Әзімхан туралы
Бауыржан Момышұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...
(әңгіме) Маневрден келісімен Әзімхан көрші полкқа басқа қызметке ұйғарылып кетті. Арамыз 10 километрдей жер болып және де қызметпен әуреленіп жүріп, сирек, қысқа уақытқа жолығып, амандасудан басқа ұзын әңгімеге жағдайы болмады. Көрші полк жаңадан келіп, орналаса алмай жатқан, үй пәтерлері жоқ полк еді. Сондықтан Әзімханның бірнеше заттары менің пәтерімде қалып кетті.
...Бір жыл өтті.
Сол жылдың әңгімесі.
1937 жылдың 5-сентябрінде жорықтан қайтып үйге келсем, көрші әйел маған Әзімханнан хат тапсырды. «Бауыржан, мені Украинаға перевод жасады. Әдейі саған жолығып, сенімен қоштасқалы келсем, жоқ екенсің, киімдерімді, шамаданымды алып кеттім. Барғаннан кейін толық етіп хат жазармын. Қош, достым. Аман-есен елге қайтуыңа тілектеспін, егерде құдай сәтін салса».
Әзімхан ғой.
Дивизияда айналдырған екі-ақ қазақ едік, оның біреуі кетіп, жалғыз қалғандығыма біраз қапаланып отырып, терезенің алдында үйіліп жатқан кітаптарды тәртіптеп жинап жатқанымда, кітап арасынан қара мұқабалы қалың қара дәптер шаң-шаң болып шыға келді. Шаңын үріп, сүртіп, ашып қарасам — дәптер Әзімхандікі екен. Бірінші бетінде тышқанның ізіндей майда қолмен «Слог характеризует не только человека, но и общество данной эпохи» деп Гогольдан эпиграф етіп жазған екен. Одан кейін он жыл тастап,
«Өмірде біз қайғырып уайым жейміз,
Аңсаймыз анау біздік болса дейміз
Егер де аңсаған зат қолға түссе,
Тағы да одан өзге нәрсе іздейміз.
Аңсаумен өтеді өмір бір қалыпта,
Құдірет оны да біз өмір дейміз».
Лермонтовтан депті.
Дәптердің екінші бетінде арапша ірі «Ауыл» деп жазып, астына екі рет қалың сиямен сызыпты. Қызыға қарап оқыдым. Кейіннен Әзімхан уәдесіне жетіп хат жазбады ма, жоқ жазса да, хаты маған тимей жоғалды ма, әйтеуір, хабарсыз кетті. Есінен шығып қалған дәптерін қайтаруға адресі жоқтығынан мүмкіншілік болмады. Сондықтан зерікпесеңіз, оқушы, Әзімханның күнделік дәптерін алдыңыздан өткізейін. Әкемнің айтуына қарағанда, мен 1910 жылдың 24-декабрінде туыппын. Мен емшектен шығып жүре бастағанымда, шешем қаза болып, жетім қалып, үлкен анамның қолында өстім. Әкем шешемнің өлгеніне жыл толған соң, ас беріп, үш айдан кейін үлкен апаммен жасты бір қызға үйленді. Ол кезде әкемнің жасы қырықтан асып қалған кезі болуы керек. Өгей шешемнің жастығынан менің тәрбиемді тапсыруға жүрексініп, мені әкемнің шешесі қолына алып тәрбиелепті. Төрт қыздың ішінде мен жалғыз ұл болғандықтан ба, мен үйде өте қадірлі, еркелеу болып өсуім керек — бірақ та балалық дәуірімді мен басқа балаларға ұқсап аласұрып жүгіріп, ойынға айналып өткізгенім жоқ.
Әкем ауылдағы сауатты адам еді. Арабша жаза, оқи білетін.
(соңын кейін жазармын).
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру