TELEGEI

Home

Алаш һәм Түркістан

Тұрсын Хазретәлі

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алаш һәм Түркістан

Монографияда Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихы Отан тарихының құрамды бөлігі ретінде архивтік құжаттарды кеңінен пайдалана отырып, элиталық көзқараспен тұжырымдалады. Жұмыстың мазмұны ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі оқиғалар мен құбылыстарды ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихы арқылы талдауға құрылған. Тəуелсіз ұлттық мемлекет қалыптастырудың бастауындағы Түркіст

УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) Т 86 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Баспаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенаты (Ғылыми кеңес) ұсынған Тұрсұн Хазретəлі. Т 96 АЛАШ ҺƏМ ТҮРКІСТАН. Монография /Тұрсұн Хазретəлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 400 бет. ІSBN 978-601-7317-35-5 Монографияда Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихы Отан тарихының құрамды бөлігі ретінде архивтік құжаттарды кеңінен пайдалана отырып, элиталық көзқараспен тұжырымдалады. Жұмыстың мазмұны ХІХ ғ. соңы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі оқиғалар мен құбылыстарды ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихы арқылы талдауға құрылған. Тəуелсіз ұлттық мемлекет қалыптастырудың бастауындағы Түркістан ұлттық элитасының қызметі жартылай жасырын, жартылай жария жағдайда 1924 жылға дейін жұмыс жүргізген Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі ретінде қарастырылады. Кітап Қазақстан тарихына бейтарап қарамайтын барша оқырман қауымға арналады. УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 Қаз) ІSBN 978-601-7317-35-5

© Тұрсұн Х. 2013

© «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013
Халқымыздың тəуелсіздігі жолында жанын пида еткен
алаштық элитаны ұлықтаушы, төл тарихымыздың үлкен
жанашыры, Ұлттық Ғылым акадамиясының академигі,

ұстазым Кеңес Нұрпейісұлының рухына арнаймын!
Хазретəлі ТҰРСҰН

КІРІСПЕ

Қазақстан Ресубликасының дамуы ұлттық, жалпыадамзаттық
жəне демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік
мұраттарға бағыт түзеп келеді. Тəуелсіздік жағдайында əлеуметтік-
экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы

еліміздің мəдени-рухани өміріне жаңа сипат, тың мазмұн беру-
де. Осындай реформалық өзгерістер отандық тарих ғылымының
мазмұны жəне құрылымымен бірге оның əлеуметтік қызметіне
де жаңартушылық ықпал жасады. Осыған байланысты Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих де-
геніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едəуір дəрежеде болашақтың
да көрінісі», «қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі
орасан зор дəйектеуші жəне дəлелдеуші күш»1 деп атап көрсеткен

болатын. Бұл тұжырым теориялық жəне əдіснамалық тұрғыда та-
рихи сананың жаңару үдерісіндегі тарих ғылымының кешенді мін-
деттерін айқындайды.
Осы кезге дейін отандық тарих ғылымының мазмұны

тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылып, тари-
хи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі
жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік маңыз алған тəуелсіз тарихи
сана қалыптастыру бағытына əлі де терең ғылыми талдау жаса-

лып, концептуалдық тұрғыда қайта қарауы тиіс мəселелер мен
тақырыптар жеткілікті.
Осы кезге дейін қалыптасқан тарихи таным жүйесін қайта
қарауда тоталитарлық жүйенің теориялық-əдіснамалық негіздері-

нен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың тəсілдер батыл із-
дестіріліп, іргелі зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді.
Қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, тарихи үдерістерге
талдау жасауда элиталық концепция ұтымды тəсіл ретінде шетел-

1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра, -1998. –237 б.

дік қоғамдық ғылымдарда сəтті қолданыс табуда. Көбіне таптық көзқарасқа балама қағидаларға сүйенетін бұл таным тəсілі əзірге отандық тарих ғылымында іргелі зерттеу жұмыстарына негіз бола қойған жоқ. Ұлттық-мемлекеттік мəжелеуге дейінгі Түркістан тарихы кезеңі Отан тарихында белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып концентуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Ғылыми зерттеу бағыттары алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау ғылыми зерттеу жұмыстарында тың əдіснамалық тəсілдерді қолданып, жаңа концептуалдық бағыттарды игеруді қажет етеді. Осындай ерекшеліктермен тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады: – Патшалы Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияны отарлауы нəтижесінде құрылған əкімшілік-мемлекеттік бірлік ретінде Түркістан генерал-губернаторлығы мен кеңестік негіздегі Түркістан автономиялы республикасының тарихы отандық тарихтың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде жіті назар аударуды қажет етеді. Тарихи жағдайлармен Түркістан өлкесінің құрамына қосылған қазақ елі мен жерінің ұлттық мемлекеттілігімізді қалыптастырудағы маңызы өте зор. Жарты ғасыр əкімшіліктерриториялық оқшаулық жағдайында бұл өлкеде патшалық, кеңестік биліктер отарлық тəртіпке тəн озбырлықпен ұлттық еркін ой-сананы бұғаулап, ұлттық рухани болмысты деформациялау саясатын жүргізді. Бұл саясат, əсіресе, өлкеде мемлекеттік билік құрылымдарының қалыптасуы мен ұлттық элита жүйесінің орнығуындағы кереғарлықтардан айқын байқалды. Осыған байланысты өлкеде ұлыдержавалық шовинизмге қарсы тұрған күш ретінде кең өріс алған түркілік бірлік идеясы мен кеңестік тəртіптің ұлттық-территориялық межелеу арқылы ұлт республикаларын құру саясаты да тəуелсіздік идеологиясы талаптарына сай дəстүрлі тұжырымдардың ықпалынан арылып, қазіргі заманғы əдіснамалық тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді. ХХ ғасыр басындағы дүниежүзілік ұлт-азаттық қозғалыстың Ресей отарындағы аймақтық көріністері түрінде пайда болып, даму барысында дербес саяси құбылыстарға айналған Түркістан ұлтазаттық қозғалысы мен Алаш қозғалыстары да қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятуда Қазақстан мен Орта Азия республикалары тəуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен жəне қайталанбайтын саяси-рухани ерекшеліктері бар дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Бұл мəселеге элиталық концепция тұрғысынан назар аударылар болса тарихи танымның игілігіне айналатын соны нəтижелерге қол жеткен болар еді. Өйткені, бұл қозғалыстардың идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сəйкестігі үйлестіруші факторларының ортақтығымен бірге олардың басқарушы элита өкілдерінің де саяси көзқарасы мен рухани-мəдени ұстанымдарының ортақтығынан туындап жатты. Бұндай саяси, мəдени-рухани ортақ ұстанымдардың негізділігі қазіргі бауырлас мемлекеттер арасындағы интеграциялық ықпалдастықты одан əрі өрбітуге жаңа тыныс береді. – Қазіргі заманғы тарихи таным тəсілдерінің бірі ретінде элиталық концепцияны қолдану еліміздің тарихи Ресей мен Кеңес Одағы құрамындағы даму жүйесіндегі саяси басқару факторына ғылыми талдау жасауға мүмкіндік берді. Бұл жағдай мемлекеттік басқарудың субъектісі болған саяси элитаның тарихи рөлін айқындайды. Түркістан өлкесінде іске асырылған кез-келген модернизация осындай себептермен «жоғарыдан төменге» қарай бағытталғаны «Қазан төңкерісінің Түркістанға телеграф арқылы келуімен» байланысты. Тоталитарлық биліктің қоғамдық дамудың эволюциялық ырғағына қарсы жүргізген саясаты халықты терең əлеуметтік, саяси күйзелістерге ұрындырғандықтан да осының бəріне тікелей жауапты басқарушы элитаның қоғамдық құбылысқа айналған болмысын тану қажет-ақ. Осы міндетті шешуде элиталық əдіснамалық тəсілдің мүмкіндігі мол деп есептейміз. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда тəуелсіздік жылдары жүргізілген əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен бұрынғы кезеңдегі элита айналымы үлгісінің түбірінен өзгергеніне қарамастан саяси элита бұрынғысынша еліміздегі саяси үдерістің маңызды факторы болып отыр2. Соңғы кездегі саяси, əлеуметтік талдаулар көрсетіп отырғандай елімізде қалыптасқан мемлекеттік билік құрылымдарында саяси элита өзінің ролін нығайтып келеді. Бұл үдерістің алдағы уақытта да жалғаса түсетін тенденциясы байқалуда. Дəстүрлі қоғамдағы əлеуметтік институттардың билік құрылымдарын қалыптастыруда ұстанған құндылық бағдарлары 2 Нысанбаев А., Машан М., Мурзалин Ж., Тулегулов А. Законодательные основы формирования политической элиты Казахстана. – 487-502 с. -//Эволюция политической системы Казахстана. В 2-х томах. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001. – 2. Т. –544 с.

қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ3. Демек қоғамдық өмірде саяси элита ықпалының артуы Қазақстанда элитақалыптастырушы үдерістердің генезисін тарихи деректік материалдар негізінде талдап, оның теориялық жəне практикалық тəжірибелерін зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екендігін танытады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Түркістанның қоғамдық-саяси тарихын ғылыми ойдың тезінен өткізіп, тəуелсіздік идеологиясы талаптарына сай қайта қарау отандық тарихнама мазмұнындағы олқылықтардың орнын толтырады деп есептейміз. Зерттеуімізде «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасында» белгіленгендей «Қоғамға идеологиялық топтауларынан, бірізділіктен, үстірттік пен үстемелеуден ада шынайы тарих қажет»4 деген тұжырымының басшылыққа алынуы да тақырыптың мемлекеттік бағдарламалармен байланысын айқындайды. Отан тарихындағы саяси-əлеуметтік құбылыстарды элитологиялық тұрғыда қарастырудың теориялық мəселелері осы кезге дейін жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. Қазақстан тарихында жан-жақты ғылыми негізделген əдіснамалық тəсіл ретінде элиталық үлгінің қолданылмағандығы белгілі. Ал тақырыптың пəні мен нысанына аналған ХХ ғ. басындағы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы аса қомақты, соның ішінде ұлттық элитаның қоғамдық-саяси қызметіне қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырып тарихнамасының бұлайша күрделі сипат алуының бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет аясы, əлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық құрылымы бойынша əлемде теңдесі жоқ қайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылыс болатын. Сондықтан ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін, əлемдік ұлт-азаттық қозғалыспен саяси-идеялық тұрғыда сабақтасып жатты. Міне, осы күрделі сипат тақырыпқа қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарының мазмұндық, тақырыптық жағынан барынша əралуандығына негіз болды. Қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелігі тақырыптың зерттелуіне күрделі сипатының екінші себебін айқын3 Бурханов К.Н., Султанов Б.Г., Аяган Б.Г. Современная политическая история Казахстана (1985-2006 гг.). Издательский центр Института истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. – Алматы, 2006. – 264 с. 4 Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. //Саясат. №3. 1995 ж. дайды. Кеңестік қоғам тарихнамасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылғанымен оның өзі қоғамдық-саяси құндылық бағдарламаларының өзгеруіне байланысты тұтас кезеңдерге жіктелсе, сол кезеңдердің аясында концептуалдық тұрғыда жекелеген ағымдарға таралып кетеді. Демек, əр кезеңнің, əр ағымның тақырыпқа қатысты жүргізген зерттеулерінің деректік, əдіснамалық негізі əртүрлі болғандықтан, тіпті олардың арасында бір-біріне қарамақарсы бағалар да кездеседі. Бұндай жағдайда мəселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады. Зерттелу деңгейіндегі ең түйінді деп есептелген үшінші себеп – зерттеу жұмыстарында қолданылған теориялық-əдіснамалық тəсілдердің сипатымен айқындалады. Тақырып тарихнамасының қомақты кезеңі – кеңестік тарихнамада маркстік таптық-формациялық əдістеме тарихи таным тəсілінің негізі болған еді. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасының алғашқы тəжірбиесі ХХ ғ. 20 жылдарындағы Г.Сафаров, Т.Рысқұлов, П.Алексеенков, С.Қожанов, Н.Төреқұлов жəне т.б. еңбектерінде қалыптасты. Ол зерттеулерде Түркістандағы, этносаяси үдерістердің негізгі бағыттары, қозғаушы күштері айқындалғанымен тарихи оқиғаларға баға беруде ортақ теориялық негіздің болмауынан қарама-қайшы пікірлер орын алды. Тақырыптың мазмұндық, тақырыптық тұрғыда көлемді зерттелген кезеңі 50-80 жылдардың аралығы еді. Осы кезеңде И.К.Додонов, А.И.Зевелев, Т.Елеуов, К.Е.Житов, Х.Иноятов, Х.Турсунов, А.А.Гордиенко, С.А.Назаров, К.Х.Хасанов, Х.Ш.Иноятов, Б.М.Зима, С.З.Зиманов, Б.Сүлейменов жəне т. б. ғалымдардың зерттеулері Түркістандағы этносаяси үдерістерді жан-жақты қарастырылып, мəселеге қатысты тың тұжырымдар жасалды. Əйтесе де тоталитарлық қоғамның идеологиялық ұстанымдары тарихи болмыстың барлық қырын ашуға мүмкіндік бермеді. Посткеңестік кеңістікте қалыптасқан рухани өрлеу тақырып тарихнамасына жаңа сипат берді. Осы кезеңде теориялықəдіснамалық жəне мазмұндық тұрғыда ортаазиялық Д.Алимова, В.А.Германов, Х.Исмаилов, С.Агзамходжаев, Р.Абдуллаев, Е.А.Прилуцкий, М.К.Хасанов Х.Д.Садықов, С.А.Қощанов жəне т. б. тарихшылар зерттеулерінде таптық-партиялық көзқарастан арылған тəуелсіз тарихи танымға сай Түркістандағы этносаяси үдерістердің мазмұны қайта қаралды жəне тарихи дамудың күрделі кезеңдері мен нақты оқиғаларына шынайы баға берілді.

Отандық тарих ғылымында мəселеге қатысты жаңа теориялық-
əдіснамалық тұжырымдарға негіз қалаған М.Қозыбаев, К.Нұр-
пейіс, М.Қойгелдиевтердің жəне олардың ғылыми мектептерінің
өкілдері Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасын

сапалық жаңа деңгейге көтерді.
Сол сияқты тақырыпты жеке желілер бойынша қарастырған
М.Х.Асылбеков, Ө.Озғанбай, Д.А.Аманжолова, К.Л.Есмағамбетов,
Т.Омарбеков, Х.Əбжанов, Е.Б.Сыдықов, Қ.М.Атабаев, А.Исмаилов,

А.Ауанасова, Д.Махат, З.О.Дүкенбаева жəне т. б. ғалымдардың зерт-
теулерінде Түркістан этносаяси үдерістеріндегі ұлттық элитаның
қызметіне қатысты тарихи оқиғаларға орнықты баға берілді.
Зерттеу тақырыбының теориялық-əдіснамалық бағытына қаты-

сты кеңестік тарихи танымның аясында элита теориясына орын
болмады. Əйтсе де əлемдік ғылыми ойда бұл тəсілдің мүмкін-
діктері қоғамдық-саяси құбылыстар мен тарихи оқиғаларға талдау
жасап, ғылыми баға беруде батыл қолданып келеді.

Отандық тарихнамада элитаға қатысты арнайы зерттеу еңбек-
тердің болмауы жəне тəуелсіздік жағдайындағы тарихи таным
қағидалары мен ұстанымдардың өзгеруі тақырыптың деректік не-
гіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын айқындайды.

Зерттеу жұмысының деректік негізі ретінде отандық жəне ше-
телдік архивтердің материалдары кеңінен пайдаланылды. Атап
айтқанда Ресей мемлекеттік қазіргі заманғы саяси тарих архивінің
(РГАСПИ) В.И.Ленин қоры (Қ.2), Халық Комиссарлар Кеңесі

жəне Еңбек пен Қорғаныс Кеңесінің төрағасы В.И.Лениннің
хатшылығы (Қ.5), РК(б)П ОК Саяси Бюросы (Қ.17), РК(б)П ОК
Туркбюросы (1920-1921) (Қ.61), БК(б)П ОК Ортаазиялық бюро-
сы (Қ.62), БОАК пен РКФСР ХКК Түрккомиссиясы (Қ.79), БОАК

пен РКФСР ХКК Түркістан істері жөніндегі комиссия (Қ.122),
П.А.Кобозев (Қ.133) қорлары, Қазақстан Республикасы Орталық
Мемлекеттік архивының (ҚРОМА) Жетісу облыстық басқармасы
(Қ.44), Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссариаты (Қ.Р-

13), қорларында жинақталған деректік материалдар қамтылды.
Ал Қазақстан Республикасы Президентінің архивындағы (ҚРПА)
Халық Комиссарлар Кеңесі (Қ.14), РК(б)П Қырғыз облыстық пар-
тия комитеті 1921-1925 ж.ж (Қ.139), БК(б)П Қазақ Өлкелік пар-

тия комитеті (Қ.141) жəне РК(б)П Қырғыз (қазақ) бюросы (Қ.140),
БК(б)П Қазақ өлкелік бақылау комиссиясы 1925-1934 ж.ж (Қ.719),
РК(б)П ОК Қырғыз (қазақ) бюросы (Қ.785), Қазақстан комму-
нистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси зерттеулер институ-

ты (Қ.811) қорларында Түркістанда қызмет істеген ұлттық элита
өкілдерінің қызметтеріне қатысты мол құжаттық деректер талдау
нысанына айналды.
Зерттеу тақырыбының негізгі нысаны болғандықтан Өзбекстан

Республикасы Орталық Мемлекеттік архивының Түркістан ге-
нерал-губернаторының кеңсесі (Қ.И-1), Сырдария облыстық
басқармасы (Қ.И-17), Түркістан Республикасы ОАК (Қ.Р-17),
Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі (Қ.Р-25),

Түркістан Республикасы Ағарту Халық Комиссариаты (Қ.Р-34),
Түркістан Республикасы Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты
(Қ.Р-36) қорларының құжаттары дереккөз ретінде қолданылды.
Осы аталған архив қорларынан іріктеліп, тарихи дерек ретін-

де қарастырылған құжаттар мен деректік материалдар зерттеу
барысында патша өкіметі мен кеңес өкіметінің жəне РК(б)П
Орталық Комитетінің, оның Түркістандағы өкілетті органдары
Түрккомиссия, Түркбюро, Ортаазиялық бюроның, жергілікті пар-

тия, кеңес органдарының ұлттық кадрларды билік құрылымдарына
тартудағы қызметін талдап, оған ғылыми баға беруге мүмкіндік
жасады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде жарық көрген қазақ тіл-

ді «Қазақ» (Орынбор), «Сарыарқа» (Семей), «Бірлік туы», «Ақ
жол», «Сана», «Шолпан» (Ташкент), өлкедегі жергілікті халықтар
тіліндегі «Улұғ Туркистон», «Кенгаш», «Хуршит», «Наджот»,
«Турон», «Тарракий», «Ойна» (Айна) басылымдарында ұлттық

элита өкілдерінің қоғамдық-саяси, əлеуметтік экономикалық
мəселелерді көтерген құнды мақалалар жарық көрді. Ұлттық-
азаттық идеологиясының қалыптасу эволюциясын анықтап,
ұлттық идеяларды негіздеудегі саяси элита қызметіне талдау жа-

сауда бұл деректемелік негіздің маңызы ерекше. Сол сияқты осы
кезде Түркістанда шығып тұрған «Туркестанские ведомости»,
«Туркестанский курьер», «Туркестанский вестник», «Известия»
(Түркатком мен ТКП ОК органы) басылымдарының деректері де

ғылыми талдау нысанына айналды.
Осы аталған құжаттық жəне баспа деректерін талдау барысында,
əсіресе, ресми құжаттарда кеңестік саяси жүйе мен оның басқару
құрылымдарының,

партиялық-мемлекеттік
номенклатураның
қалыптасуы мен қызметін бағалауда идеологиялық ұстанымдар
үстем болғандығы бірден көзге ұрады. Ол құжаттарда кеңестік

басқарушы топтың қалыптасуындағы олқылықтар мен кемшілік-
тер аталмайды. Сондықтан да бұл құжаттарды сыни көзқараспен
талдап, оның мазмұнын басқа құжаттардың дəйегімен салыстыра,
саралай пайдалануға тура келді.

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қозғаушы күші ретінде кеңестік тарихнамада европалық саяси партиялардың, европалық үлгідегі элитаның қызметіне басымдық берілсе, соңғы жылдардағы тарихнама керісінше жəдитшілік, мұсылмандық, түркілік негіздегі қоғамдық ұйымдар мен партиялардың, ұлттық элитаның қызметін жоғары қояды, содан да əлеуметтік, саяси жəне ұлттық негіздері барынша əртекті, ортақ мақсатқа жұмылдыратын тұрақты үйлестіруші факторлары да сан-алуан болып келетін күрделі құбылысқа тарихи үдерістердің ұйымдастырушысы болған элита қызметі арқылы талдау жасау барынша объективті нəтижелерге қол жеткізеді. Мемлекеттік билік құрылымдарының қалыптасуы мен билеуші топтың қызметіне талдау жасалғанда таптық-формациялық теория мен элиталық тəсіл бір-біріне бара-барлығына қарамастан, оларды бірден-бір оңтайлы тəсіл деп қабылдауға болмайды, өйткені қарастырылатын мəселенің мəні олардың арасындағы бірін-бірі теріске шығаратын теориялық алғышартқа қатысты емес, барлық түйін – əлеуметтік ақиқатты танудың тарихи өлшемінің өзгеруінде болып отыр. Дəстүрлі қазақ қоғамы мен қазіргі заманғы қоғамның билік құрылымдары мен басқару институттары қызметінің арасында рухани сабақтастық сақталғанымен, олардың мазмұндық, түрлік, құрылымдық ерекшеліктері өте елеулі. Қоғамдық даму барысында бұндай ерекшеліктердің қалыптасуына өзге факторлармен бірге ұлттық элита қызметінің ықпалы да айтарлықтай болды, сол сияқты ұлттық элитаның табиғаты да осы қоғамдық дамуға тікелей байланысты еді. Элита категориясы билікке қол жеткізген билеуші топ түрінде қоғамдағы тұрақты əлеуметтік-саяси қауымдастықты танытатын болса Түркістан жағдайында ұлттық элита ұғымына өлкеде билік жүргізген патшалық, тоталитарлық элитаға балама позиция ұстанып түркілік, мұсылмандық, этникалық негізде топтасып, саяси мүдделерді қорғаған жергілікті ұлттың билікке араласқан, оған ықпал жасаған жоғарғы тобы енгізілді. Қазақстанның жаңа тарихынан бастап қазақ қоғамында ұлттық өркениетке аралас элементтер ене бастады да қазіргі ұғымдағы «қазақстандық өркениет» қалыптасты. Тарихи дамудың осы сұлбасы қазіргі заманғы элита ұғымына да тəн: қазіргі кезде ұлттық элита ұғымын мемлекетқұраушы қазақ ұлты төңірегіне топтасқан қауымдастықтың жоғарғы тобын білдіретін «қазақстандық элита» ұғымына балама ретінде қолданамыз. БІРІНШІ ТАРАУ ТАРИХИ ТАНЫМДАҒЫ ЭЛИТА КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ƏДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТА ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖƏНЕ ДЕРЕККӨЗДЕРІ 1.1 Тарихи танымдағы элита концепциясы жəне оның теориялық-əдіснамалық негіздері Əлемдік ой тарихында элита категориясы соңғы ғасырда кең қолданысқа ие болғанымен оның пайда болуы ежелгі дүниеден тамыр тартады. Қоғамдағы элитаның сипаты, атқарар рөлі туралы жазба əдебиетте алғашқылардың бірі болып көне қытай философы Кунфуцы (б.д.д. 561-479 жж) пікір білдірген екен. Өзі қайтыс болған соң шəкірттері жариялаған «Лунь-юй» трактатында оның мəселеге қатысты тұжырымдары кеңінен баяндалды. Оның пікірінше басқару билігінің бастауы – əке билігі болады. Ол қоғамдағы адамдарды басқарушылар мен бағыныштылар деп бөледі де басқарушылар мəртебелі, ең білімді жəне адамгершілігі жоғары «бекзат қайраткер» болуы керек деп есептеді. Бұндай бекзат қайраткерлер ешкімнің алдында дандайсымауы жəне жағымпазданбай, өзінің абыройын жоғары ұстауы, тұлға ретінде өзін құрметтеуі, дəрежесі жоғарыларға өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауы арқылы қызмет етуі, халықты өзінің ізгілігі жəне жеке өнегесімен тəрбиелеуі тиіс. Егер ол сот билігін атқарып, салық жинап, халықты мемлекеттік міндеткерлікке жұмылдыруда əділеттілік қағидасын басшылыққа алуы керек. Сірə, философ императордың бірқатар билігін шектеуге ұмтылған сияқты, өйткені оның басқару үлгісін қабылдаған адам өзіне «бекзат қайраткердің» міндеттемелерін алуы тиіс, оның үстіне бұл билік үлгісінде мемлекетті басқару Ережесі (ереже қытай тілінде «ли» деп аталады – Х.Т.) қағидаларының іске асуын қадағалайтын императордың төңірегіндегілерден тəлімгерлер институтының қызметі қарастырылған. Егер билеуші философтың ақылкеңестерін толық орындайтын болса, онда аталған тəлімгерлердің қажеті болмай қалады5. Кунфуцының бұл идеялары көнеқытай 5 Переломов Л.С. Конфуций: жизнь, учение, судьба. - М.: Наука, 1993. –240 с. с.226-262

жерінде мемлекеттік басқаруда элиталық қатынастардың кеңінен танылғандығын айғақтайды. Қоғамдық ойда саяси элита теориясына қатысты ой-пікірлер осы кезде Ежелгі Грекия жерінде Платон Афинский (б.д.д. 470-390 жж.) жəне Аристотель Стагираттың (б.д.д. 384-322 жж.) еңбектерінде көрініс тапты. Платон «Мемлекеттілік» деп аталған еңбегінде əділеттілік қағидасымен құрылған жетілген қоғамның үлгісін жасады. Бұл қоғамның азаматтары табиғи қабілеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінуі тиіс еді. Атап айтқанда, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай жіктелген қолөнершілер, жауынгерлер жəне философтар. Солардың арасында мемлекетті басқару қызметі философтардың үлесіне тиеді6. Оның айтуынша əр əлеуметтік категориядағы азаматтардың адамгершілік қасиеттері əртүрлі болмақ. Мысалы, философтардың адамгершілігі жоғары болса, қолөнершілерде төмен болады. Солай дей тұрғанмен де ол төменгі қоғамдық тапта жоғары адамгершілігі бар адамдар дүниеге келеді, ал жоғары таптың өкілінде ондай қасиет болмауы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оның еңбегінде қоғамдағы элиталық топтың қалыптасу үдерісіне баса мəн берілді. Мемлекет басқарушы философтар жоғарыда аталған қоғамның үш табымен араластыруы арқылы мемлекетті басқаруға тəрбиеленетін балалардың қабілетін анықтауы қажет еді. Өйткені, қабілетті балалар философиялық мектептерде оқытылып, мемлекетті басқаруға арнайы дайындықтан өтуі тиіс болды. Платон да Кунфуцы сияқты элита өкілдеріне қойылар қоғамдық талапты барынша күшейтеді. Оның тұжырымы бойынша қоғамдағы билеуші топқа айналған философтар қоғамдық əдет-ғұрыптар мен заңдар талабының сақталуын қорғайды, сот қызметіне негізделген басқару билігін іске асырады. Оларда жекеменшік деген болмауы тиіс, сол үшін де парасатты ойлардан алаңдататын себеп ретінде оның тұжырымында алтын, күміс сақтағандығы үшін оларды жазалау қарастырылды. Əсіресе, Платон қоғамдық қатынастарда таптардың билік мəселесі бойынша бір-бірімен араласуына қарсы болды. Атап айтқанда, арнайы дайындығы жоқ қолөнершінің əскери іспен айналысуы немесе басқаруға ниет қылған жауынгердің əрекеті, немесе осылардың бəрін араластырып жіберу қоғамды парасатты басқаруға зиян келтіреді деп есептеді7. 6 Платон. Государство. Законы. Политик. /Вступ. ст. Е.И. Темникова.- М.: Мысль, 1998. -798 с. с.160-165 7 Платон. Государство. Законы. Политик. /Вступ. ст. Е.И. Темникова.- М.: Мысль, 1998. -798 с. С.225-237 Жетілген мемлекеттік құрылыс мəселесін Аристотель де көтерді. Ол монархия жəне политиямен бірге басқарудың оңтайлы түрі ретінде өзіне дейінгі ойшылдардың арасында алғашқы болып ақсүйектікті жоғары қойды. Жоғары лауазымға тағайындағанда негізге алынатын адамгершілік, ізгілік ақсүйектіктің басты белгісі болмақ. Жетілген мемлекеттің бұқарасын Аристотель саяси құқы барлар мен саяси құқы жоқтар деп бөлді. Саяси құқы барлар жас кезінде жауынгер болса, қартайғанда сот, абыз, билеушілерге айналатын. Аристотель азаматтық құқы бар, өзін-өзі қаруландыра, қаржыландыра алатын топтың билігіне сүйенген мемлекеттік құрылымды қуаттады8. Бұл идея қоғамдағы саяси-əлеуметтік тұрақтандырушы фактор ретінде орта таптың қуатын арттыруға басымдық берген қазіргі заманғы қоғамның практикасында кеңінен қолданыс табуда. Заманауи ерекшеліктеріне қарамастан Аристотельдің орта тап туралы идеяларының қазіргі заманғы ойлармен үндестігін танимыз. Солай дей тұрғанымен Аристотель жоғары билік көпшіліктің қолында болғанын қалады, өйткені бұндай жағдайда адамдар бірігеді, демек олардың əрқайсының бойындағы ізгілік пен парасаттылық та бірігеді9. Ол осыған байланысты Платонға мүлдем қарама-қарсы пікір айтады: жоғары лауазымға байлығы жəне үздік қасиеті жоқтарды жолатуға болмайды, ондай адамдар қателеседі немесе жеткілікті əділдігі мен парасаттылығы болмағандықтан əділетсіз əрекеттерге баруы мүмкін. Бірақ олар кеңесші органдарға жəне сот билігіне араласуы керек, өйткені қоғамда құқықсыз адамдар көп болса жауыққан көңіл-күй бел алады деп есептеді10. Содан да Аристотель мемлекеттік лауазымға тағайындалған адам сол мемлекеттік құрылысқа жаны ашуы, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындауға қабілетті болуы, мемлекет талабына сай келетіндей ізгі де əділетті болуы тиіс11 деген талап қояды. Бір-біріне қарсы жауыққан топтарға бөлмей оның орнына қоғамды саяси-əлеуметтік тұрақтандырушы жүйе ұсынатын идеялар дін қайраткерлерін де бей-жай қалдырмады. Христиандық авторлардың арасында Августин Блаженныйдың (354-430 жж.) көзқарастарында мемлекеттің эволюциялық даму арқылы қалыптасуы туралы антика авторларының тұжырымын қуаттай отырып, бұл үдерістерді құдайдың еркімен алдын-ала белгіленген шаралар деп есептейтін ойлар кездеседі. 8 Доватур А.И. Политика и политии Аристотеля. М.-Л.: Наука, 1965. –390 с. С.37-59 9 Аристотель. Политика. Афинская полития. / Предисловие Е.И. Темнова. М.: Мысль, 1997. –458 с. С.113 10 Аристотель. Политика. Афинская полития... С.112 11 Аристотель. Политика. Афинская полития... С.184

Саяси элита мəселесімен қайта өрлеу дəуірінде флоренциялық мемлекет қайраткері жəне тарихшы Н.Макиавелли (1469-1527 жж.) кеңінен айналысып, тұтастай ғылыми көзқарастар жүйесін негіздеді. «Патша» деп аталатын трактатында арыстанның табандылығы мен түлкінің айлакерлігін үйлестіре алатын, яғни күш қолдана алу мен жағдайға байланысты түрлі саяси күштердің арасында жалтара алатын билеушінің бейнесін жасады. Ол биліктің шыңына өз қажыр-қайратының арқасында, тағдырдың сəттілігімен, отандастарының қолдауымен немесе қылмыс жасау сияқты үш тəсілмен жетуге болады деп есептеп12 халық, ақсүйектер жəне патша арасындағы өзара қарым-қатынас туралы қызықты пікірлер білдіреді. Ақсүйектер қанағысы келгенімен халық қаналғысы келмейді, бұндай теке-тірес жеке адамның билеп төстеуімен немесе бассыздықпен, немесе еркіндікпен шешілуі тиіс деп тұжырым жасаған оның билік пен элита арасындағы қарым-қатынасты реттеу туралы пікірлері де аса құнды. Ол патшаның ақыл-ойы туралы ең алдымен оның өз төңірегіне қандай адамдарды (ақылды, қабілетті немесе керісінше) жинап, қызмет бергендігіне қарай бағаланады деп есептеді. Министр патшаға өзінен де бетер қамқор болуы тиіс, ал патша оның байлығын арттыру, басқа да ықылас білдіру арқылы қызметкердің өзіне шынайы берілгендігін сақтауға ұмтылуы керек13. Макиавеллидің бұндай теориялық ойлары қазіргі заманғы элиталық қатынастарда нақты саяси іс-əрекеттер тəжірибесімен дəйектеліп, одан əрі өрістетілуде. Элита мен қоғамның ара-қатынасы туралы ХVІІ ғ. ағылшын философы Томмас Гоббстың (1588-1679 жж.) «Левиафан» еңбегінде білдірген көзқарасы да өте қызғылықты. Оның пікірі бойынша мемлекет адамдардың бейбітшілік сақтауға келісім жасаған кезінде қалыптасқан, онда көпшілік дауыспен өз аттарынан билік жүргізу құқын берген адамның немесе құрылымның əрекетін – мейлі ол өзі қарсы дауыс берсе де оның өз əрекетіндей қабылдауы тиіс. Содан да көпшіліктің еркімен белгіленген билікке ешкім де қарсы келмеуі керек, егер əлде кім қарсы болса, онда ол көптің еркіне мойын ұсынуы керек немесе көпшілікпен дұшпандық жағдайда болуы тиіс. Бұндай қатынас жағдайында əділеттілікті сақтадым деп есептеп, азшылықтың өкілін əркім-ақ өлтіре алады14. 12 Макиавелли Н. Государь. Рассуждение о первой декаде Тита Ливия. О военном искусстве. -М.: Мысль, 1990. -639 с. С.19; 26 13 Макиавелли Н. Государь. Рассуждение о первой декаде Тита Ливия. О военном искусстве... C.69-70 14 Гоббс Т. «Левиафан» или материя, форма и власть государства церковного и гражданского. М.: Гос.соц.эконом изд., 1936. -504 с. С.143-144 Француз ойшылы Вольтер (1694-1778 жж.) саяси элита мəселесінде монархиялық биліктің өктемдігін ақыл-парасатпен біріктіруді армандады. Сол үшін де Екатерина ІІ, Пруссия королі Фридрих ІІ сияқты монархтармен хат жазысып, олардың ел басқару тəсілдерін жұмсартуға үміттенді. Əрине, оның үміті ақталмағаны белгілі, содан да ол корольдердің төңірегіне оны шалыс қадам басудан сақтандырып отыратын сол кезде биліккке араласқан философтар Джон Локк, Френсис Бэкон сияқты оқымысты министрлерді тағайындауды ұсынды. Бұндай адамдар либералды реформалар жасай алады, сонда ғана Франция күйреуден аман қалады деген оның пікірлері Ұлы Француз буржуазиялық революциясының қарсаңында айтылуы өте маңызды. Вольтер француз философтары қоғамдық пікірге ықпал жасай бастады, енді олар билікті қолға алуы тиіс деген тұжырым жасайды15. Ұлы Француз буржуазиялық революциясының саяси тəжірибиесі жəне одан кейінгі даму бағыттары оның соншама үміт артқан «білімдар билеуші» туралы идеясын ақтамады. Саяси ойдағы осындай ізашарларын қуаттай отырып неміс ойшылы Г.В.Ф.Гегель де саяси элитаға қатысты өз концепциясын негіздеді. Ол əлемдік тарихты əлемдік рухтың қызметімен, оның парасатты жəне қоғам үшін аса қажетті еркімен байланыстырды16. Содан да тарихтағы ұлы адамдардың рөлін олардың мақсаттарындағы əлемдік рухтың еркін білдіретін субстанциялық элементпен байланысты қарастырды. Бұл тұжырымның дəлелі ретінде Гегель өз өмірі, абыройы жəне қауіпсіздігі үшін қарсыластарымен күрескен Юлий Цезарьды мысалға алады. Жеңіс оны əлемдік тарихтың басқышына айналдырып, тұтас мемлекеттің, Римнің жеке дара билеушісіне айналдырды. Өз мақсаты жолында ұлы адамдар əлемдік үстем күштің қолындағы қаруға айналғандығын аңғара қоймайды, бірақ белгілі бір кезеңде ненің аса қажет жəне уақтылы екендігін жақсы білгендіктен олардың сөзі мен іс-əрекеті сол уақыт үшін барынша озық болып есептеледі. Гегель əлемдік рухтың сенімді өкіліне айналған билеушілердің тағдыры көбіне қайғылы аяқталады деп есептеді17. Гегель өз философиялық көзқарастарының ерекшеліктеріне сай тарихтағы ұлы адамның рөлін барынша дерексіздендіргенімен нақты жағдайда нақты адамның əрекетіне баға беру тəсілі арқылы элиталық ойды жаңа деңгейге көтерді. 15 Сиволап И.И. Социальные идеи Вольтера. М.: Мысль, 1978. – 286 с.С. 142-144 16 Гегель Г.В.Ф. Сочинение. В 12-ти тт., Т.8, М.: Гос.соц.эконом изд., 1935. -. 169 с.С. 9 17 Вебер М. Избранные произведения. Пер. с нем. М.: Прогресс, 1990. – 808 с.С.29-30

Неміс ойшылы М.Вебер (1846-1920 жж.) мемлекетті күштеу құралын заңды негізде қолданып, адамдардың адамдарға билік жасауының қатынасы ретінде қарастырады. Мемлекеттің өмір сүруі үшін биліктің қол астындағы адамдар билеп төстеуге ұмтылатындардың беделіне бағынуы тиіс. Соған сəйкес Веберді билікті ақтау үшін қандай ішкі негіздер болатындығы барынша қызықтырды18. Билікті ақтаудың ішкі дəлелі немесе заңды деп танудың (легитимизация) негізгі үш түрін атайды. Оның біріншісін «мəңгілік кешегінің» беделі деп атады. Ол патриарх немесе мұрагерлікпен билікті иемденген ескі үлгідегі князь іске асыратын «дəстүрлі» билікті сақтау, əдет-ғұрып беделіне жүгіну болмақ. Заңды деп танудың ішкі дəлелінің екінші түрі - ерекше жеке қабілет – харизмалық бедел. Оның мəні əлдебір адамның көсемдік қабілетіне құлай берілу, оған шексіз сенім білдіру. Вебер бұндай билікті харизмалық билік деп атады. Ал бұндай билік пайғамбар, таңдаулы князь-əскербасы, халық пікірінің қолдауына ие болған əмірші, құрғақ сөзден қаймақ айырған көрнекті демагог немесе партиялық көсемдерге тəн. Вебер мəселенің үшінші қыры ретінде билікті «заңды деп тану» күші, билікті жариялы түрде орнату мен іскерлік «біліктіліктің» міндеттілігіне деген сенім күшін атайды. Вебердің айтуынша билікке бағыныштылық қорқыныш пен үміт сияқты дөрекі себептерге негізделеді, қорқыныш сиқырлы күштердің немесе əміршінің тарапынан туындаса, үміт оты осы дүниедегі немесе бақилық өмірдегі көретін сый-сыяпатыңа сəуле шашады19. Жалпы, Вебердің харизмалық билік туралы көзқарастары ерекше ден қоюды қажет етеді, өйткені қазақ жерінде халық дəстүрлі билікпен бірге ежелгі дəуірден харизмалық көсемдерді айрықша пір тұтқан. Вебердің пікіріне құлақ ассақ, биліктің дəстүрлі жəне жария үлгілері салыстырмалы түрде қоғамның тұрақты саясиəлеуметтік даму жағдайында пайда болады. Биліктің бұл түрлері күнделікті материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бейімделеді де рухани қажеттіліктер назардан тыс қалады. Осындай жағдайда пайда болған дағдарыс бұқараның рухани қажеттілігіне қолдау көрсететін көсемдерді саясат сахнасына шығарады. Содан да харизмалық билік көсемге ерекше қасиеттер таңатын бұқаралық энтузиазммен тығыз байланысты, ол əлеуметтік–саяси дағдарыстың сипатын танытады. Əсіресе, харизмалық билік бас көтеру немесе революцияның бастапқы кезеңінде өзінің шы18 Вебер М. Избранные произведения. ..С. 646 19 Вебер М. Избранные произведения. С.646-647. найы үлгісіне барынша жақындайды. Отан тарихында осындай харизмалық қасиеттерімен танылған саяси тұлғалардың мысалы ретінде дəстүрі қоғамдағы Абылай ханды, ұлт-азаттық көтерілістегі Кенесарыны, саясатта Ə.Бөкейханов сияқты тұлғаларды атауға болады. Вебер өз заманындағы қоғамда биліктің бұл түрлері таза күйінде аса сирек кездесетіндігін атап айтқан. Көсем - харизмашыны саяси радикализм мен қолданыстағы əлеуметтік тəртіптің негізін талқандауға деген ұмтылыс ерекшелендіреді. Көтерілістің сəтті аяқталуы көсемнің ерекше қабілетіне деген сенімді арттыра түседі, бұл жағдай адамдардың қолданыстағы дəстүрлер мен заңдардан бас тартып, көсем насихаттаған жүйеге бет бұруын жеделдетеді. Бұл харизмалық билікті өзгелерден ерекшелендіретін белгілердің бірі харизмалық билік көсемге деген шексіз сенім. Соған сəйкес дəстүрлі биліктің иесі - əмірші билік дəстүрлерінің мызғымас киелігінің кепілі болса, көсем - харизмашының қасиеттілігі - оған таңылған құдайдың жердегі елшісі сияқты миссиялардан туындайды20. Харизмалық биліктің генезисіне үңілген Вебер оның алғаш рет сиқырлы күштерге деген соқыр сенім орныққан қоғамда пайда болғандығын атап өтеді. Алғашқы қауымдық қоғамда тайпа көсемдері ру басшысы, соғысқа немесе аңшылыққа бастаушы, бас сиқыршы, сот сияқты харизмалық қасиеттердің бəрін де бойына жиған болса, кейінгі қоғамдарда харизмалық биліктің экономикалық, идеологиялық қызметтері жекелеген индивидтер арасында өзара бөлініп, əлеуметтік дағдарыстарға байланысты олардың ықпалы артып немесе төмендеп отырды жəне тұлғаның харизмалық қасиеттеріне деген сенімді арттырып, жеке дара билеп төстеуді нығайта түсті. Дегенмен, басқару қызметін жүйелеу əлеуметтік институттарды қалыптастырып, жеке харизманың құлдырауына алып келеді. Көсемнің, оның шəкірттерінің, халықтың қарым-қатынасы барысында қоғамдағы дағдарысты ахуал сейіліп, ол тұрақты саяси ұйымды қалыптастыруға ұласады21. М.Вебердің бұндай тұжырымдарын дəстүрлі қазақ қоғамындағы билік құрылымдарының əлеуметтік негізіне, саяси қызметіне талдау жасауда əдіснамалық тəсіл ретінде қолдану тиімді нəтижелерге қол жеткізеді деп бағалауға болады. 20 Макаренко В.П. Вера, власть и бюрократия. Критика социологии М. Вебера. Ростов-на-Дону.; РГУ, 1988. –300 с. С.183 21 Макаренко В.П. Вера, власть и бюрократия. Критика социологии ... С.184

Тарихи таным тəсілі ретінде қолданғанда элита мəселесінің саяси, əлеуметтік негізімен бірге оның психологиялық астарына үңілу де аса қызықты. Соған байланысты қоғамда элитаның болуын адамға тəн психологиялық ерекшеліктерге сай түсіндіру фрейдизм ағымында кең қолданыс тапты. Мысалы, З.Фрейд бұқараның элитаға бағынуын осындай бағынудың мақсаттылығын түсінген ақыл-парасаттың емес, эмоция мен түйсіктен туындайтын бұқаралық психологияның феноменімен байланыстырады. Фрейд қоғамның элита жəне бұхара болып бөлінуі беделге жүгінудің рулық формасынан туындаған деп санайды да өз ойын адамның бала кезден əке қамқорлығына зəрулігіне қатысты өрбітеді. Бұл жерде М.Вебердің кейбір əлеуметтік идеяларын З.Фрейдтің психологиялық, физиологиялық тұрғыда одан əрі өрбіткендігі аңғарылады. Əлемдік деңгейде ауқымды практикалық қолданысқа ие болған К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси элита туралы көзқарастары жоғарыда аталған ойшылдарға қарағанда сонылығымен ерекшеленеді. Олардың ілімінің басты мақсаты буржуазиялық қоғам таптарының өзара айырмашылығын алмастыратын бірлестік орнату болды. Бұндай бірлестікте əркімнің еркін дамуы қоғамның еркін дамуының шарты. Оған буржуазияның қолынан капиталды тартып алып, өз қолына өндіріс құралдары мен өндіргіш күштерді шоғырландыратын пролетарлық революция арқылы ғана қол жеткізуге болатын еді. Олар саяси билікті бір таптың екінші тапты басын-жаншуда қолданатын күштеу құралы деп есептеді. Буржуазиямен күрес барысында пролетариат бірігеді, ал революция барысында билеуші тапқа айналып, ескі өндірістік қатынастарды, таптық қарама-қарсылықтың шарттарын, тіпті тап ретіндегі өзінің де билігін жояды деген тұжырым жасады22. Маркс пен Энгельстің саяси элитаға қатысты теориялық тұжырымдары пролетариат диктатурасын орнатқан Кеңес Одағының саяси тəжірбиесінде мүлде жаңа сипат алды. Əрине, олардың көзқарастарында қоғам дамуын базис пен қондырмаға негіздеп талдау сияқты сəтті идеялар болғанымен қоғамды антагонистік таптарға жіктеуі өміршең бола алмады. Дегенмен, марксизм ілімінің əлемдік деңгейдегі ауыр саяси-əлеуметтік салдарларына қарамастан элиталық ойлардың дамуына жасаған ықпалы аз болған жоқ. Саяси элита мəселесі орыс ойшылдарын да бей-жай қалдырмаған. Олардың көтерген идеялары европалық əріптестерінің ойларымен 22 Маркс К., Энгельс Ф. Манифест Коммунистический партии //Маркс К., Энгельс Ф. Избранные сочинения в 9-т. -т.3. М.: Политиздат, 1984. –675 с.С.278-279 сабақтас болғанымен Ресей қоғамындағы нақты əлеуметтік–саяси тəжірбиеге сай баршама ерекшеліктері де болды. Оның үстіне Қазақстан жəне Ресей халықтары көп жылдар бойы евразиялық мəдени кеңістікте өзара ықпалдастықта өмір сүргендіктен де тақырыптың осы желісін арнайы қарастыруға толық негіз бар. Билеуші мен қара халық арасындағы күрделі қатынасты реттеу мақсатында ресейлік дін қайраткерлері де мəселеге баса мəн берді. ХІV ғ. соңы ХV ғ. басында псковтық тақуа Филофей əйгілі «Мəскеу - үшінші Рим» доктринасының ықпалымен Мəскеудің рөлін дəріптеп, Мəскеудің ұлы князін орыс жерін біріктіруші ретінде көтермеледі. Сол үшін де ол орыс мемлекетінің басшысын құдайдың жердегі өкілі жəне қызметшісі, зайырлы жəне діни биліктің басын қосқан, құдайдың еркімен билік жүргізуші тұлға ретінде қарастырды. Тақуаның бұл идеялары бір орталыққа бағынған орыс мемлекетін қалыптастыруға қызмет жасағаны даусыз. Əйтсе де, діндарлардың бəрінің көзқарасы бірдей ізгі ниетпен шектелмеген. Мысалы, теократиялық мемлекеттің жақтаушысы, ХVІІ ғ. көрнекті ойшылы патриарх Никон (1605-1681 жж.) Библияға сүйеніп, зайырлы биліктен діни биліктің артықшылығын дəлелдеуге əрекет жасады. Діндарларын құрметтеген мемлекет гүлденеді, егер мемлекет священниктеріне құлақ аспай, оларды құрметтеуден бас тартатын болса, ондай қоғамда қорқынышты өзгерістер орын алып, түбінде күйреуі мүмкін. Осындай себептермен Никон мемлекеттік құрылымдардың барлық саласын патриарх қадағалауы тиіс деп есептеді. Оның есесіне кейбір діндар ойшылдар əмірші билігінің заңдылығын дін жолымен негіздеуге ұмтылады. Солардың бірі І Петрдің қызметтес серігі, үлкен саясаткер, қоғам жəне шіркеу қайраткері Феофан Прокопович (16811736 жж.) «Патшалық абырой жəне билік туралы сөз» еңбегінде адамзаттың басты заңдарының бірі – билікке бағыну заңы деп жариялады. Адамзат қоғамының үйлесімін зұлым күштер бұзуға құмар, содан да биліктің күшімен қоғамдық заңдарды қорғау керек. Адамзаттың заңдары құдайдың дəргейінен болғандықтан да жоғары билікке қарсы шыққандар құдайға қарсы болғандар деп есептеледі23. Прокопович осындай пікірлері арқылы зайырлы билікті шіркеу билігінен жоғары қойды. Орыстың алғашқы кəсіпқой тарихшысы В.Н.Татищевтің (1686–1750 жж.) ұғымында қоғам қауымдастық болса да жасы, жолы үлкендігімен, парасатпен жəне қабілеттілікпен берілетін 23 Смирнов В.Н. Феофан Прокопович. -М.: Соратник, 1994. -221 с. С.62-63

басшылықсыз жəне биліксіз өмір сүре алмайды. Ол басшылық қабілеттер қатарында ептілік, өнер жəне күшті атайды. Ресейді басқарудың ең оңтайлы түрі монархия деп, ал ең жақсы билеуші ретінде І Петр патшаны атаған Татищев билік мəселесінде өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда алғашқы болып мемлекеттік басқаруда дворяндар сословиесінің ролін арттыруды ұсынады24. Аталған ойшылдардың бəрі де көзқарастары əртүрлі болғанымен олар мемлекеттің қажеттігін ешқашан жоққа шығармайды. Ал халықшылдық қозғалыс батагөйінің бірі М.А.Бакунин (18141876 жж.) мемлекет бар жерде ашық немесе бүркемеленген түрде құлдық пен үстемдік қатар жүреді деп есептеп қоғамдық институт ретінде мемлекеттің болуына қарсы шықты. Ол Маркстің пролетариат диктатурасын орнату туралы теориясына да қарсы болды, егер пролетариат үстемдік жасайтын болса, сөз жоқ оған шаруалар сияқты басқа таптар тəуелді болуы мүмкін, пролетариат үстемдігі көпшілікті азшылыққа тəуелді етеді, ал олар өз кезегінде өздерін бүкіл қоғамның иесі сезініп, даңдайсып кетеді деп есептеді. Солай дей тұрғанмен ол қоғамды басқарушы элитаның қызметін құпия ұйымның үстемдігі түрінде ұйымдастыруды ұсынады25. Анархизм ағымының идеологы П.А.Кропоткиннің (1842-1921 жж.) пікірі бойынша қоғамдық дамудың шарты жəне бастау көзі халық бұқарасы, дегенмен прогресс тұлғалардың да қызметіне байланысты, өйткені халық – анархиялық пиғылдың иесі болса, мемлекет – сиқыршылардың, биліктің жолын қуғандардың, əскербасылардың тіміскі əрекетінің нəтижесі, олар қоғам дамуына кедергі болады, мемлекет қол астындағы халық бұқарасының билігін ат төбеліндей қанаушылардың еркіне беріп қояды деген тұжырым жасап, мемлекетке мүлдем қарсы болды26. Осы тұжырымдары арқылы анархизм ағымының өкілдері қоғамдағы элитаның қызметін мүлдем жоққа шығаратындығын көреміз. Бұл жерде Кропоткинн Ресейдің саяси тарихында ең бір сойқанды əрекетімен танылған Распутин сияқты элиталық тұлғаларды меңзеп отырған. Ал В.О.Ключевскийдің (1841-1911 жж.) ойларында алғаш рет олигархиялық билікті қуаттаған идеялар көрініс тапты. Ол қазынаға барынша көп кіріс келтіретін бай адамдар мемлекеттік 24 Татищев В.Н. Собрание сочинений. В 8-х тт,. Т.1, Ч.1. История Российская. -М.: Науч. изд. Центр «Ладомир», 1994. -399 с.С.374 25 Русская философия в лицах. /Под ред. Н.В. Солнцева. М.: Высшая школа, 1997. -420 с.С.88-89 26 Русская философия в лицах... С.96 істерді басқаруы тиіс, дегенмен қоғам дамуы барысында капитал өзінің саяси мəнін жоғалтып, мысалы заң шығару органдарында олигархтар қоғамдағы ғалым-депутаттарға орын босатуы мүмкін деп үміттенді27. Саяси қызмет практикасына араласпай, басқару жүйесіне теориялық пайымдаулар жасаған тарихшының бұндай болжамдары, əрине, шындықтың ауылынан мүлдем алыс екендігі қоғамдық даму барысында айқындала түсті. Элиталық теорияда жаңа бағыт қалыптастырған социалдемократиялық идеялар Ресейде Г.В.Плеханов (1856-1918 жж.) пен В.И.Лениннің (1870-1924 жж.) еңбектерінен орын алды. Плеханов тарихтағы ұлы адамдардың ролін анықтауға баса мəн берді. Ол ұлы адамдардың қызметі тарихи дамуға ықпал жасайды ма, əлде дамуға басқа факторлар əсер етеді ме? деген сауалға ықпалды тұлғалардың өзіндік қасиеттері оқиғаның жеке қырлары мен жекелеген салдарларына ықпалы болуы мүмкін, бірақ ол дамудың жалпы бағытын өзгерте алмайды28 деп жауап береді. Оның қолданысындағы «ұлы адам» – элита өкілдері қоғамның базисін құраған өндіргіш күштердің дамуына ықпал ете алмағандықтан да тарихты тудыруға қабілеті жетпейді. Дегенмен, егер ұлы адам қоғамдық қатынастардың, сонымен бірге қоғамдық сананың қандай бағытқа қарай өзгеретіндігін аңғара алса, онда ол осы өзгерістерге, соған сəйкес тарихи оқиғаларға да ықпал жасай алған болар еді. Осындай теорияға сүйенген Плеханов ұлы адам белгілі деңгейде тарихи даму барысына ықпал жасай алады деген қорытындыға келеді29. В.И.Ленин еңбектерінде Маркс пен Энгельстің пролетариат диктатурасын орнату туралы идеялары одан əрі дамытылды. Социализм таптар жойылған қоғамда орнайды деп сенген Ленин бұл міндетті шешу үшін таптық күрестің жаңа түрін қолданып, жаңа тəсілдермен жүргізетін пролетариат диктатурасы қажет деп есептеді. Кеңес өкіметінің идеологиясына айналған бұл идеялар нақты іске асты: буржуазияны жеңген пролетариат саяси билікті қолға алып, қаналушыдан қанаушы тапқа айналды. Пролетариаттың қолына мемлекеттік билік, қоғамдастырылған өндіріс құралдары шоғырланды, оның билігімен қанаушылардың қарсылығы аяусыз басып жаншылды30. Теория жүзінде мінсіз көрінген социа27 Ключевский В.О. Сочинения. В 9-ти тт. Т.6. М.: Мысль, 1989. – 470 с С.241 28 Плеханов Г.В. К вопросу о роли личности в истории. М.: Госполитиздат, 1948. -47 с.С.33 29 Плеханов Г.В. К вопросу о роли личности в истории... С.42 30 Ленин В.И. Избранные произведения. В 4-х тт. 2-е изд. -М.: Политиздат, 1985.

листік басқару жүйесі нақты мəселелермен бетпе-бет келгенде жалпы адамзаттық құндылықтармен сыйыспайтын қателіктерге ұрындырды. Бұл жүйе күні кешегі қаналушы пролетариат қолына өкімет билігі тиген соң бір сəт абдырап қалғандай болғанымен тап күресінің идеяларына елігіп, халық бұқарасын өзіне қарсы келген кез-келген күшті таптап тастайтын көзсіз тобырға айналдырды. Ленин өмірінің соңында кеңестік биліктің өзін ақтай қоймаған осындай басқару жүйесін алмастыру үшін кеңестік саяси элита қалыптастыру жүйесін жетілдірудің шараларын ұсынды. Ол атап айтқанда большевиктік партияның Орталық Комитеті мүшелерін 50 немесе 100-ге дейін көбейтуді ұсынды («Съездге хат»), бұл шара партияны жікке бөлінуден сақтайды жəне Орталық Комитетте көп адамдардың басқаруды үйренуіне мүмкіндік туғызып, партиялық аппарат жұмысын жетілдіреді деп есептеді. Басқару элитасын қалыптастырудың бұл шарасын большевиктер көсемі Орталық Комитет жұмысына кеңес қызметкерлерінен бұрын жұмысшыларды тарту арқылы іске асыруды ойластырды31. Пролетариат көсемінің бұл идеялары ішінара іске асқанымен ол қоғамдағы элита қалыптастыру жүйесіне елеулі ықпал жасай алмады. Кеңес Одағындағы саяси даму барысында кеңестік билік құрылымы мазмұндық, түрлік өзгеріске түсіп, элита ұғымы біртіндеп бірыңғай таптық ұстанымдарға сүйенген қатаң иерархиялық бағыныштылықтағы партиялық номенклатураға ұласа берді. Орыс ойшылдарының шетелдік өкілдері – философтар Н.А.Бердяев (1874-1946 жж.), И.А.Ильин (1882-1954 жж.), С.Л.Франк (1877-1950 жж.), əлеуметтанушы П.А.Сорокин сияқты ғалымдарды да саяси элита мəселесі қатты қызықтырды. Н.И.Бердяев кеңестік биліктің тəжірбиесін Европа елдерімен салыстыра отырып, қоғамды ең үздіктер басқаруы тиіс деген қорытынды жасайды. Оның айтуы бойынша, кез-келген саяси тəртіпті азшылық басқарады, мəселе оның қоғам үшін жағымды немесе жағымсыздығына байланысты. Ол элитаның сапалық құрылымына мəн беріп, ақсүйектікті ақыл-ой мен дарынды қызметі арқылы емес, туа бітті қасиеті арқылы иемдеген рухани ақсүйектердің билік басында болуы барынша оңтайлы деген тұжырымдары арқылы биліктің ауысуындағы дəстүршілікті ақтауға тырысты. Оның ақсүйектік туралы тұжырымдары да қызықты. Оны саяси элитаның негізі ретінде қарастырып, ақсүйектікті берілген құқық емес ол міндеткерлік, талаптану -586 с. С.7 31 Ленин В.И. Избранные произведения... С.442-443 емес қызмет ету деп бағалады. Ақсүйектер билікке жан-тəнімен беріледі, дегенмен түрлі артықшылықтардың соңына түсіп, өз мұратына сатқындық жасаса, онда олар бұзылады, содан да билік үшін күрес ақсүйектікке жат деп тұжырым жасады32. Кеңестік Ресейдегі саяси оқиғаларды мұғажырлық жағдайда жүріп, сырттан бақылаған философтың бұл идеялары коммунистік билікке балама нұсқа ұсыну сияқты еді. «Азшылық көпшілікке бағынады» деген коммунистік билік қағидасын əшкерлей отырып, ол барлық кезде де көпшілікті азшылық басқарады деген тұжырымды орнықтыруға тырысты. Коммунистік партияның жарғысында көрініс тапқан жоғарыдағы орталықтандырылған демократия қағидасының билік үшін бетперде екендігін кеңестік қоғамнан тыс өмір сүрген еркін ойлы тұлғалар ғана айта алды. Сол сияқты П.А.Сорокиннің негіздеген қоғамдағы элитаайналымы теориясы аса қызықты. Ол қоғамның қаналушы бөлігінде билеушіге тəн қасиеттерімен дүниеге келетін ұрпақты «бақабастар» деп атады. Егер билік басқарушылық дарынының бары-жоғын ескермей мұрагерлік жолмен берілсе, төменгі топтан шыққан «бақабастар» өмір бойы билік тетігіне қол жеткізе алмайды, бұл жағдай əлеуметтік теңдікті бұзады. Егер аристократия күшті жəне дарынды болса, онда «мансапқұмарлардан» қорғану үшін жасанды кедергілер жасаудың қажеті жоқ, ал ол қабілетсіз болса ондай кедергілер жасау арқылы билеушілердің қысымы күшейген сайын, «төмендегілердің» қарсыласу көңіл-күйі арта түседі. Соның салдарынан іске асқан революциялық жарылыс элитаайналымы жолындағы барлық кедергіні ысырып тастайды. «Артықшылығы» барлар əлеуметтік пирамиданың биігінен төменге құлдырайды, «төмендегілер» жоғарыға өрлейді. Билік «сүзгісінде» пайда болған орасан зор саңлау арқылы элита құрамына кім болса сол өтіп кете береді. Революцияның екінші кезеңінде «сүзгінің» жаңа түрі пайда болады. Ол жаңа өзгерістер ала келеді. Билік басына шыққан «бақабастар» революцияға дейінгі азғындамаған аристократиямен бірігіп жаңа элита түзеді. Ол элита бүліну деңгейіне, арамтамақтыққа жеткенге дейін қоғам революциясыз, бейбіт жолмен дамиды. Бұндай айналымды П.А.Сорокин адамзаттың ғасырлар бойы қоршаған ортаға бейімделуінің жемісі деп атады33. Сорокинның жасаған бұл тұжырымдары 1918-1924 жж. Түркістан өлкесіндегі қоғамдық-саяси өзгерістерге элиталық тұрғыда та32 Бердяев Н.А. Философия неравенства.- //Русское зарубежье. Из истории социальной и правовой мысли. -Л.: Лениздат, 1991. -438 с.С.106-112 33 Основы политической элитологии... С.55-56

рихи талдау жасауда жаңа танымдық мүмкіндіктерге жол ашады. Партиялық-мемлекеттік номенклатура қалыптасу үдерісінде Сорокиннің ұсынған заңдылығы объективті негіз болғаны белгілі. Демек, адамзат ақыл-ойының жетістігі ретінде осы кезге дейін қалыптасқан элита концепциясының қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғаларды жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, саясаттану ғылымының нысаны болып келген ұғымдар мен тəсілдерді тарихи танымды кеңейту мақсатында жекелеген тақырыптар мен желілерді ғылыми қолдануға болады деп білеміз. Ендігі мəселе зерттеу мақсаттарына сай тарих ғылымындағы элита концепциясының теориялық-əдіснамалық негіздеріне қатысты. Саясаттану ғылымының нысаны ретінде элита теориясы ХІХ– ХХ ғғ. шебінде қалыптасты. Осы кезеңде дамыған елдердің индустриялды даму дəуіріне енуіне байланысты бұқараның рөлі артып, олардың билікке қоятын талабы күшейді. Бұл жағдай көбіне күштеуге негізделген азшылықтың билігін танытатын дəстүрлі басқару түрінің тиімсіздігіне көз жеткізіп, жаңа жағдайда билік мəселесін ой елегінен өткізуге итермеледі. Европаның саяси өмірінде кəсіподақтар мен социал-демократиялық партиялардың дүниеге келіп, парламенттік қызметтің белсенді сипат алуы əлеуметтік қатынастарды демократияландыру мүмкіндігі туралы болжамдарға негіз болып, элита теориясын жетілдіруге ынталандырды. Осындай қолайлы жағдайда саяси элитаны ғылыми тұрғыда зерттеудің негізін италиялық ғалымдар В.Парето (1848– 1923) мен Г.Моска (1858–1941) қалаған болатын. Г.Москаның пікірі бойынша сырт көзге бірден аңғарылатын саяси организмге тəн бір құбылыс бар, ол қоғамда екі таптың, басқарушылар мен бағыныштылардың болатындығы. Олардың біріншісі барынша аз санды болып келеді де, барлық саяси қызметті атқарады, билікті монополизациялайды жəне артықшылықтар қол жеткізген игіліктердің рахатына бөленеді. Екіншісін біріншісі еркін жəне күштеу тəсілдерімен басқарады жəне қадағалайды, ал екіншілері бірінші тапқа бағынышты болумен бірге сырттай болса да оларды материалдық игілікпен, саяси организмнің өмір сүруіне қажеттінің бəрімен қамтамасыз етеді. Саяси тапта сол таптың негізін құрайтын жəне билік басында тұратын бір индивид болады. Ол барлық кезде де жоғарғы заңды биліктің иесі бола бермейді – ол премьер-министр немесе сувереннен əлдеқайда нақты билікке ие корольдің жанындағы мажордом болуы да мүмкін. Басқа жағдайда сайланған президенттің орнына президенттің сайлаудағы жеңісін қамтамасыз еткен ықпалды саясаткер билік жүргізеді. Ерекше жағдайларда жоғары қадағалаушылық қызметін бір адамның орнына екі немесе үш адам атқаруы мүмкін34. Г.Моска осылайша екі таптың – саяси элита жəне элитадан тыс таптың болуымен бірге, билеуші таптың да біртекті емес, одан тікелей мемлекетті басқарушының тұлғасы дараланатындығын əділетті атап көрсетеді. Осыған байланысты жағдайына наразы бағынышты бұқараның көңіл-күйі мен қысымы да басқарушы таптың саясатына елеулі ықпал жасайды деген оның тұжырымы да құптарлық. Басқарушы тап мүшелерінің мемлекет басшысымен өзара қарым-қатынасы ерекше назар аударуға тұрарлық мəселе. Осыған байланысты Г.Моска мынадай тұжырым жасайды: мемлекет басшысы көпсанды билеуші тап өкілдерінің қолдауынсыз елді басқаруы, өзін сайлатуы жəне бұйрықтарын орындатуы қиын. Оған қосымша, оның осы таппен алауыз болуы немесе оны жойып жіберуі қиын, ондай жағдайда ол басқа тапты жасап алуы керек, өйткені өзін қолдайтын тапсыз билеушінің қызметі іске аспайды. Билеуші тапты құрайтын индивидтерді Г.Моска қалың бұқарадан материалдық, интеллектуалдық, тіпті моральдық артықшылықтарды қамтамасыз ететін қасиеттер немесе осы қасиеттердің мұрагері болу ерекшелендіреді деп есептейді. Басқарушы элита мүшелері сол қоғамда құрметтелетін нақты немесе алдамшы сапаларға ие болады. Соған сай ғалым əрбір тарихи кезеңде басқарушы тапқа кандидат таңдаудың түрлі өлшемдері болғандығын айтады. Мысалы, жабайы қоғамда соғыста ерлік көрсету – осындай қасиет деп танылды. Егіншілікпен айналысып, өркениетке қадам басқан қоғамда осындай себептермен саяси тапты əскерилер құраған. Бұндай жағдайда ол табысы үнемі артып отыратын жер иелену құқын артықшылықпен пайдаланады. Тұтыну орталықтары болған елдімекендер мен қалалардың өсуі жерден алынатын табыстың артуына алып келді, соның нəтижесінде қоғамда елеулі əлеуметтік өзгерістер іске асты. Байлық – билеуші таптың басым белгісіне айналды. Кейбір елдерде билеуші тапқа енудің бір ғана жолы - ақсүйектік орта дүниеге келді. Көне тарихы бар елдердің бəрінде де ілгері-кейінді уақыттарда ақсүйектіктің 34 Моска Г. Правящий класс -//Антология мировой политической мысли. В 5-ти тт. Зарубежная политическая мысль. Т.2. /Ред. Сост. Г.К. Ашин. -М.: Мысль, 1997. -830 с. С.118-119

мұрагерлігі өмір сүрген. Жоғары дамыған өркениеттерде элитаға барар жол билік пен мемлекет үшін іс жүзінде қолданылатын арнайы білім болған жағдайда ғана ашылды. Кейде жоғары мəдениетке жетуге қажетті қарапайым ғана механикалық дағдыларды меңгеру талап етіледі. Бұл жағдай кандидатты қайсы тапқа қосуды анықтау үшін оның қабілеттілік деңгейін анықтау қажеттігінен туындаған болар, бəлкім. Оған мысал ретінде Ежелгі Египеттегі белгілі бір тарихи кезеңдерде көшіруші (писарь) мамандығы билікке жол ашқандығын айтуға болады35. Оның мысалын отан тарихының мазмұнынан да кездестіреміз. Патша өкіметінің отарлық əкімшілігінде жергілікті халықтардың өкілдері үшін билікке қол жеткізетін басты кəсіптің бірі тілмаштық болды. Қоғамда сыбайластық, жемқорлық, парақорлық, жағымпаздық сияқты келеңсіз əрекеттердің өрбуіне саяси-əлеуметтік негіз болған бұл кəсіп иелері туралы қанша жағымсыз пікір қалыптасқанымен оның белгілі дəрежеде элитақалыптастырушы тетік болғандығын Түркістандағы этносаяси үдерістерге талдау жасау арқылы көз жеткіземіз. Басқарушы таптың маңызды белгісі олардың заңды жолмен немесе заңды белден басып билікке мұрагер болуға ұмтылуы. Байлық пен əскери айбын белгілі бір отбасыларында моральдық дəстүр жəне мұрагерлік жолмен кедергісіз сақталады. Москаның айтуынша, жоғары лауазымға лайықтылық, оған бой үйрету, оны игеруге жанын сала ұмтылғандар билікке оңай қол жеткізеді. Мемлекеттік мекемеге қабылдануға конкурс барысында оған қатысушылардың қабілеттері мен кəсіптік дайындығы айқындалғанымен жекелеген индивидтерге артықшылық беру бəрібір жойылмайды. Емтихан мен конкурстар теориялық тұрғыда қатысушылардың бəріне бірдей жол ашқанымен олардың көпшілігінің ұзақ дайындалуға қаржысы жоқ, тез арада демеп жіберетін байланыстары мен дəрежелері бола бермейді. Тіпті демократиялық сайлауларда жеңіске жеткендердің өзі жоғарыда аталған саяси күштерге, көбіне мұрагерлікпен берілген күштерге сүйенеді. Демократиялық жүйеде болса да билеуші тапты қалыптастыруда элита қатарына енуге ақсүйектердің мүмкіндігі мол деп тұжырым жасағанымен Моска басқарушы тапты жасақтаудағы мұрагерлік тəсіл шешуші рөл атқарады деп санамайды. Ол саяси күштердің арасалмағы өзгеріп, мемлекеттік басқаруға жаңа келбет беру қажеттілігі туғанда ескі қасиеттер мəнін жояды немесе басқару 35 Моска Г. Правящий класс -//Антология мировой политической мысли. В 5-ти тт. Зарубежная политическая мысль. Т.2... С.121-127 элитасын жасақтаудың тəсілдері өзгеретіндігін атап көрсетеді. Егер қоғамда байлықтың жаңа көзі табылса, егер білімнің практикалық мəні артса, егер ескі дін құлдырап, жаңа дін дүниеге келсе, егер жаңа идеялық ағым кеңінен тарала бастаса, онда басқарушы таптың өз ішінде алысты болжаған өзгерістер іске асады. Егер билеуші элита өзін билік басына алып келген қабілеттерін жетілдіруді тоқтатса, əдеттегі əлеуметтік қызметтерін орындауға шамасы келмесе, онда оның дарыны мен қызметі қоғам үшін маңызын жояды 36. Моска басқару элитасын қалыптастырудың билікті мұрагерлік жолмен беретін тарихи қалыптасқан артықшылығы бар ақсүйектік үлгісін жақтағанымен демократиялық үлгіні де жоққа шығармайды. Дегенмен, мұрагерлік үлгіні асыра дəріптеуге болмайды, бұндай жағдайда ол азғындайды. Бұндай элита өз құрамын төменгі топтың дарынды өкілдерімен толықтыруға мұқтаж, оның үстіне бұл тəсіл төменгілердің элитамен тең құқық талап ету қаупін азайтып, қоғамдық қатынастарды тұрақтандырады, əйтсе де саяси тепетеңдік экономикалық жəне мəдени теңдікке ұласпауы тиіс. Басқарушы тап біртекті болған емес, ол жоғарғы деңгей – үкімет пен төменгі деңгей – басқа саяси күштерден тұрады. Саяси басқарудың тиімділігін көбіне саяси пирамиданың басындағылар мен оның ұлтанындағылар арасынан орын алған страттардың қалыптасу тəсілі мен қызмет ету стилі анықтайды, бұл деген билеуші таптың əртүрлі элементтері арасында тепе-теңдік болуы тиіс деген сөз, сонда ғана демократиялық институттардың тұрақтылығы қамтамасыз етілмек37. Саяси элитологияның негізін қалаушылардың бірі В.Парето элитаға өз қызметінің сапасымен барынша жоғары көрсеткішке ие адамдар деп анықтама береді де, оны қоғамды басқаруда тікелей немесе қосалқы түрде елеулі рөл атқаратын басқарушы элита деп жəне аталған таптың қалған бөлігін басқаруға қатыспайтын элита деп екіге бөледі38. Ғалымның пікірінше, билеуші тап барлық жерде, бірақ əрқандай түрде кездеседі. Абсолютизм тұсында көзге тек монарх, ал демократияда – тек парламент көрінеді, бірақ олардың сыртында басқаруда елеулі рөл атқаратындар тұрады, егер олар парламент 36 Моска Г. Правящий класс -//Антология мировой политической мысли. В 5-ти тт. Зарубежная политическая мысль. Т.2... С.128-131 37 Гаман О.В. Политическая элита: эволюция теоретических концепций. -М.: Интеллект, 1996. -230 с. С.7-9 38 Парето В. Компендиум по общей социологии. –//Антология мировой политической мысли. В 5-ти тт. Зарубежная политическая мысль. /Ред. сост. Г.К. Ашин. Т. 2. -М.: Мысль, 1997. -830 с. С.61

пен монархтың құрметіне басын исе, артынша өз қызметін табан-
ды түрде жалғастырып, бұрынғыдан да көп нəтижеге қол жеткі-
зеді. Монархтар мен парламентшілер кейде осылай жасауға ненің
итермелеп отырғанын сезбейді де, халық одан бетер түсінбейді,

олар өз қалауымыз бойынша əрекет етудеміз деп ойлайды, ал
шындығында басқарушылардың қалағанын жасайды39.
Түркістанда ерекше билік институтының қызметін атқарған
Орталықтың эмиссарлық органдары - Түрккомиссия, Түркбюро,

Орта Азия бюросы идеологиялық үгіт-насихаттың көмелігімен
жергілікті халықты «өз қалауынша» қоғамды жаңартып жатқан-
дығына сендіріп бақты. Бұл əрекеттің көптеген нəтижелерге
қол жеткізгендігі де белгілі. Əйтсе де, алысты болжап, билік

саясатының түпкі мақсатын тап басып тани алған элиталық
тұлғалар «басқарушылардың» емін-еркін басқаруына кедергі
жасай алғанына олардың қоғамдық-саяси қызметіне элиталық
тұжырыммен талдау жасау арқылы көз жеткіземіз.

Паретоның ақсүйектер туралы пікірі де назар аударарлық.
Қоғамның жоғарғы стратасына өздерін ақсүйекпіз деп атайтын
кейде көлеңкелі жағдайда болатын нақты адамдар тобы қатысады.
Кейбір жағдайда өзін осы топқа қосатындар шын мəнінде соған

қажетті қасиеттерге лайық болып келсе, ақсүйектер қатарына
енгендердің едəуір бөлігі ондай қасиеттерден жұрдай болады. Олар
басқарушы элитаның өз ішінде азды-көпті тиімділікпен əрекет етуі
немесе қатардан шығып қалуы мүмкін. Солай дегендіктен де Паре-

то ақсүйектік мəңгілік емес, белгілі бір уақытта ол жойылады деп
есептейді. Элитаайналымы нəтижесінде басқарушы элита өзеннің
суы сияқты үнемі жəне баяу өзгеріп отырады. Уақыт өткен сайын
су тасқыны сияқты күтпеген жəне аяусыз күйзелістер орын алады,

содан кейін жаңа басқару элитасы біртіндеп өзгере бастайды: өз
арнасын тапқан өзен өзінің бұрынғы қалпына түседі. Паретоның
элита айналымына қатысты бұл тұжырымдары қазақтың дəстүрлі
элитасын құраған ақсүйектердің қазіргі заманғы ұлттық эли-

та қатарын толықтыру үдерісін талдаудың формуласы ретінде
қолдануға болады. Түркістандағы отарлық биліктің əкімшілік
қызметіне тартылған төре тұқымынан генерал Жағыпар Асфенди-
яровты, қазақтың ірі шонжарларының арасынан шыққан полков-

ник Əлимұхамед Көтібаровты, Сералы Лапинді, Қоқан хандығы
датқасының немересі Мұстафа Шоқай сияқты тұлғалардың бей-
несінен билікті жеңіп алған жəне оны ұстап тұрған күштердің
39 Парето В. Компендиум по общей социологии... С.70-71

арасалмағының өзгеруінен саясат сахнасына шыққан жаңа
сападағы ұлт қайраткерлерін танимыз.
Қоғамдық-саяси өзгерістердің бастауы болатын революция
құбылысына элиталық тұжырыммен баға бергенде де мəселені

жаңа қырынан танимыз. Марксизм-ленинизм ойшылдары рево-
люцияны қанаушылар мен қаналушылар арасындағы антогонистік
қарама-қайшылықты шешудің жолы ретінде қарастырады. Осыған
орайда революцияның себебі туралы В.Паретоның көзқарасына

назар аударайық. Ол революцияның себебін элита айналымының
баяулауы немесе басқа себептермен жоғары стратада билікті ұстап
тұруға қажетті сапаларынан айрылған, бірақ күш қолданудан
қашқақтайтын азғындаған элементтердің шоғырланып қалуы жəне

сонымен бірге төменгі стратада басқару қызметін атқаруға қажетті
жоғары сапаларға ие жəне күш қолдануға бейім элементтердің
санының артуымен түсіндіреді. Сол сияқты революцияда
төменгі топ индивидтерін жоғарғы страттың жекелеген өкілдері

басқарады, өйткені кейінгілер күреске басшылық жасауға қажетті
интеллектуалдық сапаларға ие жəне олардың бойында төменгі со-
словие өкілдеріне тəн сапалар болмайды40 деген тұжырым револю-
ция туралы түсініктерге жаңаша баға беруге итермелейді.

Осыған байланысты Паретонның элита мен халықтың
арақатынасы туралы тұжырымдары ерекше назар аударуды қажет
етеді. Оның айтуы бойынша элита халықты əр түрлі тəсілдермен
өзіне бағындырады, соның ішінде ол негізгі екі тəсіл – күш пен

құқықты бөліп атайды. Күштің көмегімен билік жүргізушілерді
ол «арыстандар» деп, ал билікті қулықтың көмегімен ұстап
тұратындарды «түлкілер» деп атады.
Элитаның бірінші тобы қатаң күштеу тəсілдеріне сүйенсе,

ал екінші тобы үгіт-насихат пен саяси айла-шарғы иек арта-
ды. «Арыстандардың» билігі диктатураға жуық сипатта бол-
са, «түлкілер» ғалымның өзі «плутодемократия» деп атаған
демократиялық тəртіп орнатады. «Арыстандардың» ұзақ билігі

қоғамды тоқырауға алып келсе, «түлкілер» билігі қоғамның
тұрақсыздығы мен күйзелуіне алып келеді. Қоғамдағы сая-
си тепе-теңдікті сақтау үшін «түлкілер» мен «арыстандардың»
өзара алмасуы немесе бəрін киіп-жарып кететін жаңа билеуші тап

қалыптастыру жолымен элитаның ауысуы қажет. Ол элитаның
құлдырауын болдырмаудың жолы төменгі топтың дарынды
өкілдерімен өз қатарын толықтыру деп білді, ал оған қатысты
40 Парето В. Компендиум по общей социологии... С.66-67

мұрагер ақсүйектердің екі тəсілі белгілі, ол – қуғындау жəне абсорбция. Екінші тəсіл төменгілердің бас көтеруін болдырмайтын парасатты жəне жемісті тəсіл деп бағаланады. Парето тарихи үдерістің түпкі мəні элита айналымында деп есептейді. Революция – элитаның ауысуы, ал элитаның күресі – түрлі формада көрінетін (діни соғыс, буржуазиялық революция, буржуазия мен жұмысшы табының күресі) қоғам дамуының басты шарты 41. 1911 ж. неміс ойшылы Роберт Михельстің (1876–1936) «Демократия жағдайындағы саяси партиялардың социологиясы» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Михельс бұл еңбегінде социализм мен демократияға үмітсіздікпен қарады. Біздің пікіріміз бойынша Михельс тарихи құбылыстар мен оқиғалардағы элита қызметінің атқаратын рөлі мен алатын орнын анықтауда тарих ғылымының мазмұнына теориялық тұрғыда барынша жақындай алған. Айталық, ол қираған ескі мемлекеттің үйіндісіне орнаған жаңа тапсыз қоғам да элитаны қажет етеді, өйткені қоғамдық байлықтарды тиімді басқару шенеуніктер тобының ауқымды жүйесін жасақтау арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді. Өз кезегінде орасан зор капиталды басқару, əсіресе ұжымдық меншік құралдарын басқару да басқарушыға жеке капиталды иемденгендей билік береді. Соған сəйкес Михельс марксизмнің ерте кездегі сыншылары айтқандай мына тұжырымға келеді: жеке меншік иелеріне жинаған байлығын мұрагерлік жолмен қалдыруға итермелеген инстинк социалистік мемлекеттегі қоғам қайраткерлерін өздерінің орасан зор билікке қол жеткізген лауазымын өз ұрпағына мұрагерлікпен қалдыруға итермелейді. Бұл ойды одан əрі өрбітер болсақ, Маркстің теориясы бойынша капиталистік жəне коммунистік қоғамның арасында бірін екіншісіне ұластыратын революциялық кезең, пролетариаттың революциялық диктатурасына сəйкес келетін экономикалық кезең бар. Ал Михельстің пікірі бойынша бұл өліп бара жатқан буржуазияның қолынан билік скипетрін алуға күші мен дəті жеткен социалист көсемдердің диктатурасы болады42. Михельстің тапсыз қоғам құру мүмкіндігіне күдікпен қарауының сыры осындай. 1917 ж. көктем мен күздегі саяси оқиғалардағы большевиктердің Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитетімен теке-тіресі «өліп бара жатқан буржуазияның қолынан билік скипетрін» тартып алу əрекеті деп бағаланса, ұлттық күштердің жариялаған Түркістан 41 Гаман О.В. Политическая элита: эволюция теоретических концепций... С.9-11 42 Михельс Р. Социология политических партии в условиях демократии. -//Антология мировой политической мысли. В 5-ти тт. Зарубежная политическая мысль Т. 2. /Ред. сост. Г.К. Ашин. -М.: Мысль, 1997. -830 с. С. 188-189 мұхтариятын қан жоса етіп, қуып таратуы тапсыз қоғам орнатқан пролетариат диктатурасының билікті өзгелермен бөлісу ниетінің жоқ екендігін танытты. Михельс өркениетті адамзат өз құрамы үнемі өзгеріп отыратын саяси тапсыз өмір сүре алмайды, үкімет немесе мемлекет қоғамның қалған бөлігіне билеп-төстеу мен қанау қатынастары туғызған өздерінің «құқықтық тəртібін» тықпалаған азшылықтың ұйымы ғана деп есептеді. Ол сонымен бірге адамзат көпшілігі барлық уақытта да өзін-өзі басқаруға қабілетсіз, тіпті наразы көпшілік билеуші тапты биліктен айырғанымен бұқараның өз ішінен билеуші таптың қызметін алатын жаңа азшылық пайда болады деді. Адамзаттың көпшілігі тарихтың қатал фатализмі мəңгілік «жасытылмағандар» деп айқындағанындай, өз арасынан шыққан азшылықтың билігін мойындауға, олигархияны ұлықтаудың тұғыры болу рөлімен келісуге мəжбүр болады43. Бұқараның арасынан бөлініп шыққан азшылық билеушілердің «өкілі» өзінің тəуелсіздігін сезген бойда халықтың қызметшісінен оның қожайынына айналып шыға келеді. Көсемдер бұқараның жаратуымен дүниеге келіп, оның əміршісіне айналады. Гете Мефистофельдің аузына салғандай, адам өз қолымен жасағанының өзіне билік жүргізуіне жол береді. Мемлекеттік билікке қарсы келген конституциялық негіздегі партияның шектен шығып кетуін партияның өзі табиғи қажеттілік деп қабылдайды. Бұқара үкіметтің əрекетсіздігіне төзбегенімен көсемдердің əділетсіздігіне кешіріммен қарайды, содан да үкіметке қарағанда өз көсемдеріне көп құлақ асады 44. Михельстің бұл пікірлері кеңестік қоғамда үстемдік еткен билік заңдылықтарын талдауға мүмкіндік береді. Айталық, партиялық-мемлекеттік номенклатураның кеңестік қоғамдағы барлық билдік институттарының қызметіне қадағалау орнату арқылы қоғамда ерекше артықшылықты пайдаланатын əлеуметтік топқа айналуы Михельс негіздеген тұжырымдармен талданғанда тарих ғылымына тəн мазмұнға ие болады. Бұл үш ғалым социологияның макиавеллилік мектебі өкілдерінің қатарына қосылады. Бұл ғылыми ой ағымының басты мəні – адам мен қоғамның табиғатынан туған кез-келген қоғамның шығармашыл азшылық пен шығармашылықтан мақұрым самарқау көпшілікке бөлінетіндігін мойындау. Оның үстіне бұл мектеп өкілдері элитаны азды-көпті топтасқан, өзге халықтан əлеуметтік, 43 Михельс Р. Социология политических партии в условиях демократии...С.189-190 44 Михельс Р. Социология политических партии в условиях демократии... С.195

саяси жəне психологиялық қасиеттерімен, элиталық сапасымен, ал бұқара оның саяси басшылық құқын мойындауымен ерекшеленеді деп есептейді. Бұл мектеп өкілдері элитаның құрылымдық тұрақтылығын мойындайды, элитаның билік қатынастары, жеке құрамы өзгергенімен оның халықпен арадағы билік жəне бағыныштылық қатынастары негізінен өзгеріссіз қалады дейді. Содан да элитаның қалыптасуы мен ауысуы билік үшін күрес барысында іске асады45. Құндылық концепциясын жақтаушылар элитаға енуді күштеу немесе ерікті түрде жүретін үдеріс деп емес, аса қабілетті адамдардың билікке табиғи сұрыптау жолымен баруының шарты ретінде қарастырады. Ең көп ғылыми ашылулар мен өнертапқыштық жетістіктер элитаға тиесілі, ол қоғамдық прогрестің локомотиві. Содан да элита қоғам алдында тұрған міндеттерді барынша тиімді шеше алады. Қоғам мен элитаның мүддесі сай келгендіктен, қоғам дарынды адамдарды іздеп табу жəне оларды қолдау тетігін жетілдіруге мүдделі. Элитаның құндылық теориясы демократиялық элитизм концепциясына негіз қалады. Бұл бағыттың өкілдері Р.Арон, Т.Дай, П.Зиглер, С.Келлер, С.М.Ликсет сияқты ғалымдар қоғамдағы жетекшілікке біртұтас, монолитті элитаның шексіз құқы емес, əртүрлі элиталық топтардың қызмет аймағы дей келіп, билік полиархия қағидасымен құрылады, оның көптеген орталықтары болады деп есептейді. Мысалы, Т.Дай мен Л.Зиглер демократия халықты басқару дегенмен демократияны сақтау міндеті элитаның иығына жүктелген. Халықтың билігін сақтау үшін элита басқаруды парасатты жүргізуі тиіс деп атап көрсетеді. Тарихи тұрғыда еркіндікті қорғаушы элита емес, бұқара болып есептелгенімен ХХ ғасырда бұқара «тоталитаризмнің арбауына» еліккіш болды. Ал Америкада элита мүшелері жақсы білім алған, саяси белсенді, бұқараға қарағанда демократияның құндылықтарына көп қолдау көрсетеді, өз кезегінде демократиялық көңіл-күйдегі элитаның əрекеті мен идеясына арқа сүйейді, соның барысында либералдық құндылықтар сақталады. Дегенмен, дағдарыс жағдайында элита қуғындау тəсілдеріне жүгінуі де мүмкін46. Моска, Парето жəне Михельстің еңбектерінде саяси элита ұғымының кескін-келбеті жеткілікті айқындалды. Соның негізінде 45 Пугачев В.П. Субъекты политики: личность, элиты, лидерство. -М.: -Мысль, 1991. –290 с. С.29 46 Дай Т., Зиглер Р. Демократия для элиты: Введение в американскую политику. -М.. 1984. –264 с. С.34;47-48 қазіргі заманғы элиталық теориялардың ара-жігін ажырату жəне олардың айырмашылығын бағалау зерттеу жұмысының міндетіне енбегендіктенде басты мəселе ретінде элита қызмтетінің тарихына талдау жасауда қолданылатын зерттеу тəсілдері мен қағидаларына баса назар аударатын боламыз. Элиталық теорияның қазіргі заманғы негізгі бағыттары ретінде осы өлшемдер бойынша құндылық теориясы, демократиялық элитизм теориясы, элита плюрализмі концепциясы, солшыл-либералдық концепцияларды атауға болады. Бұл ғылыми бағыттардың бəрі де макиавеллилік мектептің ұстанған қағидаларына қатысына қарай өзгеріп отырады. Жоғарыдағы өлшемдер осы айырмашылықтарды ажыратуға көмектеседі. Ғылыми ойдағы жаңашыл бағыт ретінде элита туралы орыс ойшылдарының көзқарастары мен идеяларына талдау жасай отырып, оны қазақ топырағында дүниеге келген ой-тұжырымдармен салыстыруға мүмкіндік аламыз. Түркілік өркениеттің ойшылдары Қорқыт, əл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Ясауилердің еңбектерінен мемлекеттік билікке қатысты жоғарыда айтылған теориялар мен концепциялармен үндесетін ұқсас ойлар мен идеяларды көптеп кездестіреміз. Əйтсе де, олардың арасында Ясауидің «камил инсан» – «толық адам» концепциясы сияқты төлтума идеялар да жоқ емес. Шыңғыс ханның «Жасағындағы» мемлекеттік құрылым, Əмір Темірдің өз мемлекетінің негізі жəне тірегі ретінде билеуші əулетті он екі топқа бөлуі47 туралы идеялар да дəстүрлі қоғамда элиталық қатынастардың орын алғандығын айғақтайды. Сол сияқты хандық дəуірдегі Асан Қайғы, Қазтуған, Бұхар, Ақтамберді жыраулардың поэзиясынан, Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің билік кесімдері мен шешендік сөздерінен де қазіргі элита теориясына тəн ойлар мен идеяларды көптеп кездестіреміз. Бұл мысалдарды салыстыру мақсатына атағанымыз болмаса дəстүрлі қоғамға тəн ондай ақыл-ой жетістіктерінің орыс мəдениеті ықпалынан тыс қалыптасқан дербес құбылыс екендігін атап айтуымыз қажет. Қазақ жерінің отарлануына байланысты ұлттық ой-сананың дамуында орыс мəдениетінің ықпалы да күшейе түскені тарихи ақиқат. Тақырыпқа қатысты осы мəдени ықпалдың негізінде қалыптасқан Ш.Уəлихановтың, А.Құнанбаевтың көзқарастарында дəстүрлі ұлттық элитаның қоғамдық үдерістегі орны мен ықпалын 47 Антология социально-политической мысли Казахстана с древнейших времен до наших дней (в двух томах). –Алматы: Институт развития Казахстана, 2002. -556 с. С.103-106

айқындаудың өлшемдері қалыптасқандығын айтуға болады. Бұл жердегі ең басты мəселе олардың қалыптастырған өлшемдері мен құндылықтары ұлттық элита қызметінің тарихына талдау жасауда басты бағдарлардың бірі болуы тиіс. Элита мəселесін əр ойшыл нақты тарихи жағдайға байланысты əр қырынан қарастырды: кейбірі ең үздік, ең қабілетті жəне дайындығы мол адамдардың қоғамды басқаруы қажеттігін айтса, енді бірі қолданыстағы кез-келген биліктің заңдылығы туралы идеяны алға тартып, билеушілердің өз мақсаттарына жетуде қолданған құралдарының бəрін ақтауға ұмтылады. Олардан өзге элитаны əлемді басқарушы тылсым күштің қолындағы қару ретінде қарастыру, тіпті элитасыз қоғам құру мүмкіндігі туралы идеялар да көтерілді. Бұндай мазмұндық көптүрлілік элита ұғымының ауқымдылығын танытады. ХХ ғасырға дейінгі ойшылдардың көтерген осындай идеялары қазіргі заманғы саяси ой ағымдарында бұл ұғымның одан əрі дамуына негіз қалады. «Элита» – [фр. elіte] атауы француз тілінде «үздік», «таңдаулы» деген ұғымды береді48. Оны саяси тап ұғымы мағынасында ғылыми айналымға алғаш рет Г.Моска ұсынған болса, «элита» терминін əлеуметтану мен саясаттануда ғылыми категория ретінде айналымға В.Парето енгізген еді. Қазіргі саяси ой жүйесінде бұл термин билеуші топ ретінде билік субъектісін танытатын категорияға айналды. Қазіргі заманғы қоғамдық ғылымдар саласында «элита» терминінің анықтамалары қанша көп болғанымен олардың бəрі де осы категориядағы тұлғалардың қоғамдағы таңдаулылар екендігіне тоқтайды. Кейбір зерттеушілер элитаның шынайылығын олардың асылтектілігімен байланыстырады, екіншілері бұл категорияға ең бай адамдарды, ал үшіншілері ең қабілеттілерді қосады. Элита ұғымын əртүрлі мағынада қолдану зерттеу жүргізілетін ғылым саласының ерекшелігінен туындайтындығы сөзсіз. Ұлттық саяси элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихын зерттеудің ерекшелігі мен мақсатына элита категориясын билеуші тап ретінде қарастыру барынша сай келеді деп есептейміз. Ғылыми əдебиеттерде элита феномені қандай қоғамда болса да құрылымдық жағынан саяси, əкімшілік, экономикалық, интеллектуалдық, əскери, кəсіптік сияқты жалпы категориялардан тұратындығы негізделген. Соның ішінде саяси элита жəне саяси басшылық ұғымы билік феноменімен тығыз байланысты. Соған 48 Словарь иностранных слов. -12-е изд., стереотип. –М.: 1985. -608 с. С.582 сəйкес саяси элита өз қатарына стратегиялық маңызды шешімдер қабылдайтын тұлғаларды топтастырады деген тұжырымды басшылыққа алып, биліктің сипатына талдау жасаймыз. Билікке қатысты қағидалары бойынша қазіргі кезде саясаттану ғылымындағы екі бағытты бөліп атауға болады: бірінші бағыт билікті тұлғаға ықпал жасау қабілеті ретінде қабылдайды. Бұл бағыт ұстанымына Ж.Блондельдің саяси жетекшілік концепциясындағы билік дегеніміз «жоғары тұрған бір тұлғаның өзгелерді жасағысы келмеген жағымды немесе жағымсыз əрекетті істеуге күштеу» қабілеті49 деген тұжырым мысал бола алады. Ал екінші бағыт биліктің шешім қабылдауға ықпал ету қабілеті деп түсінеді. Элитаның жеке құрамы дегеніміз түйінді мəселелер бойынша ұстаным қалыптастыруға азды-көпті ықпал жасайтын тұлғалардың арифметикалық қосындысы емес екендігі есте болуы керек. Элита деген мақсаттарының, құлық нормалары мен стереотиптерінің жақындығы бойынша біріккен, көбіне салыстырмалы болса да қуаттайтын біртұтас құндылықтары бар əлеуметтік қауымдастық50 деген тұжырымға ден қоюға болады. Бұлайша топтасқан элитаның ішкі бірлігі оның əлеуметтік жəне ұлттық біртектілігіне, элита айналымының басым үлгісінің ықпалына жəне т.б. өзіндік ерекшеліктерге тəуелді. Саяси элитаның билік жасауда қолданатын мүмкіндіктері көптүрлі болып келеді, бірақ оның міндетті түрде саяси сипатта болуы шарт емес. Элитаның ресурстық мүмкіндіктері экономикалық, əлеуметтік, рəміздік (символдық), мəдени капитал түрінде көрініс тапқанымен олардың қайсысы болса да шешім қабылдау үдерісіне ықпал жасаған сəтте-ақ саяси сипат алып шыға келеді. Саяси элита өзара топтасқан, маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауды (немесе қабылдау, қабылдатпауға ықпал жасайтын) дайындайтын жəне іске асыратын, соған қажетті ресурстық мүмкіндігі бар əлеуметтік қауымдастықтың азшылығын құрайды51 деген ғылыми анықтаманы Түркістанның этносаяси үрдістеріндегі ұлттық элитаның қызметіне тарихи оқиғалар мен саяси құбылыстар тұрғысында талдау жасағанда тікелей басшылыққа аламыз, өйткені бұл анықтама тақырыпта көтерген элитаның қалыптасуы мен қызметі тарихын жан-жақты қарастыруға біршама кең мүмкіндік береді. 49 Блондель Ж. Политическое лидерства. – М.; 1992. –290 с. С.9 50 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции.-М.: Интелект, 1998.-416 с. С.7-8 51 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.8

Элиталық теориялар мен концепциялардың негізгі ұғымдарының бірі – элитаның қызметі. Элита қызметінің түрлік қалыптасуын айқындайтын маңызды белгісі – стратегиялық шешімдер қабылдау жəне қабылданған шешімдерді бұқаралық сана мен құлық деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз ету. Осыған байланысты қазіргі заманғы қоғамда орныққан билік көлбеуінің мынадай үш деңгейлі пирамидасы ерекшеленеді: жоғары деңгейде – билеуші элита; екінші деңгейде – «жоғарыдағылардың» қабылдаған шешімдерін таратушы саяси топ; үшінші деңгей – пирамиданың ұлтанының басқару нысаны болатын бұқара көпшілік құрайды. Бұл тұжырымның жекелеген детальдарға байланысты басқа да нұсқалары кездеседі. Əйтсе де əмбебаптығы бойынша олар осы тұжырымнан асып кете алмайды. ХХ ғ. басында О.Шпенглер бұқаралық қоғамдағы билік бөлінісін былай айқындаған: «Барлығын, тіпті есімдері барынша танымалдардың қатарына жатпайтын ақыл-ойы озық аз ғана адамдар тобы шешеді, ал екінші деңгейдегі саясаткерлердің орасан зор көпшілігі шешендер мен көсемдер, депутаттар мен журналистер, провинциялық көкжиектің өкілдері қоғамның төменгі тобындағы халықтың өзін-өзі басқаруы туралы қиялды қолдаумен болады»52. Солай дей тұрғанмен билік пирамидасы ұлтанындағы көпшіліктің билік шыңындағыларға ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бұл қоғамдық үдерістің тиімділігі қоғамдық дамудың мəдени ерекшеліктері, саяси дамудың тарихи дəстүрлері, саяси тəртіп үлгісі жəне т.б. сияқты жекелеген өлшемдер арқылы анықталады. Оған бір мысал ретінде Түркістан өлкесінің отарлық билік жағдайы мен бұқаралық менталитеттің ерекшеліктері, саяси күрес тəсілдерінен де бұрын 1916 ж. бұқараның қолына қару алып, жоғары билікке қарсы шығуына алып келгендігін атауға болады. Элитадан тыс көпшілікке жасайтын элиталық топтың ықпалы шексіз емес. «Элита – бұқара» қарым-қатынасы саяси мəдениет ерекшеліктері, саяси жетекшілік типі, қоғамдағы саяси күштердің арасалмағы сияқты факторлармен ерекшеленді. Қазіргі саясаттануда элиталық топтың элитадан тыс көпшілікке ықпал етуінің шегі дəстүрлі қоғамда элитадан тыс көпшіліктің қол сұғылмайтын қасиетті құндылықтарының болуымен ерекшеленсе, қазіргі модернделген қоғамда ол құндылықтар өмірлік экономикалық мүдделер деп айқындалады. Демек, элита – бұқара түріндегі жіктің жойылып, қоғамның əлеуметтік біртектілікке ұласуына кедергі болатын 52 Шпенглер О. Закат Европы. –Т.1. Образ и действительность. - Новосибирск, 1993. – 592 с. С.9 сыртқы факторлармен бірге оларды нығайта түсетін осындай ішкі тетіктердің де маңызы үлкен. Контрэлита – элитатанудың маңызды категорияларының бірі. Бұл ұғым статусы бойынша билік құрылымдарына енбегенімен стратегиялық маңызды шешімдердің қабылдануына елеулі ықпал жасайтын тұлғаларды біріктіреді. Əдетте, контрэлита құрамына саяси оппозицияның жоғарғы эшелонын қосамыз. Біз қарастырып отырған мəселеде контрэлита қатарында негізінен отарлық жəне кеңестік билікке балама позиция ұстанған алаштық үлгідегі ұлт зиялыларын атаймыз. Саяси элитаның құрылымы да мəселеге қатысты айқындық беруді қажет етеді. Элита құрылымы қалыптасуының маңызды негіздерінің бірі элиталық бөліктің саяси ықпалының қоғамдықсаяси, құқықтық-реттеушілік мазмұн алуының институттану деңгейіне байланысты. Саяси ықпалының институттық мазмұн алуы деңгейіне қарай жетекшілер (көсемдер) жəне бюрократтар деп элитаны шартты түрде екіге бөлуге болады. Бюрократтар атқарушы билік құрылымдарында жоғары позиция иемденген барлық деңгейдегі жəне лауазымдағы əкімшілік басшыларын қамтиды. Саяси жетекшілер категориясына саяси қызметпен кəсіптік тұрғыда айналысатын жəне саяси шешімдер қабылдауға жоғары деңгейде ықпалы бар, бірақ атқарушы билік құрылымдарына кірмейтін тұлғалар енеді53. Бұл категорияға енетін Түркістандағы элиталық тұлғалар қатарында С.Лапин, С.Өтегенов, М.Дулатовтарды атаймыз. Элита айналымының ерекшеліктері элита қызметіне баға беруде ерекше маңызды. Саяси элитаның əкімшілік элитадан түбірлі ерекшелігі оның айналымының ашық жүйеге негізделгендігінде. Арнайы кəсіптік дайындығы жоқ тұлғалардың кəсіби элита қауымдастығына енуі қиын. Ал саяси элита білімдік, кəсіптік жəне мүліктік статусы əртүрлі тұлғалармен өз қатарын үнемі толықтырып отыруға мүдделі. Осыған байланысты элитадан тыс топтардан өз құрамына мүше тарту сипатына қарай элита ашық жəне жабық болып бөлінеді. Əртүрлі əлеуметтік топтар өкілдерінің өз қатарына еркін енуіне мүмкіндік беретін ашық элита, айналым үдерісі өзінөзі жаңғырту сипатында болса, онда ол жабық элита деп аталады. Патша өкіметінің отарлық билігі Түркістан өлкесінде билік құрылымдарын қалыптастыруда екі түрлі таңдаудың арасында тұрды. Бірі – жергілікті жердегі дəстүрлі билік құрылымдарының 53 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.10

саяси-құқықтық мүмкіндігін шектей отырып оны өз қалауынша дамыту; екіншісі – Ресей губернияларында орныққан саясиəкімшілік құрылымды бүкіл жүйесімен Түркістан жағдайына қолдану. Əрине, Түркістанның нақты жағдайы бұл таңдауға елеулі түзету енгізді. Сондай түзетулердің ең бастыларының бірі – элита айналымына қатысты. 1867-1868 жылдардығы Түркістан өлкесін басқаруға қатысты жүргізілген реформалардың ең басты өзегі дəстүрлі қоғамдық-саяси құрылымды жойып, оны ресейлік жүйемен алмастыру болды. Оның ерекшелігі отарлық сипатында ғана еді. Жан-жақты жүйеленген элита айналымының өзегі ретінде мемлекеттік аппарат, жергілікті басқару органдары, əскер, саяси партиялар, діни ұйымдар, білім беру жүйесі аталады. Ол – саяси иерархия шыңына алып баратын жол. Саяси жүйенің, саяси тəртіптің ерекшелігі мен саяси дамудың тарихи дəстүрлеріне сай жоғарыда аталған элита айналымы өзектерінің бірі басым болуы мүмкін. ХХ ғ. бас кезінде Түркістанда саяси, мəдени-ағартушылық қоғамдық үдерісте шешуші болғандықтан білім беру жүйесінің өкілдері элита айналымында басым болса, ал 1917 ж. қос төңкеріс аралығында саяси партиялар мен діни ұйымдар өкілдері қоғамдық маңызының артуына байланысты элита айналымында алдыңғы орынға шықты. Ал кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде мемлекеттік қызмет саяси элита айналымының негізгі өзегіне айналды. Саяси иерархия шыңына жылжуда білім беру жүйесі ықпалды өзектердің біріне айналды. Түркістан өлкесінде саяси элита қатарын толықтыруда мұғалімдер семинариялары мен қалалық училищелер жəне шындығы солай, орыс-бұратана мектептері өлшеусіз үлес қосты. Оларда білім алған ұлт оқығандары əртүрлі саяси дайындық деңгейімен келіп билік құрылымдарына тартылды. Мысалы, 1879 ж. ашылған Ташкент мұғалімдер семинариясын бітіргендер Қ.Ибрагимов, С.Өтегенов, Қ.Қожықов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев т. б. тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметінде олардың ортақ мүдделер төңірегіне топтасуына осы оқу орнының түлегі болуы да елеулі ықпал жасады. Элитаның жеке құрамы саяси үдерісте ықпалды позиция иемденген нақты тұлғалардың жалпы жиынтығын құрайды. Ал саяси элитаның сапалық құрамы – элиталық топтың басым бөлігіне тəн типтік белгілердің, құлық нормалары мен стереотиптерінің əлеуметтік-психологиялық сапаларының жиынтығы. Элитаның сапалық құрамы ерекше назар аударуды қажет етеді. Элита дамуының тенденциясы əлеуметтік топ ретінде элита құрамына енетін топтар мен индивидтердің сипатты ерекшеліктерін зерттеудің қажеттілігіне көз жеткізеді. Осыған байланысты мамандардың мынадай тұжырымына назар аударуға болады: «Жекелеген топтардың нақты өкілдері сол қауымдастық субъектілерінің барлық мазмұндық белгілеріне ие болмауы мүмкін, бірақ кез келген топтың ядросы сол топқа тəн əрекет сипаты, қажеттілік құрылымы, құндылықтары, нормалары, мақсаттары мен мотивациясының барынша басын қосқан индивидтерден тұрады. Сондықтан да ядро топтың (қауымдастықтың) өзгелерден сапалық ерекшеліктерін айқындап, оның барлық əлеуметтік қасиеттерін жинақтап танытады. Бұндай ядро жоқ болса – онда топтың (қауымдастықтың) өзі де жоқ»54. Элиталық жəне элитадан тыс топтар деп бөлгенде олардың билікке əртүрлі қатынасына қарай, əлеумет үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысу деңгейіне қарай бөліп отырғанымыз назарда болуы керек. Содан да зерттеу барысында «элита» терминін түсіндіргенде «билеуші топ», «басқарушы орта», «биліктің жоғары эшелоны» деген ұғымдар оған синоним ретінде қолданылады. Қазіргі заманғы ғылымда «саяси элита» ұғымының көптеген анықтамасы белгілі. Сол анықтамалардың бірі М.И.Кодинге тиесілі. Ол саяси элита деп қоғамды басқаруға мүмкіндік беретін қоғамдық жағдайы мен сапалары бар əлеуметтік топты немесе оны басқаруға елеулі ықпал жасау, қоғамның құндылықтары мен құлықтық бағдарына ықпал (жағымды немесе жағымсыз) ету, ал соңғы есепте өзге топтарға қарағанда қоғамның даму бағыттарын қалыптастыруға жəне жанжалдарды реттеуге белсенді қатысып, нəтижелі үлес қосу, сонымен бірге өз жағдайын қалыптастыруды, негізгі қоғамдық мəселелерде өзінің топтық бағдарын айқындауда басқа топтарға қарағанда үлкен дербестікке ие топты атайды55. Анықтамада саяси элитаның басқару жағдайына емес, қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету жəне оның негізгі даму тенденцияларын айқындау қабілетіне баса мəн берілген. Сонымен бірге саяси элитаның өзге əлеуметтік топтармен салыстырғанда үлкен дербестікке негізделген ерекше жағдайы атап көрсетілген. Əрине, бұл анықтама қазіргі заманғы саясаттану жəне əлеуметтанудың саяси 54 Радаев В., Шпаратан О. Социальная стратификация. – М.: Мысль, 1995. -190 с. С.18-19 55 Кодин М.И. Современный политический процесс в России: общественно-политические объединения и политическая элита. -М.: Мысль, 1997. -240 с. С.53

элитаға бірінші кезекте билеуші əлеуметтік топ ретінде мəн берген бағасына сəйкес келе бермейді. Саясаттанумен бірге тарихи танымның басты нысандарының біріне айналған элита ұғымы барынша кең, ауқымды мағынаға ие болғандықтан, оны терең əрі жан-жақты тарату қажеттілігі туындайды. ХХ ғ. 60 жылдары америкалық саяси ғылымда адамдардың этникалық тегі мен олардың саяси көзқарастары арасындағы байланыстарды ажырату үшін «этносаясат» термині енгізілген. Кейін бұл ұғым ұлттық үдерістердің əлеуметтік негізін зерттеуге байланысты қолданылды. Кеңес Одағы ыдыраған соң Ресей ғылымында этносаясаттануға деген қызығушылық аймақтық этнократияның саяси əрекетінің күшеюіне байланысты жандана түсті. Кейбір зерттеушілердің этносаясаттанудың пəнін «бір жағынан этникалық, екінші жағынан саяси болмысты зерттейді»56 деп анықтауы көңілге қонбайды. Өйткені, бұл анықтама нақты зерттеу міндеттерін айқындауға мүмкіндік бермейді. Содан да этносаясаттануды этникалық құбылыстар мен үдерістердің саяси шарттылығын зерттейтін саясаттану ғылымы шеңберіндегі жиынтық пəн ретінде қарастыру мəселеге барынша айқындық береді деп ойлаймыз. Оның үстіне этносаясаттану этникалық қауымдастықтың саяси өмірінің жекелеген аспектілерін емес, қайта осы саланы біртұтас жəне көпқырлы жүйе ретінде қарастыруымен ерекшеленеді. Этносаясаттанудың өзекті мəселелерінің бірі – этникалық бірегейлендіру екендігі белгілі. Осы мəселеге байланысты екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт шеңберінде этникалық бірегейлендіру қоғамның əлеуметтік құрылымы қалыптасуының негізгі, бастапқы жəне «табиғи» белгісі ретінде айшықталады. Яғни, этникалық бірегейлік тілдің, территорияның, діннің, материалдық мəдениеттің, дəстүрлі реттеу нормаларының, соның ішінде саяси құлық стереотиптерінің ортақтығы түрінде көрінеді. Түркістан жағдайында отарлық биліктің «түркістандық ұлт» жасау саясаты, ұлттық элита өкілдерінің түркілік, мұсылмандық бірлік идеяларының қалыптасуына талдау жасауда бұл ұстанымдардың берері көп. Екінші бағыттың ыңғайында этникалық бірегейлік жоғарыда айтылғандай, объективті ақиқат деп емес, этноэлитаның субъективті негіздегі қызметімен байланыстырылады. Осы бағыттың ұстанымдары этникалық бірегейлік белгілі бір элитаның өзі арқа 56 Марченко Г.И. Этнополитология как наука //Социально-политический журнал. 1994. -№ 3–6. с. 20-24. сүйеген топтың мəдениетінен үзіп-жұлып, өңін өзгертіп жасап шығарған əлеуметтік құрылымы деген баға береді, ондағы элитаның көздеген мақсаты өзінің игілігі мен тіршілігін қорғау, тиісті бір топтардың, соның ішінде өзінің де саяси немесе экономикалық артықшылығына қол жеткізу болып белгіленеді. Элита қызметіне басымдық берген бұл бағыттың кейбір ұстанымдары даулы болғанымен Түркістан өлкесі сияқты полиэтникалық құрылымның (қазақ, өзбек, сарт, қырғыз, қарақалпақ, тəжік, түркімен, құрама, қыпшақ жəне т.б.) қоғамдық-саяси тарихына талдау жасағанда жүгінуге болатын тұстары да аз емес. Екі көзқарастың ұстанымдары бір-бірінен қанша алшақ болғанымен олар этникалық бірегейлену үдерісіндегі ұлттық сана рөлінің басымдығы жөнінде ортақ байламға тоқтайды. Содан да этностың саяси белсенділігі ұлттық сананың оянуына, өрлеуіне тікелей байланысты екендігі даусыз. Қоғамдағы этносаяси белсенділіктің басты қозғаушы күштерінің бірі – полиэтникалық мемлекеттегі этникалық қауымдастықтардың əлеуметтік-экономикалық даму қарқынының əркелкілігі. Патша өкіметінің отарлық саясаты жағдайында қалыптасқан бұндай теңсіздік этникалық қысым түрінде бағаланып, этнотоптасу үдерісіне түрткі болды. Дəл осындай түрткінің бірі ретінде орталықтың немесе ұлыорыстық шовинизмнің Түркістан халықтарына қоғамдық-əлеуметтік өмір салтының жат үлгісін тықпалауын атауға болады. Өлкеде аса қуатты мұсылмандық, түркілік қозғалыс ағымдары осындай түрткінің ықпалымен жандана түскені даусыз. Этносаяси үдерісте конструктивті бағыттың өкілдері этникалық топты саяси əрекетке жұмылдыруда этноэлита төл этномəдениетті сақтауды, этникалық қауымдастықтың дамуына құқықтық жəне əлеуметтік-экономикалық жағдай жасауды емес, қасаң топтық мүдделерді басшылыққа алады деген тұжырым жасайды. Түркістандағы ұлттық саяси күштердің арасында дəстүршілдік ұстанымдарымен кеңінен танылған С.Лапин бастаған «Шурои Улема» ұйымының өкілдерін осы топқа қосып қарастырғанды дұрыс көрдік. Өйткені, ол ұйым тұғырнамасына топтасқан дін өкілдері «Шурои Исламия» қозғалысы ұсынған демократиялықлибералдық ұстанымдарды қолдаудан бас тартып, көбіне саяси жікшілдікке ұрынған болатын. Сол сияқты элиталық тұжырымдарда саяси билік институттарының құрылымы жетілмеген жағдайда саяси этноэлитаның құрылуы трайбалистік негізде іске асады, ол саяси билікті жеке-

леген рудың пайдасына «жекешелендірудің» алғышарты болады деген тұжырымның қолдамайтын да тұстары жеткілікті. Олай дейтініміз, мемлекеттік билік құрылымдарына тартылған немесе оған енбей қалған ұлттық элита өкілдерінің жоғары тобы арасындағы өзара тартыста таптық жəне ұлттық мүдде алғашқы орында тұрды. Ал трайбалистік көңіл-күй негізінен дəстүрлі рулық құрылымын сақтап қалған уездік, болыстық деңгейлерде болыс сайлауы, жер дауларында өріс алды. Ондағы жетілмеген билік институттарының қалыптасуында дəстүр сабақтастығы күшті болатын. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Ресейде азаматтық қоғам қалыптастырудың алғышарттары пайда бола бастаған еді. Дегенмен бұл бағытты этникалық белгілері бойынша өзін-өзі басқару мүмкіндігін сақтай отырып біртекті əлеуметтік қоғам орнатуға ұмтылған коммунистік тəртіп үзіп тастады. Ал Түркістанда этникалық дербестену үдерісі енді басталған жағдайда азаматтық қоғамның алғышарттарын іздеу негізсіз болар. Коммунистік қоғамның саяси-рухани кереғарлығы дағдарысы тұлғаның əлеуметтік бірегейлігінің бірден-бір шарасы ретінде этникалық дербестенудің маңызын арттыра түсті. Нақты тəжірибені зерттеу нысанына айналдырған көптеген қоғамтанушылар элитаны барынша кең ұғымда қарастырып, оған биліктің жоғары эшелонына енетін жетекшілерді ғана емес, сонымен бірге жергілікті ықпалы бар тұлғаларды да, партия белсенділерін де қосады. Осы бағыттың қағидаларына керісінше О.Крыштановская саяси элитаға жалпымемлекеттік деңгейде мəселе шешетін лауазымды иеленгендерді ғана жатқызады57. Дегенмен, Г.К.Ашин жəне оның əріптестері сияқты басқа зерттеушілер мəселеге бұндай көзқарастың қауіпті жағына назар аударады, яғни зерттеудің үстірт тəсілдеріне бейім элитатанушы елдегі басшы лауазымды иеленгендердің тізімін жасап, маған саяси элитаның жеке құрамы белгілі, менің ендігі міндетім – оның сипаттамасын жасау деуі мүмкін. Бұндай жағдайда ресми лауазым атқармаса да саяси шешім қабылдауға жəне қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал жасайтын элиталық тұлғалар санатқа алынбай қалады. Бұндай кемшіліктің алдын алуда эксперттік бағалау тəсілін қолдану тиімді болады. Осы тəсіл арқылы ресми лауазымды тұлғалар тізімі барынша ықпалды саясаткерлердің эксперттік бағалау тізімімен салыстырылады. Осы анықтамаларды салыс57 Крыштановская О. Трансформация старой номенклатуры в новую русскую элиту. //Общественная наука и современность. 1995. -№ 1. –50-54. тыра келе М.Кодиннің анықтамасына қарағанда саяси элитаның мəнін О.Крыштановскаяның анықтамасы біршама толық ашады деуге болады. Г.К.Ашин жəне оның əріптестерінің саяси элитаға берген анықтамасын да барынша дəл деп айтуға болады. Олар элита феноменін əлеуметтік-таптық жіктелу тұрғысынан қарастыра отырып, таптық жіктелген қоғамда негізгі өндіріс құралдарын меншіктеген тап билеуші тап болады деген тұжырым жасайды. Капиталистік өндіріс тəсілі жағдайында бұндай тап буржуазия болады. Билеуші тап қоғамға жасайтын басшылығын билеуші таптың ұйымын, ең алдымен мемлекеттік машинаны өзінің саяси авангардының, соның ішінде саяси тұрғыда барынша белсенді мүшелерінің қызметі арқылы іске асырады. Осылайша саяси элита билеуші таптың бір бөлігіне айналады жəне оның басқару қызметінің кəсіптік дағдыларын меңгерген, тікелей мемлекеттік басқарумен айналысатын саяси таптың білікті тобын біріктіреді. Элита саяси міндеттерді айқындау жəне оны іске асыру арқылы билеуші таптың еркін білдіреді. Осы қызметтерді іске асыруда элита қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады жəне өз табына қатысты салыстырмалы түрде дербестікке ие болады. билеуші тап билікті ұстап тұру үшін өз мүддесін бүкіл қоғамның мүддесі етіп көрсете білуі тиіс. Билеуші тап алға шығарған элита одан біршама автономиялық дербестікте болғандықтан тар таптық мүддені емес, «жалпы» мүддені іске асырушы болып көрінеді. Қазіргі заманғы қоғамның талабы тұрғысынан саяси элитаға қоғамдағы ең шешуші, ең тұтқалы басқару тетіктерін өз қолына шоғырландырған əлеуметтік топ деген анықтама беруге болады. Бұл əлеуметтік топ бұқараны басқару, оның тағдырын шешу өкілеттігін қолына алады, əрине, бұл өкілеттік оларға тек құқықтық қана емес, рухани, моральдық та жауапкершіліктер жүктейді. Мемлекеттік биліктегі элита мəселесі қазіргі Қазақстан жағдайындағы зəру мəселеге айналып отыр. Тəуелсіз даму жолына түсіп, халықаралық қауымдастықтан лайықты орын алуға ұмтылған еліміздің алдында тұрған орасан зор міндеттерді іске асыруды ұйымдастыру бұл мəселеге өткір сипат беруде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев осыған байланысты «Элита тек ұлттық мүддені білдіру, оны дəл кескіндеу, сол арқылы халықтың өзін-өзі танып, бағалау деңгейін көтеру қабілетімен ғана емес, соны ойдағыдай жүзеге асырудың жолын табу қабілетімен де дараланып тұруға тиісті. Ол үшін бүгінгі таңдағы ең күрделі

мəселе – күллі қоғамды алдында тұрған тарихи мəселені шешуге күн сайынғы нақты əрекетпен ат салысуға жұмылдыра білу. Нағыз саяси көсем мен уақытша саясатшысымақтардың арасындағы жалғыз айырма – ағымдағы тарихи кезеңде ұлттық-мемлекеттілік мүддені дəл аңғарып, оған жетісудің ең ықтимал шешімін дəл табу – деп атап көрсете отырып, - Өкініштісі, мұндай өрелі элитаны қалыптасыру үшін көп уақыт керек сияқты»58 деген тұжырымы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты қалыптасқан бүгінгі күннің зəру мəселесін айқындайтыны белгілі. Тарихи танымдағы элиталық концепцияның міндеттерін шешуде көптеген ғылыми зерттеу тəсілдерінің мүмкіндіктеріне жүгіну қажеттілігі айқын. Сондай ғылыми тəсілдердің бірі – салыстыру – шын мəнінде тек зерттеу тəсілі ғана емес, ең бастысы нақты шындықты қабылдау тəсілі. Кез-келген тарихи құбылыс адам санасында өзіне ұқсас, сəйкес немесе қарама-қарсы құбылыспен салыстырлады. Тарихи танымда бұл ерекшелікті есепке алмау көбіне салыстырудың танымдық мүмкіндіктерін тар мағынада түсінуге алып келеді. Элиталық концепцияның міндеттерін шешуде салыстырмалы талдау тəсілі тарихи танымда барынша кең қолданыс тапқан жəне бұл зерттеу тəсілі көп мүмкіндіктерге жол ашады. ХІХ ғасырда Гегель мен Маркстің концепциясы бойынша салыстырмалы талдау дүниежүзілік тарихи масштабта жүргізілді. Гегель салыстырудың бірегей өлшемі ретінде Абсолюттік рухты алатын болса, Марксте ол өндіргіш күштердің дамуы түрінде көрінеді. Осыған байланысты Р.Дж Коллигвудтың мына пікіріне толығымен қосылуға болады. Ол «Тарихтың маркстік концепциясы гегельдік концепцияның күшті жəне əлсіз жақтарын да танытады: Маркс фактілерге терең бойлап, олардың негізін құраған ұғымдардың қисындық байланысын сондайлық шеберлікпен анықтайды, бірақ Гегельдің əлсіздіктері де оның көзқарастарынан байқалмай қалмайды, онда саналылықтың барлық негізін бойына жиған деп есептелген адам өмірінің жекелеген аспектілері ғана (Гегельде – саяси, Марксте – экономикалық) таңдап алынады. Маркс те Гегель сияқты адамзат тарихы əртүрлі жəне параллель тарихтардың – саясат, өнер, экономика, дін жəне т.б. тарихының жиынтығы емес, бірақ бірегей, біртұтас тарих дегенге табан тірейді»59 деп жазған болатын. Бұл жердегі екі ойшылдың да ұстанатын басты қағидасы – саяси 58 Назарбаев Н.Ə. Ғасырлар тоғысында. –Алматы: Атамұра, 2003.-256 б. Б.164 59 Коллигвуд Р.Дж. Автобиография. -М.: 1980, 219 с.С.118-119 жəне экономикалық тарихтан басқа факторларда тарихи үдерістің үздіксіздігі сақтала бермейтіндігі. Содан да олар үздіксіздік факторын тарихи танымдағы салыстырмалы зерттеудің басты өлшеміне айналдырады. ХХ ғ. басындағы əлеуметтік өзгерістер тарихи таным мақсаттарына да түбірлі өзгерістер енгізді. Ал қазіргі заманғы қоғамдық дамудағы интеграциялық үдерістер тарих ғылымының мүмкіндігін шектейтін ұлттық оқшаулануды жоюға итермелейді. Оның нысаны өз ерекшелігі, өз мəселелерімен бетпе-бет қалған жеке ұлттар емес, ортақ мүдде, ортақ мақсатқа біріккен «біртұтас адамзат» идеясы болды. Бұл мысал ХХ ғ. басында Түркістан жағдайында ұлттық элитаның мұсылмандық, түркілік бірлікке үндеген идеясы түрінде көрініс тапты. Отаршылыққа қарсы күрес жолындағы мақсаттар түркі халықтарын тас-түйін етіп біріктірген біртұтас Түркістанның осындай тарихи тəжірибесі тарихи таным мақсатын жаңғыртып, мəселені кешенді қарастыруға да бастапқы үлгі бола алады. Ғаламдық сипаттағы əлеуметтік өзгерістер дəуірінде тарихи үдерістерді баяндауда тарихшы-қоғамтанушылардың жалпылау, жинақтауға деген қызығушылығының арта түсуі заңды құбылыс. ХІХ-ХХ ғғ. шегінде тарихшылар ұлттық тарихты жазудың жеткіліксіздігін сезінген кезде осылай болған, қазір де осылай болып отыр. Бұл тұжырым – тарихшылар ғаламдық тарихи құрылымдарды ғана жоғары қояды деген сөз емес. Ұлттық тарихқа деген қызығушылық əлі де болса басым, бірақ оны танудың өлшемдері түбірімен өзгергендігі де естен шығарылмауы керек. Қазіргі ақпараттық технологияның жетістіктері жағдайында бір елдің, мемлекеттің тарихын əлемдік контекстен тыс қарастыру, оны басқа тарихи даму типтерімен салыстырмау, əлемдік тарихтағы өз еліңнің орнын анықтауға ұмтылмау мүмкін емес. Тіпті, ол аса зəру қажеттілік те. Дəл осы тұрғыда Түркістан өлкесі – тарихи Ресейдің отары, Кеңес Одағының субъектісі ғана емес, Орталық Азиядағы көпұлтты аймақ ретінде бізге мықты зерттеу нысаны бола алады. Түркістан тарихының мазмұны мен саяси құрылым ретіндегі көпвекторлы байланысы жоғарыда айтылғандай ұлт тарихын ұлттық территориямен шектемей, оны аумақтық, əлемдік даму тəжірибелерімен салыстыра қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл жерде Түркістан тарихының деректік материалдары тарихисалыстырмалы зерттеудің бастапқы негізі ретінде қарастырылуы тиіс. Міне, осы бағытта, осы тəсілдермен жүргізілген зерттеу барынша объективті болар еді.

Өкінішке орай, посткеңестік кезеңде ресми мемлекеттік идеологияға айналған марксизмнің догмасынан арылған отандық тарихты əртүрлі жаңа тəсілдермен, ұлттық көзқараспен қарастырған еңбектер қатары артқанымен, олардың бəрі бірдей кəсіптік тарихнама тұрғысынан қойылар талапқа сай келе берген жоқ. Кемшілігі мен жетістігіне қарай топтар болсақ, ол еңбектердің бірінші типі қайта құру рухымен ғылыми ақиқатқа қол жеткізе алу мүмкіндігін теріске шығаруға ұмтылды, екінші типі өздерінің субъективті сипатымен ерекшеленетін тұжырымынан өзгенің бəрін де жалған тарихи құрылым деп есептейді. Бұл еңбектерді қоғамдықсаяси ойдағы шығармашылық ізденістер деп бағалаған орынды сияқты. Сонымен бірге олардың теориялық-əдіснамалық негізіне тиісті баға да берілуі тиіс. Өйткені, осы сияқты позициялардың əлеуметтік қаупін сезіне отырып, кез-келген тарихи таным үдерісі нəтижесінің тікелей немесе жанама түрде бұқаралық тарихи санаға жəне əлеуметтік-саяси практикаға ықпал ететіндігін, оның салдарының да елеулі болатындығын есте ұстау керек. Тəуелсіздік жағдайында қоғамдық ойдың құрылымындағы түбірлі өзгерістер көп мəселелерге жаңаша қарауды талап етеді. Осыған байланысты «Постмодерн жағдайында кəсіптік тарихнама мен бұқаралық тарихи сананың өзара ықпалдастық сипатына ой жүгірткенде мынаған баса назар аудару керек; біріншіден, өткен мəдени кезеңнің ерекшелігіне, екіншіден, жаңа жағдайдағы кəсіптік тарихнаманың өзекті міндеттеріне»60 деген мəселелер отандық тарихшылар үшін де жат емес деп білеміз. Əрине, бұл аталған факторлардың өзара ықпалдастығын жоққа шығару қиын. Содан да посткеңестік кезеңдегі Қазақстан үшін ерекше қызығушылық туғызған тарих ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі – халықтың тарихи өмірін зерттеу, нақтырақ айтқанда ұлттық сəйкестікті қалыптастыру. Бұл міндеттердің де іске асырылуының өзіндік қиындықтары бар. Ағылшын тарихшысы Джон Тош «əлеуметтік жад» пен ғылыми негіздегі тарихи білім ұғымдарының ара жігін ажыратады. Ол əлеуметтік жадтың «ерекше бұрмалаушы эффектісі болатын» дəстүршілдік, өткенді аңсау, прогреске деген сенім»61 түріндегі үш белгісін бөліп көрсетеді. Дəстүршілдікке оқиғаның беделіне бағдар ұстау тəн. Өткенді аңсау – өткен кезеңді дəріптеуге бейім. Ал прогреске деген сенім – болашақты ессіз идеялдандыруға ұрындырады. Демек, əлеуметтік жадтың негізін құраған бұл факторлардың 60 Коллигвуд Р.Дж. Автобиография... С.9 61 Тош Д. Стремление к истине. Как обладеть мастерством историка: Пер. с англ. -М.: Весь мир, 2000. -294 с. С.22-23 өзі оның интелектуалды тарих үшін тарихи ақиқатты тануда сенімді тəсіл бола алмайтындығын танытады. Соңғы кезде отандық тарихта жасалған батыл концептуалдық ізденістер барысында жекелеген субъективті, кəсіби тұжырымдармен бірге жалыадамзаттық құндылықтарға негізделген ғылыми бағыттар да орнығуда келеді. Осындай ғылыми ізденістер нəтижесі тарихи салыстырмалы талдау тəсілін қолдану барысында қомақтылана түседі. Элита мəселесіне арналған кеңестік, ресейлік əдебиетте элита ұғымы екі жақты мағынада түсіндіріліп келді. Біріншіден, кең мағынада қолданылады да кез-келген қоғамда əлеуметтік-саяси қатынастарды сипаттауда қолдануға болатын əмбебаптықпен ерекшеленді. Бұл тəсіл элита барлық кезде де өмір сүреді дегенді мойындаудан туындайды. Ал нақты тарихи кезеңде элитаның мазмұндық, сипаттық түрленуі өзге мəселе62. Қоғамда қай кезде де адамдардың екі əлеуметтік тобы – басқарушылар мен бағыныштылар тобы болатындығы, алғашқылар аз санды болғанымен саяси қызметтің бəрін атқарып, билікті монополизациялап жəне биліктің қамтамасыз еткен игіліктеріне масайрайтындығы даусыз ақиқат. Ал қазіргі заманғы ресейлік қоғамтанушылар арасында осы əмбебаптық тəсілді қолдаушылардың басым болуының өзі көп жайды аңғартса керек. Əлемдік гуманитаристикада кең қолданыс тапқан элитизм идеясын Ресей тарихына қатысты қарастырған авторлар «Ресей қоғамындағы қызметкер таптың - саяси элитаның алғашқы тарихи түрі боярлар болды. Дəл осы боярлар Киев Русі жəне Мəскеу мемлекеті кезеңінде басқару қызметін атқарды»63 деген тұжырым жасайды. Ал А.В.Понедельков воеводалар, боярлар, дворяндар мен номенклатураға Ресейдің əртүрлі кезеңдегі саяси-əкімшілік элитасы ретінде мəн береді64. Демек, осындай теориялық тұжырымдарды негізге алып дəстүрлі қазақ қоғамындағы қызметкер тап – саяси элитаның алғашқы тарихи түрі – Хан кеңесінің мүшелерін де элита қатарына қоса аламыз. Дəстүрлі элита деп аталатын хан кеңесі мүшелерінің қатарына А.Оразбаева билер, жыраулар мен батырларды қосады65. Біз өз тарапымыздан бұл элиталық шоғырға əр 62 Мохов В.П. Элитизм и история: Проблемы изучение советских региональных элит. -Пермь.: Пермьгос. техн. ун-т, 2000. –204 с. С.6 63 Гаман О. Боярство во главе русского общества //Россия ХХІ. 1997. -№ 5-6.-С.110-119. 64 Понедельков А.В. Политико-административная элита: Генезис и проблемы ее становления в современной России (регионально-политический анализ): диссертация в форме научного доклада д-ра полит. наук. -М.: 1995. -60 с. С.29 65 Оразбаева А. Дəстүрлі қазақ қоғамына тəн билер институты.-Алматы: ДайкПресс, 2004.-206 б. Б.203

жүздің, тайпалар мен рулардың басында тұрған рухани тұлғалар – дінбасыларды да қоса қарастырғанды орынды деп білеміз. Қазақ мемлекеттілігінің хронологиялық шегі қазақ хандығымен (ХV-XІІІ ғ.ғ.) шектелмесі анық. Өйткені, «...мемлекет батыстық жəне шығыстық өркенитеттің жемісі, Ұлы дала тарихына қатысты қолданар болсақ мемлекеттілік (мемлекет емес) өркениеттік үдерістің негізі (нəтижесі емес) болмақ. Көшпенділер өркениетінің саяси сипатындағы іргелі ерекшеліктер осыдан туындайды»66. Осы қорытындыға сүйеніп дəстүрлі қазақ қоғамындағы билік құрылымының ерекшелігін саралауға болады. Түркі халықтары элитасының ұзақ уақыт бойы бастан өткізген саясиəлеуметтік, құқықтық дамуы олардың түрлі мемлекеттік құрылым үлгілерін қалыптастырған қызметінің тарихы ретінде қабылдануы тиіс. Содан да «қазақ мемлекеттілігін теориялық тұрғыда пайымдау үшін ежелгі көшпелі сақ, ғұн, үйсін, түрік, моңғол, қазақ мемлекеттеріндегі Мөде шанью, Бұмын қаған, Естеми қағаннан бастап қазақ хандары Есім, Қасым, Тəуке, Кенесарылардың жүргізген маңызды мемлекеттік-құқықтың реформаларын ескеріп, мемлекеттік биліктің генезисін зерттеуіміз қажет»67 деген зерттеушінің пікірін қуаттауға болады. Демек, қазақ мемлекеттілігінің тарихы осындай ұзақ кезеңді, осындай бай мазмұнды қамтитындығын ескерсек, қазақ қоғамындағы элита мəселесін де осы хронологиялық кезеңнің шегінде қарастыруға негіз бар. Тарихи танымдағы элиталық концепцияның əмбебаптық тəсілін қолдана отырып, алғашқы қауымдық тайпалардың да бұқара жəне элита болып бөлінгендігі жөнінде жасалған тұжырымдар кездеседі. Дегенмен бұл тəсілді адамзат тарихын тұтастай талдау жасауға қолданғанда əр қоғамда билік қатынастарының мазмұндық өзгеріске түсетіндігін аңғарамыз. Мемлекетке дейінгі даму сатысында билік қатынастары саяси сипатта болған жоқ, тек бұқара мен көсемдер арасындағы байланыстар саяси мəнге ие болған кезден бастап қазіргі ұғымдағы элитаға тəн саяси-əлеуметтік сапаларды кездестіреміз. Осындай даму, қалыптасу үдерісінің барысында «элитаның қалыптасу негізінің өзі өзгереді. Бедел мен жеке сапаның күшін күш пен меншіктің беделі алмастырады»68. 66 Оразбаева А.И. Историческая воля и человеческое безволие Бурундука //Первые лица государства: политические портреты (с точки зрения истории и современности). -Алматы.: Қазақстан даму институты, 1998.-368 с. С.24-25 67 Абенов Е.М., Арынов Е.М., Тасмагамбетов И.Н. Казахстан: эволюция государства и общества. -Алматы: Институт развития Казахстана, 1996. -290 с. С.30 68 Мохов В.П. Элитизм и история: Проблемы изучение советских региональных элит. –С.7 Жалпы, кез-келген философиялық-тарихи теория тарихи дамудың жаңа концепциясын жасауға мүмкіндік береді. Бірақ ол қандай да болмасын бірқатар шарттылықтан, шектеуліліктен құтыла алмайды. Осыған байланысты И.Д.Ковальченко «қандай да бір теорияға сүйеніп, қандай да бір қоғамдық қатынастарды сипаттау тек бір тарихи шекара көлемінде ғана өзін ақтай алады»69 деген еді. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ элиталық концепцияның тарихи шарттылығын оның танымдық негізін құраған тəсілдерінің кемшілігі арқылы танимыз. Əмбебаптық тəсілдің бірінші кемшілігі, элита жеке меншік пен мемлекеттілік негізінде қалыптасқан қоғам жағдайында ғана пайда болады деген қағидадан туындайды. Бұндай таным жолы адамзаттың бірлігіне, біртұтастығына негізделген синкретті ойлау жүйесінің орнына қоғамды «төменгілердің» тағдырын қолына алған «таңдаулы», «ерекше» топты (элитаны) дəріптеген көзқарасқа жетелейді. Бұл көзқарас К.Маркс пен Ф.Энгельс «осы кезге дейін өмір сүріп келген барлық қоғамның тарихы тап күресінің тарихы болып келді. Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, шебер мен шəкірт, қысқасы қанаушы мен қаналушы бір-біріне мəңгілік антагонизм жағдайында болып, бірде ашық, бірде жасырын күрес жүргізіп келді»70 деген таптық формациялық теорияны қайталауға ұрындырады. Əмбебаптық тəсілдің келесі кемшілігі ретінде оны қолдану барысында ортағасырлық Еуропа, ресейлік, шығыстық қоғамның ерекшеліктерінен туындаған нақты тарихи ақиқатты түсіндірудегі кездесетін түйінді мəселелерге байланысты атауға болады. Бұл тəсілді қолдаушылардың өзі батыстың элиталық концепциясын Шығыс пен Ресейдің өркениетіне қатысты қолданудың тиімсіздігін мойындайды. Мысалы, кеңестік Ресейдегі партиялық-мемлекеттік номенклатура құбылысын элиталық теория өлшеміне сыйғызу өте қиын. «Элита» терминін əдеттегі кең мазмұнынан оқшаулап, пəнаралық байланыс ерекшеліктеріне сай тар мағынада қарастыру нақты тарихи ақиқатқа көз жеткізу мақсатынан туындайды. Тарихи деп атауға болатын бұл тəсіл бойынша элитаның пайда болуы индустриялды қоғамның қалыптасуы жəне дамуымен байланыстырылады, өйткені индустриялды қоғамда элита ұғымының 69 Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. -М.: Наука, 2003. – 486 с. С.456-457 70 Əбжанов Х. Бекмаханов жəне ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеу əдістемесі. // Қазақ тарихы. - №3-2006.- (3-8 бб.)

мазмұны толық танылады. Бұл қоғамда «жоғарыдағылар» мен «төмендегілердің» арақатынасы антагонистік қарама-қарсылық тұрғысында емес тарихи тəсілі бойынша қоғамның əлеуметтік саяси құрылымы тұрақтылығының көрінісі ретінде қарастырылады. Қоғамның элита жəне бұқара болып жіктелуі таптық жіктелуді қайталамайды, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұлай жіктелудің ең басты өлшемі – билік, одан да нақты айтар болсақ билікке жəне оған қол жеткізетін ресурстарға деген қатынас. Қоғамның əлеуметтік жəне саяси жіктелуінің жолайырғындағы бұл өлшемнің қандай қоғамға болса да тəн ортақ белгілері бар. Индустриялды немесе таптық қоғамдағы билік ұқсастығын айтпағанда «тапсыз» кеңес қоғамында «Номенклатура үшін ең бастысы – билік. Меншік емес тек билік. Буржуазия – меншік иесі, содан да билеуші топ. Номенклатура – билеуші топ, содан да меншік иесі»71 екендігі көзге ұрып тұрған ақиқат. Əйтсе де, қоғам өзгерісімен бірге биліктің сипаты да өзгереді. Ол өзгерістер, біріншіден элитаның құрамынан; екіншіден биліктің сапасынан; үшіншіден, элита қызметінің мазмұнынан көрінеді. Элита қызметінің басты ерекшелігі қоғамда əлеуметтік тепе-теңдік пен тəртіпті орнықтыру, тарихи əрекеттің жаңа субъектісі болатын бұқараның дамуын қамтамасыз ету. Қоғамда «билік пирамидасының шыңындағы ескі жəне жаңа əлеуметтік субъектілердің симбиозы орынды жəне технологиялық қажеттілік»72 болғандықтан таптық жіктеудің күні өткен деуге болмайды, қайта ол өткен дəуірдің сабақтастығын қамтамасыз ететін элиталық жіктеудің құрамды бөлігі болмақ. Қорыта айтқанда, элиталық қоғам таптық белгілерден басқа саяси сипатына қарай демократия, фашизм, сталинизм, маоизм жəне т. б. жағдайдағы мемлекет түрінде кездеседі. Саяси тəртіпке сүйенген элита бұл мемлекеттерде тарихи даму шарттары, қоғамның дəстүрі, экономикалық жəне технологиялық даму деңгейіне сəйкес бұқараға билігін жүргізеді. Əйтсе де осындай мазмұндық, сипаттық ерекшеліктері мен ішкі қайшылықтырына қарамастан қандай қоғамда, қандай саяси тəртіп жағдайында болса да элита іске асыратын үдерістің басты мазмұны дəстүрлі қоғамды жаңғырту, оны «қазіргі заманғы» қоғамға айналдыру болып қалады. Дегенмен, элиталық теорияның танымдық мүмкіндігін асыра бағалауға да болмайды. Маркстік дүниетанымның ірі ойшылдарының бірі И.Д.Ковальченко «Тарихи танымның қандай да 71 Восленский М. Номенклатура. -М.: Захаров. 2005. -640 с.С.115 72 Мохов В.П. Элитизм и история: Проблемы изучение советских региональных элит...С.13 болмасын əмбебаптық жəне абсолюттік теориясы мен əдістемесін жасауға деген ұмтылысты естен шығару керек. Қоғамдық-тарихи дамудың қасиеттері мен белгілерінің шексіздігінен қандай болса да бəрінқамтушы теория жасаудың мүмкін еместігі туындайды»73 деген болатын. Осылай дегенмен де тарихи танымдағы элиталық концепцияның ғылыми ойға ұсынар жаңалығы мол. Оның зерттеу тəсілдерін қолдану отандық тарихтың мазмұнын тың тұжырымдармен байытып, жаңа желілерді тарқатуға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық тарихтың мақсаттарымен үндесетін бұл концепция отандық тарих ғылымына жаңа тыныс беруі тиіс. Элита категориясына қатысты əлемдік ауқымдағы қоғамдық-саяси ойдың жетістіктеріне талдау жасау барысында тарихи таным тəсілдерінің көп екендігіне көзіміз жете түсті. Өз артықшылығы мен кемшін тұстары болатын сол көп тəсілдердің бірі – қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғаларды элиталық тұрғыдан талдау екендігі даусыз. Осы тарихи таным тəсілінің жан-жақты теориялық негізделуінен оның ғылыми интелектуалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін танимыз. Элита концепциясы батыс елдерінде қалыптасып, дамығаны белгілі. Содан да оның тұғырнамасы Евразия даласы көшпелілері өркениетіндегі қазақ қоғамы үшін біршама бейтаныстау болуы мүмкін. Əйтсе де, мазмұндық жəне теориялық ерекшеліктері қазіргі қазақ қоғамы үшін біршама жаңалық болып көрінгенімен ол концепцияның басты қағидалары мен ұстанымдары дəстүрлі қоғамдағы əлеуметтік институттардың мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық қатынастар жүйесінде бұрыннан қолданылып келгені белгілі болып отыр. Осы мақсатта Түркістанның этносаяси үдерістеріндегі ұлттық элита қызметінің тарихын жан-жақты жəне жаңа көзқараспен қарастыруда ұсынып отырған теориялық-əдіснамалық негіз тақырыптың алдына қойылған мақсат, міндеттерді шешу арқылы тарихи танымда соны нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Элита категориясына қатысты əлемдік ауқымдағы қоғамдықсаяси ойдың жетістіктеріне талдау жасау барысында тарихи таным тəсілдерінің көп екендігіне көзіміз жете түсті. Өз артықшылығы мен кемшін тұстары болатын сол көп тəсілдердің бірі - қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғаларды элиталық тұрғыдан талдау екендігі даусыз. Осы тарихи таным тəсілінің жан-жақты теориялық негізделуінен оның ғылыми интелектуалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін танимыз. Элита концепциясы батыс елдерінде 73 Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования... С.456

қалыптасып, дамығаны белгілі. Содан да оның тұғырнамасы Евразия даласы көшпелілері өркениетіндегі қазақ қоғамы үшін біршама бейтаныстау болуы мүмкін. Əйтсе де, мазмұндық жəне теориялық ерекшеліктері қазіргі қазақ қоғамы үшін біршама жаңалық болып көрінгенімен ол концепцияның басты қағидалары мен ұстанымдары дəстүрлі қоғамдағы əлеуметтік институттардың мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық қатынастар жүйесінде бұрыннан қолданылып келгендігі белгілі болып отыр. 1.2 Түркістандағы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихнамасы жəне дереккөздері Қазіргі кезеңде қазақстандық қоғамтаушы ғалымдар отандық тарихтағы күрделі құбылыстарға талдау жасап, баға беруде элита мəселесіне көңіл бөле бастады. Интелектуалдық тарих қалыптастырудағы ғылыми ойдың даму бағыттары шеңберінде орындалған осы зерттеу жұмысының да негізгі мақсаты Түркістандағы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне тарихи талдау жасау. Осы мақсатқа сай тақырып тарихнамасын арнайы желі ретінде қарастырамыз. Соңғы жылдарға дейін белгілі себептермен ұлттық элита қызметінің тарихы мəселесі тарих ғылымындағы қалыптасқан теориялық-əдіснамалық ұстанымдарға сай арнайы тақырып ретінде қарастырылмады. Осы себепті ұлттық элитаға қатысты айтылған қандай да болмасын тарихнамалық ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды негізгі үш бағытқа топтап қарастырғанымыз орынды сияқты. Бірінші бағыт: Түркістан жəне Алаш ұлтазаттық қозғалысына қатысты зерттеулер; екінші бағыт, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметіне арналған зерттеулер; үшінші, тұлғатану бағытында жүргізілген зерттеулер. Осы үш бағытта жинақталған ғылыми зерттеу жұмыстарынан ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі Түркістандағы ұлттық этносаяси үдерістердегі элита қызметіне қатысты еңбектерді саралап, талдауымызға мүмкіндік болады. Тақырып тарихнамасының алғашқы бағыты бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары тақырыптық, желілік тұрғыда барынша кең ауқымда жүргізілді жəне ол зерттеулердің теориялық-əдіснамалық тəсілдері де алуан түрлі болып келеді. Тарих ғылымында қалыптасқан жаңа ұстанымдар мен қағидалар осы ауқымды əдебиеттерді талдауға жаңа тəсіл қолдануды талап етеді. Осы тұрғыда Х.Əбжановтың тарихнамалық талдауға негіз болатын «Ұлт-азаттық қозғалыстың үш мəнді белгісі бар: біріншісі – қозғалысқа жалпыұлттық идеяның тəн болуы; екіншісі - қозғалыс алға қойған негізгі мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік билік мəселесіне келіп тірелуі; үшіншісі – қозғалыс басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік, қолбасшылық, кемелдік, дипломатиялық əбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдердің тұруы»74 деген тұжырымы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасын талдауға жаңа тыныс береді. Жалпы алғанда, тақырыптың кеңестік дəуірдегі тарихнамасының бастапқы кезеңі таптық идеология орныға қоймаған, оның есесіне тарихи танымның «төңкеріске дейінгі» мектебі өкілдерінің ықпалы сақталуымен ерекшеленеді. Сол кездегі тарихшылар Түркістандағы оқиғаларға негізінен Түрккомиссия мүшесі, ұлт істерінің білгірі саналған Г.Сафаровтың көзқарасымен баға беруге дағдыланды. Атап айтқанда олар: 1) революция Кеңестік Ресейден экспортталды; 2) Түркістандағы пролетарлық революцияның сыртқы келбеті отарлық үлгіде болды; 3) Кеңес өкіметінің отарлық сипатына байланысты ендігі кезекте отаршылыққа қарсы екінші революция жасау керек75 деген тұжырымға негізделді. Өлкедегі Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы тарихы мен ТКП Өлкелік Мұсбюросының қызметі жөнінде Т.Рысқұловтың жазбаларында жергілікті жəне ұлттық элитаның қызметіне қатысты тың тұжырымдар жасалды76. Тарихи оқиғалардың қатысушысы ғана емес, оның тікелей ұйымдастырушысы болған саяси қайраткердің аталған еңбектері Түркістандағы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты құнды деректік құжат болды. Əйтсе де, РК(б)П ОК 21 желтоқсан 1922 ж. қаулысында Т.Рысқұловтың алғашқы құжаттар жинағын «екі жыл бұрын РК(б)П ОК арнайы қаулымен жапқан РКП Мұсбюросын қалпына келтіру идеясын дəріптеу əрекеті»77 үшін айыптады. Та74 Əбжанов Х. Бекмаханов жəне ұлт-азаттық қозғалыстарды зерттеу əдістемесі... Б.3-8 75 Сафаров Г. Колониальная революция. /Опыт Туркестана/ М.: Госиздат, 1921.-147 с. С.102 76 Мусбюро РК(б)П в Туркестане. І, ІІ, ІІІ Туркестанские краевые конференции РКП. 1919-1920 гг. (Введ. Т. Рыскулова). Ташкент: Туркгосиздат, 1920; 77 Зевелев А.И. Историография Советского Туркестана. (Историография и источники по истории граждан. войны в Туркестане). Ташкент: Узбекистан, 1968.-276 с. С.51

рихи танымдағы ғылыми шынайылыққа кеңестік биліктің бұлайша саяси қысым жасауы тарихнаманың кейінгі қалыптасу сипатына елеулі бетбұрыс жасады. Осындай себептермен де Түркістанда кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы этносаяси үрдістерде күрделі сипат алған саяси практикаға ресми партиялық баспасөз органы «Партия қатарында барынша керітартпа сипат алған топшылдықпен күрес пісіп жетілді» деп баға берді78. Бұл күресте жергілікті элита Түркістан автономиялық республикасының өзін-өзі билеу құқын қорғаушылар мен орталықшыл қағидаларды қорғаушылар болып екі лагерьге топтасты. Е.К.Федоровтың «орталықшылар» (П.К.Кобозев, И.А.Апин, Иванов т.б) мен «децентристер» (А.А.Казаков, Ф.Я.Успенский, И.В.Солькин т.б) арасындағы билік үшін күрестің сипатын ашудағы əрекетінен құбылысқа элиталық тəсілдерге талдау жасау əрекеті танылады. 20 жылдардың соңы мен 50 жылдарды қамтыған екінші кезеңде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тарихын жекелеген тақырыптар бойынша зерттеу қолға алынды. Ол зерттеулер жəдитшілік, Қоқан автономиясы, 1916 жылғы ұлт-азаттық жəне коммунистік қозғалыс деген тақырыптармен өлке тарихын құрады79. Бұл еңбектерде өлкедегі қоғамдық-саяси үрдістердің мəні таптық көзқараспен бағаланғандықтан ашықтан-ашық бұрмаланды. 50 жылдардың ортасындағы саяси жылымық тарихи танымға тың серпіліс берді жəне архив қорларынан жаңа құжаттық деректерді ғылыми айналымға ұсынған Т.Елеуов, И.К.Додонов, К.Е.Житов, Х.Иноятов, А.А.Гордиенколардың іргелі зерттеу еңбектері жарық көрді80. Бұл зерттеулер шоғырында тарихнамалық тың тұжырым78 Федоров Е. К истории Коммунистической партии Туркестана //Коммунистическая мысль. Ташкент. -1926.- № 2. –С. 60-70. С.69 79 Рыскулов Т. Революция и коренное население Туркестана. (Сборник главных статьей, докладов, речей и тезисов). /С предисл. автора. Ч-1. -1917-1919. Ташкент: Уз.Гос.Изд-во. 1925. -218 с; Феодоров Е. Очерки национального освободительного движение в Средней Азии. -Ташкент: Госиздат Узбекской ССР, 1925. -81 с. (Испарт Средне-Азиатского Бюро ЦК РКП(б)); Ходжаев Ф. К истории революции в Бухаре. -Ташкент: Уз. гос. изд-во, 1926. -77 с; Симонов А. Февральская революция в Средней Азии //Коммунистическая мысль. Кн.-3.-Ташкент. Уз. Гос. Изд-во, 1927. -120 с; Алексеенков П. Кокандская автономия (Революция в Туркестане). -Ташкент: Госиздат, 1931. -79 с. 80 Елеуов Т. Установление Советской власти в Казахстане. -Алма-Ата: Изд. АН Каз ССР, -1957. -115 с; Додонов И.К. Победа Октябрьской революции в Туркестане. –М.: Госиздат, 1957. -104 с; Житов К.Е. Победа Великой Октябрьской революции в Узбекистане. –Ташкент: Изд-во Акад. Наук УзССР, 1957. -231 с; Иноятов Х. Октябрьская революция в Узбекистане – М.: Госполитиздат, 1958. -319 с; Гордиенко дар болғанымен мəселені партиялық цензура талаптарымен коммунистік идеологияның ұстанымдарына сай қарастырғандықтан тарихи объективтілік көрініс таба алмады. Тақырып тарихнамасының жаңа кезеңі болып есептелетін 60-80 жылдары ұлт-азаттық қозғалыс, соның ішінде əсіресе автономиялық қозғалыс тақырыбын жаңа қырынан көтерген тың іргелі ғылыми еңбектер жарық көрді81. Солардың арасында А.И.Зевелевтың монографиясы82 көп жағдайда жаңашылдығымен ерекшеленді. КОКП ХХ съезінен кейін партия архивтері қорының құжаттарын пайдалануға мүмкіншілік алған автор өзі қарастырған көптеген желілердің қатарында Түркістандағы тарихи оқиғаларға тікелей қатысқан ұлт коммунистерінің тақырыпқа қатысты жарық көрген еңбектеріне талдау жасайды. Əйтсе де, оның өз зерттеулерінде ескі ойлау жүйесіне тəн стереотиптен арылмағандығы Түркістандағы элиталық топтардың басшылары Т.Рысқұлов пен П.А.Кобозевтің қызметіне сыңаржақ баға беруінен көрінеді. Ал К.Х.Хасановтың зерттеуінде83 партияның Шығыстағы өкілетті органдарының қызметін бірнеше кезеңдерге бөліп, əр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне ықпал жасағаны айтылғанымен оның еңбегі де кеңестік кезең тарихнамасына тəн партиялық ықпалдың табы мəселенің тарихи болмысын толық қамти алмады. Тақырып тарихнамасында 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыстағы ұлттық элитаның қызметі тарихшылардың бірнеше буынының А.А. Создание советской национальной государственности в Средней Азии. -М.: Госюриздат, 1957. -248 с. 81 Назаров С.А. Из истории деятельности Средазбюро ЦК РКП(б) (1922-1924 гг.). -Ташкент.: Узбекистан, 1965. -118 с.; Борьба Компартии Туркестана за решение земельного вопроса и восстановление хлопководства (1921-1924 гг.) –Ташкент.: Фан, 1966. -144 с. ; Победа Советской власти в Средней Азии и Казахстана /Глав. ред. И.И. Минц. -Ташкент: Фан, 1967. -771 с; Турсунов Х. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане /1917-1920/. -Ташкент: Узбекистон, 1971.-367 с; Гордиенко А.А. Образование Туркестанской АССР. М.: Юридлит, 1968.-315 с; Зевелев А.И. Историография Советского Туркестана. (Историография и источники по истории граждан. войны в Туркестане). -Ташкент: Узбекистан, 1968.-276 с; Хасанов К.Х. Ленин и Туркбюро РКП(б). -Ташкент: Узбекистан, 1969. –153 с; Иноятов Х.Ш. Победа Советской власти в Туркестане. -Т.: Узбекистан, 1967. -250 с; Зима Б.М., Забиров К.Г., Ибрагимов И. И др. Очерки истории коммунистичесой партии Киргизии. –Фрунзе. «Кыргызстан», 1966. -502 с.; Зима А.Г. Великий Октябрь в Киргизии. - Фрунзе: Илим, 1978. -248 с; Аминов М.У. Борьба за установление Советской власти в Коканде. /Труды Самаркандского университета. Вып. 1940, 1967. -С.79 -127. и т. д. 82 Зевелев А.И. Историография Советского Туркестана. (Историография и источники по истории граждан. войны в Туркестане). -Ташкент: Узбекистан, 1968.-276 с. 83 Хасанов К.Х. Ленин и Туркбюро РКП(б). -Ташкент: Узбекистан, 1969. –153 с.

жіті назар аударған тақырыбы болды. Мəселенің шындығы – бұл ұлт-азаттық қозғалысын Ресей империясы құрамында отарлық езгіге түскен Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тəуелсіздік жолындағы қарулы күресінің ең биік шыңы екендігі. Осы мəселеге қатысты мойындалар екінші бір ақиқат, бұл ұлт-азаттық қозғалыстың аймақтық сипатпен шектелмей, ХХ ғ. басында отарлық езгіге, империялық өктемдікке қарсы көтерілген əлемдік қозғалыспен үндескен идеялас құбылысқа айналғандығы. Кеңестік тарихнамада осы екі ақиқат бұрмаланып келді. Олай болатыны, таптық қағиданы басшылыққа алған əдіснамалық негіз ұлт-азаттық қозғалыстың тəуелсіздік идеясына қосалқы деңгейде мəн беріп, оның əлеуметтік, таптық сипатын əсіре дəріптеді. Осы себептен туындаған салдарлар екінші ақиқатты көлегейледі. Яғни ұлт-азаттық қозғалыстағы, əсіресе Түркістан қоғамындағы жастүріктер, жаспарсылар, жасбұхарлықтар, жəдитшілер сияқты ұлттық мазмұндағы идеялық ағымдар мен қозғалыстардың ықпал-əсері ресейлік демократиялық күштердің тасасында қалды, тіпті олар бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Осы ұлт-азаттық көтеріліске қатысты Алаш қозғалысының өкілдері «буржуазиялық ұлтшылдар», «қазақ халқының жауы жəне сатқындары», «шектен шыққан контрреволюционерлер», «патша малайлары» деген сияқты тұрпайы саяси айдарлармен ғайбатталды. Осы тақырыптың түрлі желілерін қамтыған зерттеулерде ұлттық элитаның революцияшыл-демократияшыл бөлігі деп аталған, кейіннен большевиктік партияның мүшелері болған өкілдері көтерілісшілерді қолдады жəне олармен бірге патша өкіметіне қарсы (тек отарлық билікке емес) күреске шықты деген тезис орнықты84. Отандық тарихшылар 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты Түркістан тарихының мəселелеріне де ғылыми талдау жасады. Айталық. М.Қозыбаев ұлт-азаттық қозғалысқа деген интеллигенцияның көзқарасы қайшылықты болғаны рас. Интеллигенцияның бір бөлігі, негізінен төменгі əлеуметтік топтан шыққандар (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ə.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Б.Алманов жəне басқа да көптеген адамдар) көтерілісшілерге қосылды85 деген тұжырым ұсынды. Олар тіп91 Турсунов Х.Т. О характере восстание 1916 года в Средней Азий и Казахстане. - Ташкент: Тип. «Тревога», 1954. -36 с.; Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 г. в Казахстане (причны, характер, движущие силы). Алма-Ата: Наука, 1977. -166 с. и другие. 85 Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев І.М. Қазақстан тарихы. Оқулық. –Алматы: Атамұра, 1993. -224 б. ті көтерілістің басшысына, идеологына айналды. Бірақ қазақ қоғамындағы дəстүрлі элита немесе осы ортаның өнегесімен тəрбиеленген интеллигенция өкілдері бұл мəселеде басқаша көзқараста болды. Семейде Тұрағұл Құнанбаев, Жетісуда М.Тынышпаевтар жарлыққа қарсы болған халықты босқа қырылмау үшін сабыр сақтауға шақырды. Осы мəселеге қатысты ұлттың ұстазына айналып үлгерген Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов «Алаш азаматына» деп үндеу тастады. Онда «Отан қорғау ісіне көмегі тиер деп бізді жұмысқа шақырған жарлық шықты. Көнгенде - шаруаға кемшілік те болар, барған жігіт қазаға да ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Көнбегенде көретін ауырлық – бағынып тұрған хүкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп қамшымыздың ұшын бермесек, хүкімет бізге құр өкпелеп қоймас күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер»86 деп айтылды. Бұл сөздер Шəкəрім қажының элитаға қарата айтылған «ғайыптан хабар беретін əулие дегені сол болса керек» дегенін еске салады. Демек, ұлттық элитаның барынша парасатты тобы толқыған халықты асығыс шешім қабылдап, арандап қалмауға үндеуі арқылы əсіреқызыл, ұраншыл көшбасшылардан əлдеқайда жоғары тұрғандығын алғаш рет танытты. Əрине, қалыптасқан жағдайда қарулы күрестің салдары апатты сипат алатындығын тану үшін болыстық, уездік аумақпен шектелмей, рулық, ұлыстық мүддені көздемей ұлттық сана биігінен табылу қажет еді. Міне, осы биіктен көрінген «қазақтың буржуазиялық ұлтшылдарының лидерлері» – мүмкін болғанша қазақ жігіттерін майдан жұмыстарына жіберуді кешеуілдетудің жолдарын іздестіруге, ал майдан жұмысына оқығандар мен олардың отбастарына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыру сияқты саяси күрес тəсілдерімен əрекет жасады87 деген тұжырым барынша əділ деп айта аламыз. Түркістандағы этносаяси үдерістер мəселесі С.Зимановтың88 зерттеуінде кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында орын алған Бұхара жəне Хиуа Халық республикаларындағы тарихи оқиғалардың байланысында біршама қарастырылды. Бұл зерттеуде ұлттық мемлекеттілікке қатысты жасалған тұжырымдарын ғалым тəуелсіздік жылдары жаңа теориялық-əдіснамалық ұстанымдарға сай одан əрі 86 «Қазақ». 1916 ж. 11 тамыз. 87 Нұрпейісов К. Он алтыншы жыл жəне «Алаш қозғалысы» //Ақиқат. 1996. -№6.- 42-50 б. 88 Зиманов С.З. От освободительных идеи к Советской государственности в Бухаре и Хиве. – Алма-Ата, «Наука». Каз ССР. 1976. -220 с.

өрбітті89. Ғылыми зерттеуінде ұлттық-мемлекттік құрылымдағы кадр саясатына қатысты жасалған теориялық тұжрымдар элиталық таным тəсілдерін тарих мазмұнында қодануға үлгі болады. Жариялылық пен демократия кезінде мəселеге қатысты тың концептуалды тұжырымдар жасаған ортаазиялық тарихшылар В.А.Германов, Ф.Х.Касымов, Б.Э.Эргешев, Х.Исмаилов, Ф.Б.Исхаков, Е.А.Прилуцкий, М.К.Хасановтардың зерттеулерінде90 большевиктердің Түркістанда жүргізген ұлт саясатын жаңа қырынан қарастыруға алғашқы талпыныстар жасады. Жаңа теориялық-əдіснамалық негізде өзбекстандық ғалымдар тарапынан Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тақырыбында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізді91. Əрине, бұл еңбектерде ұлттық элитаның атқарған қызметіне объективті баға берудің сəтті қадамдары жасалғандығын бөліп айтуымыз керек. Осылайша əр кезеңнің тарихшылары саяси жағдайларға жəне өзінің кəсіптік дайындығының деңгейіне қарай өткен күндердің шынайы тарихын қалпына келтіруге əрекет жасады. 89 Зиманов С.З. Теория и практика автономизации в СССР. –Алматы: Жеті жарғы, 1998. -144 с. 90 Германов В.А. Новый документ по истории советского Туркестана начала 20х годов. //Общественные науки в Узбекистане. 1991. -№4. -С. 41-47; Его же. Меморандум для В.И. Ленина //Диалог (Ташкент) 1991. -№4. -С. 43-45; Касымов Ф.Х., Эргашев Б.Э. Дорогу выбрал Курултай //Родина. 1989. -№ 12 –С. 15-20; Исмаилов Х. Туркестан в эпоху двух революции //История СССР, 1990. -№5. -С. 211219; Исхаков Ф.Б. Прошлое глазами историка. Научно-популярный очерк. -Ташкент: Узбекистон, 1990.-175 с.; Прилуцкий Е.А. Некоторые вопросы формирования советской национальной государственности в Туркестане //Общественные науки в Узбекстане. 1990. -№ 6. -С. 23-29; Хасанов М.К. «Кокандская автономия» и некоторые ее уроки //Там же: -№2. -С. 41-52; Его же: Смертельный гамбит. Из истории Осиповского мятежа //Звезда Востока. 1991. -№10. -С. 122-142; и др. 91 Прилуцкий С.А. Национально-государственное строительство в Советском Туркестане. 1918-1920 г.г.: Автореф. канд. ист. наук. –Ташкент, 1991. -24 с; Садыков Х.Д. Колониальная политика царизма в Туркестане и борьба за национальную независимость в начале ХХ века: автореф. дис. док. ист. наук. – Ташкент, 1994, -25 с; Кощанов С.А. Большевики в Туркестане: (1918-1922). Доктрина и реальность: Автореф. докт. ист. наук. – Москва, 1994. -39 c; Худайкулов А.М. Просветительское деятельность джадидов Туркестана (конец ХІХначало ХХ вв.): Автореф. канд. ист. наук. – Ташкент, 1995 -24 с; Курбанов Д.Ф. Политическая борьба за независимость в Туркестане (1917-1924): Автореф. кан. ист. наук. -Ташкент, 1996. –26 с.; Агзамходжаев С.С. Туркистон Мухторияти: борьба за свободу и независимость (1917-1918 гг.): Автореф. док. ист. наук. -Ташкент, 1996. –60 с.; Камилов А.А. Деятельность народного комиссариата по национальным делам Туркестанской АССР по решению национальных проблем в Туркестане: Автореф. док. ист. наук. -Ташкент, 1997. –26 с.; Раджапов К.К. Туркистон минтақасида совет режимига қарши куролли харакат (1918-1924 йиллар): Автореф... тарих фан д-ри: 07.00.02. -Т.: 2005. -40 с. и другие. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жəне ондағы ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты зерттеулерге əдіснамалық негіз қалаған К.Нұрпейістің92, М.Қойгелдиев93 пен Д.Аманжолованың94 жəне Ө.Озғанбайдың95 іргелі зерттеу еңбектерінің маңызын атап көрсетуіміз керек. К.Нұрпейіс зерттеу еңбегінде алғашқы болып Түркістанда қызмет жасаған Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы идеяны тұжырымдады. Бұл тұжырым зерттеу жұмысымызда Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлттық элита өкілдерінің алаштық идеядан бас тартпай жартылай жасырын, жартылай жария жағдайда 1924 ж. дейін қызмет жасағандығы туралы концепцияны негіздеуімізге жол сілтеді. М.Қойгелдиевтің Түркістан Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас ұлттық мемлекеттік құрылымдар ретінде қарастыруы96 Түркістан тарихына отан тарихының құрамды бөлігі ретінде маңыз беруге негіз қалады. Оның Түркістан қозғалысының көсемі М.Шоқайға қатысты зерттеулері тақырып бойынша таным аясын кеңітті. Сол сияқты партиялық-мемлекеттік номенклатураның жоғарғы эшелонына көтерілген Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Сəдуақасовтардың элиталық қызметіне ұлттық мүдде тұрғысында барынша əділ баға берілді97. Д.Аманжолованың еңбегі мəселеге қатысты құжаттық деректерге талдау жасай отырып, ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, сипатын айқындау жəне ұлттық элитаның жеке құрамының қызметіне баға берудегі объективтілігімен ерекшеленеді. Ғалымның «... в отличие ряда других мусульманских этносов России, особенно Центрально-Азиатского региона, в кочевых и полукочевых аулах Казахстана вляние ислама сказывалось главным образом в быту, обычаях и традициях и значительно менее - в сфере идеологии и политики. Особенно отчетливо это проявилось в 92 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995.-256 б. 93 Бөкейханов Ə. Шығармалар. (Құрастырған, кіріспесін жəне өмірбаяндық ғылыми мақаласын жазған Қойгелдиев М.). -Алматы: Қазақстан, 1994. -384 б.; Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы: Санат, 1995. –368 б. 94 Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движение Алаш. –М.: Россия молодая, 1994. -216 с. Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана.-Алматы: Издательский дом «Таймс», 2009. -412 с. 95 Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы жəне Қазақстан (1905-1917 жж.) – Алматы: Арыс, 1994. – 461-б. 96 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. -Алматы: Санат, 1995. –368 б. 97 Қойгелдиев М. Саяси элита жəне ұлт мүддесі (Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылының қорытындысына орай) ҚазМҰУ хабаршысы. –Тарих сериясы. –1998. - №10. 3-9 б; Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. –Алматы: Жалын, 2004. - 400 б.

1905-1920 г.г.» деген тұжырымдары Түркістандағы этносаяси жəне конфессиялық ахуалға айқындық береді. Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ элитасының кейбір өкілдері ғана белсене қатысты. Атап айтқанда Ж.Досмұхамедов пен У.Танашев Бүкілресейлік мұсылмандар съездеріне қатысса, М.Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясы бюросының хатшысы болып қызметке араласты. Бірақ, бұл жердегі мұсылмандық атауы ислам дінін ұстанатын халықтардың жиынтық атауы ғана екендігі есте болуы керек. Ал, Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған «Шурои-Улема» қоғамдық-саяси қозғалысының саяси серкесі болуы да қазақ этноэлитасының арасында діни ағымның басымдығын танытпайын еді. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен саяси бірлікте қарастырған Д.Аманжолова былай дейді: «Слабость позиции ислама, очевидно, предопределила выдвижение именно казахской интеллигенции на авансцену политической арены всего Центрально-Азиатского региона в период революции и гражданской войны и сохранение ее вляния в советском руководстве Туркестана в начале 1920 –х годов. Вплоть до 1924 г. большевики-казахи возглавляли ЦИК, ЦК Компартии и правительство Туркестанской АССР»98. Ал Ө.Озғанбайдың еңбегінде Ресей Мемлекеттік Думасына Дала облыстары жəне Түркістан өлкесінен депутаттыққа сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас тұрғысында алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Түркістандағы этносаяси үдерістерде соңғы жылдары отандық зерттеушілер түрлі аспектілерде қарастыруда. Тақырыпқа қатысты да бірқатар диссертациялық зерттеулер жүргізіліп, монографиялық еңбектер жарық көрді99. Тақырып тарихнамасының едəуір бөлігін мұғажырлық (эмиграциялық) əдебиеттер құрайды. Мұғажырлық жағдайдағы ұлттық элита өкілдерінің саяси, тарихи көзқарасы таптық идеологияның қасаң қағидаларына балама өршіл ұлттық рухымен ерек98 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана.С.74 99 Мекебаев Т.К. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы билік органдарының қызметі. (1917 жылдың ақпаны-1918 жылдың басы): т.ғ.к. авторефераты: -Алматы, 1997.-26 б; Рүстемов С.К. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өміріндегі мұсылмандық қозғалыс: т.ғ.к. авторефераты. -Алматы, 1997.-26 б; Раджапов А.Ө. Оңтүстік Қазақстан 1917 жылғы қос революция тұсында: т.ғ.к. авторефераты. - Алматы, 1997, -26 б; Шілдебай С.Қ. Түрікшілдік жəне Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. -Алматы: Ғылым, 2002.-214 б.; Тұрсын Х.М. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жəне Түркістан Мұхтарияты. -Алматы: Нұрлы əлем, 2006.-128 б шеленеді. Атап айтқанда М.Шоқай100, З.В.Тоған101, Б.Хайт102, Х.Оралтай103 еңбектерінде көрініс тапқан Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметі туралы ой-тұжырымдары таным аясын кеңейте түседі. Мұғажырлық жағдайдағы ұлттық элита өкілдерінің саяси, бəріне тоқталуды мақсат етіп қоймаймыз. Жұмыстың нақтылығы үшін шолуымызды тақырыбымыздың аумақтық–хронологиялық ауқымымен шектейміз. Еліміздің қоғамдық ғылымында элиталық концепция соңғы жылдары ғана қалыптасқандықтан кеңестік тарихнамада осы саладағы арнайы зертеулер кездеспейді. Тақырыпқа қатысты əрі оның мақсаты мен міндеттеріне барынша жақын келетін ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметі туралы зерттеулер ХХ ғ. 60-70 жылдары жүргізіле бастады. Ой еңбегімен кəсіби тұрғыда шұғылданатын, шығармашылық қызметінің нəтижесінде материалдық жəне рухани игіліктер жасайтын адамдардың қоғамдық құрылымы интеллигенция атауымен əлеуметтік құбылыс ретінде ХХ ғ. 60-жылдардан бастап шұғыл зерттеле бастады. Таптық қағиданы басшылыққа алған əдіснамалық негіз тақырыпта батыл игеруге тосқауыл болғанымен ХХ ғ. басындағы Ресей интеллигенциясының тарихын саяси билікке қатысына қарай зерттеу қолға алынды. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі Л.К.Ерманның104 монографиясында интеллигенцияның қалыптасуы жəне оның элитаға тəн қоғамдық-саяси қызметі алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Осы зерттеудің ізін ала 70-80 жылдары ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс интеллигенциясының тарихын əр қырынан зерттеген П.С.Гусятников, А.В.Ушаков, В.Р.ЛейкинаСвирская, С.А.Федюкин, В.Л.Соскин сияқты ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Таптық көзқараспен жүргізілген бұл зерттеу еңбектердегі интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметіне қатысты ұстанған концепциялар мен жасалған тұжырымдардың қазіргі заманғы ғылыми ой талабына сай келмейтін тұстары жоқ 100 Чокай-оглы М. Туркестан под властью Советов (К характеристике диктатуры пролетариата). –Париж: Яш Туркестан», 1935, -148 с. 101 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры. Книга І. -Уфа: Китап, 1994. –400 с. 102 Хайт Б. Түркі мемлекеттерінің ұлттық күрестерінің тарихы (түрік тілінде). -Анкара, 1995. -310 б.; Сонда. 1917-1924 жылдардағы Түркістандағы ұлттық мемлекеттер - Қоқандағы ұлттық автономия. Алашорда үкіметі.- 245-259 бб. 103 Оралтай Х. Бостандық үшін күрес жолындағы Шығыс Түркістан. Қазақ түркілері. – Ізмір: 1961, -210 б.; «Алаш»- Түркістан түркілерінің ұлттық ұраны. – Стамбул: 1973, -280 б. 104 Ерман Л.К. Интеллигенция в первой русской революции. -М.: Наука, 1966. -373с.

емес. Əйтсе де, бұл еңбектердің деректік маңызы үлкен екендігін есте ұстауымыз керек. Кеңес қоғамындағы дəстүрге сай орталықта жүргізілген бұндай зерттеулер Орта Азия мен Қазақстанда осы тақырыптағы зерттеулерге концептуалдық, мазмұндық жəне тақырыптық тұрғыда үлгіге алынды. Тақырып тарихнамасының алғашқы тобын құраған Ж.Карагусов, А.К.Валиев, Т.Дурдиев, Ш.Тастановтардың еңбектерінде105 ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің жетістіктерін бірыңғай Кеңес өкіметінің ұлт саясатымен байланыстырған жалаң идеологиялық баяндауларға негіздегендігіне қарамастан, тың деректік құжаттардың дəйектеріне сүйеніп, ұлттық интеллигенция жайлы ғылыми ой-пікірлер қалыптасты. Осы жерде атап өтерлік мəселе ұлттық интеллигенция тақырыбының тарихнамасы 20-30 жылдардан бастап қолға алына бастаған болатын. Түркістан элитасының көрнекті өкілі Т.Рысқұлов өз еңбектерінде қазақ интеллигенциясының тарихына көп көңіл бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғ. соңында басталды деп тұжырым жасайды. Ол ұлттық интеллигенцияның қызметін саяси, əлеуметтік жəне ұлттық бағдарды басшылыққа алып қарастырудың негізділігін алға тартады. Түркістандағы ұлттық элитаның келесі өкілі С.Ж.Асфендияров та ұлттық интеллигенцияның қалыптасу кезеңін ХІХ ғ. ортасынан бастауды ұсынады. Тақырыпты игеруге қызығушылықтың артуымен 70 жылдары ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметін идеоло-гиялық қондырғының қағидалары аясында барынша ауқымды талдап, мүмкіндігінше объективті бағалауға бағдар ұстаған Ə.К.Қанапин, А.Д.Яндаров, Р.Б.Сүлейменов, Х.И.Бисеновтердің еңбектері жарық көрді106. Осы кезеңдегі зерттеулердің арасы105 Карагуcов Ж. Казахская советская интеллигенция, рожденная Октябрем. -АлмаАта,: Казгосиздат,1960. -142 с.; Валиев А.К. Формирование и развитие советской национальной интеллигенции в Средней Азии. -Ташкент,: Фан, 1966. -156 с.; Его же: Советская национальная интеллигенция и ее социальная роль. –Ташкент.: Фан, 1969 -227 с.; Дурдыев Т. Великий Октябрь и первые культурные преобразования в Туркестане. (1917-1920). -Ашхабад: Ылым, 1981. -109 с.; Тастанов Ш.Ю. Советский опыт формирование и развитие интеллигенции ранее отсталых народов. -Алма-Ата: Казахстан, 1975. -200 с.; Его же: Казахская советская интеллигенция: (Проблемы становления и развития). -Алма-Ата: Наука, 1982.-256 с. 106 Канапин А.К. Культурное строительство в Казахстане. -Алма-Ата, 1964. -367 с.; Канапин А.К., Яндаров А.Д. Расцвет культуры казахского народа. -Алма-Ата: 1977. -254 с.; Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов. (История строительства советской культуры Казахстана: 1917-1965 гг.). -Алма-Ата: Наука, 1967. -424 с. нан Р.Б.Сүлейменовтың Қазақстанның қазан төңкерісіне дейінгі мəдени мұраларына баса мəн беріп, Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық интеллигенцияның тағдырына талдау жасаған еңбектерінің маңызын атап өтуге болады107. Р.Б.Сүлейменов қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 22 ғана қазақ жоғары білімді болса, ал Орта Азияда бірде-бір жоғары білімді жергілікті ұлт өкілі болмаған деген кеңестік тарихнамадағы таптаурын тұжырымға күмəн келтіреді. Ал В.М.Устиновтың еңбегі108 Түркістан интеллигенциясын арнайы тақырып етіп алғаш рет кешенді түрде қарастыруымен ерекшеленеді. Отандық тарих ғылымының коммунистік идеологияның ықпалынан арылуы жəне гуманитарлық, демократиялық қағидалар мен жалпыазаматтық құндылықтар бағытында дамуы мəселені жаңа көзқараспен бағалауда кең мүмкіндіктерге жол ашты. Тəуелсіздік жылдары Х.Əбжанов пен А.Гурьевич, А.Амрекулов пен Н.Э.Масановтардың еңбектері109 жарық көріп, ұлттық интеллигенция тақырыбын жаңа мазмұнда игеруге кең мүмкіндік ашты. «Қазақ интеллигенциясы қашан қалыптасты?» деген сауалға Х.Əбжанов мынадай жауап қайтарады: «Россияның қол астына енгенге дейін ХІV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы ой еңбегі адамдарына кенде емес болатын. Олардың арасында сəулетшілер да, басқарушылар да, композиторлар да, əскер басылары да, ақындар, сал, серілер, жыраулар да, дипломаттар да бар еді. Ұшы-қиыры жоқ кең даладағы цивилизация талабына творчестволық қызметі толық жауап берген интеллигенцияның əлеуметтік тобы тап осы тұста құрылды». Ғалым зиялылардың ел алдындағы қызметінің сырын ашу үшін Ш.Құдайбердіұлының «Терең ой, түзу тəжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Əулие деген сол болса керек» деген сөзін алға тартады. Осы тұжырымнан элиталық тұлғаға деген дəстүрлі қоғамдағы өлшем-бағаны танимыз. Х.Əбжанов қоғам алмасқанда ұлттық интеллигенцияның саны өскенімен оған деген қажеттілік бəрібір өтелмейтіндігін айтады. «Мұның сыртында ат төбеліндей аз осынау интелли107 Сулейменов Р.Б. Великий Октябрь и судьба национальной интеллигенции России. // Интеллигенция и революция. ХХ век. -М.: Наука, 1985. -С.172-182. 108 Устинов В.М. Великий Октябрь и интеллигенция Туркестана. //Интеллигенция и революция. ХХ век. -М.: Наука, 1985. –С. 199-206 109 Гурьевич А., Абжанов Х. Интеллигенция Казахстана. История, теория, современность. Научно-аналитический обзор. -Алма-Ата: Ғылым, 1991. -48 с.; Гурьевич Л. Я. Тоталитаризм против интеллигенции. -Алматы: 1992; Амрекулов Н.А., Масанов Н.Э. Казахстан между прошлым и будущим. -Алматы: Берен, 1994. -205с.

генция тобы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей» туған халқының жоғын жоқтап, жыртысын жырта бермеді. А.Байтұрсынов 1911 жылы айтқандай, олардың бірі: «мал табуға салынды, білді жалғыз алымды», екіншісіне шен мақсұт болды. Осының өзі халық пен оның зиялыларының арасына алшақтатпаса жақындатпады» деп интеллигенция қатарындағы саяси жəне əлеуметтік жіктелудің сырын ашады. Ғалымның ұлттық интеллигенция қалыптасуының кезеңін айқындауының да əдіснамалық тұрғыда маңызы зор. Қоғамдағы элитақалыптастырушы əлеуметтік орта ретінде кеңестік дəуірдегі интеллигенцияны Х.Əбжанов негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады. Бірінші кезең 1917 ж. қазанынан Голощекиннің үстемдігі орныққан 20-жылдардың екінші жартысы аралығы; үшінші кезең - 1991 жылға дейін; төртінші кезеңтəуелсіздік жылдары110. Əрине, үлкен құбылысты бұлай кезеңдеудің өз шарттылықтары болады. Дегенмен ғалымның бірінші кезеңге тəн ерекшеліктерді айқындаудағы обьективтілігі көңіл аударуды қажет етеді. Оның «халықтың нағыз ортасынан шыққан жəне халқына қалтқысыз қызмет етуге əзір жаңа үлгідегі интеллигенция күштерінің қалыптасуымен» қатар «байырғы интеллигенция өкілдерінің жасампаздық потенциялының жаңа қырының ашылуы» деп айқындаған тұжырымы кеңестік идеология күстаналап келген алаштық үлгідегі ұлттық элита қызметін əділ бағалауымен маңызды деп білеміз. Түркістанда өнеркəсіптің қалыптасуы барысында өндіргіш күштердің қарыштап дамуы өлкедегі саяси-əлеуметтік үдерістерді жаңартушы рөл атқарды. Осы экономикалық тетіктің саясиəлеуметтік сипатын айқындауға баса мəн берген М.Х.Асылбеков зерттеулерінде теміржол саласында ұлттық кадрлардың пайда болуы мен қалыптасуы жан-жақты зерттелді111. Əсіресе ғалымның еңбектерінде Түркістандағы ұлттық элита өкілдері М.Тынышпаев пен Т.Рысқұловтың Қазақстанның экономикасын 110 Əбжанов Х., Əлпейісов Ə. Қазақстан интеллигенциясы мен мəдениеті туралы. -Алматы: 1992. –127 б. (С.26-27; 34-36) 111 Асылбеков М. Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.) –Алма-Ата: 1973. –327 с.; Қазақстандағы ақпан революциясы. //Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 3 т. -Алматы: «Атамұра», 2002. -768 б. (656-67); Түрксібте тағдыры түйіскен арыстар. //Қазақ тарихы. –2001. -№2. -44-49 бб.).; Турар Рыскулов и индустриализация Казахстана. //Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарламалар. Халықаралық ғылымитəжірибелік конференция материалдары (Алматы, 18-20 мамыр 2005 ж.) –Алматы: Экономика, 2005. –Ч. 1. С.11-12. т.б индустрияландырудағы қызметі жаңа қырынан танылады112. Соңғы жылдары академик М.Х.Асылбеков отандық тарих ғылымының тұлғатану саласында өнімді еңбек етіп, тың тұжырымдарымен көш бастап жүргендігін атап өтуіміз керек. Ұлттық саяси элитаның алғашқы буынының көсемі болған Əлихан Бөкейхановтан бастап кеңестік тоталитарлық жүйенің тезінен өткен Төлеген Тəжібаевтарға дейінгі бірқатар қайраткерлер туралы ғалымның тұжырымдары мəселені ұлттық мүдде тұрғысында бағалауымен ерекшеленеді. Тəуелсіздік жағдайында тақырыпты жаңа əдіснамалық негізде қарастыру бағытында М.Қозыбаевтың113 еңбектерінде интеллигенция тарихының «ақтаңдақтары» жаңа мазмұнмен толықты. Осындай жаңа концептуалдық бағыт пен əдіснамалық негіз Ж.Абылхожиннің114, Т.Омарбековтың115 іргелі зерттеулерінде одан əрі өріс алды. Е.Сыдықовтың зерттеулерінде116. «Алашорданың ақсақалы» Шəкəрім Құдайбердіұлы бастаған бірқатар алаштық үлгідегі элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас тұрғысында қарастырылды. Ал мəселені жаңа қырынан қарастырған Д.Махаттың саяси қуғын-сүргінге түскен ұлт зиялыларының қатал тағдыры туралы зерттеу еңбегі 20-30 жылдардағы күрделі қоғамдық-саяси ахуалдың себептерін ашып, оған объективті баға беруге арналды. Ол əсіресе ресми биліктің ұлттық элитаны жікке бөліп, олардың ұлттық мүдде жолындағы бірлігін əлсіреткен саяси күрес шараларының идеялық негізін айқындауға күш салған. Соған сай «рысқұловшылдық», «қожановшылдық», «мендешовшілдік», «сейфуллиншілдік» сияқты саяси айдарларға партиялық билік ойдан шығарған жікшілдік деп баға беріп, элита арасында ұлттық негіздегі терең алауыздықтың болмағандығын дəлелдейді117. 112 Асылбеков М.К. Түріксіб магистралының бастауында: (Қоғам қараткері Т. Рысқұловтың Түріксіб малистраліне сіңірген еңбегі туралы) //Қазақ батырлары. -2000. –мамыр №5; Турар Рыскулов и Мухамеджан Тынышбаев на Турксибе // Мысль. -2000 -№7 -С.70. 113 Қозыбаев М.К. История и современность. Алматы: 1991; Соныкі. Ақтаңдақтар ақиқаты. -Алматы: Қазақ университеті, 1992. -272 б. 114 Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана: Социально экономические аспекты функционирования и трансформации (1920-1930 гг.) – Алма-Ата: Ғылым, 1991. – 238 с. 115 Омарбеков Т. 20-30-шы жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 230 б. 116 Сыдықов Е. Шəкəрім жəне Алашорда. Ғылыми жинақ.-Новосибирск: «Талерпресс», - 2008, - 192 б. 117 Махат Д. Қазақ зиялыларының қасіреті. – Алматы: «Сөздік-Словарь», -2001. –304 б.

Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның өсу жолдары мен кəсіби қызметін кешенді тұрғыда қарастырған З.Дүкенбаева зиялы ұғымына біршама кең мағына беруге ұмтылады. Ол зиялыны өз тағдырының халық тағдырымен тығыз байланыстылығын жақсы ұғынған, халық мүддесін бəрінен жоғары қойып, халықтың жоғын жоқтаушы, ұлттық мұраттар жолындағы күрескерге теңейді. Ол «Саяси жағынан зиялы бостандықтың, демократияның, ұлттық жəне мемлекеттік тəуелсіздіктің жаршысы. Зиялылардың шығармашылық мұрасы олардың ұлт тəрбиешісі болғандығын көрсетеді» деп элитаға тəн сапалық белгілерді санамалай келіп, «өзге елдерде интеллигенцияны «халықтың ары» деп атайтын болса, қазақта халықтың ары болған түгел интеллигенция емес – зиялы перзенттер»118 деген тұжырым жасайды. Осы тұжырым арқылы зерттеуші қазіргі заманғы элита категориясына біршама жақындағанымен зерттеу тақырыбына сай зиялыларға ешкімге ұқсамайтын, «сыңары жоқ» (Шəкəрім), қайталанбас бейне, замандастарының алды, теңдесі жоқ шығармашыл тұлға деп анықтама береді. Демек, бұл анықтама бойынша дəстүрлі қазақ қоғамының осы категориясындағы зиялыларды қызметтік сипатына, тұлғалық өлшемдеріне сай шығармашылық элита қатарына қосамыз. Тақырыпқа тікелей қатысты Ə.М.Ауанасованың119 зерттеу еңбегі отандық тарихта Түркістан интеллигенциясын алғашқы болып дербес зерттеуімен ерекшеленеді. Бұл еңбектің маңыздылығы, онда Түркістан тарихы отан тарихының құрамды бөлігі ретінде жан-жақты қарастырылуы деп білеміз. Ə.М.Ауанасова Түркістан ұлттық интеллигенциясы басшыларының кеңестік тəртіптің қуғын-сүргінінен бой тасалап, мұғажырлықлық жағдайдағы ұлт-азаттық күресті одан əрі жалғастырған қызметіне біршама жан-жақты тоқталған. Ол мұғажырлық жағдайдағы Түркістан ұлттық интеллигенциясын ұлттық белгісінен бұрын олардың саяси көзқарастарына қарай жіктейді. Еңбекте өлкедегі интеллигенция тұтас бірлікте қарастырылғандығына қарамастан тақырыптың өзекті желісі ретінде қазақ интеллигенциясының қалыптасуы мен қызметі басты назарға алынғандығын ескеруіміз қажет. Интеллигенция тақырыбында осы аталған жəне басқа ғалымдардың еңбектерінде ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметі ішінара қарастырылғанымен оған барынша объективті баға беріледі. Бұл еңбектерде қазіргі заманғы зерттеудің ғылыми118 Дүкенбаева З. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (19171941). -Алматы: Ғылым, 2003. –330 б. 119 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 260 с. теориялық жəне əдіснамалық негіздері кеңестік тарихнаманың тұжырымдарын қайта қарау арқылы тың деректік материалдар негізінде ХХ ғ. бас кездегі ұлт-азаттық қозғалыстың отандық тарихнамада тəуелсіз концепциясы қалыптасты. Тақырып тарихнамасының қомақты бөлігін тұлғатануға қатысты еңбектер құрайды. Соған сəйкес элиталық теория негізінде зерттеу жүргізудің бір тəсілі ретінде тарихи танымды элитаның жеке құрамының саяси өмірбаяны арқылы қарастырудан бас тарта алмаймыз. Бұл тəсілдің көп қатпарлы тарихи оқиғалар тізбегінде эпизодтық сипаты басым болғанымен де жекелеген желілерді терең де байыпты қарастыруға мүмкіндік береді. Академик М.Қозыбаев отандық тарих ғылымын тарихи қайраткерлермен тұлғалау зəру мəселелердің бірі екендігін айта келіп: «Күні кешеге дейін жеке адам мен халықтың қатынасы толық ашылмай келді. «Қайраткерлер» ұғымы қызметкерлер, мансап иесі дəрежесіне төмендетілді. Қайраткер-жасампаз адам, жоқтан бар жасаушы, өз мүддесін халық мүддесімен қабыстырып, өз халқын өркениет көгінде жарастырушы болса керек» деген тұжырым жасайды. Əрине, бұл сапалардың элита қызметіне тəн екендігіне талас жоқ болғандықтан да ғалымның тұжырымын элитатануға қатысты деп айта аламыз. Жоғарыдағы ойды одан əрі өрбіткен ғалым «Отан тарихынан кей бір кездейсоқ адамдарды аластап, тарихи тұлғаларды өз тұғырына қондыру керек»120 деген пікір айтады. Тарих мазмұнын қайта бағалау тұрғысында айтылған бұл пікір тұлғатану тақырыбын зерттеулерді элиталық əдістемемен жүргізудің негізділігін алға тартады. Отандық тарихнамадағы тұлғатану бағыты ХХ ғ. басындағы ұлттық элита өкілдерінің шығармашылық қызметінен бастау алды. Ə.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Дулатовтардың «Қазақ» газетінде ұлттық элитаның жеке тұлғалары туралы жарияланған мақалалары121 тұлғатануға қатысты алғашқы үлгілер болды. Бұл еңбектер билік жүйесінің қыспағына түспеген, демократиялық қағидалар мен еркін ойға негізделгендіктен онда ұлттық мүдде ашық та батыл айтылуымен ерекшеленеді. Өкінішке орай отандық тұлғатанудағы бұл бағыт белгілі себептермен кең өріс ала алмады. Ал тоталитарлық жүйе нығайған кезде жарық көрген тұлғатану тақырыбындағы зерттеудің үлгісін кеңестік тарихшы Ғ.Тоғжановтың еңбегінен көреміз122. Ресми биліктің ыңғайымен 120 Қозыбаев М. Өркениет жəне ұлт... 366 б. 121 Бөкейханов Ə. Барлыбекті ұмытпасқа. //Қазақ. – 1915. -№90; Кəкітай. //Қазақ. – 1915.- №15; Тынышбаев М. Барлыбек Сыртанов //Қазақ. -1915. -11 январь. (№96); Дулатов М. Тағы да құрбан. //Қазақ. –1918.- №263. 122 Тогжанов Г. О Байтурсунове и байтурсуновщине. -Алма-Ата-Москва: 1932.

тарихшы бұл еңбегінде А.Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында ұлтшылдық бағытта контрреволюциялық рөл атқарды деп биліктің ұстанымын алға тартады. Осы мазмұндағы еңбектердің қатары едəуір, бірақ олардың мəселені қарастыруы бір сарында болғандықтан оларға тоқталудың қажеттілігі аз. Оның үстіне 30-жылдары Алаш пен Алашорда тақырыбына қалам тарту іс жүзінде тоқтатылып, Алаш қозғалысын жан-жақты зерттеуге тиым салынуына байланысты бұл бағыттағы зерттеулер мүлдем тоқырап қалды. Ал осы кезеңде Түркістан тарихына қатысты зерттеулер мүлдем жүргізілмеді. ХХ съезден кейінгі кезеңде құжаттық негізде ұлттық элитаның көптеген өкілдерінің өмірбаянын қамтыған еңбектер жарық көре бастады. Көптеген тың құжаттық деректерді айналымға ұсынып, тарих мазмұнын толықтыру бағытында жаңашыл тұжырымдар жасалғанымен оларға тəн ортақ кемшілік – ол еңбектерде большевик қайраткерлердің қызметі дəріптелгенімен, ол тұлғалардың көпшілігінің 1937 ж. қуғын-сүргіннің құрбаны болғандығының себебі айтылмауы еді123. 80-жылдардың ортасынан жандана бастаған тұлғатану бағытындағының зерттеулердің арасында Түркістандағы ұлт қайраткерлерінен алғашқы болып Т.Рысқұловқа қатысты зерттеулер қолға алынды. Т.Рысқұловтың қайраткерлік тұлғасын ғылыми негізде ашудағы бірқатар таптық-партиялық көзқарастарына қарамастан мəскеулік тарихшы В.М.Устинов еңбектерінің124 тоталитарлық қоғамда қалыптасқан қайраткер тұлғасына деген саяси тұжырымдарды бұзудағы маңызын атап көрсетуіміз қажет. Осы еңбектерінде ұлтшыл Рысқұлов пен ауытқушыл Рысқұловтың қасаң бейнесінің орнына өрлеу мен құлдыраудан, жеңіс пен жеңілістен тұратын, өзінің революциялық дəуірімен біте қайнасқан тұтас та күрделі бейнесі орнықты. Отандық тұрартануда О.Қоңыратбаев125 бай құжаттық де123 Мужественные борцы за дело коммунизма (в Туркестане): Сб. статьей. (Под ред. Акад. И.К. Додонова и чл.-кор. АН УзССР М.Ю. Юлдашева. Введ. Э. Воскобойникова, А. Зевелева, с. 3-66). –Ташкент,: Госиздат УзССР, 1957. -276 с; Революционеры – вожаки масс (Славная плеяда коммунистов Узбекистана). [Сборн. статей. под ред. М.Г. Вахабова и А.Н. Зевелева] –Ташкент: Узбекистан, 1967. -438 с.; Революцией призванные: биографические очерки. [В.Г. Чеботарева, Х.Т. Турсунова, П.Г. Ким и др.; Редкол.: Х.Т. Турсунов (отв. ред.) и др.: Предисл. Р.Я. Раджаповой]: Ин-т истории партии при ЦК Компартии Узбекистана – фил. Ин-та марксизма-ленинизма при ЦК КПСС.–Ташкент: Узбекистан, 1987. -335 с. и др. 124 Устинов В.М. Служение народу (Партийная и государственная деятельность Т. Рыскулова). -Алма-Ата: Казахстан, 1984. –231 с.; Соныкі. Зампред Совнаркома Российской Федерации. -Алма-Ата: Казахстан, 1988. -152 с.; Соныкі. Турар Рыскулов (Очерки политической биографии). -Алма-Ата: Казахстан, 1996. -464 с. 125 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі). -Алматы: Қазақстан, 1994. -447 б. ректерге сүйеніп, қайраткердің жаңа үлгідегі тарихи бейнесін қалыптастыруда батыл қадам жасағанымен, оған қайта құру кезеңі тарихнамасына тəн дəстүршілдік тəн екендігін атап көрсетуіміз қажет. Оның мəнісі – тұлғаны тек жақсы қырынан тануға деген құштарлық. Ал Тұрар Рысқұловтың Түркістандағы қайраткерлік қызметінің баға беруде концептуалды тұжырымдар жасаған К.Нұрпейісов пен В.Х.Григорьев еңбегінің126 маңызы үлкен болды. Сол сияқты Т.Рысқұлов тұлғасын диссертациялық тұрғыда қарастырған еңбектер127 де бірқатар құнды деректерді айналымға ұсынады. Түркістан ұлттық элитасының отандық тарихнамада біршама кең танылған тұлғасынан бірі С.Қожанов туралы бірқатар зерттеу еңбектер жарыққа шықты128. Қайраткердің өмірі мен қызметі диссертациялық тұрғыда да бірқатар зерттеулерге арқау болды129. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілдері М.Шоқай130, М.Тынышпаев131, С.Лапин132, К.Төгісов133, Х.Досмұ126 Нұрпейісов К.Н., Григорьев В.К. Турар Рыскулов и его время. (9-48 с.) //Рыскулов Т. Собр. соч. в 3-х т. Том 1. – Алматы: Казахстан, 1997. –336 с. 127 Аширбекова Ж.Б. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне тарихи зерттеу еңбектері: тарих ғыл. канд… автореф.-07.00.02. -Алматы. 2004.-28 б.; 128 Раджапова Р.Я. Имя, возвращенное истории и народу (Султанбек Ходжанов) //Общественные науки в Узбекистане. – 1988.-№12. С. 17-30; Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. -Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 269 б.; Қойшыбаев Б. Жазықсыз жапа шеккендер. -Алматы: Қазақстан, 1990. –168 б.; Əлмашұлы Ж. Сұлтанбек Қожанұлы (Түрмеде сөнген шырақ). -Алматы: -Қазақстан, 1994.-128 б; Соныкі. Сұлтанбек Қожанов.Тарихи-ғұмырнамалық толғам. - Астана: 2006.-276 б. 129 Симтиков Ж.Қ. Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси жəне мемлекеттік қызметі (Түркістан кезеңі 1916-1924 жж): тарих ғыл. канд… автореф. –07.00.02. -Алматы. 1997. -24 б.; Уалиханова Ж.М. Сұлтанбек Қожановтың мəдени-ағартушылық жəне мемлекеттік-саяси қызметі: тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02. -Алматы: 2002. -30б. 130 Нұрпейісов К. Мұстафа Шоқай Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі туралы //Қазақ тарихы. -1997. -№2-23-25; Сонда: Омарбеков Т. Мұстафа Шоқайдың эмиграцияға кетуінің кейбір мəселелері. -26-28 б; Шəмшатұлы И. Отаршылдықтың озбырлығы. Мұстафа Шоқайдың саясиəлеуметтік көзқарасы. //Ақиқат. 1995. -№4-33-38; Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы жəне Мұстафа Шоқайұлы. -Алматы: Қазақ университеті; Садыкова Б. История Туркестанского легиона. -Алматы: Қайнар, 2002. -248 с.; Соныкі. Мустафа Чокай. –Алматы: Алаш, 2004. –240 с.; Қара Ə. Мұстафа Шоқай. Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. /Түрік тілінен ауд. Г. Шадиева. –Алматы: Арыс, 2004. –320 б. жəне т.б. 131 Жүгенбаева Г. Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі жəне қызметі.(1879-1939): тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02. –Алматы: 1999. – 33 б.; Тулбасиева С.Қ. Мұхамеджан Тынышбаевтың ғылымға келген жолы жəне шығармашылық мұрасы: тарих ғыл.канд. автореф. –07.00.02. –Алматы: 2004. -32 б. 132 Əзіретбергенова Э.Ж. Сералы Лапин: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы: тарих ғыл.канд. автореф. –07.00.02. -Алматы, 2004, -31 б. 133 Өтепова Г. К. Төгісовтың қоғамдық-саяси қызметі: тарих ғыл. канд… автореф. –07.00.02. –Алматы: 2003. –28 б.

хамедов134, Ж.Досмұхамедов135, М.Дулатов136, О.Жандосов137, Ж.Аймауытов138 туралы ғылыми зерттеу жұмыстары жарық көріп, диссертациялар қорғалды. Ал көрнекті көсемсөзші, ағарту ісінің майталманы Иса Тоқтыбаев жайлы журналист М.Исаевтың139, əкімшілік элитаның көрнекті өкілі Бегайдар Аралбаев туралы Ə.Маханұлының140 еңбектері жарық көрді. Өкінішке орай көптеген түркістандық элита өкілдері (С.Асфендияров, С.Өтегенов, Қ.Қожықов, С.Ақаев, А.Оразаев, Н.Рүстемов, Н.Сатығұлов, Қ.Сармолдаев, Ə.Құдабаев, М.Лаумуллин, Ə.Палмұхамедов, С.Сапарбеков жəне т.б.) туралы осы кезге дейін дербес зерттеу жұмыстары қолға алынбағандығын атап айтуымыз керек. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыста елеулі рөл атқарған Алашорданың Оңтүстік қанатының қызметі алғаш рет ғылыми тұрғыда қарастырылып отырғанымен, біртұтас құбылысты қалыптасқан тарихи жағдайларға байланысты жеке аймақтарға оқшаулап зерттеу тəжірибесі Е.Сайлаубайдың141 жəне Д.Сүлейменованың142 диссертациялық еңбектерінде көрініс тапты. Аталған зерттеулердің тəжірибесі зерттеу жұмысымызда деректік негізде одан əрі дамытылды. Қазақ жеріндегі отарлық билік құрылымдарының мəселесі де дəстүрлі қоғамдағы элиталық қатынастардың дамуы мен қалыптасуының жалпы заңдылығын айқындайтын іргелі тақырып болғандықтан отандық ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр. Осындай зерттеулердің қатарында билер институтын элиталық таным тəсілдеріне сай қарастырған А.Оразбаеваның143 зерттеу134 Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабибжанов Б., Мектепов А. Халел Досмұхамедұлы жəне оның өмірі мен шығармашылығы. -Алматы: Санат, 1996. - 176 б.; Ахметов С.А. Халел Досмұхамедұлының өмірі мен қоғамдық саяси жəне ағартушылық қызметі (1883 - 1939 жж): тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02. -Алматы: 2005. -30 б. 135 Мажитов Р.С. Общественно-политическая деятельность Жаһанша Досмухамедова: автореф. канд. ист. наук.-07.00.02. – Уральск: 2005. –30 с. 136 Иманбаева С.С. Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі (1885-1935 жж.): тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02 –Алматы: 1999. -25 б. 137 Нұрымбетова Г.Р. Ораз Қиқымұлы Жандосовтың қоғамдық - мемлекеттік қызметі (1916-1938 жж): тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02. -Алматы: 1995. -27 б. 138 Қаленова Т.С. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі (18891938 жж): тарих ғыл. канд. автореф. –07.00.02 -Алматы: 2001. -30 б. 139 Исаев М. Иса Тоқтыбаев. -Алматы: Қазақстан, 1991. -192 б. 140 Маханұлы Ə. Бегайдар Жантөреұлы Аралбаев. -Алматы: 1996. -96 б. 141 Сайлаубай Е.Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі. Т.ғ.к. дисс. Автореф. - Алматы: 2001. –26 б. 142 Сүлейменова Д.Д. Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы. Т.ғ.к. дисс. Авторефераты. -Алматы: 2004. –24 б. 143 Оразбаева А.И. Қазақ қоғамындағы билер институты: тарихи бастаулары, орны мен рөлі (ХVІІІ ғасыр): т.ғ.к. дис. Авторефераты. –Алматы, 1998. -31 б. лерін атауға болады. Оның зерттеулерінде дəстүрлі элитаның сипаты мен олардың отарлық биліктің басқару құрылымына тартылу үдерісінің заңдылығы ашылған. Баспасөз беттерінде Түркістандық элита өкілдеріне қатысты жарияланған танымдық мақалалардың өзі біршама көлемді құрайды. Олардың өзін бірнеше-ақырыптарға топтап дербес қарастыруға болады. Жоғарыда аталған зерттеулерде Түркістандағы ұлттық элита өкілдерінің өмірі мен қызметі жəне шығармашылығы біршама терең қарастырылған. Əрине «көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерінің өмірі дегеніміз белгілі бір адамгершілік жəне əлеуметтік бағдарлар жүйесіндегі оның нақты ойлары мен əрекеттері ғана емес, ол сонымен бірге тұлғаның өзі саясат сахнасынан кеткеннен кейінгі де қоғамдық үдерістерге жасайтын ықпалы»144 екендігін ескерсек аталған тұлғалар алдағы уақытта да ғылыми ойдың нысаны болып қала бермек. Осыған байланысты большевиктер көсемі В.И.Лениннің өзіне тəн категориялықпен «Пролетариатқа саяси қайраткерлердің тірісі жəне өлісі туралы да шындық керек, өйткені саяси қайраткер атына шын мəнінде лайық болғандардың тəні бақилық болса да олар саясат үшін өлмейді»145 деген тұжырымын ондай шындық тек партиялық номенклатураның қолындағы көзсіз қаруға айналған пролетариат үшін ғана емес, жалпы тарихи таным үшін де қажет деген түзетулермен қуаттауға болады. Тарихи танымның теориясы мен тəсіліндегі тарихшыдан талап етілетін осы өзгерістерге кейбір отандық тарихшылар жете мəн бермейтіндей. Маркстік-лениндік «ақыл-ой алыптарынан» қол үзіп, ізденіс тақырыптарын қарама-қарсы бағыттарға ауыстырғанымен олар қанына сіңіп қалған ескі таным тəсілдері мен қағидаларынан қара үзіп кете алмағаны көзге ұрып тұрады. Содан да отандық тарихи танымдағы ұлттық мүдде ескерілмей, олардың еңбектерінде тарихи ақиқат жеткілікті ашылмайды немесе жаңсақ тұжырымдарға жол беріледі. Ғылыми ізденіс барысындағы осындай қайшылықтардың тарихи танымға ықпалы туралы А.Я.Гуревич мынадай тұжырым жасайды: «В обстановке растущего и по временам делающегося агрессивным национализма и шовинизма возникают или возрождаются всякого рода псевдоисторические мифы и измышления. 144 Волкогонов Д.А. Сталинизм: сущность, генезис, эволюция: доклад по совокупности работ на соискание ученой степени доктора исторических наук.-07.00.02. - М.: 1990. – 47 с. (С.4) 145 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. -М.: Политиздат, 1973.- т. 20. -532 с. (С.8-9)

Одновременно в условиях нарастающей интелектуальной безответственности части гуманитариев расшатывается и делается все более проблематичным понятия исторической истины»146. Ғылыми теориялық-əдіснамалық негіз орнықпай тұрған кезеңде бұндай жалған тарихи мифтер, əсіресе кеңестік тарихнамада қызметі мен көзқарасы таптық тəсілмен бағаланған жеке тұлғаларға қатысты жасалып, оларды «коммунистік тұғырдан түсірмеуге» қызмет жасайды. Тарихи дамудың барысында қалыптасқан осындай əдіснамалық кереғарлықтар (катаклизмы) тарихи жадты жойып, сол сияқты уақыт сабақтастығына қауіп төндіреді деп бағаланады. Бұл жағдай тарихшыға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі белгілі. Осы мəселеге əдіснамалық тұрғыда баса мəн берген М.Шоқай «Бір ғылыми өтірікке қарсы» деген мақаласында «Тарих жазудың екі жолы бар. Бірінші жолы: зерттеуші өмірде болып өткен оқиғаларды көңіл қойып жинастырады. Оларды хронологиялық тəртібі бойынша заманның жағдайына, ахуалына қарай зерттейді. Мəліметтер мен ақпараттардың бұлақтарын іздейді. Жиналған мəліметтерді өзінің ғылыми зердесінен өткізеді, орнына салады жəне ол мəліметтерден өзін бейтарап ұстай отырып, талдау жүргізеді. Шын мəніндегі ғылыми тарих, міне осы, осындай тəсілмен жазылады. Екінші жолы: зерттеуші көздеген мақсаттарын күні бұрын белгілеп алады да, соған жету үшін оқиғалар құрастырады. Тіпті мақсаты қажет етіп жатса, оқиғаларды ойдан шығарады. Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұндай тарихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық тұрғыда талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы екінші түрге жатады»147 деген тұжырым жасайды. Тарихи танымның тəсілдері туралы М.Шоқайдың 1931 ж. жасаған осы тұжырымы ешқандай да сəуегейлік емес, тарих ғылымының іргелі əдіснамалық қағидалары болып шыққандығына отандық тарих бойынша қалыптасқан кеңестік тарихнаманың теориясы мен мазмұны көз жеткізіп берді. Осыған байланысты қазіргі кездегі тарихи санадағы ақиқатты тану жəне танытудың мəселесі туындайды. Тарихи ақиқаттың тарих мазмұнынан көрініс табуы бір-бірімен тізбектелген көптеген факторларға байланысты екендігі белгілі. Атап айтқанда тарихи шынайылық ғылыми адалдыққа, автордың 146 Гурьевич А.Я. Историк конца ХХ века в поисках метода //Одиссей. Человек в истории. -М.: Сода, 1996. -368с. (С.9) 147 Шоқай Мұстафа. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-том. – Алматы: «Қайнар», 2007. -384 б. (202-203 бб) қолында нақты деректердің болуына, тарихшының идеологиялық позициясына, ол өмір сүрген қоғамның саяси құрылымына, тарих мазмұны қалыптасқан кезеңдегі елдегі ахуал тіпті оның өзге тарихшылармен қарым-қатынасы сияқты мəселелерге де байланысты болмақ. Міне, осындай көп сатылы үдерісте тарихи ақиқат билеуші таптың, партияның, адамдар тобының, «қазіргі заманның қажеттілігіне, мақсатына» қарай түрлі сипатта ұсынылуы мүмкін. Тарихи ақиқатты тану мəселесі ежелден-ақ ғылыми ойдың қызығушылығына айналып келгені оның үнемі бұрмалаушылықпен астасып жатуында. Өйткені ақиқатты бұрмалаушылық жалған тарих қалыптастырудың негізі. Ғылыми əдебиетте жалған тарих жасаудың негізінен үш түрі аталады. Оның бірі – кездейсоқ дəйектік қателерден тұрады. Тарих оқулықтарынан орын алған бұндай бұрмалаушылық көбіне кəсіби біліксіздіктен туындайды. Жалған тарих жасаудың екінші түрі – тарихи ақиқаттың бір бөлігін жабық тақырыпқа айналдыру, ол туралы қасақана үндемеу. Оның мысалы ретінде отан тарихының «ақтаңдақ» тақырыптарын атасақ болады. Отан тарихында қазіргі кезде де «ақтаңдақ» тақырыптар сақталып келеді. Солардың ең бастысы – алаштық қайраткерлер мен большевиктік номенклатура арасындағы саяси күрес. Бұл тақырыпты игеруге «Алаш қозғалысы» атты көптомдық құжаттар жинағы сəуле түсіргендей болғанымен де онда ұсынылған тың деректерді ғылыми тұрғыда талдаудың өзі орнықты əдіснамалық негізсіз тарихи танымға жол табуы қиын. Жалған тарих жасаудың үшінші түрі – тарихты ашықтан-ашық бұрмалау. Ол дегеніміз ойластырылған, саналы бұрмалау, түпнұсқаны, шынайыны жалғанмен алмастыру. Тарихи танымда əлдеқандай мақсат көздеген жеке тарихшылардың мақсатты əрекеті ретінде бұл фактор зиянды сипат алады. Қазіргі кезде жеке тұлғалардың тарихтағы орнын айқындауда соңғы фактордың ықпалы қатты сезіледі. Кеңеске қарсы буржуазиялық ой-пікірлер деп бағаланған М.Шоқайдың ғылымда үстемдік еткен таптық көзқарасты əшкерелейтін мынадай тұжырымдарының мəні зор. Ол былай дейді: «Большевиктер жалпы ғылымда бейтараптықты мойындамайды. Ғылым олар үшін таптық күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ таптық мақсаттары үшін пайдалануға тырысады. Өйткені олар тарих өткен өмірден мағлұмат беретін ғылым ғана емес, келешекке сабақ беруге қызмет ететін ғылым екенін де жақсы біледі»148 деген пікірлерінде тарихи сана қалыптастырудың саяси кілтипандары айқындала түседі. 148 Шоқай Мұстафа. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-том. (203 б)

Ол ұлттық зиялы деп кімдерді айтамыз деген сұрақ қояды да оған өзі былай деп жауап береді: «...белгілі бір мұрат-мақсаттарының соңында жүрген жəне сол белгілі мұрат-мақсаттары төңірегіне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық жəне əлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады».Демек, тарихи сана қалыптастыру да басты міндеттерінің бірі болып саналатын зиялылар «тек жүктелген міндеттерді атқарумен ғана шұғылдану жеткіліксіз. Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс»149. Осы жерде М.Шоқай орыс (Батыс) мектептерінде тəрбиеленген зиялылардың қасіретке толы тағдыры жөнінде жазып, «мұндай зиялылар халыққа пəлендей бір ұлттық тəрбие беріп жарытпайтыны жəне халық та олардан пəлендей бір ұлттық тəрбие алып жарымайдығын» тілге тиек етеді. «Батыс тəрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері - рухани жақтан өз халқына өгей болып қалуы еді. Аса дарынды, мол білімдар көсем боларлық деңгейге көтерілген осы қыр баласы, орыс (Батыс) ықпалында өсті» дей келіп Мұстафа Шоқай Шоқан Уəлихановтың трагедиясын еске ала отырып, «Батысшылдығы» пұшайман жағдайға душар еткен Шоқан трагедиясының қайнар көзі жат адамға айналып қалам деп қорқуында емес, жат адамға айналып қалуында еді»150 деген тұжырым жасайды. М.Шоқайдың Шоқанға қатысты жасаған бұл тұжырымының танымдық маңызы ескерілмегендігін кеңестік қоғамда таптық идеяға иланып, ұлттық құндылықтардан қол үзіп қалған кейбір қайраткерлерге де тəн екендігіне жете мəн берілмей келе жатқандығынан аңғарылады. Тарихи үдерістегі ұлттық мүдденің əрбір шегінісінің шынайы астарын осындай тосын көзқарастар арқылы бағамдай алар едік. М.Шоқай ХХ ғ. европалық ғылым мен өркениеттерінің жетістігі жағдайында таза ұлттық интеллигенцияның болуы мүмкін емес екендігін мойындайды, сонымен бір мезгілде оның көзқарасы бойынша европалық рухани құндылықтар ұлттық мəдениетке күштеп таңылмауы тиіс. Ол сондықтан да европалық мəдениеттің өрісіне тəуелді болған дүбəрə қазақтарды қуаттаған жоқ151. 149 Шоқай Мұстафа. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-том. (154 б) 150 Шоқай Мұстафа. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық. 1-том. (155 б) 151 Кодар А. Жизнь и творчество Мустафы Чокая: необходимость переинтерпретации. (с. 36-37) // ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары жəне ұлттық мемлекеттілік: мұрағаттар, келелі мəселелер, келешегі. Республикалық Қазіргі заманғы ұлттық элитаның қалыптасуы өте күрделі даму жолынан өтті. Отарлық билік жағдайында дəстүрлі элитаның өкілдері европалық өркениеттің ықпалына тартылып, ұлт зиялыларының алғашқы легін құрады. Олардың кейбірі өз халқының мəдени-рухани құндылықтарынан орыс мəдениетін жоғары қойды. Бұл – уақыттың талабы деп білуіміз ерек. Осыған байланысты С.Сəдуақасов «православие миссионерлеріне адал көмекші» болып қызмет істеген Ы.Алтынсариннің тағдырын мысалға алады. Ол «өлерінің алдында өзіне бірде-бір орысты, тіпті достарын да жақындатпауды тапсырады. Осы атеист жаназасын шығаруға 99 молда шақыруды өсиет етеді. Ия, бұл білімді қазақтың бізге мүлдем түсініксіз қасіреті еді»152. С.Сəдуақасов Ш.Уəлихановқа қатысты құнды пікірлер айта келіп, оның да Алтынсарин тағдырын қайталағандығына тоқталып, Түркістанды бағындырған генерал Черняевтің қосынында офицер болып қызмет істеген Уəлихановтың өмірінің соңында орыс достарынан бас тартып, елеусіз қазақ ауылында дүние салғандығын, ал Ядринцевтің Шоқанның қайғылы өлімі европалықтарға қатаң ескерту болды деп жазғанын айтады153. С.Сəдуақасовтың атап отырған «орыс достары» дегенді көшпелілер өркениетін тізе бүктірген отарлық биліктің өктемдігі деп қабылдағанымыз орынды болатындай. Элиталық тұлға ретінде танылған Ш.Уəлихановтың қазақ жерін басқару жүйесін жетілдіру туралы ойлары, аға сұлтандық қызметке сайлануға əрекет жасауының билік тарапынан қолдау таппауы көп жайды аңғартса керек. Осы мəселеге элиталық көзқараспен баға берер болсақ, онда дəстүрлі қоғамның қазіргі заманғы қоғаммен кірігу үдерісінде жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық элита өкілдерінің осындай қасіретті тағдыры тарихтың олардың алдына тартқан сыбағасы еді. Тұлғатанудың қазіргі заманғы əдіснамалық негіздерінің қалыптасып үлгермеуі «Кейбір таяз ойлайтын тарихшылар қазақ қоғам қайраткерлерін бір-біріне қарсы қойып, зерттеулері, сол арқылы қарапайым халыққа дұрыс ғылыми ұғым бере алмауы – олардың ғылыми ұстанымдарының арқауы бос есілген арқандай қожырап тұр»154 деген сипатта азаматтық тарих деңгейіндегі ғылыми-тəжірбиелік конференция материалдары –Алматы: -2008. 152 Сəдуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1 том. Танымдық зерттеулер, мақалалар. –Алматы: Алаш. -2002. -352 б. (331 б) 153 Сəдуақасұлы С. Екі томдық шығармалар жинағы. 1 том. (332 б) 154 Мырзахметұлы М. Халық санағының астарлы сыны //«Қазақ əдебиеті». 6 қараша 2009 ж.

үстірт пікірлерге жол берілуде. Бірақ жеке тұлғалар арқылы танылатын саяси, мəдени, рухани, ұлттық құндылықтардан туындаған көзқарастар мен ағымдардың тұтас болмысы қарамақарсылықтардың бірлігі заңдылығы бойынша қарастырылып, ол құбылыстарды тұлғаландыру арқылы ашылатындығы дəлелдеуді керек етпейді. Демек, қоғамдық-саяси қайшылықтардың сырын ашу үшін де тұлғалардың көзқарасы мен саяси қызметінда қаншалықты ащы шындықтар орын алса да ол ғылыми талдаудың нысаны болуы заңды. Сондай ашықтық пен турашылдық жағдайында ғана тарихи ақиқат елдің игілігіне айналады. Сонда ғана тарихтың қателігінен сабақ алынады. Бүгінгі интеллектуалдық тарихтың ұстанымы осы. Осындай əдіснамалық ұстанымдардың тарихи тұлғаларды танып білуге жетелейтін себептері көп. Айталық, көптеген тұлғалардың қызметі белгілі бір адамдар тобының, сословиенің, таптың, партияның мүддесін іске асыруға арналады. Міне, осыған байланысты «жеке тұлға кімдердің мүддесін, неге олардың мүддесін жəне қандай тəсілдермен қорғады?» деген сұрақтың жауабы тұтастай құбылыстың тарихын тарқатады. Осы жағдай базбір зерттеулерде тарихи танымнан тыс қалады да, тарихи тұлғаның есімі ғана, онда да көбіне даңқы мен дапқырты аталып, тарихи мазмұн жартыкеш, біржақты сипат алады. Ал тарихта кейбір тұлғалар бір идеяның, бір қоғамдық-саяси құрылыстың, тіпті бір отанның ғана жолын қуумен шектелмегендігі мəселені күрделендіре түседі. Тарихи таным үдерісіндегі осы күрделіліктің түйіні тарқатылмаса тарихи сана ұлттық деңгейге көтеріле алмайды. Осыған байланысты Д.Кішібеков былай дейді: «Тарих философиясын» зерттеу, қашанда қайшылықтар бетін ашу болып табылады. Оған, əркімнің бара бергісі келмейді. Тарих философиясын зерттеудің қиындығын бір мысал арқылы көрсетуге болады. Мəселен, КСРО құлады. Соның тарихын жазған автор М.С.Горбачевты да, Б.Н.Ельцинді де айтпай кете алмайды. Олардың бұл мəселеде рөлі елеулі болғаны рас. Ал осыларды жазған автордың ойларын жақтаушылар да, даттаушылар да шығады. Сөйтіп, барлығына кінəлі əлгілер емес, соны жазған автор болып шыға келмесіне кім кепіл?»155. Тұлғатануда ең бастысы - оның өмірі мен қызметін жан-жақты бағалау. Кімді де болса біржақты мақтау немесе біржақты қаралауға жол беру – тарихтың шынайы мазмұнын ашуға кедергі болады. Қазіргі кезде кейбір тарихшылар жеке тұлғаларға тарихи баға беру155 Кішібеков Д. Тарих үйретеді, тəрбиелейді. //Ақиқат, 2002. №11 -73-77 б. ден тартынады. Олардың пікірінше, шамшылдық сипатына қарай тарихи тұлғалардың кемшіліктерін талдап, оны жарнамалаудың қажеті жоқ деп «Жабулы қазан жабулы күйінде жата берсін», «Сен тимесең мен тимен, бадырақ көз» деген психологияға ерік береді. Ал кейбір тарихшылар бұл миссияны үлкен құлшыныспен атқарып, кейде тым асыра сілтеп жібереді. Айталық, тарихшы О.Қоңыратбаев Нəзір Төреқұловтың «Түркістан майданы революциялық-əскери кеңесінің Ерекше бөлімі мен Төтенше Комиссияның репрессиялық əрекеттерін ақтай сөйлегендігі тарих кешіретін іс емес»156 деп жазады. Салыстыру үшін мысалға алынған бұл тұжырым тарихшының қатал да əділ үкім шығарып отыратын соттың төрешісі болуға ұмтылуы сипатында тарихи танымға елеулі нұқсан келтіретіндігіне тағы да бір рет көз жеткізеді. Бұндай тəсілдер ақиқатты ашпайды, қайта оған көлеңке түсіреді. Осыған байланысты италиялық тарихшы Б.Кроченің: «Айыптау – біздің соттарымыздың (құқықтық жəне моральдық) бүгінгі күні өмір сүріп, əрекет етуші қауіпті адамдардың соттары екендігін танытатын үлкен айырмашылықты ұмыттырады, сонымен қатар өз уақытының сотының алдын көрген басқа адамдардың екінші рет сотталуы немесе ақталуы мүмкін емес. Оларды басқа өмірге тиесілі өткен өмірдің адамдары болғандығы жəне ондайлар тек тарихтың субъектісі болғандықтан қызметтерінің рухын тануда ескерілетін тұжырымнан басқаға нысан бола алмайтындықтан да соттауға болмайды. Тарихты мазмұндау желеуімен өзін сот төрешісі деп есептеп, бір жерде айыптап, ендігі бір жерде күнəларына кешірім жасаудың (бұл тарихтың ісі деп ойлап) ...көпшілік танығандай, тарихи мəні жоқ»157 деген тұжырымын қуаттауға болады. Демек, интеллектуалдық тарихтың өзекті қағидасының бірі ретінде бұл талап тарихшы шығармашылығында танымдық бағдарға алынса, тарих ғылымы қоғамдық санадағы атқарар миссиясына жақындай түседі. Отан тарихында тұлғатану мəселесі осындай тарихнамалық ұстанымдарға зəру. Қоғамның өзгеруімен бірге тарихи тұлғаларға деген көзқарастар да өзгереді, тарихи танымның ұстанымдары да өзгереді. Бұл диалектикалық заңдылықта тарихшының ғылыми миссиясына қатысты жоғарыда аталған тұжырым тұрақтануы тиіс. 156 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі). (246 б) 157 Цитата мына кітап бойынша. Карр Э. Что такое история? М., 1988. (С.68)

Тарихшы шындықты тани алуы, айта алуы, оны халыққа жеткізе алуы арқылы қоғамға қызмет жасайды. Тарихи ақиқат көпвекторлы көзқарастардың ортасында болуы мүмкін. Қазіргі танымға өзіміз қолдан жерлеген тоталитарлық қоғамның кеудемсоқтығы жүрмейді. Тарихшының кесімді сөзі топтың, таптың мүддесі үшін емес, ұлттың мүддесі үшін айтылуы тиіс. Осындай теориялық тұжырым ұлылы-кішілі бабаларымыздың тұлғасын тануға əдіснамалық негіз болып, көпшіліктің танымдық қызығушылығын арттыруға қызмет жасайды. Бірақ бұл қызығушылық ол тұлғаларды түрлі тарихи жағдайларда жол берген қателіктері үшін жауапкершілікке шақыру мақсатын емес, олардың тарихтағы шынайы орнын анықтап, əлдеқандай пайдалы əрекетінен, тіпті ұлтқа қарсы жасаған əрекеттерінен болса да сабақ алуға қызмет етсе ғана өзін ақтамақ. Өйткені, тарихи тұлғаға толық та шынайы бағаны жеке адам емес, тек уақыт қана беретіндігі есте болуы керек. Тарих мазмұнын жаңалауда ұлттық мүддені алға салудың қажеттілігі əлі де айқын сезіле қойған жоқ немесе сезілгенімен де оны ашық айтудан тартынып келеміз. Тарихи танымдағы ұлттық мүдде деген не, ол қандай мақсатты көздейді? деген сауалдардың жауабы айқын. Тарихи зерттеулердегі ұлттық мүдде дегеніміз – мемлекетті қалыптастырған ұлттың мүддесі, яғни мемлекеттік мүдде деген сөз. Демек, ұлттық мүддеге қызмет ету мемлекеттік мүддеге қызмет ету дегенді танытады. Ұлттық мүдде тұрғысында қарастырар болсақ, тарихтың сабағы – ұлттық тұтастану, ұлттық өрлеу сияқты мəңгілік маңызы бар ұлттық идеяларға қызмет етеді. Айталық, ұлттық саяси элита өкілдері белсене араласқан Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы мен Түркістан мұхтариятының тарихын ұлттық мүдде тұрғысында қарастырмасақ осы құбылыстың отан тарихының құрамды бөлігі екендігін айқындай алар ма едік? Олай ете алмас едік. Ал біз оны бүгінгі тəуелсіздігімізге жол салған саяси құбылыс ретінде қарастырамыз. Өзбекстандық тарихшылар да жəдитшілердің қызметіне баса мəн беріп, Түркістан қозғалысындағы алаштық ықпалды ескере бермейді. Содан да Түркістан тарихын ұлттық мүдде тұрғысында қарастыру тарихи танымға тың тұжырымдар қосады деп білеміз. Ортақ мұрадан өз тарихымызды аршып алып, игілігімізге жаратуымыз керек қой. Бұл деген өзге елдің тарихын барымталау емес, керісінше тарихи əділеттіліктің қалпына келтірілуі. Ал ресейлік тарихшылар Алаш қозғалысын өздерінде қалыптасқан автономиялық қозғалыс тарихы шеңберінде ғана қарастырады, одан əрі тереңге бармайды. Ресейлік мүдде одан тəуелсіздікке деген ұмтылысты көргісі келмейді. Өйткені, ресейлік біртұтастықты мақсат тұтқан ұлттық мүдде автономиялық қозғалыстың ұлттық тəуелсіздікке ұласуын қуаттамайды. Сол сияқты Алаш қозғалысын ұлттық мүддеге сай бағаламасақ оның тəуелсіздікке ұмтылған басты идеясын дəлелдей жəне дəйектей алмас едік. Демек, тарихи танымдағы ұлттық мүдде дегеніміз мемлекет құраушы ұлттың ғана емес тұтастай мемлекеттің мүддесі деп бағалауы тиіс деп білеміз. Отан тарихының мазмұнындағы тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, жекелеген тұлғалардың қызметін қайта бағалауда ғылыми айналымға ұсынылатын тың құжаттық деректерден тарихи ақиқатты табу, тану, таныту үшін жаңа əдіснамалық негіз қалыптастыруда ұлттық, мемлекеттік мүдде басты назарда болуы тиіс. Тарихи ақиқатты бүкпесіз жəне боямасыз тарихи танымға ұсынуды талап ететін бұл ғылыми жəне əлеуметтік фактор отан тарихының мазмұнын жалпыадамзаттық құндылықтарға сай жаңалайды жəне қоғамдық ой сананы тұрақтандырады. Отандық тарихта элиталық таным тəсілдерінің орнығуына негіз қалаған ғалымдардың арасынан мазмұны мен хронологиясы бойынша зерттеу тақырыбымызға барынша жақын зерттеулердің бірегейі М.Қойгелдиевтің еңбегі болды158. Оның тарихи Ресей жəне Кеңес Одағы құрамында болған үш ғасырға жуық мерзімдегі қазақ саяси элитасының қызметін бес кезеңге бөлуі жəне əр кезеңнің мақсаттары мен міндеттерін, элита өкілдерінің саяси көзқарастарын, күрес тəсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеуі отандық тарихтың мазмұнын қайта қарауда жаңа концептуалдық бағытқа негіз болды. Елімізде тəуелсіз тарихи сана қалыптастыруда ұлт мүддесінде үлкен жауапкершілікпен қараған ғалымның зерттеулерінде ұлттық элита тарихының сақталы мəселелері шешімін тапты. Əсіресе, Түркістан ұлттық элитасына қатысты Ə.Бөкейханов, М.Шоқай, С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сəдуақасов тұлғаларының элиталық қызметіне барынша шынайы баға берілді. Алаш қозғалысының деректеріне тарихнамалық тұрғыда жаңа көзқарас тұрғысында талдау жасаған М.Қойгелдиев «алаштық интеллигенцияны қудалау жəне сотқа тарту ісі» «20-жылдардың орта тұсынан қалыптаса бастаған бұл ауыр саяси Алаш қозғалысына қатысты 158 Қойгелдиев М. Саяси элита жəне ұлт мүддесі (Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылының қорытындысына орай) ҚазМҰУ хабаршысы. –Тарих сериясы. –1998. - №10. 3-9 б; Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. –Алматы: Жалын, 2004. - 400 б.

жазылған еңбектерге өз əсерін тигізбей қоймады. Өздерінің алғашқы еңбектерінде ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының объективті-революциялық рөлі жөнінде жазған Т.Рысқұлов пен С.Асфендияров соңғы еңбектерінде қазақ зиялыларының қызметін басынан аяғына дейін реакциялық буржуазиялық ұлтшылдықтың көрінісі есебінде бағалауға мəжбүр болды»159 деп жазады. Бұл жерде ғалым Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтардың 30жылдары жарық көрген еңбектерін атап отыр. М.Қойгелдиевтің аталған еңбегі Алашқа қатысты көптеген құжаттар ғылыми айналымға шықпай тұрған кезде жазылғандығын ескерер болсақ онда ғалымның тұжырымын қуаттауға болады. Оның үстіне тəуелсіздік буы ұлттық саяси элитаның ұлттық мүддеден таптық мүддеге ойысуына кеңестік, тоталитарлық қоғамды біржақты кіналауға итермелегенін ескеруіміз керек. Дегенде, М.Қойгелдиев «Алаштық топқа шабуылға көшкен Кеңестік билік бір қызығы сол, қазақ саяси басшылығының екінші бөлігіне, яғни большевиктік платформаны алғашқы қадамынан бастап-ақ қабылдаған С.Сейфуллин, С.Меңдешов, Т.Рысқұлов сияқты беделді топтың қолдауына сүйенді»160 деген тұжырымы арқылы мəселеге айқындық береді. Ұлттық интеллигенция тақырыбында іргелі зерттеулер жасап, тың тұжырымдар қалыптастырған Х.Əбжанов ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты батыл ой-пікірлер білдіріп келеді. Ол қоғамдық саяси құбылыс ретінде элита ұғымына ұлттық дүниетаным дəстүрлеріне анықтама берді. Шəкəрім қажының «Ең жақсы адам не қылған кісі?» деген сауалындағы «не қылған кісі?» ұғым түсінігінің орнына элита терминін ала отырып «ел тағдырын шешер биліктің екі тізгін, бір шылбыры кемелдің, үздіктің үздігінің қолында болуы қажет. Топты жарып шыққан осындай кемелдерді, осындай үздіктерді ғана ұлттық элита деген айдармен айшықтауға негіз бар»161 деген ғалымның тұжырымы тарихи танымдағы элита ұғымының ұлттық мазмұнын айқындайды. Сол сияқты ұлттық элитаның қалыптасу кезеңі туралы ғалым «халықтың кемелденуі негізінде мемлекеттің пайда болуы мен ұлттық саяси элитаның қалыптасуы бір мезгілде жүреді екен де олар 159 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы...(11-12 бб) 160 Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде.// «Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: тарих жəне қазіргі кезең» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Шəкəрім атындағы СМУ жəне СМПИ. -Семей: -2008. 366 б. (23-27 бб) 161 Əбжанов Х. Шəкəрім қажының бес сауалы жəне ұлттық элита //Шəкəрім əлемі. –2006 -№1-108-116 б. (108-110 бб) ілгеріден жеткен элитаның басқа топтарының шын мағынасындағы ұлттық негізде өсіп-өнуіне, саясаттың, идеологияның, материалдық өндіріс салаларының, руханиаттың ізашарына айналуға серпін береді екен»162 дей келіп, ХV ғ. Керей, Жəнібек сұлтандардың Қазақ мемлекеттігін құруы «Ұлттық элитаның шұғыл да жеделдей өсуіне» негіз болған деген тұжырым жасайды. Бұл тұжырым ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жолындағы саяси күрес кезеңі болған ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі Түркістан тарихын дəстүрлі ұлттық элитаның сапалық жаңа деңгейі ретінде дербес қарастыруымыздың негізділігін қуаттай түседі. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбына байланысты шетелдік тарихнамада бірнеше кезеңдерге, бірнеше бағыттарға бөліп қарастыруға болатын зерттеу еңбектерінің тұтас кешені қалыптасты. Осы шетелдік тарихнаманың алғашқы жарияланымдары арнайы, барлау қызметтерінің, эмигрант өкілдерінің естеліктері мен куəлік жазбаларына негізделгендіктен дəйектік материалдарының жетімсіздігінен ол авторлар Орта Азиядағы большевиктік биліктің мəнін қисындық тұрғыда ғана аша алды. Ол еңбектер дəстүрлі кеңестік тұжырымды əшкерелегенімен де қолда бар дəйектік материалдарының тапшылығынан Түркістанда билік жүргізген кеңестік, ұлттық элитаның қызметіне баға беруінде бірқатар ағаттыққа жол береді. Шетелдік авторлардың қатарында Ричард Пайпстың Азияда социалистік революцияға ешқандай да объективті алғышарт болған жоқ, онда капитализм жаңа дамып келе жатты, осындай себептермен күрес таптардың арасында емес, жергілікті халық пен келімсектер арасында өрбіді, аймақта революциялық ұйымдар болған жоқ деген тұжырымдарын қолдағанмен оның «мықты ұлттық қозғалыс болмады» деген тұжырымымен келісе қою қиын. Өйткені, осы тұжырым арқылы ұлт-азаттық қозғалысқа басшылық жасаған ұлттық элитаның қызметі назардан тыс қалды. А.Беннигсен, Ш.Лемерсье-Келькежей жəне Р.Пайпстың163 еңбектерінде де Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық элитаның қызметіне қатысты құнды ой-пікірлер кездеседі. Жоғарыда аталған шетелдік зертеу орталықтарында дайындалған еңбектердегі тұжырымдарға қарсы кеңестік тарихшылар тобы тұтастай зерттеу еңбектер шоғырын арнады. Солардаң 162 Əбжанов Х. Шəкəрім қажының бес сауалы жəне ұлттық элита ...110 б. 163 Беннигсен А., Лемерсье-Келькежей Ш. Пресса и национальное движение среди мусульман России до 1920 г. – Париж: Сарбонна, 1964 /Альманах «Алем». – АлмаАта: 1991. – 87 с.; Пайпс Р. Россия при старом режиме. – М.: Захаров, 2004. -496 с.

арасында атап айтар болсақ, Х.Ш.Иноятов164, Ə.Тұрсынбаев165, И.С.Зенушкинаның166 еңбектерінде зерттеу тақырыбына қатысты құнды тұжырымдар кездестіреміз. Дегенмен, бір-біріне қарамақарсы қоғамдық-саяси жүйелердің идеологиялық теке-тіресі ықпалымен жазылған бұндай еңбектерден өзге К.Л.Есмағамбетовтың зерттеулеріне ерекше тоқталуға болады167. Ғалымның еңбектерінен тақырыпқа қатысты шетелдік тарихнамаға жасалған барынша шынайы талдаулар мен тұжырымдарды кездестіреміз. Қоғамдық ойдың негізгі гносеологиялық жəне мəдени ұғымдары адам ойының тікелей материалданған түрі - сөз арқылы танылады. Əсіресе, əлеуметтік ақпаратты бойына жиған жазбаша тарихи деректер өзгермелі сипаттағы ауызша деректерге қарағанда тікелей тарихи үрдістен, адамдар əрекетінің нəтижесінен нақты мағлұматтар береді. Сонымен бірге тарихи дерек қатарында адамның мақсатты əрекетіне қатыссыз, бірақ белгілі дəрежеде қоғамдық өмірдің дамуын айқындайтын, соған сəйкес оның өткені мен бүгінін тануға көмектесетін қолданылу мақсаты, жазылу сипаты, жарық көру түрі əртүрлі құжаттар да аталады. Демек, зерттеушіні тарихи құбылыс жөнінде мəлімет алуды жеңілдететін «делдал» немесе тарихи құбылыс туралы ақпаратты жеткізуші өзіндік нысан ғана емес, шын мəнінде өз алдына тарихи дəйек, мəдениет ескерткіші ретінде де қызықтырады. Содан да тарихи дерек тарихшыға тəуелсіз өмір сүреді деген тұжырымға ден қоюға болады. Ондай деректердің ақпаратын оның ішкі мазмұны жəне одан тыс жинақталған білімдер бойынша қабылдаймыз. Демек, ол деректерді ғылыми таным нысанына айналғанша мүмкін мəнді тарихи дерек (немесе «бастапқы дерек») деп атаған орынды болар. Оның үстіне отан тарихының мазмұнын таптық, партиялық қағидалардан азат етіп, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жаңалау үрдістері барысында тарих ғылымының деректік базасы 164 Иноятов Х.Ш. Ответ фальсификаторам истории Советской Средней Азии и Казахстана. – Ташкент: Госиздат Уз ССР, 1962.- 198 с. 165 Турсунбаев А. Против буржуазной фальсификации истории Казахстана. -АлмаАта: «Казгосполитиздат», 1963. – 112 с. 166 Зенушкина И.С. Советская национальная политика и буржуазные историки. Становление Советского многонационального государства (1917-1922 годы) в современной американской историографии. -М.: Мысль, 1971. -285 с. 167 Есмагамбетов К.Л. Что писали о нас на Западе. -Алматы: 1992; Соныкі. Қазақтар шетел əдебиетінде. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. – 213 б. Есмағамбетов К.Л.Əлем таныған тұлға (М. Шоқайдың дүниетанымы жəне қоғамдық болмысы). –Алматы: Дайк-Пресс, 2008. -504 б. туралы ұғым да жəне дереккөздер көптүрлілігін айқындайтын жəне оған баға беретін құндылық өлшемдері де өзгерді. Демек, тарихи сана қалыптастыру үшін жаңарған тарихи танымға өзек болатын тарихи дереккөздерді ғылыми айналымға ұсыну мен оған ғылыми талдау жасауға да жаңа теориялық-əдіснамалық тұжырым керек. ХХ ғ. басында отарлық билікке қарсы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде тарих сахнасына шыққан Алаш қозғалысы өзінің қамтыған ауқымы, жасаған саяси-идеялық ықпалы жəне оның басшылығындағы қайраткерлердің саяси қызметі арқылы аймақтық маңызбен шектеліп қалмай халықаралық сипатқа ие болған саяси жəне мəдени рухани құбылыс. Тарихи ақиқат ретінде орнығуы тиіс бұл тұжырымды қазіргі заманғы тарихи дəйекке айналдыруға негіз болатын дəйектер де деректер де жеткілікті. Тарихи танымның негізі - шынайы өмір сүретін тарихи болмыс; оны бейнелеген дерек; қолда бар деректермен өткен шақты қалпына келтіруші ғылыми-танымдық бейнелердің жиынтығы деген үштаған тізбектен құралады десек, оның ішінде деректердің тарихи танымдағы маңызы аса үлкен. Тарихшы деректерден зерттеу мақсатына сай өз тұжырымдарына тиянақ болатын қажетті ақпаратты алады. Өйткені, тарихи деректер - тарихи зерттеудің жəне кез-келген тарихи білім түрлерін түсіндіріп, таратудың негізі. Соған сай тарихи дерек ұғымының екі мағынасы айқындалады: тарихи ақпараттың дерегі жəне өзі тарихи болып есептелетін дерек. Ал тарихи дерек деп адамзат қоғамының өткенін тануға пайдалануға болатын, тарихшының қызметіне пайдасы тиетін тарихи сипаттағы ақпараттарды, құбылыстарды танимыз168. Алаш қозғалысының тарихына деген халықтың қызығушылығы осы құбылыстың өмір сүру заңдылығы мен оның саяси-əлеуметтік қызметінің ұйымдастырылуының қағидаларын айқындайтын, сонымен бірге жеке тұлғалардың əрекетін куəландыратын, тіпті ол құбылыстың əрбір сəтін қалпына келтіретін деректерді тауып, айналымға ұсынуға жəне оларды зерттеуге деген қажеттілікті арттырып отыр. Əсіресе, тəуелсіздік үшін күрес жəне ұлттық мемлекеттілік мəселесін терең тануға деген ұмтылыс оның мəнін ашатын əлеуметтік ақпаратқа деген қызығушылығына сай тарихи деректердің құндылығын айқындайды. Тарихи деректерді іздеп табу, оларды тиісті ғылыми түсіндірмесімен айналымға ұсыну шынайы тарихи таным қалыптастыруда үлкен маңызға ие. Осы бағытта «Алаш мұрасы» сери168 Историческая наука. Вопросы методологии. -М. «Мысль». 1986, с. 261 (С.153)

ясымен «Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы» деген атпен 4 том – 5 кітаптан тұратын іргелі еңбектің жарық көргендігін айтуымыз керек169. Бұл аталған жинақта Алаш қозғалысына қатысты барлығы 659 құжат жарық көргендігі оның деректік ауқымының кеңдігін танытады. Кеңестік кезеңде Алаш қозғалысына қатысты Т.Мартыненконың құрастыруымен жарық көрген «Алаш-Орда»170 құжаттар жинағында барлығы 75 құжаттың қамтылғандығын ескерер болсақ, онда жаңа жинақтың ауқымы туралы пайымдауға болады. Екі қоғамдық құрылымда жарық көрген жинақтардың көлемдік, сандық өлшемдеріндегі бұндай айырмашылық тарихи құбылыстың деректік негізінің молдығымен бірге тəуелсіз қоғамда мəселенің кең ауқым алған танымдық мүмкіндігін де танытады. Бірақ деректанулық тұрғыда тарихшы үшін басты мəселе құжаттардың санында емес, олардың əлеуметтік тəжірбиелер мен ғылыми ақпараттар арқалаған мазмұнында екендігі белгілі. Жинақта ұсынылған деректердің мазмұны мен сипаты да əр алуан. Алаш қозғалысы тарихының деректік негізіндегі бір-біріне саяси-идеялық жағынан қарама-қарсы мазмұндағы құжаттар қатар ұсынылады. Бұл əрине қазіргі заманғы тарихи сананың сұраныстарынан туындап отырғаны белгілі. Ал Мартыненко құрастырған жинақта құжаттар партиялық, таптық қағидамен сұрыпталғандықтан оның мазмұны Алаш тарихын біржақты сипаттауға негіз болған. Тіпті, қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда мақсатты түрде кейбір құжаттардың мазмұны бұрмаланған жəне ол бұрмалау Алаш қозғалысының мəні мен мазмұнына пролетариат диктатурасына, партиялық билікке, пролетарлық интернационализм сияқты таптық құндылықтарға қарсы сипат беруді көздеген. Бұл əрекет тарихты қасақана бұрмалау мақсатынан туындады. Ол өз алдына дербес əңгіме. Тарихи деректердің «үрдіс ретінде тарих пен ғылыми тарихи танымның диалектикалық байланысының буыны»171 екендігін ескерер болсақ соңғы жинақта қамтылған тарихи деректер Алаш қозғалысы туралы қазіргі заманғы тарихи танымды жаңалаумен бірге өткен тарихтың қалтарыс тұстарын да қалпына келтіреді. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, Алаш қозғалысы тарихының деректері екі жақты əлеуметтік қызмет атқарады. Отан тарихының 169 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. 1-4 т. 2004-2007. -А., «Алаш», «Ел шежіре» 170 Алаш-Орда: Сб. Документов. /Сост. Н. Мартыненко: Предисл. У. Исаева. – КзылОрда, 1929. – 169 с. 171 Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. – М., 1983.(С.17) алдына тəуелсіз қоғамдық дамудың артып отырған келелі міндеттері қатарында бұл қызметтерді жандандыруда деректанулық зерттеулердің маңызы арта түсуде. Ендігі кезекте тарихшылардың алдында айналымға ұсынылған Алаш қозғалысы тарихының деректерін ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, тарихи танымның игілігіне айналдыру міндеті тұр, ол міндет тарихшы-деректанушылардан үлкен теориялық дайындық пен кəсіптік біліктілік қажет етеді. Аталған тарихи деректер қазіргі тарих ғылымының теориялық жəне əдіснамалық мүмкіндіктерін пайдаланып, деректік негізде Алаш қозғалысының тарихын егжей-тегжейлі қалпына келтіруге аса қолайлы жағдай туғызып отыр. Ендігі мəселе - деректердің мазмұнына қатысты. Деректанушы Қ.Атабаев тарихи деректің табиғатын былай деп айқындайды: «дерек сол оқиға не қоғамдық құбылыс туралы өз бойында мəлімет сақтайды. Екінші жағынан, кез келген дерек субъективті, себебі оны белгілі бір субъект (жеке адам) жасайды, дүниеге əкеледі. Ал өз кезегінде ол субъект белгілі бір ұлттық, не таптық, не əлеуметтік топтың өкілі. Сондықтан деректер оқиға не қоғамдық құбылыс туралы объективті ақпараттармен қатар субъективті мағлұматтар да береді. Басқаша айтсақ, оқиғаның деректе белгілі бір дəрежеде бейнеленуімен қатар, дерекке дерек авторының дүниеге деген көзқарасы, түсінігі, психологиясы да енеді»172. Демек, Алаш тарихы деректерінің осындай көпқатпарлы мазмұны, саяси сипатының кереғарлығы, көзқарастық əралуандығы, тіпті деректі қалыптастырушы авторлардың ара-қатынасының күрделі сипаты сияқты факторлар тарихшының зерттеуін қызықты да мазмұнды ете түседі. Ең бастысы бай да əралуан деректік мазмұнға сай саяси қозғалыстың тарихи дəйегі өзінің шынайы болмысына барынша жақындай түседі. Тарихшының мақсаты да сол - тарихи танымға шынайы болмысты боямасыз жеткізу. Алаш қозғалысының тарихына қатысты кейбір деректер кəсіпқой тарихшылардың өзінің тарапынан шамшылдықпен қабылданады. Айталық, И.Сталиннің Қырғыз өлкелік партия комитеті бюро мүшелеріне жазған «Ақ жол» газеті туралы» хатын деректанулық тұрғыда талдау саяси салдары өте ауыр болған осы құжаттың пайда болуы туралы тың тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді. Тарихи дəйектің пайда болуының алғышарты мен себептері жəне оның қоғамдық өмірдегі саяси-əлеуметтік салдары болады 172 Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дереккөзі (1870-1918). Ғылыми монографиясы. -Алматы: Қазақ университеті. 2000. -358 б. (7 б)

десек, аталмыш құжаттың пайда болуына түрткі болған себептер мен алғышарттар осы кезге дейін тарихи танымнан тыс қалып келеді. Тарихи білімнің шынайылығы тарих ғылымының əлеуметтік табиғатынан бөлек бола алмайтындығын ескерсек, деректік негізде қалыптасқан тарихи білім қоғамға қызмет жасайды жəне оның мəдени-рухани құндылықтарының талаптарына сай қалыптасады. Əлеуметтік іс-əрекеттің ажырамас бөлігі болғандықтан тарихи білімсіз қоғамдық сана болмайды, ендеше тарихшының қызметін оның өзі өмір сүрген қоғамнан оқшаулап қарастыру негізсіз болар еді. Оның үстіне тарих ғылымының саясилығы, оның түрлі ғылыми бағыттары мен философиялық көзқарастар жүйесі бойынша тарихшылардың арасындағы күрес пен пікірталас тарихи зерттеулердің ақиқаттығын сынаудың өлшемдерінің бірі болып есептеледі. Түркістан жəне Алаш ұлт-азаттық қозғалыстарының өзара ықпалдастығы тарихын зерттеуде бұндай «мүмкін мəнді» деректерді айналып өту мүмкін емес. Дегенмен, тарих мазмұнын жаңалаған жаңа тарихи деректердің айналымға ұсынылуы мен өркениетті тұжырымдардың орнығуы жағдайында өрбіген ғылыми пікірталастарды тарихи танымдағы қалыпты жағдай деп қабылдауға болады. Түркістандағы Алаш қозғалысының тарихи дерегін қалыптастырғандығы жəне оның тарихнамасына негіз қалағандығы үшін отандық тарих ғылымы көрнекті қайраткер Т.Рысқұловтың тарихшылығына қарыздар болып келеді. Өйткені, оның осы мəселеге қатысты тарих ғылымына жасаған бұл қызметі осы кезге дейін тарихшылар тарапынан лайықты бағасын алған жоқ. Оның Түркістандағы Алаш қозғалысының қызметі туралы ойлары мен тұжырымдары 1923 ж. маусымда «Советская степь», 1935 ж. 18 мамырда «Казахстанская правда»173 газеттерінде жарияланған еңбектері мен түрлі сипаттағы жазбаларында одан əрі өрбіген болатын. Сол сияқты Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысының ықпалы мен қызметіне қатысты Т.Рысқұлов174, С.Сейфуллин175, Қ.Сармолдаев176, Ə.Лекеров177, І.Құрамысов178, Ұ.Құлымбетов179, М.Қайыпназаров180, Б.Аралбаев181 жəне т.б. партия-кеңес 173 Рыскулов Т. Из прошлого казахской национальной интеллигенции. -//Избранные труды. -Алма-Ата: Казахстан, 1984.-260 с. 174 РГАСПИ. Ф.17, Оп. 85, д. 77. Л. 196-252. 175 РГАСПИ. Ф. 17, Оп. 33, Д.350, Л.70-79. 176 ҚРПА. Ф.719. оп.1. Д.66. Л.83-85. 177 ҚРПА. Ф.719. Оп.1. Д.66. Л.92-95. 178 ҚРПА. Ф.719. оп.1. Д.66. л.117-120. 179 ҚРПА. Ф.719. Оп.1. Д.66. Л.86-91 180 ҚРПА. Ф.719. Оп.1. Д.66.Лл.107-111. 181 ҚРПА. 719-қ., 2 тіз., 163-іс, 64-66 пп. қайраткерлерінің республикадағы саяси-партиялық жұмыстың барысына жасаған ресми қорытындылары мен талдамалары, Д.Нысанбаевтың өлкелік партия комитетіне жазған құпияхаты182, Ташкент қаласындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақ студенттері тобының И.Сталинге жазған құпияхаты183 жəне басқа да ресми, биресми құжаттарда осы тарихи құбылыстың болмысын қалпына келтіруге септігі тиетін мəліметтер кездесетіндігін айтуымыз керек. Осы жерде құпияхаттардың деректік аражігін ажырата кеткеніміз орынды болар. Тарих психологиясының зерттеу нысаны ретінде аса маңызды деректердің бірі – құпияхаттар. Құпияхат жазу дегеніміз – басшылыққа ауызша немесе жазбаша əлденені жеткізу, хабарлау184 екендігі белгілі. Кеңестік қылмыстық құқық құпияхатты «іске асқан немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы қылмыстық іс қозғауға құзырлы органға немесе лауазым иесіне нақты өмір шындығына сай келмейтін жалған мəлімет беру»185 деп сыныптайды. Бұндай əрекетке қылмыстық Кодекстерде қылмыстық жауапкершілікке тартатын арнайы бап қарастырылған. Құпияхат құзырлы органның немесе лауазым иесінің қолына жеткен сəттен бастап қылмыс болып саналады. Құпияхаттың қылмыстық құрамын ауырлататын мынадай белгілері болады: ерекше қауіпті мемлекеттік немесе ауыр қылмыс жасады деп айыптау; айыптау дəлелдерін қолдан жасау (яғни, жалған құжаттар ұсыну); жеке басының пендешілік мақсаты (мысалы, айыпталушының мүлкін иемдену мақсаты)186. Бұл деректер құпияхат жазушылықтың қылмыстық сипатын айқындайды. Демек, құпияхат жазу құбылысы қандай қоғамда орын алса да, қандай мақсатты көздесе де, қандай сипатта болса да бəрібір қылмыстық əрекет деп саналады екен. Осындай қылмыстық əрекетке таптық күрестің бір формасы ретінде қарап, оны саяси құрал ретінде қолдану – тоталитарлық қоғамның қажеттілігіне айналған. Құпияхат жазу құбылысында ұлттық сипат болмайды, яғни ол белгілі бір ұлттың менталитеті182 ҚРПА.Ф.719. Оп.1 Д.67. Л.62-67 об. 183 ҚРПА. Ф.719, Оп. 1, Д. 65, Л.2-11. 184 Даль В.И. Толковый словарь русского языка: Современное написания. /В.И.Даль. –М.: ООО «Издательство Астраль: ООО «Издательство АСТ», 2004. – 983 с., С.264-265 185 Юридический энциклопедический словарь. Гл. Ред. А.Я.Сухарев. –М.; Советская энциклопедия. 1984. -415 с., С.93-94 186 Юридический энциклопедический словарь.. С.94

билікке өршелене ұмтылған кейбір маргинал тұлғалар ұлттық нигилизмге ұрынып, тіпті шоқынуға дейін барды. Кеңестік Қазақстан басшыларының біріне айналған Əліби Жангелдин солардың бірі болатын. Ол 1917 жылға дейін христиандықты қабылдап, Иван Степнов атымен Европа мен Африка елдерін аралап шықты. Мұстафа Шоқай бір кездері оның түркішілдікке де бой ұрғандығын жазады188. Əйтсе де ол кеңес өкіметі орнаған кезде нағыз большевик-интернационалистке айналып шыға келді. Осындай саяси-психологиялық биография оның саясат сахнасындағы қарсыластары алашордашыларды ықтыру мақсатында В.И.Ленинге жазған құпияхаттарына өз қолтаңбасын қалдырды. «Ақ жол» газетінің ұлтшылдық бағытын билік алдында айыптап, оны өзінің саяси күресінің дəлелі ретінде пайдалануға Əліби Жангелдин жол салып берді. Осыған байланысты Д.Аманжолова «Для таких же верных ленинцев-сталинцев и давних врагов Алаш, как А.Джангильдин, сам факт участие в демократической национальной печати небольшевистского направления служил верным доказательством контрреволюционности, о чем он доносил В.И.Ленину в апреле 1921 г., касаясь биографии Н.Тюрекулова и С.Ходжанова – руководителей Советского Туркестана»189 деп жазады. Саясаттанушылардың арасында адамдардың саяси əлем туралы түсініктері балалық шақтан бастап қалыптасады деген пікір орныққан. Көптеген зерттеушілердің тұжырымында осы жаста балалар саяси өмір шындығы туралы білімдермен таныса бастайды. Атап айтқанда, олар, мысалы, жергілікті полицейлермен қақтығысу арқылы билік қатынастарын таниды, бұқаралық ақпарат құралдарынан, өздерін қоршаған ортадан жəне ата-аналарынан король, президент, премьер-министр, губернатор жəне т.б. туралы мəліметтерге қанығады190. 1919-1923 жылдары Түркістан өкіметі мен үкіметінің басшысы болған Т.Рысқұловтың балалық шағы отарлық биліктің шынайы бет-бейнесін тануына мүмкіндік жасаған. Əкесінің болыс басқарушысын өлтіріп түрмеге түсуі, өзінің əке жанында түрмеде отырып, орысша сауат ашуы оның саяси əлемді тануындағы алғашқы мектебі болды. Отарлық биліктің ащы дəмін жастай татқан бала Тұрардың отарлық билікке қарсы 188 Шоқай М. Марқұм Əнуар Паша хақында есте қалғандардан үзінділер // Таңдамалы шығармалар: Үш томдық. 1-т. - Алматы: «Қайнар» баспасы. -2007. - 352 бет., (262-266 бб.) 189 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана. С. 96 190 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. –СПб.: Питер, 2004. -713 с., С.320 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. –СПб.: Питер, 2004. -713 с., С.320 нен емес, оның саяси-əлеуметтік негізі деспоттық, тоталитарлық қоғамның табиғатынан туындайды. Мысалы, өзінің деспоттық əрекетімен «зұлым» (зулюм) атанған Осман империясының билеушісі ІІ Абдул-Хамидтің тұсында құпияхат жазудың шегіне жеткені сонша, ақыл-ойға сыймайтын ақпараттар құпияхат түрінде жеткізіліп, қоғамның азғындаған, жағымпаз тобының өкілдері өтірік арқылы өзінің қара басының қамымен сұлтанға құпияхат жазумен айналысқан187. Осыдан келіп құпияхат жазушылықтың саяси сипаты айқындалады. Саяси жүйенің қолдауымен өрістеген құпияхат жазушылықтың қылмыстық құрамы жойылып, ол саяси мəдениеттің құрамына еніп кетеді. Ал саяси мəдениет азаматтардың əрекеттері, құндылықтары мен саяси білімдерінің сипаты мен деңгейін танытады. Сонымен бірге саяси мəдениет əлеуметтік құндылықтарды, саяси қатынастарды реттеуші дəстүрлер мен нормалардың мазмұны мен сапасын да білдіреді. Осыдан барып кеңестік қоғамдағы саяси мəдениет таптық бағыттылығымен ерекшеленеді. Саяси мəдениет институттарының (мемлекет, демократия, саяси партия т.б.) маңызды функцияларының бірі – социалистік қоғам құндылықтарын қорғау функциясы. Міне, осы фукция құпияхат жазушылыққа кең өріс береді. Нақты қоғамның мүшесі ретінде адам сол қоғамға сай əлеуметтік-мəдени ғана емес, сонымен бірге саяси-мəдени ортада əлеуметтену процесінен өтеді. Сол қоғамда үстемдік еткен саяси мəдениетті игере отырып, жеке адам билік қатынастарының көпқырлы жəне динамикалық процестеріне араласады жəне саясимəдени тіршілік иесі ретінде өзін қайта түлетеді. Тұтастай алғанда саяси əлеуметтену дегеніміз жеке адамның белгілі бір қоғамның мүшесі, мемлекеттің азаматы ретінде соған сай саяси мəдениеттің негізгі элементтерін игеруі. Жеке тұлғаның саяси мəдениеті оның өмір сүрген тарихи қоғамына тəн жаханданушылық факторға тəуелді болып келеді. Бұл дегеніміз – барлық қоғам мүшелерінің бір ауамен дем алғандығы сияқты құбылыс. Бұл жердегі бір ауа дегеніміз патша өкіметінің шовинистік саясаты бастап кеңестік тоталитарлық қоғам жалғастырған аз халықтарды орыстандыру құбылысы. Бұл құбылыстың ықпалы алғашқы кезекте билікқұмар индивидтерді қамтыды. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі саяси сілкіністерде 187 Желтяков А.Д. Печать в общественно-политической и культурной жизни Турции (1729-1908 гг.) М: Наука.1972. -320 с., С.176

түркілік бірлік идеясын ту етіп көтеруі тарихи таным тұрғысында қандай түсінікті болса, оның большевиктік идеяға беріліп, Алаш қозғалысына қарсы күрестің де ту ұстаушысына айналуы тарих психологиясы тұрғысынан соншалықты түсінікті дей аламыз. Қоғамның əрбір мүшесі əлеуметтену жəне есею процесінде саяси-əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалыптасады жəне осы мағынада ол саяси мəдениетті немесе оның жекелеген компоненттерін игереді. Демек, əрбір адам нақты əлеуметтік ортаның жағдайында қаншалықты əлеуметтене алса саяси мəдениетке соншалықты жақындай түседі. Дегенмен де, адамның кемел жасқа толуымен оның саяси əлеуметтенуі аяқталмайды. Бұндай əлеуметтену адамның бүкіл өміріне жалғасатын процесс. Саяси мəдениет соғыс пен дағдарыс кезінде, елдер мен халықтардың өміріндегі төтенше жəне аномальды жағдайлар кезінде терең өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер əсіресе, жеке тұлғалардың психологиясынан анық көрініс табады. Т.Рысқұловтың саяси мəдениетіне түзету енгізген күрделі оқиғалар аз болмаған. Оның өз халқынан шыққан оппоненттеріне қарсы саяси күресте құпияхат шығармашылығына жүгінуге дейін құлдырауы Түркістанда биліктен шеттеп, саяси оқшаулануы себеп болды. Қоғам үшін «саяси өлікке» айналып қалудан қорыққан Т.Рысқұлов саяси аффект жағдайында жазған құпияхатының қазақ халқы үшін ауыр салдарға ұрындыратындығын сезбей де қалды дегеніміз артық айтқандық болар. Олай десек қайраткердің саяси көрегендігін қасақана көзге ілмеген болар едік. Т.Рысқұлов 1924 жылдың сəуір-мамыр айларында И.Сталинге жазған көлемді құпияхаттары қазіргі кезде Алаш қозғалысы туралы аса құнды дереккөзге айналып отыр. Рысқұловтың осы құпияхаттарынан Түркістан Республикасында қызмет істеген ұлттық элита өкілдерінің құрылымы, олардың саяси қызметі жайлы Алаш ұлт-азаттық қозғалысының тарихын байытатын, оның шынайы болмысын қалпына келтіруге септігі тиетін тарихи ақпараттар табамыз. Қашанда тарихи дерек тарихшыға тəуелсіз өмір сүреді. Ондай деректердің ақпаратын оның ішкі мазмұны жəне одан тыс жинақталған білімдер бойынша қабылдаймыз. Тарихи деректер – тарихи зерттеудің жəне кез-келген тарихи білім түрлерін түсіндіріп, таратудың негізі. Соған сай тарихи дерек ұғымының екі мағынасы айқындалады: тарихи ақпараттың дерегі жəне өзі тарихи болып есептелетін дерек. Ал тарихи дерек деп адамзат қоғамының өткенін тануға пайдалануға болатын, тарихшының қызметіне пайдасы тиетін тарихи сипаттағы ақпараттарды, құбылыстарды танимыз191. Демек, құпияхаттар да осылайша ғылыми маңызына қарай тарихи дерек сипатына ие болады. Тоталитарлық билік құпияхат жазу шығармашылығына кең жол ашып, оны қолдап отырды. Алашқа қарама-қарсы позиция ұстанған қайраткерлердің ондай əрекетке баруы «мəжбүрлік» пе, əлде олардың таптық идеяға жан тəнімен берілген саяси көзқарасынан туған саналы əрекеті ме? Рас, жайлы қызмет үшін, жеке бас амандығы үшін алаштық зиялыларды қаралаған хорға үн қосқандар жоқ емес. Олардың қарасы мол. Бірақ кеңестік билікке олардың жарамсақ үнінен келіп-кетер пайда аз еді. Кеңестік билікке өз саясатын «қолдайтын» саяси сенімді тұлғалар қажет болатын. Құпияхат жазушылар кейіннен тұтқынға алынып, абақтыда «мəжбүрлікпен» жасаған мəлімдемелері ҰҚК архивтерінде сақтаулы. Ал билік басындағы саяси тұлғалардың саналы да ерікті түрде жазған құпияхаттары олардың таптық идеяға берілген нық сенімінің, орнықты саяси көзқарасының жемісі екендігін танытады. Кеңестік тоталитарлық қоғам да өз кезегінде тұтастай халықты үнемі қорқынышта ұстап, бақылаудан шығармаудың тəсілдерінің бірі ретінде құпияхат жазуды қоғамды қадағалау институттарының біріне айналдырды. Бұл құбылыстың сипаты мен мазмұнын тарих психологиясының тəсілдерімен зерттеу тоталитарлық қоғамның табиғатын тануға мүмкіндік беретін болады. Бұндай құжаттық деректер Түркістандағы ұлт-азаттық күрес тəжірибелерін талдау арқылы Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатын дербес тарихи таным нысаны ретінде қарастыруға негіз болады. Осы құжаттарға деректік талдау жасау барысында Оңтүстік қанаттың нақты ұйымдық құрылымы болмағанымен оның қызметінің мазмұны қазақ жеріндегі тарихи құбылыстың құрамдас бөлігі болғандығына көз жеткізеді. Сонымен бірге Түркістан ұлтазаттық қозғалысының құрамында өлкедегі жергілікті ұлт зиялыларымен тығыз бірлікте жұмыс жасағандықтан Алаш қозғалысы Оңтүстік қанаты қызметінің мазмұнында аймақтық, конфессиялық жəне идеялық сипаттағы ерекшеліктері болды. Түркістандағы жергілікті халықтардың арасында отаршылыққа қарсы күрестегі мұсылмандық, түркілік бірлік идеялары Алаш қозғалысымен байланыста болған М.Тынышпаев, С.Лапин, М.Шоқай, Қ.Қожықов, 191 Историческая наука. Вопросы методологии. -М.: «Мысль». 1986, 261 с. (С.153)

С.Өтегенов жəне т.б. қайраткерлердің саяси қызметінде жаңа қырынан танылып, қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. М.Тынышпаев, С.Лапин, М.Шоқайдың өлкедегі саяси қозғалыстың жəне Түркістан мұхтариятының басшылығында болуы олардың Алашорда үкіметімен тығыз байланыс жасауына мүмкіндік беріп, қазақ мемлекетінің тұтастығы мəселесін алғаш рет ұлттық идея ретінде күн тəртібіне қойды. Осы мəселе 1918 ж. 4-9 қаңтарында Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының съезінде арнайы қарастырылды. «Сарыарқа» газетінде жарияланған «Алаш һəм Түркістан» мақаласында192 «Съезде Алашқа қосылмаймыз деген ешкім болған жоқ: кəрі-жас, қарасы-төресі, байы-кедейі бірауыз болды» деп ұлттық идеяның қолдау тапқандығы жазылды. Сондай деректер мазмұнының күрделілігі оны тыңғылықты сараптауды, өзге деректермен салыстыра талдауды қажет етеді. Бұл деректердің Алаш қозғалысына қарсы таптық-партиялық көзқараста қалыптасқандығы айқын. Өз кезінде саяси мақсаттарға қызмет еткен бұл деректер зерттеушіні тарихи құбылыс жөнінде мəлімет алуды жеңілдететін «делдал» немесе тарихи құбылыс туралы ақпаратты жеткізуші өзіндік нысан ғана емес, шын мəнінде өз алдына тарихи дəйек, мəдениет ескерткіші ретінде де зерттеушілерді қызықтыруы тиіс. Содан да тарихи дерек тарихшыға тəуелсіз өмір сүреді деген тұжырымға ден қоюға болады. Ондай деректердің көпқатпарлы ақпаратын оның ішкі мазмұны жəне одан тыс жинақталған білімдер бойынша қабылдаймыз. Демек, ғылыми таным нысанына айналғанша мүмкін мəнді тарихи дерек (немесе «бастапқы дерек») деп атауға болатын Алаш қозғалысы тарихының осындай деректерін ендігі жерде ешқандай бұлталақсыз ғылыми талдау нысанына айналдыру қажеттігі туып отыр. Деректануда саяси құжаттар деп сыныпталатын бұл құжаттар Алаш қозғалысы туралы аса құнды дереккөзі екендігі даусыз. Олардың мазмұнынан Түркістан Республикасында қызмет істеген ұлттық элита өкілдерінің құрылымы, олардың қызметі жайлы Алаш қозғалысының тарихын байытатын тарихи ақпараттар табамыз. Осы деректердің мынадай екі түрлі маңызын атап айтар едік. Біріншісі – ғылыми маңызы. Осы құжаттарда ұлттық элита өкілдерінің жеке басы мен қызметтеріне берілген мінездемеге сүйеніп, Түркістанда Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты жартылай жасырын, жартылай жария жағдайда жасаған қызметін 192 Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917 – мамыр 1920 ж.ж. -Алматы: «Алаш». 2005. Т.2.-496 с. (109-110 бб) нақтылауға болады. Алаш орда қызметіне тыйым салынып, кейін оның қайраткерлеріне кешірім жарияланғанымен Алаш зиялылары Түркістанға топтасқаны белгілі. Түркістанда нақты ұйымдық құрылымы болмағанымен бұл қайраткерлер алаштық идеяларды кеңестік билік жағдайында одан əрі жалғастырған еді. Аталған құжаттарда осы тұжырымдарды дəйектейтін деректік құндылығы жоғары көптеген дəлелдер келтіріледі. Екіншісі – саяси маңызы. Жоғарыдағы аталған құпияхаттарда ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың аймақтық маңызы зор құбылысы, ұлттық мемлекеттіктің алғашқы үлгісін іске асырған Алаш қозғалысын саяси, идеялық тұрғыда талқандаудың стратегиясы жасалды. Демек, деректер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне ықпал жасаған құжат ретінде өз алдына мəдени ескерткіш те болып табылады. Тарихшы ендігі жерде өзінің шынайы кəсіптік миссиясына кірісуі тиіс. Оның мəнісі - тарихтың мазмұнын тарихтан сабақ алуды керексінген ұлттық мүдде тұрғысында қалыптастыруда болса керек. Сонда ғана тəуелсіз тарих жазылады. Ғылымды əуесқойлықпен емес, кəсіптік талаптар тұрғысында қолға алғанда ғана өресі биік, мəдениеті жоғары интеллектуалды тарих қалыптасады. Осындай биік ғылыми талаптарды басшылыққа алғанда ғана тарихи ақиқат айтылады жəне ол тарихи санада байыпты қабылданады. Ғылыми ақиқатты тануда тарихи дəйектің олар маңызы ерекше. Шынайы ғылыми теория мен дəйектің арасындағы тікелей байланыс дəйекпен негізделмеген білімнің жорамал ғана екендігін көрсетеді. Тарихи ойлаудың сипатты ерекшелігі біздің қабылдауымызда, түсінуімізде тікелей бетпе-бет келетін ақиқатпен емес, өткен шақтың ақиқатымен жұмыс жасауында. Содан да оны қабылдау белгілі бір дəуірдің деректерде қалған тарихи тəжірбиесі арқылы іске асады. Бұндай жағдайда ақиқаттың өлшемін қоғамдық-тарихи əрекет атқарады. Сондықтан ойлаудың нақты-тарихи мазмұны таным нысаны немесе ол туралы ұғымды қалыптастырады, бұл əрекет «дəйек» пен «тарихи дəйек» бірегей ұғымдар емес екендігін танытады. Сезімдік танымға зерттеушінің зерттеу нысанымен тікелей байланысы тəн болса, теориялық танымда ғалым пəн немесе құбылысты тікелей емес, олар туралы ақпараттар немесе ұғымдар бойынша қабылдайды. Тарихи дəйек тарихи дерек арқылы ғана бүкіл болмысымен танылады.

Өзге ғылымдар сияқты тарих ғылымы да дəйектерге негізделеді. Тарихи таным дегеніміз, бір жағынан белгілі дəйектердің жиынтығы болса, екінші жағынан оларды жинақтаушы жəне түсіндіруші теория. Алаш қозғалысының болмысын тануда оның деректері мен дəйектерін жинақтаудан оны тарихнамалық талдауға өту – тарихи танымның басты кезеңі болмақ. Осы істегі тарихшының міндеті дəйектерді жай ғана жинауда немесе қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын жекелеген дəйектермен əшекейлеуде емес. Ол дəйектерді талдау мен жинақтау негізінде бірегей жəне əртүрлі құбылыстардың жалпы заңдылығын бөліп алуы, нақты тарихи жағдайда ол заңдылықтың көрініс табуы мен əрекет ету тетіктерін ашып көрсетуі, бұл істе кездейсоқ құбылыстардың да ықпалы назардан тыс қалмауы тиіс. Əлдебір құбылыс туралы түсінік – салыстырмалы шындық болып саналады, өйткені, теориялық танымның мүмкіндігі шексіз, ал танымның қол жеткен деңгейі тоқмейілсуге жол беруге болмайтын аралық кезең. Бұндай шарттылық нақтылықты, тарихи дəйектердің шынайлығын, оны таңдау мен талдаудың қажеттілігін жоққа шығармайды. Ресейдің көрнекті тарихшысы А.С.ЛаппоДанилевскийдің тұжырымына сүйенер болсақ, тарихи дəйек дегеніміз тарихшы санасының қоғамдық ортаға ықпалы болып шығады193. Бұл жерде тарихи дерекке қатысты тарихшы мен зерттеу нысанының өзара байланысы алдыңғы орынға шығып тұрғаны байқалады. Дегенмен, тарихи білімнің шынайылығы тарих ғылымының əлеуметтік табиғатынан бөлек бола алмайтындығын ескерсек, тарихи білім қоғамға қызмет жасайды жəне сонымен бірге оның ахуалына тəуелді болады. Əлеуметтік іс-əрекеттің ажырамас бөлігі болғандықтан тарихи білімсіз қоғамдық сана болмайды, ендеше тарихшының қызметін оның өзі өмір сүрген қоғамнан оқшаулап қарастыру негізсіз болар еді. Оның үстіне тарих ғылымының саясилығы, түрлі бағыттар мен философиялық көзқарастардағы тарихшылардың арасындағы күрес пен пікірталас тарихи зерттеулердің ақиқаттығын сынаудың өлшемдерінің бірі болып есептеледі. Өйткені, жұмыс тəсілі, дереккөзін таңдау қағидалары, жаңа тұжырмының негізделуі қалай болғанда да тарихшының қоғамдық позициясымен, оның идеялық рухани ұстанымдарымен тығыз байланысты. Тарихшы өзі зерттеген құбылыстарды бағалауы, оны түсіндіруі, заңды байланыстар жүйесіне енгізуі тиіс. Таным тұрғысынан 193 Лаппо-Данилевский А.С. Методология истории. Вып.// Пособия к лекциям, читанным студентам С.-Петербургского университета в 1910/11 году. СПб., 1913 (С.174) алып қарастырғанда осылайша тарихи дəйектің даралық сипаты айқындала түседі. Дəйекті анықтау үшін шынайы құжатты жалғанынан, ондағы шынайы ақпаратты кейінгі өзгертулер мен жаңа қатпарлардан ажырата алуы жеткіліксіз. Бұл жерде тарихшыға тікелей араласу мүмкіндігі бұйырмаған өткен шақты теориялық тұрғыда қалпына келтіруі міндеті жүктеледі. Тарихи дəйектің нығайтылуы – тарихнамалық сипат алады. Нақты тарихи шығарманы немесе құжатты талдау барысында тарихшы оның болмысынан тыс шығармалармен салыстырып, ол тарихи дереккөздің мазмұнының шынайлығына баға береді. Демек, тарихи дəйек дегеніміз белсенді ізденіс үрдісімен, тарихшының шығармашылық еңбегімен қалпына келтірілген зерттелетін тарихи болмыстың үзігі. Тарихшы қалпына келтірушінің жұмысымен, көптеген дереккөздерді салыстыра отырып, оларды еріксіз түсіндіруден пайда болған ақпараттық қатпарлардан «тазартып», дереккөздің арқалаған ақпараттың жүгі - шынайы дəйек екендігіне баға береді. Содан да зерттеуші тарихи дəйекті өз дəуірінің көзқарасы тұрғысында қалпына келтіреді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда ол екі уақыттың өлшемінде əрекет жасайды. Тарихшылар ақиқатқа барынша жақындауға ұмтылып, оқиғаның болмысының шын мəнінде қалай болғандығын қалпына келтіреді. Бірақ тарихи қалпына келтіру белгілі бір көзқарас жəне ғылыми тəсілді игерген сол кезеңнің тарихшыларына да, қоғамға да өткен күннің көрінісі ғана болады. Осы жағынан тарихи таным белгілі дəрежеде қоғамдық сананының да деңгейін танытады. Осылайша өткен дəуірдің құпиясына үңілген тарих ғылымы қазіргі заманғы мəселелерді шешуге де қатысады. Сонымен, тарихи дəйек деп зерттелетін дəйек немесе тақырыпты атасақ, тарихнамалық дəйек деп оны ғылыми танымдық үрдіс барысында тарихшының қалпына келтіруін атаймыз. Объективті үдерістер мен оқиғалар белгілі бір тарихи жағдайда ғана таным нысанына айналады. Тарихи шынайылық дегеніміз материалдық жəне рухани біртұтастықта, толығымен қамтылған əлеуметтік тарих болғандықтан деректанудағы деректерді сыни талдаудың тəсілдерін негізге ала отырып «өткен күннің белгісінен» онда айтылғанның бəрін шындыққа баламай, тек шынайы мазмұнды ала білуі керек. Оқиғаның қандай түрде жазылғанын, оның жекелеген қырларына баса мəн бергендігін түсіндіру жеткіліксіз, сонымен бірге оқиғаға куəлік етіп отырған автордың өткен

оқиғаның кейбір белгілерін, үзіктерін ескермегендігін немесе қасақана үндемегендігін түсіндіру керек. Əйтсе де, тарихи ақиқаттың айналымға жаңадан шыққан құжаттардың есебінен ғана емес, «өлі» құжаттарға жаңаша түсіндірме жасау арқылы да іске асады. Архив қорларында сақталған, бірақ тарихшылар пайдаланбаған құжаттар «өлі көмбе» болып қала береді де белгілі дəуірдің ақиқатының толыққанды компоненті ретінде қарастырылмайды. Бірақ ол құжаттар əлеуметтік жəне теориялық дамудың басқа кезеңінде өзінің қолданылу мақсатын (қызметін) табады. Кеңестік тарихнамада «тұмшаланған» деректердің қазіргі кезде айналымға ұсынылуы тарих мазмұнын жаңалау мақсатына қызмет етуі осының айғағы. Бұл заңдылық деректе қоғамдық болмыстың қабылдануы жəне деректің өзінің қабылдануы тарихшының немесе ол деректі жасаушының қандай топқа (партияға) тəн болуы сияқты көптеген факторларға байланысты екендігіне көз жеткізеді. Бұл жерде тарихшының шығармашылық белсенділігі тарихи практикаға танымал жəне айналымда жүрген құжаттарға жаңа қырынан келіп, одан қосымша ақпараттар алады. Маркстік методология тарихи таным мен тарихи сананы өзінің табиғатынан таптық сипатта болып келеді, сондықтан да ол таптық тұрғыдағы дəйектілікті қажет етеді деп бағалады194. Алаш қозғалысының тарихына кеңестік тарихнаманың қалыптастырған осындай таптық негіздегі тарихи танымын қайта қарап, құбылыс туралы тəуелсіз тарихи сана қалыптастыруда соңғы жылдары орасан зор жұмыстар атқарылды, алдағы уақытта да атқарыла береді. Дəйек дегеніміз жеке тұрғанда өзіндік мəні бар шама емес. Олар өзге дəйектермен байланысы арқылы ғана мəн мен маңызға ие бола алады. Əйтсе де дəйектердің арақатынасы тарихшының санасында қалыптаспайды жəне оның берген бағасымен анықталмайды. Дəйектердің байланыстары мен өзара қатынастары санадан тыс өмір сүреді де тарихшы олардың ішкі қисынын басшылыққа алып, мүмкіндігінше дұрыс қалпына келтіруге ұмтылады. Шын мəнінде тарихи дəйек кең ауқымды құбылыстарды қамтитын болғандықтан тарихшыға оның бір бөлігі ғана белгілі болуы мүмкін. Содан да оны жан-жақты қырынан талдау орынды болады. Ондай жағдайда тарихи дəйек көпқырлы болғандықтан ол əртүрлі мазмұнда жəне сан қырлы байланыста əртүрлі деңгейдегі егжей-тегжейлікпен талдануы мүмкін. Ол талдау өткен шақ туралы білім көлемінің арта түсуі тарихты зерттеудің əдіснамасы мен тəсілдерінің жетіл194 Историческая наука. Вопросы методологии. -М. «Мысль». 1986, с. 261 (С.98) дерілуі, қарастырылатын кезеңнің, тақырыптың тереңдеуі жəне перспективасына байланысты сарқылмайтын мазмұн алады. Тарихшылардың алға қойған міндеттеріне, олардың қолданған тəсілдеріне сай белгілі дереккөздің өзінен жаңа дəйектер табылуы, соған сай ғылыми айналымға ұсынылған тарихи дəйек бұрынғы ұғымдар бойынша қалыптасқан бағаны өзгертуі мүмкін. А.Я.Гурьевичтің бағалауынша содан да тарихшының ой-тұжырымдары баға берушілік сипат алатындығы, оның дəйектік материалдарды сұрыптауы тарихта ғылыми-шынайы құрылым түзуі мүмкін екендігі айтылады. Оның тұжырымында ғылыми зерттеудің екі қыры болады: бірі тарихшының көзқарасынан туындайтын бағалаушылық болса, екіншісі тарихи үдерісті болған күйінде баяндайтын теориялық алғышарттарға тəуелді шынайылық195. Тарих ғылымы шынайы ақиқатты іздейді жəне оны таба да алады. Өзге ғылымдар сияқты тарих ғылымында да шынайы жəне салыстырмалы ақиқат мəселесі туындайды. Тарихшы басшылыққа алатын алғышарттар дəйектерді белгілі бір сызбаға күштеп тықпаламай жұмысшы болжамдар, тексерілетін, түзетілетін пайымдаулар түрінде болуы тиіс. Алаштың ақиқатын тануда көптеген істер атқарылды, ал атқарылуы тиіс істердің бірі - алаштық элита мен большевиктік номенклатураның қарым-қатынасы мəселесі. Кеңестік тарихнама бұл шетін мəселеде біржақты көзқарас ұстанды. Қазіргі тəуелсіз қоғамымыздың дамуында ықпалды күш болуы үшін ХХ ғ. басындағы ұлттық элита қызметінің тəжірибесін жаңа көзқарастармен, жаңа əдіснамалық тəсілмен қарастыруды талап етіп отыр. Қоғамдық ойда қалыптасқан осы талап Алаш қозғалысының тарихын терең де жан-жақты қарастыру міндетін алға тартуда. Ол міндет – отандық тарих ғылымының мазмұнын ұлттық мүдделерді ескере отырып, əлемдік ғылыми ойдың жетістіктеріне сай теориялық жəне əдіснамалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеру. Қазіргі кезде Алаш қозғалысының тарихына қатысты қолда бар деректердің өзі осы тарихи болмысты қалпына келтіретін жаңа да іргелі тұжырымдар жасауға жеткілікті деп айта аламыз. Осы деректердің негізінде Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы ғылыми тұжырым негізделді. Бұл тұжырымның мəні Алаш қозғалысының географиялық ауқымын едəуір кеңейтіп, оның көтерген ұлттық идеясының жартылай жария, жартылай жасы195 Источниковедения. Теоретические и методологические проблемы. -М.: 1969. (С.87)

рын жағдайда өмір сүрген уақыттық шегін де ұзартуға, сол сияқты Алаш қозғалысын тұлғаландыру бағытында да көптеген жаңа есімдерді тарихи танымға қосуға мүмкіндік береді. Алаш қозғалысы тарихының қазіргі деректік базасы тарихшы ғалымдардың білікті шығармашылық ізденістері арқылы алдағы уақытта тарихи сананы тың ғылыми тұжырымдармен жаңалауда жəне отан тарихының мəселелерін тəуелсіздік рухында шешуге қызмет жасауы тиіс деп білеміз. Осы деректік жəне дəйектік негізді ғылыми игеру интеллектуалды тарихтың қалыптасуына бастау бола алады. Қорыта айтқанда, ХХ ғ. алғашқы ширегінде Түркістан өлкесіндегі этносаяси үдерістер мазмұны мен сипаты бойынша өте күрделі сипат алуы оның тарихнамасына өз қолтаңбасын қалдырды. Мəселе тарихнамасының қалыптасуының мынадай негізгі кезеңдері анықталды: бірінші кезең - кеңес өкіметі орнауының алғашқы жылдарынан 20 жылдардың ортасына дейін; екінші кезең – 20 жылдың соңына 50 жылдардың ортасына дейін; үшінші кезең – 50 жылдардың соңынан 80 жылдардың ортасына дейін; төртінші кезең - 80 жылдардың ортасы 90 жылдардың басы; соңғы бесінші кезең – тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Тарихнамалық тұрғыда əр кезеңнің мəселеге айқындық берген жетістіктері мен тарих мазмұнын сыңаржақ идеологиялық ұстанымдарға сай қалыптастырған кемшіліктері де болды. Теориялық-əдіснамалық негізге алынған таптықпартиялық қағидалар шынайы тарихи болмысты ашық бере алмады. Мəселе тарихнамасының осы кемшін тұстары тəуелсіздік жылдары жаңа көзқараспен жəне теориялық-əдіснамалық ізденістермен жүргізілген зерттеулер арқылы толықтырыла бастады. Тарихнамалық талдау көз жеткізіп отырған ғылыми ақиқат элита теориясының мүмкіндіктерін отан тарихын зерттеп, зерделеуге батыл қолдануға болады деген тұжырым жасауға итермелейді. Тақырыпқа қатысты дереккөздерінің қалыптасуы мен құрылымының күрделігі, мазмұнының тереңдігі оларды пайдалануға деген ғылыми талғамның, зерттеу тəсілдерінің көптүрлілігіне байланысты көпқатпарлы мазмұндауға негіз болғанына көз жеткіземіз. Əсіресе, тақырыпқа қатысты кеңестік кезеңдегі деректанулық жетістіктер қазіргі тарих ғылымының сұраныстары мен зерттеу əдіс-тəсілдеріне сай қайта талдауды, сараптауды қажет етеді. Оның үстіне қоғамдық-саяси үдерістерді саяси элита қызметі арқылы талдау да тың деректанулық ізденістерге сүйенетін болады. ЕКІНШІ ТАРАУ ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТАНЫҢ РӨЛІ 2.1 Өлкедегі элитақалыптастырушы факторлар мен тарихи үдерістер Қоғамдағы элитаның құрылымы мен қызметінің сапасы оның құрылу, қалыптасу қағидаларына тəуелді болып келеді. Сондай қағидалардың бірі элитаның өз қатарын толықтырып отыруы немесе элитаайналымы. Оның мəні – адамдарды белсенді саяси өмірге тарту, қоғамды жаңартуда билік институттарының дəстүр сабақтастығын қамтамасыз ету. Қоғамның саяси жүйесіне енетін билік институттарына кадрлар дайындау мен іріктеу мемлекеттің заң шығарушы жəне атқарушы билігі, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік мекемелердің білікті басшылары қалыптасуының маңызды шарты. Осы тарихи үдерісті түсіну қоғамдағы көптеген түйіткілді этносаяси мəселелерді ұғынуға мүмкіндік берер еді. Тұрақты саяси жүйе жағдайында элитаның өз қатарын толықтыруы орныққан нормалар бойынша жүргізіледі де соның нəтижесінде элитаның жеке құрамы мерзімді түрде азды-көпті жаңарып отырады, бұл жағдай қоғамның саяси құрылымында тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл тарихи үдеріске көптеген мысалдар келтіруге болады. Айталық, ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанда басқару реформасы жүргізілгенге дейін «Сібір қырғыздарының Жарғысы» бойынша билік ақсүйек сұлтандардың қолына шоғырланғаны белгілі. Шығыста аға сұлтан, батыста сұлтан-билеуші деп аталған сұлтандар көптеген материалдық артықшыларға ие болды. Соған сəйкес олардың əлеуметтік статусы айқындалды. Оларға 9 жылдық қызметтен соң ақсүйектік атақ мұрагерлік жолмен беріліп, тіпті өз қарамағына 200-ден кем емес казак əскерінің отрядын ұстау құқы берілді. Əйтсе де, патша əкімшілігін қазақ феодалдарының ықпалын нығайтатын бұндай тəртіп қанағаттандырмады. Соған далалық ақсүйектердің қоғамдық-саяси ықпалын шектеуді де қамтыған 1867 ж. 11 шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария жəне Жетісу облыстарын басқарудың уақытша ережесі туралы», 1868 ж. 21 қазанда Орал,

Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережені» бекіту туралы жарлыққа қол қойды196. Ол «Ереже» бойынша сұлтандар бұрынғы артықшылықтарынан айрылып, олардың жағдайы байлармен теңестірілді. Молдалар да діни ықпал жасау тетіктерінен айрылды. Одан кейінгі қабылдаған «Уақытша ереже» қазақ қоғамындағы билік құрылымдарында əскери-отаршылық тəртіп қағидаларын бекітті. Егер бұрынғы басқару жəне салық жүйесі дəстүрлі қазақ қоғамына біршама жақын болса, ендігі жерде патша əкімшілігі оны ұлттық құндылықтарды белден басқан отаршыл жүйемен алмастырды. Бұл реформа жалған демократиялық сипат алды, өйткені ереже бойынша əрбір салық төлеуші болыс басқарушысы болып сайлана алады дегенмен де ол құқықты шын мəнінде тек малы көп байлар ғана пайдаланды. Бұндай құқықтық реформаның мақсаты - ақсүйек билеушілердің ықпалын əлсірету, сонымен бірге рулық бірлікті, болыстар мен ауылдардың əкімшілік бөлінісінің рулық құрылымын жоюды көздеді. Билік саясатындағы бұндай тұрақсыздық жағдайында қоғамдағы элитаайналымы үдерісінің қалыпты ырғағы бұзылды. Қазақ қоғамындағы ақсүйек билеушілер ықпалының төмендеуі əкімшілігінің жіті қадағалауында болды. Далалық генерал-губернатордың есебінде ақсүйек топ ретінде сұлтандар мен қожалар ықпалы төмендеуінің екі себебі аталады; бірі кедейлену, екіншісі – олардың құқықтарын алып тастау арқылы биліктерінің жойылуы. Осындай жағдайларға байланысты қазақ халқы арасындағы ру ақсүйегінің билігі жаңадан қалыптасып келе жатқан ақшалы ақсүйектің билігімен алмастырылды. Бұндай иерархиялық өзгерістің бірінші себебін «көптеген рулардың басын қосып бір рубасының билігіне беру далада тыныштық сақтауды қиындатады»197 деген патша шенеуніктерінің пікірі айқындайды. Ал екінші себеп қазақ даласына отаршылықпен ілесіп нарық қатынастарының енуінен туындады. Билік сахнасынан кеткен сұлтандардың орнына жаңа типті феодалдар – «қарадан» шыққан байлар келді, бірақ олар Ресей империясының отарлық қысымымен ХХ ғ. басында-ақ өздерінің билік құрылымдарындағы позицияларынан айрылып қалды. Бұл 196 Қазақстан тарихы (көне зманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –Алматы: «Атамұра», 2002 -768 б. (Б.418) 197 Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенный по высочайшему повелению сенатором графом К.К. Пеленом. Сельского управление русское и туземное. -СПБ., 1910. -120 с. (С.63) үдеріс дəстүрлі қоғамның меншік қатынасына қарай жіктеліп, ұлттық буржуазияның қалыптасуымен қатар жүрді. Саясат сахнасына шыққаннан бастап қоғамда елеулі рөл атқара бастаған ұлттық буржуазия біршама уақыттан соң табиғи жолмен билік ресурстарын қолына алған болар еді. Əйтсе де 1917 ж. қазан төңкерісі саяси-əлеуметтік дамудың эволюциялық бірізділігін зорлықпен үзіп жіберді. Сондықтан да осындай тарихи үдерістер саяси элита мəселесін қоғам дамуының заңдылықтары аясында жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Элита өз қатарын толықтыру сипатына қарай ашық жəне жабық деп жіктелетіндігі белгілі. Құрамына түрлі əлеуметтік топтардың өкілдері ене алатын элита ашық элита, ал өзін-өзі жаңғыртып, өз қатарын өзі толықтырып отыратын элита жабық элита деп аталады. Осы жерде жүйе ретінде ашық немесе жабық қоғам типі мен элитаайналымы типінің арасында біржақты тəуелділік жоқ екендігін айта кетуіміз керек. Мысалы, патша өкіметі билігін алмастырған Уақытша Үкіметтің қоғамдық бағдары ашық демократиялық сипатпен ерекшеленгенімен ондағы элита айналымы жабық сипат алды. Яғни, патшалық қоғамдағы мемлекеттік билік құрылымдары жаңа қоғамның билік институттарымен эволюциялық жолдармен кіріге алды. Бұл үдерістің мысалын Түркістанда өлкелік жəне жергілікті билік құрылымдары шенеуніктерінің Уақытша Үкіметті қолдап, өзін-өзі жаңғырту арқылы негізгі құрамын сақтап қалғандығынан көреміз. Демек, басқару элитасы қоғамның өзгеруіне бейімделіп, өз қатарына елеулі жаңартулар жасай қойған жоқ. Ал керісінше таптық қағидалар кеңестік қоғамға барынша жабық сипат берді де, бұрынғы қоғамның мемлекеттік билік құрылымдарымен бірге мемлекеттік қызметкерлердің жоғарғы эшелонын жаппай ауыстыруға жол берді. Соған қарамастан элитаайналымы ашық сипат алды: оның құрамына элитадан тыс революцияға берілген, интеллектуалдық дайындығы аз, кəсіптік біліктілігі төмен əлеуметтік топ өкілдері кеңінен тартылды. Бұндай элитаайналымының «ашық» үлгісінің басты себебі – алғашқы жылдардағы большевиктік биліктің біршама əмбебап саясат ұстануы деп бағалауға болады. Саяси қақтығыстар негізінен тек саяси қайшылықтардың ғана емес, сонымен бірге экономикалық, əлеуметтік, ұлттық, діни жəне т.б. қайшылықтардың да көрінісі екендігі даусыз. Содан да саясаттағы осы сияқты əмбебаптық саяси элита қатарына кəсіптік, əлеуметтік, білімдік статустары əртүрлі тұлғалардың енуіне қолайлы жағдай жасады.

Бұл жағдайлар Ресей отарына айналғаннан соңғы кезеңдегі Түркістан өлкесінің қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық тарихын, əсіресе билік құрылымдары мен олардың қызметінің қалыптасу негізін ресейлік болмыстан іздетеді. Барлық салада отарлық биліктің өз үстемдігін орнатуы, ұлттық ерекшелік атаулыны басып-жаншып, Түркістан қоғамын көп губерниялардың біріне айналдыруы бізді амалсыздан Ресей империясында орныққан мемлекеттік бюрократияның тарихын зерттеуге итермелейді. ХVІІІ ғ. ортасында Ресейдің жаулап алған иеліктері бойынша Британиядан кейінгі алып империяға айналуы орасан зор территорияны басқару түрінде қиындық туғызды. Мемлекет көлеміндегі басқарудың қиындығы белгілі дəрежеде Ресей империясының саяси құрылым ретінде жəне территориялық тұрғыда нығайып бітпегендігімен айқындалды. Билік басындағы көреген мемлекет қайраткерлері жаңа жерлерді жаулап алу бұрынғы жерлерді басқарудың сапасын төмендететіндігін жақсы түсінді. Орта Азияны қосып алуға империядағы зерделі саясаткерлер теріс баға беріп жатты. Ташкентті алуға байланысты сол кездегі көрнекті мемлекеттік шенеуніктердің бірі П.Валуев күнделігіне «Генерал Черняев Ташкентті алды. Неге жəне не үшін екенін ешкім білмейді…»198 деп жазды. Бұл дейектің өзі патша өкіметінің Түркістанды отарлауының кей жағдайда стихиялы сипат алғандығын танытады. Ресейде ХІХ ғ. екінші жартысында əлеуметтік-экономикалық реформалар жасау қажеттігі айқын сезілді, бұл жағдай жоғары биліктің алдына басқарушы топты қайта құру міндетін қойды. Елді модернизациялау үшін жоғарғы билік бұл міндетті іске асыра алатын құрал – жаңа билеуші тапқа мұқтаж еді, бұрынғы билеуші ортаның барынша батыл да бастамашыл бөлігі бұл бастаманы қолдаудан бас тартқан болатын. Батыс елдерінде əлеуметтікэкономикалық модернизацияны буржуазия, нақтырақ айтқанда экономикалық элита атқарған болса, орыс сауда-өнеркəсіптік табы өзінің бəсекелестік қабілетінің төмендігі, мемлекеттің патрондық көмегіне мұқтаждығы сияқты себептермен ол міндетті мойнына ала алмады. Осы кезге дейін мемлекеттік қызмет атқарған дворяндық сословиенің модернизациялық мүмкіндігі сарқылып біткен еді, өйткені жер иеленуші сословиеге айналған дворяндар жоғары билік үшін аса маңызды модернизациялау міндеті – кре198 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.174 постной шаруаға азаттық беруге қарсы шықты. Оның үстіне бір жарым ғасыр бойы басқарушы элита ретінде қызмет етіп келген дворяндар ІІ Екатеринаның оларды міндетті қызметтен босату туралы жарлығынан соң мемлекеттік қызметтен тартына бастаған еді. Содан да ХІХ ғ. басында дворяндар мемлекетке «қызмет етті, соғысты, бірақ бəрінен де бұрын өмірдің қызығына беріліп кетті»199 деген сөздер тарихи шындыққа барынша сай келеді. Осындай себептермен де жоғарғы билік елді əлеуметтік-экономикалық модернизациялау міндетін іске асыратын саяси элита ретінде империялық бюрократияны таңдады. Содан да І Николайдың билігі тұсында маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауда бюрократияның ықпалы күшейе түсті. В. Ключевскийдің ХІХ ғасырда қалыптасқан жағдайға байланысты «Ресейді аристократия емес бюрократия басқарады»200 деген сөзі Ресей қоғамындағы элита ауысуының сапалық жаңа деңгейін аңғартады. Дегенмен бұл қоғамдық-саяси үдеріс тың құбылыс емес еді. Орыс бюрократиясы – тым еркін, қызмет атқарудан суынып кеткен дворяндарды ауыстыру үшін империя жасақтаған жаңа мемлекеттік тап. Бұл жағдай бюрократияның «өзгешелігі» оның қызметінің «тəртіпке келтірілген дворяндықтың жаңа түрі»201 болуында екендігін айғақтайды. О.В.Гаман-Голутвина империялық бюрократияның өз дамуында эволюциялық үш кезеңнен өткендігін жазады: бірінші кезең – 1825–1855 жж. І Николай билігі тұсында «дворяндықтан өзгеше» бюрократияның жаңа билеуші тапқа айналуы; екінші кезең – 1855–1881 жж. реформалардың субъектісі ретінде либералдық бюрократияның басымдыққа ие болған кезеңі; үшінші – 1881– 1917 жж. Ресей империясы күйреуінің басты себептерінің біріне айналған қызметінің тиімсіздігінен бюрократияның біртіндеп құлдырау кезеңі202. Ал Ресейдегі саяси элита категориясында мемлекеттік қызметтің ең жоғарғы төрт сыныбындағы шенеуніктердің саны ХІХ ғ. ортасында бір жарым мың адамға жеткен. Осы кездегі империяның ең жоғарғы элитасы түгелдей дерлік дворяндардан құралды. Мысалы, 199 Федотов Г. Судьба и грехи России. Избранные статьи по философии русской истории и культуры. Т. 1–2. –СПб.: София, 1992. Т.- 1.- 420 с. (С.134) 200 Ключевский В. Сочинения в 9 т. – М.: Мысль, 1997.- Т. 3.- 420 с. С.9 201 Федотов Г. Судьба и грехи России. Избранные статьи по философии русской истории... С.136-137 202 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.177

Министрлер Комитеті 100, Мемлекеттік Кеңес – 98,2, Сенат – 95,4 пайыз, ал губернаторлар – 100, губерниялық прокурорлар – 66,6 пайыз дворяндардан тұрды203. Империялық бюрократия қызметі тиімсіздігінің басты себептерінің бірі шенеуніктердің білім деңгейінің төмендігі еді. П.Зайончковскийдің зерттеулерінде 1894 ж. мемлекеттік қызметке қабылданғандардың арасында жоғары білімділері – 32,52 пайыз, орта білімділері – 15,05 пайыз, ал төменгі білімі барлары – 52,43 пайызды құраған204. Элита қатарын толықтырудың тиімділігіне сословиелік шектеу де үлкен кедергі болды. Ата-бабасынан ақсүйек ортадан шыққандар қызмет баспалдағымен жылжуда қарапайым халықтан шыққандарға қарағанда бірқатар артықшылықтар пайдаланды. «Дворянның артықшылығы бұл жерде де (мемлекеттік қызметте – Х.Т.) сақталды. Оның классикалық он төрт басқышпен көтерілуі балеринаның самғауын еске салады: басқа сословиеден шыққандар ұлудай ілбіп, қажымай жылжиды»205. Осындай шектеулердің салдарынан Европаның дамыған елдерімен салыстырғанда халықтың жалпы құрамында Ресей бюрократиясы үлесінің аз болуы да қоғамды тиімді басқаруға едəуір кедергі болды. Жалақысы өте көтеріңкі болғанына қарамастан биліктің жоғары эшелоны сыбайлас жемқорлықты айналып өте алмады. ХІХ ғ. ортасында мемлекеттік басқару аппаратының барлық буынында парақорлық кең етек жайды. Декабрист А.Бестужев І Николайға жолдаған хатында шенеуніктердің парақорлығы «құлақ естімеген арсыздық» деңгейіне жеткендігін «Қазынада, комиссариаттарда, губернаторларда, генерал-губернаторларда – мүдде қатысқан жердің бəрінде қолынан келген тонады, қолынан келмеген ұрлады»206 деп ашына жазады. Абай аяусыз əшкерелеген осындай жағдай қазақ даласы мен Түркістан өлкесінде де болыстық, уездік деңгейде терең тамырлап, кең жайылды. Ресей бюрократиясы үшін элита айналымының жұмылдырушылық (мобилизациялық) үлгісіне тəн сипатты ерекшеліктердің бірі – оның ала-құла полиэтникалық құрамы еді. 1700–1917 жж. аралығында жоғары мемлекеттік қызметтің маңызды лауазымда203 Бестужев А.А. Об историческом ходе свободомыслия в России (Письмо к Николаю І) //Избранные социально-политические произведения декабристов. Т.1., -М.: Политиздат, 1951. – 496 с.С.30 204 Бестужев А.А. Об историческом ходе свободомыслия в России... С.34 205 Федотов Г. Судьба и грехи России. Избранные статьи по философии русской истории... С.137 206 Бестужев А.А. Об историческом ходе свободомыслия в России... С.496 рын атқарған 2967 қызметкердің 1097-ы (37,6 пайыз) шетелдік, ең алдымен батысевропалық (басым бөлігі немістер) болды. ХІХ ғ. ортасында орталық биліктің жоғары лауазымдағылардың 15 пайызы лютерандар еді207. ХІХ ғ. соңында империя құрамына қосылған ұлт аймақтарының ақсүйектері жоғары басқару аппаратының құрамын толықтыруға қатысуға қол жеткізді. Осыған байланысты айта кетерлік бір жағдай, империя бойынша мұрагер дворяндардың 48 пайызы жаңадан қосылған елдердің жергілікті ақсүйектерінен құралды208. Бұл ерекшелік Ресей империясындағы элитаның жеке құрамының ассимиляциялану үлгісін танытады. Ресей тарихында татар мырзалары, балтық бойының барондары, поляк шляхталары, литва князьдары жəне украин казактарының жоғарғы тобы империя қызметіне тартылып, орталық элитаның құрамына енді. Ал қазақ жері Ресейге қарағаннан бастап хан тұқымдары, атап айтқанда Кіші жүзде Əбілхайыр ханның, Орта жүзде Абылай ханның ұрпақтары патша қызметіне араласып, əртүрлі жоғары лауазымдар иеленді, дворяндық атақтар алды. Түркістанда дəстүрлі ақсүйектер - төре əулетінің отарлық əкімшілік қызметіне алғашқы кезекте тартылуының екі үлгісін атап көрсетуге болады. Біріншісі: Абылайханның баласы Əділ төренің ұрпағы Тезек төренің Жетісудағы аға сұлтандық қызметі. Ол дворяндық атақпен бірге азаматтық қызметте полковник шенін алған. Екіншісі: Жағыпар Асфендияров Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде əскери полковник шенінде елшілік қызметтер істеген. ХХ ғ. басында отарлық билікке араласып, айта қаларлықтай мансапқа қол жеткізген қазақ ақсүйектері мен оқығандары аз болмады. Əрине, дəстүрлі ұлттық элита өкілдерінің осындай жолдармен отарлық билік құрылымдарына тартылуы ресейлік бюрократия үшін қалыпты құбылыс болатын. Өйткені, І Петрден кейінгі қалыптасқан дəстүр бойынша Ресейдің жоғарғы мемлекеттік лауазымдарын шетелдіктер, атап айтқанда, Германия, Франция, Англия, Голландия сияқты елдерден шыққандардың белсене атқаруына жағдай жасалды. Бұл мүмкіндік билеуші элитаның ұлттық тұрғыда əртекті болуына алып келді жəне империялық бюрократияның іштей тас-түйін болып жұмыла алмауының басты себептерінің біріне айналды. Ресейде элитақалыптастырушы орта ретінде ХІХ ғ. екінші жартысындағы интеллигенцияның əлеуметтік құрамы да барын207 Пайпс Р. Россия при старом режиме. – М.: Захаров, 2004. -496 с. С.240-241 208 Корелин А.П. Российское дворянство и его сословная организация (1861–1904 гг.). //История СССР. 1971. – № 5.- С. 63.

заңдастырылды. Бұрынғы мызғымас бюрократияның орнына мүдделестер тобы қызу құрыла бастады. Бұл өзгерістердің бəрі де демократиялық жаңартулардың алғашқы кезеңіне тəн стихиялы сипатта жүрді. ХХ ғ. басында элита құрамының бюрократиялық билік пен басқару жүйесінен шығуы мүмкін жəне қажеттілік еді. Мүмкін болатыны – Ресей тарихында алғаш рет дербес орта ретінде саясат əкімшілік басқару ортасына сəйкес келмеді, яғни ресейлік саясат жаңа ортаны талап етті. Қажет болатыны, экономикалық қызмет субъектілері көбейіп, экономикалық мүдделер күрделене түсті, содан да көптүрлі мүдделерді тек бюрократияның күшімен іске асыру мүмкін болмай қалды. Осындай қоғамдық қажеттілік парламент жəне саяси партиялар жүйесін əртүрлі бағыттағы мүдделерді іске асырудың қажетті құралына айналдырды. Осы жерде Ресей Мемлекеттік думасына Түркістан мен қазақ облыстарынан сайланған депутаттардың саяси қызметтері назар аударуға тұрарлықтай. М.Тынышпаев, Б.Қаратаев, Ə.Бөкейхановтардың дума депутаттығымен бірге Ресейдің саяси партияларының басшы органдарына тартылуы ұлттық элита эволюциясының баспалдақтары еді. ІІ Мемлекеттік дума тараған соң жаңадан шақырылған Думаның жанынан құрылған Мұсылмандар фракциясы да орасан зор саяси-ұйымдық қызметтері арқылы элитақалыптастырушылық орта рөлін атқарды. Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттығына сайланған ұлттық элита өкілдері қызметінің маңыздылығы сол «Думадағы əрбір қазақ депутатының қоғамдық-саяси қызметі ұлттық тарихымыздың құрамды бөлігі»211 ретінде бағаланады. Қоғамдық құрылымды басқаруда жұмылдырушылық модельден бас тарту экономикалық жəне саяси элита арақатынасының өзгеруіне итермеледі. Экономикалық сектордың басымдықпен дамуы экономикалық ресурстары басым топтардың билікке ұмтылуына түрткі болды. Ендігі жерде экономикалық элита Ресейдегі дəстүрлі билеуші бюрократияны ығыстырып, оның жоғары биліктегі өкілеттігін шектеу жолымен өз билігін құруға ұмтылды. Бұндай «шектеудің» түрлері мен тəсілдері буржуазиялық партиялардың бағдарламалық құжаттарында көрініс тауып жатты. Олардың ұсыныстарында үкімет құрамына жекелеген өзгеріс енгізуден монархия билігін конституциялық жолмен шектеуге дейін мақсат қойылды. 211 Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы жəне Қазақстан ...12 б. ша əртекті болды. Əртүрлі əлеуметтік жіктерден құралғандықтан да интеллигенция кəсіптік, экономикалық топ емес, идеологиялық топ болып қалыптасты. Оның негізін алғашқы кезде дворяндардың мəдени бөлігі, кейін священниктер мен дворяндардың, ұсақ шенеуніктердің, мещандардың, азаттық алған шаруалардың балалары құрады. Бұл жерде əртекті интеллигенцияның экономикалық емес, бірыңғай əлеуметтік сипаттағы идея төңірегінде топтасқандығы аңғарылады. Осыған байланысты Г.Федотовтың интеллигенция жарты ғасыр бойы билік үшін күрескенімен олардың тікелей мақсаты билікті басып алу болмағандығы жөнінде «өз санасында интеллигенция биліктен шошынды, оны жек көрді жəне таңқаларлық тиянақсыздықпен халық үшін билікті армандады. Интеллигенция биліктен барлық кезде де ластық пен қорқынышты сезетін»209 деген тұжырымына ден қоюға болады. Осындай саяси, рухани себептермен орыс интеллигенциясы контрэлита түрінде дүниеге келгеннен бастап бəсекелес емес, биліктің бітіспес жауы болып қалыптасты. Егер демократиялық саяси жүйеде элита мен контрэлита бəсекелестер ретінде қоғамдық жүйенің тұтастығына кепілдік беретін белгілі бір ойын тəртібін сақтайтын болса, мобилизациялық (жұмылдырушылық) қоғамда мемлекет жəне оның тұрақтылығы дербес құндылығы жоқ қосалқы дерексіз құбылысқа айналады210. Осы параллельді Түркістан интеллигенциясына қатысты қолдануға болар еді. Бұл жердегі басты айырмашылық Түркістанда ұлттық интеллигенцияның қалыптасу факторының əлсіздігі, нəтижесінде оның саяси, интеллектуалдық дайындығының төмен болғандығын атап көрсетуіміз керек. Сонымен бірге Түркістан ұлттық интеллигенциясы Ресейдегі сияқты билікке қатысты саяси позициясын айқындап үлгермеді. Мемлекеттік қызметкерлер табы ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында экономикалық қуатты топтарды өздерінің саяси өкілдерімен алмастыруға бағыт алды. Тарихи оқиғаларға жасалған талдау бұндай өзгерістің іске аса бастағанын көрсетеді. Осылайша ХХ ғ. басында Ресей тарихында алғаш рет элита құрамы бюрократияның шегіне шыға алды. 1905 ж. 17 қазандағы манифест арқылы парламент құру, контрэлитаның саяси құқықтық жүйеленуінің құралына айналған саяси партиялар мен қозғалыстар жасақтау 209 Федотов Г. Судьба и грехи России. Избранные статьи по философии русской истории... С.142 210 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.108

Бұл жағдайлар элита ішіндегі қарым-қатынастың тетіктеріне де өзгерістер алып келді. Жұмылдырушылық үлгі жағдайында жоғарғы билік билеуші тапты тазалау тəсілін қолданса, ендігі жағдайда оның орнын саяси келісім, саудаласу алмастырды. Буржуазиялықлибералдық оппозиция өкілдерінің үкімет жасақтауға қатысуына байланысты үкіметтің жүргізген келіссөздері осындай саяси саудаласу сипатына ие болған еді. Басқару билігінің жұмылдырушылық үлгісі оңай шағылатын жаңғақ емес еді, оның үстіне билеуші бюрократия да өз билігін қолдан оңай бере салмасы анық болатын. Ресей бюрократиясы мен Англияның билік құрылымдары салыстырған С.Витте ІІ Николайға жазған хатында «Англияда шенеуніктер табы жекелердің қызметін бағыттап отыруы тиіс, ал Ресейде болса, жекелердің қызметін бағыттаумен бірге ол жалпышаруашылық қызметінің көптеген салаларына тікелей араласуы тиіс»212 деп оның өміршеңдігінің сырын атап көрсетті. Бұл жағдайлар ХХ ғ. басында да бюрократия Ресей билеуші элитасының негізгі бөлігі болып қалғандығын танытады. Демек, бюрократияның билеуші тап ретіндегі қызметінің тиімсіздігі жəне оның жаңа жүйеге жол бермеуі көп жағдайда Ресей империясының мемлекеттік басқару құрылымы тұрғысында күйреуіне негіз қалады. Империяның күйреуіне бюрократиямен бірге дамудың «экономика-орталық» моделіне өтуді іске асыра алмаған империядағы билікке ұмтылушы буржуазиялық жаңа элитасы да себепкер еді. Жаңа даму жолына көшудің нəтижесі буржуазияның инновациялық даму субъектісі болуға дайындығына байланысты болатын. Буржуазия билікті тартып алуға, тіпті 1917 ж. ақпанында қолына қонған билікке ие болуға да икемсіздік танытты. Ресейде ХІХ ғ. басында буржуазия елеулі күшке айналып үлгерді. 1880 ж. ірі буржуазияның саны 0,8–1 млн, ХІХ ғ. соңында 1,5 млн. адамды құрады213. Жоғарғы меншік иелерінің басым бөлігімен бірге ақша капиталы, сауда-өнеркəсіп қызметі, жылжымайтын мүлік иелері де буржуазиялық сипат алды. Ресейлік буржуазия мемлекетке елеулі түрде тəуелді болды. Үнемі арылмаған қаржылық дефицит, батысевропалық бəсекелестеріне қарағанда қалыптасуының кенжелігі сияқты факторлар орыс сауда-өнеркəсіп табын мемлекеттің протекциясына тəуелді етті. Ресей буржуазиясына тəн саяси топтасу əлсіздігінің қосалқы себебі оның құры212 Проблемы отечественной истории. -М. –Л.: 1976.-Ч.1450 с. С.216 213 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.239-240 лымында сауда буржуазиясы элементтерінің өнеркəсіпшілерден басым болуы еді. Кəсіпкерлердің 80 пайызы қалалық сословиелерден шықты, олар жалпыбуржуазиялық ынтымақтастыққа мүдделі болмады214. Мысалы, Қоқан қаласында шоғырланған банкілердің осындай бірыңғай сауда капиталымен айналысуы Түркістанда жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазияның сипатты белгісіне айналды. А.Бохановтың Ресей буржуазиясының тағдыры туралы мына тұжырымы көңілге қонады: «Ресей капиталистері қоғамның конструктивті элементтерін біріктіретін баламалы əлеуметтік күш болып қалыптасып үлгермеді жəне шексіз билікпен бірге тарих сахнасынан кетті. өмір сүрудің бұндай белгілі қорытындысы тарихи жоспарластырылмаған, бірақ ол қоғамдық дамудың барысымен, оның сипаты, түрлері жəне деңгейімен алдын-ала белгіленіп қойған еді»215. Осындай себептермен де патша өкіметі ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістанда іске асырған əкімшіліктерриториялық жəне саяси, экономикалық реформаларды өлкенің табиғи, тарихи, экономикалық жəне рухани ерекшеліктерін ескермей жүргізді. Отарлық сипаттағы бұл өзгерістер патшалы Ресейдің жалпыимпериялық территория қалыптастыруының заңды жалғасы болды. Осы саясатты тікелей іске асырған, «Түркістан өлкесін құрушы» генерал-губернатор фон К.П.Кауфман «1863-1867 жылдардағы табыстар қозғала қоймайтын елдің сылбыр жəне томаға-тұйық саяси жүйесін шайқалтқанымен олардың жеңілген күштерін өзіне қаратып, өлкедегі орыс мемлекетінің мүдделері алып келген жағымды саяси жəне азаматтық бағдарламаларды орындауға үйрете алмады»216 деп жазды. Шындығында, өлкедегі нақты жағдай патша өкіметінің «өркениеттік» тосқауылынан əлдеқайда күрделі болып шықты. Отарлық басқыншылыққа ондаған мың адам қарсы тұрды. Кауфманға орыс мемлекетінің мүддесін осындай тегеурінді қарсылық жағдайында орнықтыруға тура келді. Бірде-бір қаланың қарсылықсыз берілмегендігін сол оқиғалардың куəгері М.Зиновьевтің: «Азиялықтар, əрине, Орта Азиядағы біздің əскери қимылдарымыздың қанды жылнамасының қорқынышты егжей214 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.240 215 Боханов А.Н. Деловая элита России 1914 г. /Отв. ред. А.П. Карелин.: Т. 1, Российская история.– М.: Захаров, 1994. –С.273. 216 Проект всеподданнейшего отчета генерал-адъютанта К.П. Кауфмана по гражданскому управлению и устройству в областях Туркестанского генерал-губернаторства. 7 ноября 1867 - 25 марта 1881 гг. -СПБ.: 1885. – 295 с. С.5

тегжейін жақсы біледі, солай бола тұрса да жаулап алу жолында кездескен барлық қалалар мен бекіністерді біз күшпен алдық»217 деген сөздері айғақтайды. Өлкені жаулап алудағы осындай «соғыс жағдайы» факторы Түркістан генерал-губернаторлығын басқару туралы алғашқы бағдарламалық құжаттарды дайындауда басшылыққа алынды. Ол құжаттар жаңа жерлерді жаулап алу барысында жедел түрде, асығыс қабылданғандықтан уақытша сипаты басым болды. Сырдария жəне Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже 1867 ж. «тəжірибе ретінде үш жылға» енгізілді. Кейінгі жылдары қабылданған Зарафшан округін, Ферғана облысын, Əмудария бөлімін басқару туралы Ережелер де уақытшалық сипатымен ерекшеленді. Патша жарлықтары мен нұсқауларынан өзге осы уақытша ережелерді басшылыққа алған шенеуніктер Түркістан қоғамында шексіз жəне бақылаусыз билік орнатты. Осындай билік түріне заңды негіз қалаған жоғарыдағы бағдарламалық құжаттар негізінде «əскери жəне əкімшілік биліктің біртұтастығы мен оларды бір қолға шоғырландыру» орнықты. «Соғыс жағдайы» факторы мен жергілікті қоғамның əртүрлі əлеуметтік-құқықтық жəне мəдени ерекшеліктерін білмеуі патша үкіметін «саяси сипаты жоқ барлық істер бойынша ішкі басқаруды халықтың ішінен сайланғандарға» беруге мəжбүр етті. Құқықтық қатынастарда «орыс заңдарымен анықталғанша» шариғат пен жергілікті əдет-ғұрыптар сақталатын болды218. Өлкеде патша өкіметі қалыптастырған əскери-бюрократиялық жүйеде қатаң иерархиялық пен барлық билік буынының матасқан бағыныштылығы негізге алынды. Бұл жүйенің ең биік шыңы патша тағайындайтын жəне қызмет бабында Ресей Əскери министрлігіне тікелей бағынатын генерал-губернатор К.П.Кауфманды «самодержавиелік құқықтың, мемлекет пайдасының қол сұғылмайтындығы мен заңдардың дəл орындалуының бас қорғаушысы»219 етті. Осылайша генерал-губернаторға Түркістанның бесмиллиондық халқын ешқандай заңмен шектелмеген өзінің жеке еркі бойынша басқару құқы берілді. Ал оның билігін қамтамасыз еткен отарлық жүйенің басқару органдары Ресей шенеуніктерінің тұтастай иерар217 Зияев Х.З. Завоевания Бухарского и Хивинского ханств царизмом. //Общественные науки в Узбекистане. 1990. -№ 8. –С.39 218 Проект всеподданнейшего отчета генерал-адъютанта К.П. Кауфмана по гражданскому управлению и устройству в областях Туркестанского генерал-губернаторства... С.163 219 ӨРОМА. И –1 қ., Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі. 34-тіз., 78-іс, 21 п. хиясы қозғалысқа келтіріп отырған күрделі бюрократиялық тетікті құрады. Бұл механизімнің басты буыны болған Түркістан генералгубернаторының кеңсесі өлкедегі мемлекеттік мекемелерді барлық деңгейдегі, түрлі мамандықтағы шенеуніктермен жасақтаған кадр мəселесімен белсенді түрде айналысты. Шын мəнінде бұл кеңсе өз қызметінде заңсыз жəне өзіне тəн емес жоғары шешім шығарушы мекемеге айналды220. Орталықта оның қызметін тек Ресей əскери министрлігі ғана қадағалады. Əскери губернатор жанындағы облыстық басқарманың төрағасы қызметін əскери губернатордың көмекшісі атқарды. Облыстық басқармалар деп аталғанымен ол мекеме іс жүзінде губерниялық басқармалардың қызметін алмастырды. Өткені, олар Ресейдің ішкі аудандарындағы губерниялық мекемелердің барлық қызметтерін атқарды221. Осы жерде атап өтетін бір ерекше жағдай, отарлық тəртіптің күшеюімен бірге облыстық басқармалардың салалық құрылымы кеңейіп, билігі нығая түсті. 1867 ж. Сырдария, Жетісу облыстық басқармаларында үлестіру, шаруашылық жəне сот бөлімі ғана болса, 80-жылдардың ортасында оларға қоса шекаралық, құрылыс, ауылдық-дəрігерлік, мал дəрігерлік жəне есеп-қисап бөлімдері жұмыс істей бастады222. Əр бөлімнің қызметтік аясы заң жүзінде қатаң тəртіппен айқындалды. Тұтастай алғанда 1867 ж. заң актілері бойынша өлкедегі бірдебір қоғамдық құрылым облыстық басқармалар билігінсіз, арнайы құрылған бақылау жəне тексеру органдарының жəне олардың қызметін үйлестіретін патша əкімшілігінің шенеуніктерінсіз жұмыс істей алмайтындай ахуал қалыптасты. Ал отарлық биліктің жергілікті тұрғындардың қоғамдық өмірінің барлық саласына шімірікпестен қол сұғу мысалын биліктің төменгі буындарының құрылымы мен қызметі айқын танытты. Отарлық биліктің келесі буыны уездік əкімшіліктің басшысы – уезд бастығын əскери губернатордың ұсынысымен генерал–губернатор бекітті жəне ол бір мезгілде уездік, қалалық полиция бастығы, қала басшысы, салық органының төрағасы қызметтерін атқарды. Отарлық биліктің бұл буыны атқару, ұйымдастыру, бақылау жұмыстарының барлық ауыртпалығын көтерді. Содан 220 Гирс Ф.С. Отчет по ревизии Туркестанского края. СПБ.: 1888. –140 с. С.10 221 Проект положения об управлении в Семиреченской и Сырдарьинской областях. -СПб.: 1867.-167 с. С.11-12 222 Проект положения об управлении в Семиреченской и Сырдарьинской областях... С.14

да уезд бастығы өз аумағында патша өкіметінің отарлық саясатын іске асыратын, уездің барлық қоғамдық жəне экономикалық өміріне араласатын билік монополияшысына айналды. Əйтсе де, биліктің осы буынындағы кадрлар іс жүзінде пайдакүнемдік мақсат көздеген, қызметтегі біліксіздігімен жоғары органдарды үнемі алаңдатуы себебімен кейінгі уақытта құрылымдық, кадрлық өзгерістерге жиі ұшырады. Өлкенің саяси, əкімшілік орталығы болған Ташкент қаласындағы билік құрылымы да отарлық саясаттың саяси астамшылығына дəлел бола алады. «Қалалық ережеге» сəйкес 1877 ж. Ташкентте қала шаруашылығы қалалық Думаның билігіне берілді. Дума сайлауына қатысу құқы Ресейде мүліктік шектеуге негізделсе, Түркістан өлкесінде оған қоса ұлттық шектеу ашық көрініс тапты. Дума мүшелерінің 1/3 қаланың «азиялық» бөлігінен 2/3 «европалық» бөлігінен сайланды. Соған сəйкес қалалық Думаның бірінші шақырылымында сайланған 24 бірінші разрядты мүшелерден 6, сол сияқты екінші разрядты мүшелерден 8, үшінші разрядты мүшелерден 7 депутат жергілікті тұрғындардың өкілінен сайланды. Жергілікті халықты биліктен шеттетудің мысалын мына жағдайдан көруге болады. Қаладағы 80 мың жергілікті тұрғын қалалық Думаға 21 мүше сайласа, 1877 ж. 3921 адам болған орыс тұрғындар 48 мүше сайлады223. Ташкент қалалық Дума мүшелерін сайлаудағы бұндай əділетсіздікті атап көрсеткен құпия кеңесші Гирс «Қаланың екі бөлігі өкілдерінің Думадағы өркениетті арақатынасы екі халықты біріктіру мағынасында ғана емес, сонымен бірге дұрыс жəне тең құқықты өзін-өзі басқаруды қамтамасыз еткен болар еді»224 деп жазды. Отарлық мүддеге иек артқан ұлыорыстық шовинизімнің бұндай көріністері 1917 ж. мүлдем ақылға сыйымсыз сорақы сипат алды. Осы жылы 22 қарашада Ташкент қаласында өткен ІІІ Түркістан өлкелік кеңестер съезінде жасақталған Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесіне сайланған 14 мүшенің арасында мұсылман халықтарының бір де өкілі болмады. Бұл жағдай съезд мəжілісінде «бұратана тұрғындар арасында пролетарлық таптық ұйым болмағандығын ескеріп, қазіргі кезде мұсылмандарды жоғары өлкелік революциялық органдарына қатыстыру тиімсіз болып табылды»225 деп түсіндірілді. Əйтсе де, «тең құқықты 223 Бродский Л.К. 35-летию Ташкентского городского самоуправления. -Ташкент, 1912. –130 с. С.37 224 Гирс Ф.С. Отчет по ревизии Туркестанского края. СПБ... С.117 225 Наша газета. 1917. 23 ноября. өзін-өзі басқару» идеясы отарлық биліктің де, кеңестік биліктің де ойына кіріп шықпады. Қалалық реформа нəтижесінде Думаға тек салық жинау жəне қаладағы тəртіпті қадағалау өкілеттілігі ғана берілсе, ат төбеліндей европалық элитадан құрылған кеңес өкіметіне бүкіл өлкені жергілікті халықтың қатысуынсыз басқару өкілеттігі берілді. Отарлық əкімшілік биліктің ең төменгі буыны ретінде болыстық басқармаларды құруға ерекше мəн берді. Қоғамдағы байлар мен феодалдардың ықпалын əлсірету мақсатында болыстар мен ауылдар қалыптасқан дəстүрмен емес, аумақтық белгімен құрылды. Осы қағидамен құрылған 200 шаңыраққа дейінгі ауылдық, 2000 шаңыраққа дейінгі болыстық құрылым бір руға біріккен дəстүрлі əкімшілік бөліністі бірнеше бөлікке ыдыратып жіберді. Мысалы, Түркістан уезі құрылғанда оның құрамында Қоңырат тайпасының жергілікті руларының атын иемденген Алтыата, Божбан, Жаманбай жəне Саңғыл-Маңғытай болыстары болған. Кейін олардың бəрі де ру атауына қатысы жоқ Сауран, Жаңақорған, Шілік, Қарнақ сияқты географиялық атаулармен алмастырылды жəне бірнеше ру бір болыстыққа біріктірілді. Тіпті ауылдардың дəстүрлі атауын жойып, оны реттік санмен алмастыру отарлық саясаттың халықтың тарихи жадын жою мақсатына қызмет етті. Бұл əрекет ресми түрде «əкімшіліктің басқару ісіндегі қолайсыздықты жою» деп түсіндірілгенімен оның түпкі мақсаты «көпсанды руды бір рубасының билігіне беру далада тыныштықты қамтамасыз етуді қиындатқан болар еді»226 деген сөздермен айқындалды. Осындай себептермен рубасылар институты жойылып, жергілікті əкімшілік басшыларын жасақтайтын жаңа сайлау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе болыс, ауыл басшылығына отарлық биліктің өзіне берілген адамдарды ғана ұсынуына жəне өткізуіне мүмкіндік берді. Орталық биліктің Түркістан өлкесін басқару туралы жəне «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жəне Торғай облыстарын басқару туралы» ережелер патша үкіметі құлағанға дейін өз күшінде болды. Қазақ қоғамында Ресей империясының билігін қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат құруда генерал-губернаторларға абсолюттік билік берілді. Халық арасында олар «жарты патша» деп аталды. Ереженің 15-17 баптарына сəйкес генерал-губернаторларға «саяси сенімді емес бұратаналар, бүлдірушілерді ...бес жылдан артық уақытқа айдауға жіберу» құқығы берілді. Жергілікті ұлт өкілі уез226 Отчет по ревизии Туркестанского края, произведенный по высочайшему повелению сенатором графом К.К. Пеленом... С.9

дік деңгейдегі басшылыққа жіберілмеді. Оқыған, білімді қазақтар үшін билік құрылымындағы ең жоғарғы лауазым тілмаш, писарь сияқты қосалқы қызметпен шектелді. Қазақ тұрғындарына тек болыс басқарушылары мен ауыл старшындарын сайлау мүмкіндігі берілгенімен сайлау патша шенеуніктерінің бақылауымен жүргізілді. Əрбір жиырма, елу шаңырақтан іріктеп алынған жиырмалық, елулік деп аталғандар болыстық таңдаушылар съезінде халықтың өзін-өзі басқаруға араласты. Съезде болыс басқарушысы, болыс биі сайланып, түрлі алым-салық көлемі айқындалып, жер дауы сияқты мəселелер талқыланды. Дегенмен, отарлық əкімшілік шенеуніктері қазақтардың арасында руаралық дау-жанжалды өршітуге күш салды. Сайлауға орасан зор қаржы жұмсаған болыс басқаруына шығынның орнын жемқорлықпен толтыруға тырысты. Бұндай қолайсыз жүйе отарлық биліктің əкімшілік жүйесіне тартылған ұлт өкілдерінің арасында жағымпаздық пен парақорлық сияқты келеңсіз əлеуметтік факторлардың өрістеуіне негіз болды. Қазақ қоғамындағы сайлау жүйесімен жете таныс М.Тынышпаев 1916 ж. оқиғаларға байланысты Түркістан генерал-губернаторына былай деп жазды: «1868 жылғы Ереже қырғыздарды тығырыққа тіреді, тіпті жер қыспағы сайлау алдындағы тартыстарға астар келе алмайды. Енді еш жерде, бірде-бір сайлау ірі пəресіз жүргізілмейді. Əрбір сайлаудың алдында үміткер «қара» салықтардың азайып, болыста келісім мен тұрақтылықтың болатындығын уəде етеді. Жомарт үміткер... 40 мың сомға дейін ақша үлестіреді, ал оның 3 жылдағы барлық табысы 900-1500 сомнан аспайды. Болыстыққа немесе халық сотына өткен үміткер кеткен шығыннан 5, 10, 20 есе көп капитал жинайды, осындай түрдегі тонау қазіргі уақытта жүріп жатыр. Партиялық тартыс жəне болыстың жиі тонауы халықты ашындырып, қылмысқа итермелейді»227. Бұндай жағдайды патша өкіметінің жергілікті билік құрылымдарын жасақтауда қасақана жіберген қателігі дегеннен отарлық жүйенің негізінде орын алған саяси, əлеуметтік жəне экономикалық мүделердің қисынсыздығы деп бағалаған орынды болар. Түркістан мен қазақ облыстарындағы əкімшілік басқару жүйесі тиімділігімен ерекшелене қоймады. Содан да билік саяси шешімдерден бұрын қарулы күштеу шараларына көбірек жүгінді. Патшаның 1916 ж. 25 маусым жарлығының іске асырылуы осы пікірге дəлел бола алады. 227 Тынышбаев М. История Казахского народа. -Алматы: Санат, 1998. –223 с. Бұл сайланбалы əкімшіліктің басты өкілеттілігі – алымсалықты уақтылы жинауды қамтамасыз етумен шектелді. Патша өкіметінің бұл органдардың маңыздылығы бұратаналық-халықтық басқарусыз алым-салықтың жиналуына, жаңадан ашылған мекемелердің дұрыс қызметіне де сенім артуға болмайтындығына көзі жетті. Осылайша отаршылар өз саясатын іске асыруға жергілікті тұрғындарды азды-көпті тарта алды. Дегенмен, жергілікті тұрғындар өз құқын пайдаланып, болыс сайлауына қызу араласқанымен оның нəтижесін орыс əкімшілігі оңай бұрмалайтын. Егер сайланған адам ұнамаса əскери губернатор жаңа сайлау тағайындады немесе сайланған адамның орнына өз қалауымен уақытша өзге адамды тағайындады. Патша əкімшілігі бұл əдісті жиі қолданғандықтан «Сырдария облысындағы 109 болыс басқарушыларының 3 жылда 38–і босатылды, бұл 38 пайызды құрады немесе жылына 13 оқиғадан келді»228 (Бұл жерде пайыздық көрсеткіш 41 болуы тиіс. Мəтіндегі қателік өзгеріссіз берілді - Х.Т.). Жергілікті тұрғындар арасында күнделікті тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «ымырашылдық» жасап, ақсақалдар мен болыс басқарушысына биліктің тізгінін ұстатқанымен оларды жоғарыдағы тəсілмен үнемі тұқыртып отырды. Өлкедегі төменгі сот билігінің қызметінен де отаршылықтан туындаған осындай саяси айлаға құрылған ерекшеліктерді аңғарамыз. Дəстүрлі қоғамдағы сот қызметін атқарған қазылар мен билердің сайлауында олардың біліктілігі, өз ісіне тыңғылықтылығы мен əділдігі сияқты қасиеттер електен өткізілсе, отарлық тəртіп енгізген халықтық соттарды сайлау жүйесі бұл дəстүрді жоққа шығарды. Ендігі жерде сот билігіне кандидаттың отарлық жүйеге берілгендігі мен адалдығы басты өлшемге айналды. Соның нəтижесінде сот билігіне отаршылардың сойылын соғатын шала сауатты, мұсылмандық жəне дəстүрлі құқықты жете білмейтін, білсе де оны оңай белден басатын жетесіз бишікештер сайланып отырды. Сот жүйесіндегі арнайы жасалған бұндай кадрлық жүгенсіздікпен бірге қылмыс түрлеріне қолданылатын жазалау шаралары шегінің реттеушілік құжаттармен айқындалмауы да қоғамдағы түрлі əділетсіздікке жол беріп, тұрғындарды отарлық əкімшіліктің алдында мүлдем қорғансыз қалдырды. Қызмет бабын асыра пайдаланған шенеуніктер «тыңдамағаны үшін», «дөрекілігі үшін», «бұйрықты орындамағаны үшін» деген себеппен қылмыстық жазалар қолдана берді жəне билік жүйесінің бірін-бірі қорғаштаған кез-келген буы228 Гирс Ф.С. Отчет по ревизии Туркестанского края... С.29

ны олардың заңсыз əрекетін бүркемелеуі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа ұласты. Түркістанда қалыптасқан отарлық билік жүйесінің құрылымдары ХІХ ғ. 60-80 жж. жүргізілген жаулап алу саясатының жемісі болды, патша өкіметінің Түркістанды ресейлік саяси жүйеге көшіру қажеттігінен туындаған билік жүйесінің құрылымы қысқа мерзімде өлкенің экономикасын метрополия мүддесіне сай қайта құру міндетін іске асыра алды. Ресейдің отарлық саясатының ендігі міндеті Түркістанды рухани отарлау жəне тұрғындарды орыстандыру мақсатында дəстүрлі оқу түрлерінің қызметін шектеу арқылы ұлттық мəдениеттің негізін шайқалту болды. Түркістанда дəстүрлі мектептерге балама ретінде отарлық əкімшілік қалалық жəне приход школдарын, Ташкент қаласында мұғалімдер семинариясын ашты. Алғашқы кезде орыс мектептеріне жергілікті ұлт өкілдерін тарту барынша шектелді. 1896 ж. Ташкенттегі ерлер жəне қыздар гимназияларында оқитын 307 ер баланың 10-і яғни 3%, 177 қыздың 8-і яғни 2% ғана жергілікті ұлттың балалары болды. Ташкент мұғалімдер семинариясын 18791904 жж. аралығында бітірген 415 түлектің 65-і ғана жергілікті ұлт өкілдерінен еді229. Европалық үлгідегі оқу орындарының қалыптасуы мен қызметі жергілікті ұлт өкілдерінің орыс тілін үйреніп, əлемдік мəдениет жетістіктерімен танысуына жол ашты. Дегенмен, ұлт өкілдерінің ол мектептерге барынша аз тартылуы мен оқушыларды отарлық əкімшілікке берілген қосалқы кеңсе қызметкерлері етіп дайындау бағыты орыс оқу орындарының ағартушылық миссиясын шектеді. ХХ ғ. басындағы əлеуметттік жіктелу барысында интеллигенцияға жалпыұлттық мақсаттарға қызмет жасау міндеті жүктелгендігін айта келіп С.Ф.Мажитов қазақ интеллигенциясы этностың өзінің жəне отарлық əкімшіліктің қажеттігіне сай қалыптасқандығына назар аударады. Оның өзегін далалық ақсүйектер, байлар жəне мұғалімдер, аудармашылар, ұсақ қызметкерлер, колөнершілер мен кейбір шаруалардың өкілдері құрағандығын айтады. Қазақ ақсүйектері жастарды Ресейдің ЖОО оқытуда ресейлік өмір шындығына бейімделу жəне өз артықшылықтарын сақтау мақсатын көздеді. Жекелеген қазақ 229 Очерки истории культуры Советского Узбекистана. -Ташкент: Фан, Т. 5. 1967. -320 с. С.69-70 жастарының Петербург, Москваға, енді бірқатары татар, башқұрт тілдерінде білім беретін Қазан, Уфа қалаларының оқу орындарына, кейбірі Түркия мен Египеттің мұсылмандық оқу орындарына тартылды дей келіп, ұлттық интеллигенция қалыптасуының осы екі үлгісі қазақ қоғамында батыстық жəне шығыстық мəдени дəстүрлер мен рухани құндылықтарды бойына сіңірген екі қоғамдық-саяси ойдың бағытын айқындады деген тұжырым жасайды230. Дəстүрлі оқу орындарының жəне екі ғасырдың тоғысында жаңадан ашылған оқу орындарының кең жүйесі жергілікті халықтың сауаттылық деңгейін көтеруге ықпал жасады. Мысалы, ХХ ғ. басында өлкеде 5892 мектеп пен 353 медресе болды231. Жергілікті тұрғындардың сауаттылығының жоғары екендігін патша əкімшілігінің өзі мойындаған. Түркістан генерал-губернаторы П.И.Мищенконың 14 наурыз 1909 ж. Ресей Халық ағарту министріне жолдаған хаты соның бір дəлелі бола алады, онда генералгубернатор: «Түркістан бұратаналарында сауаттылықтың таралуы əсіресе оның негізгі үш облысы Сырдария, Ферғана, Самарқанда европалық Ресеймен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Көптеген бастауыш училищелердің (мектептер) жəне орта, жоғары оқу орындарының (медреселердің) тығыз жүйесі өлкенің кең аумағын тұтас қамтыған»232 деп жазды. Идеологиялық ықпалы бар бұл дəстүрлі оқу жүйесін отарлық əкімшілік алғашқы сəттен бастап-ақ қатаң бақылауға алды. Ресей императорының 17 мамыр 1875 ж. қаулысымен Түркістан өлкесі Оқу орындарының басқармасы құрылып, оған орыс оқу орындарымен бірге ұлт мектептерінің қызметіне де бақылау жасау өкілеттігі берілді. Ал 1894 ж. 14 наурызда генерал-губернатор Вревский бекіткен нұсқауға сəйкес отырықшы жəне көшпелі тұрғындардың дəстүрлі оқу орындарын тікелей қадағалайтын Түркістан өлкесі халық училищелерінің үшінші инспекторы лауазымы бекітіледі233. Ол инспектор медреселер мен мектептерді басқару органдарының қызметі мен міндеттерін атқарды, соған сəйкес мұсылман мектептері толығымен халық ағарту басқармасының бағынысына өтті. 230 Мажитов С.Ф. Проблемы Казахской Государственности и деятельность национальной интеллигенции в первой половине ХХ века (С. 6-22) //ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары жəне ұлттық мемлекеттілік: мұрағаттар, келелі мəселелер, келешегі. Республикалық ғылыми-тəжірбиелік конференция материалдары –Алматы: -2008. С.7 231 ӨРОМА. Қ. 47, 1тіз., 979-іс. 81 п. 232 ӨРОМА. Қ. 47, 1тіз., 979-іс. 162 п. 233 ӨРОМА. Қ. 47, 1тіз., 979-іс. 60 п.

Осындай жағдайда отарлық биліктің өлкеде білім беру ісін жаңалау бағытына балама ретінде дүниеге келген түркістандық жəдитшілердің ағартушылық қызметі реформаторлық сипат алып, өлкедегі халықағарту үдерісіне тікелей ықпал жасады. Ең алғаш олар ортағасырлық схоластикадан арылмай келе жатқан дəстүрлі оқыту жүйесінің орнынына жаңа əдіспен оқытатын («Усули совтия») мектептер жүйесін ұсынды. Кейін ол мектептер жаңа əдіс мектептеріне («Усули джадит мактаблари») айналды. Онда дін негізінен басқа жаратылыстану пəндері, оған қоса орыс, араб, парсы тілдері оқытылып, зиялы білім берудің бастамасы қалыптасты. Алғашқы кезде мектепте татар жəне əзербайжан ағартушыларының кітаптары мен оқулықтарын пайдаланса, кейін Түркістан жəдитшілері ондай оқулықтар мен оқу құралдарын өздері шығара бастады. 1903-1904 жж. Махмудқожа Бехбудидің «Китабул-атфол» (Балаларға арналған кітап), «Мухтасири жуғрофия Русия» (Қысқаша Ресей географиясы) кітаптары, кейінгі жылдары Абдолла Авлонидің «Муаллими аввал» (Алғашқы мұғалім), «Муаллими соний» (Екінші мұғалім) жəне тағы басқа кітаптары жарық көрсе, 1905 ж. өлкедегі жəдит мектептерінің саны 35-ке жетті234. Жəдиттік мектептердің ең басты артықшылықтары, онда оқыған оқушы бірнеше айда сауаттанып шығады, оның үстіне бұл мектептерде қазіргі заманғы арнайы сынып бөлмелері жабдықталып, географиялық карта, глобус, есепшот, карта, тақта жəне т.б. оқу құрал-жабдықтармен жарақталды. Отарлық билік барлық ұлттық мектептерден, соның арасында жəдиттік мектептердің де қызметінен жастарды ұлттық рухта тəрбиелейді, ұлттық сана қалыптастырады, сол арқылы отаршылыққа қарсы күресті күшейтеді деп қауіптенді. Осы қауіптің алдын алып, ол мектептердің қызметін шектеуге ұмтылған ресми биліктің əрекеті ұлттық элитаның қатты наразылығын туғызды. Содан да патша өкіметі өлкедегі жүргізіп келген халық ағарту саясатына түзету енгізуге мəжбүр болды. Мəселеге барынша сақтықпен қараған патша əкімшілігі ұлт мектептерін бақылауда ұстау мақсатында өлкелік оқу орындары басқармасының жанынан арнайы комиссия құрып, соның ұсынысымен жаңа əдісті мектептерді басқару жөнінде жалпы ережелер қабылдады. Жəдиттік мектептердің қызметін тыңғылықты зерттеген жəне оған стратегиялық нысан ретінде жіті мəн берген Ішкі істер министрлігі 22 қыркүйек 1913 ж. Түркістан генерал-губернаторына арнайы хат 234 Табышалиева Н. Вера в Туркестане. –Бишкек: 1993. -264 с. С.97 жолдайды. Онда: «Жаңа əдіс мектептері мұсылмандарды мектепте бір тілде (түркі) оқыту арқылы топтастыру қажеттігі мағынасында үгіт жүрізуде, мұсылман мектебі реформаторларының түпкі мақсаты орыс мемлекеттілігінің мүддесіне зиян келтіріп, діниұлттық ерекшелеу арқылы мұсылмандарды біріктіру»235 деп жазды. Міне осы екі құжат жергілікті отаршыл билік өкілдерінің халық ағарту саласының жергілікті халықтардың мүддесіне қызмет ететін бағытының дамуына тосқауыл қою əрекетіне негіз болды. Жəдитшілдердің ағартушылық қызметтерімен Түркістанда мерзімдік басылым мен кітап басу ісі кең өріс алды. Ғасырдың бас кезінде шығу кезеңдері əр түрлі 15-ке жуық газет-журнал жарық көрді. Абудолла Авлоний əр жылдары «Хуршид», «Турон» басылымдарына, Махмудқожа Бехбуди «Самарканд», «Ойна» (Айна) басылымдарына, ал Мүнауар Қары Абдурашидханов «Кенгаш» газеттеріне, қазақ тілінде жарық көрген «Бірлік туы» газетіне Мұстафа Шоқай редакторлық жасаған. Ұзақ жылдар бойы кеңестік тарихшылар реакциялық, панисламдық, пантүрікшіл деп біржақты бағалаған бұл басылымдардың қызметі өлке халықтарының саяси жəне рухани өмірінде орасан зор ағартушылық жəне ұйымдастырушылық рөл атқарды. Жəдитшілер саяси ұстанымдарында Ресейден бөлектенуге ұмытылған жоқ, мəселе – отаршылық бұғауын бұзудағы мұсылмандық ынтымақтастық туралы болып тұр. Ортаазиялық мұсылмандар үшін Ресейдің басқа аймақтарындағы жəне дүниежүзіндегі мұсылмандармен өздерінің рухани жəне мəдени тұрғыдан біртұтастығын сезінуде ислам факторы – олардың саяси сана сезімінің индикаторы болды236. Түркістандағы элитақалыптастырушы фактордың бірі ретінде ХХ ғ. басындағы Ресей Мемлекеттік Думасына депутат сайлау үдерісін атауға болады. ІІ Николай патша мен билеуші бюрократия Мемлекеттік Дума түрінде парламентаризмді енгізетіндігін мəлімдегенімен бұл демократиялық үдерісті Дума құрамын өз тəртібіне қарсы келмейтін тұлғалардан жасақтау арқылы басқаруға ұмтылды. Сол мақсатпен 1905 ж. 11 желтоқсанда қабылданған сайлау туралы заң сайлаудың тура жəне жалпыға бірдей жүйесінен бас тартып, Ресейдегі сайлау құқына үлкен мүліктік шектеу белгіледі. Атап айтқанда, 2000 жер иеленушіге, 7000 қала тұрғынына, 30 000 шаруаға жəне 90 000 жұмысшыға бір сайлаушыдан келді. 235 ӨРОМА. Қ. 47, 1-тіз., 149-іс, 29-п. 236 Аъзамхужаев С.С. Туркистон Мухторияти: миллий-демократик давлатчилик курилиши тажрибаси. -Тошкент: «Маънавиат», 2000. –168 б. (26 б.)

Мемлекеттік Дума депутатын сайлауға тікелей қатысқан осы сайлаушыларды электорат деп есептер болсақ, онда олар европалық Ресейдің 51 губерниясы бойынша 1907–1910 жж. бүкіл халықтың 3,3 пайызын немесе 25 жастан жоғары ерлердің 16 пайызын ғана құрады237. Депутат сайлауын ұйымдастыруға қолайлы қоғамдық-саяси дайындығының деңгейіне байланысты патша жанындағы Ерекше Кеңес Қазақстан жерін үш аймаққа бөліп қарастырды. Бірінші аймаққа Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары, екінші топ Бөкей ордасы, үшінші топ Түркістан өлкесі болды. Түркістанда Мемлекеттік Дума сайлауын өткізу мəселесі Ерекше Кеңесте қызу пікірталас туғызды. Кеңеске қатысушылардың бір тобы Түркістанның Ресей империясына кейіннен қосылғандығын желеу етіп, ол аймақты сайлауға қатысуға дайын емес деп есептесе, екінші топ Түркістан Дала өлкесімен тығыз байланысты болғандықтан оның саяси дамуы одан кем емес деген пікірді ұстанды238. Түркістан халқы осы заң негізінде дайындалған үш Ереженің бірі «Мемлекеттік Дума сайлауы туралы Ережені Жетісу, Закаспий, Самарқанд, Сырдария жəне Ферғана облыстарында қолдану тəртібі туралы»239 Ереже бойынша сайлауға қатысты. Ерекше Кеңес қабылдап, 1906 ж. 23 сəуірде ІІ Николай бекіткен Түркістан өлкесінде сайлау өткізу туралы Ережеде жергілікті жəне орыс тұрғындары арасында Мемлекеттік Дума депутатын сайлау бөлек жүргізілетін болып белгіленді. Бұл Ереже осылайша орыс азшылығы мен жергілікті ұлт көпшілігі арасындағы теңсіздікті бекіте түсті. Бұл заңдық құжатта сайлаушыларды этникалық, діни, əлеуметтік жəне тілдік шеттету арқылы шет аймақтың Мемлекеттік Думадағы өкілдеріне ықпал жасау əрекеті ашық көрініс тапқан. Тұрғындарды жергілікті жəне европалық деп бөлген Ереже қағидаларында православиеліктер мен казактарға көптеген артықшылықтар берілген. Атап айтқанда Түркістан халқының 0,6 пайызын құраған Жетісу казактарына бір депутат сайлау құқы берілді. Казактар үшін екі сатылы сайлау қолданылды; станица жиынында казактар əр станицадан екі сайлаушы сайлап, олар облыстық əскери жиында тиісті казак əскері округінен Мемлекеттік Дума 237 Миронов Б.Н. Социальная история России периода империи. В 2-х т. -СПб.: Дмитрий Буланин, 1999. –т. 2. -566 с. С.159 238 Жиренчин К.А. Политические развития Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков. –Алматы: Жеті Жарғы, 1996. –352 с. С.337 239 ҚРОМА. Қ. 369, 1-тіз., 2690-іс, 9-п. депутатын таңдады. Далалық облыстар тұрғындары үшін сайлау үш сатылы болса, Сырдария облысының жергілікті тұрғындары үшін төрт сатылы сайлау тəртібі қолданылды. Өлкеде үлкен саяси белсенділік туғызған осы тəртіпке кеңірек тоқталуға тура келеді. Сайлаушылар ең алдымен əр 50 шаңырақтан бір сайлаушы ұсынады, олар болыс жиынында əр болыстан екі өкіл сайлайды. Бұл өкілдер қалалық сайлаушылармен бірге облыстық жиналысқа 40 сайлаушы ұсынады. Ең соңында осы 40 сайлаушы Мемлекеттік Дума депутатын сайлауға дауыс береді. Сырдария облысы жергілікті тұрғындарының 40 сайлаушыдан тұратын өкілеттік нормасы уездер бойынша былай бөлінді: Ташкент уезі – 9, Əулие ата – 8, Қазалы, Петро-Алексеевск уездерінің əрқайсысы – 5, Перовск – 4, Түркістан – 1 сайлаушы сайлады240. Ал, депутаттардың саны өлкеде былайша бөлінді: – Закаспий, Самарқанд, Ферғана облыстарынан 2 депутаттан, Сырдария облысынан 4 депутат, оның екеуі Ташкент қаласынан, Жетісу облысынан 3 депутат, оның біреуі Жетісу казак əскерінің əскерилендірілген тұрғындарынан241. Мемлекеттік Думаға орыс тілін білетін тұлғалар ғана сайлана алды, тіпті орыс тілін білмейтіндер болыстардың таңдаушылары болып сайлана алмады. Мемлекеттік Дума сайлауы қазақ жерінде барынша кеш қолға алынуы салдарынан І Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау өтіп те үлгермеген болатын242. Содан да осы облыстан сайланған Тайынов Молда ресми тізімге енгізілмеген. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан түрлі себептермен І Мемлекеттік Думаға депутат сайланған жоқ. Қазіргі өлшем бойынша саяси элитаның орта буынын құрайтын жергілікті ұлт өкілдерінен сайланған ІІ Мемлекеттік Дума депутаттарының жаңа құрамы мынадай болды: 1) Жетісу облысынан кадет партиясының мүшесі, инженер Мұхаметжан Тынышпаев. 2) Закаспий облысынан сайланған Нұрбердіханов Махтымқұлыхан түркменнің ахал тайпасы билеушілерінің ұрпағы, Күйік-тепе қамалының қорғаушысы, кейін патша əскері жағына шығып, өлке əкімшілігіне аса қажет тұлғаға айналған. Таужан уезінде милиция полковнигі шенінде қызмет істеген. Аса ірі бай, сайлау кезінде Ашхабад уезіндегі өзінің имениесінде тұрған. 3) Самарқанд облысынан сайланған Ташполат Абдухалилов орыс240 РГИА. Ф. 1278, оп. 1, д. 629, л. 6. 241 РГИА. Ф. 1278, оп. 1, д. 629, л. 16. 242 Букейхан(ов). Выборы в Степном крае. К 10-летию 1-ой Государственной Думы. -Пг.: 1916. -С. 48–49.

қытай банкі жанындағы есеп комитетінің мүшесі. 4) Сырдария облысынан сайланған Тілеулі Аллабергенов Түркістан қаласының аға ақсақалы. 5) Ташкенттен сайланған Абдулвахид қары - дін қызметкері. 6) Ферғана облысынан мұсылмандар фракциясының мүшесі, саудагер Салықжан Мұхаметжанов сайланды. Ал орыс тұрғындар атынан еңбек партиясынан Колендзян, эсер Друкер, фабриканттың баласы Кириллов, Ферғананың экс-губернаторы В.П.Наливкиндер сайланды243. Түркістан мəселесі Мемлекеттік Дума мəжілістерінде қызу пікірталастар туғызды. ІІ Мемлекеттік Думаның Қоныстандыру комиссиясы Түркістан өлкесін қоғамдық басқару Ережесінің 270-бабын толықтыратын заң жобасында Түркістан өлкесіндегі қазақтарды жерге орналастыру жəне қазақтардың «артық» жерлерінен құралған жер қорын пайдалану тəртібіне ерекше тоқталды. Осы мəселе бойынша 13 шешен жарыссөзге шығып сөйлеп, солардың арасында «Халық еркі» партиясының өкілі Волков Түркістандағы қоныстандыру мəселесінде қазақтардың артық жерлерін тартып алу тəртібі олардың шаруашылығының бұзылуына əкеледі десе, кадеттер партиясы фракциясының өкілдері үкіметтің шет аймақтарындағы бұратана халықтардың жеккөрініш сезімін туғызатын теріс жолмен жүргендігінен аталған заң жобасына дауыс бермейтіндігін мəлімдеді. Мемлекеттік Дума депутаты Войлошников те Түркістан мүддесін қорғап, Мемлекеттік Дума өз қатарынан қырғыз халқының өкілдерін көрмейінше, социал-демократтардың да заң жобасына қарсы дауыс беретіндігін атап айтты. Дегенмен, өлкедегі нақты жағдайдан хабары жоқ Мемлекеттік Дума депутаттарының басым көпшілігі Түркістанда шаруалар жерінің түгесілмес қоры бөлініп қойғанда либералдық əңгімелер айту бос сөз деген желеумен заң жобасын қолдап дауыс берді244. Саяси тұрғыда Ресей мемлекеттік Думасына сайлау науқанының бірқатар ерекшеліктері болды. Солардың ең бастыларының бірі – жергілікті тұрғындардың терең əлеуметтік мүдделерін оятып, халық бұқарасын саяси күреске тарту еді. Қоғамдық жəне демократиялық қозғалыс əлсіз жəне қатаң əкімшілік-саяси тəртіп орныққан өлкеде сайлау науқаны қоғамдық сана мен саяси əрекеттің белсенділігін арттырудың факторына айналды245. Əрине, кез-келген саяси өрлеу 243 Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы жəне Қазақстан... 244-340 бб 244 По поводу работ совещания о земства //Туркестанский сб. 1910-1911.- Т.542. -С. 151-152. 245 Жиренчин К.А. Политические развития Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков... С.242 сияқты ұлт аймақтарында кең өріс алған бұл үдеріс те ресми биліктің тарапынан пəрменді қарсылыққа ұшырады. 1907 ж. 3 маусымда қабылданған азаматтардың сайлау құқын шектеуші – тиымсалушы шаралар белгілеген заң Мемлекеттік Дума сайлауында жаңа белес болды. Осы заң бойынша шаруалар ұсынатын сайлаушыларының саны 42-ден 22,5 пайызға кеміді, жериеленушілердің сайлаушыларының үлесі 31-ден 50,5 пайызға арттырылды246. Демократиялық бастамалардың бұлай шектелуін британдық ғалым Дж. Хоскинг былай деп бағалайды: «Столыпин 1907 ж. 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаны таратып, сайлау заңын орыс еместерге қарсы орыстардың, шаруалар мен қала тұрғындарына қарсы жериеленушілердің жағдайын нығайтатындай етіп өзгертті»247. Əрине, бұл бағамен келісе отырып, патша өкіметінің бұндай саясатының астарында билеуші таптың қатарын толықтыруда елдегі монархиялық құрылысты қолдайтын əлеуметтік топтарды саяси, құқықтық тұрғыда қолдау мүддесі жатқандығын атап айтуымыз керек. Түркістан өлкесінен ІІІ жəне ІV Мемлекеттік Думаларға жергілікті жəне европалық тұрғындардан 1907 ж. 3 маусымдағы заңға сəйкес депутаттар сайланған жоқ. Думаны тарату жөніндегі ІІ Николайдың манифесінде сайлау құқын шектеудің мынадай дəлелдері алға тартылды: «Ресей мемлекетін нығайту үшін құрылған Мемлекеттік Дума рухы бойынша орыстық болуы тиіс. Біздің мемлекеттің құрамына енетін басқа халықтардың Мемлекеттік Думада өз қажеттіліктерінің өкілдері болуы керек, бірақ олар таза орыс мəселесін шешуге мүмкіндігі барлардың қатарында болмауы тиіс. Тұрғындары азаматтық дамудың белгілі деңгейіне жетпеген мемлекеттің шет аймақтарында Мемлекеттік Дума сайлауы уақытша тоқтатылуы тиіс»248. Ресейдің мемлекеттік-саяси құрылымын айқындайтын парламенттік жүйенің негіздерін енгізуге əрекет жасаған Мемлекеттік Думаға қатысты заңдық құжаттарды дайындаушы шенеуніктер өз кезіндегі жоғары интеллект пен мемлекеттік басқару қызметінде тəжірибесі мол кəсіптік білік иесі болғандығы күмəнсіз. Араларында түрлі көзқарас алшақтығы орын алғанымен олар «азаматтық 246 Миронов Б.Н. Социальная история России периода империи. В 2-х т. -СПб.: Дмитрий Буланин, 1999. –т. 2. -566 с. С.160 247 Хоскинг Дж. Россия: Народ и империя (1552–1917). /Пер. с англ. С.Н. Самуйлова. -Смоленск: Русич, 2000. –С.449 248 Котляр П., Вайс М. Как проводились выборы в Туркестане в местное управления и в Государственную Думу. -Ташкент: Государственное издательство УзССР, 1947. -23 с. С.19

дамудың жеткілікті деңгейі» қамтамасыз етілмеген елде жалпыға бірдей сайлау құқын беру мүмкін емес деген ортақ пікірде болған. Осыған байланысты ресейлік ғалым В.П.Булдаковтың мына тұжырымына назар аударайық: «Авторитаризм, патриархалдық дəстүрдегі, сословиеліқ, мүлік қатынастары айқын емес, саяси білім (элементарлық білімді айтпағанның өзінде) барынша төмен елде ең төменгі жастық шектеу жағдайында тізімдік-теңүлестік жүйе бойынша жалпыға бірдей сайлау құқын енгізу ең үлкен ақымақтық болар еді. Заң тұрғындардың белсенді бөлігінің құқықтық санасының деңгейіне сай келуі тиіс. Азаматтыққа жат социумға қолданылған демократия қағидалары охлократияға (тобырдың билігіне) алып барады»249. Қазіргі заманғы байыпты көзқараспен бағалар болсақ, бұл тұжырымның қуаттайтын тұстары жоқ емес. Əйтсе де Мемлекеттік Думаға қатысты заң жобасын жасаушылар, оны қабылдауға ықпал жасаған билеуші элита мəселенің оңтайлы баламалы шешімдерін іздестірмей, ұлт аймақтары тұрғындарының азаматтық құқын аяқасты етіп, шовинистік өктемдіктің сыннан өткен тəсілдеріне жүгінуін жергілікті ұлттың мүддесіне көз жұма қараған саяси астамшылықтың көрінісі деп бағалауға болады. Осындай себептермен Ресей билеуші элитасы Мемлекеттік Дума депутаттарын сайлауға қатысты қабылданған Заңдар мен Ережелердегі саяси, құқықтық бассыздықтар арқылы Ресейдің орталығында да, шет аймақтарында да контрэлитаның қалыптасу барысын жеделдетуші факторға айналды деп білеміз. Қоғамдық сананы жаңғыртқан осындай жаңалаушы екпін жағдайында «Ресейдегі орыс халқының озық ойлы зиялылары да, отар болып бодандық қамытын киіп отырған шет аймақтағы халықтардың өкілдері-қазақ зиялылары да жеке дара ел билеудің келмеске кетіп бара жатқанын түсінді»250. 1907 ж. 20 ақпаны мен 3 маусым аралығында 103 күн ғана өмір сүрген ІІ Мемлекеттік Дума құрамында мұсылман халықтарының өкілдері біршама көп (518-дің 35-і) болуымен ерекшеленді. Патшаның 3 маусымдағы жарлығымен Дума жұмысынан шеттетілген қазақ, өзбек жəне т.б. мұсылман халықтарынан сайланған депутаттар кейінгі сайланған ІІІ Думаның мұсылмандар фракциясының төңірегіне топтасты. Олар фракцияның мəжілістеріне қатысып, халықтың талап тілегін талқылауға ұсынып отырды. Мұстафа 249 Булдаков В.П. Имперство и российская революционность (Критические заметки). //Отечественная история. 1997. -№ 2. -С.29 250 Озғанбай Ө. Ресей Мемлекеттік Думасы жəне Қазақстан... 11 б. Шоқайдың саяси қайраткерлік жолы осы фракцияда хатшы болып қызметке араласудан басталғандығын атап айтуға болады. Түркістанда кеңестік негіздегі ұлттық элита қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болды. Тарихи Ресейдің құрамындағы Украина, Белорусия, Грузия сияқты буржуазиялық қатынастар орнығып, ұлттық интелигенция қалыптасып үлгермегендіктен Түркістандағы элитақалыптастырушы ықпал күрделі сипат алды. Осындай себептерге байланысты өлкедегі элитақалыптастырушы негізгі орта ретінде кеңестік қоғамдағы ұлт зиялыларының қалыптасуын бірнеше кезеңге бөліп қарастыра аламыз. Бірінші кезең, 1918-1920 жж. аралығын қамтыды. Бұл кезеңде бірінші кезекте мұғалімдер мен мəдени ағарту қызметкерлері үш, алты айлық курстарда дайындалды. Халыққа білім беру, еңбекші халықты жаңа қоғамдық құрылысқа, жаңа мəдениетке тарту қажеттігі осындай асығыс шаралар арқылы іске асты. Екінші кезең 1920-1930 жж. қамтыды. Бұл кезеңде ұлттық интеллигенцияның негізі жаңадан ашылған мұғалімдік, дəрігерлік, өндірістік, ауылшаруашылық техникумдарында дайындалды. 1920 ж. Түркістан мемлекеттік университеті, 1922 ж. Түркістан коммунистік университеті ашылғанымен оларға ұлт өкілдері мүлдем аз тартылды. Орта Азия мемлекеттік университетін осы кезеңде жергілікті ұлт өкілдерінен барлығы 20 маман бітіріп шықты251. Ал 1930 ж. кейінгі үшінші кезеңде Орта Азияда педагогикалық, өндірістік-техникалық, ауылшаруашылық, дəрігерлік жəне басқа да салалар бойынша жоғары оқу орындарының ашылуы жоғары білікті мамандарды көптеп дайындауға мүмкіндік берді. Өлкедегі элитақалыптасу үдерісіндегі мынадай дəйектерге назар аударуға болады. Саяси элита өкілдерінің қатарында есімі аталмай келе жатқан тұлғалардың бірі Бегайдар Аралбаевқа мынадай мінездеме беріледі: «бұрынғы учаскелік приставтың тілмашы жəне қылмыстық тұрғыда таза адам емес. Дəулетті адам болған. Кейін уезд, облыстан бастап соңында Ішкі істер халық комиссары қызметіне дейін жауапты лауазымдар атқарған. Жақында үйленді жəне əйелі үшін «қалың мал» төледі (яғни коммунист бола тұра əйелін сатып алды). Бүкілтүркістан Кеңестерінің ХІІ съезінде съезд (делегаттарының) көпшілігі оған қарсы болды, өйткені оған негіз бар еді. Бірақ оны бəрібір жауапты қызметте қалдырды»252. 251 Интеллигенция Узбекистана: место и роль в обществе. /А.К Валиев, И.Б. Бердыев, А.Д. Курбанов и др. Редкол..: К.Х. Ханазаров (отв. ред.) и др.): АН УзССР, Ин-т философии и права им. И.М. Муминова. -Ташкент: Фан, 1987. -189 с. С.24 252 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.243

Т.Рысқұлов осындай сыңаржақ баға берген Б.Аралбаевтың
əкесі Жантөре 1900-1912 жж. Түркістан уезі Жаңақорған болы-
сының басқарушысы, отарлық билік жүйесіндегі мемлекет-
тік шенеуніктің типтік үлгісі болатын. Қазақ кеңес əдебиетінде

С.Мұқановтың Итбай болысынан бастап таптық күрестің түйінді,
онда да жағымсыз тұлғасына айналған болыс басқарушысы
қызметін элиталық концепция тұрғысынан бағаласақ, оған деген
дəстүрлі көзқарасты өзгертуге тура келеді. Отарлық билік жер-

гілікті ұлттың қалыптастыруына сеніп тапсырған мемлекеттік
қызметінің ең жоғарғы лауазымы болған болыс басқарушысы шын
мəнінде қоғамдағы этноэлита қалыптастыру үдерісіндегі шешуші
тетікке айналды. Бір жағынан өзін сайлаған халықтың қолдауына,

екіншіден отарлық биліктің азды-көпті сеніміне ие болған болыс
басқарушылары этноэлитаның түйінді буынын құрады. Өйткені,
жергілікті билікке кадр дайындауда олардың қолында қаржылық
жəне саяси ресурстар жеткілікті болды. Орталық қалаларда

жоғары жəне арнайы білім алып, саяси қызметке араласқан қазақ
зиялыларының арасында болыстың баласы немесе болыстың
көмегін көргендер аз еместігі бұл тұжырымды қуаттай түседі.
Атқарушы билікпен айналысатын мемлекеттік бюрократия

үшін əкімшілік элитаны қалыптастырушы орта ретінде болыстық
билік институты ХХ ғ. басында мыңдаған қазақ жастарын саясатқа
тартты. Саяси шешім қабылдауға тікелей ықпал жасайтын
əкімшілік элита саяси элитаның құрамды бөлігі ретінде өз орта-

сынан көрнекті мемлекет қайраткерлерін өсіріп шығарды. Əйтсе
де олар кеңестік билік құрылымдарына сіңісу үшін осы қоғамның
элитаға қойылатын саяси талаптарына сай өздерінің əлеуметтік
тегін бүркемелеуге мəжбүр болды. Бұл жағдай кеңестік элита ай-

налымына тəн кереғарлық еді. Оның мəні тұлға болмысының са-
яси, психологиялық тұрғыда екіге бөлінуі болатын. Бегайдар да
ресми өмірбаянында «шыққан тегім мал шаруашылығы жəне егін-
шілікпен айналысатын көшпелі қырғыз (қазақ) отбасы, ата-анам

мал шаруашылығымен жан баққан орта шаруа»253 деп жазғанда
шыққан тегін жарнамалаудан тартынғандығы сөзсіз. Дегенмен
бұндай тəсілдерімен нақты ақиқаттан бұлтару ұзаққа созылмады.
Партиялық тазалаудан басталып, топшылдықпен күрес барысын-

да шегіне жеткен ескі элита өкілдерінің əлеуметтік жəне топтық
тұрғыда əшкереленуі большевиктік билік қолдан өршіткен аяусыз
саяси күреске ұласып, ұлттық элитаның қасіретіне айналды.
253 ҚРПА. Ф.719. Оп.1. Д.66. Л.3

Жоғарыда аталған құжаттарда дəстүрлі ұлттық элита өкілдері-
нің бірі «бұрынғы Қоқан автономиясы үкіметінің мүшесі,
Шоқаевтың көмекшісі, көрнекті Алаш ордашыл» Қоңырқожа
Қожықовтың «қырғыз ақсүйектері қожадан шыққандығы», Жаб-

бар жəне Əбдрахман Лапиндердің аудармашы болып жəне пат-
ша охранкасында қызмет істегені, Түркатком хатшысы Нəрзілдə
Рүстемовтың бұрын аудармашы болғаны, бақуат тұратындығы
айып болып таңылған. Бұл айыптаулардың бəрі сол кезде партиялық

номенклатура қалыптастырудағы шектеулердің əлеуметтік, таптық
негіздегі түрлері болатын. Дегенмен, элита өкілдері саяси тұрғыда
да шеттетіле бастады. Түркістан генерал-губернаторына қызмет
жасаған генералдың баласы ретінде жаңа үкіметтің сеніміне ие

болмағанымен ұлт кадрларын басшылыққа тарту талабымен пар-
тияда жоқ болса да Денсаулық сақтау халкомына тағайындалған,
кейін партия қатарына қабылданған С.Асфендияров туралы
Т.Рысқұлов «Менен гөрі «солшылдана» алмады жəне нағыз «ин-

тернационалист» бола алмады. Тіпті қазіргі атқарып жүрген ТКП
ОК хатшыларының бірі қызметін де ақтамады»254 деп жазды. Бұл
бағаның астарынан кеңестік билік нығайған уақытта саяси элитаға
қойылатын қоғамдық талаптардың ауысуын көреміз. Осылайша,

Түркістан қоғамында партиялық-мемлекеттік номенклатураның
нығаюымен ұлттық элитаның позициясы əлсірей берді.
Ұлттық интелигенцияның қалыптасуы ұлттық элитаның
қалыптасуы деген сөз емес. Кеңес өкіметі қоғамды жаңартуда алға

қойған қоғамдық-саяси, əлеуметтік-мəдени жəне экономикалық
міндеттерді іске асыру үшін жергілікті ұлт өкілдерінен жоғары
жəне жергілікті партия, кеңес, шаруашылық органдарына
басқарушы кадрлар керек болды. Соған сəйкес кеңестік құры-

лыстағы кадр тапшылығы мəселесін шешуде басшылық жəне
əкімшілік қызметтерге жұмысшылар мен шаруаларды ұсыну,
жоғарылату тəсілі кеңінен қолданды. «Кеңестік интеллигенцияны
қалыптастырудың маңызды жəне төте жолдарының бірі ретінде

ұсыну тек социалистік құрылысқа ғана тəн коммунистік партияның
шығармашылық олжасы болды»255 деген жалпылама анықтама
ұсыну ұғымының мəнін толық аша алмаса керек.
Ұсынылғандар немесе жоғарылатылғандар кейіннен түрлі

курстар, мектептер, коммунистік университеттер мен академи-
яларда оқып, біліктілігін көтеретін. Коммунистік партия басшы
254 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.243
255 Интеллигенция Узбекистана: место и роль в обществе... С.25

қызметтерге ұсыну жəне жоғарылату мен олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыру қызметіне шексіз монополия орнату арқылы элита қалыптастыру үдерісіне басшылықты өз құзырына алды. Басым бөлігі сауатсыз жəне шаласауатты жұмысшылар мен диқан, малшылар жоғарылатылған қызметтерінде өздерін қолайсыз сезінгендігін большевиктер көсемі олардың ендігі жерде өздерінің билеуші тап екендігіне үйрене алмағандығымен түсіндіреді. Олардың арасында «ескі, ерсі, жабайы, пасық та жексұрын соқыр сенім бар, мемлекеттік басқаруды, социалистік қоғамның құрылысын тек «жоғары топтар», тек байлар мен бай таптардың мектептерінен өткендер жүргізеді»256 деген əлеуметтік комплексті жою жаңа қоғамның басқарушылар тобын тəрбиелеудегі партиялық ықпалдың тұрақты ұстанымына айналды. Жоғарылатылғандардың білімі мен тəжірибесіндегі олқылықты, моральдық қолайсыздықтарды революциялық рух пен аңғарымпаздық алмастыруы тиіс деп саналды. Ұлт кадрларын дайындау И.Сталин басқарған РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық коммиссариатының ең басты қызметіне айналды. Орталық билік органдарына бағыт түзеген Түркістан Ұлт істері жөніндегі комиссариатының ережесінде оның «Түркістан республикасын мекендеген барлық халықтардың мүддесін қорғаушы жəне олардың өкілі»257 екендігі белгіленді. Содан да комиссариат жанынан құрылған өзбек, қырғыз, түркімен жəне аз ұлттар бөлімі ауыл, қыстақтарды кеңестендіру, диқандар мен қолөнершілер, жалшылар мен кедейлер арасындағы партиялық топты көбейту бағытында жұмыс жүргізді. 1918 ж. соңы мен 1919 ж. басында ауылдар мен қыстақтардың алдыңғы қатарлы еңбекшілерін партия қатарына қабылдау едəуір артты. 1919 ж. мамыр айында өткен Түркістан коммунистік партиясының ІІІ съезі барысында республика коммунистерінің қатары 24077-ге жетсе, олардың 12043-і жергілікті ұлт өкілдері еді258. Дегенмен, ұлт коммунистері қатарының артуымен бірге мемлекеттік билік құрылымдарындағы партиялық билік те күшейе түсті. Ұлт коммунистерінің ТКП құрамында тең жарыға жетуі үлкен саяси күш еді. Ұлттық элита өкілдері бұл күшті орынды пайдалана алды. ТКП ІІІ съезімен қатар Өлкелік мұсылман коммунистерінің 256 Ленин В.И. Полное собрание сочинении. изд. 5-е. -М.: Политиздат, 1974.-Т.35. -599 с. С.198 257 ӨРОМА. Р-17 қ., 1-тіз., 146-іс, 39 п. 258 Турсунов Х. Национальная политика коммунистической партии в Туркестане... С.164 І конференциясы шақырылып, оның қатысушылары кейін ТКП съезі делегаттарының қатарына қосылды. Осы съезде мұсылмандар конференциясының атынан сөйлеген Т.Рысқұлов «Бізге бұл жерде, көптеген өзге ұлттар мекендеген Түркістан өлкесінде таптық күресті бірлесе жүргізгендіктен де ол ұлттарды біріктіру керек, өйткені пролетариат ұлтқа бөлу дегенді білмейді»259 деп айтып салды. Т.Рысқұловтың бұл сөзінің ұлттық күштерді жаңа жағдайда күреске жұмылдырудағы маңызы ерекше болды. Өйткені кеңес өкіметіне қарсы ашық күресу өте күрделі сипат алды. Саяси, əскери тұрғыда күшейе түскен большевиктердің еліктіргіш таптық, ұлттық идеяларды көтеруі арқылы қараңғы халықтың едəуір бөлігін өз жағына тартуы да ашық күрес жүргізудің саяси тиімділігін азайта берді. Осындай себептерге сəйкес кеңестік билікке тартылған ұлттың саяси қайраткерлері кеңестік билік жағдайында ұлт мүддесін қорғаудың міндеттерін айқындап, оны іске асырудың тəсілдерін белгілеуге тиіс еді. Осыған байланысты кеңестік биліктің өлкені модернизациялаудағы стратегиялық міндеті ретінде Т.Рысқұловтың сөзінде алғаш рет Түркістан халықтарын біртұтас ұлтқа біріктіру идеясы тұжырымдалды. Əйтсе де, оның пролетариат күресінің интернационалдық сипаты туралы саяси терминологиямен бүркеленген идеялары ресми ортада шынайы большевиктік күрескерлік ретінде бағаланды. Оның саяси коньюнктураға сай жасаған мəлімдемелері Түркістан коммунистік партиясының құрамындағы жергілікті ұлттардың саяси еркін білдіріп, орасан зор саяси-ұйымдық қызметтер атқара алған Мұсылман коммунистері бюросына (1919-1920 ж) съезд мінбесінен билік тарапынан оң баға беруге қол жеткізді. Негізінен 24 мамыр 1919 ж. Ташкентте ашылған Түркістан АКСР Мұсылман коммунистерінің Өлкелік І конференциясы ұлттық күштердің саяси билікке араласуының жаңа кезеңіне жол ашты. Конференцияға 130 делегат шешуші дауыспен, ал кеңесші дауыспен 10 делегат қатысты. ТКП Өлкелік Комитетінің хатшысы А.Ф.Солькин өз сөзінде алдыңғы қатарлы мұсылман пролетариатының тарихи миссиясы бүкіл шығысты ояту деген мазмұндағы бағыттаушы сөзін конференция делегаттары В.И.Ленинге жолдаған құттықтау жеделхатында «Сіз бұрыннан аңсаған Шығыстың оянуы іске асты. Ол революцияның от жалынына оранды. Оның үстіне ол коммунистік болып келеді»260 деп 259 Труды 3-го съезда Коммунистической партии Туркестанской республики Р.С.Ф. -Ташкент: Ред.и изд. газеты «Туркестанский коммунист», 1919. -272 с. C.24 260 Туркестанский коммунист. 1 июня, 1919. –С.16.

одан əрі іліп əкетті. Бұлайша сөз саптауды сол кезеңнің саяси стиліне телігенімізбен де одан ұлттық күштердің большевиктік биліктің қас-қабағын баққан жалтақтығын аңғармау мүмкін емес. Ұлт коммунистерінің қатарын арттыру арқылы Түркістанда кеңестік биліктің саяси негізі нығая түсті. Билік құрылымдарының барлық салаларында партиялық ықпал орнықты. Өлкеде жұмыс жасаған Орталық Түрккомиссиясы, Түркбюросы (1919-1922) жəне Ортаазиялық Бюро (1922-1934) сияқты эмиссарлық ұйымдардың тікелей басшылығы жəне қатаң қадағалауымен жүргізілген ұлт саясаты шын мəнінде большевиктік мүддені іске асырды. Түрккомиссияға қарағанда біршама кең өкілеттік берілген Ортаазиялық Бюро құрамындағы ұлттық элитаның ең танымал өкілдерінің өзі ұлт мəселесінде еркін əрекет жасай алмады. Олардың қызметі большевиктік билікке тікелей тəуелді болды. Мысалы, басмашыларға қатысты табансыздық танытып, қателіктерге жол берді деген желеумен РК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы 1922 ж. 25 қыркүйегінде ТКП ОК хатшысы Н.Төреқұловты, Республика үкіметінің төрағасы Қ.С.Атабаевты, өкімет төрағасы А.Рахымбаевты қызметтерінен босатты261. Партиялық-мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелонындағы ұлт кадрларын бұлайша орынды-орынсыз жиі алмастыру оларды ауыздықтап ұстау тəсілдерінің бірі еді. Жоғарыдағы босаған лауазымдарға тағайындалған М.С.Эпштейн, Т.Рысқұлов, И.Қыдырəлиевтер де кейіннен қызметтерінен түрлі саяси айла-шарғылар арқылы босатылды. Кадрларды іріктеу мен таңдаудағы партиялық номенклатураның жұмыс тəсілдері осындай құйтұрқы саясатпен қатар саяси элита құрамын жас күштермен толықтырып отыруды да іске асырды. Ұлт өкілдері арасынан саяси басшы кадрларды дайындауда Орта Азия коммунистік университеті үлкен маңызға ие болды. 1922 ж. университет тыңдаушыларының саны 445 болса, олардың 175 қазақ, 115 өзбек, 48 түркімен, 29 татар, 7 қарақалпақ, 53 орыс ұлтының өкілдері еді262. Саяси дайындықтан өткен бұл кадрлар партия, кеңес, шарушылық органдарының төменгі жəне орта буындарында қызметке араласты. Партия ұйымдарынан кейінгі элитақалыптастырушы орта ретінде түрлі деңгейдегі кеңестердің қызметі де өз қатарына ұлт кадрларын көптеп тарта бастады. 1924 ж. республикадағы 5 облыстық (Сырдария облысынан басқа) Кеңестерінің съезі261 РГАСПИ. Ф-62, Оп. 1, д. 3, л 5. 262 РГАСПИ. Ф-62, Оп. 2, д. 349, л б/н. не сайланған 555 делегаттың арасында 128 қазақ, 98 өзбек, 44 түркімен, 35 қарақалпақ, 18 қырғыз болды263. Бұл жергілікті ұлт өкілдерінің делегаттар қатарында алғаш рет айқын басымдыққа ие болуы еді. Соған сəйкес облатком құрамына сайланған (Жетісу облысынан басқа) 138 мүшенің арасында 40 өзбек, 25 қазақ, қырғыз, 17 түркімен, 9 тəжік, 7 қарақалпақ, тек 25 ғана орыс ұлтының өкілі болды264. Осыған сəйкес көрсеткішті 1924 ж. қаңтарда өткен ТАКСР Кеңестерінің ХІІ съезі делегаттарының құрамынан да көреміз. Съездің 356 делегатының 226 жергілікті ұлт өкілдері болды. Бұл 1922 ж. шілдеде өткен Кеңестердің Өлкелік ХІ съезіне қарағанда ұлт өкілдерін билікке араластырудағы үлкен жетістік еді. Ол съездің 167 делегаты жергілікті ұлт өкілі, 78-і орыс, 32-сі латыш, литвалық, эстондық, 11 еврей, 9 украин жəне басқа ұлт өкілдері болған265. Бұл дəйектер өлкедегі ұлт саясатының барысында Түркістан халықтарының көпұлтты құрамын танытумен бірге V съездегі Сералы Лапиннің жергілікті халыққа үлес салмағына қарай биліктен өкілеттік беру туралы талабы біртіндеп іске асып келе жатқандығын аңғартатын еді. Біршама уақыт пəрменді билік институтының қызметін атқарған түрлі деңгейдегі уақытша революциялық комитеттер де ұлттық басшы кадрлар тəрбиелеуде үлкен маңызға ие болған еді. 1920 жылы Түркістанда 6 облыстық, 26 уездік-қалалық, 477 болыстық жəне көптеген аудандық, ауылдық, станицалық ревкомдар жұмыс жасаған. Жетісу облыстық ревкомнының 11 мүшесінің 4-і ғана орыс, ал басқалары қазақ, қырғыз, ұйғыр ұлтының өкілдерінен тұрды. Жетісудың 7 уездік-қалалық ревком мүшелерінің 67 пайызы, Сырдария облысында 52 пайызы жергілікті халық өкілдерінен құралды. Жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі əсіресе төменгі буындағы (аудандық, болыстық жəне ауылдық) ревкомдарда барынша жоғары болып, олардың үлесі 90 пайыздан асты266. Көбіне төменгі буындағы ревкомдар кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмыс істеп тұрған бұрынғы болыс басқарушылары мен старшындарының билігін алмастырғандықтан да онда билік дəстүрлерінің сабақтастығына біршама қолайлы жағдай туған еді. 263 ЦСУ Туркестанской Республикии. Т.1, Ч.3. -Ташкент: 1924. –600 с. С.478-479 264 ӨРОМА. Р-17 қ., 1-тіз., 1048-іс, 2 п. 265 ӨРОМА. Р-17 қ., 1-тіз., 861-іс, 75 п. 266 Шамсуддинов Р.Т. Из истории революционных комитетов Туркестана в 19181923 гг. //История СССР. 1970, -№6, -С.61.

Түркістандағы элитақалыптастырушылық ықпалы аса зор бұқаралық ұйым «Қосшы» одағы екендігі даусыз. Ауылдар мен қышлақтардың жəне деревнялардың пролетар жəне жартылай пролетар элементтерінің ұйымы болып құрылған «Қосшы» одағының ұлттық элита қалыптастырудағы бір-біріне қарама-қарсы сипаттағы екі ықпалын бөліп атауымыз керек. Біріншіден, одақ белсенділері отарлық биліктің сарқыншақтарын жоюды мақсат етіп, ұлттық құндылықтар үшін күресті. Екіншіден, одақты құрушылардың бірі С.Қожановтың сөзімен айтқанда «Бай-манап элементтерін жоюға бағыттылған кеңес өкіметінің шараларын іске асыру», «орыс жəне бұратана халықтардың бейбіт туысқандық ынтымақтастығын орнықтыруға жағдай жасау»267 барысында одақ белсенділері таптық белсенділік пен ұлттық нигилизмге бұрыла берді. Бұл екіұшты жағдай қоғамның дамуы барысында ұлттық элитаның мəдени деңгейі, рухани ұстанымы жəне саяси бағытына қарай жіктелуіне əкеліп соқты. Ол өз алдына дербес тақырыптың мəселесі. Қалай болған күнде де 1920 ж. ортасында 261256 мүшені біріктірген «Қосшы» одағы268 бұқаралық ұйым ретінде өз қатарынан мыңдаған орта буынды басшы кадрларды тəрбиелеп шығарды. Ал осы одақтың қызметі арқылы түркістандық элита өкілдері Сұлтанбек Қожанов, Акмал Икрамов, Юлдаш Ахунбабаев, СахатМұратов, Мырзағазы Есболов, Қоңырқожа Қожықов, Садықбек Сапарбеков сияқты көптеген қайраткерлер республиканың қоғамдықсаяси өміріне белсене араласты. Элитақалыптасу үдерісінің саяси жүйе үшін маңызы ерекше, ол азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарына араласуына азды-көпті құқықты қамтамасыз етеді немесе ол мүмкіндікті шектейді, тіпті ондай мүмкіндіктердің бəрін де жоюы ықтимал. Дəл осы жағдай кеңестік жүйедегі қазақ қоғамы үшін азаматтық жəне ұлттық мазмұнға ие болып, қос қатпарлы сипат алды. Демек, ұлттық элитаның қызметіндегі элитаайналымы үдерісі осындай күрделі сипатымен ерекшеленгендіктен оның тарихында тəуелсіз ой-сана тұрғысында танып білуге тиісті қалтарысты сəттер аз емес. Сол үшін де шынайы тарихи ақиқатты қалпына келтіруде саяси, партиялық құжаттармен бірге элита ішіндегі саяси, топтық тартыстарды айғақтайтын құжаттардың деректік мүмкіндіктерін 267 Первый Всетуркестанский съезд союза «Косчи» и земорганов. Декабрь, 1921. –Ташкент: 1922. -25 с. 268 Давлет-Юсупов М.Х. Союз «Кошчи» и его роль в укреплении Советской власти и восстановлении сельского хозяйства в Туркестанской АССР (1919-1924 гг.). -Ташкент: Госиздат УзССР, 1956. –C.18 кеңінен пайдалану қажет. Қазіргі уақытта тарихи танымға тың бағыт беретін бұл істе тарихшы үшін кəсіптік біліктілік пен жоғары мəдениет жеткілікті болса, қоғамдық сананың ұлттық элита тағдырына қатысты ащы шындықты байыппен қабылдауға дайындығы жеткілікті деп санауға болады. Қорыта айтқанда, отандық тарихымызда əлеуметтік құбылыс болып танылған Түркістандағы ұлттық элитаның дамуы бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі сипатқа ие болды. Билік басына келген большевиктер - таптық күрестің элитасы, пролетариат диктатурасы идеясын іске асырушы элита болғандығы даусыз. Ал ұлттық элита осы большевиктік элитаның төңірегіне топтасқан, көбіне оппозициялық позиция ұстанған саяси-əлеуметтік топтардың бірі ғана еді. Ұлттық элитаның құрамы біршама аз санды, əрі большевиктік биліктің ықпалына тəуелді болғанымен, тіпті саяси еркі барынша шектеулі болса да ол кеңестік билік құрылымындағы шешуші буынға айналды. Өйткені, ұлттық элитасыз кеңестік биліктің жергілікті халыққа ықпал жасауы нəтижесіз болатын. Содан да большевиктік билік өзіне оппозиция болатынын біле тұра ұлттық элитаны қалыптастыруға, оны тəрбиелеуге мүдделі болды. Демек ұлттық элитаның қалыптасуы кеңестік биліктің ұлт саясатымен – жетістігімен де, кемшілігімен де тығыз бірлікте қарастырылуы тиіс. 2.2 Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының сипаты мен ерекшеліктері Түркістан өлкесінде отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық күрес қарулы бас көтерулер түрінде Ресей самодержавиесінің өлкені жаулап алған күнінен басталғаны ақиқат. Осы стихиялы қарсылықтардың аяусыз басып жаншылуы қарулы күресті саяси күреспен алмастыруды талап етті. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында ұлтазаттық күрес идеологиясының қалыптасуы мен дамуы өлкедегі прогресшіл күштер көзқарасының жүйесі ғана емес, ол жүйені қалыптастырушы саяси тетік ретінде ерекше назар аударуды қажет етеді. Түп-тамыры Ə.Бөкейханов «тарихи мұсылман басшысы» деп баға берген И.Гаспринскийдің «дильде, фикирде, исте бирлік» («тілде, пікірде жəне істе бірлік») деген идеяларын басшылыққа алған жəдитшілердің Түркістан қоғамындағы ағартушылық қызметі даму барысында Орта Азия халықтарын дүниежүзілік өркениетке тартуды көздеген ұлттық жаңаруға ұласты. Олардың көзқарас жүйесі

дүниежүзілік гуманитарлық құндылықтарға бағыт алып, ұлттық мүдделермен астасып жатты. Бұл қозғалыстың аймақтық қана емес, жалпыадамзаттық өркениеттен тамыр тартқан сабақтас құбылыс екендігін академик М.Қозыбаев атап көрсеткендей «Азияның терең қойнауында жатқан Түркістан, Бұқара, Хиуа зиялылары - жəдиттер Түркия, Қытай, Үндістан, Парсы, Таяу Шығыстағы ұлт - азаттық, демократиялық қозғалыстың ықпалында болды. Олардың программасындағы ағартушылық ұлт бостандығына ұласты. Бірақ, өзгешелігі-оның еуразиялық сипатында, онда демократия үшін күрес феодалдық деспотия, діни фанатизмге қарсы күреспен бірікті. Отаршылдықтан құтылу феодалдық тəртіпті құртумен бірге қаралғандығымен»269 пайымдай аламыз. Қазақстандағы Алаш қозғалысын маңыздылығы аймақтық шеңбермен шектелмейтін Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыспен тарихи сабақтастықта салыстыра қарастырудың маңызы зор. Академик К.Нұрпейістің тұжырымы бойынша «Алаш» немесе «Алашорда» қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттілігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) туралы мəселелер. Осы нақты үш мəселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді»270. Саяси дара құбылыс ретінде осылайша айқындалған Алаш қозғалысын Түркістан өлкесіндегі ұқсас құбылыспен салыстыруға болады. «Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыс саяси ала-құлалығымен жəне əлеуметтік əртектілігімен ерекшеленді. Түркістан қозғалысын өлкедегі азаттық, тəуелсіздік жолындағы күреске ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде топтасқан саяси күштердің ұйымдасқан белсенді əрекеті деп бағаласақ керек. Мақсаты ортақ, сипаты бір Алашорда үкіметі мен Түркістан автономиясы (Туркистон Мухторияти) үкіметі ұлтазаттық қозғалыста бірін-бірі толықтыратын ұлттық, əлеуметтік, саяси тұрғыдан туыстас құбылыстар»271 болғандықтан да оларды өзара ықпалдастықта қарастырған орынды болар деп есептейміз. Түркістандағы жəдитшілік идеяларының ұлт-азаттық саяси 269 Қозыбаев М. Ғұмырнамалық жанрын зерттеу мəселелері //Қазақ елі. 1996. 27 желтоқсан. 270 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995.-256 б. (5 б.) 271 Тұрсын Х. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жəне Түркістан Мұхтарияты. - Алматы: Нұрлы əлем, 2006. -128 б. (4 б) күрес идеологиясына айналуына бірінші орыс революциясының (1905-1907 жж.) саяси тəжірибесі елеулі ықпал жасады. Империя орталығындағы саяси сілкініс отарлық езгідегі ұлт аймақтарының рухани оянуына түрткі болды. Ал, жастүріктер (1908 ж.) мен жаспарсылар (1908-1911 жж.) қозғалыстарының өнегесі ол елдермен тарихи байланысын үзбеген ұлт зиялыларының арасында тəуелсіздік идеясының орнығуына тікелей негіз болды. Осы оқиғалардың барысында жəдиттік қозғалыстың қоғамдық саяси ықпалы артып, алғашқы кезде өлкедегі қала халқының арасына кеңінен таралды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ олардың бағдарламалық құжаттарында феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрестің дəлелдері айқындалып, билік институттарын конституциялық жолмен реформалау идеясы қалыптасты. Оның есесіне Түркістанның жергілікті халықтарының жатжерлік қанаушыларға қарсы ортақ күреске жалпытүркілік, мұсылмандық негізде бірігуі патша өкіметі тарапынан қудаланды. Ал осы кезде орыс ойшылы Н.Бердяев өз еңбектерінде дүние жүзіне ықпал жүргізген герман нəсілінің орнын славян нəсілі алмастырғандығын жарнамалап жатты. Бірақ оны еш жерде, ешкім де панславизмді насихаттағандығы үшін кіналаған да, қуғындаған да жоқ272. Пантүркизм мен панисламизм Ресейдің мемлекеттігін ыдыратып, Түркия, Иранның басшылығымен жалпымұсылмандық держава құруға бағытталған қауіпті идеялық ағым деп жарияланды. Бұл отаршыл биліктің өз өктемдігін бүркемелеуді көздеген байбаламы еді. Шын мəнінде жергілікті халықтың басым бөлігі, соның ішінде жəдитшілер де Ресейден бөлектенуге ұмтылған жоқ, мəселе – отаршыл езгідегі халықтың мұсылмандық ынтымақтастығы туралы болып тұр. Ортаазиялық мұсылмандар үшін Ресейдің басқа аймақтарындағы жəне дүниежүзіндегі мұсылмандармен өздерінің рухани жəне мəдени түрғыдан біртұтастығын сезінуде ислам факторы – олардың саяси ой-санасының бағдары болды. Бұл тұжырым өлке халықтарын топтастыру идеясының ең басты мəнін ашып көрсетеді. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы деп жалпы атауға топтастырылған құбылыстың өзегін батыс қоғамтанушылары жіктегендей модернизация үдерісіне қатысты қақтығыстардың құрағандығына көз жеткіземіз. Модернизацияның мəні аграрлық (дəстүрлі) қоғамнан қазіргі заманғы (индустриалды) қоғамға 272 Бердяев Н. Судьба России. Опыты психологии войны и национальности. -М.: Мысль, 1990. -207 с. С.162

өтудің соңғы кезеңі деп айқындалса индустриалды қоғам дəстүрлі құндылықтарға, кейде тіпті жаңа құрылған мемлекеттердің егемендігіне қауіп төндіреді273. Өркениеттік сипаты басым бұл қақтығыстың үлгісін Түркістан мұхтарияты мен Алаш Орда үкіметінің өктем өркениеттің ықпалына «жұтылып кеткен» мысалынан көреміз. Қанша сынға алынғанымен ХХ ғ. басындағы мұсылмандық қозғалыстың еліміз тарихы мен ұлт зиялы қауымының қоғамдық саяси қызметіндегі маңызы ерекше. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында өлкедегі барлық халықтардың күш-қуатын топтастыру қажеттігі өткір сезіліп отырды. Содан да тəуелсіздік жолындағы күресте ұлттық бірлікке қол жеткізу аса маңызды еді. Осы тұрғыда қарастырар болсақ түркілік жəне мұсылмандық қозғалыстардың арасында идеялық алшақтық жоқ, қайта оларды отаршылыққа қарсы күреске топтастыратын ортақ мүдде, ортақ күрес тəсілдері жеткілікті еді. Осман империясында реформа жолымен экономикалық жəне мəдени дамуға қол жеткізу үшін араб жəне түрік зиялылары масондыққа үйір болған. Олардың құрған масондық құрылымдары көбіне саяси ұйымның бетпердесі болды. Монархия жағдайында саяси ұйымның жария жұмыс жасауы мүмкін болмағандықтан да олар осындай ұйымдық құрылымды таңдаған. Олардың европалық отаршылыққа қарсы мұсылман елдерін біріктіруді мақсат тұтқан діни-саяси ілімі панисламизм деп тұжырымдалды274. Осман империясында ілгерішіл идеяларымен танылған бұл ілімнің Түркістанға тигізген ықпалы аз болмады. Осы идеяларды одан əрі дамытқан жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыс түркі жəне басқа мұсылман халықтарының ең өзекті саяси-əлеуметтік мəселелерін Мемлекеттік дума деңгейіне көтеріп, мұсылман елдеріндегі ұлт-азаттық күштердің нығаюына орасан зор ықпал жасады. Бүкілресей мұсылмандарының Уақытша орталық бюросы басшылығымен жұмыс жүргізген Мемлекеттік Думадағы Мұсылмандар фракциясы мұсылмандар арасындағы түрлі саяси-əлеуметтік мəселелерді талқылаумен ғана шектелген жоқ. Оның жоспарлы қызметінде отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың тактикасы мен стратегиясын жасауға ұмтылыс байқалды. Империя орталығында түрлі саяси күштердің ара 273 Мажитов С.Ф. Проблемы истории, теории и историографии народно-освободительного движения ХVІІІ-начала ХХ в.в. в Казахстана... С.199 274 Левин З.И. Развитие основных течении общественно-политической мысли в Сирии и Египте.-М.: Наука, 1972. -267 с. С.110 салмағын аңғарып, өз бағыт-бағдарын белгілеуге мұсылмандық қозғалыс басшыларының мол мүмкіндігі болды. Жоғарыда аталған бюроның төрағасы Ахмед Салихов мұсылмандар үшін таптық жіктелудің қауіптілігіне ерекше мəн берді де, ұлт-азаттық күресте таптық емес, діни негізде бірігу қажеттілігі туралы концептуалды тұжырым мұсылмандық қозғалыстың бағдарламалық құжаттарында басшылыққа алынды. 1917 ж. 1-11 мамыр аралығында Мəскеуде өткен Бүкілресей мұсылмандарының 1 съезі Уақытша үкіметтің азаматтық келісім жəне құрылтай жиналысы арқылы саяси-əлеуметтік мəселелерді бейбіт жолмен шешу саясатын бір ауыздан қолдады. Мұсылман халықтары үшін бұл кезеңде белгілі бір таптың мүддесін қорғаудан да отарлық тəуелділіктен құтылу қажеттілігі басым еді. Съезде «Ресей мұсылмандарының этникалық тегі жəне олардың саяси өмірдегі рөлі» деген тақырыпта З.В.Тоғанның жасаған баяндамасы түркі халықтарының азаттық күрестегі негізгі бағыттарын айқындауда маңызы зор құжат болды. Ақпан төңкересінен кейін негізі қаланған өлкелік өкілді орган «Шурои Исламия» – Мұсылмандар кеңесі ұйымы Бүкілресейлік мұсылмандық қозғалыс ықпалымен құрылды. Бұл саяси ұйымның атауы европалық үлгідегі кеңестерден ерекшелендірумен бірге діни оның сипаттағы саяси-əлеуметтік бағытын да байқататын еді. Осындай жағдайда Өлкелік Мұскеңес төрағасы Мұстафа Шоқайдың Уақытша үкіметтің Түркістан Комитеті мүшелігіне тағайындалуы ұлттық-демократиялық күштердің автономия идеясын саяси күрес тəсілдері арқылы іске асыру əрекетіне кең жол ашты. Əртекті ұйымдар мен қоғалыстардың басын біріктіруші жəне үйлестіруші рөл атқарған Мұскеңес алдында ендігі кезекте ұлттықдемократиялық күштердің жікке бөлінуіне жол бермеу міндеті тұрды. Шоқайдың бастамасымен Мұскеңес аталған ұйымдарды біріктіру мақсатында 12 маусым күні жарғы қабылдады. Ол бойынша қоғамдық ұйымдар идеялық алшақтығына қарамастан Өлкелік кеңеске бағынатын облыстық, уездік, болыстық жəне қалалық мұсылман депутаттарының кеңестеріне бірігуі тиіс еді. Бұл əрекет өзге ұйымдар тарапынан түсіністікпен қабылданғанымен «Шурои Исламияның» идеялық негізде жіктелуін тоқтата алмады. Осы жылдың маусым айында «Шурои Исламиядан» жаңа саяси бірлестік «Шурои Улема» (Ғұламалар кеңесі) бөлініп шықты. Түркістан қоғамындағы кертартпа діни

ақсүйектер тобының мүддесін көздеген улемалықтар тұрмыста жəне қоғамдық өмірде феодалдық-патриархалдық қатынастарды сақтап қалуды жақтауымен ерекшеленеді. Олар жадитшілердің ағартушылық идеялары мен саяси көзқарастарына түгелдей қарсы болатын. Бұл ұйым өлкедес дін ықпалындағы қалың көпшіліктің көзқарасының жақтаушысы ретінде танылды. Халыққа түсінікті дəстүрлі дүниетаным мен дəстүрлі ұстанымдарға сүйенгендіктен де ел ішінде олардың қолдаушылары аз емес еді. «Бүкіл Түркістан тұрғындарының көңіл-күйіне ықпал жасамақ болған осы екі ұйым – «Шурои Исламия» мен «Ғұлама қоғамы» бір-бірімен қырқысып жатты, ал «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» осы екеуін жақындастыра алмай əуреге түсті. Осы екі ұйым арасындағы алауыздық біздің ұлттық тəуелсіздік жолындағы күресімізді бəсеңдетіп жұмысымызды былықтырды»275 деп жазды Мұстафа. Осылайша Түркістанда ұлттық мемлекеттілік үшін күрестегі діни сипатта байқалған алауыздық қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында нақты көрініс тауып, одан əрі тереңдей түсті. 1917 ж. шілдесінде ұйымдасқан либералдық ұлттық-демократиялық партиялар «Тюрк Адами марказияти» («Түрік федералистері»)276, сонымен бірге «Шурои Улема» басшылығымен Өлкелік мұсылмандар съезі (17-21 қыркүйек 1917 ж) «Түркістанның болашақ саяси құрылымы туралы»277 бағдарламаны бекітті. Бұл саяси топтардың көздеген мақсаттары да əртүрлі болды. Түркістандық федералистер демократиялық бағдар ұстап, қоғамдық жəне мемлекеттік құрылыста батыс европалық либералдық – демократиялық үлгіні жақтады. Ол бағдарлама мазмұнынан оның бөтен елдің тəжірибесінің тікелей көшірмесі емес екендігін көреміз. Олардың жасаған ұлттық мемлекеттілік концепциясында дəстүрлі əлеуметтік мазмұн құқықтық норма жəне билік институттары сияқты демократиялық құндылықтар мен исламдық қағидалар түрінде көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл қағидалар автономиялық республика көлемінде «Махкама-и-Шария» құру жəне федерация шеңберінде дін істерін қадағалаушы орган ретінде Шейх-уль-Ислам басшылығымен Дін кеңесін құру туралы ережеден, сонымен бірге сот билігінде зайырлы заңдармен қатар шариғат үкімін де мойындау; меншік құқына қол сұғылмау, исламдық қағидаларды ескеріп, əйелдердің құқықтық статусын белгілеуді ұсынудан 275 Шоқай М. Таңдамалы.2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2.-1999. -520 б. (150 б) 276 Кенгаш. 1917, 6 август. 277 Туркестанский курьер. 1917, 11 ноябрь. көрінді. Бұл бағдарламадағы исламның мойындалуы жай ұран емес, ол көп ғасырлық даму тарихындағы дəстүрлі мемлекеттікті қалпына келтіруге деген саяси партияның нақты ұмтылысын танытты. Ал «Шурои Улеманың» мелекеттік билікте ұстанған концепциясы түркістандық федералистерге қарағанда отарлауға дейінгі «исламдық басқару түрін» қалпына келтіруді басты нысана етуімен ерекшеленеді. Бұл жағдай ең алдымен мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру қағидасынан көрініс тапты. Оның басты ерекшелігі «Махкама-и-Шария» институтын енгізіп, оған жалпымемлекеттік заңдардың жасалуы мен орындалуын шариғат тұрғысынан қадағалайтын кең өкілеттілік беру болды. Бұл ұсыныс сунниттік басқару түрінің негізгі қағидаларының бірі - кеңесушілік қағидасын (аш-шура) басшылыққа алудан туындаған еді. Демократиялық сипатымен ерекшеленетін бұл исламдық кеңесушілік қағида қазіргі кезде бірқатар мұсылман елдерінің мемлекеттік құрылыс практикасында сəтімен қолданылып келе жатқандығын айта кетуіміз керек. Мысалы, Ливияда республикалық басқарудың ерекше формасы – жамахирия құруда осы қағида басшылыққа алынған. Жамахирияның өкіметтік билігінде сайланбалы халықтық конгресс пен комитеттер маңызды қызмет атқарады278. Ал «Шурои Улеманың» 1917 ж. қыркүйектегі съезі мемлекетті басқару түрінің ізашары болған республикалық, исламдық басқару түрін таңдаған еді. Бірақ оның бағдарламасындағы дін факторы мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың қағидасымен шектеліп қалған жоқ. Ол болашақ мемлекет қызметінің барлық негізгі бағыттарын белгілеуден көрініс тапты. Мысалы, азаматтықтың құқықтық реттелуі, мемлекет өміріндегі діни қызметкерлердің рөлі, меншік түріне исламдық концепцияны бекіту, меншік құқының құқықтық қорғалуын ислам нормаларына сай нығайту сияқты мəселелер бағдарламалық құжатта нақты көрініс тапты. «Шурои Улема» съезінің бұл шешімдері түркістандық қоғамның либералдықдемократиялық күштерін алаңдатты. Олар өз мəлімдемелерінде «Шурои Исламияның» Түркістан демократиялық дамуында саяси мүмкіндіктері шектеулі екендігі атап көрсетті279. Осыған байланысты мəселеге байыпты қараған М.Шоқай «Бұл мұсылмандық көзқарас тұрғысынан алғанда өте жақсы ұсыныс еді. Бірақ жас баланың «аспандағы айды алып бер» деген далбасасына ұқсайтын, 278 Сюкияйнен А.Р. Мусульманское право. Вопросы теории и практики.-М.: Наука, 1986. -254 с. С.113-115 279 «Улуғ Туркистон». 1917, 30 сентября.

мұндай мұсылмандық идеяны жүзеге асыру үшін Түркістан ең ал-
дымен Ресейге бағыныштылықтан біржола құтылуы керек еді» деп
жазды. Ал большевиктер улемашылардың əрекеті Түркістанның
мемлекеттік жəне саяси жүйесінің демократиялық негіздеріне

қауып төндіреді деп бағалады.
Түркістандағы мемлекеттік құрылым бойынша бұндай бала-
малы бағдарламалардың пайда болуы өлке халқының оянуы мен
ұлттық саяси күштердің ұйымдық кемелденуін танытатын аса

маңызды көрсеткіші болды. Сонымен бірге бұл жағдай ұлт-азаттық
қозғалыстың көп жыл кейінгі тағдырын айқындаған алауыздықтың
да көрінісі еді.
Большевиктердің жеңісінен соң «Шурои Исламия» бастаған

Түркістан
ұлттық-демократиялық
күштері
большевиктер-

ге қарсы ымырасыз, бітіспес позиция ұстанып, өз халқының
өзін-өзі басқаруына қол жеткізуде саяси батылдық танытты.
1917 ж. 26 қазанда «Түркістан Мұхтарияты» осылай өмірге кел-
ді280. Осы кезеңдегі «Улеманың» саяси ұстанымы ұлттық-демо-

кратиялық күштер мен большевиктік өкіметтің арасында
бұлталақтаған, тұрақсыз, қарама-қайшылығымен танылды. Оның
басшылары Түркістан Мұхтарияты Уақытша үкіметтін Ресейде-
гі буржуазиялық-либералдық партиялармен одақтасу ниеті жəне

буржуазияшыл, капиталистік сипаттағы бағдарламасы үшін сенім-
сіздік білдіретіндігін айтып жарияға жар салды281.
Түркістандық улемашылардың ислам қағидаларын саяси-
ландыру əрекеті ХХ ғ. 50-80 жж. Шығыс елдердегі ұлт-азаттық

қозғалыстың идеологиясында одан əрі дамытылып, «исламдық
социализм» теориясының саяси ұранына айналғандығын атап
өткен орынды. Бұл қуатты ағымның атауын да Түркістан уле-
машылары қалыптастырғандығына мына сөздер куə болады:

«Мұсылмандардың автономиялық басқаруы ислам социализмінің
берік негіздеріне құрылуы тиіс – деп мəлімдеді олар жоғарыда
аталған жолдауда – яғни өлкеде капиталдың өсуіне жол бермеу,
еңбекші тапты өсімқорлық қанаудан қорғау мақсатында сауда мен

өнеркəсіпке бақылау орнату; еріксіз түрде бай таптан «зекет» пен
«ұшыр» жинау, жиналған қаржыны шариғат үкімімен жұмысшылар
мен кедейлердің мұқтажына жұмсау»282.
Большевиктер «Түркістан Мұхтариятын» тығырыққа тіреген

уақытта «Улема» ұйымы «Орыс социалистеріне» үндеуі арқылы
280 «Улуғ Туркистон». 1917, 8,10 декабря.
281 ӨРОМА. Р-39-қ., 1-тізбе, 11-іс 3-5 пп
282 ӨРОМА. Р-39-қ., 1-тізбе, 11-іс. 3-10 пп.

«Шурои Исламия» түріндегі бұқаралық қозғалыстан іргесін
аулақ салып, өлкенің болашағын, оның мемлекеттігін социализм
қағидаларымен жəне большивиктермен ынтымақтасумен бай-
ланыстырып жатты. Бұндай саяси пікірталас ұзаққа созылма-

ды, оның соңы ашық теке-тіреске ұласты. 1918 ж. 18 ақпанында
«Шурои Исламия» жетекшісі, Түркістан Мұхтарияты үкіметінің
басшысы Мұстафа Шоқайды улемашылар «сарай төңкерісін»
жасап, Ергеш құрбашымен алмастыруы арқылы онсыз да саяси

ахуалы шатқаяқтап тұрған ұлттық автономияны тағдырдың
тəлкегіне тастады.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының бейбіт кезеңі (1917 ж.
соңына дейін) оның тұғырнамалық негіздері бойынша үлкен

екі саяси ағымға жіктелуімен ерекшеленеді. «Шурои Исламия»
қозғалысы жариялаған Түркістан мұхтарияты Уақытша үкіметінің
тəуелсіздікті нығайтудағы нақты қадамдары большевиктердің
табанды қарсылығына ұшырады жəне талқандалу қаупі күшейе

түсті. Ұлт-азаттық қозғалыста қалыптасқан əртүрлі позициядағы
осы екі бағыттың Ресейдегі тиісті саяси күштерге үнемі жүгінуге
мəжбүр болуы олардың ымырашыл шешім қабылдауына мүмкіндік
бермеді. Нақ осы жағдайдың өзі Түркістан қоғамының топтасуы-

на, сол сияқты ұлттық мемлекеттілік пен тəуелсіздік үшін күрестің
тағдырына кері ықпалын тигізді. Əрине, жағдайдың бұлайша өріс
алуына саяси күштердің арасалмағы шешуші ықпал жасағаны дау-
сыз, сонымен бірге бұл мəселеде ұлттық элитаның саяси күрестегі

тəжірибесінің аздығы, интеллектуалдық дайындығының төмендігі,
халықтың полиэтникалық құрамы да айтарлықтай əсер еткендігі
де мойындалуға тиіс ақиқат.
Бұл аталған екі ағымның саясат сахнасынан ығыстырылуы

Қоқан қаласындағы Түркістан Мұхтарияты Уақытша үкіметінің
қарулы күшпен талқандалуы арқылы іске асты. Ұйымдық,
теориялық тұрғыда пісіп жетілмеген бұл бағыттардың большевик-
тік экстремизмге қарсы тұруға шамасы жетпеді.

Осылайша Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында əртүрлі пози-
ция ұстанған бұл екі бағыт ұлттық мүдде жолында ымырластыққа
бара алмады. Бұл жағдай Түркістан қоғамының топтасуына кері
əсер етті жəне оның азаттық пен ұлттық мемлекеттілік үшін

күресіне орны толмас өкініш алып келді. Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысы сияқты қуатты саяси құбылыстың қызметінде ислам
діні тұрақты үйлестіруші фактор болғаны рас. Əйтсе де бұл аса
маңызды фактор исламның өз ішіндегі қайшылықтары мен боль-

шевиктік идеологияның сыртқы тегеурінді ықпалына төтеп бере алмады. Ұлттық мемлекеттік құрылымның талқандалуы Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қарулы қарсылық кезеңіне жол ашты. Түркістан Кеңестерінің төтенше VІ съезі (1918 ж. қазан) қабылдаған ТАКСР алғашқы Конституциясы өлкедегі жоғарыда аталған ұлттық саяси күштер ұсынған егемендік мұраттарын қанағаттандырмады. Содан да ол идеялар Ферғана аңғарынан кейін Самарқанд, Сырдария жəне басқа да аймақтарды қамтыған қарсыласу қозғалыстарында басшылыққа алынып, одан əрі жалғасын тапты. Олардың көтерген «Түркістан – түркістандықтар үшін» ұраны өлкедегі жергілікті халықтың барлық əлеуметтік топтары үшін де түсінікті болатын. Осы қарсыласу қозғалысы барысында дүниеге келген Мадаминбек басқарған «Фарғона моваққи мухторият хукумати» жəне Шермухамед басқарған «Туркистон – турк мустақил ислом жумхурияти» түріндегі мемлекеттік құрылымдардың тəжірибесі шын мəніндегі бүкілхалықтық ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мақсаттары мен міндеттерін танытатын283. Отарлық əкімшілік өлкедегі дөкір де озбыр саясатында Түркістан жəдитшілері бас болған интеллектуалдық, мəдени жəне адамгершілік сипатындағы қуатты жаңашыл ағыммен бетпе-бет келді. Түркістандық көпестер, зиялылар мен діндарлардың білімді жаңа буыны алғаш рет отарлық биліктің «легитимдігіне» күмəнмен қарады. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру мен еркіндікке жету үшін өз халқының бұғып жатқан күш - қуатын оятуды қолға алған ұлттық элита өкілдерінің бірі Махмудқожа Бехбуди өзінің сан-салалы қоғамдық-саяси қызметімен түркістандық жəдитшілердің шын мəніндегі атасына айналды. Діндар отбасында туып, жоғары дəрежелі діни білім алған Бехбуди 1899 ж. 25 жасында қажылық сапарға шығып, Ресей қалаларында, Қырым жерінде, Иран, Түркия, Египет елдерінде болады. Осы елдердегі халықтың қоғамдық-саяси жағдайдағы жетістіктері мен кемшіліктерін Түркістанның нақты жағдайымен салыстыра талдауға мүмкіндігі болды. «Ойна» (Айна) журналының 15 санында жарияланған «Саяхат естеліктерінде» М. Бехбудидің саяси көзқарастары көрініс тапты. Ол қажылық сапарында мұсылман елдерінде де əлемдік өркениетпен үндес прогресс жасау үшін көп нəрсені өзгертуге, жетілдіруге болатындығына көзі жет283 Раджабов К.К. Истиклолчилик харакати в Ферганский долине: сущность и основные этапы развития (1918–1924 гг.). Автореф. дисс. канд. ист. наук. –07.00.02. –Ташкент: 1995.-32 с. С.28-29 ті. 1903-1904 жж. Петербург, Мəскеу, Қазан, Орынбор қалалары жəне Қырым жерінде болып, осы сапарында Исмаил Гаспралымен танысуы оның қоғамды гуманитарлық жолмен қайта құру жоспарына түзету енгізіп, осы жолға түпкілікті бағыттайды. Осы бағыттағы ағартушылық қызметін Махмудқожа Бехбуди 1905 ж. Самарқанд облысының Кафтархона қыстағында жаңа əдісті мектеп ұйымдастырып, онда қырықтан астам шəкіртті тегін оқытудан бастады284. Бехбудидің Түркістанның саяси жағдайына көзқарасы қандай еді? – деген сауалға бір ауыз сөзбен - ол өз халқының прогресін тек ағартушылықпен, оның саяси статусын түбірімен өзгерту жəне тəуелсіздік алуымен байланыстырды – деп жауап беруге болады. Ол көптеген мақалаларында жəне өз қызметінде патша өкіметінің отарлық саясатын əшкереледі жəне Уақытша үкіметті, оның заңдарын аяусыз сынады. Елдің тəуелсіздігіне күрессіз қол жеткізу мүмкін еместігін жақсы түсінді. «Ақиқаттың баяны» мақаласында тарихта құқықты жеңіп алудың көптеген мысалдары белгілі дей келіп, «Құқықты жеңіп алу керек, оны ешкім бермейді, əр ұлттың халқы жəне оның елі өз құқықтарына саяси əрекетпен топтасу арқылы қол жеткізеді... Біз, мұсылмандар, əсіресе Түркістан мұсылмандары біздің дінімізді жəне ұлтымызды ешкімнің шектемеуін, қысым жасамауын қалаймыз, өзгелердің тəуелсіздігіне қауіп төндіретін біздің ниетіміз де, ықыласымыз да жоқ»285 деп жазды. Осы мəселеде ол «Еркіндік берілмейді, оны іздеп табу керек»286 деген Мүнауар Қарының пікірін қуаттайды. Бірақ Мүнауар Қарының еркіндікті қанмен жəне құрбандықтармен алуға болады деген пікірін қолдамайды. Бехбуди жəдитшілердің көпшілігі сияқты отаршылықпен қантөгіссіз күресті жақтады, революция атаулыға қарсы болды. Оның пікірлеріне Мемлекеттік Дума қызметін мұқият қадағалай отырып, парламенттік күрес арқылы да көп нəтижеге жетуге болады деп есептеді. Автономиялық қозғалыстың жақтаушысы болғанымен де ол прогреске жетудің эволюциялық жолын бəрінен жоғары қойды. Тіпті Ресейдің құрамында болса да Түркістан дербестікке қол жеткізе алады деп есептеді. Ақпан төңкерісінен кейінгі Түркістанда өткен съездерде өлкенің мемлекеттік құрылымы туралы пікірталаста Бехбуди федеративті Ресей құрамындағы Түркістанның орнын былайша болжамдайды: «Ташкентте Түркістанның бес уалаятының əр қаласы 284 «Самарканд». 1906. 20 май. 285 Бехбуди М. Баёни хақиқат // «Улуғ Туркистон». 1917, 12 июнь. 286 Мунаввар Қори. Хуррият берилмас, олинур // «Наджод». 1917, 26-март.

мен уезінен бірнеше адамнан сайланған Орталық жəне Мəжіліс болады, олар заң шығару жəне заңның орындалуы, барлық салық төлеу үдерістерімен айналысады. Бұл Мəжіліс орыс үкіметі мен мұсылмандар арасында дəнекер болады... Əрине, өкілдер мен депутаттардың көпшілігі мұсылмандар, азшылығы орыстар болуы тиіс, ал іс бұйрық немесе күштеу тəсілдерімен емес, келісіммен орындалуы қажет»287. Оның бұл идеялары 1917 ж. 12-14 шілдеде Скобелев қаласында құрылған «Түрк Адами марказияти» (Түрік федералистері) партиясы қабылдаған «Автономия жобасы» деп аталған бағдарламалық құжатта одан əрі өрбітілді. Бұл құжаттың дайындалуы жөнінде М.Шоқай былай дейді: «Ұлттық орталық» Шаислам Шаахметбекке Түркістан автономиясына қажетті материал дайындап, ұсынуды тапсырды. Бұл жұмыста оған Махмудқожа Бехбуди мырза, Убайдулла Қожа жəне мен көмектестім»288. Бехбуди Бүкілресейлік мұсылмандық қозғалыстың идеяларын жанын сала қорғағандықтан да бұл құжатта Ресейдің федерациялық мемлекеттік құрылымындағы автономиялық дербестікке баса мəн берді. Ол «Ресейден қол үзбей-ақ ресейлік мұсылмандар федерацияға қол жеткізуі тиіс, əсіресе, бізге түркістандық мұсылмандарға ең алдымен «қадимшылар» мен «жадитердің» теке-тіресінен бас тартып, біртұтас одақ құруымыз қажет» деп ұлт-азаттық күрестегі бірлікті уағыздады289. Əрине, Бехбуди ұлт-азаттық қозғалысты діндік, этникалық негізде жікке бөлу отарлық жүйеге қарсы күресті əлсірететіндігін жақсы білгендіктен де бүкіл Түркістанды біріктіру қантөгіске жол бермейді, жер мен мүлік бөліске түспейді, нəтижесінде əлеуметтік - экономикалық прогреске жетелейді деп есептеді. Бехбуди мақалалары мен сөздерінде мұхтарият атауын федерация мағынасында қолданған. Кейіннен мұхтарият атауы саяси ойдың тезінен өтіп съезд шешімдерімен автономия ұғымын білдіретін мəнге ие болды. Өлкедегі ұлттық - демократиялық күштердің ең басты жеңісіне айналған Түркістан мұхтариятының жариялануы «Шурои Улема» тарапынан қолдау таба алмады. Отаршыл үкіметке қарсы күресте бірге болып, күрес жеңісі қолға тигенде жікке бөлінген бұл əрекет өлке жадитшілерінің атасы Бехбудиді «Біздің қарама-қайшылықтар үшін біріккеніміз мың сан өкінішті-ақ, бұл алауыздығымыз біздің сорымызға көрінді. Егер бүкіл Түркістан біріксе жер сілкіндіретін287 Бехбуди М. Баёни хақиқат // «Улуғ Туркистон». 1917, 12 июнь. 288 Шоқай М. Таңдамалы.2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2... 289 б. 289 Бехбуди М. Баёни хақиқат // «Улуғ Туркистон». 1917, 12 июнь. дей 15 миллиондық күшке айналар еді»290 деп жазуға мəжбүр етті. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы діни көзқарастарға байланысты алауыздық көптеген мəселелердің шешімінде көрініс берді. Мысалы, əйел теңдігі «Шурои Исламия» өкілдері тарапынан қолдау тапқанымен улемашылар бұл мəселеде қатаң позиция ұстанды. Бехбудидің айтуына қарағанда Ташкент улемашыларына əйелдердің сайлауға «ерлермен араласпай, əйелдер құрамындағы комиссияға пəренжімен» қатысуын реттеу туралы көптеген өтініш айтылғанымен оның бəрі де жауапсыз қалған291. Түркістанның патриоты болғандықтан «Бехбудидің қызметінде ұлттық мүдделер басым болатын, дегенмен ол ұлттық қозғалыс идеяларын жақтаушы барлық саяси күштерді біріктіруді қуаттады»292. Ахмет Заки Уалидидің айтуына қарағанда ол большевиктерді жақтыра қоймаған. Мүнауар Қары, Бехбуди жəне бұқаралық жəдиттер кадеттерге де, сонымен бірге социалистерге де қарсы шықты293. Бехбуди 1906 ж. жазған «Əрбір істің оңы мен солынан ортасы жақсы» мақаласында сол кездегі метрополияда кең танылған төрт партияға баға береді. Бірінші партияны «буйрукратия - мустабид», яғни бюрократиялық - деспоттық деп атап, оның орнатар тəртібі Түркістанның еркін дамуына мүлдем жарамсыз деп атады. Ал социал - демократиялық партияның бағдарламасын мұсылмандардың бұл топқа қосылуы өте зиянды, олардың бағдарламасындағы қаржылық параграфтар белгілі дəрежеде өзгермей жəне жеке адам, отбасы туралы ойлары шариғатқа үйлестірілмей «бізге мүлдем сəйкес келмейді» - деп сынайды. Солардың арасынан кадеттер партиясы туралы жылы лебіз білдіргенімен 1917 жылдың сəуіріндегі съездерде кадеттердің ұлыдержавалық əрекеттерінен түңіліп, олардың позициясын қатаң сынға алды. Оның есесіне «Ресей мұсылмандары одағы» партиясының бағдарламасы кадеттерге ұқсас болғанымен ол мұсылмандарды діни, экономикалық, идеологиялық тұрғыда біріктіріп отырғандықтан да Түркістан жағдайында барынша қолайлы деп есептеді294. Бехбудидің бұл ойларын жəдитшілік идеяларын қуаттаған элита саяси топтасудың бағдарламалық міндеттері деп 290 Бехбуди М. Туркистон Мухторияти. // «Хуррият». 1917. 22 декабрь. 291 Бехбуди М. Марказий шурамизда // «Хуррият». 1917. 3 июль. 292 Алимова Д., Рашидова Д. Махмудходжа Бехбудий и его исторические воззрения. -Ташкент. Маънавият, 1998. –39с. С.2 293 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры. Книга І. -Уфа: Китап, 1994. –400 с. С.,186 294 Бехбуди М. Хайрул умури авсатухо // «Хуршид». 1906. 11 октябрь.

қабылдады жəне ақпан төңкерісінен соң өлкеде «Шурои Исламия» партиясының құрылуына идеялық негіз қалады. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына дем берген көрнекті қайраткер тағдыры өте аянышты. Түркістан мұхтариятының өкілі ретінде Париждегі Бітім конференциясына қатысу үшін жолға шыққан М.Бехбуди мен Марданқұлды Бұхара аумағында қолға түсірген большевиктер оларды ислам реформаларын жақтаушылар ретінде жазаға тартты295. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының барынша оңшыл қанатының өкілі С.Лапиннің қоғамдық-саяси қызметі де барынша күрделі болып қалыптасты. С.Лапин Петербург университетін бітірген соң 1901 ж. Самарқанд облысында адвокат болып орналасады жəне осы кезден бастап ол М.Бехбудимен саяси күрес жолында тығыз қарым-қатынаста болады. Олардың алғашқы кезде етене жақын жəне пікірлес болуында тұрақты үйлестіруші фактор қызметін ұлттық дербестену мақсаты атқарған сыңайлы. Түркістан өлкесінде осы кезде мұсылмандық, түркілік бірлікпен бірге ұлттық дербестену үдерісі жүріп жатты. Ғасырлар бойы қалыптасқан этномəдени үрдіске қарсы патша өкіметі Түркістан ұғымын тек географиялық мазмұнмен шектеуге қанша ұмтылғанымен ел мен жер ұғымы отан идеясына ұласып, мемлекет құрушы ұлттық сананың даралануына жол ашты. Отаршыл əкімшіліктің шовинистік саясаты осылайша ұлттық дербестену үдерісін жаңалаушы екпін қызметін атқарды. Сондай жағдайда 1894 ж. «Оренбургский листок» газетінде С.Лапинның «Сарттар жəне олардың тілі» деп аталатын мақаласы жарияланды. Автор онда сарт деген халық та, сарт тілі деген де жоқ, өзбектерді «сарт» деп кемсітуге болмайды деген тұжырым жасайды. Лапиннің осы мақаласы үлкен пікірталасқа негіз болды. «Окраина» газетінде жариялаған мақаласында В.В.Бартольд С.Лапиннің тұжырымын білімсіздік деп бағалап, оны Рашид-аддиннің, Бабырдың, Науаидің сарт туралы айтқандарына назар аудармады деп кінə тағады296. Бұл пікірталасқа ерекше мəн берген И.Гаспралы «Туркестанский курьер» газетінде арнайы мақала жариялады. Түркістан жағдайындағы ұлттық өрлеу С.Лапин көтерген мəселені 1919 ж. күн тəртібіне жаңа қырынан қойды. М.Бехбуди 295 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века... С.110 296 Бартольд В.В. О преподовании туземных наречии в Самарканде. Сочинения. (В 9-ти т.). Т. 2, ч.2. -М.: Наука, 1967. –711 с. С.333 «Сарт сөзі белгісіз» мақаласында ғылыми зерттеу тəсілдеріне сүйеніп, құнды теориялық тұжырым жасауы арқылы өзінің тамаша ғалым екендігін танытты жəне сарт атауының орнына «Түркістан өзбектері» атауын қолдануды ұсынды297. Бұл ұсыныс ұлттықтерриториялық межелеу кезінде «Сартия Республикасы» деген атаудың орнына «Өзбек Республикасы» атауының қабылдануында үлкен маңызға ие болды. С.Лапиннің элитаға тəн қабілеті 1917 ж. сындарлы кезеңде жарқырай танылды. Əсіресе оның «Шурои Исламиядан» бөлінген «Шурои улема» ұйымының басшысы ретіндегі белсенді саяси қызметі ұлт-азаттық қозғалыс тағдырымен біте қайнасты. Түркістан мұхтарияты Уақытша ұлттық кеңесінің құрамына енген С.Лапин оның қызметіне белсене араласты. Ташкент қаласында Сералы Лапин мен Мүнауар Қаридің ұйымдастыруымен 6 желтоқсан күні мұхтариятты қолдаған митингі өтті. 60 мыңнан астам адам катысқан жиында сөйлеген шешендер Халық комиссарлар кеңесінің қалалық Думаны таратып, оны жұмысшы-солдат депутаттары кеңестерімен ауыстыруына қарсылық танытса, «Шурои улемо» ұйымы қалалық Думаның мəжілісіне С.Лапин бастаған ұйымның И.Есенбаев, С.Мақсум секілді бірнеше мүшелерін жіберді. Ташкент қалалық Думасының мəжілісінде социал-революционерлер (эсерлер) мен социал-демократтар (большевиктер) арасында Түркістан мұхтариятына қатысты қызу пікірталас жүрді. Эсерлер оның ізгі ниетте екендіктерін, егер оған көмек керек болса қол ұштарын созуға əзір екендіктерін танытты. Ал большевиктер Түркістан мұхтариятын мойындамады. Мəжілістің барысында «Шурои улема» өкілдері эсерлердің пікірлері орынды екендіктерін айтып, оларға ризашылық танытты. 1917 ж. 13 желтоқсанда С.Лапин Қоқандағы өлкелік мұсылман жұмысшылары, солдаттары мен диқандарының съезіне қатысып, А. Авлони, С. Асфендияровтармен бірге төралқа кұрамына сайланды. Бұл оның социалистік бағыттағы ұйымдармен жақындасуының басы еді. Съезде өрбіген пікірталастар нəтижесінде өлкелік жалпымұсылман съезінің шешімімен құрылған Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметін қолдау жөнінде қаулы қабылданып, оның кұрамына мұсылман жұмысшылары, солдаттары жəне диқандары съезі атынан өкілдер енгізілуі тиіс деген ұйғарым жасалды. Съезде П.Г.Полторацкий алдағы уақытта кеңестердің өлкелік 297 Бехбуди М. Сарт сузи мажхулдир // «Ойна». 1914. -№22. 22 март.

съезі өткелі жатқанын, сонда Түркістан автономиясы туралы
мəселе арнайы қаралатындығын мəлімдеді.
Өлкеде қалыптасқан теке тіресті жағдайдың қантөгіске ұласып
кетпеуіне С.Лапин қатты алаңдаушылық танытты. Соған орай ол

Түркістан мұхтарияты Уақытша үкіметінен қарқынды, нəтижелі
жұмыс талап етті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жолға
қойып, өлке тұрғындарын төніп келе жатқан аштық апатынан
құтқару жолында шұғыл шаралар ұйымдастыруды ұсынды. Тез ара-

да Түркістан Құрылтай жиналысын шақырып, онда Түркістаңдағы
теке тіресті доғарып, бейбіт өмірге бастайтын билік органын
құру жөнінде дабыл қаға бастады. Сонымен қатар ол Түркістан
мұхтариятының үкіметіне билікті атқаруда шариғат негіздерін

басшылыққа алу керектігі жайында, сонда ғана Уақытша үкімет
өзінің мұсылмандар мүддесін қорғайтындығын көрсетеді деген
мəлімдеме жолдады. С.Лапиннің бұл талаптары сол тұста орын-
ды болғанымен Түркістан мұхтариятының Уақытша үкіметі бұл

бағыттарда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру жолында нəтижелі
жұмыстар атқарып үлгерген еді. Мəселен, М.Шоқайдың тікелей
атсалысуымен Қоқан қаласына Орынбор өңірінен бірнеше вагон
астық жеткізілді. Ұлттық Уақытша үкіметі өлкедегі қосөкімет

қызметін үйлестіру үшін орталыққа ұсыныстар жасап, оны
шешу мақсатында Петроградтағы «Бүкілресейлік мұсылмандар
кеңесімен» («Милли шуро») байланыс орнатты. Əйтсе де
өлкеде қалыптасқан шиеленісті жағдайда С.Лапин Түркістан

мұхтариятының Уақытша үкіметін ешқандай да жұмыс атқарып
жатқан жоқ деп сынауын күшейте түсті. 1918 ж. қаңтарынан бастап
«Шурои Улема» ұйымының Түркістан мұхтариятын қолдаудан бас
тарту басшысы ретінде бұрын халықты Түркістан мұхтариятына

адал қызмет етуге шақырған С.Лапиннің бұл əрекеті ұлттық элита
өкілдерін таң қалдырды.
Сол сияқты С.Лапин 1918 ж. 6 қаңтарда Түркістан қаласында
өтуі тиіс Сырдария облысы қазақтарының съезінеде қатысудан

бас тартса, М.Шоқай Түркістан мұхтариатындағы үкіметтік
дағдарысқа байланысты съезге қатыса алмады. Түркістан өлкесі
қазақтарының Алаш автономиясына қосылу мəселесін күн
тəртібіне қойған съезге негізін Сырдария облысының делегаттары

құраған 82 өкіл қатысты. Алашорда үкіметі атынан Б.Құлманов,
М.Дулатов, Т.Құнанбаев қатысқан съезд шешімдерінің болашақ
біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудың негізін қалап,
ұлттық элита қызметін айшықтай түсті. Қазақ хандығының астана-

сы болған Түркістан қаласы жаңа жағдайда ұлттық ұйыстырушы
болған тарихи миссиясын тағы да атқарды. Съездің ұйымдастыру
жұмысында Түркістан қаласының азаматтары Садық Өтегенов пен
Серіқұл Алдабергеновтер белсене қызмет жасаған.

С.Лапин 1918 ж. 10 қаңтарда Ташкентте мұсылман тұрғын-
дардың митингісін ұйымдастырып, Өлкелік Халық комиссарлар
кеңесі мен Түркістан мұхтарияты арасындағы текетірес қантөгіске
əкеліп соқтырады деп мəлімдеп, халықты екі билік арасындағы

текетіреске наразылық білдіруге шақырды. Осыған орай ол Таш-
кентте Түркістан мұхтарияты мен Өлкелік Халық қомиссарлары
кеңесі бірлесіп, халықтық автономия құруы керек деген бітімгер-
шілік ұсыныс білдірді.

Оның бұл ұсынысы ұлттық элита тарапынан қолдау таппа-
ды. Керісінше, олар С.Лапиннің бұл əрекетін ұлттық мүддеге
қайшы келеді деп бағалады. Мысалы, 1918 ж. 11 қаңтарда Таш-
кент жанындағы Қойлықта өткен Ташкент уезі мұсылмандарының

съезі С.Лапиннің ұсынысына қарсылық білдіріп, Түркістан
мұхтариятын уездегі қазақтар мен өзбектер барынша қолдайды
деген қаулы қабылдады. Лапин өз ұсынысын өткізу мақсатында
1918 ж. 17 қаңтарда Өлкелік Халық комиссарлар кеңесіне

жолдаған мəлімдемесінде «Ислам мен социализмнің арасында
өзара үйлесімділік барына» тоқтала отырып, Кеңестер өкіметін
Түркістан мұхтариятымен қатынасын реттеп, онымен ымыраға
келіп, «халықтық өкімет құруға» ынталық танытуға шақырды.

Лапиннің бұл мəлімдемесі оның исламдық социализм идеясын
жақтаушы екендігін танытқан еді. Ол ислам діні мен социалистік
ілім еңбекші бұқараның мүддесін көздейтінін, бір ұлттың екінші
ұлтқа үстемдік етуіне қарсы тұратынын, социализм «Барлық жер

еңбекшілердікі» десе, ислам «Жерді Алла жараткан, оны кім өңдеп,
тер төксе ол соныкі» дейтін қағидасын алға тарта отырып, былай
деп жазды: «Ресейдегі саяси-əлеуметтік революцияның қысымы
нəтижесінде Түркістан мұсылмандарының қасіретті жағдайға ду-

шар болуы мені социалистерге қалыптасқан ахуалдан шығудың,
өзара түсініспеушіліктерді шешудің жолдарын көрсетуге итер-
мелеп отыр»298. С.Лапин одан əрі ұсыныстарының бос қиялға
негізделген сəуегейлік емес екендігін теориялық қисынды

тұжырымдармен дəлелдей отырып, саяси астамшылықтың сал-
дарларына тоқталады. Ол Түркістанды басқарудың мемлекеттік
құрылымы Түркістан мұсылмандар федерациясы сипатында бо-
298 ӨРОМА. Р-39-қ., 1-тіз., 11-іс, 5-5 сп

луын ұсынады. Сол сияқты бұл мемлекеттік құрылым мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жолдарын да қарастырады. Қоқан қырғыны жайында Қ.Болғанбайұлы «Бірлік туы» газетінде «Тұла бойлары қан сасиды» деген мақаласында былай деп жазды: «13 январьдан 10 февральға дейінгі күндер Түркістан халқының есінен өмірінде шықпас. Ол күндері адам-хайуан өзінің бет-аузын Түркістан халқына ашық көрсетті. Ол күндер — Түркістан тарихында сиямен емес, қанмен жазылатын күндер. Адам пішінді жыртқыштардың ол күндерде Қоқан көшелерінде істеген сұмдықтарын естігенде денең түршігіп, қаның мұздайды»299 дей келіп, Қоқан қырғынын ұйымдастырғандарды «адам пішінді жыртқыштарға» балап олардың тұла бойы қан сасиды деген тұжырым жасайды. Қоқан қаласының Перфильев бастаған қызыл əскер қосындары жəне «Дашнакцутюн» партиясының еріктілері тарапынан талқандалып, тонауға түсу үдерісін300 арнайы қарастырғандықтан оның тек саяси сипатына ғана тоқталамыз. Түркістан мұхтарияты қару күшімен күйреген соң Уақытша үкіметінің 54 мүшесінің 30-ы тұтқындалып, М.Мырзахметов, сияқты бірқатар қайраткерлер атылды. Түркістан өлкелік кеңестердің V съезінен соң большевиктер шұғыл түрде өлкеде тəркілеу шараларын қолға алды. Дөрекі түрде жүрген тəркілеу науқаны негізінен Түркістан мұхтариятына қолдау танытқандар мен оған қатысы бар дегендерге бағытталды. Соның нəтижесінде «Шурои Ислам» мен «Шурои Улема» ұйымдарының өлке аумағында қызмет етулеріне тиым салынып, оларға тиесілі барлық мүлік тəркіленді. Бұл ұйымдардың жетекшілері мен мүшелерін халықтан оқшаулау мақсатында оларды тұтқындау ісі жүргізілді301. Осындай жағдайда С.Лапин Бұхар əмірлігіне өтіп, саяси күресін сонда жалғастыруды ұйғарды. Бірақ жасбұхаралықтар қозғалысымен тығыз байланыс орнатқан кеңес өкіметі 1918 ж. 2 наурызда Бұхар əмірлігіне басып кірген еді. Жеңіліс тапқан Бұхар əмірі 25 наурызда Қызылтепе келісіміне қол қоюға мəжбүр болып, əмірлікте қызыл əскерлердің еркін жүріп-тұруына рұқсат беріп, жасырынған контрреволюциялық элементтерді кеңес өкіметіне 299 Болғанбай Х. Иман күші /Хайретдин Болғанбай (құрастырып жəне жалпы редакциясын басқарған проф. Д. Қамзабекұлы). –Алматы: «Арыс», 2009. -288 б. (88-89 бб) 300 Тұрсын Х.М. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы жəне Түркістан Мұхтарияты. - Алматы: Нұрлы əлем, 2006.-128 б 301 Аъзамхужаев С.С. Туркистон Мухторияти: миллий-демократик давлатчилик курилиши... (148 б) тапсыруды мойындаған болатын. Сондықтан С.Лапин Ташкент қаласындағы Германия комиссиясымен байланысып, Москвада неміс консулдығының көмегімен Түркия азаматтығын қабылдап, Петроградқа аттанды. Петроградтан Псков арқылы Германияға өтіп, 1918 ж. 20 қыркүйекте Берлинге келді302. Германиядағы С.Лапиннің мұғажырлық қызметі немістердің бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен Ресей мұсылмандары арасында мақсатты түрде жүргізе бастаған үгіт жұмыстарына пөп келді. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысқа əскери қимылдар арқылы ықпал етуді көздеген С.Лапиннің жоспары кеңес өкіметіне қарсы бітіспес күрес сипатын алды. Ол Түркістанның болашағын Германиямен байланыста қарады жəне осы идеяға герман үкіметін сендіруге тырысты. Бірақ, жағдай барынша ауырлай түсіп, үкіметтің С.Лапин ұсынысына назар аударуға мұршасын келтірмегені сөзсіз. Саяси көсемге жоғары ақыл-ой, адамгершілік кемелдік, өз төңірегіне ықпал жасауға қабілеттілік, мінездің даралығы, əлеуметтік батылдық жəне іскерлік, алғырлық пен өзгелерді түсіне алу сияқты қасиеттер тəн десек303, Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың екі ағымының басшылары Бехбуди мен Лапиннің бойынан бұндай қасиеттерді толысқан күйінде кездестіреміз. Тағдыры аса қайғылы болып аяқталған қайраткердің қазақ саяси мұғажырлығына жол салып бергендігі оның тұлғалық ерекшелігін айқындайды деп білеміз. Лапин мен Бехбудидің публицистикасы мен саяси ұйымдастырушылық қызметтері өз төңірегіне ұлт-азаттық идеяларға берілген зиялы қауымды топтастыра алды. Олардан үйрене жүріп, қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына белгілі дəрежеде ықпал етуші бұл топтардың саяси-əлеуметтік құрамы əртекті болғанымен идеялық бірегейлігімен яғни бірі жəдитшілік, екіншісі улемашыл топтарының қолдауына ие болуымен ерекшеленді. Махмудқожа Бехбудидің жадитшілер көсемі ретінде Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қуатты ағымына араласуы оны өлкедегі мұсылмандық саяси элитаның алдыңғы легіне шығарды. Ал саяси көзқарастары бойынша діни дəстүршілікті ислам социализмімен ұштастыруы «Шурои Улема» көсемі ретіндегі саяси қызметі қаншалықты қайшылықты болса да С.Лапинді өлкеге кеңінен 302 Германов В.А. Историки Туркестана в условиях политического террора 20-30-х годов.-Ташкент: Узбекистон, 2000.-40 с. С.23 303 Кудряшова Е.В. Лидер и лидерство. Исследования лидерство в современной западной общественно-политической мысли. -Архангельск. 1996, -240 с. С.55-57

танымал етті. Олар түркілік, мұсылмандық бірлікте əртүрлі саяси ағымдарды қуаттаған ұлт-азаттық күрес көсемдеріне айналды. Осы қозғалыстың қызметінде Бехбуди мен Лапин өлкедегі саяси элитаны өз төңірегіне тотастырушылығымен ерекшеленді. Түркілік бірлік идеясын Зия Гөкалп 1923 ж. жарық көрген «Түркішілдік негіздері» еңбегінде теориялық тұрғыда негіздеді. И.Гаспралы «тілде, пікірде, істе бірлік» деген ұран көтерсе, Зия Гөкалп оны «Түркілендіру, исламдандыру, модернизиялау» деп қазіргі заманғы талаптарға бейімдейді. Ұлт, діни қауымдастық жəне мəдениет ұғымдарының үйлесімінен тұратын түркішілдіктің мəні мынадай: 1. Түркілік ұлттық тек 2. Ислам қауымымен ортақтық 3. Қазіргі заманғы ғылым мен техникаға деген ұмтылыс. Гөкалп мəдениет - ұлттық, ал техника - биұлттық деген тұжырым ұсынады. М.Шоқай бұл идеяларды қуаттағанымен ол үшін түркілік бірлікте ең бастысы большевиктік Ресейдің отаршылығымен күрес болатын304. Əлемдік ұлт-азаттық қозғалыс дүмпуі ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі тарихи Ресей мен Кеңес Одағы құрамындағы Орталық Азия халықтары арасында саяси ағымға айналған Тұтас Түркістан идеясын дүниеге əкелді. Отаршылдыққа қарсы этникалық, аймақтың бірлікті мақсат тұтқан бұл идея сөз күйінде қалған жоқ. 1917 ж. қарашада орнаған Түркістан мұхтарияты қызметінде алғаш рет көрініс берген этникалық негіздегі бірлік М.Шоқай бастаған ұлттық элитаны батыл саяси шешімдерге ынталандырды. Түркістан мұхтариятының қару күшімен жойылуы, М.Шоқайдың эмиграцияға кетуі, кеңестік үлгідегі Түркістан автономиясы мемлекеттік құрылымының орнауы да аймақтық тұтастықты қалыптастыру идеясын тұншықтыра алмады. Ұлт-азаттық күрес барысында саяси партиялардың тұғырнамасын безендірген Түркістанға «ұлттық автономия» беру мəселесін большевиктер шовинистік мақсатқа сай бұрмалады. Содан да Тұтас Түркістанның орнына қауқарсыз, саяси, экономикалық құқығы барынша шектелген ұлттық республикалар құруда Одақтағы бірыңғай великоросстардың үстемдігін нығайтуға қызмет жасауды көздеді деген мүддені М.Сұлтанғалиев былай əшкерелейді: «Москва бүтін Түркістанды экономикалық жəне саяси жағынан əлсіз етуі үшін Тұран халықтарын жеке ұсақ тайпаларға жіктеуде, бірақ екі жыл да өтпей-ақ бөлшектеуге ұшыраған Тұран жұрты қайтадан бүтіндігін қалпына келтіру 304 Кодар А. Жизнь и творчество Мустафы Чокая: необходимость переинтерпретации... С35 жайында айта бастайтын болады жəне бұрынғыдан да қуатты, ұйымдасқан мемлекеттік тұтастыққа өтері хақ»305. Бірақ, өлкедегі қоғамдық-саяси даму үдерісі Сұлтанғалиевтың болжамын теріске шығарды. Тарих таңдауы полиэтникалық тұтастық емес, этникалық даралану болып шықты. Өлке жағдайын жетік білетін Т.Рысқұлов өзінің идеясының ізашарлары М.Сұлтанғалиев, М.Шоқай негіздеген Тұтас Түркістан идеясын большевиктердің саяси күрес тəсілдерін қолдана отырып іске асыруды көздеді. Ол 1920 ж. қаңтарында Ташкентте өткен Мұсбюроның ІІІ төтенше конференциясында делегаттардың бірауызды қолдауымен болашақ Түркі республикасының саяси ұйымын «Түркі халықтарының Коммунистік партиясы» деп атау туралы шешімге қол жеткізді. Түркі халықтарының саяси, экономикалық конфедерациясын құруға бағытталған бұндай батыл қадам большевиктік билік үшін мүлдем күтпеген жағдай болатын, сондықтан да Түрккомиссия бұл идеяны жөргегінде тұншықтырды. Алғашқы кезде ресми билікке балама позиция ұстанған ұлттық элита өкілдерінің кейінгі əрекеттері большевиктік биліктің ықпалына ыңғайлана берді. Тұтас Түркістан идеясы үшін күрескен қайраткерлердің бірлігі ұлттық-территориялық жəне мемлекеттік межелеуге байланысты ұлттық мақсаттар бойынша ыдырай бастады. Бұл бөлшектеудің басында И.Сталиннің тұрғаны белгілі. В.Молотов өз естелігінде «ортаазиялық республикаларды құру, олардың шекарасын анықтау – тұтастай оның, Сталиннің ісі»306 дегенді айтады. Демек, түркі халықтарының бірлігі саяси, полиэтникалық жəне конфедерациялық болсын деген ұлттық элитаның идеялары Ресейдің өктем геосаяси мүддесінің құрбандығына шалынды. Осылайша М.Шоқай, З.У.Тоған, М.Сұлтанғалиев, Т.Рысқұловтардың түркі халықтарын біріктіру жолында ту етіп көтерген идеясы кеңестік тоталитарлық жүйе нығайған сайын көмескілене берді. Ендігі жерде тұтас Түркістан жағдайында өз ішіндегі үлестіруші факторлармен реттелуі тиіс интеграциялық үдерістерді басқаруды Мəскеу өз құзырына алды. Бұл жағдай Орталық Азия халықтарының саяси, экономикалық жəне этникалық тұрғыда ұлттық даралануын күшейте түсті. Соған сəйкес дəстүрлі ұғымдағы қандай да болмасын конфедерацияға бірігуге деген ұмтылыс мүлдем күн тəртібінен түсіп қалды. 305 Султан-Галиев М. Статьи. Выступления. Документы. -Казань: Тат. Кн. Изд-во, 1992.-518 с. С.469 306 Чуев Ф. Член Политбюро ЦК ВК(б)П Молотов //Сост. Забродин В.М. Герои и антигерои Отечества. -М., 1992. –463 с. С.433

Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында «қадимшілер» мен «жəдиттер» түріндегі екі ағым ұлттық элитаның қызметін өз қағидаларына қарай бұрып отырды. Дəстүршілер «таза исламға қайта оралуды» жақтаса, жаңашылдар мұсылмандардың өмірін жаңа талаптар мен ағымдарға бейімдеуге ұмтылды. ХІХ ғ. 80 жылдары Қазанда пайда болып, кейіннен Орта Азияға таралған жəдитшілердің білім беру жүйесін «европаландыру» талабы біртіндеп саяси сипат ала бастады. ХХ ғ. басындағы қоғамдық саяси өмірге белсене араласқан бұл бағытты отаршыл үкімет те, мұсылман кертартпа дінбасылары да қолдаған жоқ. 1908 ж. Петербургте жарық көрген еңбектердің бірінде мұсылман авторының «Исламда араб та, татар да, башқұрт та, мешер де жоқ... барлық мұсылмандар бір ғана ұлтты құрайды»307 деп жасаған тұжырымы əрине саяси тұрғыда қоғамдық даму заңдылығына сай келе бермейтін. Мұсылмандардың бірлігін уағыздаған бұл тұжырымның бастауы Құранның «Хұжрат» сүресінде айтылған «Əй адам баласы! Шүбəсыз сендерді бір ер, бір əйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық»308 деген қағидадан туындағанын түсінуге болады. Исламның осындай рухани құндылықтарын отаршылыққа қарсы күресте саяси тетік ретінде қолданып, кейбір діни топтардың, саясаткерлердің исламдық бірлік мүмкіндіктеріне үміт артып, оны əсіре дəріптеген авантюризмі түрткі болғандығы даусыз. Соған қарамастан айғайға аттан қосқан отарлық биліктің идеологтары бұндай көңіл-күйден Осман империясының ресми идеологиясы деп айдар таққан панисламизмнің тікелей ықпалын көріп, онымен күресудің барлық шараларын қолдануға ұмытылды. Əйтсе де панисламизм мұсылмандарды бірлікке шақырып, олардың саяси позициясын едəуір нығайтуға көмектескенімен Ресейде біртұтас «ислам ұлтын» қалыптастыруда үйлестіруші фактор қызметін атқара алған жоқ. Осыған байланысты батыстық, ресейлік парасатты дінтанушылар «ғасыр басындағы мұсылман халықтарының бірлігі тек қиялда ғана өмір сүрді»309 деп атап көрсеткені де негізсіз емес еді. Ал Түркістан жағдайында сопылық ағымдардың арасында негізінен нақшбандийа мен яссауийа тариқаттары кең өріс алды. Бірі 307 РГИА . Ф-821, оп. 8, д. 612, лл.106-107 308 Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі. Аударған Халифа Алтай. –Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның құран Шəриф басым комбинаты. -1991. -604 б.(517 б) 309 Саидбаев Т.С. Ислам и общества. Опыт историко-социальное исследование. -М.: Наука, 1984. – 302 с. С.128-129 отырықшы, бірі көшпелі түркі халықтарының қоғамдық-саяси, əлеуметтік дүниетанымы мен мəдени-рухани тұрмыс салтының жүйесі болып қалыптасқан бұл екі тариқаттың саяси, рухани тұрғыда өзара ықпалдастығы мен қарама-қарсылығы жеткілікті, олар бір-біріне бара-бар болатын. Мысалы, З.Жандарбектің «Яссауиийа мен нақшбандийа тариқаттары арасындағы тартыс Қазақ хандығының тағдырына кері əсер тигізген фактор болды»310 деген тұжырымын қолдауға болады. Өйткені, бұл жағдай Түркістан халықтарын саяси тұрғыда жекелеген хандықтарға бөлумен бірге этникалық дербестену үрдісін жеделдете түскен факторға айналған еді. Əсіресе, ХХ ғ. бас кезіндегі күрделі этносаяси үдерістерде Түркістан халықтарының этникалық дербестенуінде осындай діни факторлармен бірге саяси факторлар да шешуші маңызға ие болды. Конфессиялық негізде саяси бірлікке қол жеткізу мəселесі ХХ ғ. басындағы Түркістан халықтарының қоғамдық-саяси ахуалына елеулі ықпал жасағандығын да жоққа шығаруға болмайды. Осындай объективті себептер мұсылмандардың басым бөлігінің ХХ ғ. екінші онжылдығында дəстүрлі қоғамдық-саяси позициясын сақтап қалуына мүмкіндік берді. Тіпті бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде «мұсылмандық бірлікті түркі нəсілді Кавказ, Парсы жəне Орталық Азия халықтарын «түрік одағына» біріктіру арқылы» қалыптастыру мəселесі күн тəртібіне қойылуының өзі діни, этникалық бірліктің мұсылмандар арасында таптық бірліктен əлдеқайда жоғары тұрғандығын көрсетеді311. Мəселенің бұлайша қойылуы діни негіздегі қақтығыстың алдын алуға емес қайта соғыс өртін тұтандырып, бейбіт халықтың қырғынға ұшырауына жол ашты. Бұл дəйек ислам дінін саясатқа араластырудың барлық кезде де бейбіт мақсатқа қызмет ете бермейтіндігіне көз жеткізді. ХХ ғ. басындағы саяси сілкіністер барысында билікке қолы жеткен «Большевизм өз рухы бойынша атеистік болғанымен біздің де өмір сүруімізге қауіп төндірген ортақ жауымызды жеңуге мүмкіндік берген исламның ең жоғарғы негіздері мен қағидаларын іске асырды»312 деген Мұстафа Кемалдың бағасы коммунистік жəне исламдық идеялардың ашық теке-тірестен ымыраластыққа бағыт алуының мемлекеттік деңгейдегі көрінісі еді. Осылайша бірінші дүниежүзілік соғыста ойсырай жеңілген 310 Жандарбек З. Түркістанның қысқаша тарихы. -Түркістан, 2000. -34 б. (34 б) 311 Тишков В. Общество в вооруженном конфликте. Этнография чеченской войны. -М.: Наука, 2001-552 с.С.486-487 312 Кемаль Ататюрк. Путь Новой Турции. (1919-1927). -М.: Гос. экон. изд, 1934.- т.ІV: Победа новой Турции. –571 с. С.268

Осман империясы мен патшалы Ресейдің мұрагері болған Түркия мен Кеңестік Ресей алғаш рет діни негіздегі теке-тіресті саяси ынтымақтастыққа бағыттай алды. Ресейдің өз ішіндегі мұсылман халқының шешілмеген мəселелері аса көп мөлшерде жинақталып қалып еді. Лениннің əйгілі «Шығыс халықтарына» арнаған үндеуіндегі саяси мəлімдемелер діни сипаттағы жаңа мəселелердің туындауына негіз болды. 1917 ж. екі төңкеріс Ресейдің саяси бейнесін танымастай етіп өзгерткенімен ресейлік қоғамда бірден оң əлеуметтік өзгерістер жасай алмады. Осы жерде қазіргі саясаткерлердің назар аударуы қажет негізгі мəселелердің бірі туындайды; қос төңкерістен кейінгі кезеңде православиеге қарағанда Евразиядағы түрік-славян халықтарын əлеуметтік байланыстырушы буын ретінде ислам діні өзінің дəстүріне сай тұрақты үйлестіруші фактор қызметін атқара алды. Осы концепция алдағы уақытта қоғамдық ғылымдардың мазмұнында кеңінен тарқатылуы қажет сияқты. 1917 ж. екі төңкерістің де көздеген мақсаттары мұсылман халықтарының көпшілігіне аса түсініксіз күйінде қалды. Уақытша үкіметтің заңдылығына күмəнмен қараған мұсылмандардың көз алдында 1917 ж. қазан төңкерісі мен оның ізін ала өршіген азамат соғысы ресейлік өркениетке деген мұсылмандардың сенімін азайта берді. Соған сəйкес Ресейдегі исламдық жүйе шығысқа тəн сабырлылықпен əлеуметтік жаңаруға асықпай кірісе бастады. Ендігі жерде өз мүддесіне өзі қарсы келіп, саяси ыдырау жолына түскен Ресей мұсылмандар үшін сенімді тірек болудан қалды. Ал большевиктердің жауынгер атеизмі ислам жолын құрметтеуші бұқараны Ресейден аулақтата түсті. Ресейдің мұсылмандық элитасы Уақытша үкіметтің либералды билігімен тіл табыса алғанымен 1917 ж. қазан төңкерісінен кейінгі таптық күрес əлеуметтік күйзеліске түсірген жаңа қоғамда өзіне орын жоқ екендігіне көзі жетті. Содан да олар революциялық жаңару үдерісінің «самарқау бақылаушылары» болып қала алмады. Осындай күрделі саяси жағдайда мұсылмандық элита жаңа билікке қарулы қарсы тұрудан коммунизм идеяларын ислам қағидаларымен ұштастыратын теориялық шығармашылыққа дейінгі əлеуметтіксаяси белсенділіктің үлгісін көрсетті. ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстан саяси ислам идеологиясын іздеу немесе соған бейімдеу дұрыс болмас еді. Өйткені саяси ислам дегеніміз алдына билікке қол жеткізу жəне діни-саяси мемлекеттік құрылыс орнатуды мақсат етіп қойған саяси ұйым. Оның нақты көрінісі – ислам ұйымдарының дін аймағынан шығып, саясат пен идеология аймағына енуі313. Қазіргі «Хизб-ут Тахрир» жəне т. б. ұйымдар сияқты «Шурои Исламия» бірыңғай діни ұйым емес, оның аты, сыртқы көрінісі діни сипатта болғанымен мазмұны бойынша саяси ұйым болды. Ресей мұсылмандары өмірінде қоғамдық-саяси өрлеудің жарқын үлгісіне айналған осы құбылысты түсіну жəне түсіндіруге байланысты ортақ көзқарастың болмауы ислам дінінің белгілі бір оқиғаларға ықпалы туралы теріс пікірлер қалыптасуына негіз болды. Мысалы, кеңес өкіметіне ұзақ уақыт бойы үздіксіз қарсылық көрсеткен басмашылық қозғалысты қазіргі заманғы «ислам экстремизмнің» ізашары ретінде қарастыру тенденциясы басым. Шындығында, ислам басмашылықтың идеологиялық негізін құраған жоқ, керісінше коммунистік құрылысқа қарсы қарулы күреске шыққандар ислам қағидаларын ту етіп көтерді. Мүмкін, қазіргі «ислам экстремизмі» құбылысының себебін ислам дінінен емес, қайта постиндустриалды мемлекеттердің ислам елдеріне қатынасынан іздеген дұрыс болар? Исламға қатысты əлемдік қауымдастық мойындаған ортақ көзқарастар жүйесінің болмауынан «өркениеттер қақтығысы» конценциясында ислам діні жөнінде субъективті пікірлер басым болып келеді. Бұл мəселеге байланысты ислам дінінің өркениеттер теке-тіресін қуаттаушы емес қайта олардың арасында байланыстырушы, үйлестіруші қызмет атқарғандығына сенімді дəлел болатын айғақтар жеткілікті. Ресейдегі мұсылмандық элита көшбасшыларының бірі М.Сұлтанғалиевтің кеңес үкіметі мен ислам арасында байланыс орнатуды көздеген саясаты тактикалық айла емес, барынша орныққан көзқарас еді. Ол мұсылмандардың ұлттық жəне діни əдет-ғұрыптарына, олардың дəстүрлері мен мəдени ерекшелігіне, əлеуметтік тұрмысы мен рухани өміріне деген құрмет сезімі Шығыс халықтарының социализм ілімі мен əрекетін меңгеруіне кең жол ашқан болар еді деген сенімде болды. Бұл аса маңызды концепция 1917-1921 жж. Еділбойы мен Қырымда, Кавказ бен Орта Азиядағы ұлтшылдық пен басмашылықтың алғашқы толқынын басуға ықпал жасады. Əйтсе де оның мұсылмандарға бағытталған демократиялық саясатты іс жүзінде жалғастыруына сталиндік тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді. Содан да əйгілі «Сұлтанғалиев ісі» шығыс халықтарын социализмге күштеп тартуға жол ашқан болатын. Түркістандағы ұлт-азаттық күресте діннің ықпалынан тыс 313 Мирсайитов И.Э. Особенности политического ислама в Центральной Азии (на материалах Ферганской долины). Автореф. дисс. канд. полит. наук. -Бишкек, 2005. –23 с. С.19

тұрған элита өкілдерінің бірі Құсайын Ибрагимовтың қоғамдықсаяси қызметі Ақмешіт қаласымен тығыз байланысты болды. Мұстафа осы кезеңді С.Лапинмен «бір жолыққанда мен одан Хұсайын Ибрагиммен неге əмпей-жəмпей бола қалғанын сұрадым. Менің бұл сауалыма ол бір кездері Лениннің Зиновьев жайында «бұл секілді ұсқынсыз тұлғалар сізге не үшін қажет болды?» дегенде, «Кеме суға батқанда, тесікті тығындау үшін шүберек те іске жарайды» деген тақылеттес жауап қайтарған»314 деп еске алады. Олардың екінші кездесуі 1917 ж. мамырында болған. Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитеті Ақмешіт өңірінен жұмысшы-солдат кеңестерінің бассыздығы туралы келіп түскен шағымдарды тексеруге Сырдария губаткомының төрағасы В.П.Наливкиннің орынбасары қызметіндегі М.Шоқайды жібереді. Қалада Түркістан ұлттық орталығының өкілі ретінде жұмысшы-солдат кеңесінің озбырлығын ауыздықтау əрекетінде М.Шоқай большевиктік идеяның белсенді жақтаушы болған Қ.Ибрагимовпен бірнеше рет ашық теке-тірес жағдайында ұшырасып, жағымсыз əсерде болғандықтан саяси қарсыласын естеліктерінде жоғарыда айтылғандай ащы тілімен аяусыз сынайды. Кейінгі кезде саясат сахнасында олардың жолы түйіскен жоқ. Содан да жоғарыда М.Шоқайдың берген бұл бағасын Қ.Ибрагимовтың тұлғасын толық танытатындай əділ пікір деп айта алмаймыз. Бұл жағдай ұлттық элитаның таптың жəне ұлттық құндылықтар бойынша саяси жіктелуінің бір ғана мысалы. Жалпы, Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты қазақ жеріндегі Алаш қозғалысымен салыстыра қарастыру барысында оның бірқатар ерекшеліктеріне көз жеткіземіз. Ол ерекшеліктер, біріншіден: өлке халқының полиэтникалық құрамынан туындаған саяси, рухани əралуандық түріндегі ішкі фактордан, екіншіден: тарихи Ресейдің өлкедегі қоғамды модернизациялауының қарқынды жүргізілуі түріндегі сыртқы фактордан туындады. Алғашқы фактордың ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруда жадитшілер басты рөл атқарды жəне тəуелсіздік идеясы халықтың мұсылмандық, түркілік, түркістандық түріндегі ортақ атаулармен бірігуіне негізделді. Ал екінші факторға байланысты отарлық биліктің қоғамдық өмірге, экономикаға жасаған өзгерістері өлке тұрғындарының тұрмысы мен санасына елеулі ықпал жасай отырып, шовинистік сипат арқылы ұлттық наразылықты өршіте түсті. Ұлттық демократиялық құрылым ретінде ұлттық элитаның үлкен жетістігі болған Түркістан мұхтариятының қуып таратылуынан соң өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс сипаттық өзгеріске ұшырады. 314 Шоқай Мұстафа. Шоқай Мария. Естеліктер...223 б. ҮШІНШІ ТАРАУ ҰЛТТЫҚ ЭЛИТАНЫҢ САЯСИ-ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҢАРУДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ 3.1 Ұлттық элита жəне ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуы мен тағдыры Түркістандағы этносаяси үдерістердің өзекті мəселелерінің бірі - ұлттық мемлекеттілік қалыптастыру болды. Осы идея ұлттық элитаның қоғамдық-саяси қызметінде жан-жақты жəне түрлі аспектілерде қойылып, өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мазмұнын айқындады. Бұл мəселе, əсіресе жергілікті халықтардың өзін-өзі басқаруының түрлерін таңдауда саяси элитаның 1917 ж. қарбалас оқиғалар барысындағы күресінің басты мақсаттарының біріне айналды. Өлкедегі монархияны қалпына келтіруден үміттенген жəне жергілікті халықтың ұлт-азаттық күресінің жаңадан тұтануынан қауіп ойлаған отаршыл əкімшілік 1917 ж. ақпан төңкерісі туралы хабарды халықтан жасырды. Əйтсе де 3 наурыз күнгі «Туркестанский курьер» газетінің бас мақаласында «Төңкеріс іске асты, кейінге қайтар жол жоқ. Төңкеріс қантөгіссіз іске асты, билік кездейсоқ басқыншылардың емес, Мемлекеттік Думаның төрағасы бастаған халық қалаулыларының қолында»315 деп жазылды. Ұлт-азаттық қозғалысының кенеттен тұтанып кетуінен қауіп ойлап, отарлық əкімшіліктің басқару аппараты жергілікті халықты тыныштық пен тəртіпті сақтауға шақырумен болды. Оның үстіне ақпан төңкерісінің хабарын аса мазасыздықпен қарсы алған жергілікті халық тұрақты əскерге қарсы шыққан 1916 ж. қателігін қайталамады. Бұл жолы халық бұқарасы ұлттық элита өкілдерінің бастауымен қарулы күресті емес, тəуелсіздік жолында саяси күресті таңдады. Содан да «Патшаның жəне оның сатраптарының құлатылуы ауылдарда қоғамдық жаңарудың басталуы патшалық, бұратаналық шенеуніктердің зорлығына жасалған соққы»316 ретінде қабылданды. 315 Туркестанский курьер 1917.-№ 50. -3 марта. 316 Зиманов С.З. В.И. Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. 50 лет Каз ССР (1920-1970). -Алма-Ата: Наука, 1970. –303 с. С.86

Отарлық билік шенеуніктерінің көңіл-күйі мен психологиялық ахуалын сол кездегі өлке басшысы Куропаткиннің күнделік жазбаларынан аңғарамыз. Ақпан төңкерісінің алғашқы күндерінде өлкедегі патша билігінің мызғымай тұрғандығын ол күнделігінде былай деп жазады: «4 наурыз күні өлке бойынша көз үшін болса да жаңа үкіметке толық бағыну туралы бұйрық бердім, бірақ шын мəнінде бəрі де бұрынғы күйінде қала берді»317. Уақытша үкіметтің өзін Түркістан өлкесінің басшысы етіп тағайындаған хабарынан соң 8 наурызда күнделігіне: «өзімді жасара түскендей сезініп, жақсы көңіл-күйде болғаныммен, біршама ыңғайсызданамын: генерал-губернаторға революциялық қозғалыс пен төңкеріске қуану тым ыңғайсыз»318 деп жазды. Бұл жағдай елде мемлекеттік құрылыс ауысып, қоғамдық-саяси тəртіп өзгергенде шет аймақтардағы басқару элитасының дағдарған психологиялық көңіл-күйін білдіретін еді. Куропаткин қалыптасқан жағдайдағы ең тиімді жол ретінде патша əкімшілігінің құрылымын жаңа тəртіпке бейімдеп, ескі мемлекеттік аппарат пен шенеуніктер құрамын сақтап қалуға тырысты. Ол 8 наурыз күнгі бұйрығында жаңа үкіметтің ерекше бұйрығына дейін өлкелік, облыстық, уездік əскери-халықтық басқармаларының барлық шенеуніктері өздерінің бұрынғы қызметтерінде қала беруді жəне жаңа құрылыстың тəртібін жігерлі түрде іске асыруды міндеттеді. Оның бұндай жігерлі əрекетін Уақытша үкіметтің əскери министрі қуаттап, жеделхат жолдады319. Патша əкімшілігінің билік басында қалуы қанша өзгеріс жасағанымен өлкедегі іске асуы тиіс демократиялық өзгерістерді тежеді. Жаңа қоғамдық құрылыс басқару элитасының құрамын елеулі түрде жаңартуды талап етті. 1917 ж. 30 наурызында қоғамдық ұйымдар атқару комитеттерінің жұмысшы, солдат депутаттарының, өлкелік шаруалар одағы, мұсылман халықтары қоғамдық ұйымдары өкілдерінің біріккен мəжілісінде Куропаткин бастаған өлкедегі жоғары билік өкілдерін қызметтен алу туралы шешімді тарихшы И.К.Додонов «Ақпан төңкерісінің Түркістандағы маңызды кезеңі болды»320 деп бағалайды. Өйткені Куропаткиннің тұлғасы өлкедегі патшаның отарлық билігінің мызғымастығының кепіліне айналған еді. 317 Красный архив. 1927. -№ 1. 1/20. -С.59 318 Красный архив. 1927. -№ 1. 1/20. -С.61. 319 «Туркестанский курьер». 1917.-№ 56. -12 марта. 320 Додонов И.К. История февральской революции в Туркестане. Т. 2. -Ташкент: – 1944. – 600 с. С.508 Өлкедегі элитақалыптастырушы факторлардың бірі – ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің мемлекеттік органдар қызметіне араласуына рұқсат еткен қоғамдық комитеттер түріндегі басқару органдары болды. Халық бұқарасының бастамасымен құрылған қоғамдық комитеттердің көпшілігі өздерін Уақытша үкіметтің билік органдарымыз деп есептеді, шындығында олардың Уақытша үкіметті қалыптастырған билік құрылымдарына қатысы жоқ еді. «Комитет мүшелері қаланың немесе уездің маңызды салаларын басқаруға жолдамамен барды, кейде өздері барды. Олардың қолына бұрын ресми түрде тарқатылмаған мекемелердің билігі тиді. Өзін-өзі басқаруға қол жеткізген кейбір аймақтарда комитеттер басқарудың жоғарғы органы ретінде танылды»321 деген тұжырымды қуаттауға болады. Бұндай қоғамдық-саяси даму барысы елдегі көпөкіметтік биліктің қалыптасуына негіз қалған еді. Дегенмен, көпөкіметтік ахуалда ұлттық мүдде отарлық, таптық саяси мүдделермен бетпе-бет келді жəне халықтың арасында түсініктілігімен кең танылып қолдауға ие болды. Осы істің идеялық дем берушісі жəне тікелей іске асырушылары болған «Қазақ ұлттық қозғалысының Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жанша жəне Халел Досмұхамедовтар, Уəлихан Танашев, Мұстафа Шоқаев, Əлімхан Ермеков, Жақып Ақпаев, Мұхаметжан Тынышпаев жəне басқа да көптеген университеттік білімі бар лидерлері өздерінің шовинистік топтағы қарсыластарынан интеллектуалдық даму деңгейі бойынша едəуір жоғары тұрды»322. Қазақ саяси элитасы қазақтардың митингілер мен шерулер өткізу, партиялар мен ұйымдар құру, жалпыға бірдей, тең сайлау жəне жасырын дауыс беру құқына, əйелдерді саяси өмірге тартуға, дін ұстану еркіндігіне қол жеткізу арқылы мемлекеттік билік құрылымдарының қызметін біршама демократияландыруға мүмкіндік алды. Соған қарамастан Түркі халықтарының ұлт бірлігі жолындағы күрес жүргізу барысында М.Шоқай ұлттық мемлекеттікті тек тəуелсіздік жағдайында ғана құруға болады деп есептеп, барлық өмірін осы идеяның насихаттауға арнады. Ол ойын былай тұжырымдайды: «Осы елдің құрамындағы Қазақстанда ұлттық тəуелсіздік мəселесі түгіл, саяси жəне ұлттық бостандықтың ең қарапайым нышандары сөз болуы мүмкін емес. 321 Жиренчин К.А. Политические развития Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков... С.286 322 Жиренчин К.А. Политические развития Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков... С.288

Өйткені... қашанда орыс солдатының соңынан орыс можығы ілесіп отырады. Басып алынған жерде орыс билігі орнаған соң-ақ, пүшəйман халықтың жері тартылып алына басталады. Сол себепті де осындай жолмен біріктірілген мемлекет ішінде ұлттардың ерікті түрдегі тең құқықты одағын құруға ешқандай орын қалмайды»323 деген М.Шоқайдың пайымдауында қазақ халқының ұлттық дамуын тек тəуелсіз ұлттық мемлекеттік негізінде болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Əйтсе де тəуелсіздік жолы тым ұзақ еді. Ұлттық саяси элита өкілдері Құрылтай сайлауының ерекшеліктері мен өткізілу мақсатын түсіндіруде орасан зор үгіт-насихат шараларын ұйымдастырды. Баспасөз құралдарын пайдаланып, олар халыққа сайлау барысында мынадай қателіктерге жол бермеуді ескерткен: «1) сайлау тізімдері жасалған кезде өзара араздаспай, сайлауға жарамды кісілерді тізімге енгізу; 2) мұжықтармен, əсіресе казактармен қоныстас отырған қазақтар өзгеге сеніп сайлау тізімінен қалып қоймау; 3) «Алаш» депутаттарының тізімін хат танымайтын азаматтар көріп, пішінін есте сақтау; 4) ерлі-зайыптылар жолдасы немесе жасы жиырмадан асқан баласының орнына дауыс бере алмайтындығын ескеру; 5) бір күндік сайлауға өзге жұмысты тастап түгел қатысу»324. Бұндай насихат шаралары халықтың болыс сайлауындағыдай рулық тартысқа шатылмай ұлттық мүдде төңірегіне топтасуына ықпал жасады. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Түркістан өлкесінің Жетісу облысынан М.Тынышпаев, И.Жайнақов, С.Аманжолов, О.Əлжанов, П.И.Шебалин, С.Н.Шендриков сайланды. Бұл тізімдегі И.Жайнақов Жетісу облыстық қазақ комитетінің, С.Аманжолов осы комитеттің Үржар бөлімшесінің төрағасы еді. П.И.Шебалин Жетісу шаруаларының өкілі, уезд комиссары болса, С.Н.Шендриков Жетісу казак əскерлерінің өкілі, меньшевиктер партиясының мүшесі болатын. Қалыптасқан күрделі саяси жағдайға байланысты Сырдария округінде сайлау өтпей қалды. Бірақ Сырдария облысы қазақтары арасында да сайлауға қатысты үгіт-насихат қызу жүргізілген. Түркістандық қазақ зиялыларының арасында ақпан төңкерісінен кейінгі саяси өрлеуге үн қосып, өз хал-қадірінше ұлттың санасын көтеріп, саяси белсенділігін арттыруға үлес қосқандар аз емес. Солардың ішінде Молла Мəди Меркішұлының алар орны ерекше. Бұхара, Ташкент медреселерінде білім алған Мəдидің 1917 ж. ма323 Шоқай М. Таңдамалы.2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2...(221-224 б) 324 Алашқа. //«Сарыарқа». 1917. –№ 16. усымда Ташкент қаласында «Туһва ва жумхурият» («Республикаға сый») деген атпен өлең кітабын жарық көрді. Ресейдің жəне оның құрамындағы отар елдердің демократиялық күштері ақпан төңкерісінен кейінгі қоғам болашағын Құрылтай жиналысында қабылданар шешімдермен байланыстырды. Ел ішіндегі болыс сайлауынан мезі болған қазақ үшін Құрылтай жиналысына депутат сайлаудың маңызы ерекше екендігін ұғындыру Молда Мəди сияқты көзі қарақты зиялыларға үлкен міндет болып жүктелді. «Шурои Исламия» ұйымы Ресейдің федерациялық құрылымын жақтап, Түркістанды оның құрамындағы автономиялы республика етіп құру идеясын ұсынды. Бұл идея Құрылтай жиналысына депутат сайлаудағы мұсылмандық қозғалыстың саяси тұғырнамасынан туындады. Осы тұғырнаманың бес түрлі қағидасын ақын айтқандай «бес құйрықты сайлаудың мағынасын» халыққа түсінікті тілмен ұғындыруда оның таңдап алған жанры, қолданған тəсілі ең оңтайлы шешім еді. Ақынның: Бəріміз бір азапқа белді байлап, Ақылымызды бір жайға алсақ топтап. Отыз миллион мұсылман жақсыларын, Қосайық бұл бəйгеге аттай сайлап325 деген сөздері қыр қазағына өте жақын ұғымдар еді. Құрылтай жиналысына депутат сайлау халық арасында үлкен саяси белсенділік туғызды. Өйткені бұрынғы би, болыс сайлауы кезіндегі елудің бірі сайлауға қатысып, өзгелері тікелей дауыс беруден сырт қалатын халық бұл жолы əлеуметтік, мүліктік, діни сипаттағы шектеулерсіз тура сайлауға қатысып көрді. «Алаш» партиясымен бірге сайлауды өткізуге белсене араласқандар қатарында Уақытша үкіметтің жергілікті билік құрылымдарын да атауға болады. Сол кезде уақытша үкіметтің Сырдария облыстық комитетін Ə.Көтібаров, Ақмешіт уездік комитетін Е.Қасымов, Əулиеата уездік комитетін Ə.Кенесарин, Қазалы уездік комитетін Жанғарин сияқты ұлттық элита өкілдері басқарған болатын. Ресейде ұлт-азаттық қозғалыстың дамуына монархиялық билік құлағаннан кейінгі демократиялық еркіндік қолайлы алғышарт жасады. Ұлт-азаттық қозғалыста ұлттық негізде саяси топтасу ағымы күшейе түсті. Өлкедегі мұсылман халықтары ұлтқа бөлінбей біртұтас саяси майдан құрды. Барлық жерде құрыла бастаған 325 Меркішұлы М.М. Шығармалары. – Алматы.: ЖСО «Издательство LEM». – 2005. – 304 б. (35 б)

қоғамдық-саяси ұйымдар жинақтаушы атпен мұсылмандық ұйымдар деп аталғанымен ол атау діни мазмұнға байланысты емес, керісінше ислам дінін ұстанатын жергілікті халықтың ұйымдарын европалық ұйымдардан ажыратуға қатысты қолданылды. Орталықтағы саяси ағымдармен тығыз байланысты болған Ə.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай жəне басқа да ұлттық саяси элита өкілдерінің аталған партиялардың бағдарламалық құжаттарымен жете таныс болуы оларға өз көзқарастарына сай ұлттық мүддені қорғай алатын партияны таңдауына мүмкіндік берді. Ə.Бөкейханов «Мен кадеттер партиясынан неге шықтым?» деп өзінің саяси таңдауын жасады. Социалист-революционерлер партиясымен белгілі деңгейде байланыста болған М.Шоқай кейін ол ұйымнан сырт айналып, Түркістанда «Шурои Исламияның» ұйымдастырушыларының бірі болды. М.Тынышпаев өзінің кадеттік көзқарастарынан бірден арыла қойған жоқ. Əйтсе де ұлттық элитаның осы үш тұлғасы ұлттық мəселені шешудің, ұлт мүддесін іске асырудың ең тура жолы ұлттық партия құру деген ортақ тоқтамға келді. Бұл сенім ұлттық ақыл-ойдың ұйтқысына айналып, «Алаш» партиясын саясат сахнасына алып шықты. Көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялылары түгелдей дерлік Алаш идеясына ден қойды. Көлбай Төгісовтың «Үш жүз» партиясы да əлеуметтік бағыттылығына қарамастан саяси іс-əрекетте ұлттық мүддеден алшақ кете қойған жоқ. Ал М.Сұлтанғалиев ұлттық мəселелерді нақты тарихи жағдайда кеңес билігі тұғырнамасында ғана шешу мүмкін деп есептеді. Ол 1917 ж. шілдесінде РСДРП(б) мүшелігіне өткен болатын. Коммунистік идеяларға берілгендігі соншалықты М.Сұлтанғалиев «мұсылман елдерінің ұлттық қозғалыстары социалистік революция сипатында болды» деп атап көрсете отырып, «мұсылман елдері пролетарлық халықтар болып келеді» 326 деп те айтып салды. Ал Түркістан мен Қазақстан аумағында Ə.Жангелдин сияқты бірнеше адам ғана қазан төңкерісіне дейін осы партияға мүше болып енгенімен олар Алаш қайраткерлері сияқты жоғары саяси мəдениетімен ерекшелене қоймады. Оның себебін Ресейдің орталығының өзінде коммунистік идеялардың өзге демократиялық ағымдардан кеш саясат сахнасына шығуынан іздейміз. Шын мəнінде, бұл кезеңде қазақ зиялылары таптық күрес тəжірбиелерімен танысып үлгермеген болатын. Кеңестік билік шиеленісті тартыстар арқылы орнағандықтан қазақ жерінде оның басқару жүйесі бірден қалыптасып кете ал326 Султан-Галиев М. Избранные труды. -Казань. 1998. -450 с. С.113 мады. Жаңа қоғамның саяси-əлеуметтік қағидалары ескі қоғамға қаншалықты қарсы қойылғанымен де одан біржолата қол үзе алған жоқ. Өйткені, кеңестік қоғамның алдында нақты үлгі болмағандықтан да ескі қоғамның билік дəстүрлері бұрынғы негізін сақтап, жаңа қоғамға бейімделе түсті. Бұл əрекет əсіресе жаңа өкіметтің билік институттарын ұйымдастыруда көрініс тапты. Кеңес өкіметінің саяси тəжірбиесі молайып, қоғамдық даму бағыттары теориялық тұрғыда айқындала бастаған кезде жаңа қоғамның беделін түсірген саяси арандатушылық əрекеттер патшалық биліктің сыналап енген жат əсері ретінде айыптала бастады. Əрине, ол көбіне билік басындағы жеке тұлғаларға, олардың саяси бағыттарына қатысты қолданылды. Большевиктердің өз қателіктері үшін жекелеген қайраткерлерді саяси айыптау жəне оларды құрбандыққа шалу əрекеті кейінгі жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінге негіз қалады. Айырмасы, алғашқы кезеңде қуғындалғандардың көбі жазаға лайықты болса, кейінгі кезеңде тоталитарлық билік өз үстемдігін сақтап қалу үшін кеңес өкіметін нығайтуда аянбай қызмет еткен элита өкілдерін жазықсыз жазалауға көшті. Түркістанда кеңес өкіметін орнатуда жол берген қылмыстық əрекеті үшін кеңестік билік тарапынан жазаланған саяси қызметкерлердің бірі – 1918-1919 жж. Перовск уездік Совдеп төрағасы И.Гержод еді. Өзін-өзі революционер, Түркістанда кеңес өкіметін орнатушы қайраткер ретінде өте жоғары бағалаған шенеуніктің «1917-1919 жж. Түркістанның Сырдария облысындағы революциялық оқиғалар туралы И.И.Гержодтың естелігі»327 деп аталатын еңбегінде 1917 ж. желтоқсанында Перовскіде орнаған Кеңес өкіметінің поручик Любимов басқарған эсер-меньшевиктік алғашқы құрамын уездегі 250 мың жергілікті тұрғынның арасынан билікке бірде-бір өкіл тартпағандығы үшін айыптайды. Шовинизмнің бұндай көрінісі сол кездегі Түркістанға тəн тарихи шындық еді. Ал оның өзі уездік Совдеп құрамына Тəжбенов, Есенов, Миреев сияқты жергілікті ұлт өкілдерін тартса да кеудемсоқ əрекетімен ұлыдержавалық астам пиғылдағы шенеунік болып қалғандығын көрсетті. Сол кездегі танымал ұлттық элита өкілдері туралы оның пікірлері де назар аударуға тұрарлық. Ол уездегі қазақ қызметкерлердің арасынан тек Құсайын Ибрагимов жөнінде ғана дұрыс пікір білдіреді. Оған «Перовск уезіндегі мұсылман тұрғындарымен байла327 ҚРПА. 811-қ., 5-тіз., 11-іс, 5-п.

ныс орнатуда большевиктерге көмек жасаған бірден-бір қазақ зиялысы»328 деп баға береді. Гержод мұраларының бірі – «Перовск уездік Совдепінің алғашқы төрағасы И.Гержодтың (қаңтар 1918 – қараша 1919 жж.) «Соңғы шеру» атты естелік повесі». Ол еңбектің дереккөзі ретінде пайдаланатындай құжаттық құндылығы жоқ. Оның есесіне архивтерде Гержодтың қылмысын əшкерлейтін бірқатар құжатар да сақталған. 1921 ж. қаңтарында Əулиеата қаласында Түркістан қазақтарының І съезі шақырылып, онда ел тағдырына қатысты бірқатар зəру мəселелер талқыланды. Осы съезде Перовск уезі бойынша жасалған баяндамада қазан төңкерісі кадрлық тұрғыда елеулі өзгеріс жасай алмағандығы айтылады. «Қырғыздарға қатысты өзінің аюандық əрекеттерін зорлықпен іске асырғандардың бірі Гержод деген, ол Перовскіде 200 қырғыздың (қазақ) өліміне тікелей себепкер болды. Оның аяусыз қыспағына шыдамаған уездегі көшпелі қазақтардың көпшілігі туған жерлерін тастап, жан сақтау үшін жан-жаққа босып кетті» дей келіп, еліміз ондай жау элементтерден құтылғанымен қорқып қалған тұрғындар бұрынғы мекендеріне орала алмай отыр, ал өз орындарында көшпей қалып қойғандарды Гержодтың жақтастары тонап бітті»329 деп хабарлайды. Перовскіде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында орын алған аштықтың салдары халыққа өте ауыр тиді. Ашыққан тұрғындар теміржол бойымен Ақтөбе облысына ауа көшті, жол бойы ауру мен аштықтан жүздеп, мыңдап қырылды. Түркістан Республикасы аумағында қалғандар да осындай ауыр жағдайды бастан өткізді. Тұрғындар қырылып жатқанда үкімет оларға қол ұшын созудың орнына керісінше олардың қолындағы соңғы жылқылары мен түйелерін Атбасар уезінен астық тасымалдау үшін тартып алды. Ең бір сорақылығы, «бұл астық қазақтардың күш-көлігімен тасылса да олардың өзі аштан өліп жатқан қазақтарға тимеді». Гержодтың сойқанды əрекетінің келтірген зардабын «мынадай статистикалық деректер де айғақтай түседі: дария бойындағы болыстардың бірінде бұрын 1525 шаңырақ болса, қазіргі кезде Ақтөбеден қайтып оралғандарды қосқанның өзінде 968 шаңырақ болып отыр, ал қалған алты жүздей шаңырақтың ізі де жоқ. Басқа болыстарда да осындай шығын орын алған». Баяндамашы одан əрі 328 ҚРПА. 811-қ., 5-тіз., 11-іс, 5-п. 329 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 286-іс. 247 п. «Гержод қызметінен алынып, орталыққа жөнелтілді, бірақ жасаған қылмыстары үшін халықтың көз алдында жазаланбады. Бұл жағдай қазақ кедейлерінің қанын ішкен Гержод сияқты қылмыскерлердің жазаланбауына байланысты халықтың арасында кеңес өкіметі туралы теріс пікір қалыптастырып отыр»330 деп мəлімдеді. Ал ресми деректер Сырдария облысының халқы 1895-1920 жж. аралығында өсудің орнына 1217067-ден 990942-ге, яғни 25 пайызға азайып кеткендігін, соның ішінде Ақмешіт, Қазалы уездерінде тұрғындар саны 40 пайызға төмендегенін жазады331 Түркістан республикасы үкіметінің 1922 ж. атқарған жұмыстары туралы есебінде «Ақмешіт жəне Қазалы уездерінде тұрғындар санының кемуі 41-46,5 пайызды құрағандығын», тұрғындар санының əсіресе көшпелілер арасында кемуіне, 1917-1918 жж. жұқпалы аурулар əсер еткендігін, «тұтас ауылдар жойылды, бұрынғы көпжанды болыстарда тек 2-3 жүз ғана отбасы қалды, басқасы қырылып кетті»332 деп жазылды. Осы оқиғаларға байланысты 1935 ж. Парижде жарық көрген «Кеңестер билігіндегі Түркістан» кітабында Мұстафа Шоқай кеңестік билікті əшкерелей келіп, былай дейді: «Түркістанда осы уақытқа дейін пролетариат диктатурасын орнатушы тек қана орыстар болуы тиіс дейтін көзқарас əлі де етек алып келеді. Бұл «отаршылық» көзқарастың ауыр зардаптары да болды. Мысалы: – Перовскіде өзі би, өзі қожа Гержод отыр. Одан тұтастай халық – қырғыздар (қазақтар) үдере көшкен. Осы босқыншылықта 1 млн-ға жуық адам өлген»333. Осы хабарды «Перовск уезінің көшпелі тұрғындары жергілікті кеңестік билеуші Гержодтың рақымсыздығынан бас сауғалады, тауға қашып кетуге мəжбүр болды»334 деген мазмұнда «Известия» газеті де жариялады. Гержод басшылығындағы Перовск уездік совдепі азықтүлік бөлімінің бастығы А.В.Червяков еді. Осы оқиғалар туралы архив құжаттарына жүгінейік. Перовск жұмысшы, шаруа жəне мұсылман депутаттары уездік советінің 1918 ж. 7-маусымда өткен мəжілісі Қарсақпайдан астық дайындап, оны теміржолға жеткізуге 1600 түйелік керуен жəне құрамында 32 мүшесі бар қарулы күзет отрядын жасақтау туралы 330 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 286-іс. 247 п. 331 ОҚОМА, 243-қ., 1-тіз., 9-бума, 146-іс. 32 п. 332 ОҚОМА, 243-қ., 1-тіз., 9-бума, 146-іс. 42-43 пп. 333 «Правда». 1920. 20 июня. //Мустафа Чокайоглы. Туркестан под властью Советов. -Алма-Ата: «Айкап», -1993. -С.29. 334 «Известия». 1919. -13 сентябрь.

шешім қабылдайды. Мəжіліске Совдеп төрағасы И.Гержод,
орынбасарлары Лобачев, Лукьянов, Тəжбенов, хатшысы Мире-
ев жəне басқалармен бірге қалалық милицияның бастығы Жо-
рабек Есенов қатысады. Қарулы күзет жасақтау Есеновке, түйе

керуенін жасақтау Шиелі учаскелік милиция комисссары Бе-
гайдар Аралбаевқа жүктеледі335. Аралбаевтың уездік Совдеп-
ке жолдаған жеделхаттарында керуенге қажетті түйе мен мініс
көліктерінің толық жиналып, Гродековск (қазіргі Тартоғай стан-

циясы, Мұстафа Шоқай ауылы - Х.Т.) милиция комиссарының
қарамағына өткізілгендігі хабарланады336. Осындай жұмылдыру
тəсілдерімен жүрізілген жұмыстардың нəтижесінде тамыз айын-
да Сыр бойынан аштық жайлаған Түркістанға көмек ретінде көп

мөлшерде астық жөнелтілді.
Қысқа мерзімде осыншама қыруар іс тындыру үшін Совдептің
қолында жеткілікті билікпен бірге жергілікті халықтың қолдауы да
болуы керек еді. Совдеп құрамында, оның жергілікті буындарында

өз өкілдерінің болуы тұрғындардың кеңестік билікке деген сенімін
орнықтырды. Қайта ел ішіндегі ірі байлар бұл шараны патша зама-
нында теміржол құрылысына керуен шығарғандай кезекті салғырт
деп қабылдап, 100-150 түйесін қарсылықсыз лауға беріп отырған.

Кезінде осындай қызметі үшін патша үкіметінен ақы алатын.
Бұл жолы Гержодтың кейпіндегі жаңа үкімет ақы төлеу тұрмақ
алған түйелерді иелеріне қайтармады. Күш-көліктердің көпшілігі
күтімсіздіктен қырылды жəне талан-таражға түсті, ал тұрғындарға

ақы да, өтемақы да төленбеді. Гержодтың осындай лаңына
ашынған Перовск уезінің тұрғындары 1919 ж. сəуірінде Түркістан
Халкомкеңесінің төрағасы Ф.Колесовке шағымданады337. Онда
Гержодтың жəне оның жақтастарының уездік совдеп мүшелігіне

қызылəскерлердің қолдауымен заңсыз сайланғандығы, сайлаудан
соң олар өз жақтастарымен қалаға ойран салғандығы, солардың
бірі Дворцов Шиелі, Жөлек елдімекендерін тонап, тұрғындардың
мүлкін талан-тараж еткені əшкереленді. Гержодтың иманасы

тасығандығы соншалықты оның ісін тексеруге келген Түркістан
үкіметінің комиссиясын тұтқынға алумен қорқытып, қуып жі-
береді. Ал комиссияға куəлік берген 18 адамды түрмеге қамап
қойған.

Осы жылдың жазында Гержодты үкімет басшысы Ф.Колесов
Ташкентке шақырады. Жоғары басшылықтың алдында əсіреқызыл
335 ҚОМА. 1-қ., 2-тіз., 16-іс, 30-п.
336 ҚОМА. 1-қ., 2-тіз., 16-іс, 34-35-п.

337 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 661-іс. 253 п.
большевиктік ұрандармен өзінің заңсыз əрекеттерін ақтай алған ол
қайтып келген соң уездегі бассыздықты одан əрі жалғастырады.
Шағымданушылар «Гержод жəне оның сыбайластарының асыра

сілтеуі мен көрсеткен қорлығын жаза беруге Ташкенттің қағазы жет-
пейді, біз тек оның жүзден бірін ғана жаздық»338 дейді. Осы шағым
хатта Гержод бассыздығының Кеңес өкіметіне деген халықтың
наразылығын туғызғандығы да айтылады. «Қырғыздарды боль-

шевиктер партиясы қатарына өтуге күштеген олар большевизмді
туысқандық деп түсіндіреді. Сыбайластарымен бірге Гержодтың
өзі де мүше болған бұндай туысқандықтан құдай сақтасын» деген
сөздер жаңа өкіметтің саясатына деген халықтың теріс көзқарасын

танытады.
Түркістан үкіметіне Гержодтың озбырлығы үшін шағымданып
шаршаған халық «оны серіктерімен қамауға алып, сотқа тартуды,
сол арқылы Совдеп құрамын тазартуды» талап етті. Егер бұл та-

лаптар орындалмаса «уез халқы Ақмола облысына көшіп кетеміз,
онда бұл жердегі Гержод жасағандай тонау мен қорлау жоқ. Ал
сіздер отынсыз жəне етсіз қаласыздар, өйткені біз өз малымызды
айдап кетеміз»339 деп қорқытты. Бұл жайсыз билеушіден, ауру

мен аштықтан, күші басым жаудан қауыпсыз жерге көшіп кетіп
құтылатын көшпелілер психологиясының дəстүрлі көрінісі еді.
Осы жағдайдан Гержодтың жалғыз өзі халыққа қарсы əрекетімен
аштық пен ауруды, қиыншылықтың бəрін төндіріп отырғандығын

көреміз. Ел есінде «Көржұттың Перовск оязын сұрап тұрған кезін-
де», «Кəріжұттың ел арасын алашапқын қыларынан бұрын» деген
əңгімелерде оның есімі осындай жағымсыз ұғым болып қалды.
Түркаткомге шағымданушылардың «біз көшіп кетсек отынсыз

қаласыңдар» деуінде үлкен саяси-экономикалық мəн бар еді. 1918
ж. екінші жартысында Закаспий майданы ашылып, Түркістанға ке-
летін Баку мұнайы үзіліп қалады. Бұл жағдай теміржол қатынасын
тұралатып тастады. Түркістан Республикасының Халық ағарту

комиссары В.В.Билик өз естелігінде қиын жағдайдан шығу үшін
сұйық отынның орнына паровоздарда мақта майы, қатты отынның
орнына Арал теңізі станциясында кепкен балық жағылғандығын
жазады340. Бұл деректер Сыр бойында теміржол қатынасын қолына

келтіру мақсатында қиын жағдайдан шығу үшін паровоздарға
отындық сексеуіл дайындаудың Кеңес өкіметі үшін өмірлік
маңызды шараға айналғандығын танытады.
338 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 661-іс. 255 п.

339 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 661-іс. 256 п.
340 ҚРПА. 811-қ., 5-тіз., 108-іс, 76-п.

Перовск уезіндегі қазақ зиялыларының осындай қоғамдық дабылынан соң Гержодтың мəселесін тексерумен республика Ішкі істер халық комиссариаты тікелей айналысты. Осы мекеменің 28.07.1919 жылғы қатынасына байланысты Сырдария облаткомының мəжілісі «Уездік атком төрағасы Гержодтың ісін тергеу үшін 28.07.19 жылы Перовскіге баратын Ішкі істер халық комиссариатының комиссиясына облатком мүшелерінен өкіл жіберу туралы» мəселе қарап, оған Қабыловты жіберуге шешім қабылдайды341. Осы комиссияның құрамында болған Əбу Палмұханов атқарылған жұмыстың нəтижесі бойынша: «Перовскіде билік басына болыс басқарушысы, далалық сот төрағасы, пристав түріндегі қызметкерлерді оңды солды ата беретін бұрынғы полиция қызметкерлері келген», солардың бірі «белгілі қанішер Гержод бастапқыда ату жазасына кесілгенімен, кейіннен өз сыбайластарымен əр жаққа жер аударылды»342 деп жазды. Гержодтың өзінің қызметіне қатысты деректер мүлдем аз болғанымен қосалқы деректерді Перовск уезінде онымен қызметтес болған жəне оның қуғынын көрген қазақ зиялыларының архивтерде сақталған құжаттарынан кездестіреміз. Перовск қалалық училищесінің түлегі, 1924-1925 жж. Ақмешіт-Қызылорда уездік партия комитетінің хатшысы болған Нұрғали Сатығұлов өз өмірбаянында «Перовскідегі билік жойылған 1919 жылдан соң» партия қатарына өттім деп жазады343. Ол Гержод билігі құлаған соң ғана Наманган уездік жер-су бөліміндегі қызметінен Перовскіге уездік Төтенше комиссияның іздестіру бөлімінің бастығы болып ауысады. Өзінің шектен шыққан шовинистік пиғылын большевиктік озбырлықпен шебер жымдастырған Гержод уездегі қазақ ұлтынан шыққан қызметкерлердің өз ыңғайына көнбегендерінің бəрін де қудалаған. Сырдария облаткомының төрағасы, Түркістан Ішкі Істер халық Комиссары қызметтерінде болған Б.Аралбаев Шиелі болысында милиция комиссары қызметінде жүргенде «қаталдығымен бүкіл Түркістанға белгілі болған уездік атқару комитетінің төрағасы Гержодтың қысымымен»344 қуғындалғанын жазады. 1922 ж. И.Гержод Сібірдегі айдауынан босап Орынбор қаласына келеді. Түркістан Республикасының Қырғыз (қазақ) автономиялық облысындағы өкілі Иса Тоқтыбаев оны қайтадан тұтқынға алды341 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 689-іс, 124-п. 342 ҚРПА. 141-қ., 16-тіз., 2372-іс, 8-п. 343 ҚРПА. 811-қ., 5-тіз., 84-іс, 38 п. 344 ӨРОМА. 86-қ., 1-тіз., 143-іс, 4-п. рады. Осы жағымсыз естелікті айналып өтуге тырысқан Гержод естеліктерінде И.Тоқтыбаевтың есіміне «рысқұловшыл»345 деген саяси бояуды баттастыра жағады. Осы деректерден мынадай қорытынды жасауға болады: Кеңес үкіметі тұсында жазаланған саяси қайраткерлердің бəрі бірдей нақақтан күйген жоқ. Олардың арасында Гержод сияқты жергілікті халықты аяусыз қуғындаумен бірге өз əрекеті арқылы кеңестік биліктің шынайы бейнесін жасыра алмағандығы үшін екі жақты кінəлі болып, лайықты жазасын алғандар аз емес. Большевиктік элитаның алғашқы буыны өкілдерінің типтік үлгісі болған Гержодтың саяси қызметі Түркістанда кеңес өкіметін орнатуда патша өкіметі тұсында қалыптасқан ұлыорыстық шовинизм мен асқынған отарлық пиғылдың ашық көрінісі еді. Большевик басшылар өлкедегі кеңес өкіметін орнатудағы ұстанған саясатын тап мүддесімен бүркемелеген болса, Гержод оны ешқандай бүкпесіз жүргізді. Содан да оның қызметіне кеңірек тоқталуға тура келді. Кеңестік үлгідегі ұлттық элитаның қалыптастыруына 1918 ж. 20-30 сəуір аралығында Ташкентте өткен Кеңестердің Өлкелік V съезі негіз қалады. Осы съезден өлкедегі мемлекеттік билік құрылымдарына жергілікті ұлт өкілдерін тарту басталды. Съездің тарихи қызметі Мəскеудегі большевиктік биліктің Түркістанның мемлекеттік құрылысын айқындауда алдын-ала дайындап қойған шешімін заңдастыру болды. Осы мақсат үшін де Орталық билік жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан съезд делегаттарын көбейтуге мүдделі еді. Түркістан АКСР-ын құру туралы шешімнің аталған съезд өтпестен бұрын алдын-ала дайындалғандығына мына екі құжат дəлел бола алады. Біріншісі, съезге жолданған РКФСР үкіметінің жеделхаты. Онда «жолдастар, Халкомкеңес сіздердің өлкедегі кеңестік негіздегі автономияны толық қуаттайтындығына сене беріңіздер» – деген сөздер мемлекеттік құрылыстың ұлттық мүддені емес, таптық мүддені қорғайтындығын аңғартады. Орталық билік бұнымен де шектелмей «біз сіздердің бастамаларыңызды қуаттаймыз жəне бүкіл өлкені кеңестер жүйесімен қамтитындықтарыңызға толық сенімдіміз, ал қазіргі Кеңестермен тығыз байланыста əрекет жасаңыздар... Сіздердің съезді құттықтай отырып, өздеріңізге жүктелген тарихи міндеттерді лайықты іске асыратындықтарыңызға біз сенеміз»346 деген сөздер арқылы съезге жиналған жергілікті саяси элита өкілдерінің алдағы атқарар жұмыстарының бағытын да айқындап берді. 345 ҚРПА. 811-қ., 5-тіз., 11-іс, 4-п. 346 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. 5-е изд. – М.: Политиздат. 1982.- т. 50. –623 с. С.63

Тұжырымымыздың екінші дəлелі ретінде П.А.Кобозевтің съездегі құттықтау сөзін айтуға болады. Ол съезд жұмысына табыс тілеп: «Өздерінің қатысуы арқылы бізді құрметтеп отырған мұсылмандар қатарын құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біз олармен бірге əлдеқандай буржуазиялық емес, өзіміздің пролетарлық автономия мəселесін талқылайтын боламыз»347 деді. Бұл деректер Кеңестердің Өлкелік V съезі Түркістандағы большевиктердің озбыр билігін заңдастыруға қызмет жасағандығын аңғартады. Əрине большевиктер бұл мақсатты жергілікті халықтың қолдауынсыз іске асыра алмайтындығын жақсы білгендіктен де шовинистік пиғылды пролетарлық туыстық сияқты идеялармен бүркемелеп, оларды өз жағына тартуға көңіл бөле бастады. Патша заманындағы отаршы-бұратана түріндегі саяси-əлеуметтік қарым-қатынас жаңа жағдайда орыс пролетариаты – жергілікті ұлт езілгендері сипатында түрлік, мазмұндық өзгеріске түскені белгілі. Осы қарымқатынастың мақсаты мен мазмұнын ұлттық элитаның кейбір өкілдері большевиктердің қалағанындай түсінді. Кеңестік автономияның құрылуын үлкен жетістік ретінде бағалаған жергілікті саяси элита өкілдері И.Тоболин, А.Я.Першин, П.Г.Полторацкий, В.С.Ляпин, В.Д.Вотинцевтердің революциялық жалынды сөздерінің түйіні С.Юсуповтың мұсылмандар атынан сендіре сөйлеген сөзінде айтылды. Əрине, оған мұсылмандар атынан сөйлеу өкілеттігін билігінің заңдылығы мойындала қоймаған кеңес өкіметі бергендіктен де С.Юсуповтың сөзі жергілікті халықтың еркін емес, билік басына келген большевиктердің ниетін білдірді деп бағалағанымыз орынды. Ташкентте өткен Кеңестердің Өлкелік V съезінде Түркістан Автономиялы Кеңестік социалистік Республикасы түріндегі мемлекеттік құрылым құру туралы шешім алдын-ала келісілгендіктен аса маңызды мəселесі бола қойған жоқ. Съездің ең басты мəселеcі жаңадан жасақталған мемлекеттік билік құрылымдарының заңдылығын (легитимдігі) қамтамасыз ету еді. Өйткені, 1917 ж. 15-22 қарашадағы Жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттары кеңестерінің өлкелік ІІІ съезі құрған Түркістан өлкелік Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамына өлкедегі жергілікті ұлт өкілдерінің енгізілмеуі ұлттық күштердің кеңестік билікке наразылығының басты дəлеліне айналды. Ұлыорыстық шовинизмнің көрінісі деп бағаланған бұл талап өлкедегі билік пен контрэлита жағдайына көшкен ұлттық күштер арасындағы саяси пікірталасқа негіз болған. 347 «Наша газета». 23 апреля 1918 г. Саяси ұстанымдары бойынша Түркістан ұлт-азаттық қозғалысында дəстүршілдік ұстанымдарымен қуатты күшке айналған улемалықтардың көсемі Сералы Лапин осы съезде сөйлеген сөзінде «мұсылмандар барлық билікті өздеріне беруді талап ете алады, бірақ келімсек элементтердің өздерін билікке араластыруына келісім береді»348 деп ымырагершілік ұсыныс жасады. Оған керісінше өлке тұрғындары арасында 3,7 пайызды ғана құраған европалықтардың мемлекеттік билікті толық иемденуінің себебі большевиктердің ұлыдержавалық шовинистік пиғылынан туындап жатты. Халкомкеңес төрағасы Ф.Колесов «Жоғары органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір пролетарлық ұйымы болмағандықтан ғана емес, сонымен қатар жергілікті халықтың оған (өкіметке - Х.Т.) деген көзқарасының əрқилы болып отырғандығынан да мүмкін емес»349 - деп большевиктердің əрекетін ақтауға тырысты. Кеңестік билікті парасатты сұхбатқа шақырған контрэлита басшыларының бірі С.Лапиннің өкімет құрамындағы өкілдіктің тең жарымын жергілікті ұлтқа беру туралы ұсынысы осылайша өктемдікпен аяқ асты етілді. Жергілікті халықтың большевиктік өкімет билігінің заңдылығын мойындамауы өлкедегі саяси күштердің бір-біріне қарама -қарсы лагерьге таптасуына негіз болды. Халықтың қалың бұқарасының қолдауына негіз болған Түркістан мұхтариятының кеңестік автономиядан көптеген саяси артықшылығының бірі – биліктегі ұлттық өкілеттікті кеңейту тəжірбиесін большевиктер V съезде іс жүзінде қолдануға тырысты. Оның көрінісі ретінде съезде барлығы 12, соның ішінде Түркатком құрамына жергілікті ұлт өкілдерінен Д.Мырзабаев, Қ.Атабаев, Қ.Ибрагимов, А.Клевлеев, А.Шарафутдинов, С.Юсуповтердің, Түркатком мүшелігіне кандидат болып Н.Ходжаев, А.Хусанбаевтардың енгізілгендігін айтуға болады. Оларға бұндай құрмет большевиктер партиясының қатарында болғандығы үшін көрсетілді. Жаңадан жасақталған Түркістан АКСР Халық комиссарлар кеңесінде үш Халық комиссарының лауазымына түркі халықтарының өкілдері, түркістандықтар Аширходжаев, Қ.Ибрагимов, О.Тұрсынқожаевтар тағайындалды. Құрамына жергілікті халықтың бірде-бір өкілін тартпаған Түркістанның алғашқы кеңестік үкіметімен салыстырғанда бұл жағдай ұлт өкілдерін жоғарғы билік құрылымына қатыстыруда елеулі ілгерілеушілік болғаны даусыз. 348 Тагеев Б.Р. В долине роз и крови. -М.: 1927. –168 с. С.57 349 Коммунистическая партия Туркестана в резолюциях съездов и конференции. - Ташкент: Узбекистан, 1988. –312 с.С.68

Кеңес өкіметінің Түркістандағы ұлт саясаты Кеңестердің Өлкелік V съезінен соң жергілікті халықтың қолдауына, ең болмағанда сеніміне, тіпті өте күрделі жағдайларда бейтараптығына қол жеткізу мақсатында қызу жүргізіле бастады. Əрине, ұлт мəселесі сияқты түйткілі көп идеологиялық міндетті саяси күрессіз іске асыру өте қиын еді. Əсіресе, көппартиялық жағдайда бұл мəселе барынша шиеленісті сипат алды. Осы кезеңде Түркістанның қоғамдық өміріндегі көппартиялықты билікке қатысына қарай билік басындағы жəне биліктен тыс (оппозициялық) партиялар деп топтастыруға болар еді. Үкімет құрамындағы большевиктер бастаған европалық үлгідегі саяси партиялар алғашқы топты құраса, екінші топты оппозициядағы немесе жартылай оппозициядағы «Шурои Исламия», «Шурои Улема», «Иттифоқ» сияқты саяси ұйымдар мен партиялар құрады. Бұл ұйымдардың қатарына «Алаш» партиясын да қосуға болады. Өйткені, Алаш партиясының түркістандық мүшелері мықты ұйымдық құрылым орнықтыра алмағанымен өлкенің қазақ тұрғындары арасында белсенді саяси қызмет атқарды. 1918 ж. маусымда Түркістан большевиктерінің І съезі болып өтті. Съезд өлкедегі большевиктік ұйымдарды РК(б)П құрамды бөлігі болатын біртұтас Түркістан коммунистік партиясына біріктірді. Бұл кезде Түркістан республикасында 2 мыңға жуық мүшесі бар 20-дан астам партия комитеттері мен партия ұйымдары болған. 1918 ж. ортасына дейін большевиктік орталық қызметін Ташкент комитеті атқарып келді. Осы аталған ТКП І съезі алғаш конференция болып басталды да кейін съезге ұласты. Оған қатысқан 43 делегаттың 6-ы ғана жергілікті ұлт өкілі болды350. Большевиктік биліктің өлкедегі мемлекеттік билік құрылымдарын жасақтауда үнемі қайта құру сипатында өзгерістер жасауы кеңестік жүйенің тұрақсыздығына негіз болды. Көптеген мемлекеттік мекемелер қызметінің шекарасы нақты ажыратылмағандықтан олар бірін-бірі қайталады немесе қызметінің тиімділігі мүлдем аз болды. Бұл ең алдымен Түркатком мен республика Халкомкеңесі арасындағы мемлекеттік билік функцияларын бөлуден көрініс тапты. Түркістан Коммунистік партиясының құрылуымен Түркістандағы мемлекеттік билік құрылымдары большевиктер партиясының билеуші тобына бағыныштылық сипат ала бастады. Мəскеудің қадағалауымен өткен ТКП І съезі бекіткен партиялық 350 Коммунистическая партия Туркестана в резолюциях съездов и конференции... С.30 нұсқауда билік құрылымдарының қызметтік ара жігін ажыратудан бұрын олардың Орталық Комитетке бағыныштылығын орнықтыруға баса мəн берілді. Аталған құжатта республика өкіметі мен үкіметі фракциялары мүшелерінің міндетіне түрлі мемлекеттік мəселелер жөніндегі баяндамаларды тиісті органдарға ұсынғанға дейін партияның Орталық Комитетіне қарауға жəне талқылауға ұсыну түріндегі қызметтік міндет енгізілді. Оның үстіне Орталық Комитетінің барлық бұйрықтары, өкімдері мен талаптарын орындауы тиіс болды351. Бұл жағдай əсіресе, үкімет пен өкімет мүшелерінің большевиктік бөлігін партиялық билікке тəуелді етіп, олардың қызметін қадағалаудың жəне басқарудың саяси тетігіне айналды. Мемлекеттік билікке ұмтылған ТКП басшылары өлкедегі жаңарту жұмыстарының бастамашылығын өз қолдарына алды. Съездің қабылдаған арнайы қарарында мұсылман пролетариатының қалың бұқарасы арасында таптық күрес идеясын енгізу ең басты міндет болып белгіленді. Мұсылмандар арасындағы өз қызметінің аясын барынша ұлғайтуға мүмкіндік алған большевиктер автономия жариялауды іске асырудың шараларын белгіледі. Атап айтқанда, түркі тілін жергілікті халықтың тілі ретінде орыс тілімен бірге мемлекеттік тіл деп тану; барлық деңгейдегі кеңестерде ұлт істері жөніндегі комиссариаттар құру; мұсылман пролетариатының арасында жұмыс жүргізетін үгітші кадрлар дайындау, жергілікті тілдерде партиялық əдебиеттер жарыққа шығару. Бұл шаралардың іске асуы үшін мықты саяси билік, барынша тұрақты билік құрылымдары қажет болатын. Кеңестік Ресейдің жоғарғы билік эшелонындағы большевиктік элитаның Түркістанды орталыққа тəуелді етуге ұмтылысын осындағы БОАК пен РКФСР Халкомкеңесінің комиссиясы (Түрккомиссия) іске асырды. Орталықтың кең өкілеттігімен қаруланып келген өкілдер өздерін шын мəнінде Шығыс халықтарының тағдырын шешушілерміз деп есептеді. Өлкедегі сан-салалы қызметтерін Түрккомиссия Ресейдің барлық билікті орталықтандыруға ұмтылған шамшылдығына қарсы тұрған күштерді бейтараптандырудан бастады. Алғашқы соққы Түркістанның тұңғыш конституциясын қабылдауға бастамашыл болған большевиктік биліктің европалық бөлігіне қарсы бағытталды, өйткені олар (Тоболин жəне т.б. –Х.Т.) жақтаған 351 Антропов П. Коммунистическая партия Туркестана. Съезд 1: Материалы и доклады. –Ташкент: 1934. С.12-13

республиканың автономиялық өзін-өзі басқаруының қағидалары мен нормалары Орталықтың мүддесіне сай келмеді. Жергілікті басқару элитасының (европалық ұлт өкілдері, келімсек əлеуметтік топтар мағынасында – Х.Т.) жүргізіп отырған саясатына жергілікті ұлттың наразылығын негізге алып, Түрккомиссия олармен тез есеп айырысты. Түрккомиссияның дем беруімен барлық деңгейдегі партия ұйымдарында жүргізілген ұлыдержавалық шовинизмнен тазалау науқаны аясында олар əшкереленіп, партия қатарынан шығарылды, отаршылар деген желеумен бұрынғы полицейлер, жандармдар, патша шенеуніктері мен офицерлері жер аударылды. Солардың бірі жоғарыда аталған Гержод болатын. Ұлттық мемлекеттілік мəселесінде «Үш жүз» партиясы алашордашылардың «контрревалюциялық» автономиясын айыптап, оның орнына Ресейдің құрамындағы Қазақстандық-Ортаазиялық автономия, яғни Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Оның үстіне Ресей құрамында түрік-татар автономиясының, яғни Ресейдегі жалпы түркі халықтарының ортақ автономиясын құруды да қарастырды352. Ал Түркістанның өзінде бұл мəселе барынша өткір сипат алды. Олай дейтін себебіміз, ұлттық элита өкілдері биліктің жоғарғы эшолонында түркі халықтарын біріктіру идеясын қызу насихаттай бастады. «Т.Рысқұлов, Субхи (Исмаил Субхи – Түркістанға Орталық арнайы жіберген түрік коммунисі – Х.Т.), Шакиров, Құл Мұхамедов, Эффендияров, Низамитдин Ходжаев, Амерханов, Асфендияров, Турсун Ходжаев сияқты ұлттық интеллигенция өкілдері Түркі автономиясын құру жайындағы əрекеттерін өздерінің жасырын армандары - ұлттың өзін-өзі басқаруға қол жеткізетін заңды құбылыс деп есептеді»353. Демек, түркілік бірлік идеясы жеке тұлғалардың емес, ұлттық интеллигенцияның тұтастай шоғырының ұжымдық ой-пікірі ретінде қарастырылуы тиіс. Түркістанда түркілік бірлік идеясы «Шурои Исламия», «Шурои Улема» жəне «Турк адами марказиат» («Түркі федерациясы») сияқты саяси қозғалыстар мен партиялардың қызметі арқылы ұйымдық құрылымдарға арқа сүйесе, кеңестік биліктің жағына шыққан ұлт зиялыларының қолдауымен ұлттық-территориялық автономия талап етудің дəлеліне айналды. 352 Елкеев Б. Партия «Уш жуз» и ее деятельность в период устоновления советской власти в Казахстане //История Казахстана: Белое пятна: Сб. ст. / Сост. Б. Абылхожин.-Алма-Ата: Казахстан, 1991-348 с. С.56 353 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века... С.148 Жалпы, түркі-мұсылман федерациясы түріндегі ұлттық мемлекеттілік жөнінде Мұсбюроның жоспарында екі үлгі ұсынылды. «Біріншісі Түркістан Республикасын да өмір сүріп жатқан халықтарды «түркі» идеясына біріктіру, осы арқылы республиканы құқық бойынша түркі халықтарының республикасына айналдыру, не екінші жағынан, республиканы мекендеуші түркі тілдес халықтарының конфедера циясына біріктіру». Дегенде, Мұсбюроның бұл жоспары РК(б)П ОК 8 наурыз 1920 ж. бекіткен «Түркістан автономисы туралы ереже» талаптарына сай іске аспайтын болды354. Т.Рысқұлов Түркі халықтарының федерациясын құру идеясына басымдық бере отырып оны саясат сахнасына алып шыққанымен Түркістандағы қазақ облыстарын Қазақстанға қосу идеясын да жоққа шығармайды. 1919 ж. 25 қарашада Өлкелік партия комитетінің пленарлы (кеңейтілген) мəжілісінде Т.Рысқұлов Түркістан Республикасын мекендеп отырған көшпелі қазақ халқы туралы арнайы баяндама жасады. Ол осы баяндамасында «Тек ұлттың өзі ғана өз жағдайын жақсарту үшін барлық шараларды белгілеуге жəне қазір орын алып отырған жантүршігерлік қырылуды тоқтатуға қабілетті» деп атап көрсетеді. Оның бұл идеясы Кирревком басшысы Ə.Жангелдиннің тарапынан «өлкені біріктіру мақсатында шаралар атқарылатын болады»355 деген мазмұнда қолдауға ие болады. Бұл мысалдар алаштық жəне большевиктік ұлттық элита өкілдері ұстанған саяси позицияларының алшақтығына қарамастан қазақ елі мен жерінің біртұтастығы мəселесінде ортақ көзқараста болғандығын айғақтайды. Түрккомиссияға Түркістан Компартиясы Мұсылмандар бюросы қызметінде өсіп шыққан ұлттық саяси элитаның большевиктік бөлігімен күрес əлдеқайда көп күш жұмсауды жəне ұтымды тəсілдерді қолдануды талап етті. Түркістанның жоғарғы басшылығының шовинистік тобына қарсы күреске байланысты қалыптасқан жағдайда ұлттық саяси элита өкілдері Түркістандағы отарлық қалдықтарынан біржолата арылуға, жергілікті халықтың өзін-өзі басқаруына қол жеткізуге ұмтылды. Олар ұсынған Түркістанның мемлекеттік құрылымы мен партиялық құрылысын қалыптастыруда «Түркі Кеңес Республикасы» мен «Түркі Коммунистік партиясын» құру идеясы да осы мақсаттарға 354 Коммунистическая партия Казахстана. Летопись событий (1917-1927 г.г.) -АлмаАта; 1985. – 400 с. 355 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі)... 106 б.

жұмылдырылды. Ұлттық элита өкілдері Түркістан мен РКФСР арақатынасына баса көңіл бөлді, автономиялық республиканың компетенциясын көрші мемлекеттермен дербес қатынас жасау құқын беруге дейін кеңейту, ресейлік əскерді шығарып, Түркістан автономиясының тірегі ретінде ұлттық əскер құру табанды түрде талап етілді. Ұсыныстарының заңдылығын негіздеу үшін Т.Рысқұлов бастаған ұлт коммунистері мəселені Түркістанның жоғарғы партия органдарының талқылауына ұсынып, олардың қолдауына ие болды. Тіпті Түрккомиссияның кейбір мүшелері де бұл шешімдерді қуаттағаны белгілі. Əйтсе де оқиғаның даму барысынан Түркістанның мемлекеттік дербестену болашағын көрген партиялық басшылықтың ең жоғарғы эшелоны Түрккомиссияны ұлттық элитаның ұсыныстарын тұншықтыруға итермеледі. Содан да шын мəнінде ұлт коммунистері басқарған Түркістан үкіметі мен өкіметіне дербес жұмыс жасауға мүмкіндік бермей Түрккомиссия Республиканың ішкі мəселелерінің билігін өз құзырына алды. Атап айтқанда: 1920 ж. мамырына шақырылған жоғарыдағы шешімдерді бекітуі тиіс ТКП V съезі мен Түркістан Кеңестерінің ІХ съезін тоқтатып қойды; РК(б)П ОК 1920 ж. наурызда қабылдаған «Түркістан автономиясы туралы Ережеге» негіз болған Түркістан автономиясы туралы өз жобасын дайындады; «Түркі республикасы» мен Түркі компартиясы идеясын партияға, кеңеске қарсы жымысқы əрекет деп бағалап, оны көтерген Түркреспублика басшыларының ұлттық бөлігіне қарсы саяси-ұйымдық шаралар арқылы ашық шабуыл ұйымдастырды; өз ықпалдарын нығайта түсу мақсатында Түркістан майданы əскери бөлімдерінің коммунистерін жергілікті партия ұйымдарының құрамына енгізді. Түркістан майданы контингентінің Орталықтан жіберілген əскери құрамалардың есебінен үнемі артып отырғандығын ескерсек, Түрккомиссияның соңғы шарасы əскери диктатураны соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтармен бірге республиканың барлық аумағына таратып, Түркістан үкіметіне қысым жасаудың құралына айналдырғандығын көреміз. Түрккомиссияның осы саясаты Түркістанның Орталық билікпен келіссөз жүргізуіне Т.Рысқұлов басқарып барған өкілетті делегациясы (1920 ж. мамыр) ұсынған баяндамада барынша əшкереленді. Түркістан делегациясы осы жолы Түркістанда ұлттық əскер құру, Түркістан майданы əскери-революциялық кеңесінің билігі мен ықпалын шекаралық аймақпен шектеу, барлық билікті республика Кеңестерінің съезіне, Түркатком мен Түркістан Халкомкеңесіне беру, Түрккомиссияны таратып, Мəсеуде Түркістан республикасының өкілдігін ашу туралы талаптар қойды356. Өкінішке орай, РК(б)П ОК 1920 ж. 29 шілдедегі қабылданған «Біздің Түркістандағы міндеттеріміз туралы», «Түркістанда билікті ұйымдастыру туралы» қаулылары мен Түрккомиссия қабылдаған партиялық құжаттарда Түркістан республикасы басшылығындағы ұлттық элитаның талаптары аяқасты етілді. Осындай біржақты əрі қатаң шешімімен Орталықтың Түркістанда билікті жергілікті халықтың қолына беру ниеті жоқ екендігін көрсетті357. Солай дегенмен де кеңестік тарихнамада Түрккомиссияның қызметі біржақты бағаланды. Осы эмиссарлық органның құрамында қызмет істеген ұлттық элита өкілдерінің бірі Файзулла Хожаевтың өзі «Түркомиссия ұлт мəселесінде жіберілген қателіктерді түзетуге арнайы көңіл бөлді. Лениндік ұлт саясатын дұрыс іске асыру, шаруашылық құрылысы мəселелеріне көңіл бөлуді күшейту бірден тамаша нəтижелерге қол жеткізді: Түркістанның қалың еңбекші бұқарасы ескі жəне жаңа басшылықтың барлық айырмашылығын бірден сезді. Тура айтуға болады, Орта Азияның жергілікті ұлттарының еңбекші бұқарасының кеңестік мемлекеттік құрылысқа көптеп тартылуы үшін Түрккомиссияның келуі жəне оның қызметіне қарыздармыз», – дей келіп, Түрккомиссияның қызметі арқылы «Кеңестік Түркістанның барлық кеңестік жəне шаруашылық аппаратын жергіліктендіруге негіз қаланды»358 деп оның қызметін асыра дəріптеді. 1920 ж. қыркүйегінде Түрккомиссияның тікелей араласуымен Бұхар əмірлігінің аумағында Бұхар Халықтық Кеңестік Республикасы (БХКР) орнады. Кеңестік үлгідегі ұлттық мемлекеттілік құрудың мысалдарының бірі ретінде бұл əрекеттің салдарлары талдауды қажет етеді. Бұл іс саяси қитұрқылықпен іске асты. Түрккомиссияның қаржылық көмегімен Бұхар коммунистік партиясы Сейіт Əлімхан əмірдің үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырып, РКФСР үкіметінен əскери көмек сұрады. Бұхар операциясының нəтижесінде Түркістан майданының əскері əмір əскерін талқандады. Бұхар үкіметіне əскери тəсілдермен ықпал жасай отырып, кеңес үкіметі қомақты қаржылай көмек көрсетті. 1920 ж. соңынан 1921 ж. 356 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі... Б.185-186 357 РГАСПИ. Ф. 79, оп.1, д. 158.л.1-2 358 Ходжаев Файзулла. Избранные труды. В 3-х т. [Ред. коллегия: М.М. Хайруллаев (отв. ред.)]. Т. І. -Ташкент: Фан, 1972. – 498 с. С.98

ортасына дейін 4 млрд руб. (ішінара алып кеткен алтынның өтеуі ретінде) қаржы құйылғанына, 1921 ж. 4 наурызында Ресей жəне Бұхар үкіметтері арасындағы одақтық жəне экономикалық келісімге сəйкес қаржылық көмек мөлшері ай сайын 2 млрд. руб. жеткенімен де359 елдегі кеңестік қайта құруларды жергілікті үкімет те, халық та жақтырмады. Бұндай жағдай 1922 ж. көктемінде ислам қозғалысының аса көрнекті басшыларының біріне айналған Энвер Пашаның кеңеске қарсы лагерьге өтіп, Мəскеуден Орта Азияға келуіне байланысты шиеленісе түсті. Оның Бұхараға келуі үкіметтің жікке бөлінуіне ықпал жасады. Жалпыбұхар революциялық комитетінің төрағасы Мырза Мұхитдиновтың Энвер Паша жағына шығуы мəселені одан бетер ушықтырып жіберді. Бұхар мəселесімен тікелей айналысқан Түрккомиссия мүшесі Цукерман РКФСР-дың Ауғанстандағы елшісі Ф.Ф.Раскольниковке жазған хатында былай дейді: «Энвер үлкен қиындықтармен қорқыта отырып бізге Орта Азияны тастап шығуды жəне түркістандықтар мен бұхарлықтардың өз тағдырын өздері шешуіне мүмкіндік беруді ұсынады.... Бұл таңқаларлық тарих. Біз бұл түрік арыстанын өз мақсаттарымыз үшін қолға үйрете алмадық. Мүмкін біздің тарапымыздан жасалған ұқыпсыздық Бұхар апанына тығылған осы бүлікшіл тұлғаның психологиялық драмасын тереңдетіп жіберген болар, енді келіп ол осы ұқыпсыздығымыз үшін кек қайтаруға əрекет жасауда»360 . Өз кезінде Раскольников 19 наурыз 1922 ж. Л.М. Караханға жазған хатында «...Энвер Шығыста Кавказдан Каспийге дейін жаппай көтерілістің жоспарын жігерлі түрде іске асыруда ...Шығыс Бұхара мен Ферғанадағы ұйымдастырушылық жұмыстары біткен соң Энвер алғашқы кезде Түркістанның əлдебір пунтінде көтеріліс бастап, оны кеңейтумен бір мезгілде партизандық шабуылдар арқылы теміржолдарды бүлдіру əрекетін бастамақшы»361 деп өзі анықтаған көтерілістің жоспарын хабарлайды. Ал 1922 ж. ақпанында ауған жағының қолдауымен Энвер Пашаның күштері Душанбе қаласын басып алды жəне Бұхараға шабылға дайындала бастады. Қалыптасқан саяси дағдарысқа байланысты Бұхар үкіметінің төрағасы Ф.Ходжаев Мəскеуге барып, қиын жағдайдан шығудың жолдарын жоғары деңгейдегі кездесулерде талқылауға қатысады. Сталиннің өзі Ф.Ходжаевпен бетпе-бет сөйлеседі. 359 Большевистское руководство. Переписка. 1912-1927. Сб. документов. -М.: РОССПЭН, 1996. –783 с. С.245 360 Большевистское руководство. Переписка. 1912-1927.. Л.15-16 361 РГАСПИ. Ф. 85, оп. 23, д. 106, Л.1. Мəскеу сапарынан оралған оны Бұхарада үкімет құрамындағы асқынған алауыздық күтіп тұрған еді. Оның жоқ кезінде басмашылар Бұхара түбіне дейін келіп, қала көшелерінде Энвер Пашаның адамдары емін–еркін жүрді. «Орталық Комитет құрамындағы солшыл коммунистердің тең жартысы нəзір портфелінен өзге қандай да болсын қызметтен бас тартты» деп, 1922 ж. 3 сəуір күні Мəскеудің Бұхарадағы эмиссары Я.Х.Петерс Сталинге жеделхат жолдады. Төтенше Комиссия қызметінде сыннан өткен əккі саясаткер шиеленіскен саяси ахуалды ауыздықтау, Мəскеудің саясатын іске асыру үшін Сталинге мынадай ұсыныстар жасайды: «Менің ойымша, біз сырт көзге Бұхар Республикасының дербестігіне қол сұғу арқылы үлкен қателікке жол берудеміз жəне осы арқылы тұрғындарды орыстарға қарсы айдап салып, Энвердің басқыншылығына сылтау тауып береміз. Оның есесіне Бұхардың сыртқы дербестігін толық сақтау арқылы ішкі жəне жолдастық қысыммен бəрін де іске асыруға кең мүмкіндік алған болар едік»362. Түркістан мен Бұхар, Хорезмде революциялық қайта құру саясатын барынша сақ жүргізу туралы бұндай ұсыныстар аз емес болатын. Мысалы, Түрккомиссияның мүшесі А.А.Иоффе 1921 ж. 10 желтоқсанда Г.В.Чичеринге жазған хатында Бұхар мен Хорезмде мемлекеттік төңкеріс жасаудың асығыстық екендігін, қазіргі кезде Ходжаев пен Мұхитдиновты алмастыратын ешкім жоқ екендігін айта отырып, алдағы Құрылтайда Бұхар мен Хорезмде нағыз «қолөнерші-дихан» үкіметін жасақтауға болатын коммунистік партия құруға қол жеткізу қажеттігін айтады363. Бұхар Республикасы үкіметі басшыларының пікірі жоғарыдағы көзқарастан өзгеше болды. Мəскеуден оралған соң Ф.Ходжаев Бұхарадағы саяси жағдайға талдау жасай отырып, 5 сəуір күні Сыртқы істер халық комиссариятына, Караханның атына хат жолдайды. Ол өз кезегінде бұл хатты Сталинге табыс етеді. Республикада қалыптасқан жағдайға барынша толық талдау жасаған көлемді хаттың мазмұнынан бір-екі мəселеге ғана тоқталамыз. Бірінші мəселе, Ходжаев Шығыс Бұхарадағы басмашылық қозғалысқа барынша шынайы баға беріп, оны Энвердің қозғалысы деп атайды: өйткені басмашылардың басшылары арасында тұрақты əскері ең көбі əрі ықпалдысы Энвер Паша болған. Ол басмашылардың негізгі күші 3-4 мыңдық қарулы адамнан тұратындығы, ал қалған 10-12 мыңы ала-құла тобыр екендігін айтып, басмашылар тура362 РГАСПИ. Ф. 558, оп. 1, д. 2304, л. 83. 363 РГАСПИ. Ф. 5, оп. 1, д. 2156, л. 106-110.

лы дақпыртты сейілтуге əрекет жасайды. Екінші мəселе бойынша қалыптасқан жағдайдан шығу үшін саяси жəне əскери тұрғыда не істеу керек екендігіне тоқталады. Оның ойынша бұл істі қиындықсыз жəне ешқандай шығынсыз іске асыруға болады деп экономикалық тетіктерді іске қосу жолдарын көрсетеді. Хаттағы үшінші мəселе ретінде басмашылықты тек əскери шаралармен жоюға болмайды деп үзілді-кесілді тұжырым жасайды жəне оны бейбіт жолмен реттеудің шараларын ұсынады364. Түрккомиссия мен жергілікті элита өкілдерінің мəселеге қатысты көзқарастарының əртүрлілігі жəне қолындағы мəліметтердің қорытынды тұжырым жасау үшін жеткіліксіздігіне байланысты Сталин 21 сəуірде «Ферғана мен Бұхардағы басмашылық қозғалысты табысты түрде жою» мəселесін зерттеу үшін Г.Орджоникидзені Ташкентке арнайы жібереді365. Ташкентке кең өкілеттікпен келген Орджоникидзе Сталиннің жеделхатында талап етілген мəселелерге барынша объективті жауап іздейді. Ол Ташкентте орналасқан РК(б)П ОК Түркбюросы, Түркістан майданы Революциялық əскери кеңесі органдардың басшыларымен пікірлесу арқылы аймақтағы жағдайды айқындаған тұжырым жасай алды. 12 мамыр күні Сталинге жолдаған жауап жеделхатында ішінара былай дейді: «Бұхарадағы жағдайды бүкілхалықтың көтеріліс деп сипаттауға болады. Осындағы мəліметтерге қарағанда, Шығыс Бұхарада ол Энвердің басшылығымен ұйымдасқан сипат алған. Көтерілістің кең өріс алуына қазіргі үкіметтің дəрменсіздігі, беделсіздігі, оралымсыздығы жəне киіммен, тамақпен жабдықталмаған біздің бөлімдердің тонаушылығы негіз болған. Жағдайды сақтап қалу үшін тез арада Энвердің көзін жою қажет, оған дайындық жүргізілуде»366 деп одан əрі нақты мəселелерді шешуге байланысты өз ұсыныстарын білдірді. Бұл тұжырымнан Ленин бастаған кəсіби революционерлердің өз саяси қарсыластарын террор арқылы жою тəсіліне баса мəн бергенін (мысалы, Троцкийдің Мексикада өлтірілуі сияқты) аңғарамыз. Бұл деректер Энвер Пашаның Белжуван қыстағындағы өлімінің құпиясын ашуға бағыт сілтейді. Осы тұжырымдармен танысқан Сталин 14 мамырда Орджоникидзеге жолдаған жеделхатында БХКР аумағында Түркістан майданы əскерлерінің басмашылық қозғалысқа қарсы ірі масштабты əрекетін айыптаған Элиава туралы «Элиава қателеседі. Соғыс 364 РГАСПИ. Ф. 588, оп. 1, д. 2280, л. 1,4-8 365 РГАСПИ. Ф. 588, оп. 1, д. 2291, л. 1 . 366 РГАСПИ. Ф. 85, оп. 23, д. 46, л. 1-6. басталған екен, жаулап алу болмай қоймайды, неғұрлым тез болса соғұрлым жақсы, мəселе жаулап алудың түріне қатысты ғана болуы мүмкін» деген пікір білдіреді. Сонымен бірге Бұхарадағы ұлттық элита өкілдерінің қызметіне де баға береді. Бұхара үкіметінің басшысы «Мұхетдинов қауіпті, ол ауғандық бағдардың басты айыпкері... Бұхаралық солшылдарды қуып тарату керек, жақтастары Энвердің тыңшылары болып есептелетін Мұхетдинді де қуу қажет»367. Сталиннің Ташкенттегі Орджоникидзеге жолдаған осы жеделхатының көлемі шағын болғанымен, большевиктердің Түркістандағы саясатын айқындаудағы маңызы үлкен болды. «Түркістандықтар қазірге дейін бұқаралықтарға қатысты туралық көрсетпей келеді», сондықтан «Бұқара ісі жөнінде Ходжаевпен ақылдаспай тұжырым жасама» деп, Ходжаев пен түркістандық ұлттық элита арасына сына қағады. «Соколов пен Петерс туралы түркістандықтарды тыңдама» деп өз кадрларын қорғаштайды. «Түркістан майданы басшылығына Ходжаевты енгізудің қажеті жоқ, Рақымбаевтың өзі жеткілікті» деп саяси күштердің ара салмағын реттеуге ұмтылады. Осы кезде Түркістанда Ревтрибуналға қатысты қызу пікірталас өрбіген болатын. Мəселе БОАК жанындағы Ревтрибуналдың төрағасы Н.В.Крыленкоға дейін жеткен. Осы мəселеге байланысты Сталин аталған жеделхатында Орджоникидзеге мынадай пікір білдіреді: «Сот үкімі туралы мəселеде Крыленконың ұстанғаны дұрыс, түркістандықтар украиндар жəне басқа да тəуелсіз республикаларға қарағанда өздеріне көбірек құқықтар талап етеді, бұған төзуге болмайды. Түркістандық коммунистердің басынан сипап керегі жоқ, олар оған лайық емес, соңғы екі жыл олардың бəрі жабылып, қайтып оралуына (Түркістанға - Х.Т) қарсылығым жоқ Рысқұловтан кейін екендігін көрсетті»368. Бұл жерде түркістандық коммунистердің рөлін төмендетіп, жалғыз Рысқұловты олардың бəрінен жоғары қойған Сталиннің бағасын объективті деп айтуға болмайды. Бұл тұжырым кеңінен талдауды қажет етеді. Бұл жерде басын ашып алатын мəселе - Сталин бұл бағаны Рысқұловтың саяси ұйымдастырушылық қабілетіне қатысты берді ме, əлде оның Мəскеудегі қызметінде коммунистік интернационализм идеяларына өзге түркістандық коммунистерге қарағанда соншалықты жақындай алуына байланысты берді ме? Əрине, басқаруда билеп-төстеуге сүйенетін Сталин үшін кадрларды бағалауда олардың идеялық сенімділігі мен жеке басының 367 РГАСПИ. Ф. 588, оп. 1, д. 23-29, л. 1-2. 368 РГАСПИ. Ф. 588, оп. 1, д. 23-29, л.2.

берілгендігі басты орында болатын. Содан да ол аталған жеделхатта «Барановқа қажет... Атабаев, Төреқұлов жəне тағы басқалардың қыңырлығы бəрімізді жалықтырды» дейді. Түркістан майданы Əскери-революциялық кеңесінің мүшесі, Ферғана округі əскері қолбасшысының міндетін атқарушы П.И.Барановтың ұлттық элита өкілдерінің пікіріне ден қоюын жақтырмағаннан айтылған бұл пікірдің астарында олардың ұлт мүддесін қорғау əрекеті «қыңырлық» деп теріс бағаланғандығын танытады. Орджоникидзенің Ташкентке сапары барысында РК(б)П Түркбюросының құрамы жаңаланып, ол Түркістанмен бірге Хиуа, Бұхараға ықпалы жүретіндіктен жаңа атпен РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросы деп аталатын болды. Ол 18 мамырда Сталинге жазған хатында «қазіргі құрамдағы Түркбюроның беделі төмен» дей келіп, бюро төрағалығына Рудзутакты, төралқа құрамына ұлттық элитадан Төреқұлов пен Рысқұловты ұсынады369. Энвер Пашаның қозғалысына қарсы əскери іс-қимылдармен бірге тұрғындар арасында жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 13 мамыр 1922 ж. Ташкенттен Сталинге жолдаған хатында Орджоникидзе Түркістандағы саясатты қайта қарау қажеттігі туралы өзінің көзқарасын білдірген. Ол «басмашыларды халықтан қол үзген жəне олардың қуғынына ұшыраған тонаушылар тобы деу бекершілік. Кейбір жағдайларда олар дін мен тұрмыстың қорғаушылары ретінде көрінеді... Түркістандағы біздің саясатымызды түбірінен қайта қарауымыз керек, осындағы жеткілікті дəрежеде зəресі ұшқан жолдастардың бастап жіберген жасқаншақ жəне жүйесіз эксперименттерінің қандайынан да болсын бас тарту керек»370 деп жазды. 26 маусымда Сталинге жолдаған хатында Орджоникидзе Ташкентте «ұлттық демократтар тобын жиып, олармен ұзақ əңгімелескендігін, олардың арасында іскерлігіне қарай табысты пайдалануға болатын адамдар бар екендігін»371 жазады. Бұл хаттың мазмұнынан Түркістанның жоғары билік құрылымындағы ұлттық элитаның қызметін қалыптастыруда Орджоникидзенің шешуші рөл атқарғанын көреміз. Түрккомиссияға билік жасаған Сталиннің сенімді серігі осылайша Түркістан ұлттық элитасының қалыптасу тарихында өз қолтаңбасын қалдырды. Түркатком пленумында (26 мамыр 1922 ж.) Энверге қарсы үгітнасихат мəселесі арнайы қаралды. ТКП хатшысы Н.Төреқұлов 369 РГАСПИ. Ф. 85, оп. 1, д. 55, л. 1-2. 370 РГАСПИ. Ф. 85, оп. 23, д. 49, л. 13. 371 РГАСПИ. Ф. 85, оп. 25, д. 70, л. 1-2. Энвердің Шығыс халықтарының съезінде өзінің шығыс халықтарын қанаудан азат еткен кеңес өкіметінің жақтасы екендігін мəлімдегендігін алға тартты. «Ол өзінің мəлімдемесін жазбаша түрде тіркеген болатын, қазір ол құжатты Шығыс Бұхарада еңбекшілер өкіметіне қарсы шығуы арқылы оның өзінің бұзып отырғандығына» тоқталды. Осы пленумда «Түркістан республикасы үшін саяси кезеңнің тезистері» деп аталған қаулы қабылданды. Төреқұлов пленумда сөйлеген сөзінде «Түркістанның барлық еңбекшілері Кеңес өкіметінің исламмен күреспейтіндігін, ол өз алдына шариғатпен немесе жергілікті дəстүрмен күресуді мақсат етпейтіндігіне Шығыс халықтарын сендіру үшін» осы мазмұндағы қаулы қабылданып отырғандығын атап айтты372. Архивтік құжаттардағы бұл деректер Түркістан қозғалысына қуатты серпін берген Энвер Пашаның қызметін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді. Ұлт-азаттық қозғалыстың бағытын өзгерткен тағы бір маңызды оқиға Энвер Пашаның Түркістанға келуі болды. Энвер Паша 1921 ж. 8 қараша күні Бұхараға келеді. Оның Түркістанға келетіндігін естіген халықтың қуанышында шек болмады. Бұхарада өткізген 23 күн ішінде алдынан халық үзілмеген Энвер Паша, бұқара халықтың үмітін оятты. Себебі, Түркістан бұл саяси шырғалаңнан тек Энвер Пашаның келуімен ғана құтылуы мүмкін еді. Энвер Пашаның бойынан Түркістанда жеңіске жететін барлық қасиет-ерекшеліктер табатындай болып көрінеді. Қалай болғанда да Энвер Паша отарлық биліктен азат етуші тұлға ретінде түркістандықтардың ерекше сый-құрметіне бөленді. Ол, сұлтандар мен халифалардың күйеу баласы əрі азаттық күрестің қаһарманы еді. Оның үстіне Энвер Паша білікті де тəжірибелі əскери қызметкер жəне осман əскерінің бас қолбасшысы болды. Энвер Пашаның Түркістанға келуі туралы Кеңестік билік басшыларының бірі былай жазды: «Бізді үрейлендірген нəрсе қарым-қатынастың əскери жағы емес, керісінше саяси жағы болды. Энвер Пашаның қол жеткізген ірі жеңістері сонау алыс жерлердегі шаруалар қауымына да зор ықпал етті»373. Энвер паша Заки Уалидидің куəлік етуіне қарағанда, Бұхараға 1921 ж. 20 қазанында келген. Оның қасында 2 түрік офицері Хажы Сами-бей жəне Абдул Қадыр Мухиддин-бей болған. Бұхарада аз ғана аялдаған Энвер паша 9 қарашада Шығыс Бұхараға барып, Қаршы қаласының 372 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 75 а іс, 4-5 п. 373 M. Yamauchі, Hoşnut Olamamэş Adam-Enver Paşa. Türkіye’den Türkіstan’a, İstanbul, 1995. (S.73)

төңірегінде Молла Нафис құрбашының қосынына қосылып, оның басшылығын қолына алады. Ал 1921 ж. 9 қарашада Энвер паша өзінің ұлт-азаттық қозғалысқа қосылғандығын мəлімдейді374. Шығыс Бұхарадағы көтерілісшілердің əрекеті 1922 ж. көктем, жаз айларында күшейе түсті. Кеңестік кезеңнің бір-біріне қарама-қайшы деректерінде осы кезде көтерілістің саны 16–18 мыңға жеткен. Энвер пашаның азаттық қозғалысқа басшылық жасаудағы еңбегін мойындаған əмір 22 наурызда оған хат жазып, көтерілісшілердің бас қолбасшысы етіп тағайындайды. Бұл хатты 28 наурызда алған Энвер паша 15 сəуірде Коперунда құрбашылардың үлкен құрылтайын шақырады. Бұхара мен Ферғананың құрбашыларымен бірге Ауғанстаннан Əмірдің өкілдері де қатысқан құрылтай Энвер пашаны бас қолбасшы жəне қозғалыстың саяси жетекшісі деп бекітті. Энвер паша өзінің Түркістандағы миссиясы туралы Байсындағы Кеңес əскери бөлімінің командирі А.Акчуринге жазған хатында былай деп жазады: «Түркістан мен үшін жат ел емес, менің бабаларым Түркістанда өсіп-өнген. Түркістандықтардың тамырына нəр берген қан да менің қаным сияқты». Энвер Паша Түркістанға келгенде, ұлт-азаттық күрес Шығыс Бұхарада кең өріс алған болатын. Шығыс Бұхарадағы басмашылық күштерінің басым бөлігін Бұхара əмірінің сенімді адамы Ибрахим Лақайлы басқарды. Бір жағынан Түркістанға отарлық биліктен бостандық алып беруге қауыштыруға келген Энвер Паша Түркістанды жеткілікті деңгейде білмейтін еді. Қызыл əскер бөлімшелері Энвер Пашаға қарсы шабуылдарын маусым айында күшейтіп, 20 шілде күні Белживанды басып алады. Энвер Пашаның əскерлері Белживан маңындағы қорғаныс шебінде қалып, ал өзі 30 адаммен Белживанға жақын жердегі Обдора ауылына қарай шегінеді375.Энвер Паша 1922 ж. 4 тамыз күні Құрбан айт мерекесін өткізуге келген Обдора ауылында болған шайқаста қаза табады. Энвер Пашаның қайтыс болғандығын естіген жəдидшілер қатты қайғырып, қара жамылып оны аза тұтады. Жəдидші ақын Чолпан осы оқиғаға байланысты жазған «Белживан» атты өлеңінде өзінің көңіл күйін «Тарихты қып-қызыл қанға бояған, халықтың соңғы үмітін қанға бояған Белживан» деп жеткізеді376. 374 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры. Книга І. -Уфа: Китап, 1994. –400 с. (С.54) 375 B.Hayіt, Basmacэlar: Tьrkіstan Mіllі Mьcadele Tarіhі, 1917-1934», Эstanbul.1997. (S.221) 376 B.Hayіt, Basmacэlar: Tьrkіstan Mіllі Mьcadele Tarіhі, 1917-1934»...(S.222) Жасбұхаралықтардың арасынан шыққан коммунистерден құралған Бұхара Халық Республикалық Үкіметі Энвер Пашаның өлімін орыстармен бірге тойлайды. Сонымен қатар осы шайқасқа қатысқан 49 кеңес жауынгерлері Бұхара Үкіметінің Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады377. «Егер Энвер паша кеңестердің оғынан өлмегенде, кеңес əскері Батыс майданда жеңіске жетіп, солдаттарын Түркістанға жібермегенде, тамыз айының соңында Ташкент, Ашхабад темір жолы толығымен жабылған болар еді, ал Хиуа, Бұхара жəне Бұхарада қызыл əскер қатарында көптеген мұсылмандар басмашылар жағына шыққан болар еді»378. Уалиди Тоған Энвер паша «Менің марқұм Талат паша сияқты Берлин көшелерінде армиянның оғынан өлгім келмейді, мен түркі ұлтын құтқару үшін жанымды беруге дайынмын. Егер ғазы бола алмасақ, онда шахидтің өлімімен өлеміз». Ол шын мəнінде идеалист еді жəне оның Түркістан жері үшін өлуге дайын екендігі шынайы болатын. Бəрі де оның қалағанындай болып шықты. Оның аты Түркістанның тарихына еніп, мəңгілік есте қалды379. Уалиди Тоған Жамал пашаны Энверге мүлдем қарама-қарсы тұлға ретінде сипаттайды. 1921 ж. Жамал паша Уалиди Тоғанға Кабулдан хат жазып, басмашыларды Кеңестермен келіссөзге келуге шақырады. Кейін олардың бəрін ағылшындарды Үндістаннан қуу жолында бірігулері үшін Ауғанстанға шақырады. Осылайша ол басмашылар арасында басқыншылық идеяға берілген арманшыл адам ретінде танылады. Жамал паша да идеалист болатын, бірақ Энвер пашаның идеалистігі кіршіксіз еді380. Түркістандағы Кеңеске қарсы жасырын саяси қозғалыстың басында болған Уалиди Тоған Энвер пашаның өлімінен соң ұлттық күштердің дағдарып қалғанын айтады. 1922 ж.18–20 қыркүйегінде Түркістан ұлттық қозғалысының съезін өткізуді жоспарлайды. Тоған «Түркістаннан Əлихан Бөкейхан, Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышбаев, өзбектерден Мүннавар қары жəне Бұхаралық Хакимзаде мен Мырза Абдулқадыр Мухиддин, Түркіменстандық Какажан Бердиев сияқты белгілі саяси қайраткерлердің Кеңестің үнемі қадағалауында болған съезге келе алмайтыны белгілі болды»381 деп жазады. Осындай себептермен де съезге қатысушылардың саны 10–15 адаммен ғана шектелген. 377 B.Hayіt, Basmacşlar: Türkіstan Mіllі Mücadele Tarіhі, 1917-1934»... (S.221) 378 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры... (С.351) 379 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры.. (С.361) 380 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры (С.361) 381 Заки Валиди Тоган. Воспоминания: Борьба народов Туркестана и других восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранения культуры (С.352)

Ендігі мəселе Энвер пашаның кеңестік билікпен қатынасының қалай қалыптасқандығы жөнінде. І дүниежүзілік соғыста Осман империясының жеңілуі себебінен Энвер паша мемлекеттік биліктен кетуге шешім қабылдап, «Иттихат ве Теракки» партиясының жетекшілері Энвер, Талат жəне Жемал бейлер неміс су асты кемесімен 1919 ж. қаңтарында Берлинге келеді. Энвер паша Берлинде кеңестік Ресейдің саяси қайраткерлерінің бірі Карл Радекпен танысып, сол арқылы Мəскеумен байланысқа шығады. Радек жастүріктер қозғалысының осы жетекшілерімен ағылшындарға қарсы бірлесе күрес жүргізу туралы келіссөз жүргізеді. Талат паша большевиктердің мұсылмандарға берген уəделерін орындамай, патшалық биліктің шовинистік саясатын қолдауға көшкендерін алға тартып, ұсынысты қабылдамайды. Ал Энвер жəне Жемал пашалар 1920 ж. басында Мəскеуге барып, кеңестік биліктің жоғары дəрежелі басшылар тарапынан ықыласпен қабылданған. Одан əрі Энвер Паша Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының қарамғына өтіп, Шығыс халықтары арасынан қарулы қосындар ұйымдастыру тапсырмасын алады.Оның бакудегі шығыс халықтарының съезіне қатысуы, нақты іс-əрекеттер кеңес өкіметінің оны үгіт-насихаттық мақсатқа пайдаланумен шектелгендігін танытады. Энвер Паша (Ахмет бей оглы) туралы қалыптасқан тарихнамалық əдебиеттерден оның саяси көзқарастары мен іс-əрекеттерінде қарама-қайшылығы мол күрделі тұлға екендігі танылады. Содан да оған берілген баға да көбіне кереғар келіп жатады. Оның саяси өмірбаянына аса қызығушылық танытқан өзбекстандық тарихшылардың арасында да сан-алуан бағалар кездеседі. Солардың арасынан Д.А.Алимованың тұжырымдары назар аудартады. «О некоторых личностях в истории Узбекистана (Энвер Паша герой или авантюрист?)» атты мақаласында382 Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихында даңқы мен дақпырты қатар шыққан тұлға туралы тың тұжырымдар жасаған. Ғалымның «На самом деле независимость туркестанцев никогда не волновала Энвер Пашу. Под этим лозунгом он хотел превратить Среднюю Азию в плацдарм для расшрения своих амбициозных целей создания сказочной страны, где он был бы халифом»383 деген тұжырымы қайраткер тұлғасын түркістандық қозғалыстан алыстата түседі. Түркістандағы 382 Алимова Д.А. История как история, история как наука. в 2-х томах. –Ташкент; «Узбекистан»; 2008. –т.1. с.197-204 383 Алимова Д.А. История как история, история как наука. в 2-х томах –т.1. с.204 ұлт-азаттық қозғалысқа, сонымен бірге М.Шоқай, С.Қожанов, Ғ.Бірімжанов жəне т. б. қайраткерлердің тағдырына қосалқы болса да ықпалы болғандықтан Энвер Паша тұлғасы тақырыпта кеңірек баяндалды. Большевиктік билік патша өкіметінің жоғарғы билеуші табына қарағанда саяси айлакерлікпен жұмыс жасады. Түркістанда кеңес өкіметіне қарсы жүргізілген акцияларды кең ауқымды əскери-жазалау шаралармен басып-жаншуымен бірге халық бұқарасын өз жағына тартып, қоғамдық сананы жаулап алуға ұмтылды. Атап айтқанда, орталық үкімет түрлі насихат шараларын үдетіп, сырт көзге жергілікті халықтың мүддесіне үнемі қамқорлық жасайтын болып көрінетін көлгір саясат ұстанды. Сондай насихаттық шаралар қатарында «мемлекеттік дербестік» алып беруге уəде ету, айықпас шовинистігімен танылған жергілікті саяси элита өкілдері Ф.И.Колесов, И.О.Тоболин, А.А.Казаков, К.Е.Сорокин, А.Ф.Солькин, К.Успенский жəне т. б. əрекеттерін көптің алдында айыптауды айтуға болады. Кремльдегі большевиктік саяси элитаның жоғарғы тобының ұсыныстарымен 1918 ж. соңынан бастап республикалық басшы қызметтерге большевиктік билікті қолдаған көзқарастарымен танылған жергілікті ұлт өкілдері Қ.С.Атабаев, А.Рахымбаев, Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, Н.Төреқұлов, С.Қожанов жəне т.б. тартылуы ұлттың өзін-өзі басқаруға қол жеткізгендей, тым құрығанда соған негіз қалағандай алдамшы түсінік қалыптастырды. Орталықта айқындалғандай, кеңестік мемлекеттік құрылыс жүйесінде Түркістан Халық комиссарлар Кеңесі өзінің бастапқы кезеңінде (1917–1918 жж.) орталықтың ұстанымдарынан ауытқымайтын қуыршақ орган ғана болды. Түркістан Кеңестерінің VІ төтенше съезінде (1918 ж. қазан) қабылданған «Ресей Социалистік Федерациясының Түркістан Республикасы» Конституциясы мəлімдеген «автономиялық құқық» тек насихаттық қана сипат алды. Өйткені тəуелсіздікті іске асыратын негізгі тетіктер – қорғаныс, сыртқы байланыс, почта, телеграф, теңіз ісі, темір жол, кеден, сауда, өнеркəсіп пен қаржы федералдық үкіметтің құзырына берілді384. Конституцияның заңдылығын негіздеу үшін «жалпыхалықтық» талқылау атүсті өткізілді, Конституция мəтінің бірыңғай орыс тілінде таратылуы да оның насихаттық мүмкіндігін тарылтты. Оның жобасын жасауға ұлттық элита өкілдерінен тек 384 Победа Октябрьской революции в Узбекистане. Сборник документов. Т. 2. –Ташкент: Фан, 1972. –519 с.

Əділет халкомы Қ.Ибрагимов қана тартылды, оның жалғыз өзінің Негізгі заңдағы ұлттық мүддені қорғауға біліктілігі де билігі де жетпеді. Өлкелік мемлекеттік басқару құрылымын Ресей үлгісінен көшіргендіктен конституция Түркістандағы Кеңестің құрылыстың саяси жүйесі ұлтқа жат құндылықтарға басымдық беріп, отаршыл басқару құрылымының империялық-тоталитарлық үлгісін жаңғыртты. Конституция бекіткен мемлекеттік басқару құрылымдарын жасақтау барысында əртүрлі деңгейдегі жергілікті əкімшілік топ қалыптаса бастады. Осы мəселедегі шынайы ақиқатты Г.Сафаров барынша əшкерелеп, былай деп жазады: «Отаршыларға кіші інілері туралы екіжүзді қамқорсыну жағдайы туа қалғанда, олар өздерімен тең дəрежедегі орын алмастыра аларлық бұратаналардан шыққан басшыларды қажет етпеді. Оларға тек бас шұлғып, екі айтқызбайтын кеңсе қызметкерлері мен аудармашылар ғана керек еді»385. Бұл үдерісте таптық қағида басшылыққа алынып, ұлттық мүдде назардан тыс қалды. Соған сай ресейлік үлгімен құрылған сот, прокуратура, ВЧК, əскери трибуналдар түріндегі құқық қорғау органдары мен əскери құрылымдар жергілікті европалық жұмысшылар мен солдаттардан жасақталды да, олардың басшылары орталықтан келген «десанттардан» тағайындалды. Кеңестік басшылықтың жергілікті ұлт өкілдеріне сенімсіздік танытып, оларды күштік құрылымдарға жолатпауы – бұл салалардағы басшы ұлт кадрлары қатарының аз болуына ықпал жасады. Сенімсіздіктің жаппай сипат алғандығы соншалықты, тіпті 1920 ж. дейін жергілікті ұлт өкілдері қызыл əскер қатарына алынбады. Түркістанда кеңестік тəртіптің негізін қалаудың ерекше мемлекеттік тетігі қызметін РК(б)П БК(б)П ОК құзырындағы Түрккомиссия, Түркбюро, Ортаазиялық Бюро түріндегі эмиссарлық органдар атқарды. Олар Түркістан республикасында жоғары деңгейде партиялық жəне мемлекеттік қадағалау орнатты. Кеңестік биліктің жоғарғы эшелоны өлкедегі саясатына басшылық жасау жəне қадағалауда үнемі партия-кеңес, шаруашылық қызметкерлерінен «десант» түсіру тəсілін тұрақты түрде қолданды. Орталықтан келген қызметкерлер жергілікті жағдаймен таныс болмағандығы өз алдына олардың іс-əрекеті мен көзқарасында шовинистік пиғыл басым болатын. Бұл жағдай республикадағы саяси ахуалға айтарлықтай салқынын тигізетіндігін ұлттық саяси элитаның көрнекті тұлғалары тап басып тани алды жəне оның ал385 Сафаров Г. Колониальная революция. /Опыт Туркестана/ М.: Госиздат, 1921.-175 с. дын алу үшін дабыл қақты. С.Қожанов Сталинге жазған хатында «Өлкелік қызметкер келген кездегі объективтік жағдай оны кəдімгі, жүрексіз отаршылдық шенеунік етіп шығарады жəне ол өзін бүкіл орталықтың еркесі сезінеді, өзін сыннан жоғары санайтын болады, сондай-ақ оның «жасампаздығына» кедергі келмеу үшін жоғары тұрған органдар мен тұлғаларға, яғни басшылық сатысы бойынша жала жабады, жағымпаз болады, шағымданады. Принципті жол берілетін шекте өз биігінен төмен түсу, төмен тұрған ұйымдармен, бұқарамен санасу, өмірдегі өзінің «күнəсінің бар-жоғын» ара-тұра тексеру - оның үш ұйықтаса түсіне кірмейді»386 деп мəселенің саяси салдарына назар аударды. Түркістанға 1920–1923 жж. аралығында келген мəскеулік «десантшылардың» қатарында большевиктік элитаның М.Буденный, Г.Бокий, В.Куйбышев, Ф.Голощекин, Я.Рудзутак, Л.Каганович, А.Иоффе, В.Ногин, Г.Орджоникидзе, М.В.Фрунзе, Ш.З.Элиава сияқты «кəсіпқой революционер» деп аталған ескі гвардиясының «генералдары» болатын. Олар өздеріне Орталықтың берген кең өкілеттігін, саяси салмағын пайдаланып, Түркістанның қабырғасы қатпаған жас ұлттық элитасына орасан зор саяси моральдық қысым жасады. Тіпті, М.В.Фрунзе Түркістан майданы қолбасшысы ретінде ұлттық саяси элита мен Түрккомиссия мүшелері арасында «Түрік Республикасы» мен «Түрік коммунистік партиясын» құруға байланысты қалыптасқан саяси теке-тіресті тізеге салып, Орталықтың пайдасына күшпен шешіп берді. Қызыл əскер Орталықтан келген саяси элитаның арқа сүйеген ең басты күші болатын жəне олардың қатары аз емес еді. 20-жылдардың бас кезінде кеңестік Түркістанда 200 мыңнан астам ресейлік солдат болды Осындай əскери фактордың қысымымен Түркістан Республикасы Кеңестерінің VІІІ съезі (1919 ж. қыркүйек-қазан) «Түркістанның экономикалық саясаты қатаң түрде Ресейдің экономикалық саясатымен жүргізілуі тиіс»387 деген шешім қабылдауға мəжбүр болды. Бұндай экономикалық тəуелділік Ресей үшін аса маңызды мақта өндірісін өз басқаруына алу, Түркістанның азық-түлік қорын əскери коммунизм саясатына сай аяусыз талап алу жəне оның орнына шаруаларға ешнəрсе қайтармау түрінде көрініс тауып жатты. Түркістанда мал басының, егіс көлемінің кемуіне алып келген бұндай жазалау-қуғындау шараларына билік басындағы билеуші топтың тікелей кінəлі екендігіне сол кезеңнің зерттеушісі 386 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі)...369 б. 387 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 36-іс, 22–25 пп.

С.Гинзбургтің мына сөздері дəлел болады. Ол «Іс жүзінде кеңестік билік орыс қоғамының отаршыл бөлігінің қолына тиген еді жəне олар қарулы зорлық-зомбылық саясатын ашық жүргізді. үкіметтің жеке меншікті мемлекет иелігіне алу, кəмпескелеу жəне басқа да акцияларын диқандардың көз алдында патша саясатынан бетер жүргізді»388 деп жазды. Осындай себептермен Түркістанда кеңес өкіметінің орнауы аса күрделі қоғамдық-саяси жағдайларға байланысты барынша шиеленісті сипат алды. Барлық шиеленістің негізгі түйіні өлкедегі мемлекеттік билікті айқындаудан туындады. Ұлттың өзін-өзі басқаруға қол жеткізуді басты мақсат еткен ұлттық элита өкілдері өлкеде қалыптасуы тиіс мемлекеттіліктің саяси, идеялық жəне құқықтық негіздерін жасау əрекеттері арқылы ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. Отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс барысында қалыптасқан тəуелсіздік идеясы билік басына келген большевиктердің Ресей төңірегіне топтасқан біртұтас, бөлінбейтін мемлекет құру жөніндегі саясатына қарсы қойылды. Сол сияқты ұлттық элитаның ұлттық демократиялық қоғам орнатуға деген ұмтылысы большевиктердің пролетариат диктатурасына негізделген таптық қоғам құруды көксеген озбырлық əрекетіне қарсы тұрды. Қоғамдық даму барысында ұлттық элита құрылымының балаңдығы, саяси күштердің ұйымдық тұрғыда пісіп жетілмеуі сияқты көптеген объективті себептердің салдарынан саяси текетірес большевиктердің пайдасына шешілді. Ұлттық күштер құрамында сапалық өзгерістер іске асып, олар тəуелсіздік үшін күрестің жаңа жағдайдағы тактикалық мақсаттарына топтаса бастады. 3.2 Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы этносаяси үдерістер Түркістандағы этносаяси үрдістер кеңестік биліктің жеңісінен соң қоғамдағы жаратушылық əрекеттер барысында бұрынғыдан да күшейе түсті. Азамат соғысы мен шетелдік басқыншылық əкелген қиындықтарға қарамастан Түркістанда кеңестендіру жұмысы большевиктер саясатының басты бағытына айналды. Əрине, бұл үдерісті əртүрлі деңгейдегі билік құрылымдарына 388 Гинзбург С. Басмачество в Фергане. //Очерки революционного движения в Средней Азии. Сборник статей Ф. Ходжаева, Е.Феодорова, Т. Рыскулова, С. Гинзбурга. –М.: Изд. Научной ассоциации востоковедения при ЦИК СССР. 1926. –152 с. (С.Гинзбург. – С.131-132) жергілікті ұлт өкілдерін тартусыз іске асыру қиын еді. Кеңестік əдебиетте кеңестендіру мəселесін саяси тұрғыда қарастыруға баса мəн берілген. Ал зерттеу жұмысының міндеттері мəселені ұлттық басқару кадрларының қалыптасуы жəне олардың билікке араласуы тұрғысында қарастыруды қажет етеді. Кеңестендіру саясатының бастамасы ретінде 1918 ж. екінші жартысы – 1919 ж. алғашқы жартысында Сырдария, Самарқанд, Жетісу облыстарында қыстақтық, ауылдық, селолық жəне болыстық кеңестерінің сайлауы өтті. Бұндай сайлау басмашылық қозғалыс күшейіп тұрғанымен Ферғана облысында да өткізілді. Сол сияқты қалалық, уездік, облыстық кеңестер мен олардың атқару комитеттерінің құрамының қалыптасуы одан əрі жалғасты. Облыстық кеңес атқару комитеттерінің құрамына жергілікті ұлт өкілдерін міндетті түрде қатыстыруға деген қажеттілік қалыптасты. 1918 ж. тамызында Сырдария облаткомының құрамы төраға Н.В.Викторский, мүшелері Ф.М.Леонтьев, В.И.Ковальчукпен бірге Абдурахман Дост-Мұхамедов сайланды. Бұл облыстық деңгейдегі билік құрылымына жалғыз болса да жергілікті ұлт өкілдерін араластырудың алғашқы көрінісі еді. Бұндай ілгерілеушілік Самарқанд, Ферғана облаткомдарының құрамында да орын алды. 1918 ж. 15 мамырдағы Түркатком қаулысымен құрылған облыстық, уездік атқару комитеттерінің жанындағы ұлт істері жөніндегі бөлімдердің меңгерушілері негізінен жергілікті ұлт өкілдерінен тағайындалуы тиіс болатын. Мысалы, жоғарыда аталған А.Дост-Мұхамедов Сырдария облаткомында 1919 ж. қаңтарына дейін осы лауазымда қызмет істеген. Көп жағдайда бұл лауазым европалық ұлттардың өкілдеріне сеніп тапсырылды. Бұл дəйек Түркістан қоғамындағы ұлттық кадрларға байланысты қалыптасқан екі айырым көзқарастан хабар береді: біріншіден, мемлекеттік қызметтерді сеніп тапсыратын білікті ұлт кадрлары жеткілікті дəрежеде қалыптаса алмады; екіншіден, ұлт кадрларына билік тұтқасын тапсыруға деген сенімсіздік басым болды, өйткені олардың кеңестік құрылысқа, большевиктік идеяларға тəуелділігін қамтамасыз ететін саяси тетік қалыптаса қойған жоқ. 1918 ж. ортасы мен 1919 ж. ортасы аралығында Түркістанда жергілікті кеңестерге сайланғандардың ұлттық құрамы бойынша екі деңгей айқындалды: біріншісі ауылдық, селолық жəне болыстық аткомдар; екіншісі уездік, облыстық аткомдар. Мысалы, ауылдық, селолық жəне болыстық сайланбалы органдары мүшелерінің

ұлттық құрамы сол əкімшілік бірлік аумағындағы ұлттың үлесіне сай келді. Ал керісінше уездік, облыстық атқару комитетінің құрамына жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі тұрғындардың абсолюттік санына сай келмеді. Сайлау науқанының соңында аталған билік құрылымдарында жергілікті ұлт өкілдері 50 пайызға жуығын құрады. Əйтсе де, Сырдария облысының өкілді органдарында көпшілік орынды иемденген орыстілді тұрғындар облыс халқы арасында 6,6 пайыз ғана құраған болатын. Осы сияқты қиғаштық европалық тұрғындардың үлесі барынша жоғары саналған Ташкент жəне Əулиеата уездерінде олардың үлесі 11,6 жəне 8,9 пайызды ғана құрады389. Республиканың орталық билік құрылымдарында да бұндай кереғарлық қалыптасқан. Кеңестердің Өлкелік VІ съезіне (қазан 1918 ж.) 439 делегат қатысса, олардың 40% астамы жергілікті ұлт өкілдері болғанымен Түрікаткомға сайланған 75 мүшенің 20-сы (27% жуық), Халком кеңеске сайланғандардың 3-уі (18% жуық) ғана жергілікті ұлт өкілі болды. Ал 1919 ж. наурызда өткен Түркістан Кеңестерінің VІІ съезіне қатысқан 290 делегаттың 30 пайызы жергілікті ұлт өкілдері болды, демек республикалық форумға қатысқан жергілікті халықтардың өкілеттілігі едəуір төмендетілді. Тек бұл жолы Халкомкеңес құрамына сайланған жергілікті ұлт өкілі біреуге артты390. Жергілікті ұлт өкілдерінің билік құрылымдарына сайлануы қандай қиын болса, сайланғандардың қызметтік құқықтарын іске асыруы да көп қиындықтарға тап болды. Осы кезеңдегі кеңес өкіметінің Түркістандағы кадр саясаты ерекше көңіл қоюды қажет етеді. 1918 ж. Түркістан ұлт істері жөніндегі комиссариаттың жанынан нұсқаушы-ұйымдастырушылар дайындайтын екі айлық курс ұйымдастырылды. 1918ж. сəуірінде П.А.Кобозевпен бірге келген, осы кезде Түркістан Халкомкеңесінде Наркомнацтың ұйымдастыру-насихат бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейтін Ю.Ибрагимов дайындаған курс қызметінің ережесіне сай курсқа облыстық жəне уездік партия ұйымдарының ұсынысы бойынша «Кеңес өкіметінің тұғырнамасындағы жəне орысша сауатты, ұлттық белгісіне қарамастан 20 жастан асқан» адамдар тартылды. 60 адамға арналған курсты бітірушілер өз аудандарына оралып «жергілікті кеңестердің бақылауымен» «жергілік389 Бекмаханова Н. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы ХІХ в - 1917 г.). -М.: Наука, - С.171-172 390 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 16-іс, 65-101 пп; 6-іс, 42-84 пп. ті пролетарлық бұқара арасында ұйымдастыру жəне насихат» жұмыстарын жүргізуі тиіс болды391. Курс тыңдаушыларының алғашқы тобы 1918 ж. 20 желтоқсанда қабылданса, тыңдаушылардың үшінші легі 1919 ж. 20 қазанда оқуын аяқтады. Алғашқы екі лекті 52 тыңдаушы, үшіншіні 63 тыңдаушы бітірді392. Кеңестік жүйенің жергілікті ұлттан жаңа үлгідегі басқарушы кадрлар дайындау əрекетінің алғашқы нəтижесі блған бұл көрсеткіштер талдауды қажет етеді. Алғашқы екі лектің жайы Наркомнацтың партия, кеңес қызметкерлерін дайындауды ұйымдастыруының шынайы деңгейін көрсетеді. Алғашқы лек тыңдаушылары бары-жоғы 18 сағат лекция тыңдап, бірден практикалық жұмысқа жіберілсе, екінші лекке қабылданған 36 тыңдаушының тек 12-сі ғана курсты толық аяқтап шықты, ал қалғандары түрлі себептермен оқудан қол үзген393. Бұл екі дəйек жергілікті ұлттың арасынан 1919 ж. ортасына дейін партия, кеңес кадрларын дайындау жұмыстары теориялық жəне ұйымдық тұрғыда жолға қойылмады деген тұжырым жасауға негіз болады. Кеңестік құрылыстағы таптық көзқарас дəстүрлі ұлттық əкімшілік элитасын жергілікті билік құрылымдарына тартуға кедергі болды. Бұл жағдайдың сақталып қалуына өлкедегі орыс жұмысшыларының, жергілікті партия, кеңес қызметіндегі большевиктер мен эсерлердің санасында орныққан ұлыдержавалық шовинизм сарқыншақтары да түрткі болды. Ұлттық басқару элитасына қатысты осындай көзқарас өлкедегі билік құрылымдарында күрделі саяси ахуал қалыптастырды. Соның көрінісі ретінде 1918 ж. соңында ТКП қатарында партияның ОК төрағасы, Түркістан республикасы Орталық атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарушы И.О.Тоболиннің жетекшілігімен «қарт коммунистер» деп аталған топ құрылды. Кейін ол топқа Халкомкеңес төрағасы Ф.И.Солькин қосылды. Аталған топтың жақтаушылары басшы қызметтерге ұлттық кадрларды жоғарылатуға қарсы болды. «Қарт коммунистердің» бұндай шовинистік əрекетіне Түркістан Кеңестері VІ съезінде (16 қазан 391 ӨРОМА. Р-36-қ., 1-тіз., 11-іс, 121 пп: Положение организационно-агитационного отдела Наркомнаца о курсах по подготовке кадров организаторов и агитаторов. 121 п. 392 Ланда Л.М. Создание народного комиссариата по делам Туркестанской АССР и его деятельностъ в 1918-1919 гг. // Из истории Советского Узбекистана. Сборник статей. [Отв. ред. К.Е. Житов]. -Ташкент: Изд-во АН УзССР, 1956. –107 с. 393 ӨРОМА. Р-36-қ., 1-тіз., 99-іс. 17п.

1918 ж.) большевиктік фракция тойтарыс берді. Осы фракцияның басшылығымен өткен 1918 ж. желтоқсандағы ТКП ІІ съезі жергілікті партия ұйымдарынан «мұсылмандарды күнделікті жұмыстарға араластыру, сол үшін оларға тəжірбиелі көмекшілер беріп, оларды əкімшілік, шаруашылық жəне басқа қызметтерге үйретуге» баса мəн беруді талап етті394. Большевиктік биліктің нығаюымен бірге олардың билік құрылымдарын таптық негізде жасақтау туралы талабы да күшейе түсті. 1918 ж. Түркістанда жасақталған жергілікті кеңестердің басым бөлігі таптық талаптарға сай келмеді. Билік құрылымдарына ұлттық кадрлар жетпей тұрғанда большевиктердің мемлекеттік қызметке таптық шектеу қоюы онсыз да күрделі кадр мəселесін барынша шиеленістіріп жіберді. Мысалы, Сырдария облыстық Халық комиссарлар кеңесі 14 қараша 1918 ж. Ташкент уездік атқару комитетіне Піскент болыстық атқару комитетінің басым бөлігі буржуазия табының өкілдері болғандықтан оны таратуды ұсынған қаулы қабылдады395. Бұл əрекеттің астарында бірыңғай жергілікті ұлт өкілдері құраған атқару билігін ауыздықтау мүддесі бұғып жатты. Кадр саясатындағы бұндай таптық талап 1918 ж. қазан айында Өлкелік кеңестердің VІ съезінде қабылданған ТАКСР Конституциясының баптары арқылы одан əрі нығая түсті. Конституция бойынша жалдамалы еңбекті пайдаланбайтындар ғана сайлау жəне сайлану құқын иеленді. Демек, кеңестердегі ұлт депутаттарының қатары тек жергілікті еңбекші бұқараның есебінен ғана ұлғаюы мүмкін еді. 1918 ж. РКФСР Конституциясында облыстық жəне губерниялық Кеңестердің съездері қалалық жəне уездік кеңестер съезі өкілдерінен 1/5 үлестік өлшеммен жасақталатын тəртіп белгіленді. Осы Конституцияны саяси-құқықтық тұрғыда негізге алған Түркістан конституциясында жұмысшылар мен шаруалардың кеңестердегі тең үлесті өкілеттігі белгіленді. Түркістан жағдайында жұмысшы табы мен шаруалардың өкілеттілігі жергілікті еңбекшілердің кеңес органдарында билікке араласуы мəселесіне тікелей тəуелді еді. Орыс тұрғындардың селолардағы үлесі 1 пайыз болса, қаладағы білікті жұмысшылар арасында олар 80 пайызды құрады. Бұндай жағдайда бірден бір дұрыс шешім аталған топтардың арасынан сайланған депутаттардың ұлттық тең үлестігіне қол жеткізу еді. 394 Коммунистическая партия Туркестана в резолюциях съездов и конференции. - Ташкент: Узбекистан, 1988. –С.14-15, 20. 395 ӨРТОМА. 1-қ.,1-тіз., 50-іс. 94-95 пп. 1919 ж. жазы мен күзінде мемлекеттік биліктегі тең үлесті өкілеттілік мəселесі республика саяси өмірінің өзекті мəселесіне айналды. ТКП ІV төтенше съезі (қыркүйек 1919 ж.) РК(б)П ОК радиограммасын арнайы талқылап, кеңестік құрылыстың аталған қағидасын Түркістанның ішкі билігіне жергілікті еңбекшілерді қатыстыруды Кеңестік Ресейдің Шығыстағы саясатын табысты іске асыруға ұштастырумен байланыстырды. Съезд республиканың кеңес органдарында тең үлесті өкілдік қағидасын «Өлкелік немесе жергілікті Кеңес съездері талап еткен жекелеген жағдайда» қолдануды қуаттады. Сайлау барысында Мұсбюро жəне ТКП комитеттерінің міндетті түрде қадағалауымен ТКП қатарында жоқ тұлғаларды да жауапты қызметтерге өткізу, əйтсе де еңбекшілер ұйымдарына қатысты жоқ тұлғаны ұсынбау құқын бере отырып іске асыру жөнінде қаулы алынды. Соған сəйкес өлкелік ТКП, Өлкелік Мұсбюро мен төменгі партия ұйымдарына жергілікті ұлт бұқарасын кеңестік құрылысқа тарту мақсатында «қалалардағы мұсылман пролетариаты, ауылдар мен қыстақтағы диқандардан, еңбекші тұрғындардан таптық белгісі бойынша таптық ұйымдар құруға барлық шараларды қолдану»396 міндеті жүктелді. Кеңестердің Өлкелік ІІІ съезі мен ТКП ІV съезі қатар өтіп, республика саяси өміріндегі маңызды мəселелермен бірге кеңестік билік құрылымдарына тең үлесті өкілеттілік енгізу туралы нұсқаудың орындалу барысы да бірге талқыланды. 19 қыркүйекте екі съездің коммунистік фракцияларының біріккен мəжілісінде П.А.Кобозевтың кеңестердегі жергілікті ұлт өкілдеріне тең үлесті өкілдік беруді тез арада іске асыру туралы саяси көзқарастары өткір сынға алынды. Мемлекеттік билік құрылымдарындағы ұлттық мүддені қақпақылға салған саяси бөспелік жергілікті басқару элитасының қызметінде тұрақты түрде жəне ерекше құлшыныспен қолданылғандықтан халықтың назарын алдарқататын тиімділікке қол жеткізді. Осындай принципті мəселе бойынша жергілікті саяси элита арасында бұндай пікір алшақтығы болғанымен Түркістан Кеңестерінің VІІІ съезі республика кеңестеріне ұлт өкілдерін тең үлесті өкілдік негізінде қатыстыруды қуаттады. Бұндай ахуал республикада кеңестік негіздегі ұлттық элитаның қалыптасуына қолайлы саяси жағдай жасады. 1919 ж. соңы – 1920 ж. басында Жергілікті ұлт өкілдерін кеңестік билік құрылымдарына тартудағы ұстанымдар кеңестердің 396 ӨРТОМА. 2-қ., 1-тіз., 228-іс, С.60-61

атқару комитеттерінің революциялық комитеттерге ауысу үдерісінде де бірқатар өзгерістерге түсті. Ревком мүшелері əр ұлттың өкілдерінен тағайындалғанымен, ең басты өзгеріс олардың түгелдей дерлік большевиктерден құралуы еді. Əдетте облыстық ревкомдар құрамы 5-11 мүшеден, уездікқалалық ревкомдар 5-7, аудандық жəне болыстық 3-5, ауылдық, селолық, станицалық жəне поселкелік ревкомдар 3 мүшеден құралды397. Бұл жағдайда ұлт өкілдерінің атқарушы билік органдарындағы үлесі едəуір арттқанымен, тағайындау қағидасы жəне ревкомның сандық құрамының шектелуі олардың жергілікті билік құрылымдарындағы абсолюттік санын кемітіп жіберді. Жергілікті ұлт өкілдерінің билік құрылымдарына араласуы үшін күрес 1919 ж. қарашасында республикаға Түрккомиссияның келуімен жаңа мазмұн алды. Атаған комиссияның бастамасымен ұлыдержавалық-шовинистік жəне ұлтшылдық көзқарастарынан арыла алмаған түркістандық қызметкерлердің бір тобы Түркістаннан босатылып, Орталықтың қарамағына жіберілді. Оның есесіне 1920 ж. сегіз айда Түркістанға РК(б)П ОК түрлі мамандықтардағы 596 қызметкерлерді жіберді398. Ол мамандардың халық шаруашылығы салаларын жолға қоюдағы атқарған орасан зор ұйымдастырушылық қызметтері өз алдына дербес зерттеу желісі. Ал мəскеулік «партиялық десанттың» саяси ықпалы өте үлкен болды. Атап айтқанда, Түрккомиссия жəне оған арқа сүйеген партиялық десант Түркістанда үлкен қиындықтармен қалыптасып келе жатқан ұлттық элита қалыптасуының саяси эволюциясының ырғағын бұзды жəне тежеп тастады. Оның орнына саяси элитаның кеңестік нұсқасы партиялық-мемлекеттік номенклатураны қалыптастыруға негіз қалады. Таптық негіздегі құбылыс болғандықтан партноменклатура жүйесінде ұлттық саяси бағыт-бағдардың болуы қиын еді. Осы кезге дейінгі өлкедегі партия құрылысының жайы Түрккомиссия мүшелерін қанағаттандырмады. Өлкедегі элиталық топтар арасындағы тартыс казаковшылар мен кобозевшылар арасындағы саяси күрес түрінде өрбіді. Осыған байланысты 1919 ж. соңында Кобозев бас болып Орталық үкіметке жолдаған ұжымдық хат ізсіз кетпеді. 1920 ж. 14 қаңтарда РК(б)П ОК хатшысы Крестинский Түрккомиссияға жедел хат жолдап, Түркістан өмірін жетік 397 Шамсутдинов Р.Т. Из истории революционных комитетов Туркестане в 19181923 гг. //История СССР. 1970 -№6. -С.62. 398 Турсунов Х.Т. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане. –Ташкент: 1971. -206 с. білетіндіктен, өздерінің белсенді əрекетімен жергілікті тұрғындар арасында кеңінен танымал болған Ибрагимов, Кобозев жəне Рысқұловтарды комиссияның құрамына енгізуге нұсқау берді399. Бұл жеделхатқа 28 қаңтар күні Түрккомиссия мүшесі Ш.Элиава жауап қайтарады. Онда Комиссия құрамына жергілікті тұрғындар өкілдерінен «Жас, өте дарынды қырғыз Рысқұлов пен айтарлықтай қабілетін таныта қоймаған Ибрагимовты» енгізу мүмкін емес, «Кобозевтің енгізілуіне үзілді-кесілді қарсымыз, оның бұндағы қызметі көбіне жағымсыз сипат алған»400 деп жазды. Түрккомиссия мүшелерінің қатысуымен 1920 ж. қаңтарында Өлкелік V партия конференциясының партия-кеңес құрылысы туралы қарарында мұсылмандардың кедей бұқарасының тағдырын революция тағдырымен қосу жəне революциялық күреске тарту үшін оларды кең көлемде кеңес жұмыстарына қатыстыру, маңызды кеңестік лауазымдарды атқаруына мүмкіндік беру қажеттілігі аталды. Оның үстіне ТКП кеңестік құрылыс саласында өзінің таптық бағытын мұқият жүргізуі керек еді401. Осы съезде Түркатком төрағалығына сайланған Т.Рысқұлов жəне оны қолдаушы партия, кеңес қызметкерлерінің тобы кеңес органдарына жергілікті ұлт өкілдерін кеңінен тартуға байланысты шараларды батыл іске асыра бастады. Мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыруда таптық мүддемен бірге ұлттық мүддені де алға тартқан бұл топтың əрекеті кеңес органдарының кадрлық құрамын жасақтауда таптық қағидадан ұлтшылдыққа ауытқу деп бағаланды. Өйткені, Түркаткомның бастамасымен билік басындағы көптеген европалық кеңес қызметкерлері жергілікті ұлт өкілдерімен алмастырылды. Элитаайналымы үдерісіндегі бұндай шешімді əрекетке ресми билік кандидаттарды таңдағанда олардың іскерлік қабілеті емес, ұлттық белгілері басшылыққа алынды деп теріс баға берілді. РК(б)П Өлкелік Комитетінің 18-ақпан 1920 ж. мəжілісінде Түрккомиссия төрағасы Ш.З.Элиава «Рысқұлов мəселенің Түркаткомды айналып Өлкелік Комитетте талқыланғандығына шүйлігеді. Бірақ жолдас Рысқұлов Түркаткомда қаңырап бос тұрған орынға келіп отырғандығын ұмытып кетеді, өйткені Түркістан Республикасында кеңес өкіметі болған жоқ. Оның ісі осы өкіметті, нағыз кеңес өкіметін құру. Түркатком Халкомкеңес қызметінен 399 РГАСПИ. Ф. 122, оп. 1, д. 31. 1-п. 400 РГАСПИ. Ф. 122, оп. 1, д. 31. 3-п. 401 Турсунов Х.Т. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане. –Ташкент: 1971. -65-66 с.

қол үзіп қалған»402 деп кесімді пікір айтады. Түрккомиссия мүшелерінің ортақ пікірін танытатын бұл тұжырым өлкедегі нақты саяси жағдайдан хабар береді. Түркаткомның жаңа басшылығына комиссариаттар мен ревкомдарға, басқа да кеңестік мекемелерге басшы тағайындағанда тек өз жақтастарын өткізді деген айып тағылды. Жергілікті ұлт өкілдері арасынан кадр таңдау жəне орналастыруда таптық принциптен бас тарту, сол сияқты сайланбалы негізді бұзып, тағайындау принципін кеңінен қолдану кеңестік органдардың жоғарғы лауазымдарына негізінен ұлт зиялылары мен бұрынғы шенеуніктер, саудагерлердің енуіне мүмкіндік жасады, тұрғындардың кедей бөлігін мемлекет басқару ісіне қатыстырмай оқшаулау əрекеті жойылған жоқ403. Ұлттық элита арасында көбіне Т.Рысқұловқа қарсы топтың басында болатын А.Рахымбаевтың Түркістан Кеңестерінің ІХ съезіндегі баяндамасында айтылған осы сарындағы саяси айыптаулардың бəрін де объективті тұрғыда қабылдауға болмайды. Дегенмен, осы мазмұндағы сынды ТКП Уақытша ОК төрағасы Н.Төреқұлов та айтады. Бұл пікір қақтығысы Н.Төреқұловтың ұлт мəселесіне байланысты ұстанған позициясының Т.Рысқұловпен үнемі үйлесе бермегендігінің бір ғана көрінісі. Ұлт кадрларымен жұмыс жасауда біршама оңшыл бағыттағы Т.Рысқұлов басқарған Түркатком жəне ТКП Өлкелік Комитеті басшылығы ескі құрамының Түрккомиссия мүшелерімен арада көзқарас алшақтығы орын алды. Əсіресе бұл алшақтық Түркістанның жергілікті халқын мемлекеттік басқаруға араластыру мəселесіне қатысты ашық көрініс тапты. 1920 ж. 1-3 наурыз күндері өткен ТКП Өлкелік комитеті, Түркатком төралқасы жəне Түрккомиссияның біріккен мəжілісінде Түрккомиссия мүшелері арасында өткір пікірталас болды. Пікірталас негізі РКФСР ХКК кең өкілеттігіне малданған Түрккомиссияның кадр мəселесінде Түркаткоммен көбіне санаса бермеуінен туындады. Аталған біріккен мəжілісте пікірталас республиканың жоғары билік құрылымдарында қызмет істеген жекелеген кадрларға қатысты өрбиді. Өрши түскен саяси пікірталаста Т.Рысқұлов өзіне тағылған жақтастарың - шовинист, өзің – қырғыз шовинисісің деген айыптаулардан қорғануға мəжбүр болды. Оның пікірін Я.Ф.Рудзутак құптамай кадр саясатының тек практикалық нəтижелеріне ғана 402 РГАСПИ. Ф. 17, оп. 84, д. 79, лл.76-78. 403 Победа Октябрьской революции в Узбекистане. Сборник документов. Т. 2. –Ташкент: Фан, 1972. –610 с. баса мəн беретіндігін танытты. Сол сияқты ол отарлық езгіде болған өлкеде мемлекеттік билікке жергілікті ұлт өкілдерін тартудың үлкен саяси маңызын жете бағалай алмайтындығын көрсетті. Кеңес өкіметінің ұлт саясатының жалпы қағидаларын Түрккомиссияның Рудзутак сияқты кейбір мүшелері осылайша бұрмалауға кірісті. Орталықтың эмиссарлық органының кейбір мүшелері бұл бұрмалауды саяси бөспелікпен бүркемелесе, Рудзутак оны ашық формада көрсетті. Осындай бұрмалаулардың бір мысалы, кеңес органдарының құрамына, ең алдымен Түркаткомға интернационалдық сипат беру түрінде көрінді. Түрккомиссиямен арадағы пікір алшақтығына қарамастан Т.Рысқұлов Түркатком төрағалығына қайта сайланды. Түркатком төралқасын мынадай жаңа интернационалдық құрамда бекітті: Т.Рысқұлов (төраға), Ф.А.Железнов, М.Савельев, Н.Ходжаев, И.А.Любимов, Бисеров. Дегенмен, алғашқы кезде Түркатком мен Түрккомиссияның, кейіннен РК(б)П ОК арасында кеңес өкіметінің ұлт саясатындағы жекелеген маңызды мəселелер бойынша көзқарас алшақтығы бəрібір Т.Рысқұловтың отставкаға кетуіне алып келді. Осымен бірге өз өкілеттігін доғару туралы мəлімдеме жасағандардың қатарында Н.Ходжаев, Тұрсынқожаев, Бисеров, Абдусаттаровтар болды404. Республика басшылығында орын алған бұндай саяси дағдарысқа талдау жасаған Ш.Элиава РК(б)П ОК-іне 20 маусымда жолдаған жеделхатында соңғы екеуі өздерінің əрекетін біршама өзге себептермен байланыстырғанымен олардың көпшілігі партияның Орталық Комитетімен көзқарасының алшақтығын алға тартатындығына тоқталады. Қалыптасқан жағдайда Түрккомиссия мемлекеттік билеуші орган құру бастамасын қолына алып, 20 шілдеде Уақытша Өлкелік партия Комитетін жасақтады. Бірінші басшылығына Н.Төреқұлов сайланған Өлкелік комитетінің құрамына Атабаев, Асфендияров, Хакимов, Сүйінқожаев, Ұстамбаев, Юсуф Ибрагимов, И.Ходжаев сияқты ұлттық элита өкілдерімен бірге Домбровский, Габар (бұрынғы əскери тұтқын, венгер – Х.Т.), Билик, Семенов (темір жол жұмысшысы), Геллер, Плотников сияқты европалық тұрғындар арасынан шыққан жергілікті элита өкілдері енді. Бұл құрамның ұлтшылдыққа ауытқымай коммунистік идеяларды іске асыратындығына кепілдік берген В.Куйбышев мынадай баға береді: «Жаңа ОК мүшелері арасында жергілікті тұрғындар арасынан шыққан тамаша төлтумалар бар. Мысалы Төреқұлов, интели404 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века... С.115

гент, бұрынғы студент, кедей қырғыз отбасынан шыққан, маркстік тұрғыда ойлайтын адам. Атабаев барынша қолайсыз жағдайда ғайыптан өзінің салауатты коммунистік көзқарасын қалыптастыра алған Түркістанның ауылынан шыққан адам»405. В.Куйбышев Мəскеуге жолдаған жеделхатында ұлттық элитаның осы екі өкіліне ғана арнайы тоқталған. Ал шындығында Түркатком төралқасының, Уақытша Орталық Комитеттің құрамына енгізілгендердің бəрі де осындай партиялық сүзгіден мұқият өткізілді. Бұл қағида Республика өкіметінің жаңа құрамын жасақтауда да орын алды. 1920 ж. 4 тамызда ТКП ОК Түркатком төралқасының мынадай жаңа құрамын бекітілді: Бисеров (төраға), И.Е.Любимов, В.И.Билик, Қ.С.Атабаев, А.Рахымбаев, Х.А.Ширинский, И.Ходжаев. Түркатком төралқасы мен Уақытша Өлкелік партия комитетінің жаңа құрамы кеңес органдарының басшылығына жергілікті ұлт өкілдерін көптеп тарта бастағанымен олардың кадр таңдау мен орналастырудағы талабы өзгерді. Олар ендігі жерде РК(б)П ОК мен Коминтерннің ІІ конгресінде жасалынған демократиялық, интернационалдық позицияларды қолдайтын ұлттық кадрларды ғана жоғарғы мемлекеттік билік құрылымдарына тарта бастады406. Бұл жағдай Түркістан республикасында партиялық номенклатураның орнығуының басы болды. 1920 ж. жазында бүкіл республика бойынша кеңестердің уездік жəне облыстық съездері болып өтті. Осыған байланысты баса назар аударатын мəселе, жазғы сайлау науқаны республикада алғаш рет партиялық жəне мемлекеттік аппаратты кеңеске қарсы элементтерден тазартуға пайдаланылды407. Саяси элита арасында мемлекеттік аппаратты жергіліктендірудің қарқыны мəселесі де елеулі саяси пікірталас туғызды.- П.А.Кобозовтың, Т.Рысқұлов пен оның жақтастарының жергілікті тұрғындарға кеңестерде бірден басым көпшілік орын беруі туралы ұсынысын Түрккомиссия нағыз шектен шыққандық жəне содан да қате деп бағалаған болатын. Мəселеге В.И.Лениннің өзі араласып, тең үлесті өкілеттік туралы талаптарды дамыта келе РК(б)П ОК Саяси Бюросының 29 маусым 1920 ж. «Партияның Түркістандағы 405 Кельдиев И. В.И. Ленин и некоторые вопросы подготовки национальных партийных и государственных кадров в Средней Азии. (1917-1924 гг) –сс.51-79. // В книге: Материалы по истории Коммунистической партии Таджикистана. (Сб. статей). Вып. – 2. [Ред. коллегия: Ш.М. Султанов (пред) и др.)] –Душанбе: Ирфон, 1971. С.51-79. 406 ӨРОМА. 17-қ., 1-тіз., 39-іс, 26 п 407 Назаров М.Х. Коммунистическая партия Туркестана во главе защиты завоевании Октябрьской революции. 1918-1920 гг. -Ташкент: Узбекистан, 1969. С.412-416 міндеттері туралы» қаулысының жобасында жергілікті кеңестер билігін сенімді коммунистердің бақылауымен еңбекшілерге беруді дайындау жəне оны орындауды біртіндеп, бірақ бұлталамақтамай іске асыру қажеттігін көрсетті408. Кеңестік билікте демократиялық қағидалардың орнығуына РК(б)П ОК «Түркістанның барлық Коммунистік ұйымдарына кеңестік құрылыс саласындағы ТКП кезекті міндеттері туралы» 12 тамыз 1920 ж. циркулярлық хатының зор маңызы болды. Онда Кеңес өкіметі жергілікті ұлттың еңбекшілеріне сүйенуі қажеттігі атап көрсетілді. Бұл хаттағы басты жаңалық ретінде орыс пролетариатының еңбекші халықты байлар, манаптар, бектер мен хандардың зорлығынан құтқару бағытындағы қызметінде ұлттық-тұрмыстық ерекшеліктер мен мешеуліктің тарихи себептерін ескеру қажеттілігі айтылғандығын атауға болады409. Сырт көзге жергілікті халыққа жасалған қамқорлық сияқты елеусіздеу көрінгенімен большевиктік билік орыс пролетариатының жетекшілік миссиясын осындай жолдармен де ресми түрде бекітіп отырғаны аңғарылады. Бұндай саяси себептермен бірге Билік құрылымдарына ұлттық кадрларды кеңінен тартуға басқаруға дайындығы бар ұлт кадрларының жетіспеушілігі сияқты практикалық себептер де қолбайлау болды. Əйтсе де, кадр тапшылығы жергілікті əкімшілік органдарында көзге ұрып тұрды деген кеңестік ғылыми əдебиетте орныққан тұжырым иландыра қоймайды. Бұл жерде сауатты, билік құрылымдарында қызмет етуге қабілетті кадр атаулы жоқ деген сөз емес, билікке лайық элита болғанымен олар қызметке тартуда таптық тұрғыда сенімсіз деп бағаланды. Түркістан республикасы Ішкі істер халық комиссары кадр мəселесіне талдау жасау үшін барлық қалалық жəне уездік атқару комитеттеріне орыс тілін меңгерген, білімді мұсылмандардың санын хабарлау жөнінде тапсырма берген410. 1918 ж. тамызында Түркатком декретімен түрік тілдері де орыс тілімен бірдей деп танылғанымен республиканың көп аудандарында жергілікті тілде іс жүргізу жолға қойылмады. Мемлекеттік мекемелерде орыс 408 Лении В.И. Полное собрание сочинения. 5-е изд. –М.: Политиздат, 1981Т. 41. С.153 409 Из истории гражданской войны в СССР: Сб. документов и материалов. 19181922. В 3-х томах. Ин-т Марксизма-ленинизма при ЦК КПСС.(1918-1922). Т.3. (Фев. 1920-окт. 1922). [Сост. Н.Ф. Кузьмин, Г.Г. Аллахвердиев, Л.М. Данилова и др.]. -М.: Сов. Россия, 1961. С.574-575. 410 ӨРОМА. Р-39-қ., 1-тіз. 271-іс. 4 п.

тілінде іс жүргізу ұлт кадрларының билік құрылымдарына араласуына үлкен кедергіге айналды. Мəселен, Мырзашөл уезінде орыс тілін білетін мұсылмандар барлығы 19 болса, олардың 16-сы партия жəне кеңес, милиция мен ЧК қызметкерлері, 1-і халық ағарту қызметкері болған411. Орыс тілін білетіндердің жергілікті тұрғындар арасында өте аз екендігі туралы бұндай мəліметтер көптен кездеседі. Олардың бəрі партия, кеңес органдары жəне басқа да мемлекеттік мекемелерде қызмет істеген. Демек, жергілікті ұлт өкілдерін мемлекеттік қызметтерге кеңінен қатыстыру Түркістан халықтарының тілінде кеңес қызметкерлері кадрын дайындауды іске асыру арқылы ғана қамтамасыз етуге болатындығы айқындала түсті. Осындай қажеттілікке сай 1919 ж. ортасында ашылған орыс тілін білетіндерге арналған өлкелік партия жəне кеңес жұмыстары мектебімен бірге партия жəне кеңес жұмыстарының өлкелік түркі мектебі ашылды. 1920 ж. оның мемлекеттік-партиялық жұмыстар факультетін 34, экономика факультетін 20 тыңдаушы бітірді. Ал 1921 ж. ортасында республикада 1850 тыңдаушыны, олардың 1250 жергілікті ұлт өкілдерін қамтыған 14 партия кеңес, мектептері мен курстары жұмыс жасады. Жергілікті ұлт өкілдерін билік құрылымдарына, қоғамдықсаяси ұйымдарға кеңінен қатыстыруды ТКП V съезі (1920 ж. қыркүйек) өлкедегі отарлық қалдықтарын толығымен жою аясында қарастырды. Соған сəйкес съезд жергілікті еңбекші бұқараны кеңестік құрылысқа, əсіресе жұмысшы шаруа инспекциясы, кəсіптік одақтар, азық-түлік ұйымдары жəне жəрмеңкелеріне кеңінен араластыруды көздеді Бұл əрекет ұлт саясатындағы өз дəуіріне лайық барынша оңтайлы шешім еді. Дегенмен, партия съезінен соң өткен Түркістан кеңестерінің ІХ съезінде ТАКСР Халкомкеңесінің төрағасы И.Е.Любимов кеңес өкіметінің Түркістандағы бірден–бір дұрыс жолы ретінде РК(б)П ОК талдап жасаған «отаршылық та, ұлтшылдық та бізге керек емес, біз үшінші – интернационалдық бағытты жүргіземіз» деген шешімді жайып салды. Ол өз сөзінде республиканың партия, кеңес органдары жергілікті қоғамның билеп-төстеушілерімен емес еңбекші бұқарамен жұмыс жасауы керек, «ұлттық бағытпен емес таптық бағытпен» күрес жүргізу керек412 деп Орталықтың талабын шегелей түсті. Соған сəйкес 411 ӨРОМА. Р-16-қ., 1-тіз., 683-іс. 135 п. 412 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 39-іс. 27 п. съездің республика өкіметі мен үкіметінің баяндамалары негізінде қабылданған қарарында мынадай негізгі міндеттер белгіленді: «а) Жұмыстың негізгі салмағын жергілікті тұрғындарға аудару; б) Жұмыстың барлық салаларын олармен біртіндеп толықтыру үшін кеңес өкіметі органдары мен кеңес мекемелерінің жұмыстарына жергілікті тұрғындар қызметкерлерін көптеп тарту; в) Барлық жұмыстарды жергілікті тілге көшіруге дайындау»413. Бұл міндеттердің іске асырылуы ұлттық əкімшілік элитаның қалыптасуына оң ықпал жасаған болар еді. Түркістан Кеңестерінің ІХ съезі 75 мүшеден тұратын Түркаткомның жаңа құрамын сайлады. Өкімет мүшелерінің үштен екісі жергілікті ұлт өкілдерінен сайланды414, ал VІІІ съезде өкімет мүшелерінің үштен бірі ғана жергілікті ұлт өкілдері болған еді415. Демек соңғы съезде жергілікті ұлт өкілдерінің жоғарғы билік органындағы өкілдігі арта түсті. Түркістан Кеңестерінің ІХ съезі жергілікті тұрғындарды Кеңес органдарына тарту үдерісін жеделдете түсті. Съездің шешімімен 1920 ж. ортасы - 1921 ж. басында көптеген жергілікті кеңестерде ревкомдарды сайланбалы атқару комитеттерімен ауыстыруға байланысты қайта сайлаулар өткізілді. Бұл науқан барысында жергілікті ұлт өкілдерін мемлекеттік басқару ісіне тарту ісі одан əрі кеңінен жүргізілді. Мысалы, 1920 ж. қазан айында Ташкент қалалық кеңесіндегі 24 мүшенің 12-сі жергілікті ұлт өкілі болды, ал осы көрсеткіш 1919 ж. наурызында 17-пайыз ғана болатын. Аталған кезеңде жерілікті ұлт өкілдері Түркістан АКСР үкіметі мен өкіметінің басшылығына да тартыла бастады. 1920 ж. наурызда Түрікатком төрағалығына Т.Рысқұлов сайланса, одан кейін бұл қызметті Бисеров (ұлты татар), А.Рақымбаев, Н.Төреқұловтар атқарды. 1920 ж. қыркүйегіне дейін өлкенің жəне республиканың Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығын дəстүрлі түрде европалықтар – соның ішінде Түрккомиссия мүшесі Я.Э.Рудзутак та бар, атқарып келсе Түркістан Кеңестерінің ІХ съезі ТАКСР ХКК төрағалығына алғаш рет жергілікті ұлт өкілі Қайғысыз Атабаевты бекітті. Түркістандағы кеңес аппаратына жергілікті ұлт өкілдерін тартуда 1918-1920 жж. маңызды кезең болды. РК(б)П ОК мен 413 Союз рабочего класса и трудового дехканства Туркменистана в период Великой Октябрьской социалистической революции и гражданской войны.1917-1920. Документы и материалы. –Ашхабат. Изд-во акад. Наук Туркменской ССР, 1977. –С.397. 414 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 39-іс, 62 п. 415 История Узбекской ССР. Т.2. -Ташкент: Акад. Наук Уз. ССР, 1956. –С.235

Түрккомиссияның нұсқаулары жəне тікелей қадағалауы арқылы республиканың орталық жəне жергілікті билік құрылымдары ұлт кадрларын дайындау, орналастыруға қатысты пəрменді шараларды іске асырды. Соның нəтижесінде республиканың билік құрылымдарына өлкедегі көпұлтты тұрғындардың өкілдері кеңінен тартыла бастады. Əйтсе де демократиялық қағидаларды желеу еткен большевиктік билік ұлт кадрларын өсіруге түрлі таптық, идеологиялық шектеулер қою арқылы қоғамдық даму үдерісін қасаң таптық арнаға бағыттаумен болды. Осы кезеңде ұлт мəселесін пролетарлық интернационализм қағидаларымен алмастырудың алғашқы негізі қаланды. Осындай шектеулер мен қиыншылықтарға қарамастан аталған кезеңде кеңестік қоғамдағы ұлттық элитаның алғашқы буыны өсіп шықты. Солардың арасында жоғары мемлекеттік лауазымға алғаш тағайындалған Құсайын Ибрагимов 1919 ж. қарашасында Түрікатком мен РК(б)П Өлкелік Комитетінің атынан төтенше делегацияның төрағасы ретінде РКФСР өкіметі жəне үкіметімен келіссөз жүргізу үшін Мəскеуге барған. Ол осы сапарында ІІ Бүкілресей мұсылман-коммунистерінің съезіне қатысады. Съездің алдында «делегаттардың нені қалайтынын өз ауыздарынан есту жəне делегаттарға тиісті нұсқаулар беру үшін» В.И.Ленин съезд делегаттарымен кеңес ұйымдастырады. Кеңеске қатысқан 70ке жуық делегаттар мүмкін еместі талап етіп, бірін-бірі айыптап айтысып кетті. Түркістан халықтарының тəуелсіздік жолындағы күресінде саяси бірлік идеясын жоғары қойған Қ.Ибрагимовтың П.А.Кобозовке жолдаған хатында «Өздерінің автономиясы, өздерінің республикасы болмаса да татарлар тобы Түркістанды болашақ Татар республикасына бағындыру идеясын жанын сала қорғады. Олардың дəлелі, татарлар шығыс мəселесімен жеткілікті жұмыс жасады жəне революцияның авангарды болды-мыс дегенге саяды... соған қарамастан біз түркістандықтар кеңесте ешқандай топқа қосылмай, ешқандай оппозиция құрмай өзімізді қағас ұстадық»416 деп жазды. Түркістан республикасының тарихында тұтас саяси кезең қалыптастырған большевиктік билік өкілдерінің бірі П.А.Кобозовпен Түркістан ұлттық элитасы арасында барынша етене араласқан қайраткерлердің бірі Қ.Ибрагимов еді. Кобозев 1918 ж. сəуірінде Кеңес өкіметінің төтенше комиссары ретінде Ташкентке келгенде РКФСР Ұлт істері халкомының қызметкерлері ретін416 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс. 9-10 п. де Ю.Ибрагимов пен ұлты татар Ариф Клевлеевтерді ерте келген. Олармен бірге мемлекеттік қызметке тартылған Қ.Ибрагимов те өлкедегі билік құрылымдарын жаңалауға белсене араласқан. Олар Түркістан жағдайын жақсы білгендіктен «Кеңес билігі мен оның ұлттық саясатын қолдауға үгіттеп, жергілікті тұрғындар арасында кең насихат науқанын жүргізген»417. Бұл жұмыстар кеңестік үлгідегі Түркістан автономиялы республикасын жариялап, оның билік институттарын қалыптастыруға орасан зор ықпал жасады. Кеңестердің Түркістан өлкелік V съезі республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесін жасақтады. Большевик Ф.И.Колесов басқарған үкіметтің 16 мүшесінің 3і жергілікті ұлт өкілдері, солардың қатарында П.А.Кобозевтің ұсынысымен Қ.Ибрагимов Əділет халкомы болып тағайындалды. Бұған дейін үкімет құрамына жергілікті ұлт өкілдерінен ешкім тағайындалмаған болатын. Ол осы қызметінде Түркістан республикасының алғашқы конституциясы авторларының бірі болды, жергілікті соттар туралы Ереже жасады, өлкедегі құқық қорғау органдарын реформалауды іске асырды. Өз миссиясын орындап, Москваға шақырылған П.А.Кобозевтің Түркістанға екінші рет келуі кеңестік əдебиетте «ерекше» деген атауға ие болған, 12 ақпанда РКФСР ХКК құрған комиссиямен байланысты болды. Комиссияның бұлай аталуы Орталық үкіметтің оған мемлекеттің бақылау, сот жəне бөліп-тарату қызметтерін беруіне байланысты еді. Осындай кең өкілеттік мандатпен жіберілген комиссия Ташкентке толық құрамда жете алмады. Ш.З.Элиава мен А.С.Киселев Орынборда қалып, «Орынбор тығынын» жою үшін əскери мəселелерді шешумен айналысты. Комиссия мүшелерінен тек П.А.Кобозев қана 5 наурызда Ташкентке келіп жетті. Онымен бірге Орталықтан бір топ партия қызметкерлері ере келген. П.А.Кобозевтің келуімен Түркістанның жағдайы тұрақтанудың орнына шиеленісіп кетті. Ол республика басшыларын автономияны жергілікті тұрғындардың қалың бұқарасы үшін емес, өздерінің пайдасына қарай түсінгендігі үшін айыптап, Кеңестердің өлкелік VІІ съезінде қабылдануға тиіс жаңа конституция арқылы ұлттардың өзін-өзі билеу құқын тез арада іске асыруға ұмтылды. Ол өзінің осы кездегі қызметі туралы «Осиповшылықтың талқандалуынан кейін менің Түркістанға келуім Рысқұлов, Иб417 Туркестан в начале ХХ века: к истории истоков национальной независимости. /Р.М. Абдуллаев, С.С. Агзамжоджаев, И.А. Алимова и др. -Ташкент: Шарқ, 2000. С.115.

рагимов жəне Хұсанбаевтар атқарған көрнекті рөлі сияқты РК(б)П Мұсбюросын ұйымдастыруға көмектесті»418 деп жазды. Шындығында, Кеңестердің өлкелік VІІ съезіндегі саяси тартыс ТКП ІІ өлкелік конференциясында (19-31 наурыз 1919 ж.) одан əрі жалғасып, ТКП жанынан Өлкелік Мұсылмандар бюросының ұйымдастырылуына алып келді. Құрамына Т.Рысқұлов (төраға), А.Мұхитдинов, Н.Хожаев, Ю.Алиев жəне Қ.Ибрагимовтер енген Мұсбюроға жергілікті тұрғындар арасында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру жүктелді. Кеңестердің Өлкелік VІІ съезі республиканың қоғамдық-саяси дамуындағы терең қайшылықтың əлеуметтік қана емес, сонымен бірге ұлттық та сипаты бар екендігін көрсетіп берді. Съезд шешімімен Түркістандағы солшыл эсерлер партиясының жойылуы жəне таратылуы саяси жүйедегі маңызды оқиға болды. Бұл жағдай К.Я.Успенский, А.А.Казаков, Колузаев жəне К.Е.Сорокин бастаған солшыл эсерлердің табанды қарсылығына тап болды. Осы саяси күрестің бел ортасында жүрген большевик П.А.Кобозев «бұл көсемдер ендігі кезекте Түркістан АКСР-нің партиялық жəне кеңестік басшылығындағы Мұсбюроның жəне Өлкелік Комитеттің ұйымдастырушылары мен мүшелеріне арнап жаңа қырғын, жаңа «қаңтар» көтерілісін ұйымдастырумен қорқытып, Казаковтың штабы – Колузаев маған өлім жазасын кескен қиын сəтте Ибрагимов пен Нысанбаев Мұсбюро мен Өлкелік комитеттің шешімін орындап, сот мəжілісі өтіп жатқан ғимараттан қашып шығуымды ұйымдастырған еді»419 деп жазды. Түркістан майданы əскери-революциялық кеңесінің қолдауына сүйенген Түрккомиссия республикадағы саяси-мемлекеттік билік тұтқаларын өз қолдарына алды. Саяси қыспақ жағдайында қалғандықтан 1919 ж. желтоқсанында Мəскеуде Кеңестердің бүкілресейлік VІІ съезіне Түркістан Республикасының делегаттары П.А.Кобозев, Қ.Ибрагимов, А.Мұхитдинов, Г.Иванов, Бисеров, Хұсанбаев, Отарбаевтар арнайы баяндама ұсынды. Баяндаманың көшірмесі ІІІ Интернационалдың Орталық Комитетіне жолданды. Баяндаманың негізгі мазмұны Түрккомиссияның республикада жүргізіп отырған саясатын əшкерлеу болды. Бұл дабыл Түркістанға төніп келе жатқан қауіптің алдын-алу болса, екінші жағынан саяси тəсілдермен өздерінің саяси жақсы атын сақтап қалу еді. Түркістанда жұмыс істегеніне бір ай болған эмиссарлық органның қызметіне жоғары инстанцияға алғаш рет жасалған 418 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс, Л2. 419 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс,Л.3. бұл шағымның жаңғырығы үлкен болуы керек еді. Ол баяндамада республикадағы қоғамдық – саяси ұйымдар мен орталықтың арасындағы ең түйіткілді кадр мəселесіне баса мəн берілді. Дəстүрлі шовинизмның идеологиялық өміршеңдігі отаршылықтың қалдықтарын жойып, шынайы демократия жолына түсуге кедергі жасады. Осындай саясаттың салқыны жергілікті ұлт өкілдерінің мемлекеттік басқаруға қатысуын барынша шектеді. Мұсылман коммунистерінің өрши түскен бұндай наразылығынан хабардар РК(б)П ОК Түркістандағы қалыптасқан шиелісті жағдайды жұмсарту үшін 10 маусымда радиограмма арқылы билік органдарында ұлттарға тең үлесті өкілдік беру туралы шешімін хабарлады. Онда «Сегізінші съезде қабылданған Коммунистік партия бағдарламасы негізінде, жұмысшы-шаруа өкіметінің шығыстағы саясаты мүддесіне сəйкес, Түркістанның бұратана халқын тұрғындардың үлесіне сай олардың партияға қатыстылығына қарамастан, кандидатты мұсылмандардың жұмысшы ұйымдарының ұсынуын жеткілікті деп есептеп мемлекеттік қызметке тарту қажет»420 деп көрсетілді. Бұл құжат өлкеде үлкен саяси серпіліс туғызды. Қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты ұлт мəселесін шешуге бағытталған РК(б)П ОК бұл нұсқауының маңыздылығы мен дер кезінде қабылданғандығына республика басшылығы жете мəн бермеді. Түркатком төрағасы А.А.Казаков, орынбасары К.Я.Успенский, Халкомкеңес төрағасы К.Е.Сорокин жəне т. б. республика басшылығындағы жауапты қызметкерлер радиограммадағы нұсқауларды тез арада іске асыру кеңес органдарының пролетарлық мазмұнын жат элементтермен былғайды деген желеумен оны жергілікті баспасөзде жариялауға кедергі жасап бақты421. Тіпті К.Е.Сорокин Ташкент партия ұйымына хат жолдап, жергілікті тұрғындардың партия ұйымдарында интеллигенттік күштерінің бар екендігіне күмəн келтірді. К.Е.Сорокин хатының мазмұнында оның жергілікті тұрғындарды кеңестік құрылысқа кеңінен қатыстыру туралы мəселе қоюды ұлтшылдық деп санады жəне ол радиограммадағы жергілікті тұрғындар өкілінің партияға қатыстылығы міндетті емес, оларды мұсылман ұйымдарының ұсынғаны жеткілікті деген негізгі талапты тиянақсыз деп жоққа шығарды. 420 «Туркестанский коммунист». 1919. -16 июля. 421 История коммунистических организации Средней Азии. (Пред. ред. коллегии А.И. Богоутдинов). -Ташкент: Узбекистан, 1967. –С.366.

Содан да Түркістандағы кеңестік негіздегі халықтық билік құрылымдарын жергіліктендіру мəселесінде Өлкелік Мұсылмандар бюросы Сорокиннің бағытын қуаттамады. 1919 ж. маусымда өткен мұсылман коммунистерінің Өлкелік І конференциясында жергілікті жерден жасалған баяндама бойынша қабылданған қарарда «жергілікті пролетариатқа деген сенімсіз» қатынасы, «кеңес органдарына еніп алған бұрынғы патша шенеуніктеріне» деген ұлттық антагонизмнің өршуі, «көптеген жерлерде мұсылман пролетариатының мемлекеттік құрылысқа жеткілікті дəрежеде» қатыстырылмай отырғандығы атап айтылды. Осылайша, Өлкелік Мұсбюро Түркістандағы кеңестік халықтық билік құрылымдарын жергіліктендіруде ресми билікке қарама-қарсы бағыт ұстады. 1919 ж. қыркүйектегі Өлкелік мұсылман партия ұйымдарының ІІ конференциясында Т.Рысқұлов «Түркістан пролетериаты кеңестік құрылысқа белсене араласуы тиіс, сол үшін басқару аппаратына енуі тиіс... онда өзінің белсенді қызметкерлерін қойып, барлық күшті кеңестік құрылысты нығайтуға жұмылдыруы тиіс»422 деп бұл бағыттың нақты міндеттерін белгіледі. Əрине, Рысқұловтың енді қалыптасып келе жатқан ұлттық элитаға қарсы билік басындағы шовинистік солшыл эсерлер мен меньшевиктер жетекшілерінің ұстанған саясатына саяси тұрғыда тойтарыс беру əрекетін үлкен батылдық деп бағалауымыз керек. Ол «Біздің арамызда Орталықтың нұсқауларын іс жүзіне асыра алатын білімді қызметкерлер жоқ дегенді айтады, əлде билікті біздің қолға тапсырса ол «дайындалыңдар, сол кезде билікті аласыңдар» дейтіндей Кеңес өкіметінің құлап қалуына əкеледі ме? Біз бұнымен келіспейміз. Біз дайындық үшін бірнеше жыл керек дейміз, сол үшін де тап қазір мұсылман пролетариатын мемлекеттік құрылысқа тарту қажет жəне оны тек осындай практикалық жолдармен дайындау қажет»423 деген сөздері конференцияның ағымдағы мəселелер бойынша қабылдаған қарарынан көрініс тапты. Жоғарыдағы баяндамада бұл радиограмма көтерген мəселелер «кеңестік билікті қолдаушылардың позициясын нығайтты. Бұратаналардың көңіл күйіндегі өзгерістің дəлелі – басмашылардың кеңес өкіметі жағына шығып жатқандығы» деп бағаланды. Осы жерде Түркістан жағдайымен жете таныс қайраткерлер «басмашылар – бұл Түркістан үкіметінің кеңестердің VІІ съезіне дейін дұрыс жүргізбеген ұлт саясаты туғызған партизандар»424 деп басмашылық 422 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 39-іс, 67 п. 423 Рыскулов Т. Избранные труды. -Алма-Ата: Казахстан, 1984. –С.67. 424 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс. 18-п. қозғалысына кеңес өкіметінің қателігі ретінде алғашқы болып саяси баға бергендігін атап айтуымыз қажет. Бұл баға өз кезіндегі саяси батылдықтың көрінісі еді. Баяндамада Түркістан Республикасы барлық майдандағы күресті аяқтай келе өзінің бастапқы деңгейіне жетуі үшін экономиканы, өнеркəсіпті қалпына келтіруге мұқтаж, осы міндеттерді іске асыруға көмектесетін мамандарға зəру, «тек Түркістанды «бассыз ақымақтар елі» немесе кеңестік отар ел деген көзқарастан арылмаған басқарушыларға мұқтаж емес» екендігіне ерекше тоқталады. Одан əрі «Сəтсіз жүргізілген кеңестік құрылыстың ауыр сырқатын бастан кешкен Түркістан Республикасы қазіргі кезеңде өзіне деген ерекше ұқыпты қатынасты, епті шешімдерді қажет етеді» дей келіп, күштеуге негізделген кез-келген қысым, мұсылмандарды кемсітуге деген ишараның өзі енді қалыптасқан мұсылмандардың Орталық коммунистік ұйымдарының негізін шайқалтып, мұсылман бұқарасының мұсылман коммунистеріне деген сенімін жояды» деді. Бұл жағдай «қарақшы шайкалар» деп аталған басмашыларды жоюдың орнына оларды едəуір көлемде көбейтіп жібереді. Міне, осы кезде РК(б)П үшін жол беруге болмайтын бір ғана мүмкіндік қалады, ол Түркістанды əскери жаулап алу, ондай жағдайда бүкіл шығыстық саясат күйрейді жəне Шығыс бізге теріс қарайды» – деп абайсыз жүргізілген саясаттың салдары қандай болатындығын болжамдайды. Бұл баяндамаға қол қойған қараткерлердің сəуегейлігі емес еді. Кеңестік Түркістанды бүкіл Шығыс елдеріне бағытталған саясаттың плацдармына айналдыруды көздеген большевиктік билік саясатының ең ұрымтал тұсы оның осы үгіт-насихатының халықаралық маңыз алуында болатын. Демек баяндамашылар ресми саясаттың қытықты жерін дөп басу арқылы оған ықпал жасауды мақсат тұтады. Сын болған соң қиыншылықтан шығатын ұсыныстар да айтылуы қалыпты жағдай. Баяндама иелері қалыптасқан жағдайда «Түркістан Республикасына қызметке жіберілетін тұлғаларды, олардың атқаратын қызметін таңдауда жəне Түркістанның, сол арқылы бүкіл РКФСР-дың экономикалық дамуын нығайтудың шараларын таңдауда өте мұқият болу қажеттігін» 425 ұсынады. Сондықтан «Түркістан Республикасы конституциясының құзырын күшпен шектеу жəне бұратана пролетариатты еуропалық бұқараға «тəуелді» қалпына қайтару жалпы жағдайды апатқа ұрындырады» – дей келіп, Түрккомиссияның республикадағы 425 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс. 18-п.

алғашқы қадамдарының сипаты олардың өз құқын «Түркістанды
билеген əскери генерал-губернатор комиссиясының құқы қата-
рында» бағалап отырғандығын танытады дейді.
Одан əрі түркістандық делегаттар РК(б)П ОК мен БОАК Түрк-

комиссияның алғашқы бір айда республика мүддесін аяқасты ет-
кен саясатының салдарына тоқталады. Түрккомиссияның өктем
əрекетіне наразылық ретінде мынадай дəлелдер келтіреді:
«1. Түрккомиссияның Түркістан республикасы дербестігін

мансұқтаған алғашқы мысалы Түркістан жол қатынастары басқар-
масына (Жол қатынастары халық комиссары Лучников) өз билігін
орнатуы болды.

2. Түрккомиссия Республикадағы ұлттық ерекшеліктерге

сай құрылған жəне халық арасында өте маңызды рөл атқарып
келе жатқан партиялық ұйымдарды – Өлкелік комитет, Өлкелік
Мұсбюро жəне Шетел коммунистері бюроларын бір орталыққа
біріктіруге жанталаса ұмтылады. Осы мақсатта Мұсбюромен са-

наспай оның танымал мүшелерін Ташкенттен ығысырып Ферғана,
Бұхараға ауыстырып жіберген. Сол сияқты Өлкелік Комитет
партия қатарынан шығарып, жұмыстан шеттеткен А.А.Казаков,
Г.А.Темлянцев, К.Е.Сорокиннің барлық құқықтарын Өлкелік

Комитеттің келісімін сұрамастан қалпына келтірді»426.
Бұл жағдай өлкедегі саяси күрестің принципті мəселелері
еді. Түркатком басшылары А.А.Казаков (төраға), К.Я.Успенский,
Г.А.Темлянцев жəне Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы

К.Е.Сорокин бастаған Ташкент партия ұйымдарының басшыла-
ры ұлт өкілдерін мемлекеттік қызметке тартуда пропорционалды
үлес беру туралы радиограмманы большивиктік саясаттың таптық
қағидаларынан ауытқу деп бағалады жəне РК(б)П ОК мен РК-

ФСР ХКК басшыларына Түркатком атынан радиограмма жолдап
«Түркістан үкіметіне тең өкілдік беру ...осы принциппен үкімет
құрамына ...кеңес өкіметіне жау ниеті бұзық элементтер еніп ке-
тетіндіктен де түсінбестік пен қиындық туғызып отыр»427 деп бай-

балам салған.
Мұсбюроның,
Шетелдік
коммунистер

орталықтарының
қолдауына сүйенген П.А.Кобозев ТКП ІV съезінде жəне Өлкелік
ІІ мұсылман партия ұйымдары конференциясында «белсенді
топ» деп аталған А.А.Казаков тобын саяси тұрғыда талқандаған

болатын. В.И.Лениннің атына П.А.Кобозевке қатысты съезде
басым болған «санасы төмен мұсылман өкілдерінің» арасын-
426 «Известия ТуркЦИК». 1919. -28 сентября.
427 «Известия ТуркЦИК». 1919. -28 сентября.

да «ұлтшылдық саясатты табандылықпен жүргізуде»428 деген
мазмұндағы жеделхаты да оларға көмектесе алған жоқ. Бірыңғай
европалықтардан жасақталған Түркатком мен Халкомкеңес
басшылығын Түркістанның саяси өмірінен оқшаулаған жасыруға

келмейтін шовинизмінің өзі «белсенді топтың» жеңіліс табуына
негіз болды.
Өлкелік Мұсбюроның ұлттық, саяси позициясын нығайтқан
бұл жетістіктерді Түрккомиссияның жоққа шығаруы өлкедегі

П.А.Кобозевтің төңірегіне топтасқан билеуші саяси элитаның
орынды наразылығын туғызып, оларды Кеңестердің VІІ съезіне,
ІІІ Интернационалдың Орталық Комитетіне ұжымдық шағыммен
жүгінуге мəжбүр етті.

Баяндамада келтірілген үшінші мысал да Түрккомиссияның
өктемдігін айғақтайды. РК(б)П ОК-нің арнайы радиограммасы-
на сəйкес Орталық мұсылман атқару органдарының келісімінсіз
тұрғын үйлер реквизицияланбауы тиіс еді. Ал Түрккомиссия ере-

кше тұрғын үй комиссиясын құрып, жергілікті тұрғындардың –
арасында коммунистер де бар, үйлерін, соңғы кереуеттеріне дейін
мүліктерін тартып алып, жаңадан келген əскерилерді орналасты-
румен айналысқан. Тіпті əйелдерді күң ретінде ұстау фактілері де

орын алған. Сонымен, аталған құжатты одан əрі талдап көрейік.
Онда « ... 4. Түркістанның қаржылық дербестігінің көрінісі -
Түркістан боны болса, Түрккомиссия оны басып шығаруға тиым
салу арқылы ақша айналымын өз құзырына алуға əрекет жасаған.

5. Мəскеудегі Түркістан өкілдігін жауып, оның өкілеттігін құқы

біршама шектелген Түркістан бюросына берді. 6. Түрккомиссия
төрағасы Бройдоның жеке басының қасиеттеріне арналады.
VІІ съезге келген мұсылман делегаттары бұл мəселе бойынша
РКФСР ХКК арнайы баяндама тапсырған»429 – деген дəлелдер

өлкеде қалыптасқан саяси ахуалдың тым шиеленісіп кеткендігін
танытады.
Түркістандық делегаттар «Түрккомиссияның шалыс басқан
қадамдары, біздің пікірімізше Түркістандағы жалған сеператиз-

мнен қорқудан туындаған» деп өз тұжырымдарын білдіреді жəне
бұндай қауіптің шындыққа айналып кету мүмкіндігін де жоққа
шығармайды. Мұсбюро Түркістанға шектес мұсылман халықтары
Дағыстан мен Əзірбайжан, Бұхара мен Хиуа өкілдерін біріктіріп,

олардан бөлек парсы, қырғыз, өзбек, татар, түрік секцияларына
басшылық жасайды. Ал Өлкелік Шетел коммунистері комитеті не-
428 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 659-іс. 216-217-пп
429 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс.20-п.

міс, венгер, югослав секцияларын біріктірген. РК(б)П Өлкелік комитеті Түркістанның еуропалық бөлігі коммунистерімен бірге осы екі үлкен ұйымның да басын қосып, Түркістан Республикасындағы барлық коммунистік ұйымдардың шын мəніндегі топтастырушысы болып отырғандығы шындық. Түрлі ұлттардың мүддесіне сай қалыптасқан «бұл арақатынасқа қысым жасау Түркістанға шектес елдерге жағымсыз əсер етеді»430 дей келе делегация мүшелері Элиава комиссиясының қолына Түркістанды əскери басқаруға негізделген диктаторлық құқық беру біздің Шығыстағы саясатымызға кедергі болады деп баға берді. Бұл жағдай «Шығыстағы мұсылмандар арасында Ресей коммунистік партиясы басқарған РКФСР-дың сөзі мен ісі Англияның саясаты сияқты бір жерден шықпайды деген теріс түсінік қалыптастыруға негіз болады» – деген тұжырым капитализммен бəсекеге түскен социализмның жақсы атағына көлеңке түсіретін еді. Делегаттар Түрккомисияның Түркістан автономиясы құрылымының конституциялық құқын шектеуге ұмтылған əрекетіне қарсы шығып, ТКП ІІІ, ІV съездері жəне Түркістан Кеңестерінің VІІ, VІІІ съездерінің шешімдерін Түркістан жағдайында кеңестік билікті орнықтырудағы үлкен жетістік ретінде жанын сала қорғаштады. Делегаттар баяндамасының соңында Түркістанға қатысты Л.Д.Троцкий ұсынған əскери диктатура доктринасы мен В.И.Лениннің Шығысты идеялық жолмен бағындыру доктринасын салыстыра келіп «Түркістанға əскери диктатура шекаралық аймақтағы əскери-соғыс əрекеті шегінде ғана қолайлы болғанымен, оны Түркістан Республикасының ішкі істеріне ешқандай жағдайда да араластыруға болмайды»431 деген қорытынды түйін жасайды. Бұл қауіп негізсіз емес еді. Түркістан майданы əскери-революциялық кеңесінің қолдауымен Қызыл Əскердің ұйымдасқан əскери-шаруашылық, саяси жəне тергеу аппаратына сүйенген Түрккомиссия республикадағы саяси-мемлекеттік билік тұтқаларының тізгінін өз уысынан шығармады. Бұндай диктатуралық тəртіп Түркістан республикасында Түрккомиссияға деген ашық наразылыққа ұласты. Тұрғындардың бұл органнан күткен үміті ақталмады. Шындығында, Түрккомиссия өзіне жүктелген миссияны орындау үшін өзімен ілестіре 117 партия, кеңес қызметкерін ерте келсе, желтоқсан айында олардың 150 адамдық екінші тобы 430 ҚРПА. 811-қор, 5-тіз., 185-іс. 21-п. 431 ӨРОМА. Р-36-қ., 1-тіз., 11-іс, 121 пп: Положение организационно-агитационного отдела Наркомнаца о курсах по подготовке кадров организаторов и агитаторов Л.21. шақырылды432. Бұл қуатты кадрлық корпустың Түркістанда кеңестік билік орнатудағы диктатуралық жұмыс тəсілдері билік құрылымындағы ұлттық сипат пен мазмұнды таптық қалыпқа салу əрекетінде ерекше танылды. Түрккомиссия жүргізген осы өктем саясаттың алғашқы қадамдары ұлттық элита тарапынан əртүрлі қабылданды. Түрккомиссияның ұстанған бағыт-бағдары олардың арасындағы саяси жіктелуді бұрынғыдан да күшейте түсті. Түркістанға толық өз билігін орнатқан Түрккомиссияның төңірегіне топтасқан большевиктік номенклатура билеуші элитаға айналып, республикадағы жергілікті элитаны өз жағына тартты. А.А.Казаковтың шовинистік пиғылдағы тобын ығыстырып, мемлекеттік басқаруға ұлттық элита өкілдерін кеңінен тарту арқылы ұлттық мүддеге біршама жақындай түскен П.А.Кобозев төңірегіндегі ресми билеуші элита біртіндеп биліктен ығыстырыла бастады. Оның өзі бас болып, Түрккомиссияның өктемдігі туралы дабыл қағып, Бүкілресей кеңестердің VІІ съезіне баяндама ұсынуы Түркістанға төніп келе жатқан қауіптің алдын-алу болса, екінші жағынан саяси тəсілдермен өздерінің саяси жақсы атын сақтап қалу еді. Олар осы əрекеттері арқылы Түркістан жағдайында партия, кеңес органдары басшыларының ұлттық мүдде, мемлекеттік құрылыс мəселелерінде ортақ көзқарас қалыптаспағандықтан белгілі бір идея төңірегіне біріккен топшылдықтың кең өріс алғандығын тағы да бір дəлелдеді. Түрккомиссия мен Кобозев тобын бір-біріне қарсы қоймай оларды ымыраластыру арқылы ұлттық мүддені кеңестік идеяға сіңіріп алуға кірісті. Сырт көзге солай болған сияқтанды да. 1920 ж. 14 қаңтарында Орталық билік «Түркістанның тіршілік жағдайымен жақсы таныс, өздерінің белсенді қызметімен тұрғындардың арасында танымал»433 болғандықтан Қ.Ибрагимов, П.А.Кобозев, Т.Рысқұловтарды РК(б)П ОК эмиссарлық органның құрамына енгізді. Олар Түрккомиссияның құрамында бола жүріп ұлттық мүдде жолындағы саяси күресін одан əрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Соның барысында элитаның одан əрі жіктелуі де жалғаса берді. Ендігі кезекте Түрккомиссиямен күреске Т.Рысқұлов бастаған бұрынғыдан қуатты жəне ұлт мүддесіне берілген ұлттық элитаның жаңа буыны шықты. Баку қаласындағы Шығыс халықтарының І съезі Түркістанға қатысты мəселелерді де талқылады. Съезге 37 елден 2 мыңнан 432 Турсунов Х.Т. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане. –Ташкент: 1971. -206 с. 433 РГАСПИ. Ф. 122, оп. 1, д. 31, л. 1.

аса делегат қатысты. Съезді ұйымдастыруға бастамашы болған РК(б)П Орталық Комитеті барлық ұйымдастыру жұмыстарын Коминтерннің Атқару Комитетіне жүктеген. Съездің күн тəртібінде қаралған мəселелер барынша ауқымды болғанымен оның өзекті идеясы Шығыс халықтарының отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысын əлемдік социалистік революцияға ұластыру болды. Орталық Комитеттің Саяси Бюросы съезге тыңғылықты дайындық жасаған. Əсіресе съездің күн тəртібі мен қатысушылар құрамын реттеуге баса мен берген. Оның бір мысалы, Орталық Комитет Саяси Бюросының 26 тамыз 1920 ж. мəжілісінде М.Сұлтанғалиев пен М.Ибрагимовтың Шығыс коммунистері Орталық Бюросының өкілі ретінде съезге жіберу туралы өтініштері қаралған. Саяси Бюро Сұлтанғалиевтың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында жəне Шығыс коммунистері бюросында бір мезгілде қызмет істейтіндігіне байланысты оны іссапарға жіберу мүмкін емес деп есептеп, съезге тек М.Ибрагимовты жіберу туралы қаулы алған434. Көп шешімдердің бірі сияқты сырт көзге елеусіздеу көрінген Саяси Бюроның бұл шешімі астарында шығыс коммунистері арасында ұлтшылдық идеяларымен кеңінен танылып, ерекше харизмалық көсемге айналып үлгерген М.Сұлтанғалиевты съезд жұмысына қатыстырмау мақсатын көздеді. Солай дегенмен де мұсылман əскери құрылымдарын құруды контрреволюциялық күштерге қарсы күресу жəне шығыс халықтарының империализммен күресі үшін қажеттігімен негіздеген Сұлтанғалиевтің батыл идеясы большевик көсемдерін өткірлігімен жəне еліктіргіштігімен секем алдырды. Ол Л.Троцкийге жазған хатында «Таяу болашақта Кеңес өкіметінің ағылшын-француз империализмінің Ауғанстан, Белуджистан, Индия жəне Арабия сияқты мұсылман отарларына ұйымдасқан қысым жасауына тура келетіндіктен де... мұсылмандар арасынан пролетарлық темір жұдырық жасақтаудың мəні зор»435 деген идеяны қорғады. Оның пікірінше, құрылуы тиіс шығыстық Қызыл Əскер халықаралық Қызыл Əскердің бөлімі ретінде «егер шығысты халықаралық империализм пайдаланып, халықаралық революцияға қарсы əрекет жасайтын болса, онда ол Шығыстың өзіне қарсы күресетін болады»436. Сұлтанғалиевтің көзқарастары саяси, əлеуметтік тұрғыда өте күрделі болғандықтан оның кейбір идеялары кейде бір-біріне қарама-қарсы келіп жатады. Оның бұл жерде тактикалық тəсіл 434 РГАСПИ. Ф. 17, оп. 3, д. 154, л. 2. 435 Султан-Галиев М. Избранные труды. -Казань. 1998. –С.155. 436 Султан-Галиев М. Избранные труды... -С.221. қолданып, шығыс халықтарының қуатты əскери құрылымын жасақтау қажеттігін дəлелдеу үшін большевик көсемдеріне осы əскери құрылымдардың революцияға осындай жолмен де пайда келтіретіндігіне сендіруге ұмтылғандығын аңғарамыз. Ленин империализмді капитализмнің соңғы сатысы деп қарастырғанымен социалистік революция қарсаңында қоғамдық дамудың əркелкілігіне байланысты социалистік революция бір немесе бірнеше елде жеңуі мүмкін, социализмді барлық елдердің емес, капиталистік дамудың алдыңғы қатарындағы аздаған елдердің пролетариаты іске асырады деген тұжырым жасады. Большевиктер көсемі ақпан төңкерісінен соң Ресейдегі жəне əлемдегі революциялық күштердің арасалмағына талдау жасай келіп, əлемдік социалистік революцияға Ресей еңбекшілері жол салып берді деп есептеді. Ол қазан революциясын большевиктер əлемдік революцияға сенгендіктен бастады деп жазды. Революционер социалистердің бəрі де қазан революциясының жеңісін Кеңестердің Дүниежүзілік Федеративті Республикасын құруға қол жеткізетін əлемдік социалистік революцияның басталуы деп қабылдады. Дегенмен, саяси, əлеуметтік-экономикалық ахуалдың шиеленісуі жағдайында Германия, Венгрияда өкімет басына келген жұмысшылардың билігі баянсыз болды. 1920 ж. басында революциялық-азатетушілік сияқты болып көрінген Қызыл Əскердің Варшаваға сəтсіз жорығынан соң Ленин əлемдік социалистік революция ұзаққа созылады жəне көп күш жұмсауды қажет етеді деп бұрынғы тұжырымдарына түзету жасады. Əйтсе де, РК(б)П ІХ конференциясында (қыркүйек 1920 ж.) поляк науқанының күйреуі саяси бағыттың қателігі деп емес, керісінше əскери жəне басқа да жағдайларға байланысты тактикалық қателік деп бағаланды. Большевик көсемдерінің бірі Н.Бухарин революция «тек əлемдік революция ретінде ғана жеңіске жетеді. Біз бұны мың рет қайталадық. Содан да өзге елдердегі капитализмнің күйреуін тездететін кез-келген мүмкіндік - революциялық қажеттілік»437 деп жаңа мүмкіндіктерге иек артты. Ал Əскери Революциялық Кеңес төрағасы Л.Троцкий Венгер Республикасының күйреуінен жəне 1919 ж. сəтсіздіктерден соң-ақ «азиялық» бағдар элементтерін» дайындау жөнінде ұсыныстар жасады438. Осы мəселеге байланысты М.Сұлтанғалиевтің саяси көрегендігін атап көрсетуге болады. Ол 437 Коминтерн и идея мирвой революции. Документы. /Отв. ред. Я.С. Драбнин. -М.: Политиздат, 1977. –С.223-227. 438 Коминтерн и идея мирвой революции. Документы...С.145-150.

партия басшылары Батыс Европада пролетарлық революцияның салтанат құруы туралы «Европаны кезген революция елесінен» арыла алмай жүрген 1918 ж. өзінде революцияны одан əрі өрістету ендігі жерде батысевропалық пролетариаттың емес, оянған Шығыс еңбекшілерінің еншісінде деген саяси болжам жасаған болатын. Халықаралық дамудың осындай ерекшеліктерін негізге алып, отар елдердегі ұлттық ояну үдерістерінің мүмкіндігіне талдау жасаған Сұлтанғалиев «біз Шығыстың қатысуынсыз халықаралық əлеуметтік революцияны іске асыру мүмкін емес деген ақиқатты мойындауымыз керек»439 деген тұжырым жасайды. Стратегиялық тұрғыда шығысқа жасалар жорықтың плацдармы ретінде маңыз берілген Түркістан мəселесі съезде жанжақты қарастырылуы тиіс еді. Екі жүзден астам делегаты бар түркістандық делегацияның арасынан негізгі баяндама бойынша екі адам жарыссөзге шықты. 4 қыркүйек күнгі Зиновьев төрағалық жасаған мəжілісте партияда жоқтар фракциясынан Ташболатбек Нарботабеков сөйледі. Ал келесі күнгі мəжілісте коммунистік фракциядан Т.Рысқұлов сөйлеген. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, 1917 ж. 26 қарашада құрылған Түркістан мұхтарияты Халық Кеңесінің мүшесі, европалық жоғары білім алған Т.Нарботабеков 1917 ж. қос төңкеріс аралығындағы саяси күресте «Шурои Исламия» құрамында белсенді қызметімен танылған тұлға болатын. Ол өз сөзінде мұсылман халықтары жəне Шығыс халықтары алдында ағылшын капиталистері немесе Ресей мен дүниежүзінің еңбекші бұқарасы деген таңдау тұрғанда Кеңес өкіметінен өзге биліктің керегі жоқ екендігін мəлімдеді440. Нарботабековтың дүниежүзілік революцияның көсемдері жəне идеялық жетекшілеріне арнаған жəне партияның жүргізіп отырған көреген саясаты туралы мақтау сөздерін оның шынайы көзқарасы деп емес, енді қалыптаса бастаған партиялық билікке бас ұру дəстүрінің көрінісі деп қабылдағанымыз жөн болар. Өйткені ол мадақ сөздерінің арасында негізгі идеяларын да айтып өтеді. «Батысқа қарағанда Шығыс мүлдем бөлек, мүддесі де басқа екендігі бəріне белгілі. Содан да коммунизм идеяларын төтесінен іске асыру онда қарсылыққа тап болады. Егер біз төртжүзмиллиондық мұсылман əлемі кеңес өкіметіне қосылсын десек оған қатысты ерекше өлшем керек... Съездің міндеті - біздің өкіметке егер шығыс халықтарының ерекшеліктері ескерілсе жəне Кеңес өкіметінің осы сипаттағы шарала439 Султан-Галиев М. Избранные труды. -Казань. 1998. -С.199. 440 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты. -Петроград: 1920. –С.85. ры қағаз жүзінде қалмай нақты іске асқан жағдайда мұсылмандар Кеңес өкіметінен іргесін аулақ салмайды дегенді жеткізу»441 деген сөзі делегаттардың көңілінен шығып, қол шапалақтап қолдауымен қарсы алынды. Нарботабеков Сұлтанғалиевтің жоғарыда айтылған идеяларын одан əрі өрбіткен ойларын съезд мінбесінен ашық баяндады. Оның «Кеңес өкіметі казіргі кезде еңбекші Шығыстан артық одақтас таба алмайды, өйткені үш жыл бойы біздің жолдастарымыздың, əлемдік революцияның үздік жетекшілерінің үндеуіне батысевропалық пролетариат белсенді қолдау көрсете қойған жоқ»442 деген сөзі қанша өткір айтылғанымен жоғары партиялық ортада мойындалған шындық болатын. Содан да бұл тұжырымды шығыс коммунисінің аузынан есту партократия өкілдерін шамдандыра қойған жоқ, қайта өздерінің көңілдеріндегіні тап басып айтқанына ризалық пейілде еді. Осындай мадақ сөздердің соңында Нарботабеков өзінің ең негізгі ойын айтты. Ол түркістандық бұқараның бір жағынан өз улемашыларымен, екінші жағынан жергілікті европалықтардың тар ұлтшылдық жасырын ниетімен күресуіне тура келеді дей келіп «Түркістанның шынайы жағдайын, соңғы үш жылда Түркістанда не істелгенін ж. Зиновьев те, ж. Ленин де білмейді. Түркістан өлкесіндегі істің жағдайын шындықпен бейнелеу керек, ашығын айту керек, сонда ғана біздің көсемдердің көзі ашылады»443 деген ащы айтылған сөзінің соңын «Олар Түркістанға келеді жəне істі түзетеді» деген сенімге ұластырды. Ұлтжанды қайраткердің ұлт мүддесін байланысты айтар сөзі бұдан да өткір болғаны даусыз. Уақыты да тапшы, ұсақ-түйекпен ойын шашыратып алуы да мүмкін. Əйтсе де ол осы сөздері арқылыақ ең негізгі ойды айтып салды. Əрине, партия көсемдеріне осындай айып тағудың салдары ауыр болған болар еді. Кəнігі саясаткер бұл жерде де істің тігісін жатқыза білді. «Міне сол үшін, түркістандық тарихтың мұсылман əлемінің басқа бір бөлігінде қайталанбауы үшін мен біздің үкіметке соңғы үш жыл бойы жүргізілген саясатты, барлық кемшілікті білетіндігімізді ескертемін. Біз, өздеріңнің контрреволюционерлеріңді алып кетіңдер, өздеріңнің ұлттық алауыздық туғызатын келімсек элементтеріңді алып кетіңдер, қазір коммунизм бетпердесімен жұмыс істейтін өздеріңнің отаршыларыңды алып кетіңдер деп айтамыз»444 деген 441 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.87-88. 442 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.89. 443 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.89. 444 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.90.

Нарботабековтың сөздері съезд делегаттарының қызу қолдауына ие болды. Нарботабековтың сөзі съезде жəне оның төңірегінде қалыптасқан көтеріңкі мерекелік көңіл-күйдің өлшемінен шығып кетті. Түркістандық делегаттың батыл да өткір сөзі бірнеше рет ду қол шапалақтау жəне айғай-шу түрінде делегаттар тарапынан қызу қолдауға ие болуы Кеңес өкіметінің Шығыстағы саясатының күрделі жəне қарама-қайшылықты екендігін білдірген дабыл белгісіндей еді. Содан да ол сөзде айтылған ұсыныс-пікірлерге лайықты көңіл бөлінуі тиіс болатын. Өкінішке орай, съездің соңғы мəжілісінде Зиновьев маңызды мəселені «коммунистік партияның іші-бауырына енген элементтерді» сынап, «Шығыстағы Кеңес өкіметінің бағытын іске асыруда орыс жолдастардың, коммунистердің жəне қызылəскерлердің» жекелеген əрекеттерін айыптаумен ғана шектелді445. Ал Нарботабековтың айтқан ұсыныстары мен ескертпелерін мəжіліс төрағасы қасақана елеусіз қалдырды. Ертеңіне, 5 қыркүйек күнгі мəжілісте сөйлеген Т.Рысқұловтың сөзі мазмұны жағынан, саяси өткірлігі жағынан болсын Нарботабековтың сөзінің көлеңкесінде қалып қойды. Ол Батыстағы революцияларды шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарға ұластыру жөніндегі ағымдағы мəселелерді қолдаумен шектелмей Түркістандағы пролетариат диктатурасының қол жеткізген табыстарын дəріптеуге ұрынды. Тіпті 1920 ж. маусымда Коминтерннің ІІ Конгресіне арнаған В.И. Лениннің «Ұлт жəне отар мəселелері жөніндегі тезистерінің бастапқы нобайына» жасаған толықтыруларында өзінің көтерген ұлттық идеяларын теріске шығарды. «Ол бұрын Шығыста болмаса да өз тезистерінде барлығын өмірдің өзінен алып отырғандай күйде атап көрсетеді»446 деп, Ленинге саяси қолпаштау жасайды. Кəнігі саясаткердің бұл сөзі біздің пікірімізше екі мақсатқа қызмет еткен: біріншіден алдыңғы мəжілістегі жерлесі Нарботабековтың партия көсемдеріне қарата айтылған өткір сынының тоңын жібіту болса, екіншіден: осындай интернационалдық бағыт ұстау арқылы Мəскеу партократтары алдында саяси ұпай жинау. Əсіресе, Түркістандағы қызметінен босап, Мəскеуде жауапты жаңа қызметке тағайындау күтіп тұрған Тұрар үшін бұндай саяси ұпай аса қажет болатын. Оның үстіне съездегі ең көп санды коммунистік фракцияның жетекшісі болуы да Т.Рысқұловқа белгілі бір жауапкершіліктер жүктегендегі даусыз. Қалай дегенмен де «Т.Рысқұловтың бұл сөзі ұлт мəселесі 445 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.85. 446 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.162. бойынша жасаған басқа баяндамалары мен сөйлеген сөздерінің қасында мағынасыз болып шыққандығын»447 осындай себептермен ғана түсіндіруге болады. Ол сөзін осы съезге «Таяу болашақта басталып, қуатты Шығыстық Интернационалмен бірігіп, батыс пролетариатымен бірге əлемдік империализмді қирататын орасан зор, қуатты қозғалыстың қарсаңы»448 деп баға берумен аяқтады. Съездегі екі түркістандықтың айтқан ойларына уақыттың өзі төреші болғандықтан большевиктік екпінмен асқақтай айтылған бұл сөздерге түсіндірме берудің қажеті аз болар. Т.Рысқұловтың осы съездегі елеулі еңбегі ретінде 23 делегат қол қойып В.И.Ленинге жолданған ұжымдық хатты ұйымдастыруы деуге болады. Хаттың мазмұнында Түркістанға қатысты мынадай тұжырымдар айтылады: «Бұл аймақтардағы қоныс аударушы-отаршылардың, патша шенеуніктерінің түздік халықтарды езіп-жаншуы мəңгілікке жойылысын, олардың жағдайы жергілікті халықтардың жағдайымен теңестірілсін жəне т.б.»449. Бұл тұжырымдар кеңес өкіметінің Түркістандағы ұлт саясатына түзету енгізуіне ықпал жасаған факторлардың бірі болды. Делегаттардың бұл хатты ұйымдастыруы – амалсыздан жасалған шара еді. Өйткені Шығыс халықтарының І съезінде саяси тұрғыда ғаламдық мəселелерге баса мəн беріліп, жергілікті, аймақтың сипатта қалып қойған ұлттық маңызы бар мəселелер туралы ешқандай саяси шешім қабылданған жоқ. Шығыс халықтарын отаршылар мен империалистерге қарсы күреске жəне Европа, Америка, Жапонияның жұмысшыларын Шығыс халықтарының ұлт-азаттық күресіне көмектесуге шақырған үндеулердің Түркістанның нақты саяси ахуалын жақсартуға тікелей қатысы жоқ еді. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі Ахмет Заки Уалиди Шығыс халықтарының І съезінде большевиктердің көздеген түпкі мақсаттарын тап басып тани білген жəне дер кезінде əшкерлеуге əрекет жасаған санаулы саяси қайраткерлердің бірі болды жəне өзінің съезден алған əсері мен ой пікірлерін РК(б)П ОК жазбаша жолдады. Ол: «Бакудегі Шығыс халықтарының съезі оған қатысушы біздің жерлестерімізге түркістандықтардың құқына қол сұғушылық жекелеген жергілікті коммунистердің ісі емес, тікелей Орталық Комитеттің саясаты екендігіне көз жеткізді... Сөйлеген делегаттардың отандарында дайындап келген мəтіндері айғай447 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі)...250 б. 448 Съезд Народов Востока. Стенографические отчеты...С.169. 449 РГАСПИ. Ф. 2, Оп.1, Д. 15242, Л. 4 обр.

шу жəне қоқан-лоққы жасаумен үзіп тасталды. Съезді қорғаушы қызыл солдаттардың көмегімен оларды үндемеуге жəне алдынала дайындалып, Мəскеуден жіберілген шешімдерді қабылдауға мəжбүрледі. Шығыс ұлттарының құқықтық мəселерін жергілікті деңгейге дейін тұқыртып, олардың мəселелерін селоның мəселесімен теңестіру Орталық Комитеттің өз саясатын теріс бағытта жүргізіп отырғандығын дəлелдейді. Шығыс аудандардағы селоларда таптық күресті жасанды түрде өршітуді Орталық Комитет тек қана террор жолымен қолдай алады»450 деп ашына жазды. Шығыс халықтарының І съезі алдына қойған нақты міндеттерді іске асыра алмады. Съезд қабылдаған саяси мəлімдемелер мен үндеулер кеңестік биліктің үш жыл бойғы əрекетінен мүлдем алшақ еді. Большевиктік биіктің бұндай ұстанымы ұлт-азаттық күреске шыққан Шығыс халықтарын коммунистік идеяларға еліктіре алмады. Ұлттық элитаның кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қызметі мен Шығыс халықтары І съезінің қорытындылары арасынан бір-бірімен сабақтасқан терең ұқсастықтар кездестіреміз. Кеңес өкіметінің нығаюы ұлттық элитаның саяси толысуына біршама қолайлы жағдай жасады. Бірақ ұлт-азаттық қозғалыста қалыптасқан идеялық тұтастық кеңестік қоғамдағы ұлт мүддесінің шешіміне жəне оны іске асыру тəсілдеріне деген көзқарас əр алуандығына байланысты ұлттық элитаның саяси жіктелуіне ұласты. Қорыта айтқанда, Түркістанда 1918-1920 жж. орын алған этносяси үрдістерге жасалған талдау көрстіп отырғандай, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында іске асырылған саяси-əлеуметтік өзгерістер қоғамдық өмірді жаңалауда едəуір жетістіктерге қол жеткізгендігін көреміз. Бірақ, осы өзгерістердің жергілікті халықтардың қоғамдық-саяси өмірдегі дəстүрлі құндылықтарын біржақты күйрету арқылы іске асырылуы ол нəтижелердің тиімділігін төмендеткен басты факторлардың біріне айналды. Осы тарихи құбылыста ұлттық элита өкілдерінің қызметі ұлттық мұраттарды кеңестік билік қағидаларымен кіріктіруге бағытталды. 450 Тоган Валиди А–З. Письмо в КК РКП(б). //Не сочтите за пророчества: Письмо, обращения, выступления. (Сост. А.Юлдашбаев.) – Уфа: Китап, 1998. - 192 с. С.114ТӨРТІНШІ ТАРАУ КЕҢЕСТІК ЖАҢАРУДАҒЫ ТАПТЫҚ ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ 4.1 Түркістанда партиялық-мемлекеттік номенклатураның қалыптасу қағидалары мен əдістері Түркістан қоғамында кеңестік билік жүргізген жаңарту шараларында басқару аппаратын қалыптастыру түйінді мəселеге айналды. Өлкеде большевиктік билікті ұстап тұру ғана емес, оның тиімді жұмыс істейтін билік құрылымдарын қалыптастыру отарлық биліктің бюрократиялық аппаратынан өзге партиялықмемлекеттік номенклатура түрінде жаңа үлгідегі басшылар корпусын дүниеге əкелді. Элита категориясына біршама ұқсастықтары болғанымен, ұстанған құндылықтар жүйесі бойынша көбіне қарама-қарсы құбылысты құрайтын номенклатура ұғымының мағынасы кең жəне қалыптасу тарихы да тым ерте. Ежелгі Римде билеушінің қабылдауына келген қонақтардың атын айғайлап хабарлаушы құлды «номенклатор» деп атаған. Латынның «номенклатура» - (лат. nomenklatura) есім деген сөзі номенклатура ұғымның есімдер немесе атаулар тізімі деген мазмұнына негіз болған. Кең мағынада бұл атауға «тағайындалуы немесе бекітілуі жоғарғы органның құзырына жататын лауазымды тұлғалар тобы»451 деген ұғым беріледі. Партиялық диктатура жылдары қандай да болмасын қызметке тағайындау «номенклатура» деп аталған қағида бойынша партия органдарының шешімі негізінде іске асты. № 1 тізім (Саяси бюро, КОКП ОК Хатшылығы тағайындайтын лауазымдар), №2 тізім (КОКП ОК бөлімдері, басқа да партиялық құрылымдар тағайындайтын лауазымдар тізімі) шешуші лауазымдарға «өз адамдарын тағайындау билігін қамтамасыз ететін тетікке айналды. Бұл номенклатуралық тізімдер Саяси бюроның қаулысымен 1925 ж. енгізілген болатын452. 451 Словарь иностранных слов. -12-е изд., стереотип. –М.: 1985. –С.338. 452 Теория государства и права: часть 1 Теория государства. Под ред. Венгерова А.Б. -М: Юрист. -1995. С.149.

Номенклатура ұғымын тарихи жəне саяси құбылыс ретінде қарастырар болсақ кеңестік əдебиетте оған жоғарғы органдардың тағайындауына енетін лауазымдар тізімі деген анықтама берілген453. Бұл анықтама үлкен құбылыстың мəнін жеткілікті түсіндіріп бере алмайды. Кейінгі саяси əдебиеттерде номенклатураға берілген «Кадрлары жоғары тұрған инстанциялармен бекітілетін лауазымдар тізімі, осындай тізімге енетін лауазымдар: осындай лауазымдағы қызметкерлер»454 деген анықтаманың өзі ұғым айқындығы жеткіліксіз еді. Ұғымның мəнін ашуға барынша жақын келген анықтаманы жоғары партия мектептеріне арналған оқу құралынан кездестіреміз. Онда «Номенклатура – кандитатурасы тиісті партия комитетінде (аупаратком, қалалық, облыстық партия комитеттері) талқыланып, ұсынылып жəне бекітілетін барынша маңызды лауазымдар тізімі. Партия комитетінің номенклатурасына енген тұлға тек өзінің келісімімен ғана жұмыстан босатылады. Номенклатураға жауапты қызмет орындағы қызметкерлер енгізіледі»455 деген біршама ауқымды анықтама беріледі. Дегенмен, ұғымның шынайы тарихи жəне саяси астарын Кеңес Одағында алғаш рет академик А.Д.Сахаров ашып берді. «Елде тиісті əлеуметтік зерттеулер жүргізілмеді, əлде оларды құпия ұстады, сонда да мынаны атап айтуға болады, 20-30 жылдардың өзінде жəне түпкілікті соғыстан кейінгі жылдары біздің елімізде өздерін өздері «номенклатура» деп атайтын, Джилас «жаңа тап» деп атаған ерекше партиялық-бюрократиялық əлеуметтік топ қалыптасты»456 деген Сахаровтың анықтамасы кеңес қоғамы үшін жаңалық болғанымен алдыңғы қатарлы əлемдік ғылыми таным үшін жаңалық емес еді. М.Джилас 1957 ж. «Новый класс. Анализ коммунистической системы» деп аталатын іргелі еңбегінде бұл мəселеге қатысты теориялық тұжырымдарды негіздеген болатын. Югославия коммунистік партиясы Саяси бюросының бұрынғы мүшесі, саясаткер, ғалым жəне жазушы Милован Джилас аталған еңбегінде «басқарушылар кім?» деген сұраққа жауап іздеген еді. Ол теориялық деңгейге көтерген мəселені одан бұрын да қарастырғандар болды. Эмиграцияда жүрген орыс философы Н.Бердяев «Мемлекеттік билікті күшейткен пролетариат диктатурасы бүкіл елді жəне өзіне бағыныштыларды шырмауықтай шырмап алып, орасан зор бюрократияны дамытады. Патшалық 453 Политический словарь. -М.: Госполитиздат, 1964.-С.68.. 454 Новые слова и значения. -М.: Сов. Энциклопедия, 1971. –С.320. 455 Партийное строительство. Изд. 6-ое изд., доп.- М.: Госполитиздат, 1981. –С.300. 456 Сахаров А.Д. О стране и мире. -Нью-Йорк: 1975. –С.19. биліктің бюрократиясынан əлдеқайда күшті бұл жаңа кеңестік бюрократия дегеніміз халық бұқарасын аяусыз қанайтын жоғары дəрежелі топтың өзі»457 деп жаңа қалыптасқан билеуші топқа өз бағасын берді. Бұндай тұжырымдарды салыстыра отырып маркстік концепция бойынша антагонистік топтар болмайтын социалистік қоғамда «халық бұқарасын аяусыз қанайтын» «жаңа топ» қалай пайда болды, оның əлеуметтік негізін кімдер құрайды? деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұрақтардың жауабын социалистік қоғамның негізін қалаған шынайы марксші В.И.Лениннің еңбектерінен кездестіреміз. Ол «Мемлекет дегеніміз – күштеу мекемесі»458 деп үзілді-кесілді тұжырым жасайды. Одан əрі «Мемлекет дегеніміз күштің ерекше ұйымы, қандай да болмасын тапты басып-жаншу ұйымы» деп таратады. Ленин ойының жетегіне ере отырып мəселенің мəнін ұғынуға ұмтылар болсақ «еңбекшілердің жалпыхалықтық социалистік мемлекеттерінде» «еңбекшілерге мемлекет қанаушы таптың қарсылығын басып-жаншу үшін қажет»459 болады екен. В.И.Лениннің партиялық билік туралы бұндай көзқарасы бірден қалыптаса қойған жоқ. Маркс пен Энгельстің коммунистік қоғам туралы тұжырымдары нақты саяси тəжірбиелерге сүйенбегендіктен болжамдық сипаты басым еді. Тіпті оның кейбір идеялары утопия құрсауында болатын. «Анти–Дюрингте» Энгельс жаңа пролетарлық мемлекеттің мемлекет ретіндегі ең алғашқы жəне соңғы актысы өндіріс құралдарын национализациялау туралы заң болатындығын барынша дəлелдеуге ұмтылады. Оның айтуы бойынша ендігі жерде адамдарды басқару заттарды (мүліктерді) басқарумен алмастырылатын болады. Мемлекет туралы бұл теорияның утопиялығын 1917 ж. қазан төңкерісінің нəтижелері дəлелдеді. Лениннің өзі 1917 ж. сəуірдегі партия конференциясында «Кеңес мемлекеті полициясыз, тұрақты əскерсіз, артықшылық жағдайдағы шенеуніктерсіз жаңа үлгідегі мемлекет болады» деген сенімде болатын. Əйтсе де Лениннің қоғамдық дамудың жағымсыз факторы ретінде жоюға мүдделі болған институттары керісінше жаңа биліктің үштаған тірегі болып шықты. Жаңа мемлекеттің күші мен қуаты осы тіректерді қалай қалыптастырып, қалай орнықтыруға тікелей 457 Бердяев Н. Истоки и смысль русского коммунизма. -Париж: 1955. –С.300. 458 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. -М.: Политиздат, 1981. -т. 35. – С.110. 459 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. -М.: Политиздат, 1981.-т. 33. -С.24.

байланысты болатын. Əсіресе тақырыпқа қатысты болғандығынан ғана емес, маңызы бойынша да осы аталған үш тіректің ішінде артықшылық дəрежедегі бюрократияның қалыптасуы большевиктер көсемін қатты толғандырған еді. Осыған байланысты Ленин жаңа типті кеңестік биліктің түрі - «пролетариат диктатурасын» большевиктік партияның диктатурасы ретінде негіздеді. Соған сəйкес ол «диктатураны коммунистердің большевиктік партиясы іске асырады»460 деген тұжырым жасайды. Партиялық билік туралы тұжырымын одан əрі тереңдете келіп, «Біз кеңестік республиканың барлық заңды жəне нақты конституциясы партия бəрін де түзейді, тағайындайды жəне құрады деген бір ғана қағидаға негізделетінін білуіміз жəне есте сақтауымыз қажет»461 деген лениндік тұжырымдардың қисынына сүйенер болсақ, пролетариат жаңа қоғамға билік жүргізуші, қоғамдық дамудың авангарды болып шығады. Ол большевиктер партиясының тікелей басшылығымен жұмыс жасайды. Қатаң демократиялық централизм қағидасына негізделген партиялық басқару құрылымы дегеннің өзі ешқандай да абстракция емес. Оның да осы басшылықты тікелей іске асыратын нақты тетігі болуы тиіс. Лениннің сөзімен айтар болсақ «Партияға ... 19 адамнан тұратын Орталық Комитет басшылық жасайды, оның үстіне Москвада ағымдағы жұмыстарды.... Оргбюро (Ұйымдастыру бюросы) жəне Секретариат сияқты оқшауланған алқаның жүргізуіне тура келеді... демек, нағыз «олигархия» болып шығады... біздің республикада бірде-бір маңызды саяси мəселе бірде-бір мемлекеттік мекемеде партияның Орталық Комитетінің басшылық нұсқауынсыз шешілмейді.... Диктатураны нақты іске асыру тұрғысынан қарағанда пролетарлық мемлекеттік биліктің жалпы механизмі осындай... Бұл механизм кішкене, жасырын, астыртын үйірмелердің арасынан 25 жыл бойы өсіп шықты»462. Міне, осындай оқшауланған олигархиялық басшылық томағатұйық партиялық иерархияға сүйеніп «жаңа үлгідегі большевиктік мемлекет» орнатқан тоталитарлық партократияны дүниеге əкелді. Осы «жаңа үлгідегі партияның» өзге партиялардан ең басты «жаңалығы» оның мемлекет пен мемлекеттік аппаратты алмастырған тарихи миссиясы мен ішкі құрылымынан туындайды. «Бір жағынан ол кадрлық аппараты бар томаға-тұйық 460 Ленин В.И. Собрание сочинении. 3-е изд., -М. – Л.: Партиздат, 1936.-т. 25510 с. 461 Ленин В.И. Собрание сочинении. 4-е изд., т. 31, -М.: Гос. изд. Полит. лит., 1950. -546 с. 462 Ленин В.И. Собрание сочинении. 3-е изд., -М. – Л.: Партиздат, 1936.-т. 25510 с. С.193-194 иерархиялық ұйым, екінші жағынан ол көп миллиондық мүшелік құрамы бар ашық бұқаралық партия. Содан да партияның элитасы, белсенділері өздерін «партияның ішіндегі партия» сияқты сезінді»463. Осындай тұжырымдарды негізге ала отырып, коммунистік партия КСРО-дағы бірден-бір билеуші мемлекеттік органға айналғандығына көз жеткіземіз. Тіпті ол партия мемлекеттің ішіндегі мемлекет қана емес, «жаңа үлгідегі мемлекеттің» өзі. Партократиялық биліктің жетілдірілгендігі соншалықты коммунистік құрылымдағы мемлекет ресми мемлекеттік аппаратсыз өмір сүре алғанымен партиялық апаратсыз өмір сүре алмайтындай жағдайға жеткізілді. Содан да мемлекеттің ресми атқарушы, заң шығарушы билік құрылымдарының күрделі иерархиясы партия органдарының нұсқауын іске асыруға қызмет етті. Бұл жағдай партиялық аппарат пен мемлекеттік аппараттың қарым-қатынасын үйлестіруге емес, субординацияға негіздеді, осы арқылы биліктің қосарлануына жол берілмеді. Кеңестік қоғамдағы партиялық құқық, партиялық саясат деген «өмірге, қоғамдық даму үдерісіне, адамдардың қарым-қатынасына қатысты бұрын-соңды тарихта болмаған орасан зор ықпал етуші күшке ие» болғандықтан «социализм тұсындағы мемлекет сыртқы, формальды реттеумен шектелмейді, ол қоғамның шаруашылық жəне мəдени тұрмысын тікелей ұйымдастырады, өмірдің ең терең үдерістеріне, егжей-тегжейіне мəн береді»464. Қоғамдық өмірде осындай жағдайға қол жеткізген партократия саяси, рухани өмірді қадағалаумен шектелмейді, қайта одан əрі саясатты, экономиканы, мəдениетті тіпті адамдардың ойы мен сезімдерін де тікелей басқаруды қолға алады. Большевиктік партияның кеңестік билікті нығайтудағы басты міндеттерінің бірі – партиялық-мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып белгіленуі алысты болжаған саясат еді. Соған байланысты Ресейдің ұлт аймақтары үшін кеңестік үлгідегі партия жəне мемлекет шенеуніктерін дайындауға баса мəн берілді. Ол міндетті Мəскеудегі іргелі білім ошағы Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті атқарды. Оқу орнының осындай маңызды міндеттерін Наркомнац коллегиясының мүшесі Г.Бройдо «университет кеңестік жəне партиялық құрылыстың нұсқаушыларын дайындауды өз алдына мақсат етіп қояды. Жалпы саяси білім алған жаңа 463 Авторханов А. Происхождение партократии. //Октябрь. 1991. -№2.-С.133-163. (С.139) 464 Аржанов М.А. Государство и право в их соотношении. -М.: Юриздат, 1960. – 221с. (С.12)

қызметкер кадрлар Азияның алыс далалары мен тауларындағы жергілікті ұйымдарға араласып еңбекшілердің кеңестік өкіметінің бастауларын нығайтатын болады»465 деп айқындайды. Бұл беделді оқу орны жаңа тұрпатты ұлттық партиялық-мемлекеттік номенклатура қалыптастырудың бүкіл күрделі болмысының жиынтығы болды. Ондағы оқу-тəрбие жұмыстарында ІІІ Интернационал басшылары, коммунистік идеологияның майталмандары Бухарин, Зиновьев, Павловичтермен бірге көбіне коммунистік идеялармен келісе де бермейтін Мирсаид Сұлтанғалиев, Тұрар Рысқұлов, Нариман Нариманов, Ахмет Байтұрсынов, Нəзір Төреқұлов сияқты ұлттық элитаның аса көрнекті өкілдерінің басы қосылды. Түрлі саяси ағым өкілдерінің университеттегі оқу-тəрбие жұмыстарында өз көзқарастарын ашық насихаттауға мүмкіндігі болмады, əйтсе де олардың ұлт мұраттарын ұлықтаудағы өнегесі ізсіз де кетпеді. Оның үстіне Кеңес Одағының жəне Азиядағы мемлекеттердің алыс түпкірлерінен келген жас буын өкілдерінің университетке дейінгі өз елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстарында жинақтаған саяси тəжірбиелері де олардың көзқарастарының қалыптасуына тиісінше ықпал жасады. Демек, олардың бəрі бірдей большевиктік идеяларға құлай берілген жоқ. Сол сияқты олардың бəрі бірдей ұлттық мүддені жоғары қойған ұлтжанды қайраткер болып шыға алмады. Партиялық-мемлекеттік номенклатура қалыптасуының осындай күрделі сипаты кеңестік қоғамның билік институттарының дамуына терең із қалдырды. Р.Михельс тапсыз ұжымдық қоғам сөзсіз бюрократия түріндегі элитаның қызметіне мұқтаж болады дей келіп, «Қоғамдық байлықты шенеуніктердің ауқымды тобын құру арқылы ғана қанағаттанарлықтай басқаруға болады»466 деп атап көрсетеді. Қоғамның əлеуметтік жікке бөлінуі сөзсіз қажеттілік екендігі басы ашық мəселе. ХХ ғ. соңындағы зерттеушілер (С.Хантингтон, З.Бжезинский, М.Джилас, М.Восленский жəне т. б. –Х.Т.) кеңес қоғамының əлеуметтік құрылымын тоталитарлық мазмұнына қарап, оның бір-біріне жауыққан екі тап – бəріне билігі жүретін номенклатура мен құқықсыз, меншіктен жұрдай бұқара түрінде сипаттайды. Бұл көзқарастарды шамадан тыс идеологияландырылған жəне асыра бағаланған деп атамасқа лаж жоқ. Өйткені, кеңестік қоғамға таптық теорияны қолданып талдау жасау жеткіліксіз болар еді, себебі бұл қоғамда таптың негізгі белгісі – меншік иемде465 Бройдо Г. Коммунистический университет трудяшихся Востока //Национальный вопрос и Советская Россия. 1921. -241 с (с.86) 466 Михельс Р. Социология политической партии в условиях демократии. // «Диалог». – 1991. - № 3. -С.40-48. ну мүлдем болмады. Кеңестік номенклатура мемлекеттік меншікті басқаруда барынша кең өкілеттігі болғанымен, оларда меншікті иемдену құқы болмаған еді. Меншікке билік жүргізу құқы барынша кең қолданылғанымен ол меншікті иемдену құқына ұласа қойған жоқ. Кеңес қоғамының əлеуметтік конфигурациясын зерттеу оның жүйеқалыптастырушылық қағидалары өзіне дейінгі Мəскеу мемлекеті мен Ресей империясының осы сияқты өлшемдерімен таңқаларлықтай ұқсастығына көз жеткізеді. Олардың ортақ жүйеқалыптастырушы қағидалары əлеуметтік ұйымдардың саяси-орталықтық сипаты мен азаматтардың мемлекет алдындағы жалпыға бірдей міндеттілігі жəне əлеуметтік жіктелуде қоғамдағы əртүрлі əлеуметтік топтардың мемлекет алдындағы міндеттілігінің айырмашылығы негізге алынуы болды; біреулері қызмет өтейді (Мəскеу мемлекетіндегі мемлекеттік тап, Ресей империясының бюрократиясы, кеңестік жүйенің номенклатурасы); екіншілері қоғамға жəне мемлекетке материалдық игіліктер дайындайды (Мəскеу мемлекеті мен Ресей империясындағы салық төлеушілер категориясы)467. Кеңестік элитақалыптастыру жүйесінің аталған жүйелермен құрылымдық-қызметтік жақындығы анық, тек кеңестік жүйенің əлеуметтік-саяси құрылымында элита рөлін мемлекеттік таптың жоғарғы эшелоны – партиялық-мемлекеттік номенклатура атқарады. Осы номенклатураны соңғы кездегі саяси əдебиетте орталық, салалық жəне аймақтық билік органдарының өкілдері енетін РК(б)П – БК(б)П – КОКП Орталық Комитеті мүшелерінің құрамын жоғары элиталық топтың қатарында атап жүр. Кеңестік қоғамда элитаның өзара жіктелуінде билік өкілеттігінің ауқымы мен көлемі негізге алынса, бұқараның өз ішінде жіктелуінде білім мен біліктілік деңгейі, еңбек мазмұны мен табыс айырмашылығы басшылыққа алынды. Жіктелудің маңызды өлшемдерінің біріне айналған білім мен біліктілік деңгейі шын мəнінде меритократиялық болғандығын атап өту керек. Осы негізді кеңінен қолдану алғашқы жылдары əлеуметтік мобильдіктің теңдессіз деңгейін қамтамасыз етті, бұл жағдай өз кезегінде Кеңес қоғамының уақыт пен базалық ресурстар тапшылығы жағдайында индустриалдық модернизацияны іске асыруына мүмкіндік туғызды468. 467 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции. С. 250 468 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции.-С.251

Кеңес қоғамының элита жасақтау жүйесінің алдындағы қоғаммен сабақтас болуының ең басты белгісі – онда дамудың мобилизациялық үлгісінің сақталып қалуы еді. Большевиктердің ескі қоғамдық құрылысты талқандай отырып, оның жағымсыз мұрасына – мобилизациялық шаралар мен тетіктерге жүгінуге өмірлік қажеттілік мəжбүрлегендігі аңғарылады. Елдің бəріне белгілі, дүниежүзілік жəне азамат соғысы барысында Кеңес өкіметі ұлттық байлықтың төрттен бірінен айрылды, теңдессіз күйзеліс пен өндіріс құлдырауының апатты жағдайы, орасан зор демографиялық шығындар орын алған күрделі кезеңді кейбір зерттеушілер «Кеңестік Ресейді суға батырумен қорқытып, жанжағынан толқындар анталаған аралмен» салыстырады469. Осындай жағдайлармен де КСРО құрамына енген республикалардың алғашқы қадамдарының өзі қатал жұмылдырушылық сипат алды. Партияның Орталық Комитеті 1919 жылдың өзінде барлық күштер мен ресурстарды қатаң түрде орталықтандыру қажеттігін атап көрсетті. Өкімет өз кезегінде біртұтас əскер мен біртұтас қолбасшылық, орталықтанған қаржы, транспорт жүйесі жəне т.б. енгізуді көздеді470. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы элитақалыптастыру үдерістерінің басты ерекшелігі – елдің алдындағы қажетті ресурстар тапшылығы жағдайына қарамастан индустриялық модернизацияны іске асырудан туындады. Осы жағдай модернизацияны іске асырушы субъект ретінде элитақалыптастыру қағидасына элитаның барынша тиімді қызмет ету талабын қойды. Елдегі мобилизациялық модельдің қалыптасуының алғашқы кезеңі – əскери коммунизм саясаты болды. Əскери коммунизм теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Троцкий «Əскери коммунизм өзінің маңызы бойынша қоршаудағы қамалдың тұтынуын реттеу жүйесі болды»471 деп жазды. Бұл жағдай əскери тəсілдерді халықты мобилизациялаудың тетігі ретінде қолданатын əскери коммунизм саясаты концепциясының негізгі идеясы – еңбекті əскерилендіруге алып келді. Өйткені жұмыс күші жаппай күйзеліс пен ресурстардың тапшылығы жағдайында бірден бір қол жетерлік капитал еді. 1920 ж. ІХ съезде осы идеяны қорғаған Л.Троцкий күштеу мен мəжбүрлеу шараларын ақтау үшін 1920 ж. жазылған «Терроризм жəне коммунизм» мақаласында экономикалық 469 Боффа Дж. История Советского Союза. -М: Международное отношения, 1991. -Т. 1.- 604 с. С.89 470 Образование СССР. Сборник документов. – М.: Политиздат, 1972. –118 с. 471 Троцкий Л.Д. Преданная революция. –М.: НИИ культуры, 1991. –254 с. мақсатқа жету үшін қуғындау шараларын қолдануды пролетариат диктатурасының қажетті құралы деп бағалады. Сталиндік жаппай саяси қуғын-сүргін жүйесі жаңа қоғамды қылмыстық індет жағдайынан қорғау шаралары ретінде қалыптасты472 деген тұжырым тоталитарлық биліктің қоғамдықсаяси дамуда таңдаған бағытын ақтауға қызмет етеді. Партияның өз құрылымдарында жүргізілген шаралар бұл тұжырымға мысал бола алады. Мобилизациялық модель концепциясын іске асыруда қолданылған экономикалық басқарудағы қатаң тəсілдер дамудың белгілі бір кезеңінде билікті монополиялап алуға байланысты саяси шараларға ұласып, өзге партиялармен бірге партияішілік қатынастарды да орталықтандырып жəне əскерилендіре түсуі заңды еді. Бұл жағдай 1919 ж. қабылданған партияның жаңа Жарғысында ішкі партиялық нормаларды күшейту түрінде көрінді. 1922 ж. ХІІ партия конференциясында большевиктік емес партияларға қатысты оларды қуғындауға дейін қатаң шаралар қолдану қарастырылды, əйтсе де бұл шешім бірден қабылдана қойған жоқ, 1918–1919 жж. өзге партиялармен қатынас мəселесі партияның Орталық Комитетінде 70 рет талқыланды473. Осы деректің өзі бірпартиялық жүйенің орнығуы өте қызу пікірталас туғызып, Орталық Комитеттің өз шешімін үлкен күш-қуатпен қорғауына тура келгендігін танытады. Большевизмнің философиялық негіздері мен практикалық тəжірибелері революцияға дейінгі орыс солшыл-радикалдық интеллигенция фанатизмі дəстүрлерінің жалғасы əрі жаппай сыртқы саяси оқшаулау жағдайына қайтарған жауабы болды. Содан да билік басына келген большевиктер қалыптасқан жағдайдың қысымымен өздерінің бұрынғы романтикалық армандарынан бас тартты. Теориялық ұстанымдардан бас тартудың бір мысалы – басқарушы топты номенклатуралық қағида бойынша қалыптастыру еді. Бұл жағдай Маркс пен Лениннің социалистік революция барысында қоғамды əлеуметтік негіздеудегі жоғарғы басшылықтың сайланбалығы немесе ауыстырып отыруы, жалақысының білікті жұмысшы жалақысынан аспауы, тіпті мемлекеттің өздігінен жойылуы сияқты ұстанымдарынан шегіну болып шықты. Бұндай шегініс жол берудің ең алғашқы мысалын Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде алғашқы кеңес үкіметінің құрамын жасақтағанда сайланбалық қағидасының аяқасты етілуі472 Зиновьев А. Русская трагедия. –М.: Изд-во Алгоритм, Изд-во Эксмо, 2005. 473 Спирин Л.М. Историография борьбы РКП(б) с мелкобуржуазными партиями 1917–1920 гг. // «Вопросы истории КПСС». –1966. –№ 4. -С.100-110.

нен көреміз. Сайланбалық қағидасын мансұқтау одан əрі РК(б)П ОК аппаратында «кадрларды таңдау жəне орналастырумен» тікелей айналысатын ұйымдастыру нұсқаушылық жəне Есепке алуорналастыру бөлімінің, 1923 ж. бастап Ұйымдастыру-орналастыру бөліміне айналған арнайы құрылымның тікелей қызметтік міндетіне айналды. Бұл бөлімді əр кездері басқарған В.Молотов, Л.Каганович, Г.Маленковтар бөлім өкілеттігінің құдіретімен өздері де жоғары партиялық басшылықтағы ықпалды саяси тұлғаларға айналды. РК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы мен кадр мəселесіне қатысты ОК шешімдерін дайындайтын комиссиялар басқарудың жоғары эшелоны айналымының тетігі болса, Ұйымдастыру-орналастыру бөлімі орта буын басқарушыларының айналымын реттейтін тетік болды. Одан əрі бұл өкілеттілік партия ұйымдарының төменгі буындарына беріліп, олар да өз өкілеттігі шегінде элитадан тыс топтың арасынан «кадр таңдау жəне орналастырумен» айналысты. Олардың қызметінде сайлау демократияның бетпердесі күйінде қалды. Номенклатуралық тағайындау практикасы партияның 1923 ж. ХІІ съезінде қабылданған «Ұйымдастыру мəселелері туралы» арнайы қарармен заңдастырылды, онда басқарудың барлық салаларындағы бос лауазымдарға осы қағидаға басымдық бере отырып тағайындау негізделді. Съезден соң РК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы 1923 ж. 12 маусымында «Тағайындаулар туралы» жəне 16 қарашада «Қызметкерлерді таңдау жəне тағайындау туралы» қаулылар қабылдап, съезд шешімдерін нақтылай түсті. Бұл қаулылар шын мəнінде жоғары жəне орта деңгейдегі басқару аппаратының құрамын ауыстыру жəне толықтырудың номенклатуралық практикасының нормативті құжаттарына айналды474. Элитақалыптастырудың осындай қатаң өлшемдеріне қарамастан Кеңес өкіметі билігінің алғашқы жылдарында саяси жүйеде номенклатураның алғашқы толқыны барынша тиімсіз болды. Төңкерістен кейінгі алғашқы жылдары қызметке араласқан жаңа саяси элита қызметінің сипатты белгісі - партиялық жəне мемлекеттік аппараттың қысқа мерзімде орасан зор көлемде бюрократиялануы жəне орталық партия органдарының мемлекеттік құрылымдарды саяси тұрғыда үздіксіз төмпештеуі мен ОК аппаратының жергілікті партия органдары қызметін біртіндеп алмастыруы. Ал мемлекеттік жəне партиялық аппаратты жаппай бюрократияландыру 474 Коржихина Т., Фигатнер Ю. Советская номенклатура: становления, механизмы действия. // «Вопросы истории». – 1993. –№ 7. -С.25–38. (С.26-27) басқарушылар штатын едəуір арттыруды талап еткен экономиканы национализациялаудан туындады. Бюрократияның қаулап өсуіне одан кем əсер етпеген келесі фактор – қарапайым игіліктердің зəрулігі жағдайында шенеуніктің статусы ол игілікке паек түрінде ресми, пара түрінде биресми қол жеткізудің кепілі еді475. 1920 ж. бас кезіндегі басқару элитасы құрамының сапасы туралы «Біздің мемлекеттік аппарат Сыртқы істер халық комиссариатын қоспағанда, барынша жоғары деңгейде ескінің сарқыншағы, барынша төменгі деңгейде əлдеқандай өзгеріске түскендерден тұрады. Ол тек аздап түсін өзгерткен»476 деген баға қалыптасқан жағдайдың шынайы бейнесін танытты. Əртекті интеллигенция мен дүбара əлеуметтік топтардан құралған жаңа саяси элита билік басына келгеннен соң патшалық Ресейдің басқару элитасының əлеуметтік категориясына ғана емес, сонымен бірге өзі шыққан əлеуметтік топқа қатысты да таңқаларлық қатыгездік көрсетті. Бұл тұжырымға Ф.Голощекиннің ІІ Николай патшаның əулетін қырып салуға араласуы жарқын мысалы болады. Түркістан жағдайында да бұндай мысалдар жеткілікті. 1923 ж. соңында енгізілген партия органдарын бекітетін номенклатура – басқару кадрларының жеке бас мүддесі мен жауапсыздығының өзегіне айналды477 деген пікірді қуаттауға болады. Айталық, жаңа элитаның көпшілігі саяси қатыгездікке бейім болуы əлеуметтік тұрғыда материалдық артықшылықтарға көзсіз ұмтылған ашкөздікке ұласты. Троцкийдің жақын серіктерінің бірі А.Иоффе жаңа элитаның адамгершілік қасиеттері туралы 1920 ж. былай деп жазады: «Жоғарыдан төменге дейін, төменнен жоғарыға дейін – бəрі де солай. Ең төменде іс бір жұп етік пен гимнастеркаға; жоғарыда – автомобильге, вагонға, халкомкеңес асханасына, Кремльдегі немесе «Националдағы» пəтерге; ал анау да, мынау да, үшіншісі де бар ең жоғарыдағылар үшін мəртебеге, даңғаза жағдайға жəне есімінің танымалдығына тіреледі»478. Демек, осы дəйектерге сүйене отырып, кеңестік жүйенің басқарушылар табының қатарын толықтырушылар үшін басты қозғаушы күш – материалдық игіліктерге қол жеткізу болғандығын аңғарамыз. 475 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции. С. 255 476 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. 5-е изд. -М.: Политиздат, 1982.- Т. 45. –729 с. (С.383) 477 Горяева Т.М. Политическая цензура в СССР. -М.: 2002. С.42 478 Волкогонов Д.А. Троцкий. Политический портрет в 2 кн. -М.: Новости, 1994. -Т. 1. –416 с. (С.379-380)

Кеңес өкіметінің меншіктік қатынастарды мансұқтауы жəне меншік иелерін қанаушы тап ретінде қуғындауы материалдық игілікке қол жеткізудің бір ғана жолы – меншікті басқаруға мүмкіндік беретін билік лауазымдарын иемдену болғаны даусыз. Осыған байланысты «Кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді» деген қазақы ұғым таптық қоғамдағы əлеуметтік даму қағидасын танытады. Ал əлеуметтік тап, оның экономикалық негізі жеке меншік жойылған жағдайда мемлекеттік құрылымдарды басқаруға большевиктік идеяларға берілген жұмысшылар мен шаруалардың арасынан ұсынылғандар үшін билік «байға жетудің» бірден-бір мүмкіндігі болды. Ұсынылғандардың осы əлеуметтік психологиясы ұлттық басқарушы таптың, соның ішінде əкімшілік элитаның сапалық құрамының моральдік-саяси бейнесін айқындады. 1920 жылдан 1930 жылдардың бас кезіне дейінгі басқарушы тап қызметі тиімсіздігінің бірқатар себептері бар десек, солардың арасындағы ең маңыздыларының бірі – билеуші таптың өз ішіндегі алауыздық жəне басқару элитасы мен халық бұқарасының арасындағы алшақтық деп айта аламыз. Орталықта элитаішілік алауыздықтың себебі индустриялық модернизация технологиясына қатысты концептуалдық алауыздық жəне билік үшін күреске арналған жеке бəсекелестік түрінде сипат алды. Бұл үдеріс Түркістан жағдайында көпқырлы көрініс тапты. Атап айтқанда, бұнда элитаішілік алауыздықтың себептерінің алдыңғы қатарына ұлттық өзін-өзі басқарудан туындаған себептер шықты, одан кейінгі басты себеп – Орталықтағыдай жаңа билік үшін емес, жекелеген ұлттардың жоғары билік құрылымдарындағы басымдығы үшін күрестен туындады. Осы жерде О.В.Гаман-Голутвинаның мына пікіріне назар аудару қажет сияқты. Ол жеке билік үшін күреске негізделген элитаішілік қарама-қарсылық туралы мəліметтер мəселені ұғынуды жеңілдетеді, бірақ элитақалыптастыру үдерісіне мазмұнды талдау жасаудың мүмкіндігін төмендетеді деп есептейді479. Шындығында, саяси тарихта элитаішілік қарама-қарсылық бір-бірімен астасқан күрделі себептерден тұрады. Дегенмен, қандай себептермен ақталса да элитаішілік алауыздық басқару тиімділігін төмендетуші фактордың бірі болып қалады. Міне, осындай дамуға кедергі болған элиталық таптың ішкі алауыздығын жою ресурстар зəрулігі 479 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции. С. 256 жағдайында модернизацияны іске асырудың тиімді құралы ретінде мобилизациялық үлгідегі элита жасақтауға жасалған қадам болды. Партиялық биліктің жоғарғы эшелоны мен халықтың элитадан тыс тобының əлеуметтік-психологиялық болмысының айырмашылығы да элита қызметінің тиімділігін төмендеткен фактор еді. Оның мəні – революцияға дейін партия қатарына өткен «ескі гвардия» немесе «кəсіпқой революционерлер» маңызды мемлекеттік лауазымдарды монополизациялап алуында болатын. 1919 ж. партия мүшелерінің 8 пайызын ғана 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін, ал 80 пайызын төңкерістен кейін партияға өткендер құрады480. 1921–1922 жж. жүргізілген партиялық тазалау партия мүшелерінің төрттен бірін мүшеліктен шығарғанымен де аталған арақатынас өзгере қоймады; революцияға дейінгі мүшелік өтілі бар аз ғана большевиктер тобы (шамамен 10 мың адамдай)481 20 жылдардың бас кезінде маңызды мемлекеттік лауазымдарды иемденді. Ленин бұл жағдайдың қауіптілігін сезді жəне оны партиялық басшылықтың партияның негізгі бұқарасынан бөлектенуіне апарып соғады деп есептеп, 1922 ж. «Съезге хатында» Орталық Комитет мүшелерінің санын элитадан тыс таптар – жұмысшылар мен шаруалардың есебінен жүзге дейін кеңейтуді ұсынды. Əрине, ол ұсыныстың тағдыры белгілі. Кеңес қоғамындағы басқарудың ұйымдық құрылымы кадрлерге қатысты революциядан кейінгі кезде де революцияға дейін қалыптасқан астыртын құрылымнан өзгере қоймаған. Оған дəлел 1927 ж. ОК құрамының 93 пайызы астыртын жұмыс өтілі бар большевиктерден тұрды. Ал бұл кезде лениндік шақырумен 240 мыңнан астам адам жаңадан партия қатарына қабылданып, партия қатары 1926-1927 жж. 1 млн. мүшеден асқандықтан жоғарыдағы арақатынас алшақтай берді482. Бұндай өлшемдер қалыптасқан басқару элитасының элитаайналымы үдерісінің жабық сипаты мен элита қатарын толықтырудың төменгі қарқынын танытады. Қалыптасқан күрделі жағдайдан шығудың жолы ретінде, яғни элитаайналымының ашық сипатын қамтамасыз ету үшін «ұсыну» саясаты қолға алынды. Ол шаралар партиялық элита мен партия мүшелерінің қалың бұқарасы арасындағы айырмашылықты жойып, элита қызметінің тиімділігін 480 Девятая конференция РКП(б). Протоколы. –М.: Политиздат, 1972. –340 с. (С.272282) 481 Боффа Дж. История Советского Союза. -Т. 1.- С.207 482 Боффа Дж. История Советского Союза. -Т. 1.- С.292

арттыруы тиіс болатын. Түркістан жағдайында «ұсыну» саясаты барынша белсенді жəне өзіндік ерекшеліктермен жүргізілді. Дегенмен ұсыну жолымен 20 жылдары қалыптасқан саяси элитаның білім деңгейінің төмендігі 1930 жж. элита қатарын толықтырудың жаппай сипат алуының басты себептерінің біріне айналды. Партия шешімдеріне сай көп ұзамай-ақ оларды өндірістен қол үзбей оқығандары болса да жоғары білімді «ұсынылғандар» алмастырды. Партиялық тазарту мəселесі де элитақалыптастырудың түйінді мəселесінің біріне айналды. Тəуелсіздік жылдарындағы зерттеу еңбектерінде бұл саяси акцияларға зорлық-зомбылық, бассыздық деп берілген баға басым болып келеді. Біздің пікірімізше, бұл акциялар бассыздықтан да бұрын партиялық басшылықтың белгілі мақсат көздеген байыпты əрекеті болған. Сөзіміз дəлелді болу үшін Сталиннің мына сөзін алға тартуға болады. Ол «Əдебиет, партия, əскер – бұлар кейбір клеткалардың өлуін күтпей-ақ ауыстыруды қажет ететін организмдер. Сіздерді сендіре аламын, егер біз ескілері өліп біткенше күтіп, сосын барып жаңалаймыз десек, онда біздің құрығанымыз»483 деп жазды. Сталиннің осы тұжырымымен партия қатарын, сол сияқты элита құрамын үздіксіз тазартып отырудың мобилизациялық даму жағдайына қажетті шарттардың біріне айналғандығына көз жеткіземіз. Елдің экономикасын жеделдете модернизациялау концепциясы осы бағыттың міндеттерін іске асыруға қабілетті билік жүйесі мен тиімді элита айналымын қажет етті. 30-жылдардың соңында Сталиннің жасаған саяси төңкерісін элитажасақтау тұрғысынан бағалар болсақ, оның мобилизациялық үлгідегі элитақалыптастыру жүйесіне жол ашқандығына көз жеткіземіз. Саяси жүйенің осыған ұқсас үлгісінің алғашқы концепциясы 1920 ж. бас кезінде жасалған болатын. Осы концепцияны негіздеген И. Сталиннің «Саяси стратегия мен тактика туралы» мақаласы 1947 ж. жарияланғанымен ол көлемді кітапшаның конспектісі ретінде 1921 ж. жазылған484. Сталиннің мазмұндауындағы концепцияны қазіргі заманғы саяси терминологияға ауыстырар болсақ, ол мынадай болып шығар еді: бірпартиялық жүйе түрінде билік ұйымдарының монополиялығы; комсомол, кəсіподақ, білім беру жүйесі, БАҚ жəне т. б. түріндегі азаматтық қоғам құрылымдарын мобилизациялау құралдарына айналдыру; сайланбалы органдарға билік аппаратының үстемдігін қамтамасыз ету; мемлекеттік басқару мен оның түйінді элемен483 Романовский Н. Лики сталинизма. – М.: РАГС, 1955. –158 с. С.58 484 Сталин И.В. Сочинения в 13 т. –М.: Политиздат, 1946–1951. -Т. 5. -440 с. С.35 ті саяси элитаны (партияны) əскерилендіру; саяси элитаның ішкі тұтастығына негізделген қатаң иерархиялық ұйым құру; басқару элитасы сапасының ерекше рөлі мен басқарудың жоғарғы эшелонының тиімді жұмыс істей алатын аймақтық жəне салалық жетекшілерінің тобын (200–300 адам) жасақтау жəне оларды стратегиялық маңызды лауазымдарға тағайындауды қалыптастыру; тұтастай алғанда, саяси элита мен саяси жүйені жоғары деңгейде идеологияландыру. Бұл концепцияны Сталин 1929–1939 ж. саяси төңкеріс арқылы түпкілікті іске асырды. Сталиндік қайта құруларда элиталық топтың қатарын толықтыру басым мақсат болғандығы аңғарылады. Осыған байланысты сталинизмнің практикасы «ұлы» революциялардың «басты мəні басқарушы тапты ауыстыруда жатыр; жаңа аристократия жасақтау революцияның шын мəнінде аяқталғанын білдіреді»485 деген тұжырымы қуаттай түседі. Орталық жəне аймақтық саяси элитаның басым бөлігін «ескі гвардия» құрағанымен 1920 жылдан 1930 жылдардың басына дейін жоғарғы эшелонының өз ішіндегі жікшілдік сипатты белгіге айналды. Мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төндірген бұндай жікшілдікті жою үшін басқару аппаратын тазарту қажеттілігі айқын сезілді. Партияның Х съезінде (1921 ж.) «Партияның бірлігі туралы» қаулы қабылданып, онда партия қатарында фракция ұйымдастыруға тиым салынды, кез келген деңгейдегі сайланбалы орган басшыларын үштен екі дауыспен партия қатарынан шығаруға Орталық Комитет пен Орталық Бақылау комиссиясына құқық берілді. Съезд шешімдерінде экономикалық бағыт жұмсартылғанымен саяси тəртіп күшейтіле түсті. 1930 ж. Саяси Бюро құрамынан А.Рыков пен С.Сырцов шығарылғаннан кейін биліктің жоғарғы эшелонында тек басты бағытты жақтаушылар ғана қалды. Солай дей тұрғанымен де саяси элитаның ішкі құрылымы іштей топтасқандық сипат ала алмады, қайта ол саяси алыс-беріс жасайтын алып-сатарлар қауымдастығына көбірік ұқсады. Осыған байланысты мынадай дəйектерге жүгінейік: В.Молотов Лениннің кезінде-ақ «Саяси Бюроның əрбір мүшесінің арқасында өз жақтастарының тобы»486 болатын еді деп еске алады. Осылайша жікке бөлініп тұрған жоғары басқару эшелонындағы бірлікті Лениннің беделі сақтап тұрғандай еді. Лениннің қазасынан соң билеуші номенклатураның арасындағы ішкі қарама-қайшылық күшейе түсті. Алғашқы кез485 Восленский М. Номенклатура. –С.95 486 Чуев Ф.И. Сто сорок бесед с Молотовым. Из дневника Ф.Чуева. – М.: Терра, 1991. -604 с. С.200

де элитаішілік күрестің басты себебі елдегі модернизацияны іске асыру концепциясы жəне билік үшін күрес түрінде маңызды сипат алса, Саяси Бюро құрамы оппозициялық күштерден тазарған кезде бұл күрес асқынғанда ведомстволық мүдде үшін қақтығыспен шектеледі. Бұл жағдай биліктің жоғары эшелонындағы алауыздық жəне тартыс мақсаттарының ұсақтығы түрінде көрініс тауып, элита қызметінің тиімділігін барынша төмендетіп жібереді. Сталиндік саяси төңкерістен соң саяси тəртіптің күшеюімен бірге жоғарғы билік антикорпоративтік (топшылдыққа қарсы) саясатты да күшейте түсті. Содан да бұл кезеңде элита қызметінің тиімділігін арттырудың көзі ретінде жоғарғы билік топшылдық пен топтық мүдделерге қарсы саяси қуғындауға ұласқан аяусыз күрес бастады. 30-жылдардағы Қазақстанның тарихынан осы үдеріске қатысты көптеген мысалдар келтіруге болады. Түркістан элитасының құрамынан өсіп шыққан көптеген қайраткерлер 19301934 жж. саяси ұлттық қуғын-сүргіннің алғашқы толқындарында түрлі мерзімдерге лагерьлерге қамалды, атылды. Осылайша топшылдық пен мүдделестер тобына қарсы күрес 30 жылдары билеуші номенклатураның өз қатарын тазалауының, яғни саяси қуғын-сүргінде негізгі дəлеліне айналды. Осы жерде мүдделестер тобы қызметінің бірі – қоғамның билік құрылымдарын, саяси элитаны қалыптастыру екендігін атап айту қажет. Демек, жоғарғы билікке өзінің элитақалыптастыру қызметіне балама күштің қажеті болмағаны айқын. Қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік, шаруашылық салаларына партиялық басшылық неғұрлым күшейген сайын кеңес өкіметінің билігі де нығая түсті. Бір-бірімен тығыз байланысты бұл екі фактор партиялық-мемлекеттік номенклатура түріндегі билеуші саяси-əлеуметтік топты саясат сахнасына алып шықты. Əрине, интернационалдық негізде қалыптасқан бұл билеуші топтың өзегін европалық ұлттардың өкілдері құрағандықтан оның қызметінің саяси тəжірбиесінде ұлттық бағдар алдыңғы орынға шыға қоймады. Əйтсе де қоғамның даму заңдылығы өз дегенін іске асырды: аталған партиялық номенклатура ұлт аймағында өз саясатын іске асыру үшін жергілікті ұлттың интеллектуалдық күштеріне сүйенуге мəжбүр болды. Бұл үдеріс өз кезегінде Түркістандағы кеңестік биліктің сыртқы түріне аз да болса ұлттық сипат бере бастады. Түркістанда қалпына келтіру кезеңінің (1920-1922 жж.) бастапқы кезінде кеңес өкіметі іске асырған ұлт саясатының мынадай басты қорытындысын атауға болады; олар, ТКП ұйымдық жасақталуы, Түркістан автономиясының жариялануы жəне нығаюы, жергілікті халықты Кеңес өкіметінің органдары мен социалисік құрылысқа белсенді түрде араластыру. Бұл жағдайлар Орта Азия халықтарын топтастыруға жəне олардың арасында пролетарлық интернационализм идеяларының кең өрістеп, жергілікті ұлт еңбекшілерінің саяси белсендігін арттыруға қызмет жасауы тиіс еді. Əрине, бұндай мақсатты əрекеттер кеңестік үлгідегі ұлттық элитаға сүйенген ТКП Орталық Комитетінің саяси жəне ұйымдастырушылық қызметі арқылы іске асырылды. Аталған кезеңде түркістандық коммунистер РКП(б)П ОК 29 маусым 1920 ж. «РК(б)П-ның Түркістандағы кезекті міндеттері» деп аталған қаулысын басшылыққа алды. Ол қаулыда өлкедегі басты міндет партиялық билікті нығайту болып белгіленді. Бұл міндетті іске асыру Түркістанда партиялық номенклатураны қалыптастыруға барып тірелді. Түркістан республикасының жас партия ұйымы азамат соғысы жылдарында саяси, ұйымдық тұрғыда шыңдалды дегенмен де оның мүшелерінің таптық, əлеуметтік құрамы тұрғыда партиялық басшылықты қанағаттандырмады, өйткені оның құрамында жұмысшылардың үлесі аз, есесіне шаруалар мен пролетариат емес тап өкілдері басым болды. Алаштық тұғырнамадағы ұлттық элита өкілдерінің кеңестік билік құрылымдарына тартылуы большевиктердің амалсыздан ымырагершілікке барған уақытша жағдай болатын. Бұл жөніндегі көзқарасын И.В.Сталин Қазақ революциялық комитетінің құрылуынан соң іле-шала Е.Д.Стасоваға жазған хатында А.Байтұрсыновқа қатысты былай деп ашық білдіреді: «Мен оны революционер-коммунист немесе оны жақтаушы деп есептегенім жоқ жəне есептемеймін де, соған қарамастан оның ревком құрамында болуы қажет»487. Бұндай ымырашыл ахуал ұзаққа созылмаса да сол кездегі қоғамдық-саяси құбылыстың нақты тəжірбесіне айналды. Өлкеде жергілікті пролетариаттың аз болуынан партия өз шешімдерінде көбіне пролетариат емес элементтерге арқа сүйеуге мəжбүр болды. Бірақ, бұл шаралар уақытша сипат алды. Партиялық құрылыстың нығаюымен аталған əлеуметтік топ өкілдері түрлі тазарту шаралары барысында билік құрылымдарынан ығыстырыла бастады. 487 РГАСПИ Ф. 17, оп. 86, д. 129, л. 112.

Азамат соғысы жылдары жергілікті ұлт өкілдері есепте тұратын партия ұйымдарының саны арта түскенімен партия құрылысындағы ең басты түйткіл ретінде жоғарғы партия, кеңес органдарында жергілікті ұлт өкілдерінің қатары мүлдем аз болып қала берді. Басшы партия органдарындағы бұндай келеңсіздік ТКП V съезінің (қыркүйек 1920 ж.) партия құрылысы туралы тезисінде «Тұрғындардың басым көпшілігі Түркістанның жергілікті халқы болғанына қарамастан Түркістанның көптеген ұйымдарында европалық тұрғындар өкілдері белсенді рөл атқарады»488 деп атап көрсетілді. Дегенмен, аталған кемшіліктерді бірден жойып жібермегенімен, партиялық қызметте сол кемшіліктердің орын алып отырғандығын ресми мойындаудың өзі сол кез үшін үлкен жетістік еді. Жергілікті халықтар арасында тəжірибелі партия қызметкерлерінің аз болуы большевиктердің өлкеде кеңестендіруге негізделген ұлт саясатын іске асыруына кедергі болған факторлардың біріне айналды. Содан да съезде «Жергілікті жердің аздап болса да партиялық қызметкер кадрлармен қамтамасыз етілмеуіне байланысты қатардағы партия мүшелері арасынан жаңа қызметкерлер дайындау ТКП кезекті міндетін құрайды»489 деп алдағы атқарылар жұмыстардың бағдары белгіленді. Партияның бұл шешімі де ұлттық кадрларды тəрбиелеуге бет бұру дегенді білдірмейтін еді. Партия құрылысында ұлт мəселесінің шиеленісті сипат алуы ұлыдержавалық шовинистер мен буржуазиялық ұлтшылдар өкілдерімен күрес деп сыныпталды. Түркістан Компартиясында ұлыдержавалық шовинизм басты қауіп ретінде танылды жəне ол Түркістанның өзіндік ерекшеліктерін жете бағаламау, Түркістан халықтарының тарихы, экономикасы, тұрмысы, мəдениетінің ерекшеліктерін ескермей Орталықта белгіленген Кеңес өкіметінің шараларын жергілікті жағдайда қолдануға деген ұмтылыс түрінде көрінді. Бұл бағытты қолдаушылар жергілікті халықтар дербес мемлекет құратын саяси қызметке дайын емес деп есептеді, содан да олар Түркістандағы орыс жұмысшы табына арқа сүйеді. ТКП құрамындағы бұндай элементтер жергілікті тұрғындарға қатысты патша өкіметінің отарлық саясатын жалғастыруды қолдағандықтан РК(б)П ОК Түркістан компартиясына жолдаған хатында бұл ауытқушылықты коммунизмге сатқындық жасау деп бағалауға мəжбүр болды490. 488 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). Ташкент: Узбекистан, 1958. –320 с. (С.63) 489 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). Ташкент: Узбекистан, 1958. –320 с. С.69 490 «Коммунист». Орган ЦК КПТ. 1922. -№2.- 1 марта. С.44 Жергілікті ұлтшылдық өлкедегі ұлттық ерешеліктерді дəріптеп, таптық мəселені кейінге ысыру, жергілікті ерекшеліктерді асыра бағалау түрінде көрінді. Сол кездегі партия шешімдерінде ұлтшылауытқушылар деп аталған олар ұлттың ішіндегі таптық мүдделерді тұншықтырушылар деп айыпталды. Сондай шешімдердің бірінде мемлекеттік билік құрылымдарына «ұлтшылдықты ендіру жергілікті ұлт өкілдерінен марксист кадрлар дайындауға кедергі жасады, еңбекшілерге интернационалдық тəрбие беруге, ұлт республикалары халықтарының ұлы орыс халқымен жəне Кеңес Одағының басқа да халықтарымен достығын əлсіретті»491 деп мəселеге таптық көзқараспен саяси баға берілді. Жаңа экономикалық саясатқа өту қарсаңында жергілікті халықтардың мүддесін қорғауға қатысты жүргізілген ұлттық элитаның кез-келген саяси əрекеттері қанаушы таптың мүддесін көздеу, социалистік құрылыс ісін бүлдіруге ұмтылу, Түркістанда буржуазиялық қатынастарды қалпына келтіру əрекеті түрінде бағаланды. Партияның өз ішіндегі осы екі ағыммен күрес теориялық шеңберден шығып, ұйымдық-партиялық сипат алды. Осындай идеологиялық негізде қалыптасқан кеңес өкіметінің қоғамдық, экономикалық модернизациялау үдерістерінде ұлттық құндылықтар таптық, бибауырмалдық (интернационалдық) құндылықтармен батыл түрде алмастырыла бастады. ТКП қатарында, əсіресе кəсіподақтар туралы пікірталас аса қызу жүрді. Ол пікірталас барысында кəсіподақтардың рөлі мен міндеттері ғана емес, Түркістандағы ұлт саясаты да талқыланды. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары кəсіподақтар көп жағдайда бірыңғай орыс жұмысшыларының ұйымдары болды. Партияның осы ұйымдарға жергілікті халықтардың жұмысшыларын тарту əрекеті олардың арасында өнеркəсіп кəсіпорындары жұмысшыларының аздығынан тығырыққа тірелді. Содан да қалалар мен қыстақтардың қолөнершілерін жасанды түрде артельдерге біріктіріп, оларды кəсіподақ мүшелігіне қабылдау тəсілі кең қолданыс тапты. 1920 ж. сəуірде өткен Кəсіподақтардың Бүкілресейлік ІІІ съезі еңбек артельдері, кооперативтер мен қолөнер кəсіпорындарының жалдамалы жұмысшыларын ұйымға тартуды бақылауға алуға баса мəн берді. Сонымен бірге съезд жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын, мемлекетке жұмыс жасайтын қолөнершілер тобын ғана одаққа қабылдауды ұсынды. 491 Непомнин В.Я., Тихонова С.В. Коммунистическая партия Туркестана в период восстановления народного хозяйства (1921-1924 гг.). -Ташкент: Узгосиздат, 1960. –152 с. (С.22)

Түркістандық партия жəне кəсіподақ ұйымдары басшыларының кəсіподақ ұйымдарына мемлекетке немесе еркін рынокқа жұмыс істейтіндігіне қарамай қолөнершілердің бəрін де мүшелікке тартуы үлкен қателік болып саналды. Орталық басшылықтың талабы бойынша кəсіподақтар «өз қатарына жалдамалы еңбек пайдаланбайтын жəне социалистік мемлекеттің өндірісіне тартылған мұсылман-қолөнершілерді қабылдауға»492 міндетті болды. Əйтсе де, Түркістан Республикасы кəсіподақтарының ІІ съезі (шілде 1920 ж.) осы жылдың қарашасында өткен кəсіподақтардың өлкелік конференциясы кəсіптік одақтарға қолөнершілер, чайрикерлер, диқандар арасынан жергілікті еңбекші бұқараның өкілдерін кеңінен тарту туралы шешімін қуаттады. Бұл жағдай ресми билік тарапынан Кеңес өкіметінің пролетарлық тірегін жартылай пролетариат көпшіліктің жұтып қоюына итермеледі деген айып болып тұжырымдалды. 1921 ж. қаңтарында республика кəсіподақтары 133143 адамды біріктірді. Республикада кəсіподақ мүшелерінің жалпы саны артуымен оның қатарындағы жергілікті ұлттың жартылай пролетариат өкілдерінің үлесі де арта түсті. Кəсіподақтарға байланысты пікірталастың басты себептерінің біріне айналған бұл жағдай Кеңес өкіметінің тірегі болатын пролетарлық ұйымдардың азайып кетуі түріндегі қауіп деп бағаланды. Өйткені 1921 ж. қаңтарында кейбір салалық кəсіподақтарда қолөнершілердің үлесі 80 пайызға жетті493. ТКП ОК мүшелерінің арасында кəсіподақтардың рөлі мен міндеттері мəселесіне қатысты пікір алшақтығы орын алды. 1921 ж. 17 қаңтарда ТКП ОК «Кəсіподақтардың кезекті міндеттері мен жұмыс тəсілдері туралы» тезис дайындау үшін арнайы комиссия құрып, оның құрамына жергілікті партноменклатура өкілдері Вайнгард, Семенов, Солон, Қасымқожаев, Правдин енді. ТКП ОК 20 қаңтар күні тезистерді қабылдады. Əйтсе де келесі күні РК(б)П ОК Түркбюросы мен ТКП ОК бірлескен мəжілісіне қатысушылар аталған тезисті қабылдауда ортақ шешімге келе алмады. 27 қаңтарда ТКП ОК аталған тезисті «Известия» газетінде жариялады. Тезистердің ұлттық мəселелерге қатысты демократиялық сипатына қарамастан сол кездегі ресми органдар оны троцкийшілер мен «Жұмысшы оппозицияның» тұғырнамасымен мүдделес деп айыптады. 492 «Известия». Орган ТуркЦИК. 6-27 мая 1920 г. //Тезисы Политотдела поезда ВЦИК «Красный Восток» «Об основных задачах Советской власти и РКП в Туркестане». 493 Непомнин В.Я., Тихонова С.В. Коммунистическая партия Туркестана в период восстановления народного хозяйства (1921-1924 гг.). С.33 ТКП ОК тезистерінде кəсіподақтарды шаруашылық органдарымен жақындастыру, шаруашылық органдарының басшыларын кəсіподақтардың сайлауы міндеттерін ұсынды. Бұл ұсыныстың іске асуы коммунистік партияның кəсіподақтарға басшылық жасау жəне бағыттаушылық рөлін төмендету еді. Юдовский басқарған Ташкент қалалық партия комитеті де аз ғана толықтыруларымен тезисті қуаттады. Р.Правдин мен И.Ф.Казарин басшылығындағы «Жұмысшы оппозициясы» тобы түркістандық пролетариаттың алдыңғы отряды болып есептелетін теміржолшылардың съезіне де осы тезисті мақұлдата алды. Осындай күрделі жағдайда 1921 ж. 30 қаңтарда өткен РК(б)П ОК Түркбюросы мен ТКП ОК пленумы жəне кəсіподақтардың Орталық Кеңесі коммунистік фракциясының біріккен мəжілісінде Түркбюро бастаманы өз қолына алып, ТКП ОК-нің кəсіподақтарға қатысты ұстанымдарын айыптады. Қорытындысында кəсіподақтар туралы лениндік тезистер басшылыққа алынатын болып шешім қабылданды494, соған сəйкес облыстық партия конференциялары да өз шешімдеріне түзету енгізіп жатты. Дегенмен, 11-18 ақпан 1921 ж. кезектен тыс ТКП өлкелік конференциясында кəсіподақтардың рөлі мен міндеттері туралы мəселе қайтадан өткір пікірталасқа негіз болды. Жиында кəсіподақтар бойынша Троцкий мен Бухариннің тұғырнамасын насихаттауға Түркістанға арнайы келген троцкийшіл оппозицияның лидері Преображенский баяндама жасады. Ол «кəсіподақтарды мемлекеттендіру» идеясын қорғап, оларды шаруашылық органдарымен ұластыру қажеттігіне тоқталды. «Жұмысшы оппозициясы» тұғырнамасы бойынша баяндама жасаған Р.Правдин жəне оның пікірлесі И.Ф.Казарин кəсіподақтар төменгі шаруашылық органдарынан бастап Халкомкеңес төралқасына дейінгі басшыларды сайлап қоюы жəне шаруашылық органдарының жұмысы үшін мемлекет алдында есеп беруі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл екі баяндамада көтерілген мəселелер жергілікті элита арасындағы мемлекеттік құрылысқа байланысты терең идеялық алауыздықты танытатын еді. Дегенмен, саяси элита құрамындағы оппозициялық күштердің əлсірей бастағанын конференцияда лениндік тұғырнаманы жақтап 97, ал «Жұмысшы оппозициясын» қолдап небары 7 делегат дауыс бергенінен аңғарамыз495. 494 Непомнин В.Я., Тихонова С.В. Коммунистическая партия Туркестана в период восстановления народного хозяйства (1921-1924 гг.). С.35. 495 «Известия». -№37 18 февраля 1921 г.

Жергілікті партиялық элитаның қызметінде кəсіподақтармен бір мезгілде партия құрылысы туралы да қызу пікірталас өрбіді. Пікірталас барысында ТКП үшін аса қауіпті деп табылған екі көзқарас айқындалды. Біріншісі - ТКП-ны «əскери-орталықтанған» басқару үлгісі партиялық аппараттың демократиялық қағидаларына балама ретінде ұсынылды. Бұл көзқарасты жергілікті элита өкілдерінің бірі, ТКП Ташкент қалалық комитетінің хатшысы жəне «Известия» газетінің редакторы В.В.Юдовский қорғады жəне соңынан ТКП ОК мүшелерінің басым бөлігі мен бірқатар жергілікті партия ұйымдарын ерте алды. Мысалы, Ташкент қалалық партия конференциясы (қаңтар 1921 ж.) ТКП құрамындағы отаршыл ағымға сүйеніп, ТКП-ны əскери-орталықтанған басқару тəсілімен құруды жақтады. Оны жақтаушылар басшы партиялық органдарға өз қалауынша партия қызметкерлерін қызметінен босату немесе тағайындау құқын беру қажеттігін Түркістанның ішкі жағдайының күрделігімен ақтауға тырысты496. Бұл қағида партияның ұйымдық құрылымының негізі - демократиялық централизмді күйретумен бірге партноменклатура мен қатардағы мүшелерді бір-біріне қарсы қоятын еді. Солай дегенмен де бұл батыл көзқарасты Сырдария, Самарқанд жəне Ферғана облыстық партия конференциялары қолдады. Бұл пікірталастың өрбуіне екі жағдай ықпал жасады деп бағалауға болады: біріншісі, партия басшыларының соғыс жағдайынан бейбіт шаруашылық құрылысына көшуден туындаған партиялық жұмыстың түрі мен əдістерін біршама демократияландыру қажеттілігін жете түсінбеуі, екінші себеп Түркістан жағдайында шиеленісе түскен ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюінен туындаған еді. Партия құрылысына қатысты екінші батыл көзқарас партияның ұйымдық қағидасы – демократиялық централизмге қарсы келеді, ол РК(б)П ОК Түркбюросын таратып, ТКП-ның РК(б)П ОК-нен ұйымдық тұрғыда тəуелсіз болуын талап етуімен ерекшеленді. Ұлттық мүддеге біршама жуықтайтын бұл бағытты қолдаушылар іс жүзінде ТКП-ны РК(б)П-дан ажырататын заңдастырылған ұйымдық фракциялықты орнықтыруға ұмтылды. Кезектен тыс Өлкелік ТКП конференциясында бейбіт құрылыс кезеңінде əскери-орталықтанған басқару тəсілі демократиялық централизмге жақын əдіс-тəсілдермен ауыстырылуы тиіс деген шешім қабылданғанымен «Түркістан коммунистік партиясы 496 «Известия». -№6. 10 января 1921 г. Орталық Комитеті РК(б)П ОК жəне оның Түркістандағы өкілді органдарымен тығыз саяси байланысты сақтай отырып, күнделікті жұмысында жəне РК(б)П ОК жалпы саяси тапсырмаларын іске асыруда жергілікті түркістандық сипатын сақтауы тиіс»497 деген шешім қабылдауға қол жеткізді. Партия құрылысында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған шаралардың бірі ретінде бұл шешімнің маңызы зор еді. Кəсіподақтар мен партиялық құрылыс туралы пікіталас барысында ұлттық мəселе қайта көтерілді. Партияның Түркістандағы ұлт саясаты ұлыдержавалық шовинистер мен ұлттық элита өкілдері тарапынан қызу талқыға түсті. РК(б)П ОК 29 маусым 1920 ж. қаулысында түркістандық ұлтшыл-ауытқушылық деп айыпталған Т.Рысқұлов бастаған ұлттық элита ТКП V съезінде идеялық тұрғыда жеңіліс тапқанымен жаңа жағдайда олар ұлттық мүддені қайтадан көтеруге мүмкіндік алды. Ұлттық элита өкілдері РК(б)П ОК Түркбюросының мүшесі Г.Сафаровтың дайындаған ұлт мəселесіне қатысты тезистерін толығымен қуаттады. Ол тезистердің мəні Түркістандағы ұлт мəселесі екі кезеңмен шешілуі тиіс, бірінші кезеңде – «ұлттық мəдени» өзін-өзі басқару, соңынан халықтардың «таптық өзін-өзі» басқаруы іске асуы тиіс. Г.Сафаровты жергілікті элита өкілдерінің серкесі Юдовский де қуаттады. Соның нəтижесінде Өлкелік партконференция ұлттық мəселеге байланысты Г.Сафаровтың тезисін қабылдады. Дегенмен партноменклатура Түркістан халықтарының ұлттық мəдени өзінөзі басқаруы жұмысшы қозғалысына, халықтар достығына кедергі жасайды деп есептеді. Бұл тұжырымға большевиктер көсемі В.И.Лениннің ұлттық-мəдени автономия туралы бұрын айтқан «Бұл бағдарламаның негізгі принципті айыбы барынша нəзік жəне соңына дейін жеткізілген ең сорақы ұлтшылдықты жүзеге асыруға ұмтылуында»498 деген пікірі теориялық негізге алынған еді. Осы жерде Түрккомиссия мүшесі Г.Сафаровтың қызметіне ерекше тоқталуға тура келеді. Оның ұлт мəселесіне қатысты ұстанымдары өз əріптестеріне қарағанда біршама демократиялығымен ерекшеленетін еді. Содан да оған ұлттық элита өкілдері қызу қолдау білдірген. Бұндай өзара түсіністік Түрккомиссияға ұнаған жоқ. Осындай себептермен Рудзутактың Сафаровты Түрккомиссия құрамынан шығаруды сұраған жеделхаты 16 шілде 1921 ж. РК(б)П ОК Саяси Бюросында арнайы талқылынған. Бірақ партиялық басшылық 497 «Известия». -№34 15 февраля 1921 г. 498 Ленин В.И. Сочинения. Изд. 4-е. М.: Гос. изд. полит. лит, 1953.- Т. 20.-571 с. (С.17)

Сафаровты Түркістандағы қызметінен босатпау туралы шешім қабылдаған499. РК(б)П ОК-нің Түркістан компартиясына ұлт саясатын іске асырудағы қаулылар мен нұсқаулар түріндегі көмегі жеткіліксіз болды. Өз шешімдерін жергілікті жерде бұлжытпай іске асыратын тəжірибелі партия кадрларын жіберу Түркістан партия ұйымдарын тізгіндеп ұстаудың ең тиімді жолы еді. ТКП-ның V жəне VІ съездері арасында осы мақсатпен Түркістанға 400-ге жуық басшы қызметкерлер жіберілді. Оның есесіне Түркістаннан Орталыққа отаршылық рухымен уланған республикалық деңгейде басшылық лауазымдағы бірнеше түркістандақ партия, кеңес қызметкерлері қайтарылды500. РК(б)П Х съезі партия қатарына ең алдымен жұмысшыларды қабылдау жəне партия қатарын тазарту міндетін қойғаны белгілі. Партия қатарындағы саяси пікірталастың өрбуін оның мүшелері арасында ұсақ буржуазиялық, мещандық-интеллигенттік жəне жартылай интеллигенттік элементтердің көп еніп кетуі деп бағалаған съезд партиялық саясаттың тетігі жұмысшыларды партияға қарай тарту жəне партияны коммунистік емес элементтерден тазарту қажеттігіне баса назар аударды. Осы шешімдер негізінде 1921 ж. партия өз қатарын тазалауға кірісті. В.И.Ленин «Партиялық тазалау туралы» мақаласында партия қатарын жағымпаздардан, бюрократияланғандардан, лас, тайғанақ коммунистер мен меньшевиктерден, бет-əлпетін өзгертсе де бар ықыласымен меньшевик болып қалғандардан тазарту қажеттілігін негіздеді. Əрине, саяси күрестегі сəтсіздіктерді ақтау үшін партия қатарына тазарту жасау партиялық билікті нығайтудың шарасы екендігі түсінікті. Ұлт аймақтарында партия мүшелерінің артып кетуі большевиктер көсемін алаңдатқаны сөзсіз. Мысалы, Ресейдің ауылшаруашылықты 23 губерниясының əрқайсында орта есеппен 3189 партия мүшесі болса, Жетісу облысында ол бір жарым есе, яғни 5894 болды. Ал Сырдария облысында 6457 мүше болды, бұл Киев (6591), Одесса (4226), Николаев (3082) сияқты үлкен партия ұйымдарымен салыстырғанда өте көп еді501. Содан да орталық ұйымдар ұлт аймақтарындағы бұндай ұйымдық-партиялық белсенділіктің ұлттық сипатын бүркемелеп, оның əлеуметтік сипатына мəн берді. 499 РГАСПИ. Ф. 17, Оп.131, Д. 190.Л.3 500 Волкогонов Д.А. Троцкий. Политический портрет в 2 кн. -Т. 1. С.148 501 «Коммунист». Орган ЦК КПТ. 1921. -№7-8 –86 с. (С.8) Осы мақсатты іске асыру үшін ТКП V съезінен соң іле-шала 1920 ж. 15 қарашасында қолға алынған партия мүшелерінің қайта тіркелуі 1921 ж. 1 қаңтарында аяқталуы тиіс болғанымен, түрлі себептерге байланысты ол осы жылдың тамызына дейін созылды. Орталық Комитеттің нұсқауына сай тазарту партияда жоқтардың қатысуымен ашық жиналыстарда жүргізілді. Большевиктер көсемі В.И.Лениннің «партияда жоқ еңбекшілердің көрсетуімен партияны тазарту - ұлы іс. Ол бізге елеулі нəтижелер алып келеді»502 деген болжамы ізсіз кетпеді. Еңбекшілердің тезінен өткен партиялық тазалау тап күресін бұқараның санасына сіңірудің ең төте жолына айналды. «Жизнь национальностей» журналы ТКП қатарын тазартудағы түркістандық еңбекшілердің белсенділігі нəтижесін былай баяндады: «Түркістандағы тазарту барысында партия қатарынан 175 бұрынғы полицей, 443 ақгвардияшы, 340 адам парақор, 92 бопсалаушы, 231-і билігін асыра пайдаланғаны үшін, 153 еңбектен бой тасалаушы, 192 адам шовинизм жəне т.б себептермен партия қатарынан шығарылды»503. Тазалау барысында (V жəне VІ съездер аралығында) ТКП қатарынан 24093 мүше мен мүшелікке кандидат партия қатарынан шығарылды немесе шығып қалды, бұл Түркістан партия ұйымы мүшелерінің 42 пайызын құрайтын еді504. Олардың арасында көптеген көрнекті қайраткерлер болды. ТКП қатарын тазарту желеуімен республикадағы əкімшілік жəне шаруашылық органдарының басшылық құрамы күрделі өзгеріске ұшырады. Соның барысында осы жолы патша өкіметінің шенеунігі болып қызмет істеді деген желеумен мыңнан аса адам Түркістаннан жер аударылды505. Ұлттық элитаның отарлық билік қалдықтарын жоюда жүргізген пəрменді жұмыстары барысында қол жеткен бұндай нəтижелерді жергілікті халық қуана қарсы алды жəне оны кеңес өкіметінің қызметімен байланыстырды. 1921 ж. тамызындағы ТКП VІ съезі күрделі əскери-саяси жағдайда өтті: жекелеген аудандарда басмашылардың əрекеті күшейіп, республика елеулі экономикалық қиындықтарды бастан кешіп жатты. Съезде Т.Рысқұлов бастаған ұлттық элита өкілдері 502 Ленин В.И. Сочинения. Изд. 4-е. М.: Гос. изд. полит. лит, 1950.- Т. 33 (С.19) 503 «Жизнь национальностей». 26 апреля, 1922 г. 504 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). Ташкент: Узбекистан, 1958. –320 с. (С.94) 505 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). С.94

мəселеге талдау жасай келіп, Түркістан компартиясын Х съездің шешімдерін жергілікті ерекшеліктерді ескерместен қолданды деп айыптады. Олар бұл айыптауда «Түркістанда Кеңес өкіметі дағдарысқа ұшырады», Түркістанда пролетариат диктатурасын орнатуға əлеуметтік негіз жоқ деген теориялық тұжырымдарға сүйенді. Соған қарамастан Түркбюроның ықпалымен съезд ТКП ОК əрекеті мен саяси бағытын қуаттады506. Қалпына келтіру кезеңіне өтуге байланысты осы кезге дейін қызмет атқарған ревком институты атқару комитеттерімен алмастырыла бастады. Басмашылық əрекеттер өршіп тұрған аудандарда ревкомдар уақытша сақталып қалды. 1921 ж. 1-қаңтарда Түркістанда 509 ревком, тек 8 ғана атқару комитеті қызмет істесе, екі айдан соң олардан 44 ревком ғана қалды507. Партия органдары бұл үдерістің өзін билік құрылымдарын əлеуметтік тұрғыда жаңалауға пайдаланды. Қалпына келтірудің алғашқы жылдарында Түрккомиссия Түркістан республикасының өкіметі жəне үкіметімен бірлесіп, жергілікті халықты кеңестік құрылысқа тартуда бірқатар жұмыстар жүргізді. Сондай пəрменді шаралардың бірі Республика үкіметінің 1921 ж. 28 наурыздағы болыстық, ауылдық жəне қыстақтық атқару комитеттерінде іс-қағаздарын жергілікті тілде жүргізу туралы қаулысы болды508. Түркістан республикасында еңбекші бұқараны кеңестік құрылысқа тарту барысында партиялық-мемлекеттік номенклатураның құрамында ұлттық сипат басым бола бастады. 1921 ж. облыстық деңгейдегі кеңес жұмыстарына жергілікті ұлт өкілдерінен 807, европалық тұрғындардан 730 делегат сайланса, облыстық атқару комитеттеріне мүшелікке жергілікті ұлттан 241, европалықтардан 42 адам сайланды509. Облыстармен бірге республикада Түрккомиссияның құрамына, мемлекеттік аппараттың басшы лауазымдарына да жергілікті ұлт өкілдері кеңінен ұсыныла бастады. Мысалы, Түрккомиссия 506 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). С.95 507 Отчет о деятельности Туркестанского ЭкономическогоСовета. За февраль-октябрь месяцы 1921 г. Составлен ЦСУ Туркреспублики под редакцией Управляющего ЦСУ Д.П. Красновского. Ташкент: Издание ТЭС, 1922. –272 с., Приложения -15 с. С.238 508 «Известия». -№37 18 февраля 1921 г. 509 Сборник важнейших декретов, постановлений и распоряжении правительства Т.С.С.Р. за 1917-1922 гг. Ташкент: Изд. комиссии СНК. 1923. –213 с.-VІ с.(С.237) құрамына енген Абдулла Рахымбаевқа Түркатком қызметін, Қайғысыз Атабаевқа Түркістан Республикасы Халкомкеңесінің қызметін қадағалау жəне басшылық жасау міндеті жүктелді. Осы кезде республикалық деңгейдегі жауапты мемлекеттік қызметтерге С.Қожанов, Н.Айтақов, Н.Хожаев, Н.Рүстемов, И.Тоқтыбаев, С.Есқараев, А.Серғазиев, Б.Аралбаев, Д.Ұстабаев, С.Қасымқожаев жəне т.б ондаған ұлт өкілдері жоғарылатылды. Бұл үдеріс мемлекеттік басқару құрылымдарына ұлттық элита өкілдерінің жаңа буыны араласа бастағандығын танытатын еді. Кеңестік жүйенің Түркістандағы басшы кадрлар дайындаудағы маңызды тəсілдерінің бірі – сауатты жұмысшылар мен дихандар жəне большевиктік идеяға берілген интеллегенция өкілдерін мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға тартып, практикалық жұмыстарға араластыру арқылы тəрбиелеу болды. Халықтың қолдауымен сайланған жергілікті кеңес депутаттарының көпшілігі беделді тұлғалар болғандықтан олар уездік, қалалық, облыстық жəне өлкелік партия, кеңес органдарына жоғарылатудың негізгі резервін құрады. Жергілікті ұлттың алғашқы депутаттарының қатарынан кеңес қызметінің көптеген қайраткерлері жоғарылатылды. Атап айтқанда осы жолдан өткен – қазақтар Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, Қ.Ибрагимов, С.Қожанов, С.Асфендияров, өзбектер – Низаметдин Хожаев, С.Қасымқожаев, С.Жорабаев, А.Бабажанов, И.Қыдыралиев, түркмендер – Қ.Атабаев, Х.Сахатмұратов, О.Құлиев, қырғыздар - М.Сарымсақов, И.Көбенов, тəжіктер – А.Рақымбаев, Ж.Закиров, А.Мауленбеков, Д.Ұстабаев жəне т. б. кейіннен Түркістанның көрнекті партия, кеңес қайраткерлеріне айналып, кеңестік үлгідегі этноэлитаның өзегін құрады. Элита қалыптастырушы орта ретінде жергілікті кеңестер мен оларға сайланған депутаттардың қызметі азамат соғысы аяқталған соң жəне ревком жүйесінің мемлекеттік биліктің сайланбалы органдармен алмасуына байланысты жандана түскендігін атап айтуға болады. Түркістан республикасында 1920 ж. соңы-1921 ж. бас кезінде жəне одан кейінгі өткен сайлаулар өлкедегі жергілікті ұлт өкілдері арасынан партия жəне кеңес органдары басшы қызметкерлерінің үлкен жаңа тобын қалыптастырды. 1920 ж. соңында уездік кеңестерге сайланған 2340 депутаттың 1954-і (83,5%), уездік кеңес атқару комитетінің құрамына сайланған 283 депутаттың 241-і (85,2%) жергілікті ұлт өкілдері болды 510. 510 Сборник важнейших декретов, постановлений и распоряжении правительства Т.С.С.Р. за 1917-1922 гг. С.237-238

Ұлт кадрларын тəрбиелеуде олардың кеңестік билікті нығайту, большевиктік идеяларды іске асырудағы қызметімен байланыстырған партиялық басшылық бұл іске ерекше мəн берді. Ленин ұлттық интеллигенцияға қатысты «барынша икемділік, сақтық, көнгіштік» танытуды, «интеллигенцияны жаңа қоғамның құрылысына тарту үшін» бəрін де жасауды ұсынды511. Ал РК(б)П ОК ұйымдастырған ұлт республикалары мен облыстарының жауапты қызметкерлерінің ІV Кеңесінің қарарында «Республикалар мен облыстардағы жергілікті интелегенцияның ролі Республикалар Одағының орталық аудандарымен салыстырғанда көп жағдайда басқаша. Шет аймақтар жергілікті интеллигент қызметкерлерге соншалықты зəру, содан да олардың əрқайсы барлық күшпен Кеңес өкіметі жағына тартылуы тиіс»512 екендігі атап көрсетілді. Бұндай нұсқаудың жергілікті билік құрылымдарының ұлттық интеллигенцияға қатысты көзқарасын айқындауда маңызы үлкен еді. Өйткені, ұлт-азаттық қозғалыста ұлтшылдық, діни көзқарастарымен танылған ұлт зиялыларының көпшілігі кеңестік билік құрылымдарына, əсіресе саяси, партиялық қызметтерге жолатылмай шет қақпай көрді. Бұл жағдай Ресейде мүлдем асқынып кеткен еді. Соған байланысты 1922 ж. маусым-тамыз айларында Москвада 34 эсер партиясы басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалғанда М.Горький оларды қорғап А.И.Рыковқа мына мазмұнда хат жазған: «Л.Д.Троцийге жəне басқаларға менің осы пікірімді жеткізуіңізді өтінемін. Ол Сізді таң қалдырмас деп үміттенемін, өйткені Сізге белгілі, мен революцияның барлық кезінде де Кеңес өкіметіне біздің білімсіз жəне мəдениетсіз елімізде интеллигенттерді жоюдың парықсыздық жəне қылмыскерлік екендігін мың рет атап көрсетіп келемін»513. Ұлт оқығандарымен жұмыс жасауда партия органдарының асыра сілтеуге жол бергені көрініп тұрды. Ал кеңес өкіметінің ұлт аймақтарында іске асыратын міндеттері керісінше ұлттық күштерге сенім артуды талап етті. Партиялық практикада қалыптасқан бұндай жағдайды жұмсарту қажеттілігі айқын сезілді. Осыған байланысты Қырғыз републикасының коммунис511 Ленин В.И. Полное собрание сочинения. изд. 5-е. -М.: Политиздат, 1970. -т. 43. -561 с. (С.199) 512 КПСС в резолюциях и решениях съездов, конференции и пленумов ЦК. -М.: Политиздат, 1977. - Т. 7. часть 1, издание 7. -560с. (С.256) 513 Из переписки А.М. Горького. А.М. Горький - А.И. Рыкову. 1 июля 1922 г. //Известия ЦК КПСС. -№1, 1988. –С. 239-249. (С.243) теріне жолдаған хатында Сталин жаңа экономикалық саясат ұлт мəселесіне қатысты Х съездің шешімдерін жоққа шығармайды, қайта күшейте түседі, қырғыз жəне орыс кедейлерінің бұрынғыдан да топтасып, оларды партия, кеңес жəне шаруашылық құрылысына тартуды, ал партия органдарының басшыларынан барынша икемділік пен ыждағаттылықты талап етеді514 деп жазды. Осы кезеңде партияның жеке дара көсеміне айналмағанымен жоғарғы партиялық билікті қолына алып үлгерген Сталиннің бұл нұсқауы ұлттық интеллигенцияға қатысты большевиктік биліктің қатаң ұстанымын танытатын еді. Соған сəйкес ескі ұлттық интеллигенцияны биліктен шеттетіп, оны «пролетарлық интеллигенциямен» алмастыру мəселесі күн тəртібіне қойылды. 1919 ж. шілдесінде Ташкентте кеңес жұмыстарының Орталық мектебі ашылды, ол кейін Түркістан Компартиясы Өлкелік Комитетінің жанындағы Орталық партия жəне кеңес қызметкерлері мектебі болып аталды. Мектептің партиялық, саяси-құқықтық, экономикалық бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл мектепке біріңғай европалық ұлт өкілдері қабылданған болатын. Ол мектепті 1920 ж. маусымда партия, кеңес кадрларының алғашқы тобы, соның ішінде 120 еркек, 18 əйел қызметкер бітіріп шықты515. Аңғарып отырғанымыздай, республикадағы басқару элитасының қатарын толықтырған бұл кадрлық корпус ұлттық сипаттан да, мазмұннан да жұрдай болғандықтан оның қызметінің тиімділігін тек партиялық, таптық өлшемдермен бағалауға болатын. 1919 ж. қазан айында ұйымдық–үгіт курстарының негізінде Түркістан Өлкелік Мұсбюросының базасында партия, кеңес қызметкерлерінің Орталық түрік мектебі ашылды, оның да европалық мектеп сияқты үш бөлімі болды. Тек жергілікті ұлт өкілдері қабылданған мектептегі оқу негізінен түркі халықтарының тілінде жүргізілді. Орталық түркі мектебін алғашқы болып 1920 ж. мамырда 50 адам бітіріп шықты. Кеңестік жүйенің теориялық дайындығынан өткен ұлттық кадрлардың бұл алғашқы легі Түркістан Өлкелік партия Комитетіне, өлкелік комсомол комитетіне, республика үкіметіне жəне басқа да орталық, облыстық, уездік 514 Сталин И. Циркулярное письмо ЦК РКП к коммунистам Кирреспублики. // «Жизнь национальностей». -№ 12. 15 июня 1922 г. 515 Отчет о деятельности Туркестанского ЭкономическогоСовета. За февраль-октябрь месяцы 1921 г. Составлен ЦСУ Туркреспублики под редакцией Управляющего ЦСУ Д.П. Красновского. С.88

партия, кеңес органдарына қызметке жолданды516. Осы органдарға Түрккомиссия Орталықтан шақыртқан жəне Орталық европалық мектепті бітіруші кадрлардың қалың жəне қуатты корпусының арасында ұлттық кадрлардың бұл аз ғана шоғырының саяси бастама көтеруге мүмкіндгі болмады. Олар қуатты партиялық-мемлекеттік номенклатураның ерекше маңызы жоқ қуыршағына айналды. Ұлт кадрларын дайындауды амалсыздан қолға алған бұндай немқұрайды үрдісті Түркістан майданы əскери-революциялық кеңесі Саяси басқармасының жанынан ашылған Орталық партия мектебі де жалғастырды. 1919 ж. қазан айында ашылған бұл мектептің төрт бөлімінің бірі мұсылман бөлімі деп аталды. Екі жылда мектепті 530 партия, кеңес жəне саяси қызметкерлер бітіріп шықты517. Қалыптасқан саяси ұстанымдарға сай олардың арасында жергілікті ұлт өкілдері өте аз болатын. 1918-1920 ж. Ташкент қаласындағы алғашқы партия, кеңес мектептері 2100, соның ішінде 600 жергілікті ұлт өкілдерінің басшы кадрларын дайындап шығарды518. Жалпы айтқанда, бұл кадрлық корпус республикалық партия, кеңес органдарын басшы кадрлармен қамтамасыз етуге шешуші ықпал жасай алмағанымен республикада жаңа үлгідегі ұлттық басшы кадрлар корпусының іргетасын қалады. Бұл мектептер таптық негізде құрылғандықтан да оған негізінен тек жұмысшылар мен шаруалар, коммунистер мен комсомол мүшелері қабылданды. Əлеуметтік, таптық шектеуге байланысты басқару ісіне қабілетті көптеген қоғам өкілдері тыңдаушылар қатарына қабылданбады. Бұл жағдай басшы кадрлар құрамын қалыптастырудағы бірінші кемшілік еді. Екінші кемшілік ретінде коммунистік университет пен партия-кеңес мектептері оқу бағдарламасындағы қоғамдық пəндердің коммунистік идеология билігінде болуын атаймыз. Бұл кемшіліктер оқу-тəрбие үдерісіне барынша жағымсыз ықпал жасады жəне тыңдаушылардың дүниетанымы мен саяси көзқарасын сыңаржақ қалыпқа тықпалады. Түркістандағы басшы кадрлар дайындайтын білім беру ор516 Веряскин В.Г. Из истории первых школ советских, партийных и военных работников в Туркестане (1918-1920 гг.). //Ученые записки Ташкентского Госпединситута. Серия общест. наук. Т. 55. вып. 4. –Ташкент. С.84-91. (С.89) 517 Назаров С.А. Руководства ЦК РКП(б) партийным строительством в Средней Азии. – Ташкент.: Узбекистан, 1972. –369 с. (С.277) 518 Туркестанский рабоче-дехканский коммунистический университет им. В.И. Ленина.- Ташкент.: 1922. –83 с. (С.23) гандары мазмұндық жағынан үнемі даму үстінде болды. Кеңес өкіметінің бейбіт құрылысқа көшуі партия-кеңес қызметкерлерін дайындау жүйесін кеңейтуге жəне жетілдіруге мүмкіндік берді. 1921 ж. тамыз-қырқүйек айларында Түркістан өкіметінің қаулысымен Орталық түркі жəне европалық партия-кеңес мектептері коммунистік университеттер болып қайта құрылды. Орталық түркі партия, кеңес мектебі базасында жұмысшы-диқан коммунистік университеті құрылды. Бұл университеттер 1922 ж. ақпанында біртұтас Түркістан жұмысшы-диқан коммунистік университеті (ТЖДКУ) болып қайта құрылды. Оқу мерзімі бір жыл болып белгіленген оқу бағдарламасының көлемі мен мазмұны біршама ұлғайды. Тыңдаушылар құрамындағы жергілікті ұлт өкілдері үлесінің артуы үлкен саяси жұмыстардың жемісі болды. Ал 1923 ж. тамызында ТЖДКУ үш жылдық Ортаазиялық коммунистік университетке (ОАКУ немесе САКУ) айналды. ОАКУ Орта Азиядағы жоғары білімді басшы партия, кеңес кадрларын дайындайтын алғашқы партиялық мектеп болған еді. Бұл жоғаы саяси мектептің басты ерекшелігі оның ұлттық құрылымы мен таптық сипаттылығының айқын ажыратылғандығы жəне білімдік шектеудің енгізілуі болды. ОАКУ өзбек, қазақ-қырғыз, татар-ұйғыр жəне орыс секторларына бөлінді. Негізгі бөлімге облыстық партия, кеңес мектебі деңгейінде білімі бар біріңғай жұмысшылар мен диқандар - партия, комсомол мүшелері, партияда жоқ белсенділер қабылданды. Оқу орнында негізгі бөлімге тыңдаушылар дайындайтын дайындық бөлімі де жұмыс жасады. Оған өз ана тілінде оқи жəне жаза алатын жоғарыдағы əлеуметтік, саяси топтардан өкілдері қабылданды. Дайындық бөлімінде өзбек, қырғыз-қазақ, тəжік, түркімен, орыс, татар ұйғыр жəне түркі (аралас) секторлары жұмыс жасады. Қысқа мерзімде ОАКУ жоғары партиялық-саяси білікті басшы кадрлар дайындаудың үлкен ошағына айналды. Оқу орнының тағы да бір ерекшелігі онда білім-беру 6 тілде жүргізілді. Түркістандағы партиялық оқу орындарында, əсіресе жергілікті ұлт өкілдерінен оқытушы кадрлар дайындауға да баса мəн берілді. Бұл міндет ТЖДКУ жанынан құрылған Орталық лекторлар курсының қызметі арқылы шешілді. 1921-1922 оқу жылында РК(б)П тарихы, философия жəне саяси экономия пəндерінің 46 оқытушысы дайындалды519. Ал жоғары білікті лектор кадрлар Мəскеу, Ленинград қалаларындағы коммунистік университеттер мен Қызыл профес519 «Туркестанская правда». 1922. 3 ноября

сура институтында дайындалды. Түркістаннан аттанып, Қызыл профессура институтын бітіргендердің бірі Ілияс Жансүгіров Ташкенттегі бірқатар жоғары оқу орындарында дəріс оқыды. Сол сияқты Түркістан комуниверситеттеріне Кеңес Одағының өзге жоғары оқу орындарынан да оқытушы кадрлар тартылды. Алғашқы ұлттық интеллигенция кадрларын, соның ішінде басшы қызметкерлер кадрларын дайындауда 1920 ж. қыркүйекте құрылған Түркістан (Ортаазиялық) мемлекеттік университетінің де ықпалы зор болды. Жоғары білімді ұлттық кадрлар дайындауда университет жанынан жұмысшылар факультеті (рабфак) ұйымдастырылды. Онда негізінен жергілікті ұлт өкілдері оқыды. Білімге сусаған ұлт жастары үшін жоғары білімге кең жол ашқан жұмысшылар факультетінде 1921-1922 оқу жылы 358, 1923-1924 оқу жылы 753 жас білім алды520. Əрине, оған қабылдануда саясиəлеуметтік өлшемдер басшылыққа алынғандықтан көптеген ұлт жастары əлеуметтік тегін бұрмалауға мəжбүр болды. Осы кезеңде əйелдерді мемлекеттік басқару ісіне тартуға көңіл бөліне бастады. Кеңес өкіметінің əйел теңдігіне қатысты белгілеген шараларын іске асыру мақсатында Түркістан компартиясы Орталық Комитетінен бастап барлық жергілікті партия комитеттерінде əйелдер бөлімі құрылды. Бұл саяси құрылымдарды əйел қызметкерлермен қамтамасыз ету мақсатында партия-кеңес мектептеріне əйелдерді қабылдау көлемі ұлғайтылды. Мысалы, 1924 ж. тамызда Ташкенттегі барлық курстар 100 əйел қызметкер дайындап шығарды521. Əйелдерді саяси жұмыстарға тарту күшейе түсті. 1924 ж. 1 қыркүйегінде ТКП қатарында 766 əйел болса, олардың 20 пайызға жуығы жергілікті ұлт өкілдері еді522. Өкіметтің əйелдерге қатысты саясаты əйел қызметкерлерді партия, кеңес органдарының басшылығына көптеп тартуды талап етті. 1924 ж. 287 əйел жергілікті кеңестердің депутаттығына сайланса, 5 əйел республикалық жоғарғы мемлекеттік органның құрамына сайланды523. Осы сияқты 1923 ж. партия комитетінде 50 əйел жауапты қызметтерде істесе, 520 «Туркестанская правда». 1924. 26 февраля 521 Образование и деятельность Коммунистической партий Туркестана и Узбекистана. Летопись событий (Часть вторая, 1917-1924 гг.). -Ташкент: Узбекистан, 1966. -428 с. (С.373-374.) 522 Коммунистическая партия Туркестана и Узбекистана в цифрах. (Сборник статистических материалов). 1918-1967 гг. – Ташкент.: Узбекистан, 1968. –248 с. (С.92) 523 Отчет Центрального Комитетета Коммунистической партии Туркестана. (За период с VІІ по VІІІ съезд 1923-1924 гг.). -Ташкент.: Издание ЦК КПТ, 1924. –29 с. Сравнительная таблица – С.30-41 (С.10) 1924 ж. қыркүйегінде олардың саны 120-ға жетті, олардың 45 пайызы жергілікті ұлт өкілдері еді524. Əрине, мемлекеттік билік құрылымдары мен партия, кеңес органдарына тартылған əйел қызметкерлер негізінен қосалқы қызметтерге тартылып, жауапты қызметтерге жоғарылатылмады. Содан да Түркістан ұлттық элитасының кеңестік қоғамдағы үлгісі болған партиялық–мемлекеттік номенклатураның жоғарғы эшелонына енген қазақ əйелдерінің арасынан тек Сара Есова мен Алма Оразбаеваны бөліп атауға болады. Түркістан ұлт істері жөніндегі комиссариаты 1922 ж. 2 мамырдағы ақпараттық мəліметінде былай деп жазды: «Өзінің көшпелі бауырларын сауаттандыруда басты қозғаушы күш болуға тиіс қырғыз интеллигенциясы Республика өкіметі органдарында саяси-əкімшілік жұмыстармен шұғылданады жəне орасан зор көлемдегі лауазымдарды бұрынғы мұғалімдер иемденуде»525. Бұл деректер 1922 ж. дейін саяси-əкімшілік элитаның жеке құрылымында мұғалім мамандығының иелері басым болғандығын аңғартады. Қорыта айтқанда, кеңестік биліктің жүйелі жəне мақсатты кадр саясатының барысында Түркістандағы жаңа қоғамдық билік институттары үшін кеңестік үлгідегі басшылар дайындау өз нəтижесін бере бастады. Коммунистік идеологияға сай таптық көзқарастағы ілімдермен қаруланып, таптық төзімсіздік рухында тəрбиеленген басшылардың қуатты корпусының қалыптасуына негіз қаланды. Билік құрылымдарындағы ескі үлгідегі ұлттықдеморатиялық элитаның ықпалы мен үлесі партия, кеңес мектептері мен комуниверситеттердің қысқа мерзімдік курстарында асығыс дайындалған наменклатуралық кадрлардың көптеп келуіне байланысты азая берді. Бұл үдерістен Түркістан қоғамындағы элитаайналымының сапалық жаңа кезеңіне тəн белгілерді көреміз. Ескі қоғамнан жаңа қоғамға ауысудың тарихи миссиясын атқарған ұлттық элита белсенді саяси қызметтен біртіндеп шеттетіліп, таптық негізде қалыптасқан партиялық-мемлекеттік номенклатурамен асығыс алмастырыла бастады. 524 РГАСПИ. Ф. 17, Оп. 67, Д. 204. Л.116 525 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 1079-іс. 29-с.п.

4.2 Кеңестік биліктің іске асырған өзгерістеріндегі ұлттық мəселелердің шешімі Түркістанда кеңестік мемлекеттік биліктің қалыптасуы күрделі диалектикалық даму жолынан өтті. Революциялық жолмен патша өкіметінің отарлық билігін алмастырған кеңестік билік құрылымдарының басшылыққа алатын дайын үлгісі болмады. Содан да бұл қоғамдық-саяси үдерісте ескі қоғамның шовинистік кеудемсоқтығы жаңа қоғамның революциялық ұраншылдығымен ұштасып, шатысқан сипат алды. Əсіресе, буржуазиялық қоғамда əспеттелген ұлттық-демократиялық құндылықтардың социалистік қоғамдағы таптық-саяси құндылықтармен алмастырылуы қоғамдық қатынастарда түбірлі – көбіне кереғар өзгерістер жасады. Қазан төңкерісінен кейін Түркістанда мемлекеттік биліктің қалыптасуындағы таптық жəне ұлттық мүдделердің арақатынасы көп жағдайда қоғамдық-саяси көңіл-күйдің индикаторы болды. Республиканың жоғарғы партия органдары мүмкіндігі болғанша таптық күрестен ұлттық сипатты алып тастауға ұмтылды. Сол үшін де жергілікті ұлттардың жəне орыс егінші тұрғындардың пролетарлық жəне жартылай пролетарлық «Қосшы» одағы, «Қырғыз, орыс жəне өзбек кедейлері одағы» сияқты ұлттық бағдарсыз немесе интернационалдық сипаттағы бірлестіктері мен ұйымдарын құруға баса мəн берілді. 14 қазан 1921 ж. РК(б)П ОК қаулысында басмашылықпен күрес мəселесіне ерекше назар аударылды. Осы мақсатта партия діндарларға вакфтық жерлерді қайтару, жергілікті қазылар сотына рұқсат беру сияқты ымырагершілік шегініс жасауға мəжбүр болды. Бұндай шегініс жасау бастамашылығы енді қалыптаса бастаған ұлттық элитаның үлесіне тиесілі болатын. Ұлттық элита халыққа барынша жақын болғандықтан да ұлт мəселесіндегі зəрулікті тап басып тани алған еді. Орталықтың нұсқауына сүйенген Түркатком 1922 ж. 6 мамырында қазылар сотының жаңартылған ережесін бекітті. Соған сəйкес қазылар сотының құзырына: а) отбасына қатысты мəселелер (неке қию, ажырасу жəне т.б); ə) мұрагерлік мəселелер (мұрагерлік құқын бекіту, соған байланысты даулар, мұра бөлу); б) жерге қатысты істерді қоспағанда 500 рубльден аспайтын азаматтық істері; в) жеке басты қорлау жəне адамгершілік пен қоғамдық тыныштықты бұзу əрекеттері; г) 15 танаптан аспайтын жерге қатысты келісімдер, пайдалану құқын ауыстыру сияқты мəселелер берілді. Осы жылдың мамыр айында жаңа ережемен Ферғана облысында 180 қазы мен би кеңестік соттармен қатар жария қызмет істей бастады526. Бұрынғы қалыптасқан дəстүр бойынша қазыларды тұрғындардың өздері сайлайтын болды. Қарсыласу қозғалысы тыншымай тұрған Ферғана облысының көшпелі тұрғындары үшін істі шариғат үкіміне балама əдет-ғұрып заңдарымен қарайтын билер сотын құру да қарастырылды527. Осы аталған міндеттерді іске асыруға Түркістан коммунистік партиясы белсене кірісті. Əрине, олар өз қызметінде бірыңғай ұлттық мүддеге бет бұрудан қашық еді. 1922 ж. 15 шілдесінде осы мəселені ТКП ОК Атқару бюросы арнайы қарап, қазылар мен билер соты туралы ережені бекітті. Əйтсе де партиялық номенклатура дəстүрлі сот билігін қалпына келтіре отырып, алдағы уақытта өлкедегі сот ісін кеңестендірудің амалын да қарастырды. Атап айтқанда, қыстақтар мен ауылдардың тұрғындары қазылар мен билер сотынан бас тартып, кеңестік сот билігін орнатуды талап ете алатын болды528. Бұл құқықты іске асыру партия-кеңес органдары қызметкерлерінің жергілікті тұрғындарды түрлі айлашарғылармен азғыруына мүмкіндік беретін. Түркатком 1922 ж. 22 маусымында арнайы қаулымен ТКП ОК мақұлдаған «Мұсылман халық соттары туралы» қаулыны бекітті. Ол бойынша қазылар мен билерді сайлау, олардың қызметі реттелді529. Дегенмен, 1922 ж. 23 желтоқсанда республика үкіметі мен өкіметі осы кезге дейінгі қазылар соты туралы шешімдердің күшін жойып, жаңа ереже енгізді. Ол ереже бойынша Ферғана, Самарқанд жəне Сырдария облыстарының отырықшы тұрғындары үшін бірыңғай халық соттарымен бірге «тұрғындардың басым бөлігінің қалауымен» жергілікті қазылар сотын құру мүмкіндігі қарастырылды530. Ал ережеде қарастырылғандай кейбір ерекше жағдайларда «тұрғындардың қалауымен» қазылар мен билер соты таратылады. Билік құрылымдарының бұндай екіжүзді əрекетінің мақсаты кеңестендіру саясатын іске асырудағы жергілікті саяси ахуалға бейімделуден туындады. Соған сəйкес қарсыласу қозғалыстары өршіп тұрған, кеңестік билік əлсіз жерлерде саяси шегініс ретін526 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 45-іс. 20 п. 527 ӨРОМА. 25-қ., 1-тіз., 117-іс. 50 п. 528 РГАСПИ. Ф. 62, Оп.1, Д. 25, Л. 18. 529 РГАСПИ. Ф. 62, Оп.1, Д. 36, Л. 197. 530 Известия ТуркЦИК. 27 мая, 1922 г. 214 с. С.198-199

де дəстүрлі сот билігін орнатуға мүмкіндік берілді. Керісінше, кеңес өкіметі нығайған жерлерде халықтың қалауы деген желеумен кеңестік сот билігі жедел құрыла бастады. Осы қоғамдық үдерісте мынадай заңдылық аңғарылады: қарсыласу қозғалысы саябырсыған сайын кеңес өкіметінің дəстүрлі сот билігін шектеуі де күшейе түскен. Соның нəтижесінде 1924 ж. соңында аталған жеңілдіктердің бəрі де қысқарды: қазылық соттардың құзырынан қылмыстық іс жүргізуді алып тастады, оларды мемлекет тарапынан қаржыландыруды тиып, оныосындай сотты сайлаған тұрғындардың қаржыландырумен алмастырды. 1922 ж. 18 мамырдағы РК(б)П ОК «Түркістан–Бұқара ісі туралы» қаулысы Түркістанның билік құрылымдарына да, партияның ұлт саясатына да елеулі өзгерістер əкелді. Бұхара жəне Хорезм коммунистік партияларының РК(б)П құрамына енуіне байланысты РК(б)П ОК Түркбюросы РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросы болып қайта құрылды. Оның алғашқы төрағасы болып С.И.Гусев сайланды. Аталған қаулы Түркістандағы партияның ұлт саясатында үлкен тактикалық өзгерістер енгізуге негіз қалады. Осындай міндеттерді басшылыққа алған Түркатком мен Ташкенттің Ескі қала Кеңесі атқару комитетінің біріккен пленумында (22 мамыр 1922 ж.) «Кеңес үкіметі Шығыста ислам мен шариғатпен жəне жергілікті дəстүрлермен күресуді мақсат етпейді. Түркатком Түркістанның барлық халқына осы туралы салтанатты түрде мəлімдейді жəне бəрін де еңбекшілердің өкіметін нығайту, шаруашылықты қалпына келтіру жəне республиканың гүлденуі жолында бір адамдай күресуге шақырады. Орталық атқару комитеті бəрін де еңбекшілер өкіметі мен шығыстың қаналған халықтарының жауларына қарсы бір кісідей тойтарыс беруге шақырады»531 деген мазмұнда қарар қабылдады. Қарар мазмұны Кеңес өкіметінің шариғатпен, исламмен жəне жергілікті дəстүрлермен күрестен мəңгілікке бас тартып, ұлттық мүддеге біржола бет бұрды дегенді білдірмесі анық. Бұл жоғарыда аталған партиялық жұмыстың айласы еді. Партиялық басшылық республикада қалыптасқан жағдайға байланысты осындай шегініске барды. Бүкілтүркістан Кеңестерінің ХІ сезінде Түркатком есебі бойынша жасаған баяндамасында Қыдыралиев аталған шаралардың нəтижесі туралы қанағаттанған сезіммен былай деді «Тұрғындар 531 Известия ТуркЦИК. 27 мая, 1922 г. 214 с. (С.114) Кеңес өкіметінің өздеріне вакуфтық жерлерді қайтарғанын, кейбір жерлерде дəстүрлі мектептерді қалпына келтіруге мүмкіндік бергенін, кез-келген күштеуге қарсы екендігіне жəне оның нағыз еңбекшілер өкіметі екендігіне илана түсті»532. Түркістандағы ұлт саясатын іске асыруда жаңа белес болған съезде республикадағы кеңестік басқару аппаратын жергіліктендіру мəселесі қайта көтерілді. Мəселеге аса сақтықпен қараған Я.Ф.Рудзутак съездегі құттықтау сөзінде əңгіменің ауанын ұлттық мүддеден таптық мүддеге қарай мүлде кері бағытқа бұруға тырысты. Ол бай-манап элементтері мемлекеттік басқаруға енуге ұмтылып жатқанын айта келіп «мысал үшін Жетісуды алайық, онда уездік кеңес өкіметі бай-манап элементтерінің ықпалына түсіп қалған. Атқару комитеті кедейлерден емес, рубасылардан, руды басқаратын старшындардан сайланады. Осылайша билік басында «Қосшы» одағы емес, еңбекші элементтер емес, кулактар мен манаптар отыр»533 деді. Осындай саяси мақсаттармен партиялық басшылық кеңестік басқару аппаратын жергіліктендіру міндетін еңбекшілерді тарта отырып басқару аппаратын таптық тұрғыда жат элементтерден тазартумен бірге атқаруды көздеді. Бұл міндет республикада жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық элитаның құрамына аса күрделі өзгерістер алып келуі тиіс еді. Іс жүзінде солай болды да. Бүкілтүркістан Кеңестерінің ХІ съезінде қабылдаған шешімдері өлкеде элита қалыптастыру үдерісінде үлкен маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда осы мəселеге қатысты съезд қарарында мынадай міндеттер белгіленді: «Орталықта жəне жергілікті жерлерде кеңес органдары құрылымын оңайлату, мелекеттік аппаратты таптық масылдардан тазарту арқылы қысқарту, адал да қажырлы еңбек етуге қабілетті адамдарды таңдау, жергілікті атқару комитеті мүшелері ретінде (облыстық, уездік, болыстық жəне т.б) жұмысқа қамту үшін жұмысшылар құрамы мен кедей, диқан бұқарасының арасынан жаңа қызметкерлерді жоғарылату, осы шара арқылы бұқарамен тығыз байланысу»534. Бұл міндет532 Бюллетени и постановления ХІ Всетуркестанского съезда Советов. 2-6 декабря 1922 г. -Ташкент: Издание Прессбюро съезда, 1922. -195 с. (Бюллетень №1. -16 с., №2 – 22 с., №3 -15 с., №4 – 26 с., №5 – 18 с ., №6 -28 с., №7 -23 с., №8 -31 с. Постановления. Резолюция -16 с. (С.2) 533 Гордиенко А.М. Создание советской национальной государственности в Средней Азии. -М.: Госюриздат, 1959. –248 с. (С.9) 534 Бюллетени и постановления ХІ Всетуркестанского съезда Советов. 2-6 декабря 1922 г. -Ташкент: Издание Прессбюро съезда, 1922. -195 с. (Бюллетень №1. -16 с., №2 – 22 с., №3 -15 с., №4 – 26 с., №5 – 18 с ., №6 -28 с., №7 -23 с., №8 -31 с. Постановления. Резолюция -16 с. (С.7)

ті нақты жағдайда іске асыруға 1923 ж. наурызында өткен ТКП VІІ съезі жаңа мазмұн беруге тырысты. Съезде жасаған баяндамасында Рудзутак «орталық кеңес аппаратын жетілдіруде жекелеген ұлттық топтардың мүддесін ескеріп, бұрынғы шет аймақтарға материалдық ресурстар мен мəдени күштерден көмек көрсету, шет аймақтардағы коммунистік партияларға қамқорлық жасауда съезд интернационалдық таптық саясатты дұрыс деп есептейді»535 деп тап күресінің интернационалдық бағытын паш етті. Бұл тезис бойынша партиялық-мемлекеттік номенклатураның құрамы интернационалдық сипат алуы тиіс болатын. Осылайша басқару аппаратын жергіліктендіру, ұлт кадрларын өсіру міндеттері олардан əлдеқайда ауқымды интернационалдық бағдармен алмастырылды. Бұл деген ұлттық мүдденің таптық мүдде алдындағы кезекті шегінісі еді. Съезде партиялық тазартудың қорытындысы шығарылды. Түркістанның жергілікті ерекшеліктеріне сай тазарту екі-үш қайтара жүргізілді. Партия қатарынан шығарылғандардың бұрынғы полицейлер, парақорлар, еңбек майданынан бой тасалағандар, шовинистер мен самарқаулар деп айыпталды. Осындай біржақты мақсат көздеген саяси шаралар арқылы таптық мүдде тағы да алға шықты. ТКП VІІ съезінде жергілікті ұлт өкілдерін республикалық басшы қызметтерге тарту мəселесі партияның талабынан артта қалып келе жатқанына назар аударылды. Əйтсе де басқару ұйымдары аппаратында жергілікті ұлт өкілдерінің саны жылдан-жылға арта түскені ақиқат. Білімді, тəжірбиелі, іскер ұлтжанды қызметкерлер бұрынғы қоғамда білім алып, қызмет істегендігі үшін, бақуат ортадан шыққандығы үшін санаттан шығып, олар сауатсыз, біліксіз, бірақ ең бастысы революциялық идеяларға берілген белсенділермен алмастырылды. Олардың арасынан партиялық-мемлекеттік номенклатура қалыптастыру үшін коммунистік партия ұйымдарымен бірге «Қосшы» одағы мен комсомол ұйымдарындағы саяси тəрбие мəселесі де назардан тыс қалмады. Республика партия ұйымдары партия мүшелерінің идеялық-саяси жəне мəдени деңгейін көтеру бағытында ІІ съездің шешімдеріне сай ауқымды іс-шаралар бастады. Бірқатар облыстық партия комитетінде саяси білім мектеп535 Резолюции и постановления съездов Коммунистической партии Туркестана (1917-1924 гг). С.129 тері мен қоғамдық ғылымдар курстары ашылды. Республикалық жəне облыстық газеттерден басқа қазақ, өзбек, орыс тілдерінде «Коммунист серігі», «Саяси қызметкер бюллетені» сияқты арнайы партиялық журналдар шығарыла бастады. РК(б)П ХІІ съезі (сəуір 1923 ж.) жəне РК(б)П ОК республикалар мен облыстар жауапты қызметкерлерінің І ұлттық кеңесі шешімдерінің мемлекеттік басқару аппаратын жергілікті ұлт кадрларымен нығайтудағы маңызы үлкен болды. Соған сəйкес мемлекеттік мекемеде қызмет істеуге қабілетті қызметкерлер дайындауды жетілдіру мақсатында алты айлық практиканттар институты енгізілді. Түркатком, халық комиссариаттары мен ведомстваларда, төменгі кеңес аппараттары үшін техникалық кадрлар дайындайтын курстар ұйымдастырылды. 1923 ж. соңында кедей, диқандар, «Қосшы» одағы мүшелерінің арасынан кеңес аппаратына кадрлар ұсыну науқаны жүргізілді. 1921 ж. Ұлт істері жөніндегі халкомның жанынан ұйымдастырылған Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті де (КУТВ) болашақ ұлттық элита өкілдерін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосты. Университетте 1921 ж. 15 шілдесінде 32 ұлт пен ұлыстың 512 студенті білім алды, олардың 16-сы түркістандық еді536. 1922 ж. РК(б)П ОК университеттен Түркреспублика үшін 118 орын бөлді. Аңғарып отырғанымыздай, партиякеңес қызметкерлерін дайындауда тыңдаушының əлеуметтік тегіне, партияға қатыстылығына баса мəн берілді, ал оның ұлттық белгісі ұлт саясатының есебін толықтыратын атрибуттық мəнмен ғана шектелді. Партия ұйымдары жергілікті кеңестердің сайлауы науқанын мемлекеттік басқару қызметкерлерін дайындау жəне тəрбиелеу мақсатына пайдаланды. 1923 ж. осы мəселеге қатысты Ташкент қаласында өткізілген ұйымдастыру кеңесінде науқанды кеңес құрлысына еңбекші бұқараны кеңінен тартуға пайдаланып, облыстық, уездік қана емес, сонымен бірге болыстық, қыстақтық жəне ауылдық кеңестерге де баса назар аудару талап етілді537. Бұлай алашапқын болудың үлкен себептері бар еді. Партиялық басшылық кеңестердің құрамын буржуазиялық-ұлтшыл элементтерден тазартып, оларды жұмысшы, диқандармен тездетіп алмастыруды Түркістандағы ұлт саясатының тағдырымен байла536 Красная Фергана. -№ 92, 11 сентября 1921 г. 537 ӨРОМА. Р-17-қ., 1-тіз., 375-іс. 56 п.

ныстырды. Сондай мақсатты жұмыстардың барысында 1922 ж. өзінде Түркістан кеңестерінде еңбекшілер басымдылыққа ие болды. Соның нəтижесінде Түркістанда уездік кеңестерге сайланған 2340 депутаттың 400-і жұмысшы, 1625-і диқан, 322-сі қызметкер еді. Ал Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстық съездеріне сайланған 858 делегаттың 247-і жұмысшы, 255-сі диқан жəне 76сы қызметкерден құралды. Сол сияқты Түркістан Кеңестері ХІІ съезінің 356 делегатының 117-сі жұмысшы, 116-сы диқан, 112сі қызметкер болатын538. Осындай нəтижелерді Түркістан компартиясы байырғы ұлт өкілдерін билік құрылымдарына тартуды жергілікті билікті нығайтудың шарасы ретінде қарастырды. Мысалы, Түркістан Кеңестерінің 1923 ж. ХІІ съезіне сайланған 356 делегатының 225-і жергілікті ұлт өкілі болса, съезде сайланған 168 Түркатком мүшелері мен мүшелікке кандидаттардың 108і жергілікті ұлт өкілдері болды. Осындай көріністі Сырдария, Самарқанд, Ферғана облаткомдарына сайланған 128 мүшенің 98-і жергілікті ұлт өкілдері болғандығынан да көреміз539. ТКП VІІ съезі қарарындағы «байырғы тұрғындардың пролетарлық жəне жартылай пролетарлық (жалшы, мардикар) элементтерінен мықты коммунистік ұйымдар құру» туралы шешімді іске асыру үшін партияның құрамындағы жұмысшылар мен жалшылардың қатарын 50% жеткізу міндеті қойылды. Бұл асығыс міндетті іске асыруда лениндік шақыру үлкен рөл атқаруы тиіс болды. Түркістан коммунистік партиясының қатары лениндік шақыру бойынша коммунистік идеяларға арбалған жергілікті ұлттардың мыңдаған жұмысшы, кедей-жалшы, шаруа-диқандарымен толықты. Олардың арасынан орта жəне төменгі мемлекеттік билік құрылымдарына жоғарылатылғандар биліктің жоғарғы эшелонындағы жергілікті элитаның белгілеген «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» міндеттерін іске асыруға білек сыбана кірісті. 1924 жылдың екінші жартысында жүргізілген ұлттық-мемлекеттік межелеу үдерісі де билік құрылымдарында орныққан таптық мүддені ұлттық мүддемен алмастыра алмады. Европа елдерінде қоғамның басқарушы элитасының жеке құрамының қалыптасуында өз дəстүрі орныққан іргелі оқу орындарының түлектері ерекше орын алады. Түркістанда 538 Вахабов М. Формирование узбекской социалистической нации. -Ташкент: Госиздат Уз ССР, 1961. –587 с. (С.350) 539 Вахабов М. Формирование узбекской социалистической нации. С.251 патшалық отарлауға дейін де, отарлық билік кезінде де европалық үлгідегі жоғары оқу орындары болған жоқ. Отарлық билік ондай оқу орнын ашуды ойлаған да жоқ. Əйтсе де, ондай идея 1902 ж. алғаш рет орыс академигі С.Ф.Ольденбергтің тарапынан айтылды. Ол «Шығыста ғылыми мектеп негіздеп, Ресей өкіметі орыс шығыстануына мықты іргетас қалауға əрекет жасағаны жөн болар еді. Ташкент орыс ортаазиялық иелігімен бірге Парсы, Ауғанстан, Қашғар, Тибет, тіпті Қытай мен Монғолияны зерттеуге арналған осындай мектептің тамаша орталығы болған болар еді»540 деп жазды. 1918 ж. ақпанында құрылған Түркістан Халық университетінің негізінде Түркістан Мемлекеттік университетін құру туралы декрет қабылданды541. Осы декреттегі жоғары оқу орнының статусын айқындаған екінші пункт ұлттық саяси элита өкілдерінің наразылығын туғызды. Ол пункт бойынша университет тікелей РКФСР Ағарту Халық комиссариатының қарамағына берілетіндігі айтылған. Республика Ағарту Халық комиссариатының басшысы Нəзір Төреқұловтың төрағалығымен бұл мəселе Ағарту Халкомының алқа мəжілісінде арнайы талқыланды. Осы мəселе бойынша қабылданған шешімде «Орталықтың декреті Түркреспублика конституциясының қағидаларына кереғар келеді… Түркаткомнан аталған декреттің əрекетін тоқтату туралы жарлық шығару сұралсын»542 деп атап көрсетілді. Əйтсе де оқу орнының барлық билігін уыстан шығарғысы келмеген Орталық өз шешімін өзгерткен жоқ. 1923 ж. Орта Азия мемлекеттік университеті деп аталған оқу орнында мамандар дайындауға жоғары биліктің ұстанған таптық бағыты елеулі нұқсан келтірді. Білім алу құқы бірінші кезекте жұмысшы-шаруа табының өкілдеріне берілді. Ал ауқатты немесе буржуазиялық ортадан шыққандар үшін университет есігі жабық болатын. 1921 ж. оқу орнындағы студенттердің 18,2 пайызы жұмысшы табының, 20,2 пайызы шаруалардан, 34,5 пайызы «буржуазиялық элементтерден» шыққан болса, 1927 ж. пролетарлық емес ортадан шыққан студенттердің үлесі 1 пайызға дейін төмендеп кетті543. 540 Журнал Министерства Народного Просвещения. –СПб., 1902, март. –С.25. 541 Бюллетень САГУ. -№ 20. -Ташкент: 1935. –260 с. 542 ӨРОМА. Р-34-қ., 1-тіз., 407-іс. 543 Среднеазиатский Государственный университет к десятилетнему юбилею Октябрьской революции. -Ташкент: 1927. –151 с.

Университет құрылған күннен бастап-ақ кеңестік билікке қызмет жасағандықтан ұстанған бағыты ұлттық мүдделерден тым алшақ болатын. Оқу тек орыс тілінде жүргізілгендіктен онда орыстілді тұрғындар немесе орыс тілін білетін жергілікті ұлт өкілдері ғана оқи алды. Бұл жағдай университетте жергілікті ұлт жастарының білім алуын шектеді. Оған мынадай мысал келтіруге болады. 1921 ж. университет факультеттерінде 1336 – 70 пайыз орыс, 12 – 0,5 пайыз өзбек, 22 – 1,05 пайыз қазақ білім алды544. Бұл жағдай ұлттық саяси элита өкілдерін алаңдатты. Т.Рысқұлов 1921 ж. ақпанда Азербайжан компартиясының ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде «Мен Түркістанның тəжірибесінен білемін, онда орыс тілінде білім беретін университет құрылған, оған гимназияны тек орыс тілінде тəмамдағандар ғана түсе алады, ал бұратаналар тілінде оқуға мүмкіндік жоқ… бұндай практика, əрине, дұрыс емес»545 деп мəселені сыпайылап болса да айта алды. Осындай кедергілерге қарамастан оқу орнын көптеген қазақ жастары бітіріп шықты. Айталық, Орта Азия мемлекеттік университетінің алғашқы түлектері қатарында Аққағаз Досжанова, Ғазымбек Бірімжанов, Дəмеш Ермекова, Сайыпжамал Құтымова, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Жұмахан Күдерин, Алдаберген Үмбетбаев, Сəдуақас Оспанов, Ескендір Мангелдин, Əзімхан Кенесарин, Ғаббас Тоғжанов, Ш.Бөкейханов, Сүлеймен Есқараев, А.Ақбаев, А.Ершин, А.Қадырбаев, А.Темірбеков, А.Мұңайтбасов, А.Қожамқұлов, Д.Сəрсенов жəне тағы басқаларды атауға болады. Олар кейінгі қызметтерінде Қазақстан мен Орта Азия халықтарының мақтанышына айналды. 20 жылдың соңы мен 30 жылдың басында университетте оқытушы-профессорлар М.Əуезов, Қ.Кемеңгеровтер дəріс беріп, оқу орнында жарқын із қалдырды. Ұлт зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері Түркістан Халық университетінің жанынан 12 мамыр 1918 ж. Мұсылман секциясын – Мұсылман Халық университетін ашуға қол жеткізді. Оның ұйымдастырушысы жəне басшысы танымал ағартушы Мүнауар Қары Абдрашитханов, орынбасарлығына Иса Тоқтыбаев сайланды. Кейін мамырдың соңында И.Тоқтыбаев Түркістан Халық университеті басқармасының мүшелігіне де сайланды546. Мұсылман университеті негізінен бастауыш, орта жəне жоғары 544 Бюллетень САГУ. -№ 20. -Ташкент: 1935. –260 с. С.116 545 Рыскулов Т. Избранные труды... С.81 546 ӨРОМА. 1630-қ., 1-тіз., 8-іс., 6 п. басқыш мектептерді біріктірді де, жергілікті тұрғындарға ең қажетті білім беруді қолға алды. Ұлттық мұғалім кадрларының жетіспеушілігін жою үшін 1918 ж. 31 мамырында университет жанынан мұғалімдер институтын ашуға шешім қабылданды, ол кейін саяси жағдайдың күрделігіне қарай 4 айлық курспен алмастырылды. Оқу бағдарламаларына жаңа тəсілдерді енгізу арқылы ана тілі, этика, тарих пəндерін оқытып, патриоттық тəрбиені жолға қойған мұғалімдер университетінің қызметінен қауіп ойлаған Орталық қаржының жетіспеуін сылтауратып оны қосалқы мекеме ретінде жауып тастады547. Қысқа мерзімде мұсылмандар университеті ұлттық кадрлар тəрбиелеу мен қалыптастыруда Мемлекеттік университетке қарағанда елеулі үлес қоса алды. Түркістанның большевиктік саяси элитасы халық ағарту жүйесін «революциялық тұрғыда» жаңартуға білек сыбана кірісті. «Еңбекші мұсылман қауымының қараңғылығы мен сауатсыздығын жоюды» «патша үкіметінің ауыр зардаптарын жою» ретінде қолға алған большевиктер шын мəнінде халық бұқарасының санасын коммунистік идеяларға қарай бұруды мақсат етті. Осындай міндеттерді іске асырудың басты шарасы «сауатсыздықты жою» қозғалысын ұйымдастыру болып белгіленді. Ересек тұрғындарға бастауыш білім беруді көздеген қозғалыс барысында 1920 ж. Түркістанда 50 мың тыңдаушыны қамтыған 1700 мектеп пен сауатсыздықты жою мектептері жұмыс істеді. Оларды бітірушілердің 70 пайызы жергілікті ұлт өкілдері еді548. Кеңестік биліктің сауатсыздықты жою шараларының ерекше белгісі біріншіден, орыс жазуының сауаттылығына үйрету болса, екіншіден, біржақты идеологиялық бағыттылығы болатын. Сауатсыздықты жою үшін күрес қоғамды «мəдени қайта құрудың» лениндік идеяларын іске асырудың бастамасы ғана еді. Социализм құрылысы мектеп ісін түбірінен өзгертетін жаңа сападағы халық ағарту жүйесін қалыптастыруды талап етті. Большевиктік басшылық мемлекеттің экономикалық жəне əскери қуатын пайдалана отырып, көпнұсқалы білім беру жүйесін жоюға ұмтылды, оның орнына мемлекеттік құрылымдардың бақылауындағы «бірыңғай еңбек мектептерін» енгізді. 1920 ж. соңында Түркістан Республикасы аумағында 165945 оқушыны қамтыған кеңестік 1965 бірінші басқыш мектептері жұмыс істеді, 547 ТошДУ илм ва маърифат маскани. -Тошкент: 1995. -210 с. Б.29 548 ӨРОМА. Р-25-қ., 1-тіз., 14-18-іс. 132-139 п.

ондағы оқушылардың 90 мыңға жуығы жергілікті ұлт өкілдері болды. Кеңестік мектептердің басым бөлігіне ең қажетті деген оқулық, көрнекі құралдар, жазу құралдарының өзі жетіспеді. Бұл тапшылық əсіресе ұлт мектептерінде өткір сезілді. Ескі мұғалім кадрлар идеологиялық себептермен жұмысқа тартылмағандықтан ұлт мектептеріне педагог кадрлар жетіспеді. Билік құрылымдары қысқа мерзімде «идеялық шыңдалған» жаңа мұғалімдер құрамын дайындауға үміт артты. Осы мақсатта ашылған қысқа мерзімді мұғалімдер курстарында 1918–1921 жж. жергілікті ұлт өкілдерінен 3660 мұғалім дайындалды549. Бұл педагогикалық білім беру түрі бұқара арасында партияның саясатын мақсатты түрде жүргізуге қабілетті білікті кадрлар дайындауға мүмкіндік бермеді. Содан да уақыт өте келе 3 жылдық педтехникумдар мен 4 жылдық ағарту институттары ашыла бастады. 1921 ж. басында Түркістан республикасында негізінен жергілікті ұлт өкілдерінен құралған 1630 студентті қамтыған 7 ағарту институты жұмыс істеді550. Түркістанда кеңес өкіметін нығайту шараларына қарулы оппозициядан да бетер қауіп төндірген жағдай мемлекеттік жəне қоғамдық-саяси құрылымдардағы ұлттық элитаның жоғарғы эшелонының оппозициялық əрекеттері болды. Мысалы, Түрккомиссияның дайындаған сценарийі бойынша Бұхар мен Хорезмде ескі билікті ауыстырған жəдиттік идеологиядағы демократияшыл жас ұлттық элита Кеңестік Ресейдің империялық пиғылының дəмін татып, кеш те болса алданғанына көзі жетті. Əмірге қарсы оппозициядағы күш серкелерінің бірі Қадыр Абдуваситов «Бұхар революциясынан соң біздің идеяларымыз аяқасты етіледі деп күткенім жоқ. Революция біздің үмітімізді ақтамады»551 деп ашына жазды. Осындай көңіл-күйдегі Бұхар мен Хиуа Халық республикалары өкіметі мен үкіметінің жауапты қызметкерлері бірінен соң бірі көтерілісшілер жағына шығып жатты. Солардың қатарында БХСР өкіметінің төрағасы Османқожа Полатқожаев, республиканың Əскери іс нəзірі Абдулхамид Арифов, Хорезм өкіметінің төрағасы Ата Мақсұмов, республика Сыртқы істер нəзірі Молла Нияз жəне 549 ӨРОМА. Р-34-қ., 1-тіз., 222-іс. 76 п. 550 ГАРФ. Ф. 2306, оп. 33, д. 321. Л.54 551 Саид Алимхан. История бедствии, испытанных бухарским народом. //Звезда Востока. 1991.- № 7. –С. 44-62. (С.58) т.б. атауға болады552. Əйтсе де, Түркістан саяси элитасының арасында ұлт саясатына қатысты түбірлі өзгерістер болатындығына үміт артқандар да аз емес болатын. Олар өздерінің саяси қызметін кеңестік жүйемен байланыстырды, содан да ұлттық өзін-өзі басқаруға кедергі болып отырғандар мəскеулік эмиссарлар мен жергілікті шовинист коммунистер деп есептеді де, саяси күресте тұтастай кеңестік жүйеге емес, жоғарыда аталған большевиктік саяси элита құрылымына қарсы оппозициялық бағыт ұстанды. Түркістан билік құрылымдарының жоғарғы эшелонында маңызды мемлекеттік лауазымдар атқаратын Т.Рысқұлов, Қ.Атабаев, Бех-Иванов, Қ.Ибрагимов, Н.Төреқұлов, И.Қыдырəлиев, А.Рахымбаев, Н.Ходжаев, С.Тұрсынқожаев жəне т.б. саяси элита өкілдері ұлт мүддесіне қатысты көзқарастарды батыл қоюы жəне оны саяси практикада іске асыруға кірісуі Орталықтың жəне Түрккомиссия мүшелері тарапынан табанды қарсылыққа тап болды, оларға ұлтшыл-ауытқушылар, пантүркішілер деген саяси айдармен айыптар тағылды. Əділет Халкомы Қ.Ибрагимовтың Ленинге жазған хатында айтылатын жергілікті партия ұйымдарына жергілікті тұрмысқа қатысты принципті мəселелерді дербес шешу құқын беру, «Түркістан халықтарының тұрмысына қатысты» орталық биліктің декреттерін РК(б)П ОК қатысуынсыз іске асыру құқын беру туралы аңғырт өтінішінің өзі барынша шамшылдықпен қабылданды553. 1917 ж. қазан төңкерісінен кейінгі ұлттық саяси элитаның қалыптасуы мен қызметіне қатысты желілерді өлкеде кеңестік саяси жүйенің қалыптасу үдерісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Қазан төңкерісіне қатысты мəселенің басын ашып алу үшін алдынала жасалатын тұжырым – Түркістан халықтарының бұндай социалистік төңкеріске жəне оның көтерген идеяларын қабылдауға мүлдем дайын еместігі. Өлкенің əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жəне ұлттық-тұрмыстық жағдайына жасаған талдау жоғарыдағы тұжырымға негіз болатын мынадай дəлелдерді алға тартады: өлкеде өнеркəсіптік пролетариат жоқтың қасы еді; қоғамдық саяси өмірде феодалдық-патриархалдық қатынастар үстем болатын; өлкедегі қоғамдық-саяси күрес капиталистік қатынастарға емес, бірінші кезекте отаршылық пен ортағасырлық мешеулікке қарсы бағытталды. 552 Алимова Д.А., Голованов А.А. Узбекистан в 1917–1990 годы: противобоство идей и идеологии. -Ташкент: Фан, 2000. –80 с. С.43 553 РГАСПИ. Ф. 122, Оп.1, Д. 31. Л.1

Осындай күрделі жағдайда қазан төңкерісінің жеңісін европалық үлгідегі саяси партиялар иемденді. Түркістанда кеңестік саяси жүйенің негізін қалаған Кеңестердің өлкелік ІІІ съезінде (15–22 қараша, 1917 ж.) жергілікті саяси элита большевиктер мен максималистер түрінде сол қанат, көбінесе оларға қолдау білдірген солшыл эсерлерден тұратын орталық жəне съездегі азшылықты құраған оңшыл эсерлер мен «біріккен социалистер» (меньшевиктер, меньшевик-интернационалистер) түріндегі оңшыл қанат түріндегі үш фракцияға бөлінгенімен олар тұтастай алғанда кеңестік билікті қуаттап шықты. Кеңестер съезінің бұндай көппартиялық сипатта өтуі Кеңес өкіметінің алғашқы қадамына барынша демократиялық сипат бергендей болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, мəселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қарар болсақ, ол көріністің алдамшы екендігін көреміз. Аталған партиялардың этникалық негізін өлкедегі орыстілді тұрғындар құрағандықтан олардан сайланған делегаттардың дені орыстілділер болатын. Ал аталған партиялардан съезге сайланған жергілікті ұлт делегаттарының қатары да аз болды. Олардың саяси салмағының аздығынан съезде жергілікті ұлт мүддесін орыстілді делегаттар қаперіне алған жоқ. Тіпті съезге қонақ ретінде қатысқан «Улема» серкесі Сералы Лапиннің əйгілі сөзі де делегаттар тарапынан түсіністікпен қабылданбады. Мемлекеттік құрылыс мəселесі төңірегінде өлкедегі саяси партиялар мен қозғалыстардың арасында түбірлі баламалы ұсынысты өлкелік мұсылмандар съезінің делегаттары жасады. Олар кеңес өкіметінің «Ресей халықтары құқының декларациясында» мəлімдеген «Ресей халықтарының бөлінуге жəне дербес мемлекет құруға дейінгі өзін-өзі басқару құқын»554 басшылыққа алды. Өлкені басқаруды кеңес өкіметінің тиісті құжаттарына сүйеніп, оны мекендеген халықтың қолына тапсыруды ойлаған мұсылмандар съезі орыстілді тұрғындардың құқын аяқасты еткен жоқ; Түркістан тұрғындарының 10 пайызына жуық ол тұрғындарға өлкелік билік құрылымдарынан 25 пайыздан кем емес үлес беру көзделді555. Мемлекеттік билік құрылымдарына жергілікті ұлт өкілдерін қатыстыруды большевиктерден басқа саяси партиялар да қарас554 Первая Конституция Союза ССР. (Конституция СССР 1924 г). /Сб. документов. –М.: Юриздат, 1974. –347 с. С.147 555 «Туркестанские ведомости». 1917. –21 ноября. тырды. Бұл ұсыныстар мұсылман өкілдеріне билік құрылымдарында бөлінетін орындардың аз-көптігіне қарамастан ұлттық теке-тіресті болдырмаудың ең оңтайлы шешімі еді. Съездегі большевиктік-максималистік-солшылэсерлік көпшілік саяси практиканың бұндай қажеттілігін саяси амбицияға жеңдіріп, ұсыныстардың бəрін де қабылдамады. 17 қарсы, 97 қолдаған дауыспен өлкелік билікті қалыптастырудың большевиктер мен максималистер ұсынған, солшыл эсерлер қуаттаған таптық-партиялық қағидаға сүйенген «қазіргі уақытта өлкелік революциялық билік органдарына мұсылмандарды тарту» негізсіз деп тапқан мəлімдеме қабылдады556. Бұл мəлімдеменің бір қыры билікке қолы жеткен европалық үлгідегі партиялардың саяси кеудемсоқтығын танытса, екінші қыры – сол кезде өлкеде кеңес өкіметі үшін күрес жолына түскен «Иттифоқ» мұсылман жұмысшы депутаттары кеңестері түріндегі ұлттық қозғалыстардың республикадағы мемлекеттік билік қалыптастыру мүмкіндігінің ескерілмеуі. Съезд сайлаған өлкелік Халкомкеңестің 15 адамдық құрамына партиялығы бойынша 5 большевик, 8 солшыл эсер, 2 максималист енді, мəлімдемеде айқындалғандай, үкімет құрамына ұлттық элита өкілдерінен ешкім енгізілмеді. Кеңестердің өлкелік ІІІ съезінің мемлекеттік органдарды жасақтаудағы шешімдері Уақытша үкіметтің кезінде қол жеткен позициядан кері шегіну болып шықты. Кеңес өкіметінің солақай шешімі мүлдем кері əсер туғызып, ашық наразылыққа ұласты. Американдық тарихшы Ричард Пайпстің жазуына қарағанда «М.Шоқаевты Түркістан Кеңес үкіметінің төрағасы қызметіне ұсынған. Бірақ бұл лауазым қызылдарға тəуелді етеді деген сенімде болған Шоқаев бас тартты. Оның орнына Өлкелік мұсылмандар Кеңесі ІV төтенше съезге дайындала бастады» [119, с.17]. Біздің пікіріміз, бұндай ұсыныстың жасалуының негізділігін тарихшылар М.Шоқайдың бір кездері эсер партиясына мүше болғандығымен байланыстырады. Ал Түркістанда кеңес үкіметін құрған саяси партиялардың арасында эсерлер басым болатын. Əйтсе де, М.Шоқай мұсылмандық қозғалысқа, түркілік бірлік идеясына бүкіл болмысымен еніп кеткендіктен де 1917 ж. күзінде оның эсерлер партиясымен əлдеқандай қимас байланысы болды деп ойлаудың өзі қиын. 556 «Туркестанские ведомости». 1917. –21 ноября.

Дегенмен, «Осы екі ірі саясаткердің (Тынышпаев пен Шоқай –Х.Т.) кеңес өкіметінің қарсыластары лагеріне кетуі, олардың Қоқанда большевиктер құлатқан Керенский үкіметін қолдау аясында ұлттық автономия құру əрекеті өлкедегі саяси теке тіресті айтарлықтай шиеленістіріп жіберді»557 деген тұжырым өлкедегі ұлттық элитаның жіктелуіндегі саяси себептерді айғақтай түседі. Ұлттың өзін-өзі билеу құқының аяққа тапталуы өлкедегі саяси қозғалыстар басшыларын өз наразылықтарын ашық білдіре отырып, батыл саяси шешімдер қабылдауға итермеледі. «Шурои Исламия» жəне «Шурои Улема» қозғалыстары төңірегіне топтасқан ұлттық күштер кеңес өкіметін қолдамай, ұлттық өзін-өзі басқару идеясын қуаттады. Ал ұлттық күштердің келесі бөлігі ұлттық өзін-өзі басқаруға кеңес өкіметінің саясаты шеңберінде қол жеткізуге үміт артты. Ұлттық қозғалыстың солшыл қанаты деп атауға болатын бұл күштер 1917 ж. жазында жергілікті ұлттардың революциялық шығармашылығымен құрылған жалпыдемократиялық ұйым – Мұсылман жұмысшы депутаттарының кеңесі түрінде (мұссовдептер) ұйымдық сипат алды. Мұссовдептер жұмысшылар, қолөнершілер, диқандар мүддесін көздеп, ауыл-қыстақтарды кеңестендіруге белсене кіріскендіктен де жергілікті тұрғындарға түсініктілігімен олардың арасында ықпалы арта түсті. Бірақ жалпыдемократиялық қағидаларымен ерекшеленген жергілікті тұрғындардың мұссовдептер түріндегі ұйымдары партиялық-таптық қатынастарды қатаң ұстанған кеңестік Түркістанның саяси жүйесіне кіріге алмады. Қалалық, облыстық жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінен тəуелсіз əрекет жасауға ұмтылған муссовдептердің қызметіне жергілікті большевиктік элита өкілдері жауыға қарады, тіпті 25 мамыр 1918 ж. Андижан жұмысшы, солдат депутаттары Кеңесі атқару комитетін558 таратып жіберді. Ал күз айларында муссовдептердің өлкедегі кеңес өкіметінің мемлекеттік билік құрылымдарымен бірігу үдерісі өтті. Олар көбіне қалалардың жергілікті тұрғындар тұратын «ескі қала» бөліктеріндегі аудандық кеңестерге айналды. Түркістанның 1917–1918 жж. саяси жүйесінде мұссовдептер партиялық-таптық тұрғыдан тым «ұлттық» болғандықтан өз мүмкіндігін толық ашып үлгермей жатып жойылды. Больше557 Нұрпейісов К.Н., Григорьев В.К. Турар Рыскулов и его время... С.17 558 Голос Самарканда. 1918. -4 июнь. виктік-солшылэсерлік саяси басшылық ерекше шүйліккен бұл үдерістің астарында пролетариат диктатурасының мемлекеттікбюрократиялық құрылымдарына ұлттық сипат, мазмұн атаулыны жолатқысы келмеген саяси мүдде бұғып жатты. Орталықпен салыстырғанда Түркістанның билік құрылымында екіпартиялық саяси жүйе біршама ұзақ – 1919 ж. көктемінде солшыл эсерлер партиясы жойылғанға дейін сақталды. «Үкіметтік партиялар» статусы большевиктер мен солшыл эсерлерге өлкеде өз саясатын жүргізуге кең мүмкіндік берді. Бірақ кеңес өкіметінің алға қойған міндеттерін іске асыру жолдары мен тəсілдерін таңдауда бұл екі партияның мүддесі алшақтай берді. Мəселенің түйіні олардың пролетариат диктатурасына қатысты көзқарасынан туындады. Егер большевиктер пролетариат билігі дегенді жұмысшы табы мен шаруалардың кедей тобы деп түсінсе, солшыл эсерлер большевиктерге қарағанда жұмысшы табымен бірге шаруалар бұқарасын тұтастай қамтыды. Осындай көзқарас алшақтығынан Түркістанда диқан кеңестерін құру бай-кулак элементтерінің қарсылығымен бірге большевиктер мен солшыл эсерлер арасындағы алауыздықтан да барынша күрделі сипат алды. Кеңестік құрылыстың негізгі мəселелері бойынша «үкіметтік партия» басшылары ортақ мəмілеге келе алмады. Большевиктер өлкедегі өнеркəсіп орындарын национализациялап, оны мемлекет иелігіне беруді жақтаса, солшыл эсерлер оны əлеуметтендіруді, яғни завод, фабрикаларды еңбек ұжымдарының меншігіне беруді жақтады. Соған байланысты солшыл эсерлердің басылымы «Туркестанская искра» газеті «кəсіпорындарды əлеуметтендіруде мемлекет еңбекшілердің бастамасын үнсіз қуаттайтын бейтарап жақ. Бірақ ол кəсіпорынның ішкі өмірі мен тəртібіне араласпайды»559 деп жазды. Екі партияның жерге қатысты көзқарасы да осы бағытта өрбіді; бірі жерді мемлекет меншігіне алуды, екіншілері əлеуметтендіруді қуаттады. Кеңестердің бүкілресейлік ІІІ съезінде ғана большевиктер жер мəселесіне байланысты солшыл эсерлердің бағдарламалық ұстанымдарын жер туралы декреттің негізіне алғаны белгілі. Түркістан большевиктері де солшыл эсерлермен осындай ымыраға келді. Тіпті Жетісуда солшыл эсерлер большевиктердің астық монополиясын енгізуіне ашық қарсы болды560. 559 «Туркестанская искра». 1918. –15 февраля. 560 Вестник Семиреченского трудового народа. -1918. – 30 августа

Осы екі «үкіметтік партиялардың» бағдарламалық міндет-
тері мен саяси ұстанымдарында айтарлықтай айырмашылық
болғанымен ең бастысы пролетариат диктатурасын орнатып,
социалистік қоғам құруда олардың көзқарастары бір жер-

ден шығатын. Осыған байланысты большевиктер мен солшыл
эсерлердің саяси блогына айрықша тоқталу қажет. Солшыл эсер-
лер партиясының қатарында жұмысшы, солдат, шаруалар мен
демократиялық интеллигенцияның өкілдері өте көп болатын.

Тіпті оның қатарында кейін коммунистік партия қатарына өтіп,
көрнекті мемлекеттік қызметтер істеген түркістандық ұлттық эли-
та өкілдері С.Асфендияров, Сағадулла Тұрсынқожаев, ағайынды
Сұлтанқожа жəне Əкбарқожа Қасымқожаев сияқты қайраткерлер

де аз болған жоқ. Сол сияқты Қызыл Армияның қатарында, оның
командалық құрамында да солшыл эсерлердің ықпалы өте жоғары
болды. Өлкеде ұйымдық құрылымы əлсіз, мүшелері əлдеқайда
аз большевиктердің солшыл эсерлермен блогының Орталыққа

қарағанда біршама ұзақ мерзімге созылуының осындай себептері
болды. 1919 ж. наурызында Түркістанда солшыл эсерлер парти-
ясы таратылғанда большевиктердің Жарғысы мен бағдарламасын
мойындаған мүшелерін большевиктердің өз қатарына қосып алуы

да, олардың халық арасындағы ықпалының мықтылығынан еді.
Солшыл эсерлер партиясының қызметі мен бағдарламалық
құжаттарына талдау жасау Түркістан коммунистік партиясына
қарағанда ұлт мəселесіне қатысты ұстанымдары біршама демокра-

тияшыл екендігіне көз жеткізеді. Олардың «Жер – шаруаларға! За-
вод, фабрикалар – жұмысшыларға!» – деген партиялық ұрандары
халық бұқарасының қызу қолдауына ие болды. Түркістандық сол-
шыл эсерлердің саяси, экономикалық жəне басқа да бағдарламалары

большевиктердің саясатына балама түрінде танылды. Ұлттық
күштерді мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыру үдерісіне
қатыстырмай, барлық билікті өз қолдарына алған бұл екі саяси-
əлеуметтік партияның қайсысының саясаты ұлт мүддесіне жақын

екендігін саяси практика дəлелдеуі тиіс еді. Солай дей тұрғанмен
солшыл эсерлер социализм құрылысына қатыстырылмай, өлкедегі
тұтастай əлеуметтік таптар мен саяси партиялармен бірге сая-
си аренадан ығыстырылды. Бұл жағдай өлкедегі демократиялық

жүйенің тарыла түскендігінің көрінісі еді.
Түркістанның кеңестік саяси жүйесінде демократияның барын-
ша шектеулі сипат алуын бұндағы нақты билік еңбекші халықтың
қолында емес, олардың атынан билік жүргізген «үкіметтік

партиялардың» жетекшілерінен құралған шағын топтың қолында
болғандығынан деп бағалауға болады. Большевиктер кеңес өкіметі
орнаған алғашқы жылдардан бастап кеңестік қоғамның ашық си-
патына қарамастан элитақалыптастыру үдерісіне жабық сипат

беретін саяси тетіктерді қолданды. Олар жергілікті кеңестердің
атқару комитеттерін, əсіресе билік органдарының жоғарғы эше-
лонын жасақтағанда өзге партияның өкілдері тұрмақ, партияда
жоқтардың өзін билік құрамына енгізбеуге күш салды.

Түркістан Республикасының Конституциясында белгілен-
гендей, атқарушы жəне заң шығарушы биліктің біріктірілуі
республикадағы жоғарғы партия жəне кеңес органдары арасын-
да билік өкілеттігі үшін қызу пікірталасқа негіз болды. Комму-

нистік партия кеңестердің жұмысына басшылық жасауды олардың
құрамындағы большевиктік фракция арқылы жүргізетін тəртіп
қалыптастырды. Əрине, ол басшылық уақыт өткен сайын саяси
шеңберден шығып, кеңестердің ішкі тірлігіне қол сұғатын əсіре

қамқорлыққа ұласып кетті. Ал кеңес органдары, оның құрамындағы
большевиктік фракция партиялық қамқорлықтан құтылып, де-
рбес жұмыс жасауға ұмтылды. Соған қарамастан жаңа қалыптаса
бастаған партиялық номенклатура алғашқы болып кеңестер

түріндегі билік құрылымдарын өздерінің ықпал аймағына, ал осы
саланың басшы тобын өз қатарына тартуға қол жеткізді.
Түркістанның кеңестік саяси жүйесінде оппозициялық пар-
тиялармен күрес мəселесі де ерекше маңызға ие болды. Кеңес

өкіметіне ашық қарсы шыққан бүкілресейлік саяси партиялар

– кадеттер, эсерлер, меньшевиктердің өлкелік ұйымдарымен

большевиктер аяусыз күрес жүргізді. Ол ұйымдардың басшыла-
рын əкімшілік тұрғыда өлкеден тыс жерлерге жер аудару шарасы
кеңінен қолданылды. 1923 ж. 23 қаңтарындағы жағдай бойын-
ша Түркістаннан əртүрлі деңгейде жауапты қызметтер атқарған

69 меньшевик, 37 эсер партиясының өкілдері жер аударылды,
олардың басым бөлігі Ташкент қаласында тұратын еді 561.
Түрлі саяси тəсілдермен өлкедегі «Бунд», «Поалей Цион» (Сион
жұмысшылары), «Дашнакцутюн» сияқты ұлттық негіздегі саяси

ұйымдар таратылды. Солардың арасында большевиктік биліктің
жоғары эшелонындағы ұлттық элитаның солшыл қанатының
өкілдері (Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, И.Қыдырəлиевтер) Қоқан
561 РГАСПИ. Ф. 62, Оп.1, Д. 77. Л.3

қырғынында арандатушылық рөл атқарған армяндардың «Даш-
накцутюн» партиясының заңнан тыс деп жарияланып, таратылуы-
на белсене ат салысты.
1917–1918 жж. Түркістанда кеңестік саяси жүйенің құрамында

оппозициялық күш ретінде жергілікті ұлттың қоғамдық-сая-
си бірлестіктері жұмыс жасады. Біртұтас Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысы қатарына топтастырғанымызбен олардың əрқайсының
саяси тұғырнамасында елеулі айырмашылықтар бар еді. Олардың

қатарында жəдитшілер қозғалысы, конституциялық-демократиялық
«Алаш» партиясы, «Шурои Исламия», «Шурои Улема», «Тюрк
одами марказияти» (Түрік федералистері), «Таракки Парвар»
(Прогресшілер), 1917 ж. соңынан «Иттиход ва таракки» (Бірлік

пен прогресс) деп аталған жəне «Гуммет» ұйымдары еді. Кеңестік
саяси жүйе жергілікті халықтың арасында үлкен ықпалға ие болған
бұл қоғамдық-саяси ұйымдармен ынтымақтасуды қажет деп тап-
пады. Большевиктердің ұстанған таптық-партиялық қағидалары

осындай саяси астамшылық арқылы ұлттық күштерді, олардың
басшы тобы болған ұлттық элитаның басым бөлігін сыртқа теуіп
қана қойған жоқ, оларды кеңес өкіметіне қарсы қолына қару алып
күресуге итермеледі.

Өлкедегі кеңестік саяси жүйеде кəсіптік одақтардың алар
орны ерекше еді. Басқару элитасын қалыптастырушы орта
ретінде аумақтық жəне өндірістік қағидамен өткізілетін сайлау-
лар мен басқаруларға белсене араласқан кəсіптік одақтар түрлі

деңгейдегі кеңестердің құрамын жасақтауда белсенді ықпалға
ие болды. Кейбір Халық комиссарлары салалық кəсіподақтары
жұмысшыларының съездерінде қалыптасқан өнеркəсіпті нацио-
нализациялау, өндірісті жолға қою, жұмысшылар бақылауын ор-

нату сияқты кəсіподақтардың билік ресурстарына коммунистік
партия басшылық жасауға ұмтылды. Партияның кəсіподақтарға
басшылығында оның басшылық құрамындағы партия ұялары мен
фракциялары арқылы іске асуы тиіс болатын.

Түркістан жағдайында кəсіподақтарға партиялық басшылық
қатаң таптық-партиялық сипат алды жəне ұлттық мүддеден мүлдем
алшақ позиция ұстанды. 1920 ж. соңында өлкелік кəсіподақтар
конференциясында сайланған 131 делегаттың 30-ы ғана жергілікті

ұлт өкілдерін құрады. 1921 ж. сəуірінде Түркістан кəсіподақтары
Орталық
Кеңесі
Бүкілодақтық

кəсіподақтардың
Орталық
Кеңесінің Түркістан бюросы болып құрылғанда оның құрамында
бірде-бір жергілікті ұлт өкілі болмады562. Кейіннен Түркістан

562 Известия ТуркЦИК. – 1921.- 4 мая.
бюросының құрамына жергілікті ұлттан Абдусаттаров пен Оспан
Нұрматов енгізілді. Тек 1923 ж. ортасында облыстық кəсіподақтар
төралқасы құрамында 12, облыстық мекеме бөлімдерінде 45, уез-

дік бөлімдерде – 43, ал ВЦСПС Түркбюросы құрамында бір ғана
жергілікті ұлт өкілдері қызмет істеді563. Кəсіподақ ұйымдары
жергілікті халықтың арасында кеңінен таныла алмады. Таптық
қағидаға сай кəсіподақтар құрамына енбей қалған əлеуметтік

топтардың өкілдері де ұйымның басшылығына мүлдем аз тар-
тылды. Бұдан шығатын қорытынды, жергілікті халықтың арасына
кең таралмаған кəсіподақ ұйымы өлкедегі саяси жүйенің ұлттық
элитақалыптастыру үдерісіне барынша аз ықпал жасаған буыны

еді.
Оның есесіне Түркістан Коммунистік Жастар Одағы өз
құрамына жергілікті ұлт өкілдерін барынша кең қамтыған
бұқаралық-саяси ұйымға айналды. Өлке большевиктері жастар-

ды ұсақ буржуазиялық, буржуазиялық жəне феодалдық керітарт-
па, ұлтшылдық ұйымдар мен ағымдардың ықпалынан ажыратып,
революция жағына тарту үшін жастар ұйымына ерекше көңіл
бөлді. Содан да комсомол өкілдері мемлекеттік басқаруға белсене

қатыстырылды. Селолық кеңестерден бастап Түркатқомға дейінгі
билік құрылымдарында комсомолдың өкілдері болды.
Комсомол жастардың арасында бастапқы кезде жергілікті ұлт
өкілдері барынша аз еді. Партия тарапынан қолдаудың нəтижесінде

ТКЖО қатары өсіп, ұйымдық тұрғыда нығая түсті. 1924 ж.
көктемінде Түркістан Коммунистік жастар ұйымы 28,8 мың мүше
мен мүшелікке кандидатты біріктірсе, олардың 33 пайызы қазақ,
32 пайызы европалық, 17 пайызы өзбек, 2 пайызы түркімен, 3

пайызы ұйғыр, 8 пайызы басқа ұлт жастары болды.
Елдегі саяси жүйеде комсомолдың рөлі партияның көмекшісі
жəне резерві ретінде айқындалды. Партияның комсомол комитет-
теріне идеялық басшылығы партиялық билік пен саяси өктемдікке

ұласып жатты. Партиялық басшылықтың бұндай тəсілдері
республикалық партия жəне комсомол ұйымдары басшылығының
арасында 1920 ж. жазында саяси жанжалға негіз болды. Мəселенің
елеулі сипат алғандығын оны Түркбюро мəжілісі 31 шілдеде ар-

найы қарап, «Түркістан Коммунистік Жастар Одағы мен ТКП ОК
арақатынасы туралы» қаулы қабылдауынан аңғарамыз564.
Партия комитеттерінің жастар ұйымына қатысты саяси бағыт-
563 «Туркестанская правда». – 123. –7 ноября

564 РГАСПИ. Ф. 61, Оп.1, Д. 10. Л.3

бағдары бұл ұйымды таптық күрес идеясына жұмылдырып, оның ұйымдық қызметін тым саясиландырып жіберді. Дегенмен, жергілікті ұлт жастарының басым бөлігін өз қатарына біріктірген комсомол ұйымдарының практикалық қызметі өлкедегі элитақалыптастыру үдерісіне елеулі ықпал жасай алғандығын атап көрсету керек. Түркістан коммунистік жастар одағын ұйымдастырушылардың бірі Ғани Мұратбаевтың Түркістандағы жарқын саяси қызметі оның кеңестік үлгідегі жаңа буын элитаның өкілі болып қалыптасып келе жатқандығын танытатын еді. Ұйымдастырушылық қызметінде көрініс берген ұлттық мүддеге жанашырлығы оның болашағынан үлкен үміт күттіретін. 20 жылдары Түркістанда орын алған өзгерістер саяси, экономикалық ауқымы жəне мемлекетқалыптастырушылық миссиясы бойынша өте күрделі құбылыс болғандықтан одақтық, отандық қоғамтанушылардың бірнеше буыны осы кезді тарихи тұрғыда тану жəне танытуда өнімді еңбектенді. Таным нысанын зерттеуде ұстанған негізгі қағидалары мен қолданған тəсілдері ол жұмыстардың мазмұны мен тақырыбына көпқырлы сипат береді. Осы кезеңдегі межелеу тақырыбын кеңестік тарихнама маркстік əдістеме тұрғысында қарастырғандықтан да қалыптасқан концепцияны қайта қарауға тура келеді. Оның кемшіліктерінің ең бастысы тақырыпты таптық-формациялық тəсілмен бағамдаудан туындайды. Содан да осы тақырыптағы ғылыми еңбектерге бұл күнде қолданбалық сипатынан бұрын бірыңғай деректанулық мəн береміз. Посткеңестік кеңістікте қалыптасқан саяси жəне экономикалық жағдай тəуелсіз мемлекеттердің қазіргі мемлекеттік шекарасы жəне оның қалыптасу мəселесіне ерекше қызығушылық тудырып отыр. Орталық Азияда қазіргі ұғымдағы мемлекеттік шекара ХІХ ғасырға дейін, тіпті кей жерлерде ХХ ғасырға дейін болмағаны белгілі. Патша өкіметінің əкімшілік реформалары аймақтың шынайы этникалық картасын қалыптастыра алмады. Бұл жағдай белгілі бір саяси мақсаттарды көздеген ресейлік тарихшы Г.Мирскийдің Орталық Азияда «адамдар қанша ғасырлардан бері көшпелі жəне отырықшы болып бөлінеді... Өзбекстан, Қазақстан, Тəжікстан немесе Түркменстан сияқты мемлекеттік құрылымдар тарихта ешқашан болмаған»565 деген ұшқары пікіріне негіз бол565 Мирский Г.И. Нация, этнос, религия в центральноазиатском контексте //Мировая экономика и международные отношения. - №12, 1993, -С.6-11. (С.6) ды. Кəсіпқой тарихшының аталған мемлекеттердің көпғасырлық тарихын қасақана елемеуі империялық пиғылдан туып жатқанын аңғару қиын емес. Бұл жердегі мақсат та айқын. Ол мақсат - Ресейдің Орталық Азиядағы мемлекетқалыптастырушылық миссиясын дəріптеу. Əрине, мəселенің қойылу сипатына қарай белгілі дəрежеде ондай ықпалдың болғанын теріске шығаруға болмайды. Бірақ, ол ықпал бұрынғы мазмұндық ақиқатқа формалық өзгерістер жасаумен ғана ерекшеленетіндігін есте ұстау керек. Əсіресе ХІХ ғ. ІІ жартысында патшалық Ресейдің Орталық Азияны отарлауы нəтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы ұлттар мен ұлыстарды əкімшілік-территориялық негізде біріктірудің көрінісі болды. Патша əкімшілігі ұлттық территорияны жоя отырып, ұлттық ерекшеліктерді ұлыорыстық өркениеттің аяғының астына таптауды көздеді. Бұл мақсатты іске асыруда рухани, мəдени, экономикалық жəне əскери шаралардың тұтас кешені жұмыс жасады. Бұл шаралар ізсіз кетпеді. Азиялық Түркістан «Ресей Түркістанына» айналды. Еуропа елдерімен бəсекелестікке төтеп бере алмаған Ресейдің жартылай аграрлы жəне жетілмеген индустриялды экономикасы Орталық Азияға шығу арқылы оның инфрақұрлымын модернизациялауға мəжбүр болды жəне арзан шикізат, арзан жұмыс күші түрінде шексіз рынокқа ие болып, дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізді. Міне, осы күрделі қоғамдық - экономикалық құбылыс аймақтың ғасырлар бойы қалыптасқан жəне түрлі жағдайларға байланысты ХІХ ғ. бірінші жартысында біршама құлдырау сатысында болған интеграциялық байланыстарды жаңа сапалық деңгейде дамытуға негіз қалады. Бірақ патша өкіметінің Түркістандағы орыстандыру саясаты саяси, рухани тиянақ таба алмады. Қайта өлкедегі саяси-этникалық үдерістің дамуын жеделдете түсті. Осындай жағдайда отаршылыққа қарсы күрестің түркілік, мұсылмандық негізде топтасу идеялары ХХ ғ. басында аймақтағы рухани, саяси интеграциялануға алғышарт жасады. Кеңес өкіметінің Орта Азияда құрған Түркістан АКСР түріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымы аумақтық тұрғыда Түркістан генерал губернаторлығының көшірмесі ғана болды. Сол территория, сол халық жəне шешімін таппаған бұрынғы мəселелер. Тек патша өкіметі кезінде сыналап іске асырылған саясатты кеңес өкіметі ашық жүргізе бастады. Кеңестік Ресейдің Орталық Азиядағы гео-

саяси мүддесін Əскери революциялық кеңес төрағасы Л. Троцкий былай тұжырымдайды: «Əлемдік саясаттың азиялық алаңында біздің Қызыл Армия европалық саясат алаңымен салыстырғанда əлдеқайда қуатты күш екендігіне ешқандай күмəн жоқ. Бұл жерде бізге Европадағы оқиғалардың қалай өрбитіндігін ұзақ күтумен бірге азиялық шептегі белсенді қимылға да мүмкіндік беріледі»566. Ресейдің Орта Шығыстағы бұл геосаяси мүддесінде Түркістанға əскери, саяси плацдарм міндеті жүктелді. Троцкийдің жоспары идеология өзгергенімен, тарихи жағдай ауысқанымен патша өкіметінің геосаяси қадамдарының заңды жалғасы еді. Осыған байланысты большевиктік билік ортаазиялық аймаққа толық бақылау орнату мақсатында 1917-1922 жж. əскери жəне саяси салада бірқатар батыл қадамдар жасады. Соның ең бастылары Мəскеуге бағынбайтын территориялық автономиялық құрылымдарды талқандау болды. Бұл бағыттағы ең алғашқы акция 1918 ж. ақпанда Кеңес өкіметіне аса елеулі əскери қауіп төндіре қоймаған Түркістан мұхтариятының талқандауы еді. Оның есесіне патша өкіметінің бұрынғы протектораты Бұхара əмірлігі мен Хиуа хандығы экономикалық, əскери əлеуетімен жəне ортаазиялық аймақтағы ислам дінінің қуатты орталығы ретінде кеңестік билікке күшті қарсылас болып танылды. Түркістанның большевиктік-эсерлік үкіметінің əмір билігін жоюдағы 1918 ж. алғашқы əрекеті «қуатты ұлтшылдық өрлеу туғызып, қоғамның барлық топтарын əмір тағының төңірегіне топтастырды»567. Дегенмен, большевиктердің жүргізген жоспарлы шаралары нəтижесінде Бұхар мен Хиуа Халықтық Демократиялық Республика түрінде Кеңестік Ресейдің «қызыл протекторатына» айналды. Троцкийдің меморандумы негізінде осы сценариймен 1920 ж. мамыр-маусымында құрылған «Парсы социалистік кеңестік республикасының» соңы өзара қырқысуға ұласты. Орталықтың эмиссарлық ұйымы Түрккомиссияның жұмсаған «азиялық революционерлері» тобы Ауғанстанда, Шыңжаңда жəне Шығыстың басқа да елдерінде жеңіліс тапты. Осылайша шетелдік Шығыс үшін Орта Азияны «əлемдік революцияның базасына» айналдыру əрекеті іске аспағанымен 1917-1920 жж. аймақта Мəскеудің геосаяси билігі толық орнады. 566 Меморандум Льва Троцкого // «Родина» – 1990. - №10. – С.12 (с.12) 567 Кощанов А. Большевики в Туркестане. 1917-1922 гг. Доктрина и реальность: автореф. докт. ист. наук. –07.00.02. -М., 1994. –30 с. С.30 Орталық ендігі кезекте аймақтың мəселелерімен тікелей айналыса бастады. Бір орталыққа бағынған ұлттық-мемлекеттік құрылымдар жасақтаудың большевиктік шешімі ретінде И.Сталин ұлттық республикаларды Ресей Федерациясына автономия статусымен енгізудің жобасын ұсынды. «Халықтар мен ұлттарды біріктіру» идеясына негізделген бұл жоба ұлттардың тəуелсіздік алуға деген ниетіне тосқауыл болуы тиіс еді. «Шет аймақтардың Ресейден бөлінуі, шет аймақ пен орталықтың қарым-қатынас түрі ретінде қойылмауы тиіс, өйткені мəселенің бұлай қойылуы... орталықтың да, шет аймақтың да халық бұқарасының мүддесіне түбірімен қарсы келеді»568 деген тұжырым Түркістанның саяси құқықтық статусын автономиямен шектеуге негіз болды. Большевиктердің еркіндік, теңдік туралы саяси мəлімдемелеріне қарамастан ұлттар мүддесінің осылайша шектелуі одақтық деңгейде қызу саяси пікірталас тудырды. РКФСР Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты басшыларының бірі М.Сұлтанғалиев одақтың билік органдарына жекелеген көрсеткіштері бойынша тəуелсіз республикадан маңызы төмен емес автономиялық республикалар өкілдері де қатысуы тиіс екендігін қорғады. «Айтыңыздаршы, Түркістан кеңестік Республикасы Грузин республикасынан несімен ерекшеленеді? – деп сұрақ қояды да, оған былай деп өзі жауап береді -Онда Грузия республикасына қарағанда халық бірнеше есе көп, территория да бірнеше есе үлкен, оның үстіне Түркістанның стратегиялық жəне саяси жағдайы Түркістанға берілетін «тəуелсіздік» тұрғысынан Грузияға қарағанда əлде қайда тиімді»569. Бұл Мəскеудегі түрікшіл қайраткердің көзқарасы. Ал Түркістандағы Т.Рысқұлов бастаған ұлттық элита мемлекеттік құрылымның статусын кеңейту мақсатында «РСФСР-дың Түркістан Республикасы» дегенді РСФСР-дың Түрік Республикасы»570 деп атау туралы шешім қабылдап, түркі халықтарының саяси бірлігін нақты іске асыруға қадам жасады. Осы жерде Түркістан автономиялы республикасы мен Қырғыз автономиялы облысы арасында дəстүрлі байланыстардың үзіліп қалғандығын айтуымыз керек. Өйткені Түркістан өлкесі мен Қазақ даласының қоғамдық-саяси дамуында ұқсастықтар мен 568 Хрестоматия по отечественной истории (1914-1945гг.). /Под. ред. А.Ф. Киселева., Э.М. Шагина. -М.: Гуманитарный изд. Центр «Владос», 1996. –896 с. С.361 569 Султан-Галиев М. Избранные труды. -Казань. 1998. -450 с. С.409 570 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі. (Түркістан кезеңі). Б.130

айырмашылықтар көп. Ұлттық элита арасында оларды салыстыра қарастыру дəстүрі орын алған. «Жалғыз шапқан ат жүйрік» деген, екі өлкенің ілгері-кейінді деңгейі осылай салыстыру арқылы айқындалмақ. Кезінде Абайдың өзі екі өлке тұрғындарын кəсіпшілікті игеруі тұрғысында салыстыра отырып пікір айтқан. Абайдан соң екі өлкені саяси мүмкіндіктеріне қарай Ə.Бөкейханов та салыстырады. «Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы соқыр болса, Түркістанның халқында қараңғылық, шебер адамы жоқтық бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп біз қайда барамыз?». Ұлт көсемі бұл жерде Түркістанның саяси əлеуетін кемсітіп отырған жоқ, өлкеде сол кезеңде қалыптасқан нақты саясиəлеуметтік ахуалды дөп басып айтып отыр деп бағалаймыз. Ал М.Дулатов 1929 жылдың 30 қарашасында ОГПУ тергеушісіне берген жауабында «…Ол кездегі Түркістан мен қазақ бірігу керек деушілердің дəлелі: орыстың отаршылдығынан құтылу үшін, күшті болып ұлт тілегімізді жүзеге асыру үшін Орта Азия елдері бірігуіміз керек дейді. Бөкейханұлы Əлихан пікірі: Орта Азия болып (өзбек жəне басқалармен) бірігуге болмайды, оларда ескішілдік (консерватизм), діншілдік, дін жолында ұстағанынан айырмаушылық (религиозный фанатизм) күшті, оларды ишан, қожа-молда билеп келе жатқан халық, шариғат жолынан тез арада арылмайтын халық, шаруа түрі бізден басқа, мəдениет жолында бізден де төмен, сондықтан екі соқыр қол ұстасып жүріп күн көре алмаймыз дейтін пікірде болатын»571 деп тұжырым жасайды. Əйтсе де, Түркістан жағдайымен жақсы таныс М.Дулатов Түркістанға бұлайша сыңаржақ баға беруге қарсы. Бұл аймақтарда кеңес қоғамында атқарылып жатқан өзгерістерде бірінің жетістігін екіншісіне үлгі етеді. Мысалы: «Əйел мəселесіне келгенде Түркістанды мекен еткен халықтардың арасында бізден сорақылары бар: ол жағына біз ақыл айта алмаймыз»572 деп Түркістан өкіметі де Қазақстан өкіметінің қалыңмалды жойған заң қабылдауын үлгіге алар деп үміттенеді. Осы сияқты Түркістанда «Партияға кірмесе де, кеше ұлтшыл екендігі белгілі болса да, Кеңес өкіметі жолында шынымен қызмет етушілер де табылып отыр. Түркістан 571 ҚР ҰҚКА. 78754-іс, 6-тіз.,41-42 пп. 572 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т. - Алматы: Мектеп, 2004. -614 б. (34 б) өкіметі, мұндағы саясатшылар жоғарыдағылардың бірін де шетке қағып отырған жоқ. Ешкімге партияға кір деп қолқа салмай-ақ, партияның жолы дұрыс екендігін істерімен көрсетіп отыр»– дей келіп, «Міне біздің Қазақстандағы өкімет тізгінін қолына алып, ел билеп отырған ортақшыл азаматтарымыз осы Түркістан саясатын қолданса, ел де солардың соңында, партияға кірмей жүрген ұлтшылдар ма, ұлтсыздар ма – бəрі де бір тілек, бір тудың астына жиналуына біздің көзіміз жетеді»573 деп жазады. «Ақ жол» газеті арқылы Түркістан мен қазақ жеріндегі биліктің ұлтқа жасаған игілікті істерін бір-біріне өнеге еткен М.Дулатовтың əрекеті құптауға лайық тірлік. Дегенмен, Түркістан Республикасы мен Қырғыз облысы арасында қарым-қатынас бірден жолға қойылып кете алмады. Түркістанда 1920 ж. кеңестік құрылыс, мемлекеттік аппарат біршама орнығып қалғанымен Түркатком мекемесі Қырғыз облысының кейбір мəселелеріне жауапсыз қарады. Бұл жағдай ондағы қазақ қызметкерлерінің қаперінен тыс жүргізілді. Мысалы, 1920 ж. тамыздың 24-інде Қырғыз обкомының жауапты қызметкер Əлібековтың қолымен Түркаткомға мына мазмұнда қатынас жіберілген: «14 қыркүйекте қырғыз обкомы Орынборда Қырғыз өлкесінің жалпыға бірдей съезі өтетіндігі жəне оған Түркістанның қазақ тұрғындарынан əрбір 20 мың тұрғынға 1 делегаттан сайлап, съезге жіберуді»574 өтінеді. Бұл жеделхат Түркатком төралқасының (10.ІХ.1920) мəжілісінде арнайы қаралып, «жеделхатты кеш алуға байланысты сайлау өткізуге жəне Түркістан қырғыздарынан делегат жіберуге мүмкіндік жоқ»575 деген мазмұнда қаулы қабылдады. Бұл əрине екі елдің арасындағы байланысқа сызат түсіретін жағдай. Түркістанның билік құрылымдарындағы қазақ қызметкерлерінің бастамасымен екі ел арасындағы келіссөздер барысында бұндай келіспеушілікті жоюдың алғашқы əрекеті жасалды. Мысалы, Түркаткомның 1920 ж. 1 қыркүйегіндегі мəжілісінде Қырғыз республикасының өкілі Заромскийдің екі республикадағы жұмыстарды үйлестіру қажеттігі туралы баяндамасы бойынша алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау, саяси, əкімшілік жəне экономикалық қатынастарда тығыз байланыс орнату қажет деген шешім қабылданды576. 573 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т... 58 б. 574 ӨРОМА. Р-17 қор, 1-тіз., 214-іс. 312 п. 575 ӨРОМА. Р-17 қор, 1-тіз., 214-іс. 307 п. 576 ӨРОМА. Р-17 қор, 1-тіз., 229-іс, 159 п.

Қорыта айтқанда, Орталық Азия мемлекеттерінің мəдени өркендеуі, экономикалық дамуы, саяси өзгерістері бір-бірімен тығыз ықпалдастықта іске асқандықтан да мəселені кешенді негізде қарастыру тарихи ақиқатқа айқындық береді деп бағалануы тиіс. Мəселенің осылайша қойылуы қазіргі заманғы түйткілді құбылыстарды танып білудің тетігі болмақ. Əйтпесе, Түркістан республикасында кеңес өкіметі жүргізген қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру міндеті ескі мəселеге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Соған сəйкес, Түркістан тарихында кеңестік биліктің жасаған өзгерістері қоғамды модернизациялауда елеулі ілгерілеушілік болғандығы қандай ақиқат болса, жергілікті халықтардың ұлттық тəуелсіздікке ұмтылған əрекетін саяси айла-шарғымен, экономикалық қысыммен, əскери күштеу арқылы қоғамдық дамуды тежеуші күшке айналғандығы да сондай ақиқат деп бағалай аламыз. БЕСІНШІ ТАРАУ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ОҢТҮСТІК ҚАНАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН РӨЛІ 5.1 Түркістанның этносаяси үдерістеріндегі қоғамдық-саяси ағымдар Ғылыми əдебиетте саяси элитаның қалыптасуы мен қызметінің сипаттық ерекшеліктерін айқындайтын бірқатар ұғымдар бар. Элитаның жеке құрамы саяси билікке тура, жанама жəне нақты ықпал жасауы арқылы бөлінеді. Тура ықпал биліктің соңғы шешім қабылдауына қатысу: жанама ықпал түпкілікті шешім қабылдайтын тұлғаға ықпал жасау: нақты ықпалға белгілі тұлғаның қоғамдағы саяси салмағын жатқызуға болады. Солай дегенмен де, элита дегеніміз түйінді мəселе бойынша шешім қабылдауға ықпал жасаушы тұлғалардың арифметикалық жиынтығы емес. Элита дегеніміз – мақсаттарының жақындығы, мінез құлық пен құқықтық нормалары бойынша біріккен, қолдап, қуаттайтын ортақ, орныққан құндылықтар жүйесі бар əлеуметтік қауымдастық. ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамында осындай дəстүрлі элитаның ішкі бірлігі əлеуметтік жəне рулық тегіне тəуелді болып келді. Қандай қоғамда болса да элитаның маңызды сипаттарының бірі - билігінің заңды деп танылу мəселесі. Əрине, элита билігінің заңды деп танылуы тарихи тұрғыдан өзгермелі болып келеді. Дəстүрлі қазақ қоғамында билік заңдылығының М.Вебер негіздеген үш үлгісі де кездеседі, олар: дəстүрлі қоғамдағы беделді құрметтеуге негізделген дəстүрлі биліктің заңдылығы: екіншісі; ерекше қасиет – харизмаға негізделген заңдылық; үшінші, парасатты заңдылыққа сүйенген демократиялық қоғамдағы биліктің заңды деп танылуы. Бұл үлгілер дəстүрлі қоғамда өзіндік ерекшеліктерімен көрініс тапты. Элитаның белгілі бір түрлік сипатын анықтайтын маңызды қызметінің бірі стратегиялық шешім қабылдау жəне қабылданған шешімді бұқаралық сана мен іс-əрекетке дейін жеткізу. Қазіргі заманғы биліктің жоғары-төменгі құрылымын үш деңгейлі пирамида түрінде бейнелеуге болады. Жоғары деңгейде билеуші элита немесе элиталар; екінші орта деңгейде «жоғарғылардың» шешімін

таратуды іске асыратын саяси топтар (бұл топтардың келбеті əлеуметтік жəне тарихи даму ерекшеліктеріне сай өзгермелі болып келеді): пирамиданың ұлтанын басқару нысаны болып есептелетін халық бұқарасы құрайды. ХХ ғ. басында А.Шпенглер бұқаралық қоғамда биліктің бөліп таратылуын сипаттай келе, былай деп жазады: «Бəрін де есімдері танымалдардың қатарына қосыла бермейтін ақылдары сұңғыла аз ғана адамдар тобы шешеді, ал шешендер мен көсемдер, депутаттар мен журналистер, провинциялық көкжиектің өкілдерін құраған екінші деңгейдегі саясаткерлердің үлкен бөлігі тек қоғамның төменгі қатпарында халықтың өзінөзі басқаруы туралы елесті қолтығынан демейді»577. Дегенмен де билік примадасы ұлтанындағы элитадан тыс күштің кері ықпалы жоққа шығарылмайды. Əйтсе де дəстүрлі қазақ қоғамындағы патриархалдық саяси тəртіп жағдайында ондай ықпалдың мүмкіндігі контрэлитаның əрекетіне тəуелді болып келді. Элитатанудың маңызды категорияларының бірі болып есептелетін контрэлита ұғымы мəртебесі бойынша билік құрылымдарына енбейтін, бірақ стратегиялық саяси шешімдер қабылдауға елеулі ықпал жасайтын тұлғаларды қамтиды. Осы контрэлита категориясы мемлекеттің ішіндегі қоғамдық-саяси ағымдардың себеп-салдарлы байланысын ашуға мүмкіндік береді. Ғылыми əдебиетте контрэлитаны саяси оппозицияның ең жоғары эшелонындағы тұлғалар құрайды деген тұжырым орныққан. Ендеше, дəстүрлі қазақ қоғамындағы контрэлитаны кімдер құрады? Бұл сұрақтың жауабын хандық институттың тəжірбиесінен іздестіреміз. Əдетте, хандық биліктің ауысуындағы мұрагерлік аса құрметтелген дəстүр еді. ХVІІ ғасырдың 30 жылдарына дейін қазақ даласындағы хан билігі Əз-Жəнібектің (1473-1480 жж. билік құрған) үлкен ұлы Жəдік сұлтаннан тарайтын əулеттің қолында болып келген. Бұл əулеттің соңғы ханы Тəуке 1715 ж. өлген соң, хандық билік мұрагерлік жолмен оның ұлы Болаттың (1718-1726 жж. билік құрған) қолына өткенімен оның билігінің нақтылықтан рəміздік сипаты басым еді. Ал нақты саяси билік Əз-Жəнібектің кенже ұлы Өсекеден тарайтын Əбілқайырдың қолына өтті578. Билік ауысуының мұрагерлік дəстүрі бұзылғандықтан саяси билікті уысынан шығармай келген Жəдіктің Батыр, Барақ сұлтандар бастаған ұрпағы Өсеке əулетінен шыққан Əбілқайыр хан билігінің заңдылығын мойындаған жоқ. 577 Шпенглер А. Афоризмы и максимы. -Л.: Изд-во ЛГУ, 1991. –274 с. С.74 578 Сабырханов А. Исторические предпосылки ликвидации ханской власти в Казахстане (На материале Младшего и Средного жузов) / Казахстан в эпоху феодализма (Проблемы этнополитической истории). -Алма-Ата: Наука, 1981. –192 с. С.151 Бұл жағдай шиеленісе келе Қазақ хандығының саяси бірлігіне қауіп төндірді. Басқару элитасының арасында орын алған алауыздық жоңғар қаупін біржола жоюға қолайлы мүмкіндікті уыстан шығарып жіберді. Бұның екі мысалын атап өтуге болады. Біріншісі, 1729 жылы жоңғар-цин соғысының басталуына байланысты қалыптасқан əскери-саяси жағдайдың тиімділігі пайдаланылмады. Екіншісі, осы жылы Итішпес көлі маңындағы Аңырақай шайқасының жеңісін ақырына дейін жеткізудің орнына Əбілқайыр, Əбілмəмбет, Сəмеке жəне тағы басқа билеушілер Болат ханның орнына билігі заңды деп танылатын жаңа хан сайлау қажеттігіне байланысты ортақ келісімге келе алмай, соғыс қимылдарын одан əрі жалғастырмаған. Сондай саяси алауыздық салдарынан Əбілқайыр батысқа, орыс шекарасына, Əбілмəмбет Түркістанға, Сəмеке Сарыарқаға қарай шегініп кетті579. Ханның басты міндеті қарамағындағы халықтың берекесі мен бірлігін қамтамасыз ету. Далалық дəстүр бойынша хан өз халқын тойындыруы, киіндіруі үшін қарулы күш жасақтау, жаңа жерлерді игеру, тиімді халықаралық келісімдер жасауы тиіс болатын. Халық хан билігін мойындауын мал-мүлкін ханталапайға салып, үлестіріп алуы арқылы білдірген. Оның мəні – ханға малдың керегі жоқ, онда халықтың береке бірлігінен басқа уайым болмауы тиіс, халықта мал болса ханда да мал болады. Кейде бұл дəстүрді «Хан сарқыты» деп те атаған. Хан сарқытынан үлес алу – оның билігін мойындаудың шарты ретінде танылған. Ал билеуші топ өкілдерінің қоғамдық пікірімен санаспауынан туындаған келіспеушілік əдетте қарамағындағы бұқараның ханға теріс қарап, тік көтеріліп басқа иелікке бейбіт түрде көшіп кетуімен шешілетін. Бұндай жағдайдың Қазақ тарихындағы классикалық үлгісі билердің қуаттауымен Жəнібек пен Керей бастаған контрэлита өкілдерінің Əбіхайыр хандығынан қазақ тайпаларын бөліп алып Шу бойына, Моғолстанның шекарасына көшіп кетуі түрінде көрінді. Оның салдары белгілі. Кейде қарашаның қарсы шығуы хан тағдыры үшін қайғылы аяқталатын. Қазақ хандығындағы «бұлғақ кезеңде» өзінің əрекетсіздігімен өз халқының қаһарына ұшырап жат жерді паналаған Бұрындық пен Тахыр хандардың тағдыры осыған куə580. Элиталық теория европалық тəжірибе негізінде қалыптас579 Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей. -Алматы: «ДайкПресс», 2005. –308 с. 580 Оразбаева А.И. Цивилизация кочевников евразийских степей. -Алматы: «ДайкПресс», 2005. –308 с. (С.30-35)

қандықтан оның көптеген өлшемдерді көшпелі өркениеттің төлтума ерекшеліктерін қамти алмайды. Ал «көшпелі өркениет қоғамының əлеуметтік құрылымын ұйымдастыруда, əсіресе мемлекеттік тұрғыда өзін сонылығымен таныта алды. Жүзжылдықтар, тіпті мыңжылдықтар өтті, ал көшпелілер мемлекеттілігі өзгеріссіз қалды: билік дəстүрлі (монархиялық) болса, қоғамның базисі мен іргетасын көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын алғашқы қауымдық құрылыс сатысындағы рулар мен тайпалардың сақталып қалуы қоғамның мешеу қалғандығы емес, қайта адамның табиғатқа, көшпелі өмір салтының жағдайына жəне тиісті өндіріс тəсіліне тамаша бейімделе алғандығын танытатын»581. Демек, көшпелілер өркениетіндегі билік құрылымын элиталық концепцияның əдістемесі негізінде талдар болсақ оның осындай ерекшеліктерін басты назарда ұстауымыз керек. Яғни, жаңа заманға дейін жеткен рулық-қауымдастық құрылымның дəстүрлі қоғамдағы атрибуттарын саяси-əлеуметтік реликт деп емес, үнемі өзін-өзі жаңартып отыратын институттанған ұғымдар ретінде қарастыра аламыз. Бұл жағдай əсіресе билік құрылымына, оның субъектілері болып есептелетін элитаның құрамы мен қызметіне баға берілгенде негізгі талдау өлшемі болуы тиіс. Дəстүрлі қазақ қоғамындағы саяси билік пирамидасының биігі - хан, іргетасы - халық болса, биліктің екі нысанының арасын жалғастыратын аралық буынды билер, жыраулар (ақындар) жəне батырлар түріндегі элиталық қатпар құрады. Ғылыми əдебиетте орныққан осы байланыстырушы элита категориясының қатарына582 діни элита өкілдерін де қосу керек-ақ. Өйткені «Қазақ рулары қазақ даласына тараған қожа əулеттерімен тығыз байланыста болды. Əр руды, əр жүзді өздерінің билері басқарды. Би – рудың, жүздің рухани басшысы, пірі болатын. Ол билікті шариғат заңдарына сай жүргізді»583 деген тұжырым негізсіз емес. Солай дегенмен де билердің бəрі де ғұлама-діндар деуге болмас. Бұл жерде яссауийа тариқаты бойынша əр рудың діни мəселесі қожа əулетінен шыққан, арнайы дайындықтан өткен пірлердің қолына тапсырылғандығын ескеруіміз керек. Мысалы, қожалардың Бақсайыс əулеті қазақтың 26 руына діни қызметшілер дайындап келген584. Билердің кеңесшісі, қолдаушысы болған бұл категория 581 Ирмуханов Б.Б. Хазары и казахи: связь времень и народов. –Алматы: Наш мир, 2003. -288 с.(С.107) 582 Оразбаева А. Дəстүрлі қазақ қоғамына тəн билер институты.-Алматы: ДайкПресс, 2004.-206 б. 54, (Б.190-204) 583 Жандарбек З. Түркістанның қысқаша тарихы. -Түркістан, 2000. -34 б. (Б.33) 584 Жандарбек З. Түркістанның қысқаша тарихы... Б.29 алғашқы кезде ата пірлер аталғанымен діни лауазымға, дəрежеге қарай түрлі нұсқаларда аталды. Осы деректер негізінде қазақ діндар халық болмаған деген атүсті тұжырымға емексіп, элита қалыптастырудағы дін факторын, ұлттық элита құрамындағы діни категорияның қоғамдық-саяси қызметін жоққа шығару тарихи ақиқатқа қиянат болар еді. Оның үстіне биліктің жауынгер атеистік саясаты мұсылман діндарларының ашық, кейде жасырын антикеңестік бас көтерулерге белсене қатысқандығы585 да діни элитаның ықпалды күшке ие болғандығын айғақтайды. Билік құрылымындағы хан билігі шектеусіз емес, ол негізгі билікті жоғарыда аталған элита өкілдерінен сайланған Хан кеңесі арқылы іске асырды. Бұл жерде биліктің демократиялық сипаты танылады. Егерде дəстүрлі қазақ қоғамында демократия болмаса «Неге домбырасынан басқа дымы жоқ ақын-жырау ханына қасқайып қарсы қарап, қабырғасын сөккендей етіп сын айтады?»586. Жыраулар поэзиясынан бұл тұжырымға көптеген дəйек кездестіруге болады. Қара халықтың да биліктен шет қақпай қалмауы, олардың билігі Құрылтай жиыны шешімдерінен көрініс табуы да қазақ қоғамындағы демократиялық құндылықтардың орнығуы туралы көп жайды аңғартады. Ресейдің отарлауы қазақ қоғамының дəстүрлі билік құрылымын ойсырата күйретті. Соған сəйкес басқару элитасының қызметі де сыртқы түрін сақтағанымен терең мазмұндық, функциялық күйзеліспен бетпе-бет келді. «Отты қару пайда болғанға дейінгі мыңдаған жылдық адамзат тарихында ат жалында өскен көшпелілер ең қахарлы күш болғаны күмəн тудырмайды. В.О. Ключевскийдің бейнелі сөзімен айтқанда мылтық пайда болғанға дейін «көшпелілер тарихтың дырау қамшысы болды»587. Осындай қоғамның бекзаттығының рəмізі болған дала батырын отаршылардың шаламас солдаты тапаншамен атып сұлатты. Бұл екі өркениеттің сұхбаты емес. Бұл деген бір өркениеттің биік рухани, мəдени жетістігін келесі бір өркениеттің өктемдікпен аяққа таптауы еді. Осыған ұқсас мысалды ділмар шешеннің «хан алдында сөз айтып, хан таппаған мінін» шаласауатты ояз бастығы тауып, бір жапырақ бұйрықпен тілін байлап қойғандығынан да көруге болады. Ресейдің отарлауының басталуы дəстүрлі қазақ қоғамының билік институттарының күйреуімен бірге дəстүрлі ұлттық элита құрылымының да күйреуі ретінде қарастырылуы тиіс. 585 Оразбаева А.И. Цивилизация кочевниковЕвразийсих степей... С.352 586 Тарақты А. Ауызша тарихнама //Қазақ. -Алматы: «Білім», 1994. -35 б. (Б.35) 587 Тарақты А. Ауызша тарихнама... Б.32

Патша отаршылығының əкімшілік бірлігі ретінде құрылған Түркістан өлкесінің саяси экономикалық, мəдени əлеуметтік құрылымы қазақ жерінде құрылған Орынбор жəне Дала генерал-губернаторлығына қарағанда өте күрделі сипатымен ерекшеленді. Сондай ерекшеліктерге сай өлкедегі билік құрылымдары мен саяси қозғалыстарға жергілікті ұлт өкілдерінің араласуында елеулі айырмашылықтар орын алды. Осы қоғамдық–саяси үдерістерге қазіргі заманғы тарих ғылымында сəтті қолданылып келе жатқан элитологиялық тұрғыда талдау жасау арқылы дəстүрлі тұжырымдарды жаңа қырынан бағамдай аламыз. Түркістан өлкесіндегі элитаны шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Патша өкіметінің отар аймағы болғандықтан да Түркістандағы басқару элитасын Ресей қоғамының жергілікті элитасы деп оқшаулай аламыз. Бұл топқа тəн басты белгі патшалық билік жүйесінің тірегіне айналған бюрократияның асқынған үлгісі болуында. Жергілікті элитаны өлкедегі генералгубернатор бастаған жоғары лауазымды мемлекеттік жəне əскери шенеуніктер мен жергілікті қаржы-өнеркəсіптік буржуазияның ірі өкілдері құрады. Негізінен европалық ұлт өкілдерінен құралған бұл топтың арасында ғылым мен мəдениет қайраткерлерінің үлесі де ықпалы да олардың қатарының аздығынан мүлдем елеусіз болды. Ресми билікке қатынасы, қоғамдағы əлеуметтік саяси жағдайы жəне билік мəселесінде ұстанған қағидаларының əртүрлілігіне қарамастан діни, этникалық тегінің ортақтығына қарай топтасқан келесі əлеуметтік топты ұлттық элита деп атаймыз. Европалық жергілікті басқару элитасына балама позиция ұстанған ұлттық элита ұғымын бірыңғай жергілікті халықтардың элитасы деген мағынада қолданамыз. Өлкедегі ұлттық даралану үдерісі саяси-құқықтық тұрғыда рəсімделгенге дейінгі кезең үшін Түркістан халықтарына ортақ ұлттық элита ұғымын қолданған орынды деп есептейміз. Элитаның бұл тобының жеке құрамы отарлық билікке жақын ұлттық шенеуніктер, ұлттық буржуазияның ықпалды өкілдерімен бірге əкімшілік қызмет атқармаса да ел ішіндегі дəстүрлі билік ықпалын сақтап қалған дін, мəдениет қайраткерлерін біріктіреді. Отарлыққа қарсы тəуелсіздік идеялары топтастыраған бұл топтың арасында дін өкілдері мен ақын-жазушылардың қатары мол əрі ықпалы да елеулі болды. Ұлттық элита өз арасында түрлі саяси ағымдар мен жіктерге бөлінгенімен тəуелсіздік идеясына топтасқандықтан да оның отарлық билікке оппозиция ретіндегі салмағы уақыт өткен сайын арта түсті. Түркістан өлкесінде, кейін Түркістан республикасында патша өкіметі де, кеңестік билік те біртұтас «түркістандық» ұлтты қалыптастыра алмағандықтан ұлттық дербестенуде орасан зор ұйымдастырушылық рөл атқарған этноэлиталық топтарды бөліп қарастыруға тура келеді. Патшаның отарлық билігіндегі Түркістанның жеке ұлттарға бөлінбеуі этноэлиталық топтық, этникалық мүдденің болмағандығы деген сөз емес. Түркістан ұлтазаттық қозғалысындағы түркілік, мұсылмандық бірлік аясында күрес жүргізген ұлттық элита құрамындағы қазақ, өзбек, қырғыз зиялыларының атқарған қызметтері əртүрлі болды. Түрккомиссия мүшесі Г.Сафаров Түркістан мұхтариаты үкіметін құруда қазақ зиялылары белсенді рөл атқарғандығын атап көрсетеді. Ол «қазан оқиғаларынан соң кеңеске қарсы автономиялық қозғалыстың басшылығы ұлттық буржуазиялық өзін-өзі басқару еркін білдірген алдыңғы қатарлы зиялылардың қолына шоғырлануы реакциялықфеодалдық «Улемамен» байланысы жоқ қырғыз (қазақ деп оқыңыз - Х.Т) зиялыларының алдыңғы шепке шығуына»588 алып келді деп жазды. Шындығында 1917 ж ақпан төңкерісіне дейін Түркістан ұлтазаттық қозғалысының қалың ортасында жүрген М.Тынышбаев, М.Шоқай, С.Лапин, Ə.Оразаев, С.Ақаев, Қ.Қожықов сияқты этноэлита өкілдері европалық білім алған, Ресейдің демократиялық қозғалыстарына саяси дайындығы мол тұлғалар еді. Содан да олар 1917-1918 жж. араласқан Түркістандағы тарихи оқиғалардың алдыңғы сапында болды. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында қалыптасқан осы жаңа тұрпатты саяси элитаның құрамы туралы Х.Əбжанов: «Ұстанған саяси позициясы, əлеуметтік-таптық бағдары, ұлттық идеясы жағынан келгенде бұлар біркелкі емес еді. Атап айтар болсақ, консервативті-ұлттық элита діни-конфессионалды құндылықтар мен ұстанымдарды басшылыққа алса, радикалды ұлттық элита большевизм жағына шықты. Прогрестік-демократиялық элита Алаш қозғалысының басында тұрды. Тұтас Түркістан идеясын көтерген М.Шоқай мен оның серіктерін ымырасыз-түркішіл элита деп атаған жөн тəрізді. Ұстанымдары мен құндылықтары қабыспаса да бəрінің көздеген түпкі мұраты қазақ халқының азаттығы еді»589 дей келіп бұл топтарды ұлттық саяси-азаттық элитасы деген біртұтас ұғымға біріктіреді. 588 Сафаров Г. Колониальная революция. /Опыт Туркестана/ М.: Госиздат, 1921.-147 с. (С.119) 589 Əбжанов Х. Шəкəрім қажының бес сауалы жəне ұлттық элита //Шəкəрім əлемі. –2006 -№1-108-116 б. (Б.113)

Түркістанда кеңес өкіметінің орнауымен күшейе түскен этнодербестену үдерісі барысында осы аталған біртұтас Түркістан ұлттық саяси элитасының идеялық жəне этникалық даралануы қатар дамыды. Түркістанда кеңестік үлгідегі ұлттық элита қалыптасуының бастауы 1918 ж. 20-30 сəуір аралығында Ташкентте өткен Кеңестердің Өлкелік V съезі болды. Осы съезд өлкедегі мемлекеттік билік құрылымдарына жергілікті ұлт өкілдерін тартуға жол ашты. Түркістанның мемлекеттік құрылысын белгілеп, қоғамдық-саяси даму бағытын айқындаған съезге 300-ге жуық делегат қатысқан болса, делегаттардың жартысына жуығын жергілікті ұлт өкілдері құрады. Съездің тарихи қызметі Түркістанға қатысты Мəскеудегі большевиктік биліктің алдын-ала дайындаған шешімін заңдастыру болғандықтан орталық билік жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан съезд делегаттарын көбейтуге мүдделі еді. Өлкедегі кеңестік құрылысқа кең тыныс берген Кеңестердің Өлкелік V съезі Түркістанның мемлекеттік автономиясын іс жүзінде қалыптастырса, ендігі кезекте оны заң жүзінде (де-юре) рəсімдеу міндеті тұрды. Съезд шешімімен республика өкіметі Түркістан республикасының конституциялық негізін анықтауға байланысты келіссөздер жүргізу үшін Мəскеуге арнайы комиссия жіберді. Құрамында бес мүшесі бар комиссияға жергілікті ұлт өкілдерінен тек С.Юсупов енгізілді. Оның қабілет-қарымына қарап Түркістанның конституция жобасын дайындауға жергілікті ұлттық элита өкілдері сырт көз үшін ғана қатыстырылды деп тұжырым жасауға болады. П.А.Кобозев Түркістан АКСР конституциясының жобасын дайындауға Əділет халық комиссары Қ.Ибрагимовтың тікелей қатысқандығын жазады590. Бұл жағдай да алғашқы конституцияда ұлттық мүддені қорғайтын баптардың енгізілуіне ықпал жасай алмады. Орталыққа тəуелділікті конституциялық негізде бекіту бағытын ұстанған саяси күштер Түркістанға республика емес «автономиялық одақ» статусын беруді ұсынды. Жергілікті халықтардың егемендігін шектейтінбұндай көзқарас үкімет пен өкімет құрамына енген ұлттық элита өкілдерін қанағаттандыра қойған жоқ. Дегенмен, Орталық пен Түркістан автономиялы республикасы арасындағы күрделі қарым-қатынас тетіктері заңды негізде айқындалмады. Ол үшін үлкен саяси дайындық қажет болатын. Комиссия мүшелері ең ұтымды жол ретінде РКФСР Конституциясын негізге алуды ұсынды. Үлкен саяси жəне интеллектуалдық 590 ҚРПА. 811-қор, 5тіз., 185-іс. ресурстар жұмылдырылған бұл конституцияны негізге алу бір жағынан қажетті қаржы мен уақытты үнемдесе, екінші жағынан Ресейде қалыптасқан социалистік бағдардан ауытқымаудың кепілі болатын. Содан да 1918 ж. күзінде Түркістан Кеңестерінің VІ съезі бұқараның талқылауынан өтпеген конституцияны көп пікірталассыз қабылдады. Съезд шешімдерінің заңдылығын арттыру үшін делегаттар құрамындағы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі арттырылды, осы съезде алғаш рет олардың үлесі 40 пайызға жетті. Арнайы партиялық-таптық сүзгіден өткен, оның үстіне басым көпшілігі сауатсыз делегаттардың саяси енжарлығын пайдаланып, халықтың күрделі халықаралық жағдайда ауытқып кетпеуі үшін Түркістанға тек кеңестік даму бағдары қолайлы деген мəлімдеме қабылданды 591. Түркістандықтардың саяси еркін шектеудің осындай мысалын конституция мазмұнына енгізілген түзетулерден де көреміз. Мысалы, Түркатком төрағасы А.Ф.Солькин конституция мəтініне кеңестер ұлттық белгісіне қарай бөлінбей біртұтас болуы керек деген ұсыныс жасады жəне ол ұсынысын өткізе алды. П.А.Кобозев «ұлыорыстық шовинист басшылардың» қатарында атайтын592 Солькиннің қызметінде ұлттық мүддеге деген ешқандай жанашырлық болған емес. Жоғарыдағы ұсыныс арқылы ол «ескі қала», ауыл, қыстақ бөліністері түріндегі жергілікті ұлттардың дəстүрлі билік институттарын европалық қалыпқа салуды көздеді. Оның астарында билік институттарына ұлттық сипат бермеу деген саясат бұғып жатты. Түркістан Республикасы конституциясының жобасына Бүкілресей кеңестерінің ІІ съезінде қабылданған «Еңбекшілер мен қаналған халықтар құқының Декларациясын» басшылыққа алуы мемлекеттік билікті қалыптастыруға таптық сипат берді. Соның нəтижесінде өлке халықтарының əлеуметтік, саяси жəне мəдени ерекшеліктері жаңа қоғамдағы билік институттарын жасақтауда мақсатты түрде ескерілмеді. Содан да дəстүрлі қоғамдағы элитаайналымының қалыпты ырғағы бұзылды, билік құрылымдарын жасақтауға қатысатын дайындығы мол саяси, əлеуметтік топтардың жолы кесілді. Бұл жағдай билікке ұлт өкілдерін жолатпаған отарлық саясаттың жалғасы, коммунистік 591 Съезды Советов Союза ССР, Союза и Автономных Советских Социалистических Республик. /Сб. документов. 1917-1936 гг. В 3-х томах. Т. 1. Съезды Советов РСФСР и автономных республик РСФСР. 1917-1922 г.– М.: Госиздатюридлит, 1959. –836 с. (С.263-266) 592 ҚРПА. 811-қор, 5тіз., 185-іс, 3-п.

идеологиямен бүркемеленген ұлыорыстық шовинизмнің көрінісі болғаны түсінікті. Солай дей тұрғанымен де европалық үлгіде құрылған республиканың өкіметі мен үкіметі арасында терең функциялық қарама-қарсылық орнықты. Конституция бойынша Түркістан республикасы Кеңестерінің съезі ең жоғарғы билік болып саналып, Түркаткомының басшылығы мойындалғанымен, республика Халком кеңесі түріндегі атқару билігі заң шығаруға бастамашыл болу құқын сақтап қалды. Əрине, бұндай саяси кереғарлықты большевиктік партияның Орталық Комитеті үйлестіріп отыруы тиіс. Басқару тетігіндегі осы бір елеусіздеу кілтипан кейіннен партиялық биліктің барлық мемлекеттік құрылыс саласында, соның ішінде ұлт кадрларын таңдау мен орналастырудың қатаң жүйесінің орнығуына бастау болды. Түркістан Кеңестерінің VІ съезінде Орталық Атқару Комитетінің құрамына сайланған 75 мүшенің 20-сы ұлт өкілдері болуы да билік институтына ұлттық сипат бере алмады. Большевиктік билік жоғарғы басқару органдарына тартқан ат төбеліндей ұлт өкілдері алдында екі түрлі жол тұрды; бірі биліктен тыс қалған оппозициядағы ұлттық саяси элитаның ұлт мəселесіне байланысты ұстанымдары мен идеяларын тап күресіне негізделген жаңа қоғамда қандай жағдаймен болса да жалғастыру немесе дүлей күшке ашық қарсы шығып, билік атаулыдан бас тарту. Бұл таңдау үлкен саяси құбылыстың салдары еді. Кеңес өкіметінің орнауымен қоғам ауысты, мемлекеттік билік институттарының құрылымы мен мазмұны жаңарды. Соған сəйкес элитақалыптасу үдерісі де түбірлі өзгеріске түсті. Өлкедегі ұлттық саяси элитаның кеңестік билікті мойындамаған өкілдері (М.Шоқай, С.Лапин, Махмудқожа Бехбуди, Мүнауар Қары жəне т. б) биліктен ғана емес, қоғамнан да шеттетіле бастады. Ұлттық саяси элитаның жоғары тобын құраған жаңа буыны өкілдерінің саяси тұлғасы (Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төреқұлов, С.Асфендияров, Н.Айтақов, Қ.Атабаев, И.Қыдыралиев жəне т. б.) элитаның кеңестік үлгісі – партиялық номенклатура талаптарына сай қалыптаса бастады. Ұлттық мүддеге бірде жақындап, бірде алыстаған олардың элиталық қызметі алғашқы кезден бастап күрделі сипат алды. Қазан төңкерісінен кейінгі кеңес өкіметінің «салтанатты шеруі» большевиктердің əлемдік революцияның дайындық алаңы ретінде Шығыс мəселесіне қатысты жан-жақты саясат жүргізуіне итермеледі. Осы саясатты іске асырудың аса маңызды тетігінің бірі ретінде жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан коммунист кадрлар тəрбиелеуге баса мəн берді. «Шығыс коммунистері» ұғымы негізінен Еділбойы, Орта Азия мен Қазақстанның түркі-мұсылман халықтарының арасынан шыққан коммунистердің жинақтаушы атауы болып қалыптасты. Əрине ұлттық құрамы, əлеуметтік тегі əртүрлі болғандықтан олардың саяси көзқарастары ала-құла болғанымен ұлттық құндылықтарды ту еткен ол көзқарастар бұқараны жұмылдырушы өскелеңдігімен ерекшеленді. Əйтсе де, Шығыс коммунистерінің саяси дербестікке ұмтылған белсенді əрекеттері ресми билік тарапынан «панисламизм» жəне «пантуркизм» айдары тағылып, Наркомнац басшысы Сталинді 1920 ж. өзінде қатты мазасыздандыра бастады. Бұл ағымдарды большевиктік доктринаның аймақтардағы басты қарсыласы болады деп қауіп ойлағандықтан да ол осы саяси бағыттың жолын кесу үшін 1920 ж. тамызында Түркістандағы мұсылман коммунистерінің бірден-бір саяси ұйымы Мұсбюроны таратып, оны Орталық билікке тікелей тəуелді Өлкелік партия комитетімен алмастыру; мұсылман əскери бөлімдері командирлерін босату жəне тағайындауға құқылы М.Сұлтанғалиев басқарған Наркомнац жанындағы Орталық Мұсылман əскери коллегиясын тарату; жалпы федерациялық орталықтың билік өкілдігіне кедергі болатын Түркістан конституциясына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады593. Ұлт коммунистері жетекшілерінің беделі мен бұқара арасындағы ықпалын, ұйымдастырушылық қызметін ақгвардиялық қозғалыс пен шетелдік басқыншылыққа қарсы күресте пайдаланған большевиктерге кеңес өкіметі нығайған кезде кеңестік Шығыстағы ұлтазаттық қозғалыстың теоретигі, саяси күрестің басшысы ретінде танылған М.Сұлтанғалиев сияқты саяси тұлғалар қажет болмай қалды. Ресейдің мұсылман халықтарына көптеген жеңілдіктер беру арқылы оларды «шектен тыс еркелеткен» орталық билік өздерінің ерекше ықыласы арқылы шығыс коммунистерін де «тым еркелетіп» жіберді. Бұндай қиғаш көзқарас Сұлтанғалиевтың тағдырына қасіретті қолтаңбасын қалдырды: ол партия қатарын «пантүркизм» мен «панисламизмнен» тазарту шарасындағы ең оңтайлы жəне ең алғашқы ірі саяси нысанаға айналды. Осыған байланысты РК(б)П ОК ұлт республикалары өкілдерінің ІV кеңесінде С.Орджоникидзенің пікірі көп сырдың бетін ашады. Ол «Мен жолдас Каменевпен сөйлестім, ол Сұлтанғалиев Қазан 593 Тайны национальной политики ЦК РКП: «Четвертое совещание ЦК РКП с ответственными работниками национальных республик и областей в г. Москве 9-12 июня 1923». Стенографический отчет.- М.: 1992, -С.55-56.

түбінде біздің қатарымызда соғысты, Колчакка қарсы отрядтар дайындады – дейді. Бұл маңызды ештеңені білдірмейді, əрбір прогресшіл мұсылман зиялысы Колчактың қара түнек реакциясына қарсы шығады, өйткені ол мұсылман зиялысына жат... Реакцияға қарсы ол немесе басқа мұсылман зиялысының күресі... əлі де ештеңені дəлелдемейді. Бұл коммунист болу дегенді білдірмейді... Бұл біздің тек сапарласымыз дегенді білдіреді – дей келіп, – Сұлтанғалиев менің ойымша біздің ұлт саясатымыз қанша дұрыс болса да кеңес өкіметін мүлде мойындамайтын түркішіл, панисламшыл зиялылардың бірі»594 деп өрекпіді. Осы жерде басын ашып алатын күрделі мəселе кеңестік идеология ұлтшыл деп айыптаған М.Сұлтанғалиев пен Т.Рысқұловтар коммунистік доктринаның барлық постулаттарын қабылдай отырып, оны аймақтың өзіндік ерекшелігіне бейімдеуге əрекет жасауы. Олардың кеңестік жəне коммунистік үлгідегі республикалардың «түрік», «мұсылман» нұсқасын іздестіруі соның нəтижесі еді. Оның мəні – европалықпроаваславиелік өркениеттен түбірімен ерекшеленетін қоғамға коммунистік қоғамның саяси, мəдени жəне экономикалық ұстанымдарды орнықтырудың тетігін жұмсарту («социализмге тақия кигізу» сияқты) ғана болғанымен билік басындағылар оны түсінгісі де келмеді. Наркомнац көпұлтты кеңестік Ресейдің ұлт аймақтары үшін басшы қызметкер кадрлар дайындаумен тікелей айналысты. Мысалы, 1917 ж. қазан төңкерісіне дейін шығыс халықтары арасында коммунистік партиялық ұйымдар мүлдем болған жоқ, оның есесіне 1918 ж. Наркомнац жəне оның Мұсылмандар Комиссарияты көмегімен мұсылман коммунистерінің жүзден аса партиялық ұясы (ұйымы) құрылды595. Кейінгі кезде Түркістан жағдайында партиялық-мемлекеттік номенклатураның ұлттық бөлігін қалыптастыру, тəрбиелеу жəне орналастыруды РК(б)П ОК жəне Орталық өкіметтің Түрккомиссиясы тікелей өз қолына алды. 1919 ж. қараша айының бас кезінде Түрккомиссия өзімен ілестіріп 117 партия жəне кеңес қызметкерлерін ерте келді, ал желтоқсан айында олардың 150 адамдық екінші тобы шақырылды596. Бұл ұйым ұлт коммунистері арасындағы саяси қозғалысты 594 Тайны национальной политики ЦК РКП: «Четвертое совещание ЦК РКП с ответственными работниками национальных республик и областей в г. Москве 9-12 июня 1923»... С.55-56. 595 РГИА. Ф.1318, оп.22, д.167. Л.37 596 Акрамов А.А., Авлякулов К.А. В.И.Ленин, Турккомиссия и укрепление Советской власти Средней Азии...С.21 жіті қадағалап, олардың даму барысына үнемі орынды-орынсыз түзетулер енгізіп отырды. Əрине, осы бағытта атқарылған жұмыстардың есебі орталыққа ғана берілетін. Осыған байланысты Түрккомиссияның 1920 ж. 1-15 маусым аралығындағы атқарылған жұмыстар бойынша Мəскеуге жөнелткен ақпарының мəліметіне назар аударайық. Ол құжатта өлкедегі партия ұйымдарының басында тұрған мұсылман саяси қызметкерлерінің арасындағы мына жағдайларға тоқталады. Онда ұлттық элита өкілдерін біріктіретін «ешқандай жетекші партиялық орталық жоқ» екендігі атап көрсетіліп, өлкедегі құрылған большевиктік ұйымдардың саясиəлеуметтік негізіне талдау жасалған. Түркістанда «мұсылмандық партия жəне кеңес ұйымдарын құрған элементтер - орыстар мен жергілікті халық арасын байланыстырушылар (тілмаштар, адвокаттар, писарьлар), сауда қатынасы негізінде орыстанған (приказшілер, делдалдар т.б.) мұсылмандар құрайды. Бұл элементтердің бəрінің де коммунистік партиямен идеологиялық байланысы жоқ» деп қалыптасып келе жатқан ұлттық саяси элита құрамының большевиктік идеялардан алшақ екендігін мойындайды. Сонымен бірге «олардың билік, лауазым үшін бітіспес күрес жолында жекелеген топтарға бірігетіндігіне» назар аударады. Əйтсе де элитааралық күрестегі ұлттық идеялар, этникалық мүдделер негізіндегі тартыстарға таптық, топтық сипат береді. Бұл ниетті құжаттағы мына жолдар айғақтайды: «Түрлі кеңестік лауазымдар, əсіресе провинцияда тұрғындарды ашық түрде тонау үшін пайдаланылады. Үлесті бөлу мүддесімен топтасқан бұл топтар бірін-бірі қорғаштайды», «Олардың көпшілігі өте бай немесе ірі байлар жəне саудагерлермен байланысқан адамдар. Əдетте бұндай топтардың Түркаткомда жəне Өлкелік комитетте қолдаушылары бар». Осы сипаттар негізінде ұлт коммунистерінің кеңес билігіне қарсы мынадай нақты əрекеттері атап көрсетілген: «Бұл топтар мұсылмандар арасында танылған шынайы коммунистік элементтерге үлкен өшпенділікпен қарайды. Олар коммунистік партия мен партия қатарында болмаса да өлкедегі шынайы еңбекшілер арасын қорған сияқты бөліп тұр»597. Түркістан коммунистерінің, əсіресе оның басшылығындағы кадрлардың əлеуметтік тегінің бұндай əртектілігі қалыпты құбылыс еді. Əйтсе де элитаның жеке құрамындағы бұл кілтипан саяси конъюнктураның құбылуына қарай əр кезде саясат қазанының бетіне қалқып шығып отырды. 1924 ж. Түркістаннан 597 РГАСПИ. Ф.17, оп.84, д.79. Л.65-66

Мəскеуге, Коминтернге қызметке ауысқан Т.Рысқұлов та осы жылдың 24 сəуірінде И.Сталинге жазған құпияхатында осы мəселеге арнайы тоқталады. «Соңғы кезде Түркістанда патша өкіметінің тілмаштары деп аталатындарға қатысты мəселе өткір қойылып отыр. Халықтың, тарихтың жəне бəрінің көзі жеткен ақиқат, патша өкіметі кезінде уезд бастықтары мен приставтарға тек патша əкімшілігіне тұрғындарды қанауға көмектескендер ғана тілмаш бола алды» дей келіп, тілмаштарды парақор, мəдениеті төмен, биліктің былығына белшесінен батқандар деп сипаттайды. Ең бастысы осы кəсіп иелеріне «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша өкіметінің жақтаушылары болды, жазалаушылармен бірге тұрғындарды атуға қатысты» деп қылмыстық айып тағады. Осындай тұжырымдарды алға тарта отырып «Сондықтан да тілмаштар туралы партиялық көзқарасты анықтап алу керек»598 деген ұсыныс жасайды. Субъективік сипаты басым бұндай саяси тұжырымды Т.Рысқұлов Түркістандағы өзінің саяси қарсыласы И.Қыдырəлиевке қатысты қолданады. «Ондаған жыл тілмаш болған», «патша охранкасына қатысы бар» Қыдырəлиевтің өзі 1919 ж. ғана партия мүшелігіне өткен болатын. Т.Рысқұлов тілмаштар мəселесіне келесі бір хатында қайта оралады. Бұл жолы Түркістандағы жоғары лауазымды қызметкерлер Б.Аралбаев (Ішкі істер халкомы), Н.Рүстемовтердің (Түркатком хатшысы) бұрын тілмаш болғандығы оларға саяси айып болып тағылады599. Олар да партия қатарына 1919 ж. кейін өткендер еді. Тілмаштар мəселесі кеселді əлеуметтік құбылыс ретінде С.Қожановты да толғандырған. Ол 1925 ж. 10 қаңтарда «Еңбекшіл қазақ» газетінде жарияланған «Тілмаштарға бір сын» өлеңінде «Жалаң пікір, жайдақ сөз, Сөз аңдып жүрген нəсібі, Жаппай озып дəм татқан, Кесімсіз тілмаш кəсібі»600 - деп көбіне ұлттық элитаның дүбəра бөлігін құраған тілмаштардың əрекетіне баға береді. Əрине, осы кəсіп иелері арасынан елге тұтқа болған көптеген ұлтжанды тұлғалардың өсіп шыққандығын ескерер болсақ бұл пікірлерді біржақты қабылдауға болмас. Түркістанда кеңес өкіметі жеңіске жеткенімен де объективті жағдайларға байланысты бастапқы кезде билік басындағы большевиктер қатарында ұлт өкілдері өте аз болды. Орталықтың бер598 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.248 599 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.243 600 Қожанұлы С. Шығармалары. /Сұлтанбек Қожанұлы (Құрастырып, кіріспесі мен соңғы сөзін жазған проф. А. Шəріп). – Алматы: «Арас» баспасы, 2009. – 352 б. (Б.234) ген кең өкілеттігіне сүйеніп, өлкеде большевиктік үлгідегі автономия орнатуға тікелей басшылық жасаған П.А.Кобозевтің сенімді серігі, өлкеде көптеген жауапты қызметтер атқарған, 1917 ж. партия мүшесі Дүйсенбай Нысанбаев В.И.Ленинмен кездескенде былай дейді: «Мен Ташкентте қазақтан шыққан коммунистердің саны 20-дан астам екенін, облыстарда да олардың аз екенін, əйтсе де бұл жолдастардың бəрінің де тегі кедей екенін айтып бердім. Ұсақ буржуазия тобынан шыққан интеллигенция реакцияшыл ұлтшылдықтың ықпалында қалып отырғанын, сөйтіп, солшылэсерлер партиясына бет бұратынын, кедейлер мен жұмысшылар большевиктердің соңынан ілесіп отырғанын, соның нəтижесінде большевик партиясы мүшелерінің қатары толығып келе жатқанын айттым»601. Бұл 1919 жылдың күзіндегі əңгіме. Қаншалықты партиялық сүзгіден өткенімен бұл деректің мəселеге қатысты екі жағдайды нақылауға септігі тиеді. Біріншіден, қазақтар арасынан шыққан большевиктердің өте аз болғандығына, екіншіден, ұлттық интеллигенцияның большевиктерді қолдай бермегендігіне көз жеткізеді. Түркістанда жұмысшылардың партиясы ретінде большевиктік идеяларға əлеуметтік негіз жоқ екендігі жергілікті ұлттың жұмысшы тобының қалыптаспағандығымен түсіндіріледі. Ал большевиктер саяси белсенділігі жоғары ұлттық интеллигенцияны өз қатарына тартуда аса сақтық танытты. Сұлтанғалиев сияқты маркстік идеяға берілген ұлт коммунистерінің өзі Ресейдегі ұлт мəселесінің шешілмеуі, əлемдік революцияның іске аспай қалуы сияқты себептермен коммунистік идеялардан кейін шегіне бастады. Ұлттық элита өкілдерінің большевизмнен түңілуінің, оның есесіне ұлт мəселесіне ден қоюының шынайы себебі Ресейдегі түркі халықтарының арасында революцияның жетекші əлеуметтік негізі пролетариаттың аздығы немесе мүлдем жоқтығына байланысты өрбіген саяси пікірталаста айқындалды. Большевиктер жағына шыққан ұлттық элита өкілдеріне Кеңес өкіметінің «пролетариат диктатурасын орнату мақсаты жəне ондай жағдайда тек ресейлік большевиктік партия атымен орыс пролетариатының ғана диктатурасы орнауы мүмкін»602 екендігі айқындала түсті. Мəселеге айқындық беру үшін сол кезде Шығыс халықтары ара601 Көсеммен кездескен қазақтар. (Дүйсенбай Нысанбаев) //«Қазақстан коммунисі». -1990. -№4. –31-46 б. (Б.37) 602 Мухаммедияров Р.Ф. Нация и революция /трансформация национальной идеи в татарском обшестве первой трети ХХ века /http //www/tataroved. ru /publіcat /pac. rev /raf.-2.02.2004.

сында революциялық күрестің ең алдыңғы шебінде деп есептелетін татар пролетариаты мен большевиктерінің саны жөнінде М.Сұлтанғалиевтың пікіріне назар аударайық. Ол былай деп жазады: «Батыс Еуропалық ұғымдағы яғни білікті жұмыс күші, ұлттықұйымдасқан жұмыс күші түріндегі пролетариат болған жоқ. Түркітатар коммунистері революция кезінде ғана өмірге келді. Олар көбіне коммунистік партияға таптық күрес жəне таптық революция ұрандары үшін емес, тек ұлттардың өзін-өзі билеу ұрандары үшін ұсақ еңбек интеллигенциясы арасынан шыққан кездейсоқ адамдар еді»603. Ұлт зиялыларының коммунистік партия қатарына өтуіне большевиктік басшылық басқаша баға береді. Мысалы, РК(б)П ОК Кавказ бюросының пленумы (3 маусым 1921 ж.) қарарында «Үкіметтік партия ретінде коммунистік партияға пайдакүнемдік, мещандық жəне интеллигенттік ұлтшылдық рухын арқалаған пролетариатқа жат элементтер ұмтылуда»604 деген пікір тұжырымдалды. Түркомиссияның да өлкедегі ұлт зиялыларының партия қатарына тартылуы туралы пікірі осы саяси тұжырымнан алыс емес болатын. Кеңестік билік дəстүрлі қоғамдық жүйені дағдарысқа алып келді. Қоғамдық қатынастардың жаңа жүйеге сəйкестенуі этникалық санадағы түбірлі өзгерістерді талап етті. Ал əлеуметтік жүйенің маңызды құрауышы ретінде əлеуметтік құндылықтар Түркістан жағдайында билікке ұмтылған ұлттық элитаның əрекетін реттеуге ықпал жасағанын аңғарамыз. Ұлттық тəуелсіздік, əлеуметтік теңдік, сөз, ождан бостандығы сияқты демократиялық құндылықтардың субъектісі ретінде ұлттық саяси элитаның өзі құрылымдық, мазмұндық сапаларын жаңалаумен бірге ұлттық мүддені көздеген саяси ұрандар арқылы бұқаралық санаға ықпал жасай бастады. Кез-келген мемлекет пен халықтардың тарихында əлеуметтік қызметке соны серпін беріп, түпкі нəтижеге елеулі ықпал жасаған құндылықтар аз емес. Соның мысалы ретінде протестанттық құндылықтардың нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы рөлін атауға болады. Бұл мəселені М.Вебер барынша шынайы тұжырымдап бере алды605. Əрине, осындай əлемдік деңгейде болмағанымен Түркістан жағдайында ұлттық, саяси, рухани құндылықтар белгілі шамада идеологиялық мазмұнға ие болды. Үлкен əлеуметтік топтардың, 603 Султан-Галиев М. Избранные труды. -Казань. 1998..419-420 с. 604 РГАСПИ. Ф. 558, оп. 1, д.3530. Л.2 605 Вебер М. Избранные произведения... С.19 этностардың түпкі мүддесін танытатын идеялардың жүйесі ретінде идеологияны қалыптастыру, насихаттау жəне іске асыруда ұлтық элита əлеуметтік əртектілігіне қарамастан кеңестік доктринаға балама позиция ұстанды. Əйтсе де, отаршылыққа, кеңестік билік тұсындағы большевиктік өктемдікке қарсы ұлттық құндылықтар негізінде орныққан тұтастыққа көп ұзамай сызат түсті. Түркістан қозғалысындағы жəдиттер мен улемашылар, большевиктерге біршама жақын иттифоқшылар мен «үшжүздіктер» жəне Алашорданың Оңтүстік бөлігі түріндегі саяси ағымдар билеуші ұйымға айналған Түркістан компартиясының қызметіне ықпалын тигізбей қалған жоқ. Осы ағымдардың өкілдері мүше болып енген ұйымның ұлт мүддесін көздеген қызметін РК(б)П ОК «Түркістан компартиясы өзгерген жағдайды, партиялық жұмысты соған сəйкес жүргізуді ескере алмады, ол өз жұмысының бар ауыртпалығын əлдеқашан шешілген жəне мəнін жоғалтқан отаршылық туралы əңгімеге бұра береді. Компартия бұрынғыдай үздік пролетарлық жəне жартылай пролетарлық элементтерді өзінен бездіретін берекесіз қызметтің, топаралық күрестің алаңы болып отыр»606 деп қатты сынға алды. РК(б)П ОК 27 қыркүйек 1922 ж. Түркістан компартиясына жолдаған хатта айтылған бұл мəселе ұлт коммунистерінің қызмет қырларын толық ашып бере алмайды. Бірақ бұл жерде ұлттық құндылықтар ретінде отаршылыққа қарсы көңіл-күйдің кеңестік билікке қарсы сипат алуы партиялық саясаттың бұрмалауымен ұлт коммунистерінің топаралық күресі ретінде бағаланды. Бұл баға ұлт коммунистеріне деген сенімсіздіктің көрінісі еді. Бұл сенімсіздік кеңестік биліктің нығаюы барысында ұлттық элита өкілдерін солшылдық пен оңшылдыққа, ауытқушылық пен оппортунизм сияқты саяси айыптауларға негіз болды. Ұлттық элитаның құрылымында əскери элита аса маңызды рөл атқаруы тиіс болғанымен Түркістан жағдайында элитаның бұл категориясының толыққанды корпусы қалыптаса алмады. Бұл мəселені, дəстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар институтынан бастап қарастырар болсақ ол өзінің əлеуметтік-саяси қызметі бойынша қазіргі ұғымдағы əскери элита міндетін атқарған. Елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған батырлар бірыңғай қара күштің ғана иесі емес. Олардың бойында əскери стратегиялық, тактикалық білімдер жүйесі, қолбасшылық өнер, жан-жақты саяси - құқықтық біліктілік сияқты қоғамдық реттеуші-тұрақтандырушы сапалар тоғысқан. Содан да батырлар дəстүрлі қоғамдағы элитаның шешуші буындарының біріне айналған. 606 РГАСПИ. Ф. 17, оп.112, д.374. Л.43

Отарлық билік құрылымдары арасында өзге дəстүрлі билік институттары арасынан алғашқы болып батырлардың ығыстырылуы да көп жайды аңғартса керек. Əрине, би, сұлтандардан да бұрын аттандап ұран салса соңына ертер қарулы қолы дайын тұрған батырлар институтын жою отаршылар үшін аса маңызды міндет болды. Содан соң барып хан, би, сұлтандар институты біртіндеп жойыла бастады. Бұл деген дəстүрлі ұлттық əскери элита жойылғанымен қазақтар арасында əскер қатарында қызмет атқарған жоғары шенді мамандар болмады деген сөз емес. Жаңа қоғамдық–саяси жүйе жағдайында Ресейде ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақсүйектер арасында орныққан кəсіби əскери білім алуға жəне əскери қызметке деген ұмтылыс дəстүрі қазақ ақсүйектері тарапынан қызу қолданыс тапты. Патшалы Ресейде бұратана халықтардың ақсүйектері үшін мемлекеттік билікке араласудың ең төте жəне тиімді жолы əскери білім алу болатын. Одан кейінгі орындарды заңгерлік, дəрігерлік сияқты азаматтық мамандықтар иемденді. Ресейдегі орта жəне жоғары əскери оқу орындарын бітіргендердің арасынан əлемге танылған əдебиет пен мəдениет қайраткерлері, озық ойлы саяси элита өкілдері өсіп шыққанының өзі əскери өнердің ұлт үшін қандай маңызы барлығын танытса керек. Қазақтан шыққан алғашқы офицерлер мен генералдардың көпшілігі Кіші жүз ханы Əбілхайырдың ұрпақтары болғаны түсінікті жайт. Отарлық биліктің Əбілхайыр ұрпағын оқытуға, жоғары қызметтерге тартуға ерекше қамқорлық жасауының үлкен саяси мəні болды. Əскери мамандардың көпшілігі Орал қаласындағы əскери реалдық училище, Орынбор, Омбы қалаларындағы кадет корпустарында білім алып, кейбірі Мəскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында білімін жалғастырған. Түркістан өлкесінде қызмет жасаған жоғары шенді əскери мамандар қатарында Албан руының аға сұлтаны Абылайдың баласы Əділ төренің ұрпағы Тезек төре Нұралиевті атауға болады. Оның полковниктік шені аға сұлтандық мансабының əшекейі ғана дегенмен бұндай атақ азаматтық қызметке де берілгендігін ескеруіміз керек. Тезек төре мен Шоқан Уəлихановтың ара-қатынасы тарихтан белгілі. Ендігі бір полковник Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде қызмет атқарған генерал-майор, тамаша тілтанушы, үлкен этнограф Сейтжапар Асфендияров. Əскери қызметпен бірге елшілік қызметтерге белсене араласқан С.Асфендияров Бұхар хандығының Алтын Жұлдыз орденімен марапатталды. Орал əскери реалдық училищесін, кейіннен Мəскеу жоғары əскери мектебін бітірген генерал-майор Сабыр Сарғожин 19181819 жж. «Ойыл уəлаяты үкіметінің» мүшелігіне сайланып, үкіметтің əскери комиссары болып қызмет істеген, 1919 ж. соңында эммиграцияға кетіп, 1925 ж. Лондонда қайтыс болған607. Оның өмірбаянының күңгірт тұстары көп, əсіресе эмиграциядағы тағдыры белгісіз608. Тақырып тарихнамасына жасалған шолу жəне қолда бар деректерді сараптау Түркістандағы этносаяси үдерістерге ұлттық əскери элитаның елеулі ықпал жасай қоймағандығына көз жеткіземіз. Шын мəнінде əскери білім алып, əскердің қосалқы бөлімдерінде қызмет істеген лауазымды тұлғалар болғанымен олар ұлттық əскери элитаның өзегін құрай алмады. Оның басты себебі отарлық жəне кеңестік биліктің жергілікті халықтың өкілдерін əскери іске тартуға деген ықылассыздығы деп білеміз. Жаңа экономикалық саясат жағдайында ұлттық саяси элита өзінің қоғамдық-саяси қызметін біршама жандандыра алды. 1922-23 жж. партиялық жəне мемлекеттік билік құрылымдарында жоғары лауазымдарға қолы жеткен ұлт коммунистері Кеңестік биліктің жүргізіп отырған ұлт саясатына наразылықтарын ашық білдіре бастады. 1922 ж. соңында Т.Рысқұловтың алғысөзімен «РК(б)П Мұсбюросы Түркістанда» деп аталатын кітапша жарық көрді. Осы жылдың 21 желтоқсанында қабылданған арнайы қаулымен РК(б)П ОК ұлттық саяси элита өкілдерінің кітапшада көтерген идеяларын «РК(б)П Мұсбюросын қалпына келтіру идеясын орнықтыру əрекеті» деп бағалады. Өз кезінде партиялық құрылыста жағымды рөл атқарған Мұсбюро жаңа жағдайда Орта Азияның барлық коммунистері мен еңбекшілерін интернационализм қағидалары төңірегіне біріктіру мақсатына кедергі жасайды деп топшыланды. Содан да РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросына интернационализм қағидаларын мүлтіксіз іске асыруды ұсынып, Рысқұловқа Коммунистік партияның теориясы жəне практикасымен сыйыспайтын идеяларды дəріптегендігі бетіне басылды609. Т.Рысқұлов бұл жолы партиялық биліктің қаћарынан жеңіл үркітумен құтылғандай болды. Экономиканы ырықтандыру əрекетімен бірге саяси идеологиялық ахуалдың да біршама демократиялық сипат алуына байланысты жандана түскен ұлт коммунистерінің белсенді əрекетінен 607 Сүйінов С. Бөкей Ордасы. -Ақтөбе: А-Полиграфия, 2003. –240 б. (Б.168-169) 608 «Алаш» қозғалысы. –Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008. -324 б. (Б.144-145) 609 РГАСПИ. Ф.62, оп.1, д.50. Л.541

қауіп ойлаған партиялық басшылық ұлт республикаларының пар-
тия ұйымдарындағы ауытқушылық атаулымен күресті күшейту
мақсатында ұлт коммунистерінің ІV кеңесін ұйымдастырды.
РК(б)П ОК мен ОБК 26 мүшесі мен мүшелікке кандидаты, ұлт

республикалары мен облыстары партия ұйымдарының 58 өкілі,
сонымен бірге Наркомнац, Коминтерннің Шығыс бөлімінің жау-
апты қызметкерлері қатысқан Кеңестің саяси өкілеттілігі барынша
жоғары болды. Бұл Кеңеске Түркістан ұлттық саяси элитасының

алдыңғы қатарлы өкілдері Қ.Атабаев, А.Икрамов, С.Қожанов,
А.Рахымбаев, Т.Рысқұловтар бастаған қайраткерлер қатысты.
Кеңесте қаралатын мəселелер мен қабылданатын шешімдерге
баса мəн берген РК(б)П ОК партиялық форумға қатысты ұйымдық

жəне саяси мəселелерді бірнеше рет талқылады. 24 мамырда кеңеске
қатысушылардың тізімі бекітілсе, кеңес басталар қарсаңында
Саяси бюро Секретариат ұсынған РК(б)П ОК тұғырнамасын бекіт-
кен болатын. Осы саяси құжатта кеңестің алдында тұрған басты

міндеттердің бірі былай тұжырымдалды: «Партияның түбірлі
мақсаттарының бірі ұлттық республикалар мен облыстарда жер-
гілікті тұрғындардың пролетарлық жəне жартылай пролетарлық
элементтерінен жас коммунистік ұйымдар дайындау жəне дамыту,

бұл ұйымдардың аяғынан тұрып кетуіне жан-жақты көмек көрсету,
шынайы коммунистік тəрбие беру, бастапқы кезде аз болса да шы-
найы интернационалистік коммунистік кадрларды топтастыру»610.
Демек ІV Кеңесте партияның алға қойған басты міндеттерінің бірі

орыс емес халықтардың өкілдерінен сыннан өткен интернацио-
налист кадрларды дайындау болғандығы айқын аңғарылады. Бұл
тұжырымның астарында бұғып жатқан үлкен саяси мақсат –боль-
шевиктік басшылық ұстанған шовинистік, кеудемсоқ саясатқа

қарсы ұлттық элитаның əрекеттерін ұлтшылдық-ауытқушылық
деп бағалап, кеңестік қоғам жағдайында ұлтшылдық қозғалысты
пролетарлық интернационализммен алмастыру болатын. Кеңестің
басты міндетінің бірі - шығыс халықтары ұлттық саяси элитасының

аса көрнекті өкілі, ұлтшылдық идеологиясының ірі теоретигі
М.Сұлтанғалиевті əшкерелеп, идеялық тұрғыдан талқандау бол-
ды. Сценарийін Сталиннің өзі жазған бұл саяси ойынның нəтижесі
белгілі. Соның бір көрінісі ретінде саяси ойынға ұлттық мүдденің

қорғаушысы болып қатысқан Т. Рысқұловтың ойыннан айыпкер
болып шыққандығынан көреміз.
ІV Кеңес шешімдерінің Түркістан КП ОК пленумында (28
610 РГАСПИ. Ф.62, оп.1, д.50. л.248

шілде 1923 ж.) талқыланып, ХІІ съезд бен ІV Кеңес шешімдері
«Түркістан жағдайында партия жұмысын анықтау жəне одан əрі
дамытуда негізге алынуы тиіс»611 екендігі атап көрсетілді.
Республика партия ұйымы басшылығының қабылдатқан бұл

шешімі саяси күштердің бірауыздылығын танытпайтын еді. 1923
ж. соңында Түркістан ұлттық саяси элитасының бір топ өкілдері
РК(б)П ОК-не хат жолдап, «жергілікті халық революцияны тек
жерге қатысты деп қабылдады, белгіленген іс-шаралар іске асы-

рылмады, іске асырылса да бір ғана ұлттың (өзбектердің) мүддесін
көздеді жəне осы ұлттың ауқатты билеушілерін қамтыды» деген
тезисті алға тартты. Хатта көтерілген мəселелерді қолдаушылар
еңбек ұжымдарымен өткізген кездесулерінде ТКП ОК, обком жəне

аупарткомдардың жүргізіп отырған ұлт саясатын аяусыз сынады,
ұлттық саяси элитаның қандай əрекеті болса да жіті қадағалап
отырған Ортаазиялық бюро 1923 ж. 13 желтоқсанында бұл топтың
əрекетін ұлтаралық қатынасты шиеленістіру, кеңес өкіметіне зиян

келтіру деп бағалаған шешім қабылдады612.
Республикалық партия, кеңес органдарында жауапты қызметтер
атқарған ұлттық элита арасында топтық күрестің кең етек
алуының терең саяси-əлеуметтік астары бар еді. Ұлттық мүдделер

төңірегіне топтасқан ұлттық элитаның аса ірі тобы кеңестік билік-
ке елеулі қауіп төндіретін күшке айналды. Қауіптің алдын алуға
байланысты Түрккомиссия, кейіннен Ортаазиялық бюро отаршыл
биліктің сыннан өткен «бөліп ал да билей бер» қағидасы бойын-

ша əрекет жасап, түркістандық бірлікке жол бермеу бағытын
ұстанды. Бұл бағытта жүргізілген саяси қитұрқылық шаралары
республикадағы ұлттық теке-тіреске дейін ұласып, мемлекеттік-
аумақтық межелеу кезінде этноэлиталық топтар арасындағы өткір

саяси күреске ұласты. Оның есесіне жекелеген саяси топтардың
мүддесіне біріккен топшылдық большевиктік билікке аса көп
қауіп төндіре қоймады. Бұл топтардың алдын ала дайындаған са-
яси бағдарламасы болмағанымен өздеріне лайық ұрандары мен

мақсаттары болды. Ауқатты əлеуметтік топтардың, жекелеген
ұлтшылдық күштердің дем беруімен əрекет жасаған бұл топтар
билікке ұмтылу, жауапты қызметтерге өз жақтастарын орналас-
тыру сияқты əрекеттерімен танылды. Содан да осы сипаттағы

топтардың күресі əсіресе, жергілікті жəне орталық партия, кеңес
органдарын сайлау, басшы кадрлар жасақтау кезінде өрши түсетін.
611 «Туркестанская правда». 31 июля 1923 г.
612 РГАСПИ. Ф.62, оп.1, д.53. Л.62

Топшылдықтың ең басты қаупі, олардың тұтас партия ұйымдарын өз ықпалына тартып, коммунистер арасында тəртіптің төмендеуі, идеялық сенімсіздік түрінде ішкі партиялық күреске айналуы еді. Бұл саяси құбылысқа кеңестік тарихшы С.А.Назаров: «Топшылдық күрес республиканың экономикалық жəне мəдени дамуына елеулі тежеу болды, коммунистерді социалистік құрылыстың кезек күттірмейтін міндеттерінен алаңдатып, партия қатарының бірлігіне орасан зор зиян келтірді»613 деген баға береді. Ал Орталық Комитет топшылдық күрестің мəні партияға қарсы бағытталған деп бағалап, оның алдын алуға байланысты 1921 ж. желтоқсанында облыстық, губерниялық партия комитеттері хатшыларының кеңесін шақырды. РК(б)П ОК кеңесі топтық күрестің принципті емес сипаттағы мəселелер бойынша ұрыс-керіс пен дау-жанжал өрбітіп жəне оған партия бұқарасын тартуы «партияны жікке бөлуге бағытталған ауыр қылмыс» деп сыныпталып, оған кінəлілерді қатаң партиялық жауапкершілікке тартуды талап етті614. Дегенмен, тамыры терең бұл саяси құбылыс жойылып кете қойған жоқ. Оны таптық көзқарастың өлшемімен жазылған партиялық құжаттардың мазмұнынан аңғаруға болады. РК(б)П ОК ақпараттық есептерінің бірінде ТКП қатарында топтық күрес жойылмағандығы атап көрсетіледі. Атап айтқанда, Сырдария жəне Жетісу облыстық ұйымдарының кейбір партия мүшелері топшылдықпен айналысып кеткені соншалықты байманаптарды қолдап жəне қуаттап, экономикалық тұрғыда нығая түскендігі анықталған615. Бұл күрес, əсіресе, ұлттық-мемлекеттік межелеу кезеңінде барынша шиеленісіп, оны шешуге 1924 ж. жазында РК(б)П ОК тікелей араласуға мəжбүр болған. Соған сай Əулиеата, Шымкент уездері мен Арыс аудандарындағы топтық күреске белсене араласқан жауапты қызметкерлерді өз қарамағына шақырып алған616. Қазақстандағы топшылдық қызығына да, шыжығына да белшесінен батқан, өзін осы топшылдықпен күрестің аса ірі білгірі санаған Ф.Голощекин 1926 ж. сөйлеген сөздерінің бірінде былай деді: «Топшылдықтың себебі неде?.. Біреулер руды, екіншілері ауданды, үшіншілері интеллигенцияны кінəлі деп атайды, төртіншілері топшылдықтың себебін өнеркəсіптік пролетариаттың 613 Назаров М.Х. Коммунистическая партия Туркестана во главе защиты завоевании Октябрьской революции. 1918-1920 гг. .. С.349 614 Известия ЦК РКП(б). 1921. -№ 37 615 РГАСПИ. Ф.17, оп. 67, д. 204. Л.249 616 РГАСПИ. Ф.17, оп. 67, д. 204. Л.250 жоқтығынан көреді жəне т.б. Біріншілер де, екіншілер де, үшіншілер де дұрыс, бірақ жекелей алғанда емес. Оның негізгісі, біз көріп отырғанымыздай, бұқарадан қол үзу – міне, мəніс қайда?»617. Бұл жерде кəсіпқой революционер, партиялық жұмыс практикасының шебері ұлттық қызметкерлер арасындағы топшылдықтың сыртқы түрін біршама дəл анықтап отырғандығын айта кетуіміз керек. Рас, мемлекеттік билік құрылымдарының қызметтеріне араласқан ұлт кадрларының теориялық жəне интеллектуалдық дайындық деңгейінің төмендігі, саяси жұмыстардағы тəжірибесіздігі оларды отарлық əкімшілік жүйесінде қалыптасқан ел басқарудың жағымсыз дəстүрлеріне жүгініп, оны кеңестік билік жағдайында түрлендіріп пайдалануға итермеледі. Элита жаңғыруы үдерісіндегі бұл жағымсыз көрініс кеңестік қоғамдағы ұлттық басқару элитасының қалыптасуындағы инкубациялық кезеңге тəн белгілер еді. Кеңестік билік институттарында ұлттық мүддеге барынша тиімді даму, басқару əдіс-тəсілдер жүйесін іздестіру үдерісіне қызмет еткен топшылдықтың мəні Голощекин анықтағандай, «бұқарадан қол үзу емес», қайта біртұтас ұлттық сана қалыптасып үлгермеген бұқараның жекелеген саяси, əлеуметтік жіктерінің кеңестік билікке деген көзқарасы мен қатынастарын білдірумен ерекшеленетін еді. Голощекин өзінің сөйлеген сөздерінде топтық күресті ауыздықтау қажеттігі туралы айтқанымен, іс жүзінде оны қоздырып отырды, ал оны өз пайдасына жарату жəне орталыққа қарсы патриоттық күштердің ұстанымын əлсірету үшін пайдаланды. Ұлттық саяси элитаның кемелденуі барысында ұлттық идеялар төңірегіне топтасып, қуатты күшке айналатын бұл қозғалыс партия органдары тарапынан жіті қадағалауға алынғандықтан оны ыдырату мақсатында бұл топтардың рушылдық, топшылдық, мансапқорлық сипаттарына баса көңіл бөлінді. Жоғары партия органдары тарапынан кейде ашық, кейде жасырын өршітілген топшылдық күрестің бұл белгілері партия құрылысынан да бұрын ұлттық топтасу мүддесіне көбірек кедергі келтірді. Осыған байланысты Т.Рысқұлов былай деп жазады: «Түркістанның жергілікті қызметкерлері арасында топтық күрес неге жасанды түрде қуатталды (мысалы, Бүкілтүркістандық ХІІ Кеңестер съезі жəне одан кейін), мысалы, ОК Ортаазиялық бюросы тарапынан болса да» деп партияның топтық күресті өршітуге қатыстылығын жақауратып болса да айтып өтеді. Одан əрі «Егер 617 Голощекин Ф.И. Партийное строительство в Казахстане. -М.-Алма-Ата, 1930. С. 39

əртүрлі ағымдардың пікірлерін салыстыру, дұрыс жолды табу үшін əр шет аймақта бірнеше топтың болғаны пайдалы болса жəне егер бұл белгілі бір саяси жүйе болса, онда бұл іске кейде партияда үлкен рөл атқаратын сауда капиталы агенттері мен түздік байлар неге тартылады?» – деген сұрақ қою арқылы мəселенің таптық сипатына назар ауадарады. Əрине, биліктің жоғары эшелоны алдында өзінің саяси рейтингін қалпына келтіру мақсатында жазылған хатта Т.Рысқұлов қалыптасқан жағдайдың оңтайлы шешілуіне байланысты нақты ұсыныс жасаудан тартынған жоқ. «Неге ондай оппозицияны өз табымыз – жұмысшылардан жасақтамасқа. Бұл əлдеқайда түсінікті жəне табиғи болар еді. Оның есесіне нағыз жұмысшылар, мысалы, өзбектер арасында, өзбек сауда капиталының ерекше құлдығында отыр»618 деп практикалық маңызы зор ұсынысын Түркістандағы қалыптасқан топшылдық биліктің салдарымен дəйектейді. Жоғарыда аталған ХІІ съезде Т.Рысқұлов Түркіатком мүшелігіне сайланбай, жаңадан жасақталған Халкомкеңес төрағалығына да тағайындалмай қызметке ілінбей қалады. Рысқұловты Түркістаннан ығыстыруды ойластырған РК(б)П Ортаазиялық бюросы бұл мақсатқа топшылдық күресті пайдаланған. Аталған құпия хатында Т.Рысқұловтың осы мəселеге қатысты «маған мына үштік одақ: өзбек саудагерлері, аудармашылар жəне Алашорда ұйымы қарсы шықты деп есептеймін» деп шырылдайтыны бекер емес. Жоғарғы партиялық басшылық топшылдықты осылайша өз мүддесіне шебер пайдалана білді. Ал кезі келгенде бұл топшылдық құбылысқа саяси айдар тағып, оған қатысқан ұлттық саяси элита өкілдерін жазықты-жазықсыз қудалау құралы ретінде де пайдаланды. Т.Рысқұловтың саяси күрестегі ұстанымдар жүйесіне осы тəсілмен «рысқұловшылдық» деген айдар тағылды. Ресми органдар ерекше мəн беріп, кейін Қазақстанда үлкен саяси айыптауларға ұласқан «Қожанов тобы» шын мəнінде ұлттық мүддеге топтасқан элита құрамын қуғындауға қатысты өрбіген саяси даңғаза еді. Кеңестік қоғамда ресми биліктің топшылдыққа қатысты көзқарасын 1985 ж. жарық көрген «Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очерктерінде» былай баяндайды: «Сəдуақасов, Ходжанов, Мыңбаев жəне басқалардың тобы шын мəнінде жəне күрес əдісі бойынша ауылдағы ауқатты топтардың ықпалын бейнелейтін əрекеттегі топ екендігін көрсетті…»619. Бұл саяси элита 618 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.246 619 Қазақстан коммунистік партиясы тарихының очерктері. Орысша екінші басылыарасындағы жалпы ағымға берілген баға. Осы еңбекте мемлекеттік биліктің жоғары эшелонындағы ұлттық басқару элитасының қызметіне мынадай саяси баға берілген: «20-жылдардың басынан бастап республикада басшы қызметтерде болған С. Ходжановтың тобы да осындай ұлтшылдық позицияда болды. Бұл топ қазақ ауылындағы революциялық өзгерістерге жəне қанаушы элементтерге шабуыл жасауға қарсы шықты, республиканың халқы арасында ұлт араздығын қыздырды, – дей келіп, Ходжановтар негізінен «Ақ жол» газетінің төңірегіне топтасып, онда өздерінің ұлтшыл-уклонистік көзқарастарын жарнамалады»620 деп бұндай ұлтшылдық идеялардың қалыптасу негіздеріне назар аударады. «Ақ жол» газеті туралы» Сталиннің белгілі хатына байланысты қабылданған партиялық шешім ұлттық элитаның саяси қызметіне берілген теріс бағаны қоюлата түсті. Демек, ұлттық саяси элита өкілдерінің топшылдық күресінің мəні мен мақсаттарына партиялық биліктің бағасының негізсіздігін əшкерелей келе осы саяси құбылысқа жаңаша көзқарас қалыптасуы қажеттігіне көз жеткіземіз. Ол көзқарас топшылдықты саяси құбылыс ретінде кемшілік, жетістігімен бірге ұлттық саяси элитаның кеңестік билік жағдайында ұлттық мүддені қорғауға бағытталған күрес тəсілі ретінде қарастыруға негіз болады. Түрккомиссия, Түркбюро жəне Ортаазиялық бюроның түрлі партиялық жəне өндірістік мінездемелерінде, осы эмиссарлық органдар мүшелерінің жазбаша есептері мен хаттарында Түркістанның басшы элитасының жекелеген өкілдерінің іскерлік жəне саяси қасиеттеріне баға беріледі. РК(б)П ОК Түркбюросы Нəзір Төреқұловқа «Ерекше қабілетті адам... Маркстік тұрғыда жақсы жетілген. Əдебиетші. Кеңес жəне партия жұмысын жақсы біледі. Түркістанның барлық ерекшеліктерімен өте жақсы таныс. Хатшы ретінде өте мықты, бірақ өз орнында емес. Мемлекеттік қызметпен əуестенеді, нəтижесінде барлық партия жұмысы ақсайды...»621. Осындай мінездеме Түрккомиссия тарапынан Т.Рысқұловқа да берілген. «Тұрар Рысқұлов – Түркістандағы Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның даму тарихының тұтас кезеңі есіміне байланысты болған аса көрнекті партия қызметкерлерінің бірі. Үлкен ерік жігері, ірі ұйымдастырушылық қабілеті, өз ұстанымдарындағы турашылығымен ж. Рысқұлов өзіне жақсыат мынан ауд. –Алматы: Қазақстан, 1985. -735 б. (С.183-184) 620 Қазақстан коммунистік партиясы тарихының очерктері... С.184-185 621 Кельдиев И. В.И. Ленин и некоторые вопросы подготовки национальных партийных и государственных кадров в Средней Азии. (1917-1924 гг) –сс.51-79... С.69

пен үлкен бедел жинай алды. Теориялық тұрғыда жетілген, тəуір марксистік дайындығы болғанымен өз жұмысында көбіне таптық мүддеден үстем ұлттық дəлелдерге бой алдырады» 622. Ұлттық элита өкілдеріне берілген бұндай мінездемелердің басты өлшемі олардың партиялық білімі мен таптық көзқарасы болғаны белгілі. Мысалы, Қайғысыз Атабаевқа «Марксистік дайындығы жоқ болғанымен саяси жағынан жетілген. Партиялық тұрғыда орнықты...» деп баға беріледі. Файзулла Қожаевтың жетістіктерін атай отырып, оның да кемшілігі ретінде марксистік дайындығының жоқтығын атайды623. Партиялық талапқа сай келмеген қайраткерлерге жағымсыз мінездеме берілген. Бұндай мінездеме қайраткердің қызметтік лауазымына тікелей ықпал жасайтын саяси күшке айналып жүре беретін. Мысалы, Түркістан Компартиясы ОК 1922 ж. қарашасында Сұлтанбек Қожановқа мынадай мінездеме береді: «.... теориялық тұрғыда жетілмеген, ұлт мəселесіндегі көзқарастары шектеулі. Қырғыз (қазақ - Х.Т) көшпелі өмірінің шиеленіскен жағдайының ықпалында өскен. Саяси тұрғыда қырғыз тұрғындарының рулық сезімдеріне сүйенетін бөспе. Оны баспасөзде, қырғыз басылымдарына редакторлық жасауға пайдаланған абзал»624. Бұл мінездеме С.Қожановтың ұзақ уақыт бойы Түркістанда республикалық деңгейдегі басшылық қызметке жіберілмей келуінің сырын ашады. Осындай жолдармен Түрккомиссия, Түркбюро, Ортаазиялық бюроның сүзгісінен өткен ұлттық элита өкілдері республикалық деңгейдегі басшы қызметтерге тағайындалды. Атап айтқанда 19181924 жж. Т.Рысқұлов Өлкелік Мұсбюро, Түркатком жəне Түркістан республикасы Халкомкеңесінің төрағасы, Н.Төреқұлов Түркатком төрағасы, Түркістан коммунистік партиясы ОК жауапты хатшысы, С.Қожанов Ішкі істер, Ағарту халкомы, Түркатком төрағасы, Халкомкеңес төрағасының орынбасары қызметтерінде болды. Сол сияқты С.Асфендияров, Б.Аралбаев, Қ.Ибрагимов т.б. тұлғалар салалық халық комиссарлары лауазымдарында болды. Өлкедегі ең жоғарғы өкілетті орган Түрккомиссия, Түркбюро, Ортаазиялық бюроның құрамына Т.Рысқұлов, Қ.Ибрагимов, С.Қожанов сияқты ұлттық элита өкілдері мүше болып енді. 622 Кельдиев И. В.И. Ленин и некоторые вопросы подготовки национальных партийных и государственных кадров в Средней Азии. (1917-1924 гг) ... С.70 623 Кельдиев И. В.И.Ленин и подготовка партийных и советских кадров в Средний Азии (1917-1924 гг.) – Душанбе.: Ирфон, 1980. –207 с. (С.138) 624 Кельдиев И. В.И.Ленин и подготовка партийных и советских кадров в Средний Азии (1917-1924 гг.) – С.138 Дегенмен, ұлттық элита өкілдерінің республикадағы жоғарғы билік құрылымдарына тартылуы саяси шырғалаңсыз болған жоқ. РК(б)П ОК Ұйымдастыру бюросы 7 мамыр 1923 ж. Ортаазиялық Бюроны мына құрамда бекітті: Рудзутак (төраға), Розенгольц (төраға орынбасары), мүшелері Любимов, Меерзон, Рысқұлов, Михаилов, Қыдырəлиев, Ф.Хожаев. Екі күннен соң Ұйымдастыру бюросы өз мүшелерінің пікірін сұрау жолымен Рудзудактың ұсынысы бойынша С.Қожановты да Ортаазиялық Бюроның құрамына мүшелікке бекітті625. Бұл тағайындау С.Қожановты ұлттық элитаның көшбасшысының бірі ретінде большевиктік биліктің ресми мойындауы болатын. Осы кезге дейін републикалық деңгейде бірінші басшылыққа тағайындалмағанымен С.Қожанов ұлттық элита арасында саяси көсем ретінде танылып үлгерген болатын. Біздің пікіріміз, Түркістан ұлттық элитасы арасында Рысқұлов пен Қожановтың саяси бəсекесі осы тағайындаудан соң ресми сипат алды. Екі қайраткердің саяси көзқарасында кеңестік биліктің іске асырған модернизациялық өзгерістерін қолдап, қуаттауға қатысты ортақ ұстанымдар болғанымен осы өзгерістерді іске асыруда ұлықталуы тиіс ұлттық жəне таптық құндылықтарды таңдауына қатысты олар бір-біріне қарама-қарсы позицияда болды. Түркістандық элитаның арасындағы бұндай саяси бəсекені мəскеулік эмиссарлар өз мүдделеріне шебер пайдалана білді. Содан да ұлт қайраткерлерін бір-біріне қарсы қою арқылы ұлттық тұтастыққа жік салу мақсаты осы бəсекені ашық саяси теке-тіреске дейін өршітті. Қалай болғанда да бұл үдерісті түгелдей мəскеулік сценарийдің жемісі деуге болмайды. Екі тұлғаның саяси көзқарасы мен қызметіндегі қарама-қайшылық сындарлы кезеңде ұлттың алдындағы баламалы даму бағыттарын таңдау түрінде көрініс тапқан күрделі қоғамдық-саяси қайшылықтардың тұлғалануының көрінісі еді. Бұл жерде екі тұлғаның өскен ортасы, бойларына сіңірген саяси, мəдени, рухани құндылықтар жүйесі олардың қоғамдық-саяси қызметтерінің бағыт-бағдарын айқындағандығын атап көрсетуіміз керек. Кеңестік идеология ұлттық элитаның коммунистік жүйеге ең қауіпті саналған саяси ағымдарын белгілі қайраткерлердің есімдеріне «щина» – «шылық» деген қосымша жалғап, оны саяси айдарға айналдырды. Түркістанда «шылық» атаулылардың хронологиялық тұрғыдан алғанда тұңғышы «рысқұловшылық» болды. Түркістан автономиясындағы саяси биліктің Т.Рысқұлов бастаған мұсылман 625 РГАСПИ. Ф 17. оп. 3, д. 351. л.10

ұлтшылдарының қолында кету қаупі В.И.Лениннің Ташкентке аса кең өкілеттік беріп Түрккомиссияны (1919 ж. қазан) жіберуін тездетті. Мұсбюроны ұлттық саяси партияға айналдырып, Түркі халықтарының Компартиясы деп атау жəне Түркістандағы кеңестік билікке ұлттық мазмұн беріп, оны РКФСР құрамындағы Түркі республикасы етіп құру сияқты Т.Рысқұловтың идеяларының жиынтығын Түрккомиссия «рысқұловшылық» деп атады. Большевиктер «рысқұловшылықтың» негізгі сипаты ұлтшылдық, оппозициялық ағым, ұйымдасқан топ деп те саяси қуғынға ұшыратты. Шындығында, осы тұста Т. Рысқұловтың саяси күрескер бейнесіне екі қасиет - ұлттық езгіні жоюға ұмтылысы мен оның түркішілдігі тəн болатын. Түркомиссия түріндегі коммунистік билікке оппозиция болған Т.Рысқұлов бастаған саяси элитаның табиғатын тануға сол кезде-ақ алғашқы қадамдар жасалды. ТКП Уақытша Орталық Комитетінің төрағасы Н.Төреқұлов «Рысқұловшылық - топтық емес, əлеуметтік ағым»626 деп баға берді. Осы жерде атап көрсететін бір жағдай бар. Түркістандағы ұлттық мемлекеттік құрылымның қалыптасуына белсене араласқан Н.Төреқұлов Т.Рысқұлов көзқарасының интернационалдық сипатын қуаттай бермеген, оған қоса оның көтерген идеяларының саяси тəуекелшілдігін сынап отырған. Мысалы Т.Рысқұловтың Ресей Федерациясы құрамындағы Түрік Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы идеясына қарсы болып, оны биік мінбелерден əшкерелеушілердің бірі Н.Төреқұлов болды. Соған қарамастан ол Рысқұловтың есімімен қалыптасқан саяси айдарға айыптаушылық сипат беруге үзілді-кесілді қарсы болғандықтан оны саяси мүдде көздеген топтық құбылыс емес, қайта жергілікті мəдени-рухани жəне қоғамдық ерекшеліктерден туындаған əлеуметтік ағым деп парасатты тұрғыда бағалады. Оның пікірінше, саяси мүдде көздеген топтық сипатта болмаған соң əлеуметтік ағым ретінде жаңа қоғамдық тəртіп онымен күреспеуі керек, қайта ондай ағыммен санасуы тиіс. Мəселеге бұндай парасатты көзқарас ұлттық элита қайраткерлерінің жеке бас есебін көздеген топшылдық санадан биік тұрғандығын танытады. Ал мəселеге таптық тұрғыда қарап үйренген лениншіл В.В.Куйбышевтің өзі белгілі бір тарихи кезеңде рысқұловшылық прогрестік құбылыс деп баға бергенде627 оның əлеуметтік революциядан алыс тұрған интеллигенцияның халық бұқарасы мен большевиктік билікті жақындастырудағы рөлін ескерген еді. 626 ӨРОМА. Р-17 қор, 1-тіз., 672-іс. 255-256 п. 627 ӨРОМА. Р-17 қор, 1-тіз., 672-іс. 257 п. Дегенмен, 1920 ж. 23 тамызында ТКП Уақытша Орталық Комитетінің мəжілісінде ресми элитадан контрэлитаға ауысқан Рысқұлов тобының əлеуметтік тегіне назар аударған В.В.Куйбышев Н.Төреқұловтың жоғарыдағы бағасын қуаттай отырып, оған таптық тұрғыда мүлдем басқа сипат береді. Ол «Біздің партиядағы белгілі бір ағым ретінде рысқұловшылдық Түркістан жағдайында туындаған əлеуметтік құбылыс деп қарастырылуы тиіс»628 дей келіп, осы ағым жетегіне ерген халық арасында үлкен ықпалға ие бай, манап жəне интеллигенцияға арқа сүйеген түркістандық коммунистерді сынға алды. 1923 ж. қаңтарында Орынбор мен Ташкент қалаларында А.Байтұрсыновтың 50 жасқа толған мерейтойының өткізілуіне қазақ зиялыларының бірауыздылық танытуы, оған барлық дерлік «щиналар» жетекшілерінің – ұлттық элитаның арасындағы саяси ағым басшыларының (С.Сəдуақасаов, С.Қожанов, С.Сейфуллин жəне т.б.) қатысуы, «Ақ жол» газетінің А.Байтұрсыновты қазақ халқының идеялық көсемі деп жариялауы – большевиктердің ұлттық рухани өрлеуге деген өшпенділігін өршіткен оқиға болды. Бұндай өшпенділіктің отына кейбір ұлт қайраткерлері май құя түсті. «Щиналардан» тыс тұрған Ə.Жангелдин Сталинге жазған құпияхатында (1925 ж. 24 сəуір) В.И.Нанейшвили мен Н.И.Ежов сияқты Орталықтан Қазақстанды басқаруға жіберілген жолдастар С.Қожановпен бірге Орталық Комитетінің қарамағына алынуы керек деп Орталыққа иек артты. Оның есесіне С.Сəдуақасов ұлттың менталитетінен туындаған проблемалар қазақтың өз ішінде шешілуге тиіс деп санады. Ол 1922 ж. 22 шілдеде Ə.Байділдинге жазған хатында «Қазақ қазақты даттап кімге жақпақ? Қазақ кімнің алдында жамандайды? Əрине, бөтеннің алдында жамандайды... Қазақ Мəскеуге келіп ішкі кикілжің жөнінде хабар бермеуі керек. Əсіресе бірін-бірі жамандамасын. Сөз тасымасын. Егер билік үшін ары мен жанын сатса, ондайлардың жазасын құдай берсін»629 деп жазды. Осы ұстанымды нық ұстаған С.Сəдуақасовтың қатыгез шовинистермен қатар, олармен ауыз жаласып кеткен өзінің бұрынғы серіктерімен де бітіспес саяси күрес жүргізуіне тура келді. Қазақстан партия идеологтарының аяусыз əшкерелеген ұлтшылдық ағымдардың бірі – «ходжановщина» болды. «Қожановшылық» алдымен Түркістанды, кейін Қазақстанды «отаршылдық боқтықтан» (С.Қожанов) тазарту жолында белсенді еңбек етті. 628 РГАСПИ. Ф. 122, оп. 1, д. 15. Л.58 629 Екі арыстың екі хаты. (С.Сəдуақасовтың Ə. Байдилдинге хаты). //«Егеменді Қазақстан». 1992. -14 наурыз.

Түркістанда Ішкі істер, Халық ағарту, Жер істері халық комиссары Түркістан Орталық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары қызметтерінде саяси-əлеуметтік мəселелерді шешуде ұлтжандылығымен танылған С.Қожанов өлкедегі эмиссарлық орган мүшелерімен ұлттық мəселелерге қатысты жиі айтысып, өткір саяси қақтығысқа келіп қалатын. Содан да оның қызметіне партия тарапынан жағымсыз мінездеме берілді. Ол мінездеме Т.Рысқұловтың Сталинге жазған құпияхаты арқылы ресми органдарда қалыптасқан теріс көзқарасты «қожановшылық» деген саяси айдарға ұластырды. С.Қожанов «шылығы» тобына ілінген азаматтар шамалары келгенше ұлт мүддесін қорғауға бағытталған ұлтжанды əрекеттерімен ерекшеленді. Олар қазақтарға өз өкіметінің билік тізгінін ұстауымен бірге жергілікті партия мен кеңес органдарын қазақтандыру бағытында нақты шаралар жүргізді. Большевизмнің ұлттық элита көсемі А.Байтұрсыновқа қарсы күресінің көрінісі «Байтұрсыновшылықтың» мəні - партия ішіндегі саяси тартыстан жоғары тұрған ұлттық элита өкілдеріне большевиктер таңған жалпы атау еді. Тіпті, А.Байтұрсынов 1920 ж. сəуірінен 1921 ж. қаршасына дейін Компартияға мүше болғанымен оны ресми билік коммунист деп танымады, өйткені оның есімі «Алаш» партиясының баламасына айналған болатын. Ол Кеңес өкіметі мен ұлттық мемлекеттіліктің ара-қатынасын тең құқықтық тұрғыда реттеуге күш салды. Патша билігінен мұраға қалған «билеуші-тəуелді» сипатындағы қатынасқа байланысты В.И.Ленинге 1920 ж. 17 мамырда «қазақтар нені қалайды, ал кеңес өкіметінің олардан тілейтіні не? деген негізгі мəселенің басы ашылмай отыр, бұның өзі жергілікті жерлерде көптеген түсінбеушілік туғызуда. Қазақтардың нені қалайтыны түсінікті əрі əбден орынды. Көп жылдар бойына империализмнің езгісінде болып келген халық ең əуелі осы езгіден құтылуды ойлайды, сондықтан да қазақтар өз билігін өз қолына алуға талпынады. Ал кеңес өкіметінің қазақтардан не тілейтіні бізге əлі айқын емес жəне ол күннен күнге түсініксіз болып барады»630 деп жазды. Сол жылғы маусымда А.Байтұрсынов Коминтерннің ІІ Конгресіне арналған В.И.Лениннің «Ұлт жəне отар мəселелері туралы тезистеріне» жеке өзі жəне түркістандық Т.Рысқұлов, Н.Ходжаев, башқұртстандық А.З.Уəлиди Тоған, Х.Юмагулов сияқты элита өкілдерімен бірге де қосымша жазып, Мəскеу мен түркі халықтарын мемлекеттік билік құрылымдарын таңдауда ортақ мəмілеге келтіруді ұсынды. 630 ҚРПА. 811-қ., 20 тіз., 268 іс. 47 п. Сол сияқты БК(б)П Х съезінің алдында (1921 ж. ақпан – наурыз) Г.Сафаров бастаған орыс оппозиционерлері мен қазақ саяси элитасы өкілдерінің басын қосып, ұлт мəселесі бойынша дайындаған өз тезистерін жолдады631. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқын іске асыру жолдарын белгілеген бұл тарихи құжатқа Түркістан ұлттық элитасынан С.Қожанов Н.Төреқұлов С.Асфендияров О.Жандосов, қазақстандық элита өкілдері А.Байтұрсынов, С.Сəдуақасов, Ə.Досов, М.Саматов, Б.Алманов, Ғабдол Бөкейханов, Ə.Омаров қол қойды. Ұлттық элитаның саяси көзқарасында түркістандық бірлік пен ұлттық дербестену идеясы жолайрық мəселеге айналды. Кеңес өкіметінің Түркістанда жасаған ең басты реформаларының бірі – социалистік ұлт республикаларының мемлекеттік-құқықтық негізін қалыптастыруы болды. Бұл ұлттық идея ХІХ ғ. екінші жартысында Орта Азияны Ресейдің отарлауынан басталды. Түркістандық атауымен саяси жəне этникалық бірлікке топтасу орыс басқыншылығынан ұлттың аман қалуының бірден бір жолы деп қабылданды. Содан да Түркістанның төңкеріске дейінгі ұлттық элитасының көрнекті өкілдері Махмутқожа Бехбуди, Мұстафа Шоқай, Абдурауф Фитрат, кейін большевиктік идеяларға берілген Тұрар Рысқұлов пен Файзулла Хожаевтар да өздерінің саяси қызметтерінде түркістандық бірлікті басты мақсат етті. ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі патшалық Ресей империализмі оны алмастырған большевиктік доктринаның қоғамдық өмірді модернизациялау жəне басқа да өктем саясаты қалыптастырған ахуал Орталық Азия мұсылмандарының біртұтас ұлт болып ұйысуына біршама қолайлы жағдай туғызған еді. Орталық Азия мұсылмандарының өздерін біртұтас ұлт ретінде сезінуіне шетелдік ғалымдар олардың өз арасындағы кезкелген айырмашылықтар мұсылмандар мен европалықтардың арасындағы айырмашылықтармен салыстырғанда ештеңе де емес деп жазады. Əрине, осы кезеңде ұлт болып ұйысуға жасалған тарихи алғы шартты ХVІІІ ғ. орыс халқының тағдырымен байланыстырып, оның мақсаты өлкеде өзбектер, қазақтар, қырғыздар, түркмендер жəне тəжіктер енетін біріңғай түріктілді Түркістан бірлестігін құру болғандығы жөніндегі тұжырымдарды да ескеруіміз қажет. Мəселені элиталық қағидаттармен бағамдар болсақ, оның басқа қырлары да ақындала түседі. «Тұтас Түркістан идеясын көтерген М.Шоқай мен оның серіктері ымырасыз-түркішіл элита... ұстанымдары мен құндылықтары қабыспаса да бəрінің 631 ҚРПА. 811-қ., 18 тіз., 165 іс. 2-9 п.

көздеген түпкі мұраты қазақ халқының азаттығы еді»632. Əрине, бұл элита мақсатқа қол жеткізуде əртүрлі жолдарды таңдады. Кеңес өкіметі жағдайында Т.Рысқұлов бастаған ұлттық элитаның жаңа буыны түрікшілдік идеяларын ұлыорыстық шовинизмге қарсы ту етіп көтерді. Дегенмен бұл идеяға құлай беріліп, бас шұлғи бермей оған күмəнмен қараушылар да болды. Осыған байланысты М.Дулатов былай деп жазды: «діні бір, қаны бір, тіл негізі бір түрік қауымдары көңілдесіп, «шын орыс саясатынан» (ұлыорыстық шовинизм – Х.Т.) кұтылу үшін «жалпы түрік тілін біріктіру» деген пікірге келе бастады. Бұл жолды бастаушы марқұм Исмағұлбек Гаспринский еді. «Түрікшілдердің» ойы «жеке-жеке жұтылып кетуіміз оңай болар, бəріміз қосылсақ тамағынан өтуіміз қиын соғар» дегендік еді. Бұл пікірдің басқа жағы да бар шығар. Бірақ біз өзіміз осылай түсінуші едік. Əйтпесе, бəрі бірдей түріктің баласы болғанмен, Қырым ноғайын – қазандық, Қазан ноғайын - өзбек, башқұртты – қазақ, түрікменді – башқұрт анық түсінбейтін. Бұлардың бəрі ортақ бір тілмен оп-оңай сөйлесіп кете алмайтынын білетін едік»633. Көрнекті көсемсөзші М.Дулатов этникалық саяси-рухани үрдістерді жете танығандықтан да түркілік бірліктің идеясының тілдік астарының негізділігіне күмəн білдіреді. Бұл күмəн шындыққа айналды. Жаңа жағдайда түркістандық саяси жəне интеллектуалдық элитаның этникалық дербестікке ұмтылуы, сонымен бірге табиғи-эволюциялық этногенез үдерісінің шарттары сол кезеңдегі қол жеткізген модернизация жетістіктеріне ұласып, өлкедегі ұлттық дербестенуді жеделдете түсті. «Түркістандық» деген жалпы атаумен біріккен түркі халықтары үшін кеңес өкіметінің межелеу саясаты ұлттық дербестену үдерісін аяқтауға үлкен мүмкіндік жасады. Жасанды жолмен біріктірілген «түркістандықтардың» жеке ұлттарға бөлінуі болмай қоймайтын тарихи ақиқат болатын. Т.Рысқұловтың «түркістандық» атауын полиэтникалық «түрік» атауымен алмастыруды көздеген идеялары мен практикалық іс-əрекеттері белгілі бір мақсаттарда өзін ақтағанымен саяси конъюнктурадан өзге үлкен тарихи жүк көтере алмады. Өйткені, түркілік бірлікті саяси-экономикалық тұрғыда кеңестік мемлекеттік жүйе құрылымына кіріктіретін оңтайлы практикалық тетік ұсынылмады. Оның орнына түрік этносының тұтастығын күшейтіп, оны қуатты саяси күшке айналдырудан 632 Əбжанов Х. Шəкəрім қажының бес сауалы жəне ұлттық элита //Шəкəрім əлемі. –2006 -№1-108-116 б. (Б.52) 633 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т. - Алматы: Мектеп, 2004. -614 б. туындаған бұл ниет сол кезеңдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға сай келмеді. Ал осы идеяға балама ретінде межелеу науқаны барысында С.Қожановтың түркі халықтарын ұлттықтерриториялық тұрғыда жеке мемлекеттік бірліктерге бөлумен бірге бұрынғы түркістандық ұғымда қалыптасқан дəстүрлі байланыстарды дамыта отырып, Орта Азия мемлекеттерінің саяси федерациясын құру жөніндегі ұсынысы нақты өмір шындығынан туындады. Қалай дегенмен де Кеңес Одағы үшін стратегиялық маңызы зор тұтас аймақтың тағдырын айқындауға тікелей ықпал жасаған осындай саяси себептер Т.Рысқұловтың Түркістан сахнасынан кетіп, оның орнына мəселеге жаңа көзқараспен қарайтын С.Қожанов сияқты элита өкілін алып келді. Бұл да тағдырдың ұлттық элитаның пешенесіне жазған қатал сыны болар, бірі жанын сала түркі жұртын бір шаңырақ астына жиғысы келсе, екіншісі олардың ұлттық белгілер бойынша дербес мемлекеттерге бөлінуін ұйымдастырды. Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу тарихи тұрғыда өте күрделі үдеріс болды. Түркістанның мемлекеттік бірлік ретінде жойылуымен Түркістан ұлттық элитасы ұғымы да саяси мəнінен айырылды. Олардың көтерген ұлттық идеяларының тағдыры да əртүрлі шешім тапты: түркістандық бірлік идеясы тарих қойнауына кетті; ұлтық мемлекеттілік, тəуелсіздік идеялары ұлттық мазмұнынан айырылып, кеңестік сипат алды. Ал ұлттық элитаның өз тағдыры «соқтықпалы, соқпақсыз» халге түсіп, кеңестік тоталитарлық биліктің өктем жүйесімен бетпе-бет қалды да олар саяси еркі бір қалыпқа салынған партиялық-мемлекеттік номенклатура айнала бастады. Қорытынды ретінде айтарымыз, Түркістан ұлттық элитасының құрылымына тəн ең басты ерекшелік оның саяси, əлеуметтік жəне этникалық тұрғыда өте күрделі сипатта болуы екендігін атап айтамыз. Бұндай күрделі құрылымның генезисі аймақтың ғасырлар бойы орныққан саяси, экономикалық жəне рухани интеграциялық дəстүрлері мен тарихи Ресейдің жəне кеңес өкіметінің Түркістан қоғамын модернизациялау барысында қалыптасты. Патшалық, кеңестік билік жүйесінде дəстүрлі элиталық құрылым сабақтастығының үзіліп қалуы ұлттық элитаның сипатын мүлдем өзгертіп жіберді. Əйтсе де, жаңа сипатты ұлттық элита өз қызметінде дəстүрлі элитаның биік қасиеттері мен мұраттарын сақтап қалды жəне оны уақыт талабына сай жаңғыртып, жетілдіре алды. Бұл жағдай ұлттық элитаның үлкен жетістігі болғанымен

кеңестік тоталитарлық билік қалыптастырған партиялық-мемлекеттік номенклатура жүйесі билік құрылымдарындағы ұлттық мазмұн мен сипатты таптық-саяси құндылықтармен алмастырып жіберді. 5.2 Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының тарихи қызметі Орта Азиядағы тəуелсіз мемлекеттер тарихының мазмұнында осы кезге дейін қалыптасқан тұжырымдарды қайта қараудағы күрделі де түйінді зерттеу нысанының бірі - Түркістан тарихы. Бұл тақырып отандық тарихшылар тарапынан біршама зерттелгенімен геосаяси ерекшеліктерді ескере отырып, концептуалды тұрғыда байыпты қарастыруды қажет етеді. Ежелден бір-бірімен тығыз əлеуметтік-экономикалық ықпалдастықта өмір сүрген туыс халықтардың жарты ғасырдан астам тарихи Ресейдің отарлық билігінің құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы деген атпен бір саяси-əкімшілік құрылымда болуы объективті тұрғыда қарастырар болсақ, қарама-қайшылықты мазмұнымен аса күрделі сипат алды. Қазіргі заманғы ғылыми зерттеу бағыттарының міндеттері осы күрделі тарихи құбылыстың себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындауды тың əдіснамалық тəсілдерді қолданып игеруді қажет етеді. Осыған байланысты өлкеде ұлыдержавалық шовинизмге қарсы тұрған күш ретінде кең өріс алған түркілік бірлік идеясы мен кеңестік тəртіптің ұлттық-территориялық межелеу арқылы ұлт республикаларын құру саясаты да тəуелсіздік идеологиясы талаптарына сай дəстүрлі тұжырымдардың ықпалынан арылып, қазіргі заманғы əдіснамалық тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді; екіншіден, ХХ ғасыр басындағы дүниежүзілік ұлтазаттық қозғалыстың аймақтық көріністері түрінде пайда болып, даму барысында дербес саяси құбылыстарға айналған Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы мен Алаш қозғалыстары да қазіргі кезде тарихи ойдың қызығушылығын оятып отыр. Қазақстан мен Орта Азия республикалары тəуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен жəне бірін-бірі қайталамайтын саяси-рухани ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіледі. Мəселеге тың əдіснамалық тəсілдер бойынша назар аударылар болса тарихи танымның игілігіне айналатын соны нəтижелерге қол жеткен болар еді. Бұл қозғалыстардың идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сəйкестігі үйлестіруші факторларының ортақтығымен бірге олардың басқарушы элита өкілдерінің саяси көзқарасы мен рухани-мəдени ұстанымдарының ортақтығынан туындап жатты. Осындай саяси, мəдени-рухани ортақ ұстанымдардың негізділігі Орта Азиядағы тəуелсіз мемлекеттердің интеграциялық ықпалдастығын одан əрі өрбітуге жаңа тыныс береді. Түркістан өлкесінде іске асырылған кез-келген модернизация «жоғарыдан төменге» қарай бағытталғандығына Г.Сафаровтың «Қазан төңкерісі Түркістанға телеграф арқылы келді» деген тұжырымы мысал болады. Халықты терең əлеуметтік күйзелістерге ұрындырған қоғамдық құбылыстың болмысын осының бəрін басынан өткізген басқарушы элитаның қызметі арқылы тану қажет. Маркстік методология тарихи таным мен тарихи сананы өзінің табиғатынан таптық сипатта болып келеді, сондықтан да ол таптық тұрғыдағы дəйектілікті қажет етеді деп бағалады634. Алаш қозғалысының кеңестік тарихнамасы қалыптастырған таптық негізді қайта қарап, осы құбылыс туралы тəуелсіз тарихи сана қалыптастыруда соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың молдығына қарамастан кейбір зерттеулерде таптық көзқарастың ықпалынан шыға алмау сарыны байқалады. Атап айтқанда, тарихи танымда кері ықпал заңдылығы үстемдік алып, кеңестік қоғамда ұлықталған саяси, əлеуметтік құндылықтар тəуелсіз санада кері мазмұнда түсіндірілуде немесе бұрынғы таптық тұрғыда сынаржақ сынға алынған құбылыстар əспеттеліп, идеалға айналдыруда. Тарихи зерттеулердегі бұл бағыт жаңаланған тарих мазмұнын біржақты сипат береді. Түркістан өлкесіндегі Алаш қозғалысының мазмұны мен сипатының ерекшелігін айқындау мақсатында танымдық шарттылықтарға сүйеніп, оның қызметі мен құрылымын «Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты» деп негіздеген орынды болатындай. Бұл жерде басын ашып айтатын мəселе, ғылыми танымда «Шығыс Алашорда», «Батыс Алашорда» деген орныққан тарихи тұжырымдарға балама құбылыс іздестіру емес, қайта ол құбылыстардың мазмұндық құрылымына жаңа кеңістік ашу басты мақсат екендігі. Бұндай тұжырым жасауға деректік жəне дəйектік негіздер жеткілікті. Алғаш рет Алаш қозғалысының оңтүстік қанаты туралы тұжырым Түркістандағы партиякеңес органдарының ресми құжаттарында «Алаш Орданың» 634 Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. -М., 1983. С.98

түркістандық бөлімі «Бірлік туы» газеті органымен аттас ұйым болды. «Бірлік туы» газеті 1917 ж. маусымынан Ташкентте шыға бастады. Аталған газетті ұйымдастырушылардың тұғырнамасы дəлме-дəл алашордашылардың тұғырнамасындай еді»635 деген сипатта негізделді. Алаш қозғалысы тарихын жаңа көзқараспен бағалаудың негізін қалаған академик К.Нұрпейіс қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалысына «20-шы жылдардың бері ғылыми жəне саяси əдебиетке орын алып келгендей жаппай Алаш немесе Алаш Орда айдарын тағуға бола ма?» деген сауал қояды да оған біржақты жауап қайтарады. «Өйткені, жалпы қазақ интеллигенциясы бар да, сонымен қатар алаш қозғалысына қосылған интеллигенция өкілдері бар. Екіншіден, 1917 жылғы екі революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясы белсенді араласқан қазақ қауымына тəн қоғамдық қозғалыс бар да, 1917 жылдың шілдесінен 1920 жылдардың аралығын қамтыған Алаш қозғалысы бар»636 деген тұжырымы арқылы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың уақыттық шегі мен саяси сипатына айқындық береді. Бұл тұжырымның əдіснамалық маңызы ретінде Алаш қозғалысын ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болғанымен оның саяси-идеялық, ұйымдық жəне ұстанған рухани құндылықтары бойынша сипатты ерекшеліктері болғандығын ажыратуға мүмкіндік беретіндігін атаймыз. Жалпы, ХХ ғ. алғашқы ширегіндегіұлт-азаттық қозғалыста қалыптасқан саяси ағымдар мен партиялардың əлеуметтік құрамы əртекті болуымен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік қазақ жерінде ұйымдасқан европалық үлгідегі саяси ұйымдармен бірге «Үш жүз» партиясы сияқты Алаш партиясына да тəн болатын. Бастапқы кезде большевиктік партия да бұндай əлеуметтік əртектіліктен құтыла алған жоқ. Кеңестік биліктің күшеюіне байланысты қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан коммунистік партия өз қатарын жасақтауда таптық бірегейлікке бағдар ұстады. Коммунистік идеология жұмысшы мен шаруа табына арқа сүйеуі арқылы партия қатарында осы əлеуметтік топтарға басымдық берген еді. К.Нұрпейістің тұжырымы бойынша Алаш қозғалысы өкілдерінің «басым көпшілігі, қазақ қауымының қай тобынан шыққанына қарамастан, негізінен қазақтың ұлттық интеллигенцияның өкілдері еді. Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпыұлттық идеядан туындады» – дей келіп, Алашты 635 РГАСПИ Ф. 17, ол. 85, д 77. Л.207 636 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда... Б.122 «Қазақстанды капиталистік қатынастарға ыңғайлауға тырысқан, негізінен ұлттық интеллигенция өкілдерінен тұратын, идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым»637 деген анықтама береді. Осы тұжырымды айналымға ұсынылған тың тарихи деректердің мəліметтеріне сүйене отырып, одан əрі өрбітер болсақ, кеңестік биліктің шовинистік саясатына қарсы саяси күрес жүргізген билік басындағы ұлттық элита өкілдері отаршылдыққа қарсы күрес идеяларын жаңа жағдайда жалғастырғандығын аңғарамыз. Бұл күресте олардың алдында Алаш қозғалысының саяси тəжірбиесі басты бағдар болды. Оның үстіне кеңестік биліктің алашордашыларға ресми кешірім жариялауынан соң мəдени-ағарту жəне шаруашылық салаларына тартылған алаш қозғалысы өкілдерінің өз қызметтерінде алаштық идеяларды одан əрі жалғастырғандығына құжаттық деректер айғақ болады. Осындай соқталы мəселелер Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметінде кеңінен талдау жасауға мүмкіндік береді К.Нұрпейіс тұжырымдағандай, 1917-1920 жж. қазақ жерінде нақты ұйымдық құрылыммен жария жұмыс жасаған Алаш қозғалысының қызметі Түркістан жағдайында біршама өзгеше сипат алды. К.Нұрпейіс Түркістандағы Алаш қозғалысының ұйымдық құрылым ретінде жария жұмыс істеген мерзімі туралы «М.Тынышбаевтың Жетісуға қоныс аударуына жəне М.Шоқайұлының шетелдік эмиграцияға кетуінің (Грузия – Түркия – Германия – Франция) нəтижесінде Алаштың оңтүстік қанаты 1918 жылдың көктеміне қарай іс жүзінде тарқады. Оның мүшелерінің кейбіреуі белсенді саяси қызметтен кетсе, екіншілері большевиктер жағына шықты, ал Жетісудағы алаш ұйымының көрнекті мүшелері Ыбырайым Жайнақов, Отыншы Əлжанов, Төлебай Дүйсебаев, тб. Қытай ауып кетіп, сол жақтан қарулы қарсылық ұйымдастыру əрекетін жасады. Сонымен, алаштың оңтүстік қанаты үш ай бойы ғана Совет өкіметіне белсенді қарсылық көрсете алды»638 деп тұжырым жасайды. Бұл тұжырым өлкедегі Алаш қозғалысының біржолата жойылғандығын танытпайды. Дегенмен, мəселенің бұлай қойылуын қуаттай отырып, архив қорларынан тауып, ғылыми айналымға ұсынып отырған деректерге жасалған талдау Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі ұйымдық 637 Нұрпейісов К. Алаш һəм Алашорда... Б.124-125 638 Нұрпейісов К. Он алтыншы жыл жəне «Алаш қозғалысы» //Ақиқат. 1996. -№6.- 42-50 б. (Б.43)

құрылымы болмағанымен 1924 ж. ұлттық-территориялық межелеуге дейін жартылай жария, жартылай жасырын жағдайда жұмыс жасағандығына көз жеткізеді. Түркістан жəне Алаш қозғалыстарындағы ислам факторының да ықпалы əртүрлі деңгейде болды. Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ элитасының кейбір өкілдері ғана белсене қатысты. Атап айтқанда Ж.Досмұхамедов пен У.Танашев Бүкілресейлік мұсылмандар съездеріне қатысса, М.Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясы бюросының хатшысы болып қызметке араласты. Ал Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған «Шурои Улема» қоғамдық-саяси қозғалысының басшысы болуы да қазақтардың арасында діни ағымның басымдығын танытпайын еді. Осыған байланысты Д.Аманжолованың «Слабость позиции ислама, очевидно, предопределила выдвижение именно казахской интеллигенции на авансцену политической арены всего Централно-Азиатского региона в период революции и гражданской войны и сохранение ее вляния в советском руководстве Туркестана в начале 1920 –х годов. Вплоть до 1924 г. большевики-казахи возглавляли ЦИК, ЦК Компартии и правительство Туркестанской АССР»639 деген тұжырымын қуаттауға болады. Алашордашыларға кешірім жасалғаннан соң Түркістанда билік басындағы ұлттық саяси элита өкілдері Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, С.Асфендияровтар алашшыл қазақ зиялыларын Ташкент қаласына шақырып, түрлі қызметтерге тартты. Өлкедегі қазақ облыстарында жер-су реформасын жүргізуде алаштық идея жалғасын тапты. Олардың басшылығымен Ташкент қаласына топтасқан қазақтың саяси, шығармашылық элитасы өкілдерінің қызметі мəдениет тарихындағы аса бір сəтті де шығармашылық тұрғыда жемісті кезең болды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Асфендияров, Қ.Болғанбаев, Ғ.Бірімжанов, М.Əуезов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров т.б. қайраткерлердің 1924 ж. ұлттықтерриториялық межелеуге дейінгі мəдени-ағартушылық қызметі кеңестік билік жағдайында Алаш қозғалысы көтерген ұлттық идеяларды батыл іске асыруымен ерекшеленді. Бір сөзбен айтқанда Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі арқылы Алаш қозғалысының географиялық ауқымы кеңейді жəне оның уақыттық шегі ұзара түсті. 639 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории... С.74 Қазақ зиялыларының саяси күрестің алдыңғы сапына шығуының терең тарихи алғышарттары болды. Осыған байланысты «Түркістанда 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін ұйымдасқан саяси кемелдікке қазақ зиялылары қалай қол жеткізді?» деген сауалға жауап іздеп көрейік. Түркістандағы Алаш қозғалысының тарихи дерегін алғашқы болып қалыптастырушылардың бірі Түркістанда жəне Қазақстанда бірқатар жауапты қызметтер атқарған Дүйсенбай Нысанбаев болатын. Оның деректері Түркістан өлкесінде 1917 ж. қоғамдықсаяси сілкіністерге дейін жұмыс жасаған қазақ зиялыларының «Кеңес» атты саяси үйірмесінің қызметіне ғылыми талдау жасауға мүмкіндік береді. Ташкент қаласындағы қазақ зиялыларының астыртын «Кеңес» ұйымы жəне оның қызметін айқындайтын деректік құжаттардың бірі Д.Нысанбаевтың 1925 ж. 31 қаңтарында РК(б)П Қырғыз облыстық Бақылау Комиссиясына жазған құпияхаты640. Бұл құжаттың деректік құндылығы өте жоғары. Өйткені, өлкелік партиялық басшылыққа, ОГПУ органдарына жасалған мəлімдемемен бірге Түркістандағы алашордашылардың қызметіне қатысты айғақ ретінде түрлі хаттамалар, газет тігінділері сияқты қомақты құжаттық деректер ұсынылған. Құжатта Д.Нысанбаев үйірменің төрағасы генерал Сейітжапар Асфендияров болғандығын атайды. Түркістан генерал-губернаторлығының кеңсесінде, елшілік қызметте болған генерал С.Асфендияровтың танымалдығы жəне биік билік лауазым иеленуі, қазақ қоғамындағы дəстүрлі билеуші əулеттен шыққан харизмалық тұлғасы оны үйірменің басшылығына алып келген. Төрағаның орынбасары ретінде аталатын М.Шоқайдың Ресейдің ІV Мемлекеттік думасы мұсылмандар фракциясы хатшысының беделі өлкедегі 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің патша өкіметі əскерлері тарапынан аяусыз басып-жаншылуының салдарын тексеруге келген Мемлекеттік дума комиссиясының жұмысына араласуы арқылы кең танымалдыққа ұласқан. Оның үстіне комиссия төрағасы, Мемлекеттік думадағы демократияшыл күштердің серкесі А.Ф.Керенскиймен жолдастығы өлкедегі билеуші элитаның арасында М.Шоқайдың «өз адамы» ретінде қабылдануына қолайлы жағдай еді. Төрағаның екінші орынбасары Садық Өтегенов ақпан төңкерісінен соң Түркістан қаласында, Сырдария облысында 640 Алаш қозғалысы құжаттар мен материалдар жинағы. Сəуір 1920-1928 ж.ж. -Алматы: «Ел-шежіре». 2007. Т.3.Кн.1.-304 с., (б.173-185).

Уақытша үкіметтің уездік, облыстық комитеттерінде жауапты қызмет істеген, өлкедегі Алаш қозғалысының белді өкілдерінің бірі ретінде Алаш съездеріне қатысқан, өлкелік деңгейде танылған ұлт зиялылары арасындағы беделді тұлға. Ол 1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласында Сырдария облысы қазақтарының съезін өткізуге бастамашыл болған. «Кеңес» астыртын үйірмесін басқаратын басшылық органды үйірменің бюросы атқарғанд, үйірменің кең таралған желісі жəне көпсанды мүшелері (тілектестері) болған. Бюро мүшелерінің əрқайсына жекелеген жұмыс салалары бөлінген. Үйірменің бюро мүшесі Қоңырқожа Қожықов Түркістан мұғалімдер семинариясының түлегі, халық мұғалімі, мектеп, медреселерде дəріс берген. Оны өлкеге танымал еткен Романовтар əулиетінің билік басына келуінің 300 жылдығына арналған еңбекті қазақ тілінде жариялауы болды641. 1912 ж. Орынборда Карими баспасынан жарық көрген қазақ мектептеріне арналған алғашқы əліппені жазуы да оны өлке зиялыларына кеңінен танымал етті. Қ.Қожықовтың 1917 ж. ақпан төңкерісіне дейін қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқандығына оның 1916 ж. көтеріліске қатысушыларды жазалаудың ауыр зардаптарын тексеруге Мемлекеттік дума комиссиясының шақырылуына бастамашыл болғандығынан көреміз. Ол Түркістан мұхтариаты Уақытша үкіметінің құрамына енген. Бірнеше рет Түркатком мүшелігіне сайланып, жерге орналастыру басқармасының басшыларының бірі ретінде Жетісудағы жер-су реформасына басшылық жасаған. Өлкедегі «Қосшы» одағын ұйымдастырушылардың жəне басшыларының бірі. 1918 ж. қарашада ашылған Ташкент қаласындағы тұңғыш қырғыз педагогикалық курсында оқытушы болған. Бюро мүшелерінің бірі Жоғарғы əскери-медициналық академияны бітірген С.Асфендияровтың Ташкенттегі атқарған қызметі өз төңірегіне ұлт зиялыларын топтастыра алатындай маңызды еді. Ресейдің орталығында саяси күреспен танысуы жəне өлкедегі европалық демократиялық күштермен араласуы оны жас ұлттық саяси күштердің алдыңғы легіне шығарды. «Кеңес» үйірмесі С.Асфендияровтың саяси қайраткерлігінің ұлттық мүддеге сай қалыптасуының бастапқы негізі болды. Социалист-революционерлер партиясына мүше болуы, тылдың қара жұмысынан 641 Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. Үш томдық 3-т.- Алматы: «Қайнар».-2007.- 384 б. (Б176); РГАСПИ Ф. 17, ол. 85, д 77, Л.307 оралғандардың саяси қозғалысына басшылық жасауы оның кеңестік билікте биік лауазымдар иелнуіне кедергі болған жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары ТАКСР Денсаулық сақтау, Жер істері халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы қызметтерінде болған С.Асфендияров қайраткерлігінің «Кеңес» үйірмесімен байланыстылығы оның таптық мүддеден ұлттық мүддені жоғары қойған ұлтжандылығынынан көрініс тапты. Үйірменің бюро мүшелері Серікбай Ақаев Түркістан мұхтарияты Халық кеңесінің мүшелігіне сайланған, офицер Мұзарап Қасымов алашордашылар жағында соғысып, Ақтөбе майданында қызыл əскердің тұтқынына түсіп, атылған. Ал Əлимұхамед Көтібаров та Санкт-Петербургте Жоғарғы əскери-медицина академиясын бітірген, өлкедегі жоғары білімді қазақ саяси элитасының бірі. Ол М.Шоқаймен тығыз байланысты болған. М.Шоқай 1914 ж. 27 маусымда Петербургтен Ташкенттегі округтік соттың аудармашысы Ə.Көтібаровқа 15-25 маусым аралығында өткен Бүкілресей мұсылмандарының съезі туралы хат жазып былай дейді: «Съезд постановил о желательности в Туркестанском крае отдельного муфтиата, ... в числе пожелании о предоставлении киргизам Туркестанского края и степных областей права представительства в Государственной думе. Конечно, это пожелания имеет лишь академический характер»642. Бұл дерек Ə.Көтібаровтың өлкедегі қоғамдық-саяси үрдісте елеулі салмағы болғандығын айғақтайды. Бюро мүшесі Алдабек Мангелдин, үйірменің хатшысы Зұлқарнайын Сейдалиндер де өлкедегі ұлт-азаттық қозғалысқа араласқан саяси тұлғалар еді. 1917 ж. дейін қызмет жасаған үйірме қызметінің өзегі ұлтазаттық күресте саяси тəсілдерге сүйенуімен ерекшеленеді. Үйірме қызметінде М.Шоқайдың идеялық ықпалы аңғарылды. Үйірменің қандай жағдайда қызметін тоқтатқандығы белгісіз болғанымен оның тəжірибесінен өткен қайраткерлер 1917 ж. қарбалас оқиғаларға қызу араласып, өлкедегі саяси күрестің алдыңғы легіне шықты. Үйірме басшыларының саяси қызметі қазақ облыстарына да танымал болды. 1917 ж. 15 наурызында майданның қара жұмысына алынған қазақ жастарының арасында жұмыс жүргізген Ə.Бөкейханов бастаған зиялылар Минск қаласынан «Қазақ» газеті арқылы елдегі игі жақсыларға жеделхат жолдаған643. Төңкерістен соң абдырап қалған ұлт-азаттық қозғалысқа бағыт 642 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана… С.102 643 «Қазақ». 1917. -№ 233

сілтеген жеделхаттың көлемі біршама шағын болғанымен оның
мазмұны өте бай. Жеделхат жолданған географиялық аумақ
Түркістанды да қамтып, «Тынышпаевқа, Перовскідегі Бекқожаға,
Қожахмедке, Юсуфбекке, Түркістандағы Өтегеновке, Қоқандағы

Ақаевқа, Скобелевтағы Ғабдолрахман Оразаевқа, Ташкендегі врач
Көтібаровқа, Андижандағы Қожықовтарға» жолданады. Мазмұны
ұлттық бірлік пен жаңару болған жеделхат бағытталғандардың
сол кездегі елдің аузына іліккен танымал ұлтжанды тұлғалар бо-

луы ұлт бірлігі мен тəуелсіздігі сияқты саяси күрестің өзегіне
айналған идеялардың ақпан буржуазиялық төңкерісінен əлдеқайда
бұрын қалыптасқандығын танытады. Отан тарихының күрделі
кезеңіндегі

оқиғаларды
элиталық
концепция
тұрғысында

қарастырғанда бұл тарихи құжаттың екі түрлі маңызын атап ай-
тамыз: біріншіден, жеделхат жолданған тұлғалар мен жеделхатты
жолдағандардың тізімі сол кездегі жаңа қалыптасып келе жатқан
ұлттық элита өкілдерінің жеке құрамын нақтылауға көмектеседі;

екіншіден, жеделхат мазмұнында көтерілген идеялар Алаш ұлт-
азаттық қозғалысының саяси тұғырнамасын айқындап, ұлттық
элита қызметінде басшылыққа алынғандығы.
Үйірме Ресейдің орталығындағы демократиялық күштердің

қызметін ұйымдық тұрғыда үлгіге алған, үйірменің төрағасы,
төрағаның орынбасарлары, бюро мүшелері болып қызмет бөлісуі
осындай тұжырым жасауға жетелейді. Екіншіден, үйірме-
нің жұмыс мазмұны оның отаршылыққа қарсы күреске бағыт-

талған демократиялық құндылықтарға негізделгендігін таны-
тады. Д.Нысанбаев үйірме басшыларының билеуші ортадан
шыққан əлеуметтік негізіне баса назар аударуы олардың таптық
құндылықтардан алыс тұрғандығына дəлел болады. Үшіншіден,

үйірме жұмысының басты бағдары жергілікті халықтың өзін-өзі
билеуіне қол жеткізу болған. Демократиялық құндылықтарды
бағдар етіп алған астыртын үйірменің осындай сипатты белгілері
оның қызметі «Шурои Ислам» ұйымына емес, Алаш партиясының

ұстанған саяси бағытына етене жақын болғандығына көз жеткі-
зеді.
Қазақ саяси элитасының бастамашылығымен құрылып, жұмыс
жасаған «Кеңес» астыртын үйірмесінің қызметі ұлт зиялыларының

саяси күрестегі алғашқы тəжірбиесі болды. Қысқа мерзім жұмыс
істеп, қызмет ауқымын кең өрістете алмағанымен олардың əрекеті
ізсіз кеткен жоқ. Оның басшылары 1917 ж. «Шурои Ислам» жəне
Алаш партияларының ұйымдық тұрғыда қалыптасуына белсе-

не араласып, өздерінің саяси күресін осы жылы мамырдан бас-
тап жарық көре бастаған «Бірлік туы» газеті арқылы одан əрі
жалғастырды. М.Шоқай, С.Қожанов, Қ.Болғанбаевтар редакторы
болған «Бірлік туы» газеті Түркістан мұхтариятының қазақ тілді

баспасөз органына айналды. Оның бетінде өлкедегі ұлт-азаттық
қозғалыстың тыныс-тіршілігі көрініс тауып жатты.
Большевиктік билік орныққанға дейін Алаш қозғалысының
Оңтүстік қанатының өкілдері өлкедегі қоғамдық-саяси үдерістерге

белсене араласып, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ
қоғамын жаңартуда ұлттық мүдде үшін күреске араласудың осын-
дай үлкен дайындығынан өтті.
Түркістанда мемлекеттік құрылыстың, билік құрылымдары-

ның қалыптасуы күрделі мазмұн алған. Бұл жерде дəстүр
сабақтастығының іске асу қағидасы талап ететін міндетті түрде
сақталуы тиіс қоғамдық шарттар бар. Соған сəйкес кеңес өкіметі
ескі қоғамның билік институттарының мазмұнын мансұқ-

тағанымен əкімшілік бірліктер, басқару құрылымдары түрінде
олардың сыртқы формаларын сақтап қалды. Осы сияқты
басқару элитасы орталық жəне жергілікті басқару органдары
шенеуніктерінің орасан зор бөлігі əкімшілік басқару дəстүрлерін

сақтай отырып, жаңа қоғамда мазмұндық, түрлік жаңғыруды бас-
тап өткізді. Кеңестік қоғамның басқару құрылымдарының негізін
құраған осы кездегі мемлекеттік қызметкерлердің басты миссия-
сы екі қоғам арасындағы байланыстырушылық рөл еді. Өздерінің

əлеуметтік жағдайы, қоғамдық-саяси көзқарастары, тіпті тарихи
миссиясы бойынша ерекше маңызға ие болған бұл категорияның
арасынан кеңестік қоғамда көрнекті қайраткерлерге айналған
ұлттық элитаның мықты өкілдері өсіп шықты. Олардың қатарында

М.Тынышпаев, С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Н.Төре-
құлов, А.Серғазиев, Қ.Ибрагимов, И.Тоқтыбаев, Б.Аралбаев, Қ.Сар-
молдаев, С.Есқараев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, Н.Рүстемов,
Ə.Палмұхамедов,

Ə.Құдабаев,
Н.Сатығұлов,
Қ.Болғанбаев,
Қ.Қожықов, Қ.Күлетов жəне т.б. көптеген тұлғаларды атауға бо-

лады. Олар Түркістан республикасының жоғарғы билік құры-
лымдарында басшылық қызметтер атқарып, жаңа қоғамда ұлттық
құндылықтарды қалыптастыруға ықпал жасаған еді.
Осыған байланысты елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерді

мұғажырлық жағдайда жіті қадағалап отырған М.Шоқай больше-
виктер партиясы қатарына енгенімен өздерінің шынайы ұлттық
элитаға тəн азаматтық, отаншылдық биіктен төмендемеген

қандастары туралы ризалық сезімін білдіреді: «Смағұл Сəдуақас, Қожанұлы Сұлтанбек жəне Меңдешұлы Кеңес дəуірі орнаған кезде кеңес үкіметін бірден жақтап шыққан адамдар болатын. Бірақ олар, өткен тəжірбиелері көрсетіп отырғандай, Кеңес үкіметіне тек қара басының қамы үшін қызмет етпегенін біз жақсы білетінбіз. Сұлтанбек Қожанұлы қара басының қамын ойламайтын, халқы үшін қам жеп, еңіреп туған азамат еді. Ол бұдан былай да осы қасиеттерінен айрылмайды деп сенеміз. Смағұл Сəдуақас та сондай тұлға. Ал Меңдешұлын өз басым білмейді екенмін. Бірақ оның да Сұлтанбек пен Смағұл тəрізді қайраткер екеніне шүбə келтірмеймін»644. Бұл пікір М.Шоқайдың мемлекеттік қызметтерге тартылған саяси тұлғалар қызметін бағалауда олардың ұлтжандылық əрекетіне баса мəн бергендігін танытады. Мемлекеттік басқарудың барлық салаларында биліктің бірыңғай коммунистік партия қолына шоғырлануы ресми саясаттың əмбебаптығын қасаң таптық қағидалармен шектеді. Соған сəйкес қоғамдағы мемлекеттік, ұлттық идеялар төңірегіне топтасқан элита қызметі қатаң таптық сүзгіден өткізу арқылы қалыптасқан партиялық-мемлекеттік номенклатурамен алмастырылды. Жабық үлгіге жататын кеңестік қоғамдағы элитаайналымының ашық сипаты толықтырудың тікелей жабық тетіктерімен – таңдаудың «номенклатуралық» қағидасы, көп жыл еңбек сіңіруі, əлеуметтік тегі, партиялығы, жасы, жұмыс өтілі сияқты сүзгілер арқылы іске асырылды. «Бұндай оғаштық – дейді О.В.Гаман-Голутвина – элита қатарын толықтырудың жабық тетіктері басқару аппаратының барынша тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында элитадан тыс жіктерге элиталық ортадан шыққандармен бəсекеде артықшылықтар беруге арналған»645. Бұл тұжырым өз қызметтерінің ерекшелігіне сай партноменклатура элитаайналымы үдерісін «басқарушыларды басқарудың» тетігіне айналдырғандығын айғақтайды. Таптық-əлеуметтік қағидаларды басшылыққа алған партноменклатура жүйесі нығайған сайын өз қатарын «таптық жат элементтерден» тазарту түрінде саяси күресті күшейте түсті. Ал билік институттарындағы ұлттық элитаның жоғарыда аталған алғашқы буын өкілдерінің ықпалы азая берді. Осы топ өкілдерінің үстінен жүргізілген алғашқы сот үдерісі 1930 ж. наурызында Алаш қозғалысының өкілдеріне қатысты жүргізілді. А. Байтұрсынов, 644 Шоқай М. Таңдамалы. 2 томдық. -Алматы: Қайнар, Т-2.-1999. -520 б. (Б.60) 645 Гаман-Голутвина О.В. Политические элиты России. Вехи исторической эволюции... С.12 М. Дулатов жəне тағы басқа 44 адамды Айыптау қорытындысы (№78754-іс) бойынша Түркістанда қызмет жасаған немесе қызметтері Түркістанға қатысты болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағазы Есболов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Хайреддин Болғанбаев, Мағжан Жұмабаев, Дінмұхамед Əділов, Абдулла Байтасов (САГУ студенті), Кəрім Жаленов (Ташкентте жастар ұйымының хатшысы болған), Дамула Битлеуовтер (Германияда оқыған, Валидовтың хатын əкелген)646 айыпталады. Саяси қуғын-сүргіннің екінші толқыны М.Тынышпаев, Халел Досмұхамедов жəне Жанша Досмұхамедовтер бастаған топқа байланысты жүргізілді. Бұл іс бойынша істі болғандардың да көпшілігі түркістандықтар болды. Республикада кең өріс алған ұлттық элита өкілдерін қуғындаудың келесі толқыны 1932-1933 жж. «Бірыңғай жасырын орталық басқарған біртұтас контрреволюциялық құрылымдар» деген атпен ұзын саны оннан астам істі біріктірді647. Осы ұлтшылдық орталықтың басшылары ретінде И.Тоқтыбаев, Б.Аралбаев, Қ.Баймұхамедов, Ғ.Нығматіллаевтердің ісі дербес жүргізіліп, бес жүзден астам азамат қамауға алынып, түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айрылды. Көпшілігі қарапайым студент жастар мен қатардағы білім беру саласының қызметкерлері болғанымен қуғындалғандардың басшылары Түркістанда жоғары лауазымды қызмет істегендер еді. Алаш пен Түркістан ұлт-азаттық қозғалыстарының өзара ықпалдастығы жеке тұлғалардың қызметінде көрініс тапты. Айталық, ұлттық элитаның көрнекті өкілі М.Дулатовтың саяси жəне шығармашылық қызметі Түркістанмен тығыз байланыста дамыды. Ол 1912 ж. Семей түрмесінен шыққаннан соң ізін аңдыған патша охранкасынан бой тасалап, Түркістан қаласын паналайды. Ол хаттарының бірінде Түркістан қаласындағы қазақ, өзбек байлары мен қырғыз манаптары Міржақыпқа мол қаржы жинап бергендігін, Орынборға келіп А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейхановтармен ақылдасып «Түркістанда жиналған мол қаржыны, Уфадағы «Ғалия» медресесі шəкірттерінің қосқандарын «Қазақ» газетін шығаруға бағыштағандығын»648 жазады. Түркістан өлкесін тарихи қазақ жері деуден танбаған М.Дулатовтың Түркістан қаласында бо646 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т... Б.337-373 647 ҚР ҰҚКА. 04693-іс, 2 том. 648 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т... Б.298-299

луы оның шығармашылығында терең із қалдырған. Ол Қожа Ахмет Ясауи жəне оның кесенесіне алғашқылардың бірі болып көлемді мақала арнаған. Қаланың зиялыларымен сыйласып, мектеп, медреселерін аралаған жазушының С.Қожановпен таныстығы осы кезден басталған. Осыған байланысты «дəл осы кезде орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген Сұлтанбектің Міржақыпқа жолығып, одан аса құнды пікір естіп, өміріне азық боларлық нəр бағдар тапқаны атап көрсетерлік нəрсе»649 деген Р.Бердібайдың пікіріне ден қоюға болады. Ташкентте жолдары түйіскен С.Қожанов пен М.Дулатовтың «Ақ жол» газетіндегі қызметінде алаштық идеялар жалғасын тапты. Осы жерде элиталық тұлғалар ретінде М.Дулатов, С.Қожанов жəне С.Өтегеновтердің арасында ұлттық мүдде төңірегінде терең түсіністік орнағанын аңғарамыз. Қожанов ұлттық элитаның жоғарғы эшелонындағы басқару элитасының өкілі болса, М.Дулатов республикадағы шығармашылық элиталық көрнекті өкілі еді. Ал билік құрылымдарында ешқандай ресми лауазым атқармаған Садық Өтегенов туралы Т.Рысқұлов мынадай мəлімет береді. «Құрметті, бірақ айлакер, монархиялық бағытты жақтайтын шал. Алашорда мен Қоқан автономиялық үкіметтерінің қайраткері. 1913 ж. Петербургке Романовтар отбасының тойына барған. Қожановтың барлық құпиясын біледі. Ол Өтегеновтың тəрбиесін алған. Өзі Қожановтың барлық тағайындаулар бойынша даладағы жаршысы. Болыс болғысы келетіндер Өтегеновке тəуелді. Көптеген коммунистер тек сол арқылы қызмет алады. Өтегенов жанжалдасқан коммунистерді бітістіруші ақсақал қызметін атқарады. Ол менен қандай қызметті қалайтынымды айтуды сұрап, оны Қожанов арқылы орындайтындығын айтты»650. Бұл мінездеме С.Өтегеновтың Түркістан этноэлитасының жеке құрамында шешуші қызмет атқарған ықпалды элиталық тұлға болғандығын айғақтайды. Осылайша ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыста тұтас қалпымен саясат сахнасына шыққан ұлттық күштер этносаяси үдерістер барысында біртіндеп қарама-қарсы бағытқа топтаса берді. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары саяси күресте топшылдық, фракцияшылық қалыпты құбылыс болғанымен Түркістанның көпұлтты жағдайы бұндай топшылдыққа ерекше рең берді. Сырдария облаткомының төрағасы, Ішкі істер халкомы қызметтерінде болған Б.Аралбаев топшылдыққа қатысты «Сірə, қандай да бір 649 Бердібай Р. Түбі бір түркіміз.-Астана: «Фолиант», 2004. -344 б. (Б.297) 650 РГАСПИ. Ф.17,Оп. 85, д. 77. Л. 241. топқа қосылмаған бірде-бір қазақ қызметкері болмаған да уақыттар болған деп айтсам қателеспейтін болармын»651 деп айта келіп Түркістанда қазақ қызметкерлері арасында «қожановшылар» жəне «рысқұловшылар» деп аталатын екі топ болды деген тұжырым жасайды. Топшылдықтың партия қызметінде қалыпты жағдай болғаны соншалықты «Ташкентте топшылдыққа қатысқандығы үшін партиядан шығарылған бірде-бір жағдай менің есімде жоқ» деп Б.Аралбаев атап көрсетеді. Сонымен бірге осы топтардың ешқандай «айырмашылығы жоқ, қайсысы болса да басшылық үшін күресті, бұл мақсаттарын іске асыру үшін шынайы берілген адамдарды өздеріне тартты жəне алғашқы мүмкіндікте-ақ оларды уездік атком төрағалығы мен уездік партия комитетінің хатшылығына жəне т.б. қызметтерге жоғарылатты» деп баға берген Қазақ қызметкерлері арасындағы осы топтық тартыстың негізінде элита айналымы үдерісінің заңдылығы жатқандығын көреміз. Топтық күрестің мəні туралы Б.Аралбаев «Мен оның мəні ең алдымен партия комитетінен тыс жəне кейіннен соның бекітуі арқылы портфель бөлісу деп түсінемін» деп тұжырымдайды. Мəселеге кеңестік тарихнамада орныққан көзқарасты бұза отырып талдау жасаған М.Қойгелдиев те «Қазақстандағы саяси ахуалға Орталықтың білек сыбана араласуына жол ашып берген себептердің бірі жəне бірегейі – ұлттық интеллигенция арасындағы өзара алауыздық. Сыртқы түрі рушылдық, жершілдік сияқты феодалдық сипат алған бұл топаралық күрестің түптеп келгенде, негізі қызмет үшін талас жатқан болатын. Өкінішке орай, құжаттардың көрсетуіне қарағанда топаралық күрестің өршіп отыруына ресми орындар да түрткі болған»652 дейді. Көпұлтты Түркістанның қоғамдық-саяси дамуы жағдайында қалыпты көрінген топшылдық күрес Қазақстандағы ГолощекинҚожанов тартысында ашық саяси айыптау нысанына айналды. С.Қожанов 1927 ж Өлкелік Комитетке жолдаған хатында республика партия ұйымының басшылары Ежов пен Нанейшвилидің «басшылық ықпалы негізінен топаралық қатынастарды есепке алу, топтардың арасалмағын теңестіріп отыру саясатына құрылды. Ал мен топтарға заңды сипат беруге қарсы тұрдым»653 деп жазды. Бұл сөзі мен əрекеті оның топшылдықтың намысын жыртқан тобырдың ту ұстаушысы емес, ұлттық сана мен болмыстың өлшеміне 651 ҚРПА. 719-қ., 2 тіз., 163-іс, 64п. 652 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді? -Алматы: Ана тілі, 193. – 208 б. (Б.22) 653 ҚРПА. 141-қ., 1 тіз., 1129 іс.86 п.

айналған нағыз элиталық көсем болып қалыптасқандығын танытады. Түркістан ұлттық элитасының арасынан бұндай биік қоғамдықсаяси деңгейде танылған тұлғалар қатарында М.Тынышбаев, М.Шоқай, Т.Рысқұловтарды атай аламыз. Аралбаевтың куəлік етуіне қарағанда Т.Рысқұловтың Республика үкіметіне басшылық жасаған кезеңін қоспағанда ұлттық элитаның негізін құраған Қожанов тобы 1920-1925 жж. Түркістанда билеуші топ болған. Бұл баға негізінен қазақ қызметкерлерінің арасындағы топшылдыққа қатысты беріліп отырғандығын ескеруіміз керек. Мəскеудің эмиссарлық органдарының уысынан шықпаған ресми билік тізгіні ат төбеліндей ұлттық элитаның қолына тимеді. «Қожанов тобы», «Рысқұлов тобы» дегенде олардың билігі ресми билікке ықпал жасай алу мүмкіндігі деңгейінде болғандығы жасырын емес. Қоғамдық құрылымдар қызметіндегі топшылдық əрекеттердің саяси мəртебесі саясаттануда «мүдделестер тобы» деп аталады. Ағылшындық ғалым Р.Дауз бұндай топшылдыққа үкіметке ықпал жасауға ұмтылған тұлғалардың байланысы түрінде баға береді654. Осы тұрғыда жоғарыда аталған топтар қоғамдағы билік құрылымдарын, саяси элитаны қалыптастыру қызметтерін атқарғандығына көз жеткіземіз. РК(б)П-ның ұлт республикалары мен облыстары жауапты қызметкерлерінің төртінші кеңесінде (Москва, 9-12 маусым 1923 ж.) «Сұлтанғалиев ісі» бойынша сөйлеген сөзінде И.Сталин Т.Рысқұловты «Сұлтанғалиевпен идеялық байланыста болғаны анық» деп айыптайды. Одан «дəл осы жерде, осы мінбеден сұлтанғалиевшылықпен үзілді-кесілді жəне түпкілікті айырылысар уақыт жеткен жоқ па?»655 деп ауыр кінəсін мойындап, оны жуып-шаюдың бірден-бір жолы ретінде басын иіп, тұзаққа мойын ұсынуды талап етеді. Сұлтанғалиевтің кебін кимеуі үшін Т.Рысқұлов жиында өзіне жасалған орасан зор саяси шабуылдан қорғана отырып «Сталин жолдастың мəлімдемесін мен Орталық Комитеттің мəлімдемесі деп есептеймін» деген сөздері арқылы өз тағдырын Орталық Комитеттің, атап айтқанда И.Сталиннің қолына тапсырып қойды. Тұрардың өзін тыңдайық: «Егер күдік жоқ болатын болса, егерде сіздер тарихи тұрғыдан мені қарсыластар жағына шығып кет654 Дай Т., Зиглер Р. Демократия для элиты: Введение в американскую политику. -М.. 1984. –264 с. (С.277) 655 Тайны национальной политики ЦК РКП: «Четвертое совещание ЦК РКП с ответственными работниками национальных республик и областей в г. Москве 9-12 июня 1923». Стенографический отчет.- М.: 1992, -С.65 пейді деп санайтын болсаңыздар, онда толық сенім білдірулеріңіз қажет»656 деген сөздер саяси қайраткердің үміті мен күдігі тең түскен шарасыз халінен хабар беретін. Осы тарихи жиыннан соң Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси көзқарасында өте күрделі кезеңнің басталғандығы аңғарылады. Оның көзқарасы бұрынғыдан да «солшылдана» түсті, ұлт мəселесіндегі көзқарасы да бірыңғай интернационалдық бағытқа ойыса берді. Түркістандағы ұлттық элита өкілдерінің басым бөлігін өзінің мүмкін мəнді саяси қарсыластары деп таныған Рысқұлов Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ съезінен соң 1924 ж. 16 қаңтарда РК(б)П ОК хатшысы Я.Э.Рудзутакке жазған хатында ешқандай жауапты қызметтерге «сайланбай» қалуының сырын түсіндіруге тырысып, съездің барысында республиканың ұлттық бірлігіне қауіп төнгендігін, жасырын жүріп келген ұлттық жіктелу осы съезде ашық сипат алғандығын атап көрсетеді. Ұлттық жікке бөлінген «...белгілі бір топтардың Түркістанда өкімет билігіндегі үстемдік үшін қырқысуы»657 түрінде көрінген бұндай ұлттық жіктелу басшы органдарды сайлауда саяси сипат алғанына назар аударады. Бұл хат оның өз саяси беделін қалпына келтіру жолындағы жанқиярлық еңбегінің бастамасы болатын. «Егер қалыптасқан саяси жағдайда барынша салқынқандылықпен қимылдап, ойланып іс-қимыл жасамаса өзінің де М.Х.Сұлтанғалиевтің тағдырын бөлісетінін ол жақсы түсінеді. Егер РК(б)П Орталық Комитеті оны саясаттан біржола аластатып, тұтқындау туралы ниет білдірсе, онда Т.Рысқұловқа араша түсер жан табылмайтын. Өзгерген саяси жағдайдың сырын тез түсінетін қабілетінің арқасында Т.Рысқұлов бұл жолы да төніп тұрған қауіптен асқан шеберлікпен сытылып шыға білді»658. Тұрартанушы О.Қоңыратбаевтың бұл тұжырымы деректік негізге сүйене отырып, одан əрі таратуды қажет етеді. Өйткені, оған төніп келген саяси күйреудің қаупінен құтқарып алуға Я.Э.Рудзутактың өкілеттігі де, беделі де жетпейтін еді. Демек, Т.Рысқұловты күйреуден аман алып қалған күш ұлттық элита өкілдері де күтпеген мүлде басқа жақтан келді. Т.Рысқұлов Түркістаннан босаған соң ақпан айының бас кезінде Коминтерннің Атқару Комитетіне қызметке жіберілді. Осындай жағдайда ол өз тағдырын шешуші И.Сталинмен аса қауіпті саяси ойын ойнауға кірісті. Оның ендігі əрекеті макиавеллистік 656 Тайны национальной политики ЦК РКП... С.78 657 ӨРОМА. Р-17 қ., 1-тіз., 102-іс, 40 п. 658 Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі... Б.438

«мақсат құралды ақтайды» деген қағидаға саятын еді. Ол үшін басты мақсат саяси беделін сақтап қалумен бірге Қазақстанның билігіне қол жеткізу болды. Мақсат биік болған сайын оған жеткізетін құрал да соған сай болуы тиіс. Оның мақсатқа жетуде қолданған құралы - Түркістандағы ұлттық элита өкілдерін ұлтшыл-буржуазиялық Алаш қозғалысының контрреволюциялық қызметін жалғастырушылар ретінде айыптау жəне əшкерелеу еді. Бұл тəсіл «екі қоянды бір оқпен атып алу» деп аталады. Бір жағынан «таптық қырағылығымен» Сталиннің сеніміне ие болады, екінші жағынан С.Қожанов тобы түріндегі өзінің мүмкінмəнді саяси қарсыластарын сыпайылап айтқанда бейтараптандырады. РГАСПИ қорында Рысқұлов РК(б)П ОК хатшысы И. Сталинге, Орталық Бақылау Комиссиясы мен Біріккен Бас Саяси Басқармаға жолдаған бірнеше құжат сақталған. 1924 ж. 27 наурызында ТКП(б) ОК хатшысы И.М.Варейкис И.Сталинге Түркістандағы саяси жағдай туралы жазған хатында «С киргизами более запутанное положение. Здесь происходит борьба рыскуловской группы и хаджановской. Различие этих направлений я еще не уловил. Так другая, по-моему, основывает свою позицию в большинстве на моментах старых личных былых разногласий. Та и другая группа пытается опереться на молодое течение среди киргиз, которое у киргиз однако не выявляется так отчетливо, как у узбек. За Рыскуловым очень незначительная верхушка, хотя он, находящийся без дела, по ночам обрабатывает ее и старается расширитъ связи по киргизским областям. Было бы весьма полезным, поскольку вопрос об его отзыве решен, поспешить с этим. Моя попытка достигнуть соглашения между группами на почве политики ЦК РКП не увенчалась успехом» дейді659 . Т.Рысқұлов Қ.Сармолдаевқа жазған хатында «В Киргизию недавно ездила Комиссия в составе Попова, Петерса и др. ПЕТЕРС поручил ДЖАНДОСОВУ написать доклад о Киргизии и предположения свои. Тот посовещавшись с БАЙДИЛЬДИНОВЫМ и др. написал, кончив предложения послать меня во главе Совнаркома в Киргизию, но там повидимому против высказывался СЕЙФУЛИН. ПЕТЕРС на месте расспрашивал и нашел доклад, написанный правильно. Вызывая в отдельности каждую группу (Комиссия) сопоставила меня с Назиром ТЮРЯКУЛОВЫМ и ХОДЖАНОВЫМ. Все направления киргизских работников высказывались против пос659 РГАСПИ. Ф. 17. Оп. 84. Д. 738. Л. 163-164 об. ледних двух за меня. Согласно этого ПЕТЕРС и комиссия внесла предположение об направлении меня на работу в Киргизию, но неизвестен результат. ПЕТЕРС сам говорил мне об этом»660 деген пікірлер атады. Мазмұны күрделі бұл құжаттар деректанулық тұрғыда жанжақты талдауды қажет етеді. Мəселе аталған құжатттар ұлттық элитаның қатал тағдырын алдын-ала айқындап бергенінде болып тұр. Бұғанасы бекіп, толық қалыптасып бітпеген ұлттық элита арасындағы топшылдық тартысты партия органдарының өз мүддесіне бағындырып, оған жасанды жолмен қоғамдық саяси сипат беруі мемлекеттік билік тізгінін ұлт өкілдерінің қолына ұстатпауға қызмет жасады. Осы мəселенің ушығып кеткендігі соншалықты РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшесі С.Қожанов 1924 ж. қазанында Сталинге жазған хатында «...Қырғызстандағы партиясовет кадрларының одан əрі ыдырауын тоқтату жəне тоқырау ахуалынан суықтыру үшін ең алдымен РК(б)П Орталық Комитетінің өзінің тікелей басшылық жасауымен табанды партиялық режим орнату керек»661 деп жазды. Ұлттық элитаның саяси-идеялық тұтастығына Түркістан қоғамында қағылған сына біртұтас қазақ мемлекеттілігі жағдайында ресми биліктің қолдауы мен аса қауіпті саяси алауыздыққа ұласты. Оның сырын ұғыну үшін мына деректерге назар аударайық. Мəскеулік профессор В.М.Устинов Т.Рысқұловтың Қазақстандағы саяси қызметінде Ф.Голощекинмен бірлесіп «Қожанов, Мыңбаев, Сəдуақасов жəне т. б. басқарған түрлі топтар мен топшылдардың топшылдығына қарсы күресті, руаралық алауыздықтың принципсіз негізіне қарсы əрекет жасады»662 деген пікір айтады. Кеңестік идеологияның ұстаным негіздеріне сүйенген бұл пікір тəуелсіз көзқараспен баға беруді қажетсінеді. Солай екен деп ғалымды теріске шығарып, қайраткерді қуаттау немесе керісінше жасау тарихи ақиқатқа қиянат болар еді. В.М.Устиновтың пікіріндегі түзетуді қажет ететін нəрсе əр құбылыстың өз атымен аталмауында болып тұр. Оның қолданысындағы аталған қайраткерлердің «топшылдығының» негізі рушылдықтан туындайды, соған сəйкес бұл құбылыстың саяси, əсіресе ұлттық сипаты аталмайды. Демек, қайраткерлерге байыпты баға беруіміз үшін олардың қызметіне қатысты ұғымдарды өз атымен атауымыз қажет. 660 РГАСПИ Ф. 17, Оп. 85, д. 77. Л. 254-258. 661 ӨРОМА. Р-17 қ., 1-тіз., 102-іс, 22 п. 662 Устинов В.М. Зампред Совнаркома Российской Федерации. -Алма-Ата: Казахстан, 1988. – 152 с. (С.18)

Хаттың жазылу себебі Т.Рысқұловтың тікелей саяси амбициясынан туындады деп айта аламыз. Ал оның салдары ұлттық элита үшін барынша апатты болып шықты: біріншіден, хаттың көздеген мақсаты іске асты ұлттық элитаның жоғарғы эшелоны біріңғай ұлтшылдар ретінде партиялық номенклатураға енгізуге сенімсіз болып табылды; екіншіден, Тұрардың өзі ұлтшыл-ауытқушы деген айыптан арылып біріңғай биұлтсыздардың лагеріне өтті, саяси рейтингін қалпына келтіре алды; үшіншіден, құпияхат мазмұнының жария болуы жəне онда көтерілген ұсыныстардың іске аса бастауы («Ақ жол» газеті туралы И. Сталиннің хаты –Х.Т.) ұлттық элита арасында едəуір дəрежеде Т.Рысқұловқа деген саяси жатырқаушылық көзқарас қалыптастастырды. Ə.Бөкейхановтың өз төңірегіне пікірлестерін топтастырып, мүдделестер тобын құрып, қатардағы көп міндеттерден ең бастысын ажыратып алатын көсемге тəн саяси көрегендігін бөліп атаймыз. Соған сай Əлихан – Нəзір қатынасына ерекше назар аударуға болады. Олардың Минск қаласында түйіскен тағдыры ұлттық мүддеге құрылған саяси қызметтеріндегі ынтымақтастыққа ұласты. Кеңестік биліктің жоғары лауазымдарында болған Н.Төреқұловтың ресми баяндамалары, мақалаларында өзінің саяси, рухани ұстазы Ə.Бөкейхановты айыптаған бірде-бір сөз кездеспейді, қайта Москвада Шығыс халықтарының Орталық баспасын басқарып тұрған кезінде өз ұстазын материалдық тұрғыда қолдап, саяси қамқорлыққа алған. Ол екеуінің ынтымақтастығын «Əлихан Бөкейханов қазір Мəскеуде Төреқұловтың жанында баспада қызмет істейді»663 деп Т.Рысқұлов та атап өтеді. Ə.Бөкейханов төңірегіндегі қайраткерлердің бірі Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институтының оқытушысы Мырзағазы Есболов «Талап» қоғамын құруға белсене атсалысып, «Түркістанда келімсектер орнаған аудандардағы жер мəселесі» (Ташкент, 1923) атты өте құнды зерттеу кітабын жазды. Аталған кітапты жазуда ол өзін білікті экономист əрі тарихшы ретінде танытты. Осы кітапты жазуда патша өкіметінің ресми құжаттарын, статистикалық материалдарын, Гаврилов, Кауфман, Васильевтердің зерттеулерін пайдаланғандықтан да оның еңбегі аса мазмұнды болып шыққан. Т.Рысқұлов М.Есболовты Алашорданың көрнекті қайраткері, Алашорда-колчак полкын басқарды дей отырып 1920 ж. Ташкентке шақырылып, Жер Халкомы алқасына мүше болып тағайындалғандығын, 1921-1922 жж. Қожановтың ұсынуымен 663 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.217 Түркатком мүшелігіне өткендігін, «Қосшы» одағы басшыларының бірінен саналатындығын, өзі маскүнем, жанжалшыл болғанымен Қожановтың онсыз ешқандай мəселесі шешілмейтіндігін жазады664. Бұл деректер М.Есболовтың қайраткерлік тұлғасын төмендетпейді. М.Дулатов 1 қаңтар 1929 ж. тергеу хаттамасында 1920 ж. қарашасында Ташкентке келіп келіп, «Ақжол» газетіне хатшы болып жұмысқа кіріскендігін, ол газеттің мазмұны жөнінде баспасөз беттерінде түрлі əңгімелер мен пікірталастар өрбігенімен олардың өзі қызмет істеген кезеңге қатысты жоқ екендігін жазады665. Міржақыптың тергеушіге белгілі себептермен жалтара жауап беруі түсінікті. Т.Рысқұлов жоғарыдағы хатында оны Қожановтың жақын досы, бұрын бірге жұмыс жасаған, қазір де олар идеялық жəне практикалық байланыста дей келіп, «Дулатов 1921 ж. Ташкентке шақырылып, «Ақ жолдың» басшылығына тағайындалды»666 [деп жазады. Əрине, бұл шақырудың кімдердің тарапынан болғандығын аңғару қиын емес. Шын мəнінде, М.Дулатовтың «Ақ жол» газеті арқылы Түркістанда ұлттық идеяның орнығуы, кеңес өкіметінің мемлекеттік билік құрылымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыруда атқарған қызметін «Қазақ» газетінде атқарған қызметінің жаңа жағдайдағы жалғасы болды. Өйткені, Түркістанда «Ақ жол» газетінің халыққа кеңінен танымал болуы оның «Қазақ» газетінің дəстүрін жалғастыруына байланысты еді. М.Əуезов 1923 жылы 4 ақпанда «Ақжол» газетінде «Қазақтың еңкейген кəрі еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі аңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. «Қазақ» газетінің сол заманынан бері қарай талай уақыт өткен сияқты бұл уақыттың жылдай, саусақпен санағандай аз жыл болса да, ол өткен оқиғаларына қарағанда, көп заманға жауап ұратын толқынды заманның бірі»667 деп жазды. М.Əуезовтың бұл бағасын қазақтың ұлттық-демократиялық Алаш партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған, автономиялық мемлекет құру идеясын көтерген газеттің ізгі дəстүрлерін кеңестік билік жағдайында жалғастырған «Ақ жол» газетіне де қатысты айтуға болар еді. Төрт жылдан астам шығып тұрған «Ақ жол» газеті таралымының жоғары болуы оның 664 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.240 665 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т. Б.435 666 РГАСПИ. Ф.17, оп. 67, д. 204. Л.237 667 «Ақ жол». 4 ақпан, 1923 ж.

тілінің жатықтығымен ғана емес, газет көтерген мəселелерінің ұлттық мүддені ұлықтаған өткірлігінен, халықтың көңіліндегіні айтуынан еді. Алаштың оңтүстік қанатында М.Жұмабаевтың рөлі ерекше. Орталық Азия мемлекеттік университетінің алғашқы түлектерінің бірі Мағжан 1922-1923 жж. Ташкентте Мемлекеттік ғылыми кеңестегі (ГУС) қазақ-қырғыз ғылыми комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақ-қырғыз ағарту институтында дəріс оқып, «Шолпан» журналы мен «Ақ жол» газетінің əдебиет бөлімдерін басқарды. Осы кездегі оның шығармашылығында азаттықты ұлықтау кең орын алды. Оның «Сайыпқыран сөзі», «Түркістан» (1922 ж.) өлеңдерімен бірге бұрынғы кезде жазған «Алыстағы бауырыма», «Орал тауы», «Күн батыс», «Күн Шығыс» сияқты өлеңдерін осы жылдары Ташкентте білім алып, бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеп жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, татар, ұйғыр жəне басқа да ұлт жастары Шолпанның «Гузал Фарғона» (1922 ж.), Фитраттың «Темір сағанасы», «Шын сүю» (1920 ж), Абдулла Қадиридің «Өткен күндер» (1925 ж.) шығармалары сияқты сүйсіне оқып, жатқа айтатын еді. Оның шығармаларындағы түркілік бірліктің түп тамырына үңіліп, түркі халықтарын саяси бірлікке үндеген өршіл рух көзі ашық, көкірегі ояу ұлт зиялыларының бəрінің де көкейіндегі арман-мұратты дөп басуымен құнды еді. Бұл шығармашылық жолда Мағжан жалғыз емес болатын. Осы кезде өзбек Шолпан, Абдулла Қадири мен Мұхтар Əуезов, Мағжан Жұмабаевтар тығыз шығармашылық байланыста болды. Əсіресе, түркілік бірлік, ұлтжандылық идеялары жағынан Шолпан мен Мағжанның шығармашылық ұстанымдары өте жақын еді. Содан да болар, екеуін де бір іспен айыптап, бір баппен соттады 668. Саяси құбылысқа айналған түркілік бірлік идясының əдеби шығармашылықтағы көрінісіне ден қойған академик Р.Бердібай «Мағжан Жұмабаев түрік халықтарының ортақ жыршысы деңгейіне көтерілген, оның шығармаларында орын тепкен аңсарлар мен мұраттар күні бүгінге дейін өзінің ішкі қуатын зəредей де кемітпеген, қайта түрік елдерінің өз тарихын, өз туыстығын білу дəуірі басталған қазіргі шақта маңызы бұрынғыдан да арта береді»669 деп бағалайды. Мағжан Жұмабаевтың қуатты шығармашылық мүмкіндіктерін бағалап, оған үлкен қамқорлық жасауы Түркістандық ұлттық 668 Турдиев Шерали. Сунги нафасгача... //Марказий Осие маданияти. (Тошкент) - №23-24 июль, 2003 669 Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы: «Білім», 2000. -248 б. (Б.246) элитаның жаңа қырын танытады. Оның өлеңдер жинағы С.Қожановтың алғысөзімен Ташкентте жарық көрді. Сол сияқты С.Қожанов Түркістан Орталық Атқару Комитетіне, Халық ағарту комиссариатына жолдаған ұсыныс хатында «Мағжан шығармашылығына байланысты өзінің ыстық ықыласын білдіре отырып, билік орындарын сирек кездесетін ақын талантына құрметпен қарауға шақырып, оның тұрмыс жағдайына байланысты бірнеше өтініштерін білдіреді»670. Мағжанды «Біздің болашақ Пушкин» деп бағалаған Қазақ Ғылыми комиссиясының төрағасы Х.Досмұхамедовтың ұсынысымен Түркістан республикасының Ғылыми Кеңесі Мəскеудегі Көркем əдебиет институтының директоры В.Я.Брюсовқа хат жолдап «Қырғыз Ғылыми Комиссиясының пікірі бойынша М.Жұмабаев күмəнсіз көрнекті қырғыз ақыны болып табылады, бəлкім əзірге жаңадан ашылып келе жатқанымен оның дарыны қалыпты жағдайда дамыса ол болашақта көрнекті ақын болады»671 деген кепілдік береді. Ұлттық элитаның осындай риясыз қамқорлығына бөленген М.Жұмабаев өз шығармалары арқылы олардың өзіне артқан сенімін ақтай алды. Түркістандағы шығармашалық элитаның лайықты орны бар өкілінің бірі – Ғ.Бірімжанов 1921-1922 жж. «Ақ жол» газетінде қызмет істеп, 1922 ж. күзінде Германияға оқуға жіберілген. 1928 ж. жазда елге агроном ғалым болып оралғанымен қызметке қабылданбай Ресейге кетеді. Сонда жүріп тұтқынға алынып, 1930 жылы А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен бірге сотталады. Оның публицистикасы қазақ халқының ынтымақ, бірлігін, халықтар арасындағы түсіністікті насихаттап, «Ақ жол» газетінде жарияланған материалдары А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың көтерген идеяларын одан əрі жалғастырды. 1922 ж. тамызында А.Байтұрсыновтың Ташкентке келген сапары жөнінде Ғазымбек «Лайықты қошемет» атты мақала жариялаған. Онда «Қазақ халқының қаламға жүйрік, алты алашқа аты жайылған атақты азаматы Ахмет Байтұрсынов Ташкентке келіп қайтты... келген жұмысы – Түркістандағы екі облыс қазақты Қазақстанға қосып, қазақ елін біріктіру. Қашанда болса қазақ халқының қамын жеп жүрген қамқорын, қажымайтын қаһарманын бұрын сыртынан ғана қанық Түркістан азаматтары зор қошеметпен қарсы алды»672 деп жазды. 670 Құлжабайұлы М. Ташкент: Мұстафа мен Мағжан ғұмырына қатысты құжаттар не дейді? //«Қазақ əдебиеті». 1999. 5ақпан. 671 Құлжабайұлы М. Ташкент: Мұстафа мен Мағжан ғұмырына қатысты құжаттар не дейді? //«Қазақ əдебиеті». 1999. 5ақпан. 672 Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары.– Алматы: «Санат» 1995. -168 б. (Б.12)

Бұл мақала бір жағынан А.Байтұрсыновтың Ташкент сапарындағы тарихи миссиясын айғақтаса, екінші жағынан оның көсемдігін Түркістан халқы да мойындағандығын аңғартады. Ғазымбек ұлт мүддесін ұлықтауды басты парыз санаған. Оның «ұлтшылдардың тізгінін жіберіңкіреп, бос ұстап, отаршылардың тізгінін қымтап, қаттырақ ұстап, үстемдігін есінен шығармағандардың тірсегін қиып тұру керек. Теңдікке жетсек, бірлікке жетеміз, бірлікке жетсек, берекеге кенелеміз»673 деген сөздері көптің көңілінен шығатын пікірлер еді. Бұндай жария қызметтерімен бірге оның көпшілік назарынан тыс қалып келген қызметі де көңіл аударуға тұрарлықтай. Оның осындай көпшілікке белгісіз болып келген, бірақ өзінің жеке тағдырына ауыр із қалдырған қызметтерінің бірі – С.Қожановтың тапсырмасымен 1921 ж. Бұхараға Энвер Пашамен кездесуге баруы. Бұл кездесудің қандай нəтиже бергендігі жөнінде нақты деректер жоқ. Сірə, С.Қожанов Бұхарада кеңеске қарсы қарулы күрес жүргізуге кіріскен Энвер Пашамен байланыс орнатуды жоспарлаған болар. Бұндай əрекет мемлекеттік билік құрылымдарындағы кейбір өзбек қайраткерлерінің де тарапынан жасалған болатын. Ғазымбектің осы кезге дейін танылмай келген қызметінің қырлары оның Германияда болған кезеңіне байланысты. Ол Берлинде М.Шоқаймен үнемі кездесіп тұрған. 1923 ж. Германияға барған Т.Рысқұловпен кездесуінде Ғазымбек одан М.Шоқайға материалдық көмек жасауды сұрайды. «Сонда мен оған көмектесу тұрмақ оның жəне барлық студенттердің онымен кездесетіндері болса онда олардың бəрі де кері шақырылады дегенді айттым-дей келіп Т. Рысқұлов, Қожанов жəне əлде басқалар Шоқаевпен осы Бірімжанов арқылы байланыспады ма екен? Солай болар деп ойлаймын. Шоқаевтың кеңес өкіметін ғайбаттаған өз мақалаларында куəлікке үнемі «Ақ жолға» жəне одан алынған үзінділерге жүгінуі тегін емес»674 деп жазады. Бұл 1924 жылдың сəуіріндегі əңгіме. Ал Бірімжановтың өзі С.Қожановқа одан ертерек жазған хатында Шоқаев туралы «ол өте нашар тұрады, студент-практиканттар оған көмектескісі келді, бірақ ол бас тартты жəне «бұл ақша сендерге керек болады, өйткені алда көп істер күтіп тұр» дегенді айтты675 деп хабар береді. Түркістаннан 1922 жылы Германияға оқуға жіберілген Ғ.Бірімжановпен бірге Д.Битілеуов, А.Мұңайтпасов, 673 Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары.– Алматы: «Санат» 1995. -168 б. (Б.9) 674 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.197 675 РГАСПИ. Ф. 17, оп. 84, д. 586, л. 42. Қазыбековтердің де қуғындалып, жазалануы олардың түркістандық саяси эмиграциямен (М. Шоқай, З.У. Тоған жəне т.б. – Х.Т.) байланысын айқындауға негізделіп еді. Осы тұрғыдан қарастырғанда Ғ. Бірімжанов тұлғасы ерекше назар аударуға лайық. Түркістандағы шығармашылық элитаның көрнекті өкілдерінің бірі Қошке Кемеңгерұлы Ташкент қаласына 1924 ж. жазында келген. «Қошке заманындағы айдынға шығар, иісі алашқа жеткізер екі-ақ орын бар-ды. Ол Орынбор мен Ташкент еді. Оқығантоқығандар осы қос қалаға жарыла топтасқан уақыт болатын бұл кез... Зиялылардың көбісі 20-жылдары негізінен Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тəуір-ді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды»676. Ол Ташкентте «Ақ жол» газетінің қызметіне араласып, «Сана» ғылыми-танымдық журналына редакторлық жасады. Ағартушы – педагог ретінде Орта Азия университетінде, Түркістан əскери училищесінде дəріс оқыды. Түркістанда қалыптасқан ұлттық шығармашылық элитаның ең жас буын өкілерінің арасынан Бейсенбай Кенжебаев, Өтебай Тұрманжанов, Əуелбек Қоңыратбаевтарды атауға болды. Ташкент ағарту институтында М. Тынышпаев пен В.В.Бартольдтың дəрістерін тыңдаған Ə.Қоңыратбаев Түркістан комсомолының басшысы Ғ.Мұратбаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Жас қайрат» газетінің, одан басқа «Шолпан», «Ақ жол», «Сана» газет журналдарының редакцияларында қызмет істеген. Ташкентте алған білімін Мəскеуде жалғастырған Б.Кенжебаев кейіннен аса көрнекті ғалым болып қалыптасты. М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, Ж.Аймауытов, М.Əуезов сияқты сөз зергерлерімен жəне ұлтжанды қайраткерлерімен қызметтес, пікірлес болуы олардың кейінгі кезеңдегі ұлтқа қызмет жасаудың өнегесіне айналған азаматтық жəне шығармашылық тұлғасының қалыптасуына шешуші ықпал жасады. 1917 ж. барынша белсенді сипат алған саяси-рухани өрлеу үдерісі аясында қазақ оқығандары мəдени-ағарту ұйымдарын құру ісін кең ауқымда қолға алды. 1922 ж. соңында Ташкент қаласында қазақ ғалымдары мен қаламгерлерінің бастамашылығымен «Талап» атты қауымдастық құрылды. ұйымдық құрылымы бойынша шығармашылық бірлестік болғанымен оның қызметі негізінен мəдени-ағартушылық сипатта болды. Бұл ұйым халықтың мəдени 676 Қамзабекұлы Д. Қошке Кемеңгерұлы //Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы. 1-т. -Алматы: «Алаш», 2005. -320 б. (5-31).

дамуына ықпал жасау мақсатында: қырғыз əдеби тілі, терминологиясы, орфографиясы жəне т.б. мəселелеріне талдау жасау; ұлттық өнерді оқып-үйрену; қырғыз халқының тұрмысы мен тарихын оқып-үйрену; қырғыз мектептерінде оқыту мəселелерін дайындау; қырғыз ғылыми қызметкерлері мен өнер қайраткерлеріне көмек көрсету міндеттері белгіленді. Осы міндеттерді іске асыру үшін қоғамның мынадай құқықтары белгіленді: пікірталастар, лекция, баяндама т.б. ұйымдастыру; экспедициялар жабдықтау; көрмелер ұйымдастыру; мерзімдік жəне мерзімсіз басылымдар жариялау; кітаптар, қолжазбалар, ескі өнер туындыларын жинау; ғылыми еңбектер мен өнер туындыларына байқаулар жариялап, сыйлықтар беру; қырғыздарға қажетті ағарту мамандарын дайындауға байқау тағайындау; қырғыз аудармашылары, корректорларының мерзімді жəне мерзімсіз басылымдар жауаптыларының бюросын ұйымдастыру; үкіметтік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың алдына осы мақсатқа жетуге көмек көрсетуге өтініш жасау677. Қоғамдық бірлестік болып құрылғанымен оның жарғысында белгіленген бұл міндеттер мемлекеттік құрылымдардың компетенциясына тиесілі қызметтер еді. «Талап» қоғамы ұйымдық құрылымы бойынша барынша демократиялық сипат алды, ол тар ұлттық, таптық шеңберден шығып, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағыт алды. Қоғам мүшелері қатарына европалықтар Н.Архангелский, А.Э.Шмидт, башқұрт Ə.Диваев, қырғыздар И.Арабаев, Қ.Тыныстанов, ұйғыр А.Розыбакиевтардың енуі оның көпұлтты сипатын танытады. Түркістан өлкесіндегі ұлттық элитаның аса маңызды қызметтерінің қатарында ұлттық сананың артуына, ұлт-азаттық қозғалыс идеяларының халық арасында кеңінен таралуына орасан зор ықпал жасаған ұлттық баспасөз органдарын құруды атауымыз керек. 1916 ж. 26 қарашасынан 1917 ж. мамырына дейінгі аралықта Ташкентте К.Төгісовтің құрылтайшылығымен жарық көрген «Алаш» атты қазақ газеті демократиялық бағыттағы басылымдардың алғашқысы болды. Дегенмен құрылтайшысының жұмысбасты болуы жəне Бүкілресей мұсылмандары кеңесінде жасаған мəлімдемесінен туындаған саяси себептерге байланысты К.Төгісовтың Түркістанға орала алмауынан газеттің шығуы көпшілікке кең танылып үлгермей жатып тоқтап қалды. Түркістандық қазақ элитасының ұлттық ұйытқысы болған «Ақ жол» газетінің қызметіне ерекше тоқталуға болады. 1920-25 жж. 677 ӨРОМА. 34-қ., 1 тіз., 2114-іс., 4 п. ТКП ОК жəне Түркаткомның баспасөз органы ретінде жарық көрген басылымға С.Қожанов, М.Дулатов, Ғ.Бірімжанов жəне т. б. көрнекті ұлт зиялылары редакторлық жасады. Газет шын мəніндегі Түркістан ұлттық элитасын топтастырушы идеялық орталыққа айналды. Осы газет арқылы көрнекті қайраткерлердің көтерген ұлттық идеялары Түркістандағы қалың қазақ бұқарасына жол тауып жатты. Халықтың жүрегіне жақын газетке ат қоюда коммунистер əлдеқандай коммунистік есім ұсынған, ал Жанша Досмұхамедов бастаған ұлтшыл тұлғалар қазақтар коммунизмді түсінбейді соданда оған ақ та, қызыл да емес «Ақ жол» деген атақты ұсынады. Т.Рысқұлов «Ақ жол» яғни тура немесе жарық жол дегенді білдіреді, қазақтар мысалы қырғыз дəруіштері-дуаналар ақ дегенді құдаймен теңдестіреді»678 деп газет атынан діни, мистикалық мазмұн іздейді. Бұл деректерден газет атауының халыққа өте ұғынықты болуымен бірге ондағы көтерілген мəселелердің де соншалықты түсінікті болғандығын көреміз. Оның себебі қайсы дегенде, газеттің идеялық бағытын белгілеген ұлттық элитаның халықтың қалың ортасынан шыққандығы, содан да олардың қоғамды жаңартудағы ұстанымдары қазан төңкерісінің таптық идеяларынан əлде қайда түсінікті болуынан дейміз. «Ақ жол» газетінің халық арасында осынша кеңінен танымал болуы РК(б)П ОК эмиссарлық органдарының шабуылына желеу болды. Атап айтқанда, Түрккомисия өлкедегі баспасөзге маңызды идеологиялық құрал ретінде мəн беріп, оның қызметіне партиялық басшылық жасауды шұғыл қолға алды. 1920 ж. 25 ақпанда РК(б)П Өлкелік Комитетінің мəжілісінде Ф.Голощекин былай деген: «Түркістанның баспасөзін реттеу үшін баспасөздің техникалық жағына да, мазмұнына да диктатура орнату қажет... Диктатура басшылық жасауы тиіс. Түрік тілінде екі газет керек, жоғарыдағылар үшін партиялық-кеңестік жəне екіншісі жалпыға түсінікті халық бұқарасы үшін»679. Бұл дерек 1920 жылға дейін баспасөзде көптің пікірі амалдап ашық айтылып келсе, одан кейінгі кезеңде бұл еркіндікке тиым салына бастауы еліміз тарихында жаманатымен қалған Голощекиннің есіміне байланысты болғаны көп жайды аңғартса керек. Кəсіпқой революционердің Екатеринбургтегі патша отбасын қырып салған қылмысқа араласуы Түркістанда халықтық баспасөздің үнін өшіруге ұласып, Қазақстандағы «Голощекин геноцидіне» жалғасуынан зұлым 678 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.239 679 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.90

тұлғаның улы қолтаңбасын аңғарамыз. Осындай диктатуралық ниет нақты саясатқа айналып, Түркістанда шығып тұрған қазақ тіліндегі «Шолпан» (Ташкент, 1922-1923), «Сана» (Ташкент 1923-24, редакторлары Х.Досмұхамедов, М.Əуезов, М.Жұмабаев, И.Тоқтыбаев) журналдары «байшыл-ұлтшылдарды» тəрбиелейтін орган болғандығы үшін жабылып қалды. Түркістан өлкесіндегі ұлттық мүдденің жаршысы, ұлттық элитаның ұйытқысы болған «Ақ жол» газеті де И.Сталинің əйгілі хатынан соң 1925 ж. жабылды. Т.Рысқұлов қазақ басылымдарына мынадай баға береді: «кладет начало оформлению литературного казахского языка, очистки казахской литературы и языка от всех посторонных наслоений и т.д.», выступает против панисламистского уклона»680. Т.Рысқұловтың кейіннен ұлттық басылымдарға берген бұл бағасын өзгертуін Д.Аманжолова тарих ғылымында сталиндік көзқарастың орнығуынан туындаған шарасыз əрекет деп бағалайды. Əрине, Т.Рысқұловтың бұл əрекетінде аталған фактор басты рөл атқарғанымен «Ақ жол» газетіне қатысты ұстанымы оның коммунистік идеяға негізделген саяси көзқарасының ықпалынан туғандығына көз жеткізеді. «Ақ жол» газетінің ұлтшылдық бағытын айыптап, өзінің саяси күресінің дəлелі ретінде пайдалануға Əліби Жангелдиннің жол салып бергендігі де тарихи дəйек. О Ал Т.Исмағамбетовтың тұжырымы бойынша «Айқап» пен «Қазақ» газеттерінің арасындағы «өткір пікірталастың» барасында «Айқап» журналының барынша радикалды, сын көзқарасы мен «Қазақ» газеті редакциясының көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруашылық укладын біртіндеп қайта құруға негізделген барынша ұстамды көзқарасының арасындағы айырмашылық айқындала түскен. «Айқаптың» радикализмы оның редакторы жəне шығарушысы М.Сералиннің отырықшыландыруды жерсіз жəне жері аз қазақтарға жер бөліп беру арқылы шешу мəселесін қуаттаған ұлт зиялылары өкілдерін қолдаған позициясынан туындаған. Қоғамдық өмірдің мəселелерін шешудің осы радикалды жəне эволюциялық жолы кейіннен Ресейдегі 1918-1920 жж. қазақ интеллигенциясының арасындағы жəне 20-жылдардағы қазақ коммунистерінің арасындағы күрестегі саяси межеленудің негізіне айналды681. Бұл тұжырымды ұлттық интеллигенцияның 680 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана... С.96 681 Аманжолова Д.А. На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана... С.96 саяси межеленуінің бір ғана, онда да қосалқы сипаттағы мысалы қарастырған жөн сияқты. Əйтсе де, ол мысал ұлт зиялыларының қарама-қарсы лагерьлерге топтасып, тоталитарлық билік жағдайында аяусыз тартысқа түсуінің бастапқы тетіктерін айқындауға қызмет ете алады. «Айқап» пен «Қазақ» басылымдары төңірегіне топтасқан ұлт зиялыларының көзқарасы қазақ елінің болашағын айқындайтын тəсілдерді таңдауда екіге жарылған болса, кеңестік билік нығайған сайын ұлттық мүдде таптық мүддеге ойыса берді. Оның мəні ұлттың өзін қанаушы мен қаналушыға бөлген кеңес қоғамының саяси тұғырнамасынан туындаған еді. «Бақытты қоғамда өмір сүруге тек жарлы-жақыбайлар ғана құқылы, жаңа қоғамда «қанаушыларға» орын жоқ. Міне, осы қағида ұлт зиялыларының қазақ қоғамын жаңалаудағы көзқарас айырмашлығын терең жарға айналдырды. Оның үстіне «социализм дамыған сайын тап күресі күшейе түседі» деген сталиндік тезис қазақ қоғамында ұлт зиялыларының арасындағы саяси тартыста барынша аяусыз сипат алды. Қазіргі тарихи танымда басы ашылып, айқындалуы тиіс тұжырым осы. Осылайша Алаш қозғалысының тарихнамасында «Ақ жол» газеті кеңестік билікке тартылған ұлт зиялыларын алаштық қайраткерлермен байланыстыра отырып, ұлтшылдыққа айыптаудың басты дəлелдерінің біріне айналды. И.Сталиннің «Ақ жол» газеті туралы хаты алашордашылардың қызметіне баға беруде тоталитарлық биліктің саяси ұстанымдарын орнықтырды. Хатта негізделген ұстанымдар алаш қозғалысы тарихнамасының теориялық-əдіснамалық негізін салып берді. Осы мəселеге алғашқылардың бірі болып назар аударған академик С.Қасқабасов былай дейді: «тарихымыздың осынау қаралы беттерінде И.Сталиннің «Ақ жол» газеті туралы хатының ел ішінде зобалаң туғызған сүреңсіз рөлі əлі де нақты айқындала қойған жоқ. Мұны терең зерттеу осы хаттың ауыр салдарына ғылыми баға беру тарихшыларымыздың үлесі»682. Ғалымның ұсынысын қуаттай отырып, мəселеге барынша айқындық беру үшін И.Сталин хатының салдарын емес, ең алдымен оның жазылу себебін анықтаудың ғылыми маңыздылығын айта кеткеніміз орынды болар. «Қазақ» газеті 1918 жылдың 16 қыркүйегінде ең соңғы 265 санынан соң өз шығуын тоқтатты. Оның көп себептерінің ең бастысы кеңестік биліктің қысымы болғандығы белгілі. Ал 1920 ж. 18 сəуірден бастап жарық көріп, 7 желтоқсаннан бастап «Ақ 682 «Ақиқат». 1993. №1.-89-92 бб.

жол» атымен шыға бастаған газет «Қазақ» көтерген алаштық идеяның жығылған туын іліп əкеткендей еді. «Ақ жол» - кеңес өкіметінің езілген ұлттарға теңдік пен бостандық беруге уəде еткен саяси мəлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тəртіпте ұлт мүддесін қорғаған ұлттық элитаның саяси еркінің жемісі болатын. Осы тұрғыда қарастырғанда ұлттық-демократиялық жəне таптық-партиялық саяси құндылықтарды ұлықтауы бойынша жікке бөлінген екі жақтың мүддесі тоқайласқандай болғанымен, олардың қарым-қатынасында жақындасудан бұрын кейін аяусыз саяси тартысқа ұласқан жатырқаушылық əрекеттер басым түсіп жатты. Екі газеттің жарық көрген уақыты мен қоғамдық ортасын салыстырар болсақ, «Ақ жол» газеті жаңа жағдайда ұлттық саяси ойды сапалық жаңа деңгейге көтере алды деп бағалауға болады. Өйткені, «Қазақ» газетінде көтерілген идеялар «Ақ жолдың» қызметінде большевиктік билік нығайған кеңестік қоғамның нақты өмір шындығымен бетпе-бет келіп, іс жүзінде сыннан өтіп жатты. Отарлық биліктің езгісінен ұлттық мүддені қорғап, саяси күрес майданына шыққан «Қазақ» газетімен салыстырғанда «Ақ жолдың» жағдайы бір жағынан жеңіл, екінші жағынан күрделі болды. Жеңіл болатыны, газет республикадағы саяси билік пен өкіметтің ресми органы болғандықтан оның материалдық-техникалық жарақтануы біршама жоғары болғаны рас. Оның өзі де баспасөз төңірегіндегі ұлтжанды азаматтардың жанқиярлық еңбегінің нəтижесі. Газет жағдайының күрделілігі Түркістандағы қалыптасқан саяси ахуалдың қарама-қайшылықты сипатынан туындады. Өлкеде өз саяси қарсыластарын түрлі жолдармен ығыстырған большевиктер жеке дара билікке қол жеткізді. Ұлттық элитаның саяси күресінде басымдыққа ие болған түркілік, мұсылмандық, түркістандық бірлік идеялары бөздей сетінеп, этносаяси мүддеге қарай ойыса берді. Кеңестік билікпен келісімге келе алмаған ұлттық күштердің басым бөлігі басмашылық қозғалысқа бет бұрса, Түркістан ұлттық элитасының Мұстафа Шоқай бастаған үркердей тобы саяси мұғажырлық жағдайда коммунистік билікке қарсы бітіспес күрес бастады. Ал жаңадан қалыптасып келе жатқан партиялық номенклатураның ұлттық кадрлары саяси əрекетте таптық, интернационалдық талаптарды батыл қоя бастады да отарлыққа қарсы бірлікті таптық төзімсіздікпен алмастырды. Міне, осы саяси үдерістердің бəріне де «Ақ жол» газеті үн қосып, солардың арасынан ұлттық мақсат пен мұратты қалың бұқараға жеткізіп отырды. Осындай күрделі саяси ахуалда қиыннан жол тауып, халықтың үлкен сұранысына ие болған «Ақ жол» газеті өлкедегі алаштық элитаның қолдауына сүйеніп, кең тарауға мүмкіндік алды. Əйтсе де, газет үшін бұндай қолайлы жағдай тым ұзаққа созылған жоқ. Өлкеде күшейе түскен большевиктік билік баспасөзге партиялық басшылық түрінде өз үстемдігін орнатуға бағытталған саясатын топшылдық күресте өзінің саяси шамшылдығының мүддесіне пайдаланған Т. Рысқұлов «Ақ жол» газетін құрбандылыққа шалды. Оның 1924 ж. сəуір айында И.Сталинге жазған хаттарында «Ақ жол» газетіне қатысты ұлттық элита өкілдерін «бірліктуылықтар», «алашордашылар», ұлтшылдар жəне контрреволюционерлер деп айыптауы арқылы 1924 ж. өзінде Түркістанда алаштық идеяның белсенді жұмыс жүргізгендігін куəландырып отыр. Ал қазіргі уақытта осы жазбалар тарихи құбылыстың сырын ашатын құнды дереккөз маңызына ие болды. Тұлғаның психологиялық портретін жасауда мінездемелікреттеушілік сапаларды анықтауға баса мəн беріледі. Е.В.Егорова оның өлшемдерінің қатарында саяси лидердің нақты жағдайды барабар қабылдау жəне оған тиісті жауап қайтара алу қабілетін атайды. Бұл тұлғалық мінездеме индивидтің өзгерген жағдайға жауап қайтаруын сипаттайтын, өзі тап болған жағдайды бағалай алуды реттеуші мінездеме-қабілет болып табылады683. Құпияхат жазу əрекеті Рысқұловтың психологиялық қабілетінің ерекшелігін таныта алды. Халықтың жүрегіне жақын газетке ат қоюда коммунистер əлдеқандай коммунистік есім ұсынған, ал Жанша Досмұхамедов бастаған ұлтшыл тұлғалар қазақтар коммунизмді түсінбейді, содан да оған ақ та, қызыл да емес «Ақ жол» деген атау беруді ұсынады. Газеттің атауы жөнінде 1925 ж. Өлкелік партия комитеті тапсырмасымен Нахымжанның «Ақ жол» газеті туралы арнайы жазған пікірінде сөз юолады. Ол «Ақ жол» «белый путь» па, əлде «светлый путь» па анық емес» деген желеумен газет атын өзгертуді ұсынған684. Бұл деректер газеттің идеялық бағытын белгілеген ұлттық элитаның халықтың қалың ортасынан шыққандығын, олардың қоғамды жаңартудағы ұстанымдары қазан төңкерісінің таптық идеяларынан əлдеқайда түсінікті болуын танытады. 683 Егорова Е.В. Прикладные исследования американской политической психологией роли личности буржуазного политического лидера во внешней политике. С.4252 //Прикладные проблемы социальной психологии. –Москва: «Наука». 1963. с.259 (С.46) 684 Махат Д. «Ақ жол» газеті неге жабылды! //Алаш. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. №6. (9) 2007.-116-120 бб.

М.Дулатов 1 қаңтар 1929 ж. тергеу хаттамасында 1920 ж. қарашасында Ташкентке келіп, «Ақжол» газетіне хатшы болып жұмысқа кіріскендігін, ол газеттің мазмұны жөнінде баспасөз беттерінде түрлі əңгімелер мен пікірталастар өрбігенімен олардың өзі қызмет істеген кезеңге қатысты жоқ екендігін жазады685. Міржақыптың тергеушіге белгілі себептермен жалтара жауап беруі түсінікті. Дегенмен, Т.Рысқұловтың оны Қожановтың жақын досы, бұрын бірге жұмыс жасаған, қазір де олар идеялық жəне практикалық байланыста «Дулатовтың буржуазиялық ұлтшылдықтан өзге ештеңе табуға болмайтын мақалалары кейінгі 1922-1923-1924 жылдары «Ақ жолда» жарияланды». «Ақ жолды» құрушы ретінде Дулатовтың портреті «Ақ жолдың» 1922-1923 жылдардағы мерекелік сандарында 2 рет Қожановпен қатар жарияланды»686 деген деректер Алашорда қайраткері М.Дулатовтың кеңес өкіметіне қарсы ұлтшылдық əрекетін қоюлата түскендей. «Ақ жолдың» қызметіне тағылған айыптардың бірі онда жер-су реформасының жүргізілу барысын насихаттаған материалдардың жарық көруі еді. Осыған байланысты газет «барлық орыс отаршыларын қуу керек» деп жазады. «Оның үстіне қырғыз кедейлерімен тіл табыса алатын аз да болса кедей топтарының болуына қарамастан шаруалардың бəрін «жау» деп қарастырады» дей келіп «Алматыдан жер-су реформасының барысы туралы Жандосов Дулатовқа жеделхат жолдаған. Осы жеделхатты жариялаған алашордашыл Дулатов қырғыз коммунистеріне нұсқау сипатында орыстарды талқандай отырып, «мүмкіндігінше орыс поселкелерін аямау керектігі жөнінде көлемді мақала жазады»687 дегенде Т.Рысқұлов М.Дулатовты сынай отырып, өзінің интернационалдық көзқарасын алға тартады. Шын мəнінде, М.Дулатовтың «Ақ жол» газеті арқылы Түркістанда ұлттық идеяның орнығуы, кеңес өкіметінің мемлекеттік билік құрылымдары туралы қоғамдық пікір қалыптастыруы «Қазақ» газетіндегі қызметінің жаңа жағдайдағы жалғасы болды. Бұл пікірді алғашқылардың бірі болып айтқан Т.Рысқұлов еді. Ол «Ақ жол» - Дулатов еңбегінің нəтижесі, «алашордашыл» «Қазақты» жалғастырған оның перзенті. «Қарғыс атқан Орынбордан» қуылған алашордашылар Түркістанда өз қызметтеріне кең өріс тапты»688 деген баға береді. М.Дулатовтың «Ақ жол» газетін685 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т... Б.435 686 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.238 687 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.213-214 688 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.218 де жарияланған «Қазақ зиялылары» мақаласында партиялық тазалаудағы ұлт қайраткерлерін қуғындаудың негізгі дəлелдерінің біріне айналған ұлтшылдық ұғымына түсіндірме жасап, оны саяси айыптаудан арашалайды. «Біздің қазақ-қырғыздың оқығандары санаулы. Партияда бары да, жоғы да бəрімізге белгілі. Бізден коммунистер шыға бастағанына əлі екі-үш жылдан асқан жоқ. ... біздің қазақта да өтірік коммунистер, партияны ластап жүргендер арасында шын жұртшыл, еңбекшіл тапқа шын жаны ашитын, кеңес үкіметіне ынта, көңілмен қызмет етіп жүргендер де жоқ емес... Шын айтқанда, күні кеше бəріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандардың ең əуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді?» – дей келіп, қазақтың арасында шын ұлтшылдардың аздығына тоқталады. Ол «Ұлтшыл еместердің көбі өзімшіл, дəрежеқұмар, парашыл, шағымшыл еді»-деген пікірі арқылы ұлтшылдық ұғымын қоғамдағы дегдарлықтың басты белгісі мағынасында қолданады. Соған байланысты «Біздің қазір ортақшыл болып отырғандар кімдер? Мұнан кейін де болса бола алатындар кімдер? Бұл сұрауларға берілетін жауап əркімге-ақ анық-ау деймін: бізден қазір шын коммунист болдым деп отырғандар (өтірік коммунистерді айтпаймын) – кешегі ұлтшылдар. Мұнан кейін де шын коммунист болуға жарайтындар – тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар. Үшіншісі – қазіргі жаңа талап жас буын»689 деген тұжырым жасайды. Міржақыптың осы пікірлеріне «Дулатов партияға бұрынғы идеялық қырғыз ұлтшылдарымен (яғни өзі сияқтылармен) ынтымақтасуды, ал бұрын идеялық тұрғыда ұлтшыл болмаған қырғыз коммунистерін авантюристер ретінде партия қатарынан тазартуды ұсынады»690 деген түсіндірме беріледі. Бұл деректер ұлт қайраткерлерінің арасында ұлтшылдық ұғымын бағалауға қатысты осындай көзқарас алшақтығы орын алғандығын аңғартады. Өкініштісі сол, бұндай көзқарас алшақтығы кейін ұлттық элита арасындағы саяси-идеялық алауыздыққа ұласа береді. Саяси биліктің осы ұсыныстардан соң «Ақ жолды» жіті қадағалауға алғандығы байқалады. Бұл əрекетке РК(б)П ОК Баспасөз бөлімі меңгерушісі И.Варейкистің 7-сəуір 1925 ж. Қырғыз Өлкелік партия комитеті Баспасөз бөліміне жолдаған хаты куə болады. Онда «РК(б)П ОК Баспасөз бөлімі өзінің қаулыларында жəне арнайы пікірлерінде «Ақ жол» газетінің - Түркістан облысындағы РК(б)П Өлкекомының Ұйымдастыру Бюросы жетекшілерінің са689 Міржақып Дулатұлы. Шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы 5.т... Б.56690 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.237-238

яси ұстамсыздықтарын жəне соңғыларға партияға қарсы ұлттық интеллигенцияның ықпал етіп отырғандығын əлденеше рет атап көрсеткен болатын»691. Осы хатта «Ақ жол» газетіне партиялық басшылықты күшейту, редакторларын ауыстыру, редакция құрамын жаңарту ұсынылған болатын. И.Варейкис хаты партиялық биліктің баспасөзге қатаң басшылық орнату мақсатында ұлттық басылымдардың арасынан «Ақ жол» газетіне ерекше шүйлігуінің сыры неде екендігіне тағы да көз жеткізе түседі. Т.Рысқұловтың хаттарында мынадай дəйектердің алға тартылуы мысал болады. Мысалы, аталған хатта А.Байтұрсыновтың «Ақ жолға» қатыстылығына да баса назар аударылған. «1923 жылы А.Байтұрсыновтың мерейтойы атап өтіліп, оған «Ақ жолдың» тұтас саны арналды. Оның өмірбаяны жазылып, еңбектері жарнамаланды. 1924 жылы 3-сəуірдегі 421-санында орынборлық коммунистермен пікірталасында Қожанов алашордалық жазушыларды қорғады»692. Сонымен бірге баспасөз органының ұлтшылдық идеялық бағытын əшкерелеу Т.Рысқұловтың басты мақсаттарының бірі болған сияқты. «Ақ жолдың» жəне басқа біз атаған қырғыз журналдарының негізгі бағыты аталған қайраткерлердің (Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Болғанбаев, Х.Досмұхамедов – Х.Т.) мақалаларында тұжырымдалған... Оларды ақжолдықтар қаржыландырады». Демек, «Ақ жол» тек идеялық жағынан емес сонымен бірге ұлтшылдарды материалдық тұрғыда қолдайтын ұйым деген тұжырым жасалады. Сол сияқты Дулатовтың ұлтшылдық қызметі «қырғыз коммунистеріне нұсқау сипатындағы саяси мақалаларды көп жазады. Қожанов - оның берілген шəкірті жəне оның мақалаларын көрнекті жерге орналастырады»693 деген мəлімет арқылы Түркістандағы кеңестік биліктің басшысымен байланыстырылады. Одан əрі баспасөз органының алашордашыл идеяда екендігіне көз жеткізу үшін «1921-1922 жж. «Ақ жол» газетінің шын мəнінде өздерінің (яғни алашордашылардың) газеті болғандығын» Ж.Досмұхамедов маған өзі айтып берген еді деген дəлелді алға тартады. «Ақ жол» редакциясы, «Казинпрос», көптеген билік аппараттары осы сияқты шын мəнінде партияда жоқ контрреволюциялық элементтермен 691 Махат Д. «Ақ жол» газеті неге жабылды! //Алаш. Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. №6. (9) 2007.-116-120 бб. 692 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.238 693 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.218 толып кеткен»694 деген таптық төзімсіздіктің жүгін арқалаған делелдер партиялық биліктің ең бір шамшыл тұсына дөп келіп тұр. И.Сталинге Түркістандағы қоғамдық құрылысты кеңеске қарсы элементтерден тазартуға байланысты «Ақ жол» газеті жөнінде мынадай ұсыныс жасалған: «Ақ жол» жəне басқа қырғыз басылымдарына нақты маркстік бағыт беріп, олардың қызметкерлерін толық ауыстырып, аттарын өзгерту керек». Сол сияқты заттай айғақ ретінде «Қожановтан «Бірлік туының» барлық санын, «Ақ жолдың» 1921 жылғы сандарын талап ету» ұсынылады695. Бұл ұсынысты И. Сталин мына мазмұнда қатаң талапқа ұластырады: «Осыған байланысты «Ақ жол» журналын түбірінен жедел түрде қайта ұйымдастыруды, одан партияда жоқ интеллигенттерді қуып жəне оны коммунистік насихаттың органы етуге байланысты шаралар қолдануды сіздерден сұрауды мен өзімнің міндетім деп санаймын»696. Бұл деректерден ұлттық мүддені ұлықтаған «ақжолдықтар» мен И.Сталинге жүгінген большевик-биұлтшылдар түрінде ұлттық элитаның арасына түскен терең саяси, рухани жікті көреміз. Сталинге жазылған жолдама хатта «Біз өз тарапымыздан осы мəселе бойынша Қожановтың жəне оның адамдарының, Түркістандағы жəне одан тыс жерлердегі алашордашылардың үйлеріне ГПУ желісі бойынша тінту жүргізуді талап етеміз. Онсыз да дəйектер жеткілікті болғанымен бұл шара Алашорда ұйымының осы бағыттағы қызметіне көз жеткізетін болады»697. Бұл ұсыныстардың қаншалықты дəрежеде іске асқандығы белгісіз. Бізге белгілісі, ОГПУ Шығыс бөлімінің бастығы Я.Х.Петерс «Бұл хаттар белгілі алашордашыл Досмұхамедовтың пəтерінен табылды»698 дейді. Бұл жерде əңгіме Батыс Алашорда үкіметі басшыларының бірі Жанша Досмұхамедовтың пəтері жөнінде болып отыр. «Т.Рысқұлов пен Ж.Досмұхамедовтың тағдыры Ташкентте түйісті. Олар бажалар еді, яғни олардың əйелдері туған апалы-сіңілілер болатын. Олар Пушкареваның қыздары еді»699 деп жазады. Мəскеуге кетерінде өзінің кітапханасы мен жеке архивын Ж. Досмұхамедовке сеніп тапсыруының себебі осы болса керек. 694 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.241 695 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.228 696 «Ақиқат». 1993. №1.-89-92 бб. 697 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.203 698 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.253 699 Исмаилов А.И. Из истории южных областей Казахстана. –Шымкент: 2006.-240 с. (С.169)

Т.Рысқұлов
Қ.Сармолдаевқа
хаттарында
«Келген

бойда
Петерске (ГПУ) кірдім жəне «Бірлік туы», басқалар туралы да айт-
тым. Оның өзінің аудармашысы бар. «Ақ жолдың» баспа матери-
алдарын жəне т. б. аударуға тапсырма берді»700, «Орталық Бақылау

Комитеті үшін аудармасымен немесе ең дұрысы Дулатовтың
мақалалары бар «Ақ жолдың» сандарын, сол сияқты 1921-1922
жылдардағы «Ақ жолдың» сандарын жіберіңдер»701, «Маған мін-
детті түрде «Ақ жолдың» 1922 жылғы сандарын жəне «Бірлік

туының» сандарын тауып бер»702 деп жазады. Т.Рысқұлов бұл га-
зеттерді жазылашақ ғылыми-публицистикалық еңбектеріне дерек-
тік материал ретінде ғана емес, сонымен бірге алашордашылардың
Түркістандағы ықпалын дəлелдейтін заттай айғақ ретінде

сұратқандығын жасырмайды.
Аталған құжаттарда «Ақ жол» газетіне қатысты тұжырым-
дардың
мынадай

қисындар
тізбегі
негізінде
жасалғанын

аңғарамыз: «Бірлік туы» Алашорданың баспасөз органы болған
«Қазақ» газеті сияқты Түркістан автономиясының органы болды,
ұлтшылдық бағыттағы «Шурои Исламияны» қолдады. М.Шоқай,
Қ.Болғанбаев, С.Қожанов редакторы болған газеттің төңірегіне

топтасқан ұлтшылдар кеңестік билік басына келіп, енді «Ақ жол»
газетін шығарып отыр. Олар өздерінің ұлтшылдық бағытын одан
əрі жалғастырып, шет елде кеңес өкіметіне қарсы идеологиялық
майдан ашқан алашордашыл М.Шоқаймен байланысын одан əрі

жалғастыруда деген тұжырымды алға тартады.
Т.Рысқұлов Германияда болғанда Ғ.Бірімжановпен кездесуде-
гі əңгімені негізге алып, «Бəлкім, Қожанов жəне тағы басқалар
Шоқаевпен осы Бірімжанов арқылы байланыспады ма екен. Солай

деп ойлаймын. Шоқаевтың өз мақалаларында Кеңес өкіметін
өсекке таңғанда əр кез «Ақ жолды» жəне одан алған үзінділерді
куəлікке тартуы тегін емес (Қараңыз: Оның «Дни» газетіндегі
мақалалары)»703 деп жазады.

«Егер баяндамадағы айтылғандарды менің «Накануне» мақа-
лама жауап ретінде атышулы М.Шоқаевтың эсерлердің «Дни» жур-
налында жарияланған көлемді мақаласымен салыстырсақ, Шоқаев
мəліметтер мен анықтамаларды жүйелі түрде Түркістаннан

алдыратындығын көрсетеді, демек шетелмен байланысы бар үлкен
700 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.254
701 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.257
702 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.261

703 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.198
ұйымның жұмыс істейтіндігі анық бола түседі»704 деген саяси желі-
ге баса мəн берген Т.Рысқұлов РК(б)П Орталық Комитеттің жа-
уапты қызметкері Товстухаға Сталин жолданған хаттардың бəрін

толық оқи алмағанымен мына мəселелермен жеке өзінің танысқаны
дұрыс болар еді деген ұсыныс жасайды: «Шет елде Шоқаевтың
Түркістан туралы мақалалары жариялаған «Дни» газетінің 1-
4 ақпанындағы, сонымен бірге соңғы сандарын оқып шыққаны

дұрыс болар еді»705. Осы сөздерді Сталиннің əйгілі хатындағы
мына сөздермен салыстырып көрейік: «Мен осыған байланыс-
ты белгісіз емес Шоқаевтың ақгвардияшыл баспасөздегі кейбір
мақалаларын еске түсірдім жəне өзімді шошытқан осы мақалалар

мен «Ақ жол» журналының рухани «бірлігі» деуге болатын кейбір
жаңалықты аштым. Ақылға сыймаса да бұл факт. «Ақ жол» əрине,
өзі де аңғармастан Шоқаевқа көлемді материал берді»706.
Т.Рысқұлов 1924 ж. 30 сəуірінде И.Сталинге жазған хатын-

да былай дейді: «Қорытынды ретінде айтарым, қазір өсіп келе
жатқан жəне біз бағдарға алатын бұратаналардың коммунистік
жастары деп аталатындар əзірге тым жас, тəжірибесіз жəне аңғал.
Осы жастардың, мысалы қырғыздар (қазақтар деп оқыңыз – Х.Т.)

арасында алашордашылар үлкен беделге ие көрінеді, жастар
олардың идеологиясына ашық қарсы шығу тұрмақ, оларға тура
қарай да алмайды. Демек, коммунистік жастарға партияның өзі
көмекке келуі керек сияқты»707. Бұл ұсыныстар да Сталиннің на-

зарына ілігіп, хаттың мазмұнынан мынадай көрініс табады: «Мен
партияда жоқ интеллигенттердің қырғыз жастарына саяси жəне
идеологиялық тəрбие берумен айналысуларына қарсымын. Біз
өкіметті жастар тəрбиесін партияда жоқ буржузиялық интелли-

генттерге тапсыру үшін алғанымыз жоқ. Бұл майдан түгелімен
коммунистерге қалдырылуы керек». Осы мəтіндік салыстырулар
аталған құжаттардағы дəлел, дəйектердің қисындық бірегейлігін,
біріншісінің екіншісіне негіз болған мəтіндік сабақтастығына көз

жеткізеді.
Қазақ баспасөзінің тарихында жеке тұлғалардың қажыр-
қайратымен жарық көрген басылымдар жоқ емес, солардың
қатарында Көлбай Тоғысовтың «Алаш» газетін атауға болады. Ол

газет жалпыұлттық сипат ала алмай өзінің саяси, рухани əлеуеті
мен ұйымдастырушылық қызметінің кемшіндігінен өздігінен жа-
704 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.201
705 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. Л.200

706 «Ақиқат». 1993. №1.-89-92 бб. (Б.91)
707 РГАСПИ. Ф.17, оп.85, д.77. л.198

былып қалды. Ал төрт жылдан астам уақытта 600-ден аса саны
жарыққа шығып, ұзын саны он мың данамен таралған «Ақ жол»
газеті Кеңес Одағына жеке дара билігін жүргізген И.Сталиннің
қаһарына ұшырап, өз ұлтымыздан шыққан партократтардың жа-

была қуғындауымен жабылып тынды. «Ақ жолдың» жабылуы
Алаш қозғалысына жасалған ең басты идеологиялық соққы бол-
ды. «Ақ жолдың» жабылуы «Қазақ» газеті қалыптастырған ұлттық
баспасөздегі азаттыққа ұмтылған өршіл рух сабақтастығының

үзілуі болды.
Қорыта айтқанда, Түркістан өлкесіндегі ХХ ғ. алғашқы ширегін-
де орын алған этносаяси үдерістер мазмұндық, сипаттық жағынан
өте күрделі болғандықтан оның қоғамдық өмірді жаңалаудағы

нəтижелері де барынша қайшылықты болды. Отарлық, кеңестік
биліктердің осы бағыттағы ұстанған саясаты қоғамдық өмірдегі
мəдени, рухани ерекшеліктерді ескермей, ұлттық мүддені таптық
мұраттармен алмастырды. Өлкеде жаңа қоғамдық қатынастардың

қалыптасуы жергілікті халықты орасан зор рухани, материалдық
шығынға ұшыратқанына қарамастан жаңару үдерістері жергілікті
халықтың қазіргі заманғы даму бағыттарын айқындады. Өлкедегі
Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлттық эли-

та өкілдері кеңестік билік қолға алған осы жаңару үдерістерінде
алаштық идеялардың іске асуына ықпал жасай алды. Олардың
сан-салалы қызметтерінде Алаш қозғалысында тұжырымдалған
мақсаттар мен міндеттер кеңестік билік жағдайында түрлік,

мазмұндық өзгерістерге түскенімен идеялық өзегін сақтап, одан
əрі жалғасын тапты.

ҚОРЫТЫНДЫ

ХХ ғасырдың алғашқы ширегі арасындағы Түркістан тарихы
Отан тарихының құрамды бөлігі жəне сындарлы кезеңі ретін-
де оның мазмұнын байытып отыр. Сондықтан да тұтас кезеңді
қамтыған аймақтың тарихы оның өзіне тəн қоғамдық-саяси,

əлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен жəне қазақ жерін-
дегі қоғамдық-саяси үдерістермен бірін-бірі толықтырған жан-
жақты байланыстарының біртұтастығын айқындау қазіргі заманғы
ғылыми жетістіктерге сүйеніп кешенді зерттеу жүргізуді қажет

етеді. Отан тарихының осы өзекті мəселесінен туындаған мақсат
пен міндеттердің аясында орындалған жұмыс барысында нақты
деректік құжаттарға сүйене отырып, тарихи құбылыстар мен
оқиғаларға талдау жасау арқылы бірқатар ғылыми тұжырымдар

жасалды. Əсіресе, мəселеге ұлттық мүдде тұрғысында маңыз
беріп, оны жаңа зерттеу тəсілдерімен қарастыру тарихи таным
көкжиегін кеңейтеді.
Соңғы кезге дейін отандық тарих ғылымының мазмұнын

жаңалау бағытындағы ғылыми зерттеу қызметінде таным тəсілі
ретінде элиталық концепцияның танымдық мүмкіндіктері толық
игерілмей келеді.
Элиталық қоғам таптық белгілерден басқа саяси сипаты-

на қарай демократия, фашизм, сталинизм, маоизм жəне т.б.
жағдайдағы мемлекет түрінде кездеседі. Саяси тəртіпке сүйенген
элита бұл мемлекеттерде тарихи даму шарттары, қоғамның
дəстүрі, экономикалық жəне технологиялық даму деңгейіне сəйкес

бұқараға билігін жүргізеді. Əйтсе де осындай мазмұндық, сипаттық
ерекшеліктері мен ішкі қайшылықтырына қарамастан қандай
қоғамда, қандай саяси тəртіп жағдайында болса да элита іске асы-
ратын үдерістің басты мазмұны дəстүрлі қоғамды жаңғырту, оны

«қазіргі заманғы» қоғамға айналдыру болып қалады. Дегенмен,
элиталық теорияның танымдық мүмкіндігін асыра бағалауға да
болмайды. Тарихи танымдағы элиталық концепцияның ғылыми
ойға ұсынар жаңалығы мол. Оның зерттеу тəсілдерін қолдану

отандық тарихтың мазмұнын тың тұжырымдармен байытып,
жаңа желілерді тарқатуға мүмкіндік береді. Интеллектуалдық
тарихтың мақсаттарымен үндесетін бұл концепция отандық тарих
ғылымына жаңа тыныс беруі тиіс. Элита категориясына қатысты

əлемдік ауқымдағы қоғамдық-саяси ойдың жетістіктеріне тал-
дау жасау барысында тарихи таным тəсілдерінің көп екендігіне

көзіміз жете түсті. Өз артықшылығы мен кемшін тұстары болатын сол көп тəсілдердің бірі – қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғаларды элиталық тұрғыдан талдау екендігі даусыз. Осы тарихи таным тəсілінің жан-жақты теориялық негізделуінен оның ғылыми интелектуалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін танимыз. Элита концепциясы батыс елдерінде қалыптасып, дамығаны белгілі. Содан да оның тұғырнамасы Евразия даласы көшпелілері өркениетіндегі қазақ қоғамы үшін біршама бейтаныстау болуы мүмкін. Əйтсе де, мазмұндық жəне теориялық ерекшеліктері қазіргі қазақ қоғамы үшін біршама жаңалық болып көрінгенімен ол концепцияның басты қағидалары мен ұстанымдары дəстүрлі қоғамдағы əлеуметтік институттардың мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық қатынастар жүйесінде бұрныннан қолданылып келгені белгілі болып отыр. Осы мақсатта Түркістанның этносаяси үдерістеріндегі ұлттық элита қызметінің тарихын жан-жақты жəне жаңа көзқараспен қарастыруда ұсынып отырған теориялық-əдіснамалық негіз тақырыптың алдына қойылған мақсат, міндеттерді шешу арқылы тарихи танымда соны нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Əйтсе де ол қоғамдық дамудағы тарихи ақиқаттың ғылыми өлшемдерінің жиынтығы болғандықтан қоғамдық құрылымдардың ауысуындағы мəдени, рухани құндылықтардың сабақтастығы мен жаңғыруы деңгейін айқындауға қызмет жасайды. Бұл тəсіл таптық-формациялық көзқарасқа қарағанда қоғамдық тұрақтылықты орнықтыруға баса мəн беретіндіктен де ғылыми ойдағы қалыптасқан осы тəсілдің қолданылуының тарихи танымдағы маңызы зор жəне ол тəсіл арқылы алынған нəтижелердің қолданбалық маңызы да елеулі деп білеміз. Дегенмен, таптықформациялық теория мен элиталық концепция өлшемдері бір-біріне бара-бар ұғымдар болғанымен олар қоғам дамуының тарихи заңдылықтарын танудағы əмбебап тəсіл бола алмайды, содан да оларды бірден-бір дұрыс өлшем деп қабылдау ғылыми ақиқатқа қиянат болған болар еді. «Түркістан ұлттық элитасы» феноменін дəстүрлі ұлттық элитаның тарихи Ресей мен Кеңес өкіметінің қоғамды модернизациялау үдерісінің жағымды жəне жағымсыз факторлары ықпалымен мазмұндық, түрлік тұрғыда күрделі өзгеріске түсіп, жаңа қоғамдық талаптарға сай өз құрылымын жаңғырта алған, сол арқылы күрделі қоғамдық-саяси жағдайда ұлттық мүдденің бірден–бір қозғаушы күшіне айналған қоғамдық құбылыс деп бағалаған орынды. Қазақ ұлттық мемлекеттігінің билік құрылымдарының теориялық мəселелері қоғамдық дамудың рухани-адамгершілік жəне мəдени-əлеуметтік факторларын ескеріп, ұлттық мүддені жалпыадамзаттық құндылықтармен ұластыру арқылы шешілмек. Бұл мəселеде қоғамдық дамудағы ұлттық ерекшеліктерге басымдық берілуі тиіс. Элита категориясы белгілі бір мəдени-рухани дəстүрлерде қалыптасып, орныққан, біртұтас азаматтық қауымдастық негізде топтасқан қоғамның барлық ұлттық құндылықтарының жинақтаушысы, жаңғыртушысы болатын саяси-əлеуметтік топ. Ал ұлттық элита категориясы мемлекет құрушы қазақ ұлтының төңірегіне топтасқан саяси-əлеуметтік қауымдастықтың жоғары тобын білдіретін «қазақстандық элита» ұғымында орнығуы керек. Элитаның күрделі саяси-əлеуметтік құрылымы өзінің ішкі заңдылықтарына сай өз қатарын толықтырып, саяси-əлеуметтік бағдарын өзгерте алғанымен оның қызметінің тиімділігі белгілі дəрежеде мемлекеттің саясатына тəуелді болып келеді. Демек, қоғамның элитақалыптастырушы орта болғаны сияқты элиталық құрылым да мемлекеттің қоғамдық-саяси, мəдени-əлеуметтік институттарын қалыптастыруға тікелей басшылық жасайды. Бұл өзара байланыстың үйлесімділігі қоғам дамуының деңгейін анықтайды. Түркістан тарихын элиталық тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін кешенді жəне жүйелі түрде талдау қазіргі заман тарихының қоғамдық-мемлекеттік бағдардағы ұлттық мүдденің қалыптасуы мен іске асу эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай өз кезегінде қазіргі тəуелсіздігіміздің бастауында тұрған ұлттық элита өкілдерінің қызметіне баға берумен бірге қоғамдық дамуға ықпал жасаған этносаяси үдерістерді тануға негіз болады. Отан тарихындағы күрделі мəселелерді зерделеуде элиталық концепцияның əдіс-тəсілдер кешені саяси, əкімшілік, этникалық, аймақтық, шығармашылық, кəсіптік элита түрінде жаңа желілерді қарастыруға жəне тарихи танымда тың көзқарас қалыптастыруға негіз қалайды. Отан тарихының кеңестік кезеңінде таптық көзқараспен қалыптасқан қоғамдық-саяси қағидалар мен ұстанымдардың шынайы мазмұнын ашуда таптық теорияға балама ретінде қолданылатын элиталық концепция қазіргі кездегі таным тəсілдерінің əралуандығына қарамастан өзінің позициясын орнықтырып келеді.

Элита категориясының мемлекеттік билік құрылымдарын
жасақтау жəне оның басқарушы, атқарушы əрекеттерін қамтама-
сыз ету қызметі қазіргі кезде кəсіпқой мемлекет құру түріне
мемлекеттік маңыз алып отыр. Саяси тəртіпке сүйенген элита

тарихи даму шарттары, қоғамның дəстүрі, экономикалық жəне
технологиялық даму деңгейіне сəйкес бұқараға билігін жүргізеді.
Əйтсе де осындай мазмұндық, сипаттық ерекшеліктері мен ішкі
қайшылықтырына қарамастан қандай қоғамда, қандай саяси

тəртіп жағдайында болса да элита іске асыратын үдерістің басты
мазмұны дəстүрлі қоғамды жаңғырту, оны қазіргі заманғы қоғамға
айналдыру болып қалады. Демек, тəуелсіздік бастауында тұрған
ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихын тəуелсіздік

жағдайындағы ұлттық элита болмысымен шендестіре қарастыру
тарихи танымға тың серпін беріп, мəселенің қолданбалық маңызын
арттыра түседі.
Элиталық теорияның пəнаралық шекарасы нақты айқындала

қойған жоқ, содан да алдағы кезде бұл концептуалдық бағыттың
тарихи аспектісін айқындаумен бірге саясаттану, əлеуметтану
ғылымдарының зерттеу тəсілдерін тарихи таным мақсаттарына
қолданудың мүмкіндігі іздестірілуі тиіс. Мəселенің осылайша

қойылуы отандық тарих ғылымында элита концепциясының
теориялық-əдіснамалық негіздемесін одан əрі дамытуды қажет
етеді. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нəтижелері интеллектуалды тарих ғылымының базасын кеңейтумен

бірге оны мазмұндық, желілік жəне теориялық-əдіснамалық
тұрғыда байыта түсері сөзсіз.
Отандық тарих ғылымының мазмұнын ұлттық мүдделерді ес-
кере отырып, əлемдік ғылыми ойдың жетістіктеріне сай теориялық

жəне əдіснамалық тұрғыда жаңа деңгейге көтеру еліміздің
тəуелсіздігін идеологиялық жағынан нығайтуға қызмет ететін
міндеттердің біріне айналды.
Қазіргі кезде Алаш қозғалысының тарихына қатысты қолда

бар деректердің өзі осы тарихи болмысты қалпына келтіретін
жаңа да іргелі тұжырымдар жасауға жеткілікті деп айта аламыз.
Осы деректердің негізінде Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты
туралы ғылыми тұжырым негізделді. Бұл тұжырымның мəні Алаш

қозғалысының географиялық ауқымын едəуір кеңейтіп, оның
көтерген ұлттық идеясының жартылай жария, жартылай жасы-
рын жағдайда өмір сүрген уақыттық шегін де ұзартуға, сол сияқты
Алаш қозғалысын тұлғаландыру бағытында да көптеген жаңа

есімдерді тарихи танымға қосуға мүмкіндік береді.
ХХ ғ. алғашқы ширегінде Түркістан өлкесіндегі этносаяси
үдерістер мазмұны мен сипаты бойынша өте күрделі сипат алуы
оның тарихнамасына өз қолтаңбасын қалдырды. Теориялық-

əдіснамалық негізге алынған таптық-партиялық қағидалар шынайы
тарихи болмысты ашық бере алмады. Мəселе тарихнамасының
осы кемшін тұстары тəуелсіздік жылдары жаңа көзқараспен жəне
тың теориялық-əдіснамалық ізденістермен жүргізілген зерттеулер

арқылы толықтырыла бастады. Тарихнамалық талдау көз жет-
кізіп отырған ғылыми ақиқат элита теориясының мүмкіндіктерін
отан тарихын зерттеп, зерделеуге батыл қолдануға болады деген
тұжырым жасауға итермелейді.

Тақырыпқа қатысты дереккөздерінің қалыптасуы мен құры-
лымының күнделігі, мазмұнының тереңдігі оларды пайдалануға
деген ғылыми талғамның, зерттеу тəсілдерінің көптүрлілігіне
байланысты көпқатпарлы мазмұндауға негіз болғанына көз жеткі-

земіз. Əсіресе, тақырыпқа қатысты кеңестік кезеңдегі деректанулық
жетістіктер қазіргі тарих ғылымының сұраныстары мен зерттеу
əдіс-тəсілдеріне сай қайта талдауды, сараптауды қажет етеді. Оның
үстіне қоғамдық-саяси үдерістерді саяси элита қызметі арқылы

талдау да тың деректанулық ізденістерге сүйенетін болады.
Элитақалыптасу үдерісінің саяси жүйе үшін маңызы ерекше,
ол азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарына араласуы-
на азды-көпті құқықты қамтамасыз етеді немесе ол мүмкіндікті

шектейді, тіпті ондай мүмкіндіктердің бəрін де жоюы ықтимал.
Дəл осы жағдай кеңестік жүйедегі қазақ қоғамы үшін азаматтық
жəне ұлттық мазмұнға ие болып, қос қатпарлы сипат алды. Демек,
ұлттық элитаның қызметіндегі элитаайналымы үдерісі осындай

күрделі сипатымен ерекшеленгендіктен оның тарихында тəуелсіз
ой-сана тұрғысында танып білуге тиісті қалтарысты сəттер аз
емес. Сол үшін де шынайы тарихи ақиқатты қалпына келтіруде
саяси, партиялық құжаттармен бірге элита ішіндегі саяси, топтық

тартыстарды айғақтайтын құжаттардың деректік мүмкіндіктерін
кеңінен пайдалану қажет. Қазіргі уақытта тарихи танымға тың
бағыт беретін бұл істе тарихшының кəсіптік біліктілігі пен жоғары
мəдениеті қоғамдық сананың ұлттық элита тағдырына қатысты

тың тұжырымдарды байыппен қабылдауға дайындығы жеткілікті.
Отандық тарихымызда əлеуметтік құбылыс болып танылған
Түркістандағы ұлттық элитаның дамуы бірнеше кезеңдерден
тұратын күрделі сипатқа ие болды. Билік басына келген боль-

шевиктер - таптық күрестің элитасы, пролетариат диктатура-

сы идеясын іске асырушы элита болғандығы даусыз. Ал ұлттық элита осы большевиктік элитаның төңірегіне топтасқан, көбіне оппозициялық позиция ұстанған саяси-əлеуметтік топтардың бірі ғана еді. Ұлттық элитаның құрамы біршама аз санды, əрі большевиктік биліктің ықпалына тəуелді болғанымен, тіпті саяси еркі барынша шектеулі болса да ол кеңестік билік құрылымындағы шешуші буынға айналды. Өйткені, ұлттық элитасыз кеңестік биліктің жергілікті халыққа ықпал жасауы нəтижесіз болатын. Содан да большевиктік билік өзіне оппозиция болатынын біле тұра ұлттық элитаны қалыптастыруға, оны тəрбиелеуге мүдделі болды. Демек ұлттық элитаның қалыптасуы кеңестік биліктің ұлт саясатымен - жетістігімен де, кемшілігімен де тығыз бірлікте қарастырылуы тиіс. Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты қазақ жеріндегі Алаш қозғалысымен салыстыра қарастыру барысында оның бірқатар ерекшеліктеріне көз жеткіземіз. Ол ерекшеліктер, біріншіден: өлке халқының полиэтникалық құрамынан туындаған саяси, рухани əралуандық түріндегі ішкі фактордан, екіншіден: тарихи Ресейдің өлкедегі қоғамды модернизациялауының қарқынды жүргізілуі түріндегі сыртқы фактордан туындады. Алғашқы фактордың ықпалымен ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясын қалыптастыруда жадитшілер басты рөл атқарды жəне тəуелсіздік идеясы халықтың мұсылмандық, түркілік, түркістандық түріндегі ортақ атаулармен бірігуіне негізделді. Ал екінші факторға байланысты отарлық биліктің қоғамдық өмірге, экономикаға жасаған өзгерістері өлке тұрғындарының тұрмысы мен санасына елеулі ықпал жасай отырып, шовинистік сипат арқылы ұлттық наразылықты өршіте түсті. Ұлттық демократиялық құрылым ретінде ұлттық элитаның үлкен жетістігі болған Түркістан мұхтариятының қуып таратылуынан соң өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс сипаттық өзгеріске ұшырады. Түркістанда кеңес өкіметінің орнауы аса күрделі қоғамдықсаяси жағдайларға байланысты барынша шиеленісті сипат алды. Барлық шиеленістің негізгі түйіні өлкедегі мемлекеттік билікті айқындаудан туындады. Ұлттың өзін-өзі басқаруға қол жеткізуді басты мақсат еткен ұлттық элита өкілдері өлкеде қалыптасуы тиіс мемлекеттіліктің саяси, идеялық жəне құқықтық негіздерін жасау əрекеттері арқылы ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. Отаршылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс барысында қалыптасқан тəуелсіздік идеясы билік басына келген большевиктердің Ресей төңірегіне топтасқан біртұтас, бөлінбейтін мемлекет құру жөніндегі саясатына қарсы қойылды. Сол сияқты ұлттық элитаның ұлттық демократиялық қоғам орнатуға деген ұмтылысы большевиктердің пролетариат диктатурасына негізделген таптық қоғам құруды көксеген озбырлық əрекетіне қарсы тұрды. Қоғамдық даму барысында ұлттық элита құрылымының балаңдығы, саяси күштердің ұйымдық тұрғыда пісіп жетілмеуі сияқты көптеген объективті себептердің салдарынан саяси текетірес большевиктердің пайдасына шешілді. Ұлттық күштер құрамында сапалық өзгерістер іске асып, олар тəуелсіздік үшін күрестің жаңа жағдайдағы тактикалық мақсаттарына топтаса бастады. Түркістанда 1918-1920 жж. орын алған этносяси үрдістерге жасалған талдау көрстіп отырғандай, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында іске асырылған саяси-əлеуметтік өзгерістер қоғамдық өмірді жаңалауда едəуір жетістіктерге қол жеткізгендігін көреміз. Бірақ, осы өзгерістердің жергілікті халықтардың қоғамдық-саяси өмірдегі дəстүрлі құндылықтарын біржақты күйрету арқылы іске асырылуы ол нəтижелердің тиімділігін төмендеткен басты факторлардың біріне айналды. Осы тарихи құбылыста ұлттық элита өкілдерінің қызметі ұлттық мұраттарды кеңестік билік қағидаларымен кіріктіруге бағытталды. Кеңестік биліктің жүйелі жəне мақсатты кадр саясатының барысында Түркістандағы жаңа қоғамдық билік институттары үшін кеңестік үлгідегі басшылар дайындау өз нəтижесін бере бастады. Коммунистік идеологияға сай таптық көзқарастағы ілімдермен қаруланып, таптық төзімсіздік рухында тəрбиеленген басшылардың қуатты корпусының қалыптасуына негіз қаланды. Билік құрылымдарындағы ескі үлгідегі ұлттық-деморатиялық элитаның ықпалы мен үлесі партия, кеңес мектептері мен комуниверситеттердің қысқа мерзімдік курстарында асығыс дайындалған наменклатуралық кадрлардың көптеп келуіне байланысты азая берді. Бұл үдерістен Түркістан қоғамындағы элитаайналымының сапалық жаңа кезеңіне тəн белгілерді көреміз. Ескі қоғамнан жаңа қоғамға ауысудың тарихи миссиясын атқарған ұлттық элита белсенді саяси қызметтен біртіндеп шеттетіліп, таптық негізде қалыптасқан партиялық-мемлекеттік номенклатурамен асығыс алмастырыла бастады. Орталық Азия мемлекеттерінің мəдени өркендеуі, экономикалық дамуы, саяси өзгерістері бір-бірімен тығыз ықпалдастықта іске асқандықтан да мəселені кешенді негізде қарастыру тарихи

ақиқатқа айқындық береді деп бағалануы тиіс. Мəселенің осылай-
ша қойылуы қазіргі заманғы түйткілді құбылыстарды танып білудің
тетігі болмақ. Əйтпесе, Түркістан республикасында кеңес өкіметі
жүргізген қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық өзгерістерді

ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру міндеті ескі мəселеге жаңа
көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Соған сəйкес, Түркістан та-
рихында кеңестік биліктің жасаған өзгерістері қоғамды модерни-
зациялауда елеулі ілгерілеушілік болғандығы қандай ақиқат болса,

жергілікті халықтардың ұлттық тəуелсіздікке ұмтылған əрекетін
саяси айла-шарғымен, экономикалық қысыммен, əскери күштеу
арқылы қоғамдық дамуды тежеуші күшке айналғандығы да сондай
ақиқат деп бағалай аламыз.

Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген ұлттық-территория-
лық межелеу тарихи тұрғыда өте күрделі үдеріс болды.
Түркістанның мемлекеттік бірлік ретінде жойылуымен Түркістан
ұлттық элитасы ұғымы да саяси мəнінен айырылды. Олардың

көтерген ұлттық идеяларының тағдыры да əртүрлі шешім тапты:
түркістандық бірлік идеясы тарих қойнауына кетті; ұлтық мем-
лекеттілік, тəуелсіздік идеялары ұлттық мазмұнынан айырылып,
кеңестік сипат алды. Ал ұлттық элитаның өз тағдыры «соқтықпалы,

соқпақсыз» халге түсіп, кеңестік тоталитарлық биліктің өктем
жүйесімен бетпе-бет қалды.
Түркістан ұлттық элитасының құрылымына тəн ең басты
ерекшелік оның саяси, əлеуметтік жəне этникалық тұрғыда өте

күрделі сипатта болуы екендігін атап айтамыз. Бұндай күрделі
құрылымның генезисі аймақтың ғасырлар бойы орныққан саяси,
экономикалық жəне рухани интеграциялық дəстүрлері мен тарихи
Ресейдің жəне кеңес өкіметінің Түркістан қоғамын модернизаци-

ялау барысында қалыптасты. Патшалық, кеңестік билік жүйесінде
дəстүрлі элиталық құрылым сабақтастығының үзіліп қалуы ұлттық
элитаның сипатын мүлдем өзгертіп жіберді. Əйтсе де, жаңа сипат-
ты ұлттық элита өз қызметінде дəстүрлі элитаның биік қасиеттері

мен мұраттарын сақтап қалды жəне оны уақыт талабына сай
жаңғыртып, жетілдіре алды. Бұл жағдай ұлттық элитаның үлкен
жетістігі болғанымен кеңестік тоталитарлық билік қалыптастырған
партиялық-мемлекеттік номенклатура жүйесі ұлттық мазмұн мен

сипатты таптық-саяси құндылықтармен алмастырып жіберді.
Түркістан өлкесіндегі ХХ ғ. алғашқы ширегінде орын алған
этносаяси үдерістер мазмұндық, сипаттық жағынан өте күрделі
болғандықтан оның қоғамдық өмірді жаңалаудағы нəтижелері де

барынша қайшылықты болды. Отарлық, кеңестік биліктердің осы
бағыттағы ұстанған саясаты қоғамдық өмірдегі мəдени, рухани
ерекшеліктерді ескермей, ұлттық мүддені таптық мұраттармен
алмастырды. Өлкеде жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуы

жергілікті халықты орасан зор рухани, материалдық шығынға
ұшыратқанына қарамастан жаңару үдерістері жергілікті халықтың
қазіргі заманғы даму бағыттарын айқындады. Өлкедегі Алаш
қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлттық элита өкілдері

кеңестік билік қолға алған осы жаңару үдерістерінде алаштық
идеялардың іске асуына ықпал жасай алды. Олардың сан-салалы
қызметтерінде Алаш қозғалысында тұжырымдалған мақсаттар
мен міндеттер кеңестік билік жағдайында түрлік, мазмұндық

өзгерістерге түскенімен идеялық өзегін сақтап, одан əрі жалғасын
тапты.
Түркістанда мемлекеттік құрылыстың, билік құрылымдары-
ның қалыптасуы күрделі мазмұн алған. Бұл жерде дəстүр

сабақтастығының іске асу қағидасы талап ететін міндетті түрде
сақталуы тиіс қоғамдық шарттар бар. Соған сəйкес кеңес өкіметі
ескі қоғамның билік институттарының мазмұнын мансұқ-
тағанымен əкімшілік бірліктер, басқару құрылымдары түрінде

олардың сыртқы формаларын сақтап қалды. Осы сияқты
басқару элитасы орталық жəне жергілікті басқару органдары
шенеуніктерінің орасан зор бөлігі əкімшілік басқару дəстүрлерін
сақтай отырып, жаңа қоғамда мазмұндық, түрлік жаңғыруды бас-

тап өткізді. Кеңестік қоғамның басқару құрылымдарының негізін
құраған осы кездегі мемлекеттік қызметкерлердің басты миссия-
сы екі қоғам арасындағы байланыстырушылық рөл еді. Өздерінің
əлеуметтік жағдайы, қоғамдық-саяси көзқарастары, тіпті тарихи

миссиясы бойынша ерекше маңызға ие болған бұл категорияның
арасынан ұлт-азаттық қозғалысының М.Тынышпаев, С.Лапин,
М.Шоқай, С.Өтегенов, С.Ақаев сияқты қайраткерлері өсіп шықты.
Олардың саяси ұстанымдары мен идеяларын кеңестік қоғамда

одан əрі жалғастырған С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, С.Қожанов,
Н.Төреқұлов, А.Серғазиев, Қ.Ибрагимов, И.Тоқтыбаев, Б.Аралбаев,
Қ.Сармолдаев, С.Есқараев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, Н.Рүстемов,
Ə.Палмұхамедов,

Ə.Құдабаев,
Н.Сатығұлов,
Қ.Болғанбаев,
Қ.Қожықов, Қ.Күлетов жəне т.б. көптеген тұлғалар Түркістан

республикасының жоғарғы билік құрылымдарында басшылық
қызметтер атқарып, жаңа қоғамда ұлттық құндылықтарды
қалыптастыруға ықпал жасаған еді. Тарихи қызметі Түркістанмен

байланыста өрбіген А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов, С.Сəдуақасов, М.Əуезов, Қ.Кемеңгеров, Д.Əділов, Т.Құнанбаев жəне т. б. қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметі де ұлттық тұтастықты қалыптастыруға қызмет етті. ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі Түркістан өлкесіндегі этносаяси үдерістерге жасалған ғылыми талдау нəтижелері көрсетіп отырғандай, мазмұндық, сипаттық жағынан өте күрделі болғандықтан оның қоғамдық өмірді жаңалаудағы нəтижелері де барынша қайшылықты болды. Отарлық, кеңестік биліктердің осы бағыттағы ұстанған саясаты қоғамдық өмірдегі мəдени, рухани ерекшеліктерді ескермей, ұлттық мүддені таптық мұраттармен алмастырды. Өлкеде жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуы жергілікті халықты орасан зор рухани, материалдық шығынға ұшыратқанына қарамастан жаңару үдерістері жергілікті халықтың қазіргі заманғы даму бағыттарын айқындады. Өлкедегі Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан ұлт зиялылары кеңестік билік қолға алған осы жаңару үдерістерінде алаштық идеялардың іске асуына элиталық тұлғалар ретінде елеулі ықпал жасай алды. Олардың сан-салалы қызметтерінде Алаш қозғалысында тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттер кеңестік билік жағдайында түрлік, мазмұндық өзгерістерге түскенімен идеялық өзегін сақтап, одан əрі жалғасын тапты. Тақырыпқа қатысты жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында Алаш қозғалысы тарихының мазмұны едəуір толықтырылғандығын атап айтуға болады. Түркістанда қызмет жасаған ұлттық элита өкілдері алаштық идеяларды кеңестік билік жағдайында жартылай жария, жартылай жасырын түрде жүргізген қызметі еліміздің тəуелсіздігінің бастауында тұрған тарихи құбылыстың аумақтық жəне уақыттық шегін едəуір кеңейтуге мүмкіндік берді. Алаш қозғалысы барысында көтерілген ұлттық мемлекеттілік, ұлттық тұтастық, ұлтаралық бірлік идеялары бүгінгі тəуелсіз қоғамымыздың практикасында өзінің заңды жалғасын тапты.

Қосымша

БИОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШ

Ақаев Серікбай (1883 ж.т. -?) Перовск (қазіргі Қызылорда)
қаласында туған. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.
Мамандығы заңгер. 1917 ж. шілдедегі Орынбор қаласында өткен
Бүкілқазақ сьезіне қатысқан. Түркістан Мұхтарияты халық

кеңесінің мүшесі. Қызылорда қаласында қорғаушылар коллегия-
сында қызмет істеген. Қуғындалған.
Арабаев Ишанбай - Алаш қозғалысына белсене араласқан
қырғыз зиялысы, «Талап» қоғамының мүшесі, ағартушы.

Аралбаев Бегайдар (Бек-Айдар) Жантөреұлы (1896-1949)

– Сырдария облысы Түркістан уезі, Жаңақорған болысында

туған. Жаңақорған, Жөлек болысында Уақытша үкіметтің комис-
сары, Шиелі болысында халық соты, Ақмешіт уездік аткомында,
Сырдария облаткомында бөлім меңгерушісі, хатшысы, облатком
төрағасы, Ішкі істер халкомы, Жоғары Сот төрағасы. Түркатком

төрағасының міндетін атқарушы. 1924 ж. қарашасында Сырдария
губаткомының төрағасы, 1925 ж. сəуірде Қазатком хатшысы, 1929
ж. Мемлекеттік банк бастығының орынбасары, 1932 ж. Ақтөбе
мемлекеттік банкасының бастығы. Қуғындалған. 1933 ж. қамауға

алынып, 10 жылға бас бостандығынан айрылған. 1948 ж. тұтқынға
алынып, И.Тоқтыбаевпен бірге Красноярскіге жер аударылып, ай-
дауда қайтыс болған. 17.08.1958 ж. ақталған.
Атабаев Қайғысыз (1887-1937) - 1918 ж. партия мүшесі, 1920 ж.

қыркүйектен ТАКСР ХКК төрағасы. 1921 ж. желтоқсаннан РК(б)П
ОК Түркбюросының мүшесі.
Ахунбабаев Юлдашбай (1885-1943) – Ферғана облысы
Марғұлан уезі Язиван болысында туған. «Қосшы» одағын

ұйымдастыруға қатысқан. Уездік «Қосшы» одағының төрағасы.
1921 ж. партия мүшесі. 1925 ж. Өзбек КСР ОАК төрағасы, 1938-
1943 ж.ж. Өзбек КСР Жоғары Кеңесі төралқасының төрағасы,
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары.

Алманов Бəймен (1896-1941) - 1918 ж. партия мүшесі. 1920 ж.
Түркатком жанындағы ҚырОАК өкілі. 1921 ж. ҚырОАК төралқа-
сының ұйымдастыру, əкімшілік жөніндегі хатшысы. 1938 ж. саяси
қуғындалған. 1955 ж. ақталған.

Асфендияров Санжар Жағыпарұлы (1889-1938) Ташкент
қаласында туған. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын үйірмесі басшы-
ларының бірі. 1919 ж. партия мүшесі. Түркістандағы ұлттық саяси
қозғалыс басшыларының бірі. 1921-1921жж. РКФСР үкіметі, БОАК

жəне Наркомнац жанындағы ТАКСР тұрақты өкілі (Мəскеу қаласы).
ТАКСР Денсаулық сақтау халкомы, Түркатком төрағасы, ТКП ОК
хатшысы. Профессор. 1931-1933 жж. дəрігерлік институттың рек-
торы, əрі Денсаулық сақтау министрі. 1933-1937 ж.ж. КСРО ҒА

Қазақ бөлімі төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж.
ату жазасына кесілген. 27.05.1958 ж. ақталған.
Əділев Дінмұхамед (Дінше) (1900-1930) – Сырдария облысы
Сарысу уезінде туған, «Алаш» партиясының жəне коммунистік

партияның мүшесі. 1913 ж. бастауыш училище (Ақмола қ.), 1918
ж. гимназия (Омбы қ.) бітірген, 1919-1920 жж. Ташкент универси-
тетінде оқыған. 1914-1917 жж. «Бірлік» қоғамының мүшесі (Омбы
қ.). 1917-1918 жж Алашорда жағында азамат соғысына қатысқан.

1922 ж. Бұхарада Қ.Болғанбаевпен бірге А.З.Валидовпен кездескен.
1918-1920 жж Қазақ ағарту институтының оқытушысы (Ташкент
қ.), Жетісу губерниялық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі.
Түркреспубликасының Сырдария жəне Əулиеата уездерінде-

гі ҚырОАК өкілі. 1923-1925 жж Қазақ ағарту институтының
оқытушысы, директоры, Түркреспубликасының Халық ағарту
халық комиссиаратында, Сырдария облыстық атқару комитетін-
де, губерниялық сотта (Ташкент қ.), ҚАКСР халық ағарту халко-

мында еңбек еткен, ұлттық театрды ұйымдастырушылардың бірі.
Қуғындалған. 1928 ж. желтоқсанда тұтқындалған, 1930 ж. сəуірде
ату жазасына кесілген. 1988 ж. қарашада ақталған.
Бабаев Уəш (1809-1938) – ОҚО Жаңақорған ауданында туған.

Коммунистік партия мүшесі. Түркатком Төралқасының мүшесі.
Шымкент қаласындағы Қорғасын зауыты аудандық атқару
комитетінің төрағасы. С.Қожановпен туыстық қатынаста болған.
ОҚО обкомының хатшысы Ə.Досовпен бірге айыпталып, 1938 ж.

ату жазасына кесілген, 31.12.1957 ж. ақталған.
Бельский Л.Н. – 1924 ж. ОГПУ-дың Орта Азиядағы өкілетті
өкілі.
Болғанбаев Қайретдин (Қайралдин) Əбдірахманұлы (1894-

1937) – Ақмола губерниясы, Ақмола уезі Нұра болысында туған.

Орынбордағы Хусаиния медресесінің түлегі. 1916-1917 ж.ж.
тылдың қара жұмысына алынған қазақтардың арасында болған.
Алаш қозғалысының белсенді мүшесі. Қоқан қаласындағы 1917
ж. қарашада өткен Бүкілтүркістан мұсылмандарының ІV съезіне,

1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы
қазақтарының съезіне қатысқан. Түркатком мүшесі. «Бірлік туы»
газетінің редакторы, «Ақ жол», «Ұшқын» газеттерінде қызмет
істеген. 1922 ж. Бұхарада Д. Əділевпен бірге А.З. Валидовпен кез-

дескен. Қуғындалған. 1930 ж. 4 сəуірде 6 жылға сотталған. 1937 ж.
екінші рет тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген.
Битілеуов Дамулла – 1922 ж. Германияға оқуға жіберілген
жастардың бірі. Қуғындалған.

Бірімжанов Ғазымбек (1896-1937). – Торғай облысы Торғай
уезінің Тусын болысында дүниеге келген. Орынбор реал-
ды училищесінің түлегі. Алашорда үкіметінің мүшесі жəне іс
басқарушысы. 1920 ж. Орта Азия университетіне оқуға түскен.

1922 ж. қазанына дейін «Ақ жол» газетінің қызметкері. 1922-
1928 ж. ТүркОАК жолдамасымен Германияда Ауыл шаруашылық
институтында білім алған. Қуғындалған. 1930 ж. 4 сəуірде ату
жазасына кесілген, кейін ол жаза 10 жыл концлагерьмен ауыс-

тырылды. 1937 ж. қайта қамауға алынып, ату жазасына кесілген.
04.11.1988 ж. ақталған.
Байдилдин Əбдірахман (1890-1930) – СҚО туған. Əдебиетші.
1927-1928 жж. кəсіподақ қызметкері, Қазақ Ағарту институтының

ғылыми қызметкері. «Ақ жол» газетін жабу, алашордашыларды
сынауда белсенділігімен танылған. Қуғындалған. 04.04.1930 ж. ату
жазасына кесілген. 30.11.1990 ж. ақталған.
Байтұрсынов Ахмет (1873-1937) – Торғай облысында туған.

Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметі
басшыларының бірі. Ғалым, ағартушы, ақын, көсемсөзші. 1928 ж.
қазанынан ҚазМУ Қазақ тілі мен əдебиеті кафедрасының про-

фессоры. Қуғындалған. 1929 ж. маусымда ату жазасына кесілген. 1931 ж. ол жаза Архангельск облысына 10 жылға жер аударуға ауыстырылған. 1937 ж. қазанда тұтқындалып, 25 қарашада ату жазасына кесілген. 04.11.1988 ж. ақталған. Бəрібаев Жұбаныш – 1925 ж. РК(б)П Қазақ Өлкелік Комитеті Жетісу губкомының хатшысы. Батырбеков Жұмабек (1895 - ?) – Түркістан уезінде туған. Қаладағы орыс-бұратана мектебін бітірген. Түркістан уезінде «Қосшы» одағының төрағасы, уездік-қалалық партия комитетінің хатшысы, Сырдария облаткомының мүшесі, Түркатком мүшесі. 1921 ж. Сырдария облысымен шекаралас Торғай, Атбасар, Ақмола уездерімен арадағы жағдайды реттеу мəселесіндегі Түркістан Республикасының өкілі. 1924 ж. Түркістан мақта комитеті сауда бөлімінің меңгерушісі (Түркістан қаласы). С.Қожановқа қатысты құжаттарда есімі аталады. Қуғындалған. Бөкейханов Əлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – Семей облысы, Қарқаралы уезінде туған. ІІ Мемлекеттік думаның депутаты. Алаш партиясын құрушы, Алашорда үкіметінің басшысы. Ғалым, экономист, тарихшы, журналист-аудармашы. Өмірінің соңында Мəскеуде тұрды Қуғындалған. 01.08.1938 ж. ату жазасына кесілген. 14.03.1956 ж. ақталған. Варейкис И.М. – 1924 ж. 9 ақпаннан Түркістан КП ОК хатшысы, 1924 ж. 17 сəуірден РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі. 1925 ж. БК(б)П ОК Баспасөз бөлімінің меңгерушісі. Досмұхамедов Жанша (Жаханша) (1886-1938) – Орал облысында туған, заңгер. Алашорданың Батыс қанаты басшыларының бірі. Түркістанды жауапты қызметтер істеген. Т.Рысқұловтың бажасы. Қуғындалған. 1938 ж. тұтқынға алынып, атылған. 1958 ж. ақталған. Досмұхамедов Халел (1883-1939) – БҚО Краснокут ауданында туған. Дəрігер, ғалым, қоғам қайраткері. Алашорданың Батыс қанаты басшыларының бірі. Ташкентте оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға белсене араласты. «Талап» қоғамының, ТүркОАК жанындағы Қазақ бөлімінің басшысы. Қуғындалған. 19301938 жж. Воронежде айдауда болды. 23.04.1939 ж. 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Алматы қаласындағы №1 түрмеде қайтыс болған. 11.02.1958 ж. ақталған. Досназаров Аллаяр (?) – қарақалпақ халқының арасынан шыққан саяси қайраткер, Қызылəскер қатарында болған. 1923 ж. Москвадағы Сталин атындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітірген. 1924 ж. ТКП Əмудария обкомы Бақылау комиссиясының төрағасы, осы жылдың соңында Карақалпақ обкомының жауапты хатшысы. Дулатов Міржақып (Мир-Якуб) Дулатұлы (1895-1935) – Торғай облысы Жангелдин ауданында туған. Ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші, педагог, қоғам қайраткері. Алаш қозғалысы басшыларының бірі. «Қазақ», «Ақ жол» газетерін шығаруға белсене араласқан. Алаш қозғалысының көрнекті өкілдерінің бірі. Өмірі мен қызметі Түркістанмен тығыз байланысты. Қуғындалған. 1928 ж. қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған. 1988 ж. ақталған. Есболов (Испулов) Мырзағазы (1891-1938) – Алаш қозғалысының қайраткері. 1921 ж. Түркістан АКСР Жер істері халкомының Алқа мүшесі, «Қосшы» одағы басшыларының бірі. Түркатком мүшесі, Жетісуда жер-су реформасын жүргізуге ат салысқан. Ташкентте оқу-ағарту ісін ұйымдастыруға араласқан, «Талап» қоғамының мүшесі. Мектептерге арналған оқулықтың авторы. Қуғындалған. 1938 ж. наурызда атылған. Есқараев Сүлеймен (1897-1938) –Қызылорда қаласында туған. Түркістан республикасында мемлекеттік қызметтер атқарған. 1918 ж. Коммунистік партияның мүшесі. 1920 ж. мамырдан РК(б)П Сырдария облыстық комитетінің бөлім меңгерушісі, Ташкент облыстық ТК бастығының орынбасары, Қызылорда уездік атқару комитетінің төрағасы Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы, РК(б)П Сырдария губерниялық комитетінің бөлім меңгерушісі. 1924 ж. желтоқсанынан Сырдария облыстық партия комитетінің хатшысы. 1925 ж. сəуірінен 1927 ж. тамызына дейін ҚАКСР ішкі істер халкомы. 1933-1938 жж. Қарағанды облаткомының төрағасы, ҚАКСР прокуроры, ҚАКСР ХКК төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 05.11.1957 ж. ақталған. 1957 ж сəуірде ақталған.

Жаманмұрынов Тел Бұқпанұлы (1888-1938) – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Алаш қозғалысының өкілі. 1921-1929 жж. ҚАКСР Егін шаруашылығы халкомының бөлім меңгерушісі, халком орынбасары, Ақтөбе облыстық жоспарлау комиссиясының төрағасы. Қуғындалған. 25.07.1938 ж. ату жазасына кесілген. 04.03.1958 ж. ақталған. Жандосов Ораз Қиқымұлы (1884-1938). – Алматы облысы Верный уезінде туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі. Түркістан АКСР-інде жауапты қызметтер атқарған. Қазақ Өлкелік партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы, Жетісу облысында басшы қызметтерде болған. 1935-1937 ж.ж. Алматы облаткомының төрағасы. Қуғындалған. 02.03.1938 ж. ату жазасына кесілген, 08.06.1957 ж. ақталған. Жұмабаев Мағжан Бекенұлы (1893-1938) – СҚО Бейнетқор ауданында туған. Көрнекті ақын, аудармашы, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің оқытушысы. Əдебиетте түркішілдік идеяны насихаттаушы. Ташкентте газет-журналдарда қызмет істеген. Қуғындалған. 04.04.1930 ж. 10 жылға сотталған. 11.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 08.07.1960 ж. ақталған. Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. 1920 ж.коммунистік партия мүшесі. 1922-1927 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінің студенті. 1923-1926 жж. ҚАКСР-дің Түркістан республикасындағы өкілеті өкілі, Қазақ педагогикалық институтының ректоры (Ташкент қ.). 1927-1929 жж. Орта Азия мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері (Ташкент қ.), 1929-1930 жж. Тəжік КСР қаржы халкомы (Сталинбад қ.). 1930-1933 жж. Өзбек КСР халық ағарту халкомы (Ташкент қ.). 1933-1937 жж. ҚКСР Ағарту халкомы, ҚК(б)П ОК мүшесі. Қуғындалған. 25.12.1938 ж. ату жазасына кесілген. 18.04.1957 ж. ақталған. Зеленский Исаак Абрамович (1890-1938) – Кəсіпқой революционер. Саратов облысында туған. 1906 ж. партия жəне кəсіподақ ұйымдарында қызметке араласқан. 1920 ж. Моссоветте, 1921 ж. сəуірінен 1924 ж. күзіне дейін РКП Мəскеу қалалық комитетінің хатшысы, 1924 ж. қарашасынан 1935 ж. дейін РК(б)П ОК Орта Азия бюросының хатшысы. РК(б)П ОК мүшесі. 1938 ж. ату жазасына кесілген. Зиновьев Е.Г. (1883-1936) – Кəсіпқой революционер.1901 ж. партия мүшесі, 1917-1926 ж.ж. Петроград кеңесінің төрағасы, əрі Коминтерн атқару комитетінің төрағасы. 1912-1927 ж.ж. ОК мүшесі. Икрамов А.И. (1898-1937) – 1920 жылдан Ферғана, Сырдария облыстық партия комитеттерінің хатшысы, 1921-1922 жж. ТКП ОК хатшысы, 1924-1934 жж. РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының хатшысы. Қуғындалған. Қабылов Ілияс (1904-1938) – Қызылорда қаласында туған. 1934 ж. БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің үгіт жəне насихат бөлімінің меңгерушісі, ОК мүшесі. Қуғындалған. 26.02.1938 ж. ату жазасына кесілген. 25.05.1957 ж. ақталған. Қожықов Қоңырқожа (1886-1938) – Түркістан мұғалімдер семинариясының түлегі. Қазақ Ағарту институтының оқытушысы. «Қосшы» одағы басшыларының бірі. Сырдария, Жетісу облыстарында жер-су реформасын ұйымдастыруға басшылық жасаған. ТүркОАК мүшесі. 1918 ж. қаңтарда Түркістан қаласындағы Сырдария облысы қазақтарының съезін ұйымдастырушылардың бірі. 1925 ж. Əулиеата уездік жерге орналастыру комитетінің бастығы. Қуғындалған. 1938 ж. ату жазасына кесілген. Көбенов Үсен (1898-1938) – Оңтүстік Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында туған. 1934 ж. қыркүйегінен Алматы облысы Жаркент аупарткомының хатшысы. Қуғындалған. 03.03.1938 ж. КСРО Жоғары Соты əскери коллегиясы атуға үкім шығарған. 17.04.1958 ж. ақталды. Күлетов Қазмұхамед Кəрібайұлы (1897-1938) – Сырдария облысы Қазалы уезінде туған. Сырдария облаткомының төрағасы. 1932-1934 жж. РКФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің төрағасы, 1936 ж. қарашасына дейін сауда жəне тұтыну кооперациясы саласында қызмет істеген, кейін ОҚО атқару комитеті төрағасының орынбасары. Қуғындалған. 1937 ж. тұтқындалып, 1938 ж. атылған. 1957 ж. ақталған.

Кемеңгеров Қошмұхамед (1895-1937) – Омбы қаласында
туған. Жаушы, драматург. Ташкент қаласындағы Қазақ Ағарту ин-
ститутында, САХИПИ оқытушысы. Қуғындалған. 20.07.1937 ж.
ату жазасына кесілген.

Кенбаев (Кембаев) Сеитбек Кенбайұлы (1897-1938) –Түркіс-
тан уезі Жаңақорған болысында туған. Ташкентте партия-кеңес
органдарында жауапты қызметтерде болған. 1925 ж. Əулиеата уез-
дік-қалалық атқару комитетінің төрағасы. Шымкент қалалық кеңесі

атқару комитетінің төрағасы қызметінде Ə.Досовпен бірге айыпта-
лып, қуғындалған. 1938 ж. 27 ақпанда тұтқындалып, атылған.
Көпжасаров Искандер (?-?) – Алашорданың Батыс бөлім-
шесінде милиция бастығы болған. М.Шоқаймен араласып, хат

жазысып тұрған. Түркістан АКСР Қамсыздандыру халкомының
орынбасары қызметін атқарған. Кейінгі тағдыры белгісіз.
Көтібаров Əлимұхамет (Əли) (1871-1926) – Түркістан ұлт-
азаттық қозғалысының қайраткері. Петербург Əскери медицина

академиясын 1896 ж. бітірген. Ташкент округтік сотында аудар-
машы, Түркістан генерал-губернаторының кеңсесінде жоғары
лауазымды қызметтер атқарған. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын
үйірмесі басшыларының бірі. Орынборда 21-26 шілдеде өткен съез-

де Бүкілресей Құрылтай жиналысына делегат болып ұсынылған.
М.Шоқаймен жақын жолдас болды.
Құлтасов Фазылбек (1890-1937) – ОҚО Қызылорда ауданын-
да туған. Түркістан мұғалімдер семинариясының түлегі. Таш-

кенттегі Қазақ Ағарту институтын ұйымдастырушылардың бірі.
Тұтқындалғанға дейін Шымкент облыстық тұтынушылар қоғамы
жанындағы облыстық шикізат кооперациясының директоры болып
қызмет істеген. Қуғындалған. 1937 ж. 29 тамызда революцияға

қарсы ұлтшылдық ұйымның мүшесі ретінде тұтқынға алынып,
1937 ж. 2 қарашасында атылған. 1956 ж. 30 желтоқсанда ақталған.
Құдабаев Əбу (?) – Ақмешіт уезінде туған. 1925 ж. Қазақ
Өлкелік партия ұйымы Қарақалпақ обкомының хатшысы.

Қазыбеков Темірбек – 1922 жылы Германияға оқуға жіберіл-
ген жастардың бірі. Қуғындалған.
Қыдыралиев
(Қыдыр-Алиев,

Хидир-Алиев)
Инакжан
(Инагамеджан) – өзбек. 20-жылдардың бас кезінде Революциялық
Əскери кеңестің, Түркістан Компартиясы ОК-нің, РК(б)П ОК

Ортаазиялық бюросының мүшесі, кейін Мəскеуде қызмет іс-
теді.1928 ж. өзін-өзі өлтірді.
Қожанов (Ходжанов) Сұлтанбек (1894-1938) – көрнекті мемле-
кет жəне қоғам қайраткері. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын үйірмесі

басшыларының бірі. 1917 ж. шілдеде Орынборда Жалпықазақ
съезіне, 26 желтоқсанда Қоқан қаласында өткен Бүкілтүркістан
мұсылмандарының ІV съезіне қатысқан. «Бірлік туы» газетінің ре-
дакторы (1917-1918). Ташкенттегі педагогикалық училищеде жəне

педагогикалық курстарда сабақ берді (1918). Сырдария облыстық
ревкомының төрағасы (1920), Түркістан Республикасы Ішкі істер,
халық ағарту, жер істері халық комиссары, Түркатком төрағасының
орынбасары. ТКП ОК мүшесі, Түрккомиссияның мүшесі болды.

Қуғындалған. 1938 ж. 8 ақпанында ату жазасына кесіліп, 1957 ж. 5
шілдесінде ақталды.
Қоңыратбаев Қалжан (1877-1941) – қоғам қайраткері, ағар-
тушы. Қуғындалған.

Қасымов Ерғали – Ақмешіт уезінде туған. Уездегі ұлт-
азаттық қозғалыс басшыларының бірі. Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысының өкілі.
Қасымов Мұзарап – Ақмешіт уезінде туған. Ерғали Қасым-

овтың ағасы. Түкістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес»
астыртын ұйымының мүшесі, Азамат соғысы кезінде алашор-
дашылықтардың жағында ақ офицер ретінде соғысып, Ақтөбе
майданында қызыл əскердің тұтқынына түсіп, атылған.

Лапин Серəлі (Шер-Али) (1868-1919). – Қызылорда обл.
Сырдария ауданында туған, қоғам қайраткері, шығыстанушы,
«исламдық социализм» концепциясын негіздеушілердің бірі.
Қазақтан шыққан алғашқы саяси эмигрант. Санкт-Петербург

университетінің заң факультетін бітірген (1891). 1908-1910 жж.
Санкт-Петербургте тұрып, Мемлекеттік думаның Мұсылман
фракциясы ұйымдастыру бөлімінде қызмет етті. 1917 ж. шілде
айынан «Шурои-Улема» («Ғұлама қоғамы» немесе «Дін иелері

кеңесі») ұйымының басшысы, Түркістан Мұхтарияты Халық
кеңесінің құрамына сайланған. Бүкілресейлік Құрылтай жина-
лысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Түркістан ав-
тономиясы қарулы күшпен құлатылғаннан кейін, Бұхара əмірлігі

арқылы Түркияға өтеді. Большевиктерге қарсы күреске көмек
сұрау мақсатымен 1918 ж. 20 қыркүйегінде Берлинге (Германияға)
барған.
Лаумуллин Мұратбек – Түркістан майданы Революциялық-

əскери кеңесінің ұлттық құрылымдар бөліміндегі Түркатком мен
Халкомкеңестің өкілі.
Мангельдин Алдабек – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының
өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, заңгер, натариус бо-

лып қызмет істеген.
Мұңайтпасұлы (Лапин) Əбдірахман (1901-1963) – Қызылор-
да, кейін Ташкентте оқыған. 1921 ж. Германияға оқуға жіберілді.
1924 ж. былғары ісі мамандығы бойынша оқуын бітіріп, Мəскеуге

оралады. 1920 ж. Түркістанда сырбойылық жалайыр Садық
Өтегеновтің қызы Сараға үйленеді. Қуғындалған. 1931 ж. Бутыр-
ка түрмесіне қамалып, кейін Воронежге жер аударылады. Соғыс
кезінде əскер қатарына алынған.

Меңдешев Сейтқали (Сейтгали) Меңдешұлы (1882-1938).

- Астрахань губерниясы Бөкей ордасында туған. ҚАКСР ОАК

алғашқы төрағасы. 1919 ж. Комунистік партияның мүшесі.
1917-1918 жж. Бөкей губерниялық атқару комитетінің мүшесі,
кейін төрағасы, əрі Бөкей губерниялық халық ағарту бөлімінің
меңгерушісі (Орда қ.). Қамыс-Самар жер басқармасының төрағасы.

1918-1919 жж. Бөкей губерниясының халық ағарту бөлімінің
меңгерушісі (Орда қ.). 1919 ж. шілдесінен Қырревком халық
ағарту бөлімінің меңгерушісі. 1920 ж қазанынан 1925 ж. сəуіріне
дейін ҚырОАК Төрағасы. 1930-1933 жж. ҚАКСР Ағарту Халко-

мы, 1937 ж. дейін ҚазОАК Ғылым істері комитетінің төрағасы,
ҚАКСР ХКК жанындағы қорықтар мен байырғы ескерткіштерді
қорғау басқармасының бастығы. Қуғындалған. 1927 ж. ақпанында
тұтқындалған, 1938 ж. ақпанда ату жазасына кесілген, 1957 ж.

желтоқсанда ақталған.
Межлаук К.И. (1891-1938). – Кəсіпқой революционер. 1923-
1925жж. Түркістан мақта комитетінің төрағасы, Түркістан Рес-
публикасы Халкомкеңесі жанындағы Экономикалық кеңестің төр-

ағасы, РК(б)П ОК Ортаазия бюросының мүшесі. Қуғындалған.
Мұратбаев Ғани (1902-1925). - Сырдария облысы Қазалы уезін-
де туған. 1918 ж. Ташкенттегі Қазақ-қырғыз педучилищесіне оқуға
қабылданады. «Жас алаш», «Жас қайрат» жастар басылымдарының

ұйымдастырушысы жəне алғашқы редакторы. 1922-1924 жж.
РКЖО ОК Орта Азия бюросының мүшесі əрі жауапты хатшысы.
1924-1925 жж. Түркістан КП ОК бюро мүшесі, Жастардың Ком-
мунистік Интернационалы Шығыс елдері жастары арасындағы

жұмыс жөніндегі атқару комитетінің бөлім меңгерушісі. Алашор-
дашылармен жақсы қарым-қатынаста болған.
Нысанбаев (Хусанбаев) Дүйсенбай (1890-?) - Сырдария об-
лысы Перовск уезінде туған. 1918-1919 жж. Түркістан уездік-

қалалық комитетінде С. Қожановпен қызметтес болған. Түркістан
республикасында қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарған.
Түркістан халкомкеңесінің төрағасы П.А.Кобозевпен етене
араласқан. Ташқазақ уездік партия комитетінің жауапты хатшысы.

В.И.Ленинмен кездескендігі жөнінде естеліктер жазған. 1970 жыл-
дары Қызылорда облысы Шиелі ауданында қайтыс болған.
Оразаев Əбдірахман (Ғабдрахманбек) (1888-1937) – Ферғана
қаласында туған. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері.

1910 ж. гимназияны, 1915 ж. Санкт-Петербург университетің заң
факультетін бітірген. Түркістан Мұхтарияты Уақытша халық
Кеңесінің мүшесі, Түркістан Мұхтарияты Уақытша үкіметі Ішкі
істер министрінің орынбасары, М.Шоқайдың досы, ағайын-

жолдасы. М.Шоқаймен Париждегі кезінде хабараласып тұрды.
Қуғындалған.
Оспанов (Османов) Сəдуақас (1898-1938 жж.) – Оңтүстік
Қазақстан облысы Жаңақорған ауданында туған. 1917-1919 ж.ж.

солшыл эсерлер партиясының мүшесі, 1919 ж. коммунистік пар-
тия мүшесі. «Қазақ тілінің сөздігі» еңбегінің авторы. «Ақ жол»
газетінің редакторы. 1931 ж. Мəскеу қаласында Сталин атындағы
сауда академиясын бітірген. Тұтқындалғанға дейін ОҚО Келес

аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызмет істеген.

Қуғындалған 1937 ж. 26 тамызда революцияға қарсы ұлтшылдық
ұйымының мүшесі ретінде тұтқынға алынып, 1938 ж. 21 ақпанда
атылған. 1957 ж. 21 желтоқсанда ақталған.
Өтегенов Садық Қалмұхамедұлы (1874-1937) – ОҚО

Түркістан қаласында туған. 1896 ж. Түркістан мұғалімдер се-
минариясын бітірген. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын үйірмесі
басшыларының бірі. Алаш партиясы атынан Құрылтай жиналы-
сының депутаттығына ұсынылған. С.Қожановтың ұстазы. Ташкент-

тегі Қазақ Ағарту институтының оқытушысы. 1918 ж. қаңтардағы
Түркістан қаласында өткен Сырдария облысы қазақтарының
съезін ұйымдастырушылардың бірі. Қуғындалған. 19.11.1937 ж.
ату жазасына кесілген. 17.07.1957 ж. ақталған.

Палмұхамедов Əбду (1895-?) – Перовск уезінде туған, қалалық
училищені бітірген. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі. Түркістан
уездік-қалалық ревкомының хатшысы.
Петерс Я.Х. (1886-1938) – Кəсіпқой революционер. 1904 ж.

партия мүшесі. 1920-1922 жж. РК(б)П ОК Түркістан бюросының
мүшесі, ВЧК-ның Түркістандағы өкілетті өкілі. 1921 ж. БОАК
жəне РКФСР ХКК Түркістан комиссиясының мүшесі, 1922 ж. ГПУ
Шығыс бөлімінің алқа мүшесі жəне бастығы. 1923 ж. Орталық

Бақылау Комиссиясының мүшесі, 1924 ж. Жұмысшы Шаруа Инс-
пекциясы Халкомының алқа мүшесі.
Рахымбаев А.Р. (1896-1938) - 1919 ж. партия мүшесі. 1921 ж.
қыркүйектен ТүркОАК төрағасы, Түркістан КП ОК хатшысы, 1921

ж. РКФСР Ағарту Халкомының алқа мүшесі. 1922 ж. Түркістан
КП ОК-Өзбекстан КП ОК хатшысы.
Рүстемов Нарзілда (1882-1938) - ОҚО Түркістан ауданы
Шоқтас ауылында туған. 1920 ж. коммунистік партия мүшесі.

Əулиеата уездік-қалалық паритя комитетінің хатшысы, Сырдария
облаткомының төрағасы, Түркатком хатшысы, ТүркОАК мүшесі.
НКВД құжаттарында алашордашыл ретінде аталады. Қуғындалған.
07.03.1938 ж. ату жазасына кесілген.

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы (1894-1938) - көрнекті мемлекет
жəне қоғам қайраткері. 1917 ж. коммунистік партия мүшесі.1919
жылдың наурызынан ТКП Мұсылмандар бюросының төрағасы.
1920 ж. қаңтарда ТүкОАК тқрағалығына сайланған.1-7 қыркүйектегі

Шығыс халықтарының І съезіне (Баку қ.) қатысып, делегаттардың
коммунистік фракциясын басқарды. РКФСР Ұлт істері халкомы-
ның екінші орынбасары, осы халкомның Əзірбайжандағы
өкілі, 1922 ж. күзінен 1924 ж. қаңтарына дейін Түркістан АКСР

Халкомкеңесінің төрағасы. РК(б)П ОК Саяси бюросының шешімі-
мен Коминтерн Атқару комитетіне қызметке жіберіледі, 1924 ж.
жазынан 1925 ж. маусымына дейін Коминтерннің Монғолиядағы
өкілі. 1926-1937 жж. РКФСР Халкомкеңесі төрағасының орынба-

сары қызметінде болды. Ұлт-азаттық қозғалыс тарихына қатысты
бірнеше еңбектердің авторы. Қуғындалған. 1938 ж. ақпанында ату
жазасына кесілген, 1957 ж. ақталды.
Рудзутак Я.Э. (1877-1938). – Кəсіпқой революционер. 1905

ж. партия мүшесі, 1920-1922 ж.ж. РК(б)П ОК Түркбюросы жəне
БОАК жəне РКФСР ХКК Түрккомиссиясының, 1922 ж. Орта Азия
бюросының төрағасы. 1923-1924 ж. РК(б)П ОК хатшысы. 1920-
1937 жж. ОК мүшесі, 1926-1932 жж. Саяси бюро мүшесі. 1923-

1926 жж. Саяси бюро мүшелігіне кандидат.
Сарымолдаев Қабылбек (1898-1938) – Сырдария губерни-
ясы Мерке ауданы Ойтал селосында туған. 1918 ж. коммунистік
партия мүшесі. Əулиеата, Алматы уездік-қалалық аткомдарының

төрағасы. Ақпан 1921 ж. – ақпан 1922 ж. Қырғыз республи-
касы ішкі істер халкомының орынбасары. 1924 ж. Сырдария
облаткомының төрағасы. 1933 ж. ШҚО облатком, кейін Торғай
ауаткомының төрағасы, 1937 ж. қыркүйегінен ҚКСР Тамақ

өнеркəсібі халкомының орынбасары. Қуғындалған. 25.02.1938 ж.
ату жазасына кесілген, 27.03.1958 ж. ақталған.
Сатығұлов Нұрғали (1897-1938) – Перовск уезінде туған. 1919 ж.
коммунистік партия мүшесі. Перовск қалалық училищесін бітір-

ген. Осы уезде Төтенше комиссияның төрағасы, Жетісу облысында
жерге орналастыру бойынша Түркатком мен Халкомкеңестің өкілі.
Ішкі істер халкомының алқа мүшесі, əкімшілік басқармасының
бастығы. 1933 ж. Алматы облысы Аягөз аупарткомының хатшысы,

1937 ж. мамырынан ҚКСР Алматы облаткомы жергілікті өнеркəсіп
бөлімінің бастығы. Қуғындалған. 05.08.1937 ж. ату жазасына кес-
ілген. 05.07.1959 ж. ақталған.

Сафарбеков Садық (Садыбек) Жүнісұлы (1902-1938)

– Түркістандағы комсомол жастар қозғалысының өкілі. ОҚО

Жаңақорған ауданында туған. 1919 ж. коммунистік партия мүшесі.
САГУ рабфагін, Мəкеуде Я.Свердлов атындағы университеттің
курсын бітірген. 1922 ж. Ташкентте партия курстары мен мек-
тептерінде оқытушы, 1923 ж. Сырдария облыстық партия ко-

митеті Бақылау комиссиясының мүшесі, облыстық «Қосшы»
одағының төрағасы. 1936 ж. Қазсовпроф төрағасы, сəуір айынан
ҚКП Қарағанды обкомының екінші хатшысы, тамыз айынан Гу-
рьев округтық парткомының, 1937 ж. сəуір-қазан айы аралығында

БҚО Орал қалалық парткомының бірінші хатшысы. Қуғындалған.
18.11.1937 ж. ату жазасына кесілген. 21.01.1958 ж. ақталған.
Сафаров Г.И. (Володин, Егоров) (1891-1942) – Кəсіпқой
революционер. 1908 ж. партия мүшесі. 1921 ж. РК(б)П ОК

Түркбюросының мүшесі, желтоқсан айынан Коминтерннің Шығыс
бөлімінің меңгерушісі, Комитерн Атқару комитеті Төралқасының
мүшесі. Түркістан Республикасында Түрккомиссияның мүшесі
ретінде жауапты қызметтер істеген, алашордашыларды мемлекет-

тік қызметтерге тартуға ықпал жасаған.
Сейфуллин Сəкен (Сəдуақас) (1894-1938) – Ақмола облы-
сы Ақмола уезі Нілді болысында туған. 1918 ж. Коммунистік
партияның мүшесі. 1917-1918 жж Ақмола уездік атқару комитетінің

төрағасы, Ақмола депутаттары кеңесі президиумының мүшесі
жəне халық ағарту комиссары, 1918-1919 жж Колчак өкіметі кезін-
де абақтыда отырған, кейін концлагерьге кесілген (Ақмола, Омбы
қалалары). 1920-1921 жж ҚырОАК Президиумының мүшесі,

Қырғыз (қазақ) автономиялы облысы ХКК төрағасы.. 1922-1923
жж «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы (Орынбор қаласы). 1924-
1926 жж ҚАКСР Халық ағарту халық комиссариатының Ғылыми
комиссиясының төрағасы (Қызылорда қаласы). 1935 ж. «Əдебиет

майданы» журналының редакторы, Қазақстан жазушылар одағы
басшыларының бірі. Қуғындалған. 1937 ж. ақпанда ату жазасына
кесілген. 1957 ж наурызда ақталған.
Соколов С.М. – 1922 ж. РК(б)П ОК Орта Азия бюросының

мүшесі.
Товстуха И.П. – РК(б)П ОК хатшысы И.Сталиннің көмекшісі,
жеке хатшысы, РК(б)П ОК Құпия бөлімінің меңгерушісі
Томский М.П. (1880-1936) - Кəсіпқой революционер. 1904 ж.

партия мүшесі. 1918-1921 жəне 1922-1929 жж. ВЦСПС төрағасы,
1922 ж. ВЦСПС хатшысы, 1921 ж. БОАК жəне РКФСР ХКК
Түрккомиссиясының мүшесі.
Төреқұлов Н.Т. (1893-1937) – 1918 ж. партия мүшесі.

ТКП ОК хатшысы, Түрккомиссия мүшесі. 1923 ж. Орталық
Шығыс баспасының басшысы. Қазақтан шыққан алғашқы елші.
Қуғындалған.
Тоқтыбаев Иса Тоқтыбайұлы (1894-?) – Қызылорда облы-

сы Тереңөзек ауданында туған. 1916 ж. Ташкент мұғалімдер се-
минариясын бітірген. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын үйірмесі
басшыларының бірі. 1920 ж. дейін Түркістан өлкесі Халық Ағарту
Кеңесі алқасының мүшесі, əрі Қазақ ағарту Институтының дирек-

торы, 1920 ж. «Ақ жол» газетінің жауапты редакторы, ТүркОАК
мүшесі. «Талап» қоғамының мүшесі, «Алғашқы басқыш мектеп-
теріне арналған бастапқы география», «Түркістанның географиялық
очерктері» оқулықтарының авторы. 1926 ж. дейін ҚазАКСР Халық

ағарту комиссариаты алқасының мүшесі. 1929 ж. Ленинградтағы
Ғылыми педагогикалық Мемлекеттік институттың аспирантура-
сында оқыды. 1932 ж. Кеңестік Шығыс аз ұлттар институтының
директоры əрі Томачев атындағы Əскери-саяси академияның

оқытушысы. Қуғындалған. 1933 ж. тұтқынға алынып, 10 жылға
сотталған, 1935 ж. босанған. 1939 ж. тұтқынға алынып, 1947 ж.
босанған. 1949 ж. үшінші рет сотталып, 1954 ж. мерзімінен бұрын
босатылған.

Шоқаев (Шоқай) Мұстафа (1890-1941) – Сырдария облысы
Ақмешіт қаласында туған. Ташкент қаласында ер балалар гим-
назиясын, С-Петербург университетін бітірген, заңгер. 1916 ж.
Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылмандар фракциясының хат-

шысы. Ташкенттегі «Кеңес» астыртын үйірмесі басшыларының
бірі. Түркістандағы Мұсылмандар Кеңесін (Шура-и-Исламия)
ұйымдастырушылардың бірі, Уақытша Үкіметтің Түркістан
Комитетінің мүшесі. Түркістан Мұхтарияты (Қоқан автономия-

сы) үкіметінің төрағасы, Алаш қозғалысы басшыларының бірі.
1918 ж. ақпанда шет елге мұғажырлыққа кетті. Мұғажырлық
жағдайда тəуелсіздік идеясын насихаттап, кеңестік билікке қарсы
саяси күрес жүргізген. Түркілік бірлік идеясын негіздеушілердің

бірі.

Сейдалин Зұлқарнайын – Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының өкілі. «Кеңес» астыртын ұйымының мүшесі, хатшысы, революцияның бас кезінде меньшевиктер қатарында болған қайраткер. Ибрагимов Құсайын – Перовск уезінде туған. Түркістан мұғалімдар семинариясының түлегі. 1918 ж. сəуір айындағы Түркістан Кеңестерінің V съезінде ТАКСР Əділет халкомы болып сайланған. П.А.Кобозевтің жақын жолдасы, онымен бірге қуғындалған. Жанұзақов – басмашылар жағына өткен партия қызметкері. Ходжаев Ф.У. (1896-1937) – 1920 ж. партия мүшесі. 1922 ж. Бұхар халық Республикасы ХКК төрағасы, Сыртқы істер халкомы, 1924 ж түркістан майданы Əскери Революциялық кеңесінің трағасы, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі. 1925-1937 жж. Өзбекстан КСР Халкомкеңесінің төрағасы. Қуғындалған. Энвер Паша (1881-1922) – Түрік əскерінің генералы. 1921 ж. РКФСР Ұлт істері халкомының Бұхардағы Қызыл əскердің ұлттық бөлімдерін жасақтау жөніндегі кеңесшісі, кейін Түркістандағы басмашылық қозғалысты басқарды, 1922 ж. жазында Душанбе қаласын басып алып, Бұхараға шабуыл жасады. Шайқаста қаза тапқан. Элиава Ш.З. (1883-1937) – Кəсіпқой революционер.1904 ж. партия мүшесі. 1919 ж. Шығыс жəне Түркістан майданы Əскери революциялық Кеңесінің мүшесі, Түркістан істері жөніндегі Ерекше комиссияның төрағасы, Түрккомиссия мүшесі. Ярославский Е.М. (Ильян) (1873-1943). – Кəсіпқой революционер. 1898 ж. партия мүшесі. 1923-1934 ж.ж. Орталық Бақылау комиссиясының мүшесі. 1923 ж. Орталық Бақылау комиссиясы партколлегиясының хатшысы əрі КСРО Жұмысшы-шаруа инспекциясы халкомы алқасының мүшесі. БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР БОАК - Бүкілодақтық Атқару Комитеті Болатком - болыстық атқару комитеті БК(б)П ОК - Бүкілодақтық коммунистік (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті ВЦСПС - Всесоюзный Центральный совет профессиональных союзов ГАРФ - Государственный архив Российской Федерации ГУС - Государственный ученый совет при Наркомпросе ТАССР (Түркістан АКСР Халық ағарту комиссариатының жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңес) ЖОО - жоғары оқу орны ҚазКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Казинпрос - Киргизский институт просвещение (Қазақ Ағарту институты) Кадеттер - конституциялық демократтар партиясы Кирревком - Киргизский (казахский) революционный комитет ҚРПА - Қазақстан Республикасы Президентінің архивы ҚРОМА - Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивы ҚРҰҚКА - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архивы КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ҚОМА - Қызылорда облыстық мемлекеттік архивы ҚОҰҚКДА - Қызылорда облысы бойынша Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің архивы КУТВ - Коммунистический университет трудящихся Востока им И.В. Сталина ЛКСМ - Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Мұсбюро - Түркістан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Мұсылмандар бюросы Муссовдеп - Совет депутатов мусульманских трудящихся

Наркомпрос - Народный комиссариат просвещение Наркомнац - Народный комисариат по делам национальностей НКВД - Народный комиссариат внутренных дел Облатком - жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттары кеңесінің облыстық атқару комитеті РК(б)П – БК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросы Ресей коммунистік (большевиктік) партиясы – Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктік) партиясы Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы (Средазбюро ЦК РК(б)ПВК(б)П) - Средне-Азиатский бюро Центрального Комитета Российский коммунистический (большевисткий) партии – Всесоюзной коммунистической (большевисткий) партии ОГПУ - Объединенное государственное политическое управление при Совете Народных Комисаров СССР ОҚОМА - Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивы ӨРОМА - Өзбекстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивы ПП ОГПУ - Полномочное представительство, полномочный представитель ОГПУ РВС - Революционно-военный совет РКФСР - Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы РГАСПИ - Российский Государственный архив социальнополитической истории РГИА - Российский Государственный исторический архив ревтрибунал революциялық трибунал САКУ-ОАКУ - Средне-Азиатский коммунистический университет – Орта Азия коммунистік университеті САГУ Средне-Азиатский государственный университет ТАКСР - Түркістан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Ташкеңес (Ташқалатком) - Ташкент қалалық жұмысшы, солдат депутаттары кеңесінің атқару комитеті ТЖДКУ - Түркістан жұмысшы-дихан коммунистік университеті Түрккомиссия - Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан істері бойынша Комиссиясы ТүркОАК, Түркатком - Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитеті Түркбюро - Ресей Коммунистік (большевиктік) партиясы Орталық Комитетінің Түркістан бюросы ТКП ОК - Түркістан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті ТКЖО - Түркістан Коммунистік Жастар Одағы уатком - уездік атқару комитеті уқалатком - уездік-қалалық атқару комитеті ХАК - Халық ағарту комиссариаты ХКК - Халком кеңес – Халық Комиссарлары Кеңесі ЦСУ - Центральное статистическое управление ЭКОСО - Экономический совет при Совнаркоме Туркестанской АССР Эсерлер - социалист-революционерлер партиясы Х.Т. - Хазретəлі Тұрсұн

Мазмұны Кіріспе .................................................................................................3 Бірінші тарау Элита концепциясының теориялық-əдіснамалық негіздері жəне ұлттық элита қалыптасуының тарихнамасы мен дереккөздері 1.1 Тарихи танымдағы элита концепциясы жəне оның теориялықəдіснамалық негіздері ............................................11 1.2 Түркістан ұлттық элитасының қалыптасуы мен қызметінің тарихнамасы жəне дереккөздері ...............................................52 Екінші тарау Түркістан ұлт-азаттық қозғалысындағы ұлттық элитаның рөлі 2.1 Өлкедегі элитақалыптастырушы факторлар мен тарихи үдерістер ......................................................................................99 2.2 Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты мен ерекшеліктері .....................................................................133 Үшінші тарау Ұлттық элитаның саяси-əлеуметтік жаңарудағы қызметі 3.1 Ұлттық элита жəне ұлттық мемлекеттілік идеясының қалыптасуы мен тағдыры .........................................................159 3.2 Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы этносаяси үдерістер ....................................................................................192 Төртінші тарау Кеңестік жаңарудағы таптық жəне ұлттық мүдделердің арақатынасы 4.1 Түркістанда партиялық-мемлекеттік номенклатураның қалыптасу қағидалары мен əдістері .....................................223 4.2 Кеңестік билік іске асырған өзгерістердегі ұлттық мəселелердің шешімі ................................................................256 Бесінші тарау Түркістандағы этносаяси үдерістер жəне алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының қызметі мен рөлі 5.1 Этносаяси үдерістердегі қоғамдық-саяси ағымдар .........283 5.2 Алаш қозғалысы Оңтүстік қанатының тарихи қызметі....316 Қорытынды ...................................................................................553 Биографиялық көрсеткіштер ....................................................363 Белгілеулер мен қысқартулар ....................................................379 «Ел-шежіре» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Дидахмет Əшімханұлы Хазретəлі Тұрсұн АЛАШ ҺƏМ ТҮРКІСТАН Монография Редакторы Əділхан Күлімбетов Техникалық редакторы Ниязбай Оразымбет Көркемдеуші редактор Жамила Айдос Компьютерде беттеген Ермек Қабыланбекұлы ИБ № 121 Теруге 5.05.2013 ж. берілді. Басуға 21.05.2013 ж. қол қойылды. Пішімі 84х1081/32. Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Басылымы офсеттік. Шартты баспа табағы 20. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № «Ел-шежіре» қоғамдық қоры. 050009. Алматы қаласы. Абай даңғ. 143., 517 бөлме «Полиграфкомбинат» ЖШС Алматы қ., Мақатаев көшесі, 41

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙