Мазмұнға өту
Home

Мамық

Асхат Өмірбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мамық

Авторы: Асхат Өмірбаев

«Қаратал» аудандық газетінің редакторы, жазушы Асхат Өмірбаев Массагет порталының поштасына әңгіме жолдаған екен. Жазушының "Мамық" деп аталатын әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз. Мамық (Әңгіме) Он екі-он үш жас шамасындағы қыз университет ғимаратынан көз алмай қарап тұрды. Ту сыртынан әлдебір жігіттің бейтаныс дауысы ойын бұзып жіберді. - Біреуді күтіп тұрсыз ба? - деді көзілдірікті жігіт. Оқу орнына бір, қызға бір қарады. Қыз үріккен еліктей жалт бұрылып, асығыс жауап қатты. - Жо-жоқ, а-а, иә, иә... Екіұштылау жауапқа тосырқап қалған жігіт:

- Түсінбедім, - деді аң-таң болып. Мақтаса сегіз әлде тоғызыншы сыныпта оқитын шығар. Бойжетіп қалған қыздың жаутаңдай қараған қарақат көздерінен, уыздай жас келбетінен албырттықтың нышанын сезді. Езу тарты. – Әпкемді тосып тұр едім, - деді ол. – Қазір шығып қалар. Жай сұрадыңыз ба? – Мен осы университетте сабақ берем. Магистратурада оқимын. Бағана ішке кіре бергенде сен біреуді тосып тұрғандай көріндің. Міне, әлі тұрсың. Қыз езу тартып күлді. – Сіз келмегенде бұлттарға әлі қарап тұра берер едім. – Солай ма? – деп таңырқай түсті жігіт. – Анау университет үстіндегі ақ мамық бұлттарды көрдіңіз бе? Тұп-тура мен сияқты екен.

– Бұлттардың саған не қатысы бар? – Ой, сіздің басыңызды ауыртып жіберген жоқпын ба? Жай айтқаным ғой. – Қысылмай айта бер. Қызық екен... – Жарайды, сіз де қоймайды екенсіз. Мен мектепті бітірген соң осында білім алып, биікті бағындырсам деймін. Әне, көрдіңіз бе, тура ақ бұлттар секілді. – Өзің қызық қыз екенсің, – деді жігіт жымиып. – Қиялимын ғой, иә, ағай? Әйтеуір ылғи қиялдап жүремін. – Оған несіне қысыласың. Біле білсең, ерекше жаратылған адамдар ғана қиялдай алады. Мысалы, адамның аты тағдырына да әсер етеді дейді. Атың кім сенің? – Ой, таныспаппыз ғой, – деді қыз әлдене есіне түскендей. – Ағай, атымды айтпай-ақ қойсам бола ма?

– Соншалықты жаман ба? – Білмеймін. – Ендеше неге ұялып тұрсың? – Мамық. – Не? – Атымды айтам. – А-а, Мамық. Сонда атың Мамық па? – Иә. – Мамық! – жігіт кеңкілдеп күліп жіберді. – Осы үлкендердің ат қойғышын-ай! – Әжем қойған екен, – деді қыз бұртиып. Жігіт кішкентай қыздың шамына тиіп кеткенін сезгендей, жуып-шайып: – Менің атымды да қатырыпты, – деді. – Сонда қалай? – деді қыздың жүзіне күлкі үйіріліп. – Тіпті, айтқым да келмейді. – Айтсаңызшы. Менікін біліп алып, мазақтап кете бересіз бе? – Жақсы, жақсы, – деді жігіт езу тартып, – Әне, менің автобусым да келіп қалды.

– Қандай қусыз, – деді қыз. Ең болмаса, атыңызды айтқыңыз келмейді. Мені осылай ойға қалдырып кете бермексіз бе? Бұл кезде нөмірі сегізінші автобус келіп, кілт тоқтады. – Темір, - деді жігіт. – Мені Темір ағай деп атасаң болады. – Темір ағай, - деді Мамық күліп. – Жүрісіңіз атыңызға сай екен. – Жарайды, менің кетуім керек. – Сау болыңыз! Жігіт автобусқа қарғып мінгені сол еді, есік сарт етіп жабылды. Қыз қол бұлғап қалды. Жалғасы бар... @. @assel_assanova Асхат Өмірбаев жазушы әңгімелері шығармашылығы проза махаббат ғашықтар сезім.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙