адамдық асыл қасиеттері бір кітап! Азаматтығы, қайраткерлігі мүлде бөлек әңгіме! Бәріне қалай үлгерген? Бұған қажымайтын, жаңалық құмар саяхатшылығын қосыңыз... Сексенге келгенде, Омбы, Уфа, Қазан, Троицк бар, бүкіл солтүстік аймақты машинамен аралап шықты! Ақын Әскен Нәбиевтің ұлы, меценат, қайраткер бауырымыз Марат жақсы жеңіл машина тауып беріп тұрып: «Аға, жол ұзақ, шаршап қалмаңыз!» – деп, шынайы інілік қамқорлығын білдірген. Кейіннен сапарлас болған жастар: «Біз басында жол соғып тастай ма деп, ағамызды аяп едік, аяғында ағамыз бізді аяды ғой!» – деп, сүйсініп, күліп келген. Сонда, пәлен мың шақырым жолда сексеннің сеңгіріндегі сұңқар бір қыңқ етіп, ешкімнің мазасын алмай, көздеген жеріне барып, іздеген дүниелерін тауып қайтқан! Жан жылуы, білімге, өмірге деген құштарлық оты, рух күші жанып тұрды ғой, қартаймаған қайратты жүректе! Жүрек демекші, елуден асқан шағында, бір-екі рет инфаркт те алған. Советтік тоталитарлық жүйе жүйкені жеп, тауыспай тынбайтын. Әсіресе, саналыны соғатын. Соны да жеңіп шықты Тұрсекең! Сексеннен асқанда, Алматыда, сырқаттанып, ауруханаға түсті. Көңілін сұрай барғанымда: – Құдайға да рақмет! Қашанғы сақтай берсін! Осынша жерге әкелді! Ендігі бар арманым... әлгі солдатский смерть деген бар ғой... бір-ақ кететін... сол болып тұр! – деп, жайбарақат қарап отыр! Ертең киноға барамын деген сияқты! – Ой, аға, қоя тұрыңыз, асықпай! Әлі бізге, бүкіл Алашыңызға керексіз! Асқар тау болып жүре тұрыңыз! – деп жатырмын. Деуін

десем де, тұтас бір дәуірдің аяқталып келе жатқанын сезініп, ұлы
уақыт ағынына тағы да іштей бойсұнып, мұңайып барып: Сексен
жылдығыңызды Көкшетауда тойлағанда, біздің үйден аттанып
едіңіз! Сонда, сексен бес жылдығыңызда да біздің үйден аттануға

жазсын деп батамды беріп едім ғой! Сондықтан, оған дейін рұқсат
жоқ! Тағы да келіп, батамды алып кетіңіз! – деп, әзілге сайып
әкеттім.
Тұрсекеңе де жан керек екен, жадырап күліп жіберді. «Е-е, жа-

райды!» деді, әдетінше. Құдай беріп, содан кейін де бес-алты жыл
жасады. Сексен бес жылдығын Бұланды ауданында далада ақ
шаңқан үйлер тігіп, ат шаптырып, балуан күрестіріп, бүкіл ел бо-
лып атап өтіп, Астанаға келген соң, айтқанымыздай, біздің үйде

түйіндеп, Алматыға аттанып кетіп еді...
Сол сексен бес жылдыққа орай ағамыз туралы деректі фильм
түсіруді ойладық. Онда біз уақытша Алматыда едік, кино түсіретін
құрал-сайманның бәрі Көкшетаудағы үйде қалған. Не бөлінген

қаржы-қаражат жоқ, не кино түсіретін топ жоқ. Амал қанша, әй-
теуір Тұрсекеңнің әңгімесін әбден айтқызып, өз аузынан жазып
алайын деген ниетпен, бір телеканалдың бір операторын жалда-
дым. Оның камерасы бізге сәйкес екен, соған қызықтым. Айтқан

уағында келді. Біраз адамдар жиналды.

– Байеке, еш жерге кимеген, ешбір теледидарға түспеген бір

тамаша көйлегім бар еді, соны сенің киноңа кигелі әдейі сақтап
отыр едім! – деп, Тұрсекең жарқырап күліп қарсы алды. Шынында
да, өзіне сондай жарасымды және экранда өңін ашатын, кабинеті-
нің көрінісіне де керемет үйлесетін ашық қоңырлау түсті мол, қа-

лың көйлек екен. Міне, сырбаз ақсақалдың талғамы!
Әлқисса, жарықты қойып, камераны орналастырып, түсіруге
дайындалдық. Тұрсекең жазу үстелінде сақадай-сай отыр.
Оператор жігіт камерасын шұқылаңқырап, көбірек бөгеле бер-

ген соң: «Не болды?» – деп сұрадым.

– Дыбыс жазатын петличка істемей тұр! – дейді күмілжіп – Іс-

теп тұрған, не болғанын білмеймін!
Масқара болды! Дыбыссыз кино бола ма?
Жұрт сілтідей тынып, күтіп тұр! Тұрсекең отыр алдымызда,
таудай болып толғанып! Күләш жеңгей әдетінше қонақ күтуге

қамданып, етті бұрқыратып пісіріп жатыр!
Ал, бүгін түсірмеймін, кейін түсіремін деп қалай айтасың?!

– Камераның дыбысы істей ме?! – деп сұрадым сыбырлап.

– Істейді! – деді оператор.

– Онда амал жоқ, тікелей камераға жазамыз! – дедім.

Сөйтіп, түннің бір уағына дейін Тұрсекеңнің әңгімесін тікелей
камераға жазып алдық. Ақтарылып, арғы-бергіні қозғап, балалық
шағынан бастап майын тамызып әңгімелеп берді. Үні қандай еді,
ақ сұңқардай саңқылдап тұратын, ешқандай аппаратсыз-ақ тап-

таза, анық жазылыпты.
Келген азаматтардың да Тұрсекең туралы сөздерін жазып ал-
дық.
Қонақ күтіп жүрген Күләш жеңгейге кезек тимей қалды.

Ол кісіні ертеңіне, қосымша түсіру жұмыстары кезінде жаза-
тын болып тарадық.
Ертеңінде ағамыздың қаламынан туған алпыс-жетпіс кітапты
үстелге жайып қойып, операторды күтіп отырмыз. Айтқан уағында

келмеген соң, соғамын келіп телефонды. Жауап бермейді. Түнде
келіскен ақысын түгел беріп, бүгінге уәделескенбіз. Көңілге күдік
кіре бастады. Бір кезде алды-ау телефонды. «Камерамды қызмет-
тес жолдасым алып еді, кешігіп жатыр!» – деп бір қойды. Бір са-

ғаттан соң: «Камерамды бұзып әкепті, енді түсіруге жарамайды!»

– деп қысқа жауап берді де, ұстатпай кете барды. Сөйтіп, кітаптар

киноға түспей қалды. Бәрінен қиыны, Күләш жеңгеміздің әңгіме-
сін жаза алмай қалдық.

– Е-е, жарайды... Түнде түсіп алмай, қазан-ошақтан шықпай

қойған өзінен көрсін! –деп, бір күлдірді ағай. Киноны сол күйінде
екі сағаттық етіп жасап шығарып, ағамыздың сексен бес жылды-
ғында тойға тарту ретінде тарттым. Ол кинода болмай қалдым деп
ғалым Күләш жеңгеміз өкпелеген жоқ, әйтеуір!

Тамақ істегеннен шығады, Тұрсекеңнің сексен жылдығында,
Көкшетауда, үлкен жиында сөйлеген ағамыз Әзілхан Нұршайықов
бір әдемі сөз айтып еді.

– Тұрсынбектің сексен жасында суарылған семсердей жарқыл-

дап тұрғаны – Күләштің бағып-қағуының арқасы! Күләш Тұрсын-
бекке ылғи да бір керемет дәмді тағамдарды дайындап, әбден бап-
тап, күтіп отыр. Және Күләш істеген тамағына адамды жасарта
түсетін ерекше пайдалы бір витаминді қосады үнемі! Ол М деген

витамин! – деп бір тоқтады.

Жұртшылық, әсіресе, жастар жағы, ынты-шынтымен беріле тыңдап, аузының суы құрып отыр. Ғылымда жоқ бұл не қылған М деген витамин?! Әзекең тыңдаушылар тағы да құмарта түссін дегендей сәл бөгеліп барып: – Ол махаббат деген витамин! Күләштің Тұрсынбекке деген махаббаты! – дегенде, бүкіл Көкшетау тік тұрып қол соғып еді. Әзекеңнің тапқыр сөзіне ғана емес, ғұлама, ұстазды қадірлеп, әлпештеп бағып-қаққан, жан серігі бола білген Күләштай аяулы қазақ қызына деген шынайы құрметі еді бұл! Шынында да, тіршілігінде ағамызды ардақтай білген парасатты, зерделі Күләш жеңгеміз енді ол кісінің рухани қазынасын көздің қарашығындай сақтап, келешекке құнды қазына ретінде аманаттап тапсыру жолында, есімін ардақтап, есте қалдыру жолында жанкештілікпен еңбек етіп келеді! Тұрсекең туған бауыры Жақия ағамызбен екеуі қандай жарасып жүруші еді. – Менің тағдырымда Тұрсынбек шешуші роль атқарды! – дейтін ағасын жоғары бағалайтын Жақаң. Ағалық қамқорлығын, аялы алақанын көргенін айтады. Ағайынды қоңыр қаз деп осындай кісілерді айтатын шығар. Екеуінің арасы екі-үш-ақ жас, бір-біріне ұқсайды, екеуі де қасқа бас. Кездесе қалса болды, дастарқан басында сөзден сөз шығып, ал, қызыл шеке болып, дауласа кетеді. Тура бір саяси дебат дерсің! Теледидардан, газеттерден таппайтын заман, қоғам, тарих туралы небір шыншыл әңгімелерді талқыға салатын. Әңгімелерінің негізі – әлеуметтік әділеттік пен шындық туралы өрбиді. Бір қызығы, екеуі де шындық іздейді, екеуі де әлеуметтік әділеттілікті көздейді. Бірақ, әрқайсы өзінше дәлелдейді. Тұрсекең түйіп тастайды, Жақаң жайып тастайды! Әй, бір қызық еді, бала күндерінде тете өскен, тай-құлындай тебіскен ақсақалдардың ақыл-ой таласын, айтысын тамашалау! Екеуі де тоқсан жасқа таяп қалған ақсақалдардың сөзінен даналық маржандары шашылып жатқандай болатын. Әбден болмағасын: – Байеке, мына даукес ағаңа қой деші! – дейтін Тұрсекең, інісіне сүйсініп отырғаны арғы тереңінен ғана сезіліп.

Мен «даукес ағама» қой дегім келмейді! Қайта, айта түссе екен
деймін!

– Әй, қойшы, сен енді! – деп, әбден болмағасын, Тұрсекең қо-

лын бір-ақ сермеп, кесіп тастайды.

– Әне, мұның әдеті! – деп, Жақия ағамыз маған жайдарылана

қарайды. – Бала күнінен осындай! Жеңіліп бара жатса, төбелесе
кетуден тайынбайтын! Бұл айтысса, тек жеңу керек! Қазір енді
атақты ғалым, әрі жасы үлкен аға болғасын, амал жоқ, әйтпесе ме-
ні жеңу қайда!

– Шындық ащы ғой! Бірақ, керек, амал не! – дейтін Тұрсекең

ауыр күрсініп. Шындық, әсіресе, тарихи шындық талқыға түскенде
табаны таймай, қатпар-қатпар, қайшылықты тағдыр, тарихты ащы-
тұщысымен қоса қопара зерттеп, парасат таразысына тарта білген
Тұрсекең өмірде де, ғылым, білімде де осы шыншылдық жолынан

айныған емес. Ұлағатты ұстаз, асыл азамат ағаның шәкірттеріне
ғана емес, бүкіл Алашына аманаты да осы болар-ау!

– Шыншыл көзқарас болмаса, сыншыл пікір болмаса, адамда

да, қоғамда да даму болмайды! – дейтін ашынып. – Мақтау да,
мақтану да оңай! Шындықты, әсіресе, сыншыл ойды айту қиын!
Сын пікірге құлақ асу, қорытынды шығару одан да қиын! Бірақ,
керек! Сын болмаса, қисық түзелмейді! – дейтін, кіжініп.

Маған Тұрсекең рухани әлемінің тынымсыз жиһангезі, жоқ-
шысы, түгендеушісі сияқты болып көрінетін. Қамал, қорғандай
болып ол кісі тұрғанда, қазақтың рухани әлемі түгенделіп, ша-
шауы шықпай бүтінделіп тұратындай болып көрінетін. Бір қызық

жағдайды қараңыз, қазаққа керек жерде Тұрсекең табыла кететін,
қазаққа керек шаруаға Тұрсекең кезіге кететін, қазаққа керек дау-
шарға Тұрсекең кірісіп кететін!
Өткен ғасырдың сонау елуінші жылдары болса керек, Тұрсекең

Уфаға барып, архив ақтарып жүрмей ме? Бір күні кітапханадан
шығып бара жатса, төбе-төбе кітаптарды аулаға шығарып, үйіп
қойыпты. Көзі түсіп кетсе, арабша, латынша харіппен басылған
ескі, көне кітаптар екен. Үңіле қараса, біразы қазақ кітаптары!

Содан, шырылдап сұрастырады. Сөйтсе, кітапханаға сыймай,
орын босату керек болған соң, өртеуге шығарылған дүниелер екен!
Тұрсекең ара түсіп, бостан-босқа өртегенше, маған беріңдер, мен
алып кетейін деп, Алматыға, ғылым академиясының президенті,

академик Сақтаған Бәйішевке хабарласып, ақша алдырып, пойызға тиеп, елге алып келеді! Сол Уфаның кітапханасынан тауып әкелгені – 700-дей қазақ кітаптары! Өңкей сирек дүниелер, араб, латын әрпімен шыққан! Ішінде алаш арыстарының еңбектері молынан кездеседі. Олардың екінші, үшінші артық даналарын ағамыз өзіне алып қалады. Бір күні Тұрсекеңе Міржақыптың кітабын іздеп жазушы Әбен Сатыбалдин келеді. Сөйтсе, ол кісі Міржақыптың қызы Гүлнәрдің күйеуі екен! Осылайша, атылып кеткен, атын атауға тиым салынған әкесінің кітабын тауып әкелген Тұрсекеңді Гүлнәр апамыз өлеөлгенше туған бауырындай жақсы көріп, сыйлап өткен екен! Ал, кейбір білгіштер Тұрсекеңді Сәкен мен Сәбитті зерттеуші, бар болғаны қызыл компартияның сыншысы ғана деп қыжыртқысы келеді-ау жүзі жанбай! Иә, Тұрсекең компартия мүшесі, адал коммунист болды. Партияға, совет өкіметіне сенбеді десек – шындыққа обал. Заман солай еді, бүкіл еліміздің тарихи тағдыры солай еді. Бірақ, өзі ішінде жүрген партияның, совет өкіметінің өрескел өтірігін де, сұмдық қылмыстарын да бірте-бірте біліп, түсініп, зерделей берді. Ең бастысы, әдеби, ұстаздық еңбегіне адал болды, ғалымдығына залымдық жуытпай өтті! Айтуға болмайтын кездің өзінде, ақиқат шындықты ішіне жинай білген, уақыты келгенде, аласапыран заман жайлы іргелі, айтулы еңбектер жазған Тұрсекең – асылдардың сынығы, алаш арыстарының жалғасы, қазақ халқының абызы, ақыл-ойының алыбы, айналымы үлкен, тұңғиығы терең жатқан күрделі құбылыс! Тәуелсіздікпен бірге тынысы ашылған тарланбоз тар жол, тайғақтарды табаны таймай шарлады. Күрмеуі қатты тағдыр мен тарихты тарқатып, том-том еңбектер жазды. Тың әлем ашты. Өзі де бір әлемге айналды. Шетелден келген зиялы, саналы қазақ баласының алдымен іздейтін ақылгөйі, арқа сүйері Тұрсынбек ағамыз еді. Ат басын тірейтіні – Тұрсекеңнің шаңырағы. Келелі кеңес құрып, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып беретін. Тіпті, арғы тарихқа да тартып кетіп, Қожаберген жырау, Керей ер Жәнібек, Марал ишан, Сегіз сері сынды тұлғалар туралы ой толғайтын, халықтың тарихы мен тағдырын зерделейтін. Елдік жиын, тойлардың төрінен табылатын. Алаш арыстарының шығармашылығы мен тағдыры жайындағы жан-жақты, нақты зерттеу еңбектері айқын талдауымен, то-

лымды ойларымен, шыншыл жаңалығымен жұртымызды дүр сіл-
кіндіріп, ғылымға қосылған сүбелі үлес болып қалды!
Галина Серебрякованың бір әңгімесін айтып еді бірде.

– Мен ағаңа өкпелеп жүруші едім! – депті Серебрякова Тұрсе-

кеңе.
Сені көрсеткен, ұстатқан Сәкен Сейфуллин деп, біреулер бық-
сыған болу керек. Содан НКВД архивін ақтарып, Сәкеннің өзіне
шаң жуытпай, ажал аузында тұрғанда да қорғаштағанын өз көзі-

мен оқып көргеннен кейін, азаматтығына әбден разы болыпты.
«Сәкен Сейфуллин – гордость советского народа!» деп содан кейін
жазған екен.
Сәкен Сейфуллин проспектісін ашарда, Тұрсекең Орталық Ко-

митеттің қаһарлы хатшысы Саттар Имашевпен бірге барып көреді.
Сөйтсе, Сейфуллин проспектісі бірінші Алматыға қарай шығар
жерден аяқталып, ары қарай Ұйғыр көшесі ме екен, әйтеуір бір бас-
қа атпен кететін көрінеді. Содан, Имашевпен достығын пайдаланып,

Тұрсекең тізеге сап жіберіп, көндіріп, Сәкен Сейфуллин көшесін
ары қарай создырып жіберіпті! Қазіргі Алматының ең ұзын көшесі
болып тұрғанына тікелей себепкер болған екен сөйтіп!
1997 жылы теледидардағы айтысты қайта жандандырудағы

қайраты, ақын Жүрсін Ерманды қолдауы да есімде қалыпты. «Ай-
тыс теледидарға шықпай, бүкіл халыққа таралмай, тоқтаңқырап
қалды. Міне, енді айтысқа теледидарда жол ашылғалы тұр. Алды-
мызда айтыс бола ма, болмай ма деген мәселе тұр! Бұдан былайғы

жерде айтыстың болу-болмауы сендерге байланысты!» – деп, әде-
тінше сөздің түбін түсіре, кесіп-кесіп айтып еді Тұрсекең!

– Қандай данышпан болса да, іздеушісі, жоқтаушысы болмаса,

ескерусіз қала береді! – деп, күрсінетін ағамыз.
Жарықтық Тұрсекең рух әлемінің қорғаны, іздеушісі, жоқшы-
сы еді ғой.
Ол кісінің ой-сана сәулесі қаншама көлеңкеде, қалтарыста қа-

лып бара жатқан, көмескі тарта бастаған қазыналарға жарығын
түсіріп, бүкіл қазақ ұлтының рухани игілігіне айналдырды.
Ол кісінің жан нұрынан қаншама адам сусындап, қуат алып,
қияға құлаш ұрды.

Әдетте ескі тарихты, көне дүниені көп іздейміз ғой... Оның қа-
дірі де бөлек!

Ал, жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысындағы тарих кү-
ні кешегі нәрсе сияқты көрініп тұратыны бар. Шындығында, ең бір
қайшылықты, күрделі, саяси құйтырқылыққа толы дәуір осы емес
пе? Аласапыран, алашапқын кездегі саяси сұмдықтардың сыры әлі

толық ашылып болған жоқ.
Ақ, қызыл, көк, жасыл болып қақыраған, ұлт азаттығы мен тап
күресі сапырылысқан, адам түсінбейтін астан-кестен замандағы
арпалыстар, алаш арыстарының, қазақ халқының қасіретті, қанды

тағдыры қатпар-қатпар құпия болып жатыр емес пе?!
Міне, Тұрсекең сол сұмдық тарихқа шындық сүйгіш адал жү-
регін шырақ қылып, кең ақыл, кең ойын таразы қылып, батыл ба-
сып кірді де, бар ғұмырын таза ғылым жолына сарп етті.

Қандай ауыр жүктерді қара нардай қайыспай көтеріп, жиырма
бірінші ғасыр биігіне алып шықты!
Қазақтың бақытына жаратылған,
Сау қалмай бас көтерген дара тұлғаң,

Ғасырдың астан-кестен кезеңінде
Жауыздық аран ашып аласұрған.
Туралған отаршылдық қылышымен,
Байың да, кедейің де, Алашордаң.

Ол заман ауыр болған азаматқа,
Құтылу мүмкін емес қалың сордан.
Бүгінгі батырларға оп-оңай-ау,
Жаланы оңды-солды жаба салған,

Орынсыз күстәналау өткендерді
Ақ жүрек, адал жанға жара салған,
Жетпіс жыл – ол да тарих, ел тарихы,
Өтірік емес қолдан жаза салған.

Кеңестік кер заманда ер қамалған,
Аққудай аспандағы құлады арман.
Бір кезде буырқанған ой сезімдер,
Тып-тыныш сөрелерде тына қалған.

Архивке ай маңдайы сәуле шашып,
Кәкішев ойға батып, қырға қонған.
Кеншідей тас қопарған тыным таппай,
Сарғайған сар қағаздан сұрақ алған.

Ғайбаттың тасқынына тосқауыл боп,
Қазақтың Толағайы тұра қалған.

Ерлердің елім деген жаны сұлу,
Түн тербеп, тау жаңғыртқан әні сұлу.
Тар кезде ар-намысын сақтап қалған
Алаштың ұл-қызының бәрі сұлу!

Тұнғиық ойға батқан көзі сұлу,
Тым биік айға баққан сөзі сұлу.
Өлшеусіз сұлулыққа ғашық болған,
Тұрсынбек ағамыздың өзі сұлу!

Тұрсынбек Кәкішевтен айырылдық деуге бола ма?
Қазақ пен Тұрсекең ажырамас бір ұғым болып баяғыда тұта-
сып кеткен!
Таулар алыстаған сайын биіктей береді.

Аруақ алыстаған сайын жақындай бермей ме?
Тау тұлға тарих әлеміндегі өз орнына жайғасты.
Қазақтың абызы, әдебиеттану ғылымының алыбы, кең ақыл,
биік ойлы, турашыл, шыншыл ғұлама, аяулы, саялы ұстаз енді біз-

ге бұрынғыдан да ыстық, бұрынғыдан да қадірлі, қасиетті, киелі
күйінде жақындай түскен тәрізді.
Жарықтық Тұрсекең жиын-тойда бата берген сайын: «Лә хаулә
уә лә қууата иллә биллаһ» деген дұғаны жиі айтушы еді. Аса дін-

дар болмаса да, ғалымның аты ғалым, бірдеме білген ғой. Молда-
лар айтады: «Бұл – дұғаның төресі!» дейді. Иман нұрына бөленіп,
жаныңыз жәннатта болсын, аяулы аға! Ақиқатшыл азамат еді
Исі қазақ болмағанымен, есті қазақтың ана тіліміз мемлекеттік

мәртебе алған күні жүрегі жарыла қуанбағаны жоқ шығар.
Осынау ұлы қазақ қуанышына үлесті, хақылы азаматтардың
бірі Шәймерден Сәлиұлы Дәуренов болатын. Сол күндері мен
оның қасында бола алмадым: ол – Жамбылда, Свердлов ауданын-

да, мен Көкшетауда, Кеңащыдамын. Бірақ, Шахидың (достары
Шәймерденді Шахи дейтін) жүрегі жарыла қуанғанына, тойлаға-

нына, ойлағанына, сиынғанына күмәнім жоқ. Жыр толғауға келсек, бүкіл саналы өмірінде жанына маза бермеген мұң-зары, үміт сенімі жүрегінен жанартаудай атылып шығыпты. Жаныңды сыздатып, қаныңды қыздыратын «Ана тілім, армысың!» атты өлеңінен Шахидың бүкіл табиғи тұлғасы, арман-мұңы, елім деп еңіреген ер мінезі танылады. Ана тіліне деген махаббат пен мұңға толы, жүрек қанымен жазылған бұл өлең қазақ тілі туралы жазылған қасиетті жырлардың қатарынан орын алуға әбден лайықты. О, тағдырым, ризамын енді өлсем де, Сахарада шөл буып сенделсем де, Мың алғысым өзіңе, о ғасырым, Қайырған ана тілін шерменде елге! Алла-ай, сонша неге таусылып айтты екен?! Бірақ, осылай айтпаса, Шахи Шахи бола ма?! Жан досымның бүкіл арманмұраты, азаматтық тұғыры, өмірінің мәні мен әні – қазақ халқының, қазақ тілінің теңдігі мен еркіндігі болатын. «Егер қазақ болмаса, қазақ тілі болмаса, мен үшін дүние қараң!» – деп күңіренетін ол. «Халқымды, тілімді керек қылмай, жойып жіберетін дүниенің маған да керегі жоқ!» Осы сөздерін ол ешкімнен жасқанбай ашық айтатын. Жүрген жерлерінде тілі жеткенше, қолынан келгенше қазақтың елдік, ерлік қасиеттерінің, рухани байлығының дәнін себетін. Шахи туған елі үшін керек болса, жанын да қиюға бар еді. Ана тіліміз туралы әділ заң қабылданғанда қуаныштан жылап отырып жазған өлеңінен «ана тілім, садағаң кетейін, құрбандығың болайын!» деген жан шындығы айқын сезіліп тұрған жоқ па?! Жаратылыстың жан ұқпайтын жұмбақтары-ай! Шәймерден Дәуренов өлеңін жазып бітіріп, өзі редактор болып істейтін Жамбыл облысы, Свердлов аудандық «Село жаңалығы» газетіне басуға қолын қойып, совхоздың біріне саяси сабақ науқанын ашуға аттанады. Бұл оның соңғы сапары болды. 1989 жылғы 3 октябрьде Шәймерден автомобиль апатынан қаза тапты. Ақтық аманат жыры өзіне арналған жоқтау өлеңмен бірге аудандық газетте 12 октябрьде жарияланды. Кездейсоқ апат. Қайғылы қаза... Аманат жыр... Бұлардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін? Бұл құпияны ашу адам баласының пешенесіне жазылмаған. Жаратылыстың жан ұқпайтын жұмбағы-ай!

Шәймерден 1947 жылы Шымкент облысы, Арыс ауданы, (кейіннен Бөген, қазір Ордабасы ауданы). Карл Маркс атындағы колхозда дүниеге келген. Жас кезінде асау арынмен арман қуып бірталай жерді шарлады, жұмыс істеді. ҚазМУ-дің филология факультетін 1975 жылы бітіргеннен кейін Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында, «Шұғыла» газетінде қызмет істеді, кейіннен оның редакторы болды. Республикалық жоғары партия мектебін бітірген соң, біраз жыл партия қызметінде болды. 1987 жылдан бастап Свердлов аудандық «Село жаңалығы» – «Сельская новь» газеттерінде редактор еді. Қысқаша өмірбаян жолдары көпшілікке көп нәрсе аңғарта қоймаса да, онда талай сыр бар. Идеология саласында қызмет істеген Шахи жан шындығына көлеңке түсірмеген, жалғандық, жағымпаздық жайлаған уақытта да перде кимеген, ақиқаттан айнымаған саналы азаматтардың бірі еді. Тоқырау заманының тоған ойына, алдамшы саясатына зығырданы қайнап, заманды өзгерте алмайтынына күйзелетін. Әйтеуір айналасына алдамшылықты жуытпауға тырысатын. Шыншылдар оны осынысы үшін жақсы көріп, қадірлесе, жылтырлар бетің бар, жүзің бар демей, шындықты алдаспандай жарқ еткізетін өткір тілінен ығатын. Бірде аудандардың біріне жаңадан келген (жоғарыдан тағайындалған) хатшылардың бірі жиналыста: «Менің әлі тәжірибем жоқ, партия жұмысында әзірше малтақтаймын (плаваю). Сіздерден үйренуге келдім», – дейді ғой сыпайысып. Жұрт үндемей қалғанда, Шахи шарт кетіп: «Сіз бізден үйренуге тиіс емессіз, сіз бізді үйретуге, басқаруға тиіссіз. Партия жұмысы жүзу бассейні емес! – деп салыпты... Кеше «қазақ ұлтшылдығы» деген даурықпа сөз шығып, қыңыр мақалалар қаптап кеткен кезде, Шахи оларға қарсы дауыс көтереді. Қазақстанның бүкіл газеттеріне басылған «Шырмауық» атты мақалаға шырқырай қарсы шығып, өлең жазыпты. Жарияланбағанымен, өзі домбыраға қосылып ел ішінде күңірене айтып жүріпті. «Сөзіме құлақ сал, аға, дейтұғын жанның бірі едің, арымнан жаным садаға, не дейсің мына жалаға, шырмауық атты сұмдық сөз, даламды шырмап бара ма?! – деген жолдары ғана есімде қалыпты. Қазақтың тарихын, тарихи тұлғаларды, эпос батырларын Шахи ерекше қастерлейтін. «Аруақ аттаған оңбайды» дегенді жиі қайталайтын. Құранның біраз аяттарын жатқа оқитын. Қазақ халқына

азды-көпті еңбегі сіңген адамдарды өте құрметтеуші еді. Әсіресе Баукеңе – Бауыржан Момышұлына махаббаты айрықша. Ұлының аты да Бауыржан. Төріне екеуінің суретін қатар іліп, бір ауыз өлең жазыпты. Сондағы жазу: «Кішкене бала да үлкен түс көреді...» (Менің мәтелім).

Қос Бауыржан...
Бірі – кіші, бірі – ұлы,
Маған салсаң,
Бұл бір есім

Адамдықтың тұғыры!
Үлкеніне жапырылып,
Исі қазақ бас исе,
Кішісінің

Желкілдеп жүр тұлымы...
Нар тәуекел!
Қатар ілдім екеуін,
Кішісі де

Бәйге алар деп,
Ұлы тойда,
Бір күні...

Шахи қызы Әйгерімге жазған тілегінде де «Халқыңның қызы бол!» депті. Жақсы көрген адамдарына да айтатын тілегі осы еді. Ол жерлес демейтін, жері шалғай демейтін, өзі үшін ғана еңбек етпей, туған елім деп еңіреп жүрген ер-азаматтарды бауырым, досым деп білетін. Аяулы жары Шолпан Шахидің: «Менің бар байлығым достарым мен кітаптарым ғой!» деген сөзін тебірене айтады. Шахи әдебиетті киелі санайтын. Ер жігіт әдебиет табалдырығынан аттауға жас баладай именді. Қазақ сөз өнерінің бай қазынасын бойына сіңірген, орыс, әлем классикасынан сусындаған Шахидің мүмкіндігі мол, табиғи таланты тегеурінді еді. Әттең, не керек, киелі өнерге кездейсоқ, кимелеп кірген бәз-біреулердің өзі тізімге ілініп, төсін қағып жүргенде ол: «Халқыма, әдебиетке не беремін? Қасиетті әлемге енуге лайықпын ба, жоқ па?» деп рухани арпалыста жүргенін жақсы білемін. Бұл кезде ол қаламы төселген, білімдар, қазақша-орысша бірдей жазатын жүйрік журналист: оның қаламынан терең мазмұнды, тілі көркем мақалалар, уытты

фельетондар туып жатты. Өзінің өлеңдерін домбыраға қосып, ән-
детіп айтқанда, сүйсіне тыңдайтынбыз. «Жазсаңшы, жарияласаң-
шы!» – деп өтінетінбіз. Бірді-екілі ғана шағын әңгімелері респуб-
ликалық, облыстық газет-журналдарда жарияланды. Негізінен

аудандық газеттерде басылды. Туған жері – Шымкент өңірін сүй-
етін Шахи шығармаларында кейде Ш. Отыраров, Шаһмардан әл
Бугуни деп қол қоятын. 1988 жылдың жазында ол біздің елге,
Көкшетауға, Кеңащыға келіп, он шақты күн болып қайтты. Сонда

жазуға ден қойып, белін бекем буып кірісе бастағанын айтқан. Ой,
жоспары көп, мақсаты айқын еді. Үлгере алмады ғой.
Жан-жақты талантты досым Шахидың артында қалған шығар-
малары қалың оқырманға ұсынуға әбден лайықты. Мұнымыз «Жо-

ғалған пышақтың сабы алтын» дегендік емес. Шахидің сөзі – қазақ
азаматының сөзі, өзі үшін өзі жауап беріп, сапта тұратын сөз.
Әр адамның тағдыры, өмір тарихы, жан дүниесі қайталанбас
бір кітап, бірақ біз оны оқып, жаза білмейміз. Дүниеден бір адам

із-түзсіз кетсе, адамзат тарихының ең болмағанда бір сөзі мәңгі-
лікке жоғалады. Ал, көпшілік көзіне түспей, бүкіл халыққа таныл-
май өтсе де, ауыл аймағына елеулі еңбек сіңірген, адамгершілік,
азаматтық туын биік ұстаған, айналасына жан жылуын таратқан,

кісілік қасиет дарытқан қадірлі адамдарды біз неге ұмытуымыз
керек!? Әр өңірдің, әр ауданның, әр ауылдың өз тарихы бар емес
пе? Адамзаттық, халықтық тарих сонысымен шексіз бай, сонысы-
мен қызық, бағалы емес пе? Ал біз болсақ, жерімізге бір рет келіп

кеткен, тіпті, ат ізін салмаған, өзімізге қатысы жоқ атақтылардың
есімдерін жарыса, таласа-тармаса ауылдарға, көшелерге қойып, ол
аздай, халықтың табанақы, маңдай терімен келген қаржысын судай
шашып, ескерткіштер соғамыз. Күні кеше ғана арамызда жүрген,

өз өңірімізге еңбегі сіңген, құрметке лайық азаматтарды есте қал-
дыру ойымызға кірмейтіні, тіпті бар ғой, өзімізге өзіміз қимайты-
нымыз, біртүрлі көретініміз қалай?! Өзімізді өзіміз танымасақ,
сыйламасақ, бізді кім керек қылсын?! Туған жер түлектерін қадір-

лей білейік, олардың есімдерін есте қалдырайық, ағайын!
Айыбым сол, көп қазақтың бірімін,
Жұлсам деген зұлымдықтың жұлынын...
Болмағанмен бойда заңғар ұлылық,

Алалығы аз, ақиқаттың құлымын! –

деп жазған, көпшілік көзіне көп түсе қоймаған талантты ақын, сатирик жазушы Шаймерден Дәуреновтың есімін есте қалдыруды ол ұзақ жыл жұмыс істеген Жамбыл облысы, Жамбыл және Свердлов аудандарының, туып өскен жері Шымкент облысы, Ордабасы ауданының азаматтары ескерсе деген тілегіміз бар. 1990 жыл. ҚарағайлыҚорғанбек «Қорғанбек Аманжолов деген бір керемет шығыпты, мектепті бітірерде шығарманы өлеңмен жазыпты!» деген сөз аяқ астынан дүңк ете түсті. 1970 жылы Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектептің тоғызыншы класын енді бітіріп жатқан біз аузымызды аштық та қалдық. Әдебиет пәнінен сабақ беретін Көпенова Қайыржан апайымыз екпіндете сөйлеп, Зеренді ауданынан түлеп ұшқан балапанды әбден әспеттеп, оның өлеңмен жазған шығармасы облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде басылғанын айта келе, бір-екі ауыз үзіндісін де сөз арасында қыстырып жіберді. Мен мұндай «данышпан» баланы көруге құмар болдым. Сол жылы немере ағам Жарылғасын Әбішев мектеп бітіріп, Алматыға, КазГУ-дің филология факультетіне оқуға аттанды. Бір күні одан хат келді. Хатында Алматының әсемдігі, университет пен ұстаздары туралы жаза келіп: «Қорғанбек Аманжоловты көрдім, дәл қасында тұрдым!» – деп түйіпті аяғын. Мен де оны көргім-ақ келді, бірақ «данышпан» қолға түсе бере ме, неше жыл университетте оқып жүргенде де, кейін де онымен кездесудің сәті түспеді. Баспасөз бетінен де оның жырларын көп байқай қоймадым. Қорғанбекті көру дегенің қар адамын көрумен бірдей болды сөйтіп. Күндердің күндерінде, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде қызмет істеп жүрген кезім еді, есіктен бір иман жүзді қара домалақ біреу ақырын басып кірді. – Баянғали, мен сенімен әдейілеп танысайын деп келдім, мен Қорғанбек Аманжоловпын! – деді. Ұшып тұрып, құшақтай алдым. – Өй, сен баяғыдан қайда жүрсің? Мен сені мектептен бері іздеп келемін ғой! – деп, әлгі тарихтан сыр шертіп, арқа-жарқа болдық та қалдық. Бірақ, бала күнімнен қол жетпестей көріп жүрген

«данышпанымның» қарапайым ғана қарадомалақ болып шыққа-
нына көңілім кәдімгідей қоңылтақсып қалғанын да жасырмай,
қалжыңға айналдырып, Қасым Аманжоловпен кездесу бұйырмаған
соң, Қорғанбек Аманжоловқа да шүкіршілік қыламыз ғой деп, қол-

тықтасып «Қаламгерге» тарттық. Содан бері жұбымыз жазылмай,
көңіл жарастығымыз бұзылмай, дос, бауыр болып келе жатырмыз.
Айтқандайын, құдай бергенде, Қорғанбектің ата-тегі Қылды Қа-
рауыл – менің нағашым екен, құрдастығыма жиендігім қосылға-

сын қоямын ба, оны көрсем не телефонмен сөйлессем болды, өз-
өзімнен еркелігім ұстап, қиястанып шыға келемін. Ал, әзіл-
қалжыңды былай қойып, оның рухани еңбегін шындап таразылап,
сарапқа салсақ, шығарманы өлеңмен жазған арманшыл баланың

асқар алпыс асуына халқының жырын жырлап, жоғын жоқтап,
ақиық ақын, қабырғалы қаламгер, қайраткер тұлға болып толысып
келгендігін, яғни, кіші Аманжолов үлкен Аманжоловтың лайықты
ізбасарларының біріне айналғандығын көрер едік.

Оның мектеп қабырғасында шығарманы өлеңмен жазуы тегін
емес қой, құдай берген ақындық дарыны ерте оянуына ауыз әде-
биетінің, әсіресе батырлар жырының қайнарынан қаршадайынан
қанып ішкендігі ықпал еткені даусыз. Бала Қорғанбек Қобыланды

батырдың Қазанның қырлы-сырлы қамалынан Тайбуырылмен қар-
ғып бара жатқан суретіне қадала қарап отырып, қиял дүниесіне
әбден-ақ батады екен. Сол кезде оның кіршіксіз сәби сана-сезімі
болашақта алатын қамалдарынан найза ұстаған батыр болып емес,

қалам ұстаған ақын болып қарғитынын бағамдады ма екен, кім
білсін!? Анығы сол, мектеп қабырғасында жүріп жазған балауса
өлеңдерінен бастап бүгінгі есейген шағындағы есті жырларынан
есіп тұрған адамға тән мұң-шерін, сағыныш-арманын, махаббат

сырларын, шаттық-қуанышын сезіне алсаңыз, оның нағыз ақын
екендігіне қалтқысыз иланасыз. Ол тұнып тұрған лирик, ақпа-
төкпе табиғи ақын. Оның поэзия әлемі мөлдір, таза сезімге толы.
Қорғанбекті оқығанда сан-алуан күй кешіп, көңіліңде бір нәзік

толқындар оянып, ойың қозғалып, қиялың ақынның балалық ша-
ғын, туып-өскен жерін, «мешітті ғаламын» кезіп кете береді.
Мешітті ғалам туған үй,
Мекенім едің тал бесік,

Ертегі назды думан күй,
Еркелеп өстік ән кешіп.

Талқанның дәмі – таңдайда,
Аласыз көңіл алқаған,
Алақан табы – маңдайда
Қамқор қол қаққан арқадан...

Бұйырып бақыт аздаған,
Періште пәки күйімде,
Мейірім ғана маздаған,
Мешітті ғалам үйімде...

Алдынан сол бір баланың
Ашады дүние аранын,
Мешітті менің ғаламым,
Мен сені қайдан табамын?!

Асылы, адам поэзияны логикалық қисындардан гөрі, жан-
дүниесімен, өзгеше бір сезім күйін кеше отырып қабылдайды ғой!
Осы өлеңді зер сала, үңіле оқып көрсеңіз, біраз жерді шарлап қай-
тасыз да, кеудеңізді сағыныш кернеп, туған үйге ораласыз...

Ақынның дала туралы, сұлу Көкше жайлы жырлары туған өл-
кенің таңғажайып жанды суреттері іспетті. Зеренді ормандарының
ішінде Қорғанбектің «Зеренді қарағайлары» деген өлеңін үлкен
полотноға жазып, екі қарағайға арқанмен кере байлап, әуеге іліп

қойған. Бұл табиғи жыр мен табиғаттың әдемі табысып, туысып
кеткеніндей көңіліңді шуаққа бөлейтін, тиын сауған құйын заман-
да да адамдарға поэзияның керектігін айғақтап, сөз патшасы өлең-
нің қашанда өз биігінде тұра беретіндігін байқатқан бір керемет

көрініс болды! Ал мына басынан аяғына дейін су жорғадай төгіл-
ген сұлу өлеңді қараңызшы:
Көктерек, Қызылегіс, Қарашілік,
Ортағаш – ойды бөлген таң асырып,

Төрт ауыл, төрт бауырым,
Көңілімнің
Көгіне көтерілген дара шығып.
Туған жерге деген махаббаттан туған, ой мен сезімге бай, өлең

ырғағы, сөз музыкасы жаныңа рақат сыйлайтын осындай өлеңдер
Қорғанбек поэзиясына тән көп жақсы қасиеттерді аңғартады. Мі-
не, менің бала күнгі «данышпаным» қазақ поэзиясы айдынына

мөлдір бұлақтай сылдырлап құйылған мүлтіксіз жырлар сыйлап, көзі тірі кемел ақындардың алдыңғы қатарына даңғаза мақтаусызақ қосылып жүре бергелі қашан! Айта берсек, Қорғанбек туралы ауыз толтырарлық сөз аз емес. Адам ретіндегі ізгілігі, азамат ретіндегі ірілігі, баспасөз қызметкері ретіндегі қаққан қазықтай нығыздығы, жорналшы ретіндегі деректі шығармаларының елдік маңыздылығы, аудармашы ретіндегі шеберлігі, табанды еңбекқорлығы тарау-тарау әңгімеге лайықты. Әсіресе, қарасөзбен жазылған қалың-қалың кітаптарында халқымыздың басынан өткен қилы-қилы тарихи оқиғалар жайында нақты деректерге сүйеніп, адам тағдырларын арқау ете отырып, үлкен ойлар толғайды. Ол еңбектері танымдық, тағлымдық мәні жоғары, оқушысына мол мағлұмат, ақпар, білім беретін бағалы дүниелер екенін де бір тұжырымдап қойсақ, артық болмас. Сондықтан да, алдағы қараша айында қазақ елінің руханиятына зор еңбек сіңірген көрнекті ақын, Көкше жерінің кемел азаматы Қорғанбек Аманжоловтың алпыс жылдық мерейтойын ел болып көркейтіп атап өтсек, әбден жөн болар еді. Сағынышқа толы өлеңдерінде ақын ес білгеннен әлденені сағынып жүреді. Өскен соң да сағынады. Әлі сағынып келеді. Не нәрсе екенін өзі де білмейді, түсінбейді. Белгісіз бір нәрсе... Байлық па, бақ па, атақ па, даңқ па... Жо-жоқ, тіпті де олай емес сияқты. Ал сонда не? Жауабы жоқ... Тек қана үздіктіретін, жанға маза бермейтін бір сағыныш бар жүректе. Сағынады ақын, аңсайды әлденені... Адам көңіл-күйінің бір терең, нәзік иірімі... Иә, шынында да адамдар дүниеде қолға ұстатпайтын, көзге көрінбейтін бір белгісіз, сәулелі үмітті аңсап жүретіндей... Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы, бәлкім! Аңсарың таусылмасын, жан-жарың, балаларың аман болып, сәулелі үмітің алға бастай берсін, қара нардай Қорғанбек, қарағайлы қара ормандай Қорғанбек!

Қарағай
Қорғанбекке
Зеренді көлді жағалай,
Көмкере біткен қарағай,

Көркіне көңлі мас болып,
Керілген кербез ағадай.

Дыңылдап ырғақ санамай,
Самалды сүйген саралай,
Серуендеп еркін сеңгірге
Секіріп шыққан баладай.

Тас жарып өскен толағай,
Бойлаған көкке дарағай,
Шайырлы иісі бұрқырап,
Қайқайған төре-қарадай.

Құмары күндіз тарамай,
Тұнжырап түнде қалардай,
Сәулеге бөлеп сезімді,
Күмістен сырға тағады ай.

Зеренді көлді жағалай
Мүлгіген қалың қарағай,
Түбіне көлдің үңіліп,
Көп ойға батқан данадай.

Тоқтаусыз уақыт ағады-ай,
Куә боп оған қалады ай,
Көк мұнар мұңға малынған
Мәңгілік жап-жас қарағай! Алаштың ақиығы

Марат Нәбиев алпыс жаста

Марат бір қызық адам!
Ой өрісі де, мінезі де, сөзі мен ісі де ерекше!
Ол – кәсіпкер, кәсіпкер болғанда да нағыз өндірістің басшысы.
Барлық күш-қуатын, ақыл, білімін ел игілігіне аямай жұмсап келе

жатқан Алаштың қайраткер, бірегей азаматы. Бір замандасына
әзілдеп: «Сендер бөлесіңдер де аласыңдар, ал біз қосамыз да кө-
бейтеміз!» деген сөзінде бүгінгі қазақ өмірінің біраз шындығы жа-

тыр. Осындай тауып айтқан сөздері «Мараттың айтқандары» деген
атпен бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты.
Оның шаруашылық саласындағы бітірген қыруар жұмыстары
бөлек әңгіме!

Марат бүгінгі биігіне бір күнде жеткен жоқ. Балалық шағы со-
ғыстан кейін еліміз енді есін жия бастаған, барға қанағат деген
уақытқа тура келді. Оқыды, арман қуып, алға ұмтылды. Агроном
болып, астық өсірді.

Кеңестік жүйемен бірге, шаруашылық та қираған кезде, жұ-
мыссыз қалды. Ақыры, жаңа заманның айдынына батыл құлаш
ұрып, қойып кетті. Кәсіпкерліктің ащы терін де, тәтті жемісін де
татты. Аяқтан шалғанды да, тасадан тас лақтырғанды да көрді.

Қайсар Марат қиындықтардан қайтпай, қайрала түсті. Шындық
үшін шайқастарда шыңдалды. Оның қарсыластары да өте үлкен,
ірі болды. Марат ауыл арасы, ағайынмен айтысып-тартыспай, ата-
мекеннің байлығын туған жер түлектерінен тартып алып, қарпып

асап үйренген жат елдік алпауыттармен қаймықпай алысты. Же-
ңілсе, жасымады, жеңсе, асып-тасымады. Адамгершілігіне көлеңке
түсірмей, өмір жолында қадамын нық басып келеді.
Ал оның дос-жарандары – бүгінгі қазақ елінің ең айтулы, көр-

некті тұлғалары!
Жас кезінде В. Пекелистің «Адам, сенің мүмкіндігің...» деген
атақты кітабын құмарта оқып, өз мүмкіндігін мейлінше дамытуға
ұмтылып, жан-жақты қабілетін жетілдіруден бір жалыққан емес.

Дарынды жан көрсе, сүйеу болып, қолынан келген жақсылы-
ғын жасап бақты! Шахматшы, әлем чемпионы Дәурен Сәдуақасов-
ты құлын күнінен танып, табиғи талантын жарқыратып ашуына
жасаған қамқорлығы аңызға бергісіз. Дәуренді оқытып, жаттықты-

ру үшін Ресейден атақты гроссмейстер Ювенковты арнайы шақы-
рып, бүкіл қаражатын көтеріп алған ғой. Айта берсек, әдебиет, мә-
дениет және өнер саласында белсене кірісіп кетіп, еңсере көтеріп
кеткен жұмыстары қаншама!

«Паң Нұрмағамбет киностудиясына» құрылтайшы болғанды-
ғын да көзіқарақты қауым жақсы біледі. Тікелей Мараттың қол-
дауымен, Ақмола, Көкшетау аймағында төрт көркем, алты деректі
фильм түсірілді.

Марат Нәбиев қолтығынан демеп, қамқорлық жасап, қаржылай
көмектескен талапкерлердің біразы алға басып, азамат атанды.

Олардың ішінде айтулы қайраткерге, әр салада елеулі тұлғаға ай-
налғандары да бар. Сенімін ақтамай, алдап кеткендері де жоқ емес.
Бір тойда сапқа тізіліп, сөйлеп тұрған бір топ адамға қарап
отырып, жақын ағасы Айтбай маған:

– Осылардың көбін адам қылған Марат! – деді.

– Е-е, біздің Марат адам еместерді де адам қылған ғой! – деп

қалдым әзілдеп.
Айтекең күліп жіберіп, басын изеп:

– Дәл айттыңыз-ау! – деп жатыр.

Сарыарқаны қысқан сары аяз саясатты жастайынан сезініп, кө-
ріп өскен зерделі жігіт туған тіл мен тарихым деп тебіренді. Жас-
тық арынмен дауыс көтеріп, ашық айқасып, айқайласқан кездері де
болды. Партия билігінен таяқты да жеді. Бәрібір бұғып қалмай,

мүмкіндігінше әрекет жасады. Ол заңды да! Өйткені әкесі Әскен
алғашқылардың бірі болып Кенесары ханның есімін ардақтау мә-
селесін батыл көтеріп, немерелеріне Абылай, Кенесары, Наурыз-
бай деп ат қойған қаламгер! Анасы Парида Паң Нұрмағамбеттің

немересі!
Әскен ағамыз Сталинградта соғысқан. Басына жарықшақ тиіп,
төбесінің төрттен бірін жұлып әкеткен. Содан елге оралады. Жан-
жары Парида екеуі он төрт баланы өмірге әкеліп, оның он бірі

аман-есен ержетіп, бір-бір үй болып өседі.
Әскен аға мен Парида апаны деректі фильмге түсірдік. Жа-
нында әңгімелесіп отырғанда: «Әкел қолыңды» деп, менің қолым-
ды ұстап алып, төбесін сипатып көрсетті. Әлгі жарықшақ жұлып

кеткен сол жақ төбесінде сүйек түгілі, сүйектің орнына салынған
дәнеме жоқ! Құр тері ғана жауып тұр! Әуелде тіпті шошып кеттім,
басына бірдеме тиіп кетсе қайтеді деп! Әскен ағаның қаперіне кі-
ріп-шығар емес, ақырын жымиып күліп қояды. «Міне, осылай келе

жатырмын!» – дейді. «Батырсың, аға, батырсың!» дедім, ризашы-
лықпен. Шынында да солай! Қан майданда мұздай қаруланған әккі
жаумен арпалысып, басының жартысын окопта қалдырып, қалған
жарты басымен осынша ұрпақ, әулет тәрбиелеп өсірген, өлең-жыр

мен қарасөзден тұратын том-том кітаптар жазған, сексен тоғыз
жыл ғұмыр кешкен алаштың абыз ақсақалының өмір тарихының
өзі аңызға бергісіз!
Әсекеңнің ағасы Масғұт 1938 жылы әскерге кетіп, фин соғы-

сына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде немістер Прибалтиканы

тұтқиылдан бір-ақ басып алғанда, совет солдаттарымен бірге тұтқынға түскен. Фашистік лагерьде аштық пен қиыншылықтан енді өлдім-ау дегенде, Мұстафа Шоқай құтқарып алған екен. Түркістан легионында болыпты. Америкалықтар азат етіп, кемемен АҚШ-қа алып кетпек болған. СССР-ға барсаңдар, Сталин сендерді атып тастайды, – десе де, Масғұт ата елге қайтқан. Келген бетте совет өкіметі өзінің кешегі жауынгерін он жылға соттап жібереді. Сібірдегі лагерьде бір положенец әбден қысым көрсетіп, өлтірмек болғанда, Масғұт ата қонышында жасырып сақтап жүрген пышағымен әлгінің қарнын жарып жібереді. Анау өліп қалып, бұл кісіге тағы да срок қосып береді. Момын қазақ баласын ширықтырған, шынықтырған қатігез заманға не дерсің? Мерзімін өтеп, Сталин қайтыс болған соң, 1956 жылы, он сегіз жылдық тар жол, тайғақтан өтіп, аман-есен елге оралып, еңбек еткен. Батагөй ақсақал еді. Зайыбы Үміт менің нағашым, әжем Қамиланың бауыры Әбілғазымның қызы. Мені көргенде, жиеншарым деп, жаны қалмайтын. Масғұт ата немере, шөберелерінің ортасында тоқсан жасқа толғанын тойлады. Ол кісінің бата,тілек сөздерін Марат бірнеше рет жеке кітап етіп шығарды. – Адам елді сағынады екен! Жер сағындырады екен! – деп, аһ ұра күрсінуші еді жарықтық. «Масғұт ағам тоқсан екі жасында қайтыс болды. Ертерек кетті ғой, әлі де жасауы керек еді!» – деп, өзі де тоқсанға тіреліп тұрған Әскен аға бауырын қимай, ет жүрегі езіліп еске алғанда, не жыларымызды, не күлерімізді білмей қалған да бір қызық сәт болған. Әкесі Нәби жүз жасаған ақынға бұлай айту жарасып та тұр! Марат бауырым маған: «Аға, біздің әкелеріміз фашистермен басымен соғысқан ғой!» – деп әзілдейді, менің әкем Тақанның да сол соғыста шекесіне жарықшақ тигенін меңзеп. Екеуміз бір күліп аламыз. Күрсінеміз және... Анасы Парида Рақымжанқызы тоқсан жасқа толғанда, барлық әжелерге деген құрметімді білдіріп, өлең жазып едім. Әже, қандай аппақсың, Ай нұрындай, Немере мен шөбере Тай-құлындай, Шұрқырап, Үні қандай әжелеген,

Жүрегіңді
Жылытқан жайлы ұғымдай,
Қасиетке
Бөледің төрімізді,

Бір өзің
Бір әулеттің байлығындай,
Аялаған
Айнала дүниені,

Аппақ болып жасай бер,
Ай нұрындай!

Осындай ата-анадан тәлім алған, жан-жағына жылу беріп тұра-
тын жалынды от сияқты, ел-жұртына да, туған-туыстарына да ұй-
тқы, басшы бола білген Марат бауырымыз, міне, асқар тау ата бо-
лып, алпыс жасқа толып отыр!

Қайраттанса,
Қара дауыл, бұрқасын,
Балуан Шолақ
Елу бір пұт кір тасын,

Бір-ақ ырғап көтергенде,
Базарда,
Қайран қалып,
Керген екен жұрт қасын...

Сол Балуанның айдалада бейіті,
Ескерусіз,
Ұмыт қалса – ұлтқа сын.
Елу бір пұт тас көтерген Балуанға,

Қоя алмаған екі пұттық бір тасын.
Амал қанша, заман болған осындай,
Ұстағандар елде билік тұтқасын.
Басына да бара алмаған Балуанның

Ұлығынан ұлы жұрттың ыққасын.
Санасы бар,
Намысы бар,
Қаны бар,

Елден қалай
Бір азамат шықпасын.

Агрономы
Атқа мінді ауылдың,
Атасының
Ұлылығын ұққасын.

Елу бір пұт боп қалатын жобасы,
Шомбал таспен
Бейіт басын мықтасын.
Атасының

Ардақтаған аруағын,
Қыран Марат,
Даңқың көкке шырқасын!

Қан майданда өмір, өлім қас-қағым,
Отан үшін құрбан етіп жас шағын,
Әскен аға Сталинград түбінде
Төккен жаудың...

Өзінің де жас қанын.
Гранатты
Қағып тастап басымен,
Беріп қайтқан

Төбесінің қақпағын...
Он бір бала
Өсіп, өніп, өркендеп,
Жалғастырған

Ата-баба дастанын!

Толықтырып ел қазақтың санатын,
Жайсам деген дүниеге қанатын.
Өркен жайған Әсекеңнің орманы,
Ортасында өр тұлғалы Маратым!

Арғы атаңыз асып туған жан болған,
Нағашыңыз Нұрмағамбет Паң болған.
Қаршадайдан намыс үшін қарысып,
Көңіліңе Алаш деген ән қонған.

Өсірсем деп туған елдің мерейін,
Өміріңде үлкен арман, мән болған.

Ақселеулі даламызда толқытып,
Ақ самалмен өсіргенің дән болған!

Жастай оқып, мүмкіндігін адамның,
Ашамын деп алдында бар ғаламның.
Еркін самғап шексіз ғылым көгіне,
Қиял жетпес қызық іске бара алдың.

Менделеев айтып кеткен жобамен,
Келді, тіпті, көмірден де газ алғың!

Араладың ғаламшардың жер, көгін,
Есептесек, төбе-төбе еңбегің.
Кең даланы дүбірлеттің тұлпардай,
Хан қазына халқымызға бергенің.

Бәйтеректей тамыр жайдың тереңге,
Ие болмақ, ер болмаса, жерге кім?!

Серік еттің Баян сұлу – гүл қызды,
Баяндылық Баян саған білгізді.
От пен судан алып шығып тайғақта,
Алақанын төсеніш қып жүргізді.

Жан жарыңды сен де ерекше қадірлеп,
Аспандағы алып бердің жұлдызды!

Биігіңе сүйінсін тек ел қарап,
Ақиықтай кең әлемге кер қанат.
Бақ жұлдызың жоғарыда жарқырап,
Әулетіңмен мың жасай бер, ер Марат!

СҰХБАТТАР

« Ешкімнің биігіне таласпаймын, Өзімнің жолым жатыр тарау-тарау...» Өткен жұма күні редакциямызда болған жүздесуге Көкшетау халқының ардақ тұтып, мақтан ететін аяулы перзенттерінің бірі, айтыс өнерінің дүлділі, манасшы, жазушы, сатиралы драматургия жанрында жемісті еңбек етіп жүрген қаламгер Баянғали Әлімжановты шақырған едік. Осыдан 11 жыл бұрын гүл шырайлы ару Алматыдан, өзін алақанына салып аялаған аға толқын зиялы қауымнан, құрбы-құрдастарынан жыртылып айырылғандай болып, кіндік қаны тамған Еңбекшілдер ауданына, оның ішінде Кеңащы ауылына табан тірегенінен дүйім ел хабардар. Сөзін де, ісін де әмсе жүрек әміріне бағындыратын Баянғали бауырымыздың осынау қадамының өзі-ақ оның перзенттік ақ-адал болмысынан сыр айтып тұрғанын былайғы жұрт біле бермейді. Сондықтан, әуелден шын сөйлейтін, сыр сөйлейтін Баянғали бұл жолғы сұхбатын сол бір қадамы хақындағы әңгімеден бастады. Мен әке-шешемнің кенжесімін. Алдымда үш апайым, екі ағам бар-тын. Солардың аялы құшағы мен нұрлы мейіріміне жан жүрегімді тосып, еркелеп жүрген шағымда сол дәуреннің бас айналтып, көңіл елтіткен қызығынан күрт айықтырған ауыр жағдай болды. Ол – анамның айықпас ауыр дертке шалдығуы. Ести салысымен Көкшетауға келіп, Мұрат Калин деген дәрігер азаматпен сөйлессем, ол кісі: «Қатерлі ісік ауруы, көп болса, бір жыл өмірі қалды» дейді. Анығын ашып айтуды сұраған өзім едім. Сең соққан балықтай сенделіп қалдым. Кеңащыдағы үйге келсем, өмірдің көп тауқыметі жігерін жасыта алмаған, сырт көзге біртоға момын, бірақ

қайратын ішіне жинайтын арыстай әкем жарықтық қосағының қайғысынан мүжіліп-ақ қалған екен. Әншейін сыр бермей, қайраттанған болады. Бірақ бүкшиіп, бір үйде жалғыз қалғанын көріп, жүрегім ауырды. Алматыға қайтып келдім де, келіншегім Әлияға айттым. «Жер жаннаты Жетісуды – туып-өскен алтын бесік төркін жұртымды қайтіп қиып кетем?» деген жоқ, бірден Көкшетауға көшіп баруға келісім берді. Аңқылдаған ағайын ақ пейілін мұнда да танытқан, сол кездегі «Көкшетау правдасының» редакторы Жанайдар Мусин ағамыз мені осы газеттің Еңбекшілдер ауданындағы меншікті тілшісі етіп жұмысқа қабылдағанын білесіздер. ... Анам болса күннен-күнге сөніп бара жатты. Бірақ, тумысынан өр, намысқой, есті еді, қашан демі үзілгенше сол қасиеттілігінен айнымады. – Құлыным, жұмысың қағаз ісі ғой, бірде алда боларсың, бірде артта боларсың, оған ренжіме, – деді маған. Сонсоң: – Кешегі кәмпеске кезінде бір үш ағайынды жігіт болыпты. Балапан – басына, тұрымтай – тұсына тоз-тоз болған шақта ағасы кенже інісіне айтқан екен: Қарағым, айналайын, інішегім, Алдымда екі ағам деп сенуші едің, Мал-мүлкің бір өзіңе қалды қарап, Шырағым, тастағайсың еріншегің! Сол айтқандай, сүт кенжем – әке ордасының ендігі адалбақаны өзіңсің, тек арақ деген әзәзілден аулақ бол, – деді. Үшінші айтқаны – жан қосағы әкем болды: – Мені аттандырған соң егер орныма біреуді кіргізем десе, әкелгізбе, – деп бір-ақ түйді. Әкем жарықтық та қосағының өсиетіне қылдай қиянат қылған жоқ, анамды арулап қойғаннан кейін де тоғыз жыл бізбен бірге тұрып, өз қолымыздан ол кісіні де құтты жеріне қондырдық. «Балаларыммен бала болып отырамын» деп, үйленбеді. Әкем төсек тартып жатқанда қызмет бабымен Қырғызстанға кетіп едім, үйге келсем, келіншегім Әлия әкейді аппақ қылып жуындырып ақ төсекке салып нәрестедей аялаған екен. Әкем: «Құлыныма, Әлияма рахмет!» деді. Әке тағдыры мені әркез толғантады. 1995 жылы Алматыда өткен айтыста: Менің әкем Тақанның, Ерлігі көп айтатын.

Жау тылынан тіл іздеп,
Түн ішінде жортатын.
Тоғыз танк талқандап,
Таң атқанда қайтатын.

Бейбітшілік заманда,
Қолтықтап-ап шалдарды,
Бір телешке шөп сұрап,
Конторға қарай жортатын.

Сөйтіп жүрген батыр шал,
Менің шешем Бәтима
Марқұмнан жаман қорқатын.
Менің әкем Тақан шал,

Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты.
Қиратушы ед оны да,
Қырық шақырым қалғанда

Соғыс бітіп қалыпты,
Гитлер менен Геббельс,
Тақан келсе болмайт деп,
Жағдай енді оңбайт деп,

Атылып өліп қалыпты.
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын,
Халық қылған халықты! – деуімнің мәнісі осында.

... Әкейді құтты орнына қондырған соң ана жылдары Кеңащы-
дан Көкшетауға көшпекші болдық. Шындап шашылсақ, қаладан
бір баспана сатып алуға болар еді. Бірақ атымды сатып, өнерімді
саудалап, билік басындағылардан сауға сұрауға бармадым. Осыдан

11 жыл бұрын Алматыдан Көкшетауға аттандырып тұрып қайран
Ғафаң, Ғафу Қайырбеков марқұм;

– Мен сені балам Бақыттан кем көрмеймін, – деп еді. Сонсоң

ағалық ақ мейіріммен батасын беріп:
Махаббат, шапағатты қатар жинап,
Қайтарсың аман-есен өз ұяңа, – деген.
Ғафаңның дуалы аузынан шыққандай, Кеңащы маған қайыр-

сыз болған жоқ. «Махаббат пен шапағат тапқан» құтты мекен бол-
ды. Өзім Степнякта, Бұлақбасында туғанмын. Бірақ қайран елдің
құшағы кең, мейірімі мол, сол бауырмал аңқылдаған ақ пейілмен

Кеңащының жомарт көңілді қауымы бізді осы жолы қимастықпен
Көкшетауға аттандырып салды.
Баянғали Әлімжанов есімі аталған жерде көз алдыңа айтыстың
ақтангер тұлпары елестейді де, асау арынды, қуатты ақын жыр

сәйгүлігінің жалына қол артып, аяғын алтынды ердің үзеңгісіне
аяғын іліктірер-іліктірместе жүйтки жөнелетіндей сезіледі.
Сондықтан ендігі сұхбат айтыс өнері төңірегінде өрбіді.

– Мен айтысты тұңғыш рет 1980 жылы теледидар арқылы та-

машалаған жанмын. Ол кезде айтыс ақыны атанып, жыр додасы-
ның ортасында жүремін-ау деген ой болған жоқ. Тек Алматыда сөз
қадірін танитын текті ортаның тентегі атанып жүрген балаң кезім-
де реті келіп қалғанда ойымды өлеңмен суырып салып, айтып тас-

тайтын шақтар болушы еді. Сол қылығым күндердің күнінде Мә-
дениет министрлігінде жұмыс істейтін Шәрібек Алдашев ағамыз-
дың құлағына жетіпті. Әуелі «Айтысқа түс» деп қолқа салды. Көн-
бедім. Одан кейін «Аққу» кафесіне алып барып, екеуара көңіл хо-

шы кемеліне келді-ау деген тұста: «Сен айтысқа түсуге қорқып
отырсың» деп салды. Намысқой, шамшыл мінезімді жақсы білетін
болу керек. «Қорқақсың» дегеннен артық қорлық бола ма? Сол
сол-ақ екен, көнбей отырған басым Шәрібек ағайдың құрығына

қайтіп ілінгенімді білмей де қалыппын. Бірақ соның аяғы жаман
болған жоқ.
«Айтыс» атты аруақты өнер әлемінің алтын босағасынан
«Алла, жар» деп осылай аттаған Баянғали – қазір оның төріне

озған текті өнер иесі. Ұлттық айтыс өнеріндегі дара дарын. Өзі
айтқандай, сонау 1980 жылдан бастап күні бүгінге дейін 154 рет
айтысыпты. Соның ішінде неше дүркін бас жүлдеге ие болған, 16
рет ат мінген. Бас жүлдеге әбден лайық болса да, қазылар алқасы-

ның қаламы мүлт кетіп, одан қағылып қалған кездері де жоқ емес.
Сондай өкінішті сәттердің бір куәгері – мен өзіммін.
... 1992 жылы Тама Есет батырдың 325 жылдық тойына ар-
найы шақыртумен Ақтөбеге барғанбыз. Ақтөбеліктер осы айту-

лы тойдың құрметіне алдында тағы бір айтыс өткізген. Онда біз-
дің Баянғали бас жүлдені жеңіп алған.
Тойдың атаулы күніне әбден сайланған айтыскер топты жыр
бәйгесіне тағы бір салып, Тама Есет батыр әруағын тағы бір дүр

сілкінтпек ойлары бар көрінген. Айтыс жүріп жатыр. Қазылар
алқасының құрамында мен де отырмын. Батыстың жарқыраған,

шаңытқан ыстық шуақты аспанының астында айтыс додасын
тамашалаған ақтөбеліктер аңызғақтан қаталаса да табан
аудармай, күні бойы тапжылмастан отырды.
Төкпе жыры көпшіліктің көңілінен табылатын, аруақты өне-

рі дүйім елге рух беретін Баянғали сол жолы да өз биігінен табыл-
ды. Алайда, амал не, ұпай санын есептей келгенде бас жүлде бас-
қаға тиді. Пікірімді ішке түйіп, қатар отырған «әріптестерім-
нен» – қазылардан Баянғалиға қанша ұпай бергенін сұрастырдым.

Көпшілігінің ұпай саны – өзімнің қойғанымдай. Ең жоғары ұпай.
Сол арада қазылар берген ұпай санын жинап алып қорытынды-
лайтын есепшіден бір қулықтың өтіп кеткенін жүрегім сезді. Те-
гінде: «Алдындағы айтыста бас жүлдені алған, соған риза болсын»

деп, амалға барған болуы керек. Соны салмақтаған соң-ақ: «Бір
тойда екі жарлық жүрмейді, Баянғали бас жүлдені алдыңғы бәй-
геде топты жарып алып кеткен. Бұл жолы ол тіпті жүлде ти-
месе де – саңлақ, біз өкпелемейміз, – дедім. Расында да сол жолы

жұртшылық көрер көзге жасалған осы қиянатқа қатты шамыр-
қанды. Сондықтан өз әділетсіздігі бір бүйірінде жатқан той иеле-
рі кінәсін жуып-шайып, Баянғалиға ықлас пейіл көрсетіп жатты.
Ал Баянғали өзінің ежелгі мәрттігіне басып, сол айтыстан алған

жүлдесін Монғолиядан келген бір ағайынға тарту етті. Бұл – өзім
шет жағасын байқаған жалғыз жайт. Ал осынау 14 жыл ішінде
ақын түйген сыр, ақын сезген ақиқат, ақын ақтарған ағыл-тегіл,
көл-көсір жыр маржаны қаншама!

– Айтыс – бейнеті мен зейнеті қоса өрілетін киелі, әруақты

өнер, – дейді ол. – Және таза ұлттық, биік мәдениеттілікті қажет
ететін, сүйегі асыл өнер. Сондықтан, ол шын мәнінде өлең-
жырдың ақ-адал бәйгесі болуы керек. Айтысқа құдіреттің күшімен
еніп, жүрегімен, бар болмысымен жанын салатын ақынның айтыс-

тан кейін қалпына келуі оңай емес. Ал айтыстан табатын жан ра-
хатың, ләззатың қандай! Сондықтан, осындай асыл текті өнерді
бақталастықтың, басараздықтың, алауыздықтың жолына айнал-
дырмау керек. Халық айтысты ақиқат сөз айтылатын алтын тұғыр-

ға балайды. Сондықтан ақын аузынан аталы, ірі сөз, кесек мінез,
мәрттік пен тектілікті көруге ынтық. Қазақтың бүгінгі тамашасы,
көңілашар алданышы, әдемі әсерге бөлейтін, рух беретін, үміті мен
сенімі тоғысатын айтыс өнерінің қасиетті босағасынан аттайтын

ақын осыны ақыл-парасатымен сараптаса лазым. Қазір біз менің
замандастарым, алдыңғы толқын легіне кірдік. Енді «жастарға

бердім батамды» дегендей, кейінгіге үмітпен көз тастайтын кезге
де шүкіршілік, жақындап келеміз. Оразалы Досбосынов, Бекарыс
Шойбеков, Мұхамеджан Тазабеков, Аманжол Әлтаев сынды ыл-
дидан шапса өрге озған, құлашы кең, от ауызды, орақ тілді жастар

легі келеді. Мен соған қуанамын. Соңғы рет М. Әуезовтың 100
жылдығына орай басталған, бірнеше кезеңмен өткізіліп келе жат-
қан телеайтыста мені Оразалы Досбосыновпен бірге салды. Үш
мың көрермен тамашалап отырды. Сахна төрінде бас жүлде – қы-

зыл түсті жеңіл автомобильді көлденең тартып қойыпты. Намысқа
басып, «Бас бәйгені сен алуға лайықсың» деп емеуірін танытқан
қазылар да болды. Бірақ адалынан ақтарылсам, ел күйзеліп, аш-
жалаңаш отырған осындай кезде алабөтен мырзалық көрсетіп,

жүлдеге машина тігудің өзі көңіліме жақпады. Екіншіден, дүние –
көздің құрты ғой. Адам пенде, бірде болмаса бірде сол пендеші-
ліктің жетегінде кетуі ғажап емес. Ендеше халықтың рухани жүгін
көтеретін, адалдық пен тазалықтың, азаматтық ақыл-парасат, ірілік

пен асқақтықтың туын көтереді деп үміт артып отырған баладай
аңғал сенгіш ақын қауымды дүниеге бола бір-біріне алакөз етудің,
жүз-жүзге, ел-елге бөліп, алауыздықтың дәмін себудің қажеті жоқ
деп ойлаймын. Сондықтан да жас жағынан алғанда баламдай Ора-

залымен сөз салыстырып жатуды бойыма мін көрдім. Оған жо-
лымды бердім. Ақын Ербол Ханбатыров және басқа да көп кісі,
әсіресе жас ақындар, қолымды ұстап, разылық білдіріп: «Сіз өз
биігіңізде қалдыңыз!» дегенді айтты. Оразалыға жол бергеніме

жоғарыда айтқан үш мың көрермен куә.
Шын жүйріктің жүлде, атақ алмаса да шоқтығы әмсе биік.
Ең әділ қазы-халық жүрегінің төрінен орын алып, соны өмірінің
бас бәйгесіне балаған Баянғали Әлімжановқа күні бүгінге дейін

«Халық ақыны» деген атақ та бұйырмай келеді. Журналистер әң-
гіме барысында осы мәселені де қозғады.

– Баяғыда «Халық жазушысы» атағын алғанда марқұм Тахауи

Ахтанов: «Пережитки социализма» деген еді. Сол айтқандайын,
хас өнердің нарқы мен парқын халық өзі біледі, бағасын халық өзі
береді.
Талант атақ-даңқпен өлшенбейді. Баянғали Әлімжановтың

«Халық ақыны» атағына екі-үш дүркін ұсынылғанынан хабардар
едік. Бірақ сол құжаттардың ізі құрдымға сіңіп ғайып болуы таң-
дантады. Ер мерейі – ел мерейі. Халық ақыны Көкен Шәкеев аға-

мыздың ізімен енді Баянғали да «Қазақстанның Халық ақыны»
атанса, көптік етпесі хақ. Өйткені, Баян бауырымыздың алмас-
тай жарқылдаған сан қырлы хас асыл өнердің иесі екендігі әмбеге
аян ғой. Баякеңнің қайталанбас қасиеті оның әлемдік эпостың

інжуі «Манасты» меңгеруінен де аңғарылады. Біз сұхбат үстінде:
«Манастың қазақ перзенті Баянғали Әлімжанов қалай дүниеге
келді?» деген сауал қойдық.

– Осыған орай 1986 жылғы желтоқсан дүрбелеңінен кейінгі бір

оқиға ойға оралады. Әнші Бекболат Тілеухановты, ақын Әбубәкір
Қайрановты және мені комсомолдың Орталық Комитеті шақырып
алып, тапсырма берді. ҚазМУ-ге барып студенттермен кездесу өт-
кізуіміз керек. Үшеуміз ақыл қостық. Жасып қалған жастарға қай-

рат берудің амалын ойластырдық. Әбубәкір «Дауыл», «Қасқыр»
дейтін өлеңдерін оқитын болды. Бекболат Ақтамбердінің толғауын
айтпақшы. Ал мен «Манастан» «Манастың Көкетай ханның асына
келуі» деген жырын толғамақ болдым.

Мен «Манасты» М. Әуезовтің редакциясымен жарық көрген
үш томдығы арқылы бала кезімнен бастап білемін. Манас-содан
бері менің жебеуші пірім, рухани серігім. 1995 жылы Манастың
мың жылдығына үкімет делегациясы құрамында Қырғызстандағы

тойға қатыстым. Назарбаев бастап апарды. Оның алдында 1993
жылы «Манасты» жырлаушылардың арасында өткізілген халықа-
ралық сайыста бәйгеге тігілген үш бас жүлденің бірі – ақтайлақты
қырғыз бауырларымыз маған берді. Оны Бішкектегі Қазақстан ел-

шілігіне байлап кеттім. Жоғарыдағы «Манастың Көкетай ханның
асына келуі» деген жырын Манастың мың жылдығы құрметіне
Алматыда 1995 жылы өткен, Ғылым академиясы ұйымдастырған
конференцияда Шыңғыс Айтматовтың алдында жырладым. Шың-

ғыс аға «саған шоң рахмет!» деп, қолымды алды. Зейнолла Қабдо-
лов ағамыздан «қазақ па, қырғыз ба?» – деп сұраса керек.
Баянғалидың тереңінен маржан теру үшін бір мақала тым аз-
дық етеді. Сондықтан әңгіме арнасын оның тағы бір қырын қам-

тып қалу мақсатымен, Ш. Хұсайынов атындағы музыкалық-
драма театрындағы қызметіне қарай ойыстырдық.

– Мұратбек Оспанов ініміздің шақыруымен Шахмет Хұсай-

ынов атындағы музыкалық-драма театрына орнығып, жұмыс істеп
жатқан жайым бар. Осында келгелі бір драмалық туындымды жұр-
тшылық назарына ұсынып үлгердім. «Құдалық» деп аталатын бұл

комедияның өмірге келуіне Мұратбек ініміздің өзі қозғау салды. Бірде ол: «Осы біздің ұлттық» деп айдар тағып жүрген салтсанамыздың арасында тозық дәстүрлер де аз емес-ау. Соны Құдалық арқылы бір көрсетіп берсеңіз қайтеді?» деген болатын. Ол өзімнің ойымда да жүр еді. 1995 жылы осы тақырыпқа сатиралық поэмалар бастап қойған болатынмын. Құдалық тақырыбына арналған өлеңдерім де бар. Мұратбек екеуміз ой өре бастағаннан-ақ, сол жерде болашақ сахналық туындының жеке эпизодтары келе бастады. Бас-аяғы елу күн ішінде комедияны аяқтап шықтым. Бір ай дала жүзін көрген жоқпын, бейнетім зая кеткен жоқ. Спектакль премьерасы табыспен өтті. Қаламақы алған жоқпын. «Театрға сыйлығым» деп жас ұжымға байладым. Елге айтыскер ақын ретінде танымал болғандықтан, ұлттық айтыс өнерінің алтынды туын көтерген ұлы Біржан салдың ұрпақтарына ағалық ақ тілегімді арнағым келеді. Көкше жерінде қазір Көкен аға бастап, Ерік Асқаров, Құдайберлі Мырзабеков қостаған қуатты топтың ізбасарлары, өнердің жас өркендері өсіп келеді. Олар Қайырлы Ғафуров, Берік Нұрғалиев, Қанат Қыдырмин, Бақытбек Нұралин. Өлең мен өнерге таласы бар жас өрендерге ақ жол тілеймін. Райхан Сейітова «Көкшетау» газеті. 22 мамыр, 1998 жыл. «Айтысқа156 рет шыққан екенмін...» Қазіргідей өтпелі кезеңнің бар ауыртпалығын иықпен көтеріп, еңсесін түсірмей, байбаламға салынбай, қайта ел рухын көтеруге ұмтылып, қолынан қаламын тастамай жүрген қазақ жазушыларының бірі – көкшетаулық Баянғали Әлімжанов. Анау жылдары айтыстың жалауын желбіретіп, сатираның да садағын асынып көрген, қазақ драматургиясында да дарынын сынап, қырғыздың «Манасын» майын тамызып «ырлайтын» Баянғали – сегіз қырлы бір сырлы жігіт. Жазушының Маңғыстауға жолы түскенін пайдаланып, біз онымен өз оқырмандарымызды таныстырып өткенді жөн санадық. – Баянғали, Маңғыстау өлкесіне бұл алғаш қадам басуыңыз емес шығар? Алдымен келу сапарыңыз туралы білсек.

– Маңғыстауға анау сексенінші жылдары марқұм Кемел То-

қаевпен бірге келгем. Жалпы, Маңғыстау жайлы, оның азаматтары
жайлы бір кісідей білем деп ойлаймын. Дүйсенбі Әріпов сияқты
ағалар есімде. Светқали Нұржанов, Сабыр Адаев, Ғалым Әріпов
секілді талантты жастарды жақсы танып, сырттарынан тілектес

болып жүремін. Біраз жігіттермен жолдас та болғам. Ал бұл жолғы
келуім туысқандық сапар десем болады. Құда боп келіп жатқан
жайым бар.

– Бұныңыз да дұрыс екен, оң болсын! Сізді қалың жұртшылық

айтыс ақыны ретінде де жақсы біледі. Әсіресе, айтыс өнері хал-
қымызға қайта оралған анау сексенінші жылдары көзге көп түс-
тіңіз. 1993 жылы қырғыздан түйе мініп те қайттыңыз ба, қалай?

– Иә, ақын есебінде 156 рет айтысқа шыққан екенмін. Қуа-

ныштан танаурап қайтқан да, реніштен талаурап қайтқан да кездер
болды. Ал Қырғызстандағы «Ақтаңдай» айтысы 1993 жылы бол-
ды. Ол айтыста үш бас жүлденің бірін алып, түйе мініп қайтқаным
рас. Тап сол жолы қайтарда Ақтөбенің Шалқар ауданына соғып,

Есет Көтібарұлының асындағы айтыста бас бәйгені жеңіп алдым.
Сөйтіп, бір сапарда екі олжа байланған кездер де болды.

– Бәке, сіздің жазушылық куәлігіңіз іспетті болған «Ұя» деген

повесіңіз жадымызда тартымдылығымен ұялап қалды. Одан кей-
ін шыққан «Қиқыматтың хикаялары» атты сатиралық кітабы-
ңызды оқыған әр адам өзінің бойындағы келеңсіздігін әлгі кітап-
тан көргендей мырс-мырс күлер еді. Одан беріде жазылған шы-

ғармаларыңыз болса таныстыра кетсеңіз.

– Одан кейін өзің айтқан сықақ кітаптың жалғасы іспетті «Қи-

қыматтың қиссасы» деген повесім шықты. Қазір өзім Ш. Құсай-
ынов атындағы Көкшетау облыстық театрында сахна шебері боп
қызмет істеп жатырмын. Сол себеп болды ма, соңғы кезде драма-
турияға ден қоя бастадым. «Құдалық» атты пьеса жаздым. Ол

қойылып та жүр. Осы жүргенде «Қожанасыр» пьесасын жазу үс-
тіндемін. Мақсат – елді рухани тазалыққа шақыру.

– Е, мынауыңыз үлкен жаңалық екен. Сіз бұрыннан халықтың

көне жыр қазыналарын қадірлейтінсіз. Бір жылдары Алматы те-
ледидарынан «Бес ғасыр жырлайды», «Халық қазынасы» деген
хабарлар жүргізіп, халқымыздың біраз мұраларын елге басқа қы-
рынан танытқансыз. Қазақты қойып, туысқан халқымыз қыр-

ғыздың көне классикалық «Манас» эпосының бірнеше тарауын

жатқа айтатыныңызды, жақсы «манасшы» екеніңізді білеміз.
Қазақ жырларынан қандай жыр есіңізде?

– Қырғыздың «Манасы» күрделі туынды. Ал біздің қазақта он-

дай жырлар көп-ақ. Оның қайсыбірін атап жатуға болады? Бір ғана
«Бақтыбайдың Тезек төреге айтқаны» неге тұрады? Ақынға тән
тапқырлық, төреге тән қатыгездік пен талғампаздық келбеті дейсіз
бе, байлықтың салтанаты дейсіз бе, бәрін осы шағын жырдан көру-

ге болады! (Баянғали осы жерде қолына домбыраны ала сап, айт-
қан жырын орындап берді!) Жалпы біздің жыр мұраларымыз ал-
тын қазына ғой. Оны қастерлеу керек.

– Қазіргідей қиын кезеңде ел-жұртқа не айтар едіңіз?

– Не айтамын?! (Ойланып!) Біздің халық – талай қиындықты

басынан кешірген халық. Қазір де бір сондай қиын кезең болып
тұр. Мұндай кезде өнер адамдары, мәдениет қызметкерлері, жазу-
шы, журналист сияқты шығармашылықпен айналысатын адамдар
халықтың рухын көтерулері керек. Сынбау керек! Қазір сынсақ,

қайтадан еңсе тіктеу қиын болады. Рухымызды мойытсақ, онда
ішіп, не наркоман болып кетуіміз мүмкін. Сондықтан елдің рухын
көтеріп, қиындықты бөлісуге, қиыннан шаршамай жол іздеуге
тиіспіз. Еңсеміз биік, бойымыз сергек болсын!

– Бәрекелді, Бәке, сіз осы әңгімеңізбен, жаңағы жырыңызбен-

ақ бізді рухтандырып тастадыңыз. Рахмет! Тынымсыз еңбек үс-
тіндегі жігітсіз ғой, қайратыңыз қайтпасын!
Зәкіржан Кәлкенбаев.
Маңғыстау қ. 1998 ж. 18 тамыз. Халық қазынасының қайнар бұлағы

Ұрпақтар санасына ата-бабаларымыздың ерлік рухын, кісілік,
адамгершілік қасиеттерін сіңіретін бірден-бір қазынамыз – ба-
тырлар жыры, толғау, термелер. Оларды бізге жеткізген жыр-
шы, жыраулар екені белгілі. Жақында осындай өнерді өмірінің өзе-

гіне айналдырған жандардың бірімен кездесудің сәті түскен еді.
Төменде халқымыздың ғасырлар бойы бірге жасасып, бірге қайна-
сып келе жатқан ұлттық өнерін насихаттауда көп еңбек сіңіріп
жүрген жыршы Баянғали Әлімжановпен болған әңгімені назарла-

рыңызға ұсынуды жөн көрдік.

– Рухани экспансия жүріп жатқан қазіргідей уақытта ұлт-

тық өнерімізге тиісінше мән беріп, оны жаңғырту мақсатында
үкіметке хат жолдағаныңыздан хабардармыз. Жерге қаратпас
жайсаң ағаларымыз барда халқымыздың тауы шағылып, сағы
сына қоймайтыны хақ. Әңгімені осы төңіректен бастасаңыз.

– Атадан қалған көне өнерімізді жаңа заманға үйлестіріп, сах-

наның талабына қарай бейімдеп, халыққа қызықты етіп жеткізе
білуіміз керек. Өйткені, бүгінде жасыратыны жоқ, көп халықтар
мұндай ескі жыр айту өнерлерін жоғалтып алды. Ал, біздің қаны-
мызда болғандықтан, құдайға шүкір, өзімізбен бірге бұл өнер де

әлі жасап келеді. Міне, осыған мемлекеттік тұрғыдан мән берілсе
екен деген тілек білдіріп, Иманғали Тасмағанбетовтың атына хат
жолдаған болатынмын. Мәдениетіміздің үлкен жанашыры, қай-
раткер бауырымыз бұл істі қолдап, соның нәтижесінде жақында

Астанада тілдер фестивалінің аясында Республикалық жыршы-
жыраулардың өнер байқауы өткізілгелі отыр. Бұл мемлекетіміздің
жыршылық өнерге мән бергендігінің белгісі деп есептеймін.

– Бір кездерде теледидардан «Халық қазынасы», «Терме» де-

ген цикл, жекелеген жыршылар туралы хабарлар беріліп жүрді.
Бұл біздің зиялы қауымның бодан ел боп тұрған кездің өзінде ті-
лімізді, дәстүрімізді жоғалтпауға бағытталған жұмысы еді ғой.
Қазір осы мәселелерге тиісінше мән берілмей қалған сияқты ма,

сіздің ойыңызша қалай?

– Сөзіңіздің жаны бар, ата-бабаларымыз аңсаған армандарына

қолымыз жетіп, тәуелсіздік таңы атқан тұста осы батырлар жыры
мүлде ұмытылып, шетте қалып қойды демеймін, дегенмен теледи-
дардан көп көрінбей кетті. Ал жыршылардың бас қосуы оқта-текте
өте қалса, сол жүрдім-бардым, жеңіл-желпі ғана мән беріліп кел-

гені ақиқат. Мысалы, 1999 жылы Астанада «Алпамыс батыр» жы-
рының 1000 жылдығына арналған жыр кешіне, мен рухани мазмұ-
нын айтпаймын, жыршылар жақсы жырлады, ұйымдастырушылық
жағынан келгенде өте бір көңіліміз толмады.

Рас, бір кездері қазақ ауылдарында кешкілік астан кейін бәрі
бірдей домбыра алып айтпаса да, батырлар жырын әуендетіп оқып
отыратын дәстүр болды. Біз содан ауызданып өстік. Ал енді, өз
басым осы халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өске-

німді жеке бақытым деп есептеймін. Ұлтты ұлт етіп көрсететін,
айшықтайтын жыр тұрғанда қазақтың тілі де жасай бермек. Тек

осы өнеріміздің өріс алып, дамуына жағдай жасауымыз керек.

– Таяуда Қызылорда қаласында «Ғасырлар үні» атты респуб-

ликалық жыраулар конкурсының өткенін, онда сіздің жүлделі
орындардың бірін жеңіп алғаныңызды жыр сүйер қауым жақсы
біледі. Осы конкурс жайында айта кетсеңіз.

– Бұған республикамыздың түкпір-түкпірінен 24 жырау қаты-

сып, үш кезеңнен тұратын үлкен жарыс болды. Осында біраз жі-
гіттер өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде бас жүлдеге бұл дәс-
түрді жалғап жүрген жақсы жыршылардың бірі, ақтөбелік жырау
Демеубай Жолымбетов ие болды. Бірінші орынды Серік Жақсығұ-

лов жеген жас жігіт, ал екінші орынды Майра Сәрсенбаева мен
белгілі алматылық жыршы Ақан Әбдуәлиев жеңіп алды. Мынау
Майра деген – атасы Сәрсенбай жырау, әкесі Алшынбек жырау,
өзі бала жырау. Көрдіңіз бе, дәстүрді қалай жалғап келе жатқанда-

рын, өзінің бөлек мектебі де бар. Ал үшінші орынды жыршылық
өнерді өмірлерінің өзегіне айналдырған семейлік Дүйсен Нығмет-
жанов пен ақтаулық Амандық Көмекұлы бөлісті. Жалпы, Қызы-
лорда бұл шараны өте жақсы өткізді. Олар қаланың орталығында-

ғы Қорқыт ата монументінен бастап жыраулардың шеруін жасады.
Сол күні екі жақ көшеге лық толы халық шығып, орталықта үлкен
жыр кеші болды. Ашық алаңның ортасында жырладық. Мәселен,
осындай шеруді Астанада өткізсе. Қазақ жыраулары, қазақ жыр-

шылары, батырлардың жыры келе жатыр деген қандай жақсы!
Мұны Қызылорда облысының әкімшілігі, мәдениет басқармасы
және сол жердің азаматтары, әрине, үкіметтің қолдауымен өткізді.
Алдағы болашақта осындай тамаша іс шаралар елордамызда да

ұйымдастырылады деп ойлаймын.

– Терме, толғауларды домбырадан ажыратып алып, кейбір

әншілеріміз эстрадаға салып, өзгертіп айтып жүр. Осыған көзқа-
расыңыз қандай?

– Бұл дәстүрді бұзғандық емес, керісінше, мұны құптау керек.

Өйткені, осы арқылы ұрпақтың санасына аталарымыздың сөзі же-
тіп жатыр ғой. Қандастарымыздың құлақтары жынды сөздерден
гөрі, өз еліміздің құнды сөздерін көбірек ести берсе, одан қашпау
керек. Қазір баяғы заман емес қой. Терме, жырларды адам бәлен-

бай сағат бойы тыңдап отыра алмайды. Оған уақыт та жетпейді.
Сондықтан, жұртты жалықтырмайтын жағын іздестірген жөн.
Бүгінде жапондар каратэсін, қытайлар кунфу – у-шуын айтады,

корейлер таэквондасын танытып жатыр. Бізде таза сипаттағы ұлт-
тық өнерімізді осы заманға лайықтап, үлкен бір рухани құрал ре-
тінде қолдануымыз қажет. Өзіңіз айтып өткен «Халық қазынасы»,
«Терме» деген хабарлар циклін жандандырып, жаңаша түрлендіріп

теледидарға шығару – кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі. Со-
нымен бірге мектептерде Қобландының, Алпамыстың, Қозы Көр-
пеш – Баян сұлудың мазмұнын тереңдетіп оқыту керек. Астанада
өткелі отырған байқаудың негізгі мақсаттарының бірі де осы – жас

кезінен балалардың санасына халық қазыналарын сіңіре беру.
Өйткені, бұл дегеніміз рухани нұр ғой...

– Өзіңіздің тікелей ат салысуыңыздың арқасында қаламызда

ұйымдастырылып отырған байқауға сізден басқа тағы да кімдер
қатысады деп күтілуде?

– Бұған республикамыздың ең таңдаулы жыршы-жыраулары

шақырылып отыр. Оған Алмас Алматов, Сардарбек Қожағұлов,
Елікбай Исаев, Эльмира Жаңабергенова, Демеубай Жолымбетов,
Майра Сәрсенбаева, 13 жасар қарағандылық Дидар Қамиев және
тағы басқалар қатысады. Осы арқылы ауыз әдебиетінің інжу-

маржандарының ұмыт болмайтындығын, қайта келер ғасырдың
қазынасына айналатынын айғақтағымыз келеді.
Гүлбаршын Өкешқызы.
«Астана ақшамы» г. 2001 ж. 11 қыркүйек.

«Суып қалған қандарды, Қыздырғалы келгенмін...»
Көзі ашық, көкірегі ояу қырғыз-қазақтың ішінде айтыс өнері-
нің ақтаңгері, жыршы, манасшы, драматург Баянғали Әлімжа-
новты танымайтын кісі кемде-кем. «Елудегі ер – ел ағасы» де-

мекші, сол ағамыз жақында елуге толды. Елуге ерен еңбегімен
жетті. Үстіміздегі жылы, яғни мерейтой қарсаңында ақынның
Көкшетау, Астана, Омбы, Новосибирск қалаларының баспалары-
нан «Әзіл шуағы», «Алаш пен Манас», «Ауылдың ақ самалы» кі-

таптары жарық көріп, оқырман қолына тиіп үлгерді. Осынау үш
кітап Байекеңнің елге жасаған, өнерсүйер қауымға жасаған үлкен
сыйы іспеттес. Қаламын қару еткен қаламгерді мерейлі жасымен

құттықтай отырып, толайым табыстар тілейміз.
Кешегі Біржан сал бабасы секілді ел-елді аралап, жүрген жерін
күлкіге көміп кететін Байекеңнің көргені, көкейіне түйгені көп
екені айдан анық. Бүгінгі әңгімемізге ақынның бұрын айтыла қой-

маған ой-пікірлері арқау болады.

– Баян аға, оқырмандарға айтар, ойда жүрген түйінді пікір-

лер де, көкейде бар шығар-ақ.

– Ондай ойлар бар. Солардың бірі – Біржан салдың бүгінгі жа-

рияланып, ұсынылып жүрген бір суреті жөнінде. Партия-совет ке-
зеңінде жоғарыдан «Біржанның суретін табыңдар» деген бұйрық
түседі. Оның суреті салынды ма, фотоға түсірілді ме, жоқ па, ол
беймәлім. Содан, тапсырма алып сасқан бір басшы өзінің үйіндегі

әкесінің бе, атасының ба, біреудің ұлттық киіммен түскен суретін
«Міне таптым» деп алып барған... Ал, оны көргендерден қалған
естелік әңгімелерге қарағанда суреттегі Біржан мен мына Біржан-
ның арасы жер мен көктей дерлік. Әуелі оның ұлы, кәдімгі «Те-

міртас» әнінің кейіпкері – Теміртастың атқа отырғанда аяғы жерге
тиетіндей алып денелі адам болғанын еске алайық. Қазір Бурабай-
да тұратын Біржан немересі, Теміртасұлы Мұхамедқали да еңге-
зердей ірі адам. Енді мен сізге Солтүстік Қазақстан облысының

Уәлиханов (бұрынғы Қызылту) ауданындағы Өндіріс ауылында
тұратын Уәли Оразбаев деген ақсақалдан естіген әңгімемді айтай-
ын. 1913 жылы Ресейде патшалық құрған Романовтар әулетінің
таққа мінгенінің 300 жылдығына орай сол жақта бір күрес болатын

болады. Содан Балуан Шолаққа қолқа салады. Ол айтады: «Менің
жасым ұлғайып қалды, одан да Бәсентиін Оразалы палуанды апа-
рыңдар, бір жықса сол жығады», – дейді. Айтқанындай, Оразалы
палуан абыроймен оралады. Сол Оразалы айтып отырады екен,

«Інісі, шәкірттері болып Біржан сал төңірегінде, жанында жүрдік»,

– деп. «Тұлғасы қандай еді?» – деп сұрағанда: «Біржан сал да мен-

дей болып қалар, маған таяу еді», – дейді екен. Енді мен өз кезе-
гімде Оразалының қандай болғанын анықтай түскім кеп, жаным-
дағы Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ драма теат-
рының директоры Мұратбек Оспановты нұсқаймын: «Мына Мұ-

ратбектен қалай?». Олай дейтінім – Мұратбектің бойы – 185 см,
салмағы – 105 кг, ірі жігіт қой. Сонда Уәли Оразбаев мырс етіп:
«Оразалының жанында Мұратбегің бала ғой!» – деп салған. Осы-
дан кейін Біржан атамыздың қандай болғанын ойлай беріңіз. «Ор-

та бойлы, ақсары кісі еді» деп жазып жүргендер, оның руының Ақсары болғанын арқау етіп жүрсе керек. Ал мүсінші, марқұм Төлеген Досмағамбетовтің Степняктағы Біржан бейіті басындағы және «Көкшетау» Мәдениет сарайы алдындағы екі ескерткішінің де бет-әлпеті әлгі ұсынылып жүрген суреттегіге келмейді. Небір ғаламат туындылар қашаған талантты Төкең Біржан бейнесін оның ұлы Теміртас кейпінен іздесе керек. – Электрониканың, техниканың тұрмысымызға дендеп кеткен заманында ата-бабамыздың көне өнерін ұстанып, жыр айтатыныңыз таңғалдырады. Және магнитофон мен теледидардың «наушниктерінен» құлағы тұнып, миы ашыған жұрт жырыңызды тамсанып отырып тыңдайды. «Батыр Баянды» не себепті жырлап кеттіңіз? – Атам Әлімжан хиссашы, жырларды жатқа айтатын болыпты. Осы өңірдің жұрты Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамырын» кезінде менің анамның ауызынан естіген екен. Өзім 4-класс оқып жүргенде «Жазушы боламын» дейтінмін. ҚазМУ-дің филология факультетінде оқып жүрген кезім еді. Бір күні арнайы курс өткізіп тұрған Рымғали Нұрғалиев: «Мағжан Жұмабаев деген қазақтың великий ақыны болған. «Батыр Баян» деген поэмасын 1922-1923 жылдары Ташкенттен шыққан «Шолпан» журналы басқан. Пушкин атындағы кітапханадан тауып алып оқуларыңа болады. Мағжан он бес жылдан соң ақталады» – деді, сосын маған қарап: «Сенің өзіңнің де атың Баян екен, сенің тауып оқығаның дұрыс», – деді. Расында да Мағжан он төрт жылдан соң ақталды. Ғұлама ұстазым бір-ақ жылға қателесіпті! Содан мен Пушкин атындағы кітапхананың сирек қолжазбалар қорынан «Шолпан» журналын, одан Мағжанның «Батыр Баянын» тауып алып оқып, көшіріп алдым. Төте жазумен жазылған екен. Поэма бірден қатты ұнады, одан ерекше әсер алдым. 1975-1976 жылдардан бері жырлап келемін. Әдеби орталарда айтып жүрдім, осы поэманы біраз адам менің аузымнан естіп, танысты. Ол кезде жырын жырламақ түгілі, Мағжанның атын да атай алмас заман еді. Келесі әңгіме, Мағжан ақталып, «Батыр Баян» баспасөзде жарияланып, жұрттың еш қиындықсыз оқуына мүмкіндік туды. Енді оны жырлаудың жұртқа керегі бар ма деп ойлағам. Олай емес екен! Ата-бабадан қанына сіңген қасиет, қазақ үшін жырды жыршының аузынан естудің жөні бір басқа болып шықты. Бір сағатқа жуық айтылған әсерлі жырды жұрт тапжылмай

ұйып отырып тыңдайды. Сондықтан, жыршылық өнерінен алшақ-
тауға болмайды. «Батыр Баянды» менің орындауымда республика-
лық, облыстық радио, республикалық теледидар жазып алды.

– Баян аға, енді «Манасқа» келейік. Кезінде Ғафу Қайырбеков

(«Е. Қ», 22-қазан, 1992 ж.): «Қазір Көкшетаудағы жас ақын
Баянғали Әлімжанов сол «Манастың» бірнеше тарауын қырғыз
тілінде керемет орындайды. Қайда жүріп үйренгенін Құдайым
білсін. Қазақтағы манасшы – Баянғали – сирек құбылыс. Ау, қан-

ша туыс болғанымен, басқа ұлттың бүкіл бір хиссасын жатқа
айтқан кім бар? Орыстар мұны «феномен» десе керек» деп баға
беріпті. Осы жайтқа қысқаша тоқталып өтсеңіз...

– Бұл тақырып талай талданып жазылды ғой. Мен бүгін басқа

қырынан келейін, қызықтарын айтайын. Қырғыздың Асанбек
Иманбаев деген журналисі «Қырғыз мәдениетіне қатысы бар қазақ
азаматтары туралы» марқұм Сәбира Майқанованы, Мұзафар Әлім-
баевты және мені түсіріп, телехабар дайындаған. Онда мен «Ма-

настан» «Көкетай ханның асынан» ұзақ толғағам. Ол кезде «Жұл-
дыз» журналында қызмет істеп жүрген кезім еді, қырғыздың бес
қызынан хат келіпті. Алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын
білдіріп, келіп қайт депті (күледі). 1993 жылы Бішкекте «Ақтаң-

дай-93» деген айдармен Қазақстан-Қырғызстан ақындарының ай-
тысы болды. Бас жүлдеге маған түйе мінгізді. Оны мен қазақ елші-
лігіне байладым. Сол айтыста «Манасты» айттым. Қырғыздар дүр-
кіреп кетті. «Қазақтың Манасты айтқаны қызық екен», – десіпті.

Сонда Мәдениет министрлігінің орынбасары, «Манас-1000» ди-
рекциясының директоры марқұм Шеримбек Шаршеев мені құшақ-
тап: «Манастың мыңжылдық тойына арнайы шақырамыз, келі-
ңіз!», – деді. Кейін 1995 жылы халықаралық конкурсына қатысып,

арнайы жүлдеге ие болдым. Қырғыз манасшылары Назарқұл,
Асанхан, Ұрқаш, Қаба, Шабай, Базарбай, Анарбек, т. б. «Ой, аза-
мат!» деп алақандарына салды. Мен оларға: «Бұл конкурстарың
мен қатысқан соң халықаралық болды, әйтпесе өңкей қырғыз өз-

дерің өткізсеңдер қалай болар еді?» дедім қалжыңдап. Сол сапарда
Алматыға соғып, Қазақстан Ғылым академиясында, «Манас» жы-
рының мың жылдығына арналған үлкен конференцияда жырла-
дым. Шыңғыс Айтматов ағамыз қолымды алып: «Саған шоң рах-

мет!», – деді. Арада біраз уақыт өткен соң «Манастың»1000 жыл-
дық тойына шақыру келді. Таласқа ұшып келсек, қарақұрым ха-

лық. Қол бұлғап, құшақ жайып қарсы алды. Манастың күмбезіне
құран оқыдым. Үш қабатты киіз үй тігіпті қырғыздар, тамаша!
Киіз үйлерді аралап келе жатқанымда: « О, Баянғали! Кел, «Ма-
насты» айт!» деп бір қырғыз тележурналисі бас салды. «Ағаларым

сөйлесін!» – деп мен ыңғайсызданып қалдым. «Манастың Тала-
сында тұрып, «Манасты» айтпай кеткенің болмайды!», – деп ол да
қадалып тұрып алды. Содан таудай ағаларымның ортасында, Та-
ласта тұрып «Манасты» айттым. Тағы бір топқа таяп келсек, Қы-

тайда тұратын ұлы қырғыз манасшысы Жүсіп Мамайды көрдік.
Аппақ сақалды, жүзінен нұр төгілген кісі екен, келіп сәлем беріп,
қолын алғанымда үлкен бір рухани тазалықты, қуатты сездім. Та-
ныстым. «Көкшетауда көк моншақ деген ел бар ма? – деп сұрады.

«Оны білмедім, бірақ қырғыздар бар», – дедім. «Олар Абылай за-
манында барған қырғыздар ғой, ал көк моншақ тарихы арыда жа-
тыр, сұрастырып көрші!», – деп бір қойды. Кетерде «Манасты»
ұмытпай айта бер!», – деп, жақсы-жақсы тілек айтып, ризашылық

білдіріп, батасын берді. Жалпы, қырғыздың «Манасы» – 1000
жылдық тарихы бар ұлы рухты, ерекше қуатты мұра. Бала күнімде
ерекше әсерге бөленіп оқып, радиодан тыңдағам, қатты ұнатқан-
мын. «Манасты» жырлау үлкен махаббат, сүйіспеншілік, қастер-

леуден, ақ пейіл, адал ниеттен туған деуге болар.

– Сіз 215 рет айтысқа түсіп, оның 22-сінен бас бәйге – «Гран-

приді» жеңіп алған, жүлдегер атанған айтулы ақынсыз. Деген-
мен, осы айтыс кездерінде өкінген, қиналған кездеріңіз болды ма?

– Болды. Айтыс кезінде ақиқат сөзіңді бұрмалап, ойыңды те-

ріске шығарып, өресіздік танытатын қазылар да, қарсыластар да
болды. Сондай жайттар өкінтеді-ақ! Мәселен, бір кездері әйелдер
босанатын үйге барып босануы үшін ақша төлететін заң шықты.
Мұны мен өрескел қателік, аналар үшін, ел үшін ауыртпалық деп

түсіндім. Үйінде босанып, қиналған жас аналар барын естіп жүр-
дім. Сосын бес-алты мың адам жиналған стадионда өткен бір ай-
тыста осы ақша төлеуді тоқтату мәселесін көтеріп, жанайқайымды
былай деп жаздым:

Махаббат сонда дағы маздап жатыр,
Ғашықтар көк көрпені қозғап жатыр.
Роддомға төлер ақша таппаған соң,
Келіндер қой қорада қоздап жатыр.

Сөйтсем, қарсыласым «біздің қазақ – батыр халық, оларға род-

дом керегі жоқ, олар ақ қар, көк мұздың үстінде босана береді, сосын да балалары батыр болады», – деп бұра тартты. Өкініштісі, аяқ астынан менің сөзімнің мәнісіне ой жүгіртіп үлгермеген жұрт оның жеңіл-желпі әжуасына қол соғып, гуілдеп кетті. Шынымды айтсам, сол сәт ішімде бірдеңе үзіліп кеткендей болды. Мен ол пікірімді іліп әкетіп, үкіметке, Денсаулық сақтау министрлігіне сын айтады, деп үміттенгем. Кейде тіпті басқа жағдай болады. 1999 жылы Ақтөбеде өткен Көтібар батырға арналған тойда көмейіме келіп қалған соң; Көтібар қас дұшпанын еңіреткен, Ел үшін қан мен терін төгіп өткен. Аждаһадай ажалға қарсы шауып, Қайтпаған қылыш пенен зеңбіректен! – дедім. Сөйтсем, айтыстан кейін көпшіліктен біреу: Көкшетаудың ақыны тым әсірелеп жіберді-ау, әйтпесе кім жалаң қылышпен қарсы шауып, жеңуші еді?», – депті. Сонда оған алқалы жиында бір ғалым, профессор бұлтартпас жауап қайтарыпты. Ол кездегі патша әскерінің зеңбірегі бес-алты рет доп атқаннан кейін қызып кетеді екен де, қашан суығанша атпай күтіп тұрады екен. Соны біліп алған Көтібар олар кідірген сәтте шын мәнісінде жалаң қылышпен ат қойып, шауып алады екен. Әскерилердің Көтібармен соғысқанда зеңбіректі абайлап пайдаланыңдар, әйтпесе опық жейсіңдер» деген тұрғыдағы архивте құжаттары сақталған екен. Мұны айтқан жаңағы кісі Үкетай Байжомартов деген өте бір зиялы, білімдар адам, Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге оқыған кісі екен. Бұл енді қызақыза келгенде аузыма Құдай салғандай деген сөз. – Айтыс ақыны, жыршы, манасшы болғаныңызбен, жазба әдебиеттен қол үзіп кетпегеніңіз кәміл. – Әрине. «Шешендік сөздер, шешілмеген сырлар» деген мақалам 1973 жылы мен ІІ курста оқып жүргенімде «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Мұнда билердің авторлығын тану жөнінде мәселе көтердім, ол пікірімді газет бетінде үлкен ғалым Балтабай Адамбаев қолдады. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істедім. Әдеби сындар, интермедиялар, сценарийлер жаздым. «Құдалық», «Қожанасыр» атты пьесаларымды Көкшетаудағы Ш. Құсайынов атындағы облыстық сазды-драмалық театры соңғы бірнеше жыл бойы қойып келе жатыр. «Құдалықты» Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік Ғабит Мү-

сірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театры қойып жүр. «Жынды Қаратайдың қасіреті»атты кітабым шыққалы Семей, Өскемен, Астана театрлары осы кітаптан алып, кей шығармаларымды сахнаға шығарып жүрген көрінеді. 2000 жылы «Қайран кемпір-шалдар-ай!» пьесасын, соңғы кезде «Жолбарыс пен Пони», «Алтын ноқта» атты балаларға арналған екі пьеса жазып, аяқтадым. – Баян аға, әсерлі әңгімеңізге көп-көп рахмет. Мерейтойыңыз мерекелі болып, өмірде де, өнерде де тек қана жеңіске жете беріңіз! Сұхбаттасқан Серік Жетпісқалиев «Алаш үні» газеті, 2004 ж., 23 қараша. «Тамырына балта шабылған ұлт өмір сүруін тоқтатады...» – Сізді мемлекеттік тіл мәселесі қаншалықты толғандырады? – «Қазақ тілінің болашағы бар ма, жоқ па?» дейтіндер бар. Ондайда «мен тұрғанда саспаңдар! Мен барда қазақ тілі де жасайды» деп жауап беремін. Бәріміз қазақтың баласымыз. Біз жүрген жерде ұлтымыздың да мәдениеті жасай бермек. Құайға шүкір, қазақша сөйлейтін жастар жеткілікті. Олар ана тілінің ғұмырын кем дегенде 50-60 жылға ұзартады. Әрбір қазақ мүмкіндігі жеткен жерге дейін туған тілін тарату керек. Біз Кеңес үкіметінің кезінде оқыдық. Менің елім – Көкшетау облысына қарасты Степняк қаласы. Әйгілі Біржан салдың туған жері. Мен 1954 жылы тың игеру тұсында дүниеге келгенмін. Тың төсін тілген кезде түренімен, Қазақтың қан саулаған жүрегінен. Рас қой? Түп тамырымызды қиратып, қопарып кетті. Ескі атабабамыздың зиратын асты-үстіне аударып тастады емес пе? Сонда ана тілінің мәселесі алғаш рет алдымыздан шықты. 60 жылдары домбыра «ескіліктің сарқыты» деп қараланып, ұлттық аспабымыздың дауысын естуге зар болып қалдық. Соған қарамастан, оқушы кезімізде «оллаһи-биллаһи» деп ант су ішетінбіз. Ата-ананың тәрбиесі солай еді. Мұсылман діні үйде отырып-ақ партияның ұран-

даған саясатын жеңіп шықты. Бір күні қаладан ауылға қыдырып
маңдайы торсықтай бозбала келді. Бәріміз қонақты айналсоқтап
жүрміз. Ол айтқан сөзімізді түсінбейді. Бала көңіл қазақтың «қа-
зақша білмеймін» дегеніне нанғысы келмеді. Бойымызды ыза

буып, оны соққыға жыққымыз келді. Табиғи заңдылықтың бұзыл-
ғанын ішкі түйсігіммен сезінгендей болдым. Өйткені, жылқы кісі-
нейді, ит үреді, мысық мияулайды. Сол сияқты қазақтың да қазақ-
ша сөйлеуі заңды деп есептейтінмін. Адам дүниеге келгенде ана

тілімен бірге туады деп ойлайтынмын. Мектептердің өзінде қазақ
балаларын әртүрлі ұлттармен бірге орысша оқыта бастады. Қазақ
мектептері бірінен соң бірі жабылды. Степняктағы алты қазақ мек-
тебінен ең ақыры бір-ақ мектеп қалды ма, қалмады ма, оның өзі

белгісіз. Кейінгі жылдары мен мекен еткен Кеңащы деген таза қа-
зақы ауылдың балалары орыс мектебінде оқытылды. Сондай-ақ,
«қазақ мектебінде оқитын оқушылардың деңгейі төмен» деген тү-
сінік болды. Қолымнан келгенше жақсы оқыдым. Осылайша, миы-

ғынан күліп қарайтын орыс ағайындардың пиғылына тойтарыс
бердік. Ол заманмен салыстырғанда қазір тәуелсіз елміз. Қазақ
халқының тарихи тағдыры ерекше. Қос қапталымызда азуын Айға
білеген екі империя (Қытай, Ресей) тұр. Әйтеуір, Алла қолдап,

аман-есен осы күнге де жеттік.
Үйде «Қазақ эпосы» деген кітап жатты. Оның ішіне жеті батыр-
лар жыры кіреді. Қыстың ұзақ кешінде әкем Тақан әлгі кітапты оқи-
ды. Алпамыс батырды зынданнан қашан шығарасың деп жылай-

тынмын. Балалармен төбелесіп, таяқ жеп қалсам, батырлар жырын
оқып-оқып алып, қайтадан сонда барып есе қайтаратынмын.

– Еліміздегі әскери оқу-орындарға батырлар жырын жат-

татса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, патриоттыққа
үндейтін мақал-мәтелдерді оқытып, қыл аяғы байырғы қару-
жарақты бөлшектеп тұрып, жас жауынгерлердің көкейіне сіңіру
қажеттігі сөзсіз...

– Бұл күнде жастар кітап оқудан қалды ғой. Сондықтан, жыр-

ларды дискімен тыңдатып, артистерге ойнатқан әлдеқайда ұтымды
шығатын секілді. Оның рухани құны өлшеусіз. Нағыз ерліктің,
батырлықтың көкесі сонда жатыр. Бұрын телеарнадан ұлттық рух-
ты оятатын «Бес ғасыр жырлайды», «Халық қазынасынан...» деген

секілді хабарлар жүргіздік. Ал енді тәуелсіздік алған уақытымызда
жастарды дала дәстүріне тәрбиелейтін телехабарлардың болмауы

ұлттығымызға сын ғой. Бұл мәселемен талай жерге хат жаздым,
талай жерге табан тоздырып бардым да. Жоғары жақтағылардың
біреуі селт етсеші... Телеарналардың басында қазақ балалары төл
ертегімізді, төл аңыздарымызды көрмей, білмей өсуіне мүдделі

топтар отыр ма деп те қорқамын.

– Соңғы кезде әркім орайы келген салада жұмыс істеуге бей-

ім. Армандап түскен оқуы жолда қалып, қаражаты дұрыстау
әртүрлі қызметке ауысып кететіндер көп. Өзіңіз таңдап алған
мамандық бойынша жұмыс істеп келесіз бе?

– Менің екі арманым бар еді. Бірі – жазушы болу, бірі – фут-

болшы болу. Мектепті тамамдаған соң, қазақ тілі мен әдебиеті
бойынша оқуға түспек ниетім көп кедергіге ұшырады. Үйдегілер
«Қазақ тілінің болашағы жоқ» деп кері тартты. Мен де оңайлықпен
райымнан қайтпадым. Шешем мінезді кісі еді, «көңілі қалаған

оқуына барсын» деп батасын берді. Мен оқуға түскен 70 жыдары
ҚазМУ-дың журналистика мен филология факультеттері қазақ ру-
ханиятының ордасы болатын. Сол кезде Алматыда қазақша жал-
ғыз мектеп қана болды-ау деймін. Жастар ұлтымыздың өткені мен

болашағы жайында сөз қылып егілетін, өз-өздерін қамшылап ши-
рығатын. Сол азаматтар егемендікке қол жеткен жылдары белгілі
бір дәрежеде әдебиетіміз бен мәдениетімізге елеулі үлес қосты да.
М. Әуезов атындағы драма театрында Кенен Әзірбаевтың жүз

жылдығына байланысты айтыс өтті. Бұл тұңғыш рет домбыра ұс-
тап, айтысқа шығуым болатын. Сонда ана тілі туралы былай жыр-
ладым:
Еліңе қылған енбегің,

Мақтаусыз кетер деймісің?
Жақсылық қылсаң халқыңа,
Ақтаусыз кетер демісің?
Төгіліп тұрған текті тіл,

Жоқтаусыз кетер деймісің?!

– Парсы елінде ардақты ақындарының ескерткішінің түбінде

сол ақынның өлеңдері оқылып тұрады екен. Жырауларға қойылған
ескерткіш қасына арнайы техникалық құрылғы қойып, неге
жұртты жырмен сусындатпасқа деген ой келеді кейде...

– Оны қойшы. Біз тірілерге жырлап алсақ та жаман емес. Ата

мұрамызды насихаттайтын арнайы мемлекеттік бағыт-бағдарлама
жоқ. Әлемде жыраулық өнерді зерделеуге деген құлшыныс байқа-

лады. Француздардың ең соңғы жыршысы осыдан 150 жылдай бұрын көз жұмған. Қандай озық ел болса да, ұлттық мұрасынан айрылып қалып отыр. Қазір Еуропа елдерінде жыраулық дәстүр мүлде жоқ. Шығыстың өзінде санаулы елдер ғана ұлы өнерін сары майдай сақтап қалған жайы бар. Менің Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын жырлауым өте қызық болды. Ұстазымыз Рымғали Нұрғалиевтың айтуымен Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар бөлімінен «Батыр Баянды» алғаш оқығандағы әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Ол кез Мағжанның әлі ақтала қоймаған тұсы еді. Содан поэманы жаттап алып, домбыраға қосып айтып жүрдім. Мағжан Жұмабаевтың 150 жылдығына сол поэманы пьесаға айналдырып, сахнаға қойдым. «Батыр Баян» – ұлт-азаттық жырлардың шоқтығы биігі. – «Зиялы бар ма, әлде жоқ па?» деген сыңайдағы әңгіме жиі айтылады. Ал сіз не дейсіз? – Уақытында бізге «бай-болыстардың бәрі жаман» деп үйретті. Саясаттың сандырағына сендік те. Осы күні зиялы қауымды қаралап, олардың арасына от тастап қоюға құмарлар табылып қалып жүр. Мұның да артында сұрқия саясат жатқандай көрінеді. Тамырына балта шабылған ұлт өмір сүруін тоқтатады. «Сендерде қайраткер де, зиялы да жоқ» деген ұғымды сыналап санаға сіңіру түптің түбінде өзімізге қауіпті екенін түйсінетін кез әлдеқашан жетті. Әрине, орыстілділердің ел тізгінін ұстап отырғаны жаныма батады. Ел ортасына шыққан айтыста шенеуніктерді жақсылап тұрып сынап та аламыз. – Ақынның негізгі миссиясы да сол емес пе? Сыпыра жырау, Асанқайғыдан бастап, Бұқарға дейінгі, одан бергі зар заман ақындары ел үшін еңіреп, егіліп өткен. Бетің бар, жүзің бар демей, ханның жүзіне тіке қарап тұрып айтқан толғауларын қалай ғана ұмытармыз... – Ой, айналайын-ау, бұлардың құлағына түк кірмейді ғой. Әйтпесе, сен жазған мақалаңнан бір шешім шығады деп күтіп жүрсің бе? «Сөз сүйектен өтеді» деген қазақ баласы едік. Қазір «айттым», «баяғыда айтып тастағам», «айтып жүрмін» дегеннен асқан кімің бар? Бүгінге дейін «айтып жатырмыз», «айтып жатырмыз», ал шын мәнінде істеп жатқан түгіміз жоқ. Өтірік деші.

– Жырау мен жыршы сөздерін бірінің орнына бірін қолдану үрдіске енген секілді. Жыршы дегеніміз жырды орындаушы, ал жырау жыр тудырушы адам емес пе? – Негізі солай. Бірақ, біршама аймақта көне жырды орындаушының өзін «жырау» деп атайды. Жыр орындаушыларының көбі өз жандарынан өлең шығарады. «Жырау» деген әдемі сөзді олардан несіне қызғанамыз? Қазір «жыршы-жыраулар» деген сөзді қолданып жүрміз. – Айтыс өнерінен неге кеттіңіз? – Жас балалармен жүлдеге таласқандай болмайын деп ойладым. Сосын жастармен сөзіміз жараса қоюы да қиын. Мен сахнаға шыққанда қарсыласымды жеңуді көздеп, әдіс-тәсіл ойластырып жатпайтынмын. Әйтеуір, көкейімде жүрген аталы сөзді айтып қалуды мақсат тұтатын едім. Ең нашар деген айтысымда халықтың бір ауыз сөзін сөйлеп қалуға тырыстым. Менің айтысқа шығуыма себепші болған кісі – Шәрібек Алдашев. Ол Базар жырауды зерттеген адам. – Алдын ала өлең жаттап алып айтысқа шығатын кездеріңіз болды ма? – Бір ауыз өлең білмей шығатын кезіміз аз емес еді. Әйткенмен, алдын ала ойды жұптап та алған жөн. Құр жаттап алған айтыстан да мән қашады. Біздің алдымыздағы ағалардың дәптерін партия тексеріп, цензурадан өтсе ғана шығаратын болыпты. Ол заман өтті. Суырып салатын өнерің болмаса, айтыста шаршы алаңға шығудың да қажеті шамалы. Бір айтқан өлең жолдарын барған жерінде қайталап жүре беретіндер де жеткілікті. Кейде өзіміз айтқан сөздерді басқаның аузынан естіп жатамыз. Оған не дейсің, енді? – Осы күндері халықтың айтысқа деген көңілі суыған сыңайлы... – Мен өзім айтыс ақындарын сынауға қарсымын. Екеуміздің осы әңгімемізді өзгеріссіз қағазға түсірсең, көптеген сөйлемдердің дұрыс құрылмағанына көз жеткізер едің. Сенің қаламмен түзепкүзеп жіберуге мүмкіндігің бар. Айтыскер сөз сайысына түсіп жатқанда түрлі қиындықтарға тап болуы мүмкін. Оның бәрін жеңіп шығу ет пен теріден жаралған адамға оңай емес қой. Шәрібек ағам «жеке басыңның өкпесін емес, халықтың өкпесін айт» деп отырушы еді. Айтыста сол ұстанымнан айныған емеспін. Қарсылас ақынның жанына жара салып, абыройын түсіргеннен не пайда? Меніңше, сөз жекпе-жегіне шыққанда ойланбай айтып қалған сөз-

деріне өкінетін ақындар көп шығар деп ойлаймын. Кейінгі кезде «айтысқа тыйым салынғалы жатыр» деген әңгіме шықты. Сонда қалай болғаны? – Қырғызстанда өткен манасшылардың халықаралық конкурсына қатысып, жүлделі оралғаныңыздан хабардармыз. Ағайын ел қазақтың манасшысын қалай қарсы алды? – 1993 жылы айыр қалпақты ағайындардың елінде қазаққырғыз ақындарының айтысы өтті. Мен тұңғыш рет қырғыз жерінде «Манас» жырын жырлаған едім. Осы жолы Манас батырдың мың жылдығына шақырту алып қайттым. Ондағы жұрттың Манас десе, көңілі алабөтен. Манастың бізге жаттығы жоқ. Түбіміз бір көк түрік емес пе? Қала берді «Манас» жырын Шоқан Уалиханов ең алғаш ел аузынан хатқа түсірген, Мұхтар Әуезов оны Кеңес үкіметі кезінде қорғап қалған, Әлкей Марғұлан зерттеген ғой. Қырғыздың мәдениеттанушы ғалымдары маған «Манастың» ең бір нәрлі жерлерін дәл тауып айтады екенсіз» деп баға берді. 90 жылдары ел қиын кезеңді бастан кешірді. Сол тұста мен елдімекендерді ақы-пұлсыз аралап концерт қойдым. Онда да ел сұранысы бойынша «Манасты» жиі жырладым. Қазір немерелерімді осы жырмен тербетіп жүрмін. – Драматургиялық шығармаларыңыздан сатираның сарыны аңғарылады. Күлкінің өзінің алуан түрі бар. Сіз елді қалай күлдіргенді ұнатасыз? – Шығармаларымдағы әзілдер өмірдің өзінен алынған, ешқандай мысқылы, ішкі қыжылы жоқ. Сондықтан, қазақы қалжыңдар көңілге тек шуақ сыйлайды. – Әнге сөз жазады екенсіз... – Ермұрат Үсенов деген композитор Көкшетауға келіп қалды. Сонда ол «Композитор мен ақын жолыққан жерде бір ән тууы керек емес пе?» деді. Не керек, сол жолы «Сырлы Көкше» атты ән дүниеге келді. Одан кейін балам Нұрлан «Ай Көкше» деген өлеңіме ән жазды. Әкелі-балалы бірігіп шығармашылық жұмыс істей бастадық. Мен өлең жазамын. Нұрлан ән шығарады. Бір күні балам «Айым атты қызға ғашық болып қалдым. Маған «Айымға» өлең жазып беріңізші» дейді... – «Ғажайып күй» атты әндеріңіздің үшінші шумағы көңілге қонымсыз екенін айта кеткен абзал болар...

– Республика деңгейінде жақсы тараған «Азия» тобының орындауындағы «Ғажайып күй» деген әніміз бар. Бірде Нұрлан хабарласып айтады: «Топ құрамында үш жігіт болғандықтан, өлеңге үшінші шумақ керек болып тұр» деп. Мен бір шумақ өлеңді оларға жолдағанымша, «Азия» тобының жігіттері үшінші шумақты өздері жазып жіберіп, содан ол сахнаға шығып кетті. – «Ән мен анаша» деген музыкалық комедия түсіріпсіз. Кино өнері үлкен күш-қуат, қаржы-қаражатты талап етері өз-өзінен түсінікті. Осы мәселені қалай шештіңіз? – Бір кездері «Қазақфильмде» жұмыс істегенмін. Онда ұлттық тақырыптағы бірнеше деректі фильмнің сценарийін жазғанмын. Марат Нәбиев деген кәсіпкер азаматпен таныстығым бар еді. Сол кісіге хабарласып, ойымды жеткіздім. Қарсы болмады. Киностудияға әйгілі Балуан Шолаққа бата берген Паң Нұрмағанбеттің атын қойып, айдар тақтық. Марат камерасын, қажетті құралжабдықтарды алып берді. Киностудияның кеңсесі өз үйімнің ішінде. Шопыры да, сценарисі де, режиссері де, бәрі – өзім. Бұған негізі Ақмола облысы театрының әртістері түсті. Басты рөлде Нұрлан ойнады. Ол өзі білім алып жүрген өнер академиясының бірінші курсында оқитын Жансая Байдарбекова деген қызды кинодағы басты рөлге дайындап жатырмын деді. Басты кейіпкерді көрмей таңдау деген режиссура тарихында болмаған шығар. Не де болса, балама сендім. Бір күні Нұрлан «Кино түсірілімі аяқталған соң Жансаяға үйленсем қайтеді?» деп қарап тұр. Мен қалай қарсы болайын. «Онда кино түсірілімі басталмай тұрып қосылып алыңдар» деп екі жастың некесін қидық. Қысқасы, бір мезгілде киноны да түсірдік, келінді де түсірдік. Одан кейін «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген деректі фильм «Паң Нұрмағанбет» киностудиясы арқылы көрермендерге жол тартты. 1932 жылғы қазақ халқының тарихи трагедиясы – ашаршылық туралы «Ашаршылық жылғы махаббат» көркем фильмінің сценарийін жазып бітіргеніме де бірнеше жыл болды. Қазақтың кереметтігін паш ететін «Ұлы даланың аңыздары» деген киноның сценарийі жазылып бітіп қалды. Ал сценарийге «жан бітіру» – болашақтың үлесі. Тіпті қазақ ертегілерінен көркемфильмдер түсіруді де көптен армандап жүрмін. Әңгімелескен Арман ӘУБӘКІР «Түркістан» газеті.

«Екі дүниенің иесі Қытай емес –Құдай!»
Ақын, жыршы, театр және кино драматургы Баянғали
Әлімжановтың шығармашылығы көзіқарақты оқырман үшін
бейтаныс дүние емес. Қара домбырасын арқалап, ауыл жайын, қо-

ғам, адам жайын сөзбен өрген айтыс ақынының маржан жолдары
да көрерменнің жадынан шыға қоймаса керек. Қырғыздар «манас-
чы» деп баға берген Баянғали Әлімжанов – қазақ жыршылық өне-
рінде де жұлдызы жарық тұрған тұлға. Оған қоса, ауылдан Алма-

тыға келіп, қала көрген, ару Алматысын қиып, ауыл барған, одан
аймақта тұрақтап қалған, содан соң Алматысымен қайта
қауышқан, қысқасы, «Алматы мен Астанадан» алыста деген жо-
баның лайықты кейіпкері. Ауыл мен Алматы арасында жүргендегі

көкейге түйіп, жүрегіне жиғанын ақтарған ақынның сөзі сізді де
бей-жай қалдырмас, құрметті оқырман.

– Соңғы уақытта сізді мазалайтын нендей нәрсе? Сұхбаты-

мызды осы сауалдан бастағымыз келеді.

– Қазір әлемді қаптаған идея. Күнде біреу жаңалық ашады,

күнде біреу жаңа жол тауып жатады. Сән қуғандар үстіндегі киімі
тозбай жатып, жаңаларын алуға құмар. Сол секілді, төпелетіп лақ-
тыра берген жаңа идеяларды да бір түртіп көрмесек, көңіліміз
көншімейтін болды. Шетелдің ана жазушысы мынадай тақырып-

ты, ана киносы анадай тақырыпты көтеріп жатыр екен деп талпақ-
таймыз келіп.
Мысалы, неше түрлі ұятсыздықты әйгілеу, кино қылып түсіру
белең алып барады. Әжептәуір жасқа келген әртістеріміздің өзі

сахнада елді күлдірем деп бір-бірінің мықынынан тартып жатқа-
нын көрсететін болды. Ұят емес пе? Біздің «жаңалық ашқыштар»
анайылықты ел алдына, экранға алып шығуды ұят деп есептемей-
ді. Қандай жаңа идеямен бүркемеленсе де, әдемі сөзбен көмкерсек

те, ұятсыздықтың аты – ұятсыздық, имансыздықтың аты – иман-
сыздық. Қазір «сәнқой» қыздарымыз кіндігін көрсетіп жүруді де
«осыным ұят-ау» деп білмейді. Шығыста сұлтандар өзінің гаре-
міндегі биші күңдердің кіндігін ашып жүруін міндеттейді екен.

Себебі, кіндігі ашық жүргендердің бала көтеру мүмкіндігі азаятын
көрінеді. Кіндіктен бір қарыс төмен жерде «өмір орталығы» орна-
ласқанын да медицина мойындап отыр. Ондайларды шығыс дана-
лығы «қарғыс» дейді. Сол «қарғысты» бүгінгілер «мода» дейтін

болған. Сырттан келген осындай жақсылы-жаманды жаңалықтар-
ды мемлекет тарапынан да тежеу керек емес пе?!

– Ол тежеу – цензураға айналып кетпей ме?

– Жоқ. Ол – басқа дүние. Анайы көріністерді көрсететін кино-

ларды түсіруге қаржы бөлеміз. Сонда ондай киноны көргісі кел-
мейтін ұяты бар қазақтың құқығын шектеп отырғанымызды неге
сезінбейміз? Бекболат бауырымыз бұл туралы шырылдап жазды.
Толық қолдаймын. Міне, мені толғандырып жүрген нәрсе осы. Та-

ғы бір сөз. Дүниежүзінде қанша ұлт болса, баршасы өзін ең жақ-
сылардың қатарында санайды. Санай берсін. Реніш жоқ. Эскимос-
қа «Сен ақ адам сияқтысың» десең, ер-тоқымын бауырына алып
тулайтын көрінеді. Ақ адамдар дүниежүзін билеп отырмыз деп

алшаңдайды, ал, эскимос ақ нәсілдіден өзін артық санайды. Ол –
оның табиғи сезімі. Якуттар тайгада жүрген орыстарды: «Үйсіз-
күйсіз жүр ғой, бізге қонақ қой» деп мүсіркейді екен. Өздері сол
орыстардың бодандығында отырғанында жұмысы жоқ. Иншалла,

біз де жақсы халықпыз. Қазақ өз тарихында ешбір халыққа зор-
лық-зомбылық көрсетпеген. Ешкімнің жерін тартып алмаған, еш-
кімге басқыншылық жасамаған. Қайта, өз жерімізге бар әлемді
сыйдырғанбыз. Біздің жолымыз – мейірбандық, жақсылық жолы.

Бірақ, мейірбан екен деп бізге де тиісе берудің, мейірбандығымыз-
ды сынай берудің қажеті қанша? Бірде, теледидарды қоссам, Қы-
тайдың ыдысын, ойыншықтарын көрсетіп жатыр. Бедеулікке алып
келу мүмкіндігі мол екені анықталып, былтыр он бір рет қытай

тауарын қайтарып жібергенбіз дейді сарапшылар. Өтіп кеткені
қаншама? Неге ондай қауіпті заттарға шекараны ашып қоямыз?
Бұл тікелей мемлекеттің, қауіпсіздік комитетінің шаруасы емес пе?
Біздің экономикалық байлығымызға көз алартып отырғандар енді

рухани дүниемізде де таңбасын қалдырғы келеді. Мен осыған күй-
інемін. Бізге осындай теріс пиғылдар көбейген уақытта, қанша-
лықты мейірбан, кең халық болсақ та, біз де ренжиміз...

– Демек, қоғамға көңіл толмайды...

– Бірақ, осыған бола тым түңіле берудің де қажеті жоқ шығар

деп жұбатып қоямын өзімді. Себебі, екі дүниенің иесі Қытай емес,
Құдай ғой.

– Мұндай қоғамдық мәселелерді алдын ала бақылап, байқап,

ескертіп отыратын тұлғалар жайлы не айтасыз?

– Иншалла, қазақ дана ұлдарға да, қыздарға да кенде емес. Бірақ, көңілге қаяу салатын бірдеме бар. 1932 жылдары қазақтың ұлы деген қайраткерлерінің бәрінің көзі тірі тұрды. Солардың бәрі қазақты қалайша аштықтан алып қала алмады? Қолдарынан келмеді, демек. Бүгін де біз мақтайтын үлкен-үлкен ағаларымыздың да қолдарынан ештеме келмей отырғанын көзіміз көрді. Абылай хандар, Кенесарылар өткен соң бодандық қамытын кидік те, саясат дегенмен айналыспай кеттік. Қоғамдық ой-пікірімізге, санамызға хандар, батырлар, билер, болыстар жаман деген сөз сіңді. Қайта, ақын-жазушы, өнер адамдарын әспеттеп, солар жақсы дегенге келтірді. Өз көзқарасымда ақын да, жазушы да, өнер адамы да тарих жасамайды. Олар рухани дүниенің ғана жасаушылары. Әрине, өз рөлі бар. Бірақ, шешуші, жетекші рөлді солар ойнайды деп адасып жүрміз. Бізге үлкен-үлкен саясаткерлер, саяси тұлғалар керек. Мемлекеттік барлаушылар, мықты ҰҚК қызметкерлері, мықты дәрігерлер, эпидемиологтар, санитарлар, мықты әскер қажет. Осы күні солдатта жүргендерді байлардың қорасын тазалауға апарады дейді. Одан кейін ол солдат қайтіп Отанын қорғайды? Баяғыда патшаның киімін киіп келе жатқан солдатты қатты қадірлеген, патшаның киімін киген солдат болу арман болған. Патша таққан орден-медалін соғыста жүрсе де кеудесінде тағып жүреді екен. Бізде не – полициямызды да боқтап кетеміз, басқаны да мазақтап өтеміз. Әрине, полиция қызметкерінде де, әскерге баратын азаматтарда да сондай сана болуы керек. Ақын-жазушылармыз көп деп мақтанамыз. Құдай көп көрмесін. Барлығы аман жүрсін. Баяғыда Тұрсынбек ағамыз: «Әдебиетте ақша көп, оның үстіне, сөз деген қазаққа жақын. Қолынан келсінкелмесін, әдебиетке ағылып келіп жатыр. Талантты мен талантсызды ажырата біліңдер» деп үйрететін. Ақындыққа, әдебиетке жақындығы бар адамдар жақындығы бола жүріп, басқа салада қызмет ете берсе, сонысы бізге пайдалырақ. Біз, мысалы, саясат дегенді көп игермеген халықпыз. Қазіргі замандағы саясатқа Махамбеттен гөрі Макиавеллилер керек. Макиавеллиді білесіз, ол өзі қу, айлакер болған. Екінің бірі саясатпен айналыса бергені де дұрыс емес, саясатпен саясаткерлер, ұлттық рухы бар, саналы азаматтар, ұлтының мүддесін қорғайтын, есесін жібермейтін адамдар айналыссын. – Биліктің кем-кетігін түзеп, жақсылығын қолдап отыратын да солар болмақ демексіз ғой.

– Біздің биліктің де үлкен қателігі бар. Сын пікірге құлақ аспайтын болды. Кім үкіметтің саясатын сынаса, соны жау көреді. Олай емес қой. Қытайдың бір философиясын айтайын. «Таудан мыңдаған бұлақ ағады. Соның біреуі ғана өзен болып, мұхитқа құяды. Мұхитқа құятын бұлақ бәрінен төмен ағады. Ол бәрінен төмен болып, бар бұлақтың суын құйып алады да, өзенге айналады». Ал біздікілер тасқа шыққан теке құсап, ештеңені көрмейді. Тасқа шыққанды неғып ұнататынын да білмейсің. – Өткен жылы «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына 20 жыл толды. Өзгерген ештеме жоқ, «баяғы жартас, бір жартас...» күйінде қалды деп күйінеді сарапшылар. Сіз не дейсіз? – Тіл туралы бәріміз де жырладық. Алла әр халыққа ерекше түрін, тілін берген. Алланың жаратқан тілін басқаның жоюға қандай хақысы бар? Бірақ, осы біз «тіл, тіл» дегенді көп айтып кеткен жоқпыз ба? Мұны кейде теріс пиғылдылардың бізге қолданып отырған саясаты ма деп ойлап қаламын. Осы мәселені әдейі ушықтырып, бар қазақтың ойы, назары осы мәселеге ғана аусын деген саяси ойын болуы да мүмкін ғой. 1989 жылы қазақ тілі Мемлекеттік мәртебе алғанда Шәймерден Дәуренов деген досымыз: «О, тағдырым, ризамын, енді өлсем де» деп жазған. Сол күні автомобиль апатынан қайтыс болды. Мұны тілдің жолындағы құрбандық деп ойлаймын. Материалистердің, атеистердің көзімен қарасаң, бұл түсініксіз нәрсе болуы мүмкін, бірақ, мұнда да Жаратқанның бір құпиясы, бір сыры бар. Одан бері тәуелсіз ел болдық. Қазақ баласы аман тұрса, тіл де аман. Енді бір мәселе, бар тілді үйрете алмай жатып, қазақша жаңа сөз жасауды әдетке айналдырдық. Достоевский орыс тіліне бір ғана «стушеваться» деген сөзді енгізіпті. Соған «Мен орыс тілін бір сөзге байыттым» деп мақтанады екен. Ал, бізде екінің бірі келіп, жаңа сөз тықпалайды. Бәріміз де ұлт тілінің патриотымыз. Бірақ патриот екенбіз деп сөзді жөнді-жөнсіз аударуға бола ма? Қазір терминком не түрліні тықпалап жатыр. Халықаралық терминдерді аударудан абай болу керек. Адам түсінбейтін сөздерді қаптаттық. Орыс тілінің көптеген сөзі өзге тілден енді, одан ештеме құрып қалған жоқ. Сол секілді, қазақ тілі де шетелдің сөзін өз заңдылығына салып алса, ол қазақ тілінікі болып кетеді. Орыстілді бауырлар жайында. Олар – отарлау саясатының құрбаны. Араласа келсек, қазақтың кәдімгі қаракөздері. Сонда біз

олардан безуіміз керек пе? Бір үлкен ғалым ағамыз бар. Балалары, немерелері қазақша білмейді. Сол кісінің мерейтойында шөбересі келіп, қазақша ән салды. Яғни, олар түптің түбінде қазақшасына оралады бәрібір. – Ал оралмаса ше? – Түптеп келсек, ол да қазақтың балалары. Қазақтың «қазақ тілін білмейтін», «қазақ тілін білетін» болып бөлінуіне қарсымын. Орыстілді қазақ балаларымен жақсы сөйлесемін. «Сен кімге керексің? Қазаққа. Сен өлсең көметін де – қазақ. Қиналсаң көмек беретін де – қазақ. Өз еліңді тап», – деймін. Кейде сол балалардың ішінде сіз бен менен гөрі ұлтжандыларын кезіктіресің. Қазақтың күйін тыңдап, көзінен жас төгілген орыстілді қазақтарды да кездестірдім. Менің айтарым, беттен қағу, сыртқа тебу оңай. Түсіну қиын. Кетісу оңай, қайта табысу қиын. Баяғыда Шудың бойында бір ингуш майоры наша тасушының ізіне түседі. Ақыры әлгі қылмыскерді қолға түсіріп, оның да ингуш екенін біледі. Майор ингуштің нашасын, артық ақшасын тартып алып, өзін қоя беріпті. «Неге өйттіңіз» дегендерге: «Біз азбыз ғой. Өзімізді-өзіміз ұстап берсек, неміз қалады», – дейтін көрінеді. Осы күні кейбір азаматтарда әлгі ингуш майорының санасындай сана болса ғой деп күйінесің. Қазір «жемқор» деген жаламен бес мың теңге алған қазақты да, жүз мың теңге алған қазақты да жапатармағай қамайтын болдық. Оны көрсетіп беретін де – қазақ. Неге өзімізді-өзіміз аямаймыз? Ана бір жолы бір полицеймен сөйлесіп қалып: «Ішпейтін, жемейтін ешкім жоқ. Іш, же. Бірақ қазақтың мүддесі саудаға түскенде, таразыға салынғанда қазақты сатпа. Оныңды ешкім кешірмейді» дедім. Қарапайым қазақ ретіндегі менің бір пікірім осы. Енді бір мәселе бар. Қазір заң бойынша адам қай ұлтқа, дінге жатамын десе, құқығы бар екен. Мен ондай заңды мойындамаймын. Қазақ болып туған ол – біз үшін мұсылман қазақ. Қалай ол басқаға айналмақ? Осы адам құқығы деген өзгелер үшін ең бір жақсы нәрсеге айналды. Мәселен, Тәуелсіздік алған уақытта секталар келді ғой. Олардың түсінігінше, адам құқығы бойынша, әркім келіп өзінің дінін насихаттауға құқылы екен. Сонда менің мемлекетімнің, қазақтың құқығы қайда қалады? Олардың менің үйіме келіп, баламды аздыруға құқығы бар да, мен өз баламды ондай діннен азғын алыс ұстауға, сектаның азғыруынан алып қалуға

құқығым жоқ болғаны ма? Қысқартыңдар, халықты аздырмаңдар деп неге тыйым салмаймыз? Оларға тыйым салғаның үшін басқа мемлекеттер ат құйрығын кесіп кетпейді ғой. – Әңгімеміздің басында түрлі бағыттағы өнер, әдебиет ағымдары туралы сөз бастап қалдыңыз. Сол пікірге қайта оралсақ. – Әдебиет – жеке әлем. Біреу гүл егеді, біреу ағаш, біреу тікен өсіреді. Адамзаттың бойындағы ізгі сезімдерді, қасиеттерді оятады, жақсылыққа бағыттайды. Қазір сол әдебиетіңізде неше түрлі ағымдар шықты. Адам бойындағы жыртқыштық сезімдерді оятатын, шамадан тыс мұңға батыратын дүниелер пайда болды. Франс Кафканың өзі: «Мен өлген соң дүниелерімді жағып жіберіңдер», – деген. Сол Кафка бір кезде Еуропада мода болды. Оны оқымаған кісі жазушы, әдебиетші емес деп танылды. Ервин Кош деген Югославияның сатирик-жазушысы: «Мен де Кафканы оқып көрдім. Бірақ, дүние одан да қасіретті ғой. Оның үстіне, ананың қорқынышын, қайғы-қасіретін оқып неге жындануым керек?», – дейді. Бізде де сондайды үлгі қылу бар. Мысалы, жас ақын-жазушылар келеді. Өмірді жаңа бастап жатыр, шын қайғы-қасіреттің не екенін білмейді, білмей-ақ қойсын, бірақ мұң, қайғы-қасірет іздеп аласұрады. «Қожанасыр» деген пьеса жаздым. Оған хан: «Әй, данышпандар өмір өткінші, өмірде мән жоқ деп жатады. Ал, сенікі не күлкі?», – дейді. Сонда менің кейіпкерім: «Алдияр, ақыры өледі екенбіз, жылап өлгенше, күліп өлгеніміз жақсы емес пе?», – дейді. Көп күле берсең, тағы жынды болып кетесің... Көшедегі адамдардың түріне қараңызшы, шаршаған, қажыған халық көресіз. Тіршіліктің қиындығы жүйкені жеп қояды. Прозамыз, поэзиямыз, пьесамыз не беріп жатыр халыққа? Өзің шаршап барасың театрға. Одан жылап шығасың. Немесе, өзің қалжырап келесің, өлең оқысаң, ол тағы жылауық. Сондай ауыр мұң әсер еткен бе, қазір қит етсе, ойпырмай, елдің бәрі сарнап қоя береді. Қиянат көрмеген кісі жоқ. Өзі қиянат істемеген, бірақ оған барлығы қиянат жасаған. Өз басым көп адамнан жақсылық көрдім. 17-ге толмаған кезде ҚазМУ-дің филфагіне оқуға түстім. Сол шақта да «қазақ тілі құриды екен» деген сөз болған. «Физика-математиакаға бар. Қазақ тілінің болашағы жоқ» дегендердің сөзіне құлақ аспай, айтқанымнан қайтпадым. Бірінші емтихан – шығармадан үш алдым. Екінші емтиханға келсем, әдемі, қасқабас азамат, қасында көрікті келіншек отыр. Ма-

ған «С. Дөнентаевтың өмірі мен творчествосы» деген сұрақ келіпті. Дөнентаевтың қай кезде өмір сүргенін білгенім болмаса, не істеп, не қойғанынан хабарым жоқ. Бірақ, шығармашылығымен таныспын. Мен үшін ақын – ақын, жазушы – жазушы. Оның мансабы, мандаты қызық емес. Сонымен қолымды көтердім де, «Аға, С. Дөнентаевтің өмірі мен қызметін білмейді екем, творчествосын айтуыма бола ма?», – дедім. Бір сәт өлі тыныштық орнады. Бір орынға он бала таласып тұр. «Бар, айналайын, келесі жылы оқып кел» деуге толық моральдік қақысы бар ана кісінің. Бірақ, сәл кідіріп барып, «Божалыста», – деді. Қуанып кеттім. Ал бір сарнайын сосын. «Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан...» деп бастап, ал кеп соқтым. Риза болып кетсе керек, «Шығармадан үш алыпсың ғой, бес қоя алмаймын, төрт қоямын», – деді күліп. Сол қасқабас кісіңіз – өзіміздің Тұрсынбек Кәкішов. Қасындағы апайдың фамилиясы – Түрікпенова. Үшінші емтихан – тарихтан. Экзаменаторлар бір ер адам мен бір әйел баласы екен. Фамилиясы не Ықсанов, не Ысқақов. Самбырлап жауап беріп жатырмын. Ол кісі емитхан қағазымды ашты да: «Шығармадан үш алыпсың ғой, бес қоя алмаймын, төрт қояйын, өтіп кетерсің», – деді. 17-ге толмаған мен қалай істегенімді өзім де білмеймін, қағазды қос қолыммен басып қалдым. «Аға, – дедім, – не екі қойыңыз, не бес қойыңыз. Төртіңіздің керегі жоқ». Сасып қалған ол қасындағы келіншекке сұрақ қойғызды. Бірдеме деп жауап бердім. Ана әйел жауабыма қанағаттанбады. Сол кезде экзаменатор ашудан қып-қызыл болып кетіп: «Мына баланың көзінде от бар ғой. Ол оқымағанда кім оқиды?», – деді де, қолымдағы қағазды жұлып алып, нығыздап тұрып бес қойып берді. Сөйтіп, ылғи төрт алғандармен ұпайым теңесті. Төртінші емтихан – неміс тілі. Сөздік береді екен. Судыратып бірдеме оқып едім, сұрақтың астына алды. ГДР туралы сұрасын. Германияны мен қайдан білейін? Әкем марқұм соғысқа барған ғой. Берлинге қырық шақырым жетпей майданнан оралған. Сол кісі «Лейпциг» деген қаласында зоопаркін көрдім, Дрезденде сурет галереясы бар деп отыратын. «Дрезден галерей» деп бір соқтым. «Лейпциг зоо» деп екі соқтым. Содан «зоо»-дан аңдарға түстім ғой. Германияның аңдарға не қатысы бар! Бірақ мен аңдар туралы немісше бірдеме білем, соны шатып-бұтып айтып, емтихан алушы жас жігіт пен қыздан бес ала алмасам да, төрт деген баға қойдырып шықтым. Осы жақсылық па? Жақсылық әрине. Егер сол кезде

«Сау бол, айналайын, десе» мен филфакқа қайта айналып келер ме едім, жоқ па, Құдай біледі. Кезінде көп адамдардан жақсылық көрдім. Қазіргі заманның өзінде адамдарды бұзылып кетті деп жатады. Иншалла, жақсы адамдар да, жақсылық та бар қазір. – Демек, жақсылықты жырлау керек дейсіз ғой. Өзіңіз не жазып жүрсіз? – Біз халыққа рух беретін, рухани нәр беретін дүние жазуымыз керек деп ойлаймын. Өзім де батыр бабаларымыз жөнінде шағын дастандар жаздым. Ата-бабаларымыздың жыраулық дәстүрінің негізінде қазіргі поэзияның үлгісінде «Байғозының жебесі», «Балуан Шолақ пен Иманжүсіп», «Жұмабек батырдың жұлдызы», «Марал ишанның аманаты», «Бекет атаның үйі», т. б. шығармаларыммен көпшілік таныс болар. Шығарманың халыққа тарауы да қызық қой. Жыр-дастанды айтқанда, айтысқа қатысқанда өнеріңді халық қалай бағалағанын өзің де көріп отырасың. Ал, жазылған кітаптің, шығарманың тағдырын сен біле бермейсің. Сендердің бас редакторларың Жұмекеңнің өзі айтып еді. Баяғыда Жұмекең ауылдас ағайыны ауырып жатқан соң, көңілін сұрай барыпты. Әлгі кісінің төсегінің бас жағындағы менің «Хикматтың хикаялары» деген кітабымды көреді ғой. Сөйтсе, әлгі сырқат жан осы бір жақсы кітап оқысаң, көңілің көтеріліп қалады деп сүйсініп отыр екен. «Деген екен» деген кітабым шықты. Балам Нұрлан Өнер академиясында оқып жүргенде ұстазы Амангелді Сенбинге беріп жібердім. Қойнына салып жүріп оқыпты. Кейде сабақтан тыс уақытта, мұғалімдерді шақырып алады екен де, шаршап барасың ғой, кел сенің көңіліңді көтерейін деп, қойнындағы кітабын шығарып, қызық бір оқиғаны оқып беріп, өзі де күліп, өзгені де күлдіреді екен. Бір-бірімізді көруге дәм жазбады. Бірақ ол кісінің өнерін мен де сырттай сыйлап жүрдім. – Жыршылық өнеріңіз де бар. Оны кімнен «жұқтырдыңыз»? – Өзім – солтүстіктің жігітімін. Жастайымыздан орыстың балаларымен төбелесіп өстік. Сондайда, жеңіліп бара жатсақ, үйге келіп, батырлар жырын оқып-оқып алып, төбелеске қайтадан кіріп кете беретінбіз. Сондықтан жыраулар дәстүрінің, жырының адам бойына ерекше қуат, нұр беретінін білеміз. Бірде, сахнада жыр айтып отырсам, бір әже келіп, маңдай терімді қолорамалымен сипай сүртіп, немереме жұғысты болсын деп баласының маңдайына жағып, «айналайын рухымызды оятып, делебемізді қоздырдың ғой»

деп батасын берген еді. Шығарманың рухани нұр беруі – үлкен баға. 90-жылдары ауылға ешкім келмейтін кезде ауылдарды аралап, концерт қойдым. «Батыр Баянды», «Жанақтың Рүстем Төреге айтқанын», Қасымның «Өзім туралысын», «Манасты» айтамын. Халық сондайда еңсесі көтеріліп, нұрланып кетеді. Атам Әлімжан қиссашы екен. Марқұм шешем Бәтима «Қалқаман – Мамырды» Шәкәрім ақталмай тұрған уақытта жатқа айтатын. Шәкәрім ақталған тұста қайтып кеткені, өкінішті. Өзімнің алғаш оқыған жырым – «Қобыланды батыр». «Манастың» қазақшасын бала кезден, «Батыр Баянды» 1975 жылдан, Мағжанның атын атауға болмайтын кезден білемін. Рымғали Нұрғалиевтан жазып алып, айтып келемін. Жырдың арқасында біраз жерді араладым. Негізі, жыршы, жыраулық өнер әлем халықтарының бәрінде бар. Мысалы, француздардың соңғы жырауы 150 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Соны тірілте алмай жүр француздар. 3-4 жыл бұрын Қырғызстанда әлем халықтары эпостарының бірінші дүниежүзілік фестивалі болды. 28 ел қатысты. Алаңда тұрып жырладық. Ескі дәстүрді әлем қатты іздеу үстінде. Оны саяси саудаға салып жатқандары да бар. 2009 жылы Қалмақстанда «Әлем халықтары эпостары – Жаңғар ұрпақтарының жерінде» атты үшінші халықаралық фестиваль өтті. Башқұрттар, осетиндер, адыгейлер, буряттар, қырғыз-қазақ, т. б. ұлт өкілдері қатысты. Біздің эпостың бәрінде батырлар қалмаққа қарсы күреседі ғой. Қандай ел екен деп барсақ, өзіміз секілді, тағдырлас халық екен. Енді-енді есін жиған. Әсіресе «Жаңғар» деген жырын қатты насихаттайтын көрінеді. Олардың да аспаптары домбыра деп аталады. Біреулері «Торғауытпын», келесісі «Дүрбітпін» деп қояды. Эпостан естіген тірі дүрбіт, тірі торғауытты көрдік. Соғыс кезінде 120 мың қалмақты бірақ жер аударған. Соның жартысы қырылып, қалғаны арыпашып қайта келген. Оларға Эрнест Неизвестный жасаған үлкен ескерткіш қойыпты. Жаның ауырады. Бізде де аштықтан үш млн. қазақ кетті ғой. Оларды да солай дәріптесек, қанеки? – Сіз ауылда туып, Алматыға келдіңіз. Қайта ауылға оралдыңыз. Облыс орталығында қызметте жүрдіңіз. Осының барлығы шығармашылығыңызға қалай әсер етті? – Мен әуелі ауылдан Алматыға оқуға түсуге келіп, осында 16 жыл тұрақтаған адаммын. Ол кезде маған Алматыға сыю қиын тиді. Ауылда өскен балаға Алматы сондай салмақты, сондай білімді,

сондай қорқынышты, қайшылықты болып көрінді. Бірінші жылы
тіпті жаңа жылға дейін қар жаумай қойды. Солтүстіктің қысын
сағынып біраз қиналдым. Келе-келе үйреніп кеттім. Үлкен-үлкен
ұстаздардан сабақ алдым, одан Жазушылар Одағында жұмыс істе-

дім, қазақтың көзі тірі үлкен-үлкен ақсақалдарын көрдік. Замандас
қатарларымызбен сыйлас болдық.
Ауылға перзенттік парызым алып келді. Анам Бәтима төсек
тартып жатып қалды. Ағам – қалада, апаларым – тұрмыста деген-

дей. Елге барсам – шешем қаладағы ауруханада, әкем үйде жүдең-
кіреп қалғандай. Жарым Әлиямен ақылдасып, ауылға көшуді жөн
деп санадық. Ауылдан қалаға үйрене алмаған басым, енді ауылға
көндіге алмай біраз қиналдым. Газет-журналдарда, теледидарларда

жарқырап жүрген адамға ауылға сыю оңай ма?
Не болса да, жеңгең екеуіміз қол ұстасып, елге кеттік. Ұлым
Нұрлан кішкентай. 11 айдан соң шешем қайтты. Әкеймен он бір
жыл тұрдық.

Кеңес уағында бәрі жақсы. Мектеп, балабақша бар. Отын тегін.
Мал көп дегендей. Алайда, ағайынның ұғым-түсінігі, білімі Алма-
тыдағы мәдени ортадай емес. Бірақ, адамгершілігі, бауырмалдығы
ыстық. Тез бауыр басып кеттік. Кезекпен қой бағамыз, малдың ал-

дынан шығамыз, сиыр сауамыз, мал соямыз. Сөйтіп жүріп-ақ өнер
сапарына шығып тұрдық. Ауыл шығармашылығыма көп тақырып
берді. Айтыстарда ауыл тақырыбын көп жырладым. Бір кітабымды
«Ауылдың ақ самалы» деп атадым.

1994 жылдардан ауыл жағдайы төмендей түсті. Оны да көрдік.
Ақша құнсызданды. Мал таусылды. Жағдай қиындады. Теледидар,
радио, газет-журнал, жарық жоқ. Жарықта жазатыныңызды жаза-
сың, мал жайлайсың. Кешке далаға шықсаң, қап-қараңғы түн, қап-

қараңғы ауыл. Қозғалыс жоқ. Тып-тыныш.

– Сол кезде басыңызға небір түнек ойлар келген болар?

– Әкем төсек тартып жатты сол шақта. Ол кісі соғыс кезінде

осындай қап-қараңғы түнде, қардың үстінде жатты. Және жай
жатқан жоқ, соғысып жатты. Әйтеуір бізді ешкім оқтың астына
алып жатқан жоқ қой деп жұбаттым өзімді. Әйтпесе, керемет қиын
болды. Тассу деген іргеміздегі ауыл тұрғындары түгел қалаға қаң-

ғыды. Тек зираттары қалды қаңырап.
Кеңес үкіметі кезінде ауыл тұрғындарының жиған ақшалары
да күйіп кетті. Молдабай деген ағайынымыздың 17 мың сом ақша-

сы бар екен. Бір күні Көкшетаудан телефон шалып: «Жаңа «Мос-
квич» келіп тұр, аласыз ба?», – дегенде: «Жигули» аламын», – деп
бас тартқан еді. Екі айдан соң «Жигули» де, басқа да жоқ, ақша
құнсызданды. Қалғаны Қызылордаға құдалыққа барып келуге ғана

жарады. Іргелес совхозда бір ақсақал 30 мың сом ақша жинаған
екен. Күйіп бара жатқан соң совхозға келіпті ашуланып. Партор-
гтың қолында не бар, жандары ашып: «Мына холодильникті ала
ғой», – десе, қария: «Не айтып отырсыңдар, маған машина керек»,

– деп бас тартыпты. Бір айдан соң холодильник 160 мың болып

кетті. 30 мың соммен жер құшып ақсақал қалды. Оны да көрдік.
Қабдеш Ермағамбетов деген екі мәрте Ленин орденін алған жыл-
қышы ағамыз болды. Сол жылдары Қабдеш ағамызбен жолығып
қалсам: «Мал азайып барады», – дейді. Облыс орталығына бір ба-

рып келу үшін жанармайды бір ірі қараға айырбастайды. Бармасқа
тағы болмайды. Сонымен, бітті ауылыңыз.
Астананың біздің жаққа тиген бір пайдасы – дөкейлердің біра-
зы барды да малдың бағасын көтерді. Жылқы 10-16 мың теңгеден

1000 долларға қымбаттады. Соған шүкір дедік.
Жазушының, ақынның еңбегі, өнері қайда отырғанына байла-
нысты емес қой. Қаламы мен қағазы болса, тізесіне де қойып жаза
береді. Мен ауылға осы сеніммен барғанмын. Жақсы шығарманы

ауылда, Алматыда, Америкада отырып жазасыз ба, бір Алла біледі.
Әкеміз қайтқан соң, балалар Алматыға оқуға аттанған соң,
ауыл-аймақтың ризашылығын алып, елмен қоштасып, Көкшетауға
келдік. Көкшетауда біраз жыл тер төктік.

– Енді Алматыға қайта келдіңіз...

– Қайта келдіңіз дегенде... Бұл ұлымыз Нұрланның отауы ғой.

Біздің үй Көкшетауда. Қазіргі Алматы – орны ерек қала, әрине.
Біздің кезіміздегі Алматыдан өзгерген. Басқа дәуірдің адамдары
едік. Басқа дәуірге келдік. Біз де өзгерген шығармыз. Бірақ сол
кездегі Алматы әдемі секілді. Ауыл да ыстық. Бірақ мен енді қай-

тадан ауылға барамын деп тағы айта алмаймын.
Әңгімелескен Қарагөз Смәділ.
«Қазақ әдебиеті» газеті, 2010 ж. қаңтар.

«Ата жырда аруағы бар қазақтың…»
Даңғайыр жырау Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына арнал-
ған екінші республикалық жыршы-жыраулар сайысын жүргізу
үшін арнайы Алматыдан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығы-
ның лауреаты, жазушы, белгілі айтыс ақыны, жыршы, манасшы
Баянғали Әлімжанов келді. Екі күнге созылған шараны әдемі жүр-
гізіп, шырайын кіргізген, арасында өзі де «Манастан» үзінді жыр-

лап, халық ықыласына бөленген Баянғалимен бірер ауыз тілдесудің
сәті түсіп еді.

– Ал, Ақтөбеге қош келіпсіз. Нұрпейіс атамыздың тойына

орайластырылған жыршы-жыраулар сайысының тізгінін өзіңіз
ұстадыңыз, не түйдіңіз?

– Жыршы-жыраулардың сайысы деген бір тамаша думан ғой,

Нұрпейіс атамыздың тойына арнайы шақырған адамдарға рахмет.
Бұрын-соңды Ақтөбеде болып жүрмін. 1989 жылдары айтысқа
келдім, одан Тама Есет Көкіұлының, Есет Көтібарұлының тойла-
рына қатыстым. Қобыландының тойында келдім. «Ақынға қара

сөзден өлең оңай» демекші, әңгімемді осы той барысында ойыма
оралған жыр жолдарымен бастағым келіп отыр:
Нұрпейіс атын
Естігем бала күнімнен,

Жырларын оқып,
Жаттаушы ем таза көңілмен.
Суреті оттай басылушы еді көзіме,
Жүзінен нұры,

Жүректен жыры төгілген.
Даланы кезген сақалы желмен желбіреп,
Аңыздардағы абыз аталардай көрінген.

Мәңгіге кеткен
Батырып мұңға мұнартып,
Мыңдаған жылдан
Аманат жырдан жүк артып,

Балбал тастарды
Шыққандай жарып қоңыр үн,
Қазақтың сөзін
Ғасырға келер ұзартып.

Дүние, ғалам
Жайында кеткен ойға көп,
Жыраудың жыры
Жерге де, көкке, айға дөп.

Жынданып жатқан
Жан-жаққа кейде қараймын,
Нұрпейіс атадай
Нұрпейіл жандар қайда деп?!

Нұрпейісті көрген қазақтың атақты ақын-жазушылары Сәбит
Мұқанов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Қуандық Шаңғытбаев
жырау жайында керемет естеліктер қалдырған. Жалпы көрсе, көз
тойғандай сымбатты, мәдениетті кісі болған ғой. Өзінің «Нарқы-

зы» мен «Ақкенжеден» басқа қаншама жырларды жырлаған ұлы
жырау. Біз бала күнімізде мектептен атын біліп, «Ер туралы жы-
рын» жаттап өстік. Енді осындай халық ақынының мерейтойында
жыршы-жыраулардың республикамыздың түкпір-түкпірінен келіп

бас қосуы бір ғанибет болды. Сайысқа қатысушылардың жасына
шек қойылған жоқ, соның өзі шараның сәнін кіргізді. Сонау Се-
мейден келген қарт жырау, кәнігі жыршы Нығметжанов Дүйсенға-
зыдан бастап он үш-он төрт жастағы жас талап жыршылардың ке-

луінің өзінде өнегелік мәні бар. Жыршылар жасы ұлғайған сайын
кемеліне келіп, жыр қорларын молайта береді, орындау шеберлікте-
рі жетіле түседі. Кейінгі толқын үшін мұның маңызы зор. Көзімен
көріп, құлағымен естіп, талай нәрсені көңілдеріне түйіп қайтады.

Осы сайыстан байқағаным – жыршы-жырауларды тыңдайтын
халық бар екен. Соған қуандым. Өйткені жырды екінің бірі түсіне
бермейді. Бұл да дәстүрдің үзілмегендігінің көрінісі. Сайысқа қа-
тысқан жастардың сөзді түсініп айтуы, әуен таңдай білуі, домбыра

тартыстары жақсы, бұлардың қай-қайсысы да осал емес, респуб-
ликалық сайыстарға бұрыннан түсіп жүргендер.
Облыс әкімі Елеусін Наурызбайұлы тойда жүлдеге екі автокө-
лік қосты, бұл да Нұрпейіс атамызға деген, осы бір киелі өнерге

деген құрмет деп білемін.
«Жыраулық өнер неге керек?» деп те ойлайтындар бар. Интер-
нет бар, басқа да дүниелер олардың орынын ауыстырып жатыр
дейміз ғой. Бірақ ғасырдан ғасырға жеткен жыраулық өнердің ор-

ны бөлек екенін естен шығармауымыз керек. Бұл – атадан балаға

мирас болып қалған өміршең өнер. Жырлардың энергетикалық қуаты мықты. Нұрпейіс, Мұрын жыраулар жырлаған тарихи жырлар ұрпаққа аманат, оларды ілгері жеткізу – біздің міндетіміз. Жасымыздан өлең-жырға құмартып өстік. Бала күнімізде әкем Тақан «Қазақ эпосы» деген кітаптағы 7 жырды мәнерлеп оқып отырады. «Алпамысты зынданнан қашан шығарасың?» деп жылайтынмын. Осы батырлар туралы жырлар бойымызға қуат беріп, жігерімізді жаныды. Қазір жыраулық өнер сияқты ата мұрамызды насихаттайтын мемлекеттік бағдарлама жоқ. Әлемде жыраулық өнерді зерттеп-зерделеуге деген құлшыныс сезіледі. Француздардың ең соңғы жыршысы бұдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеден өтіпті. Өркениетті ел болса да, ұлттық мұрасынан қол үзіп қалып отыр. Ал Еуропа елдерінде жыраулық дәстүр мүлде жоқ. Сондықтан біз осы жыраулық өнердің өркендеуіне үлес қосуымыз керек, қолда барды қадірлеп, одан айырылып қалмауымыз керек. – Баянғали, сізді айтыс ақыны әрі манасшы ретінде халық жақсы біледі. Бұрынғы-соңғы айтыстар хақында өз көзқарасыңызды білдірсеңіз. Қазір айтысқа қатысып жүрсіз бе? – Бұл бір ұзағынан толғайтын әңгіменің тақырыбы. Талай жерде айтып та жүрмін. Атүсті айтылатын нәрсе емес, кейін бір реті келгенде айтармын. Айтыс туралы қысқаша айтсам, оны елуге келгеннен кейін қойдым. Бас-аяғы 216 рет айтысқа қатысқан екенмін. «Алаш пен Манас» деген кітап шығарып, соның ішіне 40 айтысымды енгіздім. Олардың арасында Ақтөбеде өткен айтыстардан да бар. Осы жылы «Аңыз бен аспан» деген кітабым жарық көрді. Қазір немен айналысып жүргенімді айтсам, өзімнің шағын киностудиям бар, кино түсіріп жүрмін. «Ән мен анаша» деген көркем фильмді бұрынырақта түсіргенмін. Жақында «Аран» атты фильмімді аяқтадым. Жемқорлық туралы осы фильмімнің су жаңа дискісін Ақтөбеге алып келдім. Драматургияда да өзімді сынап көрген адаммын, бұл фильмнің сценарийін де өзім жаздым, режиссер ретінде өзім түсірдім, әрі рольге де өзім түстім. Фильмнің қаншалықты дәрежеде шыққанына баға беретін көрермен, сондықтан қалған әңгімені солардың еншісіне қалдырдық. – Айтыс ақыны, жыршы Баянғалидың кино түсіргенінен хабарымыз жоқ еді, мұныңыз қызық жаңалық екен. Ақан Сатаевтың «Ағайынды» фильмінде ойнаған үш ағайынды жігіттің бірі,

Кука роліндегі Нұрлан Әлімжановтың сіздің ұлыңыз екенін білеміз. Бүгінде көркем келбетімен, өнерімен көрермендердің көзайымына айналған киноактер, сазгер балаңыз туралы бір-екі ауыз айтсаңыз. – «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген қағиданы ұстанамыз ғой. Баламның өмірдегі, өнердегі қадамдарына қуанамыз, «тәубе» дейміз. Өзі елгезек, еңбекқор, тіл-көзден аман болсын. Жұрт балаңды танып жатса, жақсы көріп жатса, ата-ана үшін одан артық қуаныш бар ма? Алматыда баламмен бірге тұрамыз, немерелеріміз бар, шүкір. Жастайынан халықтық өнерге сусындап өскен Нұрлан екеуміз шығармашылық адамдары ретінде бірбірімізді түсінеміз, біріміз әнін, біріміз сөзін жазып жүрміз. Қыздарымның кішісі Ақкенжем де өнер саласында, актриса, «Хабарда» телебағдарлама жүргізеді. Ал менің кино саласындағы жұмыстарыма таңданатын ештеңесі жоқ. Бір кездері «Қазақфильмде» жұмыс істегенмін. Ұлттық тақырыптағы бірнеше деректі фильмнің сценарийін жазғанмын. Марат Нәбиев деген кәсіпкер азаматтың көмегімен шағын киностудия ашып алдым. Оған әйгілі Балуан Шолаққа бата берген Паң Нұрмағанбеттің атын бердік. «Ән мен анаша» атты музыкалық комедиядан кейін «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген деректі фильм түсірдік. Басқа да дайын сценарийлерім бар. Қазақ ертегілерінің желісі бойынша көркемфильмдер түсірсем деген ойым бар. Ардақ ҚОНАҚБАЕВА. «Ақтөбе», 30 қыркүйек, 2010 ж. «Кино мен келінді қатар түсірдім...» – Сіздің бір басыңызда сан қырлы өнер бар. Айтыстың ақтаңгерісіз. «Манасты» таңды-таңға қосып жырлағанда алдына жан салмайтын жыршысыз. Сатира сардарысыз. Жазушы-журналистігіңіз тағы бар. Бір сөзбен айтқанда, сегіз қырыңыз түгел. Кино саласында қайдан жүрсіз? – Бір ғана айтыстың өзінде 216 рет сөз қағыстырыппын. 22 рет бас жүлдеге ие болдым. Пьесаларым қойылып, кітаптарым басылып жатыр. Иншалла, ауыл-елді аралап, осы абыройыма малданып жүре беруіме болар еді. Бірақ қандай жақсы кітап, керемет ой бол-

сын, оны оқитын адам ғана оқиды. Ал экранның құдіреті үлкен.
Сол жерден өз ұлтымыздың мұраларын насихаттап, халыққа тәр-
бие беретін дүниелер көрсетпей, неге кеңістігімізді біреуге беріп
қоюымыз керек. Бойында қазақтың қаны, намысы бар азаматтар өз

мәдениетімізді өзіміз байытуымыз керек. Шетелдің атыс-шабысын
түсіріп, оны аударып, елді есінен тандырып жатқандар мен сияқты
екі аяқты, бір басты адам баласы шығар. Менің олардан қай жерім
кем?! Жастардың, балалардың санасын сырттан келген сериалдар-

ға неге былғатуымыз керек. Өзімізде көрсететін батыр жоқ па,
ақын жоқ па? Қазақы болмыстағы, мұсылмандық тұрғыдағы туын-
дыларды түсірсек, ғажап емес пе?! Неге осыны қолға алмаймын,
мұны мен істемегенде, кім істейді деген ойдан туды. Әйтпесе, ки-

но шығарамын деген мақсатым жоқ еді. Баяғыда жас кезімізде көп
ақын ағаларымыз «Баянғалидың түр-әлпеті киноға қай жағынан
болса да келіп тұр» деп күлетін. Мен де барлық бала сияқты кіш-
кентай күнімде киноны жақсы көрдім. Қиялымда актер болуды

армандадым. Қазір кішкентай ғана фильммен үлкен мәселе көте-
руге болатынын түсіндім. Сөйтіп, тәуекел деп кірісіп кеттім.

– Қаражатты қайдан таптыңыз?

– Астанада тұратын Марат Нәбиев деген кәсіпкер көмектесті.

Керек-жарағымызды түгендеп берді. Төрт бөлмелі үйімнің бір
бөлмесінен киностудия аштым. Балуан Шолаққа бата берген Паң
Нұрмағамбеттің атын қойдым. Директоры да, көркемдік жетекшісі
де, сценарийін жазушы да, қоюшы режиссері де, шопыры да,

есепшісі де, актері де – өзім.

– Одан бері төрт жылдан асты. Осы уақыт ішінде қазақ ки-

носының алтын қорына қандай үлес қостыңыздар?

– Ең бірінші «Ән мен анаша» музыкалық комедиясын түсірдік.

Мұнда қазіргі заман тынысы, жастық, махаббат тақырыбы әнмен
қатар өріледі. Сондай-ақ, өмір туралы ойлар лирикалық сезім мен
сатиралық тілмен астарлап жеткізілді. Рөлдерде Көкшетау театры-
ның артистері және өз ұлым Нұрлан ойнады. Негізінен, Нұрлан-

ның әндеріне құрылған. Балама «Бас кейіпкерді сомдайтын қыз
бала тап» дедім. Ол бір күні «Жансая Байдарбекова деген қызбен
келістім, әке» деп хабарласты. Қызық болғанда, кино мен келінді
қатар түсірдік. Жансаяны келін етіп, түсіру жұмыстары біткен соң

құда шақырып, той өткіздік.

Одан кейін «Жер шоқтығы – Көкшетау» деген 45 минуттық
деректі фильмді өмірге әкелдік. «Ұлы дала аңыздары» және
«Ашаршылық жылғы махаббат» көркемфильмінің сценарийі дай-
ын. Бірақ қолға алуға әзірге қаражат табылмай тұр. Сондықтан аз

қаражат талап ететін, бірақ мағыналы туынды жасасам деген ойым
болды. Сөйтіп, жақында «Аран» фильмі жарыққа шықты.

– Фильм өзегіне қысқаша тоқтала кетсеңіз.

– Бұл – өмірде қызметте жүрген жақын адамымыздың басында

болған оқиға. Оның басына нақақ іс түсіп, түн ішінде телефон ша-
лып, көмек сұрағаны, тығырықтан шығар жол іздеп шырқырағаны,
оған жасаған зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау әрекеттері қат-
ты әсер етті. Әйтеуір ол іс өмірде сәтте шешім тапты. Аман-есен

құтылды. Осы жайтты көркемдеп, кино тілімен сөйлеттік. Ішкі
жанайқайыммен айналамыздағы кісі ақысын аяусыз жеп жүрген-
дерді оятқым келді.

– Неге «Аран» аталды?

– Әу баста «Жемқор» деп қоюға бел байлағанмын. Кейін ойла-

на келе «Аран» деп өзгерттім. Мағынасы кең, ауқымы үлкен сөз
ғой. Баяғыда терең ор қазып, аңдарды соған жан-жағынан қуып
әкеп, қамайды екен. Аранға түскен аң шыға алмай, тыпырлап, аң-
шылардың құрығына ілінеді. Оның үстіне, қазақта «Аузын арандай

ашты» деген сөз бар ғой. Бір сөзбен айтқанда, тойымсыздық, қана-
ғатсыздық деген мағынада.

– Бас кейіпкердің рөлін өзіңіз сомдағаныңыз қалай?

– Мен де өнердің бір өкілімін ғой. Бір кездері «Қазақфильмде»

жұмыс істегенім де бар. Бірақ көп ойландым. Халық артисін ша-
қыруға шамам жетпеді. Кім сонау Степняк ауылына барып, киноға
түсіп жүреді. Оған жағдай жасап, бабын тауып, қасында қас-
қабағын бағып жүру керек. Сондықтан күй талғамайтын өзім тү-

суіме тура келді. Мұнда кәсіби артистер төрт-бес адам ғана. Тө-
леубек Қоңбайұлы, Айбек Құсайынов, Елтай Мұстанов, Гүлмира
Жакелина, Маржан Бөкешова. Өмірдегі апайым Сұлушаш Досым-
бекова кинода апайымды, құдам – құдамды ойнап шықты. Халық-

тық кино болады деген үміттемін. 10 мың доллар қаржы жұмсал-
ды. Он алты күн ішінде аяқтадық. Мұхтар Ержанов, Валерий Бала-
ков, Ержан Досымбековтің де еңбегін ерекше айта кеткен жөн.
Музыкасы – таза қобыз бен домбыраның үні. Бала күнімде қобыз-

да ойналатын «Қоңыр» күйін қатты жақсы көретінмін. Сол күйді

кейіннен ұзақ іздедім. Біреу Қорқыттікін, бірі Сүгірдікін алып келеді. Бір күні радиода жұмыс жасайтын Мұхамедқұл досыма біраз дәстүрлі музыка көшіріп беруін өтіндім. Сөйтсем, мен таппай жүрген «Қоңырды» Әбікен Хасеновтің орындауында жазып әкеліпті. Қуанғанымнан, жылап жібере жаздадым. Сөйтіп Қорқыттың, Тәттімбеттің, Әбікеннің, Біржанның мұраларын енгіздім. Қазір бейнетаспа арқылы таралу үстінде. Жабайы түрде де сатылып жатқанын көріп, екі түрлі сезімді бастан өткердім. Біріншісі – менің жеке мүлкімді біреу ұрлап алғандай әсер қалдырды. Екіншісі – жілік майы татитын, бюджеті орасан кинолармен бірге менің еңбегімнің де насихатталып жатқанына риза болдым. – Алматыға көшіп келгенсіз бе? – Жоқ, екі қаланың ортасында жүрмін. Осында келіп, немерелерімнің қасында жиі болғанды тәуір көремін. – Әдебиетте не жазып жүрсіз? – Былтыр «Аңыз бен аспан» деген кітабым шықты. Батырлар туралы жыр-дастандарым басылымдарға басылды. Пьесаларым Көкшетау, Семей, Павлодар, Алматы театрында сахналанды. Былтыр «Батыр-Баян» пьесамды Солтүстік Қазақстан театры қойды. Жыршы ретінде Қазақ радиосының «Алтын қорына» «Батыр Баян», «Манас», «Бақтыбайдың тезек төреге айтқаны», «Жанақтың Рүстем төреге айтқаны» сияқты тарихи жырларды және өз шығармаларымды жаздырдым. Бұл халықтың мәдениетіне кішкентай болса да қосқан үлесім ғой деп ойлаймын. Әңгімелескен Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА «Айқын» газеті. 14 қаңтар, 2011 ж. Эпос Эйфелі Биыл Бішкекте өткен манасшылардың бірінші халықаралық фестивалінде Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы, ақын, драматург, жыршы, манасшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали ӘЛІМЖАНОВ Қырғызстанның «Мықты мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталған еді.

Жиырмаға тарта танымал манасшының басын қосқан өнер
сайысының басты ерекшелігінің бірі – Манас рухы халықаралық
деңгейде ұлықталды. Бұл дерек ұлы эпостың Алатау асқарынан
биіктеп, бүкіл адамзаттық құндылыққа айналып отырғанын аң-

ғартады. Төменде манасшы-жыршы көне жауһардың қазақ дала-
сындағы жаңғырығы туралы ойларымен бөліседі.

– Қырғыз халқының батырлық эпосының негізгі идеясы – бос-

тандық пен бірлікке, бақытты тұрмыс жолындағы қаһармандық
күреске саятыны жазылғанмен, тұрмыс-салт пен ата-баба на-
ным-сенімдерінің өнеге-өрнектері сақталған туындыға қазақ ға-
лымдары да қадым заманнан көз қадап келеді. Мысалы, Ш. Уәлиха-

новтан бастап көптеген белгілі ғалымдар мен әдебиет майтал-
мандары байтақ туынды туралы кесек-кесек кереметтерді дүние-
ге келтірді. Ал жасампаз жыр рухына мұндағы жұрттың қазіргі
көзқарасы мен сүйіспеншілігі қалай екен, Баянғали Тақанұлы?

– Шоқан 1856 жылы Ыстықкөлге барған сапары кезінде «Кө-

кетайдың асын» алғаш рет қағазға түсіріп, орысшаға аударса, 1862,
1869 жылдары В. В. Радлов «Манастың» түрлі нұсқаларын ғылы-
ми айналымға түсіруге талпынды. Эпостың 60-тан астам үлгісі ел
аузынан жазып алынды. «Манасты» зерттеуге М. Әуезов, Ә. Мар-

ғұлан сияқты қазақ зиялылары еңбек сіңірсе, кейін қаламгерлер
«Манасты» аударуға барынша атсалысты. Тіпті, қалам ұстаған
тұлғаның ұлы эпосқа соқпай кеткені аз деу қисынды. Жыр алыбы
Жамбыл «Манасты» той-жиындарда айтса, Кенен өзінің жыр-

дастандарында сюжеттерін жиі қолданғаны мәлім. Сол сүрлеумен
келе жатқан кейінгі толқынның өкілі ретінде қырғыз топырағына
алты жылдан кейін аяқ басып тұрмын. Мені, әсіресе, фестивальді
ұйымдастырушылар мен демеушілердің патриотизмі таңғалдырды.

Баткен Шерниязов есімді отаншыл азамат пен манасшы Рысбай
Исақов басқаратын «Манас» қоғамдық қорын, Шайырбек Абдрах-
манұлы жетекшілік ететін республикалық «Ел» телерадио корпо-
рациясын, ақын Азамат Болғанбаев жетекшілігіндегі «Айтыс» қо-

ғамдық ұйымын ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет көрсеткені
үшін ондағы жұрт өте қолдап, барынша қошемет білдіріп отыр.
Бұл жобаға Қырғызстан үкіметінің айрықша қолдау көрсетуі сай-
ысты бұрынғыдан да маңыздырақ ете түсті.

Бұның ең бір көңілге ұнағаны – балға үйірілген баладай құжы-
наған халықтың ынтасын біз телекөпір арқылы аңғардық. Бішкек,

Ош, Талас өңірі манасшылары рет-ретімен «Манасты» айтса, ара-
тұра ақын-жыраулар арнау жырларын орындап отырды. Таңғы са-
ғат 10-нан түнгі 12-ге дейін бүкіл қырғыз айылы керемет әсерге
бөленді. Осы дүбірлі оқиғаның ортасында болу мен үшін баға

жетпес байлықпен тең. Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты
ағайын Қазақ елінен қатысып отырған маған айрықша ықыласта-
нып, төріне отырғызды. «Қазағымның «Манасты» айтатын бала-
сы» деп айрықша құрметтеп, қимастық сезіммен әлдиледі. Маған

олар: «Ортамыздағы жалғыз қонақсыз ғой, сондықтан бір мәрте
айтып, демаламын десеңіз, еркіңіз білсін» деді. Сөйтсем, мен ай-
тып болғаннан кейін жұртшылық телеарна басшыларына телефон
соғып: «Қазақтың манасшысына рахмет! Өнері өрге жүзсін! Тағы

да айта түссін!» деп алғыс-тілегін қарша боратқан көрінеді. Кешке
тағы шықтым. Екі рет шыққанымды қосқанда, бас-аяғы 40 минөт-
тей «Манасты» айттым.

– Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігін» әр оқығанда

бұрын кезікпеген тамаша олжаға тап бола бересіз. Сол сияқты,
«Манасқа» қалам тартқан шетелдік басқа ғалымдардан кімдерді
білесіз?

– Кеше өзіміз көзін көрген Қаба Атабаев, Шабай Әзизов, со-

нымен қатар, Ұрқаш Мәмбетәлиев, Асанхан Жұманәлиев сияқты
саңлақтар әлдеқашан о дүниелік болып, бүгінде көзі тірі жасы 80-
ге таяп қалған Сапарбек Қасмамбетов деген ақсақал қалыпты. Ол
кісіден мен қызық әңгіме естідім. «Англияға барғанымда, – дейді

қария. – Хаттон деген ағылшын ғалымы маған керемет жаңалық
ашты. Шоқан атамыздың жазған нұсқасын, «Көкетайдың ертегі-
сін» ағылшын тіліне аударған екен! Әлгі ғалым: «Мен бақытты
адаммын. «Манасты» зерттеуге бүкіл ғұмырымды арнадым. Енді,

міне, көзі тірі манасшымен бетпе-бет кездесіп отырмын» – депті.
Мен де Шоқанның еңбегіне шетелдіктердің өзі соншалық құрмет
көрсетіп жатқанына жүрегім толқып, қуанып қалдым. Сондай-ақ,
Назарқұл Сейдрахманов есімді тағы бір ірі манасшы бар, бұл кісі-

нің жасы бізден сәл егделеу, бірақ шашасына шаң жұқпаған нағыз
дүлдүл, «Манасты» түгел жатқа айтатын адам. Кейінгі жылдары
дауысы аз-кем зақымданып, үні шықпай сыбырлап айтқанның
өзінде сай-сүйегіңді сырқыратып, жүрегіңді тербеп жібереді. Ал

Базарбай Сөлпиев Ош қаласындағы ауданда әкім болып қызмет
істейді екен. Міне, бұл кісілерден кейін қазіргі манасшылардың

арасындағы жасы үлкені мен болдым. Қырғыздың бүкіл манасшысы аға тұтып, алдыма түспей, інілік ізетпен иілді. 80 жылдар түлегінің ішінен тамаша талантты өрендер тау суындай тасқындап өсіп келеді. Өздері зыр жүгіріп осы тойда қызмет жасап жүр. Әлемдегі ең ұлы эпосты жырлаймыз деген олардың бойындағы ыстық махаббатқа ықыластана қарайсыз. Шаршап-шалдықпай, қайта бойымыз тау самалымен сергігендей өте бір жеңіл жүрдік. «Манастың» рухы дегенің тылсымнан тартылған құдірет екеніне иландыратын мұндай қасиеттің қазақ баласы маңдайына бұйыруын Алланың сыйына балаған ағайындар: «Мынадай аламан бәйгеге қатысуға тіпті, мықтымыз дегендердің өзі жүрек жұта бермейді. Сіз нағыз азамат екенсіз. Қазақтан шыққан шоң батыр екенсіз» деп майын тамызып, мақтап, мадақтап жатыр. Назарқұл, Қуанышбек, Сәлімбай, Рысбай, Замирбек, Кәміл, Самат, Ұлан, Тілек сияқты манасшылардың екпінді үндері нөсердей төкпелейді. «Өте жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Мың жаса, бауырым!» деген жүрекжарды лебіздер жан-жақтан құлағыма шалынады. Екінші күні Тоқтағұл Сатылғанов атындағы мемлекеттік филармонияда гала-концерт өтті. Зал лық толы халық. Мәдениет министрі Сұлтан Раев, депутаттар, Ел батыры, жазушы Бексұлтан Жәкиев, мемлекет қайраткері, Қырғызстанның бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Дастан Сарығұлов деген кісілер келіп тамашалады. «Баянғалы, бұл кешке мен сені арнайы көру үшін ғана келдім», – деп Таласта 2007 жылы Манасқа арнап шара ұйымдастырған манасзерттеуші Д. Сарығұлов қимастық көңіл білдіруде. «Манастың» ұлы Семетейден театрландырылған үзіндіні халық әртісі Зәмір Сауранбаев өте тартымды үлгіде ұсынды. Өзі Семетейдің рөлін ойнады. Осы қойылым бүкіл қырғыз баласының бір ауыздан «Манас! Манас!» деп ұрандауымен аяқталды. Зәмір Сауранбаевты не үшін айтып отырмын. Ол атақты Тыныбек манасшының немересі екен. Тыныбек туралы Шоқан да, Әлкей де жазған. Бірақ, Шоқан «Манасты» Тыныбектің аузынан жазып алды деген дерек жоқ. Әлкей Марғұлан: «Бұлардың барлығына ортақ нәрсе, манасшы болардың алдында олардың түсіне Манас пен оның қырық шорасы кіріп, ақындық қасиетін олардың ауыздарына құяды-мыс. Содан «Манас» жыры оларға түсінде қонады» деген... . Сол сияқты, Келдібек, Тыныбек, Сағымбай, Саяқбай сияқты манасшылардың бой-

ындағы жыршылық өнер де сондай ерекше құпияда қонды деген
әңгіме бар.

– «Эпоста қырғыз бен қазақтың тағдырластығы суреттеле

келіп, қазақ батыры Көкшенің Манасқа сенімді жақтас, тіпті,
кей тұста өте жақын серігі болғаны терең сипатталады» деп
жазады ғалымдар. Осы тұтастыққа жыр алыбы Жамбыл мен
Кененнің ту тігуі – ғаламат өнер туындысының екі халыққа ор-

тақ екенін білдіреді. Сол бүтіндікті жалғастырған кейінгі ізба-
сарлардан жұрт өзіңізді жақсы біледі. Әріптестеріңіз еңбегіңізді
қалай бағалайды? Және «Манасты» қайдан, қалай үйрендіңіз?

– Қырғыздар қалжыңдап маған: «Сенің не әкең, не анаң жағы-

нан біреу қырғыз емес пе?» деп сұрақ қояды. Өз достарым да: «Са-
ған әлдененің шалығы тиген бе, әлде бойыңа өнердің киесі қонды
ма?» деп әзілдейтін. «Сен жазушы едің, айтысқа шықтың, жарай-
ды, ал енді мына «Манасың» не, айналайын-ау?» деп марқұм Са-

бырхан Асанов айтып еді. Әзілсіз әңгімелесек, мұның себебі былай

– бала кезімізден бастап ауыз әдебиетінің небір жауһар туындыла-

рымен сусындап өстік. Біздің кезімізде кітап оқу мода болатын.
Әкем Тақан майданға қатысқан адам. Анамның аты – Бәтима. Тұр-
ған жеріміз – Степняк қаласы. Кешқұрым мал жайлап, үйге кірген
соң не істейміз? Теледидар жоқ. Радионың үні еміс-еміс қана есті-

леді. «Қазақ эпосы» атты үлкен кітап бар еді. Үлкендерден бізге
кезек тимейтін болғандықтан көбіне түннің бір уағына дейін қол-
шаммен оқитынбыз. 60 жылдары «Манастың» төрт томдық, мұқа-
басы сары кітабы жарық көрді. Мұхтар Әуезовтің алғы сөзімен.

Қырғыздардың өздері біріктірген нұсқасы бар емес пе, дәл сол үл-
гіден аумайды. Марқұм Мейрамбай ағам алып келді. Оқыдық. Бір
қарағанда, біздің жырларға қатты ұқсап кететін сияқты, ал енді
бірде мүлде басқаша. Ұзақ, үлкен оқиғалар. Неге екенін білмеймін,

ә дегеннен-ақ бұл жыр маған «Алпамыс», «Қобыландыдан» еш
кем көрінген жоқ.

– Алғаш рет «Манасты» қай кезде орындадыңыз?

– Құдай айдап бірде «Букинист» кітап дүкеніне бас сұға қа-

лайын. Көп кітаптың ішінен көк кітап көзіме оттай басылды. Бізде
жарық көрген қазақтың «Манасына» ұқсайды. Бірақ Бішкектен
шыққан екі кітап та қырғыз тілінде. Бірінші, екінші томдары қатар
тұр. Бағасы – су тегін. Көрген бойда сатып алдым. Аудармадағы

нұсқадан мүлде бөлек. Оқып отырғанда құлағыма бір әуен келген-

дей тербелдім. Кей үзінділерін дастарқан басында, жазушылар
арасында айта бастадым. 1984 жылы «Қазақстан» телеарнасына
«Халық қазынасы» атты циклды хабарларды жүргізуге мені ша-
қырды. Редактор, марқұм ақын Ерік Асқаров студияда өнер көрсе-

туге тиіс жыршы әлдеқандай себеппен келе алмайтын болып, кімге
қолқа саларын білмей, жанұшырып отыр. Көп ақша күйіп кеткелі
тұр.
Редактор маған: «Байеке, «Манасты» жазып жіберейік, бізді

құтқар», деді. Мен: «Мұның не? Жоғары деңгейде айтуға әлі жақ-
сы дайын емеспін. Өзім үшін айтып жүрген адаммын» деп ат-
тонымды ала қашқаныма қарайтын түрі жоқ. «Жоқ, енді былай
ғой, егер дұрыс шықпай қалып жатса, барлық кінәні сізге аудара

саламыз, қырғызшаны онша дұрыс айта алмады деп құтыламыз»,
дейді. Сонымен, олардың айтқан сөздеріне көніп, «Манастан» тоқ-
таусыз бір сағат үзінді айттым. Мұны олар кейін қысқартып, 25
минөттік «Манас – қазақ жерінде» атты хабар жасап берді де жі-

берді. Осы уақытта бізге қырғыз театры гастрольдік сапармен кел-
ген еді. Мұны жұрт қонақтардың құрметіне берілген хабар деп қа-
былдапты. Бір күні қомызшы, күйші, «Қазақ елі», «Қырғыз көші»
деген күйлердің авторы Асанбек Қыдырназаровтың «Социалистік

Қазақстан» газетінде «Алатаудай алғыс айтамыз» деп аталатын
алғыс сезіміндегі мақаласы шықты. Отыздағы жігітке тұтас бір
халықтың атынан ақтарылып, алғыс есту қандай ғанибет десеңіз-
ші. Жаным марқайды. Осыдан кейін үзбей айтып келемін. Менің

де түсімде Манас батыр аттың үстінен төніп келіп: «Мақамыңды
түзе, әуеніңді жөнде» деген. Атеистік тәрбиемен өскен ұрпақтың
мұндай аян, аруақ деген нәрселерге онша көп мән бермейтін әдеті
дегенмен, әке-шешеміз әуелі бісмілләні айтуды үйреткен. Әкем 39

жасында намаз оқыған. Күнде мектепте құлағымызға «Құдай жоқ»
деп құйып жатқанмен, жүрегіміздің түбінде Тәңірдің құдіретіне
деген бір сенім сәуленің сөнбегенін сезетінбіз.
Қазақтың жырларын бір кісідей орындап жүрмін. Батырлар

жырынан, айтыстардан репертуарымда біраз дүние бар. Мен «Ма-
насты» олармен бірдей сүйдім. Бұл жыр жүрегіме махаббатпен
орнықты. 93 жылы Қырғызстанда айтыс өтті. 5 қырғыз, 5 қазақ
ақыны отырмыз. «Меймансыздар ғой, жол бірінші сіздердікі» деді.

Бірінші болып қағазды алсам, Оразбек Құтманәлиев деген ақсақал
ілікті. Сақалы дөңгеленген, қызыл шырайлы кісі екен. Қасына ба-

рып иіліп сәлем бердім. «Қай жақтың баласысың?» – деді. Өйткені,
айтысу үшін ақындарға ілік керек. Ал мен одан: «Мамандығыңыз
кім?» – деп сұрадым. Ол: «Мен төкпе ақынмын, кино актерімін», –
деді. «Қандай киноға түстіңіз?» – дегенімде, «Ақ кемеге» түстім»,

– деді. Фильмде Оразқұл есімді бұзақы кейіпкер бар ғой, міне, сол

рөлде ойнаған екен. Сахнада заулата жөнелдім:
«Киноға да түскенсің,
Бөшкелеп арақ ішкенсің.
Қатынның бәрін сойғансың,

Бұғының бәрін жойғансың».
Әлгі кісі риза болып, батасын беріп жіберді. Сөйтсем, оның өзі
қазаққа жиен болып келеді екен. Маған әзілдеп: «Мына қарыстан
сүйем жақын деген ғой. Басқа қырғыздан гөрі саған мен жақын-

даумын! Анам қазақтың қызы» деп ағынан жарылды. Әлгі айтыс-
тан мен түйе мініп қайттым. Айтыстың арасында қырғыздың ақы-
ны Абылда Нұрғалиев «Манастан» үзінді орындады. Менің де бі-
летін өнерім ішіме сыймай барады. Бірақ олардың ешбірі маған:

«Ал, шық, айта ғой» деп қолқа салатын сыңай танытпайды. Өзім-
нен өзім бастап кетудің амалын таппай дымым құрып тұр. Ақыры
шыдамның да шегі бар дегендей, «айтамын» деп кестім. Біздің жі-
гіттердің бірі сыбырлап жеткізіп қойған болуы керек, «айтыңыз»

деген ишарат білдірілді. Мені бес-алты ауыз шумақпен шектеледі
деп ойлаған болулары керек, ал мен тоқтамай 10-15 минөт «Ма-
настан» айттым. Залдағылар «қазір қазақтар «Манасты» қалай ай-
тар екен?» деп демдерін іштеріне жұтып, көздерін қадап қалыпты.

Мен айтып болған соң, дүркірете қол соқты. Айтыстан кейін ша-
шын артына қарай әсемдеп қайырған, қырғыздың келбетті бір аза-
маты келді. Құшақтап: «Туғаным, бауырым. Мен Шерімбек Шар-
шеевпін – Мәдениет министрінің орынбасарымын, «Манас – 1000»

дирекциясының директорымын», – деді. – «Манастың» мыңжыл-
дығы өткелі жатыр. Біз сізді сол мыңжылдыққа шақырамыз. Ресми
қағазыңызды кейін жібереміз. Дәл осы қазір шақырту алдым деп
есептей беріңіз», – деді. Онда мен Көкшетаудамын. Анам қайтыс

болған соң, әкемді жалғыз қалдырмай бірге тұратынбыз. Содан
1995 жылы «Манастың» мыңжылдығына орай байқауға қатыстым.
Тақырыпты билет сияқты үстелдің үстінен алдық. «Манас» түпсіз
терең мұхит, эпопея десек, осының ішінен түрлі-түрлі сұрақтар

қойылады. Қолыңды салып алған жерден бастап жалғастыра алма-

саң, ары қарай жол келте кесіледі. Қырғыздардың өздері жарты жолда шаң жұтып, шарасыздық танытып жатыр. Біз ең соңында тұрмыз. Қазақстаннан менімен бірге екі адам қатысты. Олар осы тойға лайықтап жаттап алғандарын айтып жатыр. Қырғыздардың сегіз командасына біз тоғызыншы болып қосылдық. Ортаға мен шықтым. Қазір мен қырғыз бауырларымның айтпаған жерін айтамын деп әзілдей күлдім. Бір тур өтті. Біраз адам сырғып сыртқа шығып қалды. «Тәуекел, – дедім. – Қырғыздардың өзі жеңілгенін мойындап жатқанда біздің еш жаситын жөніміз жоқ. Бұйырғанын айтамыз», – деп едім, біреуі: «Сіз, қонақсыз ғой, қалаған жеріңізді айта беріңіз», – деп мені аяған сыңай танытты. Мен: «Қолымның тиген жерінен емес, көңілімнің сүйген жерінен айтайын», – дедім. Бізге арнайы сыйлық берілді. Міне, менің манасшы ретінде қырғыздардың алдына алғаш шыққан жерім осы. – Эпостың мыңжылдығына қандай сый әзірлеп бардыңыз? – Елбасымыз Н. Назарбаев бастаған мемлекеттік делегацияның құрамында тойға қатыстым. Өмірбек Байгелді, Шерхан Мұртаза, Қалтай Мұхамеджанов, Бекен Жылысбаев, Кенжеғали Сағадиев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Шаханов сияқты халқымыздың ардагер ұлдарымен бардық. Таласқа аттандық. «Манастың» күмбезіне аялдадық. Қалағаң: «Ал енді араларыңда қайсысың құран оқисың?» – деді. Сонда жасымның кішілігіне қарамастан: «Рұқсат па?» – дедім. «Манастың» күмбезінің түбінде құран оқыдым. Таласқа қарай бет алған тұста қырғыздың азаматы: «Баянғали, «Манасты» айт, Таласта тұрып «Манасты» дариядай тасытпасаң жарамайды» деп қолқалады. «Алдымда менен де үлкен ағалар тұрған жоқ па, осы кісілер сөйлесін» деп шегіне бастап едім: «Жоқ, «Манасты» баста, «Манасты» айт» деп қадалған ойынан қайтпай тұрып алды. Аянып тұруға уақыт жоқ, жырды жорғалата жөнелдім. Міне, осы сапар көп түйінді шешкендей. Рас, біраз жылдар арадағы байланыс үзіліп қалды. Сөйтсе де, «Манасты» қалың қазақтың арасында қалтқысыз айтып жүрдім. «Манастың» мыңжылдығында Базарбай Сөлпиев пен Асанхан Жұманәлиев екеуі: «Сен қазақсың, «Манасқа» салым қос» деді. Салым деген не нәрсе? Жырды өз тарапыңнан жаңғыртып, байытып қосып айтуды осылай дейді. «Сен, қазақ жағынан Ер Көкше атаңды жырла» деді. Ойланып қалдым. Бірақ тәуекел ете алмадым. Себебі, «Қалай мен жанымнан жыр қосып, «Манасты» өзгерте-

мін?» деген ойдың шырмауынан шыға алмай отырып қалдым. Кей-
ін, бірақ, «Айкөл Манас пен Ер Көкше» деген жыр шығарып,
«Аңыз бен аспан» деген кітабымда жарияладым.

– Жыршы, жырау мен манасшының айырмашылығы неде

сонда?

– Мысалы, Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаев жүздеген

мың жол жырды мұра ғып қалдырған, кітапқа түсірген. Ал олар-
дың арғы жағында Тыныбек, Келдібек, Наймантай, Балықауыз деп
жалғасып кете беретін есімдер қаншама. Қазақтың бұрынғы жы-
раулары да сондай болған. Ал «Манастың» кітабын біз аяқталған

жыр деп есептейміз. Мұны бұзбай, бастапқы қалпын сақтап орын-
даудың өзі жеткілікті деп тиянақтаймыз. Шын мәніне келсек, бұл
дұрыс емес. Оларда жаттап айтқан адамды «манасшы» демейді.
Сондағы оқиғаларды сақтай отырып, оған өзінше бояумен үн қос-

қан, ары қарай жалғастыра білген адамды манасшы деп айтады.
Қырғыз ағайындар: «Дүниежүзіндегі барлық эпостық жырлар өлі
эпостар» дейді. Олар қағазға түскеннен кейін жолы аяқталып, ғұ-
мыр дариясы тоқтаған болып саналады. Ал «Манасқа» келсек, бұл

– әлемдегі дара да жалқы тұрған тірі эпос. «Манас» ғұмыры әлі

күнге дейін жалғасып жатыр. Мұны сарқылмас сазбен, үзілмес үн-
мен әлі талай ұрпақ тоқтатпай шырқамақ. Демек, манасшы болуы-
ңыз үшін алдымен оқиғаның бәрін санаңызға саф ауадай сіңдіріп
алуға тиіссіз. Одан әрі тағы бастапқы нұсқаға сүйеніп, өз тарапы-

ңыздан баяндай отырып байытасыз. Ең бастысы, болашақ манас-
шыға аян берілуі керек. Аян болмаса, қандай күшті ақындарға да
«Манасты» айтуға болмайды деген сенім бар қырғыздарда!
Жоғарыдағы әңгімеге орай, мен манасшыларға: «Мысалы, се-

нің бүгінгі шығарған жырың мықтылардың сөзіндей асыл да мар-
жан болмай жатса, жырдың сапасына нұқсан тимей ме, бұрынғы
бастаулар бүлінбей ме?» – дедім. Біздің жыршылардың негізгі
ерекшеліктері – төл мұралардың мұртын бұзбай мүлтіксіз орын-

дауында, – дедім. – Ал мұндай ен байлықты өзгертуге хақымыз
жоқ. Суырыпсалма ақындар үшін жырды орындап шығу өте жеңіл,
бір сөзді ұмыта қалсақ, өз жанымыздан қоса саламыз. Мұны көп-
шілік байқай бермеуі мүмкін. Себебі, топ алдында тоқтап қалмау

маңызды. Бірақ, аталардың асыл сөзін өзгертпей айту парыз!» –
дедім. Бірақ, қырғыздарда жағдай мүлде басқаша. Олар: «Дұрыс
айтасыздар. Мұны да айта білуіміз керек, сонымен қатар, манас-

шылар эпосты жалғастыруға, дамытуға үлес қосулары тиіс» дейді. Тіпті менен: «Қазақта манасшы жігіт бар екен деп естіп, қуанып жатырмыз. Жаттап айтады екенсіз. Шынымен жаттағаныңызды орындайсыз ба?» деп сұрады. «Жаттап айтпағанда, енді мені ойынан шығарады демексіздер ме? – дедім. – Менің ойымнан шығарған жырым сіздерге ұнай ма, жоқ па? Аталардың асыл сөзін айтып тұрып, арасында қысқартып өзімше толғаймын. Төл нұсқаларым бар». – «Манастың» ғұмырын ұзартуда қырғыз ағайындар тағы не істеп жатыр екен? – Қырғыз бауырларымыз қазіргі манасшылардың орындауында «Ұлы Манас баяны», «Ұлы елдің ұғылы – ер Манастың тұқымы, Семетей батыр баяны» деген екі альбом шығарыпты. Әрқайсысында үш дискіден бар. Мұнда осы заманғы манасшылар түгел қамтылып отыр. Әрине, «Манастың» бәрін қалдырмай қамту қиын іс дегенмен, алты дискіге топтап, үлкен жұмыс атқарылды. Оны шығаруға «Айгине» мәдени-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Гүлнәр Айтбаева мұрындық болған. Гүлнәр өзімізбен қандас қазақтың қызы. Ата-бабасы 30 жылдары ашаршылық заманында қырғыз еліне өтіп кеткен. Әкесі – қазақ, шешесі – қырғыз. Мені көргенде, «Ой, ағамыз келді» деп ардақтап, бүкіл қырғыздың арасында асқақтатып отырды. Ол қырғыз мәдениетінің үлкен қайраткеріне айналған адам екен. Сол кісінің ұйтқысымен «Ұлы Манас баяны – ұрпақтарының аузында», «Ер Манастың тұқымы, Семетей батыр баяны» сияқты қазіргі заманғы манасшылардың айтуында дискісі шығарылған. Осыған қоса тағы бір айта кететін нәрсе, бізде де батырлар жырының мәтінімен және жыршылардың орындауымен жарық көрген дискісі бар. Көлемі өте үлкен. Жекелей Сағымбай Оразбақовтың, Саяқбай Қаралаевтың, Тыныбектің, Шапақ Рысмендиевтің орындауындағы, Қытайда тұратын манасшы Жүсіп Мамайдың жазуындағы «Манасты» том-том кітап етіп басып шығарып жатыр. Мысалы, Сағымбайдың кітабы 2 мың беттен тұрады екен. – «Манасты» жырламайды, негізінен айтады деген пікірді алға тартып отырсыз. Бұл екеуі екі түрлі нәрсе ме? – «Манасты» жырлайды деу өте қате ұғым, себебі, оны қырғыз бауырлар айтады деп түзетеді. Біз кейде өзіміздің сөзімізге салып, қырғыздар «ырлайды» деп қоятынымыз бар. Жоқ. Олай айту тура-

лыққа жанаспайды. Турасы – «Манас» айтылады. «Манас» туралы айтады, жанынан қосып толғайды. «Манастың» ұлылығы мен құдіреті – ғасырлар бойғы қырғыз халқының талантты ұл-қыздарының ақыл-ойы мен парасаты, рухани қуаты бір арнаға тоғысқан. Алып бір дүние, таудай, мұхиттай поэзия туындысы жаратылған. Әлемдегі ең ұлы, ең мәртебелі эпостардан артық демесеңіз, кемдігі сезілмейді. Көлемі жағынан «Манасқа» теңдесетін әлемде бірде-бір эпос жоқ. Мазмұн-қуаты, тағдыр-тайқысы жөнінен келіп сөйлесек, онда неше түрлі бейнелермен қатар Манастың тумай жатып қуғын-сүргін көргені, туған елінің ар-намысы мен азаттығы жолындағы күресі баяндалады. Өзі өмірден озғаннан кейін әйелі мен бала-шағасы шырылдап, Бұқарға дейін өтіп кетеді. Семетей жат елде ер жетеді. Қырғыздың тарихын тапжылмай баяндайтын тарам-тарам оқиғалар мен тарихтар жатыр мұнда. Мен осыған кішкентай болсын қатысым болғанына қуанамын. – Қырғызстаннан сырт аймақтарда «Манасты» айтушылар көп пе? – Қытайда біраз манасшы бар деп естідім. Бір әңгіме есіме түсіп отыр. Қытайда, Хайян өңіріндегі бір ауылда түгел қырғыздар тұрады екен. Бірақ, олар қытайға әбден сіңіп кеткен. Себебі, атыжөндеріне дейін қытайша. Сонда жасы егде тартқан екі кемпір тұрады. Біреуі қырғызша бірден жүзге дейін санауды біледі, ал екіншісі қырғызша екі жыр біледі-міс. Қызығы – «Манас» туралы әңгіме қозғалып, әлгілердің құлағына жетпей ме? Жүсіп Мамайдың шығарған «Манасын» тыңдап, ЮНЕСКО-ға енгендігін құлақтары шалған болуы керек. Қытай болып кетті деген қырғыздар мұны естіп: «Манас біздің атамыз екен. Неге бұл кісіні ұлықтап, ерекшелеп еске алмаймыз?» деп мәселе қояды. Қысқасы, сол жердегі тұрғындар бас қосып, мемлекеттік бағдарламаға енгізіп, ер Манастың ескерткішін тұрғызыпты. Не деген рух! Неткен халық! Мұны маған «Манас жаңғырығы» телекомпаниясының бас директоры Темірбек Тоқтағазиев айтып берді. Телеарна менен бір сағат сұхбат алып, аяғында «Манасты» айтқызды. – «Манас» жыры негізінен қандай музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалады? Манасшылар музыкалық аспапты пайдалана ма?

– «Манасты» орындау дегеннен гөрі, айту деген қисынды. Оны

ешқандай аспапсыз, ақырын ғана отырып айта береді. Ал мен:
«Атамнан қалған жерімді,
Атасы басқа дұшпанға.
Алдырсақ Құдай ұрмай ма?» деп келетін жерін, Шоқан жазған

үлгіні – «Көкетайдың керезін (қоштасуын)», «Манас батырдың
Көкетайдың асына келуін», «Қосай дәу мен Жолай дәудің күресін»
айттым. Талас сапарының шуағына жылына бергің келеді. Сонда-
ғы дискілердің бәрін көздің қарашығындай сақтап жүрмін. Өйтке-

ні, бұл кейін баға жетпес байлыққа айналуы мүмкін.

– Соңғы уақытта кино өнеріне айтарлықтай тер төгіп жүр-

сіз... Қанша фильм түсірдіңіз?

– Кейбір замандастарым басқа өнеріңіздің бәрі дұрыс-ау, ал

енді кинода неңіз бар деп қызық сұрақ қояды. Кітапты қазір біреу
оқыса, біреу оқымауы мүмкін. Ал кино арқылы көп нәрсені айтуға
болады, көп мәселені көтеруге болады. Қазір жаңа технологияның
шарықтап дамыған заманы. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.

Сондықтан мен де заулаған заманға ілесіп еңбек еткім келеді. Бірі
тасада қалып қойғанмен, басқа біреуі іздеген жүректің ұясына қо-
нарына күмәнім жоқ.
Операторлыққа ВГИК-ті бітіріп келген жігіттерді қабылдадым.

Қазір кино түсіріп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды.
Біздің студиямыздың өнімдері – «Аран», «Асау толқын», «Ай-
хан» фильмдері көрермен көзайымына айналып үлгерді.

– Отбасыңызда өнер жолын қуған кімдер бар?

– Ұлым Нұрлан Әлімжанов, қызым Ақкенже Әлімжанова белгі-

лі актерлер, көптеген фильмдерге түскен. Көрермен жақсы біледі.
Әңгімелескен Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан», 10 қазан, 2013 ж.

«Бала махаббатым бүгінде ақ жаулықты әжеге айналған»
Баянғали Әлімжанов – ақын, драматург, жазушы, сатирик,
айтыс ақыны, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен
өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші,

мәдениет қайраткері:

– Көкшетау өңірінің табиғаты керемет қой шіркін. Туып-өскен

жерім Бұлақбасы ауылының жазы тіпті жанға жайлы. Қырдың ба-
сында жайылып жүрген бие-құлындар, шырылдаған шегірткелер,
көсілген көбелектер мен қалықтаған инеліктердің бейнесі, аңқыған
жусанның иісі әлі күнге дейін мұрнымда аңқып тұр.

Балалық шақ десе, алдымен ауыл балаларының алаңсыз доп
қуалап жүрген көрінісі көз алдыма елестейді. Көрші ауылдың ба-
лаларымен бөлініп футбол ойнауды ұнатушы едік. Барлығымыз-
дың ойынға берілгеніміз соншалық – ұтылуды намыс санайтын-

быз. Менің бала күнде екі арманым болды. Бірі – футболшы, екін-
шісі – жазушы болу. Футболшы болу маңдайыма жазылмағаны-
мен, әлі күнге дейін футбол десе, ішкен асымды жерге қоямын.
Құрдастарымның тағы бір сүйікті ойыны болды. Ол – сақа. Қазіргі

жастардың көбісі сақаның не екенін білмейді. Сақа деген асықтың
үлкен түрі, яғни сиырдың асығы. Сол заманда сақа жинамаған, ой-
намаған бала болмаған шығар. Сақаның ортасына қорғасын құйып,
икемді болу үшін оның екі жағын жонамыз. Ал содан ойынға қызу

кірісіп, кімнің асығы алшысынан түсетінін аңдумен боламыз. Зос-
каның да әбден түбін түсіргенбіз. (Көп аймақтарда оны «ләңгі» деп
атайды). Өздеріңіз білесіздер, солтүстіктің қысы қатты болады.
Қар түссе болды, сырғанақ тебуді бастаймыз. Одан қала берді, біз-

дер хоккей ойнадық. Доптаяқ дейтінбіз. Үлкендер қайыңнан басы
иілген таяқ жасап беретін. Сол таяқпен мұз үстінде допты қуала-
дық. Әрине, барлығымыздың аяғымызда коньки болды деп айта
алмаймын. Есесіне, пимамыз ойынға жарап жатты. Сол сырғанақ-

ты мен әлі күнге дейін сағынамын. Астанаға көшіп келген үш
жылдың ішінде немерелеріме, аула балаларына сырғанақ жасап
беріп жүрмін. Қар жауысымен ерінбей қарды үйіп, үйдің ішінен су
тасып, сырғанақ жасаймын. Үйде компьютерден бас алмай, аз қоз-

ғалатын балалардың барлығы қыс бойы Баян аталары жасап бер-
ген сырғанақта бос уақыттарын өткізуде. Балақайлардың шат күл-
кісін көріп, кейде менің де сырғанақ тепкім келіп кетеді. Сөйтіп,
балалармен бірге сырғанап та кетемін.

Қызыл галстук таққан балалардың заманында теледидар да,
компьютер де, ұялы телефон да болған жоқ. Сондықтан болар, ра-
дионы көп тыңдап өстік. Қазақтың небір ән-жырларын, күйлерін
қазақ ауылдарына сол «ұзынқұлақ» жеткізіп отырды. Футболды да

радиодан тыңдадық. Біздің тағы бір ермегіміз кітап оқу болатын.
Сыныптастармен кітап оқудан кәдімгідей жарысатынбыз. Қазақ
әдебиетінен бастап шетелдің классик жазушылары Марк Твен,
Джек Лондон, Жюль Верннің шығармаларына дейін түк қоймадық.

Бір сөзбен айтқанда, кітап біз үшін дүниетанымның бастауы бол-
ды. Кітапты әліге дейін қасиетті санауымыз бала күннен бойға сің-
ген әдет шығар. Кітаппен қатар шахматты да ерекше жақсы көр-
дім. Мектеп қабырғасында, университетте біраз жарыстарға қаты-

сып, үшінші разрядқа дейінгі дәрежеге көтерілдім. Шахматтың
соңынан қуалап кетпесем де, демалыс сәттерінде осы шаршы тақ-
таны айналдыратыным бар.
Мен қазір бір нәрсеге таңғаламын. Біздің балалық шағымыз

Кеңес заманында өтті. Октябрят, кейіннен пионерге өттік. Мектеп-
те, жоғары оқу орнында бізді құдай жоқ деп үйретті. Атеистік тәр-
бие берді. Әрине, қызыл империяның теріс тәрбиесімен қатар,
жақсы жағы болмады деп айта алмаймын. Біріншіден, біздер адал

болып өстік, өтірік айту, алдау, ұрлық-қарлыққа бармадық. Үлкен-
ді сыйлау бірінші орында тұратын. Атеистік көзқарасқа қарамас-
тан біз Алланы, исламды танып өстік. Мұның барлығы үйде отыр-
ған қариялар мен әке-шешеміздің арқасы. Мектепте мұғалімдер

Құдай жоқ десе, үйде кемпір-шалдар ауыздарынан Алланы таста-
май, намаздарын оқып отырды. Құран, пайғамбарымызды (с. ғ. с)
айғайламай, заңға қайшы келмей, ешкіммен ерегіспей, кейінгі ұр-
пақтарына үйретіп келген сол дәуірдегі адамдардың мықтылығы-

на, төзімділіктеріне қайран қаламын. Қанша жерден пионер болып,
«чесно пионерский», «чесно комсомольский» деп ант су ішсек те,
біз үшін «олләхи-биллахи» сөзі бәрінен де жоғары тұрды.
Алыста қалған балалық шақтан санада қалғаны мектепте сы-

ныптас қызға ғашық болғаным. Сөз қорымдағы бар көркем сөзде-
ріммен хат та жаздым оған. Ғашықтық сезімімді тікелей айтпасам

да, тым болмаса сезсін деп «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек» сынды ғашықтық жырларын сыйладым. Өмір деген қызық қой. Бала махаббатым бүгінде аяулы ана, ақ жаулықты әже болған. Алыстан қол бұлғап қалған бала күнгі достарым, сыныптастарыммен де кездесіп тұрамыз. Арамыздан кейбірінің өмірден озғаны өкінішті-ақ. Жүздескен сайын көзім олардың шашындағы ақты, бетіндегі әжімді көрсе де, жүрегім олардың сол баяғы бала кейіптерін көреді. Шынымды айтсам, қазіргі балаларға аяушылықпен қараймын. Себебі, күні бойы техникалық құралдарды шұқылаумен өткізетін олардың күш, қуатын техника сорып жатыр. Өз басым немерелеріме доп, сырғанақ секілді денені шынықтыратын ойындарды ойнатқызып тұрамын. Ата-аналарға да айтарым – балаларыңызға есте қаларлықтай, жарқын балалық шақ сыйлай біліңіздер. Жазып алған-Айнұр ОҢҒАРБАЕВА. «Рейтинг», Шымкент, 25-08-2015 Көне ғасыр күмбіріне көңіліміз марқайды – дейді ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов.

Баянауыл баурайы – тектілерді тербеткен берекелі бесік.
Ақыны мен батырын, жырауы мен жазушысын, ғалымы мен ака-
демигін қатар қойғанда солардың ішінде Мәшһүрдің мәртебесі
дара тұрары даусыз. Ақбеттаудың төрінде, Ескелдінің жерінде

дүниеге келген әулиенің есімі ел аузынан түскен емес. Құдіретті
Құдайдың құлақкесті құлын құрметтемейтін жан жоқ. Әулиелігі
бір төбе, әдебиетке сіңірген еңбегі де сүбелі. Назарынан тыс қыл-
май насихаттап жатады туған елі. Еңбектерін жинақтап, кітап

қылып бастырып, мақала қылып таратқаннан бөлек Мәшһүрдің
атында «Көне ғасыр күмбірі» деген атаумен жыршы, жырау,
термешілердің байқауы өтіп келе жатқанына да біраз болды.
Әулиеге арналған, тәрбиеге толы жыр жарысында қазылардың

қатарынан көрініп, төрағалық етіп жүрген Қазақстан Республи-
касының мәдениет қайраткері, ақын, манасшы Баянғали Әлімжа-
новты әңгімеге тартқан болатынбыз.

– Сұхбатымыздағы сұрақтың алғашқысын Ертістің етегінде өткен жыраулар жарысының мәні мен маңызынан бастасақ? – Иә, өткен айдың 29-30 күндері Павлодар қаласында «Көне ғасыр күмбірі» атты М. Ж. Көпеев атындағы республикалық жыршы, жыраулар, термешілердің байқауы болды. Бұл шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының шеңберінде өтті. Оны ұйымдастыруға ұйтқы болған облыстық әкімдік, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, сондай-ақ, «Шаңырақ» халық шығармашылық орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Нықатұлының еңбегін ерекше атап өту керек. Өйткені, бұл М. Ж. Көпейұлының шығармашылығына арналған үшінші конкурс. Біріншісі, 2008 жылы өткен, екіншісі 2011 жылы аймақтық болған, міне, осы жолғы үшіншісі республикалық дәрежеде өтті. Бұл жолғы сайыстың ризашылықпен еске алатын тұстары көп болды. Мысалы, 2011 жылғы конкурсқа республиканың түкпіртүкпірінен шақырылған жыршы, жыраулардың көпшілігі келмей қалды. «Біз Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығымен таныс емеспіз. Біздің репертуарымызда ол кісінің жырлары жоқ» деп көбісі бас тартқан болатын. Ал осы жылғы конкурсқа жанжақты ізденіп, Мәшһүр Жүсіп шығармаларымен танысып, ол кісінің тіпті, екі-үш жырына дейін жаттап алып келген жыраулар да болды. Сондықтан, бұл жолы біздің көңіліміз толды. Мінеки, осылай іздеушісі болса, ұйымдастырушылар болса, ескі жырларды, есті сөзді өлтірмей айтатын ел ішінде өнерпаздардың бар екеніне көзіміз жетті. Жалпы, бұл халық шығармашылығына осылай мән беріп, аталарымыздың асыл сөздерін ылғи бақылап, ұйымдастырып, соны халыққа тарата білсек, осы жыршы, жыраулардың халыққа берері әлі де мол деп ойлаймын. Тіптен, Мәшһүр Жүсіптің өзінің өлеңі де бар екен: «Домбырамен айтқанда, қосылса әні, Өлең сөздің кіреді сонда сәні. Өлген сөзді тірілтіп, сөйлегенде, Құлақ салған сүйсініп, дейді «Пәлі!» деген жолдар. Міне, бұл кісі сол заманда білген. Қағазға, хатқа түскен өлеңнің, кітаптан оқитын өлеңнің, әрине, оның орны бөлек. Дегенмен де біздің халық талай жырдың тамырын домбырамен тарқата білгені белгілі ғой. Сондықтан, домбырамен қосып жырлаудың мәні үлкен. Енді осыны республикалық радио, теледидарға шығарсақ, жыраулық,

термешілік өнерімізді байыта түсер едік, дамыта түсер едік және
ол халыққа кеңінен танылар еді. Ол түптің түбінде ана тілімізді,
ата мұрамызды насихаттау болып табылады.

– Еліміздің әр өңірінен келген өнерпаздардың аяқ алысына

тоқталып өтсеңіз. Қарқындары қалай екен?

– Бұл жыршы, жыраулардың конкурсына Қазақстанның әр

түкпірінен 20 жыршы келді дедік қой. Солардың ішінде Маңғыс-
тау облысының Бейнеу ауданынан бір жыршы, Астана қаласының
«Шабыт» өнер университетінен бірінен-бірі өткен бес бірдей
жыршы келді. Қызылорда облысынан үш жыршы, Шығыс Қазақ-

станнан біреу, Қарағанды облысынан төртеу, Павлодар қаласынан
үшеу, Баянауыл ауданынан екеу, Ертіс ауданынан біреу. Негізгі
географиясы осындай болды. Мұның ішінде ерекшелеп айтатын –
Сәрсембай Рахымбердиев жырау. Бұл өзі 12 жасында Наурызбек

жыраудан бата алған екен. Қарақалпақстан жерінде туып-өскен.
Қазіргі уақытта Бейнеуде тұрады. Таланты толысқан, бабындағы
жырау көрінеді. Таңды-таңға жалғап, тоқтамай жырлайтын жырау
десе болады. Сонымен бірге, бұл кісі Мәшһүр Жүсіп атамыздың

үш бірдей жырын жарысқа жаттап келіпті. Және, әбден бойына
сіңірген, өте тамаша жырлап, тоқтаусыз, төгілте айтқанда, қазылар
алқасы бірауыздан бас жүлде беруді ұйғарды. Ал енді Астанадағы
«Шабыт» өнер университетінен келген шабандоздарға тоқталсам,

бұлар Ақерке Дабылова, Эльвира Ерназар, Бақдәулет Толыбекұлы,
Нұрбек Сансызбай, Әнуәрбек Аманқосов, бәрі Алмас Алматов пен
Елмұра Жаңабергенованың шәкірттері. Олардың аяқ алысынан
жыраулық өнерді кәсіби түрде оқып жатқаны байқалып тұрды.

Сайыскерлердің қатарында қызылордалықтардың да бағы ба-
сым түсті. Сыр елінен келген үш бірдей жыраудың да таңдайы та-
қылдап тұр екен. Ал жыршылардың ішінде жасы үлкені Шығыс
Қазақстаннан шыққан Жұмабай Ауданбек болды. Алпыстан асып

кетсе де алқынбай, керісінше, арғымақша арындап тұр. Отанға
оралған қандасымыз өзінің әуенімен, ырғағымен Мәшһүр Жүсіп-
тің бірнеше туындысын тарту етті. Конкурсқа келген үміткерлер-
дің ішінен Қарағанды облысының өнерпаздарын ерекше атап өтуге

болады. Олардың қатарында Қуаныш Асқарұлы, Ақжан Шыныбек,
Ұланғасыр Қамиев, Бейбарыс Жақаба бар. Бұлар 7-10 сыныпта
оқитын мектеп оқушылары. Бұқар жырау ауданынан келген өнер-
паздардың ұстазы белгілі айтыскер ақын, жыршы Дидар Қамиев

екенін айта кеткен жөн. Ұйымдастырып отырған облыстың намы-
сын үш үміткер қорғады. Олардың ішінде Шыңғыс Асығатұлының
талабы таудай екен. Небәрі үшінші сыныпта оқитын шынашақтай
Шыңғыс осы жолғы байқаудың жаңалығы болды десем, жаңылыс-

паймын. Ол бірінші кезеңде «Алпамыс батыр» жырынан үзінді
орындап, екіншіде Мәшһүр Жүсіп атасының «Ағайындар» деген
толғауын айтып, елді де, бізді де әбден риза етті. Тоғыз жасында
топқа түскен бүлдіршін осы қарқынынан бәсеңдемесе, үлкен дода-

ларда үздік шығарына үміттенемін.

– Жыр жүйріктерінің сайысында сізден басқа қазылардың қа-

тарында кімдер болды?

– Әрине, кез келген жарыстың қатысушысы болса, оның өне-

рін саралап, жан-жақты бағалап, ілгері шыққандарын іріктейтін
қазылар алқасы да қатар жүреді ғой. Осы жолғы аламанның да тө-
решілері осал болған жоқ. Олардың қатарында ақындар, әдебиет
және өнер өкілдері болды. Тарқата айтсам, өзімнен бөлек «Шаңы-

рақ» орталығының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е. Ті-
легенов, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, филология
ғылымдарының докторы А. Тұрышев, Павлодар инновациялық
еуразиялық университетінің оқытушысы, филология ғылымдары-

ның кандидаты, шығыстанушы, Мәшһүртанушы Е. Жүсіп, мәде-
ниет қайраткері, ақын Б. Сыздықов, облыстық және рес-
публикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, ақын,
термеші, Қазақстанның үздік мәдениет қызметкері Б. Мұқажан

және республикалық ақындар айтысының бірнеше мәрте жүлдеге-
рі, термеші Ж. Сейітов секілді сөздің қадірін түсінетін азаматтар
байқаудың қазылары қатарынан орын алды.

– Үздік жыршыны анықтау қиын болды ма? Сайыстың қоры-

тындысына тоқталсаңыз.

– Жан-жақты дайындалып келген жалынды жыршылардың

қарқынына қарап, тауын шақпай, туын жықпай орын үлестіру де
оңайға соқпады. Дегенмен, Батыстан келгендерді бөле-жармай,
Сырдан келгендерді сырт қалдырмай, қарағандылықтар қапа бол-
май, астаналықтар армансыз қайтсын деп тағайындалған жүлде-

лерді әр өңірден келген өнерпаздарға әділ бөлуге тырыстық. Жоға-
рыда атап өткенімдей, даусыз дарынымен көрерменнің көңілінен
шыққан маңғыстаулық жырау Сәрсенбай Рахманбердиев бас жүл-
дені қанжығасына байлады. Бірінші орынды Астанадан келген

Ақерке Дабылова алса, екінші жүлдені Шығыс Қазақстаннан шық-
қан Ауданбек Жұмабай мен Қызылорданың қызы Айнұр Қоныс-
паева еншіледі. Тойдың иесі болғандықтан, жер-жердегі жырау-
лардың басын қосып бәйге жасап жатқандықтан сол өңірден шық-

қан өнерпаздарды да тасада қалдырмай, Баянауылдан келген Таңат
Ахатовты үшінші орынға лайық деп таптық. Таңатпен қатар қара-
ғандылық Ұланғасыр Қамиев және астаналық Эльвира Есназар да
үшінші орынды еншіледі. Арнайы аталымдар бойынша та-

ғайындалған жүлделер де өз иелерін тапты. Мысалы, «Үлгілі
жыршы» – Нұрбек Сансызбаев (Астана қаласы), «Өнегелі терме-
ші» – Бекболат Мұхамединов (Ертіс ауданы), «Әдемі әуен» – Ба-
қытжан Ахметов (Баянауыл ауданы), «Қазыналы жыршы» – Ха-

сенхан Кішкенеев (Қызылорда облысы), «Көрермен көзайымы»
номинациясы – Шыңғыс Асығатұлына (Павлодар) бұйырды.
Мәшһүр Жүсіп жырларының бүгінгі жыршы, жыраулардың
репертуарынан орын алып, енді халыққа солардың аузымен тарай-

тындығы бізді қуанышқа бөлейді. Бұл сайыста біздің ұтқан жеріміз
де осы.
Екі күнге созылған байқаудан ескірмес естеліктермен қайттым.
Әсіресе, ұйымдастырушылардың еңбегіне ерекше разы болдым.

Байқаудың ашылу салтанатына облыстық Мәдениет басқармасы-
ның басшысы Айнұр Мақсұтқызының арнайы келіп, қатысушы-
ларды қанаттандырып, ақ жол тілеуін, сайысты қорытындылаған
Баянауыл жерінде аудан басшысы Нұрлан Мұқатайұлының өнер-

паздарға ақ пейілімен ақ дастарқан жайып қарсы алуын өнерге де-
ген жанашырлығы деп қабылдадық. Мәшһүр Жүсіп жатқан Ескел-
дінің есігінен аттап, құран оқытып, мұражайын аралап, Әулиенің
әлеміне әсерлі саяхат жасағандай болдық. Мәшекеңнің мұрасын 20

томға жинақтап бастырып, көне ғасыр күмбірін жаңа ғасыр жаста-
рының жанына жеткізу, санасына сіңіру жолында еңбек етіп жат-
қан Павлодар азаматтарының тағылымды шарасына «тамаша» де-
ген баға берер едік.

Әңгімелескен Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан», 05.05.2016 ж.

ЕСТЕЛІКТЕР

Сәбеңмұражайында
Мен Сәбит Мұқановты бала күнімнен жақсы көріп өстім. «Ме-
нің мектептерім» атты қалың кітабын оқығаным есімде. Қолдан-
қолға өтіп, көп оқылып, мұқабасы әбден мүжілген, кітаптың аты

мен автордың аты әрең оқылатын, бірақ іші сау қалың кітапты бір-
неше күн бас алмай құныға оқыдым. Бала қиялым Сәбеңнің бала-
лық шағын аралап, ескі қазақ ауылдарын шарлап, бақыршы бала-
ның қара қосына баратын. Қармен жуынатын жылқышы Мақанға,

Қанапияның қайратына сүйсінетінмін. Тіпті, Жәмпейіске де жа-
ным ашитын. Ата-анадан жастай жетім қалып, тағдырдың таяғын
татқан баланың оқтауды домбыра қылып, қара қоста қаһарман
жырларды айтып отырған үні құлағыма келетін. Сол жетім бала

Сәбит өсіп, жетіп, жазушы, академик, ел қайраткері, ұлт тұлғасына
айналуының өзі бір таңғажайып нәрсе болып көрінетін.
Кейіннен «Ботагөз», «Мөлдір махаббатты» оқыдық. «Ботагөз»
бірден баурап алып, үйіре тартып әкетті. Мұндай қызық та маз-

мұнды сирек кітап менің жадымда ерекше қалды. Бүгінде қалай
десек те, «Ботагөз» романы қазақ даласына орнаған Совет дәуірі-
нің, аласапыран тарихтың көркемдік шындығы, сан бояулы суреті
ретінде бағалы екендігін естен шығармағанымыз абзал.

Мектепте, тоғызыншы класта оқып жүргенде, қазақ әдебиеті-
нің мұғалімі Көпенова Қайыржан апай маған: «Аққан жұлдыз»
романын оныншы кластың балаларына мазмұндап айтып бер!» –
деп тапсырды. Мен Шоқан туралы романның бірінші кітабын тү-

гел жатқа айтып бердім.

Ардақты Сәбеңді, аңыз Сәбеңді өмірде бір-ақ рет, 1973 жыл-
дың қаңтарында, Ғылым академиясының ғимаратында, Мәлік Ғаб-
дуллинмен қоштасу кезінде көрдім.

– Сен өлгенше, мен өлуім керек еді ғой! – деп жылап тұрғанын

өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естідім. Сол жылы өзі де қайтыс
болды, жарықтық.
1977 жылы КазГУ-дің филология факультетін бітіргелі жүр-
генде Тұрсынбек аға Кәкішев жаңадан ашылып жатқан Сәбит Мұ-

қанов музейіне алып келіп, Мәриям апаймен, музейдің директоры
Хакім Бекішев ағамызбен таныстырып, бесінші курста оқып жүр-
ген мені музейге қызметке орналастырды. Бізден бір курс жоғары
оқыған немере ағам Жарылғасын Әбішевтің курстасы Құлбек Ер-

гөбеков сонда ғылыми қызметкер боп қызмет істеп жүр екен, арқа-
жарқа болдық та қалдық.
Музейді ашуға дайындық жүріп жатқан кез. Қызық уақыт еді.
Мәриям апа бізге мереке сайын дастархан жайып, дәм беретін. Сә-

бең туралы көрген-баққанын, бастан кешкен ұзақ та қызық ғұмыр
жайлы асықпай баяндайтын. Парасатты, ақылды апамыздың ара-
сында күлдіріп қоятын тапқырлығы да бар еді.
Сәкен Сейфуллин ұсталып, халық жауы атанып, атылып кет-

кенде, оның бір әдемі суретін өртеп жіберуге қимай, айнаның ар-
тындағы қағаздың арасына тығып, сақтап қойып, кейін, Сәкен ақ-
талғанда, Сәбеңе тауып берген ғой бұл кісі! Сәбең алғысын жау-
дырыпты жан-жарына!

Бір күні магнитофоннан Сәбеңнің қазақ радиосының тілшісі,
ақын Серік Тұрғынбековке берген сұхбатын тыңдадық. Онда жа-
зушы өзіне келген хаттар туралы ағыл-тегіл әңгіме айтты. Фут-
болшы Темір Сегізбаевтың мемлекеттік архивте қызмет істейтін

Эмма (әлде Эльмира) деген қарындасы келіп, Сәбеңнің жазған
хаттары мен елдің Сәбеңе жазған хаттарын пәленбай қапқа салып,
жүк машинасымен архивке алып кеткенін, оларды жүйелеп, пәпкі-
лерге салып, тәртіптеп жинап қойғаннан кейін барып, көргенде,

өзінің шошып кеткенін әзілге сайып, майын тамыза әңгімеледі.
Содан маған бір ой түсіп, Құлбекке: «Сәбеңнің хаттарын ақта-
рып көрсек қайтеді?» – дедім. Сөйтіп, екеуміз мемлекеттік архивке
барып, Сәбеңнің хаттарын біраз зерделеп көрдік. 209 пәпкі хат бар

екен, соның 13-і «Ботагөз» романына байланысты. Көпшілігі қа-
лың, Сәбеңше айтқанда, жуан-жуан пәпкілер. Толып жатқан дү-

ние, тұнып жатқан қазына! Бұл хаттарды Сәбеңнің елге, елдің Сәбеңе жазған, жан сырын шертетін көп томды тарихи – деректі романы десе де болады! Құлбек екеуміз бірлесіп, алғашқы мақала – «Хаттар және хаттасулар» деп жаздық. 1978 жылы «Жұлдыз» журналына шықты. Музейдің алғашқы директоры Хакім Бекішев, Хакең айтады: Сәбеңнің бала күнінде, Қадыр түнінде, ауылдың молдасы «Менімен бірге таң атқанша отыршы!» – деп, қасына серік қылып алыпты. Түні бойы дұға оқып, екеуі көз ілмей отырады. Түн ортасы ауғанда ма, таң алдында ма, әйтеуір, бір аппақ сәуле көрініп, лезде ғайып болады. Молда: «Көрдің бе сәулені?» – деп сұрайды бала Сәбиттен. «Көрдім!» – дейді Сәбең. «Мен есім шығып, ештеңе тілеуге үлгере алмай қалдым! Сен бірдеңе тіледің бе?» – деп сұрайды молда. «Иә, екі дүниенің жақсылығын тіледім!» – депті Сәбең жарықтық. «Қызыр көрген» деп осындай кісілерді айтатын шығар! Өмірінің соңына қарай, қызыл коммунист Сәбең жасырын намаз оқып жүріпті деген сөз де сыбырлап қана айтылатын ол кезде! Хакең, Хакім Бекішев ағамыз Сәбеңе туыс болып келеді. Өзі Солтүстік Қазақстаннан, Керей. Ұлы Отан соғысына қатысқан, командир болған, подполковник. Кеудесіндегі орден, медальдары бірнеше қатар. Қызық адам еді, жарықтық. Бір қарағанда тік мінезді, әскери дағдысы көзге ұрып тұратын ағамыздың қазақылығы да мол болатын, әңгімелері де қызық еді. Қан майданда өмір мен өлімнің арпалысын, ащы шындықты көрген кісінің сөздері бір-бір тарих сияқты болатын. – Ол қырғыннан аман келеміз деп ойлағамыз жоқ! Әсіресе, соғыстың бас кезі біздің әскерлерге өте ауыр болды ғой! – дейтін күрсініп. – Түске дейін бір машина солдат соғысқа кетеді, түстен кейін бір машина өлікті кері алып келеді. Сонда, кузовынан сауылдап аққан қаннан машинаның доңғалағы батпақ болып келе жатады. – Бір күні бір солдат қолынан жараланды. Снаряд бір қолын иық тұсынан жұлып түсірген, тек терісіне ілініп әрең тұр. Қан тоқтаусыз саулап жатыр. Маңайда санитарлар да жоқ. Біз жанұшырып жете бергенде, әбден қанына қарайған солдат өз қолын өзі пышағымен кесіп алып, бізге қарай құлаштап тұрып лақтырды! Міне, соны да көрдік! Аман алып қала алмадық, амал не!

Соғысқа аттанып бара жатқанда, Ақтөбеде Нұрпейіс ата Байғанин өз қолымен Хакеңе қамшы беріпті. «Осы қамшымен бір фашисті өлтіретін бол!» – деп аманаттап берген екен. Мен ол қамшыны өз көзіммен көрдім. Хакім аға Сәбит Мұқановтың музейіне тапсыруға алып келгенде көрсетті. Өрімнің ұшында бөлек өрілген төртбұрышты зілдей қорғасыны бар. Баяғының қамшыгерлері қамшының ұшына қорғасын өріп жібереді екен, бір тартқанда өгіздің терісін тіліп түсіреді екен дегенді аңыздардан естіп, ескі жырлардан оқып едік. «Қолымда бір қамшым бар айбалтадай, Жауға шап батыр болсаң Наймантайдай» дегенде, осындай бір құпиясын меңзеп тұр емес пе? «Чокусунда чогу бар, Өзөгинин ичинде, Көк коргосун огу бар!» – деп суреттейді қамшыны «Манас» жырында. Міне, осындай аманат қамшымен Хакім аға ақыры бір неміс офицерін өлтірген екен. Бірде қызыл командирлер тұтқынға түскен фашист офицерінен сұрақ алады. Әдетте, біздің кинолар мен кітаптарда немістерді қорқақ, бейшара қылып көрсетеді ғой. Қайдағы! – Әлгі неміс офицері жауап бермей қасарысып отырды да, бір кезде сұрақ қойып тұрған орыс командирдің бетіне қақырып тұрып түкірді де жіберді. Фашистің мына қылығына қаным қайнап кетіп, осы қамшымен арқадан тартып кеп жібердім! Сылқ етіп құлап түсті. Қарасақ, тіл тартпай кеткен екен. Қамшының ұшындағы қорғасын бүйрегін тесіп жіберіпті. Сөйтіп, Нұрпейіс атамыздың аманатын орындадым! – деді Хакең. Қан майданның қатал шындығына амалың қане?! Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, Хакім ағаны совет жауынгерлерімен бірге арнайы тапсырмамен Қытайға жіберіпті. Ол жақта соғыс болып жатқан кез. Атақты Оспан батырды көріпті. Оспан батырға жолыққанда, әскери тәртіппен честь беріп: «Жол... (дас...) дей жаздап барып: « Жол... ыңыз болсын, мырза!» деп тауып кеткен екен. «Жолдас дегенде кім білсін, атып тастар ма еді?!» – деп, еске алатын Хакең. Сонда, совет әскерилері Оспанның керей екенін білген соң, бұл жақтың Керейі Хакім Бекішевті әдейі жіберді ме екен, кім білсін!? Сәбең мұражайынан сол жылы, оқу бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетіне қызметке ауыстым. Арада жиырма үш жыл өткен соң, Сәбеңнің 100 жылдығында, Қызылжарда Мәриям апаны көрдім. Тоқсанға келген апамыз мені

бірден таныды! Хал сұрап, қайда жүрсің деп, игі тілегін білдірді! Алматыда ол кісінің жүз жасқа толған тойына да қатыстым. Қазақтың игі-жақсыларының қазақы қалпымен ел құрметіне бөленген аяулы, парасатты әйелдерінің көбі Мәриям апаны үлгі тұтып, аналарындай ардақтайды екен. Қазақ ұлтының асыл қасиеттерін өмірлік шырағындай жарқыратып, жан-жағына жарығын түсіріп өткен Мәриям апаның өмір жолы бүгінгі қаракөздерімізге үлкен өнеге мектебі емес пе?! Мәлік Ғабдуллин 1971 жылы университетке оқуға түскен соң, бір ай Алматы облысы, Шелек ауданының «Қорам» совхозында ауыл шаруашылығы жұмыстарында болдық. Қорам темекі өсіретін шаруашылық екен. Бір ай бойы өмірі көрмеген темекіні жинап, жіпке тізіп, кептірумен айналыстық. Мен жүкші болып, қыздардың жіпке тізген жапырақтарын тасып, ілумен болдым. Жұмысты аяқтап, Алматыға келісімен сабақ басталып кетті. Бір күні қазақ ауыз әдебиеті сабағына келдік. Аққұба, келбетті, сымбатты, жүзінен нұры төгілген бір ағай кіріп келді. Амандасып, сөзін бастап кетті. – Ал, мына ауыз әдебиеті пәні бойынша сендерге осы университеттің дыраудай доценті Сұлтанғали Садырбаев сабақ беруі керек еді. Бірақ ол докторантураға шықты, енді бірнеше айдан кейін келеді. Оған дейін сіздерге мен сабақ беремін. Менің фамилиям – Ғабдуллин, атым – Мәлік! – деді салмақты сабырмен. Аудитория: « О-о! У-у!» деп, гу-у ете қалды. – Е-е, неге гуілдейсіңдер!? – деп жұмсақ жымиды Мәлік аға, түк болмағандай. Гуілдемей көр! Аты аңызға айналған, қол жетпес Оқжетпестей батыр, жазушы, ғалым дәл жаныңа кеп тұрса! Және жай тұрмай, бірнеше ай сабақ беретін болса! Сөйтіп, біз Мәкеңнің шәкірттері болып шыға келдік! Мәкең сабақта белгіленген тақырып туралы майын тамыза әңгімелейтін. Ауыз әдебиетінің бай қазынасын кесек-кесегімен алдымызға тартатын. Үзілісте ешқайда шықпайтын, әр күні бір сту-

дентпен жеке әңгімелесіп, жақын танысып алатын. Ол кісімен сөй-
лескен студент ол күні бір керемет болып шыға келетін.
Бір күні кезек маған да келді.
Мәкең үзілісте жаныма келіп отырды. Туған жерімді, руымды

сұрады. Көкшетау, Степняк, Кереймін деген соң: «Ал, Қожағұл
бұлағын білесің бе?» – деді. Мен мүдіріп қалдым. «Каникулға бар-
ғанда, үлкен кісілерден сұрап, тауып келетін бол!» – деп, жылы
жымиды.

Айтқандайын, елге келген соң сұрастырсам, көп адам білмей-
тін болып шықты. Сұрастырып жүріп, ақыры таптым-ау! Сөйтсем,
атын білмей жүріппіз, әйтпесе, өз бұлағымыз екен!
Каникулдан кейін, Мәкеңе айтып бердім. Ол кісі риза болып

қалды. Оқу барысында бала күнімнен ауыз әдебиетін сүйіп өске-
німді де байқаған болу керек, мені әрдайым айрықша жақын тар-
тып, мейірін төгіп жүретін еді, жарықтық!
Арада біраз уақыт өткен соң, доцент Сұлтанғали Садырбаев

жұмысқа шықты да, Мәкең бізбен қош айтысты.
Содан не керек, бірінші курсты аяқтауға жақындап қалғанда,
күндердің бір күнінде жастық-мастықпен мен жатақханада бір жі-
гітпен төбелесіп қалып, кезекшілердің көзіне түстім. Олар рапорт

жазып, мені оқудан шығаратын болды. Он бес күн сабаққа кіргіз-
бей қойды. Әбден ұялып, уайымдап біттім. Қол ұшын беретін кім
бар деп қиналып жүргенімде, бір жігіттер: «Мәкеңе неге бармай-
сың? Сені жақсы көруші еді ғой!» – деп ақыл берді.

Қиналсам да, амал жоқ, Мәлік ағаны Ғылым Академиясына із-
деп бардым. Құшақ жайып қарсы алып, сөзімді мұқият тыңдады.
Өкініп, ренжіп басын шайқап біраз отырды. Өзімнің де ұялып, оң-
бай отырғанымды көрген соң, көп ештеме деген жоқ. Ағалық ақы-

лын айтып, әкелік қамқорлығын ғана білдірді.
Филология факультетінің деканы, профессор Кәкен Ахановқа
менің көзімше телефон соқты.

– Әй, Кәкен! – деді өзімсінген мейірлі, жұмсақ даусымен. – Мы-

на баланы оқудан шығармай, алып қал! Үміт күттіретін, алғыр бала!
Сөйтіп, мен оқуымды жалғастыра бердім.
Бір жылға жетпей қайран Мәлік ағамыз кенеттен қайтыс болды.
Іштей егіліп, қатты қайғырдым...

Ақтық сапарға бүкіл ел күңіреніп шығарып салды...

Жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де, аяулы, асыл адамның нұрлы жүзі көз алдымда, мейірлі жұмсақ үні құлағымда. Қайталанбас тұлғасы көңіл төрінде! Сөйтсем, Мәкең қанды қырғын соғыста да, тастай қатты заманда талай тағдыр қыл үстінде тұрғанда да адамгершілік қалпынан, мейірбандылығынан жаңылмапты! Батыр, жазушы, ғалым, ұстаз Мәлік мейірімді Мәлік екен ғой! Қайталанбас феномен деп осындай адамдарды айтатын шығар-ау! Дәтке қуат, «Мәліктің мейірімі» деген поэма жаздым! Ораз Әбішев Сексенінші жылдары «Қазақфильмде» істеп жүрген кезімде «Жыраулар» деген деректі фильмді жоспарға енгізіп, сценарийін жаздым. Ораз Әбішев ағамыз режиссері болды. Ақсақал ізденімпаз, еңбекқор адам екен. Кімді түсіреміз дегенде, Сыр бойынан Алмас Алматовты, тағы біраз жырауларды таңдадық. Рымғали Нұрғалиев ағаның айтуымен Семейден Шәкір Әбенов атамызды түсіретін болдық. Орекең Семейге барған сапарында домбырасыз, тақпақтап айтатын бір кісіні қоса түсіріп әкеліпті. Өзі басынан малақайын шешпейді екен. Жыр айтқанда орнынан тұрып кетеді. Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамырын» айтты. Ол кезде Шәкәрім ақталмаған, жырын экранға шығармақ түгілі, атын атауға болмайды. Амалсыздан, бұл жырды фильмге қоса алмадық. Ал Шәкір Әбеновті Орекең әдемілеп түсіріп әкеліпті. – Қалай, аға, Шәкір атамыз боқтаған жоқ па?! – деп қоямын әзілдеп. – Жоқ, жақсы қарсы алды! Өзім де сақсынып барып едім, ақсақал жадырап, әңгімесін айтып, шығарып салды! – деді Орекең ризашылықпен. Шынында, Шәкеңнің сондағы айтқан әңгімесі мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлудан» жырлаған үзіндісі бір қаралық дүние болды. Одан бері отыз жылдан астам уақыт өтті, Шәкір атаның жанды бейнесін іздеген зерттеуші, ғалымдар үшін «Жыраулар» деректі фильмі бағалы дерек көзі болатын шығар деп ойлаймын. Бір қызығы, орысша «Сказители» деп аталған фильм кейін қазақшаға қайта аударылғанда, «Ертегішілер» деген атқа ие болып, ұлттық энциклопедияға солай кіргенін қайтерсің!

Қасым Қайсенов
Шамамен, 1972 жылы болуы керек, біздің университетте даң-
қты партизан, батыр, жазушы Қасым Қайсеновпен кездесу болды.
Ол кісіні бала күннен білеміз, «Переяслав партизандары» деген

кітабын қызыға оқығанбыз. Қасекеңмен бірге майдангер ақын Са-
ғынғали Сейітов ағамыз да болды кездесуде. Қасым ағаның тама-
ша әңгімелерінен есімде қалғаны:

– Әскерге барғаннан кейін, бізді, әртүрлі сынақтардан кейін,

барлаушылар тобына қабылдады. Арнайы дайындықтан өткізді.
Мөлдіреген жас едік, кісі өлтірудің жүз жиырма төрт түрлі әдісін
үйретті. Қазір де бес-алты жігітті қағып жіберетін шамамыз бар! –
деп бір күлдірді. – Самолеттен жау тылына лақтырды. Ол кезде

салмағым ауыр еді, қазір жеңілдеп, жүз он-ақ килограмм болып
қалдым! Мына Сәкең сияқты жеңіл адамдар желмен қалқып, біраз
жерге қиыс кетіп қалар еді, – деп, ақын ағамыз Сағынғали Сей-
ітовке бір әзілдеп қойып, әңгімесін жалғай берді. – Мен тастай

зауладым төмен қарай. Ішкен-жегеннің бәрі кетті ауыздан ақтары-
лып. Үйреткен амалдың бәрі естен шығып кеткен. Тек есімде қал-
ғаны – екі аяғыңды бірге ұстап, тізеңді бүгіп ал дегені. Өйткені,
Украина жері орманды, бір ағаштың бұтағына былай... екі аяғың-

ды ашып келіп, шатыңмен шаншылып қалсаң, қиын ғой! – деді. –
Аман-есен жерге түсіп, жолдастар жиналып, партизандарды тауып
алдық. Сөйтіп, фашистермен соғыса бердік. Мені Вася деп атап кет-
ті. Фашистер мен олардың қолшоқпарлары – полицайларды ұстап

алсақ, атпаймыз. Оқ шығын, орманда әрбір оқ санаулы. Және дауы-
сын жаулар естіп қоюы мүмкін. Оларды үнін шығармай, кесеміз!
Соғыстың аты соғыс! Амал жоқ! – деп, бір күрсініп қойды...
Сонда бізге үлкен ақсақал боп көрінген ол кісі елудің үстінде

ғана екен ғой!
Сол бір кездесуден кейін де Қасым ағаны түрлі жиындарда кө-
ріп, сәлем беріп жүрдім. Сағынғали аға Жазушылар одағына жиі
келіп, біз сияқты жас жазушы, ақын, сыншылармен ақтарыла әңгі-

мелесіп тұратын. «Біздің қазақ поэзиясының ежелгі дәстүрінде
оқиғалы өлеңдер ерекше орын алушы еді. Солар қайда? Қазір ұсақ-
түйек өлең көбейіп, кесек оқиғаны өзек еткен үлкен жырлар неге
көрінбей кетті?!» – деген ойлары есімде қалыпты. Ал Қасым аға-

ның соғыстағы ерліктері өз алдына, бейбіт кездегі аңыздарының өзі бір қызық болатын. Қасекең 1992 жылы Көкшетауға, Жұмағали Саинның 80 жылдығына Алматыдан арнайы келіп еді. Жұмекеңнің баласы Алдан Саинды да сонда көрдік. Арықбалық ауданы, «Златогор» совхозында мерейтойлық іс-шаралар өткізілді. Қасым аға сонда Жұмекең жайлы жүрекжарды сөздерін айтып, ол кісінің адамгершілік, ақындық қасиеттеріне аса жоғары баға берді. – Мені соғыстан кейін, Украинада қалып қоятын жерімнен, Қазақстанға алып келген Жұмағали аға болатын! – деп ағынан жарылды. – Ол кісі тіпті мүгедектік пенсиясынан да бас тартқан! «Мен Отаныма қанымды сатпаймын!» деген! Елді тебіренте сөйлеп, ауыл мектебіне Жұмағали Саинның қолжазбаларын тапсырған болатын. Айтыста біз, ақындар, Жұмағали Саинмен бірге Қасым Қайсеновты да жырладық. Ол кісі өте риза болып, алғысын білдірді. Қасым ағаның Жұмағали Саин туралы айтқан сөзіне орай, үнемі бір ой келеді. Әуелде әйтеуір атай салған шеттегі бір елеусіздеу көше кейіннен Саин проспектісі болып, Алматының ең үлкен, ең ұзын даңғылдарының біріне айналып кете барғанының өзі Жұмекеңнің риясыз адал еңбегінің өтеуі сияқты болып көрінеді! Мұқағали Мақатаевпен Сағат Әшімбаев 1971-1972 жылдардың бір күнінде университетте бір үлкен кездесу болды. Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев келді. Мұқағали жандырып бір-екі өлең оқыды. Әнші Бақыт Әшімова Нұрғиса Тілендиевтің Мұқағалидың өлеңдеріне жазған әндерін шырқады. Нұрғиса Тілендиев рахаттанып, қара терге малшынып отырып көп күй тартты. Арасында әңгіменің көрігін қыздырады келіп. – Бала Мишканы тартыңызшы! – деді бір кезде Мұқағали. Нұрағаң күлді: – Мұқағалидың айтқанын орындамасақ болмас! Әйтпесе, менімен соғысады былай шыққасын! – деп әзілдеп алды да, ой, бір тартты-ау күйді! Бір кезде Нұрағаң демалуға шыққанда, Рахманқұл Бердібаев:

– Осында сыншы Төлеген Тоқбергенов келіп отыр! Шертпе күйдің шебері! Қанеки, күй тартып беруін өтінейік! – деді. Біз қол соқтық. Рахманқұл ағамыз демалуға кеткен Нұрғисаның сахнада сүйеулі тұрған домбырасын Төлеген Тоқбергеновке ұсына бергенде, Нұрекең сырттан ұшып келіп, домбырасын жұлып алды да, Төкеңнің қолын алып, қысып тұрып: – Кешіріңіздер! Мен бұл домбыраны ешкімге ұстатпаушы едім! – деді. Бұл да бір қызық, тосын оқиға болды. Төлеген ағамыз үндемей, сабырмен ғана жымиып, Нұрғисаның қолын «Түсінемін!» дегендей ұзағырақ қысты да, орнына келіп отырды. Сілтідей тынған жұртшылық ду қол соқты! Кездесу басында бір-екі өлең оқып, шығып кеткен Мұқағали ағамыз біраздан соң буырқанып, сахнаға қайта келді. Әлі есімде, жаңа өлең деп: «Ассалаумағалейкум, Алатау алтын босағам!» деген өлеңін оқыды... Арада үш-төрт жыл өткен соң Мұқаңды «Жұлдыз» журналының сын бөлімінде көрдім. Сағат Әшімбаев ағамызға мақала апарған едім. Соның қателерін түзетіп отырғанмын. Мұқаң кіріп келді. Қажыған, беті әжім-әжім. Жанары шаршаңқы. Мәскеудегі оқуын тастап келген кезі екен. Ұшып тұрып, сәлем бердім. Қолымды алып: – Қайда оқисың? – деп сұрады. – КазГУ-де, филфакта, – дедім. – Ә-ә, оқи бер! – деді. Сағат аға Әбділда Тәжібаевтың сол күндерде «Лениншіл жасқа» шыққан интервьюін көрсетті. – Мында сіз туралы да айтыпты! – Не депті? Ұлы ақын деп пе?! – деді Мұқаң. Сағат аға газеттен Әбекеңнің Мұқаң туралы әрі қимай, әрі ренжіңкіреп айтқан қысқа сөзін оқып берді. Таудай Мұқаң үнсіз тыңдап, сәл теңселіп тұрды да: – Қарау шал... сыраға ақша бермей ме?.. – деп, бұрылып шығып кете барды... Сағат ағамыз Мұқаң туралы, ақындар мен әдебиет туралы сырлы әңгімелер айтты. Әдетінше, шабыттанып, сөзді түйдектүйдегімен төгіп-төгіп жіберіп, арасында кілт тоқтай қалып, шекесін саусағымен тіреп отырып, екінші бір ойды қозғай жөнеледі. Қызық еді, терең, жүйрік еді.

Мен Сағат ағамен ең алғаш осы «Жұлдыз» журналының редакциясында танысып едім. Онда шешендік сөздер туралы зерттеу мақаламды алып келгенмін. Бізге үлкен кісі болып көрінетін, аты белгілі сыншы ағамыз сол кезде жиырма алты жаста ғана екен-ау! Сағат аға мақаламды аударып-төңкеріп, шолып шығып: – Шешендік сөздерді зерттеп жүргенің жақсы екен! Алайда, бізге қазір бүгінгі әдебиет жайлы сын мақалалар керек. Әуелі, бірер рецензиялар жазып көрсең қайтеді? – деді. Мен мақұл көрдім. Ол кісі маған бір жаңа кітапты атап, осыны тауып ал да, талдап жазып әкел деді. Сөйтіп, мен рецензия, әдеби сын мақалалар жаза бастадым. Кейіннен, үшінші курста Сағат аға бізге сабақ берді. Ағылып сөйлегенде қиядағыны шолып, қиырды шарлап кететін. Қазақтан бастап, орыс әдебиетіне ойысып, одан әрі әлем әдебиетінің арғы-бергі таңғажайып үлгілерін саралап шығатын. Сол кездегі жаңа ағымдармен, әсіресе, советтік идеология теріс бағалап, жат санаған күрделі, қайшылықты дүниелермен таныстыратын бізді. – Әй, оларда склад мышления басқа ғой! Оларды оқып, білу керек қой! – дейтін қызбаланып, әлденеге кіжініп. Өзінің де ойлау жүйесі өзгеше, эрудициясы ерекше болатын. Біз үшін бір жаңа ағым, жаңа құбылыс еді. Студенттер қарапайым, бауырмал ұстаздың маңына үйіріліп, жақсы көретін. Жарықтық, жанып тұрған от еді, жанының жарық сәулесі жазған еңбектері арқылы алдағы ұрпақ санасына түсіп тұрады деп ойлаймын. Шәмші Қалдаяқов Бір күні Киров пен Масанчи көшелерінің қиылысындағы КазГУ-дың төртінші корпусынан сабақтан шығып, Целинный кинотеатрының алдында автобус күтіп тұрсам, бір үлкендеу кісі жаныма жақын келіп, менімен сөйлесе бастады. Ай-шай жоқ, «Жүр, бірдеме әпер, бірге ішейік!» – деді. Мен қайран қалып, әрі мұндай бетпақтығын біртүрлі ұнатпай, сырттай берсем де, ол қалмады: «Мен Шәмшекеңмін ғой! Танымай қалдың ба? Жүр деймін», – деп, шындауға айналды. Мен әрі-бері қашқақтап, бір кезде қаным қыза бастады. Шәмшінің атын жамылып, жұрттан ішімдік сұрайтындар бар деп еститінмін, сондай алаяқтың бірі ме, иектен қағып жіберсем бе екен, бірақ рас Шәмші болса ұят болады-ау деп, толқыңқы-

рап, ырғалып тұрғанымда, сабақтан шыққан ұстазым Тұрсынбек
Кәкішев келіп қалды. Ол кісі біздің егесуге айналғанымызды бай-
қап қалып, жанымызға жақындады. «Иә, жігіттер, не боп қалды?»

– деді. Мен: «Мына кісі Шәмші Қалдаяқовпын, маған арақ әпер

деп тұр!» – дедім. «Әй, аман-сауыңда жоғал!» – деді Тұрсекең қа-
туланып. Әлгі кісі дереу теріс айналып, зыта жөнелді. Қараңғыда
оның жүзін дұрыс көре алмай қалған Тұрсекең: « Өй, жалпы жоба-
сы ұқсағанымен, бұл Шәмші емес-ау деймін, алаяқтардың біреуі

шығар! Бірдемеге ұрынып қалма, байқап жүр!» – деп, мені сабырға
шақырып, автобусқа мінгізіп жіберді. Рымғали Нұрғалиев
1975-1976 жылдары, үшінші курста оқып жүрген кезімде, бір
күні Рымғали аға лекция үстінде, КазГУ-дің аудиториясында Мағ-

жан Жұмабаев туралы әңгіме айтты.

– Мағжан Жұмабаев – қазақтың великий ақыны! – деді. – Ол

репрессияда құрбан болған, атылып кеткен! Бірақ енді бір он бес
жылда ақталады! – деді сеніммен. Бір-екі жылға ғана қателесіпті,
Мағжан 1989 жылы ақталды.
Ал, жетпісінші жылдары Мағжанның атын мемлекеттік оқу

орнының үлкен аудиториясында айтпақ түгілі, шағын топтың
ішінде сыбырлап айтудың өзі қауіпті болатын.

– Мағжанның «Батыр Баян» атты ұлы поэмасы бар! – деп сөзін

сабақтай түсті сайыпқыран, сарабдал ұстаз. – 1923 жылы Ташкент-
тен шыққан «Шолпан» журналының екі номерінде төте жазумен
басылған. Мына Пушкин кітапханасының сирек кітаптар мен қол-
жазбалар қорында сақтаулы. Арабша оқи білетіндерің содан алды-

рып оқуларыңа болады! – деп бір түйді де, маған қарап: – Баянға-
ли, сенің атың да Баян ғой, сол поэманы сен оқып көрші! – деп,
неге екенін өзі біледі, арнайы атап тұрып тапсырғандай болды!
Ардақты ұстаз ағамыз атын аса мадақтап атаған соң, бұрын

Сәбит Мұқанов атамыздың «Өмір мектебінен» ұлтшыл ретінде
таныған Мағжан Жұмабаевтың жырын оқуға асықтым. Алып-
ұшып Пушкин атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық кі-
тапхана) кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына

жеттім. Бұрын да талай келіп, ескі газет-журналдардан шешендік

сөз үлгілерін іздестіріп жүретінмін. Ол бір тып-тыныш, таза жер
еді. Босағасынан аттаған бетте, мүлде басқа әлемге енгендей бола-
сың. Сарғайып кеткен көне қолжазбалар мен кітаптар сені сонау
ескі дәуірлерге алып кеткендей болады. Ол жерде ай маңдайы

жарқырап, дәу қасқа басы жан-жағына сәуле шашқандай болып бір
алып тұлғалы ақсақал отыратын. Жанында әжімінің өзі көне қол-
жазбаларға ұқсайтын шүйкімдей ғана сүйкімді апа жүретін. Әлгі
кісілер әуелде маған әуестене қарап, мен іздеген Ыбырай Алтын-

сариннің, Радловтың, Пантусовтың, Белослюдовтың, Диваевтың,
т.б. кітаптарын, «Дала уалаятының газетін», «Айқап», «Таң», т.б.
журналдарды, газеттерді ықыласпен тауып беріп, қамқоршы бо-
лып жүрді. Сөйтсем, олар он тоғыздағы студент баланың ескіше

жазбаларды зерделеп оқығанына сүйсініп, риза болып жүреді екен.
Апаның есімі Зейнеп болатын. Ал ақсақал үлкен мұғалім, балалар
жазушысы, зерттеуші ғалым Сейтен Сауытбеков. Кейін білсем, ол
кісі Уақтың атақты батыры Баянның ағасы батыр Сарының ұрпағы

екен. Мен «Қазақ әдебиетінде», «Жұлдызда» жұмыс істеп жүрген-
де, шығармаларын алып кеп тұратын, шамам келгенше жариялауға
тырысатынмын.
Сонымен, «Шолпан» журналын сұрағанымда, сұранысымды

қолма-қол орындап, Зейнеп апа подвалға түсіп кетті де, кідіртпей
тауып әкеп берді. (Тәртіп бойынша, тапсырыс бергеннен кейін,
пәлен сағаттан соң орындалатын).
Тағатсызданған күйімде үстелге отыра қалып, сарғайып кеткен

қазынаның бетін ерекше толғаныспен аша бастадым. Ақыры таптым!
«Батыр Баян»! Жырды алғаш оқи бастағандағы әсерімді айтып
жеткізу қиын! Жан-дүнием астан-кестең болды. Мен өз рухани
өмірімде, сана-сезімімде бір үлкен өзгерістің болғанын сол сәтте

айқын түсінбесем де, жан-дүниеммен айрықша сезіндім! Содан,
«Батыр Баянды» бір дәптерге көшіріп алдым. Жаттап алып, дом-
быраға қосып, студенттердің арасында, әдеби ортада айтып жүр-
дім. Ол кезде Мағжанның өлеңін айтпақ түгілі, атын атауға бол-

майтын кез.
Бір күні Рымғали аға жаңа үйге көшті. Бірінші күні біраз затта-
рын апарып қойды. Әлі толық көшіп кірмеген үйге басқа біреулер
таласып кіріп кете ме деген қауіп те болды-ау деймін сол кезде.

Сондықтан ағай Жәнібек Кәрменов, Несіпбек Айтов үшеумізге:

Менімен бірге жүріңдер, жаңа үйге қонып шығайық! – деді. Қон-
дық. Әңгіме-дүкен құрып, біраз отырдық.
Жайсаң мінез, дархан Жәнібек ағамыздың:

– Қайрат Байбосынов дың-ң еткен дыбысты қағып алады. Тұ-

нып тұрған музыка! Оның слухы керемет. Мен кез келген жаңа
әнді төрт минутта үйреніп аламын. Қайрат үш минутта қағып ала-
ды! – дегені есімде...
Жәнібек аға баяулатып ән салды. Бір кезде Рымғали аға дом-

быраны маған беріп: «Ал, «Батыр Баянды» айтшы!» – деді. Мұн-
дай тыңдаушы табылған соң не тұрыс, ал, жырладым!
Жыр аяқталғанда Рымғали аға орнынан тұрып, балконға шы-
ғып кетті. Біз де соңынан ілестік. Ол кісі түнгі Алматыға үндемей

біраз қарап тұрды.

– Мағжандар не деген бақытты! Жеті қат жердің астына тығып

жіберсе де, міне, түн ішінде төрт қазақ Алматының төрінде жырын
айтып отырмыз! Ә-ә!? – деп, кеуде тұсын уқалап, тебіреніп, әрлі-
берлі жүріп еді жарықтық!
Ойы қайда кетті екен?! Қайран данышпан ұстазымыз! Әр сөзі

бір идея, бір тақырып болатын!

– Миды ауыртып оқу керек қой! – дейтін.

Діни-философиялық дүниелерді, советтік идеология теріске
шығарып, жат, жау деп айдар тағып, жас ұрпақты жолатпауға тыры-
сып, жауып тастаған, немесе, шектеу қойған күрделі, қайшылықты
шығармаларды, қызық ойлы қаламгерлерді оқуға кеңес беретін.

– Әдебиет деген адамның адамға айтатын сыры ғой! – деп еді

бір жолы.
Сырға толы, ілім-білімнің жұмбақ та қымбат қазынасы еді ғой,
жарықтық Рымғали ағамыз! Ақселеу Сейдімбеков
Ақселеу Сейдімбеков деген өлеңнің бір жолындай әуезді есім-

ді ең алғаш мектепте оқып жүргенде «Лениншіл жас» газетінен
таныдық. Ол кісінің «Күмбір, күмбір күмбездер» деген айдармен
Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл батыр күмбездері жайлы жазған
мақалалары әлі есімде. Кеңгір өзенін кезгені туралы жазғанынан

әсерленгенім сонша – сол Кеңгір өзенін бойлап, күмбездерге кіріп, күмбірін тыңдағым келетін. Кейіннен, 1977 жылы «Лениншіл жаста» жұмысқа келгенде, Ахаңмен жүздесіп, таныстым. Алғаш кездескенде, бір топ ағаларымызбен әңгіме-дүкен құрып отырғанда айтқан әңгімесі маған қатты әсер етіп, санама құйыла қалды. Ахаң Никита Середаның «Последний киргизский царевич» деген жазбаларындағы Кенесары, Наурызбай, Ағыбай туралы аңызды майын тамыза әңгімелеп еді. Ол кісінің әңгімесінен әсерленгенім соншалықты – айтқан сөзі, дауыс ырғағына дейін көкейімде жатталып қалды. Мен Ахаңды сол кездесуден кейін тіпті жақсы көріп кеттім. Ұзын бойлы, ақсары, келбетті, нұр жүзді ағамыздың Наймантай, Байғозы батырлардың тікелей ұрпағы екенін білгенде, ол мен үшін аңыздан келген айрықша жанға айналып жүре берді. Батырдың ақылды ұрпағы батыл ойшылға айналып, компартия мен совет өкіметінің өтірігін шығара бір сөйлегені есімде. Ахаң онда сол компартияның басты органы – СҚ-ның бөлім меңгерушісі. – Басқасын айтпағанда, – деп, ойымызды сан-саққа жүгіртіп қойды. – Ғылымның дәлелі – адам қырық жасында жан-жақты толысады. Ал қоғамның дені жастар. Сонда, басқасын былай қойғанда, адамдық тұрғыдан жан-жақты жетілген қоғам ешқашан да құрылмайды ғой. Ал, мыналардың коммунизмі қай коммунизм!? – деп қарап отыр бір күні, сол өкімет пен партияның редакциясында, шақшасын шиырып тастап. Ахаңның бұл сияқты тоталитарлық, отаршылдық жүйенің іргесін солқылдатып, қабырғасын қаусатардай тосын тұжырымдары толып жатыр! Дала даналары, көне заман мұралары, көшпенділер мәдениеті, жанкешті батырлар мен алаш арыстары туралы қазір ғана ашық айтылып жатқан ой-пікір, деректердің көбін біз сонау сексенінші жылдары Ахаңның аузынан естіп, санамызға сіңіріп едік. 1989 жылдың басында маған, Кеңащыға, Ақселеу Сейдімбековтен хат келді! Жазуы маржандай, мазмұны да керемет! Тоқетері: ғалым, алаш азаматы Қаржаубай Сартқожаұлының Монғолиядан Қазақстанға көшіп келуіне ат салысу керек. Себебі: сол кездегі совет тәртібі бойынша, шетел азаматының біздің елге көшуі үшін, бұл жақта бір туыстары болуы керек екен. Қаржаубайда ол жоқ! Бір қызық жері, оның әжесі Әлімжан деген кісінің қызы, яки қарындасы екен. Енді, бұл жақтан бір Әлімжанов шығып, Қаржау-

байды жиенім деп танып, дәлелдеп, шақырып алуына болады екен!
Мен жауап хат жазып, жарайды, мен Қаржекеңді жиен ғып, көші-
ріп аламын дедім.
Ақырын әкемді айналдырамын, ертең біреу-міреу тексеріп

қалса, сөзден ұсталмайын деп. Әлімжан атамның ертеде сондай
қарындасы болған ба деймін. Шал ойға кетті. «Әй, бір қыз болды
деп еміс-еміс еститінмін, ерте қайтыс болған сияқты!» – деді-ау
бір кезде. Мұндай қуанбаспын! Шал жоқ деп кесіп тастамай, кү-

мәнді бірдеңені айтса болды ғой, әйтеуір! Бір қиын жері, Қарже-
кеңнің әжесі Найман, ал біз Керейміз! Нелеуі нелеу енді!
Ондай нюанстарды кім біліп жатыр деп қоямын өзіме-өзім.

– Ойбай, ертең КГБ тексерсе, өтіріктерің шығып қалады, құри-

сың! – дейді бір жанашырларым.

– Шетелде туысқаның болса, ертең өзіңді шетелге шығармай

қояды! Ылғи аңдуда боласың! – деп шыр-пыр болады. Иә, шындап
сұрай қалса, өтіріктен өзім бірінші ұсталатыным да анық. Әйтеуір:
«Ахаң бар ғой, бірдеме қылар!» – деп, қайраттанып қоямын. Мен
үшін ол кісі КГБ-дан да күшті болып көрінген-ау сол кезде!

Не керек, біраз қызықтар болды. Ахаңның ақылымен, Қарже-
кең екеуміз хат арқылы танысып-білісіп, нағашылы-жиенді болып
хабарласа бастадық.
Бір күні Кеңащыға салып-ұрып Қаржекең келіп тұр! Монғо-

лиядан делегация келіпті біздің облысқа. Содан, әдейілеп ат басын
біздің ауылға бұрған екен! Арқа-жарқа, мәре-сәре болып, жоспар-
лар құрып, ол кісі көшіп келетін болып, мен қарсы алатын болып
тарадық!

Сөйтіп жүргенде, Совет Одағы ыдырап, жүйе құлап, тәуелсіз
ел болдық. Шекара ашылды, елге бауырлар оралды. Алғашқылар-
дың бірі боп Қаржекең келді елге. Заман ағымы алып келді. Оған
менің «нағашылығымның» пайдасы тимей қалды сөйтіп. Айтпақ-

шы, бір Керейдің баласы Қаржаубай ағамызға кейде «жиен» деп
қоятын әдемі әзіл ғана қалды!
Бертінде, 2006 жылы Тарақты Байғозы батырдың 300 жылды-
ғына ас беріледі, онда жыршы-жыраулар конкурсы өтеді екен деп

хабарлады Астанадан әнші, зерделі бауырымыз Серік Оспанов.
Байғозы батырды мен бала күнімнен жақсы көріп өстім. Оны біле-
тінім, Шоқан Уәлиханов атамыздың жазған аңызын сүйсініп оқы-
ғанмын. Кейіннен Байғозының Наймантай батырдың баласы еке-

нін, Ақселеу ағамыздың атасы екенін білдім. Енді мына ығайсығай жыршылар бас қосатын жиынға Байғозы туралы жыр жазып апарайын деген ой жарқ ете қалды. Сол-ақ екен, Шоқан жазып кеткен аңыз жырға айнала бастады. Мен жырды аяқтауға жақындап қалғанымда, конкурстың ресми шарты келіп тұр хатпен. Қарап жіберсем, батырға арнайы шығарылған жыр-дастандар айрықша бағаланады деп атап көрсетіліпті! Мына ғажайыпқа шыдай алмай, Ахаңа телефон соқтым. «Осылай да осылай, мына қызықты қараңыз!» – деп, болған жайды айттым. Ахаң сабырмен тыңдап, апырай, ә, деп дем беріп қойды. Мен қызбаланып: Сіңірлі, серіппедей ширатылған, Қимылы қабыландай түнде атылған. Ақсары, ай маңдайлы, асқар бойлы, Жанары ауырлаған мұңды ақылдан, Байғозы батырлармен жортты бірге, Ас-суын бөліп ішіп бір бақырдан! – деген жолдарды телефонмен оқып жібердім. – Осы суреті қалай!? – дедім. – Ол кісі ақсары емес, қараторы болса керек! Мен сары боп нағашыларыма тартып кеткем! – деп күлді Ахаң. – Ендеше, мен ақсары дегенде, сізді ойлап, әуелдегі айбарлы дегенді өзгертіп жазып едім! Міне, қараңыз, маған келген өлең: Қимылы қабыландай түнде атылған! – деп тұр. Ал, қабылан қара ғой! – деп едім, Ахаң: «Сенікі жөн!» – деп, кеңк-кеңк күлді. Содан ақсарыны қайтадан айбарлы деп алып едім, табиғи қалпына келе қалды. Ой, бір тамаша, шабытты шақ еді-ау ол! Сол асқа жүретін күні таң алдында жарықтық Байғозы батыр кірді түсіме! Астанадан Ағадырға дейін арнайы пойызбен, бірнеше вагон болып бардық. Алаштың айтулы азаматтары бар. Жолда Ахаң бала құсап жүгіріп жүр. Әрқайсымызға бір келіп, хал-жағдай сұрап, бәйек болады. Менің теңселіңкіреп, оңаша тұйықтала бергенімді байқап қалып: «Міне, дұрыс! Жырау іштей дайындалады!» – деп, құптап қойды. Содан, не керек, «Байғозының жебесі» деген жырыма жұрт та, қазылар да разы болып, бас жүлде – ақ «Жигулиді» мінгізді маған.

– Бұл жырың өміршең болар-ау! – деді Ахаң, арқамнан қағып тұрып... Бір жолы Астанада, қала күні болу керек, бір үлкен той болды. Күн ыстық, ығы-жығы халық. Көпшілігі киіз үйлердің көлеңкесін паналап отыр. Ортасында көп ботақанның ортасындағы нар түйедей болып, қасқа басы қызарып Ахаң тұр екен. – Көлеңкелейін десем... төбем сыймай қойды ғой еш жерге! – деп күлді де, менің басымдағы ақ қалпағымды сұрамастан ұзын саусағымен іліп алып, төбесіне қондыра қойды. Мен ол кісінің өзімсінгеніне риза болып: «Көрдіңіз бе, міне, Керейсіз күндерің жоқ бәрібір!» – деп, әзілдедім. Бірақ, сол сәтте бойын көкке созған алып Ахаңның заманына сыймай жүргендігі ойыма келмепті! 1992 жылы қазақ құрылтайында Ақселеу ағаны елу жасқа толғандығымен құттықтағаным есімде. – Сіз қазақтың екінші Ахаңысыз ғой! – дедім таза көңіліммен. – Ауыр сөз ғой! – деп, бетіме қарап күрсінді, қолымды алып тұрып. – Мен үшін солай! – деп, мен де қайтпадым. Жастық қой, бірақ өтірігі жоқ! Бақсам, Ахаң ар жағын ойлап тұр екен ғой! Менің де ақындық интуициям онша қателесе қоймаған секілді! Жарасқан Әбдірашев Жарасқан Әбдірашев ағамызбен «Жұлдыз» журналында бірге қызмет істеп жүрген кезімізде, бір думанды сапарда ол кісі біраз дүрілдетіңкіреп жіберді. Ертеңінде ыңғайсызданғанын білдірмеуге тырысып: – Кеше менен біраз кемшіліктер кетті-ау, ә!? – деді сабырмен. – Сізде кемшілік болмайды ғой! – деп күлдім, көңілін аулап. – Кемшілік болмағанмен, ағаңнан біраз артықшылықтар кеттіау! – деп, күліп жіберді. Сонымен бәрі жуылып-шайылып кетті. Бір күні үйіне бардым. Маған жаңа ғана жазылған мына өлеңін оқыды да: «Баян, сенен басқа, тіпті, менде де түпнұсқасы жоқ өлең!» – деп жазып, қолын қойып берді.

Ешкімге, жаным, ешқашан,
Еңкейіп жағынбағанмын.

Тірлігімді осы қоштасаң,
Сенің де мен де ағаңмын.

Жаралдым демен ерекше,
Жағдайымды ұққан ел қәні,
Іні де болам, керексе,
Ізетің болса – болғаны.

Қорқамын оқ атқаннан да,
Үзгеннен үміт жалғаннан,
Ағасын жоғалтқаннан да
Інісін жоғалтқандардан!

Артпасын ешкім бекер мін,
Жақпасын қара – ақ арға.
Қорқа да қорқа өтермін,
Қорықпай саған қарарға...

Тірліктің шаңыт-шаңдағы
Қайрылта бермес көп артқа,
Ағаңды жоғалтсаң дағы,
Ініңді, әсте, жоғалтпа!

Міне, содан бері отыз жыл өте шығыпты! Менің архивімде
сақталған өлең ардақты ақынның ағалар мен інілерге назы, аманат
сәлемі секілді!
Жетпісінші жылдары Жарасқан Әбдірашевтің «Дала, сенің

ұлыңмын!» деген өлеңдер жинағын Жазушылар одағында талқы-
лап, тезге салмақ болыпты. Ғылым Академиясынан, тағы басқа да
«тиісті жерлерден» «жауапты адамдар» қатысқан қызулы жиын-
ның дүмпуі біразға дейін дүңк-дүңк естіліп жатты. Дүрліктіргені –

бұйығыңқырап қалған Дала образының қайта тірілуі мен кейінгі
дала ұлдарының «Дала, сенің ұлыңмын!» деп ашық айтуға жарап
қалғандығы болар-ау деп шамалаймын қазір!
Сол жиында Кеңшілік Мырзабеков ортаға белсеніп шығып:

– Менің ақын ретінде Жарасқанмен келіспейтін жерлерім көп!

Адам ретінде де екеуміздің үйлесе бермейтініміз тағы рас! Бірақ,
Жарасқан – талантты ақын! Мен оны оққа бермеймін! – деп, жыр-
ды қорғап сөйлеген екен жарықтық!
Ақындық мінез ғой бұл! Ғабиден Құлахметов

Ғабиден досымның атасы Құлахмет – Көкбөрі асқан батыр
болған. Жауды қуып, құйғытып келе жатқанда тосқауылға тура
кеп қалып, пулемет очереді кеудеден кесіп түсіп, қаза тапқан.
«Отызға ойран салғанды, Жиырма жау қайтіп алды екен!» деп

жоқтаған екен әйелдер.
Ғабиденнің Айдос батыр туралы айтқан әңгімесі де есімде. Қа-
пияда оқ тиіп, жараланып, құлап бара жатып, ырғайдан ұстап тұ-
рып айтқан екен дейді:

Ырғайтының бойында,
Ырғай ма екен, тал ма екен?
Қапияда қай дұшпан,
Қайратымды алды екен?

Түзде өлмей үйде өлген,
Ерден сорлы бар ма екен!? – деп, күңіреніп өткен екен.
Ғабиденнің арғы атасы Жошы он сегіз жасында болыс сай-
лауына түскен екен. Бүкіл Қаракерей көтеріліп, сайлауда жеңіп

шығады. Жұртты жинап, ұлықтар болыстың жез знагін Жошының
мойнына тағатын болады. Сөйтсе, Жошы знакті мойнына таққыз-
бай: «Мына жерге қойыңдар!» деп, қойғызады. Қамшысын алып:
«Әй, знәк, сен баяғыдан бері мені табудың орнына, ана пәленше-

нің, түгеншенің мойнында неғып жүрдің? Енде солардан қап, ма-
ған келдің бе? Мә, саған, әкеңнің...» – деп, ақ патшаның болыстық
белгісін ал сабайды келіп қамшымен! Айызы қанғанша сабап-
сабап: «Сайлауға түскендегі ойым осы еді! Ал, мұндай знәкті мой-

ныма тақпаймын! Әкетіңдер әрмен!» – деп, қасқайып қарап тұр
дейді. Содан, ұлықтар патша ағзамның жез знәгін сабады деп, про-
токолдап, Жошыны итжеккенге айдайды. Осы аңызды бала күні-
нен құлағына құйып өскен Ғабиден КазГУ-де оқып жүрген студент

кезінде Иркутскіге архив ақтара барып, атасына шығарылған үкім-

ді тауыпты. Патша билігінің белгісін сыйламағаны үшін деп, жер
аударған екен атасын.
Ғабиден Иркутскіде архив ақтарып жүргенде, ақшасы бітіп қа-
лып, вокзалда вагоннан жүк түсіріп, жолына ақша тауып, елге қай-

тыпты. Сонда оған қара жұмысшылар: «Аталарының тарихын із-
деп жүрген ақылды бала екенсің!» – деп, риза болып, ақшалай кө-
мек көрсеткен екен!
Маған жеп-жеңіл, шебер жасалған әдемі қызыл домбырасын

сыйлап еді. Мен ең тұңғыш айтысқа сол домбырамен шықтым!
«Қиқыматтың хикаяларына» редактор болған. Әкесі мен ингуш-
тың достығы туралы оның айтқан әңгімесі отыз жылдан аса уақыт-
тан кейін менің қиялымда өлең боп жаңғырды.

Алашорда тарихы, Алаштың арманы – азаттығы мен арыстары,
торы ала атты алаш полкі туралы талай сырларды төгілтіп бір тол-
ғаушы еді. Бұл сонау сексенінші жылдар, партия, советтің билігі
мызғымай тұрған кез болатын. Оның зерделілігіне, саяси көзқарас-

тарының айқын, тереңдігіне, ұлтжандылығына айрықша риза бо-
лушы едім. Тұнып тұрған шежіре, ағып тұрған дария, жастығына
қарамай, қатпар-қатпар қазыналы қария сияқты көрінетін Ғабиден
Құлахметов Алаш арыстарының сынығы, өзі де Алаш арысы еді!

ЛЕБІЗДЕР

Ғасыр жасаған асыл
Жүсіп Мамай ақсақалдың атақ-даңқын алғаш тоқсаныншы
жылдары естіген едік. Қытайда, Шыңжан өңірінде, Қызылсуда тұ-
ратын қырғыздардың ішінде аса үлкен манасшы бар екен, Манас,

Семетей, Сейтек жырын, олардың ұрпақтарын қоса бастан-аяқ ай-
тып шығып, оны қағазға түсіріп, он бес-жиырма кітап етіп басты-
рыпты, көлемі жүздеген мың жол болады екен деген әңгіме аңызға
бергісіз емес пе! Манастың мың жылдық тойында, Таласта кездес-

тік. Ақ сақалды, жүзінен нұр төгілген жан екен. Құрметпен берген
сәлемімді ықыласпен алды. Қолымды ұстап, сәл бөгелді. Мен бір
рухани тазалықты, жылы шуақты сезіндім.

– Көкшетауда Көкмоншақ деген ел бар ма, естіген жоқсың ба?

– деп сұрады, танысып-білісіп, сөйлесе келе.

Мен естімегенімді, бірақ қырғыздар бар екенін айттым.

– Олар Абылайхан заманында барған қырғыздар ғой. Ал Көк-

моншақтың тарихы әріде жатыр! – деп, алысқа ой жүгірте бір қа-
рап қойды. – Манасты ұмытпай айта бер! – деп ақ тілегін білдірді
қоштасарда...
Енді міне, арада жиырма жылдай уақыт өткенде абыз ақсақал-

дың тоқсан алты жасында бақилық болғанын естіп отырмыз. Жа-
рықтық жақсы жасаған екен. Қырғызстанның ең жоғары мәртебелі
«Ел батыры» атағын алып, туған халқының алғысына бөленіп, бү-
кіл дүниежүзіне даңқы тарап, кешегі асылдардың соңынан аңызға

айналып кете барды. Ең бастысы – атадан балаға мұра болып, көне дүние қойнауынан үзілмей жалғасып, өркенін жайып келе жатқан киелі жырды, ғұлама Әлекеңнің, Әлкей Марғұланның сөзімен айтқанда, «жойқын эпопеяны» жаңа заманда жоғалтып алмақ түгілі, жаңғырта, жалғастыра түсіп, өзінше құлпыртып, қайта айтып берді, хатқа түсіріп, кітап етіп бастырып, бүгінгі қырғыздың ұлқыздарына аманаттап тапсырып кетті. Қадым заманғы қасиет дарыған даналардан қалған қырғыздың адамзаттық мәні бар ұлттық рухани қазынасын молайтып, байытып, өсер ұланға үлгі-өнеге болған асқар тау, ғасыр жасаған асыл ата туған елінің алдындағы ұлы парызын ақ-адал атқарып, Манас жырында айтылғандай, «мәңгіні көздей үзілді». Бауырлас қырғыз елінің қайғысына ортақтасып, қазақ халқының бір баласы ретінде көңіл айта отырып, абыз ақсақал иманды болсын, жаны жәннатта болсын, артында қалған ұрпақтарына, қалың қырғыз халқына жақсылығы болсын, атаның жолын жалғар жас манасшыларға ғұмыр берсін дейміз! Тарих боп кетті тау тұлға Тұрсынбек Кәкішевтен айырылдық деуге бола ма? Қазақ пен Тұрсекең ажырамас бір ұғым болып баяғыда тұтасып кеткен! Таулар алыстаған сайын биіктей береді. Аруақ алыстаған сайын жақындай бермей ме? Тау тұлға тарих әлеміндегі өз орнына жайғасты. Қазақтың абызы, әдебиеттану ғылымының алыбы, кең ақыл, биік ойлы, турашыл, шыншыл ғұлама, аяулы, саялы ұстаз енді бізге бұрынғыдан да ыстық, бұрынғыдан да қадірлі, қасиетті, киелі күйінде жақындай түскен тәрізді. Тұрсекеңнің жазған еңбектері, том-том кітаптары бір төбе болса, үйретуден жалықпаған ұстаздығы бір төбе. Ол кісінің тәрбиелеп өсірген шәкірттерінің алды Алаш ақсақалы атанып отыр. Ал кең далада ана тіліміз бен әдебиетімізді көзінің қарашығындай сақтап, қазақ рухани байлығын, білім нұрын таратып жүрген мыңдаған шәкірттері айбынды да саналы рух күрескерлері емес пе?! «Шындық ащы ғой! Бірақ, керек, амал не!» – дейтін Тұрсекең ауыр күрсініп. Шындық, әсіресе, тарихи шындық талқыға түскенде табаны таймай, қатпар-қатпар, қайшылықты тағдыр, тарихты ащы-

тұщысымен қоса қопара зерттеп, парасат таразысына тарта білген
Тұрсекең өмірде де, ғылым, білімде де осы шыншылдық жолынан
айныған емес. Ұлағатты ұстаз, асыл азамат ағаның шәкірттеріне
ғана емес, бүкіл Алашына аманаты да осы болар-ау!

Жарықтық Тұрсекең жиын-тойда бата берген сайын «Лә хаулә
уә лә қууата иллә биллаһ» деген дұғаны жиі айтушы еді. Аса дін-
дар болмаса да, ғалымның аты ғалым ғой. Молдалар айтады: «Бұл-
дұғаның төресі!» дейді. Иман нұрына бөленіп, жаныңыз жәннатта

болсын, аяулы аға! Арғы дәуірдің жалғасы
Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Әлімқұл Жамбылов біздің
заманға аман жеткен, аталардан аманат арқалап жеткізген асқар
таудай ағамыз еді.

Әлімқұл аға, кешегі Әсімхан, Көкен, Манап, Көпбай, Қалихан,
Тәушен, Кеңес сынды нар тұлғалы айтыс ақындары маған көне
дүниеден келген, ерекше бір рухты жеткізіп тұрған, өзгеше бір
әлем, аңыздың адамдары сияқты болып көрінетін. Бұл кісілер арғы

бабаларымызды көрген, ескі үлгі, есті сөзін тыңдап, өнегесін ал-
ған, енді қайтып келмейтін ежелгі дәуір мен бүгінгі ұрпақтың ара-
сын жалғастырған алтын көпір, сарқылмас қазына еді ғой. Қаһар-
лы саясаттың ызғарынан қазақтың асыл сөзін, айшықты өнерін

сақтап қалуға тырысып, жүрек тереңіне жасырып, өшіріп алмай,
өлтіріп алмай, жан шуағымен жылытып, кейінгі ұрпаққа аман-есен
табыстаған да осы абыздарымыз емес пе?! Жүздерінен шуақ, көз-
дерінен мейір төгіліп, аппақ сақалдары жарқырап, шапан-бөркі

жарасып, сөйлеп кетсе «айналайыннан» бір жазбайтын жарықтық-
тар сап түзеп шыға келгенде, қазақ рухани әлемінің айдынын шал-
қытып, айбынын асырып тұрушы еді, шіркін!
Әлімқұл ағамызбен 1982 жылы Қармақшыда, Тұрмағамбеттің

100 жылдығында алғаш жүздескенбіз. Шәкәрім Құдайбердиевтің
баласы Ахат пен Совет Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаев
сынды ардагер ақсақалдар, фольклоршы ғалымдар Мардан Байділ-
даев, Шәрібек Алдашев, айтыс ақыны Надежда Лушникова, даң-

ғайыр жыраулар және басқа да айтулы адамдар бас қосқан алқалы
жиында әңгіме-жырдың тиегі ағытылып еді. Сонда жұртшылық

Әлімқұл ағаны Жамбыл атамыздың немересі деп ерекше құрметтеп отырды. Ол кісі оған мастанбай, қарапайым, нағыз ауыл қазағының аңқылдақ мінезінен бір жаңылмай, үлкенге іні, кішіге аға бола білді. Қазақтың тойы белгілі ғой, қонақтан қонақ, мәжілістен мәжіліс, өлең-жыр. Сонда Әлекең бір шаршауды білмейді. Ал сөйле десе, сөйлеп береді, өлең айтуын қолқаласа, өлеңді де соғады. «Менің қарлықпайтын, қажымайтын керзіби даусым бар, шаршап қалады екен деп қорықпаңдар!» – деп, күлдіріп қойып, тамағын бір кенеп алып, жосылта жөнелетін. Сол сапарда біз сырлас болып, аға-інідей сыйласып кеттік. Одан бергі уақытта талай айтыстарда, үлкен-үлкен елдік тойларда кездесіп, әңгімелесіп, пікірлесіп жүрдік. Соңғы жылдарда ол кісі баласы Бекмұраттың қолында, Алматыда менің бажам, әнші Сүлеймен Ибрагимовпен көрші тұрды. Дәм жазғанда, кездесіп, сәлемдесіп тұратынбыз. Өмірі сыйластығынан жаңылмай өтті. Жарықтық Әлімқұл ағамыз иманды болсын, жатқан жері жайлы, жаны жәннатта болсын! Білімге құштар жан Дүйсембі Әріпов ақсақалдың «Күнделіктер сөйлегенде» және «Тұлғалар тағлымы» атты қос кітабы – мазмұны бай, көргентүйгені мол адамның өмір жолынан сыр шертетін ғибратты дүниелер. Бұл кітаптардың бір қызық жері – күнделіктер өмірдің жанды сәттерін фотокадрлар сияқты, бар шынайы болмысымен, нақты деректерімен алдымызға әкеледі, өткен күндерден сыр шертеді. Тарихи адамдар жайында өзі жиып-тергенін, көрген-білгенін ой таразысынан өткізіп, қауым елге тарту қылып тартады. Өйткені, автордың өзі айтары бар айтулы азаматтардың бірі. Мен бұл кісіні 1984 жылдан бері білемін. Жазушы Кемел Тоқаевтың алпыс жылдығына орай Маңғыстау өңірінде оқырмандармен кездесулер өткізіп, поезбен Қызылордаға қарай аттандық. Біздің купеге келбетті бір азамат бастаған бір топ кісі кіріп келді. – Кемақа, сізге сәлем бере келдік. Менің аты-жөнім – Дүйсембі Әріпов, Бейнеу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысымын! – деді әлгі кісі. – Сізді сапар шегіп барады деп обкомның бі-

рінші хатшысы Саламат Мұқашев айтып еді, енді біз серік бола-
мыз!
Содан, Бейнеудің азаматтары дастархан жайып, әңгіме-дүкен
құрып отырдық. Талай күндер жол үстінде, кездесуден кездесу,

шаршаңқырап келе жатсақ та, жадырап, жарасып-ақ қалдық. Бі-
раздан соң Кемел аға маған жыр айтшы деп, қолқа салды. Ақы-
рындап бастап, «Арқалық батырды» бір-екі қайырып, қоя салдым.
Аупартком батырлар жырын неғылсын деген ой да жоқ емес.

Сөйтсем, Дүйсекең:

– Баянғали, мынау мен естімеген дүние екен, айта түсші, айна-

лайын! – деп, шынымен қызығып отыр! Ал, мұндай тыңдаушың
болса, қайтіп жырламайсың! Шаршағанның бәрі былай қалып, қы-
за-қыза «Манастан» да біраз қайырдық. Дүйсекең әр сөзге, оқиғаға
мән беріп, үлкен ықылас білдіріп, қошеметтеп қояды. Сөйтіп, сөз

ұғатын секретарьмен бір көргеннен сыйлас, сырлас болдық та кет-
тік!
Арада біраз уақыт өткен соң мен Бейнеу ауданына Дүйсекеңді
арнайы іздеп келдім. Ақтауда курстас досым Қыдырғали Әдеков-

пен кездесіп, ақын Ғалым Әріпов серік болып, талай қызықтарға
қарық болып, Бейнеуге жеткеніміз бір бөлек әңгіме. Мұнда келген
себебім – өзім қызмет істейтін «Жұлдыз» журналына Дүйсембі
Әріпов сынды энциклопедиялық білімі бар әрі іскер бірінші хат-

шының материалын шығару керек деп ұсыныс жасаған едім. Ре-
дакция менің ойымды құптағасын, жолға шыққаным ғой.
Бейнеуде Қарлығаш жеңгеміздің дәм-тұзын татып, Дүйсекең-
мен бірнеше күн емін-еркін әңгімелесіп, ол кісінің жиған кітапта-

рын, күнделіктерінің кейбір беттерін, әртүрлі ғылымнан хабардар
ететін цитаталарын сол кезде оқығанмын. Ой жүгіртіп көрсем,
адамзаттың ақыл-ойы тудырған рухани қазынаға терең бойлап,
інжу-маржанын сүзіп алуға ұмтылған, өз елінің аңыз, тарихын

ерекше сүйген сирек азамат, асыл адам екен. Басқасы басқа-ау,
қызмет бабымен ауыл-ауылды аралап жүргенде, көп шаруаның
арасында уақыт тауып, ауыл кітапханасына барып, жай ғана хал-
жайын сұрап қоюмен шектелмей, кітап қорын түгендеп, ақтарма-

лап, облыс, ауданнан таппай жүрген сирек кітаптарды жаздырып
алып, оқып, уағымен қайтарып бергеніне нанасыз ба, нанбайсыз
ба?! Мұндай кітапқұмар, білім-ғылымға құштар, оқи білетін, оқы-
ғанын тоқи білетін бірінші басшылар сирек-ау қашанда!

Содан, Дүйсекеңмен Шопан ата, Қошқар ата, Масат ата бейіттеріне бардым. Ерекше есте қалған бір жағдай – Сам құмын аралатып жүріп, көл-көсір әңгіменің тиегін ағытқан Дүйсекең бір кезде маған бір аңызды айтып берді. Неге екенін білмеймін, әңгімесін аяқтаған соң: Баянғали, осы оқиғаны бір поэма немесе дастан, жыр етіп жазсаң қайтеді ? – деп қарап тұр. Жоқ дей алмадым. Жарайды деп кесіп те айта алмадым. Себебі, ол кезде мен айтысқа шыға бастағаныммен, қазіргідей өлең-жыр жазбаушы едім. Ол кісі де менің онша құлшына қоймағанымды сезді-ау деймін, көп қадала бермей, басқа сөзге ауысып кете берді. Бірақ, марғасқа адай ағамыздың Сам құмының ішінде ақ сұңқардай саңқылдаған дауысы құлағымнан кетпей, маған сыйға тартқан сол әңгімесі жаныма ұялап қала берді. Содан, ширек ғасырдай уақыт өткенде, ойымнан шықпай жүрген әлгі аңыз ақыры «Жел сыбырлаған шындық» деген жырға айналды. Ризашылығымды білдіріп, Дүйсембі ағамызға арнадым. Арынды ардагер Сағат Арынұлы ақсақалдың есімін біраздан бері білемін. Ол кісінің жазған бірталай мақалаларын баспасөзден, ғаламтордан оқығаным бар. Қоғам өмірінің сан алуан мәселелеріне, тарихи тұлғаларды зерттеу, тану ісіне жедел үн қосып, даулы, күрделі тақырыптарға батыл қойып кетеді және айтарын бүкпесіз ашық айтып, шындық үшін шырылдап жүргені қашанда. Қаламгер Арынұлы нені айтса да арынды айтады, көбінесе орынды айтады. Тіпті кейде артық кетіп қалуы да мүмкін, батыл айтамын деп батырып та жіберетіні де рас, бірақ соның өзінде ол кісінің жазғандары қызықты оқылады, ой қозғайды, бейтарап қалдырмайды. Ал мұның өзі түптің түбінде қоғамдық зердеміздің қисайып кетпеуіне, шындық жолынан айнымауға қызмет етіп жатқандай көрінеді. Қаламы қарымды, кеудесі қазына, ойы алымды, сөзі қуатты, алпыс жылдан астам уақыт Алаштың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, жиған-терген білімін, өмірлік тәжірибе байлығын кейінгі ұрпаққа берсем деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген, кешегі батыр бабалардың ерлік жолын зерделеп тануға өз үлесін қосып

келе жатқан ескінің көзі, тынымсыз ізденімпаз жанның еңбегі құрметке әбден лайық. Арғы атасы атақты Байғозы батыр жоңғардың қанжарынан қаймықпай қарсы шауып, шынжырын үзіп еді, Сағат ағамыз қаламын бүгінгі қоғамдық-саяси өмір-тіршілік пен шежіре-тарихтағы көзбояушылыққа, көпе-көрнеу бұрмалаушылыққа, жалғаншылдыққа, ғылым-білім мен қауымдық ой-пікірдегі көп өтірікке көк найзадай кезеп, қажымай-талмай қайсарлықпен арпалысып келеді. Ардагер ақсақалдың сан алуан өмір құбылыстарына арналған, ондаған жылдардың белестерін қамтитын ойлы, өткір өлеңдерінен де осы өзіндік мінезі, белсенді өмірлік ұстанымы айқын танылып, шындық деп шырылдаған дауысы анық естіліп тұр. Сексеннің сеңгірінен асқан ардақты ағамызға Алаштың асқар тауы болып аман-сау жасай беріңіз, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз деп, інілік ізетпен игі тілегімізді білдіреміз! Әзімбектің әуелеген әуені Әзімбек туралы алғаш сырттай естігенім – Ауғанстандағы соғысқа қатысқан суырыпсалма ақын екен, өлеңді тоқтаусыз шығара береді екен деген сөз еді. Біраз уақыт өткен соң, 1989 жылы Алматыда өткен алғашқы Наурыз айтыста жүздестік. Әзімбек сонда жарқ етіп көзге түсті, жақсы өнер көрсетті, айтыс жанкүйерлеріне бірден танылды. Әселхан Қалыбековамен айтыста тапқыр әзілдерімен көрерменді баурап алып, ықыласқа бөленді. Ерік Асқаровпен айтысы да жоғары деңгейде өтті. Екеуінің сахнаға қол ұстасып бірге шығып, қалың елдің алдында жарасып тұрған сәті – қазақ ақындар айтысына қуатты жас толқынның келгендігін әйгілеген бір тамаша, қайталанбас көрініс екен ғой! Оның ең басты ерекшелігі – өлеңді әсем әуенмен әдемілеп, төгілтіп, тыңдаушыға ерекше әсер беріп айтатындығы еді. Әзімбек домбырасын бабына келтіріп, сәнімен тарта бастағаннан-ақ, жұртшылық қол соғып, делебесі қозып, қиқулап жіберетін. Ол талай айтыста топ жарып, бәйге алды, айтысқа өзіндік өзгеше ырғақ, сұлу әуен әкелді, сахнаның сәні болды. Содан былай біз Әзімбекпен сыйлас болдық, талай дүбірлі айтыстарда кездесіп жүрдік. 1989 жылы Ақтөбе қаласында, орталық футбол стадионында ақындар айтысы өтті. Оны ұйымдастырған сол кездегі облыстық

мәдениет басқармасының бастығы, менің құрдасым Қази Жасеке-
нов бастаған, ғалым, ұстаз, ректор Мұхтар Арынов, ақындар Жақ-
сылық Айжанов, Амантай Өтегенов сынды ақтөбелік азаматтар
қостаған бір қуатты топ болатын.

Бес-алты мың адам жиналған ашық стадионда үш күн қатары-
нан республикамыздың әр қиырынан келген ақындар атадан қал-
ған төкпе өлеңді дүрілдетті. Әр ақынның тауып айтқан сөзіне ста-
дионға жиналған қалың қауым гу-у ете қалып, дүркірете қол со-

ғып, Ақтөбенің аспанын дуылдаған қиқуға толтырып жібергендей
болады. Сонда, Әзімбек Жанқұлиев пен қарағандылық Қуаныш
Мақсұтов алдарына жан салмай, ақтық сында бас жүлдені жеңіп
алу үшін бетпе-бет қалып, жекпе-жек кездесті. Бірін-бірі ренжіт-

пей, іремей реттеп, әбден ырғасып, жырласып бақты. Әзімбек
әуенімен үйіріп әкетсе, Қуаныш қиқуымен қайырып алады, Қуа-
ныш қоғамның күйіп тұрған мәселелерін қозғап, сөздің салмағы-
мен басып бара жатса, Әзімбек ойнақы әзілімен жұртты күлдіріп,

көтеріп алады. Не керек, қайсысына берерін білмей қазылардың да
басы қатып, ақыры, бас жүлдені екеуіне бірдей беруге шешім қа-
былдаған! Өзім көзбен көрген, Әзімбектің әуені әуелеп, тыңдау-
шысын рахатқа бөлеп, өнері өрлеген, қошеметке бөленген айрық-

ша шабытты шақтары еді бұл!
Алайда, жарқырап шыққан жас ақынның жаны мен тәнін ауған
соғысы салған жара үнемі мазалап, қинап жүретінін көпшілік біле
бермейтін. Оның зардабын Әзімбек өмірінің ақырына дейін тарт-

ты, жан мен тән азабын әсем әуен, өлеңімен жеңіп, өзіне -өзі дем
беріп, айтыс өнерінен рухани қуат тауып, «бұраңдаған қисық жол-
дүниеден» өз жүгін өзі көтеріп өтті.
Жастайынан әділетсіз соғыс өртіне шарпылып, тағдырын күйік

шалған, кей-кейде күйініп, күңіренетін ақын айтыс өнерін сүйіп,
көрерменін сүйіндіріп өтті. Айтыс тарихында Әзімбек деген аты
қалды, тыңдағанның құлағында әсем әуені қалды!
Әзімбек екеуіміз үлкен аламандарда бірнеше рет айтысып, сіз-

бізімізден жаңылмай, тәуір сөйлеп, жақсы баға алғанбыз. Өмірде
де ол мені бірде аға тұтып, бірде жездеке деп әзілдеп, әрдайым
құрметін білдіріп жүретін.
Соңғы жылдардағы айтыстарында «Барады өмір өтіп-ай...» де-

ген бір мұңды өлең жолдары бой көрсетіп жүрді. «Әй, аман бол!

Аман-сау кездесуге жазсын!» – деуші едік, көңілін көтергіміз ке-
ліп...
Өмір, уақыт ағыны солай! Өмірге құштар Өзаман
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында, «Қазақ-

фильмде» жаңарқалық жылқышы Өзаман Исатаев туралы деректі
фильм түсірдік.
Өзаман ағамыз алты айлығында отқа құлап, сол қолы бырысып
күйіп, шолақ болып қалған. Қолының басы (кисть) шынтағына жа-

быса бітіп кеткен. Өмірге құштар жан сондай қиындыққа қарамас-
тан, күреске түскен. Қазақша күрестен спорт шебері. Талай жарыс-
тарға қатысып, жеңімпаз, жүлдегер болған.
Әкесі Исатай балуан бертінде, жүз жасап барып, қайтыс болды.

Жаңарқа жері әнші, өнерпаз, балуандардың тамыр жайған құт
мекені ғой. Көшбасшылары, қос көсемі – Диқанбай Биткөзов пен
Ғазым Жарылғапов ағаларымыз бастаған өңкей балуан, өнерпаз,
әнші жігіттер сайдың тасындай! Даладай дархан, жаны жайсаң

қаншама азаматтармен танысып, төс қағыстырып, дос болып кет-
тік. Бұл жөнінде кезінде, сексенінші жылдары «Қазақ әдебиеті»
газетіне мақала жазып едім, ол қазір қолда жоқ.
Әуелде бір қолымен күресетін балуан қазақ жайлы әңгімеме

киношылар онша сеніңкіремеді. Режиссер Георгий Емельянов пен
оператор Юрий Литвяков барлауға барып келді. Сапардан келген
соң:

– Спасибо тебе за такого героя! – деп, Георгий Александрович

менің қолымды алды. Сөйтіп, киноға құлшына кірісіп кетті.
Өзаман ағамыз – бір лаулап жанып тұрған кісі. Әнді де келісті-
ріп айтады, әп-әдемі даусы бар. Тек қана домбыра пернесін баса
алмайды!

Алты айда отқа құлап болдым молақ,
Атандым мен екінші Балуан Шолақ.
Домбыра төгілдіріп тарта алмаймын,
Өкініш көкейдегі жалғыз сол-ақ! – деген бір ауыз өлең шы-

ғарып бердім. Өзаман оны жаттап алып, тебірене айтып берді.

«Палуан» («Борец») деректі фильміне лейтмотив етіп «Ақсақ құлан» күйін алатын болдық. Оны күйші досымыз Мұрат Каримуллин орындап берді. Бір тиын қаламақы төлеп жатқан ешкім жоқ! Мұрат та сұраған жоқ! – Мен қазақ өнерінен және достарымнан еш нәрсемді де аямаймын ғой! – деді жалындап. Сөйтіп, «Палуан» деп аталатын деректі фильм өмірге жолдама алды. Республикалық, облыстық газеттерге қазақ азаматының өр рухына риза болып, сүйсінген қаламгерлердің жылы пікірлері жарыса жарияланды. Амал не, Госкиноның сол кездегі басшылары: «Не хватало калек пропагандировать!» деп, фильмді одақтық экранға шығармай, республикалық қана дәреже беріп, жылы жауып қоя салды. Ал, не істейсің билікке? Әйтпесе, қысы-жазы ат үстінде, құла дүзде жылқы бағып, шу асауларды құрықтап, тақымына басып жүрген, өзі балуан, өзі өнерпаз, ардақты әке, рухы күшті азамат Өзаман Исатаевты мүгедек деуге аузың бара ма? Қайта: «Міне, тағдыр сынына сабырлылық танытып, қайрат-жігерімен қиындықты жеңіп шыққан қазақ ұлы осындай!» – деп, әлемге көрсететін-ақ жөні бар емес пе? Негізі, әлі де кеш емес. Ол фильм алтын қорда сақтаулы. Өнерімен өрге жүзген азамат Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалықдрама театрының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Үкібайұлы Оспанов 1957 жылы 17 қарашада бұрынғы Көкшетау облысындағы Еңбекшілер ауданының Мамай ауылында дүниеге келген. Ол 1975 жылы орта мектепті, бұдан кейін Алматыдағы Мемлекеттік театр және көркемсурет институтын тәмамдап, актер мамандығына ие болды. М. Оспанов еңбек жолын М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында актер болып бастайды. 1980 жылы ол М. Әуезовтың «ЕңлікКебек» пьесасы бойынша қойылған спектакльде Кебектің ролінде ойнап, «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды. Аталмыш театрда Назым Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархадты, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Қодарды, «Амангелдісінде» – Кете, Флучектің «Бір құты мұнайында» – Жеңіс, У. Шек-

спирдің «Юлий Цезарінде» – Антоний, т.б. рольдерде ойнады.
Ерекшеленген табиғи дауысының арқасында көркем сөз оқу шебе-
рі ретінде конкурстарға қатысты. Осы жылдары Ш. Айманов
атындағы «Қазақфильм» киностудиясының дубляж бөлімінде 300

кинофильмді, 70-ке жуық мультфильмді қазақшалауға қатысты.
Қазақ радиосының алтын қорына 57 әдеби хабар жазып, «Қазақте-
лефильмде» 38 фильмде дикторлық мәтін оқыған. Республикалық
теледидарда жүргізуші ретінде «Терме», «Ән-шашу», «Замана дау-

сы» сияқты хабарларға қатысты. 1994 жылдың желтоқсанында
Көкшетау облыстық әкімшілігі Қазақ театрын ұйымдастыруға ша-
қырып, 1995 жылдың қаңтарында театрдың Бас директоры және
көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды. Театр 1996 жылы

наурызда Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклімен
ашылды. Бүгіндері театр репертуарында 70-тен артық спектакль-
дер бар. Соның 30-ға жуығының режиссері М. Оспанов. Оның әр
спектаклі өзіндік режиссерлік шешімімен, қайталанбас образдық

ізденістерімен,
мағыналы
символикалық
мизансценаларымен

ерекшеленеді. Бұлардың қатарында терең психологиялық дүние-
лер де, кең көлемді классикалық шығармалар да, ойлы комедиялар
да бар. Осы жылдардың ішінде труппа кәсіби деңгейі жоғары
ұжымдардың қатарына қосылды. Жақында тілшіміз Мұратбек Ос-

панов туралы тереңірек білмек оймен ҚР еңбек сіңірген қайратке-
рі, Қырғызстанның А. Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлы-
ғының лауреаты, жазушы, ақын-драматург Баянғали Әлімжановқа
жолығып әңгімелескен еді.

– Байеке, сіз Алматыдан білім алған өнер адамысыз. Бүгіндері

Көкшетауда Ш. Құсайынов атындағы қазақ драма театрының тіз-
гінін ұстап отырған Мұратбек бауырыңызбен сол бұрынғы астана-
да ма, әлде Көкшетауда таныстыңыз ба?

– Мен Мұратбек Оспановтың өзін көргеннен бұрын жер жар-

ған дауысын естідім. Сонау заманда Алматының үлкен алаңында
өтетін 1 Мамыр демонстрациясы мен 7 қарашадағы парадтар осы
Мәкеңнің дауысымен басталып, сап түзеген жұрт пен әскер колон-
налары оның дауысынан кейін «Ура-а-а» деп атой салатын. Жа-

ратқан иеміз зор табиғи дауыс пен әртістік өнерді сыйлаған адам
бар деп сырттай еститінбіз. Сосын Мұратбекті М. Әуезов театрын-
да әртіс екенін, оның үлкен рольдер сомдағанын, тіпті шетелге
дейін барып, Париж сахнасында өнер көрсеткенін, елімізде ең

мықты және үлкен деген әртістермен бірге гастрольге шығып, біріне іні, біріне баладай жарасып жүргенін білдік. Ал өз басым Мұратбекті ол кезде көрген емеспін. Одан кейін бір телетілші онымен үлкен терменің хабарын жүргізіп жатты. Бірде теледидардан қараңғыда май шамның жарығымен күңірентіп ұлы Абайдың «Ескендір» деген поэмасын оқып отыр. Сөйтсем, Мұратбек екеуміз Еңбекшілдер ауданынан екенбіз. Ол Мамай ауылынан екен. Ол да мен туралы сырттай білетін. Мұратбекпен кейін елге келгесін жақынырақ таныстым. – Азаматтар арасында: «Қазақ театрының іргетасын қалауға мен де ат салыстым» дейтіндер баршылық. Осы игілікті істің ауыр жүгін кім көтеріп еді? – 1996 жылы наурыз айында Көкшетауда театр ашылатын болып, соған Мәкең директор болып келді. Жаңа дүниені бастау қашан да қиын екені белгілі. Ал, өнердің ордасын көтеру оңай шаруа емес. Осы жұмысты осындағы азаматтар бастағанымен, оның барлық ауыртпалығы Мұратбектің мойнына түсті. Соның барлығын бұл қара нардай қайыспай көтеріп, жарқыратып театрды ашты. Оның салтанатты ашылуына арнап «Ақбидай» Мәдениет сарайында: Мұратбек келдің міне туған жерге, Шығарды туған жерің сені төрге. Еңбегің жемісті боп жаға берсін, Көкшетау, Бурабай мен сексен көлге... – деп арнау айттым. Сөйтіп, айтқан аманатымызды, артқан сенімімізді Мұратбек ақтады деп ойлаймын. Сол жылдардан бері театрдың жүріп өткен белесі, оның жолы үлкен жол. Оның шыққан биігі үлкен биік. Осының барлығына ұйтқы болған Мұратбек. Бұл театрдың қазақ өнері мен мәдениетінің ортасында өзіндік үлкен орны бар. Әсіресе, бұл ақмолалық және көкшетаулық көрермендерге ыстық театр. Мұндай дәрежеге Мәкең өз ұжымының шеберлігі мен талантының арқасында қол жеткізді. Сондықтан оның өнер жолындағы еңбегіне біз лайықты баға беруіміз, оны құрметтеуіміз әбден орынды деп ойлаймын. Бүгіндері ол ердің жасы елуге толып отыр. – Сіздің «Құдалық» деген қойылымыңызды көрермендер жақсы қабылдағанының куәсі болғанбыз. Осы туындыңыздың шығу тарихы туралы айтсаңыз? – Бірде маған ол: «Қазақтың құдалығын театр сахнасында көр-

сетсек қайтеді. Бұл дәстүр мүлдем шектен шығып кеткен, адамды сондай ұятқа қалдыратын, бір қинайтын дүние болып бара жатыр. Соны көрсетсем деймін, бірақ жаза алмаймын, әттең!» деді. Мен өз ойымда жүрген сөзді айтқан Мұратпен бірден келісе кеттім. Ол кезде өзім Кеңащы ауылында тұратынмын. Күнде көріп жүргенім қазақи құдалық болатын. Ол жөнінде өлеңім де бар еді. Бұрындары театрға барғанда, пьеса жазсам деп армандайтынмын. «Құдалықты» күліп отырып, 40 күнде жаздым. Ол кезде ауылда жарық та жоқ. Соның салдарынан электромашинка жағынан біраз қиындықтар көрдім. Осы пьесамды Мұратбек пен Айжан Оспановтарға арнаймын деп шекесіне жазып, қолына тапсырдым. Оған бұл туындым ұнады. Бұдан кейін де пьеса жөнінде біраз әңгімелесіп жүрдік. Келісім бойынша мен олардың репетицияларына қатысқан жоқпын. Бірде Қызылжарда ақындар айтысында жүрсем, жігіттер: «Сенің пьесаңның премьерасы бірінші сәуірде болайын деп жатыр» деді. Дереу осында жетсем, шағын зал адамдарға лық толы екен. Күнделікті өмірден алынған, қазақ дәстүріне сәйкес келмейтін жат қылықтарға толы пьесам қалай шығады екен деп қатты толқыдым. Пьеса барысында көрермендер күле бастағанда, соңында шапалақтарын қатты соққанда жүрегім орнына түсті. Өзім сияқты жат көріністерді сезіне білетін, оған өз фантазиясын қосқан режиссер Мұраттың еңбегіне қатты разы болдым. Бұл туындымызды Астанадағы, Алматы мен Керекудегі зиялы көрермендеріміз жақсы қабылдады. Мұраттың бұл еңбегін Тұрсынбек Кәкішов сынды үлкен ағаларымыз жоғары бағалады. – Көрікті Көкше ежелден дарынды адамдарға толы екенін қазақ елі жақсы біледі. Осы қатардан өзінің лайықты орнын алатын Мәкеңнің еңбектері жетерлік қой. Сол жөнінде айтсаңыз. – Мәкеңнің қойылымымен «Қайран кемпір-шалдар-ай», «Қожанасыр» деген менің пьесаларым осы театрда жүріп жатыр. Мұнда да Мұратбек шығарманың кілтін дәл тауып, өрнегін келтіре, өз стилінде көрсете білген. Оның бұл еңбектерінен режиссерлік талантының, ой-өрісінің биіктігін аңғардым. Ол жалғыз менің пьесамды қоюмен шектелген жоқ. Көкшенің құрметті азаматтары Жанайдар Мусиннің, Төлеген Қажыбаевтың, Жабал Ерғалиевтың, қазақтың мықты-мықты драматургтері мен әлем классиктерінің тартымды шығармаларын қаржыға зәру болған қиын кезде сахнаға шығарып, қоғамдық қайраткер, патриот ретінде танылды. Осының

барлығы ойланып, түсініп бағалай білген адамға үлкен еңбек. Ол осы Көкше өңірінің рухани қазынасын көтеруге тәрбилік маңызы зор құлшыныс, ұмтылыс деп те айтуға болады. Өз елінің ұлтаны бола жүріп, ұлттық театрды іргетасынан биік шыңдарға көтеруі Мұраттың ерлігі деп түсінемін. Сол сияқты ол өз халқының тағдырына бей-жай қарамай, ол жөнінде көп ойланып, толғанатын абыройлы азамат. – Сіз Мәкеңнің тегі мен өзінің отбасы туралы не айта аласыз? – Мұратбектің сексенді алқымдап қалған әкесі Үкібай ақсақалды біз өте құрметтейміз. Сыйласпыз. Елде қарапайым еңбек еткен адам. Анасы Асылтас марқұмның да көзін көрдік. Нағыз қазақи, ақ адал еңбек сауған адамдар. Үкібай ағамыз маңдай терімен жердің қыртысын қопарған механизатор-диқан болды. Екі рет Ленин орденін алған. Әдебиетті оқып, оны әжептәуір білетін, әзілдегенді жақсы көретін адам. Сондай алып ақсақалдан тәрбие алып, қарапайым отбасында өскен Мұратбек орыс мектебінде оқыса да, қазақ тіліндегі жоғары оқу орнына түседі. Ол екі тілді қатар игерген азамат. Мұратбектің үй-ішімен араласып тұрамыз. Жолдасы Айжан Алматыдағы жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған. Театр академиясында сабақ берген ұстаз. Тәрбиелі әрі өнегелі балаларының бәрі өз алдына отбасын құрып, әкелеріне немере сүйгізіп отыр. Динара деген қыздары ата-аналарының жолын қуған әртіс. Мұратбектің қайын атасы – Бәдір ақсақал Ақтөбеде тұрады. Аузын ашса жүрегі көрінетін тарихшы адам. Театрға да жаны ашып, тақырыптар ұсынып отыратын көнегөз білікті ақсақалдардың бірі. – Мәкеңнің Алматыдағы ұстаздарын атасаңыз. Оның мұнда келуіне кім себепкер болды? – Қазақтың қара шалдарынан үлгі алып, орыстың тілі мен әдебиетінен сусындаған, бұрынғы астанадағы үлкен-үлкен Асанәлі Әшімов, жарықтық Серке Қожамқұлов, Сәбира Майқанова, Шолпан Жандарбекова, Жұмағұл Медетбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, Әнуар Боранбаев сынды мықты әрі талантты әртістерден тәрбие көрген азаматтың Көкшетаудағы қазақтың қара шаңырағын көтеруі тегін емес. Мұрат театр қайраткерлері өтетін сатылардың бәрінен өтті. Әртіс деген адамдардың әрқайсысы бірбір патша ғой. Солардың басын біріктіріп ұстау да оңай дүние емес. Жақып Омаров ағамыз Мұраттың осында келуіне себепкер болды. Біздің театрдың бір ерекшелігі, ондағы әртістердің бір-

біріне үйленгендігінде. Сөйтіп, олар өнер жолын дұрыс ұстап ке-
леді. Екі астанамызда еңбек еткен Мәкең екеуміздің сыйластығы-
мыз, рухани туыстығымыз осы шығармашылықпен жалғасын таба
береді деп ойлаймын. Сөз соңында өзіміздің қара шаңырақ ұжы-

мын, көрермендерін Көкше өңірі өзіміздің ұлымыз деп мақтаныш-
пен айта алатын Мұратбектің жарты ғасырлық мерейтойымен шын
жүректен құттықтағым келеді. Өнерің өрге жүзсін!

– Әңгімеңізге рахмет!

Рамазан Тілеуов
«Бұқпа» газеті, 2007 ж. Қайырлы сапар
Қайырбайды көргенде ауылды көргендей боламын. Оның тау-
дай тұлғасы, ұяң мінезі, ұялы көзі байтақ даланың байырғы бай-

салды қазақтарының болмысын елестетеді. Мол пішілген, кең жа-
ратылған жанның ақын болмауы мүмкін еместей.
Қайырбай Төреғожиннің өлеңдері де өзіндей табиғи, мейірімді.
Алғаш Алматыда, «Жұлдыз» журналында ширек ғасырдай бұрын

жүздескенде туған жерімізден, Көкшетауымыздан осындай иман
жүзді ақын ініміздің өсіп келе жатқанына қуана құшақ жайып
едім. Сол пейіл, сол ықыласпен сыйласып келе жатырмыз. Оның
өлеңдеріндегі жанға жайлы жылы ағыстар мына жанталасқан

уақытта ізгі сезімдерді қозғайды. Сағыныш сырларын шертіп,
шуақты ойларды оятады. Адамның адам екендігін есіне салып,
алыстап бара жатқан қазақ ауылдарының көргенділік, ізеттілік,
сыршылдық қасиеттерін сағындыра түседі.

Қайырбай інім, капиталдың қатаң заманында да туған далаң-
дай дархан қалпыңмен маң-маң басып, өмірде де сапарың қайырлы
болып, жасыңа жас, басыңа бас қосылып, армандарыңа жете беру-
ге жазсын!

«Арқа ажары»,
4 тамыз, 2007 жыл.

ҚайсарҚайрат Мен үшін Көкшетау театрының орны бөлек. Оның ең алғашқы қадамдары, ұйымшыл, бауырмал жас дарындардың ел ықыласына бөленген жұлдызды сәттері әлі күнге көңілге ыстық. Шіркін, несін айтасың, жасындай жарқылдап, тау суындай сарқыраған албырт, арынды өнерпаздар Көкше халқын баурап алып, өнер шуағын, жан нұрын молынан төгіп еді ғой! Ал, осы театрдың негізін салушылардың алдыңғы қатарында ерлі-зайыпты Қайрат пен Жанар қол ұстасып, жарқырап келе жатыр. Міне, кешегі жап-жас Қайрат бүгінде ел ағасы жасқа келіп, құрдасы Құмарбек Қалқатаев екеуі театрдың заңды ақсақалына айналды. Актер Қайрат Мырзаболатовтың еңбегі үлкен, белесі биік. Ол сомдаған рөлдер дараланып тұрады. Тақырбас, ақсақ Қарабай немесе азып кетіп, адамдыққа қайта оралған Таған, жер-көкке сыймай, ақыры айдалаға безіп кеткен король Лир және басқа да ірі-ірі образдарды өзіне ғана тән өрнекпен, ерекше шабыттанып, жан бітіре ойнағаны есімізде. Бір спектакльде бір-біріне ұқсамайтын үш бірдей соқталы тұлғаны бірінен кейін бірін («Абылайханда» – Ораз, Бұқар жырау, Қалдан-Серен) сомдағанда, «жарайсың!» дестік. Мұндай жағдай театр өнері тарихында бола қалса да, сирек-ау! Құлашы кең, келбеті айқын, мүмкіндігі мол, кез-келген күрделі деген образдарды сомдауға күш-қуаты еркін жететін, тек Ақмола театрының ғана емес, бүгінгі қазақ сахна өнері жұлдыздарының бірі деген жоғары бағаға лайықты Қайрат өмірөнер жолында қиындықты да аз көрген жоқ. Қайсарлығымен, рухани қайратымен бәрін де жеңе білді. Ең бастысы, өнерін ештемеге айырбастаған жоқ! Бүгінде оған сол өнері үшін үлкен құрметпен алғыс айтамыз! Қайрат менің «Ән мен анаша», «Айхан» фильмдеріме түсті. «Құдалықта» Стақан құданың, «Қожанасырда» Ханның рөлдерін келістірді. «Қайран кемпір-шалдар-айда» (Спектакль «Отыз тістен шыққан сөз» деп аталады). Атаның, зайыбы Жанар Құсайынова Апаның рөлін ойнады. Бұл ата мен апа кешегі кәмпеске, ашаршылық, репрессия, соғыс, тың игеру, тоқырау – бәрін көрген, тұтас бір дәуірдің куәгерлері, елдің келешегін ойлаған, жас ұрпаққа ұлттық, имандылық, адамгершілік үлгі-өнеге берген, қазірде басым көпшілігі өмірден озған көненің көзі, қазыналы, мейірбан, қайта-

ланбас тұлғалар еді. Оларды көріп отырған көрермендер ерлізайыпты дарындардың шынайы, табиғи ойынына соншалықты беріліп, аяулы жандармен сағынысып, қайта табысқандай күй кешіп, қимастықпен көздеріне жас алады. Мен бүгін Қайратты елу жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жан-жарың Жанар екеуің жұбың жазылмай, өнер көгінде бірге өрлеп, сол аталар мен апалар сияқты абыройлы, ұзақ, бақытты ғұмыр кешіп, немерешөберелердің қызығын көруге нәсіп етсін дегім келеді! Тамырлы ақын Дәстүрлі қазақ ауылынан шыққан, тереңдегі түп-тамырдан нәр алып өскен Құдайберлі Мырзабеков – айтыс өнерінде домбырасы күмбірлеп, ашық үнімен саңқылдаған, поэзияда қайталанбас қолтаңбасын қалыптастырған дарынды тұлға. Жалындап жүрген жас күнінде Көкшеде «Темірқазық» атты жастар ұйымын құрып, ұлт шаруасына қызу араласып, батыл бастамалар көтергені де көңілімізде сайрап тұр. Бодандықта отырған 1991 жылдың қытымыр қаңтарында, партия-советтің іргесі сөгілмей сіресіп тұрған кездің өзінде Абылай ханның 280 жылдығын ақындар айтысымен бастап кеткен жас перілердің сең бұзардай арынын Абылайын сағынған алаш жұрты қызу қолдап, қиқулап көтеріп әкеткенде, ақ үйдегі ағаларымыз басып тастаудың ретін таба алмай, амалсыздан қолдаған еді. Үш күн бойы Көкшетау аспанында Абылайлаған жыр, ұран қалықтап, елдің рухы әуелей шарықтап еді ғой, шіркін! Сонда көтеріп шыққан ақ туың биікте желбірей берсін, Құдаш! Ағалық ақ тілек Қойлыбаймен жолымыз айтыс өнерінде тоғысты. Талай дүбірлі дода, аламандарда ақ тер, көк тер болып бірге жүрдік. Кейде поезбен бірге барып, бірге келеміз. Ұшы-қиыры жоқ кең даланы емінеркін шарлап жүріп, алуан-алуан ой кешкен, қиял қанатына мінген әдемі бір кездер екен-ау! Сол сапарларда ағалы-інілі боп сырласамыз, сан тарау әңгімелерді арғы-бергіден қозғап, кеңес құрамыз. Сонда Қойлыбайдың ойлы, өрелі өрендердің бірі екенін байқап,

іштей риза болып қалушы едім. Келе-келе ол өзі ыстығына күйіп, суығына тоңып көрген айтыс өнерін талдай зерттеп, дөкей доктор болып шыға келгенде, алғашқылардың бірі болып ағалық ықыласпен арқасынан қақтым! Қойлыбай Асановтың туған жері Жаңарқаны сонау сексенінші жылдары аралап, нар тұлғалы марғасқа азаматтарымен, әсіресе әнші, балуандарымен төс қағыстырып табысқан едім. Мұндай құтбереке дарыған, ұл-қыздары өңкей өнерпаз, дарынды, шетінен палуан, зерделі болып шығатын ерекше өңірді мен өте жақсы көріп кеттім. Осы заманның Балуан Шолағы Өзаман Исатаев туралы деректі фильм түсіруге де мұрындық болдым. Қойлыбайды алғаш көргенде-ақ жаңарқалық екенін білген соң бауырыма тартып жүре бердім. Өйткені, мен үшін жаңарқалық болу деген сөз – жақсы болу деген сөзбен бірдей! Бейне, Жаңарқада жаман адам жоқ сияқты! Және де жаңарқалықтардай кілең даңқы жер жарған дарабоздардың шоғырында жақсылардың санатына кіру, кіріп қана қоймай, жұлдыздай жарқырау тіпті қиын! Ол үшін өзіндік бірдемең болу керек! Міне, біздің Қойлыбайда осы бірдеменің барын сонау жас күнінде-ақ сезіп едім, ол үмітімізді ақтады! Бүгінде Қарағанды өңірінің ғана емес, қазақтың айтулы ақын, ғалым, ұстаз азаматы болып елудің белесіне еркін шығып, еліне есеп беріп отырған ерен ініміздің бақ-берекесі баянды болғай! Қойлыбай екеуміз бірнеше рет айтыстық. Мен сонда оның айтыс мәдениетін түсірмейтін, сөз қадірін білетін, туған елдің мұңмұқтажын жалындап жырлайтын ірі ақын екендігін байқадым. Бір қызық жағдайды атап айту керек. 2001 жылы наурызда Қарағандыда Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Жеребе бойынша, Қойлыбай екеуміз шығатын болдық. Дәл айтыстың алдында мен сырқаттанып қалдым – стоматит. Аузым ойылып, тілім уылып кеткен, сөйлесем ауырады. Амал жоқ, сахнаға шығу керек. Және сыйлас ініңмен не қиратып айтыса қоясың! Ойланып, толғанып, сахна сыртында әрі аурумен, әрі жырмен арпалысып буырқанып жүргенімде, Қойлыбай келе қалды. «Байеке, ауырсаңыз да айтысты бірдеме ғып алып шығасыз ғой, сізге сенеміз. Бірақ, қазір залда облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов отырады. Сол кісінің көзінше айтатын бір әңгіме бар! Жайық Бектұров ағамызға Қарағанды қаласында бір көше беру мәселесін азаматтар көптен бері көтеріп келе жатыр! Бірақ, әлі нә-

тиже шығар емес! Біз айтсақ, өзіміз ғой деп, елемей қалдыра сала-
ды. Сіз осыны ретін келтіріп, әкімнің тікелей өзіне, халықтың кө-
зінше сахнадан шегелеп тұрып айтып кетіңізші!» – деп қарап тұр!
Ал керек болса! Мен Қойлыбайды бұрынғыдан да жақсы көріп

кеттім! Елдің сөзін сөйлеп, елдің мүддесін көздеп тұр ғой азамат!
Сонымен, айтыстың үстінде:
Алаштың бір ардағы Жайық еді,
Құрметке қандай үлкен лайық еді,

Тірідей темір үйде өртегенде,
Жаланы мойындамай қалып еді.
Түгендеп әдебиет пен тарихыңды,
Қанатын бар қазаққа жайып еді,

Сол Жайыққа бір көше бере алмаса,
Камалтин ағамызға айып енді! – деп айтып жібердім. Қара-
ғандылық қаламгер қауым алымды ғой, осы сөзді ойып алып тұ-
рып газетке басып жіберіпті. Көп ұзамай жастар кітапханасына

Жайық Бектұров ағамыздың есімі берілді! Әрине, бұл мәселе мен
айтқан соң шешілді деген сөз емес, ол ел азаматтарының тізе қос-
қан үлкен жұмысының нәтижесі екені белгілі. Ал, ақын Қойлыбай
інім екеуміз елдік іске қарлығаштың қанатындай су сепкенімізге

де ризамыз! Айналайын Қойлыбай інім, қашанда еліңнің алғысына
бөленіп, өз биігіңе өрлей бер, өркендей бер! ТоқтамайтынТоқтар
Тоқтар екеуміз Алматыда, университеттің соңғы курстарында
оқып жүргенде кездесіп, танысып едік. Ол журналистика, мен фи-

лология факультетіндеміз. Сол жылдардан бері әрі замандас, әрі
көкшетаулық, жерлес деп, жақын тартып, сыйласып жүрдік. Оқу
бітірген соң, ол қызметке Көкшетауға кетті де, мен Алматыда қал-
дым. Міне, осы кездерде елге келген сайын алдымыздан Тоқтар

жарқырап күліп қарсы алатын немесе шығарып салатын. Кейіннен,
1987 жылы, тағдырдың жазуымен, анам қатты ауырғасын, Әлия
екеуміз ата-анама қараймыз деп елге, Еңбекшілдер ауданының Ке-
ңащы ауылына көшіп келгенде, Тоқтармен тіпті жақындасып, ара-

лас-құралас болып кеттік. Тоқтардың зайыбы Роза нағыз қазақы
қалыптағы, түсінігі мол, кеңпейіл, өрелі жан әрі қаламгер екен.

Ақын Қорғанбек Аманжолов пен зайыбы Рахила барлығы дос-жар, сыйлас. Бәріміз бір туғандай болып жарасып, жұбымызды жазбай жүретін болдық. Қайнаған қызығы, ыстық думаны мол сол бір күндер өмірдің қайталанбас сәттері болып көкейде сайрап тұр! Алматының шырайлы, шуақты әдеби ортасының менің көңілімдегі ойсырап қалған орнын осындай азаматтар толтырып кетіп еді-ау сонда! Тоқтар ақжарқын еді, ешкімге жамандық ойламайтын, ғайбат сөйлемейтін. Адамдармен тез тіл табысып, шүйіркелесіп, табысып кететін. Ренжіп, күйіп-пісіп, күйреп түсу дегенді білмейтін, кешегі «шатақтарға» шырт түкіріп қойып, шаруасын дөңгелете беретін. Жұмыста алғыр, шапшаң болатын. Орысша-қазақша бірдей сілтейтін еді. Газет ісіне алғырлық, орысша айтқанда оперативтілік керек десек, біздің Тоқаң нағыз «опердің» өзі! Оның алдында ашылмайтын есік, шашылмайтын есеп жоқ: партия-совет заманының иерархиялық қиыр-шиыр баспалдақтарының иірімдерін жете меңгергені соншалықты – сол кездегі көп жиындарға дөкейлермен бірге көктен түсіп кеп тұрғанын көргенде, газет басшыларының өзі аузын ашып, қайран қалатын. Қандай да бір суыт ақпараттарды қатпарқатпар көмбелерден суырып алуға шебер Тоқтар бөгесін-бөгетті бұзып-жарып немесе айналып өтіп, тоқтамай алға тарта беретін. Сонау сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы Көкше өңірінің атқа мінген партия-совет-шаруашылық басшыларының ішінде Тоқтармен тоқайласпағаны, төс қағыстырмағаны жоқ шығар-ау! Оның сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан тақырыбын өзек еткен жедел дүниелері облыстық, аудандық, республикалық баспасөзде орысқазақ тілдерінде бұрқырап шығып жататын. Тоқсаныншы жылдары Алматыда Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы болды. Көкшетаудан үлкен топ болып аттандық. «Айсары» совхозының директоры Тоқтабай Қозғанов марқұм бірнеше мұздатқыш-машинаға жылқының етін лық толтыра артып апарды. ВДНХ-да киіз үйлерді тігіп, той-думанды дүрілдеттік. Алыстан келген ағайындармен жүздесіп бір жасап қалдық. Халифа Алтай атамызға сәлем беріп, әңгімесін тыңдадық. Облыс делегациясы әбден іріктеліп, сұрыпталған өңшең ығай-сығай. Оған Тоқтарды, облыстық газеттің тілшісін, әрине, кіргізбеген. Бір кезде Түркиядан келген түрік туысқандарды Чапай Әбутәліпов бастаған облыс басшылары ақ боз үйдің алдында құшақтап қарсы алып жатқан.

Құрметті қонақтармен бірге... Тоқтар да жүр мұрны қоңқиып!
Әуелде оны да түрік екен деп жайыла қалған бастықтар, Тоқтар
екенін білген соң, қайтсін, амалсыздан құшақтап қарсы алды! Әне,
біздің Тоқаң, кеңестік «кереметтер» дәуірінің төл перзенті Тоқтар

Баймағамбетов кедергісі көп ақ боз үйге түріктермен бірге еркін
енген сөйтіп!
Енді бірде «Невада-Семей» қозғалысы аясында Павлодарда
Халықаралық акция өтіп, үлкен ақындар айтысы болды. АҚШ-тан,

Шығыс пен Батыстан біраз делегациялар келді. Ішінде... біздің То-
қаң жүр тағы! Жай жүрген жоқ, қозғалыстың белсенді мүшесі бо-
лып, полигонды жабысып, бізбен бірге тас оба үйісіп, жалғанға
жар салып жазып жүр! «Әй, Тоқа, қоңқиған мұрның мына үндістің

көсемінен аумайды ғой!» деп қалжыңдаймын оған, «Невада-
Семейдің» қазақ пен үндіс бейнеленген эмблемасын көрсетіп. Әзі-
ліме мәз болады, осындай үлкен істің ішінде жүргеніне разы! Мен
де разы болушы едім...

Ол – Қарауыл Қанай бидің ұрпағы. Атасы Баймағамбет дала
дәстүрін серт ұстаған, асылдардың сынығы, тамырлы бәйтерек бо-
латын. Өңкей «овкалардың» ортасындағы алақандай Жамантұз
ауылынан шыққан Тоқтар сол тамырдан нәр алған, жастайынан

қысым көрген ана тілінің қадір-қасиетін жан-тәнімен түйсінген,
тағдырына алаңдаған, сары аяздың қысымында шынығып, шың-
далған шымыр рухты азаматтардың сойынан еді...
Тоқтар Кеңащыдағы біздің үйге жиі келіп тұрды. Әрі, Көксең-

гір даласына өтіп бара жатып бір соғып, Көкшетауға кетіп бара
жатып бір соғып, арқа-жарқа болып қалатынбыз. Сонда оның қа-
сында өңкей сайдың тасындай іріктелген совхоздардың бас ма-
мандары бірге жүретін. Баратын бағытындағы директорларға

звондап қойса, олар оны ауыл шетінен күтіп алып жататын. Қор-
ғанбек екеуміз қалжыңдаушы едік: «Біздің Тоқтар мен Мәулидің
бастықтарға ебі күшті, перісі бар! Қолдарынан келмейтіні жоқ!» –
деп. Иә, марқұм қаламгер Мәули Әлімов екеуі әсіресе баспасөзге

жазылу кезінде қыруар еңбек етіп, амалын тауып, аудан, совхоз
басшыларына сөздерін өткізіп, тиражды да асырып алатын.
Өмір, тіршілікте сан алуан тұрмыстық мәселелер бола береді
ғой, сондайда қаламгер қауым алдымен Тоқтар мен Мәулиге келіп

жағдай айтатын. Ал, содан, не керектің бәрін болмаса да біразын
жолын тауып осы екеуі реттеп беруші еді. Бармайтын мекемелері,

танымайтын мамандары жоқ-ау сірә! «Остап Бендер!» деп өзін-өзі көтермелеп, сұқ саусағын жоғары қарай сілтеп қойып, күлетін еді жарықтық. Сөйткен Тоқаң да кейде әлдебір шаруға әлі келмей қалып, кірісіп кете алмай, кідіріп қалғанда, мен: « Қолыңнан келмесе, ашып айт! Мен онда Мәулиге айтайын! Сенен гөрі Мәулидің қолы ұзын, сөзі өтімді дейді ғой жұрт!» – деп, әзілдеп, шымшып алатынмын. Бітті, Тоқаң тулап шыға келеді. Ұзын құс тұмсығын саумалап жіберіп: «Кім әй оны айтып жүрген! Қой, Бәйеке, сәл күте тұр, мен өзім қатырамын бәрін!» – деп, адамның ойына келмейтін неше түрлі айласын тауып, әлгі шаруаны ақыры тындырып: «Әй, Бәйеке-әй, сен дегенде немді аяйын!» – деп, желдей есіп, күндей күліп кеп тұратын. Ал енді Тоқтар қолға түспей қалғанда, Мәулиге де осы жобада әзіл айтып отырып-ақ, шаруамызды мойнына артып қоятынбыз! Қадірімізді білген, қалжыңымыз жарасқан қайран қатарларымыз-ай, амал қанша! Өмір бізді сындыруда, Сынауда, Шама да жоқ Шыңғыруға, Жылауға, Боз қыраулы белден асқан Құландар, Белгісіздік Құрдымына құлауда! Қайран Тоқаң, Тоқтар досты айналайын Роза алақанына салыпақ ұстады, еркелігін де, серкелігін де көтере білді. Қауым ел, досжаран, ағайын-туыс та оның ақ пейіліне қарай қадірлей білді, құрметтеді. Тынымсыз Тоқтар, тоқтамайтын Тоқтар тағдырдың бұйрығына тоқтады! Иманды болсын, балалары аман-есен өркендей берсін дейміз! Абырой биігіне өрлей бер, бауырым! Абай Сәдуақасұлы біздің ауданда әкім болып қызмет істеген кезде, ең әуелі қарапайым, кішіпейіл мінезімен елге жақты. Өнегелі, қаламгер әкеден тәрбие алғандығы, асылдың сынығы екендігі бірден байқалып тұратын. Өзі де қаламгер, ақынжанды азаматтың

өресі биік, өрісі кеңдігіне риза болушы едім. Әкімдік жұмысында
атқарған игілікті істерін, жетістіктерін ел адамдары мен басшы-
лық, шаруашылық мамандары жақсы біледі, бағасын береді деп
ойлаймын. Ал менің ерекше риза болғаным – Біржан сал атамыз-

дың өлеңдерін нотасымен тамаша бір том етіп шығаруы! Біржан
салдың шығармалары мұндай кітап болып бұрын-соңды жарық
көрген емес! Көрген, оқыған зиялы адамдар алғысын айтып, жоға-
ры бағалап жатыр! Бұл – Абайдың біздің өңірде, аудан тарихында

қалдырған бір жарқын ізі! Бұдан да басқа ауыз толтырып айтар-
лықтай талай істерді атқарған, айналасына адамшылық шуағын
таратқан, ақыл-парасаты мен азаматтық тұлғасы айрықша көріне-
тін ардақты бауырым Абай, Біржан сал атаңның елінен сені қимай-

қимай шығарып салып тұрып, жолың ашық, ақ болсын, бала-
шағаңның басына бақ қонсын, оң тілеуің қабыл болып, аман-сау
абырой биігіне көтеріле беруге жазсын деген ағалық игі тілегімді
білдіремін! Алла жар болсын!

2 ақпан, 2015 ж. Ермаханның ерекше еңбегі
Ермахан – менің жақсы көретін қаламгер інілерімнің бірі.
Оның жаңалық, жақсылық десе, елең ете қалып, жалпақ жұртқа
жариялап, жар салып жүретінін көріп жүрміз. Қазақ баспасөзіне

қосқан батпан-батпан үлесі бір төбе, байсалды, имандылық жо-
лында жүрген жанның әзіл-қалжың жатақханасының балконында
жантайып жатып алып, шуақты күлкіден шашу шашуы қандай жа-
расымды! Ал «Аққудың сыңары» кітабын оқып, азаматтығына,

қаламгерлік қарымына риза болған едім. Ол кітап қос аққудай жа-
расқан жарларынан айырылған аяулы әйелдердің жан сырын шер-
тіп, әсерлі жеткізе білуімен құнды.
Бұрындары шыққан әзіл, сықақ шығармаларын тілеулестікпен

оқып, ойша жақсы бағалап жүрген сатирик жазушы Ермахан Шай-
хыұлының мына бір қызық дүниелерін – «Әріп әлемін» оқып шы-
ғып, ойға қалдым. Шынында да, Ермахан тауып кеткен екен. Әріп-
терді ойната отырып, әзілдің көрігін қыздырып, қазанын қайната

түскен. Және бұл тек дыбыс қуалап, әріптерге елтіп кеткендік
емес, мұнда біраз нәрсе бар. Әуелі, нағыз әдебиетке тән мәдениет-

ті, әдемі, астарлы әзіл бар. Дыбыс үндестігі, сөз әуені бар. Және бір ерекшелігі – жазушы әр әңгімесін бір ғана әріптен басталатын сөздерді тізе отырып, белгілі бір ойға бағыттап, жүйелеп жазып шыққанда, туған қазақ тіліміздің тұнып жатқан байлығынан тағы да бір сусындағандай болдық. Көпшілік қауым біле бермейтін, білсе де есінен шығарып алған қаншама ескі сөздер, жергілікті диалект сөздер қайтадан ойнап, жаңғырып, жарқырап шыға келген! Бұл –осы әңгімелердің басты табысы. Жарайсың, Ермахан, ерледің! Қаламыңды еркін сілтеп, қанатыңды жая беруіңе қашанда тілектеспін! Аязда өскен бәйтерек Нұрғожа аға туралы ойлағанда, менің көз алдыма, неге екені белгісіз, сонау жетпісінші жылдары, Тың өлкесінің орталығы Целиноградта, қақаған аязда тас көшені бойлап, аяңдап келе жатқан қазақ ақынының аласапыран ойлар кешкен күйі орала береді... Иә, сол кезеңде ата дініміз бен ана тілімізге төнген қара бұлттай қаһарлы қауіп «қазағым – халқым» деген әр азаматтың қабырғасын қайыстырып-ақ жібермеп пе еді?!. Сол уақытта жергілікті жерлердегі, облыс орталықтарындағы саналы да санаулы азаматтардың қазақтың тілі мен тарихы үшін жасаған қарапайым, адал әрі айрықша еңбектері үлкен ерлікке пара-пар деп бағалауымыз керек. Өйткені, олар рухани майданның алғы шебінде жүрді, саяси шешімдер жүзеге асатын тіршілік қазанында қалың бұқара халықпен бірге қайнап, ащы-тұщыны бірге көрді. Сөйтіп жүріп, айлаамалын тауып, ақыл, рух қуатын жұмсап, күресіп-ақ бақты. Нұрғожа ағамыздың солтүстіктегі қазақ жырының дәстүрін сақтап, жалғастырған еңбегін де біз осы тұрғыдан танып білсек құба-құп. Жазушы ағамыз Алдан Смайыловтың айтуынша, Целиноградта көптеген қазаққа қатысты іс-шараларға, соның ішінде, тұңғыш қазақ театрын – Қалибек Қуанышбаев атындағы театрды ашуға да Нұрғожа Оразов белсене ат салысқан екен. Ана тіл, ата тарих үшін бүкіл қажыр-қайратын сарп еткен қаламгердің поэзия, проза, деректі проза, зерттеу еңбектері енді рухани қазынаға айналды, ол әрдайым іздеген жанды сусындата бермек. Әз Тәуке ханның тұсында қол бастаған батыр бабасы Мама

батыр жайлы дастаны, халқымыздың қасіретті тарихының бір кезеңін арқау еткен «Қаракүйік» романы үңіле оқыған кісіге бірталай сыр ашатын құнды дүниелер. Ақындығы мен жазушылығына, қайраткерлігі мен жорналшылығына қоса Нұрғожа ағамыз үлкен шежіреші, солтүстік өңірі тарихының білгірі еді. Кеудесі тола қазына, зерттеулері тола тың дерек, көрген-түйгені мол ақсақал ағамыз қазақтың айтулы тұлғаларының қай-қайсысы туралы да сағаттап әңгімелеуден жалықпайтын. Целиноградтың үскірін аязы мен арқыраған боранында шыныққан, шыңдалған ақсақал ақын Алаш астанасы Алматыдан Арқаға қоныс аударғанда, алғашқылардың бірі болып, қуана құптап, құшақ жая, аңқылдап қарсы алғанын жаңа астаналықтар аңыз қылып айтады. Қайта түлеп, екінші тынысы ашылып, қанаттас қазақ қайраткерлерімен қол ұстасып, Астананы қазақыландыруға да құлшына кірісіп кеткен Нұрғожа Оразовтың бұл еңбегі де айрықша атап өтуге лайық. Нұрағаң ашқан «Сарыарқа», кейіннен «Жаңа Сарыарқа» журналының айналымы кеңейіп, әдеби кеңістікте елеулі орын алды. Қайран Нұрағаң, бауырмал, ақкөңіл, мейірбан еді. Қаламдас іні-қарындастарынан жан шуағын аямай, аялап, ардақтай білді. Үлкен абырой-беделге ие болды. Аяулы жеңгеміз, қазақы үлгіөнегені өмірлік мұратындай биік ұстаған Айман тәтеміз екеуі қос аққудай жарасып жүретін. Ардақты ұлы Нұрай ата жолын жалғастырып, үлкен азамат атанды. Жан-жағын нұрландырып жүретін Алаштың абызы Нұрағамыз енді аңызға айналып кете барды. Жаныңыз жәннатта болсын, жақсы аға! Құдай тағала балаларыңызға, немерелеріңізге ұзақ ғұмыр, бақыт, береке берсін! Қос Серік Аяулы замандасымыз Серік Шөкелекұлы Есполовтың өмірден озғанына да жыл толып қалыпты. Біз Кеңащыда тұрғанда, Серік мектепте директор еді. Жаңадан қазақ тіліне көшірілген мектептің қазақ тіліне, қазақылыққа көшуі оңай болған жоқ. Сол күрделі өзгерістің қайнаған ортасында жүрген кеңестік заманның перзенті Серік мұғалімдер қауымымен бірлесе отырып, ана тілімізді орнық-

тыруға, жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеп, ұядан қияға ұшыруға үлкен еңбек сіңірді. Бір қызығы, оның зайыбының да есімі Серік болатын, жұрт көбінесе Света дейтін. Оның ата-анасы Шахман мен Қадес апамыз ырымдап қойған ғой. Серік десе дегендей, қос Серік жұбын жазбай өмірлік серік болды, қосағымен қоса ағарды, өркендері өсті. Мен оларға: «Қайсың басшы, қайсың серіксің?!» – деп әзілдеуші едім. Жымиып күліп қоятын. Кейіннен Секең Кеңащы ауылдық кеңесінің төрағасы болды. Жұртқа жайлы, көпшіл азамат еді. Совхоз директоры Қалиасқар Әйткенов, ауылдың ардақты ақсақалы Мамау Әубәкіров бастаған ардагерлермен тізе қосып, ауылды сақтап қалуға күш-қайратын жұмсап бақты. Өмір жолы оны әр қияға салды. Айтыс, тартысты да бастан кешті. Соның бәрінде де ол адамшылық қасиеттерін биік ұстап, табандылығын, қайрат-жігерін танытты. Кейінгі жылдары аудандық мәслихаттың төрағасы болып жүргенде де еліме болсын, елдің азаматтарына болсын деген ниетінен жаңылмай, қолынан келгенінше қажырлы еңбек етті. Серік адамдармен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол үнемі көпшіліктің ортасында жүретін. Ел-жұртын сыйлады, елжұртының құрметіне бөленді. Біздің жадымызда ол осындай жарқын бейнесімен қалды. Ал, ауданымыздың тарихында атқарған еңбегін, ардақты есімін есте қалдыруды ел болып ойластырып, қолға алуымыз керек. Мен–«Лениншіл жастың»чемпионымын! Сонау алпысыншы жылдары, ауылда, бала күнімізде «Лениншіл жас» газетін асыға күтуші едік. Әй, бір түгін қоймай оқитынбыз таласа-тармаса! Әдебиет, мәдениет, спорт тақырыбындағы дүниелерге бір дүрілдеп қалатынбыз. Ғалам ғажайыптарына аузымыздың суы құритын. «Күмбір-күмбір күмбездер» айдарымен шыққан материалдар, әсіресе Ақаңның – Ақселеу Сейдімбековтың мақалалары кеудемізді күмбірлетіп жіберетін. Ойлап отырсақ, сол кездің өзінде «Ле-

ниншіл жас» қазақ жастарына білім мен елдік рухтың сәулесін шашқан екен ғой! Студенттік шақта да ол біздің серігіміз болды. Ол кезде «Лениншіл жаста» өлең, әңгімелері, мақалалары шыққан адам – ерекше құрметке ие болып, көптің аузына ілініп, санатқа кіретін. Бесінші курсты бітіретін жылы менің де қазақ әдебиетіндегі детективтік шығармалар туралы бір әдеби сын мақалам – «Детектив дидары» деген атпен көл-көсір болып шыға келді! Оны жариялаған ұстазым, редактордың орынбасары Сағат Әшімбаев ағамыз! Алшайып атқа мінгендей болып қалдым! Сол жылы оқу бітіргесін, Сағат Әшімбаев мені «Лениншіл жасқа» қызметке алды. Бала күнімнен аңыздай көрген аяулы газетімнің дыраудай тілшісі болу дегенің өмірімдегі керемет оқиғалардың бірі! Келген бетте Қасым Аманжоловтың «Өзім туралысы» мен Мұқағали Мақатаевтың «Реквиемін» сабақтастыра қараған көлемді мақалам жарияланғаны да айрықша есімде. Ол кездегі «Лениншіл жас» қайнап жататын! Жан-жақтан қалыптасқан қаламгерлер мен жас талапкерлер қаптап келіп тұратын. Мен Ырым Кененбаев, Жақау Дәуренбеков басқаратын бөлімдерде қызмет істедім. Бірталай іссапарларға шығып, ел, жер көрдім. Жұрт газет оқитын, жария сөзді қадірлейтін, құлақ асатын заманда халық арасында «Лениншіл жастың» беделі өте зор екеніне көзім жетті. Таралымы үш жүз мыңға жуықтаған жалынды басылым исі қазақ жастарының ұйтқысы, ой қозғаушысы болып еді. Ол дәуірдің жастары «Лениншіл жасты» оқып, «Лениншіл жаспен» сырласатын, ой бөлісетін, жанайқайын жеткізетін. Оқырман хаттары тура бір тасқын судай ағылып, жауап беруге үлгере алмай, кейде арнайы уақыт бөліп, апталап хаттарға жауап жазумен айналысатынбыз. Редактор Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз бізге үлкен ақсақалдай көрінуші еді, сөйтсек, елуге де келмеген кезі екен ғой. Қызметкерлермен стол теннисін ойнайтын, әсіресе, оның мықты қарсыластары Несіп Жүнісбаев, Ерғали Сағатов болатын. Фойеде теннис столы ұдайы тұратын, барлық газет-журнал редакцияларының қызметкерлері ауық-ауық шар соғып, қан таратып, шер тарқатып кететін. Тағы бір қызық оқиға – 1978 жылы шахматтан редакция біріншілігі өткізілді. Ұйымдастырушысы әрі бас төрешісі, әрі белсенді

қатысушысы – спорт бөлімінің меңгерушісі Несіп Жүнісбаев. Жұ-
мыстан кейін, түскі үзілісте ақ тер, көк тер боп ал соғайық шах-
матты! Газет тарландары Серік Әбдірайымов, Аян Нысаналин,
Орысбай Әбділдаев, Әшірбек Көпішев, Жарылқап Бейсенбаев,

Жақыпжан Нұрғожаев, Қайырбек Асанов, Шәкизада Құттаяқов
сынды ағаларымыз бастаған біраз мықты шахматшылар бар. Бізге
үлкен көрініп, «шал» атанып жүрген о кісілер сонда қырықтың о
жақ бұ жағында ғана екен-ау! Қызық болғанда, қортынды есепте

бірінші орынға ең жас қызметкер мен шыға келейін! Ал Несіп бі-
рінші рет шахмат жарысына арнап бір үлкен, әдемі металл кубок
дайындаған екен. «Осыдан бастап, жыл сайын чемпион атанған
кісінің аты осы кубокқа жазылады да, редакцияда сақтаулы тұра-

ды!» – деп хабарлады. Сөйтіп, «Лениншіл жас» газетінің шахмат-
тан 1978 жылғы чемпионы Баянғали Әлімжанов!» деп, граверге
ойдырып, жаздырды да қойды! Бұл менің шахматтан қол жеткізген
ең биік шыңым! Әбден рахат болды – анда-мында барғанда шах-

матқұмарлардың, тіпті, кәсіби шеберлердің де, ортасында, әрқайсы
шахматтағы өз жетістіктерін айтып жатқанда, яғни, бірі ауданның,
бірі облыстың, бірі түрлі мекемелердің жеңімпазы болғанын айтып
күпілдегенде: «Мен «Лениншіл жастың» чемпионымын!» – деп

шыға келемін! Сонда барлығы дуылдап, ерекше қолпаштап кетеді

– «Лениншіл жасты» құрметтегендіктен, әрине! Әсіресе, Жазушы-

лар одағында мықты шахматшы Қажығали Мұқамбетқалиев аға-
мызбен түн ортасына дейін қырқысып ойнағанда, осылай айбар
көрсетіп қоюшы едім! Оған да, міне, қырық жылдай болып қалып-
ты! Алаштың ардақты газетінде қызмет істеп, шығармашылық із-

деністердің жолынан өтіп, қаламдастармен ой да кешкен, ойнап та
күлген тамаша кездерді қашанда сағынышпен еске аламын!Тоқсан
бес жылдық торқалы той, еліміздің көсем сөзбен бедерленген ру-
хани тарихының тойы құтты болсын! Қазақ халқымен бірге жасай

бер, «Лениншіл жас – Жас Алаш»!

ТУҒАН ЖЕР ТҰНҒАН АҢЫЗЫМ

Степняктың алтын аңызы
Менің туған жерім – Степняк қаласындағы Бұлақбасы ауылы.
Бұлақ құдығы бар еді. Жүк машинасы батып қалып, жуан сі-
ңірлі доңғалағын шыр айналдырғанда, сол батқан жерінен бұр-

қылдап су шығып жататын.
Бұлақ басы!
Мөлдір бастау бұлағым,
Сәби кезден

Сездім күннің шуағын.
Жалаңаяқ
Қозы-лақпен жарысып,
Көк кілемдей

Көгалына құладым.
Осы ауылда
Тұңғыш рет қуанып,
Осы ауылда

Тұңғыш рет жыладым! – деп басталатын өлеңім туған жері-
ме арналған.
Степняк қаласы тұрған жер бұрын «Мыңшұқыр» аталған екен
дейді. Жобасы, алтын қазған кені көп болғасын айтылған-ау! Бұл

жерден бағы замандарда монғолдар алтын алған деседі. Монғол
тұнбалары (монгольские илы) дейтін шұқырлардан кейін орыс
кеншілері алтын құмын қазып шығарған. 1901-1902 жылдары

патша үкіметінің тапсырмасымен Шпрингбах деген кәсіпкер кенші
келіп, кен қазу жұмыстарын бастайды. 1906 жылы Троицк шахта-
сын қазады.
Сол кезде бұл қалашық Шытырымбек атанып кеткен. Шприн-

гбахтың ауласын қоршаған шарбағында иірілген жыландар алтын-
ды күзетіп тұрады екен деп ел әлі күнге аңыз қылады. Жылан ал-
тын мол жерде болады екен ғой, терең шахтаның түбінде де орда-
лы жыландар қайнап жататын көрінеді. Революция кезінде боль-

шевиктер ол шахталардың бәрін, жыланымен қоса, динамитпен
жарып жіберген дейді.
Степняк совет өкіметі кезінде керемет өркендеген қала болып-
ты. Халқының саны 40-50 мың адамға жеткен. Алтын жүрген жер-

ге неше түрлі пәле үйір болмай ма, нағыз жұмыскер, маман-
кеншілермен қабаттаса небір сотталған, қашқан-пысқан қарақшы-
лар да қаптап келген сияқты.
1934 жылы мұнда Сергей Киров келген. Жайдан-жай емес қой,

әрине. Алтыны көп, маңызы зор болғасын келеді де.
Сол уақыттарда алтынды жиырма килограмдық, трапеция
сияқты құймалар түрінде шығарады екен. Бастықтар: «Кімде-кім
осы құйманы екі алақанымен екі жағынан қысып алып, тік көтеріп,

есіктен шығып кетсе, соған тегін береміз!» – деп ойнағанды жақсы
көреді екен. Ешкім көтеріп ала алмайды екен.

– Бала күнімізде өзектен аққан судан аттап өтіп бара жатқанда

жылтырап жатқан алтын құмын көріп қалсақ, қолма-қол сүзіп ала-
тынбыз. Дүкенге әкеліп, кірге тартып өлшеп, өткізсек, бон деген
ерекше ақша төлейтін. Арнайы дүкенде керек-жарақ нәрселерді
жай совет сомына бермей, бонға ғана беретін! – деп, әкем айтып

отыратын.
Біздің бала күнімізде, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары
алтын ұрлап сотталғандар туралы детективке бергісіз ақпарлар
дүңк-дүңк естіліп жататын.

Ел айтады: Ашаршылық жылдары айналадағы ашыққан ауыл-
дардан кімде-кім Степнякқа жетсе, аман қалады екен. Жете алмай,
айдалада көмусіз қалғандар қаншама? Степняктан Тассуға қарай
баратын дала жолының шетінде елеусіз жатқан бір ескі төмпешікті

Ұғыш жездем көрсетіп еді: «Аштықта өлген бір бейбақ!» – деп,
бетін сипаған.

Өмірхан Тоқтаров атамыздың әңгімесі: Сол аштық кезінде Кү-
реңтай батырдың баласы Ижан Степнякқа жете бере жығылған
екен. Сол жерде қала берген мәңгіге. Кейіннен, кісілер мәйітін
тауып, жерлепті, сонда қалтасы тола ақша дейді. Сонша ақшасы

жанын алып қала алмаған, бір түйір нанға татымаған!
Тағы да Қабжан нағашымыздың, кемпір-шалдардың айтқаны:
Ашаршылық кезінде ауылдардан сыпырып алған жылқының бәрін,
бір кезде аудан орталығы болған үлкен кент – Казгородокқа айдап

әкеліп, ет комбинатына өткіземіз деп, түк қоймай сойып тастаған.
Оған сыймағасын, сыртқа тау-тау ғып етті үйіп қойған. Бір адамға
бір түйір татырмай, қарулы кісілер күзетіп тұрған. Бірер күнде ол
еттің бәрі сасып, бүлініп кеткен соң, ашығып, тарығып, қырылып

жатқан халыққа берместен, өртеп, көміп тастаған! Ал, бұған не
дейсің?! Қасақана, қазақ халқын қыру үшін жасалған саяси науқан
емей немене!?
Өмірхан Тоқтаров атамыз айтып еді: Асыра сілтеу кезінде

ауылға азық-түлік салығын жинауға келген шолақ белсенділер түгі
жоқ ауылдың астын үстіне келтіре тінтіп, ештеме таба алмаған
соң, ауылдың бір бас көтерер азаматын қысымға алады. «Тыққан
азықтарыңды, тұқымдарыңды тауып бер!» – дейді. Ана кісі: «Еш-

теме қалған жоқ, бар бидайды да, малды да, етті де өткен жолы түк
қоймай сыпырып әкеткен!» – дейді. Сонда: «Ах, сен контра, апар-
тон, бізге, совет өкіметіне қарсылық көрсетіп тұрсың ғой!» – деп,
жындары қайнаған шолақ белсенділер әлгі кісіні күздің қара суы-

ғында ауыл сыртына жаяу айдап апарып, терең қара суға батырып-
батырып алып, қоя беріпті. Не деген жауыздық десеңші, ұрып-
соқса, денесінде таңба қалады да, ертең, бәлкім, жауап беру керек
болады. Ал қара судан ешқандай белгі қалмайды, бірақ, өкпесі қа-

бынып, не ауру боп қалады, не мүрдем кетеді! Міне, отызыншы
жылдардағы қазақ ауылына жасалған зорлық-зомбылықтың нақты
бір суреті, дерегі осындай! Момын батырлардың мықтылығы
Мен бала күнімнен әкемді батыр деп ойлап көрмеппін. Жарық-

тық, ешкімге қатты сөз айтпайтын, ашуланбайтын, ешкіммен тө-
белеспейтін момын кісі еді. Шешеміз Бәтима шапшаң мінезді бо-

латын. Кей-кейде әкемді жерден алып, жерге салатын, сонда ана
кісі «әй, қой!» деп бір дауыс көтермей кетті! Бірақ, мамам көңілі
түссе – көл! «Әкең пәшестің бәрін қиратып, жеңіп келген! Нағыз
герой осы!» – дейтін, жүзі нұрланып.

Осы бір герой, батыр деген сөзді мен әкеме шақтай алмай басым
қататын. Төрт-ақ класс білімі бар жарықтық бала күнімнен батыр-
лар жырын оқып өсірді бізді. Сонда, менің қиялымда батыр деген
арғымақ мінген, ақсауыт киген, алмас қылышы мен ақ найзасы айға

шағылысқан алып тұлғалы, арыстандай ақырған, даусынан қалмақ-
тар қоғадай жапырылатын қаһарман болып көрінетін. Ал мына керзі
етік пен көнетоз күпәйке киген, қара еңбектен қажымайтын қажыр-
лы, қайратты, орта бойлы ғана қарапайым кісіні қайран шешемнің

солардың қатарына қалай қоятынына қайран болам! Тек әйтеуір ке-
зінде жастықпен басқа жақтан келгендермен ерегісіп қалғанда:
«Мой отец Берлин брал!» – деп, қиқу салғаным рас!
Менің әкем Тақан Әлімжанов соғыстың алғашқы кезінен бас-

тап, аяғына дейін қатысқан. Соғысқанда да, нағыз қырғынның
ішінде жүрген, алғы шепте, жаудың бетінде, жауған оқтың өтінде
болған. Бүкіл Ресей мен Европаны түгел жаяу жүріп, жауды түре
қуып өткен. Жаяу әскердің барлаушылар тобында талай мәрте

майдан шебінен өтіп, жау тылына түрлі жауынгерлік тапсырма-
лармен барып қайтқан. Әскери атағы – сержант. Қызыл Жұлдыз
орденімен, қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға берілетін ең
жоғары ерлік белгісі «Ерлігі үшін» («За Отвагу») медалімен наг-

радталған. Одан басқа да «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» ордені,
көптеген медальдары бар. Үш рет жараланған. Екеуі ауыр, біреуі
жеңіл. Ұлы Отан соғысының үшінші топтағы мүгедегі.
Бір жолы шекеден танк снарядының жарықшағы тиіп, ауыр

жараланыпты. Темір жарықшақ миға екі миллиметр қалыпты. Ми-
ға қарай кетпей, сүйекті бойлай қадалып, тұрып қалған. Дәрігерлер
госпитальда жарақатын жуып, ем-дом қолданып, қанша тазаласа
да, жарықшақты ала алмаған. Содан, емделіп, алғы шепке келген-

де, қайтадан шекесі ісіп, басы ауырып, әбден азап көреді. Коман-
дирлер оның ауыр халін көріп, госпитальға тағы жібереді. Жуып,
тазалап, емдейді, бірақ сүйекке тереңдеп кірген жарықшақты ала
алмайды. Қайтадан соғысқа келіп, майданға кіріп кетеді. Сөйтіп,

шекесін қасып қойып, соғысып жүргенде, бір күні, қанша дәрігер
жабыла іздегенде таптырмай, түспей қойған, сүйекке тікелей кіріп,

тереңде жатып алған жарықшақ, асханада тамақ ішіп отырғанда, өз-өзінен сылдыр етіп табағына түсе қалған! «Ар жағынан ірің теуіп шығарған ғой... Ой, бір рахаттандым-ау!» – деп, сүйегін жарып түсе қалған жарықшағын жүрегі жарыла қуанып еске алатын жарықтық! Шекесі өле-өлгенше тыртық болып жүрді. 1996 жылдың жазында соғыс мүгедектеріне жеңіл автомобильдер беріледі екен деген хабар шықты. Ол кезде әкем төсек тартып жатқан. «Мені облысқа, комиссияға апар!» – деп, қоймады. Ішінде арманы кетпесін деп, « Жигулидің» алдыңғы орындығын барынша созып, шалқасынан жатқызып, Кеңащы ауылынан 150 шақырым жердегі Көкшетау қаласына алып бардым. Аудан мен облыстағы кейбір дос-жарандарым: «Өй, сізді бәрі біледі, бастықтарға айтсаңыз, ана жерге бір қой, мына жерге бір қой берсеңіз, біреу-міреулер кішкене көмектесіп жіберсе, шал машинаны мінеді де қайтады!» – деп ақыл берді. «Қой, – дедім, – біздің шал кеше соғыста қанын блатпен төккен жоқ қой! Машинаны да блатпен алмайды, еңбегімен алады!» Сөйтіп, дәрігерлер комиссиясына алып келдім. Комиссия бастығы Жәмкен Құдайбергенов ағамыз екен, біздің елдікі, Құдайберген молданың немересі, үлкен дәрігер. Мектепте інісі Халелмен (Халиолла) бір класта оқығанмын. Жаны қалмай қарсы алып, әбден тексеріп: «Ағамыздың бес кісілік сырқаты бар екен! Он кісілік еңбегі бар екен! Мұндай ардагерлер қазір өте аз қалды ғой, бәріне де машина берсе артық емес! Бірақ, бірақ...» – деп, жылы сөзбен шығарып салды. Бірағы – заң бойынша, соғыста аяғынан жараланған кісілерге машина беріледі екен. Ал біздікі – бастан! Содан, үйге келе жатқанда: «Шал, естідің ғой өз құлағыңмен, енді мазаны алмай тыныш жат! Осының бәрін баяғыда ойлауың керек еді! Оққа басыңды тосқанша, аяғыңды тоса қоймадың ба?!» – дедім. «Әй, Баянғали-ай!» деп, риза болып, рахаттана күлді! Сонымен бітті машинаның жыры! – Бір ауыр жарақаттан кейін елге қайтаратын болды. Түскі тамақтан кейін жүресіңдер деп, командир қағаздың бәріне қол қойып берді. Жолдастармен қоштасып, түскі асты ішіп отырғанда, радиодан Сталиннің бұйрығын самбырлатып оқып тұр! Жүруге, мылтық атуға жарайтын жаралылардың барлығы алғы шепке, соғысқа жіберілсін дейді! Сөйтіп, елге кетеміз деп, өмірден үміттеніп қалған қайран басымыз қанды қасапқа қайта кірдік! – деп, еске алушы еді сол күндерді.

Негізінде, ол кісінің соғыс туралы әңгімелері қызық болатын. Әңгіме айтуы да ерекше еді. «Біз әңгіме білмейміз ғой, көбіне жаңылып, ұмытып қаламыз! Уот, әңгімеші деп баяғының шалдарын айт, ағып отыратын!» – деп қойып, ақырындап сөзін сабақтай берер еді. «Әй, әкеңнің әңгіме айтқаны бар болсын! – деп шешем киіп кететін арасында. – Әне жерін тастап кеттің ғой! Жөндеп айтпайсың ба Бәкөшке! (Менің ерке атым!)» – деп, түзеп жіберетін. Әңгімеқұмар маған бәрі қызық. Әсіресе, оқ пен оттың ішінде қызыл қанды кешіп көрген кісінің бояма-әсіресіз нақты әңгімесі бүкіл жан-дүниемді жаулап алатын. Бірақ, не сиқыры барын кім білсін, мектепте оқытатын соғыс тарихы жайлы кітаптарды қатып қалған заң, бұлжымайтын ақиқат, өзіміз сияқты адам жазған дүниеден гөрі көктен түскен керемет көріп, алыстағы бейтаныс батырлардың ерлігіне сәби сана-сезімім көзсіз сеніп қалғандықтан ба, жанымдағы жақын адамның төккен қан мен тері, көрген бейнетазабы, еңбегі мен ерлігі ешкімнен де кем емес екендігін бұлдырбұлдыр түйсінгеніммен, солардың қатарына қоюды осы күнге дейін ойлап көрмеппін! Бәлкім, өз әкемді өзім дәріптегендей болмайын деген де шығармын, кім білсін! Қыстың ұзақ кештерінде әңгіме-дүкен құратын едік. Сыртта қақаған аяз, ышқына соққан боран. Кішкентай ғана ағаш үй жыпжылы, ұядай. Пеште қайың мен қарағай алаулап жанып жатады. Оттың жалыны бойымызды, әке-шешеміздің әңгімесі жанымызды жылытып, ойымызды шарықтатып әкетеді. Бейбіт өмірдің отына қызыға қарап отырып, соғыс өрті туралы қарапайым да шынайы, әсіре бояусыз әңгімелерді тыңдай отырып, бала жүрегіміз соғыс атаулыға қарсылық танытып, лүпілдей соғатын. От жанып біткесін, анамыз қып-қызыл, ұшқын атқан қызулы шоқты ұзын темір көсеумен көсеп-көсеп жіберіп, таба нан жабады. Нан піскенде аңдып отырып, әкеме шетінен бір тілгізіп алып, сары майға қосып жегенді жақсы көретінбіз. Нанның шетін ұзыншалап тіліп, ортасынан екі бөлетін. Біз оны бөпе нан деп атаушы едік. Қытырлақ, тәтті бөпе нанға таласатынбыз, бірақ, кенже болғандықтан, бір бөпе нан қашанда маған тиетін! Ата-анам мені бетімнен қақпай, еркін, тіпті еркін өсірді. – Папа, соғыс қандай қорқынышты! Қырғын қантөгіс! – деймін, кинодан көргенімнің әсерімен. – Бірақ, біздің солдаттар оқтан қорықпайтын батыр болыпты! Ал, сен қорқып көрдің бе!?

– Оқтан қорықпайтын кісі бола ма екен?! – деп күрсінеді әкем.

– Соғысқа ең алғаш кіргенде жаман қорқасың! Жараланып, госпи-

тальдан шығып, соғысқа қайта кіргенде тағы қорқасың! Қалған
уақытта етің өліп кетеді. Анандай қанды қырғыннан тірі қаламын,
елге қайтамын деген ой жоқ. Қорықсаң да өлесің, қорықпасаң да
өлесің! Әйтеуір, кеудеңде жаның барда соғысу керек, жауды қыру

керек! Бітті! Немістер бомбылап жатқанда, снарядтар гүрсілдеп
жатқанда, елең де қылмайсың, тамағыңды ішіп отыра бересің!
Өйткені, тамақ суып қалады ғой! Снаряд ысқырып жатқанда селт
етпейсің, өйткені, дыбысы естілген снаряд саған тимейді. Ол өтіп

кеткен снаряд!
Ең алғаш соғысқа кіргенім әлі есімде. Постыда тұрғанда неміс-
тер бомбалады. Гүрс-гүрс жарылыс, қызыл жалын, қара түтін.
Сонда, қорыққанымнан орнымнан қозғала алмай қатып қалыппын!

Сол посты тастамай, тұра беріппін! Бір кезде жақын жерден гүрс
ете қалды... Әрі қарай дым білмеймін. Сөйтсем, топыраққа көміліп
қалыппын! Кейін, біздің жауынгерлер аршып алды. Дін аманмын,
бір жеріме сызат түспеген!

– Бір күні барлауға, тіл алуға бардық. Бір шағын ауыл, бізше

айтқанда. Келіп, ақырын байқасақ, немістер жоқ екен. Сұрастыр-
сақ, біздің адамдар екен, жау қолында қалған. Кешке қарай неміс-
тер келіп, моншаға түседі деді. Соларға монша жағып жатыр екен.
Аңдып, тығылып жаттық, орманның шетінде. Бір кезде бірнеше

үш аяқты матасекілмен келіп түсе қалды. Ешкімнен айылдарын
жиятын емес, алшаң-алшаң басып, топырлап моншаға кірді де кет-
ті. Сәл күттік те, енді шомыла берді-ау дегенде, ақырын басып же-
тіп келдік. Қарасақ, күзет дәнеңе жоқ, киім-кешек, қару-жарақтары

жатыр жайрап кіреберісте. Командиріміз бір дөкей орыс болатын,
ай-шай жоқ моншаның есігін сарт еткізіп ашып: «Хенде хох!» деп
кіріп барды. Қаруымызды кезеп, біз қырып салуға дайын тұрмыз.
Немістердің есі шығып, қалшиып қатты да қалды. Жау келеді де-

ген қаперлерінде жоқ, буға балқып, рахаттанып жатқанда оқтың
аузында қалу оңай ма? Дөкей орыс командир естерін жиғызбастан,
жобасы бастығы-ау деген ірілеу біреуін шап беріп ұстай алды да,
бір-ақ жұлқып, бізге қарай лақтырып жіберді. Қолма-қол, шала-

пұла киіндіре салып, ала жөнелдік. Командиріміз бір бума гранат-
ты тастап жіберіп, моншаның есігін жаба салып, соңымыздан сыр-

тқа атып шықты. Гүрс ете қалды да, бүкіл монша қып-қызыл жалынға оранып кете барды. Біз тілді штабқа әкеліп тапсырдық! – Бір күні түнделетіп барлауға барып, қайтып келе жаттық. Таң алдында қалың егіннің арасынан бір топ немістерді көріп қалдық. Шу шығармай, ақырын жылжып келеді. Бақылап қарасақ, алдарында жеңіл танкілері бар, бірнеше машинаға мінген, мұздай қаруланған, түсі суық, сақадай сай қанішер топ сияқты. Біз бар болғаны он шақты адамбыз. Барлау тобы болғандықтан қаружарағымыз сай, оқ-дәріміз мол, бірақ жеңіл қару ғана. Ақылдаса келе, бұларға тұтқиылдан шабуыл жасауды ұйғардық. Өйткені, бұлар тегін келе жатқан жоқ, әлдебір төтенше, маңызды тапсырмамен келе жатыр. Содан не керек, таң қараңғысымен оқ пен гранатаны жаудырдық келіп. Кенеттен жасаған шабуыл қашанда тиімді ғой, әп-сәтте техникалары отқа оранып, әскерлері қанға батып, қырылғаны қырылып, жараланғандары мен жан сауғалағандары бой тасалай қалды. Кеудесінде жаны бар, жүруге жарайтын бір-екеуін «тілге» алып, біз де зыттық олар естерін жиғанша. Атыс-жарылыстың даусын естіген біздің әскерлер де өре түрегеліп, сақадай-сай бола қалды. Сөйтсек, шынында да жаудың сырттан орағыта айналып келіп, тұтқиылдан соққы жасамақ болған бір зымиян жоспарын іске асырмай, тамырынан қиып түсірген екенбіз! Бізге командирлер: Бұл ерліктерің үшін сендерді батыр атағына, наградаға ұсынамыз деп, алғыс айтты. Кейіннен хабар болмай кетті. Астан-кестең қырғындардың кезінде награда қағаздары түгілі, штабтардың да күлі көкке ұшып, қаншама дәкүмент, қаншама жауынгерлердің ерлік істерінің куәлігі із-тузсіз жоғалмады дейсің! – Украинада азат еткен бір қалашықта тыныс алып, бекініп тұрдық. Бірнеше жауынгер бір үйде отырғанбыз. Әлгі үйдің қызы бізге бір жымың етіп, сыртқа шығып кеткен. Көп ұзамай біздің әскерлер тұрған жерге бір топ фашист самолеттері ұшып келіп, бомбының астына алды. Біздің әскерлер зениткамен атқылап, қарсы самолеттер шығып, ақыры құлатқанын құлатып, қалғанын қуып жіберді. Біз айран-асыр болып, ойлай келе әлгі үйдің қызынан күдіктендік те, ақырын аңди бастадық. Біраздан кейін тағы оңашаланған сәтінде, үстінен түстік. Рациямен байланысқа шығып, немістерге хабар бергелі жатыр екен. Қолма-қол тұтқындап, штабқа әкеліп тапсырдық. Сөйтсек, төбесіне шөмеледей ғып үйіп қойған қалың шашына жасырған екен рация құралын!

– Соғыстың соңына қарай фашистердің жанталасқаны сондай – өлерменденіп, кейде тіпті бір солдатты бір самолет қуалаған кездерін де көзбен көрдік. Бір күні бір неміс самолеті біздің бір капитанның соңына түсіп алып, ал қуала! Жүйткіп келе жатып, ірі калибрлі пулеметпен атқылап келеді, капитан жанталасып, бұлталақтап қашып келе жатты да, самолет тақап келе бергенде шалқасынан жата қалып, наганмен атып-атып жіберді! Оның оғы самолеттің жанармай багына тура тиді білем, бұрқ етіп, от-жалынға оранған самолет жерге құлап түсті де, гүрс етіп жарылды. Әлгі капитанды қолма-қол наградаға ұсынды! – Бір жолы орман ішінде түскі тамақ ішіп отырғанбыз. Жанымыздағы бір жауынгер өз-өзінен қисайып құлай кетті. Бұған не боп қалды деп қарасақ, жаны жоқ, өліп қалыпты. Басы қан-қан. Не атылған мылтықтың даусы, не жарылыс естілген жоқ. Айран-асыр болдық. Бақсақ, алыстан, самолеттен атылған ірі калибрлі пулеметтің оғы өз екпінімен қаңғып келіп, тып-тыныш тамағын ішіп отырған байғұстың тура төбесіне келіп түсіп, тесіп өткен! Ал, амалың бар ма тағдырға! – Қатал, мазасыз, менмен командирлерді шабуыл кезінде, сапырылысқан соғыста өшігіп жүрген солдаттардың өзі атып жіберетін. Ақыры бір өлім, деп, өздерін қорлап, кемсіткен, ызасы өткен командирлерді ту сыртынан басып салып, қанды қырғынға кіріп кете беретін. Ал, өздері сыйлаған, адамгершілігі мол командирлер үшін жанын қиюға дейін баратын. – Бір күні орманда, барлауда жүріп, бір ағаштың түбінде демалуға аялдадық. Үшеуміз. Бір орыс, бір өзбек және мен. Кенет ағаштың ішінен екі солдат жүгіріп шыға келді. Пормысы біздікі. Аңдап қарасақ, орыстар. «Свои!» десіп, сөйлесіп жатырмыз. Сөйтсек, фашистер жағына шығып кеткен власовшылар екен. Айда, бізді үгіттеуге кірісті. Немістер жағына өтіңдер, онда бәрі жақсы, керемет деп қояды. Бізге қосылмасаңдар, бұл жерден аман кете қоюларың екіталай, өйткені, орман тола генерал Власовтың әскерлері деп әкетіп барады. Әлгі орыс оларды мақұлдаған сыңай танытып, алдаусыратып отырғанда, өзбек екеуміз оларға байқатпай ыммен келісіп, кенеттен екі власовшыны атып тастадық! Сөйтіп, ағаш-ағаштың арасымен, жасырын жүріп отырып, өзіміздің әскерге жетіп, жағдайды командирге баяндадық. Ол жоғарыға қолмақол хабарлап, соған орай әскери жоспарларға өзгерістер енгізілді.

– Соғыста маршал Жуков басқарған майданда болдым. Воронеж, Харьковты азат еттік, Дрезден, Лейпцигті алдық. Берлинге қырық шақырым жерде ертең шабуылға шығамыз деп тұрғанда, соғыс аяқталды, неміс фашистері берілді, біз жеңдік деген қуанышты хабар келді! Қалай қуанғанымызды айтуға тіл жетпейді! Мылтықта оқ қалдырмаймыз деп, автоматтың барлық оғын салют қылып, аспанға атып бітірдік! – Немістердің үйлері керемет болатын. Үйлерінің бүкіл қабырғасы шкаф сияқты, тұтас жасалған. Сонда, қашқан фашистер есіктерінің бәріне граната қыстырып кете берген. Олардың үй тола нәрселерін алмақшы болып асығып-аптығып барған жауынгерлердің көбі ойда жоқта сондай жасырын жарылғыштарға түсіп қаза болды. Тіпті, әлі соғысқа, қан майданға кіріп үлгірмеген, жаңадан әскерге келген жас жауынгерлер, әсіресе Өзбекстаннан келгендер, соғыс бітті, енді елге қайтамыз, құрқол бармайық деп, дүниемүлікке қызығып, темір жол бойында тізіліп тұрған вагондарды аралап жүргенде, көпшілігі минаға түсіп, қаза болды. – Бір жолы барлаудан келе жатып, адасып, айналсоқтап, көп жүріп қалдық. Күн тұман, бұлыңғыр. Қалжырап келе жатқанда бір жартылай қираған ескі шым үйге тап келіппіз. Сонда бекініп, демалуға жата қалдық. Ұйықтап кетіппін. Түс көрдім. Түсімде шешем Қамила қолдан пісірген таба нан беріп жатыр екен. Шетінен үзіп алып, аузыма салып, жей бергенде оянып кеттім. Ішімнен қуанып, е-е, елге аман қайтады екенмін деп үміттеніп, жақсылыққа жорыдым! – деп, мұңайып, ойға батушы еді-ау жарықтық! Әкем жас кезінде, соғыстың алдында бір дертке шалдығады. «Ішімде бір беріш пайда болды», – дейтін. Содан, Көкшетау ма, Қызылжар ма, бір үлкен қалаға барып, операция жасатып, ауруханада біраз жатады. Ол уақытта жоқшылық кез, қазіргідей ағылып жатқан машина да жоқ, алыс жерге барып келу бір мұң. Аруханадан жазылып шыққан соң, үйге кетейін десе, жол жүретін ақшасы жоқ. Не істерін білмей, басы қатып, дәлізде отырғанда, бір әйел кіріп келіпті. Терезенің алдына тұра қалып, сөмкесінен буда-буда ақшаны алып шығып, санай бастапты. Әкемізде үн жоқ, қызыға қарап отыра береді. Бір кезде ақшасын санап тұрған әйел бір он сомдықты жерге түсіріп алады. Әкейде үн жоқ, демін ішінен алып, тырп ете алмай отыр. Әлгі әйел ақшасын санап болып, сөм-

кесіне салады да, түсіп қалған он сомдықты байқамай кете береді. Ол кеткен соң, әкеміз әлгі он сомдықты алып зытады. Сол ақша үйге жетуіне толығымен жеткен екен! – Ал, қайтерсің... Бұйырған деп алдым да жүре бердім! Егер де ол әйелге ақшаң түсіп қалды деп айтсам, ол маған он сомды қиып бере қоя ма?! – деп, бір күліп, бір күрсінетін жарықтық. Кейінде талай он сомды өзі де талай кісіге өтеусіз берген әкемізге қиналған сәтте ақшалы әйелді кез қылғаны да жаратқанның! Соғыстан бұрын Степнякта, шахтада жұмыс істеген. Жер астында аудара салуға ыңғайланып жасалған екіаяқты темір арбакәләмушка, рельспен жүретін вагонеткамен руда тасығанының өзі бізге бір қызық болып көрінетін. – Алдымыздан біреу-міреу шығып қалмасын, қағып кетпейік деп, «бойся!» деп айғайлап отырамыз! – деген даусы әлі күнге құлағымда... Біздің аталарымыз Керейдің ішінде Ашамайлы, Танаш би, Тарышы, Ақсары. Ақсары алты ата: Ақымбет, Тоқымбет, Нұралы, Нұрымбет, Еменалы, Бәйет. Ақсарыдан шыққан айтулы адамдар: Марал ишан (Нұрымбет), Салық молда, Біржан сал (Нұралы), Шәймерден Қосшығұлов, Рамазан Елебаев, Жайық Бектұров (Ақымбет), Тұрсынбек Кәкішев, Ахмет Алдашев, Мақсұт Темірбаев (Нұрымбет), Серік Аяғанов (үшеуі де медицина ғылымының докторлары), Қазыбек Смағұлов (Бәйет, Қараталдың атақты бригадирі, диқаны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты), Ермек Нұғыманов (Нұралы), Ерік Нұрақаев (Еменалы), Жомарт Омаров (Еменалы). Біз Ақымбеттен тараймыз. Әкемнің жазып қалдырған шежіресінде Ақымбеттен кейін Шораяқ Бектемір батыр айтылады. Арасында біраз аталар ұмытылып кетуі де мүмкін! Бектемір атамыздың санына бір соғыста жебе қадалып, сүйегіне дейін қиратып кетсе керек. Аяғы ауырып, жанына батып, ісіп, іріңдей бастағанда, (гангрена басталған шығар) өзінің санын өзі өткір қылышпен шауып тастаған екен дейді! Киіз, құрым күйдіріп басып, әйтеуір аман қалған. Содан былай шораяқ Бектемір батыр атанып кеткен екен! Ол кісіден кейін де бірер ата ұмытылған сияқты. Одан кейін Малай, одан Есенбай, одан Бөгембай, одан Қойгелді болып тарайды.

Қойгелді атамыздың бір қызық әңгімесін әке-шешеміз таласа тамсанып айтушы еді. Қой бағып жүргенде, бір сүзеген қара қошқар Қойгелдіге тұра ұмтылыпты. Сонда атамыз жарықтық төрт тағандап тұра қалып, келіп қалған қошқардың маңдайына маңдайын тосып, сүзіп жіберіпті! Қошқар шалқасынан түсіпті де, қаша жөнеліпті. Атамызға дәнеңе болмапты! «Алла-ай, не деген бас десеңші!» деп, шешеміз Бәтима марқұм әбден күлетін. Қойды қайырмақ болып, ысқырып жүргенде, жаңбырдың тамшысы тура астыңғы тісіне тиіп, содан тісі тесіліп, түсіп қалыпты дегенді де айтатын. Сонда, жаңбыр тамшысының сондай бір қасиеті болғаны ма, әлде, тіске тигенде бір реакция бере ме, кім білсін?! Қойгелдіден – Әбіш, Әбжан. Әбіштен – Әлімжан, Шалабай, Кәрімжан. Әбжаннан – Әкімжан мен Аманжол. Әбіш атамыз ақсақал атанған, сөз ұстаған кісі болған екен. Сақал-шашы отыздан асқан соң-ақ ерте ағарыпты деседі. Әжеміз Мәрзия Мұқанқызы - Жауар Қарауыл. Әбіш атамыз алпыс сегіз жасында, соғыстың алдында қайтыс болыпты. Бейіті Степнякта, Бұлақ басында, ата-бабаларымыздың зиратында. Қойгелді, Әлімжан, Шалабай аталарымыз да, ағамыз Мейрамбай, ініміз Сәбитен, апаларымыз Ләйла (Сәлсәбила), Мәймінә (Мәрия) бәрі сонда, Біржан сал атамыздың жанында. Мәмилә деген әжеміздің де атын естуші едім бала күнімде үлкендерден, анығын білмеймін. Әлімжан атам Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Патша қазақтан солдат алған 1916 жылдың Июнь жарлығына ілігіп, майданға кеткен. Міне, сол кезден бастап, революция, азамат соғысы боп жалғасып, ел іші аласапыран, дүрбелең болып тұрғанда, біздің әулет те біраз нәубетті бастан кешеді. Сол заманда Әбіш атамыздың ауылын шауып, тонап кеткенде, бір замандас, көңілі жақын кісілердің жұбатып шығарған өлеңі деп, мамам айтып отыратын. Әуелі Қойгелдінің Әбіжаны, Қалмады-ау тым болмаса Әлімжаны, Бандиттер үйі-түзін түгел шауып, Қалмады-ау ақсақалдың үйлік сәні! Өлеңнің мазмұнына қарағанда, Әбжан атамыз да не соғысқа, не бір іске душар болып кеткен сияқты. Әбжан атамызды қияңқы, асау мінезді болған дегенді құлағым шалып қалғаны бар.

Әлімжан атамыз момын, шымыр адам болыпты. Қарының бұлшық еті (бицепс) доп-домалақ, тастай болатын деп әкем Тақан айтатын. «Ойбай, атаң момын болғанмен, жынына тисе ызақор болатын! Құлынды оттыққа байлағанда, көне қоймаса, мойнын бұрап ала жаздайтын! – деп күлетін мамам. Қиыншылық, жоқшылық жылдарында қалқоздың бір арық аты арам өліп қалады. Бастығы атам үйіне жаны ашып, мына жылқыны сендер сойып жеңдер десе керек. Аштан өлсем де арамды жемеймін деп, Әлімжан атам алмапты. Содан, рабкопты басқаратын інісі Кәрімжан келіп, азық-түлік әкеліп беріпті. Қисса, жырларды жақсы көрген, жатқа айтқан, кітаптан оқып та беретін көзі ашық, көкірегі ояу кісі екен. «Ұғып ал, қызым! – деп, Қалқажанға айтып отыратын», – дейді мамам. Қалқажан деп отырғаны, әкемнің қарындасы Жәнжәмила. Жәнжә тәте дейтінбіз. 1968 жылы қырық төрт жасында қайтыс болды. Жолдасы Арыстанбек жездеміз ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан. Сапер болыпты. Ол кісінің келіні Жамал мұғалім атасы туралы аудандық газетке естелік жазбай ма! Сонда, «соғыста жаяу жүріп көрген жоқпын, ылғи техникамен жүрдім» деген атасының сөзін келтіреді! Сөйтсе, оны біздің тағы бір жиен Шегей оқып алып, бөлесі Тәстембекке қалжыңдайтын көрінеді: «Пол Европы прошагали, пол земли!» – деген солдаттардың өлеңі қайда! Сенің әкең немене, соғыста көлікпен қыдырып жүрген бе?!» –деп! Жәнжә тәтемнің балалары Тәстембек, Балғабек Смағұловтар домбырашы, өнерпаз. Тәстембек бүкіл Еңбекшілдер ауданының ұл-қыздарына домбыра үйреткен үлкен ұстаз. Оның інісі әрі шәкірті Балғабек Қарағандыда, Тәттімбет атындағы оркестрдің домбырашысы. Ол баласы Балқан екеуі «Бал Керей» деген дуэт құрып, қазақ күйлерін келістіре тартқанда, арқаңды шымырлатады. Темірбек жиен мұғалім әйелі Жамал екеуі Сәуледе, қара шаңырақты ұстап отыр. Аталары Смағұл құда құдайға қараған жақсы адам еді. Өмірі ауырып көрмеген екен, сексеннен асқан шағында сырқаттанып, тез арада қайтыс болды. Смағұлдың інісі Ықсан қарулы адам болыпты. Бір жолы өгізбен жер жыртып жүрсе, әбден болдырған өгіз батпақтау жерге батқан соқаны тарта алмай, теңселіп тұрып қалыпты. Сонда Ықсан етігін шешіп тастап, өгізді доғарып, соқаға өзі жегіліп, сүйреп шығарыпты десетін жұрт. Ұста, зергер болған екен. Соғыс кезінде

өзінің табанақы, маңдай терімен тапқан қаржысын жеке танк жасатуға беріпті. Сол үшін Сталиннен алғыс алып, Москваға, Кремльге де барып қайтқан. – Талай дөкейлер жүрген Кремльдің қызыл кілемін осы қара табаныммен басып жүрдім-ау! – дейді екен елге келгесін. Баласы Балтабек менімен құрдас еді. Әзіліміз жарасып, көргенде бір жасап қалушы едік! Үлкендердің айтуы бойынша, Әлімжанның қызы немесе қарындасы, Қалила деген апамыз болыпты, домбыраны бақайымен тартады екен. Әжеміз Қамиланы кішкентай кезімізде көрдік, есімде. Жүзі аппақ, биязы, ақырын сөйлейтін кісі еді. Басында ақ жаулығы болатын. Әжеміз әкемнің туған ағасы Қазихан әтәйім мен Мәрпәну тәтеміздің қолында тұрды. Қазихан әтәйім қой аузынан шөп алмайтын момын, еңбекқор кісі еді. Олардың үйі қарсы көшеде, әжеміз біздің үйге келіп, шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып кететін. Әжеміздің Бәязи деген туған інісі болды, ірі денелі, көзі үлкен, ұзын мұртты кісі болатын. Аты да, тұлғасы қызық кісі ертегінің алыптары сияқты болып көрінетін маған. Ақсуда тұрды. Шешем әкеме: «Құдды Бәязи! Құдай-ау, қалай тартқан!» – деп, қалжыңдап отыратын. Бәязи нағашымыздың Бәжөк деген баласын да көрдік. Шалабай атамыз ескіше оқыған, дін жолын ұстаған кісі. Бала күнімізде көрдік, еміс-еміс есімізде. 1959 жылы, ерте қайтты. Зайыбы Рақия апамыз ақкөңіл, салдырлаған кісі еді. Өмірі ашуланып, біреуге ұрысқанын көрген емеспіз. Баламен бала болып, күліп, ойнап жүре беретін. Он төрт құрсақ көтерген екен, барлығы да жастай шетінеп, содан Жарылғасын ағамыз аман қалыпты. Ол КазГУдің филология факультетін бітіргесін, бірталай уақыт Ғылым академиясында қызмет істеп, ғылыми жұмыспен айналысты. «Батырлар жыры» сынды халық қазынасының құнды мұраларын жарыққа шығаруға ат салысты. Кейіннен ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Халық шаруашылығы университетінде сабақ беріп, доцент болды, зейнеткерлікке сол жерден шықты. Жеңгеміз Күләш Жалаңаш ауылынан, Албанның қызы. Рахия апамыз кейінгі жылдары Алматыда, Жарылғасын мен Күләштің қолында тұрып, қамқорлығын көріп, 1986 жылы сонда қайтыс болды, бейіті Алматының түбінде, бұрынғы Калинин колхозының жеріндегі үлкен қорымда.

Кәрімжан атамыз ескіше, жаңаша оқыған, совет заманында қызметкер болған екен. Бірсуатта рабкопты басқарған дейтін. Ол кісі Ұлы Отан соғысы басталғанда біздің әулеттен ең бірінші кетеді соғысқа. Менің анам Бәтима – әуелі осы Кәрімжан атамыздың жары болған. Одан Ләйла, Мәймінә (Мәрия), Мейрам үшеуі туады. Кәрімжан атамыз соғыстың алғашқы айларында қаза болады. «1941 жылы шиеттей үш баламен жиырма үш жасымда жесір қалдым! Көрдік қой бейнетті де, қайғыны да!» – деп, көкірегі қарс айырыла күрсінетін анамыз. Айта кету керек, анамыз қағаз бойынша 1914 жылы туған деп жазылады. Ал, негізінде, жоғарыдағы сөзіне қарағанда, 1918 жылы туған! Жеңгесі, Қайырғожа молда нағашымыздың зайыбы Титән апамыз: «Мен 1922 жылы Келдәулетке келін болып түскенде, сенің шешең Бәтима үш-төрт жастағы кішкентай қара қыз болатын!» – деп, маған бір айтып еді. Соғыстан аман келген соң, әкеміз бір қызға үйленеді. Бірақ, көп ұзамай ол кісі қайтыс болып кетеді. Содан, ел ақсақалдары жесір отырған анамызды менің әкем, қайнысы Тақан Әлімжанұлына әмеңгерлік жолымен қосады. Одан Мейрамбай, Сұлушаш, Баянғали, Сәбитен туады. Үлкен апамыз Ләйла тәтем (азан шақырып қойған аты Сәлсәбила, Құранда бар, жәннаттағы бір бұлақтың атауы) 1934 жылы, он бірінші желтоқсанда туған. Ләйла тәтем ең үлкеніміз, атаанамыздан кейінгі қамқоршымыз болды. Қарағандыдан жоғары білім алып, оқу бітіріп келген соң, Степнякта, Бірінші май (Первомайка) мектебіне мұғалім болып қызметке тұрды. Сол мектепте өмір бойы физика-математика пәнінен сабақ беріп, зейнеткерлікке сол жерден шықты. Бізге де сабақ берді. Мен еркелей беретінмін. Кішкентай кезімде: «Ләл тәте, бірәндік әперші!» – деймін, әпереді. «Бәкөш, қандай киім әперейін?» десе: «Киімнің керегі жоқ, маған бірәндік әперсең болды!» дейді екенмін. Бір күні сабаққа барарда киімдерім әбден ескіріп, тарылып қалғанын көріп: «Ләл тәте, бірәндіктің керегі жоқ! Маған киім әпер!» – деп, жата қап жылағанымды кейіннен қызық қылып айтып жүретін үйдегілер. Сол Бірінші май мектебінде жұмыс істеп жүріп, Первомайканың жігіті, Ақсары Керей, шуылдақ Өсербай жездемізге тұрмысқа шықты. Өсербай жездем мал дәрігері болып жұмыс істеді. Ұзын бойлы, келбетті, ақкөңіл кісі болатын. Әкесі Сүйіндік құда да, анасы Күлшат құдағи да, інісі Амантай, қарындастары Клара (Гүлба-

ғила), Сара, Жанна (Жұмажан) бәрі де ұзын бойлы, даңғырлап сөйлейтін кісілер. Шуылдақ десе шуылдақ! Ішінде кіп-кішкентай болып Ләйла тәтем жүретін. Ол да бір қызық еді! Жетпісінші жылдары Алматыдан пойызбен келіп, Мәтен стансасынан (Макинка) түсеміз. Ол кезде қазіргідей ағылып жатқан тәкси жоқ, Степнякқа, одан Кеңащыға жету де оңай емес, арасы алпыс шақырым. Сол уақытта елдің, Степняк пен Кеңащының біраз азаматтары бізді құрметтеп қарсы алып, шығарып салып тұрғанын бүгінде ризашылықпен еске аламыз. Әсіресе, Өсербай жездеміз бізді ескі уазигімен күн демей, түн демей, боран-шашынға да қарамай, қарсы алып, шығарып салудан бір шаршамайтын. Ренжу деген жоқ, бір жарты құйып, «жездемізге жан жетпейді» деп мақтап қойсақ болды, көзінің жасы төгіліп жүре беретін. Көңілінің бостығын мен әзілге айналдырушы едім. Ата-анасы қайтқаннан кейін, арада біраз жылдар өткен соң, туыстардың басы қосылып қалғанда, сөз арасында құда-құдағиды еске алып: «Шіркін, атаананың орны бөлек қой!» десем, бітті, жездеміздің екі көзінен жас парлап қоя беретін! Өксігін баса алмай өңкілдеп отырған Өсекеңе қарап, жұрт не жыларын, не күлерін білмей, булығатын да қалатын! Өзі де немере сүйіп, ата болып отырған, екі метрге жақын бойы бар дөп-дөкей кісі сексен жастың о жақ бұ жағында жасап, он шақты жыл бұрын қайтыс болған әке-шешесінің атын естіген бойда көз жасын көлдетіп қоя бергеніне не дерсің! Және ол кезде арақты қойған, сап-сау отырып, шынымен жылайды ғой! Мұны көрген кейбір кісілер тіпті қонаққа жиналғанда: «Жездеңді жылатшы!» дейтін маған. Жаңадан қосылған, бұрын бұл «нөмірді» көрмеген, тіпті, алыстан келген сыйлы кісілерге: «Ал, аңдып отырыңдар! Қазір ана дөкей кісі жылайды!» – деп, бір үлкен сенсация сияқты бірінші болып хабарлап қоюдың өзін қызық көретін. «Жезде жылату» деген біздің бір концерттік нөміріміз сияқты болып кеткен сөйтіп! Жездейде де «отказ» жоқ, әңгіменің ретін келтіріп, көңілін майдай ерітіп, ата-анасының бір қызықтарын айтып келіп: «Шіркін, құда-құдағи қандай еді!» – десең бітті, еңкілдеп қоя беретін! Өзі де бұған әбден үйреніп алғаны сондай, кейде бұл тақырып қозғалмай қалып бара жатқанда, көңілін кернеп бара жатқан көз жасын үйіне көтеріп әкетсін бе, қайтсін, «шынымен осы жерден жыламай кетемін бе?!» дегендей: «Баянғали, атам мен апамның ана әңгімесін айтпадың ғой! Мына әңгімесі есіңде ме?» деп, қозғап

жіберетін де, бастай бергеннен-ақ манадан әрең ұстап отырған тізгінін еркін жіберіп, армансыз ішін босатып алушы еді... Жалпы, менің апа-жезделерім бір ғажап, қызық адамдар. Жезделерімнің бәрімен де әзіліміз жарасып, кездескен жерде арқажарқа болып, бір жасап қалушы едік! Ләйла тәтемнен кейінгі апамыз Мәйміна (Шын аты Мәрия, біз Дудә деп кеткенбіз) 1937 жылы туған. Тұрмысқа ерте шығып, жездеміз Ұғыш екеуі өмір бойы мал бағып, адал еңбек етті. Ұғыш жездем ақкөңіл кісі еді. Біздің бала кезімізде олар Құдықағаш пен Маркстің ортасында, Мақпал таудың етегінде жалғыз үйлі қыстауда қой бағып отырды. Орман шетінде тұрған апа-жездеміздің қыстауына қысқы каникулда қыдырып барып, орман аралап, құдағиымыз Алтын апаның ғажайып ертегілерін тыңдау – біз үшін ертегілер еліне саяхат жасаумен бірдей болатын! Қой базы бізге қызық көрінеді. Ағаш арасындағы жалғыз үй бізге тұтас бір әлем. Қысқы орманның суреті қандай! Кенебай атамыз қойды қораға қамап келгесін, кешкі шайды ішіп, көңіл жайланғасын, біз Алтын апамыздан ертегі сұраймыз. Әсіресе, немерелері, біздің жиен Шегей бір ертегіден кейін бір ертегі сұрап, мазасын алады. Апамыз соған көніп, небір қызық ертегілерді, діни қиссаларды, ғажайып аңыз, хикаяларды, «Мың бір түнді» майын тамызып айтып беретін. Пайғамбар мен Әзірет Әлі (апамыз Ғазірет Ғалы деп айтатын) және жердің тұтқасы туралы сонда естіген аңыз да, боранды кештегі ескі қыстау, ертегі де бертінде сағынышты өлеңге айналды. Ағамыз Мейрам 1940 жылы төртінші қарашада туып, 1989 жылы, қырық тоғыз жасында кенеттен қайтыс болды. Ақкөңіл, аңқылдаған кісі, «аузын ашса көмейі көрінетіннің» нағыз өзі еді. Біз ол кісіні ес білгелі Бөкә дейтінбіз. Неге десек, кезінде қатарластарымен футбол ойнағанда ылғи қақпашы болады екен. Жақсы ойнап, допты қағып ала берген соң, замандастары риза болып: «Борька! Борька!» – деп атап кетіпті. Борька деген сол уақытта бір жақсы қақпашы болса керек! Біз, Борькаға тіліміз келмей, Бөкәға айналдырып алыппыз. Мамандығы – экономист. Әуелі, мектеп бітірген соң, Қотыркөлдегі техникумда оқыды. Техникумда оқып жүрген кезінде бір

топ жолдастарымен үйге қыдырып келгені есімде. Сонда бір әдемі
боялған, ағаштан жасалған, үлкендігі орташа шахматтары болды.
Жарысып ойнайды бәрі. Мен сонда жеті-сегіз жаста шығармын-ау,
беймәлім, жұмбақ ойынға қызыға қараймын. Әсіресе, боялған ағаш

фигуралар қатты қызықтырады. Кетерде Кенжебай деген курстасы
өздерінің ойнап жүрген шахмат тақтасын ішіндегі тастарымен тү-
гел маған сыйға берді. «Шахматты жақсылап үйреніп ал! Кім берді
десе, студент Кенжебай берді деп айт!» деген даусы әлі құлағым-

да. Сол шахматты әкем, ағам Мейрамбай бәріміз таласа-тармаса
ойнайтынбыз. Қайран балалық-ай десеңші, жеңіліп бара жатсам,
еркелікпен қиястанып, жанжал шығарып, шахматты шашып жібе-
ріп, жата қалып жылайтынмын. Ол аз болғандай, белі қылдырық-

тай король, ферьз, офицер, пешкалардың қолыма түскенін бырт
еткізіп сындырып, қырт еткізіп тістеп тастайтынмын. Мамам бәйек
болып: «Бәкөшті жылатпай, неге жеңіле салмайсыңдар?!» – деп,
әкем мен ағама ұрсып қояды. Бірақ, мен жылады екен деп, олар

жеңіле салмайды! Қолы шебер әкем мен сындырған фигуралардың
ортасын жіңішке темір сыммен жалғастырып, бекітіп, қайтадан
ойнаймыз. Бірақ, тағы да шындап ойнаймыз. Өтірік жеңілсе, тағы
бәле қыламын, шындап ойна деп! Ақыры, не керек, өстіп жанжал-

дасып жүріп, қайтсем де бұларды жеңемін деп ширығып жүріп,
шахматты жақсы ойнайтын болдым, мектеп бітіретін жылы үшін-
ші разряд алып, оқушылар арасындағы республика біріншілігіне
де қатыстым.

Бөкәм демалысқа келгенде, кәдімгідей қарсылас болатынмын.
Ол кісі де қызық еді. Мейрамбай ағаммен, ол жоқта менімен
«Степняк-Көкшетау!» – деп, жиырма төрт партиядан тұратын матч
өткізетін!

Оқуын бітірген соң, Бөкәм біраз уақыт Кеңащыда бухгалтер
болып істеді. Содан соң Көкшетау қаласына қызметке кетті де,
сонда тұрақтап қалды. Сырттай оқып, Алматыдан институт (Нар-
хоз) бітірді. Обкомда жұмыс істеді. 1966 жылы Ғалия Хамитқызы

Мұхамединаға үйленді.
Жеңгеміз Ғалия әдемі кісі еді, руы қыпшақ. Әкесі Хамит үлкен
қызметкер болған кісі, ерте қайтыс болған. Бөкәм үйленгенде құ-
дағиымыз Нұрқатша Чистополье ауданында тұрады екен. Біздің

Степняктан үш жүз шақырымнан артық жер. «Алыс екен, жердің
түбі екен!» деп, құдалыққа барып келген аталарымыздың, шешем-
нің айтқаны есімде. Кейіннен, Бөкәмнің кіші қызы Әйгерім Қы-

рықмылтық Адайдың жігіті Мелиспен Маңғыстауға, Ақтауға кеткенде: «Міне, саған алыс жер керек болса!» деп, көк теңіздің жағасында тұрып, осының бәрін еске алып едік. Ғалия жеңгеміз орыс тілі мен әдебиетінің маманы, мұғалім болды. Біраз жылдар Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы үшінші мектептің директоры болып қызмет істеді. Зейнеткерлікке шыққан соң, Алматыда балаларымен бірге тұрды. Бөкәмнің бір қасиеті – ғажап әңгімеші болатын. Әңгіме айтқанда майын тамызып, әрбір ұсақ-түйек детальдарға дейін мән беріп, акцент жасап айтқанда, әлгі ұсақ-түйектің өзі қызық болып көрінетін. Ол кісінің бұл қасиеті баласы Бауыржанға қонған. Орысша сөйлейтін Бауыржан әңгімені айтқанда жандырып жіберетін. Ол мектепте оқып жүргенде дзюдо күресімен айналысқан. Оқушылардың жарыстарына қатысып, бүкіл Совет одағы бойынша жарыстарға барып, ел көріп, жер таныған бауырымыз интеллектісі жоғары эрудит еді. Харьковте оқып, ұшу инженері мамандығын алып, лейтенант болып шықты. Сол кезде Одақ ыдырап, үлкен өзгерістер, аласапыран болып жатқан соң, қақтығыстардың біріне жіберуі мүмкін-ау деп қауіптендік. Бәріміздің тілегімізді ескеріп, Бауыржан әскери мамандығымен қош айтысып, Көкшетауға келіп, бейбіт өмірге араласты. Кластастарымен кәсіпкерлік әлеміне кіріп кетті. Табыссыз болған жоқ. Біраздан соң Алматыға көшті. Онда да кәсіпкерлікпен айналысты. Қара базар, қайнаған өмірдің ортасында жүріп, сырына қанықты, пісіп, жетілді. Маңдай тердің бағасын білді, өз ісі үшін қаймықпай күреске түсті. Қоғам тіршілігі жайлы, әлеуметтік теңсіздік, қиянат пен әділеттілік жайлы өткір ойларын батыл айтатын. Ағамыз Мейрам сияқты мейлінше адал, тіпті, максималист еді. Кейіннен сырқаттанып, Москваға барып, бүйрегін ауыстырды. Сонымен он үш жылдай жүргенде де, қандай қатты ауырғанда да бір еңсесін түсіріп, уайымдап, қайғырған емес. Қайраттанып, түк болмағандай әңгімесін айтып, жұмысын істеп жүре берді. Жанжары, Амантай құдамыз бен әуелде «квадрат», кейіннен «куб» құдағи атанған Тұрсын құдағиымыздың қызы Жанар оған сүйеніш бола білді. Амал не, ақыры айналдырған ауру алып тынды, 2014 жылы 46 жасында Бауыржан бауырымыз өмірден озды. Жарты жылдан кейін анасы Ғалия да қайтыс болды. Екеуі қатар, Рахия апамыз жатқан қорымға жерленді.

1949 жылы жиырмасыншы қаңтарда туған Мейрамбай ағамыз
ұзын бойлы, зор денелі, сымбатты, сұлу жігіт болатын. Спортқа
күшті еді, штанга көтеретін, бокс, күреске де бар еді. Шахматты
мықты ойнайтын. Кітапқұмар еді, бізді кітап оқуға қызықтырып

үйреткен де сол Мейрамбай ағамыз болатын. Амал не, 1968 жылы,
он тоғыз жасында, политехтің екінші курсын бітірген жазда Алма-
тыда суға кетіп қайтыс болды. Ол туралы мен «Қыр астындағы
құлын» деген поэмамда ,» Бақыттың бір үлесі» деген әңгімемде

жаздым.
Сәбитен ініміз 1958 жылы туып, сегіз-ақ күн тұрып, қоскіндік
деген аурудан шетінеп кетті.
Осы жеті баладан қазір апам Сұлушаш екеуміз ғана қалдық.

Сұлушаш 1951 жылы маусым айының он үшінде туған. Ләйла
тәтеміз сияқты, ол да физика-математика мұғалімі мамандығын
алып, өзі түлеп ұшқан Абай атындағы орта мектепте өмір бойы
сабақ беріп, зейнеткерлікке сол жерден бір-ақ шықты! Сары ал-

тындай жездеміз Талғат екеуінің не бір қызық әңгімесі менің кі-
таптарымда жазылып жүр.
Хрущевтің заманында біз мектепке енді барған баламыз. Нан-
ның кезегіне жұрт таң алдында барып, таласып жатыр екен деген

әңгімелер есімде. Бір күні Сұлушаш, көп болса он-он бір жаста
шығар, дүкенге барып, нанға таласқан көпшіліктің жан-жақтан
қысқанына шыдай алмай, талып қала жаздап, әрең дегенде аман
шығыпты. Үйге еңіреп жылап келді. Нан жоқ, жаны аман келгені-

не қуандық. Содан кейін шешеміз бізді нанға жібермей, қолдан
таба нанын пісіре берді.
Анамыз Бәтима соғыс кезінде «Красная Звезда» деген артельде
тігінші болып жұмыс істеген. Ісмер, қолы шебер болатын. Жоқ-

шылық, таршылық уақыт қой, біздің киімдерімізді көбіне қолдан
өзі тігіп беретін.
Бір жолы мамам Аманжол атамыздың бәйбішесі Қалиман апа-
мыз екеуі Құдықағашқа, жақын туыстарының үйіне барады. Қай-

тарда көлік болмай, жұмыстан қалып қоймау үшін түн ішінде Сәу-
ле арқылы, Құрттыкөлді жағалай жаяулап тартады. Жиырма ша-
қырымдай жерден таңертең уақытында келеді жұмысқа. «Ол
уақытта жұмыстан бір кішкене кешіксең, бітті, қуып шығады! Тіп-

ті, халық жауы деп, соттап та жіберетін» дейтін жарықтық анамыз.

Әкем мен шешем екеуі өле-өлгенше қол ұстасып, жұбын жаз-
бай өтті. Жұмысқа, қонаққа бірге барғаны былай тұрыпты-ау, тіп-
ті, қораға шықса да бірге шығатын. Кеңащының кісілері екеуін
Қыз Жібек пен Төлеген деп, әдемі әзілге айналдыратын. Менің

«Қайран кемпір-шалдар-ай!» деген пьесамдағы ата мен апаның
бейнесін көрген, білетін адамдар ата-анаңызға ұқсайды екен деп
жатады. Жаны бар сөз, сол кісілерге деген, жалпы, енді қайтып
келмейтін, уақыт желімен белгісіздік әлеміне ұшып кеткен көненің

көздеріне деген сағыныштан туған дүние ғой! Негізі, менің ауыл
әңгімелерімде, өлең-жырларымда қайран кемпір-шалдардың біраз
хикаялары көркемдік әлемге айналғаны да рас.
Әкемнің бір керемет хоббиі – сағат жөндеу еді. Ауыл түгілі, бү-

кіл ауданның ескі механикалық сағаттары біздің үйден табылатын.
Шал қайтқанда, сандықшасында жүзден астам ескі сағаттар қалды.
«Әр нәрсе – дәмімен!», «Дүниенің кілті – сабыр!» дегенді әкем
жиі қайталап айтып отыратын бала күнімнен. Кейін оқыдым, көне

заманғы философ Солонның девизі: «Ничего чрез меру!» – болған
екен. Осыны қалай аударуға болады? Әр нәрсе дәмімен! Дәмінен
асып кетсе, дәрі де уға айналады! Даналықтың бәрін дала өмірінен
үйренген жарықтықтар-ай! Анамыз Бәтима – Арғын, Қылды Қа-

рауылдың қызы, «Қалқаман-Мамырды» жатқа айтатын! Шәкәрім
ақталмай тұрғанда, аты аталмайтын уақыттың өзінде бізге әндетіп
айтып отыратын! Бала күнінде әкесі Қожас, ағалары Серғожа, Қай-
ырғожалардан естіп, жаттап алған екен. Одан арада қанша жыл ғұ-

мыр, аумалы-төкпелі арпалыс заман өтсе де, қалай ұмытпай келген!
Менің анам қайтыс болған кезде Шәкәрім атамыз ақталды!
Бертінде, оқу бітіріп, Алматыда, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз-
да» жұмыс істеп жүріп, елге келгенде әке-шешемнен өткен заман

жайында әңгіме сұраймын. Бірде әке-шешемнің біраз әңгімелерін
магнитофонға жазып алғаным да бар.
Мамам бала күнінде, 40-50 жыл бұрын ағасы Серғазыдан есті-
ген мына өлеңді әндетіп айтып берді. Өлеңнің мазмұнынан жұтқа

ұшырап, қиналған елдің жайын аңғаруға болады.
Үшкілбай өзім атым, әкем Сасық,
Бітті ғой қалың байлық асып-тасып,
Соғымға тай-тайшаны соймайтын басым

Бір тайды әрең сойдым қорқып, сасып, – деп келетін өлеңді
созыңқы, мұңды әуенмен айтып берді.

Жұтағаны Үшкілбайдың биыл болды,
Сойғаны соғымына сиыр болды,
Тай-тайша өзімізге жарар еді,
Келгенде сый қонақтан қиын болды!..

... Қайтейін, әттең менің биелерім,
Артыңда жылап қалды-ау иелерің...
Қайтейін, әттең, менің дөнендерім,
Баспа-бас қызға бермес кемеңгерім...

Қайтейін, әттең менің қызыл атым,
Жылайды үйде отырып қыз бен қатын...

Қайтейін, әттең, менің аттарым-ай,
Базарға айдап барып сатпадым-ай,
Базарға айдап барып сатып-сатып,
Қалталы бай көпен боп жатпадым-ай!

Кәмпеске кезінде ағайынды үш жігіттің үлкендерін айдап әке-
тіп, кішісі ғана үйде қалыпты. Сонда үлкен ағасы інісімен қошта-
сып тұрып, былай деген екен:
Қарағым, айналайын інішегім,

Алдымда екі ағам деп сенуші едің,
Мал-мүлік бір өзіңе қалды қарап,
Шырағым, тастағайсың еріншегің!
Шотидың өлеңі деп біраз өлеңдерді айтатын... Шоти біздің ел-

де, Құдықағаш жағында жасаған өнерлі адам болса керек. Етік ті-
гетін деген сөз есімде қалыпты. Өзі суырыпсалма ақын, ауыл ара-
сында, той-думанда өлеңді бұрқыратып шығара береді екен. Өзінің
өлеңдерін өз әуенімен айтқан сияқты.

А-ал!
Қыздары Құдықағаш шетінен сал,
Салдығы бәрінің де адырам қал,
Ішінен жеті қызды таңдап ал да,

Қалғанын Құрттыкөлге құлата сал!

Ойдағы ой не болса да болып жатыр,
Үш килі ет бұ қазанда қайнап жатыр,
Көпәйкені жамылып шығып кеткен,
Қазизасы құрғыры неғып жатыр!

Насыбай су салмаса ашымайды.
Жақсыға айтқан сөзің жасымайды,
Ойыма алған ісім орындалмай,
Көңілім сірә менің басылмайды!

Әкемнің майдан даласында серігі болған қара дәптері әлі сақ-
таулы. Брезент сияқты қара тысты, қағаздары әбден сарғайып кет-
кен. Ескі, сырты жезбен қапталған, кілті қолағаштай ағаш қобдида
жататын. Оның ішінде неше түрлі дүниелер бар: ұрыс даласынан

елге жазған хаттары, сағыныштан туған өлеңдері, керекті деген
әңгіме, сөздері жазылған. Одан басқа көптеген, қазақ, орысы бар,
жауынгерлердің адрестері жазылған. Мен бала күнімде ол дәптерді
қолыма ұстаған сайын сонау соғыс майданының иісін сезінгендей

болатынмын. Сол дәптерден «Кекті бала» деген поэманы оқып
бергені де есімде! Бала көңіліме керемет әсер еткен! Авторы жа-
зылмаған, кейін жобаладым, жаңылмасам, Қайнекей Жармағамбе-
товтың шығармасы болу керек. Ол уақытта ұнаған шығармаларды

көшіріп жазу, қолжазба күйінде тарату сияқты жақсы дәстүр бол-
ған ғой!
Әкеміз Шалабай, Әкімжан, Аманжол аталарымыздың ықпалы-
мен 39 жасынан бастап намаз оқып, ораза ұстады. Төрт-ақ кластық

білімі бар, арабша әліпті таяқ деп білмесе де, құран аяттарын қа-
риялардан кирилицамен қойын дәптеріне жазып алып, ерінбей-
жалықпай жаттап, дауыстап оқып отыратын. Дініміз бен тіліміз
қысым көріп, тынысы тарылған заманда көне діндарлардан жүрек

қалауымен құранды осылай үйреніп, алып қалып, жоғалтпай сақ-
тап, ұрпаққа жалғап кеткендер арнайы діни білімі бар ғұламалар
емес, ауыл-ауылдың қарапайым ғана қазақтары, көзі қарақты, кө-
кірегі ояу құлақ молдалар болатын! Осы күні дін оқуын оқып, жас-

тайынан тақуа боп алған тақыр бас балалар ауыл қарттарын құран-
ды дұрыс білмейді, қате оқиды, шала молда деп айыптап, білім-
пазданып, ділмарсып, мән үйретіп отырады. Ал егер сол қате оқы-
са да, құран оқыған қариялар болмағанда, соғыстан кейінгі, тың-

нан кейінгі ұрпақтар шоқынбаса да, соған жақын таскерең, мәң-
гүрт болып шығар ма еді, кім білсін! Жарықтықтар-ай десеңші,
намаздарын оқып, оразаларын ұстап, бітір, садақаларын беріп, дү-
ниеден қайтқан қазақтардың барлығын, тіпті, партия, совет қыз-

меткерлерін де, мұсылман қазақ жолымен ақ жуып, арулап, жаназа

намазын шығарып, жөнелтіп отырды ғой! Тіпті, партия мүшесі
болып, өмір бойы совет қызметін атқарып, зейнетке шыққасын дін
жолына түсіп, молда болып кеткендері де аз емес еді. Сол шалдар-
дың бір кереметі, дұғасын оқып болғасын, қол жайып: «Иа, Алла,

дұғамыздың қатесін өзің түзетіп, артық-кемін өзің толтырып, бір
өзіңе деген шын ниетімізді қабыл ете көр, аллаһу әкбар!» деп бет
сипайтындары қандай шынайы, қандай табиғи, қандай қазақы еді!
Сол шалдар бізге «құлқуалланы» үйретіп, санамызға бекітіп кет-

кен! Сауаптан болсын, пейіште нұрлары шалқысын!
Темір заманда компартия мен кеңестің құрған шеңберінен шы-
ға алмай, шығуға да талпынбай, солардың тәртібімен өмір сүріп,
соғысып, жұмысын істеп жүрсе де дін мен тілін жоғалтпай, жо-

ғалттырмай, келешекке жалғап кеткен де осы момын батырлар
емес пе!? Мына қайшылықты қараңыз: Берлинді алған менің әкем
өле-өлгенше Сталинді құрметтеп өтті. Мен қызылкеңірдек болып,
Сталиннің қанды қырғынын, жауыздықтарын, репрессияны айтып,

дәлелдеп-ақ бағамын. Әкем үндемей тыңдап, арасында өзі көзімен
көрген «үндеместің» оқиғаларын да айтып қойып, аяғында: «Бұ-
ның бәрін істеген – Берия!» – дейтін. «Берияға істеткен Сталин
ғой!» деп мен одан сайын қайнаймын келіп. «Өйтіп миымды ауыр-

тпаңдар! Сталин Берияға сеніп, ештеме білмей қалған!» деп көсем-
ге шаң жуытпайтын. Партияның саяси насихаты санасына ұялап,
көсемдер кіршіксіз болады деген ұғым бойын билеп алған кісіге не
дейсің?! Бірақ, солай алданған шалдардың ең керемет қасиеті – дін

мен тілге келгенде, ешқандай партияңа да, советіңе де, Сталиніңе
де қараған жоқ! Олар үшін дініміз бен тілімізді сақтау, келешекке
жалғап, ұрпаққа аманат қылып қалдыру – ең басты мәселе, өмірлік
мұрат, мағына болатын! Үндемей-ақ, үйде отырып өз үрдістерін

сақтап, жалғай берген шал-кемпірлердің жандары не деген сірі
болған!? Үлкен саяси машинаның жолына қарсы тұрмай-ақ, темір
табанына түспей, жалтарып кетіп-ақ, жан сақтай отырып, бала-
шағасын өз құнарында өсіріп, өз жолына үндемей тәрбиелей бер-

гендері не деген қарапайым өмірлік даналық! Жалпы, бұл аз ха-
лықтардың өзін-өзі сақтау жолы, күрес тәсілі болар-ау, сірә?! Мі-
не, момын батырлардың мықтылығы да осында!
Әке-шешеміздің бізге үйреткені, үлгі-өнегесі ұшан-теңіз. Ең

бастысы, имандылықты, «бісміллә-аллаһу әкбарды» сәби күніміз-
ден құлағымызға құйып, жанымызға сіңірді. Атеистік жүйенің бү-

кіл насихатынан сол артық болды бізге. Қазір ойлап қарасам, ком-
партия мен кеңес үкіметін біздің кемпір-шалдар үйде отырып-ақ
жеңіп шыққан екен ғой! Ай, жарықтықтар-ай! Анам Бәтима 1988
жылы жетпіс жасында, әкем Тақан 1996 жылы жетпіс бес жасында

өмірден озды.
Менің әкем Тақанның
Ерлігі көп айтатын.
Жауған оқтың астында

Жау тылынан «тіл» іздеп,
Түнде талмай жортатын.
Тоғыз танкі талқандап,
Таң атқанда қайтатын.

Бейбітшілік заманда
Бір телешке шөп сұрап,
Қолтықтап ап шалдарды,
Канторға қарай тартатын.

Барлығын жеңген батырың
Қайран анам Бәтима
Марқұмнан жаман қорқатын!
Менің әкем Тақан шал

Фашистке ойран салыпты,
Берлинге дейін барыпты.
Қиратушы еді оны да,
Қырық шақырым қалғанда,

Соғыс бітіп қалыпты.
Гитлер менен Геббельс:
«Тақан келсе болмайд, деп,
Жағдай енді оңбайд!» – деп,

Атылып өліп қалыпты!
Менің әкем секілді
Қара шалдар жасасын
Халық қылған халықты!!! Біржан салдыңұрпақтары

Біржан сал атамыздың немересі Мұхаметқали Теміртасұлымен
алғаш Біржан салдың 160 жылдық тойында, Степнякта кездестім.

Ол кісі ұзын бойлы, ірі денелі, қара торы, келбетті, ірі кісі еді. Жасы сексеннен асқан шағында да білектері сойылдай берік, сіңірлі, сом болатын. Өмір бойы шопыр болып жұмыс істеген Мұхаметқали ағамыз қоңыр даусымен ән де салатын. «Хабар» телеарнасы 2000 жылдары Бурабайда, көл жағасында «Теміртас» әнін айтқызып, түсіріп алған. – Теміртас ұзын бойлы, ірі денелі, өте күшті кісі болатын. Атқа мінгенде, созылып отырса, екі аяғы жерге тиетін. Қиянатшыл келімсектермен көп төбелесті. Қалың тобына жалғыз өзі төтеп беріп, жайпап тастайтын. Ақыры, сондай өшіккендер ақкөңіл адамды «ақша жеп қойды» деген жаламен жазықсыз соттатып, итжеккенге жер аударып жіберіп тынды ғой! – деп, өзегі өртене сыр шертетін аяулы әнші Кәрім Ілиясов ағамыз. Ал, дүние, – деп, Біржан атамыздың өзі айтқандай, «Теміртас» әні қандай қасіретті болса, Теміртастың тағдыры да сондай қасіретті болған. Мұқаметқали ақсақалдың айтуынша, Теміртас сол кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс болып, топырақ сол Сібірден бұйырған. Балалары боранды, аязды күндердің бірінде адасып кетіп, содан аман келгені жалғыз Мұқаметқали. Мұқаметқалидың балалары – Серік, Шәріп, Орал, Маралдан тараған немере, шөберелері бар. Солардың бәріне ұйтқы, басшы болып жүрген – Біржан салдың аталас ағайыны Ермек Нұғыманов. Ол Зерендіде, аудан әкімінің орынбасары болып жүрген кезде, бір үлкен жиында жүздестік. Сөйлесе келсек, өзі менің нағыз інім болып шықты. Степнякта туып-өскен, Ақсарының ішінде Нұралы. Мен оқыған Абай мектебінде оқыған, үш жас кіші. Өзінің түріне қарасам, иман жүзді, құдайға қараған момын, сөзінің түріне қарасам, арғы-бергіден хабары бар, елім, жерім, тарихым, қазағымның тілі, өнері деп өліпөшіп тұрған сирек әкімдерден екені байқалады. Содан жақын тартып, сырлас, сыйлас болып кеттік. Біржан салдың аталары бес Бертіс атанған: Қожағұл, Қожамқұл, Ақшуақ, Байшуақ, Жаншуақ. Біржан сал Қожағұлдан тарайды. Ал Ермек Қожамқұлдан тарайды. Әкесі Бекен ақсақал елге еңбегі сіңген ардагер еді. Ермек Малайзияның даңқты басшысы Мұхаммед Махатмирдің «Малайская дилемма» деген кітабының кейбір керек жерлерін

ағылшыншадан тікелей аудартып алып оқыған ғой. Орысшасында
ұлтқа, ұлттық мүддеге, ұлтжандылыққа қатысты жерлері ықшам-
далып, қысқартылып, тігісі жатқызылып аударылған екен. Соны
сезген Ермек ерінбей, жалықпай соңына түсіп, іздеп жүріп аудар-

тып оқып, дана басшының шын сөзін санасына тоқып, насихаттап
айтып жүреді. Мұхаммед Махатмирдің жете аударылмай, бізге
жетпей қалған сөзіне қарағанда, кез келген елдің экономикасы,
экономикалық заңдылықтарды сақтай отырып, алдымен өз ұлты-

ның мүддесіне қызмет етуі керек екен! Өзге ұлттарды кемсітпей,
теңдік бере отырып, өз туған жерінде, өз мемлекетінде, заңды түр-
де малай ұлтына ерекше қамқорлық жасауы, сөйтіп елінің еңсесін
көтеріп, елдігін сақтап, қарыштап дамытуы қандай құрметке де

лайық! Сан қырлы саясатта, нақты қоғамдық өмірде ойландыра-
тын, өнеге болатын-ақ іс! Осындай күрделі дүниелерге ой жүгір-
тіп, басын ауыртып жүрген әкім ініміздің ұлттық сана-сезімінің
сергектігіне сүйсінетініміз де рас. Айтпақшы, баласы Еркебұлан

сол Малайзияда оқып келді!
Тұрсекең, Тұрсынбек Кәкішев ағамыз сексенге толғанда, Ер-
мек Бұланды ауданының әкімі болатын. Сонда ол ауданда бұрын
болмаған Бұланды ауданының құрметті азаматы деген атақты қа-

былдауға ұйтқы болып, бірінші нөмірлі «Құрметті азамат» атағын
Тұрсынбек ағамызға бергізгені бір мерейлі, игілікті іс болды.
Бес Бертістің тағы бір бұтағы Нұрлан – кәсіпкер, іскер азамат.
Оның апасы Еңлік – менің жиенім Тәстембектің зайыбы.

Ермектің өзі де тегін емес, атасы Біржаннан бірдеңе жұқпай
қоя ма, ептеп домбыра тартып, ән де салады. Өнерге, әсіресе,
Көкше өңірінің өнерпаз түлектеріне, қаламгерлеріне қолынан кел-
генінше қамқорлық жасап жүретін азамат әкім қарапайым халыққа

да жақын тұрады.
Зайыбы Майра Әшімқызы өзіміздің көкшетаулық, руы – Қа-
рауыл, Сәберлі. Аңқылдап жүретін, саңқылдап сөйлейтін жүзі
жарқын келініміздің әңгімесі де қызық.

Ермек бір совхозда қызмет істеп жүргенде, бір күні пешке сала
қоятын отын болмай қалып, Майра аулада тарсылдатып ағаш жа-
рып жатса, өткен-кеткен кісілер көреді. Содан, қатарластары Ер-
мекті әзіл-шыны аралас: «Әйеліңе отын жарғызып қойғаның қа-

лай?!» – деп қағытпай ма? Ермек үйге келген соң, Майраға:
«Отынды жұртқа көрсетіп жарғаның не? Көзге түспей, қорада

жармайсың ба ?» – деп кейіген көрінеді. Бастықтың бұлай дегенінің өзі, «отынды сен жарма, мен өзім жарып берейін!» дегенімен бірдей ғой! – Ол кезде заманның ағымы солай болды ғой, мен орыс мектебінде оқып шықтым, – дейді Майра. – Шыны керек, жас кезімде қазақшаны шала-бұла білетінмін. Ермекке қосылғаннан кейін де орысша сөйлеп жүрдім. Бір күні Ермектің бір жақын апасы, үлкен кісі, менің орысшалау болғанымды ұнатыңқырамай, үйден сөйлеп шығып барады: «Ермек жақсы ғой, шіркін! Құдай екі жақсыны қоспайды ғой!» – дейді! Не күлерімді, не жыларымды білмей қала бердім! Сол Майра қазір – әже, қазақша ағылып сөйлегенде, ақылды әкімнің өзі аузын ашып, басын шұлғып тыңдайды да отырады! Салық молданың ұрпақтары Амангелді ағамызбен айтыс, өнер сапарымен Қарағандыға келгенде кездесіп жүрдік. Алғаш көргеннен-ақ, жүзінен нұры төгілген, ақ самалдай аңқылдаған бауырмал ағамыз жан шуағын аямай, жақын тартып кетті. Жерлес ағамыздың ұзақ жылдар киелі Қарағанды жерінде жемісті қызмет істеп, үлкен абыройға бөленіп, биік дәрежелерге адал еңбек, қажыр-қайратымен жеткеніне қуанатынбыз. Университетте ұлағатты ұстаз, профессор, ғалым, проректор Амангелді ағамыз жан жары Айман жеңгеміз екеуі үлгілі жанұя болып, жан-жағына қадірлі күйде жарқырап жүріп жатқанына риза болатынбыз. Ол кісімен кездесіп, әңгімелескенде бір жасап қалушы едік. Тіпті, телефонмен сөйлесіп, амандық-саулық білісіп, мәре-сәре болатынбыз. Біз бәріміз бір елденбіз – Көкшетау, Еңбекшілдер, Құдықағаш атаулары біз үшін ерекше ыстық. Құдықағаш – қаймағы бұзылмаған қазақ ауылы, ескіден тамыр тартып жатқан, айқын мінезі, жарқын келбеті бар, ана тілі мен ата дәстүрін қадір тұтқан қасиетті ауыл. Аудан орталығы Степнякта, Бұлақбасында туып өскен маған Құдықағаш бала күнімнен өте жақын көрінетін. Біздің Дудәміз – апамыз Мәриям (Мәйміна) осы ауылға, Ұғыш жездемізге тұрмысқа шыққан. Анам Бәтиманың не-

мере ағасы Құсайын нағашымыз да, немере сіңлісі Зейнеп нағашы апамыз да осы ауылда. Құдықағашқа, оның ар жағындағы 4 шақырым жердегі Мақпалдағы апа-жездеміздің қыстауына қысқы каникулда қыдырып барып, орман аралап, құдағиымыз Алтын апаның ғажайып ертегілерін тыңдау – біз үшін ертегілер еліне саяхат жасаумен бірдей болатын! Сол алаңсыз, бақытты балалық шақта естіген аңыз әңгімелер көненің қазына байлығындай шежіре қарттардың көңіл сандығында сақталып, бізге жеткен екен ғой! Сондай бір тарихи аңыз, қызықты мазмұнды, мағыналы да маңызды әңгімелер әулие Салық молда атамыз жөнінде айтылатын. Салық молда 19ғасырда өмір сүрген, Алла тағала айрықша қасиет берген, мұсылман дінін қорғаушы, рухани дүниенің ірі қайраткері болған асыл атамыз. Ұғыш жездем қызбаланып, қызық қып айтатын: Құдықағашта Зұқа деген кісі бір күні кәшәбамен (кәшауа) Степняк жақтан келе жатады. Өзі бір тойда болып, қызыңқырап алса керек. Көшірі бір кезде: «Молданың зиратына кеп қалдық, тоқтап, құран оқиық!» деген екен. Қызып алған кісі зиратты қайтсін: «Тарт айда, тоқтайтын уақыт жоқ!» – деп, қаттылау сөйлеп, ащылау сөздер де айтып жіберсе керек. Содан, тоқтамай тарта береді. Үйіне кеп түскенде, Зұқаның тілі байланып, жақ сүйегі жансыздана берді дейді. Болған жәйтті көшірден естіген бойда, шешесі бір қойды садақаға атап сойып, баласын арбаға жатқызып, Салық молданың басына келіп, құран оқып, кешірім сұраған екен. Артынша, баласы жазылып, қатарға қосылып кетіпті. Өмірден өтерінде Салық атамыз: «Атымды тым әсірелеп, әспеттемеңдер!» деген өсиетін айтып кетіпті. Бұл сөзді Кәдір ағамыздың аузынан алғаш естігенде, өте қатты әсерлендім. Нағыз әулиенің сөзі ғой бұл! Ертеде шалдардан еститінбіз: «Өмірден өткен адамды тікелей өз ұрпақтары мадақтап, асыра мақтап жатса, ана дүниедегі аруаққа ауыр болады екен!» деген бір мағыналы сөзді. Ал, ар жағы бір тылсым дүние, түпсіз әңгіме! Бірде бір топ құрметті кісілер Салық атамыздың зиратына келіп, құран оқыпты. Сонда, алыстан келген білімді, діндар бір адам: « Сіздер әулие іздеп алысқа барады екенсіздер. Әулие жандарыңда, міне, өздеріңнің жерлеріңде жатыр екен ғой!» деген көрінеді.

Ал, Амангелді ағамыз – Салық молданың тікелей ұрпағы, не-
мересі! Мен ол кісіні асылдың сынығы, атамның көзі деп, айрық-
ша жақсы көретінмін! Біз бәріміз бір Керейдің, оның ішінде Ақса-
ры Керейдің балдарымыз!

– Бауырым, өлеңдеріңді оқыдым! Күнде кешке жұмыстан кел-

ген соң, жантайып жатып, сенің кітабыңды оқитын болдым! Көп
нәрсе бар екен! – деп, ағынан жарыла ағалық тілегін білдіруші еді
жарықтық.
Бұрындары Салық молданың Қази деген бір немересі дәрігер

болды деп еститінбіз. Ол кісі де Қарағандыда тұрып, еңбек етті.
Ұғыш жездеміз аузынан тастамайтын. Ауырып-сырқап қалса, сол
кісіге баратын. «Қазиға барып келдім. Емдеді, дәрі берді!» – деп,
рахметін жаудырып отырушы еді. Сол Қазидың немересі әлде қы-

зы Гүлмира Астанада, дирижер.
Салық молданың немересі Кәдір ағамызды бала кезден біле-
тінмін. Ол да Құдықағаштан. Біздің Ұғыш жездемізбен жақсы ара-
ласып тұрды. Нағашы апам Қарлығаш екеуі он бала тәрбиелеп

өсірді. Жақсы адам еді, жарықтық. Асылдың сынығы деп құрмет-
теп, біресе аға, біресе жезде деп, әзілдеп те жүретінмін.
Бір қызық жағдайды қараңыз: 2015 жылы, тамыздың 13-і күні
түнде Салық молда атамның ұрпақтары жайлы деректі сөздерді

жазуды ойыма алып, жобасын сызып қойдым. Кәдір аға мен Қар-
лығаш тәтемнің үйінде екі бірдей киноның эпизодтарын түсірге-
німді еске алдым. Таңертең Қайыргелді Қиықов жездем звондай-
ды: Түнде Кәдір аға 75 жасында дүниеден озыпты.

Ол киноның әңгімесі былай: 2006 жылы «Ән мен анаша»
фильмін Көкшетауда түсіріп жатқанда, бір жеке үйдің ауласы ке-
рек болды. Қаланың ішінде ондай ыңғайлы орын таба алмай, түс
кезінде Әлия екеуміз шарқ ұрып жүрміз «Жигулимен». Жанымыз-

да актер Айбек Құсайынов бар. Кешке түсіру керек! Сөйтіп жүр-
генде, қаланың қақ ортасында, менің ойыма құйылып келе қалды:
Кәдір аға мен Қарлығаш тәте Құдықағаштан Көкшетауға көшіп
келіп еді ғой! Қуанып кеттім! Салық молда атамыздың ұрпағы Кә-

дір аға мен, анам Бәтиманың немере ағасы Құсайын нағашымның
қызы Қарлығаш тәтемнің үйінен артық қандай үй керек! Содан,
салып ұрып жеттік. Ол кісілер құшақ жайып қарсы алды. Киноның
керек жерін түсіріп алдық. Тіпті, аға-тәтемді немересімен бірге

киноға қосып та жібердім!

Арада 6 жыл өткенде Көкшетауда «Асау толқын» фильмін тү-
сірдім. Тағы да қора-жай керек болды. Тағы да Кәдір аға мен Қар-
лығаш тәтеме келдім. Өйткені, олардың тұрған жері менің кином-
ның табиғатына дәл үйлесіп тұр. «Біздің үй-жайымыз бен қора-

қопсымыз саған әбден ұнап жатса, мен қуанбағанда кім қуанады!»
деп, риза болған Кәдекең бүкіл үйін, қора-жайын түгел берді. Ал-
ғашқы кинодағы суреттерді қайталамай, басқа жақтарын түсірдік.
«Асау толқындағы» қыз бен жігітке нағашысы әңгіме айтатын

эпизодта, асүйде бала-шаға, немерелерімен отырған осы Кәдір аға
мен Қарлығаш тәтеміз. Одан басқа, сарайдың ішінде жиенмен әң-
гімелесіп, газетті ұрып жыртатын эпизод та сол үйде түсірілген.
Сондағы ағаш тіліп жатқан жігіт Кәдекеңнің ұлы. Ең бастысы, қа-

нішер қарақшыны байлап қоятын қора – сол үйдің ағаш моншасы.
Киноны түсіріп біткенше жаны қалмай қасымызда жүріп, ықылас-
пейілін аямаған аяулы аға, тәтемізге алғысымыз ұшан-теңіз! Әри-
не, бүкіл түсіру обьектілерін тегін бергені айтпаса да түсінікті!

Азғантай ғана қаржымен кино түсіріп жүрген бізге бұл да үлкен
демеу болды!
Кеңащыда тұрған кезде ауыл-ауылдарға барып, жеке концерттер
қойып жүрдім. Шамасы, 1990 жылдардың басында болар, бір жолы

Құдықағашта ауыл халқымен жеке шығармашылық кездесуім бол-
ды. Ауыл халқы қандай, дүрілдетіп қол соғып, қиқулап отыр. Әңгі-
мені де айттық, өлеңді де соқтық. Залда Кәдір ағамыз Қарлығаш
тәтеммен, Әуши жездеміз Тоты апаммен (Әбушаһман, нағашы апам

Тотының күйеуі, он баланың ата-анасы. Тоты мен Қарлығаш бірге
туған, Құсайын нағашымның қыздары. Бұлардың анасы Мәрия да
батыр ана болған) қатар отыр екен. Қастарында Әленов Құсайын
жездем отыр. (Нағашы апам Зейнептің күйеуі, жеті баланың ата-

анасы). Зейнеп тәтем келмепті. Апа-жезделерім менің сөздеріме мәз
болып, күліп отырғанда, байқап қалдым: Тоты мен Қарлығаш апа-
ларымның аузы толған алтын тіс екен де, Әуши мен Кәдір жезделе-
рімнің аузында жай металл тістер екен. Сонда әзілдеп:

Қазақы үлгі-өнеге жолы болған,
Нағашы апаларым тәлім алған,
Алтын құрсақ ана боп, ауызына
Ауылдың бар алтынын салып алған,

Арқыраған жездені жуасытып,
Тістерін түк қоймастан қағып алған!

Ақылды апаларға көңіл бөлсек,
Алтын сап өздеріне дәлдеп өлшеп,
Аузына толтырыпты жездейлердің
Жиып ап металломнан темір-терсек!

Ойласаң, мұның бәрі өмір екен, Өмірді көркейтетін көңіл екен, Аузына жездейлердің салып берген Тістері қай ауылдың темірі екен?! – деп едім, жұрт қыран-топан болды. Апа-жезделерім күлкілерін тыя алар емес. Сонда қарасам, Құсайын жездемнің тіпті темір тісі де жоқ екен, аузын ашып күлгенде көмейі көрінеді. Содан: Құсекең тақиясын қоқырайтып, Сөйлесе, ағылады нақыл айтып, Бір-бірлеп тісін жұлып Зейнеп апам, Ауызын жіберіпті опырайтып! – дедім. Ал, күлкінің көкесі болды! Бәрі бір-бірінің мінезін білетін, дос-бауыр, ауылдас ағайын бір арқа-жарқа болып еді-ау сол бір қайталанбас сәттерде! Амангелді аға – осы Кәдірдің туған інісі. Былтыр Қарағанды Ұлттық Техникалық университетінде ректор, Алаштың азаматы Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевтың шақыруымен біздің Нұрланның студенттермен кездесу кеші өтті. Мен балама: «Университетте Амангелді ағамыз жұмыс істейді, көрсең, жақсылап сәлем бер!» – деп тапсырып жібергенмін. Кездесу аяқталысымен Амангелді ағамыз телефон соғып, кештің өте тамаша өткенін, Нұрланға деген ризашылығын, ағалық ақ тілегін қуана-қуана жеткізді. Телефонды жанында тұрған ректорға бере қойды бір кезде. Сөйтіп, Арыстан Мәуленұлы екеуміз ең алғаш телефон арқылы танысып біліскен едік. Арада біраз уақыт өткен соң, университет басшысы мені ҚарҰТУ-не, Жұмабек Тәшеновтың 100 жылдығына байланысты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырды. Сонда кездесеміз ғой деп, Амангелді ағамыз екеуміз телефонмен біраз сөйлесіп, әбден арқа-жарқа болып едік! Содан, ойымда ештеңе жоқ, Қарағандыға келдім. Көп жылдан бері осы университетте жұмыс істейтін біздің Кеңащы ауылының түлегі Нұрлыбек Маманұлы Әубәкіров бауырымыз қарсы алды. Біраздан соң: «Иә, Амангелді ағамыз қалай? Ертең келетін шығар

конференцияға?!» – демеймін бе! Нұрлыбек қиналыңқырап:
«Амангелді аға қайтып кетті ғой!» – деді! Нанарымды да, нанба-
сымды да білмей, сенделдім де қалдым!
Жарықтық, Кәдір ағасының артынан, бір-екі айдың ішінде, аяқ

астынан өмірден озды. ҚарҰТУ-ң оқытушылары қимастықпен ес-
ке алып, жақсы ұстаз, тамаша азамат болғандығын аңыз қылып,
арманда қалғандарын айтып жатыр! Е, шіркін дүние, амалың бар
ма! Екі арыс бірінің артынан бірі бақиға кете барды!

Құдықағаш пен оның адамдарына, соның ішінде Кәдір мен
Амангелді ағаларыма деген ықылас, құрметімнің бір белгісіндей
«Құдықағаш ауылым» деген өлең жаздым. Әнін жазған белгілі
композитор Әшірхан Телғозиев – Құдықағашқа күйеу, Әнипаның

жолдасы. Бұл өлең Құдықағаш ауылының мерейтойына арналып
жазылған еді. Амангелді ағамыз өлеңін оқып та, әнін тыңдап та бір
риза болған шығар-ау кезінде!
Шынында да, Құдықағаш – өсіп-өнген, өнегелі ауыл. Соғыс ке-

зінде қазақтардың гимніндей болған әйгілі «Жас қазақ» әнінің ав-
торы Рамазан Елебаев та осы ауылдың түлегі. Мен ол кісінің қасі-
ретті де қастерлі тағдыры жайлы «Жас қазақ» деген пьеса жазып,
«Көкшетау» журналында, кітаптарымда жарияладым. Бірер жыл

бұрын Құдықағаш ауылының азаматтары ауылдың 80 жылдығын
тойлап, елдің өткені мен бүгінін түгендеп, тарихи деректер мен
ауыл адамдарының шежіресін, өмір жолын молынан қамтып, «Ра-
мазан Елебаевтың елі» деп аталатын үлкен кітап шығарды. Міне,

сол кітапта Амангелді ағамызды ардақты азаматтардың қатарында
мақтанышпен атап, оның өмір белестері мен еңбектегі жетістікте-
рін үлгі-өнеге ретінде жақсылап көрсетіп, Айман жеңгеміз екеуінің
әдемі суретін жариялаған. Мұның өзі Амангелді Ахметовтың туған

жер тарихында есімі құрметпен аталатындығының бір көрінісі. Біз
де азамат ердің баласы, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы аяулы
ағаларымыз – Кәдір мен Амангелдіні қимастықпен еске алып,
жандары жәннатта болсын, Алла тағала ұрпақтарына бақытты ғұ-

мыр берсін дейміз! 20. 02. – 24. 02. 2016 ж.

Күреңтай батыр Күреңтай батыр туралы аңыз-әңгімелерді қаршадай бала күнімде әкем Тақаннан естіп өстім. Ол әңгімелерден ұққаным – Күреңтай батыр бізге аталас, Ажы (Әжі). Ақымбетті көбіне АжыАқымбет деп қосып атайды. Ал оның баласы Ижан ашаршылық жылдарында қайтыс болыпты. Немерелері, ағайынды Шәріп ата мен Әзәу аға Бұлақбасында, бізбен бірге тұрды. Көз алдымызда жүрген батырдың тұқымдарына мен қызыға қарайтынмын, бала қиялым оларды ертегі, аңыз әлеміне қосып жіберетін. Шәріп ұзын бойлы, ат жақты, шүңірек көз, ұзын имек мұрынды кісі болатын. Құс тұмсығына қарап отырып, мен ол кісіні қыран бүркітке ұқсатушы едім. Әкем айтатын, бірде біреулер кім тілін мұрнының ұшына тигізеді деп бәстескен екен. Ешкім тигізе алмапты. Сонда жарықтық Шәкең қиналмай-ақ тілін мұрнына тигізе қойып, жеңіп кетіпті. Аттан түспеген, қайратты, нағыз батыр мінезді болатын. Ал інісі Әзәу бойы да биік, денесі де жап-жалпақ, еңгезердей алып кісі еді. Жүкші болып жұмыс істеген ол кісінің қара күшін жұрт аңыз қылып айтатын. Шәріп атаның Сақыпжамал деген қарындасы болды. Оның Сатыбалды деген баласы да нағашы атасы Күреңтай батырға тартты ма екен, кім білсін, жас кезінде тентектігімен көзге түсті. Келімсектермен күні-түні төбелесіп жүретін батыл болды. Ол кісіні әкем: «Сатыбалды офицер, білімі күшті, әскери жұмыста жүре бергенде өсетін еді» – деп отыратын. Сатыбалдының баласы Дүйсенбек менің ағам Мейрамбаймен бірге өсіп, бірге оқыған жан достар болды. Кейін Алматыда кездесіп, сыйласып жүрдік, балалары бар. Әлқисса, Күреңтай батыр бір күні жолаушылап келе жатады. Айдала, елсізде бірнеше күн жол жүріп, арып-ашып келе жатқан батыр, жанында екі-үш серігі бар, бір орыстың үйіне тап келеді. Бұл баяғы қарашекпендер ме, жоқ әлде казак-орыс па, бізге беймәлім. Аңызға сары орыстың бәрі орыс. Содан, әлгінің үйіне қонады. Өңкей салт атты қазақ үйіне өздері келіп, торға өздері түскендей көрген әлгі үйдің иесі пешті оңдап тұрып жағады. Жылы үйде бойлары балбырап, батырлар қалың ұйқыға кірді-ау деген кезде, отын жанып бола беріп, бір үйме шаласы қалғанда, пештің төбесін жаба салады. Есік-терезе тас бекітулі. Ұйқыдағы адамдарға біраз-

дан соң иіс тиіп (угар), оянбай кететінін есептеп қойған. Бірақ, өмір бойы ат үстінде, жортуылда, ажалмен бетпе-бет келсе де айылын жиып көрмеген Күреңтай батыр айлалы әрі сақ екенін қайдан білсін! Құс ұйқылы Күреңтай батыр бір мызғып алған соң, оянып, ойға батады. Бұл неғып тым қонақжай болып кетті, отынды аямай жағып жатыр, ә?! Ақырын байқап қараса, есік, терезе сыртынан бекітулі, пештен иіс шыға бастаған. Содан, Күреңтай жолдастарын оятып, еденнің тақтайын жұлып алып, іргені қанжарымен қазып, ауа кіретіндей етіп теседі де, шапандарын тас бүркеніп, жеңін шлангі құсатып әлгі тесіктерге туралап келтіріп, таза ауамен тыныстап, таң атқанша тырп етпей жата береді. Таңертең әлгі орыс есікті ашып, үйді желдетіп, тырайып жатқан қазақтарды өлдіге санап, пешті қайтадан жағады. От лаулай бергенде, Күреңтай батыр орнынан атып тұрып, әлгіні желкеден бір-ақ қысып, жалындаған пешке тығып жібереді де, аузын жаба салады! Қанға – қан, қысастыққа – қысастық деген қатал заманның бұл да бір ащы шындығы! Қонағын уландырып несі бар, тыныш қана шығарып салса, түк пәле жоқ қой! Тағы бірде Күреңтай батыр айдалада жортып келе жатып, бір жер жыртып жүрген қарашекпенге ұшырасады. Қос өгіз жегіп, жасөспірім баласымен тың жердің шымын темір соқамен дырылдата айырып жатқан алып тұлғалы орыстан Күреңтай батыр су сұрайды. Ыммен! Қарашекпен баласын үйіне жұмсайды. «Принеси ружье!» деп тапсырады оған. Күреңтай орысша біледі, түсінеді. Айласын қара – су сұрағанда орысша білетінін білдірмейді! Қарашекпен Күреңтайға бала келгенше, соқаның құлағын ұста, мен өгіздерді айдай берейін дегенді ыммен білдіріп, екеуі жерді жырта береді. Бір айнала бергенде, қапысын тапқан Күреңтай қарашекпенді кішкентай, өткір айбалтамен бастан бір-ақ тартып, өлтіріп тастайды. Су сұраған кісіге мылтығын оқтамақ болып несі бар, бір-біріне сенбей, жауласқан заманға не дерсің?! Өмірхан Тоқтаров ақсақал, өзі Ажы-Ақымбеттің Ажысы, жүз жасқа жақындап барып қайтыс болды. Жобасы, 1915 жылдары туған. Кезінде кеңестік атқамінердің бірі болған, басшы қызметтер атқарған. Біздің аталарымызға, туыс болған соң, біраз жақсылықтар жасаған екен. Жасы ұлғайған шағында, тәуелсіздік заманында дін жолын ұстады. Щучинск қаласындағы орталық мұсылман мешітінің ашылуына ұйтқы болған, қаржы жинау, ұйымдастыру жұ-

мыстарына белсене араласып, үлкен еңбек сіңірген ардақты азаматтардың бірі. Сол кісінің тоқсан жастан асқан кезінде, өз аузынан 2007 жылдары естіген әңгімем: Күреңтай батыр Құнанбаймен дос-жар болған екен. Ол кезде Ажы-Ақымбеттер Семей жағында, Тобықтылармен көршілес болыпты. Содан, уақыт өте келе, түрлі жағдайлармен Құнанбай мен Күреңтай батырдың арасы бұзылып, араздасады. Құнанбай оның үстінен арыз, қағаз жинап, пыргауарлап жер айдатуды ойлайды. Сонда Күреңтай батыр бір амалын тауып Құнанбаймен кездеседі. Бәлкім, ұлыққа бара жатқан жолында қолға түсіреді, бәлкім алдап ретін табады, әйтеуір оңаша қалған соң Құнанбайға маған дайындаған қағазыңның барлығын көрсет дейді. Барлық қағазды көріп, тыңдап болған соң, Күреңтай батыр Құнанбайдың екі қолын қайырып, тас құрсаудай қысып байлап, бүкіл қағазын жанып тұрған пешке тығып, жағып жібереді. Сонымен, «мен сені тірі жіберейін, сен мені қудалағаныңды қой» деп, анттасады. Осы жерде мен Өмірхан атамызға: Аға, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында Құнанбай Майырға осылай істеген деп жазылған ғой! – деп, өз күмәнімді білдірдім. Ол кісі: Мен ол жағын білмеймін, менің естіген әңгімем осы! – деді. – Содан кейін Күреңтай батыр өз руымен түгел көшіп кетіп, Ақсары Керейлердің қазіргі жайлап жүрген жеріне келіп, өзінің ақсарыларына қосылған – деді. (Ажы-Ақымбеттің бір бөлігі арғы заманда Семей жағынан келіпті деген сөзді әкем де айтып жүретін). Өмірхан ата сөзін жалғап: Мен Күреңтай батырды сексен бес жасында көрдім деді. Денесі сом, тіп-тік болатын. Есік алдында отыр еді, бір сүзеген дөкей көк қошқар балаларды сүзіп, жұрттың зәресін ұшырып, мазалай берді. Бір кезде Күреңтай батырдың жанына келіп, сүзуге оқтала бергенде, қария мүйізінен ұстап, сілкіп қалғанда, қошқар сылқ ете түсті. Сөйтсек, сексен бестегі батыр бір сілкіп қалғанда қошқардың жуан мойнын үзіп жіберген екен! Ал, жас кезінде қандай болғанын болжай бер! – деді. Әрине, Күреңтай батырдың кеңестік кезеңде атаусыз қалуы заңды: отаршылдыққа қарсы аяусыз айқасып, озбырлық қылған отаршылдардың қанын төккен кісінің атын ашық айту ол заманда мүмкін емес еді. Бірақ, бүкіл совет идеологиясы, тастай қатты билік жүйесі, қатал жазасы халықтың аңызын жеңе алмады. Ол атадан балаға мұра болып қалды. Енді сараптап қарасақ, Күреңтай

батыр – Кенесары-Наурызбай заманынан кейін шыққан, бодандықта басыбайлы қалса да, ішкі азаттық рухы өлмеген өр көшпенділердің отаршылдыққа қарсы күрескен жаңа буынының көрнекті өкілі. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда, оның бүкіл өмірінің өзегі – отаршылдарға деген өлердей өшпенділік және сол жолдағы белсенді, айлалы, батыл, аяусыз қанды шайқас! Өмірхан ақсақалдың әңгімесіне зер салып, сараласақ, мынаны байқаймыз. Алдымен, Өмірхан ата Күреңтай батырды 85 жасында көрсе, бұл әрі қойғанда, жобамен 1915 жылдары туған Өмекеңнің он жасар шағы деп алсақ та, 1925 жылға тура келеді. Сонда, Күреңтай батыр жобамен 1840 жылдар туған болып шығады. Демек, Кенесары-Наурызбай соғысы кезінде ол кішкентай бала. Құнанбайдан да көп кіші. Бәлкім, қайратты, қайтпас батыр Күреңтай албырт жас кезінде ақылды һәм айлалы, әккі Құнанбайдың ықпалына түсіп, қоластындағы батыры болуы да әбден мүмкін. Яғни, соның дауын даулап, жауын жаулап, барымта-сырымтасының бел ортасында сойыл соғары болып жүрген де шығар. Ал, ақыл тоқтатып, ойлана бастағанда, олардың арасында келіспеушілік те болуы мүмкін, немесе, тіпті, Құнекең қарсыластарының наразылығы күшейіп, дау-дамай өршіген уақытта, жас Күреңтайға бар кінәні арта салып, жер аудартпақ болды ма екен?! Әлде, қысым көрсетіп, жерін тартып алмақ болды ма!? Мұның бәрі логикаға сыятын жай ғана болжам. Ал, Күреңтайдың өзіне жасаған айлалы қайрат-қимылын, Құнанбай кейін, жылдар өте келе, аға сұлтан болған кезінде, Әуезов суреттеген майырға да жасаған болар. Бәлкім, өткен ғасырлардағы батырлар, бағландар туралы аңыздардың бізге толық жетпей, асыл сынықтары ғана жетіп, айрықша қымбат болуында да бір заңдылық бар сияқты. Негізі, өзегі жетіп, қалған қаншама қазына көшкендермен бірге көкке ұшып, мәңгілікке кете барғанының өзінде де бір сыр бар-ау! Тағы да Өмірхан атадан естіген бір сөз: Күреңтай батыр жас кезінде Омбы барған бір сапарында орыс әпесерлерімен қарт ойнапты. Қолы жүріп кетіп, арда қазақты ұтып аламыз деп отырған әпесерлерді сыпырып алыпты. Аналар қандары қайнап, жанжал шығарып, алтыатарларына жармаспақ бола бергенде, қойнынан кішкентай айбалтасын суырып алып, үйіре сілтеп, үрейлерін ұшырып, жатқызып тастап, қақпадан бір-ақ ырғып кете барған. Бұл әңгімеге қарағанда, Күреңтай батыр өмір бойы оңды-солды соғыса

бермеген, шаруа қамын да ойлаған, бейбіт тіршілік кешкен, тіпті, сол отаршыл орыстармен де аралас-құралас болып, ақылмен, айламен дұрыс қарым-қатынас та жасап тұрған. Ал, озбырлық көрсетіп, жауыздық жасай бастағандарын, реті келгенде, қағып тастай берген болу керек! Ал, мына әңгімені өзіміздің Бұлақбасында бала күннен көріп өскен ағамыз Асқардан естідім. Бұлақбасында ағайынды Абит, Жағыпар деген кісілер тұрды. Жағыпардың баласы Асқар бүгінде ақсақал ата, зайыбы Сара – «Ақ апа» деген атпен елге белгілі емші. Кейіннен білдім, Абит пен Жағыпар белгілі тарихи тұлға – советник Тұрлыбектің ұрпақтары екен. Асқар Жағыпарұлының әңгімесі: Күреңтай батырдың Мажыра деген жорықтас, қандыкөйлек серігі болған. Ол алыстан, Семей жағынан шыққан кісі. Бұлар Күреңтай-Мажыра деген аты шығып, дүрілдеп тұрған. Күреңтай мына жақтың байларынан алады жылқыны, Мажыра ана жақтан айдап келеді. Сөйтіп, екеуі айырбастап жібереді екен де, бірде-бір жоқ іздеген байлар малын түстеп таба алмайды екен. Күндердің бір күні, бір жорықтан келе жатқан жалғыз атты Күреңтайды бес-алты қуғыншы аңдып жүріп, айдалада қоршап алады. Қоршағанда да қызық, Күреңтай батыр үлкен дәретке отыра бергенде төбесінен төніп тұра қалады. Сонда, Күреңтай күлді дейді. – Неге күлесің, қазір өлесің! – дейді өңшең қарулы, жас жігіттер тепсініп. – Талай жауды алған батырларды көріп едім, тып-тыныш тышып отырған кісіні тышқызбай жеңіп алған ерлерді бірінші рет көргеніме күліп отырмын! – депті. – Әй, мынау не дейді-әй! Ал, тышып ал да, шықшы былай, әуселеңді көрейік! – дейді шамданып, намыстанып қалған дала дүлейлері. Күреңтай асықпай жайланып алады да, атына бір-ақ ырғып, ұрандап майданға шығады. Әлгі бес-алты жігітті ә дегенше сойылмен ұрып жығып, аттарын алып кете береді. Әкемнен бала кезімде естіген бір әңгіме жадымда қалса да, ертегіге ұқсап тұрған соң, жаңылыс айтылған, Сәкен Сейфуллин айтқандай ауысқақ сюжет, ауысқақ жәйттердің бірі болар деп жүретінмін. Ал, сол әңгімені Күреңтай батырдың шөберелері, Әзәудің қыздары Қаман мен Бөтән (Үмітжан) тәтелерімнен бертінде тағы естідім. Бәлкім, қазір ертегі сияқты болып көрінгенімен, бұл да баяғы заманда айдалада жалғыз жортқан талай ерлердің басынан жиі кешкен шын оқиға шығар. Әлқисса, бір күні Күреңтай ба-

тыр айдалада келе жатып, бір томардың түбіне қонбақшы болады. Томар деп біздің шалдар құла дүзде жиылған кішкентай су мен жағасына біткен шоқ ағашты, шілікті айтады. Түн ішінде батыр от жағып, атып алған аңның етін пісіріп отырғанда, дыбыссыз басып біреу келеді қасына. Үнсіз отыра кетеді. Күреңтай батыр жер астынан шыға келгендей ойда-жоқта пайда бола кеткен бейтаныстан күдіктенсе де, сыр бермей, ет кесіп береді. Анау етті алғанда саусақтарын көрсетпей, бүгіп, жеңіне жасырып, біртүрлі алады да, сол үндемеген қалпы кетіп қалады. Оның жезтырнақ екенін сезген батыр, етке тойып алған соң, ер-тоқымына бір түбіртек ағашты кісі сияқты қылып жатқызып, шапанымен бүркеп қояды. Өзі анадай жерге жасырынып, мылтығын оқтап, аңдып жатады. Түннің бір уағында жасырынып келген бір қаракөлеңке түбіртекті бас салып, мыжғылай жөнеледі. Сол сәтте Күреңтай батыр мылтықпен атып жібереді. Анау ұшып түседі. Барып қараса, шынында да жезтырнақ екен. Қанжардай тырнақтары ағашқа бойлай кіріп кетіпті. Ал, аңыз ба, ертегі ме? Кім біледі, темір ғасырдың гүрілі алыс кезде, тыныш жатқан көне далада осындай неше түрлі табиғат тамашалары толып жүрген шығар-ау?! Күреңтай батырдың аңызына жалғас бір оқиғаға ойда-жоқта, бала күнімде тікелей араласып кеткенім де бір құпия, бір қызық. Бала күнімізде қыстың қақаған аязында далада асыр салып ойнағанды жақсы көреміз. Ең сүйікті ойындарымыз – доптаяқ (допты хоккей), кәңки тебу, шаңғымен жарысу, қыр басынан шанамен сырғанау, аққала соғып, қалың күртік қардың үстінде асыр салып, алысып ойнау. Бір күні ойынның қызығымен ақ тер, көк тер болып жүрсек, орталық (центр дейтінбіз) жақтан, стадионды бойлап бір ат шанасын сүйретіп кірді Бұлақбасына. Балаға бәрі қызық, әп сәтте ат-арбаны қоршап алып, жан-жағында шуылдасып келеміз. Аттың иесі шанада қимылсыз жатыр. Ат әбзелі келіскен, қамытсайманы, доғасы, жетегі, шананың сүйегі бәрі мықты, су жаңа. Божысы да, жүгені де көз тартады. Қайысы жұмсақ, жылтырап тұр. Ат бізге қарамай, қырға қарай тартып барады. Бір кезде әлгі жансыз жатқан иесі шанадан ауып түсіп қалды. Түскенде ыңғайсыз, бетімен қарды сүзе, етпетінен түсті. Ат та ұзамай тоқтады. Біз, бір топ ұсақ баламыз, әй сол кезде көп болса екінші, үшінші класта оқитын шығармыз, жанымыз ашып жақындап келсек, әлгінің маңынан бір жағымсыз өткір иіс шығады. Сөйтсек, арақтың, пере-

гардың иісі екен. Енді қайттік ? Сол кезде есігінің алдында мал жайлап жүрген Шәріп атамыз көрінді таудай болып. Шуылдап, аталап жүгіріп барып, мән-жайды айттық. Шәкең жарықтық келді де, әуелі атты ұстап алып, божысын шанаға тартыңқырап байлап қойды. Онысын кейін түсіндік, ат үркіп, қашып кетпесін дегені екен. Содан кейін әлгі кісіге таяп келіп, ақырын түртіп қарады. Оның беті, әсіресе биялайсыз екі қолы көкпеңбек боп кеткен. Аударып алғанда, ыңырсыды. Шәріп атамыз әлгіні тани кетті: «Өй, мынау Первомайкадағы Кәрәсініп қой! О, иттің баласы, өзі удай мас!» – деп, бір боқтап алды да, бір-ақ жұлқып көтеріп, шанаға төселген шөптің үстіне жатқызды. Бұл кезде күн батып, қас қараюға айналған. «Әй, Кәрәсініп! Кәрәсініп!» дейді атамыз. Кәрәсініп дегенге біз кәрәсін – Керосинов екен деп ойладық басында. Сөйтсек, Герасимов екен. Шәкең жарықтық қанша айғайласа да, орыстан жауап жоқ. Сұп-сұр болып, сұлқ жатыр. Содан Шәріп атамыз ұзын шапанының етегін беліне буып, шанаға отырды. «Бұл иттің үйін білемін, тамыр ғой, апарып тастамасам, далада үсіп өледі мынау!» деп, үстін шөппен жауып, тартып отырды. Первомайка Бұлақбасынан екі-үш шақырым жер, әсіресе, қақаған аязда жаяу қайту қарт адамға оңай да емес. Бірақ, соған қарамай Шәріп ата әлгі орыс – Кәрәсініп – Герасимовты үйіне апарып салды. Сөйтіп, бір кезде орыс отаршылдарымен аяусыз шайқасып, талайын жойып жіберген Күреңтай батырдың немересі Шәріп батыр бір орысты ажалдан аман алып қалғанын өз көзіммен көрдім! Шынында да, ес-түсін білмей жатқан мас кісі бірер сағаттан соң сыңғырлап қатып қалатын еді. Орыстар «звенить!» дейді ғой. Бұл оқиға біздің бала жан-дүниемізге қатты әсер етті. Біз жабылып аудандық газетке: Арақ сатуды тыю керек! Неге сатады арақты!? Ол халықты улайды! – деген сарында мақала жазбақ болып біраз өрекпідік. Әй, балалық-ай десейші, газеттің сөзін құдайдай көреміз ғой, оған басылған сөз жауапсыз қалмайды, онда айтылған нәрсе жөнделмей қоймайды деп ойлаймыз ғой! Ақыры, бізді үлкендер тиып тастады ма, әлде газеттегілер ақырындап ақыл айтып қайтарды ма, ол арасы есімде жоқ! Бірақ, арақ сату тоқтатылмағаны есімде! Шәріп атаның бәйбішесі – Нүриям апа. Темірбай деген ұлдары жастай қайтыс болған екен. Алтыкен, Күмісжан атты қыздарынан тараған жиен немерелері бар. Інісі Әзәудің (азан шақырып қойған

аты Әжмағамбет) Қаман, Үмітжан деген екі қызы бар. Тілеулі деген ұлына сәби күнінде көз тиіп, қайтыс болыпты. Қаман апай бізге төртінші класта сабақ берді. Әдебиетке, көркем сөзге құмар екенімді байқап, мені ерекше жақсы көріп, сабақтан тыс уақытта үйіне шақырып алып, көркем суреттерді көрсетіп, шығарма жаздыратын. Арғы-бергі әдебиеттен, шетел классикасынан мол мағлұмат беріп, ұстаздық, апалық ақ ниетімен ықыласмейірін төгуші еді. Ол кездер өмірде қайталанбайтын балалық шақтың аяулы бір кездері екен-ау! Қаман апайдың жолдасы Теңдік те мұғалім, 2012 жылы қайтыс болды. Үмітжанды бүкіл Бұлақбасы Бөтән дейтін. Бүйрек бет, әдемі Бөтән тәтем, Қаман апайдан сабақ оқуға барғанда мені інім деп жақсы көріп, екі бетімнен құшырлана шымшылап-шымшылап алатын. Ол кісі өздерімен көрші тұрған, бала кезінен бірге өскен, Әбсәләм қажының немересі Қасен Қабдоллаұлы Әбсәләмовқа тұрмысқа шықты. Қазір Көкшетауда тұрады, балалары, немерелері бар. Мүсет би Керей Мүсет би бір үлкен жиында кезінде аға сұлтан болған Құнанбай, Алшынбай, Ыбырайлармен бас қосыпты. Намаз уақыты болғанда. «Ал, кім имам болады?» деседі жұрт. Біреулер Құнанбай немесе Алшынбай болсын дейді. Мүсет би: «Болмайды, өйткені шариғат бойынша бір жерінің кемшілігі бар адам намазға имам бола алмайды! Құнанбай соқыр, Алшынбай таз!» – деп тұрып алады. «Онда Ыбырай болсын» - дейді. «Жоқ, – дейді Мүсет би. - Ыбырай аға сұлтан болып тұрғанда Керей Жүкен болысты мойныңа патшаның берген знагын тақпадың деп жер аудартқан. Ал знакта креш бар! Креші бар знакты тақпағаны үшін мұсылманды жер аудартқан кісі қалай имам болады?!» – дейді. «Онда сіз болыңыз!»- дейді жамағат. «Е-е, болсам болайын»- деп, Керей Мүсет би намазға имам болады. Намаз оқып болған соң, әлгі шонжарлар еселерін қайтару үшін Мүсет биді қыжыртып: «Бұл намаз бұзылды-ау! Сіз имам болып тұрғанда, қолыңыз кіндіктен төмен түсіп кетті! Намаз қабыл болмайды-ау!» деседі. Сонда Мүсет би: «Мен намазға ұйығанда көңілім Аллада, көзім сәждада болады! Ал сен-

дердің көңілдерің де, көздерің де Аллада емес, сәждада емес, менің ұмамның басында болған екен!» – депті. (Степняк қаласында тұрған құдамыз Сексенбай Досымбеков ақсақалдан жетпісінші жылдарда естідім). Етекбайшешен Қарауыл Етекбай шешен заманында сөзге жүйрік, айтулы би болған екен. Әйелі адуын кісі болса керек. Ол кісі қайтыс болғанда, зиратқа жерлеп, кете бергенде Етекбай: «Маған көрсеткен мінезіңді Мүңкір-Нәңкірге де көрсетер ме екенсің?!» – депті. Сонда жанындағы кісілер: – Адуын болса, әйеліңізді тастап, басқа момын кісі алмадыңыз ба? – депті. Сонда Етекбай шешен: – Бекмағамбеттей ұл тұрғанда қайтейін! – деген екен. (Анам Бәтимадан естіген әңгіме). 2015 жылы 27 қарашада Қарағанды Ұлттық техникалық университетіне, ректор Арыстан Мәуленұлы Ғазалиевтің шақыруымен бардым. Сонда Ибатолла Дайырұлы Арыстанов ағамызбен кездестім. Ибатолла ағамыз Етекбай шешеннің баласы Бекмағамбеттен тараған бесінші ұрпағы екен. Жауар Қарауылмыз деді. Менің Әбіш атамның зайыбы, әжеміз Мәрзия Жауар Қарауыл екенін айтқанымда: «Мағжан Жұмабаевтың да нағашысы Жауар! Жігіт жақсы болмағы нағашыдан!» – деп, бір мәз боп қалды. Етекбай шешеннің екі баласы да – Бекмағамбет пен Берді өзінен бұрын қайтыс болыпты. Бір сапардан келе жатқанда, патшадан советник дәрежесін алып, аға сұлтандардың үстінен қараған Керей Тұрлыбектің үйіне түседі. Тұрлыбек жақсы қарсы алып, ертеңінде: «Мен сізді шығарып салайын!» – деп бірге аттаныпты. Сонда Етекбай: «Ешкімге иіле бермейтін мына Керей мені неғып бұлай сыйлап қалды?!» – деп, секем алып: «Апырмай, Бердім аман ба?» – депті, шыдай алмай. Сөйтсе, бұл кісі жолға шыққанда сырқаттанып жатқан жиырма төрт жасар кіші баласы Берді өмірден озған екен. Соны естіген Тұрлыбек Етекбай шешеннің көңілін аулап, құрмет қылған екен. Ал Бекмағамбет те би болған, ел басқарған. Бекмағамбеттен тараған Ибатолла ағамыз профессор, Еңбекшілдер ауданы, Сәуле ауылында туған.

Сөзден сөз шығып, Ибатолла ағамыз: «Бұлақбасында тұрған ағайынды Абит пен Жағыпар – Тұрлыбектің тікелей ұрпақтары!» – деді. Бала күнімізде көріп өскен кісілеріміз! Абит ақсақал ұзын бойлы, арықша, қара торы кісі еді. Ал Жағыпар дөңгелек қызыл сары жүзді, толықша, аппақ қалың сақалды, нұрлы кісі болды. Абит атамыз Бұлақбасында ағаштан алты бөлмелі үй салған. Әкешешеммен бірге, кішкентай күнімде қонаққа барғаным есімде. Бөлме-бөлме, кең, жарық үй жайнап тұратын. Енді қазір ойлаймын: тегіне тартып салдырған-ау! Жағыпардың баласы Асқар ағамыз да тегін емес, ескінің аңыздарын жақсы білетін әңгімешіл кісі. Кеңесбай Ақсары Керей, Ақымбеттің байы Кеңесбай айдалада малын жайып жүргенде, секперайдың (сибкрайдың қазақша нұсқасы) базарына, Омбыға төрт жүз жылқы айдап бара жатқан кісілер кез болыпты. Жаз ортасы болса керек. – Базарға салуға тым ертелеу емес пе, жылқының күйі әлі көтеріле қойған жоқ, арзанға кетеді ғой, – депті Кеңесбай. – Амал жоқ, сатуымыз керек, – дейді аналар. – Олай болса, сол Омбының осы уақытта беретін бағасын мен берейін, әуре боп қанша жол жүргенше, маған сатып кетіңдер, – дейді. Аналар қуана-қуана келіседі. – Ал, ақшаларыңды асықпай ауылға барып, қонағасыларыңды ішіп, аунап-қунап аласыңдар ма, жоқ әлде жолдарыңнан қалдырмай, осы қазір беріп жіберейін бе? – дейді Кеңесбай. – Ойбай, жолымыздан қалмайық, бере алсаңыз, қазір бере қойыңыз! – дейді әлгілер. – Олай болса, біреуің бері келіп, көпшігімді көтере қойыңдар, – дейді Кеңесбай ат үстінде отырып. Біреуі келіп, көпшікті көтереді, сонда көпшігінің астына тыққан қапшықты суырып алып, Кеңесбай сол жерде, айдалада, төрт жүз жылқының ақшасын санап беріп, қалғанын қайта құйрығына басып алып, малды айдап жүре береді! (Асқар Жағыпарұлынан естіген әңгіме). Ерте заманда руаралық бір тартыс кезінде Кеңесбай есесі кетіп, ерегіскен бір елдің жылқысын айдатып алып, түгел сойдырып тастапты. Даугерлер алдарына бір төрені салып, қуып келмей ме?

– Кеңесбай, малды қырып тастап, еркекпін деп отырмысың? – деп, сұсты төре дауды бастай бергенде: – Өз атаңның табағын өзің тепкен сен де еркекпін деп отырмысың! – депті Кеңесбай жұлып алғандай. Сайланып келген төре ләм дей алмай, тұрып жүре беріпті. Сонымен дау бітіпті. Сөйтсе, әлгі бастап келген төре ертеректе бір кедейлеу ағасының үйіне келгенде, жұпыны тұратын ағасы сиырдың етін асып берсе керек. Сонда төре: – Сиыр етін жемеймін! – деп, дастарханнан тұрып, кетіп қалған екен. (Бұл әңгімені Бұлақбасында көрші тұрған Кеңесбайдың баласы Алдиярбек атаның өз аузынан бала күнімде, 1960 жылдары естідім). Кеңесбай атамыздың немересі, Алдиярбектің баласы Жәнібек Кеңесбаевпен бала кезімізде дос болдық, бірге оқыдық. Ботагөз (Қарлығаш, Кәрла дейтінбіз бала күнінде) деген немересі, Алдиярбектің қызы, нарық заманында саудаға кірісті. Кішкентай ғана үстелдің үстіне сағыз-мағыз сияқты ұсақ-түйек нәрселерді жайып қойып, Степнякта, бұрынғы автостанцияның алдында ертелі-кеш сатып тұратын. (Қазіргі мешіттің жанында). Істің ретін біліп, ұқыптап, үнемдеп ұстай білгендіктен, азғантай нәрседен көбейте берді. Әлгі үстелі үлкейіп, жеке дүкенге айналды. Аяғында, Степняктағы «Алтын дала» деген ресторанның иесі болып отыр. Қарындасымызға риза болып, бір кездескенде: «Атаң Кеңесбайдың құты саған дарыған екен, тусаң ту, айналайын!» – дедім. Аңғал батыр Бір саудагер жоғалған түйесін Атығай Аңғал батырдың жігіттерінен көреді. Бұлар мойындамағасын, биге шағымданады. Биге кіргелі отырғанда: – Айғағың бар ма? –дейді Аңғал батыр. Мал иесі: – Міне! Сенің ауылыңнан, ошақтың басынан шығып отыр! – деп, қалтасынан түйенің тобығын суырып алып көрсетеді.

– Қой, өтірік айтып отырсың! Шынымен түйенің тобығы ма екен, қане, көрейінші! – дейді Аңғал батыр. Ана кісі: «Е-е, сенбесең, мә, көр!» – деп бере қояды. Аңғал батыр түйенің тобығын қолына алып, арлы-берлі аударып қарап отырып, бір кезде аузына салады да, қылқ еткізіп жұтып қояды! Саудагердің басқа дәлелі жоқ, амалы құрып, ойбайлайды да қалады. Жүгініске барғанда, саудагер биге айтады: «Осылай да осылай, түйемді ұрлап, сойып жеп қойды. Тобығы осы ауылдан табылды!» – дейді. – Қане айғағың? – дейді би. – Айғақты Аңғал батыр жұтып қойды! – Қалай жұтып қойды! – дейді би. – Кәдімгідей! Аузына салды да, қылқ еткізіп жұтып қойды! – дейді саудагер. – Әй, сен кімді ақымақ қылып отырсың? Кісі түйе түгілі, қойдың тобығын жұта алмайды! Сен не деп тұрсың? Бар жайыңа, түйеңді даладан ізде! Ал, бұл кесімге көнбесең, қазір құнан қойды сойдырамын да, тобығын саған жұтқызамын! Жұтсаң, түйеңді өзім төлеймін, жұта алмасаң – саған дүре соқтырамын! Қақалып өлсең, құның сұраусыз! – дейді би. Сонда саудагер басын сауғалап, жайына кеткен екен. Оқтан аман қалған ұрпақ Сатыбай-Балташтың әңгімесін бала күнімізден естіп өстік. Балташ, Сатыбай бәрі ағайын, Керейдің ішінде Тоқбай тұқымдары дейтін жұрт. Ақ пен қызыл арпалысқан аласапыран заманда шындық та, әділет те аяқ асты болып, қан-жыны араласып, дұрысы қайсы, бұрысы қайсы екенін бағамдаудан қалған ғой халық. Сондай алақұйын заман, сан қитұрқылы саясат азаматтарды адастырып, алыстырып қойған жоқ па?! Міне, естен тандырған ескі мен жаңаның күресі адастырған дала көкжалдары бір-бірімен әлденеден әбден өштеседі. Бірде айласын асырған Балташ Сатыбайды тұтқындап, алдыма алып келіңдер деп, жігіттерін жібереді. Олар Сатыбайдың түскен үйін қапыда қоршап алады. Байға: «Жүр, Балташқа апарамыз!» – дейді. Сатыбай оны намыс көріп, қарсылық көрсетеді. Жігіттер оны киіз үйден сүйреп алып шықпақ болғанда,

қарсыласып, есікті екі қолымен тіреп тұрған екен дейді. Сонда қандары қарайған жігіттер екі қолын қылышпен шауып, Балташқа Сатыбайдың өлігін әкелген екен деседі. Балташ қапыда болған іске қатты өкініпті дейді. Содан Сатыбайдың баласы Ержан әскермен қуып, ақыры Балташты бір томардың түбінде қамайды. Атысып, қатты қарсылық көрсетеді. Бір аңызда Балташтың қасында Мақпал деген қызы (яки қарындасы) болған екен, батыр екен, әкесіне (яки ағасына) көмектесіп, мылтығын оқтап, бірге атысып, оққа ұшқан екен деседі. Сонда, ажалдың таянғанын сезген Балташ кішкентай ұлы Шәлдікті, артымда ұрпақ қалсын деп, атқа мінгізіп, атты қамшымен бір тартып, тағдырға тапсырып қоя берген екен дейді аңыз. Жауған оқтың астынан аман шыққан бала өсіп, ержетіпті. Ал Балташтың өзі сол соңғы шайқаста ерлікпен қаза табады. Сонда орыс командир: «Мен мұндай жігітке бір отряд жауынгерді айырбастар едім!» – деген екен, Балташтың батырлығы мен мергендігіне, соғыс тәсіліне сүйсініп. Мұны құдам Амантай Сүйіндікұлы Жомартовтан тоғызыншы класта оқып жүргенде естіп едім. Тағы бір әңгімені кластас досым Халелден естігенмін. Халиолла Зейнікенұлы Құдайбергенов – Құдайберген молданың немересі. Атасы Құдайберген молда айтады екен: Патша заманында, базарда Балуан Шолақ жалғыз өзі бір топ орыспен төбелескен екен. Жарықтық, арбаның жетегін суырып алып, жалғыз өзі бой бермей жайпаған көрінеді. Базардағы қазақтар орыстардан қаймықты ма, әлде ертең сотталамыз деп тайсақтады ма, әйтеуір балуанға болысуға бата алмай, бой тасалап тұрыпты. Сол кезде жалғыз Балташ қамшысын үйіріп, Балуан Шолаққа болысып, әлгі топтың бетін қайтаруына көмегін тигізіпті. Балташтың немересі Қайырбек Балташевпен он жыл бір класта оқыдық. Оның Тұрсынбек, Тұрғынбек деген ағалары, Әлібек деген інісі болды. Бұлар Балташтың өлім аузында тұрғанда, артымда ұрпақ қалсын деп, оқ астынан құтқарып жіберген Шәлдігінің балалары. Естелік те бір ескерткіш сияқты Әбілқайыр Досовтың атын бала кезімізде ата-анамыздан естіп өстік. Әрине, ол уақта оның қадір-қасиетін түсінбеуіміз заңды. Әй-

теуір сондай бір айтулы адамның болғанын, оның осы өзіміздің
Степняктан шыққандығын, халық жауы атанып, «үндемеске» кет-
кенін, кейін ақталғанын ғана білетінбіз. Ата-анамыз: «О-о, Досов
күшті болған!» – дейтін. Бірақ, хас батыр революционерлерді ас-

паннан түскендей көретін балаң ұғымға өз ауылымыздан сондай
керемет шыққандығы біртүрлі ертегі сияқты еді. Досовтың туыс-
тарының өз арамызда, Степнякта тұратындығы да сол ертегінің
тасасында қала беретін.

Жарайды, бұл біздің балалық шағымыздың естелігі. Ал тоқы-
рау жылдарының «тапқырлықтарының» бірі – жазықсыз жалаға
ұшырап, кейіннен ақталғандарды атауға ашық тиым салмағаны-
мен, көп насихаттай бермеуге «үйретуі». Тіпті, юбилей материал-

дарында, календарьларда да отыз жетінің ойранында опат болған-
дығын сипақтай айту немесе мүлде айтпай кету дағдыға айналды.
Сананы осылайша «тазартудың», дәлірек айтқанда, тұмандатудың
зардабынан айығу оңай емес. Елім деп еңіреген есіл ерлердің тиіс-

ті бағасын алмақ түгілі, сол елінің есінен шығып кете жаздағаны
да осыдан болса керек.
Бәлкім, біреулерге бүгін бұлайша сөз саптауымыз біртүрлі кө-
рінетін шығар. Бірақ, ащы да болса шындық жақсы. Басқа басқа,

дәл осы Еңбекшілдер ауданында, тіпті совхоздарды былай қойған-
да, Степняктың өз басында Әбілқайыр Досовтың өмірі мен қызме-
тін саралап түсіну былай тұрсын, атын да білмейтіндер толып жа-
тыр. Аудан мектептерінде көрнекті жерлесіміз туралы арнайы бір

сабақ өткізілді ме екен? Жас ұрпақ өз тарихын, туған жерінен тү-
леп ұшқан тарихи тұлғаларды білмей өссе, оған үлкендер кінәлі
емес пе? Әйтеуір, ауыз толтыра айтып жүрген Қотыркөлдегі Досов
атындағы мектеп пен сол мектептегі музей болмаса, (ол да Щучье

ауданында) оның есімін еске салатын бір белгінің туған жерінде
болмауын қалай түсінеміз? Ол ол ма, күні кешеге дейін аяулы аза-
маттың туған жерін анықтай алмай келгеніміз, дәлірек айтқанда,
соған құлқымыз болмағаны ұят емес пе? Әйтеуір, ардагер Тасқара

Мұқашев алдымен аудандық газетке, кейіннен «Көкшетау правда-
сына» мақала жазып, оның Степняк маңында, Әйтен ауылында
туғанын айтып берді...
Аяулы азаматтың тоқсан жылдығына орай ол кісі жөнінде де-

рек іздеп, бала кезімізде алыс ертегідей көрген туыстарының үйіне

аудандық газеттің қызметкері, қазақ, орыс тілдерінде жазатын журналист Төлеу Дүйсенбаев екеуміз біре келдік. Іздеп келген кісіміз – Әбілқайыр Досовтың жеңгесі Бағи әжей бізді жылы қарсы алды. Сөзімізді үнсіз тыңдап, біраз үндемей отырды. Сексендегі әженің әжімді жүзінен ішкі толғанысы анық байқалып тұр. Ерекше қадір тұтқан қайнысын еске алғанда, сонау келмеске кеткен жылдар сазы қайта оралды ма екен? Даусы дірілдеп, баяу сөйлей бастады. – Е-е, қарақтарым-ай, қазір міне қартайдық. Бізде не әңгіме қалды дейсің? Ертеректе көп әңгімені өзіміздің Қыдырбай сұрап, жазып алған... Қыдырбай Шәменов – кезінде мұғалім болған, қазір құрметті демалыста. Ол кісіні кейін әдейі іздеп барып, материалын сұрап алдық. Әуелі қағазға ертерек түскен әңгімеге жүгінген жөн болар. «... 1927 жылдың жазы. Ол кезде Москвада Орталық Атқару Комитеті жанындағы Қазақстан өкілі – қайным демалысқа шығып, Бурабай курортына семьясымен келді. Ең алдымен біздің үйге тоқтады. Әдеттегідей сәлем-сауқаты бар. Мені қуансын дегендей, ең әуелі басыма әкелген шалысын салып жатыр. – Ту, жеңешем-ай, мүлде жасарып кетті ғой! – деп әзілдеп те қояды. Иә, сол шалының тозығын әлі де көзіндей сақтап жүрмін. Курортта жалғыз Әбілқайыр емес, басқа да оның достары дем алып жатса керек. Ерім Әбілқайым (Әбілқайырдан төрт жас үлкен ағасы) ауылдың азаматтарымен ақылдасып, демалып жатқан інісін жолдастарымен шақыруды ұйғарды. Біздің жайлауымыз Шағалалы көлін (қазіргі «Восточный» совхозының жері) бауырлай орналасқан болатын. Ондағы белуардан келген көгалдың өзі табиғаттың масаты кілемі іспетті. Таза ауа... Міне, осындай, ауылдан шеткері жерге екі ақ киіз үй тіктік. Бірі – қонақүй, екіншісі – ойын-сауық өткізетін мәдениет үйі. Ауылдың жас қыз-келіншектері киіз үйдің еденіне кілем, бөстектер төсеп, керегелеріне оюланған тұскиіз іліп, ішін мұнтаздай тазалап жинады. Қадірлі қонақтарды шақыруға жалғыз біздің Әйтен ауылы емес, көршілес Байдалы, Сауытбай, Қырықбай, Тоқпай, Әжіақмет, (Ажы-Ақымбет болуы керек. Б. Ә.) тағы басқа да ауылдарда дайындалды. Белгіленген күнде қайным бастаған қонақтар да келді. Олармен бірге жоғарыда аталған ауылдардың ақсақалдары, атқамінер

жігіттері, қыз-келіншектері де жиналды. Мал сойылып, тоқаш-
бауырсақтар пісіріліп, саба-саба қымыз пісулі.
Астың алдында қайным төрде отырған қонақтарды ауыл адам-
дарымен таныстыра бастады. Революционер жазушы Сәкен Сей-

фуллин, Көкшетау уездік пария комитетінің бірінші хатшысы
Хамза Жүсіпбеков, қызылтулық әнші, сері Әлкей Өтекин, Әбіл-
қайырдың әйелінің ағасы Оңғарбаев (есімі жадымда қалмаған),
тағы басқалары бар. Қайнымның (мен оның есімін атамаушы едім)

айтуына қарағанда Хамза 1917 жылы Ақмолада Сәкенмен бірге
жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырған. Әлкей Омбының
учительдік семинариясын Сәкенмен бірге оқып, тәмамдайды. Сол
кездегі революциялық жасырын ұйымдарда бірге болады. Совет

үкіметінің орнаған алғашқы жылдарында баспасөз қызметкерлері
болған. Әлкейдің інісі Қаскей де Омбыда гимназиядаан білім алған.
Бір-бірімен танысып, ас ішкеннен кейін ата-бабаларымыздың
ғұрпы бойынша қызықты әңгімелер айтылып, ән-күйлер тартылды.

Әсіресе, Сәкен мен Әлкей сөзге шешен, өлең айтып, домбыра тар-
тудың шебері екен. Отырғандар бұрын Сәкенді сырттай білгенмен,
жүздесуі осы еді, оның әнін естігенше асық болды. Қайнымның
тетелес інісі Смағұлдың домбырасын Сәкен алды, бірер рет шер-

тіп, оған:

– Әбе, мына ініңнің домбырасының шегі мен тиегі қазақ арба-

сына тиеген шөптің бастырығы мен арқанындай екен, – деп, ажуа-
лап күлісті. Әрине, қонақтардан сын есту бізге де оңай болмады.
Бірақ, дереу басқа домбыра әкелінді. Салалы саусақтары тиген
домбыра шектерінен күмбірлеген күйлер, тамылжыта шырқалған

әндер шықты. Әсіресе, Сәкеннің «Біржан сал», «Сырымбет», «Құ-
лагер», «Балқадиша», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көкше»,
«Көкшетау», «Тау ішінде», «Сарыарқа», «Біздің жақта», тағы бас-
қа әндері менің әлі күнге құлағымнан кетпейді...

Әлкейдің домбырамен шырқаған әні де бізді бір желпіндіріп
тастады. Әбілқайыр мен Хамза және басқа қонақтар да қызықты
әңгімелер, шежіре, шешендік сөздер, айтыс, ертегілер айтты...
Келген қонақтарымыз және ауыл жастары сәнді ертоқыммен

ерттелген салт атпен аң аулап, құс ататын. Басқаларға қарағанда
қайным өте мерген еді. Көкте ұшып бара жатқан шүрегей, қасқал-
дақ, сұқсыр секілді үйректерді атып түсіре беретін...»

Қыдырбай Шәменов ақсақал Бағи әжейдің бұл естелігін осы-
дан он жыл бұрын жазып алып, Әбілқайыр Досовтың туғанына 80
жыл толуына орай «Есімі тарихта қалған жан» деген атпен Еңбек-
шілдер аудандық «Коммунизм жолы» газетінде жариялаған.

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ел
ішіндегі бағалы сөзге әрқашанда құлағы түрік, қаламы жүйрік қарт
мұғалімге осындай қымбат естелікті дер кезінде қағазға түсіргені-
не ризашылығымызды білдіреміз. Халқымыздың аяулы азаматта-

ры бас қосқан сонау алыс күндердің елесінің өзі олардың мәдени,
рухани биіктігінен сыр шертіп, өнеге шуағын таратып тұрғандай
емес пе!?
(Қыдырбай Шәменов ақсақал педагог, қаламгер. Ұяң мінезді,

жұмсақ, мейірбанды кісі болатын. Тыным таппай, ел мен жердің
тарихын түгендеп, көптеген мақала, зерттеулер жазып, аудан-
дық, облыстық баспасөз бетінде жариялап жүретін. Сол кісінің
еңбектерінің басын құрап, түгендеп, кітап етіп бастыру керек.

Онда біздің ауданның тарихына, аңыз болған тұлғаларға қатыс-
ты қаншама дерек, мағлұмат, қазына жатыр десеңізші!)
Төлеу екеуміз әжейдің әлгі сөзінен кейін: « Енді әңгіме айтпай
қояр ма екен?» – деген күдікпен бір-бірімізге қарадық. Әжей әдейі

келген біздің сағымызды сындырмай, ақырындап әңгіме тиегін
ағытты. Алыста қалған, сағымға айналған сағынышты күндерден
үздік-үздік сыр шертті. Жасы ұлғайғанына, арада сонша жылдар
өткеніне қарамастан, сөзі жүйелі, ойы айқын...

Бағи әжейдің сөзінен қайнысы Әбілқайырға деген құрметі ай-
қын сезіліп тұрды. Әлі күнге атын атамайды. Қайран, қазақтың
қарапайым да қасиетті сыйластығы-ай!
Бағи әжей Әбілқайырдың ағасы Әбілқайымға қосылғанда,

Әбілқайыр қызметте, бір баласы бар екен.

– Онда жылда келіп тұратын. Кішіпейіл еді. Бізге көйлек, жау-

лық әкеледі. «Апамдікі бөлек, мынаның сүйгенін өзің ал, қалғанын
Смағұлдың сұлуына берерсің!» – деп, сақылдап күлетін. Денелі,
иықты, толық, дөңгелек жүзді еді.
Әбілқайырдың әкесі Ысқақты әжей Кәке дейді екен. Бірде

Әбілқайырды оқуға апарып келе жатқанда, ол кісіні қасқыр қамай-
ды. Айдала. Қолында құралы жоқ. Содан, бір мая шөпті көреді.
Соған жетіп, бір қолтық шөп алып, біртіндеп жағып, қасқырларға
шашып отырып, аман құтылады.

Бала Әбілқайыр оқудан қашып келе береді.

– Кәкең қатты, қаһарлы кісі еді. «Енді қашып келуші болма!

Жаз келсең – мал баққызамын, қыс келсең – от жаққызамын! Неге
келе бересің дейді?» – дейді. Бала: «Бағамды дұрыс қоймайды. Са-
бақты жақсы айтсам да төмен қояды!» – дейді. Содан, Кәкең Қо-
тыркөлге алып барып, мұғаліміне жолығады. Қазақ екен. «Балам

екі рет қашып келді. Өзім шанамен келдім, баланы жаяу әкелдім,
ендігәрі қашпасын деп! Бағасын неге дұрыс қоймайсың ?» – дейді.
Мұғалім: «Балаң бәрінің алды! Бірақ, оқушыларда бақастық бар.
Жақсы баға қойсам, оқу білмейтіндер күн бермейді. Оларға көз

қылып әдейі төмен қоямын. Бірақ, документінде бағасы дұрыс.
Оқуға барса, жақсы бағамен барады. Оқи берсін!» – дейді.
Біз бұл әңгімеден бала Әбілқайырдың намысқой, қайсарлығын,
әділетсіздікке төзбейтіндігін аңғарамыз. Жазықсыз жалаға ұшыра-

ғанда қанішер жендеттерге қасқиып қарсы тұрып, қарсыласып, қас
батырларша қаза табуы да сүйегіне біткен өр мінезін танытады.

– Қалай қаза тапқанын газетке жазыпты дейді. Естігім келмеді,

жүрегім шыдамады, – дейді әжей...

– Оқуда он үш бала бірге жатады екен. Керейдің байы Саты-

байдың Жабай деген баласы да бірге оқыпты. Сатыбай Кәкеңе:
«Сенің балаңның дәрежесі Жабайдан артық болады!» – депті. Кә-
кең: «Неге олай дейсіз? Бай баласы мен кедей баласы бірдей бола
ма?» – депті. Сонда Сатыбай: «Жоқ, олай емес. Бұлардың ұйық-

тайтын жерін көрдім. Ұйықтағанда сенің балаңның бір қол, бір
аяғы Жабайдың үстінде жатыр екен, оның дәрежесі артық бола-
ды!» – депті.
Қазақтың сыншылығы дегеніңіз осы емес пе?

– Бір жылы ауырып, Қырымға барады, – деп Бағи әжей тағы

бір әңгімені сабақтады. – Дәрігерлер «елге барып емдел, туған же-
ріңнің ауасы жағады» – дейді. «Қызылжарға жеткенде сергіп қоя
бердім!» – дейтін. Бурабайда дем алды... Сол жолы ақсақалдармен
әңгімелесіп отырып: «Орнымды баса ма деп Мамырбекті оқытып

жатырмын. (Кіші інісі, 1942 жылы қайтыс болған). Баса ма, жоқ
па, білмеймін. Осы қалпы жүре берсем, менен жақсы жоқ, егер
тайып кетсем, менен жаман жоқ!» – деді. Неге айтты екен деп таң-
ғаламыз кейін...

Әжей үндемей ойға шомды. Сан түрлі сауал мазалайды. Шы-
нында да бұл сөздері әлдебір шарасыздықтан туғандай. Заманның

ағынын түсінген, келе жатқан алапатты сезген адамның сөзі. Еліне ескертуі, қоштасуы сияқты. Одан ары ашып айтуға тағы шарасы жоқ. Әжейдің мына бір әңгімесі де осыған үйлеседі. – Сәкен әрі-бері өткенде, біздің үйге соқпай кетпейтін. Кәкеңмен әңгімелесетін. Бір жолы: «Әкем кетерімде жылап қалды. Бұрын өйтпейтін», – деді. Кәкең: «Е-е, әкең кетеріңде жыласа, мен сияқты қартайған екен», – деді. Былай қарағанда, әке мен баланың қимастық сезімін бейнелейтін, өмірде болып жататын жағдай. Үңіле қарасақ, елінің серкесі, азамат ұлының осы сапары қалай болар екен деген зор қаупі, үрей буған әке жүрегінің дүрсілі, төніп келе жатқан қара бұлттың қаһарлы күркірі естіліп тұр. – Кәкең ауырғанда қайным Смағұл деген інісіне: «Келін екеуің күтсеңдер болды, бәрін өзім көтеремін», – деді. Кәкең қайтыс болғанда үш жарым сөткеде зорға жетті, қоюға үлгере алмады. «Басына ескерткіш қоямын» деген. Содан, көп ұзамай, жаңа жылда өзі ұсталды. Әжей сонау сұмдық заманның сұрапылын тағы да басынан кешкендей, үнсіз қалып, біраздан соң сөзін жалғады. – Қайным ұсталғасын біз де қорқып жүрдік. Суреттерін газетке орап-орап, құрғақ киіздің артына тығып сақтадым. Әйтеуір үкімет тиген жоқ. Бірақ, көлденең сөз көп болды. Біздің балалар ойнап жүріп, біреумен төбелесіп қалса да, естіген сөзіміз «алашорда, халық жауы» болды. Суреттері көп еді, кейін музейге бердім. Мына бір суретті, ренжімеңдер, бере алмаймын, біреу-ақ. Әйелі Зоямен бірге, қыз бен жігіт күнінде түскен. Сағынғанда көріп тұрамын! Бұл – 1921 жылы, Орынборда түскен суреті екен. Әжей Әбілқайыр Досовтың 1928 жылы ВЦИК секретарьларымен түскен бір суретін берді. Ал, әлгі суретті Төлеу екеуміз келісіп, қайта түсіріп алатын болдық. – Әйелі Зоя – ноғай қызы еді (татар). Былтыр қайтыс болды. «Қазақ қыздары көп оқымай жатыр. Ноғай қызын оқығасын алдым», – дейтін қайным күліп. Қайным ұсталғаннан кейін абысыным Зоя да біржарым жыл түрмеде отырған. Үш баланы приютқа береді. Қыздары – Рауза, Аида, ұлы – Мұрат. Зояны ауырғасын түрмеден босатады. Шыққан соң балаларын тауып алады. Кейін бір жылдары Мәскеуде бір үйге барса, екі үлкен кісі отыр екен.

Қазақтың бір үлкендері. Әлгілермен әңгімелеседі. Үлкен қызы
Рауза сөйлесіп, жауап беріп отырады. Әлгі кісілер: «Папаң жоқ
қой. Бұл бір үлкен кемшілік болып тұр ғой!» – депті. Қайнымның
бұрынғы жолдастары екен. Сонда Рауза: «Әкең өлсе, өлсін, әкеңді

көрген өлмесін» деуші еді. Баяғыда бір шаруамен барғанымда, ба-
сыңызды да көтермеп едіңіз. Оны ұмытқан жоқпын!» – дейді. Әл-
гілер үндей алмапты.
Әбілқайыр Досов семьясының тағдыры, көрген бейнеті байқа-

лады бұл сөзден.

– Зоя абысыным Ерейментаудағы қызыма хат жазыпты. «От

жаққан жерімді көрсін, балаларды табыстырайық, анаң келсін», –
депті. Бардық. Мәскеуде жиырма бес күн жаттық. Ер баласы орыс
қызын алыпты, орыс құданың үйіне де бардық. Одан бері жиырма
жеті жыл өтті!

Әжейдің әңгімелері алыста қалған аласапыран күндерді көз ал-
дыңа елестеткендей болады. Әбілқайыр Досовтың бейнесін толық-
тыра түседі. Естелік те бір ескерткіш сияқты көрінді.
Бағи әжей баласы Ахет, келіні Шәрипа, немерелерімен бірге

тұрады. Ертеректе қайтыс болған күйеуі Әбілқайымның да, өзінің
де жұмыс істегені туралы документтері жоғалған. Соғыс жылда-
рында Әбілқайым ақсақал еңбек армиясында болған көрінеді. Қа-
зір әжей пенсия алмайды. Баласы Ахет пенсияда. Үйлері ескі, тар.

Жеті кісі екі бөлмеде тұрады. Көрнекті партия қайраткері Әбіл-
қайыр Досовтың туыстарына қамқорлық жасаудың жөні бар деп
ойлаймын.
1988 ж.

Осыдан ширек ғасыр бұрын, 1988 жылы жазылған бұл мақала-
ны сәл ғана қысқартумен, бүгінгі оқырманға өзгертпей ұсынғанды
жөн көрдім. Қосымша айтарым: 1977 жылы Сәбит Мұқановтың
мұражайында жұмыс істеп жүргенде, досым Құлбек Ергөбеков

екеуміз архив ақтарып, Сәбеңнің эпистолярлық мұрасын біраз
зерттегеніміз бар. Сонда көрнекті әдебиетші, ғалым Жайық аға
Бектұровтың Сәбит Мұқановқа жазған хаттарын оқып, талай сырға
қанығып едік. Онда ашылмаған құпиялар, айтылмаған сырлар тұ-

нып жатыр. Жайық аға Сәбеңе: Әбілқайыр Досовты НКВД ұстап,
халық жауы деп түрмеде азаптағанда, балуан тұлғалы, қайратты,
қайсар азамат қатты қарсылық көрсетіп, тергеуші жендеттермен
төбелесіп өлген екен! – деп жазады. Ақыры жазықсыз күйіп бара

жатқан соң, жай кеткенше, жастығымды ала кетейін деп, дала
жауынгерлерінің сертін ұстады ма екен! Бұл да бір өткен дәуірдің
жұмбағы!
Ғалым Жайық Бектұров – руы Ақсары Керей, ақымбет. Жәні-

бек деген баласы да филолог, ғалым болды, КазГУ-де орыс фило-
логиясынан сабақ берді. Қабжан ағайдыңәңгімелері
Қабжан Ахметжанов бізге нағашы болып келеді, Қылды Қа-
рауыл. Көп жылдар Кеңащыда тұрды. Бір көзі жүре келе сырқат-

тан көрмей қалған, былғарымен байлап қоятын. Өзі кекештеніп
сөйлейтін, бірақ қызыл тілдің шешені еді. Аздап тұтығып бастап,
келе-келе көсіле беретін. Сөз арасында аздап кекештеніп қойып,
тоқтаусыз сөйлейтін. Және көбік сөзі, басы артық қоспасы, мыл-

жыңы болмайтын. Әңгімелері нақты, тартымды, түйінді, кейде
күлдіргі болып келетін.
Ертеректе... совет өкіметінің алғашқы кезі ме, патша заманы
ма, әйтеуір ауылнайлардың уақыты... . Біздің елде бір Досжан де-

ген баскесер болса керек. Оның неден үкіметке қарсы шығып жүр-
генін де ешкім білмейді, әйтеуір, кісі өлтірген қарақшы деп, қу-
ғындайды. Содан, бір күні бір ауылда тығылып, қашып-пысып
жүрген әлгі Досжанды аңдушылар қамалап, ұстауға айналады. Қо-

раға тас бекініп алған Досжан, қолында өткір жалаң қылышы бар,
бұларға алғызбай тұрады. Бір кезде сол жердің ауылнайы қораның
төбесін бұзып түседі. Екеуі екі бұрышта аңдысып тұрады. Сонда
ауылнай: «Әй, Досжан, жақсылықпен өзің беріл! Әйтпесе, мен қа-

зір барамын да, сені ұстап аламын!» – дейді. Досжан: «Келіп көр
осыдан, мен сенің басыңды кесіп аламын!» – дейді. Сөйтсе, әлгі
ауылнай, бұл қазақы мінез, ерегісті қойсайшы, қасына жетіп ба-
рыпты. – Мә, кесіп алшы қане, көрейін мен сені! – деп. Досжан

өткір қылышпен бір-ақ тартып, кесіп алыпты әлгінің басын. Содан
не керек, көп қойсын ба, қолға түсіріп, тұтқындап, сотқа тартпай
ма? Сонда сот сұрапты: Әй, басқа қылмысың бір төбе, мына жазы-
ғы жоқ ауылнайды неге өлтірдің? Сонда Досжан: «Мен кеспе де-

ген басты кескен Досжан емеспін бе, өзі келіп кес деп тұрғанда,

қалай кеспейін?» – деп, ату жазасына кесіліп, күңіреніп кете барды дейді. Қабжанның әкесі Ахметжан сөзге шешен, жүйрік, дауға түскен білікті адам болған. Көкен деген немересі Жағыпар деген кісінің қызы Қапизаны алып қашып келеді. Сонда алдынан өтуге барған Ахаңды Жағыпар жаны қалмай қарсы алып, қой союға ыңғайлана бастағанда, Ахаң: – Жағыпар, бері қара! Бір ауыз сөзім бар, соны түсінсең қойыңды сой, түсінбесең сойма! – дейді. Аң-таң болған Жағыпар: – Айтыңыз, Аха! – дейді. Сонда Ахаң жарықтық: – Қарасаң, түгім тақыр, арқам жауыр, Өкпем жоқ ішімдегі бәрі бауыр. Алыстың найзаменен ілгенінен, Жақынның инеменен шанышқаны ауыр! – деген екен. – Түсіндім, Аха! – деп, Жағыпар қойын сойыпты. Сөйтіп, қызын қалыңсыз берген екен! Кер заманның көкжалы Қабжан ағайдың айтуынша, Қожыкен жас күнінде аттан түспеген, сырттан келген бай-көпестерге қырғидай тиген қарақшы болыпты. Патша заманында жиырма бес пар атты керуенді (обозды) жалғыз өзі тонап алыпты. Оны қалай істеген?! Аналардың келе жатқанын алдын ала барлап біліп алған ол суы тартылған өзеннің арнасы – батпақты, терең сайдан өтетін қалың қамысты өткелде бекініп, жол тосып жатады. Обоз арғы бетке кеп тоқтайды. Қаракөлеңке, апақ-сапақ уақыт, іңір боп қалса керек. Көпірден екі арба қатар өте алмайды. Биік жағадан біреуі түсіп, зырылдап екінші жағаға шыққанша қалғандары тосып тұруға мәжбүр болады. Өйткені, аттар ақырын жүрсе, арбаны арғы биік жарлауытқа шығара алмай, кептеліп қалулары мүмкін. Сондықтан, әрбір ат айдаушы алды-артына қарамай, зуылдап өте шығуы керек. Осыны дәл есептеген Қожыкен ана бастан түсіп, зуылдап келе жатқан арбаның үстіндегі қаба сақал көпестерді дәл тұсынан өте бергенді ұзын, әбден кепкен қайың құрықпен тар қолтықтан бар пәрменімен түйреп кеп қалады. Қаннен-қаперсіз келе жатқан көпес арбадан ұшқан

бойы батпаққа батады да кетеді. Оны әрі іңір қараңғысы басқан
соң, әрі қалың қамыс тасалаған соң, арттағы арбадағылар байқа-
майды. Ал, адамы ауып түскен арбаны аттар сол екпінімен өрге
сүйреп шығып, әрірек барып тоқтай береді. Өстіп, жиырма бес кө-

песті кезегімен батпаққа құлатып бітірген соң, Қожыкен бүкіл ат-
арбаны жиып алады. Біраз уақыт пайдасын көріп жүреді, бірақ,
ақыры ұсталады. Базарға шығарған бір арба, әбзел-тұрманды жо-
ғалған көпестердің біреуінің туыстары танып қойып, Қожыкенді

қамауға алады. Ол мойнына алмайды, әрине, бірақ, сот оны катор-
гаға кесіп, Сібірге жібереді. Содан, біраз уақыт өтіп, жан-жағын
бақылап, бойы үйренгесін, Қожыкен түрменің түбінде шірігенше,
елге жетіп өлейін деп, каторгадан қашып шығып, Сібірдің тайга-

сына тығылады. Жалғыз кетпей, екі каторжникті үгіттеп көндіріп,
бірге ала кетеді. Сондағы ойы, әрі біраз уақыт серік қылып, бірге
жүру болса, түпкі ойы – аштан өлерліктей күн туса, оларды сойып
жеп, азық қылу!

Не керек, көп күн өтеді, азықтары бітіп, жеміс-жидек теріп
жеп, ол да табылмай қалғанда, арып-ашып, әлдері құруға айнал-
ғанда, әлгі екі каторжниктың семіздеу біреуін бас салып, алып со-
ғып, сойып жейді. Қасындағы екінші каторжниктің зәресі ұшып,

әуелде қарсы болған екен, оған «көнбесең, көмектеспесең, өзіңді
сойып жеймін» деген соң, ол қорыққанынан Қожыкенге көмекте-
сіп, ана каторжникті бірге сойысады. Етін отқа қақтап жеп, әлде-
ніп, жатып қалады. Оянса, ана екінші каторжник жоқ дейді, сірә,

мені де жеп қояр деп, қорқып, қашып кеткен... Ол ел тапты ма, ор-
манда адасып өлді ме, әлде, аюға жем болды ма, ешкім де білмей-
ді. Қожыкен әлгі каторжниктің қалған етін кептіріп алып, апталап
азық қылып, ақыры тайгадан аман шығып, ел шетіне жетеді!

Адамды адамға қасқыр қылған заманға не дерсің, ащы да болса
өмірден туған аңызға не дерсің!
Кеңащыда ағайынды үш татар тұрды. Шын аттары Зәйнитдин,
Файзитдин, Ғайнитдин болу керек, қазақтар Зәйізден (Көбіне За-

хар деп атайтын), Бәйізден, Қайызден деп қазақыландырып алған.
Солардың ортаншысы Бәйізден ағамыз тың игеру басталғанда, ан-
нан-мыннан келген целинниктердің өктемдігіне төзбей, бір күні
төбелесе кетеді. Бірнешеуін ұрып тастайды. Артынан олар бір ма-

шина болып Кеңащыға қаптап келеді. Жұртты қорқытып, ұрып-
соғып, қысады. «Бәйізденді тауып беріңдер» дейді. Сол кезде Қо-

жыкен шал келеді. «Бұларың не, қойыңдар» десе, «Эй, старик, пошел ты на...» деп, біреуі қойып қалады. Қожыкен қарияның шапанының ұзын жеңіне тыққан қайың келтегі бар екен. Әбден кепкен қақ ағаш, қатты келтегін шығарып алып, кірісті дейді майданға. Келтегін бастан ұратын адам құсап көтеріп қалса, аналар жасқанып, басын қолымен қорғаштай береді. Сол кезде тізеден бір-ақ ұрады. Баяғы сойыл соғарлардың ат үстіндегі соғыс тәсілі – тізе мен тобықтан салып жіберсе, қан қақсап, кісі аттан домалай береді екен ғой! Қожыкен қария да сөйтіп бір машина дөкей-дөкей целинникті жалғыз өзі Кеңащының көшесінде домалатып тастаған екен. Бұл да аңызға айналған өмірдің бір шындығы! Уахит ақын Жауар Қарауыл Уахит ақын бір жұмыспен, шамамен 1940 жылдары, аудан орталығына келеді. Банкіге барса, ақшасын ала алмай, амалы құриды. Банктің бастығы бір көзі соқыр кісі екен. Аудан бастығына барса, ол таз екен. Ол да онша дұрыс қарамаса керек. Сонда Уахит ақын: Шіркін-ай, ер екенсің, ер екенсің, Жігіттің кез қылмасын келекесін. Ауданды таз, банкіні соқыр билеп, Бұл жұрттың алып-ақ тұр берекесін! –деген екен. (Бұл да Қабжан нағашымнан бала күнімде естіген әңгіме). Әбсәлам қажы Әбсәлам қажының азан шақырып қойған аты – Ғабдісалам. Халық Әбсәлам қажы деп атап кеткен. Руы – Күрсары Керей, Құрман. Әбсәлам қажы атамызды бала күнімізде көрдік. Біздің Бұлақбасында тұрды. Үлкен ағаш үйі күні бүгінге дейін сонда, ұрпақтары тұрып жатыр. Ашаң жүзді, ұзын сақалды, еңкіш тартқан кісі еді. Ол кісіге сәлем бергеннің өзі біз үшін бір үлкен оқиға болатын. Жарықтық қажы атамыз біздің елдегі дін ісләмнің тірегі сияқты көрінетін. Қазақтар ғана емес, бұл өңірдегі ингуш, балқар, татар

сияқты мұсылман халықтардың дін жолындағы өкілдері келіп, ол кісіден құран үйреніп, шариғат сұрайды деп әке-шешеміз айтып отыратын. Әкесі Жармұхамед те дін жолын ұстаған қажы болыпты. Ағасы Бәтік қажы, ол кісінің қызы Күлшат – біздің құдағи, Ләйла тәтемнің енесі. Әбсәлам атамызды қажылыққа екі рет жаяу барған деп, елжұртымыз ерекше сыйлайтын. Сол советтік саясаттың ақырып тұрған, мұсылман дінінің қуғындалып, қысым көріп тұрған шағында, бір таңғаларлығы – біздің Степняк қаласында, Бұлақбасында молда көп болды. Нұрахмет молда (Ірі денелі болғасын жұрт Өгіз молда атап кеткен). Секен молда (Мұхамедрақым), Оразбай молда, Қарашат молда, Құдайберген молда, Темірхан молда... Бәрінің ұйтқысы Әбсәләм қажы болатын. Біздің Шалабай атамыз қайтыс болғаннан кейін (1959 ж.), әкеміз Тақанды Әбіш әулетінің ендігі үлкені ретінде ақсақалдар қатарына алып, ораза, намаздан қалдырмайтын болды. Аталарымыздың, айрықша Әбсәлам қажының ықпалымен әкеміз отыз тоғыз жасында намаз оқып, ораза ұстады. Қазір ойлап отырсам, совет заманында бұл да бір ерекше жәйттердің бірі екен ғой. Секен молданың баласы Мұса Абдосов ағамыз да зейнетке шыққан соң, тәуелсіздік заманында молда болды, қажылыққа барып келді. Әуелде милицияда қызмет істеді. Кейіннен КазГУ-дің журналистика факультетін сырттай бітіріп, ұзақ жылдар аудандық «Коммунизм жолы» газетінің редакциясында істеді. Інісі Әлі (Әләкөн дейтінбіз) менің ағам Мейрамбаймен бірге оқыды, бірге өсті. Кіші інісі Жексенбай менен екі жас үлкен болатын, бала күнгі досым еді. Ең алғаш «Қазақ әдебиеті» газетін Мұса ағайдың үйінен көріп, оқып едім. Менің ағам Мейрамбай 1968 жылы он тоғыз жасында суға кетіп, қаза болғанда, әкеммен бірге Алматыға барып, оның сүйегін алып келуге көп қайрат жұмсаған осы Мұса ағамыз болатын. Оразбай молданың немересі Мұрат Көпенов қазір Көкшетауда тұрады, үлкен кәсіпкер, іскер азамат. Қарашат молданың қызы Мәза тәтемізбен (шын аты Нұрпәза) Кеңащыда көрші тұрдық. Жолдасы Амантай Қамысбайұлы өмір бойы совхозда жұмыс істеді. Екеуі де қойдың асығындай, сүйкімді кісілер. Амантай ағамыздың бір ғажабы – бүкіл машиналардың

нөмірлерін жатқа білетін. Аймақтағы барлық танитын шопырла-
рының аты-жөнін айтсаң болды: «Ә-ә, анау кім бе, 21-18, газонда
істейді ғой!» – деп қарап тұрады. Бір сапарға барып келсе, қай
жерде қандай машина қарсы өткенін, не алдынан кеткенін түген-

деп, барлығының нөмірін, машинасының маркасын сартылдатып
айтып отырады!
Степняктың біраз аңызын, соның ішінде дін мен тіл, салт-
дәстүріміз бодандық заманында қысым көріп, қуғынға ұшырағанда

ел азаматтарының қалай айла тауып, қалай күрескендерін өлең қы-
лып жаздым, жыр кітабымда бар.
Бала күнімде айдаладағы қыр басында болған бір үлкен жиын-
ға, (жобасы, жұма намазы, әлде айт намазы, Қазауылдың сыртында

болған сияқты) әкем белесепеттің алдына мені мінгізіп ала барған.
Неше түрлі кісілерді, әсіресе, шапан, бөрік, тақия киген шалдарды
көргенде, аузымды ашып қалыппын. Маған олар ертегі, аңыздар-
дан келгендей сезілгені анық. Солардың ортасында, қақ төрінде ақ

сақалы желбіреп, сөйлеп отырған Әбсәлам қажы атамыз айрықша
көрінетін. Кейін түсіндім, діндар адамдар өкіметтен жасырынып,
намазға, уағыз тыңдауға жиналған екен ғой.
Оразаны жамандап мақалалар шығатын газетке. Ауызашарға

жиналған шалдар қауқылдасып, қарсылықтарын білдіріп отыра-
тын.
Әбсәлам қажының екі баласы Қабдолла (Кәшөн) мен Мұхаме-
дия (Мұқаш) ерте намаз оқып, дін жолын ұстады. Сол үшін қуғын,

қысым да көрді. Бұл жөнінде «Әбсәлам қажының жауабы», «Өт-
кеннің өнегесі» деген жырларымда жаздым.
Кәшөн ағадан айналамыздағы басқа ұлттардың небір кеудесіне
нан піскен ұрда-жықтары кәдімгідей ығатын. Ол кісі ешкімнен қо-

рықпайтын, қалың топқа жалғыз төтеп беріп, бетін қайтаратын деп
ел аңыз қылатын, ол кісіге сенетін. Біз Көкшетауда тұрғанда, аға-
мыздың жасы ұлғайған кезінде, араласып, сыйласып тұрдық. Әзіл-
деп, әңгіме айтқызатынмын.

Кәшөн аға ертеректе, Мәтенде, пойыз билетіне кезекке тұрған-
да бір келімсек дөкей біреу қолында кішкентай сәбиі бар қазақ ке-
ліншекке күш көрсетіп, кезектен қуып шығыпты. Кәшөн араласып,
қой деген. Қоймай, анау жанжалдаса кеткен. Кәшөн бір ұрғанда

сұлатып тастапты. «Өзімнің өмірдегі риза болған бір төбелесім сол
ғана!» – деп еді, талай шайқасты көрген тарлан тәубесіне келген

шақта. Төбелесте ең бастысы жүрек керек дейтін. Аттың алдыңғы аяғын екі аяғымен қысып тұрып, тағалай беретін деп аңыз қылатын жұрт ол кісіні. Кәшөн ағамыздың үлкен ұлы Қасен елімізге белгілі азамат. Ұзақ жылдар «Васильков кен байыту комбинатын» басқарды. Кіші ұлы Құсайын бізден екі жас үлкен болатын. Қайсар, өжет болып өсті. Машина қағып кетіп, жастай қаза болды. Мұқаш аға жүзінен нұры төгілген ақжарқын адам еді. Кісінің көңілін қалдырмайтын, қатты сөз айтпайтын, жарқырап күліп жүретін. Ағасы Кәшөн екеуі өмір бойы автобазда шопыр болып жұмыс істеді. Біздің бала кезімізде Бұлақбасындағы алғашқы шопырлар – осы Кәшөн мен Мұқаш ағаның, Шәбдан және ағайынды Әнуарбек, Ризабек ағалардың машиналары көшеден өткенде балалар алдынан шығып, соңынан жүгіріп, бір мәз болып қалатынбыз. Алыс сапарларда, шаңы бұрқыраған күре жолдарда машинамен заулап жүру дегенің біз үшін бір жұмбақ, қызық болып көрінетін. Бала қиялымыз соларға ілесіп, дүниені шарлап кете беруші еді. Мұқаш аға қайратты кісі болды. «ЗИЛ-дің доңғалағын кузовқа жалғыз өзі лақтыра салатын» дейтін көргендер. Кейіннен қажылыққа барып келді. Ол кісінің баласы Нәжімиден де қажы болды. Біздің елдегі дін ісләмнің нұры қысылтаяң, қаһарлы замандарда да үзілмей, сөнбей, атадан балаға жалғасып, бүгінге жетуінде Әбсәлам қажы атамыздың да еңбегі мен орны ерекше. Қайдар палуан туралы Бала күнімде әке-шешемнен естіген бір керемет қызық әңгімем – Қайдар палуан туралы. Батыр, балуандарды жақсы көріп өскен маған бәрі қызық. Десек те, алыс аңыз емес, әке-шешем тірідей көрген кісі маған тіпті жақын, қызық болып көрінді. – Соғыстан бұрын, Бірсуатта тұрамыз. Әбіш атамыздың бар кезі. Кенже ағатайым (Кәрімжан атамызды әкем осылай атайтын) рабкопты басқарады. Бір күні кешке үйге бір кісіні қонаққа алып келді. Танысып, ақсақалмен әңгімелесіп отырды. Қайдар палуан екен, ел аралап, өнер көрсетіп жүр екен. Палуан дегесін қызығып қараймыз келіп, денесі ірі, сом болғанымен, ондай толық, дәу емес!

Әкемнің осы сөзіне ой жүгіртсем, ол кездегі ауыл қазағының
ұғымында палуан деген жуан, таудай болуы заңды. Ал, Қайдар
палуан ол кезде жараған аттай, спорттық бабында болған сыңайлы.

– Кешкі ас үстінде Кенже ағатайым Қайдар палуанға арақ

ұсынды. Ол уақта, советтік тәртіп бойынша, өте сыйлы кісілерге
ғана арақ құйылатын. Сонда палуан: «Мен, негізі, анда-санда еп-
теп ішемін, бірақ, үлкен ақсақал отырған жерде мұны ішуге қос-
пайды! – деп, арақтан бас тартты. Ас ішіп, Әбіш атамызбен жап-

жақсы әңгімелесіп отырғанда, Әбиқын кіріп келсін!

– Әбиқын деген орыс, пекарнидің бастығы болатын, – деп, анам

Бәтима сөзді жалғап әкетеді. – Ұзын бойлы, дәу, жуан кісі еді.

– Оның қасында Қайдар палуан аласалау, денесі де шағындау

болып көрінді! Толықтығы да ондай емес!
Бала болсам да, мұның шын фамилиясы қалай екен деп қоя-
мын.

– Обухин ба? – деп сұраймын әке-шешемнен.

– Е-е, ит біліп пе оны! Әбиқын ба – Әбиқын, бітті шаруа! –

дейтін әкем, бала күннен үйреншікті боп кеткен атты өзгерткісі
келмей.
Сонымен, Әбиқын Қайдар палуанның келгенін естіп, әдейі із-
деп келген көрінеді. Өзі дәу, қараптан қарап күші тасып жүретін

кісі, бір сынап көрмек болған сияқты. – Кел, күресіп көрейік! –
дейді Қайдар палуанға. Қайдар палуан сол отырған күйі: – Жарай-
ды, онда кел де, екі қолыңмен менің кеңірдегімнен қыс бар күшің-
мен! – дейді. Әбиқын күректей қолдарымен Қайдарды кеңірдектен

қысады-ай келіп. Қайдар былқ етпей отыра береді. Әбиқын қып-
қызыл боп долданып, одан сайын күшін салып бағады. «Болдың
ба?» – дейді сол кезде Қайдар. Әбиқын басын изейді. Сол кезде
Қайдар палуан мойнын бір жағына шұғыл бұрып қалғанда, таудай

Әбиқын анадай жерге ұшып түсті дейді!

– Содан, Әбиқын орнынан тұрып, біразға дейін қызараңдап

отырды, – дейтін әке-шешем жарыса әңгімелеп. – Әрі-бері әңгіме-
лесіп, шай-пай ішіп болғасын кетуге айналды.
Кетерінде екеуі қол алыспай ма – бір жағы қоштасып, бір жағы
достасып дегендей. Сонда, Қайдар палуан қолын қысып жіберген-

де, Әбиқынның тырнағының көбесінен қаны шығып кетті дейді!

– Енді ертеңінде жиналған халыққа күшін көрсетуге шыққан-

да, үйдегідей емес, еңселеніп, дәу болып кетті. Бұлшық еттері бі-

лем-білем болып бұлтылдап ойнап, өзгеріп кетті! – деген әкешешемнің даусы күні бүгінге дейін құлағымда. Бұл әңгімені мен 1989 жылдары «Көкшетау правдасы» газетіне жарияладым, бірақ, сол мақаламды архивімнен таба алмадым. «Көкшетау» газетіне Қайдар палуан туралы мақала шыққаннан кейін маған бір азамат, атын ұмыттым, келіп, алғыс айтты. Қайдар палуанның ұрпақтарымыз деді. Бір ұрпағы фототілші болып істеді, Базарбай Бағысов. Қайдар палуан туралы бір кісілердің естелігі де шықты, үн қосу ретінде. Қажымұқанның жиені, силач, циркач, палуан болған дейді. Кеңащыда тұрған Керей Қажым ақсақал да Қайдар палуанды көргенін айтқаны есімде. – Мен Қайдармын, Қайдармын, жаудың малын айдармын, қайырып қолын байлармын! – деп өлеңдетеді екен! Қажымұқанмен нағашы, жиен болып, ойнап күрескенде, бір-бірімізді ала алмайтынбыз. Ал, көп алдында, кілемге шығып күрескенде ол кісі шақ келтірмей, ұршықтай үйіретін. Аруақтанып кететін! – дейді екен. Кеңащыда тұрған Риза Сәдуақасов ақсақал, руы Қырғыз, Қайдар палуанды бала күнінде көргенін қызық қылып айтатын. Ауылдарына келіп, күш өнерін көпшілікке көрсеткен екен. Кісі тола арбаны тісімен сүйреп, бірнеше кісіні ұзын сырғауылға мінгізіп, шыр айналдырған. Содан кейін шалқасынан жатып, төсіне үлкен диірмен тасты қойғызып, екі мықты жігітке кувалдамен құлаштатып ұрғызғанда, біраздан соң тас қақ жарылыпты. Қайдар палуан кеткен соң, бір күшті жігіт Қайдар палуанға еліктеп, ортаға шығып: «Оның істегенін мен де істеймін!» – деп, төсіне тас қойғызып, әлгі жігіттерге ұрғызыпты. Сонда, бір-екі рет салып жібергенде, тас жарылмақ түгілі, әлгінің өзі талықсып, жатып қалыпты. Қайдар палуанның кейінгі өмірі белгісіз. Кешегі көшпенділердің сынығы, тұлпарлардың тұяғы, қазағым деп еңіреп өткен алып күш, өнер иесі кезінде атақ-даңққа бөленіп, кейіннен қандай да бір себептермен аты ұмытылуға айналды ма, кім білсін? Мен үшін бала күнімде естіген аңыз қымбат, сол аңыздағыдай жалындап жүрген Қайдар палуан қашан да көңіліме ыстық!

Нұрақай атаныңайласы
Солтүстік Қазақстанда Еменалы Керей бауырым Ерік Нұрақаев
пен інісі Дулат тұрады. Ерік бірнеше ауданның, Петропавл қала-
сының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған. Абылайдың ақ

үйін қалпына келтіріп, жарқыратып қоюға өз үлесін қосқан азамат-
тардың бірі. Тіл мен өнердің үлкен жанашыр қайраткері.
Ағасы Серік зейнеткер. Шебер домбырашы. Республикалық,
аймақтық конкурстардың біреше дүркін жүлдегері болған.

Еріктің атасы Нұрақай қазақ даласында белгілі адамдардың бі-
рі болған көрінеді. Отызыншы жылы, кәмпеске, колхоздастыру
кезінде ұсталатынын біліп, Нұрақай қашуға дайындалады. Айна-
ласына астыртын сөз таратады, Қытайға қарай кетемін, сол жақта

руластарымыз бар деп. Содан, бір түнде жоқ болып кетеді. Өкімет
органдары оны Қытай жақтан іздейді. Ал Нұрақай Ресейге тартқан
ғой! Сол жақта бой тасалап жүріп, қанды қасаптан аман қалады.
Елге қырқыншы жылы, соғыстың алдында бір-ақ оралады. Міне,

ақыл, айла, жігер, қайрат! Әйтпесе, жолындағының бәрін турап
келе жатқан ажал машинасынан құтылмақ қайда! Отарлаушы жүй-
енің боданы болған халқымыздың төніп келе жатқан ажалдан ама-
лын тауып құтылып, өзін-өзі аман сақтап қалғаны, өмір сүруге,

ұрпақ жалғастыруға деген құштарлығы мен күресі қандай да құр-
метке лайық-ау! Ғабдолбари қаридың көңіл көзі
Бари ақсақал жайлы мен Солтүстік Қазақстанға барғанда кә-
сіпкер азамат Жомарт Жақсылықұлы Омаров інімізден естідім.

Жомарт бір мол жаралған қазақтың марғасқа жігіті. Таудай тұлға-
лы, аңқылдаған азамат ішкі жан-дүниесінің кеңдігімен адамды
баурап алады. Көкірегі ояу, көзі ашық, әсіресе, өнерге жанашыр-
лығы, әдебиет пен бұрынғы тарихи әңгімелерді, аңыздарды білсем,

тыңдасам деген құмарлығы айрықша. Өзі менің нағыз бауырым
болып шықты – Ақсары Керейдің ішінде Еменалы.
Жомарттың «Аблай хан и его батыры» деген кітабымның жа-
рыққа шығуына өз қалауымен демеушілік жасағаны да ата-

бабаларымыздың аруағына, қазақ тарихына, рухани әлеміне деген азаматтық құрметі, бір үлкен игілікті ісі деп білемін. Міне, осы Жомарттың нағашысы – анасы Татьянаның әкесі Бари (Шын аты Ғабдолбари). ақсақал көзі тірісінде елге аңыз болған кісі. Қызының есімін Татьяна қойған себебі, алдында төрт сәбиі шетінеп кетіпті. Содан соң, ырымдап, орыстың атын қойған екен. Қазақ әдетімен Бари атанып кеткен бұл кісі 1915 жылы туған. Бес жасында шешектен зағип болады. Мына жағдайды қараңыз. Сол кезде өңкей зағип балаларды оқытқан Ғабдулқапар деген қари болыпты. Өзі де зағип екен. Сонда, өз көңілінің шуағын өзгелердің көңіліне түсіре білген Ғабдулқапар қаридың бұл ісі сауабы мол рухани ерлік емес пе!? Міне, Бари сол кісіден он бір жасында, 1926-1928 жылдары екі жыл оқып, құдай берген қабілетінің арқасында, құранды түгел жаттап алып, қари атанған. Өмір бойы молда болған. Зағип адамға дін жолын ұстадың деп айып тағып, қысым жасауға биліктегілердің де дәті бармаса керек, Бари ел ішінде дін ісләмнің бір тірегіне айналыпты. Жақын ауылдар түгілі, алыс аймақтар – Торғай, Омбы, Қорған, Түмен өңірлерінің баяғы аласапыран заманда елден көшкен көнекөз қариялары ұрпақтарына: «Имансыз кетпейік, жаназамызды Бари шығарсын!» – деп, аманат қылады екен. Ұрпақтары алыстан ат терлетіп келіп, қариды үйінен алып кетеді екен. Тағдырдың сынына сабыр қылып, саналы ғұмыр кешкен саңлақ ақсақал керек кітаптарын балаларына, немерелеріне оқытып, тыңдап, керегін көкірегіне құйып алады екен, яғни, бір тыңдағанын жаттап алатын көрінеді. Ол кісінің жатқа соққан жырлары мен әңгімелерін Сәбит Мұқановтан бастап, қазақтың не бір ғалым, қайраткерлері қызыға тыңдаған. Міне, Бари ақсақал көкірегінде жатталып қалған көненің рухани қазынасын қалың елге өмір бойы таратушы, жеткізуші болған. Қарап отырмай, еңбекке де қызу араласқан. Кез келген сынып қалған құлыпты қолма-қол ашып, шашып тастап, жөндеп, қайта жинап береді екен. Осындай ғажайып адам, зағип болса да, мойымай, мағыналы өмір сүрген ардақты жан бертінде, 2002 жылы 87 жасында қайтыс болыпты. Ұрпақтары Сапар, Жапар, кәсіпкер немересі Медет пен жиені Жомарт қайрат қылып, ауылда мешіт салып, Ғабдолбари ақсақалдың атын беріпті. Артында өнеге, із қалдырды деген осы емес пе?!

Өмірлік махаббат Құдықағаштың, Қарауылдың қарағайдай қариясы Ақылбек Қиықов ағамыз соғыста жердегі пәшестерді қиратып жүргенде, орыс қызы Лидия Тихоновна Четверикова көктегі жауды атып түсіре беретін зенитші болған екен. Жаудың беті қайтып, СССР территориясынан қуылған кезде, жауынгер қыздарды әрі қарай соғысқа қатыстырмай, әскери госпитальға, жаралы жауынгерлерге көмектесуге жібереді. Майданда жараланған Ақылбек Қиықов ағамыз сол кезде госпитальға түседі. Әуелде жанымен қайғы болып, қансырап жатқан Ақаң есін жиғасын, өзіне қамқоршы болып жүрген мейірбанды әдемі жас қызды көріп, өмір сүргісі келіп кетеді. Екеуі бір-біріне ғашық болып, ақырында, қол ұстасып, елге бірге аттанады. Қан майданда, өлім аузында табысқан жандар махаббаттың қадірін білген ғой, екеуі өмір бойы жарасып өтті. Баласы Қайыргелді Қиықов – абзал дәрігер, стоматолог, еліміздің айтулы азаматы. Қазір зейнетте, өткен тарихты түгендеп, шежіре жазып жүреді. Зайыбы Бақыт Құсайынқызы Есмағамбетова менің нағашы апам, Абай мектебінде мұғалім болып қызмет істеп, зейнетке шықты. Екеуі бір ауылдан – Құдықағаштан, бір мектепте оқыған. Сол мектепте бір-біріне ғашық болған апажездеміз бір-біріне өмір бойы ғашық болып келеді! Нағашы апам Бақыт бізге орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Әдемі, сүйкімді, мейірбанды жан. Маған берген бір ақыл-кеңесі өмір бойы есімде қалды. «Баянғали, сен орысша диктант, мазмұндама, шығарманы өте жақсы жазасың! Түсінігің де тамаша! Бірақ, сөйлеуіңде, дауыстап оқуыңда кемшілік бар. Произношениең дұрыс емес! Оны жөндеу үшін күн сайын, оңашада жарты сағат, тіпті болмаса он-он бес минут дауыстап орысша кітап оқы!» – деді. Бұрын ішімнен оқып, бәрін түсінетін мен ол кісінің тілін алып, күн сайын, ешкім жоқта орысша кітаптарды дауыстап оқи бердім. Әуелде тілім бұралып, кәдімгідей талатын болды да, келе-келе көсіліп кете бердім. Бір-екі аптада кәдімгідей төселіп қалғанымды байқап, Бақыт тәтем маған риза болды. Мен ол кісіге алғыс айттым. Енді қазір мен сол ақылды қазақша үйрене алмай қиналып жүрген бауырларыма айтып жүрмін! Дауыстап қазақша кітаптарды

оқи берсеңдер, үйреніп кетесіңдер деймін. Ал неге оңашада оқу керек? Себебі, басқа адамдардан қысылып, ұяласың, сондықтан, сөзге тілің келмей жатқанын ешкім көрмегені дұрыс! Оңашада үйреніп, жаттығып алған соң, көпшіліктің алдына шыға беруге болады. Бақыт тәтемнің әкесі Құсайын Есмағамбетов менің анам Бәтиманың немере ағасы, қылды қарауыл, ол туралы шежіреде таратып жазғанмын. Құсекең шаруашылық басқарған, ел ағасы болған ардақты кісі еді. Ол кісінің зайыбы Мәриям тәте көзі үлкен, жүзі жарқын, сұлу әйел еді. Батыр ана атанып, алтын белгі алған. Ол кісінің қыздары Қарлығаш пен Тоты да батыр ана атанды. Торғай, Көгершін, Ақмарал деген де қыздары бар. Мен Бақыт тәтеме: «Өңкей аң-құстардың ішіндегі адамы сенсің ғой!» деп әзілдеймін. Торғай менің құрдасым, бірге оқыдық. Оның сіңлісі Көгершінге бірде: «Сен Торғайдан үлкенсің ғой!» – дедім әзілдеп. «Қалайша?! Торғай үлкен менен!» – деді, шынымен. «Енді өзің ойлап көрші, торғайдан көгершін үлкен емес пе?!» – дедім. Жиеннің әзілін түсінген Көгершін әбден күлді. Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Кенжегүл нағашыларымның бәрі де көздері үлкен, келбетті, көрікті кісілер! Мұхамедсәлім Кәшімовтың жұмбағы Мұхамедсәлім Кәшімовтың есімін елден емес, университетте оқып жүргенде ұстаздарымнан естідім. Совет заманына дейін «Насихат қазақия» тағы да басқа бірнеше кітап шығарған белгілі қайраткерлердің бірі болған. Ал енді бертінде, энциклопедиядан қарасам, ол кісі біздің Еңбекшілдер ауданында туып, өскен, өмір сүрген деп жазылыпты. Бірақ, бұрынғы –соңғы бір адам ондай кісіні көрдік, білдік демейді! Бұл не жұмбақ? Білмеймін! Ұстаз-ақын сырлары Біржан сал елінде, кербез Көкше жерінде Құдықағаш атты ауыл бар. Бұл бір ежелден құт дарыған, қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл. Осы Құдық-ағаштай сулы, әсем жерлерге қоныстанған ауыл адамдарынан көне даланың дарқандығы, жұмбақ бір самалы есіп тұратындай көрінетін. Арғы-бергісін түгендемей-ақ, бір ауыз сөзбен айтсақ, Құдықағаш қазақтың небір ардақты ұл-қыздарының

туып-өскен жері. Оның ішінде әйгілі «Жас қазақ» әнінің авторы Рамазан Елебаевтың орны бір төбе! Терең тамырлы, игі дәстүрлі ауыл мектебінде Рамазан Елебаевтың музейі бар. Соның бәріне бас-көз болып, шырқырап жүрген ұстаз, әнші-ақын Жамаш Нұралин ағамыз. Жұмаш Нұралин 1930 жылы Еңбекшілдер ауданында, Құдықағашта туып, 1952 жылы Қарағанды қаласында оқып, тіл-әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын алғаннан кейін, Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы Томар орта мектебінде еңбек еткен. 1956 жылдан 1996 жылға дейін туған ауылының мектебінде (оның ішінде он бес жыл мектеп директоры) ұстаз болып, балаларға ана тіліміз бен әдебиетіміздің сұлу сырларын шертіп, қазақ елінің рухани байлығының дәнін бүлдіршін жүректерге молынан сеуіп, қияға ұшырған. Оның шәкірттері өсіп-өркендеп, әр салада еңбек етіп жүр. Баласы әрі шәкірті Бақытбек Нұралин жас та болса, облыстық, республикалық айтыстарда өнер көрсетіп, танылып қалған алғыр ақын, қарымды журналист. Өз басым Жамаш ағамыз секілді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін халқымыздың халықтығын сақтап қалу жолындағы қажырлы күрескерлер деп санап, ерекше құрметтеймін. 1962 жылы «Қазақ республикасының халық ағарту қызметінің үздігі» атанған, бес медальмен марапатталған ұстаздың тағы бір қыры – оның ақындық, әншілік, сазгерлік өнері. Сонау 1951 жылы Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында Мәскеуде, 1957 жылы республика жастар фестивалінде Алматыда келістіре ән шырқады. Ұстаз аға жүрек жарды сырларын, табиғат туралы толғаныстарын, адамгершілік хақындағы ойларын, ынтымақты, ізгілікті аңсайтын жырларын бұрын мерзімді баспасөз бетінде жариялап келсе, енді міне, тұңғыш рет топтастырып, жеке кітап етіп ұсынып отыр. «Мақпал-Көкшем» деп аталатын бұл жинақ қалың елдің ортасында табиғаттың аясында, таза еңбекке бар ғұмырын арнаған ардагердің ұзақ жылдар бойына көрген-білгенінің жемісі іспетті. Мақпал – Құдықағаштың іргесіндегі кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді бір биік, Жәкең айтса, одан асқан тау жоқ сияқты. Туған жерін, елін сүйген Жамаш аға жырларына оң сапар тілейміз. Баянғали Әлімжанов Жамаш Нұралиннің ертеректе шыққан өлеңдер жинағына жазған алғы сөз

Аманжоләтәйім Қойгелді атамыздан Әбіш, Әбжан туады дедік. Әбжаннан Әкімжан мен Аманжол аталарымыз туады. Әкімжан атамыздың Күлше, Шолпан деген екі әйелі болды. Әуиден деген балалары соғыста хабарсыз кетті. Қыздары Кәп деген апамызды бала кезімізде көрдік, Степнякта тұрды. Зейнолла деген қаба сақал жездеміз болды. Әкімжан атамыз ұзақ жылдар Тассуда тұрды. Сүйегі сонда жерленді. Ұғыш жездеміз де сонда. Тассу ауылы қазір мүлде жоқ, нарық заманында халқы жан-жаққа бытырап көшіп кетті. Үйлерді, қора-жай, баздарды әркімдер түгін қоймай бұзып әкетіп, үлкен қалаларға құрылыс материалы ретінде сатып жіберді. Қазір ауылдың жанындағы зират қана қалды. Аманжол әтәйім мен ес білгелі Кеңащыда тұрды. Степнякта, Бұлақбасында тұрғанда біздің үйге жиі келіп тұратын. Әтәйім келсе бір жасап қалатынмын. Қаталдау, асаулығына қарамай жақсы көретінмін. Сәнді, таза киінетін. Ер мінезді, бір беткей, бай кісі болды. Саудагер болған дейтін. Қалтасы тола ақша болатын қашанда. Бір жолы Кеңащыда Қажыкен деген кісі әтәйіммен бәстеседі. Әлгінің бір жақсы биесі бар екен, әтәйім ылғи «маған сат!» – десе, ана кісі қимай, сатпай жүреді екен. Бір күні екеуі бір үйде кездесіп, ерегесіп қалып, Қажыкен: «Аманжол, осы қазір, үйіңе бармастан, қалтаңнан қолма-қол жүз сомдықтың төртеуін шығарып берсең, бием сенікі!» – депті. Екеуі бәстесіп, жұрт алдында қол алысады. Әтәйім төс қалтасынан бүктемелі үлкен былғары күмәжнегін алып шығып, төрт жүз сомдықты суырып беріпті. Анау да ер екен, сөзін жұтпай, төрт қағазды алып, кемінде алты жүз сом тұратын биесін тастап жүре беріпті. Жоқшылық кезінде Мәтеннен (Макинка станциясы) ұн әкеліп сатады. Жарты қап шемішкені бірге ала келеді. Сол жарты қап шемішкені стақандап сатқанда, тапқан табысы ана ұн сатқаннан асып кетіп, соның пайдасы тиді бәрімізге деп отыратын анамыз. Аманжол әтәйімнің зайыбы Қалиман апамыз сары кісі болды. (Майке тәтем аумай тартқан шешесіне). Бұлақбасында тұрғанда, төрт-бес ер балалары болыпты. Соғыстан кейінгі бір жылдарда Степнякта, әсіресе, Бұлақбасында бір жұқпалы ауру, қызылша болу керек, балаларға қатты қырғын салыпты. Әлгі бес-алты баланың

бәрі сонда қайтыс болыпты. «Сол кезде бір үйден бірнеше өлік қатар шыққан күндер де болды. Біреуін көміп келгенде, екіншісі өліп жатқанын да көрдік қой», – деп отыратын үлкендер. Әтәйім мен апамның содан Базкен (Асылтас) мен Майке (Зәуреш) деген екі қызы қалды. Бәзкен апамыз Мәдениетте тұрды, күйеуі Қари Айдарбекұлы жездеміз екеуі бертінде қайтыс болды. Қари жездеміздің ағасы Қами өмір бойы мұғалім болған кісі. Мен жас кезімде елдегі ескі кітап, қолжазбаларды жинауға құмар болдым. Ондайлар кездесе бере ме? Бірақ, сирек болса да, көненің көзі қарияларда сақталып қалған құнды дүниелер табылып қалатын. Аманжол әтәйім үйінен алған сондай бір қолжазба – сарғайып кеткен қалың дәптер болатын. Ескі, зерленген ағаш әбдіреден алып, Қалиман апам сол бір сарғайып кеткен дәптерді маған берді. Сиямен, арабша жазылған біраз нәрсе бар еді. Ежіктеп, айырып оқып көргенімде, «Ермек батыр» деген жыр болып шықты бірі. Бұл – баяғы Еңлік пен Кебектің тұяғы, тау-тастың арасында, жөргегінде ораулы күйінде жалғыз қалған жетім бала туралы дастанның көшірмесі. Майке апамыз бір ғажап адам. Ол кісі менің ағам Мейраммен түйдей құрдас, бірге өсіп, бірге оқыды. Кішкентайымыздан тәтелеп өстік. Ашуы да бар, ер мінез, ақ жарқын, әзілқой кісі. Тәтемнің қызық әңгімелері бір төбе. Бала кезім, әй, бес-алты жастамын-ау, бір күні Майке Қайратпен қашып кетіпті деген хабар дүңк ете түсті. Ал, айғай-шудың әкесі болды! Түнделетіп менің анам Бәтима мен Баймолда ағамызды әтәйім қуғыншыға жіберді. Жігіттің ауылына барса, есік тарс жабық! Қағып-қағып, ешкім ашпағасын, Баймолда басымен жай кете ме, қораның төбесіне шығып, төбені тесіп, ішке түсіп, есікті ашады ғой! Содан, Майке қыз «өз еркіммен келдім, сүйдім-күйдім, тидім» дегесін, қуғыншылар кері қайтады. «Артынша, алдынан өтуге келген құдаларын Аманжол мылтықпен қуыпты!» – деген қаңқу тағы жетті. Сөйтсек, Кеңащыға құдалар келген. Қайрат жездеміздің руы – Қылды Қарауыл, менің шешемнің руластары. Құдықағаштан. Ағайынды Кәмен, Жәмен Жақсыбергеновтер. Үлкендері бас болып, Кеңащыдан бір кісілерді қосып, әтәйімнің үйіне келеді. Ішінде Қабжан бар. Сол кісі қызық қылып айтатын. Жиында Кеңащыдан Ермағамбет ағамыз, әтәйімнән жасы көп кіші болса да, өмір

бойы Адас деп сыйласып өткен көршісі Аманжол Ахметжанов бар
екен. Құдалар келіп, сөз бастағаннан-ақ қанына қарайып отырған
әтәйім бір кезде қаһарына мінеді. Қабырғада, кілемде ілулі тұрған
мылтығын ала салып, оқтай бастағанда құдалар зытты дейді. Сүрі-

ніп-қабынып, шәркейлерін шала-шарпы іле салып, шұбыра тар-
тқанда, орнынан тұра берген Адас – Аманжол көрші қымыз тола
піспе шелекті аударып алып, аппақ қымызды ақтара салды дейді.
Ең қызығы, Кеңащының көшесінде алды-артына қарамай шұбыра

қашқан Қылды Қарауылдардың алдында Керейдің шалы Ермағам-
бет атамыз зытып барады дейді. Ерекең үйіне келгесін Мәрия тә-
темізге: «Аманжол үйінде кебісім қалып қойыпты, барып алып
келші», – дейді. Мәрия кебісін әкеп беріп: «Ата, сіз неге қашты-

ңыз? Құда емес, ағасың ғой!» – дейді. «Ой, кім біледі, Аманжол-
дың мінезі жаман, атып тастайды екен деп зәрем кетті!» – депті
жарықтық.
Содан, бұл әңгімені әркім әр саққа жүгіртіп қойды. Алдына ке-

ліп отырған құдаларын мылтықпен қуғаны несі деп айыптағандар
да болды. Әзілге сайып, құдалардың шұбыра қашқанын күлкіге
айналдырғандар да аз емес. Бұрыннан бір ерегістері бар екен де-
гендердің сөзі де қалыпты құлағымда. Аманжол сүйікті кенже қы-

зы Майкені өзіне көңілі жақын бір кісінің баласына қосуды ойлап
жүр екен, Қайратқа қимай, қаһарына мінген ғой деген де сөз ай-
тылды. Қысқасы, үш жылға дейін әтәйім қызымен де, құдамен де
хабарласқан жоқ. Ол екі арада екі бала – Мақсұт пен Бағдаш туды.

Үш жылдан кейін, Аманжол әтәйімнің ашуы басылып, райынан
қайтты-ау дегенде, ақырын Қалиман апамнан хабар алып, Майке
тәтем балаларын көтеріп, жездеміз Қайратпен Кеңащыға келеді.
Есіктен кіріп келгенде мінезі қатты деп аңызға айналған Аманжол

әтәйім сағынған қызын құшақтап тұрып, көзіне жас алып: «Қайтіп
шыдап жүрдің осынша уақыт келместен? Сен қашан келсең де мен
алдыңнан шығар едім ғой!» – депті. Немерелерін иіскеп, жадырап,
жарасып кетіпті. Бірақ, өле-өлгенше құдаларының есігін ашпай

кетті.
Бұл түйіннің шешуін тапқым келіп, кейде оймен шолып қоя-
тынмын. Апырмай, сонша неге қатып қалды екен құдасына, – дей-
міз кейде. Бұл сұрақтың жауабын тіпті бертінде, екі-үш жыл бұ-

рын Майке тәтем айтты. Сөйтсек, отызыншы жылдарда, совет өкі-
метінің ақырып тұрған кезінде, Қайрат жездемнің әкесінің ағасы

Кәмен белсенді болған екен. Аманжол әтәйім Қалиман апамызға жаңа үйленіп, қырда ақ отау тігіп отырғанда, Кәмен үкіметтің атынан ақ отауды ескіліктің, байлықтың көзі деп, кәмпескелеп, тартып алған екен! Зорлыққа амалсыз көнсе де, ішінен иілмеген, сынбаған әтәйімнің енді келіп сүйікті қызы сол әулеттің жігітіне қосылғанда қаны қайнауы заңды ғой. Қайта, атып жібермеген құдаларын, құдай сақтап! Міне, бұл да бауырмал қазақ елін тап тартысына ұрындырып, бір-бірімен қырқыстырып қойған құйтырқы саясаттың зардабы емес пе? Сол араздықты жеңіп шыққан Майке апамыз бен Қайрат жездеміздің махаббат күші қандай десеңізші! Жоғалған ақша Аманжол әтәйім қайтыс болғанда, Майке тәтем әкесі өзіне мұра ғып қалдырған көп ақшаны, жобасы, он мың сомның о жақ, бұ жағында, орамалға түйіп, қойнына салып жүреді... жабдық кезінде. Бұл 1972 жылы, ол кезде он мың сомға Алматыдан кең сарайдай екі үй алуға болады, екі-үш машинаның құны. Содан, әбігерленіп, әр шаруамен басы қатып жүрген тәтем, бір кезде керегі боп, қараса, әлгі көп ақша жоқ! Ал, зәресі кетеді! Ешкімге білдірмей, ағасы, менің әкем Тақанға келеді. Осылай да осылай, ақшаны жоғалтып алдым, ертең әтәйімді жөнелтуге ақша тауып беріңіз дейді. Әкем сасқалақтап, барын қарастырайын дейді. Кісі жөнелтуге он мың емес, бірнеше жүз сом жетеді. Сөйтіп, Майке тәтем уайымға батып жүргенде, оған Балғия деген ауылдас әйел келеді. Оның күйеуі Байзақ ұста, Аманжол әтәйіммен, Қалиман апамызбен өте сыйлас болған кісілер. Қалиман апам көп кісіге көрсете бермейтін үлкен, оюлап жасалған ескі ағаш әбдіресін Балғияға ашады екен дейді оның қызы, менің құрдасым Баян. Біздің «Аран» фильміндегі әдемі ескі сандық осы! Оны Сұлушаш Қалиман апамнан кезінде қолқалап сұрап алған екен. Содан, Балғия апамыз Майкеден жайлап сыр тартады: «Сен ақша жоғалттың ба?» «Иә!» – дейді Майке тәтем. «Қанша?» «Ойбай, көп! Он мың сомдай!» «Е-е, бәсе, өзім де солай ойлап едім! Сенің ақшаң шығар деп! Мә!» – деп, орамалымен қолына беріпті. «Құдықтың басында, темір науада, судың ішінде жатыр!» – депті Балғия. «Мұнша ақша ауылда кімде болуы мүмкін, деп ойладым. Әрине, тек сенің әкеңде ғана бар ондай ақ-

ша. Содан, ешкімге тіс жармай, аңысын аңдасам, ешкімнен тырс
еткен дыбыс жоқ! Шыдай алмай, саған келдім!» – деп ағынан жа-
рылады. Қуанған Майке тәтем алғысын жаудырып, сүйіншісін бе-
рейін десе, Балғия апамыз үзілді-кесілді бас тартып, бір тиын да

алмапты! Жүз сомның әлегі
Ләйла тәтеміздің үлкен ұлы Еркетай Шымкент, Созақтың қызы
Маринаға үйленгенде, құтты болсын айтып Майке тәтем, Қайрат
жездем, Ұғыш жездем бәрі барады. Дуылдатып тойлайды. Ерке-

тайдың атасы Сүйіндік құдамыз Ұғышпен ежелден тістесіп, қал-
жыңдаса беретін. Ұшпа мінезді Ұғыш жездемнің ондайда тіпті ұс-
тамасы ұстап кетіп, шиқылдап біраз жерге шырқап кететін. Той
үстінде Сүйіндік құда Ұғыш жездемді «ал, алдың» астына алады.

Ішпей отырған жездей не болса да құданы қымбатқа түсірейін деп:
«Мына қызыл-мызыл, ақ-мағың өзіңе, мен коньяк қана ішемін!»
деп кергиді. «Е-е, мен саған коньяк құямын, бірақ тауысып ішетін
болсаң ғана құямын!» – дейді құда. «Әкел кәне, құйғаныңды кө-

рейін!» – дейді жездей.
Содан, коньякты тауысып ішіп, гүжілдеп тарайды. Тассуда тұ-
ратын Ұғыш жездемді Майке тәтелерім Бірсуатқа дейін ала кетеді.
Түннің бір уағы боп қалған, Майкенің үйіне қонатын болып, шай-

пай ішеді. Енді ұйқтар кезде, масаң Ұғыш жездем қалтасын қарап,
ақшасын түгендейді.

– Әй, менің жүз сом ақшам жоқ! Қайда қане, табыңдар! – деп,

шу шығарады.

– Кет, қайыршы неме, сенің ақшаңды немене, біз ұрлап алды

деп отырсың ба? – деп, тәтем де қайнап шыға келеді. Қайрат жез-
демде үн жоқ, жатады диванда. Ал, содан Ұғыш жездем мен Май-
ке тәтем ұрсысады келіп.

– Біздің үйден, балалардан көріп отырсың ғой! Біреудің ала жі-

бін аттап көргеміз жоқ! Ондай пәле зәу-затымызда жоқ! – деп тә-
тем шығады.

– Сенің үйіңнен басқа ешқайда кәстөмімді шешкем жоқ, ақшам

қайда кетеді? – деп жездем салады пәлені.

– Өйтетін болсаң, кет, айда, қайқай! – дейді тәтем.

– Кетсем кетем! –деп, жездем бір байы жоқ құрдас әйелінің үйіне баруға оқталады. – Ол қатынның үйіне барып қонып көр тура, апамыз Мәймінәны алып келіп, сирағыңнан сүйреп шығарамын! – дейді Майке қаһарланып. Долданып, ыза буған Ұғыш жездем: «Онда мен үйге жаяу кетемін!» – дейді. – Кетсең кете бер! – дейді тәтем. Содан, Ұғыш жездем түн ортасында, қақаған аязда, он сегіз шақырымдай жердегі Тассуға жаяу тартып отырады. Оны кете қоймас, далаға шыққасын суық сорып, есі кіргесін қайтып келер деп, бұлар қала береді. Содан жездей түнімен жүре береді, жүре береді. Біраздан соң аяз сорып, мастығынан айыға бастайды. Енді кері қайтайын десе, намыс жібермейді. Не керек, тоқтамай тартады ғой. Арасында таяғына сүйеніп, демалады. Ұйқы қыса бастағанда, өзін-өзі зорлап, ілби береді. Ақыры, таң сібірлей бергенде, Тассудың сайына жетеді. Сол кезде артынан аудан орталығы Степняктан шыққан таңғы автобус та келіп қалады. Соған отырып, «ух» деп, үйіне аман жетеді. Ал, үйде қалған Майке тәтем біраздан соң, Ұғыш жездем қайтып келе қоймаған соң: «Ойбай-ай, масқара ғып айдалада үсіп қалар ма екен?» – деп, түнімен уайымдап, таңертең Қайрат жездем екеуі машинамен Тассуға келеді. Келсе, Ұғыш жездем үйде. Дудәмнің (Мәймінә, шын аты Мәрия, тәтемізді Дудә дейтінбіз) ойында дәнеңе жоқ, сіңлісі мен күйеу баласы келгенге мәз болып, шайын жасап, арқа-жарқа болысады. Енді ес жиғасын бір-біріне: «Әй, кешегің не?» деспей ме! Сөйтсе, Ұғыш жездеміз жоғалды деп шулатып жүрген жүз сомды тойға шашу деп Ләйла тәтем мен Өсербай жездеме берген екен де, Сүйіндік құдамен ерегәісіп коньяк ішіп жүргенде, тарс ұмытып қалған екен! Аяз бен тұз Бір күні Қайрат жездем ескі «Мәскібіш» машинасымен Бірсуаттан Кеңащыға қарай жолға шығады. Қақаған қыс. Қасында шешесі. Артында – Майке тәтем. «Мәскібіштің» пеші дұрыс істемейді. Күн аяз, терезені қырау баса береді. Қырау басқан сайын

жездей артқа қарай қолын жаяды. Апай алақанына бір уыс тұз сала қояды. Тұзбен терезені сүртіп, тазартып отырады. Әлқисса, орта жолға келгенде, Степняктан өтіп, Кеңащыға қарай шыққасын, тоқтап, жездей түседі де, капотын ашып, бірдемесін шұқылайды. Оны көрген апай түзге отырып ала қояйын деп, түсе қалады. Алдында отырған кемпірдің ештемеде жұмысы жоқ, бұйығып, қалғып кеткен. Содан, жездей жөндеуін жедел бітіріп, машинаға мінеді де, бір-ақ тартады! Апай «а» деуге шамасы келмей, айдалада аңқиып қала береді! Жездей рөлді ұстағанына мәз. Елде, жерде жұмысы жоқ, желбезегі желпілдеп, желдей ұшып келеді. Бір кезде терезені қырау басып кеткесін, артқа қол жаяды. «Тұз әкел!» дейді. Үн жоқ, дым жоқ! «Өй, тұз әкел деймін!» – деп одырайып артына қараса, тұз да жоқ, қыз да жоқ! Содан бұрылып алып, апайға қайтып келеді. Келсе, ана кісі әрі тоңған, әрі ыза болған... Көзінің жасы бүршік-бүршік боп бетіне қатып қалған... . Сақылдаған сары аязда сақиып тоңған тәтеміз кері бұрылып, Степнякқа, Ләйла тәтемнің үйіне қарай тартқан екен. Қайрат жездем қайтсын, ары-бері жалынады, оған қайырылмай, «мәшинәңмен қоса құры, көрмегенім сол болсын» деп, тулаған тәтемді енесі араға түсіп, әупірімдеп тоқтатып, мәшинаға мінгізіп, Кеңащыға аманесен жеткен екен! Брежневі бар үй Бір жолы Майке тәтем Қарағандыға барады. Қасында бір палуан қайнысы бар, қара шамаданда құнан қойдың тұтас еті бар. Баратын үйдің нақты әдірісін білмейді. Бірақ, ылғи барып жүрген үйі, вокзалдан қашық емес. Және, көзге таныс, өзі жақсы білетін бір керемет, ешқашан өзгермейтін, мәңгілік адастырмайтын бір белгісі бар. Ондай белгісі бар үйдің әдірісін қайтеді, қанша жыл келіп жүргенде, бірден соған ат маңдайын тіреп, тура табады екен. Содан, пойыздан түскесін, мойнын созып қарайды, белгісі көріне қоймағасын, бұрынғы барып жүрген бағытымен бір-екі бұрылыстан өтеді де, өзі білетін әлгі белгісін айнала іздейді. Бұрын алыстан мен мұндалап тұратын көзіне ыстық белгі жоқ! «Көкке ұшып кетті ме, жерге кіріп кетті ме, лағанат!» деп, қобалжи бастайды. Енді,

амал жоқ, өтіп бара жатқандардан сұрайды. «Мына жердегі Брежневі бар үйді білесіңдер ме?!» Жастар жағы бастарын шайқап, мырс-мырс күліп, мысқылдап кете береді. Сөйтіп жүргенде әйтеуір бір орыстың шалы білетін болып шығады! Әуелі күлді дейді! «Әй, Брежнев өлгелі қай заман! Оның суретін өлісімен алып тастаған! Міне, мына алдыңда тұрған үй!» депті. Сөйтіп, зорға тауып барған екен. Кейіннен: «Әй, Брежневтің өліп қалатынын, оның суретін алып тастайтынын мен қайдан білейін! Ылғи соған қарап, адаспай тауып жүргесін...!» – деп күледі. Күлмегенде қайтсін! Ұшып кеткен үш теңгелер Бір күні Ұғыш жездем жалақысын алады. Жолдасжораларымен ептеп «жуады». Содан, жұрт тарағасын, ептеп қызып алған жездеміз, айдалада, малдың соңында, аттың үстінде келе жатып, қаншасы кетіп, қаншасы қалды екен деп, қиялданып, ақшасын санамай ма!? Күн желкем екен, абайсызда қолындағы бар ақшасы ұшып кетеді. Өңкей советтік үш сомдықтар Тассудан Тереңқұдық пен Торатөлгенге қарай кетті дейді қалықтап! Ақкөңіл жарықтық әр жасыл қағаздың соңынан алақтап қуады келіп! Содан не керек, бұйырғанын, әр шөптің түбіне тіреліп, басына ілініп қалғанын теріп алып қайтады. Кеткені кетеді солай желмен ұшып! Арман дүние-ай... Талғат туралы бір-екі ауыз сөз айту мұнша қиын болар деп кім ойлаған! Биыл ғана алпыс үш жасқа толып, зейнеткер атанса да, қызметінен қол үзбей, Еңбекшілдер аудандық пошта торабын басқарып жүріп жатқан. Қырық жылдан астам уақыттан бергі адал еңбегі лайықты бағаланып, аудандық мәслихаттың шешімімен «Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы» деген атақ беріліп еді. Тәуелсіздік күнінде тапсырылады екен, тойлаймыз деп қуанып жүрген... 8 қараша күні таңертең жұмысқа барғалы жатып, аяқ астынан, бір-ақ сәтте бақиға өте шықты. Жай қыңқыл-сыңқыл болмаса, өмі-

рі шындап ауырдым деп дәрігерге барып көрмеген адам. Жүректен... Төбеден жай түскендей боп қала бердік... Міне, енді қырқы... Жарықтық Талғат жездем елінің сүйкімді, сыйлы азаматы еді. Көңіл айта келген кісілер «Талғатпен бір кездесіп, бес-он минут әңгімелесіп, әзілдесіп қалсақ, біразға дейін жанымыз рахаттанып жүруші едік! Талғат өмірден өтті, енді арамызда жоқ дегенге сене алар емеспіз!» десіп, қимастық сөздерін айтып жатты. Белгілі журналист, ақын Бақберген Амалбек Талғат Досымбеков алпыс жасқа толғанда «Егемен Қазақстан», «Арқа ажары» газеттеріне жазған мақаласын «Жан-жағын жадыратып жүретін жан» деп атауында біраз мән жатыр. Ол өзінің азаматтық парызын адал атқарды. Қай салада болса да, жұмысына жан-тәнімен беріліп істейтін. Онда бір үнемі биікке ұмтылып тұратын арманшылдық, өмірге құштарлық бар еді. Қайнап жатқан қызметтің бел ортасында жүріп, қоғамдық міндетін орнымен, артығымен атқара жүріп, айналасындағы адамдардың мұң-шерін бөлісуге де, көңілін көтеріп, демеп, сүйеп жіберуге де үлгеретін. Талғат жездем алпысқа толғанда: Өмір – өзен ғой, Адамдар қонақ кемеде, Уақыттың желі тоқтауға сірә көне ме? Сексенбай атаң, Мәнзила апаң мәпелеп, Көтеріп еді «бота» деп сені төбеге, Аруақты жерден, әулетті елден өркендеп, Қазақы орда, Көнеден алдың өнеге...

Сақтаған дінін,
Тілі мен дәстүр, салтымды,
Степняк біздің атақты жер ғой
Тонналап алған алтынды.

«Алтыны қайда, кеткен бе көшіп?» дегенде
Міне деп айтам,
Алтындай жарқын халқымды!

Өсетін елдер бір-бірін сыйлап ардақтар,
Еңбегін ердің сарапқа салып салмақтар.
Емес пе нағыз самородный сары алтын,

Жарықтық Ғазиз,
Сапура менен Талғаттар!

Солдатқа барып,
Шөл кезіп құмнан аттадың,
Көк шаймен басып түркімендердің аптабын.
Содан ба екен, әйтеуір ыстық болатын

Кушкадан жазған Кеңащыға сәлем хаттарың!

Жұмысқа кірдің алатын бүркіт төстеніп,
Әкімдер менен әпкеме ғана честь беріп.
Фотокорр болып түсірген өзің суреттер –
Шежіре ғұмыр, тарихи нағыз естелік!

Жігерің менен білігіңді билік таныпты,
Қызметтің түрлі қиырына да салыпты,
Баспахананы,
Поштаны түгел реттедің,

Бір тиын жемей басқардың Халық банкті! – деп жазған өле-
ңімде оның өнегелі өмір жолының сәулесі бар.
Біз жезде-балдыз болғалы қырық жылдан асып бара жатыр
екен. Егіздің сыңарындай болып кетіп едік. Әр кездескеніміз бір

хикая, жарасымды әзіл-қалжың, өлең-жыр еді. Оның біразы менің
«Деген екен» атты кітабыма еніп, Талғатты өмірі көрмеген кейбір
оқырмандар оның есіміне сырттай қанық болып жататын.
Біздің елге келген сапарында Ғафу Қайырбеков ағамызға, жа-

рықтық Ғафекеңе: «Ауылға келгелі Алматының жартысын жоқ-
татпай, жанымнан табылып жүрген жайсаң жездем Талғат!» деп
таныстырғаным әлі есімде. Дәмдес болып, бір күн мәжіліс құрған-
нан кейін жездемнің жақсы қасиеттерін дәл таныған көреген ақын

«Өмір оттары» атты кітабына:
Жігіттің ең жақсысы жан аңсары,
Арман-ау соған көңіл жалғасқаны,
Баяштың сүйенетін бәйтерегі –

Аман бол, айналайын Талғат сары! – деп ағалық көңіл, разы-
лықпен ақ тілегін жазып беріп, бір көтеріп қойған.
Оның өмірге құштарлығы сондай – жан-жақты адам еді. Ағай-
ын-туыстың ұйтқысы, бауыр-туыстарының қамқоршысы болатын.

Кітап, газет-журналды мүмкіндігінше қамтып оқып, әр саладан

хабардар болып жүретін. Спортқа да қатты қызығатын, дойбыдан,
шахматтан, мылтық атудан облыстық жарыстарға да қатысып,
жүлдегер де болған. Тіршілікте жілік соғу, гир көтеру, қарт ойнау
сияқты сайыстарға да қызу араласып, бәсекенің көрігін гулете

қыздырып, өзінің табиғи тура қойылған саңқылдаған даусымен
жұртты еліктіріп әкететін. Қыза-қыза келгенде, домбыраны ала
салып, келсін-келмесін суырып салып өлең шығаратын және оның
өлеңдері баяғы аңыз болған Қиясбайдың өлеңіне көбірек ұқсаңқы-

рап кетіп, жұртты қыран-топан күлкіге батырып, думан-тойда кө-
ңіл көтеруге әбден жарап жататын. Сұлушаш апайымыз екеуі ту-
ған-туыс, жолдас-жоралардың той-томалағын қол ұстаса басқарып
та жүре беретін және пәлен сағат, тіпті құдалықтарда бірнеше күн

тік тұрып жасаған қызметтеріне көк тиын да алмайтын, тіпті ол
туралы сөз де болмайтын. Және соның бәрін рахаттана жүріп жа-
сап, ойын-тойдың гүлі мен сәніне айналған, қос аққудай жарасқан,
шын ғашық болып қосылған апа-жездеміз елдің шынайы алғысына

бөленуші еді. Сол ризашылық, шынайы құрметтерін көрсеткен
қалың ел, берісі аудан мен облыс, әрісі Астана мен Алматыдан
келген туған-туыс, құда-жегжат, дос-жаран қабырғасы қайысып,
Талғатты ақтық сапарға шығарып салды. Алладан рахмат, пайғам-

бардан шапағат, Талғат жездеміздің жаны жәннатта болсын, ар-
тыңда қалған бала-шаға, немерелеріне, бауыр-туыс, ел-жұртына
жақсылық, ғұмыр берсін! Сексенбай құданың қиссасы
Талғаттың атасы Сексенбай құдамыздың әкесі Досымбек бо-

лыс болған кісі екен. Совет заманында да біраз жауапты қызметтер
атқарады. Ақыры, репрессия кезінде қысымға алынып, қуғынға
ұшырайды. Қызылту жағынан Степнякқа бой тасалап келсе керек.
Жұмысын істеп жүрсе де, қызыл жағалылар тыныштық бермей,

түртпектеп, аңдығандарын қоймапты. Сонда ол кісі Құранды үйдің
шыға берісіндегі маңдайшаға қоя салатын көрінеді. Есіктің ескі
ағаш маңдайшасында Құран жасырулы тұрады деп кімнің ойына
келсін, солай аман сақтап қалған екен! Бір күні бір жиында До-

сымбек ақсақал алдарына ас келгенде, табаққа «бісміллә» деп қол
сала бергенде, партия-совет қызметкерлері тіксініп: «Не дейсіз?!»

– деп шүйліге бастайды. Сонда, жарықтық Досымбек: «Пісті мә, деп жатқаным ғой!» – деп құтылып кеткен екен. Сексенбай атамыз (құда демей, ата деп сыйлап өттік) зор денелі, ұзын бойлы, жуан, толық адам болды. Жүзі көненің жел мүжіген балбал тастары сияқты болып көрінетін маған. Сонау қадым заманнан бізге дейін үзілмей келе жатқан ескіліктің қалың сыры, куәгері, сақтаушысы сияқты. Мұндай кісілер барда сан ғасырлық асыл қазыналарды уақыт шаңы көме алмайтындай, көшпенділердің көне салт-дәстүрін, рухани әлемін ешқандай кәмөнезм жұта алмайтындай күй кешіп, айрықша бір қуаттанып қалушы едім. Маңайында Степняктың, Шаңқайдың, Кірпіш сарайының адамдары үйіріліп жүретін. Ол кісі әңгіме айтқанды, қарт ойнағанды жақсы көретін. Нүркен (Нұрахмет), Ғазиз, Мұқыш, Қасен, Бейсен, Қайырбек, Қайдар, Алмас, Өміртас, Серік, Серкен, Байзолла, Шахман құдаларым гүжілдесіп, таң атқанша әңгімені де, қартты да соғатын. Бәрі де ол кісінің атын атамай, «Дәу ата» дейтін. Дәу аталары түні бойы малдас құрған күйінен жазбай, қаққан қазықтай болып отыратын. Түнімен дабдырлаған құдаларға Мәнзила құдағи ләм деп аузын ашпайтын. Әжімді жүзі көне күміс теңгенің бедеріне ұқсайтын ақ жаулықты құдағидың түбі Қанжығалы, Ерейментаудан болатын. Сексенбай атаның күйеу баласы Ғазизді Қазез дейтін жұрт. Соғыста жүргенде: «Елге аман барып, ағайын-туыспен бір дәм татсам, шіркін! Содан кейін өліп кетсем, арманым болмас еді!» деп армандайды екен, бомба мен оқтың астында. Құдай сол тілегін беріп, елге аман келеді. Содан кейін, қалған өмірім олжа деп, уайымқайғысыз өмір сүрген ғой! Сексеннен асып қайтты, шашында бірен-саран ғана ақ болды. Жіп-жіңішке, кішкентай ғана кісі еді. Әйелі Сапура – Сексенбай атамыздың қызы, дәу, толық, сары кісі. Он баланың ата-анасы. Сексенбай құдамыз мені баласынан да кіші екеніме қарамай, өте жақсы сыйлап, құрметтеп өтті. «Сбатым» деп, жымиып қарсы алатын, төрге шығаратын. Мен де ол кісіні кейде құда десем, көбіне ата деп ардақтадым. Әңгіменің тиегін ағытып, небір хикаяларды қозғаушы еді жарықтық. Біраз әңгімелерін сол кезде қағазға түсіріп қойғаным да бар. «Қиссас-ұл-Әнбиә» кітабын алғаш рет сол кісіден көрдім. Рабғузидың осындай кітабы бар деп, университетте ғұлама ұстазымыз Бейсембай Кенжебаев айтып отыратын. Тек сол

кісі ғана біледі деп жүрген аса бағалы көне кітап құдамыздың үйінен шыға келгенде, қолымызға ұстап көргенде бір керемет күй кештім. Бағзы замандарға барып келгендей болдым. Қағазы әбден сарғайып, қатты мұқабасы мүжіле бастаған, қадымша жазылған қалың кітап небір құпия сырларды жасырып тұрған бір көмбе, құпия қазына сияқты көрінеді. Сексенбай құда судыратып біраз оқып берді. Бірақ, менің есіл-дертім осы кітапқа ауып, ақыры, қолқалап жүріп, сұрап алдым. «Қарамнан артық көретін кітабым еді, сенен басқа бір адамға бермек түгілі, ұстатпас та едім! Саған қидым, сбатым, қадірлеп сақта!» – деп, сыйлады жарықтық. Оған қоса, кішкентай, шағын, жұқа «Бәдуам кітабы», хисса, аңыз кітаптарын да берді. Оған қоса, «Ахтари кәбир» деген қалың, үлкен кітапты да берді. Жақсы сақталған, бірақ тілі қазақша емес, оқуы қиын екен. «Бұл кітапты мен өзім де оқи алмаймын. Мұны оқу үшін арнайы білім керек. Бұл кітап лұғат шешеді!» – деді. Ол кісіден алған қағаздардың арасында араб қарпімен басылған әлдебір кітаптың бір бетінің жоғарғы жағының төрттен бірі жүргені де есімде. Онда жобамен: «Татмақ-татып қармақ (көрмек), астың тұзы татымақ», – деген сөздер бар болатын. Соған қарағанда, өткен заманда жарыққа шыққан түсіндірме сөздік болар деп топшылаймын. Өкінішке орай, сол бір жыртынды қағазды жоғалтып алдым! Ал, Сексенбай Досымбеков атамыздың сеніп тапсырған кітаптары менің жеке архивімде сақтаулы тұр! «Қиссас-ұл-әнбиәні» әр жылдары бірнеше рет қызыға оқып шықтым. Сексенбай құданың інісі Байман балуан тұлғалы, қарулы кісі болатын. Бір күні бригадада түнгі күзетте жүрсе, жарығын сөндірген бір машина қырманнан шығып, Степнякқа қарай ұрлана тартып бара жатқанын көзі шалып қалады. Астында жарау буырыл ат, қолында қақ сойыл, өзі балуан Байман неден қорықсын, әлгінің артынан тұра қуады. Қуғынды байқап қалған машина арқырай қашады. Жолсыз далада әрі қараңғы түнде бар жылдамдығына баса алмай, бұлталақтап келе жатқан темір көлікті қазанатпен қуып жеткен Байман қайың сойылмен қайқайтып тұрып соғады кәбеңкенің төбесінен. Әйнегі күлпарша болған машинаны сартылдатып сабай бергесін, амалы құрыған шопыр тоқтайды. Ұрыларды ұстағасын аясын ба, дымын қоймай боқтап: «Ал, қане, шығыңдар былай!» деп, кәбеңкені ашып қалса, шопырдың жанында ағасы Сексенбай

отыр екен дейді! Енді ағасын сабай ма, қамай ма, қайтеді? Тілге кеп, жөн сұраса, жемнен қысылған соң, бірнеше қап қалдық жем алуға келген екен түнделетіп! Содан, Байман: «Сендерді көрдім деп тірі жанға айтпайын! Ертең бәрімізге бәле болады!» – деп, ағасының алған жемін қырманға қайта апарып төккізіп, аман-сау қоя беріпті! Әне, қандай заман, қандай адам болған! Бәле болған бәкі Бір жолы, тоқсаныншы жылдардың басында, Талғат жездем, жанында Сұлушаш бар, Алматыдан елге қарай шығады пойызбен. Плацкарт вагон, оп-оңды астарын ішіп отырса, екі милиционер әрлі-берлі өтіп, бұларға қарағыштай береді. Сөйтсе, Талғаттың бір кнопкалы бәкісі бар екен, ет турап болғасын үстелдің үстіне қоя салған ғой. Ана екеуі соны көріп қалып, аңдып жүріпті. Біраздан соң келіп, бастайды әңгімені. – Мынау сіздің бәкіңіз бе? – Жоқ! Осы жерде жатқан бәкі! – дейді, бірдемені сезе қойған Талғат сасқалақтап. Милиция оған қарасын ба, қолма-қол протоколдап, тергеп, қағаздарын толтырып алады. Дүкенде ашық сатылып жатқан көп бәкінің бірі екенін көріп тұрып: «Бұл кнопкалы бәкі – суық қару, арнайы рұқсатсыз алып жүруге, сақтауға тиым салынған! Заң бойынша жауапқа тартыласыз!» – дейді. «Оу, мен бұл бәкіні ашық түрде сатып жатқан заңды дүкеннен алдым ғой! Егер де бұл тиым салынған суық қару болса, онда неге дүкенде ашық сатуға рұқсат беріледі заң жүзінде?!» – дейді Талғат. «Онда біздің жұмысымыз жоқ! Сіздің рұқсат қағазыңыз жоқ, бітті, жауапқа тартыласыз!» – деп, әдірісін жазып алады. Сөйтіп, арақ ішпеген, сап-сау, тып-тыныш әйелімен келе жатқан үп-үлкен кісі күдікті болып шыға келеді. Ол кезде Талғат жездем аудандық Халық банкін басқаратын. Біраз уақыт өткен соң, Қарағандыдан бір тергеуші Степнякқа іздеп келіп тергейді. Одан кейін повесткамен шақыртады Қарағандыға. Талғат жанына досы Темірхан Омаровты алып, екеуі барады. Барса, вокзалдағы темір жол милициясындағы бастық майор тіпті жөндеп сөйлеспейді де. «Ертең кел, арғы күні кел», – деп әуре қыла бастайды.

Темірханның КГБ-да істейтін бір майор інісі бар екен, екеуі соған барып айтады жағдайды. Бір көмегі тиер деп, әуелде көздеп барғандары да сол екен. Ол кірісіп, звондағасын жағдай шұғыл өзгереді. Әлгі керек қылмаған тергеушілер алдарынан шығып, «ағалап», істі біржола жауып тастайды. Сонда деймін-ау, жай жатқан бір бәкінің соңына сонша түсіп, қанша уақыт, күш-қуаттарын жұмсайтындай, милицияның басқа маңызды жұмыстары жоқ па екен?! Банды аулаған құда Нұғыман Төлеуов біздің ауданда, Қоғамда мұғалім болды. Аудан орталығына келгенде Бұлақбасындағы біздің үйге соғып, кейде қонып кететін. Ол кезде қазіргідей ағылып жатқан машина жоқ, автобуспен, ат-арбамен жүретін уақыт. Аудандағы жұмыстары бір күнде бітпей қалса, ауылдан келген кісілер ағайын аралап, құда-жегжат жағалайтын. Бұның бір жақсы жері – үйімізге келген қонақтардың әңгімесін құмарта тыңдайтынмын. Сөзі тәуір жандардың әңгімесін әке-шешеміздің жанында жантайып жатып, құлаққа құя береміз. Ал енді кейбір бейпіл ауыз, бетімен сөйлейтіндер болса, әке-шешеміз бізге оларды тыңдатпауға тырысатын. Не қонақты ақырын жөнге салатын, не бізді ойнаңдар деп шығарып салатын. Осы күні ойлап қарасақ, соның бәрі бір үлкен тәрбие мектебі екен ғой! Нұғыман бізге құда, Аманжол әтәйімнің бәйбішесі Қалиман апамыздың інісі. Аузы үлкен, сары кісі болатын. Әңгімесі қызық еді. Соғыс кезінде әскерге алынады. Бірақ, бұл кісіні майданға жібермей, тылдағы опергруппаға қосады. Қасында Гаропченко деген бір батыр болыпты. Орманда соғыстан қашып жүрген бір бандыны ұстағандары тура кино сияқты! Таулы, тастақ жерге, қалың орман ішінде бекініп алған жау алдынан келгендерді көздеп атып, алдырмапты. Арты ну орман екен. Содан, опергруппа екіге бөлініп, бір тобы атысып, алдарқатып тұрады да, екінші тобы ту сыртынан, қалың қыршаны қиып отырып, тығылып келіп, төбесінен бір-ақ басады.

Қалмақ құда
Абай мектебінде, тоғызыншы-оныншы класта оқып жүргенде
мен екі жыл Ләйла тәтем үйінде тұрдым.
Сүйіндік құда мені баласынбай, сол жасөспірім кезімде де

емен-жарқын әңгімелесіп, тіпті, сырласып тұратын. Әдемі әзіліміз
де бар еді.
Ол кісі маған: «Ұры Ақымбет!» – деп қалжыңдайтын. Мектеп
оқушысымын, оның себебін білмей, жауабын бере алмай жүрдім.

Бір күні Әкімжан атама айтып едім, ол кісі күлді:

– Жоға, біз ұры емеспіз, Сүйіндік сөзге сынық қып айта береді!

Сен оған «қалмақсың» деп айт! – деді.
Ұғып алдым. Келесі жолы Сүйіндік құда тағы да: – Әй, ұры
Ақымбет! – дей бергенде:

– Ұрлық қалмақтан қалған! Сен қалмақсың! –дедім.

Сүйіндік құда қып-қызыл боп қарқылдап күлді. Қиқылдап, қы-
зылкеңірдек боп дауласа кетті.

– Жоқ! Мен қалмақ емеспін! Мен Абадан батырдың тұқымы-

мын! – деді. – Мұны саған кім айтты? – деп сұрады сәлден кейін
сабасына түсіп.

– Әкімжан атам айтты!

– Әкімжан менімен ойнай береді! Абадан батыр қалмақпен со-

ғысқа барып, жеңіп келген. Сонда, қалмақтың қызын алып келген!
Біз содан тарағанбыз! – деді.
Шіркін, шалдардың бір ауыз сөзінде бір-бір тарих жатушы еді
ғой!

Қалмаққа жиен Сүйіндік құда – Ақсары Керей, Шуылдақ.
Ұзын бойлы, қызыл сары жүзді, ашаң денелі тентектеу кісі бола-
тын. Бала күнімде мен ол кісіні аңыздың батырларына ұқсатушы
едім. Сөйтсем, шынында да Абадан батырдың тұқымы екен!

Күлшат құдағи да ұзын бойлы кісі еді. Сексен бес жасқа келіп,
қайтыс болғанға дейін тіп-тік қалпында жүрді. Қараторы, иман
жүзді құдағимызды да бала күнімізден апа деп сыйлап өстік. Кейін
білсек, ол кісі Әбсәләм қажының ағасы Бәтік қажының қызы екен.

Артық сөзі жоқ, биязы құдағи өңкей арқырап тұрған батырдың
тұқымдарын сабырымен, ақылымен жеңіп, жөнге салып отыратын.

Өсербай жездем Ләйла тәтемізді алып қашқаннан кейін, үш жылға дейін біздің жақ құдалыққа бармай қойды. Тағы да Аманжол әтәйімнің ұйғарғаны! Ол кісі, алдында ағасы Әкімжан тұрса да, біздің әулетті билеп тұрды – не айтса да заң! Құдалармен қалыңмал жөнінде келіспей қалған ба, олар айтқанын бермей қойған ба, әйтеуір, бір түйткіл бар. Негізі, біздің үйдің қыздары түгел қалыңсыз кетті де, түскен келіндердің бәрі қалыңсыз келді! Бірақ, ескінің адамдарының салт-дәстүрге қатысты қилы әңгімелері болмай тұра ма!? Содан, біз Ләйла тәтем үйіне астыртын барып келеміз, бірақ, құдалармен ашық қарым-қатынас болған жоқ. Біздің оқитын мектебіміз де құдалардың үйінің дәл түбінде. Ләйла тәтем мектепте физика, математикадан сабақ береді. Өстіп жүргенде, жиеніміз Еркетай, артынан Ербол өмірге келді. Содан, бір күні Сүйіндік құда Аманжол әтәйіммен базарда кездесіп қалады. Жылы шырай танытып, оңдап сәлем беріп, сөзді бастайды. Қысқасы, құдалыққа келіңіздер, сыйқұрметті көріңіздер, айтқаныңыздың бәрін беремін! – дейді қол қусырып. Екеуі осыған келіседі. Әтәйімнен рұқсат болғаннан кейін, не тұрыс, ат-арбаны қамдап, артынып-тартынып Бұлақбасынан Первомайкаға (Бірінші Май ауылы, Степнякта, арасы көп болса, бір-ақ шақырымдай) құдалыққа аттандық. Есімде қалғаны, біздің жақтан Кеңесбайдың баласы Алдиярбек атамыз да барды. Ақымбет, аталас туыс, әрі көрші. Ол кісі жемпаз болатын, жеңді білектей қазыны тұтастай бір-ақ жұта салатын. Содан, құдалықта ойнап-күліп, қыздың жасауын беріп, ертеңіне ауылға қайтарда, құдалар кит береді. Ал айтқан қалыңмалдан хабар жоқ! Алданғанын сонда бір-ақ білген Аманжол әтәйім китке берген кеңірдек барқытты лақтырып тастап, шығып жүре береді. Осыдан басқа берері жоқ қой, далада қалмасын деп, шешем ол барқытты іліп ала жөнеледі! Сөйтіп, біраз қызық болған! Бертінге дейін айтып, күліп жүрді, жарықтықтар! Содан кейін құдалармен өмір бойы жақсы сыйласып тұрдық! Бақыш атаның батырлығы Менің әйелім Әлияның әкесі, қайын атам Бақыш – Суан Сатай батырдың ұрпағы. 1993 жылы Жетісуға барып, үш бірдей ақындар айтысына қатысып, творчестволық сапармен үш апта жүрдім.

– Сатай батыр қалмақтың Мұқыр деген батырын жекпе-жекте өлтіріп, сол жер кейіннен Мұқыр аталып кеткен! Мұқыр деген станция бар, – деп еді маған сонда журналист Кемал Құсайынов. Білімді, қайраткер, ұлтжанды азамат Кемал сол кезде Талдықорған облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқаратын. Сатай батырдың тұқымы қайын атам Бақыш нағыз еңбектің батыры еді. Өте еңбекқор, ақ адал маңдай терін мал соңында аямай төккен жандардың бірі. Екі жүздей қойы болды. Бір күні Сарыбелге барып, демалып жатсақ, кешке маңыратып қойды айдап әкелді. Үйге кіре беріп, баласы Дүйсенғалиға айғайлап: «Дүйсеш, ана сарытөбел қойды бөлек қамай салшы, желіндеп тұр, түнде қоздап қалса, қойлар басып кетпесін!» – деп, үйге қарай жүре берді де, бөгеліп: «Ана қаратөбел мүйізді қойды да қосып қамай саларсың, екеуі бір күнде қашқан, ол да қоздап қалатын шығар!» – деді. Мен шыдай алмай күлкімді зорға тежеп, ол кісіге көрінбей қала бердім. Артынан қылжақтап, жеңгелеріме, балдыздарыма айтып, шалға білдірмей, әбден күлдік! Не деген малсақ адам, екі жүз қойдың қайсы қай күні қашқанына дейін қайдан біледі десейші! Қой семірткенін де көрдім. Жүгеріні ерінбей-жалықпай, балтамен турап беретін. Жыл сайын он шақты тоқтыны күзде бордақылай бастайды. Содан бір жыл бағады, екі жыл бағады да, бір-ақ сояды. Сонда кәдімгі меринос-сарық қойлар денесін зорға көтеріп, аяғын әрең басады екен. Қараңғы қорадан шығармай, жем-шөпті уағымен, жүйелеп беріп отырады екен. Бір қойды сойды біз барғанда. Қайын енеміз Асылхан апа ауырыңқырап жүретін, сол кісіні қойдың терісіне салып, терлету үшін сойды. Әлгі қойды қайнағамыз, балуан тұлғалы Батан (Батырхан) екеуміз зорға көтеріп жықтық. Апамызды теріге орап тастаған соң, етін таразылап сатты ауылға. Пышақ үстінен, таласа-тармаса үлестіріп әкетті. Сонда, басын, жүрек, өкпе-бауырын, шек-қарынын, ішмайын есептемегенде, таза сатқан еті елу бес килограмм болды. Бес сомнан (онда Совет заманы) сатып, бір қойдан екі жүз жетпіс бес сом ақша шығарды! «Бопыр» деген қызық сөзді де осы Сарыбелде естідім. Бопыр деп қойдың езіліп, үгіліп, шашылған құрғақ құмалағын айтады екен. Бопыр ұйысып, қи болады. Қойқорада бопыр, Оны тауық шоқыр.

Сол бопырда балдыз
Ойға батып отыр! – деп әзілдедім бірде, Мағжан деген кіш-
кентай балдызыма.
Қайын жұртымның тұрған жері – бұрынғы Талдықорған облы-

сы, Панфилов ауданының Сарыбел ауылы. Сарыбел бір кезде
атақты Головацкий басқарған колхоздың бөлімшесі болған, алты
жүздей үйі бар үлкен ауыл. Жаркенттен әрі, тауға қарай орналас-
қан. Ауылдың шетіндегі биік қабаққа шығып, жан-жағыңа қарасаң,

табиғаттың бір керемет суретіне сүйсінесің. Ұзын, кең сайдың ор-
тасын қақ жара ағып жатқан Тышқан өзені билей бұралаңдап, сыл-
дыр қағады. Сайдың арғы бетіндегі биік жоталар асқар тауға жал-
ғаса созылып кете береді. Жоталардың кейбір беткейі жайпақ кел-

ген, жайылып жатыр. Ал енді кейбірі пышақпен кескендей, тіп-тік
жар. Бұларды керіш, қызыл керіш деп атайды. Қызыл керіш дейті-
ні – балшығы қызыл, су тасқыны кезінде ол жерлерден су қып-
қызыл болып ағады екен. Киноға сұранып тұрған, дап-дайын ға-

жайып көріністер! Батан қайнағамыздың дөкей доңғалақтары бұ-
дыр-бұдыр, астынан бұзау өткендей биік, ескі ЗИЛ – Мормонымен
қойдай тастары теңкиіп-теңкиіп жатқан асау Тышқан өзенін кешіп
өтіп, таудағы жайлауға барып, бір жасап қалушы едік!

Сарыбел мен Жаркенттің екі арасында Садыр, Тұрпан деген
ауылдар бар. Сарыбел таза қазақ ауылы, Садырда негізінен ұйғыр-
лар тұрады, ал Тұрпанда қазақ, ұйғыр аралас отыр. Осы Тұрпан-
ның аты бағзы замандардан жеткен көне атауды еске түсіреді. Ма-

нас жырында:
Бекіп қалған Бейжіңнің,
Бетін ашқан Ер Қосай,
Байланып қалған базардың,

Бағын ашқан Ер Қосай,
Тұрып қалған Тұрпанның,
Тұсын ашқан Ер Қосай! – деп келетін ескінің сөзін қырғыз
манасшысынан жүз елу жыл бұрын Шоқан Уәлиханов жазып алған.

Ежелден жеткен аңыз бойынша, Сатай батыр қайраты мол,
кеңпейіл, момын адам болыпты. Тіпті, дұшпан қалмаққа да қатал
болмаған көрінеді. Ұйықтап жатқан қалмақ батырының үстінен
түссе, ақырын оятып: «Иә, неғып жүрсің? Соғысты қояйық, қонақ

бол!» – дейді екен әдеппен. Анау жөн сөзге тоқтамай, соғысты
бастап кетсе, Сатай батыр ашуы келгенше бар күшін салмайды

екен. Әбден жынына тиіп, ашу қысқанда барып қайраты тасып,
айбыны асып, аянбай айқасып, жауын жайратып тастайды екен.
Біздің Әлия да ашуланғанда шаруаны жапырып жібереді ғой. Негі-
зі, менің балдыздарымның бәрі жұмысқа мығым, ерінуді білмейтін

ұқыпты жандар. Бірақ, Әлия бәрінен ерекше еңбекқор, әкесіне тар-
тқан, шаруа дегенде шаршауды білмейтін, бала-шаға қамы дегенде
ештемеге қарамайтын, өзін-өзі аямайтын, табаны жерге тимей ке-
тетін қызық адам. «Қой, денсаулығыңды ойла, деміңді ал!» деп,

қойғыза алмаймыз ғой! Атамыз жарықтық солай еді, таң алагөбе-
ден тұрып алып, шаруаға кірісіп кететін. Өзіне де тыным жоқ, өз-
гелерге де тыным бермейтін. Бірақ, малын бағып келген соң, кешкі
асын ішіп, ерте жатып қалушы еді. Бақсам, адал еңбектің батыры

Бақыш атамыз бірдеме білген екен! Осы күні ғұлама дәрігерлердің
айтуынша, адам ерте, кешкі сағат онда ұйықтап қалса, жақсы ты-
нығады! Әсіресе, түнгі сағат он мен екінің арасындағы ұйқының әр
сағаты басқа уақыттағы ұйқының екі сағатына татиды. Қысқасы,

табиғи заңдылық бойынша, күн батқанда адам да ұйқыға батып,
күн шыққанда бірге шығуы керек екен ғой! Бұрынғының адамдары
соның бәрін оқымай-ақ білген-ау!
Бақыш атамыздың әкесі Қастей бай болыпты. Аласапыран за-

манда, он алтыншы жылғы дүрбелең кезінде арғы бетке өтіп кет-
кен екен. Атамыз 1932 жылы Қытайда туып өскен. Ол жақта, жас
күнінде, атақты көкпаршы болыпты. Өмірдің қиындығын да көріп,
қайрат-жігермен бәрін жеңіп, тағдыр мен тарихтың жүгін арқалап,

бүкіл әулеттері, ағасы Нұрәділ, інілері Жұмағұл, Тұран бәрі 1962
жылы шекарадан өтіп, елге оралған.
Енеміз Асылхан Іліпбекқызы, 1940 жылы туған, қой аузынан
шөп алмайтын момын, мейірбанды кісі еді. Қолы берекелі, санды-

ғынан қоры үзілмейтін, шәйнегі үздіксіз қайнап тұратын. Жаз
бойы жайлауда, Сарыбелдің сайында үй тігіп, малды таудың бөк-
теріне жайып жіберіп, адал еңбекпен бала-шаға өсірген жандар
жұбын жазбай жарасып жүретін. Асылхан апа 1992 жылы, елу екі

жасында дүние салды.
Атамыз 1994 жылы Көкшетауға, біздің Кеңащыға келді. Кел-
генде де зорға келіпті. Қасында келіні Гүлсараның сіңлісі, менің
бажам Айдынның анасы Гүлбағиса бар, пойызбен шыққан ғой Ал-

матыдан. Алпыс екі жасында, өмірінде пойызға мінгені бірінші рет
екен. Күн ыстық, вагон қапырық, жүре келе жүрегі аузына тығы-

лып, басы айналып, әбден азап көреді. Жолда екі жерде жедел
жәрдем шақырып, әупірімдеп аман-есен жетеді.

– Дүниенің тозағы пойыз екен! – деп күрсінді үйге кеп, есін

жиып, өзіне-өзі келген соң. – Құдай-ай, әжептәуір Бақыш деген
атым бар еді, пойызда өліп қалыпты деген атқа қалдыра көрме деп
тіледім жаным қысылғанда!
Қалай өмір сүруін де, қалай өлуін де ойлаған қайран қазақтың

қариялары-ай!

– Әйтеуір, құдай сақтап аман жеттім. Енді қайтіп пойызға мі-

нерімді, қалай қайтарымды білмеймін! – деп, кәдімгідей уайымдап
отыр.

– Онда қайтарда сізді самолетпен жіберейін! – дедім.

– Апырай, ә? Оныңа мініп көріппін бе? Қиын болып жүрмесе...

– Ойбай, ата, уайымдамаңыз! Тіпті, кетіп қалсаңыз да, пойызда

өліп қапты дегеннен гөрі, көкте ұшып кетіпті деген аты жақсы ғой!

– дедім, әзілдеп. Атам күліп жіберіп, басын шайқап, ойланып ба-

рып, әрең келісті.
Сонымен, елде аунап-қунап, біздің туыстардың ауылдарында
қонақ болып, біраз демалып, жақсы болып қалды. Гүлбағиса ол
кезде ауылсоветтің хатшысы болатын, бір жұмадан соң ол Жар-

кентке жүріп кетті. Біз сол кезде Кеңащыда аудан, совхоз болып
салып берген жаңа, зәулім үйімізге кірдік. Менің қырық жасқа
толғанымды тойладық. Әкем мен атам жаңа үйдің қорасында әңгі-
мелесіп, оны-мұныларды шұқылап, бірдеме істеп жүреді. Екі қа-

рияның қатар жүргені бір жарасымды сурет! Өтіп бара жатқан
өмір-ай, сол кезде әкем Тақан жетпіс үш жаста, ал қайынатам Ба-
қыш алпыс екі жаста екен. Міне, қазір, осы сөздерді жазып отыр-
ғанда, мен де алпыс екідемін!

Машинамен ауыл аралап жүргенде, біздің жердің тамаша таби-
ғатына, жаз ортасындағы жап-жасыл, қалың шөбіне қызыға қарап
отырған атам бір кезде:

– Паһ! Не деген әдемі жер! Шөбі қандай жап-жасыл! Нағыз

қой бағатын жер екен! Менің қойларымды бір-екі ай жайып алса
ғой, шіркін! – деді. Ол кісінің шынайы сөзіне, шаруа көзіне риза
болып, әбден күлдік...
Ауылына қайтарда Талғат жездем де Алматыға баратын бо-

лып, екеуін бірге ұшырып жібердік... .

Аумалы-төкпелі, аласапыран тарихи оқиғаларды бастан кешірген адал еңбектің батырын жасы ұлғайғанда құйын заман тағы да қинады. Өмір бойы мал бағып, жиып-теріп кассаға сақтап қойған қырық мың сом ақшасы нарық заманында түгел құнсызданып, күйіп кете барды! Ондай ақшаға ол кезде Алматыдан бірнеше үй алуға болатын! Ал, амалың бар ма заманға, әйтеуір, «балалар аман болсын!» деп, бұны да жеңіп шықты ақсақал. 2000 жылы, 68 жасында өтті өмірден... Балалары мен немерелері ата жолын жалғастырып келе жатыр... Қайнағанеңбек қаһармандары Біз туып-өскен Көкшетаудың Степняк қаласын жергілікті халық бірнеше шағын аудандарға ауызша бөліп-ақ тастаған. Біздің Бұлақбасынан басқа Қазауыл, Шаңқай, Жармау, Капай, Жөкеаяқ, Кірпіш заводы, Октябрь, Абай, Первомайка деп ат қойылып, айдар тағылған бір қаланың ішіндегі ауылдардың өз мінезі, өз келбеті болатын. Бұлақ басының балалары қыр астындағы Первомайка мектебіне барып оқыдық. Абай ауылы да өз іргесіндегі осы мектепке келіп оқыды. Менің немере ағам Жарылғасын Әбішевпен бірге Балтабек Айнабаев, Марат Кәкімов, Сағидолла Әшімов сияқты сайдың тасындай бір әдемі балалар мен қыздар жарасып жүретін. Бізден бір-ақ класс жоғары оқыса да әжептәіур сақа көрінетін. Осы балалардың ішінде Сағидолла бір төбе – оқуға да алғыр, спортқа да бейім еді. Мектептің түбінде, аумағы ат шаптырым жердей элеватор күні-түні дүрілдеп жұмыс істеп тұратын. Әсіресе, күздігүні, орақ кезінде қауырт, қарбалас бір тынбайтын, сондағы гүрілдеген, гуілдеген дауыс қайнаған еңбек ырғағындай, өмір әуеніндей сезілетін. Сағидолланың анасы Мәпруза апай сол тіршіліктің бел ортасында жүрген бас қаһармандарының бірі еді. Ұзын байлы, тұлғалы, сымбатты, екі бетінен қаны тамған шырайлы тәтеміз көк комбинезон киіп, білегін сыбанып, белін буынып еңбек майданына шаққанда менің бала көзіме баяғының алып батырларының серігі секілді көрінетін. Тіпті, кейде мен ол кісіні көк аспанның шексіз биігіне шырқап бара жатқан алып лайнердің штурманына да, көк мұхиттың көз жеткісіз айдынында алысқа жүзіп бара жатқан кеменің боцманына да ұқсатушы едім. Ол кісінің жары Әсен ағамыз өмір

бойы шахтада істеген. Бұл үй өнегелі, өркенді үй болды. Әсен аға-
мыз алпыс жасқа толғанда Сағидолла мен жары Бикен бізді әдей-
ілеп шақырып, туған-туыстарымен бірге тойлап едік. Арнау өлеңді
көп жазбайтын, негізі тойларда домбырамен айтатын мен сол жо-

лы ағамызға арнап мынадай өлең жаздым.
Көтерген көптің жүгін шағын боймен,
Қайсарлық, ізгі ниет, тәуір оймен.
Елге сыйлы әсем жан – Әсен аға,

Алпысқа келдің бүгін абыроймен!

Өмірдің көп іздедің кеніштерін,
Тағдырдың көрдің өр мен еңістерін.
Отбасың – саясы мол мәуелі бақ,
Осы ғой жеткен мұрат, жеңістерің!

Мәпруза – абзал ана, асыл жарың,
Ұсынған дүйім жұртқа ғасыр нанын.
Өлеңі – еңбек, еңбегі өлең болған,
Жасай бер, қол ұстасып асылдарым!

Ел сүйсініп, дұшпаның қызғанатын,
Ардақты Сағидолла азаматың.
Ақайнар, ақ көңілін аспанға атып,
Досына түсіп берген қазанатын!

Осындай қадірлі бол санаттағы,
Сәбира, Гүлнәр, Болат, Жанат – бәрің.
Түлеген бір ұядан балапандар,
Талмасын қияларда қанаттарың!

Өшпесін ата-ананың өнегесі,
Белгілі өшіргеннің ел емесі.
Орны толмас Қайдардың қайғысына,
Ем болсын өсіп, өнген немересі.

Әсеке, шал болуға Сізге ертерек,
Балалар тал болғанда, Сіз – бәйтерек,
Жетпіс, сексен, тоқсанды тойлағанда,
Жүрейік ортасында біз де еркелеп!

Ұрпағың оңды-солып алды танып, Соларға ал, жігеріңді жанып-жанып. Тілейді зор денсаулық, бақытты өмір Ініңіз Баянғали Әлімжанов. Степняк қаласы. 14 ноябрь, 1987 жыл. Айтса айтқандай, Мәпруза апай еңбектің батыры еді. «Степняк қаласының Құрметті азаматы» атанды. Өмір мен еңбектің қиындығы мен қызығын сабырмен көтере білген байсалды жанның бойында ақындық қасиеті бар екенін біз кейін, ержеткен соң біле бастадық. Ол кісі кәсіби ақындық жолын қуған жоқ, арнайы әдеби білім де алмаған. Бірақ, жүрегін жарып шыққан аналық тілегін, ізгі сезімін бірер ауыз өлең жолдарына түсіретін. Міне, енді дүниеден өткен аяулы жанның жүрекжарды өлеңдерін рухани өмірінің, аналық көңілінің бір белгісі ретінде жинақтап, кітап етіп шығаруды жөн көрген балаларының ісіне ризашылығымызды білдіреміз. Баянғали Әлімжанов. Көкшетау қаласы, 2004 жыл. (Мәпруза апамыздың кітабына жазылған алғы сөз).

Арада жылдар өтті. Сағидолла мен інілері Болат, Жанат құры-
лыс жұмысына белсене араласып, үлкен табыстарға жетті. Айтулы
азамат, қуатты кәсіпкер болды. Туған жеріміз Степняк қаласында
зәулім мешіт салып, аталары Әшімнің атын берді. Бала күннен

бірге өскен досымыздың осындай үлкен елдік жұмыс атқарғанына
ризашылығымды білдіремін. Кеңащы
Кеңащы – біздің бала күннен құлағымызға ұялап, көңілімізге
қонған керемет бір ұғым. Мен Степнякта, Бұлақбасында тудым,

сонда ержеттім. Ал әкеміз Тақан сол мен туған 1954 жылдан бас-
тап Кеңащы совхозында жұмыс істеді. Қыс бойы үйде, ал көктем
шыға Қабен, Жәмен деген бригадир ағаларымыз келіп, әкемді
алып кететін. Содан, жаз бойы егіс алқабында, бригадада жүреді.

Біздің үйге әкеммен бірге Кеңащының кісілері жиі келіп тұратын,
кейде жем, шөп әкелетін.

Бала күнімде мен де әкеммен бірге Кеңащыға, Аманжол әтәйімнің үйіне қыдырып барып тұратынмын. Біздің үй 1969 жылы, мен сегізінші класты бітіргенде, Кеңащыға көшті. Бала күнгі әсердің орны бөлек қой. Сол кездегі Кеңащының әңгімешіл ақсақалдары, ақ жаулықты апаларымыз, күнге күйіп, жел қаққан апайтөс ағаларымыз жарқын жүзді жеңгелеріміз, тайқұлындай тебіскен достарымыз әлі есімде. Ата-анамыздың жанында боламыз деп, біз 1987 жылы Алматыдан Кеңащыға көшіп келіп, 1998 жылға дейін он бір жыл сонда тұрдық. Елге бауыр басып, қиындық, қызықты бірге көрдік. Көршілеріміз, елдің азаматтары тамаша кісілер еді! Әке-шешеміз сол ауылдың зиратында жатыр. Біз үшін Кеңащының орны бөлек. Қайда жүрсек те, қашан да бізге Кеңащының жер-суы, адамдары ыстық көрінеді. Керей мен корейдіңкүресі Кеңащының жігіттері күрес десе, жанып кететін. Ауылаймақтағы жиын-тойларда қазақша күреске түсіп, бәйгенің алдын бермейтін балуандар болды. Ал, бұрынғы шалдардың бір қызық күресі туралы мына әңгімені бала күнімде әкемнен естіп едім. Керей Рақым ата аласа бойлы кісі болатын, көзін көрдік. Өзі аңшы. Бір жолы бір қасқырды қуып, соғып алмақ болып, екпіндеп кеп қалғанда, аты үркіп, сыпырлып түскен бе, жоқ, қасқыр қарсы атылып, жерге алып түскен бе, әйтеуір, құлап қалған ғой! Сонда, жерге жай түспей, қасқырдың үстіне міне түсіп, екі құлағынан тас қылып ұстаған күйі айырылмай қойған екен. Құлағынан бұраған күйі әбден діңкелетіп, ақыры, айласын тауып, әлгі қасқырды алып тыныпты! Бірде оған бір дәу орыс күресейік деп қоймапты. Содан, ұстаса кеткенде, Рақым ата екі қолымен әлгінің екі бүйірінен қыса шеңгелдеп ұстап, табандап тартады. Терісін уыстап, жымырып, шымшып алған ғой! Анау орыс қанша алып болса да, шыдай алмай, жаны көзіне көрінгесін, «болдым, күреспеймін, қойдым» деген екен! Кейіннен шығыс жауынгерлік өнерлері жайындағы кітаптардан оқысам, корейлердің куксуль деген күресінде «щипковый зах-

ват» деген әдіс бар екен! Сол сәтте осы әңгіме есіме түсіп, Кеңа-
щыдағы Керейдің шалы корейдің күресін білді ме екен, жоқ, әлде,
байырғы қазақ күресінде де осындай әдіс болды ма екен?!» деген
бір ойға қалдым. Қой еті мен диеті

Кеңащыда бірнеше үй қырғыздар тұрды. Ағайынды Аушақы-
ман, Риза, Балтөре Сәдуақасовтар және Балкен деген кісілер. Бұлар
Абылай хан заманында келген, әбден қазақ болып кеткен. Бір қы-
зығы – түр-тұлғалары Алатаудағы қырғыздарға ұқсайтын. Ауша-

қыман менің Аманжол әтәйіммен замандас, дос-жар болған. Тау-
дай тұлғалы, ақкөңіл, қаудырлаған қызық кісі болатын. Әйелі Тай-
лан апамыз да өзі сияқты ірі еді. Балалары Қали (Борис деп кеткен
жұрт) Қаби да дөкей-дөкей, дабдырлап, даланы басына көтеріп

сөйлейді. Содан, қызығы, Аушақыман ақсақал бір жылы ауырып,
ауруханаға жатып шығады. Дәрігерлер диета жазып беріп, «Ет же-
меңіз, жесеңіз де анда-санда, аздап жеңіз!» деп қатаң ескертеді.
Содан, үйге келген соң бірнеше күн етсіз тамақ ішіп, сақтанып

жүрмей ме шалың! Күннен-күнге жағы суалып, көзі бозарып бара
жатыр дейді. Күнде кешке мал келгенде, есік алдына шығып оты-
рып, семіз қойларға ауыр оймен қарайды дейді. Бір күні әбден
шыдамы таусылғанда, баласына: «Әй, Қаби, сой ана қойды! Өл-

сем, етке тойып өлейін! – деп, бір қойды сойғызып жеп, жазылып
кетіпті. Содан кейін біраз жыл өмір сүріп, сексеннен асып қайтты
жарықтық.
Баласы Қаби әскерден келген соң, мектепте, жоғары класта

оқып жүрген белорус қызы Витковская Зояға ғашық болады.
Екеуінің сөзі шындап бара жатқан соң, Зояның әке-шешесі алыс-
тау жүрсе ұмытар деген оймен, қыздарын Торатөлгенге жіберіп,
сол ауылдың мектебінде оқытады. Аушақыман жарықтық «Бело-

рустың қызын алмайсың!» деп Қабиға тиым салады. Қабекең:
«Алмаймын, бірақ қалмаймын!» – деп, Торатөлгенге қуып барып,
кездесе берген ғой. Ақыры, қоярда-қоймай жүріп, ата-аналарын
көндіріп, ризашылығын алып, екеуі үйленді. Зоя нағыз қазақ келіні

болды. Өзіне тән әдемі акцентімен қазақша ағыла жөнелгенде, қа-
зақты жаңылдырады. Бес баланың анасы, ата-енесін өз қолымен

күткен қадірлі кісі. Қаби ағамыздың оны қалай айналдырып алға-
нын өзі ғана біледі. Әйтпесе, ол кезде оның орысшасы да оңып
тұрғаны шамалы екен. Біздің Кеңащыда бір орыс қайтыс болып,
көңіл айта бармай ма Қабекең. Зиратқа әкетіп бара жатыр екен сол

кезде. Сонда, олардың туыстарына: «Счастливого пути!» деп көңіл
айтқан ғой! Міне, осындай орысшасымен-ақ белорус қызды өзіне
қаратып алып, қазақша сайратып қойған ғой Қаби ағамыз! Ал, Зоя
жеңгеміз: «Қазақ болып кеткенім сондай, туыстарыма барғанда

орысшаны әрең-әрең сөйлеп, арасына қазақша қосып жібергенімді
байқамай қаламын!» – дейді екен! Байекең менГай-екең
Кеңащылық Баймолда ағамыздың әкесі Өміржан ақсақал тоқ-
сан бес жасында, көктемде шөпқораның жіби бастаған сере мұз-

қарын айырмен ойып алып, лақтырып жатқанын менің әкем Тақан
өз көзімен көріп, «Бұрынғының адамдары ғой! Сүйегі асыл ғой!»
деп, таңдай қағып басын шайқап келген. Сөйтіп жүріп өзі де жет-
піс екі жасында, Кеңащыдағы біздің үйге Сәкен Жүнісов пен ақын

Құдайберлі Мырзабеков келіп жатқанда, трактормен алып келіп,
елу килограммдық бір қап ұнды үйге көтеріп кіргізген. «Бұрынғы-
ның адамдары ғой, сүйегі асыл ғой!» – деп Сәкен аға мен Құдаш
інім оған басын шайқаған.

Баймолда ағамыздың руы – Атығай, жас кезінде аты-шулы тен-
тек болған. «Төбелес десе жанып кететін. Қандай топтың ішіне қай-
мықпай кіріп кетіп, бұзып-жарып шыға беретін!» – дейтін әкеміз.
Бертінде, алпысқа кеп қалған шағында, соғымға жылқы ұста-

ғанда, қандай асау тайларды мойнына қыл арқан салып, жалғыз өзі
тырп еткізбей басып тұратын, «Баймолданы сүйрейтін тай туған
жоқ әлі!» – дейтін қасқырың!
Соғым сойып жатқанда, семіз жылқының үлпершек қазысын

үзіп алып, шикідей жұтып жіберетін.
Өмір бойы шопыр болып жұмыс істеді. Көкше даласында ол
жүрмеген жол, ол баспаған жер жоқ шығар. Бензин таситын. Газон
машинасы болды. Алдына қара салмайтын. Кеңащыда екінші бен-

зовозды Сағындық деген кісі жүргізді. Міне, сол екі бензовоз
ауылдың бензинін тасуға да жарады, керек-жарағын тасуға да жет-

ті. Бензин бөшкесінің екі жақ бүйірінде сайман салатын қораптары болатын. Соған тығып, қап-қап бидай, жемді де әкелетін, екі кісілік кәбеңкеге бір топ адамды толтырып алып таси беретін. Сол уақтағы ауыл қазағының өмірінде осындай шопырлардың орны үлкен болып еді. Әлқисса, Баймолда бір орыс ГАИ бастығымен тамыр болады. Бір күні оны қонақ қылады. Екеуі әбден ішеді. Бастық мас болып қалады. Баймолда оны бензовозының кәбеңкесіне көтеріп мінгізіп, Кеңащыдан жиырма екі шақырым жердегі Степнякқа алып келеді. Жолда ГАИ инспекторлары тоқтатпақ болады. Өзі де әбден тойып алған Баймолда оларға пысқырып та қарамай, қалаға қарай тарта береді. Автоинспекторлар қуады. Баймолда сол заулаған бетінде қашып отырып, аудандық милицияның ауласына кіріп, бір-ақ тоқтайды. Қандары қайнап келген инспекторлар оны бас салып ұстамақ бола бергенде, Баймолда кәбеңкесін көрсетеді. Аналар ашып қалғанда, удай мас бастығы боқтап шыға келеді. Оны құшақтап, көтеріп алған әлгілер Баймолдаға ауыздарын аша алмай қала береді. Баймолда ағамыздың зайыбы Гүлсім апамыз нағыз қазақы, байсалды кісі. Әсіресе, ол кісінің қымызы керемет дәмді болатын. Әуелгі балаларының бәрі қыз болды. Бесінші қызы туғанда, перзентханадан алып шыға бергенде Баймолда тәтемізді желкесінен бір қойыпты – тағы да қыз таптың деп! Соған да қыңқ демеген ғой тәтеміз! Артынан Бауыржан, Ғалым деген ұлдары туды. Сол қазақы тәрбие үлгісімен, сабырымен ақылды Гүлсім тәтеміз шу асау Баймолда ағамызды ақыры жұп-жуас ақсақал ғып ұстап отырды. Жарықтық, жақында, сексен алты жасында қайтыс болды. Қабдөш пен Мәрия Кеңащының арғы замандағы ақсақалдарының бірі, Керей Ермағамбет атамыз Қожанасырлау кісі болған екен. Қызық, күлдіргі әңгімелері көп. Біздің Аманжол атамыздан намаз үйренеді. – Аманжолдан үйреніп-ақ алған сияқты едім, әр намаздың есебінен, неше бас екенінен жаңыла беремін. Кем болып қалмасын деп, орта есеппен сегіз бастан оқып жатырмын! – дейді екен жарықтық.

Бір күні Ермағамбет атамыз таң намазын оқып жатса, есікті
тарсылдатып Аушақыман бригадир келеді. Ерекеңнің үлкен бала-
сы Қабдөшті жұмысқа оята келген ғой барқырап. Сөйтсе, Ерекең
жарықтық намазын үзе салып, кемпіріне: «Әй, Алтынбибі! Кешегі

қонақтан қалған жарты бөтелке арақты андағы атаңның аузын с...
ге құйып берші!» – деп, әрі қарай намазын оқи беріпті! (Қабжан-
ның айтқаны).
Қабдөш ағамыз жер аударылып келген неміс қызы Полинаға

ғашық болып, үйленбекші болғанда, Ермағамбет атамыз неміс ал-
ғанды намыс көріп, қарсы шығады. Бірақ, махаббат дегенін істете-
ді! Ақсақалдар ақыры жастарға рұқсат береді. Әбсәлам қажыға
некелерін қидыртып, Полинаны мұсылман дініне кіргізіп, жаңадан

Мәрия деп ат қояды. Сол Мәрия жеңгеміз батыр ана атанды. Елге
сыйлы қазақтың келіні болды. Ермағамбет атамыз басында қарсы
болған келінін өте жақсы көріп, құрметтеп өткен екен.
Бір жас келіншек биені түрегеп тұрып сауып жатса, Мәрия тә-

теміз: «Ойбай, ананы қараңдар, биені түрегеп тұрып сауып жатқа-
ны несі, орыс құсап»! – деген екен.
Еңбекшілдер ауданы түгілі, бүкіл Көкше, Көксеңгірде екі рет
Ленин орденін алған Қабдөш ағамыздың баққан жылқысынан же-

меген, Мәрия тәтеміз сауған биелердің қымызынан ішпеген кісі
жоқ шығар! Молда мен тарих

– Ант ауады! – деп еді, біздің Кеңащының молдасы Сұлтан ақ-

сақал. – Гитлер Сталинмен анттасып еді соғыспаймыз деп. Гитлер
антын бұзып, соғыс бастады. Анты өзін ұрды, жеңілді. Кенесары
қырғызбен соғыспаймын деп анттасты да, артынан анты бұзылып,
соғысып еді, қырғынға ұшырады.

Тарих молданың көзімен қарағанда бір қызық әрі тылсым құ-
пия болып көрінеді. Тарихқа да, халықтарға да, адамдар сияқты,
жақсылығы да, жамандығы да алдынан шығады деген бұйрық жү-
реді-ау!

Сұлтан молданың қызы Гүлшекер біздің Нұрланның алғашқы
мұғалімі.

Сары аяздағысапар
Ушақ аға көп жылдар Кеңащыда бригадир болды. Ұзын бойлы,
денелі, гүрілдеп сөйлейтін, қасқабас кісі еді. Ақыры, сол жұмыста
жүріп, кенеттен қайтыс болды. 1969 жылы Кеңащыға ең алғаш же-

кеменшік су жаңа, сүттей аппақ «Москвич» машинәсін алып кел-
ген. Сол машинәні жиырма жылдан кейін баласы Сабыр күтпеген
жерден аварияға ұшырап, қиратып тынды. Аварияға түскені де бір
ғаламат. Соның алдында әлгі ескі «Москвичті» жөндемей ме? Со-

дан, бітуге жақындап қалғанда, ауылды бір айналып, тексеріп көре
қояйын деп, жиырма екі-жиырма үш жастағы Сабыр екі кештің
арасында заулап кетпей ме? Бір шұқанаққа сарт ете қалғанда, рөлі
суырылып кетіп, қолында қалады да, басқарусыз қалған мәшинә

ұшып кетіп, жол шетіндегі ағаштарға соғылып, быт-шыты шығады.
Қызыл қанға боялған Сабыр әйтеуір аман қалыпты. Сөйтсе, мәши-
нәні жөндеу кезінде, рөлін де шығарып алып, бірдемелерін шұқыған
болу керек. Қайта орнына қоя салған да, әдемі қақпағын жауып қой-

ған. Бірақ, рөлдің бекітілетін бенті бұралмай қалған екен!
Сабыр мен Сайран Кеңащыда бізбен көрші болды. Сайран Ке-
ңащының бөлімшесі, он сегіз шақырым жердегі Қарасорда тұрған.
Екеуі қыз-жігіт кезінде ғашық-машық болып жүреді ғой. Содан Са-

быр велосипедке мініп алып, кештетіп барады Қарасорға. Таң ат-
қанша жалынды жастар сырласып, ай қарап, жұлдыз санап жүрмей
ме далада! Таң ата Сабыр Кеңащыға тартады. Арайлы таңға қуанып,
шаттанып келе жатқан, түнімен көз ілмеген бақытты жас жігіт вело-

сипедпен заулап келе жатып, қалғып кетеді! Жолдан ұшқан бойы
қалың шөптің арасына кіріп кеткенде де оянбаған ғой қасқаң! «Бір
кезде шекемді күн күйдіріп барады, оянып кетсем, айдалада, шөптің
арасында жатыр екенмін!» деп, күліп еске алады Сабыр.

Сабыр – адал, қара еңбектің адамы. Кеңащыда сварщик болып
істеді. Оның пісіріп, жамаған, жалғаған темірлері қанша тонна бо-
лар екен? Төккен маңдай тері де аз емес-ау! Әйтеуір, елдің алғы-
сына бөленгеніне шүкірлік қылады ініміз! Жұрттың үйіндегі, қора-

қопсысындағы темір атаулының ақауы шықса болды, айнала Са-
бырды іздеп табады. Ол да ерінбей-жалықпай, ешкімнің көңілін
қалдырмай, күн демей, түн демей, бетіне перде киіп алып, көк те-
мірді көк жалынмен гүрілдетіп пісіреді де жатады.

Бір қызығы, Кеңащыда көрші болған Сабырлармен Астанада
да көрші болдық! Араға он төрт жыл салып, бұрынғы көршімізбен
жаңа көрші болып қайта табысып, бір жасап қалдық.
Содан бір жолы Сабыр Маңғыстауға, Ақтау, Бейнеуге барып

келді. Бұл сапары тіпті бір кино дерсің!
Сабыр жұмыс істейтін мекеме өрт сөндіретін ескі машиналар-
ды жөндеп, жаңартып шығарады екен. Бір күні бастық айтады:
«Мына машина пәлен күні, түген сағат нөл-нөлде Маңғыстауда

парадта тұру керек! Ол жақтың бастығына уәде бергем! Мен айт-
тым, бітті! Тартыңдар!» дейді.
«Қойыңыз, ойбай, күрделі жөндеуден жаңа шыққан, сыналма-
ған машинамен қыс көзі қырауда мұндай алыс сапарға шығу қа-

терлі!» – дейтін бір адам жоқ. «Мен қалай айтсам, солай болады!»
деп, алды-артын, артық-кемін таразылап, ойламай, нақты жағдай-
мен санаспай, кесіп-пішіп сөйлейтін дөкейлер де аз емес. Оларға
ой салудың орнына: «Иә, сіз қалай айтсаңыз, солай болады!» деп,

көзсіз бас шұлғи беретіндер де толып жатыр ғой.
Қақаған қыс сол жылы тіпті қатты болып, қызылшұнақ сары
аяз сақылдап тұрған. Бастықтың қаһары қыстың қаһарынан да қат-
ты емес пе, Сабыр бір жолдасымен Астанадан Ақтауды бетке

алып, дәу өрт сөндіргіш машинаны гүрілдетіп, жолға шығып кете-
ді. Астанадан шыға бере, бір екі жүз шақырым жол жүргесін, әлгі
машинаның май айдайтын насосы (маслонасос) жарылып кетеді.
Атбасарға әупірімдеп жетіп, ілдебайлап жөндетіп алады. Енді кері

қайтсайшы, жанды күтіп! Жоқ, телефон соқса, бастықтары: «Ше-
гінуге болмайды! Тек қана алға!» – деп, бет бақтырмайды. Ал, со-
дан өзі жарымжан, жөндеуден өткен салдаман машинамен салдыр-
латып тартады. Қостанайдан әрі Ақтөбеге дейін мидай даламен

қақаған аяз, қап-қараңғы түнде жанкешті сапар шеккен екеуі не
деген өлермен еді десейші! Бір кезде сәләркі (солярка) қоюланып,
машинаның жүруі тіпті қиындап, әбден қиналады. Айдала, айсыз
түн, аяз қысып тұр. Егерде машина сөніп қалса, бітті! Жолда тырс

еткен қозғалыс жоқ, бұларды іздейтін адам баласы да жоқ! Қатып
қала бермесіне кім кепіл!? Темір кәбеңке де азынап барады, өлеу-
сіреген пеш қайдан жылытсын!? Әйтеуір, Сабыр батыр жан-жары
Сайранның беліңді орап ал, бүйрегіңе суық тимесін деп берген

түбіт шәлісін оранып алып, жаны қалыпты. Содан не керек, құдай
беріп, машиналары сөнбей, сынбай, аман-есен бір елді мекенге
жетеді. Сол жерде әбден тоңып-жаураған екеуі ыстық тамақ ішіп,

ес жиып, әлденгесін, машинаның тағы да бір бөлшектерін ауысты-
рып, бейнетті көріп-көріп, ақыры жетеді Маңғыстауға. Сөйтсе,
бұлардың машинасына қарап тұрған шаруа жоқ, керек қылған да
ешкім жоқ. Бір шетке қоя салып, пойызбен елге қайтады. Сөйтіп,

аман-сау жетеді үйлеріне. Ал, сонда екі азаматтың өмірін айдың,
күннің аманында соншалықты қатерге тігіп, өлімге айдайтындай
не көрінді екен десейші анау самодурларға?! Жалпы, бастықтарды
самодурлық үшін де соттайтын заң болу керек қой! Қаһарлықыста

1993 жылы солтүстік өңірлерде алапат боран соғып, көп адам
қырылып қалды. Үйінен түзге шыққан кісілер қайтып үйін таба
алмай, ығып кетіп, көктемде денесін бір-ақ тауып алыпты деп аңыз
қылады жұрт.

Уәлиханов ауданының әкімі Марат Жұмабеков сол боранда
адасып кетіп, бүкіл облыс, аудан жабыла іздеп, таба алмаған. Ол
сайлау күні Көкшетаудан Уәлихановқа бара жатып, жолшыбай
Кеңащыға, директор Қалиасқар Әйткеновке соғады. «Күн боран,

қона салып, ертең барсайшы!» деген Қалиасқарға: «Ертең Алматы-
ға кету керек Көкшетаудан, уақыт жоқ, жұмыс!» – деп, ақтүтекке
қарамай, тәуекел етіп тартып кетеді. Ертеңінде, күн ашыла Тора-
төлгеннің ар жағында, жолда сөніп қалған машинасы табылады.

Ал өзі ұшты-күйлі жоқ!
Содан, зорға дегенде, көктемде бір-ақ тапты денесін. Машина-
сы сөніп қалған соң, жаяулап тартып кеткен ғой. Өзі ұзын бойлы,
келбетті, спортшы, мықты жігіт болатын. «Жамбыл» совхозының

директоры болып істеп жүрген кезінде, талай кездесіп, әңгімеле-
сіп, дәмдес болып едік. Жөн білетін, өрелі азаматтардың бірі еді,
амал қанша...
Міне, дәл сол күні, боран басталмай тұрып, біздің құдашамыз

Сара күйеуі Қаратаймен «Краснофлот» совхозының Белағаш бө-
лімшесінде тұратын туыстарына барады. Кешке қарай шығып ке-
теді «Жигулимен». Боран күшейіп, қараңғы түсіп, түк көрінбей
кеткен соң, жүру қиындай береді де, бір кезде жолдың шетіне,

күртікке түсіп кетеді. Біраздан соң машина сөнеді де, Қаратай мен
Сара айдалада, қап-қараңғы түнде табиғаттың дүлей күшімен бет-
пе-бет қалады.

Бірте-бірте тоңа бастайды. Қонақ болған үйден сарқытқа салған ет пен арақ бар екен, жылыну үшін Сара бір стақанды тартып жібереді де, Қаратай: «Бірдеңе боп кетсек, ертең тауып алған соң, медэкспертиза тексеріп, арақ ішіп, рөлге отырып, мас болғасын, жолдан шығып кетіп, үсіп өлген-ішіп өлген деген қортынды бермей ме? Масқара жаман атқа қаламын және балаларыма пенсия бермей қояды!» – деп, арақты татып алмай, құдайға сиынып отыра береді. Пәлен сағат өтеді, жолда қозғалыс жоқ. Боран ышқына соғып тұр. Қаратай мен Сара әбден тоңып, үсуге айналады. Сол күні сайлаудың бюллетеньдерін ауданға жеткізу үшін ауданнан келген комиссия мүшелері «Краснофлоттан» түнделетіп Степнякқа аттанады. Оларды басқарып отырған Еркетай Жомартов, біздің жиен, Сараның ағасы Өсербайдың баласы. Оған есеп беру керек, сайлау бюллетеньдерін аудан орталығы Степнякқа, мүмкін болса, тезірек жеткізіңдер дейді, бірдеңені сезгендей. Егер де комиссия мүшелері оған: «Түнгі жол ауыр, боран қауіпті!» деп, совхозда қонып қалса, не болар еді? Қаратай мен Сараның бағына, олар да аудандағы үйлеріне жеткенше асыққан болу керек, екі мықты машинамен жолға шығады. Орта жолда қатып өлуге айналған бұлардың үстінен түседі. Өздері қалғып-шұлғып келе жатқан кісілер, көзге түртсе көргісіз қараңғыда, жер-көкті бүркеп алған боранда жол шетінде қисайып тұрған «Жигулиді» қалай көрген десейші? Көргеннен кейін, бір-екеуі оның жанына келіп, есігін тартып көрсе, ашылмайды. Айқайласа, ешкім жауап бермейді. Кете беріп, біреуі қайта оралып, артқы есігін тартып қалса, ашылады. Ішінде шалажансар Қаратай мен Сара отыр! Құдай сақтап, екі ғашық бір ажалдан аман қалады өстіп! Ұзақ жылдар Торатөлгенде («Придорожный» совхозында) тұрып, жұмыс істеген Қаратай Араповтың қайнаған өмірден көргенбаққаны да бір қызық әңгіме. Совет заманында кейбір совхоздар арзан жұмыс күші деп үйсізкүйсіз қаңғыбастарды (бич) жинап алып, жұмысқа салып қоятын да болған. Бір жолы Торатөлгенде жұмыс істеп жүрген бір бич трәктірмен тас жолда келе жатады. Өзі рөлде отырып, әлгі бич арақты бөтелкенің аузынан ішкен ғой. Ол арағымен болып отырғанда, трәктір жолдан ұшып кетіп, аударылып, бірнеше домалап кеткен. Бич қаза болған, трәктір иленіп қалған. Сөйтсе, әлгі жартылай ішілген шыны шөлмек жолдың ортасына түбімен түскен қалпы, тік тұр дейді! Ішіндегі арағы да төгілмеген! Жұртқа ескерту сияқты!

Өтелген парыз
Степнякта дүниеге келген академик апамыз Нәзира Бәдрит-
динқызы Ахматуллинаның атын естігенім болмаса, кездесіп көр-
ген емеспін. Ол кісі Алматыда оқып, аса көрнекті биолог ғалым

болды. Генетик, вирусолог, биология ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты екенін энциклопедиядан оқы-
ғанмын. Туған жерімізден түлеп ұшқан апамыз еліміздің осындай

ардақты ғалымы болғанына іштей қуанып, риза болып жүретінмін.
Бір жолы Степнякта, Шаңқайдағы зиратта бір оқшау күмбез
көзімізге түсті. Қарасақ, 1935 жылы қайтыс болған Бәдритдин Ах-
метоллаұлына қойылған ескерткіш екен.

– Алматыдан сексеннен асқан қызы келіп, осында бір-екі ай

жатып, осы күмбезді жасатты, – деді туысқандарым. Жазуын оқы-
сақ, ескерткіш қойған Нәзира Бәдритдинқызы екен!
Апамыз сексеннен асқан шағында, әкесінің бейітін іздеп келіп,
айлап жатып, ескерткіш орнатыпты. Әкесі жастай, 1935 жылы қай-

тыс болғанда, қызы Нәзира бес жаста екен. Соны ұмытпай, есінде
сақтап, арада сан жылдар, қанша тарих өткеннен кейін келіп, әке-
сінің басына дұға қылып, күмбез соқтырған кешегі қаршадай қыз-
дың, бүгінгі әженің әкеге деген перзенттік махаббаты, құрметі

қандай десеңізші! Жарайсың!
Қабір басында ескі құлпытасы сақталып қалған. Күмбездің қа-
бырғасына қысқаша ғана шежіресін жазып қойыпты. Керей Тұр-
лыбек, Көшен болыс, Ахметолла, Бәдритдин... Бұл тарихтағы бел-

гілі тұлға, советник болған Тұрлыбек болуы керек! Тектінің тұяғы
деген осы-ау! Қарияның қайраты
Сапархан Мұнашев ата бізбен ағайын, Ақымбет. Әйелі Мағри-
па тұлғалы, ірі кісі болатын. Баласы Ботан, Серіктермен бірге өс-

тік. Қапия деген қызы апамыздай болып жүрді.
Сапархан атамыз жас күнінен бе, кейіннен бе, әйтеуір, омыр-
тқасына зақым келген, бүкір кісі болды. Жас күнінде ФЗО-да
оқыпты. Өзі тентек, шәйкінің атаманы болыпты, төбелескенде ма-

лақайын теріс айналдыра киіп, бүкірлігіне қарамай, секіріп баспен ұрғанда небір таудай жігіттерді допша домалатады екен деп ел аңыз қылатын. Сол кісі жасы ұлғайған, жетпіске кеп қалған шағында автобазға күзетші болып тұрады. Бұл СССР құлап, қарбаласқан кез. Бір күні Сапархан күзетте тұрса, түн ортасы ауа бір жігіт келіп, бір автобусты мініп кетпек болады. Үндемей жанын бағып отыратын Сапекең бе, әлгіге жетіп келеді. «Әй, мұның не?» деп айғай салады. Анау ай-шай жоқ, ақсақалмен алыса кетіп, алып соғып, астына басып алып, буындыра бастайды. Сонда Сапархан, қалтасына салып жүрген екі жүзді өткір пышағы бар екен, әлгі жас жігіттің астында жатып, үндемей ғана ішіне тығып алады! Анау ойбай сап, аударылып түседі. Ақсақал милиция, дәрігерді шақырады. Милиция келіп ұрыны ұстайды, дәрігерлер операция жасап, аман алып қалады. Сөйтсе, бұл кәріс, бір дөкей бастық, байдың баласы екен. Өзі ішіп алған, қызу, тойдан шыққасын, үйіне жету үшін автобусты айдап кете бермек болған ғой. Сорына қарай, Сапархан ақсақалға жолыққан. Аяғы біраз әңгіме болып, ұрыны жауапқа тартып, ақыры сотталды ма, жоқ әкесі шығарып алды ма, білмеймін. Анығы, Сапархан ақсақалға ішкі істер бөлімі алғыс жариялап, мақтау қағаз бен бағалы сыйлық берген! Әнеки, ойна шалдармен! Сексенбайдың күші Бала күнімізде Сексенбай Бейсеков ағамызды аңыздай көретінбіз. Әскерге барғанда, кемемен Кубаға барыпты, сонда бокстан жарысқа түсіп, бәрін жеңіп келіпті деп гуілдесетін жұрт. Шешесінің аты есімде жоқ, жұрт «Қара кемпір» дейтін. Ағасы Мырзахмет дембелше, толық, шойыннан құйылғандай кісі еді. Жұрт «Бөшке» дейтін әзілдеп. Құдыққа шелекпен баруды білмейтін, төрт шелек су сиятын темір флягамен баратын да, толтырып алып, иығына салып, аяңдап жүре беретін. Баласы да өзі сияқты топ-толық болды, «Бопанай» дейтінбіз. Сексенбай ағай әскерден келген соң, бұл 1960 жылдар, біздің Бұлақбасына кәдімгідей айбар болды. Ол кезде Степняк қаласында халық мол, Щучинск қаласымен деңгейлес еді. Әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады, ішінде орыстар басым. Бірде тату, бірде қату болып жатады. Сонда, біздің Бұлақбасы таза қазақ

ауылы болып, кеудесін ешкімге бастырмай тұрды. Жігіттері шетінен ер мінез, мен атайын, сен тұрдың нағыз өзі еді. Ол кезде Степнякта алтын өндірілетін, неше түрлі адамдар бар. Арасында бұзақылар да кездеседі. Орталыққа киноға, биге барғанда қазақ жігіттеріне қыр көрсететіндер де аз емес. Тіпті, орталықтың орыстана бастаған қазағының өзі шатақ. Онда біз кішкентай баламыз, үлкендердің гу-гу әңгімесіне құмарта құлақ тігеміз. Сол кезде Сексенбайдың ерліктерін жұрт аңыз қылады. Ауылдың балалары оны арқа тұтады. Бір атақты бұзық, өзі күші тасып жүрген төбелестің шебері, киноға барған Сексенбайды жекпе-жекке шақырып алып шықты дейді. Арлы-берлі егес сөзден кейін, шайқасты бастай бергенінде, Сексенбай екі алақанын, қырымен әлгінің мойнына қоя салды дейді. Әлгі мықты талып жығылыпты. Ол да ер екен, кейіннен татуласып, дос болып кетіпті. Құдықағаш, Сәуленің интернатта оқитын балаларын сенбі күні, Степняктан ауылдарына кететін кезде, автостанцияда аңдып жүріп, бір бұзықтар ақша сұрайды ғой: «Бес тиын бер, он тиын бер!» – деп. Бұлардың автобусқа жететін ғана тиыны бар, енді қайтсін? Аналар сабауға айналғанда, Сәуледен келіп оқитын Қойшыбай: «Қазір әкеп берейін, тұра тұрыңдар!» деп сыртқа шығып кетіп, Сексенбайды ертіп келіпті. «Міне, сендерге бес тиын! Осыдан ала қойыңдар!» – дейді қу тілді Қойшекең! Әлгілердің зәресі ұшып, тұра қашқан екен. Ауылдың балаларын қайтып мазаламайтын болыпты! Сексенбай ағамыз жүкші болып жұмыс істеп жүрген кезінде, жетпіс бес килограммдық қанар қаппен ұн түсіргенде, екі қапты екі иығына салып алып, тағы біреуін қолтығына қысып, кете береді екен. Бір күні біздің үйдің алдынан өтіп бара жатты. Біз, көрші бала, құрдасым Төлеген екеуміз сәлем бердік. Сол кезде тоғыз-он шамасында болармыз-ау, дәл есімде жоқ. Содан, үйдің алдында бір жуан темір ломға өткізілген темір дөңгелектер үйіліп жататын – Мейрамбай ағамның жаңадан штанга көтеріп жүрген кезі еді. Төлеген екеуміз Сексенбай ағаға: «Аға, мына штангыны көтеріп, күшіңізді көрсетіңізші!» – дедік. Шіркін, балалық-ай! Сексенбай әлгі штангыны жерден беліне дейін көтеріп, салмақтап көрді де: «Мынау аздау екен, ана жатқан дөңгелектерді де салайық!» – деді. Біз қуанып, үйдің алдындағы темір дөңгелектің бәрін әлгі ломға тізе бастадық. Сексенбай тағы бір көтеріп көрді де, басын шайқап:

«Әлі де аздау ғой!» – деп, күлді бізге. Аяғында, есік алдындағы пештің дөңгелек шойын қақпақтарына дейін салдық. Тіпті, ломның ұстайтын жері де кішкентай боп қалды. Сексенбай аға бізге: «Әлі де аз болып тұр, мен барып, тағы біраз темір алып келейін! Сендер де іздей беріңдер!» – деп, үйіне қарай кетіп қалды. Төлеген екеуміз ал темір іздейік, ал күтейік ағамызды! Ол кісі келген жоқ! Күте-күте, біз де үйге кеттік. Кешке Мейрамбай ағама болған оқиғаны айтып едім, ол әбден күлді де: «Әй, ол жұмыстан шаршап, үйіне түскі тамағын ішуге келе жатса, сендер оған темір көтер дейсіңдер! Мұнша темірді көтергісі келмегесін, сендерді алдап кеткен ғой!» – деді! Әй, қызық-ай! Дүйсенбектің кітапханасы Дүйсенбек Бекбосынов Мейрамбай ағаммен бірге өсті, бірінші кластан он біріншіге дейін бірге оқыды. Екеуі дос еді. Ескі шым үйде тұратын. Бала күнінен ер көңіл болды. Оның әкесі Сатыбалды соғысқа қатысқан. Әкем айтып отыратын: «Сатыбалды әскери адам, офицер болған!» – деп. Шәріп, Әзәуларға жиен. Дүйсенбектің бір қызығы – кітабы көп болатын. Сол уақыт үшін, балалар үшін көп болып көрінеді, әрине. Онда қазіргідей қаптаған шкаф жоқ. Кітаптары үйдің тақтай еденінде топ-тобымен үюлі тұратын. Әуелде Мейрамбай әкелген кітаптарды оқып жүрдім. Кітапқа керемет қызығамын, тағы оқығым келеді. Содан бір күні тағы да кітап деп қыңқылдай бергенімде, Мейрамбай маған: «Дүйсенбекке бар дағы, өзің сұрап ал!» – деп зекіп тастады. Дүйсенбек үйіне барып, кітап сұрадым. Кітаптарына қызыққаным-ай! Бір үйден осынша көп кітап көруім бірінші рет еді сонда! Әртүрлі мұқабалы, бірі жаңа, ал кейбірі әбден ескіріп, сарғайып кеткен. Маған оның бәрі бір сиқырлы дүниедей, керемет бір әлемдей болып көрінеді. Дүйсенбек ағамыз бетіме сынай қарап отырды да, құмарлығыма көзі жетті білем: «Шынымен оқитын болсаң, кітап беріп тұрамын! Бірақ, бүлдірмей, аяқ асты қылмай, жақсылап оқып, айтқан уақытымда әкеп беретін бол! Егер де сөзіңде тұрмасаң, қайтіп кітап бермеймін!» – деді. Мен уәде бердім. Содан, ол кісі мен үшін кітап таңдай бастады. «Тәк... Мынау саған қиын, мынаны оқуға әлі ерте... Мынадан бастағаның дұрыс!» – деп, лайықты деген кітап-

тарды ретімен беріп тұрды. Мен оқып, уағында, тіпті, бірнеше күн
ертерек қайтарып жүрдім. Тез әкеп бергеніме таңданып: «Шыны-
мен оқыдың ба?!» деп, тексеріп, сұрақтар қоятын. Мен оқығаным-
ды мазмұндап айта бастаймын. Кәдімгідей риза болып, тағы да

кітаптар таңдайтын. Әлі есімде, Стивенсонның қазақ тіліндегі «Қа-
зына аралы», Марк Твеннің «Гекльберри Финнің басынан кешкен-
дері», тағы біраз қызықты, мағыналы дүниелермен алғаш солай
танысып едім...

Арада он бес жылдай өткенде Дүйсенбек ағаны Алматыда көр-
дім. Сыйласып, араласып тұрдық. Мұғалім, мұғалім, мұғалім...
Бізді бірінші кластан бастап оқытқан ең алғашқы мұғаліміміз –
Ғайни Тәңірқұлова. Ақсары, жұқалтаң, сымбатты, әдемі кісі бола-

тын. Бүкіл класс болып, далаға экскурсияға шыққанда:
Дүкенде құлағы әдемі бәтеңке...
Шұңырқайсың, шұңырқайсың! – деп татарша өлең айтып, би-
легені есімде қалыпты. Ол кісінің татар қызы екенін сонда білдік.

Мейірбанды, жақсы кісі, бізге ең алғаш хат танытып, әліппені үй-
реткен мұғалім!
Төртінші класта оқып жүргенде, екінші тоқсаннан кейін декрет
демалысына шықты. Ол кісінің орнына Қаман апай келіп, жарты

жыл оқытты бізді. Қаман Әзәуқызы Бекбосынова біздің Бұлақба-
сыныкі, Әзәу ағаның қызы. Алматыда, шет тілдер институтында
оқыған. Мені айрықша жақсы көріп, үлкен адамдай сырласатын.
«Кім болам?» деген тақырыпқа шығарма жаздық па, әлде ауызша

жауап бердік пе, әйтеуір менің: «Өскенде жазушы боламын!» де-
геніме кәдімгідей мән беріп, әдебиет туралы көп әңгіме айтатын.
Батысты, Европа әдебиетін көп оқы дейтін, төртінші кластағы ма-
ған! Тәтемнің сөзі көкейіме қонып, ой салатын. Үйіміз жақын, са-

бақтан келген соң, мені үйіне шақырып алып, әдебиет жайлы әңгі-
ме айтатын. Түрлі картиналарды көрсетіп отырып, шығарма жаз-
дыратын. «Аленушка мен Иванушка» туралы ертегі бойынша са-
лынған сурет – орман ішінде, су басында Иванушканы ойлап, мұ-

ңайып отырған Аленушка туралы шығарма жазғаным әлі есімде.
Бұл, шамасы, 1965 жыл.

Зейнолла Ысқақов – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, біздің Бұлақбасыныкі. Жұрт Жәку деп атап кеткен. Әлі есімде, Сәбит Мұқанов алпыс бес жасқа толғанда, аудандық газетке «Алпыстың асуында біздің Сәбең» деген атпен мақала жазды. Сәбеңнің мерейтойына арнап, сабақ өткізгенде, маған осы мақаланы оқып, балаларға мазмұндап айтып беруді тапсырған. Қу тілді, сөзге тапқыр кісі болатын. Молдабай ағай географиядан, әйелі Қанафина Қайынжамал химиядан сабақ берді. Молдабай ағайдың сабағы қызық болатын. Ол кісі жаңа сабақты нақпа-нақ түсіндіріп, оқулықтан не оқитынымызды көрсетіп, үй тапсырмасын бергеннен кейін, әңгіме айтқанды жақсы көретін. Әңгімесі көркем әдебиеттен оқыған таңғажайып дүниелер жайлы болатын. Ең алғаш Артур Конан Дойльдің Шерлок Холмс туралы әңгімелерін Молдекеңнің аузынан естіп едік. Баскервильдер итін майын тамызып айтып бергені әлі есімде. Мектеп директоры Асылбек Хайруллин ағайды жас кезінде күреске түскен, балуан дейтін жұрт. Денешынықтыру пәнінен Әлібек Уытқанов ағамыз сабақ берді, әрі бірнеше жыл, біз сегізінші класты бітіріп, Абай мектебіне кеткенше класс жетекшіміз болды. Бізге ағайын, Бұлақбасынан, Жәнібектің ағасы. Абай мектебінде оныншы класта оқып жүргенімде Әлібек ағай мен Жаңатілек ағай (Жұрттың бәрі Боба дейтін) шахматтан оқушылар арасындағы республикалық біріншілікке облыс командасының құрамында мені Қарағандыға апарды. Ең алғаш Көкшетау облысының аумағынан аттап шыққаным осы. Бұрын Мейрамбайды оқуға шығарып салғанда көргенім болмаса, өмірі мініп көрмеген пойызға бірінші рет сонда міндім. Сөйтіп Қарағандыда, Майқұдықта бір жатақханаға түстік. Он шақты күн жүрдік жарыста. Маған жарысқа барарда үшінші разряд берген. Бақсам, өңкей ығай-сығай шахматшы балалар жиналған. Мұндай үлкен жиынға, жоғары деңгейдегі шахмат жарысына тұңғыш қатысуым. Біздің командада бүкіл Көкшетау облысынан іріктелген бес әлде жеті бала болдық. Бір қызық думан, таңғажайып саяхат әрі жарыс болып еді. Мен бір партияны ұтып, үшеуін тең ойнап, үшеуінде ұтылдым. Қарсыластарымыздың дені бірінші разрядты, арнайы шахмат мектебінде оқыған ойыншылар. Нәтижең жаман емес деп қояды ағаларым.

Біз, бірінші кластан бастап бірге оқыған сегіз бала– Ахметов
Серік, Балташев Қайырбек, Смағұлов Қабиден, Ахметова Қайыр-
жамал, Мұқышева Бақыт, Омарова Кәмәл, Жұмағұлова Майра -
Бірінші май сегізжылдық мектебін бітірген соң, Абай атындағы

орта мектепке бардық. Ол кезде ел ішінде Абай мектебінің атақ-
даңқы зор болатын. Мұғалімдері де аңыздың адамдары сияқты кө-
рінетін.
Қайыржан Көпенова апай Абай мектебінде қазақ әдебиетінен

сабақ берді. КазГУ-де Тұрсынбек Кәкішевпен бірге оқыпты. Тоғы-
зыншы класта оқып жүргенімде маған бір ерекше тапсырма берді.
Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романының бірінші кітабын
оқып, жоғарғы класс оқушыларына мазмұндап, жатқа айтып бер

деді. Мен бұл қызғылықты, терең мазмұнды, кең ауқымды тарихи
оқиғалы романды бұрын сүйсіне оқып шыққанмын. Енді бір айдай
дайындалып, оныншы, тоғызыншы кластардың алдында «Аққан
жұлдызды» мазмұндап, екі сағаттай айтып бердім. Тыңдаушыла-

рым да, апай да әбден риза болып, маған алғыстарын жаудырды.
Қайыржан апайдың риза болғаны сондай: «Тұтас бір романды
жатқа айтып берген Баянғали!» деп, аузынан тастамайтын. Мені
әбден еркелетіп жібергені соншалық – тіпті, мен сабақ үстінде тұ-

рып барып, алдыңғы партадағы қыздардың шашынан тартқылап
келіп, орныма қайта отыра беретінмін. «Әй, Әлімжановқа ұрсуға
болмайды! Тұтас романды жатқа айтқан балаға не істесе де жара-
сады! Оның ақылы бар, өзі біледі!» дейтін жарықтық.

Үміт Есімсейітова апай химия пәнінен сабақ берді, әрі екі жыл
біздің класс жетекшіміз болды. Математик Әбдуов Рамазан, геог-
раф Әбдікәрімова Майра, тарихшы Ниязова Күлбарам, физик Ах-
метов Досымбек, директор Сұлтанов Әндіржан және басқа да мұ-

ғалімдеріміздің әрқайсысы бір-бір тұлға, ірі адамдар еді.
Көктемдей көңілді көрінген,
Көзінен мейірі төгілген,
Мың алғыс өзіңе, мұғалім,

Мектепке мәңгілік берілген,
Мұғалім, мұғалім, мұғалім!

Жоғалған домбыра 1990 жылы Көкшетауда, наурыз тойында мені арнайы шақырып, арнау айтқызды. Ұйтқы боп жүрген – сол кездегі қазақ педколледжінің директоры Мұрат Ыдырысов ағамыз. Ол кісі біздің елден, Сәуле ауылынан. Әйелі Үмітжан Керейдің қызы, бізге апай болады, Құдықағаштан. Мұрат ағаны жезде деп, ептеп әзілдейтініміз бар. Сахнаға Мұрат ағамыздың қолынан жап-жаңа, әдемі, шанағы ақ, беті қызыл күрең үлкен домбыраны алып шықтым. Әлгі домбыра тартқан сайын маған ұнап барады, өлеңді де төгіп жатырмын. Содан ең соңында: «Наурызда сахнаға Мұрат жездеміздің әрі нағашымыздың домбырасын алып шығып едім, өзі менің әніме сондай үйлесіп, жарасып-ақ тұрған сияқты! Апырмай, директор Мүкең қазір ұялмай қайтып алып қояды-ау! Наурызда балдызға сыйлық деп, апаңның қалыңмалы деп, жиеннің қырық серкеші деп сыйлай салуды да білмейді-ау бұл қарауылдар!» – деп өлеңдетіп, ойын-шыны аралас әзілдеп аяқтадым. Халайық гуілдеп, дүрілдетіп қол соғып жатыр. Мұрат ағамыздың қаны қызып кетіп, сахнаға атып шығып, ақ тілегін айтып, әлгі домбыраны маған сыйлады да жіберді! Күмбірлеген ғажап домбыра болатын! Қағып-қағып жібергенде, қанаттанып, айбарланып кетуші едім. Талай айтыста дүбірлетіп едік. Ақжолтай Ағыбай батырдың 190 жылдығында бір бала ұрлап алды. Алғанда да амалын тапты. Ағадыр ауданында, жақпаржақпар жартасты, сұсты Айыртауда өткен айтыста маған бас жүлдеге ақ боз ат мінгізді. Әдетте мен аттың тізгінін ұстап, көпшілікке ізет білдіріп қана қоюшы едім. Бұл жолы жұрт кеу-кеулеп, қоярда қоймай атқа мінгізді. Үстімде шапан, қалпақ, қолымда домбыра. Қалың ел қарап тұр. Атқа мінерде қолымдағы домбыраны тізгінді ұстауға бөгет болғасын, қайда қоярымды білмей жан-жағыма қарап едім, бір бала: «Аға, мен ұстай тұрайын!» демесі бар ма? Көп ешкімге ұстата бермейтін домбырамды көпшіліктің алдындағы салтанатты сәтте аңғалдықпен әлгі танымайтын балаға бере салғаным... Содан, атқа мініп, халайыққа қолымды бұлғадым. Біреулер: «Ал, аттың үстінде отырып, өлеңдетіп жіберіңіз!» – деп қоймайды қадалып! Мен осындай «театральщинаны» ұнатпасам да, амал жоқ, көпшіліктің көңілін қимай: «Домбырамды әкеліңдер!» – деп,

қолымды создым. Сөйтсек, домбыра да жоқ, әлгі бала да жоқ! Жұрт дүрлігіп, әрлі-берлі іздеп-ақ жатыр. Ішім удай ашып, әйтеуір, көпшілікке бір-екі ауыз қара сөзбен ықылас білдіріп, аттан түстім. Ал, іздейік – жоқ! «Ырымдап алған ғой!» – деп жұбатып жатыр жұртшылық. «Ұрлап ырымдай ма екен?!» – деймін, жансерігім домбырамды қимай. Кетті солай, ұшты-күйлі! Біраз уақыт жақсы домбыра таба алмай, қиналып жүрдім. Алматыдағы бір айтыста «Алматы ақшамы» газетінің жүлдесі деп, редакторы Ерғали Сағатов ағамыз бір ақ домбыра сыйлады. Даусы да тамаша екен. Сол домбыраны айтысты қойғанша ұстадым. Талай жерге бардым. Әлі күнге үйде тұр. Құдыққа құлаған Керей Бір күні нағашымның баласы, құрдасым Серік Қайырғожин қонаққа шақырды. Зайыбы Сақыпжамал тамақ дайындап жүргенде, біз әңгіме-дүкен құрып отырдық. Серік – Қылды Қарауыл, менің шешем Бәтиманың ағасы Қайырғожаның немересі. Қайырғожа нағашымыз дін оқуын оқыған, өмір бойы молда болған кісі, анамыз атын атамай, молда ағам дейтін. Ол үйдегі апамыз Титән – Керейдің қызы, тоқсаннан асып, жүзге таяп қайтыс болды. Сонда, сөйлегенде ағып тұр, бір сөзден жаңылмайды. Қайырғожадан – Қалиасқар, Зейнеп, Күлмәрә. Қалиасқардан Серік, Ерік және қыздары – Раушан, Рауза, Хұсни, Ұлжан, Жанат. Мен нағашыларыммен әзілдескенді жақсы көремін. Жалпы қарауыл көрсем болды, неге екенін өзім де білмеймін, қиястығым ұстап, қисық сөйлеп, қалжыңдағым келіп тұрады. Менің қалжыңыма шыдамай, кейбір қарауылдар Көкшетаудан көшіп кете жаздаған! Облыс әкіміне менің үстімнен «националист, трайбалист» деп арыз да жазған. Бір жолы бір қарауыл: «Қарауылда әкеңнің құны бар ма, қылжағыңды қоясың ба, жоқ па?!» – деп, қап-қара боп түтігіп, қарауылға ілген мені. «Қоямын, – дедім мен. – Бірақ бар қарауыл Бұқпа тауының етегіне жиналып, көк бұқаны сойып, былғарысына: «Қарауылдар бұдан былай жиендерін еркелетпейді! Нағашыжиен болып әзілдеспейді!» – деп жазып берсеңдер ғана қоямын!» –

дедім. Үні шықпай күлді, қай дені сау қарауыл өйтіп жаза қояды
дейсің!
Бір күні Көкшетауда машинамды бір инспектор тоқтатты.

– Қарауылсың ба? – дедім бірден.

– Иә! Оны қайдан біліп қойдыңыз? – деді сасқалақтап.

– Е-е, аттарың айтып тұрған жоқ па? Жол бойында қарауылдап

тұрғаныңнан білдім! Қарауылда сендер тұрмағанда, кім тұрады?! –
дедім. Танысып, ақын екенімді, жиен екенімді білгесін, айып сал-
май жіберді.
Мен жол ережесін жөнді білмейтінмін де, қалағанымша бұза

беретінмін. Тағы бірде тоқтатқан инспектор қарауылға:

– Мына машинаны Ағыбай батырдың екі жүз жылдығына ар-

налған айтыста, Қарағанды, Балқашта бас жүлдеге беріп еді! Қара-
кесектер машина береді, қарауылдар айып салады! Өздерің жиен-
деріңе бере алмайсыңдар, бергендерді көре алмайсыңдар! – деп
едім, толтырмақшы болған қағазын жинап алып, күліп шығарып

салды.

– Қарауыл нешеге бөлінеді? – деп сұрайды менен бір жиында,

сегіз арыс Қарауылды білмейтін бір нағашым.

– Екіге бөлінеді! – дедім қайтер екен деп. – Қылды және Қыл-

сыз! Қылдылары – качественный Қарауылдар да, Қылсыздары –
жай Қарауылдар! Қылды деген сөз «знак качества – сапа белгісін»
білдіреді!
Менің әзіліме қылдылар әжептәуір болып қалды да, қылсыз-

дардың қаны қызып кетіп, ал қарауылдар дауласа кетсін! Күлкіге
айналдырып, «ойбай, бәрің кереметсің!» – деп, зорға қойғызып
едім!
Ертеректе белгілі қаламгер, қарауыл Нөгербек Мағзұмовпен

пойызда сапарлас болдық. Содан, сөзден сөз шығып, Ленин тура-
лы әңгіме болып қалды. Біреулер «күн көсемді» сынады, Нөгербек
нағашымыз қорғап, дауласа кетті. Тіпті қоймағасын:

– Нағашы, мавзолейге барып, «почетный караул» боп тұрмай-

сыз ба?! – дедім. Күліп жіберді, жарықтық.
Жалпы, қарауылдар мол жаралған, момын, қарапайым, қазақы
қалпын сақтаған қара ормандай қалың ел. Олармен қалжыңдасып,
арқа-жарқа болу бір рахат. Қарауылға жиен болғаныма қуанамын

кейде!

Әлқисса, арқа-басым жыбырлап, өңкей Қылды Қарауылдардың ортасында әзілді гулетіп отырмын. Ұлжанның күйеуі Рысбек те бар екен әлгі үйде. Баяғыда, осы Рысбек милицияда сержант болып жүргенде, Серік үйінде кездескеніміз есімде. Шашын артқа қайырған, оқымыстыларға ұқсайтын келбетті жігіт екен. – Сен мұғалім, яки ғалым болатын адамға ұқсайсың, милицияда неғып жүрсің? Сержант саған келмейді, сен майор боласың! – деппін оған. Бір қызығы, майор болып, зейнетке шықты. – Сонда, тым болмаса полковник демеген екенсіз! – деп, күлетін маған нағашыларым. Содан, сөзден сөз шығып, барлығы нағашы апамыз Раузаға әзілдей бастады. Сөйтсек, апамыздың күйеуі Мұратбек жездеміз қақаған қыста, Айыртау ауданының орталығы Володаровка селосында құдықтың мұзын оямын деп, құдыққа құлап кетіпті! Әйтеуір, қасында он сегіз жасар бір жас жігіт бар екен, сол арқан тастап, әупірімдеп суырып алыпты. Естіген ел дүрлігіп, шауып барса, сенекте серейіп тұр дейді жездеміз. Сақиып қатып қалған. Көкшетаудан алып-ұшып жеткен Серік нағашым жездесін құшақтап, өкіріп жылап жіберіпті – өліп қалған екен! Сөйтсе, бұл қақиып қатып тұрған жездеміздің көпәйкесі мен қалың шалбары екен! Аман-сау болғасын, қазаққа қылжақ керек, ал, жабыла апамызды қолға алайық! – Ана құдықтан қырық шелек су алып, тазалау керек! – дейді Серік. – Қыс бойы тазалап тұрмаса, ішуге жарамайды! – дейді Рысбек. – Әй, ол қайдан құлап жүр құдыққа? Жан-жағына қарамай ма ол Қарауыл, суды харамдамай? Енді қарауылдар жиналып, қайтадан құдық қазып беріңдер халыққа! – деп мен жиендігіме салып, күлкіге айналдырып жатыр едім: – Жездеміз Қарауыл емес, Керей! Сенің ағаң! – деп, Серік пен Рысбек енді маған күлсін! – Ә-ә, солай ма? Құдыққа құлаған Керей ме? Онда әңгіме басқа! – деп, мен қолма-қол бұрып жібердім. – Әне, ел үшін отқа да, суға да түсіп кететін біздің Керей әулие ғой! Керейдің құлаған құдығында қасиет, түскен суында кие болады! Сендер ол құдықты тазаламаңдар! Тиюші болмаңдар! Шипалы су деп ішіңдер! «Ке-

реизированная Айыртауская вода» деп сатсаңдар, қарық боп қаласыңдар! Қарауыл нағашыларым қыра-топан күлді. Рауза нағашы апам мәз болып: «Ағаңа айтып барамын, сені әулие деп мақтады деймін!» – деп, бетімнен сүйді де, әулие күйеуін көргенше асығып, шұғыл аттанып кетті! Мәре-сәре болдық та қалдық! Ойхой, дүние-ай десеңші, сол Серік те, Рысбек те қазір бақилық боп кетті! Қанаттыларәулеті «Балқаш» емдеу-сауықтыру кешенінде қызық жағдай болды. Асханада демалыс бойы бір үстелде ерлі-зайыпты Дәулетбай, Сәулемен дәмдес болдық. Ә дегеннен жылы сөйлесіп, танысып, білісіп кеттік. Дәулетбай ұшқыш екен, ұшқыш болғанда нағыздың өзі болып шықты. Корабль командирі, бірінші класты ұшқыш, қазірде мемлекеттік инспектор екен. Сәуле ұшқыштардың дәрігері, тоқетері, көкте ұшып жүріп, экипаждың денсаулығын бақылап, тексеріп отырады екен. Екеуі де өзіміздің Көкшетау, Зерендіден, екеуі де көп балалы отбасынан шыққан. Содан, менің есіме ұшқыштармен болған бір қызық оқиға түсе қалды да, мен оны жаңа таныстарыма айтпаймын ба! 1991 немесе 1992 жылы Шымкентке, Бөген ауданының орталығы Темірланға ақындар айтысына бардым. Қайтарда әуежайға келсек, Шымкенттен Жезқазған арқылы Көкшетауға ұшатын жалғыз кешкі рейске билет жоқ. Әуежай бастығына барып, жағдай айттым. Ақын деп сыйлап, жақсы қарсы алды, бірақ билет жоқ деді. – Ал, бірақ, сізге сәті түскен екен! Қазір, сағат үште Көкшетауға тікелей ұшатын ұшақ бар. Соған билет ала қойыңыз! – деді. Рахметімді жаудырып, тізімде жоқ, аяқ астынан пайда бола кеткен ЯК-40 ұшағына отырдым. Кірсем, үш қазақ отыр. Жай отырған жоқ, қазы-қартаны турап, соғып отыр. Сөйтсем, Көкшетаудағы бір банктің кісілері екен. Көкшетауға өңкей банк чектерінің бланкілерін әкетуге келген арнайы рейс екен бұл! Сол кезде жұртқа жалақыны чекпен беретін!

Ұшқыштар да осында екен. Екі орыс, бір қазақ. «О-о, акын!
Споешь нам!?» – деп, күліп қарсы алды. Қырық кісілік ұшақта
басқа жан жоқ. Қазақ ұшқыштың аты Болат, Зерендіден екен.
Екінші ұшқыш екен. Билетімді қараған да жоқ. Бауырымыздың

ұшқыш болғанына кәдімгідей марқайып қалдым да, арқа-жарқа
әңгімелесіп жатырмыз. Бір кезде ана екі орыстың сөзін құлағым
шалып қалды.

– Ну, че, заправимся в Джезказгане?! – дейді біреуі.

– А, может, хватит?! – дейді екіншісі.

Сөйтті де, Көкшетауға тікелей бір-ақ тартты. Әуелде зәрем
кетті. Әй, мыналардың естері дұрыс па, әй! «Можит хватиті?!» не-
сі, әй? Можит не хватит болса қайттік? Сәлден кейін сабыр қыл-
дым. «Соншалықты жынды бола қоймас. Бұларға да жан керек

шығар-ау!» деп ойладым.
Ұшып келеміз. Ұшарда Болатқа айттым. «Талай ұшып жүрген-
де, тек иллюминатордан ғана қараймыз ғой! Алдыңғы терезеден
қарауға бола ма? Сен мені ұшқыштардың кабинасына кіргізіп,

көрсете аласың ба?» – деп өтіндім. Болат сөзге келген жоқ, коман-
дирімен сөйлесіп, мені екінші ұшқыштың, яғни өзінің орны – оң
жақтағы креслоға отырғызды. «Аға, ештеңені ұстамаңыз!» – деп
ескертіп қойды, сөйлегенде қолымды шапшаң сермеп сөйлейті-

німді байқаған болу керек.
Ал кең әлемге бір рахаттанып қарадым-ау! Алдыңғы әйнектен
қарағандағы аспан, жердің көрінісі мүлде бөлек! Құдай-ау, не де-
ген көркем сурет, не деген тұңғиық, шексіз кең дүние! Қарай бер-

гің келеді, ұша бергің келеді!
Біраз отырғасын, рахметімді жаудырып, Болаттың орнын өзіне
бердім. Қонуға жақындағанда тағы келдім Болатқа. «Енді қону сә-
тін алдыңғы әйнектен көрейін!» – дедім. Ұшқыштар күліп, маған

алдыңғы әйнектен қарап тұруға рұқсат берді. Кабинаның есігінен
ұстап, түрегеп тұрдым, өйткені Болат өз жұмыс орнында тастүйін
болып отыр. Қызық болады екен! Жерге жақындаған сайын жердің
суреті айқындалып, дала, орман, көл, ауыл, қала, үйлер жерде жү-

ріп көргеніңнен өзгеше бір кейіпте көрінеді. Кетіп бара жатқан
көліктер, адамдар, жайылып жүрген жануарлар да бір қызық. Қа-
лықтап келе жатқанда, жер әуелі ақырындап жақындай береді,
барған сайын зуылдап жақындай береді де, бір кезде дөңгелектер

жерге тиіп, «уһ» дегендей болады!

Аман-есен жеткен соң, ұшқыштарға рахметімді жаудырдым.
Қоштасарда Болат ініммен құшақтасып, ағалық жақсы тілегімді
айттым...
Әңгімемді ықыласпен тыңдап отырған Дәулетбай:

– Ол менің інім ғой! – деді шаттанып. – Қазір командир, үлкен

ұшақтармен шетелдерге ұшады! Біз бір үйден төрт ұшқыш шық-
тық. Ағаларым Марат, Дүйсенғали да жоғары дәрежелі ұшқыш
болған!
Дәулетбайдың тағы бір қарындасы стюардесса!

– Сіз менің ағам Мереке Шәйкеновты білесіз бе? – деп сұрады

менен Сәуле, шай үстінде. Неге сұрағанын білмеймін. Бірақ, тағы
да қызық, мен ол кісіні білетін едім! Ертеде, 1990 жылдары, Арық-
балық ауданында Жұмағали Саинның 90 жылдығында кездескем.
Ол кісінің есте қалғаны – елден ерек ұзын бойлы, келбетті, алып

адам – ауаткомның төрағасы болатын.

– Иә, бойы екі метр! – деді Сәуле.

– Мен ағаңызға әзілдеп өлең де шығарғам, «Деген екен» кіта-

бымда бар! – дедім мен. – «Ауданы Арықбалық болғанымен, бас-
тығы кит сияқты алып екен!» – деген едім!
Міне, сөйтіп санаторий дастарханында жаңадан танысқан жер-
лестерімнің бауырларын баяғыдан білетін болып шықтым.

Ерекше бір құбылыс – қанаттылардың әулеті биікте самғай
берсін! Соғыс жаңғырығы
Бейбіт замандағы соғыстың алғашқы құрбандарының бірі –
біздің Кеңащыдағы Ауғанипа ақсақалдың жиені болды деп айтып

отыратын үлкендер. Жетпісінші жылдары Қытаймен шекарадағы
қақтығыста қыршын кеткен боздақты ағаш табытқа салып, темір-
мен құрсап әкеліп Кеңащыға жерлепті.
Компартия елдің біраз жігіттерін Ауғанстанның отына да сал-

ды. Біздің Бұлақбасының түлегі, Көкен Байжанұлы Ахметжанов-
тың кіші баласы Мадай айдаладағы абсурд соғыста бір аяғын тұ-
тастай беріп келді. Құдай сақтап, аман қалған қайта: жарылыстан
кейін бронетранспортердің үстінде ес-түссіз қызыл қанға батып

жатқан жерінен дәрігерлер тауып алып, аман алып қалыпты. Ма-

дай ініміз ағаш аяқ салдырып алып, елде жұмысын істеп, тіршілі-
гін жасап жүр.
Менің құдам Марат Нүркенұлы Досымбеков те қып-қызыл
қырғынның ішінен қан кешіп жүріп, аман-сау оралды. Контузия

алған. Зайыбы Зәуре екеуі ұл-қыздарын өсіріп, Степнякта тұрып
жатыр. Соғыстың әңгімесін айтқан кезде, Мараттың әлі күнге қаны
бұзылады. Нағыз окоптың шындығын сол қалпында айтқанда, аза
бойың қаза болады.

Тағы бір ауған соғысының батыры – әйгілі режиссер, өнер
қайраткері Жақып Омаров ағамыздың немере інісі, әртіс Айбек
Құсайынов. КамАЗ жүргізіпті майданда. Бір күні мина түсіп, ма-
шинасының алдыңғы доңғалағын жұлып әкеткен көрінеді. «Каби-

надан қалай ұшып кеткенімді білмеймін! Есімді жинағанда қара-
сам, жерге жабысып жатыр екенмін! Әйтеуір, жарақаттан аман-
мын!» – дейді, қалай аман қалғанына әлі күнге таңғалып. Ол біздің
«Аран», «Айхан» деген киноларымызға түсті. Қазы жұтқан қазақтар

Ел ішіндегі қазақтың бір қызық әңгімесі соғымға байланысты.
Баяғыда, бала күнімізде Бұлақбасының шалдары кімнің соғымы
семіз, қазысы неше елі болады деп, айнала аралап жүріп көретін.
Біздің соғым сойылған күні неше түрлі сылтау тауып, көршіміз

Әубәкірдің баласы, түйдей құрдасым, кішкентайдан бірге өсіп,
бірге оқыған Бекмағамбетов Төлеген екеуміз мектепке бармай қа-
лып, ақсақалдармен бірге «кәмесия» мүшесі болып, қуырдақ жей-
тінбіз. Қазақ ауылында соғым сою бір мереке болса, соның ең та-

маша түйіні – семіз, дәмі тіл үйірген қуырдақ болатын.
Соғым кезінде бір-бірін қонаққа шақырып, дәм бергенде та-
баққа кәделі мүше – омыртқа салынады. Соны «омыртқаға шақы-
ру», «омыртқа беру» деп атайды. Омыртқада бұрынғының адамда-

ры қолдарының майын майлыққа не қағазға сүртпей, қайыс ат-
әбзелге – жүген, божы, қамшы, қамыт, ерге, тіпті, саптама етікте-
рінің қонышына да сүртетін. Қайыс құрғап, кеуіп, үгіліп кетпес
үшін осылай майлап қояды екен. Май сіңген әбзел-тұрман да, сап-

тама етік те жылтырап, жап-жаңа болып көрінеді және ұзағырақ
пайдалануға шыдайды.

Ал соғымның енді бір қызығы – жілік соғу. Тоқпан жілікті жас жігіттер тап-таза қылып мүжіп болған соң, ортаға тастайды. Қонақтар жағалай соғады. Астына балтаны жатқызып, қолға орамал орап, бір тықыл, бір соғыс деп келісіп алып, үлкен-кіші, кәрі-жас демей жағалай соғып шығады. Әккі боп алған ауыл жігіттері жілікті жалпақ балтаға тық еткізгенде, тықылдан жіліктің әлсіз жерін дәл танып, соққан кезде қақ бөледі. Сондықтан, бәске қызған жігіттер тықылсыз бір соғыс деп шарт қойып, жалаңаш қолмен соғады. Мұның әдісін білу керек, құр қара күштен ештеңе шықпайды. Ертеректе бір дәу орыс күшіне мастанып, жалаңаш қолымен құлаштап періп қалғанда, жілікке дәнеме де болмапты. Ал ана орыстың қолы сынып кетіпті! Әдісін тауып соқса, ақсақалдар да сындыра береді жілікті. Соғымның ең үлкен қызығы – семіз етті, әсіресе, сере шыққан қазыны жақсылап жеу. Біздің Кеңащының шалдары семіз бір табақ етті ойнап-күліп отырып, еңсеріп тастайтын. Оның бел ортасында Мамау мен Баймолда ағамыз жүретін. Қызыл шырайлы, толықша келген, екі беті бал-бұл жанып тұратын Мамау ағаның шын аты –Маман Әубәкіров. Кеңащы «Восточный» совхозының бөлімшесі болып тұрғанда, бөлімше меңгерушісі болды. Елге еңбегі сіңген, ауылдың бетке ұстары, ақылгөй ақсақалы, қазыналы қариясы еді. Зайыбы Қуаныш тәтеміз екеуі қазақы салт-дәстүрді ұстанған, балаларын әдебиет, өнерге жақын етіп тәрбиелеген өнегелі жандар болатын. Мамау аға сексеннен аса жасап қайтты. Міне, осындай кісілерді сере шыққан қазыны жеп қоятын деп, ауылымыз әлі күнге аңыз қылады. Баймолданың піскен қазы түгілі, семіз биені сойып жатқанда қазысының шетінен үзіп алып, шикідей жұтып қоятынын талайлар таңдай қағып, әңгіме қылатын. Бала күнімізде Бұлақбасындағы ағайынымыз, Кеңесбайдың баласы Алдиярбекті жеңді білектей қазыны тұтас жұта салады деп, ертегінің жемпазы сияқты көретін жұрт. Шынашақтай ғана Қазез құдамыз Сүйіндік құдамен ерегісіп, бір білем қазыны етінен ажыратып алып, қылқ еткізе салғанын көргендер аузының суы құрып айтады. Семіз етті жеп болған соң, бір-бір аяқ құрт езген сорпаны сіміріп алатын. «Ет – дерт, сорпа – шипа!» десетін, ауыздарын сүртіп отырып. Ал, жарайды, мұның бәрін неге айтып отырмыз?!

Біріншіден, кешегі көшпенділердің тұяқтары, көне заманға бір
табан болса да жақын, таза табиғат арасында жүріп, дәстүрлі, та-
биғи азық-түлікпен қоректенген дала ұлдарының денсаулығының
мықты болғандығына назар аударып, сырына ой жүгіртіп, құрмет

білдіргіміз келді. Сол кісілердің бәрі дерлік сексен жастан асып
барып қайтыс болды.
Екіншіден... Әңгіменің қызығы осында болып тұр! Мұны мен
тіпті жақында, 2016 жылдың маусым айында үй-ішімізбен Бура-

байға, ем-дом қабылдауға барғанда естіп, айран-асыр болдым!
Профессор Левиннің жүйесі бойынша адамның іш құрылысын,
әсіресе, бауырын тазалап, сауықтырудың шебер маманы, дәрігер
Күлзира Темірханқызы Сыздықова айтады.

– Шайнамай, тұтас жұтқан қазы асқазанда қорытылмай, тіке-

лей ішекке барады. Сөйтіп, бауырдағы өтті сорып, өзіне қарай,
ішекке тартып алады! Сонда, адам ағзасы артық өттен, бауырға
жиналған анау-мынау заттардан арылады! Яғни, табиғи түрде өзін-
өзі тазартады екен!

Міне, қазына қариялардың табиғи даналығы!
Тағы да Күлзира қарындасымыздың айтуынша, құрт қосқан
сорпа кәдімгі фестал сияқты әсер ететін көрінеді! Еттің артынан
ішкен қымыз да айрықша пайдалы дейді дәрігер!

Мұның бәрін арнайы медициналық білімі жоқ ауылдың шал-
дары қайдан білген десейші!
Байырғы көшпенділер етке нан қоспаған ғой!
Еттен кейін, бүгінгі тойлардағыдай әр нәрсені, тәтті-пәттіні,

жеміс-жидекті жеп, іштерін ауыртпаған.
Бүгінгі ғылымның айтып жүрген «раздельное питаниесі» осы
емес пе?!
Кейін, өркениеттің әсерімен, әрнәрсеге еліктегіштігімізден да-

ланың табиғи тамақтану дәстүрін де бұздық, денсаулығымызды да
бүлдірдік қой! Жасанды, зиянды қоспаларды қымбатқа сатып
алып, уыстап шайнап отырған қазіргі заманның қаһармандары қа-
зы жұтқан қазақтарға қарап, бір ойланып қойса жаман болмас!

БІЗДІҢ ШЕЖІРЕ НАША РОДОСЛОВНАЯ

Қазақ. Орта жүз (Средний жуз). Керей.
Ашамайлы Керей – Танаш би –
Сибан, Балта, Көшебе, Тарышы.
Тарышы –

Ақсары, Күрсары.
Род Ақсары Керей –
Ақымбет, Тоқымбет, Нұралы (Біржан сал), Нұрымбет (Марал
ишан), Еменалы, Бәйет.

Ақымбет –
… Бектемір (Шораяқ Бектемір батыр – Хромой Бектемир ба-
тыр), – -
… Малай –

Есенбай –
Бөгембай –

1. Қойгелді. 2. Қоран. 3. Жолдыбай. 1. Қойгелді – Әбіш, Әбжан.

Әбіш (Был аксакалом, главой рода, умер в 1941 г. в возрасте 68
лет. Жена Мәрзия Мұқанқызы из рода Жауар Қарауыл ) – Әлім-
жан, Шалабай, Кәрімжан.
Әлімжан (участник Первой мировой войны, умер в 1935 г. в

возрасте 41 г.) Жена Қамила.
Қазихан, Тақан (Тахтауихан), Тахтарихан (рано умер), Мұх-
тарихан (рано умер), Жанжамила.
Қалила – домбырашы. Әлімжанның қарындасы әлде қызы.

Домбыраны теріс қарап та, бақайымен де тартатын. Была виртуоз-
ной домбристкой. Дочь или сестра Алимжана. Играла на домбре,
держа ее за спиной и даже пальцами ног. (Со слов Бақыт апа Сә-
лімқызы).

Шалабай (умер в 1959 г.) Жена Рахия, 13 детей умерли в мла-
денчестве) – Жарылғасын (1953 г. Жена Куляш из рода Албан) –
Ержан, Нұржан.
Кәрімжан (погиб в начале войны в 1941 г.) жена Бәтима Қо-

жасқызы – Сәлсәбила (Ләйла), Мәриям (Мәймінә), Мейрам.
Әбжан – Әкімжан, Аманжол.
Әкімжан (жена Гүлхамида (Күлше)), (Шолпан) – Әуиден
(пропал без вести на войне), Кәп (муж Зейнолла).

Аманжол (1906–1973 гг. был богатым), жена Қалиман (Ғалима
Ахметқызы). 4-5 сыновей умерли в детстве. – Базкен, Майке
(Зәуреш).

2. Қоран – Әбдірахман – Әки

Әки (жена Сақып) – Насыр, Амангелді, Қайыр, Кәмила,
Айман, Шәпа, Бәку, Кендебай.
Насыр – Олжабай (внуки Әсет, Алмас), Шолпан, Айсұлу.

3. Жолдыбай – Шәймұхамбет, Мұхаметрахым, Желдібай

(рано умер).
Шәймұхамбет – Әшмағамбет
Әшмағамбет (Әшен, 1925–1994 гг., жена Мүслима) – Қайыр-
гелді, Шәрбан, Төлебай, Боранбай, Бақыт, Сақып, Марат.

Қайыргелді (1947 г., жена Майра) – Сайран.
Шәрбан (1952 г., муж Амантай) – Арман, Айман, Асқар, Ай-
гүл, Маржан.
Төлебай (1955 г., жена Дариға) – Азамат (внуки Кәмила,

Әшім, Әділ), Динара, Жанар.
Боранбай (1960 г., жена Гүлбаршын) – Бибігүл, Олжас, Олжа-
гүл, Мейрам, Әйгерім.
Бақыт (1962 г.) – Ержан (внук), Армангүл (внук Руслан).

Сақып (1963 г.) – Қалибек.
Марат (1965 г., жена Айнагүл) – Қайрат, Қанат, Дударым.
Мұхаметрахым – Сәлім, Қази
Сәлім (1901 г., погиб на фронте Великой Отечественной вой-

ны) – Бақыт.

Бақыт (1939 г., муж Жанұзақ из рода Құлтаба Керей.) – Сара,
Алма, Қайрат.
Сара – внук Жеңіс.
Алма – внуки Сағат, Алтынбек, Салтанат.

Қайрат – внуки Серік, Айзада.
Серік – правнуки Зухра, Фариза.
Қази (1905 г., погиб на фронте Великой Отечественной войны)
Қазихан – (жена Мәрпану).

Балқия, Ұрқия, Балбағила – (Дамира, Салтанат, Амангелді),
Дәметкен.
Қуандық (1960 г., жена Клара) – Арман, Әсел.
Тақан (1921–1996 гг. Прошел всю Великую Отечественную

войну до Берлина, жена Бәтима Қожасқызы, 1918–1988 гг. из рода
Арғын, Қылды Қарауыл).
Мейрамбай (1949–1968 гг., утонул в 19 лет), Сұлушаш,
Баянғали, Сәбитен (рано умер).

Жәнжәмила (1928–1968 гг., муж Арыстанбек Смағұлұлы, из
рода Аксары Керей, ветеран Великой Отечественной войны). –
Тәстенбек (наставник-домбрист, 1953 г., жена Еңлік Қайыр-
бекқызы, из рода нұралы Ақсары Керей, потомок Біржана сал), –

Нұрбек.
Күмісжан (муж Неғман Қасымұлы, из рода Ақсары Керей)
Бауыржан, Ләззат.
Темірбек (1960 г., жена Жамал Жексенбайқызы, из рода Ақса-

ры Керей.) Өмірбек, Гүлзат.
Балғабек (домбрист оркестра им. Таттимбета, 1963 г., жена
Сәуле Ерғалиқызы из рода Қаракесек) – Ермек (рано умер), Балқан
(внуки Әділжан, Алдияр), Ақмарал.

Алмагүл (1966 г., муж Тәуекел Қанапияұлы Қаршалов из рода
қожа) Қуаныш, Бауыржан, Жанерке (рано умерла), Нияз.
Гүлжан (рано умерла).
Ләйла тәте (1934–2000 гг.), муж Өсербай Сүйіндікұлы Жомар-

тов из рода Шуылдақ Керей)
Еркетай (1961–2009 гг.) Жена Марина Сәулембайқызы из ро-
да Қоңырат. – Тимур (внуки Әділ, Даниял) Эльмира.

Ербол (1964–1998 гг.), жена Гүлжан — Олжас.
Гүлмира (1967 г., муж Марат Қабдоллаұлы) – Ерхан, Әлихан,
Ақкенже, Ақерке.
Өміртай (1969 г., жена Айнаш (Айнагүл) Балшабекқызы, из ро-

да Жаулыбай Қарауыл) – Дархан, Фариза, Фарида, Дастан, Аделя.
Мәриям (Дудә) 1937–2013 гг., муж Ғұбайдолла Бекболатұлы
Ұғыш жезде (из рода Қылды Қарауыл) –
Шегендік (Шегей) 1958 г., жена Гүлнар Талғатбекқызы, из ро-

да Атығай) – Әсемгүл, Айнагүл, Ермахан.
Мақтагүл (1960 г., муж Сүният Еңсебекұлы Аралбаев из рода
Дулат) – Медет (внуки Ерасыл, Ержан, Арсен), Меруерт, Аружан.
Мақпал (1966 г., муж Нығметжан – Ермек (рано умер), Ерлік

(внук Халел), Нұрсұлу.
Беркіндік (1967 г.)
Мейрам (Бөкә) (1940–1989 гг., жена Ғалия Хамитқызы (1943-
2014 гг., из рода Қыпшақ)

Сәуле (1966 г., муж Марат Сулейменов) – Әділ.
Бауыржан (1968-2014 гг., жена Жанар Амантай қызы из рода
Шуылдақ Керей) – Лиана, Руслан.
Әйгерім (1977 г., муж Мелис Жеңісұлы из рода қырықмылтык

Адай) – Алтынай, Аина, Аян, Аделя.
Базкен (Бәзила, Асылтас, муж Қари Айдарбеков из рода Аты-
ғай).
Күләш (Дәмеш), Марат.

Майке тәте (Зәуреш, 1940 г., муж Қайрат Жәменұлы Жақсы-
бергенов из рода Қылды Қарауыл) –
Мақсұт (1962 г., жена Жұмагүл) – Азамат, Томирис.
Бағдат (1963 г., муж Манат Бағдатұлы из рода Қарауыл) – Жа-

нель, Жанерке, Айжан.
Мейрам (1965 г., жена Гүлнұр Әнуарбекқызы Садуақасова из
рода Қарауыл, аким Шортандинского района Акмолинской обл.)
Айгүл (1966 г., муж Қайрат Қасымұлы Әбдіров из рода Қа-

рауыл) – Сұңқар, Әйгерім.
Мұратбек (1967 г., жена Құралай Жаңатілекқызы) – Асхат.
Болат (1969 г., жена Анар Ермекқызы из рода Атқы Қарауыл)

– Майра, Абай, Әли.

Алма (1972 г.).

Қазыбек (Сухраб, 1974 г.).
Сұлушаш (1951 г., муж Талғат Сексенбайұлы Досымбеков,
Почетный гражданин Энбекшильдерского района Акмолинской
обл., 1950–2013 гг. из рода Керей) –

Ержан (партнер аудиторской компании, 1973 г., жена Венера
Сейдеғалиқызы из рода Жаныс Дулат, 1975–2007 гг.) – Әділет,
Айдана.
Жена Динара Қадірбекқызы из рода Қаракесек (потомок ком-

позитора Тәттімбета), Айя, Ерсұлтан.
Салтанат (1978 г.)
Махаббат (1987 г., муж Дәурен Талғатұлы из рода Қаңлы),
Ерасыл, Айзере.

Наше родословное древо вкратце
Керей – Ашамайлы.
Танаш би – Тарышы – Ақсары – Ақымбет – …
… Бектемір – … Малай – Есенбай – Бөгембай – Қойгелді –

Әбіш – Әлімжан – Тақан – Баянғали.

Баянғали Тақанұлы Әлімжанов (1954 г.)
(Жена Айша Анықбайқызы, 1954–2012 гг. из рода Қоралас,
Дулат).
Құралай (1973 г., маркетолог, бизнес-аналитик, владеет казах-

ским, русским и английским языками. Муж Нил Руан, Ирландия) –
Гауһар, Данияр.
Ақмарал (1975 г., международник-экономист, владеет казах-
ским, русским, турецким и английским языками. Муж Кевин

Крогманн, США) – Асқар, Аружан.
Ақкенже (1980 г., актриса, телеведущая, владеет казахским,
русским и английским языками. Муж Ержан Серікбекұлы Серға-
зин из рода Найман, Матай, вратарь футбольной команды Норве-

гии) – Айзере.
(Жена Әлия Бақышқызы, 1962 г. из рода Суан, потомок Сатай
батыра).

Нұрлан (1984 г., киноактер, певец, композитор. Жена Жансая
Ахметқызы из рода Жетімдер, Қоңырат) – Ғабдолла, Нұрмұхамед,
Томирис.
Нағашы жұрт

Родственники по материнской линии
Наша мать Бәтима – дочь Қожаса из рода Арғын, Қылды
Қарауыл, Келдәулет.
Рахмет, Қожахмет, Есмағанбет, Нұрғожа, Қожас – братья,

дети Келімбет.
Рахмет – Кенебай (жена Алтын, сказочница), Күлдірайхан.
Күлдірайхан (муж Қали Тайжанов из рода Қырғыз).
Күміс (муж Жақсылық из рода Қырғыз), Жақсыбай (Бота), Ар-

дақ, Серік, Қанат, Нұргүл.
Құрманәли (жена Рысбала), Әкәнай.
Қожахмет – Бекболат – Ғұбайдолла (Ұғыш жезде).
Есмағанбет – Құсайын.

Құсайын (1903–1976 гг., жена Мәриям из рода Мөнтік Қа-
рауыл, мать-героиня), Тоты, Қарлығаш, Бақыт, Қуандық, Сүйіндік,
Торғай, Бегендік, Кенжегүл, Көгершін, Ақмарал.
Тоты (Муж Әбушахман Есімсейітұлы Рахметов из рода Қа-

рауыл, (Әуши), – мать-героиня.), Серік, Нұргүл, Мереке, Айгүл,
Гүлбаршын, Мейірбек, Ерік, Назгүл, Сейілбек, Амантай, Кенже-
бек, Нұрлыбек, Нұрлан.
Қарлығаш (Муж Кәдір Ахметов из рода Ақсары Керей, пото-

мок Салық муллы – мать-героиня.) – Таңат, Сайран, Құралай, Кү-
лән, Күлжиян, Гүлнар, Күлтай, Мейрам, Мейрамбек, Әлібек, Бе-
кайдар.
Бақыт (1946 г., муж Қайыргелді Ақылбекұлы Қиықов из рода

Қарауыл), Гүлмира, Жанар, Арман (внуки Әлихан, Карина), Рау-
шан, Руслан (внук Алан).
Қуандық (1949 г., жена Эльмира), Гүл, Ержан (внуки Болат,
Әзиза), Зәуреш, Зухра.

Сүйіндік (1952 г., жена Қайыржан), Гүлхан, Бауыржан (внуки
Мұхтар, Ернар, Гүлнұр, Мұрат), Әйгерім, Жұлдыз.
Торғай (1954 г., муж Қиматай из рода Қаракесек), Әсемгүл,
Арман (внуки Жандос Диас), Айжан (рано умерла), Ержан.

Бегендік (1957 г., жена Әлия, Қарауыл), Әлфия, Мәдина (внук
Абай), Жазира.
Кенжегүл (муж Болат), Шынар, Ерлан, Динара.
Көгершін (муж Тайбек, из рода Қарауыл), Динара, Ардақ, Қа-

нат.
Ақмарал (муж Сәкен из рода Керей), Ерлан, Диана.
Нұрғожа – Қаратай – Теңдік, Қайрат.
Қожас – Қайырғожа, Серғожа, Қажыбай (погиб на войне. Наг-

ражден медалью «За отвагу»), Бәтима (наша мама).
Қайырғожа (мулла, жена Титән из рода Керей), Қалиасқар,
Зейнеп, Күлмәра.
Қалиасқар – (участник войны, жена Мағрипа Есімсейітқызы

из рода Қарауыл), Раушан, Құсни, Рауза, Серік, Ұлжан, Жанат,
Ерік.
Раушан (муж Қырғызбай) Жасұлан, Нұрлан, Айхан, Әлихан,
Сәуле.

Құсни – Талғат, Марат
Рауза (муж Мұратбек из рода Керей), Гүлмира, Сәуле, Манар-
бек, Арай.
Серік (1954-2014 гг., жена Сақыпжан из рода Қаракесек).

Эльмира (муж Норман О, Салливан, Великобритания), Эйдан,
Лиам.
Динара – Санжар, Жанболат.
Ұлжан (муж Рысбек из рода Керейт) – Саян, Самал.

Жанат (муж Жарқын), Шәйзат, Мейірхан.
Ерік (рано умер) – Гүлзира.
Зейнеп (1927–2006 гг., муж Құсайын Әленов из рода Қылды
Қарауыл) Жүнісбек, Шәмшия, Жақыпбек, Әнуарбек, Әлібек.

Жүнісбек қажы (1951 г., жена Айман из рода Атығай).
Жанар (муж Серик Рахманұлы Жүнісов из рода Қарауыл) –
Әйгерім, Айғаным, Алан.
Бауыржан (жена Алмагүл из рода Қылды Қарауыл), Айдос,

Марғұлан, Әділхан, Әлісұлтан.
Ержан (жена Раушан из рода Қылды Қарауыл), Әлинұр, Әділ-
жан, Алуа.

Шәмшия (муж Қайрат из рода Даңқой) – Сәнияз, Сәкен, Са-
дық, Сәуле.
Жақыпбек (жена Гүлшат) Айжан.
Әнуарбек (председатель профкома «Алтынтау», 1964 г., жена

Алмагүл из рода рамадан), – Қымбат, Елжас, Ботагөз.
Елжас (жена Әлия, из рода Күлік) – Ахад.
Әлібек (Военком Коргалжынского района, жена Сандуғаш),
Сымбат, Жандос, Арлан.

Күлмәра (муж Болат Қалқышев из рода Атығай), Ләззат, Жа-
нат, Нұрсұлу, Дидар, Айша.
Ләззат (инженер-гидротехник, 1959 г., муж Талғат Байзоллаұ-
лы из рода Қарауыл), Есен, Тұрар.

Жанат (муж Құрбан), Әйгерім, Әсел.
Нұрсұлу (муж Манас), Ербол, Мәдина.
Дидар – Темірлан, Данияр.

Қайын жұрт
Моя жена Әлия (Әуелхан Бақышқызы из рода Суан).
Суан – Сатай – (Сатай батыр) – Сақа – Қарасай – 1. Изенай

2. Шорманбай 3. Боранбай. 1. Изенай – Шәкен, Құрманияз, Омарбек, Байыс.

Шәкен – Қожақан, Асылхан, Шекер, Эрнст.
Қожақан – Бауыржан, Баян, Дәулет, Фарида
Асылхан – Серік, Мәлік, Ғабдөш
Шекер – Бақытжан, Бақберген, Гүлназия, Гәухар.

Эрнст (жена Айман) – Айдар, Елдос, Зейнегүл, Шынар.
Құрманияз – Данияр, Айдархан, Нұрдәулет, Халида, Қуа-
ныш.

2. Шорманбай – Үсен, Асан, Қастей 3. Боранбай – Бекбай, Айып

Бекбай – Нүсіп, Ақан, Мәулет, Сара, Күміс.
Айып – Сатан.
Шорманбай – Үсен, Асан, Қастей
Үсен (жена Алтынбала) – – Қаншайым, Нұрәлім

Асан – Асылхан, Мырзахан, Әнуар Қастей (жена Бүбіжан, из рода албан) – Жұмаділ, Жамалхан, Нұрәділ, Бижамал, Бақыш (Тұрдыбақыш), Нұртаза, Тұран, Жұмағұл. Жұмаділ Жамалхан – (муж) – Мұхамеджан, Гәухар, Жұманұр, Күлсімхан Нұрәділ – (жена Күпән) – Нұрпейіс, Рәзия, Нүсіп, Хамза, Қазкен, Дәнеш. Бижамал – (муж Жүнісбай) – Тоқтария, Қизат, Күлшат, Зиягүл, Клара, Фарида, Қанат. Бақыш (Тұрдыбақыш) – (жена Асылхан из рода алдияр суан) Батырхан, Әуелхан, Дүйсенғали, Әсемхан, Айткүл, Мәрияхан, Айымхан, Тоқтархан, Ұлтуар, Тұрархан. Тұран (жена Жамалхан из рода суан) – Серік, Дариха, Жұмакүл, Бақыткүл, Берік, Ғалия, Айдос, Әсия. Жұмағұл (жена Гүлсара из рода суан) – Әлия, Сәуле, Болат, Мұрат.

Қайын ата (тесть) Бақыш (Тұрдыбақыш) – (жена Асылхан
из рода алдияр суан) Батырхан, Әуелхан, Дүйсенғали, Әсемхан,
Айткүл, Мәрияхан, Айымхан, Тоқтархан, Ұлтуар, Тұрархан.

Батырхан (Батан) – 1958 г. р. (жена Гүлзайып из рода суан) –
Айдархан, Әбілхан, Назерке.
Әуелхан (Әлия) – 1962 г. р. ( муж. Баянғали) - Нұрлан.
Дүйсенғали – (1964–2004 гг.) (Жена Базаркүл) – Дәулеткелді,

Әйгерім, Меруерт, Мағжан.
Тоқтархан (Толқын) (1970 г.) (Муж Сүлеймен Ибрагимов,
певец, 1965 г. р.) – Бауыржан, Олжас.
Ұлтуар (Ұлтай, Ұлжан, 1974 г.) Муж, Айдын, 1974 г.) -Елдар.

Тұрархан (Тұраш) 1977 г. (жена Меруерт Кеңесқызы, 1978 г.
из рода қарауыл.) – Әзиза, Асылжан, Тоғжан.

Мазмұны

МАҚАЛАЛАР ....................................................................................... 3 Біржан туралы бірер сөз .................................................................. 3 Шешендік сөздер жайында ........................................................... 14 Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа... ............................................ 25 Жарықтық Ғафекең ........................................................................ 35 Кен іздеген жиһанкез ..................................................................... 54 Ақиқатшыл азамат еді.................................................................... 69 Қарағайлы Қорғанбек .................................................................... 74 Алаштың ақиығы ............................................................................ 78 СҰХБАТТАР ...................................................................................... 85 « Ешкімнің биігіне таласпаймын, Өзімнің жолым жатыр тарау-тарау...».......................................... 85 «Айтысқа 156 рет шыққан екенмін...» ......................................... 92 Халық қазынасының қайнар бұлағы ............................................ 94 «Суып қалған қандарды, Қыздырғалы келгенмін...» ............................................................. 97 «Тамырына балта шабылған ұлт өмір сүруін тоқтатады...» .... 103 «Екі дүниенің иесі Қытай емес – Құдай!» ................................. 110 «Ата жырда аруағы бар қазақтың…» ......................................... 121 «Кино мен келінді қатар түсірдім...» .......................................... 124 Эпос Эйфелі .................................................................................. 127 «Бала махаббатым бүгінде ақ жаулықты әжеге айналған» ..... 139 Көне ғасыр күмбіріне көңіліміз марқайды ................................ 141 ЕСТЕЛІКТЕР .................................................................................... 146 Сәбең мұражайында ..................................................................... 146 Мәлік Ғабдуллин .......................................................................... 150 Ораз Әбішев .................................................................................. 152 Қасым Қайсенов ........................................................................... 153 Мұқағали Мақатаев пен Сағат Әшімбаев .................................. 154 Шәмші Қалдаяқов ........................................................................ 156 Рымғали Нұрғалиев ...................................................................... 157 Ақселеу Сейдімбеков ................................................................... 159 Жарасқан Әбдірашев ................................................................... 163 Ғабиден Құлахметов .................................................................... 165

ЛЕБІЗДЕР .......................................................................................... 167 Ғасыр жасаған асыл ..................................................................... 167 Тарих боп кетті тау тұлға ............................................................ 168 Арғы дәуірдің жалғасы ................................................................ 169 Білімге құштар жан ...................................................................... 170 Арынды ардагер ........................................................................... 172 Әзімбектің әуелеген әуені ........................................................... 173 Өмірге құштар Өзаман ................................................................. 175 Өнерімен өрге жүзген азамат ...................................................... 176 Қайырлы сапар ............................................................................. 181 Қайсар Қайрат............................................................................... 182 Тамырлы ақын .............................................................................. 183 Ағалық ақ тілек ............................................................................. 183 Тоқтамайтын Тоқтар .................................................................... 185 Абырой биігіне өрлей бер, бауырым! ........................................ 188 Ермаханның ерекше еңбегі ......................................................... 189 Аязда өскен бәйтерек ................................................................... 190 Қос Серік ....................................................................................... 191 Мен – «Лениншіл жастың» чемпионымын! .............................. 192 ТУҒАН ЖЕР ТҰНҒАН АҢЫЗЫМ ................................................ 195 Степняктың алтын аңызы ............................................................ 195 Момын батырлардың мықтылығы ............................................. 197 Біржан салдың ұрпақтары ........................................................... 219 Салық молданың ұрпақтары ....................................................... 222 Күреңтай батыр ............................................................................ 228 Мүсет би ........................................................................................ 235 Етекбай шешен ............................................................................. 236 Кеңесбай ........................................................................................ 237 Аңғал батыр .................................................................................. 238 Оқтан аман қалған ұрпақ ............................................................. 239 Естелік те бір ескерткіш сияқты ................................................. 240 Қабжан ағайдың әңгімелері ......................................................... 248 Кер заманның көкжалы................................................................ 249 Уахит ақын .................................................................................... 251 Әбсәлам қажы ............................................................................... 251 Қайдар палуан туралы ................................................................. 254 Нұрақай атаның айласы ............................................................... 257

Ғабдолбари қаридың көңіл көзі .................................................. 257 Өмірлік махаббат .......................................................................... 259 Мұхамедсәлім Кәшімовтың жұмбағы ........................................ 260 Ұстаз-ақын сырлары .................................................................... 260 Аманжол әтәйім ............................................................................ 262 Жоғалған ақша .............................................................................. 265 Жүз сомның әлегі ......................................................................... 266 Аяз бен тұз .................................................................................... 267 Брежневі бар үй ............................................................................ 268 Ұшып кеткен үш теңгелер ........................................................... 269 Арман дүние-ай... ......................................................................... 269 Сексенбай құданың қиссасы ....................................................... 272 Бәле болған бәкі ........................................................................... 275 Банды аулаған құда ...................................................................... 276 Қалмақ құда .................................................................................. 277 Бақыш атаның батырлығы........................................................... 278 Қайнаған еңбек қаһармандары .................................................... 283 Кеңащы .......................................................................................... 285 Керей мен корейдің күресі .......................................................... 286 Қой еті мен диеті .......................................................................... 287 Байекең мен Гай-екең .................................................................. 288 Қабдөш пен Мәрия ....................................................................... 289 Молда мен тарих .......................................................................... 290 Сары аяздағы сапар ...................................................................... 291 Қаһарлы қыста .............................................................................. 293 Өтелген парыз ............................................................................... 295 Қарияның қайраты ....................................................................... 295 Сексенбайдың күші ...................................................................... 296 Дүйсенбектің кітапханасы ........................................................... 298 Мұғалім, мұғалім, мұғалім... ....................................................... 299 Жоғалған домбыра ....................................................................... 302 Құдыққа құлаған Керей ............................................................... 303 Қанаттылар әулеті ........................................................................ 306 Соғыс жаңғырығы ........................................................................ 308 Қазы жұтқан қазақтар .................................................................. 309 БІЗДІҢ ШЕЖІРЕ НАША РОДОСЛОВНАЯ ................................. 312

Баянғали Әлімжанов

ШЫҒАРМАЛАРЫ ТУҒАН ЖЕР ТҰНҒАН АҢЫЗЫМ

ХІ том
Деректі дүниелер,
естеліктер, лебіздер
Жауапты редакторы Р.Ж. Әбдірахманова

Редактордың көмекшісі Н.Х. Шакен
Корректоры Г. Шаймергенқызы
Басып шығаруға 28.10.2016 ж. қол қойылды
Пішіні 60×84 1/16. Қағазы офсеттік.

Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 20,3.
Таралымы келісім бойынша.

020000. Көкшетау каласы, Абай к-сі,112.

тел. 8(7162) 40-21-55, e-maіl: techno@keleshek-2030.kz
«Келешекторгснаб» ЖШС баспасында басылып шығарылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙