TELEGEI

Home

Сатиралық суреттемелер және пародиялар

Саттар Ерубаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сатиралық суреттемелер және пародиялар

Саттар Ерубаев жаңа жанрдағы шығармаларымен әдебиетке ерекше серпін әкелді. Суреттеу шынайы экспозицияға құрылған, сырттай баяндаулары өзі туралы мол деректерге толы. Нақты өмір шындығының мәнді құбылыстары тартымды суреттелген. Бақытты өмір жолы күреске толы екендігін ескертіп, адал еңбек етуге ...

«ТӨРЕШІЛДІК ЖАЙЛАП, СҮРЛЕУДІ СҮРІНДІРГЕН СЕКТОР»
«Қош келдіңіз!»

Жер комиссариатының қай есігін ашсаң да бұрқыраған қағаз, қым-қиғаш бір - бірін қуалай отырған қызметкерлерді көресің. Олардың бір қиын мәселесі менің отырған адамдай топ-топ болып келіп, әлсін-әлсін тартқан шылымдарының буалдыр көк түтіндері олардың көптеген ісінен бұрын көзге түседі. Сыртқы есіктен кіргеннен - ақ кездескен есікті ашып, мал шаруашылық секторын іздеп келе жатқанымызда, ойда жоқ жерден қолтығында наны бар, алманы күйсеп келе жатқан екі әйелге кездесе қалдық. ─ Пожалуйстаңыз... Кешіріңіз, бізге мал шаруашылық секторы керек еді – дегеніміз - ақ мұң екен, ұзын мұрынды, алтын тісті, қара торы қыз жеп келе жатқан алмасын асығыңқырап шайнап, тез-тез жеп үлгермеген - ақ: «Алдыңызда, 15-үйде. Бырдинды сұрасаңыз» - деді. Біз рақметпен басты изеп, 15-үйге бет қойдық. Алтын тісті, қара торы қыз «барыңыз» деп бас иіп, жымиып қала берді. 15-үйдщ есігін ашып қалғанында «Сектор начальнигі» деген жазу тура маңдайына соғады. Төр алдында отырған қара жігіттен «Бырдин сіз боласыз ба?» - деп сұрап еді... «Я, мен, қызметіңіз қандай еді?» - деп қарсы сауал қойды. ─ Қызмет сол, біз өлкелік комсомолдар газетінен едік. Сізбен мал шаруашылығы азығын даярлау, мал өсіру жұмыстары туралы кеңескелі келдік... ─ Ой - бой, тіпті, жақсы, қош келдіңіз. Жаңа ғана бірсыпыра ақпарларды алып, қорытайын деп отыр едім - деп арбиған столдың үстіне жентек - жентек қағаздарды бұрқыратып тастай берді.

«СВОДКАМЕН КҮН КӨРІП ОТЫРМЫЗ»

Қазақстан Жер комиссариатының мал шаруашылық секторы өлкеден шөп ору, шөп сүрлеудің барысын білмейді. Мұнан бірінші күні «ескі сводкаларды» біледі. Бұл сектордың барлық қызметшілері облыстан қашан «сводкалар» келедімен көзі талады. Облыстық жер бөлімдерінің қызметшілерінің жамандығына күліспеді. Бірақ не пайда, шынында кімге күйіп-пісуді білмейді. Жер комиссариатының мал шаруашылық секторының начальнигі Бырдин былай дейді: «Күн көріп отырғанымыздың өзі тек қана сводка, ауданның хәлдерін білуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Себебі аудандар өте қашық. Сосын, бұрынғы басшылықтың қателігін де әсер еткен болар. Я, сөйтіп сводкасыз түк айта алмаймыз. Бір бұрыннан жатқан сводкалар бар еді соны сендерге берейін. Онан бірсыпыра мәселені алуға болады» - деп адамның асты-үстіне түсіп барады.

─ Сөйткенмен, шөп сүрлеуден не бітеді?
─ Хатшы, бері қарай сводканы аттандыршы!

─ Сіз Оңтүстік артта келеді дейсіз, сол Оңтүстіктің артта қалуының себебі не? ─ Маған сводканы берші. Мінекей, сол Оңтүстік Қазақстаныңыз 240 ООО гектар шөп шапты. Ол жоспар бойынша 480. 200 гектар шөптен шабуы керек еді. Бұл облыстың артта қалуының себебі - Өлкелік партия комитетінің Голощекиннің басшылық жұмысындағы қателіктерінің салдары, тағы басқалар. Шынын айтқанда, Жер комиссариаты шөп сүрлеудің барысын білмейді. Бірсыпыра облыстардың неге артта қалып отырғанын білмейді. Өзінің қағазбастылығын, өздерінің тоңмойындықтарын өлкелік партия комитетінің ескі басшылығының қателігімен бүркегісі келеді.

БӘЙГЕДЕН БӘЙГЕ...

Мұнан екі айдай бұрын Қазақстан Жер комиссариаты төлді жақсылап күтуге бәйге жариялап, бәйгенің шарттары да қойылған болатын. Бәйгенің шарттарын орындағандарға бәйге берілмеген де болған. Директивтер жазып орындарға жіберді де Жер комиссариаты жұмған аузын ашпай қойды. Сол жарияланған бәйгенің барысын ешкім білмейді. Қай колхоз, қай ауданның бұл бәйгеге ұштасқаны туралы бір жапырақ ақпар жоқ. Бырдин жолдас шынымен-ақ: «Бәйгенің барысын, оған кімнің ұштасқанын бәйгенің қорытындысы шыққасын ғана айтамыз... Тіпті, қолым тиетін емес. Бірқатардан бері Семейдің ет комбинатының жұмысында отырмын. Бәйгенің срогы біткен кезде қорытындысын шығарып, сводканы жасап сендерге жіберуімізде сөз жоқ» - деп жылпылдайды, бұдан құйрыққа салады. Жер комиссариаты бәйгені жариялауын жарияласа да сол бәйгенің срогының тез өтуіне шыдайтын емес. Бәйгенің қорытындысын шығаруға құмар-ақ. Жақында тағы да мал азығының қорын жасауға бәйге жарияланды. Бәйге жариялануда бірқатары басын көтерді де, мал шаруашылық секторы бұрынғы қалпына түсті. Бұрынғы орын, қым-қиғаш отырыс. Штаб оқиды, қағаз жазады, бір - біріне қатынас қағаздарды жолдайды. Сыртынан қараған адамға, қиратып іс істеп жатқан сияқты көрінеді. Тұрмыс бұларды күтетін емес. Басталған іс Жер комиссариатының мал шаруашылық секторының сасыған кабинетін аттап жатқанын өздері білмейді.

ПІШЕН ӨРТЕНГЕННЕН КЕЙІН ӨРТТЕН САҚТАНУ ОЙЛАРЫНА ТҮСТІ!

Жер комиссариаты, әсіресе Бырдин жолдас болып шабылғаны өрттен сақтауға ешбір шара қолданбаған. Өрттен сақтауды Көкшетауда 10 000 көлемінде өртке кеткеннен кейін барып есіне түсіріпті. Осыдан кейін өрттен сақтау жөнінде Бырдин директив берген. Телеграммада: ішінен күделерін өрттен сақтау басты міндет. Бірақ Қазақстанда бұған аса маңыз берілмей отыр. Сондықтан да Көкшетаудың қателіктерін сабақ ету керек делінген. Осымен іс жолы бүркелді. Бырдин мен телеграмма бір - бірімен «қош» айтысып кете берді. Шынында Бырдин қалай қорғауды білмейді. Себебі күш бүгінге дейін қорғау жөнінде бірде – бір сводка жоқ. Пішеннің маяларын өрттен, тап дұшпандары мен зиянкестердің қылықтарынан сақтау ардақты міндет екенін біз де айтамыз. Бірақ сол ардақты міндетін Жер комиссариатының өзі, Бырдин жолдастың өзі бас болып көкке асыра алмады. Бырдинше алып бара жатқан еш нәрсе жоқ. Тыныштық көрінеді. Бырдин жолдас, тыныштық жоқ. Өлкемізде орылған шөптен қорғау жұмысы тіпті жаман. Бұл жөніндегі айта қаларлықтай жауапты жайларды Жер комиссариаты білмей отыр. Сөйтіп Жер комиссариаты өртке қарсы шараларды өрт болғаннан кейін барып қолданды. Аудандарға тек қағаз жүзінде берілген елі директивтерінен басқа мал шаруашылық секторы ешбір шара қолданған жоқ. Пішеннің қорғау жұмысы өлкемізде қақ ортасында. Орылған пішендер көрінген жерде жатыр. Көп жерде бай-құлақтың зиянкестерінің өріс алуына бүтіндей жардай туғызылып отыр. Оран аудандар мен колхоздардың көпшілігін өру мен жинаудары орасан үздіктері дәлел, орылған пішеннің тек 0,5 процентін (Талдықорған) жинаған. Қай ұйым болса да мұндай жардай, біріншіден, пішеннің сапасын келтіретіні болса, екінші жағынан, оның ұрлануына, өртенуіне мейлінше жардай туғызатынын жақсы түсінулері керек.

«ОҢТҮСТІКТЕН ҮМІТ ЖОҚ»

Қазақстанда пішен шабу жұмысы өте шабан жүріп келеді. Оңтүстік Қазақстан 480.200 гектардың орнына 240.400 гектар, Алматы 557. 100 гектардың орнына 241. 100 гектар, Батыс Қазақстан 113,800 гектардың орнына 767,90 гектар ғана шауып отыр, тағы басқалар. Ең артта келе жатқан Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстікті олқылықтан шығару үшін жұмсау керек еді. Бірақ Бырдин жолдас бір нәрседен үмітін үзген адам тәрізденіп: «Бәрібір Оңтүстіктен үміт жоқ. Онан еш нәрсе шықпайды, жоспар орындалмайды» - деп қолын бір - ақ сілтеді.

«АУДАНМЕН ЖҰМЫСЫМЫЗ ЖОҚ»

Бырдин ауданды, колхозды, пішен шабудың барысын билегені былай тұрсын, көріне «Біздің ауданмен жұмысымыз жоқ. Біз тура облыстарға басшылық етеміз, сондықтан біз республикалық мекемеміз ғой» - дейді. Бұл Жер комиссариатының бойына сіңген ауру. Шөп шауып, пішен дайындайтын облыстық қала емес, аудан мен колхоз емес пе? Олай болса, Бырдинның неге «ауданмен жұмысы жоқ?!»

«САРЫСУ АУДАНЫ ЖОҒАЛДЫ»

Сарысу ауданы Жер комиссариатының директивіне мойынсұнатын емес. Бірақ Жер комиссариаты бұған шара қолданбады. Тек кабинетте отырып, Сарысудың аудандық жер бөлімінің қызметкерлеріне ұрысумен күнін өткізді. Оларға тағылмаған оппортуншылдықтың түрі қалған жоқ. Тек Жер комиссариатының қолын кесіп отырған нәрсе - Сарысу ауданының қарасы көрінбейді. Егер де Сарысу ауданы Алматының бір жерінде болса, Бырдин Сарысу оппортуншылдарының мұрнына ұқсатып тұрып қойған болар еді. Не пайда, Сарысу ауданы қашық.

БІЗДІҢ АЙТАРЫМЫЗ

Жер комиссариатының жоспарлау секторының жұмысын бақылау орындары тез тексеруі керек. Төменгі буындағы орындармен жанды қатынасып, адамдар жіберумен байланыс жасап, нақты міндеттерді көрсетіп, директивтер беру керек. Атүсті, немқұрайды ғана басшылық етуді бүтіндей тоқтату керек. Ең соңғы мәселе бастаған істі аяқтау керек. Алдымен, мал шаруашылығы азығын даярлауға жарияланған бәйіттер тіпті жақсы, бірақ оның аяғын қағазбастылық істеп, босаңсытып жіберу - барып тұрған оңбағандық, біздің партияның саясатын бұрмалағандық.

ЖОЛДАС НАРКОМ ҚҰЛАҒЫҢДЫ САЛ

Біз мыналарды талап етеміз: тездіктен біздің газетіміздің материалын Жер комиссариатының коллегиясында тексереміз. Көріне оппортуншылдыққа салынып отырған Бырдинның жұмысынан алып, партия жолымен жауапқа тартылуын қатаң талап етеміз. Партия, комсомол ұяларынан тек қана құрғақ сендірулерді күтпейміз. Бізге нақты іс, тиянақты жұмыс керек. Жер комиссариатының аппаратынан төрешілерді, тек ақпар жинаумен күнін өткізушілерді, партия жолына сырттай қарсы болмаса да, іс жүзінде қарсы тұрып, істі бүлдіріп отырғандарды, арамтамақтарды қуып, жер шаруашылығы орындарын шын партия жолына берілген, іс жүзінде сіз қалған қызметшіліермен қамтамасыз ету керек, Жолдас Нарком, осыған құлағыңды сал!

1933.

ҚҰРҒАҚ СӨЗГЕ МӘЗ, НАҚТЫЛЫ ІСІ АЗ!

Бір жаңалық! Кейбір пысық жігіттеріміз көргендей - ақ тайып беріп, яки алды – артыңды орай сөйлеп, сізбен шапқылағанда құса құтқармастай, қашса жeткізбecтeй шешенсымақ болып жүр, жолдастар! Міне, осы ролді атқарып жүрген «шешеніміздің» бірі - 17 шахта комсомол ұйымдарының хатшысы Нұртазаұлы десек асырып айтпаған болмаспыз. Өйткені күндерден бір күн жолыға қалып: ─ Биылғы мех - лавалар конкурсінен бергі істеріңізді бір сөз қылайықшы - дей бергенімде: ─ Подаждый товарыш! Ол тіпті ұзақ қой... Былайша айтқанда енді, комсомолдың конкурс шартын орындап, таңдаулы бәйіт алғаны, кейін жауапсыздық, жұмысқа шықпай қалғаны, маскүнемділікке салынғаны, ру қоздырғаны, механизмнің тоқтағаны... ұшы-қиырсыз емес пе! - деп папиросын бұрқ еткізді. ─ Ендеше, күздің күнгі жас екпінділер слетінде өзін призидиумде отырып өлкелік, облыстық партия комитеттеріне берген серттің орындалуына келешек - деп блокнотымды аша бастадым. ─ Әй, сірә, мұның да реті келсе... Әлгі бір көгалдандыру тресі бізге көп мешаит етті ғой... Талды біресе Букбадан, біресе одан, біресе бұдан ал деп, әйтеуір... Ақыры құр қалғанымыз. Тым құрса мектеп пен аурухананың төңірегіне де тал еге алмадық. Өзгесі боса болмаса да - 100 процент - деп бір бүгіліп жантая кетті.

─ Бәрін айтта, бірін айт, Мирзоян хаты не болды? - дедім тағы шұқылап. ─ Вот, серьезный мәселе. Міне, осы... Оған енді прямо - шырт-шырт түкіре бастады. Тегі іспен жауап берер деп үміттендік.

─ Я, жолдас, сонымен комбомолдарың қанша еді? - дегенімде: ─ Жұмысшысы, қызметшісі бар, оның итогы 65, оның 58 шахтер, слесарь, машинес... Әшейін – ақ - деп бас бармағын бытырлата мылтықтың құлағындай қайырды Нұртазин.

─ Соның нешеуі екінші? - деп саусағына қағып қалдым тағы. ─ Екінші деңіз... ендеше бізде тіптен аз, фактышески 20. Әнебір Әкімұлы, Аймағамбетұлы секілділері болмаса, көбі қоғам жұмысынан қашық жүреді. Былайша айтқанда, знашит, 10 ғана шын екпінді бар-ау - деп жымың етті.

Әңгімеге қызу кірістік. ─ Ой, көп жаса... техникаға жетілу, механизмді меңгеру, арттағыны қатарға алу жөнінде не істедіңіздер? ─ Білесің өзің, мен келгел1 3 - 4-ақ ай... бұрын ұйым жұмысының он екіде бір нұсқасы болмапты... Мирзоян хатын талқылап, комсомолдарды түгел мех - лаваға бекіттім... Аймғамбетұлы, Әішмұлы, Мұқажанұлдары қазір механизмді өздігінен басқаруға жарады. Смена сайын машиналардың хәлін тексеріп, штабқа жазып отырады. Ол енді солай... Ал, техника оқуын учаске начальнигі Сәрсембаев бастап жүргізгенше бүгін табаны күректей 19 күн. Әзір емтихан берген, яки берерлік комсомолымыз жоқтың қасы... ─ Тіпті, үлкен өзгеріс жасаған екенсің «товарищ»... Тазалықтың, мәдениеттің қамын өз қолдарына алдыңдар ма? ─ Бүл жағынан да сорлы емеспіз. Шахтерлерге хат таныту үшін 15 комсомол бөлінген. Оның нәтижесін «тошный» айта алмаймын. Екпінділердің үлгісін барагында тазалық жақсы. Комсомолдар отырған 36 - 41-барактар «помеиему» үлгілі деуге болады - деді де, осынын айналдыруы жаман екен, тегі масқара болармын деген кісіме малақайын басына жалп еткізіп, асыға түрегелді. ─ Бір - екі минутқа шыдаңыз - дедім. Қабағы салбырап түсіп кетті, тізесін бүгіп. ─ Жұмысшы пәтерлерін асхана, магазин, көшелерден ыластықтармен батыл күресе алмауларыңыз қалай? ─ «Правелно» айтасыз, жолдас, әрине, ол жөнінде бізге ұрсуға да болады. Рас, көшелерде ыластық бар, дәретханалар шарасынан асқан, завхоз оны көрмейді. Рас, жұмысшы барактарында мәдениетіңіздің күні. Бір баракта кемінде 15 - 20 шахтердің семьясы бар. Бірі таза болғанмен, бірі лас. Үгітімізге көнбей қойды. Ластыққа төзім бермеуге мүмкіншіліктің өзі де жоқ - деп сөз аяғын күмілжіте тайып берді. Ұштасқан былықтың шетін бассаң, ортасы былқылдайтын әдеті ғой. Детколонияның ішін аралап, Нұртазин айтқан 36 - 41-барактардағы комсомолдардың «тамаша» жатақ үйлері мен екпінділердің үлпілі барарын да шолып өттім. Айтқаны шылғи өтірік. Бәрінде де тазалық, тәртіп, мәдениетті тұрмыс үшін күрес жоқ. Бәрі де комсомол ұйымының Мирзоян жолдас қойған екі міндетін орындауда ақсонар мылжың, құрғақ дабыл, көз бояушылықты мықтап берілген куәлік айтқалы тұр. Бұлары енді жұмсағырақ айтқанда, ұят қой, тіпті, ұят нәрсе ғой, жолдастар. Бұған қалалық комсомолдар комитеті қалай қарайды екен?

1935.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕК КӨРЕТІН ШАХТОМ

Шахткомнің кішкентай кабинетінде отырмын. Мен мұнда тұра келгенім жоқ, алдымен ең дегенде осы болар деп бірінші кабинеттің төріндегі сүлікше сүзіле қарайтын сары жігітке жолыққам. Амандықтан кейін о кісі: «Газет таратудың жөнін білетін - парторг Кушин, өзге жұмыстарыңды орынбасарым - ақ бітіріп береді - деп мені осылай алдаған болатын. Қалың көшемен қоржаңдап қызыл үстелдің ортаң беліндегі жылмаңдаған сұршұнақ жігіттің алдына кеп жалп ете қалғамын. ─ Біз 34-жылғы кемшілікті 35-жылда жойғалы жатырмыз, «так что» біз сүйтіп жанданғалы жатырмыз - деп бастады сөзін.

Амалсыздан ғафу етіңіз:
─ Газет таратуда қандай әдіс қолдандыңыздар? - дедім күлімсіреп.

─ Әдісіміз сол, президиумде қарап әр участковой, десятник, бригадир өз істерін жаппай «газеттендіруге» жауапты - деп қаулы алдық. По моему, газетсіз жұмысшы жоқ. Планын ұмытып отырмын. Фактический не болғанын Кушиннен білеміз - деді шалқаң етіп. ─ Подшивка тігіп отыра ма? Газеттің иелеріне тиюі қандай? - дедім тағы әлгі шахтком Төлепбекұлына. ─ Патшепке дегеніңіз бізде бар-бар... Өлкелік, облыстық газеттердің де мұрнына көндір қоямыз - деп езу тартты да - газеттік кеңседе жатуы жойылған. Как почта әкеледі так қолды - қолына береміз. Бірен – сараң болмаса газет алмадым дегенді көре алмайсыз, - деп әнебір жігіттің сөзіне бұрылып кетті. Ақ шкафтың ығында көкшіл көз жігіт шұқып, тиышсызданып отырған хатшы балаға жақындап подшивкаларды көрдім... Одақтық, өлкелік, облыстық газеттері жоқ. Жергілікті газеттердің 1 январьдан бергі сандарын бүктеп делолардың арасына қоя салыпты. Қоймада жатқан газет көрінбеді. Осы неме декабрьді көрсет деп жүрмесе деген кісіше «Өткен айлардың бұрынғы хатшы архивке буып тастаған көрінеді - деп хатшы бетін тыржитты, ұқсатып отырғандай-ақ...

Төлепбекұлы екеуміз қайта әңгімелестік. ─ Сізге декабрь айында 3 газет хабарын жіберді. Өз қолымнан 6 хабар әкеп тапсырдым. Соның біреуіне ештеңе айтпауыңыз, жауап қатпауыңыз қалай? - дедім мен тағы. ─ Қой... значит бәріне де почта арқылы тиісті жауап қайырған болармын - деді күмілжіп.

─ Қой тұрсын, мүмкін, басқа газеттерде шығар. ─ А как жы... өздеріңде... білесің әнеукүні «Труд» газеті керемет істеген жоқ па... олар заметкасын телефонмен күнбе-күн ескертіп, қол-аяғымызды бір уыс қып отыратын. «Б. К.» де осылай істейтін. Ал сендер өйтпейсіңдер. Ұмытып кетеміз. Так что біздің жұмыс көп, науқаннан науқан. Заметкалар қалтада жұрт жоғалып кетеді ме?..Ұзамай айырылып қаламыз - деп қолын секіртіп жіберді Төлепбекұлы. ─ Рас, олардың телефоны шылдыр етсе тапсырғанын орындай бастайсыңдар. Біз келгенде көмейің бүлк етпейтіні қалай? - деп мен де ышқына түстім.

Бірақ, ол сұрағыма құлақ аспады. Ылажсыз жылытып:
─ Өзіңіз қандай газеттерге жазылдыңыз? - дедім тағы шұқылап.

─ Мен «Каз. Правдаға». «Кар. Коммунаға», «Большевик Кашергаркасына» жазылдым. «Социалды Қазақстанға» да жазылсам керек. Өзгелерді боса - болмаса да кеңседен пайдалана жүреміз де... ─ Әйтеуір, қазақша газеттердің біреуін қыстырғаныңыз абұйыр болған екен. Қайсысын көп оқисыз? «К- П. - ға» неге жазылмадыңыз? ─ «К. П - Fa» менен өзге де жетпей ме? Так что біз комитетпіз... орысшаны оқысақ не түрлі суриезни хабар - нұсқауларды он күн естіп, сусынымыз қанады. Ыңғай қазақшыл бола берсек... деп жымың-жымың етеді әлгі қазақ газетін алдырып оқысам жергілікті ұлтшыл болам ба деп қауіптенуден деймін!?

Кабинетінен шыға бергенімде: ─ Ау, жаным? 34 жылдың бықсыған шаласын қарыстырып қайтесің. Кел бері, Жаңа жылға келісім жасайық... Жолдас емес пе еді?.. – деді. Мақұлдаған кісіше бас изеп жүріп кеттім. Бірақ ат сыры иесіне мәлім. Төлепбеқұлының сыры бізге мәлім. Бұл сабаз 34 жылдың басында да 3 - 26 шахтадағы шахткомның бір жиналысында отырып: ─ Қазақ газетінің жайы белгілі, өзіміз оқымаймыз... Тіпті ұйымдастыруыңа да қарсамын... Қабырға газетіңмен де дос емеспін – деген пікірін жұрт анық еткен. «Түзелмейтін мылжың» атты фельетон болып басылған. Сол ауруын биыл күзден бері тағы қайталап жүр. Көміршілер одағының нұсқаушысы болып жүргенде «Қабырғасынан қойылған мәселе және жамбастап жатқан шахтком» атты фельетонды да осы аяқсыз қалдырған. Ұлт баспа сөзімен қашан да қаны қас. Бұл өздігінен сауықпайды.

Мұны тиісті орын асқындырмай сауықтырғаны жөн.
1935.

П. П.

─ П. П не деген сөз?

Бұл екі әріпті белгілі білімпаздар әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, ана тілінен сабақ беретін бір мұғалім: ─ Бұл қазақтың қысқартылып жазылған екі әрпі. Сондықтан тіпті аз орын алады - дейді. Олай дейін десек, П. П - ның айыптау қорытындысында 75 бет қағаздың бетін алғаны бізге мәлім. ,

Бұлай болса, П. П - ның тіпті аз орын алады деу шындықтан тысқары нәрсе. Қағазға басылған мөр, қойылған қол арқылы адам тағдырын шешетін бір кеңсенің «П. П -ңыз - «подлинно подписал» болады деді. Мұны тексеріп келгенде, әлі қол қойылмаған болып шықты. Бірақ РСФСР - дың жоғарғы соты жақында ғана қол қойса керек.

Профессор Рамзин П. П. туралы түсінік бере келіп: ─ П. П - ңыз мен болам, яғни, біріншіден мен - профессор, екіншіден - предатель. Екеуі біріккенде П. П - ыңыз болып шығады – деді. Ал енді П. П - ның бұдан да басқа маңызы бар.

─ Айтыңызшы қандай?
─ Бұрын бұл П. П - ыңыз - «промышленная партия» болған. Ал енді мен оны:
─ «Прошу помиловать» деп жазам. Қазақыландыршы десеңіздер:
─ Жазаламауыңызды сұраймын!..

Шырағым-ау, мынауың П. П емес, Ж. С. Болып ұйқаспай кетті ғой. Мұның П. П. болып жарытпас, жүзеге аса қоймас дейсіздер ғой. Ұйқасқанда осы ұйқассын, өйткені «промышленная партияның» өзі шындыққа ұйқасқан ба еді? Жүзеге асатын қиял ма еді? Жүзеге аспады да ғой. Сондықтан барып: «жазаламауыңызды сұраймын» деген шығып отыр. ─ Жақсы, солай - ақ болсын. Ал «промышленная партия» П. П - да қандай роль ойнады? -дейсіздер ғой.

─ Мейлінше үлкен роль ойнады.

Россиядағы барлық П. П - ның бастығы - байлар демократиясынан демеу алған. П. П. П. Пальшинский. Онан соң П. П. ұйымдастырушының бірі, шет жақты басқарушы М. Явушинский. Барлық П. П - ның құрамында саны көп кішкене П. П. профессорлар болған. Ал барлық П. П - ның басында тұрған үлкен П. П. - Пуанкаре - Париж болған. Аяғына интервенцияның мұрасы болған П. П. - Панская Польша.

Біз осы талдаудан кейін П. П - ның тенниске қарсы маңызы барлығын аңғардық. Іздеуімізді аяқтай келіп, біз П. П - ның мына жазылған тарихына тап боламыз.

П. П - ның саяси мәні міне:

Пуанкаренің бықсыған пікірлестері - профессорлар, промышленниктер, помещиктер, фашистер, поптар - Россияны палачқа билетіп, пролетариатты бүктемек болған. Сондықтан «промышленная партия» құрылған, «правительственный портфельге» пұл шығарған, опасыздықтың оңбаған жолына түскен.

Көлгірсіген перілер:
─ «Прошу помиловать» - деді.
Ал біз:
─ Зиянкестердің өміріне паспорт, берілмесін дейміз де...

1931.

СЕНБІЛІКТЕН ҚАШҚАН БӘТІҢКЕ КӨРДІҢДЕР МЕ?

Қиыншы: «Мен неге жалқаумын?»

Мен комсомол мүшесімін, дән факультетінің І - бөлімінде одақ ұйымдастырушысымын. Бұл қырсықты қойсайшы, сенбіліктен бір ай бұрын менің оңбай оңшыл боп кетуім галошым жоғалған. Күн құрғақ болғанмен, сенбілікке галошсыз бару Қауіпті болды. Былғаныш жұмыс істеп жүргенде галошсыз баруға әсіресе, оң аяғым қол қоймады. Жолдастардан бос галоштарың болса бер деп түнімен сұрадым, төбеңді көрмегірлердің ешқайсысынан табылсашы, бәрі де галошсыз кетті. Сенбілікте жүргенде тас басып, су кешіп жүреді дейді. Тас, су бәтіңкенің табанын жеп қояды. Ал, жолдастар, сенбілікте тоздырып алсақ, жайшылықта не киеміз! Мені жалқау қылған осы сұм бәтіңке, қу бәтіңке. Айтқандай, бір ай бұрын жоғалған галош көргендерің бар ма?

БАТУРИН «МЕНІ ЖАЛҚАУ ҚЫЛҒАН ЕСКІ БӘТЕҢКЕ»

Жолдастар, мені де жалқау қылған бәтеңке. Сенбіліктің боларын біліп, осыдан екі ай бұрын - ақ бір әңгімесінен сытылған бәтеңкені сақтап - ақ жүр едім, нақ сенбілік болатын күні ұшты-күйді жоқ болып шықты. Қағынғырдың қайда кеткенін білмеймін. Сонымен барайын ба, бармайын ба деп жатқанымда, басым түскір солқылдап, ауырып - ақ жөнелмесі бар ма. Оқу уағында дәріханаға баруға болмайтынын өздерің жақсы білесіңдер, жолдастар. Сондықтан сенбіліктің уағында бардым. Барғаныма дәрігерден анықтамам жоқ, өйткені бұл уақытта справка бермейді және өзім басым ауырып, миым қатып жүріп, ұмытып та кетіппін. Біз сенбіліктің маңызын жақсы білеміз, жолдастар. Ленин айтқан: «Сенбілік деген - төңкеріс социализмі» - деген. Даже сенбілікте не істегенін де білем. Екі станцияның арасында тоқтап қалған паровоздардың шылбырынан тартып, сүйреген шығарсыңдар. Я жолдастар, мен сөзімді аяқтаймын. Бәтеңкемді алғандарың болса, әурелемей қайтып беріңдер!

БЕКХОЖАҰЛЫ: «МЕН ДЕ ЖАҢА БӘТЕҢКЕ СЕБЕБІНЕН»

Жолдастар, менің бәтеңкем тіптен судай еді. Бірақ ертең сенбілік болады дегенде, менің теңгем жоқ болды. Сол жоқтан әлі жоқ. Жұрт сенбілік деп шулап жүргенде, мен қаным қызып, ішім күйіп жүгіріп базар кеттім. Мені сенбілікке бармасын деді ме, ұрысы түскір, табылмай-ақ қойды. Жолдастарым кетіп қалған соң институтке қайттым. Өздері кеткенімен тұрмай, мені жалқау қып кете барды, жолдастар. Кеше де, бүгін де сабаққа бармай бәтеңкемді іздеп жүрмін. Тағы сенбілік бола ма деген үмітіміз бар, тым болмаса, соның қарсаңында табылса жақсы болар еді. Я, жолдастар, мені жалқау демей, бәтеңкемді сұрастыра жүрулеріңді өтінемін.

ЖОЛДАҒЫ ЖОЛСЫЗДЫҚТАР

Көпті көрген біреуді әңгіме етейін десе: ─ Оның басынан кешірмегені жоқ, бармаған жері жоқ, баспаған тауы жоқ - деуші еді жұрт. Енді біз мұны Жаңа қалада, Бұқпада істейтін Қарағандылықтарға бейімдеп: ─ Олардың басынан кешірмеген жол жанжалы жоқ, қарғып түспеген автобусы жоқ, ұрыспаған шофері жоқ - дейміз. Ардақты, жолдастар, көне көрген «көне би» жұмыстан кейін үйге жету үшін автомобиль қиыншылықтарын, қамалдарын бұзып, машинадан парашютсіз секіріп түсіп жүрген, міне, біз боламыз. Жұмыс уақыты аяқталуға тақалғаннан - ақ біз кездесетін автобус қамалдарын қалай бұзудың амалдарын да қарастырамыз. Жұмыс істеместен таласа-тармаса далаға шығамыз. Жұмыстан кейін бізде жуыну деген болмайды, әрбір жанталасқан тартыста топырақ пен майға малынасың. Сонымен басымызды орамалмен мықтап тартамыз. Үстімізге қалың киім киеміз, белімізді арқанмен буынамыз. Себеп? Шофер итеріп қалып, яки жүріп бара жатқан машинадан секіріп құлағанда, денеміз ауырып қалмас үшін қалың киім киеміз. Ал арқан ше дейсіздер ғой! Жұрт келе жатқан машинадан секіріп түскенінде, қалып қойған жолдасына лақтырып, оны жұлып алуға арқан керек-ақ. Автобус қиыншылықтарының астында қалатындардың «сорлысы» - галстук таққандар. Шофердің ойынша, олар, әрине, саясатшыл келеді. Автобус тіптен жолға қоюда талай білімпаздардан цитата келтіріп, машинаның желкесіне мініп алып келеді. Мұндай галстуктілерді өзінің мекемесімен қоса автобус жолынан жұлып тастау керек. Жатсын өзінің галстугімен. Онан соңғы «сорлылар» - портфельділер. Олар өздерінің портфельдерімен қандай заң соғып салатынын кім білсін! Мұндай элементтерді маңына жолатпау керек! Бұлар өздерінің портфелін құшақтап, заңын соғып жүре берсін, өздерінің денсаулықтарына! Қызық - ау, осы Қарағандының портфельді азаматтары! Келешектің жемістері бүгін болсын дейді. ...Біресе домалақ, яки қисық, бұжыр, қабырғаны қалағанда домалап түсе береді деп, кірпіш заводының алдына тіптен орындауға болмайтын талаптарды қояды. ...Біресе қаттырақ болсын, ұстағанда уатылып тұрмасын деген тіптен қиял жетпейтін міндеттерді қояды. Алпысбаевтың алдына мұндай кереметті қойғандарын өздері бұзаулат дегендерің емес пе, портфельді азаматтарым! ...Яки тағы сол кірпіш заводына ең болмаса елу проценті іске жарасын деген сияқты арыстан міндеттер қоя ма екен-ау! Одан да Алпысбаевты барлығың жиылып сабап, кірпіш қылып құйып жіберіңдерші. Сөйтіңдерші, байғұсқа жеңілірек болсын. ...Біресе құрылыс үйлерінің бір қабырғасын салып жатқанда, бір қабырғасы құлап қалатынын қойсын деп қиялдана ма екен-ау? Немене, бір қабырғасын салып жатқанда, бір қабырғасын құрылыс басқармасы тіреп тұрсын ба? Өздерің, пopтфeльді азаматтар, қиялдағыны береді екенсіңдер ғой. ...Яки жел тұрғанда, салған үйлердің қабырғасынан жел үдеп тұрмасын дейік Немене, құрылыс басқармасы жел тұрардың алдында барлығыңның үйіне барып тесіктеріңді алақанымен тіреп тұра ма? Немене, құрылыс басқармасы сендерге үй салып бере ме, жоқ оның тесіктерін бітей ме?.. Осы да жетер. Осы күнге сапа деген шығыпты. Мысалы: құрылыс басқармасы Папковке сапаны кетер дейді ме?! Әрине, оқушы бұл сияқты фантазияға түсінбей отырған болар, түсіндірейін. Сапаны көтер дегені - Папков жолдасқа түйенің құйрығын созып әкеліп жерге жеткіз дегені осылай дегені, әлеумет! Сонымен, осы сияқты азаматтарды, әрине, автобусқа мінгізуге болмайды. Бұлар бес-он сомдап шоферға ақша ұстатпақ түгіл, «бензинді ықшамдап ұста» деген сияқты сұмдықтар айтып жүре ме, біледі, кімге сенуге болады? Осындай өзара сын біздің шахталар беретін көмірдің күлгені де көп болып қаулап бара жатқан заманда! Сонымен біз бастапқы айтқандай болып киініп, қаладан шығып тұрамыз. Ойымыз, әлдеқалай күн туса, соның үстінен құстай ұшып келе жатқан автобусқа бір - ақ қарғып міну. Ал жаңағы галстугін жұлып алып қалтасына салады. Бір мекеменің мысығы екенін (заңшыл екенін) білдірмес үшін бетіне топырақ, күйе жағады. Мойнына орап алуға даладан жаман шүберектер іздейді. Ойында: «Е, мына сорлы сонымен, саясатыңмен жұмысы жоқ, бір мүсәпір екен, бес-он сомын беріп, заңды соқпайтын жұмыс адамы екен деп шофер ойласын» - дейді. Ардақты портфельділер портфельдерін қарнының үстіне тығады. Оның жеңі келмесе, портфелін далада жатқан жаман жыртық шүберекке орап алады. Сонымен, біз әрқайсымыз қолымызға бес сомнан алып жоғары көтеріп, желбіретіп тұрамыз. Алыстан келе жатқан шофер көрсін, біздің айтқанымыз дейміз. Сол уақытта алыстан бір машина көрінеді. Бәрімізге бақыттың құйрығы көрініп, көз алдымызда бұлаңдағандай болады. Қолдарымыздағы ақшаларымызды желбірете түсеміз. Бірақ шофері түскір 100 қадам жерден машинаны барынша ышқындырып бір - ақ селк еткізіп өте шығады. Біз бір - бірімізге ұрсамыз. «Сен Сұрпақпай – дейміз - бес сомыңды жоғары көтермедік» - дейміз. Өзінің жеке меншігі, байшылдығыңды білдіріп, ақшаны өз баурыңнан шығарғың келмей, жоғары желбіретпедің дейміз. Галстукті азамат машинаның тоқтамауына өзі айыпты санағандай, басына таңып алу үшін тағы жаман шүберек іздейді. Сөйтіп тұрғанда, тағы бір машина көрінеді.

Біз ақшаларымызды жоғары көтердік, оқыған балалар құсап шулай бастаймыз. Бірақ естеріңізде болсын: шофер еш уақытта тоқтамайды. Ол сырғыта жүріп өтеді. Сол уақытта мінсең міндің, мінбесең қабағын түйген шофер саған пысқырып та қарамайды. Біз жанталасып мінеміз. Сыймағандықтан біріміз жатып, біріміз оның үстіне мінеміз. Сонымен машина аяқ-қолы жерге тимей зырлайды. Шұңқыр демейді, ой-қыр, арық демейді, баса-көктеп оқтын жылдамдығындай ұшады. Жел жұлып кете жаздайды. Көзінен жас парлап, бір - бірін құшақтап зорға отырасың. Әсіресе шұқырларды баса өткенде, машинадан бір метр жоғары көтеріп қайта соғыласың. Осы арада қалың киім пайдасын бір тигізеді. Басың айналып, ішек - қарныңның бір аударылып түскені болмаса, жанбасың онша айта қаларлықтай ауырмайды. Кішкене итеріп қалғаны болмаса, ешқандай да қан ақпайды, бұ да болса табыс... Горбачов шахтасына түсетін бес-алты адам болады. Олар машинаға мінісімен - ақ «тоқтат!» деп айқай сала бастайды, бірақ не керек, машина тоқтамайды. Айқайыңды, жылауыңды еститін шофер жоқ. Қарағандыдан өтіп бара жатқанда тоқтамаған соң, тіптен жанынан безгендер секіреді. Біз байғұс секіре алмаймыз, оның үстіне алдымыз құлазыған дала болған соң шофер әдейі бар жүйріктісімен жүреді. Ал осы арада цирктің әртісі болғың келеді, болмағаныңа қатты өкінесің. Ал цирктің әртісі болып құстай ұшып келе жатқан машинадан секіріп түсіп қол -полың ғана сынып, түк көрмегендей кете берсең! О, шіркін-ай! Міне, Қарағандыға келдік. Бірақ тоқтайтын машина жоқ, баяғы қарқыны. Бәріміз шулаймыз, бір - ақ шофер eстімепті. Содан соң жаннан, болашақ өмірден, сүйген жардан, алайын деп тұрған бір айлық демалысыңнан - барлығынан өзін, өлімге бел байлап секіруге айналасын. Содан Қарағандыдан Майқұдыққа қарай бір және жарым километр өткенде, белімізден арқанның бір ұшын бір - екі жолдасымызға байлап төрт - бесеуміз секіреміз. Төртеуміз құлап түсіп машинадағы жолдастарды да жұлып алып қаламыз. Біраздан соң есімізді жиып, кім өлі, кім тірі, кім бар, кім жоқ деп санақ жүргіземіз. Жол-жөнекей секіргендердің бәрі бір жерге жиылады. «Бас жарылып, саусақ сынғаннан басқа шығын жоқ» - дейді біреу. Біз уралап, қуанып, қол шапалақтаймыз. Білместен қамалды жеңіп шыққандығымызға қуанамыз. Ал портфельді жолдас қайда? Ол жолдастың беті жараланған, қамығып тұр. ─ Ой, неге қамығасың, бет жараланбай, көз шықпай табылатын табыс бар дейсің бе? Неге қуанбайсың? Әлде сен жылауық адамсың ба? Тышқан құсап, сен бір түкке тұрмайтын бетіңнен қан аққанға жаралымын дейсің, өзің тіптен нәзіктігіңді, интеллигенттігінің білдіріп тұрсың – ау - деп біз шулаймыз. ─ Қамықпаймын - ау, бірақ жолда жанталасып жүргенде, портфелім түсіп қалыпты - дейді портфельдік. Сонымен ол байғұс портфелін іздеп, жаяудан - жаяу салпақтап қайтадан Жаңа қалаға кетеді. ─ Міне, әлеумет, біз бұзып жүрген қамалдар осы. Қарғып түспеген автобусы жоқ, ұрыспаған шофері жоқ батырлар, міне, біз боламыз. ...Жақында газет басқармасына бір жұмысшы келіп, шофердің кесірінен бір саусағының сынғанын айтты. Біз жағамызды ұстап, жұмысшының бір мына жағына, бір ана жағына шығып таң қалыстық. ─ Ой, батыр – ай - дедік біз - түкке тұрмайтын кішкентай саусағыңның бір - ақ буынын сындырып, аман-есен өлмей, автомобиль қамалынан шыққан сен қандай герой едің - деді. Жақында бір болатын үлкен қызықтың хабарын естіп отырмыз. Рас - өтірігін қайдам, трест гаражының бастығы, құрылыс басқармасы гаражының бастығы жақында Бұқпаға бармақшы дейді. Біз газет қызметкері екендігімізді пайдаланып қасында жүріп, жоғарғы көкелеріміздің өздерінің қалай галстугін жұлып қалтасына салып, портфелін қарнының үстіне тыққандығын, қалай мойнына жаман шүберек орап, бетіне балшық жаққандығын көрмекшіміз. Сонда ғана ол бастықтар өз машиналарын, өз шоферларын көрмесе, әйтпесе қол үзіп кетті ғой қазір олардан. Біз қорытайық. Қарағандының барлық шоферлері осылай ма? Жоқ. Бірақ көбісі осындай. пара алу, қатынасушыларды адам қатарына санамау, жұмысшыларды «түк білмейді деп ақысын жеу (осыдан барып «портфельдіден» сескену шығады) көп шоферларға әдет болып барады. Қандай машина қатынасушыларды алуы керек екендігі мәлім емес. Қалалық кеңестің қатынас жолын тәртіпке, заңға салатын уақыт жеткен жоқ па? Тілеп орындардың бірі келіп, бірі кетіп, көбінесе бос қыдырып жүретін машиналарды жол қатынасына айрықша бөліп қоятын уақыты жеткен жоқ па? Қарағанды жұмысшыларын қашанға дейін жағаластырады? Қадірлі қалалық кеңес! Қарағанды шахтері Бұқпаға, Жаңа қалаға барғысы келеді, алайық, мысалы, ондағы саған барғысы келеді. Не болмаса онда барып дем алғысы келеді. Бұл тіптен дұрыс. Онда әуе, кел, бақша, тағы тағылар бар. Ал енді дем алудың орнына, яки өзіне барып бір жұмысын бітірудің орнына шаршап, шалдығып, басы жарылып кешке үйіне қайтқаны жөн бе? Жоқ, айналайын, жөн емес. Он рет, жүз рет, мың рет жөн емес, Ендеше қатынас жұмысы жолға қойылсын!

1934.

ТЫШҚАН АУЛЫНДАҒЫ УАҚИҒА

Әдепкіде екі тышқан шығып бірінің артынан бірі жүрді. Бұл арада жан жоқ еді. Міркемел қарға омбығып төбешікке шықты. Жан-жақта үй көрінбеді. Бұл жер астындағы барактардан кәріп-қасерлер үшін табу - қолдан ұшып қалың тоғайға еніп кеткен торғайды іздеп табудан қиын болды. Екі күн болды. Міркемел «бұл бөлімді көргендерің бар ма?» - деп жергілікті газетке жариялаған-ды. Бірақ халық жұмған аузын ашпады. Біліп келіп айтатын бір жаужүрек табылмады.

Жөн айту бюросынан сұрағанда: ─ Кәріп-қасерлер мекемесі Москвада болуы керек, ал оның анық адресін білмейміз – деді.

Содан Міркемел бүгін іздеуге тағы шықты.
Төбесінің үстіне шыққанда дәрет сындырғысы келді..
Міне, осы жерде «сұмдық» басталды. Төбесінің астынан айғай шықты.
Міркемел ата жөнелді.

Бірақ төбешіктің асты күңіренгенін қоймады. Міркемел: «Қар астында көміліп жатқан адам болар» - деп қайта айналды. Осы арада екі тышқанға кездесті. Екі тышқан тыныш жатағына адам келгенін сезіп, жорта жөнелді. Сөйткенше болған жоқ, екі тышқан бір жарыққа еніп кетті. Міркемел маңыздана басып, тышқан енген жерге жақындай түсті. Тышқан енген жерге аяғын қоя бергенде жер ойылып кетіп, Міркемел жоқ болды... ...Міркемел көзін ашып алғанда 3 адам жан-жағынан қамап тұр екен. Біреуі мұрнының ұшына ысырып, сорғышпен, сызғышпен қаруланып алып, Міркемелге тап берейін деп тұр. Біреуі қалам, қағаз алып ақты жазбақшы болып тұр.

Көзілдірікті сорғышын салмақтап: ─ Тап дұшпанысың ба, оңшылсың ба? Оны кейін біле жатармыз... Сен неге кеңсеге рұқсатсыз кірісіп, сен кеңсеміздің төбесіне шығып, дәрет сындырып, адамшылығымызды бір уыс қылғаныңмен тұрмай, кеңсемізді есімізден сұраусызы не? - деді.

─ Мен білмедім, құлап түстім - деді Міркемел сасып. ─ Міне саботаж - деп айғай салды көзілдірікті. Біреудің кеңсесіне сұраусыз кіру, құлап түсу правосын саған кім берген? «Білмедім, Білмедім...» Мүмкін, сен өлетін күшімді айтып бер дерсің? Мүмкін, сен Нарком болатын күшімді айтып бер дерсің?

─ Жаз ақтыны - деді. ─ Кеңсенің төбесіне шығып, астындағы еңбекшіл қызметкерлерді басынып, бухгалтердің дәл төбесінде айтуға болмайтын, кеңес заңының тармақтарында көрсетілмеген қылмыс істеді. Бухгалтер айғай салғанда, жүрегіңнің батыр еңбекшілер еместігін сезініп, қорқақтықпен қашып кетті. Сөйтіп, жұрт өткен жерінде өзінің тастаған ылас суын қалдырып кетті. Ол позор кеңсе төбесінде таңба болып әлі тұр. Екіншіден; ол үй төбесіне шығып, астындағы еңбекшілерді аяғымен басып, істеген қылмысына қарамастан бастық, хатшы, бухгалтер үшеуінің ортасындағы жалғыз кабинетке сұраусыз кірді. Кірген де жоқ, өзінің мәдениетсіздігін істеп, түйе құсап құлап түсті...

─ Позор, позор! - деп айғай салды кеңседегілер. ─ Газетке жазылыңдар! - деп қалтасынан квитанциясын суыра бастады. «Газетке жазыл!» деген сөзді естісімен - ақ ентелеп тұрған бухгалтер, хатшы, «акт жаз» деп тұрған бастық үндеместен орын-орнына тарай бастады. Бастық орынан тұрғанда бостандықты пайдаланып, столдың үстінде шарқ ұрып, үймелеп толып кеткен тарақан, қандалалар бастықтың қайтып келе жатқанын сезіп жан-жаққа қашысты. 50 шақтысы төр жақта шашылып жатқан делолардың арасына барып, бүк түсіп жатысты. Өзінің тышқандық мәдениетінен, бастықты сыйламаушылығын, сұғанақтығын істеп, стол үстіндегі қағаздарды екпінді түрде аралап жүгіріп жүрген сұр тышқан бастықтан сескеніп тайып берді, тартпаға кіріп жоқ болды. Бір тарақан ашуланып отырған бухгалтердің мұртына мініп алып, өзінің әдепсіздігін істеп кетпей қойды. Бухгалтер сіріңке тартып, жарып жіберу қаупін тұрғызып зорға орнынан қозғалтты.

Хатшы түсін жылыта бастады. ─ Кеңсеге құлап түскен жолдас, біз де дауды қояйық, сіз де газетке жазыл дегеніңізді қойыңыз - деді.

─ Неге? - деді Міркемел. ─ Аш құлақтан тыныш құлақ, сол жарықтықтан қашық жүрсек деймін, отпен ойнауға болмады ғой, кеңсемізде жатып газелінде бунт шығарып жүре ме, өзіміз тыныштықты сүйеміз. Оның үстіне жана таныстығымыз жоқ. Оны үйрену үшін кеше ғана өздерімізді екпінді жарияладық - деді хатшы.

─ Жоқ, мен көнбеймін - деді бухгалтер бір бүкірден. ─ Бұл азамат дәл менің үстіме дәрет сындырып, еңбекшіл арымды төгіп, масқара қылды. Бұл кеңсе төбесінде дәл хатшының үстінен дәретке отырса көзі көрмеді ме? Неге менің үстіме отырады? Бұл елім емес пе? Мен қалай көнем? - деді бухгалтер.

Осыдан соң жер барактағы кабинет жым-жырт болды.

Бастықтың алдында үлкен газет көлеміндей қағаз жатыр. Бұл «1935 жылы кәріп-қасерлер кеңсесі жүйесіндегі тышқан, бүрге, тарақан, қандала, тағы басқа сол сияқты табы жат, арсыз, әдепсіз, мәдениетсіз жәндіктері мүлдем жою жоспары». Бұл жоспардың бұл стол үстінде жатқанына 20 күн болыпты. 20 күн ішінде әлі басынып жүрген тышқан 20 рет келіп 20 жерінен кеміріпті. Және де ол жоспардың үстінде жорғалаған қандалаларды сорғышпен басып өлтіре бергендіктен, басынан басқа жерінің бәрі қып-қызыл қан болып, ешқандай жазу көрінбейді.

Тыныштықты хатшы бұзды.
─ Тышқан аулайтын уақыт болған жоқ па еді.

Сөйткенше болмайды, еңбектеп бастық отырған кеңсенің адал қағаздарына зиянкестіктерін жасап, жеп, әбден семірген екі тышқан Міркемел шыққан үй төбесіндегі екі қабат терезенің арасында ерсілі - қарсылы жүгіре бастады. Осыдан соң-ақ Міркемелдің құлап түскен дауы естен шықты. ─ Бұл жердің адамы да, тышқаны да басынып болды – ay. Терезенің арасында майдандасып жүргенін қарашы? Үшеуі де қарғып тұрды. Бастық басына бір дело байлаған сызғышпен қаруланып, ақырып басып столдың оң жағына шықты.

─ Сызғыштың басындағы дело неге керек? - деді хатшы.
─ Делоны кемірем деп тышқан бері шығады - деді бастық сыбырлап.

Үшеуі терезенің үш жағынан шықты. Бірақ екі қабат терезенің арасындағы тышқандарды ұстау қиынға соқты.

─ Сорғышпен жіберіп ұрайын ба? - деді бухгалтер.
─ Терезе сынады ғой.

─ Сынса сынсын! - деді бастық - тек жауыз тышқанның ең болмаса біреуі ұсталсын. Босағаға байлап қойсақ, оны көрген соң кеңсеге тышқан жоламайтын болады. Алдымен терезенің сынғанына акт жасап алайық – деді.

─ Кәне, айта қойыңыз. ─ Терезенің арасында арсыз тышқан әбден ұятсызданып алып, ойнақтап төбемізге секірді. Жаздың ба? Одан соң: біз еңбекті елдің екісі болғандықтан тышқанды құртуға ұмтылғанымызда терезе сынды. Оған жауапты - арсыз, ертең жойылуға тиісті тышқан. Дедің бе? М... м... м... Бірақ тышқан актының басын, өзіне артылатын айыптау қорытындысының түйінін сатқан, соң-ақ жоқ болды.

Бастық сасып, терезеге делоны созды:
─ Мә, мә, тышқан... жей ғой.
Бірақ тышқан қайтып шықпады. Осымен кеңсенің жұмыс уақыты да бітті.

─ Жұмыс тіптен - ақ дейсің, бірақ келген адам, тышқан дауымен - ақ уақыт өтеді, қағазға бір қарай алмайсың - деді бухгалтер.

Қағаз деген сөз шыққан соң, бастық орнынан қарғып тұрды: ─ Ұмытқан екенмін. «Тұяқ, мүйіз конторында» мәжіліс бар еді, уақыт өтіп кеткенін қарашы. ─ Айтпақшы, «түйе құйрығыңның конторы» мәжіліске шақырған, сағат беске - деді хатшы.

─ Мен соған барам - деп бастық ата жөнелді. ─ Айғаймен жүріп, түсіп бутербродымды да жей алмаған екенмін! - деп бухгалтер жей бастады. Хатшы қалған бес минутты пайдаланып, Москвадағы кәріп-қасерлер мекемесіне рапорт жазбақшы болды. «...Өзіміздің негізгі жұмысымыздан басқа тышқан, қандаламен де күресті күшейтті. Әр қызметкер күніне 30 қандаладан, бір құтыға салып отырады, айдың аяғында бір - ақ есеп жүргіземіз...» - деп бастады хатшы. Тышқанмен бастап, сонымен аяқтауға тақалып, өз жұмысы жөнінде бірауыз да сөз айтпады.

Сол уақытта барып Міркемелге көзі түсті. ─ Айтқандай, сіз әлі отыр екенсіз ғой. Есік анау, қош болыңыз. Бұдан былай әдепсіз түрде жығылып түсуді қойыңыз! – деді. Үйдің іші темекі түтініне толған. Шашылып жатқан делолардан тарақан түгіл, адам да аяқ алып жүре алмайды. Үйдің төбесі өрмекші өрмегімен торланған. Міркемел тұншыға бастады. ─ Тышқанды жою жоспарын жасағанша, жақсы үйге неге көшпейсіңдер! – деді Міркемел.

Хатшы қабағын түйіп: ─ Анаған қара! - деп босағада ілулі тұрған қағазды көрсетті. Қағазда «жұмыс істеп жатқанда мешайт етпе» деп жазылған екен. Міркемел құлаған жерінен қайтып шығып кетті

1934.

АДАСҚАН БӨТЕЛКЕ

(Ей актылы, эпилогты комедия)

ОҚИFAFА ҚАТЫСУШЫЛАР

Скаченко - 9-шахтаның нан карточкасын таратушысы.
Төлеубайұлы - 9-шахтанын. вагоншысы.
Елизаров - 9-шахтанын, шахткомның бастығы.
Ромашков - десятник.

Ромашкова - әйел!.
1-акт.

Бір бөлмелі үй, екі терезе, бір есік. Сырттағыларға карточка беретін есіктің қақпақты тесігі бар. Онда Скаченко отырады. Екі жан қалтасынан нан карточкаларының, шөп көрініп тұрады. Перде ашылғанда тесіктен біреу қолын ғана көрсетіп бір бөтелке арақ ұсынып тұрады. Скаченко оны барып алып, қолға екі карточка ұстатады. Біраздан соң, есікті абайлап ашып Төлеубайұлы кіреді. Төлеубайұлы. Шырағым, екі жылдан бері вагоншымын, 5 жаным бар еді үшеуіне - ақ беріп, екеуіне карточка бермей қойды. Соны қалай етесің? Қиын болып тұр.

Скаченко. Я, бұл қиын мәселе. (Шалқая түсіп.)
Әй, білмеймін...
Телеубайұлы. Тиісті карточкамды бермесең, қиын болып тұр.

Скаченко (маңызданып). Қиын, қиын. Москваның, ең болмағанда Алматының директивасына сеніп екі жанына карточка бере қоюға болар ма екен... (Шіренеді.)

Төлеубайұлы. Шырағым - ау, Алматының менің карточкамда не ақысы бар? Скаченко (қарғып тұрады). Тарт тіліңді. Алматыға шабуыл жасайын деп тұрғанын көрдің бе!.. Жау жар астында емес, өз бөлмеңде деген осы екен-ау! Ту сыртыңды көрсетіп, құлақ емесің бе, өзің? (Қолын қалтасына салып Төлеубайұлының, жан-жағына шығып қарайды. Сұқ қолымен есікті көрсетіп). Шық! Құлақ шекең аңқып тұр ғой!..

Төлеубайұлы. Шырағым, құлақ емеспін, жұмысшымын, тиісті карточкамды бер.
Скаченко (қабағын түйіп орнына отырады). Болмайды.

Төлеубайұлы. Өткен айда алған карточкаларым, бұл айда неге берілмейді? Беріңіз, шырағым.

Скаченко. Болмайды.
Төлеубайұлы. Шырағым-ау, енді қайттым?
Скаченко. Қайтетініңді өзің білерсің.
Төлеубайұлы. Енді қайда бардым? (Шығуға ыңғайланады.)

Скаченко (бұрылып қарап). Ей, тоқта! (Төлеубайұлы тоқтайды). Берірек кел. Мәселе тіпті қиын. Бірақ енді сен ісік түспеген адам едің... бір шарасын көрейін.

Төлеубайұлы (жақындай түсіп). Сөйтіп, қарағым.

Скаченко. Ой жақсылық тегі келе жатқанда ентелей бермесін... (ойланды.) Чорт возьми, қалай ұйымдастырып өте қиын жағдайдан шығу керек?.. Былай болсын. Сен бір бөтелке арақ әкел, онсыз жын ұрған карточка саған совсем бармай қояр.

Төлеубайұлы. Ойбай-ау, оны қалай таптым?
Скаченко. Магазинге барсаң табылады.
Төлеубайұлы. Ақшасы түскір жоқтау ғой.
Скаченко. Жоқ, магазинге бар, арақ табылады.

Төлеубайұлы. Мақұл. (Асығып шығып кетеді. Скаченко маңыздана басып үй ішінде жүреді. Елизаров кіреді).

Елизаров. Қалай, карточканы дұрыс таратып жатырсың ба?

Скаченко. Тіптен дұрыс, осы айда өткен айдан 300 карточка артық кетті. Әлі де жұрт алып біткен жоқ.

Елизаров (таң қалып). Ол жұмбақтың шешуі не екен?

Скаченко. Шешуі белгілі, тіптен белгілі. М... м... өткен айда 2000 адам карточка алса, бұл айда 2300 адам карточка алған. Міне, 300 карточканың қайда кеткені. Елизаров. Солай ма екен? Басым қатты, түсінбеймін. (Жан-жаққа жалтақтап қарап.) Төменді күшейту керек, екпінділікті қыздыру керек. Сөйтіп, адам айтқысыз қарқынмен төпелеп, бас-көз демей таратып форсировать ету керек.

Скаченко. Мақұл, жолдас шахтком. (Шалқайып есінейді.) Елизаров. Темпіні күшейтіп, екпінділікті қыздырып (жұдырығын түйіп құшырланады) жүрек жарғандай айқайлап, алға аттай тусу керек. Скаченко. Мақұл, жолдас шахтком. (Есінен, көзін уқалап, мойнын салбыратып отырады.) Елизаров, (құлшына). Бір де артық карточка кетпесін. Ұраның - тарату! Тарату! - болсын, Шахткомның жалпы басшылығын, карточка проблемасында партия жолын тұп-тура ұстайтыныңды, чорт возьми, ұмытпа! (Ептеп басып Төлеубайұлы кіреді. Қолында газетке оралған бөтелкесі бар. Скаченко ымдап, ернін қысады. Қасына барып, жетектеп терезенің алдына апарып, қолын шошайтып сырттағы баракты көрсетеді.) Скаченко (сыбырлап). Ана баракты көрдің бе, бергі ішкі есік. Сонда әйел бар, соған апар. (Төлеубайұлы кетеді.)

Елизаров. Ол не?

Скаченко. Әшейін, біреуің үшін көрсетіп жібердім. (Отырады, есінен болған соң, мойнын төмен салып отырады.) Елизаров. Солай, (жігерлене) екпін, қарқын.... бірде - бір артық карточка берілмесін. (Шыға жөнеледі) Скаченко (басын көтеріп алып). Тоқта, жолдас, шахтком. (Қолына бір нан карточкасын алып жүгіріп барады.) Мынаны ала кетіңіз.

Елизаров. Мұның не? Артық карточка ма?
Скаченко. Ешкімге тиісті емес, артық карточка, алыңыз.
Елизаров. Әй, артық емес шығар...
Скаченко. Артық, сендіремін сізді.

Елизаров. Артық болса, алуға болады. (Алып қалтасына салады да, жылдам басып шығып кетеді.)

2-акт
1 - сурет

Барактың есігінің алды. Оң жақта жіпке кір ілулі тұрады. Ромашков десятниктің әйелі есіктің алдын сыпырып жүреді. Жан жағына алақтап Төлеубайұлы келеді. Әйелге қарап аңқиып біраз тұрады. Төлеубайұлы. Тоба, жаңылыстым - ау, қай есікті көрсетіп еді. Тоқта, оның әйелі қазақша білетін еді ғой. Әйел. Жолдас, саған кім керек? Төлеубайұлы. Білдім, қазақша сөйлеп тұр,осы болды. М-м. Қызымқа, жоқ... маржа мынау арақты күйеуің беріп жіберген еді. (Ұсынады.) Әйел. менікі күйеу берді?

Төлеубайұлы. Иә. (Әйел алады, Төлеубайұлы асығып шығып кетеді.)
2 - сурет

Десятник Ромашковтың үйі. Сол жақта кровать, оң жақта стол. Стол үстінде тамақ. Ромашков. Үйге кіріп, шешіліп болған соң столға отырады. Әйел екі стаканмен бір бөтелке арақты столға алып келеді. Әйел (жайдары, күлімсіреп). Міне, сөйте беріп жіберген арағын. Бүгін әдейі картоп қуырдым.

Ромашков. Не қылған арақ?
Әйел. Өзің беріп жіберген арақ.
Ромашков. Мен арақ беріп жіберген бе едім?
Әйел (таң қалып). (Өзің беріп жібергеніңді өзің білмейсің бе?

Ромашков (таң қалып). Не дейді, мына сабалақ сайтан, түс көргеннен аманбысың? Арақты кім әкелді?

Әйел. Бір қазақ «күйеуің беріп жіберді деп әкеліп берді.

Ромашков. Не дейді. (Орнынан тұрып, отырады.) Тоқта. Скаченконың әйеліне беріп жібергенін, жаңылысып сараң берген шығар. (Ойланады.) Ол арағын неге өзі әкелмейді (Басын ұстап ойланады.) О-о-о! Маған Скаченко бүгін біреуге карточка беріп, арақ алам деп еді, мен көнбеп едім. Сол арағы екен ғой. Білдім. Бұл арақты шахткомге апару керек. Бәлемді ауыздықтау керек екен. Көрдің бе, жұмысшылардың өз карточкаларын өздеріне сатып жүргенін. (Тамағын іше бастайды. Әйелі аузын ашып, таң қалып түрегеліп тұрады. Есіктен ентігіп Скаченко кіріп келеді.) Скаченко. Мария Васильевна, біздің үйдің случайно қыдырып кеткен арағын көрген жоқсыз ба?

Ромашков. Біздің сенің не істеп жүргенің, жулик. Арағын шахткомге барады. Скаченко. Жоқ, жолдас Ромашков! Арақ өзімізден, оған ешқандай шахткомның қатысы жоқ. Ромашков. Көрсетем саған қатысы жоқты, жұмысшыларды алдап, соғуға право берді? Скаченко. Мен де саған көрсетем. (Көкірегін ұрып.) Рабочий класстың өз меншігіндегі арағын ұрлап, ішейін деп отырғанын көрдің бе? Жуликтің сенен асып, маған келіп пе? Ұры!

Әйел. Ешкім де ішейін деген жоқ, неге өтірік айтасың?

Скаченко. Ішпесең, столыңның үстіне қойып неге даярланып, закускаларыңды жайып, жалаңдап отырсыңдар. Сен сайтан емессің бе?

Ромашков. Не десең о де, мен шахткомге білдірем.

Скаченко. Айналаңның бәрі де арамдық, әйтпесе қалай күн көресің. Бер арағымды. (Жер ренжіседе.) Жекеменшігім. Жекеменшігім. Мені конфискелеп, мүлкімді, арағымды талауға қақың жоқ. Мен әлі тірімін, сенің өзіңде, сенің түбіңде бір терең сыр жатыр. Чорт знает, құлақ шығарсың.

Ромашков. Шахткомнен аласын, мен сонда тапсырамын.

Скаченко (ашулы түсін кенет өзгертіп, жылы ұшырап). Айналайын, Иван Иванович,біреуіңізден сұраймын, жалынамын, дәл тең жартысын сіз – ақ ішіңіз.

Ромашков. Не өзіңнің айтып тұрғаның? Мен саған арақ бер дедім бе? Скаченко (жалынып, жақындай түсіп). Ну! Мақұл, сіз жартысынан көбін - ақ іше қойыңыз?

Ромашков. Маған арағың керек емес, қоясың ба, жоқ па?
Скаченко. Ну! Чорт возьми, бір рюмкеден басқасының барлығын іше қойыңыз.
Ромашков (ашуланып). Жулик! Қоясың ба?
Скаченко. Ну, чорт возьми, барлығын да сіз ішіңіз. Тек ешкімге айтпаңызшы.

Ромашков (ашуланып). Жулик! Қоясың ба? Енді, жоқ па! (Орнынан тұрады.) Скаченко (жалынып). Чорт возьми, арақты да совсем алыңыз. Кейбір жолдастарыңа да шет жағалап айта қойыңыз. Бірақ шахта бастығына айтпаңыз. Ромашков. Ойбай-ай, мынау шаршап келген адамға тыныштық бермеді - ау, шық үйден, жаныңның барында! (Скаченконы сүйрелеп үйден шығып кетеді).

Шымылдық
Эпилог

Шахткомның кабинеті. Tөpгі столда шіреніп Елизаров отырады. Столдың үстінде бөтелке арақ тұрады. Елизаров орнынан тұрып, арақтың бір мына жағына, бір ана жағына шығып, көзін қысып аңқайып қарайды. Тамсанады. Елизаров (араққа еңкейе қарап, ыржиып күледі. Араққа сөйлейді). Ә, бәлем! Қолға түстің бе! (Саусағын шошаңдатып қорқытқандай). Ә, көзің мөлдіремесін, осы мойныңды жұлып алып, аузыма қағып салармын. (Арақты иіскеп тамсанады.) Скаченко сені мейлінше бір көтерейін деген екен ғой... Қолға түстің, (Тепсінеді) айт, карточка қайда, а то қазір бір - ақ жұтармын. (Олай-бұлай жүреді, араққа тағы тамсанады. Залға қарап). Чорт возьми, ішіп қоюға да болар еді, дау шығып кетеді ғой. Кәне, қолыма алып көрейінші, қарашы Ромашковтың ішін қоймай шахткомге білдіргенін. Бұл адамдарды жын ұрар. (Барып арақты қолына алады. Жан-жағына қисайтып, сығалап қарайды, шай - пайды, тамсанып ернін жалайды. Сөйтіп столдың тартпасына салып қойып, есебін жазуға кіріседі. Жан -жағына жалтақтап бүркие қарап қалың ойға кетіп жаза бастайды. Кенет басын көтеріп алады). Тұра тұр, мен сайтанның суын көріп алайын, ішесің де көріп қойған бір түрлі жақсы ғой. (Тартпаны ашып, үңіле қарайды, саусағын безеп.) Әй, көзінің мөлтілдемесін, бір - ақ жұтармын осы. Сен келгелі он күн болды, ескермей ұмыттырып барып бір ішермін сайтанның суын! (Тартпадан бутылканың басы көрініп тұрады. Елизаров тартпаның бір мына жағына, бір ана жағына шығып, мұртын сипап, жалаңдайды. Басын шайқайды) Төлеубайұлы мойнына алды. Бірақ Скаченконың ісін созамын. Арақ менде қалады, ешқайда да кете алмайсың, подлая! (Бөтелкеге тепсінеді. Сырт жақтан дауыс шығады.) Дауыс. Жұмысшылардың карточкаларын сатып алған Скаченконың арағының ұсталғанына 10 күн болды. Бірақ шахтком тексеретін емес. Бөтелке шахтком столында тұр. (Шу шығады. Елизаров есікке жалт қарап, тартпаны жаба салып, орнына отыра кетеді.)

Шымылдық.

1934

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙