TELEGEI

Home

Біртуар: Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер

Қ.А. Бөкетов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Біртуар: Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер

Бұл кітапта даңқты ғалым, жүйрік ойлы жазушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, ірі қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы Бөкетов туралы естеліктер жинақталған. Олардың көпшілігін Евекеңмен қызметтес болған ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, біразын азаматты көрген, тілдескен, адамдар жазған. Олар дарынды тұлғаның толассыз ізденістері, тұңғиық терең т

“БІЛІМ”

баспасы
Алматы 2012

БІРТУАР

Академик Евней Бөкетов
туралы естеліктер
Әдеби мемуарлар

УДК 21.512.122

ББК 84 Қаз -7

Б 94

Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
“Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару

бағдарламасы” бойынша шығарылды
Б 94 БІРТУАР: Академик Евней Бөкетов туралы

естеліктер/Құраст., Бөкетов Қ.А., Хасен М. -

2-ші басылымы.Алматы: Білім, 2012. - 288 бет+12 бет

фото.

ІSBN 978-9965-09-762-1

Бұл кітапта даңқты ғалым, жүйрік ойлы жазушы, Қазақ
КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар
одағының мүшесі, ірі қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы
Бөкетов туралы естеліктер жинақталған. Олардың көпшілігін

Евекеңмен қызметтес болған ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам
қайраткерлері, біразын азаматты көрген, тілдескен, адамдар
жазған. Олар дарынды тұлғаның толассыз ізденістері, тұңғиық
терең толғаныстары жайлы сөз қозғап, зерделерінде сақталған

сəттерді жаңғырта отырып, аса биік құрметпен еске алады. Бұл
кітап тек өз мамандығының ғана емес, бүкіл ғылымның досы,
қорғаушысы бола білген академик Евней Бөкетовтің ғалымдық,
шығармашылық, қоғамдық, ұйымдастырушылық еңбегін, зор

талантын, адамгершілік рухани келбетін, қасиеттерін көпшілік
қауымға танытары сөзсіз.

УДК 21.512.122

ББК 84 Қаз -7
ІSBN 978-9965-09-762-1 © Бөкетов Қ.А., Хасен М., 1998

© Қарағанды, 1998

© Бөкетов Қ.А., Хасен М., 2012

© «Білім» баспасы, 2012

Әбділда ТӘЖІБАЕВ

ЕСІМДЕГІЛЕР

(үзінді)
Ұмытпасам, 1947 жылдың маусым айы болуы
керек, біз он шақты жазушы отбасымызбен Совмин-
нің ең жоғарғы демалыс үйіне келіп, кішкене сая-

жайлық үйлерге орналастық.
Қыстай қатынаса алмаған, сағынысып, жайлауда
жаңа ғана табысып жатқан ағайындар секілдіміз.
Алғашқы он күніміз ерулік берісумен өтті. Содан кейін

әр нәрсені сылтауратып, жетісіне бір рет жексенбі
күндері кездесіп тұрамыз. Осындай бір жексенбіде,
түсте:

— Міне, ағаларыңның жазғы қонысы – осы, —

деп сөйлеп жақындаған Шахметтің (Құсайынов)
даусын естідім. Сәлден соң сәлем бере кірген Бөкетов
Евней мен Есенов Шахмарданды көрдім. Қолдасып
амандасып, отыруларына орындық ұсындым.

— Міне, екі дәу студент, әдейі сені іздеп келіпті. Бірі

— қайның, бірі — інің. Аман-есен қабылдағаныңды

айтып распеске жаз, Тәжібай баласы.
Шахмет бір асығыс шаруамен қалаға кетіп барады
екен, шапшаң қимылдайтын әдетімен, кепкесін
қисайтып киіп шыға жөнелді. Осы кезде су жағалап

ойнап жүрген балаларын түгелдеп қайтқан Сара да
қайта оралды. Ол жастармен жылы амандасқан соң
жедел қазан көтеруге кірісті.
Менің ойымнан Шахметтің «Мына екі дәу...» деген

сөздері шықпапты. Екеуіне кезек көз тастап: «Дәу
екенсіңдер-ау, расында да», – деймін күліп, екі жас
дос жарыса күлді.

— Біздің Шахаң айта береді, — дейді Евней ағасына

іш тарта сөйлеп. — Ойына келген сөздің бірі тоқтап
қалмайды ғой ішінде. Сіз өзіңіз де солай емессіз бе,
жезде?

— Менің ағам ағаңнан әлдеқайда ұстамды деп

ойлаймын, солай емес пе, аға? — деп Шахмардан
араласады. Жеңіл, ерке әзіл жай ғана білінген жылы
лептей қабылданды.
Мен сағатыма қарадым да, орнымнан тұрдым:

— Маған еріңдер, жігіттер, мені бүгінгі бір зор

міндеттен босатып алыңдар, — дедім.

— Төбелесі жоқ па, әйтеуір? — деп Шахмардан

тұрды орнынан.

— Мен несі болса да әзірмін, — деп Евней де

қозғалды.
Біз үшеуіміз ең жоғарғы екі қабат саяжайда тұратын
Мұхтар Әуезовтің үйіне жеттік. Үйдің көлеңкесінде
төрт бұрышты қызыл столды ортаға алып Мұхаң,

Ғабит, Ғабиден үшеуі отыр.

— Мынау ылғи алыптарды ертіп келеді екен.

Шауып алмаса нетсін, — деп Ғабит сүйсіне қарады.

— Түстерінен ондай ызғар сезілмейді, — деп Ғабиден

жымиды. Ұлы ағаларымен сүйсініп амандасқан екі
сыпайы жігіт егіз теректей қатар тұр.

— Екеуі де горныйда оқитын талапты ұлдарыңыз.

Арғысы — сарыарқалық, Шахметтің інісі Евней
Бөкетов, бергісі — сырбойлық, менің інім Шахмардан
Есенов, Қаныш Имантаевичтің жақын арада соңынан
еретін ізбасарлары.

Мен осылай қысқа таныстырып болған соң Мұхаң
өзі барып, әріректе тұрған екі орындықты жақындатып
жастарға ұсынды.
Байқаймын, үлкен ағалар өрімдей әдемі жастармен

танысқандарына әбден риза сияқты. Екеуіне де
қызығып, қызықтап қарайды. Сөйте отырып болашақ
инженерлердің тағы бірдеңелерін білгілері келеді.

— Мен бір орыс инженерінің «Грозаны» жатқа

оқығанын көрдім, — деді Ғабит.

— Орыс интеллигенциясында ол бола береді. Ленинградта Чеховтың «Дядя Ванясын» қызығып оқитын химик досым болған, — деп Мұхаң қостады. — Екеуіңіз жабылып, менің інілерімді қинағалы отырсыздар-ау, — дедім жастарға ара түскім келіп. — Жезде, арашаламаңыз бізді. Мүмкін, біз де құралақан емес шығармыз, солай емес пе, Шаха? — деді Евней жолдасына қарап. Ол: «Әрине», — деп бірақ ауыз сөзбен жауап берді. Содан кейін Шахмардан орнынан тұрып, сахнадағы Кебекке ұқсап Евнейге бас иді. Ал, Евней бейне бір Абызға айналғандай Шахмарданға қызық қарап сөйлеп кетті: — Мейірің биік шоқыдай, Келісті көркің тотыдай Қызықтырған қай ұлсың? — деп бастап, «Еңлік-Кебектегі» атақты диалогты екі жас өздерінің әдемі бейнелерін бұзбай, өзгертпей, табиғи қалыптарында тұрып ойнап шықты. — Ғажап болды ғой, балалар, — деді Мұхаң буланған көзін орамалмен сүртіп. Одан соң барып екі жігітті сәл шөгере бұқтырып беттерінен сүйді. — Әдейі туған Абыз, арнап туған Кебек. Мұндай жарасымды егізді жылдар іздесең таппассың сахна үшін. Далаға шықсаң кеншілер, қалада жүрсе сауықшылар, солай емес пе? — деп Мұхаң бізге қарады. — Мен бізге осындай төрт-бес адамға ғана ойнайтын театр керек екен деп білдім, — деп Ғабит сөйлеп кетті. — Мен Абыз бен Кебекті бірінші көріп, бірінші тыңдағандай әсерлендім. Сонда қалай? Бұл образдар осы уақытқа дейін маған жетпеген бе? Әй, Сары, сен не дейсің бұған? Ғабит Ғабиден құрдасына әзіл сөздерін лақтырғандай, сонымен мұқатып тастағандай мәз болып қарады. — Сен бүгін қызықтағаныңды ертең ұмытқыш тұрақсызсың ғой, сен театрдағы ойыннан кейін де Абыз бен Кебекті осылай мақтағансың, саған сенуге

болмайды, — деді құрдастық есебін жібермеуге
тырысқан Ғабиден. Содан соң әзілге шақталған
пішінін молайтып, салмақтандырып алып Мұхаң мен
оның қасында тұрған екі жігітке қарады:

— Ғабит дұрыс айтты. Бұрын қанша көріп жүрген

нәрсемізге бүгін басқаша қарадық, тіпті жарасымды
оқиға болды бүгін, — деді...
Мен төртінші қол ретінде шақырған преферанс
ойналған жоқ. Мен Мұхаңның рұқсатын алып, жас

қонақтарымды өзімізге алып келдім. Тамақтанып
болған соң кештетіп студенттер де күйлі-көңілді
қалыптарында қайтты.

— Біз бүгін аса қуаныштымыз.

— Аса бақыттымыз, — дедім екі жігіт жарыса

жамырап қоштасарда шындарын айтты.

— Мен де бақыттымын... — дедім бірінен соң бірін

құшақтап. Маған осы бір қызықты, жарыққа да,
үмітке де толы күн өтіп болмайтын, сол сүттей ұйыған,
жып-жылы нұрлы қалпында тұра беретіндей көрінеді.
Ал, міне, денелі, ауыздарын ашса, көмекейлері

көрініп тұрған жас достар — жарық дүниенің
жазықсыз ақпейіл ұлдары саналып, қабақтарына
қайғы ұяламай, қастары жоқ, кілең достары ғана бар,
үлкен махаббаттарына жарықшақ түспей қатар жасап

келетіндей, келе жатқандай сезінемін.
Бірақ, олар қатар тұрып, қатар жүріп, бірге
жасай бере алмады. Батырларша қимылдаған, жыл
сайын емес, күн сайын өскен екі дос аз ғана жылдар

ішінде-ақ
туған
жұртының
мейірін

қандырып,
кеуделерін қуанышқа толтырған тұлғалы да талғамды
азаматтарына айналды.
1975 жылы Қарағанды университетінің ректоры,

академияның
сондағы
басты
өкіліне

айналған
Евней Бөкетов 50-ге толды. Біз оның тойына Есенов
Шахмардан екеуіміз бірге ұшып бардық (Шахмардан
онда академия президентінен босаған, оның орнына

Қонаев Асқар сайланған, ал Шахмардан геология
министрі кезі еді).

Көп адам, аса ірі адамдар барыпты Евнейдің тойына.

— Достарың көп екен, жастарыңа сүйкімді,

халқыңа қадірлі екенсің, тойың құтты болсын,
Евнейжан, — дедім мінбеден. Содан кейін: – Елуге
әркімдер-ақ келеді, сен келдің елуге, еңсең биік, жүзің
жарқын болып жеттің. Енді мен кеше осында келген

соң жазған өлеңімді оқимын, — дедім де көзілдірігімді
кидім.
Елу туралы сөз
Елуді жастар айтады «жарты ғасыр» деп,

Ойлайды олар елудегі адамды масыл деп.
Асықпайды олар «көп қой» деп уақыт алдағы,

— Жеткенше қайда мүшелге менің жасым деп.

Ал, уақыт жүйрік зулайды екен тоқтамай
Өткен күн бейне жанып боп сөнген оттардай.
Қараңдаршы, мына кешегі сәби Евнейге
Аға боп қапты қылаулап шашы, соқталдай.

Үрікпеңдер, жастар, қорықпаңдар әсте елуден,
Қызық жоқ артық елуге аман келуден.
Еркектің ақылы қартая келе кіреді,
Жұптап болған соң «жаспын ғой» деген сеніммен.

Еркек болып туу қазақтар үшін қымбатты,
Әсіресе қызық жігіт боп өссең сымбатты.
Ал толысқан шақта тындырғандарың болмаса
Қалың ел мына сүймейді қу сөз, қылжақты.

Қалай сен өстің? Жаныңа намыс батты ма?
Ойыңда сенің отты армандар жатты ма?
Аталар саған батасын беріп ырзалық,

— Бәрекелді, — деп арқаңнан ағаң қақты ма?

Әркімнен достар сұраймыз бәрін осының,
Ойланған жастың өлгенше мен де досымын,

Кешеден келген жолдарың жатсын шаңдатқан,
Ертеңге барар жолдарың жатсын жосылып.
Елуге достар Евнейдей болып келіңдер,
Елуде бәрің Евнейше есеп беріңдер.

Ұрпақпен бірге жалындай берсін жүректер,
Ұрпақпен бірге көгере берсін көңілдер.
Мен осы жолы қанша адам барған бұл тойда толып
жатқан ірі химиктермен, геологтармен таныстым.

Орыс, украин, грузиндер, кәрісі-жасы аралас, бәрі
сөйледі мінбеден. Соның бәрі Евней туралы:

— Ғалым жолдасымыз, қайсар қайраткер досымыз,

— деп ағынан жарылып жатыр.

Біз осы тойға Шахмардан екеуіміз бірге ұшып
бардық деп едім ғой. Алматыға да бірге қайттық.
Ол самолеттің тоқтаған жерінде өзін күтіп тұрған
министрлік машинасымен мені үйге апарып салды.

Бірге өткізген сапарымызға риза екенімізді ақ
көңілмен айтып, жақсы қоштастық.
Ишанбай ҚАРАҚҰЛОВ

ЖЫЛДАРҒА ЖАЛҒАСҚАН ДОСТЫҚ

Мен Евнейді көп жыл бойы сыртынан көріп,
сәлемдесіп жүретін, сыйлайтын кісілердің бірі едім.
Онымен дәмдес боп, ет жақын дос болуыма себеп
болған оқиға — чехословак-совет достығы қоғамының

өкілі жазушы Вацлав Кубиктің мен жөнінде кітап
жазуы болды. Вацлав Кубик ол кезде партиялық
журналдың редакторы болып істеп жүрген. Сол
кісі бірде архив материалдарын ақтарып отырғанда

«түйе үстінде туған» деген мәлімет кездестіреді. Оқи
келе оның кейіпкері «Ишанбай Қарақұлов деген кісі
Қазақстанда, Алматыда тұрады. Денсаулық саласында
еңбек ететін ғалым» деген мәліметке қанығады да,

жазушы ол кісінің тағдырын жазсам деп қызығады.

Ұзын сөздің қысқасы — сол Вацлов Кубик ақыры
мені іздеп тапты да, оның ойына алған кітабы
жарық көрді. Евней ол кітапты оқығанда: «Тағдыры
қызық адам өз жанымда жүр екен-ау. Енді бұны мен

тереңдетіп жазамын», – депті. Соған орай, КСРО-
ның құрылғанына 50 жыл толу мерекесіне дайындық
кезінде Ғабит Мүсірепов «Знамя» журналының
редакциясында

болғанда,
ондағылар
Ғабекеңе:
«Тағдыры ешкімге ұқсамайтын, жетімнен жетілген,

мінезі мен қылығы қызық бір адам тауып беріңіз.
Және өзі ғалым болсын» деген талап қояды. Ғабең
қапелімде сасқалақтап қалып, ақыры өзі танитыннан
мені айтады. Енді оны жазатын кім дегенде, есіне

Евней Арыстанұлы Бөкетов түсе қояды.
Редакциядан тапсырма алған Евней бір күні мені
іздеп телефон шалады да, шақырып қойған жерге
асығып отырған менімен ілесіп, қонаққа бірге тартып

кеттік. Әрине, оның мені жазайын деп «зерттеп»
жүргенін білмеймін. Сондықтан да, барған жерде
барымды салып, қалжың айтып күлдіріп, дастархан
маңындағы жұрттың жанын жадыратып отырдым.

Менің бойыма біткен бір қасиет — жұрт тамақты үн-
түнсіз қотара бастаса, өзімнен-өзім қуыстанып, ұрлық
істегендей қысылып бітем. Ал, әлгіндей әзіл-қалжың
айтып жатқан жерде ұзағырақ отырып, мәжілісті

қыздыруға «үлесімді» қосушы едім. Евней бұл жөнінде
менен де асып түседі екен. Адамның жанына жағымды
сөзді қалай тез ойлап табатынын білмеймін, онымен
мәжілістес болудың өзі ұмытылмайтын бір оқиға

сияқты әсер етеді екен. Қазақтар: «Кеме келсе, қайық
судан таяды» демекші, қасымда Евней отырғанда, мен
де енді әзіл-қалжыңға шорқақтығымды сезінгендей
болдым. Бір ғажабы — Евнейдің әзілі әрі сыпайы,

әрі өтімді, әрі күлкілі. Ешкімнің де жанына кіршік
жуытпайтын тәрбиелі әзіл болып шығады. Бұрын
мен өзімді «ойын-сауықтың гүліндей» көретін басым,
енді іштей қызғанышты қойып, Евнейден «тәлім»

ала бастадым. «Мінекей, білімді адамның қимылы!»

– деп, оның әр сөзіне сүйсініп қоямын. Сонымен не

керек, бір күні әңгімеден әңгіме туындап отырғанда,
Евней:

— Ишеке, осы бәрінен де қызығы — сенің

астрономиялық қоғамның президенті болуың ғой!
Соныңды айтшы. Өзі қалай, неден басталып еді? —
деп қиылды. Шындығында, бұл менің тағдырымда
болған аса бір күлкілі, әрі қызық, әрі мазақ сияқты

оқиға еді.
Қазір сол оқиғаны еске түсірсем, өзімнің де күлкім
келеді.
Ол оқиғаның басында менің атақты ғалым,

астроном Гавриил Андриянович Тиховпен досты-
ғым жатыр. КСРО және Қазақ КСР Ғылым ака-
демияларының академигі Гавриил Андриянович –
1909 жылы Марс планетасы жөнінде кітап жазып,

атағы бүкіл дүние жүзіне танылған адам. Екеуіміз
тамыр едік. Бірге отырып сұхбаттасамыз, сырласа-
мыз. Жас алшақтығымызға қарамастан ол кісі менен
сыр жасырмайды. Өзі ғұмыр бойы бойдақ өткен, бү-

кіл күш-қуатын ғылымға арнаған кісі. Содан бір күні
кешкісін үйде тыныққалы жатсам, Тихов телефон
соғады. «Ишанбай Карагулович, поздравляю тебя с
должностью президента!» – деп, ай-шайға қарамай

әкетіп барады. «Япырау, мына шалы түспегір, ептеп
алжасайын деген бе?! Әлде, ұрттап алған ба? Мұндай
қалжыңы жоқ еді ғой» деп тез ойлап үлгеріп, мәнісін
сұрасам:

«Қаныш
Имантаевичке
айттым,
сенің

кандидатураңды жалпы жұрт мақұлдап отыр. Енді
бас тарта көрме! Білмейтін жеріңді айтсаң, өзім
көмектесем», – деп, менің пікірімді сұрамастан,
көндіруге айналды. Не дейін, «өзім білмейтін нәрсеге

тәуекел ететін мені жынды көре ме?» – деген
бір қисық ой келе қалған. Әйтеуір, ептеп алдап-
сулап, сыпайы бас тартып, шалдан құтылдым ба
деп тыныстай беріп едім. Тағы телефон! Бұл жолы

академик Фесенков! Дүние жүзіне әйгілі ғалым
Отто Юльевич Шмидтің сүйікті шәкірті. Тыңдап

көрсем, оның да үгіті әлгі астрономиялық қоғамның
президенті болуға келісім беруімді сұрайды. «Байғұс-
ау, мына шалдар алжасайын дегені ме? Аспан түгіл,
жер үстіндегіні жете білмей жүрген мені аспандағы

нәрсеге төрелікке үгіттегені несі?» — деп ойладым.
Бұл жолы ұсыныстың растығына шын сеніп, қалай
зорласа да көнбеуге өзімді-өзім қайрап, серт беріп,
ұйқыға кеттім.

Ертеңіне Қаныш Имантайұлы Сәтпаев шақырып
алды. Байсалды, ақылды, әрі кемеңгер кісі. Менің
абыр жыңқы жүзіме салмақпен қарап алды да
жымиды.

— Мына екі шалдың қалауына түсіп тұрсың...

— Ойбай-ау, мен аспан түгіл... жердегіні келістіріп...

— Әуелі тыңдап ал мені... — деп Қаныш Имантайұлы

тағы жымиды.

— Бұл екеуі де қырсық, қисық шалдар. Өз дегендері

болмаса, өліп кетсе де көнбейді. Президенттік лауазым
екеу емес, жалғыз. Сондықтан бір адам сайлануы
керек. Екеуінің бірін сайлай қояйық десек, екеуі де:
«Бұл орынға гуманный, демократичный жан керек»,

– деп, бастарымен алысып отыр. Екеуі де саған

тоқтады. Өзің айтқандай аспан түгіл, жерді келістіріп
алсын деп едік, «өзіміз көмектесеміз» деп безеріп
отыр. Осыны сен атқарсаң. Жоғарғы жақтың да пікірі
сол!

Әрине, Қанекеңнің «жоғарғы жақ» дегені —
Орталық Комитет. Егер ол жақ ұйғарып қойса, менің
бас тартуым әншейін далбаса. Соны топшылап үлгер-
дім де: «Жарайды, сіздер ұйғарып қойсаңыздар, мен-

де қандай қауқар бар?» – деп, көнгенімді білдірдім.
Қанекең рахмет айтып жатыр. Ара-тұра әзіл айтып
күлдіріп қояды. «Екеуі де өзіңе орынбасар болды.
Егер төбелесе қалса, арашалайтын да адам керек қой.

Сен жассың, әрі әділ, шыншыл адамсың. Кімдікі жөн
екенін біліп отырайық тағы!» – деп қуақыланды.
Сөйтіп, ғұмыр бойына аспанға қарап, қанша
білгім келсе де, түнге қарай көп жұлдыздың ішінен

Жетіқарақшы мен Темірқазықты әрең танитын мен

де шалдардың дүрдараздығына орай, астрономия
қоғамының президенті лауазымын бірнеше жыл
атқарғанмын. Евней мұны естігенде, тіпті мәз болды!
Фесенков пен Тиховтың «пендешілік» мінездерін

мен құлпыртып айтып бергенімде, Евнейдің қуа-
нышында шек болмады. Мені ауызекі әңгімеге ше-
берсің деп мақтаудан да тартынбады.
Ал осы оқиғадан кейін біздің достығымыз нағыз

мазмұнды, бауырластық сипат алды. Ол Қарағандыдан
келсе, бізге телефон соқпай, бірге отырып, бір кесе
шай ішпей ешқайда аттанбайтын. Не керек, отырған
жері той-думан еді ғой! Екеуміз талай рет қонаққа

бірге барып та жүрдік. Екі иығына екі кісі мінгендей
алып тұлғалы, жауырыны қақпақтай, нар тұлғалы
жігіттің өзі еді Евней!
Оның осындай қасиетіне жібектей мінезі, биязы

сөзі, әдепті әзілі тым жарасымды көрінетін. Сондық-
тан ба, нәзік жандар арасында оның беделі үстем
болды. Қандай бір көрікті, қылықты, білімді деген
қыз дардың өзі Евнейді көргенде қалай төңіректеге-

нін білмей қалатын. Бірақ, Евней – мұндай мәселеге
өте ұстамды, өзін әдеп шегінен асырмайтын жігіт! «Ей,
Ишеке-ай, мұндай жарқылдақ асылдар бізге лайық-
сыз ғой. Көріп, көңіл тойғызуға болар. Жар етуге

жарамайды ғой». Осыдан кейін неге екенін білмеймін,
Евней терең күрсінетін. «Біз сияқты алаңы көп жанға
көкейдегіңді айтқызбай түсінетін кісі керек!» – дер
еді.

Сол ішіндегіні айтқызбай түсінетін кісіні тапты
да. Ол — Зүбәйра қарындасымыз еді. Зүбәйра —
республикаға белгілі партия, совет қызметкері Нұртас
Дәндібайұлы Оңдасыновтың қарындасы. Оқыған,

көргені көп, тәлім-тәрбиесі мол жан. Евней марқұм
бір себеппен қарындасымызбен аздап суысып жүрді
де, әлгіндей бикештердің қылығы жирентті ме,
кешікпей маған: «Евнейге Зүбәйрадан артық жар жоқ

екен!» – дегені бар. Шынында да, суысып кеткен
бірнеше жылда көңілін суытпай, адал жар ретінде

азаматын сырттай бақылаған Зүбәйраның алдында
борыштылығын ол маған сыр етіп айтқан. «Басқа
әйел тек жұбайым, әйелім болуға ғана жарайды екен.
Ал, Зүбәйра досым, жолдасым, сырласым, пікірлесім,

рухани сүйенішім екен ғой. Соны танытты өмір,
Ишеке!» – деді бірде ол.
Зүбәйра қарындасымызбен қайта табысқанына
мен де қатты қуандым. Оның бір себебі — Нұртас-

пен өте дос, көңіл тату адам едім. Ол республика
Министрлер Кеңесінің төрағасы болған жылдары
мен денсаулық министрі боп, аралас-құралас, пікірлес
болғанбыз. Қызметте де, жолдас-жораға да таза,

қалтқысыз жан. Ол кезде жағымпаздану мен тамыр-
таныстық тарамаған, алым-берім, пара деген атымен
жоқ. Біреуді біреу таланты мен білімі үшін күндеп,
қуғынға салмайтын. Соның бәрі кейінірек шықты

ғой.
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қайтыс болғаннан
кейін
ғалымдар

арасында
әңгіме
туды.
Бұрын

Қаныштың жан-жақты білімдарлығына қарап, оны
қазақтың Ломоносовы ғой деп, сырттай мақтан етуші
едік. Оның орнын енді кім басар екен деген сұрақ
мазалады. Сонда жұрттың ойланбастан атағаны —

Евней Арыстанұлы Бөкетов болатын. Бұл кейбір
іші тар, мансабы жоғары адамдардың қызғанышын
туғызды. Ақыры сол қызыл көз қызғаныш оның
тағдыры мен талантына үлкен әсер етті ғой. Егер

мансабы құдіретті біреулер кедергі келтірмегенде, сөз
жоқ, республика академиктерінің басшысы болып,
ғылымды өркендетуге Евней қолдан келгенше үлес
қосқан да болар еді.

Евнейдің таланты өзіне қырсық болып жармасты.
Қызғаншақ жандар оны жазықсыз жазаға тартып,
баспасөзде қаралатқан науқанды да көрдік. Жарыққа
шыққалы қол қойылып келген кітабының архивке

жіберілгенін де естідік. Ол жазған бір шығарма басқа
автор атымен Мәскеу баспасынан шықты. Неге
десеңіз, Евнейдің атымен шығып жатқан кітап болса,
ол жақтан келген хабар «құдіретті мансапқордың»

құлағына салынатын да, кітап тағы да архивке
жіберілетін болды.
Евнейдің талантты ақын, әдебиет зерттеушісі, аудар-
машы, әрі журналист, әрі жазушы екенін жұрттың

бәрі біледі. Бірақ, жұртшылық оның бойын дағыны
тұтас алып үлгерген жоқ. Таланты жаңа ашылған кезде
оның алдынан алынуы қиын асудай кедергі шықты.
Ол — талант пен әділеттің, шындықтың жауы —

мансапқорлық, ағайыншылдық дейтін қырсық еді.
Қазақты жүзге бөлу, ру-руға жіктеу дейтін соңғы
он бес — жиырма жылдықтың жемісі. Біз соғысқа
дейін, соғыстан кейін де кімнің қайдан екенін тіпті

сұрамайтынбыз. Оған мән бермейтінбіз.
Менің өмірімде мынадай қызық оқиға болды.
Н.С.Хрущев тұсында республика басшыларының
бірі боп Сәлкен Дәуленов сайланды. Сонда бір күні

маған Ахметжан Қойшығұлов ағамыз: «Сәлкенді
лауазымымен құттықтадың ба?» – деді. Мен шала
танитынымды айттым. Ақаң маған жекіп: «Жерлес
ағаңды танымайсың!» – деген. Сонда барып білдім,

оның Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туып-
өскенін. Әнекей, біздің ұрпақ сондай еді. Сол жақсы
қасиетімізді ірітіп, жамандыққа бұрған — соңғы
кезең. Бұл кезде үш жүзге, руға, атаға жіктеу

жұқпалы дерттей тарады. Евней марқұм осының
бәріне жирене қарайтын. Төзе алмайтын. Қазақтың
небір дана ұлдарының, талантты адамдарының
халықты бөлмегенін мақтан ете сөйлейтін. Ол

ән-күй тыңдағанды ұнататын. Құрманғазы күйін
тыңдап
отырып:
«Құрекең

қазақтың
даласын
тұтас Отан тұтқан. «Сарыарқа», «Алатау»... – деп
мадақтай мастып отырушы еді. Қазіргі республика

басшыларының ішінде жікке бөлушілік неге
шықты?» — деп, мәнісіне түсіне алмай қиналатын.
Әрине, оның сырын кейін білдік қой. Оның бәрі
кейбір дүмше тоғышар басшылардың қара бас қамын

көздегеннен туған, қолданылған айла-шарғы екен.
Бұрын әулие санап жүрген мансапты адамдардың

алымқор, парақор екенін көргенде, Евней марқұмның сол кездегі топшылауының шындыққа айналғанына көз жетті. Марқұм көреген екен. «Осының бәрі ленинизмнен ауа жайылушылық!» – дейтін ол құдіреттілердің награда мен атаққа құмартқан ынсапсыздығына төзе алмай... Бірде маған: «Ғылым тоқырауға ұшырады. Ғылым ғана ма? Ар-ұждан, намыс, шындық пен әділет те тоқырауда. Ойпыр-ай, бұл сұмдық қашанға дейін созылар екен?» – деп қажып келді. Мен оны ілестіріп, біраз көңілдестерге сәлемдестіріп шықтым. Біздің дәмдес жолдастарымыздан сол сапар Әбділда Тәжібаев, Сырбай Мәуленов, Әлжаппар Әбішевтердің үйінде болдық. Көңіл делберлік әңгімелер айттық. Бір жақсысы — Евней мұндай жерде пікір жасырмайды. Онда күмілжу, жалтару дейтін атымен болған емес. Жасқанбай, шындықты айтатын. Бөкетов тек өз мамандығының ғана адамы емес, бүкіл ғылымның досы, қорғаушысы, әрі жете білгірі болды. Евней халық медицинасын қалай терең білуші еді. Металлургиядағы табысына республикада шақ келер ешкім жоқ-ты. Бірде біздің үйде оның иығына шапан жаптық. Сірә, туған күніне құттықтау ретінде болар, сол жерде жұрт оның еңбегі жөнінде көп-көп ізгі тілек айтты. Соның бірі, ұмытпасам, оның ендігі жерде республика Ғылым академиясын басқаруына лайықтылығы жөнінде болды-ау деймін. Шыны керек, жан-жақты білімдарлығына қарағанда, Евнейден артық президент бізге керек те емес, тіпті ол тұрғанда, сол орынға лайықпын деуге басқалардың өзінен-өзі ұялуы тиіс еді. Соны естіген дүмше, тоғышар, топас мансапқорлардың намысы қозбасын ба? Бөкетовтің соңына «шырақ» ала түсті. Ақыры, барлық қызығынан айырып, қудалауға салды да, дертті қылды. Егер өзінөзі сақтап, пікірін ашық айтпай, бұғып жүрген адам болғанда, Евней ауырмас та, мансабынан айрылмас та еді. Бірақ, намысты азамат бұлай істей алмады.

Күресті, арпалысты, күші мен айласы басым арамза
күштердің құрбаны болды.
Қазақ топырағында туған талантты ұлдардың
ең бір көрнектісінен айрылдық. Қара ниет зұлмат

күш дегеніне жетті. Бұл Лермонтовтың Пушкинге
қайғырғанындай жырланатын-ақ оқиға еді. Лауазымы
құдіреттілер Евнейге деген ел сүйіспеншілігін жария
еткізбей тұншықтырып тастады.

Бірақ, «түн қаншама таңды атқызбаймын дегенмен,
күн қоймайды» дегендей, қайта құру мен бетбұрыс
қара түнек тоқырау заманын артқа ысырып тастады.
Евней Арыстанұлы сияқты қызу қанды, адал жанды

ініміз, әрі досымыз, жұртшылық есінде мәңгі қалуға
лайық азамат екенін айтар күн туды. Шындық
пен әділдік орнады. Енді кеш те болса ардақты
азаматымызға: «Топырағың торқа болсын, Евней!

Сені туған халқың ұмытпайды. Сенің рухың талай
талантты ұл-қыздың дүниеге келуіне әсер етер тәлім-
тәрбие құралына айналады», – дегіміз келеді.
Иә, Евней туралы айтар сөз көп қой. Бірақ оның

бәрін бір мақалада қалай айтып тауысарсың. Оның
өмірі кейінгі жастарымызға өнеге болғандай шежіре-
жырға айналар деймін.
Сырбай МӘУЛЕНОВ

САН САЛАЛЫ САБАҚТАР

Евнейдің ойы да, бойы да биік еді. Үлкен істі
тындыруға
жаралған
адам

болатын.
Құлашын
қиынға созатын. Қиядан жем ілетін қыран тектес
жігіт еді. Өзі нардай адам, нардың жүгін көтеруге

әзір тұратын. Евнеймен бірінші рет жаздың күні
Алматы сыртындағы санаторийде кездестім. Бірімізді-
біріміз сырттай білсек те, іштей сырласып көрмеген
едік. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, Евней мені

жатырқамай, ертеден білетіндей ішіме кіре сөйледі.
Екеуміз басын бұлт шалған биік шыңдарға, төменде

сылдырай ағып жатқан бұлақ суына қарап біраз
тұрдық. Бір мезгілде кенеттен жел тұрып, қалың
қарағай басы бір иіліп, бір көтеріліп, шуылдап кетті.
Аяқ астында бұлақ буырқанып, көкжал толқындар

тасқа соғып, сынған шыныдай быт-шыты шығып,
шашырап жатты. Евней:

— Аллалап ну қарағай шулай-шулай,

Төменде толқын өлді тулай-тулай, — деп Мағжан
өлеңін еске алды.

— Бұл өлеңде сурет те, құдірет те қатар тұр. Мына

бұлақтың көпіршіген көбігі бу болып ұшып кетеді де,
толқыны қалады ғой. Сол сықылды көпірме сөздер
көбіктей жоғалып, тұңғиықтағы маржандар қалады,

— деді. Одан әрі бұл тақырыпқа екеуміз оралғамыз

жоқ.
Осы кездескеннен кейін Евней екеуміз бірімізді-
біріміз те рең ұққандай жақындасып кеттік.
Бір күні ол атақты ғалым Ишанбай Қарақұловпен

біздің үйге келді. Өлеңдер оқыдық. Евней көбінесе
орыс ақындарының өлеңдерін жатқа айтып отырды.

— Бізде орыс ақындарының бірін символист,

бірін футурист, бірін акмеист деп жатады. Ал солар
жаман ақындар ма еді? Символист Брюсов, футурист
Маяковский тамаша талант, классик ақындар емес
пе? Брюсов сонау кездің өзінде космос туралы

өлеңдер жазған. Олар – құдіретті қиялдың құлдары.
Ертеде Коллонтай: «Фантазиясыз адам – жалаң,
құрғақ, жадағай, жартылай өмір сүретін жан», — деп
бекер айтпаған. Осыған сабақтас пікірді философ

ақындардың бірі Леонид Мартынов та айтқан.
Содан кейін ол менен Қасым Аманжолов туралы
сұрады.

— Қасым еркін көсіле алмай, арманда кетті ғой.

— Иә, солай, — деп ол мені құптады.

— Қасымды бір күні Пролетар көшесімен асығыс

төмен түсіп бара жатқанында кездестірдім. «Ертемен
қайда асығып барасыз?» — деп сұрадым.

— Бір газет тез өлең жазып алып кел деп тапсырма

беріп еді, соны алып бара жатырмын. Жаман өлең
жақсы өлеңді асырайды, — деді де:
Саудагер болдық сөз сатар,
Түсіріп шала иіне,

Қосылмай, досым, жылатар,
Көңілдің күңгірт күйіне, —
деп өлеңдетіп қоя берді ол.

— Қайран ақын-ай! — деп қалды Евней назалана.

Евней

сөзінен оның асқан білімдарлығы, поэзияның алуан қырын, сан сырын тамыршыдай тап басып, жете білетіні айқын көрініп жатады. — Ақындар сынға төзімді болып, одан өз керегін ала білуі де керек. Тәкеңнің өз шығармалары, аудармалары сыналса да, ол ешкіммен дүрдараз болып көрген емес. Жалпы, ол сыпсыңдағанды суқаны сүймейтін, жаны ашық адам еді, — дейді Евней. Енді Евней бір кеште санаторий жанында Ғабиденмен кездесіп, көп сөйлескенін айтады. Ғабиденнің өзі жайында айтқан сөздерін қайталайды. — Тыңдау аз, тыңдағанды көзбен көргендей көңіл сарайынан өткізу керек. Мен көбінесе басымнан кешкендерімді, өз көзіммен көргендерімді жазамын. Өмір шындығы сенің ойдан шығарып, құрастырған шындығыңнан әлдеқайда артық, әлдеқайда күрделі. Мен сөз ысырабына қарсымын. Тиыннан миллион, грамнан тонна, тамшыдан теңіз, төбеден тау құралатыны секілді бір сөзден бүкіл адам жаны ашылады. — Ғабиденнің осы сөздерінен оның өзінің жаны да ашылып тұрған жоқ па? — дейді Евней. 1970 жылы емханаға түскенімде Қаныш ағаның зайыбы Таисия Алексеевнаны кездестірдім. Ол кісі: — Қаныш жайында кітап жазылуы керек еді. Соның реті қалай келер екен? — деп сұрады менен. Мен іркілместен: — Оны Евней Бөкетовпен сөйлесіңіз. Бір келсе сол кісінің орайы келіп қалар, — дедім. Евней

кейінірек белгілі жазушы Қоғабай Сәрсекеевке жазған хатында: «Сіз Қанекең жөнінде жазғанымды ескерткен екенсіз. Соған кәдімгі өз бастығыңыз Сырағаң кінәлі. Ол кісі Қанекеңнің бәйбішесі Таисия Алексеевнамен емханада жатады да, үлкен кісінің өмірбаянын тек Евней жаза алады деп дәріптепті. 1971 жылы Қанекеңнің бәйбішесі бұрын бейтаныс мені шақырып, өтініш айтуы осыдан басталды», — дейді. Евнеймен Қарағанды жерінде де кездесіп жүрдім. Бірде ақын Еркеш Ибраһимнің елу жасқа толған тойына барғанымда Евней мені үйіне шақырды. Үйі толы кітап. Жазу столының екі жағы толы техника саласынан, әдебиет әлемінен сыр шертетін қалың кітаптар. Ішімнен Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техникалық ғылым докторы Евнейдің осынша кітаптарды, журналдар мен газеттерді қалай оқып шығатындығына қайран қалып отырдым. Өзінің айтуынша, ұйқы аз, жұмыс көп. Таңғы алтыдан түн ортасы ауғанша сабақ беру, оқу, жазу жұмысынан бір босамайды. Әр уақыт ой үстінде. Әр уақыт жұмыс үстінде. Ол маған Маяковскийдің «Жақсысын» аударып жүргенін айтты. Кейіннен ол Есениннің «Анна Снегина» деп аталатын атақты поэмасын аударды. Қарағандының ескі қаласында келе жатқанымызда ол Есениннің өлеңдерін жатқа айтты. — Есенин — елін, жерін сүйген ер. Отан — оның анасы. Ол — баласы. Оның тағдыры — табиғат. Оның кіші туысы — жан-жануарлар. Есениннің ит туралы өлеңін оқығанда Горький еңіреп жылап жіберген ғой, — дейді Евней. 1974 жылы Вадим Кожевников бастаған жиырма шақты москвалық жазушылар Қарағандыға баратын болды. Солармен бірге маған да Қарағандыға жол түсті. Барып түскен күні түсте Қарағанды университетінде үлкен кездесу өткізілді. Ол кезде Евней Қарағанды университетінің ректоры болатын. Ев ней жазушылармен кездесуді өзі ашып, сызусыз,

баяндамаға бергісіз қырық минуттай сөз сөйледі. Қаты сып отырған орыс жазушыларының барлығының шығармаларына тоқталды. Сөз аяғын сонда қатысып отырған қарт ақын Яков Шведовтің «Орленок» деген өлеңін жатқа айтумен аяқтады. — Бұл қандай білімді адам! Өзі металлург, химик бола тұ ра, әдебиетті қандай тамаша біледі. Ректор, трибун, — деді Вадим Кожевников. Мен оған Евнейдің ақын, жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз екенін, Шекспирдің «Макбетін», «Юлий Цезарын» аударғанын айттым. Евней әр кезде әр жағдайға байланысты маған үзбей хат жазып тұрды. Соның кейбіреулері жазу столымда жатыр. Мына бір хатты ол КСРО Мемлекеттік сыйлығын алғанда құттықтағаныма жазған еді. «Құрметті Сырбай аға! Сіздің өз атыңыздан және «Жұлдыздың» атынан соққан телеграммаңыз маған үлкен қуаныш болды. Халыққа әйгілі ақын ағаның, жүз мың оқушысы бар журналдың маған көңіл аударуына қуанбасам, енді не нәрсеге қуанбақпын? Сіздің көңіліңіз — маған рухани азық, қанат. Сыйлық алған істің мәнін айтып, хат жазбақшымын, бірақ техника құбылыстарын қара сөзге түсіру қиын болып жатыр...» Менің жылдығыма байланысты Евнейдің жіберген телеграммасы да оның елгезектігін, сезімталдығын, ұқыптылығын аңғартса керек. «Сырбай ага, мне доставляет большую радость приветствовать Вас на той вершине, где высочайшей поэзии сопутствует глубочайшая мудрость. Я счастлив приветствовать Вас — животворца родного слова — той порой жизни». Ал мына бір хат менің 60 жасқа толуыма байланысты жазылыпты. Бұл хаттан да Евнейдің жалпы поэзияны жанындай жақсы көретіні сезіледі: «Ардақты Сырбай аға! Алпыс деген жасқа келіп қалыпсыз. Бәрі де үлкеннен басталады. Сіз бұл жасқа келмесеңіз, біз

де келмес едік: өйткені маған сол жасқа келуге екі
жарым-ақ жыл қалып отыр. Келмей тұра тұрсаңыз
да болатын еді, бірақ амал нешік, күркіреген Сырбай
ақынға бағынбай жатқан уақыт біздей пақырға

бағынар ма, бір күндей болып өте шығады ғой. Бірақ
қалай тез өтсе де, халқына жүрегі мен бар жан-
дүниесіне біткен қабілетін адал жұмсап, өмірді Сіз
сияқты өткізіп жатсақ, өкініш жоқ, тіпті үлкен қуаныш

болар еді. Сізден алпыстамын деген хат алғанда
осыны ойладым.
Жанымдай жақын аға! Биыл ұзақ ауырдым
(жүректен), әлі мықтап айыға алғам жоқ. Сондықтан

тойыңызға қатысуға шамам келмейтін түрім бар.
Үлкен өкініш болайын деп тұр. Амал жоқ. Тек жүрек
пен көңіл бірге деп түсініңіз.
Жеңгемізге, балаларға сәлем. Құштым, сүйдім,

Зүбәйра келініңіз де осыған қосылып отыр. Құрметпен
Евней».
Евней өмірінің соңғы кезінде тоқырау заманының
соққысын аз көрген жоқ. Қуғын-сүргінге түсіп,

қызметтерден босатылды. Ол бір кездескенімде:

— Мен мойымаймын. Қызғаншақтық, көреалмау-

шы лық, мансапқорлық, жершілдік, жікшілдік бар
жерде тосқауыл аз болмайды. Сол тосқауылға
менен басқа да талайлар тап болған. Жала-жападан
зардап шегіп, залал көрген адамдар аз емес. Кезінде

Салтыков-Щедриннің еңбектерін де неше түрлі саққа
жүгіртіп, зиянды деп тауып, оның діңкесіне тиіп,
жүйкесін жүндей түткен жұрт қой, — деді де, ол одан
әрі өз жайын қазбалап айтпады. Ептеп езу тартқандай

болды. Бірақ оның күлкісінің астында күрсініс бар
еді. Көз жанарының жанында мөлтілдеген жас бар
еді. Бірақ ол қайсарлықпен соның бәрін көрсетпей,
тұншықтырып тастағандай болды.

жылдың
жазға
салымында
Ақселеу

Сейдімбеков,
Фариза
Оңғарсынова
үшеуміз

Жезқазған облысының Шет ауданын он күндей
аралап, Қарағандыға оралдық. Қалаға кіре Евнейді
іздедік. Евнейді қала ортасындағы ауруханадан

таптық. Бір бөлмеде жалғыз өзі жатыр екен. Бөлменің ортасы үйілген кітап. — Осы кітаптарды оқып жатырмын. Жүрек сыздап ауырып, сырқат жанға батады. Сіздердің келгендеріңіз қандай жақсы болды, — деп Евней көңілденіп қалды. Кітаптарға көз жіберсем, дәл ортасында Маяковскийдің бір томдығы тұр екен. Кітапты қолыма алдым да: — Евней, есіңде ме, бір кезде Жазушылар одағы Пролетар көшесіндегі ескі үйде тұрғанында сен Маяковский шығармаларының қазақ тіліндегі аудармасы жайында баяндама жасап, ақындарды жағалай сынап едің ғой. Сонда Тайыр Жароков марқұм: «Әй, мына бала қайтеді? Осы баладан қорқайын дедім ғой», — деп күліп еді-ау?! — Ондай да кездер болып еді-ау, — деп Евней езу тартты. Біраздан кейін біз қоштасып, Алматыға аттандық. Бұл менің Евнейді соңғы көруім болды. Көп ұзамай қайран Евней мәңгілік мекенге жөнелді. Қазір шындықтың шымылдығы ашылып, өзінің аты қайтадан жаңғырып, еңбектері еленіп, ел аузында қайтадан аталып жатқанда, Евней секілді жаңалыққа жаны құштар, ізденгіш, Үлкен ғалым, ойлы жазушы, ірі тұлғаның біздің арамызда болмай, ерте кетуі орны толмас өкініш. Жақсының жақсылығын кеш айтамыз, өкіне-өкіне бармақ тістейміз, дер кезінде ақиқатты ашық айтудан жасқанып, артынан ауыз ашамыз. Ал, бұл екі ортада жалақорлар өзінің дегенін істеп, ойын орындап, түк көрмегендей мысықша көзін жұмып отырады. Кейбіреулері баяғыша кердеңдей басып, көкжиекке қарайды. Бірақ «Ештен кеш жақсы» дегендей, бүгінгі әр нәрсені өз атымен жариялайтын жақсы күнге жеткеніміз қандай ғанибет. Ев ней секілді асыл азаматтың, даңқты ғалымның, жүйрік ойлы жазушының жүзі жүрегімізде, дауысы құлағымызда, жазған шығармалары жадымызда.

Қайрат ТАСБОЛАТОВ ЖОҒАРЫ ПАРАСАТ ИЕСІ жылы бір жолдасыма көмек көрсету мақсатында Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Е.А. Бөкетовке жолығуға тура келді. Еңбек жолын жаңа ғана бастаған жас маман едім. Жүрексініп ұзақ ойландым. Ол қалай болғанда да бір университет ректоры, үлкен ғалым адам, ал мен оған ұсақ-түйек шаруамен баруға тиіспін. Дегенмен, университет студенттері менің күдігімді сейілтіп, оның аса қарапайым адам екенін, жүрексінудің керексіздігін айтып кеңес берді. Егер ағай менің жұмысымның орынсыздығына кейістік білдіретін болса, кешірім өтініп, шығып кетермін деген оймен жүрексіне-жүрексіне кабинетіне кірдім. Мен табалдырықтан аттасымен-ақ Евней Арыстанұлы орнынан атып тұрып, жылы жүзбен амандасып орындық ұсынды. Менің келген шаруамды асықпай тыңдап алып, сәл жымиып отырды. (Мен кейін білдім, осы келген шаруамды кадрлар бөліміақ шешіп береді екен). Евней Арыстанұлы телефон анықтамаларын алып, ақтарыстырып отырды да, біреуге телефон соқты, сөйтіп менің сұрағыма жанжақты жауап берді. Қоштасарда егер түсініксіздік кездесе қалса, қайыра соғуымды сұрады. Бұған дейін де, одан кейін де мен талай директорлардың, ректорлардың, басқа да бірінші басшылардың қабылдауында болдым. Алайда, өкінішке қарай, олардың арасынан дәл Евней Арыстанұлы сияқты ілтипатты да кішіпейіл адамды кездестірген емеспін. Кезінде Е.А. Бөкетов есіміне күйе жаға жазылған мақаланың пайда болу сыры кейінгі уақытта ғана ашылды ғой. Е. А. Бөкетовтің «жоғарыдағы» басшыларға ұнамай қалғандығынан қазір жұртшылық хабардар. Кейіннен оның інісінің, жақсы білген көптеген адамдардың естеліктерінен осынау тамаша азаматтың жақсылықтары жайын да көп біле бастадым.

Евней Арыстанұлы — тоқырау кезеңінің құрбаны.
Осынау
уақыт
қайталанбас

үшін
және
халық
оны мәңгі есіне сақтау үшін «Карагандацемент»

бірлестігінің жұмысшысы В. Беляевтің Қарағанды
мемлекеттік университетіне Е. А. Бөкетовтің есімін
беру туралы ұсынысын мен де қызу қолдаймын.
Біздің қоғамымыздың игілік жолындағы аса зор

жұмысы, өзінің принциптілігі, адалдығы оны осындай
мәртебеге әбден лайық тұлғаға айналдырып отыр.
Жайық БЕКТҰРОВ

ТАҒДЫР ТОҒЫСЫ

Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі,
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, СССР
Жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы
Бөкетов 1983 жылдың желтоқсан айында, 58 жасында

дүние салды. Оқымысты – жиырма жылдан аса уақыт
жемісті еңбек еткен, Қазақстандағы екінші Қарағанды
Мемлекеттік университетінің алғашқы ректоры, осы
қалада докторлық диссертация қорғаған. Қазақ КСР

Ғылым академиясына әуелі мүше-корреспондент,
артынша толық мүше болып сайланған, КСРО
Жазушылар одағына да Қарағандыда тұрып мүше
болып қабылданған Е. Бөкетовтің туғанына 60 жыл

толуын Қарағанды жұртшылығы 1985 жылы лайықты
атап өтті. Е.А. Бөкетов ұзақ жылдар еңбек еткен
ғылыми ин ститут алдына 1987 жылы оқымыстының
бейнесі бедерленген мәрмәртас ескерткіш тақта

орнатылды.
Е.А. Бөкетов парасатты, байсалды ғалым, қабыр-
ғалы, қабілетті ұйымдастырушы, дарынды қайраткер,
әрі кішіпейіл, жақсы жолдас еді. Оның химия,

металлургия саласында ғылымға, өндіріске қосқан
елеулі үлесі баршаға мәлім. Евнейдің жарқын бейнесі,
қалтқысыз көңілді күлкісі, қарапайымдылығы, адамға

жақын тұратын жылы шырайлы ба ла мінезі, қағылез
қасиеті онымен істес, әріптес болғандардың көзінде,
көңілінде сайрап тұр. Е. Бөкетовтің ұзақ жылдарғы
жақын, сырлас, пікірлес, дәмдес адамдарының бірі

мен едім. Евней Бөкетов алпысыншы жылдардың
орта кезінде техникалық ғылымдардың докторлық
диссертациясын қорғағанда, оның өмірі жайлы,
ғылыми еңбегі туралы очерк жаздым. Ол сол кезде

Қарағанды

облыстық
«Орталық
Қазақстан»,
Солтүстік

Қазақстан
облыстық
«Ленин
туы»

газеттерінде, «Жұлдыз» журналында басылды. Сол
мақалада Евнейдің балалық шағынан айтарлық бір
қызықты дерек бар. Мен оны ғалымның өз айтуынша
жазып едім. Евней өзінің алғаш мектеп есігін ашуын

былайша баяндаған-ды.
Отыз бір-отыз екінші жылдар, ел іші қиыншылық,
Евнейдің
әкесі

Арыстан
Солтүстік
Қазақстан
облысының Сергеев ауданынан іргелес Қорған

қаласы жаққа көшіп барған. Үш-төрт шиеттей жас
баласы бар. Үлкені Евней — алты-жетілерде. Анасы
Бәлтай киім-кешектерін жамап-жасқап, бүтіндеп
отырады. Арыстан жалғыз биесін арбаға жегіп, осы

күнгі Қорған облысының бірнеше селосында болады.
Әр селоның шет жағында жаппада, күркеде отырады.
Бір қыс Иван дейтін қайырымды орыстың ауыз үйін
паналайды. Арыстан етік тігеді, пима жамайды. Бар

күнкөріс, қарекет осы. Ақысына әркім нан, картошка
береді. Кейде шелектеп бидай да алады. Қызылжар
қаласынан санағанда темір жол бойындағы төрт
станциядан әрі Мокроусово дейтін шағын қала

бар. Бұл ара қазіргі Мамлют, Петухово, Макушино,
Лебяжье станцияларынан әрі, Қорған қаласына
қарай Мокроусов ауданының орталығы. Қазақ оны
Мокроусбай дейді. Евней де солай айтатын. Е. Бөкетов

өзінің алғаш мектеп босағасын аттаған өңірін,
болашақ жемісті өмірін өте бір қиыншылық, көшпелі
кезде, дәл осы арадан бастағанын ерекше елжірей
еске түсіруші еді.

Е.А.Бөкетовтің айтуынша, Мокроусово іргесінде
Мал Қазақ дейтін өзен бар. Жағасында — мектеп.
Бірінші
класты

Евней
осында
оқиды.
Өзен

жағасының жары биік. Кірме қазақ баласының
үстінде қаудыраған жыртық тон. Жергілікті село
балалары киімі жыртық бөтен баланы жатсынып па,
әлде балалықпен қызық көріп пе, әйтеуір оны үзіліс

кезінде өзен қабағынан төмен сырғаната береді. Әлі
орысша жөнді тіл білмейтін балаға бұл қиын. Биік, тік
жардан арнадағы мұзға домалаған қазақ баласын бір
кексе мұғалима көбінде өзі қолынан тартып шығарып

алады. Қала балаларының жалғыз Евнейді шетке
қақпауын қадағалап, көзін салып, қорғап жүреді.

— Сол мұғалімімізді Августина деуші едік. Ол

кісі мені көзінен таса қылмайтын, — дейтін Евней.
«Августина» деп жүрген кісімнің Августа Устиновна
екенін кейін түсіндім. Екі есімі бар адамның аты екен
деп қосып айтқанымды кейін білдім. Әкеміз базарға

барып, шай, әлде ұн сатып алған ба, әйтеуір Лебяжье
станциясында оны милиция абақтыға жауып, күн
көріп жүрген жалғыз биесін де алып қойыпты.
Бізді аяп, Августа Устиновна қырық шақырымдай

станцияға барып, әкемізді босатып әкелді. Биесін
де қайтартып бергізді. Сол ұс тазыма мәңгі бақи
қарыздармын. Содан бері көргенім жоқ. Әкемнің бар
жазығы базарда бірдеңе сатып, бірдеңе алып тұрғаны

болса керек.
Евней інімізден: «Сол Мал Қазақ өзеніне бір
апарсайшы. Бұл қайдан шыққан сөз екен? Тегі, бұл
қазақ елі өзі қоймаған ат болар?» – деп жүрдім. Арада

он бес жыл өткенде, 1981 жылдың шілдесінде көптен
көңілдегі жұмбақ өзен — Мал Қазаққа барудың
сәті түсті. Шыным, алпысыншы жылдары Евней
Арыстанұлы туралы очерк жазғанымда, оның бала

күнінде жар басынан жалпылдап сырғанаған өзенінің
жағасы өз көңілімде, қиялымда өте бір биік жар еді.
Өзеннің арнасы да кең көрініп еді. Бала Евнейдің
сырғанаған биік қабағы жойқын бір өзеннің ат

шаптырым кең алқапты дөңгелете айналып жатқан аса бір биік шынтақ-иығында, тау сілемі тұмсығын айдын өзен ағысының тулаған толқын иірімі көп соғып, арна түбін тереңдете түскен, содан да өзеннің ұлан-ғайыр кең аймақты алыстан орағытқан қабағы суық мүйісіндей көрінуші еді. Көңілге осылайша түйілген көрініс дәл бір өңімде өзім кеп көрген, шығыстан батысқа жөңкіле аққан бір жойқын өзеннің асқақ қабағындай еді. Бетімді теріскейге бере жүргенімде, осы бір өзен оң жағымда күн көзіне шағылысып, суы жарқырап жатқандай, бала күнімде өзім де жағасында көп ойнаған жар қабағындай елестеуші еді. Міне, маған осындай көңілде, Евнейге кезінде биік жар қабақ көрінген Мал Қазақ өзенін көргелі шықтық. Аты жұмбақ. Заты қандай? Үш-төрт машинамыз. Бұл алап – пойызбен әрі-бері талай өткен өңірім. Тек бұрын бұл тұста темір жол қапталынан аттап оңды-солды шыққан емен. Соғыстан бұрын Қазақстан мен Советтік Ресей шекарасы саналатын Петухов станциясында кейін майданнан оралмаған өз ағам Қажыбай қызметте болып еді. Ол кезде мен Алматыдан осы маңға жиі хат жазып, өзім де осы арадан хат-хабар алып, сәлем-сауқат жіберісіп тұрушы ек. Соңғы жылдары пойызбен өткенде, Қызылжар, Қорған, Челябі қалалары аралығындағы станцияларда қазақ жастарын вагон терезесінен жиі көретінмін. Расында да бұл маңдағы тұрғындарды ұлттық жағынан алғанда Ресей әлде Қазақстан деп ажырату қиын. Кейінгі кезде Мал Қазақ өзеніне баруға ынтық болумен бірге Мамлюк ауданында да болғым келетін. Мұның себебі бар. Отызыншы жылдардың бас кезінде Алматыда Қазақтың жаңа ашылған Коммунистік университетінде оқығанымызда, сол тұста осы оқу орнының бірер жылдай рек торы болған, 1920 жылдан партия мүшесі, бұрын Ақмола, Адай, Қарқаралы, Сырдария уездік, округтік, губерниялық партия комитеттерінің секретары, 1934 жылдан

1938 жылға дейін республика Жоғарғы сотының төрағасы болып жауапты қызмет атқарған, отызыншы жылдардың бас кезінде Мәскеуде Қызыл профессура институтында оқыған, белгілі қоғам қайраткері — Шәймерден Бектұрғанов осы Мамлют ауданының “Белое” селосы іргесінде туған адам еді. Ағайынды Шәймерден, Шаяхмет Бектұрғановтар екеуі де ертеде оқыған көрнекті қызметкерлер болатын. Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов біздің рухани ұстаздарымыздың бірі еді. Әрі мені өз үйінде еркелете, жақын ұстаған қамқоршы аға еді. Бұл кісінің 1933 жылы өзі қол қойған бір Мақтау грамотасы әлі күні қолымда сақтаулы. Ағамыз үйіндегі өте көрікті, әрі мінезі де жібектей, кісілікті, алғашқы қазақ қыздарының комсомолдағы қарлығаштарының бірі, аяулы Әбида апамыз да көз алдымнан кетпейді. Оның бір оқыған сіңлісі Қызылжар қаласының Коммунистік көшесінде тұрушы еді. Аты Майда болатын. Оның жұбайы, оқымысты Ә. Жұмағұлов Мәскеуден институт бітірген білімді адам еді. Ол жалынды насихатшы болды. 1934-1937 жылдары Қызылжар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитеттерінің үгіт-насихат бөлімін басқарды. Осы жолы осы адамдардан да бір дерек тапсам деп ойлап едім. Ш.Б.Бектұрғановтың есімі С.Мұқановтың «Менің мектептерімде» де аталады. Шәймерден дүниежүзілік бірінші соғысқа Ресей армиясы қатарында жауынгер солдат ретінде барып, қырғын қанды майданнан революциялық қозғалысқа белсене қатысуға әзір болып оралған саналы күрескер еді. Азамат соғысы тұсында Шәкең ақтарға қарсы шайқаста қызыл партизандар қатарында болады. Қазақшаға шорқақтау, аузы ауыр, мінезі тұйықтау, орысша көркем әдебиетті, оның ішінде Шекспирді көп оқитын, қойын кітапшасына қызықты, ғибратты, өткір, күн делікті айтыс-тартысқа ұтымды, ұлағатты сөздерді

ұдайы жазып алып отыратын ұқыпты да тыңғылықты,
мен-мендігі жоқ, орнықты басшы еді.
Бізге ректор кезінде Ш. Бектұрғанов ішіне бір
стол, үш-төрт орындық қана сыятын үйшіктей

ғана кішкене бөлмеде отырды. 1929-1930 жылдары
Қазақстан Өлкелік партия комитеті, Қазан рево-
люциясына дейін Жетісу губернаторы отырған,
Алматының осы күнгі Ленин және Совет көшелері

мүйісіндегі үлкен іргелі үйден, егер Шәкең тәкаппар,
мансапқор басшы болса, сондағы кең бөлмелердің
бірін өзіне ка бинет ете алар еді. Ш. Бектұрғанов
қандай мәселені болса да созбалауды білмейтін, бірден

тура кесіп, пішіп тастайтын білгір, әділ коммунист еді.
Блокнотына цитата жазып жатып: «спорға керек»

– деп отыратын еді. Шәкең газет-журналдарға

сүбелі, әрі теориялық мәні бар мақалалар жазған
қалам қайраткері де болатын. Партиямыздың бұл
ардагерінің туған жеріне ақыры арада елу жылдай
уақыт өткенде ғана баруыма тура келді.

Бұл маңды Меңгесер көлі деп атайды екен. Көлдің
атының өзі де бір жұмбақ көрінеді. Бұл «мең» және
«кесер» дейтін екі сөзден құралған сияқты. Жаз
айында осы көлге жұрттың көп түсіп жатқанын

көрдім. Бұларды белі, қолы ұйыған, буыны ауырған,
сартап боп, құяң болған тұзды көлге түсіп, емделіп
жатқан адамдар десті. Осыған қарағанда «Меңгесер»
деген сөздің мәнісі де түсінікті сияқты болды. Бірақ

екінші бір айтушылар Меңгесер ертедегі бір білікті
кісінің аты десті. Ол кісінің де емсек болуы мүмкін,
содан да осылай Меңгесер деп аталған десті сөз
түбірін жорамалдаушылар. Сөйтіп, Ш.Бектұрғанов

ағамыздың дүниеге келген, өскен, алғаш оқыған,
Дүниежүзілік соғысқа, Батыс майданға аттанған
топырағын да көрдім. Ол кісінің қазақша шорқақтау
сөйлеуінің де себебі оның орыс арасында өскендігінен

екенін түсіндім.
Қарағанды профессорлары, Солтүстік Қазақстан
облысының Сергеев, Мамлют аудандарында туған

Е. Бөкетов, З. Молдахметов інілерімізбен уәделесіп,
1981 жылдың шілде айы басында осы екі ғалымның
жазғы тыныс-демалысы кезінде Мал Қазаққа жол
жүрдік. Мен КСРО жазушыларының Мәскеуде өткен

кезекті XІІ съезінен пойызбен қайттым. Қызылжарға,
одан оның сыртындағы еліне аздап аялдап, кейін
Қарағандыға тоқтағысы келетін атақты жазушымыз
Ғабит Мүсірепов ағамызға астанадан үш-төрт адам

ере шықты. Қадірлі ақсақалымызға жазушылар
Сәкен Жүнісов, Ғафу Қайырбеков – бәріміз атқосшы
болдық. Бір купеде Ғабеңнің көңілін көтеріп, өзіміз
де көңілді қайттық. Ғабеңді Солтүстік Қазақстан

облысы орталығының партия, совет қызметкерлері,
журналистері Петропавл вокзалында тосып алды.
Қорған жаққа баратын Бөкетов пен З.Молдахметов
те сонда келді. Ғабеңнен рұқсат алып, енді аз күнде

Қарағандыда кездесетін болып, уақытша қош айтысып,
біз өз жолымызбен Орал тауына қарай кейін қайттық.
Ғабеңді Сәкен мен Ғафу жазушының туған жеріне, өз
еліндегі «Жаңа жолға» ертіп баратын болды. Барды

да. Ғабеңнің өз топырағына ең соңғы сапары да осы
болар. Солтүстік Қазақстанның Мамлют ауданына бір
қонып, Преснов ауданы жерін басып, біз ертеңінде
ымыртта Қорған облысындағы Макушиноға жеттік.

Қасымызда бұл жақтың жолын, адамдарын білетін
Зияда ақсақал бар.
Макушинода ертеден бергі, отызыншы жылдарғы
көпшілік тұстағы қазақ ағайындары көп екен. Көбісі-

ақ бүгінгі социа лист қазақ елінің мәдени, рухани
тіршілігінен тысқарылау қалыпты. Тамақ тоқ, көйлек
көк демесең, күйкілеу, бірқалыпты баяу, томаға-
тұйық тіршілік, ескі ырым-жырым көбірек. Бір үйге

кірсек, үй-қора толған кәрі-жас. Қайтыс болған бір
бәйбішенің қырқын беріп, молдасымақ біреу төрде
хатым оқып отыр. Сонша көп ішінен Евнейдің
академик екенін, ғылыми дәреже-абыройын жақсы

білетін бір келіншек қана болды. Қызылжардан
туыстарына келген жас оқытушы екен. Сол ғана Евней

ағасына сый-құрмет көрсетіп, жаны қалмай зыр
жүгіріп жүр. Үйдегі адамдардың Евнейдей дәрежелі,
білімді кісіге жөнді ықылас аудармауына күйіп-пісіп,
намыстанып та жүр.

Біз сөзге жүйрік, көнеден хабары мол Байсалбай
ақсақалға кездестік. Жасы 86-да болса да, әлі тың
кісі екен. Бұл адам тоқсанның үстіне шығып, осы
таяуда қайтыс болды. Осы ақсақалдың үйіне қонып,

Мокроусоваға ертеңінде аттандық. Бұл жақтағы ел-
жұрттың, жер-судың жағдайын сұрастырып отырсақ,
бұл өңірде «Мал Қазақ» дейтін өзен жоқ. Тек Қайнақ,
Қызақ деп аталатын шағын екі өзен бар. Бұл сулар

әлі алдағы жүз шақырымдай Мокроусово қаласы
маңында. Қызақтың өзі де екі су сияқты, өйткені
орыстар мына біз ба ратын өзенді «Малый Кизак»
дейтін көрінеді. Бала күнінде Евнейдің құлағына осы

«Малый Кизак» — жаңсақ естіліп, ақыры есінде «Мал
Қазақ» болып сақталыпты. Тегі, орыстардың өздері де
қысқартып, бір сөзге сыйдырып «Малкизак» дейтін
болса керек. Байсалбай ақсақалдың сөзін естіп, біз

дуылдасып бір күлісіп алдық. Жер түбінен әдейі іздеп
келген өзеніміз жоқ болып шықты. Ал Евней балалық
шағында көкірегіне мықтап орнаған, жадына берік
тоқылған сөз-ұғымының басқаша болып шыққанына

қатты ренжіп, өкініп те, таңырқап та отыр. Өзінің
бала күнгі шалалығына ұялыңқырап та отыр. Іздегенім
табылмайтын болып, мен де өкіндім.
Бірақ Қызақ, Қайнақ атауларының өздері де бізді

одан бетер ілгері жетектей түскендей. Сірә, бұл
сөздер ертеде қазақ еліне жат саяхатшылардың сырт
елдердің сол кездің дағдысымен «Киргиз-кайсак» деп
бұрмалап айтуынан туған болар деп те ойлап қалдық.

Біздің бұл топшылауымыз, жорамалымыз әлі шешіле
қойған жоқ. Қызақ, Қайнақ дейтін арналар бір
кезде бергі қазақ елі мен арғы көршілес жұрттардың
шекарасы бол ды ма екен деп те ойлайсың. Себебі,

сол «Малый Кизактың» – «Кіші Қызақтың» оң
қапталына бұдан 250 жыл бұрын орнаған тас қамал-

бекініс тұр. Мұның негізін 1740 жылдары Мокроусов
дейтін теңіз солдаты қалапты-мыс. Бұл ара сол бір
тұстан екі ел шекарасы болмаса, неге берік бекініс-
қамал орнатылады дегендей де орынды сұрақ туады.

Жалпы, Тобыл өзені бойында Мокроусоводан
жүз жылдай бұрын салынған бүгінгі облыс орталығы
Қорған қаласының өзі де патша өкіметінің сол тұста
шығыс шекараға орнатқан бекінісі ғой. «Қорған»

дейтін сөз де Азия атырабын мекендеген бергі
беттегі ел-жұрттың атауы болар, әрі екі жаққа да
«қорған-бекініс» ұғымында айтылған болар. Біз
мотоциклді бір милиционер жігіттен жол көрсетуді

өтініп, Мокроусовоның Қорған жақ бетіндегі, бұрын
«Малый Кизак» жағасында мек теп болған шынтаққа
бардық. Евекең бала күнгі көрген жерін, оқыған
мектебінің орнын бұлжытпай танып тұр. «Малый

Ки зак» — Мал Қазақ жылап аққан кішкене ғана су.
Жағасы да онша биік емес, тіпті жатағандау. Арнасы
да шағын, іргеде мал жайылып жүр. Мал баққан
салт атты орыс баласы өз білетінін бізге айтып тұр.

Евней баяғы өзі оқыған мектебінің орнын көрсетті.
Жып-жылмағай, тып-типыл, көң-қоқыс, болмашы
бір төмпешіктер. Қалың өрттен қалған жалғыз қадақ
ақселеу шөптей, бұтағы сояу жалғыз ағаш қана

жетімсіреп тұр.
Евекең суы жылап аққан кішкене өзеннің аяқ
астындағы жайдақ жағасына, арнасы түбіне дейін
қалың шөп басқан таяз суына үңіле береді. «Ойпыр-ай,

осы болмашы сай бір кезде маған қалайша терең жар
болып көрінді екен?» де гендей кейіппен тұнжырап,
опық жегендей, алғаш мектеп есігін ашқан иықты
қомсынғандай, тіпті оны жерсінбегендей, өтірікші

болдым-ау деп бізден ұялғандай болып тұр.
Көз көрім жерді дөңгелете орағытқан өзен үйірі
мен иірімінің биік қабағы бұдан көп жыл бұрын
менің тек қиялымнан туған әдемі көрініс екенін де,

Евнейдің балалық шағының сөзін малданып, құлашты
тым кеңірек сілтегеніме мен де өкініп тұрмын.

Жарқыраған айдын өзен көремін, оның күн түскен
қызғылт биік жарының жағасында тұрып, төменде
сарқырап, жөңкіле аққан айдын суға төніп, қиялымды
өзен ағысымен жарыстырамын деп жүретінмін ғой.

Қашанда алыстан аты құлағыңды селт еткізіп, іздеп
барған адамыңның, не жеріңнің көңілден шықпауы
кімнің де болса бір сәт еңсесін түсіріп тастайтыны
белгілі ғой.

«Келмегенім, бұл өңірді көрмегенім жақсы еді-
ау» дегендеймін іштей. Қазақ «Таудың басына
барма, төбесіне шықсаң аяғыңның астында қалады,
әулиеге алыстан сиын, қасына барсаң ол да өзіңдей

бір адам» деп тегін айтпаған, сірә. Менің өкініп,
қобалжуымды қойшы, адам көңіл түбінде нендей
қиялға, қандай елеске бой алдырмайды. Өз көзімен
көрмеген адам онша өтірікші бола бермейді. Ал өзін

терең сайына балалар талай домалатқан, одан қырға
малтығып зорға шығатын, сөйтіп бірде жылап, бірде
күлген, жамаулы жыртық тоны былжырап су болған,
осылайша жалғызсырағанда өзі кім екенін де жөнді

білмейтін оқытушы «Августинаның», кейінгі дұрыс
түсінігінше Августа Устиновнаның сонау бір аш-
жалаңаш кездегі қаңғырақтаған жаппадағы жалғыз
қазақ үйінің қағажу баласына жаны ашып, жар

астынан талай жетелеп алып шыққан, сол бала үшін
өзінің өзге көп шәкірттеріне ұрсатын, көңіл түбіндегі
аяулы өзеннің ені таяқ тастамдай ғана екеніне Евней
өзі де онша сенбей тұр. Бұл күнде дүниенің төрт

бұрышын көзімен де, көңілімен де жіті шолып жүрген
Американың, Еуропаның, Азияның көп елдерін
аралаған көрнекті оқымыстының, қаламы, тілі жүйрік
белгілі әдебиетшінің, туа зерек те зерделі адамның

бізге «өтірікші» көрінгенін өзіне-өзі кешпейтін
күнәдай көріп тұр. Евнейдің қобалжуын, танырқауын
біз де түсінеміз. Кейде әзілдеп мазақтағандай да,
келекелегендей де боламыз. Ұмытшақ, мақтаншақ

екенсің деп те айтып қалғымыз келді.
Адамға туған жер, алғаш табаны топыраққа тиіп,

құмға күйіп, маңдайын күн сүйген аспан қашан да
оттай ыстық. Ал біздің қадірлі Евней – өз туған
атамекенінен әуелде жөнді әсер алмаған адам. Арба
үстінде қалғып-шұлғып бөтен жаққа жол тартқан

баланың есінде нендей баянды көрініс қалмақшы.
Ев ней ұядан аузымен тістеп алып шығып, аспаннан
қалықтата жерге лақтырып жіберіп, қанаттандыратын
қараторғайдың балапанындай өз қонысынан ерте

кетті. Баланың алғаш мектеп босағасын аттаған,
жар басынан құлдилап домалаған, әке-шешесінің
күн көрісі өте күйкі, аянышты болғанын ғана есіне
сақтаған зілді жүрекке ыстық топырағы – тек осы бір

кішкене Қызақ өзенінің жағасы екен.
Евней ініміз бекер-ақ өкініп тұр. Елу жылда ел жаңа,
байқасаң, елу жылда жер де жаңа. Тіпті бәлкім бұдан
жарты ғасыр бұрын мына бүгінгі Кішкене Қызақтың

арнасы кеңдеу де, түбі терең де, суы мол да, мұзы қалың
да шығар. Бұл күнде суы тартылып, болмашы ғана
жылым қалыпты. Жағасын, арнасын шөп, алабота,
ошаған басып кетіпті. Ертеде қар да қалың шығар.

Қалың күртік қар өзен жағасын биіктете түскен болар.
Әрі Евней әлі ойы да, бойы да аласа құртымдай бала
ғой. Содан да оған табиғат, жаратылыс болмысы ұлы
болып көрініп, ағаш та, тас та, су да оның көкірегіне

жойқын көрініс болып орнаған ғой. Балаға бойы мен
ойына шақ көрініс-құбылыстар көп. Евнейдің бұл
күнде бойы таудай, ойы да терең. Ол — тоқтасқан,
толысқан терең білімді азамат. Оған енді баяғы биік

жар, заңғар қарағай ала са көрініп тұр. Әр уақыттың өз
биігі, өз өлшемі, өз тау-шыңы, өз шығанақ-шұңқыры,
өз арнасы бар. Евней баяғы мектеп орнына қымбатты
бір затын жоғалтқандай айналақтап қарай береді.

Аунақшуға ұялатындай. Бұл туған топырақты, оқыған
босағаны берік қазық тұтқан, жүрегіне мәңгі сақтап,
балалық шағын аңсаған жанның бәріне тән де аян.

— Біздің қосымыз мына алдағы екі-үш қайың

түбінде бол ды. Үш жастағы інім Марат осы арада
өлді. Беріде Қарағандыда қайтыс болған анамыз

Бәлтай өліп қалған Маратты бауырына басып, әне бір
шоқтың түбіне апарды. Ұмытпасам, осы шоқтың бер
жақ іргесіне қойды, — деп Евекең кемсеңдегендей
иегін шығыс беткейге бұрып, күрсініп тұр. Алдағы

қайың шоқты қолымен қайта-қайта көрсете береді.

— Бұрын сол араға бір қазақ баласы қойылса керек,

әйтеуір төмпешік бар сияқты еді. Әкеміз үйде жоқ еді.
Балапандарына жем іздеп шартарапқа шарқ ұратын
құстай, бізге азық іздеп, күнкөріс қарекетімен бір
жаққа кетсе керек. Анам жападан-жалғыз. Балалардың

ең үлкені мен. Қасында тек мен ғана болғаным есімде.
Шешем бауырындағы жас бөбегін жалғыз өзі көміп,
ботадай боздап жылап, мені құшақтай берді. Мен де
еңіреп жыладым. Анам мені үйге жетектеп келді. Үй

емес, қос күрке. Иә, әкеміз үйде жоқ еді. Астық іздеп,
әлде етік тігіп бір жаққа кетіпті. Келген соң шешеміз
екеуі көрісіп, көп жылады. Қайғы-қасірет өз алдына,
жалғыздық, жоқтық қиын екен.

Евнейдің бетіне, көзін бүркей түскендей жасаураған
кірпігіне қарай бердім. Ауыр көрініс. Бұдан он бес жыл
бұрынғы Мал Қазақ өзені енді Малый Кизак болып,
тек бір болмашы сай сияқтанып артта қалды. Тегі, өзен

атының Мал Қазақ болмауының өзі де жақсы шығар
дейтін. Әйтпесе, Мал мен Қазақты қосақтап түсіндіріп
жату, осы бір екі сөздің біріккен түпкі тамырын, оның
қайдан шыққанын, неліктен бұлай айтылғанын, әуел

баста осылайша кім атандырғанын білуге әуреленудің
өзі қиынға соғатын еді. Әрі бұл атау төркінінің көңілге
қонымды болмауы да ықтимал ғой. Өмір көңіл-күйі
осылай. Баланың да, кәрінің де өз жота-қыры, өз алыс-

жақыны бар.
Мал Қазақ өзенін таппасақ та, Қызақ, Қайнақ
дейтін әзірге бүгінгі қазақ жерінде кездеспейтін,
қазіргі республикамыз шетінен едәуір қашық та

шалғай пұшпағынан тосын жер-су аттарын естіп,
мұның
баламасын
ертеректе

жаңсақ
айтылған
«киргиз-кайсак» болар десіп, қайтсе де бір кезде қазақ
елі мен жері шебінде, әлде тіпті төрінде пайда болған

жұмбақтау атау-атақ шығар, бұрмаланып айтылса да,
қазақ құлағына бір табан жақын, жылырақ естілетін,
кімнің де бол са құлағын селт еткізбейтіндей сөз-ау деп
түйдік. Іздеген, тіпті алыстан аңсаған атырабымызды

көріп, көңіл сәл жеңілдегендей, тіпті бой сергіп,
еңсеміз көтерілгендей, мойнымыздан бір ауыр жүк
түскендей, бір міндетімізден құтылғандай, екіншіден,
арада елу жыл өткендегі бүгінгі ел ағасы, белгілі

ғалым, көрнекті публицист Евней Бөкетовтің балалық
шағының аянышты әсері еңсемізді түсіргендей,
жүрегімізді елжіреткендей болды.
Адам тағдыры әрқилы ғой. Жоқшылық, таршылық,

ділгерлік не істетпейді? Жұмыртқасын қарға-
сауысқан шаға бастаса қаз-үйрек әдеттегі ұясын
жаңғыртып, сау қалған жұмыртқаларын тұмсығымен
басқа жаққа тасиды. Жаңадан үй салады, кейде

тіпті ағаш басында қарға-сауысқанның иесіз қалған
ұяларында запыс үйрек балапан басады. Дәл сол
сынды Евнейдің тоқтасып қалған, қолы қысқа әке-
шешесі шиеттей балаларын құрымға орап, Орал тауы

күнгей сілеміне барған. Жат та болса өздеріндей
еңбек адамдарын тауып, соларды сағалап, орыс
шаруаларының босағасын, есік көзін паналаған.
Сөйтіп жүріп, уызға тоймаған, таңдайына ананың ақ

сүті жөнді тимей өлген бір нәрестені тозығы жеткен
болмашы бір ескі бұйымдай есік алды топырағына,
күресінге көме салған. Күйікке, жалғызіліктілікке
шыдамай, ботасы өлген інгендей боздап, жападан

жалғыз зар еңіреп жылаған анасымен бірге өзі де
еңіреп, көз жасын төккен баяғы бала Евней бүгін сол
құлыншақ інішегінің төмпешігінің де дәл қай жерде
екенін біле алмай, білсе де сол мүйіске жақындауға

дәті бармай пұшайман болып, іштей елжіреп қайтты.
Осы арада бір ескерте кететін елеулі жағдай
мынадай:
Қазақстанда

жаппай
колхоздастыру,
көшпенді қазақ ауылын қоныстандыру кезінде
асыра сілтеушілік, жолсыздық... көп болды. Міне, осы

отызыншы жылдардың бас кезінде қазақ елі ішінде

қиыншылық, тапшылық қабындап кетті. Сол тұста
қазақ ауылдары іргелес туысқан Ресей, Өзбекстан,
Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне әр
тұстан өз беттерімен қоныс аудара бастады. Еліміздің

халықтарының қайырымдылығы, көбіне жалғыз үй
болып әр тұсқа көшіп барған қазақ еңбекшілерін
ешкім де сен кайдан, неге келдің демеді. Орыс,
қырғыз, өзбек ағайындарының бәрі де қысаңшылық

көріп, жан сақтауға барған қазақ еңбекшілерін
орталарына туыстай алып, ешкімнен жерін де, ас-
суын да аяған жоқ, тіпті сендер кімсіңдер-ау деп
олардан паспорт та сұраған ешкім болған жоқ.

Туыстас халықтардың осындай достығы, мейірімділігі
арқасында жан-жаққа өз беттерімен барған, тіпті
ресми түрде «көшпелілер» деп аталған қазақтар барған
аймақтарында емін-еркін мал өсіріп, кәсіп қылып,

барған жерлерінің адамдарымен біте қайнасып кетті.
Бұл жұртты мемлекет тарапынан ұйымдастырып
көшірген ешбір ұйым да болған жоқ... Сол кезде Батыс
Сібір өлкесінде «Қызыл ту», Магнитогор қаласында

«Магнитогор
жұмысшысы»,
Челябі
қаласында

«Сталин жолы» атты қазақша қалалық, облыстық,
өлкелік газеттер де шықты. Бұл газеттерде өзіміздің
жақын, сыйлас жолдастарымыз, достарымыз, осы
беріде ғана қайтыс болған Әбдірашит Шалабаев,

Балтабек Асанов редактор болып қызмет істеді.
Қиыр Шығыста, Батыс Сібірде, Оралда қазақша
сауатсыздықты жою мектептері де ашылды. Сол
кезде ірге көтеріп, қоныс аударған көптеген қазақ

ауылдары әлі де осы аймақтарда отыр, тіпті олар
байырғы тұрғындардай болып кетті.
Е. Бөкетовтің әке-шешесі де сол тұста осы көптің
бірі бо лып, орыс шаруалары арасында жан сақтаған

адамдар. Революцияшыл отбасында туып, өзі де,
ері де социалистік револю ция жеңісіне мықтап ат
салысқан, содан да бала-шағаларының бәрі әке-шеше
жолын қуып, Отан патриоттары болып шыққан, бір

ұяда бірнеше ұлт балаларына үлгілі, өнегелі тәрбие

берген Августа Тарасованың ықпал әсерімен бірден
түзу жолға түсіп, мандайы ашылып кете барған
Е.А.Бөкетовті советтік құрылыстың шын перзенті
дей аламыз. Жалпы бұл көріністі біздің социалистік

еліміздің өмір салты мен күллі әлем кезіндегі
салтанаты деуіміз керек. Халықтар достығы еңбекте
қалыптасады. Сан ұлтты ұлы еліміздің көптеген
аймақтарында ел басына қиыншылық туғанда қазақ

еңбекшілерінің әр аймақта өз туыстарындай сіңісіп,
тіл табысып, өмір сүріп кетуі де, әлі де сол орындарында
берік ынтымақтасып отыруы да осының нәтижесі.
Бастарына ауыртпалық түскен орыс, украин, еврей,

белорус отбасыларының Ұлы Отан соғысында қазақ
елінен өздеріне ағайын-туыс табуы да осының нақты
белгісі еді.
Қызақ

өзеніне
беттегенімізде
Мокросоводан
шыға берісте екі қабат, айнала орам шарбағы да,

терезе-қақпалары да көк сырмен әлеміштеп боялған,
ескі үлгімен карнизденіп салынған бір әдемі, еңселі
сырлы үйге көзіміз түскен. Байқасақ, бұл өлкетану
музейі екен. Әншейінде қыр-жоннан, жол бойынан

әлдеқалай оба, ескі мола көзге түссе, қаладан музей,
кітап дүкендері көрінсе көз тікпей, мойын бұрмай
өтпейтін әдетімізбен асығыстау болсақ та Е.Бөкетов,
З.Молдахметов інілерімізді мына сырты сұлу үлкен

үйдегі музейге бас сұға кетуге жалынғандай
көндірдім. Расы, бүгін суыт жүру керек. Жол әр тұста
әрқилы. Күн жарықта ат басын тірер жеріміз шалғай.
Түс ауып кетті. Лебяжье станциясын қапталдап,

Макушинодан, Петуховодан, Мамлюттен, Қызылжар-
Петропавлдан өтіп, Омбы шегіндегі Булаевқа жетуіміз
керек.
Музейге кірдік. Екі қабат еңселі кең үй. Қызақ

өзенінен, бұрынғы мектеп жұртынан көңілі суып
қалған Евней музейге көңілсіздеу кірді. Астыңғы
қабаты тым күңгірт, сызат салқын. Төбесі де аласа,
бұйым заттары да бей-берекет, әрі тым жұпыны.

Е.Бөкетов ештеңеге көңіл қоймады. Сөзге де зауқы

соқпады. Мен өзін музейдің ғылыми қызметкері деп таныстырған жас жігітпен әңгімелесе бастадым. Келушілер пікір айтып, қол қоятын кітапшаның бет парақтарын ақтардым. Жас жігіт Қорған қаласының педагогика институтын бітіріпті. Музейдің осы астыңғы қабатына көршілес қазақ елінің, башқұрт, татар жұрттарының өткендегі ескі өміріне, көне тіршілігіне байланысты көп заттар қойылыпты. Суреттер, түсіндірмелер ілініпті. Ескі қару-жарақ, құрал-жабдық қалдықтары, тот басқан темір, сынған ағаш. Ерте кездегі үстем тап өкілдерінің баяғы байырғы тұрғындарды кекету-мұқату, қомсыну, аз ұлттардың намысына кір келтіру тұрғысындағы дөрекілеу ұғымдары да әр сатыда бой көрсетіп тұр. Менің тікелей сұрақтарыма жас жігіт бұлталақтаңқырап, қысылыңқырап жауап берді. Ұялыңқырап та тұрды. Тегінде, бұл музейге Қазақстан жерінен біздей көрермендер бұрын келе қоймаған тәрізді. Иә, көптен дағдыланып, қалыптасып, аузы үйреніп қалған дөрекілеу, дерексіздеу де келісімсіздеу атау-ұғымдардан құтылуға қапелімде жол таба алмай, жас жігіт қипалақтап та қалды. Қалың көбік қардан бұлталаңдап жүгіре алмайтын түлкі-қарсақтай, малтыққан қояндай әуелде бір ескі дағдымен келіссіз жазыла қалған үйреншікті теріс атаулардан онша айыға алмады. Мен инабатты, түсінігі бар жас жігітке өзімше біраз ақыл айттым, жөн сілтегендей, ақыл қосқандай, тілек білдіргендей болдым. Тек көптен ауыз, көз жаттығып қалған зат, ұғым, сурет атаулары жөпелдемеде түзеле қоймайды ғой. Бұған бұл жігіттің шамасы да, қабілеті де, ғылыми, әкімдік өкілдігі де, жалпы ой-өрісі, дәрежесі де жетпейді ғой. Әр аймақтағы әртүрлі музейлердің жұмысын бір кіндіктен басқаратын ұйымдардың жұмысы ғой бұл. Іштегі баспалдақтан музейдің үстіңгі қабатына шықтық. Терезе көп. Бөлмелер кең, жарық. Астыңғы қабат әуелден ас-су тұратын, малай-жалшылар

жататын бөлмелер болу керек. Бұл үйді 1904 жылы
осы араның бір бай саудагер әйелі салдыртыпты. Өте
бір адуынды, қаһарлы, қайырымсыз да қатал әйел
болыпты. Сыртқы ауланы тастан, жуан бөренелерден

қоршап салған берік сарайлары әлі күні сол қалпында.
Бұлар қазір музейдің басы артық қосалқы бұйымдары,
шаруашылық құрал-аспаптары сақталатын қоймалар.
Өз тұсында бірді екіге сатқаннан, өсімқорлықтан

өзгені білмейтін қатал әйел сарайлардың қайсыбірін
абақты ретінде де пайдаланыпты.
Жә, біз музейдің үстіңгі қабатында тұрмыз.
Босағасын аттаған бетте музейге немқұрайды қарап,

бей-жай көңілсіз тұрған Евней жоғары көтерілгеннен
кейін лезде баладай қуанып, құстай сайрап кетті.
Бір қабырғадан өзінің баяғы аяулы ұстазының,
Августинаның — Августа Устиновнаның суретін

көріп, қатты қуанды. Алғашқы ұстазының шалалау
болса да есімін, өзіне қамқорлығын, жарқын бейнесін
жадына тегін тоқымапты. Аяулы жан бала Евнейдің
жүрегінен бекер берік орын алмапты. Әрі жасында өзі

қадірлі болып, суреті музейдің төрінде ілінулі тұруы
бұл күнде белгілі ғалым атанған, жасы егде тартқан
баяғы жас шәкіртке қандай мерей!
Иә, мұғалимасының суреті музей қабырғасының

мүйісіне тегін ілінбепті. Тек Евней Бөкетов Қызақ
өзенін Қазақ деп ұққандай, аяулы ұстазының аты-
жөнін де онша дәлме-дәл біле қоймапты. Бұл қадірлі
адамның дұрыс аты Августа болғанымен, әкесінің

аты Устин емес, Иустин екен. Фамилиясы Евнейдің
есінде жоқ-ты. Ал, мына музейде ол кісі Тарасова деп
жазылыпты. Бұл фамилия Евнейдің құлағына бірінші
рет шалынып тұр. Бала күнінде бұл есімді ол естімесе

керек. Балалар мұғалімдерінің фамилияларын әдетте
біле бермейді. Оның үстіне бірер жыл ғана алдынан
сабақ алған, аты-жөнін де дұрыс айта алмайтын
кірме қазақ баласы бейтаныс адамның фамилиясын

қайдан біле қойсын. Ұстазының өз аты мен әкесінің
атын «Августина» деп қосып, бір-ақ атаған бала

Евнейге қазір «Неге өйттің?» деп кінә таға аласың
ба? «Тек қолбыраған, болбыраған бойына қарай ең
артқы партада отыратын момындау оқушы болған
соң ғой» деп әзілдейміз. Енді қалай? Өз елі-жерінен

күн көре алмай, жалғыз биемен әр жерде, жат жақта
көшіп жүрген қауқарсыз адамның жалаңаш-жалпы
баласында көрер көзге де, шын мәнінде де, не қадір-
қасиет болушы еді, тәйірі?

Иә, Августа Иустиновна Тарасованың суреті
қабырғада жайнап тұр. Келісті ажарлы бейне,
аяулы ұстаз, ардақты ана. Ол кісінің бес ұл-қызы
болыпты. Бір қызы мен бір ұлы тірі екен. Августина

Иустиновнаға таяу оның бір даңқты ұлының суреті
алыстан көз тартады. Ана мен бала екеуі де музейдің,
күллі осы аймақтың, Мокроусовоның, әлде тіпті
бүкіл Қорған облысының мақтанышы. Августина

Иустиновнаның 1906 жылы туған ұлы Герман
Федорович Тарасов Ұлы Отан соғысында генерал-
майор болып, қол бастаған, Совет Одағының Батыры
атағына ие болған. 1944 жылы қазан айында небәрі

38 жасында фашизмге қарсы қанды шайқаста асқан
ерлікпен Венгрияда қаза тапқан.
Музейде өз ұстазының, оның өзі әсте білмейтін
даңқты батыр ұлының бейнелерін көріп, Евней

енді бұрынғы қабақ шытуын біржолата ұмытып,
жайраңдап сала берді, жүрегіне мақтаныш сезімі
де кіргендей болды. Әуелде музейге кіргісі келмесе,
енді одан тез арада шыға қоятын түрі жоқ. Бір

жоқты бір жоқ тауып, Евней балаша масайрап жүр,
жоғалған, әлдеқашан естен шығып кеткен құнды,
асыл заты табылғандай, көктен іздегені алақанына
түскендей Тарасованың суреттеріне көз тіге береді.

А.И.Тарасованың өзге тірі балаларының да аты-жөнін
сұрастырып алдық. Музейге кіре берген бетте-ақ бұл
үйдің бұрынғы екі иығын жалмаған тажал жалмауыз
иесінің, музейдің ғылыми қызметкерлерінің атын-

жөнін де тәптіштеп жазып алғанмын. Енді бұған
А.И.Тарасова әулетінің тізімі, оның қазіргі тірі қызы

мен ұлының есімдері, ол кісінің жалпы өмір жолы
шежіресі қосылды.
«Мал Қазақтың» төркінін, Августаның тарихын
біліп, оның Башқұртстанда тұратын екінші білікті

ұлының
аты-жөнін,
мекен-жайын
жазып

алып,
Мокроусоводан,
Евнейдің
жасында

еміс-еміс
қана жадында түйген, қазақ елінің айтуынша бір
шеттегі
Мокроусбайдан

үлкен
олжалы,
әсерлі
оралдық. Ақыры Е.Бөкетов өзінің алғашқы ұстазы

А.И.Тарасованың Башқұртстандағы баласына 1982
жылдың бас кезінде жан толқыта хат жазды. Евней
орыс тілінде ғажап жүйрік болатын. Бұл оның алғаш
орыс мектебінің босағасын аттағандағы Августа

Иустиновнаның шарапаты еді. Ұядан не көрсе,
ұшқанда соны ілетін асыл тірнектей, зерек Евней
Бөкетов ұлы орыс халқының тілін ең алғаш орыс
мектебінде Августа Иустиновнадан үйренген еді. Біз

сөз етіп отырған 1931-1981 жылдар арасын алғанда,
бұдан елу жыл бұрынғы өзінің ғибратты ұстазының,
қамқоршы рухани анасының қазіргі тірі ұлы Борис
Федорович Тарасовтың бұл күнде жасы еңкейіпті. Ол

1912 жылы туған екен. Евней ол кісіден 1982 жылдың
31 наурызында жазылған егжей-тегжейлі жауап хат
алды.
Б.Ф.Тарасовтың

Башқұртстандағы
Аргаяштан
келген хаты он шақты бет. Тек көп кешікпей
Б.Ф.Тарасов қайтыс болды. Келесі 1983 жылдың

аяғында Е.А.Бөкетовтің өзі де дүние салды. Бұл екі
кісі кездесе алмады. Борис Федоровичтің өзі де алғаш
өз анасынан оқыған екен. Ол өзін де, Евнейді де сол
ардақты ананың шәкіртіміз деп орынды жазыпты.

Евней өзінің алғашқы мектебі, тұңғыш аяулы ұстазы,
оның өмір жолы, даңқты батыр ұлы туралы екі тілде де
очерк жазуға оқталып жүрсе де, бұған Евекең екеуміз
уәделесіп жүрсек те, күнделікті күйбең өмірде, ертең-

бүгін деп әр нәрсеге қарайлап жүргенде, осы бір
игілікті істің сәті түспей-ақ қойды. Ақыры соның бір
кезегі енді ғана келгендей. Евекең өзі тірі болғанда,

бұл жайлы очерк әр қырынан гауһар тастай жарқырай түсер еді деп ойлағың келеді. Тек мүлтіксіз тізілетін меруерт — маржанның жібек жібі мезгілсіз үзіліп кетті. Августа Иустиновна Тарасованың өмір шежіресі оның баласы Борис Федоровичтің айтуынша, өте ғажап. А.Тарасова 1879 жылғы тамыз айында Тобыл губерниясының Ялутор қаласында, саяси айыппен жер аударылған отбасында туған. Әкесі Иустин Каминскийді патша үкіметі өз еліне, Польша жеріне өмір-бақи қайта оралмайтындай үзілді-кесілді үкіммен Ялуторға жер аударған. И.Каминскийдің ұлты поляк. Ол 1860-1864 жылдарғы Польша қозғалысында патшалық құрылысқа қарсы күреске белсене қатысқаны үшін әуелі дарға асуға кесілген, тек арғы тегі ақсүйектер әулетінен болғандықтан, өлім жазасы каторгаға ауыстырылған. Августа Иустиновна 1895 жылы үлкен алтын медальмен Екатеринбургтегі (осы күнгі Свердловск қаласы) қыздар гимназиясын үздік бітірген. Сол жылы ол 16 жасында Мокроусоваға оқытушы болып келіп, осында 1935 жылға дейін, ауыр сырқатқа шалдыққанша үзбестен қырық жыл ұстаздық еткен. Оның анасы — орыс қызы, оқымаған кісі. Августа Иустиновна 1900 жылы Мокроусово селосының Федор Тарасов дейтін жұмыскеріне тұрмысқа шыққан, бес перзент көтерген. 1906 жылы дүниеге келген ұлы Герман Федорович 1936 жылы Мәскеуде Фрунзе атындағы әскери академияны бітіріп, Ұлы Отан соғысы алдында Чита қаласында, Забайкал әскери округі штабының бастығы болған. Августа Иустиновна патша заманында тұрмысқа шыққанда өз әкесінің фамилиясын өзіне жаздыра алмаған. Кейде адамға өзінің қадірлі, қасиетті атааналарының аты-жөнінің, жемісті өнегелі еңбегінің, қасиетті атағының қырсығы тиетін уақыттары болады. Патшаға қарсы күреске шыққан жалынды әкенің аты-жөнінен сүйікті қызы қаймығып, белгісіз жұмыскердің фамилиясын алған. Үлкен алтын

медальмен гимназия бітірген қыздың белгісіз жұмыскерге ерге шығуы да тегін емес. Борис Федоровичтің сөзіне қарағанда, білімді де көрікті Августа Иустиновнаға Мокроусовоның Косолапов дейтін бір бай адамы құда да түспекші болады, бірақ үстем таптың зорлығынан жүрегіне шер қатқан қыз байдың баласына ерге шыққысы келмейді. Қуғын көріп, жер аударылған адамдардың бала-шағалары үстем тап өкілдері көзіне қашан да кірме, аяқасты, қадір-қасиетсіз, еш ілтипатқа жатпайтын қор жандар болып көрінетіні түсінікті ғой. Сондықтан да ондай адамдарға ерге шығып, теңелем деп ойламайды зерделі қыз. Августа Иустиновнаның екінші ұлы Евнейдің тебірене жазған хатына кешікпей Қазақстанға жауап қайтарып, анасының өмірін баяндаған Борис Федорович өзі де Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1935 жылы Орал мал дәрігерлік институтын бітірген, содан 1977 жылға дейін, яғни 38 жыл бойы Белонит ауданаралық мал дәрігерлік лабораториясының директоры болып жемісті қызмет атқарған. Августа Иустиновнаның бірден Совет өкіметін жақтаған оқытушы болғаны, әкесінің

ертеде
Польшаның ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны,
оның үстіне ері Ф.В.Тарасовтың Қазан революциясы
жылдары большевиктер партиясы қатарына кіріп,

Қызыл гвардияда болғандығы көзге түсіп, Колчак
тұсында, осы күнгі Қорған облысы аймағында аз
уақыт ақтар үстемдік құрып, одан кейін де кулактар
көтеріліс шығарған кезде Августа Иустиновнаны

совет өкіметінің жаулары бірнеше большевиктермен
бірге тұтқынға алады. Атылатындар қатарында суық
тас қоймаға, жоғарыдағы музей үйі орналасқан
мыстан кемпірдің суық сарай-абақтысына қамайды.

Тек ақтардың ішінде бұрын Августа Иустиновнаның
өзінен үздік оқыған бір офицер кешегі қадірлі
ұстазын, нәзік мінезді әйел адамды ауыр жазаға қия
алмай, өлім қыспағынан, ауыр азаптан құтқаруға

себепші болыпты.

Жастайынан
өмірдің
қиын
өткелінен,

нелер
тосқауыл, қым-қуыт қыспағынан өткен, оқуға да бар
күш-жігерін, ықылас-ынтасын салып баққан, зерделі
де зейінді, бес баланың анасы, революционердің

қызы, революционердің жұбайы, өзі де револю-
ционер, бостандық, азаттық теңдік ұраны таңдайына
ананың ақ сүтімен, әкенің ақ ниетінен, мүбәрак
қолынан, жайдары сөз-лебізінен дарыған ұстаз көп

мехнат-бейнеттен сырқатқа шалдығып, ертерек, 57
жасында 1936 жылы Башқұртстан жерінде, Борис
Федоровичтің қолында кенеттен қайтыс болады.
Жас күнінде өз анасындай есінде сақталған қасиетті

ұстазының ауыр да ғибратты тағдырын, өнегелі
өмірін біздің сүйікті Евней ініміз арада жарты ғасыр
өткенде бір-ақ білді. Евнейді жар астынан шығарып
алып жүргенде Августа Иустиновна елудің үстіне

шығып қалған, жасы еңкейген кісі екен. «Мал Қазақ»
өзенін іздейміз деп ардақты ұстаз ананың өшпес өмір
жолы ізіне тап болғанымызға қатты қуандық.
Парасатты Августа Иустиновнаның ұзақ

жылдарғы өмір жолында әлдеқалай кезіккен панасыз
қазақ баласы Евнейді аяуы, оған жаны ашып, айрықша
көз қырын салуы, оны тентек, бұзақы, ұрыншақ
балалардың жәбірленуінен қызғыштай қорғаштауы,

екінің бірінде оған ара түсіп, көз қиығынан таса
қылмауы, Евнейдің қолы қысқа әкесінің жат
аймақта ел ақтағандай кәріптікпен күнелткенін көріп,
бүйрегінің қатты бұрылуы, оны бассыз, бейбастық,

заңды бұзған біреулердің қиянат-қысастығынан,
озбырлығынан арашалап алуы, заңсыздыққа жол
бермей, әлсіз адамға ара түсіп, екі-үш көштік жердегі
абақтыдан шығарып әкелуі әлдеқалай емес екен.

Өзгенің қайғы-қасіретін, мұқтаждығын, кіріптар-
кемтарлығын, әділетсіздікке ұшырауын өз басына
қиындық түскендер, өзі де қиянат, бейнет көрген
зерделі адамдар ғана жақсы біледі. Парасаттылық

бойға көп оқу-тоқудан да, ауыр азапты бастан
кешуден де дариды. Қысқы күртік қар бірте-бірте

жауып, қалыңдайды, шөп те күннің көзінен, жылы
жаңбырдан күш-қуат алып, бірте-бірте бойлайды.
Адам да солай. Озбырлыққа, залым-зұлымдылыққа
қарсы күресте жетелі адам шынығады, ізгілік,

әділеттілік, қайырымдылық бойға, ойға мысқылдап
кіреді. Тек адам осы жақсы қасиетті жоғалтпауы,
шашып-төгіп алмауға тырысуы керек.
Августа Иустиновнаның өзінің де, әкесінің де,

балаларының да өмір әділетсіздікке қарсы күресте,
ізгілікке,
адамгершілікке
талпыну

бағытында
қалыптасқан екен. Оның үстіне бала балағынан ғой,
көзі жіті, көпті көрген алғыр ұстаз қазақтың қаңғып
жүргендей жас баласының бойына туа біткен табиғи

үздік қабілетін, алғыр қасиетін, зеректігін бірден
аңдап та қалса керек. Оқытушы — сыншы ғой. Айтқан
сөзін, оқытқан сабағын құйма құлақ зейінді қазақ
баласының тез түсініп, бірден қағып алуын, орыс тілін

тез үйрене қалуын байқап та, аңғарып та қалғандай.
Қайтсе де қайғылы, қасиетті кемтар жанның қағажу,
жетім
көңіл-күйін,

мұң-назын,
жалғызсырауын
өзі де нелер ауыр қыспақтан өтіп, көп сергелдеңді
бастан кешкен, кемтарларға жүрегі елжіреп тұратын

саналы-сұңғыла жандар ғана жақсы түсінеді. Мұндай
адамдар қайырымды, қарасымды келеді. Ботасы өлген
бозінген боздағанда көзіне көрінген бөтен ботаға тегін
жүгірмейді. Адамдардың ұлтына, туған топырағына

қарамай бір-біріне қол ұшын беріп, тар жерде
демесін болатыны, туысқан бауырдай жаны жақын
болып кететіні осындай тағдырлары ұқсастықтан,
рухани мүдде-мақсаттары жігі білінбей пісірілген

болат темірдей біртектіліктен пайда болады. Мұны
ресми түрде біз халықтар, адамдар достығы, шын
интернационализм көрінісі, белгісі дейміз.
Өзі он алты жасында алтын медальмен үлкен

қалада гимназия бітірген Августа Иустиновнаның
қаудыраған жыртық тонды қазақ шәкіртінің жүре
келе көп ұзамай ғылым докторы, жазушы, академик,
екі тілде асқан шешен болып, атағы шыққаны, ал

оның дәл осы Мокроусовода туып, алғаш мектеп есігін ашқан сүйікті ұлы герман Федорович Тарасовтың социалистік Ұлы Отанның даңқты батыры, әйгілі қолбасшыларының бірі болып, шыбындай жанын ел намысы, тәуелсіздігі үшін пида қылуы – кесек тұлғалы, қайратты, қажырлы адамдардың болашақ ұрпаққа өшпес өнеге қалдырғанын айқын сипаттайды. Расында да Е.Бөкетов өз қатарындағылардың ішінде айрықша дарынды адам еді. Бұған дәлел толық. Қысы-жазы балалық шағында тентіреп әр аймақ ты торғайдай паналаған әке-шешенің жетегінде, әр жыл сайын әрқилы мектеп табалдырығын аттап жүріп, өзі де жан сақтау үшін ара-тұра, тиіп-қашып болса да жұмыс істеп, оныншы класты бірден емтихан беретін тәртіппен үздік бітіреді. Содан ол Алматының тау-кен институтына оқуға еркін түседі. Көп ұзамай ғылым кандидаты, докторы болады. Оның болашақ ғылыми, әдеби жемісті еңбек жолы, ғылыммен қатар Маяковскийді, Есенинді, Вазовты қазақша аударуы осылай басталған-ды. Ол жиырманың ішінде-ақ Алматының В.И.Ленин атындағы политехникалық институтының аспиранты, оқытушысы, проректоры, отыздың үстіне жаңа ғана шыққанда Қазақ КСР Ғылым академиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры болады. Ширек ғасырдай уақытта ол көптеген аспиранттар, ғылым кандидаттары мен докторларын дайындап шығарды. Химияметаллургия салаларында Е.Бөкетовтің өз алдына дербес мектебі қалыптасады, ол өндіріске көптеген жаңалықтар қосады. Қарағандыдағы қазіргі Ғылым академиясы орталығының негізін қалайды, ғылыми мекемелерді, Қарағанды мемлекеттік университетін ұйымдастырушы жетекшілерінің бірі болады. Ол осы еңбегімен Арқа жерінде зор бедел-абыройға ие болады. Өмірінің соңғы кезінде ғалым көмірден мұнай айырып алу жөнінде жаңа лаборатория да ашып еді, бірақ, ол бұл күрделі жұмысын аяқтай алмай кетті. Міне, Е.Бөкетов өзінің білімділігімен,

асқан шешендігімен еліміздің М.В.Келдыш, А.П.Александров, Қ.И.Сәтпаев тәрізді атақты ғалымдарының алдында сүбелі ғылыми тақырыптарда көптің көзіне түсіп, жүйелі баяндамалар да жасаған еді. Көбіне ғалым жолы да, ақын жолы да тақтайдай тегіс бола бермейтіні белгілі. Тасы өрге домалап, атағы шығып, жұртшылық аузына қарап келе жатқан оқымысты, әдебиетші-сыншы, аудармашы, публицист Е.А.Бөкетовті көре алмай етектен тартқан, аяқтан шалған қу-сұмдар да болмай қалған жоқ. Еңбегі жемісті, бойындағы мол қабілет-күшін, қайрат-жігерін Отанымыздың мәдени өмірін мерейлендіре түсуге жұмсаған ақкөңіл, адал, кісілікті Е.Бөкетовке жала жапқан әзәзіл өсекші бүркеншіктер Қарағандыдан да, пәлеқор пасық пасквильшілер Алматыдан да табылды. Бірақ, шындық ақиқат жеңбей, көкті қалың бұлт қанша торласа да, сол бұлт серпіліп, күннің көзі жарқ етпей қоймайтынындай, өтірік өсектің құйрығы бір тұтам дегендей, бұл күнде жалақор, пәлеқор, әзәзіл арамзалардың беттері ашылып, қара жүзділердің еңсесі басылды. Е.А.Бөкетов арамыздан ерте кетті, өйткенмен ғалымның артында қалған еңбегі, есімі халықтың игілігі болып қалды. Оның көптеген шәкірттері бұл күнде еліміздің сан аймақтарында жемісті еңбек етуде. Жел ұшырған қаңбақтай, бұдан 130 жылдай бұрын Польшаның жігерлі, ізгі жандарының бірін тағдыр айдап Орал тауларына әкелсе, ал оның аққудың көгілдіріндей өнегелі қызының алдына қазақтың бір баласын жоқшылықтың ызғарлы қара суық күзгі желі қаңбақтай қуып, Жюль Верн жазғандай, Азия мен Европа арасын кесіп өтіп, арғы түбі «оралудан» шыққан шығыс сөзі — Орал тауы сілеміне қаңғырақтатып апарса, сөйтіп болашақ білім бұлағының балдай мөлдір суынан алғаш сусындатса, бұл адамдарды тағдыр тамырлары, тағдыр тоғысуы демеске болмайды. Қашан да ізгі, талапты, дарынды,

өршіл адамдардың тағдыры, тілегі, мақсат-мұраты,
ұмтылған биігі, кіршіксіз аспаны, жымыңдаған жарық
жұлдызы бірге екенін өмірдің ұзақ жолының өзі-ақ
ежелден дәлелдеп келеді.

Мұзафар ӘЛІМБАЕВ

КІСІЛІК ПЕН КІШІЛІК

Мынау — Алатаудың баурай-баурайындағы әйгілі
«Алматы» санаторийі. Мен мұнда демалып, емделуге
биыл тағы келдім. Ол келмейді. Ол келе алмайды. Ол
оралмас соңғы сапарға аттанғалы неше жыл? Жылдар

жылжып қыр асқан сайын қыршынынан қиылған жас
демесек те, көрер қызығының оннан бірін көрмей,
гүлдері түгел ашылмай, халқына сыйлар қазынасын
ақтарып үлгермей, қаншама асқар ағаларымыз,

құрбы-құрдастарымыз,
дос-жарандарымыз,
жасы
кіші жайсаңдарымыз, жай көзтаныстарымыз пәниден

бақиға көшіп жатыр, көшіп жатыр... Солардың ішінде
сеңгірдей биік, рухани өресі жоғары, аса қадірлі
досым академик Евней Бөкетовтің ерте дүние салғаны
жанға ерекше батады...

Жолыңда кездескен әрбір ұсақ-түйектің өзі де
ардагер азаматты еске салады екен: мынау бұтаның
бір бұтағын өңкиген бойымен оңай иіп, өз пышағымен
қиып алып, жонып, қырнап, жұп-жұмыр таяқ жасап

беріп еді-ау...
Сол таяқты демалыс соңында үйіме неге ала
кетпедім екен?
Мынау — көнекөз, кәрі алма ағашы.

— Тапалдар талай сыбағадан қағылып жүреді, саған

тәтті бір апорт үзіп алып берейінші, — деп, әзілдеп еді-
ау Евней.

— Кеше соғыста мынау сорайған бойыңмен қалай

сорлар едің, ә? Біздейлер туған жерге жабысып, туған
топырақтың ыстығын ерекше сезінген ерлерміз, —
деймін оған.

— Міне, мына боймен қақтаған күннен сақтап тұрсаң да, жақпайсың қазаққа, — дейді ол. — Сенің бойың мен көлеңкеңді тосқаныңнан, озық ойыңмен еліңе сая тосқаның керек маған, — деймін мен. — Қолдан келгенінше, — дейді ол сыпайы ғана. Ал, өзінің халқына деген қолынан келген қолғабысы қаншама еді? Ол тапқан жаңа технология бойынша Балқаш мыс комбинаты жылына неше миллион таза пайда келтіреді? Ол сол үшін СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанбап па еді? Бұны қомсынсаң, ол халқына қаншама рухани қазына қалдырды? Қаншама шәкірт тәрбиелеп, қаншама ғалымды қанаттандырды? Ол адал достығымен, қамқор жүрегімен, ағылтегіл пейіл-көңілмен біздерге, дос-жаранына, сыйластарына-қимастарына қаншама қуаныш сыйлап еді?! Шынайы жас ғалымды көрсем де, Евнейді еске аламын. Шалағай оқымыстысымақты көрсем де, «Қайран Евней сияқтылар неге аз болады? Қалай аз жасайды?» — деп өкінемін. Ондай өкінішіме негіз де бар. Евнеймен етене араласып, жан жылуын жиі-жиі сезінген жанмын. *** «Казахстанская правда» газетінің 1953 жылғы 29 наурыз күнгі санында ұлы ақын Владимир Маяковскийдің қазақ тіліне аударылып басылып шыққан кітабының көркемдік сапасы мәселесіне арналған үлкен мақала жарияланды. Авторы әлеуметке аты әлі аян емес, белгісіз біреу... Кітапты аударуға қазақ поэзиясының қасқасы мен жайсаңдары Тайыр Жароков, Қасым Аманжолов, Қалижан Бекхожин... және т.б. белсене ат салысқан. Ал, мақала авторы болса аудармашыларды шетінен

қирата сынапты. Ешкімнің Алатаудай атағына, биік беделіне қарамай, бетің бар, жүзің бар деместен сілкілеген екен және сынауы сындарлы, дәлелді, пікірі орнықты сияқты. Мақаланың аяғына шыққанша аптықтым. Себебі, Владимир Маяковскийдің үш-төрт өлеңін мен де өзімше қазақшалағанмын. «Түйені жел қозғаса, ешкіні аспанда көр». Дөйлер мен дөкейлерді дүрелеп жатқанда, мендей әдеби серкешті аяр дейсің бе қатал сыншы? Жоқ, менің шошуым бекер болып шықты. Абырой болғанда менің екі-үш аудармама құптау білдіріледі. Менің архивімде әлгі мақаланың өзі жоғалыпты да, «Правда» газеті берген «Соңғы поштадан» сақталыпты (1953 жыл, 6 сәуір). Содан екі сөйлем келтіре кетсем, ерсілік болмас: «Газета отмечает хорошее качество переводов молодого поэта М.Алимбаева. Опыт лучших переводов показывает, что стихи В.Маяковского можно переводить на казахский язык, сохраняя все достоинства оригинала». Мақала авторы Евней Бөкетовпен танысуыма «Казахстанская правдадағы» сол материал себепші болып еді. Автор Е.Бөкетов кім? Сұрастыра, сұрастыра анықтадым. Инженер-химик екен... — Данышпансуын қара дәлдірдің. — Е, мықты болса, өзі қазақшалап көрсін Маяковскийді. — «Оқу соғып» кеткен өлермен біреу шығар. Осы тәрізді шымшыма сөздер естіліп, шамшыл мінездер төбе көрсеткені де бар... Кейін, бертініректе сол сыншының, балғын қаламының әдеби батырлығына да талай куә болғанымыз тағы да факті. Евнейдің өзін мен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы пленумында алғаш рет көрдім. Таныстым. Сұңғақ бойлы, сұлу бітімді, аса ажарлы жігіт екен. Сабырлы. Ойлы көзі от шашып та, лапылдап та тұрған жоқ. Төңірегіне кексе байыппен көз салады. Қазақтың «Жігіттің сұлтаны» дейтіні осындай-ақ

болар, — дедім ішімнен. Жасы менен екі жас кіші болып шықты. Тұңғыш тілдесуіміз бес-алты минуттан асқан жоқ. «Мен білгіштердің бірімін. Біліп қойыңыз» деп ішіне түйгенін аузымен айтпаса да, сыртқа сыздауымен білдіргісі келіп, шиыршық ататын «шымырлар» болады ғой. Евней сондай еркектердің легіне өзін жатқызбайтындардың қатарында сияқты. Қоңыр әңгімелер төңірегінде момын ғана сөйледі. Шетелдерден ауысқан шытырман терминдерді де тізбектеген жоқ. Қазақша мейлінше мөлдір, таза сөйлейді екен. Әңгіме тақырыбы Маяковский поэзиясын аудару төңірегінде ғана болды. Менторсып, мен былай ойлаймын демеді. — Сенің ұстанған принципің дұрыс, дәлдіктен айнымай, түпнұсқаға біздің тілде бағалы балама табуға ұмтылған ұтады екен, — деді Евней Бөкетов. Осы сөйлем аударма теориясының формуласы сияқты өшпестей болып менің ойымда қалды. *** — Қайдағы бір химик болып шатасқанша баяғыдаақ лирик болып атыңды әлемге жаятын жігітсің ғой, — деп әзілдедім бірде. — Мені ақындыққа жібермеген әжем. «Әне пәленше ағаң тілінен тартты — «халық жауы» атанды, қазір қайда екенінен де хабарсызбыз. Аузыңды бақ. Қарағым, қақтықпай-соқтықпай, үнсіз тындыратын бір істі тауып ал», — деп күнде зарлайтын әжем байғұс. Содан, шынында, сырғақтауға салындым. Дәлме-дәл ғылымға ойысқанды қол көрдім. Онжылдықты бітіріп, политехникалық институттың химия факультетіне құжат тапсырып, сүйікті қызынан сырт айналып, көлденең қызбен отау тіккендей алакөңіл боп жүрсем де, оқуымды үздік үлгіріп, ақыры бітіріп шықтым. Сендер, әдебиетші достарым, мені аяй қарайсыңдар, ішіндегі іліп аларын іріктей алмай, ырың-жырың күн кешкен берекесіз деп те ойлайтын шығарсыңдар.

Әдеби үрдісіме өзімнің де көңілім көншіп жүрген
жоқ. Қымбат уақытымның қыруары ғылымға кетеді,
резервте уақыт болмақ емес. Тек қалт еткенде ғана
қалам қараймын. Қысқасы, жексенбі күндік қана

жазушы не жазып жарытсын. Жоспар көп... Қазір
мойын бұрмай, қазбалап жүргенім – Қан-ағаң,
Қаныш Имантайұлы жайындағы кітап...

— Күн қақтаған киіз үйде туып өскен қазақ

баласының ғылым әлеміне құныға бой ұруы ғана емес,
ғаламдық ғылымды көтерісуі, ғалымдардың қанатты
жасағын ақыл-ой ғарышына көтеруі — менің «Әйгілі
адамдар ғұмыры» сериясы бойынша сыздықтап сызып,

тірнектеп тізіп жүрген дүнием осы. Қолың тисе, көз
жүгіртіп қарап шықшы, алғашқы екі жүз беттейін
ала келдім санаторийге. Машинкаға басылған, — деді
Арыстанның арыстандай ұлы — Евней.

Мен ауруханадан кеше ғана шыққаныма, айығу
түгіл, ауырлай түскеніме қарамастан, академик
досымның ақылды ой топшыламаларын тамашалауға
асықтым.

Сонымен болашақ кітапты шұқшия оқуға бас
қойдым. Қызылқұмның шөлінде қырық күн адасып,
қиямет азап шегіп, көні кепкен жүргінші, мөлдір
бұлақ, мөлдір тұмаға тап болып, қалай бас қойса, мен

де соның кейпіне көштім. Екі күн, екі түнде түгел
төңкеріп шықтым.
Кітап далалықтар тірлігінің экзотикасын емес,
романтикасын тауып, даналық бастау бұлақтарына

үңілтеді. Өзгелер, яғни қазақ емес оқырмандарға
емес, ата-баба этнографиясын, тарихын, әдебиеті
мен өнерін бір кісідей білемін-ақ деп кеуде соғып
жүрген дырау-дойман қазақтардың өздеріне болашақ

кітаптың мынадай басталуы қызғылықты ғана емес,
құнды да. Қолжазбаны қарап шыққандағы менің қуана
ішке түйген тұжырымым осы еді. Сол пайымымды
көлгірсімей

жеткізуге
тырыстым.
Жекелеген
ескертпелерімді де бүкпедім.

— Бар тілегім — кітабыңның аяғына тез шық,

күтіп отырған қалың қауымыңның тезірек қолына жеткізсең, халық өзі біледі қалай бағаларын, — дедім. — Апыл-тұпылдан аза бойым қаза... — деді досым. Асықпаған да жөн-ау. Ал кешігу де опық екен. Қаныш Сәтпаев туралы қажет кітап ғажап ғалымның, талантты қаламгердің ішінде кеткені өкініш емей не? Евней еріншектік пен керенаулықтың ауылын жанап өтпеген елгезек қаламгер бола тұра, Қаныш жайындағы өзіне мұрат тұтқан ғибратты кітабын басқа себептердің қырсығынан тамамдай алмай кеткені бүгін әмбеге аян. *** Біздің Евней кейде өз пікірін парадоксті тәсілмен жеткізуден де тайынбайтын. 1978 жылдың орта тұсынан аса бере денсаулық сыр берген соң, ауруханада ұзақ жатып, «Алматы» санаторийінен бір-ақ шықтым. Мен жайғасқалы екі-үш күн өтпей жатып, Қарағандыдан демалуға Евней де келе қалыпты. Ол бірінші қабатқа орналасыпты. Екінші қабаттағы менің көңілімді сұрай келген досым амандықтан соң: — Не болды? — деп сұрады. — Стенокардия деген бір пәле... — Е, құтты болсын, — демесі бар ма... Сөз баласының сырын сара білмес ноқай біреу болса бір сәрі, ал мынау есті жігітке жол болсын?! — Немене, мені тез өлсін деп отырсың ба? — дедім әлгі сөзін көңіліме дік алып. — Керісінше, сен аман-сау бол деп айтып жатырмын. — Неге? – Негесі мынау — бұл бірінші қоңырау. Енді сақ боласың. Білмей-сезбей, сезік-секем алмай оқыс кеткеннен сақтасын. Өзің білесің: менің жүрегімнен жүдегеніме неше жыл. Алдымен айтарым — үрейленбе. Екінші кеңес — дәрігерлерді тыңда. Бір ғана дәрігерге қарал. Қалғанын осында жатқанда

сатылап айтармын. Ушықтырма, өршітпе, осы қалпыңда тұруды ойла... — деді жайраңдай күлгенсіп, өзінің жүрегі сыздап отырғанын маған сездіргісі келмегендей... *** Қазақ халқының мерейін шырқау биікке көтеріскен кемеңгер ұлдарының бірі Ілияс Омаров дүние салған күндерден кейін Алматыда кездескенінде: — Басқаның иті өледі, біздің китіміз өлетіні не пәле осы? — дегені де есімде қалыпты. Ілекеңнің ірілігін тізбектеп айтып, сөз көпіртіп, әуре болған жоқ Евней. Аз сөзбен әз ағаның орнын белгілегендей бірақ түйді. Бүгін өткен күндерге, асқар аға мен алып іні тағдырына көз жіберсем, екеуінің ерен ұқсастығын көремін. Сырт көзбен қарағанға, ресми тұғырдан үңілгенге алшақ болмыстар сияқтанғанымен, екеуін бірінен-бірін айыратын алыстықтардан гөрі, ұқсас жақындық белгілер басым сияқтанады. *** Абзал азаматтықты ардақ тұтуды жастайынан әдетіне айналдырған Евней Бөкетов халықтың асқан абзал қайраткері Ілияс Омаровтың ел арасына тарап кеткен екі-үш сөзін еске алды. — Қырқыншы жылдардың аяғында Қостанай облысы, Торғай ауданы басшылары өзара билікке таласып, алтыбақан алауыздыққа салынып, жұрттың бірлігіне нұқсан келтірген фактісі партия тарапынан қатты сынға ұшырайды. Аудандық партия комитетінің бюросы түгелімен таратылады. Кезектен тыс конференция шақырылып, аупарткомның жаңа құрамы сайланады. Сол конференцияға Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Ілияс Омаров қатысады, сөз сөйлейді. — Сіздер бірлесіп қызмет істесу орнына, біріңізбен-біріңіз тістеседі екенсіздер.

Ілекеңнің әлгі сөзін естіген ел-жұрт қағып әкетіп, ауыздан ауызға тарапты. Екінші сөзі: — Сіздің ортаңызда сын және өзара сынға құрмет көрсетілмейтін көрінеді. Сіздің осы тұстағы сыныңыз бен өзара сыныңыздың қауқары кемпір-шалдың қызыл иегімен сүйек мүжігенімен бірдей екен, — депті қызыл тілдің қырғиындай алғыры Ілияс ағамыз. — Мұзафар, құдайлығын айтшы, кәне, кеудесіне нан пісіп жүрген кейбір қаламгерлердің өзі сөз кестесін осылай келістіре ала ма? Әй, қайдам? — деп үзді ойын Евней Арыстанұлы. Иә, ақылман ақылманды осылай бағалайды да ғой. Ілияс пен Евнейде рухани кіндіктестік, мұрат туыстығы, жан-дүние ұқсастығы бары шүбәсіз факт деп түсінемін. — Ілияс аға жақсы ақын еді-ау, — деп сөзін жалғастырды Евней. — Финансист, министр Өтешқали Атамбаев құрдасына шығарған: Мойның бар қатындардың бұлшығындай, Шашың бар көк ешкінің қылшығындай. Қыз көрсең тұра-сала жүгіресің, Үйірген кемпірлердің ұршығындай. Дене бітімі жұп-жұмыр, құрсақты, әрі тапалтақ кісінің, әрі шашы ағарған адамның портретін төрт жол өлеңге сыйғызу осалдық па? — Сенің де ақындығың бар ғой, — дей беріп ем, сезімтал жігіт, менің сөзімді кілт үзіп: — Біздің ақындық өгіздің мұрнын тескендей өрескел бірдеңе ғой. Анау Әбекеңнің — Әбділданың алдында желігіп, өз өлеңімді оқимын деп ыңғайсыз жағдайға қалғаным әлі есімнен кетпейді. Өлеңдетпесем, көңіл-пейілімді келісті жеткізе алмастай көрдім бе, жанымдағылар «жақсы екен» —

деп шаптаған соң ба, мінбеден шалдыр-шатпағымды оқып, аяғымды тартпай, айқайлап жөнелгенім-ай. Ендігәрі өйтпеспін... Евнейдің әлгі есті сөздерін естігеннен кейін ойлы адам опығынан да сабақ алады дегенге тағы да бір көзім жеткендей еді. *** Ол адам бойындағы асыл қасиеттерді алдымен көруге құштар еді (Пысықтар қасындағылардың күйкілігін іздестіріп, қорлауға қышынып тұрады ғой). Дардай атағы бар даңқтылардың бойынан ғана емес, көпке танылмаған қоңырқайлар мен момынқайлардың өзгелер әлі көріп-білмеген өзгеше лігін тауып, танитын, танитын да өзгелерге танытатын. Бір қыдырыс минуттарында транзистордан «Шалқар» бағдарламасын тыңдап келе жатқанымызда балалар әндері берілді. «Ақ мамам» әні шырқалды. — Қой аузынан шөп алмас жуас дейтін Әнуар Дүйсембиев, құдай біледі бар ғой, дөй ақын. Нағыз балалар ақыны болып туған жігіт. Қазақстан комсомолының Орталық Комитетіндегілер не қарап жүр: осындай ақындарды қолдап, Крупская атындағы медальға неге ұсынбасқа, республика комсомолының сыйлығын неге бермеске? — деді Евней. Тегі мынау ойлары көптен көкейінде жүрген түйіндері болса керек. – Әнуардан, бөбектердің сүйікті жыршысы Жақан Смақовтан да мезгілсіз айрылып қалыпсыздар, — деп бір тоқтады. — Достым, мен өзін көре алмадым. Қасиманов Садық ақсақал – қазақ этнографиясының қандай білгірі! «Қазақтың қол өнері» деген кітабын қызыға оқып шықтым, маған салсаң Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі етіп сайлатар едім. Өзі жазушы да екен. Ожар біреу болса, омыраулар еді-ау, ә? «Мен барамын», - деп менменсімей,

сыпайы тірлік етіп дүниеден өтіпті... – деп тағы да сөзін жалғастырды академик. Келесі бір күні Евней Рейхстагқа ту тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа сүйсініс білдірді. – Батырлығына ешкім шүбә тудырмайтын Булатов пен Қошқарбаевтың герой атанбауына не себеп? - деп сұрады менен. – Сен білуге тиістісің ғой. «Ту тіккен» атты поэма да жаздың соған арнап. Газет-журналдардан бірнеше мақала да оқыдым, сенің дастаның турасында... Гәп неде? Мен бір себебінің сырын ашуға тырыстым: – Ақжолтайлық әркімге бұйыра бермейді екен. Бірдей ерлік көрсеткен бірегей батырлардың біреуіне сый молынан тиеді, екіншісінің кемдеу емес, тіпті ондай сыйдың дәмін де тата алмайтыны сирек емес... Қошқарбаев пен Булатовтың пешенесіне жазылғаны да бейпейілдік болды-ау. 1945 жылы мамыр айында Рейхстагқа ту тігушілер ретінде сарбаз Булатов пен Қошқарбаев та Совет Одағы Батыры атағына ұсынылған. Бірақ, бұларды екінші толқынға ысырып, шегіндіре тұрайық деседі біреулер. Сол жылдың аяғында – «Мәртебелі атаққа лайықтылар аз емес, көп: саралайық, сұрыптайық, суырылып озған саңлақтарына алдымен атақ берейік, ордендермен сыйлайық», - деп шешеді жоғарғы жақта. 1945 жылдың аяғында Ұлы Отан соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы болып Совет Одағының Маршалы Иван Конев бекітіледі. Маршал наградаға ұсынылғандардың құжаттарын қайта қарауға кіріседі. Оның алдына Рақымжан мен Гришаның қаһармандығын баяндаған құжаттар да келеді. – Немене, Ұлы Отан соғысының барлық батырлары тек Жуков басқарған Бірінші Белорус майданынан ғана шығуы заңдылық болуы тиіс пе?

- депті де, Иван Конев Қошқарбаев пен Булатовтың құжаттарын қызыл сиямен айқыш-ұйқыш сызып тастапты. Содан кейін ондаған жылдар бойында ол жайында сөз қозғамай жата береді. Жеңістің отыз жылдығы қарсаңында Пермь облыстық партия комитеті өздерінің жерлестері: – «Григорий Булатов пен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаевтың қауіп-қатерге бас тігіп, Рейхстаг маңдайшасына Қызыл ту қадағандағы қаһармандығы ұмытылмауы тиіс», – деп тиісті орындарға хаттар жазады. Обкомның бірінші хатшысы Бүкілодақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы маршал И.Коневке кеп жолығады. – Григорий Булатов – сіздің де жерлесіңіз, бәріміздің мақтанышымыз. Батырлардың қандарын төгіп, шаштарын ағартып, қолдары жеткен мерейлерін иеленуіне көмек көрсетіңіз, - дейді (Мен осы естеліктерімді жинақтай бастаған күндерде Совет Одағының Маршалы Г. К. Жуковтың «Правда» газетінде (1989 жылы 20 қаңтар) «Сталин туралы қысқаша» деген естелігі жарияланды. Сонда маршал И.С. Конев Г. К. Жуковтың ұлы мерейін күндеп қызғанып, қырбай болғанын жасырмай жазыпты Георгий Константинович. – Қадірлі жерлестерім-ау, сонау 1945 жылдың күзінде қайда қалғансыңдар? Енді кеш. Мен бір рет қолдамағанмын. Онымнан бас тарту маған енді орайсыз, - деп солқылдатыпты. – Сонымен, сол мәселе күні бүгінге дейін әлі аспа тұзақ қалпында сағыздай боп созылып келеді, - дедім Евнейге мән-жайды егжей-тегжейлі түсіндіріп. – Сонда біздің республика басшылары нендей ойда? - деп сұрады ол. Мен ләм-лим дей алмадым. Өңкиген денесін оқыс бұрып, оң қолын бір-ақ сермеген Бөкетов: – Жүр, санаторийге барып дем алайық, – деуге шамасы әзер келді.

Академик, геолог Иван Иванович Бок беріректе химик-академик Евней Бөкетовке бір сырын шертіпті. – Жезқазған төңірегі қойнауын түрткілеп, кен іздеп жүргенбіз. Алайда ақ түтек боранда жолдан адастық та кеттік. Әрі сандалып, бері сандалып, түтін иісімен бір ауылға әзер дегенде киліктік. Жатаған бір үйге тап болдық. Үй иесі қасымдағыны бірден тани кетті. Қолымен әріптесімді, әлгі қазақ ақсақалды нұсқап, маған орысша тіл қатты. Өзінің әжептәуір орысшасы бар екен. – С тобой приехал данышпан, – деді. – Данышпан деген не? – деп үй иесінен қайта сұрап ем, оны түсіндіруге білігі жете қоймады. – По-казахски знаешь, а вот по-русски не знаешь, – деді ол қолын жайып. Жолдасымнан бұл не деген сөз деп, баламасын сұрап едім, айтпай қойды. Кейін басқа қазақтардан сұрап білдім. – Сол сөздің мағынасын түсіндірмей қойған да, данышпанның өзі де Қаныш Сәтпаев болатын, – деп академик Бок сөзін тамамдапты. *** Ақынға әкім болып керегі не? – деп өзіңдікі дұрыс. Талай-талай редакторлық қызметке шақырғанда да бауыр басқан, бауыр басқан емесау, өз жаратылысыңа үлес «Балдырғанды» қиып кетпедің... Біздің Ғафу айтқыш қой, Қазақстан Жазушылар одағының жастар шығармашылығына қатысты мәселе қаралған пленумында: – Редактор ретінде өз орнын өзінің болмысына сай тауып отырған бір-ақ адам бар. Ол – Мұзафар Әлімбаев. «Балдырған» – соның ғана қолы. Ал, әдетте қалай? Мәселе шешетіндерде билік жоқ, билігі барлар мәселе шешпейді, – демеп пе еді ол? – Сені кейбіреулер мансапқұмар дегісі келеді. Мен айттым:

– Бөкетов Евней билікке ұмтылса, Алматыдан қашықтап алыстағы Қарағандыға кетер ме еді? Қатардағы ғылыми институтты қанағат тұтуы – ғылымына да, әдеби талабына да уақыт табудың қамы емес пе? – дедім оларға. – Сен әділін, анығын айтыпсың оларға. Бұл ертеректегі әңгіме. – Бертін «Бөкетовтің президенттіктен дәмесі бар екен» дейтін де сыбыс шыққан-ды. Сол тұста Евней «Алматы» санаторийіне демалысқа келе қалды. Біз де сонда болатынбыз. Оңаша екеулеп қыдырып жүргенімізде: – Осындай әңгіме бар, - дедім. – Мені жақсы танитын адам, жанашыр емес, тіпті қырбайлау біреу болса да, олай демес еді. Себебі, мен – науқас адаммын, жүрек нашар, экстрасистила. Оның не екенін енді өзің де білесің, жүрек лүпілінің ырғағынан жаңылуы... Екіншіден, мен сау болған күнімде де сондай биік лауазымға, мәртебелі мансапқа иегімді қышытып, еңсемді салмағанмын. Университеттегі ректорлығымның өзін де ауырсынып жүрмін, саған шынымды айтсам, мені босатыңыздар деп өтініш берейін десем, кейбір достар: — Оны қой, басқара алмай кетті деп өсектейді, қырғи қабақтарың, — деседі... Мансап жайындағы әңгімеміз әрі қарай өрістемей шорт кесілді... Потенциал тұрғысынан алғанда, әрі халықтың сырттай ұйғаруы бойынша да — Қазақ КСР Ғылым академиясы президенттігіне даусыз кандидатураның бірі, көпшіліктің көңілінен шығатын ғалымы әрі жанжақты білімдары Евней Бөкетов екені әмбеге де аян еді ғой. Жоғары орындағы жақтырмаушылардың біразы, сезік алғандар атақты ғалымды алуан түрлі айлашарғымен аяқтан шалып баққанына бүкіл республика жұртшылығы куә... «Ленинская смена» газетінде тарих ғылымының

кандидаты Ю.Рощиннің бейбастақ мақаласы басыл-
ды. Өзі Мәскеу тұрғыны-мыс, Евней Бөкетовтің
өмірбаянынан да, ғылыми және әдеби еңбектерінен
де бейхабар адам мақаласында білгішсініп, көп

әдебиетші ғалымды, аудармашыны сынап шенейді.
Мәселен, Е.Бөкетов орта ғасыр авторларын неге
аударады? — деп кекеткенсиді. Қай ғасырдың
шығармасын, қашан аудару, кімді аудару әр азаматтың

ешкім қол сұға алмас конституциялық құқығы емес
пе екен? Сондықтан да Бөкетов Шекспир пьесасын,
Маяковский
комедияларын,

Есенин
поэмасын
қазақшаға аударған. Негізінен сәтті аударған. Оның
несі айып?

Әлгі тарихшы Рощин егер талантты сыншы
болса, Бөкетов аудармасының көркемдік сапасы
дәрежесінің не жоғарылығын, не пәстігін талдап,
саралап берсе бір сәрі... Сыншы ондай риясыз тал-

дауға өресі жетпейтін күйкілеу пенде болса керек.
Оның
ұстанғаны
«ұрып-соғу»

тенденциясы
ғана... Жұрттың айтуынша, бұның өзі Алматыдан
ұйымдастырылған қиянпұрыстық көрінеді. «Түлкінің
қызылдығы өзіне сор». Бөкетовтің білімдарлығы, ел

алдындағы ерен беделі мен мерейі, сіңірген еңбегі,
әдеби шығармашылығы мансапқұмар талайлардың
көмейіне көлденең кесек боп тығылғандай. Бөкетовті
бір көргендер де, мың көргендер де аса биік

құрметпен, шапағатпен еске алады. Бір де біреуінің
аузынан «Евней пәлен еді, Евней түген еді» дегендерін
естімей келемін.
Академиктің әріптестерінен де сыр тартып көрдім.

Олар да өте-мөте сүйсініс білдірмесе де, кемсітіп
сөйлеген жоқ.
Онымен сапарлас болған, қатарлас қонған, бірге
мұңдасқан,

күнде
сырласқан
азаматтар
бәлкім

естеліктер жазар, естегілерін айтар — сонда академик
Евней
Бөкетовтің,
жазушы

Евней
Бөкетовтің
қайталанбас бейнесі тұлғалана түсер.

*** — Сен өзің де аудармашысың ғой, сан алуан шығармаларды басқа тілдерден ана тіліне әкелгеніңді білеміз... Сені біз мақал-мәтел және нақылдар аударудың практигі ғана емес, теориясымен де шұғылданушы деп танимыз... Ал айтшы, «Куй железо пока горячо» дегенді «Темірді қызған кезде соқ» деп аудару дұрыс па, әдемі ме? Мен: — Бұл өзі қазақтардың талай ұрпағының құлағына сіңген тәржіма ғой... — деп сырғытпалау-сырғақтау жауап қаттым. Ал, мынау сенің өз нұсқаң болды ғой тегі... — Меніңше, — деді Евней нықтап, — «Темірді суымай тұрып соқ», өйткені орысшасындағы «пока горячо» қызып тұрған емес пе? — Бұл нұсқаны оқырмандарға ұсыну керек екен. Ұмытпасам, «Көңіл күнделігі» атты эссемде Евнейдің әлгі аудармасын келтірдім білем... Мұны айтуымның мәні — әлгі тәржіманы классикалық деңгейде дегендік емес, асқаралы ақыл-ой иесінің өз миына тыным бермей, толассыз ізденетіндігін ескерту. Үлкен ойшылға ұсақ-түйек деген жоқ екен, ғылымда да және өнерде де ұсақ-түйек жоқ екен. Қатпа қалыпқа, сіңірілген сіңістіге, өлі үйреншіктіге бой алдырмауды ойлап, жаңа кезеңде жаңа биікке көтерілуге қам жасау — оның әдеті еді. Жаңаша ойлау — жан-дүние мазасыздығы, қиялдың қызу қызметі. Алуан-алуан конференция мен сьездерде, радио мен теледидарда талай оқымыстылар ана тілінде қазақша сөйлеп жатады. Солардың көбі аузын ашса болды, тілді қандай шұбарлап шұбартады? Ал, академик Бөкетов сияқтылар тіл тұнықтығын сақтаумен қатар, ана тілінің қорын көркемдік дәулетпен байыта молықтыруды ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимейді.

*** Евней дана ғана болған жоқ, бала да бола білетін. Бір күні редакцияға телефон соғылды. Телефон трубкасын көтерсем, таныс дауыс — өзіміздің Евней. — Сәлем. Осы сен СССР Жазушылар одағының мүшесісің бе, жоқ па? – Иә, мүшесімін. – Қай жылдан? – 1951 жылдан. – Бас-аяғы бес жыл жазушы болдым деп... – Иә? — Жазушы болсаң, маған билетіңді көрсетші, — деп трубканы қойып қойды. Пенжагым қалтасын сипаппын, онда жоқ болып шықты. «Е, үйде шығар» дедім ішімнен. Дегенмен түйткіл кірді. Евнейдің қайдан телефон соққанын білмеймін. Сонымен не керек, кешке жақын үйге оралып қалталарымды ақтардым, жазу столымның тартпасын да төңкердім – жазушылық билетім ұштыкүйлі жоқ. Қайда жоғалтып жүрмін? Білмеймін. Ертеңінде Сафуан Шаймерденов жолығып, жымыңжымың етеді. – Евнейдің саған сюрпризі бар. Соны саған жуғызбақ. – Е, жарайды. Евнейің қайда? – Табамыз ғой… Сағат беске қарай өзің дайындалып, қамсыз болмай дегендей… Бөкетов бізді панфиловшылар паркінен тосып қалар, - деді “сорайған солтүстіктің қарағайы”. Не керек, баяғыда алған билетімді жаңадан жууыма тура келеді. Мәселе былай екен. Жазушылар одағы басқармасының таяуда пленумы өткен. Сонда Евней, Сафуан үшеуміз қатар отырғанбыз. Менің бірдеңені іздеп отырып, төс қалтамнан билетімді алып қарағанымды көрген Евней Сафуанға иегімен ымдап, соны алып бер дейді. Ыстықтап орындықтың арқасына іліп қойған пенжагтың төс қалтасынан

билет сырғып отырып, “солтүстіктің қарағайы”
қалтасына түседі…
Соның алдында ғана Евнейге бірдеңені сылтау ғып
жудырғанбыз. Енді соның қарымтасын қайтарудың

сәті түсті емес пе?
Өз билетімнің солай өзіме олжа болғаны бар.
* * *
Туысқан халықтардың мәдениетіне қызыға үңілу,

тіліне деген пейіл-ықылас, туған тілмен салыстыру

– Евнейге тән мінез. Озық мәдениетке өз жұртын

ұмтылдыру – ойшылдардың өмірлік қам-қарекеті
екен.
...1979 жылы бір жолығыста:

- Украин тілінде дрофа - «дудак» делінеді екен.

Біздің қазақтың «дуадағы» ғой. Тек бір дыбысы
ғана түсіп қалып ықшамдалған. Енді бір қызығы
украиндықтар тырнаны «лелека» дейді. Бұл -
қазақша «ләйлек». Күншығыс жұрттарымен қашан-

нан бері араласқан халық «құтан» мен «тырна»
атауын алмастырып алуы мүмкін ғой, – дейді досым.
Бірде мен Е.Бөкетовтің аузынан жапонның
танкасын (бесаяғын) және хокку немесе хайкуін (үш

аяғын) жазып алыппын. Соның біреуінің орысша
тәржімасы: «Опыт старика надежнее панциря
черепахи». Соны Евней өзінше қазақшалайды:
«Тасбақаның қабағынан қарт адамның танымы

сенімді». Бұл менің 1975 жылы қаңтардың басында
жолым түсіп Қарағандыға барғанымда жазылған
екен. Екі күн емін-еркін сұхбаттасыппыз, әр нәрсенің
басын шалыппыз. Солардың соңын ала блокнотыма

түскен егіз жол өлеңім де сондағы көтеріңкі көңіл-
күйіме сәйкес болса керек:
«Сенімен ұзақ-ұзақ сапарларға шыққым келеді....»
Мен сол сапарда Қарағанды университеті сту-

дент терімен үлкен акт залында кездесу өткіздім.
Кездесуді проректор Пивень Николай Федрович,
кафедра меңгерушісі Задан Жұмағалиев басқарды....

Студенттер сергек көңілмен хош алып, біраз мәселелер төңірегінде көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында жігіттер дастархан жайған екен. Соған шақырды. Әлден соң ректордың өзі де келе қалды. Әңгіме-дүкен көбінесе әдебиет төңірегіне орала берді. Әңгіме орайында қазақтың «келінді келгенде көр, септі жайғанда көр» деген мақалын келтіріп едім. Жастау жігіттерден ректор: – «Сеп» деген не ? - деп сұрады. Әдебиетшілердің өздері де іркіліп қалды. Сонда Евней: – Сеп, меніңше, дүние-мүлік, мүкаммал, - деп бір-екі сөзбен түптеп беріп еді. Келесі күні Е.Бөкетов өзі қолынан аяқтандырған ғылыми перзенті – Қарағанды химия-металлургия институтына өзі бастап барып, лабораторияларын аралатып, жаңа техникалық аппаратуралардың барша технологиясымен таныстырды.... Өзі тәрбие леп баулыған ғылыми жас кадрларды «Міне, мынау – Қайырдос, міне, мынау – Болат» деп... әрқайсысының жақсылығын баса айтып, кең жайлау көңілінің мерейін төге сөйлеп еді. Бүгін сол институттың атын, атқарып жатқан оңды қызметін естіген сайын Евнейім сонда жүр дегендей бір желпініп қоямын. Менің сол блокнотымда: «Ірілік үйлесімді орнын таппаса, қушиған күйкілікке айналады», – деген бір сөйлемім жүр. Менің есіме түсті. Бұл сөзді мен Қарағанды университетіндегі кездесуде айтқан екенмін. Жаңа университетті жалпының алдында мерейлі осындай лайықты адамның, академиктің басқаруы қандай жарасымды деген мағынада айтқаным. Шынында, тау қыранын тауқұдіреттің тағына қондырсаң, жүнжіп кетпей ме? Адамды қызмет өсіреді. Бірақ, тоқыраудың тірегі болған лауазымдар асқар таудай академикті қатардағы ғылыми инс-

титуттың аға ғылыми қызметкерлігіне жіберіп,
қып-қызыл қиянат жасаудан қысылмады емес пе?
Неменесіне бола Евнейге ұнағанын білмеймін,
досым менің бір сөзімді жолыққан сайын жымиып

қойып, орайын тауып, әңгімесіне бір қыстырмай
өтпейтін: «Жолын сүйгеннің қолын сүю шарт
емес». Иә, Евней арулардың ақ қолынан басқа
қолды сүймей өтті, ешкімге басын имей өтті.

Міне, қойын дәптерімді парақтап отырып, 1978
жылы қарашада Евней аузынан жазып алғандарыма
көзім түсті.

– Бұл әңгімені маған солтүстік облыстың

жергілікті өнеркәсіп мекемесінің қызметкері
Мәжікен деген жігіт айтып еді, - деп бастады, Евней
өз сөзін. – Біздің орта мектептің директоры
соғыстан кейін Қызылжарға «төркіндеп» келген

Сәбит Мұқановты қой сойып, қонақасы беріп
дуылдатып күтіп жатады. Тап осы сәтті аңдып
тұрғандай, бір «Победа» машинасынан тапалдық,
төртбақ орыс шыға келеді де, сөйлей жөнеледі:

- Мен – пәленбай миллион орыс халқының

жазушысымын. Бір кезде менің романдарымды
Максим Горькийдің өзі мақтаған. Сөйте тұра маған
мына бір орыс жарты литр арақ қоймайды, бір
жапырақ ет қуырып бермейді. Ал, мына қазақтар

өз ақынын төбесіне көтереді, пойыздан түсіріп,
алақанына салып әкетеді.

– Міне, қызық, – деп құшағын жая Сәбитке

қарсы беттейді. Жұрттың бәрі жаңағы “Победадан”
түскен кісіні де таниды екен, түгел орындарынан
тұрып, жағалай қол берісіп амандасады. Бұл келген
өз жерлестері С.Мұқановтың үзеңгілес досы, әдеби

әріптесі әйгілі жазушы Иван Шухов екен. Сәбиттің
осында екенін естіп, сонау Преснов ауданынан
әдейі іздеп келіпті.
Қуақы тілді құрбылас Иван әлгі жалғыз ауыз

сөзімен-ақ жерлестерін үйіріп алғанын Евней де
іштей мақтан тұтып отырғанын сезінгендей едім.

* * *
Сол блокнотта Евнейдің аузынан шыққан әдемі
бір нақыл тағы да таңбаланған екен: “Отызында
есір меген елуінде есінен айырылмас”.

Иә, Евней Бөкетов ұзақ ойланып, қапысыз
тол ғанып, қайталанбас қалыпқа ойын өрнекті құя
білетін азамат еді. Соған әлгі нақылы да уәж бола
алатындай.

Әрине, әрі асқан ғалым, әрі талантты жазушының
терең ойлы айрықша әсем түйіндерін, айшықты
пайымдауларын түгел білу үшін Е.Бөкетовтің жарық
көрген кітаптарын қызыға оқу керек болады.

– Ұлттық шеңбермен шектеліп, томаға-тұйық-

талған ғылым мен мәдениеттің қауқар-қадірі
шамалы, - дейтін менің досым Евней. Өз әулетіне
ғана арналған әнді көрші-қолаң, ауыл-аймақ, іргелес
елдер естіп қуанбаса, оның несі өнер? Алыстағы

халықтардың ауыр еңбегін жеңілдетуге себі тимесе,
техника жаңалығының құлашы қысқа болғаны...
Халық өмірін қадым замандардағы қалыбынан
өзгертіп, теңдік, бостандық, демократия орнатуға

жол ашпаса, идеологиялық ілімге үйірілетіндер
қатары көбеймес еді ғой... Иә, Евней жақсылық
атауы жалпының, жалпақ жұрттың жаппай игіліне
айналғанын қалайтын.

Міне, содан да оның әдеби көркем аудармаларын
сол өзі ұстаған эстетикалық, азаматтық қағидасын
іс жүзінде жүзеге асыруы деп қарауымыз керек.
* * *

Көшелі ойдың, көсем кенеулі ойдың кісісі еді
академик Бөкетов Евней. Сырт көзге сыпыра
элементтерді ғана түгендейтін химиктің қоғамдық
тірлікке не қатысы бар деген ой келуі де мүмкін

шығар. Оған себеп те табылып қалады. Неге

дейсіз ғой: талай ғалымдар өз пәнінен басқаны
күйттемейді, қоғамдық өзге үрдістерге қызықпай
ма, бой сақтай ма - әйтеуір араласпайды. Евней
ондай енжар, немқұрайды, сүлесоқ тірліксымақ десе,

іштей жиырылып тұратындай еді. Сүлесоқтықты
суқаны сүймейтін. Керісінше, кимелей кіріспесе
де, табиғи жарасымды түрде дүбірдің ортасында
жүргенін көрер едік. Мәселен, «Простор» журналы,

оның бас редакторы республикамыздың озық
жазушыларының бірі, Одаққа аты мәлім Иван
Шуховтың өзі де сөзге қалып, кібіртіктеп жүрген
бір тұста өзінің интернационалдық парызын қастер

тұтып, редакция ұжымын сөзімен жұбатып, жаңа
шығармасын ұсынуы арқылы қолдаған, «қолтығынан
демеген» де осы Евней Бөкетов болғанын сол
жылдарда басылым бас редакторының орынбасары

қызметін атқарған жазушы Галина Васильевна
Черноголовина ырзалық сезіммен әңгімелейді.
Осы бір фактінің өзі-ақ оқымыстының азаматтық
құлшынысын, ғұмырлық позициясын аңдатса керек.

* * *
Оның аузынан шыққан екі арыз-шағым есімде.

- Уақытымның жетіспеуінен асқан бірде-бір

қолбайлау қиындықты мен білмей-ақ жүрмін, -
дейтін ол. Бұл бірінші мұңы болса, екінші, әрине,
ауруы – кеселі еді. Ол жүрек науқасына ерте
шалдықты. Оның үстіне қант диабеті жамалған-ды.

«Алматы» санаторийінде өз көзіммен ұдайы
көрдім: сондай әлсіз жүргеніне қарамастан
таңертең ерте оянып алып, елден бұрын бақшаға
шығып, қысы-жазы демей, жауын-шашын, тұман-

мұнар демей, өңмеңдеп жүгіреді-ай кеп. Қара терін
сығып алатын. Күндегісі сол.

- Мынау жүгіріс тым ауыр ғой, жаныңа тимей

ме? - дегенде:

- Бұл бір білікті профессордың кеңесі, - деп

жауап қатып еді достым.

Балаша сенгіштік те батыр тұлғалы Евнейдің бір
қасиеті болатын. Бүгінде маған ой келеді: шамадан
тыс жүгіріс ақау түскен денсаулықты одан сайын
солғындатып, тоздырмады ма екен? Ғажап емес.

Қалай десеңіз де қажырлы ғалымның, қалам
батырының бір басындағы ауыртпалық асылып-
төгіліп жатқандай еді ғой.
Неге аса бір сирек таланттың салмағы кәдімгі

қарапайым пенденің организмі - табиғи дене
бітімі көтере алмайтындай жаратылған десеңші?
Мен осыған қайранмын. Бір азаматтың басына
екі бірдей кесел-дерт аз болғандай, күншілдердің

аяқтан шалуы, лауазымдылардың көпе-көрінеу
қиянат-зорлығы ойшыл ғалым-жазушының өмір
философиясы жайындағы алуан-алуан сырларын,
келер ұрпаққа керемет мұра болар туындыларын

ақ қағазға түсіртіп үлгертпеді. Қандай ғұмырдың
болсын мезгілсіз қиылуы өкінішті әрі аянышты.
Ал, аяулы Отанның айтулы азаматы атанған
жігіттің, адамгершілік қазынасын молынан сыйлар

потенциалы бар ардагердің дүниеден мезгілсіз
көшуі екі есе аянышты. Академик Евней Бөкетов
сондай азамат.
* * *

- «Абай жолының» бірінші томында, өзің білесің,

«аямас қастыққа орай, айықпас өштігі болады» деген
нақыл бар. Мұхаң өзінен бұрынғы заман ұстанған
принципті айтып отыр, – дедім. Досым ләм-мим
демеді.

Қырбайларынан қаншама соққы көріп жүріп,
есе қайтаруға еңсе салмаған Евней мінезі
кеңдіктің, биік кісіліктің көрінісі-ау. Менің ойыма
халқымыздың «білімді ердің пейілі кең» деген

білікті нақылы оралады.
Зорлықтың ойранын бастан өткеріп жүрсе де
нағыз ғалым, батыл ойдың ақыны Евней маған
оңашада бір рет те жыланып көрген емес.

Залымға да, зұлымға да зауал барына ішінен
сенген де болар.
* * *
Менің ұғымымда қазақ мақалдарының ішінде

қайратсыз біреуі бар: «Үндемеген үйдей пәледен
құтылады». Осы затымен қате қорытынды.
Үндеген ғана үйдей-үйдей пәледен құтылады.
Ал, қазір бізде үндемеу басым. Нашақорлық пен

парақорлық жайлап барады. Ол жөнінде жұмған
аузымызды ашпаймыз. Үндемей-ақ құтылайық дей-
міз бе?
Жезөкшелік жер-жерге жегісін жайып, ірге

теуіп, кең жайылып барады... Көз жұма қарасақ,
көргенсіздік көлеңкесі басымызды шалмайды деп
дәмеленеміз бе?
Осыны дүйім жұрттың алдында, көпшіліктің

көзінше айтып көрші, халің қандай болар екен?

- дейді Евней, даусында көбелек қанат дірілі бар.

– Ал парақорлық ше? «Ұсталмаған ұры емес» деп

көрмегенсиміз. Өжеттер үн көтерсе, олардың аузы-
на біреулердің қолымен құм құйылады. Жалаңаш
шын дықты жасырмай айтқандарды «жалақор»
атандырып, сазайын тартқызады. Шымкент химия-

технология институтындағы былықпайларды әшке-
релеген екі доцент сотталып кете барды емес пе?
Соларға араша түскен қайсысың барсың?
Бұл әңгіме де 1978 жыл аяғында «Алматы»

санаторийінің бау-бақшасы төрінде болған еді. Иә,
Қарағанды мехкомбинатындағы сұмдық жемқорлық
жайын Евней баяндағанда жағамды ұстағаным
жадымда.

* * *
Біздің замандас, құрбы-құрдастар ортасында
Евнейдей орыс поэзиясын, оның ішінде орыс совет
поэзиясын - әсіресе Владимир Маяковский мен

Сергей Есениннің өлең-поэмаларын осыншама мол
жатқа білетін ешкімді білмеймін. Ұзақ дастандардың
өзін атап берген кез келген тұсынан бастап
жатқа оқи жөнелетін. Ол сол сияқты өткендегі ел

ақындарының, жыраулардың жүйрік жырларын да
көп білетін....
Оның өз халқын да, орыс халқын да шексіз
сүйіп өтуіне поэзия шапағы себеп болған шығар-

ау. Евнеймен жолыққан оңашада мен айтқыза
бере тін егіз жол бір аудармасы бар еді.
Маяковскийден:

«Қатын емес, бұл бір құт,

Емшегі бар, екі пұт».

– Сен де елтігішсің-ақ. Осында не тұр? – деп өзі

де кеңкілдейтін.
* * *

- Сергей Есенин, Владимир Маяковскийлер

аузына келген сөзін жұтпаған, ақылы бастап, жүрегі
қоштап, тіліне оралғанды ішке бүкпегендер ғой.
Жалаңаш қылыш басын шауып алғалы тұрғанда
да айтқанынан қайтпаған қайсарларға, біздің

Махамбеттерге кім тең келер? – деді бір серуен
кезінде, «Алматы» санаторийі бақшасын аралап
жүргенімізде Евней. Сөйтеді де сөзін жалғайды.

- Өздерің үркек болып алғансыңдар ма, немене?

Соңғы кезде өжет үн, өткір өлең естілмейді...
Әйтеуір бір қыңыр сөйлеуді мақсат тұтып айтып
келе жатқан жоқпын. Ащы ақиқат жайында ауыз
ашпау – о да күнә саналса керек. Жалған сөзді

естіп отырып, жанымыз ырза болғандай жайраң
қағамыз... Бұл не? Өзіміз сенгенімізбен қоймай,
өзгелерді де соған сендірмек болып аласұрамыз.
Осы рас па?

- Рас, - деймін досымның көмейдегісін тұспалдай

түсініп.

- Бұл жайтты бәрің де менен терең білесіңдер...

Біле тұра... қалам қайрауларың шамалы-ау.

Ол жылдардағы ондай ойлар оңашада ғана айтылып, қағазға түсіруге қолың бармайтын. Ақиқат – аңсаған жанның діл шөлі. Көңіл сусауы. Бөкетовтің бүйрегін де бүлкілдетіп келе жатқан күш осы болса керек. Бүкіл болмысы, келбеті, жарқыраған жан дүниесі, достыққа беріктігі, ғылымдағы құтты құндылығы – бәрі-бәрі де өлеңге сұранып тұрған замандас еді Евней. Мен 1965 жылы «Химик-лирик» деген өлеңімді арнап, жинақтарыма қостым. Өзге ақындардың поэтикалық пейілі де талай жарық көрген-ді... *** Орындығымен емес, орнықты ойлылығымен, ілгерішіл іскерлігімен, бойлағыш білімдарлығымен қажырлы қайраткер, айтулы азамат атанған академик досым Евней Бөкетов жайындағы естеліктерімді «Қазақ әдебиеті» газетінде 1988 жылы 4 қараша күні жарық көрген «Евнейдің Рик атты итімен тілдесу» деген өлеңімнің бірнеше шумағымен аяқтағым келеді: Зымыраған уақыттай қайрылмастан Қам-қарекет шыңдаған қайғы жастан. Арыстанның ұлының өзі дағы Шер арыстан болатын айнымастан. Байыбымның әсте жоқ асығысы, Қаныштың інісі еді жасы кіші. Ілияс Омаровтың ізбасары Арналас ой-толғамның тасып күші. Аппақ шың кір шалмаған зор көлемі, Бөкетов елдің сүйіп Ер дегені.

Астында қалды аяқтың төмпешіктер Жеңіл ме әділдіктің дөңгелегі? Өлгенге еді жеңіл, қиыны не? Қабақтар қалың мұңнан түйілуде... Құздан да биік тұрды құлап жатып, Ол қалды заманының биігінде. Медеу СӘРСЕКЕЕВ ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚУДАЛАНДЫ? «Кешір, алла, пендешіл кінәмді», - деп, Бет сипады бір бастық астанада... Кәкімбек Салықов, «Ебіней Бөкетовке реквием». І Ебіней1 Арыстанұлы Бөкетов бізге төртінші оқу жылында (1956 ж.) «Сирек кездесетін металдар металлургиясы» курсынан дәріс оқыды. Сол күнде оның жасы отыз бірде екен. Бірақ, бізге ол бұдан әлдеқайда үлкен кісі сияқтанып көрінетін: палуан пішінді алпамса тұлғасымен ғана емес, бүкіл ақыл-парасатымен, сол күнде атқарып жүрген қомақты ісімен де. Мұның себебі, сірә, Ебіней Арыстанұлының бойына дара біткен ерекше қасиет-қадірінде болса керек... Айталық, алғашқы жылдарда бізге Б. деген 1 Автор хұқығын сақтап, түзетуді жөн көрмедік.

ерлі-зайыпты зиялы оқытушылар да дәріс оқыды.
Екеуі де мықты доценттер, техникалық ілімдерді
өте терең меңгерген, жүріс-тұрыстары сондай
жарасымды, келбетті де келісті, тіпті киім

үлгілерінің өзі кісіні еріксіз қызықтырғандай
ерекше сырлы-сымбатты жандар-ды. Әсіресе
зайыбы К.К. факультеттік дәрістер тыңдалатын
үлкен аудиторияға жымия кіріп, тырнақтары әдемі

егеліп, қып-қызыл бояқтай боп боялған сүйріктей
ұзын саусақтарын қара тақта бетіне әрлі-берлі
билетіп тұрып, түсті ауыр металдар – қорғасын
мен мырышты өндірісте қорыту жайында көл-

көсір дәріс оқуға кіріскенде, сайын далада, шалғай
ауылдың бұйығы тірлігінде өскен біздер, қазақ
жастары, аузымызды ашып, білімдар жанға әрі
таңдана, әрі қызыға қарайтын едік. Шындығында,

сұлу да сүйкімді қазақ әйелінің орыс тілінде
мүдірмей таза сөлейтіні де, өзіміз шорқақ білетін
болған соң ба, көңілімізді керемет өсіріп, ұлан-асыр
мақтаныш сезімге бөлейтін... Алайда, ерлі-зайыпты

Б-ларға біз Ебіней Арыстанұлына іш тартып, үйір
болғандай жақындаса алмадық. Неге? Б-лар сүйкімді
болғанымен тым асқақ әрі өте суық адамдар еді.
Бойына жақын жуықтатпайтын. Әлдене жайында

сұрар болсаң – тиісті жауабын айтады да, тым-
тырыс тұрып қалады. Бөгде сөзге баспайды. Олардан
бір сөз қазақша да естімейсің. Бәлкім орысшаға
жаттыға берсін деп әдейі жасайтын болар. Бірақ,

кейбір жайтқа түсінбей, турасын айтқанда, ойын
орыс тілінде толық жеткізе алмай кібіртіктеп
тұрған, сонымен-ақ білімге ынтызарлық танытқан
талапкер жасқа неліктен қол ұшын бермеске?

Жоқ. Ерлі-зайыпты доценттер ондай жан сүйсінтер
мейірімді іске әсте баспайтын.
Ал, Бөкетов? Бұл кісіні де аса биязы, мейілінше
ізетті жан деу – шындықты көпе-көрінеу

бұрмалау болмақ. Тегінде Ебіней Арыстанұлы
бізбен дөрекілеу, кейде тіпті түйеден түскендей

тұрпайы сөйлесетін. Әсіресе маңына үйірсек қазақ
жастарына көбірек ұрысатын. Мәселен, әлдене
жайында сұрай қалсаң – бетіңе сұстия бір қарап,
«Отыр!» деп алдындағы орындықты нұсқайтын да,

жайлап түсіндіре бастайтын. Әңгіме біткен кезде
сыйпақтап тұрып, «Рахмет!» дейсің. Ол бетіңе
тағы да бажырая қарап: «Әй, сен, батыр, мен
осыны түсіндірген кезде қай қызды ойша құшып,

малтығып отырғансың?» – деп сұрауы мүмкін. Ең
құрығанда, «Неге жүдеп жүрсің? Ақшаң бар ма?
Үйіңнен хат-хабар келе ме?» – деп жай-күйіңді
ежіктеп, кәдімгідей ашына жай әңгіме бастауы хақ.

Бұл сұхбаттың ақыры әдетте: «Байқа, бала! Ашық
ауызданып жүріп аулыңа қайтып кетіп жүрме.
Онда әке-шешеңді тірідей өлтіресің!» деген тәрізді
рухани ширатумен тамам болады...

Ұстаздың қандай да бір қаңқу сөзін тегінде
біз кек тұтып, көңілімізге алған емеспіз. Өйткені,
оның ұрысқаны жасы үлкен ағаның жақсы
көретін інісіне жекігеніндей әсер қалдыратын.

Жасырып керегі не, қаражаттан тапшылық көрген
жағдайда кейбір шәкірттер Ебіней Арыстанұлынан
қарызға ақша да алып жүретін. Біз оған қымсынбай
барып, шәкірттік қоңыртақы тұрмыстың небір

күйттерін шертіп сыр бөлісуден, ақыл, иә, көмек
сұраудан тайынбайтынбыз. Ебіней Арыстанұлы да
ондай сұхбаттан бас тартпайтын. Кәдуілгі ауыл
адамдарынша баптанып отырып мәслихат құратын.

Ілім турасындағы сұрағымызға тек орыс тілінде
жауап беретін. Емтихан тапсырған кезде ойыңды
толық жеткізе алмай отырып, сөз арасында
қазақша енгізе бастасаң – әбден тыңдап алатын

да, «Әй, сен, ертең өндіріске барғанда да өстисің
бе?» - деп ескерту жасайтын, қояр бағасын бірақ
кемітпейтін.
Тегінде оған қазақ шәкірттері ғана емес, өзімізбен

бірге оқитын санаулы орыс жастары да үйір
болатын (ол кезде тау-кен институтына басқа ұлт

өкілдері дербес те қатаңырақ конкурспен түсетін, ал
қазақ жастарының көбірек қабылдануына түрліше
жеңілдіктер жасалған-ды; әрине, математиканы,
химия мен физиканы төрттік бағадан кем білген

адам инженер болып жарытпайды деген ұғым
үстемдік ететін. Тегінде мен осы талапты бүгін де
әділ көремін... Ал басқа ұлт өкілдерінен оншақты
адам бір орынға өзара таласып, сол топтың, демек

ең күштілері ғана аса үздік білімімен жеңіп түсетін.
Бұл болса біздің де соларға теңеліп, қалайда кем
түспеуге ұмтылып, өзімізді ширатып жүруге түрткі
болатын). Орыс жастарының Бөкетовке үйірлігі,

сірә, онымен металлургия ғана емес, өнер мен
әдебиет, әлем жаңалықтары жайында да қызықты
сұхбат құрып, кейде пікір таластыруға ұстаздың
кет әрі емес кішіпейілдігінде болса керек. Түйіп

айтқанда, біз, шәкірт жастар оған магнитке
тартылған темірдей «жабысып», жақын жүруге
әрқашан ықыласты болдық...
Сирек металдар металлургиясының курсынан

дәріс оқу тегінде оңай емес. Бұлай дейтінім, сан-
салалы металлургия пәндері ішінде бұл ілім - ерекше
күрделі, метал бөлу технологиясы біртекті болып
қалыптаспаған және қалыптасуы мүмкін де емес,

өйткені, өндіріс деңгейі өскен сайын жаңарып,
жаңғырып отыратын шым-шытырық қиын сала.
Осы күнгі әрнеге сарабдал қарайтын зердеге сол
кезде ие болсам – өз басым бұл мамандықты сірә

да таңдамас едім. Неге десеңіз, қиындығы үстіне
өте тар шеңберлі мамандық. Cебебі: сирек металдар
табиғатта өте аз және шашыраңқы кездеседі;
мыңдаған тонна кен тасында небәрі бірнеше

пұт, иә оншақты килограмм ғана болады; оны
бөліп алу үшін қаншама ай, кейде жыл бойы
еңбек жасау керек; әдетте бұған жүздеген адам
қатысады; кей жағдайда керек металды әлдебір

зауыттың аспанға ұшып жатқан газ құрамынан
сүзесің; мәселен, Кенді Алтайда жұмыс істейтін

кейбір комбинаттардың біржылдық өнімін небәрі
бір-ақ самосвалға тиеп әкетуге болады... Сондықтан
да сирек металдар шығаратын өндірістер бізде
санаулы ғана және солардың көпшілігі қорғасын,

мырыш, мыс зауыттарының қосымша бір цехы,
иә бөлімшесі ретінде тіршілік етеді. Ондай цехтың
салынуы, білімдарлығына, ықыласына байланысты,
немесе мемлекеттің сирек металға деген ділгірлігін

ескеріп, көбіне күштеп міндет еткен қарармен
жүзеге асатын күрделі іс... Қалайда сирек металл
қорытуға маманданған инженерге бүгінде жұмысқа
орналасу қиын-ақ, көбіне соны таңдауға жайың

болмайды. Ал өзімізбен бір курста, бір факультетте
қатар оқыған, қорғасын, мырыш, мыс металдары
металлургиясы бойынша маманданған инженерлерге
бұл – әлдеқайда жеңіл, айталық, осы металдарды

бір ғана Қазақстанда әлденеше заводтар жүз мың
тонналап шығарады. Демек, мамандар да оған ондап
емес, жүздеп керек; шығыс пен түстіктің таңдаған
жеріне еңбек етуге қақың бар.

Амал қанша, алды-артымызға ой тоқтатып қарай-
ламайтын әңгүдік шағымыз, жетпіс бес шәкірттің
жиырмадан астамы төртінші курста, мамандық
таңдауға бөлінгенде сирек металдар металлургиясы

бойынша инженер болуға тілек білдірейік дедік.
Меніңше, бұл да Ебіней Арыстанұлының ықпал-
әсерімен болған жайт. Солардың біреуі - өзім...
Лекцияны доцент Бөкетов өте қызық оқитын.

Оның лекцияларын қаптаған химия реакцияларын
тақтаға шұбырта тізіп, өз ойын солар арқылы
жеткізетін әріпшіл лектормен салыстыру қиянат
болмақ (Қарағанды мемлекеттік унверситетінде

неорганикалық химиядан дәріс оқыған профессор
Бөкетовті мен тыңдаған жоқпын, бұл кезде оның
білім дәрежесі шарықтап өсіп, әбден кемелденген
шағы. Менің айтып отырғаным - өзімнің шәкірт

кезімде тыңдаған, лекторларымызды да отыздан жаңа
асқан жасаң шағында көргендерім). Бөкетовтің

тілмәрлігі, білімпаздығы сол кездің өзінде өте-
мөте терең әрі білікті еді.
...Лектордың сирек металдардың бірі – селен
элементі туралы тарауға кіріскен кезі.

Музей иелерінің өтініші бойынша француз
инженерлері өте-мөте құпия құлып жасапты.
Мәселен, олар құлыптың кейбір тетіктеріне селен
қолданған, ал оның ашу механизмі тек қана

электр тоғымен істейді. Селен болса - бетіне
жарық түскенде ғана бойынан электр тогын
өткізетін «кеселді» металл.. Қысқасы, музей қыз-
меткерлері өздеріне мәлім құпия бір тесіктен қалта

фонарымен жарықтандырса ғана құлып ашылады
екен. Байқадыңыздар ма? Селеннің «кесел»
қасиетінің қалайша кәдеге асқанын? Шындығында
осындай ғажап қасиеттерге ие селеннің көп

жұмбақтарының бұл біреуі ғана, - деп бастап еді
Ебіней Арыстанұлы кезекті дәрісін.
Әрине, мұндай кіріспеден соң селеннің физи-
калық қасиетін әсте ұмытпайсың. Ынтығып

отырып оның түрлі-түрлі «өнерлері» жайында
талай мағлұмат естисің.
Ескерте кетер бір жайт: біздің институттың
оқытушы-профессорлар құрамы елуінші жылдарда

өте күшті болатын (ол кезде бұл оқу орны - Қазақ
кен-металлургия институты (КазГМИ) деп аталатын-
ды, онда небәрі үш-ақ факультет бар еді, жалпы
құрамы екі жарым мыңдай шәкірт оқитын шағын

оқу орны болатын). Олардың қатарында әлденеше
академик, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер атанған
небір саңлақ профессор, ірі білімпаздар бар-ды.
Бұлардың көпшілігі Қазақстанға соғыс жылдарында

босқындар дүрмегімен келіп, тұрмысқа жайлы, ауа
райы жұмсақ Алматыда біржолата тұрып қалған.
Мәселен, металлургия факультетінде Х.К.Аветисян,
В.Д.Пономарев,

М.С.Стендер,

М.И.Усанович,
А.Б.Резняков тәрізді өте ірі ғалымдар, жасаң
кезінде түсті металл өндіретін алып заводтардың

іргесін қалап, иә бас инженері боп жұмыс істеген
күшті мамандар дәріс оқыды. Олардың қайсыбірі
металлургия оқулықтарының авторлары болатын.
Әрине, мұндай ғұлама жандардан дәріс тыңдау,

олардың мол білімдерінен сусындау кімге
болсын, әсіресе, Бөкетовтей зерделі де талантты
жасқа игі әсер еткені сөзсіз. Алайда, соншама
күшті ғалымдардың арасында жүріп (Ебіней

Арыстанұлының өз тұрғылыстары да өте күшті
буын еді), доцент Бөкетов «жоғалып» кеткен жоқ,
ғылымда өз жолын, бағытын, орнын тауып, ал
бергі жылдарда оның өзі де дербес ғылыми

мектептің көшбасшысы болды.
Шәкірт жастардың Ебіней Арыстанұлына аса
үйір болатын тағы бір себебі – сол жылдарда ол
институт жатақханасында салт тұратын-ды...

Жаңылмасам, үшінші курста болса керек, бір
кеште мен оның бөлмесіне барып, біраз күн еңбек-
теніп, қиналудан туған әңгіменің қолжазбасын
ұсындым. Оқытушымыздың көркем әдебиеттен де

«қара жаяу» емесі бізге мәлім. «Қазақ әдебиеті»
мен «Казахстанская правда» газеттерінен оның
сыни мақалаларын, әсіресе драматургтердің пьеса-
ларының сахналық қойылымдарына жазған көлемді

рецензияларын жиі көретінбіз. Кейбір кештерде
өзі бір топ жастарды бөлмесіне жиып, сол кезде
аударып жүрген В. Маяковскийдің «Қандала»
дастанынан үзінділер оқып беретін. Қысқасы,

сондай бас қосуларда пікір айтып, бетімді ашудан
болар, тырнақалды әңгімемді ұстазға сынатуға мен
де титтей де қымсынған жоқпын, еркін бардым.
Әңгімені үстірт бір қарап шықты да, Ебіней

Арыстанұлы маған қарап: – Қолыңа түскен
жігіттерді шақырып кел, қазір-ақ оқып тастайық,

– десін.

Амал қанша, «жазған құлда шаршау жоқ»,
бес-алты «білгішті» жетелеп келдім де, әңгімемді
дауыстап оқуға кірістім.

Бұл әңгіме осы күнге дейін жарық көрген жоқ. Жаңылмасам, «Қазақ әдебиеті» газетінің бір бөлімінде жабулы қалды-ау деймін. Сірә, көркем дік қуаты жетпеген болар. Бәлкім, басқадай себептен?... Әйтеуір әңгімеге «Алданған үміт» деп айдар таққаным есімде: облыстық қалада тұратын келбетті бір қызға ынтық болған шәкірт жас ғашығын іздеп, хабар-ошарсыз жетіп келгенде сүйген қызын бейтаныс бір жігіттің қолтығынан көреді де, алдамшы үмітке мәз болып текке малданғанына иланып, ізінше кері қайтып кетеді. Көңілі, әрине, қыз атаулыға құса болып... Әлқисса, осы хикаяны судыратып жиырма шақты минутта оқып шықтым. Жұрт үнсіз тыңдады. Оқып болған соң да ешкім ләм-мим дей қоймады. – Ал, сөйлеңдер, - деді Ебіней Арыстанұлы. – Меніңше, әңгіме қаһарманы - ынжық жігіт, сүйген қызы үшін күресу керек, үн-түнсіз кері қайтқаны несі? – деп сөз бастады тыңдаушылардың бірі. – Қашпағанда қайтеді, періште көріп жүрген сұлуы әлгіндей ұшқалақ болып шыққан соң. Тек ондай сұмдарды сұлу ғып көрсетпеу керек. – Меніңше, сен осы біздің институтта текке жүрсің. Сенің орның – университет, журналистика, - деді тағы бір білгіш. – Кейбір лекция үстінде бұл әңгіме жазып отырады... Сайып келгенде, әңгімеден алған әсерлерін тура айтудан гөрі жігіттер сөз төркінін менің жеке басыма аударып, өздеріне түсінікті және оңтайлы мәселені талқылауға көшсін. Ебіней Арыстанұлында үн жоқ. Ал, құрдастарым қыза келе тура насихатқа ауысып, «екі кеменің құйрығынан ұстаған кісі суға кетедіге» әкеп тіреді. Сондықтан байламдары - не техникамен, не әдебиетпен болу керек! Лағып кеттіңдер, жігіттер, - деді ұстазым әлден соң күле сөйлеп. – Даниил Граниннің “Іздеушілер” романын неліктен сүйсініп оқыдыңдар? Өйткені,

оның жазып отырғаны – сендерге жақын орта,
өндіріс адамдары. Ал, роман авторының - нақ сол
ортадан екенін білесіңдер ме? Өндіріс тынысын
мейлінше дәл суреттеп, қаһармандарының

әрекеттерін нанымды бере білгендігі де тегінде
содан - «Іздеушілерді» жай жазушы емес, инженер

–жазушы жазуында... Сондықтан жолдастарыңа

бұл жөнінен бекерге тиіспеңдер, ал әңгімесі
жайында...
Айтып-айтпай не керек, тырнақалды әңгімеме
ұстазым едәуір сын-ескертпе айта отырып, тала-

бымды негізінен құптады да, әлгі өзіміздің
оңдырмай сойып салған білгіштерді маған жығынды
етті. Бүгін ойласам – сол жолы Ебіней Арыстанұлы
маған қасақана демеу жасаған тәрізді.

1957-1958 жылдары кен-металлургия инсти-
тутында «Заинженерные кадры» деген атпен
көп тиражды газет шыға бастады. Оның тұңғыш
редакторы болып партбюроның шешімі бойынша

Е.А. Бөкетов тағайындалған-ды. Газеттің алғашқы
басылымдарының бірінде менің «Біздің сүйікті
профессор» деген очеркім жарияланды. Оны
жазуға түрткі болған Ебіней Арыстанұлы еді...

– Николай Степанович Старковтың жуықта

жетпіс бес жасқа толатынын білесің ғой? –
Мен басымды изедім. – Білесің, сол кісі жайында
көлемді очерк жазып әкел.

– Ойбай, ағасы, орысша жазуға тілім жетпейді.

Бұдан мені азат етіңіз, - деп бас тартып көріп
едім, ұстазым келтесінен бірақ-ақ қайырды.

– Шамаң жетпесе... қазақша жаз.

Алғашқы екі курста «Жоғарғы математика»
курсынан дәріс оқыған профессор Старков –
маған таныс кісі: мінез-құлқы ерекше қытымыр,
бірақ мейлінше әділ адам-ды; алпыс алты жасында

кандидаттық диссертация қорғап, жетпіске
еңкейгенде профессор атағын алған; ал мамандығы
бойынша жерді картаға түсіретін кәдуілгі геодезист,

математиканы бірақ өте жетік білетін; лекцияны
да керемет әсерлі оқитын, тума талант иесі еді...
Мен әрі ойланып, бері ойланып, оның
барша шәкіртке мәлім өмірбаяндық деректерін

қайталаудан гөрі өзімнің басымнан кешкен бір
хикаяны әңгімелеп беруге бел байладым.
...Бұл оқиға бірінші курста, 1953 жылдың
қысында, алғашқы емтихан үстінде болған-ды...

– Көгершінім, мұның қалай? Бұл сұраққа да

жауап берген жоқсың. Білімің нөл! – деді кенет
профессор Старков зачеткамды алдынан маған
қарай ысырып. – Жә, сен өзі мынандай саяз
біліммен біздің институтқа қалайша түскенсің?

– Медалиспін, - деймін төмен қарап.

- А-а, не дейсің? Қандай медаль?

- А... алтын.

Профессор қолындағы кітапты столға атып ұрды
да, маған адырая қарап, мүлдем кідиген шырайда:

- Кәнеки, шырақ, дәптеріңді бері әкел, медаліңді

тіске басып көрейік. Шын ба, әлде жасанды алтын
ба?... Байқайық! - десін.
Дәптеріме профессор ойдан құрап, кәдуілгі орта
мектеп алгебрасында қолданылатын қарапайым

теңдік есеп жазып берді. Онша қиналғам жоқ,
тез шығардым да, дәптерді алдына сырғыттым.
Николай Степанович тағы да есеп құрады. Оны да
шығардым... Қысқасы, біздің кіші топтағы он екі

шәкірт емтиханды түс ауа бітіргенше, бес-алты
сағат бойы табан аудармай отырып, элементарлы
математикадан есеп шығарумен болдым. Бір мезетте
профессор екеуміз жалғыз қалдық.

- Қымбаттым, әңгіме былай, - деді ақырында

Николай Степанович, - Медалің – шын алтын!...
Бірақ, мен оқыған жоғарғы математикадан ештеңе
білмейсің. Не істейміз?
Мен лекциясын түсінуге орысша түйсігім

жетпегенін айттым.

- Оныңды ұқтым, тек бекер ұялғансың,

білмегеніңді сұрауға, шырақ, ешқашан қысылмау керек. Сұрау - ұят емес, білмеу – ұят!... Қысқасы, мен саған үштік бағаны қазір несиеге қоямын. Өйткені, бұлай істемесем – сен оқудан шығып қаласың, әмбе нан жегізіп жүрген стипендиядан қағыласың. Ал, екінші семестрден бастап екеуміз жоғарғы математиканы қайтадан оқимыз... Келістік пе? Амал қанша, бұған да тәуба деуге тура келді. Оның есесіне оқу жылының екінші жартысында жоғарғы математикаға барымды салайын. Салмасқа профессордың өзі де еркіме қоймайды. Қысқасы, жазғы емтиханға қиналмай еркін барғам-ды... Николай Степанович әзірлігіме риза болды, бірақ, зачеткама төрттік баға қондыра бастады. Бестіктен үміттеніп отырған мен баяғы оны қомсынып: - Николай Степанович, қосымша сұрақ қойыңызшы, - деп емеурін білдіргем-ді. Қаламын столға тастай салып, профессор маған тіктей қарады да, кеңк-кеңк күліп: - Қымбаттым, қыстыгүнгі келісім шартты білесің бе? Сол жолы бір балл қарыз бергемін, ал қазір қайтып алып отырмын. Ал, келесі емтиханда нақ осылай жауап берсең – көреміз! – десін. Н.С. Старков туралы очеркіме мен осы оқиғаны мұрындық еттім де, сүйікті профессордың қатаңдығы мен әділдігі жайында, оның мейірімге толы адамгершілік сипатын баяндап келіп, шәкірттердің атынан зор алғыс, ризалық білдірумен аяқтағам-ды... Очеркті оқып шыққан соң Ебіней Арыстанұлы бір-ақ ауыз лебіз білдірді. - Бопты. Орысшасына қам жеме: өзім қаузаймын... Орысшаға оны редактордың өзі аударды. Әрине, еркін тәржімаланған очерктің тереңдеп, бұрынғыдан да өзгерек сипаттарға ие болғаны сөзсіз... Ақыры, бір күні мені Ебіней Арыстанұлы

шақырып алып, «Заинженерные кадры» газетінің төртінші бетін қазақ тілінде шығаруға партбюроның ұйғарымы болғанын, оның барлық материалын бұдан былай менің даярлайтынымды ескертсін. Аптасына бір мәрте шығатын, «Пионерская правда» газетінің көлеміндегі көп тиражды басылымның тұтас бір бетін әзірлеу тегінде қолы жаттыққан журналиске де оңай міндет емес. Әсіресе, қабырға газетінің мен сияқты жадағай тілшісіне.. Сөйтсе де тырысып бақтым: шәкірттердің өлеңдері, әңгімесықақтары, жастар өмірінің күлкілі жайттары, басқа басылымдарда жарияланған қызықты оқиғалар, әзіл суреттер (ҚазКМИ Студенттері арасында сол жылдарда суретші жастар өте көп болушы еді)... Қысқасы, газеттің төртінші беті де институттың қазақ жастары іздеп жүріп оқитын жағдайға жетті. Бір ғажабы, Ебіней Арыстанұлы бұл мәселеде менің қолымды қаққан жоқ. Беттің макетін жасап, бар материалды тазалап көшіріп, алдына қойғанда, мұқият қарап, қайсыбірін түзетіп шығады да, «Бопты» немесе «Енді бүлдіреміз» дейді де, бетті баспаханаға жөнелтеді. Осы күні ойласам – ол кісі жастарға көп шаруада еркіндік берген, демек сенген. Ал, сенімнің жауапкершілік туғызғаны анық, тапсырылған істі қайткен күнде ойдағыдай орындауға аянбай, барыңды саласың... Айтып-айтпай не керек, бір жылдан соң, бесінші курсты тамамдаған шақта, мен газеттегі міндетімді сол күнде өзіме іні болып жүрген, кен факультетінің шәкірті, қазір де белгілі фантаст-жазушы Шәмшиден Әбдірамановқа өткіздім де, өмірге аттандым. Өмір ағысы мені біраз жылға дейін ұстазыммен кезіктірмеді. Әркім өз жөнімен жүріп жатты. ІІ Жуықта мен Е.А. Бөкетовтің үйінде сақтаулы архивінен әлдеқандай бір қажет үшін 1980 жылдың ақпан айында өз қолыммен әзірлеген, орыс тілінде

жазылған өмірбаяндық қолжазбасын көшіріп
алдым. Мейлінше ресми жазылған, небәрі екі-ақ
парақ деректерге көз жүгіртелік:
«1925 жылдың наурыз айының 23 күні Солтүстік

Қазақстан облысындағы Октябрь ауданының
Бағанаты аулында, мал баққан орта шаруа Арыстан
Бөкетұлының қара шаңырағында дүниеге келдім.
Бүкіл үй-ішіміз ашаршылық жылы босып барып,

әкеміз қара жұмысқа түскен Челябі (осы күнгі
Қорған) облысының Макушин астық совхозындағы
орта мектепке мен 1932 жылы бардым. Ішкі жақтан
біз тек 1938 жылы ғана оралдық, әкем туған

жерінде ұйымдасқан «Красная планета» (Двойники
селосы) ауылшаруашылық артеліне мүше болып,
еңбекке араласты. Ал, мен оқуымды Октябрь
ауданының орталығы Марьевка селосындағы орта

мектепте жалғадым. Онда мен 1941 жылға дейін,
яғни тоғызыншы класты бітіргенше оқыдым,
әкем сырқаттанып қалған соң одан әрі оқуға
жағдайым болмады. Ең әуелі Саумал бастауыш

мектебінің, одан кейін Жалтыр ауылындағы
орталау оқу орнының мұғалімі болып еңбекке
кірістім. 1942 жылы әкем дүниеден қайтты, маған
енді шешем мен өзімнен кіші құртақандай төрт

інімді асырау үшін мектепте ғана емес, үйде де
тынымсыз жұмыс істеуге тура келді. 1945 жылы
сырттай дайындалып, Марьевка орта мектебінде
оныншы класс көлемінде емтихан тапсырдым да,

сол жылы Алматыға оқуға аттандым. Қазақ кен-
металлургия институтын 1950 жылы бітірген соң сол
институттың аспирантурасында оқып, 1954 жылдың
шілде айында техника ғылымдарының кандидаты

атағын алу үшін диссертация қорғадым. 1954-1958
жылдар аралығында осы институттағы Жеңіл
және сирек металдар кафедрасының ассистенті
және доценті болып еңбек еттім. Ал, 1958 жылдың

тамызынан 1960 жылдың ақпанына дейін өзім
істейтін институт ректорының оқу ісі жөніндегі

орынбасары болдым. Бұдан кейін Қарағандыға ауысып, Қазақ КСР Ғылым академиясының химияметаллургия институтының директоры болып он екі жыл еңбек еттім... 1972 жылдың наурыз айынан 1979 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болдым. Соңғы кезде Қазақ КСР Ғылым академиясының химия металлургия институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарып келемін. 1967 жылы маған техника ғылымдарының докторы және профессор атағы берілді. 1970 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, ал 1975 жылы академигі болып сайландым. 1969 жылы Балқаш комбинатында мыс кендерін комплексті қорыту технологиясын өндіріске енгізу жолындағы сәтті еңбегім үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атандым. 1971 жылы КСРО Жазушылар одағына мүше болдым, ал 1949 жылдан СОКП мүшесімін. Қарауымда әйелім, екі қызым, екі ұлым бар»... Қысқа да тұжырымды, әрі ресми тілмен жазылған, көбіне жылдар мен деректерден ғана тұратын, бірақ әр жолы, әрбір дерегі ұлағатты өмірдің бел-белесін бейнелеген бұл жазбалардан мен жазушы көзімен үңіле қарап, шоқтығы ерекше бірнеше кезеңді көрдім. Төменде әңгіме осылар жайында болмақ... ІІІ Мұның алғашқысы – ауылдық орталау мектепте дардай мұғалім болып, бір топ жетімді асырап жүрген жиырма жасар естияр жігіттің аяқ астынан шұғыл бетбұрыс жасап, ту қиырдағы Алматыға (ол кездегі Қызылжардан темір жол қатынасы Новосибирск, Семей арқылы екенін ұмытпалық) жоғары оқу орнына аттануы. Неліктен, не себепті? Бұл жайында ғалымның өзі 1978 жылы "Простор" журналында (8-9 кітапшалары) жарияланған –

"Ғылыми қызметкердің жазбалары" деген естелік
туындысында ешқандай әсірелеусіз ашық әңгіме
жасаған. Осы туындыдан шағын үзінді оқып
көрелік:

"...Көкшіл көзін алартып, шешем маған зер
сала қарады да, назарын аударып әкетті. Өзін аса
толғандырған нәрсе жайында сөз қозғарда ол ылғи
сөйтетін еді.

– Балам, оқығаның жөн, – деді ақырында. –

Әкең марқұм сенің оқығаныңды армандап еді, амал
қанша, көре алмай кетті. Соғысы құрғыр басталып
кетпегенде, кім білсін? Ал, қазір заман оңалды,
жауды жеңдік, тұрмыс та енді түзеледі. Қысқасы,

сенің оқығаныңды жөн көремін. Алла қосса, әлі-ақ
кісі болып кетесің!

– Ой, немене, Ұмсын-ау, бұл іcті алламен де

келісіп қойдың ба? Бәрін өзің шешіп, өзің пішіп
отырсың... Оқу қайда қашар дейсің, үйдегі мына
ұлан-асыр шаруаны кім істейді? Анау шиеттей
төрт жүгермекті киіндіріп, тамақ тауып беру біp

өзіңе оңай ма? - дедім осы үйдің бас көтерер үлкені
екендігімді сездіре, мысқылдай сөйлеп. Мұндай
кереғар сөзге, әсіресе, атын атап сөйлегеніме шешем
үйренген. Өйткені, өзімді одан туғанмен, баласы деп

есептемейтінмін – үлкен шешемнің бауырында
өскенмін, әжем үйреткен дағдым бойынша, атын
атайтынмын. Шешем тігіп отырған іcінe қайтадан
кіpіcті, мен де әңгіме осымен тамам болдыға сайып,

етігімді кие бастадым. Сөйтсем әңгіме бітпепті...

– Балам, сөзге қонақ бер! – деді шешем, даусындағы

бұған дейін өзім байқамаған өктем нышанды бірден
сездім. – ...Ел ортасында отырған бізді аштан өледі
деп пе едің? Өкімет аш қоймайды, біреуден ілгері,
біреуден кейін, тірлік істерміз. Ал, әкең байғұс ендігі

заман оқығандікі, көзі ашық кісінің көрері көп
дейтін... Әкеңнің арманын қаза етпегін!
Шешемнің сөзі мені түрлі-түрлі ойға салды. Оның
бұл жолғы өкіміне ойланып қана емес, ешқандай

бұлталақсыз нақтылы іспен жауап бepіп және оны сөзсіз орындау қажеттігін ұқтым". ІV Ғалым өміріндегі екінші мәнді кезең, біздіңше, әсем астана - Алматыны, алма бағы жайқалған жер жаннаты - Алатау баурайын біржола тастап, Қарағандыға қоныс аударуы. Бұл оқиға, өзі жазғандай, 1960 жылдың ақпан айында болған. Демек, Ебіней Арыстанұлы Алматыда аттай он бес жыл тұрып, әке-шешесінің міндет еткен іcін артығымен орындаған; алдынан жүздеген шәкірт өретін ұлағатты ұстаз атанған; үй болған соң артынан ерген інілерін түгел жетелеп, жұрт қатарлы ер жеткізген - олардың бәpі де жоғары дәрежелі білім алған; өзі болса - республикадағы маңдай алды техникалық жоғары оқу орнының ректордан кейінгі екінші басшысы; ecімі әдеби қауымға жақсы таныс білгіp сыншы, ақын, жақсы аудармашы атанған шағы... Нақ сол жылдарда оның қаламынан И. Василенконың "Артемка" повеcі, Э.Золяның “Әңгімелері мен мақалалары”, И.Вазовтың "Езгілік астында" романы, В.Маяковскийдің "Қандала" пьесасы ақ өлеңмен шебер аударылып, дербес жинақ, кітап боп жарық көрген. Былайша айтқанда, әлеуметтік дәрежесі үнемі өсуде келе жатқан жанның астанадағы зиялы қауымның жуан ортасында шалқып жүріп, өміp сыйлаған қызық-шыжықтың қаймағын қалқып, керектісін өзіне сүзіп алудан безініп, шалғайдағы шаңдақты қала Қарағандыға, жаңа орнығып жатқан, он екіде бір нұсқасы жоқ ғылыми институтқа ауысуының тіпті ешбір қисын-қажеті жоқ-ты... Біздің айтып отырғанымыз, шынтуайтын естірткенде, тоғышарлардың пәлсапасы. Бақытына орай отыз бес жастағы тісқақты ғалым азамат бұлай ойламады. Алматыдан қоныс аударуды қажет деп білді. Неге? Бұл көшудің шынайы сырын біз онымен біраз

жылдар қызметтес болған, республика өндірісіне отызыншы жылдарда келіп, қазақ даласында индустрия ошақтарын көтеруге ат салысқан санаулы инженер саңлақтардың бірі, Семей облысының Абыралы аймағының түлегі Жармұхамед (Жармақ) Төленұлы Төленовтің “Простор” журналына 1978 жылы жолдаған хатында келтірілетін естеліктен (қолжазба) білдік... "...Бір күні менің пәтеріме Қарағанды педагогика институтының оқытушысы, оған дейін Балқаш қалалық партия комитетінің идеология бөлімін басқарған, мені сол жақтан өте жақсы білетін Оңайбек Құдышевты ертіп, Ебіней Арыстанұлы Бөкетов келді. Мен оны Балқашта істеген кезімнен танимын. Алматы политехника институтының шәкірттерін бастап келіп талай мәрте практикалық сабақтар өткізген. Өзара амандық сұрасудан соң қонақтарымнан шаруаларын айтуды өтіндім. – Жәке, мен сізге үлкен қолқамен келдім, - деп бастады сөзін Бөкетов, – ...Алматыдан кетуге бекіндім. Қарағандыда тұрмақпын, көздеп отырған жерім - сіздің институт. Кадр толық емес деп естідім, бір лабораторияның меңгерушілігінен үмітім бар... Егер бұл ойым жүзеге аса қалса - өзіңіз кездескен сайын айта беретін кемшілігімді түзетуге, яғни "ғылымды үнемі сауып қана емес, оған бірдеме беруге де" қарекет жасап көрер едім... Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағандыда ашылған химия-металлургия институтының шаңырақ көтергеніне небәрі екі-ақ жыл болған-ды. Соған қарамастан директорымыз екі мәрте ауысып, екеуі де әр жерден құралған жасаң ұжымды басқара алмай, нақ сол қарсаңда институтымыз зерек те, іскер басшыға өте-мөте ділгір болып отырғанбыз. Бұл жайт институттың партия ұйымының хатшысы маған ауырырақ тиіп, осы хақында академияның президенті, мені Жезқазғанда істеген кезімнен, тіпті Мәскеуде оқыған жылдардан өте жақсы білетін

ежелгі танысым және сыйласым Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа жуықта арнайы барып қайтқам-ды. Президент маған: "Жәке, институтқа директорды өзің ізде. Қарағанды тәрізді шеткергі қалаға лауазымды ғалымды жұмсау қиын. Ал, сіздің институтқа өмірден әккі болған кәрі басшыдан гөрі жасаң маман пайдалырақ, өйткені, ол жанын салып, құлшынып істейді. Тек оның ғылыми жұмысқа ынтасы адал болсын..." – деген-ді. Содан бері өзім жақсы білетін балқаштық бірер өндірісшіге қолқа салып, бірақ оларды көндіре алмай, дағдарыста жүргем-ді. Сондықтан да институтқа өзі сұранып отырған Бөкетовке бірден нардың жүгін артуды жөн көрдім де: – Өте жақсы, Ебіней Арыстанұлы, сіздің бұл тілегіңізді бірден қабылдауға әзірмін. Тек лаборатория емес, институттың директорлығына ұсынамын, - дедім. - Сіз екеуміз өзара қалыңдық ойнағандай ұзақ сөзбұйдаға салуға уақыт та, ынта да жоқ, ойыңызды бірден айтыңыз.. Ебіней Арыстанұлы күлді де: – Ау, мен сонда директорлық қызметті сұрап алатын болдым ғой. Мұның қисыны қалай болар екен? - деп күмілжіді. – Ондай жауапты жұмысты бірден басқарып кету де оңай болмас-ау... – Дұрыс айтасыз, оңай емес, бұл - нардың жүгі! – дедім мен. – Ал, сонда отыздың төріне шығып отырған азаматқа мұндай үлкен істі жүктемесек – дүниенің не болғаны? Қысқасы, жә дейміз бе?... Саспаңыз, Қанекеңмен өзім сөйлесемін. Ақыры солай болды. Президентке таңдауымды естіртіп, те лефон соқтым. Институт лабораториялары үшін жабдық ала барғанымда, Қаныш Имантайұлымен "Москва" мейманханасында жолығып, бұл екі ортада бірер ай өткен, оның есіне институт директоры жөніндегі мәселені салып едім. Қанекең басын шайқап: "Иә, ескерткенің дұрыс, Жәке, - деді. - Қол тиіңкіремей, бұл шаруаны созып алдық, білем.

Сен айтқан жігіт жайында сұрастырдым, жұрттың
ол хақында лебізі жаман емес, сірә, үйге қайтқан соң
сол жолдасты жеделдетіп жіберетін шығармыз..."
Шамасы бір айдан соң, үйден шықпай сырқат-

танып жатыр едім, есіктің қоңырауы шыр етті де,
пәтеріме Бөкетов пен ғылым ордасының сол кездегі
академик-хатшысы Ш.Ш.Шөкин кіріп келді.
Шапық Шөкіұлы маған қарап:

– Жәке, таныс болыңыз, сіздерге директор алып

келдім, - деді.
Мен күлдім де:

– Бізді таныстырудың қажеті жоқ, жаңылмасам,

осы жігіттің тұсауын кескен дөкей Жәкеңнің өзі
болар, - дедім...
Жаңа ғылыми-зерттеу ошағындағы сан-салалы
жұмысы жайында академик Е. А. Бөкетов өзінің

"Ғылыми қызметкердің жазбалары" атты еңбегінде
жеткілікті әңгімелеген.. Оны қайталаудың қажеті
болмас. Тек бір ғана ескере кетер жайт: директор
болған он екі жылда ол тынымсыз жұмыс істеп, өзіне

дейін кадрлары тұрақтамай, өсек-аяңмен уланып, дау-
дамаймен тіршілік бастаған жас ұжымды шынайы
ғылыми жұмысқа жегіп, академия жүйесіндегі іргелі
институттар деңгейіне көтерді. Бүгінде Бөкетов

институты – бүкілодақтық деңгейде де озық та іргелі
зерттеулерімен кара металлургия, химия өндірістері
саласында іргелі жұмыстар жасап отырған ірі ұжым.
Нақ осы жылдарда Бөкетовтің өзі де келелі

ғалым ретінде Одаққа танылды: бұған оның техника
ғылымдарының докторы және профессор атақтарын
алуы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанып, республика ғылым ордасына корреспондент-

мүше (бес жылдан соң академик) болып сайлануы
дәлел. Мәртебелі азамат, ұлағатты ғалым басшы
атанғаны да Орталық Қазақстанның кіндік қаласына
ірге тепкен химия-металлургия мектебінің негізін

қалап, оған ғылымды шынайы сүйетін, өндірісте
шыңдалған қабілетті жастарды тартып, көлемді де

іргелі зерттеулер жасауға ұйымдастыруы да нақ осы
аралықта...
Бұл арада Е. А. Бөкетов басқаруға келген жаңа
институтқа ерекше міндет жүктелгені туралы да бірер

сөз ескертпе қажет: біздің республикада түсті
металл өндіру, химия өндірістері ертерек басталып,
ал темір және онымен қосымша қорытылатын берік
қоспалар шығару ісі тек алпысыншы жылдарда ғана,

Теміртау қара металлургия комбинаты салынған
соң жүзеге асқан-ды; академиктер Қ.И.Сәтпаев,
И.П.Бардиннің ынта-жігері себеп болып, жедел
ашылған Қарағанды химия-металлургия институты

да соған орай Теміртау комбинатының, Ақтөбе,
Ермак ферросплав заводтарының технологиясын
жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу
үшін құрылған-ды. Ебіней Арыстанұлы, демек,

барлық жұмысты тыңнан бастауға мәжбүр болды.
Бұл салада зерттеу жүргізуге жергілікті ғылыми
кадрлардың жетіспегені түсінікті. Бөкетовтің өзі
түсті металлургия бойынша, оның ішінде сирек

металдар табиғатын зерттеуге маманданған ғалым.
Олай болса институт директорының өзіне де жол-
жөнекей "ат ауыстырып", ағайындас ғылым саласына
шұғыл бет бұруға тура келген.

- Тегінде бәрін білетін маманнан нәтиже

шықпайды, - деген-ді профессор Бөкетов маған
бертінде болған бір әңгіме үстінде. - Өйткені,
білгішсініп отырып ол ешқандай батыл қадамға
баспайды. Ал, мәселенің жай-жапсарына аса қанық

емес, бірақ алдындағы зерттеуге ой салып, зердемен
қарайтын талапкерден әлдебір жаңалық күтуге
болады. Себебі, ол бейтаныс ізденіс үстінде өзіне
дейінгілер байқамай кеткен ерекше бір жайтқа

шұқшия үңілуі мүмкін... Тегінде ғылымда жаңалық
aшу - әрқашанда таңданудан, ғажап бір құбылысқа
ынталанып қараудан басталмақ... Сондай-ақ мен
бұрын бөгде салада еңбек еткен маманға да, егер ол

шынайы зерттеуші болса, зор үмітпен қараймын.

Мұнда да істің сәтін, маманның өзгеше көзқарасы мен
қабілеті, байқампаздығы, ынта-жігері шешеді...
Осы институтта еңбек еткен алғашқы он екі
және

кейіннен
қайтып
оралғаннан
бергі

төрт
жылда Ебіней Арыстанұлы сүбелі отыз монография
жариялапты (мұның біразы қосалқы авторлармен
бірге дайындалған); тоқсан бір ғылыми жаңалыққа

(изобретение) мемлекеттік комитеттен куәлік алған;
бұлардың он төртіне шет елден арнаулы патент
берілген, ал олардың ішінде - Канада, Швеция,
Австралия, Жапония, Америка (АҚШ), Финляндия,

Италия, ФРГ тәрізді өнеркәсібі аса озық, жетілген
технологиямен жұмыс істеп отырған іргелі елдер
бар; айталық, Е.А. Бөкетовтің бір ғана құрамында
пириті (темір кені) бар полиметалл шикізатын қайыра

сұрыптау жөніндегі ашқан зор жаңалығына (қосымша
авторлары Ж.Н.Әбішев, Н.Бөлтішова және В.П.Малы-
шев) капиталисте бақандай алты ел - Япония, Канада,
Авс тралия, США, ГФР, Швеция патент берген...

Меніңше, бұл айтылғандар - бір адам ғана емес, үлкен
бір институттың ондаған жылдарғы еңбегіне татымды
аса зор ғылыми табыс!
Енді бірер сөз ғалымның ғылыми жұмыстарының

жалпылама сипаты хақында.
Бөкетовтің 1954 жылы қорғаған кандидаттық
диссертациясының
тақырыбы

сирек
металдар
кенінен молибден өндіру ісіне арналған-ды. Барлық
диссертациялар тегінде ғылымда жаңалық ашып,

өндіріске барынша пайда тигізу үшін әзірленеді.
Алайда, соның бәрі бірдей өндіріске еніп, көл-көсір
түсім әкеле бермейді. Ебіней Арыстанұлының
тұңғыш ғылыми еңбегі де сондай сәтсіз тағдырға

ұшырады да, архив қазынасына айналды. Бірақ, бір
жайт анық: диссертанттың мо либденге "ғашықтығы",
әсіресе зерттеуге қатысқан шикізаттарды химиялық
тұрғыдан талдауға бейімділігі, яғни аспирант болған

кезінде үйренген машығынан ол өмір бойы айныған
жоқ... Мәселен, Қарағандыға келген жылы ол өзі

қосымша басшылық еткен лабораторияда шағын шахта пеші салынып, құрамында вольфрамы бар концентраттарды өртеу жұмыстары басталған-ды. Алайда, ту бастан бұл зерттеу ойдағыдай жүрген жоқ, ақыр аяғында сәтсіздікке ұшырады. Міне, сол кезде лаборатория жетекшісінің есіне өзінің "ұмыт қалған" диссертациясы оралады да, пештің жемі өзгертіліп, молибден концентратымен ауыстырылады. Зерттеу сәтті аяқталды, Балқаш кен-металлургия комбинаты оны өндіріске қабылдап, шаш етектен пайдаға қарық болды.. Кімге болсын металлургия заводтарының территориясында тау-тау болып үйіліп жататын қож (шлак) үймелері жақсы таныс. Бөкетов лабораториясы көптеген жылдар шұғылданған іргелі жұмыс - солардың құрамында қалған металдарды қосымша байыту арқылы қайыра өндіру үшін технология жасауға арналған-ды. Бұл зерттеу де нәтижелі аяқталды. Тек осы күнге дейін өндіріске енуі кешеуілдеп келеді. Ал, шындығында, құрамында пириті бар қоқысты, иә, кен тасын термомагниттік әдіспен байыту - қандай да өндіріске ондаған миллион сом та за пайда беретін тиімді технология. Сондықтан да оны жоғарыда аталған шетелдік алты мемлекет сатып алып, қолдануға талап қылуда, бәлкім бұл күндерде қыруар пайда тауып отыр... Тегінде академик Бөкетовтің ғылыми-зерттеу мәнерінде бір нәрсені бастады екен, сонымен ақырына дейін түбегейлі шұғылданып, былайша айтқанда, бір зерттеуден сан-салалы жаңа зерттеулер өрістетіп, проблеманы жан-жақты шешуге бейімділік басымды. Айталық, термомагнетизммен шұғылдану сайып келгенде құрамында пириті бар концентраттан молибден айыру технологиясын жаңадан жасауға жол ашқан. Бір ғажабы, осынау жұмыс институтта оннан аса кандидаттық және бірнеше докторлық диссертациялар қорғауға түрткі болады. Ал осының бәрі, шынтуайтын айтқанда, ғалымның ең алғашқы

ғылыми еңбегінен, кандидаттық қорғаған қарапайым диссертациядан өрбіген-ді. Ақыр аяғында бұл жұмыстар Қарағанды химияметаллургия ғылыми-зерттеу институтының өзіндік сара бағытын белгілеуге жол ашты. Оны бір сөзбен "Халькоген мен халькогенидтердің химиясын зерттеп және солардың технологиясын жасау" жұмыстары деп тұжырымдауға болады. Бұл болса - Қарағанды зерттеушілерінің бағыт-бағдары ғана емес, олардың атағын, еңбегін бүкіл Одаққа жария еткен ғылыми паспорты. Бір ғана мысал: осы мәселе жайында соңғы он-он бес жылда Одақтық үш мәслихат өткен екен, соның үшеуі де осы проблеманы түбегейлі зерттеген жетекші институт осында болғандықтан, Қарағандыда шақырылды (мұның соңғысы 1986 жылы, ғалым дүниеден өткен соң өтті, демек, Бөкетовтің талантты шәкірттері бұл жұмыстағы озық деңгейді әзірше ешкімге бермей келеді). Сөйтіп, бүгінде біз Ебіней Арыстанұлы Бөкетовті халькоген химиясы бойынша Одақтық ғылыми мектептің негізін қалаушы және жетекші ғалымы дей аламыз. v Әрбір ғылыми-зерттеу институтының іргесі тек қана бетон құйып, қабырғасын берік қалаумен ғана емес, сол шаңырақтың астында жұмыс істейтін сан алуан кадрларды таңдаудан, оларды өрелі іске тәрбиелеуден басталмақ. Осы ретте біз тағылым, өнегесін жұртқа жайғандай екі түрлі оқиға жайында әңгімелеуді қажет көріп отырмыз. Мұның алғашқысы Ебіней Арыстанұлы Қарағандыға ауысқан жылдың жазында болған-ды... Әлдеқандай бір шаруамен, сірә, сол төңіректе көп жылдардан бері әжетке аспай жатқан темір кендерін көру мақсатымен болса керек, қалайда сол жазда Ебіней Арыстанұлы Қарқаралы ауданына сапарға шығады. Кенттегі сүбелі кен орнын көріп, қайтып келе жатқан жолда әлдебір сулы өзекшеден машинасы өте

алмай мыйлап қалады. Жер жалдаған "Волганы" әрліберлі ырғап, өз бетімен шыға алмасына көзі жеткен соң (жүргінші сирек жүретін иен далада не істейсің?), Ебекең жасаң жүргізушісін жалғыз тастап, суатты аңғарды айнала қоршаған жатаған төбелердің біріне қарауыл қарап, жер шола шығады. Сөйтіп тұрып бір мезетте ту қияннан елді мекеннің жоғары ұшқан түтінін көзі шалады. Жақындап барса, шопан ауылы... Тоқ етерін айтқанда, машинасын саздан шығарып алған соң да, Ебекең бұл ауылдан оп-оңай аттанып кете алмайды, қонақжай шопанның киіз үйінде қонып қалады. Ертеңінде шай үстінде ауыл иесі кездейсоқ тап болған мейманына қарап отырып: – Шырағым, жүзтаныстың ісі таныс деген, менің қарапайым түйсігім бағдарлай алмай жүрген бір түйткіл жайт бар еді көңілде, ғалым екенсің, соны тарқатып беруге қалайсың? – деп тың сөз бастайды. – Айтыңыз, ақсақал. – Мал соңында өмір бақи салпақтап жүргенімізбен кемпірім екеуміз заман талабына жетікпіз, оқығысы келген балаларымыздың жолына кесекөлденең тұрғамыз жоқ. Соның бірі – үлкен баламыз, Қарқаралыдағы қазақ мектебін күміс медальмен үздік бітірген соң да үзбей оқып, Алматының дардай үністетін сәтімен тауысып, бұрнағы жылы інженер болып шықты. – Қайырлы болсын, өте жақсы, бек өнегелі іс екен! - деп сүйсініс білдіреді ғалым, кешеден бері әбігер болып, шын пейілімен мейлінше күтіп жатқан Ғабдолла отағасының заман талабын жете түсінген зерделі қарт болып шыққанына тәнті шырай аңғартып. – Сол баламыз қазір осында, Қарағайлының өндірісінде істейді, - дейді шопан. – Ұрымтал жерге сұран деп обалына біз қалдық па, жоқ, маңдайына жазылған сыбағасы сол ма білмеймін, інженерлік қайда, біршама уақытқа айналды, сол ұлымыз ұста дүкенінде балғашы болып жүр. Балғашының қадірлі

кәсіп екеніне таласым жоқ. Менің түсінбейтінім,
шырағым, он бес жыл үздіксіз оқығанда балам
миына не тоқыған, үністетте ұстаздық еткен зерделі
ғұламалар оған не оқытқан? Қара темірді ертелі-кеш

соққылау үшін осынша көп оқудың қажеті қанша?
Ау, балға соғуды ата-бабамыз қара танымай-ақ туа
игерген еді ғой?
"Ғабдолла отағасыға сол сәтте не айтарымды білмей

дағдарып қалдым да, "Жарайды, ақсақал, тұспалдап
жеткізген сырыңызды ұқтым. Бұл сауалыңызға
менің жауабымды балаңыздан естірсіз", – дедім
де, іле аттанып кеттім, - деп әңгімелеген-ді Ебіней

Арыстанұлы маған, осы бір кісі сенгісіз, әрі келеңсіз
оқиғаны көп жылдардан соң есіне алып, - Хош, былай
шыққан соң, балаң жүргізушіге: "Ерінбейік, Ғабдолла
ақсақалдың балғашы баласын көре кетейік", – деп

Қарағайлыға бұрылдық..."
Қарағайлы - ол күнде қорғасын кенін эшелондап
жөнелте бастаған үлкен кеніші бар іргелі мекен.
Институттың ақ "Волгасы" сұрай келіп, оқшау

жерге орналасқан ұста дүкенінің алдына жетіп бір-
ақ тоқтайды. Ебіней Арыстанұлы машинадан түсіп,
дүкеннің есігінен қараса - бұдан екі жыл бұрын өз
алдынан диплом қорғап кеткен, зейін-талабынан

дәмелі

шәкірттерінің бірі Төкен Ғабдуллин мандайынан тер сорғалап, алдына жаялықтай алжапқыш байлап алған, құлаштап балға сілтеп тұр. – Әй, балғашы жігіт, бері жақында! - деп дауыстайды ғалым. Аядай темір есікті түгел жауып, күн көзін көлегейлеп тұрған еңгезердей алып кісінің бөгде біреу емес, институттағы сүйікті ұстазы Бөкетов екенін, дүкенге тектен-текке келіп тұрмағанын дипломды балғашы да бірден ұғады. Ұққаны шығар, кірерге тесік таппай, сасқалақтап, кір-қожалақ қолын күйеленген алжапқышқа үйкелеп, аяғын санап басып, есікке керенау жақындайды да: – Ассалаумағалейкум! - деп сәлем береді, төмен қараған енжар қалпы.

– Әлік сәлем! Жә, жөніңді айт, мынауың не тірлік? – Балғашы жігітіміз ауырып қалып, - деп күмілжіді дип ломды инженер. – Осы цехта мастер болған соң... – Жә, үзілісің қашан? – Ширек сағаттан соң. Онда алжапқышыңды шеш те машинаға отыр! - деп бұйырады ғалым. Сол бетінде шәкіртін ертіп, Бөкетов комби нат кеңсесіне барады. Бірден директорға кіріп: – Ау, пәленше жолдас, мұныңыз қалай? Қазақтан шыққан инженер қатары тым көбейіп кетті деп жүрсіз бе, әлде жас мамандарды өстіп әжуа етіп, тәлкекке салу - ежелгі әдетіңіз бе? - дейді Бөкетов салған жерден. Директор қипақтап әртүрлі сылтау айтады. Сондағы басты желеуі - жас маман жұмысшы қатарында істеп, ауыр жұмыстың не екенін сезінуі шарт болса керек... - Жоқ, оныңыз бекер! - деп Бөкетов орнынан тұрады. – Бұл желеуіңізге келіспеймін, алдымнан шыққан шәкіртімнің бүйтіп қорлау көргеніне әмбе төзбеймін. Сондықтан бұл жігітті жұмыстан босату жөнінде тап қазір бұйрық әзірлеңіз. 1970 жылы мен Жезқазғанға кетіп бара жатып Қарағандыға соқтым да, ұстазым Бөкетовке сәлем бере кірдім. Ебіней Арыстанұлы мені ізетпен қарсы алып, өзі бастап жүріп, институт қызметкерлері шұғылданып жатқан ғылыми жұмыстармен таныстырды. Қара металлургия лабораториясына келгенімізде бізді дембелше бойлы, ақсары жүзді, көкшіл көз, бұйра бас жігіт қарсы алды. – Танисың ба? – деді институт директоры құшақтаса кет кен екі досқа жымия қарап. - Техника ғылымдарының канди даты, осы лабораторияның аға ғылыми қызметкері – Төкен Ғабдуллин. Сол күні-ақ мен досымның аузынан оның ғылыми жұмысқа ауысқан хикаясының жалғасын естідім.

– Институтта кіші ғылыми қызметкер болып

бірер жыл істеген соң Ебекеңнің кеңесімен Грузияға
барып, профессор Михаил Алексеевич Кекелидзенің
қарауында зерттеу бастадым. Содан, міне, қара
металлургия тақырыбынан кандидаттық дис сертация

қорғадым, - деп сыр шерткен-ді шәкірт досым. - Содан
бір күні Ебекеңе келіп: "Ағай, грузин ұстазымды
Қарағандыға қонаққа шақырдым. Үйімде қабылдап,
құрмет көрсеткім келеді. Осыған не айтасыз?" –

дедім. Ебекең мұнымды мақұл көріп, қуана құптады,
тек: "Әй, сенің әкең оқымаса да, тоқығаны көп кісі,
қартыңды да ауылдан алдыр", – деп ақыл қосты.
Ақыры, солай істедік. Уәделескен күні әкем, Ебіней

Арыстанұлы үшеуміз профессор М.А.Кекелидзені
аэропорттан қарсы алдық. Ұстазымның көп нәрсені
бізден гөрі тереңірек ойлайтынына мен сол жолы
тағы да тәнті болдым... Профес сор Кекелидзе әріптесі

Ебіней Арыстанұлы, шәкірті менен де тұңғыш көріп
отырған, орысша әліпті таяқ деп білмейтін әкеммен
көбірек және зор ықыласпен сұхбат құрды. Екеуіне
тілмәш болған Ебіней Арыстанұлы...

“Біздің қазақ: “Жібекті түте алмаған жүн етеді", –
деп олақ кісіні әжуа қылған. Бұл мәтелдің түп төркіні,
меніңше, қолөнер кәсібін қадірлеуден туған. Былайша
мағынасы қолыңнан келмейтін іске ұмтылма, жібектей

қымбатты қор қылма!...» - депті сол жолғы мәжілісте
Ғабдолла ақсақал. «Менің балама қазақ Ебекең мен
грузин Мекаил екеуің бірдей ұстаз болыпсыңдар,
қайсыңның еңбегің артық, оны таразыға тартып

өлшегелі отырғаным жоқ. Жалғыз-ақ айтарым: ұғар
құлақ болса - жетерлік ұлағат жасалған, милыға –
қанағат, мисызға - садақа.. Ау, балам, ұстаздарыңның
кемшіні жоқ, екеуі де көрер көзге толымды, тауға

шықса - арқардың құлжасындай болып алыстан
көрінер, алып тұлғаларына адуын істері қонымды,
игі жақсы азаматтар екен. Екі халықтың ту асыл
перзенттерінен алған осынша тәлімді алдағы өміріңе

жарата алмасаң, бұлардың бойыңа сіңірген өнеге-

үлгісін еңбегіңмен ақтамасаң - балам, өзіңнің сорың... Ал, кірузин қонақ, сізге қолқам: қиыр даланың Қарқаралы тәрізді шеткергі бір түкпірінде еңбегімен күн көріп, ырзықты дәмін татып, ел ішінде отырған қартының жүрегінің түбінен шыққан ризалық сөзі деп түсін де, мына бір сыйды бүкіл қазақ елінің өзіңе деген шексіз мархабатына балап қабылда! - дейді де қонақтың иығына зерлеген шапан жабады, ат мінгізеді. – О, біз емес, нағыз профессор - сіз болдыңыз, ақсақал! – дейді грузин қонақ дала қартының сыйсияпатына риза болып... Төкен Ғабдоллаұлы екі ұстазының да үмітін ақтап, бертінде техника ғылымының докторы атанды. Оның басшылығымен сәтті аяқталған ірі зерттеу қазірде Ермак ферроқұймалары зауытында кәдеге асты. Амал не, менің Төкен досым да ҚҒАның 1994 жылғы сайлауына түскен шақта жүрек талмасынан қапылыста қаза болды. Ол да ұстазындай алпысқа жете алмай өмірден тым ерте кетті... Т.Ғ. Ғабдуллин - Ебекеңнің алдынан тәлім алған жүздеген шәкірттерінің біреуі ғана. Ал, оның ғылыми басшылығымен, тікелей ақыл-кеңесін тыңдай жүріп ғылымға келген ғалым-металлургтер, химиктер қаншама! Ғылымға етене араласқан небәрі жиырма бес жылда академик Бөкетовтің бір өзі елу төрт ғылым докторы мен кандидатын әзірлепті. Бұл болса солардың әрбірімен жүздеген сағат жалықпай шұғылданып, күндер, айлар, жылдар бойы тапжылмай отырып, олар еңбек еткен металлургия, химия ілімдерінің жаңа бір тарауын, түйткілді бір саласын ертелі-кеш зерттеу деген сөз; сайып келгенде бұл өндірісті жандандырып, экономикалық өте тиімді өзгертулер енгізіп, ғылымды да алға өрістету... Қызылорда облысының Жаңақорған елді мекенінде қарапайым еңбекпен тіршілік еткен ұста Бәйештің баласы Әбдуәлі орта мектепті үздік бітірген соң, ұрымтал жерде тұрған Шымкентке барып, сол

қаладағы Химия-технология институтын да қызыл дипломмен тамамдаған-ды. Әбдуәлі Бәйешовтің химия іліміне бейімділігі, ғылымға зор ынтасы, аса зейінділігі институт қабырғасында жүргендеақ мәлім болған-ды. Шымкент институтының сол кездегі зиялы оқытушылары: химия және техника ілімдерінің докторлары Равиль Сәмиұлы Вахидов пен Мұрат Жұрынұлы Жұрыновтар талапкер жастың үздік қабілетін сонда-ақ аңдап, институт ректоратына дарынды жасты аспирантурада қалдыруға ұсыныс жасаған-ды... Бірақ, амал қанша, бүйректегі алыс ауданның жұмыскер тұрғыны, байырғы ұстаның баласымен институт басшыларының әуре болғысы келген жоқ, оған тиісті орын әлдебір дөкейдің дарынсыз еркетотай перзентіне тиді де, жас маман Әбдуәлі Бәйешов Петропавл қаласындағы шағын бір химия өндірісіне жолдама алып кете барды. Уақыт 1969 жыл еді. Кір жуатын ұнтақ шығаратын заводсымақта Әбдуәлі инже нер-технолог болып еңбек етті, бәлкім әлі де талай жыл сонда істей берер ме еді, кім білсін: егерде күндердің күнінде өзінің институттағы ұстазы, Башқұрт АССР-ының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер-ғалым Р.С.Вахидовтан хат алмаса: Әлқисса, «Әбдуәлі қарағым, ғылымға ерекше ынтаңды бағалап, әмбе сені аспирантурада қалдыруға өрем де, беделім де жетпегеніне іштей қапаланып, қатты қамығып жүр едім. Дүниеде әділдік бар екен, бұған да шүкір делік, саған демеу болар бір жанашыр қазақтан да шықты. Уақыт тауып, Қарағандыға ба рып қайтқын, сүйікті Әбду. Онда түр-сымбаты біздің башқұрттық халық ертегісінің тұлғалы кейіпкеріне ұқсас, ісі де кесек Ебіней Бөкетов деген аса ірі ғалым ағаң тұрады. Сенің жай-күйіңді жайлап жеткізіп едім, тілеуің бергір, сол ғұлама жарықтық: "Дарын атаулыға һәм ғашықпын. Ғылымға ынталы жастар табылса - оларды руға, жерге бөліп, "Кімнің баласы, қайдан шықты, ұлты кім?" – деп жіктеуге бүкіл болмысым қарсы.

Келсін мақтаулы шәкіртің, көрейік, сөйлесейік!" – деп маған сәлем жолдапты. Сөйте ғой, қарағым Әбдуәлі, Қарағандыға бар да өзіңді сынат, ұстазыңды ұялтпасыңа һәм сенемін, Ебіней Арыстанұлының алдында мәртебең жоғары болсын, бағың ашылсын!..." Қызылжардан Қарағандыға жету қиын болып па? Кір жуатын ұнтақ өндірген күйбең тірлігіне іші қайнап, зор құсада жүрген ойлы жас ұстазының хатын алысымен-ақ, жедеғабыл, жиналып, Бөкетов институтына жетіп келеді. Бәрі де ұстазы жазғандай болып шықты: бірер сағат тілдесуден соң-ақ жас маманның тағдыры шешіліп, осы институтқа ғылыми жұмысқа ауысуға бұйрық алады. Химия ғылымдарының кандидаты, Бөкетов институтындағы аналитикалық химия лабораториясының беделді жетекшісі Әбдуәлі Бәйешовтің ғалымдық талантына бүгінде ешкім де шүбәланбайды: ол – ондаған жаңалықтардың авторы, оның қолынан өнген, ақыл-зердесімен өндіріске енген игіліктері қаншама! Солардың бірі - Жамбылдағы химия өндірісіне қыруар олжа түсірген, бұған дейін шешуі үнемі сәтсіз аяқталып, күрделі мәселе болып келген "Фосфор шламындағы фосфорды анықтау" жаңалығы. Әбдуәлі Бәйешов біраз жылдарды шығын етіп, осы проблеманы ұтымды шешіп қана қойған жоқ, оның өндіріске тезірек енуіне де дәнекер болды. Ұстаз еңбегіне деген ризалығын ғалым жігіт осы игілікті Өнертабыстар мен жаңалықтар жөніндегі КСРО Мемлекеттік комитетіне ресми тіркетер кезінде аңғартқан: автордың өтініші бойынша, комитет бұл жаңалыққа "Фосфор шламындағы фос форды анықтаудың Бөкетов-Бәйешев әдісі" деген айдар тағып, арнаулы куәлік беріпті... Зерттеліп жатқан химиялық процестің жылдамдығын өлшерде Әбдуәлі Бәйешовтің осы күнде имандай сеніп, өзіне жоралғы көретін бір әдеті - қолындағы алтын сағатын шешіп қойып, реакцияны соның секундтік тілімен өлшеу... Бұл да себепсіз

емес: Жамбыл, Шымкент өндірістерін аралаған бір
сапарында бір топ шәкірттері Ебіней Арыстанұлына
ризалық пейілмен алтын сағат сыйлаған-ды: ғалым
оны сол заматта-ақ қорабына - "Сүйікті шәкіртім

Әбдуәліге - Бөкетовтен" деп жазып, қолынан өрген
әрбір химиялық реакцияны осы сағаттың тықылымен
өлшеп отыруды міндет қылып, Бәйешовке қайыра
сыйлапты. Әрине, бұл міндетті мүлтіксіз орындаудан

ғалым Әбдуәлі әзірше жаңылған емес...
Ебіней Арыстанұлының алдынан тәлім алып,
ғылыми зерттеу бастаған, қазірде өздері де ұстаз,
салиқалы

ғалым
атанған,
үлкен
ұжымдардың

басшысы, иә ғылым саласының бірегей жетекшісі
атанып отырған бірнеше есімдерді атайын.
Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспон-
дент-мүшелері Ж.Н.Әбішев пен 3.М.Молдахметов,

тех ни ка ғылымдарының докторлары - В.Малышев,
М.Угорец, С.Исаев, шымкенттік ғалым марқұм О.
Тілеуқұлов, Т.Ғабдуллин, Ә.Бәйешов, Өскемендегі В.
И. Ленин атындағы қорғасын-мырыш комбинатының

жетекші инженерлері А.Күленов, А.Ынтықбаев және
басқалары.
Интернационалдық қарым-қатынас мәселесі жаңа
сипатпен қайта қаралып және өзгеше мән беріліп

отырған бүгінгі таңда маңдайға ұрып тұрған, ерекше
даралап айтуды қажет етер бір жайтқа оқырман
назарын аударғым келеді: Ебіней Арыстанұлының
ұстаздық ұлағатында, демек ғылыми жұмысында

алдындағы шәкіртті ұлтқа иә жерге бөліп алалау
ешқашанда болған емес; ол үшін шынында да бір ғана
жайт - шынайы талант, жұмысқа ынта мен адалдық
қажетті; сондықтан да оның қарауындағы ғылыми

топтан Қазақстанның төрт бұрышында туып өскен
небір саңлақ жастарды кездестіру – заңды құбылыс...
Сайып келгенде, бұл принцип - тек қана еңбегіне
қарай бағалап, қабілет дәрежесіне лайық құрметтеу

ол негізін қалаған ғылыми мектептің өрісін ұзартты,
мәнді
табыстарға
жеткізді:

Қарағанды
химия-

металлургия институты бүгінде де Қазақстан Ғылым академиясы жүйесіндегі озық ұжымдар қатарында (бұдан бірнеше жыл бұрын одан органикалық синтез және көмір химиясы институты бөлініп, дербес шаңырақ көтерді); бұл болса жиырма жылдың көлемінде көптеген ғылым ошақтары жете алмайтын жоғары деңгей. VІ Ғалым өмірінің тағы бір елеулі де қиын кезеңін, біздіңше, ҚарМУ-дың ректорлығы міндетінен босап, ғылыми жұмысқа қайтып оралған шағынан бастаған жөн. Демек, бұл - небәрі төрт-ақ жыл, дәлірек айтсақ, 1980 жылдың басынан өмірінің соңғы сағаты, 1983 жылдың желтоқсан айының он үшіне дейінгі қас қағымдай шамалы уақыт. Әмбе бұл ғалым үшін ең ауыр да қапалы болған, жаны әділетсіздіктен жапа шеккен қасіретті шақ... Ғалымның туған және тетелес інісі Қамзабай Арыстанұлы Бөкетовтің "Индустриальная Караганда" газетінің 1988 жылғы қаңтардың оны күнгі санында жарияланған естелігіне жүгінсек, бұл кезең мынандай төтенше оқиғадан басталыпты: "1979 жылдың алғашқы күндерінің бірінде Ебіней үйге телефон соғып, кіріп шығуымды ықтияттады. Жетіп барып едім, жымиып отырды да, түйеден түскендей тұтқиылдан: "Жұмыссыз қалған академикті құттықтауыңа болады", – дегені. Мен не дерімді білмей дегбірсіздене бастап едім, жайлап отырып, мән-жайды өзі түсіндіріп берді. Айтуынша Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомының басшыларын әділетсіз шара қабылдаудан құтқару үшін (шындығында ол кезде басқадай шешім болуы мүмкін де емес-ті), денсаулығының төмендеуіне байланысты университеттің ректорлығы міндетінен босатуды өтініп, арыз беріпті. Әрине, ешкім одан "мұның қалай?" деп сұрамаған, қолма-қол бюро қаулысын әзірлеп, босата қойған..." Арада жеті жыл өткен соң осы оқиға Қарағанды

облыстық партия комитетінің жеделдету шараларын
қараған арнайы пленумында қайыра сөз болды.
Сол жиында жарыссөзге шыққан облыстық партия
ұйымының

тексеру
комиссиясының
төрағасы
коммунист М.И.Имашевтің пленум мінбесінен былай

дегені жұртқа мәлім: "Қонаевтың жандайшаптары
ірі ғалым, тамаша жазушы Е.А.Бөкетовке президент
мансабына
таластың

деген
желеумен

нендей қастандық істемеді? Қонаевтың көмекшісі, алаяқ Владимировтың ол туралы неше алуан өсек-аяң таратып, былғаныш сөздермен қиянат жала жауып, тамаша азаматтың өмірін қысқартқаны айдан анық". Ғалым өмірінің тайғақ кешуге түскен осынау аумалы-төкпелі кезеңінде мен онымен екі мәрте кездесіп, сол бір келеңсіз оқиғалар жайында Ебіней Арыстанұлының өзімен әлденеше сағат оңаша сұхбат жасаған жанмын. Солардың біразын бүгінде қайыра жаңғыртып, қайсыбірін қалың оқырман қауымның назарына ұсынатын мезгіл туған сияқты... Нақ сол, 1980 жыл мен үшін ерекше қуанышты, өміріме кең тыныс әкелген мерейлі жыл болғанды: өйткені, нақ сол қарсаңда қазақша нұсқасы "Жазушы" баспасында (1975 жылы) теріліп, жарыққа енді шыққалы тұрғанда, келеңсіз "қазаға" ұшырап, шашылып қалған ғұмырнама кітабым – "Сәтпаев" Мәскеудегі "Молодая гвардия" баспасының бүкіл дүние жүзіне; әйгілі "Тамаша адамдардың өмірі" сериясында жарық көріп, мерейім үстем болған... Кітабым жылдың аяқ шенінде жарық көрген-ді. Арада біраз уақыт өткен соң мен Ебіней Арыстанұлынан құттықтау хат алдым. (Бүгінде арамызда жоқ адамның қолтаңба лебізі болғандықтан, ғалымның маған жолдаған алғашқы ілтипатын қысқартпай, қазқалпында келтіруді құп көрдім). "Медеу! Маған Герт пен Брагин (қазақстандық жазушылар - М.С) сенің кітабың шығыпты деп жазды. Қанекең жөніндегіңді айтам. Қуанышым қойныма сыймай кетті. Ер жігіт, қажырлы жігіт екенсің, рахмет!

Бұл жақта ол әзірше жоқ. Бір экземплярын жіберсең, жалпы маған әрі қарай жазуыма көмектессең - алғыс қана айтатын болам, өйткені мен әлі көп мыжғылайтын түрім бар. Келінге, үй-ішіне сәлем. Жаңа жылың құтты болсын! Құрметпен ағаң Бөкетов, 18 қаңтар 1981 жыл". Ту баста фантастикалық-қиял әңгімелер жазумен шұғылданған соң ба, тегінде мен адамның ой-пиғылы кей уақ алысқа телеграфсыз жетеді деген соқыр нанымға керемет сенемін. Соның дәлеліне төмендегі айғақты айтпақпын: ұстазым мені құттықтап, кітабымның бір данасын қолқалаған, қаңтардың 18інде маған да нақ сондай ой түсіп, Қарағандыға үш кітаптан бандероль жолдаппын; соның бірі Бөкетов институтында істейтін жас ғалым, өзімнің туған бөлем Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновке арналғанды; екіншісін өзімнің ұстазым Ебіней Арыстанұлына апарып беруді (ол кісінің жаңа үйге көшкенін естігемді, бірақ нақтылы тұрағын білмеуші едім), үшіншісін химия-металлургия институтының директоры, өзімнің студенттік кезден досым Жантөре Нұрланұлы Әбішевке табыс қылуды бөлеме міндет еткем-ді. Арада бір ай өтті. Пошта біздің үйге Қарағандыдан тағы бір хат жеткізді. (Бұл хатты ұзақтау болғандықтан сәл-пәл қысқартып келтіремін. Кейбір тұсын өзімді тым әсіре мадақтау болғандықтан, екшеп те беремін. Ал, соның өзінде ғалымның кейбір лебізі оғаш көрінсе - менің ықыласым емес, хат иесінің авторға кіршіксіз таза, әрі сүйсінген ілтипаты деп қабылдаңыздар). "Батыр Медеу інім! Сенің хатыңды алғалы едәуір күн болып қалды, бір қауырт жұмысым болып, бірден жаза алмадым, атүсті жазғым келмеді. Бүгін қол босаңқырап саған хатқа кірісіп отырмын. Тағы да қайталап айтам: сенің бұл ісіңді орыс тілінде "по двиг" деп атайды... Кітап та тамаша болып шыққан. Халық Саған, тіпті ескіше айтайық, аруақ Саған ырза!

Медеу, мына кітабыңа пікір қарастырғың келеді,
жобасы. Баспа пікірді айтып отырмын. Ол қажет-
ақ болар еді, жазар да едік, бірақ соны басатын кім
бар? Соны ойлан. Егер мені қаласаң... дайынмын. Әр

нәрсенің кемшілігі де, жетістігі де болады және әркім
өз пікірін айтып жатады, айта тұра тек менің айтқаным
дұрыс дейтіні де болады. Мәселе онда емес, мәселе
Қанекеңнің халық үшін істеген ісін көпке үлгі етуде

ғой. Бұл жөніндегі Сенің еңбегіңді кім өшіре алады?
Соны айту қажет қой, Қанекеңді тағы да айту қажет
қой, өйткені тірісінде көпке парасаты мен шарапаты
тараған кісінің аруағы да құдіретті болмақ қой... Бұл

кітабың – өлмейтін кітап, ана тілінде де шығарарсың,
бір шығып қана қоймас, шыққан сайын жөндеп
те жатарсың... Бірақ, сені қазір қолдау қажет еді,
оған дәрмен болмай жатқан жоқ па! Жағдай солай,

айналайын Медеу.
Қолжазбаның ең жуанын бер маған. Сенің
еңбегіңді мадақтап отырмасам, кеміте көрмен. Менің
ойым алыста, бірақ шамамның келетін-келмейтінін

білмеймін. Баспалар менен аулақтап жүр, бірақ
уақытша болар деген сенім мол. Дегенмен еңбек
жеңер деген ойдамын. Бұл уақытша құбылыстарға
көңіл бөлмей, жұмыс істей беруді "Қасымның

қасқа жолы" деп тауып отырмын. Сондықтан, маған
Қанекеңнің тұлғасы бүкіл өмірді көрсетерлік сияқты.
Мен бұл іске қазір осындай кең тұрғыдан қараудамын.
Сондықтан Сенің жуан қолжазбаң да, өзің де маған

талай қажет боласың... Өмірі ақылдаспай жұмыс істеп
көрген адам емеспін, көп ақылдасқанның пайдасын
болмаса, зиянын көргем жоқ.
Осымен тамамдаймын. Келінге, балаларға сәлем.

Бек саулық тілеймін.
Ебіней Бөкетов, 22 ақпан, 1981 жыл, Қарағанды".
Бұл хатта күңгірттеу айтылған (асты сызылған
сөздер) сырды толығырақ ашу үшін Қамзабай

Бөкетовтің жоғарыда айтылған естелігінен шағын
үзінді келтірелік: "...Өз институтына қайтып оралған

соң да Ебіней әдеби еңбектер жазудан тыйылған жоқ,
қайта бұрынғыдан да үдете түсті. Бірақ, өзінің сол
кезде қаламынан шыққан Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтпаев
жайындағы туындыларын да, "Ғылыми қызметкердің

жазбаларының" қайтадан өнделген және молайған
нұсқасын да ол ешқайда жариялай алмай, қапада
жүріп, өмірден кетті... Бүгінде менен көпшілік жұрт:
"Ағаңның өмірден ерте аттанғанын біреу-міреуден

көрмейсің бе?" – деп жиі сұрайды. Әлбетте, "Мынау
қастандық жасады" деп айтарлық ешқандай дерек
менің қолымда жоқ, ағамның өзі де көзі тірісінде
бірде-бір жанды "Мынау сөйтті" деп нұсқаған емес.

Сірә, айту да қиын. Алайда, оның өмірін қысқартып,
алды-артын тұмшалап, ілгері басқан аяғын көпе-
көрінеу шалып, мейлінше матап, атақ-абыройын
қызғанған, тыныш әуенде жұмыс істетпей, еңсесін

еріксіз тұншықтырған ауыр атмосфераны қолдан
жасаған арам пиғылдыларды түстеп беруге болады...
Мәскеуден В.В.Белоусов деген кісі (КСРО Ғылым
академиясы Президиумының жауапты қызметкері

- М.С.) маған жолдаған бір хатында: "Сіздердің

республикалық газеттеріңіз "Казахстанская правда-
дан" Ебіней Арыстанұлы жайында "Не десек те ол
жеңді" деген мақаланы оқып, риза болдым. Бірақ,
мақалада оны қудалап, жанын ауыртып, ақыры

ажалына себеп болған адамдар жайында күңгірт,
тіпті тұспалдап қана білдіріпті. Ал, шындығында
оны құртқан Қонаевтар әулеті деп турасын бір-ақ
жазу керек еді. Қазір жариялылық заманы емес пе?!

Мәймөңкелеудің қажеті қанша, шындықты шыңғырта
айтып, бар дауыспен еркін сөйлеу керек", – депті...
Екінші хатында Ебіней Арыстанұлы мені "Біздің
жаққа келіп қайт" деп қонаққа шақырған-ды. 1981

жылдың жазына таман Ебіней Арыстанұлының үйіне
телефон соқтым да, бірер күннен соң Қарағандыға
жүргелі отырғанымды хабарладым. Соның алдында
ғана көміршілер қаласының кітапқұмарлар қоғамы-

нан кездесуге шақырған арнайы хат алғамын.

Қазақстан Жазушылар одағының секретариаты да бұл сапарымды мақұл көріп, он күнге шығармашылық командировка берген-ді. Осы жайтты естігенде қуанып қалған Ебіней Арыстанұлы маған: – Апыр-ай, Медеу, билет алып қоймасаң, сапарыңды бір аптаға әрі ысырсаң қайтеді? - деді кенет. – Мен күні ертең Балқашқа бір топ қызметкерлерді бастап, ғылыми командировкаға аттанғалы отыр едім. Оны өзгерте алмаймын, өйткені, заводпен келісіп қойдық. Ал, сен батыр маған керексің, бір күн емес, көп күндер мәслихат құруымыз қажет... – Тіпті жақсы. Ебеке, мен онда бірден Балқашқа ұшайын. Өйткені, Балқаш кен-металлургия комбинатының бас директоры Далабай Оспанұлы Ешпановтың мені қонаққа шақырған хаты қолымда отыр. Бірақ, мен ол жаққа Қарағандыдан соң бармақ едім. - Онда келістік. Балқашта кездесеміз... Араға күн аралатып ЯК-40 самолетімен Балқашқа келіп түссем, мені қарсы алып, Ебекеңнің ғылыми серіктесі Марк Залманович Угорец аэропортқа келіп тұр. Көп сөзге жоқ, іскер, әмбе ізетті жігіт екен. Комбинаттың машинасына отырғызды да, дербес мейманхананың люкс бөлмесіне алып келіп орналастырды. Жол бойы бүкіл кездесуде айтқан сөзі мынау-ақ: – Сізге дайындалған орын осы. Қасыңыздағы төсекте Ебіней Арыстанұлының өзі жатады. Ол кісі қазір заводта, тек кешке таман көресіз. Ал, қазір демалыңыз, маған да жұмысқа кетуге рұқсат беріңіз... Қонақжай комбинаттың оңаша мейманханасында ұстазым екеуміз бір аптадай бірге болдық. Ебекең жас көмекшілерін ертіп, күндіз заводқа кетеді, мен де бірер күн қастарына еріп, атақты мыс алыбының цехтарымен таныстым, бірақ одан әрі ғылыми жұмыспен жүрген мамандарға бөгет болмауды ойлап, әмбе мысшылар қаласының архив қазыналарын

ақтаруға құнығып алдым да, өз жөніммен болдым. Бірер мәрте комбинаттың катерін пайдаланып, Балқаш айдынын кезіп қайттық, балықшыларда қонақта болдық. Кешке қарай, ол кезде үй-іші әлі көшіп келмеген, Балқашта салт тұратын Далабай Оспанұлының бөлмесіне барып, қонақасы жейміз. Далабай Ешпанов та КазГМИ-ді Ебекеңмен бірге бітірген (бірақ кен факультетін), екеуінің қалжыңдары жарасқан замандас адамдар. Олар өткен өмірлерін шолып, ескі достарын еске алып, ұзақ сонар әңгімеге көшкенде - мен тыңдаушы болып үнсіз отырамын... Бүгінде, арада біраз жыл өткен соң да сол мәслихаттардың көп әңгімесі есімде, күні кеше естігендей көкейімде сайрап тұр. Тегінде мен ұйқышылдау қазақпын. Әсіресе түнде кешірек жатып, таңертең керіліп-созылып әрең тұруға әдеттенгем. Бір ғажабы, шамды өшірген соң да қасымдағы кісі ұйықтай алмай дөңбекшіп жатса, менің де мазам кете бастайды. Балқашта кездескеннен бергі үшінші, иә төртінші күн бе екен, бір кеште Ебекеңнің ұйықтай алмай аунақшып, ағаш төсекті сықырлатып жатқанын аңғардым, алып денелі кісінің қол созым жерде тұрған төсекті ырғап, дөңбекшігені қандай әсерлі... – Неге ұйықтамай жатырсыз? Бір жеріңіз ауырған жоқ па? –Ой, сен, ояу ма едің? - деді кенет Ебекең маған қарай бір аунап түсіп. - Ұйқым ашылып кетті. Неге екенін білмеймін, сенің баяғыда бір айтқан сөзің есіме түсіп... –Ол не сөз? –Екеуміз Қазақстан жазушылар съезіне барғанда, ана бір жылы мейманханада кездестік емес пе? Есіңде ме? –Есімде, жаңылмасам, 1976 жылдың көктемі болатын, жетінші съездің үсті. "Алматы" мейман ханасында бірге жаттық, - деймін бұл әңгімені неге бастаға нын әлі де түсініңкіремей маужыраған қалыпта.

– Ұйқың келіп жатыр ма? - деді сәл үнсіздіктен соң. – Ұйқыны бүгін тежей тұр... ертең-ақ өшін аласың ғой. Ал, мен саған бір хикаят шертейін: менің ректорлықтан неге босағанымды білесің бе? Жастықтан басымды көтеріп, малдасымды құрып, жайланып отырып: – Бұл енді сұрауға батылым бармай жүрген әңгіме ғой... – Жұрт оны әртүрлі айтады: соның бірі - шамасына қарамай, Асқар Меңдіахметұлы Қонаевпен президенттікке таласып, Мәскеуге дейін ізденіпті-міс деген сасық қауесет... Олары бекер. Бекер екеніне шүбәм жоқ. Өйткені, сіздің ондай мансапқұмар қарекетке бармайтыныңызды жақсы білемін. Мен Сізге, Ебеке, турасын айтайын, ректорлық қолыңыз емес еді, ту баста-ақ бұл қадамыңызға реніш білдіргем-ді, - деп салдым кенет. - Өйткені, сіз шынайы ғалымсыз - ғылым тарихында атыңыз қалатын, өзіңіздің ғылыми мектебіңізбен-ақ ұзақ ғұмыр кешетін... ірі жаңалықтарыңыз бар. Әрі әдебиетпен шұғылданатын жазушылығыңыз. Мінген кемеңіз екеу болды ма? Үшіншісі - университет... – Өй, сен, бөгде сөзге көшіп кеттің, – деп кеңкілдей күлген ұстазым қолымнан тартып, қаттырақ қысып қойды. - Шамды жақпай-ақ қояйық, жарай ма? Айдың жарығы да жетеді. Ескі Шығыс өнегесінде философ болғысы келген шәкіртті оқудың ақиқат* деген сынақ-белесінен өткізу үшін қараңғы бөлмеге қырық тәулік оңаша қамап қойып, бар шынын айтқызып, өзімен-өзін сөйлетеді екен ғой, естіп пе едің? Екеуміздің бұл мәслихатымыз арымызға жүгіну, іштегі қалтарыс, бүкпе сырлардан арылу болсын! Мына түн, ай сәулесі соның куәгері дегендей... Сен * Шығыс шәкірттерінің оқудың шариғат, тарихаттан соңғы өтетін ақырғы белесі.

маған сол жылы да, съезде кездескенде де нақ осылай дегенсің. – О, есіме енді түсті. Шынында да сол жолы ақылгөйсігенім, Ебеке, әбестік болыпты. Қазақстанның екінші университетіне ректор болдым деп көңілі көтеріңкі жүрген үлкен кісіге қарадан қарап отырып, "Мансап деген оңғақ дүние емес пе, неге келістіңіз? Ғылымыңыз ақсап қалады ғой", – деп тура айтуым келеңсіз іс бопты. Бекер айтқаным, артынан қатты ұялдым, Ебеке, сеніңіз... - деп ағымнан жарылайын. – Ұялмай-ақ қой, дұрысын айттың. Шынында да жаңа университеттің іргесін қалап, шаңырағын көтеру маған өте михнатты жұмыс болды. Әсіресе, оқытушылар құрамын жаңадан жинап, оларды бірқалыпты жұмысқа көшіргенше сүлдерім құрып, бақандай жеті жылымды сарп еттім. Шынтуайтын айтқанда, сол жеті жылда мен ғылыми-зерттеу институтындағы өз иелігімде қалған лабораторияма жөндеп жетекшілік те жасай алмадым, өйткені мұрша келмеді. Енді бақсам, ғылымнан тура жеті жылға кешеуілдеп қалыппын. Ал, бұл ғылым үшін үлкен олқылық және орны толмас! Өйткені, елуге енді келіп, кемел шағыма жеттім деп отырған нағыз шабытты кезде "әкім" атанып, құрылысшылармен жағаласып, нашар оқитын студенттерді – санатқа қосамыз деп, оның үстіне өсекаяң, шағым жазуға үйір кейбір есер ағайындармен алысып... жоқ, құрып қалсын, бауырым. Университет, институттардың осы күнгі ректорларына ғылыммен шұғылдану қайда? Күніне үш-төрт мәрте обкомға, горкомға, ең құрығанда, райкомға бару керек. Өзің де күніне он мәрте жиналыс шақырасың... Жо-жоқ, ректор болып ғалым емес, ебі басқа және ерекше іскер адамдар істеуі керек. Ал, мен сонда партия органдары шақырып, "Сізге осы жұмысты лайық көреміз!" деген желеу сөзден аса алмай қалдым. Партиялық ожданым мен ежелгі рәсімнен аса алмай "жарайды" дей салып,

артынан соған өкіндім ғой! Сондықтан босауға тура келгенде аса ренжіген жоқпын, арызды шынында да өзім жаздым. – Оныңызды естідік, бірақ соны өз бетіңізбен жазған жоқсыз ғой, - дедім мен үнсіз отыра бергенді ыңғайсыз көріп. – Сіздің тағдырыңыздың терісқақпай шешіліп қойғанын біз екі-үш ай бұрын білдік. Орталық Комитеттің сол кездегі идеологияны басқарған хатшысы Сәттар Имашевтың жоғарғы оқу орындары қызметкерлері жиынында сөйлеген сөзінде сізді нұсқап: "Кейбір ректорлар өз міндетін ұқыпты атқарудың орнына түрлі мадақ-ермекпен шұғылданып, әдеби еңбектер жазып, өздерін насихаттауды артық көреді", – деп сынағанда-ақ, "Ойбай, мына хатшы ҚарМУ-дың ректорына найзасын түйреген екен, босаттыратын болды" дескеміз-ді үйде отырып... – Әй, сендер де сезгішсіңдер, ә? Оның рас. - Ебекең де жастықтан басын көтеріп, маған жақындай түсті. - Сен енді, батыр, сөзімді бөлмей, мені тыңдағын. Бұл әңгімеге бұдан соң, сірә, қайтып оралмаймыз, біржола арылайын... Менің де күткенім осындай ағынан жарыла сырласу ғой. Ұстазымның нақ сондай бір іштегі мұңшерін ақтарғысы келгендей күйге берілгенін сездім де, жым-жырт тыңдадым... –Әлқисса, Асқар Қонаев Қазақстан Ғылым академиясына президент болып сайланардан бірер ай бұрын мені Үлкен үйдің, Орталық Комитетті айтамын, ғылым және жоғары мектептер бөлімі шақырды да, анкеталық листок толтыртты. Ондай қағаздың талайын қотарған кісімін, бір нәрсеге керек болғанын білдім, бірақ сыпайылық сақтап, ештеңе сұрағам жоқ. Арада бірер ай өткен соң, саққұлақ жұрт қоя ма, біліп қойыпты, түрлі-түрлі қауесет тарап жүрді. Соның ең бастысы – Шаһмардан Есенов президенттіктен түседі екен, оның орны на үш адам кандидат бар, бірі баяғы мен деген... Жасырып керегі

не, кешігіп қалатын кісідей-ақ, мені құттықтаушылар көбейіп кетті, әсіресе сол қарсаңда елуге келгенімді сылтауратып, тіпті алыстан телефон шалып, Алматыдағы жүзтаныстарды айтамын, апта сайын халімді сұрап, денсаулығымды күтуді ыждаһаттап мазаланушылар да жоқ емес. Түнеугүнгі анкетаның сыры сонда мәлім болды... Хош, одан арғы әңгімені білесің. Саққұлақтардың қауесеті бос сөз екен: Есеновтің ор нына Асқар Меңдіахметұлын сайладық; сөйтіп Қонаевтар әулетінен екінші адам академияның президенті креслосына отырды... – Демек, сіз туралы қауесетті дұшпандарыңыз әдейі таратқан. Сізді босқа күйдіру үшін, жаныңызды жаралап, тектен-текке бопсалау үшін. Тегінде осындай алып қашпа сөз жаман ғой, Ебеке, адамды нақақтан қаралау! – Дұрыс айтасың. Бірақ, мен бір нәрседен қателестім. Оны енді аңғал басым қазір біліп жүрмін. Әй, бірақ, солай істер ме едім күні бұрын сезгенде де, кім білсін, мінезім тым тура, көлгір сөзге жоқ кісімін, әуелгі жаратылыстан адам өзгере ме? – Мұныңызды түсінбедім, ағасы? – Шыда, қазір түсінесің, - деді Ебекең кенет бас жағындағы ток алғышты тырс еткізіп, бөлмені жарықтандырып, сағатына қарады да, сөзін жалғады, шамды бірақ қайтадан өшіріп тастады. - Жаңа үш адам анкета толтырдық дедім ғой. Бұл шындық. Оның да себебі бар болып шықты: қайдан білейін, демократияны қолдан жасау да осындайдан туады екен ғой... Екінші академик, яғни президентке кандидат, оның енді есімін атамай-ақ қояйын, иә, білесің өзің де, күндердің күнінде рұқсат алып, үлкен Қонаевтың қабылдауына барыпты: "Ардақты Димеке, сізге үлкен өтінішпен келдім. Мені ЦК-ның ғылым бөлімі президенттің кандидатына әзірлеп отыр. Бұларыңызға шексіз рақмет, бірақ менің Алматыда тұруға денсаулығым жарамайды. Осы атқарып жүрген жұмысымды өзіме қанағат көремін... Сондықтан

менің кандидатурамды тізімнен алғызып тастаңыз,
сол үшін, міне, жазбаша арыз әкеліп отырмын",

– дейді. Дінмұхамед Ахметұлы: "Жоқ, бұныңыз

қалай, жол сіздікі. Өмірлік тәжірибеңізді, әрі үлкен
жасыңызды ескеріп, Сізді әдейі ұсынып отырмыз.
Өзара ақылдасқанда солай шешкеміз. Жаңылмасам,
сіз ұсынылғандардың ту басында тұрсыз. Басқа

кандидаттар Сізден көш кейін кісілер, әмбе жасырақ
та, бес-он жыл күте тұрса да ештеңе етпейді...
Есімдеріңізді Мәскеуге ресми хабарлап та қойдық.
Тегінде соңғы таңдауды біз емес, Үлкен академияның

Президиумы
жасауға
тиіс.
Олардың

таңдағаны
Политбюрода бекиді..." – дейді ғой. Қаншалықты
шын, иә көлгірсіген сөз екенін құдай білсін? Бірақ,
әлгі академик ағамыз сөзінен танбайды. "Онда мені

ғафу етіңіз, арызымның екінші данасын Мәскеуге
жолдаймын. Менің ойымша, жол – жас, әмбе менен
әлдеқайда талантты Асқардікі. Қазірдің өзінде ол
Үлкен академияға корреспондент-мүше, ертең-ақ

толық мүше болады!" – деп ілтипат білдіріп, орнынан
тұрады... Құдай маған, Медеу бауырым, осы ақылды
бермеді ғой. "Президент боламын" деп ешкімге арыз
бергенім жоқ, ендеше "Болмаймын, жолды Асқарға

қидым" деп жарамсақтанып, өтініш жазып хақым
қанша, қысқасы, ешкімге бармай тыныш жата
бердім ғой. Оның үстіне өздеріне ұпай үдеген жұрт:
"Бөкетов Мәскеуге барып ізденіпті, академиядағы

орыс достарын салып, Асқарды сайлатпауға әрекет
жасапты" деп өсек тасыды. Бәрі де өздерін Димекеңе
адал, біз сияқты ақкөйлектерді арам кісі ғып көрсету
де баяғы... Ал, егер мен де әлгі кексе әріптесім сияқты

тиісті жерге барып арыз жазып, бәсекеден өзімді
сызғызып тастасам ше - құдай ақы, осы күні менен
жақсы кісі болмас деймін. Өйткені, Қонаевтар әулетін
керемет қадір тұтатын кісі болып көрінемін ғой, амал

не?! Анау академик әріптесімнің сол қарсаңдағы
"адалдығы" қалайша бағаланғанын білгің келе ме?

Келесі сайлауда Жоғарғы Кеңеске депутат болып бір-ақ шықты! Ал мен?.. Өзіңе мәлім, "Ленсмена" газеті мені Хлестаковқа теңеп, сайқымазақ фельетон жариялады. Сәттар Имашевтің жастайымнан жаным сүйген құмар ісімді жағымсыз қылық етіп мазақ қылған өткір сынына жолықтым. Оның үстіне нақ соның жасырын тапсырмасымен университеттің жұмысын қайта-қайта тексеріп, тырнақ астынан кір іздеген пәле-жалаға ұшырадым... Біразға дейін үнсіз жаттық. Әлден соң Ебекең: – Ал, ұйықтаймыз ба? – деп әрі қарай аунап түсті. – Ұйықтасақ та болар. Бірақ бір нәрсені сізге айтып біржола арылмасам, сірә, мазам болмас, - дедім. - Әділдікке жүгінсек, Ебеке, біздің Ұлттық академияға Қанекең өлгелі басшы құтаймай қойды, өздері қолпаштап қойған ғалымдардың бәрін де ойыншық кісі етіп жұлып тастайды, жиырма жылда президентті үш мәрте ауыстырды. Осы да жөн іс пе? Акаде мия түгілі ғылыми, иә жоғарғы оқу орындарының өзін бүйтуге болмайды, Мәскеу дәстүрі бұлай емес... Мына президентіміз де қанша тұрады дейсіз, Асқарды айтамын, лауазымды ағасы тағынан тайған күні ұшып түседі, әлі көресіз соны да. Асқарды президентке сайлаған күні белгілі ғалым, ядролық физиканы қазақтан тұңғыш меңгерген Жабағы Тәкібаев: "Бүгін біздің академияның позорға ұшыраған күні!.." – дептіміс (Ә. Тәжібаев "Есімдегілер" кітабының 185 бетінде – "14 сәуір. Біздің үйге Мұхтар Жанғалин келді: Мен Жабағы Тәкібаевті көрдім (академия мүшесі), ол маған: – Ертең академияда позордың күні, – деді» – деп сипаттапты). Сол сөз тектен-текке айтылды дейсіз бе?! Ал, мен сізге, Ебеке, турасын айтайын, нағыз президент Сіз едіңіз... – Өй, сен әсіре мадаққа түсіп барасың... – Жоға деймін, өзіңіз айтыңызшы, - дедім мен өршеленіп, - қазақ ғалымдарынан Қанекеңнен

кейін нағыз еңбегімен одақтық дәрежеге шығып, Мемлекеттік сыйлық алған кім? Сіз. Өз салаңыз металлургия ғана емес, бүкіл химия, техника ілімдерін жете меңгеріп, шынайы біліп отырған кім? Тағы да Сіз! Оның үстіне мына соңғы ректорлық жұмыста Сіз ұйымдастырғыш, іскерлік қабілетіңізбен танылдыңыз. Енді әдебиет, те атр мен өнер, тарих пен филология мәселелерін алайық. Бұлар жайында да сіздің түйсігіңіз сол саланың өз білгірлерінен бір мысқал кем емес. Былайша айтқанда, ғылымды, өнерді жан-жақты түсінетін универсал да энциклопедиялық терең білімді ғалымсыз. Әрине, Сәтпаев болу - ол кісіні ауыстыру қиын және керек те емес. Сәтпаев, Әуезовтер - дара жаратылған біртуар тұлғалар! Сөйтсе де әр нәрсені салыстырма ұғыммен қабылдасақ, мен бүкіл Қазақстан аумағынан бүгінгі таңда сізден өзге президентке лайық кандидатты көрмей де, таппай да отырмын. Әрине, кейінгі жастардың ішінде бар шығар. Бірақ, сіздің тұрғыластардан? Әттең, осы ақыл біздің басшылардың ойына келмеген соң, не шара?! Келмейді дейсіз бе, бәрін де өзім білемін, бәрін тек қана өзім шешем деген әкімшілік пәлсапаның салдары... – Ал, сен, әйтеуір ұйықтамайтын болдық, маған мынаны айтшы, - деді Ебекең. - Қанекеңе үлкен Қонаев неге сонша қас болды? Қызметке бұлар таласқан жоқ. Академияның пре зиденті орнына Қанекең қайта сайланғанда, Димекең Совминге төраға болып тағайындалды. Бұл ауысу, демек, Дінмұхамед Ахметұлы үшін ерекше сәтті болды... Сөйте тұра неліктен осы кісі соншама үлкен де ұлағатты басымен қазақ аспанына XX ғасырда биіктеп дара шыққан шоқжұлдыздардан тағдырлары бақытты болып, аман қалған екі-ақ алыптың біреуін, Әуезовті айтамын, жоғарыға көтере ерекше сыйлап, екіншісін неге аяқасты еткісі келді? Мұхтар Омарханұлын ерекше құрметтеп, екеуінің бауыздау құда болғандығын айтпай-ақ қоялық, ақылгөй аға

тұтқанына бүкіл халық риза! Ал, нақ сол ұлағаттықты
бұл кісі Қаныш Имантайұлына неліктен көрсетпеді?
Өндіріс пен ғылым турасында да бұлар тіпті жақын
әріптестер еді ғой. Сәтпаевтың ғылымдағы ерен

еңбегін, ел көкейіндегі зор атақ-абыройын біле тұра
қасақана елеусіздеп, қақаста қалдырғысы келгені
қалай? Бұған ол кісінің ресми мәжілістерде, мереке-
тойларда сөйлеген сөздері мен баяндамаларында

Қанекең есімін мүлдем атамай, әрдайым "ұмытып"
кететіні дәлел. Немесе, сенің сол кісі туралы деректі
еңбегіңнің
қазақша

нұсқасының
баспаханадан
шықпай, терімі туралып қалған қиянатты алайық.
"Сөйтіңдер!" деп ту ра өзі нұсқау бермесе де, бұған

сену де қиын, тіпті қимаймын. Алайда, Имашев тәрізді
сенімді итаршыларына: "Ау, бұларың не?" – демегені
жанды ауыртады. Неге сөйтті? Түсінбеймін...
Бұл іс қалайда ұят шаруа болды ғой, ағасы. Тірі

де емес, өлген кісінің, қасиетті аруақтың жақсы
атағын елге таратпау үшін алысқандары... Мен
сізге өзім осы жолда көрген тағы да бір сорақы, ең
соңғы деректі естіртейін. Мұны маған "Жазушы"

баспасының директоры Әбілмәжін Жұмабаев айтты:
"Авторға қарыз болып қалып едік, "ЖЗЛ" сериясынан
шыққан кітапты қазақша жариялайық" деп келесі,
1982 жылдың жоспарына қоспақ ниетпен осы

жуықта Орталық Комитеттің үгіт-насихат бөлімінен
рұқсат сұраған екен, "Сендер немене, басқа жұмыс
құрығандай, бәрің бірдей Сәтпаевтың шашбауын
көтеріп кеттіңдер? Мәскеудің мадақтап шығарғаны

да қанағат!" – деп кәдімгідей жеку естіпті. Міне,
көрдің бе, сен Қанекеңдей ұлы адамды тым жақсы
көріп, ғұмырнама кітап жазғаның үшін кінәлі болып
отырсың. Осы да ақылға қонымды іс пе?.. Асықпа,

түбінде әділдік жеңеді, бұл еңбегіңді әлі де талай
мәрте қайтадан шығарасың - қазақша да, орысша да...
Ал, мен саған турасын айтайын, бұл кітапты ешкімге
сездірмей, тіпті маған да... үндемей жүріп, Мәскеуден

шығарып жібергенің ақыл болды. Сезіп қойса бұлар

оған да қастандық жасайтын еді... Жә, не білесің, бұл
кісі Сәтпаевтың жақсы атағына не үшін шүйлікті?
Тірісінде онымен неге алыспаған?
Бұл сауал анығында өзіме де дүдәмал, талай мәрте

ойлансам да - нақтылы жауабын біле алмай қиналып
жүрген күрделі жұмбақ жайт-ты. Сондықтан ештеңе
бүкпей шынымды айттым.

– Анық-қанығын білмеймін, Ебеке. Көкейімдегі

бір тұспал: біздің осы кісі қаншама зор болса да
Қаныш Имантайұлын қалың қазақтың түгел жақсы
көріп, аузынан тастамай тамсана жыр ететінін,
шынымен сүйіп, бала-шағасына өнеге тұтып, ел

ағасы және данышпаны көріп, былайша айтқанда,
алқаракөк аспандағы жарық жұлдызы санап, есі-
мін мақтанышпен атайтынын... іштей қызғанады-
ау деймін. Әйтпесе, мен білетін ешқандай себеп,

бірде-бір айғақ жоқ. Қанекең тірлігінде бір адам
туралы ғайбат сөз, иә қастандық әрекет жасамай
кеткен періште кісі болған... Менің қолымда Қаныш
Имантайұлының

жылы
ВКП(б)
Орталық
Комитетіне Дінмұхамед Ахметұлы туралы: "Кен

қазу саласын өте жетік білетін өрелі ғалым, іс
мүддесіне мемлекеттік тұрғыдан қарайтын қайраткер
коммунист..." деген тәрізді мадақтап мінездеме берген
арнаулы хатының көшірмесі бар. Нақ осы тәрізді

мінездемелер себеп болып, Қонаев ақсақалдың
сол жылы академияға президенттікке бірауыздан
сайланғаны жұртқа мәлім. Ал, біздің қадірменді басшы
ағамыз көп мадақ, қолпаштаудан соң пендешілікке

ұрынып, Қазақстанның индустриялану тарихында,
оның ғылым шежіресінде де жалғыз өзі тұрғандай ма
қалай? Қалайда мына қылығы кәдуілгі қызғаныштың
салдары сияқты. Илья Эренбург "Адамдар, жылдар,

өмір" атты естелік кітабында атақты Жолио-Кюри
туралы: "Жұрт оны ерекше жақсы көріп, жан-
тәнімен сүйетін еді, ал бұл - патша тағына отырып
мемлекет басқарғаннан, иә үлкен алаңда тас мүсін боп

қаздиғаннан гөрі артығырақ құрмет!" – депті. Біздің

Қанышымыз да нақ сондай, туған халқы шексіз сүйген асыл тұлға емес пе?! Жақсы көрген сүйікті перзентін қаншама әуре болып жамандатсаң да, небір қисынсыз өсек-аяңмен қаралап, елеусіз етіп ұмыттырмақ болсаң да сүйген елі оны, сірә, ұмытар ма? Жоқ. Қанекең тегінде қай уақытта, қандай аумалы-төкпелі заманда болсын - зәредей өзгермейтін, қадір-бағасы титтей де кемімейтін, орысша айтқанда, "Человек во все вре мена!" дерлік ұлы тұлға! Өйткені, оның еліне қалдырған мұ расы, өлмес ісі сондай - ірі де кесек!.. Ұстазым бұл сөзге ойланғандай сәл-пәл уақыт үнсіз жатты да: – Қисынды сөз, тауып айттың! Қанекең жарықтық шынында да сондай кісі еді ғой... - деп күрсінді. – Ебеке, Қанекеңді тым жақсы көріп, сол кісі жайында кітап жазбақ болғаныңыз да сізге, сірә, қып-қызыл пәле бо лып жабысты десем, не айтасыз? Менікі, әрине, күдік. Сізге бұлар осы үшін шүйлікті білем. Ұстазым кенет қолын созып, білегімнен қаттырақ қысты. Онысын ойымды құптағанына сайдым да: – Әне бір жылы... иә бұл 1975 жылдың бас кезі еді ғой. Сіздің елуге келгеніңізге арнап бет бергенде "Қазақ әдебиеті" газеті болашақ жазбақ шығармаңыздың беташары деп, "Таисия Алексеевнаға хат" деді ме, сондай бір дабыра атаумен эссеңізді жариялады. Сол іс бекер-ақ болды, бұл кітапты бітіргенше ешкімге сездірмеген жөн еді, әттең, не керек!.. - деп едім. – Ой, мен барлық қадам-әрекетімді күн ілгері болжап, қалайша еңбек етемін, сен де қызықсың... Бірақ, сөзіңнің жаны бар, Қонаевты білмеймін, артық сөз айтып, пендешілік жасағым келмейді. Алайда, Имашевтың маған осы үшін қандалаша жабысып, қыр соңыма түскені анық. "Сен неге таза ғылыммен шұғылданбайсың? Университеттің жұмысын да осы үшін ақсатып жүрсің..." – деп тиіскені құдайға шын. Мұны өзі ойлап шығарды ма, әлде үлкен кісінің қас-

қабағын аңдап шүйілді ме - білмеймін, түн жамылып
жатып не деймін саған, бұл да бір әбес іс болды,
бауырым.
Имашевты жақсы білетін жұрт ақылды адам дейді.

Бірақ, сол қабілетін Димекеңе жағынып, көңілінен
шығу үшін ғана жұмсайтыны өкінішті. Көп адамдар
осы жолда өзінің құдай жаратқан дарын-қасиетін
қор қылып жүр. Алдына арыздана барғанда Сәттар

Нұрмашұлының сондай бір тайғанақ позициядағы
жан екендігіне біржола иланып, іштей торығып
шықтым, Ебеке.

– Жә, оны қойшы, бойына қарай ойы дегендей.

Анау дөкей ағамыздың өзін айтсаңшы, - деді кенет
Ебекең. - Сенің әлгіндегі айтқаныңа сену қиын, бірақ
сенбеске шарам да жоқ. Димекеңнің халқымызға
жасаған еңбегі, абырой-атағы бір басына жетеді.

Соны
азсынып,
аруақпен
алысып,

Қанекеңнің
зор беделін қызғанбаса да болар еді, амал қанша!..
Тек соңғы кезде маңайына тым ұсақ адамдарды,
бірыңғай мақтап, өзін қолпаштаушыларды ғана

жинап, шынайы адал қызметкерлерді, істің әділін
айтар жігерлі азаматтарды сыртқа тепкені ұнамайды,
тіпті жаныма батады. Көбірек мадақтап жібердік
білем, әсіре мадаққа аса кішіпейіл жандар ғана төзеді

тегінде. Оның үстіне бұл кісінің Брежневпен шексіз
достығы да өзі үшін кесел боп тұр, ойына келгенін
істеп, ісіне сын көзбен қараудан кетіп барады деседі
білетін жұрт... Қой, бауырым, бұл әңгімені осымен

доғарайық. Мұндай күрделі мәселені екеуміз қысыр
кеңеспен шеше де, тыя да алмаймыз. Тек артының
қайырын берсін делік! Елге кесірі тимесе болды да...
Ал, қайырлы таң дейміз бе?

– Қайырлы таң!

Марқұм Дінмұхамед Қонаев ақсақал 1992 жылы
жарияланған "Өтті дәурен осылай" атты естелік-эссе
кітабында ака демик Е.А.Бөкетовтің өз тарапынан
ешқашанда қудаланбағанына арнайы тоқталып, тіпті

реніш білдіре ашына жазыпты. Ақиқаттан зәредей де

аумау үшін ол кісінің пікір-топ шылауын, сол кітаптың 415-бетінен ешбір қысқартусыз және өз емлесімен толық келтіруді жөн көрдік... "Көңіл қарадай қалып жүрген тұста - 1988 жылы "Про стор" журналының 9-шы айында Қ. Бөкетовтің "Менің бауы рым" деген мақаласы шықты (мақала емес, "Друг мой, брат мой" деп аталған естелік, аудармашы "Ағайым" деген анықтауышты бауырға айналдырып, жаңсақ тәржімалаған - М.С.). Онда келтірілген фактілер еш шындыққа жанаспайды. Автор жалған деректерге бой алдырып алған, соның салдарынан артық-ауыс пікірге барады. Мен Ебіней Арыстанұлы Бөкетовті ғалым, ұстаз, аудармашы, әдебиет сыншысы ретінде сырттай жақсы білетінмін. Жүзбе-жүз кездескен емеспін. Қабылдауымда болған кісі емес. Ал, көрмеген, сөйлеспеген кісіні аты-жөні жоқ жек көру, қудалап, ізіне түсуім мүмкін емес қой. Сондықтан автордың Ебінеймен арамыздағы "әңгімеге" жүгінуі келіспеген. Ал, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін айтарым мынау: 1972 жылы ол академикке ұсынылғанда Ғылым академиясының президенті Ш.Есенов болатын, тиісті дауыс жинай алмай сайланбаған. Е.Бөкетов ака демикке 1975 жылы өтті, ал бұл кезде Ғылым академиясының президенті А. Қонаев еді және ол екеуі бірін-бірі зор құрмет тұтатын сыйластығы бар деп естідім. Оның академик болып сайлануына барынша демеу көрсеткен. Сондай-ақ, Е.Бөкетов Қазақ КСР Ғылым академиясының президенттігіне ешқашан ұсынылмаған, оны ұсынды дегенді осы мақаладан ғана біліп отырмын. Және 1974 жылы президент сайлауы өткен кезде ол кісі әлі академик емес еді, сондықтан да оның бұл қызметке үміткер болуы неғайбыл..." – деп сөзін түйіпті Дінмұхамед Ахметұлы. Біз ҚСЭ томдарын сүзе қарап, жоғарыда келтірілген деректердің жылдар бойынша Димекең айтқанымен дәл екеніне көзіміз жетті. Демек, ғалымның туған інісі Қамзабай Бөкетов қана емес,

осы мәселені қайыра жаңғыртып, әмбе соны Ебекең марқұмның өзі естірткен мұңды әңгіме етіп тәптіштей баяндап отырған естелік-эссенің авторы да осынау қиянатты ойдан шығарып, шындыққа жанаспайтын өсек-қауесеттермен өзімізше бопсалаған болдық. Сөйтсе де асығыс тұжырым жасауға асықпалық... Біздің қолымызда Дінмұхамед Қонаев академик Бөкетовті қудалап, жұмыстан босаттырып, әмбе жазған әдеби еңбектерін жариялатпапты дерлік нақтылы дерек жоқ. Оның болуы да мүмкін емес. Бірақ, нақ осындай келеңсіз қиянат пен шығармаларын жариялатпаған қысастың болғаны анық. Бұл құдайға да, сол кездегі зиялы қауымға да мәлім іс. Әлбетте ондай қиянат Димекеңдей үлкен лауазымды басшының тікелей айтуымен, иә нұсқауымен емес, сенімді көмекшілерінің, атап айтқанда, С.Н. Имашев, В.В.Владимиров және солардың түртпектеуін бұлжытпай орындаған бір топ партия шенеуніктерінің зымиян әрекеттерімен жүзеге асқан-ды. Бұл сөзімнің дәлеліне бөгде біреу емес, Дінмұхамед Ахметұлына адал еңбегі сіңіп, көп жыл бойы қол астында жұмыс істеген, бірақ анау шенеуніктерден ар-инабаты және турашыл мінезімен дараланған азамат Санжар Оразұлы Жандосовтың осы жолдардың авторына бертінде естірткен ауызекі әңгімесін келтірмекпін. Ескертер бір жайт: біз сөз етіп отырған жылдарда Санжар Оразұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғылым, орта және жоғарғы мектептер бөліміне жетекшілік еткенді. Яғни Е.Бөкетов тағдырына қатысты әрекеттердің біразы оның да араласуымен жүзеге асқан. Мемлекеттік Еңбек комитетінің төрағасы болып тұрған кезінде, сірә, бұл 1990 жылдың көктемі болса керек, ол әлдеқандай іс-сапармен Семейге келіп қайтты. Жолға шығарында біздің облыстағы әріптесіне: "Маған ас-су әзірлеп әуре болмаңыз. Медеу деген жазушы досымды тауып алып, келе жатқан хабарымды ескертсеңіз болды..." – депті.

Санжармен менің сыйластығым өзара қызметтес, иә бір-біріне тәуелді жандардың уақытша достығындай емес, ширек ғасыр бойы түрлі өткелектен өтіп, әбден бекіген, өзара құрметпен қарайтын дәрежеге жеткен жағдайда еді. Сондықтан да біздің үйде өткен оңаша кеш қадірлі қонағым үшін де, өзім үшін де: ұзақ уақыт есте сақтарлық мәнде, әрі көңілді болды. Ас-су іштік, ермек болсын деп карта ойнадық, өткен-кеткенді айтып сыр шертістік. Бір мезетте әңгіме, сірә, оны бастаған өзім болсам керек, Ебіней Арыстанұлының қапалы қиын тағдырына да ойысты. – Мен саған бұл істің турасын айтайын, - деді Санжар Оразұлы, - ол қазақтың орағытпа ұзақ сөзін білмейтін және соны жаратпайтын жан еді, - қазір ортамызда жоқ кісілер ғой, Имашев та, Бөкетов те, жалған мадақты қажет етпейтін жағдайда, сол себепті екеуіне де бұрмаймын. Әділіне келсек. Сәттар Нұрмашұлы Бөкетов туралы бізге нағыз драмалық спектакль ойнатты, оның режиссері, дирижері болған да өзі!.. Қалайда әлдебір қылығы үшін ол Ебіней Арыстанұлын ұнатқан жоқ, ал ұнатпаған кісісін қайткенде жығып тынатын және сол үшін нендей бір зымиян әрекеттерден тайынбайтын-ды... Бір күні Сәттар Нұрмашұлы мені шақырып, "Есеновтің үстінен шағым-арыздар көбейді, сірә, оны академиядан басқа бір қызметке ауыстырмасақ болатын емес. Қысқасы, академия президентіне лайық кандидатура қараңдар. Академия басшысын жиі-жиі ауыстыру жақсы дәстүр емес, бір он жыл тапжылмай отыратын ғалым табыңдар", – десін. Тікелей басшымыз тапсырып отырған соң артық сұрау қоюға болмайды, тәртіп солай, резервтегі ғалымдар картотекасын ақтарып, он шақты докторларды үміткерлер тізіміне тіркедік. Хатшы соларды іріктей келе үшеуін ғана қалдырды. Біреуі - өзің сұрап отырған кісі... – Сәке, тоқтаңыз, Ебіней Арыстанұлы академик емес-ті ол кезде және Имашевтың онысы өзіңіз айтқандай, Ебекеңді ұнатпаған қылығымен қиыспай тұр, - деп күдік білдіріп едім.

– Аңқауланба, бұл оның режиссерлік приемі, спектакль ойнатты дегенге мән берсең - бәрін де ұғасың. - Санжар Оразұлы әлдекімге ренжігендей басын қынжыла шайқап, сөзін жалғады. - Есенов те президент боларда қатардағы доктор ғана еді. Соңғы турда, академиктер сайлауын айтамын, Димекең әрбір дауыс берушімен жеке-жеке сөйлесіп, үгіт жасап, тіпті ол күні үш мәрте сөз алып, Шаһмарданды бірақ дауыс артық бергізіп әрең өткізген-ді, академияға мүшелікке. Одан соңғы оңай ғой, ертеңінде-ақ Шақаң президент болып шыға келген. Сайлатқысы келсе Ебінейді де сөйтер еді, гәп бірақ басқаша болатын... Қысқасы, біздің бөлім оны Қарағандыдан шақыртып, бұл кезде ол ҚарМУ-дың ректоры болатын, арнаулы анкета толтырттық, қалған екі үміткерге де. Олардың бәрі екі-үш ай бұрын КСРО Ғылым академиясының президиуымына жөнелтілді. – Қызық екен, бірден-ақ біздің ұсынар кісіміз мынау деп Асқар Меңдіахметұлын атауға болмас па еді? - деп сұрап едім. Қонағым басын шайқап, мырс етті. – Бұл партиялық этика. Асқарды жалғыз ұсынсақ - кім де болсын, бірінші хатшының інісін жағымпаздықпен көтеріп отыр деген жалаға қаламыз. Ал, оның қасында екі-үш ғалым қатар тұрса?.. Мұндай әңгіме өрбімейді, таңдауды Мәскеу жасаған соң біз де, Димекең де судан таза, сүттен ақ, нағыз коммунистік мінез танытқан кісі боламыз. Ұқтың ба? –Ұққанда қандай! Демек, Сәттар Нұрмашұлы Асқардың беделін көтеру үшін оның қасына өтімсіздеу ғалымдарды әдейі қосқан болды ғой. Ебекең әлі академикке сайланбаған, әмбе оның есімі Мәскеуге аса мәлім емес. Ал, Асқар Меңдіахметұлы болса сол жылы КСРО Ғылым академиясының корреспондентмүшесі болып сайланған-ды. – Примерно солай, - деді Санжар Оразұлы. - Әрине, Асқар Қонаев ол жақтан шауып өтті. КПССтің Политбюросы да оның кандидатурасын мақұлдап, шешім қабылдады. Ар жағы өзіңе белгілі.

– Демек, бұл спектакльдің негізгі авторы Димекеңнің өзі болды ғой? - деп едім. – Бұл жағын нақтылы білмеймін, мен саған өзім ішінара қатысып, көзім көрген, куә болған жайттарды ғана айтып отырмын. – Жә, соңғы сұрақ, Сәке. Бұл әңгімені бастаған соң біржола аяқталық... Ебіней Бөкетовті нақтылы қудалау науқаны негізінде 1978 жылы қызу жүріп, оның ақыры 1979 жылдың бас кезінде ректорлықтан тайдырумен аяқталды. Одан соңғы төрт жылда Ебекең қалыпты жағдайда отырып жұмыс істей алмады, ең қиыны жазған еңбектерін Қазақстанда бастыра алмады. Осының түп себебі неде? – Оның себебін мен білмеймін, бірақ, бір жайт анық есімде, - деді Санжар Оразұлы сәл үнсіздіктен соң. - Бөкетовтің да мінезі құдай деген жан емес-ті, кішірейіп, жорта жалпақтауды білмейтін, басынан сөз асырмайтын да қыңырлығы болатын. Бір жолы көп күн сұранып жүріп, Димекеңнің қабылдауына барды. Қойған мәселесі Қарағанды университетінің жаңа қалашығының құрылыс жайы, әрине, нақтылы көмек сұраған. Бірінші хатшы онымен жөндеп сөйлеспей, "Мен сендердің бас-басыңа прораб бола алмаймын, басқа шаруаңызды айтыңыз!.." - деп дүрсе қоя беріпті. Ну, Ебіней де аса қымсынбай: "Бұдан өзге сізде жұмысым жоқ!" – деп орнынан тұрып кеткенге ұқсайды. Бұл енді ертеңгі күнін ойлаған ақылы сұңғыла кісінің сөзі емес, ептірек біреу болса, үлкен кісінің көңілін жадырататын желеу тауып, ең құрғанда мені біреу сізге қасақана жамандаған, ал мен өзіңіздің қамқорлығыңыз арқасында академик, ректор болған адаммын дегендей бірдеңелер айтып, өтірік кішірейіп, ну, жуық маңда кабинеттен шықпай, жарым сағат артист болып ойнауы керек-ті. Амал қанша, Бөкетов сол тұрған беті кабинеттен қоштаспастан шығып кеткен. Ол кезде Қазақстан түгілі бүкіл Одақта бірдебір жан Димекеңмен бүйтіп сөйлеспейтін, одақтық министрлердің өзі Алматыға келгенде: "Сізге сәлем

бере келдім, қымбат уақытыңызды бөліп, мені қабылдағаныңызға шексіз рахмет!..." – деп қиылып тұратын-ды... Қысқасы, қабылдаудан шыққан соң Ебіней маған кірді, Имашевқа кеп жоламаушы еді, шақырса ғана баратын. Ренішін жасырған жоқ: "Сірә, арыз беретін шығармын, мүйіз сұрап келіп, құлағынан да айырылып қалған тоқал ешкіге ұқсап тұрмын..." – деп зорлана күлді ғалым. Онысының тым үрдіс іс болатынын айттым, бірақ, иландыра алмағаным анық. –Енді бәрі де түсінікті болды. Димекеңнің оған деген аужайын аңдаған соң кәнігі идеология хатшысы Ебекеңе шабуылды мейлінше күшейтіп, қайта тұрмастай етіп бағыттаған екен. Бұған және бірінші хатшының сенімді көмекшісі Влади слав Владимиров те атсалысқан, сірә. Оның кезекті бір әлжуаз кітабы туралы Бөкетовтің ауызекі айтқан аяусыз сынын біреулер күшейтіп жеткізіп, айдап салыпты-мыс. "Ленсменадағы" фельетон да содан кейін дүниеге келді, Қарағанды университетінің жұмысын тексеру де, - деп сол түнгі әңгімені түйген едік... Д.А.Қонаев естелік кітабында өзін ақтап баян еткен қисынды деректермен біз мәлімдеген хикаят қабыса ма, кімнің нұсқасы шындыққа жақын - оның ара жігін айырып, төрелік жасауды мен оқырман қауымның өзіне қалдырамын. Менің міндетім өзіме таныс жайттарды ешбір қоспа-әсірелеусіз баяндауға тірелді... VІІ Шахтерлер қаласында мен оқырмандармен кездесуге көбірек жүріп, біразға дейін ұстазымды көре алмадым. Бірақ, Ебіней Арыстанұлы менен көз жазбай, сыртымнан қадағалап отырған тәрізді. Университет студенттерімен кіші бесінде болған кездесуден босаған мезгіл еді, бір жолдас маған келіп, Ебекеңнің үйінде тосып отырғанын хабарлады. Өзін мені алып келуге жұмсапты. Сірә, көңілдірек болсын дегені шығар, үйіне сол күні менің бірталай

достарымды да шақырыпты. Дені өзінің шәкірттері, металлург-ғалымдар - Жантөре Әбішев, Сағын Исабаев, Төкен Ғабдуллин... Бүгін ойласам, сол кеште біз әрқилы жайттан сөз қозғаппыз. Соның бәрін жылдар өткен соң еске алып, қайыра сүзгенде ұққаным - қайсымыз болсын өзара келіскендей-ақ, үй иесінің рухани қудалауда жүрген кіріптар жайын көбірек ойлап, өзімізше қамқорсып, қайткен күнде көңіліне жағымды сөз, жарасымды әңгіме сөйлеуге тырысыппыз. Әлқисса, содан қайтуға таянғанда, ұстазым маған қарап: – Медеу, аңдадың ба, сенің достарың қазір де мені әлдебір қылықтан сақтандырғандай ерекше мәпелейтін болып кетті... Сенің жөнің бөлек, оларға қосылма, - деп жымиды. –Айтайын дегенім - менде біраз дүниелер жиналып қалды. Соларды оқып, көңіліме қарамай, пікіріңді айтып кетсең?... – Құп, Ебеке, айтқаныңыз болсын! – Онда жұқасынан баста, - деп столының тартпасынан бір папканы суырып алды. Ғалым-жазушының Шоқан Уәлиханов туралы эссесі менің қолыма осылайша тап болды. Көлемі 146 бет, машинкаға тазалап басылған орысша қолжазбаны мен сол түнде-ақ бастап, келесі күні түске дейін отырып, бір сөзбен айтқанда, бас алмай оқып шықтым. Мен өзім де Шоқанның бес томдық шығармалар жинағын мезгіл-мезгіл қолыма алып, кейбір туындыларын қайыра оқып жүремін. Тегінде бұл – ұлы ғалымның өлмес шығармаларынан сусындап, рухани ләззат алуға көңілім қалағанда, иә әлденеден қатты шаршаған кезде тыныстау үшін қолданатын амалым. Оның үстіне ол туралы жазылған Сергей Марковтың, өзіміздің Сәбит Мұқановтың, Әлкей Марғұланның еңбектерімен де таныспын. Рас, бұл И.Стрелкованың ЖЗЛ сериясында шыққан тамаша кітабы әлі жариялана қоймаған уақ, бірақ Мәскеуде авторымен әңгімелескем, сүбелі еңбек жазып жүргенін

білетінмін. Демек, мен Ебіней Арыстанұлының эссесін оқуға алғанда, Шоқан жайында азды-көпті мағлұматы бар, әмбе оның негізгі еңбектерімен де біршама таныс оқырман болатынмын. Жасыратыны жоқ, қолжазбаны қолыма ала тұрып, "Апырау, бұл кісі Шоқан мұрасынан не тапты, жоғарыда аталған азулы қаламгер, зерттеушілермен жарысқа түскенде нендей абырой-бедел алады?" дегендей күпір ойдан да құралақан емес едім... "Шоқанның әулие ісі" аталған эссе, алайда, мені таңғалдырды! Қолжазбаның соңғы бетін жаптым да дереу ұстазыма телефон соқтым. – Ебеке, кешегі бергеніңізді оқып болдым. Ештеңе ұмытпай, әсерім ескірмей тұрғанда, сізге соны тап бүгін айтуым керек, уақытыңыз бола ма? - дедім салған жерден. – Кішкене күте тұршы. - Трубканы қойып, әлдеқайда шығып кеткенін аңғардым. Сәлден соң қайыра келіп: - Медеу, түстендің бе? - деп сұрады. – Жоқ. Онда тіпті жақсы, біздің үйдің түстігі әзір екен, қазір ғана келе ғой. Алыста отырсаң институттан көлік жібертейін. – Көлікке әуре болмаңыз, өзім-ақ жетемін. Тек бір ғана шартым бар, - дедім де, күмілжігенді қойып, көмейімдегі сөздің турасын естірттім, - бөгде ешкімді шақырмаңыз. Өзіміз ғана сөйлесейік... – Құп! Тездетіп жет! Түстікті бізге Зүбәйра жеңгей ғалымның шағын кабинетіне, оңаша жасады. Сірә, ескертіп қойған ба, әзірленген асты алдымызға қойды да, өзі де қатыспай, ас үйге шығып кетті. Ac үстінде мәнді шаруа жайында сөйлесуге болмайды дейтін қасаң қағидамыз бар ғой. Ебекең "сол тәртіпті сақтағысы келгенмен, іштей дегбірсізденіп отырған тәрізді, асқа аса тәбеті болмай, маған әлсінәлсін қарай береді. Сірә, ұйқым шала болған соң ба, менің де өңім онша келіспей, болдырыңқырап отырсам керек. Бір мезетте ғалым:

– Өзің бүгін бір нәрсеге елеңдеп отырсың ғой, жайшылық па? - деп сұрады. – Жай емес, Ебеке, - дедім бұдан әрі ұстазымның дегбірін сынауды ыңғайсыз көріп. - Оған кінәлі – сіздің мына таңғажайып еңбегіңіз! Осыны оқудан соң көңілімді толқытқан жайттарды тезірек ақтармасам, тіпті мазам болатын емес. – Жә, құлағым сенде. – Әуелі бір сұраққа жауап беріңізші, Ебеке. Бұл эссеге материалды қайдан алдыңыз? Шоқанның бес томдығы – менің де сүйіп оқитын кітаптарым... – О, бауырым, өзің сұрап, жауапты да өзің қайтарып отырсың. Шоқанды қайта тану үшін мен ескі архивтен ештеңе де қазған жоқпын. Бәрін де сол өзің айтқан бес томдықтан сүзіп алдым. – Апыр-ау, не дейсіз? Әлденеше мәрте қайыра оқығанда мен неғып бұларды көрмегенмін... – Оныңды білмеймін, бауырым. Бірақ, сен бір мәселеге илан. Әркімнің өз Шоқаны бар емес пе? Айталық, бір кітапты қатар отырып, бірге оқиықшы: сен одан бір түрлі, мен бір түрлі әсер аламыз... Ал, менің қалай болғанда ғалым атым бар, бір нәрсені оқығанда оған кәнігі зерттеуші құсап шұқшия қараймын, жол астарымен айтқан кейбір жайларды көпе-көрінеу көріп отырамын деген сияқты. – Түсінікті, - дедім ақырында тура сөзге көшіп, - Ебеке, қысқасы, мен сіздің мына еңбегіңізді татымы өте жоғары дүние деп білемін. Ұлы Шоқанды өзіңізге дейінгі бірде-бір зерттеуші көрмеген, айтпаған, ашпаған жаңа қырдан көрсетіпсіз. Құттықтаймын, деңгейі өте жоғары еңбек!.. Тек бір ғана ескертпем бар, оны да айтайын, мәймөңкелеуді қойып, адалын айт деген өзіңіз. - Қазақы қоңыр шайға көшкен мезгіл еді бұл. – Е, айт, менің де тілеп отырғаным сол ғой. Бөгде адамның пікірін білу... – Меніңше, эссенің бастапқы жиырма-отыз бетін қысқарту керек. Сіз әңгімені Федор Михайлович

Достоевскийдің кім болғанын, әдебиетке қалай келгенін, нендей өлмес дүниелер ергенін, өмірде көрген қуғын-сүргінін тәптіштеп жазудан бастапсыз. Ал, мұныңыз оқушыға белгілі жайт және сіз, ғапу етіңіз, онымен Достоевскийді қайтадан аша алмайсыз. Демек, бұл беттердің бәрін аяусыз қиып тастау қажет те: орыстар айтқандай, "Өгізді мүйізінен шап беріп ұстау керек", яғни бұл хикаяны Достоевскийдің түсінде Шоқанды көрген жерінен бастау шарт... Сонда бұл туынды жүз он, иә жүз жиырма бетке түсіп, ықшам киінген сәнқой жігіттей сыланып, әрі бұрынғыдан да жарқырап шыға келеді! Бұл ұсынысыма білгір ғалым-жазушы келіспегендей шырай танытты. Сондағы айтқан желеуі мынау: "Мен бір нәрсені шұғыл бастай алмаймын: негізгі ойға түсу үшін әуелі ауа райын, иә жер жағдайын далаға шығып, аспанды шолып алатын кәнігі жолаушыларға ұқсап, алды-артыма қарап, бағдарлап, бір; бағытқа бетімді түзеп дегендей... баптана кірісуім керек". – Оныңыз дұрыс-ақ, Ебеке. Өзіңіз үшін бұл керек дейін, ал оқырманға соның қажеті қанша? – Жә, аужайыңды байқадым. Ойланайын... Сен енді мынаны айт: мұны не істе дейсің? Қайда жариялаймыз? – Меніңше, "Просторға" беру керек. Соңынан баспалардың бірі шап береді! – Пәлі, менің қазіргі ахуалымды сен әлі білмейді екенсің ғой. Менің атымды әйгілеп, қолымнан шыққан дүниені баспасөзге шығаратын батыл редактор қазір құрып тұрғанын естімеп пе едің? - деді ол кенет кәдімгідей мұңайып. - Бұрнағы жылғы "Ғылыми жазбаларымды" жариялағаны үшін "Простордың" қаншама құқай көргенін жұрттың бәрі біледі... Солай, шырақ. Бөкетов деген фамилиядан қорқатын болды баспа маңындағылар. "Жазушы" мен "Жалын" баспаларында қатар әзірленіп, енді шыққалы отырған кітаптарымды биыл өндірістен алғызып тастады.

Ғылыми енбектерімді жариялауға бөгет жасап отырған қаскөйлер қаншама!.. Оларды пәлен деп кінәлаудың өзі қиын, бәрі де бір күнгі тыныштығын ойлайды, пендешілік қой баяғы... – Оныңыз рас, Ебеке. 1979 жылы Қаныш Имантайұлының сексен жылдық тойы өткізілер қарсаңда қаншама қиянатқа жол берілді. Кітап шығару қайда, мерзімді баспасөз органдарының ғалымға арнап әзірлеген көл-көсір материалдарының барлығын дерлік жариялауға тыйым салынды. "Казправда", "Соц. Қазақстан" газеттері ғана бірбірден мақала жарияласын депті ЦК-дағы бір мықты... Ал, үлкен академияның президенті Александровтың талап етуімен Алматыда әрең өткен салтанатты мәжілістің шақыру билеті үш мәрте "өзгергенін" білесіз бе? Алғашқы нұсқасында "көрнекті ғалым" деген сөз әлдекімге ұнамаған. Екінші нұсқада оны "белгілі ғалым" деп өзгерткен. Үшінші, ең соңғы нұсқада ешқандай анықтаушы теңеу жоқ, жай ғана ғалым, академик, геолог... деген сөздер қалыпты. Жұртқа таратылған нұсқа да осы. – Қойшы, мынауыңа сену қиын, әншейін өсек болар... Тым ұсақ кісілердің әрекеті, - деді Ебекең. – Сеніңіз. Менің үйдегі архивімде сол жылғы шақыру билетінің үш нұсқасы да бар. Бәрі де баспаханадан шыққан. Бұлардан ондай да ұятсыз әрекет шығады, ағасы... – Сондықтан сен маған, бауырым, Алматыны нұсқама. Құдай оны табиғи опаттан, жер сілкінуден сақтасын!.. Көмектескің келсе маған - өрісің ұзарды, орталық жақтың бір баспасымен жалғастыр. – Ебеке, онда былай істейік, - дедім кенет ойыма сол сәтте сап ете қалған шешімге өзім де қуанғаннан алақанымды бір-біріне сарт-сұрт соғып. – Мен сізге мықты баспа таптым! "Советский писатель" баспасы жыл аралатып, "Пути в незнае мое" деген атпен көпшілік жұртқа ерекше танымал жинақ шығарып тұрады. Соның қазір, жаңылмасам, он жетісі шықты.

Ал, жариялайтын материалдары - ғылым жаңалықтары туралы, ғалымдар жайында жазушылардың қызықты жазбалары... Сіздің "Шоқаныңыз" сол жинаққа жарап тұрған дүние! Шоқанның мұрасына, есіміне орыс жұртының да өте зор ілтипатпен қарайтынын білесіз ғой... Бұл жинақты шығарушылар алқасының мүшесі және алғашқы құрастырушысы - Даниил Семенович Данин деген кісі. Мен ол кісіні біршама жақсы білемін. "Резерфорд", "Нильс Бор" дейтін ғұмырнама кітаптардың авторы. – Данин бе айтып отырғаның? - деді Ебекең елең етіп. – О, бұл - мықты жазушы ғой! – Нақ өзі. - Мен де ұстазымды қостадым. - Жазушылығы ғана емес, оның кісілігі де, қайраткерлігі де ірі адам! Қане, Ебеке, қағаз беріңіз, бұл хатты қазір-ақ жазып тастайық... – Былай істесек қайтеді, Медеу, - деді Ебіней Арыстанұлы әлден уақытта, сірә менің бұл ақылымның оңды іс екеніне біржола иланды білем. - Ондай үлкен адамға аралық кісімен байланысқаным ыңғайсыз болар. Менің де жазушы әрі акаде мик ұлағатым бар... Хатты мен өзім-ақ жолдайын. Ал сен, көңіліңе келмесін, ол кісіге өз бетіңмен, демеу жасап, сәл кешірек жаз.. Сөйтейік, бауырым, - деп қолына қалам алды.

– Орыс тілін ана тілінен де еркінірек меңгерген жан еді ғой, Ебіней Арыстанұлы қисын іздеп қиналған жоқ, жарым бет хатты менің көзімше сүйкектетіп бірден-ақ жазып тастады. Әр сөзі ойға қонымды, қисынды-ақ. Тіпті еріксіз ойлантқандай тамаша шығыпты... Арада екі ай шамасы өткенде мен Мәскеуден тілдей ашық хат (открытка) алдым: тамаша жазушы, әрі лауазымды ғалым автор тауып бергенім үшін Даниил Семенович маған ризалық білдіріпті; әмбе Е.А. Бөкетовке жинақтың шығарушылар алқасына мүше болып қатысуына қолқа салғанын жазыпты. Ұстазымның дұшпандарынан мерейі асып, қуаныш-

қа бөленуіне титтей болса да қатысқаным үшін
көңілім тасып, сол күні-ақ Қарағандыға телефон
шалайын.

– О, батыр! – деді (әлденеге риза болғанда

Ебекең марқұм мені ғана емес, біраз шәкірттерін
әрқашан осылай көтере атаушы еді – ғалымның
сөйлеу мәнерін бұзбай бейнелеу үшін әдейі
қолданып отырмын) ұстазым бірден даусын көтере

сөйлеп. – Сенің Даниил Семеновичің шынында
да ізетті адам болып шықты.. Бірақ, мен сенен
кешірім сұраймын, анада айтқан сыныңды аса құп
көрмей, қолжазбаны сол қалпында жолдаған едім.

Сенің сыныңды Данин де қостап, Достоевский
жөніндегі беташар тарауды қысқартып беріңіз
депті. Қысқасы, сен маған енді қандай сын айтсаң
да, бірден қабылдайтын болдым, - деп біршама

мені мадақтап алды да, Шоқан туралы эссенің,
«Пути в незнаемое» жинағының он сегізінші
кітабына қосылатынын, өзінің бұл басылымның
шығарушылар алқасына мүше болуға келіскенін

хабарлады.
Амал қанша қатал тағдыр Ебіней Арыстанұлына
бұл жинақты көрсетпеді. Жинақ шыққан 1984
жылдың көктемін мен Мәскеу түбінде, жазушы-

лардың шығармашылық демалыс үйі Пределкинода
өткіздім. Сонда жатқанымда Мәскеудегі қолжаз-
баның жайын біліп беруін өтінген Қамзабай
Бөкетовтен хат алдым. «Советский писатель»

баспасының проза редакциясына барсам, жинақтың
редакторы И.Ю. Ковалева дайын тұрған терім
беттерін Қарағандыға жолдағалы отыр екен.

– Жібермей-ақ қойыңыз, автордан өткен

қыста айырылып қалдық. Терімді маған беріңіз,
бірер күнде оқып, қайтадан әкеп берейін, материал
таныс, – деп қаралы хабарды редакцияға естіртіп,
әрі эссенің тұңғыш оқушысы болып, бұл қолжазбаға

тағы бір мәрте еңбек сіңіруіме тура келді.

VІІІ

Қарағандыға
сапарымның
аяқталуға
айналған

шенін де
мені
химия-металлургия
институтының

директоры
Жантөре
Әбішев
қонаққа

шақырып
және қалаға емес, Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлке"
романынан жұртшылыққа мәлім Жұман байдың қорық
жұртын жайлап отырған, еңбек ардагері ағасының

үйіне апаратынын ескерткен-ді. Бұл сапарға біз екі
машинамен бір топ кісі бардық. Екінші машинаның иесі

– институттың ғылыми қызметкері Алексей Ш. деген

танымал орыс досымыз еді.
Қонақжай ағайынның аулына келіп, аз-кем ауқат
жасап алып, көгалға шығып, аунап-қунаған аса бір
шырайлы мезет болатын. Ебекең тың әңгіме бастады.

– Ау, жолдастар, осы біз бір-бірімізді жақсы білеміз

бе? Айталық, мінезімізді, кісілігімізді, қабілетімізді,
қандай әрекетке дәрменіміз жетіп, иә жетпейтіндігін
жете айырып, дөп басып айтып бере аламыз ба? Жоқ,
жеткілікті білмейміз. Жә, жә, оған дауласпаңдар, мысал

келтірейін: мына отырған Алексейді ғой бәрің де жап-
жақсы білеміз деп ойлайсыңдар. Иә, бұл - жақсы жолдас,
қайырымды, мінезі ақжарқын, жұмысына ықтиятты,
ғалымдығы да едәуір, сонсоң аздап қорқақтау, түн уағында

көшеге шықпайтын үйкүшік, соңғы жылдары келіншегін
киноға апаруды да доғарды демексіңдер, ә?

– Дұрыс, - дейді жігіттердің бірі, - әсіресе қорқақтығы

турасында өте дәл айттыңыз.

– Түк те дұрыс емес, - деп тағы қиыс сөзге бастайды

ұстазымыз тізесін баса өзімен қатарлас отырған Ш.-ға
қулана қарап қойып. – Ал, Алексей - сендер ойлағандай
аса қорқақ кісі емес. Бір деңдер. Екінші, жуықта бұл
батырдың бүкіл Қарағандыны жаусатып жүрген әккі

ұрыны жалғыз өзі ұстап алғанын білесіңдер ме?

– Ебіней Арыстанович, бұл хикаяны мен сізге ғана

айтқанмын. Онда да жұртқа жария етсін деген мақсатпен
емес, - деп Алексей досымыз қипақтай бастап еді, көшір
серігін сөйлеткісі келіп, әңгімені әріден бастаған Ебекең
еркіне қоймады.

– Жоқ, Алеша, сенің оның - нағыз ерлік және күні

бұрын ойластырып, ғылыми көрегендікпен бәрін болжап,
жобамен сызып, ақырында соншама дәлдікпен жүзеге
асырған таңғаларлық шеберлік! Мен оныңды жасырып
қайтейін, атыңды сәл-пәл өзгертіп, қағазға түсірмекпін.

Мына жазушы қонақ та саған сол үшін қатты құмартып
отыр. Бүгінгі сапарға біз сені, шынымызды айтсақ, сол
үшін шақырдық. Әйтпесе, бүкіл Қарағандыдан машина
таппадық дейсің бе, сенің құртақандай "Москвичіңе" аяқ

артып неміз бар? Көрдің бе, осындағы ежелгі достарың да
сенің ерлігіңді енді ғана біліп, ауыздарын ашып, аңырып
қалғанын. Қысқасы, бұлталақты қой да, Але ша, ұрыны
қалай ұстағаныңды бұларға айтып бер, - десін.

Алексей Ш. жирен шашын сипалап, құлағын қасып,
біршама қыбыжықтап отырды да, әңгімесін бастады.

– Бес қабатты коммуналды үйде тұратын тұрғын-

дардың тұрмыс жайы белгілі ғой, жарандар. Бәрің
де сондай үйде тұрасыңдар, бастарыңда бар тірлік...
Менің де үй-жайым сондай: бақандай үш бөлме,
коридордың қуыс түкпірінде киім ілетін, оны-мұны,

ескілерді үйетін жәшік жаппаларымыз бар, одан
асқанын, әрине, төменде, үй астында орналасқан
үйшік сарайларда ұстаймыз. Бар пәле сол, астыдағы
қоймадан басталды... Соңғы екі-үш жылда үйшік

сарайға қойған, қысқа керек болады-ау деп кейінге
сақтайтын жеміс-жидек, аздаған картофель тәрізді
азық-түлік жоқ болып кетеді, қоймаларымызды
өзіміз пайдалана алмайтын кеселге ұшырадық. Үйге

сыймаған соң, әрі төменді салқындау көріп апарып
қойдық па - бір апта өтпейді, әйелім мен балаларым
бажылдап шыға келеді: "Ойбай, тағы да ұры түсіпті,
алып кетті, шауып кетті!" Мен баяғы, мінезімді

білесіңдер, оларға: "Қойыңдар енді, аса бір керемет
дүние емес қой, бас аман болсын!" деп басалқы
айтамын. Бірақ, ішім ашиды. Еңбекпен тапқан
нәрселер... Келе-келе бұған да көндіктік, милицияға

хабарлауды қойдық. Ал, олардан бәрібір нәтиже жоқ...
Хош, сонымен бірер жыл өтті. Ұрымыз ұсталған жоқ,

ұрлық бірақ тыйылмады. Содан бір күні екі-үш сауыт ақ сыр жоғалды, оны да әйелім пысықсып, үйді әктеген кезде есік-терезелерді боярмын деп сарайға апарып тыққан ғой. Не дейін? Күлдім де қойдым. Машаның бірақ бірер күнге дейін уһілеп, менімен сөйлеспей, балаларға тиісіңкіреп жүргені батты: ондағысы белгілі құқай - сендерді еркек деп!.. Көбірек мұқатқаны - ер баламнан гөрі, ескі "жауы" - баяғы мен... Не істейін, ұрыны ұстаймын деп сарайға түнеймін бе және ол шіркіннің қай күні келетінін білсем жөн... Хош, ақ бояудың да жоғалған тақсыретін ұмытатын едік, қарсымда тұратын көршімнің өрескел қылығы мені біржола діңкелетті. Бір күні оның жұбайы біздің үйге келіп, "Мына әкті қайдан алдың? – деп Машаны тергепті. Әйелім базарға барып, неше сағат кезекте тұрып, әк дүкенінен алғанын айтады. Кешке жұмыстан келсем - Машаның "жыны" ұстап, тағы да құрыстанып отыр, айтатыны: "Мына үйді айырбастайық, көршілерден ұят болды, сарайдан ұрлатқан әк ерітіндісін де, сірә, бізден көрсе керек. Басқа үйге көшіп кетсек, бәлкім ана найсап ұрыдан да құтылар едік..." Көршімен сөйтіп амандасудан қалдық. Байқаймын, оның да үйшігі мезгіл-мезгіл "тазартуға" түсіп тұрады. – Болды қызық. Бұл өзі неғылған ұры? - деймін, Алексейдің әңгімесін еліге тыңдап. – Қойшы, әрі ойлап, бері ойлап, мынадай қорытындыға келдім: бұл ұрыны бұдан әрі құтыртуға болмайды, қайткен күнде бір амалын тауып ұстау керек. Сонда қалай? Амал біреу-ақ – оның жолына тұзақ құру керек. Ал, бірақ ол да адам емес пе, ақылайласы бар дегендей, құрулы тұзаққа өз-өзінен барып, оп-оңай түсе қоя ма? Демек, бұл жарамайды. Ендеше не амал – Иә, шынында, амал жоқ. – Ау, жолдастар, мен ғылыммен шұғылданып жүр ген жан емеспін бе, техника ғылымдарының кандидаты деген дабыра атағым бар. Қысқасы, мен

бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан келдім... Кәдімгі
ток айырғыш сатып алдым да, оны үйшіктің есігіне
жасырын орнаттым. Әрине, елеусіздеу тұсқа, қол
созғанда ғана жететін есіктің жоғары ернеуіне.

Қысқасы, есік ашылды екен - ток айырғыш қосылады.
Әлбетте, оның екінші ұшы біздің үйге барып,
маңдайшадағы кәдімгі үй қоңырауына жалғанғанын
сезіп отырсыздар... Қойшы, сонымен жұмыс бітті.

Кешке қарай, ұйқыға жатарда қосауыз мылтығымды
босағаға сүйеймін, есіктен кіргізілген қосымша
сымды тұйықтап, қоңырауға жалғаймын, сонсоң, "Ал,
Машажан, қара басып ұйықтап қалма, менің ұйқымды

білесің ғой!" – деп әйелімді естілікке қайрап-қайрап
алып, ұйқыға бас қоямын. Алғашқы аптада екеуміз де
елегізіп ұйықтай алмай жүрдік. Кей түндері шошып
оянып, есікке таласа ұмтылып, төсекке қайтып келеміз.

Өйткені, қоңырау мелшиіп тұрады. Ақыры, елегізуді
қойдым, ұйқым тынышталды. Бірақ, қосауызды
оқтап, пимамды, тонымды сұға салуға әзірлеп қоюды
өзгерткем жоқ...

– Мынауың, Алексей, шынында да нағыз шытыр-

ман оқиға екен. Сонымен немен бітті бұл? - дестік.

– О, тұра тұрыңдар, енді асығуға болмайды, -

Алексейдің әңгіме қызығына берілгені сонша - өзіне-
өзі тамсана қоқиланып қояды.

– Арада бірер ай өтті-ау деймін. Бір күні қатты

ұйықтап кеткен екенмін, түннің таңға ауған мезгілі
сияқты, есіктегі қоңырауым шыр-шыр етіп безілдеп
қоя берсін. Ұйқылы-ояу қалпы ештеңені түсінбей,
есікке жүгіріп барып: "Кім, кім келіп тұрған?" –

деп дауыстасам, ешкім тіл қатпайды. Әйелім де қоса
тұрыпты, қалш-қалш етеді, қолымнан тартып: "Ойбай,
ашпа, күтіп жүрген ұрың", – деп безектейді. Сонда
ғана өзім құрған электр тұзақтың хабар беріп тұрғаны

ойыма сап түсті де. "Ал, Машажан, күйеуіңе хош айт!"

– деп, пиманы сұға салып, тон мен малақайды шала

киіп, қосауызды бір қорап оғымен көлденең ұстап,

төменге ұмтылайын. Машам менің дегенмен есті, күйеуі төменге жүгіргенде, көршілерді оятып: "Ойбай, тез тұрыңдар. Алеша үйдің астында ұры қуалап жүр!" – деп құдды бір менің не істеп қойғанымды көріп тұрғандай-ақ, әркімге хабар беріпті. Онысының пайдасы тиді... – Ойбай-ау, Машаны қоя тұрып, астыда көргеніңді айтсаңшы, - дейді, біліп отырса да Ебіней Арыстанұлы бізбен бірге шыдамсызданып. – Асықпаңыздар, айтамын, - Алексей қолын бірбіріне сарт-сұрт соғып, құшырлана сөйлейді. - Төменгі қабаттың сыртқы есігіне келсем, кілтпен ашылған, құлпы ілгішекте салбырап тұр. Іште біреу барын сезе қойдым. "Жә, Алексей жолдас, қимылдайтын кезің келді" деймін өзімді-өзім жебеп, тонымды қаусырынып, құлақшынымды жымқырып, қалтадағы қалта фонарын сол қолыма оңтайлап алдым да, оқпанда қос оқтың бар-жоғын тексердім. – Жігітсің, тура кәнігі ұры түсіргіштердің әлпеті! – Иә, содан кейін, "А, құдайлап!", аруақтарға сиынып, есікті айқара аштым да, босағадағы шамды жарқ еткізіп, ток айырғышты тұйықтадым. Көзім шалып қалды: әлдекім біздің үйшік жақтан қорбаң етіп, түпкіргі қараңғылау бұрышқа жүгірді. Бірақ, іле-шала кірпіш пе, тас па бірдеме сарт етіп, төбедегі шамға тиді ме, жарық жалп етіп сөніп қалды. Сол кезде мен де зығырданым қайнап кетіп: "Әй, сүмелек, менен енді құтылмайсың. Кәне, құтылып көрші! - деп қосауыздың бір шүріппесін басып қалайын. - Мылтық гүрс етті, әрине, төбеге атқанмын. "Екінші оқты тура өзіңе жұмсаймын, бір уыс бытыра быт-шытыңды шығарады, нәлет! Жан керек болса - орныңнан тырп етпе!" – деймін өгіздей өкірген үнмен. Менің даусым тегінде осал емес, ал сол түнде тіпті де зорайып ана байғұстың есін алып жіберсе керек. Қайтып қозғалған жоқ. Мен де қалта фонарын соған тіктеп, қаздиған қалпы тұрып қалдым. Бір мезетте сүрініп-қабынып, шала-пұла киініп, улап-шулап жеткен көршілерімнің

де дабыры естілді. Бәрі де өңкеңдеп, тура бір түтіп жейтіндей, аласұрып: "Қайда, иттің баласы, ұстадың ба?" – деп гүж-гүж етеді. «Ұстадым», - деймін құдды астыма басып алғандай-ақ. – «Әне, бұрышта отыр», – деп фонарды тағы бір мәрте жарқ еткізіп, ұры тығылған түкпірді нұсқаймын. Шынында да, найсаптың зәресі ұшып кетіпті, таң алдында ғана жортып, сарай аңдуға дәніккен жаман-жәутік ұры ғой, тіпті қарсыласуға шамасы жоқ. Қалш-қалш етіп, бұрыштағы қоқсықтың үстінде етпетінен жатыр. Көршілерім келген соң мен де батылданып, жақындап бардым да, желкесінен бүріп, есікке дейін сүйреп әкелдім. Маша милиция шақырмақ болып телефонға жүгірді. Антұрған төрт-бес үйшікті ашып, сумкасын оны-мұныға толтырып үлгеріпті. Біздің сарайға келгенде ғана тұтылған ғой... Сол сәтте-ақ оның құлып ашқыш құпиясын да білдік: қалтасынан жүз қаралы әртүрлі кілттер шықты... Қулығын көрдің бе, ешкімнің құлпын бұзбай-ақ, өз кілтімен ашады екен - сыртқы жаппаны да, үйшіктердің есігін де. - Жә, ұрыны не істедіңдер? - Қайтушы едік? Милицияның қолына тапсырдық. Көрші үйде тұратын шалдау адам екен. Кәсіптік училищелердің бірінде мастер болып еңбек ететін, бала-шағасы жоқ, бір бөлмеде салт тұратынын да білдік. Ертеңінде арнайы шақырған соң үйіне барып, тінтуге қатыстық. Не деуге болады? Үйі енді - нағыз қойма! Неше түрлі жеміс қорытпасы, неше алуан қажеттер де табылды. Бір қызығы, біздің үйдің жарты жыл бұрын жоғалтқан екі сауыт ақ сыры да солардың ішінен шықты. Найсап шығындап үлгермепті. - Сотталған шығар? - Әрине. Сотына куә болып қатыстым. Бірақ, не жаза алғанын осы күнге дейін білмеймін, тіпті сұраған да емеспін, үкімді тоспай кетіп қалғамын. Өйткені, неше жылдан бері ызасы өтіп жүрген найсапты ұстап, мерейім тасыды емес пе?! Маған сол да жетеді. Тіпті сотталмай кетсе де қудалайын деген өшігу ойымда

болған жоқ... Ең қызығы, мен үшін көршімнің оғаш қылығы болды. Келесі күні кеште есігі қарсы пәтердегі көршім мұнтаздай киініп, үйге келіп отыр. Айтып отырғаны кісі күлерлік сөз: "Солай да солай, әйелдің сөзіне еріп, соңғы кезде сізді алагөздеп жүрдім... Сіздер адал адам екенсіздер, оның үстіне соншама тапқырлық жасадыңыз. Міне, соның айыбы!" - деп бір шөлмек коньякты қойынынан суырып, столдың үстіне қояды ғой. Мен де оның ілтипатына ризалық білдіріп, сервантты ашамын да, "Сіз бізді ғапу етіңіз, біздің үйдің жоғалып табылған ақ бояуларын менің әйелім сіздерден көріп жүрді. Бәріне кінәлі тегінде құлыптың ұқсастығы... Ал мынау - соның айыбы", - деп мен де бір шөлмекті көршінің сыйлығының қасына әкеп қояйын.. – Жақсы болған! – Е, несін айтасыз! Әйелдеріміз де өзара сыбырласып, ауыздары жабыса қалды. Содан бері, не керек, біржола дос болып кеттік. Ауыс-түйіс басталды. Тіпті әлгі найсап ұрыға рақмет айтатын болдық... Осы менің "батырлығым!" – Қызық әңгіме! Нағыз детектив!.. – Қызық болса осыны негіз етіп, сен, Медеу, әңгіме жаз. Дайын тұрған сюжет, тіпті ештеңе қосудың қажеті жоқ, - деді Ебіней Арыстанұлы Алексейдің әңгімесін өзінше тұжырымдап. – Шынында да солай сияқты, жазар-ақ едім, сіз өзіңіз де Алексейді қайта-қайта ежіктей айтқызып, бірдемеге ойланып жүрген сияқтысыз. Сондықтан бұл хикаятты өзіңізге қайыра сыйладым, - дедім мен қызығып отырсам да, дайын сюжетті бірден иемдене кетуге ыңғайсызданып... Бертінде мен Ебіней Арыстанұлының артында қалған қолжазбаларын қарау кезінде, үйіндегі архивінен машинкаға басылған, көлемі 34 бет, "Алексей Александрович Плетневтің (фамилиясы өзгерген) ұрыға қалай тұзақ құрғандығы жайында деректі хикая" деген қолжазбаны көрдім. Көрдім де

Жұмаң қорығындағы көңілді жексенбі, Алексей Ш.- ның бізге тамсана отырып, әңгімеге қарық қылған мерейлі мезеті есіме түсті... ІX 1983 жылдың жазы, тамылжыған шілде айының, сірә, аяқ шені болар деймін. Әлдеқайда жолаушылап кетіп, үйге оралғаным сол еді, Семей облыстық байланыс басқармасының бастығы, өзімнің аңшы досым Нұралы Омаров телефон соғып, бірер күн бұрын Семейге Ебіней Арыстанұлының келіп қайтқанын, мені іздегенін, Өскеменнен қайтарда тағы да соғатынын айтты. – Қашан қайтпақ? – Шамасы алдағы жұмада. – Нұреке, онда екі жақты хабарлас болайық. Бұл хабарды алдын ала білгеніміздің пайдасы тиді. Аз-маз дайындық жасап үлгердік. Арада бірер күн өткен соң Нұрекең тағы да телефон шалып, күткен қонағымның ертелете келіп, Ертіс сағасындағы байланысшылардың сауықтыру үйінде тынығып жатқанын, көремін десем машинасын жіберетінін ескертті. – Машинаға әуре болмаңыз. Өзім де жетемін ғой, - деп едім. – Біздің жүргізушісіз бұл жерді таба алмайсың, - деп жөн білгіш Нұрағаң тұжырымды кеңес айтты. - Қысқасы, беретін тамағыңды қазанға салғыз да, есігің алдынан біздің машинаны күт. Өйткені, қонағың асығыс, Семейге қонбайды, бүгін аттанбақ... – Оның жөнін қонақ емес, сіз бен біз билейтін шығармыз! Ақыры солай болды. Кездескен сәтте-ақ қонақтың ана жолы қайда болып, Семейдің қандай орындарын көргенін естідім де, ұстазым еріксіз тоқтағандай ұсыныс білдірдім. – Қошеметтеуші екі ағам (оның бірі қазірде марқұм болған, бұрынғы партия қызметкері Махмет

Тұрсынов еді, ол кісі Ебекеңе нағашы екен) сізге қаланың көрікті сыртқы жерлерін жақсы көрсетіпті де, нағыз қымбат қоймалары жатқан қазыналы үйлеріне апармапты. Ақсұлу (Омаровтың жұбайы) жеңгейдің әзірлеп жатқан таңғы асын ішкен соң, тура қалаға жүреміз. Соларды көрген кезде Семейден бүгін аттанасыз ба, әлде бірер аптаға ат доғарып қалып қоясыз ба, Ебеке, оның жөнін өзіңіз шешесіз. Бұл сөзіме қонақ елеңдеп қалды. Тіпті үй иесіне асты тездетуге ілтипат білдірді. Семейдегі тарихи орындарды көруді біз Абай ағамыз талай мәрте айлап жатып, қоныс қылған Әнуар Молдабаевтың (бұрынғы Абай мұражайы) үйін көруден бастадық. Одан соң бір сағат шамасы ұлы ақынның әдеби-мемориалды мұражайын тамашалап, оның соңында Ф. М. Достоевскийдің Семейде бес жыл тұрған, бұрынғы Крепостной көшесіндегі екі қабат шағын ағаш үйіне келдік. Мұнда да ұлы орыс жазушысының әдеби-мемориалды мекені орналасқан, қосымша салынған екі қабат тас ғимараты бар... Онда біз едәуір кідірдік. Әсіресе мұражай директоры Ирина Федоровна Мельниковамен сұхбат ғалымға қатты ұнап, мәслихаттың аяғында екеуі өзара тұрақ жөнін ауысты. – Ал болдың ба, батыр? - деді ғалым маған бағдарлай қарап. – Жоқ, Ебеке, ең мол қазыналы жерге әлі жеткен жоқсыз. Шаршамасаңыз оған қазір барамыз, болмаса ас ішіп әлденіп алып. Қалау өзіңізден. – Онда бір-ақ демалайық, баста. – Шықпай жүрсеңіз қайтеміз? – Онда асыңды сол жерге әкеліп бересің. Ат басын тіреген келесі үйіміз – Семейдің облыстық өлкетану мұражайы еді. Бұрын облыстық саяси оқу үйі болған, ту баста генерал-губернаторға тұрғын-жай етіп салынған кең қонысқа мұражай сол жылдары көшіп кіріп, етек-жеңі әлі жиылмай, қайтадан құру, экспозицияларын қайта жасау тәрізді

михнат кешіп жатқан кезіне тап болдық. Мен оған
қарағам жоқ, үйдің жалпы нобайын, іші-сыртын
көрсеттім де, бізді есік алдынан қарсы алған, әсем
ғимараттың сол кездегі директоры Ерсайыновқа:

– Ал, Балташ, ғалым қонақты енді бұл өңірдегі

қорлы қазына жатқан жабық бөлмеге енгіз, - дедім.
Менің емеурінімді бірден ұққан қағілез жігіт
Ебекеңді мұражайдың кітапханасына бастады.

– Бұл кітапханада бір кезде жиырма-отыз мың-

дай ескі кітап болған. Оның біразы Абай және
Достоевский үйлеріне, В. Гоголь атындағы облыстық
кітапханаға, одан қалғаны Алматыдағы А.С. Пушкин
атындағы мемлекеттік және академияның ғылыми

кітапханаларына бұйрықпен беріліп, ішінара суық
қолдардың тонауына да түскен... Содан қалғаны

– мынау әлі де оншақты мың кітап бар. Асықпай

қарап шығыңыз, Ебеке. Мына қатарда - революцияға
дейінгі кітаптар, иә одан бергі - өлкелік газеттер... Ал
енді сізге біз бөгет жасамаймыз, өзіңіз қараңыз, - деп
қасымыздағы қошеметші жолдастарды ертіп, сыртқа

жөнелейік.
Екі-үш сағат оны-мұны шаруаны реттеп, әрі
қонақтың да шөлдеген жайын ойлап қайтып келсем,
Ебекең құшақ-құшақ газет бумалары мен ескі

кітаптардың
ортасында,
қасында
Қарағандыдан

көшір ғып ертіп шыққан қызметкері М. З. Угорец
бар, ол да ағайынды А. және И. Гранаттардың ескі
энциклопедиясының еврей халқы туралы жазылған
дербес томын алдына жайып қойған, ас-суға қарауға

мұршалары жоқ, өзара мәз-мейрам болып, ерекше
қуанышта отыр. Балташ бастаған музей қызметкерлері
түгел қонақтардың қамында, тағы не сұрайсыз, енді
не істейік дегендей қол қусырып айнала жүгіріп жүр.

– Ау, Ебеке, сізді күте-күте қарнымыз ашты.

Балаңыздың да үй жаққа қарап мазасы кетті, - деп
қасымда қутыңдап тұрған ғалымның кіші баласы
Мәжитті нұсқаймын.

– Медеу, мына жігіттердің көзінше мен саған

шынымды айтайын: Семейің мені мейлінше тойғыз-
ды! Мұны Өскемен, Павлодар, Қарағандымен, тіпті
біздің Қызылжармен де салыстыруға болмайды екен.
Алматыны білмеймін, нағыз ескі мәдениеттің

қазына қоры осында екен. Мен, сірә, Қанекеңнің
жастай білімдар болып, дүйім елді сонша ынтықтырып
жүрген ғұлама сырын енді ұққандаймын. Адам жас
кезінде ұғымтал болады ғой, өзіне керек білімнің

қайнар бұлағын Қанекең жарықтық осында, мына
үйде, музейдің кітапханасында отырып алған тәрізді-
ау. Марк Залманович, мына музейдің іргесі қай жылы
қаланғанын білесің бе? – деді кенет қасындағы серігін

шынтаққа түртіп, - 1883 жыл! Бұл кезде Алматыда да
музей түгілі кітапхана, иә, бір газет болды ма екен,
әй, білмеймін... Қысқасы, сен мана, Медеу, дұрыс
ескертіпсің. Семейге жол-жөнекей соғып, бірер

қонып аттануға болмайтын сияқты. Өйтетін кісі тұп-
тура күпірлік жасайды екен... Тоқ етерін айтқанда,
мына Балташ бауырым екеуміз былай келісіп отырмыз.
Келесі жазға дейін бұл батыр үйдің жөндеуін, музейдің

қайта құруын бітіремін дейді. Сонда біз араға бір жыл
салып, иә, қысты әрі аударып қайтып оралсақ – өзі
тік тұрып күтіп, мені он күн қарауына алмақ. Солай
ма, Балташ?

Балташ қуанғандай шырай білдіріп:

– Дұрыс айтасыз, сіздей үлкен кісіні мына сарт-

сұрт балға мен ара шуылының астында ұстауға
болмайды ғой. Онымыз ұят болады ғой. Керек кіта-
быңызды алдыңызға қойып, әредік ыстық шай ішіп
отырып, музей қазынасын емін-еркін ақтарғаныңыз

жөн-ақ болар еді, ал қазір көріп отырсыз... – деп
әлденеге қысылғандай қолын жайды.

– Олай болса келістік. Ал, Медеу бауыр, қарның

ашып тұрса – үйіңе баста. Келіннен де ұят болды, күні
бойы тостырдық, білем, - деп музей қызметкерлерімен
қоштасып, рахмет айтып, Ебекең орнынан тұрды.
Ұзақ жолға аттануға бірақ кеш болып қалған еді.

Сөйтсе де іңір қараңғылығымен жолға шықтық та,

қаладан он шақты шақырым ұзап барып, қалың қарағай ішіндегі демалыс жайлардың бірінде ұйықтайтын орын сайладық. Ертеңінде, таңғы астан соң біз Ебекеңді СемейКереку жолындағы Жыланды деген жерге дейін шығарып салып, сол араның құмына өскен Семейдің атақты қарбызынан жолға сауқат салып беріп, қош айтыстық. Амал қанша, қадірлі Ебіней Арыстанұлының Семейге бұл тұңғыш та ең соңғы сапары болды. *** Академик Бөкетовтің өмірінің соңғы кезеңінде, ҚарМУ-дың ректоры міндетінен босап, химияметаллургия институтына қайтып оралғаннан кейінгі төрт жылда беріле шұғылданған мардымды ісі – күл-боқаты көп, демек ең төменгі сортты көмірден органикалық синтездеу арқылы арзан бензин алу технологиясын жетілдіру еді. Бүгінгі сан алуан қарекет-тіршілігімізде өмір сүру ахуалы, тіпті тұрмыс күйтінің жай-жапсары мұнайдан түзілетін түрлі өнімдерге байланысты екенін жұрттың бәрі біледі. Ойлап қарасаңыз, соңғы елу-алпыс жылда планетамызда болған барлық үлкенді-кішілі қақтығыстар, ондаған мемлекеттердің өзара қырқысқан ұрыс-жанжалдарының бәрінің де түп себебі бензин үшін, мұнай қорын емінеркін иемденуге ұмтылудан туыпты. Шынтуайтын айтсақ, жеңіс те мұнай қоры молырақ елдерге тиген. Жасыратыны жоқ, бүгінде шексіз байып, халқы да зор молшылықта дәурен сүріп отырған мемлекеттер де тек қана мұнайлы түбектердің иелері... Олай болса, көмірден арзан бензин алу технологиясын ойлап табу бүкіл адамзат қоғамын мұнайға деген асқан ділгірліктен, сол үшін қан төккен жанжал-қақтығыстардан біржола құтқарып, тұрмыс қажетін де ешбір шектеусіз өтеуге кең жол ашар еді. Оның үстіне жер қойнындағы мұнай қоры санаулы

ғана, мамандардың есептеуінше, келесі ғасырдың алғашқы ширегінде тақа таусылмақ. Ал, көмір қоры, құдайға шүкір, үш-төрт ғасырға сөз айтпайдымыс. Әмбе ол әзірше отын ретінде пайдалануға жарамайтын боқаты көп нашар көмірден өндірілмек. Ең тамашасы мұндай көмір кендері барлық елде бар. Қоры да мол. Демек, Ебіней Арыстанұлы өмірінің ақырғы кезеңінде Қарағанды көмір бассейні, иә күллі Қазақстан алқабы, болмаса Кеңестер Одағы үшін ғана аса мәнді емес, жер шары тегіс мүдделі болып, тезірек шешуге құлшынып отырған ерекше маңызды іске құлаш ұрған. Және бұл істің күрделі де қиын екенін біле тұра тәуекел еткен. Алайда, ту бастан-ақ оның бұл зерттеуін мақұлдаушылардан гөрі сыртынан пыш-пыш сөз қылып күлгендер көбірек болған-ды. Шынында да, бұған дейін тек қана металлургиялық зерттеулермен шұғылданып, абырой-атақты да содан алып жұртқа танылған салиқалы білімпаздың, ғылымда өзіндік жолы, орны бар академиктің саркідір тартқан шағында өзі үшін тың ғана емес, талай мықтының тісі сынып, тауы шағылған күрделі ізденіске неліктен бет бұрғанын түсіну де қиын еді... Сөйтсе де әріптестерінің жолдастық құлаққағыс, иә ескертпе, әжуасына ол қараған жоқ. Көңілі қалаған зерттеуге құлшына кірісіп кетті. Бұл кезде өзінің әкімшілік биліктен ығыстырылып қауқарсыз жүргені де бөгет болған жоқ. Басқа зерттеулер есебінен болса да, жергілікті ақшалы "құдайлардың" рақымын пайдаланса да аз-кем қаражат тауып, ойына алған істі тоқтаусыз жүргізуді ғана білді. Көмірден бензин ағызу идеясы тегінде іштен жанатын двигательдер дүниеге келіп, жер жүзінде олар жаппай қолданылып, автомобильдер, тракторлар доңғалақтарын ғана емес, ток беретін, жылу өндіретін орталықтардың қазандарын қайната бастаған кезде туса керек. Мұнайды іздеу,

тапқан күнде де оны жеті қат жер астынан, кейде теңіз түбінен өндіру, тасымалдау – михнаты көп жұмыс. Ал, іштен жанатын дизельдерге қажет мазутты, иә бензинді көмірден ағызу?.. Бар гәп көмірдің де, мұнайдың да біртекті заттардан - көміртегі мен сутегі қосылыстарынан түзілгендігінде. Айырма тек олардың бұл заттардағы өзара мөлшерінде ғана. Ол да аса көп емес, көмірге небәрі 0,7 көлемінде сутегі атомын қосар болсақ - кәдуілгі тас көмір дереу сұйық мұнайға айналып, екеуінің сапалық қасиеті бірдей деңгейге келмек... Ғажап емес пе.. Миллиардтаған тонна көмірді дереу синтездеп, одан жүздеген миллион тонна мөлшерінде мыңдаған қажет заттар (оның ішінде өздеріңізге жақсы мәлім иісмай да бар) өндіруге болады! Синтезделген көмірдің басым дені, дәлірек айтқанда, алпыс пайызы таза бензинге, немесе сұйық отынға айналады! Тіршілік қорегі жұпар ауамызды ластап, ашық аспанымызды қарақошқыл улы түтінмен айғыздап, мыңдаған үлкенді-кішілі қалаларда жұмыс істеп тұрған жүздеген ГРЭС, ТЭЦ, энергопойыздар мен әртүрлі жылу қазаншықтарынан біржола құтыламыз. Олардың бәрі-бәрі іштен жанатын двигательдермен ауысады. Ал, олар – көмірді оттықта өртеуден пайда болатын экологиялық зардабы жүздеген есе кем қондырғылар. Иә, бұл шынында да ғажап іс. Тек соны ойдағыдай шешіп, арзан да мол сұйық отын ала біл! Сондықтан да бұл іс өткен ғасырдың орта шенінен беріде талай-талай шетелдік білгірдің ақыл-есін билеп, бүкіл өмірін соның жолына сарп еткен іздемпаздарды туғызған. Солардың ең жолдылары — шетелдік Бергиус, Пир, бертінде Фишер, Трапша және басқалары. Осы іске өмірін арнаған жүздеген зерттеушілерді санамай-ақ, химиктердің бұл жолда қолы жеткен нәтижелерін естіртейік. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Гитлердің тікелей тапсырмасы бойынша қауырт жұмыс істеген

(неміс өнеркәсібінің, бүкіл фашист армиясының
күн сайын жағармай тапшылығында күн кешкенін,
олардың еншісіне Румынияның шектеулі мұнайы
ғана тиіп, бүкіл соғыс бойында неміс армиясының

Баку мен Грозныйдың мол қорына жетуге жанталаса
ұмтылғанын еске алайық) Германия химиктері Рур
бассейнінің мол қорлы қоңыр көмірін сұйықтандыру
арқылы төрт жарым миллион тонна бензин өндіріпті.

Шамалап
көріңіз:
лабораторияда
синтезделген

бірлі-жарым канистр емес, бақандай төрт жарым
миллион тонна бензин!.. Одан беріде нәсілшілдік
саясат ұстағаны үшін дүние жүзі мемлекеттерінің
экономиялық

тежеуіне
ұшыраған
Оңтүстік
Африка Республикасының химиктері де осы

тәжірибені қайталап, қысылтаяң күн туғанда өз
жеріндегі көмірден сұйық отын ағызып, мыңдаған
автомобильдерін жүргізген. Олардың да, демек,
миллиондаған тонна мөлшерінде бензин алғанын

шамалауға болады... Ризалықпен атап, мойындауға
тиіспіз: кеңес химиктері де бұл мәселеде қол
қусырып қарап отырған жоқ-ты, сексенінші
жылдардың орта кезеңінде бізде де тәулігіне бес

тонна көмірді сұйыққа айналдыратын шағын зауыт
жұмысқа кіріскен.
Олай болса академик Бөкетов жаңа зерттеуге
құлшынып, Екібастұздың іргесіндегі Майкөбен

көмірінен (боқаты елу пайыздан астам, бірақ ерекше
майлы көмір) сұйық отын алуға тәжірибе бастаған
шақта ол өзіне дейінгі үлкенді-кішілі әріптестерінің,
шетелдік химиктердің де бұл мәселеде қолы жеткен

жетістіктерін жақсы біліп, солардың игі ісін әрі қарай
өрістетуді мұрат еткен-ді. Әңгіме бұл арада көмірді
сұйықтандыру технологиясын жетілдіріп, одан өнетін
бензинді және басқа өнімдерді арзанырақ жолмен

алу турасында болып отыр. (Көмірді сұйықтандыру
әдісінің осы күнге дейін өміршең болмай, жер-жерде
жасалған түрліше зерттеу, шағын заводсымақтармен
шектелу себебі де олардан алынған жағармайдың

өте қымбатқа түсіп, өзіне жұмсалған шығынды өте мейтіндігінде, тек қана зәрушілік жағдайда жасалғанын ұмытпалық). – Медеу, мен қазір тың зерттеу бастап, кейбіреулердің сыртымнан күлгеніне қарамай, "қолымнан келмес қияли іспен айналысып", мүлдем шатасып жүрмін... - деген-ді өзін-өзі мысқылдай сөйлеген Ебіней Арыстанұлы 1981 жылдың жазында Балқаш пен Қарағандыда екеуара болған ұзақ сұхбаттардың бірінде, менің қазіргі оның ғылыми ізденістері туралы сауалыма жауап беріп отырып. - Ол іс - көмірден бензин алу мәселесі... – Бензин дейсіз бе? Пәлі, бензинде сіздің шаруаңыз қанша? – Міне, міне... сен де инженер бола тұра, таңданып қалдың. Елдің бәрі сөйтеді. Аяқ астында бықып жатқан көмірден бензин алу мүмкін бе деп танауларын шүйіріп, қияли іс көреді... Мен саған мәселенің тоқ етерін айтайын, - деді Ебіней Арыстанұлы маған маңқия қарап. - Көмірді сұйықтандыру ісімен бізде қазір мен сияқты бірлі-жарым жанкүйерлер болмаса, ешкім де түбегейлі шұғылданып жүрген жоқ. Шетелде нақ сондай жағдаят. Өйткені, жер қойнындағы мұнай қоры әзірше жеткілікті, тіршілік сұранысын толық өтеп отырғандығында гәп... Ал, алда-жалда мұнай скважиналары құрғап, тақыр жерге біржола отырып қалдық па - бұл мәселе бірер жылда-ақ опоңай шешіліп, көмірді жер-жерде сұйықтандыра бастаймыз. Бәлкім, оның арзан да тиімді жолын табамыз. Бұған, бауырым, имандай сен! Нақ сол әңгіме үстінде Ебіней Арыстанұлы маған бұл іске ден қойған сырының да ұшығын ескерткен-ді. – Қанекең біздің, өзіңнің сүйікті қаһарманың Қаныш Имантайұлын айтамын, - деген-ді ол әлдене ойына түскенде толғана сыр шертіп, қай қырынан алсақ та шынайы данышпан, ғылымның келешек өрісін ерекше болжағыш адам еді ғой... Осы Қарағандыға, институтқа директор етіп жіберердің алдында мені

қабылдап отырып, ол кісі бірталай ұлағат айтқан
еді. Соның бірі институттың болашағы жайында
ақыл-кеңесі... "Сіз, Ебеке, - деп ой сала сөйлеген-ді
Қанекең үлкен басымен мені құрметтей атап, -

өзіңіз бара жатқан зерттеу орнының атына мән
беріп қараңыз: химия-металлургия институты!..
Демек, сіз онда қара металлургияның көкейтесті
мәселелерімен ғана емес, химиялық зерттеулермен

де шұғылданасыз. Құдайға шүкір, бізде қазір
химия институттары бар. Олардың зерттеу істері
де мол және күрделі. Ал, Қарағандыда ашылған
жаңа институтқа біз тегінде бұлардан гөрі өзгерек

талап қоймақпыз. Ол - көмір химиясы. Иә, иә,
таңданбаңыз.
Қарағандыдай
алып

бассейннің
үстінде отырып, оны кокске айналдырып, иә
жылу бөлу үшін ғана әжетке жаратып, қыруар
бейнетпен өндірілген қымбат шикізатты шектеусіз

өртей беру - барып тұрған қылмыс, бүгінгі өрістеген
техника заманында кешірілмес үлкен күнә!.. Шет
елде кейбір кәсіпорындар көмірден екі жүз, үш жүз
түрлі өнімдер шығарып, шаш етектен пайда көреді

екен. Ал біз? Қысқасы, Ебеке, металлург екенмін
деп,
барлық
күш-жігеріңізді

металлургиялық
зерттеулерге жұмсап, көмірден химиялық жолмен
алынатын небір әдемі де аса қажет заттардың текке
өртеліп жатқанын ұмытпаңыз. Бұл енді Қазақстанда

көмір химиясының негізін қалайтын, бәлкім келе-
келе дербес институт болып шығар ауқымдылыққа,
тереңдікке бастар игі қадам болғай!.. "Қанекең бұл
сөзді маған 1960 жылдың қысында айтқанын есіңе

саламын. Демек, ол Қарағандыда жаңа институт аша
отырып, оның сол кездегі хал-жағдайын ғана емес,
жиырма-отыз жылғы келешегін де болжай білген.
Қазір де бұл институттың ғалымдарының шама-

шарқы өсіп, зерттеу ауқымы кеңейіп, тереңдегені
соншалық - оны екіге бөліп, көмір химиясын
зерттейтін дербес институт ашу мәселесі кезекте
тұр. Амал қанша, соны тезірек шешуге академия

басшыларының өресі жетер емес (Бұл мәселе арада үш жыл өткен соң сәтті шешіліп, химия-металлургия ұжымының шаңырағынан көмір химиясын арнайы зерттейтін институт дербес бөлініп шықты). – Қанекеңнің сондағы ақыл-кеңесін мен еш - қашан да есімнен шығарған емеспін, шамашарқымша қарекет жасап, өзім басқарған жылдарда институттың зерттеу жұмыстарын екі бірдей салада тең өрістетуге күш салдым. Қанекең бес-он жыл ұзағырақ жасаса, бәлкім оның тамаша ойын тезірек жүзеге асырар ма едік, кім білсін? Бірақ, сол жылдарда академия президентін аяқ киімше жиі ауыстыру науқаны басталды да, облыстардағы ғылыми-зерттеу мекемелері күнкөріс қамын өздерінше ойлайтын қиын жағдайға ұшырады. Сөйтіп жүріп жаңа институтты қалай ашпақсың?.. Одан соң тағдыр мені университетке айдап, қазір де, көріп отырсың, солақай қудалаушылыққа ұшырап, Қаныш Имантайұлының өсиетін жүзеге асыра алмадым. Әйтсе де марқұмның маған жүктеген ғылыми тапсырмасын - көмірді синтездеу жайындағы тамаша ойларын шама-шарқымша қазіргі зерттеуіме мұрат етіп жүрмін... (Ебіней Арыстанұлының сыр ғып шерткен осынау шерлі ойының үзігін мен оның мәскеулік академик В.И.Спицинге 1979 жылдың 30 тамызында жолдаған ұзақ хатының соңғы бетінен және ұшыраттым: "Сәтпаевтың арамызда жоғын зор өкінішпен еске аламын, - депті ғалым онда, - Ал ол кісі, есімде сақталған іс, көмір химиясын зерттеу жұмыстарын жолға қоюды өте-мөте жиі айтып, түптеп келгенде көмірді химиялық жолмен пайдалану мәселелерін зерттейтін академиялық институт ашуды мақсат еткен еді. Біз ол кезде жастықтың әсерінен, әлде ақылымыз жетпегендіктен тұңғыш та әзірше бірден-бір ұлттық академигіміздің көрегендікпен тым ертеден болжаған, әмбе жаны ауыра ойлаған маңызды ісіне мән бермедік, амал қанша...").

Біздің шамалауымызша, Ебіней Арыстанұлына көмір химиясымен түбегейлі шұғылдануға пәрмендірек те ерекше әсер еткен екінші адам - Социалистік Еңбек Ері, КСРО Ғылым академиясының физикалық химия институтына көп жылдар бойы директор болған, уран химиясының аса зор білгірі, академик Виктор Иванович Спицин. "...Қарағанды сірескен көмірдің үстінде тұр, демек оны сұйылту мәселесімен шұғылдануды Сізге тағдырдың өзі жазған... Әрине, көмірді сұйылту ісі бірден өріс алып кете қоймас, бірақ жүрдім-бардымға салып уақыттан ұтылуға тағы болмайды. Мен Сізге алдағы уақытта өтетін кеңестер, конференциялар туралы ұдайы хабар беріп отырамын. Бұларға сіздің қатысуыңыз қажет. Сонымен қатар, Сіз өз тарапыңыздан Қазақ КСР Ғылым академиясының химия-металлургия институтынан немесе Қарағанды университетінен қабілетті екі-үш химикті іріктеп алып, оларды Мәскеуге, КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің пайдалы жанғыш қазбалар институтында тәжірибе жинақтау үшін ұзақ мерзімге жібергеніңіз жөн болар еді... Мен олардың бір жыл, аз дегенде алты ай алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай туғызар едім", - депті мәскеулік ғалым 1979 жылдың аяқ шенінде академик Бөкетовке жолдаған хатында. Ғалымның тетелес інісі Қамзабай Бөкетовтің "Орталық Қазақстан" газетінде "Вике мен Еке" де ген атпен 1990 жылы жарияланған деректі хикаятында баяндалатын ұлағатты жайттар және нақ сол кісінің зор ілтипатпен бізге сый еткен Ебіней Арыстанұлының В. И. Спицинге жазған алты хаты мен мәскеулік академиктің оған жолдаған үш хатының ксерокөшірмесімен танысу менің көңілімде түрлі-түрлі толғаныстар туғызғанын мойындауға тиіспін. Асылында отандық ғылымға аса сирек кездесетін элементтердің химиясын зерттеу, әсіресе атомдық өнеркәсіпке қажет шикізатты өндіру

саласында өлмес мәнді еңбектер жасаған атақты ғұлама, сол күнде жасы сексенге ентелеген мәскеулік кексе ғалым мен оның қазақстандық әріптесі, әмбе одан қилы жас кіші қарағандылық ғылым иесінің 1978-1983 жылдар аралығында жазысқан хаттарында ресми де ғылыми хабарламалар басым сияқты көрінгенімен, соның бәріне де сыналай кіріп, әрқилы тіршілік тауқыметтері, көңіл күйлері жайлы әредік өзара сыр шертіскен, шынайы адамгершілік жүректерден шыққан жылы лебіздерді тебіренбей оқу мүмкін емес. "Аса құрметті де қымбатты Вике! Сіздің үніңізді естіп қатты қуандым және Сіздің жексенбі күндері де жұмысты, көкейтесті істі ұмытпайтын қасиетіңізге қатты таңғалғаным сонша, тіпті бұл жайында жиі-жиі есіме алып жүрмін. Ал, біздегі кейбір бойкүйездер жексенбі күндерін апта бойы тау қопарып, тас тасығандай, бері салғанда шөп шапқандай-ақ үздіге күтеді..." - деп Ебіней Арыстанұлы ағынан жарыла сыр шертсе, нақ сондай шынайы адамгершілік лебіздермен осы хатқа жауап жаза отырып, мәскеулік ғалым да: "Қымбатты Еке... Сіздің көмірді гидрогенизациялау (сұйыққа айналдыру - М.С.) үшін сутегін қолдану жөніндегі соны ойыңыз маған ұнайды. Соған қоса мен назарыңызды осы процестен шығатын сұйық заттардың сипатын анықтауға да аударуға кеңес беремін... Сіздер автоклавтың қандай түрін қолданып жүрсіздер? Біз мұнда автоклавпен біршама жұмыс істедік, қажет десеңіз - тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз..." – деп нақтылы қолғабыс етуге әзір екендігін ілтипатпен білдіреді. Е.А.Бөкетов: "...Көмір химиясы жөніндегі тірлік біршама басқашалау болып тұр. Амал не, ертегі тез айтылғанымен өмірде ондай тездік жоқ. Сіздерде жаттығудан өткен жолдас кейбір уақытша жағ даяттарға бой ұсынып, бұл жұмыстан бас тартты. Ыңғайсыз-ақ іс болды, жағдайдың кейде

біздің ырқымыздан тыс уақытша әуендерге түсетіні
белгілі".
Уақыт алға озып, Бөкетов тобы тың зерттеудің
бүге-шігесін танып, мәселенің терең қатпарларын

ұққан
сайын
академик
Спицинге

жолданған
хаттардың да жүгі ауырлап, жаңа сипатқа көш кен-
дей.
...Қысқасы, аса соны болмаса да біз өз жолымызбен

жүргіміз
келеді.
Өйткені,
Мәскеудің

пайдалы
жанғыш қазбалар институты өздеріне таңдаған
жолмен көмірді сұйылту ғайбыл нәрсе екеніне әбден
иландық.

Мысалы,
молибден
концентратының
шығынын алайық, оны регенерациялау (сұйыққа

айналдыру – М .С.) тіпті де дүдәмал шаруа...»

- дей келіп, қарағандылық ғалым өздері құп

көрген жаңа ғылыми бағытты егжей-тегжей
саралайды да: - Бұл үшін бізге, әрине, болашақта
актоклавтар да, басқа көптен нәрселер де керек
болады. Оны да айтамыз... Сізден енді бір қиылып

өтінер іс – мүмкін болса, мына бір жапон тіліндегі
мақаланы аудартып берсеңіздер! –деген өтінішпен
аяқтайды келесі бір хатын. Тағы бір хатында Ебіней
Арыстанұлы: ...Мені ылғи да көмір химиясына айдап

салып отырғаныңыз үшін Сізге дән ризамын. Мен бұл
салада біраз нәрсе оқып, құмыра құятын құдайлар ғана
емес екенін кәміл түсінген сияқтымын. Жергілікті
әкімдермен сөйлестім. Бұл іске қызығушылық бар,

– деп хабарласа, келесі хатында: ...Болашақта, егер,

құлқыңыз соқса, бұл жұмыстың нәтижелерін кеңес,
көмек алу үшін Сізге әрдайым баяндап отырамын.
Қызықтыра
алатын

және
шындап
айналысса,
болашақта үлкен тақырыпқа айналғандай зерттеулер

де баршылық. Бірақ, амал қанша, адамның уақыты
бәріне ешқашан да жетпейтіні шындық, сондықтан
кеудеңдегі мансұқ «әніңді» еріксіз тұншықтырып,
тәубаңа келуге тура келеді, – деп уайым шертеді.

Әлбетте, бұл арада ғалымның Мәскеуге жолдаған
әр кездегі хаттарының ғылыми мәселелерді егжей-

тегжей баяндаған беттерін аттап өтіп, солардың аралығына түскен тіршілікке байланысты сөздерін ғана келтіріп отырмыз. Сонымен 1978 жылдан бері де там-тұмдап жүріп келе жатқан көмірді сұйылту жөніндегі зерттеу 1981 жылдан бастап қалыпты сарынға түсіп, біршама жедел қарқынға көшкен тәрізді. Жоғарыда айтқанымыздай, Ебіней Арыстанұлының кеншілікке шақырған адамдары зерттеуден кенет бас тартып(бұған да, сірә, ұстазының қудалауға түсіп, қызмет мансабынан айырылғаны себеп болса керек), бұл жолы зерттеуді Қарағанды университетінен шақырылған жас ғалым Болат Ермағамбетов қолға алады. Оған химия-металлургия инситутының түрлі лаборатория, бөлімдерінен бірліжарым қызметкер қосылып, мүмкіндігінше құралжабдық та бөлініп, хал-қадарынша көмек көрсетіледі. Бұл топ та алғашқы әріптестері сияқты Мәскеуге барып, ондағы көмір химиясына қатысты зерттеу орталықтарынан тәжірибе жинақтайды, теориялық, практикалық шыңдалудан өтеді. Біздің аңдауымызша, Бөкетов-Ермағамбетов тобы ту бастан көмір химиясын өздеріне дейінгі зерттеушілер сүрлеу еткен даңғыл жолды қайталамай, дәлірек айтқанда, көмірді сұйылту процесін жеделдеткіш материалдарды(катализаторды) таңдауда өзіндік дара бағыт ұстанған. Әрине, бұл зерттеудің бастапқы кезеңінде-ақ жылдар бойы жинақталған деректерді аттап өтіп, мүдделі межеге тезірек жетуге әсер еткен. Сөйтіп, 1980 жылдың аяғында жаңа лабораториядан аздаған бензин алынады. Нақ осы жағдаят – академик Бөкетовті Алматыға барып Қазақ КСР Ғылым академиясының президентіне кіріп, өздері бастаған жаңа зерттеудің үміт күткізерлік нәтиже бергенін мәлімдеп, оны одан әрі сәтті жалғастыру үшін президиум тарапынан нақтылы көмек сұрауға мұрындық болған тәрізді. Ебіней Арыстанұлы ғылым басындағы әкімдерден

екі түрлі көмек алуды тілейтіндігін ашып айтады: оның біріншісі – көмір химиясы лабораториясын жедел кеңейту, жаңадан ғылыми қызметкерлер алу үшін қосымша қаражат бөлу, екінші – лаборатория корпусын тыңнан салып, оны жартылай өндірістік сынақтар өткізетін құрал–жабдықтармен қамтамасыз ету. Бірақ, Қарағанды ғалымының нақтылы ұсынысы Академия президиумы тарапынан қолдау көрмеді. Қайта академик Бөкетов дүниежүзілік проблеманы оп-оңай көріп, дабыра атаққа ие болу үшін қияли іспен шұғылданып жүр дегендей мазаққа ұшырап, бос қайтады. (Турасын айтқанда, кейіннен ресми мәлім болғандай, республикалық Академия басындағы әкімдер бұл кезде жалған мәліметтер жинаумен әуестеніп, дүдәмал зерттеулерге ақша шашып, әсіре мадақ істермен әуре болып жүрген-ді. Осы істен де Ебекеңнің А.М Қонаевпен қандай қарым-қатынаста болғанын аңғаруға болады.) Бірақ, Ебіней Арыстанұлы көңілі кәміл сенген зерттеуден бас тартпайды. Қайта алматылық әріптестерін бұл іске мойындатып, өзі жазғандай «құмыра құятын құдайлар ғана еместігін» дәлелдеуді мақсат еткендей өлермендік байқатып, Қарағандыға қайтқан соң-ақ бұрынғыдан да белсенді әрекетке кіріседі. Ондағы мақсаты – өз тобына ауадай қажет лаборатория корпусын жергілікті өнеркәсіп күшімен салу. Сайып келгенде, бұл мәселе облыстық партия комитетінің бюро мәжілісінде қаралып, оған Қарағандыдағы құрылыс, көмір басқармасының басшылары шақырылады. Біздіңше ділмәрлікпен баяндаған, иә барынша тұжырымды, мәнді етіп жасаған ғылыми хабарламасынан да гөрі солардың алдында нақтылы дерек ретінде қойылған бір сауыт бензин көбірек әсер етсе керек. Өздеріне мәлім бензиннен гөрі сәл қызғылтым түсті, бірақ исі мұнайдан өндірілген кәдімгі жағармайдан ешқандай кем емес құтыдағы сұйықты стол басында отырғандардың

бәрі де қолына алып, тіпті иіскеп көреді. Оның сұйық
мұнайдан емес, Майкөбен көмірінен өндірілгеніне,
әрине, шүбәсіз иланады. Сондықтан да обкомның
сол кездегі бірінші хатшысы, мұндай соны істерге

жаны құмар және шұғыл әрекеттерге бейім де іскер,
hәм қайраткер әкім А.Г. Коркин (шындығында,
қандайда қиын істер нақ осындай шұғыл әрекетшіл
басшылардың ғана қолынан келетінін мойындауға

тиіспіз) бастап қол көтеріп, Ғылым академиясы қарсы
болып отырған жаңа лабораторияға Қарағанды
қаласындағы ірі өндірістер тиісінше көмек көрсетіп,
ең бастысы жартылай өндірістік сынақ өткізетін

корпусты тез арада салып беруге қарар қабылдайды.
Сірә, нақ осы жағдай – тынымсыз әрекет бастап,
біресе құрылысшылармен дауға түсіп, біресе ғылым
сарайындағы әпербақан басшылармен тірлік үшін

арпалысу ғалымның онсыз да дімкәс, кінәратты
жүрегін зақымдаса керек, нақ сол жылда Ебіней
Арыстанұлы
инфарктіге

ұшырап,
ұзақ
уақыт
ауруханада жатуға мәжбүр болды.

"Сізсіз, анығын айтсам, Сіздің жәрдеміңізсіз бұл
жақта мен тегінде ештеңе бітіре алмаймын. Сізде
нақтылы жәрдем болса – бұл істің сәтті өрістері сөзсіз,
ал жәрдеміңіз болмаса – ортақ істің біржола тұралап

қалып немесе өлімсіреген жағдайда күн кешері анық.
Сөйтіп, қазіргі тірлігімізге тірек еткен мәнді ісіміз,
өмірде көріп жүргеніміздей, зым-зия құрып кетуі де
ғажап емес.

Сіз сияқты кемеңгер адамдардың, қымбатты Вике,
өзіне жуысқан жандарды мүдделі іске жегіп қойып,
беймаза күйге салатын қасиеті болады. Нақ осындай
әуреге Сіз мені де салдыңыз, сондықтан қазіргі

мүшкіл жағдайымды ескеріп, қол ұшын беріңіз.
Өйткені қазір мен үйдегі кітаптарыма ғана билігім бар
кіріптар халдемін... Өз басым бұл ісімізден бірдеме
шығатынына кәміл сенемін. Қысқасы, Сіздің пікіріңіз

бен шешіміңізді күтемін..." – депті Ебіней Арыстанұлы
1981 жылдың 16 мамырында В.И. Спицинге жолдаған
хатында.

Турасын айту керек, бұл кезде Ебіней Арыстанұлы
күні кеше өзін қоршап, қошемет білдіріп, алды-артын
үнемі орап жүретін шынайы дос сияқтанған әлекей
пысықтардан арылып, көшкен елдің жұртында қалған

екі ошақтай құлазыған, жанашыр лебіз бен көмекке
ерекше ділгір жағдайда еді. Адамгершілік парасаты
мол мәскеулік әріптесі оған (Алматыдағы қандай
достары сырт айналып жатқанда) нақ осы кезде

көмекке келіп, үзілген үмітіне жалғау жасап, дертті
жанына шипа болғандай тыңғылықты әрекет бастап,
қол ұшын береді.
"Аса қадірлі Александр Гаврилович! – деп бас-

тапты академик В.И. Спицин Қарағанды облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы Коркинге
хатын. – Қарағандыда жасалып жатқан көмірді
сұйық тандыру зерттеуіне Сіздің назар бөлгеніңіз

мені ерекше қуантты.... Амал қанша, Қазақ КСР
Ғылым академиясының академигі Е.А Бөкетов ауыр
сырқатқа ұшырап қалды, сірә, үш-төрт айға дейін ол
кісі енді бұл жұмысқа қатыса алмас. Осы жағдай мені

ерекше алаңдатып отыр. Өйткені, сол зерттеу үшін
салынбақ базаның үйі кешеуілдеп қалды, турасын
айтқанда, ол әлі басталған да жоқ.... Ал, мен басшылық
ететін бейорганикалық химия жөніндегі ғылыми

кеңес биылғы қыркүйектің екінші жартысында
Қарағандыда өтпек кезекті дәстүрлі жиыны осы
мәселеге арналмақ-ты. Мен өзім де сол кезде Сізге
жолығып,

зерттеу
барысы
жайында
түбегейлі

хабарлама жасамақ едім..."
Айтып-айтпай не керек, сол жылдың аяқ шенінде
лаборатория корпусы бітіп, Ермағамбетов тобы
мүдделі сынаққа кіріседі. Мәнді сынақтың ту бастан

қаншалықты сәтті, не сәтсіз жүріп, зерттеушілерді
түрліше әуреге салғанын, әрқилы жетімсіздіктерді
амалдап жүріп жеңе отырып, мүдделі нәтижеге
біртіндеп жақындағанын біз бұл арада егжей-тегжей

әңгіме етпейміз. Өйткені, бұл қазір де ғылыми күрделі,
әрі осы топтың зерттеушілік құпиялары. Бірақ, бір
жайт анық: өте аз мерзімде Бөкетов-Ермағамбетов

тобы көмір химиясын зерттеу ісінде тың жаңалық
ашып, боқаты көп, отынға жарамсыз көмірлерден
жанғыш сұйық зат алу процесіне төңкеріс жасағандай
тамаша нәтижеге жетуі...

"Аса құрметті Виктор Иванович!
...Өзімізден шығатын көмір түрлерінен сұйық
заттар алу мүмкіндігін дәлелдеумен қоса, Павлодар
мұнай өңдеу заводының қалдық өнімі гидрон-

мазуттан да 50% мөлшерінде қосымша бензин (рас,
бұл әзірше жүйелі түрде қойылған зерттеу емес)
ағызатын нәтижеге жеттік... Лаборатория үйін,
құдайға шүкір, кеңейтіп алдық, қазірде онда сылақ

жұмысы жүруде. Сіздің жәрдеміңіз септігін тигізді,

- деп хабарлапты Ебіней Арыстанұлы 1983 жылдың

қаңтар айының 28 жұлдызында академик В. И.
Спицинге жазған хатында, - Өзіңізге айтқанымдай,
қандайда лауазымды аудиторияға жарағандай екі
түрлі баяндама әзірлеп қойдым: оның бірін бұл

мәселені түбегейлі білмейтіндерге арнадым, екіншісін
түбегейлі білетіндер үшін... Бұл істе айтарлықтай
сәтті нәтижеге жетіп, электродоға арқылы балқытуда
шығатын арзан қоспаларды пайдаланып, көміртегінің

сутегімен қосылыстарын көмір құрамынан алуға
болатынын
қарапайым
жолмен

дәлелдегенімізге
мен енді кәміл сенемін... Сонымен бұл арада сөз енді
бұрыннан мәлім Бергиус пен Фишер–Трапшаның
(көмірді

сұйықтандырудың
шетелдік
химиктер
ұсынған ескі әдісі – М. С.) технологиясын мүлдем

жаңа әдіске өзгерту туралы болмақ. Оның ғылыми
тақырыбын
былайша
тұжырымдадым:

"Болашақ
көмір
химиясы
комбинатының

технологиясына
көмірдің минералдық құрамын электродоға әдісімен
балқытып, одан жанғыш сұйық заттар алуды негіз ету".
Ақпанның 9-ында бейорганикалық химия Кеңесінің

мәжілісі болады деп естідім. Бірақ, маған ресми хабар
әзірше жеткен жоқ. Кеудемнің көк еттері мезгіл-
мезгіл қысып қояды, сөйтсе де ұлы мақсат үшін жолға
шығуға әзірмін..."

Сара бағытқа түскен көмірді сұйылту зерттеуі қыс
бойы, алты ай жаз, одан күз бойы тоқтаусыз жүреді.
Өйткені, Мәскеуде өткен алдын-ала талқылауда
қарағандылық топтың жаңа бағыты аса мүдделі

деп танылып, оның алғашқы нәтижелерін Одақ
химиктерінің бас қосқан кеңесінде тыңдау 1984
жылдың қаңтар айына белгіленген-ді.
Осы күнді тағатсыздана күткен, әмбе осыншама

дәрежелі де салиқалы талқылауға мұқият әзірленуді
мақсат еткен қарағандылық зерттеушілер уақытпен
есептеспей, күнді түнге жалғап, өздері ойлап тапқан
жаңа технологияның бүге-шігесіне бойлай еніп, аса

зор шабытпен жұмыс істейді. Әрине, бұл қарбаластың
басы-қасында
тынымсыз
еңбек

иесі
Ебіней
Арыстанұлының өзі де болды. Ғалымның архивінде
Ебіней

Арыстанұлының
"Қарағандыглавснабтың"
бастығы А.С. Никоновқа жолдаған тілдей хаты
сақтаулы. Біздің ойымызша, нақ осы хат қарағандылық

зерттеушілердің сол күндегі қарбалас ісінің тыны-
сын сездіргендей: "Дорогой Анатолий Сергеевич,
воспомоществуй, Христа ради, насосами высокого
давления (хотя бы одним) для будущих бензиновых

рек из угольного бассейна. Премногим обязанный
твоему вниманию, Е. А. Букетов. 10 декабря 1983 г."
Амал қанша, дәл осы хат жазылған соң үш күннен
кейін мейірімсіз сұм ажал Ебіней Арыстанұлын да

кенеттен шалып, елу сегізді енді ғана толтырып,
ғалымдық атағы, елеулі еңбегі Мәскеу ғана емес, бүкіл
Одақтық ғылым иелері арасында да таныла бастаған
кемел шағында арамыздан алып кетті.

Дүниеде мәңгі жасайтын пенде жоқ. Академик
Бөкетовтің қазасын да тағдыр жазуы солай деп оп-
оңай түсіндіріп, оның азаматтық, ғалымдық тұлғасын
таныған, қадір тұтқан дос-жарандарын біршама

жұбатуға болады. Бірақ, турасын айтсақ, бұдан
запыран жұтқандай өкінішіміз де аз емес. Соның ең
зоры, сірә - санаулы ғұмырының алты-жеті жылын
сарп етіп, жан-тәнімен беріле шұғылданған мәнді

ісінің өзі дүниеден өткен соң бұрынғы қарқынмен өрбімей саябырсып қалғаны. Тегінде бұған осы мәселеге оны рухани жебеп, демеуші болған академик В. И. Спициннің де іле-шала өмірден аттануы себеп болса керек. Рас, екі бірдей қамқоршысынан айырылса да Б. Ермағанбетов лабораториясы қазірде де бұл зерттеуді жалғастыру қамында, бірақ онда ұстазы бардағыдай серпін де, қарқын да жоқ. Біздегі игі жаңалық атаулының көптеген кедергі, қарсылықтарды жеңіп, кейде солардың астында тұншығып барып, өзіне жол табатыны сияқты, көмірді сұйықтандыру ісі де жылдар бойы "өгіз өлмес, арба сынбас" дәрменсіз жағдайда жүргізіліп келеді. Қысқасы, мұнда да Ебіней Арыстанұлы өмірден аттанған қарсаңда оның ғалым замандасы академик Патшайым Тәжібаева көрегендікпен болжағандай: "Маңдайымызға біткен бұл жұлдызды да қызғаншақ жауыздардың көздеп атқан ұзақ жылғы өшпенді оғы мезгілінен бұрын сөндірді. Бұлар енді оның өлмес істерін де ұзақ жылдарға жауып қояды..." – деген ащы өксігі шындыққа айналғандай. Өкінішті іс демеске амалымыз жоқ. Тек соның аяғы баянды болғай! Семей, 1988-1995 жылдар Ақселеу СЕЙДІМБЕКОВ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ (Күнделіктен үзінді) 30.11.73. Евней Бөкетовте болдым. Қаныш Сәтпаев туралы ғылыми-өмірбаяндық дүние жазбақшы екен. Тіптен бастап та қойыпты. Менің топшылауымда, Қанаң туралы Евнейдің қалам тартуы өте құптарлық жағдай. Мені таңғалдырғаны - Евней Арыстанұлының әдебиетке деген сезімтал-сергектігі. Қанаң туралы жазғанының кіріспесін оқып берді. Мұның өзі әсерлі,

сәтті үлгіде, Қанаңның үйіндегі шешемізге хат түрінде жазылыпты. Сәттіліктің бір атасы табиғилық болуы керек. Осы жолы Евнейдің В.Маяковскийді аударып жүргенін білдім. Өзі айтты. Көзінде қуаныш, жүзінде рахат нұры ойнап отырып айтты. 03.12.73. Евнейдің үйінде болдым. Қаныш Сәтпаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы жазып жатқан еңбегінің алғашқы тарауларын оқып берді. Салмақты, ойлы. Ұлы адамның туған, өскен ортасын мейлінше байыптылықпен баяндапты. Көркемдік әсерден ада. Осыған орай, Евней мынадай бір пікір айтты: – Қанаңның көзін көріп, тәрбиесін алған біздердің міндетіміз – шындықты қағаз бетіне түсіріп кету. Келешекте туатын көркем туындының ірге тасын қалап, кірпіш құйып кетуіміз керек. Бұл оңай міндет емес сияқты. Мұнан әрі жазу азабы туралы сөз өрбіді. Евней көп сызып, көп өшіріп жазады екен. Сонан соң қолға түскен деректі жүйелеудің де үлкен маңызы бары айтылды. Қанаң туралы жиналған материалдың бесалты папканы толтырғанын көрсетті. Әлден уақытта В. Маяковскийдің "Жақсы!" поэмасының аудармасын оқыды. Евней поэманың орысша нұсқасын жатқа біледі екен. Алдымен орысша бір ауызын жатқа айтып, сонсоң қазақшаға аударғанын оқып отырды. Бірер жеріне пікір-түзету айтып көріп едім, онымды еш қарсылықсыз, елпілдеген көңілмен қабыл алды. Мені таңғалдырғаны – Евней күнде таңертең ерте тұрып жүгіреді екен. Жүгіріп жүріп, жатқа білетін поэманың күніне екі-үш шумағын аударып қайтады екен. Сонан соң келген бетте қағазға түсіреді. – Осының өзі менің әдетіме айналып бара жатыр, – деп Евней кеңк-кеңк күліп алды. – Және де қолыма алып, отырып аударғанымнан да жүгіріп жүріп аударғаным әсерлі шығатын сияқты.

Тағы да әңгіме арасында Евней өзінің жазумен бел шеше айналысқанда жап-жақсы жазушы болатынын айтты. Мұны бір түрлі сеніммен, тіптен жүзінен өкініш көлеңкесі біліне отырып айтты. Мен поэманың соңғы тарауын "Лениншіл жас" газетіне ұсынсам қайтеді деп едім, Евней қуана келісім берді. Соңғы тарау демекші, Евней бұл поэманы аударуды соңғы 19-тараудан бастапты. Евней өз бойындағы асыл қасиеттерін бөгде адамның көргеніне, сөзіне, айтқанына мағұрланып, қуанып отырады екен. Сөйте отырып, қолпашты әсте ұнатпайды. Бір танысының мақтап-мадақтаған хатын шын көңілмен қынжыла сөз етіп отырды. Жасандылығы жоқ, шыншыл қалпына сенесің. 11.10.74. Евней Арыстанұлының кеңсесіне барып қайттым. Евней жақсы қабылдады. Өйткені, сенбі, жексенбі күндері Баянауыл жағына, Қаныш Сәтпаевтың жастық шағы өткен жерлерге барып қайтыпты. Евней менен қазақ балаларының жайлау төрінен жейтін өсімдіктерін сұрады. Мен қымыздық, түйетабан, бие емшек, жаужұмыр, сүйрік, долана, қарақат, жидек сияқты өсімдіктерді, олардың қасиеттерін білгенімше айтып бердім. Евней қызыға тыңдап, қағазға түртіп отырды. 23.10.74. Бүгін Евней Бөкетовті Алматыға шығарып салдым. Алдымен үйінде болдық. Мен келсем, жазушы Қалмұқан Исабаев сол үйде отыр екен. Кешікпей-ақ Зүбәйра жеңгеміз дайындаған дәм келді. Сүр араластырып асқан семіз қой еті екен. Тамақ әзіл-қалжыңмен әңгіме қозғала отырып ішілді. Мен Тәттімбеттен Мұсатай, Қысатай, Исатай деген үш ұлдың туғанын, Мұсатайдан Шайқының туғанын, сол Шайқы Қаныш Сәтпаевтың туған нағашысы екенін айттым. Евней бұрын естімегенін, енді

мұның сәтімен айтылғанын, Қанаңның бойындағы өнерге құмарлықтың себебін осы нағашы жұртымен ұштастыруға болатынын сөз етті. Тіптен Тәттімбет сол кездегі орыс оқығандарына геолог ретінде танылуында да Қанаңмен байланыстыратын көп қисындардың барын әңгіме етті. Әңгіменің келесі бір қатарында Қалмұқан келер жылы елу жасқа толатынын айтты. Сөйтсек, Евней де келер жылы елу жасқа толады екен. Қалмұқанмен құрдас болып шықты. – Япырау, сен де елуге келіп қалдың ба? – деді Қалмұқан. Сонда Евней: – Кіп-кішкентай Қалмұқан елуге келгенде, үп-үлкен менің елуге келмегенім ұят емес пе? – деп кеңккеңк күліп алды. Евней балаларын ерекше еркелетіп, бетінен қақпай ұстайды екен. Біз үйден шығарда Евней Зүбәйра жеңгемізге: – Байқа, Бөкетовтер жүдеп қалмасын, – деді. Евнейдің шешесі ақылды адам болыпты. Төңірегіндегілерден айбарын асырып отырады екен. Евнейдің інісі бір ұл балалы болыпты (тәрізі Евнейдің үйінде жүрген үлкен ұл болуы керек). Содан келінді әйелдер босанатын үйден шығарып алуға Евнейдің шешесі барыпты. Күн жаз болса керек, бірақ күннің жылылығына қарамай, баланы орауға үлкен көрпе ала келіпті. Мұны көрген келіні жас баланы ыстық күнде үлкен көрпеге орауға ыңғайсызданған шырай танытса, Евнейдің шешесі тұрып: – Келін шырақ, сен мен әкелген шәйі көрпені менсінбей тұрғаннан саумысың. Сен менсінбесең мына баланың әкесі, өзіңнің күйеуіңді менсінбе. Өйткені, оны қойдың шуаш жабағысына орап өсіргенмін, - депті. Келіні енесін қатты сыйлаушы еді дейді. – Апа-ау, дегеніңіз болсын, – деп ыңғайына көне беріпті.

*** Жазушылар одағына мүшелікке өту үшін Евнейден рекомендация алғаным есіме түсіп отыр. Мәнжайды айтып едім, бірден келісім берді. Сонсоң басқа жұмыстарын қоя тұрып (бұл кезде Қарағанды университетінің ректоры), рекомендация жазуға кірісті. Арада жарты сағаттай уақыт өткен соң, жазғанын дауыстап оқып берді. Оқу үстінде екі-үш сөйлеміне түзету енгізді. Түзету негізінен стильдік мінсіздікті сақтау ниетте ғана. Мұнан ары машинисткасын шақыртып алып, баса қоюын өтінді. 10-15 минутта машинистка дайын етті. Евекең әрі-бері көз жүгіртіп оқыды да, тағы да түзету енгізді. Содан не керек, Евней бес рет түзетті, машинистка бес рет қайта басып шықты. Ең соңында әбден болдыау дегенде маған ұсынып жатып: – Біраз уақыт алдым білем... Енді қайтейін, жазушы деген атымыз бар ғой, - деп әдеттегідей, естіген адамды еліктіретін тамаша күлкісімен кеңк-кеңк күлді. Тағы бір кездесу есімде. Евней В. Маяковскийдің "Хорошо" поэмасын аударып болған соң "Лениншіл жас" газетіне мен арқылы ұсынды. Сонда аударманы беріп жатып айтқаны ғой: – Біздің елде кедейлеу бір атамыз болыпты. Сол айтады екен "жыртық дамбалымнан жалаң бұтым артық" деп. Сондай-ақ, аударманы кесіп-пішіп, қырнап-мінеймін деп ұятқа қалдырып жүрмесін. Онда баспағанының өзі жөн, - деді. Кейін газет поэмаға үлкен алғы сөз жазып, тақырыбын клишелеп, үш нөмірге берді. Тек Евнейдің "Жақсы" деп аударған тақырыбын "Керемет" деп өзгертіпті. Бұл жөнінде Евнеймен сөйлескенімде: – “Керемет” деп айқайлатып тақырып қоюды мен де білдім. Бірақ, поэманың рухы, бар болмысы, Маяковскийдің үлкен өзгерістерді қарапайым мысалдармен келтіруі "Хорошоны" "Жақсы" деп аударуды қажет етеді, - деді.

Сонсоң тақырыпты осылай етіп бергелі жатырмыз
деп телефон соға салса, жөн емес пе деген ескерту
жасады. Мұнысы өкпе де емес, реніш те емес, бір түрлі
өзімсінген таңданыс сияқты айтылды. Іле осыған орай

мынандай бір мысал келтірді:
Гайдн жас кезінде тек "мен" деп сөйлейді екен.
Есейе келе "мен және Моцарт" дейтін болыпты. Орта
жасқа келгенде "Моцарт және мен" деуді шығарыпты.

Ал, тоқтасқан кезінде тек қана Моцарттың атын
атайтын болыпты. Сондай-ақ, "Лениншіл жас" Аян
Нысаналин жас жігіт болу керек. Оның үстіне ақын
көрінеді, сондықтан ондай-ондай бола береді, - деп

әдеттегідей кеңкілдей күліп алды.
23.12.79.
Евнейдің Ақсұлу деген қызы тұрмысқа шыққан
екен. Тойы болып кетсе керек. Бірақ, ол тойда Евней

бола алмай, құдаларын көрудің орайы енді келіпті.
Құдалары Шелек ауданында тұрады екен. Евней,
Ғабдолла Құлқыбаев, Африкан Андреевич Бальбуров
бастаған жеті-сегіз адам сау ете қалдық. Әрине,

құдалар да күтініп, тосып отыр екен. Мейлінше көңілді,
шынайы тілеулестік–туыстық қауышу болды.
Дәмге отырарда Ақсұлудың енесінің сексеннен
асқан әкесі бар екен. Бата берді. Сөз арасында:

– Біз асарымызды асап, жасарымызды жасадық.

Алла ендігі ғұмырды сендерге берсін, - деді. Сонда
Евней бір әңгіме бастады:

– Біздің елде бір алты ағайынды жігіттің қарт

әкесі ауырыпты. Сонда әлгі азамат болған алты жігіт
қолдарына бір-бір шоқпар алып, әкесін қоршай
отырыпты дейді. Онысы әкелеріне өлім жібермейміз
деп қамқорсығандары болса керек. Егер өлім тақала

берсе болды, өздерінше шоқпармен қағып тастамақ
дейді. Содан ұзақ таңда кішілеу біреуі қалғып
отырғанда әкесі жүріп кетіпті. Сөйтсе бес ағасы
кіші інісін төмпештеп жүр дейді, "өлімді сен жіберіп

алдың" деп. Сондай-ақ, тілеулес ұрпағыңыз көп

екен, қабыл алсаңыз, мен де бір шоқпар ұстар болып
қатарларыңызға қосылсам деймін. Ал, ұйықтамай
күзететініме уәде беремін...
Қария риза болып, жұрт күліп жатыр.

Кешкі отырыста ауылдың алты ауызы айтылып,
күй тартылды. Кезек Евнейге келгенде Пушкиннің
"Евгений Онегинін" қазақ қиссасының мақамымен
айтып, отырғандардың ішек-сілесін қатырды. Сөйтсе

студент кезінде Евней орыс құрдастарына әзілдеп:
"Пушкин атақты поэмасын жазуда «Қозы Көрпеш –
Баян сұлудан» үлгі алып, еліктеген. Оның бұл эпос
туралы жазбалары – соның куәсі. Нанбасаңдар,

тыңдаңдар!" – деп, "Евгений Онегин" мен "Қозы
Көрпеш – Баян сұлуды" салыстыра, бір мақаммен
айтып шығады екен.
Мұнысы расында да ғажап әзіл еді.

27.12.79.
Африкан Андреевич Бальбуров – буряттың халық
жазушысы, республика мемлекеттік сыйлығының
лауреаты. Бұл кісімен осы айдың бас кезінде Алматыда

таныстым.
Ғабдола
Құлқыбаев
арқылы

Евней
Бөкетовке хат беріп жіберіпті. Ғабдолла екеуміз сол
хатты алып бермекші болдық. Оның үстіне Евнейдің:
"Сол азаматтың жағдайы да мәз болмау керек, мен

аздаған тиын-тебен салып жібердім", –деген сөзі
бізді Африкан Андреевичпен кездесуге асықтыра
түскендей болды.
Сонымен Ғабдолла екеуміз түс кезінде Горький

көшесіндегі 100 үйдің 30-пәтерін қақтық. О, ғажап,
тек қана шығыс топырағынан жаралған, мейлінше
сүйкімді бір жас келіншек есік ашты. Есік ашты
да болмашы таңырқағандай бас-аяғымызды бір

шолып өтті де, жымиып қана: "Кіріңіздер", – деді.
Келіншектің
күлкісі
қазақы

қонақжайлылықты
аңғартқандай болды. Бұл кісіні кейін Африкан
Андреевич "менің құтқарушым" деп таныстырды.
Бурят қызы екен.

Ішке кіргенімізде оң жақ есіктен машинка тықылы естілді. Іле "бұл кім? " деген Африкан Андреевичтің даусы естілді. Біз: – Тілеулесіңіз боламыз! – деп үн қаттық. Осы кезде орындық жылжып, іле Африкан Андреевичтің өзі көрінді. Орта бойлы, толық денелі, маңдайы қасқаланған, қазақ сияқты кісі күлімсіреп келіп қол берді. Жаңағы машинка тықылы естілген бөлме осы үй иелерінің маңдайына біткен жалғыз бөлме екен. Оң жақ қабырғада жалғыз диван тұр, онда әп-әдемі үш-төрт жасар бір қыз бала отыр. Бөлме ортасында жазу столы, үй іші толы – ретсіз жатқан кітап, газет қиындысы, машинкаға басылған қағаздар. Біз Евнейдің хатын табыс ете отырып, жөнімізді айттық. Африкан Андреевич Ғабдолланың дәрігер екенін білуі-ақ мұң екен, әңгіме тиегі ағытылып жөнелді. Өзінің дәрігерлер өміріне арналған кітап жазып жүргенін, көптеген дәрігерлермен сөйлескенін айта келіп, көне Тибет медицинасына ойысты. Осы кезде оның сабырлы реңі нұрланып, шабыт буғандай желпіне түсіп, шешіле сөйлегені тыңдаушысын еріксіз баурағандай еді. Мен ол кісінің медицинаны, әсіресе шығыс медицинасын, оның ішінде Тибеттің көне медицинасын терең білетініне қайран қалдым. Менің алдымда шығыс медицинасының білгір маманы әңгіме айтып отырғандай әсерге бөлендім. Бір мезгілде Евнейді еске алды, ол кісінің адамгершілігіне, дарынына тәнті болып отырды. Евней туралы очерк жазбақшы екенін айтты. Сөз арасында мынадай бір бурят даналығын келтірді: – Егер сен алыс сапардан оралсаң, - деді, - сол сапарыңнан мол қазына әкелсең, сенің сәт-сапарың үшін бір той жасайды. Егер сен сол алыс сапардан ақылды өсиет әкелсең, екі той жасайды. Ал, егер сен алыс сапардан дос әкелсең, онда дүрілдетіп тұрып үш

той жасайды. Сондай-ақ, мен алыстағы қазақ елінен Евней сияқты асыл дос таптым, бұл – менің елімнің дәстүрі бойынша ең зор қуаныш. Африкан Андреевич бұл сөзді шыншылдықпен толқи отырып айтты. Африкан Андреевич бурят даналығы деп айтқан мына сөз де есімде: – Егер, – дейді, - сен алыс сапарға аттанар болсаң, жат елдің алдымен әйелдеріне назар аудар. Егер әйелдері көңілсіз болса, ол елдің отбасында қызық жоқ. Сонан соң қарттарына назар аудар. Егер қарттары қамқорлықсыз болса, ол елдің басында қайғы болғаны. Ал, егер балалары панасыз-бассыз болса, онда ол елдің болашағы болмағаны... ...Арада төрт-бес күн өткенде Африкан Андреевичтің Мұхтар Әуезов туралы очеркін аударып, "Социалистік Қазақстан" газетіне жарияладым. Африкан Андреевич: "Бұл менің паспортым болды!" – деп қатты қуанды. ...Тағы да бір орайлы шақта біздің үйден түстік ішеміз деп кіріп, Ғабдолла, Африкан Андреевич үшеуміз таңғы үшке дейін әңгімелестік. Африкан Андреевич – көпті көрген, сол көргенін мейлінше ойлылықпен көкейге түйе білген ақылды адам. ...Қазір Алматыда екі жүздей бурят азаматы бар екен. Бәрі де бурят жұртының ұлтжанды, білікті азаматтары. Алайда солардың бәрі де өз еліндегі жат жұрттық экспансиядан зардап шегіп, тіл табыса алмай келгендер көрінеді. Африкан Андреевич Бальбуров та осындай нәубетпен беттескен азамат...

Қайролла МҰҚАНОВ ДАРҚАН ЕДІ ДАЛАСЫНДАЙ Ұшқыр уақыт жылдар ізін жасыра алмайды екен. Таңданатыным сол, ұрпақтар алмасқан сайын сол тозаң басқан іздерді аршып, ақиқатын ашуға деген ұмтылыс күшеймесе кемитін емес. Сол уақыт жүгіндегі дүниеліктерді орынды орнына қойып, әрқайсысына өз атауларын бергенге не жетсін. Егер осылай істесек, келер ұрпақ алдындағы борышымызды орындағанымыз, ағымыздан жарылғанымыз. Нақ осы қайта құрудың барысында, қазіргі кезеңде ғалымдар мен жазушылардың еңбектері жарық көріп, қолдан-қолға көшуде. Ынтыға оқимыз. Іздеп жүріп оқудамыз. Бұл тоқырау кезеңінде мүмкін бе еді? Әрине, жоқ. Жылтырақ нәрсеге мәз болып, ми батпаққа белшеден батып тұрсақ та ұрандататын мезгіл өтті енді. Дәл осындай сезім бүгіндері Қамзабай Бөкетовтің өз ағасының, біз үшін әйгілі жерлесіміз Евней Бөкетовтің әдеби шығармашылығы туралы жазбасын оқығанда тұла бойымызды баурағандай болды. Ол өзінің жазбасын "Серігім менің, бауырым менің" деп атапты. Иә, Евней ағамыз Қамзабайдың ғана емес, бәріміздің де серігіміз, ақылшымыз, керек десеңіз, жан аяспас досымыз болып кетті емес пе? Мәселе оның жерлестігінде, туыстығында емес, баршаны ұйыта білер білімдарлығында, өз

даласындай
дархандығында, ашық күндей ашықтығында, өзімен
бауырластырып жіберетіндігінде.
Мен Евней Арыстанұлын басқалар сияқты аса

қадір тұтып келдім және солай бола бермек те. Ғылыми
және әдеби еңбектерін көп оқығандықтан оның ғалым,
әрі жазушы ретінде тұлғасы дараланып, кейінгі ұрпақ
өкілдерінің де сондай болсам-ау деп армандағандары

да болады. Мен де оның барлық жерлестері сияқты
ғылымдағы, әдебиеттегі әр қадамын аңдып, баспасөзде

жарық көрген шығармаларын қалт жібермеуге тырысып отырдым. Бірақ, біз көп жайды білмейді екенбіз. Евней ағамыздың ертеректе, елуінші жылдарда жазғандарының бірқатарынан бейхабар екендігіміз бүгін белгілі болып отыр. Қамзабай Бөкетовтің "Серігім менің, бауырым менің" жазбасынан аңдағанымыздай, Евней ағамыз әдебиет майданына ерте араласып, оның толқынында бірге тулап, ыстықсуығын бірге өткеріскен. Мына бір жайға таңғаласыз. 50-жылдардың бас кезінде тау-кенметаллургия институтының аспиранты, оқытушысы болып істейді, кандидаттық диссертацияны қорғауға әзірлене жүріп, бір мезгілде орыс тіліндегі кітаптарды қазақ тіліне аударуға, аударма туралы, оның ішінде В. В. Маяковскийдің өлеңдерінің аудармасы туралы мақалалар, қазақ әдебиетінің алыптары С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ.Мұстафин және басқалардың шығармалары жөнінде сын дүниеліктер жазуға қалайша уақыт тапты десеңізші? Жазғанда да қандай, дәлелді де ойлы еді олары. Қ. Бөкетов өз естелігінде жазғанындай, Евней ағаның ескертпелерін ешкім көңіліне алып ренжіген емес, қайта оны өздерімен терезесі тең, әдебиет мәселелерін терең білетін сыншы ретінде бағалап отырған. Мұның өзі қазақ жазушыларының Е. Бөкетовтің тума талант, дарындық қасиеттерін тап басып аңдай білгендігін көрсетеді. Оны мұндай сөзсіз мойындауға жеткізген нәрсе – Евней ағаның әдебиет ағысын, ақын-жазушылардың ескек салысын үнемі бақылап отыруында. Ол әдебиет ісімен айналысуды еріккеннің ермегі немесе уақыт өткізудің құралы деп есептеген жоқ, оны рухани қажеттілік деп түсінді. Ол өзінің осы мақсатынан көз жұмғанға дейін тайған жоқ. Евней аға дос-жарандарының, серіктерінің айтуына қарағанда аудармашылық қызметпен айналысуын орыс тілін білмейтіндерді орыс және шет ел әдебиетімен таныстыру үшін жасалған қадам деп түсіндіріп келген.

50-жылдардың орта шенінде Е. Бөкетов шығарма-
шылығы республикада ғана емес, Одақ оқушыларына
да мәлім болған. Оған тіпті "Литературная газетаның"
Қазақстан бойынша тілшісі болуы жөнінде ұсыныс

жасалған. Бірақ, ол бұл ұсыныстан өзіне тән
қарапайымдылығымен бас тартады. Өйткені, оның
негізгі жолы – ғалым, ғалымдық еңбек қой.
Евней аға 60-жылдары тек ғылыммен айналысты.

Техника ғылымдарының докторы болғаннан кейін
ғана әдебиет майданына қайта оралады. Қ. Бөкетовтің
айтуы бойынша, 1967 жылы бір топ ғалымдармен
бірге Канадаға барып келгеннен кейін іле-шала

"Канада әсерлері" эссесін жариялайды. Бұдан соң
елімізге, республикамызға белгілі ғалым, әрі жазушы
ретінде толық танылады. 60-70 жылдары Орталық
Қазақстанда ғылымды ұйымдастырумен белсене

айналысады. Республика Ғылым академиясы химия-
технология институтының директоры, Қарағанды
университетінің ректоры болып жұмыс істейді. Осы
кездері оны Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің

дамуы, перспективасы ойландырғаны хақ. Еш нәрсе
тақыр жерден басталған жоқ. Республикада ғылым
мен әдебиеттің өркен жаюына, Одақ, әлем көлемінде
мәшһүр болуына асыл ағаның сіңірген еңбегі зор.

Міне, сондықтан да Е. Бөкетов жас ұрпаққа солар
жайлы сыр шертуді, әңгімелеп беруді ғалымдық,
жазушылық парызы деп ұғынды. Оған оның 1977
жылы "Жазушы" баспасынан шыққан "Творчество

қырлары" деген еңбегі куә.
Мен бұл кітапты әлденеше рет оқып шыққам-
ды. Әрбір оқыған сайын әңгіме арқауы болған
адамдардың беймәлім қырларын, біз біле білмейтін

сырларын
тапқандай
боласың.
Мысалы

"Атан
қомында туған адам" очеркін алайық. Бұл күнделікті
оқығанда кешегі көшпелі халқымыздың тұтас дәуірі
елес беріп өтеді. Елес емес-ау, тұрмыс-тіршілігі,

салт-дәстүрі сырлы суретпен беріледі емес пе?
Көшіп-қонып жүргенде атан қомында туған адам

мен күміс қанат самолетте дүниеге келген адамның мысалында халқымыздың экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің өсуі ғажап көрсетіледі. Көшпенді елдің баласы И. Қ. Қарақұловтың атан қомынан ғылым мен мәдениетіміздің көгіне самғауы – шын мәнісінде толғанысты құбылыс. Екі академияның мүше-корреспонденті, екі республиканың еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина докторы, Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрі, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған И.Қ. Қарақұловтың өмірі, қазақ халқының алғашқы академиктері М. Әуезов пен Қ. И. Сәтпаевтың ғылыми және қоғамдық қызметі кейінгі ұрпақ үшін қысқа да болса, нұсқа жазылған. Автор сонымен бірге Қазақстан ғылымы мен мәдениетінің кең айдынға шығуына зор көмек көрсеткен орыс ғалымдарының рөлін ерекше атап көрсетеді. Олардың бәрін өзінің ұстаздары деп ардақ тұтады. Кітаптағы очерктердің бірі орыстың ұлы химигі Д. И. Менделеевке арналған. Автор оған деген сүйіспеншілік ықыласын былай деп суреттейді: "Оның кітаптарын оқи отырып, химияны бар жантәніммен сүюді үйрендім, ал оның өмірбаян беттерін ақтара отырып, одан мақсаткерліктің үлгісін, теория мен практиканың бірлігін, оның ғалым, адам ретіндегі ізгілік сезімін, мінез қайсарлығын, ой-мүддесінің кеңдігін көрдім". Бүгіндері байқап отырсақ, бұл қасиеттерді очерк авторының өз бойынан да тапқандай боламыз. Е. Бөкетов – тағдырдың қатал сынынан өткен ғалым-әдебиетші. Әсіресе, тоқырау кезеңінде небір пасық ойлылар, іштен шалушылар оның адымын аштырмады. Баршамызға белгілі, 1978 жылы "Простор" журналында оның "Жарқын тағдыр кезеңі" атты повесі жарияланған. Ол "Ғылыми қызметкердің жазбалары" деген айдармен берілді. Біз, Евней ағаның жерлестері, бұл өмірбаяндық повесті зор қуанышпен қарсы алдық. Өйткені,

ондағы көп жайлар біздің көз алдымыздан өткен, оқиғалары әбден таныс-ты. Осылардың бәрі ерекше шабытпен, білгірлікпен, астарлы оймен жазылды. Кейін Қ. Бөкетов ағасының бұл еңбегі жөнінде повестің құрылымы, композициясы басқалардан ерекше, оқырман үшін фабуласының өзі оқыс болып көрінуі мүмкін екендігін атап көрсетті. Ол оқушысын ойландырып, алдына сан сауалдар қояды. Төрелігін сұрайды. Әрине, бас төреші – уақыт. Евней аға ғалым, жазушы, қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметін, сіңірген еңбегін жар сала айтқан емес. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қарапайым қалпында қалды. Өйткені, әр нәрсенің бағасын уақыт, халық беретіндігіне сенді. Содан ол кітаптың алғы сөзіне: "Мен осы еңбегімде уақыт туралы, өзім туралы сыр шерткім келеді. Қазір байқап қарасам, екеуінің де ауылына жақындай алмаппын. Солай бола тұрса да бұл жазбаларымды оқырмандар тезіне салуды жөн көрдім, өйткені, оларда көптеген кемшіліктерге қарамастан, халық тағдырында ұлы да ғажайып рөл атқарған совет ғылыми қызметшілерінің аздап болса да тәжірибесі бейнеленген", – деп жазды. Ол мұнда өзінен гөрі халық өміріндегі совет ғылымының рөлі жөнінде көп әңгімелейді. Ал, повесін былай деп аяқтайды: "Сіңірген еңбегіміз бар дейміз. Бірақ, ол желбуаз сөз екен. Жеріне жете ойластырылмаған, істеліп бітпеген нәрселер жайлы үрейлі ойлар менің жанымды жегідей жеп, маза берер емес. Сірә, осы мазасыздық өміріміздің мәні де болар". Бұдан көріп отырғанымыздай, автор өз ісіне қанағаттанғандық білдірмейді, халықтың ғылыми және мәдени дәрежесін көтеру үшін көп нәрсе атқару керек екендігі хақында ой толғайды. Шешілмеген жұмбақтарға, ашылмаған құпияларға, тарқатылмаған проблемаларға бару – өмір мәні. Міне, бұл – оның кредосы. Осылайша алдына өр мақсат қойған ғалым-

жазушыға жала жабылуы күтпеген жай болды. 1979
жылы мамыр айында "Ленинская смена" газеті
Ю. Рощин дегеннің Евней ағаны қаралау ниетімен
жазылған мақаласын жариялады. Біз ол кезде

республика басшылығының Е. Бөкетовке "қырын"
қабағын білмейтінбіз. Тіпті Қонаевтың көмекшісі
В.Владимировтың Ю. Рощин деген бүркеншік атпен
қол қойғанынан да бейхабар болатынбыз. Бірақ,

оқырман жұртшылық мақаланың арандатушылық
сипатын аңғармай қойған жоқ. Әрине, мұның өзі
Е. Бөкетов сынды үлкен ғалымға ауыр соққы болып
тигенін айтпасқа болмайды.

Дегенмен де, Евней аға мойымаған. Ол повесін
қайта өңдеп жазып шыққан. Қуаныштысы сол, бұл
повесі "Досқа алты хат" деген атпен биыл "Жалын"
баспасынан жарық көрмекші. Бұдан кейін мәлім

болғанындай, өмірінің соңғы күндерінде Е. Бөкетов
А.С. Пушкиннің Барклай де–Толлиге арналған
"Қолбасшы" атты өлеңін қазақша тәржімалаған.
Аударманы түпнұсқамен салыстырғанда Евней

ағаның ақындық қуатын жаңа қырынан көргендей
боласың. Оның жазу столынан ұлы математик әйел
С. В. Ковалевскаяның өлеңдері табылды. Бұған дейін
қазақ ақындарының қолы тимеген жырлар. Бітпеген,

атқарылмаған істерінің бір ұшығы осылар болар-ау
шамасы. Ғалым аға сол сәтте нені ойлады екен? Өз
тағдырын сол ұлы адамдардың тағдырына ұқсатты ма
екен? Әлде ақын жүрегі "берерім көп халқыма!" деп

дүрсіл қақты ма екен.
Қалай дегенмен де Евней Бөкетовтің сол халық
алдында қарыздар болмай ақиық қырандай биікке
шырқап, рухани өміріміздің төрінен өз орнын алғаны

анық.

Рәбиға СЫЗДЫҚОВА ӘДЕБИЕТТІҢ САРАБДАЛ САРБАЗЫ Көрнекті ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің есімі қазақ әдебиетінің өрісінен де аталуы орынды. Ол – ауыз толтырып айта алатындай аздыкөпті өз қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Мәселе қалың-қалың романдар мен повестер, әдеби сынжинақтардың авторлығында емес. Дер кезінде әдебиеттің көкейкесті мәселелеріне зер салуында, әлеуметтік-қоғамдық пікірлерді қозғай алуында. Е. А. Бөкетов күн сайын жаңарып, көркейіп келе жатқан жаңалыққа толы қайнаған өмір ортасында, өзінің ғалымдық позициясын таныту үстінде батылдық көрсетті. Осындай күрделі де аса жауапты тынымсыз ғылыми жұмыстарына қоса, әдебиеттің де күнделікті әрқилы проблемалы тақырыптары төңірегінде қоғамдық пікірге араласқан еді. Өзінің өмірден алған тәжірибесі молыққан сайын жазу мәдениетіне де төселе бастады. Оның мегзеген тақырыбы төңірегінде көптеген әдебиеттерді оқып, екшеумен бірге, үлкен қаламгерлермен, қоғам қайраткерлерімен пікірлесу кездерінде үнемі үйреніп отырғаны белгілі. Ол әдебиет сыншысы да еді. Олай дейтініміз Е. А. Бөкетов шығармаларының халықтығы мен парасаттылығы, көркемдігі мен жаңашылдығы хақында ой-пікір қозғап отыруды міндет тұтқанын аңғартса керек. Бұл әрекеттер оның эстетикалық сыни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етеді. Оны алдымен туған әдебиетін терең оқып білуінен, орыс және әлем әдебиеттерінің классиктерін көбірек тануынан деп білген жөн. Е. А. Бөкетовтің әдеби сын шығармаларының ішінен "Тәржіма туралы ой " деген мақаласын бөліп алып қарасақ, еңбеккерлік пен ізденімпаздықтың үлгісін көреміз. Ол В. В Маяковский шығармаларының қазақшаға аударылуына аса назар аударған. Ол үшін

ақынның шығармашылығын түгел білуіне қоса, аудармаларды жан-жақты зерттейді. Аудармадағы шеберлікті, көркемдік сақталуын, жолма-жолдық, мазмұн идеясының сақталуын және тағы да басқа принциптерді тәптіштей талдайды. Белгілі ақындардың В.В. Маяковский шығармаларын қалай аударғандарын "жақсы ма, жаман ба?" – деген кесіп айтарлық дәлелдермен түйіндейді. Содан келіп В.В Маяковскийдің "Қандала" атты сатиралық пьесасын, кейіннен "Жақсы" атты атақты поэмасын өзі аударып шығады. "Жазушы" баспасынан 1975 жылы оның "Атан қомында туған адам" деп аталатын жинағы жарық көрді. Бұл жинақ негізінен әдеби сын мақалалардан тұрады. Халқымыздың көрнекті қоғам қайраткерлері, даңқты ғалымдар мен атақты жазушыларының шығармашылық жолдарынан сыр шертеді. Олар – Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Ишанбай Қарақұлов, т.б. Сол кітабында келтірілген М. Горкийдің мына сөзіне ғалым–жазушының өте байыппен қарағандығын байқау қиын емес: "Ғылым мен көркем әдебиетте ортақ қасиеттер көп: бақылау, салыстыру, зерттеу екеуіне де тән. Суреткерге де ғалым секілді ойлау мен болжау, яки зейінді зерде қажет." Осы жинақта "Селен мен өлең" деген тақырыпта жазушы Зейнолла Қабдоловтың алғы сөз орнына жазғанына көз жіберсек: "Әдебиетті білу – өмірдің мағынасын ұғыну, өмір сүрудің мәнін сүю. Өйткені, әдебиет – әлемнің сырлы шежіресі, халықтардың көркем тарихы, адамдардың ары мен ажары", – дей келіп, Е. А. Бөкетовтің әдебиетті жете білетіндігін, білгірлік, ғылым мен өнер туралы ой-түйсіктерінің парасатты екендігін көрсетеді. Ал, қазақ әдебиеті сынының көшбасшысы академик Мұхаметжан Қаратаевтың жазушылық қабілеті мен дарынына берген бағасы да қуантарлық. Сергей Есениннің "Менің махаббатым" атты

өлеңдері мен поэмалары 1978 жылы Е. А. Бөкетовтің аударуымен жарық көрді. Кітаптың алғы сөзінде М.Қаратаев С. Есенин шығармаларының бұрынсоңды аударылмағанын, оның басты-басты себептерін ашып көрсетеді. "Байқауымызша, мәселенің көңілдегі межеге жуық шешілуі үшін, бірқатар шарт қажет екен: алдымен аудармашы ақындығы түпнұсқаның авторындай болмағанмен, өз ортасында дарынды ақын болуы керек. Екінші: түпнұсқа тілінің байлығын, іші-тысты сыр-сипатын өз ана тілінде білуі де керек. Үшінші: түпнұсқа туындының тарихи, әлеуметтік, ұлттық рухани шыққан тегін жан-тәнімен түсінуі керек", – дейді сыншы. Е. А. Бөкетовтің тамаша аудармаларына берілген құнды пікірлерді оқып, жазушы-аудармашының әдебиет пен өмірге деген көзқарасын, әңгімелерінің деңгейіндегі парасаттылығын байқап, марқайып қаласың. Оның аударған шығармалары халқымыздың рухани қазынасына қосылатыны даусыз. Болгар жазушысы И. Вазовтың "Бұғауда" романын 1959 жылы, И. Василенконың "Артемка" повесін, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын 1956 жылы аударып, жарыққа шығарған да Е.А. Бөкетов. Оның қаламынан туған "Грани творчества" очеркі 1977 жылы өз алдына кітап болып, "Время светлой судьбы" – «Ғылыми қызметкердің жазбалары» деп аталатын повесі «Простор» журналының 1977 жылғы 8, 9 сандарында жарияланғаны мәлім. Сондай-ақ Қаныш Сәтпаев өмірінен жазылған кітаптың беташар бөлімін оқушылар назарына ұсынған болатын. Осы жазылған шығармаларының қай-қайсында болсын жастарды адамгершілікке, идеялардың шыңына шығуға, нағыз мәдениеттілікке үндейді. Бүкіл өмірлерін халқына адал қызмет етуге арнаған ғылым иелері туралы талай-талай жазылып келеді, келешекте де жазыла бермек. Жоғарыда аталған шығармаларда Бөкетов Сәтпаев Қаныш, Әуезов Мұхтарға соқпай кете алмайды. Өйткені, бұлар ұлы

адамдар – оның идеясы. Шынына келсек, тегінде
өнерпаздық қанына сіңген халқымыздың дәстүрі
мақтанарлық. Сондықтан да Қ. Сәтпаев геологиялық
ізденістерге қоса қазақ әдебиеті мен өнеріне де назар

аударды. Қазақтың ән-күйлерін зерттеуші Затаевичке
бірсыпыра әндердің жазылуына өзі тікелей қатысады,
сондай-ақ тұңғыш музыкалық драмалық театрдағы
спектакль жөнінде де рецензия жазған. Ал, Қазақстан

археология мен этнография ғылымдарының негізін
салуда ұшан-теңіз еңбегі бар академик Әлкей
Марғұланның қазақ тарихын зерттеуінің үстіне
фольклористика ғылымына қосқан үлесін айтсақ ше?

Ұлы Шоқанның да әдебиетке жанашырлықты сөз
етуін кім теріске шығармақ?
Сондықтан техника ғылымының үлкен білгірі Е. А.
Бөкетовтің ғалымдар өміріндегі ғалымдыққа, сонымен

бірге үлкен жауапты қызмет атқарудың соқпақты
жолдары мен асу-асу белдерінің қиындығын, соның
бәрінен тек азабына көніп шыдайтындар ғана
өрге өрмелеп, көздегеніне жететіндігі жайлы адал

жүректен шыққан жылы лебізін оқырман қауым
қабылдайды.
Е. А. Бөкетовтің техника, ғылым саласында өз ісіне
берілген, адал да еңбексүйгіш, талантты шәкірттері

мен ізбасарлары, халқының мәдениетін көркейте
түсу үшін тынбай көп іздену арқылы үнемі ат
салысып, әдебиет пен өнер жолына қосқан үлесін әділ
бағалайтын оқырмандары жетерлік. Даңқты ғалым,

жазушы үшін – бұл үлкен мұра.

Әди ШӘРІПҰЛЫ

КӨРГЕНІМ, КӨҢІЛІМЕ ТОҚЫҒАНЫМ

/үзінді/
Димаш Ахметұлы Қонаев 1964 жылғы КПСС-тің
қазан Пленумынан кейін, Орталық Комитеттің
бірінші хатшысы болып екінші рет келген соң,

бірте-бірте кадр мәселесінде кедір-бұдырлық, жерге
бөлінушілік пайда бола бастады. Димекеңнің үлкен
бір кемшілігі – маңайындағы кейбір адамдардың
айтқанына сене салу болды. Осы кезде оның сенгіштігін

пайдаланып, өздерінің пасық саясатын, өз адамдарын
итермелеп өткізуге көптен бері шеберленіп алған,
сауаты да шамалы пысықайлар бас көтерді. Алдымен
өздері әртүрлі жауапты қызметке орналасып алды

да, әр жерге өз адамдарын тықпалай берді. Сөйтіп,
олар кадр мәселесіне араласып, өз айтқандарын істеп
жүрді. Сол кездегі Ғылым академиясының президенті,
академик Шахмардан Есенов қысқа мерзімнің ішінде

академияның көп салалы жұмысын меңгеріп әкеткен
еді. Ғалымдар арасында да беделі болды.
Көп ұзамай Димекеңнің інісі Асқар Қонаевты
алдымен Ғылым академиясының корреспондент-

мүшесі, одан академигі, вице-президенті етіп
сайлатты. Оның алдында әйелін тастап, екінші бір
әйелге үйлендің деп, оның үстіне жұмысынан
кемшілік табылды деген сылтаумен Алматы облыстық

партия комитетінің бюросы қатаң сөгіс беріп,
академик Жабағы Тәкібаевты вице-президенттік
қызметінен босатты. Ж. Тәкібаев көптеген ғылыми
еңбектердің авторы, белгілі ғалым болатын. Оның

қызметінен босатылуы – ақ матаны қара жіппен
торлағандай, Асқар Қонаевқа орын табудың амалы
еді.
Бірер жыл өтер-өтпестен Димаш Ахметұлының

маңайындағы жағымпаздар есебін тауып, Шахмардан
Есеновті
алдымен
геология

министрі
болып

тағайындалуына байланысты Ғылым академиясының президенттік қызметінен босатты. Көп ұзамай "Д.А.Қонаевтың үстінен домалақ арыз жазыпты" деген сылтаумен геология министрі қызметінен де алыстатты. Әрине, бұл істің Д. А. Қонаевтың келісімінсіз істелмегені кімге болса да анық. Академик Шахмардан Есеновті Орталық Қазақстанға экспедицияны басқаруға жіберді. Бұл ортан қолдай ғалымды жер аударумен бірдей еді. Ш. Есеновтің орнына Димаш Ахметұлының туған інісі, араққа бөгіп, ләйліп жүретін Асқар Меңліахметұлы Қонаев келді. Ол кейінірек КСРО Ғылым академиясының академигі болып сайланды. 1979 жылдың маусым айында "Ленинская смена" газетінің бір санында "Хлестоковпен қосылып жазған" ( "В соавторстве с Хлестаковым") атты мақала шықты. Ол мақалада Қарағанды университетінің оқу-тәрбие жұмысында өрескел қателіктер бар деген сылтаумен университеттің ректоры Евней Бөкетовті жамандаудың жөні осы екен деп, сыңаржақ сынай берген. Мақаланың негізгі иесі өзін көлеңкеде қалдырып, басқа бір бүркемелі, республикаға белгісіз біреудің атымен жазған. 1979-1980 оқу жылы басталысымен Орталық Комитеттің сол кездегі мектеп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, кейінірек сол бөлімнің меңгерушісі болған Темірбеков Сәдуақас басқарған комиссия Қарағанды университетінің оқу-тәрбие жұмысындағы "кемшілікті" онан әрмен ушықтыра түсіп, Орталық Комитеттің бюросына тапсырды. С.Темірбековтің баяндамасы 1979 жылдың желтоқсан айының 14-і күні болған бюрода қаралды. Баяндамашы түймедей кемшілікті түйедей етіп баяндайды. Бюро мәжілісінде бірнеше бюро мүшелері сөйлейді де, Д. А. Қонаев қорытады. Бюро Темірбековтің жазба анықтамасына "Қарағанды облыстық партия комитетіне көрсетілген кемшіліктерді жоюға тиісті шара қолданылсын" деген шекелеме соғып жіберді. Көп ұзамай ел-жұртқа белгілі ғалым, академик, КСРО

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евней Бөкетов
еш кінәсіз орнынан босатылды. Онымен қоймай,
ұзақ уақыт қызмет бермей, академик Бөкетов бос
жүрді. Жазықсыз қызметінен босатылған Бөкетов

инфаркт ауруына ұшырап, ұзақ уақыт ауруханада
жатты. Кейінірек Қазақ КСР Ғылым академиясының
Қарағанды Химия-технология институтына қызметке
орналасты. Сонда жүргенде 1983 жылы екінші соққан

инфарктан қайтыс болды. Университеттің ректорын
ол кезде Қазақстан Орталық партия комитетінің
рұқсатынсыз облыстық партия комитеті де, жоғарғы
мектеп министрлігі де босата алмайтын еді ғой.

Димеке, сіздің аузыңыздан "Бөкетов үлкен ғалым,
академик, осындағы көрсетілген кемшіліктерді тез
арада жоюға өзінің де күші жетеді, комиссияның
жазбаша анықтамасын Бөкетовтің өзіне тапсыралық"

деген сөз шықса, ол бюрода сізді тыңдамайтын кім бар
еді? Меніңше, осы жерде сіздердің араларыңыздан
бір қара мысық жүгіріп өтті-ау деген ой мені мазалай
береді.

Қари СЕҢКІБАЕВ БӘРІМІЗГЕ ДЕ БАУЫР ЕДІ "Ленин туы" газетінің тамыз айындағы үш санында қатар жарияланған Евней Бөкетов туралы естелік маған және мен тәрізді аяулы жерлесімізді білетін басқалар үшін де өте қымбат. Евней жай ғана ғалым емес, ол өз халқына барынша еселі қызмет етуге тырысқан адал перзент еді. Қоғамымызды құлдыратып, жар басына апарып тіреген рушылдық, бақталастық, жершілдік, арамдық оның бойына мүлде жат қасиеттер болатын. Бір сөзбен айтқанда, партия атын жамылып, партияға қаскүнемдікке тең қылықтар жасаған Қонаевтар әулетінен гөрі, Евнейді нағыз коммунист деп ұялмай айтуға болады. Евней туралы естелікті оның інісі Қамзабай

жазыпты. Ал түптеп келсе, ол тек Қамзабайға ғана емес, адал жүректі адамдардың бәріне де бауыр еді. Мен Евнейді бала кезден білемін. Ол екеуміз 19331941 жылдары қазір су түбінде қалған Маревка селосындағы орта мектепте бірге оқыдық. 1942 жылы бізді соғыс айырды. Содан 1952 жылы ол мені ауылға өзі іздеп келіп сәлем берді. 1957 жылы ол біздің елге тағы бір келіп кетті. Содан былай екеуміз көп жыл бойы хат жазысып тұрдық. Ғалым атанып, қанша "іріленіп" кетсе де, қарапайымдылығынан бір танбай өтті. Ол туралы мен де ұзақ естелік жаза алар едім. Әзірге оның балалық өмірінен ғана аз-маз мағлұмат бергім келеді. Ғалым жай адамнан шықпайды. Евней бала кезінен кітапқа құмар болатын. Ең қалың да, түсінуі қиын деген кітаптарды екі-үш күнде оқып бітіретін. Мектептің шағын кітапханасында ол оқымаған кітап қалмаған болар. Оқығандарын кейде бізге де әңгімелеп беретін. Біздің де кітапқа, білімге деген құштарлығымызды оятатын. Сонысына орай, сабақта да озаттың озаты болып жүрді. Үздік оқығандарға үлкен қалаларға саяхат жасауға тегін жолдама берілетін. Евней бір жылы сондай жолдамамен Алтай өлкесіне де барып қайтты. Басқалай алған алғыстары, грамоталары, сыйлықтары өз алдына. Евней - көпшіл адам. Оқушы кезінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласушы еді. Керек етсе "режиссер" де, "артист" те болатын. Жаңылмасам, 7-8 класстарда оқып жүргенде болар, ол А. Пушкиннің "Жас мейман" атты шағын драмасының қазақша аудармасын өзі бас болып мектеп сахнасына шығарды. Драманы да өзі қойды, басты кейіпкерді де өзі ойнады. Осы күнге дейін ұмытпағаныма қарағанда, бұл қойылым әсерлі шыққан болар деп топшылаймын. Евней жастайынан нағыз патриот – интернационалист болып өсті. Орыс, қазақ тілдерін жетік білді. Бізді орыстың әдебиетінен, өнерінен

үйренуге шақыратын. Сонымен қатар өз ұлтымыздың
да қадір-қасиетін жете түсінетін, ұлттық намысты
жоғары ұстайтын.

Ердесбек ӘШЕНОВ АСҚАР ТАУ, ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ Мен – Евней Арыстанұлы Бөкетовпен бажамын. Ол кісі тым қарапайым, еңбекқор, ақкөңіл азамат еді. Жас шағындағы өмірін жақсы біле бермеймін. Евнейдің 50 жылдық торқалы тойына арнап жазған жолдамасында жерлесі, жазушы, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов жазғандай, далиған кең қазақ даласында жеркепеде өскен үйелмелі-сүйелмелі бес ұл екен. Соның ішінде Евнейдің жас шағынан-ақ зерделі боп өскенін, оқуға, ғылым-білімге құштарлығын жеткізе айтқан. Ішер астан тапшылық көрген, жоқжұтана болған. Алдарындағы бір сиырын сауып қорек еткен. Анасы сол сүттің қаймағын оңаша қойып, Евнейдің аузына тосады екен. Ай, қайран, шіркін, ана-ай! "Балаларым тез өссе екен. Мен солардың ел қатарлы жүріс-тұрысын көріп, көп қызығына батсам" деп армандаумен болған. Қандай аянышты, қандай қиыншылық көріп өскен балалар еді бұлар! Енді бүгінде сол ана аманаты өтелгендей. Евнейдің дене тұлғасын, маңғаздылығын көріп, ішпей-жемей тоясың! Евекеңді өз қатарларының ішінен, яки қалың бір топтың арасынан бейнебір күндей боп жарқырап шыққан жұлдызға теңер едім. Жасампаз еңбектің жаршысы болған данышпан адам. Озық ойлы, асқан зейінді, ғылымның әр тарапынан терең білімі бар, техника, металлургия ғылымы саласына да жетік, әрі зерттеуші, тарихшы, филолог-әдебиетші, сыншы, бір сөзбен айтқанда, халқымыздың дәл бүгінгі ғұлама ғалымы дерсің ауыз толтырып. Оның ой-санасы тез өсті. Алғырлығының арқасында өз жолдастарын бірден басып озды. Оның

табиғи ақылдылығына қайран қалатынбыз. Евнейдің айрықша дарындылығына қызығып, өз үйіне шақырушылар көп болатын. Табиғат сізді тамаша етіп жаратты. Сізге игі жан, жалынды жүрек берді. Мен сіздің осындай ғаламат теңдесі жоқ ерекше тұлғалы азамат екеніңізді ұнатып, өте жақсы көремін. Евней – озат ой иесі. Ерекше қабілеттілігінің арқасында орасан оқымысты болып шықты. Евней осынау тамаша еңбектерін қазақ тілінен гөрі орыс тілінде көбірек жазды. Пушкиннің, Лермонтовтың, сол сияқты белгілі көптеген жазушылардың еңбектерін қазақ тіліне еркін аударатын. Ал, біздің қазақ сыншыларының Евекеңнің сол еңбектерінің бір жерінде анадай еді немесе мынау былай болды деп сын айтқанын, қаламын қисайтқанын көргенім жоқ. Демек, ол кісі ғалым болуымен бірге әдебиетті де қатар алып жүрді. Сондықтан да Евнейге КСРО Жазушылар одағының мүшесі деген жоғары атақ берілуі тегін емес-ті. Евнейдің күнді күнге, таңды таңға ұрып, қажымас қайратпен мол михнат жасағанын жақсы білеміз. Оның өз лабораториясындағы ең соңғы еңбегі – көмірден мұнай алу мәселесі болды. Мұны практика жүзінде дәлелдеп көрсеткен. Дәл осы тақырыпта Мәскеуде, КСРО Ғылым академиясының корреспондент–мүшесі ғылыми атағын алар алдында сол жаққа баруға даярланып жүрген-ді. Міне, сол мезетте КСРО Ғылым академиясының президенті М.В. Келдыш Алматыға келіп, одан бірден Қарағанды қаласына сапар шегуі, Евнейдің еңбектерімен танысуы тегін дүние емес еді. Сол шақта біздің қуанышымызда шек болмады. Жүрегіміз тулап кетті... Евнеймен болған бір күн, бір сағат бізге рухани азық еді. Енді Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 17 жыл бойы төрағасы болған, одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов ағаның 70 жасқа толып, ол кісінің кіндік кесіп, кір

жуған жері – Түркістанға келгендегі сапарынан бір
үзік сыр айтайын.
Түркістаннан 50 шақырым жердегі Төрткүлде
асфальт жол бойында бұл кісілерді күтіп алуға

жиналған бір топ адам тұрмыз. Қалың талдың қою
көлеңкесінде, меске құйып алған қымыран мен
қымыз, бетіне сейдене сепкен ыстық тандыр нан,
минералды суымыз да жетерлік. Бір сағат өтті, екі сағат

өтіп барады. Шыдамның да шегі таусылды-ау. Ерсілі-
қарсылы ағылып жатқан машиналар легі таусылар
емес. Сәлден соң Шымкент жағынан бір "Волга"
құстай ұшып жетіп келді. Оның ішіндегі Түркістан

аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Махамбет Расул
Исахов болып шықты.

– Оу, бұл қалай? Нұрекең мен Евекеңдер өтті ме?

– Жоқ, таңертеңнен күтіп тұрмыз.

– Онда қалада бір жерге соққан болды ғой.

Обкомның пленумы болып, мен алдымен сөйледім де,
маған рұқсат берді. "Ауылыңа үлкен меймандар бара
жатыр. Әзірлік жасаңыз" деп обком хатшысы кесіп
айтты. Түркістанға телефон соғып, "Сыр бойына киіз

үй тігіңдер, әзірлік болсын", – деп ескерттім, ал енді
бұл меймандар 4-5 машинада. Жандарында үлкен
кісілер бар екен. Сонау 160 шақырым жерден шаршап
келе жатыр. Кәне, кімнің үйіне аялдай түсіп, дем

алады?
Тосушылардың бірі – колхоз төрағасы Әкім
Жұмашев, екіншісі – аудандық прокурор Арыстан
Нұрымбетов, енді біреуі - аудандық ауыл шаруашылық

басқармасы
бастығының
орынбасары
Баязит

Құдайбергенов, тағы сол сияқты лауазымы барлар.
Бәрі де бір дауыспен: "Әзірміз, әзірміз, Мәке", – деп
жатыр.
Сәлден соң мен сөз алдым.

– Мәке, ол кісілер Нұрекеңнің туыстары шығар.

Ал, біз – Евекеңнің бажасымыз, әрі Нұрекеңнің күйеу
баласымыз. Біз – облыстық "Оңтүстік Қазақстан"

газетінің қызметкеріміз. Біздегі бір байлық – қағаз-
қалам. Бар хал–қадарымызша күтсек деп отырмыз.
Мәкең мені қолтықтап оңашалап алып кетті.
Ішімнен мұнысы несі екен деп аң-таң болдым.

Сөйтсем, үйдегі бар әзірлікті сұрап білгісі келіп тұр
екен. Мен малдың сойылып жатқанын, қырғауыл,
қоян еттерінің де, балықтың да барын баяндағанда
қуанып кетті.

– Жігіттер, - меймандар түгелдей Ерекеңнің үйіне

барып демалады. Қапа болмаңдар, - деп айтқанда
әлгілер бір-біріне жалтақ-жалтақ қарады.
... Әне, тырнадай тізбектеліп төрт "Волга" келеді.
Алдыңғысында – Нұрекең, Евней, Нұрекеңнің досы

Райымбек Ахметов, академик Сұлтан Сүлейменов,
соңғылары
Жамбыл,
Шымкент

институтының
ректорлары. Сол меймандар біздің үйде аялдап
демалды. Одан соң Сыр бойына тартты... Шіркін,
атамекен – туған жердің топырағын айтсаңшы!

Нұрекең костюмін шешіп, иығына жамылып, терең
ойға шомып тұр. Елдің үлкен-кішісі Нұрекеңмен,
Евнеймен айқара құшақтасып, келулеріне сәтті қадам
тілеп жатыр. Біреулері көзіне жас алып: "Сағындық

қой, неге жиі келмейсіздер?" – деп қолқа салып
қояды. Бойжеткен қыздар мен жас келіншектердің
екі көзі Евекеңде.
Өзін кілең ғалымдар қоршап алған. Әзіл-оспақ

айтып, арасында қатты күліп қояды. Қыздар соған
мәз-мейрам,
аяқтарының
ұшымен

үйге
кіріп-
шығып, самаурынға шоқ салып, инабатпен сызылып
жүр. Бұлар осылайша Амангелді атындағы колхоз

орталығында ауылдың үлкен-кішілеріне сәлемдесіп
болғаннан
соң,
кештете

Сырдарияның
қалың
тоғайына қарай бет алды. Әне, өзен жағасындағы
қалың бидайықтағы көгі бар алаңға сегіз қанат киіз

үй тігілген. Үйдің жасау-жабдығы көз тартарлық.
Ай жарығы нұрландырған үлкен өзен суы, ондағы
балықтардың шолпылдай ойнаған сәті жан-тәніңізді
қытықтай

түседі.
Моторлы
қайықпен
саяхат

жасаушылар да табылды. Ал, Евекең суда жүзуді
қалайтын еді. Бірден шешініп құлаш ұрды да, мұхитта
жүзген кемедей дарияның ортасына дейін барды. Су

– тілсіз жау. Қорқып барамыз. Сәлден соң жиекке

оралды.

– Туу, мына судың рахатын-ай! Ыстық күнде ащы

терді кетіріп, бір сергіп қалдым ғой. Ай, шіркін, қайын
жұрттың ауылы осылайша кең жазиралы шалқар көл
ғой. Ерекеңді он төрт жылдан бері Түркістаннан неге
ұзап кете алмай жүр десем, осындай кілтипандары

барлығынан екен ғой, – деп Евекең рахаттана күлді.
Кең дастархан үстінде ұзақ әңгімеге көштік.
Нұрекең сөз арасында өзінің кіндік кесіп, кір жуған
жерін, атамекеннің әрбір тоғайы мен талын, сулы

жерлерде не егіліп, қандай кәдеге асып жатқанын
егжей-тегжейлі сұрады. Ауыл басшылары айтып
болған соң Нұрекең аспай-саспай жастық шақтағы өз
өмірінен үзінділер келтірді.

– Мен ол кезде Ташкентте оқитынмын, - деді

папиросын мүштікке салып, оған мақта салды да, -
елде ауыртпашылық, аштық болатын-ды. Артымнан
көмектесетін адам кемде-кем. Содан Сыр бойының
кілегей

өскен
қамыстарын
орып,
Түркістанға

сататынбыз. Мұны қаладағылар құрылыс материалы
ретінде көбірек пайдаланатын. Қамыс өзеннің бергі
бетінен гөрі арғы бетіне науша болып өсетін. Үлкен
өзеннен тек томар қайық арқылы өткізеді. Қамыс

орушылар мені үнемі алдына салып, томар қайыққа да
ертерек шығарып салатын. Содан көліктің екі беліне
буған қамыспен қайыққа отырдым. Қайықшы өте
қатал, қарабет адам болатын.

– Бала, ақша төлемей отырғаның не?

– Тәте, ақшам жоқ, оқушымын, көмек етіңізші, -

деп жалынып жатырмын.

– Айттым, болды, – деді де, теуіп түсіріп тастады.

Қолым тілім-тілім болған. Қамысты қайтадан буып,
қайтадан көлікке артып, қара терге малынып, арттағы
егде кісілерді тостым. Сол қайықшы кім еді? Бар ма
өзі?

– Жоқ, Нұреке, осыдан алты жыл бұрын өліп

кетті.

– Көрдіңдер ме, шырақтарым, қатал болудың

да жөні, реті бар. Егер қолдарыңнан келсе, кемтар
адамдардан қолғабыс көмегіңді аяма. Менің кейіннен
орман шаруашылығы институтына түсіп, орманшы
болуға ынтызар болғаным сондықтан. Табиғатты

аялап, орманды күтіп, қорғай біліңдер. Ол – ел
байлығы.
Келесі күні Нұрекең мен Евекең бастаған топты
Түркістан аудандық партия комитетінің бірінші

хатшысы М. Исахов шақырып, қонақ етті. Бұл жерде
орденді "Ачполиметалл" комбинатының директоры,

КСРО

Мемлекеттік
сыйлығының
лауреаты
С.Мәуленқұлов, Нұрекең Гурьев обкомында бірінші

хатшы
болғанда
обкомның
ауыл

шаруашылық
бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген, кейін
Алғабас аупарткомының бірінші хатшысы болған
Нұрмахан Әжіметовтер Нұрекең мен Евекеңдерге

шынайы ықылас танытып, сый-құрмет көрсетті.
Евекең Қарағанды университетінде ректор болған
кезде бірнеше кездесулеріне қатыстым. Мейлі сіз
кабинетінде болыңыз, мейлі зал мен аудиторияда

кездесіңіз, болашақ жастарға айтатыны – тәлім-
тәрбие мәселесі. Екі сөзінің бірінде Абайдың нақыл
сөзін мысалдап үлгі етіп ұсынады. Мәселен былай
дейтін: "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,

ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа
нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық!"
Абай
білімді

байлық,
атақ–даңқ
сияқтылардан
жоғары қояды. Адамның білімі, өнері – адамшылық

таразысы дейді. Ақын адамның ең қымбат кезі –
жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсау керектігін еске
салады. "Алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден,
ғалымдардан үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс"

деп айта келеді де:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, – деп қорытады.

Абайдың бұл пікірі сол кездері жаңалықты
аңсаушы адамдарға ортақ еді. Қазіргі талап та дәл сол
сияқты. Ненің жақсы, ненің жаман, дүниеде не дұрыс,
не бұрыс, адамға не қажет, не залал – осының бәрін

білімді адам толық біледі. Өз өмірін жандандырады,
өз халқына пайдасы тиеді деп ойлайды. Жастардың
бірінші міндеті ғылымға, білімге, білуге талпыну деп
біледі.

...Соңғы бір келгенімде Евекеңнің үйі бұрынғы
Ленин көшесінен қазіргі Дзержинский көшесі 65/2–
дегі баудың ішіне орналасқан сегіз бөлмелі жаңа
соғылған тамаша үйге көшіп болған екен. Евекең

осыдан 4-5 күн бұрын Алматыдан келген қонақтар

– атақты жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғабит

Мүсірепов пен композитор Б. Жұманиязовты алып,
демалу мақсатымен сонау Қарқаралыға кетіпті... Әрі
отырдым, бері отырдым, үйде ішім пысып барады.
Қарқаралының қай жақта екенін де білмеймін.

Тәуекелге салып автостанцияға бардым. Автобусқа
үш күнге дейін билет сатылмайды екен. Сол кездегі
комсомол обкомының бірінші хатшысы Қабжановқа
телефон соғып, мән-жайды түсіндіріп едім, "Сәл

кідіріңізші" деді. Көп кешікпей өзі де келіп, мені сол
күнгі рейске отырғызып жіберді. Жолда қатар отырған
омырауы орденге толы зейнеткер кісіден: "Мұншама
иін тірескен адамдар неге көп?" – деп сұрап едім,

"Қарқаралының қандай жер екенін білмейтін бе
едің? Қаладағылар демалысқа шықса болды немесе
сенбі мен жексенбі күндері де қала халқы сол жердің
көгін иіскеп, қымызын ішіп, аунап-қунап көңілді

бір серпілтіп қайтады. Мұның өзі біздерге жаңа күш
беріп, жаңа шабыт туғызады", – деді.
Сол атақты Қарқаралыға түске таяу жеттім.
Орталықтағы демалыс үйіне Евекеңдер кеше келіп

жайғасқан екен. Шіркін, атағына тамаша табиғаты
сай жер жаннаты десе болар. Бейнебір сұлу өлке.
Оның шексіз созылып жатқан таулары, баурайындағы
қылқан жапырақты ормандары өте тамаша. Сіз сол

таулардың етегінен жоғары қарай көтерілсеңіз, шалқыған шалқар көлді көресіз. Оның өз алдына бөлек тарихы бар көрінеді. Айнала тұтасқан орман, солардың арасынан неше түрлі хош иісті гүлдер мен өсімдіктерді кездестіреміз. Арасынан шипалы, дәрілік шөптер де ұшырасады. Сұлулығы тым ғажап өркешөркеш таулар бірімен-бірі астасып жатқаны анау... Сол қарағайдың ішінен самырсын мен балқарағайдың бір бұтағынан екінші бұтағына секіріп жүрген жымыңдаған сары күзен, ақ тиінді көріп, аң-таң болдық. ...Рұқсат қағаз алып, орталық штабқа келдім, сағат – 12.30. Сонау тау шыңына орналасқан бильярд залынан бір топ адам шықты. Содан бері қарай қатқабат тепкішек. Сол топтың алдында алып тұлғалы, кең кеуделі адам келеді. Оқта-текте қайырма шашына қолы тиіп, шағылысқан күн көзінен тасалай түседі. Сөйтсе де күн нұры, сәулесі осы адамға шоғырлана береді. Жақындай келе көзіме оттай басылды. Ол Евней еді. Жымиып күледі. Тіптен жақын қалдық. Бір кезде Евекең қақпақтай жауырынын кере түсіп, құлаш жая көрісті, шөпілдете сүйісіп жатырмыз... – Ай, ерім-ай, бұл жерді қалай таптың? Кім әкелді? Ел аман ба? Арттағы топтағылар тұрып қалды. Аң-таң. Солардың ішінен сарғылт түсті костюм киген Ғабит Мүсірепов ағамыздың омырауындағы жұлдыз күн көзіне шағылысып жалт-жұлт етеді. ...Кішкене қара торы кісі Қарқаралы аудандық комитетінің бірінші хатшысы екен. Ол: "Кәне, машинаға отырыңыздар, түс мезгілі болды, тамақтанайық", – деп, қатар тұрған екі " Волганың" есігін ашты. ...Орман ішінде пионер лагері орналасқан. Сол жерде тамақ әзірленіпті. Стол үсті мерекедегіше безендірілген. Әсіресе, үлкен шараға құйылып әкелінген, сары майдан сапырылған сары қымыздың исі мұрынды жарады. Шөлдеп барамыз. Әрі

сыпайылық танытып, әрі тағатсызданып отырмыз.
Сөзді Евекең бастап былай деді:

– Сөз кезегі қазақтың ұлы жазушысы,

Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов ағамызға
берілді.

– Рахмет, Евней! Мен саған талай рет уәде бер-

геніммен кеше ғана Қарағандыға келудің сәті түсті.
Енді бүгін атағы әлемге жайылған Қарқаралы жерін-
де тыныстап отырмыз. Деніңнің сауында көрген,
жүрген, қарыштап қадам басқан артық. Мен осы

өмірімде Қарқаралы жеріне үш рет қадам басыппын.
Алғашқы екі келгенімде аудандық прокуратураның
үйіне түскен едім. Контромаркалы пешіне орманның
қарағайын кесіп жаққанын көргенде төбе шашым тік

тұрды. Неге олар көмір жақпайды? Орман ағашын
жаққаны несі? Ол қылмыс емес пе? Иә, шынында да,
солай. Біз Евнеймен Қарағандыдан шыққан бойдағы
әңгімемізде осы жердің ағашын молайту мәселесі

бойынша көп толғандық. Мұндай табиғат байлығын
іздеп таба алмайсыздар ғой. Жолдас райком хатшысы,
асыңызды ішіп отырып, сынады деп қапаланба,
егер кімде-кім осы жердің ағашын қырықса немесе

бұтасын сындырса, соны қатаң жазалау керек. Неге
сіздер ел болып ұйымдасып жексенбілік жасап,
таудың етегіндегі сиреп қалған жерлеріне көшет,
шыбық екпейсіздер? Мен бұл мәселені Алматыға

барғанда Димашқа телефон соғып, арнайы мәселе
етіп қойдырамын.
Евней! Тағы да сөзімді саған арнаймын. Сенің
соңғы кезде жиі сырқаттанып жүргенің бізге

аяздай батады. Біз сенен, халқың боп таудай ғаламат
міндеттерді шешеді деп келіп отырмыз. Ауырма.
Көңілің көктемдей болсын, өмірің жаздай жарқырап
жүрсін!

Ғабекеңнің мына сөздері не деген асыл гауһардай
еді! Сырттай ағаның атын, еңбектерін білгенмен
мынандай кең дастархан үстінде ол кісімен
дидарласып сұхбат құру – менің өмірімдегі естен

кетпес оқиға болды. Ғабекең әр сөзді мәнерлеп, асықпай қабағын кере түсіп қызықтыра айтады екен. Қасында отырған жеңгей тым ұстамды кісі болса керек, оқта-текте бір езу тартып жымиып қояды. Үзіліс кездерінде қазақтың дарынды композиторы Базарбай Жұманиязов жұбайымен ән шырқап, көңілді бір серпілтіп тастады. *** ...Евнейдің қазасын төтенше естігенде естен айырылып, бүгіліп қалдық. Көзден төгілген жас саулап тұрды. Жас кетті, қыршын кетті. Бүкіл ел болып күңіреніп, қазасына күйзелдік. Аз өмірінің ішінде айтарлықтай мұра қалдырған, бергенінен берері көп дарынды ғалымның қазасына оны білген оқымыстылар қауымы, дос-жаран, жақындары қатты қайғырды... Амал не, орны толмас қаза болды. – Зүбәйра, Мәжит, Қамзабай! "Тас түскен жеріне ауыр" дейді. Болған іске болаттай берік болып, үлкен көшті тарта бересіздер де, қайтесіздер... "...Әке - асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" дегендей, Евней бізге ғана емес, бүкіл елдің сүйеніші, асқар тауы еді. Сол тау шыңға ұласып, мәңгі жарық жұлдыз боп көрінеді де тұрады көзімізге. Темірғали КӨКЕТАЕВ ҒҰЛАМАНЫҢ АСЫЛ БЕЙНЕСІ Еліміздің ардақ тұтқан абзал азаматтарының бірі – аса ірі ғалым, ұйымдастырушы, қаламгер, академик Евней Арыстанұлы Бөкетов туралы есімдегілерді қағазға түсіргім келген ниет мені жылдар бойы мазалап келген еді. Бірақ ниет бар да, оны жүзеге асыру бар ғой. Әр жолы алдыма қағаз жайып, қолыма қалам алған сайын жүрексіне бердім. Мұндай ұлы

адам жайлы жазу жауапкершілігін мойынға алу – аса
қиын шаруа екен. "Болмасаң да ұқсап бақ" дегендей,
Евекеңнің оқымыстылығын, кісілігін сипаттау –
сол ардақты ағаның қадір-қасиеттеріне деңгейлес

адамның ғана қолынан келуге тиіс деп білемін.
Евекең аруағы менің мақтауымды тілемейді. Ол
кісі өзіне-өзі тірі кезінде-ақ өлмес, өшпес ескерткіш
қойып кетті. Туған халқының жадында Евней деген

аттың сақталуының өзі арқылы ұлы азаматтың шыны
да, сыры да ақтарылып, алдымызға келе береді.
Жоғарыда айтқандай, бұл жазбаларым – Е. Бөкетов
туралы естелік емес, өзімнің азды-көпті өмірімнің

кейбір кезеңдерінің елесі ғана. Жалғыз мен емес,
осындай азаматты көрген, тілдескен, қызметтес
болғандардың әрқайсысының зердесінде сақталған
сәттер көп-ақ. Мен де сол сәттердің біразынан хабар

бермекпін. Әлбетте, есімде жаңғыртып, "Евекең айтып
еді" деген сөздерді оқырманға ұсына отырып, сол
сөздерді Евекең аузынан шыққандай нәрлі де мәнді,
толық толғамды, сәнді етіп бере алмағанымды білемін.

Білемін де алдын ала кешірім өтінемін. Сонымен...

Сағыныш
Ет жүректі, есті пендені алды-артына қаратпай
дедектетіп, тасқын судай тоқтамай, зулаған заман-ай!
Жақсыны да, жаманды да жетелеп, жеткен жерінде

қалдырып кетіп бара жатқан өмір керуенінің әр
көшінің жүгі өзінше. Міне, Қарағанды университетіне
де ширек ғасыр толып қалыпты. Осынау үлкен
шаңырақты белі бүгілмей, білімімен де, білігімен де

көтерген, әр уығын мәпелеп қадаған Бөкетов қайда?
Асқар биіктің қадірі алыстаған сайын білінеді: оның
күн сүйген шыңдары алыстан айқынырақ көрінеді.
Алып таудың бүкіл бітім–тұлғасы алыстан тым

көркем танылады. Бұл – мен ашқан жаңалық емес.
Санасы бар әрбір адамзат баласы танып келген
ақиқат.

Сол тау тұлғалы азамат туған жерінің қасиетті
топырағынан жаратылып, туған елінің ұл-қызына
өнеге боларлық өмір сүрген, ешкімге емінбей,
еңбегімен елге танылған, ерге лайық қылығымен,

қызметімен елін де танытқан. Қазақ аспанында
жарқырап тұрды, жарқырап өтті. Өтті дегенім –
арамызда жүрмеген соң қимағаным. Есімі ел есінде,
еңбегі ұрпақтар қолында, қайран Евекем! Сағындым

ғой! Сенің мол пішілген бітіміңе сай мол түсетін
көлеңкеңнен талайымыз сая таптық. Мырза жүзіңнен,
нұрлы жанарыңнан жылу алдық, қоңыр даусыңнан
қуат алып, қиындықты жеңдік, сенің шарапатыңмен

ер жеттік.
Әттең, ақын емеспін, Евней–дастан жазар едім,
сазгер емеспін, сенің жүріс-тұрысыңды, іс-әрекетіңді
әуенге салар едім, суретші емеспін, жаздай жадыраңқы

дидарыңды жанды бейнедей салып шығар едім,
жаратылыс, тылсым құпиясының қойнауына үңіліп,
талпынып жүрген бір пендемін. Біреу таниды, танып
тұрса да әлде біреуі танымаған болып танауын

көтереді, жаныңды түсінетін, барың мен жоғыңды
жазбай танитын өзіңдей аға аз бұл күнде. Бәлкім, маған
солай көрінетін шығар, өзіңді сағынғандықтан шығар,
басқалардың көңіліне келе ме деп сескенемін де, бірақ

ақиқат солай. Ендігі парызымыз – Евней Арыстанұлы
Бөкетовтің азаматтығы мен адамгершілігі, көсемдігі
мен шешендігі, ғалымдығы мен ұстаздығы, абзалдығы
мен аталығы туралы деректерді зерделеп, өшпей

тұрғанда қағазға түсіріп қалдыру.
Мұның
алдындағы
жазғандарым

қандай
қиналыспен келсе, бұл жолы да қол жүретін емес.
Жүректе сайрап тұрған естеліктер қағазға түскенде
тарыдай шашылады, жинайын деп ұмтыламын, тұтас

дүние туатын-ақ жағдайы бар. Бірақ, Евекеңнің аялы
көздері қағаз бетінен кетпейді. Теме, өтірік жазба,
мақтама мені, сөзіме қоспа, - дегендей сабырлы сеспен
қарайды. Абай бабамның айтқаны тағы бар: "Өлінің

жаманы жоқ, тірінің жаманнан аманы жоқ". Фәниден

бақиға көшкен адам жайында айтылған жағымды
пікірлер біреуге жалған көрінуі де мүмкін.
Евней ағам туралы елжірей сөйлеп, егіле жазуыма
да болар еді. Бірақ көк дөнендей жүйрік көңілге қасаң

қалам ілесер емес. Жауапты жүкті мойынға алуға
батылым бармайды. Бөкетов бейнесін сомдайтын
адам сол бейненің өзіндей болсын деп ойлаймын. Мен
одан төменмін. Ниетім адал. Кіршіксіз, кісіліктің үлгісі

болған үлкен Азамат, Ғалым, әрі Ұстаз ағам туралы
бұл жазбаларымды өмірдің өзінен алдым. Естігенімді
емес, көргенімді қағазға түсірдім. Әлдекімге қызықты
көрінбес, оны да білемін. Қызықтырайын деген

ниетім де жоқ. Бәлкім, кей жерінің қиуы келмей
жатар. Қиыстырып, боямалайтын ниетім тағы жоқ.
"Құп алмаса еш адам, өз жүрегім толғансын" дегендей,
сырым да, шыным да – осы шағын әңгімелер түрінде

кестеленген сөздер...
Бедел
Қарағанды университетінің үкімет шешімімен
ашылғаны да рас, мемлекет қыруар қаржы бөліп

қолдағаны да рас. Ол кезде бәрі де мол еді ғой. Одақтың
барлық республикалары мен аймақтары, қалалары,
мекемелері мен оқу орындары бір шынжырдың
үзбесіндей берік байланыс ынтымақта болатын. Ол да

бір үлкен байлық, береке еді ғой.
Осының бәрін бағалап, ескеріп келгеннің өзінде
Қарағанды университетінің дәл бүгінгідей шарықтап
өсуіне әуелде Евекең бастап берген дәстүр кепіл

болғанын мен білемін, айдай әлем біледі. Әсіресе,
бәкене ғана ортанқол институттан университетке
айналған шақта, бүкіл ұжымға біреу міней, біреу
сынай қараған кезеңде билік басында Бөкетовтей

бедел иесінің тұрғаны – бақытымыз екен. Ебіней
Арыстанұлының
жеке
басының

абырой-айбары
жоқтан бар жасады, барды – берекелі, азды – көп
етті.

Университеті бар ел – озық ел, ал бірнеше университеті бар ел тіпті озық болуы шарт деп отыратын ағамыз. Ол "университет" ұғымына Отанды өрге сүйрейтін білімдар, болашақтың іргесін бүгіннен қалайтын ұлтжанды зиялы қауым ордасы, ғылым-білімге құштар ақ жүректі, адал ниетті жастардың талабына тілеулес адал ұстаздар бас қосқан қасиетті отау деп қарайтын. Осыны әр кез бәріміздің көкірегімізге қондырып, өз ісімен көрсетіп отыратын. Университет дәрежесіне сай білім беру үшін осы заманғы озық лабораториялар мен оқулық құралдар іздеуден жалыққан емес. Сол жолда оқытушы мамандарды әлденеше ірі қалаларға, білім ошақтарына жұмсайтын. Сол сапарларда мен де болдым. Бір байқағаным – біздің Евекеңді елдің ірі университетінің көбі жақсы танып сыйлайтын. Қарағанды университеті қаз тұра бастаған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, Евекеңнің арқасында бүкіл Кеңес Одағына танымал болды. Олай дейтінім – шыны керек, Қазақстанның Қарағанды деген қаласында республикадағы екінші университет ашылды дегенді екінің бірі біле бермейтін. Ал, оның ректоры Евней Арыстанұлы Бөкетов десең: "Ол кісіні білеміз, өте үлкен ғалым, тамаша адам", – деп лебіз білдіргенінің талай куәсі болдым. Сол университетте өзімнің жұмыс істейтінімді мақтан тұттым. Соның айғақ дәлелі болсын, бір жағдайды айта кетейін. Бірде "Диэлектриктер физикасы" лабораториясын жарақтау үшін құрал-қондырғы, аспаптар іздеп, Латвияның астанасы Ригаға бардым. Онда көп жылғы бай тәжірибесі, ғылым әлемінде ойып алған орны бар Стручка атындағы университетке жол тарттым. Тіпті басшы қызметкерлермен таныстығым да көмектесті, іздеген шаруаларымды тауып, істің бетін қайырдым. Ғылым жөніндегі проректоры, деканы, кафедра меңгерушілері бетімнен қаққан жоқ. Заманның түзу кезі ғой, кей жабдықтарды арзанға, кейбірін тегіндей алып, қаттап-қағаздап қойдым.

Енді әкетейін десем, бас бухгалтер келіспейді. Өзінің
ереже-тәртіптерін көлденең тартады. Не керек,
босатпайды,
шаруам

қиындай
берді.
Жолаушы
адаммын, уақыт өтіп жатыр. Бас есепші жолатпайды.

"Ректорға бар", – дейді. Бұрынғы ректорды білетін
едім, онымен тіл табысар да едім, бірақ басқа жаққа
ауысып кетіпті. Келгеніне 5-6 ай болған жаңа
ректормен қалай түсінісемін, бухгалтеріне басшының

көбі-ақ жүгінетінін білемін.
Амал таусылды. Құр қол қайтуға болмайды. Тәуекел
деп ректорға кірдім. Сенгенім біреу-ақ – Евекеңнің
беделі. Қазақстаннан, Қарағанды университетінен

осындай-осындай
шаруамен
келгенімді
айтып

жеткізген болдым. Ол жақтың адамы заты тұйық
болады, оны бұрыннан білемін. Ешқандай сыр беретін
емес, оған қатысы жоқ әңгіме сияқты. “Иә, иә”, – деп
сызданып, басын кекірейте берді. Мені сонау қиыр

шеттен келіп, қиналып отыр-ау деп елең де қылмайды.
Не істеу керек? "Сізге Евней Арыстанұлы Бөкетов
арнайы сәлем айтып еді", – деп қалдым. "Бөкетов"
дегенде селк еткендей, маған еңкейе қарап қалды.

Сұрғылт жүзі өзгеріп сала берді. " Ә, ол кісінің хал-
жағдайы қалай? Ол – керемет ғалым, тамаша адам,
мен жақсы білем", – десін. «Сол кісінің арнайы
тапсырмаларымен келгенмін, сіз мәселені шешеді

деп аттандырған», – деп қосыңқырап жібердім.
"Шаруаңыз орындалады, жағдайыңыз қалай?" – деп
бәйек боп қалды. Бөкетовтің беделі Балтық бойында
да олқы емесін сезген мен өркештеніп, теңімдей, ескі

таныстай сөйлесе бердім. Сөйтсем, жаңағы ректор
Евекеңмен Мәскеуде бір жиында кездесіп, аз-кем
тілдескен екен. Бір көргеннен баурап алатын жібекке
күміс қосып өргендей, өрнекті де өнегелі әңгімесімен,

сұңғыла
сымбатымен
әркімнің
есінде

қалатын
қасиетті ағамыз осындай еді.
Қойшы, әйтеуір мәселе шешілді. Проректоры да,
басқасы да іске қосылды. Мені қия бастырмай тұрған

бас бухгалтер ше? Ол тіптен менің жүктерімді темір

жолға жеткізіп, контейнерге тиеп жөнелтуге дейін тапсырма алды... Қайтып келген соң Евекеңе болған жайды бастан аяқ баяндадым. Оның атынан ойдан шығарып сәлем айтқанымды естігенде құшаққа сыймайтын алпамса кеудесін еңкейте кеңкілдеп күлді. Қатты шаттанды. Балаша қуанды. Заты Евекең күлсе, шын күлетін, кейісе – шын кейитін. Бірақ дарақы, өтірік күлкісі жоқ еді. Ашуланғанда да тепсінбей, өтінен жарылмай, ызбар шашып ысқырмай, шын ниетімен ренішін наз, ескертпе түрінде ашық та батыл айтатын. Ұлы адамдар сөйтеді ғой... "Сенен неше түрлі шығады. Мен оны онша етене танымаймын. Кездесіп, тілдесуіміз мүмкін. Менің атымды алға тартқаныңның уақасы жоқ. Іспен барған соң, тындырып қайтқан жақсы", – деді. Қасындағыларға қарауымдағы бағынышты деп емес, істес, әріптес, мүдделес деп қарайтын. Лауазымын салмақтап, кісіге кекіреймейтін, адамды адам ретінде сыйлай білетін. Сонысымен қанаттандыратын, үлкен іске жігерлендіретін, жемісті нәтижеге жетелейтін. Аманат Университетіміздің шаңырағы жаңа көтеріліп, керегесі керіліп, алғашқы уықтары шаншылып жатқан кез. Пединституттың бұрынғы жалғыз ғана жалпы физика кафедрасынан бес кафедра енші алды. Құрал-жабдықтар жетпейді, лабораториялар кедей. Сол бір қарбалас шақта, қыруар жүкті мойны на алған ректорымыз қалт еткенде жаңа лабораториялардың жай-күйін мұқият қадағалап отырды. Сәті түсіп, оңалған шаруа көрсе масайрап, балаша қуанады. Бізді де мақтаудан кенде қалдырмайды. Жас мамандар қамқор ағаның қолдауын сезіп, қиялымыз қанаттанып, бір өсіп қаламыз. Әлі есімде, 1974 жылдың көктемі еді. Жаңа лаборатория құрып, оның жұмыс тәртібімен, құрал-жабдықтардың қызметімен ректорымызды

таныстырдық. Ықылас қоя тыңдап, тиісті жерінде сұрап дегендей Евекең риза болды. Бір кезде Евекең маған қарап: – Теме (марқұм ақырына дейін осы Темесінен жаңылмай кетті. - Т.К.), сен осы ылғи оқу лабораториясы, оқу жұмысы дейсің. Ал, енді ғылыми– зерттеу жұмысыңды жалғастыратын лабораторияңды көрсетші. Ол туралы әлі ештеңе айтқан жоқсың, – деді. – Евеке-ау, қазір ғылыми жұмыс туралы ойланатын жағдай бар ма? Әуелі оқу процесін қамтамасыз етіп алайық. Ғылымды содан кейін мықтармыз, – деп ақтала жауап бердім. Евекең сабырлы кейіпте, әр сөзін шегелей сөйледі. – Міне, сенің кемшілігің осы. Республикадағы екінші университет текке ашылмайды. Еліміздің қажеті үшін осы заманғы өскелең талапқа сай жан-жақты, жарасымды қалыптасқан маман даярлау процесімен қатар жүретін ғылыми-зерттеу лабораториясы да болуы әбден қажет. Кафедрадан тәлім алған мамандардың қатты дене физикасының белгілі саласы бойынша алған білімі бүгінгі күнгі зерттеулер деңгейінен көрініп, сол мамандар өз бетімен ғылыми жұмыстар жүргізе алатындай дәрежеге жетсе, нұр үстіне нұр емес пе?.. Евекең ерекше шабытпен жігерлене сөйлеп кетті. Оның әр сөзін бағып тұрған біз Евекеңнің тек басшы тұрғысында ғана емес, ғылымның жанашыры, жастардың қамқор тәрбиешісі ретінде талап қойғандығын аңғарған едік. – Міне, дәл осындай мамандар даярлау – біздің парызымыз. Әрбір студент міндетті оқу жоспары бойынша жұмыс істеумен қатар, ғылыми лабораторияның да белсенді мүшесі бола білсе, қандай жақсы. Сонда ғана біз өз жұмысымыздан қанағат табуға тиіспіз. Және бір айтарым, сен өзің де жассың. Ғылыми жұмысыңды күн сайын дамытып отырмасаң, тез қарайып қаласың. Ал, ғылыми жұмыспен

айналыспайтын бойкүйез, жалқау ғалымның біздің университет үшін қажеті жоқ, – деп айтайын деген ойын бір-ақ түйді. Үлкен ғалым-ағаның ақыл-кеңесі мен табанды көмегі арқасында ғылыми лаборатория пайда болып еді. Евекең аманаты біршама орындалғандай болды. Сол лабораторияда атқарылған ғылымизерттеу ізденістер нәтижесінде шәкіртіміз диссертация қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алды. Осы жолдардың авторы да ғылым өрінде біраз баспалдақтардан өтті. Ықылас Алғашқы кезде не нәрсе де жетпей жатады ғой. Әсіресе, ғылыми лаборатория жабдықтарын жинап алу қиынға түсті. Евекеңнің күшімен Мәскеу, Ленинград, Свердлов, Алматы сияқты ірі-ірі өндіріс орталықтарына тапсырыс беріліп, біраз жабдық та келіп жетті. Біразын өзіміз аяғымызбен барып әкелгенбіз. ...Ректор іздеп жатыр деген хабар алып, сабақ аяқталған соң келсем, Евекеңнің жүзі салқын, ашу үстінде отыр екен. Бірден дауыс көтеріп, зеки жөнелді... – Мен сені күткелі үш сағат болды. Қайда жүрсің? – Сабақта болдым, қоңырау соғылмай шығып кете алмадым. Жарты сағат бұрын ғана босадым, міне, келіп тұрмын, - дедім. Ректордың мұнша қаһарланған себебін білсем бұйырмасын. – Үлкенді сыйлау деген болады. Ылғи шулатасың да жүресің осы сен! Біреудің өзі барып алып келген жабдығын тартып аласың. Қандай хақың бар? Бер өзіне, тез қайтар! Мен аң-таңмын, әңгіме не туралы екенін білмеймін. Қарсы сұрақ қойдым: – Мен кімнен, не тартып алыппын?

– Сен Перевертунның Ленинградтан әкелген спектрофотометрін барымталап әкепсің. Саған бір тиынға керегі жоқ. Ертең өзің апарып бер де, бүрсігүні маған қайта кел! – деді. – Мақұл, - деп шығып жүре бердім. Өзі ректор болса, өзі Бөкетов болса, дауласып жатар жағдай жоқ. Бірақ, мен өз кінәмді түсініп болған жоқпын. Сөйтсек, жағдай былай болған екен. Евекеңнің Перевертун деп отырғаны Алексей Иванович, өзінің ең жақын достарының бірі, тіпті қазан-ошағы араласып кеткен десе де болады. Алматыдан Евекең өзі шақырып алып келген, әрі жасынан бірге өскен, сырлас, мұңдас дегендей. Сол Алексей Иванович (топырағы торқа болғыр) Ленинградтың механикалық оптика (ЛОМО) зауытынан өзі барып, жаңағы спектрофотометрді (СФ 4) жіберген екен. Алдында сол құралға біз де тапсырыс бергенбіз. Перевертунның әкелгенін мен білмеймін. Қоймаға келіп түсіпті дегенді естіп, құжаттарын тез жасап, лабораторияға орнатып та алғанмын. Тіпті қызыққаным соншалық, бір-екі сағаттың ішінде іске қосып жібердім. Мұнымды Алексей Иванович естіп, кештетіп лабораторияға келеді. Онда аспиранттар ғана болады. Мен үйге қайтып кеткенмін. Аспиранттар үйге телефон соғып: « Перевертун келіп тұр, құралды аламын дейді», – деп хабарлады. Таксимен тез жеттім. Алексей Иванович жігіттермен келіп құралды алғалы жатыр. Дау-жанжал басталды. Ұмытпасам жұдырыққа дейін кетті-ау деймін. Аспапты бергенім жоқ, оларды лабораториядан қуып шықтым. Алексей Иванович сол күні кешке Евекеңе барып, болған жағдайды айтады. Құралымды тартып алып, өзімді сабап жіберді деп өсіріңкіреп жеткізсе керек. Евекеңнің ашуланатын да жөні бар. Бірақ, білмеген у ішеді дегендей, менде не жазық бар? Айтқан уақытында Евекеңе қайта барып, барлық құжаттарды көрсеттім, түсіндірдім. Бізге ауадай қажет екендігін

айттым. Аспапта “Перевертун Алексей Иванович” деген жазу жоқ, – деп қосып қойдым. Мені тыңдап алды да Евекең дереу Алексей Ивановичті шақырып алды. – Сен маған неге өтірік айттың? – деп біраз тұқыртып алды да, – Көкетаев қоймаға келген құралды бұрын алды. Демек, оның өзінде қалады, – деп шешті. Жан жолдасы болса да, бұра тартпады. Тез сабасына түсіп, ақ-қарасын айырып, әділ билік айтқанына өзі де масаттанды. Маған оның зор тұлғасы тіпті іріленіп, ашық қабағының астынан күлімсірей қараған жанары ұшқын ата жігерленгендей көрінді. Ердің құны екі ауыз сөзбен бітті. Қолымыз жеткен жемістің нәтижесін көруге біз де асықтық. Кристалдарымыз дайын еді. 4-5 тәулік күн-түн демей еңбектеніп, сол құралмен жасалған ғылыми тәжірибелердің нәтижелерін көруге Евекеңді шақырдым. Мән-жайды баяндап бердім. Ғалымның аты ғалым ғой. Тез түсінді. Өте риза болып, жүзі жадырап, қуаныш сезімін де жасырмады. Бір жұмадан кейін Алексей Ивановичке Ленинградтан дәл сондай “СФ4” жіберілгені туралы жеделхат та келген екен. Келесі бір кездескенде Евекең: – Әй, Теме, сен анау Алексей Ивановичке қиянат жасапсың ғой. Менің жан досым екенін білесің. Әй, тым қияңқысың-ау, – деді қолымды ұстап тұрып. – Евеке, сонда мен бөтеніңізбін бе? – деп әзілге әзілмен жауап бердім. – Әй, қияңқысың, ол рас енді. Қамқор Евней Арыстанұлының жан-жақты адам екенін көпшілік жұрт біледі. Ескінің салт-дәстүрі мен жаңа өскен жас буынның талғам-талабын бағалайтын. Ал енді әлемдік ғылымның кәусарынан ғана сусындаған энциклопедиялық білімі мен сезімталдылығын оның

замандастары талай таныған. Ұйымдастырушылық, қайраткерлік қарымын осы университетті көтеруге жұмсағанын да ел лайықты бағалады. Ол кісі біздерді, оқу орнының оқытушылары мен ғалымдарын сабақты сапалы берумен бірге ғылыми жұмыстарға да жетелей білді. Терең де кең құлашты ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мән берді. Ол үшін арнайы ғылыми лабораториялар жарақтаудан күш те, қаржы да аяған жоқ. – Біз ғылыми қызметкерлер дайындау ісін жылдан-жылға нығайта түсуіміз керек. Қоғамның болашағы - ғылым мен ғылыми қызметкерлердің жемісті еңбегіне байланысты болмақ. Іргелі ғылымдарда өзекті проблемалық мәселелерді шұғыл қарап, терең үңіле, шеше білетін мамандарды негізінен университеттер шығарып отыруы тиіс. Бұл Евекең ұстаған темірқазық, берік те байламды бағыт еді. Осынау міндет қалай шешілмек? Дарынды жас талапкерлер мен тәжірибелі ғалымдар арасында тікелей қарым-қатынас болуы тиіс. Мұндай жанды байланыс, екі жақты ынта-ықылас болмайынша жас талапкерлердің бойындағы талап шоғы жалындап жанбайды, зерттеушілік мол тәжірибесі бар ұстазғалым да өзінен-өзі тоқырап қалуы мүмкін. Осылай-осылай ұқтыра, сендіре, өз ойларын бекіте келіп, аспирантура ашу қажеттігін әр жолы менің есіме сала берді. Алайда тілек-ниет бір басқа да, заманның өз ережесі мен талабы да бар ғой. Ол кезде ғылым кандидаты аспирантураға жетекші болуға рұқсат жоқ, ондай хұқық тек ғылым докторларына ғана берілген. Кандидатқа аспирантура ашу мүлде сирек, ерекше бірді-екілі жағдайда ғана болатын шаруа еді ғой. Бір күні Евекең мені арнайы шақырып алды да: “ Ал саған аспирантура ашатын кез келді. Ғылымың жақсы жүріп жатыр. Тиісті құжаттарын тез дайында”, - деп тапсырма берді. Әрине, мен Мәскеуден қаймықтым. “Ғылым орталықтарынан шет жатқан кандидатқа рұқсат бере қоймас, әзір қоя тұрайық,” - деп көне

қоймадым. “Оныңа келіспеймін, - деді Евекең, - сен ғылыми-зерттеу жұмыстарыңның жоспарын, жариялаған мақалаларыңның тізімін әкел. Негізгі проблемаларды көрсет, тақырыптарды нақтыла. Сипаттама-дәйектемені өзім жазамын да, ВАК-қа (жоғарғы аттестациялық комиссияға) жіберемін”, - деді. Содан 3-4 айдай өтті. Бір күні Евекең тағы шақырып, құттықтады. “Қатты дене физикасы” мамандығы бойынша менің жетекшілік етуіммен аспирантура ашу жөніндегі ВАК шешімін қолыма ұстатты. Міне, ғылымға, сол ғылымды жасайтын адамға деген қамқорлық осындай болар. Евекең ашқызған сол аспирантурадан оннан аса ғылым кандидаты, бір ғылым докторы диссертация қорғап шықты. Енді, міне, өткен жылы қатты дене физикасы мамандығы бойынша менің жетекшілігіммен докторантура ашылды. Шіркін-ай, осыны көрсе, қандай қуанар еді ағамыз! Сенім ...Университетіміздің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры бір жағдаймен қызметінен босады. Бір күні ректор шақырып жатыр деген соң Евекеңе келдім. Сәлемімді алды да, отыр дегендей орындықты нұсқады. – Теме, сені ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорлыққа ұсынуды ойлап отырмын, - деді. Албырт жастық па, әлде жүрексіндім бе, тосын ұсыныстан тез-ақ бас тарттым. – Мен бұл жұмысты істей алмайтын шығармын. Шамам келмес. Әуелі кафедрамды жөнге келтіріп алайын, - дедім. – Жарайды, мен ұсынысымды білдірдім, ойлануға үш күн беремін, - деді ректор. Екі күннен кейін Евекеңнің алдына тағы келдім. – Евеке, көп ойландым. Үй ішімен ақылдастым.

Сеніміңізге көп рахмет. Мен проректор болмай-ақ қояйын. Басқа азаматтар бар ғой. Кафедрамыз жаңа құрылып жатыр, - дедім. Мұндай жауапты қызмет үшін әлі жас екенімді де білдірдім. Ректор аз-кем ойланып отырды да: – Болмайды. Айтқан себептеріңнің біреуі де орынды емес. Жаспын дейсің. Ана жылы Қанекең (Сәтпаев-Т.Қ) мені де осылай шақырып алып, осы Қарағандыға, жаңа құрылып жатқан Ғылыми-зерттеу институтына директор етіп жібергенде 34-35-терде ғана болатынмын. Қазіргі сенің жасың, қабілетің жетеді, көріп жүрмін. Көмектесеміз. Жұмыстан сырғақтай беруге болмайды. Қиыншылықтан қашпа. Бұл орынға таласып араға кісі салып жүргендер көп. Қолыңнан келеді, мен сенемін. Евекең кесімін айтып барып тоқтады. Ең ауыры “сенемін” деген сөзі болды. Заты, қазақтың осы бір “сенім“ деген сөзінің құдіретін түсініп болдық па? Жоқты бар қылатын, болмасты болдыратын сенім емес пе? Сенім арқалаған азамат басын оққа тігеді, жанын отқа салады, өзіңе-өзің сенімді болсаң, басқаның сеніміне ие болсаң, бойыңа қуат, ойыңа қанат бітеді. Мені қинаған ардақты ағаның сенімі еді. Бастықтың сенімі деп түсінген жоқпын мен. Бөкетовтің сенімі – ел ардақтаған қадірлі азаматтың, үлкен кісінің сенімі ғой. Жалтарар емеспін. Не істеу керек? Көңіл түкпіріндегі арман-мақсатымды, ақырғы уәжімді ақтарып тастадым. – Сеніп отырсыз ғой. Сіздің сеніміңізді аяққа басатын мен емес. Түсінемін. Қолымнан келеді. Проректор болғым да келеді. Өзіңіз шешіңіз. Бір ғана сөзім бар. Ғылыммен айналыс деп осында алып келген өзіңіз едіңіз. Докторлық диссертацияның тақырыбын бекітіп, жоспарын жасап қойдым. Жақында ғылыми жетекшім академик Лущикке көрсетіп, жұмысқа кірісіп едім. Ал, басқару жұмысына беріліп кетсем, үш-төрт жылдан кейін физикамен қоштасамын ғой. Өзіңіз білесіз, біздің ғылымда екі-үш ай мақала

оқымаған, лабораторияда тәжірибе жасамаған адам не болады? Егер ғылымды таста десеңіз, бұйрығыңызды бере беріңіз, мен қарсы емеспін, - дедім. Менің қас-қабағыма зер сала қарап отырған Евекең көкейімдегіні айнадағыдай көріп-ақ қойды. Сөзімді бөлген жоқ. Өтініш те білдірмеді. Қысқа қайырды да, әділ шешімін айтты: – Болды, – деді, – сенікі дұрыс екен, мен саған ғылымды таста деп айта алмаймын. Уақыт өте берді. Әлгі әңгіме болмағандай, ол тақырып қайта қозғалған жоқ. Евекең менің ғылыми шаруаларымның барысын бақылап, мән-жайды сұрап отырды.

Лебіз ...Евекеңнің кабинетінде отырмын. Әдейі шақырып алған. Жүзіме сынай қарап отырды да: – Сен осы кванттық механикадан лекцияны қай жерден тыңдадың? – деп күтпеген сұрақ қойды. – Тарту университетінде дедің-ау бір жолы. – Иә, сонда тыңдадым. – Неге? Не үшін? – Біріншіден, мен пединститут бітірдім. Онда кванттық механика сабақтары өте аз. Өз бетіммен игермек болғанымда, жауабын таба алмаған сұрақтарым көп болды. Екіншіден, Тарту университетінде ол кезде Лиас деген өте мықты профессор дәріс берді. Кванттық механика физиканың негізі ғой. Оны жете білмей физик бола алмаспын дедім. – Сонымен сен кванттық механиканы жақсы білем деп отырсың ғой. – ҚазПИ-де осы пәннен үш жыл қазақша лекция оқыдым. Евекең біраз ойланып отырды да: – Осы кванттық механиканың негізін маған түсіндіре аласың ба? - деп, орындығын қозғап, жайланып отырды.

Мен: – Шредингер теңдеуін жазып, оны шешкенде спектрлердің мәндеріне сәйкес функция болады, – деп, бастай беріп едім: – Тоқтай тұр, сен маған оның негізгі идеясын, одан шығатын қорытындыларын түсіндір. Анау математикалық күрделі теңдеулерді қоя тұр, – деді. Мен қарапайым түрмен түсіндіре алмайтынымды, тек математикалық өрнек, теңдеумен жеткізіп бере алатынымды айттым. Евекең көнбеді: – Жоқ. Егер сен шын терең білсең, оның негізін математикасыз да түсіндіресің. Жақсылап ойлан. Бір айдан кейін кездесейік, - деді. Шынымды айтсам, кванттық механиканы математикалық теңдеулерсіз түсіндіру деген ешуақытта ойыма кіріп-шықпапты. Көп ойландым. Кітап ақтарып көріп едім, мәселе одан сайын қиындай берді. Енді кітапқа қарамай, кванттық механиканың негізгі идеяларын ойша қайта шолып шықтым. Сөйтесөйте белгілі бір жүйе қалыптасты. Өзіме-өзім сендімау дегенде Евекең телефон соқты. Шақырды. Бардым. – Теме, қалай кванттық механиканы біле ме екенсің? Ал, мен тыңдауға дайынмын, – деді де, оның неге керек болғанын түсіндірді. Сөйтсем, кванттық механика принциптеріне сүйене отырып, Менделеевтің периодтық кестесінің ішкі сырын ашу үшін, сөйтіп, оқу құралдарын жазу үшін керексінген екен. Осылай үш-төрт рет отырып, әңгімелестік. Евекең риза болды. Мақтағанды кім жек көреді, мен де үлкен іс тындырып, қуандым. Содан 5-6 ай өткен соң Евекеңнің аталмыш оқулығы басылып шықты. Кейін бірде сондағы қиналғандарымды жасырмай айттым. Біраз уақытқа дейін жүздесіп қалған сәттерде: – Теме, сені бір састырдым-ау, - деп күлетін. Бұл әңгімені есіме алып отырғандағы себебім, Евекеңнің оқымысты ретінде алғыр қабілетіне тәнті болғанмын.

“Керемет! “ Евекеңнің құдай берген дарыны өлшеусіз десем, артық болмас. Бұл сөзді басқадан естігендіктен емес, өзім көріп, көбіне куә болғандықтан айтамын. Ғылым мен мәдениеттің қай саласында да қолға алған ісіне шын ғалымша үлкен парасат, жауаптылықпен қарайтын. Қашан да басқаның соқпақ-сүрлеуіне түспей, өзіндік, бөкетовтік тың жол табуға құштар еді. Қашан да оның миы жұмыс үстінде, өзі шығармашылық жағдайда болатын. Мен, әрине, жазушы емеспін. Евекеңнің шығармашылығына тәнті екенім рас, оның еңбектерін бір кісідей жақсы білетінім де өтірік емес. Дегенмен, мына бір сәт есімде, әлі күнге ұмытпаймын. Бір шаруамен, Евекеңе жолықтым. Әңгімелесіп отырмыз. Сөз арасында әңгіме арнасын бұрып: “Теме, сен осы қазақ мектебін бітірдің ғой?” – деді. “Иә, солай”, –дедім. «Сен осы Маяковскийдің «Хорошосын» оқыдың ба?» – деді. “Иә оқыдым. Әлдеқашан мектепте оқығанмын”, - деп жауап бердім. – Мазмұнын білесің бе? – Жоқ, білмеймін. Ұмытып қалыппын. – Сен соны тағы бір қайтара оқып шықшы. Жақсылап оқы. Түсініп оқы, - деді Евекең. Ол уақытта жұмыс тіпті көп. Лабораторияларды жабдықтау, бағдарламалар жасау, лекциялар дайындау, сабақ беру... Дайын ештеңе жоқ. Бәрін өз бетімізбен тыңнан ойлап, жоқтан бар жасап жатқан кез. Әйтеуір уақыт тауып Маяковскийдің әйгілі поэмасын сыдыртып оқып шықтым. Түсінуге қиындау. Жаттауға тіпті тіс батпайды. Ұзын–ырға мазмұнын есімде жаңғыртып алдым. Кабинетіне келесі бір кіргенімде Евекең сұрады. Оқығанымды айттым. Суырмасынан кітап пен қағаз алды да поэманың екі-үш шумағын оқыды да, қазақша аудармасын жалғастырды. “Қалай екен?” – деді. – Евеке-ау, мен әдебиет ауылына көрші қонбаған

адаммын. Физиканы ептеп білсем де, бір басыма жетер. Сіздің тәржімаңыз туралы мен пікір айта аламын ба? – деп әзілге бастым. Шыным да сол еді. – Жоқ. Сен өзіңді-өзің олай кемсіткенді қой. Ғылым мен әдебиет біріне-бірі жақын, керек десеңіз, біріне-бірі ұқсас дүниелер. Екеуі де оймен, толғаныспен келеді. Екеуіне де ерлік керек. Екеуі де еңбек тілейді. Тіл – ойдың анасы. Сауатсыз сөйлеп, сауатсыз жазатын адам сауатсыз ойлайды. Сауатсыз ойлаған адам ғалым болмайды. Өз ойыңды басқаға дұрыс жеткізе алмасаң – толық мағынада ғалыммын деуге де болмайды, – деп келді де, ой өрісін кеңейтудің бір амалы – әдебиетпен тату болу. Ғылым жолындағы адамдар тек мамандығы бойынша ғана емес, көркем, тарихи, танымдық әдебиеттерді де оқи жүргені дұрыс. Әдебиет адамға рухани азық, тәрбие береді. Тек физикамен жүре берме, сен жақсылап оқы, мынау «Хорошоның» қазақша аудармасы, – деді. Қолыма бір бума қағаз ұстатты. Ғұламаның алдынан осындай сабақ алдым. Ағаның айтқанын ой елегімнен өткізіп көрсем, айнадағыдай ақиқат. Өзі ректор, өзі академик, жаратылыстанушы ғалым, мені үгіттеп әрекетке қарай сүйрейтіндей не болыпты, – деп ойлаған жоқпын. Ақыл-кеңесін өмір бойы естен шығарған емеспін. Әлбетте, шығармаларды бұрыннан да оқитынмын. Бірақ, менің оқуым басқа екен. Евекең айтқандай, «жақсылап оқу керек» екен. Таңдап, талдап оқу, түсініп, тұшынып оқу керек екен... Он шақты күннен кейін қайта бардым. Қалай оқығанымды, нені түсініп, нені түсінбегенімді сұрады. Содан соң: – Осы « Хорошоны» қалай қазақшалауға болады? – деді. – «Жақсы» , – деп сарт еткіздім. – Жоқ, алып-ұшпай, ойланып, мазмұнына терең бойла. Ойлан, «Хорошоны» жақсыдан басқа қалай қазақшалауға болады? – деп нығырлай түсті.

– Евеке–ау! Баяғыдан бері «Жақсы» емес пе? Мектепте де солай оқығанбыз, – деп келе жатыр едім... – Сен ойланып тұрған жоқсың. От алып қамысқа түспе, аптықпа. Ойлан. Салмақта, сарала. Ғалым емессің бе? Сонан соң он шақты күннен кейін кел, – деді. Шынында поэманы қайта оқысам, жай ғана «Жақсы» емес екен. Шығарманың көтеріңкі көңілкүй, салтанат сарыны «Жақсыдан» гөрі биігірек. Және де «Хорошоның» соңында леп белгісі тұр. Ендеше, бұл сөз үлкен тебіреніспен, таңданыспен, зор қанағат сезіммен айтылған сөз. Шай ішіп отырып айта салған «Жақсы» емес. Амандық сұрасып: «Халің қалай?» дегенде солғын ғана айта салатын «Жақсы» да емес. «Жақсыдан» гөрі жақсырақ. Оған көзім жетті. Демек, леп белгісі бар «Хорошоның» баламасы – «Өте жақсы!”, “Керемет”, “Тамаша” болды ғой. Маған олжа болып оралған бұл сөздерді қайта келгенде Евекеңе тізіп бердім. “Менің түсінгенім осы, басқаны көре алмай тұрмын”, – дедім. Евекең қуанып қалды. – Міне, ойланғансың. Мен “Хорошоны” “Керемет!” деп аударып қойдым “, – деді. Мұны айтып отырғаным – Евекеңнің бір сөздің баламасын қанша іздегенінде емес, әр нәрсенің байыбына бойлап, құбылыстардың құпиясына үңіле білетіндігі. Осының өзінен шәкірттеріне қанша өнегелік сабақ шығады десеңізші. Баяғыда аударып қойған, құлаққа сіңісті болған, кітапқа кірген жалғыз сөзді қайта тексеріп, жан бітірген Евней Арыстанұлы осындай адам еді. Мінез Қасында жүргенде қадірін біліппіз бе? Мәңгі жасайтындай көрдік қой. Евекеңнің әңгімелерін зерделеп, көңіл көрігінен өткізіппіз бе? Әйтпесе, ғибрат аларлық сөздері көп еді. Қазір ойлап отырсақ,

кейбірі есте қалыпты, кейбірі ұмытылыпты. Бәлкім,
көп сөздерін түсінбеген де шығармыз.
...Әңгіме адам мінезі, мінездердің тағдырға қатысы
туралы өрбіді де, Баукеңнің (Бауыржан Момышұлы

– Т.К.) әрқилы мінездері, әрекеттері туралы арнаға

да ұласты. Отырғандар естігендерін, көргендерін
айтысты. Бір кезде Евекең сөз бастап кетті. Евекең
айтқанының ұзын-ырғасы мынандай еді.

- Ұлы адам өзін ұлымын-ау деп ойламайды деп

ойлаймын. Әйтпесе сол Баукеңдер қисық мінезіне
салмай, басын бір-екі рет ие салса, кемі генерал,
әйтпесе маршал болатын еді.Олар халқына қанша көп
пайда келтірер еді, - деген.

Мұны неге айтты деп кейін ойласам, сол Баукең
жағдайы Евекеңнің өз басында да болған екен ғой.
Евекеңді ректорлықтан әдейі түсіруге Орталық
Комитеттен арнайы комиссия келген. Он шақты адам

сол комиссия мүшелеріне жолығып, “мұң-зарын”
айтқаны, Евекеңді ғайбаттағаны да рас. Комиссия
аттанып кеткен соң гу-гу сөз, өсек-аяң қаптап кетті.
Бір күні Евекеңнің кабинетіне кіріп, сәлем бердім.

– Евеке, неше алуан алып-қашпа әңгіме бар,

соның өтірік-расын өз аузыңыздан естігелі келдім,

– дедім. Евекең ауырлау, жабырқаңқы отыр екен.

Демалатын бөлмесіне ертіп апарды.

– Теме, сол сөздің біразы шындық. Комиссия

тексерісінің
қорытындысы
бойынша
мені

рек-
торлықтан босату туралы обкомға қағаз да келіпті.
Маған қалай айтудың ретін таба алмай отырған
сияқты. Алматыдағы дос-жолдастар Д. Қонаев інісі

Асқардан кешірім сұрасаң, бәрі орнына келеді
деп звондап жатыр. Мен кешірім сұрағандай не
жазыппын? Не деп кешірім сұраймын? Екінші жол
да бар. Бұлармен қарсыласып бір-екі жыл отыруға да

болар. Одан не табамын. Оған денсаулық жете ме?
Тіпті университет ұжымына кесірім тиюі мүмкін.
Ертең обкомға барып, өтініш берсем деп отырмын.
Біраз еңбек еттік, халық өз бағасын кейін береді ғой,

– деді.

– Евеке, мен Сізге ақыл айта алмаймын ғой. Қалай

болғанда да денсаулығыңыз мықты болсын, –дедім.

– Рахмет! Ғылым жағын айналдыра бер. Келешегің

алда. Тек мінезің тым тік, шатақтаусың ғой. Байқап
жүр. Ғылымнан басқа әділ, жарық жол жоқ, – деп
жөн сілтеген еді.
Жоғарғыда Баукең туралы айтқаны өзі туралы

айтқаны екен-ау, қайран аға! Сол кезде бір ғана иіліп,
кешірім сұрай салса, бәлкім әлі арамызда жүрер ме
еді?!
Мүмкін менің бұл ойым қатардағы пенденің

өзінше топшылауы шығар. Ұлы адамдарға ұлылық
жарасады ғой. Кішіреймей өткені дұрыс та болар.
1995 – 1997 ж.ж.

Ғабдолла ҚҰЛҚЫБАЕВ

ӘДЕБИЕТШІ

Осыдан жиырма жылдан астам бұрын академик
Бөкетов Евней Арыстанұлының 50 жасқа толған
мерейтойы Қарағандыда өткені жұртшылыққа
белгілі. Сол тойға жан-жақтан, сол кездегі КСРО–

ның көптеген белгілі азаматтары қатысты. Мерейтой
иесінің мәйменесін асыруға үлес қосып жатты. Ресми
орындардың қыспа-қыспаға салғанына қарамастан
қала халқы ерекше бір мерей мезімдеріне бөленіп,

жарқын толқындар құшағында жүрді. Оған себеп

– бұрын-соңды Қарағанды топырағында академик

тойы болмаған еді. Сонымен қоса Евней ағаның қала
өміріндегі зиялылық һәм парасаттылық тұғыры ала
бөтен биік болатын да, сол қала тұрғындарына дарын
жылуы мен жарығы, көрсетер үлгісі мен өнегесі мол

еді. Мерекелі жиналысқа жиналған жұрт кішігірім
залға сыймай қалып, көбісі есік сыртынан-ақ келген
әйгілі қонақтардың лебіздерін құмарта тыңдап тұрды.
Бір кезде мінбеге аппақ шашы желкесіне жалбырай

түскен, қыра қабақты, биік еңселі ақын көтерілді. Ол
қазақтың ақиық ақыны, әрі сұңғыла ғалым Әбділда
Тәжібаев еді. Өзіне тән ғажайып қоңыр даусымен
екпіндей сөйлей кеп, ақын Евней ағаға арнап өлеңін

оқып, сөзін аяқтады:
... Елуге келсеңдер Евнейдей болып келіңдер
Елуге келгенде Евнейше есеп беріңдер!
Сөйтті де, аса толқыған кейіппен алпамсадай

Евекеңді бауырына қысып, арнайы әкелген сыйлығын

– алтын зереңді қолына ұстатты. Елді әсерге бөлеген

ақын сөзі, ақын ықыласы академик Бөкетовтің
тағдыр сыйлаған талантының тағы бір қыры жазушы,
әдебиетшілігіне көрсетілген ілтипатының көрінісі
болатын. Әрине, академик Бөкетовтің жазушылық

еңбегін сөз еткенде, ең алдымен, оның әлемдік және
отандық ғылымды терең тұжырымдармен байытқан
химиктер мен металлургтердің тегеурінді ғылыми
мектебін қалыптастырған заңғар ғалым екендігін тағы

да айта кету лазым. Дей тұрғанмен, оның жарқын һәм
қуатты талантына таза бір салаға ғана бағытталған
біржақтылық, бірізділік тән болуы мүмкін емес еді.
Өзінің ең жақын тартқан дарынды шәкірттерінің

бірі профессор В. П.Малышев жазғандай, академик
Бөкетов ғылыми еңбектерінің өзінде де өте кең
алымды, әрі әмбебап болатын. Шынында солай болуы
әбден ықтимал. Өйткені, оның ойлау қуатының күш-

құрамы мен тарату өрісінің үдемелілігі соншама
адамға тән қаракеттерінің қай саласын болса да
қамтуы табиғи еді. Сондықтан да, академик Бөкетов
ғылыми салада салған сара жолымен қатар, әдебиетте

де айқын із қалдыра білді деп айтсам, артықтығы жоқ.
Өзінің туған інісі, әрі биографы Қамзабай аға
Бөкетов есебінше Евней Бөкетовтің 50-ден астам
көркем

шығармасы
(оның
ішінде,
«Алты

хат»
атты роман-эссе мен аяқталмай қалған «Сәтпаев»
романы), 20-дан астам дүниежүзілік классикалық
әдебиеттен жасаған аудармасы және көптеген әдеби-

публицистикалық, әдеби сын мақалалары, хаттары

бар. Соның бәрінің басын қосса қалың-қалың 5 томнан асады екен. Зиялы қауым ол кісінің қазақ және орыс тілдерінде шыққан «Атан қомында туған адам», «Шығармашылық қырлары», «Алты хат» кітаптарын жақсы біліп, іздеп жүріп оқыған. Евекеңнің кейбір очерктері сол кездегі Мәскеу басылымдарында да шығып үлгеріп еді. Мәселен, «Атан қомында туған адам» очеркі Мәскеуде шығатын «Знамя» журналында, «Шоқанның қасиетті ісі» деген очеркі одақтық «Пути в незнаемое» жинағында жарық көріп еді. Ғалымдардың әдеби шығармалары мен ғалымдар жөнінде жазылған көркем дүниелерді жариялап тұратын «Пути в незнаемое» атты өте беделді жинақтың редколлегия мүшесі де болатын. Айта кетер бір жай, бүкіл Одақтас республикалар зиялыларының ішінен сол жинақтың редколлегия мүшесі дәрежесіне ие болған бірден-бір жазушы-ғалым осы біздің Евней Бөкетов қана болатын. Мейірімсіз ажал, не керек, ол кісінің осы жинаққа қосар игі істерін жалғастыруға мұрсат етпеді. Евекеңнің «Алты хат» романы «Простор» «журналына «Жарық тағдырдың сырлы сәті» деген атпен жарияланған кезі бір естен кетпес өкінішті кез еді. Академиктің жарқырай ашылып, жалындай лапылдап келе жатқан әдеби таланты іші тар көрсоқырлардың қызғанышын өрттей лаулата бастаған болатын. «Хлестаковпен бірігіп жазған» деген атпен «Ленинская смена» газетінде жарияланған Рощин деген бір міскіннің пасквиль мақаласы көпшіліктің әлі есінде болса керек. Сталиндік заманның ең қарау кездерін еске салатын бұл мақаласымақ, әрине, академик Бөкетовтің жарты өмірін жер жастандырғаны анық. Осы мақала шыққан соң Евекеңнің қандай күйзелістолғаныстарға душар болғанын айтып жату артық та шығар. Ол кісі сырт көзге ішкі толқыныстарын көрсете де бермейтін. Бірақ, қособаның түбінен

атқан қаныпезер мергеннің оғы қақ жүректен дөп тиіп, нәзік жанды қанжалата жаралағаны, сөйтіп татар дәмі мен көрер күнін қысқартқанында ешқандай күмән жоқ. Соған қарамасан тапжылмай еңбек етіп, «Сәтпаев» романының тарауларын жазудан бір сәт те қол үзбеп еді. Тіпті сол еңбек рахаты оның көңілін басқаға алаң қыла бермейтін. Дегенмен де, жаралы жаны ауырып, жүрегі сыздаған кездерде өзінің жақын көрер достары, іні-шәкірттері алдында Абай өлеңдерін жатқа дауыстай оқығанды әдет етер еді. « ... Жаны жақсы адамды қаптырам деп, Әркім бір ит ұстап жүр ырылдатып», немесе «Ойлы жанға қызық жоқ бұл жалғанда, Көбінің іші – түтін, сырты – бүтін», немесе «Арсыз болмай атақ жоқ, Алдампаз болмай бақ қайда?!». Міне, осылай өзінің жан тірегі, көңіл қуаты Абай өлеңдері арқылы іштегі дертті, жалын мен түтінді, көңілдегі кірбіңді, ойдағы сыздауықты сыртқа сыздықтай шығарар еді. Өмір деген осы – ырылдатқан иттеріне қаптырғандар ешкімнің есінде жоқ, ал Евекең болса күннен-күнге зорайып, халық санасында зәулім бәйтерекке айналып барады. Жиырмасыншы ғасырдың данышпаны–атақты академик В.И.Вернадский айтпақшы, «Түптің түбінде, елдің көбі бағалап, не уақытында түсінуге қабілеті жетпегендігін көре білетін ғалым адамның ғана айтқаны дұрыс боп шығады». Дәл осылай болды да! Евней Бөкетовтің ғылыми, әдеби еңбектері өзінің жарқыраған ұшқындарын алыс жағалауларға жарқырата бермек. Академик Бөкетовтің әдеби

еңбектерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі – оның көркем публицистикалық очерктері дер едім. Өйткені, олар Евекеңнің шығармашылық кредосы мен талант қуатын емен-жарқын ашып берген деу керек. Бұл шығармаларында ол кісі өзіне етене жақын қазақтың ғылыми интеллигенциясының тар жол тайғақ кешуі мен қиын ізденіс-толғаныстары арқылы бүгінгі ғылыми ой шыңдарына өрлеу жолдарын баян етеді. Оның көбісі өз ойларымен, өз толғаныстарымен қабысып жататындығы, әрине, табиғи. Евекең очерктерінің негізгі кейіпкерлері – аса көрнекті, жан-жақты дарынды ғалымдар (Сәтпаев, Шоқан Уәлиханов, Марғұлан, Обручев, Қарақұлов және т.б) Ол кісінің құмарлана жазатын тұрақты кейіпкерлерінің – кең алымды дүниетанымы, жанжақты таланты, көз қарықтырар ізденістері, тұңғиық терең толғаныстары ерекше. Осы көркем очерктердің ішіндегі ең кемел жазылғаны, меніңше, Шоқан жайлы еңбегі. Шоқанның ғалымдармен қатар суретшілігі жайлы толғанғанда жазушы Бөкетовтің қаламы су төгілмес жорға. Очеркте Шоқан күнделіктерінен үзінділер келтіре отырып, Шоқанның жазушылық қабілетінің де керемет екендігін ең алғашқылардың бірі болып паш етеді. Мәселен, Шоқанның генерал Гасфорттың мақаулау кердең келбетін суреттеуі – оның жазушылық дарынының ғажап бір дәлелі. Шоқан суреттерін саралай отырып, олардың сатиралық штрихтарын айнытпай тап басады. Шоқан салған Потанин суреттеріндегі мұжықтың салбыраған мұрты мен солбыр түрі оның парасаттылығы мен білімдарлығының қарабайырлаулығын меңзегендей әсер қалдыратыны рас. Шоқан қаламынан туған сызықтардың соншама еркін, соншама сенімді қолмен сызылғаны суретші талантының шексіз мүмкіншілігінің куәсі екендігінде күмән жоқ. Евекең жазбаларын оқып отырғанда оның Сәтпаев

талантына шексіз табынатынына тәнті боласыз.
Сәтпаевтың ұлан-ғайыр эрудициясы, жан-жақты
білімдарлығына қайран қалады да отырады. Сәтпаев

– ғалым, Сәтпаев – этнограф, Сәтпаев – тарихшы,

археолог, Сәтпаев – фольклоршы, Сәтпаев –
әнші... Қай салаға қалам тербесе де Сәтпаев ең биік
дәрежеде, қайталанбас еңбектер тудырған. Меніңше,
Бөкетовтің Шоқан мен Сәтпаев өміріне көркемдік

барлау жасауы бекерден-бекер емес, себебі оның өзі
де осылар тектес адам еді, оның да жан дүниесі алуан
түрлі қырларымен жарқылдап тұратын.
Бөкетов

өмірінің
соңғы
кезіндегі
жазған

романдарында да осы соқпақтар даңғыл жолға
ұласады. Оның кейіпкерлері ылғи да дарынды һәм
жан-жақты асыл жандар.
Академик Бөкетовтің аудармалары бөлек бір

әңгіменің арқауы болуға лайық деп ойлаймын.
Бірақ, бұл жерде айта кетерім мынандай жайттар.
Біріншіден, аударма жасаған шығармалары – кілең
әлемдік немесе орыстың классик жазушыларының

роман,
повестері,
поэмалары.
Аударуға

алған
шығармалары – ылғи ығай мен сығай. Бұл ретте
Евекеңнің шығармашылық ауқымы мен нәзік талғамы
кісі таңғаларлық. Болгар классигі И. Вазовтың

«Бұғауда» романы, француз классигі Э. Золяның
әңгімелері, В. Шекспирдің әйгілі «Макбет», «Ю.
Цезарь» пьесалары, В. Маяковскийдің «Қандала»
драмасы мен «Керемет» поэмасы, С. Есениннің «Анна

Снегина» поэмасы тағы тағылар. Тек қана аттарын
атап шыққан шығармалардан көрініп тұрғандай, ол өз
халқының оқырмандарын қандай ғажайып көркемдік
әлемнің кәусарынан сусындатуға ұмтылған. Бұл

ұмтылыс XІX-XX ғасырлардағы қазақтың Абай мен
Шоқан, Шәкәрім мен Ахмет, Мағжан мен Міржақып,
Мұхтар мен Жүсіпбек, Сәкен мен Ілияс сынды ұлы
зиялылары мен ағартушылары бастаған керемет

дәстүрдің жалғасы іспетті. Бұл дана бабаларымыз
өзінің қазақ ұлтының өресін дүние жүзінің ең

өркениетті елдерінің қатарына қосқысы келген жанқиярлық еңбегінің жалғасы академик Бөкетовтің аудармашылық шығармашылығында көрініс берді десек, артық айтпаған болармыз. Ұлы зиялылардың ағартушылық дәстүрін жалғастырумен қатар, академик-жазушы өзінің шығармашылық мүмкіндігінің диапазонын да сынап көрген тәрізді. Өйткені, аударған шығармаларының ішінде француз новелласының қайталанбас шебері Э. Золя мен эпикалық тынысты И. Вазов романы немесе жалыны шарпыған, сезімдер сұрапылы шалқыған В. Шекспирдің «Макбеті» болмас еді. Оған қоса, стильдік, көркемдік мәнері екі қиырдағы В. Маяковский мен С. Есениннің поэзиясын алыңыз. Ұрандаған, дауылдаған, айғай мен сүргіні қоса жүретін В. Маяковскийдің сатылы өлеңдері мен нәзік сезім сырлары хрустальдай сылдырап, бұлақ суындай мөлдіреген С. Есенин жырлары... Міне, осының бәрін қоғамдай қамту үшін қандай шығармашылық қарым керек екеніне көз жүгіртіп көріңіз. Басқаша айтқанда, Е.Бөкетовтің кеңалымдылық қасиеті тағы да бір көрінісін табады. Академик – жазушы Е. Бөкетов өзі аударған пьесаларының сахналауына да қатты көңіл бөлетін. Әлі есімде, Қарағандыдағы С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында айрықша дарынды режиссер Жақып Омаров Шекспирдің «Макбет» драмасы бойынша спектакль қойғанда Евекеңнің қандай толқыныс құшағында болып, балаша қуанғаны. Әсіресе, Макбет рөлін ойнаған қазақтың ұлы актері Нұрмұхан Жантөрин сахнада оттай жанғанда Евекең мағұрланып: «Байқайсыңдар ма, біз қандай талантты халықпыз!» - деп қайта-қайта тамсанып еді. Е. Бөкетовтің аудармашылық талантына өзінің С. Есениннің «Жалын» баспасынан 1978 жылы қазақ тілінде шыққан «Менің махаббатым» атты кітабына жазған алғы сөзінде қазақтың бас сыншы-ғалымы академик Мұхаметжан Қаратаев биік баға берген

болатын. Жалпы, Евекең жас бала шағынан бастапақ аударма жасауға құмар болса керек. Академиктің туған інісі һәм шығармашылығын зерттеушісі Қамзабай Бөкетовтің айтуынша, Евекең 7-8-ші класта оқып жүрген кезінің өзінде кластас құрбыларына Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботагөз») романының кейбір тарауларын қазақшадан орысшаға аударып беріп жүреді екен... Академик-жазушының эпистолярлық мұрасы да аса бай. Еліміздің көптеген белгілі қайраткер, ғалым, жазушыларымен жазысқан хаттары соның куәсі. Ол кісі Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Кәкімбек Салықов, Жайық Бектұров тәрізді қазақтың атақты жазушыларымен, Вадим Кожевников, Сергей Никитин, Алексей Брагин сынды орыстың ақын-жазушыларымен тығыз шығармашылық байланыста болды. Зерттеген, зерделеген кісі осы кісілермен жазысқан хаттарының ішінен қаншама ой, пікір маржандарын теріп алар еді. Менің түсінігімше, академик Е. Бөкетов қазақ әдебиеті атты рухани орманда өзінің әсем бұтақтары таралған сымбатты қарағайын өсіріп кетті. Әлбетте, қарағай ғұмыры ұзақ екендігі әмбеге аян.

Болат ЕРМАҒАМБЕТОВ

ЕСІМІ– ЕЛ ЕСІНДЕ

Үлкен ғалым және жазушы Евней Арыстанұлы
Бөкетов жайлы сөз ету оңай емес. Оның ғылым
мен әдебиетті дамытудағы рөлі, сан қырлы дарыны,
кең жүректі адамгершілігі бір әңгіменің шеңберіне

сыймайды. Ол нар тұлғалы бітімімен де, ойлы да
сабырлы кескін-келбетімен де ешкімге ұқсамайтын.
Бізге тағдыр оның өмірінің соңғы жылдарында
Қазақстан көмірінен синтетикалық мұнай алу ісінде

бірге шұғылдануды жазыпты. Ғалымның химия,
техника мен технология саласындағы философиялық

ой-толғауы,
терең
білімдарлығы
синтетикалық

мұнайды алуда соны шешімдерге жетелеп, онымен
қазір де айналысып, ұстаз өсиетін табыспен іске
асырудамыз.
Еңбегі мен беделін барша жұрт мойындаған

Евекең 1979 жылдан бастап көмір химиясы, мұнай
химиясы және органикалық химия саласында жаңа
проблемамен жұмыс істеуді қолға алып, сол жолда
тынымсыз тер төкті. Жаңа идея қанағаттандырған ол

бұрынғыдан да әрі мазасыз күй кешіп, барлық нәрсеге
әуестігі мен ізденісі артты.
Ол кең ауқымда, мемлекеттік тұрғыда ойлап, мұнай
ресурстарына

ысырапшылдықпен
қарауымызға
алаңдайтын. Сондықтан да: «Сутегін көмірлі сутегінен
алу үшін пайдаланатын адамдардың енді соны

керісінше істеуі таңданарлық. Әлбетте, бұл жағдайда
сутегінің басқадай табиғи көздерін іздеу керек.
Сутегінің бір ғана таусылмайтын көзі барлығын, ол
су екендігін айтуға болады. Сол себепті сутегіні судан

алған жөн. Адамзат қазір осыған көшуде», – деп
жазған-ды.
Оның идеяларының сонылығы да, меніңше, мынада
деп ойлаймын. Көп мөлшердегі арзан сутегін алу

проблемасы жасанды сұйық отын алу проблемасының
маңызды құрамдас бөлігіне айналуда. Осы орайда ол
былай деп жазады: «Химиялық процестерде сутегін
пайдалану

технологиясында
ақылға
сыймайтын
шаруа жүзеге асырылады: әуелі судан газ тәріздес

сутегі алынып, ол белсенді емес молекулярлық күйге
келтіріліп, одан әрі жандандыру, оған реакциялық
қабілет беру үшін небір айла-тәсілге барамыз». Бұл
көрегендікпен батыл айтылған ой дер едім – мен.

Әңгіме қымбат тұратын катализатордың көмегімен
сутегінің берік инертті молекуласын қоздырып,
жандандыру туралы болып отыр. Иондану процесіне
дейін белгілі бір көзден бөлінетін кезінде белсенді

сутегін пайдалану мүмкіндігі бола тұра, катализатор
іздеп қажеті не деген сұрақ туады. Қазір де ғалымдар

ыдыраған уақытта белсенді атомаралық сутегін беретін интерметалл қосылыстарының гидримиді мен энергия жинақтаушы заттарды жасаумен айналысуда. Міне, біз алғаш рет ион жасаушыны қатыстыра отырып, көмірді гидрогендеу үшін ферросилико-алюминий қорытпасын пайдаландық. Енді, ол көмір мотор отынын, сутегі бөлетін реагенттер алуда басты шикізат болмақ. Евекеңнің «Кокс химиясы көп металға (шойын, болат) кокс қажеттігінен туды. Енді үлкен көмір химиясы металлургтерге күлден алынатын арзан ашытқы беріп, қызмет көрсетуі мүмкін» дегені қанатты сөзге айналып кеткендей. Шынында да, бұл орынды айтылған ой. Евней Арыстанұлы кең ауқымда ойлап, қашанда пікірлестерін тауып, жастарға сүйіспеншілікпен қарап, олардың қадамдарын қолдап отырды. Олармен сөйлескенде ашық-жарқын, қарапайым да шынайы қалпынан танбайтын. Ол жастардың шығармашылығын жіті қадағалап, оларды ғылымдағы жалған жолдан сақтай білді. Өзінің қысқа да жемісті өмірінде академик Бөкетов 60-қа тарта ғылым кандидаты мен докторын даярлап, артында қаншама әдеби туындылар қалдырды. Жомарт табиғат оған сан қырлы дарын берген: көрнекті ғалым, жазушы, тамаша ұйымдастырушы, таңдайы тақылдаған шешен, тағысын тағылар. Өкінішке орай, біз оны қорғай алмадық. Е.Бөкетовке қиын тағдыр жолықты. Несін жасырайық, ғалым-жазушының жалғыздықтан жапа шеккен кездері аз болған жоқ. Сөйткен сәттерде де ол бірыңғай еңбекке беріліп, шыдамдылық пен табандылық танытты. Өмірінің соңғы жылдарында Евней Арыстанұлы көмірден синтетикалық сұйық отын алу проблемасымен кеңінен шұғылданды. Біз онымен көмірді жағудың жаңа технологиясын жасау жөнінде бірлесе жұмыс жүргіздік. Тікелей оның

ынта көрсетуімен қазірде біз жұмыс істеп отырған ірілендірілген қондырғылар ғимараты салынды. Ол кезінде ХМИ, ҚарМУ-дың ғимараттарын салуға 50 миллион жұмсалса, күрделі құрылысы небәрі 40 мың сомға түскен осынау жай өзіне хан сарайындай екенін айтатын. «Дәл осы арада болашақ көмір химиясы лабораториясы бой түзеп, ғимараттың екінші қабаты да салынады», – дейтін. Ғалымның ол арманы орындалар ма еді, кім білсін, егер... Ақырғы кезеңдерінде ол көміртегі тотығы негізінде мотор отынын, сутегіні, күрделі қорытпаны, органикалық заттарды алу мақсатында көмірді өңдеудің кешенді технологиясын да жасады. Евекең Павлодар облысындағы Ермак ферроқорытпа зауытына таяу жерден көмір өңдейтін комбинат ашуды да армандады. Бұл күндері оның шығармалары, еңбектері мен ойлары – шәкірттерінің, әріптестері мен халқының жадында. Өзін Евней Арыстанұлының шәкіртімін деп есептейтін әрбір адам, ғалым, жазушы уақыт алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Алға қадам басу үшін біз ең алдымен осы тұлғаның бойындағы мәдениет, адамгершілік қасиеттерінен үлгі-өнеге алуымыз керек. Халық ешқашан өзінің даңқты ұл-қыздарын ұмытпайды. Соның дәлелі – көрнекті ғалым, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ұстазымыз, әрі досымыз академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің есімі ұрпақтан-ұрпаққа жаңғыра беретіндігі.

Есләм ЗІКІБАЕВ АРДАЙ БИІК ЕҢСЕЛІМ Адамды уақыт үйретеді. Бұл - әлімсақтан келе жатқан тірлік заңы. Кейде күнделік жүргізуді ұлылардың үлесіне тиер бақыттай көріп, көп дүниелерді көзден ғана емес, көңілден де ғайып қылып, жылыстап өткен жылдар көмбесіне жіберіп аламыз да, соңынан өкінеміз. Уақыттың қандай үкімі боларын, әсіресе жас кезінде, кім бағдарлап-бағалай алған? Күндердің күнінде Евней Бөкетов жайлы естелік жазармын-ау деген ой қаперіме кіріп пе?! Алдымда – қағаз, ой шытырманына сүңгіп кетіп, көп жайларды жадымда қайта жаңғыртып, жанымды қинап отырғаным мынау. Ол кісінің жүзін көріп, лебізін тыңдағаным – оныншы класта оқып жүрген кезім. 1956 жылдың қаңтар айының орта шені болу керек. Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданында «Еңбек» деген ауыл бар. Кезінде бүкіл өңірдегі орта мектебі бар төрт-бес ауылдың біреуі болғандықтан да, басқа елді мекендерден еңсесі биік, беделі асқақ көрінетін. Ақиқатында солай. Оның үстіне осы аттас ауыл екеу болғандықтан да, бұл – «Бай Еңбек», ал екіншісі «Қожым Еңбек» аталатын. Иә, кезінде сол «Бай Еңбектен» қанаттанып ұшқан түлектердің қай-қайсысы да әлі күнге осы ұғымда жүретін сияқтанады да тұрады маған. Бірі – дәрігер, бірі – ғалым, бірі – жер, бірі – мал маманы. Қысқасы, аз емес. Міне, осы мектепке Евней Бөкетов келіп, оныншы кластардың (қатар екі класс еді) шәкірттерімен кездесіп, әңгімелескені әлі есімде. Ұзын бойлы, ат жақты, тік жүретін, денесі әлі ет ала қоймаған сыла жігіт. Кескін-келбетіне кереметтей мән беріп, сөзін ықылас қоя бар зейінімізбен ұйып тыңдағанымыз бар. Қазақ политехникалық институты ол кезде кен-металлургия институты болып аталатын.

Ұққанымыз – ұстаздығы. Ал, басқадай атақ-дәрежесі, лауазымы қандай, оған айрықша мән беріп жатқан біз жоқпыз. Әйтеуір әрқилы сауал-сұрақтарымызға бірде күлімсіреп қойып, енді бірде сабыр-салмақпен ойлана жауап бергені, тиянақтай түсіндіргені жадымда қалыпты. Міне, сол ағамен – аты жалпақ жұртқа жайылған ағамен танысуыма, тіпті табысуыма десем де артық емес, Қабдікәрім Ыдырысов ағаның дәнекер болғанын да әр кез ілтипатпен еске алам. «Жалын» баспасының жаңа ұйымдасып, әдеби ортада мерейі өсіп, беделі биіктей бастаған кез. Оны алғаш ұйымдастырып, тұңғыш директоры болған Қабекеңнің абыройы да, құдайға шүкір, жеткілікті. Кабинеті көбіне-көп өнер ұясына ұқсайтындай, қашан кірсең де ішінен адам арылмайды. Іш тартып тұратын ағаға іні үйірсек қой әр кез, редакция меңгерушілігінен де жан жақындығымды арқаланғандай, еркінірек кіретін еркелердің бірі болып алғанымды кейін сездім. Сондай еркіндіктің екпінімен, хатшы қыздың «кісі барына» қарамастан есік ашып қалсам, таудай біреу отыр. Есікті ашуын ашсам да, үлкен кісінің мысы басты ма, табалдырықтан ілгері аса алмай, тоқтап қалдым... – Кір, кір, Есләм! – Қабекең әр кездегі ақжарма қалпынан айнымай өзі шақырып алды. – Евней ағаңды танушы ма едің? – Білем ғой, әрине. – Бұл жігіт сіздің ініңіз болады. Ақын, біздің поэзия редакциясын басқарады. – Қай ауылдансың, қалқам? – деді Евней ағамыз жөн сұрай. – «Өрнектен». – Қай «Өрнек»? – Бұрынғы Октябрь ауданына қараған. Тастақ ауыл деп те атайды.. – Жанатай батырдың елі екенсіңдер ғой. Білем, білем!...

Ағамыз ел жайын, аймаққа аты әйгілі адамдардан
кімдер барын сұрап, біраз отырды да:

– Қалай, ауылға барып тұрасың ба, қол үзіп кеткен

жоқпысың? – деп сұрады.

– Жыл сайынғы демалысымызды үй-ішімізбен

ауылда өткіземіз, жақында келдік. Жол түссе,
демалыссыз да барып тұрам арасында.

– Оның жақсы екен. Туған жерден тамырыңды

ажыратып алма, әйтеуір. Бұл жағынан Сәбең еді ғой
бәрімізге үлгі...
Сәбит
Мұқановты

айтып
отырғанын
ұқтым.
Сәбеңнің елге бүйрегінің ерекше бұрып тұратынын

бұрын да талай естігем, кейін сексен, тоқсан
жылдықтарын атау кезінде де көзім анық жетті.
Кітабымның бар-жоғын сұрады.

– Үшінші кітабым жақында баспадан шығып

қалар, – дедім. Манадағыдай емес, ағамыздың емен-
жарқын әңгімесіне бойым үйреніп, өзімді еркін сезіне
бастағандаймын. Алып денесін баяу қозғап қойып,
Қабекеңнен де әлденелерді сұрайды. Мен ізет білдіріп,

шығуға бет алдым.

– Кітабың шығысымен маған біреуін салып жібер,

– деді қоштасарда.

– Жақсы, аға.

– Қарағандыға жолың түссе, хабарласпай кетпе,

– деп қолын ұсынды.

Төбем көкке жеткендей өсіп шықтым.
Кешікпей «Ақ қайнар» атты жинағымның сүйінші
данасын алдым. Уәде бойынша біреуі Қарағандыға
Евней ағамызға жол тартты. Бірақ, ол кісіден жауап

келмеді, уақыт бөліп, хат жазады деген ойым да жоқ.
Өз міндетімді өтедім, бітті. Тіпті ұмытып та кеткенмін.
Арада үш-төрт ай өткенде хат келіп тұр. Евней
ағамыздың хаты:

– «Ақ қайнарыңды» алғалы недәуір болды,

кітаптың ықшамдылығы қандай жақсы – бір-екі
рет қалтама салып, жиналыстарға да бардым –
сөйлеушілердің сөзі жалпылама болса, «Ақ қайнарға»

үңіліп отырдым. Үлкен рахмет. Жазғандарыңды жүрекпен, тебіреніспен жазады екенсің, бұл ақындықтың шын белгісі ғой. Тек сендер: «Қырықтарға қиялап барып қалған жасымыз», - деп жылай бастағанда, ағаларың не болады деп қалып жатқаным ғой. Өздерінен үлкені бар адамдар жыламай-ақ қойса қайтеді деп те қостым... Әбділда ағаңа арналған өлең тамаша аяқталыпты. «Жақын жүріп, Алатаудай Әбекеңді, Ойладым аласартып алмайын деп...» Қысқасы, жақсысы көп нәрсені жұлмалап ұнтақтау қиын екен. Үлкен рахмет. Бақытың өсіп, шабытың ұлғая түссін. «Сен» дегенім, «өзім» дегенім. Кешірерсің. Келін, балаларға сәлем. Хатты кешіктіргенім – ауырдық, сырқадық, қол тимеді. Ақын інім табылғанына қуанып та жүрмін», - деп қол қойыпты. 1979 жылдың 23 сәуірі... Соңғы рет сексен бірінші жылдың тамызында жолықтым. Айдың басы екенін нақ білем. Жоғары оқуға түсетіндердің бір-бір жетекшісімен қаптап келе жатқан күндері. Күн сенбі. «Қарағандыға келсең, хабарласпай кетпе», - дегені бар, үйіне телефон шалдым. Қала ортасындағы саябақтың ішіне арнайы салынған екі қабатты үй. Бір жартысында Евней ағамыз да, екінші жартысында осындағы Жоғарғы милиция мектебінің бастығы генерал Бейсенов тұрады екен. Есігінің алдындағы гаражда баласы машинамен айналысып жүр. Өзі орындықта, сән үшін ұстай ма, қолында әсем өрнекті таяқ. Үйге бастап кірді. Қызмет бөлмесі – бірінші қабатта. Қабырғаларды айнала қоршаған кітап сөрелері. Ұзақ әңгімелестік. Ел жақта болып қайтқанын, халықтың көңіл-күйін, тұрмыс жағдайын тілге тиек етіп отырды. Қызылжардың қақ ортасындағы жалғыз қазақ орта мектебінің қала шетіне, көзге шыққан сүйелдей тубдиспансер мен жындыхананың ортасына көшіріліп тасталғанына қатты қынжылыс

білдірді. Бір ғажабы, ел-жұртына аты әйгілі болып кеткен шағында бір кезде өзі іргесін қалаған Химиятехнология ғылыми институтында, әрі кеткенде, жас кандидаттың қызметін атқарып отырғаны жайында ләм демеді. Қандай дәті мықты жан! Жалғыз-ақ айтқаны – «Жалын» баспасының жоспарына кіріп, бәрі мақұлдап қойған қолжазбасының қайтып оралғаны. – Бір пенделік жасап алдым, - деді кеш те болса өкінгендей. – Редакторы жас бала екен. Бір ауыз хаты да жоқ, үн-түнсіз поштаға салыпты да қоя беріпті. Себебін білейін деп телефон соқтым. Ол не дей алсын. Бар гәпті біле тұрып, баланы қинағаным әбестік екенін кеш ұғып, өзіме-өзім кейідім. ...Тағы да Евней Арыстанұлының тұлғалы кескінкелбеті келеді көз алдыма. Өр рух, асқақ тұлғаның ел санасында аласармай, жылдар алыстаған сайын айбынданып, асқақтап бара жатқаны қандай ғанибет! Мұқаш ЕЛЕУСІЗОВ ЗЕРДЕДЕ ТҰР БЕЙНЕСІ Евнеймен алғаш 1948 жылдың шілде айында Қызылжар қаласында таныстым. Ол кезде мен облыстық комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарушы едім. Кабинетке екі жігіт кірді. Бірі өзіміздің ауылымыздағы туыстың баласы Бораш Көлдеев екен... Екіншісі – ұзын бойлы талдырмаш жас жігіт. - Мұқа, мына жігіт өзіміздің Бағанаты ауылындағы Арыстан ағамның баласы ғой. Алматыда таукен институтында үшінші курста оқиды. Жазғы демалысқа келген беті, - деп таныстырды. Евней өз ойын қысылмай-қымтырылмай баяндағаны есімде. Әскерге алмапты, денсаулығы жарамапты. Содан ертерек іске кірісіп, ысылғаны байқалады. Соғыс жылдары «Социал» ауылында

мектепте мұғалімдік жұмыс атқарыпты. Әкесі ерте
қайтыс болған, шешесі бес бірдей баламен қалыпты.
Солардың ең үлкені өзі екен. Буындары қатпай-
ақ, қай-қайсысы да сырттай тамамдаған. Евней сол

жылы біздің жолдамамызбен ел ішін аралай жүре
лекция оқыды. Бір үйреніп алған соң жыл сайын елге
келгенде әлгіндей тапсырма алып жүрді. Бұл біз үшін
де өте қажет еді.

Содан Евней Бөкетов тау-кен институтын бітіріп,
аспирантураға қалдырылды. Баяғы таныстық келе-
келе өзара ағайындық қарым-қатынасқа ұласты.
Дәм бұйырып, біз де астаналық болдық. Евней болса

бұл кезде өзі бітірген институтта проректор еді.
Ақжарқын да кеңпейіл Зүбәйра келініміз демалыс
күндері әйтеуір бір себеп тауып, шай беретін.
Бірде Зүбәйра қоңырау шалып, үйіне бара қалдық.

Келініміз өте жылы шыраймен қарсы алды да, жазу
үстінде отырған Евней салқындау амандасты. Мен
көңіл күйін көтерейін деп: «Келініміз қайткен күнде
де келіңіздер деп болмағаннан кейін келіп едік.

Зиянымыз тиіп жатқан жоқ па?» – дедім. Зүбәйра
болса: «Ағай-ау, диссертация болса жарайды-ау,
Маяковскийдің «Қандала» дегенін аударамын деп бас
алмай отырғанына бір аптадан асты, уақытында ас

ішуді де қойды», – деп жатыр.
Дастархан үстінде Евнейдің қабағы жазыла түсті,
кенет терең толқын бірсыпыра ойлар айтып тастады.
Соларын сол қалпында жұртшылыққа таратып айтып

көрейін. Былай деп еді: «Меніңше зиялылық жолына
бет бұрған әр адамның негізгі мақсаты – еліне, туған
өлкесіне жәрдем көрсету, өз бойындағы күш жігерін,
ақыл-ойын

мақсатқа
жұмсау.
Абай
атамыздың

«өнерпаз болсаң арқалан» дегені осыған нұсқайды.
Оқуға тау-кен институтына түсуімнің себебі осыған
байланысты. Қазақ арасында әлі күнге дейін тау-кен
ғылымына деген көзқарас екіұштылау, темір, көмір

шығару, оны іске жарату әрі ауыр, әрі қауіпті деген
пікірлер ел ішінде тарап кеткен. Бұл туралы өзіміздің

ауылда да сондай теріс пікірлердің болғаны есімде. 1945 жылы Алматыға оқуға дайындалып жатқанымда үйімізге әкемнің інісі Маутан ағам келіп, шешеме: «Ей, Бәлтәй, мына баланың қай оқуға барайын деп жатқанын білесің бе?» – деп екі аяғын бір етікке тыққаны бар. Сол жерде мені де шақырып алып: «Сен анау жер астынан темір-көмір қазбақ ойыңды доғар. Айналаға қарасаңшы, өзгелердің баласы мұғалім, агроном, мал дәрігері болып жүрсе, кімнен кем? Оқысаң, сондайды оқы», - деп қабағын түйді. Манадан бері үндемей отырған шешем байғұс: «Қайным-ау, бұл сөзіңді қайтып ал, баланың жолын бөгемелік. Бізден гөрі өзі де бірдеңені біліп жүрген шығар», – деді. Ақыры шешемнің ақ батасы қабыл болып, әлгі айтқан темір-көмірдің инженері болып шыға келдік», - деп жымиғаны есімде. «Ал, Зүбәйра келініңіздің сіздерге Маяковскийдің «Қандаласына» қадалып азып кетіпті деп отырғанының да шындығы бар. Мен әдебиетке мектепте оқып жүрген кезден-ақ әуес едім. Әсіресе, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Маяковский, Есениндердің өлеңдерін бірде жасырын, бірде ашық жаттап алып, достарыма айтып жүретінмін. Сол әуесқойлық әлі күнге қалған емес. Тіпті, мына темір-терсек химияның формулаларынан зеріккен кезімде сүйікті ақын-жазушыларымның кітабын қолыма алсам-ақ шаршағаным басылып, бойым сергіп жүре береді», – деді. Евней сықылды кісілердің әрбір айтқан сөзі бұдан былай жинақтала бергені жөн ғой. Бұл әуесқойлық қана емес. Евнейдің әдебиетке қосқан үлесінің өзі әжептәуір – «Жасампаздықтың қырлары», «Досыма арналған алты хат», «Түйе қомында туған адам», «Ғылыми қызметкердің жазбалары» атты кітаптары, сондай-ақ, баспасөзде жарияланған туындылары, аудармалары бірсыпыра. Шоқан мен Қаныш жайлы жазған естелік романдары қолжазба күйінде қалыпты. Жарық көрсе жақсы-ақ болар еді. 1960 жылы наурыздағы әйелдер мейрамы күні

Евнеймен бірге отбасымызда бас қосқанбыз, әлі күнге кешегідей-ақ көз алдымызда тұр. Сол кезде ойында жүрген, өзін көбірек мазалайтын біраз пікірлерін айтып еді-ау. Қаныш Сәтпаев ақсақалдың қабылдауында болған. Қарағандыда енді ашылатын жаңа ғылыми-зерттеу институтына жетекші болып баруды ұсынғанын айтты, ақыры көп ұзамай сол жұмысқа барып, үлкен ұжым ұйымдастырды, Ұлттық академия құрамына сайланды. Кеңес Одағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Евнейдің өзінің негізгі мамандығы жөніндегі табысы мамандарға белгілі. Қарағандыда екі ғылыми ұжымды ұйымдастырып, өзінің атындағы оқу орнының атын да күллі елімізге мәшһүр етті. Химияметаллургиялық институтын 15 жыл, Қарағанды мемлекеттік университетін 8 жыл басқарды. Бұл оқу орны Евней Бөкетовтің атымен аталып, халқы тарапынан лайық бағасын алып отыр. Евнейдің біз білетін жақсы қасиеттерінің бірі – жора-жолдасын, ағайын-туысын өз бауырына тартып, қамқор бола жүретіндігі. 1969 жылы қараша айында Мәскеуде ұшыраса қалып Нұртас-аға Оңдасыновтың үйіне сәлемдесе барып, ұзақ әңгіме-дүкен құрғанымыз өз алдына бір ұзын сөз. Евней өмірден ерте кетті. Бірақ, елінің сүйікті перзенті бола білді. Менен басқа да жора-жолдастары ол жайлы әлі талай рет жазар. Өткен күн ұмыт болмасын деп есімде жүрген бір пара айтар сөзім осы еді. Орынсейіт НҰРЕКИН БІР ҮЗІК СЫР Мен Евней Арыстанұлымен 1946 жылы қыркүйек айының орта кезінде Алматының кен-металлургия институтында кездестім. Осы жолдардың авторы Ұлы Отан соғысына

қатысып (1939-1946 ж.ж.), армия қатарынан босап, астанаға оқуға түсуге келген еді. Алматыда барлық жоғарғы оқу орындарында оқу жылы басталып, студенттер бір-екі жұма оқып үлгерген кезі. Кен-металлургия институтының директорына келіп, оқу оқимын деген тілегімді айтып, оқуға қабылдауға өтініш беріп сұрандым. Директор: «Сізді институттың бірінші курсына алуға мүмкіндік жоқ, алдымен, студенттерді оқуға қабылдаған мезгілден кешігіп қалдыңыз, екіншіден, біз биыл институттың алғашқы курсына студенттерді көбірек қабылдап жібердік. Бірақ, сіз Отан соғысынан бұрын Ленинградтың жоғарғы соғыс-теңіз училищесінің бірінші курсын бітіріпсіз, соның қорытынды бағаларына қарап, институттың екінші курсына алуға мүмкіндігіміз бар, егер соған келіссеңіз», - дегені. Директор Гришиннің мұндай қамқорлық ісіне өте риза болып, келісім беріп, қыркүйектің 15-нен бастап металлургия факультетінің студенті болдым. Сабаққа келіп, студенттермен танысып қарасам, бірінші курстан бастап сабақ меңгерулері көзге түседі. Олардың күнделікті сабақтарды жеңіл үлгеріп жүргені сезіліп тұр. Оқу арасында 6-7 жыл үзіліс болғанына қарамастан, мен де барлық студенттердің ішінде ақырғысы болғым келмеді. Сондықтан, оқуға бара көңіл аударып, жақсы оқитын студенттерден көмек алып жүрдім. Маған қол ұшын бергендердің біреуі Евней болды. Ол барлық пәндерді өте жақсы үлгеретін. Сол жылы институтта жатақхананың жеткіліксіздігінен біз Калинин көшесіндегі бір мекеменің үйінде тұрып оқыдық. Жататын төсек орындарымыз екі қабаттан қойылып, бір бөлмеде 30-40 адамға дейін болдық. Сабақтан келгеннен кейін жатақханада сабақ оқуға мүмкіндік болмайтын. Себебі стол, орындық қоятын бос орын болған жоқ. Негізгі сабақ дайындайтын орнымыз Ленин көшесіндегі көпшілік кітапханасы

болды. Осындай қиын жағдайда жүріп екінші курсты бітірдік. Одан соң студенттер Қазақстанның металлургия өнеркәсібі орындарымен танысу практикасына кетті. Институттың үшінші курсын бастағанда біз студенттердің күшімен салынған жаңа жатақханада (6-корпуста) тұрдық. Бөлмеміз бұрынғыға қарағанда көркем, екі қабатты үйде болды. Осында төрт адам: Евней, мен, Жаңабатыров Есентай (ол қазір Қарағандының политехника институтында сабақ береді), төртіншіміз – Федор Вернигор (институтты бітіргеннен кейін қызмет істеп жүріп қайтыс болған). Осылардың арасында жасы үлкені мен болдым. Үлкендігімді пайдаланып, жатақхананың тәртібіне сәйкес жұмыс жүргізгенде, бұлардың ешбіреуі наразылық жасаған емес, менің тапсырмаларымды орындап отыратын. Ол кезде азық-түлік карточка арқылы берілетін. Одан соң өзіміз кезектесіп тамақ жасап ішетінбіз. Евнейдің тамақ дайындауға кезі келгенде: «Сендер маған басқа аманат берсеңдерші», – дейтін. Бір күні сабақтан жатақханаға кешігіп келдім. Енді сабақ дайындайын деп үстелге қарасам, ыдыс-аяқтар тұр. Ішкен тамақтардың қалдығы, тағы басқалар. Ондағы барлық ыдыстарды терезеден су ағып жатқан арыққа лақтырып жібердім, өздері келген соң жуып, тазалап алсын деймін ғой баяғы. Кешкілікте тамақ дайындайтын мезгіл келді, ал бөлмеде ешбір ыдыс-аяқ жоқ. Кезекші Ф. Вернигор: «Ағатай, біздің ыдыстарымызды біреу алған ба, жоқ қой», – деді. Ол менімен қазақ тілінде сөйлесетін, таза, анық сөйлейтін. «Федя, ыдыс-аяқтарды көрдім, әне жатыр», – деп терезені ашып көрсеттім. Ешқандай сөз қатқан жоқ, жуып, тазалап алып келді. Бұдан былай мұндай жағдай қайталанған жоқ еді. Бұларды жатақхананың тәртібіне, бөлмеде

тазалық сақтау, төсек-орындарды жию, тағы басқа жағдайларға үйретуге де тура келді. Осындай ұсақ-түйек нәрселерді айтқанымда олар ешқандай наразылық білдірмейтін. Барлық жағдайда өте ұйымшыл болып, бір отбасының адамындай болдық. Біздің киген киімдеріміз, ол кезде аса таңғаларлық емес, армиядан келген киімдер болды, соларды институтты бітіргенше киіп жүрдік. Бізге қарағанда Евнейдің солдаттық жаз киімі тозыңқырап қалыпты, жаңа киім алуға қаражат керек, магазиндерде лайықты киім де, маталар да жоқ. Менің талонға алған жай бір матам бар еді (пионерское сукно). Содан Федя Вернигор жақсылап тұрып Евнейге костюм тігіп берді. Сол костюм институтты бітіргенше Евнейдің үстінен түскен емес. Аяғындағы керзі етігі де тозып, жөндеуге беруге болмай қалыпты, бұған да амал таптық. Менің боксқа қатысқанда киетін аяқ киімім аяғына дәл келді. Осындай жағдайда оқып жүргенімізде институтты бітіретін уақыт та таяп қалды. Мұнымен бірге жақсы жолдастарымызбен де айырылысуға тура келді. 1950 жылы қараша-желтоқсан айларында инс титут ты бітірдік, дипломдарымызды алып Қазақстанның түкпір-түкпіріне кеттік. Евнейді институтты жақсы бітіргендіктен келешекте ғылыммен айналысуға институттың аспирантурасында қалдырды. Мен жолдаманы Балқаш кен-металлургия комбинатына алдым. Институтта оқып жүрген кезде Евней екеуміз бір-бірімізді құрметтеуде болдық. Осы достығымыз Евней өмірінің соңына дейін үзілген емес. Мұндай көпжылдық жолдастық, осындай мінез жай адамдарға емес, үлкен адамдарға, ғалымдарға ғана тән бе деп ойлайтұғын едім, расында солай екен. Институтты бітірген соң мен Балқашта отыз сегіз жыл болдым, жұмысшыдан бастап заводтың аға металлургы қызметіне дейін атқардым.

Евней аспирантураны бітіріп, ғалым атанғанда да, екеуміздің арамыздағы достық ниетіміз үзілген жоқ. Мен Қарағандыға іссапармен келіп, қонақ үйге жататын болсам, ол маған наразылық айтып, үйіне ертіп кететін. Өмірінің соңғы жылы, ақпан айында Евней маған телефон соғып: «Сен біздікіне кел, екеуміз студент кездегі өткен өмірімізді әңгіме етіп бірге болалық», – деп шақырды. Көп күттіргенім жоқ, бір жұма бірге болдық. Қазір «осы кездесуіміз қоштасуымыз болды ма» деп ойлаймын. Ғалым ҚАДІРӘЛИН ОРНЫ БӨЛЕК ЕДІ-АУ... Мен жазушы да, журналист те емеспін. Дегенмен, мейлі әңгіме болсын, мейлі мақала болсын, Евней Арыстанұлы жөніндегі өз ойымды ортаға салсам ба деген ниетім бар болатын. Ал, мұның өзі баспа бетінде жарияланса, ол кісінің алдындағы азаматтық борышым өтелгендей болар еді. Е.А. Бөкетовпен танысып, жақсы қарым-қатынаста болуымыз сонау алпысыншы жылдардан басталды. Сондықтан азды-көпті есте қалған жайттарды атап өтуді мақсат етіп отырмын. *** Алпысыншы жылдардың бас кезі болатын. «Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағандыдағы химияметаллургия институтына Евней Арыстанұлы Бөкетов директор болып келіпті» дегенді естідік. Мен осы тұста Қарағанды қаласының бір мектебінде қызмет істеуші едім. Евнейдің өзін көрмесем де, оны білетін жолдастарының, жерлестерінің және туыстарының айтуы бойынша атына қанықпын. Ол кезде көкшетаулықтар мен қызылжарлықтар бір-бірімізбен

араласып-құраласып жататынбыз. Бірі инженер, бірі шахтер, милиционерлер мен мұғалімдер өз алдына. Бөкетовтер отбасын біз ерекше сыйлайтынбыз. Бір жағынан қариялар кездесіп жатса, екіншіден, жастар жиі-жиі араласып тұрушы едік. Енді, міне, арамызға Алматыдан тағы да бір жерлес ағамыз келді, өзі оқымысты адам. «Алыстан алты жасар бала келсе...» дегендей, сәлем беруге әдейі бір күні іздеп бардым. Кезегім келіп, кабинеттің есігін ашсам, ұзын бойлы, толық денелі, жасы отыз бестер шамасындағы жігіт бөлменің төрінде отыр екен. Мұндай зор денелі адамдарды сирек кездестіруге болады, тіпті Қарағандыдағы мен білетін туыстарына да, інілеріне де ұқсамайды. Евней орнынан түрегеліп, қолын ұсынып сәлем бергенде, менің орта бойым мен арық денем өзіме кішкентай болып көрінді. Жайғасып отырғаннан кейін сөзді бірінші Евней бастады. – Атың кім, інішек? – деді күлімдеген көздерімен жылы шырай танытып. Мен аты-жөнімді айтып, өзімді қысқаша таныстырып шықтым. – Қандай шаруамен келдің? – Шаруам онша көп емес. Сізге арнайы сәлем берейін деп келдім. – Онда көп рахмет саған. Жөніңді айта отыр. – Жөн айтатын болсақ, Қарағандыдағы пед институттың физ-мат факультетін былтыр тамамдап, осы қалада бір мектепте қызмет атқарып жатырмын. Әке-шешемді көшіріп алдым. Іні-қарындастарым осында оқиды. Сіздің мамаңызбен, інілеріңізбен ертерек танысқанбыз, туыстай болып кеттік. Өйткені, бәріміз де бір елденбіз ғой, - деп қысқаша түсіндірдім. – Онда сіздер Көкшетаудан, я Қызылжардан болдыңыздар ғой? – Жоқ. Біз Сергеев ауданы (бұрынғы Октябрь ауданы), Ленин ауылынанбыз.

– О, браток болдың ғой. (Мұнан былай кездесулердің бәрінде мені «браток» деп атап кетті). Евней

Арыстанұлының әңгімесін тыңдауға әрқашан асығып тұратынбыз. Ғылым жайында айтқанда Қаныш Сәтпаевты аузынан тастамайтын. Қаныш Сәтпаевтың аса көрнекті геолог, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті екенін жұрттың бәрі біледі. Бірақ оның біз білмейтін жақтарын Евнейден естуші едік. Ол бір әңгімесінде: – Қанекең бұрынғы тақыр, мардымсыз өңір саналған Жезқазғанды, Ұлытауды, Алтай мен Қарсақпайды, бүкіл Орталық Қазақстанды дүние жүзіне әйгілі етті. Сол Қанекеңнің басқаруымен Теміртау, Қазақстан Магниткасы, Соколов-Сарыбай, Жезқазған кен байыту комбинаттары салынды. Сарыарқа – кенге бай, суға тапшы. Сондықтан Ертіс-Қарағанды каналын салу да сол кісінің араласуымен болған еді. Қаныш Имантайұлы ғалымдар армиясының командирі, тәрбиешісі, ақылшысы еді. Сол кісіден өнеге алғаныма қуаныштымын, өзімді бақыттымын деп санаймын, - деген еді. Шындығында да солай екеніне көзіміз жетті. Оған дәлел ретінде мына бір жайды айта кетуге болады. 1961 жылдың жаз айы еді. Ежелгі әдетім бойынша Евнейдің кабинетіне кіріп, сәлемдесіп шыққалы келіп едім. «Сәтпаев келе жатыр» деген дауысты естідік. Есікті ашып қарсы алуға шыққанымызда екі жаққа қақ айырылып тұрған халықпен Қаныш Сәтпаев қол алысып, амандасып келеді екен. Кабинеттің кіре берісінде ол Евнеймен кездесіп, көптен көрмеген туыстардай қатты қол қысысып амандасты. Менімен де жылы шыраймен амандасып қол алысты. Әңгіме басы аман-саулықпен басталды. Қаныш Сәтпаев орта бойлы, толық келген ақ сары адам екен. Бұйралау шашы артқа қайырылған. Бетінің әр жерінде, маңдайында әжім сызықтары бар, ал

шырайлы күлімдеген көздерінің жиегінде жиіленген әжімдер бет әлпетіне сән беріп тұрғандай көрінеді. Әңгіме желісі маған түсінікті болды. Ол жеңілден күрделіге ауысты. Кадр мәселесі, оның ішінде академик Михайлов жөнінде, осы институттың алғашқы ұйымдастырушысы және директоры, ғылым докторы Әзербаев жайында, ғылым кандидаттары және болашағы бар жастар жөнінде егжейтегжейлі сұрап әңгіме етті. Қаныш Сәтпаев өзінің әңгімесінде Теміртау, Жезқазған қалаларындағы және осы институт жанындағы лабораторияларды кеңейту, оларды жаңаша жабдықтау жөнінде айтты. Материалдық базаны нығайтудың неге керектігін жақсы ұқсам да, аталған жаңа зерттеулердің аттарына түсінбедім. Бұл жерде Евней жаңа институт корпусын салу мәселесін қойды. Осы бір азғантай кездесуден көп нәрсені аңғаруға болады. Ғылым адамдары болжамының тереңдігі, ғылым тілінде тез түсінетіндері байқалады. Евнейдің жұмыс қабілетін, одан үлкен жеміс күтуге болатындығын Қаныш Имантайұлы ерте байқа ған еді. Евней 1950-1960 жылдар аралығында Қазақ политехникалық институтында жүрген кездері көзге ілікті. Сондықтан болар, Евней Бөкетовті 1960 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағандыдағы химия-металлургия институтының директорлығына президенттің өзі ұсынды. Сол артқан үлкен сенімді Евней Арыстанұлы абыроймен ақтады да. Оған дәлел – өзі және өзі басқарып отырған институт ұжымы ірі-ірі ғылыми жетістіктерге жетті. Мәселен, Евнейдің тікелей басшылығымен Балқаштың кен-металлургия комбинатында руданы конверторда қайта өңдеу үшін концентрат даярлау енгізілді, рений мен молибденді бөліп алу тәсілі жетілдірілді, марганец рудаларын кешенді түрде қайта өңдеуге үлкен үлес қосылды. Түсті металдарға жаңа процестердің физикалық, химиялық негіздерінде талдау жүргізіп, ғылымға елеулі жаңалықтар енгізді. Соның нәтижесінде Евней

Бөкетовтің бірнеше іргелі ғылыми еңбектері, 100-ден аса ғылыми мақаласы жарық көрді. Сол еңбектерінің 20-дан артығы авторлық куәлікке ие болған. Сайып келгенде Евней Арыстанұлы Бөкетов түсті, асыл және сирек кездесетін металдар металлургиясы саласының білікті ғалымы болып шықты. Бөкетов – республикаға ғана емес, ол бүкіл Одаққа белгілі ғұлама. Ғылыми атағы жөнінде айта кетуге болады. 1967 жылы – техника ғылымдарының докторы, профессор, 1969 жылы – Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ғылым мен техника саласындағы КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1975 жылы – Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Қоғамдық жұмыс жөнінде: КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылым мен техника жөніндегі Мемлекеттік комитеттің «Гидрометаллургия» ғылыми Кеңесінің мүшесі. Евней өмірінің алғашқы және соңғы қиын кезеңдерін оның тетелес інісі Қамзабай Бөкетов «Индустриальная Караганда» (10.01.88) газетінде шыққан очеркінде жақсы суреттеген. Бұл жазба үлкен әсер қалдырды. Ұлы Отан соғысының соңғы жылдарында Евней комсомол комитетінде және ұстаздық қызметте болды. Кәмелеттік аттестатты экстернат болып тапсырып алды. Бұл кездер қай жағынан болсын қиыншылық кезеңі екені әркімге белгілі. Ал, Евней өмірінің соңғы кезеңіндегі қиыншылықтар – жазықсыз қудалануы болды. Ол жөнінде «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», тағы басқа орталық газеттер беттерінде жазылды да. Бұл жетпісінші жылдардың аяғы, сексенінші жылдардың басындағы Қонаев және қонаевшылардың теріс әрекетінің салдарынан болған әділетсіздік еді. Евней Бөкетов өмірінің бақытты жарқын шақтары Қазақ политехникалық институтындағы (бұрынғы тау-кен институты) кездері еді. Ол – студент,

ол – аспирант, ол – ғылым кандидаты, ол –
институт ректорының ғылым және оқу ісі жөніндегі
орынбасары. Одан соңғы ширек ғасырға жуық уақыты
Қарағандыда өтті, оның 12 жылы Қазақ КСР Ғылым

академиясының
Химия-металлургия
институтын
басқаруға кетті, сегіз жыл Қарағанды мемлекеттік

университетінің ректоры болды. Бір кезде Қаныш
Сәтпаев
шыңдаған
металлург-академик

өмірінің
соңғы жылдарын Химия-металлургия институтының
аға ғылыми қызметкерлігімен аяқтады. Өмірінің
соңғы жылдарында Евней Арыстанұлы Қарағанды

көмір бассейніне байланысты жаңа, тың ғылыми
мәселелер көтеріп кетті. Бұл мәселелермен қазір оның
шәкірттері айналысуда.
Евней

қолы
қызметтен
босай
қалған

кезде,
әсіресе демалыс күндері үлкендермен әңгіме-дүкен
құруды ұнатушы еді. Оқығанынан тоқығаны көп
қариялармен жиі кездесетін. Олардың ішінде менің

әкем және Қабыкеш Сердалин ақсақал болатын.
Бұл кездесулерде Евней олардан сөз тартып, неден
хабарлары бар екенін алдын ала болжап алатын. Одан
соң өз білгендерімен салыстырып, оқиға желісін

анықтай түсетін. Сөйтіп, үлкендермен сөйлескенде
де әңгімесі жарасып тұратын. Көпшілік жағдайда
сөз арасында ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін жиі
айтатын.

1964 жылы Қазақстанда, одан тыс жерлерде,
Мәскеуде Сәкен Сейфуллиннің туғанына 70 жыл
толған мерейтойы кеңінен аталып өтті. Наурыз айы
болуы керек, Қарағандыдағы кеншілердің мәдениет

сарайында салтанатты мәжіліс болды. Мәдениет
сарайының іші-сырты лық толы халық, бұл кешке
қатыса алмағандар да аз емес. Сондағы ақын-
жазушылардың, Сәкеннің туыстары мен жақын

жолдастарының есімдері, сөйлеген сөздері әлі есімде.
Алғашқы сөзді Сәкеннің досы, әрі шәкірті Сәбит
Мұқанов алды. Ол Сәкен Сейфуллиннің қазақ совет
әдебиетінің туын көтеруші, негізін салушы, сыншы,

ғалым екендігін айта келе, қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің көш бастаушысы деп тұжырымдады. Сонымен қатар Мұхаметжан Қаратаев, Бауыржан Момышұлы, Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Сәкен жөніндегі ойларын, зерттеулерін, өлеңдерін ортаға салды. Олар Сәкенді қазақ даласының қызыл қыранына балап дәріптесе, орыс жазушылары, басқа ұлт өкілдері дауылпаз ақынды «барлық совет халқының мақтанышы» деп атады. Алдымен Сәкеннің інісі Мәжит жөнінде бірер сөз айтайын. Сәкен еңбегінде ол Ғабдұлмәжит деп аталған. Мәжит салтанатты мәжіліске кешігіп келді. Жұрт оны орындарынан тұрып, ду қол шапалақтап қарсы алды. Президиум төрінде отырған Гүлбаһрам Сейфуллинаға көзіміз түсті. Ол – жазушының сүйікті жұбайы. Гүлбаһрам Батырбекова (қыз кезіндегі фамилиясы) Қазақстанда Совет өкіметі жаңа орнаған кезде қазақ қыздарының оқуға тартылғандарының алғашқыларының бірі болатын. Сол кезде ол Қызылжарда совет-партия мектебінде оқитын. Сәкен онымен осы қалада танысады. Сәкеннің «Еңбекші қазақ» газетінде «Совпартшколдағы қарындасыма» деген өлеңі жарияланды. Ол өлеңде Гүлбаһрамның сұлулығы, оған деген шынайы махаббаты суреттелген. Сол қызға Сәкен кешікпей үйленді. Шындығында да Сәкен суреттегендей жасы алпысты алқымдаса да, Гүлбаһрамның өрілген қою қара шашында бір тал ақ шаш көрінбейді, бет-әлпетінде әжім де байқалмайды. Сәкеннің ескі досы, шығармаларындағы кейіпкері Захар Петрович Катченко залда отырғандарға үлкен әсер қалдырды. Ол Ұлы Октябрь революциясынан кейін, Омбы қаласында Қызыл Армия полкында болып, Керенскийдің армиясын талқандауға қатысады. Одан соң Ақмолаға келіп, Совет өкіметін орнатуға ат салысты, Совдептің және ревкомның мүшесі болды. Өзі және революционер досы Сәкен жөнінде тамаша әңгіме айтып берді.

Осы тойда Қарағанды жұртшылығы атынан Евней
Бөкетов (С. Мұқановтан кейін екінші болып) сөз алды.
Ол ұзақ сөйледі. Алдымен орысша, одан соң қазақша
төкті. Жалынды революционердің елімізде жаңа

заман орнатудағы тамаша ерлігін, еңбегін айта келе ол
армандаған, ол мақтанған Арқа жерінің бүгінгісі мен
ертеңгісін көз алдына елестетіп жайып салды. Евней
қай тілде сөйлесе де терең мағынада, жатық тілмен,

мәселені философиялық тұрғыдан пайымдаушы еді.
Мен оның үлкен ғалым, тамаша әдебиетші екеніне
осы кеште тағы бір көзімді жеткізгендей болдым.
Евней

Букетов
әдебиет
саласында
сыншы,

аудармашы ретінде танылды. Ол мектепте оқып
жүрген
кезінің
өзінде

қазақ
жазушыларының
шығармаларын
орысшаға

аударуға
талпынса,
кейін орыс жазушыларын қазақшаға аударумен
шұғылданды.

Евней Бөкетовтің көп еңбектері, аудармалары
қолжазба түрінде қалып отыр. Олар – С. Есенин,
А. Пушкин тәрізді ақын-жазушылар еңбектерінің
аудармалары және өзінің «Ғылыми қызметкердің

жазбалары» атты еңбегі.
Евней Арыстанұлы Бөкетов өте талантты, жан-
жақты адам болды. Ол – атақты Қаныш Сәтпаевтың
шәкірті, металлургия саласын дамытушы, теория мен

тәжірибені ұштастыра білген ғалым. Орта мектепті
Марьевкада (бұрынғы Октябрь ауданының орталығы)
орысша бітірді. Бірақ, ана тілін де жетік меңгерді.
Көптеген

орыс
жазушыларымен,
атақты
орыс

ғалымдарымен тығыз байланыста, достық қарым-
қатынаста болды. Бұл тұрғыдан алғанда Евнейді нағыз
интернационалист-ғалым деп айтуға болады.
Мұндай оқымысты академик біздің өңірде кем де

кем-ақ. Осыған орай оның атын, есімін мәңгі сақтау
соңғы ұрпақтар үшін қажет. Сергеевка қаласында
академик Бөкетов атындағы көше бар. Қарағанды
химия-металлургия институтында мемориалдық тақта

қағылған. Қарағандыдағы бір көше Е.А.Бөкетов

атында,
есімі

«Қарағанды» энциклопедиясына енгізілді. Алпысыншы жылдары Сергеев су қоймасы және су тоғаны салынғаннан кейін Марьевка селосының орны су астына кетті, ал оның халқы Сергеевкаға көшірілді. Евней Бөкетов білім алып, оқыған Марьевка орта мектебінің негізінде Сергеевкада №2 орта мектеп ашылды. Осы мектепке академиктің аты неге берілмеске? Бөкетовтің туып өскен жері Бағанаты ауылы болса, ол қарайтын «Городецкий» совхозының аты да оның атымен аталса көптік қылмас еді. Евней Бөкетов жазушыларымыз Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шуховтармен қатар тұра алады. Ол жазушылардың аттарында көше де, кітапхана да, музей де, совхоз да бар. Бұлар атақты адамдардың есімін мәңгілік сақтайды. Химия мен металлургия саласындағы ірі ғалымның аты да мәңгілік сақталуға тиіс. Қонаев көрсеткен озбырлық пен әділетсіздік Евней Бөкетовтің сағын сындыра алмады. Оған белгілі жазушы А.И. Брагиннің «Казахстанская правда» газетіндегі «И все таки он победил» деген мақаласы, КСРО-ның көрнекті ірі ғалымдары В.И. Спицин мен В.В. Белоусовтың берген бағалары айқын дәлел. Оңайбек ҚҰДЫШҰЛЫ АСЫЛ АДАМ АЙНЫМАС Евнейдің ғаламат ғалым, шебер қаламгер, от ауызды, орақ тілді шешен адам болғаны туралы аз айтылған жоқ. Десек те қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөздері Евней сынды табиғатынан талантты адамдарға арналған болар. Мен Евней болмысының басқа да қырларын ертеден білетіндіктен онымен бірге өткен елеулі кезеңнің елестері мен ерекшеліктерін еске алып отырмын. Алдымен бізді жақын таныстырып, етене табыстырған тағдырға тоқталайын.

Сәті түсіп 1946 жылы Мәскеуге оқуға бардым.
Жоғарғы білімім бар, есейген шағым, жауапты
комсомол қызметкерімін, әрі қарай оқып, ғылым
соңына түсемін бе деген ойым бар. Мақсатым –

аспирантураға түсу. Бірақ ол уақыттағы тәртіп өте
қатаң болатын. Осы себеппен жұмыстан босату
туралы өтінішіме Қазақстан Орталық Комсомол
Комитетінің бірінші хатшысы жайдары мінезді, абзал

азамат Әмір Қанафин (оны Қарағанды облыстық
партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы
болған кезінен білуші едім) өзіне тән биязы үнімен:
«Әрі қарай оқуға барғың келсе, Жоғарғы комсомол

мектебіне орын келіп отыр. Онда ылғи Мәскеу
жоғары оқу орындарының мықты профессорлары
дәріс береді, біліміңе білім қосасың», – деді. Бұл шын
мәнінде Әбекеңнің ағалық ақылы еді. Бір сөзге келмей

«барамын» дедім.
Қазақта
«жаман
шынын

айтам
деп,
сырын
ақтарады» деген мақал бар ғой. Білімге құштарлықпен

бірге жалындаған жастық жалыны да жан жүйеңді
түртпектей беретіні бар. Жүрек әмірі де қарап
жүргізбейді.
Оқуды

дендеп,
астана
қызығына
қаныққан соң, енді елге жалғыз қайтпауға белімді

бекем будым.
«Жолы болар жігіттің айы туар оңынан» деген
ғой. Алматыда танысқан бір қыз ойыма түсе кетті.
Ол Мәскеуде оқимын деген соң мекен-жайын

жазып алған едім. «Дом коммуны» деп аталатын
жатақханасына келсем, көп қабатты зәулім үй екен.
Тау-кен, болат, түсті металдар институттарының
студенттері орналасқан бұл алып ғимаратты ұстап

тұрған үш қана тіреуге таңғалдым.
Айтылмыш бөлмесіне келсем, 3-4 қазақ қызы
әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Жүрексініп, шешіліп
сөйлесе алмай қысылып отырдым. Таныса келсем

менің танысым Зылиха Сабитованың қасындағылар
Зүбәйра Оңдасынова, Мағфура Бектасова, Хасиба
Омарғалиева деген бірге оқитын қыздар екен.

Зүбәйра сол кезде Алматының тау-кен институтына ауысты да, 1951 жылы оны бітіріп шықты. Зылиха КСРО Түсті металлургия министрлігінің жолдамасы бойынша Балқаш түсті металдар өңдеу заводына жұмысқа барды. Зылиха екеуміздің некеміз Мәскеуде қиылса, Зүбәйра мен Евнейдің ерлі-зайыпты өмірі артынан Алматыда басталды. Сонымен бірге алланың жазуымен Евней екеуміз әрі «бажа», әрі дос болып көп жылдар тату-тәтті, сырлас-мұңдас болдық. 1950 жылы Қазақ тау-кен институтын үздік бітірген Евней аспирантураға қалдырылды. Біз Балқашта тұратынбыз. Диссертацияның тақырыбы Балқаш мыс заводының өндіріс технологиясымен байланысты болғандықтан, бұл жерге ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу үшін жиіжиі келіп тұрды. Диплом жұмысына байланысты заводта өндірістік тәжірибеден өту мақсатымен Зүбәйра да келіп тұратын болды. Жұмыстан соң қол бос уақытта бас қосып, сауық-сайран салатынбыз. Даңқты мыс алыбы атанған бұл заводта қазақтың бірсыпыра тәжірибелі инженер-металлург мамандары әртүрлі шешуші бөлім-цехтарында жауапты қызмет атқаратын. Металлургия цехының бастығы Байғазы Смағұлов, эксперимент-зерттеу цехының жетекші мамандары Жармұхамбет Төлепов, Мағзұм Қажығалиев, заводтың жаңашылдар бюросының бастығы Нығмет Әбдірахманов, электролит цехының бастығы Орынсейіт Нұрекин сияқты білгір де жігерлі азаматтармен Евней етене танысып та үлгерді. Сол кезде қаланың аз ғана интеллигенттері бас қосып, әр салада әңгіме-дүкен құрып жүруші еді, бірін-бірі отбасымен қонаққа шақырып, шат-шадыман сағаттар өтетін. Бірде жолдастарымның біреуі шақырып, үйіңдегі қонағыңды да ерте кел деген соң Евнеймен бірге бардық. Евнейдің бойында кербездену, ойын-тойдан бас тарту, менсінбеу деген болмайтын. Барған үйде

басқа ұлттардың өкілдері де бар екен. Ондайда тост көтеріп, сөз сөйлейтін салтымыз бар ғой. Сөз кезегі Евнейге келгенде: «Бәріміз қара сөзбен әдеттегі тілек сөздерімізді айтып жатырмыз ғой, мына құрметті қонағымыз Евней Арыстанұлы поэзияны сөзіне тиек етсе, қалай болар еді?» – деп ұсыныс жасадым. Евней үй иесіне ілтипатпен бір қарап: «Қай тілде орындайын?» – деді. Қонақтар барлығына бірдей түсінікті орысша орындауына ризашылық білдіріп еді. Евней Сергей Есениннің «Анна Снегина» атты поэмасынан ырғақ мәнерімен жатқа заулата жөнелді. Мазмұны мен орындаушылық шеберлігі ұштасып жатқан жырды жатқа орындауы жұртты тебіренте, тербете түсті. Қонақты қошеметтеген қолшапалақ ризалық пен алғыстың айғағы болды. «Тағы, тағы!» – деді жұрт дуылдап. Ерінетін Евней бар ма, «Тамара мен Демонды» жалғастыра жөнелді. Есенин мен Маяковский туындыларының талайын Евнейдің жатқа айтатынын жұрт қайдан білсін! Евнейдің жазушылық-аудармашылығын сөз еткенде Вильям Шекспирдің «Макбет», «Юлий Цезарь» трагедиялары, Эмиль Золяның бір топ әңгімелері, М.Ю.Лермонтовтың «Демон» поэмасы, Иван Вазовтың «Бұғауда» романы сияқты әдебиет тарихында шоқтығы биік тұратын туындыларды да атап кеткен жөн. Аударма – қиын да қыры мол өнер саласы. Әлем әдебиетіндегі асыл қазынаны басқа тілден ана тілімізде сөйлету, сөз маржанын тізу оңай іс емес. Осымен қатар Евней өзіне тән, өзі сомдаған бірсыпыра туындыларды да дүниеге келтірді. «Атан қомында туған адам» деген атпен қазіргі қазақ интеллигенциясы жайлы көлемді эссе жариялады, ол Мәскеудің орталық журналдарында басылды, «Жазушы» баспасынан публицистикалық очерктері мен сын мақалалары жеке жинақ болып жарық көрді. Даңқты ғалым, академик Қ.Сәтпаев хақында кітап жазды. «Советский писатель» баспасынан «Пути в

незнаемое» деген сериямен Евнейдің Шоқан туралы
ұзақ эссесі жарық көріп, бүкіл одақтық оқырман
қауымы тарапынан жақсы лебіз, құнды баға алды.
Бірақ, оларды Евнейдің өзі оқи алмай кетті.

Евнейдің көпке мәлім туындыларымен қатар
ешқайда басылмаған, көпшілікке бейтаныс күнделікті
жай-күйге байланысты табан астында суырып салып
айтатын әзіл-оспақ, күлкі-сықақ, келекелі өлеңдері

болатын. 1954 жылдың шілдесінде Медеу аңғарына
орналасқан «Қазақстанның он жылдығы» атындағы
демалыс үйіне жолымыз түсті. Ыстық күнде шөлдеп
келген біз біраздан соң сол жерде қымыз сататын

кішкене базарсымаққа бардық. Қымыз бітіп қалыпты.
Мұртын ширатқан орта жастағы жылтыр қара қазақ
таудай биесіне мінгелі тұр екен. Бізге бос торсығын
нұсқап: «Қымыз керек болса, менімен бірге жүріңдер,

анау кезеңнің астында ауыл бар», – деген соң,
шаршамайтын шағымыз ғой, мұрттының соңынан
ердік те кеттік.
Ауыл дегені жұпыны екі киіз үй болып шықты.

Желі басында алжапқышы қақ-қақ сары әйел құлын
байлап жатыр екен.

– Ей, қымыз бар ма мыналарға? – деді күйеуі

аттан түсе беріп.

– Қайдағы қымызды айтып тұрсың, таңертең

сабаны сарқып кеткенің қайда? - деп әйелі үйіне кірді
де кетті.

– Не тұрыс бар. «Есің барда елің тап» деген,

кетейік енді, - дедім. Белдеуге атын байлап жатқан
қара мұртқа қарап Евней табан астында:

– Ау, туысқан қазағым,

Бұл не деген мазағың?
Шөлдеп-шаршап келгенде,
Табылмады шалабың.
Тәлкек қылып әурелеп,

Көрсеттің шөлдің азабын!
Тіліңді алмай әйелің?
Тайсалды ғой талабың? -

деп шұбырта жөнелгенде, жылтыр қара үйіне сымп
беріп кіріп кетті. Біз 20-30 қадамдай алыстай бергенде
үй иесі қол бұлғап шақырып алды да:

– Сөз тапқанға қолқа жоқ, ішіңдер мынаны, - деп

екі кесе қымызды ұстата берді...
Евнейдің
есігі
елдің

бәріне
әрдайым
ашық
болатын. Евней келгендердің лауазымына, жасына,

ұлтына
қарамайтын.
Бәрін
бірдей

жайдары
жүзбен қарсы алатын. Әсіресе 1969 жылы КСРО
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алғанда
құттықтаушылар күні-түні ағылып келіп жатты.

Сол күндердің бірінде Евней:

– Зуке, бұл тасқынға толас болмайды. Бұл сыйлық

мемлекеттікі ғана емес, халықтың сыйы ғой. «Сыйға

– сый, сыраға – бал» деген. Құттықтаушылар ішінде

құр ауыз кетіп жатқандары бар, бәрі тілектес ниеттес
адамдар, осылардың бәрінің басын қоссақ қайтеді?

– деді. Зүбәйра бір сөзге келместен бұл ұсынысты

қолдады.
Әдеттегі үлкенді-кішілі той-томалақ бола береді
ғой. Бұл Евней сынды ерді ел таныған мәртебелі
мереке еді.

Нұраның жағасы айнала құрылған ақ шағаладай
палаткалар, ән мен жыр, құйқылжыта, құлшындыра,
өрлете салған музыка. Саба-саба сары қымыз, қазы-
қарта, жал-жая дастарханның сәнін, ауыздың дәмін

келтіреді. Күлкі-сықақ, әзіл-оспақ бәрі осында, мәз-
мейрам, мәре-сәре болғанымыз бар. Осылардың
қақ ортасында ойын-тойдың ұйымдастырушысы да,
ұйтқысы да болып Зейнолла Молдахметов, Жантөре

Әбішев, Виталий Малышев, Әбікен Рахимов, Борис
Пластилин сияқты көңілдес, жанашыр жігіттер жүрді.
Евнейдің қалтқысыз қамқорлықпен аясына алған
адамдары аз болған жоқ. Оның тікелей ғылыми

басшылығымен 50-60 адам докторлық, кандидаттық
диссертация қорғапты. Солардың ішінен Зейнолла
Молдахметов,
Марк

Пугарец,
Хамза
Байкенов,
Елизавета Пономарева, Виталий Малышев, Төрежан

Жүнісов, Хасен Ахметов, Маут Махметов сияқты көрнекті ғалымдардың есімдерін атауға болады. «Селен мен өлеңді», «Теллур мен прозаны» қатар табыстырған Евнейдің ерен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Ол Қазақстан Ғылым академиясының 1970 жылы мүше-корреспонденттігіне, 1975 жылы академиктікке сайланды. Ал, 1971 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Сөйтіп, Евнейдің өнімді де өнегелі өмірі шалқып, шабыты шарықтай берді, келісті келбетіне сай, келелі істері кемтігін толтырып, кемеріне келе берді... 1972 жылы Жоғары білім беру министрлігі мен облыстық партия комитеті тарапынан Евнейге бұрынғы педагогтік институттың негізінде ашылайын деп жатқан мемлекеттік университеттің ректоры болуы туралы ұсыныс түсті. Үнемі ғылыми, шығармашылық іспен шұғылданып келген адамға бұл көктен түскендей тосын хабар еді, өйткені әкімшілік, әміршілдік жұмысын жаны жаратпайтын. Алғашқыда ол «құп» деп келісімін бермегенмен, жоғары отырғандар мен жергілікті басшылардың желдірмежелбуаз сөздерін аяққа баспай, көнуіне тура келді. Университет үшін мұнда ғылыми, материалдық негіз жоқтың қасы, кадрлар мүлде жеткіліксіз болатын. Осы мәселелер енді Евнейдің еншісіне тиіп, көп уақытын кетіріп, басын ауыртуға тура келді. Мұнда бар болғаны екі ғылым докторы (біреуі медицина, екіншісі методика салалары бойынша), он шақты ғылым кандидаты, кішігірім екі оқу корпусы (оқу орнына арналмаған әкімшілік үйлері), бір жатақхана (екі қабатына филология факультеті орналасқан) болатын. Бұл келтірілген жайт алда тұрған міндеттің шегі де, шеті де жоқ ұлан-ғайыр екенін айтады. Екі-үш жыл өтпей Евней еңбегі өз нәтижесін де бере бастады. Гоголь көшесіндегі қазіргі математиктер қоныстанған корпус, артынан Оңтүстік-Шығыстағы студенттер мәдениет сарайы, спорт залдары бар

университеттің бас корпусы салынып, қасында арнаулы асханасы бар жатақханалар бой түзеді. Он шақты ғылым докторы, жүзден астам ғылым кандидаты жұмыс істей бастады. Экономика, заң факультеттері ашылып, физика, химия, биология салалары бойынша дербес факультет болып құрылды. Бәрін тізе берудің қажеті болмас. 1979 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президентін сайлау төңірегінде дақпырт сыбыс, алыпқашпа ақпарат тарап жатты. Дәл осы тұста Евней Арыстанұлының үстінен жоғары жаққа арыз түсіпті, тексеруге үлкен комиссия келетін болыпты деген дүмпу мен ыбыр-сыбыр да ұлғайып кетті. «Ленинская смена» газетінде «В соавторстве с Хлестаковым» деген тақырыптағы мақала да Ю. Рощин деген бүркеншік атпен осы тұста шығып үлгерді. Оның авторы Қазақстан Орталық партия Комитетінің жауапты қызметкері В. Владимиров екені де анықталды. Бұл мақала Евнейдің есіміне тұп-тура күйе жағуға, беделін түсіруге арналған жалақорлықтың айғағы еді. Жарамсақтар мен жағымпаздардың іздегені де осы еді, сондықтан да мақала олардың қолындағы қуатты құралға айналды. Орталықтан комиссия да келді. Бір келмей, екі келді. Соңғысының құрамы да жаңарған. Себебі алғашқысы ақиқатқа жуық болғандықтан жарамай шыққан да, екіншісіне ерекше тапсырма беріліп, қатты ескертілген. Ал Евнейдің жанын қинаған қызмет емес, әділетсіздік пен әдепсіздік еді. Тосын оқырман бұл екі оқиғаның (сайлау мен төтенше комиссияның) арасында қандай қарымқатынас бар деуі ықтимал. Бұған жауапты сол кездегі лауазымды адамдар ғана бере алатын шығар. Қатардағы адамдар түрліше жорып жүрді. Партия құжаттары қара құлыпта болатын. Дегенмен, Евнейді мінеп-сынаған, нақақ, ауыр пікір айтқан адам біріншінің қасындағы көмекшісі

болғандықтан, жұрт логиканың заңына сүйенген
шығар. Шындықты шымылдыққа қанша бүркегенмен
ол ашылмай қоймаған.
Асқар Қонаев 1974 жылы президенттікке сайланса,

1979 жылы кезекті сайлау мерзімі таяп қалған
болатын. Осы тұста оның лауазымына үйлеспейтін
қылықтары, ғылыми-интеллектуалдық деңгейі туралы
сыбыс ұлғая түсті.

В. Владимировтың Евнейді күйелеген мақаласы-
ның да жарық көруі осы кез болатын. Осы айтылған
жайт, тағы басқа астыртын әрекеттер Асқардың ешбір
бәсекесіз тағы да өтуін қамтамасыз етті. Бұл Евнейдің

жанына батып, қинаған қиянат еді.
Өзін де, өзгені де әуре қылмайын деген қоры-
тындыға келген Евней ақыры орнынан босатуды
өтінген арыз берді. Арызын алып А.Г. Коркинге

барғанда оның қуанышы қойнына сыймапты. Себебі,
«Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер» деген
емес пе. Жоғары жақ оның да мазасын ала бергенге
ұқсайды.

Сөйтіп, Евней өзінің үйреншікті орны ХМИ-ға
қайта оралды. Институт ұжымы оны құшақ жайып
жылы жүзбен қарсы алды. Басшылықта отырған
азаматтар оған өз орындарын ұсынды. Бірақ, Евней

қатардағы ғылыми қызметкер болып жүре беруді
дұрыс көрді.
Асыл қасиеттерді бір бойына сіңірген шіркін
Евнейді арсыз ажал арамыздан алды да кетті.

Евней қазасына бүкіл ел еңіреді. Оны өлімге қимай
қабырғалары қайысты. Зерттегені сирек металл болса,
өзі де сирек жаратылған тұлға еді. Азаматтың асылы,
үлкен жүректі, жайдары жанды Евней есімі есімізде

мәңгі сақталады.

Гәзет ӘБІШЕВ

БАРШАҒА БАС ИДІРГЕН

Туысқан болған соң ол жайлы тереңірек, өзгелерге
беймәлім қасиеттері мен сыр-сипаттары жайлы
толығырақ сөйлеген жөн болар. Алдымен туыстық
жайын айта отырайын. Евнейдің шешесі Бәлтәй

менің әжемнің сіңлісі еді. Сонда мен Евнейдің бөлесі
боламын. Бәлтәй мен әжем Тілімжан Есіл бойындағы,
қазіргі Сергеев ауданындағы Жаңаталап ауылы
мен Сергеевка қаласының үлкен Есіл алқабын

алып жатқан елді мекеннен, Ақын-Барақ деген
атадан тараған кісілер еді. Бұлардың аталары –
Ақжан, Тоғжан, Ахмет, Ақжігіт ұрпақтары. Олардың
ішінде, әсіресе, елге есімі кең жайылған ақын соқыр

Тоғжан болатын. Менің бұларды тәптіштеп айтып
отырғанымның жайы кейінірек түсінікті болар деп
ойлаймын.
Жалпы жақсы адамның жақыны болуға кім

болмасын таласады. Бертін келе Евнейдің дарынды
ғалым болуы, жазушы атануы туыстарына үлкен
мақтаныш еді. Сонда нағашы жағы: «Евней бізге
тартқан ғой» деп мақтанса, әке жағының туыстары

«Әкесі Арыстан ақылды, парасатты кісі еді»
деп нағашы жағынан қызғанатын. Мен өз басым
Арыстанды көрген емеспін, ол кісі ертерек дүние салса
керек, ал Евнейдің шешесі Бәлтәй апай өте ақылды,

терең ойлы, білімдар болатын. Евней меніңше, ой
жағынан шешесіне, ал бой жағынан әкесіне тартса
керек. Евней аға бертінде өзі де күліп: «Біздің бет-
пішініміз, әсіресе мұрнымыз Бәлтәйға тартып кеткен»,

– дейтін.

Мен Евнейдің үйімен олар Марьевкада тұрғанда
араласып жүрдім. Бұл 1947-1948-жылдар болатын.
Әлі есімде, әжем екеуміз сиыр жегіп, аудан орталығы
Марьевка селосына жиі барып тұратынбыз. Ол кезде

жексенбі сайын Марьевкада үлкен базар болып
тұрады. Әжеміз жұма сайын май, жұмыртқа жинап

апарып сатып тұратын. Бәлтәй апай әкеден жетім
қалған бес баланы асырау үшін іс тігіп, оны сатып күн
көрді. Евекең ол кезде Алматыда оқуда екен, менің
үшінші-төртінші класта оқып жүрген кезім.

Менің есімде қалғаны: апалы-сіңлілі екі кісі түннің
біраз уақытына дейін мұңдарын айтып, кеңесіп,
жылап та алатын. Менің әжемнің өз мұңы өзіне жетіп
жатты, үш бірдей ұлынан айырылып, азынап қалған

ана қаршадай мені ермек қылушы еді.
Бәлтәй апа болса, ағайындардың көмек қыл-
майтынын айтып, «қиын болса да қолдан костюм-
шалбар тігіп, Евнейді Алматыға оқуға жібердім,

түбінде Евнейім аман болса кісі болып шығады» дейтін.
Иә, ол кезде жағдай ауыр, біз колхозда тұрамыз, олар
аудан орталығы Марьевка селосының арғы жағы
Бағанаты жағында жарты төбелі бір бөлмелі ағаш үйде

тұрып жатты.
Сәті түсіп Евнейді алғаш рет елуінші жылдың
басында
туған

ауылымыз
Жаңаталапта
көрдім.
Евекеңнің аспирантурада оқып жүрген кезі болса

керек, жанында бір серігі бар, жақсы қорапты арбаға
жегілген тәуір ат. Ол кезде мұндай атпен келген
қонақ таңсық, кейін білсем, бұл ат-арба аудандық
атқару комитетінікі екен, сол кездегі төрағасы

Әміржан Құсбекұлы Мусин беріпті. Евекеңнің келген
мақсаты – аман-саулықты біліп, нағашы апасына
сәлем беру. Менің әжем жыласып көрісіп жатыр,
өзінің балаларын айтып, ара-арасында «мына менің

немеремді кісі қылып, тәрбиеле, оқыт» деп қояды.
Мен болсам, тосырқап тұрмын. Біраздан кейін мені
Евекең шақырып, маңдайымнан сипап, бетімнен
сүйіп, «ақылды бол, жақсы оқы» - дегені әлі есімде. Ол

кісілер шай ішіп, жүріп кетті.
Менің есімде қалғаны – ұзын бойлы, ашаң, аққұба,
жылы жүзді балғын жігіт.
Содан кейін әртүрлі жағдайлармен кездесе алма-

дық. Өмірдің ауыртпалығын көріп, оқуды бітіріп,
қызметке орнығып, ес кіре бастаған шақта Евекеңді

әдейі іздеп, отбасыммен алпысыншы жылдың аяғында Қарағандыға бардым. Қандай жақсы ұмытылмайтын кездесу болды. Ол кезде Евней ағай Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағанды химия-металлургия институтының директоры болып істейтін. Ол кісінің мені көріп қуанғаны әлі есімде. Өз үйінде жолдастарына мені таныстырып, өткенді еске алып, апасының (менің әжемнің) айтқанын айтып, «оқыт, кісі қыл деп тапсырып еді, ол кезде мен кімге көмек қылғандаймын, өзім студент-аспирант», - деп жұртты күлдірді. «Маған қарамай біздің інішек Новосибирскіде сауда-кооперативтік институтын бітіріпті», – деп тағы мақтан етті. Ол кісі кім оқыса, кім адал қызмет атқарса, өте жақсы көруші еді, тіпті ол туыс, жақын болсын-болмасын, барлық адамға бірдей қараушы еді. Ертеңіне өзінің қызмет орынына – ғылымизерттеу институтына ертіп апарды. Қандай кішіпейіл десеңші, үлкенге де, кішіге де күліп тұрып сәлем береді, жағдайын сұрайды. «Жігітім, әнеугі жұмысың не болды? Ұзатып жібердің ғой», енді біреуге: «Інішек, жаңадан тапсырма алмаушы ма едің, не тындырып жатырсың?» немесе енді бір кісіге: «Тақырыбың ұнай ма, материалың жеткілікті ме?», тағы бірде: «Отбасың қалай, қарттарың тың ба? Іссапарға баруың керек, лабораторияда жұмыс бітті ме?» - тіпті осылай әр адаммен жекеше сөйлейді, мен үшін бәрі жұмбақ. Кездескен кісілерге мені біздің қонақ деп таныстырады, олар одан сайын шұғыл амандасады. Былай шыққан соң маған: «Әлгі жігіттер сені академиядан деп қалды-ау деймін, сенің сипатың толық келіп тұр», - деп күліп алды. Одан соң кітапханаға апарып, өзінің бір кітабын сыйға тартты. Өз қолымен былай деп жазған еді: «Саған бұл кітапты оқу қиын болар, тек көп жылғы еңбегім ғой, көзімдей көріп жүр, ағаң Евней». Бұл «Селен мен теллурды мыс электролитінен айыру»

атты атақты еңбегі еді, әлі күнге менің кітапханамда академиктің қолтаңбасымен сақтаулы. Бұл мендегі Евнейдің жалғыз қолтаңбасы емес, сонау жетпісінші жылдан бастап әр мерекеге байланысты құттықтау хаттары, бірге түскен фотосуреттері баршылық. Ұлы адамдармен бірге болу, дәмдес болу, ондай адаммен сұхбаттасу, сырласу қандай адамға болмасын үлкен бақыт қой. Соның бірі мен болдым. Бағанаты ауылында «академик Бөкетов келе жатыр» дегенде, бір кішкентай бала атасына: «Ата, маған тірі академикті көрсетші» деген екен. Сондай ел мақтанышы, бүкіл қазақ халқының мақтанышына айналған Евнеймен он бес жылдай, өмірінің соңғы күніне дейін араласып жүрдім. 1975 жылы Қарағанды қаласында университеттің үлкен залында академик-жазушы Евнейдің елу жылдығы аталып өтілді. Алматыдан, Шымкенттен, Мәскеуден, Тбилисиден басқа да үлкен-үлкен қалалардан атақты ғалым адамдар, жазушылар жиналды. Міне, осындай үлкен адамдар бас қосқан жиынның куәсі болдым. Евней ағамыз түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы саласының үлкен білгірі еді. Қазақ КСР Ғылым академиясы Химия-металлургия ғылыми зерттеу институтының алғашқы директоры. Ширек ғасырдай уақытта ол көптеген аспиранттарды, ғылым кандидаттары мен докторларын даярлап шығарды. Химия-металлургия саласында Е.Бөкетовтің өз алдына дербес мектебі қалыптасты, ол өндіріске көптеген жаңалықтар қосты. Қарағандыдағы қазіргі Ғылым академиясы орталығының алғашқы негізін қалады. Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ұйымдастырушысы-жетекшісі болды. Көптеген ғылыми кадрлар даярлады. Евекең өзінің қысқа өмірінде екі жүзден аса ғылыми мақала жазып үлгерді, оның отыздан астамы авторлық куәлікке ие болды. Ағамыз өмірінің соңғы кезеңінде көмірден мұнай айырып алу жөнінде жаңа лаборатория да

ашып еді, бірақ бұл еңбегін аяқтауға мейірімсіз ажал мұрша бермеді. Академик Е. Бөкетов өзінің терең білімдар лығы мен, асқан шешендігімен М.В. Келдыш, А.П.Александров, Қ.И. Сәтпаев сияқты атақты ғалымдардың алдында талай сүбелі ғылыми тақырыптарда баяндама жасап, үлкен баға алған еді. Евней Бөкетов – әдебиет саласында біраз еңбектер жасап кеткен адам. Ол жұртшылыққа әдебиетші, сыншы, аудармашы, публицист ретінде танылды. Евней, әсіресе, А. Пушкинді, С. Есенинді, В.Мая ковскийді шын сүйіп, олардың еңбектерін сүйіспеншілікпен қазақшаға аударды. Онымен қатар «Атан қомында туған адам», «Жарқын тағдыр кезеңі» атты повестері жарық көрді. Оның соңғы еңбегі ұстазы академик Қаныш Сәтпаев туралы үш томдық романы аяқталмай қалды. Евекеңнің әдебиет саласындағы еңбектерін оқығанда еңбек ардагері, жерлесіміз Төке Аяғановтың бір айтқан сөзі есіме түсті. «Қырқыншы жылдардың орта кезі, біз, көп жігіттер Алматыға пойызбен оқуға кетіп бара жатырмыз. Ол кезде тура жол жоқ, пойыз Новосибирск қаласы арқылы айналма жолмен көп күн жүреді. Сонда вагонда бір жігітке таңғалған едік. Ұзын бойлы, ашаң, жұпыны киінген қазақ жігіті үстіңгі полкадан түсе сала, анда-санда қолын сермей Пушкиннің, Некрасовтың, Маяковскийдің өлеңдерін жатқа дауыстап, екпіндете айтып берген. Біз одан кейін бір-бірімізден: «Бұл кім, бұл не деген жігіт?» - деп таңданып сұрай бастадық. Сөйтсек, оқуға бара жатқан Евней Бөкетов деген марьевкалық жігіт екен. Мұны көріп, қатты сасып, қорқуға айналдық, неге десеңіз, біз оның білгенінің жартысын да білмейміз, қалай біз оқуға түсеміз деген қобалжу басталды. Міне, бұл болашақ ғалымның білім іздеп бара жатқан алғашқы сапары еді». Сондай бергенінен берері көп ойшыл, парасатты, тамаша оқымысты, әдебиетші-сыншы, аудармашы,

публицист Е.А.Бөкетовті келмеске кеткен тоқырау жылдары көре алмайтын, өздеріне сене алмайтын, білімдері тайыз ғалымдар мен әдебиетшілер іштарлық қылып, аяқтан шалғыш қорқақтар, жала жапқыш пәлеқорлар ажал тырнағына итерді. Міне, бүгін, қоғамды демократияландыру, әділеттілік кезінде кешегі арам пиғылды адамдардың заңсыз әрекеттері әшкереленіп, Е. Бөкетов сияқты талай ұлы адамдар тарихта өзінің тиісті орындарын алды. Әттең, қазір арамызда Евекең жоқ. Ол осындай әділдік уақытқа ғұмыры жетпей, шіркін, арманда кетті. 1983 жылы желтоқсан айының қаралы қаза күні Евекеңнің қабірінің басында сөйлеген үлкендікішілі ғалымдар мен әдебиетшілер, қызметкерлер мен шәкірттері ызалы-ызалы айбынды сөздер айтты. Солардың сөздері әлі күнге дейін құлағымда тұрғандай. Ашынып сөйлеген ғалымдардың бірі былай деп еді: «Мен де сен сияқты ғалыммын, бірақ сенің білімің басқа ғалымдардан жоғары, шоқтығың биік еді. Сен 58 жыл ғана жасадың, көп ғылыми жаңалықты аша алмай, өзіңмен бірге алып кеттің. Бірақ, осы аз уақыт ішінде сен көп іс тындырдың. Сенің еңбегіңді есептесек, сен 58 жыл емес, 116 жыл жасадың». Тағы бір ғалым жолдасы: «Сенің атың өшпес ат, сенің атың қазақ атымен бірге жаратылған, қашан қазақ аты өледі, сонда ғана сенің атың өшуге тиіс», - деген-ді. Жастайынан жеңісті еңбекке дағдыланған адал азамат, бойындағы мол қабілет-күшін, тәжірибесі мен білімін Отанымыздың байлығы мен экономикалық қуатын арттыра беруге, мәдени өмірін көркейте түсуге жұмсаған жерлес ғалым ағамыз Евней Бөкетов арам пиғылды адамдар арандатуының құрбаны болды. Бірақ, олар сазайын тартып та жатыр, әлі тартады да. Қорыта келгенде, академик Е. Бөкетовтің еңбектері өзінің ғылыми маңыздылығымен тек Қазақстан

ғана емес, Отанның ғалымдарымен бірге шетелдік оқымыстылардың да назарын аударып отырды. КСРО Ғылым академиясының академигі А.В. Новоселова: «Е.А. Бөкетовтің ғылыми зерттеулерінде тұңғиық тереңдік пен практикалық пайдалылық қатар өрлеген», - деп тегін айтпаса керек. Өмірінің соңғы кезінде ғылыми лаборатория ашып, ғылымға көптеген жаңалықтар енгізумен қатар, көмірден мұнай айырудың ғылыми теориялық жолын ашып кетті. 1982 жылы Свердловск қаласында өткен ғылыми конференцияда баяндама жасап, соны ойларымен, батыл ғылыми болжамдарымен ғұлама ғалымдарды аузына қаратты. Ол жөнінде қасына ерген екі ғылыми көмекшісі қайтар жолында туған қаламызға соққанда ерекше мақтанышпен айтып берген еді. Сол сапарында біздің үйге қасындағы екі көмекшісімен қонып кетті. Ертеңіне азаматтармен бірге аэропортқа шығарып салған едік. Сол жолы ардақты ағамыздың көңілі бұзылғанын байқап қалған едім. Оның жөні де бар сияқты, өйткені бұл тұста университеттің ректоры емес, жай қарапайым лаборатория меңгерушісі, аға ғылыми кеңесші болып жүрген кезі. Иә, мәселе қызметтің жайында емес қой. Немесе ол кісі қаражаттан да кенде емес. Оның күйзелісінің мәні басқада болатын. Ол – қызметі төмендегеніне емес, өзінен әлдеқайда төмен, өресіз, Отанға, халқымызға пайдасы да жоқ, ғылыми тұрғыдан дәрменсіз біреулердің жоғарылап, шын дарындарға тиесілі биікке өлермендікпен өрлеуінде еді. Гәп өмірдің тәлкегінде, білектінің билік жүргізуінде, қоғамда сол тұста тоқырау көлеңкесінде белең алған әділетсіздікте еді. Анығында оның осы кездегі көңіл-күйі аса аянышты көрінді. Халі тым мүшкіл болатын. Өмірінің соңғы үш жылында шеккен қасірет-зардабын ешкімнің басына бермесін! Жә, оны қызметтен шегерді, төмендетті. Ал оның асқан дана ойын, ақыл-парасатын қалай бұғаулап

тастауға болады? Бірақ, дүлей күштер бұған да жол берді. Неткен обал, неткен масқаралық десеңізші! Жаңа еңбектері жарық көрмей қойды, баспадан шықпады. Оның ұсынған еңбектерін кірпі көріп, үрке қарайтын баспалар мен редакциялар оны жақындатуға қорықты. Жоғарыдан осындай нұсқау алған олар Евней Бөкетовтің еңбегін басқаны үшін жазаланудан сескенді. Мұндай әділетсіздікті көтеруге де үлкен жүрек керек қой. Сол жылы жанын жегідей жеген – газеттердің бірінде бүркеншік атпен берілген жан түршігерлік жалған жала ағайын-туғандардың арасында еріксіз ойға түсті ме? Өйткені, жамандық деген адам жанын жегідей жеп, қан сорғыш кенедей жабысып кетпей қояды ғой. Ол нақақ күйген адамнан қашан да екі елі айырылмайды емес пе? Әлде «Осының содыры тиіп кетіп жүрмесін» деп қиын сәтте қашқалақтаған, ауырды тең бөлісе алмаған жалған жолдастардың қылықтары есіне түсті ме? Болмаса сүйікті туған жеріне соңғы рет келіп тұрғанын сұңғыла жүрек сездірді ме екен? Әйтеуір ағамның көңіл тереңінде былайғы жұртқа жұмбақ, қанша аңдасаң да алдырмайтын алай-түлей сезімнің буырқанысы бары анық еді. Айтқандай, бұл ғұлама, данагөй ағамыздың туған жер топырағын соңғы рет басуы екен ғой. Евней Арыстанұлы жалғыз менің ғана туысым емес. Ол – халқымызға аяулы ардақты азамат. Оның есімі баршамызға қымбат. Бұл есім бәріміздің жүрегімізде мәңгі сақтала бермек. Төрежан ЖҮНІСОВ ЖАРҚЫН ДА, ЖАЙСАҢ ЖАН ЕДІ Евней Арыстанұлы Бөкетов менің барша ұстаздарымның арасындағы ең аяулысы болды. Евекеңе шәкірттері ғашық-ақ десе де болғандай-тын. Оның бойындағы абзал адамға тән нәзік те таза

қасиеттердің ұшан-теңіз байлығын онымен кездескен жан лезде-ақ сезетін. Сыр-сымбаты, сәнді мінезі қандай еді қайран ағаның! «Табиғат ағамызға бойды да, ойды да, келбетті де келістіріп берген екен!» – деп мына біз – шәкірттері қандайлық мақтан етуші едік... Атақты адамға кездескенде қайткенде де жүрексіну – әрбір жасқа тән қасиет қой. Осындай күйді мен де басымнан кешірдім. 1968 жылы Шымкент қаласындағы, Қазақ химия-технологиялық институтына «Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі доктор Бөкетов келіпті. Өзі келешегі келелі жастарға оқу, ілім уағыздай жүретін ұстаз екен» деп есіттім. Ғылым жолына түсу көптен армандап жүрген ойым болғандықтан, ғалым ағаға кездеспекке мен де құмарттым. Сөйтіп, қалай кездесудің ретін іздеп жүргенде ол кісінің сол институтта арнайы кездесу өткізетінін естідім. Жақсы дайындығым болмаса да, кандидаттық минимумды тапсырғандығымды бетке ұстап, белгіленген уақытта бір топ жастар қатарына мен де келіп қосылдым. Жақсы болғаны сол, Евекең «ақсақал мінездес», «қатыңқы қабақ» болмай шықты. Қырықтар шамасындағы өзімізден бір мүшел ғана ересек, жайдары жүзді, көтеріңкі көңілде көргенде, оның институт ректоры Сұлтан Сүлейменовке қалжың айтып, қарқылдап күлгенін естігенде жүрексінген біз бірден сергіп, ешқандай қысылусыз әңгімеге араластық та кеттік. Көпшілікпен бірге отырып, әр саладан пікір алысты, соңынан әрқайсымызға жекежеке сұраулар берді. Қайтарған жауабымызды сабырлы тыңдап, айтқан ғылыми тұжырымдарымызға терең талдау жасады. Оның химия, металлургия, техника, физика, табиғат қорғау ғылымдары саласында өте жетік маман екендігі байқалды. Сол кездесуде ғалым аға мені аспирантураға оқуға шақырды. Әрине, менің сол күнгі қуанышымда шек болған жоқ. Қаншалықты ғылым жолын армандағаныммен Евекең сол сәтте-ақ ешкімнің қосымша қол-

қалауынсыз мені өзіне шәкірттікке шақырады деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Әлі есімде, химия пәнінен көп сұрақтарға жауап алған соң, үйжайымның жағдайын тәптіштеп сұрастырды. Әбден егжей-тегжейін білген соң: «Үйіңе барып, ағайынтуыс, өрен-жараныңмен ақылдас, сен оқуға кеткен жағдайда үй-ішің қиналып қалмай ма?» – деді. Ондайда ойланып жатуға уақыт қайда, асыға жауап беріп жатырмын. Менің жауабымды: «Бұның асығыстық болуы мүмкін», – десе де, қызмет жағдайымды реттеп, кешікпей баруым керектігін айтты. Сонымен, сол жылдың қазан айында Қарағандыға жүріп кеттім. Былай қарағанда бұл ерекше көңіл бөле қоярлықтай да жағдай болмауы мүмкін. Бірақ, кейін келе өмір жолында неше түрлі адам арына сыймастай, тұрмыстық қалыптан шет шыққан кейбіреулердің іс-әрекеттері бүкіл қоғам тіршілігін кеулеп кетіп, оны тоқтату тіпті де қиын болғандығын ескерсек, Евекеңнің іс-әрекетінде сол кезде-ақ бүгінгі кезең талаптарымен керемет үндесерлік жайттар мол болғанын енді аңғарып жүрміз ғой. Бұл сөзімді дәлелдеу үшін тағы бір мысал келтірейін. Көп жұмысты, әсіресе, ғылыми пікірлерді Евекеңнің үйінде талқылайтынбыз. Бірде ғылыми қолжазбамды қарап шығып, өз пікірін, кеңесін айтып болған соң стол үстінде жатқан бір парақ ақ қағаз көлеміндей, схемалап салынған жазулар түсірілген фотосуретке назарымды аударды. Әрі қарап, бері қарап түсіне алмай отырғанымды көріп күлді де, әлгі қағазды қолымнан алып, біраз реніште отырды да: «Міне, надандардың ісі. Қазақты ру-руға, жүзжүзге бөліп, бірінің етегінен бірі тартып, жақсы болса көре алмай, жоқ болса бере алмай, бір ырыққа түсе алмай, табиғаттың бергенін жинап ала алмай жүргені. Қайран Абай! Сенің армандаған арманың халық ырзығы емес пе? Содан бері қай заман! Былай қарағанда халқымыздың сауаты ашылды, мәдениеті

өсті, ғылыми тұрғыдан да кенже емес. Халқымызда
талант та көп. Сан ұлтты кеңес халықтарымен бірдей
өсіп келеді емес пе? Бірақ, сол қалдықтың қырсығы
жойылар емес», – деді жерге қарап ойланған бойы.

Біраздан соң ойына бір нәрсе жаңа ғана түскендей
маған қадала қарап: «Ал, сен өзің айтшы, қазақтың
қай атасынан, дәлдеп айтқанда қай руынан боласың?»

– деді. Күтпеген сауалға сасқалақтап қалған мен: «Біз

қазақ емеспіз», – дедім.
Евекең менің ол жауабыма таңданып: «Ал енді
кімсің?» – деді. Сөзімнің келеңсіздеу шыққанын
аңғарып, тез айтпасам болмастай дегбірсіздене: «Жо-

жоға олай емес, мен қазақпын, паспортымда да солай
жазылған. Жай әншейін, қай рудансың деген соң
нағашымның айтқаны есіме түсіп кетті. Ол біздің түп
атамыз араб, сонау мұсылман діні ашылғанда, сол

дінді уағыздаушылар тайпасынан шыққанбыз деуші
еді», – дедім.
Евекең: «Е, онда қожа болдың ғой. Маған жетпе-
гені енді осы еді», – деп ішек-сілесі қата, ішін баса,

көзінен жасы аққанша күлгені бар емес пе?
Күлкісін әзер тыйған ол: «Мен енді тек ғылым
кандидаты емес, қари, ишан ғылым кандидатын
шығаратын болыппын ғой. Ескі оқу мен жаңа оқуды

бірдей білетін ғұлама шығаратын болдым ғой», – деп
қайта күлкіге батты.
Евекең қуақы, өте қалжыңқой кісі болатын.
Бірақ, әзіл-қалжыңға жоқ болғаныммен, оның неше

саққа жүгіртіп, менің жеке басыма қалжың айтып
күліп
алатынына
әбден

дағдыланып
кеткенмін.
Қанша қалжыңдаса да өкпелемейтінмін. Менің
сенгіш мінезімді ұнататынын сезетінмін. Әзілі өзіне

жарасымды, менің көңіліме жара салу мақсатымен
айтылмайтынын біліп, мен де мәз болып, қосыла
күле
беретінмін.

Мұндай
сәттерді
талай-талай
аспиранттары өзара айтып, қайта күліп, мәз-мейрам

болатынбыз.
Әлгі күлкіден соң жаңағы заттың жай-жапсарын

түсіндіре бастады. Ол кезде «Қарағанды педагогика институтының негізінде университет ашылады екен» деген сөз шыққан. «Университетке Бөкетов ректор болады» деген сөз де тарап жүрген. Әлі шешіле қоймаған мәселе болса да, қалыптасқан ісәрекетіне көшкен педагогика институтының бір топ оқытушылары Евекеңді «келешек қызметке дайындай бастауға» кіріскен. Ол сол топтың өзіне арнап жазған хатын да оқып берді. Онда Евекеңнің қазақтың қай руынан, оның ішінде қай аталарының ұрпағы екендігін ұмытпауын ескерткен. Қала тұрғындарының ішінде өткен-кеткен, әлі қызметтегі бастықтардың атыжөндері түгелдей теріп жазылған. Кімдерді қолдап, кімдерді сағалау керектігіне жол сілтеген. Ал, әлгі фотосуретіміз қазақты жілік-жілікке талдап бөлген шежіре екен. Осының барлығын түсіндіріп болғанша Евекең неше түрлі толғанысқа, ренішке түсті десеңізші! Мұндай мәселені тосын естігендіктен болар, менде бір ыңғайсыздық пайда болды. Біраз ойланып қалған Евекең мүмкіндігінше біртұтас ұлтты ру-руға, жүзжүзге бөліп, оны мансапқа жету жолына пайдалануға жол бермеу мақсатында қажырлы күрес жүргізу қажеттігін айтты. Біз білген Евекең ешқашан да ондай арандатушылардың айтқанына көніп, айдауына жүрген жан емес. Мұндай мәселелерді заманымызға, қоғамымызға жат, зиянды деп білетін. Шындығында да сол кездегі Евекеңнің аспиранттары кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келгендер еді. Сол кеште ұзақ отырып шай ішу әдетімізше бас қосқан аспиранттар өзара сұраса келгенде ру дегеннің не екеніне мән бере бермейтін адамдар болып шықтық. Евекең тек республика ғана емес, өзінің ғылыми зерттеу саласында бүкіл Одақ көлемінде белгілі ғалымның бірі еді. Туысқан орыс, өзбек, украин, қырғыз, грузин, әзірбайжан ғалымдарымен, одақтас республикалар академияларымен тығыз байланыста

болды. Оны қаламдастары жиі-жиі ғылыми жиын-
жиналыстарға шақырып тұратын.
Ол түрлі-түсті металл зерттеуде мыс электрод
күлінен селен мен теллурды химия тәсілімен алуды

жолға қойды. Бұл салада КСРО Ғылым академиясының
академиктері, профессорлар Спицин, Новоселовамен
ғылыми бірлестікте жұмыс атқарды. Сондай-ақ қара
металлургия саласындағы Евекеңнің басшылығымен

жүріп жатқан темір қоспаларын күйдіру арқылы
магниттендіру тәсілін мәскеулік ғалымдар Н.Ф.
Вегман, тбилисилік Г.К. Кекилидзе қолдап отырды.
Ғылыми сапармен олар Қарағандыға келіп тұрды.

Евекеңнің көп шәкірттері химия мамандығынан
диссертация қорғады. Бұл салада ленинградтық
ғылыми ортамен, оның ішіндегі профессорлар Т.Н.
Грейвер, Л.С. Лилич, болгар ғалымы Н.И. Николаев,

А. Бугдановтармен байланысты болды.
Ол атақты академик Пономаревтың шәкірті еді.
Қаратау фосфоритін өңдеуді жаңа химиялық тәсілмен
жүзеге асыру жолын әрі қарай дамытты. Бұл салада

да өз әріптестері киевтік В.С. Сажин, алматылық
Л.П. Ни, Е.И. Пономарева, Свердловск қаласынан
С.И. Кузнецов, Ереваннан С. Менвелянмен ғылыми
байланыста болды.

Евекеңнің
соңғы
ғылыми-зерттеу
саласында

жасаған жұмысы көмірді сұйылту және одан мұнай
алу болды. Бұл тұрғыда Мәскеудегі Н.А. Губкин
атындағы институтпен бірлесті. Ғылым шыңына
өрлеген дарынды ғалымға өзі басқарып отырған

академиялық ғылыми-зерттеу институтын қалдырып,
жаңадан құрылғалы жатқан жоғары оқу орны,
республикадағы екінші университетке ректор болу
оңайға соқпады. Жаны әкімшілік қызметті сүймейтін,

атаққұмарлығы жоқ Евекеңе мұндай жұмыстың тіпті
де қажеті шамалы еді.
Ол өз ойын қаншама ашық та дәлелді айтқанмен
облыстық партия комитетінің сол кездегі бірінші

хатшысы бюроның шешімін түсіндіріп, бұл жұмысты

Евекеңнің ғана жолға қоятынына берік сенім білдіріпті. Айтқандай-ақ, университет педагогика институтының негізінде ашылды. Институттың материалдық қоры да, оқытушы-профессорлар құрамы да оны қанағаттандыра алған жоқ. Қолға алған жұмысты қалайда көңілдегідей, талапқа сай жолға қоюға кірісті. Жан-жақтан керекті мамандар шақыру, оларды іріктеу, тәрбиелеу жұмысын айналасымен ақылдаса отырып шешетін Евекеңнің тағы да бір айта кететін жақсы қасиетінің бірі – ол барынша бұқарашыл еді, оның басқару тәсілінде қоғамдық ұйымдарға тосырқау дегеніңіз мүлдем жат болатын. Ал шаруашылық мәселелерінде де өзінің орынбасарларының ой-түсінігін, талғамын тыңдай, талдай отырып, белгілі бір шешімге келетін. Өз жауапкершілігіне алған жұмысты қалайда жақсы атқаруды қалайтын. Сол жолда қажымай-талмай еңбек ететін. Енді оның ғылыми қайраткерлігінің үстіне архитектор, құрылысшы, жабдықтаушы міндеті жүктелді. Евекеңнің білгір басшылығының, тынымсыз іскерлігінің арқасында Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында көп ұзамай еңселі ғимараттар кешені – университет қалашығы бой көтерді. Бертін келе Қарағанды университеті жоғары білімді мамандар дайындауда ірі оқу орнына айналды. Евекең жастар арасында ғылымды керемет насихаттай да білді. Ол ауыл-ауылда, қалаларда жиі-жиі кездесулер өткізетін. Әсіресе, жастардың алғашқы білім басқышы – мектептерде көбірек болып, мұғалімдермен, шәкірттермен әртүрлі ғылым салаларынан қызғылықты да мазмұнды сұхбаттар өткізуді ұнататын. Евекең республика Ғылым академиясының ішкі жұмыстарының да жанкүйері болатын. Ондағы кадр мәселесіндегі, ғылым салаларының даму барысындағы, шаруашылық жайындағы кемшіліктерге налитын. Қазақ КСР Ғылым академиясының жан-

жақты дамып, халық шаруашылығына қазіргісінен
де көп, қыруар пайда келтіре алатынын ылғи
айтып отыратын. Ол ығыты келгенде академия
басшыларының ұйымдастырушылық қызметіндегі

кемшіліктерін жасырмай айтып, оны жөндеу жолында
өз ұсыныстарын ортаға салатын.
Ғалым дегенде Евекең көп саланы зерттеуші ғалым
болатын. Оның жұмыс кабинетінің екі қабырғасына

тізілген сөрелер толып тұратын. Бір жағына реттеліп
қойылған техникалық кітаптар болса, екінші бір
сөреде – кілең химиялық, ал енді бірінде ағылшын
тілінде жазылған қомақты-қомақты кітаптар. Әлем

классиктерінің көркем шығармалары бір бұрышты
алса, екінші бұрышты поэзиялық шығармаларға
берген. Неше түрлі кітаптарды көріп таңғаласың,
ғалым ағаның асыл қазына байлығына құмарта

қызығасың.
Евекең тек техникалық ғылымдар саласында ғана
емес, әдеби-прозалық жанрларда да көп ізденісте
болды. Оның бұл үрдісте жарық көрген еңбектері де

аз емес. Әсіресе, ол орыс жұртының жалынды ақыны
Сергей Есенин өлеңдерін көп аударатын, түпнұсқада
жатқа айтатын. Жұмыстан шаршағанда біраз үзіліс
жасап, өзінің жазғандары мен аудармаларын оқып

беретін кездері де кездесетін. Нәшіне келтіріп аса
құмарлықпен
оқитынына
таңданып,

қолындағы
кітабына көзің түссе, оның әлдеқашан жабулы екенін,
өлең жатқа жалғастырылып жатқанын байқайсың. Өз
өлеңіндей күшті, тебіренте оқитын.

Мейлінше кішіпейіл, қарапайым жан еді,
жарықтық. Кейде телефон соғып, мені және тағы
бір аспирантын шақырып алатын. «Үйдің асын
сағындыңдар ғой» деп әдейілеп тамақ әзірлетіп,

оны жеп болған соң үшеуміз көшеге шығып
серуендейтінбіз. Сондағы қызығы, шамамен оның
бойы екі метрге жуық болса, менің бойым бір
жарым метрден сәл-ақ артық, ана аспирант менен де

аласа екендігі. Үшеуміздің бойымыз да, ойымыз да,

жасымыз да келмейді. Бірақ ол бізбен қатар кісіше
сөйлесіп, ақыл-ойын ашық айтып, неше түрлі саладан
әңгіме қозғап, ой-өрісімізді байытуға ат салысатын.
Бірде Евекең шәкіртінің бірі үйленетін болды.

Оның қайын-жұртына құдалыққа Евекең бастап бір
топ аспиранты бардық. Кейін жаңағы жас отауға
барынша жағдай жасады.
Евекең жастарға ғылым жағынан ұлағатты ұстаз

ғана болып қоймай, жанашыр тәрбиешісі де бола білді.
Шәкірттерін жан-жақты тәрбиелеп, адамгершілігі
мол азамат етуге тырысты. Кейде демалыс күндері
аспиранттар жатақханасына арнайы келіп, бірер

сағат отырып, тұрмыс жағдайларын көріп, қиналған
тұста жәрдем етіп жүрді.
Евекеңде патриоттық сезім қабағат күшті болды.
Ол, әсіресе, басқа өлкелерден келген қонақтарға өз

республикамыздың өткенін білгірлікпен баяндаған-
да оны дарынды тарихшы деп қалғандай едің.
Қазақ халқының дарынды ұлдары Шоқан, Ыбырай,
Абайларға ықпалын тигізген орыс халқының асқан

данышпандары А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Г.
Белинский, Н.Г. Чернышевскийлер екенін ерекше
мақтанышпен мәлімдейтін.
Ал, енді ауыларалық қонақтарға өз өлкесін, ондағы

әрбір өндіріс орнының даму тарихын әңгімелеп,
кейде қала сыртына шығып, теп-тегіс жазық далада
Қарағанды өңірінің кен байлығын, білім деңгейін,
халқының

Арқа
даласындай
кеңпейілділігін
жырлағанда жер жүзінде бұл өлкеден артық жер

жоқ дерсің. Оның өмірге деген құштарлығы, елге
деген
сүйіспеншілігі,
адамға

деген
мейірімділігі
таңғалдырарлықтай еді.
«Қайран аға», – дейсің де, күйзеле күрсінесің,

көкірекке өксік толады. Амал қайсы, барша пұшайман
тіршіліктің тоғысар тұсы – осы хал.

Армия ҚЫРҒЫЗАЛИН

ЕСТЕН КЕТПЕС БІР БЕЙНЕ

1962 жылдың суық күзі еді. Біздер, әкем Әміркен
екеуміз Қарқаралы ауданындағы бұрынғы «Росток»,
қазіргі
Тоқтар

Әубәкіров
атындағы
совхоздың
№2 бөлімшесіне қарасты Қолдасан қыстағында

бір отар саулық қой бағатынбыз. Жазда совхоз
орталығының үш-төрт шақырым жердегі Жарлы
өзенінің бойындағы шатырлы бейіттің қасында киіз
үй тігіп отыратынбыз. Екі-үш ақбоз үй бие байлап,

қымыз ашытамыз. Жері шұрайлы осы бір ғажап жер
ұйығын жыл сайын жайлап отыратын әдетіміз еді.
Бір күні әкем орталыққа барып келді. Асығыс суыт
жүріп келіп, үй қасындағы үлкен бағанға атын байлай

сала үйге кірді. «Әу, Мәкіш», – деді қатал үнмен. Тау
қозғалмаса қозғалмайтын аяулы менің шешем әкеме
жымия бір қарап: «Бейшара-ау, неменеге абдырап
жүрсің, не болды?» – деді. «Әңгімем көп», - деді әкем.

Қарағандыдан Бейсен құда мен шешесі Жамал құдағи
келеміз деп телефон шалыпты. Таяу күндері келетін
көрінеді. Олармен бірге өздерінің жамағайындары
үлкен ғалым Евней Бөкетов ере келеді екен. Ал, Мәке,

біз енді дайындалуымыз керек», – деді.
Інім Әшім сол жылы осы Жамал шешейдің қызы
дәрігер Зиядаға үйленген болатын. Бұл келетін
адамдар – біздің құдалар. Бейсен – Зияданың үлкен

ағасы, шахтада инженер, басқа да інілері Мұқыш,
сіңлісі Зәуреш пен келіні Қорлан келеді екен. Біз
жатпай-тұрмай дайындала бастадық. Елгезек әкем
Әміркен дастархан мәзірін ойға-қырға шапқылап

жүріп тез тауып алды.
Қоңыр күздің суық күндерінің бірі еді. Жер ана ақ
ұлпаға бөленген. «Қыстауға көшейік, күн суық, келетін
кісілерге жайсыз болар» деген шешеме әкем: «Жоқ,

болмайды, ол кісілерді осы киіз үйде қарсы аламыз.
Кең дала, бие байлап, қымыз ашытып отырамыз.
Айдың амалы ғой, күн әлі-ақ айығып кетеді», – деді.

Қар жауып, күн суытқан күннің ертеңінде-ақ кешкі
сағат 5-6 шамасында бір «Волга», бір «ГАЗ-69» мінген
құдалар да келіп түсті. Сұр «Волгадан» алдымен алып
тұлғалы, үлкен көзді, сәнді киінген, өңді жігіт ағасы

түсіп, алшаңдай басып есік алдында тұрған әкеме
жақындады. «Ассалаумағалейкум» деп сәлем берді.
Әкем бұл анау-мынау кісі емес екенін түрінен-
ақ байқап қалған сияқты. Қонақтарды әкем мен

шешем дереу үйге кіргізді. Алты қанат киіз үй
тігілген. Төсенішке киіз, кілем, алаша төселген.
Евней дәл төрде малдас құрып отырды. Әкем бұл
адамнан көз алар емес. Оның әрбір сөзін, қимылын

бағып отыр. Інім Әшімді дереу орталыққа жіберіп,
бөлімше басқарушысы Төлеухан Ермағанбетовті, ел
жақсылары Майдақоңыр, Қизатолла қарттарды дереу
алдырды. Евней дастарханға отырысымен қымыз

толы тостағанның екеуін босатты. Сонда Жамал
құдағиымыз: «Евней сусап қалыпты», – деді.
Қонақтар қымыздарын басып болған соң шай
әкелінді. Шай үстінде де Евней әңгіме айтудан

жалыққан жоқ. Өзінің өмір жолынан деректер айтты.
Темірдің, мыстың, алюминийдің қалай алынатыны
жөнінде қызық-қызық хикаялар шертті. Сонсоң
әдебиет саласына ауысты. Ғалым әртүрлі хиссалар мен

ескі әңгімелерді мүдірмей айтып отыр. Ыбырай, Абай,
Шоқан, өз ұстазы академик Қаныш Сәтпаев жайында
да көп әңгіме шертті. Менің есебім бойынша Евекең
мүдірмей екі сағат қатарынан сөйледі. Әкем бір сөзін

шашау шығармай, зердесіне құйып отырған сияқты
болып көрінді маған. Ғалым енді Абай жайында
жеке әңгіме шертті. «Әбеке, ғажап ақын, ұлы ойшыл
осы Абай болса керек, – деді әкеме қарай жылжып

отырып. – Абай – тілге өте бай, шонжарларды
көп мінеп-шенеген ақын. Әкесі Құнанбайдан да
қаймықпаған ғой. Кімге болса да тура қарап, кемшілігін
бетіне басады. Нағыз Гомер осы Абай болса керек.

Екі жүзді адамға таңғаламын,
Кейде өзім де соларға алданамын.

Басқа түгіл өзіне пайдасы жоқ,
Оларды адам деуге арланамын, –
деген ғой ақын», – деп тоқтады Евекең.
Ғұлама ғалымның ой-өрісі мен сөзіне тәнті болып,

келбеті мен отырысынан көз айырмай қарап отырған
көп көздер. Евекең шаршауды білмейді екен. Бір кезде
Жамал шешей: «Евней-ау, қойсаңшы, ұзақ жолдан
шаршап келдің емес пе», – дегенде, ол: «Жоқ, мені

күні-түні сөйлетсең де шаршамаймын, Жамал», –
деді жүзі жайраңдап. Майдақоңыр (Төлеубек) ақсақал
да Евнейге сұрақ қоюдан жалығар емес. Ғалым аспай-
саспай жауап беріп отыр.

Машина жүргізушісі бір ғажабы испан жігіті екен.
Өзі өте өнерлі, баян да, гитара да тартады. Ол испан
тілінде бірнеше ән салып берді. Әнді байыпты да
асықпай бір ырғақпен айтып отырған сияқты. Жігіт

ән сөзін орысша аударып, Евнейге айтады. Ол кісі
жиналған біздерге қазақшалап берді.
Өзі де өнерден қара жаяу емес екен. Осы жолы
көзім жетті. Үлкендерге арнап қазақтың бірнеше

халық әнін байыппен айтып берді. Даусы ашық,
нақышына
келтіріп
айтқан

сияқты.
Әсіресе,
«Гауһартасты», Біржан әндерін ғажап орындады. Бір
уақыт менің кенже қарындасым Мүгілге ән салғызып,

жас өнерпазға ризашылығын білдірді. Ауылдың алты
ауызын әкем де айтып берді. Ғалым «өнерлі қазағым-
ай, қасиетіңнен айналайын» деп қуанып отырды.
...Евней Бөкетов әкемді жанына ертіп ертеңіне

Жарлы өзенінің бойын ұзақ аралады. Екі ғасырға
жуық тұрған шатырлы бейітті тамашалап көрді. Әкем
айтқан бұл бейіттің тарихын қойын кітапшасына бір
сөзін шашау шығармай жазып алды. Бұл бейіт төре

руынан шыққан Жәңгір ханның үрім-бұтағы екеніне
көз жеткізген сияқты болды.
Сол күні түстен кейін әкей ғалымды орталыққа,
өзіміздің екі бөлмелі жер үйімізге алып барды.

Евней үш-төрт шақырым жердегі ауылға жаяу жүріп

кетті. Жарлы өзенінің жиегіне жіті көз салып, жанжағына таңырқай қарап, әкеме көптеген сұрақтар қойып отырды. Қажет дегендерін қағазына жазып алып, аспай-саспай жаяу жүріп келді. Жер үйге жетіп, шай ішіп бола берген кезде біреу сыртта көп адам келіп тұрғанын жеткізді. Ғалыммен жүздесуге келген ауыл адамдары ғой, әрине. Евней келген адамдардың барлығын да сыйғанынша үйге кіруін өтінді. Сөйтіп, біздің екі бөлмелі үйіміз адамға лық толды. Жұрт үлкен ғалымды көргендеріне қуанып тұр. Бұлардың ішінде көп оқыған, бірнеше жыл ұстаздық еткен Манаш Кәрімов: «Атыңызды сырттай естіп жүруші едік. Химия саласына сіңірген еңбегіңіз бір төбе, әдебиеттегі еңбегіңіз бір төбе ғой. Сізді көріп дидарласқанымызға қуаныштымыз», – деді көп атынан. Евней өзіне құрмет көрсеткен ауыл адамдарына қатты риза болды. Өзінің ел ішінде көзбен көрген, естіген қызықты әңгімелерін айтып отырды. Өте көңілді, сергек отырып, жиналған адамдарды өзі шығарып салды. Ел тарап, үй оңаша қалған сәтте: «Әбеке, ауыл адамдары қандай әдепті, қойған сұрақтары да ойға қонымды екен», – деді. Үлкен ғалым Евней Арыстанұлы сөйтіп біздің үйде үш күн болды. Аттанар шағында: «Әбеке, біздің үйге қонаққа келіңіз», – деді. Әкем Қарағандыға үлкен жиындарда барып тұратынын айтып, соның бірінде қонаққа келетінін ескертті. Бірақ, тағдыр әкемді Бөкетовпен қайыра кездесуге жазбады. Әкем – мал шаруашылығының үздігі, бірнеше ордендердің иегері. 1966 жылы дүние салды. Қарағандыдан жоғарыда есімдерін атап өткен құда-құдағиларымыз келді. Бұл кезде Бөкетов жұмыс бабымен ұзақ мерзімге Мәскеуге кеткен екен. Университетті басқарған жылдар Бөкетов өмірінің ішіндегі ең сындарлы, ғибратты жылдар еді. Осы университеттің түлегі, мұғалім қарындасым Гүлсім Әміркенова: «Бөкетов ағай келіп химиядан сабақ бергенде журнал мен қаламнан басқа ештеңе

болмайтын еді, тақтаға қиын-қиын есептерді шығаратын, қолында не кітап, не дәптер болмайтын», – деп еске алады. Бірде Қарағандыда «Орталық Қазақстан» газетінің жер-жердегі штаттан тыс тілшілерінің жиыны өтті. Бұған мен де шақырылдым. Жиналыс басталар алдында дәлізде тұрған мені ту сыртымнан атымды атап шақырған дауыс естілді. Жалт қарасам, Евней ағамыз жазушы Жайық Бектұров екеуі оқшау жерде әңгімелесіп тұр екен. Топтан атып шығып қасына келіп сәлем, бердім. Жайыққа қарап: «Міне, Жәке, мен сізге жиі айта беретін Әміркен ақсақалдың баласы осы», – деді. «Білем-білем, газетке жазып тұрады, оқығам», – деді ол. Ақжарқын азамат үй-ішімнің амандығын, шешемді сұрап, жаны қалмады. «Ерінбе, көп жаз, шырағым, өзім көмектесемін», – деген еді ол. Бірақ, сұм ажал оған жеткізбеді, атақты академикті арамыздан тым ерте алып кетті. Алайда, оның өзі өлсе де ісі өлмейді. Ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталады. Қамзабай БӨКЕТОВ МӘҢГІЛІКПЕН ҚАУЫШҚАН АЯУЛЫ АҒА... І Біздің әулет Алыпқаш руынан таралады, менің қатарымдағы ұрпақ – бесінші буын өкілдері. Алыпқаш бабамыз кезінде руластарын жоңғарлар мен қалмақтарға қарсы соғыстарға сан бастаған білікті батыр болған екен. Енді қазақтың ру тарату рәсімі бойынша Алыпқаштан тараған еркек кіндіктілерге қысқаша тоқталып өтейін. Алыпқаштың алты ұлы және асырап алған бір ұлы болған. Біздің арғы атамыз Қостанай оның кенжесінің алдындағы ұлы екен. Қосекеңнен Көшімбай, Бөкет, Сақтаған есімді үш ұл туады, яғни, менің атам – оның ортаншы ұлы. Олардың

баршасы да аталары тәрізді дәулеті шағын болған,
шаруа күйттеген адамдар болыпты. Өз басым арғы
аталарымыз айта қаларлықтай ерен дәулетті болды
дегенді естіген емеспін. Олардың барлығы да жан

бағуға жетерлік мал ұстаған, ал көбісі, әсіресе біздің
бабаларымыз қолдарынан өнері тамған ісмерлер
ретінде атақтары аймаққа жайылған. Мәселен, менің
өз әкем нағыз алтын қолды шебердің өзі еді. Ал, халық

айтса, қалт айтпайтыны белгілі ғой...
Бөкеттен де Арыстан, Ыбырай, Маутай атты үш ұл
туған. Арыстаннан Евней (1925 ж.т.), Қамзабай (1928
ж.т.), Жартас (1935ж.т.), Шәбден (1938 ж.т.), Ісләмбек

(1940 ж.т.) атты бес ұл тараймыз.
Әкеміздің аздаған арабша сауаты бар болатын,
құран және басқа діни кітаптарды кібіртіктесе де соза
тартып оқып отыратын. Бір таңғаларлығы – оның

зердесі өте мықты еді. Оның өз замандастарынан
иығы жоғары тұратын. Өнерге де икемді болатын –
домбыраны шебер тартатын, өзі жасаған сыбызғымен
сызылтып сан алуан әуезді әуендерді төгетін.

Ол кісі жайдары да сабырлы, кеңқолтық адам
болатын, ағайын-туысқа әрдайым қол ұшын беруге
дайын тұратын, өзін таза, әрі жинақы ұстайтын.
Бізді де солай тәрбиеледі. Содан да болар, айналадағы

ағайын, әр ұлтты көрші-қолаңдар арасында аса
беделді еді. Оған аяулы анамыз да сай еді. Оның
Ақан-Барақ руынан шыққан әкесі Байжан деген кісі
ертерек қайтыс болды, бір анадан туған жалғыз әпкесі

Сәлима да дүниеден ерте көшті. Осыған қарамастан
оның ағайын-туысы көп болатын, анамыз өзінің
бауырмалдығы
арқасында

олардың
ешқайсысын
шетке қақпайтын. Ол кісі сол бауырларына деп
әрдайым тәтті дәмін іркіп отыратын, егер біздің

біреуіміз «қол сұқсақ», сыбағамызды беретін.
Әдетте ерлі-зайыптылардың арасында аракідік
қақтығыстар болып тұрады ғой, бірақ, біздің әке-
шешеміздің әлденеге келіспей керіскендерін көрген

емеспін. Тек анда-санда «мына ұлдарды жөнге салып

қойсайшы» деп әкейге наз айтып қоятын, бірақ әжеміздің қолында тәрбиеленген Евнейге үндемейтін. Біздің әкеміз заманның талабына орай ұлдарын тек орыс мектептеріне оқытуға ден қойды. Ол бізді осы бағытта баулыды, мектебі бар орыс ауылдарында тұруға анамызды да, ағайындарды да көндірді. Әкей 1942 жылы 58 жасында қайтыс болды. Бірақ, оның балаларын адам етсем деген арманы анамыздың, ағайын-туыстың арқасында орындалды да. Арыстанның барлық ұлдары жоғары білім алып шықты. Евней болса табиғат берген тума таланттың арқасында өз дегеніне жетті (осынау кітап оның өзіне арналып отырғандықтан, бұл жайлы көп қазбаламайақ қояйын). Ол баршамызға барлық жағынан үлгі бола білді. Жас арамыз онша алшақ болмаса да, мен оны өзімнің ұстазым деп ұғынамын, менен кейінгі інілері де сондай пікірде. Біз Евней екеумізге үзіп-жұлқып оқуға тура келді. Ол соғыс кезінде, 1941-1945 жылдар аралығында мұғалімдік етті де, кейін аспирантура бітіргенше үзіліс жасаған жоқ, ал мен болсам басқа сүрлеуге түстім. 1943 жылы жеті класты бітірген соң мектепті тастап, күнкөріс қамымен кеттім. Менің бұл тіршілігім Евней 1953 жылы аспирантураны тамамдағанша жалғасты. Осы тұста оның зайыбы Зүбәйра Дүйсенқызы да институт бітірді де, маған техникумға түсуге мүмкіндік тиді. Отбасын қақпалай жүріп, техник-электрик мамандығын алдым. Жолдамамен Қарағандыға келіп қызмет істей бастадым, арасында жоғары білімді инженер-электриктің дипломын да иелендім. Ал менен кейінгі үш ұл кедергісіз әр саладағы инженер болып шықты. Әрине, бұл үрдісте Евней көп еңбек сіңірді. Бір қызығы – біз бәріміз де жоғары техникалық білім алдық. Жартас – инженер-гидрогеолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Шәбден – геофизик (екеуі де Қазақ тау-кен институтының түлектері), ал ең кенжеміз Ісләмбек

– Қарағанды политехникалық институтын бітірген

тау-кен инженері. Ал Арсекеңнің немерелеріне келер
болсақ, олар да оқып жатыр, тек бір назар аударарлығы

– көпшілігі гуманитарлық білім салаларына ден

қойыпты...
Евекең әрдайым бауырларынан көз жазбайтын
және бір тамашасы – ағалық қамқорлығын білдірмей
жасайтын. Осыған бір мысал келтірсем деймін. Мен

Қазақ политехникалық институтында сырттай оқып
жүрген кезімде қатардағы бір пәннен зачет ала
алмай қойдым. Оқытушының алдына неше барсам
да: «Әлі де болса пысықтай түсіңіз», – деп қайырып

жібереді. Өстіп берекем кетіп жүргенде кең дәлізде
әлгі пән кафедрасының меңгерушісі кездесе кетпесі
бар ма? Ол мені кафедрасына шақырып, үн-түнсіз
сынақ кітапшамды сұрап алды да, қолын қойып берді.

Онымен қоймай есікке дейін шығарып салды. Ал
керек болса! Бұл қайдан келген жақсылық? Мен ұзақ
уақыт бойы дал болып жүрдім. Сөйтсем, жағдай былай
болған екен. Бұл турасында Евней қайтыс болғаннан

кейін оның жан жолдастарының бірі А.И. Перевертун
айтты. Сөйтсе мен зачетпен әуре болып жүргенде
Евекең жол түсіп Алматыға келеді де, өзінің төл
институтына соғады, менің жағдайымды сұрастырады,

сөйтеді де өзінің бұрынғы қызметтес жолдасына –
кафедра меңгерушісіне өтініш жасайды.
Осы орайда және бір жайттың ойға оралып
тұрғаны... Мен ол кезде жаңадан құрылған жөндеу-

құрылыс
тресінің
басқарушысы
болатынмын.

Жетпей жатқан дүние емес пе, күнделікті шаруа деп
ескі бір «Москвичке» аяқ артып жүретінмін. Сөйтіп
жүргенде облыстық атқару комитетінің сол кездегі
жалпы бөлімінің меңгерушісі К. Омаров телефон

шалып, біздің треске шаруашылықтарға берілетін
мәшинелерден бұрындары біраз жүрілген «Волга»
бөлінетінін хабарлады. Бардым да, алдым, аздап
жөндеп, мініп алдым. Бұл жақсылық кімнен келді?

Тағы білмеймін. Сөйтсем, Евней облаткомның сол

кездегі төрағасы Сұлтан Қапарұлы Досмағамбетовке арнайы барып өтініш жасаған екен... Мен бұл жерде ағамның өзіме қатысты қамқорлықтарын ғана айтып отырмын, әйтпесе оның алдына арызбен барған азаматтың ешқайсысын да шетке қақпағаны аян. Оның ағайын-туыс, бауыр-жекжат атаулыға жасаған жақсылығы өз алдына бір хикая. Асыл аға, сенің келісті бейнең зердемізден еш кетпейді! ІІ 1991 жылы тамыз айының 22-сі, бейсенбі еді. Жұмыс аяғына қарай соғылған телефон қуанышты хабар жеткізді – республиканың премьер-министрі Министрлер Кабинетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Е.А. Бөкетовтің есімін Қарағанды мемлекеттік университетіне беру туралы» қаулысына қол қойыпты. Осынау құжат менің ағамның есімін мәңгілікке есте қалатын етіп жария етті. Иә, біз үшін бұл қаулының орны ерекше. Десе дағы бәрін ретімен баяндайын. ...1983 жылдың 15-желтоқсан күні Арыстан ұлдарының ішіндегі алыбы да, арысы Евнейді баршамыз ақырғы сапарға шығарып салдық. Ағайдың мәйіті Қарағандының аралас зиратына қойылды. Бұдан соң ұзақ уақыт бойы марқұмның, оның інілері мен ағайын-туыстарының отбасылары көңіл айтып жұбатқан Евекеңнің достары, жора-жолдастары, шәкірттері, жекжаттар мен көршілерден арылған жоқ, біздің пешенемізге жазған орасан қайғы жүгін аянбай бөлісті. Бәрімізді қолдан-қолға тигізбей қонақ етісті. Біз де өз тарапымыздан құдайысын, жылдығын атап өтіп, міндетімізді атқарып жаттық. Осындай отырыстарда көпшілік Евнейді елжірей еске алатын. Оның асқақ адамгершілігі, сан қырлы таланты, сұңғыла білімдарлығы, қара пайымдылығы, мәдениеттілігі, еліміздің ғылыми және

шы ғармашылық интеллигенциясы және өзге де зиялылары арасындағы биік беделі тілге тиек болар еді. Расымды айтсам, бұрындары өз басым және отбасындағылар Евекеңнің мұндай қасиеттеріне терең бойлай бермейтінбіз, біз үшін ол алдымен тек аға ретінде сый-сияпатқа бөленетін. Сөйткен басым ағамның рухани тұлғасын ол мәңгілікке аттанғаннан кейін ғана сезінгендей болдым. Міне, осы сезімдер мені келе-келе асыл ағамның есімін мәңгі есте қалдыру ісімен мақсатты түрде айналысуға жетеледі. Бір қуанарлығы, алғашқы қадамдардан бастап-ақ көп қолдау таптым. Жасыратыны жоқ, кейбір кедергілер де кездесті. Евекеңнің достары, туыстарымен ақыл қоса отырып, алдымен жобалап жоспар жасап алдық. Обалы нешік, еліміздегі тың өзгерістердің нәтижесінде ойға алғанның басым көпшілігі жүзеге асты. Бұл жағдаятты да жөн-жөнімен айтып көрейін. Ең алдымен зиратына өзінің тұлға-болмысына лайық құлпытас орнатуды мақсат еттік. Ескерткіші қандай болу керек? Осы оймен Қарағанды мен Алматыдағы бейіттерді жалықпай араладым. Жекелеген белгілі сәулетшілер, мүсіншілермен де кездестім – тек олар идеяны қолдағанмен, осы істі мен қолыма алайын деп ынта білдіре қоймады. Уақыт дегеніміз сынаптай емес пе, арада үш айдан асса да, бұл іс қозғала қойған жоқ. Біз болсақ ескерткішті жылдығына тұрғызамыз ба деп талпынған едік. Амал қайсы... Кібіртіктің төркінін түсінемін де, осыған орай уайымым да көбейді, қайтейін... Не айтары бар, ол өмірінің соңғы жылдары биліктің ұшар басындағылардың қырын қабағына ілігіп, көп жапа шекті ғой. Бәлкім соның салқыны болар? Сөйтіп жүргенде 1984 жылғы наурыз айының басында менің кабинетіме республикаға танымал қарағандылық мүсінші Юрий Вильгельмович Гуммельдің телефон шалмасы бар ма? Амандық-саулықтан соң ол менімен кездескісі келетінін айтып, уақытын келістік. (Мен

оны жақсы білетін едім – әсіресе, Қарағандыға
Ленинге арналған ғаламат ескерткіш орнатылар
кезде осы құрылысты қамтамасыз еткен бас құрылыс
ұйымын басқаратынмын). «Апыр-ай, бұл кісі маған не

оймен келмекші екен?» – деп ойладым да қойдым. Ал,
болашақта зират басындағы сүйікті ағам ескерткішін
соған тапсырамын-ау деген ой қаперіме де кірген
емес.

Юрий Вильгельмович уағдалы уақытта кабинетіме
кіріп келді. Күнделікті тіршілік жайлы шамалы
сөйлескен соң, ол ағама құлпытас орнату жайлы не
ойлап жүргенім турасында төтелей сауал қойды. Ес-

керткіштің қандай болғанын қалайтынымды сұрады.
Мен бұл тұрғыдағы ойларымды ортаға салдым. Сол
кезде Юрий Вильгельмович төтесінен қойып қалды:
«Бәлкім, сіз бұл жұмысты маған сеніп тапсырарсыз,

мен Евней Арыстановичті қатты құрметтейтін едім!»
Шынымды айтсам, ә дегенде қатты абдырап қалдым.
Өйтпей қайтейін, осы істі қалай жүзеге асырамын
деп ұйқысыз сан түндерді бастан өткерген, кімге

жалынарын
білмей
жанталасып
жүрген

маған
құдайдың беруін қараңыз?! Сәл-пәлден соң ойымды
жинақтап алып: «Апыр-ау, көсемге қойған зәулім
ескерткіштің авторына қалай сенбеймін? Шаруаға

кірісе беріңіз, Юрий Вильгельмович!» – деуге ғана
шамам келді.
Оқырманға бұдан кейінгі оқиғалардың бәрі өңкей
қызықты бола бермес, дегенмен кейбір эпизодтарға

тоқталмай да болмас. Ескерткіштің гипстен жасалған
бірнеше нұсқалары әзір болған кезде Евекеңнің жан
жары Зүбәйра жеңгемді мүсіншінің шеберханасына
алып барып таңдаттым. Жеңешем бір нұсқаға ықылас

білдірді де, өз тарапынан кейбір толықтырулар да
енгізді. Кейінірек қаладағы ағайдың сан-саладағы
жора-жолдастарымен ақыл қосқанымда да бәрі осы
нұсқаны ұнатты. Енді ескерткішті қашайтын бірегей

гранит тас іздеп едік, Қарағанды өңірінен таппадық,
содан Алматы жағына баруға тура келді. Ақыры

Бұрындай карьерінен табылып, қалалық атқару комитетінің көмегімен теміржол арқылы жеткізіп алдық. Сөйтіп, бүкіл елге белгілі ескерткіш дер уағында орнатылды. Бұл шараға кететін шығындардың барлығы Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған шешімге сәйкес республика бюджетінен бөлінді. Сондай-ақ өзі қызмет істеген Химия-металлургия институтының ұжымы да аз көмек берген жоқ. Рахмет! Сонымен қатар жан-жаққа ресми орындарға академик Е.А. Бөкетовтің есімін есте қалдыру жөнінде хат жолдай бастадық. Солтүстік Қазақстан облысының партия комитетіне, облаткомына, сол облыстың Сергеев ауданындағы – яғни, Евекеңнің туған жеріндегі – сан түрлі билік орындарына жүгіндік. Бірақ, 1987 жылға дейін ешқандай жауап алған емеспіз. Телефон шалсаң әлденені сылтау етіп міңгірлейді де қояды. Тек сол жылдың жазында ғана аталмыш облыстың Сергеевка аталатын ауданының орталығындағы бір көшеге Е.А. Бөкетов есімінің берілгені жайлы хабар жетті-ау, әйтеуір... Ести сала мен де ұмтылдым, барсам бұрынғы Солнечная деп аталатын айналасы жиырма шақты ғана үйі бар шолақ көше екен, бірақ оған да «тәуба» дедім. Сөйттім де, аудан басшыларына бардым, көңілімнің қоңылтақ екенін білдірдім. Сөйтсем, обалы қайсы, олар да өз ойлары бар екенін айтты. Әлгі көше Ленин атындағы көшеге тіреледі екен, ал сол көшенің қарсы жағында су қоймасы толтырылғанда судың астында қалған, аудан орталығы Марьевка селосы – кезіндегі Евней оқыған оқу орны осында көшіріліпті... Жергілікті басшылар сол мектепке даңқты жерлестерінің есімін беруді ұйғарыпты. Көше де жақын, мектеп болса мынау... Ақыры солай болды. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 31 қаңтардағы қаулысымен жаңағы мектеп «Академик Е.А. Бөкетов атындағы №2 орта мектеп» деп атала бастады. Расында сол маңайдағы орам (онда

Евекеңнің бюсті де бар) кішкентай ғана тарихи қорық
тәрізді әсер етеді.
Тап сол 1987 жылы Қарағандыдағы өзі 12 жылдан
астам басқарған ХМИ-дің бас ғимаратының кіре

берісіне ескерткіш тақтасы орнатылды. Евекеңнің
пішіндік суретін тағы да Ю.В. Гуммель орындады, бұл
іске де Н.Ә. Назарбаев шапағаты тиді. Міне, қадірменді
оқырман, ақыры ақиқат жеңіп шықты. Айтқандай,

ол жайлы естеліктер де 1987 жылдан жарық көре
бастады. Бұған дейінгі тылсым тыныштық пердесі
серпілді-ау...
Алдымен

мамыр
айында
«Казахстанская
правданың» бетінде белгілі жазушы А.И. Брагиннің

«И все-таки он победил!» деген материалы жарық
көрді. Осыдан соң-ақ Евекең жайлы естеліктер
легі нөпірге айналды – Мұзафар Әлімбаевтың,
Сырбай

Мәуленовтің,
Ишанбай
Қарақұловтың,
Медеу Сәрсекеевтің, Жайық Бектұровтың тағы

басқа да қаламгерлер мен ғалымдардың жазбалары
қалың оқырман қауымның қолына тиді. Республика
теледидары да бұл іске үлкен үлес қосты: экраннан
Зейнолла Қабдолов, Шахмардан Есенов, Зейнолла

Молдахметов,
Жантөре
Әбішев
және

басқалар
ізгі ойларын ортаға салды. Олардың баршасы да
Е.А.Бөкетов есімін есте қалдыру жағын баса айтты.
«Көп тілегі – көл» деген, қалың жұртшылықтың

ұсыныс-тілектерін
ескере
отырып
Қарағанды

облыстық атқару комитеті 1990 жылдың ақпанында
республика үкіметінің алдына осындағы уни вер-
ситетке академик Е.А. Бөкетовтің есімін беру жөнін-
дегі өтініш хат жолдады. Бұл жағдаят республика

Ғылым академиясының төралқасы тарапынан да
қолдау тапты, бірақ үкімет нақты шешімін айтпай,
жыл бойы үндемей жатып алды. Амал қайсы, енді
тікелей Нұрсұлтан Назарбаевтың мазасын алуға

тура келді. Шешім оң болды – сөйтіп, 1991 жылғы
16 тамыздан бастап қаламыздағы ең ірі ғылым-білім
ошағы «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

университеті» деп атала бастады. Айтқандай, сол кездегі премьер Ұ. Қараманов қол қойған қаулыда Евекең Алматыда 1950-1956 жылдары тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылсын деген сөз бар еді, бұған әкімшіліктің әлі келетін шығар деген үмітіміз мол. Шындығында, үкіметтің осы бір қаулысы аяулы ағамның есімін мәңгі есте сақтау жолындағы шырқау шегі болардай. Сол жылғы қыркүйектің 2-сінде университеттің Студенттер сарайында қалың жұрт қатысқан жиын өтті. Онда университет ректоры Ж.С. Ақылбаев, профессорлар Т. Әбдіразақов, Н. Клещевалар, ағаның халқына сіңірген еңбегін насихаттаудан бір жалықпаған «Орталық Қазақстанның» сол кездегі редакторы Н. Оразбеков, облатком төрағасының орынбасары Р.К. Омарбекова тағы басқа да облыс зиялылары өз ойларын ортаға салды. Мен жоғарыда аты аталған азаматтардың Евекеңді өз деңгейінде халық зердесінде ұстау жолындағы еңбектеріне дән ризамын, мұсылманша айтқанда – алладан қайтсын! Сөйтсе дағы бұл үрдісте елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе екенін айтқым келеді. Айтқандайын, Қарағанды облаткомының сондағы шешімінің екінші бабында тиісті орындарға академик Е.А. Бөкетовтің осы қаладағы мұражайын ұйымдастыру жүктелген еді. Осы мәселе шешіле қоймады, бір жағынан белсене кірісе қойған да ешкім бола қойған жоқ. Ақыры бұл мақсатты университеттің Кеңесі шешті – Евней ректор болған жылдары отырған кабинеті, кіре беріс бөлмесі, тағы бір-екі бөлмесі мұражайға айналдырылатын болды. Көруге ниет еткендерге айта кетейін: мекен жайы – Гоголь көшесі, 38-үй. Музей айналасы бірер айдың ішінде университет пен ХМИ-дің күллі ұжымдарының ұйымдаса қимылдауының арқасында есігін айқара ашты. Содан бері музей экспонаттары әрдайым толығып, молайып

келеді, сөйтіп, бұл күнде, елеулі мәдениет ошағына айналды. Мұражайға келушілерден де кенде емеспіз. Осы жылдары Евней Арыстанұлының әдеби мұрасын шығару ісімен шұғылдандық. Оның өзі бес кітапқа жүк болатындай еді: төрт томы – өз туындылары да, бұл кітапқа Шекспирден, Маяковскийден, Есениннен, тағы басқа классиктерден аудармалары енсе екен дедік. Осынау ұлан-ғайыр шаруаны жүзеге асыруға Қазақстан Жазушылар одағы жанынан академик З.Қабдоловтың төрағалық етуімен арнайы комиссия құрылды, оның құрамына республиканың белгілі жазушылары мен ақындары кірді. Комиссия көп жұмыс тындырды: Евекеңнің барлық еңбектері әзірленіп, төрт томы баспаға тапсырылды. Әттең, солардан тек 1989 жылы «Досыма арналған алты хат» деген ғұмырнамалық повесі ғана жарық көрді. Бұл тұрғыда менің және басқа жақын-жуықтардың талпыныстарынан 1987 жылға дейін еш нәтиже шыға қоймады. Бірақ, сол жылдың көктемінде өзім жақсы араласып тұрған семейлік жазушы Медеу Сәрсекеев телефон шалып, республиканың «Жалын» баспасының директоры Сейдахмет Бердіқұловтың сәлемін жеткізді – ол кісі бауырымның қолдағы шығармаларын не жеткізуді, не поштаға салып жіберуді сұрапты. Шынымды айтсам, С. Бердіқұловты тек сырттай ғана, жастар тақырыбына қалам тартып жүрген жазушы, «Лениншіл жас» газетінің редакторы ретінде білетін едім. Қуанышымда шек болсын ба? Бұрындары «Жалын» да, тағы бір баспа да жоғары жақтың қысымымен Евекеңнің қолжазбаларын «әлі де болса ықтияттай түсіңіз» деген сылтаумен өзіне қайтарып жібергенінен хабардар болатынмын. Евней екі қолжазбаны да қайта өңдеп шықты да, тартпаға тастай салған-ды (өйткені, олардың жуық маңда жарық көрмесіне көзі жеткен еді), сөйтті де Қ.И. Сәтпаев туралы шығармасын шыңдай берді. Не айтары бар, әлгі телефоннан кейін арада үш-

ақ күн өтісімен Евекеңнің қолжазбаларын өңгеріп (бірақ, бірінші данасын апардым, өйткені, бұл талаптан бірдеңе шығады деп әлі де сенбеп едім), Алматыға «Жалын» баспасына жетіп келдім. Рұқсат сұрап директордың кабинетіне кірдім. Төрдегі столдың ар жағынан орта жастағы пішіні келісті кісі бері шығып, қос қолдап амандасты да, алдына отырғызып, мән-жайыма әбден қанықты. Мен қолжазбаны үстел үстіне қойдым. Сейдекең қағаздарды жылдам парақтап өтті де, телефон, мекенжайымды толық жазып беруімді өтінді. Қоштасарда ол Евекеңді қатты сыйлайтынын, оның еңбектерін шығаруға барын салатынын айтты. Иә, біз жылы қоштастық, бірақ бұрыннан талай қағажу көріп, запы болып қалған қайран басым, әлі де сенімсіздеу жағдайда едім. Сөйтсем, Сейдекең нағыз сөздің адамы екен. (Сонда сеніңкіремей аттанғаныма кейін қатты ұялдым да). Не керек, арада 1,5-2 ай өткен соң Күлімхан Хасенова деген қарындас телефон шалып, Евней Бөкетовтің жарық көргелі жатқан «Досыма арналған алты хат» («Шесть писем другу») дейтін кітабының редакторы екенін хабарлады, қолжазбаның кейбір тұстарын нақтылады, өз телефонын беріп, шығарманың бірінші данасы бар ма деп сұрады. Мен «жоқ» дедім – ондағым әлі де болса сенімсіздік шылауында болғаным еді. Тек қана әрлейтін суретші іздестіріп жатқандарын айтқанда ғана көңілім орныға бастады. Сонымен бұл арманға қолжазба алғашқы рет терілгеннен кейін он бір жыл, автор дүниеден озғаннан соң бес жарым жыл өткеннен кейін ғана қол жетті-ау, ақыры! Міне, Алматыдан ардақты ағамыз Мәлік Имашев әкеп берген, тамаша қағазға басылған, әсем безендірілген кітапты ұстап тұрмын. Көз алдымнан аяулы ағамның өмірінің соңғы кезде көрген хикметтері экрандағыдай зулап өте шықты. Не істейін, терең күрсіндім де қойдым, «бұған да тәуба!» дедім.

Кітап оқырмандардың қолына тиісімен республика мен облыстағы ақпарат құралдары оған жоғары баға берді. Біз бәрінен «Жалын» баспасының ұжымына, оның жетекшісі Сейдекеңе шексіз рахмет айтамыз. Әттең, оның басқа шығармаларының жолы болмай тұр. «Қазақстан» баспасынан Шоқан Уәлиханов пен Қаныш Сәтпаев туралы кітабы қайтып келді. «Жазушыда» екі тілде бірдей жазылған мақалалар мен очерктер жинағы әлі де жатыр. Қолбайлау біреуақ – қаражаттың жоқтығы. 1991 жылдың аяғында Зүбәйра жеңгей телефон шалып, «Жалын» баспасы «Алты хатты» тағы басып шығаруға бел байлағанын айтты. Бұл жолы да Сейдекең белсенділік көрсетті. Амал не, келер жылдың ортасына қарай Сейдекең қайтыс боп кетті де, әлгі идея жүзеге аспай қалды. Бұл кітап 1996 жылы ғана үкімет қаулысына орай басылып шығып, оқырман қолына тиді. Жергілікті «Полиграфия» баспасында оның сол кездегі директоры Қ. Дарданбаевтың және Владивостоктағы «Арман» фирмасының директоры Б.Белбаевтың көмегімен Евней Арыстанұлының Шоқан мен Қанекең жайлы еңбектері және «Мұнай, көмір және судың химия мен энергетикадағы орны» деген очеркі жарық көрді. Атақты ақын Кәкімбек Салықовтың «Евней Бөкетовке реквием» кітапшасы қазақ және орыс тілдерінде басылды. Бұлардың бәрі Е.А. Бөкетовтің туғанына 70 жыл толуына орайластырылды. Былтыр марқұмның жерлестері «Оның есімі ұмытылмайды» деген естеліктер жинағын шығарды. Сол жылы оның есімі Қызылжардағы ғылымитехникалық кітапханаға берілді, сол ғимаратта мұражайлық мүйіс ашылды, оның бәріне тамаша педагог, жерлесіміз Ғалым Қадірәлин бас-көз болды. Сөз соңында айтарым – өз көзім жұмылғанша Мәңгілікпен қауышқан асыл ағаның алдындағы інілік борышымды өтей беруге жан-тәнімді аямаймын. Қалған ғұмырымдағы бар мақсат-арманым осы!

АВТОРЛАР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ

Ə. Тəжібаев ― Қазақстанның халық жазушысы, ақын. «Есім-
дегі лер» повесінен үзінді. «Жұлдыз» журналы нан алынды. №3,
1989 ж.
И. Қарақұлов ― медицина ғылымдарының докторы, ғылымға

еңбегі сіңген қайраткер, профессор.
С. Мəуленов ― Қазақстан халық жазушысы, ақын. Естелік
арнайы жазылған.
Қ. Тасболатов ― құрылыс инженері.

Ж. Бектұров ― көрнекті жазушы, Қарағанды қаласының құр-
метті азаматы.
М. Əлімбаев ― Қазақстанның халық жазушысы, ақын.
М. Сəрсекеев ― көрнекті жазушы. Естелік арнайы жазылған.

А. Сейдімбеков ― көрнекті жазушы. Күнделік «Орталық
Қазақстан» газетінен алынды.
Қ. Мұқанов ― педагогикалық еңбектің ардагері. Евекеңнің
жерлесі.

Р. Сыздықова ― филология ғылымдарының докторы,
профессор.
Ə. Шəріпұлы ― жазушы, қоғам қайраткері. Үзінді мемуарлық
повестен, «Жұлдыз» журналынан алынды, №9, 1994 ж.

Қ. Сеңкібаев ― педагогикалық еңбектің ардагері.
Е. Əшенов ― журналист, Евекеңнің бажасы. Шымкент
қаласында тұрады.
Т. Көкетаев ― физика-математика ғылымдарының докторы,

профессор.
Ғ. Құлқыбаев ― медицина ғылымдарының докторы,
профес сор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі.

Б. Ермағамбетов ― техника ғылымдарының докторы,
профес сор.
Е. Зікібаев ― көрнекті ақын.
М. Елеусізов ― экономика ғылымдарының докторы,

профессор. Евекеңнің жерлесі.
О. Нұрекин ― инженер-металлург, Балқашта тұрған.
Ғ. Қадірəлин ― педагогикалық еңбектің ардагері. Петропавлда
тұрады.

О. Құдышұлы ― философия ғылымдарының кандидаты,
доцент.
Г. Əбішев ― кооперация қызметкері, еңбек ардагері.
Т. Жүнісов ― техника ғылымдарының кандидаты, доцент.

Шымкентте тұрады.
А. Қырғызəлин ― педагог, Қарқаралы ауданында тұрады.
Қ. Бөкетов ― инженер-электрик, Қарағандыда тұрады

МАЗМҰНЫ Ə. Тəжібаев. Есімдегілер................................................................................................3 И. Қарақұлов. Жылдарға жалғасқан достық...............................................................8 С. Мəуленов. Сан салалы сабақтар............................................................................16 Қ. Тасболатов. Жоғары парасат иесі...........................................................................23 Ж. Бектұров. Тағдыр тоғысы.......................................................................................24 М. Əлімбаев. Кісілік пен кішілік.................................................................................49 М. Сəрсекеев. Ұстаз тағылымы жəне ол не үшін қудаланды...................................74 А. Сейдімбеков. Жүрек жылуы..................................................................................163 Қ. Мұқанов. Дарқан еді даласындай.........................................................................172 Р. Сыздықова. Əдебиеттің сарабдал сарбазы...........................................................178 Ə. Шəріпұлы. Көргенім, көңіліме тоқығаным.........................................................182 Қ. Сеңкібаев. Бəрімізге де бауыр еді........................................................................184 Е. Əшенов. Асқар тау, жарық жұлдыз.......................................................................186 Т. Көкетаев. Ғұламаның асыл бейнесі.......................................................................195 Ғ. Құлқыбаев. Əдебиетші..........................................................................................215 Б. Ермағамбетов. Есімі ел есінде..............................................................................222 Е. Зікібаев. Ардай биік еңселім.................................................................................226 М. Елеусізов. Зердеде тұр бейнесі.............................................................................230 О. Нұрекин. Бір үзік сыр............................................................................................233 Ғ. Қадірəлин. Орны бөлек еді-ау................................................................................237 О.Құдышұлы. Асыл адам айнымас...........................................................................245 Г.Əбішев. Баршаға бас идірген...................................................................................254 Т.Жүнісов. Жарқын да жайсаң жан еді.....................................................................261 А.Қырғызалин. Естен кетпес бір бейне..................................................................270 Қ.Бөкетов. Мəңгілікпен қауышқан аяулы аға... ......................................................274 Òåë: 394-36-00, 394-41-63. E-maіl: bіlіm05@maіl.ru БІРТУАР Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер (Екінші басылымы) Құрастырғандар – Бөкетов Қамзабек, Хасен Марал

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙